Сықақ әңгімелер. II кітап
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Балғабек Қыдырбекұлы — «Сықақ әңгімелер. II кітап». БӘРІНЕ МҰРНЫМ КІНӘЛІ
/uploads/e3227524-e8f4-5404-9472-58e63daeaa35/cover.png
БӘРІНЕ МҰРНЫМ КІНӘЛІ
Шыр етіп жерге түскеннен жарқырап қабағы күліп, аузы ашылмаған байғұспын. Жо-жоқ, күлмеңіз! Күлкі емес, ол ойыма түскенде ішкенім ірің, жегенім желім болып, бірнеше күн тамақ ішпеген артында, жортқанда жолы, мизер ойнағанда қолы ашылатын адамдарға менің қызыл иті қырын кеткен өмірім күлкі көрінетін шығар. Менің тіпті де күлкім келмейді, басымдағы бұл бір жағдайым есіме түскенде Қожанәсірдің моласын көрсетсеңіз де, екі бүйірімнен он саусағыңызбен қытықтасаңыз да күлмеймін. Тіпті кейде осымның өзі жақсы ма деп те қаламын. Өйткені бүгін көп күліп қойып, ертең жылап отырмасымды кім біліпті?!
Тіпті де менің басымдағы жағдай күлкілі емес. Өзіңіз ойлаңызшы, жиырма бес жыл «Өркен» заводында шеберлік қызмет атқарамын. «О, жақсы ғой» дейсіз бе? Жоқ. «Жаман істейтін шығарсың» дейсіз бе? Олай демеңіз, жағыңызға жылан жұмыртқаласын. Мен бір станокта жиырма бес жыл тұрып, техникалық бақылау бөлімінен немесе әлгі қазір ең сәнді, ең мәнді қызмет — мемлекеттік қабылдау өкілдерінен жонған бір болтым қайтып көрген емес. Осы жақсы жұмысым үшін де, шекесін шеруен аттыратын шеберлігім үшін де бір жерден қозғалмаймын. Әйтеуір, бастықтарым мақтағанда, зеңгір көк аспанның жеті қаты болмаса да, бір бесеу-алтауына барғанмын-ау деп қаламын. Әсіресе завод директорының орынбасары Көсеубай мені кесіле бір мақтағанда көрсеңіз, тура төстен қашқан түлкіге қосылған тазыдай зымырайды, аузы-аузына тимей сөйлегенде аузыңызды ашып, көзіңізді жұмасыз. Мен де ондайда лепіре түсіп, «Жақсы сөз жарым ырыс» деймін. Кім біледі, қазіргідей кәсіпорын директорлары сайланып қойылып жатқан заманда Көсеубай сияқты дуалы ауыздан шығып, ертең барып директор креслосына қонжия түспесімді кім біледі. «Үмітсіз сайтан-дағы».
Нақ сондай күндердің, мақтауды көп естіген сәттің бірінде үйіме кіре салып, шешінбестен, жуынбастан қойныма сыймаған қуанышымды әйеліме жеткізетінімді қайтерсіз. Сөйтсем, менің әлгі баз ауыз бәйбішем кергіп:
— Естіп келе жатырмыз, өсіп келе жатырмыз ғой,— дейді. Мұндайда жігеріңіз құм болмай көрсінші, қане! Мойныма су құйылғандай, сүмірейіп дастарқан басына зорға келемін.
Бір күні есек дәмелі болғанымды қайтерсіз. Әлгі мен істейтін цех бастығының орынбасары Төзімтай аяқ астынан үлкейіп, көрші цехқа бастық болып тағайындалды. Сонан соң оған кіріп жаңа орнымен құттықтайын деп барғанмын. Цехтың кішкентай кеңсесінің төріндегі майлы күйе баттасқан, бір кезде қызыл болған, бұл шақта түрі қандай екені белгісіз, үсті темір бөлшекке толы бұжыр үстелдің арғы жағынан бір бас керінді. Шынын айтсам, анық көргенім — екі қалқан құлақ. Қалқандай, жұп-жұқа құлақтардың ортасында балалар доп ойнап, ортасын тақырлап тастаған аладай, қасқаланған басты артынан зорға байқадым. Сөйтсем, әлгі бейтаныс қасқамыз өзіміздің Төзімтай болып шықты. Оның басының қандай екенін кім байқапты. Цех ішінде үнемі тақия киіп, тайтаңдап жүретін Текеңнің басында қанша қыл бар екенін жұмысбасты мен байғұс санап көріппін бе, кезді жұмып өте беріппін ғой. Сонымен Төкеңді құттықтап, қолын алы, қайтып кеттім. Несін айтасыз, шыны, сол күні тамаққа қолымды жумай отырдым, ешкімге қол беріп амандаспадым да. Өйткені жолы болғыш Төкеңнен қолыма жұққан бірдеме болса, ең болмаса атқа мінген кісінің есегі тие ме дегенім ғой.
Нақ сол күні цехқа келген Кесебай менің істеген ісімнің мінсіздігін мақтамасы бар ма.
— Жұмысты Балбақтай істеу керек. Ештеңеге қарайламайды да, алаңдамайды да, мәнсап та оған мәнсіз.
Шынын айту керек, «әй, осы жолы іліндім-ау деймін» дедім әйеліме. Баз ауыз бәйбіше:
— Сары майдан дәметкен...— деп әндетіп келе жатыр. Ол аяғын айтпағанымен, «кеудең құрсын» дегенді өзім іштей біліп тұрдым. Амал нешік, есек дәмеленіп атқа мінген Текеңнің есегі тие ме деп жүрсем, есек тұрмақ күрә де, күрә тұрмақ көдек те жоқ болып шықты. Ер болсаңыз, будан кейін күліп көріңіз. Күлу түгіл ыржия алар ма екенсіз. Қабағымның қарс жабылып кеткенін көрген ежелгі досым Орекеңе бәрін ақтарып салайын. Әншейінде жұртқа сыпайы көрінетін ол, менімен сөйлескенде еркіндеу, сайқымазақтау болып кететін:
— Сен бөркіңді алшы,— деді ол. Ойымда ештеме жоқ, мен байқұс бөркімді жұлып алдым.
— Сен әзір бастық болмайсың,— деді Орекең.
— Неге?— деймін мен сасып қалып.
—«Бақыт таздың басына, пұшықтың мұрнына қонады» деген. Сенің қара шашыңнан шаншыған ине өтетін емес, сен әлі аман болсаң, менің жанымда ұзақ істейтін боласың,— деді. Сеніңіз, сенбеңіз, нақ осы жерде көзіме кеше ғана цех бастығы болған Төзімтайдың, кесіле сөйлеп, кептіре мақтап, бос сөзбен бүйрек-бетекемді бүтіндеп беріп жүрген Көсеубайдың бастары елестеп-ақ кеткені. Сонымен қабақ құрғыр қалай ашылсын, күлкі күмірем қапқыр қалай келсін, барлық кінәлі өзім, өзім емес-ау тікендей қапты, жаңбырлы жылғы бәйектей кебе, қалың қара шашым кінәлі екен. Не қылсам екен, оны? Жұлар ма еді, бір-бір талдап. Сөйдемегенде не дейін?! Бір кезде мақтаныш тұтатын қап-қара қалың шаштың енді мансап деген найсапқа қарама-қарсы жаратылған пәле екенін білгенде, не істерімді білмей сандалдым. «Басқа пәле тілден» деуші еді, шаштан ондай сұмдық келеді деп кім ойлаған?! Не істесем екен?
Бала кезінде менің құдам Қалекең аяқ астынан басына бөрткен түсіп, бір күні ауылға дәрігерлер келіп балаларды қарағанда, оны Қарақыстаққа алды да кетті. Содан он-он бес күннен кейін Қалекең келді. Шашы аттың екі бүйіріндегі қоржынның екі басындай екі самайында қалыпты. Басқа жерінің бәрін жидітіп түсіріпті. Оған кәдімгі токтың пайдасы тисе керек. Мен де солай басымды электр қуатымен жидітін, шашымды түсірсем бе екем деп бір ойға еттім. Бірақ нақ осы жерде араға үш ай салғанда Қалекеңнің шашы киіздей қалыңдап өсіп, қыздар қызығатандай бұп-бұйра болғаны да есіме түсе кетті. Демек, электр тоғынан қайран болмады. Маған келгенде бәрінің де қисыны кетіп тұратын әдеті. Әдетте қазекем «ей осы неменің маңдайы тым тайқы, басына бақ орнамас неме болар ма» деуші еді, ешкім жоқта бас киімімді жұлып тастап, айна алдында ұзақ тұрып маңдайымды да зерттегенім бар. Маңдайым тайқы да емес, қайқы да емес, кәдімгі ырысқа лайық-ақ ақпа маңдай сияқты. Дегенмен сол халық айтса бекер болмайды, пәле шаштан келіп тұр деген қорытындыға ақыры бекіне түстім.
Сонымен шебер деген атым күннен күнге дүрілдеп шыққанымен, ең болмаса екі кісіге бастық болмай кетіп барамын. Жатсам да, тұрсам да сайлайтыным осы болды. Бастық адамдардың басына да, аяғына да қарап қоямын, тіпті көбінің-ақ онша ерекше туған ештемесін көре алмадым. Мүмкін, о баста жаратылысы артық па деп те қоямын. Бірақ айналып соғып, басыма орнап алған «таздың басына» деген мақалға келіп айналып соға беретін болдым. Тым көп ойлағандықтан басым ауырып, миым аузыма түсе жаздағандай да болды, кейде тіпті айран құйып ашытқан нандай басым қазандай болып бара жатқанын да байқадым. Осыдан ба, кім білсін, әлде басыма бақыт ұялап қолы ашық бағыныштыларым болып, олар ептеп есебін келтіріп, байлықты басымнан асырып жібереріне көрінді ме, қайдам, әйтеуір, қалың қара шаш басымнан құйылып түсе бастады. Басыма қолым тисе бітті, бір уыс болып қолыма келеді де тұрады. Қайызғағы төгіліп, құйқам сөгіліп, басымды жара басып кәдімгі таз болмағанмен, бір күндері шаштың азайып, қолым құйқама тарс-тарс тие бастағанын анық сездім. Құдайекең бізде о бастан жоқ, сондықтан оған қой айтпағанмен, әлгі басы тақырайып, алпысқа келгенде алпыс кісіге бастық болған Құрекеңді қуып жететін болдым-ау деп қарап жүріп, ісініп-кебініп мақтана бастадым.
Қуанышта шек жоқ. Профессор болдым, доцент болдым деп мақтанғанды әр жерден-ақ көрген шығарсыз. Ал таз болдым деп мақтанғанды қайдан көрдіңіз? Көрмесеңіз көрдіңіз! Ол қасқаңыз, жо-жоқ, ғапу етіңіз, қасқаңыз емес, төбеліңіз (таз дегенді қосуға аузым бармай тұр) біз боламыз. Қане, енді әлгі қолға қонбай, ақылға аялдамай, шеберлікке шерттірмей кеткен бақ деген бақыр басыңыз басқа келіп өзі қонатын болды емес пе! Жалынсам да жанына торсық байлатпай қойған бақытыңызды енді жүгендемей, ноқталап, есек қылып мініп алмаймын ба! Міне, сөйтіп оны бөрікпен ұрып алатын болдым.
Төбем тақырайып, аз күнде отаудың ортасына от жаққан жердей тап-тақыр болды да шықты. Тіпті осы заманның ұшқыр самолетін. қондыратын аэродром дейсіз бе, әлде ат байлаған ақыр дейсіз бе, бие байлап, желі тартқан тақыр дейсіз бе, енді маған бәрібір, әйтеуір, бақ дегеніңіз біздің басқа келіп орнады білем...
Сонымен бақ дегеніңіз әне келеді, міне келеді, келіп қалды, орнап қалды деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Мен баяғы шебермін. Мансап та жоқ, баста шаш та жоқ. Бір жаман жері — әркімнің «таз бас» дегенін естіп ренжіп, тақыр бас дегенін естіп қуанатын жағдайға жеттік.
Өстіп әркімге үңіліп, үміттен түңіліп жүргенде Орекеңе кездесе қалмасым бар ма?! Екі шекесі шодырайып, төбесі жүнін алған мес жасайтын серке терісіндей тақырайып қалыпты.
— Ой, Ореке-ау!— дей беріп едім, ол қолын сілтеді:
— Мұрынды қайтесің, мұрынды!
— Ойбұй, әлі сол пәлесі бар ма еді. «Пұшықтың мұрнына...» Енді не істеймін? Өз мұрыныңды өзің қалай кесерсің?! Бірақ мұрыны жоққа мәнсап келер болса, бізді ауылдағы Сенсенбайға келмес пе еді. Ол байғұс мұрын орнына өмір бақи екі елі қара шүберек тартып өтпеп пе еді. Япыр-ай, ә! Бұл мәнсабы құрғырдың мен білмейтін әлі де сыры көп болар. Не деп болмайды. Әлгі завод директоры Қамқорбай орнынан босағаннан кейін Көсеубай мен Төзімтай да бастарындағы шашын саусақпен санап аларлық болса да, кетіп тынды ғой. Сонда бұл мансабы құрғырдың ырым-жырымы да, ілік-шатысы да жетерлік пе, қалай? Бәрінен де әлгі мұрынды айтсаңызшы. Ол бар болғыр менде қоңқиып, бетімнің бәрін алып тұр емес пе?! Егер халық мақалына қарасам, бәріне мұрным кінәлі болса керек-ті. Қалай етсем екен? Кесіп тастап, пұшық бастық атансам қалай болады, ә? Қамқорымен бірге кетер мәнсабын сол, «таздың басып, пұшықтық мұрнына-ақ» берсін дағы деп қоямын ба? Осы жағына әлі ақылым жетіңкіремей тұр.
Қап, пәлі! Қоңқақ мұрын!
1987
ӘЛИ СОҚЫР
Қаралы үйге біреу кіріп, біреу шығып жатыр. Үйдің ішінде жиһаз да, артық дүние де жоқ. Төрде текемет салулы, оның үстінде құрақ көрпе жатыр. Есік жаққа көнетоз қарала алаша төселіпті, оның да әр жерінің ара тігісі кеткендіктен астындағы еден сары жалақтанып і өрсінеді. Қоржын үйдің екінші жағында өлген адамның мәйіті жатса керек-ті. Оған барып жатқан адам көрінбейді. Әдетте қазақ рәсімімен адам өлген үйде әлік шыққанша тамақ пісірілмейді, тамақты көрші әлемі, көңіл жетерлері үйлерінен пісіріп, ыстықтай жеткізеді. Содан соң өлік күткен үй-ішіне ішкізіп жегізеді. Осы ас-суын бере отырып, «өлген артынан алу жоқ», «арсыз ұйқы, арсыз күлкі, арсыз тамақ, тамақ ішпеуге болмайды» деген көңіл жұбатуларды да осы жерде, ездері әкеліп отырған дастарқанда айтушы еді. Бұл үйде ондай жақын-жуық, көңіл жетер де жоқ па, буын бұрқыратып ас әкеліп, іше ғой айналайын деп жатқандар да жоқ. Айдалада мал отарында қалған үй сияқты.
Төрде шоқша сақалды, шашын тақырлатып алдырған, қолында тәспісі, басында қара тақиясы бар адам отыр. Маңдайын жиырып, жазған сайын онысы бір ілгері, бір кейін кетеді. Маңдайын жиырғанда тақия көзіне түседі де, жазған кезде желкесіне қарай жылжиды. Егер қолында тәспісі болмаса, мұны цирк артисі не екен деуге болар еді. Расын әлде өтірігін кім біліпті, әйтеуір аузы дамылсыз жыбырлап, адамдардың жүрген-тұрғанына қарап, бет құбылысы өзгере береді. Оның оң тізесін баса омырайған, ат жақты қара сүр адам шарта жүгініп отыр. Өлік үстінде отырғандықтан мұнын отырысы міне-міне құран оқығалы отырған сияқты. Сол көзінің бәрін ақ басып, оғала болып, шадырайып тұр. Шоң мұрны, теке сақалы, оғалалы кезі, шығыңқы бет сүйегі, отырысы бір кезде қой бастап, осы күнде әбден жеріне жеткен кәрі текені еске салады. Оған «Әлеке, Әлеке» деп, әркім-әркім ақыл салған, болады. Ол бәріне ілгерінді-кейінді нұсқаулар беріп, аузымен жөндеп отыр. Анық білмеген, бұл ауылда болмаған адам, сезіне, берген әміріне қарап, осы үйдің ең жақыны, ең жанашыр,. туысы деп ойлары хақ еді.
Есіктен кірген ұяңдау, жасы отыздардың шамасындағы қара жігіт терге қарап сөйледі.
— Осы ауылдың адамдары қара сиырды союды жек көрмей тұр. Бала-шағасына сүт болып тұрған жалғыз сиырын сойып қайтесіңдер деседі, Әлеке. Солардікі дұрыс сияқты.
— Егер олардікі дұрыс болса, маған несіне, ақыл саласыңдар. Қара сиыр қара кемпірден артық десеңдер соймаңдар. Қара кемпірдің жаман-жақсылы Қамила аты бар емес'пе, артында қалған жалғыз ұлы қонақасына не сойыпты демес болар ма! Сонда не беттеріңді айтасыңдар, — деп ақты көз адам сау шегір көзімен кірген жігітке ата қарады. Сонан. соң әлде ашуланып кетті ме, әлде шарта жүгінуден тізесі ауырды ма, ел көтеріле беріп, екі аяғын малдас құрып, екі қолын екі тізесіне тікейте қойып, бүйірін таянған адамдай бола қалды. Ол іле қайта сөйледі:
— Қамиланың өзіне жетер малы қалды. Оның біреуін қонақасына соймау құдай ісіне бұрыс болады. Солай емес пе, молдеке, — деп оғалалы көзі көрмейтін болғандықтан, cay көзімен қарау үшін Әлекең бүкіл денесімен сол жағына бұрылды. Молда бірден жауап бермей үнсіз отырып барып, сәлден кейін тіл қатты:
— Сауап болады, сойса сауап болады. — Молда қайта тәспі тартқан болып, аузы қарақұрт оқығандай жыбырлап кетті. Бағанадан бері үнсіз қарап отырған Әлібек бұларға таңданып қалды. Әлібек бала кезінде, отызыншы жылдың басында ауылда бір жігітке қарақұрт тиіп, соған бір дарымшы әкеліп оқытқанын көріп еді. Сонда дарымшының даусы шықпаған, тек кешке дейін аузы жыбырлап-күбірлеп отырған. Ол қарақұртты оқып отыр ма, әлде оқыған тұр көрсетіп отыр ма, Әлібек балалықпен ол жағын айыра алмаған. Міне, мына молданың аузы да сол отызыншы жылдарғы дарымшы сияқты жыбырлап отыр, есіктен кірген жігітке ол қайта көз салмады, мүлгіп қалды. Еріні қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр етеді.
Әлібек те бір кезде осы ауылда есіп еді, содан отыз жылдай Одақтың әр жерінде әскери қызмет атқарып, елге жаңа оралған шағы еді. Ол көршілердің бірінің қонағы болатын. Көрші Болатайдың шешесі әлді деген соң, кіріп шығуды өзінің парызы санаған. Енді міне, ауыл адамдарын көрген соң, «ағайын бір өліде, бір тіріде» дегендей, кейбірін танып, кейбіреуін шырамытын, кейбірін жобалап отырған жайы бар-ды. Төрдегі одыраңдаған оғалы көздіні де шырамытты. Әлі есіне түсіре алмай отыр. Кім еді, ол. Япырмай, таныс сияқты. Мүмкін атын айтса білер еді.
Есіктен кірген қара жігіт төрдегі екеудің сөзіне де қанағаттанбады, Басқалар не айтар екен дегендей, үй толы адамға қарап еді, олар оғала көзден батпады ма, әлде әндері де бұйықтау ма, әйтеуір үн шығарыспады. Жаңағы жігіт қайта:
Молдеке, — дей беріп еді, оғала көз молдаға иек қақты. Молда тағы да сол сөзін қайталады:
— Сауап болады, сауап болады.
«Кім еді, бұл?» — деп ойланды Әлібек. Отыз жылда елге оралыпты, ауылдан кеткеніне қырық жыл болыпты. Елу жылда ел жаңа, жүз жыл қазан» деген рас-ау. Қырық жылда мұны танитын, білетін, немесе мұның білетіні шан оған қалыпты. Ал жүз жылда қазан ұрғандай бұрынғылардан түк қалмайды екен-ау. Рас-ақ! Халық білмей, өлшемей сөз айтпаған-ау! «Әлеке» деді-ау, анау жігіт. Әлеке, Әлеке. Әп, бәлем, Әли болды ғой. Ә, Әли соқыр. Япыр-ай, ол партия мүшесі, белсенді адам еді ғой. Жоқ, бөтен біреу шығар. Ол ауылдық Советтің төрағасы да болып еді ғой. Ол кезде Кеңес дейтін-ді. Ендеше ол бүйтіп елім үстінде, молдаға неге тәуелді болмақ. Ал мынау, барлығын молдаға айдап әкеліп беріп отыр ғой. Сонда бұл қандай коммунист? Жоқ, ол Әли соқыр емес болар.
Әлібек ойланып кетті. Бірақ жұрт неге оны Эли демей, Әли соқыр деген. «Әли соқыр Кеңес өкіметінің сол кезі» дейтін. Япырмай, жақтырмай, кекетіп айтқан екен-ау. Жақсылап, мақтап айтса, оң көзі демес пе еді. Айтқандай сол Әлидің соқыры қол кезі еді ғой. Әлібек кенет оғала кезге жалт қарады. Дұп-дұрыс. Мұның да соқыр көзі — сол көзі. Нақ өзі болды. Эли соқыр.
...Іңір қараңғысы болатын. Әлібекке мұғалім жаңа жылға арнаған ұран жазуды тапсырып, соны кеш бітіріп, бүрсеңдеп үйіне жүгіре басып келе жатқан. Қаражардың суығы ол кезде де ерекше еді, кейбір күндері түкірген түкірік жеpге жеткенше қатып, домаланып мұз болып түсетін. «Ту деген түкірік жерге түспейді» деген сол екен-ау. Оның үстіне жетімнің қайбір киімі борақтай болып тұр, жыртық-тесік. Ауыл Совет төрағасы Әли соқырдың үйінің жанында жапсыра салған қамыс қора болатын. Өтіп бара жатып ол қамыс қорадан әлдеқалай күңгірлеген үрейлі дыбыс естіді. Балалығы шығар, ел қамыс қораға тығылып тұрып, іштегі сөзді тыңдап қалды:
— Ер-тоқымыңмен бер, — дейді біреу.
— Былғары ер-тоқымымды қимай тұрмын, — дейді екіншісі.
— Кеңеске ер-тоқым жоқ па ?! — дейді біріншісі.
— Ой, жарайды, ал онда, қазір аттан! — деді екіншісі. Әлібек кім болды екен деп қамыс қораның сыртына жапсыра жинаған қурай отынның арасына тығылып қалды. Біреуді біреу біліп болмайтын апақ-сапақ, оның үстіне күннің суығынан жұрт үйіне кірсе, бұйығып далаға шықпайды. Жалап тұрған сары аязда далада тұруға ешкім құмар емес. Қамыс қорадан біреу шықты. Түлкі тымағы, қыстық қалың пальтосы бар, аяғында былғары етік. Тани кетті. Үйдің иесінің өзі — Эли соқыр. Ауылда түлкі тымақты саятшы Шаяхмет екеуі ғана киетін. Ал жанындағы басында құлақшыны, қысқалау тонды, сомбалдау кісі. Әлібек оны да таныды. Эли соқырдың әйелінің нағашысы Тұратай деген бұрын талай көрген. Ол келгенде жұрт біріне-бірі сыбырлай сөйлеп, Тұратай ұры дейтін. Балалар ұры дегенді көріп, оған жақындап баруға қорқып, қора-қорадан, ауал-дуалдан сығалай тұрып қарайтын. Қып-қызыл, кеудесі аяққаптай, көзі көкпеңбек түз көз кісі еді. Олар қамыс қорадан колхоздың ерттеулі жүйрік шұбар айғырын шығарды. Содан соң Тұратай мінді де, өзенге қарай кетті. Шамасы өзенмен кетпек деп ойлады Әлібек. Оны аттандырған соң Әли соқыр үйіне беттеп барды да, есігінің алдында тұрып көшенің бас-аяғына қарады. Сонан соң бір шеткерініп, үйіне кіріп кетті.
Балалық қой, оқы ұрлап бара жатыр деген есінде жоқ. Әлібек үйіне келіп ұйықтап қалды.
Таңертең бір топ адам жиналып тұр. Сөздері үрейлі. Не болды екен деп тыңдаса, шұбар айғырды ұрлап кетіпті деседі. Ойында ештеңе жоқ Әлібек:
— Оны ешкім ұрлаған жоқ, түнде Кеңес ағай Тұратайға мінгізіп жіберген, — деді. Тұрған жұрт дүрлігіп кетті. Әрқайсысы бет алдына сөйлей жөнелді.
— Бәсе, қайда құри қалды деп ойлап едім.
— Қой, Әлібек басқа бірдемені айтып жүрген шығар.
— Онға келген бала білмейді дейсің бе, не сөйлейсің!
— Әй, қой, Кеңес басымен соны істей ме?
Осындай ала қашпа сөзден кейін Әлібек колхоз кеңсесіне шақырылды. Адам көп екен, ішінде Әли соқыр да, колхоз бастығы Жұмабай да бар екен. Әлібек бәрін жасырмай айтып салды, Сонда осы Әли соқыр:
— Сен Кеңесті ұры атандырмақсың ғой, иттің баласы, — деп Әлібекті қамшымен салып-салып қалды. Асанбек деген колхоздың есепшісі орнынан тұра салып, Әли соқырдың қамшысын жұлып алып, өзін тартып-тартып жіберіп:
— Өзің ұрлық қыласың, колхоздың малын ұрыға шығарып бересің, онымен қоймай жетім баланы ұрасың. Ал әлің жетсе, мені ұршы, — деп алдына тұра қалып еді. Бірақ ертесіне Әлібек ауылдан біржола кетіп қалды да, содан келіп отырғаны осы еді, Міне, сол Әли соқыр, енді анық таныды, дәл өзі. Әли соқыр... Он екі жасында, отыз бесінші жылы кеткен Әлібек араға қырық жыл салып келіп отырғанда да, сол Әли соқырдың алдынан шығуын қарашы.
Әлібек далаға шығып еді, ауыл адамдары қара сиыр басыңмен қара кемпірден қалғаның жөн бе дегендей, қара сиырды жайратып тастапты. Еттің жартысын қонақасыға қазанға салып, жартысын ертең сүйекшілерге асуға қойып еді, үйден шапанын желбегей жамылып Әли соқыр шығып, жаңағы қара жігітке қысқа бұйырды:
— Молдекең біздің үйге қонар, қара сиырдың бір жілік етін біздің үйге жіберіңдер. Сендердің қонақтарыңды күтпекпін бе?! — деді. Сәлден кейік бір қапқа салынған етті бір бала Әли соқырдың үйіне қарай көтеріп бара жатты.
Қонақасы мол болды. Молда мен Әли соқыр қара сиырдың шекесін мұжып қарқ болды. Бекер обалы не, көрші-кадем, ағайын-туған кешке қаптап келіп, қара сиырдың етік қаужаңдасып қайтты. Қасқа бұзау меңіреп жетім қалды.
Үйде он шақты адам отыр. Ішінде Әли соқыр, молда бар. Олар еліктің төртеуін әңгімелесті. Сезді Әли соқыр бастады.
— Қамила құдайдың бір сүйген құлы еді, жалғыз ұлының алдында жақсы кетіп отыр. Жақсы елімді жақсы шығарып салу артындағы бізге парыз. Бес жерге мүше беру керек. Дулаттың төрт баласына төрт жерге, қоныстас Шапыраштыға бір барлығы бес мүше болсын. Әрқайсысы жүз сом, бір шапақ.
— Ойбай-ау, Болатайдың оған шамасы бар ма? — деп қалған қаудыраған кәрілеу кісіні Әли соқыр қағып тастады.
— Болатайдай баласы бар адамның шамасы келмеуші ме еді, сатсын, анау торы байталын, «ата малы балаға мал болмайды» деген бар. Болатай аман болса бәрі орнына келеді.
— Ойбай-ау, оны сатып ала қоятын кісі табыла ма, осындай қысталаң да кімнің ақшасы дайын тұр дейсің, — деді бағанағы қара жігіт.
— Жарайды, мен-ақ алып, қажеттеріңді ашайын. — Ол дереу қойнына қолын салып, ақшаны суырып алып:
— Торы байталың базарда бес жүз сом болмайды. Жарайды, кетсе саған-ақ кетсін, міне бес жүз сом, — деп ол ақшаны ортаға тастады.
Жұрт жым-жырт.
— Қалай, молдеке? — деп еді Әли соқыр, молда тез жауап қатты:
— Мүше берген сауап болады, күнәсі күйеді, сауап болады, — деп, тәспісін тартып, аузын жыбырлатып кетті.
— Жаназасын не істейсіңдер? — деп Әли соқыр тағы бір ой тастады.
— Мен Болатайға көмекке қой әкеліп едім, соны байлайық, — деді жездесі Сәлім. Әли соқыр Сәлім күйеуге жалғыз көзін қадай бір қарап алды да, қайта сілкіне сөйледі:
— Шынымен-ақ бәріңнің ыңғайың соған кетіп отыр. Арасында соқтандай жігіт — ұлы қалып отыр, жаназасына бір қара байлау жөн. Қалай, молдеке?
Молдекеңнің жауабы дайын:
— Сауап болады, сауап болады!
— Ойбай-ау, басқа түгі қалған жоқ қой. Ертеңге артында қалғандарға тамақ керек емес пе, бұл қалай болады?!
— Неге жоқ. Қоңыр танасы бар емес пе? Соны байлау керек, жаназаға. Құдайға да, өлікке де керегі жаназа ғой.
Болатай бірдеме дер ме екен деп жездесі Сәлім де, жаңағы кеудіреген шал да оған қарап еді, үй иесі үндемеді. Ол үндемейін деп пе еді. Болатай әкесі өлгенде жас, ештеме білмеді. Өзі ес білгелі әлім көріп отырғаны осы, шешесі. Тіпті үй ішінің бәрін талап алсаң да ол қозғалатын емес, болып жатқан көрсенің бәріне мән бермейтін сияқты.
—Ал, онда соған келістік. Солай болсын, — деді Әли соқыр.
— Сауап болады, сауап болады! — деді молда.
— Жаназаға беретін нәрсе тоғызға толуы керек, басы белгілі — қоңыр тана. Аяғы арқан, бәрі тоғыз болуы керек. — Мұны айтқан тағы да Әли соқыр. Отырғандар оған көп қиналған жоқ бір қап бидай, тағы содан кішірек нәрселер аталды. Бәрін естіп отырған Әлібектің есі кетті: сұмдық қой, мынау, тірідей тонау ғой. Тіпті жаназа намазын ойлап тапқан о бастағысы болса да, әлде кейіннен ездері көбейтіп алғандары болса да қалай бәрін ойластырған: бір қара, бір қап астық ол астықты салып алу үшін қап, оны артатын арқан, бәрі өлік шыққан үйдің есебінен. Қалай алғанын салып, артып кететін қап, арқанға дейін ұмытпаған.
Жиылғандар орындарынан енді көтерілмек еді, Әли соқырдың жалғыз көзі шатынап кетті.
— Отырыңдар қобырамай, былай, — Әли соқырға көзсіз бағынып алған жұрт тіпті, «осы қалыптарыңмен бәрің алдыма түсіп жүріңдер» десе де кене беретін, қыбыр етпей қалды. Молданың қара тақиясы кезіне бір келіп қайтты. Әлібекке бұл да біреуге ұқсап кеткендей болды. «Қой, — деді ол, өзіне өзі, бәріне бірдей күмандана бермейін». Қимылдағандар қыбыр етпей қайта қатып қалды,баққаны жоқ Әли соқырдың ауызы. Ол отырғызғандарды «әйт» деп өргізіп, «шәйт» деп қайырып алуға болатынына кезін жеткізіп алған соң қайта сөйледі:
— Қамила байғұстың киімі қалай еді, өлікке қанша кісі түседі. Алты кісі түсетін болсын. Өзімен жетеу болады. Қамиланың түлкі ішігін бас етіп, шытырма көйлегін де ұмытпай салыңдар.
Үйде отырғандар бір шошып қалды. Тіпті осы ауылдың қатындарының көйлегіне дейін мұның есебінде екен-ау. Тек қайсысы қай күні еледі деп жүреді екен-ау! Тоба, тоба! Көрсетпей теріс айналып жағасын ұстағандар да болды.
Ертеңіне өлікті шығарғалы жатқанда Әли соқыр екі нәрсеге қатты дауласты. Ол тіпті адам өліп жатқанын: ұмытып кеткендей, той-томалақтағы ат бәйгесіне тамаша болсын деп қасақана дауласатын адамдарша даусы жарқын жарқын шықты:
— Қамиланың жақсы көретін абысыны еді Самал. Біреуіне Самал түседі және басында тұрады. — Ол өңештеп отырып өзінің кемпірін елікке түсірді. Тіпті ауыл адамдары басқаларды іріктеп болғанша Самал кемпірді шымылдыққа (елік жатқан) кіргізіп те жіберіп еді. Шымылдыққа кірген адамның өлік жуығына кірмей қалмайтыны да есінде болыпты.
— Е, түлкі ішікке жармасты десеңші, — деді кешегі қара жігіт бір қағаберісте.
Мүше бөліскенде де «мен басқа атаның баласымын» деп Әли соқыр қиқылдап-шиқылдап мүшенің бірін — жүз сом ақша мен бір шапанды иемденді. Болатайдың үйінің жағдайын білетін ағайын танауы астынан ғана» мына Әли соқыр Болатайды тірі тонады ғой» дегеннен. басқа ештеме айта алмады, ешқайсысы белсеніп шықпады. Әли соқырдың өлік шыққан жерді тонауы бір осы ғана болса ғой. Ешкім үндемегендіктен де ол еркінсіп барады.
Ауылдың дінге сенетіндері жаназа намазына тұрғанда ене алдындағы қара тақиялы, тақыр бас молданы Әлібек далада анадайда шетте тұрып анық көрді. Ақыры мұны да таныды. Сонау отызыншы жылдардың ішінде Түргендегі мұғалімдер училищесінде оқып жүргенде мұны талай көріп еді, әбден анық таныды. Еңбекші қазақ аудандық колхоз-совхоз театрында артист болатын, Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасында Жантықтың ролін ойнаған Шойнақовты жүріс-тұрысынан айна-қатесіз білді. Сол Жантық болғандығы шоқша сақалы, тек шекпенінің бір етегін беліне қыстырып алушы еді, енді шапаны сүйретіліп тұр. Ол жаназа шығаруға кірісіп, «Ассалауати жаназа» дегенін жұрт анық естіп еді, одан арғысы мұрнынан міңгірлеп кетті. Шала-пұла діннен хабары бар, ескі оқуы бар Жанатай шал жаназа сапынан шығып кетті:
— Алдамшы, өтірік міңгірлейді. О, халайық, мынау өтірік сөйлеп тұр. Кезеп қой мынау, — деп дабыстап жіберді. Жаназаға қатыспаған екі шал оны қолтықтап ала жүрді. Сөйтсе мұның молда да, әулие-әнбие де емес екенін екі шал оның дәрет алғанынан-ақ байқап, кеш болып қалған соң, амал жоқ, өлім төртеуін бұзбайық деп үндемей, бармақтарын тістеген екен. Жанатайды екі шал жалынып-жалмайып зорға басты. Артист Шойнақоз бір кезде Жантықты ойнағанмен, бұл жолы молда ролін мінсіз ойнап шыға алмады. Бұл үш шалдың бар бітіргені, біреуден үйлеріне беттеді...
Өлік осылай жөнелтілді. Ауылдағы совет, партия орындары бұл істен шет қалды. Неге екені белгісіз, олар өлім жөнелтуді молдалардың, шалдардың ісі деп қарады. Көңіл айтқан болып кейбірі кіріп шыққанмен, бұл жайдан бойын аулақ салды. Сондықтан да елікті кәсіптің бір кезіне айналдырып алған түрлі қаңғыбастар кеу-кеулеп кете берді.
Түстен кейін жұрт таран бара жатты. Торы байтал таңертеңнен-ақ Әли соқырдың есігі алдында байлаулы тұрды. Жаназа «шығарған» Шойнақовтан ақшасын беріп қоңыр тананы да Әли соқыр алып қалыпты деген сыпсың сөздер азғантай ауылды аралап кетті. Қамиланың түлкі ішігін Әли соқырдың кемпірі Самал еліктің басын ұстадым деп қолтығына қысты. Әли соқыр ендей берілген шапанды алып, жүз сомды бармағына басты. Іс осымен біткендей еді.
Бірақ кешкі тұрды Әли соқыр мен молда Болатай үйіне қайта оралды. Болатайдың үйінде Әлібек оның көңілін жұбатып отыр еді. Әли соқыр кіре сөйледі:
— Қамила марқұмның арманы жоқ, жақсы жөнелттің. Енді істелмеген бір нәрсе қалды. Мынау молда күнде қолға түсе бермейді, басқа қаладан келіп отыр. Шешеңе құран аудартуың керек. Кеше қара сиырды Қамиланың қонақасына сойдың. Жұрт риза болып жатыр. Ал анау қасқа бұзау меңіреп жетім қалды. Жетім бұзауды малданып қайтесің. Одан да оны молдаға беріп, құлақ аударта сал. Молдеке, қалай дейсіз? — Әли соққыр алаң етіп, шегір көзін молдаға қадай қалды. Молда ролін дұрыс ойдан шыға алмағанмен құдай беріп, құлап тұрғаннан ол тірі айрылсын ба, басын шұлғи берді:
— Сауап болады, құран аударту сауап болады!
— Ал онда келістік. Қасқа бұзауды ноқталап желіндер. Молдекең біздің үйде ғой.
Осының бәрін көріп, жаны күйіп отырған Әлібек:
— Молдеке, Әли соқырға тірідей құран аудартып қойсам қалай болады? — деп еді. Молда:
— Сауап болады, сауап болады, — деп үйреншікті сезін айтып қалып, сасып-салбырап, — астапыралла, астапыралла! — деп соңғы екі сөзді үсті-үстіне айтты.
— Молданың ролін де дұрыс ойнай алмадыңыз! — Молда тілі келмейтін сөзді тағы да жалпақ қазақшалап:
— Астапыралла, астапыралла! — дей берді. Әли соқыр мұны естісе де естімеген болып, жетім қалған қасқа бұзауды жетелей жөнелді. Шешесі өліп, шерлі болып отырған Болатайдың бар малын бір-ақ күнде жиып алған Әли соқырға жұрт:
— Мынаған құдай жоқ екен, — десті. Десті де қойды...
1987.
МАЙ ТИМЕГЕН КҮНІ
Бетер қалғыр, бетер емес-ау, бекер қалғыр. Мені бетер қалдырғаны несі-ей, алғаның ас болмағыр, езіңдікі өзіңе бұйырмай артыңда қалғыр. Оныкі бала да, менікі балпақ па екен?! Құдай бар болса, сол май ішіңнен жылмай аққыр.
Осылай аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығып, әлде біреуді қарғап-сілеген қара келіншек аяғындағы біз екше қара туфлиінің өкшесімен жерді тесіп жібере жаздап, тепсініп кетіп бара жатты. Бірақ әлдеқашан қатып-сөніп қалған асфальт жолға ізін де түсіре алмады. Аяғына қатты тиген жол қара келіншектің жынын одан сайын қоздыра түсті.
— Бәрі де Шафиядай безірейіп қалыпты ғой, — деп ол аяғымен жерді теуіп-теуіп қойды. Бұған май бергізбей қойған нақ асфальт жолдай-ақ тепсінді. Бірақ асфальт Күлбет тепсініп келе жатыр деп ығыса қоймай, жансыз қалыпта Шафияның бетіндей жалпиған күйінде жата берді. Тіпті асфальт Шафияның бетін елестеткендіктен, оған қарағысы келмей, кезін кешенін; оң қанатына аударып әкетті. Өстіп хан түленіп, қара есекке теріс мініп келе жатып, аудандық тұтынушылар одағы қоғамының кеңсесіне келін қалғанын да енді ғана білді. Тіпті асасын жерге ұрып, жынын шақырған бақсыдай бұрқылдаған Күлбеттің бұл кеңсені басы емес, аяғы тапты.
Нақ осы бір сәтте бұл кеңседегілердің де мұрнына су жетпей, қатарынан облысқа түскен он домалақ арызды тексеріл бола алмай, оның ұшығына .шыға алмай естері кетіп отыр еді: Бірін тексерін бола бергенде, екіншісі, одан үшіншісі түсіп, содан оныншы домалақ облыстан домалап жеткенде мұндағы басшылар қайсысының соңынан ұстарын білмей сансырап жығылғандай жайы бар еді. Ұқыпсыз салынған жарма есіктің сыртқа ашылар сыңары дыр еткенде, өздері де арыздан ығыр болып отырғандар тегіс есікке кез екен. Есіктен көрінген алау-далау, ескі ауылдың байы қатындарынша шашын жалбыратып жайып жіберген шалғайы екі жаққа кеткен Күлбет кеңсеге айғайлай, есті ала кірді:
— Ойбай, неге отырсыңдар, ойбай! Отырсыңдар ғой бәрің омалып, ойбай неге ғана отырасыңдар. — Кеңседегі төрт үстелде отырғандар бұрыштағы өртке қарсы қолданар құм салған жәшікке тұра ұмтылысты. Бірі дәліздегі сүйменге, енді бірі өртке су шашар кеңірдекке жармасты. Бәрінің де үрейі ұшып, «қайда, қайда?» десіп сасып-салбырады. Нақ осы бір сәтте Күлбет қайнаған қазанға түсіп кеткендей баж ете қалды:
— Ойбай! — бір жақтан ерт шығып қалды ма деп бағанадан бері зәре-құты қалмаған кеңсе қызметкерлері қолдарындағы өрт өшірер құралдарды тастай салып, енді Күлбетке қайта жүгірді.
— Отырыңдар! — Күлбеттің берген бажылдақ бұйрығы табанда сөзсіз, көзсіз орындала берді. Күлбет бұлардың өзінің байбаламымен ырқына тез көндіріп, алдына салып айдап алғанын біліп, одан сайын ерекше түсер ме еді, қайтер еді. Осы бір сәтте бөлмеге кіріп келген тұтынушылар қоғамы одағының бас бухгалтерін көріп су сепкендей басыла қалды. Күлбет істейтін магазинді әлденеше тексеріп, заңсыз істерін талай кездеріне басып, апшысын қуырған бас бухгалтердің мысы басып кетті де, ол демнің арасында жынынан айырылған бақсыдай қылқиып қалды. Бағанадан бері Күлбеттің салған сүреңіне естері шығып, оның алдына түсіп жүріп берген кеңсе қызметкерлері ездерінің жоғары мекеменің қызметкері екенін енді-енді есіне алып, сабасына түсе бастады. Тіпті аты-жөні жоқ айқайдан естері шығып, Күлбеттің алдына түсіп жүріп бергеніне өздері іштей күліп те алды.
Бір жағынан алғанда, бұл отырғандарды Күлбеттің байбаламына бойсына салдыңдар деп айыптау да қиып еді. Өйткені аудан іргесіндегі тамақ магазинін олардың тексеруге бармағандары аз еді. Күлбет істейтін магазинге барып келгендердің бәрінің де артынан зықысы шығатын. Өйткені арада он шақты күн еткен соң-ақ жоғарыдан үстіне бірер жапырақ қағаз жапсырылып, талай бастықтың алдын көрген, талайының шым-шытырық шимай қолы қойылған арыз келіп, әлек салар еді. Сондықтан да Шафия істейтін магазинді тексеруге бар дегенде тексерушілердің аза бойы қаза болатын. Мұндайда магазин меңгерушісі Шафия мүләйімсіп келіп, мардымсып қайтатын. Әсіресе бас тексерушінің үстінен түскен арызды жоғарыдан келген адам тексергендегі Шафияның құлқы өзгеше болды. Отыз жыл саудада істеп отыз тиын алып көрмеген Әділбай байқұс үстінен кек қағазға жазылған үш беттік арызды естігенде есі кетті. Әділбайдың көлеңкесінен қорқатынын, ешқашан ешкімге жоламайтынын білетін Беріктай:
— Әдеке, ақ екеніңізді жұрттың бәрі біледі, несіне қысыласыз, сонша? — дегенде Әдекең уһлеп алып:
— «Ер жігітке мешкей деген жақсы атақ емес» деген. Оны тексеріп болғанша ел неше түрлі өсекке көшіріп, қондырады емес пе, содан өліп, ұялып барамын ғой, — деген-ді. Күлбеттің байбаламына басқа бөлмедегілермен бірге Әдекең де кіріп еді. Бас бухгалтер келгелі айтарын айта алмай сылқиып қалған Күлбетке жан кірді.
— Міне, міне, мына кісінің үстінен жазылған домалақ арызды мына мен мына қолыммен жазғанмын, — деп, ол оң Қолын жұртқа қарай көрсетті. — Үш бет кек қағаз болатын. — Жұрт тым-тырыс бола қалды. Бәрінің үндемей қалғаныма қарағанда бірі түсінсе де, бұл бетпақ Күлбеттің сөзіне кейбірінің «не сөйлеп тұр» деп таңданғаны анық еді. Тек бұрыштағы үстелге сүйеніп тұрған екі келіншек қана біріне бірі қарап бетін шымшысып еді. Бұлардың бет шымшығандарына қаны қайнап кеткен Күлбет оларға баж ете қалды.
— Немене, сонша, беттеріңді шымшысып. Тапқан екенсіңдер келекелейтін адамды. Мен жаздым, маған жазғызды. Сендердің анау бастықтарың жаз десінші, қалай жазбас екенсіңдер. — Ол иегімен бас бухгалтер Мақапты нұсқады. Бұл бір келеңсіз жайды басқалардан бұрын Манап түсінді. Бағанадан бергі қатулы қабағы жазылып Күлбетке тіл қатты:
— Кім жаз деді. Нені жаз деді. Қане, отырыңыз да, біртіндеп айтыңызшы. — Ол Келбетке ортадағы арқа тірері жоқ төрт бұрышты баттиған ескі орындықты ұсынды. Орындыққа жақындай берген Күлбеттің беті әлем тыпырақтанып, ойына бірдеңе түсіп кеткендей басын көтеріп, бас бухгалтерге қарады да:
— Мына орындық тура Шафия сияқты ботқа бет екен.
Жаңағы атаңнан жаңа-жаңа сабасына түсіп, енді-енді отыра бастағандар Шафия аты аталғанда бірдеме түсінгендей еді. Бірақ бірі де тіс жармады. Бас бухгалтер алдында сыпайылық сақтады. Манап орындыққа қарап шынымен одан Шафияның бетін елестетті.
Шафия аудан орталығы Терісбұтақ селосындағы азық түлік магазинінің меңгерушісі еді. Төртбақ, беті ауырып пятен сиырдың талағындай тарғыл, көк, қысық көздеу, қырықтың о жақ бұ жағындағы әйел еді. Түнеугі түні магазинді тексеріп қайтқан Әділбайдың үстінен арыз түсіп, оны шақырғанда, бекер обалы не, оны ақтап шыққан. Тіпті осы бас бухгалтер:
— Тексеруші деп қорықпаңыз, сіздің магазиннен не алды? — деп сұрағанда:
— Ойбай-ау, алған адам білдіруші ме еді, әйтеуір менен ештеме сұраған жоқ, — деп шыққан болатын. Бас бухгалтер өзінің ойын ірікті де, енді Күлбетке қайта оралды.
— Қане, аптықпай-саспай жайымен айтыңызшы.
— Ойбай-ау, мынандай жағдайда қалай ғана мұны ашуланбай айта аларсыз. Оныкі бала да, менікі балшық па екен? Кеше маған май тимей қалды. Екі жүз грамм маған тиетін майды Шафия өзінің үйіне алып кетті.
Бас бухгалтер ештеме түсіне алмай, сәл ойланып отырды. Өзі де қара кісі ашу буып, түтеңкіреп, ашуын ақылға жеңгізіп, бір ұрттам су ішіп Күлбетке қайта тіл қатты:
— Ол қандай май? Қайдан келген май?
— Кәдімгі күнде сатқаннан артылған май.
— Оны неге алып кетесіздер, ертең сатпайсыздар ма?— деп бас бухгалтер ойына бірдеме түсіп кеткендей аға тексеруші Әділбайға тіктеп қарап қалды. Күнде бірге жүрген, оның көп жайын көзқарасынан-ақ ұғатын Әділбай басын болар-болмас изеді де, өзінше жазған қағазын жаза берді. Күлбет шашын жөндеген болып, жайылған шашын самайынан алып, құлағының артына қайырған болды. Сонан соң қайта сөзге кірісті:
— Жоқ, бұл сатылған майдан қалған май, — деп түсіндірмек болды. Бірақ мұны отырғандардан Манаптан басқалары түсіне алмады. Әділбайға да түсінікті болуы үшін Манап қайта бір сауал қойды:
— Мысалы, — деді ол тағы да Әділбайға бір қарап қойды, — он килограмм май саттыңыздар... — деп келе жатыр еді. Күлбет сөзді үзіп жіберді:
— Екі жүз кило сатамыз. Содан қалғаны,
— Қош!
— Кассадағы ақшаны санаймыз да, сол ақшаға есептелгеннен артық қалған майды бөліп аламыз. — Бас бухгалі ердің терісі жадырай бастады. Тағы да Әділбайға қарады. Ол әлденені қоштағандық білдірді.
— Одан да, — деп күлген болды бас бухгалтер, — артық түскен ақшаны ала салмайсыздар ма?
— Оны мен білмеймін, Шафия осылай еткен қолайлы деген. Тек содан маған тиісті майды бермей кеткенін көрмейсіз бе? Енді маған жаздырып алар арызын, атасынын, басы. — Оған бас бухгалтер көңіл бөлмеді. Әділбай керек жері осы болғандықтан, ол оны тәпіштеп сұрамағанына Манапқа іштей ренжіп отырды. Күлбеттің барлық ойы майда болғандықтан, бас бухгалтер сұрақты тағы да май төңірегіне бұрды.
— Кеше қанша май саттыңыздар? — Күлбет ойланбастан:
— 210 кило, — деді.
— Одан қанша май қалып еді?
— 3 кило 200 грамм.
— Содан тиісті 200 грамм екен ғой.
— Иә, сол сыбағамның өзін ала алмай қалған жоқпын ба?
— Басқалар да ала алмай қалды ма?
— Ойбай-ау, бәрін Шафия өзі көтеріп кетіп, мысымды құртып отыр емес пе? Әнеугі күні, балық сатқан күні де аты-жөні жоқ, кешке жақын маған қатты ұрысты. — Бас бухгалтер тағы бірдеменің басы шығып келе ме деп елең ете қалдық да, Күлбетке ештеме болмағандай:
— Е, бастық болған соң ұрсады дағы, — дей салды. Нақ осы жерге келгенде Күлбет бар ашуына мініп, қатты селкілдеп, бұрқылдай жөнелді.
— Ол маған балықтың құйрығын неге таразыға шығарып саласың деп ұрысты. Сен құйрығын салбыратып қойып содан ұстап тұрмайсың дейді. — Нақ осы жерге келгенде осыны айтсам Шафияны біржола құртып аламын дегендей Күлбет екілене сөйледі. — Өйткені мен балықтың құйрығынан ұстап тартып тұрсам салмақ арта түседі ғой. Ол кезде сатып алушының көзі таразының екінші жағындағы цифрда болады. Сондықтан көбірек алатын болса екі-үш жүз грамға дейін басуға болады.
Бас бухгалтердің жүзі жылыған сайын Күлбет те жадырай түсті. Ал Әділбай керісінше қабағы түнеріп, онсыз да ала көзі шарасынан шығып кете жаздап, тұқырайып қағазын жаза берді. Бір шамадан соң бас бухгалтердің түсі бұзылып кетті. Оны Күлбет өзінше «мынау шамасы Шафияны жақтайтын пәле ғой» деп ұқты.
— Дайын болды ма? — деді бас бухгалтер басын көтеріп, Әділбайға қарап.
— Қол қоюдан басқасы дайын.
— Онда оқы! — Әділбай қағазды оқи жөнелді: —Акт. 1985-жылғы 15 шілде, біз акт жасаушылар...
— Кеңседе отырғандардың бәрі алты кісі тегіс к.ол қойды. Шафияны құртып жіберу үшін келген Күлбет те иректі аямай салды. Ол әлі екі жүз грамм майды ұмыта алмай тұрса керек, «Ботқа беттің қорлығы», — деп ернін жыбырлатып-жыбырлатып қояды. Ол шығып бара жатты. Өшін жерден алатындай қатты басқан оң аяқтың бұрын сылқылдап жүрген өкшесі бір жағына қиқаң ете түсті. Сәлден кейін Күлбет екі туфлиін шешіп қолына ұстап кетіп бара жатты.. Содан екі-үш күннен кейін аудандық прокуратураға сатушыларды біртіндеп шақыра бастағанда Күлбет есін бір-ақ жиды.
1987
ОЛЖА
Сәті түсейін десе қиын емес екен, Әнтай екеуміз аяқ астынан алтынды болып шыға келдік. Алтын болғанда кішкентай да емес, Жұрымбайдың жұдырығындай. Алтын дегеніңіз жөні бөлек екен, оны ұстап көргенде бүкіл осы дүниедегі бақыттың бәрі менің қолыма іліне кеткендей көрдім.
— Бере тұршы, мен де ұстап көрейін, — деп, қолымнан оны Әнтай алғанда, бүкіл дүниедегі бар бақыт, байлық менің саласыз, быртық саусақтарымнан біржола шығып кетіп, тамырлары көгеріп, әрқайсысы сояудай-сояудай болып тұрған, алтынды жұтып қоятындай саусақты алақанға құрдымға кірген судай сіңіп жоқ болатындай. Жолдасымның қолын қайта бас салдым. Жолдасым да жабысқақ неме, қолына құдакең қондыра салған бақыттан айрылып қалсын ба, тырмысып жіберер емес. Екеуміз тартысып, қызараңдасып қалдық. Сонан соң барып ол менің қызметімнің үлкендігін ескеріп, қоя бере салғандай болды. Бірақ байқаймын, енді ол алтынды менің қолым жұтып қоятындай көріп тұр. Көзін менің қолымнан алмайды, көзін алмағаныңыз не, тіпті кірпігін қақпайды десем де болады.
Япырмай, байқамаппыз, әлде қолымызға түспеген соң білмейді екенбіз, барлық күш, жігер алтында екен ғой. Екеуміз де күшейіп, ерекше әл бітіп, бірімізді біріміз жеп к.оюға даяр тұрғандаймыз. Тек біреуміз кірпігімізді артық қағып қалсақ, сол қас-қағым сәтте алтынды анау алып, жытырып жіберетіндей.
Айтқандай сол күні қолыма ұстаған алтынның буы әлі де ойымды онға бөліп жіберді ме, сол алтынға қалай тап болғанымды айтпай ұмытып барады екенмін.
...Күн кешкіре бастаған, жаздың кәдімгі жылға бергісіз күні еді. Кеш алдында жаңбыр жауып, шеп су болғандықтан колхозшылардың бәрі енді пішен ертең түс әлетіне дейін жиюға келмейді деп ауылға кетіп қалған. Қоста екі доңғалақты арбамен нан әкелген Әнтай екеуміз отырғанбыз. «Жұт жеті ағайынды» демекші, жаманшылықта пәленің бәрі тұс келе кететін әдеті. Екі күн бойы қара бұлт болып келіп, егінді басып өткен шегірткеден жаңа құтылған едік. Енді жаулықты көшпе қолдылар жасай бастады. Есекті, атты жиырма-отыз арбалы, жаяу-жалпылы олар осы бір жаздың жаңа басталған кезінде күн сайын қаптап тыныштық бермей кеткен-ді.
Міне, тағы да төрт-бес есек арбалы көшпедолы біздің қостың жанына тоқтап, бәрі жүгіре басып келді. Алпылдап-салпылдап, бірнеше көйлекті қабаттап киген, қап-қара бұйра шашты әйелдер, қожалақ-қожалақ қара домалақ балалар анталап, қосқа әкелінген нанға қарап көзін сатып, жұтынып тұр.
— Ей, аға, — дейді бір жас әйел, — сонша нан тұрып біреуін бермейсің. Біз өліп барамыз ғой.
— Жоқ, нан жұмыс істеген адамдарға беріледі, бізде артық нан жоқ, — дейді Әнтай оларға.
Олардың арасындағы жуан қарынды бір дәуқара біреулер жоқ па дегендей жан-жағына қарап алып, өздерінің тілінде құңқылдап-сұңқылдап бірдеме деп еді, аналар біздің қосқа қарай лап қойды. Көріне көзге нанымызды тартып алмақ. Дұрысы біздің нанымыз емес, колхозшылардікі. Балағанға кіре салып, Әнтайдың қосауыз мылтығын алып, бастарынан асыра тарс еткіздім. Бәрі жата қалды. Дәуқара қайта құңқылдап еді, олар тұра келе салып жапа-тармағай арбаларына қарай жөнелді. Қысылғаннан екеуміз де терлеп, малшынып кетіппіз. Маңдайымызды сүртіп, енді есімізді жинап тұрғанда, жаңағылардың бірі қайтып келді. Бұйра шашты, ақ жейденің сыртынан қой терісінен істеген шолақ жең киген жігіт. Тобығың жаба алмаған шалбар, жалаң аяқ.
— Ей, аға, — дейді әлгі менен әлдеқайда жасы үлкен жігіт, — бір нан бер. Өлетін болдық.
— Е, өлетін болсаң колхозға кір, жұмыс істе. Нан береміз, — дейді Әнтай.
— Ой, аға, біз бәріміз науқас адамдармыз, жұмыс бізге істеуге болмайды.
— Нан жеуге болады, жұмыс істеуге болмайды, ә? — деп, Әнтай онымен сөз таластыра бастаған соң, мен қатты қайырып тастадым.
— Болды, қой, сен. Ал сен, — дедім көшпедолы жігітке, — тез кет, әйтпесе қазір ауданға хабарлаймын.
— Ой, ағатай, балаларым аштан өлетін болды, ең болмаса атамнан қалған, көзіндей көріп жүретін мына бір кесек алтыным бар еді, қайтейін, осыны ал да, он буханка нан бер, — деп көзінен жасы парлап, сақалын жуып кетті. Алтынның аты аталған соң ба, әлде балаларын айтқан соң ба, әйтеуір «алтын көрсе періште жолдан шығар» дегендей ішімде бір аяушылық пайда бола кетті. Алтынды көрген соң Әнтай тіпті ашық саудаласа бастады. Байқаймын, тіпті оған менің рұқсатым да керек болмай қалған сияқты.
— Үш буханка беремін, әкел алтыныңды, — дейді Әнтай. Желпініп кетті. Тіпті бұл колхоздың наны еді ғой, оған жауапты боламыз-ау дегенді мүлдем ұмытты.
— Әкемнен қалған алтын еді, аға. Ең болмаса жеті нан бер.
— Жоқ, болмайды. Жарайды, біреу қосамын. Төртеу.
— Аға, атамнан қалған алтын, ең болмаса алтау.
— Жоқ. Ал, бесеу болсын. Енді алмасаң алтыныңды жеп көр.
Колхоздың нанын қалай саудаға салып жатырмыз дегеніммен, алтынды анау бермей кетер ме екен деп менің де ішім қылпылдап барады. Ойпырмай, бес нан! Алты килограмм! Күніне әрқайсымызға 600 грамм. Сонда Әнтай екеуміздің бес күн жейтін тамағымыз.
— Жарайды, — деп Әнтай мен цыганның шарт-шұрт қол алысқанын бір-ақ білдім. Сыртыма шығармағаныммен «уһ» деп демімді бір алдым. Бес нанды арқалап, көшпедолы жігіт әп-сәтте жоқ болды. Жоғарыда айтылған тартысымыз нақ осыдан кейін болып еді. Нақ осы бір сәтте колхоз нанын беріп жібердік-ау, қазынаға қол сұққанымыз ұят болды-ау деген біздің тіпті таңазарымызға да кірген жоқ. Алтынды көрген соң оны ұмыттық. Қалтаңда жұдырықтай алтын тұрғанда алты килограмм нан деген не дейсің.
— Тіпті мен болмасам сен алмайтынсың ғой, мен ғой баяғы, — деп, Әнтай батыр шығып тұр.
Нанның үстіне жұдырықтай алтынды қойып, Әнтай екеуміз көзіміз тоймай қарай береміз. Менің артық қимылымды анау, оның тыпыр еткенін мен қалт жібермей байқап отырмыз. Екеуміз бүгін тамақ ішуді қойдық. Қосқа күн жауын болғандықтан колхозшылардан да ешкім келмеді. Тіпті олардың жоқ болғаны, жаңбыр жауғаны қандай жақсы болды. Әйтпесе бүйтіп біз аяқ астынан олжалы болар ма едік?! Бар болса олар бұл алтынға ортақ болар еді немесе нанды бергізбес еді. Бірақ Әнтай жүгірмекті қарашы, менің әрбір қимылымды бағып отырғанын. Ал қазір оның алтынды ала қашып, әлейім-тәлейім соғыс кезінде кімді кім біліп жатыр, бір жаққа зып берсе қайтпекпін деген арам ой да маған сап ете түсті. Сап-сары жалқындай болып алтынның көрінісін қарашы! Көз қиятын нәрсе ме, шіркін!
Нан үстіндегі алтынды қолыма алдым. Менің алтынды алуға ұмтылғанымды байқаған Әнтай да қолын созып қалды. Ойпырым-ау, алтын дегенің ыстық болады-ау деймін, қолымды күйдіріп бара жатқандай. Оны сасып қайта Әнтайдың қолына сала салдым. Оның есесіне менің қолымнан бар дүние кетіп Әнтайға орнағандай көріп тұрмын.
Кеш батып, ымырт жабыла бастады. Алтынды қайда қоямыз деген ой екеумізді де билеп алды. Алдымен мен бет орамалыма орап шалбарымның оң жақ қалтасына салып жатпақ болдым. Бірақ алтын жамбасымды күйдіріп бара жатыр. Оның үстіне күнде менімен ісі болмайтын Әнтай жаныма тақалып жатып, бір аяғын менің үстіме салып, бір қолымен мойнымнан тас қылып құшақтап алды.
Қой, бүйтіп үйықтай алатын емеспін. Неде болса алтынды осыған беріп, осының қалтасына салып қойсақ па екен?!
— Жарайды, мынау алтынды сен қалтаңа салып жатшы, — деп, алтынды Әнтайға бердім. Әнтайға да керегі осы болса керек, қалтасына ұрып жіберді. Бірақ енді менің тағы мазам кетті.
— Ей, Әнтай, — деймін мен, — сен алдындағы алтынды мына менің бет орамалыма ора да, ана нанның үстіне апарып қойшы.
Әнтай неге мұның бет орамалына орауымыз керек, алтынды оның орамалы бірдеме етіп жоқ қылып қойып жүрмесін дегендей ала көзбен мені ата бір қарады. Дегенмен ішінен оны жек көріп тұрғанмен менің бет орамалыма түйіп, апарып нанның үстіне қойды.
Ал енді жаздың түні қысқа, таң тез атады. Ұйықтауға кірістік Сыртта бірдеңе сылдыр еткендей болды. Мүмкін цыган алтынын өзі ұрлап әкетейін деп жүрген шығар. Дереу жастанып жатқан қосауызды ала бергенімде қолыма Өнтайдың қолы шап ете түсті. Қолым тас болып қатып қалыпты. Жіберер емес.
— Біреу жүр ме?' — Мен қостың есігінен далаға көз бастасам, бір қара егіз пысылдап жайылып жүр. Қайта жаттым.
Әнтай да төсекке бас қойды. Тағы бір шамада екінші жамбасқа аунап түсейін деп қозғала беріп едім, әлгі басын төсектен тағы жұлып алды. Күнде басы кеткен жерге аяғы кетіп, аюдың қонжығынша қатты ұйықтайтын жүгірмек тіпті бүгін түлкінің жаутаңындай сып-сып етіп, көз ілетін емес. Үш-төрт сағат уақытты осылай арпалысып еткіздік. Керер таңды көзіммен атқызып, енді неде болса далаға шығайын деп басымды көтергенім мұң екен, Әнтай сопаң етіп менен бұрын тұрып алды. Екеуміз беті-қолымызды жууға шамамыз келмей, алтынға жармастық. Түйінді шешіп алтынды ала беріп, оның қарайып кеткенін байқадық. Кешегі сарысы да, жылтыры да жоқ, кәдімгі Күрті өзенінің көп тасынан айырмасы жоқ қара шұбар тас.
— Міне, алтын керек болса!
Аздан соң күн шықты. Олжамыздың әншейін тас екеніне кезіміз әбден жетті. Оның есесіне Әнтай екеуміз айран-сүтке ғана қарап, бес күн бойы бұралып аш жүрдік.
БІР САЛЫМ ТҰЗ
— Құдағи келіпті!
«Құдағи келіпті» деген сөз қырық-елу түтіннен құралған кішкентай Қарасаз ауылына жай оғынан да тез тарады. Байқұс Нұргүл жалғыз қызы күйеуге кетіп жалғыз қалып, не одан хабар ала алмай ішкені ірің, жегені желім болып жүр еді, жақсы болған екен десті естігендер.
Аздан кейін-ақ ауылдың әр бұрышынан кемпір-сампыр, қатын-қалаш жосылып Нұргүл үйіне тартты. Бәрі барын киіп, барынша сәнденіп, құдағидың әкелген қоржынының аузын сөгуге асықты:
«Қоржын сөгу» ол жұртқа үлестіретін шүлен емес. Құдағи әкелген қоржынның аузына қашанда біраз тиын-тебен тігіледі. Ауылдағы ең құрметті әйел, не жасы үлкен, не жолы үлкен, не бір ауылға келген құрметті қонақ — осылардың біріне «қоржын сөгу» құрметі тиеді де, басқалар соның аузына, қолына қарап отырады. Сонан соң құдалар жағынан келген қоржынды шын мәнінде сөгіп, ішін ақтарады. Аузына тігілген азын-аулақ ырымды жолына, жосығына қарай ауыл әйелдері пышақ ұшынан бөлісіп алады. Біріне аз, біріне көбірек тиіп, көбіне-ақ талайдың өкпесін кептіріп, аузын бұртитып, қабағына кірбің орнатып кетеді. Шын мәнінде, ойлай келсек абысын-ажынға, ауыл үйге осының да үлкен жарасымдылығы, тәрбиелік мәні бар. Өйткені бұл ең алдымен ағайын-туған, жекжат-жұраттықтың ұйытқысы. Өкпелесу, өкпе жазысу осының бәрі де жақындықтан, не өзін сол адамға жақын санаудан туады. .Қатысы жоқ, ай даладағы бір қайбана қазаққа өкпелермісің. Оған өкпелегенде не бітеді? Алты аласы жоқ, бес бересі жоқ кісіде не жұмысың бар. Өкпелеу — ол да наз білдірудің бір түрі. Тек ауырлау түрі. Одан жеңілдеу түрі де болады. Мысалы көңілдің шиткіп қалуы. Ол кейін бір-екі ауыз сөз сөйлескеннен соң-ақ жазылып, иі қанған қайыстай жөнге келе береді. Кейде ондай өкпе-наз той-томалақ өткен соң белгілі болады, ауылдың адуын кемпірлері, жайқар жеңгейлер ол өкпені жазуды келесі жиынға қалдырып қояды. Бажайлай келсең соның бәрі есепсіз емес, бұрын әлде бірдемеден тәртіпсіздік көрсеткен, не орынсыз сұғанақтық жасап, бірдемені артық жырымдап кеткендер, не аса момындығымен үлес ала алмай құры алақан қалғандар, бәрі де абысын-ажын ойында, өздері таразылап, өздері пішеді. Онысы атам заманнан келе жатқандықтан ба жалпы сүдінін алып қарағанда әділетпен астасып, дәл шығып жатады.
Өткен жолы Көркембайдың құдасы келіп түскенде қоржын аузын Қартбайдың қара қатыны Қырмызы сөгіп еді, сол күні қой кезегі келіп, әлгі Назтай келін ауылда болмаған екен. Үлесін ала алмай ұмыт қалыпты. Сондағысы екі-үш сом. Оны әлгі аузы жылдам Айрангүл жүз құбылтып айтып, біраз жерге апарып тастаған-ды.
— Егер әділеттілік қолынан келмесе құйысқанға қыстырылған тезекке ұқсамай жайына жүрмей ме?! Шағын ауылдағы азғантай әйелді түгендей алмаса, кісілікте нем бар! Үстіндегі көк шәйі көйлегін етектеп кие алмай, қырыс-тырыс қалпымен келіп еді, бар істі қырыс-тырыс қылып берекесін қашырды.
«Алақандай ауылдан қайын аға шығарамын ба», деген екен бір кері келін. Сол айтқандай, азғантай ауылда жасырын сыр да болмайды. Айрангүл сөзі сырланып-боялып, өңделіп-жөнделіп сол заматта-ақ Қырмызыға жеткен. Содан бері ол кешенің басында тұратын Ұлтайға себепті де, себепсіз де бара беретін. Ондағысы ауылға келген ендігі қоржынды сөгу кезегі Ұлтайдікі еді. «Егер құда түсетін үйдің жеті ата болған жекжаттарының бірі арадан киіп кетпесе» дей отырып, Ұлтай Назтай келінді ұмытпаймын деп уәдесін беріп еді. Жаңа «құдағи келіпті» деп естісімен Қырмызы кек шәйі көйлекті бұл жолы өтектеп киіп, Ұлтайға жөнелген. Енді міне, оны қояр да қоймай отырып, жұрттан бұрын ертіп шықты. Бұл екеуі ғана емес, кешеде көлбеңдеген көйлектер нақ осы бір сәтте көбейіп-ақ қалып еді. Бәрі де құдағи қоржынынан дәмелі.
Жаңа құдағи келмес бұрын Нұргүлдің де, оның үлкен абысыны Қантайдың да ойында ештеме жоқ еді. Тек қызына өкпелегенін Нұргүл өзінің ең жақыны Қантайға айтып еді. Өкпелемей қайтсын, ері Құтбек өлгелі бері осы қыздың болашағынан басқа тілеу тілеп пе еді, құдайдан Нұргүл. Жесір әйел жанын жалдап, тісін қайрап дегендей аянбай жұмыс істеп, бар тапқан-таянғанын оқудағы жалғыз қыздың аузына ұстап еді. Ол оқып адам болып шықса, оның қолына барып отырамын деген ой Нұргүлдің үш ұйықтаса ойында болған емес. Отыз бес жыл отасқан Құтбектің қара орманын тастап ол еш жаққа жылыстап кетпек емес еді. Сөйтіп оқу бітіреді деп қуанып жүргенінде, бір күні қызынан хат келді. «Сүйгеніме кеттім, мені іздеме»,— деп екі-ақ ауыз сөз жазыпты. Нұргүл қызының күйеуге кеткеніне ренжіген жоқ: «Түбінде кетеді ғой, жат жұрттыққа жаратылған бала ғой»,— деп қоятын, тек айтпай кеткеніне өкінді. Жұрт қайдан білсін, жесір қатын той жасап бере алмайтын болғандықтан қызын қашырып жіберген ғой дейтін қу ауыз табылмаушы ма еді. Жаңа ғана абысыны екеуі осыларды тағы бір еске алып, електен өткізіп, «бұл қай жаққа кетті екен» десіп қойып еді. Кеткен бағытын білмесе де тірі екендігін көңіліне дәтке қуат қылып еді.
Сол әңгіме аяқталмай-ақ бір жалғыз әйел қақпадан кіріп келе жатты.
— Құтбектің үйі осы ма? — деді әйел жапырайған танауын оң жаққа қарай бір қисайта тартып жіберіп.
— Иә, осы, — деді ойында ештеме жоқ Нұргүл.
— Сіз Нұргүлмісіз? — деді де, ары қарай жауап күтпей сөзін жалғап кетті. — Мен Сіздің қызыңыз Қуанның енесімін, Сіздің құдағиыңызбын. Кәдімгі осы ауылдың адамдарынан айырмасы жоқ, көк көйлегі, оның сыртында жеңсіз, етегі шолақ көкірекшесі бар әйел. Ауылшылап жүрген адам сияқты. Осы біздің құдағиымыз деп Нұргүлдің ойына келе қойып па!? Аяғына кигені өкшесі аласа шолақ бәтеңке. Қолында сойған қойдың басы сыймайтын, көнетоз қос баулы қапшығы. Құдағидың келісі бейне бір «Мына сіздің үйдің жанындағы дүкенге келіп едім, содан кіре кеткенім, — дегендей немесе бұзау іздеп жүріп кіре кеткен, әлде от ала келген әйелдер сияқты. Нұргүл де, оның жанында тұрған Қантайдың да түсі өзгеріп, қуқылданып кетті. Шынын айтқанда құда деген ең болмаса екі-үш адам келмеуші ме еді, ел аман, жұрт тынышта жалғыз әйелді құдалыққа жіберген аулында еркек кіндігі жоқ, не деген ел десіп екі әйел аңырап тұрды. Тіпті абысынды екі әйелдің абыржып сасқаны сонша, құдағиға «үйге кіріңіз!» деп айтуға мұршасы-шамасы келмей қалды. Әлден уақытта барып үлкен абысын:
— Құдағи болсаңыз қош келіпсіз, қадамыңызға гүл бітсін, үйге кіріңіз, төрлетіңіз, — деді. Бірақ екеуі де сенбегендей состиып, мәлелдік-көңілсіздік басып тұр еді.
Құдағи үйге кірді. Төрге шығып отырды. Өзі сияқты жапырайған көнетоз қоңыр қапшығынан көсеудей, тарамыс қол түйіншек ақ орамал алды. Абысынды екеудің көзі құдағидың қолында. Шешілген ақ орамалдың ішінде төрт-бес пряник, бір сом жиырма тиынның жарты килоға не жетіп, не жетпейтін қарамелі. Түйіншек ішінен кішкентай шүберекке түйілген тағы бірдеме алды. Оны жазып жаңағы орамал үстіне қойды. Онысы бір салым түз екен.
Алыңыздар, дәмдес-тұздас болайық! — деді құдағи абысынды екеуіне қарап. «Қой көрмесек те той көрдік, ешкілі байдың қызы едік» дегендей, о заманда бұ заман жаңа қыз алған жерден жалғыз адамның келгенін, оның дәмдес болуы осы он түйір конфет пен бір салым тұзға қарап қалғанын кім көріпті. Абысынды екеуі осы құдағи бізді келеке етіп отырған жоқ па дегендей ыржиып, ғамкүнденіп, қапыл аттанып тұрды.
Мұндайда адам жаман ойға жүйрік келеді. Баяғыда Нұргүлдің Алматы жанындағы дүнген колхозына барып, бір тойдағы сұмдықты көргені бар-ды. Келін түсірген үйдің маңдайшасында келесі күні таңертең қара шүберек ілулі тұрды. Ауыл кісі өлгендей, үн-түнсіз. Сөйтсе қара шүберек түскен келіннің ары таза емес, енді ол бұл ауылда қалмауы керектігін аңғартады екен. Мына құдағи да сондай бірдеме сездіртіп отырған жоқ па дегендей, Нұргүл секем алып еді. Сонан соң барып екі абысын құдағи «дәм татыңыздар» деп қоймаған соң бір-бір шымшып тұзды аузына салып, сынық конфеттерді қолдарына алды. Осы бір сұрықсыз көрінісінің куәсі болмақтай айналасы тай шаптырым келмейтін ауылдың Ұлтай бастаған кемпір-сампыры бірі жантаңдап, бір шойтаңдап, енді бірі басы қақшаңдап, аяғы қаздаңдап кіріп-кіріп келісті.
— Ұйбай-ау, — дейді Айрангүл,— біз кірмей жатып құдағидың алдына құрақ ұшып жатыр ма! Ұйбай-ау, мынау он түйір прянигі несі? Нұргүл-ау, мына бір жапырақ орамалыңа жол болсын!
Өзі де ағайын туғанға не бетін айтарын білмей тұрған Нұргүл байқұс шыдай алмай көз жасын сығып далаға шығып кетті.
Бірақ далаға шыққан Нұргүлдің көңілі орнына түсе бастады. Жана есік алдына шығып кеткен үлкен абысын Қантай Көркембайды шақыртып, мал сойғызып жатыр екен. Ішек-қарын аршуға әйелдер де кірісіп кетіпті, тіпті мұрыны жерде жатпайтын көрші-көлемнің иттері де ырылдасып-таласып жиналып қалыпты.
— Бәлкім, — деді Қантай басу айтып, — әлгі бізге күйеу болған баласынан басқа ешкімі жоқ, жалғыз жандар шығар. Жанашыр туысқан-туғаны болмаған соң кембағал адам өзі келмегенде қайтсын. Анау Бәтиді бері шақыр, бауырсақ пісірсін!
Нұргүл жасынан шамдағай, жылдам кісі. Аузы сөйлеп тұрғанда қолы тынымсыз жұмыс істеп жататын, құртты құртқа қосса да, жүнді жүнге қоспайтын өте бір пысық адам еді. Аздан кейін-ақ торсиған қызыл бауырсақ пісіп, ысылдап, екі иығынан демін алып ақ самаурын да келіп қалды. Мұндайда жөн сұрауға шебер Көркембай құдағидың барлық бала-шағасын, туған-туыстарын, жеті ата, жеті пұстысын қыздың ұзай салып, сонау Қызылсу Шардан бірақ шыққанын бәр-бәрін біліп алды. Нұргүлдің күйеу баласы алты ұлдың кішісі екен. Тіреп тұрған алты ұл мың шақырым жерге құдағиды жалғыз салт бас, сабау қамшылы жібергенін әңгіменің ұзын-ұрғасынан отырғандардың бәрі де естіді. Бірақ мұндайда намысшыл келетін абысын-ажын бірі сыр білдірмей, бірде біреуі бетін жасырып шымшыса да, құдағиға көрсеткен жоқ. Тек кіріп-шығып жүрген абысын-ажынның «осындай қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманда...», «алты ұлы тіреп тұрып...» деген піші-пішісі естілмей қалмады.
Әлден уақытта Нұргүл үйінде сойылған қазақы қоңыр қойдың сорпасына тойып ағайын-туған, абысын-ажын үйлеріне беттеді. Келгендер бір-бір шымшып алғанда құдағидың түйіншегіндегі бір салым түз жұрттың алдына жетіп, артына жетпей қалды. Оны кейбір сайқымазақ қалжыңбас қулар молырақ қамтып, артқыларға әдейі орамалды шымшытты. Тек Айрангүл шыға беріп:
— «Ел-елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» деген осы екен ғой. Әдірам қалсын ондай заң, — деп ернін бырт дегізді.
Бекер обалы не, абысын-ажынның бір де бірі, тіпті Айдаргүл де Нұргүл атына қайбар айтқан жоқ. Сонымен қоржын сөгуге келген Ұлтай да, оның қошеметшісі Қырмызы да салы суға кетіп, «шешесін жалғыз жіберіп алты ұл қалай отыр екен», — деп біріне бірі қарап құдағиға аяушылық білдірді. Ұлтай тағы да кейінгі бір құдалардың түсуін күтетін болды. Назтайдың алатын үлесі де кейінге қалды...
1980
ҚҰМЫР БОЛҒАН ТҮЙЕ
Алпыс тоғызыншы жылдың қысы ерекше қатты болды. Ақтүтек боран борайды да тұрады. Ауданның кейбір шаруашылықтарында талай қора босап, қойшылар таяғын ұстап қалды. «Қара қора болып қалдың ба? деген осы екен, қораның қой жатқан жерлері қап-қара болып қатқан қи ғана көрінеді. Қысқа ағаш ауданының партия комитетінің мал шаруашылығының мәселесін қараудан қолы бір босамайды. Бүгін мына совхозды қараса, кезекте анау колхоз тұрды. Қыстың қаттылығы сонша — айдалада бұзылған машиналардың жүргізушілерінің де қатып қалу фактілері болды. Мәлімет жинаған аудан басшылары да су жүрек болып алды. Күнде шаруашылықтардан «бір қора қоймен қойшы ығып кетті, үш күн болды, жоқ», «бір үйір жылқы жоғалғалы бес күн болды, хабарсыз» деген сияқты жан түршіктірер сөз жетіп, оның үстіне «алақашпа», «ұзынқұлақ» қосылып аудан мамандары да, басшылар да ығыр болып бітті.
Қысқа ағаштың барлық шаруашылығының мәселесі қаралды десе де болады. Осынша сақылдаған сары аязға бой бермей, малдан шығын бермеген жалғыз совхоз «Сеңгір» еді. Совхоз ауданнан алыста бір қиырда болатын. Әсіресе оған қыста бару үшін ең кемі екі машина жүретін. Шаруашылық бір бұдырсыз жалтаңда жататын. Егер таулы, адырлы, қырқалы жер болса, бір төбе болмаса, бір қойнауға тығылып, малды бораннан аман сақтар еді. Сондықтан да совхоз еңбекшілері табиғаттың рақымынан мақрұм болғандықтан, тек өз күштеріне ғана сенетін. Пішенін ерте жинап, қорасын жаз басынан жылылап, қысқа қамды күн ілгері қамтитын. Сондықтан болар көктемге бұл шаруашылық шығынсыз шығып, ауданның мақтанышына айналды.
Наурыз айы басталғанда малдың өлім-жітімі тоқтады да, барлық жағдай қалпына келгендей, мал шаруашылығындағы жайсыз хабарлар аз күнге болса да тыншығандай жайы бар еді. Аудан басшылары, мал мамандары «уһ» деп демін бір алған.
Нақ осы бір малдың індеті, өлім-жітімі саябыр тартып, қысқы қиын командировкалар азайған сәт көктем күніндей аяқ астынан бұзылды. «Сеңгір» совхозының бар түйесі қырылып қалыпты. Қашанда жаманат жатқан ба, «отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетіп», сыпсың сөз аудан мекемелері түгіл, бүкіл шаруашылықтарды аралап жөнелді. Кәдімгі ала қыстай аупартком секретари мен ауатком председателі барлық шаруашылық басшыларына үлгі ретінде алдына тартып отыратын «Сеңгір» совхозы. Және бір қора қой емес, бір үйір жылқы емес, бір табын сиыр емес, шаруашылықта бар түйе қырылып қалыпты.
Жасыратын несі бар, «мақтанған қыздың тойда» не бүлдіретінін жұрт біледі, «жұмысты Үсеновтей істеу керек» деп көзге түрткендей етіп көрсетіп еді, «көрінді оның дағы әуселесі» деп табалаушылар да табылды. Табалаушылар малдан мол шығын беріп, күн жаумай су болып, жел соқпай қураған, сөйтіп бір-бір «ақырғыны» арқалағандар болатын. Айтып айтпай не керек, олардың да ауданда достары, жекжат-жұраты бар, олар да бұған қосымша болып, айғайға аттан қоса түсті.
Бәрі әлгі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасындағы «Есірқара» атанып кеткен Қалақайдан шықты. «Еламанның таз қызына естір де қаш» дегендей, қолына бірдеңе тисе, бірді екеу қылып көбейтіп жіберетін, ел аман, жұрт тынышта дүниені дүрліктіріп жүретін Қалақай қолына түскен мәліметті байып-байыз демей ала жүгірді.
Жұмыстың көбі проценттеп есептелетін халық шаруашылығы есебі немесе сол кездері жиырма төртінші форма аталатын мәлімет бүгін, қалай екенін кім білсін, ең алдымен ауыл шаруашылығы басқармасының зоотехнигі Қалақайдың қолына түсіп еді.
Күнде қолды-аяққа тұрмай, таңертеңмен ауатком, аупарткомды бір аралап келмей орнына отырмайтын Есірқара кеше басқарма бастығы «орнында отырмайсың» деп ұрысқаннан болуы керек, бүгін ертемен кабинетінен шықпаған. Әйтпесе мұндай сәске болғанша оның кабинеті тарс жабық тұратын да, ол әр кабинетке бір кіріп шықпай кеңілі көншімейтін. Ал бүгін сағат тоғызда келісімен тыпыр етпей орнында отырды. Шашын бірнеше рет тарады, әнеукүні «Сарыкемер» совхозына барғалы бері суық тиіп, тізесі қақсап жүр еді, біраз соны уқалады, бет орамалын алып, аузы-басында ештеме жоқ болса да бірнеше peт сипалап шықты. Қалтасынан шылымын алып, оны уқалап, жұмсартты. Сонан соң оны тұтатуды ойлап, сіріңке алуға қалтасына қолын сала беріп ойланып қалды. Мүмкін сіріңке іздеген болып, бөлмелерге кіріп шықса ма екен. Жоқ тағы ұрсып жүрсе... Бір-екі күн ұмыттыра тұрғаны жөн.
Сонан соң ол сіріңкесін алып, шылымын тұтатып, асықпай ұзақ тартты. Қас қылғандай бүгін бұған ешкім кірмей қалыпты. Е, есебін тапты. Телефон трубкасын көтеpіп, барлық мекемелердегі тамыр-таныстың ешқайсысын қоймай түгендеп, қоңыраулатып шықты. Одан да жалықты. Басқа кеңселерге кірудің бүгін мүмкіндігі мол, өйткені басқармада өзінен басқа бастық жоқ. Бірақ кеше бастық ұрысқандықтан бүгін қозғалуға болмайды. Бәрін ұмыттыру керек. Кешегі ұрыс ескіріп, ұмытылған соң онды-солды кетуге болады. Ол енді не істерін білмей отырғанда, аудан малының есебі көзіне түсті. Ол дереу жиырма төртінші форманы алып, цифрларға көз тоқтата алмай, жыбырлаған санға үстірт қарап отырды.
Мынау не? Рас па? «Сеңгір» совхозының түйесінің өлімі жүз процент. Ойбай-ау, тігерге тұяқ қалмай қырылып қалған ғой. Масқара! Әлгі Үсенов бұлармен жүре сөйлесуші еді, енді міне, құдай қолға берді. Аман болса Қалекең оны енді шок басқан тайлақтай қылады. Ол не істерін білмей састы. Екі-үш күн болды көктемгі «ақпан-тоқпан» амалы басталып, түтеп тұр. Аудан бастықтарынан да ешкім жоқ, бәрі облыстық активке кеткен. Ол ақпарды алып аупарткомге тұра жүгірмек болды. Онда қайтып шыға алмай, мұны ешкімге айта алмай қалуы мүмкін. Одан да алдымен аудан мекемелеріндегі достарына «Сеңгір» жаңалығын жеткізіп, аупарткомге сонан соң барады. Ол телефон трубкасын көтерді.
Енді айтатындардың бәріне, желім ауыз, жез таңдайлардың құлағына тегіс тигізген соң, қолына қағазды ұстап аупарткомге жүгірді. Аупарткомның үш секретарь да жоқ. Бірінші облысқа, екеуі шаруашылықтарға кеткен. Ауаткомда да солай. Аупарткомдегі бүгінгі үлкен бастық ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы Елемес еді. Өзінше Елеместі өзі дәрежелес адам деп күнде жүрдім-бардым сөйлесетін Есірқара салып ұрып соған келсін.
Есірқара келгенде Елемес телефон трубкасы құлағында, даусы қарлығып, алысырақтағы совхоздардың бірімен сөйлесіп жатыр екен. Күшене сөйлегенінен болса да. әлде ертеңгі шайдан кейінгі бусану болса да, Елеместің екі самайынан тері ағып, бар даусымен бақырып, аупартком кеңсесін басына көтеріп жатыр. Екі өкпесін қолына алып жүгіріп келген Есірқара Елеместің ебіл-дебіл түрін көріп состиып тұрып қалып еді, оның сөйлесіп жатқаны «Сеңгір» совхозы болмағандықтан, «трубканы жерге қой» деген ишара білдірді де, ол қойғанша шыдамай:
— Масқара болдық масқара! Бүкіл ауданды масқаралады мына «Сеңгір». Сұмдық қой бұл, сұмдық! — деп айқайлайды.
Есірқараның айғайысыз да совхоздан түк ести алмай тұрған Елеместің құлағы қаңғырлап, басы зыңылдап кетті. Әйтеуір тегін емес екенін құлағына жеткен «масқара-масқара» дегеннен аңғарған ол, шықырлап-шықырлап кеткен трубканы қара тұғырға тастай берді. Елеместің трубканы тастауы мұң екен, Есірқара дарылдап-барылдап, зарлай жөнелді. Даусы тіпті құлақты жарып барады:
— Масқара болдық масқара! Мына мақтап жүрген «Сеңгіріңді» сен ұрыпты, бүкіл түйесі қырылып қалыпты. — Өрт сөндіргендей өліп-өшіп тұрған Есірқараның жүзін көріп Елеместің есі кетті:
— Не болды, не болды? — дегеннен басқаға шамасы келмей қалды.
— Міне, не болғаны. Қара мынаған. — Есіқара астын баттитып қызылмен сызып қойған, «өлген» деген графадағы «жүз процент» дегенді нұқып, шұқып көрсетті. Бәрі рас, «Сеңгір» совхозының түйесі түк қалмақ қырылып қалыпты. «Ойбай-ай, енді қайттік?» деп сасқан Елемес дереу телефон станциясына байланысып, олардан «Сеңгір» совхозымен үш күннен бері байланыс үзілген» деген хабар алды. Почтадағы қыздар жүз елу километрдегі «Сеңгір» түгіл, мына иек астындағы «Ермендімен» де байланыс болмай тұр деп хабарлапты. Елеместің есі шығып кетті. Оның есін шығарған совхоздың бар түйесінің қырылып қалуы емес. Есірқараның минут сайын айтқан «масқарасы» еді.
Елемес те басын қорғай білетін жігіт еді, сасса да, салбыраса да, бұл жағдайды облыстағы өз басшыларына хабарлауды ұмытпады. Ол оларды таба алмағанымен, обкомның ауыл шаруашылығы бөліміне айтып тынды.
...Облыстық активтегі Түскі үзілісте Қысқа ағаш аупарткомының секретары мен ауатком председателін президиумға шақырды. Бір бөлмеде обкомның бірінші секретарьі мен облатком председателі жеке отыр екен. Обкомның бірінші секретарь! аудан басшыларына олар отырмастан сөйлеп кетті және қысқа бұйырды:
— Аудандарында мал өлімі болса керек. Активті тастап, дереу екеуің де қайтыңдар. Жағдайларыңды түзеңдер.
Аудан басшылары біріне бірі қарады. Жаңа ғана активке кірер алдында ғана хабарласып «Бәрі орынша» деген мәлімет алып еді ғой. Япыр-ай, қыс күніне сенім жоқ-ау. «Зымыстанның бір күні қалса қорық» деп халық бекер айтпаған екен-ау деген оймен аудан басшылары машинаға келіп отырды...
Ауданның екі басшысы үйлеріне бармай, бірден аупарткомға түсті. Кеңсе іші әбігер. Не болғанын анық біле алмай күпті болып келген басшылар жағдайды білуге кірісті. Жандарынан өткен қызметкерлердің бәрі де екі бастықтың бетіне тура қарай алмайды. Өйтпегенде қайтсын, бастықтар жоқта бір мал, екі мал емес, бір совхоздың бүкіл түйесі қырылып қалды деген сұмдық емес пе! Және бұл бұрын малы өліп, шаруашылығы шайқалып тұрған совхоз емес, биыл қыстай ауыздан түспей мақталып келген және мал қыстатуды өткізу жөнінде аудан активтерінің әрқайсысы-ақ жақсы лебіз білдірген «Сеңгір» совхозы. Нағып қана екі тәуліктің ішінде бұларға топалаң келіп қалғанын кім білсін, «ақ шелегің түскір» түйелердің әйтеуір ақ шелегі түсіпті де. Е бұларда ақ шелек түседі дейсің бе, ең болмаса еті де жеуге келмейді.
«Сеңгір» совхозының түйесінің өлімі бар, оның үстіне басшылар ашулы кезінде кезіне түспеу керек деген қағида бар аудандық мекемелердің қызметкерлері өздігінен бүгін аупарткомге жоламады. Тек Есірқара мен Елемес екеуі ерекше бір ерен ерлік жасағандай екеуі аупартком секретарының кабинетіне қосамжарлай кірді.
Аупартком секретары Әділбаев түрегеліп әрі-бері жүр екен, шамасы күйініп жүрсе керек, ауатком председателі Байсалбаев секретарь үстелі алдындағы креслода үнсіз отыр, оның да қабағы тұнжыраңқы. Елемес жағдайды баяндауға сөйлейін деп жиналып келе жатыр еді, Есірқара көлденеңінен қойып кетті:
— Масқара болдық, масқара. Совхоздың бүкіл түйесі қырылып қалды. Ел аман жұрт тынышта, ең болмаса қысқы ақпан-қаңтарда болса екен-ау, көктем шығып қалғанда...
— Тұра тұрыңыз. Мен сізден сұраған жоқпын, — деді ашулы Әділбаев, мынаның орынсыз киіп кеткенін ұнатпай. Есірқара тосылып қалғанда барып, Елемеске жан кірді.
— «Сеңгір» совхозының бар түйесі қырылып...— деп, Елемес айта бастағанда аты жоқ, жөні жоқ ауатком председателі Байсалбаев күлкіні қойып көп берді:
— Ой, құдай ұрсын сендерді, өңкей тоғышар... — Ол ішін басып алып күлді. Аупартком секретарының да түсі жылып сала берді. Мұны Есірқара өзінше ұқты. Бұлар оның түйесі түгіл, басқа малы қырылып қалса да, оған шаң жуытқысы келмейді. Біреуі күліп, екіншісі жымиып отыр. Ал Елемес ештеңе түсіне алмай сүлесоқ тұрып қалды. Тікесінен тік тұр. Есірқара қайта тірілді.
— Сіз неменеге күлесіз. Совхоздың малының қырылуы Сізге күлкі сияқты. Жоқ бұл күлетін нәрсе емес, біз совхоздың директорын, партком секретарын, бас мамандарын тегіс телеграммамен шақырттық. Оларды тегіс орнынан алу керек...
Елемес бұл жерде бір кілтипан бар екенін біліп жым бола қалды. Нақ осы бір сәтте аупартком секретарының көмекшісі кіріп:
— «Сеңгір» совхозының басшылары келді, — дегенді айтты.
— Кірсін, бәрі де.
Түрлері кетіп, түстері қашқан совхоздың басшылары бір топ болып кабинетке кірді. Күлкісін баса алмай отырған Байсалбаевқа Есірқара жабыса түсті.
— Міне, көріңіз, қысы-жазы мақтаған совхозыңыз. Міне, сүйсінер болсаңыз, — деді де ол, Байсалбаевтың алдына бір бет қағазды тастай салды. Байсалбаев күлкісін тыйып, қатулана бастады:
— Жетеді, осы дүрліктіргенің де.
— Түйені қырып тастадыңдар ма? — деп, жымия сұрақ қойды аупартком секретарь! сылыңғыр, бозша жігіт Үсеновқа қарап. Үсенов жауап берудің орнына:
— Сол ма еді, тәйірі, — деп, сылқ етіп отыра кетті. Енді кабинеттегілердің бәрі күлді. Бұлардың күлкісіне күйініп кеткен Есірқараның даусы қайта шықты:
— Бұл не мазақ?
Енді асықпай совхоз директоры Үсенов орнынан тұрып маңдайынан терін сүртіп, жауап берді:
— Жиырма төртке келген жалғыз атан өз-өзінен солып, қартайғаны ма, орнынан тұра алмай қалды. Шалдардың бірі солма, бірі құмыр болды деген соң мұрнынан қойдың майын ерітіп құйдық. Шынымен құмыр болғанға ұқсайды. Майды жұта береді. Бірақ емнің ешқайсысы дару болмады. Өлді. — Ол тағы терін сүртті.
— Ол біреу ғой, басқасы ше? — Есірқара әлі кенедей жабысып болмады. Секретарь қабағын шытынды. Есірқараға тоқтаңыз деген ишара жасады. Ол «Секретарь, міне, ашуына мінді, қазір Байсалбаевтың да, совхоз басшыларының да сазасын береді» — деп ойлады. Жоқ, олай болмады. Әділбаев Есірқараға қарап сөйледі:
— Совхоздың барлық түйесі — жалғыз түйесі өлді. Құмыр болды, яғни майға құмыр болды, ал сіз Қалақай даурықпаға құмыр болғансыз, бар болғаны осы.
Сәлден кейін Қалақай-Есірқара еңсесі түсіп, мойыны салбырап аупарткомнан шығып бара жатты. Шамасы бүгін ол кабинетінен шықпай отыратын болар.
Ертеңіне аупартком мен ауаткомның «бұдан кейін өлген малдың есебі процентпен емес, санымен көрсетілсін» деген қаулысы шықты. Бірақ бір жаман жері Қалақайдың Есірқара деген жанама аты да ұмытылып, «Құмыр болған түйе» атанып кетті.
1987.
МӘДЕНИЕТТІҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ
«Ілгері кеткеннің иті оттайды, кері кеткеннің келіні ұрлық қылады» дегенді естіген менің бір қазақ тілінен мақрұм қалған інім айтады: «Немене сонда ит аузына келгенді айта бере ме екен, иттің сөйлегенін кім көріпті, ал жарайды, «келін ұрлық қылады» дегенді түсінелік, кері кеткені несі, о заманнан бұ заман артына қарай жүретін адам бола ма екен». Міне, бұдан артық тілдің тоқсан толғауын қалай біл демексің, оған! Білгіш-ақ емес пе?! Осылай қазақ тілін жасаушыларды — әлде Майқыны, әлде Төлені, Қазбекті, Әйтекені пора-порасын шығарып сойып тастаған інімнің өзі де, үйіндегі келіні де өздерін қазақтың маңдайына біткен жұлдызымыз деп есептейді.
Кім біледі, азды-көпті мен де он бес жыл оқып едім, мәдениетті түсіне алмай жүрмін бе, әйтеуір келініміз Бәтжан екеуміздің мәдениет жөніндегі түсінігіміз екі басты жыландай екі жаққа қарап айыр шыға келетін жайы бар. Бәтжан мысалы Сатанды ғана мәдениетті деп ұғады.
«Көрдіңіз бе,. — дейді ол, — шүмекті жуып, түбекті шайып, ішіне күл салып дайындап, баланы да тосып, темен жағын жуып, құрғатып тұрған еркекті — яғни біздің Сатанды мәдениетті демеген кісінің көзі шықсын». — Шынымен егер дүниедегі мәдениетті адам менің інім.
Сатан болса, жанында отырған маған оның үлгісін үйрену қиынға соға қоя ма!? Өйткені алыстан мәдениетті арбалағанша, жақыннан, жанымнан — Сатаннан дорбалай бермеймін бе!? Сонда Сатаннан. үйренетін мәдениетімнің түрі сіздерді қайдам, маған ауыр болмайтын сияқты. Айтанжанның түбегіндегіні төгіп, жуып-шайып қойсам, сап-сары ала жөргекті жуып, әдемілеп өтектеп қойсам, бес түлейтін балама бесік жасай білсем (бесікке баланын. төсек орнын салуды айтамын), үйге келген кісіні тік тұрған қалпында әңгімелесіп, есіктен бері қарай жібермей, қайта сып беруін, яғни жотасын көруіме жағдай жасасам, ең болмаса өтірік те болса Төлеубай келгенде терге шық демесем, шөлдеп келгенде Мәжікүнге қасықты қара су тамызбасам (өйткені қалада суға да ақша төлейміз ғой), сонан соң құдай қосқан қосағым Бапашты қазан-аяқтан қуып шықсам, тамақты шегене бас Бапаш екеумізге ғана жететін жасап, шикі дәнін түсірмей, жіп-шырағасын шығармай, дастарқанға апарып қойып, оны асқа шақырсам, қысқасы асүйді түп-түгел жаулап алсам мәдениетті болып, адам қатарына қосылып шыға беретін түрім бар. Міне, менің інім Сатан осыны жасағандықтан, көк инені Бәтжанға көктетпегендіктен мәдениеттің төрінен орын алған екен. Сонда біздің Бәтжан келін әйтеуір «сабасымен көтеріп келе жатырсың ба?!» дегізбейтін болса керек. Онда да әйтеуір патша жаяу баратын жер үйде болғандықтан шығар. Басқаның бәрі Сатанжанның мойнында. Келіннің көзқарасынша ғафу етіңіз, Бәтжан келіннің) мәдениет дегеніңіз осы! Ал осыдан кейін саусағын қозғамайтын келініңізді мақтаулы қазақ аты көтере алар ма екен? Сонда Бәтжан келіннен менің ұққаным: әйтеуір әйелге жұмыс болмаса, ішсе, жесе, семірсе болғаны!
Байқап отырсам, Бәтжан келіннің мәдени етінің нақ осы бір кезеңде Сатанға тиер пайдалы жағы да бар екен. Мысалы тамақ істеген кісі, тамаққа керекті шикізатты магазиннен, базардан өзі әкелуі керек қой. Бәтжан келін ондайда қолының қарын талдырып, екі жағын теңдеп жүре ала ма? Машинамен баруы керек қой. Ал асүйді жауаптылығына алып, қазанның бір құлағы ғана емес екі құлағына ие болған соң базарға, магазинге машинамен Сатан өзі барады дағы. Сонда әйелін машинамен базарға жіберді деген жаман аттан Сатан да, егер шүмек жуып, түбек тазалай алсам, Сатан інімдей болу қолымнан келсе, мен де құтылып, Алматының ашық күніндей шайдай ашылып шыға келеді емеспін бе!?
Бір қалт еткенде Тынышкүлге кездесіп Мура екеуміздің есепқойлық, шылықтан дені сау, кеудесі таза, мәдениеті басым ойымызды айтып көріп едім, Тынышкүл:
— Қонақ ешкімнің ырысын ішпейді. Ондайды көтере алмайтын адам оңаша тұрсын, — деді күліп. Ал енді мұның қайсысы мәдениет екенін түсініп көріңіз. Менің келінім Бәтжан да Мураны қоштайды.
Әрине, Тынышкүл сөзінен «адам күні адаммен» дегенді ұғасыз. Ал адамнан аулақ болу деген де мәдениет бар екен. Мысалы тарбақ мұрын Тарғақ әйелі Қарға екеуі қыс кезі қырауда Тарғақтың әке-шешесін үйінен қуып шықты да, олар еңірегенде стегі толып, алыстағы еліне, Сұрша қыз қалған Көкшетауға тартты. Бұл жерде олар «кәрісі бардың кәпірі бар» деген мақалдан шықпаған, керісінше «кәрісі бардың әр ісі бар», келімді-кетімді кісісі бар, шалдың талысы бар, кісесі бар, оның бәрі үйдің сұрқын кетіреді дегеннен шыққан. Ал мәдениеттің атасы тазалық деген. «Тамақ болған жерде тазалық бола ма», — дейді Қарға. Сондықтан бұл екеуі үйлеріне келгендерді етке емес, кепке тойғызып шығарып салады. Шал-кемпір кеткен соң үйіне тамақ істемегендіктен, олардың үйіндегі тарақанның бәрі аштан қырылып қалыпты. Тарақан жоқ болған жер тазалық емей немене? Ал ендеше мәдениетке жетем десеңіздер үйге келгенді құры ауыз аттандыруға үйренгендеріңіз жөн болатын көрінеді. Осының өзі пайдалы-ау деймін. Нақ осы біздің әйелдің қолынан оңай келетініне менің шұбам жоқ.
Ал енді, менің тағы бір көршім Римманың мәдениеті — күшік күту. Не үре білмейтін, не иесін қорғай алмайтын мысықтай қара күшікті Римма қара тұмсығынан шөп-шөп сүйеді. Шамасы, бұл мәдениеттің мен өмірімде жете алмайтын ең жоғарғы сатысы болса керек. Етті өзіне, яғни адамға іздемей тайқар-есектей ала итіне іздейтін тасқұлақ көршім де бар. Не керек, мәдениет дегеннің бәрі біздің ауылда. Бірақ соның қайсысын қабылдарымды білмей қапыда жүрмін. Шынына келсем, бәрі де менің қолымнан келетін сияқты. Әсіресе есікті ішінен тарс бекітіп алу мәдениеті ойыма қона кетеді. Ал итпен құшақтасып жату ше? Егер мәдениеттің мықтысы осы екеніне көзімді жеткізсеңіз, оған көнбеске шара бар ма? Осы төңіректе маған мәдениеті айырып берер адам табылар ма екен. Гүл құшақта деген жөн, құшақтау қандай мәдениет болар екен, ә?!
ҚАРАЛА ҚАРБЫЗ
— Қарбыздарың жақсы екен, жақсы есіпті, деді колхоздың жаңа председателі Марат Маркаевич. Келгелі бері қабағы бір ашылмай қойған председательдің аузынан шыққан жақсы лебізге бригадир Ерен қатты риза болып қалды. Риза болмай қайтсын, ол келгелі бері анауың да жаман, мынауың да жаман деп, шешесі «жаман» деген сөзбен ауыздандырғандай аузынан бір сөз түспей қойып еді. Оның үстіне қырыс қабағын қалың қара қасы одан сайын түкситіп көрсетеді де, колхозшылардың бірде бірі оның жанына еркін бара алмайтын болды. Колхоз — өзінің табиғатында ең қарапайым, көпшіл ұйым. Сондықтан да онда колхоз ісіне бір-ақ кісі жауап бермейді, сайланып қойылған басқарма мүшелері жетістікке де, кемшілікке де тегіс ортақ болады. Өйткені қандай ұсақ мәселе болса да, мұнда басқарма шешеді. Бірақ жаңа бастықтың жаңалығы болар, көбіне жалғыз бұйырып, жалғыз шешім қабылдай беретін болды. Мұны байқаған кейбір басқарма мүшелері ұнатыңқырамап еді, басқалары «жаңа адам ғой, сабасына түсер» дей салған. Сол «жарым ырыс» жақсы сөз аузынан шықпай қойған председатель түксие айтса да, түнере айтса да, әйтеуір бір жақсы сөз айтып салды. Бригадир Ерен әжептәуір көтеріліп қалды:
— Шүкір. Қарбызымыз жақсы шықты, Мәке.
— Мәке емес, Марат Марқаевич. Қанша гектар еді?
— Отыз гектар, Мәке.
— Марат Марқаевич! Көп қой тіптен.
— Мал шаруашылықты колхоз болған соң.
Председатель бригадирдің соңғы сөзіне маңыз бермеді ме, әлде өзінің бойына біткен кердеңі ме, қайта сұрақ қойды:
— Шілде айы бітпей жатып осынша үлкен, қайда барады, бұларың.
— Жоқ бұл әлі екі есе өседі, Мәке.
— Марат Марқаевич деңіз. Жақсы өсіпті...
Председательдің аузынан естілген бұл лебізге риза болған Грен жұмысына белсене кірісті, қарбыздың күтімін арттыра түсіп, оған екі рет қосымша азықтық зат берді. Қарбыз барынша дарбиып, желісі тарбиып өсе берді. Бұдан кейін председатель Еренді көрген жерде:
— Қарбызың қалай?— дейтін болды.
Шүкір, өсіп келе жатыр.— Көрген жердегі бәрі осы. «Қарбыз қалай?» Ылғи сұрақ осылай ашыла бергендіктен бір күні тіпті бригадир Ерен ойға кетті. «Тіпті осылай бара-бара менің Ерен атым бір жолы ұмыт болып,«Қарбыз» атанып кетермін. Немене, сондай-ақ менің қарбыздан басқа шаруашылығым жоқ па, бес жүз гектар арпа, төрт жүз гектар сұлы, бес жүз гектар жоңышқа, тіпті қазір оны үшінші шабуға кіріскелі отырмыз. Сүрлемге арналған жүгеріміз анау, ішіне кірген түйе табылмайды. «Қарбыз, қарбыз».. «Немене бәрі қарбызбен бітеле ме, керек десең қарбыз малға уақытша ғана азық. Негізгі азық — арпа, сұлы, беде, жоңышқаны бұл неге сұрамайды». Бригадир бұдан кейін екі-үш рет «қарбыз қалайға» жауап бермей кетті.
Бір күні колхоз басқармасында Ереннің баяндамасы тыңдалды. Ол барлық жай-жапсарды тегіс айтып болған соң, басқармадан көмек сұрады. Терде түксиіп, қатты өсіп, күзгі бүрі түскен қурайдай сойдиып-сойдиып тұрған қасымен жұртты сүзіп жібере жаздап председатель Марат Марқаевич отыр. Түрегеп сөйлеп тұрған Ерен сөзін аяқтап, бір сез деді:
— Жоңышқаның үшінші шабуына кіріскелі отырмыз, төртінші шабу үшін үшінші шабынды тез бітіріп, бір суғарып тастау керек болып тұр. Сонда дақыл төртінші табынға тез жетіледі. Ол үшін біздің бригадаға ең болмаса алымды бір агрегат бермес пе екенсіздер. Бригадир сезінің иланымды және жұмысының да жемісті екеніне сенімді еді, сондықтан да ол басқарма мүшелері алдында көңілді тұр еді. Бригадирдің өз жұмысына сенімді, нық тұруы председательін ұнамады. Ол онсыз да түксиген қабағын түйіп, үрт етін бұлтитып, төмен қарап, үнсіз отырды. Жаңа председательдің астынан шығамыз ба, үстінен шығамыз ба деп байқастап отырған басқарма мүшелері үндей қоймады. Нақ осы кезде председатель тарс кетті:
— Бір істейтін жұмысты төрт істейсіңдер, шала-шала істеп бітірдім дегенше, сапалы етіп бір-ақ істемейсіңдер ме. Бір шапқан жерді төрт шапқан соң жаз бойғы жұмыстарың сол болмай ма? Біздің ісіміз қалай өнбек. Агрегат та, дәнеңе де жоқ, қолындағы бар сол техникамен істейсің. Қалада бұлай істемейді.
Отырған басқарма мүшелері де, бригадир де бұл сөзді қалжың деп ұқты. Тіпті «шыдамсыз сары» аталып кеткен сушы Серікбай басқаларға қарап:
— Мынауыңның дені сау ма?— деп жіберді. Басқарма мүшелері оған жазғыра қарады. Тіпті кейбірі ұялып та қалды. Председатель мұны байыптап болғандай, түксиген қабағын көтеріңкіреп, тағы да:
— Қарбызың қалай?— деді. Бұл жолы Ерен бұған жиналыста тұрғандықтан да дұрыстап, жағдайды дәл баяндады:
— Қарбыз жақсы. Алды отыз килограмм шығатындай болды. Әлі өседі ғой.
Председатель тұқшиып темен қарап кетті де, біразға дейін үндей қоймады. Жұрт оны қалғып кетті ме деп, дыбыс шығармады. Председатель қалғыған да, ұйықтаған да жоқ еді, ол терең ойға кетіп барып, аттың басын зорға тартты: «Япырай,— деп ойлады ол,— егер бір қарбызы шілденің ішінде отыз килограмға дейін жетсе, ол күзге дейін елу-алпысқа бір барады-ау. Бір қарбызы елу килограмға жететін жердің бәріне бақша ексе, пайдаға шаш етектен қалмас па. Оның үстіне үш шабу, төрт шабу деген өнбейтін жұмыстан да құтылмас па. Дайын жатқан қарбызды пәлегінен жұлып алып, қаладан бір дүкен ашып сатар болса, колхоз ақшаның астында қалмас па. Сонау бір жылдары поезбен Ақмолаға бара жатып, Шуға тоқтағанда бір қарала қарбыз сатып алғаны есінде, он жеті килограмм шығып еді. Қант татыған сол қарбызды бір купедегілер бір күнде тауыса алмай, ертеңіне зорға бітіріп еді-ау. Сонда соған қатты таңданып, тамсанып еді, бұл. Ал ол Шудың қарала қарбызы мына біздің колхоздың қарбызының жанында ойыншық доптай екен-ау. Қазір әр қайсысы отыз килограмға жетіп отыр. Бұл колхоздың жері де жер-ақ екен. Бұрынғы председатель де председательмін деп жүріпті-ау, жұмыстың көзін тауып істеу деген жоқ. Колхоз өзінің экономикалық өркендеу арнасын таба алмай келген екен, ә. Осындай байлықты көре алмаған председательді «шаруашылықты өркендетті, өсірді, байытты» деп ауданды басқаруға алғанын қайтерсің. Жалпы бір қарбызы жарты центнер шығатын жерге мал өсіретін колхоз ұстаудың өзі барып тұрған жаны ашымастық қой.
Председатель тағы да түпсіз қалта—ойды қуалай берер еді, осы кезде «шыдамсыз сары» тағы баж етті:
— Немене, председательдің ұйқысын қандыруын күтеміз бе, ұйықтап отырып колхоз басқаруға бола ма.
Марат Марқаевич кезін ашып алып, түксиген бойы «шыдамсыз сарыға» қарады. Мұндай талай председательді көріп, талайымен таласып, тайталасып үйренген, кетпенін ешкім тартып ала алмайтынын білетін сары жосадай жұқпай қоймайтын пәле еді, ығыса қоймады, қайта тереңдетіп жіберді:
— Ұйқтап отырып колхоз басқаруға болмайды, айтарыңызды, байламыңызды тез айтыңыз. Менімше, Ереннің айтқаны дұрыс, оған жұмысы саябыр екінші бригададан кең алымды агрегат жіберу жөн.
Мынау қалай-қалай сөйлейді, мені баса-көктеп бара жатыр ма қалай, дегендей председатель, тағы да алайып оған қарады. Бірақ сөйлей алмады. Өйткені бұл осы колхозға председательдікке жіберілгенде бұрын осы колхозда бастық болған, қазіргі Көк терек ауаткомының председателі «жұмысты байқап істеу керек, онда шаруашылықты өте жақсы білетін колхозшылар бар, олармен есептеспеуге болмайды» деген еді. Сол Марат Марқаевичтің есіне оралды. «Шыдамсыз сарымен» сөз таластырмағанымен, оның бастықтығы ұстап кетті де, қатты жерге салғандықтан ұңғысынан морт кеткен кетпендей борт ете түсті:
— Техника берілмейді.
Ерен де сұраған жерінен алмай қоймайтын жігіт болатын. Өйткені артық пішіп, артық кесіп көрмеген, шаруашылықтың бақайындағы түгіл, сыбырлағын шағып жіберетін еді. Сондықтан өзінің орынды пікірін ашып айтып, дәлелдемей қоймайтын. Ол орнынан қайта тұрып келе жатыр еді, бас зоотехник «өзіміз-ақ шешерміз» деп сыбыр ете қалды. Басқарма мүшелері тарап бара жатқанда, Марат Марқаевич:
— Барлық жұмысты қарбызды күткендей істеу керек,— деді. Председатель жаңа болған соң көбі-ақ бет жыртыса алмай, ішінен әлде күліп, әлде ренжіп бара жатты...
Аспан айналып жерге түскендей ыстық. Августың аяғы болып қалған. Жоңышқаның төртінші шабыны да біткен. Колхоз бітік жүгерінің сүрлемге қалдырылған учаскесінен бес жүз елу центнерден кек балауса алып жатты. Арпа мен сұлының да түсімі ойлаған жерден шықты. Осындай қызу науқанды жұмыс кезінде Ерен колхоз кеңсесіне шақырылды. Күндіз бір сәт босай алмаған ол күн бата келсе, әдеттегісінше председатель сағат алтыда үйіне кетіп қалыпты. Хатшы қызға «таңертең келсін» депті.
Таң алдында тұрған Ерен күн шыға колхоз кеңсесіне келді. Әдеттегідей мұнда бас зоотехник, бас аграном, бас инженер, бәрі де бар. Тек председатель жоқ. Жұмыс жайын бас зоотехник жүргізіп, жұрттың бәрі тарап, бет-бетіне кетті. Әрі-беріден соң Ерен жалғыз қалды. Күн арқан бойы көтеріліп, үлкен сәске болды. Председатель әлі жоқ. Мамадағы бригадирдің күрең жорғасы да, күнде осы кезде егіс басында, әлдебір арық жағасында жайылып тұратынын аңсады, білем, олай-бұлай жүрген иесін көріп оқыраны-поқыранып қойды. Шаруасының бәрі қалып бара жатқан Ерен қатты тыпыршыды. Бірақ председатель келе қоймады.
Председатель кабинеті алдындағы бөлмедегі сағат тоғызды соққанда дәл кірді. Бәрі қаладағыдай. «Мұнысына да құдайға шүкір»— деді Ерен Марат Марқаевичтің алғашқы сөзі тағы қарбыздан басталды:
— Қарбыз қалай?— деді ол мұның аты Қарбыздай-ақ, «қарбыз» дегенге тоқтай айтып. Өзі асығып, тыпыршып, қатты ренжіп тұрғанмен Ерен ұстамдылық көрсетті:
— Жақсы, бәрі жақсы, Мәке.
— Сіз, біздің үйге қарбыз жіберіңізші.— Бұл жолы ол «Марат Марқаевич деңіз» дегенді айтпады.
— Жарайды,— деді Ерен,— бұйрық беріңіз.— Япыр-ай деп ойлады бригадир председательдің малы бар деп естімеп еді, қарбызды қайтеді екен?
— Соған да бұйрық керек пе?— деді Марат Марқаевич түксиіп.
— Ойбай-ау, бес-алты емес, он шақты емес, әжептәуір нәрсеге бұйрық керек болмай,— деді Ерен сасқалақтап.
— Он шақтысын жіберсең болады.
— Жарайды.
...Бригадир қарбыз плантациясына келді. Егістікте қарала қарбыз теңкиіп-теңкиіп жатыр. Қарбыздың биыл түйінді жақсы байлағанына Ереннің өзінің де көңілі көтеріліп тұрды. Бір-екі гектар емес, отыз гектардың бәрі тым шығымды болды. Ертең алдын үзіп, жібере бастайды. Жоқ. Бүгін-ақ жібереді. Қарбызды бүгін үздің не, ертең үздің не, үсік болмай, қазан ұрмай тұрып, енді бәрін жинап алса ғой. Сондықтан алдын бүгін-ақ аттандырады. Әлгі сауын фермасының меңгерушісі Бәкетай «сүт азайып барады» деп жүр еді, бір кенеліп қалсын. Екі жұмыс қылып не керек, председательдің үйіне де осы машинамен бір-ақ жібереді.
Түс ауа бір машинаға сиятындай қарбызды жинатты да, Ерен оны бір жарым тонналық машинаға тиетіп:
— Он шақты қарбызды председательдің үйіне түсіре кет,— деп жүргізуші жігітке қатты тапсырды.— Мына накладнойға Бөкетайға қол қойғызып, маған әкеліп бересің.
Председательдің үйіне қарбызды жібере тұрып, Ерен тағы ойланып қалды. Үйінде малы жоқ адам мұны не қылады? Ә, әлгі ауатком председателі келеді деп еді, соған мақтанып көрсетпек екен ғой. Оған несіне көрсетеді, ол бұл қарала қарбызды жақсы біледі ғой. Мұның онша күй таңдамайтын дақыл екенін де біледі. Мейлі, көрсетсе көрсетсін...
Марат Марқаевичтің үйіне күн ұясына еңкейе түскен ауатком ағасы Ерік Жомартов үстін қағынып, жуынып есік алдындағы лапасқа отырды. «Жаз жазыл» деген осы. Қазір үйге кіріп болмайды, қапас. Күндізгі ыстықтың аптабын кешкі самалмен салқындап баспасаң болар ма? Ия, осы шаруашылықтың биыл жұмысы неге кешеуілдеп жатыр, жылда барлығын алдымен бітіріп, қысқа сақадай сай отырушы еді...
Нақ осы бір сәтте колхоз председателі Марат Марқаевич те ойда еді. Екі-үш сағат аудан ағасымен бірге жүргенде «бұл колхозды бақша шаруашылығы жасау керек» деп құлағын сарсытып еді. Енді қазір қарала қарбыздың бірін алдына қойғанда оны неге айтқанына ауатком төрағасының кезі жететін болады. Сонан соң, бұл Марат Марқаевичтің басының жұмыс істейтінін өзі де сезеді. Сол кездері, яғни колхоз бақшаға бейімделгенде әлгі «шыдамсыз сарылар» да мұны мойындамай тұра алмайды. Бұл председатель болудың қалай екенін көрсетеді әлі, бәріне.
Ауатком ағасы лапаста шынтақтап жатыр еді. Неге мұның үстінен арыз түсе береді. Шаруашылықта жұмыс қарқыны сәл төмендегенімен, бүлініп кеткен ештеме жоқ қой деп ойлады ол. «Шаруашылықты білмейді» деп жазылған ғой, онда. «Кеш жүре түзеледі» емес пе, жасы біразға келсе де, колхоз председателі ретінде әлі жас қой. Оқыған, жоғары білімі бар адам әлі-ақ жетіліп кетпес пе.Иә, айтқандай бұл қалада туып, қалада ескен жігіт деп еді-ау. Жыл қорытындысына дейін шыдай тұрған жөн болар...
— Бір қарбыз жеп сусындай тұрсақ қалай қарайсыз.— Марат Марқаевичтің аздап ұрты кеуіп тұрғанын байқады ауатком председателі Ерік. Бұл неге мақтанып тұр екен. Әлде бір мен білмейтін жетістігі бар ма екен?
— Жарайды, сусындайық,— деп келісе кетті, сусап отырған Ерік. Марат Марқаевич әйеліне дабыстады.
— Қарбыз әкел, Әлфия.— Әлфия жұғар ақпанда келе қоймады. Жүгіріп өзі барған күйеуіне Әлфия:
— Көтере алмай жатырмын,— деді. Бұған қарқылдап бар даусымен күлген Марат Марқаевичтің даурықпасы Ерікке анық естіліп тұрды. Ерік басын көтеріп, қарбыз жеуге әзірленіп, сілекейін жұтып отырды. Есіктен дәу қара ала қарбызды қос қолдап, мықшыңдап көтеріп келе жатқан Марат Марқаевич көрінді, қарбызды көтеріп келеді, өзі күліп, көңілі көтеріліп келеді. Қарбызды ол жерге қойып, бұған аудан ағасы қалай қарар екен дегендей, сынай көз қиығын тастады. Неге екені белгісіз Еріктің түсі бұзылып, қуаңқы тартып, қабағы бір сәт түйіле қалды. Мұны Марат Марқаевич өзінше ұқты. Өзі осында пәлен жыл председатель болғанда есіре алмаған қарбызды менің қалай өсіргенімді көре алмай тұр. Қазір тіліп жіберіп, қақ айырып тастағанда қант татыған қып-қызыл қарбыз, арасында шөпегі қап-қара болып «мені же, сусыныңды қандырамын» деп тұрғанда қол созбай тұра аларсың, бәлем. Аузының дәмін бір алсын.
Ерікті таңдандырмақ болған Марат Марқаевич қарбызға пышақты екі-үш салып өткізе алмады. Орнынан тұра берген аудан ағасы:
— Сен оны балтамен жар,— деді де, Марат Марқаевичке жаңа көргендей таңырқап көз тастады да, айтты:
— Ал бұл қарбызыңды мен мал болған кезде жермін, әзір сиыр болғым келмейді,— деді де, нық адымдап қақпаға беттеді. Бір минуттан кейін Марат Марқаевич ауатком председателінің машинасының гүр еткен дыбысын естіді. Ол тіпті не болғанын білмей, сәл аңырып тұрды. Өзі де түске жарымаған, түксиген байқұс қантүленіп кетті. Сонан соң жүгіріп барып балта әкеліп қара ала қарбызды бір шауып, қақ айырды. Қарс айрылмай қарбыз киізге ұқсап, желімі ашылған нәрседей сытырлап барып екі бөлінді. Іші аппақ, шөпегі де болар-болмас сарғыш. Кәсіпбай ауатком председателінің не айтқанын да түсінбей, бұл не екенін біле алмай, есеңгіреп тұрды...
Біраз күннен кейін ауданға шақырылған «отыз мыңыншы» председатель сондағы өнеркәсіп комбинатына инженерлікке, өз мамандығына жіберілді деген сөз гу ете түсті.
Күзге қарай өзі істеген «Еңбек» колхозына келген Марат Марқаевич жаңа бастықтан сиырына бір тонна қарала қарбыз жаздырып алды...
1987.
«ОРТАН ҚОЛЫМДЫ ТАП»
Біздің колхоздың бас зоотехнигі жақсы жігіт, ал директорымыз керемет десем де болады. Олар жұртпен араласқанда наурыз көженің қоюындай қалың кептің ішінен директор қайда, бас зоотехник қайда дейтін емес, қитық сыз араласады да кетеді. Өзіңіз наурыз көженің қоюын бөліп көрдіңіз бе, онда біздің қазекем үйінде қандай дәм, қандай піскен ас болса, бәрін сол көженің ішінен тапқызады ғой. Бидай ма, тары ма, добиа ма, ноқат па, жүгері ме, қара құмық па, құмда есетін құмыршық па, үйде желінбей қалған жұмыршақ па, әйтеуір бәрін қазанға сала береді ғой. Қатқан құртты, кепкен сары ірімшік пен ежегейді айтып та жатқан жоқпын. Оның үстіне қыстан қалған сүргіден не бар, қазы-қарта, жал-жая, тіпті осы кездегі домалантып картопты, қып-қызыл қып помидорды да салып жіберсе керек-ті. Ал Шымкенттіктер қатқан қара мейізін, сартаптанған сары өрігін де тастап жіберсе не дерсің. Ал осының ішіне қай дәнді тауып аламын деріңіз бар ма?
Міне, біздің зоотехнигіміз Әлімтай да, директорымыз Дүрмекбай да көп ішінен осылай табылмай кетеді. Оған біз риза бол май тұра алмаймыз. Өйткені бұрынғы Дүрлібай мен Күдербай сияқты хәлімізді машинаның үстінен ғана біліп немесе иегін изең еткізіп өте берсе, оған біз не істей алар едік. Директорлардың, шынын айтсақ көпшілік көңілін табуға тырысатыны осы сайланып қойылатын болғаннан бері десек аузымыз қисайып қалмас деп ойлаймын.
Несін айтасыз, Дүрмекбайға жететін жігіт бар дегенге сене бермеймін. Өзіңіз ойлаңызшы, қай директор «демалысқа баратын едім, соның алдында хәлдеріңізді білгелі келдім» деп Дүрекендей машинасынан домалай түсіп жатушы еді. Ал бұл жөнінде Дүрекеңнің басқалардан орны бөлектеу. Тіпті отарда жалғыз үй отырған біздің жағдайымызды ондай кім ойлапты. Түнеугі күні шыбын шығып, мал дала жайлауға шыдамай бара жатқанда, біз Алатау үстіндегі Асыға көшкелі жатқанымызда келгенін айтсайшы. Үнді шайы, зәйтүн майы, шылдырлаған шишаларды машинасынан шығарғанда:«Адамға қамқорлықты бірінші орынға қоятын бастықты көргенім осы»,— деп жібергенім де бар. Несін айтасыз, сонда бір жырғап қалдық емес пе?!
— Ой, Бәке,— деп жіберді ол.— Сіздерге бос келуге бола ма, бар игілікті өндіріп жатқан ездеріңіз. екенін біз білмесек кім білмек!— Па, па, шіркін, біздің Дүрекендей жігіт туа бермейді. Тіпті мен сияқты малын бағып, отын жағып қойыртпағын ұрттап, қойын құрттап жүрген қойшыны неге демей Балбақ деп, тіпті бастық адам не десе де еркі бар, Балбақ емес, бір әрібін өзгертіп Балпақ деп жіберсе, мен немене сонша, соны шауып алар ма едім! Шіркін жақсылардың жөні басқа ғой. «Бәке, қойшы, қадірін біз білмесек кім біледі»,— дегенде ішім жылып, ішімдегі бұрынғы бастықтарға деген шемен болып қатып қалған, түйін-түйін беріштенген бездерім майдай еріп жүріп бермесі бар ма!?
— Ей, қатын қыста туған қара кебені ұста,— деп, Балбағыңыз жұнттай болып, семіріп алған бағланды бас салып, жарқыратып сойып тастамасын ба. Әлі аузынан сүт кетпеген қозының жылы-жұмсағын қазанға былқытып. әлгі біздің үйдегі өзімнен айнымайтын шүйке басым — Шүрегей асып тастады. Ол да өзім деген кісіге қоң етін кесіп беретін, құрт бергенге құрт беретін, сырт бергенге сырт беретін мәрт адам еді. «Ұрының қатыны қашанда өзіне лайықты да». Әсіресе бірі қызыл, бірі ақ екі шөлмекті көргенде, сілтегенде езімнен бір қалыспайтын сылқым-тайымның мөлтілдеген қара көздерінің күлмеңдегенін айтсаңшы. Күлмеңдемей қайтсын, арақ деген аузымызға айлап тимейтін болып кеткенде, бір қызыл, бір ағын екеумізді де ескеріп, (әрине екеуі де ақ болса одан да жақсы болар еді) елеп, дырдай директор басымен өзі келіп отырса, қара кебе түгіл, қарагер биені жарып тастамассың ба!? Одан аяғаныңды ит жесін.
«Немене үйіңе төре түсетін бе еді?»— дейді ғой біздің қазақ. Дүрекем жанында төрең де адырам қалсын дағы, сол бір он екінші ғасырдың шапқыншыларын тере деп терге шығарып алғанымыз да езіміздің көп сорлылығымыздың бірі емес пе. Ал мынау төрт тұяқты атпен емес, төрт дөңгелекті машинамен келіп, үлкен басын кішірейтіп, өзі келіп түсіп отырған Дүрмекбай дүрілдеген дүр ғой, шіркін!
Жігіттің жігіті жолдас-жорасымен, жорға-торысымен көрікті демей ме. Сол айтқандай Дүрекең мұндай келісінде қасына зоотехнигі Әлімтай ғана емес, шөнтігінде ақшасы бұрқырап, тиыны сылдырлап жүретін әлгі қасқырдың асығындай мыжырайған, кішкентай, ешкім айт қазақ кассир Қадақбайды ала келеді. Екі айлық жалақымызды бір-ақ әкеліп, қос уысымызды толтырып жібергенде, кезің жамандық көрмегір Қалақбайдың өзіне де бірер қызылқұлақты ұстаға салатын әдетіміз де жоқ емес. Ол да жігітім-ақ бекер обалы не, «алмаймын» деп айтып көрген жоқ. Өйткені жанымызды әлгі екі шөлмек — бірі қызыл, бірі ақ, жібітіп жібергенде ақша түгіл ағаңыздың өзі садаға деуден тайынатын Балбақ емес.
Екеуін сылқытып тастап, әрине олар азырағын, біз көбірегін ішіп алған кезде Әлімтай біздің түлкі құрсақтау қалғанымызды аңғарады да, Дүрекендей екеуін шығармағанмен, бір актың басын қылтитады. Енді бұдан неңді аярсың. Шіркін, адам жанын түсінетін жігіт деп осыларды айт! Жақсының жөні қашанда басқа ғой!
Нақ осындай бір Дүниені төртке бөліп, өзіңнен ақылды, өзіңнен береген, өзіңнен көреген адам жоқ болып, көңілің аспанда, ақылың әлдеқайда отырған шақта біздің зоотехник Әлекеңнің ойынпаздығы ұстап кетеді.
— Ортаң қолымды тап ойнайық!— демесі бар ма.
— Ойнасақ ойнайық!— деймін мен, төрт құбылам түгел, кеудем кеуіп, жаным жадырап отырғанда. Жадырамай қайтейін, қашан, қай заманда бастығың сенің әріптесің болушы еді. Енді міне, Дүрекемнің өзімен «ортаң қол тауып» ойнайын деп отырсам, бұдан артық өзі мен кім болмақпын. Баяғыда біреу айтқан еке:н «Құдайға шүкір, Қожбанбетпен жастымын»,— деп. Шамасы елінде Қожбанбет деген жақсы кісі болса керекті. Анау әлгі мен сияқты бір дардаңдай болса керек, сол кісімен құрдастығына да мас болады екен деседі. Сол айтқандай, әріптесің бастығың болса, енді мұндайда көтерілмеген көңілді итке сал!
— Не салып ойнаймыз?— деп қадаң ете түсті әлгі ешкімпайт қазақ Қалақбай.
— Бүгін бәріміз де жалақы алдық қой, бір жалақы қайда кетпей жатыр.— Жомарттықтың да жөні басқа, көрдіңіз бе, бір жалақыдан кем аузында сөз жоқ.
— Дұрыс,— дедім мен де лепіріп, не болса да Дүрекеңнің өзімен әріптес болғым келіп.— Дүние екі келмейді, өгіз аттай желмейді, тәуекел!
— Бәкең, ер жігіт екен ғой,— деп, әлгі Қадақбай тағы да қадаң ете түсті. Қадақбайдың сөзі де жаныма жағып кетті.
— Қане, баста,— дедім,— әкем Қыдыкейден қалған дүние жоқ,Әлеке!
— Дүрекең жасырсын,— деді Қадақбай.
Көп үндей қоймаған Дүрекең теріс айналып кетті де. бір сәтте оң қолын сол қолымен уыстап бері қарады. Көзі күлімдеп езуінде күлкі, жез мұрты едірейіп алыпты. Байқаймын, бес саусақ түгел көрінеді.
— Кім табады?— деп сұрады ол.
— Жол үлкен кісінікі ғой, Бәкең тапсын,— деді Әлімтай кішіпейілділік жасап. Оқыған адамның жөні бөлек-ау деп мен отырмын. «Мен табамын, мен бас зоотехникпін» десе, не дей алар едім мен пақыр. Жолы үлкен Әлекең жасы үлкен маған жолын ұсынып, қолын қусырып «ләппай» деп тұрса, мұндай сыйды білмейтін мені сонша кім деп едіңіз, Дүрекеңнің жасырған он қолының «ортан терегін» дәп бастым да бірін шымшып ұстадым. Директордың қолының ұшы жұп-жұмсақ екен, мықтадым білем.
— Ашыңыз!— деді зоотехник Әлекең. Дүрекең қолын ашқанда менің шымшып ұстап тұрғаным оның сол қолының «шылдыр шүмегі» болып шықты. Сөйтсем оң қолға" сол қолдың бір саусағын қосып жіберген екен.
— Әй, да, Бәкең қатырады!— деді Қадақбай тағы.да. Қатырдым ба, қаттым ба, ол жағы нақ осы шақта ойда болған жоқ, тасы ерге домалап, аты жүріп тұрған адамның қолы да жүріп кеткеніне таңданбадым. Жаңа ғана Қадақбайдан санап алып екі қызыл құлағын оған бергеннен қалған үш жүз қырық сомның жүз сексеннің ойын басына:
— Мінеки, сіздің әріңізден садаға кетсін,— деп тастай салдым.
— Бәкең қатырады!— Қадақбай. Несін айтасыз білгір адамның жөні басқа ғой, Дүрекең дүр екен, Әлімтайдың да, Қадақбайдың да бір-бір жалақысын қағып алды. «Япыр-ай,— деп ойладым мен,— құдай бергенге құлай береді» деген рас болғаны ма. Бір мені болса жөн, ет піскенше үшеуімізді де ұшырып түсірді емес пе, бұл Дүрекең. Құдайекең бөлекше жаратқан адамдар болады деген шамасы рас шығар. Менің бір айлық жалақым жарты минуттың ішінде Дүрекеңнің қалтасына барып қойып кетіп жатса, мұндай пендесін құдай бекер жаратпаған-ау демеске шара бар ма?!
Былқыған кебенің еті келгенде әлгі бар болғыр Қадақбай бір шөлмек қызыл арақ шығарып, соны ішкеннен кейін мен тіпті Дүрекеңнің өзімен. түйдей құрдас адамдай қалжыңдасып, шалқып кеттім білем.
Дүрекеңдер кетерде әлгі зоотехник Әлімтай әлденені еске салып:
— Ініңіз алыс жолға кетіп барады, бүгін сізге әдейі сәлем бере келді. Жол жүріп барады ғой,— деді мәймеңкелеп. Емеурінді езуінен танып үйренген елдің баласы емеспін бе, екі айлық жалақыдан жанымда қалған жүз алпыс сомды да Дүрекеңнің алдына алып ұрдым...
Дүрекең аттанып кетті. Басқа бастығың біз сияқты қарапайым адаммен осылай қитықсыз араласа ала ма, міне, мәселе қайда жатыр! Әсіресе кетеріндегі мені құшақтап тұрып қоштасқанын айтсаңшы! Майдай еріп, жібектей есілді, «Біздің де үйіміз бар, біздің үйде де боларсыз»,— дегені көр көкірегіме орнап-ақ қалды. Шіркін, біздің Дүрекең!
Ертеңінде ұйқыдан тұрғанда кешегі күнді еске алып, көңілім алабұртып, алысқа алып ұшып отырды. Әлдене есіме түскендей қалтама қолымды салып, ақшаны іздесем, әйелім айтады:
— Ақшаң Қырымға кетті емес пе,— дейді. Фермадағы шопандармен пікірлессем, Дүрекең олармен де «ортан қолымды тап» ойнап, олардың да «орны басқа» екенін баса айтып, бәрін де май жаққан көкедей жібітіп жіберіпті. Дегенмен, бауырым, айтып айтпай не керек, жұрт үстінен күн көретін теріс азу адамдардың аузының салуын айтпаңыз. Оларың бар ғой, қойшы түгіл құдайыңның бермесін алады-ей!
Сонымен қалтама қолымды қайта салып, саусағымды екі танауыма тығып қалғанымды анық білдім. Ойнарсың қызыл арақпен!
1987.
ПӘЛЕҚОР МЕН ПАРАҚОР
Бүтін бидайды бөліп жеп, жарты бидайды жарып жеп жүреді дейтін екі достың арасы бір-ақ күнде суысты да, аяқ-табақ ауысу, қарым-қатынас пышақ кескендей тыйылды. Тіпті айналдырған екі-үш күннің ішінде-ақ бұрын бірінсіз бірі шай ішпейтін екі достың жұбайлары Мазкен мен Кәрлен көшеде кездесе қалса, біріне бірі еріндерін шығарып өтісетін болды Әсіресе Мазкеннің көнтек еріні Кәрленнің өсек айтуға жаралғандай қаймақ ерінін басып кетіп, ананың мысын құртып жүр еді. Тіпті осындайда Кәрленнің оған көрінгісі келмеп еді, әлгі ауыл ортасындағы магазиннен кір сабын алып қайта қояйын деп бармасы бар ма, нақ сол жерде сатушымен есеп айырысып жатқан Мазкен көнтек ерінін бырт дегізгенде, астыңғысы шепті шайнай алмай қажалып тұрған кәрі сиырдың тіліндей болып салбырап, сүйриіп шыға кетсін. Әй, пәле-ай! Нақ сол жерде Кәрленнің ызадан жылап жібергісі де келіп кетті. Бірақ Мазкен сияқты аңдысқан пәле алдында осалдық көрсетуге бола ма, шілпиген жұқа ерін беріп, Мазкенге ақысын жіберткен құдайды қарғап кете барған. Көнтек ернінің артықшылығын осы жерде бір көрген Мазкен өзінің бір а5іғының ептеген сылтымасын да ұмытып, екі аяғы теңеліп кеткендей екі иығы екі жағына кезек ауып, масаттанып бара жатты. Бұрын Кәрленнің қаймақтай еріні оймақтай болып бүріліп, жігіттер сүюге дайын тұрғандай болып көрінгенде талай-талай-ақ назаланып еді, бүгін онысын ұмытып, көнтек еріннің пайдасын көріп, құдайға мың шүкіршілік етті.
Көбіне екі еркектің араздасуы екі әйелден болушы еді, бұл жолы, обалы нешік, әйелдерден кінә жоқ. Мазкен мен Кәрленнің көңіл кірбіңі екеуінің күйеулерінің араздасуынан болды.
Ферма бастығы Лақа үнемі Мазкенімен ақылдаса отырып, бекер обалы не, Кәрленнің қазанын үнемі-ақ майлап отырды. Кәрлен де олардың ерекше қызметін Мауызға уақыттысымен жеткізіп Лақаңның айдарынан жел ескізіп тұрды. Келімді-кетімді кісілеріңіз бар, бала-шаға болса да есіп келеді дегенді айтып, Лақа Мауыз үйіне сойыс жіберіп жатты. Лақаның жібергенін көзіне көрсетейін дегендей, Мауыз да алғаш колхозға келгендегі шелпек сарыдан бұл күндері іркілдек күбіжік торыға айналған. Қашанда кабинетіне Лақа кіргенде, ол оны жұтқынып қарсы алар еді. Шамасы Лақа беретін қойдың майлы құйқасының дәмі оның аузына дәйім келіп тұрса керек-ті.
Соңғы күндердің бірінде Лақа Мауызды аяқ астынан қонаққа шақырды. Осыдан бір апта бұрын ғана оның үйінде асықпай отырып, ішіп мас, жеп тоғайып кеткен Мауыз қайта-қайта бара береміз бе деген жоқ, келісімін бере салды. Кеңседен отырып Лақа үйіне осы жақтан бара салатынын телефонмен хабарлап, жұбайының да дайын болуын ескертті. «Ұрының қатыны өзіне лайықты» болатыны сияқты Кәрлен де дайын тұрған тамақты жеп, кигізетінін киіп келуге ерінсін бе, таңертең төсектен тұрғанда қанша ауыр қимылдаса, керісінше, қонаққа барарда барынша тез жиналды. «Бекерден көбін табылса өлмек керек» деген емес пе!? Мүмкін Лақа көңілденсе былтырғыдай «ат мініп қайтыңыз!» деп қалтасына конверт тығып жібермесін кім біліпті.
Лақа үйіндегі қонақ бұрынғыдай ағыл-тегіл болмады. Неге екенін кім білсін, бұрын мұндайда дастарқандағы тамақтан үстел қайысып, ортан белінен опырылып кете жаздаушы еді. Бұл жолы «саған осы да болады» дегендей. екі жерге қияр турап, көк пиязды ұзын сабағымен қоя салыпты. Майы шығып тұратын қызыл бауырсақ, сағырданып кепкен құрт. сары ірімшік ешқайсысы бүгін дастарқаннан орын ала алмапты. Мойындары қылқиып, мені қашан ашасың деп жұлдыздары жайнап тұратын коньяктар да жоқ. Оның орнында жалғыз шөлмек жамбылдық арақ тұр. Мауыз бен Кәрлен шешініп отырар-отырмастан әңгімені Лақа тіке бастап жіберді.
— Сізге арнап бір костюм тіктіріп едім, әнеугі күні бітпей қалып, соны бүгін кигізіп қайтарайық деп едік.
Бір ішкен тамақ деген не тәйірі. Егер барған жерің тамақ бермей-ақ бір костюмнен кигізіп отырса, сол тоя жеген тамақты кім жоқтай қойсын. Ықылық атып қайтқанша, иығың жарқырап қайтқаның жақсы емес пе!? Сондықтан да болу керек Мауыз бен Кәрлен дастарқандағы тамаққа көңіл аудармай-ақ, костюм қолдарына тиген соң күлмеңдеп-ақ қалған болатын. Сонда да олар алдындағыны ішіп-жеп асықпай отырып аттанды. Бұдан кейін де Мауыз қаладағы Қабанбайға, аудандағы Ағымтайға соғым жібер, сойыс жібер дегенін көбейте берді. Өзінің, әйелінің, балаларының туған күндеріне де Лақаны ерекше шақыртып, құрметті орынға отырғызып жүрді. Бекер обалы не, Лақа мен Мазкен бұл үйге құр қол келген жері жоқ, бастығының тамағының үлкенін білген соң оны тығындаймын деп әбден әлек болды. Үш жыл қатарынан кіші ұлының туған күніне олар бірде буыршын, бірде бүлдіршін, бірде тығыршын жетектеп келіп, Мауыз ауызынан маңызды сезді мол, емін-еркін естіп қайтып жүрді. Ет те уақтысымен жеткізіліп тұрды.
Бірақ Лақаның ет беріп жіберген адамы бұрынғыдай қара сақал Шөңкебай болмай, өзгере берді. Мұны Мауыз өзінше ұқты. «Әкесінің малы деймісің, сойылатын малды әр малшыдан алатын шығар»— деді де қойды. Бірақ Лақа бар болғыр жіберген кісілеріне сенбейді екен. Анада келген бір бадырақ көз қара бала «апай, Лақа аға менің етті бергеніме сенбейді, соған көрсету үшін мына қағазға қол қойып беріңіз»,— деп безірейіп кетпей отырып алды. Неге екені белгісіз, содан кейінгілердің бәрі де Лақа алдында сенімнен айрылған байқұс-мүскіндер болып шықты. Ет әкелген Тобатай да, Қоғажай да жылап-еңіреп отырып, етке қолхат алады. Кәрлен бір қой алып, бір сөз жазуға ерінсін бе, талайына-ақ көстеңдете қол қойып-ақ берді.
— Япыр-ай,— деді бірде Кәрлен Мауызына еркелей қарап,— Лақа бізді қатты құрметтейді-ау, тіпті ет жіберген адамдарын апарған, апармағанын білу үшін таптап жібереді екен-ау!
— Е, еһе,— деп күлді Мауыз,— бізді сыйламағанда кімді сыйламақ?
Ауатком председателі Төребек облыстағы беделді мекеменің біріне жазылған, өзіне тексеруге жіберілген арызды алып оқып, сенерін де сенбесін де білмей көп аңырып отырды. Сенейін десе, Мауыз бен Лақа арадан қыл өтпейтін тату екенін білуші еді. Сенбейін десе арыздың аяғына №4 ферманың меңгерушісі Лақа Жантықбаев деп тұрып, бақырайтып, жасырмай қолын қойған. Дегенмен арыз соныкі ме, жоқ па дегендей Төребек телефон соғып көріп еді: «Мен сізге арыз жазған жоқпын, жоғарыға жазғанмын»,— деді беті былқ етпестен Лақа. Сонан соң ойланып-ойланып Төребек бір тоқтамға келді: «Екі достың бірдемеден көңілдері шиткіп қалған болар, шақырып алып татуластырып жіберейін».
Сонымен екі дос — бірі колхоз басқармасының төрағасы, екіншісі оның қарауындағы ферманың меңгерушісі, екеуі де ауаткомге шақырылды. Сағат таңертеңгі онда ауатком төрағасы кабинетінің алдында. екеуі тоқайласып қалғанда Лақа тым-ақ қатулы көрінді. Мауыз тілдесуге мұрша таппай қалды. Төребек екеуін тез қабылдады.
Кең кабинетке шығыстан жарқырап күн түсіп тұр. Қоңыр күздің әлдеқалай ашыла қалған әдемі күндерінің бірі еді. Кабинеттегі барлық мүлік жайнап, айқын көрінді. Әсіресе Мауыз үстіндегі әнеугі күнгі Лақа өзі кигізген кек сүр костюм ерекше көз тартып, арагідік жүргізілген жылтылдақ жіптері айғайлап мен мұндалап тұр. Осындай талай асыл бұйымдарым кетті-ау саған деп Лақаның іші күйіп кетті.
Осы жолы да арызды жазайын деп пе еді, Мазкен Ташкент базарынан екі бағасына қолдан сатып алған дұқаба пальтоға жармасқаны өтіп кетті ғой. Бірақ астына ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жылтырағанын осыларға ұсынып мұны жаман үйретіп алған өздеріне де обал жоқ. Бірақ одан мына «дұқаба пальто біздің Кәрленге лайықты екен» дегені етіп кетті ғой. Сонда ол Мазкенді адам деп санамағаны ғой. Сонан соң барып костюм кигізуді ойлаған жоқ па, бұлар.
Лақаның бұл ойын ауатком председателінің жайдары қабақпен «отырыңыздар!» деген сөзі бөліп жіберді. Мауыз жалп етіп, Төребек алдындағы былғарымен тысталған күмпілдек креслоға сүңгіп кетті. Ал Лақа ауатком председателей қолқалағанына қарамай, Мауызға қарама-қарсы креслоға отырмай, сонадай барып тізілген орындықтың біріне бір қырын тізе бүкті. Екеуін татуластырып жіберермін деген Төребек мынаның отырысынан әлденені аңғарып, тіксініп қалды. Мынау қырын отырыс, келісімге келмеймін деп тұрау деген ой оған сап ете түсті.
— Екеуің арадан қыл өтпес дос едіңдер,— деп «ыз» деп ызылмай Төребек «сен» дей сөйледі.— Енді біріңнің үстіңнен бірің арыз жазып отырғандарың қалай? Бұларың ұят болған екен!
— Сіз,— деді Лақа шарт кетіп,— мәймөңкелегенді қойыңыз.Ауатком председателі ретінде тексересіз бе, жоқ па?— Осы жерде Мауызға жан бітті.
— Ay, Лақа, ойыннан өрт шығады ғой, қойсаңшы бұл ойыныңды,— деп күлді Мауыз. Жоқ, Лақаның күлкісі келмеді. Ол тіпті жаңағыдан да қатуланып, ауатком председателіне жабысты:
— Сіз мәймөңкелемеңіз. Мен татуласқалы келгенім жоқ. Мен арыздасып, араздасып келіп отырмын,— деді де, қайта басын көтеріп, түрегеліп сөйледі.— Сіз қазір осы жерге ауданның прокурорын, милиция бастығын. орынбасарыңыздың біреуін шақырыңыз. Олар келмесе, мен Сізге жауап бермеймін,— Әңгіменің беті өзгеріп бара жатқан соң Төребек ресми сөйлей бастады, ал Мауыз:
— Лақа, пәлен жылғы достығымыз қайда? Қалжыңды қойсаңызшы,— деп еді, Лақа Төребекке қарап тіке кетті:
— Шақырыңыз мен айтқан адамдарды. Әйтпесе тура осы жерден облысқа тартамын.
Енді ауатком председателі мұның ойнауға болмайтын, арты қауға тиген оттай лаулайын деп тұрған пәле екенін айқын аңғарды. Хатшы қызға тапсырмай жаңағы аталған үшеуді дереу әзі телефонмен шақырды. Екі-үш минуттың ішінде-ақ жаңағы үшеуі сау ете түсті. Жұмсарар ма екен деп Төребек Лақаның бетіне қарап еді, жоқ, ол бұрынғыдан да қатуланып, қабағына қар жауып, кірпігіне мұз тоңып, дүрдиіп алыпты. Олар кірісімен орнынан тұрып, қалтасынан дудыраған бір талай қағаз шығарып, жанындағы орындыққа қойып, оны біртіндеп алып, бетіне үңіліп қойып, Мауыз бен Төребекке кезек қарап сөйлеп кетті: Мынау қағаздың бәрі Мауыздың жеген к.ойларының қолхаты. Мына кек байталды Шеңкебай апарып сойып берген. Мына қойды Тобатай, мына кек қойды Қоғалай апарып берген. Қалада тұратын Қабанбай деген ағасына соғым бергізген, аудандағы... Жазда демалысқа бара жатқанында екі жүз сом бергем. Сен төрт ферманың бастығының бәрін сол күні шақырғансың...
Осы кезде Мауыз шылай алмай «ей, ей»... деп келе жатыр еді, ауатком председателі оны сөйлетпей тыйып тастады. Сонда да болмай ол бір сез айтып қалды:
— Сенің қалжыңыңды бұлар шын деп түсінер.
— Қалжың!?— деп шытынды Лақа,— қайдағы қалжың, парақорлық қалжың бола ма екен? Сен нағыз парақорсың. Менің үйімдегі жылт еткенімді маған бер дейді де отырады. Осындай дос болушы ма еді.
Бұдан әрі Лақа тағы да бергенін біраз санап барып тоқтап еді. Нақ осы жерде Мауыз дүрсе қоя берді. Тіпті бүгін сақалын алуға да мұршасы болмаса керек, жақ жүні үрпиіп, иегіндегі сақалдың әр талы Лақаны ататындай, таудағы тағыланның садағындай болып түрегеп кетіпті. Кезінің де і арасынан аласы көбейіп, езуінен көбігі бұрқырап тұр:
— Сек Лақа емессің, сен лақапсың, айтқаныңның бәрі өтірік. Саған әкең қазақ ардактайтын судағы ең дәмді балықтың атын қойған екен, сен оны былғадың.
Кабинеттегі қызметкерлердің бәрі де дүрлігіп кетті. Өйткені Мауыз қояншық болған кісідей қалшылдап-дірілдеп аузы көпіршіп, енді айтуға сөз таппай қалғандай, сылқ отырды. Лақа да есесін жіберген жоқ, ол тіпті анадан асып түсті.
— Сен парақор, менің әкем қойған атымды неге былғайсың. Олай болса сен Мауыз емес, нағыз тоймаған, толмаған жалмауызсың. Менің әкем атымды дұрыс қоймаса, олай шығар. Ал сенің әкең атынды Мауыз деп тұп-тура жегіш, жемір боларыңды біліп қойған.— Лақа зіркілдеген қалпында орнынан тұрды. Бұлар енді төбелесіп қалар ма екен дегендей милиция бастығы да Лақа жанына жетіп келді. Лақа бетінде жылымшы күлкі орнады. Ол ауатком председателі Төребекке қарап сөйледі:
— Мына үстіндегі костюмді шешсін, мен оны параға бергенмін.— Нақ осы бір сәтте Мауыз шошып кетті. Қап, сорлы басым, бағана бұл костюмді неге ғана киіп шықтым екен, бірнеше жылғы достығымызды есіне салсын деп едім,— деп ойлады ол. Бірақ пәле Мауыз ойлағаннан да терең болып шықты. Бұл тіпті отырған аудан бастықтары түгіл адам баласының басына үш ұйықтаса келмейтін нәрсе болды.
— Шешсін, мына кек сүр костюмді, мен бергенімді дәлелдеп берейін,— деді Лақа Мауызға жақындап. Ауатком председателі Төребек тіпті не дерін білмей сасып қалды. Көз алдынан әлдеқандай бір кинолентасы етіп жатқандай еді.
Шешкіз,— деді прокурор милиция бастығына. Лақа Мауыз жанына барса төбелесіп қалады деді ме милиция бастығы кек сүр қамзолды шешіп қолына ала беріп еді, тұлақ тартқандай Лақа оның қолынан жұлып алып орындық басына кигізе салды. Жалма-жан қалтасынан кәдімгі қауіпсіз ұстараның жүзін шығарып, қамзол жағасының жемке тігісін пытырлатып сөге бастады. Басқалар аң-таң жаға ойын тасынан бөлініп, түп жағы көтеріліп, ыдырады. Жағаның арасына қолын тығып жіберіп Лақа әлденені бір, ұзыны жиырма сантиметрдей-ақ пластмасса пластинканы жұлып алды.
— Міне, көріңдер,— деді ол, пластиканы нұсқап прокурорға. Төребек орнынан қозғалған жоқ. Басқалары ақ пластикаға үңілді. Тіпті бұл басқалар түгіл Мауызға да қызық көрінсе керек, ол да жетіп барды. Ал пластикада пышақ ұшымен тырнап жазылған мына сөздерді бәрі оқыды: «Мына көк сүр костюмді Мауызға 1974 жылдың 3-қазаны күні параға бердім. Лақа». Бұдан кейін барлық адам сөзден қалғандай тым-тырыс тыныштық орнай қалды. Сәл үнсіздіктен кейін ғана прокурор тіл қатты:
— Костюмді милицияға апар, бұл қылмысты дәлелдейтін зат. Қағаздарыңызды әзірге өзіңіз алыңыз!— Ол мұны Лақаға айтты.
Бес минуттан кейін мойны салбырап Мауыз машинаңа жейдешең отырды. Жеңіске ие болғандай масаттанып Лақа да меншікті машинасына шекесінен қарап жетті. Екеуі де аулына аттанды. Бірақ ертеңіне таңертең екеуі бір камерада тоқайласты.
Бірнеше күннен кейін Төребекке аудандық прокурор: «Мұндай сұмдықтарды ширек ғасырлық заң қызметінде түңғыш рет кездестірдім»— депті.
1985.
УАҚЫТША ТУЫСҚАН
Бір енеден ұлдан жалғыз болғанымен, жүре жалғыз емес жайым бар. Қазір де үйімізден біреу шығып бара жатқанда, біреу кіріп келе жатады. Әсіресе менің туысқанымның көп екенін білгенім колхоз председателінің орынбасары болғаннан кейін. Анда-санда амандасып кетіп тұратындармен бірге мансабым жоғарылап, алдиярым артқаннан кейін төңірегіме талай марқасқа пайда болған еді. Алдарына келген асқа ата салтын бұзып қалтасынан қос қаз мойын шөлмек шығарғандар да болған. «Ағайын бір өліде, бір тіріде» дегенді жастайынан жаттап ескен мен бейбақ қайсысының ішіне кіріп шығыппын, бәрі қуанышыма ортақтасып, өкпесін қолына ала жүгіріп, жүретін жара қуаныш келген шығар деп шашылып-төгіліп жатырмын.
Ойбай-ау, алғашқы күні бара алмай қалдық, Балбақ. «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген ғой дегендер қаншама. Кәдімгі қызметім жоғарылаған күні мен шүлен тарқатып, бұлар содан құр қалғандай қиналысады, қапаланып-қапылаттасады.
— Әлі де кеш емес, келе беріңдер,— деймін мен олардың сөзіне көп мән бермей:
— Сонда да,— дейді ағайындар ішінде Арамқара атанып кеткен ініңмін деп жүрген тышқан кез, жылтыр қара.— Жақсылыққа жұрттан бұрын жетпесек ағайын болғанымыз қайсы.— Айтқандай ұмытып барады екенмін, бұл да соңғы табылған туысқанның бірі болатын. Мұндай жүрекжарды сөзге қалай елжіремей тұрарсың, қалай май болып еріп кетпессің! Бәрінен де маған осы Арамқара басқалардан жақынырақ көрініп кетеді. Шығарда ғана жаны басқа болып тұрған адамды қалай жақын тұтпассың. Мұндайды жақын тартпағанның жарығы түссін дағы.
Әсіресе күнді күн, түнді түн демей үйге салып жетіп келіп тұратын Терікті айтсаңшы, біздің үйге келгенде май болып еріп, жібек болып есіліп бір кетеді дерсіз. Күлдірлеп кеудесінен шығатын қоңыр даусы қандай. Көрші үйге кіріп шыққан Көкеңді, үлкен бастықтың жақыны Төкенді айтып аузының суы құриды. Ал маған сыртымнан қақпан құрып, ін аузынан шыға келген саршұнақтай шақылдатып ұстап алмақ болып жүрген Бүргенді, Үргенді айтқанда ызадан булығып, тіпті жеті аяз көрген көрі серкедей қалшылдап кетеді. Маған жаны ашитын адамның бірі осындай-ақ болсын деп бауырдай былқылдап, жүректей солқылдап жібіп-ақ кетемін.
Терік — былай қарағанда басқа адамдардан ешқандай айырмасы жоқ, сып-сыпа жігіт. Қоңырқай өңіне қыр мұрыны құп жарасып, әсіресе мүйіз көзілдірігі көркемдіктің көрмесіне қоярдай елес туғызады. Жасынан елді қара құрттай аралап жүріп, туған-туысқанының қамын көп жегендіктен түсіп қалған ба, түсі қара екені, әлде қолаң екені белгісіз шашы сиректеу. Ағайынның қамын жеу, оларға қамқор болу оңай дейсіз бе, олар туралы дұшпандардың не айтып жатқанын қандай жолмен болсын естіп білу, олардың ішіне кіру, олардың Балбақтың төбесінен құй қазбақ болған бәле-жаласын түп-түгел, жіп-шырғысын шығармай ұғып алу, оны тереңнен алып жіпке тізген маржандай етіп, әбден иін қандырып, тігісін жатқызып сенетіндей етіп жеткізу кез-келген кісінің қолынан келеді деп ойламаңыз. Сондықтан да болар, «ақылды басқа шаш шыдамайды» дегендей, әйтеуір қоңыр құйқасы шашы арасынан сығалап тұрады. Құйқасы көрініп тұр деп айтқызғысы келмей ме, шашын бір жағына қара тарап, жабыстырып тастайды. Сонда Теріктің шашы бұзау арқасына түскен сиыр тілінің ізіндей тарақтанып, күрделеніп тұрады. Мұндай кезде Терікті «менің туысқаным» деп әлемге жар салғым келіп кетеді.
Бір күні енді жатуға әзірленіп отырғанымызда есіктің қоңырауы басқа бір енеге телінген, бүгін қарыны тоймай түлкі құрсақ болып қалған жетім лақша безілдеп жүріп берсін. Беймезгіл жарым түнде жүрген кім болды екен деп бәріміз де үрпиісіп қалдық. Көбіне мұндай жағдай, бәріңіз білесіз, елімнен хабар айтып жүргендер ғана болар еді.
— Япырай, ағайын-туған аман болғай еді,— дейді әйелім. Балалардың да пұстысы кетіп, түсі қашты.
Есік ашылып, үйге Терік кірді. Өңінде абыржу, жамандықтың нышаны бар ма деп анықтай қарап едім, ондай ештеме байқай алмадым. Қоңырқай өңі жылтырап, аузы сәл дорбаланып тұр, сирек шашы оң жағына жыға таралған күйі. Дегенмен де бейуақта жүргенінен әлі де іш жиып отырмын.
— Япырай, Терік, түнделетіп суыт жүрісің бізді мазасыздандырып барады, ел-жұрт аман болғай еді. Үй-ішің аман ба?
— Аман, аға, бәрі жақсы. Әншейін қыдырып келген жайым бар. Амандық біліп, сәлем бере кетейін дегенім ғой.— Пай-пай! Мәдениетті адамдардың жоя бөлек қой. Сонша жерден түн ішінде сәлем беруге келіп жүрген ерлікті айтсаңшы! Үлкен ауылдың түнде жүретін адам жаратын иті, телі-тентегі болмай тұрмайды. Солардан түн ішінде қорықпай-үрікпей жанын шүберекке түйіп келіп жүрген Теріктің басын қалай ғана кемітерсіз.
Көңіл жайланған соң әйелім де жайылып жастық болып, самауырды далаға ала жүгірді. Терік ойды орып, қырды қырып талай әңгіменің басын шалып, жоғары шығып, темен түсіп маған тор құрып, аяғымнан шалып қалып, ыңғайы келсе тоңқалаң асырғысы келіп жүргендер туралы, тіпті маған дегенде қырын келетіндерді тізіп, оларды сөз арасында сыбап та алады.
— Әлгі Арқабайдың үйінде бір жиын болып жатқан соң, біле кетейінші деп ат басын бұрған едім, әй өздері, Көкшоқылықтар жиналып алып, әй әңгімені май піскен күбідей күлдірлетіп жатыр екен. Мені көріп тыйыла қалған сап-сары басты, көк көз кісіге үй иесі өзіміздің бала деуі мұң екен, ол сөз аяғын сыпылдап, айрандай ақтарып кете барды. Мен әзім де қумын бұрышта басқалардың көзіне түспей, бетегеден биік, жусаннан аласа болып, бүкшидім де қалдым.— Осы жерге келгенде Терік менің сөзімнің бұларға әсері қалай дегендей азырақ тоқтап, бәріміздің бетімізге бір-бір қарап шықты. Сонан соң қалтасынан төрт бүктелген бет орамалын алып сүртінді де, сәл тамағын кенеп әдемі қоңыр даусымен қайта сөйлеп жөнелді.
— Бір кезде,— деді Терік мұрнын бір тартып қойып,— терде отырған кеспектей қара үй иесіне қарап «ей, Таңмерей, мен білсем мынау біздің бала емес, отырысын қарашы, арамдықтың асығын ұрлағандай шүкиіп қалыпты» демесі бар ма, иманым зәр түбіне кетіп еді, әйтеуір көзің жамандық көрмегір үй иесі «айта бер, ол өзіміз» деген соң барып қана сөйлеп кетті.
Одан әрі Терік көк шоқылықтардың құрып жатқан қақпаның алдымен Жайсаңбайды, сонан соң Жеңісті, Дөңесті құртпақ дегенді бір шолып өтіп, сөзім қалай әсер етті дегендей бәрімізді қайта түгендеп шықты. Әйтеуір осылай әңгімені сапырып балалардың бәрі әр жерде ұйықтап қалғанша отырмасы бар ма?
— Опырмай, мына көк шоқылықтарың көк соққандар екен ғой, қылмысы жоқ, өз жұмысын біліп қана жүрген адамдарда несі бар?— деп әйелімнің Терік кеткеннен соң да көп уақытқа дейін сұры кірмей отырды.
— Қылмысымыз болса аямасын!— дей салдым, әйелімді жұбатпақ болып. Солай демегенде не демекпін, онымен бірге қосылып алып қайғырғанда Көкшоқылықтар мені көрмей қалады дейсің бе.
Сөйтіп күнді күн, түнді түн демей есігімізге тыным бермейтін Терік бір күні келуін пышақ кескендей тыйды. Әркімнің от басының, ошақ қасының тіршілігі бар, Терікті де естен шығарып алыппыз.
— Терік ініңіз неге жоқ болып кетті, кеке?— дейді бір күні ұлым. Өзі сылқ-сылқ күледі.
— Жұмыстан қолы тимей жүрген шығар, келеді-дағы,— дей салдым. Шынымен оған мән бермедім. Сөйтсем ұлым оның неге келмей жүргенін сезген екен.
Бригадирдің жұмысы көп, оның өзі киізі құрымға айналған үй сияқты, бір жерін жамасаң, екінші жері тесілетініндей жұмыстың бір жерін жөндеп келсең, екінші бір жері ақсап жатады. Сондай бір аяғына қан түскен жылқының жүрімі құрығанындай қостағы жұмысым бір мандымай қалғанда колхоз председателінің қырын қараған кезі болған:
— Балбақтың қостағы жұмысы мандымады ғой, осылай бара берсе қалай болар екен,— депті ол мен жоқта колхоз басқармасы отырысында. Осы бір сез дабырайып, үлкейіп, біреу қосқа айтып, біреу қосарлап айтып, біреу өңдеп айтып, біреу жөндеп айтып, әйтеуір Балбақты су түбіне кетірген жайы бар-ды. Осыдан кейін көп туысқанның бірсыпырасы-ақ біздің үйді айналып өтіп, бала-шағаны, әйелімді көрсе де көрмеген болып жүретінді шығарды.
Тіпті бетпе-бет келіп қалғанда ғана қарақұрт шаққан адамды оқығандай болар-болмас ернін жыбырлататын болды. Бұған мен пәлендей мән бермегенмен, әйелім бұрын құрт берген, енді сырт берген туысқандарымның жаңағы мінезін көріп мұқырап қалып жүрді.
Енді бүгін колхоз председателінің орынбасары болып сайланған соң туған да, туысқан да көп. Олардың біразы уақытша туысқан екенін де білемін: Әне, тағы біреу есік қақты. Күн ашықта қойнына кіретін, күн жабықта мойныңа мінетіннің бірі болмағай. Тіпті есіктің арғы жағындағы жарқын-жарқын естілген дауысқа қарағанда, ағынан жарылатын біреу тұрған сияқты. Шамасы Терік білем. Жағдайға қарай өзгеріп, шіркін туысқанның түрі де көбейіп барады. Әне, қоңырау қайта сылдырады. Шынымен-ақ уақытша туысқанның бірі екен. Қалай көресіздер, ашсам ба екен есікті, әлде ашпасам ба екен?!
1983.
ӘЗІРБАЙДЫҢ ЕКІ СИЫРЫ
Таң қылаң бере бағып жүрген бар сиырын жинап келген Әзірбай көшетін болғандықтан ба, әлде сар-сайғақ тартқан жайлаудың көңілі қалғандықтан ба, әйтеуір ойы бір нәрседен дүдамалданып, қуыс кеудеге бір күдік ұялап алды. Бұл кезде оқыра жоқ, шыбын-шіркей азайған тау жайлауының таңертеңгі салқыны сиыр екеш сиырды да манауратып тастаған. Күн ыстықта құйрығымен сапалақтап, тыныш таппайтын тана-торпақ, үш-төрт бұзаулап денесі ауырлаған, мүйізіне жеті-сегіз сақина салған сақа сиырлар иірген жерде тыпыр етпей қатып қалған. Тіпті қарап тұрған аша мүйіз сиырларды түрткілеп тыныштық бермейтін, пәлекетті бастайтын қара тана да бір орнында көл ортасына жалғыз біткен жартастай қаңқайып қатып қалыпты.
Тұрысын қарашы, тұрысын. «Сыпыр келгір», «қарасан келгір», «топалаң тигір» деп оқыра келгенде құйрығын шаншып алып, кезі аларып, тырағайлап, сай-сайда өрлеп тұра қашқанда, осы Әзірбайдың өзі талай қарғаған қара.
тана. Енді қара жібектей «Қара тана емес, қара пәле деп талай сүдігей сөз айтқан едің, енді қарашы, сап-салауатты сиыр болған жоқпын ба» дегендей бір орнынан тапжылмайды. Бірақ... Бірақ"осы көңілі құрғыр нағып дұнған болып тұр? Неге мұны дәлелдік баса береді? Мүмкін таудағы ойқиған-шойқиған қара тастардың түбінде бірер сиыры қалып қойып, жүрек сорлы соны сезіп тұр ма екен.
— Қой,— деді Әзірбай,— күдігімді күшейтпей, одан да жоқ болса, іздеуіме де жақсы, сиырымды санап түгендеп алайын. Басқа жұртқа барғанда қайта іздеп әуре болармын.
— Тұрсын, Тұрсын!— деді Әзірбай жаппа ішіндегі әйеліне айқайлап.— Анау сиырларды бері қайтарысып жіберші. Топалаң келгірлер қайта өре бастағанын қарашы! Бағанадан бері тып-тыныш еді. Менің санамақ болғанымды біліп қойғандай. Ой әкеңнің... Ана қара пәлені қайыр бермен!
Әзірбай демнің арасында іркіттей іріп, бір-ақ сәтте кәдімгі боқтампаз, бейауыз сиыршы қалпына түсе кетті. Сиыршы байғұс жібектей болып жүрейін деп ойламайды дейсің бе, бола ма оған мына еңкей сиыр деген сасық немелер, сандары сап-сары ала, сатал-сатал болып алып, жерден отты бір үзбей мәңіреп-мәңіреп жүріп кететінін қайтерсің. Қазақ байқұс білмей айтты дейсің бе? «Жылқы бақтым,— жылмаң қақтым, түйе бақтым,— түйме тақтым, қой бақтым — қоңырау тақтым, ешкі бақтым,— еңіреп бақтым, сиыр бақтым,— сидаң қақтым» деп. О, сиыр болғаныңды...
Нақ осы жерде Әзірбай сиырдың жеті ата, жеті пұстысы — Зеңгі бабадан бастап түк қалдырмай қайта сыбап өтті.
— Талайды сидаң қақтырған пәлелерді қайыр бері, Тұрсын!
Тұрсын қайта өрістей бастаған сиырдың алдына шықпақ болып, уықтан ғана тіккен жаппашақтың есігі көзінде жатқан көп кек шыбықтың бірін ала ұмтылды. Оның келе жатқанын көріп, шеттеп бара жатқан қызыл сиыр кезі алара әрі қарай жөңки жөнелді. Әзірбай әйеліне бой бермей бара жатқан қызыл сиырға қоса түк жазығы жоқ Тұрсынды бейауыздылықпен қоса бастырмалатып жіберіп, қора шетінде қаңтарулы тұрған көкшолақ атқа қарай жүрді. Қысқа, сары сақалы ашудан булыққандықтан тұштаң-тұштаң етіп кетті. Ал Тұрсын болса, қызыл сиыр қайтару бермеген соң, бері қайтты. Мені сыпыртып Әзірбай боқтады-ау деген ойы тұрмақ таназарына да кірген жоқ, Әзірбай әлдебіреуді тілдеп, бұл соның куәсі ғана болғандай. Әзірбайдың аузынан шыққан бейауыз сөз «айналайыннан» айырмасы жоқ сияқты. Ол байпаң басып келіп жаппаның үстіндегі үзігін сыпырып өз шаруасымен айналыса берді.
Сақалы тұштаңдап жанына жүгіре басып барған Әзірбайды көкшолақ күндегі әдетімен ернін қымқырып, құлағын жымырып қарсы алды. Бұл да кәдімгі сиыр бағуға мініп ерқашты болған көп аттың мінезі. Ат мені тістейді-ау, әлде тебеді-ау, маған айбат көрсетіп тұр-ау деген Әзірбайдың ойына келген жоқ. Сыры өзіне мәлім көкию лақтың үзеңгісіне сол аяғы тиісімен үстіне дік ете түсті. Бірақ бұл тез мініп, асығыс жұмысы бар-ау деген көкшолақ жоқ, шабына бұзаутіс, сегіз өрме қамшы тигенше, тебінгенге қарамай тұрып алды. Тебініп, бір-екі итең-итең етіп, болмай бара жатқан соң, борбайлап қамшымен осып-осып жібергенде, көкшолақ артқы екі аяғын көтеріп шоқаң етті. Құйрығын сипақтатып, шыжбың қақты да, еріне желіп кетті. Көкшолақтың ат екенін анық сезінетін қызыл сиыр Тұрсынды менсінбегендей бұра тартқан жоқ, қайта бұрылып еңкілдеп табынға тығылды.
— Жан керек екен, сасық, әкеңнің...— деп Әзірбай қолындағы сырықпен қызыл сиырды бірер рет жондатып өтті. Қайқаң-қайқаң еткен шаңғалақ мүйізді қызыл көп сиырдың арасына кіріп, жоқ болды.
Енді Әзірбай көкшолақпен сиырды жолға бейімдеп шұбатты да, санауға кірісті.
— Бір, екі, үш... тоқсан тоғыз, жүз. Бір, екі, үш... Жүз тоқсан екі. Ә, әкең... түгел екен!
Ол ат үстінде тұрып айғай салды.
— Тұрсын, сиыр түгел. Арт жүгінді!
Жайлауға жеңілдеп жаппамен ғана шыққан Тұрсын негізгі жүкті шомдап, қомдап қойған бір түйеге артып болып, енді екі қызыл өгізді ұстап әкеліп, үстіне ыңыршақ салды. Екі қызыл өгізге үйдегі су таситын темір ыдыстар, үйдің сынбайтын мүлкі — жаппаға жабатын екі үзік, текемет, төсеніш дегендер артылды. Екі өгіздің де бас жібі жоқ басы бос. Бұл олар көп сиырмен бірге еркінше айдалады деген сөз. Балалар ауылға кеткелі қашан! Оқу жақындағанда-ақ жіберілген. Тұрсын екеуі қалғалы бері Әзірбайдың аузы тым бейпілдеу болып кетті, бірақ оны Тұрсын сезбейтіндей.
— Қап, әкең... балалардың біреуін сиыр айдасуға алып қалмаған екенмін,— деп өз балаларын да тағы бір сыпыртып алды. Әйтеуір тұяғы қимылдаса, аузынан шығары әкенің ауызы.
Жүк артылып болған соң, құлынды көк биеге мінген Тұрсын мұрындықтаған түйенің бас жібін алып тартып кетті.
Тау бауырлаған шұбырынды жол ізбіндеріне ең алдымен түйе жетектеген Тұрсын түскен соң-ақ, кәдімгі біреу үйретіп қойғандай жүк артқан екі қызыл егіз түйе артынан шұбап маңа берді. Жан-жағын қайырмалап, тұрған көп сиырды Әзірбай көштің артынан салды. Әншейінде бірін-бірі сүзгілеп тыныш таппайтын сиырлар жайыла түсіп, аяндай басты. Бірақ Әзірбайдың жүрегі құрғыры орнында тұрмай-ақ қойды. Біресе лүпілдеп, біресе бұлқынып тыншымады. Бір пәле болмаса жарар еді деп ойлады ол.
Нақ осы бір сәтте оң жақ шетте кетіп бара жатқан бүйірлі тарғыл сиыр жерді бір-екі иіскеп алды да, өкіріп-өкіріп жіберіп еді, бар сиыр өкіріп-бақырып дүниені күңірентіп тарғыл сиырға қарай жөңкіді. Тана-торпақ, бұзау-баспағына дейін қалмай тарғыл сиыр кіскеген жерді олар да бір-екі иіскеп, жерді тарпып, мүйіздеп өкіре берді. Жүз тоқсан сызар өкіргенде, Алатау күңіренгендей болды. Сиырлар айдауға бой бермей, бір жағын қайырса, екінші жағы тағы жаңағы жерге жүгіріп, жөңкіліп жүр. Көкшолағымен шоқаңдатқан Әзірбай құнажын-қусағының әрқайсысын бір қуып әбден шаршап қажыды. Сонан соң барып есіне түсіріп, әлдекімді тағы сыбады. «Өгіз өлген жеріне» дегенді білмей ме екен, өлген баспақтың қан-жынын кеміп тастау керек екенін қалай ұмытқан оңбаған Ортақбай»,— деп біреудің ішін әбден кептірді. Ақыры, өлгенде әрең сиырды қуып әлгі жерден былай таман шығарып еді, сиыры тағы азайып қалғандай көрінді. Баспақ өлген жерден тай шаптырым жерге айдап шыққан соң, сиырдың алдын қайырып, Әзірбай қайта санады.
— Бір, екі, үш. Жүз. Бір, екі, үш, сексен тоғыз, тоқсан. Жүз тоқсан!— Екі сиыр жоқ болып шықты.— Жүз тоқсан екі болуы керек еді. Екеуі қайда кетті? Ой, әке-бабаңның... сиыр болған! Тіпті жаңа ескі жұрттан көшкенде ғана бәрі түгел еді ғой. Ой, топалаң тиген... Жаңа өкіріп жүргенде бір-екеуі қайта қашып кеткен ғой, топалаңның.
Әзірбай, сыртқы бешпентін шешіп, артына бөктеріп қойды да, түйе жетектеп бара жатқан Тұрсынды айғай салып тоқтатты:
— Тоқта, ойбай, тоқта! Екі сиыр жоқ! Қайта санаймын.
Әзірбай шоқша сақалы тұштаңдап, қолындағы сиыр айдайтын сырығымен әрбір сиырды, құнажынды, қусақты, бұқаны, тананы, торпақты, баспақты басқа ұрып тұрып санады.
—...Жүз ...Тоқсан. Жүз тоқсан! Жер жұтты ма, ей, жер жұтқырларды? Топалаң келіп, тып-типыл болғарларды!
— Қайт кейін!— деді Тұрсынға зекіп. Әзірбайдың шынымен айтқанын біліп, әйелі ат басын кейін бұрды. Жетектегі сары атан бық-бық етіп, зорға бұрылды. Бақырып ол да пәле салды. Далаға енді беттегенде, тауға қайта бұрғанын жақтырмағандай. Даланың топырағын, ауызды толтыра қарпи асайтын ащы түйетікенін, алаботасын аңсағандай. Міне, ескі жұртқа қайта келді.
— Шөгер түйені, түсір жүкті!..
Түйе шөгеріліп, екі егіздегі жүк түсіріліп, ол екеуі табынға қайта қосылды, Екі егіз аштан өліп бара жатқандай жерге қайта жабысты. Жайылып бара жатқан сиырды көкшолақпен қайырып, қайта санады. «Әлгі көк бұқа бар ма? Бар. Көк бұқа болған соң бәрі болуы керек қой».
— Бір, екі, үш... Тоқсан тоғыз, жүз. Бір, екі, үш... тоқсан, тоқсан бір, тоқсан екі! Я, түгел сияқты. Алақай, Тұрсын, жүгіңді арт. Түгел! Ой, әкеңнің...
Әзірбай көңілденіп, аузы үйренген «әдемі» сездерді бір — сыпыра жерге апарып тастап, сиырды қайта санады.
—...Жүз. Тоқсан. Тоқсан бір, тоқсан екі! Түп-түгел!
Енді екі қызыл өгізді әкеліп жүкті өзі артты. Тұп-тура алғашқы көрініспен бақташы көші ілгері тартты.
Бағана баспақ өлген жерден ете беріп Әзірбай көкшолақтың тізгінін тарта қалды.
— Тұра тұр, Тұрсын! Сиырды тағы бір санап алалық. Ой, сыпыр көлгір, былай!
Әзірбай алдындағы сиырды тағы санап кетті.. Енді өзінің санағанына өзі сенбеді. Тағы да... Қайта санады.
— Жүз. Сексен тоғыз, тоқсан. Екеуін жер жұтты ма, ей? Қазір ғана түгел еді ғой.— Қайта-қайта санады. Сиыр жүз тоқсаннан біреуі де артпай қойды. Бірнеше қайталап санады. Цифр міз бақпады. Жүз тоқсан!
Әзірбай көшті ескі жұртқа әкеліп, түйедегі, егіздегі жүкті өзі түсірді. Енді бүгін көшпеуге бекінді. Ертең сейсенбі күні көшкен деген не сұмдық деп ойлады ол. Ертең көшетін күн емес. Дүйсенбі күні-ақ кешіп едім ғой, қалай болды, бұл?! Не де болса деп, ол құлынды кек биені, көкшолақты ер-тоқымдарын алып, тұсап жіберді де, сиырды жаяу жүгіріп жүріп қайта санауға көшті.
— Бір... Жүз тоқсан екі! Япыр-ай! Түп-түгел!— Тағы да бір қайталады. Тағы түгел. Тағы да сиырлардың әкесін, тұқымын тұп-тұяғын сыпыра келістіріп сыбады.
— Сайтан жасырып тұрған болды ма жаңа! Кім біледі, дүниенің шындығына кім жетіпті. Сол сайтаны құрғыр бар болса, бар шығар. Әйтпесе неге бүйте береді?!
Ертеңіне Әзірбай күн сейсенбі болғандықтан көшкісі келмеді. Оған енді Тұрсын болмады. Балаларын сағынды. Жүк артылмай тұрып, сиыр санау басталды. Дін аман. Тана-торпағына дейін. Түстеп-түгендеп көріп еді, бәрі де бар сияқты. Жүз тоқсан екі!
— Ал кеттік,— деді Әзірбай зорға көніп. Жүк артылып болған соң, Әзірбай тағы бір есеп жүргізгісі келіп тұрды да, тағы кем болып қала ма деп қорықты. Өйткені бүгін күн сейсенбі еді. Бірақ дүйсенбіден қай бір барқадар шегіп, жақсылық көріп еді.
Кэш кешегі қалыппен тартты. Нақ кешегі кеш қайтқан жерге барғанда Әзірбайдың жүрегі тулап, сиырды санағысы келді. Тұра қалып, иіріп жіберіп санады. Міне, пәле керек болса! Тағы екі сиыр кем. Тағы санады, өзіне өзі сенбеді. Жүз тоқсан.
Кеш ошарылып қалды. Сиырды да, көкшолақты да, Тұрсынды да жеті пұстыдан әлденеше жіберіп алды. Тұрсын:
— Жүре берейік!— деп еді.
— Колхоз малына жаның ашымайды,— деп әкесінің үйіне ғана апарып тастаған жоқ, одан басқаның бәрін қалдырмай айтып шықты. Не істеу керек? Әзірбай шаршап, дал болып, атынан түсті де, дал болып жүресінен отырып, бір сәт жер шұқып қалды. Көк биенің үстінде Тұрсын отыр. Ол бүгін күн сейсенбі түгіл қан жауса да көшпей қоймайтын.
Япыр-ай, бұл не сұмдық! Жолға шықса екі сиыр жоқ. Ескі жұртқа қайта барса мал түгел. Не ғаламат?!
Төменнен екі атты көрінді. Ферма меңгерушісі Айтбай екен.
— Кеше келмеген соң не болып қалды деп шығып едім,— деді ол амандықтан соң.
— Не болып қалды?!— деді кекеп Әзірбай, арасына бейауыз сөздерді қат-қабатымен араластыра.— Не болып қалмады? Екі сиыр жоқ! Сейсенбі күні...
— Екі сиыр?— Айтбай сұрланып кетті.— Тауда мал азайған соң' ит-құс сіздің малды аңдымай, не істеуші еді. Түнеугі күннен бері далаға көш деп құдайдың зарын қылдым. Сонда да санайықшы!
Айтбай санақшы жігіт еді. Мың қойды айдағанда сол қолының саусақтарын бүгіп, қамшы ұстаған оң қолымен сегізден-оннан бір-ақ жіберіп, бір сілтеп қалатын да, бір қойға қателеспейтін. Қой санауға да машықтану керек. Санады. Рас-ақ жүз тоқсан. Айтбай цифрды жатқа айта бастады.
— Бұзау он тоғыз. Тана жүз. Бұқа — екеу, сиыр алпыс тоғыз. Өгіз...
Нақ осы бір сәтте Әзірбайдың жан даусы шықты. Айғай салып:
— Өгіз екеу, ой әкеңнің...— деп ішек-сілесі қата күліп кекке құлай кетті.
Әлі де ұзақ сыпыртып жатты...
1981
ЖАБУЛЫ МАШИНА
Ыңғайы жаңа келіп, Керімнің машинаға қолы зорға жетті. Машина сатып алу дегеніңіз бір адамның ісі түспей-ақ қоятын қиындау қарекет екен. Керім машина кезегіне тұрғалы көп жыл болған. Содан бері кезегі үш рет өтті. Үшеуінде де әлгі қысқа жібі құрғыр байлауға келгенімен күрмеуге келмей, үш жолы да ақшасы жетпей қалып, машинаны артында тұрғандар алып кеткен еді. Өйтпегенде қайтеді, шамасы келген алып та жығады, шалып та жығады емес пе, ал бұл болса он бес жыл жинағанда тағы да бір дөңгелек жетпей жатқаннан соң, үш рет кезекті өткізіп жіберіп, төртіншісінде тағы қалғаным елден-жұрттан ұят-ау деп, қарызданып-қауғаланып өз кезегіне өзі қағаз алды.
Керім бәрі бітті, жетпей тұрған бір дөңгелек ақшаны таптым, енді барып, базадан машинаны қуып келе. қоямын да, түнімен жуып, ертең жарқылдатып жұмысқа мініп барамын деп ойлаған. Жоқ, құдай екен басқа салмасын, бес жыл кезекке тұрғанынан, мына соңғы бес ай сандалғаны етіп-ақ кетті.
Завод кәсіподақ комитеті мен әкімшілігінің берген қағазы қалалық Советте бір ай жатты. Сонан соң барып, ол документ тексеріліп, толтырылып қалалық сауда бөліміне түсті. Енді бәрі де біткен шығар деп еді, олай болмады. Фонд бітіп қалды деген бір сөз тағы естілді. Сонда қалай болғаны?
«Сіздерге бес машина бөлінеді...»— деген заводқа келген қатынас қағазды Керім өз көзімен оқып еді. Сонда жоқ машина заводқа қалай бөлінген? Бұған Керімнің ақылы жетпей-ақ қойды. Ал барлығына документ бір жіберілген, Теңгебай мен Теміртек машинаны алып үлгеріпті. «Сендер қалай алып қойдыңдар»— деген Керім сөзіне олар күлді де қойды.
Ал Керім алатын машина әлі заводтан шықпаған ба, әлде бір жерде темір жол бойында тұрып қалған ба, әйтеуір сауда бөліміндегілер «машина жоқ» деген жауап береді. Ақыры қалалық Совет атқару комитетіне бірнеше барып жүріп, сауда бөлімінен қағазды магазинге де түсірді-ау! Магазинге ақша өткізуге де бірталай сандалып, ақыры үш ай дегенде ақшаны кассаға өткізіп, енді базадан машинаны алуға беттеді. Мұнда да бір талай жүріп, енді бүгін ыңғайы келген сияқты.
Машиналар тұрады десетін база қоймасы шамасы бір шақырымдай бар екен. Әлгі келмей жатқан машинаның неғып бір-ақ күнде келгенін кім біледі, мұнда тізіліп тұр. Тіпті оны алуға келіп жатқан адамдар да көп емес, некен саяқ.
Машинаны босатуға тиісті база басқарушысы беті жабайы ара шағып алғандай көлкілдеп кеткен, екі бетінің ортасында мұрын орнында бір кесек ет, ауыз осы дейтін жерде үстінде бір кесек, астында бір кесек ет бар, құлағы тебінгідей, мес қарын, бірақ соған лайықты бойы да бар ірі қазақ — Басыр аяққа қаққан тақадай тақылдап тұрған қолтоқпақтай біреу. Құдай шамасы бір жерде қызмет істеуге екі кісіні жаратқанда алдымен Басырды жаратып, «қап, анаған құрылыс материалым көп кетіп қалды-ау» деп, Басекеңе артық кеткен затының есесін мына оның көмекшісінен үнемдегендей екен. Солай демей не дерсің. Бірақ шыны керек бастығы да, көмекшісі де жарасып-ақ тұр. Әуелден мол жаралған Басекеңнің жұмсауына лайық болсын дегендей, қолды-аяқтай балаға ұқсатып, Мақаңды жүгіріп, безіп тұруға әдейілеп соққандай. Егер керісінше Мақан бастық. Басыр көмекші болса не болар еді, онда ол күлкі емес пе!?
Үстінде күпісі, оның сыртынан бастыра киген кенептеу сулығы бар, осы тұрысында тым қолапайсыздау көрінетін Басыр икемсіз, әрқайсысы жас баланың білегіндей жуан саусақтарымен машинаға жазылған нарядты көңілсіздеу алып тұрып, қағазға қарамастан бұрын Керімнің бас-аяғына көз салып, ұрыларша қарады. Сіздің адам психологиясын қаншалықты білетін, білмейтініңізді біз саралай алмаймыз, ал біз білетін ұрылар, мысалы, бір үйге сұрлау мақсатымен емес, қонаққа келсе де) кіргенде үйдің ішін көзімен тегіс шолып шықпай отырмайды да, сөйлемейді де. Егер сөйлей қалса да, үй иесіне сөйлей тұрып, көзі үйдің үбін-мүлкін аралап жүреді. Сол сияқты ғасырдың қодар бойымен Керімнің басынан аяғына дейін қарағанда қараптан-қарап тұрып, ол қатты қысылды. Киімінің бәрі көнетоз екен, осыған машина не керек деп тұр ма деп ойлады ол.
Керімге көз салып, біткен соң оның қасына ере барған Ұстабайға қарады. Оның да шекесі шеруен атып тұрған жоқ, киімі қоңыр төбел болатын. Өзі істейтін заводтағы автомашинаны ең жақсы білетін Ұстабайды машинаны көріп беруге Керім әдейі ертіп алған еді. Басыр қолындағы қағазға бір үңілді де:
— Машина алатын қайсысың?— деп сұрады. Оның гүрілдеген жуан даусы қойма ішін күңгірлетіп жіберді. Мүмкін осынша дүниені қолымен ұстап тұрған адамға осындай дауыс керек те шығар.
— Meн,— деді Керім. Басыр оны тағы да қоңашсынғандан менсінбей, алара бір қарап алып сөйледі:
— Ал, қалауыңды ал!
«Уһ,— деді іштей Керім,— әйтеуір, сәті түсті-ау!»
Керім машиналар самсап тұрған үлкен сарайға көз тастады. Мына бірінші бұлындағы өңкей «Волга» екен, болса болмаса да онда жұмысы жоқ. Екінші бұлың толып тұрған «Жигули», одан арғы бұлында «Москвич», әрі қарай «Запорожец», солай ұсақтай береді. Бірақ осы бұлыңдардың бәрінде де екі-үш машина жабулы тұр. Олар шамасы ерекше бояулы шығар деп шамалады Керім.
Екі жігіт екінші бұлыңға келді. Алдымен олар машиналардың түстерін таңдады. Қазір жұрттың көбі-ақ ақ машина мінеді. Сондықтан алдымен соларды қарады. Базардағы түйенің тісін ашып көргендей-ақ Ұстабай әр автомабильдің тамырын басты. Алты-жеті ақ машинаның азды-көпті бәрінің де ақауы болып шықты. Осы жолмен кегін, сарысын, қызылын, қысқасы, бәрін қарап біреуінің анауы, біреуінің мынауы жетпейтінін білді.
Осы «Жигули» тұрған бұлыңды екі жабулы машина тұр. Бірі — қызыл, екіншісі.— ақ.
— Мына машинаны көрейік,— деді Керім,
— Жоқ, болмайды,— деді Басыр.
— Неге болмайды, сатылған машина әкетілуге тиіс. Ендеше осы машинаны қалаймын.
Нақ осы жерде жуан кісі жуандығын көрсетті.
— Ей, қарағым, мұнда біз ерігіп тұрғанымыз жоқ, алмайтын болсаң, енді басымды ауыртпа, жолың анау!
— Қалай-қалай сөйлейсіз, ақсақал? Бұл мемлекет үйі ғой. Сізбенен бізге ортақ.
— Жоқ, олай дейтін болсаң, шауып ал. Айтқаным, айтқан. Баратын жеріңе бара бер.— Басыр қатты кетті. Мына, түріне қарағанда, ешкімнен айылын жимайтын мықтыңның өзі. Мына үлкен базада одан үлкен өкімет жоқ. Әлде оған өкімет дегенің жалпы жоқ. Әкесінің үйінде сауда жасап тұрғандай қойқаңдайды.
— Болмайды дедім ғой, болмайды, ол сатылып қойылған. Және бір үлкен кісіге белгіленіп қойылған.— Ол енді бұларға бұрылмастан теріс қарап, көзімен база ішін шолды. Біреуді іздеп тұрғандай. Алды көлкілдеп кеткен үлкен ала көзінің шарасы кең екен, ол әлде бірдеңеге абыржығандай. Керім ойға қалды: сатылып қойылғаны қалай, белгіленіп қойылғаны қалай? Сөзі неге екіұштылау.
Бұл бір арбасқан сәтте Басыр да ойда еді. Қайда ғана кетті, әлгі жүгермек, Мақан. Ыңғайы келе бастады емес пе! Жабуға кезі түскені, қолға түскені ғой. Әлгі Мақан осындайда келістіріп жіберуші еді. Жоқтауың асқыр, қайда ғана жоғалып кетті екен.
— Ал машина алмайтын болсаңдар, келесі келуін күтіңдер. Мені анау «Москвич» жақта да тосып тұрған адам бар.— Ол осыларды айтуын айтқанмен кетіп қалмады, тіпті көзімен базаның ішіп ішіп-жеп барады, әлде дәрет сындыруға тыпыршып тұрғандай мол жаралған денесімен ырғалаңдап, қозғалақтай берді.
Басырдың көмекшісі қайда кетті екен деп ойлады Керім. Соны айналдырып көрсе, жылы адам сияқты еді, ал мынау бір ұстаған жерден сынатын томырық екен, саудадағылар көбіне-ақ майға малған қасықтай жылпылдап, тілалғыш баладай лыпылдап тұрушы еді. Не сөз етпейтін, не бүгілмейтін пәле ғой, мына Басырың.
Осы бір жуан ағаш иілмей, ауыздағы сездер пәтуа таппай, итырқылжыңмен тұрғанда, атқа жеңіл баладай тыпылдап, жыпылдап Мақан да келе қалды. Керім мен Ұстабай жабулы ақ машинаға таяу тұрған екінші ақ машинаны айналдыра бастады. Мұның алдынғы екі дөңгелегі ішіне қарай қисық жасалған деді Ұстабай. Оны арнаулы шеберханаға апарып қайта тартпаса болмайды.
Сондай-ақ артқы отырғыштың серіппесі қазірдің өзінде шиқылдап тұр. Бұл екі жігітке Мақан тым ыждағаттық көрсетті. Ол Басыр бір теріс қарап бұрыла берген қаға берісте:
— Әлі де болса жабулы машинаны сұраңыздар,— деп, тым жанашырлық көрсетті. Екі жігіт Басырға қайта бата алмай, осы бағанадан бері айналдырып тұрған машинаны-ақ алмақ болды. Бірақ бірнеше кемшілігі бар.
— Мен сіздерге көмектесейін,— деп жып ете түсті Мақан.
Машина алмақ жігіттер оған құлақ тіге қалды. Мақан дереу Басыр жанына барып бір сөз деді:
— Басеке, мына жабу астындағы машинаны берсеңізші.
— Жоқ, болмайды,— деп Басыр дүр ете қалды. Бірақ неге екені белгісіз, Мақанға иегін изең еткізді. Мақан жаңағыдан да қатты жабыса түсті:
— Уәде берген адамыңыз басқасын алар. Мына жігіттер бүгін де көп жүрді және жалпы машинаның артында әбден әуре-сарсаңға түскен екен. Берсеңізші, жабулы машинаны. Ол адамыңыз осы жігіттерден артық емес қой.
Басыр Керімдерге бұрылып тұрып қарады. Бұл жөнге келіп қалды ма деп олар бері бұрыла беріп еді, Басекең қайта гүр етті:
— Сен нағып қыстырыла қалдың? Бермеймін, болды.— Бұл бермеймін деген сайын Керімдер жабу астындағы машинадан басқасын алғысы келмеді. Жабу астындағы машинаның барлық бөлшегі алтыннан құйылғандай болып көрінді. Мақанның Керімдерге жаны ашығаны сонша, тіпті Басырға жалына сөйледі:
— Заводта істейтін жақсы жігіттер көрінеді. Жақсылықты білмейтін жігіттер емес сияқты. «Алаған қолым берегенді», білмейтін қазақ болушы ма еді,; Басеке, иілсеңізші.
— Ой, тас кенедей жабысып сен қоймадың ғой. Олардан сонда маған не пайда? Қайбана қазаққа жақсылық жасадың не, жасамадың не! Олар оны біле береді деймісің?
Басырдың жібіп келе жатқанын екі жігіт сезді. Енді не істеуіміз керек екен дегендей олар бір сәт тосылып қалды.
— Ендігісі өздеріңе байланысты, жігіттер. Бір көк құлақты аямасаңдар бәрі болады. Құдай сәтін салайын деп-ақ тұр.
— Көк құлағың не, бес сом ба?— деді Ұстабай.
— Олай ұсақтамаңдар, машина алғыларың келсе, нөлді қоса салсаң, мүмкін Басекең көніп те қалар.— Бұдан кейін Мақан екі жігіттің жалдап алған делдалындай, Басырға қаран, бұларды өзі билеп-төстей сөйледі.
— Басеке, бес шөлмекті бермейтін бұларды, ісім деп едің. Елдің азаматтары емес пе! Қисаңызшы жабулы машинаны.
— Ойпырмай, қадалған жеріңнен қан алмай қоймайтын бір пәле екенсің. Немене, сонша сол жігіттерге иіп кеттің?
— Ер-азаматы ғой еліміздің,— деді Мақан, көзің жамандық көрмегір. Керімдердің сезін сөйлеп-ақ жатыр, бұдан артық енді не істей алсын! Барлық пәле анау Басырда болып тұрған жоқ па?
— Ал қоймадың ғой, сен де жанымда тұрып алып. Маған болысудың орнына, келгендер жағына шығып аласың!
— Азаматтардың сағын сырдырмайық дегенім ғой, Басеке!
Керім мен Ұстабай сұраған кек құлақты суырып беріп, машинаның жабуын сыпырды. Ұстабай машинаға отырып, от алдыра алмады. Жаңағы мұздаған теректей иілмейтін Басыр бәйек болып кетті. Ол тез бұйырып Мақанды жұмсады:
— Қызыл машинаның аккумуляторын әкеліп сал!— Қызыл машина екінші жабулы машина екенін екі жігіт білді. Мақан бәрін де қас қағымда істеп үлгірді.
Машина дыр етіп оталды. Екі жігіт жабуы сыпырылған ақ машинаға отырып, базадан шыға берді:
— Игіліктеріңе мініңдер!— деген Басырдың гүжілдеген даусы естілді. Бұлар қақпадан шыға бергенде-ақ күлмеңдеген жуан мен жіңішке — Басыр мен Мақан Керім алған ақ машинадан түскен жабуды жаңа олар көп кемшілігін тауып, ұнатпаған көрші тұрған машинаға жауып жатты. Қысқасын айтқанда, келесі көк құлақты жасап жатты...
1987.
БІР ЖАМАН ЖЕРІ
Пенсияға әркім әр қалай шығады. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демей ме қазақ. Сондықтан сіздер бұл жерде маған, мына алдыңыздағы шұбар Балбаққа жетемін деп ойламай-ақ қойыңыздар. Өйткені мен істейтін «Өрнек» кәсіпорны бақырайтып тапайдың тал түсінде маған «Волга» машинасын мінгізіп шығарып салады. Және қандайын десеңізші. Әрине оның түсін де өзім айтатын боламын. «Ақ таң» дегені болады. Менің ойымның көздеп тұрғаны да сол. Бажырайтып қызыл, әлде кегін қайтемін. Алған соң біржола аппағын алмаймын ба?! Япыр-ау, ол ақ машинаны әркім-ақ мініп жүр ғой. Жоқ, әншейін жұрттың қолына түсе бермейтін, мойылдай қарасын аламын. Қарасы күн тартқыш болады дейсіз бе? Ештеме етпейді, оның есесіне ол әлгі менімен күндес қатындай күдисе беретін Күдебайдың қолына түспейтін болады. «Өрнегің» оған ақшаны қайдан. табады деп отырсыз ғой, түк те емес, бес мың жұмысшысы бар заводқа сол да сез болып па! Балбаққа десеңіз, әр жұмысшы-ақ үш сомын лақтырып ұрады. Ойнамаңыз, ойыныңыз келмесін, Балбақтан. Сонан соң қара машинаға қайқы бас қара қатынды салып алып, бір ауылға барып, тоқтай қалайын. Жетісуға белгілі Балбақтың өзі келіп қалған екен деп естері шығып кетсін. Қош деңіз!
Гаражсыз машина машина бола ма сондай бір үңгір машиналы ағаңа да керек болмайды дей аласың ба. Оның да есебі табылды. «Машина аядым, мінеки!»— деп ауылыма барсам бір гараждың құны қалтама сарт ете түспей ме. Бұл жағы да түгел. Ауылға барып, көрімдік жинап, көлгірси сөйлеп, ешкіні апа деп, текені жезде деп жүргенімде, ол машинаның төрт дөңгелегі де ескіріп, таздың басындай жалтырап қалары белгілі. Ал оның, естуімше әрқайсысы бір жүз сом тұрса керек-ті. Міне, пәле болды деңіз. Қайта-қайта маған жылуын кім бере берсін, ашаршылықтан әлде жұттан шығып па ең демес болар ма. Және бұл машина арбиып кез-келген жерге сыя қоя ма. Қой, бір жаман жері бұл «Волгаң» маған қол емес екен.
Ал әйтпесе, осы заманның жүйрік құнаны — «Жигули» мінгізеді дағы. Қыста іші жылы, шап-шағын, есік алдына да, кежір енемнің үйіне де, керауыз жеңгемнің қорасына да сыйып кетеді. Бір жері бұзыла қалса завод ездері жөндеп береді. Жо-жоқ. Тұра-тұр. Әлгі жөндеп беремін деп ішіндегі бар жарамды бөлшегін алып қалып жүндеп беретін осы «Жигулидің» шеберханалары емес пе? Құдай сақтай көрсін, мен аулақпын ондайдан. Бұл жағына келгенде, бір жаман жері, бұл да ағаңның көңілінен шықпады. Ал осындайда сырласқаным ғой, «сұлуынан жылуы» деп, зәу шайтан бұзыла қалса өзіміз-ақ жөндеп алатын «Москвич» береді дағы. Күн сайын болмағанмен, апта құрғатпай бір бұзылып туратын мұныңды да қой. Бір жаман жері, мұның ашық-тесігі көп. Оны да қоя қой!
Бөлшегі бұзылмайтын, батпаққа батпайтын, мемлекеттің бензиніне қарап аузын ашпайтын ат-ақ мініп кетпеймін бе? Міне, есебі жаңа табылды. Ат болғанда қандай десеңізші! Екі түген сұрша ат. Жалы құлағынан асқан, шәге-жегі майысқан, сауырлы бұлт, серке сан. Қобыландының Тайбурылы болмағанымен, Ақанның Құлагеріндей бар. Қамыс құлақ, қыз сағақ, қу шеке, қолтауырдай танаулы — шырағым-ау! Па, шіркін, жаратылғаныңа болайын деп шоқтығынан бір, кекілінен екі сипап қойсам. Шашаса майысып, доп-домалақ есек тұяқ яғни құйма тұяқ жануардың жалының жары күміс, жары алтын-ау деймін. Жігіт аты деп осыны айтар болар. Тек жігіттік мәулетім жүріп тұрғанда тұс болмай, мәулетім өтіп бара жатқан шақта, алпысты алқымдап тұрғанда кез болғанын көрдіңіз бе! Шіркін, ат құлағында ойнайтын, сайтанды ноқталап мінетін дәуренімде кездессе ғой, сайранды-сәукімді салмас па едім.
Арынды атың болған соң оны салт мінбеген соң, сен де бір кемпір. Атқорада тықыршып тұлпар тұр. Қашан маған ер саласың деп тұрғандай. Теке ме, жаумыт па, қарғып мініп бір шікірейіп шыға келейінші, сонда мені «алпысқа келіп ата болсаң да жының басылмайды» дейтін қасқа маңдай Орекеңнің іші бір түз жалағандай болсын. Сонда әлгі мектепте, университетте бірге оқыған, баяғыда қыз болғандар әлі де Балбаққа көз қиығын бір тастап етпес пе?
Тұра тұрыңыз, ол аттың ер-түрманы, жүген-ноқтасы, тартпа-таралғысы, айылы, өмілдірік-құйысқаны қайда? Мына тұрған Жамбыл бес-ақ жүз километр, ондағы былғары фабрикасынан қайыс-әбзел, былқылдақ былғары, бәрін әкеліп, қоқан түйіске салып тұрып, ат тұрманын түйіндеп, түймелеп тастаймын. Ал ішкілік, тоқым дегенің саз емес, оны міне тұрған «Түскиіз» фабрикасына ортасын ойып отырып жасатып аламын дағы. Ал соққа ерің қайда, ерің? Ат табылғанмен, ер табылмай сорлап жүрмейін. Жо-жоқ. Әлгі Қазақстанның қырық миллион қойын бағатын қойшының бәрі қаражаяу жүрген жоқ қой. Солар да бірдеме мініп жүрген болар. Жоқ, болмайды! Атай көрмеңіз! Олардың темірден жасалған желқомын салып, атымның шоқтығын қаптырып, атты жауыр қылып, жауыр жайлап жүретін жаманың мен емес. Ендеше құранды ер саламын дағы! Сонан соң құранды ерді... Тұра тұрыңыз. Құранды ер! Жеті бөлек ағаштан қиюын тауып оны маған кім құрастырып береді? Құранды ер тұрмақ, қу тақымы тоқым иіскемеген сорлы біз емес не! Оның үстіне жас дегенің... Бір жаман жері, салт атқа міне алмайды екенмін. Сорлылықтың басталғаны деңіз, мұны!
Рас-ақ, бұл қыдыра жалды, қыл құйрықты маған алпысқа келдің деп мінгізіп отырған жоқ па. Ендеше ентелеп кетпей.
жасымды да ойлай отырғаным жөн. Бұл жағына келгенде маған лайықтысы жазда жеңіл арба-фаэтон, қыста бітеу шана. Оған тәртені анау Қонар ағамның қорып, қол тигізбей баққан бағынан сырықтай екеуін кесіп алып-ақ келермін. Ал басқасы... Қиыны — доңғалағы. Оны қайдан табармын. Алматыда не көп, ағаш көп деп отырсыз ғой. Оныңыз да дұрыс. Ағаштан істелетінін бірдеме етермін. Ал шенін қайда тартамын. Бір жаман жері, машина мінеміз деп арбаны атымен ұмытыппыз ғой. Ал ауыл тұрмақ Алматыда, Ал маты тұрмақ адамның жанынан басқаның бәрі сатылатын Ташкенттің Алай базарынан қамыт, доға дегенің табыла қоя ма? Әлде соны іздеп Россияға барам ба? Бір жаман жері осы болып тұр-ау.
Бір жаман жері, ат дегенің тәуліктің жиырма төрт сағатын түгел түрегеп тұрып, алдына салған жем-шөбіңді гүрсілдетіп ұрғанда оған шақ келетін не бар! Сондықтан бауырым, құранды ерінді де, құр атынды да қоя тұр. Бір жаман жері, атыңның бабын табатын Балбақ емес.
Ат болмаса қоңыр егіз қолайлы болмас па жасы келген кісіге дейді сонда жігіттер. Рас-ақ. «Дүние екі келмейді, егіз аттай желмейді». Ат дегенің — ала қашпа мал. Мамыр айының ішінде одыраңдап-оқыралағаны болмаса одан шаруаға тыныш қоңыр егізімнің өзі артық. Ат деген — ұзап жайылатын ұзын аяқты мал. Оның үстіне «тау беріссіз болмас, ел ұрысыз болмас», деген де бар. Тәйт дегізіп әлдебіреу Алатау асырып жіберер болса, ол Бекежан астында ойнаған Төлегеннің көк жорғасынша кете бермес пе! Қоңыр егізім тыныш, қоңыр егізім! Жаяу қайырып, сауырына жайғасып, жай басып отырғаным-ақ жақсы. Жылқы сияқты тәулік бойы аузы тынбайтын қоңыр егіз емес, бір уақыт күйіс қайтарып жатады, түн болса түнек азбарға байлаймын да тастаймын. Құдай қоңыр егізден жарылқасын! Жылқы сияқты кек жоңышқа, болат таға сұрамайды, ол. Тауың да, жазығың да бәрібір оған, тағасыз-ақ таймайды. Мақтаулы көкбестің күз болса, таудан тастай құлап, жас сорпа болып жатқанда, «сиыр құлапты» дегенді естігендерің бар ма? Міне, қоңыр егіздің қасиеті! Жүріске келгенде егіз аяңмен-ақ тұлпарындай болмағанмен тобыршағыңнан, топай торыңнан ол қала қоймайды. Өгізге мініп, бір меске су құйып, қырқа-қырқаны аралап, күзен аулап, қырық жыл жұмыс істеп кигізе алмаған күзен ішікті үйдегі жеңгең Жәмкеңе солаң еткізіп кигізе салғанда көрерсің, әлі!
Ойбай-ау, егізге қалай жайдақ мінерсің. Әлгі ыңыршақ (ашамай емес) деген пәлесі керек екен ғой. Оны жасау киын емес қой дейсіз бе? Дұрыс-ақ. Алты ағашты қиюластыра салу керек. Бірақ алпысқа келгенде ағаш шабамын деп балта-шотты, шапқыны, қадауды, жоңғыны, ыңғыруды, ұңғыны қайдан іздеп жүрейін. Бір жаман жері, оны түгендеймін деп жүргенде жасым да түгесіп қалмасын.
Өгіз мінгені де мойнымды мінейін. Одан да оны арбаға жегіп алып, пішенімді шауып, шебімді тасып алайын. Бір жаман жері, оған әлі мойынтұрық керек екен ғой. Ауыл өзендерінде самсып өскен қара талдың бірін кесіп әкелсем, бір егіз түгіл он егізге мойынтұрық болмас па. Е, оған көп қиқалмасам керек. Оны жасап алармын-ақ. Ал оған кигізетін самиянды қайдан табармын. Жуандығы саусақтай, бір құлаш темір болса, екі самиян шықпас па. Темір табылғанымен, темір ұстаны қайдан іздеймін. Ауылдағы ұста дүкендерінің жоқ болғаны қашан! Ендеше... Ойбай-ау, сол самиян жасату үшін бір жаман жері қара металлургияның қайнаған жері — сонау Арқадағы Теміртауға баруым керек екен-ау. Оның үстіне өгізді егіздің күшіндей денсаулығы бар адам пайдаланғаны дұрыс-ау. «Құланды да жыландай кісі атады». Күн болса қурап, жел болса ұшып тұрған мен өгізді қалай күтем. Малды күтпесең малдан боласың. Өгізді көтерем қылып өлтіріп, малдан атанғанша малсақ Балбақ болып жүргенім жақсы дағы. Бір жаман жері, егізің енді өзімен-ақ болсын!
— Одан да,— дедім мен,— бір есек-ақ берсеңдер қайтеді.
— Ләппай!— дейді бәрі қоштап. Шамасы олар да өгіз сатып беруден есек сатып берудің арзанын анық біледі-ау деймін. Жем де, шөп те сұрамайтын, қоқыр-соқырды-ақ нәпақа қылып жүре беретін, «есек жүрер қатқақта, мәлім болар батпақта» десеңіз де, маған содан тәуірі болмайды-ау деймін. Көкірегіңізді қанша өрге айдағанмен, сенің бағаңды салпаң құлақтың бағасынан артық көрмейтіндер бар екенін жасыңыз алпысты алқымдағанда өзіңіз-ақ аңғарғаныңыз оңды болар. Бүгін «Бәкелеп» отыратын сары былшықтардың ертең шылдыр еткен бір қоңырауды қимайтынын езің біліп тұрғаның да жөн.
Сонымен шаруаға да, алпысқа келген атаңа да құдайекеңнің лайықтап соққаны есек екен. Айыл да, өмілдірік те, мойынтұрық та, ыңыршақ та керек емес, қырық жылғы құрымды құйымшағына қоя сал да, бұтыңды арта сал. Сонан соң митыңдап болса да тарта бересің. Есек табу да оңай емес, оны алу үшін әлде Ташкенттің, әлде Самарқанның базарына бару керек. Дегенмен көптің таппайтыны жоқ, маған кек есекті көлденең тарта берсін. Енді есегімді жетектеп кете берейін дегенімде:
— Ей, есек сенің не, шөп те, қора да сұрамайтын бір велосипед-ақ беріңдер демеймісің,— дегені. әйелімнің. Басынан әйелге бағынып үйреніл қалған байқұс басыма оның айтқаны қона кетті. Оны тез жүзеге асырайын деген мақсатпен ышқынып:
— Оу, ағайын!— дей бергенімде:
— Ағай, мына қағазды толтырыңыз, ертең пенсияға тығасыз!— демесі бар ма, әлгі жағың қарысқыр тікбақай хатшы қыз. Кезімді ашып алсам, жұмыс үстелімде ұйықтап кеткен екем. Жаңағының бәрі өнімде болмай, түсімде болғаны қандай жақсы болды. Машина берсе гараж іздеп әуре болар едім. Егер өңімде әлде атқа, әлде өгізге ісім түсер болса, не болар еді, жаңағыларды іздеп жаным қалар ма еді. Аршындай басқан ат түгіл аяңдаған егіз, шабан өгіз түгіл митыңдаған есек менің иемді алған. Ең дұрысы май да, жай да сұрамайтын шайтан арба еді, құдайекең оны да бұйыртпайын деп тұр. Ертең кететін кісіге шайған арба түгіл, шайтанның өзі қайда?! Бір жаман жері, мен де, сіз де түбінде бармай қоймайтын жаққа жаяу тартқалы отырмын. Амал нешік! Пейішіңіз болса да, тозағыңыз болса да жаяу аралап шығуға, сонымен дайын отырмыз. Әттеген-ай, деңіз!
1988.
ҚҰЛПЫ КӨЙЛЕКТІҢ ҚҰНЫ
Қарқаралы қыз салтанатын бірге құрған Гауһар мен Майра екеуі қасабалы әйел болғанда да бірінсіз бірі тамақ ішіп көрмеген, шығарда жаны ғана басқа құрбылар еді. Оқу бітіріскеннен кейін Гауһар өз мамандығы бойынша агроном болып ауылға кетті де, Майра қасында қалды. Шынын айту керек, бұл жасынан бірге ескен екі әйел әрқайсысы да өз мамандығын тәуір игерді. Әсіресе Гауһар үлкен шаруашылықтың белді маманы болып әркімге-ақ қол ұшық бере алатын әжетке келді. Бірі сатулы қала өмірінің қыр-сырын білетін ол астана түбіндегі ауылдан қалаға келген сайын Майра үйіне құр қол келіп көрмеген-ді. Ел болғанда, консервіден босаған жарты литрлік шыны ыдысқа қазанға пісіріп қойған сүтінің туырылып тұрған қаймағын сыпырып салып алып келетін. Шешесі де «кәрісі бардың көпірі бар» дегізбейді, жасынан Гауһарымен бірге өскен Майраны өз баласындай кереді. Тіпті көршісі Қара кемпір «осы бір әйел жиі келеді, ең болмаса үйлеріңе сынық кәмпит ұстап келмейді ғой»,— дегенде де Майраға шаң жуытпаған. «Қысқа жіп байлауға келсе де, күрмеуге келмейді деген емес пе, қалада, бәрі сатулы жерде отыр ғой»,— деп Майраны ақтап шыққан. Қара кемпір де бір желімдей жабысқан пәле:
— Сонда да өтірік күліп, салып жетіп келеді де тұрады, ең болмаса сағыздай созылатын әлгі «күріш» кәмпиттен бір уыс әкелсе нетеді. Туысқан сендердікі ғой, мейілі дағы,— деп ернін бір сылп дегізген. Гауһардың шешесі Маран оған мән бермеген болып қоя салған. Бірақ «күріш» деген қандай конфет болды екен деп Гауһардан сұрап еді, оны ол бірден түсіне кетті. «Ирис» дегенді өзінше қазақшылап алған ғой»,— деді.
Бүгін Гауһар ертемен тұрып қалаға келді. Екі айдай шетелде болып Майра келмек еді, соны аэропорттан қарсы алды. Дүрмекпен оның үйіне келіп, ауылдан бір дастарқанға керектінің бәрін пісіріп әкелген Гауһар әнші құрбысының үстелін тамаққа қайыстырып жіберді. Майра ақ бүркеншек жамылып келіншек болып, босаға аттаған күні де бар дастарқан мәзірін Гауһар көтерген болатын. Даңқы алысқа кетіп жатқан атақты артист дастарқанының берекелі-молдығына үнемі біреуден бірдеме алудың ғана жолын ойлап тұратын, сыртта көрсең үзеңгі бауы алты қабат,үйінен ит жаланып шықпайтын екен жағалағандар тегіс риза-хош аттанысып еді. Барлық істің парқын білетін Гауһар өзі істеген қызметінің нарқын ешқашан бұлдап көрмеген, бәрін туысқандық, құрбылық борышына сайған. Енді міне, сайрақтан — алы жолдан Майра аман-есен келіп отырғанда ақ түйенің қарнын жарып тастамасқа не, қазір ит басына іркіт төгіліп жатқан заман емес пе! Сондықтан да Гауһар абдастасын алдына шалып алып, іреусіз, тартқан күмістей саусақтары сүйріктеніп, қолы қолына жұқпай, жүзі де рауланған алтындай жарқылдап бар қызметті атқарды. Үстіме наздар киер келеме, аяғыма өкшесі дірілдеген, шегірен былғарыдан тігілген біз өкше киіп келдім деп шалқайып тұрмады, Майра үйінің ошағының ал ендігін жағып, ыдыс-аяғына қитықсыз араласып-ақ кетті. Бұл бір бүгінгісі емес, әрқашанда-ақ іске бола кететін әдеті. Шынын айтсақ басқа ел басқарып жүрген әйелдердей ол дүрбелжің тартып, ойқы-шойқысы шығып кеткен де емес, сондай-ақ әркімге сырт көрінісімен ұнағысы келіп қылаңдайтын, қырымпоздық мінез де атымен жоқ. Декесі қашанда тік сандалдың терегіндей, жоны пат құндыздай оңысып жүргенде оны көп адам ірі бірі ме дер еді. Сонда да іске келгенде ол өзі тұстас, қатар-құрбыласынан өндірісте де, үй шаруасында да мойыны озық тұрар еді. Оның үстіне бүгін сонау сайрақтан Майра аман оралған қуанышынан мұның кеңілі де, көрінісі де көркем болатын,.
Атақты артист әйелдердің көбінің-ақ күйеуі бұзау болатыны сияқты Майраның де ері «күйеуі бар» атағына ие, не сөзі жоқ, не ісі жоқ кісі еді. Егер нақ бүгін күн жексенбі болмай, жұмыс күні болып, Гауһар келе алмаса, онда бұл дастарқанның да, үйдің де сәні болмас еді. Ең болмаса бұл үйде магазин тола тұрған Сарыағаштың минералды суы да жоқ екен. Су екеш суға дейін Гауһар жеткізді.
Самолеттен үлде мен бүлдеге оранып түскен Майра үйінен қарсы алуға келген кісілер кеткенше, сол қалпында отырды. Бір қызығы, екі айдын, ішінде Майраға сыздаусыған бір мінез пайда болғанға ұқсайды. Мұны Гауһар жолдан шаршап-шалдығып келгені шығар деп еді. Өйткені анау бір жылы ол Кубаға барып бір жарым айдай жүріп қайтқаны бар. Онда ол кәдімгідей өз совхозындағы істеген жұмысын атқарды, яғни оларға өзінің тәжірибесін таратты, олардан да үйренер өнеге көп екен, оның қыры-сырына қанып қайтты, Бірақ қанша социалистік ел дегенмен шетелдің аты шетел екен, қатты шаршап келді, самолет Отан шекарасынан өткенше асықты. Сонда Гауһар да шалдығып-қабынып жетіп еді.
Келгендердің бәрі кеткен соң Майра көргендерінен хабар бере отырып, көбіне айтқаны киім-кешек болды. Ол жолға киіп келген жұқа жібек көйлегін шешіп, қаттау-батсайы желең алды. Енді оны киіп еді, несін айтасыз, Гауһарға Майра періштенің қызындай болып көрініп кетті. Майра иығына оны бір сұғып, одан бір шытырма көйлек алып:
— Мынаны Калькуттада концерт бергенімде қаланың мэрі сыйлады,— деді. Майра жаңағыдан да өңденіп, әрлене түсті. «Адам көркі шүберек» деген рас тағы. Гауһар сонау жылы осындай әкелген көйлектерін жайып салып:
— Осыдан, Майра, таңдағаныңды ки, сен ел алдына шығатын адамсың ғой. Сенен қалған басқасы да маған жарар,— дегенінде Майра көзін тесіп тұрған үлбірек дұқаба көйлекті қалап алып еді. Сол көйлекті Майра үнемі қонаққа киіп барып жүрді, Ол да тозбай, бүкіл Алматыдағы мен жақсымын деген әйелдің бәрінің ішін әлем-жәлем қылып еді. Енді Майраға тағы да сәнқой келіншектер кез тігетін болды. Ал кейбір бастық үйіндегі бәйбішелер күйеулерінің құлағының құртын жейді, енді.
— Дұрыс, жақсы екен, игілігіңе кигізсін,— деді Гауһар.
— Мына көйлекті көр,— деді Майра әр жерінен алтын жіп өткізген жалаңдау іш көйлекті алып. Гауһар мұны да шын көңілімен ұстап, мақтау сөздерін аяған жоқ.
— Мына бір кімді,— деді Майра қылқарадан нарпостап істеген қара жамшыны алып көрсетіп.— Мұны сен түсінде де көрген жоқсың. Мұны жаздың кешінде, не күзді күндері кешке жұқа киім сыртынан жамылады екен. Бұл былай... — Майра жамшыны жамылып ары-бері жүрді.— Енді мынаны далаға жамылып шыққанымда, Алматының бар жігіті менің соңымда болмас па!?— Гауһар не дерін білмеді. Майраның күйеуі Созбақтан ұялып кетті. Не деуі керек, әйтеуір бірдеме деуі керек қой. Соны ойлап, сөз сабақтады:
— Ту, Майра, қалжыңыңды қоя тұршы!
— Қалжының не, менің соңымнан ермеген жігіттің енді өзі де оңбас, қарамаса маған көзі шығар.
Гауһар не дерін білмеді. Жанындағы өз күйеуінен де, Созбақтан да қысылып, шалулы сөзін кешіре салса да, мына асып бара жатқан пиғылға жауап таба алмады. Кейде шаршы ішінде де Майраның осындай түйеден түскендей сезін естіп, бұл үшін талай ұялғаны бар-ды. «Ту, Майра қалжыңыңды жұрт қате түсінер»,— деп жуып-шайып жіберуші еді. Бұл жолы әйтеуір отырған екеуінің күйеуі ғана ғой. Жошыған, тасқын кеңілі басылып қалды.
— Сен далаға шыға берші, қазір кетеміз ғой,— деді күйеуіне қарап. Сырбаз Майрамен сыпайы қоштасып, есікке беттеді. Бірер минуттан кейін есік тарс етті. Күйеуі мынадай орынсыз сөзді естімей-ақ қойсын дегені еді.
Майра еріне басып, кермаралдай керіліп (нақ осы кейпін көргенде Гауһар бір түрлі етене жолдастан жиреніп кетті), төрдегі кішкентай ағаш қобдиды қолына алды. Қобдидың аузы ашылғанда, әлдеқандай бір шығыс музыкасы ойнап жүріп берді. Ол қобдиды қолына ұстаған күйі Гауһардың жанына келді.
— Мынаны қара!— деді Майра қобдиды Гауһардың кез алдына тосып. Гауһар үңілгенде қобди іші толған далап, қастауыш, сүрме, опа екен. Көп екен. Қарағанда көздің жауын алады. Гауһар да әйел ғой, біреуін алмақ болды, қолын созып:
— Мен мына далаптың бірін алайын,— деді. Нақ осы бір сәтте Майра қобдиды сарт еткізіп жаба салды:
— Шаң-тозаңмен, балшықпен баттасып жүрген саған үнді далабы не теңім. Сен құм жанындағы көшпе долының қатындарынан-ақ аласың ғой. Ауылға сол да жарайды.
Майраның сөзі өкпеден атқан оқтай тиді. Өзі туралы Майраның ойын енді ғана ұққандай. «Ауылға сол да жарайды». Гауһар қара бақайына дейін терлеп кетті. Бірақ шыдамдылық көрсетті. Ернін тістеп сәл тұрды да:
— Иә, солай еткенім дұрыс болар,— дей салды. Бірақ, шыны керек, мұны зорға айтты. Апыр-ай деп ойлады ол, анау жаңа ғана киіп келіп, шешіп қойған қаракөл тонды өзінің табан ақы, маңдай терімен тапқан он үшінші жалақысына сатып беріп еді-ау! «Жұрттың бәрі жүргенде мен жүдеп жүремін»,— деген соң аяп еді. Аяп жүргені мүдәйі-аяр екен-ау. Әй, ит болып жүр екенмін-ау. Жарайды, деді ол ішінен неде болса аяғына дейін шыдап көрейін. Жылдың басында Сырбаз сонау Саха жерінен, ал қара кес тонды кеше белбеуін қоса, басқа киетін күләсімен әкелгенде, соны да Майраға бергісі келіп еді-ау. «Менің әкелгенімді өзің-ақ кисеңші»,— деп Сырбаз ескертпегенде, бәлки оны да Майраға жаба салатын еді-ау, ә! О, тоба! Адам деген қиын машина, оның тетігін тегіс білу оңай емес...
— Алөндігін солдырып, арық аттай болдырып, сонау мұхит арғы жағынан келеді ғой, шақыралық және мына бір мәуті бешпентті кигізіп жіберелік, елімізден шыққан бір қыз ғой,— деп Сырбазға аспан сайбақ етіп жүргендегісі осы болған екен ғой. «Айраныңды ішейін, дағараңа...» деген осы болады екен-ау, ә!
— Ал енді мен кетейін, далада Сырбаз күтіп қалды,— деп Гауһар есікке беттей беріп еді:
— Сәл тұра тұр,— деді Майра қайта кергіп. Бұл жолы Гауһар мойынына қара жаңбыр серілетіп тұрғандай зорға шыдады. Дегенмен мойнын бұрды.— Мына көйлекті...— Майра әжептәуір сөз арасын үзіп алды,— көре кет!— Мына көйлекті деген есек дәмені қоздырғандай ма еді, бірақ аяғы айтылған соң жан тыныш тауып қалды. Өйткені «көре кеттің» орнына, «кие кет» болса Гауһар жағдайы әбден қиындайтын еді. Өйткені енді бұл үйден алғаннан алмағаны, келгеннен келмегені жақсы екенін айдан анық түсініп еді. Оның үстіне Майраның енді сыңайы да, сылайы да, сүдіні де, саданы да бәрі микроскоппен көргендей анық болатын. Дегенмен көре кетейін, кеткенше сыр бермейін деді Гауһар. Көйлек жантайма үстіне жайылып тасталды.
Мынау шынында да қарқаралы қыз, қасабалы қатын түгіл, дүниені тізеден кешкен сері жігіт қарап тұрғандай екен. «Бір қарамас, бір қараса қыз да кезін ала алмас»,— деп Ғабиттың Ақан аузына салған сөзі осы жерге дәл келгендей екен. Бұл жаңағы он шақты көйлектің бәріне тұратындай.
— Мұндай көйлекті тек сарай төңірегіндегілер киеді екен,— деді Майра масаты-мәулім көйлекті нұсқап. Көйлек жұқа жібектен жасалған, жібек үстіне алтынды жіптен, мүнәйім масатыдан өрнектеп түрлі гүл орнатқан. Тікті дейін десең тіккен емес, тоқыды десең тоқыған емес, жапсырылған да емес. Әйтеуір жаяу жатып, атты тұрып қарағандай. Япыр-ай, адам баласының миының мүмкіндігінің молы-ай деп ойлады Гауһар, осынша қиял болады екен. Майра масаттанып та, насаттанып та тұрды. Бұл адам баласының қолы жетпейтін, тіпті әйтеуір, Алматы төңірегіндегілердің анық түспейтін көйлек екені сөзсіз еді... Әй, бәріңнің ішіңді бір күйдірдім бе», дегендей әруақтанып, көзін сүзіп, қасын көріп тұрды, ол.
— Бәрі де керемет жақсы екен, ал күн кешкіріп барады, біз ауылымызға жеткеніне түн де болады, қош аман болыңдар!— деп есікке беттеп барды. Гауһар сонан соң есіне әлде бірдеме түскендей оң қолының сұқ саусағын ерніне тікесінен қойып, бері бұрылды. Екі қасының арасы сәл түйіліп тұрып бір сез айтты.
— Ең жақсы көйлегіңді киіп, келесі жексенбіде біздің үйге қонақ болыңдар! Күтіп отырамыз, ал қош болыңдар!— Гауһар шығып кетті.
Сәуірдің күні шуағын төгіп тұр. Есік алдына келіп машина тоқтады. Бұл келген опера театрының артисі Гүлбаршын болатын. Гүлбаршын консерватория бітірген, Майрамен бақастау артист еді. Өйткені екеуінің де даусы лирикалық сопрано еді. Майраның даусы әлсіздеу еді, операдан кетуге мәжбүр болған-ды. Өйткені Гүлбаршын тұрғанда оған жол жоқ екені белгілі еді. Сондықтан Майра филармонияға кетті де, бақытын содан тапты. Бақ десек те, бақыт десек те, әйтеуір, Майраның алдына сүре жол ашылып, Одақтың барлық бұрышын аралауға, одан тіпті шетелге шығуға мүмкіндік алды. Бұл күнде оның әруағы асып, бақыты тасып тұрған-ды. Бірақ қалай да опера артисі алдында аузына микрофон тоспасаң естімейтін эстрадалықтардың айдарынан жел есе алмай қалатын әдетінше,.
Гүлбаршын бар жерде Майраның да сесі басылып, жүнжімегенімен жүдеп қалатын әдеті еді. Бірақ қалайда, қашанда енер адамына біткен өр көкірек, мақтаншақтықтан Майра да мақрұм болмағандықтан «Мен Майрамын, сен кімсің»,— дегендей Гүлбаршынға көкірегін бермейтін. Әрқайсысы-ақ өзінше Байсейітова, өзінше Бағланова болып көрінгісі келетін. Өнерден ине жасуындай хабары бар адамның бәрі де мұны жақсы білетін еді.
Гүлбаршын күлкісі көп, жайдарылау да, дарқандау да адам еді. Үстіне жай қаншадан көйлек, қара дұқаба жаздық кие салыпты. Бұрынғысынша езуі жиналмай күліп, машинадан түсті. Кармен үлгісімен онша қысқа да, онша ұзын да емес етіп қою қара шашпа қырққызған да, маңдай жағынан қара насармен шашын бастырып қойыпты. Самайында бір шөкім шаш оралып, орай жасап бетіне қарай иіріліп тұр. Ол тіпті жабысып тұр десе де болады. Көмірдей бұйра қара шаш ақша маңдайлы, ақ сүр еңлікке ерекше көрік беріп тұр. Бұл мектепте Сырбазбен бірге оқығандықтан құшақтасып, сүйісіп амандасты. Жарасты қалжыңын да айтты:
— Сені сүйем деп шайдан қағылып жүрмейін.
— Мені сүйіп-ақ тоймайсың ба, тамақ не керек,— деді Сырбаз. Бәрі күлісті. Гауһармен де сүйісіп амандасты.
— Қызғансаң менің Данашымды сүйіп есеңді қайтарып аларсың,— деп, ол екі езуі екі құлағына жетіп қайта күлді. Гүлбаршынның бір жақсы жері, әйтеуір күлкісі келіп тұрады. Күлкі де көп нәрсені көрсетеді-ау деп ойлады Гауһар. Көңілі келмеген, көңілді келмеген кісі қалай күлмек? Кейде ондайлардың өтірік күлкісі көрініп қалады. Сақситып тісін көрсеткенімен, беті бірге күлмеген соң, ол қақпанға түскен аңның ырылы сияқты болады дағы.
— Сенің шын күлгенің-ақ жақсы,— деді, Гауһар ризашылығын жасыра алмады. Өзі де шын күлді.
— Шын күлмесем келмес едім,— деді Гүлбаршын. Бұл шын сезге барлығы қайта күлді. Енді олар үйге беттемек болғанда екінші, үшінші машина да келіп тоқтады. Екінші машина ауыл адамдары, Гауһардың қызметтес жолдастары жұбайларымен түсті. Бәрі де жақсы киінген. Тек үшінші машинадан Майра түскен кезде бұлардың киімдері қоңыр төбелденіп қала берді. «Волга» машинаның артқы оң жақ есігі ашылып, одан жез бақай көрінді. Көктемнің шуақты, жанға жайлы әдемі күні соқиған үлкен емес, қораш, тым кішкене емес жіңішкелеу келген аяқты жауып тұрған, бұл өңірде әлі көріне қоймаған, бәрін жездеп, зерлеп тастаған туфлиге әйел біткеннің кезі тегіс қадалды. Әнеугі «кешке жамылатын» деп айтқан қара жамшыны Майра күндіз жамылыпты. Ондағысы алды ашық жамшыдан іштегі адам қарап тұрғандай масаты-мәулім құлпы көйлек еркін көрінсін деген болу керек. Құлпырған қырдың қырмызысындай, әлде қызыл қыршын өскен алаңдай мың құбылған мәулім көйлек менің үстімде болсашы деп, жаулықтының бәрі-ақ қызықты. «Жұрт ішінде сұлу көп, сұқтанғанмен бұйрық жоқ» деген ақын қалай дәл айтқан. Кездерін сүзіп, сұқтарын қадағанымен, сонау пәлен мың шақырымда жатқан хинди жерінің асыл пұлы Гималайдан, Алатаудан асып, қолға оңайлықпен қона қоя ма? «Қоқан қоя ма» деп құсты айтар болар. Ал мына қалпы көйлекте де бақыт құсы тұрғандай еді. Сондықтан да тұрған ұзынетектілерге ол да бір қолға қонбайтын, «кеу, кеу» десең келмейтін ұшып кететін, қысқасы қысқа қолға, ауылдағы күнде майлы-күйелі жүретін қолға тимейтін, тіпті ұстауға ұялатын, сусардың ұлпанынан да жұмсақ, мүнәйім, әлде шұғылың, әлде раушан гүлінен де көрікті, жайдың тасындай қолға түспес нәрсе еді. Майраның өзі де құлпы көйлектің ішінде тоты құстай мың құбылып, бұрылып, бұралып, уатылып-ширатылып көрінді. Етегі шұбатылған масаты-мәулім көйлектің алдыңғы өңірінің өзі бір көрінгенде жігіттер де қарап қалып еді. Ал үстіндегі шыт көйлегімен ғана бұларды қарсы алған Гауһар бәрібір ерекше көрінді. Әлде осылардың бәрін қонаққа шақырып, қойын сойып, қолын қусырып, тайша таласатын құрбыларын талдай иіліп қарсы алғандықтан ба, әйтеуір Гауһар шыт көйлектің ішінде-ақ қалша киіп, қалы төсеніп тұрған еді.
— Хош келдіңдер, терлетіңдер, қадамдарыңа гүл бітсін!— деген әдемі де, әруақты сездер Сырбаз аузынан да, Гауһар лебізінен де ағыл-тегіл кетіп жатыр. Жадырап жайнап түскен Майра бір кезек шатысқан жіптей қабағы бір шытылып барып жөнделді. Сөйтсе кезі артқа таман тұрған Гүлбаршынға түскен екен. Майраның қабағы шытылды дейтін емес, ол езуі жиналмай жігіттермен әдемі-жарасымды, әдептен озбайтын, әлгіден аспайтын қалжыңымен қақтығысып жатыр екен. Бірақ Майра «өтірік күліп келеді» деп Қара кемпір айтқандай емес, сыздаусып, аяғын бір басарға ерініп, керіліп, Сырбаз ұстаған сол қолына салмақ сала қиқаң етіп барып түзелді. Ондағысы денесінің бұралаң етін, былқ еткенін көрсету болатын.
Неге екенін кім біледі, Майра есік алдында сыртта шешінді. Шешінгенде сырттағы жамшысын, басындағы күләсін Сырбазға берді. Мәулім көйлек, жезді-зерлі, көксалданған сандал енді тіпті ашық аспан астында айқын көрінді. Қаладан келген қонақтардың кіргенін күтіп тұрған ауыл келіншектері құлпы көйлектің барлық сымбатын сұрын көріп ішін тартысты. Жалт-жұлт еткен Майра үйге кіріп келе жатты. Нақ осы бір сәтте ауыз үйге бұрын кірген Гүлбаршынның сықылықтап қатты күлген дыбысы естілді. Ол қолына қарайды да күледі, ішін сол қолымен басып алып күледі. Оның жөні былай еді:
Гауһарға болысу үшін келген келіні Бақыт Гүлбаршын қолына бір шүберекті бере тұрып:
— Апа, аяғыңыздың шаңын сүртіңіз,— деді. Сөйтсе Гүлбаршын қолына бергені бағанадан бері жұрт аузын ашып, көзін жұмып таңданып тұрған Майра үстіндегі құлпы көйлектің бір метрлік матасы. Гүлбаршын аяғын тез сүрте салып, сақылықтап күлген күйі қол жуатын бөлмеге кіріп кетті. Бұл шүберек енді Майраға ұсынылды. Оның жүрегі бір шым ете түсті. Бір сұмдық барын сезгендей.
Қызық үлкен бөлмеге, қонақтар отырар бөлмеге кіргенде болды. Енді отыруға келгенде әйелдердің бәрі біріне бірі қарап жымың-жымың етісті. Майраның үстіндегі құлпы көйлекті Гауһардың диваны киіп алыпты. Үш-төрт кісілік күмпілдек диван «қай жеріме отырсаң да мүнәйім, жұп-жұмсақпын» деп тұрғандай. Үсті жайнап, жібек. үстіне қондырылған әсем жапырақ-жапырақ раушан гүлдер көбелек келіп қонатын көркем гүлзардай мың құбылып жайнап кетіпті. Шамасы диван киген-көйлектен қалғанын етік сүртуге қойған болса керек-ті.
Диванға жақындай берген Майра өз көзіне өзі сенбей, оны бір сипап өтті де, түсі қуқылданып, сұрланып, қаны ішіне тартылып кетті. Өзінің парқын енді аңғарып, көйлегінің қарқын енді білгендей. Бұрыштағы бұлғыр айнакүзгі алдына келгенде, ол көзін уқалап алып барып қайта қарады. Кешегі Гаухардың көз алдына тосып, тарс жапқан, музыкалы қобди бұл үйде ардақсыз-құлықсыз, қалай болса солай тұр. Оны біреу ішіндегісін алып қояды деген Гауһар жоқ осы үйдегі көп боқ жаманың бірі сияқты жатыр. Өнер адамының көзі қалайда әдемілікті тез таниды ғой, бұған Гүлбаршын кезі басқалардан бұрын түсті:
— Мына қобдидің әдемісі-ай! Көруге бола ма?— деді ол.
— Көру түгіл ішін ашып, ішіндегісін үлесіп алуға да болады,— деді Гауһар. Майра бұл жаққа қарамай, не отырмай, жүзі қарауытып, адам қарағысыз болып өзгеріп кетті. Гүлбаршын қобдиды ашып қалып еді, ішінен музыка ойнап
жүріп берді. Әлі отырмай бәрі түрегеліп тұр. Бәрі де ол нәзік музыканы тамашалап қалып еді, тыныштықты Гауһардың, назды даусы бұзды:
— Ішіндегі далаптан, қастауыштан, сүрмеден қалағандарыңша алыңдар, агроном далап жақпаса да, еңлік ерітпесе де агроном бола алады. Ха-ха-хи-хи, солай емес пе?
— Құдай бір кенді берді ғой, келіңдер, келіншектер, мынадан алыңдар!— деп күлкісі келіп тұратын, ойнақы Гүлбаршын келіншектерге далаптан да, қастауыштан да бір-бірден ұсынды.— Әй, сенің Сырбазың бар ғой, бәріміздің күйеуімізді жерге отырғызды-ау! Ал, Майра!— деп ол бұрыла беріп таңырқап қалды. Түсі бұзылып кеткен Майра жойқын жеп қойған жылқыдай бүкшиіп, қабағы тыржиып, есікке қарай кетіп барады, бір мәлөлдік, көңілсіздік билеп алғандай. Жайдай иілген қасы қасқа маңдайына қарай ығысын кетіпті. Ол болғандай, әлде үй ыстық болып қапалап кеткендей. Оның үстіне мына күлкіші Гүлбаршынның әрбір аха-хауы оның ойына біз сұғып алып тұрғандай болды. Ол еденді тесіп жібере жаздап, қадаңдап кетті. Есік тарс етті, сүмірейіп артынан бұзау күйеу де жөнелді. Гауһар оған отыр демеді.
...Басқалар ішіп-жеп, ұзақ отырып, ойнап-күліп аттанды. Тек кетерде бәрімен қоштасып тұрған Гүлбаршын тым ойнақы да, тым көңілді де көрінді:
— Бәріне кінәлі осы бір жабулы диван ғой!— деп сықылықтап тұрып күлді...
1988.
ҮЛКЕН БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ ME?
Үлкен болғыңыз келе ме? Егер ондай ойыңыз болса, онда мына біз пақырдың кеңесін тыңдап, аяқ-қолыңызға жақса, егер шынымен үлкен адам болып көрінгіңіз келсе, үйреніп алып, алдағы езіңіздің түйте-тірлік өміріңізге оны пайдаланып көріңіз.
Жұртпен жақсы, жалпылдап амандасып, жайын сұрап, даусын жарқын-жарқын шығарған адамның үлкен болғанын немесе үлкен болып көрінгенін көрген емен. Қашанда амандыққа иегін зорға изеп, дүрдиіңкіреп жүрген адамдарды ғана мен өзім: «әй, осы бір үлкен, дей шығар»,— деп шамалаймын.
Шынымды айтсам, кішкентай қызметтен көрген қорлығымды айтпаңыз. Анау да, мынау да «ей, Балбақ» деп жеңімен қағып-сілкіп кеткенін кездестіріп, іштей: «Қап, бәлем, сені ме»,— деп талай кіжінгенім бар-ды, Сөйтсем оның оп-оңай жолы бар екен, оны әлгі өзіміздің Сыбырдан үйренген жайым бар. Өйткені ол біздің мекемеде екі адамға бастық болғаннан бастап, өзгеріп сала берді. Күнде бірге жүретін менің өзіме екі-үш рет ескертпе жасап: «Әй, сойған түлкіге ұқсап ыржыңдай бермесеңші»,— дегені бар-ды. Өзіме де сол керек, Сыбыр екі кісіге бастық болған күні, (шынын айтқанда өзін қосқанда барлығы екі кісі) жанындағы жолдасынан бір үстел болса да жоғарылап отырғанына қуанып, құттықтайын деп арсалаңдап жетіп барайын. Сөйтсем Сыбырым «жырқылдай берме» дегені. Ер болсаң жолап көр, бұдан кейін. Сыбыр жанына аяғымды санап басып, көлдеуде жүзген көк үйректей бәйпендеп баратын болдым.
Сізге керегі қалай үлкен болу ғой. Мен одан да соны айтып берейін. Әрине, сіз мұны басқаларға таратады екен деп ойламаймын, әйтпесе мұны біліп алып жұрттың бәрі үлкен болып шығып бәле болар.
Сыбырға да, Сыбыр сияқты екі кісіге бастық болғандарға зығырданым қайнап, кіжініп жүргенімде мені де құдай екен қоқаң еткізіп, аяқ астынан көтеріп, үш кісіге бастық болдым. Тілегенімнің өзі осы еді, ең болмаса Сыбырдан бір кісілік бастықтығымның артық болуы мені жеті қат көкке көтеріп тастады.
Үлкен болу үшін министр болудың, не облыс, аудан басқарудың керегі жоқ. Ол менің қолыма тие бермейтіндіктен осы үш кісілік бастықтығымды пайдаланып қалдым.
Үш кісіге бастық болған күні кеңседен үйге кешігіңкіреп келдім. Өйткені бастық адамның жұмысы көп болуы керек қой. Үлкендікті алдымен үй ішіңнен бастаған жөн. Сондықтан есіктің қоңырауын зың еткізе салмай, бүгін ұзағырақ шылдыраттым. Бұл менің бастық болғаннан кейінгі алғашқы белгім. Қатты қоңырауға үй-іші әжептәуір абыржып қалғаны сөзсіз еді, есік ашыла бергенде-ақ қабағымды тас түйіп алдым. Есікке алдымен әйелім жеткен екен, үнсіз «тарт» деген белгімен жұқа жеңін ұсындым. Ол менің (қабағымды байқады ғой) шешіп ілді. Күндегіден ваннада ұзағырақ болып, дастарқан басына үнсіз келіп отырдым. Міне, үлкендіктің алғашқы белгісі осыдан басталатынын ұмытпаңыз! Бұдан былай үй іші қас-қабағымды аңдитын болғанын біліп отырған боларсыз.
Костюмнің жаңа болуы міндетті емес, сіздің кіп-кішкентай жалақыңызға күнде костюм сатып ала аласыз ба, сондықтан құдайдың тарыдай күніңде шалбарыңның қырын қылыштай етіп қою жағын қарастыру керек. Егер күнде өтектеп күйдірер жайым жоқ десеңіз, суды бүркіп-бүркіп, студенттік күндерді есіңізге алып, жамбасыңызға басып жатыңыз. Ертесіне шалбардың қыры қылыштай болмағанмен, қынаптай болып тұрмаса маған келіңіз. Ал шалбардың қырына кезі түскен кісі сізді тегін адам дей қояр ма екен!
Сонан соңғы бір есіңізде болатын нәрсе қапшық. Астапыралла, қапшық деп сізді шатастыра жаздадым, қапшық емес, былғары папкаңыз болсын. Өйткені қампайған қара қапшықты ұстап жүретіндер көбі-ақ жаяу бастықтар болады. Тіпті оның ішіне бір-екі шөлмек айран салып жүретінін қайтерсіз. Сондықтан қапшықтың сырын әркім-ақ жақсы білетін болғандықтан, сізге лайықтысы папка. Ол әрі жеңіл, әрі үлкен үйлерге барып баяндама жасайтын, не олардан нұсқау алып жайбағыстарға жеткізетін адамдарда ғана болады. Міне, сонымен ол әзір. Енді оның, папканың ішіне салатын қағаз таппасаңыз, еткен жылғы газет тігіндісінің бірін төрт бүктеп, бұралақтап ұрып жіберсеңіз бітті. «Жыртық ерінге кетік тостаған» болады да тұрады. Енді байқап отырған боларсыз, шалбардың қыры қатып тұр, папка да қолда, оның ішінде не бар екенін сіз бен бізден басқа кім біледі, қолтыққа қыспай, қолыңызға ұстасаңыз болды, енді сізді басшы емес деп кім айтады. Бәрі де «мынау бір дөкей екен» деп ішін тартып, қалады. Енді сыртқы пішініңіздің бәрі келіп тұр, бұдан кейінгінің бәрі өзіңізді қалай ұстауыңызға байланысты.
Қазір жұрттың бәрі оқыған, жұрттың сыпыра сауатты болған жағдайында Абай айтқандай: «Әсемсіп, сәнсіп, білгенсіп, бәлсіп», мұрныңызды қисайта тартқанмен оған ешкім қыпың ете қоймайды. Сондықтан бұл шақта күлмеңдеген көзіңізге, ыржыңдаған езуіңізге ие болыңыз. Үйреніп қалған ауыз да сөйлегісі келіп жыбырлап тұрады. Бұларды пышақ кескендей тыймасаңыз үлкен адам болады екенмін деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын. Көргенде пәлені осы қу ауыздан көресіз. Мен өзім де осы пәледен зорға тыйылғандай жайым бар-ды. Әлгі кептен үйреніскен көптеген шолпандар мен сәулелерге, көз қысысып үйренген сәулемдерге, көп сызысып үйренген әріптестерге келгенде шыдамай кетіп, бірер.сөз айтып қалып та кішірейіп қалған кездерім болмай тұрмайды. Дегенмен ондай жеңіл мінездерінен желімдей ажырамай қойса да қоштасуға тура келді.
Қазір жұрттың бәрі оқыған, жұрттың сыпыра сауатты болған жағдайыңда Абай айтқандай: «Әсемсіп, сәнсіп, білгенсіп, бәлсіп», мұрныңызды қисайта тартқанмен оған ешкім қыпың ете қоймайды. Сондықтан бұл шақта күлмеңдеген кезіңізге, ыржыңдаған езуіңізге ие болыңыз. Үйреніп қалған ауыз да сөйлегісі келіп жыбырлап тұрады. Бұларды пышақ кескендей тыймасаңыз үлкен адам болады екенмін деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын. Көргенде пәлені осы қу ауыздан көресіз. Мен әзім де осы пәледен зорға тыйылғандай жайым бар-ды. Әлгі көптен үйреніскен көптеген шолпандар мен сәулелерге, көз қысысып үйренген сәулемдерге, көп сызысып үйренген әріптестерге келгенде шыдамай кетіп, бірер сөз айтып қалып та кішірейіп қалған кездерім болмай тұрмайды. Дегенмен ондай жеңіл мінездерімнен желімдей ажырамай қойса да қоштасуға тура келді.
Үшеуге (бірі өзім) бастық болғанның ертесінде-ақ: «Сәламатсыз ба» дегенді қойып, «сәләма...» деп жартысын айтып,жартысын жұтып қойып, Сыбырдан сөйтіп кегімді алдым. Әлгі «мен де сендей инженермін» дей ме, қайдам, Шорақ деген керауыз: «Амансың ба, Балбақ»,— деп керіліп келе жатыр еді, «сәламатсыз» деп сызылып өткенімде кердең ете қалды да, қатып семіп қалғыр, «сен дегенді» айтса, аузы күйіп қалатындай біржола ұмытты. Шыны ол ұмытқан жоқ, мен ұмыттырдым, білем. Екі-үш күннен кейін мені «сойған түлкі» атандырған Сыбырдың да сыйын бердім. Оған тіпті сәлемнің жартысын да айтпай иегімді изеп өте шықтым. Кейінгі күндері тіпті иек изеуді де азайтып жібердім бе, қайдам, үндемей қабатын итше Сыбыр кезінің астымен қиралаңдай қарап өтетін болды.
Айтқан соң сіз үлкен болудың сырын ақтарыла бір-ақ айтайын. Оның тағы бірі — мұрыннан сөйлеу. «Сәламатсызбаны» «сәлм-м» деп ете шықсаңыз да болады. Ал байқамаған болып, амандыққа жауап бермей қойсаңыз, ол күні мәртебеңіз екі есе биіктеп, екі есе үлкейе түсесіз. Бұрынғы үйреніскен жолдастарды қалай тыйып тастау керек екендігін Сыбырдың маған айтқанынан білесіз. Иә, айтқандай, ұмытып барады екенмін, туған ауыл, туған-туысқанды танымай қалу үлкен болудың алғы шартының бірі. Ауылдан іздеп келгендер болса, атын айтқанда білмей қалып барып, әкесін айтқанда ғана жібігендей болғаныңыз жөн. Егер «е» дей қалсаңыз, онда құныңыз түсіп қалатынын ұмытпаңыз. Ауылдасыңмен сөйлескенде де жарылатын шиқандай, сыздаусыңқырап отырыңыз, тым жалпылдап, білетін адамның бәрін сұрай беру де сіздің бағаңызды тиындап емес, сомдап кетіретінін есте ұстаңыз. Кіммен сөйлессеңіз де маңғазданып, тамақ кенеуді, өтірік қана жөткірінуді ол да салмағыңызға салмақ қосып, ебелектей елпілдетпей, сізді қорғасындай ауырлатып тастайды.
Әсіресе, ауылға барғанда басқаның көңілін аудару үшін бір аяғыңызды сылти басуды, дастарқан басында дәрі ішуді әдетке айналдырыңыз. Тіпті дәрі іш ңіз келмесе, ішіне конфет орап қойсаңыз да болады. Бірақ әйтеуір қағазы бұл өңірде жоқ, жалтылдақ жарқылдақ болсын. Міне, осыларды бір қолданып көріңізші, үлкен болып шыға келетініңізге мен кепіл. Сіз министр болмағаныңызбен, құдай болмағаныңызбен құдайдан бір былай болмайсыз. Міне, үлкен болудың сыры осы, бауырым. Енді бар ғой, енді шекеңнен қарап ілгері тарта бер, тарта бер!..
ЖОЛБАРЫСТЫ ЖАРАЛАҒАН БАҚАЙ
Атақты саятшы Әукеңнің әңгімесін естігеніңіз бар ма? Егер оны естімесеңіз, бұл кең дүниеден тас құлақ кеттім деңіз. Сонау бір Ұлы Отан соғысы жылдарында бүкіл Алматы артистері болып, екі өгіз арбамен Кегенге сапар шеккен ғой. «Құдай берерінде аспаннан күлше түседі» деген, шамасы, рас болу керек, осы жолы Әукең ерекше олжалы болып, бір оқпен үш қоян атып алған ғой. «Жаны шықсын» дейсіз бе, айта көрмеңіз, жаны шықпай-ақ, өз ағамыз алдымызда жүре берсін. Одан да сіз мынаны естіңіз. Әукең менің Алдаберген нағашым екеуі саятқа бір шыққанда бүкіл Қаскелең өзенінің екі жағалауындағы жартас пен қорым тастарды мекендеген кекілікті жылқының тезегінше теріп, қаптап алған ғой.
— Ой, айтады екен-ау!
— Жоқ, олай демеңіз, айтады екен-ау емес, бұл жерде «ой, азамат-ай, ұстайды екен-ау» деңіз.
— Сонымен?
— Міне, жөнге жаңа келдіңіз! Сонымен... Сонымен, есебі, былай болған. Әукеңнің құралайды кезге атқан мерген екенін, бір оқпен үш қоян атып алғанынан білесіз. Ал менің Алдаберген нағашым тізіліп ұшып бара жатқан үйректі көлбей тұрып атқанда сол көзінен, оң аяғынан тигізген ғой.
— Қалай?
— Қалайы сол, шамасы, «мылтықтың басылуы келгенде, құланның қасынуы келген ғой» деген болуы керек. үйрек ұшып бара жатып, оң аяғымен басын қасымады деп айта аласыз ба? Ондай болатынын баяғы өткен Құламерген, Қара Қалтай, Сары Қалтайлардың бәрі білген.
— Иә, оны қоя тұр да, Әукең мен әлгі Алдаберген нағашыңның кекілік тергенін айтшы.
Қашанда мергендерді, саятшылардың көбі-ақ малаяқ емес, желаяқ болады. «Құланды да жыландай кісі ататынын» білетін боларсыз. Ендеше Әукең анау-мынау адам емес, тұра.
бір өтпен аспандағы үйректің бір көз, бір аяғын жаралайтын Алдабергенді серікке бекер қаламайды. Демек, Алдекең де Әукендей ақберен болғаны да.
Саятқа шығардан үш күн бұрын Әукең мен Алдаберген мына Алматының кек базарына барып бір пұт бидай сатып алады.'Бидайды үйге әкелген соң, соғыстан кейінгі дүниенің бәрі қат кез, жалынып-жалпайып кондитер фабрикасының сол кездегі директоры Тайбериевтен бір литр спиртті де аттай қалып, атандай сұрап алып, бидайды соған екі тәулік бөктіріп қояды.
Үшінші тәулік болғанда бір пұт бидайды, енді онда спирттің судың салмағы қосылғандықтан жиырма килограммнан көп болмаса аз емес, бөртпеңді арқалап мылтықсыз-садақсыз екі саятшы саятқа шығады. Жолшыбай кез келген жүк машинасына отырып, Қаскелеңге келген соң онда дайын тұрған ат-шанаға мініп, өзен бойлап жоғары тартады.
— Өй, мылтықтарың қайда, кекілік ататын батырлар? — деп сұрайды Алдабергеннің танысы Тоқай.
— Мылтықпен әркім-ақ кекілік атып алады. Ал біз қан шығармай тірі күйінде ұстаймыз,— деп жауап береді Алдаберген.
— Не дейді, мына бар болғырлар,— деп танауы астынан Тоқай міңгір етеді де отыра береді. «Шамасы, тұзақ құратын шығар, тұзаққа түсер ол қырғауыл емес, шіл емес, кекілікті тұзақпен ұстағанды кім көріпті» деп іштей ойлайды да қолды Тоқай.
Қар қалың, құс түгіл аяқты аңның азық тауып жеуі оңай емес, тау іші қанша жылы дегенмен он бес-жиырма градус суық бар болса керек-ті. Қарагер ат жегілген жалғыз аттық шананың артына теріс қарап отырған Алдаберген мен Әубәкір екеуі тауға кірісімен жолшыбай жолдың екі жағына бөрткен бидайды аздан-аздан шашып отырады. Сөйтіп олар сайды ерлеп Қиқым утас өртеп, әк алатын жерге дейін барып, тоқтайды. Жолдағы жалғыз үй қорықшының үйіне де түспей кетеді, Сол жерде ат аялдатып, сондағы жүмысшы Иманәлінің үйінен бір шай ішіп болғанша күн екіндіге де таянып, «тоқты тоймас, шөміш кеппес» қыстың қысқа күні де өтіп бара жатады.
Саятшылар қайтуға асығады. Мұны білген Тоқай:
— Ау, батырлар-ау, әлгі аулайтын кекіліктерің қайда?— дейді, бұларды кекетіп.
— Кекілікті әлі теріп үлгермейсіз!— дейді Әукең Тоқай шалға.
Тоқай шал бұлар берекесіз, әншейін бір шалды-құйлы адамдар болды дейді де қояды.
Сонымен Тоқай атты бұрып қайтар жолға салады. Екі саятшы қолдарында екі қап, ат шананың алдына түседі де, жаяулап жүреді. Тоқай бұлардың бұл қылығына таңданғанмен үндей қоймайды. Таңданбай қайтсын, жоғары бара жатаққа жаяуласа бір сәрі, ат тарта алмады, ауыр болмасын десін, ал ылди төмен шанаға отырмағанына жол болсын! Сәлден ^ кейін-ақ Тоқайдың қызыққа батқанын көрсеңіз!
Утас өртеген жерден бір шақырым ұзап шыққаннан сен-ақ жолда жатқан кекіліктерді екі саятшы тезекше тере бастайды. Әне жерде де құлап жатқан кекілік, мына жерде де кекілік, екі қап тола бастаған соң, оларды шанаға салып, жолда етегіне жылқының тезегін терген ескі ауылдың әйелдерінше екі саятшы тондарының етегіне салып ала береді. Осылардікі рас па, өтірік пе деген Тоқай шананы тоқтата салып барып көрсе, шынымен-ақ кәдімгі өзі білетін, жаздыгүні жиырма-отыз балапанды бір-ақ ертіп жүретін ала қанат кекілік. Кекілікті Тоқай да білетін. Кекілік жұмыртқасын жиып баспайтын құс. Ол туады да, бұрынғысымен қосып, жұмыртқасын күнде шайқап, күні жеткенін шетінен шығара береді. Сондықтан да оның алдыңғы балапаны ұшуға жарағанда, артқысы қабығынан жаңа шығып жатады.
Тоқай кекілікті ұстап көрді. Былқ-сылқ етеді. Кекіліктің жаны бар сияқты, дүрсілдеп жүрегі соғып тұрғанын байқайды. «Ойпырмай, мыналардың құсты дуалайтын бір пәлесі бар шығар, мұндай жәдігөйлермен бекер-ақ жолдас болдым-ау»,— деп өзіне-өзі ренжиді. Бұларды тастап кетіп қалайын десе, жасынан білетін Алдабергеннен ұялады. Оның үстіне аспандағы құсты дуалап, жерге түсіріп, тезекше теріп алып жүрген адамдарға, жерде, екі аяғымен жер басып жүрген, шаруа шал Тоқай қиын болып па, кетіп бара жатқан жерінен көткеншектетіп жүргізіп мұны қайтарып келер болса, онда бұл рас масқара болмас па! Осыны ойлаған Тоқай шанаға қайтып келеді де, қаргерді еркімен ғана аяңдатып жүріп отырады.
Қаскелең сайының аузына бұлар жақындағанда екі қап толып, ендігі терілген кекілікті Тоқайдың тұлыбына орады. Сай аузына жеткенде екі саятшының тондарын да шананың үстіне төсеп, кекілікті оларға да салды. Бір кездері қарагер ылдиға болса да шананы зорға тартып, ат қара суға түсіп терледі. Сөйтсе, осыдан бұрын үш күн бойы қар жауып тамақ тауып жей алмаған кекіліктер соңғы күндері ылғи тас жеген екен, сондықтан қарагер тас жеген кекіліктерді тарта алмай қара суға түсіп терлеген екен.
Сай аузына жеткенде күн батып, ымырт жабылып кетті де, бағана өздері өкпелетіп түспей кеткен қорықшының үйіне қонуға мәжбүр болды. Қашанда қонақ тілеп отыратын қазақтың, әсіресе жалғыз үй отырғандардың әдеті. Үй иесі оларды құшақ жайып қарсы алды.
Кекіліктің етінің қуырғанын қуырып, асатынын асып, кешке дейін суық сорғандар лықия тойып, сол үйге жатып, қатып ұйықтап қалады.
Түннің бір шамасында үйдің іші пырылдап-дырылдап, үй иесінің есі шыққан әйелі ойбайлап жүр:
— Ойбай, жер сілкініп тұр. Ойбай, үйге пәле кіріп кетті,— дейді. Үйдің иесі де оянып алыпты. Екі саятшы да, Тоқай да бастарын көтеріп, көздерін уқаласып, не болғанын біле алмай отырады. Үйдің іші пырыл, дүріл. Бір түрлі қақылықтаған дыбыс шығады. Сөйтсе, түнде ішіктерге ораған кекіліктердің үстіне, екі қаптан да бір-екіден кекілік алған екен де, қаптың аузын байлауды ұмытып кетіпті. Үйде жылынып, мастығы тараған кекіліктер аузы бос қаптан шығып алып, үйдің ішінде пырылдап жаппай ұшып жүр екен. Үйде адамдарды көрген соң сауығып алған кекіліктер шошынып, ұшуын-қашуын одан сайын көбейтті. Сөйтіп шамды жағып көп жібергенде үйдің іші тауық қорадай пырылдаған қанат, қанаттан ұшқан мамық, ың-жың, пыр-пыр, дыр-дыр...
Ал шынын айтсам, Әукең мен Алдекеңнің саятшылығы Бақай саятшылығына қарағанда түк емес, оның жанында бұлардікі торғаймен ойнаған балалардың қылығындай.
— Оның кім еді, тағы?
— Ол менің нағашым да, жиенім де, құдам да, құдамның құдасы да емес, әншейін бір қаймана қазақ.
— Егер саятшылығы аналардан артық болса, ол да бір тазша бала десеңші.
— Олай десеңіз естімей-ақ қойыңыз.
— Жо-жоқ, айтшы айналайын!
— Менің нағашым Алдаберген аспандағы тырнаның «қайсысын атып берейін» дейтін атақты мерген болғанымен, мен оған тартпаған адаммын. Осы өмірімде қолыма мылтық ұстап көрмеген жанмын. Өйткені маған екі қабат кезінде менің шешем бүйенге жерік болыпты. Ал малдың жілігін санап ескен қазақ баласысыз, бүйеннің қандай екенін білсеңіз керек-ті. Оны үрлеп ішіне уыз қатырғанды талай көрдіңіз, жұп-жұмсақ сары уызды тамсана отырып талай жедіңіз. Сонда бүйенкің ириген қисық екенін де байқаған боларсыз. Ендеше менің неліктен қолыма мылтық ұстамайтыным түсінікті болуы керек. О баста шешем бүйенге жерік болып, мылтық атса, оны тимейтін байқұс жаратқан соң, мылтық менің не теңім. Мылтық атып алыстағы нысанаға тигізу түгіл, әлде қалай ашуланып әйеліме қолымды сермегенімде, бір қадам жерде тұрған оған тигізе алмай, екпініммен өзім жалп ете түскенмін. Содан жымып жүрген жайым бар. Ал Бақайға келсеңіз, оның шешесі бүйенге емес, көзге жерік болыпты. Сондықтан да болса керек, Бақаң көз керім жерде тұрған аңды құйрығынан атқанда, оғы бұрылып барып, көзіне төстің көрінеді...
Сонау бір жылы іле бойлап, Балқаш құлап бара жатып шаршап-шалдыққан, әбден азып-тозған, кезі шүңірейіп ішіне кіріп кеткен жалғыз жаяу келе жатқан адамға жолыға кеттім. «Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше» деген ғой, жөн сұрасып, жол жағасына екеуміз қисая жатып әңгіме шерттік.
— Атым Бақай,— деді ол.
— Иә, жол болсын, Бақа,— деймін мен қаудиып есіп кеткен сақал мен мұртты сыйлап.
— Әлей болсын! Жолбарыс қамауынан құтылып келе жатқаным,— дейді ол. Мен «қайдағы жолбарыс?» дегенім жоқ. Өйткені Тәжіктің тулақтай жеріндегі титаның тұмағындай қорықта соңғы жолбарысты бір мың тоғыз жүз елу үшінші жылы көрген болса, қазақтың Алатау мен Арқаның, Атырау мен Алтайдың арасын алып жатқан далиған даласында жолбарыс алпыс үшінші жылға дейін келмеді деуге кімнің аузы барады. Сонымен Бақаңның әңгімесін бөлмей, екі құлағымды салпитып тыңдай бердім. Егер бір сезбен оны бөліп, тіпті бір әлдеқандай сұрақ қойсам, ол әңгіме жүйесінен айрылып қалардай көріп, үнсіз қатып қалдым. Сонымен Бақаң әңгімесін соза түсті.
— Менің өзім бір асығы алшысынан түсіп, ажалдан құдай қорғап қалып жүрген жанмын. «Оқ қағарым бар» демеуші ме еді, қазекем. Нақ солай оқ қағарым бар. Азуы алты қарыс, аранын ашқан ажалдан бір емес екі құтылып кеткен адаммын. Ажалдан адам құтылмайды деседі, мен сол ажалыңызды саздау жерге құйрығын жалаңаштап отырғызып кеттім білем.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Әмудария өлкесінде, Әмудария емес, шырағым, шатастырып жүрме, әскер қатарында болып азаматтық борышымды атқарып жүрдім. Қайталап айтамын, шырағым, Амур дария.
Қайталап жатқаным, сендер, журналистер, біз, саятшылар сияқты шындықпен шектелмексіздер, көбіне өтірікті зықпыртып жіберетіндеріңді білем. Бір күні ойда жоқта қырғауыл етін жегім келгені. Әскери тағамханада саған қырғауыл етін кім береді, көбіне тамағымыз тары ботқа, құмық ботқа, тағысын тағылар ғой. Үйге қайтуыма да бір-ақ, ай уақытым қалған, сондықтан командирлеріме еркіндеу едім. Бір күнге рұқсат сұрадым, ол қайда баратынымды сұрады да, маған мұрсат берді. Мен не де болса деп тура Тайгаға тарттым. Тайганы білетін шығарсың,— деді ол маған,— осы заманның мектеп табалдырығын аттамаған жүгермектері де оны жақсы біледі ғой. Қалқа қорыс орман. Ағаштан аспан көрінбейді. Ит мұрыны өтпес деген тоғайың тура осында болады екен. Баяғыда ойлаушы едім, тайға тайға дейді, сол біздің Бақанас өңірінің сексеуіл шабырынан қалың болады дейсің бе деп. Кім біліпті, әр бұтаның түбінде екі-үш килограмм ет жататын біздің Балқаш ауданынан артық жер бар деп ойлаппын ба онда.
Бар арманым да, аңсағаным да қырғауыл еті. Әсіресе ауылға кетемін деген кезде сары майға қуырғанда түйін-түйін болып, табақта сап-сары болып жататын дәмді тағам есіме түсе беретін болған. Бір кездері құстың басы қылтия қалған соң «қанды басың бері тарт!» деп мылтығымды көтере берсем, әлгі құс қырғауыл емес, күрік болған тауықтай екі қанаты жерге сүйретіліп кеткен, қырқылдақ дауыс шығаратын құс. Кейін білдім, саңырау құр деген осы екен. Атпадым. Өйткені төңіректе қырғауыл жүрсе жасырынып қалар деп қорықтым.
Тайгада сандалып келе жатып, қайта-қайта бұрылып артыма қараймын. Өйткені пәле артымнан болмаса, алдыма кезенген мылтығым бар. Дәтке қуат. Дегенмен тайга іші біздің Бақанас өңірінің тоғайындай жарық емес, ағаштан аспан көрінбегендіктен бе, қараңғы да, қорқынышты да. Сөйтіп жанымды шүберекке түйіп, бекер-ақ келген екем, кетейін деп шегіне бергенім сол еді, алдымнан піскен бас сияқты бірдеме ыржияды. Құлағы шұнтиған, мен көрмеген бір хайуан. Не істерімді білмей сасқанымды айтпаңыз. Байқаймын, алакөлеңке жерде екі құлағын жымырып, әлгі маған мысықша атылмақ болғанын байқадым, бұл, шамасы, шабынғалы жатыр.
Енді кешігуге болмайтынын аңғардым. Ол атылғаннан бұрын, өзім де пәлемін, мылтықтың шүріппесін басып қалдым. Мылтық дүниені күңірентіп, гүрс етті. Хайуан ар егіп, атылып құлап түсті. Екі көзім анда, өзім көткеншектеп кейін шегіне бердім. Жайраттым білем. Жоқ, жайрата алмаппын. Хайуан орнынан қарғып тұрды. Енді құритынымды білдім. Әй ажалының жеткен жері осы болды ғой деп ойладым. Бір сәтте-ақ жоқ болдым. Құлдырап түпсізге түсіп кеттім. Не болғанымды да білмедім. Суға күмп ете түскенімді сездім. Жалма-жан су бетіне қалқып шыға келгенде қолымдағы мылтықты жоғары көтеріп, жалғыз қолмен өзен ортасына қарай жүзе жөнелдім. Шамасы, бұл сасқанымнан болса керек. Сөйтсем, сандалып жүріп, Амурдың жарқабақты жағасында тұрғанымды сезбеген екем.
Хайуан жүгіріп келіп, жарқабақтан суға секірмей төніп тұра қалды. Анық көрдім, жолбарыс екен Оқ оң құлағын жұлып кеткен екен, одан қан саулап тұрды. Амалы құрығандай кезімен мені атып, ішіп-жеп барады. Сонан соң артқы екі аяғымен жерді тарпып-тарпып жіберіп, шанды бұрқыратты. Көтерілген шаң жолбарысты жауып кетті. Екі артқы аяғымен жерді тарпа тырнап жібергенде, «қап бәлем, құтылып кеттің-ау!» деп тұрғандай көрінді. Егер Амур өзені болмаса, егер мен Балқаш жағасында өспесем, суда балықтай жүзбесем, не болар едім?! Міне, бұл менің ажал аузынан қалғаным ба, жоқ па? Шамасы, мұндай жағдай тайгадағы талайдың басында болады деп отырсың ғой. Мүмкін. Бірақ мәселе артында жатыр. Содан бір шықырымдай ағысқа қарай жүзіп, «өлмегенге өлі балық жолыққандай», бір қайықшыларға кездесіп, олар мені судан шығарып алды. Сөйтіп сүмірейіп ымырт жабыла, судан шыққан тышқандай сүйретіліп, қырғауыл тұрмақ, қалың тайгадан кесіп алған сырғауыл да жоқ, екі қолымды мұрныма тығып бөлімшеге жеттім-ау, әйтеуір.
Сол-ақ деп отырсың ба? Сол-ақ емес. Пәлесі артында жатыр. Содан бір айдан кейін мен елге кеттім. Ойда ештеме жоқ, «ел іші алтын бесік», бәрі ұмыт болды.
Нақ осыдан жеті күн бұрын,— деді Бақаң қабағын шытынып,— үйде ет таусылып қалған екен, бірер қырғауыл, әлде қоян атып әкеле қояйын деп үйден шығайын. Әншейінде жыртылып айрылатын көк сүр қояны құрғыр да кездеспей, сексеуілдің қалың шабырын аралап, біраз жерге кетіп қалсам керек. Бір уақытта әлгі сұмырай сауысқанның бірі шықылықтап жанымнан шыға келмесі бар ма. Сауысқанның шыға келгенін жаманшылыққа жорыдым. Өйткені елсізде қашанда жалғыз адамға сауысқан кездессе, оның артынан даланың бір көкжалы қоса жүреді. Оны мына сен, қаладан шықпайтын қағаз кемірген журналист, қайдан білерсің, қазақтың қойшы-қолаңының тегіс білетін шындығы бұл.
Сауысқанды көрген соң-ақ зәре-құтым қалмай, опырмалы мылтығымды кезене ұстап келе жатыр едім, анадайда жермен-жексен болып, екі жауырыны құнжыңдап, оң жақ құлағы жоқ жолбарыс жер бауырлап келіп қапты. Тани кеттім. Ескі дос, сонау Амур жағасында өзім құлағынан атып жығатын бір құлағы жоқ, шұнақ болып жазылған жолбарыс, дұрысы жолбарысы емес, елекшіні екен. (Оны артынан білдім). Сарғыш терісінің үстінде қап-қара жолақтары бар, жалғыз құлағын шабынуға ыңғайланып, жымырып алыпты. Енді болмаса тарпа бас салады, әлде лақтырып жібереді. Сонан соң қара саннан, әлде май құйрықтан ауызды бір салып, қарпиды да кете береді. Япырмай, анды мұнша кекшіл болады деп кім ойлаған, сонау Амур жағасынан мені Алатауға іздеп келуін көрдіңіз бе?! Мұндай сұмдықты кім көріпті! Сонан соң тәуекелге бел байлап тағы тартып қалайын. Өлекшін тоңқалаң асты. Жан ұшырып тұра келіп қашайын. Ол тағы да өлмепті, артыма қарасам — екшелеп келіп қалыпты.
Менің бір бала кезден шамдағайлық әдетім бар, жүгіргенде де шығымды едім, әсіресе жарты шақырым жерге мені ешкім қуып жетіп көрген емес., тіпті а дегенде ат та жете алмаушы еді. Жан-дәрменде құстай ұшып кетсем керек, жолбарыс шаңыма ермей қалыпты. Бар күшімді салып жеткен жерім бір үлкен сексеуіл шабырының арасы еді, мені қорғауға әдейі жаралғандай сол жерде жалғыз қара тал есіп тұр екен,Мені қорғауға демей не дейін, өйткені іле бойында көбіне ешкі тал, сәмбі тал ғана өседі ғой. Бұл жерде де менің оқ қағарым бар екені анық болды. Жолбарыс тал жанына жеткенде, мен үш құлаштай биікте едім. Жолбарысты енді анық көрдім, ол ағашқа асылып, алдыңғы аяғымен оны екі-үш рет тырнады, ағаш дір-дір етті, мен одан да қатты дірілдеп зәр-иманым қалмады. Бірақ едәуір биіктемін.
Жолбарыс аузы-басын жаланып, сонан соң ағаштың түбіне жатты. Алдыңғы екі аяғын созып, оған басын салып, телміріп жатыр. Сол жатқаннан ол бес тәулік жатсын, күндіз де, түнде де мені бағады да жатады. Мен құламас үшін белдігіммен өзімді талдың дініне таңып тастадым.
Алтыншы күні жолбарыс орнынан тұрды да, керіліп, созылып, дүниені күңірентіп, күн күркірегендей екі-үш рет ақырды. Сонан соң артына бұрылды да, қалың шабыр арасына кетті. Құдай жарылқады деп түсіп, енді зытқалы тұрсам, артында сарымағы бар әлгі шұнағым қайтып келе жатыр. Жалма-жан ағашқа қайта жармастым. Олар келгенше мен.
қайта өрмелеп, жоғары кеттім. Осы жерде шүкіршілік еттім, егер бұл жолбарыс болмай, ағашқа өрмелейтін қабылан болса қайтер едім. Онда «өлді» деген осы дағы деп Қожанәсірше домалай беруден басқа не қалар еді.
Сөйтсем, бұл өлекшін әбден әккі қу екен. Өзі жем іздеу үшін ағаштың түбіне едәуір есейіп қалған, азу тісі балғадай сарымағын қарауылға қойып кетті. Міне дүниенің пәлесі!
Сонымен мені енді сарымақ күзетіп, жетінші күннің таңы да атты. Сарымақ кірпік қақпайды...
Түс әдетінше бір дырыл естілді де, бір тікұшақ мен төбесінде отырған тал ескен қолатқа жер бауырлап ұшып келе жатты. Нақ осы бір сәтте сарымақ қарғып тұрып қаша жөнелді. Ол алды-артына қарамай зытты. Оның кетуін қас қақпай аңдып отырған Бақай пақырың да түсе салып өз бетіне жоғалсын де. Сонымен, інім, ажал аузынан екі қалған Бақай ағаң алдыңда отыр.
Мен тіпті не дерімді білмедім. Мынаның саятшылығының басында Әукең мен Алдабергендікі әндиша болды ғой. Бұл сонда күні жолбарыс аулаумен өткен' жалайыр Келдібайдың, әлде бүкіл қазақ даласындағы жолбарысты баласы мен қатынының қаны үшін қыратын, кәдімгі Мұхтар Мағауин жазатын шапырашты Шерхан шерінің өзі болмаған өзі болмаса да шөбере-шөпшегі ме деп аңырып қалдым. Не деп болмайды.
1987.
ИЕК ИЗЕС
«Қанжығада көрісерміз» дейтін қоян емеспіз. Әжептәуір адамбыз, шынын айтсақ, адамбыз деп жүрміз. Басқалардың біз туралы не ойлайтынын кім білсін, езімізге салса, қатарымызға тұра алатын, таразыны тең басатын, бізбен иық теңестіре алатын ешкім жоқ. Туысқан дегенде тұлан тұтып шыға келетін жатбауырың біз емес. Туысқанның аты естігенде екі өкпемізді қолымызға ала жүгіретін аңқылдақ сорлының біріміз. «Ұрының қатыны өзіне лайықты» дегендей, әйелім Айрангүл де өзім сияқты ақтарыла салатын байқұс. Қарасаздан келетін туысқандар түгіл, иісі Алмалықтікі болса болғаны, ол жатып жастық, иіліп көсек болып, шелді жердегі кеуректей қаудырап қағады. Бір жаман жері — менің туысқанымның қия басқанын қалт жібермейді. Дегенмен біз көбіне өзімізді «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» дейтінді қатты ұстанатын қазақпыз деп есептейміз. Ісі түссе қамырдай илесең де қайыстай созылып көне беретін, әншейінде алыстан құлағын тігіп, құйрығын сыртқа салатын саяқ сәуріктей сырт беретін Көмірбайдың мінезі бізде әзір болып көрген емес. Не деп болмайды, қартайғанда кәрі боз жорға шығарған болса, адам баласына тән ондай кемшілік бізде болмайды дей алармысыз?
Сонымен айтпағым, әлгі иектің изелуі еді ғой. Кектің изелуі деген шын мәніне келсеңіз, онша жаман нәрсе емес. Иек изең етті деген — бір нәрсеге келісім болды, иілді деген сөз. Бас шайқау — ол жоқ-жоқ деп тұратын пәле емес пе? Оған қарағанда иек изеу бейілге де, ықыласқа да толы ишара. Осы сүйір, кем, әлде сақалды иек-ақ кейде көп нәрсені аңғартады. Оны мен езімнің інім Бүргенбайдан білемін.
Бүргенбай туа біткен емес, кейін жүре-келе кінә болған інілердің бірі. Есігіме ергенек болатындай әйтеуір, біздің үйден екі елі ұзап шықпайтын әдеті болатын. Іздесең болды, Бүргенбай дайын. Ит басына іркіт төгіліп, ішкен мас, жеген тоқ болып жататын мейрам күндері түгіл, қызыл дегенің өңің түгіл түсінде көрінбей кететін көктемнің жазға ұласар шақтарында да жаныңнан жарты елі шықпайтын. Өз ақшамызға бір асым ет тауып келіп тұратын. Болмаған күнде күніне осы кездің жезтаңдай жеңгесі — телефон арқылы хабарын беріп, тірлігін айтады. Сонда менің әйелім Айрангүл:
— Осы Бүргенбайдан басқа туысқанның керегі бар ма?— деп мақтап қалушы еді.— Қыстың қысқа «тоқты тоймас, шөміш кеппес» күні түгіл, жаздың жан-жануардың тегіс жанданып, жаны бардың бәрі ұясына оралып жатқан шағында біздің төңірегімізден арқан бойы ұзап кетпейтін осы баланың үйінің шаруасы қашан бітеді? Мұндай берілген адамдар бола береді екен. Япырмай...
Бұл Айрангүлдің Бүргенбайды мақтағаны ма, жамандағаны ма? Түсіне алмадым. Бүргенбайдың басындағы кемшілігін көріп тұрғанмен мен. де Айрангүлге ештеме сездірмей қоя саламын. Басында торғайдың миындай миы, есі бар еркек әйелге өз туысқаны туралы жаман сөз айта қоя ма? Тек оларға ағайының туралы нашар сөздің шетін шығарып бер, тырнақтай кемшілігін тырнадай, түймедейін түйедей етіп жіберсін. Сондықтан екі елі аузыма төрт елі қақпақ қойып, ондай сезді тісімнен шығармаймын, естімес кереңмін, тіл-аузы жоқ мылқаумын. Әйтеуір бүгін жақсы болып тұрғанда жалбақтап жанында жүрген соң, оның кейбір оғаш. қылығын көрмеген бола салу да бар. Ия, жасыратын не бар, басыңда бақыт, астында тақыт тұрғанда бір жақсы жері, туған да, туысқан да көп. Ал басыңа бұлт айналсын ше? Ойбай, ол өзімен кетсін! «Жақсы сөз жарым ырыс». Сондықтан бүкіреңдеп Бүргенбайлардың жанында жүргеніне не жетсін!
Байқаймын, Бүргенбайдың талағының биті бар. Олай дейтінім, бір тапсырма берсем тап-тұйнақтай етіп орындап, оның нәтижесін қолмен қойғандай етіп езіме уақтысымен жеткізіп тұрады. Шыны керек, туысқандарымның көбі олақ қатын ескек арқандай, босаңдау. Сондықтан осындай (Бүргенбайдай) бірлі-жарымды ақынның термесін ұғып, құдайдың бермесін алатындарын демеп жіберуді де кейде ойластырып қоямын. Несі бар, құдай екен сонша бізді барлық жұртқа қызмет етуге жаратып па. Бізден де бастық шықса, басымыз бас бол май, шара болып кетеді дейсің бе?!
Бүргенбайды отпен кіргізіп, күлмен шығаратын, кісі жұмсап үйренген біз емес. Ондайдың ұмыт болғанына алпыс жыл болып кеткені де есімізден шықпайды. Ал біздің Бүргенбай ағалағанда, ет жүрегің езіліп, көң етіңді кесіп бергендейсің. Өзімсінген адамының не істеп, не қойғанын аңди берермісің, әйтеуір, Бүргенбайдың біздің төңірегімізден табылғанына мәз боламыз. Бір орайы келгенде Құрыш деген аупартком секретарына Бүргенбай жайын құлаққағыс жасадым. Құлаққағыс емес-ау деймін, шамасы, туралап-ақ айттым-ау деймін.
— Мынау Бүргенбай колхоздың бригадирі болып қашанғы жүреді? Қолынан қай жұмыс та кететін түрі бар, осыны басшы қызметке қоюға болмас па екен?
Құрыш та басқа басшы қызметтегілер сияқты «көрермізден» артыққа бармады. «Сынап көрелік, жасалық» дегенді мен басшы ауыздан естімегелі қашан. Сондықтан Құрыштан «көрермізден» артықты күткен де жоқ едім. Өйткені осы «көрермізбен» талай бастық ішегіңді үзеді, осы «көрермізден» талай мәселенің аяғы сиыр құйымшақтап ұзап барып, құрдымға кірген судай жоқ болады. Сондықтан да осы «көрерімізді» естігенде оның сырына қанық болғандықтан, иығыма алты батпан шойын артқандай шойырылып шығушы едім. Дегенмен Құрыштың «көрермізі» мен білетіндердің «көрермізінен» мықтырақ болып, арада ай еткенде бұрыннан колхоздың басқарма мүшесі бригадир Бүргенбай колхоз председателінің орынбасары болып шыға келді. Кәдімгі бастығыңыздың басы қисайса орнына қоқаң етіп қадыя қалатын қарабатыр.
— Қолыңнан іс келетін жігіт сияқтысын. Ағаңа да берген уәдем бар еді, сені колхоз председателінің орынбасарлығына ұсынып отырмыз. Сенімді ақтай біл!— депті Құрыш Бүргенбайға.
— Аға, тірі жүрсем Сізді ұятқа қалдырмаспын, үмітіңізді ақтармын,— деп қосты өз жанынан Бүргенбай. Мен «Ия, шырағым, ұятқа қалдырмасаң болды»,— дегеннен артық оған не дермін.
Бұрынғыдай емес, енді жұмыс басты ма, әйтеуір Бүргенбай алдымен апталап болмай, енді араға ай салып соғатын болды. Бір күні аяқ астынан сол Бүргенбайдың керек болмасы бар ма.
— Апыр-ай, жұмыс басты болып кетті-ау әлгі Бүргенбай,— дедім. Ойымда ештеме жоқ.
Бүргенбайыңыз үш күннің бірінде-ақ осы қалада жүреді,— деп мысқылдай күледі үлкен ұлым.
— Қой әрі,— деймін мен әке болғансып.— Бүргенбай қалаға келсе амандаспай кетуші ме еді?! Сүйреңдеме, еркек босыңмен.Еркек бол!
— Қойдым, қойдым,— дей салды ұлым. Бірақ көмейінде «әкемен айтысуға бола ма, әйтпесе айтар едім» дегендей бірдеме бары бүлкілдеп көрініп тұрды.
«Қос үйді қоса қондырмайды, қызы бардың бізі бар» деп бұрынғылар айтқан екен, осы кезде жар құлақтар салпаң құлаққа айналып, ұлы не, қызы не, бәрі де туысқанның, туғанның кемшілігін көргіш, айтқанын естігіш болып алған. Оларды тыңдай берсең, қос үйді қоса қондыруың.не, бүкіл елді кешіріп қондырады, адам баласына сөйлеуден қаласың. Содан да балаларды «так-такпен» жұмсап жұдырықтай ұстамасаң, ағайынмен араз түгілі тас-талқан боласың. Соның бәрі де Айрангүлдің балаларды аптап-күптеп отыратын суқиттаған пәлесінен болып тұр ма деп қаламын.
Арада біраз уақыт өткенде Бүргенбай келді. Бұрынғыдай емес, азырақ бойкүйездік, кердендік пайда болған. Ол отырар отырмастан-ақ әңгімеге тура кешті:
— Бәке аға, бір жұмыстың ыңғайы келіп тұр. Қол ұшы керек. Бірауыз айтсаңыз!— Туысқанның көңілін жықпайтын бір жаман әдет мені жасымнан жайлап алған. Оным кейде тіпті ескі сарқыншақтармен астасып та кететінін өзім аңғара алмай қаламын. Әттең, ішегіңнің қырыққысы кетпеген дәл бетіме былш еткізіп айтатын адам жоқ. Кейде кітаптарды, газеттерді оқып «енді бұған бармаспын» деп, оңашада өзіме өзім ренжіп, тістеніп, бекініп алсам да, арақты көргенде аузынан суы ағып, шыдамай жұтып қоятын маскүнемдей туысқаным әдемілеп жібекпен мүнәйім сипағандай етіп айтқан кезде майдай болмаса да, жылы жерге әкелген мұздай еріп жүріп беремін. Сонымен тағы да телефон құлағына жармаса кеттім...
Сөйтіп үш-төрт күннен кейін Бүргенбайым кәдімгі күдірейген колхоз председателі болғандығын айтып, телефон соқты.
— Баке, бастықтың орнына отырдым.
— Е жақсы болыпты, құтты болсын! Үйге барып та құтты болсын айтармыз.
— Жо-жоқ, әуре болмаңыз. Келмей-ақ қойыңыздар. Жұмыстарыңыз көп шығар...
Бүргенбаймен сөйлескеннен соң мен мәдениетті інімнің жұмысымыздың көп екенін біліп, бізді әуре болады деп жаны ашып «келмей-ақ қойыңдар» дегеніне көңіл аудармай тұра алмадым. Егер мәдениеті шамалы біреу болса, біздің жұмысымызда жұмысы болар ма еді! Мәдениетті, бәрін біліп тұратын адамдардың жөні де, жоралғасы да басқа ғой, шіркін!
— Атаңның басы!— демесі бар ма Айрангүлдің.— Жаман қатты сенің жұмысыңның көптігін ойлап тұрған шығар. Ол қатыспасын, зияны тиіп кетіп жүрер деген сез.
Қазақ қатын айыр деген. Әдейі туысқанымыз екеуміздің арамыздан Айрангүлі бар болғыр жік шығармақ. Пәлесін көрдің бе. Әйелдер-ақ сөзіңнен шиқан шығарып, қанын ағызып тұрады. Өзінің тілінің шиқанын бырт дегізіп сығып, соқтасын алып тастар ма еді!
— Әлі көрерсің Бүргенбайды. Сені қай жерде көріп едім деп жүрмесе!..
— Ой, жағыңа жылан жұмыртқалағыр! Адам басынан жамандықтан басқа керерің бар ма?— Мен туысқанымды жамандағанға әжептәуір ыза болып қалдым.
Сөз осымен тынды. Бүргенбайды алты айдан кейін бір үлкен мекеменің алдында кердім.
— Балбақ, саламатсыз ба? Үй-ішіңіз аман ба?— деді. Байқаймын, інім ірілеп, менің атыма да тілі келіп қалыпты. Қызмет жағынан біржақты ірілемей, жан-жақты ірілеп, мінез-құлқы да қызметінше жуандап қалғанға ұқсайды. Жаққа да әлгі «Құдағидың келгенін» көрейін деп театрға барсам, Қалтай да келген екен. Нақ осы бір сәтте біреу маған иегін изеп еткізіп қояды. Жанымнан өте шықты. Мен байқаңқырамай бара жатсам, әлгі тіліңе шок түскір Қалтай:
— Өзің бәрі жасағын бөлтірігің ғой!— деп кеңк-кеңк күледі. Ойланып қалдым. Ойланбай қайтейін. Әуелі аға едім,
одан кейін «Баке аға» атандым. Одан соң Баке, енді Балбақ» болдым да, кейін «Ботабаев жолдас» делініп, інім мені ірілетіп, ресми қара қазандай бөрік кигізіп жіберді. Енді иегін изең еткізіп, қайбана қазаққа ұсап бара жатқаны мынау. Не істеуім керек? Осылай інілерді ірілендіріп алып, иегін изең еткізіп қойуым керек пе, әлде аға болып алдымда зыр жүгіртіп қойғаным жөн бе? Қайсысы дұрыс? Айрангүлге салсаң, «Олардың бәрі апы кіріп, күпі шығады, аулақ олардан, аулақ» дейді. Тіпті еметайдың езіліп бара жатса ағалатып қой демек. Шынында да інілердің ірілегендегі көрсеткені иегі болса, онда Айрангүлдің айтқанымен жүріп, аңдауына көнгенім дұрыс-ау деймін. Қалай, ағайындар?! Бірақ ол маған иегін изеді ғой. Ал иземей кетсе не істер едім?!
1980
ЖОҒАЛҒАН БӘТЕҢКЕ
Өкіл тамақты ұзақ отырып, асықпай-саспай ішті. Мұны көрген Тақаң бір жағынан риза болып та отыр еді. Өйткені көбіне облыстан, ауданнан келген өкілдер от ала келген, «ертеңгі ас қой» деп ауыз тиген әйелдерше тамақты шала-шарпы іше салып қашады. Ондайда тіпті әзірленгенімізге тұрмады-ау деп үй-іші, отбасы ренжіп те қалар еді. «Досыңның тамағын дұшпанындай іш» деген қазақ байғұс қонақты тойғызбай жібермеуге қашанда бар ынтығын салар еді. Міне, мына Мықсан салауаттылық көрсетіп, бергеніңнің бәрін-ақ сыпырып-сыйырып соғып отыр. Өзі де қатты шөліркеп қалған екен, әсіресе сыртына шыға біткен бақа көзін шөлмек жағына көбірек тастап, түйе бақырса сынатын жұқа тостақтарды қайта-қайта-ақ босатып тастап жатты. Қашанда қонағының тамағын ішкеніне сүйсінетін көп қазақтың бірі — Тақаң:
— Азамат деп осындайларды айту керек. Әйтпесе көбі-ақ шуқың-шуқың етіп бірдеме жеген болады да, енді бір қарасан — тыпың-тыпың етіп кетіп бара жатады,— деп шын сүйсінген сөзін ішіне жасыра алмады.
Үйдің иесі Ердос отызды алқымдаған жұқалау жігіт «Қарғалы» совхозының бір белді қызметкері болатын. Келген төрт адамды ол да, басқа үй-ішіндегілер де жік-жапар болып қарсы алып еді. Құрметті қонақ Мықаңның шашбауын көтеріп келген үшеудің екеуі үлкен ас желінген соң-ақ қипақтап біраз отырды да, «шаруамыз бар еді» деп сытылып шығып кеткен. Ал аудан ағасы Арман қолпаштай келген қонақты бірден жалғыз тастап кете алмады. Сағат он екіні соққанда, қанша шыдасын, ол да қипақтап-сипақтап біраз көріп еді, құрметті қонақ асығар болмады.
— Ал, Арман сыйлап берген екен, алып қоялық!— деп өзінің алдындағы әдемі тостақты көтерді де, Арман қолындағы ыдысқа тигізер-тигізбестен түбін жалт еткізді. Тақаң, алғаш оның тостақ көтергенін байқамаған екен, енді бірде көзі түсіп кетіп еді, мұның ішіс емес, иегінің астында байлаулы бір мес бар да, оның аузы ашық тұрып, мынау иегіне жақындатқан тостақты соған төңкеріп тастай салып жатқандай. Бұл анау Арман жаман сияқты сіміріп, не ұрттап отырған жоқ, сораптамайды да, тек түбін жалт дегізеді. Қысқасы, мұның ішісі де өнер.
— Ой, туысыңа болайын!— демеске болмады. Інісі бөлек, шамасы, көп оқыған, елге іргенек, жұртқа жұғын болатын адамдардың жөні бөлек-ау, қарашы тіпті, әсіресе тамақты өкпелетіп отырған жоқ. «Жақсы тамақ, қалғанша, жаман қарын жарылсын» дегенді жаттап өскен жан шығар. Алдын ойсыратып-ойсыратып-ақ жіберді. Қазақта «кісі асына сабыр» деген де бар. Бірақ өйтіп кісі болып, кісімсіп, сызылып отырғанша өзімізбен бірге айран ұрттап қой құрттап жүргендей, өзімсіне отырып, опырып жегенге не жетсін.
Арман тағы қипақтай бастады. Түн жарымынан ауып барады. Жазға салымғы Алатау өңірінің ақ жаңбыры сылбырап бір тынар емес. Сыбырлап жауып тұр. Даланың оны шығып кеткендей. Түн ішінде батпақтап үйге жеткенше де біршама уақыт етер деп отыр.
— Мықа, демаласыз ба?— деп жақауратты Арман.
— Демалып мен немене саған, жүгірген жоқпын ғой, отырмын?! Кел одан да!..— Тостақты көтеріп тастады. Түбі жалт ете түсті.— Мен бір ыстық қуырдақ жеуші едім осындайда!
— Ойбай-ау!..— Арман «жаңа ғана еттің алдында мақтап-мақтап майлы қуырдақты жөн алып едіңіз ғой» дей жаздап қалды. Ердос келіншегіне қарады. Емшекте баласы бар Мәпия тұра жүгіріп қайта қуырдақ қуыруға кетті.
— Мен жылтпа қуырдақ жемеуші едім,— деді Мықаң, шамасы, бағанағы жей алмағанын қыздырып әкеледі деп қорықса керек.— Көңілденіп отырғанда қайта-қайта қуырдақ келтіруші еді келіншегім.
— Қуырдақ болады, Мықа. Қайта қуырылады, жаңа май қуырдақ әкелінеді. Сіз жемеген қуырдақты...
Мықсан үлкен, сыртқа шыға біткен бақа көзін оған бір тастады да, Арманға бұрылды. Арман кеңірдектеп тойып отырып, тағы тамақ сұраған Мықсанға беттей алмады. Нақ осы кезде Ердос «Ақтамардың» төртінші шөлмегін дастарқанға қойып жатыр еді. Мықаң бір-екі ықылық атып алдыда, қазанға қол салды. Бағанадан алдында әдемілеп ұстап отырған күміс шанышқыны көзге ілмеді, көршеңгел салды. Темірді тастай салып қолмен жегені де Тақаңа ұнағандай еді. Несі бар, атам қазақ етті қолымен жеп-ақ жеті миллионға жетпеп пе еді, деп отыр ішінен. Арман шыдай алмай, кететінін білдірді. Құрметті қонақтың бұл кезде қазы-қартадан аузы бос емес еді.
— Ердос, ертең ұялып қалмайық, қонағыңды жақсылап күт!— деді Арман есіктен шығып бара жатып.— Әдейі жыланын қайтаратын, тойғызатын жерге әкеліп едім.
Арманның кетуі Мықаң мінезінің сыпайылығын бірге ала кеткендей. Ол шығыңқы екі бетінің ұшын жалпақ алақанымен бір-екі ысып-ысып жіберіп, бадырайған ала көзімен ата Ердосқа қарады. Бұл кісі жақтырмағандай не болып қалды, әлде қуырдақты жылтып әкелді деп отыр ма деп ол бәйек болды.
— Қуырдақ жаңадан пісірілді, Мықа!— Ердос оған анықтай кез салып еді, оның алғашқы жібектей есілген қалпы әлдеқашан бітіпті, енді еріні дүрдиіп, ұзындау шашы жалбырап, жан-жағына түсіп, басы аюдың кірекейіндей сабалақтанып кетіпті.
— Сен бала,— деді Мықаң,— қонақ сыйлап көрмегенсің бе? «Ақтомарың» түгіл ақтомарыңның да керегі жоқ. Әлгі өзі жұлық жалап жүрген арманыңды қой! Орыстың ағы бар ма? Ағынды ақтармайсың ба бүгін!— Ол бұл сөздерді жүз бөліп зорға айтты.
— Қалауыңыз білсін, Мықа! Бәрі дайын!— Ердос ірге жақтан екі шөлмекті әкеп дастарқанға қойды. Бұл арақтан емес, арақ бұдан қорыққандай екі шөлмек мөлтілдеп, шайқалақтап тұрды. Мықсаңның қабағы әжептәуір көтеріліп, көзі сыртқа тебе түсті. Ердос арақтың бірінің аузын ашып құйғалы жатқанда, Мықаң су құюлы тұрған қырлы стаканға қол созды. Ердос құймаққа «сарыағаш» суын ала жүгіріп еді, анау адырая қарады да:
— Ақаңнан, толтыра құй!— деді. Қырлы стакан ішіндегісін жасыра алмай, меймілдегені көрініп, дірілдеген мас қолы қалт-қалт етіп, мөлтілдеген екі-үш тамшы тостақ сыртына ағып бара жатты.
— Ал, айналайын, сенің денсау...— Төгіп-шашып тартып жіберді. Арақтың біразы екі езуінен ағып кетті. Ердостың әкесі Тақаң бұл жолы оны мақтай алмай қалды. Өйткені бұл кәдімгі күнде өзі кәріп жүрген ағаш аяқ Сегізбайдың, ақсақ Көбіктің ішісінен айнымай қалып еді. Қонақтан көңілі қалыңқырап қойған Тақаң ұйқтауға беттеді. Енді бірде қалжырап ұйқы қысқан. Ердос қалғып кетіп кезін ашып еді, қонақ арақты әзі құйып ішіп жатыр екен. Қонақ қор ете түседі де, көзін жыртитып аша салып, қайта арақ құяды. Бір жақсы жері — арақ құйып бермеді деп ешкімге өкпелейтін түрі жоқ.
— Сіз рұқсат етсеңіз, мен азырақ дем алайын,— деді шыдамаған Ердос сағат түнгі үштен ауғанда.
— Екі шөлмек арақ әкеп қой да, ұйықтай бер,— деді Мықаң. Зорға айтты. Ердос оған мырс етіп күліп жіберді.
Халық арасына тараған бір әңгіме бар-ды. Бір маскүнем балық аулап жүріп алтын балық ұстапты. Сөйтсе алтын балық адамша сөйлеп:
— Көргеніңді айт, мені жібер теңізіме,— депті.
— Онда сен маған арақтан кел орнатып бер,— дейді балықшы.
— Жарайды!— Артына қараса — арақтан көл орнап қалыпты. Татып қараса — кел толы арақ. Көңілі риза болса да ол келді мүсе тұтпай:
— Сен маған арақтан теңіз жаса!— дейді.
— Жарайды!— Артына қараса — теңіз тулап жатыр. Ұрттап қараса — арақ. Көңілі толғандай болып тұрған балықшыны көріп алтын балық кете берсе, анау бақырып жіберіпті:
— Ей, ей, тоқтай тұр!— Балық таңданып қалыпты. Сол кезде балықшы:
— Жарайды, тағы бір жартылық қосшы!— депті. Ердос күлгенде ойына осы түсіп кетіп еді. Ол енді екі шөлмек емес, үшеуін әкеліп қойды да, ұйықтайтын бөлмеге беттеді.
Таңертең Ердос тұрғанда, Мықың қылжиып жатыр. Бір шөлмектің түбінде екі елідей арақ қалыпты. Шөлмектің бәрі саудырап бос тұр. Қонақ оянды. Бірақ нақ осы жерде пәле басталды. Мықаңның бір бәтеңкесі түннен түгел шықпапты. Сол аяқтың бәтеңкесі мұрын маңқасын бетіне жаққан баладай сатпақ-сатпақ болып түпкі үйдің терінің алдында шалқасынан жатыр. Оң аяқтың бәтеңкесі ұшты-күйді жоқ. Үй ішінде тінтпеген жер қалмады. Кеше қонақ келгенде жыл-жинақы, кірсең шыққысыз болып тұрған бөлмелер шошқа түрткендей астан-кестеңі шықты. Ердос қысылып, тер шүмектеп акты. Нақ осы бір әбігер шақта қонақты алып кетуге Арман да жетіп еді.
— Оу, не әбігерге түсіп жүргендерің?
— Қонақтың бір бәтеңкесі жоқ.— Ердос қысылып зорға айтты. Мықаңның аяғына көзі түсіп кетіп еді, оң аяғындағы үйығына сіресіп-баттасып балшық қатып қалыпты.
— Қайран ботинкам-ай, Чехословакиядан алғызып едім. Енді ондай аяқ киім қайда маған,— деп Мықаң зар илеп тұр. Түннен бергі сый, бәрі де жоққа сайды. Өкілдің аяғы да кестиген, әжептәуір бар екен, оған бұл үйден етік шақ келе қоймады. Енді қайтпек керек? Әлде Сталинград түбінде қолға түскен фашистерше аяғын шүберекке орап себетке салып қоя ма? Шатақ болды. Жексенбі түгіл әшейін күндері де көбіне жабық тұратын ауыл дүкенінің сатушысы көрші ауданға жекжатшылап кетіпті. Қысылған, қиналған жер осы болды. Содан көрші селоға машина жөнелтті. Ердос өзі кетті. Арада бір сағатта Ұзынағаштан оралған машинадан қуанғандай қолтығында қысқан қағаз қорабы бар Ердос түсіп келе жатты.
— Ең қымбатын, ең тәуірін алдым,— деді ол.
— Қай пішім?— деді Арман.
— Өзі қырық төрт деген, қырық төрт!
Өкіл батпағы қатып, кеуіп топыраққа айналып, қозғасаң бұрқылдап тұрған соқиған оң аяқты бәтеңкеге суғып көрді. Не де болса, мазасыз қонақтан тез құтылсақ екен дегендей үй ішіндегілердің бәрі оның бүгін келкілдеп кеткен бетіне емес, қойқиып тұрған аяғына қарады. Аяқ желкесіне дейін суғылды да, суға келіп тоқтап, тоқырап қалған есептей әрі қарай жүрмей-ақ қойды. Кептеп, зорлап көрді. Болмады. Тіпті тезірек осы үйдеп алып кеткісі келді ме, Арман еденге отыра қалып, өкілдің аяғын жиіркенбестен өкшесінен ұстап бәтеңкеге өзі тықты. Аяқ кептеліп қалды.
— Қырық бес керек,— деді Арман. Жазған құлда шаршау бар ма, Ердос қайта аттанды. Арманға бір сағат бір жылдай көрінді. Ол көріне көзге Ердостың әкесі тақаңнан қысылды. «Өздеріңе келген қонақты өздерің үйлеріңе апарып күтпейсіңдер ме? Әлде сендердің қазандарың төңкеріліп қалып па еді?» дей ме деп ұялып барады. Әйтеуір, құрысқан шал қабағын ашпағанмен, тіс жарған жоқ.
Ердос қайта кіргенде, үйдің ішінің бәрі-ақ орындарынан ере түрегелді. Бәрі де енді осы бәтеңке шақ келсе екен дегендей өкіл аяғына тесіліп қалды. «Қырық бесіншінің» табылғанына шүкіршілік етіп Арман тұрды. Ол пішім табылмай қалса машинаны Алматыға айдар ма еді, қайтер еді. Бәтеңке дұрыс келді. Бірақ «қайран керемет бәтеңке майды» өкіл қайталай берді. Сондықтан Ердос қонақ үйден шығарда төрт шөлмек арақты тіске басарымен машинаға салып жатып:
— Ағай, ұятты болдық, қаладан қалаған бәтеңкеңізді алып киіңіз,— деп қолына елу сом ұстатты. Мақаң «алмаймын» деген жоқ. Тек есікке барғанда «тапсаңдар артымнан жіберерсіңдер» деді. Мұны естіген Ердос қалған сыңар бәтеңкені қағазға орап апарып берді. Қонақ мұны да «керегі жоқ» демеді.
Жаздың жадыраңқы күндері өтіп жатты. Мазасыз қонақ та, жоғалған бәтеңке де ұмыт болғандай еді. Бір күні шал өңкеңдеп даладан қатты жүріп үйге кірді.
— Ердос, Ердос, бәтеңке таптым,— деді шал, даусы жарықшақтанып қатты шықты. Ұмытылып кеткен Мықаңның арақ ішісі, сол қонған жаңбырлы күңі тыным таппай далаға жүгіріп шыққаны, бадырайған ала көзі, шығыңқы бет сүйегі, өңкиген егіз денесі — бәрі үйдегілердің көз алдына келді.
— Ердос, жүрші көрсетейін,— деп Тәкең баласын қолынан сүйрегендей далаға шықты. Ол тура бастап даладағы дәретханаға келді.
— Әне!— деді ол,— өкілдің бәтеңкесі!— Дәретхананың төменгі тесігіне үңілді. Құрғап бара жатқан келде қайырлап қалған қайықтай қайқайып Мықаңның оң аяғының бәтеңкесі жатыр. Иесін жоқтай қоятын түрі жоқ, қайта жан тыныштық .тапқанына риза сияқты.
— Мен оны иесіне жіберемін,— деді Тақаң. Дереу ескі, тот басыңқыраған сым темірдің басын ілмектеп қоймалжың ішінен бәтеңкені бері тартып шығарды. «Қойыңыз» деген Ердос кезін ол тыңдай қоймады. Шал кейін сүйреп жүр еді, тіпті пысып кетті.
Сол жерде шал іргедегі айдалған жерден екі шелек топырақты әкеліп, су құйып илей бастады. Аздан кейін балшықты куәлақтап, кірпіш үлкендігіндей қалыпқа келтірді. Сонан соң балшық кірпіштің ішін бәтеңке сиятындай етіп ойды. Дәретханаға барып іліп алып, бәтеңкені нәжістен ажырамаған күйінде, іші толған қалпымен балшық ішіндегі шұқырға салды. Бет жағын балшықпен сылаған соң, одан шыққан мүңкіген иіс сап болды. Сөйтіп шал кірпіш түріне кірген балшықты күнге кептіруге қойды. Он шақты күннен соң кірпіш сағызданып, қағып қалды. Есік алдындағы почтадан барып бәтеңке бойына лайықты сәлемдеме жіберер жәшік те сатып әкелді. Оған ұлына адрес жазуды бұйырды.
Баласы күлім кетіп қалған соң, келініне қолқа салды. Атасынан ұялған келін амал жоқ мас адамның ойқы-шойқы көңіл жазулы адресін қағаздан тақтайға түсіріп берді.
Мынау тұрған Алматыға алты сом төлеп сәлемдемені почтамен жібергенше, біреуден беріп жібермейсіз бе?— деп почташы қыз алғысы келмеп еді, «он сом болса да» деп Тақаң Мықсанға сәлемдемені аттандырып тынды.
Почта шақыруын алған күні кешке Мықсан оның кімнен келгенін, не екенін білгісі келіп елегізіп-ақ шықты, Ертесіне сәлемдемені алып та қайтты. Сәлемдемесі құрғыр.нақ жексенбі күні машина пайдаланбайтында келгенін көрдіңіз бе?! Мықаң сәлемдемені мықшыңдап әжептәуір жердегі үйіне жаяу көтеріп келді. Тастай ауыр екен. Көптен ештеңе көтермегендіктен екі қолдың қары талып, салдырап қалды. Үйге шөлдеп жетті. Не болуы мүмкін деп ойлады Мықаң. Шамасы ауылдағы байғұстар бәтеңке жоғалтқанын ұмыта алмай, сол айыптарын жуу үшін мына жәшікпен бірдіні жент жіберген болар. Әрине жент! Қазір осы жентпен шай ішіп, шөлін қандырып ұйықтаса, шіркін!
Мықаң жәшікті тер үйдегі тамақ ішетін үстелдің үстіне қойды. «Жақсыны кермек үшін» дегендей, үйдегілер тегіс анталап тұрды. Үйдегі бар құрал қысқашты, балғаны әкеліп Мықаң жәшікті бұза бастады. Бет тақтай алынды. Арғы жағынан бозарыңқы бірдеме керінді. «Шамасы алуа шығар, қатырған»— деді Мықаң даусын естірте айтып. Үйдегілер де, Мықаң да бір-бір тамсанып, жұтқынып-жұтқынып қойды. Бәрі де алуаның дәмін ұмытпаса керек. Бірақ ол қалай жазды күні еріп кетпей, жеткен.
Жан-жағындағы тақтай тегіс алынғанда ортада кәдімгі топан әлде сабан қосып илеген ауылдың балшықтан істелген, күймеген қам кірпіші тұрды. Не істерін, не дерін білмей сәл аңырап тұрған Мықаң қолындағы балғамен кірпішті қойып қалды. Оның ортасы ойылып кетті де, арғы жағынан бәтеңкенің өкше сірісі керінді. Кірпіштің бір жағы үстел үстіне омырылып түсті де, жоғалған бәтеңке шыға келді. Бәтеңке табылды. Аздан кейін Мықаң мұнда жалғыз өзі ғана қалды. Есік-терезені қанша ашып тастағанмен бұл үйден бірнеше күнге дейін иіс кетпей тұрды да қойды.
1980
ҰЛТАБАР
Білте келіннің сүдіні онша сынасыз адам емес еді. Өйткені әкесі Шойқара Ақадырдағы жалғыз үйлі балқардың қызына үйленгенше әуелі айтқан сөзі:
— Өзім Шойқарамын, ең болмаса балаларым жұрт көңіл аударатын болып бозаң тартып тусын деп балқар қызына үйлендім,— болыпты. Шойқараның қызының бәрі ойынан шықпай, Шойқарадан шойдай қара болмағанымен, қоңырқай тартып туған екен. Сол шой қарадан туған қоңыр қыздың бірі біздің ауылға тап болмасы бар ма? Шынын айту керек, келініміздің көркі — мұрыны. Солай деп айтпасқа амал жоқ. Өйткені Білте келіннің мұрын пішімі өзгеше, жазық далаға біткен жалғыз төбедей, әлде қора төрінде шоңқайып отырған төбеттей қоңырқай өңінде көлбеп жатады. Сондықтан да абысын-ажын алғаш көргенде-ақ сырдескі болып, атын әбден дұғадай жаттап алғанша Білгені «шоң мұрын келін» десіп жүрді.
Бойы биік Білте келін дүрбелжіндеу әйел болды. Тіліңе шоқ түскір әлгі шапшаң сары Жыпбике қайнысын кеміткен кезде «сенің томар теберің» дейді. Жасынан кім көрінгеннен сезді көп естіп, жетім өскен Даркен ондайды көңіліне ала бермейді. Ал Білте де жұрттың артық-кемді сөзін елең қылмайды. Кейде оны көрген ене атаулылар «әй мынау Білте бір мың болғыр, құдай өзіне бергелі тұрған адам», деседі. Бір қызық жері Білтеге ол жақсы сезің де әсер ете бермейді. Ыржиып қана бояу күліп қоя салады.
Алғаш келген жылы-ақ Білте екі қабат болып, тұңғышын туды. Қыз болды. «Ырыс алды қыз деген» десті, бәрін жайғастырып жүретін абысын-ажын. Алғашқы перзенттің аты Алтын қойылып, шілдехана өткеннен кейінгі жерде Білте етейіп, бұрынғы аз жаратылмаған денесі болпиып, жауырыны күржиіп, бөксесі жайылып бара жатты.
— Әй, мына неме бір бала туғанда мынандай болды, келесі балаларынан кейін қайтеді?— деп жүрді ағайын туғанның барлық ауыр салмағын «жалғыз» көтеріп, бәрін өзі адам етіп жүрген Жыпбике.
— Бала еңбек сала бастағанда келіннің еті де қайтады,— дейді өз енесі Бәтіш. Бірақ Бәтіш айтқандай Білте келін бала еңбек салмақ түгіл, қаз тұрып жүгіріп кеткенде де қайта жинақы тартып, шыбықтай бұралып шыға келмеді. Сол дүрбелжіндеу, олақ қатын тіккен бес биенің сабасындай балпайып, бунақ-бунақ қалпында қала берді.
Арада екі-үш жыл өтіп, Білте келін тағы да екі рет босанып, екі қыз туды.
— Ең болмаса біреуі ұл болмады-ау,— деген Бәтішке тағы да осындайда дайын тұратын Жыпбике:
— «Ұл таппас әйел болмас тұрарын айт, мал таппас еркек болмас құрарын айт» деген емес пе, жеңеше. Үш қыздан кейін бір ұл болатын шығар,— деп жұбатты. Ал үш қыздан кейін Білте шар тартып, бұрынғыдан едәуір етейе түсті. Енді Бәтіш бәйбіше ұл әңгімесін қоя салып, «ей, осы неме і ым етейіп барады, енді бала тууды біржола қойып жүрмесе»,— деген күдігін күнде айтатын болды.
— Оу, жеңеше-ау, «келін қайын ененің топырағынан»,
Ол арықтап қалпына келеді дегенің қане? Ал Жыпбикеге шыр бітпейді деп пәле салушы едің басыма, мына келінің өлсе бір тебені майлайды, бәріміздің кемтамамызды осы толтырады, әлі,— деп жып-жып етті. Бәтіш бәйбіше «қап, мына Жыпбикенің табасына қалдым-ау», деп іштей ренжісе де, оқысын сыртына шығармады:
— Қойшы, әрі жыпылдамай,— дей салды.
Бір күні көршідегі Күміс деген қызды алып қашып кеткен күйеу Жергембай келіп қайнына түсті. Көрші-қолаң, келін-кепшік мұндайда қала ма, сойылған екі-үш қойдың ішек-қарны аршылып, ет шетінен жер ошақтағы қазақта түсіп жатты. Кейбір қашанда қазан-ошақтың басын бермейтін әйелдер көкбауырға пышақ жүгіртіп, ішіне қойдың іш майын тығып, отқа көміп те тастады. Өткен жолғы бір тойда отқа пісірілген осы бір құйқалақ тағамның бір тістемі Білте аузына зорға тиіп еді. Тіпті бал татиды десе болады. Мұндай дәмді тамақты ол тумысында жеп көрмеген сияқты. «Сен-ақ Айда. Ол, ас ішкенде пайда бол» деп турады екенсің деп қатындар бутан бармақтың басын дайын зорға үзіп беріп еді. Сонда «Қолың жетпегір»— деп үйіне ошақ басындағыларды қарғай-қарғай кетіп еді. Енді міне, отқа піскен талақ түгіл, тоқ ішекті жеудің де сәті түсіп тұр. Білте келін кең салған үлкен жез легенді ішінде қалғанын отқа төгіп босатып алып, төңкеріп қойды. Сонан соң бұл кезде әжептәуір молайып қалған денесін зорға игеріп, соның үстіне дүмін төсел отырды. Кірленнің түбі Білтені ауырсынғадай түйебас ойнағанда көптің ең астында қалған баланың «ойбай, қабырғам» дегеніндей қыңыр етті. Кірлен Білтені ауырсынғандай қайта дыбыс шығара алмай тұншығып қалды. Шамасы төңкергенде үстіне қарай шығып тұрғаны түбі астына қарай майысып тынса керек. Білтенің өзі де отырғанда ауырсынып, сиқыршылап бір күрсініп қойды.
Әйелдер өздерінің қамын ерте ойлаған екен. Әлі еттің бәрі қазанға түсіп бітпепті. Шетінен жуып салып жатыр. Нақ осы бір сәтте қашанда ауылдың қазанын басқарып жүретін Қаншай келіп:
— Ұлтабарды тазарттыңдар ма?— деп сұрады.
— Тазартпақ түгіл қазанға салып та қойдық,— деп жауап берді от көсеп, көңді дұрыстап қалап жатқан Нүркен деген көрші әйел.
Ұлтабар! Бұл не болды екен? Бұрын нағып ол Білтенің құлағына тимеген? Аты қандай жақсы еді. Ұлтабар деп тегін қойыла салмаған шығар. Қазақ жер-су аттарын, осы сияқты нәрселерді қашанда дәл атаушы еді ғой. Жезқазған десе, сол жерден жез кені шығып жатыр. Алтынқазған деген жерге де шахта орнағаны анау. Алмалы, Өрікті, Төріңді деген жерлердің бәрі де атына сай. Мәуесінің бірі пісіп, бірі түсіп жатқаны. Сұраса ма екен? Мүмкін соны кесе абысын-ажынның «өңкей қыз туды» деген піші-пішісінен де құтылып қалар ма еді, қайтер еді. Ашық айтпаса да «ұлдың жөні басқа ғой» деп апамның баласының қыңқылдап қоятыны тағы бар. Ал өзімнің апам (енесін айтады) тіпті «мұның шешесі қыздан басқа түк таппаған неме болса керек», деп өліп қалған шешемнің әруағын қозғайтыны анау. Білте нақ осы бір жерден өзіне бір жақсылық жұға кетейін деп тұрғандай сезінді.
Күн кешкіріп бара жатты. Ошақ басы қоңырсыған, мал сойылған жерге ауыл итінің бәрінің жиналатын әдеті. Ырылдасып, таласып жатыр. Оған балалардың ызың-шуы қосылады. Мұның бәрі ауыл кешіне берілген бір музыкалық ырғақтай естілер еді. Білте осының бәріне де бой түрмей, құлақ салмай отыра берді. Ойындағы бары ұлтабар ғана.
— Жеңеше,— деді бір кезде ол бар батылдығын бойына жинап,— Ұлтабар деген қандай ег!
— Көрсетейін саған ұлтабарды. Көрмеген бе едің?— деді, Нүркен "пәлен жыл бойы май сіңіп сабына дейін сарғайып, әлде қоңырайып белгісіз түске енген үлкен қара кепсерді қолына алып. Ол осы бір шақта шымырлап қайнап, жаңа пісіп жатқан жас еттің хош иісін құба далаға таратып тұрған он екі қарыс тай қазанды кепсермен аударыстыра бастады. Сәлден кейін жөнді білектей қатпар-қатпар ұлтабарды қазан түбінен алып шықты. Ішінің қандай екенін кім білсін, сырты қарынның іші түстес тым «мені жей ғой» дейтін тамақ емес сияқты, тор көзденіп, түк-түк болып тұрғанын байқады.
— Міне, ұл таптыратын дәмді тамақ осы,— деді Нүркен мына қазандағы сорпаға қайта батырып жатып, күліп.
— Япыр-ай, ә!
Ауылдың қазаны түнді орталап барып оттан түсетіні белгілі. Күнде күннің батысымен төсекке басы тиетін Білте ұйқы қатты қысқанымен ошақтың басынан кетпеді. Ең болмаса ол басқа әйелдер сияқты бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетпегенімен оттың басын сыра отырмады. Төбеге орнатқан обадай болып қимылсыз қатып қалған-ды. Әлден уақытта қазандағы ет түсірілгенде оған жан бітті. «Қайнағалар жейтін сүйегім ауырып барады» демегенімен Білте де қайын аға, қайын ата деп именуді білмейтін, олармен қысқа көйлегінен тізесін сорайтып шығарып, санын жалтыратып қатарласып отыра беретін. Бір қараған кісіге оның бұл қылығы мені қайтсең ұялтасың деп әдейі отырғандай көрінетін. Келін қымтанбағанға қайынағалар қысылғанымен, үйден шығып кетсін бе, келін жаққа кез салмауға тырысып шыдап отыратын. Ет түсірілгенде үйге беттеген Білте тура төрдегі екі құданың ортасына барып отырын алды. Бұл кім демеген құдалар оны осы ауылдағы әкім әйелдердің бірі шығар деп өздеріне өздері іштей жауап беріп, тыныш отыра берді.
Білте білгендей отырыпты. Ұлтабар тура осы отырған табаққа түсіпті. Ұлтабар — қойдың қазысы іспетті. Оны қонаққа ет үстіне жапырақтап турап беретін қазақтың ежелгі әдеттері.
Қонақтар ортадан келіп орын алған Білте келіннің тамақ жесіне таң қалса да, сыртына шығармады. Әсіресе ұлтабардың майын шайнағанда құдалар оған қарай алмады. «Еркектің мешкейі құт, әйелдің мешкейі жұт» дегенді жасынан жаттап ескен тым қазақы қонақтардың табаққа қол салысы сиреген кезде де, Білтенің саусақтары көрсеннің түбін шарлап жүр еді...
Ертеңіне Білте ауырып қанды. Бірақ онымен ол ұлтабар жеуді доғарған жоқ. Ол енді мал сойған жерді аңдып жүріп ұлтабар салынған табақтың түбін шегелемей қайтпайтын болды. Ошақ басындағы сөзді басқа абысын-ажын қайдан білсін, алғаш Білте ұлтабар сұрағанда біріне-бірі:
— Жерік екен,— деп сыбырласып алып ұлтабардан қолақпандай қылып кескізіп алып, әкеліп берісіп жүрді. Ол кезде оны ешкім сөкет көрген де жоқ. Біраздан кейін майға әбден көнігіп алған Білте ұл табамын деп бір ауылдың сойған малының ұлтабарын іздеп жүріп, тегіс жей бастағанда көбі-ақ оған «ұл табасың» деп келеке етіп, не күле қарайтын болды. Бірақ оны елең қылған Білте жоқ, ыржиып күледі де қояды.
Арада бірер жыл өткенде Білтенің екі жауырынының арасынан кәдімгідей өркеш пайда болды. Барлық денесі толысып, әр жерден бөлтек-бөлтек ет бітіп, бұрынғы бұрынғы ма, батпандай ауыр тартты. Қарасанынан да екінші құйрық кінә болды. Баяғы шоң мұрын да осы кезде аласарып, тәмпиіп қалды. Енді ол ұл емес, қыз да, қыз емес, қызыл жүн де таппайтын болып май басып кетті.
1980
ЖАҒАЛ ЕШКІ
«Көк қала» совхозынан түскен арызды оқып болғаннан кейін Әділбек ұзақ ойланып отырды. Япырай, осыған сенуге бола ма? Совхоздың отыз мыңға тарта қойынан мың тоғыз жүзі, екі жүз жетпіс жылқының жиырма үші жоқ дейді арыз. Сонда мұның өзі қойдың жеті проценті жоқ болғаны ғой. Бірақ Әділбек бұған сенгісі келмеді. Дегенмен арыз артында адам бар, еріккеннен жазбаған болар. Оның үстіне бұл ерегіскен адамның жазған арызына ұқсамайды, ешкімді атын атап, түсін түстеп айтпайды. «Мемлекет малы кім көрінгеннің жемі болып кетіп жатыр. Егер мемлекетке кішкентай да болса жаныңыз ашитын болса, онша малды түгендеп керіңіз»,— деген. Не істеу керек? Мұның атына әдейі жазып отырған жоқ па, мұны. Олай болса мұны тексермеуге бола ма? Бұл арыз екінші рет түсіп отыр. Алғашқы арызды ауаткоммен ақылдасып еді, совхоз директоры Майып жылап-еңіреп, «ойбай, малымыз қыстауға айдаудан қалатын болды, күздеу желініп болды, мал жүдеп кететін болды» деп, әйтеуір «болды-болдыны» көбейтіп, жеделдентіп, ауатком ағасын көндіріп, малды алыстатып отарға айдатып жіберіп еді. Енді міне, жырақтағы мал қыстайтын Қараадырға бару керек. Жазда да аузы-мұрны жоқ, бір домалақ арыз түскен соң аудандағы, жақсы санақшы Ырысбайды шақырып алып, басқарманың бас зоотехнигі бас етіп жеті адам жіберіп, «Көкдаланың» көк лағына дейін санатып еді, мал дін аман, бәрі түгел болды. Содан бері бас зоотехник ол совхозға барып мал сақауға бетінен басады.
Ойлана келе Әділбек малды санау керек деп шешті. Сонымен нақ сол күні-ақ озат совхоздардан төрт-бес адам шақыртып алып, «Көкдаланың» қысқы мал отарына келді. Совхоз директоры Майып мұны ести сала өз денесін өзі ауырсынса да отарға төтендеп тартты да, Әділбектер келгенде алдынан шықты. Әділбек ештеме сұрамай-ақ Майып малдың түп-түгел өрісте жайылып жүргенінен хабар берді де, арқарлардың мал отарларына араласып жайылып жүргенің ұзақ мылжыңдай әңгімелеп айтып кетті.
— Мына Серек тастың төңірегіне, жарықтық, арқар толып кетіпті. Қайдан ауып келгенін қайдам, жігіттер ит қосып, машинамен қуып кермек екен, ауылға қонақ келеді, үркітпеңдер арқарды деп тыйып тастадым,— деді. Бірақ «қонақтар аулаймын десе» дегенді айтпады. Талай арыз тексеріп, талайдың тамырын басып сөздің төркінін танып үйренген Әділбек, бәрін біле тұрып-ақ, арқар әңгімесіне мән бермеген, тіпті естімеген болды. Комиссия мүшелері ішіндегі оқуды жаңа бітіріп келген жас зоотехник жігіт қана елеңдеп еді. Әділбектің сыңайын танып, ол да үнсіз, дымы ішінде қала берді.
Әділбек бүгін қойды ұзатып жаймауды ескертіп, қысқа-қысқа тапсырма берді. Комиссия мал санауға шұғыл кірісті. Екінші ферма басқарушысы отыздар шамасындағы Еркен жиырма үш отар қойын түгел Көркембай қойшының қыстауына айдаттырып келіп, комиссия мүшелерін машинамен аралатып шықты. Малдың комиссия жалпы қонын байқасын дегені болар. Ерен қайта Көрісембай қыстауына келгенде ғана тіл қатты:
— Міне, баққан малымыз осы, жиырма үш отар, енді біз отарларды сіздерге бірінен кейін бірін шұбатып берейік. сіздер санай берулеріңізге болады,— деді. Алдымен шопандардың тізімі алынып, отарлар тізім бойынша саналды. Түске дейін комиссия қойды санап, он жеті қойдың кем екенін анықтады. Мұны естіген совхоз директоры Майып кәдімгідей шыжбақтап:
— Түгел еді ғой,— дей берді.
— Комиссияның есебі дұрыс,— деді Ерен.— Он жеті қой кем.— Ол асықпай-аптықтай екпе болып өлген жеті қойдың актісін комиссияға ұсынды. Акт заңды жасалған, мал дәрігерінің де, ауылдық Совет депутатының да қолы бар.— Мынау өлетін болған соң бауыздалған бес қойдың етінің орталық қоймаға жіберілген накладнойы. Мұны біздің тілімізде еріксіз сойылған дейді,— деп Ерен күліп қойды.— Үш қойдың еті бүгін ғана жіберілді. Екі қойдың еті жеуге жарамсыз болғандықтан көмілді. Олардың актісі мынау,— деп басқарушы қағазды Әділбек алдына қойды. Басқарма бастығы қағаздан аудандық малдәрігерлік емдеу орнының басылған мөрін көріп, көңілі орнына түсті.
— Әлгі арқардың,— деді Майып Әділбекке қарап аты-жөні жоқ дарылдай сөйлеп,— құлжасының мүйізі тіпті үш оралып кетіпті. Өзі майдан баса алмайды.— Жас зоотехник тағы елпең етіп, бірдеме демек еді, Әділбектің жақтырмағанын көріп тыйыла қалды.
Күн таңертеңгідей емес, қабағын түйіп. қар қылаулай бастады. Әділбек қарашаның аяғында күннің бұзылатынын біледі, тіпті оны ауа-райы бюросы айтпаса да жұрттың бәріне мәлім жағдай. Қар қылаулауы әлдеқалай көңілін көтере түскендей. Майып қайта сөз қозғады:
— Япырай, мына күн мал санатпайын деп тұр-ау. Әдеке жаурап, ауырып қалмасаңыз екен. Бағанағы арқарларды айтам-ау, малмен араласып жайылып жүр. Жануарлар тіпті адамнан қорқуды қойыпты.— Басқарма бастығы осы жерде шыдамай кетті білем. Даусы қаттырақ шықты:
— Сенің баққаның қой ма, әлде арқар ма? Ферма басқарушысы қайда? Бірінші фермада отыз үш отар қой бар екен. Қане, қайдан бастаймыз,— деді Әділбек. Майыпты қайтарып тастады.
Бірінші ферма басқарушысы дүрдиген көнтек ерінді, шүйдесінің бәрін май басып кеткен, бүйрек бет, қара жігіт екен. Бұл жағына келгенде өзінің бастығы Майыптан айнымай қалған. Тіпті бұғағы да салбырап кеткен. Ол ауыр денесін зорға қозғап Әділбек жанына келді. Япырай,— деп ойлады Әділбек мынау Шоқат екі жылдың ішінде қалай өзгеріп кеткен. Сырықтай, арық жігіт еді, енді түйенің жарты етіндей болып тұрысы мынау. Майыптан айнымай қалыпты-ау. Шоқаттың сөзі тұрпайылау болды:
— Санайтын, бізге сенбейтін адамдар, қалай санайтынын өздері біледі де. Мал түгел, қалай санаймын десеңіздер де еріктеріңіз. Табандарыңыздан таусылып, босқа әуре болып жүрген ездеріңіз.
Шынында да малды қалай санайтынын Әділбек өзі айтты:
— Барлық отар осы Отарбек қыстауына тегіс айдалып келе берсін, шетінен санап жібере береміз.
Алғашқы отар айдалып келді. Неге екені белгісіз шопан қой бастап келген жағал ешкіні «кебенек те кебенек» деп аудан адамдары тұр-ау демей, балағаттай бастады. Әділбек жағал ешкіні тілдейтіндей себеп таба алмады. «Оңбаған жағал кебенек, қалған бір құлағыңды тағы кесіп алып, шұп-шұнақ қылайын ба!..» Әділбек енді ғана байқады, жағал ешкінің жағалдық белгісі аз болатындай, бір құлағын түбінен кесіп шұнтитып тастапты. Қой саналды, бұл отардың малы түгел болды. Бейпіл ауыз қойшы да нақ жаңағы жағал ешкіге сыңар болайын дегендей басындағы қара елтіріден тігілген құлақшынның оң жақ құлағын ішіне жымырып киіпті. Бас киімнің бір құлағы іште тұрғандықтан, ол қойшы басына сыймай шошиып төбесінде қалған да, түсірулі сол құлағы салпаң-салпаң етіп бос жүр. Қойшының өзінде ерекше бір көңілділік бар, тек ара-тұра анайы сөз айтып қойғаны болмаса, езуі жиналмайтын сайқымазақтау жігіт екен. Қап-қара мұрты қияқтай болып өзіне жарасып та тұр. Өңі де көрікті, қыр мұрыны бетіне ерекше тұр береді. Қарашаның аяғындағы қара суық бетінің ұшын сорып, қызартып жіберіпті. Тіпті ол да әдейілеп еңлік жаққандай, өлеңдігіне көркемдік құйғандай. Қоралы қой саналып біте бергенде қойшы тағы айғай салды:
— Шек, кебенек көлгір жағал-шұнақ қойды қайда бастап барасың. Шек, былай...
— Бейпіл сөйлемесеңші, Турабай!— деді Майып. Гүрілдеп, жек көріп айтты. Онысы татып кеткен айран ұрттаған адамның бетіндей тыжырынған жүзінен байқалды.
Күн еңкейіп екіндіге таянды. Күннің кезі көрініп тұрғанымен суық ауа ішті алып, селкілдетіп жауратып барады. Жиырма отар саналып бітті. Әзірге мал түгел. Жиырма бірінші отар айдалып келді. Қақ алғашқы саналған отардағыдай жағал ешкі бастап келді. Нақ сол сияқты оның да бір құлағы жоқ. Жағал ешкінің артынан құйрығын зорға көтеріп қазақы қара қой кетіп барады. Шопан шоқша сақалды егде кісі, үстіндегі әкімі тым сыпайы. Бұл отардың да қойы түп-түгел болды. Қойшы отарын айдап бел асып бара жатты. Арада екі-үш отар өткенде өңкей қара қой айдалып келді. Осымен үш отар қара қой өтті. Үшеуінде де кетпен құйрық қара төбел қой ақсап барады, 671 қой, есептегісі де сол. Дұп-дұрыс.
Күн кешкірді. Кешке қарай күн суыта бастады. Сондықтан да малды санау тездетілді. Қар ұшқындап, одан Итжоннан қызыл тұрып, ызғырық өңмеңнен етіп барады. Комиссия мүшелерінің кейбірінің киімі күздік екен, олар тіпті тісі-тісіне тимей сақылдап кетті. Мұздай түссе екен дегендей Майып оларға қарап күліп қояды. Малдың жеткізілуі кешеуілдеді. Бірақ оның есесіне санауы тездетілді. Отыз үшінші отарда да бағанағыдай бір ақсақ ақ қой бар екен, үшеуі де қазақы. Неге қазақы?
Санақ бітті. Совхоздың жиырма тоғыз мың жеті жүз жиырма төрт қойы түп-түгел. Тек алғашқы саналған екінші ферманың он жеті қойы болмаса, бірінші ферманың тіпті бір шұнақ лағы да кем болмады. Бәрі түгел. Шоқат былай етейіп өзгеріп кеткені болмаса, өз ісіне мықты екен-ау деп ойлады Әділбек. Неге екені белгісіз бағана алғаш көргенде мал нақ осы фермадан кем болар деген еді. Ділінде сол күдік тұрған да қойған. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Тіпті соңғы есеп берген уақыттан бері бір қозының шығын болмауы мұндағылардың игілікті ісін көрсетпей ме!? Шіркін, ферманың бәрі осылай, айына бір тұяқ шығын бермей тұрса ше! Санақ біткен соң Майып та, Шоқат та жұртқа жауырынын көрсетіп, ірілеу сөйлеп, паңданып, иегі аспанды кездеп шыға келді. Майып тіпті басқарма бастығының көзінше бір шопанды тілдеп те жіберді.
Санақ кеш біткендіктен комиссия ферма басына қонып қалды. Киіз үйдің салқындығы ма, жоқ кешке дейін аяғынан тік тұрып мал санап шаршағандықтан ба, комиссияның басқа мүшелеріндей емес, Әділбек кепке дейін ұйықтай алмады. Қашанда ұйқыны ой, дақ қашырады. Алдымен совхоздың бірінші фермасынан бір тоқтының кем болмауына қуанып та, таңданып та жатып еді, содан ол аудан малшыларының жайын ойлап біраз жерге кетіп қалды. Бағанағы бейауыз қойшы да есіне түсе кетті. Оның «шек, шек кебенек, жағал шұнақ...» дегенін ойлағанда шошып кетті. Өйткені... Өйткені, япырай, ә, сол ешкінің бәрі неге жағал, ал жағал ешкінің бәрі неге шұнақ? Қойшы неге сол «жағал-шұнақты» қарғап тұрып, бұған бір түрлі сырлы көзқараспен қарады? Жо-жоқ, бұған солай болып көрінген шығар. Бірақ ешкінің неге үшеуі де шұнақ? Япырай, бұл ой бағана көріп тұрғанда неге ғана келмеген. Бірақ мал түгел. Ендеше аппақ адамдарға күйе жағып жүрген жалақорларды қалай жазалау керек. Тұра тұр. Арызқойды жазалау! Апыр-ау, үш қора қара қойдың бәрінде бір-бірден неге кетпен құйрық қара төбел қой ақсақ болады. Шынында солай ма? Тұра-тұр. Міне, міне, пәленің басы нақ осы жерден шығып жүрмесін.
Нақ осы жерге келгенде Әділбек өз ойынан өзі шошып кетіп, жастықтан басын көтеріп алды. Жұрт шырт ұйқыда. Бәрі қаннен-қаперсіз. Ал сонда деп ойлады ол қараңғыда басын көтеріп отырып, менің ойлағаным арам ой болып, мал түгел болса менің бұл елде не беделім қалады, бұдан кейін бұл ауданда мені адам деп санайтын бір адам да таба алармысың! Мұңдай мұндар ой адамға қайдан келеді. Ой, мүскін басым-ай! Бірақ... бірақ. Қалай? Не істеу керек? Жо-жоқ, жағал ешкінің бәрі бірдей шұнақ болуы мүмкін емес. Әр отар сайын-ақ жағал ешкі болуы мүмкін. Текені жағалдан салған болар. Ал шұнақтығы ше? Қара қой қанша қора болды екен, ә? Әлде мен шын күдікшіл болып кеттім бе? Мен шынымен шатасып жатқан жоқпын ба? Адамға сенбеу адамшылықтың ісі емес қой. Мен де адам болмай шығып жүрмейін. Ауданның барлық қойшысы алдында пәлеқор атанып, масқара болып қалмайын.
Әділбек қайта жатты. Көзі ілінбек түгіл тіреуіш қойғандай бақырайып, түндіктегі жалғыз тесіктен көрінген жұлдызға қадалып қалды. Бір тоқтамға келмес бұрын ол ойын електен тағы бір өткізіп алды. Жағал-шұнақ, кетпен құйрық, қара төбел қой, өзі ақсақ. Ақсақ ақ қой үшеу. Үшеуі де қазақы. Соңғысы отыз үшінші отарда. Бірақ ақ қойдың ақсағы он бес, жиырма болуы да мүмкін ғой. Неге үш ақсақ қой — қазақы?
Әділбек түнделетіп тұрып, қонған үйден екі-үш шақырым жердегі почтаға барды. Ол ауданмен рациямен сөйлесіп қайтты да, ұйықтап кетті...
Таңертең гүр етіп тоқтаған машинадан дабырлап сөйлеп түскен көп адамның даусынан малды ауыл оянып кетті. Ноябрьдің қара суықты соңғы күні сағат сегізден кеткенде ғана күн шығып келе жатты. Үлкен отыз адамдық автобустан түскендердің ішінде малды ауыл танитын ауданның бас зоотехнигінен басқа ешкім де жоқ еді. Ояна келіп апыл-құпыл киінген Әділбек келгендердің ішінен басқарманың бас зоотехниктің аудандық милиция бастығын шақырып алды да, бұйрықты келте берді:
— Бірінші ферманың отыз үш отарына адамдарды бір-бірден қой. Мал комиссия бармай қорадан шықпайтын болсын. Жолдастарға қатты ескерт, мал өргізілмесін.
Түске таман бір де белгілі болды. Жағал ешкі де, кетпен құйрық қара төбел қой да, ақсақ қазақы ақ қой да бір-біреу ғана екен. Қара қой да бір-ақ отар болды. Жағалшұнақ кешегі бейпіл ауыз шопан қорасынан ғана табылды. Оның малы түгел екен. Шайлаған, қабырғасы көрінбейтін күзгі отар өріске беттеп барады. Қияқ мұрт, қыр мұрын шопан Турабай жирен жорғасын салдыртқан күйі ат басын Әділбекке тіреді:
— Егер менің шұнақ жағал ешкім болмаса түк таппай жерге қарап қайтатын едіңдер!— деді де шыбын-құйын болып, жиренін құйғыта жөнелді. Комиссия мүшелері жылқы санауға аттанды. Ауданнан келгендер машинаға мінді. Олардың арасында Майып пен Шоқат та бар еді. Ол екеуінің кезі жалғыз құлағы селтеңдеп, сақалы тұштаңдап қойды өріске бастап бара жатқан жағал ешкіге түсті. «Кесер ме еді, сыңар құлағын, кебенектің,— деді Майып түнеріп. «Құлағын қайтесің, басын де»,— деді Шоқат қосарлана. Бірақ олардың қолы артында еді...
1985.
ЕСЕК ҚАЛАЙ МИЛИЦИОНЕР БОЛДЫ?
«Есек пен ыстық нанның пайдасын қазаққа айтпа»,— деген екен Ташкенбай деген кісі. Сол айтқандай-ақ, Әмет екен, көргенде пайданы қара есектен көрсін. Есекке көп күтім керек емес, есекке маған десең есекше қара, оған бәрібір. Ол өз күнін атқорадан шығарған кәшекпен, тіпті екі үйдің арасына шығатын бүрге жусанмен-ақ көре береді. Ол ат емес, оған ат сияқты арнаулы қора, алдына атақыр жасап, бүрі түспеген көк тотияйындай жоңышқаны салып, сылап-сипап бағудың қажеті жоқ. Ертелі кеш ақ сұлы салынған атдорба ілуді тілейтін де ол емес. Арнап барып есек суарып жүрмін деген адамды да ешкім естіген жоқ, оған көктемде жауған жаңбырдан тұрған қақ күзде жарай береді, суды балдыр басып кеткен бе, борсыған ба оның шөлі соған да қанады. Қысқасын айтқанда жанға жайлы, шаруаға қырлы есектей жануарды Әмет көрген емес.
Қазақ та қызық дейді Әмет, есек сияқты отты да, суды да тілемейтін жануар тұрғанда ерекше күтім, ерекше бап тілейтін жылқыға қызығады. Ең жай ғана мысал: атқа мінгенде де күшеніп жатып, секіріп зорға мінесің. Одан да тұрған жерімде бұтымды арта салатын есегіме не жетсін. Ол қора сұрамайды, ит жатағынан аз-ақ биік күрке болса жетеді. Керек десең қамшыныңда керегі жоқ, қолыңда бір қарыс ағаш болса болды, сауырына шоқиып отырып ал да, жаңағы үш тұтам ағашпен «қықылап» шоқтығына шұқы да отыр, атша арындап баспағанымен бақайшағы майысып, митыңдап жорғалайды да отырады. Сөйтіп от-су тілемей-ақ аттың, әлде тіпті атанның күшін береді.
Қашан да қара есекпен Әметтің қарекеті бір. Екеуінің ойлағаны да құлқыны. Бірақ есек есек болса да есектікпен болса да Әметке көмек көрсетеді. Ал Әмет болса, делбе ұстаған қолымен есекті езулеп отырғаны болмаса, оған есектей қамқорлық көрсете алмайды. Қара есек — есек, ал Әмет — адам. Сонда қалай болғаны? Егер қара есек адамша ойлар болса не дер еді? Сіздер соны да бір ойладыңыздар ма?
...Адамдар ездеріне де бір сын көзімен қараса қайтер еді. Олар бірімен-бірі ұрысыса қалса, «ой есек, көк есек» деп тілдеседі. Ал шынында да есек соншалықты жаман ба? Егер соншалықты жаман болса, адам баласы кедейленіп, ыңыршағы айнала бастағанда неге есекті іздеп табады? Егер адамдар еңсесі түсіп, ері мойнына кетіп, қызыл иті қыңырт басқанда есекке үйір болса, онда олар ең қайырымды жануар болғаны да. Есектер адамның жанына жалау, көңіліне медеу болып, адал қызмет етеді. Ерекше күтім де тілемейді, жоқтан өзгені тамақ етіп жүре береді. Адамдар өздерінің ең жақсы қасиетін «адамгершілік» дейді. Мысалы Әметті қара, демес пе, қара есек, мұны бағанаға байлай салып өзі тамағын тойдырады. Сонда бұл «адамгершілік» болса, ол есектің адамда қызмет еткен есеккершілігінен көп темен тұрған жоқ па? Олар есектің күшін еркін пайдалана тұрып, «күші адал, сүті арам» есек деп кемітетінін қайтерсің.
Оның үстіне есектің де есегі бар. Әметтің қара есегі қара нардың күшін беретінін қо я тұрғанда, таңертең алғашқы рет ақырғанда тура сағат алтыны соғады, сөйтіп Әметті жылы төсегінен сопаң еткізіп тұрғызады. Ол шайын ішіп болғанда, есек тағы ақырады. Демек сағат ертеңгі жеті болды деген сез. Сонда сағатыңыз керек бола ма? Содан кейін-ақ қара есекке де, Әметке де тыныштық жоқ, күн батқанша қарекет үстінде болады. Әмет қара есекке лайықтап соққандай бір жетекті, жатаған есек арбаны жегіп алып есік алдына шығады, Беті қашанда Көк базар. Ол жол-жөнекей солай қарай бет түзегендердің жүгі болса ала кетеді, содан базар төңіректей жүріп жұрттың жеңіл-желпі жаны барар жеріне жеткізіп береді. Сөйтіп пенсиясының үстіне осылай сорпа суын айырып тұрады. «Түйеге әйт-шу деген де сеп» дегендей, бұл бала-шағасының жібіне қосымша нәпақа болады.
Сонымен айтпағымыз есек, есектің, оның ішіңде Әметтің қара есегінің қалай милиционер болғаны туралы еді ғой. Адамның қолынан келмеген нәрсені есек істесе оның несі айыл. Қайта ол есекті адам дәрежесіне көтеріп тастамас па?
...Есек дегенің, есек арба дегенің көктемгі сиыр жапасына түскен қара қоңыздай көп, елуінші жылдың басы болатын. Соның бірі — қара есек бір құя Көк базардан арбасымен жоғалып кетсін. Түсте жоғалған есегін Әмет кешке дейін іздеп, кеш алдында Ұйғыр көшесіндегі базардағы милиция бөлімшесінен тауып алған-ды.
Әмет келсе, ойында құдай да, Әмет те жоқ қара есек милиция бөлімшесінің шағындау албарында қауын-қарбыздың қабығын күрт-күрт шайнап тұр. Отқа айдасаң жоққа қашатын қара есектің әлімсақтан ашылмай келе жатқан қабағы жарқын. «Сендегіден гөрі мұнда күтімім күштірек болды»,— дегендей иесіне сәлдеу қабақпен бір қарап қойып, алдына салынған, аузына күнде тие бермейтін мол жемді өліп-өшіп соғып жатыр. Таңдайына татып бара жатқан болса керек-ті. Сөйтсе Көк базарға бір колхоздан келген помидорды бір саудагер түп көтере арзанға сатып алып, оны Әмет арбасына тиеп, енді оны екінші базарға екі бағасына сатып, шаш етектен пайда көрмек екен. Осында ұсталыпты...
Ертеңіне-ақ Әметтің де, қара есектің де қалыпты өмірі қайта басталып кеткен-ді. Арада үш күн еткенде қара есек қайта жоғалды.
Биыл ерекше ыстық болды. Тіпті қыркүйек орталанып қалғанда да күннің аптабы басынан қойды. Бүгінде таң атпай күйген күн шекеден өтіп, Әметті қатты сусатып жіберген еді. Жұрт сияқты шөлін қауын-қарбызбен қандыратын бұл емес. Өйткені олар қан қысымын көтереді. Ал мұның қан айналысында аздаған нұқыс бар болатын. Сондықтан аңсағанда ғана бірер тілімін аузына салмаса, тоя жеуді қойғалы қашан. Сөйтіп ол шай ішуге асханаға кірді.
Әмет асханаға кірген заматта қара есек жегілген жатаған арба жанына біреу келді. Сақал-мұрты өскен, алпамсадай жігіт. Үстіндегі киімі көнетоз болғанымен тап-таза. Ол арба жанына келді де, шұңғыл кек көздерін алақтатып, жан-жақтың бәріне бір-бір тастап шықты. Арба үстін тастай салған Әметтің ескі қара былпық қалпағын қолына алды. Басындағы кепкасын жұлып алып, анадай жерге лақтырып тастай салды. Басы тап-тақыр, ұстарамен қырғызып қойыпты. Ол қалпақтың тер сіңген, кірі баттасқан жағына мұрнын тыжыра қарады да, жерге бір түкірді. Бұған қарағанда ол бұл шайырлы, қалалы жердің майлы-күйелі шаңын мол жұтқан қалпақты да жерге бір соғардай еді. Бірақ олай етпеді. Тыжырына тұрып, басына баса киіп алды. Сонан соң қара есектің телеграф бағанасына байланған делбесін асықпай-аптықпай шешіп алды.
Бұл кезде қара есек сауырынан қайтар күннің қызуы өтіп, басын бағанаға сағалап, мүлгіп тұр еді. Делбені қолына алған алпамса сары жүгі де, түгі де жоқ болса да, жадағай арбаға отырып, делбені қағып есекті жолға салды. Сонан соң қара есектің сауырына шыбыртқы үсті-үстіне тиді. «Әттең, бақайшағым жіңішке болмаса, мойныма тауды тесіп ілсе де сүйрер едім», деген өсек-қашыр тұқымы — қара есек екі салпан құлағын жымырып, барынша-ақ жерді тесірлей басты. Бір шамадан кейін алғаш есектің біресе оң, біресе сол езуін созған ауыздық бос қалды. Қара есектің сауырына жауған қамшы да саябырсып барып, бірте-бірте ұруы әлсіреп, мүлдем тыйылды. Есек басқан ауыздық тартылып, бағыт бағдар бермеген соң ол есекше ойлап, кешенің біресе сол жағына, біресе оң жағына шығып, өзі сүйреп келе жатқан артындағы жадағай ғана жақтау-жабақысы бар, тәпелтек арбаны отызыншы жылдарғы соқалардан алып салған темір доңғалақтарын шиқылдатып, шықырлатып-сықырлатып, еркімен ілбіп бара жатты. Тіпті бір-екі жерде тоқтап та көріп еді. делбені қаққан, ауыздықты тарқан, қамшы салған ешкім болмады. Жон терісін тілгілеп өтетін Әметтің қолы жоқ екенін қара есек жақсы сөзіңді. Арбадан әлдеқандай қорыл естілді. Делбе сүйретіліп бос келе жатты да, арбаның алдыңғы жабағысындағы бір шегеге ілініп қалды. Есек мимырттап кетіп бара жатты. Есекше басып барады.
Көшеде есек арбаны ешкім тоқтатпады. Машиналар жол беріп, орағытып етті. Трамвайлар тоқтап, есек өткен соң барып қозғалды. Арба үстіндегі алпамса сарының екі аяғы салбырап, арбаның оң жағында жатты. Жаяу адамдар ол кезде жиі бола беретін мастың бірі шығар деп күлісіп кете барды. Қысқасы қара есекпен ешкімнің жұмысы болмады.
Зығыр көшесінен ете бергенде қара есек қалт тұра қалды. Ұзын екі құлақты кезек қағып, әлденеден иіс тартты. Алпыс көше, таныс бұрылыс. Сонау көк қақпа десеңізші! Оның арғы жағында милиция қызметкерлерінің жазды күні шөлдеп жеген қауын-қарбызының қабығы, помидордың шала піскен жағы, қиярдың екі сүйір басы... тағы тағылар. Шіркін, осындай ыстықта қауын-қарбыздың қалдығының өзі де есекке азық та, сусын да... Қара есек шұғыл бұрылып, милиция қақпасына қарай тартты.
...Екі құлағының ұшын кескен қара есекті милиция қызметкерлері жазбай тани кетті.
— Әмет ақаның есегі,— деді Ерлан. Есек арбаны қарсы алған жастау қызметкер Ерлан сол жағына қисайып, әкесінің үйінде жатқандай, ұйқыдағы қалпақты сарыны көрді. Әмет ақаң жоқ. Оның омырауы ашық. Үстіндегі қара сұр бешпенттің түймесі ағытылып кетіпті. Милиция қызметкерінің көзі ішкі төс қалтадан аузы көрініп тұрған тапаншаға түсіп, ішке қарай үнсіз тұра жүгірді. Іштен үш-төрт милиционер шықты. Ұйқы құшағындағы алпамса сары басын кесіп әкетсе де білетін емес. Қаннен-қаперсіз, нағашысына келген жиендей. Оның жатқан жерінде қойнынан тылтық тапанша алынды да жүнді, көк жазулы екі білекке кісен салынды. Ол кезін милиция кезекшісінің алдында бір-ақ ашты. Алпамса сарының қалпағын жұлып алғанда кім екені айқын бола кетті. Ол түрмені өз үйіндей көретін, үй тонап, қалтаға түсіп күн көретін, «миллионер» аталатын жанбақы болып шықты.
Қара есек бұдан кейін Әметті де мас күйінде милицияның осы бөлімшесіне екі рет әкелді. Қара есек осылай милиционер қызметін атқарды. Бір жақсы жері Әмет кейін арақ ішпейтін де, арбада ұйықтамайтын да болды...
1987.
АРАМҚАРА
Арамқара оның әкесінің азан айтып қойған ныспысы еместі. Бері келе өзінің пейіл-пиғылына бола ағайын-туғанның қойып алған аты. Ондай жаманат күндік жердегі есекті жарғақ құлағы жарты сағатта еститін саққұлақ Арамқараның өзіне де жеткен жайы бар-ды. Алғашқы кезде бұл сөз құлағына тигенде иі түспеген қағаздай шытырлап, қабағы шытылғанымен, кейін естімеген болып қоя салып жүрді. Дегенмен жаманат құрғыр жата ма, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап кеткен-ді. Оның сыртында еңкей тентек, шатақты сатып ала алмай іздеп жүретін он ұлдың бірі әлдекіммен төбелесіп қалса, «Сенің әкеңді арамқара аттандырған мен емес»,— деп керауыздар да, кесепаттылар да айтып жібермес пе? Бұдан соң Арамқараның ептеп жүрмеген кісі етегін басып кететін салпы етек әйелі Сәлімкүл де абысын-ажынмен ауыз шайыспай тұра ма? Аяқ-табақ араласпай, тымырайысып, қыңырайысып, тың-тыңдасып, бірінің аузын бірі бағып, жүз жыртысып қалған күндері қатын-қалаштың ішін түрткілеп тұрған ашуы тағы бар. Сөйлеуге дайын тұрған қаймақ еріндер майысып, сүйрең-сүйрең етіп бір кеткенде Арамқараң түгіл оның әкесі шоң қара, дөң қара, тау қара болса да қалай тыйылып қалмақ. Тіпті былтыр осы Арамқара қызын ұзатып той жасап, соның алдында ғана Сәлімкүлмен шәлкем-шалыс келіп қалған Рәсияны шақырмай қойғанда ол тіпті ашық кетті емес пе. Рәсия байқұс ашық кетпей қайтсын. Той болады дегенде-ақ татуласу үшін бірде магазинге бара жатқан болып, бірде олардың арғы жағындағы көршісі Көмескіден көсеу сұраған болып Арамқараның есігінің алдынан жұмысы жоқ болса да, бірнеше рет өтті ғой. Ақыры той ертең болады деген күні тіпті шыдамай кетті білем, кешке жақын соларың, қақпасына жақын кетіп бара жатқан сиырын сауырынан салып жіберіп:
— Арам қатқыр қайда барасың-ей?! Ол Арамқара адам мені шақырыпты да, мал сен қалыпсың ба? Әлде топалаң келгір арамдығың ұстап, Арамқараның үйіне тартып барасың ба — деді Рәсия. Қолындағы қасқа таяқтың қанша өткенін кім білсін, қара сиыр да еңкілдей басып, бір бүйірлеп, Арамқара үйінің қақпасына бір сүйкеніп етті. Бұл жерде оған Рәсия тағы бір сөз айтты:
— Өк-ей, арамдарға тиісіп, арам қатайын деп жүрмісің.— Мұны анық естіп тұрған Сәлімкүл той жасағалы жатқан соң өз қуанышын әзі бұзбайын деді ме, әйтеуір үндемей қалды. Оның үндемеуі Рәсияны одан сайын құтыртып, ішін бұлан-талан етіп жіберді. Айта алмай бара жатқанын қара сиырға сөйлеген болып құса салды:
— Ала шыққырлар, алалап бізді қалдырып қойыпты ғой, ала шыққырлар. «Ағайын бір өліде, бір тіріде» емес пе еді. Өлім мен тойға өкпе жүруші ме еді. Той көрмей қалғырлар. Қашан да болса алалап жүреді, арамдар.— Арамқара есігі алдында бәрін де тыңдап тұрды.
— Мына Рәсия жалғыз кімге сөйлеп барады,— деп көшеден өтіп бара жатқан Топшыбайға бір қарап, қап-қара көздері жылтың-жылтың етіп, майы шығып тұратын жылтыр қара бетін бір сипап қойды. Әрине, бетін сипағанда, оның бетіне бірдеме жабысып қалған жоқ қышып та тұрмаған, Рәсияның сөзі өтіп кеткендіктен не істерін білмегендегісі еді. Ол сылқ-сылқ күлді. Ол кезде Рәсия қара сиырды ма, әлде Арамқараны ма кеше жаңғырта ішін келтіріп біраз жерге кетіп те қалып еді. Ал Топшыбай Арамқараның күлгеніне таңданып біраз үндемей тұрды да, ішінен «Әйелмен әйел боламын ба деген шығар, шіркін ақылды жігіт-ау»,— деп жөніне кетті. Топшыбай қақпа айнала бергенде-ақ Арамқараның онсыз да қап-қара беті сұрқай түстеніп шыға келді. Сыртына ештеме шығармайтын, оның ішінде не жатқанын білу киын еді.
«Терек» совхозының бас маманының бірі — яғни бас зоотехник болып белгіленгеннен кейін оның «Өнері» көбірек байқалды. Көп енерінің бірі қонаққа бару болатын. Жалпы кеш жақындады дегенше Арамқараның мазасы кететін. Өйткені ол өмірі кеш баласы үйінде отырып көрмеген. Түс ауған соң-ақ «бізге кел» деп айтатын ешкім бар ма деп, тіпті ондайда жұрттың біразы аузына құм құйылғандай үндей қоймаса, өзі-ақ құлаққағыс жасайды.
Кешкі құрым біраз адам совхоз кеңсесінің алдына жиналып қалған екен, жұрттың ішінен біреуді іздегендей Арамқара екі кезі жылтыңдап, біреуге күлген болып, біреуге қалжыңдаған болып, одақ шетірек тұрған Қолдасбай деген жуан сіңір жігітке кез тастады. Арамқараның біреуге ісі түсерде, әлде біреуге қолқа саларда кәдімгі бой жетіп отырған қыздай көзінің артымен қиыла, қылымси қарайтын, не бір езулеп ауызын қисайта, жылымшы жымиятын әдеті бар-ды. Оң езуі сәл көтеріліп, оң көзін сәл жұма Қолдасбайға сөз тастады.
— Осы сіздің үйдің ошағының қоңырсыған иісі шығады дейді ғой.
— Иә, солай, солай. Кешке бізге келе қойыңыздар.
— Жоқ, ертең болмаса қолым тимейді.
— Иә, солай-ақ болсын,— дейді Қолдасбай. Бұл Арамқараның ертеңгі кештің қамын бүгін ойлап отырғаны еді. Өйткені бүгін іші майлы болатын. Баратын жері де белгілі. Анау-мынау емес, кәдімгі өзімен үзеңгілес Садақтың үйі еді. -
Сандақтың үйіне Арамқара жеткенде шақырылғандардың бәрі-ақ келіп қалған екен. Есікке таман отырған Терік дейтін қоңырқай өнді табақтай көзілдірікті дүкенші жігіт екінші бөлімшенің зоотехнигі Рызбаев туралы әлдебір сез айтқанын Арамқараның құлағы шалып қалды. Арамқараның бірдеңені тыңдағысы келгенде құлағын салуымен қабат, аузы да ашылатын. Ондайда екі көзі аспанды сүзіп кететін. Оның әңгіме айтқан кісінің сөзін құлағы емес, аузы қабылдайтындай еді. Ауыздан кірген сөз ғана миына даритындай көрінетін. Ол бұл жолы да ауызын қисайта ашып тұрды. «Қалың да болса жұмсақ, бір жағына сәл ғана жығыла таралған, сәл толқынданып тұратын қара шашын сипап тұрған болды. Шашы да беті сияқты жылтырап кеткен. Сонан кейін тісі ауырған адамдай сол жағын, езуін баса сол қолымен сүйеді. Жылтыр қара көз үйдің ішін әлденеше сүзіп өтті. Бір қызық жері оның көзі ашуланғанда да, күлгенде де ойнақшып орнында тұрмайды. Оның ойнақшыған көзін көргенде бір көпті көрген кәрияның айтқаны есіме түсе кетті.
— Қатындар да пәле,осыны Арамқара атандыруы тегін емес. Мұның көзі — ұрлық істейтін адамның кезі. Әйел болса жезөкше дер едім. Шамасы бұл ат ұрламағанымен, адам жанын ұрлайтын бәле болуы керек.
Өтірік айтып керегіне, қарттың сезін түсіне алмадым, қайта сұрауға батпадым. Шалдың сөзі есіме түсіп Арамқараға қайта көз салып едім, ол үйдің ішін тегіс шолып болып қалған екен, Енді Терікке қарап шүйіле түсті. Оның өзіне түйіліп келе жатқанын көрген Терік неге екені белгісіз аспаннан бүркіт көрген қояндай қипақтап, қайда тығыларын білмеді.
— Мен Рызбаевты бұдан кейін жамандағаныңды көрмейтін болайық!— Терік жерге кіріп кете жаздады. Қызметі кішкентай адамға қатты сез айтпаған да сияқты. Бірақ Теріктің мөлтеңдеуіне қарағанда, мәселе қандай сез айтуда емес, қалай айтуда ғой деп қалдым. Шіркін, қызмет істеп, жұртпен араласқан адамдардан өнердің кеше түрі шығады екен-ау. Сөйлегендегі бет-ауыз, дауыстың ырғағы, әрбір сөзді салмақтап қорғасындай ауырлатып айтуы өнер емей не! Тіпті артық еш нәрсе де айтқан жоқ, шамасы киіз қазықты жерге тоқпақсыз кіргізетіндер осы Арамқаралар болу керек. Бұндай мықты адам ешкімнің алдында кішіріп көрмейтін шығар. Жолбарысқа арыстан болып шабатындар тұпа-тура осы біздің Арамқара болса керек-ті. Шіркін, тусаң ту! Тіпті мықтылық деген не? Бұдан артық жігітке қандай болу керек. Паһ, паһ, паһ!
Мен өз ойыммен болып пәңгіп отырсам, Арамқара жүгіре басып есікке бара жатыр. Жаңағы салмақ та, жаңағы қабақ та жоқ. Жаңбыр тигенде жел желп дегізе алмайтын мақтаның күн шыққан соң елпілдеп кеткені сияқты, Арамқара үрген қарындай дегелең қағып есікке барды. Арамқара сияқты таразыны батпандай басып тұрған адам есікке жүгіргенде, менікі не отырыс. «Түйені жерде жел шайқаса, ешкіні аспанда көрерсің» дегендей есікке қарай мен де допша домалай жөнелдім. Бірақ қызметі үлкен адамның адымы да үлкен болады-ау деймін. Әлде ерекше адамдарды «Ғайып иран қырық шілтен» көтереді деуші еді, сол қырық шілтеніңді шамасы осы Арамқара ерттеп мініп алған болуы керек, солар көтеріп әкетті-ау деймін, ол есікке үй иесінен де бұрын жетіп, ашып үлгерді.
Кірген совхоз директоры Мәлім екен. Ол мәлім боларлықтай айшықты мінез көрсетпейтін, артық сөйлемейтін, қарқылдап қатты күлмейтін, езуінен ғана жымиятын жігіт болатын. Маған неге екенін қайдам, осы Мәлімді жоғарыға сүйреген осы көп сөйлемейтін үндеместігі сияқты көрінетін. «Басқа пәле тілден» деген ғой, жақпай жүргенім осы сұрап алатын қу тілім болар. Мен де бір директор болайын деп, екі-үш күн сыздаусып көріп едім, төртінші күні күні жетіп піскен шиқанша жарылдым. Шамасы үндемей жүру де өзінше бір өнер болса керек. Ондай өнермен өрге жүзу мен сияқты пақырдың маңдайына жазылмаған-ау деп үмітті сол жерде-ақ шорт кескенмін. Содан кейін тек Мәлімнің шыдамдылығына қарап сүйсінумен жүретінмін. Тиіп жатқан табақ, беріп жатқан жылы қабақ болмаған соң, солай етпегенде қайтпекпін. Бұқаның қимылына сүйсінген өгіздің кері дағы, баяғы.
Сонымен біреу жалпылдап сөйлеп, жан-жағындағыларға қарқылдап күліп (шын, өтірігін айыра алмадым), тіпті сықылықтап та барады.
— Мәлімжанның өзі келді. Енді бұл үйдің тамашасы қызбағанда не қызады. Мәлімжанның дәл уақытысында келетінін-ақ біліп есікке барып едім. Мәдениеттілік деген осы емес пе? Дәл уақытысында, көрдіңіз бе?!— Ол жанындағының бір өзі бір қадақ шығатын темір баулы үлкен көк сағатты көзіне тосты.— Жігіт-ақ қой, қарашы, дәл мәлінде келуін!
Ойбай-ау, далбалақтап келе жатқан езіміздің қорғасыннан салмақты Арамқара болып шықты. Ананы қараңыз, езуі жиылмайды, күлкісі тыйылмайды. Күлкісінің түрі де көп. Сылқылдап бір кетеді де, арасында бірер сез айтып шиқылға көшеді, одан езуін жинап, көзін қолымен бір сүртіп тастап, қарқылға басады. Күлкісі келіп тұр,. әйтеуір. Екі тізесіне алақанымен шапаттап, ұрып-ұрып қояды. Мәліммен бірге төрге тартып барады.
— Ойпырмай, дүниенің өзгеруі-ай!— дегенге қарасам Бәйпек деген қойшы екен.— Бұрын кадр бөлімін басқарғанда Арамқара мына Мәлімді өзі қолымен жоғарылатып, бөлімше басқарушы жасап еді, ол кезде Мәлім Арамқара үйінің отымен кіріп, күлімен шығатын. Енді Арамқараң жасының үлкендігіне қарамай, жүгіріп барып оның машинасының есігін ашады.
Не деп барады мына қойшы. Нені бұлдыратып, тұмандандырып жіберді.
— Әлі Мәлімің осы Арамқараның қолында өртекеше ойнамаса қайтсын!— Бүлдірді мына шал деп ойладым. Сол күні Арамқараның күлкісі тыйылған жоқ. Мәлім сөйлегендегі оның қылмия қарағанын айтсаңыз.
— Өзіміздің Мәлімжан айтқанда ішпегеннің іші жарылсын! Мынадай асыл сөзді сатып та ала алмайсың!— деген көбікті, көпшікті сөз, шиқылдаған, қиқылдаған күлкі түннің бір уағына дейін барды...
Бұдан кейін Мәлімде жұмысы бар адамның алдымен Арамқараға баратынын білдік. Қандай жолмен қалай жасайтынын кім білсін, әйтеуір оның кабинетінен шыққанның бәріне ертеңіне қызметі жоғарылаған бұйрық шығады. Ал әлгі совхоздың кассирі Рәсия той еткеннен он күн кейін орнынан босап қалыпты.
— Не болған байқұсқа? Не істеп қойыпты?— деп сұрайды Арамқара менен.
— Білмеймін,— дедім мен. Шынымен білмесем қалай білемін дейін.
— Бастыққа жақпай қалып па?— деп сұрайды Арамқара менен.
— Білмеймін,— деймін мен. Арамқара менің бетіме бажайлай қарап, аузын бір жағына қисайта ашты. Екі кез жылтыңдап алдымен төбеге қарады, сонан соң көзін маған тастады, менен үйдің бұрышына, одан орындыққа, одан тағы бір жаққа көшті. Терікке шытынды, ашуланшақ қой дейсіз бе? Мәлім жанында одан күлкіші адам жоқ. Жағымпаз ғой деймісіз! Біле тұрып білмеген боп мүләйімсіді, мүдәйіленеді. Аяр ғой демексіз. Жоқ бәрі де емес. Жағымпаз да, аяр да, зорлықшы да емес. Бұл сіз бен біз түсіне алмайтын, тек Арамқараның өзі ғана білетін құбыл бірдеме. Мүмкін кәрияның айтқанындай адамның жанын ұрлайтын біреу, әлде әйелдердің айтқанындай арам қараның өзі.
1983.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру