TELEGEI

Home

Айна-ғұмыр

Рахымжан Отарбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Айна-ғұмыр

Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына пьесалары топтастырылған. Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан замана шындығын бүкпесіз суреттеген автордың әр туындыдағы айтар ойын ойлы оқырман өзі саралар. Талғамы биік көпшіліктің көңілінен шығары талассыз.

Рахымжан ОТАРБАЕВ
Айна-ғұмыр
Пьесалар

Отарбаев Р.
Айна-ғұмыр. Пьесалар. – Астана: Фолиант, 2013. – 512 б.

ІSBN 978-601-302-011-2

Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына пьесалары топтас­
ты­рылған. Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілік­
ті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр
тартысқан замана шындығын бүкпесіз суреттеген автордың

әр туындыдағы айтар ойын ойлы оқырман өзі саралар.
Талғамы биік көпшіліктің көңілінен шығары талассыз.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

О-81

ІSBN 978-601-302-011-2

О-81

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7
© Отарбаев Р., 2013
© «Фолиант» баспасы, 2013
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды

БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

Екі актілі, төрт көріністі тарихи драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

2. ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ

3. ПҰЛЖЕТПЕС

4. АНА

5. УӘЗІР

6. ИСА ТҰРАН ШАХ

7. ХУАН ПІРӘДАР

8. ЛЮДВИГ ІХ

9. АҒА ШАХИН

10. БЕК

11. ФАТИМА

12. ҚАЛАУЫН

13. ҚҰТІЗ

14. ТӘҢІРБЕРДІ

15. ТӘЖІ БАҚЫТ

16. САЙД

17. АХМЕТ

18. ШЕЙХ

Шапқыншылар, мәмлүктер, елшілер, тұтқындар, ша­
бармандар, періштелер, шаһар әкімі, дауыстар, қарауыл,
жаршы, саудагер, т.б.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші акт
Бірінші көрініс
Сахнаға жарық күңгірт түсіп тұр. Халық әрлі-берлі са­
пырылысып, алуан түрлі дауыстар естіліп жатады. Бұл –

Кіші Азиядағы Сиуас қаласының құл базары.
Алыстан шығыс сазы естіліп тұрады. Дауыстар: «Құл
алыңдар, құл!», «Өзі қайратты, өзі ақылды». «Ақылын ба­
сына езіп жақсын, күші болса жетеді». «Құл алыңдар, бұл

Африкадан келген қара зәңгі». «Әкел бері, бағасы қандай?»
«500 динар». «Қымбат. Ол бағаға мұндай қара күйенің
бесеуін қатар аламын». «Құл алыңдар, құл, жарандар.
Күші бар, ақылы жоқ. Құлағы бар, тілі жоқ. Көзі бар, бірақ

көрмейді». «Әкел, әкел бермен. Ең қымбат құл осы!»
Осы сәтте сатушылар да, құл алушылар да дүрлігісе
қалады. Дауыстар: «Кеме келді, кеме!» «Жаңа құлдарды
түсіре бастады». «Сауда енді қызады».

Аяқ-қолдарындағы кісендері сылдырлап құлдар келе
бастайды. Дауыстар: «Бұлар итальян саудагерлері».
«Орта Азия мен қыпшақ даласынан тұтқындар әкелді».
«Тездетіп таңдайық». «Бәрібір қара зәңгіден артығы

жоқ». «Жо-жоқ, қыпшақтар асқан жауынгер халық». «Ең
жақсы мәмлүк солар». Ортаға итальян саудагері шығады.
ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ: Дон бойынан, Карпаттан кел­
гендер, оң жаққа шығыңдар. Хиндустаннан, Курдстан­

нан әкелінген тұтқындар, сол қанатқа сап түзе. Арарат­
тан қолға түскендер әрмен тұр. Қазақ даласынан ұсталған
қыпшақтар, басыңдар аяқты, жақындаңдар маған.
(Кісендері сылдырлап, екі бала саудагердің жанына

таяп келеді).
ДАУЫСТАР: Өзге ересек қыпшақтар қайда?

– Оларды кемеден шығармаған болар.

– Ең алдымен нашарын саудалайтын әдеті емес пе?

– Мына екі сәби кімге қорған болмақ?

– Пішту деген! Бұларды балапан құстай қолға үйрету

жеңіл. Есейіп кетсе көнбейді.
ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ: Ересек қыпшақтар кемеде кө­
теріліс жасап, қырық пышақ боп қырқысты. Алла жар бо­
лып, бір-бірлеп ұстадық та, кісенімен теңізге әуп деп аттық.

Акулалар ап деп, ап деп (мимикасын көрсетіп) қағып
алып отырды. Сонда қыңқ деп дыбыс шығарған, жалынып-
жалбарынған бірі болса ше. Дайын құлдықтан гөрі өлімді
артық көретін неткен намысшыл халық!.. Кәне, келіңдер,

сауданы осы екі қыпшақ баладан бастаймын. Қол-аяғы
бүтін, тісі түгел, көздерінде от, кеудесінде шоқ бар. (Сау­
дагерлер қаумаласып, қауқылдасып қалады). Мұндай
мәм­лүкті алған да арманда, алмаған да арманда! Алдымен

сен шық ортаға (итальяндық саудагер Қалауынды ортаға
алып шығады). Кәне, таныстыр өзіңді.
ҚАЛАУЫН: Жасым он екіде. Есімім – Қалауын. Жайық
бойын жайлаған қыпшақ ұлтынанмын. Нәсілім – беріш.

ДАУЫСТАР: Үш жүз динар беремін. Әкел қолды.

– Жоқ, төрт жүз.

– Мен аламын, бес жүз.

– Алты жүз алтын динар. Кел, бала!

– Мен атасының құнын берейін, сегіз жүз.

ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ: Бұл қыпшақтың құны – мың
динар!
ДАУЫСТАР: Қой, әрі.

– Оңбаған итальяндық, сараң ит.

– Алтынға көміліп өлейін деген екен.

– Мә, мың динар. Әкел маған баланы!

– Алған кім?

– Сұлтан Салық Наджи-ад-диннің уәзірі.

– Жарадың.

– Әй, ерім-ай.

– Сауданы қылыш шапқандай ғып жасайды.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ (Осы кезде Қалауын жанындағы Бейбарысқа тіл қа­ тады. Екі баланың сәби үні сахна сыртынан естіліп тұрады). ҚАЛАУЫН (қуанып): Алақай, мені мың динарға ба­ ғалады. БЕЙБАРЫС (күрсініп): Сатылғаныңды да мақтан еттің бе? ҚАЛАУЫН: Саған қанша берер екен, Бейбарыс? Аз ба, көп пе? БЕЙБАРЫС: Қымбат адамның қашанда арзанға баға­ ланатын әдеті емес пе? ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ: Екінші тұтқын қыпшақ, шық ортаға. (Бейбарыс ортаға шығады. Биіктеу жерге тұ­ рады). Таныстыр өзіңді. БЕЙБАРЫС: Жасым он екіде. Есімім – Бейбарыс. Жа­ йық бойында моңғолдар тұтқынға алды. Ұлтым – қып­шақ, нәсілім – беріш. Жамақ ханның ұлымын. ДАУЫСТАР: О, қыпшақ ханның баласы. – Кәне, көрелік. – Түсір басыңды, қақшаңдатпай. (Осы кезде сахна шетіне оймақтай жарық түседі де, сегіз-он жастағы бүлдіршін қыз бала пайда болады. Бұл Бейбарыстың ата-анасы айттырып қойған Пұлжетпес еді. Бейбарыс пен Пұлжетпестің тілдесуі сахна сырты­ нан естіліп тұрады). БЕЙБАРЫС: Пұлжетпес? ПҰЛЖЕТПЕС: Әу, Бейбарыс. БЕЙБАРЫС: Айттырып, ен тағып қойған қалыңдығым ең. Жат жерде әзіз басымыз саудаға түскен заманға тап келдік. ПҰЛЖЕТПЕС: Мойыма, Бейбарыс. Тағдырдың бір сы­ нағы шығар. БЕЙБАРЫС: Пешенеге жазылған. Сол жазу түбі саған жетелеп барса екен мені.

ПҰЛЖЕТПЕС: Күтем, Бейбарыс. Ұшқан құстан, ескен
желден, көшкен елден жолдаған сәлеміңді күтемін. Шап­
қан аттың тұяқ дүбірі боп оралар деп тосамын.
БЕЙБАРЫС (даусы дірілдеп): Ерте ме, кеш пе, жаным

ұяда болса жетемін. Пұлжетпес, жетемін саған!
ПҰЛЖЕТПЕС: Кү-те-мін, Бейбарыс. Кү-те-мін, жаным!
(Пұлжетпестің даусы жаңғырығып барып үзіліп
кетеді. Өзі де ғайып болады).

ДАУЫСТАР (сахнадағы): Көзінің ағы бар екен.

– Көңілінің мұңы бар екен.

– Хан баласы дейді өзін.

– Есі бүтін мәмлүк шықпас.

– Қой әрі.

– Әй, итальян саудагері, әкел алақанды, мә, сегіз жүз

дихрам.

– Алла айырмаған қос қыпшақты мен айырмай-ақ

қояйын. Айырылса бір-бірін жоқтап ішқұса боп өлер.
ИТАЛЬЯН САУДАГЕРІ: Сегіз жүз дихрам? Аздау. Мен
мұның өзін моңғол саудагерінен сегіз жүз дихрамға сатып
алғам. Бақтым, қақтым, үш ай аузына адал асымды тос­

тым.
ДАУЫСТАР: Оттама! Барым осы. Ілмиіп өлгелі тұр.

– Әй, ерім-ай!

– Ақшаның бет-жүзіне қарамайды-ау өзі.

– Сөзді көрмейсің бе, оттама деп жылқы тепкендей бір-

ақ қайырды.

– Ойбай-ау, ілмиіп өлгелі тұр екен деп, жылан шақ­

қандай еткен жоқ па!

– Ха-ха-ха!

– Хи-хи-хи!

– Жетті! (Ақырып. Бәрі сап басылды). Бейбарыс, жа­

қында маған.
(Бейбарыс Сұлтан Салық Надижи-ад-диннің басына ақ
сәлде ораған қауға сақал уәзіріне таяп келеді).
УӘЗІР (Бейбарысқа): Қолыңдағы не шөп?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕЙБАРЫС: Жусан.
УӘЗІР: Әкел бермен. (Иіскейді. Мұрнын шүйіреді). Иісі
жаман екен, зытыр нәлетті. (Лапылдап жанып жатқан
отқа лақтырып кеп жібереді).

БЕЙБАРЫС: Тоқта! (Жан даусы шығып айқайлап жі­
бергенде, сахна қараңғыланады да, саудагерлер мен құл­
дар тобы жоқ болып кетеді. Жарық қайтадан жан­ғанда
майдан даласында тоқым жастанып жатқан Бейбарыс

көрініс береді. Түсінен шошып оянады. Аяқ жағында бір
қара зәңгі қарумен мұны күзетіп, екінші зәңгі бас жағында
желпуіш желпіп тұр. Бейбарыс аласұрып жан-жағына
қарайды. Аты кісінейді). Апыр-ай, Пұлжетпес, аяулым

ғып атастырып, азабым ғып арпалыстырған бір бейне
ғұмыр бойы түсімнен шығар емес. Жат өлкеде көңілімді
жебегені ме, мынау қанды майдан қырғында қос қолтық­
тан демегені ме? Жусан. (Ойланып) Тұшынып бір иіскесең

көкірегіңді шәйдай ашқан қайран Жайық бойының жуса­
ны. Жас сәбидің қарын шашындай бүр жарғанын көрер ме
еді?
(Алыстан айқай-сүрең, қарулар қақтығысы, жылқы

кісінегені естіледі. Бейбарысқа бір шапқыншы келеді).
ШАПҚЫНШЫ (бас иіп тағзым етіп): Уа, қадірлі әс­
кербасы, «Крест жорығына» шыққан француз жасағы бү­
гін шабуылды тағы бастады.

БЕЙБАРЫС (бес қаруын тағынып жатып): Дамиетта
шаһарына азық-түлік жеткізілді ме?
ШАПҚЫНШЫ: Жеткізіп үлгердік, әскербасы. Олар
қазір Мансұр айлағына беттеп келеді.

БЕЙБАРЫС: Жарлығымды жеткіз. Ғазауатқа қатыс­
қан барша әскердің үштен бірі Ніл өзеніне тоспа салып бай­
ласын. Тез.
ШАПҚЫНШЫ: Астағы-пыр-алла, Нілді байлайды!

БЕЙБАРЫС (шалт қимылдап): Байласын. Оған Қа­
лауын иелік етсін. Кімде-кім майдан даласын тастап қаш­
са, кәпір болады. Мұсылман зиратына қойылмайды. Кімде-

кім Нілді байламаса сүйегін судан табады, иман бұйыр­
майды.
ШАПҚЫНШЫ: Құп! (Кетеді. Оның әлгі жарлықты
жария еткен даусы естіліп жатады. «Кімде-кім майдан

даласын тастап қашса, кәпір болады. Нілді байламаса,
иман бұйырмайды»).
(Сахнада соғыс көрінісі бастау алады. Сахнаның бір
тұсында Бейбарыс бас болған мәмлүктер, екінші тұсында

француздар. Қақтығыс өрши түседі).
ДАУЫСТАР: Қауыра шап!

– Сұқ найзаны!

– Кес басын!

– Жар өтін!

– Уа, жалдамалы мәмлүктер!

– Асыранды иттер!

– Арабтың артын жалаған құлдар!

БЕЙБАРЫС (ашына ақырып): Уа, ғазауат! Уа, мұ­
сылман! Шегінуші болмаңдар! Қырыңдар кәпірді. Бауыз­
даңдар лақша! Еріңдер соңымнан!
ДАУЫСТАР: Құдайдың құлымыз!

– Мұхамбеттің үмбетіміз.

– Шәдиярдың сәруарымыз.

– Шахит кетсек пейіштің төріндеміз.

(Қырғын майдан жалғаса беріп сахна айналғанда екін­
ші бетке өтіп басылады да, сән-салтанатты сұлтан са­
райында тақта отырған Иса Тұран шаһ көрініс береді.
Шығыс музыкасы баяу ойнап, қақ алдында екі жас сұлу

мықын, бөксесін бүлкілдетіп билеп тұр).
ИСА ТҰРАН ШАҺ (қызғын, қолын шапалақтап): Сұм­
дық әдемі билейсіңдер. Тағы, тағы. (Екі қыз екі жағы­нан
таяп келіп, мықынын шаһқа қарай лақтырып-лақты­

рып билетеді. Сықылықтап сұлулар күлген сайын шаһ
та мәз-мейрам бола түседі). Ғаж-жап! Сендердің марқұм
әкем Сұлтан Салық Наджи-ад-дин соқтырған күміс тең­
гедей сыңғырлаған күлкілеріңді естігенде (пауза) қара

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

тырнағыма дейін жыбырлап кетеді. (Екі сұлудың күлкісі
одан бетер күшейеді). Тұп-тура жыбырлап кетеді. Еке­
уіңді де бүгіннен бастап гареміме аламын. (Қолына күміс
тостағанды алып) Сол үшін зәмзәм суын бір толғап

жұтайын (көтеріп тастайды. Ішке уәзір Хуан кіреді).
ХУАН: Рұқсат па, (тағзым етіп) күндей айбарлы, ай­
дай дидарлы ұлы әміршім?
ИСА ТҰРАН ШАҺ: О, уәзір, қош келдің! (Орнынан екі

ұмтылып тұрады). Хуан пірәдәр, жер-жаһанның хабар­
шысы, жақсылықтың жаршысы. Баста сөзіңді!
ХУАН (өтірік мұңайып, мүләйімсіп): Бұ жолы Сіз
тосқан жаңалықтың жаршысы бола алмай қатты қай­мы­

ғып тұрмын, ұлы әміршім. Айбарыңыздан сескеніп, дида­
рыңыздан именіп, ішімнен қан өтіп келді, Иса Тұран шаһ.
ИСА ТҰРАН ШАҺ (семсерін құлаштай суырып алып):
Күллі Египет билеушісінің бетіне жел болып тиемін деген

пәнде болса айт жасырмай.
ХУАН (мүләйімсіп): Марқұм әкемнің сүйген құлы деп
қыпшақ Бейбарысты дәсерсітіп қойдыңыз. Әскербасы ғып
тағайындадыңыз. Нәсілі бөлек, қаны бұзық емес пе.

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Бейбарыстан артық әскербасы жоқ.
Қалауын ондай көзсіз ер емес. Бұқпасы бар.
ХУАН: Сіз әскербасы ғып «крест жорықшыларына»
қарсы шайқасқа жібердіңіз. (Аярланып) Ал, оның не істеп

жатқанын білесіз бе?
ИСА ТҰРАН ШАҺ (шошып): Жоқ! Не істепті?!
ХУАН: Ніл өзенін байлатып, арнасын бітеп жатыр.
Жаңа ғана бір зәңгіні қолтырауын тұтастай жеп қойды.

Пәр­ше-пәрше ғып. Ол пәлелер өріп кетсе, бәрімізді жалмап
тауысар.
(Иса Тұран шаһ тағына сылқ етіп отыра кетеді. Екі
алақанын көтергенде музыка тоқтап, биші қыздар екі

бүйірдегі есіктен жылыстап жоғалады).
ИСА ТҰРАН ШАҺ: Нілдің суын бөгейді. Не мақсат­пен?
Ау, ұлы дария оған бой бере ме? Жау қайда, дария қайда?

Бі­рі – француз, бірі – су. Түсінсем бұйырмасын. (Тағы да
кү­міс тостағанды бір мәрте көтереді).
ХУАН (еңкейіп сыбырлап): Ұлы әміршім, Бейбарыс
се­німіңізге кіріп, іштей іріткелі жүр. Жұлдызшы солай

дейді. Тездетіп көзін құртпаса, тақтан дәмелі дейді.
ИСА ТҰРАН ШАҺ (қарқылдап кеп күледі): Тақтан?
Қол-аяғын кісен қиған мәмлүк енді бағын тақта сынағысы
келеді де. Мен тіріде ойлағаны іске аспас, Хуан пірәдәр.

(Қатуланып) Бұйрығымды жеткіз Бейбарысқа! Тоқтат­
сын Нілді байлауын. Еркінсімесін. Атасынан қалған да­
рия емес ол. Ертеңге дейін король Людвик тоғызыншы­ны
тұтқынға алып үлгермесе, өз кәлләсін құзғын мүжиді.

Иманын үйірсін. Бар. (Хуан пірәдәр бүкең қағып, шыға
жөнеледі. Иса Тұран шаһ көңілді кейпіне түсіп, алақанын
шапалақтағанда музыка ойнап, екі биші қыз екі бүйірден
шыға келіп әсерлі биін жалғастырады. Сыңғырлаған күл­

кі естіледі. Сахна айналып қаракөлеңкеленеді де, Бейба­
рыс бастаған мәмлүктер көрініс береді. Гүрілдеген Ніл
дариясының сарыны естіледі. Дарияны бөгеп, жантала­
сып жатқан жасақтың іс-әрекеті байыз табар емес).

ДАУЫСТАР: Қапқа толтыр құмды.

– Жүз қапты ат арнаға.

– Лай су шайып кетпесін.

– Қолтырауын!

– Шап басынан. Қылышпен!

– Сүйре құйрығынан!

– Түйре найзамен!

– Арна аунап барады!

– Біте көмейін. (Жанталас жалғаса береді).

ҚАРАУЫЛ: Әскебасы жойқын қимылдауда! Талайы
кәлләсін құшып жатыр. Жау отты қаруын іске қосты.
(Гүрс еткен үн естіледі).
(Доп мүлт кетті. Француздар шегінуде. Алды айлаққа

қаша бастады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДАУЫСТАР (дарияны бөгеп жатқандар): Мәмлүк­
тердің даңқы арта берсін!

– Бейбарыс жәй мәмлүк емес, ол – әскербасы.

– Қыпшақ нәсілі, қайтпас ер!

– Қалауынның ерлігі одан кем емес.

– Жаужүрек деп Құтізді айт!

– Дария бөгелді!

– Су кемеріне келді.

– Енді не істейміз?

– Әскербасы Бейбарысқа ат шаптырыңдар.

– Арнаны қай тұсқа бұрамыз? Әмірін тосайық.

(Осы кезде дария басына Хуан пірәдәр келеді. Маңғаз да
өркөкірек қалпы).
ХУАН: Уа, өңшең айтпаса білмейтін, ашпаса көр­
мейтін, құлдың құлақкесті тұқымы. Жер жаралып, су

аққалы жасап келе жатқан ұлы дарияны бөгеу – ислам­
ның құтқарушысы, теңдессіз әмірші Иса Тұран шаһқа
жасаған теңдессіз зиянкестіктерің. Дарияның аңы, өлке­
міздің сәні – қолтырауынды қырғандарың тегі бөлек

дұш­пандықтарыңды дәлелдеп тұр. Ашыңдар тоспаны,
қа­шыңдар аулақ, өңшең кісәпір. Бұл – ұлы әміршінің
бұйрығы.
ДАУЫСТАР: Уа, уәзір, бұйрығыңа құлдық, бірақ орын­

дай алмаймыз.

– Жау таяп келеді.

– Бейбарыстың жарлығымен жасадық.

ХУАН (ашына айқай сап): Ашыңдар дедім тоспаны!
Сендер француздарға жол ашып беріп жатырсыңдар. Қазір
жау жасағы Каирға сау ете түседі. Бұл не деген сатқындық?!
ҚАРАУЫЛ: Бейбарыс келе жатыр. Ақ тұлпармен құй­

ғытып келеді.
(Ат тұяғының даусы естіледі. Сахнаға Бейбарыс шы­
ғады).
БЕЙБАРЫС (аптығып): Дария байланды ма?! Жарады!

Қайтпас ерлерім менің!

ХУАН: Уа, әскербасы Бейбарысым, бұл не жанталас?
БЕЙБАРЫС: Уәзір, жау жағадан алғанда жұмсақ тө­
секте жата алмайтынымды білсеңіз нетті!
ХУАН (басын шайқап): Жарамады. Ашыңыз тоспаны.

Әмірдің бұйрығы солай. Ертеңге дейін жауды талқандап,
корольді қолға түсірмесеңіз, дар тұзағы Сіздің мойныңыз­
ды да айналып өтпес.
БЕЙБАРЫС (қолын сілкіп тастап): Жоғал әрмен,

кәпірдің жансызы!
ХУАН: Елден ерек жылқы етін жеген, сүтін ішкен сен
де кәпір! (Хуан жылыстап жоғалады. Жәй кетпейді, кек­
тесіп, айбат шегіп кетеді).

БЕЙБАРЫС: Қарауыл! Қалауынға, Айтемір, Тоқтемір,
Ибрагим Уаққа хабар сал. Мансұр айлағынан әскерді суыт
алып шықсын. Жауға шегінер жер қалдырмай, Каир бетте
сап түзесін. Қазір дарияны басқа арнамен босатамыз.

ҚАРАУЫЛ: Құп, әскербасы. Шапқыншы кетті. (Айна­
ла айқай-шуға, жанталасқа, қырғынға, қашты-қудыға
бөленген. Ал Бейбарыс сахнаның қақ ортасында тұрып
өзін дүниенің тірегі сезінгендей, өзгеге сездіргендей ойлы,

мұңды қалпы жан-жағына – көрерменге көз тігіп, сәл пау­за
жасап қалады. Алыстан күй сарыны естіледі). Әс­кербасы,
бұйрығыңыз орындалды. Әскеріміз шайқасты тастап шық­
ты да, француздар айлақта оңаша қалды.

БЕЙБАРЫС (селк етіп): Ағытыңдар Нілді! Ақсын жаңа
арнамен. Бассын айлақты. Жұтсын жауды. (Дарияның
жойқын сарыны естіледі. Айқай-шу, ызы-қиқу естіледі).
ҚАРАУЫЛ: Француздардың тірі шыққандары қашып ке­

леді. Көбі дариямен ақты. Король дариямен ақты. Король
Людвик тоғызыншы бастаған бекзада топ ақ жалау көтеріп
шықты. Жеңдік жауды. Жарылқа, жаратқан ием. (Он
шақты француз солдаты сахна төрінен қашып өтеді).

БЕЙБАРЫС (өз-өзімен): Жарылқа, тәңірім, жалғызды.
(Пауза. Бейбарыс айналасындағыларды көтеріп) Жүрің­
дер, тұтқындаймыз корольді!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Сахна қараңғыланады да жарық кері жанғанда Иса
Тұран шаһтың сарайы көрініс береді. Музыка әуенімен
төрт сұлу қыз шығыс биін билеп тұр. Шаһ тақта отыр,
бас уәзір Хуан алдында мүттәйім қалпы иіледі).

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Сөйле, Хуан пірәдәрім. Уәзірлік пен
шабармандықты шатыстырып алған жоқсыз ба?
ХУАН: Ұлы мәртебелім, жау жағадан, бөрі етектен жар­
масып жатқанда жаным қыдырып кетпеді ме?

ИСА ТҰРАН ШАҺ (қызғын): Жауың белгілі, ал бөрің
кім?
ХУАН: Тісі ақсиған көкбөрі дегенім – Бейбарыс. Нілді
бөгеп, жауға жол ашып, француздарға қосылып кетті дейді.

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Сөзіңнің жалған еместігіне жан
бересің бе?
ХУАН: Жан беремін, ұлы мәртебелім, жан (жантала­
сып). Қауіп төнді сіз бен бізге. Бейбарысқа қарсы ғазауат

жариялап, майдан ашпасаңыз, күніміз қараң. Аспанда күн
тұтылып, ай адасады.
ИСА ТҰРАН ШАҺ: Ал, Бейбарыс әскербасы боларда
әкем Сұлтан Салықтың алдында адалмын деп тұзға сиіп

ант берген. (Сарай есігі оқыс ашылып, ішке ентіккен Бей­
барыс ентелей басып кіреді. Хуан шошып селк етеді).
БЕЙБАРЫС: Рұқсат па, ұлы мәртебелім? «Крест жоры­
ғына» шыққандар айқын жеңіліс тапты. Көбі Нілге ақты,

батпаққа батты, азы қолға түсті. Людвиг тоғызыншының
айғыр үйір тобын алдыма салып айдап әкелдім. Қабыл
алыңыз.
ИСА ТҰРАН ШАҺ (орнынан атып тұрып): Қайра­

тыңнан айналдым, қайран Бейбарыс! (Тәлтіректеп) Кір­
гіз, басына шуда жамылғандарды! (Сарайға король бас­
таған төрт-бес француз кіреді. Бәрінің де басында ақ па­
рик, үстінде ақсүйектердің киімі. Көздерінде пенснэ. Бірақ

су, балшық шашырап, берекелері қашқаны көрініп тұр.
Жүздерінде үрей бар).

БЕЙБАРЫС (шаһқа тағзым етіп): Ұлы мәртебелім,
қабыл алыңыз, шақырылмаған қонақтарды. Күтусіз кел­
генімізге (мысқылдап) кешірім өтінеміз дейді. (Король
бастаған топ сәл ғана тізе бүгіп, иіледі).

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Қолға түстік деңдер, мырзалар.
ЛЮДВИГ ІХ: Қапы соқтық, әмірші. Бар әскерімді
тасқын жұтты. Әйтпесе... (Тұран шаһ биші қыздарға ым
қағады. Сұлулар тұтқындардың жан-жағына шығып

сүйкене билеп естерін алады. Әлсін-әлсін былқылдаған мы­
қындарымен шошытады. Иса Тұран шаһ күле, Хуан үркіп,
Бейбарыс ойлы қалпы қарап тұрады). Тойдық, әміршім,
(қатайып) арабтардың биіне.

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Билеушісіне ше?
ЛЮДВИГ ІХ: Бәріне де.
(Шаһ иек қағады. Бір сұлу қыз бір күміс тостақан ша­
рапты корольге ұсынады).

ИСА ТҰРАН ШАҺ: Кел, король мырза, жеңіс үшін
ішейік. (Шаһ тостағанды көтереді. Ал Людвиг то­ғы­
зыншы ызаланып, тістеніп тұрып шарапты Хуан­ның
бетіне шашып жібереді).

ЛЮДВИГ ІХ: Кесіміңді айт, әмірші. Басыма азаттық бер.
БЕЙБАРЫС: Жаңа ғана өз кесіміңді өзің шығардың, ко­
роль!
ИСА ТҰРАН ШАҺ: Алла азат еткен басыңды араб еліне

әкеп тозаққа тықтың (басын шайқап). Енді құтылу бол­
мас.
ХУАН (мүләйімсіп): Әлбетте.
ЛЮДВИГ ІХ: «Қасиетті жер», алыстағы арман болдың-

ау (аһ ұрып)...
ИСА ТҰРАН ШАҺ: Арман күйінде қалады. Бейбарыс,
(француздарды көрсетіп) шудаларын сыпырып ал да, қы­
рық есік зынданға сал.

(Өзі биік баспалдақпен теңселе басып жоғары көте­
ріле береді). Мен дүниені биік мұнара басынан қада­ға­
лап тұрамын. (Хуан иіліп тағзым етеді, Бейбарыс тұт­­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

қындарды алып шығып бара жатады, сұлулар биін жал­
ғастыра береді. Сахна баяу күңгірттене түседі).
Екінші акт
Екінші көрініс

Сахнаның бір шетінен дауылпаз қаққан жаршы шы­
ғады.
ЖАРШЫ (қуанышты): Уа, қадірлі халайық, сұрағанға
сүйінші бар. Сирия мен Палестинаға көз тіккендер жеңілді.

Француз әскері талқандалды. Король қолға түсті. Сүйінші,
халқым, сүйінші! Әмір сарайында ұлан-асыр той өтпек.
Баспанасызға үй тимек, қатынсыздар қыз сүймек. Уа,
халқым!.. (Жаршы дауылпаз қағып сахнадан өте шығады.

Ізінше қарсы беттен шабарман шығады. Даусы зарлы).
ШАБАРМАН: Уа, халқым, Күн тұтылды, Ай адас­
ты өрісінен. Күллі Египет қара жамылды. Арабтың туы
құлады. Дауыл бәйтеректі жықты. Арабтың туы құлады.

Дауыл бәйтеректі жықты. Тұнығымызды ылайлады. Иса
Тұран шах шаһит кетті. Төрі жаннатта, жаны пейіште
болғай. Уа, халқым, қоса күңірен, жұл шашыңды, жырт
бетіңді.

(Шабарман даусы жырақ кеткен соң, сахнадағы жа­
рық қараңғыланып қайта жанғанда қара жамылған
әмірші сарайы көрініс береді. Тақ бос тұр. Тақтың екі жа­
ғын қаумалап, Египеттің игі жақсылары қанаттас жай­

ғасқан. Жүздері мұңды. Бірақ көбісі тақтан дәмелі).
АҒА ШАХИН (бас уәзір): Ил-алла-ла-ил-аллаһ! Уа, қара
жамылған жамағат, уәзірлер мен қадилар, шейхтар мен
бектер. Тумақ – хақ, өлмек – хақ. Бұл – Алланың бұйрығы.

Осы үрдісті берік ұстанып, Мұхамбет ғалейсаламның үм­
беті болу – бір бақыт. (Жиналғандар бас шұлғысып, «Әл­

бетте», «Орынды сөз», «Алланың әмірі» десіп қалады).
Ұлы әміршім Иса Тұран шахтың мәңгілік мекенімен та­
бысқанына бір жұма өтті. Мұнара басынан қалай құлап,
шаһит кеткеніне анық куә жоқ. Дау өршіп тұр. Ал, монғол

әскері құрттай өріп, құмырсқадай жыбырлап, Бағдатты
қоршауға алды. Әмірші жоқ, тақ бос тұр.
ХУАН (иіліп): Алла атымен ант етемін. Мұнара басы­
на шығып әлемді шолып тұрған әміршіге қарай Бейбарыс

көтеріліп бара жатты.
БЕК: Мен де көрдім. Белінде қайқыбас қылышы бар.
Жүгіре басып мұнараға шықты.
ФАТИМА: Артынша шах мұнараның ұшар басынан

құлап түскен.
ХУАН: Өзі тақтан дәмелі ғой.
ҚАЛАУЫН: Жалған. Шах өлгенде Бейбарыс қалған жау­
ды талқандап жүрген. Мен бұған Қалауын басыммен ант

етемін.
ҚҰТІЗ: Шахтың бойын әзәзіл шарап билеген. Күнәһар –
сол.
ХУАН (шаптығып): Ұлы аруаққа неге тіл тигізесің?

Оңбаған қыпшақ!
ҚҰТІЗ: Шахтың ұлты курд еді, өзің – жөйтсің. Оны да
ұмытпа, Хуан пірәдар!
ҚАЛАУЫН: Араб елінің мәмлүктен шеккен залалы

жоқ. Айыбы – найзаға тұщы етін, қылышқа талша мой­
нын, дойырға жон арқасын төседі.
АҒА ШАХИН: Мәжіліске Бейбарыс неге келмеген?
ҚҰТІЗ: Ол жауабын кеше берген. Қазір әскер басында.

АҒА ШАХИН: Өмір тұрғанда өлімді айтпа. Бітпес дау-
­ды қудық. Шахтың аруағын күңіренттік. Пейіштегі жа­­
нын қозғадық. Күнәһар жоқ. Бейбарыс тақтан дәмегөй
бол­са, бізбен тізе қосар, қызыл тілді безер еді. Ұлы жеңісті

жұлып әперген сол. Алла разы.
ХУАН: Тақ сұлтанын күтеді.
ҚАЛАУЫН: Тақ жалғыз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕК: Дәмелі мың сан.
ҚҰТІЗ: Жамыраған жұлдыз көп те, жарық Ай біреу.
ФАТИМА: Жұлдыздың жаманы Айды күндер.
АҒА ШАХИН: Тақтың сегіз жастағы мұрагері бар.

ФАТИМА: Жыламай емшек ембейтін жас бала сұлтан­
дыққа жарамайды.
ХУАН: Жанына ақылшы сайлайық.
ҚАЛАУЫН: Жолы мен жоралғысы бас уәзір Аға Ша­

хинге түсіп тұр.
АҒА ШАХИН (жан-жағындағыларға барлай қарап):
Ә, тақ талас басталды ма? Мен сұлтандықтан бас тартамын.
ҚҰТІЗ: Ендеше әскербасы Бейбарысқа жол ашайық.

ФАТИМА (шар етіп, тұлданып): Қаңғып келген қып­
шақтан-ақ көрдік-ау көресіні.
ХУАН (қосамжарланып): Ендеше, арпа ішінде бір би­
дайдай Фатима Шаджарат-ад-дүр ханымға кезек берелік.

Негізінде сұлтандық, нәсілінде тектілік бар әулет.
БЕК: Басшың тырна болса, күнің тырұлаумен өтер.
ҚАЛАУЫН: Түнің қарақшы боп, біріңді бірің қырумен
өтер.

ФАТИМА: Сұлтан сүйегін сыйлаған. Мен Ғали-Арыс­
танның тұқымымын. Еншім бар тақтан.
ҚҰТІЗ: Мәмлүктер – мемлекеттің айбары. Тақтың дида­
рына жарасса кемдік етпес.

ҚАЛАУЫН: Бейбарыс тақымына тар келсе, парасаты
мен пошымы кем соқпас Құтіз қайда қалады?
ҚҰТІЗ: Иә, бәсе.
(Өзеуреген, қол сермескен, кеуде соққан дау-дамай аз-

кем үнсіз жалғасады. Мимикамен беріледі)
АҒА ШАХИН (қатаң): Жетті! Құлан өліп, құрбақа
дәуірлеген екен (қолына әмірдің асасын алып). Жеребе
тас­таймын. Осы асасын ұшар ұстаған пәнде тақ мұрагері

атанады. Қалғаның соған жүріп, құлдық ұрасыңдар.
БӘРІ: Дұрыс шешім!

– Табылған ақыл.

– Иә, сәт.

– Жұлдызды шақ, жарқыра.

– Тигізе гөр алақанымды.

– Иә, жасаған.

(Аға Шахин ұзын асаны қақ ортаға қадайды)
АҒА ШАХИН: Кәне, жеребені ұстаңдар. Бір-бірлеп.
(Бәрі ұмтылысады. Біреуі қос қолдап жармасады. Көз­
дерін жұмады, күбірлеп сыйынады. Иықтасады, кеуде­

ден итеріседі). Алланың мейірі Айбекке түсті (өзгелері
түгелдей күрсініп сала береді. Фатима жаңа сұлтанның
мойнына оратыла кетеді).
ФАТИМА (көзін ойнатып, сиқырланып): Біліп ем. Ас­

тыңнан тағың таймағай.
(Сахна қараңғыланып, жарық кері жанғанда Хеопс
пира­мидасының жанында ұсталарға қару соқтырып,
май­дан даласында отырған Бейбарыс көрінеді. Жанында

өзінің тарихшысы қыпшақ Тәңірберді).
БЕЙБАРЫС (қару соғып жатқан ұсталарға): Алмас
қылыш қайтпас болады. Оттан суырып суға салыңдар. Әп,
бәрекелді! (Тарихшысына бұрылып) Не дедік, Тәңірберді?

ТӘҢІРБЕРДІ (жазғанын оқып): «Сарайда тақ таласы
шықты. Бас уәзір Аға Шахин жеребе тастады. Өзі тақтан
бас тартты. Барға қанағатшыл, көпке қамқор, аяулы адам
еді».

БЕЙБАРЫС: Жеребеде Айбек жеңіп, курд нәсілі тағы
да таққа отырды деп жаз. Араға жұма намазын салып, Фа­
тиманы некелеп алды де. Хош. Мекер алдымен төсегін,
сосын көсемін сатты де. Алланың өзі кешіргей, түн жамы­

лып жас тоқалы сұлтанға қанжар сұқты де. Тақ Фатимаға
бұйырды. Жаратқанның бермеген несібесін зорлықпен қан
төгіп алды де. Мың жылда да өшпейтіндей етіп таңбалап
жаз. Зорлық пен зұлымдық егіз туған. Фатиманы тақтан ел

тайғызды. Орнына қыпшақ нәсілі, менің әзіз досым Құтіз

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

сұлтан сайланды де. Қалғанын өзің өрнекте. (Бейбарыс ор­
нынан тұрып кетеді).
ТӘҢІРБЕРДІ (қолжазбасын қойнына жасырып): Са­
райдың айтылмайтын астыртын ойындарын менен жасыр­

май жәйіп салады. О, атақты әскербасы, маған қыпшақ деп
сенгенің шығар. Ақтармын уыздай көңіліңді.
(Сахнаға киіз үй құралын көтергендер шығады. Жанда­
рында Бейбарыстың жары Тәжі Бақыт пен екі ұлы – Сайд

және Ахмет бар).
БЕЙБАРЫС (қуанып): Оу, Еділ-Жайықты жайлаған
қыпшақ көшіп келгендей болды ғой (киіз үйдің әр құралы­
на бір жармасады). Бәрі де бала күнгі көрген мүлік. (Тәжі

Бақыт пен екі ұлы күле қарап тұрады). Мынау – шаңырақ.
Бұл – үйдің төбесі. Бәдәуилер сынды киізді қаусырып бу­
майды. Киіз еркін жайылады. Кереге, уық, уық па еді,
есімнен шығыпты. Үстіне анам құрт пен ірімшік, сарысу

жаятын (терең күрсініп). О, кешкен дәурен...
ТӘЖІ БАҚЫТ: Бас ием, өзің ұзақ жыл армандаған киіз
үйдің жарағын ұлы жорық алдында дайындатқанмын.
Өзің айтқансың, керегесі он екі қанат деп. Екі ұлың да жа­

нын салды.
САЙД: Тек құрастыруын білмедік, әке.
АХМЕТ: Әкем осындай киіз үйде көз ашқан десем, Сайд
сенбейді.

БЕЙБАРЫС (екі ұлына мейірлене қарап): Иә, Сайд,
Ахмет әкелерің шапқан тұлпардың тұяғы, жүзген кеменің
бауыры тозған алыста осы киіз үйде іңгәлаған. Киіз үйден
шығып, күллі әлемге кеттік.

ТӘЖІ БАҚЫТ: «Киіз үйдің іргесін түріп тастап,
қымызға қанып, қазы жеп сәскеге дейін ұйықтар ма еді»
деуші ең...
САЙД: Жылқының еті. (Өз-өзінен) Жей алмаймын.

АХМЕТ: Қымыз. (Өз-өзінен) Одан Нілдің суы артық.
БЕЙБАРЫС (есітіп, үнсіз бас шайқайды): «Құлынында
кісінемеген ат болар, атасын көрмеген ұл жат болар» деген
сол. Өз ортасы өгей етті-ау бұларды.

ТӘЖІ БАҚЫТ: Құрмаймыз ба, бас ием?
БЕЙБАРЫС: «Қыпшақтан қатын алғанның бір ісі ар­
тық» деседі ақ сәлдесіне оранған арабтар. Құрсақ, құра­
лық. Кәне, жігіттер, қаумалаңдар (қара зәңгісі, қыпша­ғы

аралас киіз үйге көмектеседі. Киіз үй сахнаның төріне
емес, кейінгі көріністерге кесел келмейтіндей етіп шетке
құрылған сипат береді). Алдымен шаңырақты көтере ме,
керегені құра ма, уықты қайсысына байлайтын еді? Тәжі

Бақыт, келші бері, әкем айтып отыратын, шаңырақ деген
өзім, уық деген балаларым, ал кереге деген шешелерің деп.
ТӘЖІ БАҚЫТ: Ендеше, екеуімізден бастайық. Сіз ша­
ңыраққа, мен керегеге, балалар уыққа ие болсын.

БЕЙБАРЫС (шаңырақты көтеріп): Әуп! Ата-бабаның
аруағы жар болғай. Жат өлкеде көтерген шаңырағым
ырыс­ты болғай.
ТӘЖІ БАҚЫТ (күбірлеп): Екі ұлға жұғысты болғай,

әумин. (Абыр-сабыр, қуанышты кейіп киіз үй тігу үстінде
жалғаса береді).
(Келесі көріністе Бейбарыс ортада отыр. Бір қара
зәңгі күзетіп, екіншісі желпуіш желпуде. Айналасының

бәрі қару соғып жанталасып жатыр. Бейбарыстың ал­
дында дар ағашы, онда екі аяғынан төмен қарай салбыра­
тып асып қойған бір француз тұр. Басы әлсін-әлсін бұлғақ
қағады).

БЕЙБАРЫС (әлгіге назарын тіктеп): Допты қарудың
тілін білмеймін дейсің, а?
ТҰТҚЫН: Білсем айтар ем, әскербасы.
БЕЙБАРЫС: Өтірік! Жолбарыстай өңкиген темірдің

құйрығына от тигізіп тұрғаныңды соғыс үстінде көрдік.
ТҰТҚЫН: Менің міндетім – пілтеге от тигізу. Сосын
«пух!» дейді.
БЕЙБАРЫС: Біздің қолға өткен соң неге «пух!»

дегізбедің?
ТҰТҚЫН: Өтім аузыма құйылып барады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕЙБАРЫС (қамшымен француздарды құйрыққа бір
тартады, анау шоршып түседі): Міне, құйрығыңнан от
бердім. Ол қайда барады?
ТҰТҚЫН: Пілтеге, ойбай. Пілте жанады.

БЕЙБАРЫС: Ә, пілте жана ма? Пілте бар бізде
(құйрығынан бір ұрады). Пілте жанып қайда барады?
ТҰТҚЫН: Өтіме. Жоқ, ойбай, дәріге. (Денесі жыбыр­
лап) Дәрі тұтанып, допты атады. Доп...

БЕЙБАРЫС: Доп мәмлүкті (ойланып).
ТҰТҚЫН: Дәрі жоқ бізде, дәрі. Өтім, ойбай.
БЕЙБАРЫС: Дәрі тап, жаса. Әйтпесе орнына өтіңді
құямын. Әкетіңдер мынаны! (Үш-төрт мәмлүк дар

ағашымен қоса көтерісіп алып кетіседі. Бейбарыс қару-
жарақ соғып жатқандардың жанына барып, әрқайсысын
сынап көреді). Қылыш. Исфаһан үлгісімен соғылған қайқы
қылыш. Отқа қақтадың ба, суға пісірдің бе? (Мәмлүкке)

Мә, ұста (бір қылышты лақтырады, анау қағып алады).
Кел. Жекпе-жек. Жекпе-жек.
МӘМЛҮК: Әскербасы, қорқамын.
БЕЙБАРЫС (ақырып): Кімнен?!

МӘМЛҮК: Сізден.
БЕЙБАРЫС: Шабам қазір басыңды (төніп кеп). Қы­
лыштас.
МӘМЛҮК: Сізді онда моңғол жасағы деп ойлайын.

БЕЙБАРЫС: Иә, моңғол жасағы.
МӘМЛҮК (айбаттанып, кіжініп): Ә, онда мә, енде­
ше. (Екеуі құтырына қылыштасады). Айдалада өлген
әкем үшін! Мә! Сенің қолында жан берген ағам үшін! Мә,

ит моңғол! (Екеуі бір-бірін бұрышқа қуып тыға бастайды).
БЕЙБАРЫС (күлімсіреп жүріп): Жарайсың, мәмлүк,
жарайсың, ерім. Қайқайта шап, орап жібер қолыңды. Бұқ!
Секір жаныңа! Қорған. Ұмтыл ілгері! (Жан-жағындағылар

үрейленіп қарап тұрады). Шегін дедім! (Мәмлүк құлайды).
Әп, бәлем! (Бейбарыс оң аяғынан кеудесінен басып тұрып,
қылышты мойнына тақайды) Жансауға ма?

МӘМЛҮК: Жоқ.
БЕЙБАРЫС: Жарайсың, тұр.
(Шабарман жетеді айқалап).
ШАБАРМАН: Уа, әскербасы Бейбарыс ием, Бағдатты

жау алыпты, жау!.. Моңғолдан қырық елші келді. Сұлтан
Құтіз сізді тағатсыз күтіп отыр.
(Бейбарыс сұлтан сарайына келіп кіреді. Құтіз тақта
отыр. Жанында Қалауын, Хуан, т.б қадилар мен шейх­

тер. Құтіздің қабағы қатулы).
ҚҰТІЗ: Ә, Бейбарыс ерім, келдің бе?
БЕЙБАРЫС: Есендік, сұлтан.
ҚҰТІЗ (даусын қатайтып): Ел есен емес, Бейбарыс. Сіз

бен бізге заманында құлдық қамытын кигізген моңғолдар
Бағдатты алды.
ХУАН (өз-өзіне): Біріне сұлтандық сыйлаған, екін­
шісіне әскербасы дәрежесін бергізген сол моңғолдар емес

пе? Күпірім-ау, бұл қыпшақтарға жақпассың. (Даусын
қатайтып) Шаһарға өрт қойыпты, өрт.
БЕЙБАРЫС: Бастап келген қай ноян?
ҚҰТІЗ: Құлағу мен Кетбұқа.

ҚАЛАУЫН: Соқан десеңші!
ХУАН: Шаһар бегін белінен теуіп, екіге бүктеп тастапты.
ШЕЙХ: Сұпының жайнамазын өртепті.
ХУАН: Мешітті атқора еткен. Нәжіс төгіпті.

ҚҰТІЗ (асасын көтеріп): Үрейлерің ұшпасын! Құлағу
мен Кетбұқа аттандырған қырық елші қабылдау тосып
отыр.
БЕЙБАРЫС: Сөйлеселік.

ҚАЛАУЫН: Лебізін бағалық.
ҚҰТІЗ: Аз бөлігі кірсін шұбырмай.
(Ішке еңкеңдеп, тоңқаңдап, кейбірі кердең қағып бес-
алты елші кіреді).

ЕЛШІ: Египет әмірі Құтіз сұлтанға жаһанның иесі,
жердің кіндігі Шыңғыс ханның ұрпағы Құлағу мен Кет­
бұқадан бір мәрте сәлем!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚҰТІЗ: Сәлемін қабыл алдық.
БЕЙБАРЫС: Басқыншының сәлеміне зәрулігіміз жоқ.
ҚАЛАУЫН: Одан да сойыл сойысатын жерін айтсын.
ЕЛШІ: Ұлы Қаһанның ұрпағы сәлем-сауқатпен қоса

хат жолдады. Қабыл алыңыз (шиыршықталған қағазды
Құтізге тапсырады).
ҚҰТІЗ (қағаздың орауын жазып оқып): «Өз ерік­
теріңмен беріліңдер. Каир қақпасын өз қолдарыңмен

ашың­дар. Әрбіріңе бас амандығын тарту етеміз. Әйтпесе,
әлемді ат тұяғымен таптаған әскерім сендердің де тіріңді
азапқа, өліңді тозаққа салады. Қайыр, хош. Құлағу, Кет­
бұқа. Мөрімді бастым».

ҚАЛАУЫН: Ох-хо, дәмесінің зорын.
ШЕЙХ: Аяғы боқта, төбесі көкте екен.
БЕЙБАРЫС (моңғолдың бір елшісіне көз тігіп үнсіз
қалады. Өз-өзінен күбірлеп): Ауса ше? Одан бері аттай екі

мүшел өтіпті.
ҚҰТІЗ: Уа, уәзір мен бектер, шейхтар мен қадилер, бе­
рер жауап, кесімді сөз айтыңдар.
ҚАЛАУЫН: Бұл зымиян моңғолдарды білемін. Бағ­

датты шауып, Каирды аман қалдырмайды. Ғазауат жа­
риялайық.
БЕЙБАРЫС: Ғазауат, тек қана ғазауат!
ҚҰТІЗ: Египеттен өліп айырылайық. Тірілей – жоқ!

ЕЛШІ: Сыйыңды қашырмай берілгеннің жөні бөлек,
сұлтан.
ҚҰТІЗ: Жап аузыңды, сайқал неме!
БЕЙБАРЫС: Көмейіне қорғасын құяйын мұның.

ҚҰТІЗ: Сабыр, Бейбарыс!
ХУАН: Шаһарымызды сақтаса, жанымызға мігір берсе,
келісімге келіп-ақ өмір сүрейік.
ШЕЙХ: Ойланайық онда (солқылдақтық танытып).

ЕЛШІ: Ойланған абзал (кергіп). Уақыт берейік. Ертең
сәскеге дейін.

ХУАН: Елші құдайдың сөзін айтып отыр. Соғысып
қырылғанша...
ҚҰТІЗ: Бұл жерде сөз – менікі. Соғыс ашамыз.
БЕЙБАРЫС: Ғазауат, тек қана ғазауат. Мен дайынмын.

Әскерім әзір.
ЕЛШІ (етегін қағып ұшып тұрады): Ақырғы шешім
осы ғой.
ҚҰТІЗ (қатқыл): Ол шешімді жеткізіп беру сендер­

ге бұйырмады, елшім. Түгелдей дарға асылсын! (Сырт­
тан кіріп келген мәмлүктер елшілерді желкесінен басып
тұқырта қояды. Елшілер қатты шошынған. Өзгелері де
үрейлі).

БЕЙБАРЫС: Құтіз, елшіні өлтіру – мұсылмандыққа
жат.
ҚАЛАУЫН: Пайғамбардың қадисіне жазылған.
ХУАН (үрейі ұшып): Алла, Алла, өзің кешіре гөр.

ЕЛШІ: Құран сөзіне көнбеген дүлейді (жұлқынып)
несіне сұлтан еттіңдер?
ҚҰТІЗ: Жап аузыңды, зұлым! Сен елші емессің, жау­
шысың! Жаушының мойны тұзақты сағынады. Әкетіңдер!

ҚАЛАУЫН: Құтіз әміршім...
БЕЙБАРЫС: Қолыңды қандама.
ҚҰТІЗ: Кестім-үздім! Асылсын дарға!
(Бейбарыс күзетші мәмлүкті шақырып алып сыбыр­

лайды. Мәмлүк шығып кетеді).
ҚАЛАУЫН: Болары болды, (бетін сипайды) әумин!
ҚҰТІЗ (тағынан тұрып): Египеттің төрт бұрышына
шабарман кетсін. Ғазауат жарияланды. Ат жалын тартып

мінер, найза ұстар, қылыш шабар еркек кіндіктің бәрі
«Қасиетті соғысқа» шықсын! Аттануға асықсын.
(Мәмлүк кіреді).
МӘМЛҮК: Дар арқаны үзіліп кетіп, бір елші жерге тірі

құлады. Қайтпек керек? (Құтіз Бейбарысқа қарайды).
БЕЙБАРЫС: Зынданға сал.
МӘМЛҮК: Құп.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Сахна қаракөлеңкеленеді. Қолына найза, қылыш,
қалқан ұстаған үлкен топ ерсілі-қарсылы жүгіріседі.
«Ғазауат, уа, ғазауат», «Қасиетті соғыс», «Ил-алла-ла-
ил-аллаһ», «Ғазауат, уа, ғазауат», «Қайран, Бағдат»,

«Шап моңғолды», т.б. дауыстар кернеп кетеді).
Үшінші көрініс
Әмірші сарайы. Төрдегі тақ үстінде асаға сүйенген
Бейбарыс отыр. Екі жанында екі қара зәңгі желпуіш

желпіп тұр. Бейбарыстың оңы мен солында Қалауын
мен Тәңірберді жылнамашы тізе бүккен. Қалауынның
белінде қылыш, Тәңірбердінің қолында қауырсын қалам
мен ширатылған қағаз. Бейбарыс көзін тарс жұмып, ойға

шомған.
БЕЙБАРЫС (көзін оқыс ашып алып): Сөйле, Тәңірбер­
ді, жалғастыр жылнамаңды.
ТӘҢІРБЕРДІ: «Құлағу мен Кетбұқа ноянның әскеріне

қарсы ғазауат басталды. Кәпір қолы Қаирға таяғанда
бәдәуилер көмекке жетті. Оларға Алланың нұры төгілсін.
Аспан асты қан-тозаңнан, жер беті өліктен көрінбеді. Әс­
кербасы Бейбарыс ақ боз атпен ойқастап, қоршауға түскен

кәпірлерге қарсы қолма-қол шайқас салды. Айқайдан даусы
қарлықты. Отты қарумен доп атты. Жаудың жалғыз әскері
қалғанша осы көрініс қайталанды. Ұрыста Құтіз әмірші қаза
тапты. Иманы салауат болғай. Таққа Бейбарыс сұлтан отыр­

ды. Тәңірім оның жанына жамандық бермегей».
ҚАЛАУЫН: Оның иен даланы гүлзар баққа бөлегенін,
шаһарда тәртіп орнатқанын, кесірді тиғанын, ел-жұрты
етегі мен есін жиғанын неге жазбайсың?

БЕЙБАРЫС (асасын көтеріп): Жә! Жылнамашы, тақ­
қа отырған соң менің есіміме қандай атаулар қосылып
еді?

ТӘҢІРБЕРДІ (шиыршықталған қағазын жазып): Абул­
футух Рукнуддин уа дүние Бейбарыс бин Абдулла ая-
Бундукдари ас-салиха ан-Наджани ал-Аюби ан Ханафи
ат-турки...

БЕЙБАРЫС (асасын көтеріп): Жә! Бір-бірін бұйдамен
жетелеген керуендегі түйе сынды екен. Көтеріп жүру де
оңай болмас (көңілсізденіп). Осының бәрі анам байғұстың
«Барысым» деген жалғыз ауыз сөзіне тати ма? Уай, дүние-

ай!..
(Сахна айналып қараңғыланады да, анасы мен 7-8 жа­
сар кішкене Бейбарыс көрініс береді).
АНАСЫ (балаға ұмтылып): Қайда жүрсің, Барысым-

ау? Іздемеген жерім қалмады. Суға түсіп кетті ме деп, има­
ным ұшты ғой.
БАЛА: Садақ тартып ойнадым. Құс қарадым, аң қақтым.
АНАСЫ: Жайық жағаладым де. Жайық деген ұлы да­

рия, онымен ойнама, балам. Мұнда бекіре деген балық
өседі. Қасиетті. Толқын бетінде қызғыш құс ұшып жүр.
Әне, әне, көрдің бе?
БАЛА: Көрдім.

АНАСЫ: Ол да киелі.
БАЛА: Ту-у, бәрі қасиетті екен.
АНАСЫ: Туған жерде бәрі де қасиетті, ұлым. Жайық­
тың даласында жусан деген сағыныштың шөбі өседі.

БАЛА: Жусан? Оны неге қасиетті дейді?
АНАСЫ: Өйткені, сағынған жан иіскесе ғана жұпар ша­
шады.
БАЛА: Ғажап. Мен де сағынып келіп иіскесем жұпар

шаша ма?
АНАСЫ (ойланып қалып): Ұзақ сағынғаннан сақтасын
тәңірім. Құса боласың, құлыным.
(Сахна айналғанда ана мен бала ғайып болады да,

тақта асасына сүйеніп отырған Бейбарыс көрініс береді).
БЕЙБАРЫС (орнынан ақырып атып тұрады): Сағы­
ныш! Ғұмыр бойы ұмтылсам да жеткізбеген Жайық, жу­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

санды дала... Көзімнен бір-бір ұшып, санамды сартап еттің-
ау... Жау тағдырыммен ойнаса да, Аллам пәндесімен осы­
лай да ойнай ма екен? А-а? Мынау тақты, маңдайдағы теп­
се кетпес бақты, үлде мен бүлдені тәрк етсем, саған жетем

бе, жоқ па? (Алыстан ән естіледі. «Бермеді-ау бір хабар,
бермеді-ау бір хабар, Жайықтан қайтқан тырналар». Бей­
барыс теңселіп келіп, тағына кері жайғасады. Осы кезде
екі күзетші мәмлүк баяғы моңғол елшісін алып келеді).

ЕКІ МӘМЛҮК: Сұлтан ием, әміріңізге құлдық деп ен­
гіздік.
Дар ағашынан құлайтын моңғол елшісі.
(Елші жерге құлай кетіп, тағзым етеді).

БЕЙБАРЫС: Тұршы, елшім, елбең қақпа! Қайдан кел­
дің, қайда барасың?
ЕЛШІ (қолбаңдап): Қарақорымнан, сұлтан.
БЕЙБАРЫС: Шатыспа, зынданнан келдің, енді Алла­

ның алдына барасың.
ЕЛШІ: Алланың алдында бәріміз кездесеміз, сұлтан.
БЕЙБАРЫС: Иман таразы – Алла тағала кімді қалай
қарсы алар? Тоқтат былшылды! Одан да айт маған, дар

ағашынан қалай аман қалдың?
ЕЛШІ: Күнәсіздігімнен шығар?..
БЕЙБАРЫС: Қылша мойныңа ілінген дар арқаны сол
күнәсіздігіңнен үзіліп кетіп пе?

ЕЛШІ: Солай шығар, сұлтан.
БЕЙБАРЫС: Күнәһарлығыңды көтере алмай үзілген,
опасыз! (Елші қатты қорқып кетеді. Бейбарыс айбатта­
нып орнынан көтеріледі). Айт кәне, осыдан екі мүшел жас

бұрын Қыпшақ даласына келдің бе?
ЕЛШІ (абдырап): Қыпшақ даласы...
БЕЙБАРЫС: Иә, Қыпшақ даласы. Жарты ауыз жал­
ған сөзің басыңды жұтады (қылышын қынабынан жарқ

еткізіп суырып алады). Сөйле!
ЕЛШІ: Р-рас.

БЕЙБАРЫС: Жайық бойын. Жамақ ханның ордасын
шабыстың ғой.
ЕЛШІ (қалшыл қағып): Р-рас.
БЕЙБАРЫС (мұқатып): Р-рас... Жамақ ханның

қараторғайдай бір баласының да тұтқынға алынғаны
есіңде ме? (Елші басын изейді). Сосын итальян сауда­
герлеріне бұлдап сатылған. А-а, елшім? (Елші қал­
шылдап басын изейді). Құлдыққа өтіп, ел асып, жер

асып кеткен, құлақкесті мәмлүк атанған. Ол баланың
есімін білесің бе?
ЕЛШІ: Жоқ, жоқ. Ұмыттым.
БЕЙБАРЫС: Есімі Бейбарыс болатын! (Елші «аһ!» деп

шошына айқайлап жіберіп, құлайды, қолын ербеңдетеді).
Ал, мен сені танығам. Танығам сен жауызды! Өз қолыңмен
өткізіп, сөлкебайларды санап тұрып, күлмең қаққансың.
Танығам! Маңдайыңдағы бармақтың басындай сүйелден

танығам! Ал, сүйел бақ бітпейтін адамның маңдайына, тақ
бітпейтін адамның шондайына шығады. Ах-ха-ха (ызала­
на күледі).
ЕЛШІ: Неге ғана тірі қалдым екен? Ах! (Маңдайын

тоқпақтайды).
БЕЙБАРЫС: Арқаныңды кестіртіп, тірі қалдырған мен.
ЕЛШІ: Неге? Не үшін?
БЕЙБАРЫС: Өмір біреу болғанмен, кезек екеу. Тірлікте

жасаған жария жаманатың, аяр опасыздығың о дүниеге
кетпейді екен.
ЕЛШІ (орнынан атып тұрып): Бейбарыс, құлдыққа
сатсам да, қолым құтты екен. Ақыры сұлтан болдың ғой.

Қи жанымды!
БЕЙБАРЫС (өзімен-өзі): Өз жерімде ұлтан болғаным
артық еді ғой.
ЕЛШІ: Сұлтандықтың да кемі жоқ.

БЕЙБАРЫС: Алдымен өлтір, артынша жанымды қи де­
дің. Бойыңа мәрттік, жүзіңе ұят, жаныңа иман дарымаған
екен. Ұятты өлім қадірсіз тірліктен артық. Бірақ оны сен

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

білермісің?.. Ей, менің алағай да бұлағай ғұмырым, бір
кезгі елімді шапқан, ерімді тұтқын еткен жауымды ақыр
аяғында өз қолыммен талқандаттың. Ризамын, жаратқан
ием! Шырылдатып жанымды жаралатқан, жауқазыным­-

ды үзген басқыншыны түптің түбінде аяғыма әкеп жық­-
тың. Мұңды ғұмырыма да мың мәрте шүкірлік. (Бейба­
рыс екі мәмлүкке ым қағады. Олар француз инженерін
жеткізеді). Әй, елші, мынау – королімен қоса қолға түскен

француз­дың тұтқын инженері (инженер Бейбарысқа
тағзым етеді). Бұл бізге отты қаруын сыйлады. Ноянда­
рыңның үлкен тобын сол қару жалмады. (Инженерге
қарап сұлтан сәл басын иеді) Алла разы болсын! (Елші

«аһ!» деп қалып французға айбат шеге ұмтылады. Сах­
на қараңғылана береді. Бейбарыс тақта, Тәңірберді
жылнамашы жанында отыр). Жаз, Тәңірберді жылна­
машы. «Үшбу хат» де (ойланып). «Алтын орданың ай­

барынан Ай бұққан, Күн тұтылған ардақты ханы Берке­
ге Египет сұлтаны Бейбарыстан бауырмалдық сәлем де.
Одақтасыңыз Халифат елі Сізге зор сенім үміт артады һәм
дені-қарныңызға амандық тілейді де. Сіз мұсылмансыз, ал

жерімізге жаулықпен келген кәпір туысқаныңыз Құлағу
мен Кетбұқаның шаһит кеткен тағдыр-талайы үшін бізге
кек сақтамассыз деп білеміз (ойланып). Мен сізге достық
қолымды создым»...

(Бейбарыстың ішкі толғанысы сахна сыртынан даусы
арқылы беріледі).
«Уау, кең дүние. Есігің мен үшін сағыныш боп ашылып
еді. Сол сағыныш болып қайтадан жабылмаса қайтсін?!

Жайық деген ұлы дариям бар еді. Қыпшақ деген іргесі
сетінемеген қалың елім бар еді. Сарайшықтай қалам
бар еді, жұпар иісті жусанды далам бар еді. Қос бұрымы
төгілген ару қызы қандай еді? Шараяқта бұрқыраған қы­

мызы қандай еді?! Тасқа біткен қарағайдай қияқты азама­
тын айтсаңшы. Иен даланы дүбір қақтырған тұяқты қа­
занатын айтсаңшы?!.

Кимешегі қарқарадай әжелерім аман ба? Ақ сақалы
кіндігіне түскен батагөй аталарым аман ба?
Ей, қарлығаш қанат үшбу хат, елге сен айта бар,
Бейбарыстың кеудесін сағыныш меңдеді дерсің. Сол са­

ғынышымды басар бір түп жусан беріп жіберсін дерсің...»
ТӘҢІРБЕРДІ (сұлтанға үркіп қарайды): Әміршім,
бұрын егілмек тұрмақ еміренгеніңізді де байқатпайтын
едіңіз... Сырқаттанғаннан саусыз ба? Жаратқан ием-ай,

жар бола гөр.
БЕЙБАРЫС: Жоқ, ә... Тісіңнен шықпасын. (Хатты
қолына алып аялап ұстайды) Қанша жылғы арманым еді.
Кім арқылы жіберсем... Қос мүшелден кейінгі тұңғыш...

тұңғыш үшбу хат. Керуен жасақтайын ба, елші салайын
ба... Сен аман жетші тек. (Кеудесіне басады. Сахна қа­раң­
ғыланып айналғанда Каир көшесі, абыр-сабыр ел-жұрт
көрініс береді. Бейбарыс, Қалауын, Хуан пірәдар, мәм­

лүктер көшеде келеді. «Әміршім келеді», «О, ғажап, ди­
дарлы жүзін көретін күн болады екен-ау», «Тәу етіп қой»
деген дауыстар шығып жатады. Бейбарыс Қалауынға бұ­
рылып) Арық қазылып бітті ме?

ҚАЛАУЫН: О, әміршім, арық заузаның орта шенінде
тә­мамдалған. Бар арыққа су жүгірді. Диқан жұрты ғұмы­
ры көрмеген молшылыққа кеңелді.
БЕЙБАРЫС: Жақсы. Хуан пірәдар, еркектердің бұза­

қылығы, кей әйелдің сайқалдығы тыным тапты ма?
ХУАН: Сіздің құзырыңыз пәрменді күшінде. Қатаң ба­
қылауға алынды. Құпия үйлер, долықты моншалар жа­
былды.

ҚАЛАУЫН: Хуан пірәдар, құп айтасыз. Ел-жұрт бұ­
рын-соңды болмаған рахат күй кешіп жатыр. (Бейбарыс
Қалауын мен Хуанға сынай қарайды. Осы тұсқа келгенде
«Құл сатамыз, құл», «Әлемнің әр түкпірінен әкелінген»,

«Бойында күші тасып, көзі шоқ боп жанып тұр», «Зәңгісі
бар, түрігі бар, аралас» деген дауыстар естіледі. Сахнаның

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

айналу екпінімен Бейбарыс бастаған топ кісендеулі
құлдардың жанына келеді. Осы дауыстар естілісімен Бей­
барыс қатуланып алады).
БЕЙБАРЫС (тоқтап): Құлдардың иесі кім, шық бері!

(Топ ішінен жылмаң қағып бір саудагер шығады).
САУДАГЕР (тәжім етіп): Халифатқа әділдік орнатқан
әміршіге тағзым (иіледі). Қызметіңізге құлдық ұрдық.
БЕЙБАРЫС: Сатуға түскен исі түрік баласы қанша сан?

САУДАГЕР: Біршама, жүз қаралы.
БЕЙБАРЫС: Шығар бері.
САУДАГЕР (айқай салып): Әй, түріктер, қотандағы
қойларыңша иіріле қалмай, шығыңдар бері. Шық, тез!

(Кісендері сылдыр қағып, бірінен соң бірі тізіліп бес-
алты жасөспірім шығады. Бейбарыс әрқайсысының тұсы­
на тоқтап, бастарынан сипап, өз-өзінен күбірлейді).
БЕЙБАРЫС: Міскіндерім-ай менің. Сендер де бұғауға

түстіңдер ме? Менің кебімді құштыңдар ма? Аяқ-қол­
дарыңды кісен қиып зарықтыңдар ма? Исі түріктің иелері
бірікпесе, небір замандар бойы көрер күндерің, шегер
азаптарың осы ғой. Ауызбірліктерің болмады-ау. Кемта­

лап емес едіңдер ғой. Аузына қанжар тістеп туған қанатты
қырандарым-ау менің (қатайып). Әй, саудагер, исі түрік
баласын мен сатып алдым. Сұраған бағаңды ал, өйткені
бұлардың әрқайсысы бәсжетпес қой.

САУДАГЕР (қалбақ қағып жағынып): Айтары бар ма,
әміршім? Өз-өзінен жанып тұрған от қой. Айдап әкелген
азабыңа тұрады. Мәрттігіңізге мың тағзым.
(Сахна бірте-бірте қараңғылана береді де, Бейбарыс

бастаған топ ілгері жүреді. Алдарынан әмірші сарайы
көрініс береді. Бейбарыс, Қалауын, Хуан пірәдар ішке енеді.
Қолына дәу қарбыз көтерген ұлы Сайд кіріп келеді де,
қымсынып тұрып қалады).

БЕЙБАРЫС (қуанып): Ә, Сайд, ұлым менің, кел, кел
бері.

САЙД (әкесіне жақын кеп, қарбызды қояды): Сізге.
БЕЙБАРЫС: Әп, бәрекелді. Қарбызыңның сөлі таң­
дайды теуіп тұрған шығар. (Сайд тағзым етіп шығып
кетеді). Кел, Қалауын, жақында, пірәдар (Бейбарыс қар­

быздың бір тілімін қолына алады).
ХУАН (боп-боз боп кетеді де кері шегіншектейді): Ішім
бұрап, зауқым болмай тұр, әміршім.
БЕЙБАРЫС (жайбарақат): Ә, солай де... Еркің білсін.

Қалауын, ал, кәне. (Өзі ауыз тиіп жейді де, ұсқыны
бұзылады. Кері түкіріп жібереді. Қалауын мен Хуан тұра
ұмтылады).
ҚАЛАУЫН: Не болды, әміршім?

ХУАН: Сақтай гөр, жаратқан.
БЕЙБАРЫС: Уланған? (Тұра беріп тағына қайта оты­
рады) Уланған қарбыз.
ҚАЛАУЫН: Астағыпыр-алла, уланған.

ХУАН: Уланған? Сайдтың ісі ме сонда?!
ҚАЛАУЫН (шошып): Не дейді?! Сұмдық!
БЕЙБАРЫС (ес жиып): Әке тағынан дәмеғой де. За­
лым-ай! Азып туған ит болсаң, садақаға сұраусыз шалайын

сені. (Ішке үрейленіп Тәжі Бақыт кіріп, Бейбарысқа ұм­
тылады).
ТӘЖІ БАҚЫТ (Бейбарыстың етегін құша құлайды):
Ол емес, кеш! Кеше гөр.

БЕЙБАРЫС: Жатыры жаман ит! (Итеріп тастайды).
Шұбар жыланды толғатқан екенсің де.
ХУАН (қипаңдап): Аллам сақтады, әміршім. Қап,
әттең, алдымен мен жемеген екем...

ТӘЖІ БАҚЫТ (егіліп): Кеше гөр, көзіңнің ағы мен
қарасындай екі ұлдың бірін.
БЕЙБАРЫС: Жоқ! Кешірім жоқ!
(Сахна қараңғыланып, азалы әуен ойнайды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Төртінші көрініс
Сұлтанның салтанатты сарайы. Түн пердесін жап­
қан. Төрде Бейбарыс ұйқы үстінде. Сахнаға жарық қара­
көлеңкеленіп түсіп тұр. Бейбарыс түс көріп жатыр.

Сахнаға әр тұстан қара киінген он шақты адам шығады.
Қолдарында жалаңдаған қанжары бар. Бейбарысты
айналып дыбыссыз жүгіріседі. Дауыстары: «Ұйқыда
екен», «Күзетшісі жоқ», «Уәделескендей қимылдайық»,

«Қанжарды сен сал», «Жоқ, бауыздайық». (Бейбарыс
әлсін-әлсін дөңбекшиді). «Алдымен өлім биін билейік».
Қара киінгендер қанжарын жоғары көтерісіп билеседі.
«Бастан шабайық», «Түрік билесе, түбімізге жетеді»,

«Қыпшақ де», «Шап, кәне», «Тағына мен отырам», «Бас
уәзірің мен», «Қарама, сал қанжарды».
Осы сәтте Бейбарыс «Уһ!» деп, қатты шошынып оя­
нып кетеді. Қара көлеңке де, қара киімділер де жоқ болады.

БЕЙБАРЫС (ентігіп): Уа, бұл неткен түс, өңге бергісіз
ғой. Тәңірім-ау, әлгі қара жамылғандар кімдер? Тәж
бен тақтың саудасын қыздырып жүр ғой сыртымнан.
Тегін емес, Бейбарыс, тегін емес. Текті жердің ұлы едің,

тепкіге түсіп өлме, жарқыным. Жақыным ба, жатым ба?
Қыпшағым ба, халқым ба? Қайсысы? Қара түнді жамы­
лып, қастығын арқалап келер? (Тағына отырып) Жә, са­
быр қыл. Үрей қуық, үргелек емес ең. Тепсінген талай жа­

уды тентіреткен сен емес пе ең, Бейбарыс? Сабыр, ендеше,
сабыр. (Қалауын кіріп келеді).
ҚАЛАУЫН (иіліп): Уа, әміршім, жау жаныңда екен.
Құшағы мен пышағы қатар жүр екен. Жаралы бола жаз­

даппын.
БЕЙБАРЫС (салқын, сабырлы): Не дедің, жарқыным?
Аптықпай баян ет.
ҚАЛАУЫН: Қарбызға у сепкен Хуан пірәдар!

БЕЙБАРЫС: Хуан пірәдар? (Бейбарыс тағынан атып
тұрады) Алдыма ғұмыры дәм әкеліп көрмеген Сайд неге
келген?
ҚАЛАУЫН: Сыры бар екен.

БЕЙБАРЫС: Аяр қақбас-ай, өзі ауыз тимеп еді.
Ұлымның түбіне жетті-ау (таққа сылқ етіп отыра
кетеді). Дүние дөңгеленіп кетті ғой.
ҚАЛАУЫН: Жете жаздады.

БЕЙБАРЫС (ол сөзге мән бермей): Жеткіз алдыма!
(Есіктен екі мәмлүктің жетегінде сүйретілген Хуан
пірәдар кіреді).
ҚАЛАУЫН (ақырып): Неге басыңды имейсің, залым, ә?!

ХУАН: Онсызда кесілгелі тұрған бастың несін ием?
БЕЙБАРЫС: Не деді? (Таңырқап).
ҚАЛАУЫН: Не десін! Мен баян етейін. Осында өзіндей
жатжерлік аспаз қатын бар-ды. Соны айнытып, алтынмен

арбап у септірген.
ХУАН: Бәріміз де жатжерлікпіз.
БЕЙБАРЫС: Ақиқат па осы, Хуан пірәдар?!
ХУАН: Ақиқат. Уымды қолтығыма тіккенмін. Ұзақ

жыл сақтадым.
БЕЙБАРЫС: Тартынба, айтып қал, тақтан дәмелісің бе?
ХУАН: Жоқ, әміршім.
БЕЙБАРЫС: Тақ жоқ жерде ересен бақ та бұйырмайды.

Енді не?
ХУАН: Тақ пен сор бірге туған. Сорды бақпен шатыс­
тырма, әміршім.
БЕЙБАРЫС (құмартып): Онда менің өлімімді неге

тіледің?
ХУАН: Айтайын, әміршім. Мен сенің кісенмен құл боп
келіп көсем болған атағыңды қызғандым. Қызғаныш кеу­
демді қыздырып тыншу бермеді.

БЕЙБАРЫС (ойланып): Ым... (Бас изейді).
ХУАН: Менікі – қызылкөз қызғаныш, әміршім. Ал Сіз
айналаңызда қандай дерттілердің жүргенін білесіз бе?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕЙБАРЫС: Ол қандай дерт?
ХУАН: Жалпақтаған жағымпаздар, жәреуке жандай­
шаптар, аңдысын күткен аярлар, қысқа күнге қырық
құбылған қитұрқылар, шапан жамылған көркеуделер,

жітікөз ұрылар, мықынын бұлдаған мекелер, бәрін бірдей
санап тауысасың ба, әміршім. Олар сыртыңнан сатып, сені
күнде өлтіріп жүр.
ҚАЛАУЫН: Сайра, білшігім.

ХУАН: Олар әміршінің осы елге еткен еңбегін –
жерін жаудан сақтағанын, бастарын дардан сақтағанын,
жалқаулардың жонын тіліп бай еткенін, халифатты
қылмыс пен сайқалдықтан арашалап, көңілдерді жәй

еткенін біледі. Білгенде қандай! Білген сайын айықпас
дерті қозады.
БЕЙБАРЫС: Олардан қалай құтылу керек? Сөйле, пі­
рәдар.

ХУАН: Ешқашанда! Олар тақтың төрт бұтына үй­
мелейді. Әміршінің балағынан кіріп басында, қойны­
нан кіріп қонышында жүреді. Бұлар – қоғамның жегі
құрттары. Тақ шайқалса иесін алдымен де тапайтын,

қырық сан пәлемен матайтындар да солар. Жер жарылып
су аққалы солай, топан су қаптағанша аясын кеңейтіп
өрістей бермек. Мен де солардың бірімін, кессең бас міне,
шапсаң қылыш әне.

БЕЙБАРЫС (ойлы): Жарайды! Бала күнде көрген бір
хикаямды баяндайын, құлақ қой, Хуан пірәдар. Қыпшақ
даласында баһи кешкен адамның зиратына жарты Ай
белгісі бар құлпытас қояды.

ХУАН: Туған Айдың белгісі ме?
БЕЙБАРЫС: Жоқ. Зират басындағы белгі – кері туған
Айдың белгісі. Көрер жарығы, туар Айы, татар дәмі тау­
сылды деген сөз.

ХУАН (таңырқап): Ғажап екен.
БЕЙБАРЫС: Ең ғажабы мынада! Құлыптастарға өл­
ген адамдардың есімі, ата тегі, руы жазылып, әрқайсысы­

на бәлізші бір күн өмір сүрді, үш күн, бес күн, жүз күн өмір
сүрді деп өрнектейді.
ХУАН: Сонда қыпшақтар одан артық өмір сүрмеген бе?
БЕЙБАРЫС: Жо-жоқ! Жайдақ атқа секіріп мінетін жүз

жастағы қариялары бар қуатты жұрт. Бірақ олар жақсы­
лық жасаса ғана өмір сүрдім деп есептеген... Дос-жараны­
на, руластарына, ел-жұртына, күллі Отанына... (Пауза).
Мә­селен, (саусағын көрсетіп) үш жақсылық – үш күндік

өмір. Құлпытастағы есеп осылай. Жүзге келсең де қалған
ас ішіп, аяқ босатқан күндерін ғұмырыңды құрамайды.
(Хуан таңғалып, бас шайқай береді. Бейбарыс қатайып)
Айналасын қызғаныш боп шарпыған, қолтығына ғұ­

мыр бойы у тыққан, күллі әлемге қара тырнақтай жақ­
сылық сыйлауға әлі келмеген, Хуан пірәдәр, сіздің құлпы­
тасыңызға «Туды да өлді», – деп өшпестей ғып жаздыра­
мын. (Жұдырығын түйіп) Өшпейтін ғып! Кейінгі ұрпаққа

ащы сабақ болсын! (Алақан ұрады) Сөз тәмам!
(Жарық сөніп, кері жанғанда Бейбарыс тақтан
қуанышпен ұшып тұрып жатады).
БЕЙБАРЫС: Алтын Ордадан елші келді!!! Не дедің,

жаным-ау?!
ТӘҢІРБЕРДІ (кіріп келе жатады): Елші келді, әмір­
шім. (Бейбарыс есікке аптығып, жүгіре басады).
БЕЙБАРЫС: Алдынан өзім шығамын. (Елшіні құ­

шақтап кері оралады). Шынымен, Алтын Ордадан, Берке
ханнан ба?
ЕЛШІ: Алтын Ордадан, Берке ханнан, әміршім (ба­
сын иіп, бүгіліп тәу етеді). Қалыптасқан дәстүрге сай

ретімен баяндайын, әміршім. Қыпшақ даласының алтын
қақпасы...
БЕЙБАРЫС (қолын көтеріп): Сабыр қыл, елшім. Қос
мүшел көз талып күткен хабарымды зарықтыра көрме.

Сәлемдеме қайда?
ЕЛШІ (таңырқап): Он екі түйеге артылған асыл кезде­
ме...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕЙБАРЫС (тағатсызданып): Дүние емес, күткенім.
ЕЛШІ: Тай тұяқ алтын, жаһұт пен гауһар...
БЕЙБАРЫС: Жо-Жоқ. Асыл мен алтын керек болса ме­
нен сұра.

ЕЛШІ: Бес қару...
БЕЙБАРЫС: Жусан бар ма, Жайығымның жусаны!
ЕЛШІ: Е-е, шөп пе (қалтасынан шығарып ұсынады).
Бар.

БЕЙБАРЫС (ышқынып): Шөп емес ол! Бір түп жусан.
Сағынышым менің. Кәне иіскейін, жұпар иісің шығар ма
екен? (Иіскейді) Аллам-ау, бұрқырап тұр ғой (көзінен жас
парлап қоя береді). Бұрқырап тұр ғой. Мені де сағынған

екен-ау... Жайығымның, халқымның, әке-шешемнің,
Пұлжетпестің бәрі-бәрінің иісі жұпар шашып қоя берді
ғой. (Айқайлап) Тәжі Бақыт, қайдасың? (Тәжі Бақыт пен
екі ұлы кіріп келеді). Тәжі Бақыт, жусан, Жайықтың жуса­

ны іздеп келді мені!
ТӘЖІ БАҚЫТ (қолына алып): Иісі неткен ғажап. Ием-
ау, осы екен ғой сағынышың.
БЕЙБАРЫС: Осы. (Сосын Сайдқа көзі түседі. Құшағын

жая ұмтылады). Бар ма едің?
САЙД: Бармын, әке, тірімін.
ТӘЖІ БАҚЫТ (именіп): Қаһарың сынғанша көз таса
ете тұрғанбыз. (Екі ұлы жусаннан иіскейді. Мәз-мейрам бо­

лып, бастарын шайқайды).
БЕЙБАРЫС: Кәрі залым үшін шейіт ете жаздаппын-ау.
(Құшағын жайып) Неткен ғажап күн еді.
ТӘЖІ БАҚЫТ: Қос ізбасарың қасыңда, бұдан өткен

шаттық бар ма?
БЕЙБАРЫС (ойланып): Қос ізбасар? Ахмет пен Сайд!
АХМЕТ (басын иіп): Әміріңізге құлдық, әке.
САЙД (басын иіп): Бұйырыңыз, әке.

БЕЙБАРЫС: Көп ғұмырым елім деп, қараша жұртым
деп, ат пен тақтың үстінде кетіп барады. Жанымда жүр­
гендеріңді көңіліме медеу тұтып, көз қырын аз салдым

ба, қайдам, жалаң қылыштай жарқылдаған сәттеріңді
көрмей-ақ қойдым-ау, әттең.
Найза ұстап жауға бармадыңдар,
Құран ұстап дауға бармадыңдар.

Кетпен ұстап егін екпедіңдер,
Ғылым қуып азап шекпедіңдер, – қамыстың үкілі ба­
сындай елпілдейсіңдер де тұрасыңдар. Мен сендердің
жастарыңда... (Жүзін жұмсартып, күлімсіреп) Жусан...

(Иіскейді). Бір түп жусан.
ТӘЖІ БАҚЫТ: Бала болып кетіпсің ғой, бас ием-ау.
БЕЙБАРЫС: Бала? Балалығым оралды ғой менің!
(Сахна қараңғыланғанда арғымақ арқырай кісінейді,

тасырлаған тұяқ дүбірі естіледі. Жаршылар дабыл қағып,
ерсілі-қарсылы жүгіреді. Дауыстар: «Әміршім Дамаскіге
бет алды», «Аман барып, сау қайтқай», «Алла жар бол­-
ғай». Жарық кері жанғанда сахнада Бейбарыс көрініс бере­

ді. Жігерлі. Алдынан шаһар әкімі қол қусырып шығады).
БЕЙБАРЫС: Ә, шаһар әкімі.
ШАҺАР ӘКІМІ: Дүниеге ізгілік нұрын сепкен ұлы
әміршім, Сіздің нұр сипатыңызды көру – біз пақыр үшін

сарқылмас бақыт. Өзіңізді қол астыңыздағы Дамаск хал­
қы тағатсыздана тосуда. Алла сапарыңызды оң еткей.
БЕЙБАРЫС: Әумин!
ШАҺАР ӘКІМІ (шараяқ ұсынып): Қымыз. Қалауын

айтқан, ат үстінде жолсоқты боп шаршағанда әміршім тек
қана қымызбен сусындайды деп.
БЕЙБАРЫС (қолына алып): Қымыз? Жан раха­
ты ғой. Сімірейін. Жұтайын сары даламның самалын.

(Шараяқты орталай бере тәлтіректейді. Шаһар әкімі
жылыстап жоғалады, шараяқ жерге құлап ақтарылып
түседі). Бойымды өртеп барады ғой. Тағы да у қосылған
ба? (Тәлтіректейді). Сұм ажал, қанды шеңгеліңді қапияда

салдың ба?! Уа, жарық дүние, арманмен басталып, азап­
пен аяқталатын ба ең? (Арпалысып) Ғұмыр, құйрықты
жұлдыздай тым-тым қысқа екенсің ғой. Әттең!.. Мынау

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

кімдер? Тым таныс бейне ғой. (Осы сәтте үш дөңгелек
жарықта анасы мен Пұлжетпес және бала күнгі өзі пай­
да болады. Бұған қарай қол жая ұмтылады да, жоқ болып
кетеді). Анам ғой, Пұлжетпес қой. Анау бүлдіршін Жайық

жағалаған өзім ғой. Мені іздеп шыққан-дағы. (Бейбарыс
та ұмсынады. Иесін іздеп тұлпары кісінейді). Өртеніп ба­
рам, күйіп-жанып! Қанды шеңгел жауларымды шошытқан
атақ-даңқым, ажал, сені үркіте алмады-ау... (Сахнаға ақ

қанатты періштелер шығады. Тәлтіректеп жүрген Бей­-
барысты демеп билейді). Ақ қанатты періштелер! Ақ
қанатты періштелерім менің! Мынау жусан деген – са­
ғыныштың шөбі. Жусан. (Иіскейді) Ақырғы рет иіскейін.

Айналдым жұпарыңнан! Мә, аманат сендерге (береді).
Иманды бір ұл туар, мен шыққан топырақтан! Қайқы
қылыштай жаланып, «Қайран баба, қайдасың?» деп жоқ­
тар мені. Іздер шырқырап. Сонда қолына табыс етер­

сіңдер. Сендерге аманат! Аманат, періштелерім!
Шымылдық

АБАЙ: СОТ

Екі актілі, төрт көріністі трагедиялық драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. АБАЙ

2. ӘЙГЕРІМ

3. ОРАЗБАЙ

4. ДҮТБАЙ БОЛЫС – Күтбай әкім

5. ДӘУЛЕТКЕЛДІ

6. КӨКБАЙ

7. ҚОҢҚА – Қоңқи, осы заманның шалы

8. АҚМҰРТ ОЯЗ

9. ҚИЯС

10. ТІЛМАШ

Әйелдер, еркектер, жастар, молда, куәлар.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші акт
Бірінші көрініс
Шымылдық ашылғанда Қарауылдағы Абай зираты
көрініс береді. Зираттың алдында Абайдың еңселі ес­

керткіші тұр. «Абай Құнанбайұлы. 1845-1904 жж.» деп
жазылған. Сән-салтанатты. Үйлену тойына лайық музы­
ка ойналып тұрады. Сахнаның екінші шетінен жандарын­
да дуылдасқан көңілді бір топ жас бар үйленіп жатқан

қыз бен жігіт шығады. Бәрі Абайдың ескерткішінің алды­
на келеді. Қыз бен жігіт тағзым етеді. Гүл шоғын қояды.
БІР ТОП ЖАС: Абай атамыз бен Әйгерімдей болыңдар!

– Бақтарың ашылсын!

– Дәулеттерің тасысын!

– Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар!

– Жүз елу жасқа келіңдер!

– Давай, сол үшін ішеміз!

– Шампан ашыңдар, шампан!

– Қазір...

(Шампан ашылып, құйылады).
ЖІГІТ: Ұлымыз болса, атын Абай қоямыз.
ҚЫЗ: Қыз болса – Әйгерім...
(Бәрі дуылдасып, қошеметтесіп шампанды ішеді).

БІР ТОП ЖАС: Горько! Горько!

– Ащы! Ащы!

(Ескерткіштің алдында тұрған қыз бен жігіт сүйіседі.
Ұзақтау тұрып қалады).
БІР ТОП ЖАС: Тұщы! Тұщы!

– Тұщыды! Тұщыды!

– Әйда, ән бастайық!

– Ауылдың көшесіне әнмен кірейік!

– Давай, тарт гитараны!

(Бәрі қосылып ән бастайды. Кейбіреулері ерсілеу билеп
те жібереді).

– Кеше ғана қосылған екі жасқа,

Ойнақтаған ботадай бала берсін!
Бала берсін!

– Абай атамыздың арманы жоқ!

– Екеуіңнің де армандарың жоқ!

(Қол шапалақтасады. Сөйтіп бәрі сахнадан шығып
кетеді. Осы сәтте ескерткіш тірі Абайға айналып, тұ­
ғырынан баяу қозғалып жерге түседі).
АБАЙ (көрермендерге): Әлгі жастар рас айтты ма,

халайық? Мен 150-ге келіппін. Ұлықпан пайғамбар мың
жасаған. Жақсылықты көп көргеннің арқасында... За­
маны мен адамы келісті кез болғаны ғой, шамасы... (Гүл­
ді қолына алып иіскейді) Өңі жақсы-ақ, бірақ иісі қа­

шып кетіпті. Әлде әлгі жас мұрындарға сіңіп кетті ме?
«Абай атамыздың арманы жоқ» (бас шайқап), һім, һ-ім...
Мыңмен жалғыз алысқан адамда арман болмаушы ма еді?
Мың. Мың наданға, пасық пен сұмға, ит пен шошқаға қор

боп кеткен мың арман! Атар таңын, батар күнін көрмей...
мың жасқа қартайтып, шөктіріп кетпеді ме мені! Ұлықпан
хакім, Абай ақын... (Ойланып) «Ойнақтаған бала бер­сін»
деседі әлгілер. Иллайымда қос-қостан бергей. Бірақ ар­

тыңнан ерер, шаңырағыңды ұстар ұрпақты айдалаға, зи­
рат басына келіп тілемеуші еді. Ақ отауда құрылған жібек
шымылдықтың ішінде, тар төсектің үстінде сұрамаушы ма
еді тәңірден? Тәтті махаббаттан татымды бала келер өмір­

ге. Ұлымыз болса атын Абай қоямыз дейді мына заман­
ның жастары. Абай емес, есімін Абайла деп қой, А-бай-
ла! Абайла, бауырым, Абайла! «Кер кеткеннің сақалы
кеңірдегі­не бітеді» деген. Ынтық болған ғашығын аузы­

нан сүйеді екен... кенедей жабысып. Біздің кезімізде, ой-
хой, дәурен (ойланып, мұнданып), Тоғ-жан, Сал-та-нат...
(Басын шай­қайды) Ақ бетінен аялап өбіп, ақ тамақтан
иіскеп... Қал­қам деп, қарағым деп...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қызымыз болса Әйгерім деп қоямыз дейді атын. Әй-
герім! Ол кезде қандай шырайлы еді... Жаның балқып,
жүрегің толқып... Әйгерім деп... Құмартып салған әні
қандай еді сол шақтың... (Ән салады).

...Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да...
(Сахна қараңғыланады да, айналған кезде ақбоз киіз үй
көрініс береді. Текшеленіп төсек жиналған. Керегеге кілем

ілінген. Ортада кішкене стол. Алдында қағаз бен қалам,
сиясауыт, кітап жайылған Абай отыр. Басында тақия.
Қолында кішкене домбырасы. Баяулатып ән салған
қалпы).

...Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да...
(Иығына қарай сырғып кеткен шапанын көтере жа­
мылады).

АБАЙ (есік жаққа қарап): Қияс, әй, Қиясбай, қай­
дасың?
(Алдындағы зерен аяқтағы қымыздан бірер толғап
жұтады).

(Есіктен Қияс көрінеді. Асығыс. Басында дөңгелек,
шошақ бөркін ішке асығыс кіремін деп маңдайшаға қақ­
тырып, жерге түсіріп алады. Бөркін аламын деп еңкейген­
де Абай тіл қатады). Тоқта, Қияс!

(Қияс еңкейген қалпы Абайға аңтарылып қалады).
ҚИЯС: А, а, Абай аға!
АБАЙ: Қозғалма орныңнан. Жұрт сені суырып салма
ақын деседі. «Шайырлығым Абай ағамнан да басым» деп

мақтанатын көрінесің (көңілденіп, қағытып).
ҚИЯС (қуақыланып): Ол рас, Абай аға.

АБАЙ: Олай болса, табан астында шығарып бір шумақ
өлең айт. Айтсаң – бөркіңе ділдә саламын. Ұтылсаң –
жаныңнан таспа аламын.
ҚИЯС (күліп): Ділдәсі көп адамсыз ғой, Абай аға.

Бір шумақ жел сөз Қияс ақынға не тұрыпты? Насыбай
атқаннан да жеңіл. Ал, тыңдаңыз.
Аспанда ұшып жүрген боталы інген,
Сары майға былғап жеген пішен қандай!

Өлеңді айт дегенде жалт қарасам,
Шошайып отыр екен қызыл түлкі.
АБАЙ (рахаттана күліп): Пәлі, жарадың, Қияс! Өлме,
өлсең, қайтып келме! (Қалтасын қарманады). Ұйқасы

қандай, ойы, ырғағы... Әкел бөркіңді, мә, ауыз ақың...
ҚИЯС: Абай аға, менің дөңгелек бөркіме ділдә ғана
емес, қозылы қой да сыйып кетеді.
АБАЙ: Таптың, таптың. Өйтпесең, Қияс боласың ба?

Кешке көген басынан жетелеп кет. (Қағаз, қаламын
қолына алады. Күбірлеп)
Мен жаралы жолбарыс ем...
Қатты батты тырнағым... (Ойланады).

(Ішке Әйгерім кіреді. Бір қолында зерен аяқ қымыз,
екінші қолында ыстық бауырсақ. Бауырсақты ортаға, зе­
рен аяқты Қиястың алдына қояды).
ӘЙГЕРІМ: Дәм алыңыздар, ыстық бауырсақ...

АБАЙ (қағаз, қаламы қолында): Мен жаралы жолба­
рыс ем (ойланып)...
ӘЙГЕРІМ (күлімсіреп): Қатты батты тырнағың.
АБАЙ: Тырнағың емес, Әйгерім, қатты батты тырна­

ғым. Мұны қайдан есіттің, жарқыным?
ӘЙГЕРІМ: Таңға жуық ұйқысырап, дембіл-дембіл қай­
таладыңыз ғой. Татыйана, Пөшкін деп. (Есіктен шығып
кетеді. Қияс Абайдың алдындағы кітапқа үңіледі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚИЯС: Абай аға, Жанатайдың мұрнын қисайта-қисай­
та тартатын Көкбай секілді мынау кім? Самайының шашы
екі жағын көмкеріп кетіпті ғой.
АБАЙ: Орыстың Пушкин деген иықты ақыны. Жауына

намысын бермей жүріп оққа ұшып өлген.
ҚИЯС (кітапқа үңіліп): Иманды болсын. Өлсе де ер
екен.
АБАЙ (домбырасын шертіп, баяу әндетіп, Абайға ақ­

боз үйдің сыртынан Әйгерім де қосылады):
Мен жаралы жолбарыс ем,
Сен киіктің лағы ең.
Өлмей тірі қалдың әрең,

Қатты батты тырнағым.
ҚИЯС: Паһ, паһ, шіркін, сөз-ақ екен. Орыстың әуезе
сөзін қазақша тірілткен, Абай аға, өзіңіз де әулиесіз-ау...
(Осы кезде үй сыртынан ежеңдеген дауыстар естіледі.

Біреу «Абайға кіремін. Кіргізбесең осы босағаны күзетіп
жатамын» деп, екінші біреу «Кірме, күт. Абай ағам қағаз,
қаламмен отыр» деп итіс-тартыс болып жатыр. Абай
елең ете түседі. Қиясқа иек қағады).

АБАЙ: Өжеңдеген бұл кім? Шерлі біреу ғой. Білші жа­
йын. (Әлгі дауыс тағы естіледі. «Онда жатамын осы жер­
де. Арам Дүтбай Абайдың кесіміне көнбесе көрейін. Мініп
келген өгізімді соқаға байлаймын да тырп етпеймін».

Сыртқа шығып кеткен Қияс жедел қайтып келеді).
АБАЙ: Тыныштық па, Қияс?
ҚИЯС: Ой, құдай-ай, шекпенін сүйреткен Қоңқа шал-
дағы. Аспандағы Айға таяқ лақтырғандай боп Дүтбайдың

үстінен арыз айта келіпті.
АБАЙ (Қиясқа қабағын шытып): Астам сөйлеп, та­
ңертеңгі алған қозылы қойың өрісіне сыймай бара жатыр
ма? Келтір алдыма! (Қоңқа ішке кірісімен табалдырыққа

сүрінгені не тағзым еткені белгісіз, Абайға жете бере
жалп етіп жығылады. Үсті-басы жұлым-жұлым).

ҚОҢҚА: Ас-салау-мағалей-көм (қалбалақтап). Өзің
болмасаң, Абайжан, өзің болмасаң ассалау... деп ауыз тол­
тырып сәлем беретін де адам қалмады ғой, сорлы Қоңқаға.
(Қияс зерен аяққа қымыз құйып ұсынады. Қоңқа қымыз­

ға сұқ саусағын батырып, шыркөбелек айналдырып, қағып
салады. Көріп отырған Қияс бірдеңе деп қағытқысы кел­
ген, Абай жымиып, ыммен Қиясқа үндеме деп белгі берді).
АБАЙ: Арызыңды айта отыр, ақсақал.

ҚОҢҚА: Кемпір өліп... (басын қалтақтатып) Абай­
жан, келіннің қабағына қарап қалдым, Абайжан. Қолы­
мызда бетіне қарап, кішт-кішт деп отырған жиырма-отыз
уақ жандық, бес-алты іріқара бар. Жалғыз бала ертеңді-

кеш солардың көтінде. Соңында дегенім, шырағым. Кеше
қысқа деп Қамыстыкөлден шөп шапқан, Дүтбай болыстың
жігіттері сабап, басын жарыпты.
АБАЙ: Қара жердің түгіне іштарлық етіп жүр ме?

(Қабағын шытып).
ҚОҢҚА: Иә, шырағым. Жер біздікі, аяғыңды аттап бас­
па дейтін көрінеді. Келін бажылдап жылағасын, қатын
ғой, қайтсін, шыдай алмай өзім барғам. Болыс ауылының

құтырынған жігіттері сынық мүйіз өгізімнің құйрығын
бұрап тулатып... Әлгі арам иттің тулаған соң арқасындағы
оқырасы қозып, айнала шауып, бас бермей... Шекпенімнің
екі шалғайынан үркіп, шәт-шәлекейімді шығарып (бөр­

кінің ішінен кір орамал шығарып сіңбіріп, қайтадан
бөркіне салып, киіп алады). Жарықтық Имекеңнің басына
жыртқан жыртыс еді, әлі жүр. Айтпақшы, өгізім оңдырмай
жығып кетті, Абайжан.

АБАЙ (ойланып): Ер жетіп қалған ұлың бар деуші еді.
Не халде?
ҚОҢҚА: Не халде болушы еді, Абайжан. Жарық ба­
сын белбеумен таңып алып, тоқым жастанып жатыр.

Қаны сұйықтау неме еді, қарайды білем, осыдан жер ба­
сып жүрсем, біреуінің түбіне жетем деп қақпа алашаны

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

тоқпақтайды кеп. Тірі жанда әділдік сенде, Абайжан.
Кесімін өзің айт.
ҚИЯС: «Бас жарылса бөрік ішінде» деген сол.
АБАЙ (дауыс көтеріп, ренжіп): Ей, Қияс, бөрік ішін­

де деп басыңды күнде жарғыз да жүре бер, ендеше. Бі­
тімшілікті емес, бүліншілікті сылап, сипайтын қазақтың
найсап мақалы таусылушы ма еді, түге. Бұл да соның бірі.
Дүтбай болыс болдым деп, мойнына ояз таққан қарала

төбеттің қарғы бауындай бірер сөлкебайын көтере алмай,
астамсып, нәнсіп қалған екен. Бүгін бір Қоңқаға көз аларт­
са, ертең жүз Қоңқа оның өңешінен өтіп кетпей ме?
ҚОҢҚА: Өз жеңгең Қаражан да түбі қалмақтан келген,

«кірмесің» деп кемсітіп, немересін сүндетке отырғызған
тойында алдыма қойдың мойны мен көтенін қоймады ма?
Аузымды қышытпа дедім Қаражанға. Түбім қалмақ болса
қалмақ шығар, бірақ осы елге келген жауды Тобықтыдан

кем шабысқаным жоқ. Оңтүстіктен ауып келген Әуез қожа
қандай болса, бұл елге мен де сондаймын, бір елі кемдігім
жоқ деп табақта жатқан тоқпан жілікке жармастым,
Абайжан-ау.

АБАЙ (сылқ-сылқ күліп): Айтуыңыздың да, қол са­
луыңыздың да кемдігі жоқ, Қонеке. Әй, Қаражан, оңбас,
оңбас...
ҚОҢҚА (арқаланып): Құдай қиған бес-алты ауыз жел

сөздің несін аяйын. Қоңқа әлгіндей деп көсілген кезде
Қаражанның өзі шыдай алмай албастының апасы құсап
шыға жөнелді.
АБАЙ (күліп, дауыстап): Әйгерім, қайдасың? (Әйгерім

кіреді). Әйгерім, Қоңқа ақсақалдың иіні тозып кеткен
екен. Менің киілмеген көйлек-дамбалымның бірін шыға­
рып бер.
ӘЙГЕРІМ (жаратпай): Жер дауы ма, жесір дауы ма

діңкелетіп, аққұйқаңды шығарып бітті ғой, осы. Әлде
Дүтбайға қызымызды бергенде, елге қиянат сенен, ат-
шапан айып менен деп беріп пе ек?

АБАЙ: Жә, Әйгерім, берген жомарт емес, алған жомарт.
Жоққа тарынба. Қай қатын төркінінен байының көйлек-
дамбалын арқалап келіп еді? Бәрі Кеңгірбайдың дәулеті...
ӘЙГЕРІМ (бетін шымшып): Ойбай, садаға, Дүтбайға

ашуланамын деп тыныш жатқан бабамды бір аунатып
түсірдім-ау... (Қалбалақтап, сандықты ашып көйлек-
дам­бал алып, Қоңқаның алдына тастайды). Игілігіңізге
киі­ңіз.

ҚОҢҚА (сасып, қалбалақтап): Абайжан-ау, жілігі та­
тымайтын жаман Қоңқаны аяқ астынан састырып, мыр­
ғамға батырдың ғой. (Әйгерімге бұрылып) Ұл тап, шы­
рағым, қошқардай етіп, қошқардай... Дүтбайға бола маза­

лап...
АБАЙ: Бұл Дүтбайдың айыбы емес. Мойны жуан бо­
лыс қой, күнәсін өзіне арқалатармын. Бұл – Қаражан
жеңгемнің айыбы. Игілігіңе ки (күлімсіреп). Әлгінде құны

бір жылқыға пара-пар сөз айттың ғой. Соны маған сат,
Қоңқа?
ҚОҢҚА: Сөз сатқан қазақты қайдан көрдің, Абайжан-
ау? Қызыл иегімнен шыққан лебіздің бәрі өзіңдікі, басы

бүтін ал, кәдеңе асса, Абайжан.
ӘЙГЕРІМ (күліп): Сізді ынтық қылған ол не сөз?
ҚИЯС: Біз айтсақ, қозылы қойдан артық бермейді Абай
ағам.

АБАЙ: Қаражанға теңеу таба алмай қиналып жүргем.
«Албастының апасы құсап» деп, әй, Қонқа, қара тілдің
жорғасысың-ау... Ал, алдым сөзіңді. Атыңа мініп, өгізіңді
жетелеп қайт.

ҚОҢҚА: Рұқсат Алладан, қарағым. Мен қайтайын (ор­
нынан көтеріліп). Он салсаң бір баспайтын қисық өгізбен
келіп, құйрық-жалы көлде өскен құрақтай судыраған
сәйгүлік мініп қайтқалы тұрмын астыма. Не дейін, екі

дүниеде көңіліңді кір шалып, қабағыңа татау түспегей.
Әумин! (Бата қылады. Бәрі де бет сипайды. Абай мен Қияс
оңаша қалады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ (қолына қаламын ала беріп, ойланып): Әй, Қияс,
ой қуып, қиял кезіп, қажыдым білем (қаламсабын қояды).
Алдыма Оразбайға жылқысын алдыртқан Шүкір келді,
артынша екі өкпесін жел кернеп жесірінен айрылып, жер

соғып қалған Сәлімғазы жетті. Қарашекпен ерлі-байлы
Шодыр мен Дарияның Итбайдың жылқысының тұяғы­
на тапталған егіннің дауы қанша созылды (бас шайқап,
терең тыныс алады). Базаралының шоқпардан сүйегі сы­

нып, мертігіп жатысы анау. Қоңқа шалдың арзуы мынау,
қажыдым әбден, торықтым мүлдем (орнынан тұрады).
Өзің кіндігін кескен дүние мұқым зорлық-зомбылықтан
тұрса, жасаған ием-ау, (қолын жайып) арашашы ғып мені

несіне шырылдаттың? Бір менің мұңыма бақ та, байлық та,
қойны ыстық сүйген жар да, қылығы тәтті бала да ортақта­
са алмады. Көңіліме медеу ғып, өлең, сені ермек еттім.
Ашынғанда шыққан ащы зарды өзіңе құйдым. Ертелі-

кеш күңірендім. Мойнымдағы тұмардай, құшағымдағы
құмардай екі елі ажырамадым. Физули, Жәми, Сайхали,
(ойланып) Пушкин, Лермонтов, Гете, данышпан Толстой,
сендерде не арман бар? Жазған құлда шаршау жоқ деп,

қазақтың Шыңғыстауын жамбастап жатқан Құнанбайоғлы
Абай деген бір мүскіннің барын білесіздер ме?
Өнерімді үйреттім өңшең балапан жасқа. Көлеңкесін
көріп, ерсініп жүрген немелер сөздің сұйығына әуес, әуен­

нің даңғазасына құмар. Арқасы кем, жігері жұқана, уайы­
мы жоқ пәндеге өнер үйірсектейтін бе еді, тәйірі.
ҚИЯС (шошып, Абайдың алдын кес-кестейді): Абай
аға, Абай аға, өткен жолғыдай тағы да шікірттеніп қа­

ларсыз. Сабыр етіңізші, сабыр.
АБАЙ (тоқтап, Қиясқа): Әй, Қияс, құдайлығыңды айт­
шы, алты арыс ел таңғы ұйқыда жатқанда орталары­нан
біреу оянып кетсе қайтер еді? Қандай дәрмен қылар еді?

ҚИЯС: Ұйқышыл маубас халқын оятамын деп таң тор­
ғайы боп шырылдап, әрқайсысын бір түрткілер еді. Алуан
әуенге басар еді.

АБАЙ: Оған да оянбаса ше?
ҚИЯС: Амал не... Абай аға.
АБАЙ: Оянған жалғыз-жарымы тәтті ұйқымды бұздың
деп тас атып қуаласа ше сорлы торғайды?

ҚИЯС: Шыбын жаннан түңілер еді... Абай аға. Сабыр
етші, сабыр. Ат ерттейік, Шыңғыстаудың бөктерінен аң
қағып, тазы жүгіртіп қайтсақ қайтеді? Бойыңыз сергіп,
ойыңыз тазарсын.

АБАЙ: Жарайды, Қиясым. Ниетің қабыл (жиналады).
(Қияс Абайдың шапанын кигізіп, кебісін салады. Есік
алдына шығады. Сахнада көрінбегенмен, екі әйелдің ошақ
басындағы әңгімесі естіледі. Абай мен Қияс елеңдесе

қалады).
І ӘЙЕЛ: Ойбай, шешей, не естігенің бар?
ІІ ӘЙЕЛ: Ертелі-кеш тезек теріп, күл тасып жүріп нені
естуші едім? Бәрінен мақұрыммын.

І ӘЙЕЛ: Ойбай, шешей, онда құлағыңды бері әкел.
ІІ ӘЙЕЛ: Мә, мә, кимешегімнен шығардым.
І ӘЙЕЛ: Оспанның жесірін Абай қайның алғалы жатыр
дейді ғой.

ІІ ӘЙЕЛ: Көтек, не дейді? Үш қатынның үстіне ме?
І ӘЙЕЛ: Шешей, айтпа, тұп-тура масқара.
ІІ ӘЙЕЛ: Әлі топырағы суымаған інісінің төсегіне жа­
тып, келініне қайтып жүзі жанып қол салмақ?

(Сырттан аттың пысқырғаны естіледі).
І ӘЙЕЛ: Оны айтасыз, Оспанға деп өлең шығарыпты,
«Жақсы өліпсің, апырмай» деп. Інісінің өлгеніне қуанғаны
ғой. Адамның беті шыдар емес. Құрсын! Құрсын!

ІІ ӘЙЕЛ: Әй, бәсе, бір пәлені сезіп ем-ау. Қара жамылып
отырған келініне әукесі салбырап себептен-себепсіз үш ба­
рып қайтты ғой. Тегін жүр дейсің бе? Жұрт өсек тасиды
деп мені жазғырады. Көңілің сайрап тұрған соң қайтып

айтпассың?
І ӘЙЕЛ: Әкесі қажылықтан келмей тұрғанда келінін
алып аламын деп жанталасып жатыр дейді. Ал, шешей,
тойға қамдана бер.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ІІ ӘЙЕЛ: Жас кезінде қандай жігіт еді. Жігіттің сұлта­
ны болатын. Болыс та болды дүркіреп. Бәрін өлең мен әнге
айырбастап жіберді, ақыры. Өлең деген жын-шайтанның
ісі. Азғырып бітті ғой, азғырып.

(Абай бас шайқайды. Қияс жерге қарайды).
І ӘЙЕЛ: Ойбай, шешей, осыны байыма айтсам, «Алса
өз жесірі. Сенің не қимаң қышып отыр?» – дейді. Кұндіз
тапқанын түнде асағаннан басқаны білмейтін, өй, сорлы.

Бұл еркек дегенді қойсайшы. Дәмелері Дәмекүлдің дамба­
лындай.
ӘЙГЕРІМ: Әй! (Шошынған үндер естіледі). Ошақтың
басында өсекті сапырып отырсыңдар ғой, қымсынбай. Абай

аламын десе, ей, қатын, сен тұрмақ, шешей, сен де жү­гіріп
тиерсің. О несі-ай!
ІІ ӘЙЕЛ (сасып): Ә-ә, кәртейіп қалдым ғой, кәртейіп...
(Мырс-мырс күлкі, қазан түбін қырған қырғыштың

үні қайта естіледі. Аттың пысқырғаны, тұяқ дыбысы,
иттің үргені естіледі. Абай қатты ашулы. Сахнаның бір
шетінде қазандық басында отырған екі қатынға жетіп
барады да, қамшымен екеуін екі тартады).

АБАЙ: Мә! Мә! Ендеше. Өңшең, найсап! Ал, керегі
осы болса... Сабағаным үшін мен-ақ күнәһар болайын.
Көтердім айыбымды! Әйгерім, қайдасың? (Әйгерім келеді).
Мына екеуіне екі бұзаулы сиыр бер де қолма-қол көшіріп

жібер. Ертеңнен қалмасын. Маған жаудан ағайын, саған
өсекшіден абысын шықпас.
(Абайдың бұл қарекетін сахнаның екінші шетінде
келіп тұрған семейлік тілмәш көреді. Тілмәш бұтына

сидитып шалбар киген. Басында тақия. Кішкене теңге
мұрты бар. Көзінде көзілдірік. Сүйкімсіз).
ТІЛМӘШ: Абай Құнанбайоғлы, зрясти... (Басын иеді).
АБАЙ (еріксіз күліп): Здравствуй, тілмәш, қош кел­

діңіз. Кәне, үйге кірелік.
ТІЛМӘШ: Рахмет, асығыспын. Әлі күнге әйел сабайды
екенсіз. Не хорошо (бас шайқайды).

ІІ ӘЙЕЛ (жағынып келіп): Өз әйеліңе ие бол, шырағым.
Бізден аулақ! Абайжанның шыбығының ұшы тисе бізге
сауап. (Қияс әйелді оңашалап алып кетеді. Әйел бара жа­
тып) Өз обалымыз өзімізге.

ТІЛМӘШ (Абайға қарап): Әлгі әйел молданың ішірт­
кісіндей қағаз жазса, все, под сот кетесіз, Абай. Так что...
(Өз-өзінен қоразданып).
АБАЙ: Асығыс ол не шаруа? Айта бер, тілмәш.

ТІЛМӘШ: Знәшит, (сөмкесінен қағаз алып) Абай Құ­
нанбайоғлы, Петремборға, Сенатқа арзу жазыпсыз. Рас па?
АБАЙ (елеңдеп): Кім жоққа шығарып отыр? Мөрімді
басқанмын.

ТІЛМӘШ: Бұл бір. Знәшит, Абай Құнанбайоғлы,
Тобықты елі болыс сайлауы алдында тұр. Партия көп, ел
жік-жік. Үстіңізден арзу-шағым бар.
АБАЙ (паңдана, даусын жуандатып): Тағы не бар,

тілмәш?
ТІЛМӘШ (саусағының басын жалап, дәптерін па­
рақтап): Знәшит... (Дәптерін қайта-қайта парақ­тайды,
Қиясқа қарап) Жаңа мен не дедім?

ҚИЯС: Знәшит дедіңіз (келекелеп).
ТІЛМӘШ: О, дұрыс. Знәшит, ояз он күннен қалмай Се­
мипалат қаласына келсін деп бұйырды. Оразбай, Дүтбай
акалар да барады. Олар өте бикматур, жақсы адамдар

(ықылық атады).
АБАЙ: Өкшесі көтеріліп отыр екен. Келеді де. Үйге кір,
дәм ауыз тиіп кет.
ТІЛМӘШ: Жо-жоқ. Асығыспын. Ояз (сұқ саусағын

көтеріп) басың барсын да, аяғың қайтып келсін деген. Біз
деген службадағы үкімет адамдарымыз.
АБАЙ (көзін сығырайтып, тілмәшқа қарап қалады):
Осы сен марқұм Зайдулла ноғайдың ұлы емессің бе?

ТІЛМӘШ: Ұлымын... Шешем әлі тірі (тақ-тақ етіп).
АБАЙ: Шешең сары шаш, көзі көк, беті қызыл еді.
Қартайған шығар.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ТІЛМӘШ: Қартайған жоқ. АБАЙ (бетін сипап): Иманды болғыр әкең... Ой-хой, дәурен! (Мұңайып) Ей, Тілмәш! Әкең жақсы кісі еді жамбас жеген, Жақсыдан жаман туса оңбас деген. Шешеңнен бір күпірлік кеткен шығар, Иттің боғы қылшықсыз болмас деген. Ал, бар, осы сый-сыяпатыңмен. ТІЛМӘШ (шікірейіп): Так, так знәшит. (Жалт бұ­ры­ лып кетеді. Кешікпей ат дүбірі естіледі. Абай өзімен-өзі теңселіп жүреді де қояды). Екінші көрініс Абайдың үйі. Төрде Абай мен Көкбай тоғызқұмалақ ойнап отыр. Қимыл-қарекеттеріне қарағанда Көкбай ұтылып отырған сыңайы бар. Көкбай қолындағы бір құмалақты қай ұяға саларын білмей аңтарылады. КӨКБАЙ (күбірлеп): Мыңмен жалғыз алыссаң амалың не? АБАЙ: Мыңды аузыңа алмай-ақ қой, шайыр Көкбай. Алдымен тоғызқұмалақтан мені ұтып ал. КӨКБАЙ: Тобықтының бірі Найманның мыңына таты­ са көріп алдым. (Қолындағы құмалағын ұясына салады). Енді әкім Абай қалай жалтарар екен? Семейге жүрер ал­ дында қызылсирақ боп ұтылмаса қайтсын? (Ішке еңселі бір адам кіреді). ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Ас-салау-мағалейкөм. АБАЙ (басын көтеріп): Ә, Дәулеткелді, уәлекөмас­ салам.

КӨКБАЙ (тоғызқұмалақты жинап): Уағалей­көм­ас­
салам.
АБАЙ: Төрге оз, Дәулеткелді. Ал шаруаңды айт.
(Дәулеткелді төрге шығып отырады).

ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Үстімдегі киімім ғана өзімдікі, Абай.
Аузымдағы сөз Оразбайдікі. (Қамшысын алдына тастай­
ды. Абай еңсесін тіктеп отырады).
АБАЙ: Мен білетін Дәулеткелді болсаң, бұрын аман-

саулыққа Кенгірбай мен Өскенбайды бір аунатып келіп же­
тетін едің, бел шешпей жатып аптыққаныңа жол болсын.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Сайлау өтеді, сиаз болады дегелі ел
дүрбелеңінің үстінде. Шар үлестірмесем де, әркімге атқа

мінерлердің сөзін үлестіріп, әрі қисайып, бері жығылған
Тобықты мен Жігітектің қамын соғып, терлігім құрғар
болмады, Абай.
КӨКБАЙ (кекеткенсіп): Исі Найманға да күніне қы­

рық құдықтың арасын қосатын бір шапқыншы керек-ақ,
Дәулеткелді. Біз болсақ ондай кәделі іске татымай тұрмыз.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (Көкбайға ала көзімен қарап): Оқуың –
орыстікі, Көкбай, өлеңің – шайтандікі. Осыны көрген ел

айналаңа үйіріліп, сөзіңе ұйыйтын ба еді?
КӨКБАЙ: Орыс жаман болса билігіне неге мойынсұн­
дың, Дәулеткелді? Сонау жылы Оразбай кіші қызы Тұрсы­
найды тұрмысқа бергенде қымызға қызып, бозаға бөртіп,

үрген итпен жарысып, «Құдашажан, қалқам-ай, енді есен
бол-ай» деп аңыратып ән салған кім? Өлең шайтандікі
болса, ән – перінікі. Періштелік саған қашан түнеп еді,
Дәулеткелді?

АБАЙ (қабағын шытып): Жә-ә! Пері кім, періште кім,
бұл араның иман-таразысы екеуің емес. Шаруаңа көш,
Дәулеткелді.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (Абайға жалтақтап): Ағайын бір-бі­

рін өкпеге қиса да, өлімге қимайды дейді, Абайжан. Ораз­
бай екеуіңнің араңнан ала мысықты кім жүгірткені маған
қараң. Бір елдің бетке шығар екі арысы ұстасса, тілеуін

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

тілеп отырған ел сорлайды. «Абайға айт, Ақмұрт оязға
бар­ғанда тайдай тебісіп, сынымызды қашырмайық» деді
Оразбай. «Жатқа белімізді бермейік, үзілген жалғанар,
жоғалған табылар» деді Оразбай.

АБАЙ: Болыс сайларда ант беріп, мөрді қолына ұстаған
соң жалт беріп, жалпақ елге құйрығын ұстатпайтын Ораз­
бай әлгі сөзін маған емес, кем-кетік, көңілі шерлі еліне
айтса қайтеді? Бірақ жан алқымға тығылғанда қара бастың

қамы үшін айтқан өлдім дегеніне сенер ел қалды ма?!
Қалған көңіл – шыққан жан.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Суалып қалған көлді қорғап шыр-
пыры шығатын қызғыш құс болушы еді, Абай. Бәтуасы

жоқ елді қорғап шыр-пыр болған сені көрдім. Екіталай
күн туса, жарғақ тон, жамау көтен, құлағынан басқа құны
жоқ кедей-кепшік басыма мінәжат болады деп отырсың ба!
(Қамшысына қол созады). Көмейіңді түсіндім. Қабырғаңа

батып отырған Шүкірдің жылқысы екен ғой!..
АБАЙ: Тамағынан ат жалымен, түйе қомымен өтетін
Оразбай Шүкірдің он бес жылқысына қарап, іргесі жала­
ңаштанып қалып па?

ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Ім-ім, жылқысы құрғыр...
АБАЙ: Әлде «ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды
қояйын» дейтін түн жортып, түсі қашатын баукеспе Сү­
реңбаймен атақтас, кеуделес болғысы келгені ме Ораз­

байдың?
КӨКБАЙ: Ақмұрт оязға Абайдың үстінен арыз айдап,
әлі жетсе ұстап беріп, ұшпаққа ұшайын деп жүр ме?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Мен болсам айтқан сәлемін жеткіз­

дім. «Битке өкпелеп күпіні отқа тастамайық» дедім. Ырқы
өздерінде. (Қамшысымен жер таянып, орнынан тұрмақ
болады) Рұқсат Алладан...
АБАЙ: Жақсы жасадық па, жаман жасадық па, біраз

жасқа келдік. Иманы бұзылмаған елдің айналасы аз жыл­
да сиқы қашқанын көрдік. Бастан бүлінген ел енді түзеле­
ді дей алмаймын, Дәулеткелді. Еуропа жұртында «Балық

басынан шіриді, бірақ құйрығынан бастап тазалайды»
деген мақал бар. Ол барымта мен қарымтаға, зорлық пен
қорлыққа әуес болса не шара! (Ойланып) Кім болғысы
келеді Оразбайдың? Құнанбай болғысы келе ме? Ақ сөйлеп

адалына көш, Дәулеткелді, осы елдің көш бастар көсемі кім?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (мүдіріп): Құнекең.
АБАЙ: Иә, Құнанбай. Сөз бастар шешені кім?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Құнекең.

АБАЙ: Елін жау мен дауға бермеген батыры кім?
ДӘУЛЕТБАЙ: Құнекең.
АБАЙ: Кем соққан кемшілігі бар ма Құнанбайдың?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Қайдам...

КӨКБАЙ: Бар. Құнекеңнің кешірімі, қайтейіні жоқ
қой.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Турап түсер ақ алмас қой.
АБАЙ: Ендеше, Оразбайға сәлем айт, жердегі жем ас­

пандағы құсты ұятқа қалдырады деген, қомағайланамын
деп ел алдында жүзі күйді. Ендігі жерде Құнанбай болам
демесін. Таң алдында оянып тағдырымен жағаласып,
жаны жай таппай жүрген Абай болам деп шалдықпасын.

Оязға ойбеттеніп, соңындағы елге жылқыкөттеніп, қысқа
күнде қырық құбылмасын. Менің кеудеме өз өкпем сияр,
жалпақ жұрттың өкпесі сыймайды, Дәулеткелді. Өлсем
әділдіктің босағасында өлейін. Айтып бар осыны. Суыт

жүрген көрінесің, рұқсат Алладан...
(Сахна қараңғыланып, жарық қайта жанғанда Семей
қаласындағы ояздың қызмет үйінің қабылдау бөлмесі
көрініс береді. Төрде ІІІ Александр ағзамның портреті

ілулі тұр. Арқалығы бар ағаш орындықтарға Оразбай,
Дүтбай, Дәулеткелді үшеуі құйрық басқан. Ауылдың үш
қазағы оязды күткен сыңайы бар).
ОРАЗБАЙ: Сонымен, Абай алдына келсем тістеді, қы­

рау-қыраулап артына айналсам тепті де (Дәулеткелдіге).
ДҮТБАЙ (сықылықтап): Жас жесірін алып, арам же­
ген төбеттей аузын майлап жатқан шығар.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Бәрінен әлгі мұрнын қисайта тар­
тып, кісімси қалатын найманның ызасы өтті. Көксоққан
Көкбайды айтамын-дағы. Желді күнгі балағы мен жеңін
жел кеулеп, қалбаң қаққан қарақшы құсап Абайдың жа­

нына отырып алып, сойылын соғып, құйрығын жалап бітті
емес пе!
ОРАЗБАЙ (ұнатпай, шапанының етегін сілкіп): Ерте
күнін дырдумен кеш қылған, көрер таңын қатын бағып,

көзбен атырған Абайдың жанында ақыл-есі бүтін жолдас
еретін бе еді?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (Оразбайға жағымпазданып): Соны
айтам-ау, Ореке.

ОРАЗБАЙ: «Қасқа айғырдан қасқа тумаса да, төбел туа­
ды» деген, үрім-бұтағы түгел ән мен жырға, жын-шайтан­
ға әуес. Бәрін желіктіріп отырған Абайдың өзі. Ант атқан,
кие ұрған десеңші одан да.

ДҮТБАЙ: Мынау жан алқымға тірелген сын шақта ел
қамын көздеп, белі мықты бестідей төтеп беруге жарамай,
шырық бұзып, кермал сөйлеп, кердең қаққаны несі?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (сыбырлап): Қайтадан болыс болғысы

кеп, иегі қышып отырған сыңайын таныдым. Мен кісінің
ішіне тура кіріп шығамын ғой.
ОРАЗБАЙ (осқырынып орнынан тұрып кетеді): Бетіне
қарап отырған болысың тырна болса, күнің тырумен өтер.

Келсін қазір сол Абай. Ақмұрт ояздың алдына жүгіне­
йік. (Көтеріліп-басылып) Көрейік, қайсымыздың маңда­
йымыздан шертіп, қайсымыздың арқамыздан қағар екен.
Өткенде елге шыққан тілмәш түскірі қайда жүр?

ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Дұғай, дұғай сәлеміңізді Ақмұрт оязға
ыстылай жеткізді ме екен? (Сосын Оразбайдың құлағына
сыбырлап, көзін қысып, бармақ басты жасайды).
(Осы кезде есіктен бір мұртты поручик кіріп келеді.

Дәулеткелді отырған орнынан қалбаң қағып тұрып, әлгіге
жарамсақтанып, қос қолын ала жүгіреді).

ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Здрәсти, ассалау-мағалей-көм, Ақ­
мұрт ояз. Көкте – құдай, жерде – ақ патша. Екеуінің
Семейдегі аса қадірлі өкілі (артына бұрылып, Оразбай
мен Дүтбайға қарайды, олар орындарынан қозғалмаған,

сосын абдырап сөзін жалғастырады) өзі-ңіз-сіз. (По­
ручник таңғалып, не дерін білмей «здравствуйте» дейді
де, мырс етіп өте шығады. Бөлек бір есікке кіріп кетеді.
Артына бұрылып, Оразбай мен Дүтбайға көзі түскен

Дәулеткелдінің өңі бұзылып сала береді).
ДҮТБАЙ: Әй, Дәулеткелді, ішіміздегі топ бастар кө­
семіміз, сөз бастар шешеніміз өзің бе едің?
ОРАЗБАЙ: Мұрты аузына түскеннің бәрі ояз көрініп,

көзіңді шел қаптады ма? Алдымызды орағытып, қурайдай
пәленің қойнына кіріп, аузына түсіп кете жаздадың ғой.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (мұрнымен сөйлеп): Үсті-басы сарыала
жез... Ояз ғой деп... Жел көтерді ме, аруақ көтерді ме...

ДҮТБАЙ: Жігітектің сүйегіне таңба салар желөкпе,
үрейқуық неме ме едің? (Осы кезде есіктен Ақмұрт ояз
кіреді. Үшеуі де қалбаң қағып қалады).
ОРАЗБАЙ (алдымен ұмтылып): Ақ патшаның үмбеті

Яков Николаевич, аман-есенсіз бе? Дені-қарныңыз сау ма?
ДҮТБАЙ (иіліп тағзым етіп): Семей жұртының тең
жарылқаушысы Жақып мырза, қуаттысыз ба?
АҚМҰРТ ОЯЗ (қол алысып): Здравствуйте, дорогие

мои, аман, аман. Бәрі жақсы.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Здрәсти, Ақмұрт ояз.
ДҮТБАЙ (алара қарап): Не оттап тұрсың өзің? Ол
өзіміздің қойған жанама ат емес пе?

ДӘУЛЕТКЕЛДІ (иіліп, бүгіліп): Здрәсти, Жақып мыр­
за. Әйтеуір, маржа аман ба?
АҚМҰРТ ОЯЗ (жүзіне күлкі үйіріліп): Да-да, дала
қазақтары ат қоюға шеберсіңдер. (Мұртын сылап) Несі

бар, қыз-келіншектерге көбірек ұнармыз. (Үшеуі мәз бо­
лып күледі. Жарамсақтанып).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ОРАЗБАЙ (залға қарап): Алла, ит-ай, масқарамызды
шығарды-ау.
ДҮТБАЙ: Көңіліңізге алып қалмаңыз, мырза, қазақ­
тар жақсы көрген адамын еркелетіп, жанама ат қоятыны

бар. Тіпті ондай ат осы тұрған бәрімізде де бар (қипақтап
күледі).
АҚМҰРТ ОЯЗ: Мұндай әдет біздің халықта да бар.
Санкт-Петербургте сыртқы істер департаментінде істеп

жүргенімде бір жәмшік болды. Әлгіні «Ванька дурачек»
деп қағытатынмын. Абай Құнанбаевич неге кешікті? Үс­
тінен арыз жазылған адам әманда алдымен жететін еді
ғой.

ОРАЗБАЙ (жаратпай): Өлген Оспанның қатынын
алып, ағайынымен дүние-мүлікке таласып жатыр деген.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Рас, рас. (Кеудесін тоқпақтап) Мен –
куә.

ДҮТБАЙ: Байы өлген жесірлердің бәрін соған ама­
наттадық. Жақып мырза. Жақында бір жылқышы асау
үйретемін деп жүріп, мойны үзіліп өлген. Аламын десе,
қолынан қақпаймыз. (Келекелеп) Алсын жесірін қатын

ғып. Төртеуі не, бесеуі не? Алдынан жарылқасын.
(Осы кезде ішке Абай келіп кіреді).
АБАЙ: Здраво желаю, Ваше Величество. (Басын сәл
төмен иіп) Яков Николаевич (қолын ұсынады).

АҚМҰРТ ОЯЗ: О, Абай Құнанбаевич, (қолын ұсынып)
амансыз ба, дала философы, қазақтың Иммануль Канты.
АБАЙ: Ат-көлік аман, Яков Николаевич. Кант болу
қайда? Оуэн болсақ та аздық етпес.

ОРАЗБАЙ (залға қарап): Абайға келгенде осы Ақ­
мұрттың аузы қисая қалады екен. Әттеген-ай, уәделі сө­
зімізді айтып үлгере алмадық-ау.
АҚМҰРТ ОЯЗ: Түсінемін бәрін, Абай Құнанбаевич,

шығарма жазған адамның қайғы-шері көп болады.
АБАЙ: Рахмет, мәртебелім. (Дүтбай мен Оразбайға
қарап) Дүтбай, саған сөзім жоқ. Ореке, ояздың алдына

келдік деп қазақы аман-саулықтан да қалдық па? (Ораз­
бай тымырайып үндемейді). Әлде менің үстімнен айдаған
арзуыңыз бетіңізге шіркеу болып тұр ма?
ОРАЗБАЙ: Жә, Құнанбайдың тұқымынан жазу қашып

құтылып па? Сен де құр қалдым дейсің бе? Жаз. Өшпейтін
етіп иттің терісіне жаз.
АҚМҰРТ ОЯЗ (қатайып): Отырыңыздар. Даладағы
даудың аяғы Семейге келіп бітпес. Кәне, отырыңыздар.

(Бәрі орындыққа тізе бүгеді. Осы кезде сырттан шір­
кеудің қоңырау қаққаны естіледі. Абайға қарап) Абай
Құнанбаевич, әңгімені алдымен сізден бастайық. Сіз
сенатқа арыз жазып, өтініш етіпсіз.

ДҮТБАЙ (залға қарап): Әп, бәлем! Ақ патшаның құ­
рығына бір ілінсең, екі дүниеде мойныңда кетер.
АБАЙ: Жазғаным рас, Яков Николаевич. Не өтінгенім­
ді қайталап айтып берейін бе?

АҚМҰРТ ОЯЗ: Жо-жоқ, әуре болмаңыз, Абай Құнан­
баевич. Арызыңыз Сенатта жатып маған келген. (Шка­
фынан төрт-бес парақ қағаз алады) Міне. (Үңіліп)
Қазақ халқы жерден айырылды. Заңсыз алынды. Хұқы

төмендетілді депсіз.
АБАЙ: Рас, Яков Николаевич (бас изеп).
ОРАЗБАЙ (залға қарап): Өлетін бала молаға қарай
қашады деген (мырс-мырс күліп).

АҚМҰРТ ОЯЗ: Абай Құнанбаевич, тыңдап алыңыз.
1868 жылы император Екінші Александр ағзамның (шо­
қынып қояды) Жарлығымен қазақ жері тұтастай Ресей
мемлекетінің қарауына өтіп, жекеменшігі болып жария­

ланды. Бұл үш жүздің игі жақсылары мойындап, риза
болысқаны шындық. Солай ма?
ОРАЗБАЙ (елпілдеп): Солай, солай, ризамыз, Жақып
мырза.

ДҮТБАЙ: Ақ патшаның құзырына кім қарсы келуші
еді. Әбден разымыз.
АҚМҰРТ ОЯЗ: Демек...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ (қатуланып): Яков Николаевич, ол жарлықпен
мен де таныспын. Бірақ, сол кезде жерлерің Ресей мем­
лекетінің қарауына өздеріңмен қосақталып өтіп жатыр,
келісесіңдер ме, жоқ па деп жалпақ жұрттан сұраған біреу

болып па?
АҚМҰРТ ОЯЗ: Император ағзамның жарлығы – заң.
Оны халықтың талас-тартысына салуға жол жоқ.
АБАЙ: Дәуір-дәуірден келе жатқан басыбайлы жерін

қазақтың өзі иеленіп қалса сөз басқа. Әңгіме өрістің де,
тыныстың да тарылғанынан шығып тұр ғой.
АҚМҰРТ ОЯЗ (көзі ақшиып): Демек, Сіз, қазақ жеріне
орыстардың қоныстанғанына қарсы екенсіз...

ОРАЗБАЙ: Айттым ғой, бұл бір ел бұзған тентек адам
деп.
ДҮТБАЙ: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» де­
ген осы!

АБАЙ (жайбарақат): Мен қарсы емеспін. Бірақ
әділімен шешілсе деп ем...
АҚМҰРТ ОЯЗ: Қандай әділетсіздік көрдіңіз? Айты­
ңыз, Абай Құнанбаевич.

АБАЙ: Шұрайлы жердің бәрі, Қара Ертістің қос қапта­
лы түгелімен қара шекпендердің қол астында. Қара қазақ
құнарсыз, тау-тасты өңірге зорлықпен ығыстырылды. Мен
осыған қарсымын.

ОРАЗБАЙ (оязға жалпақтап): Астафыралла, (кеудесін
ұстап) не дейді? Сүттей ұйып отырған елге ылаң салғалы
тұр ғой мынау, ылаң!
(Еденді тебеді).

АҚМҰРТ ОЯЗ (жымиып, қуланып): Абай Құнанбаевич,
қазақ деген қонақжай халық, алыстан аршып-ашып кел­
ген қонаққа төрін ұсынбаушы ма еді? Тағамның тәттісін
аузына тоспаушы ма еді?

ДҮТБАЙ: Әлбетте, солай.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Ата-дәстүріміз бар емес пе? Ояз мырза
дұрыс айтады.

АБАЙ (залға қарап): Келген қонақ аунап-қунаған соң
кетер еді. Бұл мейманның әбден ығыр қылмай аттанбайтын
түрі бар ғой. (Ақмұрт оязға қарап) Дұрыс айтасыз, ояз
мырза. Сізге бір сауалым бар.

АҚМҰРТ ОЯЗ: Қойғын.
АБАЙ: Қойсам... (Сәл-пәл ойланып) Сіздің жасаулы,
жиһазды үйіңізге беймезгіл мейман келсе...
АҚМҰРТ ОЯЗ: Келсін? Не шаруамен...

АБАЙ: Шаруасы... Көп жоқ. Бар көздегені – қаңғып
жүріп тамақ асырау.
АҚМҰРТ ОЯЗ (түсі бұзылып): Берейін тамағымды.
АБАЙ: Ол мейман есіктен кіріп төрді менікі десе, жата-

жастана келсе, маржа мен бала-шағаңызды жасқаса, күн
бермесе қайтер едіңіз?
АҚМҰРТ ОЯЗ (әңгіменің төркінін енді түсініп): Абай
Құнанбаевич, бұл не, жұмбақ па, әлде қиялшыл қайсақтың

әңгімесі ме?
АБАЙ (жайбарақат): Оның үстіне есік көзіндегі өз
төбетіңіз өзіңізге үріп, желке жүнін күжірейтіп, әлгі
қадірсіз мейманға жарамсақтанып, етегіне оралса ше?

Яков Николаевич, (сынай қарап) бәлкім, мазасыз мейман­
ды дүрелеп қуып шығарсыз. (Осы кезде ашық тұрған те­
резе көзінен мас еркектердің «Налей самогон», «Ишь ты»,
«Давай, дружок, пей до дна!» деген дауыстары әріректен

естіліп жатады).
ОРАЗБАЙ (түңіліп): Көп оқудан миы су боп, ауып кет­
кен ғой.
ДҮТБАЙ: Далаға лағуын көрдің бе, ерте күнді кеш қып.

АҚМҰРТ ОЯЗ (түрі бұзылып): Қысқарт, Абай Құ­нан­
баевич, келекеңді. Тәлкек қылатын адамың мен емес!
Мейман «есіктен кіріп, төр менікі» деп... өз төбетіңіз өзі­
ңізді қауып... дүрелеп қуып шығу... (Ояз ақырғанда Ораз­

бай мен Дүтбайдың үрейі ұшып, шошып кетеді) Сенатқа
арыз жазғанына қиылып кешірім өтінер десем, жо-жоқ

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

аспандап барады. Мұны дала философы деп, Михайлэс бас-
көз бол деп қайта-қайта өтініш тапсырған соң, жел тигіз-
­бей Пушкин мен Гетеге, Байронға теңеп жүрсем... (Тұты­
ғып шәт-шәлекейі шығады. Оразбай, Дүтбай, Дәулеткел-

­ді үшеуі қаһарлы ояздың арқасын қалқалап жан бағады).
ДҮТБАЙ: Сорың қайнады, Абай! Шоқ! Шоқ!
ДӘУЛЕТКЕЛДІ (жылтың-жылтың етіп): Екі көзің
зынданның түбінде жылтырар.

ОРАЗБАЙ (Ақмұрт оязға қарап): Жақып мырза,
көңіліңізге қаяу салмаңыз. Бұл өзі – сөзінің алды бар да,
арты жоқ, тез тасып, тез басылатын шолақ өзендей бұ­
зық адам. Басқа-басқа, ормандай орысқа қыр көрсеткісі

келеді. Айналасына өңшең ақылсыз бозбастарды топтап,
жағымсыз сөз таратып, елді бұзып болады. (Дүтбай мен
Дәулеткелді бас изеседі). Арыз жазып, ақ патшаға да ауыз
салып жатқанын көрмейсің бе енді. Болыс сайлауы алдын­

да елге қисапсыз дүрбелең алып келді. Ым... Ым...
АҚМҰРТ ОЯЗ: Оны арызыңызда жазыпсыз. Айта
түсіңіз...
ОРАЗБАЙ: Абайдың аузынан шыққан әлгі сөз жалпақ

елдің пікірі емес. Орыс келсе, қуанамыз. Құшағымызды
жаямыз. Тіпті түсіме енсе, періште ғой, жақсылыққа бас­
тағалы жүр деп жоримын. Иеленсін елімізді, жайласын
жерімізді. Кім қолын қағып, бетінен келіпті.

ДҮТБАЙ (іліп әкетеді): Баламды осындағы орыс
школіне бергем. Кәдімгідей тілі сынып қалыпты. Жарат­
паған құлыным, орысшаңнан айналдым сол. Адам бо­
лудың басы да, әлсін-әлсін «Сам дурак» деп қояды. Оны­

сы «әке, бағытың дұрыс, алған бетіңнен тайма» дегені
ғой шамасы. Алған бетінен тайып, Дүтбайға не көрініпті?
Бұйыртса, немеремен отырмын (оязға мөлтең қағып
қарайды).

АҚМҰРТ ОЯЗ (арқасынан қағып): Міне, міне, көзі
ашық азамат! Молодец!

ДӘУЛЕТКЕЛДІ (оязға жаутаңдап): Мен де оқытамын,
мен де... Ұлдарым ержетіп – мұжық, қыздарым – құдай
қосса, бойжетіп шетінен маржа боп шығады (Абай ызалы
күліп, бас шайқайды).

АҚМҰРТ ОЯЗ (ашуы қайтып): Абай Құнанбаевич, (сау­
сағын шошайтып) Қасиетті Россия империясы – жер
шарындағы ең ұлы держава. Ең әділетті мемлекет. Құл­
дарының өзіне бас бостандығын берді. Саны аз, азын-аулақ

халықтың қам­қоршысы, мейірімді әкетайы. Қазақ­тан өзге
де қаншама ел өзі сұранып бодан болды. Қолтығын пана­
лады. Қытай сынды қанды қақпаннан бас бақты, аман
қалды. Солай, көкешім. Жақсылықты ұмытпаған абзал.

Әсіресе, сіз секілді ақылман адамға. Әлгі келісімінсіз
әңгімені сіз айт­қан жоқсыз, мен естіген жоқпын. Келістік
пе, Абай мырза? Сенатқа жазған арызыңызға жауап алды,
қанағаттанды деп есептеймін. Солай ма?

ОРАЗБАЙ (жанындағы екеуіне қарап масайрап): Ә, бә­
лем, нығыздап-нығыздап төбесінен ұрғандай ғып айт­
пай ма қасқаң? Кіммен бой теңестіргісі келгенін сезді-ау
деймін.

АБАЙ (толғанып): Ресей ұлы ел, оқуы, ғылымы...
Жан сүйсінтер жақсысы... қадалған жерінен... ия, қары
ұзын қанды шеңгелі. Ақ алмастай туралығы, кейде доңыз
қылық бейдауасыздығы... Бәрі-бәрі аралас, тысы қайсы,

астары қайсы, жалғаны қайсы, шыны қайсы, айырғысыз
тұтас бір әлем!
АҚМҰРТ ОЯЗ (ойланып, өз-өзімен бас изеп): Рас, рас
алғашқыда арғы тегі комрад, неміс мен де таңғалып,

таңдай қағушы ем орыс психологиясына. Бірде сүйсініп,
енді бірде... Мына шапанымен жер сызған дала ақылма­
ны да сол маған таныс сезімді, бәлкім төзімді шығар, ба­
стан кешуде екен. Түсінікті... Демек, бұған басқаша әдіс

қолдану керек.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ: Яков Николаевич, жаңа бір уәжіңізді Байрон
деп қалдыңыз-ау. Жақында оның «Еврей саздарын» оқы­
ғанмын.
АҚМҰРТ ОЯЗ (таңданып): Мүмкін емес. Оны қайдан

ал­дырттыңыз?
АБАЙ: Бір қымбат адам Петербордан беріп жіберіпті.
АҚМҰРТ ОЯЗ: О, ол деген қайран серінің ақыл-ойы­
ның інжу-маржаны, қайталанбас шедеврі емес пе? (Абай­

ға қызыға қарайды). «Еврей саздары»... (Ойланып) Есіме
түспей тұрғанын қарашы.
АБАЙ: «Өмір – арқан, жармасасың ұшына,
Соңғы түйін қолдан шықпаса екен деп».

АҚМҰРТ ОЯЗ (шаттанып): Дәл, дәл солай! Разымын!
(Қолын қысады). Абай Құнанбаевич. Мынау меңіреу дала­
дан өзі­нің оқушысын тапқан Байрон қандай бақытты!
ОРАЗБАЙ (залға қарап): Ояз, ояз дегенге бұл да

түсініксіз шатып-бұтатын ұшып-қонба сорлы ма еді? Әлгі
бет қаратпас айбаты, жаңағы тіккен қаһары зым-зия боп
қайда ұшып кетті.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Билік – арқан, жармасасың ұшына

(басын шайқап). Болыстығым қолдан шықпаса екен деп.
ДҮТБАЙ (күйгелектеніп): Тәйт! (Ақырып қалады) Ой,
жын иектеген нәлет! Құрттаған шыбыштың құйрығындай
шыпшың қағуын.

ОРАЗБАЙ (зіркілдеп): Ояз мырза, елді алатайдай
бүлдірген алдыңызда тұрған күнәһарға бір тоқтам бола
ма өзі? Әлде өзіңіздің оң көзіңіз, оң қолыңыз – елдегі игі-
жақсыларды табанына сап таптай бере ме? Біздің алыс­

тан ат сабылтып естиік деп келгеніміз осы! Болмаса өз
тентегімізді өз қолымызға бересіз бе?
ДҮТБАЙ: Балта шапқандай ғып бір кесіміңізді айты­
ңыз, мырза.

ДӘУЛЕТКЕЛДІ (аяғымен көрсетіп): Тұп-тура айғыр
тепкендей ғып...

АҚМҰРТ ОЯЗ (столдан екі-үш парақ қағазды алып
оқиды): Абай Құнанбайоғлы елді жік-жікке, партияға
бөліп, дау-дамайды өршіте түсуде. Бұлік шығару ниеті бар.
Болыс сайлауына өзі түсу үшін...

АБАЙ: Яков Николаевич, жауабын қолма-қол берейін.
Бөжей – бір жік, Оразбай – бір жік, Дүтбай – бір жік.
Абай жікке, партияға бөлінген емес. Абай – тұтас! Шы­
тынамас, бөлінбес ешқашан! Иманды болғыр Оспанның

орнына болыстыққа жүрген жерінен жөргем ілмейтін
тау­фихты бір адам сайланса дегенім рас. Ал, қара басыма
болыстықтың қажеті жоқ. Ей, Оразбай, жаутаңдап алған
билігің еркіндігімнен садаға!

(Ояздың құлағына Дүтбай бірдеңе сыбырлайды. Ояз бас
изейді).
АҚМҰРТ ОЯЗ: Елде есі бүтін бір адам бар. Ол – мына сіз.
Қалғаны пышаққа сап болуға жарамайтын озбыр, дөкір,

барымташы, ұры-қары, жалақор, алаяқ па? Сіздің сөзіңізді
бақсақ, Абай Құнанбаевич, солай боп шықты емес пе?
ОРАЗБАЙ: «Өзі ит жұрттың бәрін шошқа дейді» деген
сол.

АБАЙ: Яков Николаевич, Еуропаның тәлім-тәрбиесін
көрген зиялы адамсыз. Біздің ауылда қатындар немесе сол
тұрпатты еркектер ғана сыбырласушы еді. (Ақмұрт ояз
қызарып, қыбыжықтап қалады). Қайран аңқау қазақ он­

дай күнаһарлықтан ада. Адал, ақкөңіл, сенгіш, сезімтал.
Тек төбеде ойнап пері боп кеткендері болмаса.
ОРАЗБАЙ (қатуланып): Кім пері, қайсымыз періште,
айт! (Қамшысын білемдеп) Әр сөзіңді астарлап, баптап,

сыламай!
АБАЙ: Яков Николаевич, сізден сұрасам деген сауа­
лым бар.
АҚМҰРТ ОЯЗ: Манағыдай мысалдың қажеті жоқ. Нақ­

па-нақ, қолға ұстатқандай ғып айтыңыз.
(Абай сәл ойланып қалады. Осы кезде ашық терезеден
орыстың ескі әні естіледі. Мастар даусы: «Маруся, гав,

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

гав, гав. Варвара, гав, гав, гав. Анфиса, гав, гав, гав...» Ояз
тыжырынып, форточканы сарт еткізіп жабады).
АБАЙ: Яков Николаевич, құдайшылығыңызды ай­
тыңызшы, Ресейде озбыр біреу екінші адамның 15 шош­

қасын тартып алып, бермей қойса қандай шара қолданар
еді?
АҚМҰРТ ОЯЗ: Дүре соғып, өңдіртіп береді. Болмаса, де­
реу соттайды.

(Оразбай мен Дүтбай жынданып кете жаздайды).
АБАЙ: Ал, жазықсыз жанды соққыға жығып, басын
жарса ше?
АҚМҰРТ ОЯЗ: Бұзақыны қатаң тәртіпке шақырады.

Қол-аяғы­на шынжыр салып бұғаулайды.
ДҮТБАЙ (шыжбаңдап, алақ-жұлақ етіп): Әлгі тілмә­
ші түскір қайда жүр?
ДӘУЛЕТКЕЛДІ: Зым-зия (екі алақанын жаяды).

АБАЙ (Оразбай мен Дүтбайды нұсқап): Қараңыз,
тап сондай айыпкерлер алдыңызда тұр. Ал, жазалаңыз!
Ресей заңы бұлтартпас тура дейміз. Көрсетсін әділдігін!
Әлде ол заңның қазақ даласына қауқары жүрмей ме? Ен­

деше, ешкімнің бет-жүзіне қарамай, айыпқа жығыңыз,
істі қылыңыз, бір ұрты май, бір ұрты қан, даланың екі
көкжалын.
Сонда өзге қазақ адалдықтың шекарасынан аттағалы

тұрған аяғын кері тартып ала ма? Құлама құлқынына
қарауыл қоймай ма?
ОРАЗБАЙ (қамшысын ала Абайға өршелене ұм­ты­
лады): Уа, сідігі азған Құнанбайдың тұқымы, екі дүниеде

де қос қолым жағаңда ойнар! (Дүтбай мен Дәулеткел­
ді арашаға түседі). Аузың тобадан кеппес! Жаныма жан
жоламас, соңынан қара ермес зәнталақ! (Ояз абдырап
столының үстінде тұрған жез қоңырауды қаға бастай­

ды). Жібер деймін, жібер! Етімнен өтті, сүйегіме жетті,
мұның қорлығы! Жетті! Жібер!

Екінші акт
Үшінші көрініс
Абайдың Семейдегі пәтері. Жұпыны ғана мүлкі бар.
Сахнадағы жарық күңгірт. Абай ұйқыда. Түс көріп жатыр.

Желдің ызылдаған жағымсыз үні естіледі. Жарық әр түрлі
түске еніп құбылады. Бес-алты адам алақотан отыр.
Орталарында жанған от. Жарық күңгірт түскендіктен
жүздері анық көрінбейді. Қолына Құран ұстаған, ақ сәл­

делі молда тұр. Орталарында таңулы жалғыз әйел бар.
МОЛДА (асасын көтеріп): Кәне, куәлар, сөйлеңдер. Ат
басынай алтынды бұл әйел қалай ұрлады? Қайда апарып
жасырды?

БІРІНШІ КУӘ (молдаға жүгініп, Құранды ұстап):
Оллаһи, биллаһи, айтқаным шын. Молдеке-ау, таң алдын­
да қуығымды зәр қысып, (жағымпазданып) қолыма тор­
ғайбас, имекмойын құманымды ұстап далаға шыққам,

үлкен үй жақтан бір сыбдыр естілді. (Көрсетеді) Ұры-қа­ры
ма деп құлағымды түре қалдым. Бақсам осы әйел қойнына
қысқан әжептәуір жылтыраған заты бар, аяғын санап-са­
нап басып шығып келеді екен. Ертеңіне үлкен үйден шу

шықты: «Ойбай, ат басындай алтын жоғалды» деген.
МОЛДА: Алтынды үйіне әкетті ме, қайда беттеді, көр­
дің бе?
БІРІНШІ КУӘ: Ойбай-ау, алтын арқалап бара жатқанын

білсем, артынан қаламын ба, білмей сорладым ғой. Әйтеуір
безіп жоғалды. Қолындағысы жалт-жұлт, жалт-жұлт...
МОЛДА (асасымен жерді ұрып): Екінші куә, сен сөйле...
ЕКІНШІ КУӘ: Сөйлейін, тақсыр. (Құранды кеудесіне

қысып) Оллаһи, биллаһи, айтқаным шын. Таң алдында
бәйбішемнің қасынан шығып, кіші қатынымның отауы­
на кетіп бара жатқанымда осы әйелді көрдім. Басында ақ
орамал. Екі көзі шоқтай жанып безіп бара жатыр екен.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қолында ат басындай зат бар. Әлекең айтқандай, жалт-
жұлт, жалт-жұлт...
МОЛДА: Неге тоқтатпадың?
ЕКІНШІ КУӘ (қыбыжықтап): Бәйбішенің қасында

ұйықтап қалып... Қара басып... кіші әйел рай бермей...
қай­дан қайырылайын... даладағы қатынға, молдеке-ау...
МОЛДА (асасымен жерді ұрып): Үшінші куә, сен
сөйле...

ҮШІНШІ КУӘ (Құранды кеудесіне қысып): Оллаһи, бил­
лаһи, айтқаным шын. Бұл әйел ұрлаған алтынды өзінің
ошағына жасырды. Күлді көсеумен қазып, қайтадан көміп
тастады. Үлкен үйдің ұрысы осы! Жазасын тартқызы­

ңыз, молдеке.
ӘЙЕЛ (жан даусы шығады): Өтірік! Жалған, молдеке!
БІРІНШІ КУӘ: Ұры – осы!
ЕКІНШІ КУӘ: Дәл өзі!

ҮШІНШІ КУӘ: Жазасын тартсын, азғын!
ӘЙЕЛ (жалынышты): Жазығым жоқ, әкетайлар, се­
ніңдер. Сеніңдер маған. (Еңбектеп әрқайсысының ал­
дына жығылады) Ұрлағаным жоқ! Ешкімнің ала жібін

аттағаным жоқ. Сене гөріңдер сөзіме.
МОЛДА: Ақ сайтан азғырып алған шығарсың. Күнәңді
мойныңа ал, пақырым. О дүниеде жазаң жеңілдейді.
ӘЙЕЛ: Ат басындай алтынды көтере алам ба, молдеке?

Үшеуі де суайт, алаяқ, сенбе, молдеке!
МОЛДА (ашуланып асасымен жерді ұрады): Уа, кү­
нәһар, алтынды ұрламасаң, таң алдында үлкен үйден нені
қолтықтап бара жаттың? Айт, кәне?

ӘЙЕЛ: Есімде жоқ, молдеке! Ах, ах (қолын ербеңдетіп,
тілі байланып құлайды).
БІРІНШІ КУӘ (әйелді нұсқап): Әне, әне, Алланың
қаһары соқты!

ЕКІНШІ КУӘ (сықылықтап): Тілі байланды.
ҮШІНШІ КУӘ (қутыңдап): Біз азаматтық парызымыз­
дан құтылдық. Ұрыны өлім жазасына кесіңіз, молдеке.

БІРІНШІ КУӘ: Үлкен үйге барып тездетіп қолүздігі­
мізді алайық. (Қолын уқалап) Уәделі... уәделі... қал­
тамызға томпайтып салайық. (Әйел қол-аяғын ербеңдетіп
талып жатады).

МОЛДА (үшеуіне қарап): Ендеше, осы куәліктеріңнен
екі дүниеде танбаймыз десіп, Құран ұстап жан беріңдер.
(Алғашқыда үшеуі шошып, бір-біріне үрпиісе қарайды,
сосын алма-кезек Құран ұстап, «Оллаһи, биллаһи, айт­

қаным шын. Екі дүниеде танбаймын» деп қайталайды).
МОЛДА (асасын көтеріп): Ат басындай алтын ұрлап
күнәһар болған пақыр ана өлім жазасына...
(Дәл осы тұста сахнаға Абай шыға келеді. Ашулы).

АБАЙ (қолын көтеріп): Тоқта, молдеке! Сабыр ет! Әлде
жан алу ма?
МОЛДА: Жан беру, Абай. Жан беру. Жанды алатын Алла.
АБАЙ (баяу басып келеді): Мына жатқан (әйелді

нұсқайды) пақырдың пәнилігі мен бақилығына төбе би
төреші өзің бе, молдеке?
МОЛДА: Өзім (асасын тарс еткізіп).
АБАЙ (үш куәні нұсқайды): Мына үш мүскін әйелді

ұры деп жан берді ме?
МОЛДА: Берді, Абай. (Үшеуі де «бердік» десіп, шулап
қоя береді).
АБАЙ: Құран Кәрімде өтірік куә боп, жан берген адам

өледі дейді, рас па, молдеке?
МОЛДА: Рас. (Үш куә қорқа-қорқа бас изейді).
АБАЙ: Ендеше, мына әйел ұры емес. Мен осы үшін жан
бердім. Оның ұрлағаны ат басындай алтын емес. (Үш куә

«Енді не? Алтын ұрлады», «Баукеспе қатын болатын»
деп шыр-шыр ете түседі). Таң алдында алып бара жатқаны
от болатын. Қоламта, қидың шоғы.
ӘЙЕЛ (басын көтеріп, Абайдың тізесін құшақтай

құлайды): Рас! Рас, ағатай, от алып ем, от. Тамыздық.
Есіме енді түсті.
МОЛДА: Сонда үлкен үйдің ұрысы кім, ұрысы?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ (үш куәні нұсқап): Міне, үшеуі. Үшеуі де ұры.
Жалғаншы! Ант атқан. (Көкке қолын жайып) Е, Алла, бар
болсаң жазықсыз, мүсәпірді шырылдатып ұры атандыр­-
ған, өтірік жан берген ал үшеуін. Жұбын жазбай, қоса­

ғымен ал. (Абайдың «ал, ал» деген даусы күшейтіліп бе­
ріледі. Осы сәтте Абай шошып оянады). Апырай, бұл не­
ткен түс? (Толғанып, ерсілі-қарсылы жүреді). Ұрланған
алтын, байлаулы әйел, ақ сәлделі молда, жан беру... Түрі

өзге түстен бөтен екен, тамыры тереңде жатпаса неғылсын.
Жорытатын әлгі Көкбай шайыр қайда жүр? Әй, бірақ
мына өмірдің өзі көрген түстей, қайсыбірінің ыңғайын
бағып отырарсың. Ішкі күйікті арпалыса-арпалыса жеңе

алмай, ақырысы дертті болсам керек. «Мен өзім тірі бол­
сам да, анық тірі емеспін. Әншейін осылардың ызасынан
ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе,
білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашу­

лансам да ызалана алмаймын. Күлсем де қуана алмаймын.
Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де
әлдекімдікі»...
Неге соншама қаңырап қалды бұл Семей? Аңыраған

көңіліңді жұбатар, қолтығыңнан демер бар ма бұл жал­
ғанда?! Кісісі көп даланың (ақтарылып) адамы аз! Шың-
құзы кем жапанның төбесі көп. Қу, сұмы мол қала­ның
төресі жоқ!

(Теңселіп) Есімнен ауыстым білем. Ауысайын, ауыса­
йын. Сау жүріп, елге қорған бола алғаным шамалы.
«Жал­ғыз ағаш орман емес, жалғыз Абай қорған емес!»
Кім айтса да, бәлкім, біліп, біліп айтқан шығар?.. Не деп

еді әлгі Ақмұрт ояз? Қайсысымызды жөн деді? Түсінсем
бұйырмасын. Мен жаза бассам, қара заңның тіліне салып
жазықты етпей ме? Оразбай, Бөжей, Дүтбайлар кінәлі бол­
са, мойнына қиып қоймай ма? Бұл неткен босмойын сая­

сат? (Ойланып) Ей, ей, (есірік қал меңдеген) Ақмұрт ояз,
қайдасың, айтар сөзім бар, қайда жүрсің, түге? (Осы кезде
сахнаға Ақмұрт ояз шығады).

АҚМҰРТ ОЯЗ: Абай Құнанбаевич, көшеде (таңырқап)
адасып жүрсіз бе? Ауырып қалдыңыз ба?
АБАЙ: Адастым, Ақмұрт ояз, бірақ көшеден емес...
өмірден! Ауырдым, Ақмұрт ояз, ауырған тәнім емес, жа­

ным. Орысша «душа» дейді.
АҚМҰРТ ОЯЗ: Түсінем, (басын төмен салып) тү­
сінемін...
АБАЙ: Мен бір жұмбақ адаммын... шешімін білмессің,

ояз.
АҚМҰРТ ОЯЗ (басын шайқап): Өмір сүру қиын. Қиын
сізге, білем. Әттеген-ай! Әсіресе, қазақ боп туып өмір сүру
қандай ауыр сізге.

АБАЙ: Ақмұрт ояз, тек ақ сөйле, (ойланып) Афиняне
сказали семидесилетнему Сократу: «Ты нам мешаешь –
выпей чащу с ядом». Солай деген жоқ па еді?
АҚМҰРТ ОЯЗ (таңданып): Да, да, вы правы, Абай

Кунанбаевич, Сократ смущал своих современников муд­
ростью, логикой, страстью к парадоксам!
АБАЙ: И ему сказали: «Уйди – мешаешь!» Мен, мен
де сендердің өмір сүрулеріңе кеселдік жасап, бүйірден

беймезгіл қадалған шаншудай болып жүрсем керек. Мен
де ішкем уды. Кесемен емес, шыңыраудан қауғамен тар­
тып. Мен ішпеген у бар ма?
Афиналықтар Сократқа адалын, ашығын айтып еді,

сендер, сендер, былық, бықсық, жорға өсек, қаңқуды қару
еттіңдер. Тірліктің басы – сайран, түбі – ойран, мен де
кетейін. Мәңгілік қонысыма...
АҚМҰРТ ОЯЗ: Өмірде ақылды адам бақытты болса,

Сократ бақытты болар еді.
АБАЙ: Ақыл – азап екен білгенге. Құдай-ау, қойын
құрттап, қойыртпағын ішіп, уайым жоқ, қайғы жоқ, томар­
дай ғып тышып жүрген можантопайдың тірлігіне кей-кей­

де қызығатынымды айтсаңшы. Осыдан кейін мен үшін мы­
на бетбақ тірліктің не мәні қалды дейсің. (Осы кезде сахна
күңгірттеніп, алыстан шапқан аттың дүбірі естіледі.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ол бірте-бірте жақындай береді. Шұрқырап кісінейді.
Абай жанталасып ұмтылады).
Өмір! Шапқан аттай, ескен желдей, көшкен сеңдей боп
өмір өтіп бара жатыр! Өмір, ғазиз өмір өтіп бара жатыр.

(Жүгіріп) Ұстайын жалынан, іліктірейін тақымымды.
Жоғалайын көз көрмес, қол жетпеске... Тоқта! Тоқта дей­
мін! Даусыңнан айналайын жез қоңыраудай шұр­қыраған.
Тұяғыңнан айналайын Кіші жүздің күйіндей күмбір

қаққан. Алып кет мені, өзіңмен алып кет.
(Абай алқынып тоқтайды. Бұл кезде Ақмұрт ояз кет­
кен. Орнында Әйгерім тұр. Абыржулы, жалпы Ақмұрт ояз
да, Әйгерім де елес бейнесінде келіп, елес сынды кетеді).

ӘЙГЕРІМ (жүгіріп келіп құшақтап): Ием-ау, неге сон­
ша әбігерге түстің?
АБАЙ: Естімедің бе, әлгі қанымды қыздырған дүбірді?
Қанатым жоқ, ұшқан құсқа ере алмадым. Шапқан тұлпар­

ға қосылып кете алмадым. Аяғыма күміс кісен, болат шідер
салған кім?
ӘЙГЕРІМ (Абайдың көңілін аулап): Ием-ау, ән са­
лайын, тыңдашы. Өзіңнің ынтығып, сүйіп айтатын әнің.

«Айттым сәлем»... Бір сәт құлақ қойшы.
Айттым сәлем, қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас,
Бір өзіңнен басқа жанға,

Сағынышым айтылмас.
Бір өзіңдей жан тумас,
Туса туар, артылмас.
Бір өзіңнен басқаға...

Селт етпейді, құдай-ау. Құз жартастай іштей бекіп,
қатайып алыпсың ғой, ием-ау. Не көрінді саған, не жаздық
кешірместей? Өз... өз әнің емес пе, тау мен тасты күңірен­
тіп туған.

АБАЙ: Көңілімнің терезесін шаң басқанда әнмен жуғам.
Көзімнің жасын өлеңмен кептіргем. Сері көңілдің жетегіне
ерген мырза дәурен еді онда. Өткел бермес қара Ертістей
жан-жағың тепсініп тасып жататын... Бәрін түгел су алды,

Әйгерім. Айналам шөлдеп қуарды, Әйгерім. Ақ айдын
көлінің құрғап қалғанын білмей, ертеңді-кеш шыр-пыр
шығып жүретін қызғыш құс болушы еді. Мен сол екем...
Көзім енді жетті. Ұзақ ғұмырды есек дәменің арқасына сап

текке сүйрелеппін. Босқа әурелеппін.
ӘЙГЕРІМ: Махаббатың ше? Құлай сүйген ғашықтарың
ше? Одан да безіндің бе?
АБАЙ (толғанып):

Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қара тырнағыңа дейін шымырлатып, сүйегіңді бал­
қытқан ақ махаббаттан садаға кетейін. Мені осы күнге дейін

құлатпай демеп келген, тағдырыма үлес салған, қуансам –
қанат байлап ұшқан, қайғырсам – жер бауырлап құшқан –
сендер. Тек қана сендер. Борыштармын ал­дарыңда.
ӘЙГЕРІМ: Сен емес, (қолын тербеп) сен емес, біз саған

қарыздармыз. Қатынды құл базарынан сатып алғандай
билеп-төстеп, көсеуі ғып ұстаған мына даланың өңшең
көкжал қасқырларының ішінде сенің жөнің бөлек еді, ием.
Сылап, сипап, жаным деп күйдіріп, еркелетіп, емініп, тар

төсекте сүйдіріп, есімізді алдың. Әніңмен арбап, күйіңмен
қармап, лебізіңмен байлап, күш-қуатыңмен жайғап,
алысқа ұзатпадың. Тесік моншақ біткеннің саған ықыласы
ауғаны содан.

АБАЙ: Білем, білем, Әйгерім. Бұл өмір мені жар сүйді­
ріп алдады, бала беріп, жөргек исін жұттырып арбады.
Жаныма құбылмалы күндей жолдас-жора ертті. Бәрі де
көңіліме медеу болмады. Алдай алмады мені. Қашып құ­

тыла алмадым өз-өзімнен.
ӘЙГЕРІМ: Өмір қымбат емес пе, ием...
АБАЙ: Өмір! Өмірдің шын аты кім? Білесің бе?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙГЕРІМ: Ө-мір!
АБАЙ: Жо-жоқ, оның аты – жалған. (Дауыстап) Дү­
ние жалған! Алданғандардың бәрі де өмір сүреді, ал мен
сияқты алданбағандар мына жалғанмен жағаласып өтеді.

Хош, Әйгерім, борышкеріңді кеш!
(Осы кезде сахнаның сыртынан бес-алты әйелдің
сыңсып салған әні естіледі. Абай әні. Әйгерім сахнадан
кетеді. Абай сахнаның бір шетінде тұр. Ентігіп Оразбай

келеді. Алақ-жұлақ етеді. Жанында үш жігіт бар).
ОРАЗБАЙ (жанындағыларға): Ойдан-қырдан іздеп тап­
пай жүрген Абайларың әне тұр, ой, өңшең көрсоқыр нәлет.
БІРІНШІ ЖІГІТ: Кәне, қайда? (Алақ-жұлақ етіп).

ЕКІНШІ ЖІГІТ (қолына былш еткізіп түкіріп): Қайда
тұр, қайда?
ҮШІНШІ ЖІГІТ: Ой, қызталақ, әне, әне, отыр (залдағы
біреуді көрсетеді). Ұстаңдар.

(Абай бұларға беттейді. Әлгі өрекпіген үшеуі Оразбай­
ды қалқалап, бұға түседі).
ОРАЗБАЙ: Семейдің көшесінде (көзін қолымен көле­
гейлеп) көлбеңдеп жүрген бұл кім, ұры-қары ма десем,

тәңір алғыр, өзің екенсің ғой.
АБАЙ: Енді құдайдың қара жерін қызғанайын дедің бе,
Оразбай? Күн ортақ, жер ортақ, жақсы ортақ емес пе еді
қазақта?

ОРАЗБАЙ: Күнді бұлт басар (қамшысымен қонышын
сарт еткізіп ұрып). Абай, жерің бөліске түсер. Жақсы
ортақ (мырс етіп). Ортақ жақсы сен бе? Исі қазақтың
зар-мұңының, кем-кетігінің, жоқ-жітігінің дауқоры өзің

бе? Қамқоры сен бе? Аспандағы Айға таяқ лақтырғанша,
қойныңдағы қатындарыңды, ой-қырдағы бала-шағаңды
жинап алмайсың ба, сорлы?
АБАЙ (таяп келіп): Ей, Оразбай, тарт тіліңді, Кең­

гірбайдың тұқымы сенің алдыңда сорлы көрініп отыр ма?
ОРАЗБАЙ: Мұсылманша оқып, кәпір боп кеткен, орыс­
ша оқып, есалаң боп қалған сені көрдім, Абай.

АЙНА-ҒҰМЫР АБАЙ: Таза мұсылмандықтан садаға кеткір! Орыс­ тың ғылымы дейді. Ол сенің ауылыңның маңына түнеді ме екен? ОРАЗБАЙ (үшеуіне белгі береді. Сол кезде үш жігіт әрі еңкейіп, әрі адымдап, қызық қимылмен Абайдың үш жа­ ғынан шығады): Не десең о де. Саған қояр шартым бар. АБАЙ: Жәй шарт емес, шартпа-шұрт қойсаң да тай­ лағым үрікпес. ОРАЗБАЙ: Ол шартым (ойланып) аса ауыр емес. Ақмұрт ояздың алдындағы кешегі қыңыр, қысыр сөзіңді қайтып ал. Тілің жетеді, сұрап ал өзіңе. Абайламаппын дей сал. АБАЙ (күйзеліп): Одан Оразбайға не қайыр? ОРАЗБАЙ: Кандидаттығыма күш бересің. Болыс сайлауының алдында, болыс... Сенің сол сөзің алдым­ нан керілген ала арқандай боп... Бір айғыр үйір жылқы бәсіресі... АБАЙ (өлең оқиды): Болыс болдым, мінекей, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Жоқ (дауыстап). Жо-жоқ, Оразбай, Абайды сатылады деп келіп пе ең? Әлде, әлде (ойланып) бір ауыз сөзімнің құны бір айғыр үйір жылқы дедің бе? ОРАЗБАЙ (иіп): Иә, айтқаным айтқан. АБАЙ: Оразбай, босқа қолқа салма. Жылқың өзіңде, сөзім өзімде қалсын. ОРАЗБАЙ (ақшиып): Қазақ емеспіз бе, Абай?! АБАЙ: Бір қазақ бір қазақты бір айғыр үйір жылқыға сатып ала берсе, азаматта құн қала ма? ОРАЗБАЙ (ұмтылып): Уа, азаматтықтан садаға кет­ кір, нәлет, кербаққан Абай, (үш жігіт бір басып, екі ба­ сып Абайды қоршай бастайды) адам деп айтқан қолқам шығын саған. (Тепсініп) Cатылмаймын дейді бұлданып.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ат басындай алтын ба екен? Бұтқа толуын бұның! Мә, енде­
ше! (Қамшымен ұрады). Ал, көр сабағанды! (Жігіттерге
қарап ақырып) Қақшиып қатып қалғандарың не? Ұрың­
дар итті! (Үш жігіт Абайға жабылып кетеді). Мә, ендеше!

Аяма, соқ. Теп бүйірден. Ұр шықшыттан.
(Сахнада топалаң төбелес).
ОРАЗБАЙ (оңашалау шығып, жігіттеріне дем беріп
тұрады): Жар басын! Кес тілін! Үз мойнын! Байла қолын!

Бұғаула аяғын!
(Абай жерге құлайды. Жігіттер алқынған. Осы кезде
сахна сыртынан Көкбайдың «Абай аға!» деп айқайлаған
даусы естіледі. Тұрғандар елеңдесе қалады).

ОРАЗБАЙ (жаратпай): Мынау әлгі найманнан шық­
қан жезбуаздың даусы ғой. Сауыны асып кеткен сиырдай
мөңіреуін (жігіттерге қарап). Тез, тез, қараларыңды
батырыңдар. Пәлесінен аулақ!

(Өзі де жылыстап жоғалады. Сахнаға жүгіре басып ал­
дымен Көкбай, артынан ентігіп шоңқаңдап шауып Қоңқа
шығады. Жерде құлап жатқан Абайды көріп шошиды).
КӨКБАЙ (жүгіре жетіп, басын сүйейді): Абай аға, бұл

не сұмдық? Абай аға, көтерші басыңды!
ҚОҢҚА: Абайжан, сүрініп кеттің бе, қатты құладың
ба? (Жерден топырақ алады) Ұшық, ұшық, ұшық, ұшық.
(Абайдың аузына тосып) Мә, түкірші, Абайжан, өзімен

кетсін.
КӨКБАЙ: Әтеңе нәлеттер-ай, Абай қайда деп алқынған
түрлері жаман еді. Жүрегім шошынған... Жетіп тынған
екен ғой мұраттарына!

ҚОҢҚА (түсінбей): Ал, ұшықтадым. Абайжан-ай,
тасқа сүріндің бе, боққа сүріндің бе?
АБАЙ (басын сәл көтеріп): Уһ, жалған дүние...
КӨКБАЙ (Қоңқаға ренжіп): Сізде бір... Қайдағыны ай­

тып... Қапияда сабап кеткен, Оразбайлар, сабап...
ҚОҢҚА: Сабап? (Шошып) Не дейді? Уа, қанды қол, тас
бауыр иттердің ісі ме еді бұл?!

АБАЙ (қиналып, тұруға ұмтылады. Бетіне қан жұқ­
қан): Қайран қазағым, істейін дегенің осы ма еді? (Сахна
сыртынан әйелдердің сыңсып салған әні естіледі. Абай
елеңдейді).

ҚОҢҚА (көкке қолын жайып, отыра қалып): Уа,
шұнақ құдай, адамзаттан асып туған Абайды өңшең мо­
жантопайдың арасына алып келіп қамағаның аздай, ай­
далада тұщы етіне ащы таяқ тигіздіргенің не? Бұл нет­

кен масқарашылық! (Еңкілдеп жылайды) Бар жазығы
өзгеден мойны озықтығы ма? Тәңірім, жақсылығы үшін де
жазықты екен-ау... Бар екенің шын болса...
АБАЙ: Уа, Қоңқа! (Орнынан тұрып, Көкбайға сүйене­

ді). Алланың әмірінен адамның аярлығы басым. Жердегі
Оразбай үшін көктегі Алланы тергеп мазалама...
КӨКБАЙ (Абайдың үстін қағып): Жаныңызға жарақат
салды-ау... Өңшең мұндар.

ҚОҢҚА: Басың аман әйтеуір, Абайжан. Ақсарбас, ақ­
сарбас.
АБАЙ (теңселіп): Бүгін көрген түсім ұстап бергендей
екен. Үлкен үйдің алтыны жоғалып еді. Енді таптырмас...

ҚОҢҚА: Таңдайыңды басшы, Абайжан, жүрегің ор­ны­
ғар. Ақсарбас дедім... Қайдағыны айтпашы...
АБАЙ: Дүние бір қауызға сыя келді, Қоңқа. База­
рым тарқаған екен. (Алдына сүзіле қарайды) Мынау не,

Көкбай, елес пе, әлде...
КӨКБАЙ (ол да көз тігіп): Жіп қой, Абай аға. (Осы кез­
де сахнада үлкен дар тұзағы секілді арқан пайда болады).
Арқан, қыл шылбыр, Абай аға!

АБАЙ (теңселіп): Дар тұзағы десеңші. (Дар тұзағы
бірте-бірте кішірейіп Абайлар тұрған жерге жылжи тү­
седі).
ҚОҢҚА (үрейленіп): Апырау, барша қазақтың мойны

бірден сыйып кетердей алапат қой мынау. Не жаздық?
КӨКБАЙ: Күнәһар пәнделерге арнап құдайдың өзі жі­
берген шығар.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ: Жақындап келеді. Кел, кел.
КӨКБАЙ (тартқыштап): Түсі суық екен, құрысын
қашайық, Абай аға. (Осы кезде аңқау Қоңқа қашып біраз
жерге барып қайтып оралады).

АБАЙ: Тағдырыңнан қос ат мініп қашсаң да құтыл­
массың, Көкбай. (Тұзақ кішірейіп, бұларға тақап қалады).
Бұл – маған арналған тұзақ. Өзім қалап алған қыл бұрау.
(Мойнын ыңғайлап ілгері аттайды). Бақұл бол, бауыр­

лар. Аз ғұмырда орталарыңда жүріп тұрдым...
КӨКБАЙ (етегіне жармасып, шырқырап): Абай аға,
өле көрме! Маңдайының соры бес елі халқыңды ая!
ҚОҢҚА (қорсылдап жылап): Сенің орныңа мен өле­

йін. Шыбын жаным садаға сенен. (Мойнын ілгісі кеп,
қалтақтатқанмен аяғы жүрмейді) Ал, ал, аса ғой...
КӨКБАЙ (Абайға): Сен өлсең, бұл даланың үміті мен
сенімі, арманы мен сағынышы, ары мен иманы бірге өледі,

Абай аға. Қоңқа жанымды қиямын деп тұр ғой орныңызға.
ҚОҢҚА (көзін тарс жұмып): Абай үшін, қидым, қи­
дым. (Көзін жайлап ашады) Енді қашан?..
АБАЙ: Ей, Көкбай, бірде дана, бірде бала болдың-ау,

тәйірі. Бұл Абайдың ғана басы сыятын, мойыны көтеретін
тұзақ емес пе? (Тұзақты қолына ұстап).
КӨКБАЙ (жанталасып): Абай аға, шекпеніңізді ше­
шіңізші. Кәне, қарсылық көрсете көрме. Міне, былай. Ал,

ал, құдай (Абайдың шапанын шешіп алады да, тұзаққа
желкелігінен іледі. Құдды, асылған адам сияқты етіп).
Ал, ал, қыл тұзақ, тарт жоғары, ас дарыңа (шапанды ілген
дар арқаны жоғары қарай көтеріле жөнеледі. Қоңқа мой­

нын сипайды. Көкбай қуанып) Абай аға... (Қолымен көкті
көрсетеді).
АБАЙ (толғанып, теңселіп): Мен өмірмен ойнағаным
жоқ, ойлағам. Ризамын саған, Қоңқа шал. (Алға көз тіге­

ді) Әне, әне, екінші тұзақ келе жатыр. (Қолымен көрсетіп)
Екінші мәрте... Тағдырды екі қинау жарамайды, Көкбай.
(Бәрі ілгері көз тіккен қалпы тұр. Осы кезде сахна сырты­

нан әйелдердің сыңсып салған әні естіледі. Абайдың әні.
Зарлы).
Төртінші көрініс
Көшенің бойы бейнеленген. Биік-биік үйлер. Сол көшенің

бойында екі есік. Бірінде «Әкімшілік», екіншісінде «Кази­
но» деген жазулар бар. Сахна сыртынан автобустың келіп
тоқтағаны естіледі. «Абай атындағы аялдама! Әй, шал,
сен осы жерден түсесің. Здаш жоқ. Все. Кеттік. Келесі аял­

дама – «Біржан сал» деген жүргізушінің даусы. Сахна сыр­
тынан естілген дауыстар (милицияның ысқырғаны)...

– Тоқта, шал. Стой!

– Ал, тоқтадық, шырағым (бұл Абайдың сөзі).

– Қоржыныңда не бар? Шығар, наркотик пе?

– Наркотыңды білмедім. Мұның ішінде...

– Иә, ішінде не бар?.. Уақыт жоқ. Давай.

– Халқымның мұңы мен зары бар!

– О-хо-хо-хо! Халқым дейтін кім едің сонша?

– Ел адақтаған Қыдыр атамын.

– Бар, бар жөніңмен. Қайқай, әйда! Адақтай бер елді.

(Ысқырық).
(Сахнаның бір шетінен Абай шығады. Бірінші көрі­
ністегі ескерткіштен түскендегі киімімен жүр. Қолында
қоржыны бар. Шаршаған, налыған).

АБАЙ (қоржынын жерге қойып): Үһ! (Маңдайының
терін сүртеді). Қазағымның кең даласын түгел адақтап
шықтым десем, кім сенер. Арқа мен Атырау, Алтай,
Бетпақдала мен Жетісу... Қалмақтан арашалап қалған

жер халқымның игілігінде екен. Бәрі сатылған мына за­
манда саудаға салып, бұлдап жібермепті, оған да шүкір.
Патшаның жасауылы құсаған әлгіндей қызыл жағалы,

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

қызыл көз имансыздардың қолына түссе... (Басын шай­
қайды) Құдайым сақтасын! Ысқырығы құлақты тесіп,
қоржынға жармасады. Мұның ішінде не жатқанын ақ­
тарып көрсе ғой... Ой-хой, дүние! Аш қазақтың көз жасы­

на, саясатқа алданған халықтың наласына тұншығып, ба­
тып өлер еді.
Қажыдық, қайғы ойладық ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.

Ісін сатпай, мөлиіп көзін сатып,
Жұрттың бәрі бұл күнде болды аларман.
Араға бір жарым ғасыр салып оянып кетіп, халқыма
қайта оралып ем, (бас шайқайды) қайғыма зар жамадым.

Қайтайын кейін, оралайын мекеніме. Тек бұл қоржынды
өтірік өксіп – жұртым демейтін, жалған күйініп – жерім
демейтін жүрегі таза, жаны пәк сенімді қолға тапсырсам
болғаны да. (Осы кезде сахнаға Қоңқи шал шығады). Кел,

кел, теңдес.
ҚОҢҚИ (аларып): Здәрсти. (Қолын ұсынады) Атым –
Қоңқи.
АБАЙ: Бұл не, өлген балықтың құйрығы құсатып

ұсынып тұрғаның.
ҚОҢҚИ: Здрәсти дегенім.
АБАЙ: Төс түйістіріп, баяғыдай арқадан қағысатын бір
жан таппадым-ау.

ҚОҢҚИ (қолын сілтеп): Ой, ол деген – ескілік қалды­
ғы. Жаңаша «здрәсти». Все. Іс бітті.
АБАЙ: Тобықтыда Қоңқа деген ақ жүрек байғұс шал
өтіп еді. Содан аумай қалыпсың, теңдес.

ҚОҢҚИ: Өзің кімсің? Не іздеп жүрсің?
АБАЙ: Жол болсын деген қайда? Әлде қазақы сы­
пайылық қаза болған ба? (Дауыстап) Жоқ іздеп жүрмін,
жоқ! Ал, тапқыш болсаң тауып бер!

АЙНА-ҒҰМЫР ҚОҢҚИ: Уа, айқайлама! Саңырау дейсің бе? Зат жо­ ғалтсаң, «Бюро находокқа» бар. Менен қайран жоқ. АБАЙ: Ал, өзің не істеп жүрсің? ҚОҢҚИ: Мен осы Абай көшесінің қарауылымын. АБАЙ: Сен қарамасаң көшенің таңын бөрі тартып кете ме? ҚОҢҚИ: Ұры-қары көп, заман жаман, солардан қор­ ғаймын. АБАЙ: Заманы емес, адамы десеңші бұзылған, адамы. Ал, теңдес, қай туған боласың. Мен өзім Тобықтымын. ҚОҢҚИ: Руым – Құранды. Ұраным – ұрда-жық. АБАЙ: Таратып айтсаңшы, жеті атаңа дейін. ҚОҢҚИ: Әке-шешем «халық жауы» боп ұсталып кет­ кен. Өзім детдомнан шыққанмын. Білмеймін. Пәмилием – Сұраншиев. АБАЙ: Ал, өзің айтқан Абайың кім осы? ҚОҢҚИ: Тыңқыл-тыңқыл. (Қолымен домбыра тарт­ қанды көрсетіп) Әнші, ақын. Әлдеқашан сүйрегі қурап қалған. Айтпақшы, көп қатын алыпты дейді. Бабник. АБАЙ: Қайран сөзім қор болған екен, тек Тобықтыға ғана емес... ҚОҢҚИ: Солай. АБАЙ: Еліңнің жақсысы кім, Қоңқи? ҚОҢҚИ: Жақсы? (Сұраулы өңмен ойланып) Жақсы көп, қазірде ақшасы көптің бәрі жақсы. Ақшасы жоқтың бәрі жаман. АБАЙ: Жақсылықты салып алып жүргендерге ел зәре емес. (Осы кезде сахна сыртынан ысқырық естіледі. Әл­ декімдер опыр-топыр қашады, біреулер қуып өтеді). ҚОҢҚИ: Рэкет! Рэкеттер көшеге таласып жатыр. (Елеңдеп) Қай жеңгенің менікі. (Ойқастап) Рит-соқ! Ритсоқ! Давай! Давай! АБАЙ: Қашқаны да, қуғаны да алда. Әй, әй (бас шай­ қап).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚОҢҚИ: Кейде атысып та алады. (Қолын уқалап) Бакс,
бакс, доллар үшін.
АБАЙ: Ал, Қоңқи, қалаңның болысы кім? Соған мені
алып бар.

ҚОҢҚИ: Болыс жоқ, әкім бар.
АБАЙ: Иә, әкім-төреңе апаршы жетелеп. Аманатым
бар тапсыратын.
ҚОҢҚИ («Әкімшілік» деген есікке жетелеп әкеледі):

Міне, осы – әкім. Аты – Күтбай. Тез кіріп шық. Мен тоса
тұрайын, шал. (Абай «әкімшілікке» кіргенде, Қоңқи «Ка­
зино» деген жазуы бар есікке кіріп кетеді. Абай ішке енеді.
Төрде – Күтбай әкім. Жанында бір жігіт. Әкім ашулы.

Жігітті сыбап жатыр).
КҮТБАЙ (Абайды көріп): Күт. Күте тұрыңыз. Маңызды
шаруа болып жатыр.
ЖІГІТ (ызылдап): Күтеке-ау, енді өл дейсіз бе, қайт

дейсіз? Сіңірім созылып шапқылап жүріп, барлық жерге
өзіңізді жапсырдым. (Күтбай алайып қарайды) Ойбай,
суретіңізді (шоршып түседі).
КҮТБАЙ: Жапсырмай кет, жапсырмай кеткір! Ауыз­

дарыңның дуасы жоқ.
ЖІГІТ: Халықты жинап алып күнде қақсаймын. Қар­
сыластарының бәрі де өңшең ит-шошқа. (Қолын сермеп) Сы­
зып, өшіріп тастаңдар дейім. Елге жаны ашитын жал­ғыз

Күтекең. Қазақтың бір арысы. Осыған дауыс берсеңдер...
КҮТБАЙ (жібіп): Дұрыс, дұрыс, тәк...
ЖІГІТ: Уақытынан бұрын зейнетақыларыңды ала­
сыңдар. Ақшаны көбейтеді. Ауысқанын (көтеріліп, мақ­

танып) кассаға саласыңдар...
КҮТБАЙ: О, міне, міне, доверенное лицо деген осындай
болуы керек.
ЖІГІТ: Тамақ арзандайды. Не ішем, не кием демейсің­

дер.
КҮТБАЙ: Мәледес. Тек осыдан депутат болайын (ала­
қанын уқалап).

ЖІГІТ: Пәтерпұл кемиді. Күтекеңді сайласаңдар қаң­
тарда жауған қар көп жатпай ериді.
КҮТБАЙ: Оу, азаматым, сілте!
ЖІГІТ: Күтекең шетелден гумпомышты әкеліп, тау

қылып үйеді. Үйлеріңнен шықпай жатып алып, шетінен
кертіп жей бересіңдер дейім! (Мақтанып).
КҮТБАЙ: Ойпыр-ай! Сенді ме ел, сенді ме? (Елеуреп).
ЖІГІТ: Сенгенде де қарық болып, қырылып қалды. Тү­

гел риза. Тек қана Күтекеңе, Күтекеңе дауыс береміз десіп,
таласып жатыр.
КҮТБАЙ: Мәләдес! Салғаннан солай демейсің бе? Арқа-
басым кеңіп қалды ғой. Уһ! Уһ!

ЖІГІТ: Ел алдына шығып «осылай да осылай» деп көз­
ді тарс жұмып алып сілтеп тұрсам, бір имансыз «Өтірік,
Күтбай алдамшы, оған сенбеңдер» деп қақсайды. Жағыңа
жылан жұмыртқалағыр.

КҮТБАЙ (шошып): Сосын?
ЖІГІТ: Берікболдың сенімді өкілі екен. Былай алып
шығып, ит тепкісін көрсетіп сабатып (сабағанын көрсе­
теді) жібердім. Қашып құтылды.

АБАЙ (орнынан көтеріліп): Уа, шырағым, Күтбай,
әкім деген соң келіп отырмын.
КҮТБАЙ (қасындағы жігітке): Ал, ісіңді жалғастыра
бер. Кейін келерсің. (Қолма-қол жайдарланып) Оу,

ассалаумағалейкөм, ақсақал. Келіңіз, төрлетіңіз. Кәне,
кәне. Қоржыныңызды былай қойыңыз. (Қоржынды қозғай
алмайды) Ой-буй, ішінде не бар, ақсақал?
АБАЙ: Оны көтеру екінің бірінің пешенесіне жазыл­

маған, Күтбай.
КҮТБАЙ (таңданып): Апыр-ай, ә. (Орнына отырады).
АБАЙ: Біздің елде, бая-ғы-да Дүтбай деген болыс болу­
шы еді. Түрің, түсің айнымай қалыпты. Ал, ісіңді қайдам!

КҮТБАЙ: Ол Дүтбай болса, мен Күтбаймын. Бұрын­
ғының болысы, қазіргінің әкімі. Солай, ақсақал. Менің
территориямда тұрасыз ба?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ: Жо-жоқ, мен ешкімге бағынышты емеспін.
Емін-еркінмін.
КҮТБАЙ: Қалайша? Паспорт, пропыска бойынша...
АБАЙ: Аспан деген елдің тұрғынымын, Күтбай (көкті

нұсқайды). Уақытша келгем.
КҮТБАЙ (жұмсарып): Ә, көк қабатты үйдің бе? Құры­
лыс қарқынды жүріп жатыр ғой, Құдайға шүкір.
АБАЙ: Үйлерің биіктегенмен, өздерің тым аласарып

кеткен екенсіңдер.
КҮТБАЙ: О, дұрыс айтасыз, ақсақал, құрылыс деген
қанат жайып, қаланың денесін (екі иығын қомдап) күн са­
нап көтеріп барады.

АБАЙ: Даланы аштық, қаланы рэкет жайлапты, Күтбай
шырақ. Бұған не айтасың?
КҮТБАЙ (терезеге қарап): Дала. Даланың еркіндігін өз
қолына бердік. Бірақ еңбек етпейді. Шетінен жалқау, жа­

тып ішер. Алма піс, аузыма түс дейді. Рэкет деген өзіміздің
қазақ балалар ғой, өздері бір өңшең айналайындар. Сіз
түсінбейсіз, ақсақал, ол деген жаңа кәсіп. Ым, солай.
АБАЙ: Құлға бостандық берсең, құдыққа құлап өледі

деген. Бір-бірін алдаған, арбаған, тонаған халық. Сонда
мұның аты қазақ болғаны ма?
КҮТБАЙ: Ал, ақсақал, келген шаруаңа көш. Уақыт
тығыз (сағатына қарайды). Алдын-ала кесіп айтайын,

ауылдан қаланы сығалап келіп жүрген біреу шығарсыз,
прописка жасай алмаймын, пәтер бере алмаймын. Кезек­
те кісі көп. Материалдық көмек және таусылды. Кассада
тиын-тебен қалды. Зейнетақыңды көтере алмаймын. Бюд­

жетте ақша жоқ. Бала жетелеп келсең оқуға түсіре алмай­
мын. Оған тамыр-таныстық, ең бастысы (бас бармағы мен
балаң үйрегін уқалап), ақша керек. Сосын не?
АБАЙ (теңселіп, құлағын басты): Жетті, Күтбай,

жет­ті. Алла риза болсын. Тек қояр бір сауалым бар. Әлгін-
­де депутат болам деп бар уәдеңді үйіп-төгіп қазақ бала-

сын бұрын-соңды көрмеген мырғамға батырып ең ғой.
Қайда кетті соның бәрі? Желге ұшты ма, жерге сіңді ме?
КҮТБАЙ (қызарақтап): Ой, ақсақал-ай, сізде бір..
Уәдеде не тұр. Айтылды, сенді, бітті. Кейін кім тексеріпті.

АБАЙ: Іс бітті, қу кетті екен ғой. (Қоржынын қозғап)
Соншама неге ауырлап кетті десем... Сенің де үлесің
жеткілікті екен мұның ішінде, Күтбай әкім.
КҮТБАЙ (түсінбей мақтанып): Әрине, ақсақал, кө­

зімді тырнап ашқаннан ел, ел деп қақсаумен келемін.
Қосқан үлесіміз шаш-етектен.
АБАЙ: Ей, Күтбай шырақ, сенің ел алдап әкім бол­
ғаныңды, алаяқтықпен депутат атанғалы жүргеніңді

(көкті мезгеп қолымен) ана жерде, биікте отырған үлкен
кісіге айта барсам қайтеді? Менімен оның ағайындығы бар
еді.
КҮТБАЙ (шошып): Не дейді? Үлкен кісі? (Қалбақтап,

бейшара бола қалады) Келген бетте-ақ айтпайсыз ба,
ақсақал-ау? Үлкен кісі... Сіз сонда ағасысыз ба?
АБАЙ: Иә, ағалы-інілі...
КҮТБАЙ: Тұрекеңнің бе, кәдімгі?

АБАЙ: Одан да биіктеу.
КҮТБАЙ: Сырекеңнің бе? Опыр-ай!
АБАЙ: Жо-жоқ, Күтбай әкім, одан да жоғарылау.
КҮТБАЙ: Апыр-ай, Нұрекең бе?

АБАЙ: Таппадың, Күтбай әкім.
КҮТБАЙ: Одан биік пәнде баласы жоқ қой. (Дағдарып)
Енді қайттім?
АБАЙ: Бар болғанда қандай! Құрекең. (Көкті меңзейді)

Ұмыттың ба, немене? (Күтбай көкке қарап алақ-жұлақ
етеді. Мәңгіріп). Құдайды (ақырып) ұмыттың ба, ан­
тұрған?! (Күтбай мықшиып қалады). Ең үлкен иман-та­
разы сол! Тұрекеңнен де, Сырекеңнен де, Нұрекеңнен де

әмірі күшті жасаған ием ол! Адамды алдарсың, суларсың,
өтірік күліп, жалған жылап сендірерсің, сенерсің. Бірақ
бір құдіретті әзәзіліңе бағып ақ жолдан тайдыра алмассың!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Айырмаң қайсы болыс Дүтбайдан?! Қырыққан серке
бұттанып киген киімің бе, мойныңа таққан алабажалақ
ноқтаң ба? Жабайылардың қатынындай жалбыраған
шашың ба? (Абай айтқан сайын Күтбай бүкшие береді).

Баяғы құлқын бір құлқын! Баяғы, баяғы, баяғы бәрі! За­
ман қанша құбылса да пәндесінің ниетін тазалай алмаған
екен... Әттеген-ай! (Қоржынын көтеріп алады) Ама­
нат қоржынды табыстар адам таппадым-ау. (Шығуға

беттейді) Ал, хош тұр, (артына бұрылып) Күтбай әкім.
КҮТБАЙ (тығылған жерінен бас көтеріп): Гуд-вай!
Гуд-вай!
(Абай қоржынын арқалап, «әкімшіліктен» шығады.

Осы кезде Қоңқи да аузы-басын сипалап, «Казинодан»
шығады. Көңілі көтеріңкі. Осы кезде сахна сыртынан
ысқырған дауыс, тасырлап қашқан аяқ үні, айқай-ойбай
қатар естіледі).

ҚОҢҚИ (мәз болып қопаңдап): Ұр! Ұр, давай! Мәләдес!
Асқариктер қуып бара жатыр. Шуриктің жігіттері жаппай
қашты. Қу, жер, ұр... давай!
АБАЙ: Қошемет қылып қарқылдап неғып тұрсың? Уһ!

(Қоржынын жерге қояды) Күтбайыңа да кіріп шықтық.
ҚОҢҚИ: Аузын қу шөппен сүртті ме? Солай! Осы сен
шал дәу де болса кемпір іздеп жүрген жоқсың ба? Әкелші
құлағыңды (сыбырлайды). Жап-жас, (бармағын шошай­

тып) мынауский. Тек қалтаң қалың болсын.
АБАЙ: Тәйт, әрі, (ақырып) Құдайдан қорықпаған неме!
Мықыны бұлтиған, шашы сымпиған деуін. Аулақ, аулақ
пәлекетіңнен!

ҚОҢҚИ: Онда жүр, бүгінгі жастарды көр. («Казиноға»
жетелейді) Өнерін тамашала. Көңілің сүйсінсін. Жүр,
жүр (алдына түсіп емпеңдеп).
АБАЙ: Осы заман жастары ма? Жә, жүр онда. (Кіріп

кетеді. Артынша-ақ музыка, у-шу естіледі. Абай іштен
атып шығады. Есеңгіреген қалпы) Аллам сақтасын. Жын-
перінің ойнағы ғой мынау. Қайтпасам болмас мәңгілік

мекеніме. Әттең, қоржын, қоржын, кімге аманаттасам
екен? (Казинодан аузын сүртіп Қоңқи шығады, қызғын).
ҚОҢҚИ: Тұра сала неге қаштың? Жастар аташкі жақсы
екен деп жатыр. Абайға ұқсаған дейді (мәз болып). Мен ор­

таларына түсіп билеп те жібердім. (Билейді) Гак-калина,
гак-калина гамая. Еду я... Көрдің бе?
АБАЙ: Қазақтың қайғысы тойған жерінде қалады. Со­
лай, солай (қайғырып бас изейді).

(Осы кезде сахнаға екі әйел шығады. Көшедегі зат са­
татындар. Екі бөлек көтеріп алған зат, тамақ қоятын
кішкене столдары бар. Абайдың қатарына келіп тұра
қалады).

І ӘЙЕЛ (сумаңдап): Айна менен тарақ бар. Алмасаң да
қарап қал. Кел, келіңдер саудаға.
ІІ ӘЙЕЛ (қақылдап): Тамақ бар, тамақ бар. Өзі арзан,
өзі тәтті. Алыңдар, алыңдар.

АБАЙ (жақындап): Есенсің бе, келінжан?
І ӘЙЕЛ: Сәламатсыз ба, ата?
ІІ ӘЙЕЛ: Саудаға келіңіз.
АБАЙ: Менің қалағаным табыла қоя ма екен?

ӘЙЕЛДЕР: Табамыз. Айтыңыз, ата, не керек?
АБАЙ (саусағын бүгіп санап): Бір қадақ ар бер, екі
қадақ ұят бер, таудай талап бер, таусылмас намыс пен
жігер бер, тарыдай бақ бер.

ӘЙЕЛДЕР: Ойбай, оны қайдан таптық?

– Қоржыныңыз толы доллар ма? Өңшең қымбат нәрсе

сұрадыңыз.

– Жож... жоқ, бізде жоқ, бәрі де түгесілген Келмеске

кеткен. Қазір шығармайды.
ҚОҢҚИ (кимелеп): Ендеше маған көсіп-көсіп арсыз­
дықтан, ұятсыздықтан сал. Намыссыз нәйістіктен, өті­
ріктен, жаладан, ойнақтан өлшеп-өлшеп, кесіп-кесіп бере

қойыңдар.
ӘЙЕЛДЕР: Бұл сұрағаныңыз табылып қалар.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Партия-партиясымен, вагон-вагонымен келеді бізге.

(Көзін ойнатып) Сұрағаныңызды табамыз, қайнаға.

– Көзі көп товар ғой.

(Қоңқи сауда жасаған болады).
ӘЙЕЛДЕР: Мә, жиырма теңге.

– Здашыңызды алыңыз.

(Абай жиырма теңгелікке қарап, жарыққа ұзақ тұ­
рады).
АБАЙ (көрсетіп): Мына күпілі шал кім?
ӘЙЕЛДЕР: Ол – Абай. Ақын.

– Фамилиясы Құнанбаев. Өт-кееен (даусын созып) ға­

сырда өмір сүрген.
АБАЙ: Абайдың басы здашқа айналғаны ма? Здаш де­
ген тиын-тебен, уақ-түйек деген сөз емес пе? Бұйтіп құны
кетер теңгеге Абайдың басын салып әурелегені несі, түге.

(Ашуланып) Одан да құны жоқ Дүтбай болыстың, болмаса
бір әкімнің басын сала салмай ма?!
Бастарың байлы ма, шырақтарым? Менің Әйгеріміме
ұқсаған жан екенсің. Уа, дариға-ай!

ӘЙЕЛДЕР: Бай бар, ата. Жұмыста.

– Бай жоқ, ата. Өліп қалған.

АБАЙ: Иманды болсын (бетін сипайды. Қоңқи бір
қолымен аузын сипайды). Қызылшақа кішкенелерің өсіп
жатыр ма?
ӘЙЕЛДЕР: Садикте.

– Ала таңмен сүйреп апарып тастаймыз.

– Тамақ асырау керек, сауда жасаймыз.

АБАЙ: Кішкенесінен ананың жылуына, әкенің мейі­
ріміне шөлдеп, жарымай, ортақ қазанда өскен бала жатба­
уыр болмай қайтсін.
ӘЙЕЛДЕР (жанындағы келіншекті көрсетіп): Мұның

аты – Ділдә. Ескі ақшасың деп келемештеймін.

– Қазірде теңгенің құны жоқ қой.

– Иә, доллар болмаса, доллар (саусағын сытырлатып)...

АБАЙ (мұңайып): Иә, Ділдә да бізге жат емес. Ой-хой,
дәурен!
ӘЙЕЛДЕР: Сауда жоқ, біз кеттік, ата.

– Хош болыңыз. (Екеуі де шыға жөнеледі).

ҚОҢҚИ: Сменім бітті. Өткізуім керек. Кеттім. (Абайға
қарап) Сау тұр!
АБАЙ: Бір Аллаға аманатсыңдар. (Қоржынын арқа­
лайды. Аңтарылып тұрады. Осы кезде сахнаға бірінші

көріністегі үйленіп жатқан жігіт пен қыз шығады. Қол­
дарында жас сәби. Ораулы).
ЖІГІТ (жүгіре басып): Ата, Абай ата. (Абай тоқтайды).
ҚЫЗ: Ата.

ЖІГІТ: Абай ата, сізді іздеп шарламаған жеріміз
қалмады.
ҚЫЗ: Табанымыздан таусылдық.
АБАЙ: Жайшылық па, қарақтарым?

ЖІГІТ: Былтыр үйленерде сіздің ескерткішіңізге гүл
қойып, ұлымыз болса, атын Абай қоямыз дегенбіз.
ҚЫЗ (ұялып): Қыз болса Әйгерім...
ЖІГІТ: Ұлымыз бар, ата. Атын өзіңіз қойып беріңіз

(сәбиді орауымен Абайдың қолына ұстатады).
АБАЙ (сәбиге қарап): Кішкене екен өзі (мейірленіп).
Маңдайы жазық, қыран қабақ жігіт болғалы тұр екен. Тфә,
тфә, тіл-көзден аулақ. Атыңды (сәл кідіріп) Абай емес,

Абайла деп қойдым. А-бай-ла! Еліңнің үзілмеген үмітін
сенің қолыңа бердім. Саған аманат, Абайла. Жез бұйдалы
халқыңды болашаққа өзің жетелеп апар.
Мынау қоржынды (жігіт пен қыздың қолына табыс­

тайды) ержетіп, оңы мен солын, батысы мен шығысын,
досы мен қасын анық таныған соң табыстарсыңдар! Ама­
наттың жүгі ауыр. Абайла, бауырым, абайла!
ЖІГІТ: Рахмет, ата!

ҚЫЗ: Аманатыңызды орындаймыз. (Екеуі шығып ке­
теді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АБАЙ: Хош, мен де қайттым, мәңгілік мекеніме. Ри­
замын тағдырға. Жасаған ием қазақ дейтін халықтың
ұлы ғып жаратып, басыма сана, тіліме бояу, қолыма қа­
лам берді. Жарқыратып маңдай, жабылдырып дұшпан

берді. Алдымды сағым, артымды сағыныш қып өмір
берді. Бәріне де шүкір, ана. Бір жарым ғасырдан соң оя­
нып кетіп, еліме қайтып оралып ем, орталарыңа бір Абай
сыймады. Ел жаңарған, жасарған. Әттең, тереңіне бармай

бетінен қалқиды, ойсыз сәби секілді. Баяғы Оразбайлар,
Дүтбайлар, Күнтуарлар, Қаражандар қаптап кетіпті елді.
Сөзім тағы да өтпеді, зарым керең құлаққа жетпеді. (Абай
осыны айтып бірінші көріністегі ескерткіш тұрған тас

тұғырға, өзінің орнына көтерілді де, тас мүсінге айна­
ла бастайды. Жарық төмендетілгенде «Абай Құнанбаев.
1845-1904 жж.» деген жазу оқылады. Абай ескерткішке ай­
налады. Ендігі сөз сахнаның сыртында жалғасады).

АБАЙ: Кейінгі жүрегі тас, көзі шөмен ұрпаққа тірі
әулиеден, ескерткіш Абай, сен жақын екенсің. Мен
мәңгі оянбауға бекіндім. Сен қал орталарында. (Сәл ты­
ныс беріп) Қай ғасырдың белесінде жүрсең де, «Қайран

елім, қазағым» деп шырқыраған Абайдың даусын естіп
жатарсың.
Шымылдық

ЖӘҢГІР ХАН

Екі бөлімді, төрт көріністі тарихи драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. ЖӘҢГІР ХАН – хан 2. ФАТИМА, ЗЫЛИХА – ханымдар 3. ҚАРАУЫЛҚОЖА – Жәңгірдің қайын атасы 4. ОЛЬДЕКОН – мұғалім 5. ГЕГЕЛЬ – ғалым, жиhанкез 6. БЕРГМАН – ғалым, жиhанкез 7. ИВАНОВ – патша шенеунігі 8. ЖАҚСЫБАЙ – батыр 9. ЛАТИП – жағымпаз 10. НЕССЕЛЬРОДЬЕ – Ресей сыртқы істер депар­та­

ментінің директоры 11. ГАСФОЛЬД – елші 12. ПОКАТИЛОВ – Орал казактарының басшысы 13. МАХАМБЕТ – батыр

14. ИМПЕРАТОР, ИМПЕРАТРИЦА

Пьесаға мұнан өзге билер, шәкірттер, татар молда, при­
казчик, казактар, шал, кемпір, тілмаш қазақ, күйші, т.б.
қатысады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Хан ордасы. Кең де салтанаты асқан, Еуропаша жа­
сақталған бөлме. Қымбат жиhаздар, түбі алтындалған

қалыңдығы кереқарыс кітаптар, шахмат құрулы, би­
льярд столы тұр, төбеде ондық шам, оның сары бояқ
сәулесі император Бірінші Николайдың қабырғада ілулі
тұрған портретіне түседі. Үстіне патсайы сусыма ша­

пан, басына тақия киген Жәңгір хан алдымен кітаптарға
үңіледі, бірін қолына алып парақтап, күбірлеп оқиды да
бас шайқайды. Кері орнына қояды. Шахмат тақтасына
келіп ойланып тұрып бір жүріс жасайды.

ЖӘҢГІР ХАН: Мына екі пешкі алға озыңқырап кетіпті.
Ым... Корольдің жаны жалаңаштанып қалған екен. Қауіп-
қатердің алыстан ескен ызғырығы сезіледі. (Тағы жүріс
жасайды). Ым... Кішкене қамсау болсын. (Жайлап басып

бильярдтың жанына келіп кийді қолына алып айналды­
рып тұрады да, шалт қимылдап бір үйір боп тұрған ақ тас­
тарды періп кеп жібереді. Тас тақта бетінде пышырап
шашылады). Жаман айғырдың үйірі осылай бет-бетімен

кісінеп қашатын. (Кийге сүйеніп тұрып залға ойлы көз тас­
тайды). Билеуші келіспесе қарашасы да даладан, далаға
безіп... (Күрсінеді) Жә, жетер үш жұмадан бері өзімді-өзім
іштей мүжігенім, Жәңгір шерленді деп пұшайман болған

орыс орманым, қараша – қорғаным жоқ. Лай судың ор­
тасында жүріп көрінбей кеп қабатын ашқарақ шортан
сынды бәрі де... «Тамағыма қылқаның кетер демес ем...»
Ма-хам-бет. Айтады шіркінің! Төс қағыстырып, достыққа

жарамадық, қылыш қағыстырып, дұшпан бола алмадық.
Өңшең өліара. Менің айналама жауығады, олардың артын­
да – мен, менің артымда кім тұрғанын білсе нетті. Екі басты

самұрық құс өзге түгел Жәңгір ханның да еңсесін езіп, қол-
аяғын бір жіппен матап тастағанын сезсе қайтеді, жазған!?
(Сырттан дауыс естіледі: «Қаракең келе жатыр»,
«Ханның қайын атасы келед». «Оу, Қараке, ассалау­ма­

ғалейкүм, дені-қарыңыз...» Мұны естіп іштегі хан ты­
жырынады. Қолына қауырсын қаламы мен қағазын алып
столға жайғасады. Ішке Қарауылқожа енеді, үстінде
етегі шұбатылған шапан, басында сәлде. Жүзінен мейма­

насы тасыған қуаныш лебі еседі).
ҚАРАУЫЛҚОЖА (екпіндеп): Ас-салау-мағалейкүм,
(басын сәл иіп) бұл – шаңыраққа берген сәлемім.
ЖӘҢГІР ХАН (орнынан көтеріліп): Ассалаумаға­

лейкүм (қос қолын ұсынады).
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Уағалейкүм-ассалам (қолын ала­
ды). Жәңгіржан, аман-есенсің бе? Кітап ақтарып, қағаз
күйелеп отырсың ба? Алыстан ат арытып келген неміс дей

ме, қонақ бар деп еді.
ЖӘҢГІР: Аманбыз, Қареке (қауырсын қаламын ауда­
рып-төңкеріп). Бала күннен ұстап қалған қалам ғой. Көп
оқысаң – көзге зиян, аз оқысаң – басқа зиян. Меймандар

бүгін өкше көтермек.
ҚАРАУЫЛҚОЖА (лекіте күліп): Жөн айттың, Жәң­
гіржан. Төре мен қожадан оқу-тоқу қашып құтылған ба?
(Құйрық басады). Би үстінде бір нұқат, ти астында екі

нұқаттан аса алмай жүретін қара қазақтың боғын қурайға
шаншып өскен қарасирағы дейсің бе?
ЖӘҢГІР (сұлық): Көңілді көріндіңіз...
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Жүрегімді жарғандай қуанышым

бар. Жас болса, желөкпе болса «сүйіншілеп» ат қояр еді.
Жасамыспыз, Жәңгіржан.
ЖӘҢГІР: Жұмбағыңыз таусылмады-ау, Қараке. (Қаба­
ғын шытады) Ол не сүйінші? Қазан университетінен бір

жақсы хабар күтулі ем...
ҚАРАУЫЛҚОЖА (жаратпай): Татаршылсың-ау, Жәң­
гіржан. (Залға күбірлеп) Қазан дейд... Ауыздарында Алла,

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ қолдарында сауда... Құдайдан жалаңаяқ қашқан өңшең. (Жәңгірге бұрылып) Ол жақтан үшбу келсе алдымен Фати­ ма тоташтың қолына ілінер, хан ием. ЖӘҢГІР: Ақ патшаның тойына шақыру тосып отыр ем... ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ақ патшаның тойы... (Төрде ілулі тұрған Бірінші Николайдың портретіне көз тастайды) Құлдық, құлдық! (Жымиып, жарамсақтанып) Ат-көлі­ гің аман болғай, Жәңгіржан. Айтайын, үзілдірмей. Кеше Қиыл қырғынында Исатай өлім тапты. ЖӘҢГІР (шошып): Иса-тай?! ҚАРАУЫЛҚОЖА (масайрап): Иә, Исатайды өлтірді! Казактар қоя ма қырына алса, найзаны тура жүрегінен ша­ нышты, жүрегінен! ЖӘҢГІР: Уh! (Терең күрсінеді. Құйрығы адасып жүріп орындықты әрең табады). Исатай өлді де... ҚАРАУЫЛҚОЖА (таңырқап): Ата жауың емес пе еді?! (Түсінбей қалды ма дегендей) Исатай. Кәдімгі Тайманның елбұзары. Махамбет қашып құтылыпты. Аллақұлдың итаршысы Қайыпқали сұлтан жылыстап жоғалыпты. ЖӘҢГІР: Поповтың әскері ме?.. Білгем бір сойқанның өтерін. Исатайдың қаны сұраусыз кетпес. Қалың қазақ қайта көтеріледі десеңші! ҚАРАУЫЛҚОЖА: Басшысынан айырылып қайда бара­ ды?! Шілдің боғындай басы ауған жаққа пышырар, ертеңақ. ЖӘҢГІР: Кеше – Исатай, бүгін – Махамбет, ертеңгі ке­зек кімдікі, Қареке? Қыл тұзақ тарылып келеді? Ойла­ дыңыз ба? ҚАРАУЫЛҚОЖА (налып): Кешегі дұшпанның өлген соң қимайтын несі қалды. Түсінбедік, хан ием. Бал­ та шапқандай ғып кеспесе, есірік меңдеген ел ертең-ақ төбемізге кертұқыл ойнатар... Әлде Орданы қоршап, ша­ бам деп он күн жатқанын ұмыттың ба олардың?

ЖӘҢГІР: Орысты айтақтап салып өлтірткен мен дей­
ді. Аузымен алысып, құлағымен күн көрген қай қазаққа
бәтуа айтарсың? (Қарауыл жаратпай екі иығын кезек
қиқаңдатады. Сусыған сәлдесін түзейді, жөткерінеді).

Исеке, пейіште болғай дидарың, дүниеге мынау сыймаған
(бетін сипайды).
ҚАРАУЫЛҚОЖА (бетін сипар, сипамасын білмей
сақалын саумалайды): Ым... (Залға қарап) Айналасын

айғыр тепкендей ғып отыратын баяғы Жәңгір жоқ екен.
Тұ­лыпқа мөңіреппіз... (Жәңгірге) Ал, хан ием, рұқсат Ал­
ладан, мен қайтайын. Ел алыс, жер шалғай.
ЖӘҢГІР (салқын): Хош тұрыңыз. (Қарауылқожа

кетеді). Жағындағы сары жүнін үрпиткен орысқа бір-
бірімізді өңгеріп беруге қалдық. Көкпардың серкесіндей
етіп. (Ойланып) Осыдан он жыл бұрын өзім тұқымын
тұз­дай құртқым келген Исатай мен Махамбет еді. Олар

қайтпады алған бетінен, өр суындай тасып... Мен іркілдім.
Іріккен күліп келіп құшақтап тұрып пышаққа салатын
әріде жатқан саясат-тын. Қуықтай екі өзеннің арасын
ереуілдеткенде қайда барып пана табам деп жүр бұлар?

Қайыс ноқта құтқармас қай басты да. (Орындығына оты­
рады. Ішке Фатима тоташ енеді. Қолында зерен аяқ).
Ә, тоташ...
ФАТИМА. Шұбат ішіңіз, хан ием. (Жәңгір ауыз тиеді).

Бір сергімей-ақ қойдыңыз ғой... Қожекең ала таңмен шаң
көтеріп шауып келіп еді, кеткенде де атының сауырына
қамшыны көміп, тасырлай жөнелді...
ЖӘҢГІР: Бұл елдің қуанса да, ренжісе де айызын ат пен

әйелден қандыратын ежелгі әдеті емес пе?
ФАТИМА. Әкесі әлдеқалай аттанған соң әлгі әдірем
қалғыр Зылихасы өз-өзінен жұлынып...
ЖӘҢГІР (көңілсіз): Жә... (Өз-өзінен) Нар жайылар

көңілдің жайлауында өңшең тоқал ешкі ойнақтады-ау.
Жә, Фатима тоташ, қатын-қалаштың бұралқы сөзі сенің
аузыңның, менің құлағымның теңі ме?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ФАТИМА (басын иіп): Ғафу, хан ием.
ЖӘҢГІР: Ақ патшаға әзірлеткен тарту-таралғының да­
йындығы қалай?
ФАТИМА. Шүкір. Он екі қанат киіз үйдің сүйегі әзір.

Туырлығы мен бас құрын кеше дайын етті. Түндігінің
жиегіне алтын зер жүгіртіп жатыр.
ЖӘҢГІР: Ертең сәске уағында өзім барып тағы бір кө­
ріп өтермін.

ФАТИМА. Хан ием, Ольдекон мырза шәкірттерімен
келіп сізді тосып отыр.
ЖӘҢГІР: А-а? Салғаннан неге айтпадың? Бүгін шә­
кірттердің мектепті аяқтаған ақжолтай күні ғой. Кірсін де.

(Фатима шығады, ішке Ольдекон бастаған бес-алты
шәкірт бала кіреді. Ольдекон – «Жәңгір мектебінің» мұға­
лімі, үстіне ескі стильдегі костюм, көзілдірік киген. Шә­
кірттер ақ көйлек-дамбалды, бастарында тақиясы бар).

ОЛЬДЕКОН: Сәлематсыз ба, хан ием? (Ұстазы басын
игенде, шәкірттер тізерлей кетеді).
ШӘКІРТТЕР (жамырап): Есенсіз бе, хан ием?

– Бақуаттысыз ба, ата?

– Сізге Алла разы болсын айта келдік.

– Сіздің арқаңызда дүниені таныдық.

– Көзіміз ашылды.

ЖӘҢГІР (күліп орнынан көтеріледі): Сергей Констан­
тинович, қош келдіңіз, қымбаттым. Бүгінгі соңғы сынаққа
өзім барсам деп ниеттенгенмін.
ОЛЬДЕКОН: Естігем, Жәңгір Бөкеевич.

ЖӘҢГІР: Он шәкірт те сынақты ойдағыдай ұстады ма?
ОЛЬДЕКОН: Білімдерінде кемдік жоқ.
ЖӘҢГІР: Бәрекелде! (Риза болып) Мұның бәрі сіздің
еңбегіңіз, Ольдекон мырза. (Шәкірттерге бұрылып) Ал,

ұлдарым, қандай пәнді тамамдадыңдар?
ШӘКІРТТЕР (жамырап): Жағрафия.

– Математика.

– Орыс тілі.

– Діни сабақ.

– Физика пәні.

ЖӘҢГІР (қуанып): Жарайсыңдар. Міне, дүниенің аш­
қышы қолдарыңа түсті. Енді айырыла көрмеңдер. Жаңа
физика пәні дедіңдер. Бір сұрақ қояйын, кім мүдірмей тіл
қатар екен?

ОЛЬДЕКОН: Ал, балалар, айттым ғой, дайын болыңдар.
ШӘКІРТТЕР: Дайынбыз, хан ием.

– Әзірміз, ұстаз.

ЖӘҢГІР (аз-кем ойланып): Ым... Мәселен, күн не себеп­
тен күркірейді?
ШӘКІРТТЕР (жамырап): Аттас зарядтар бір-бірін кері
тебеді.

– Әр аттас зарядтар бір-бірін тартады.

– Осыдан ауа үйкеліске түседі.

– Электр қуаты пайда болады.

– Оны біз күн күркіреді дейміз.

ЖӘҢГІР (шаттанып): Болашақтарым менің, жарай­
сыңдар! (Шәкірттердің басынан бір-бірлеп сипайды). Оль­
декон мырза, сізге мың алғыс!
ОЛЬДЕКОН (қуанып): Рахмет, рахмет, Жәңгір Бө­

кеевич.
ЖӘҢГІР: Тыншу бермеген көп арманның бірінің
ұшығына жеттім-ау. Тәубе, тәубе. (Шәкірттерге қарап
қуланып) Ал бұрын күн күркірегенін қариялар қалай

түсін­діретін?
ШӘКІРТТЕР (жымыңдап): Әжем шайтан ашуланып
әйелін сабап жатыр дейтін.

– Қамшымен жонынан таспа тіліп.

– Жо-жоқ, періште қуып, шайтан қашып жүр дейтін.

– Қорқатын ек.

(Бәрі мәз боп күліседі).
ОЛЬДЕКОН: Енді ше. Шайтан да, періште де жоқ
(алақанын жайып).
ЖӘҢГІР (жымиып): Электр қуаты ғана бар екен.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШӘКІРТТЕР: Рас, рас.
ЖӘҢГІР: Ал, енді, алғашқы түлектер, Омбыдағы Неплюев
кадет корпусының есігі сіздер үшін ашық тұр. Бұрынғы уағ­
да­мыз бойынша алған білімді жалғауға бек разымыз ба?

ШӘКІРТТЕР: Уағдамыз уағда.

– Разымыз, хан ием.

– Аттанайық алысқа.

ЖӘҢГІР: Өзім күншілік жерге шығарып салам. (Бір
дорба күміс теңге алып шәкірттерге үлестіреді) Бұл мек­
теп бітіргендеріңе берген көрімдігім. Келіңдер, ай-на-ла-
йын-дар! Мә, Мұхамбет Салық, Мақаш, кәне, жақында,

Өтешқали, аш қалтаңды, Жүсіп, кел, кел, әп бәрекелді.
ФАТИМА (ішке еппен басып кіреді): Хан ием, Батыстан
келген ғалымдар аттанар алдындағы дәмге жиналды. Сізді
тосуда.

ЖӘҢГІР: Қазір барамын.
ОЛЬДЕКОН: Ықылас-пейіліңізге мың мәрте рахмет,
Жәңгір Бөкеевич.
ЖӘҢГІР: Ендеше алыс сапарға қам етіңдер, жас тү­

лектерім менің. Хош. (Шәкірттер тағзым етіп шыға­
ды. Хан Ольдеконға бұрылып) Сіз сәл бөгелсеңіз, алыстан
туғандарыңыз келген, таныс етейін.
ОЛЬДЕКОН (қуанып, қалбалақтап): Жәңгір Бөкеевич,

рахмет. Кімдер еді келген?
ЖӘҢГІР: Ғалым hәм жиhанкездер.
ОЛЬДЕКОН: О-о-о! Қандай қуаныш!
ЖӘҢГІР: Жүріңіз, Сергей Константинович, жүріңіз,

қымбаттым. (Сахнадағы жарық сөніп, кері жанғанда ке­
лесі бөлмеге өтеді. Сән-салтанатты бөлменің ортасында
жаюлы дастарқан, жасаулы стол тұр. Меймандар Гегель,
Бергман, Иванов сұхбат құрып, Бөкей ордасы картасы­

ның жанында тұр. Жүздері жадыраңқы).
ГЕГЕЛЬ: О, Жәңгір Бөкеевич! (Көтеріңкі көңілді үнге
бәрі жалт қарасады).

ЖӘҢГІР: Қымбатты меймандар, ғафу өтінем, мектеп
бітірген шәкірттермен сұхбат құрып... Әрі түнде ұйқыға
кеш жаттыңыздар, асықпай тынықсын деп.
БЕРГМАН: Шәкірт тәрбиелеу ұлы іс, Жәңгір Бөкее­вич.

ГЕГЕЛЬ: Мына даланың алғашқы реформаторы өзіңіз,
құттықтаймын, мырза.
ИВАНОВ (екі ғалымға жолбасшы боп жүрген ортақол
шенеунік. Ұғым көзқарасы да осы дәрежеде): Әрең деп оян­

дым. Ұйқы неткен тәтті еді.
ГЕГЕЛЬ (мысқылдай күліп): Сіз оянғанмен империя
әлі өлі ұйқы құшағында. (Иванов аузын қисайтып бір
есінейді).

БЕРГМАН: Түс көріп жатыр.
ГЕГЕЛЬ: «Кому на Руси жить хорошо» деген.
ЖӘҢГІР: Құрметті мырзалар, таныс болыңыздар,
мек­те­біміздің оқу ісінің меңгерушісі – Ольдекон Сергей

Констан­тинович.
(Меймандар қол берісіп, алысып танысады).
ГЕГЕЛЬ: Гегель. Жиhанкез-ботаник ғалым. Берлиннен.
ОЛЬДЕКОН: Бақыттымын танысқаныма.

БЕРГМАН: Бергман. Өлке тарихы мен табиғатын зерт­
теуші ғалым. Балтық бойынан.
ОЛЬДЕКОН: Қуаныштымын.
ИВАНОВ: Иванов дерсіз. Ныспым – Вася. Мырзалардың

құзырындағы жол сілтеуші шағын чиновник деп білерсіз.
ЖӘҢГІР: Ал, қадірлі мырзалар, дастарқанға жақындап,
дәм алайық. (Бәрі стол басына келеді. Иванов шампанға
жармасып, басымен арпалысып жатып, тарс еткізіп аша­

ды. Жәңгір жаратпай шытынады. Орыс қыз – даяшы кеп
Ивановтың қолынан шампанды алып фужерлерге толты­
рады). Жаңа таныстық үшін көтерейік, мырзалар. (Бәрі
қостап қуанышты кейіпте ішіп салысады).

ИВАНОВ: Маң далада, құм ішінде шампан ішем деп ой­
ласамшы. Кеше түнде тіпті қызып қалыппын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ГЕГЕЛЬ (қабағын шытып): Ішкен-жегенімізден гөрі
бәтуалы әңгімеге көшелік.
БЕРГМАН: Дұрыс айтасыз. Кеше кеш Жәңгір Бө­
кеевич ел мен жердің тарихы мен табиғи байлығынан

халық­тың салт-дәстүрі мен қолөнерінен аса мәнді мағлұ­
мат берді.
ОЛЬДЕКОН: О, Жәңгір Бөкеевич – аса терең білімдар
жан. Жас шағы Астраханда, генерал-губернатор Андреев­

с­кийдің үйінде өткен. Орысша, француз, араб тілдерін ден
қойып меңгерген. Батыс өлкенің шежіресін жазып бітірді.
ЖӘҢГІР (қысылыс танытып): Тым мақтап жіберді­
ңіз, мырза. Көргеніңді істеуге көп күш керекпес.

БЕРГМАН: Дәрігер Сергачев мырзамен жете таныстық.
ЖӘҢГІР: Бақсы-балгердің ем-домынан гөрі халық қа­
зірде дәрі-дәрмекке көп ден қоя бастады.
ГЕГЕЛЬ: Ал, Еділ-Жайық арасының топономикалық

картасын жасатқаныңыздың өзі (картаны көрсетіп) ға­
жап емес пе?
(Қонақтар дәм алысады, шампан құйылады).
БЕРГМАН: Жәңгір Бөкеевич, қарсы алғаныңыз, қам­

қорлығыңыз, сый-сияпатыңыз үшін шексіз алғыс ай­
тамыз. Сіздің денсаулығыңыз үшін көтеремін (фужер
қағыстырып ішіседі).
ИВАНОВ (ыржалақтап): Базарыңыз керемет екен.

Әсіресе, тұздаған балығы қандай! Оны сатып отырған кү­
лімкөз әне бір жас қатын қандай! Топ-толық, аппақ, шұ­
жықтай-ау, шұжықтай!
ГЕГЕЛЬ: Санкт-Петербург ботаника бағының бөлім­

шесін ашып қарағай, қайың, түрлі бұталы өсімдік ектір­
геніңіздің өзі таңғаларлық жағдай. Болашақ жазылар
ғылыми кітабыма үлкен бір тарау боп енеді.
ЖӘҢГІР (разы кейіппен): Рахмет, мырза. Сіздермен

сұхбаттасып еңсем бір көтеріліп қалды.
ОЛЬДЕКОН: Айтары жоқ.

БЕРГМАН: Шындығын мойындасақ, малмен жатағы
бірге, қоса өріп-тұрған надан халық деп есітіп ек. Қате­
лесіппіз.
ИВАНОВ: Бәлкім, Жәңгір ханы жоқ жердің бәрі солай

шығар.
(Ольдекон ыза боп бас шайқайды).
ГЕГЕЛЬ: Ендігі сапарымыз Дендер тұзды көлі мен
Жайық бойына ойысады.

БЕРГМАН: Көптеген зерттеу жүргізбекпіз.
ЖӘҢГІР: Жолбасшы болар екі-үш жігітті дайында­
тып қойғанмын.
ГЕГЕЛЬ: Жәңгір Бөкеевич, Фатима тоташ кеше би үйір­

месін ұйымдастырды деп есіттік.
ОЛЬДЕКОН: О, Фатима тоташ жас қыздарды іс тігуге
де баулиды.
ИВАНОВ: Би? Частушкаға қосылып мен де билей алам.

(Гегель мен Бергман тыжырынып қалады).
ЖӘҢГІР: Қазір өнерлерін тамашалаймыз. Келесі бөл­
меге өтейік.
(Жарық сөніп, кері жанғанда сахна айналады да, келесі

бөлме көрініс береді).
ИВАНОВ (кийді қолына алып): Кеше оңбай жеңілдім,
омақаса құладым.
ОЛЬДЕКОН: Тасты тасқа әлі күнге жөндеп соға алмай

жүр екенсіз. (Иванов қарқылдап күледі).
БЕРГМАН: Да, шахматтың да түбін түсіре ойнадық.
ЖӘҢГІР: Кәне, мырзалар, жол жүрер алдында бүл­
діршін қыздардың өнеріне ден қоялық. (Бәрі жайғасып

отырған соң хан алақанын шапалақтайды).
ФАТИМА (есіктен еппен басып кіріп, бас иіп): Қадірлі
меймандар, кешегі уағда бойынша қыздарым қазақтың
ұлттық биін орындап береді.

(Музыка. Әдемі киінген 7-10 жастағы 4-5 қыз билей
жөнеледі. Би аяқтала бере, сырттан ат тұяғының дүбірі,
әрлі-берлі жүгірген ат дыбысы, дауыстар естіледі. Ольде­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

кон сыртқа шығып, асығыс кері енеді. Жүзінде абыржу бар.
Музыка да, би де кілт үзіледі).
ЖӘҢГІР (орнынан көтеріліп): Жайшылық па, Сергей
Константинович?

ОЛЬДЕКОН: Атты казактар. Мұздай боп қаруланған.
(Өзге меймандар да үрпиісе қалады).
ЖӘҢГІР: Жай келіс пе?
ОЛЬДЕКОН: Олар жай жүре ме? Ковалевскийдің ке­

руені тоналды! Яицкіден шыққан жазалаушы отрядпыз
деседі. Сізбен шұғыл сөйлеспек.
ЖӘҢГІР (шарасызданып): Мырзалар, қашты-қудының
ортасында күніміз өтіп барады. Мезгілсіз мазалағанына

айып етпессіздер. Өзі зордың көлеңкесі де зор деуші еді...
ФАТИМА. Зорлығы да аз емес.
(Жәңгір тоташқа жаратпай жалт қарайды, тоташ
жүзін бұрады, меймандар да шарасыз кейіпке енген. Биші

қыздар қаздиып тұрып қалған).
Екінші көрініс
Жәңгір хан тағында отыр. Беліне қылыш асынған. Жүзі
қатулы. Алдында әскери киімді, шенді, қару-жарақты екі

казак тұр.
ЖӘҢГІР: Менің алдыма қару-жарақпен пенде баласы
кіріп көрген емес.
КАЗАК І: Заманның өзі ұйтқып тұр ғой.

КАЗАК ІІ: Даланың бағытсыз құйыны сынды. (Қаруын
сипайды).
ЖӘҢГІР: Ковалевскийдің керуені менің Сарайымның
төрінде тоналмаған шығар (зәрленіп).

КАЗАК І: Жо-жоқ, Жәңгір Бөкеевич, айта көрмеңіз.
Казак ІІ (тізе бүгіп): Біздің келісіміз, сізге деген ті­
лектес көңіл.

ЖӘҢГІР: Өзім құрметтейтін Ковалевский мырзаның
ғылым үшін жасақталған керуенінің зардап шеккені,
әрине, өкінішті.
КАЗАК І: Мәселе сонда.

КАЗАК ІІ: Міндет – тонаған қарақшыны тауып жазалау.
ЖӘҢГІР: Нақты куә жоқ, кімге жармасасыз?
КАЗАК І: Куәнің керегі не, біз дала сотын жасаймыз.
КАЗАК ІІ: Тонаған әлгі Махамбеттің қарақшылары.

Көп бас ауыртып қажеті не?
КАЗАК І: Көзін құртамыз. Әрісі императордың, берісі
Орынбор шекара комиссиясының қадағалауында отырған
бейбіт керуенді тонаудан асқан басбұзарлық жоқ.

ЖӘҢГІР: Казачество атаманы Покатилов мырзаның
бұйрығы осы болса, менің алдымнан өтудің қажеті қанша
еді?
КАЗАК І: Мәселе керуен сіз билеп отырған өңірде

тоналғанында. Демек, жарлық бойынша жазалаушы от­
рядпен бірге сіз де әскер шығарасыз. Күш қосып аттана­
мыз. (Жәңгір тұнжырап отырып қалады).
КАЗАК ІІ: Астрахан, Царицын, Орал мен Орынбор

казачествосының төрт жақты қоршауында тұрған бұза­
қылар тырп етіп көрсін!
ЖӘҢГІР: Қанша қол, қандай күш қажет?
КАЗАК І: Қаруланған 500 жігіт.

ЖӘҢГІР: Бөкей ордасында казачествонікіндей тұрақ­
ты әскер жоқ. Үш күн тосыңдар, үш жүз қол қосып берем.
(Екі казак бір-біріне барлап қарайды).
КАЗАК І: Келістік. Бізде аттарымызды тынықтырып

алайық.
ЖӘҢГІР (тұруға ыңғайланып): Күтімдеріңіз болады.
Көріскенше, мырзалар.
КАЗАК І (жалт бұрылып): Сізге Орынбор шекара

комиссиясының хатын арнайы табыс ет деп еді. (Ішкі қал­
тасынан хат шығарып ұсынады). Есімнен шығып кете
жаздады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖӘҢГІР (қуана қол созып): Рахмет. (Казактар кетеді.
Хан хатты ашып оқиды). Санкт-Петербургте өтетін Им­
ператор ағзамның тәж кию тойына... Ым... құрметті мей­
ман ретінде... (Дауыстап) Фатима уа, Фатима тоташ (ішке

Фатима кіреді).
ФАТИМА: Жай шақырдыңыз ба, хан ием?
ЖӘҢГІР (хатты беріп): Тойға дайындал. Аттанамыз.
ФАТИМА (қуанып, алып-ұшып): Келген екен ғой ша­

қыру. (Оқып) Тәж кию тойы. Тездетейікші, хан ием.
ЖӘҢГІР: Тарту-таралғымыз әзір ме?
ФАТИМА: Әзір. Түндігін өте әдемі етіп зерледі. Бас­
құрлары сүт емген құлынның құйрығындай күлтеленіп

төгіліп тұр.
ЖӘҢГІР: Қайроллаға айт, кешке Сарытау арқылы
жолға шығады. Жеккі аттарды қамдасын.
ФАТИМА: Құп, хан ием.

ЖӘҢГІР: Жақсыбай батырды шақырт. Тез жетсін.
(Фатима қуанып жүгіре басып шығып кетеді, Жәңгір
қылышын қынынан суырып шарт еткізіп кері салады.
Ішке Жақсыбай батыр енеді. Тізе бүгіп, оң қолын кеудесіне

қойып тәу етеді).
ЖАҚСЫБАЙ: Ассалау-мағалейкум, хан ием.
ЖӘҢГІР: Уа, Жақсыбай, ауыл-аймағың аман ба?
ЖАҚСЫБАЙ: Аман-есен, хан ием. Не бұйырасыз?

ЖӘҢГІР: Араға үш күн салып, үш жүз жігіт алып ка­
зак әскеріне ілес.
ЖАҚСЫБАЙ: Соғысты бастаушымыз ба, қостаушымыз
ба, хан ием?

ЖӘҢГІР: Шайқаста – қостаушы, қашқанда – бастаушы.
ЖАҚСЫБАЙ: Жан ауыртпай теп десеңізші, хан ием.
ЖӘҢГІР: Қолға түскенінің обал-сауабына, жазықты-
жазықсызына қарар емес.

ЖАҚСЫБАЙ: Киізге орап сабайық.
ЖӘҢГІР: Түн қараңғысымен төрт тарапқа ат шап­
тыр. (Жан-жағына сақтана қарайды) Жазалаушы отряд

келеді, сақ отырсын де. Он екі биге және хабар жетсін. Сөз
сапырғанға құр мәз болмасын. Қарауындағы елді талауға
салып алмасын.
ЖАҚСЫБАЙ: Керуенді тонаған кәззәп қолға түссе ше...

ЖӘҢГІР: Қылмыскерге кім пана болмақ? Ол Махам­
бет пе, Мәмбет пе, заң алдында ортақ жауапкер. (Етегін
қағып) Жолың болсын.
ЖАҚСЫБАЙ: Көріскенше, хан ием. (Тағзым етіп шы­

ғып кетеді).
(Жәңгір кең бөлмеде, мұңды қалпы төрт бұрышты ке­
зіп жүріп алады. Тұрады, алысқа назар тіктеп ойланады.
Мырс етіп бас шайқайды. Залды көзбен тінтеді. Қоңырау

шылдырлатады. Бөлмеге бір татар жігіті кіреді).
ЖӘҢГІР: Кел, Латип.
ЛАТИП: Не бұйырасыз, хан ием?
ЖӘҢГІР: Атты казактардың ішіне (сыбырлай сөйлеп)

жансыз сал. Ковалевскийдің керуенін өздері әдейі тона­
тып, бізді жазықты қылмақ ниеті жоқ па екен? Ішкі бір
ойым осылай дейді де тұрады.
ЛАТИП (жылмаң қағып): Құп, хан ием.

ЖӘҢГІР: Бар. (Оңаша қалған соң хан өз-өзіне күбірлеп)
Ұлтарақтай жерді ұлардай шулатып біттік. Мылтық асы­
нып қоқаңдаған казагы, құрық ұстап қалбаңдаған қазағы,
қымызға қызған биі, қыздырмаға қызған батыры, шығар-

шықпас жаны бар, бір қолында тізгіні, бір қолында дауы,
қажып біткен ханы бар, неткен жұртпыз? Сеніп сыр айт­
пайтын, кесіп іс істемейтін, шапса балтаң өтпейтін, сабасаң
шын жыламайтын, жүрегі емес, аузы қуанатын бұ не за­

ман? Балақтан кірген дұшпан бастан шығатын, қоныштан
кірген пәле-жәле қойыннан не мойыннан шығатын, берге­-
ні – алдамшы, алғаны – алаяқ, жаңалыққа іңкәрлікті зор
намыс көрген, бес-алты тоқтышақты қорғаныш көрген

бұ неткен дәуір? Баяғының төресі – билігіне, қожасы –
баланың шопай-шүметегіне, биі – руына, батыры – са­уы­
тына, қариясы – азанына, кемпірі – қазанына, келіні –

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ошағына, ұлы – босағасына ие боп түтінін түзу ұшырып
отыратын кез қайда? (Ойланып, ызаланып) Бәрі де астан-
кестен!
Әлде цивилизация әкелем деп бұ даланы мезгілсіз ма­

заладым ба? Бір ізбен кіріп-шығып, ін аузын баққан ке­
сірткедей тыныш жатқаныңмен төбеңнен төнген төрт
бірдей жат қамал жаныңды жәй таптыра ма? Әбілқайыр
бабам бас боп басқан бодандықтың бармақ таңбасы алдым­

ды кес-кестей берді-ау. Әйтпесе, жерімді жайлаған само­
гоншыл жаман казак сарайыма сұраусыз кірер ме еді?
(Жәңгір ызаға булығып теріс айналып тұрғанда есік­
тен Қарауылқожа, князь Юсуповтың приказчигі, татар

молдасы кіріп, бөгеліп қалады).
ТАТАР МОЛДА (даусын құран оқығандай созып): Аш­
шалау-мағалейкүм, ханымыз. (Жәңгір баяу мойын бұрады.
Келгендерді тінте қарайды. Молда басын иіп, еңкеңдеп,

тоңқаңдап қалады).
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ас-салау-мағалейкум, бұл шаңы­
раққа берген сәлемім. Жәңгіржан, аман-есенсің бе?
ПРИКАЗЧИК: Есенсіз бе, тақсыр?

ЖӘҢГІР (елп ете түспей, ұстамды): Уағалейкүм-ас­
салам. Төрлетіңіздер. (Төрді нұсқайды) Жайғасыңыздар.
ТАТАР МОЛДА: Жәңгіржан, бір адам таққа шықса, он
адам атқа шығады деген...

ҚАРАУЫЛҚОЖА (сәл жымиып): Мінеді деңіз, әби.
(Жәңгір селт етпейді. Приказчик ыржалақтап қа­
лады).
ТАТАР МОЛДА: Мінгеннен шыққан бик матур, қоже­

ке (ернін тіл жүгіртіп жалайды). Ауа жұтып, ас ішіп
жүргеніміз тек сіздің арқаңыз. Есіміңізді күніне бес мезгіл
намаз дұғама қосып, Алладан сізге медет тілеймін. Жаңа
қазанның іргесі кеңіп келеді. Бик, бик, матур.

ҚАРАУЫЛҚОЖА: Фатима тоташтың туысқандары жа­
ңа қонысқа «Новоказанка» деп ат қойып, айдар тағыпты.

ТАТАР МОЛДА (бүкшеңдеп): Әммесі солай (таспихын
санап мүлги қалады).
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Жәңгіржан, өзіңді ақ патшаның
тәж киер тойына аттанғалы жатыр деп есітіп, теңіз бойы­

нан өре шауып суыт жеткен бетіміз. Ақ жол болғай! Қыдыр
ием қолдағай!
(Татар молда өз-өзінен отырып бетін сипайды).
Князь Юсупов мырзаның приказчигі ғой, таныған шы­

ғарсыз? (Жәңгір бас изей салады).
ПРИКАЗЧИК: Юсупов мырза сізге дұғай-дұғай сәлем
жолдады.
ЖӘҢГІР (өңін жылытып): Дені-қарны сау ма мырза­

ның?
ПРИКАЗЧИК: Шүкір, бақуатты.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ақ патшаның тойына сән-салта­
натын келістіріп аттаныпты.

ПРИКАЗЧИК: Иә, (бас шұлғып) екі кемеге сый-сияпат
артып Еділ бойымен аттанды.
ЖӘҢГІР: Бұйырса, Санкт-Петербургте жүздесерміз
князьбен.

ПРИКАЗЧИК: Князь сізге сәт сапар тілейді. Мені ар­
найы жіберді. (Шағын қол чемоданды ханға жақындатып
қояды) Жолына қажет болар, ханға өз қолыңмен табыс ет
деген.

ЖӘҢГІР: Алла разы болсын.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Жәңгіржан, күйеу атымен күл тасы
деген, теңіз бойын өз үкіміңізбен князьға жалға беріп ба­
таға аштырғалы желіміз оңынан тұрып, табысы түскір на­

уадай құйылап тұр ғой. Құдай көпсінбесін.
ЖӘҢГІР: Теңіз жағасындағы қараша тыныш па?
ҚАРАУЫЛҚОЖА (секем алып): Тыныш, тыныш, қа­
мыстың үкілі басынан басқа қозғалған нәрсе жоқ.

ПРИКАЗЧИК: Қыр басындағы бір-екі үй өртеніп кет­
т­і... (Жәңгір жалт қарайды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚАРАУЫЛҚОЖА (приказчикті нұқып қап): Жо-жоқ,
лашық десеңші, кәдімгі қамыс лашық. Желді күні от тиген
де. Ошақты қатыны қараусыз қалдырып...
ТАТАР МОЛДА (селк етіп): Ғайыптың ісі. Қате бола­

йын десе қойдың құмалағы да ажалыңа себепші. Ал, хан
ием, өзіңізді тойға Қазан, Үфі арқылы жүреді деп хамма
жамағат тосулы. Жол қарап екі көздері төрт болулы. Ақ­
сарбас атаулы, мен тек бата бергелі келдім. Иә, Алла...

(Сахна сәл көлеңкеленеді де Жәңгір хан, Фатима то­
ташты аттандырып салу жоралғысы көрініс береді.
Шашу шашқан ақ жаулықты апалар, бата берген қа­
риялар, әрлі-берлі жүгіріскен қыз-келіншектер, конфет,

печенье терген абыр-сабыр балалар, кісінеген ат, пәуеске
доңғалағының шиқыл үні, үрген ит дауысы қоса-қабат
естіледі).
ДАУЫС: Абыройлы орал, хан ием!

(Жарық сөніп, кері жанғанда немесе сахна айналғанда
ақ шаңқан киіз үй тұр. Қарулы ақ казактар қоршаған. Екі
басшысы есік алдында, жандарында бір мұртты қазақ.
Жолбасшы, яки тілмаш. Киіз үйдің ішінен бір шалды ка­

зак солдаты сүйреп алып шығып, анадай жерге итеріп
құлата салады. Іштен бажылдап кемпірі шығады. Келіні
көрінеді. Бір солдат үй сыртына мылтық атып еді, оқ ти­
ген иттің қыңсылағаны үдеп барып басылады. Төңкерулі

қазанның шеті көтеріліп бір баланың басы көрінеді де,
кері жоқ боп кетеді).
КАЗАК І: Тұр орныңнан, шал (шалды солдат желкелеп
алып келеді). Айт, кімнің ауылы? (Зәрін төгіп) Тез!

ШАЛ: Әлімбайдың ауылы. (Дірдектеп) Әлімбайдың...
КЕМПІР (бажылдап): Жалғыз баланың атын айтып,
жауға ұстап берейін деп пе ең, ойбай, мына қақбасты-
ай?! Әлде Қойлыбай деген өз атаңды қызғанып тұрсың ба

бұлардан?
КАЗАК ІІ: Демек, Әлімбай Қойлыбаевтің ауылы.

ТІЛМАШ ҚАЗАҚ: Қойлыбаевтар әлгі бұзақы Ма­
хамбеттің нағашы жұрты.
КАЗАК І: Тонаушының негізгі ұясы десеңші.
КАЗАК ІІ: Он бес күн сабылғанда маң даладан қурай мен

түзгіннен басқа қарайған кезікпеп еді.
КАЗАК І (шалға): Айт, жаныңды жаhаннамға жібер­
мей тұрғанда, Махамбет пен оның қарақшылары қайда
тығылып жатыр?

ШАЛ: Шырағым-ау, Махамбет тығылушы ма еді?
КАЗАК І: Әне, сөзін қара, сөзін! (Шалдың кеудесінен
нұқып) Тонаған керуеннің мүлкін қайда жасырдыңдар?
КЕМПІР (бажылдап): Ауына тамызбай сиіп келгенді

олжа көріп жүрген бұл шал керуен тонай алушы ма еді, ой­
бай?
(Бір солдат жас келіншекті үй айналдырып қуып бара
жатады).

КАЗАК ІІ (айқайлап, тәртіп беріп): Ей, ауылдың жан-
жағын түгелдей тінтіп шығыңдар. (Солдаттар тасырлап
жүгіре жөнеледі).
ШАЛ (тілмаш қазаққа тап-тап беріп): Әй, әтәңа

нә­лет, үйіме қол бастап әкеліп, шаңырағымды талқан­
дайтындай әкеңді мен өлтіріп пе ем?!
ТІЛМАШ ҚАЗАҚ: Тәртіп солай, шал, тәртіп ортақ.
ШАЛ (жұлқынып): Ой, өйткен тәртібіңнің тап аузы­

на... әлде Махамбетті мен жасырыппын ба?
КАЗАК І: Өле алмай тұрып патша ағзамның тәртібіне
тіл тигізеді, а?
ТІЛМАШ ҚАЗАҚ: Шын жаны күйінсе аспандағы

құдайды қарғайтын бұ қазаққа ем жоқ (қолын сілтеп).
ШАЛ (тілмашқа тап-тап беріп): Құдайдан садаға
кеткір...
КАЗАК ІІ: Байлаңдар! (Шалды екі солдат сүйреп апа­

рып түрулі тұрған керегеге таңып тастайды. Ырсылдап
екі солдат келеді. Қолдарын жайып жоқ деген белгі береді).
КАЗАК І: Демек, бұ жолы да нысанаға дөп тимедік.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КАЗАК ІІ (иегімен киіз үйді нұсқап): Өртеп кетеміз бе?
ТІЛМАШ ҚАЗАҚ: Кімді мұқатамыз? Керуенді тонаған
да, мүлкін жасырған да бұлар емес қой.
ШАЛ (жұлқынып): Ұят сендермен қоса туған, бірақ

бұрын өлген! (Екі казак бір-біріне қарасады. Осы сәтте үй
сыртынан айқай-шу, төбелес естіледі. Екі казак сасып,
жата-жата кетіседі).
КАЗАК І: Жау келіп қалды! (Наганын оқтап).

КАЗАК ІІ: Махамбеттің әскері шығар. (Төбеге оқ ата­
ды). Қап, қапияда басты!
ТІЛМАШ ҚАЗАҚ (үй сыртынан қарап): Төбелесіп
жатқан бір-ақ адам ғой. (Осы сәтте бес-алты солдат

жабылып жүріп жасы он бес-он алты жасар бозбаланы
сүйрелеп алып келеді. Бозбала: «Атамды байлап, атаңа
нәлеттер... Мә, ендеше!» – деп дауыстап ұрғанда екі-үш
солдат омақаса құлайды).

КАЗАК І (орнынан көтеріліп): Байла иттің күшігін!
КАЗАК ІІ (жынданып): Ой, шірік өңшең! (Құлаған сол­
датты бөкседен тебеді) Мә, сыбағаң! Шошқаның майын
қос қолдап жегенде керім ең...

КАЗАК І (жұдырықпен ұрып): Аузы аздық етеді, тық­
қыштағанда!
(Солдаттар бозбаланы да жабылып жүріп керегеге
шалдың жанына таңысады).

КАЗАК ІІ: Өрте кеудесін отпен! Шындық бұлардың ау­
зынан сонда ғана шығады.
КЕМПІР (казакқа тап-тап беріп): Мені де байла, құз­
ғын, байла, шалымның қасына! Бір молада өлейін.

(Бір солдат ағаш басына ораған шүберекке от тұта­
тып бозбаланың жалаңаш кеудесін өртейді. Бозбала
қасарысып, ләм демей отыра береді).
КАЗАК І (таңғалып): Болашақ Махамбет қой мынау.

КАЗАК ІІ (жынданып, селкілдеп): Үйімен қоса өр­
теңдер!

(Осы кезде киіз үйдің сықырлауығы екіге жарылып ашы­
лып, сыртқа әдемі келіншек қолына бесік көтеріп шығады
да, бесікті екі казактың алдына әкеліп қояды).
ШАЛ (дегбірсізденіп): Келін шырақ...

КЕМПІР (екі казакқа қарап): Әй, азаматпын деп жүр­
гендер, үй иелері сапар шегіп кеткен, қалғаны кемпір-шал,
қатын-қалаш, бала-шаға. Бәрі де мына бесіктегі сәбидей
қауқарсыз. Қауқарсыз сәбимен соғысып қандай мұратқа

жеткелі жүрсіңдер?(Екі казак белінен қылышын жарқ
еткізіп суырып алып, келіншек пен бесікті айналып жүре
бастайды. Түрлері әлем-тапырық). Ар, иман деген бар
ма өзі сендерде?! (Бір казак көзін қысады, бұл оның бе­

тіне түкіреді). Тіфу, оңбаған! (Екінші казак қылышпен
бесікті қақ ортасынан тартып кеп жібереді. Сәбидің шар
ете түскені, кемпірдің бажылы, аттың кісінегені, күн
күркіреп, найзағай ойнағаны, келіншектің зары – бәрі қоса

қабаттасып кетеді).
Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Санкт-Петербург шаһары. Император Сарайы. Сән-

салтанаты келіскен, алтын жалатқан бағандары жар­
қыраған сәулетті зал. Баяу музыка ойнайды. Сәнді киінген
топ-топ бекзадалар, әскерилер, әр аймақтан шақырылған
ұлт өкілдері сапырылыс үстінде. Тосып алушылар, тырна

аяқ фужерлерге шампан толтырып алған даяшылар зыр
қағады. Есіктен Жәңгір хан мен Фатима тоташ енеді.
Кейбіреулермен бас изесіп, ізетті сәлемдеседі. Ақсүйек
қауымның мейманасы тасыған, шат-шадыман.

ЖӘҢГІР (Фатимаға): Міне, патша тойына да үлгердік.
ФАТИМА (төбеге, жан-жағына таңырқай қарап):
Қандай тамаша! Қала да, Сарай да сән-салтанатқа бөгіп тұр.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖӘҢГІР: Бүгін бал береді, яғни би кеші. Ертең тәж кию
тойы басталады деседі.
ФАТИМА: Император балға қатыса ма екен?
ЖӘҢГІР: Әлбетте.

(Даяшы жандарына келіп иіліп шампан ұсынады, хан
мен тоташ екі фужер алып ауыз тиеді. Қастарына қолда­
рына фужер ұстап әңгімелескен екі мырза кеп бөгеледі).
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: О, қазақ даласының ханы Жәңгір

Бөкеевич, қош келіпсіз.
ЖӘҢГІР (қуанышты): Сәлематсыз ба, аса қадірлі Нес­
сельродье мырза? (Төртеуі де бас изесіп амандасады).
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Ал, қашан келдіңіздер?

ЖӘҢГІР: Кеше кешкілік. Таныс болыңыздар (тоташ­
ты нұсқайды), Фатима тоташ.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: О, Фатима тоташ, естігем, қандай
әдемі есім. (Басын иіп) Нессельродье. Сыртқы істер депар­

таментінің директоры. (Жанындағы мырзаны нұсқап) Гас­
фольд мырза, Ресей империясының швед корольдігіндегі
елшісі.
ЖӘҢГІР: Жәңгір Бөкеевич, Бөкей ордасының ханы.

ГАСФОЛЬД: Танысқаныма қуаныштымын.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Қазақ даласындағы соңғы ханы­
мыз. Аса зиялы, білімдар. Айтпақшы, Жәңгір Бөкеевич,
аса қуанышты әрі ризашылықты оқиға – сіздің тәж киер

тойға арнаған тартуыңызды алдық. Оh, қандай ғажап киіз
үй. Сыртқы істер департаментінің ауласына тіктіргенмін,
императордың өзі көріп ерекше мейірленді. Айрықша
алғыс білдірді. Сізге көп-көп рахмет.

ЖӘҢГІР: Естігем. Қатты толқыдым. Сізге және қам­
қорлығыңыздың алдында ғұмыр бойы қарыздармын (бас
иеді).
ФАТИМА (қуанып): Рахмет, мырза, бізді шексіз шат­

тыққа бөледіңіз.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Жәңгір Бөкеевич, той аяқталып елге
атанарда менің мекемеме де кіре шығарсыз. Ақылдасар
шаруа, тапсыратын іс бар.

ЖӘҢГІР: Әлбетте, мырзам.
(Нессельродье мен Гасфольд өзге топқа беттейді).
ФАТИМА (қуанғаннан жүзі бал-бұл жанып): Қарашы,
орыс бергеніңді ұмытпайды.

ЖӘҢГІР (қуақыланып): Татар алғанын ұмытпайды.
Ал қазақ болса екеуін де ұмытып кетеді. (Екеуі де мәз боп
күліп жіберді).
ФАТИМА. Бөкей ордасы татарға қарыздар шығар?

ЖӘҢГІР: Ал, татар біткен Жәңгірге қарыздар.
(Ортаға шыққан ұйымдастырушы: «Қадірменді мей­
мандар, Ресей империясы астанасына аса мәртебелі им­
ператор ұйымдастырған балға хош келдіңіздер. Қазір би

басталады», – деп жариялайды. Музыка, жұп-жұбымен
әсем ырғақты би билегендер сахнаны кернеп кетеді.
Орта­ларында хан мен тоташ. Ұйымдастырушы: «Аса
биік мәртебелі император мен императрица, қарсы алы­

ңыздар, қадірлі меймандар». Жиналған жұрт гу етіп ба­
сылады. Төбеден ақ мамық жауады. Биік баспалдақтан
қол ұстасқан император мен императрица түсіп келе жа­
тады. Жиналғандар қоғадай жапырылып тағзым етеді.

Император мен императрица меймандарға аса жылы
мейіріммен қарап, бас изейді).
ИМПЕРАТОР: Ұлы Ресейдің шапағатына бөленген мыр­
залар мен ханымдар, ұлан-асыр қуанышқа куә боп отыр­

сыздар. Әрқайсыңыз Иисус Христостың мейіріміне, Ұлы
билеушінің сеніміне иесіздер. (Алыстан «Боже, храни
царя» деген шіркеу әні мен сыңғырлай қағылған қоңырау
үні естіледі. Жиналғандарың бірі тағзым етіп, екіншілері

әнге қосылып, шоқынып, үшіншілері таң-тамаша қалып
жатады. Музыкаға император мен императрица баяу
қалқып билей жөнеледі. Келесі би басталарда импера­
тор елді аралап кеп Фатима тоташқа таңдау тастай­

ды. Екеуі құйын үйіріп билейді. Талай ханымның ішін ит
жыртқандай кері күй кешеді. Балды ұйымдастырушы:
«Ханымдарға арналған бас жүлдені Фатима тоташ

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Мұхамбетжановна жеңіп алды!» – деп хабарлағанда жи­
налған меймандар мәре-сәре болысады. Хан мен тоташты
құттықтасады).
ИМПЕРАТРИЦА: Бас жүлдеге арналған сыйлықты та­

быс етеміз.
ИМПЕРАТОР: Келіңіз, Фатима тоташ, қымсынбаңыз,
сіз ғажайып билейді екенсіз. (Ұяң басып жеткен Фати­
маның иығына құндыз ішік жабады).

ИМПЕРАТРИЦА: Мұншама әдемі билеуді қайдан үй­
рендіңіз?
ФАТИМА. Бойжеткен кезімде Уфадағы би үйірмесіне
қатысқам.

ИМПЕРАТРИЦА: Әдемі, (күлімсіреп) өте әдемі! (Бас
киім мен сырға ұсынады). Ұялмаңыз, алыңыз.
ИМПЕРАТОР (жиналғандарға назар тіктеп): Би­лең­
дер, жарқындарым, билеңдер, билетемін ғой мен сіздерді.

(Музыка, би жалғаса түседі де жарық қараңғыланып,
кері жанғанда Жәңгір хан Нессельродьенің алдында отыра­
ды. Кең де жарық кабинет, төрде Бірінші Николайдың ал­
тын және екі басты самұрық бейнелі құрсаулы портреті

ілулі тұр. Жәңгір генерал-майор шеніндегі әскери киім ки­
ген. Адъютант келіп екеуіне екі шыныаяқ шай ұсынып
шығып кетеді).
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Жәңгір Бөкеевич, генерал-майор ата­

ғыңыз құтты болсын. (Суық жымияды).
ЖӘҢГІР: Рахмет!
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Сіз өз нәсіліңіздің ішінде бұл биік
дәрежеге тұңғыш рет қол жеткізіп отырсыз.

ЖӘҢГІР: Үлкен міндет жүктейді деп те білем.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Әлбетте. Басы ашық әңгімеге кө­
шейік.
ЖӘҢГІР: Зейінім сізде, мырза.

НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Жәңгір Бөкеевич, күл-бүлтелемей ту­
расына көшсек, Бөкей ордасындағы саяси ахуал мәз емес.
Қанағаттанғысыз.

ЖӘҢГІР: Түрлі себебі бар...
НЕССЕЛЬРОДЬЕ (сөзің бөліп): Бізге себебінің қажеті
жоқ, қымбаттым. Құлақ қойыңыз, әкеңіз Бөкей қалмақ
көшкен соң бос қалған Еділ-Жайықтың арасын пайдалану­

ға сұрады ма (бармағын бүгіп), сұрады. Ресей империясы
әдеттегі кеңпейілдігіне салып рұқсат берді. Қазақ даласы­
на өзгеше басқару жүйесін енгізгенде жалғыз ғана Бөкей
ордасында хандық басқару қалды. Бұл не, қорыққандық

па, әлде сіздің еңбегіңізді, жеке басыңызды қадірлегендік
пе? Резиденция салам дедіңіз, мектеп ашам дедіңіз, банк
ашам дедіңіз, базар ашам дедіңіз, аптека ашып, дәрігер,
ұстаймын дедіңіз, қолыңыздан қақтық па? Жоқ. (Орнынан

ашуға булығып тұрып кетеді). Сізге қояр жалғыз-ақ тала­
бымыз болды. Қатаң тәртіп орнат, көтерілісті қан-жоса етіп
бас дедік... Бастыңыз ба, (алақанын жайып) жоқ. Қайта
ғылыми мәні зор Ковалевскийдің керуенін тонатуға дейін

бардыңыз. Степан Разин мен Пугачевтың баскесерлерін
құрықтаған империялық күшке қарсы тұратын жабайы
қарақшы дегендер кімдер өзі?! (Былғары етігінің өкшесін
көтеріп, ұшымен еденді езгілейді) Міне, мынау!

ЖӘҢГІР: Кешірерсіз, тым қызынып кеттіңіз, мырза.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ (шақшиып қарайды): Қызынып...
ЖӘҢГІР: Ресей империясы бодан елдерін сауат аштыр­
май, аптека, дәрігер ұстатпай, жалпы әлемдік өркениетке

ілестірмей, қараңғылықта ұстамайтын шығар?
НЕССЕЛЬРОДЬЕ (оқшырайып): Так, так...
ЖӘҢГІР: Ендеше біз де заң мен өмір талабынан тысқа­
ры тірлік жасаған жоқпыз деп білем.

НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Ал, империяға қарсы бағытталған
көтерілісті немен ақтайсыз?
ЖӘҢГІР: Ақтамаймын. Бұл – басты кемшілігіміз. Жал­
пы бір ұлттың өзі ішіндегі наразылық, толқулар мен кө­

теріліс дүниежүзінің тарихында елеулі орын алған, мырза.
Тіпті Ресейдің өз ішінде де. Бір қоғамда өмір сүріп отыр­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

мыз ғой. Демек, бізге де жат емес. Мәселен, Француз рево­
люциясы...
НЕССЕЛЬРОДЬЕ (шаңқ етіп): Француз революция­
сы!.. Сіз Ресей империясының сенімді өкілі, хан басыңыз­

бен көтерілісті, бұзақылықты жақтап, цивилизацияға
ерудің бірден-бір жолы осы деп ойлайды екенсіз ғой...
А-а-а?.. Білсекші!
ЖӘҢГІР: Ешкім де, ешбір қоғамдық формацияда

бұзақылықты, қантөгісті жақтамаған, мырза. Мен тек
жалпы түсінік ретінде айтқам... Көтерілістің бір көсемі
өлген, екіншісін бұғаулаймыз. Және бұл Ресейге қарсы
бағытталған күрес емес, олай ойлауға оқымаған надан

қазақтардың сауаты жетпейді. Бұл өз ішіміздегі ғана ашу-
араздық.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Екіншісін бұғаулаймыз деп жүріп
Ковалевскийдің керуенін тонатасыздар.

ЖӘҢГІР: Айыпты жазаланады. Бірақ әлі күнге кім жә­
не қандай мақсатпен тоналғаны хақында нақты дерек жоқ.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Есіттік, Жәңгір Бөкеевич, казак әс­
кері өзі тонап алып, көтерілісшілерге нақақ жала жауып

отыр деген күдігіңіз де бар көрінеді.
(Жәңгір жалт етіп жан-жағына, залға назар тіктейді,
ерінін тістеп, бас шайқайды. Нессельродье мысқалдай жы­
мияды). Солай, Жәңгір Бө-кеевич.

ЖӘҢГІР: Ым, түсінікті.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Ал, (басын бұлғаңдатып) бізге мына
жайт түсініксіз. Мәскеу мен Санкт-Петербург татарлардан
қашып құтыла алмай отырғанда сіз Бөкей ордасына сол

татарларды не себеппен қаптаттыңыз? Қазан мен Уфадан
олардың панисламистік, түрікшілдік жасырын ұйымы
әшкерленгенінен хабарыңыз бар шығар?
ЖӘҢГІР: Бұлар маған таза туысқандық ниетпен кел­

гендер.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Мәселен, менің жұбайым Сібірде
туып-өскен. Оның соңынан барша сібірліктер ере келген
жоқ!

ЖӘҢГІР: Бізде бауырмалдық басымдау.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Тілі тәтті, діні қатты мұсылмандар­
да бауырмалдық сезімі бізге қарағанда күшті дамыған
екен ғой. (Жәңгір тосылып, дағдарады). Жарайды, ал, Ге­

гель, Бергман мырзалар маң далада несін жоғалтып іздеп
жүр?
ЖӘҢГІР: Қарапайым табиғат зерттеушілері. Жиhан­
гез, шақырған да мен емес.

НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Батыстың жасырын тыңшылары
еместігіне кім кепіл?
ЖӘҢГІР: Әркімнің ар-ұяты өзінде.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Айтпақшы, Жәңгір Бөкеевич, «Про­

щай, немытая Россия, страна рабов, страна господь», – де­
ген Лермонтовтың өлеңін қолмен жазып таратқаны үшін
жер аударылған бұзақы Раевский де сіздің қолтығыңыз­дан
пана тауыпты деп есіттім.

ЖӘҢГІР (шарасызданып): Раевский Бөкей ордасы­
на Орынбор шекара комиссиясының чиновнигі Владимир
Даль мырзаның рұқсат қағазымен келген.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Жалпы поляктардан сақ болғайсыз.

ЖӘҢГІР (үнсіз бас изейді): Есте тұтайық.
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Айтпақшы (аяқ астынан жадырап
сола береді), Жәңгір Бөкеевич, алтын ленталы «Әулие
Анна» орденін алуыңызбен құттықтаймын. Сіз де, біз де

Ресей империясының сенімді hәм тақуа құлымыз.
(Нессельродье де, Жәңгір де орнынан тұрады).
ЖӘҢГІР (түсініксіз кейіпте): Рах-мет!
НЕССЕЛЬРОДЬЕ: Қош болыңыз.

ЖӘҢГІР: Көріскенше. (Бас иіп шығып келе жатып өз-
өзінен) Билеңдер, жарқындарым, билеңдер, билетемін ғой
мен сіздерді. Хм...
(Сахна айналғанда немесе жарық сөніп, кері жанғанда

Орал казачествосының атаманы Покатилов пен екі ка­
зак көрініс береді. Сахнаның сәл қаракөлеңкелеу төрінде
әскери жаттығу жүріп жатады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ПОКАТИЛОВ (екі казакка): Так, Жәңгір хан Санкт-
Петербургте деңдер. Оралатын мерзімі таяды. (Ойланып)
Керуен тонағандардың ізіне түстіңдер ме?
КАЗАК І: Нақты куә жоқ. Сырт дерекке сенсек, Ко­

валевский мырза мен Махамбет бұрын кездескен, таныс
адамдар деседі.
КАЗАК ІІ: Демек, ол тонатты деуге қисын жоқ.
КАЗАК І: Көзімізге түскенін жазаладық.

КАЗАК ІІ (күліп): Келесіде істер бұзақылықтарының
есебінен.
ПОКАТИЛОВ: Дұр-рыс!
(Покатиловқа адъютанты бір қағаз әкеліп береді.

Оқиды). «Жеделхат. Құпия. Орал казачествосының атама­
ны Покатилов мырзаға. Бунтарь ақын Могомед Иптемишев
кеше Орал қаласына келді. Қасында Нурберген деген он
жасар баласы бар. Оқуға алып келген сыңайлы. Бақылауды

күшейтіңіз». (Ойланып) Түсінікті.
КАЗАК І (елеуреп): Қырдан таптырмаған жауымыз өз
аяғымен қалаға келсе не тұрыс бар?
КАЗАК ІІ: Атаман мырза, қазір-ақ бұғаулап алдыңызға

жеткізейік.
ПОКАТИЛОВ (ойланып): Жоқ! Рұқсат жоқ. (Екі казак
оңтарылып, екпіндері басылып қалады).
КАЗАК І: Неге?

КАЗАК ІІ: Ерік өзіңізде енді...
ПОКАТИЛОВ: Махамбет ұстасса сенімен, не менімен
ұстасқан жоқ, өзінің ханына, биіне жауығып жүр. (Еке­
уінің жүзіне сынай қарайды) Бір-біріне жағадан ала түс­

сін, арпалыссын, азу тістерін ақситыссын, ақыры екеуі
де құрып бітеді. Бір-бірінің тоз-тозын шығарады. Бізге де
керегі осы емес пе?
КАЗАК І (елпілдеп): Вот это тактика!

КАЗАК ІІ: Неткен ақыл!
ПОКАТИЛОВ: Қазір ұстап Махамбетті түрмеге салсақ,
қалған қолын талқандасақ Бөкей ордасында жым-жырт

тыныштық орнайды. Ал, ол тыныштық керек пе өзі бізге?
Жо-жоқ! Тыныштық болмағаннан кейін ғана біз казачество
атанып, қару ұстап, жан бағып отырмыз. Екатерина екінші
патшайымның бұйрығы әлі күнге күшінде.

КАЗАК І: Демек...
ПОКАТИЛОВ (сыбырлап): Демек, Жәңгір ханның со­
йылын соғу керек, бірақ аса қатты соқпау керек. Исатайы
өлді, ендігі жерде Махамбетті сабау керек, бірақ жанды

жерінен ұрмау керек.
КАЗАК ІІ: Ақымақ басыма енді жетті.
КАЗАК І: Маған да солай.
КАЗАК ІІ: Енді қай бағытта қимылдаймыз?

ПОКАТИЛОВ: Қоқанның ханы Аллақұл мен Исатайдың
айтағына еріп келіп, үш мың ләшкерімен қайтадан қашып
кететін Қайыпқали сұлтанды тым үркітіп алмау ләзім. Ол
Махамбеттей емес, таққа зәру. Жәңгірдің қауіптенетін

басты жауы сол. Ол бермен қарай өңмеңдеп бақса, Жәңгір
бізге кіріптар бола түседі. Кіріптарлық жүрген жерде ноқта
мен кісенге де орын табылады.
КАЗАК І: Түсінікті. Өте әдемі саяси ойын.

КАЗАК ІІ (ойланып): Жәңгір хан, Махамбет, Қайып­
қали сұлтан... өзара ши жүгірту, ұғындым, атаман. Ал, та­
тарларды ше?
ПОКАТИЛОВ: Бұрынғы тәсілмен қимылдаңдар.

КАЗАКТАР: Құп болады.

– Сау тұрыңыз.

(Покатилов үнсіз бас изейді).
Төртінші көрініс
Хан Сарайы. Қазақы бөлме. Төрде Жәңгір құс көпшікте
шынтақтап ойлы кейіпте жатыр. Бір қырын шетте

күйші отыр. Салалы саусақтары былпыл қағып жанға

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ жайлы майда қоңыр әуенді шертеді. Хан «Уh!» деп қалып бір төңкеріліп түседі. ЖӘҢГІР (басын тіктеп): Күйшім, енді «Ортекені» бір тартшы. (Күйшінің қарсы алдындағы үш аяқты қондырғы үс­ тінде жез табақша. Табақшаның бетінде ағаштан ойып жасаған кішкене киік, яки ешкі мүсіндері. Бәрі басын төмен салып жайылып hәм шөп жұлып жатқан кейіпте. Әлгі мүсіндердің нақ ортасындағы біреуінің ғана дене бітімі қомақтылау. Бұл – ортекесі). КҮЙШІ: Құп, хан ием. («Ортеке» күйі басталады. Күй басталуы мұң екен, саз ырғағына сай селкілдеп, жез табақша үстіндегі киік, яки ешкі мүсіндері билей жөнеледі. Күй екпінімен біресе тұра қашқан, біресе саябырсыған қалып танытады. Тек ортадағы Ортеке ғана маңғаз қалпы әлсін-әлсін басын кегжитіп, иіс аулағандай оқшырайып тұрып алады. Күй­ шінің оң аяғының башпайларына жіп байланған. Киік мүсіндерін сол арқылы қимыл-қозғалысқа енгізіп отыр. Күй екпін ала түсіп кілт үзілді). ЖӘҢГІР: Қол-аяғың бірдей жорға екен, күйшім. Ал, айт, күй соңында ортеке неге сүрініп құлады? КҮЙШІ: Оқ тиді, хан ием. Нақ жүректен. ЖӘҢГІР (орнынан тұрып кетеді): Топ бастаған кө­ семнің қай заманда да қапия ажалдан аман құтылған кезі аз ғой. Рахмет. Өнерің өрге басқай. (Күйші иіліп шығып кетеді. Қолында зерен аяқ қымызы бар Зылиха кіреді). ЗЫЛИХА (мәймеңдей басып ханның жанына келеді): Ойыңызды бөлмедім бе, хан ием? (Жәңгір үнсіз көз та­ стайды). Қымыз ішіңіз. ЖӘҢГІР (сіміріп): Мынау бір бапты қымыз ғой, Зыли­ ха. ЗЫЛИХА (көзін ойнатып): Үлкен тойдан оралғалы сергімей-ақ қойдыңыз ғой. Қай қырыңызға тап болып

қаламыз деп қипақтап-ақ болдық. Әлде жақпас ас іштіңіз
бе? Зауқыңыз болмай жүрген соң қымызды өз қолыммен
ашытып, күбіні қарулы жігіттерге күндіз-түні пістіріп,
ішіне жеңдібілектей сүр қазы мен бір дорба мейіз салды­

рып... Іше түсіңіз. Біздің қолдың дәмін ұмытқан шығарсыз.
ЖӘҢГІР: Ым... жай, жел қармап...
ЗЫЛИХА (жайнақ қағып): Бәріміздің де белімізде
шықпай жүрген жел-құз бар. Қозғалсаң бітті, кілт етеді.

Емі табылса...
ЖӘҢГІР (қабағын шытып): Жә, жә.
ЗЫЛИХА (қағыныңқырап): Ел асып, жер асып тойға
барып қайтқанында әкелген тоташтың қолүздігін алдық.

Құдай-ау, қай бетімді шымшиын. Бар-жоғы бір көйлектік
мата. Оның өзі селдіреп әйнек құсап, денең түгелі, оның
ар жағы тұтас көрініп тұрғандай. Ел-жұрттың көзіне жа­
лаңаш шығарып масқара етейін дейді ғой, жүзіқара...

ЖӘҢГІР: Жә, жә...
ЗЫЛИХА (шараяқты алып есікке беттейді): Құдай-
ай, қай ниетімізден таптық, «жә, жә»-дан басқа адал сөз
естімейтін болдық қой.

(Жібек шапанды, тақия, қалпақты төрт-бес би кіреді.
Ханмен амандасады).
ЖӘҢГІР (суықтау): Төрлетіңіздер.
БИЛЕР: Ат-көлігің аман-есен абыройлы оралдың ба,

Жәңгіржан?

– Алыс сапар, ақ патшаның алды сын ғой, тілегіңді

тілеумен отырдық.

– Он екі қанат ақбоз үйді көріп бек риза болған шығар.

– Ішіне төсеген Иранның қалы кілемі қандай, күн

көзі­не жайғанда қырғауылдың қанатындай құлпырып,
көзіңнің құртын қоздырады.

– Ақ патшаның көрмей жүрген дүниесі болмас...

ЖӘҢГІР: Шүкір. Тәж кию, таққа отыру тойы ой­
дағыдай өтті. Орта жүз бен Ұлы жүзден де игі-жақсылар
шақырылыпты.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БИЛЕР: Ал, хан ием, ақ патша өзіңнің атақ-әбиүрің­
ді аспанға көтеріп, жандарал деген атақ беріпті. Құтты
болғай.

– Исі қазақта бұрын-соңды жандарал болған пенде ба­

ласы жоқ. Төбеміз көкке екі елі тимей қалды. Ұзағынан
сүйіндіргей.
ЖӘҢГІР: Айтқаныңыз келсін.
БИЛЕР: Жандаралдықпен қоса алтын алқасын қоса

тағыпты.

– Құдайдың бергені баюға жақсы, патшаның бергені

айтуға жақсы.

– Аман болсақ алтын аяқтан су ішерміз деген осы, хан

ием.

– Он екі би бас қосып құтты болсын айтуға келгенмен

қабағыңызда татау бар, шікірттеніп қалыпты деп есітіп
іркіліңкіреп қалдық.

– Келерін келген соң аз топпен алдынан өтелік, бас қосар

күнді белгілер деп ойладық.
ЖӘҢГІР: Алла риза болсын.
БИЛЕР: Жандаралдық атағыңызға, алтын алқаңызға
он екіміз бірігіп он екі үйір жылқы атадық.

– Дүние баршылық қой, біздікін көрімдік деп білерсіз.

– Қашанда жіліктің мырза басы өзіңіздікі, қалғаны

бізге жарасқан ғой.
ЖӘҢГІР (ыңғай бермей): Сіздер атадыңыздар, мен ал­
дым. Бек ризамын. Босқа әуреленіпсіздер. Сол қылқұй­
рықтың қажеті болмас.

(Билер аңтарылып бір-біріне қарасады. Өзара кү­бір­
леседі. Жәңгір жүзін теріс бұрады).
БИЛЕР: Ханекемді бірдеңенің шалығы ұрған ба, мұ­
нысы несі?

– Қомсынып отырғаннан сау ма?

– Қой, он екі үйір жылқы қай ындынды да бітер.

– Жә, аңдысын аңдиық.

ЖӘҢГІР: Айтқаным айтқан. Боқ дүниеге алданып етек­
басты боп бекер жүріппіз. Не артыңнан ермеді, не шындап
ерік бермейді бұ қазақ. (Билердің бірі бас шұлғып, екіншісі
жорта мүлги қалады). Толған ай жаңаланбай жатып ел

ішін бүлік жайлапты. Он екі рудың тізгінін ұстап оты­
рып тентек пен теліні есірткендерің не? Әлде құл құтырса,
құдыққа құлап өледінің кері ме? (Билер бағжаң етіп бір-
біріне көз тастайды).

БИЛЕР: Жәңгіржан-ау бұ күнде бүлік таңсық па?

– Исатай өлген соң Махамбет іргелес әлімдерді көтере­

мін деп жалаулатып жүр дейді.

– Патшаның құрығы ұзын деуші еді, соған келгенде кел­

те соға берді.

– Қарауылқожа жалға берген теңіз жағасындағы жатақ

орыстардың да мұрнынан ақ құрт ыршып тұр.

– Онсыз да құйрығын теуіп ойнаған шу асаудай боп

жүрген әлгі Махамбеттің ағаш үйін өртеп жіберіпті.
ЖӘҢГІР: Естігем. Әлгі Әлімбай, Қойлыбай дегендердің
ауылындағы бала өлімі ше?
БИЛЕР (күмілжіп): Иә...

– Періште ғой...

– Пері иектеген кәпірлер өлдім дегеніңе қарай ма?

– Бәрі тоналған керуеннің кесірі.

– Көтерілістің десеңші.

– Қойлыбай байғұстың иегін шоштитып, сақалын кесіп

әкетіпті.

– Қой!

– Тап-таза масқара екен?

– «Жылағанның алдынан өкірген шығады» деген сол.

ЖӘҢГІР (күйзеліп): Болмасты болдырам, көнбесті көн­
дірем деген екен. Әттең дүние-ай! Есті деп жүргендерім өз
пайдасына ғана белі мықты, бесті екен өңшең.
БИЛЕР: Хан ием, (сұрланып) айтқанның аузы, көрген­

нің көзі, естігеннің құлағы жаман атанды ғой бұ заманда.
Кінәнің бір ұшы өзіңде.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Қожадан қатын алдым деп ауыл жағалап, балалардың

шүметегін уқалап жүрген Қарауылға дейін есіртіп қойдың.

– Түбі балағыңа жармасар итті күшік күнінде құртар

болар. Ағайын деп аяп едің, Аллақұлға арқа сүйеп Қайып­
қали сұлтан ауылыңа қайта-қайта қол төңкермеді ме?

– Махамбетті зынданның түбінде шірітер кез талай

келді. Кесікті сөз, кесек іске бармай қойдыңыз.

– Айналып-үйіріліп келіп ауыл қарғасы құсап отырған

бізге тырнақ батырасыз.
ЖӘҢГІР: Бір жағым өрт, бір жағым құлама жар. Шы­
бын жанға бола Алла жар дейтін жайым жоқ. Байыптысын
баптармын, дарақысын таптармын. Сылап-сипағаннан гөрі

күткенім әлгіндей сыншыл да, шыншыл уәж еді. Ертең
намаздыгер мен ақшамның ортасында бас қосалық. Басы
бүтін сөз сонда айтылар. Хош. (Билер сыпырыла жөнеледі).
(Сахна айналғанда дүбір естіледі. «Ортеке» күйі ой­

налады. Жылқы кісінейді. Шайқастан шаршап-шал­
дығып келе жатқан Махамбеттің қолы көрініс береді.
Жараланған, бір-бірін сүйеген, найзалы, қылышты, ай­
балталы, садақты, шитімылтықты топ. Керегеге са­

лып алып келе жатқан ауыр жарақат алғандар да жоқ
емес. Қалың топ сахнадан өтіп бола бергенде соңдарынан
Жәңгір хан да шығады. Үстінде генерал-майор шеніндегі
әскери киім).

ЖӘҢГІР (дауыстап): Әй, Махамбет, тоқта, ат басын
бұра кет. (Махамбет кері оралып ханға бетпе-бет кеп
тұрады). Ит көйлегін бұрын тоздырғанымыз бар еді, қа­
зақы аман-саулықты қаза қылдық па енді?!

МАХАМБЕТ: Ас-салау-мағалейкүм, қожа мен татарға,
қала берді кәпірге қол беріп, алақан жайып, қазақылық ал­
дымен сізден қашқан жоқ па?
ЖӘҢГІР: Уағалейкүм-ассалам, Құран Кәрімде «Жер­де­

гі билеуші – аспандағы Алланың уәкілі» деген сөз бар. Бір
сәлемді беруге де, алуға да татитын құнымыз бар шығар.
МАХАМБЕТ: Әлбетте.

ЖӘҢГІР: Исатай осы тұрған екеумізге де аға еді, иманы
жолдас болғай.
МАХАМБЕТ: Батырдың құны мен батасының бұлына
жетсеңіз ұзын жолдың үстінде жарты ауыз сөзбен жары­

тымсыз көңіл айтпас едіңіз.
ЖӘҢГІР: Еңкейме есігі, шалқайма төрі таптырмас,
ұшып-қонып жүрген шаңырақтың артынан қуалап жүріп
бата оқығанды қайдан көрдің, Махамбет?

МАХАМБЕТ: Жерден безсек те, елден безген жоқ едік.
Ендеше сақалын кестірген Қойлыбайға да көңіл айты­
ңыз. Немересі шейіт кеткенмен, өзі тірі. Дұшпан жеңген
жауының екі көзін жылау үшін аман қалдыратын әдеті

емес пе?
ЖӘҢГІР: Әй, Махамбет, шалқақ басып, асқақ жүріп
болдың. Мәміле басын түйейік. Екі даушы бір келсе, ама­
лыңның кеткені, екі ауру бір келсе, ажалыңның жет­кені.

Барар жер, басар тауды қуықтай екі өзеннің арасымен
өлшеме. Бұл өңірге екеуміз тебіссек сиярмыз. Өзге тепсе
өрісіңнен шығарар.
МАХАМБЕТ: Сауырыма тиетіні жаттың тұяғы ма,

жақынның тұяғы ма, аяйтын тұщы етім қалған жоқ (кету­
ге ыңғайланады).
ЖӘҢГІР: Қайт райыңнан, Махамбет. Қара орманға
қарсы көтерілген оңбас, қисық мүйіз өгіздей қыңыр міне­

зің басыңа бақ боп қонбас.
МАХАМБЕТ: Алмас кездік шабуға бар, қайтуға жоқ.
ЖӘҢГІР: Бұ қазаққа өзің хан болсаң не шапағат көр­
сетер ең? Байламы жоқ сөзін бағасың ба, бәтуасы жоқ ісін

бағасың ба? Сені құртсам халықтың азасына қалам, мені
құртсаң патшаның назасына қаласың. Қайт, Махамбет,
райыңнан, қайт.
МАХАМБЕТ: Аллаға берген антым, адамға берген

уә­­дем бар. Ендігі жерде хан айтты деп ақ жолдан тайып,
күнә­кар атана алмаспын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖӘҢГІР: Жолдың бәрі соқпақ боларын, мойның –
қазық, кәлләңа тоқпақ қонарын сезсең нетті, Махамбет!
МАХАМБЕТ: Соның бәріне төзіп бағар ер жүректі қия
гөр, Алла! Хош, тағы да хош. (Махамбет жүріп кетеді).

ЖӘҢГІР (булығып өңір тиегін ағытады): Ұрынарға
тау таппай, соғысарға жау таппай кетті ме, тағы да...
Түсінбеді-ау жаттық пиғылымен шырқыраған жанымды!
Кім қалды мынау әзіз дүниеде? Бар ма сүйінсем сүйеніш,

жантайсам таяныш болар біреулерің?! (Құлашын жайып
қақ ортада тұрған ханның жан-жағынан алты топ шы­
ғады. Олар – орыс әскері (казактар), Қарауылқожа, та­
тар молдасы, көтерілісшілер, әйелдері, билер, шәкірттер.

Ханды жаймен қаусыра түседі. Осы сәтте баяғы бесікте
жатып қылышпен шабылған сәбидің шар етіп жылаған
даусы естіледі. Бұл дауыс – Жәңгірдің жан-дүниесінің дау­­
сы еді). Әкем Бөкей хан (алабұртып) «жиғаның бұ­йыр­-

сын, ұлым» деп жатып бақи кешкен. Талайы кәусар кө­
ңілімнің қанатын күйдіріп кетсе де бұл пәнидегі бұлағай
дәуренде қимайтындарым да бар екен. Ал, жиғаным ше?
(Жан-жағындағыларға қарайды) Түйежапырақтың көлең­

кесіндей қысқа күнге қырық құбылған дос-жаран жиып­
пын. Көз аясына сыяр жерден әріні көрмейтін қас-дұшпан
жиыппын. Күйектей сақалы мен атадан қалған мақалынан
басқа дәнеңесі жоқ бай мен би жиыппын. Қызыл өрттей

шарпыған
қызғаныш
жиыппын.
Көзін

күлмеңдетіп
қыз-қатын жиыппын. Оңған бөздей атақ-абырой жиып­-
пын. Жиған-тергенің осы болса!.. (Өзгесі сахнаның әр
түкпіріне сіңіп жоғалады да, тек шәкірттері ғана қа­

лады. Шәкірттерді құшақтап, алға бір-екі қадам баса­
ды). Маған жеткізбей кеткен арман сендерге ұстата қойса
жақсы. Маған талай жер соқтырған өкініш сендерден ау­
лақ қашса жақсы.

Болашақтарым-ай менің!
Шымылдық

АЙНА-ҒҰМЫР БАС (Махамбеттің өлмес рухына арнадық) Екі бөлімді, төрт көріністі драма Қатысатын кейіпкерлер: 1. НОЭЛЬ – антрополог 2. ҚҰРАҚ – ауыл шалы 3. ДӘУРЕН – жігіт 4. ЫҚЫЛАС ТӨЛЕЕВИЧ – бастық 5. ҚАШҚАРИЯ – әйелі 6. АЙЫМ – қызы 7. БАЙМАҒАМБЕТ АЙШУАҚОВИЧ – министр 8. ҚАЙЫПҚАЛИ ЕСІМОВИЧ – профессор 9. ҚАРАУЫЛҚОЖА – ауыл әкімі 10. ИСАТАЙ – оппозиция мүшесі 11. МАХАМБЕТ – ақын, маскүнем Пьесаға мұнан өзге Махамбеттің, Баймағамбет сұл­ танның, Қайыпқали сұлтанның, Ықыластың рухы және көпшілік, т.б. қатысады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші бөлім

Бірінші көрініс
Сахна ашылғанда Ноэльдің шеберханасы көрініс бе­
реді. Сөреде, жарда, жерде антропотология ғылымына
қа­тысты заттар, бас сүйектер, мазар суреттері тұр.

Ноэльдің өзі майшам жағып столда отыр. Шаршаулы,
жағын таянған. Қарсы алдында тұғырда бір бас сүйек тұр.
Бұл – Махамбеттікі. Оның жанында гипстен жасалған
бас сүйектің ет жамалған нұқасы. Тек сақалы ғана жоқ.

НОЭЛЬ (орнынан тұрып бас сүйектің жанына таяй­
ды): Ма-хам-бет. «…Ерлердің, басы қайда қалмаған?»
Қайран, Маха. Сенің басың Қаройда қалды. Кеңсайда жат­
саң ше? Жақсылармен қол ұстасып, шеп құрып... Жо-жоқ,

Маха, ол саған жараспайды. Әрі шабылған баспен олар­
дың арасына кіре алмайсың. (Бас сүйектің желке тұсына
үңіліп сипайды) Бір, екі, үш мәрте қылыш тиген. Әлде ай­
балта. Айтылмай қалған соңғы сөзің қандай екен?! «Қатын-

баладан аулақ!» (Бас шайқайды) Жо-жоқ! «Қабырғалы
қалың жұртым, қайдасың?» Кел-мейді. «Қаумалаған қа­
рындас қазақта бар да, менде жоқ» дегенсің тіріңде. Соны
біле тұра кімге сендің, Маха? А-а?

(Бүйірдегі есік ашылып, кофе ұстаған әйел ішке енеді).
ӘЙЕЛ (кофесін тарс еткізіп столға қояды): Жынды
боп кеттің бе? Ертеңді-кеш қу баспен сөйлесіп? Көр қазып
бір әуре, саудыраған сүйекті мүсіндеймін деп екі әуре. Енді

онымен сырласып үш әуре. Бұл не сұмдығың?!
НОЭЛЬ: Енді сәл қалды. Сақалы, сақалы…
ӘЙЕЛ (шаптығып): Өй, тап сақалын… Москваға
көшеміз дегелі үш ай… Пәтер дайын, қызың телефоннан

түспей зарлап отыр. Қал онда қу басты құшақтап. Күні
ертең поезға мінем…

НОЭЛЬ (жанығып): Эленора, бір күн мұрсат бер. Бәрін
бітіремін де, басты басшыларға тапсырамын. Все! Кетеміз.
(Әйел етегін теуіп тастап ашулы қалпы шығып кетеді).
Уh! (Бас шайқап күрсінеді). Ертең күні Атырау мен Алма­

тыда қойылар ескерткіш осыған қарап жасалады. (Қолына
картоннан қиып қараға боялған сақал кесіндерін мүсіннің
иегіне апарып өлшей бастайды). Тәк, күйек сақал, үй­
леспейді, ұзын сақал, батырдікі емес, бидікі, селдір сақал –

әлжуаздікі.
Аллакем ақындық пен батырлықты Махамбеттің бір ба­
сына қиғанда, мен, антропотолог Шаяхметов, осы екі ұлы
қасиетті ұйытып ұстап тұрар бір сақал жасай алмағаным

неткенім?
(Шаршап столға отырады да, маужырай бастайды,
сахна жарығы да көмескіленіп барып сөнеді. Шеттен
дөңгелек ойма жарық пайда болады. Жарықта – тұтас

ақ кебінге оранған бассыз Махамбеттің елес-бейнесі. Жа­­
рықпен бірге жылжып, бір басып, екі басып столға тояй­
ды. Ноэль қалғып кеткен. Елес-бейне жанына кеп тұ­
рады. Жарық пен елес-бейне пайда болғаннан бастап Ма­

хамбеттің өлеңі сахнаның сыртынан оқылады. Өлең
терең күрсініспен оқылып тұрғанда бәсең қимылды
қылыш, найзаның қақтығысы, аттың кісінегені, тұяқ
дүбірі, жанталасқан дауыстар талып естіліп тұрады).

…Адамы қойдай қырылып,
Құлазыған жер қалды-ау!
Қиқулап құстар қонатын,
Суы тұнық көл қалды-ау!

Тәрбиелеп өсірген
Ата мен ана бұл қалды-ау!
Бұлардан енді қимайтын
Енді менің нем қалды-ау!..

Ақ жүрегін тебірентіп,
Ер көңілін желдентіп,

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ақ сүйектің баласын
Қара ұлына теңгертіп,
Қоңыраулы найза өңгердім,
Жетімдерге жем бердім,

Жесірлерге жер бердім,
Ақырында, дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім?!
(Елес-бейне өлең оқылып болғанда столға бір затты

тастайды да, ғайып болады. Ноэль шошып оянады).
НОЭЛЬ (абдырап): Бұл кім, тәңірім-ау? «Бассыз салт
атты» құсап келген? Мынау не? (Елес-бейне тастаған зат­
ты столдан көтереді) Сақалы несі? Тоқта, тоқта, кәне?

(Сақалды тарамдап мүсінге жапсырады). Міне, осы­лай,
қатып кетті. Түуh, әлденеше күн азапқа салғанда… (Мү­
сінді айналдыра қарап, сұқтанып) Осы бейнеңмен қал,
Маха, қазақтың көзінде, көңілінде, жүрегінде! Мен шар­

шадым. Қажығаным сондай, елестер иектеді мені. (Мүсінді
қос қолдап жоғары көтереді) Разы бол маған!
(Сахна айналғанда басты ақ матаға орап алған Ноэль
Республикалық мәдени және тарихи ескерткіш­тер­ді

қорғау қоғамының басшысы Ықылас Төлеевичке келеді.
Төрде Ықылас Төлеевич отыр).
НОЭЛЬ: Ықылас Төлеевич, сәлематсыз ба?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Саламат, Ноэль Жұмабаевич, саламат

(маңғаз қалпы). Ал, көш көлікті болсын.
НОЭЛЬ (қолындағысын столға қойып): Рахмет.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Республикамызды басқарған жарық­
тық Жұмекең ақсақалдың ұлы, өзі Ресейге көшіп бара­

ды. Құрметпен шығарып салайық деп жоғары басшылық­
қа құлаққағыс еттім. Ал, өзім Мәдени және тарихи ес­
керткіштерді қорғау қоғамының Құрмет грамотасын әзір­
леп қойдым.

НОЭЛЬ: Рахмет. Марапатқа зәру емеспін, Ықылас Тө­
леевич, тығыз шаруам бар. Рұқсат болса…

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Айт. Қоғамға қатысты болса, шешуге
әзір­міз.
НОЭЛЬ: Именно осы қоғамға қатысты. Махамбетттің
мүсінін қалпына келтірдім, оны өзіңіз білесіз…

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: О, Махамбет Өтемісовичті ме, білмеген­
де ше. Ұлы ақын, қазақ халқының мақтанышы ғой.
НОЭЛЬ: Дұрыс айтасыз, ұлы тұлға… Көтеріліс көсемі.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Оған сөз бар ма, бауырым! Жалғыз қы­

зым Айым осы Махамбет творчествосынан қорғағалы жүр.
НОЭЛЬ: Үлкен жаңалық. Тақырыбы қандай?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: «Махамбет өлеңдеріндегі бостандық са­
рыны». Тақырыбы қатып тұр енді. Ал, жетекшісі – атақты

академик Қайыпқали Есимович.
НОЭЛЬ: Құтты болсын. (Ораулы затты қозғап) Ал,
енді…
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Иә, иә, тездетіп шаруаңа көш.

НОЭЛЬ (орауды жазып): Мынау – сол өзім қазып алған
Махамбеттің басы.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (шошып): Астапыр-алла, не дейді! Жап,
жап орауын. Құрсын!..

НОЭЛЬ (таңғалып): Бастан несіне шошыдыңыз?
(Қолына алып Ықылас Төлеевичке қарай беттейді). Он
шақты тісі тірісінде түскен. Желке сүйекте айбалтаның
үш бірдей ізі бар. (Төмен қараған қалпы) Міне, бір, екі…

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (стол айналып қашып): Таста, атаңа
ғана нәлетті. Адамның иманын ұшырмай. Ғалым, ғалым
дегенге осылардың есі ауып кеткен-ау деймін.
НОЭЛЬ: Ықа, айнала қашпасаңызшы. Өзіңіз әлгінде

ғана мақтаған ұлы ақынның басы ғой.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (ит көрген текекөзденіп): Ну и что?
НОЭЛЬ: Қазақ халқының мақтанышы… Қызыңыз
қорғайын деп жатыр.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Әкет, әкет, жасыр, жап. (Алқымын
ашып, су құйып ішеді) Сендер бар ғой, (саусағын безеп)
сендер! Айдың-күннің аманында кісіні шошытып өлті­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

рерсіңдер. Өңшең жынды! Тып-тыныш отырған кісіге
қарай қу басты ала шауып, ала жүгіріп… Сендер ме, сен­
дер!..
НОЭЛЬ: Мен міндетімнен құтылдым, Ықылас Төлее­

вич, енді ақынның басын Сіздің мекемеге тапсырамын.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (тағы шошып): Қалайша? Не үшін?
НОЭЛЬ: Солай. Москваға алып кетпеймін ғой.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Сонда мәдени... (тұтығып) тарихи ес­

керт­кіштерді қорғау қоғамы қу бас жинайтын орын ба?
НОЭЛЬ: Сіз қорғап отырған сол мәдени, тарихи ескерт­
кіштер шындап келгенде адам сүйегінің үстіне салынған
мазарлар ғой.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Ал, салынсын.
НОЭЛЬ: Сонда сіздерге үсті керек те, астында жатқан боз­
дақтардың құны көк тиын болғаны ма?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Әй, слушай, сен маған жөн айтуға шық­

тың ғой. Кімсің сен өзі?
НОЭЛЬ: Махамбеттің қасында түк те емеспін. Бұл бас –
(кетуге ыңғайланып) Қазақстанның байлығы. Осында қа­
луға тиісті. Ал мен…

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (жанталасып): Тоқта, Ноэль, мен
қазір… Мәдениет министрі Баймағамбет Айшуақович­пен
ақылдасып алайын. (Ноэльге жаратпай қарап) Осы сен­
дердің шырт етпе мінездерің-ай, алашапқын асы­ғыстық­

тарың-ай. (Телефонды тере бастайды). Мұндай жауапты
шаруаны байыппен, ақылмен шешу керек. Алло, әлө, ас-
салау-мағалей-көм, Баймағамбет Айшуақович, бұл мен
ғой. (Елпілдеп) Иә, иә деймін. (Қыт-қыттап күліп) Тап

солай деді ме? Осы сіздің үйдегі жеңешем тура бар ғой, да­
нышпан. Іи, құйттай қолғабысымды… Сіздің көлеңкеңіз
кең-ау, рулы ел сыйып кеткендей. Шіли өнеге ғып айтып
отырамын (қыт-қыттап күледі). Иә, көп шаруа жоқ,

Баймағамбет Айшуақович, әлгі Махамбет ақынның басы
бар ғой, ана бір жылы Ноэль Шаяхметов қазып алып мүсі­-
нін жасаған… Ол бас әлі күнге Алматыда не бітіріп жүр

дейсіз бе? (Ноэльге ежірейіп қояды) Енді сөреде тұрып
қалған да… Соны Ноэль бізге тастап кетемін дейді… Ақын­
ның аяу­лы басы ғой, соны Мәдениет министрлігі алып
қалмас па екен деп звондап отырғаным. Өзіміз де қимаймыз,

берсек тек сіздің беделіңіз үшін ғана береміз. Өйткені ол
Махамбет Өтемисовичтің әзіз басы ғой… Мәдениеттің басқа
қатысы жоқ дейсіз бе? Академияның тарих және этногра­
фия институты алмай, Ноэльға қолтықтатып жіберіпті.

Япыр-ай, а?.. Ал, сау болыңыз. (Ноэльға кіжініп) Осы сен­
дер ме, сендер, тыныш жатқан басты көрден қазып алып…
(Ішке баса-көктеп ақын кіреді. Бұл кәдімгі алматылық
Махамбет ақын. Әдеттегідей қызғын. Адуынды. Үсті-

басы алқа-салқалау). Әй, шырағым, жай ма? (Жаратпай)
Баса-көктеп. Бұл мемлекеттік мекеме ме, әлде…
НОЭЛЬ (жүзін жылытып): О, амансыз ба, Махамбет
ақын?

МАХАМБЕТ: Аманбыз, бауыр. (Ықыласқа қарап)
Көкемнің қабағы келіспей тұр екен.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Үлкен орынның үлкен жауапкершілігі,
міндеті болады, шырағым. Ол көше айнала беріп бір жар­

тыны бөліп ішу емес. Басымыз қатып отыр.
НОЭЛЬ: Өткенде оқыған өлеңіңіз... Енді сұмдық. Қалай
еді, Маха?
МАХАМБЕТ: Шарап ішіп шалықтадым, ол анық.

Қанатсыз да қалықтадым, ол анық.
Өлең жазып арықтадым, ол анық.
Өмір сүріп жарытпадым, ол анық.
Дүниеге іңкәр болған жүзімді

Топырақпен көміңдерші мола ғып.
НОЭЛЬ: Классика!
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (осқырынып): Көміңдер де көміңдер,
бұл не пәле, а? Ал, көмсін. Қазып алсын.

МАХАМБЕТ: Ықылас, мендей ақын молаға сыя ма?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Симағанның кесапатын көріп отырмыз,
сенсіз-ақ. (Қалтасынан ақша шығарып ұсынады) Мә, ша­
рап іш те, шалқи бер. (Ноэль басты нұсқап ұмсынғанмен.
Ықылас Төлеевич қабағымен жасқап тастайды). Иә, әлгі

тақпағың, шынында да, жақсы екен. Ал, хош…
МАХАМБЕТ: «Мы вольные птицы, пора, брат, пора» де­
ген Пушкин. Хош.
НОЭЛЬ: Ал, Ықа, рұқсат етсеңіз мен де алыс жолға жи­

налуым керек.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Әй, сонда мен мына қу басты қай қажеті­
ме жаратамын, а? Бәрің бірдей тастап қашып. (Есіктен
профессор Қайыпқали Есімов ене береді). Ошағыма тас

етем бе? (Аяқ астынан елпілдеп) Оу, Қайыпқали Есимо­
вич, құр­меттім, сәлематсыз ба, төрлетіңіз. Кәне, кәне, бы­
лай. Қиналғанда жететін періште секілдісіз-ау.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Есенсіздер ме? Әлгі Махамбет деген бе­

рекесіз ақынды көргем көшеден, бір қағусыз кеткен пәле
ғой, тек ілінісе кетеді. Жарықтық, ана Махамбеттің де
мінезі сондай болды деуші еді. Жайына жүрген кісінің
басын­да бұ жұрттың не шаруасы бар?!

НОЭЛЬ (мысқылдап күледі): Ендеше, міне, сол бас.
Қ. ЕСІМОВИЧ (таң-тамаша қалып): Қойшы, рас па?
(Басты айналдырып көреді. Тісін санайды). Әлгі өзің
қазып алып зерттейтін бе? Міне, тарих. Тірісінде жүген-

құрық тигізбеген асау ақынның басын ұстап тұрмыз.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (профессордың ыңғайына жығылып):
Рас, бәрі ғылымның еңбегі.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Атақты антрополог Герасимовтың адал

шәкірті ретінде ғылымға көп еңбек сіңірдің, бауырым.
Махамбет деген (көзілдірігін түзеп) ұлы тұлға. Жалау­
гер ақын – Исатайдың серігі. Халқымыздың мақтанышы.
(Саусағымен аспанды түртіп) Сен соны тірілттің.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Міне, аталы сөз! (Басты сипап) Дәті
жетіп қалай шапты екен, иттерің!?
Қ. ЕСІМОВИЧ: Несін айтасың?..

Ханым, ханым дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көпірте берме ұртыңды, –
деген ғой қасқайып.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (қомпылдап): Пау, пау, шіркін! Айтқыш
қой. Ал, Қайыпқали Есімович сізден бір өтініш, осы Ма­
хаңның басы өзіңіз басқаратын әдебиет пен өнер институ­
тында тұрса қайтеді?

Қ. ЕСІМОВИЧ (басты итере салып): Жо-жоқ! Бастың
әдебиет пен өнерге қандай қатысы бар? Тіпті байланысы
жоқ қой.
НОЭЛЬ (Қайыпқали Есімовичке): Осы сіз доктор­

лығыңызды да Махамбет поэзиясынан қорғаған жоқ па
едіңіз?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (емпілдеп): Иә, тап солай.
Қ. ЕСІМОВИЧ (жаратпай ажырайып): Ал, ол – поэзия,

ал, бұл – бас. Кәдімгі қу бас. Все!
НОЭЛЬ: Сол поэзиясы түскір осы бастан шыққан жоқ па,
ағасы-ау?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (құптап): Шыққан. Тасқын судай ағы­

лып шыққан.
Қ. ЕСІМОВИЧ (қулыққа көшіп): Рас. Бәрі рас. Бірақ
сендер мынаны білесіңдер ме? (Маңғазданып) Гераси­
мов Ақсақ Темірдің зиратын ашарда өзбек шалдары зар

жылаған. «Аша көрме, бұл соғыс құдайы сынды. Қозға­
саң бітті соғыс басталып кетеді» деп. Тарихи шындық.
Ал, ертеңіне фашистер елімізге басып кірді. Осыны ұмыт­
паңдар!

НОЭЛЬ: Махамбеттің көрі қазылғалы аттай он жыл бол­
ды, әзір еліміз тыныш.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Бейбітшілік. Сасар дәнеңе де жоқ.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Жо-жоқ (басты әрі ысырып). Бұл

сол тұрған, сақталған жерін де бүлдіріп кетуі мүмкін.
Қиратқыш күш қой. Ал, өлеңдері ше, оны зерттейміз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ұрпаққа мұра, ұлтқа ұран. Қорғаймыз, қолдаймыз. (Ықы­
лас Төлеевич енді не істедім дегендей жанындағы екеуге
жаутаңдап қарай береді. Осы кезде ішке осы мекеменің
қарауылы Дәурен кеп кіреді).

ДӘУРЕН (әрі қаймығып, әрі ызалы): Ағалар, ке­ші­рі­
ңіздер, ақынның басын маған бересіздер ме, мен сақ­тайын.
Жастайымнан өлеңіне де, өзіне де табынып өскем…
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (қуанып кетіп): Сен әлгі біздің қарауыл

баласың ба? Ой, айналайын…
Қ. ЕСІМОВИЧ (құтылғанына қуанып): Әне, біздің
болашағымыз қандай кемел! Ағаларының өкшесін басып
желкілдеген жас буын өсіп келеді.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (Ноэльға қолын ұсынып): Ал, сәт сапар.
Құрмет грамотаңды артыңнан салып жіберермін.
НОЭЛЬ (басты ақ матаға орап Дәуренге ұстатады):
Саған аманат, бауырым.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Дәурен қарағым, осы бетте пәтеріңе
алып кет, үйіңе сақта. Атаңның аруағы желеп-жебеп жү­
реді.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Пәле-жәледен аулақ боласың. (Ноэль­дің

жүзіне мысқылды күлкі жүгіреді, бас шайқайды, ал Дәурен
ақ матаны қолтықтаған қалпы қаздаңдай басып есіктен
шыға береді).
Екінші көрініс

Ауыл әкімінің кеңсесі. Төрде әкім Қарауылқожа Баба­
жанов отыр. Алдында таяқ ұстаған шал. Ашулы. Бұл –
Құрақ. Махамбеттің туысы, әрі бастың жоқшысы.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ой, ақсақал (өз-өзінен шаршап).

Өткен жолы ұры алған жылқыңды іздеп елді бөрліктірдің.
Бұ жолы әлгі ғалымдар қазып әкеткен Махамбеттің басын
іздеп шәт-шәлекейімізді шығарасың. Адам бір пайғамбар

жасына жеткен соң, байыз тауып, Алладан қу жанына
тыныштық тілемес пе? Жоқ, біздің ауылдың шалдары әй­
теуір екі қолға бір ермек тауып алғыш.
ҚҰРАҚ: Шырағым, Қарауылқожа, менің ала алмай

жүрген ұзында өшім, қысқада кегім жоқ. Атамның басы
қайтадан қабіріне жерленуі керек.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Оны алматылық ғалымдар бере ме
бізге? Алтынмен аптап, күміспен күптеп бір жерге қойған

шығар.
ҚҰРАҚ (мырс етіп): Алтынмен аптап... Қараусыз әр
жерде қалды деп естимін. Жоғалып кетер...
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ит өлген жерге сіңір создырып ба­

ратын қаражат қайда, ақсақал-ау? (Екі алақанын жаяды)
Ақша жоқ. Бюджет бас іздеңдер деп ақша бермейді. (Теле­
фон шырылдайды). Алло, әлө, Мәмеке, ассалау-мағалей-
көм. Сіз екеніңізді түскен звоноктан-ақ танимын ғой. Иә,

иә (жалтақтап). Телефоны түскір кісінеп қоя береді.
(Жағымпаз күлкі. Пауза). Үйленгелі жатыр ма? Ой, аза­
мат. Қайдан дейсіз?.. Өскеменнен. Пау, Алтайдың аруы
десеңізші! Әне, болар бала боғынан деген. Құдалыққа...

(Пауза). Бас құда болып барам. Бұл мен үшін шексіз
құрмет қой, Мәмеке-ау. Жаным ұясында болса барам. Сіз
үшін құда емес, Құдайдың алдына да туралап жетермін.
Е-е-ех! Солай, солай. Ал, хош. (Телефонды қойып, Құрақ

шалға жаратпай, тыжырынып қарайды).
ҚҰРАҚ: Әй, Қарауылқожа, үкімет Махамбеттің басы­
на ақша бөлмесін. Ал мына жатқан атақты Мұрат Мөңке­
ұлы, Малайсары, Дәрі, Қара, Итемгендердің зиратына неге

белгі орнатып, жаңартпайсыңдар? Көз алдарыңда тұр ғой.
Ойдан-қырдан қырғын халық кеп түнеп, тәу етіп жатады.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ақсақал, мұсылманның дәстүрінде
зират жаңартуға болмайды. Шариғат қоспайды.

ҚҰРАҚ: Өй, сен де бір... (Таяғын еденге тарс еткізіп).
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Жата берсін. (Қолын сілтеп) Жа­
ңартсаң өлім тілейді. Босқа рәсуә боламыз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚҰРАҚ (налып): Атыңнан садаға кетейін, алты алаш­
тың ардақтылары-ай...
ҚАРАУЫЛҚОЖА (күбірлеп): Тууын әр жерде туып,
өлгенде бір жерге жинала қалғанын қарашы, иттердің.

(Дәлізде дау-айқай көтеріліп, ішке қолына алабажақ ту
ұстаған ауыл оппозициясының жетекшісі Исатай кіріп
келеді. Екпіні тау жығардай).
ИСАТАЙ (артқы есікке қарап): Өй, өңшең атаңа нә­

лет! Құдайдан сұрап алған жалғыз әкімімізге кіргізбеймін
деп... Көрдің бе?.. Топалаң болған қойдай қылармын.
ҚАРАУЫЛҚОЖА (орнынан тұрып): Әй, Исатай, бұл
не қара дауыл көтеріп... Туыңды бұлғап...

ИСАТАЙ (Құраққа): Ассалаумағалейкөм, аға (қол бе­
реді). Амансыздар ма, жеңешем қалай, қуатты ма?
ҚҰРАҚ (кәдімгідей қомпаңдап): Шүкір, шүкірміз, шы­
рағым.

ИСАТАЙ (Қарауылқожаға): Сіз бірдеңе дедіңіз бе?
ҚАРАУЫЛҚОЖА (кіжініп): Кімді топалаң болған қой­
дай етпексің, а?
ИСАТАЙ (туын бұлғап): Демократиядан қия басқан­

ның бәрін де.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Әй, өй, оппозициялық деп өйтіп тай­
раңдай берме. Ортақ тәртіп бар. Заң зәкөн бар.
ИСАТАЙ: Дұрыс. (Еліріп) Тәртіп ортақ. Талап бірдей.

Ендеше, бюджеттен ақша қаралды, неге ауылға газ
жүрмейді? Әлі күнге қи жағып көңірсіп отыр. Су құбыры
неге тартылмайды, құдықтың ашып кеткен суын ішіп,
жұрт безер болды? Ал, әлгі ортақ тәртіп қайда? Кәне,

көрсет көзіме!
ҚҰРАҚ: Өй, аузыңнан айналайын (еміреніп, емпеңдеп).
ҚАРАУЫЛҚОЖА (Құраққа кіжініп): Өй, сіз де бір...
ИСАТАЙ: Алақандай елді алалайсың. Шопыр ғып

балдызыңды алдың. Хатшың – құдашаң. Бухгалтерің –
көңілдесің... Көршің...

ҚАРАУЫЛҚОЖА (тұра ұмтылып): Ой, атаңа нәлет.
Көзіңе көк шыбын үймелетейін...
ҚҰРАҚ: Ал, Махамбет үшін ақша жоқ деп алақан
жаясың. Құдалыққа табар ең...

ИСАТАЙ (Қарауылқожаға тап-тап беріп): Қаңғып кел­
ген ит. Саған қор еткенше, өзім барып алып келем ол басты.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Махамбетіңмен қоса құры, зәнта­
лақ.

ИСАТАЙ (туды жарға сүйеп): Не дедің? Қайтала...
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Оттама.
(Қарауылқожа мен Исатай жағаласа кетеді. Жеңім­
пазы анықталмас қазақы төбелес басталады. Құрақ –

арашашы. Әр түрлі одағай дауыстар естіледі. Стол
құлайды, ту жығылады. Сырттан бір еркек пен екі әйел
кеп ажыратысады. Сахнада жарық сөніп, қайтадан
күңгірттеніп жанады. Ортада Махамбеттің кеудеден

жасалған шағын бюстісі тұр. Беті ақ пердемен жабылған.
Айналасы гүл ұстаған қаумалаған халық. Орталарында
Баймағамбет Айшуақович, Қайыпқали Есімович, Ықылас
Төлеевич және қызы Айым бар. Бәрі де үлкен басшыны

күтулі. Топтың шет жағына ораулы басты ұстаған
Дәурен де кеп тұрады. Елеусіз. Ақын Махамбет топтың
ортасында).
МАХАМБЕТ (даусын естірте): Түнде Махамбет бабам

түсіме еніп: «Әй, Махамбет», – деді маған. «Менің атымды
саған тегін қоймаған шығар. Кәне, өлең оқы», – деді. Шо­
шып оянып...
Б. АЙШУАҚОВИЧ (маңғаз қалпы, ернін шүйіріп):

Осы қазақ түс көргіш. Қағаз күйелегеннің бәрі Әуезовпен
қолтықтасып жүріп, Айтматовтан бата алып жатады (кеңк-
кеңк күледі. Біраз жұрт қостайды). Ал, бізге ешкім аян
бермейді.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Баймағамбет Айшуақович, өте дұрыс
айтасыз. Өйткені сіз мынау өмірге реалистің көзімен
қарайсыз. Ал, бұлар қияли бірдеңе. Шатып-бұтып...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қ. ЕСІМОВИЧ: «Түс – түлкінің боғы» деген. Білмесе бұ
қазақ айта ма?
МАХАМБЕТ (өзеуреп): Жо-жоқ, мен келіспеймін...
Бабама арнап өлең жаздым. Оқимын қазір... (Қойнынан

қағазын суырып).
Б. АЙШУАҚОВИЧ (қолын сілтеп): Жә, оқырсың, қоя
тұр. Бірдеңе десең осылардың-ақ арқасы қозып кетеді.
Үлкен басшы келсін. Сосын.

Қ. ЕСІМОВИЧ: О кісі жәй кешікті ме екен?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Үлкен кісі болмаса қай шараның да сәні
кем ғой.
(Баймағамбет Айшуақович ұялы телефонын құлағы­

на тосады).
Б. АЙШУАҚОВИЧ (елпілдеп): Жарайды, бопты, үлкен
кісі айтса бізде не жан қалады. Құлдық, құлдық. (Дереу
маңғазданып) Мырзалар мен ханымдар, үлкен кісі аса

маңызды шарадан босай алмай, Ұлы ақынның бюстісін
ашуды маған аманаттапты. Кәне, айнала қаумалаңдар.
Тек, Махамбет Өтемісов 1804 жылы туып, айы-күні бел­
гісіз, 1846 жылы опат болған. Ұлы ақын. Исатай Тайма­

нов екеуі шаруалар көтерілісінің басшысы атанған. Біздің
еркіндігіміз бен бостандығымыздың негізін қалаған. Үлкен
еңбек пен ізденістің арқасында осы бюстіні жасаттық. Осы­
ны ашуға рұқсат етіңіздер.

ДӘУРЕН (күбірлеп, мысқылдап): Хм, үлкен ізденіс.
(Басты кеудесіне қыса түседі. Баймағамбет Айшуақович
ақ пердені түсіреді. Ақынның жүзі көрінеді. Жұрт ду қол
соғып тамашалайды. Гүл қояды).

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Ендігі сөз профессор Қайыпқали
Есимовичке беріледі.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Жиналған жамағат, жастар, мен Ма­
хамбет өмірі мен шығармашылығын ғұмыр бойы талмай

зерттеп келемін. Кандидаттығым мен докторлығымды осы­
дан қорғадым. Жалғыз мен емес, бүкіл қазақ Махамбеттің
рухы алдында қарыздар. (Орамалын алып көзін сүртіп, бір

сіңбіріп тастайды). Көңілімнің босап кеткенін қарашы.
Бүгін бір борышымыздан құтылып тұрмыз.
(Бір журналист қыз қолына микрофонын ұстап шыж­
бақтап профессордың алдына жетіп келеді).

ЖУРНАЛИСТ ҚЫЗ: Құрметті профессор мырза, Ма­
хамбет Өтемісович неше әйел алған? Бұл бірінші сұрағым.
Қ. ЕСІМОВИЧ (жекіріп): Оның қатынын кім санап­
ты! Өзі ақын болса, өзі жорықта жүрсе... А?.. Төплиі

қисайып жүріп-ақ тесік моншақ тастамайтындар аз ба?
Сұ­рағының түрін. Салғаннан алқымнан алып... (Журна­
лист қыз көптің ішіне сіңіп кетеді). Міне, менің шәкіртім
Айым Ықыласовна (Дәуренмен қатар тұрған қызды

нұсқайды) қандай әдепті бала. Аспирант. Бұйырса, «Ма­
хамбет өлеңдеріндегі бостандық сарыны» деген тақырып­
та қандидаттық қорғайды. Қайдағы бір қиякелді сұрақ
қоймай, осы құрбыларыңнан үлгі алыңдар.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Тағы кім сөйлейді? Кәне, ұлы жиын
үстінде тартынбаңыздар. (Қозғалыс).
ДӘУРЕН: Махамбет аға өлеңін оқысын.
(Көпшілік: «Оқысын», «Оқысын», «Тыңдайық», «Арқа­

лы ақын», «Рұқсат»).
МАХАМБЕТ (жұлқынып ортаға шығады): Журналист
қарындас, сұрағың орынды. Махаң (бюсті алақанымен
қағып) екі әйел алған. Несібелі жау қолына түскен соң Ти­

панды алған. Екеуі де ақ некелі. Біздер ғой, алғашқысын
алып, қалғанын жорға жүріске салатын.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (күбірлеп): Тіліңе шоқ түскір!
Қ. ЕСІМОВИЧ: Ол әлі дәлелдеуді керек ететін шындық.

Б. АЙШУАҚОВИЧ (қабағын шытып): Ал, оқы, әлгі
өлеңіңді. Сосын жиынды жабамыз.
МАХАМБЕТ: Жиынды жапсаңыздар да Махаңның
жүзін қайтып жаппассыздар. (Тамағын кенеп)

Қазағымның намысы едің жанитын,
Жау күтумен бұзылыпты сан ұйқың.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Басың кетті, мынау марғау даланың
Машинаға мінгізем деп әр итін.
Әй, Махамбет!
(Көзін тарс жұмып алып шабыттанып өлең оқыған

ақын «Әй, Махамбет!» деп көзін ашып қалғанда ай­
наласында жан жоқ. Түгелдей тарап кеткен. Сонадай
жерде Дәурен мен Айым тұр. Оларға қарап: «Бақытты
болыңдар!» – деген ақын бюсттің алдына арқа сүйеп оты­

ра кетеді).
АЙЫМ (Дәуренге қарап): Дәурен, рас айтасың ба?
ДӘУРЕН: Әрине. Мен ғұмыры жалған сөйлеп көрген
жоқпын.

АЙЫМ (ораулы ақ матаны нұсқап): Бұл сонда Ма­
хамбеттің басы ма?
ДӘУРЕН: Иә. Бұл – аманат. Әлгінде тарихын айттым
ғой.

АЙЫМ: Маған көрсетесің бе? Қорғағалы жүрмін.
ДӘУРЕН: Саған көрсетем. Басқаға жоқ.
АЙЫМ (қуанып): Алақай! Жүр, менің «Джипіме»
отыр. Шымбұлаққа барайық. Қыдырайық. Сол жерде көре­

йік (қолтықтайды).
ДӘУРЕН (тартынып): Жо-жоқ, папаң көріп қалса ұр­
сып жүрер. Мені жұмыстан шығарып жіберген.
АЙЫМ (томсарып): Үлкендердің мінезі қызық кейде.

Кешір.
ДӘУРЕН: Жо-жоқ. Өкпелемеймін. Қу басты құшақтап,
сонымен сырласып жүрген мен кіммін, тәйірі. Олар үлкен
кісілер...

АЙЫМ (кінәлі кейіппен): Қазір қайда жұмыс жа­
сайсың?
ДӘУРЕН (ыңғайсызданып): Көше сыпырамын. Под­
валда тұрам. Біздің тірлік осы, Айым. Шынымды айт­

сам «Джип» деген машинаға мініп көргенім жоқ. Сен
аспирантсың... Ал, мен...

АЙЫМ: Ал, сен бәрімізден де таза, адалсың. Сондық­
тан да саған өмір сүру қиын. Түсінем...
ДӘУРЕН (Айымның қолын аялай ұстап): Ресторанға
шақырар ем, ақшам жоқ. Подвалға бармайсың...

АЙЫМ (жұлып алғандай): Барам. Жүр. Кәне, басты
енді мен көтерейінші. (Дәурен үнсіз жымиып ораулы басты
Айымның қолына ұстатады. Екеуі подвалға келіп кіреді.
Подвалда (жертөле) шелек, сыпырғы, шүберек, т.б. зат­

тар самсап тұр. Жарық қаракөлеңке боп түскен. Дәурен
сасып, Айымды қайда отырғызарын білмейді. Өзінің жер­
ге төселген төсегіне жайғастырады. Орауын шешіп, бас­
ты өзі жасаған ағаш тұғырға қондырады. Басты көріп

Айымның «Ах!» деген ащы даусы шығып кетеді).
ДӘУРЕН: Кешір, Айым. Бабамыздың бас сүйегі осы.
Мен мұны күзетемін, бұл мені.
АЙЫМ (Дәуренге тығылып): Қорқам, Дәурен. Қорқы­

нышты...
ДӘУРЕН (басты сипап): Өлгендерден қорықпа, Айым,
тірілерден болмаса...
АЙЫМ (басқа торғай адымдап таяйды): Кешір, баба.

Біз сені емес, сөзіңді ғана қорғағанға мәз боп жүр екен­
біз. Нағыз ұрпағың – мына Дәурен.
ДӘУРЕН: Жо-жоқ, жоқтаушысы ауылдағы Құрақ атам.
Біз одан асып кете алмаймыз. Жақында хат жазыпты. «Бір

миллион адам сыйған Алматыға Махамбеттің басы сыйма­
ды ма? Зейнетақымды жинап барып алып кетемін» депті
(күледі). Бастық біткеннің ішін кептіріп балағаттапты.
Сондай қызық адам ол!

АЙЫМ (көзі боталап): Бір миллион адам сыйған
Алматыға... (Басын шайқайды).
ДӘУРЕН (жасып): Солай...
АЙЫМ (ақ матамен басты аялап сүртеді): Жал­

ғызсыратпаспыз сізді...
(Осы кезде аяқ басқан, күбірлескен дыбыстар естіле­
ді де, Дәурен жалма-жан Айымды жетектеп келіп жасы­
рынады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДӘУРЕН: Бүгін – жұма. Аруақтар келді. (Сыбырлап)
Қорықпа, зияны жоқ. Әңгімесін тыңдайық.
(Алдымен ақ кебінге оранған бассыз Махамбеттің
рухы кеп жайғасады. Артынша қара бүркенген бейнелер

бұ­рыш-бұрышқа отыра-отыра кетеді. Беттері бүркеулі.
Махамбеттің рухы темір соғып, қайрай бастайды. Айым
қорқып Дәуренге тығыла түседі).
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Әлгі Типан қайда жүр? Отқа

неге жыңғыл салмайды? (Тық-тық балға даусы). Әй, Ти­
пан... (Бұрыш-бұрыштан мырс-мырс күлкі естіледі). Бұл
қайсың?
БАЙМАҒАМБЕТТІҢ РУХЫ: Мен Баймағамбет сұлтан­

мын, Махамбет. (Қара бүркенгеннің бірі бетін ашып тас­
тайды). Таныған шығарсың...
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Танымай...
Сендей нар қоспақ баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай,
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

БАЙМАҒАМБЕТТІҢ РУХЫ: Дәмесінің зорын қара!
(Кері бүркенеді).
ҚАЙЫПҚАЛИДЫҢ РУХЫ: Әй, Махамбет, кешіріселік
бір-бірімізді. (Бет пердесін ашады) Мен Қайыпқали сұл­

танмын, есіңде ме?
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Есімде, сұлтан. Бәрі есімде.
Қиялымолада бізді тастап қашқаның да, қайран Исатай­
дың түбіне жеткенің де есімде. Бәрі сенің сатқындығың­

ның кесірі. (Қайыпқали рухы да жүзін бүркеп алады).
Тағы қайсың барсың? Ықылас...
ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Мен мұндамын (бұл да жүзін
ашып алған).

МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Екі дүниеде қолым жағаңда
кетер!
ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Өлгендер өкпелеспейді ғой, Ма­
хамбет.

МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Рухымыз да бірікпес.
ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Айтшы, мына қылыштарды не
үшін соғып, айналаңа қоймай тығып отырсың?
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Ұрпағыма керек болады.

ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Ұлтқа ұран болар ұрпағың қал­
ды ма, батыр?
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Туады әлі.
ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Біз көппіз, батыр.

МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ: Білем. Қала мен далада Бай­
мағамбеттер мен Қарауылқожалар, Қайыпқалилар мен
Ықыластар өріп жүр.
ЫҚЫЛАСТЫҢ РУХЫ: Біздің нәсіл өміршең. Осыны

ұмытпа. Ал, хош... (Бүркене қалады).
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ (дауыстап): Әй, Типан, от
сал деймін. (Осы кезде Айымның «Ах!» деген ащы даусы
естіледі де, рухтар көзге көрінбей кетеді. Дәурен Айымды

қолтықтап орнынан тұра бастайды).
Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сахнада Ықылас Төлеевичтің үйі көрініс береді. Өзі

стол басында шай ішіп отыр. Жанында әйелі Қашқария.
Айым кітап оқыған қалпы. Үшеуі де үнсіз.
ҚАШҚАРИЯ (шай құйып жатып): Сол ұшумен Па­
рижге келдік. Қаласы қандай! Адамын айтсаңшы. Дүкенде

дүние-мүлік көздің жауын алады-ау, жауын алады.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (немқұрайлы): Ым... Солай де.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ҚАШҚАРИЯ: Қонақүйін айтпа. Тура жұмақ. Сауданы да өкіртіп жасадық. Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Ым... Солай де. ҚАШҚАРИЯ: Қалтам қағылғанда барып есімді жидым. Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Жақ-сы болған. АЙЫМ: Әке, Махамбеттің басына мазар салынған ба? Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Бар деп естимін. ҚАШҚАРИЯ (шатынап): Әй, бұларға бүгін не болған, а? Сендердің жоқтарыңды жамайын деп арқа етім арша, борбай етім борша боп жүрсем, бірің кергіп, екіншің қайдағы біреудің мазарын сұрап. Жын қақты ма? АЙЫМ: Өлеңдері қандай, шіркін! ҚАШҚАРИЯ: Кімнің? Француздардың ба? АЙЫМ (күліп): Мама, Махамбеттің... ҚАШҚАРИЯ (одан әрмен тулап): Өй, Махамбетіңмен қоса құры. Сен ғалым болып басыма көктас қоймай-ақ қой. Әкеңнің де жарытқаны шамалы. Бұл оқсатса мен тасынам ба. Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (сабырға шақырып): Аман келдің, бол­ ды, Қашқария Абиловна. Ал маған пенсияға кет деп жатыр. ҚАШҚАРИЯ (шошып): Неге? Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Жасың жетті деседі. Әрі арыз-шағым көп. ҚАШҚАРИЯ: Әріп танитыны арыз жазбаса, қазақ бола ма? АЙЫМ: Әке, шынында да зейнеткерлікке шықсаңыз­ шы. Демалып... ҚАШҚАРИЯ: Жәй пенсиясы құрсын. Әспеттеп рес­ публикалық дәреже берсе ғана... Құрметтеп, орденмен ма­ рапаттап... Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Ауылдың жаман шалдарына дейін тыныш жатпайды. Құрақ деген пәлеге тап болдық. Ма­ хамбеттің басын тауып бер деп құлаштап арыз айдайды. Жетпіс жеті атамызды түгендеп балағаттайды... Міне, демократияның жемісі.

ҚАШҚАРИЯ (шаптығып): Ауына тамызбай сиіп кел­
генін олжа көріп отырмай ма, өңшең қақбас.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Қасында Исатай деген бір оппозицио­
нер бар. Күнде қиқу.

АЙЫМ: Әке, ескерткішті ашқанда Махамбет аға жақсы
өлең оқыды. Солай ма?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Осы, Айым соңғы кезде тым өзгеріп
барасың. Сондай өлең бола ма? Ол – жүрген бір жынды.

ҚАШҚАРИЯ: Қорғатам деп осы өзің, баланы бүлдіріп
болған. Өз басына өзі ие болмай жоғалтып алып жүрген
Махамбеттен кандидат атанып ұшпаққа шықпас. Таста
нәлетті. Саудаға түс.

(Айым басын шайқап, ернін тістейді. Осы сәтте есік­
тен Қайыпқали Есімович енеді. Бәрі шұрқырай амандаса­
ды).
Қ. ЕСІМОВИЧ: Ассалау-мағалейкөм.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (елпілдеп): Ас-салау. Қош келдіңіз.
Төр­летіңіз.
ҚАШҚАРИЯ (қуанып): Сәлематсыз ба? (Айым бас
изейді).

Қ. ЕСІМОВИЧ: Осылай беттегенде оң қабағым тартып,
оң езуім қышып еді-ау. Базарлықтың үстінен түскенімді
қарашы.
ҚАШҚАРИЯ (еркелей күліп): Сіздің пышағыңыз қа­

шанда майдың үстінде ғой, Қайеке-ау. Тездетіп шай қой,
Айым. Ұстазың келді.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Арнайы жеңгеймен қосып шақырамыз
деп, әне-міне деп отыр ек. Тіпті жақсы келдіңіз.

ҚАШҚАРИЯ: Мұны сол қонақтықтың беташары дейік.
(Әдемі галстуг береді) Мынау Парижден арнайы өзіңізге
әкелген қолүздігім. Жеңгемдікін әдейі тереңге тығып
қойдым. Шақырғанда табыс етем.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (коньяк ашып құяды): Ал, Қайыпқали
Есімович, бірінші тостыны өзіңіздей ғұлама ғалыммен

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

дос еткен тағдырыма риза болып алғалы тұрмын. (Үшеуі
ақжарқын күлісіп көтерісіп қояды).
Қ. ЕСІМОВИЧ (орнынан көтеріліп): Келесі тостыны
Қашқария Абиловнадай құт-берекеміз үшін ішейік.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Шіркін, Қайекеңдердің сөз тастасы бө­
лек қой. (Қашқария жағынып, жармасып профессордың
бетінен сүйеді. Айым басқа бөлмеге кетіп қалады).
Қ. ЕСІМОВИЧ: Айымның естімегені дұрыс. (Сыбырлап)

Құпия бар, құпия. (Күйеуі мен Қашқария профессордың
екі жағынан шығып, аузына құлақтарын тоса қояды. Бі­
ресе оң, біресе сол құлақтарын. Профессор қуанып, қула­
нып «құпия бар» дегенде екеуі әлгі қимылды және қайта­

лайды. Осы кезде сырт етіп есік ашылады, ерлі-зайыпты
екеуі екі жаққа дереу шегініп кетеді де, профессор сол
еңкейген, қуланған қалпында тұрып қалады. Ішке ми­
нистр Баймағамбет Айшуақович кіріп келеді. Үшеуі жапа-

тармағай жүгіріп, жарыса сәлемдеседі).

– Ассалау-мағалейкөм!

– Баймағамбет Айшуақович, ассалау...

– Сәлематсыз ба, ой, хош келдіңіз.

– Төрлетіңіз.

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Амансыздар. Қызыл іңірде кіріп
мазалап жіберген жоқпын ба? О, Қайыпқали Есимович,
қалайсыз, жақсысыз ба?
Қ. ЕСІМОВИЧ: Шүкір, Байеке, Ықаң мен Қашқария

ханымның жалғызы Айымжан менде аспирант қой, қор­
ғайтын уақыты таяу, ақылдасып, кеңесіп отырғанымыз.
(Ықылас қонағын төрге отырғызып, Қашқария жұл­
қынып шауып дастарқан жасап, коньяк тасып әлек).

Б. АЙШУАҚОВИЧ (орнынан көтеріліп, қолында рюм­
ка): Ал, ендеше, Айымжанның сәтті қорғауы үшін деп
көтеріп қояйық. Қайыпқали Есимович аман болса, әлі-ақ
доктор боп шыға келеді. (Бәрі қауқылдасып, жайраң қағып

ішіп салысады). Айтпақшы, тақырыбы қандай еді?

ҚАШҚАРИЯ: Махамбеттің несі...
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (ыңғайсызданып, түзеп): Сарыны.
Қ. ЕСІМОВИЧ (тамақ шайнап, малжаңдап): Өлең­
деріндегі...

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Махамбет деген ұлы тұлға.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Ұлттық мақтанышымыз ғой.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Сүйенішіміз ғой.
ҚАШҚАРИЯ: Өлеңі қандай өлеңі! «Мен, мен едім, мен

едім» дегенде тура қара тырнағыңа дейін жыбырлатып
жібереді.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (елеусіз етіп): Шымырлатып де...
Қ. ЕСІМОВИЧ: Ендеше осы тостыны Махамбеттің

рухы үшін алайық (рюмкаларды сылдыр қақтырып алып
қойысады).
Б. АЙШУАҚОВИЧ (маңғазданып): Ал, Сіздер осы Ма­
хамбеттің бюстісінің ашылуына үлкен басшының не үшін

келмегенін естідіңіздер ме?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (шошып): Жоқ! Маңызды шара дегесін...
Қ. ЕСІМОВИЧ (құпияны бүгіп): Сыры бар шығар.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Оның сыры мынада... (Сөзін бас­

тай бергенде өзге бөлмеден жетіп келген Қашқария ал­
тын жүзікті қолына ұстап Баймағамбетке жақындайды.
Жүзінде жайдары күлкі).
ҚАШҚАРИЯ: Байеке, бұл сізге сонау Парижден алып

келген сыйлығым.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Өй, Қашқария ханым, бұл қалай,
ыңғайсыз ғой... (Десе де, Байекең саусағын Қашқарияға
ұс­тата салады). Түу, соншама қымбат дүниені... Әуре

бол... Рахмет, рахмет.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (мәз боп): Біздің бәйбішенің осындай
көшелілігі бар ғой. Ал, құтты болсын, Байеке!
Қ. ЕСІМОВИЧ (тұнжырап): Құтты болсын! (Галстугін

түзеп, тамағын қырнап, мойнын қылқаңдатып қояды).
ҚАШҚАРИЯ: Кәне, осы рюмканы аса құрметті де мәр­
тебелі Байекең үшін көтерелік! (Ішіп салысады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Б. АЙШУАҚОВИЧ (жүзігін сипап): Рахмет, досты­
ғымыздың куәсіндей ғып қолымнан тастамаспын. Ал,
ен­ді әлгі мәселе, үлкен басшы...
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (елең қағып): Иә, Байеке, үлкен бас­

шы...
Қ. ЕСІМОВИЧ: Соны айтыңызшы.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Келмеген себебі бізге ашулы кө­
рінеді.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (иманы ұшып): Ашулы?..
ҚАШҚАРИЯ: Құдай, сақтай гөр.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Жайшылық па?
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Әлгі ауылдағы Құрақ деген кесір

шал үлкен басшыға хат жазыпты. Осылай да осылай, бұлар
Махамбеттің басын жоғалтып жіберді деп.
ҚАШҚАРИЯ (жұлып алғандай): Надан шалдың кесі­
рі-ай!

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (өз-өзінен): Осы Махамбеттің әуресі-
ақ... Бұйырмысты пенсиямызға да жөндеп шығармас.
Қ. ЕСІМОВИЧ (өз-өзіне): Шоқ, шоқ. (Естіртіп) Бас
сүйек деген не өзі? Символдық ғана нәрсе. Жоғалады, та­

былады.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (профессорға жаратпай аларып
қарап): Ғалымдар да бір қияли...
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Ал, сонымен...

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Сонымен табыңдар, шалдың сөзі
рас боп, шынымен жоғалып кетсе, мәдениетке, әдебиетке
қатысты мекемелердің басшылары түгелдей (қолын сер­
меп, жүзігін жалт-жұлт еткізіп) орнынан қоштасады деп

пәрмен беріпті.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (отыра кетеді): Уh!
Қ. ЕСІМОВИЧ: Ғалымдарға бастың қатысы жоқ шығар?
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Бар. Әсіресе содан қорғап нанын

ажыратып жүргендерге бар депті.
ҚАШҚАРИЯ (шыр-пыр боп): Ендеше, Махамбеттен ен­
дігі жерде қорғатпайды да десеңші...

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Сол бас, Ықа, сіздің мекемеде сақ­
таулы емес пе?
ҚАШҚАРИЯ (қуанып): Қойшы...
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (дел-сал қалпы): Кезінде болған.

Б. АЙШУАҚОВИЧ (жұлып алғандай): Қазір қайда?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Бір қарауыл балаға сақтауға бергем.
Оны осыдан үш жыл бұрын жұмыстан қуып жебірдім.
(Пауза).

ҚАШҚАРИЯ (жан даусы шығып): Маған неге бермедің,
Ықылас?! Сандыққа салып қояр едім ғой, сандыққа!
Қ. ЕСІМОВИЧ (тұнжырап): Иә, сол баланың қолында
кеткен.

Б. АЙШУАҚОВИЧ (аларып): Ғалым дейді-ау...
Қ. ЕСІМОВИЧ (қитығып): Әдебиеттану ғылымы қу
басты зерттемейді, творчествоны, білесіз бе, творчествоны!
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Сол творчествоңмен қоса... (Ықы­

ласқа) Әлгі баланың аты кім?
ҚАШҚАРИЯ: Айтпақшы, аты-жөнімен тауып алуға бо­
лады ғой. Бұл күнде шөптің арасына түсіп кеткен ине та­
былады.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (дағдарып): Есімде жоқ... Бір қатқан
қара бала, ауылдікі.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Қап! Құртқаны-ай!
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Есіңізде шығар, сізге звондап, «осы

бас­ты не істейміз, Ноэль бізге тастап барады» деп ақыл­
дасқанымда, мәдениеттің басқа түк қатысы жоқ дегенсіз.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (жұлқынып): Есімде жоқ. Мүмкін
емес.

Қ. ЕСІМОВИЧ (қырсығып): Есіңізде. Ықаң звондап
ақылдасқанда қасында мен отырғам. (Ықылас бас изеп
қоштайды).
Б. АЙШУАҚОВИЧ (жұдырығын түйіп): Қашты-қу­

дыға қашаннан бері куә боп жүрсің, а-а?
Қ. ЕСІМОВИЧ: Білмеймін, бас керегі жоқ, құрт деген
өзіңіз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Сабыр етейік. Сол басты, Қайеке, әлгі
қарауыл балаға берейік деп бата қайырған да өзіңіз ғой.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (ежірейіп): Міне, міне!
Қ. ЕСІМОВИЧ (Ықыласқа): Шақырып алып балаға

бас­ты ұстатқан өзің! Менің түк кінәм жоқ. Бетімді сипасам
сипаған шығармын. Онда тұрған не бар? Министр құтыл
пәледен деп отырса.
(Қашқария жаны қалмай шай құйып, коньяк үлесті­

ріп әуре).
Б. АЙШУАҚОВИЧ (коньякты алып профессордың бе­
тіне жіберді): Мә саған, министр!
Қ. ЕСІМОВИЧ (ұмтылып): Мына атаңа нәлет кімді

басынғандай, а-а? (Бұл да министрдің бетіне коньяк
шаша­ды) Мә, ендеше!
(Қашқария ойбайлайды, Ықылас Төлеевич арашаға
түсемін деп орындықты жығады. Баймағамбет Айшуа­

қович профессордың галстугін тас қып ұстап алған,
сүйрелей бастайды. Осы кезде бүйірдегі бөлмеден Айым
шығады. Әлгі көрініс жалғаса береді. Айым мұңданып,
кінәлап қарайды).

АЙЫМ: Садағасы кеткірлер-ай!..
Төртінші көрініс
Ықылас Төлеевичтің кабинеті. Төрде – өзі, жанында –
Баймағамбет Айшуақович пен ауыл әкімі Қарауылқожа.

Жүздері жайдары).
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Апырм-ай, Байеке-ай, жақсылық та
бұл заманда аяқ астынан-ау.
ҚАРАУЫЛҚОЖА (қыстырылып): Жақсы атану да со­

лай.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (маңғаз): Солай, бауырлар. Үлкен
басшы ерекше ақылды адам ғой, кәрінен қайтыпты.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Сөз жоқ, ақылды адам.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Азамат қой...
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Кәрінен қайтқан бетте «Бәйтерек»
қорына бәйге жариялатыпты. Кімде-кім Махамбеттің бас

сүйегін тауып әкелсе, соған жүз мың доллар ақша беріледі
деп. (Көзін ежірейтіп, сұқ саусағын шошайтады: «Жүз
мың доллар!»)
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (өз-өзінен құнжыңдап): Қолға түсіп

тұрған байлықтан қаралай айырылып...
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ел-жұрт дүрлігулі. Біраз желөкпе
қызыл сирақ боп қыр кезіп кетті. Молаларды қазып таста­
маса болар. (Ықылас пен Баймағамбеттің көздері ала­

рып, ауыздары қисайып барады).
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Қалайша?
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Солай. Осы күнгі жұртта бәтуа жоқ,
бір қу басты әкеліп Махамбеттікі деп қарап тұрады.

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Мүмкін емес. Жоғалған бастың жел­
кесінде үш бірдей айбалтаның ізі бар.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (үш саусағын көрсетіп): Үшеу?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Иә, үшеу. (Қолының қырымен ал­

дындағы столды ұрып) Айқыртып тұрып шапқан.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ой, бәрекелді!
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Іздеу керек. Жанталасу керек!
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Қайыпқали Есимович пен Қашқария

Абиловна Алматыны карта бойынша екіге бөліп алып із­
деп кетті. Инш-алла дейік, таптырар.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Ауылдастар шулап кетті. «Кімде-
кім басты тауып әкелсе, соны Парламентке депутаттыққа

сайлаймыз» десіп.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (Ықыласқа): Енді қашан? (Ала­
қанын жайып) Бір хабарын бермей ме? Таң атқалы зары­
ғып отырмыз.

ҚАРАУЫЛҚОЖА: Гүмпілдеген хабар менің де таба­
нымды қыздырып... Бабамыз үшін жан пида деп. (Ықы­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

лас телефонның құлағын бұрағыштап жатады). Бар
жұмысты жиып қойып...
Б. АЙШУАҚОВИЧ (шаршап): Уh! Тезірек бітсе екен.
(Осы кезде есіктен Қайыпқали Есімовичтің басы

көрінеді. Үшеуі де өре түрегеліп ұмтылады).

– Қайекең деймін.

– Табылды ма?!

– Бар ма?

– Қайыпқали Есимович! Өлтірмесең айтшы!

Қ. ЕСІМОВИЧ (қалпағымен бетін желпіп): Осымен
Махамбет Өтемісовтің басына екі мәрте ақша тігілген екен.
Бірі – тірісінде жоғалту үшін, екіншісі – жоғалған басты
табу үшін. Парадокс!

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (қуанып): Демек, табылған ғой...
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Қайекең әйтпесе бүйтіп бипаздар
ма? (Қарауылқожа ернін шүйіріп профессордың қойны-қо­
нышын тінтіп қарайды. Бас шайқайды).

ҚАРАУЫЛҚОЖА (өз-өзінен): Осы тауып алып, жасы­
рып келіп отырғаннан сау ма, өзі? Боғын тығып ойнағанды
сүйетін ғалым емес пе?
Қ. ЕСІМОВИЧ: Әзірге Дәуренжаннан дерек жоқ. (Жа­

нындағы үшеуі де сылқ етіп отыра кетеді). Бүкіл инсти­
тут қызметкерлерін көтердім. Күндіз-түні сабылып жүріп
50-60 Дәуренді тапты. Бірақ Қойшыбаев емес (алақанын
жаяды).

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (дағдарып): Енді...
Қ. ЕСІМОВИЧ: Кімде-кім ғылыми атақтан дәмелі болса,
табыңдар деп нұсқау бердім. Еден жуатын жаман қатынға
дейін көше кезіп кетті. Тосайық.

ҚАРАУЫЛҚОЖА: Әлгі Дәуренжан қайда туып-өскен?
Бәлкім, ауылына кетіп, жатып алған шығар?
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Кадр бөлімі сол графаны толтырмапты.

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Осы жауапкершіліктің жоқтығы
ғой бәрі. (Аларып) Шорту!
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Байымен қысқа күнге қырық қосылып,
қырық айырылып жүрген қатын еді. Жұмыстан қудым.

ҚАРАУЫЛҚОЖА (қыстырылып): Менің бухгалтерім
де тап сондай.
(Осындай дағдарған сәтте есік тарс етіп ашылып ішке
қолтықтаған заты бар Қашқария кіреді. Есі шығып кет­

кен. Әлде қуанғаннан, әлде тынымсыз шабыстан. Каби­
нетте отырғандар қапелімде аңтарылысып қалады).
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (алдымен ес жиып): Қау... Қашеке.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (абдырап): Олжалы оралды-ау бәй­

бішеңіз.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Шыққыр көзім не көріп тұр?
ҚАШҚАРИЯ (столға дүңк еткізіп қояды): Таптық.
Міне!

ҚАРАУЫЛҚОЖА: Қаланың еркегінен гөрі әйелі алым­
ды дейтін...
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (орауға жармасып): Айналдым сол.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (жармасып): Көрейікші... Көзайым

болайықшы.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Қашеке, (Қашқарияға жалбақтап) ор­
тақ олжа ғой, солай деші.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Бір Махамбеттің әлегі де, шапағаты

да бәрімізге жетер. Таласпайық.
ҚАШҚАРИЯ (орауды жазып жатып): Табанымнан
тоз­дым. Жілік майды сарқып барып...
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Апырм-ай, әлгі қаңғып жүрген не­

ме бір жерге лақтырып кетті-ау деп ем.
Қ. ЕСІМОВИЧ: Бәйбіше-ау, (көзін мөлитіп) қайдан тап­
тыңыз?
ҚАШҚАРИЯ: Иесіз пәтерден. Жартылай бұзылған пеш­

тің үстінде тұр.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Тезірек орауын ашсаңызшы, кө­
рейік. Қиындығы да, қызығы да ортақ қой. (Қашқария
орауды ашқан кезде бас сүйек шыға келеді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (жүрегі жарылардай боп): Тап өзі! Ай­
нымаған Махамбет!
Қ. ЕСІМОВИЧ (жанталаса жабысып): Ой-бай, сол, сол.
Б. АЙШУАҚОВИЧ (бұл да басқа жармасып): Тегін бас

емес. Табылатынын білгенмін.
ҚАРАУЫЛҚОЖА (бас тимей айнала жүгіріп): Жел­
кесін қараңдар, желкесін! (Айқайлап) Үш рет шапқан, үш
рет.

Б. АЙШУАҚОВИЧ (басты әуелете жоғары көтереді):
Қарайық. (Бәрі де басқа ұмтылып, жоғары тырмыса
қалады). Бар болса санаңдар.
(Бәрі жамырап санайды).

– Біреу!

– Екеу!

– Үшеу!

– Бесеу! (Мұны айтқан Қарауылқожаны бәрі көздерімен

жеп жібере жаздайды).
ҚАШҚАРИЯ (шаңқылдап): Қайдағы бесеу? Мынау кім
өзі, албасты құсаған?!
ҚАРАУЫЛҚОЖА (бажылдап): Үшеу! Үшеу! Көзіл­

дірігімді алуды ұмытып кетіппін.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (жалма-жан телефонға жармасып):
Әлә, әлө, «Бәйтерек» қоры... Әлө, әлө... Нұрбек Өтепович...
Б. АЙШУАҚОВИЧ (телефонды қолымен баса қояды):

Ықа, абырой ортақ, алдымен келісіп алайық.
Қ. ЕСІМОВИЧ (қоштап): Иә, үлкен істе ауызбірлік ке­
рек.
ҚАРАУЫЛҚОЖА (басты Қашқарияның қолынан тар­

тып алғандай ғып): Көрейікші... Жақсыны көрмек үшін.
(Осыдан кейін басты бірінен соң бірі жұлып алып жатқан
үнсіз талас жалғаса береді де, сахна айналып Дәуреннің
подвал (жертөле) үйі көрінеді. Қаракөлеңкеде подвалда

Дәурен отыр, жанында Айым. Махамбеттің басы ағаш
тұғырда тұр. Тым-тырыс).
ДӘУРЕН (жаудырай қарап): Айым...
АЙЫМ: Айта ғой, Дәурен.

ДӘУРЕН (қыздың саусақтарын аялай сипап): Сосын...
Атамыздан ұяламын. Әйтпесе айтар ем...
АЙЫМ: Ұят деген қандай жақсы.
ДӘУРЕН: Кандидаттығыңды қашан қорғайсың? Осы

күзде ме?
АЙЫМ (мұңайып бас шайқап): Жо-жоқ! Қорғамай­
мын. Сенің еңбегіңнің жанында біздікі не, тәйірі?..
ДӘУРЕН: Олай деме.

АЙЫМ: Солай. Көп нәрсеге көзім ашылды. Өмірді көк
тіреген биік үйден емес, подвалдан бастау керек екен.
ДӘУРЕН: Біздің тағдыр осы жерден басталды. (Осы
кезде әдеттегідей аяқ басқан, күбірлескен дыбыстар ес­

тіледі).
АЙЫМ (сыбырлап): Тағы ма?
ДӘУРЕН (сыбырлап): Тыныш. Бүгін – жұма. Аруақтар
келеді.

(Алдымен ақ кебінге оранған бассыз Махамбеттің
рухы кеп жайғасады. Артынша қара бүркенген бейнелер
бұрыш-бұрышқа отыра-отыра кетеді. Беттері бүркеулі.
Махамбеттің рухы тағы да темір соғып, әлденені қайрай

бастайды).
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ (қара бүркенген бейнелерге ар­
нап): Осы сендер соңымнан неге қалмайсыңдар?!
(Баймағамбет сұлтанның, Қайыпқали сұлтанның,

Ықыластың рухтары беттеріндегі жабындыны ашып
бірдей тіл қатады).
РУХТАР: Қалмаймыз, Махамбет! Біз сенімен болашақ­
қа бірге барамыз. (Бәрі де бетіндегі қара жабындыны

бүркеп алады).
МАХАМБЕТТІҢ РУХЫ (дауыстап): Типан, әй, Типан,
Нұрсұлтанға айт, атты ерттесін. Дұшпан көбейіп кетіпті.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Подвалдан төмен қарай тарсылдап басып түскен аяқ
дыбысы естіледі. Әлдекім даурығысады. Рухтар ақ буға ай­
налып көрінбей кетеді. «Дәуренжан, ботам, бармысың?»
деген дауыс естіледі. «Дәуренжан...»)

ДӘУРЕН (шошып оянғандай): Бұл Құрақ атам шығар.
Хат жазып едім...
АЙЫМ: Ауылдағы ата ма? Басты іздеп жүрген?
ДӘУРЕН: Иә. (Есік ашылып, ішке Құрақ, оппозиция

мү­шесі Исатай кіріп келеді).
ДӘУРЕН (тұра ұмтылып): Ата!
ҚҰРАҚ: Дәуренбісің? Даусыңнан айналдым. (Құшақ­
тайды).

ИСАТАЙ (туына сүйеніп): Айналайын-ау, Алматыңды
айналып әрең таптық қой.
ДӘУРЕН (қысылып): Осы подвалда...
ИСАТАЙ (Айымды нұсқап): Келін бе?

ДӘУРЕН (мүдіріп): Ым... жоқ.
АЙЫМ (Құраққа): Сәлематсыз ба, ата! (Басын иеді).
Сізді Дәурен көптен күтіп жүр.
ҚҰРАҚ: Бақытты болыңдар, жарығым. (Көзін көле­

гейлеп қарап ағаш тұғырда тұрған бас сүйекті көріп
қалады). Апырым-ай, Құдай бар екен ғой, мынау шыны­
мен атамның алтын басы ма?! (Бастың алдына жетіп
тізерлей береді).

ИСАТАЙ (аңырап): Қайран, Маха, бармысың? Исатай
деген мүскін мен болам. Жергілікті басшыларға сыймай
жүрген... Алаштың ала туын желпілдетіп жүрген. (Құрақ
басты құшақтап алады. Дәурен мен Айым екі қолтығынан

сүйей береді. Исатай туды желпілдетіп жүр).
ҚҰРАҚ: Бұйырмысты топырағына жеткізгенше енді
көзтаса етпеспін.
ДӘУРЕН: Бірге боламыз, ата.

АЙЫМ: Мен де сіздермен ауылға кетем.
(Төртеуі басты көтеріп шыға келгенде бірден Ықы­
лас Төлеевичтің кабинетіне тап болады. Мұнда жоға­

рыдағыдай бастың үнсіз таласы жүріп жатады. Екі
жақтың қолында екі бас, бір-бірін көргенде состиып
тұрып қалысады).
ҚАШҚАРИЯ (бажылдап): Айым, сен мұнда не істеп

жүрсің?
АЙЫМ (жайбарақат): Махамбет атамыздың бас сүйе­
гін ауылға алып барамыз.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (ұмтылып): Дәурен... Қайда жоғалдың?

ДӘУРЕН: Осындамын, Ықылас аға. Қайыпқали Есимо­
вич екеуіңіздің тапсырмаларыңызды орындадым. Мына
(нұсқайды) басты үйімде алты жыл күзеттім. Енді ауыл­
дан Құрақ ата келіп...

Б. АЙШУАҚОВИЧ (шошынып): Не дейді? (Қолындағы
басты әуелете көтеріп) Мына бас ше?
ҚАРАУЫЛҚОЖА (өжеңдеп): Сенбеңіз! Мынау (Құ­
рақты нұсқап) алжыған шал. Ал анау (Исатайды көр­

сетіп) делқұлы. Мен осылардың әкімімін. Шын бас (Бай­
мағамбетке) сіздікі!
ҚАШҚАРИЯ (Айымға тап-тап беріп): Мына жүзі­
қараның жүрісі-ай, а, қайдағы бір қағылған-соғылғанға

еріп.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ (қулыққа көшіп): Сабыр, сабыр, жа­
мағат. Дәуренжан, ақыл жастан деген, осы екеуін өзің
ажыратшы, қайсысы – шын, қайсысы – жалған.

Қ. ЕСІМОВИЧ: Сөйт, айналайын. Мен батамды даярлай
берейін.
ҚҰРАҚ (аңтарылып): Қарай ғой, айналайын. Бізге
танығы емес, қанығы керек.

(Дәурен Баймағамбетке беттейді. Баймағамбет қолын
көтерген қалпы басты төмен түсірмейді).
ДӘУРЕН (ұмсынып қарап): Бұл – гипс. Ноэль аға
жасаған алғашқы нұсқа. Жасанды бас. (Баймағамбет қо­

лындағы басты сылқ еткізіп столға қоя салады). Міне,
қараңыздар (тырнағын батырып көреді), үгіліп жа­
тыр. (Баймағамбет Ықыласқа, Ықылас Қайыпқалиға,

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қайыпқали Қарауылқожаға естері ауып кеткендей ма­
ғынасыз қарайды).
ҚАШҚАРИЯ (Дәуренге): Өй, садағаң кетейін, адам бо­
латын бала екенін салғаннан танығам...

ҚАРАУЫЛҚОЖА: Таласып, тартыспайық. Қазаққа
Махаң ортақ, демек, біз де соның ішіндеміз.
ҚАШҚАРИЯ: Міне, міне, ақыл сөз.
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Бәріміз де іздедік. Бірге таптық.

Енді ауылға апарып қосыла көмеміз.
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Дұрыс, бәріміз де абыройға ортақпыз.
(Құрақтың қасына кеп басты ұстасады. Исатай екеуі
итерісіп жатады).

Қ. ЕСІМОВИЧ: Аттанайық Жайыққа. Жетейік Қарой­
ға. Халқымыз тосып қалар.
Б. АЙШУАҚОВИЧ: Жүрер алдында әлгі қордың құжа­
тын әзірлеп кетейік. Бәйгесі...

ҚАШҚАРИЯ (жалма-жан қағаз алып жаза бастай­
ды): Бәйге шарты бойынша басты іздеп тапқан адамдар
мыналар: Баймағамбет Айшуақович, Ықылас Төлеевич,
Қа­йыпқали Есімович және Қашқария Абиловна... (Айым

ұялып бетін басады).
Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Жетер. Сағыздай созып керегі не?
ҚАШҚАРИЯ (Құраққа қарап): Қария...
ҚҰРАҚ: Шырағым, маған атағың да, ақшаң да қажет

емес. Нағыз керегі осы (басты нұсқайды). Шүкірмін.
ҚАШҚАРИЯ (Қарауылқожаға қарап): Сіз...
ҚАРАУЫЛҚОЖА: Мен депутаттыққа түсем. Оған
таласпайсыңдар.

ҚАШҚАРИЯ (жазып): Демек, жүз мың доллар осы
аталған төрт адамның ортасында бөлінеді. Все! Бұл бас
емес, қолға қонған бақ.
Қ. ЕСІМОВИЧ (өрекпіп): Махаңның зираты басында

баяндаманы мен жасаймын. (Ішінен күбірлеп) Ар жағын­
да академиктің де ауылы алыс емес.

Б. АЙШУАҚОВИЧ: Махаңның ешкім білмейтін құпия
қадір-қасиетін мен санамалап берем. Әлі тірі жанға айт­
қан жоқпын. Министр болып қашанғы жүруге болады.
Басқа да биіктер бар емес пе?

Ы. ТӨЛЕЕВИЧ: Кәне, елге дейін Махаңды бәріміз де
төбемізге көтеріп барайық. Ал, қозғалдық.
(Исатай туын бұлғап алға түседі. Дуылдасқан топ­
тың ішінде Құрақ шал да кете барады. Бәрі Махамбет­

тің бас сүйегін жоғары көтеріп алған. Манадан бері
шеттеу тұрған Махамбет ақын (маскүнем) столда
қалып қойған гипс басты қолына алады. Мырс етіп бас
шайқайды. Өлең оқиды).

МАХАМБЕТ:

Сыймайды екен қалыпқа
Талантты боп туған ірілер.
Сендерден қалған даңққа
Таласып жатыр тірілер!

Шымылдық
2003 жыл

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МАХАББАТ МҰНАРАСЫ

Екі бөлімді, төрт көріністі драма
«Аңыздың ақыры» романы бойынша
пьесалық нұсқасын жазған – Рахымжан Отарбаев

КЕЙІПКЕРЛЕР:

1. ӘМІРШІ – АҚСАҚ ТЕМІР

2. БӘЙБІШЕ

3. КІШІ ХАНЫМ

4. БАС УӘЗІР

5. БАС ШЕБЕР

6. ЖАС ШЕБЕР

7. ҚАСАР МЕРГЕН

8. ҚАЗЫНАШЫ

9. БӘЙІТШІ ШАЛ

Сыбырлағыштар, қосшы қыздар, жендеттер, Әтек,
құл­дар, күңдер, т.б.

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Әміршінің салтанатты сарайы. Сахнада сүйегіңді
балқытқан музыка мен алуан түсті жарық ойнап тұрады.

Сахнаның оң тұсынан жанында күтуші нөкер қыздары бар
Бәйбіше шығады. Екі қыз Бәйбішенің соңынан сүйретілген
етегін көтеріп, бір қыз жүзін желпеуішпен желе-жортып
желпіп келеді. Осы сәтте қарсы беттен тап осындай

сән-салтанатты Кіші ханымның тобы шығады. Екі топ
қатарласа бергенде Бәйбіше кілт тоқтап, Кіші ханымға
көзінің аласын молайта қарап, мырс етіп «Тақымы асау
тоқал, есенсіз бе?» деп тіл қатады. Жанындағы нөкер

қыздарын сықылық жайлайды. «Ерқашты болған аттың
жауыры қапелімде жазылмайды деп естимін, Бәйбіше» –
Кіші ханым да есесін жібермейді. Кіші ханымның нөкер
қыздары үн шығара алмай үздіге күледі. Екі топ қозғалыс­

қа еніп, қарама-қарсы тұсқа өте шығады.
Сахнада жарық сөніп, қайта жанғанда Кіші ханым өз
отауында жалғыз қамығып отырады.
КІШІ ХАНЫМ (орнынан оқыс ұшып тұрып): Кәрі

қыр­шаңқы, мүйіздеуін тіріде қоя ма, жоқ па? «Тақымы
асау тоқал» деп қалыпты. Өңшең шуылдақ қарбашаның
көзінше тым құрығанда «Кіші ханым» десе тағынан таяр
ма еді?! Тіфә, тіфә! Тақ деппін, Жаратқан ием, өзің кешір.

Оған тақ қайда, тайқы маңдайына бақ та бұйырмас ендігі
жерде. Әміршім менің күндіз күйдіріп, түнде жандырған
құшағымнан босана салып, соңғы жорығына дабыл қаққан
жоқ па? Өзегіне шоқ боп түсіп, жанын жәй таптырмай

бұрқ-сарқ қайнатып жатқан сол да. Шоқ, шоқ олай болса!
(Қиялданып) Әміршім ат тұяғына дауылпаз қақтырып
жеңіспен оралғанда тағы да, тағы да кіші отауға түссе...
Аймалап құшып, тобық қаққан қолаң шашыма ораты­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

лып, аспандағы Айдың көзін қызықтырып, қытығымды
қандырып... Әншейінде бұлбұлдай сайраған қызыл тілім
«шоқ», «шоқтан» басқаға келмей жатса арман не? (Кішкене
күміс қоңырауды қолына алып қағып-қағып жібереді. Іш­

ке күзетші Әтек бас сұғады). Кеше бас уәзірдің аузынан
Әміршім хақында қандай әңгіме естіп қалдым дедің?
ӘТЕК: Құлағымды тіге қалсам, Әмірші ием батыстағы
Берке сарайын әдеттегідей жермен-жексен етіпті де, халқы

қойдай маңырап келіп, Әміршінің қол астына өтіпті деді.
КІШІ ХАНЫМ: Ат басын елге қашан бұрмаққа ниет
етіпті?
ӘТЕК: Құлағымды тіге қалсам, (ойланып) ол жайлы бас

уәзір тіс жарған жоқ.
КІШІ ХАНЫМ: Ендеше, құлағыңды мұқият тіге жүр.
Сенің бар құның құлағыңда тұр.
ӘТЕК: Құп, ханым, құп. (Бас иіп шыға жөнеледі).

КІШІ ХАНЫМ (ойланып): Әспеттеген Сарайының
тасын топырақтай шашып, халқын қойдай иірісімен
әміршім әдетте жан рахатына бөлейтін құтты мекеніне
суыт оралар-ды. Қалың қол кернейлетіп, сырнайлатып,

дауылпаз қақтырып шәһарға кіргенде қуанғаннан көр­
дегі мүрденің өзі сақ-сақ күлер. Содан кейінгі беу-беу
дәурен, (қиялданып) сары қарын, сары тіс боп, үстінен не­
мерелерінің жөргек иісі сасыған Бәйбішеге ерегіскенде...

Әміршімді сонадайдан таңдай қақтыратын қандай сый-
сияпатпен қарсы алсам екен? (Ойланып) Әлгі соқыр бә­
йітшіні шақырып алып әміршімнің ғажайып жорығы мен
теңдессіз жеңісі жайында дастан шығартып, ауыздан-

ауызға таратсам ба? Бірақ көзге көрінетін, қолға ұстайтын
зат емес. Заржақ бәзбіреулер таңдайын ойып қақсап ай­
та-айта жалығар, сосын ұмытылар. Одан да... Алтынмен
аптап, күміспен күптеп ер-тұрман мен бойына бес қаруын

соқтырсам ба? Бірақ Әміршім оған да зәру емес. Аузымен
құс тістеген қанатты тұлпар әзірлетсем бе? (Өз-өзінен
мырс етіп) Жер-жаһандағы тұлпар, көктегі сұңқар, тіпті

тірі пенде біткеннің кеудесіндегі шыбын жан да соныкі
емес пе?! Сәрсенбі күні таң алдында тәтті ұйқыда түсімде
ұшар басы көкке өрмелеген керемет көгілдір мұнара
көріп ем ғой. Бойыма, бұйырса, ұл бала, әмірзада бітер деп

жорығам. Сол түсімде көрген кереметті әміршімнің жеңіс
салтанатына арнап салдырсам... Бәлкім, аян түс шығар.
Оны «Махаббат мұнарасы» деп атасам... Менің мәң­гілік
махаббатымның ескерткіші. Әміршім ғұмыр бойы сүй­

сінумен көз жазбай өтер еді-ау. Ал, бәйбішеге шоқ, шоқ...
(Қоңырау қағып жібереді. Әтек кіреді).
ӘТЕК: Құлағым сізде, ханым.
КІШІ ХАНЫМ: Әміршімді осындағы өсекші жұрт

қашан оралады деп жатыр?
ӘТЕК: Құлағымды тіге қалсам, (шарасызданып) әзірге
ештеңе ести алмадым.
КІШІ ХАНЫМ: Бар, әлгі шалғы мұрт хиндустандық бас

шеберді шақыр. Тез.
ӘТЕК: Құп, ханым, құп.
(Сахнаға Кіші ханымның нөкер қыздары шығып, Кіші
ханымды ортаға алып шыркөбелек би билейді. Сахна

қараңғыланып айналғанда құрылыс алаңы көрініс береді.
Бас шебер, т.б.)
БАС ШЕБЕР (өзгелерге бұрылып): Кіші ханымның
аса мәртебелі бұйрығы солай. Уақыт тығыз, бірақ сол

аз мерзімде шаһардағы ең биік мұнаралы ғимаратты
көтеруіміз қажет. Көз арбаған көк күмбезді мұнарасы ақ­
ша бұлтқа бір тиіп, бір тимей тұруы қажет.
(Біреу шегін тартады, бір шебер ысқырып жібереді.

Декорациядағы биік бір мешітті көрсетіп)

– Мынадан да зәулім етіп пе? (Бас шебер бас изейді).

– Анадан да көрікті етіп пе? (Бас шебер тағы бас изейді).

– Сонадан да ауқымды етіп пе? (Бас шебер және бас

изейді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ БАС ШЕБЕР: Бәріңе түсінікті шығар. Кешікпей күйген қыштың алды келіп жетеді. Кірісесіңдер. – Әміріңізге құлдық. Тек мұның көгілдір мұнарасын кім әспеттеп шығарады? БАС ШЕБЕР (мұртын ширатып): Жаппар есімді жас шеберді таптым. Әкесі – құмырашы, өзі асқан мұнарашы. Жап-жас болып қайдан оқыған өнер екенін ит біліп пе? Сырының өзі тасқа жұққанда (таңдайын тақ еткізіп) көрерге көз керек, көз! – Тышқан жылы салынған анау мешіттің (қолымен нұсқап) мұнарасын көтерген бармағынан бал тамады де­ген Жамаладдин әміршім сыйлаған шара табақ алтын динарды етегіне сала қашып бір түнде жоғалып тынған. – Тәйірі, бұл да сөйтер. БАС ШЕБЕР: Жап аузыңды, кәззап! «Құлға бостандық берсең құдыққа құлап өледі» деген сол. (Сахнаға үш құл шыға келіп, арасы үш-төрт қадамнан тұра қалады да, бір қолдан бір қолға кірпіш лақтырып өткізіп, құрылыс салынатын жерге көз ілеспес жылдамдықпен жеткізе бастайды). Міне, ит арқасы қияннан күйген кірпіш те келіп жетті. Кәне, піссімілә деп алғашқы тасты өзім қояйын (тасты орналастырады). Құдайым досқа күлкі, дұшпанға таба қылмай, Әмірші иемнің мейірін, Кіші ханымның ықыласын түсіре көр (бетін сипайды. Жанында тұрғандардың бәрі «әумин» деседі). ҚҰЛДАР (өзара күңкілдейді): Жетім қыздың тойындай етіп бастағаны несі? – Әмірші иемнің өзі болса, ақсақал-көксақал түгел қаумалап келіп сәскеге дейін қоймай бата берер еді-ау. – Ханым демесең, аты қатын ғой.

– Иә, қатын бастаған көш оңатын ба еді?! Кері кеткен­

нің сақалы кеңірдегіне бітіп, ақыры құлап тынбаса не
қылсын...
(Абыр-сабыр құрылыс үстіне Әтек кіреді).
ӘТЕК (шіңкілдеп): Әй, бас шебер, іске сәт.

БАС ШЕБЕР (мардымсып): Тастың алды жетіп қалана
бастады. Ханым бұйырған соң жанымызды аузымызға
тістеп шауып жатырмыз, Әтеке-ау.
ӘТЕК (шіңкілдеп шошып, айбат шегіп): Әтегі несі мы­

на иттің?! Пахраддин атымды ұмытып. Ханымға айтып,
бұзаудың тіліндей тіліңді түбінен жұлдырып, құлағыңа
қорғасын құйғызайын ба осы! (Тап-тап береді, құлдардың
күлкісі естіледі).

БАС ШЕБЕР (өтірік-шынды сасып): Қап, осы аузым­
нан қағынам-ау... Кеш, батырекесі. Мен Әтеке десем, Әтек
дегенім емес, Ата-еке дегенім...
ӘТЕК (сабасына түсіп): Е, бәсе... Әміршім Кіші ха­

нымды маған ғана сеніп аманаттайды. Төсегіне дейін
өзім саламын. Сарайдағылар мені жас жігіт дейді (ма­
диықтанып).
БАС ШЕБЕР (залға қарап): «Тоқал ешкі өзін лақпын деп

ойлайды» деген сол. (Әтекке қарап) Ал, не тапсырасыз?
ӘТЕК: Кіші ханым ғимарат құрылысын күн сайын
келіп өзім көріп тұрамын деді. Уақыт тығыз, тездетсін
де­ді. Әміршім жайлы жақсы хабарға құлағыңды сала жүр

деді (шошып). Жоқ... жоқ (тілін тістей). Соңғысын өзі­ме
ғана мұқияттап айтқан. Ия, тездетсін деді.
(Құрылыс ісі қызып жүріп жатады. Осы сәтте соңына
ерткен күтуші нөкерлері бар Бәйбіше келеді. Адуынды.

Долы қалпы).
БӘЙБІШЕ: Бұл не деген ертеңді-кеш құлақ сасытқан
шаң-шұң?! Балғаның тарсылы, тастың дүңкілінен тас
керең болуға айналдық. (Бас шеберге тап-тап береді)

Бұл не, мола ма, мазар ма? (Әтек қорқып, Бас шебердің
арқасын паналайды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАС ШЕБЕР: Сабыр, Бәйбіше. Кіші ханымның пәр­
менімен бір Аллаға және Әмірші иеме сиынып іске кіріс­
тік. (Әтек те бас изейді).
БӘЙБІШЕ: Құрттаған шыбыштың құйрығындай боп

тұрған (Әтекті нұсқайды) әнебіреуің кім? (Әтек бүкең
қағып сахнадан шығып кетеді).
БАС ШЕБЕР: Әміршімнің әдеттегідей жеңіспен оралу
құрметіне арналған ғимарат, Бәйбіше. Құдай қаласа

(алақанын уқалап).
БӘЙБІШЕ (жұлқынып): Тоқтат! Үш жылда етегі бір
қанамаған тоқал енді Әміршіні мұнара салып алдарқата­
йын деген ғой (мысқылдап). Қуын қарай гөр.

(Нөкер қыздар жәреукеленіп)

– Бәйбішем, «Махаббат мұнарасы» болады депті.

– Көрген жанды күндік жерден қуанышқа бөлейді депті.

– Сіздің жатын бөлмеңізге, оны айтасыз, оңаша ота­

уыңызға күн көзін түсіртпеймін депті.

– Мұның маңынан аяғын аттап бастыртпаймын депті.

БӘЙБІШЕ (ышқынып): Ә, солай де! Біліп ем... Ойының
ойранын, тойының топалаңын шығарайын. (Нөкер қыздар
сықылықтап күледі, Бәйбіше бастап сахнадан шығады).
БАС ШЕБЕР: Кірісіңдер іске! Жедел. Жедел. (Сахна

қараңғыланады, Кіші ханымның отауы. Кіші ханым
оңаша моншақтарын тізбелеп отыр. Ентіккен Әтек
есіктен жорғалап кіріп, Кіші ханымның алдына құлдық
ұрып құлай кетеді).

КІШІ ХАНЫМ (шошып): Бұл неткен жайсыз хабар?
ӘТЕК (басын көтеріп, жыламсырап, дауысы жетім
ботаның дауысындай боп): Ханым-ау, Бас шеберге
өзіңіз айтқан нұсқауды бұйрыққа айналдырып, билікті

қардай боратып тұрсам, Бәйбіше... Бәйбіше жетіп келіп,
тура алқымымнан ала кетті. Ойпырм-ай, күшті қайдан

тапқанымды білмеймін (өз-өзімен бұлқынып), бұлқынып-
бұлқынып шығып кеттім-ау.
КІШІ ХАНЫМ: Сосын?
ӘТЕК: Құлағымды тіге қалсам, Сізді, тіпті айтуға ау­

зым барар емес, құрттаған шыбыштың құйрығы деді.
КІШІ ХАНЫМ (сұстанып): Айта бер.
ӘТЕК (аузын басып): Тоқал ешкі деді.
КІШІ ХАНЫМ (айқайлап): Айта бер.

ӘТЕК («ым-м» деп тұншығып жылайды): Күннің көзі­
не шымылдық құрып жауып тастаймын деді. Сізді өңкей
қараңғыда ұстаймын деді.
КІШІ ХАНЫМ (ызалы әрі қуатты күлкіге басып):

Күннің көзін... басып отырам дейді. Қай жерімен? Күйіп
қалмасын. Бар, құлағыңды тіге жүр. (Әтек кетеді. Балға
мен тастың, құрылысшылардың даусы жарқын-жұрқын
естіліп жатады. Сахнада жарық сөніп-жанғанда Кіші

ханым нөкер қыздарымен, бар сән-салтанатымен құры­
лыс басына келеді).
Ендігі жердегі қимыл-әрекет үнсіз, музыка әуеніне
бағынып, мимика түрінде өтеді. Бас шебер Кіші ханымды

көре салып тағзым етіп, құрылыстың жайын қолымен
көрсетіп баян етеді. Құрылыстың ұлы денесі, негізінен
біткен. Тек зәулім мұнарасы ғана қалған. Оны салатын
жас шебер Жапарды жетектеп әкеліп Кіші ханымға

таныстырады. Жас шебер көзі-басы қиылған әдемі жігіт.
Кіші ханым мен жас шебердің көзі түйісіп, арбасып
қалады. Бір сәт үнсіздік орнайды. Музыка да тыным
алады. Екеуінің айналасында тұрғандар үнсіз, бұғынып

бір-біріне қарасады. Бұл көзқарас Кіші ханымға кешірімсіз
қылық та, жас шеберге болашақтағы өлім жазасымен
тең. Сахнаның екі шетінен бұларға білдіртпей екі бас
сығалап өтеді. Бұлар – Кіші ханымның күндесі Бәйбіше­-

нің жандайшаптары. Есін жиған Кіші ханым оқыс қимыл­
дап, алға аттап басады. Музыка да қуаттай жөнеледі.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Мұнараның қалай, қайтып шығарылатынын жас шебер
жаны қалмай Кіші ханымға түсіндіріп жатады. Кіші
ханым бас изеп мақұлдаған мәзірет білдіреді. Осы сәт
нөкер қыздар әсем биге ойысады. Бұл ойлағандарын орын­

дай алатын Кіші ханымның ерке қуанышы еді. Жарық
қайтадан сөніп-жанғанда Кіші ханым оңаша отауында
ойланып отырады.
КІШІ ХАНЫМ (өзімен-өзі): Жәудіреген көзін-ай шір­

кіннің! (Өз-өзінен шошып кетеді) Не дедім, жасаған ием?
Адам қарап отырып күпір болайын десе қиын емес екен-ау.
(Жан-жағын сығалап қарайды) Ешкім жоқ. Аңдамаған
сөз, Алла, кешіргей. (Моншақтарын аударып-төңкеріп

қы­зықтайды. Назданады. Насаттанады. Тағы да аңда­
май сөйлейді) Жанары сондай нұрлы екен. Бір қарағанда
тұла бойыңды балқытып бара жатқандай... (Тағы шошып)
Маған не көрінді? Сырқаттанғаннан саумын ба? (Бет-

ауызын, денесін сипап көреді) Бәрі орнында сияқты.
Қайдағыны қайдан шатып отырмын? Шебер болмақ түгілі
тағы бірдеңе болса да, басқан ізімнің садақасы. (Есіктен
Әтек енеді. Жағымпазданып, мияулап).

ӘТЕК: Ханым-ау, құлағымды тіге қалсам, жас шебер
дейсіз бе, немене... Бір қалта динарға татитын сүйінші
хабар жеткізгелі тұрмын.
КІШІ ХАНЫМ (елеңдеп): Сүйінші сенікі. Тез айтшы.

ӘТЕК: Әмірші ием жеңіс дабылын қақытырып, кер­
нейлетіп-сырнайлатып үш күндік жерге келіп қалды дейді.
КІШІ ХАНЫМ (қуанып): Оны кімнен естідің?
ӘТЕК: Құлағымды тіге қалсам, қойма ұстаушы Бәй­

бішеге сыбырлап жатыр екен. Тура үкідей ұштым өзі­
ңізге, үкідей (қалтасының аузын ашып-жауып. Кіші
ханым қалтасына динар тастайды. Еркелегенсіп) Тән
қалтамдағыдан айырылсам да, жан қалтамдағы толық

болсын.
КІШІ ХАНЫМ: Ендеше шақыр бас шеберді.

ӘТЕК: Құп. (Шыға жөнеледі. Ізінше бас шебер ішке
енеді).
КІШІ ХАНЫМ: Мұнара қашан бітеді? Немене алты ай
бойы сипақтап жүріп алдыңдар?

БАС ШЕБЕР: Алты айда айналасы ат шаптырым мұндай
ғимарат бітсе де зордың күшімен бітеді, ханым.
КІШІ ХАНЫМ: Айта бер.
БАС ШЕБЕР: Жанталасамыз деп арып-ашыдық. Мой­

нымыз ырғайдай, битіміз (бас бармағын көрсетіп) тор­
ғайдай болды. Қанаты жоқ, әйтпесе ұшып кетер еді. Мұ­
нара бітуге келді. Әне, қалған бар жұмысы (көкті мең­
зейді. Асқақтаған мұнараның бітпей тұрған жыр­тығы

көрінеді).
КІШІ ХАНЫМ: Бүгін, ертең. Екі күнде бітсін.
БАС ШЕБЕР (ойланып, қиналып): Бүгін, ертең (сау­
сағын бүгіп), тағы бір күн қосыңыз.

КІШІ ХАНЫМ: Екі күн. Айтқаным айтқан.
БАС ШЕБЕР (шарасызданып): Болсын, ханым. (Шы­
ғып кетеді. Ханым мұнараның бітпей тұрған әлгі жыр­
тығына қарайды. Жыртықтан өзінен көз алмай қарап

тұрған жас шебердің басын көреді. Жас шебер күлім­
сірейді. Кіші ханым қабағын түйеді. Осы көрініс екі-үш
мәрте қайталанады).
КІШІ ХАНЫМ (күрсініп): Көзін-ай! (Ашу шақырып)

Құрып кетсін көзі! Түнде түсіме енгені несі? Ұят-ай... айту­
ға адам аузы қиыспас... Үш жұма өтті, тесіктен мөлиеді де
тұрады жазған. Десе де, көзін-ай! (Жанталасып) Үш күн
қалды Әмірші келуіне. Не деп кетті әлгі бас шебер? Біте ме,

жоқ па мұнарасы? Дұшпанның сағын сындырып оралған­
да, Сізге арнап «Махаббат мұнарасын» тұрғыздырып ем,
бір жамауы жетпей қалды десем... күлер де қояр. Бірақ
сол күлкінің астарында қандай ызғар жатқанын тірі пән­

де білмес... (Мұнараға қарайды. Қайтадан өзіне қарап
тұр­ған жас шебердің басын көреді. Дағдарады. Ғашық­
тық дертін түсінгендей болады). Ажалымен ойнаған

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

бала күшік... Арыстаным ырылдаса көмекейінен көктей
өтерсің. (Қоңырау қағады. Нөкер қыз кіреді).
Бұл жерде де сахнадағы қимыл-әрекет үнсіз, музыка
сүйемелдеуімен өтеді. Кіші ханым себет толы алма, ал­

мұрт, жүзімді нөкер қызының қолына ұстатып жас
шеберге жұмсайды. Сәлден соң себетті сол қалпында
ұстап кері оралады. Кіші ханым қараса, тағы да жас
шебердің өзінен көз алмай тұрған басын көреді. Мұны

жіберіп, екінші нөкер қызды шақырып, оған табақ толы
ет ұстатып жас шеберге қайта жұмсайды. Алдыңғы
көрініс қайталанады. Жас шебер өзінен көз алдырар емес.
Үшінші нөкер қызға бір қалта динар беріп жібереді. Жас

шебер алмай жібереді. Кіші ханымнан әлі көз жазар емес.
Кіші ханым күрсінгенде, музыка да солқ ете түседі. Бұл –
шарасыздық. Кіші ханым оңашада өз-өзімен арпалысады.
Мұнара бітпей қалса жұртқа таба болмақ. Жас шебердің

көңілін тапса, масқараға ұшырамақ. Не істемек керек?
Ақыры айламды асырайын деп, күңін шақырып алып,
өзінің сән-салтанатты киімін кигізеді, аузыңа ие бол деп
ыммен ұғындырып, жас шеберге жұмсайды. Сәлден соң

жас шебер мен ханымның киімін киген, бет пердесі бар
күңнің сұлбасы мұнара жыртығынан көрініс береді. Жас
шебер алданып, күңді ханым деп құшып, тілегіне жетеді.
Мұнараның жетпей тұрған жері тез-тез бүтінделіп,

көзді арбай түседі. Көңілді музыка. Сән-салтанатымен
асқақтаған «Махаббат мұнарасы». Сахнаға Кіші ха­
нымды ортаға алып билеген нөкер қыздардың көңілді
тобы шығады.

Екінші көрініс
Сахна сыртында дауылпаз даусы, керней үні, аттың
кісінегені, адамдардың қуана дүрлігісі, тұяқ дүбірі естіле­

ді. «Әміршім қалың әскермен қалаға кірді», «Жеңіспен
оралды», «Ұлы той басталады», «Қазынадан алтын динар
есепсіз шашылады», «Жетім-жесір кеңірдектеп тояды»,
«Жалбыз шарабы судай ағады» деген жарқын-жарқын

дауыстар сахнаны кернеп кетеді. Аттың тұяқ дүбірі
сахна іргесіне таяп келіп тоқтайды. Қылыш асынған,
үстіне жорық киімін киген Әмірші (Ақсақ Темір) көрінеді.
Бір аяғын сылтып басып сахна төріне жеткенде алдынан

тағзым еткен, құлдық ұрған бас уәзір бастаған бір топ
сарай қызметшілері шығады.

– Ат-көлігіңіз аман, абыроймен оралдыңыз ба, Әміршім?

– Қарсыласқан жаудың қабырғасын үгіп, мерейіңіз та­

сыды ма, Әміршім?

– Арпалысқан дұшпанның омыртқасын үзіп, ай­да­

рыңыздан жел есті ме, Әміршім?
ӘМІРШІ: Ақ ісімізді Алла қолдап, аруақ жар болды.

– Ұлы жеңісіңізбен, Әміршім.

– Көкте – құдай, жерде – сіз, Әміршім.

– Халқыңыз тілегіңізді тілеп, ертеңді-кеш мінәжат

етуде, Әміршім.

– Сіз жоқта Күн көгінен, Ай аспанынан, Жұлдыз

жүрісінен жаңылғандай болды, Әміршім!
ӘМІРШІ (жөткірініп): Жә! (Қолын көтере беріп,
жоғары қараған сәтінде көк тіреген көгілдір күмбезді
жаңа мұнараға көзі түседі. Қараған, аң-таң қалпы тұрып

қалады). Бұл қашан пайда болған? (Өз-өзіне) Ғажап екен.
(Бас уәзір бастаған топ қаумалай, қауқылдасып кетеді).

– Кіші ханым сіздің ғажайып жеңісіңізге арнап

салдырды, Әміршім.

– Текті жердің бұрымдысы екенін көрсетті, Әміршім.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Сізге деген біз бен өзінің ризашылығын, құрметін

осылай бейнеледі, Әміршім.

– Шаһардағы ең зәулім бұл көгілдір күмбез ел арасын­

да «Махаббат мұнарасы» атала бастады, Әміршім.
ӘМІРШІ (қолын көтеріп): Жә! Бас шеберді шақы­
рыңдар, барып тамашалайық.
(Бәрі көгілдір мұнараға беттейді. Бас шебер жанына

жас шеберді ертіп, Әміршіге есеп беріп тұрады).
БАС ШЕБЕР: Әмірші ием, алпыс шебер алты ай бойы
жатпай-тұрмай Сіз деп қызмет етті. Бес жүз құл тас жет­
кізді. Екі жүз құл тастың бетін өңдеді. Құрылысқа арба

жеккен тоқсан бес пілді пайдаландық. Мешіт ғимараты­
ның ішінде әрқайсысының биіктігі жеті құлаштық төрт
жүз сексен бес баған бар.
ӘМІРШІ (разы кейіпте): Бәрекелді! Мына көгілдір

мұнара қай шебердің қолтумасы?
БАС ШЕБЕР (жас шеберді нұсқап): Ортөбелік құмы­
рашының ұлы Жаппар бар өнерін салып бақты.
ӘМІРШІ (сынап қарап): Анасынан адал сүт емген екен.

(Әмірші мешіт пен мұнараны әлі тамашалай түседі. Қа­
сындағы бас уәзір бастаған жәреуке топ марапат, қо­
шемет сөзден жалығар емес. Бірінен бірі асырып бағады).

– Әміршім, зер салыңызшы, алыстан қарасаң кісіге

жарқырап күледі.

– Жақын келсең биіктей, асқақтай түседі.

– Әрі күлімдеп тұрған өңі сұстана, айбаттана бастайды.

– Дәл іргесіне келсең зеңгір көкті төбесімен тіреп

шалқалап жатып алады.
ӘМІРШІ (разы кейіпте, өз-өзінен күбірлеп): Махаб­
баттың мәңгілік мұнарасы шынында да осындай-ақ шы­
ғар. (Айналасындағыларға асқақ қарап) Той. Той! Сауын

айтыңдар.

(Сахнадағы жарық сөнеді. Ерсілі-қарсылы шапқыншы
көбейеді. «Той», «Әміршім жеңіс тойын жасамақ», «Жаңа
мешітке байғазы бермек», «Махаббат мұнарасын» қы­
зықтамақ», «Жетім-жесір, ғаріп-қасірет бір тойын­бақ»,

«Алтын динар уыстап шашылмақ». Сахнадағы жарық
кері жанады. Әсем музыка ойнайды. Төрде, тақта Әмірші
отыр. Көңілді. Екі жағында екі қыз желпуіш желпіп тұр.
Той салтанаты екені бірден сезілгендей. Жиналған жұрт

та емен-жарқын. Сахнаның оң жағында Бйбіше мен бір
топ нөкер қызы көрінеді. Бәйбіше тәкаппар қалпында
отырғандарға болар-болмас бас изеп өтіп, Әміршінің оң
жағына жайғасады. Артынша Кіші ханымның тобы

көрінеді. Нөкер қыздар музыка жетегінде қысқа қайырым
билеп өтіп, Кіші ханыммен бірге Әміршінің сол жағына
тізе бүгіседі. Бәйбіше Кіші ханым мен нөкер қыздарына
көзінің аласын молайтып атып қарайды).

БАС УӘЗІР (сахнаның екі бетіне мойын соза қарап):
Құтты болсын айтқан тойшы қауымның аяғы әлі сұйылар
емес.
(Отырғанның бірі бас уәзірдің қимылын қайталап)

– Пай-пай, жаяуы мен жорға мінгені аралас ағылып, ала

шаң аспан астын кіреулендіріп тұр екен.
(Тағы бірі мойын созып)

– Біразы жаңа мешіттің іргетасын сүйіп тағзым етіп

жатыр.
(Тағы бір жағымпаз)

– Әміршімнің арқасында масайрасын бейшаралар, ма­

сайрасын. Мейманасы тасысын.
(Сахна сыртынан естілген дауыс)

– Уа, халайық, Ұлы Әміршімнің дүниенің төрт бұры­

шын түгел бағындырған айтулы жеңісіне арналған тойды
бастаймыз. Ұлы Әміршім ғұмыр бойы айбарлы дұшпанмен
арыстандай арпалысып, жолбарыстай жұлысып ат үстінде
келе жатса бәрі де сендердің қамдарың үшін, халайық!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Тұлымды ұл, бұрымды қыздарыңның келешегі үшін,
халайық (дауыс бірте-бірте алыстай береді). Жаңа ме­
шіттің, яки «Махаббат мұнарасының» құрметіне де отыз
күн ойын, қырық күн тойым болады. Көкпар тартылады,

алтынқабақ атылады, түйе палуан, өгіз палуандар кү­
реседі... Көрген де арманда, көрмеген де арманда.
БАС УӘЗІР (Әміршіге қарап): Әлгі әңгіменің жалғасын,
Әмірші ием, ләппайлап ести отырсақ дейміз (өзгелері де

қостай кетеді).

– Ләппай.

– Ләппай, тақсыр.

– Ләппай, Әміршім.

ӘМІРШІ (нығыздана түсіп): Содан Ақтөбенің ай­ма­
ғындағы сайтандай сары шашты кәпірлермен ше­каралас,
қойындас жатқан Берке сарайына дейін қырық күндік
жол шектік. Құлан жортпас, құс ұшпас небір шөлді

даланы текеметтей тілдік те отырдық, тілдік те отыр­
дық. Тоқтамыстың әскеріне қарсы үлкен шайқас салдық
(көтеріле түсіп). Менің от пен суға бірдей суырылған
сарбаздарыма төтеп берсін бе?! Пашақ-пашағы шығып, бет-

бетімен қашты.
БАС УӘЗІР: Біліп ем. Уа, аруақ! (Жәреукеленіп) Өзің
қолда. (Емпеңдеп) Қайран, еңіреген ерім-ай!

– Елімнің қамқоры, жер-жаһанның иесі-ай!

– Тоқтамыс тілерсегін қидырған қарсақ құсап орысы­

ның құшағына тығылған шығар.
ӘМІРШІ: Берке сарайын тып-типыл етіп талқандап,
жартылай кәпірге айналған жұртын бағындырып, мұ­
сылманның жасыл туын сүйдіріп, билеушімді тағайын­

дап, Қап тауына астым. Қап тауының жота-жорасында

өріп кеткен ұсақ ұлттарды қол астыма алып, Еділ мен
Жайықты көктей өтіп Сарайшық шаһарына кеп, иманы
бұйырғыр нағашым Батудың басына дұға бағыштадым...
Кәне, той тамағын тостырмаңдар. (Бәрі жапа-тармағай

дастарханға қол жүгіртеді. Әмірші алдында тұрған
ыдыстан үлкен қызыл алманы қолына алады. Алма қақ
ортасынан тілінген. Екіге ашқанында ақсарбас құрт
шығады. Әмірші тіксініп қалады. Бәйбіше көз астымен

Кіші ханымға қарайды. Өзге жұрт аңдамайды. Әмірші
алманы ыдысымен қоса беріп жібереді). Осы жорықтың
құрметіне салынған мешіттің бас шебері мен мұнарашы
жас шебері қайда, шақырыңдар алдыма. (Ішке екеуі енеді).

БАС ШЕБЕР (тізерлей кетіп): Құлдық, Әміршім.
ЖАС ШЕБЕР (иіліп): Бізден де бір құлдық.
(Бас уәзірден кейіндеу отырған біреу күңк ете түседі)

– Шөгеру білмейтін тайлақтай тұрысын қарашы. (Тағы

да қопаң қағып) Желкесінен алып жерге жанши қояйын
ба осы?
ӘМІРШІ (зілсіз жекіріп): Тәйт, бейбастақтанба! Жігер­
лі жасқа осындай өткір мінез жарасады. Бар қыры түгел

майырылып болған өздеріңмен салыстырасыңдар ма?
(Мейірленіп) Кел, жақын кел, ұлым.
БАС УӘЗІР (Әміршіге қалбалақтап): Көреген десе,
көреген ғой.

(Бәрі бас шұлғып, қолдай кетеді. Өзара күбірлесіп ай­
тысады).

– Көреген.

– Асқан данышпан десеңші.

– Пайғамбарлықты қимай отырсыңдар ма?

– Ойбай, нақ өзі.

– Алланың жердегі елшісі ғой.

– Біз секілді күнәкарлардың арасына көзі қиып қалай

жібереді екен?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Кімді айтасың?

– Алланы айтам да.

ӘМІРШІ (шалқып-тасып): Қазынашы, қайдасың?
(Шапанына малынған қазынашы бас уәзірдің жаны­нан
бой көтереді).
ҚАЗЫНАШЫ: Ләппай, Әміршім.

ӘМІРШІ: Мешітті көтерген алпыс шеберге алпыс қалта
алтын динар үлестір.
ҚАЗЫНАШЫ: Әміріңізге құлдық.
ӘМІРШІ: Мына бас шебер мен жас шебердің сыбаға­

сын келтірт. (Қазынашы иек қаққанда, екі жігіт екі
табақ алтын динарды көтеріп әкеліп екеуінің алдына
тартады).
БАС ШЕБЕР (алып жатып): Сүйекке біткен сахи­

лығыңызға тәнтімін, Әміршім.
ЖАС ШЕБЕР (тағзым етіп, көз астымен Кіші ханым­
ға қарайды): Шексіз ризамын, Әміршім.
(Осы сәтте алманы алып кеткен әйел тағы да та­

бағымен алма әкеліп Әміршінің алдына қояды. Әмірші
ең үлкенін қолына алады. Тағы да ортасы тілік. Тағы да
ақсарбас құрт өрмелеп шығады. Бәйбіше тағы да кектеніп
Кіші ханымға қарайды. Мұны бұл жолы Әмірші де аңдап

қалып, көңілсіз ойға беріліп, біруақ үнсіз отырып қалады.
Алманы табағына қоя салады. Тегін нәрсе еместігіне көзі
жетеді).
ӘМІРШІ (тым-тырыс бола қалған жанындағыларға

қарап): Тойға бәйітшілер неге шақырылмаған?
БАС УӘЗІР: Осы екі бәйітшіні дүйім елдің арасына
бөлдік. Қазірде бірінен бірі дауыс асырып, кеңірдектері
өртеніп жатқан шығар. Шақыртайық ең жүйрігін.

ӘМІРШІ (қолы көтеріліп): Қоя тұр. Жыр айтқанда
көмейі бүлкілдеп таңға қайтару бермейтін сұңғыла шал
бәйітші бар деп есіткем. Соны алдыр.

БАС УӘЗІР (екі иығын кезекпе-кезек билетіп, күбі­
жіктеп): Қайдан білейін... Оңбай кетті, қара басты деседі.
ӘМІРШІ (қабақ шытып): Күлбілтелемей турасына
көш, Бас уәзір.

БАС УӘЗІР (жасып): Ақылын алдырып алыпты деседі.
Аузына не түссе соны оттайды деседі.
(Өзге еркектер де әдеттегідей қостай жөнеледі)

– Алжыған қақпас та.

– Әміршімді күндейді дейді.

– (Сыбырлап) Қандас бауырларын қырғынға ұшырат­

ты депті, ойбай.

– «Айналайын қасиетті топырақ, мұнша мол ғып туар­

мысың қырттарды», – деп махалланың көлеңкесінде аңы­
ратып отыр.

– Сен не дедің?

– Қолым бос болмады. Желкесін жеті түйер ем.

ӘМІРШІ (ашу шақырып): Рас сөз бе осының бәрі?

– Тура шындық, Әміршім.

– Куәландырып жан берейік, Әміршім.

– Оның барар төрі – зындан, Әміршім.

ӘМІРШІ: Алдыртыңдар алдыма! (Әмірші әлгі алманы
қолына ұстап, есіне әлдене түскендей кері тастап
жібереді. Осы кезде шапанының екі өрімі жырым-жырым
соқыр шалды екі жігіт ішке дедектетіп сүйреп кіргізеді.

Бәрі ошарыла қарайды. Әмірші бастапқы райынан қай­
тып, мысқылдай жымиып) Әлемнің төрт бұрышына түгел
тіреу қойған Әмірші жайлы ғайбат айтыпсың, бәйітшім,
осы ақиқат па?

БӘЙІТШІ ШАЛ: Рас десем өзіме обал, өтірік десем
өз­ге­ге обал, Әміршім. Мәселе, менің сөзімнің сізге қалай

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ жетуіне байланысты. Самал соқса ішінде шаң-тозаң бол­ майды. Олар жолай жүре келе ілеспей ме? ӘМІРШІ: Ендеше кірген бетте Әміршіге неге тағзым етпедің? Соны айт! БӘЙІТШІ ШАЛ: Зағиппын, Әміршім. Абайламай жан­ дай­шаптарымыздың біріне қарай иіліп қоям ба деп қо­ рықтым. Әйтпесе, бақа басымды имей сізден аяды дейсіз бе? ӘМІРШІ: Ә, өзің соқыр екенсің ғой. БӘЙІТШІ ШАЛ: Соқыр болмасам, ақсақтың қолына түсетін бе едім?! (Бас уәзір бастаған топтың үрпиісіп, имандары ұшып кетеді. Бәрі бәйітші шалға кіжіне, тіс­ тене, одырая қарасады). ӘМІРШІ (тағында шалқайып, рахаттана, ұзақ күледі. Бұл күлкіге Бас уәзір бастаған топ та қосылып кетеді): Жарайсың, бәйітшім. Біртуар ер екенсің. Қазынашы, бәйітшіге бір табақ алтын динар сыйла. Қалған ғұмырын тарықпай өткізсін. БӘЙІТШІ ШАЛ (тағзым етіп, шыға бере): Дегеніңе жет, Әміршім. ӘМІРШІ: Берген емес, алған жомарт. Аман жүр, бә­ йітшім. (Әмірші алақанын екі қаққанда тойшылар еппен тұ­ рып, бас иіп тағзым етіп тарай бастайды. Әмірші та­ ғында жалғыз өзі ойланып отырып қалады. Көңілі ала­­ бұртулы. Айналасына көз тастайды. Қылышын суы­ рып, қынабына кері салады. Бас шайқайды. Тұрып, кері отырады. Сахнадағы жарық баяу сөніп, кері жанғанда Кіші ханымның отауы көрініс береді. Кіші ханым терең ұйқы­ да. Бас жағында балауыз жанып тұр. Баяу басып Әмір­- ші жақындай береді. Осы кезде Кіші ханым түс көрген­ дей бұлқынып түседі. Езу тартып ұяң жымияды. Әмірші кілт тоқтайды. Жаймен үңіледі. Кіші ханым кеудесіне көпшікті қысып алып умаждап, әр түрлі интимдік ды­ быстар шығара бастайды. «Көзім-ай» деп дауыстап та

жібереді. Әмірші қатуланып қарап қалған. Сәл басылған
әлгі әрекет Кіші ханым тарапынан кері қайталанады.
Ұйқысырап көпшікті кеудесіне қысып алып умаждайды,
уһілейді. «Сағындым... Аямашы» дегенді үзіп-үзіп айтады.

Бөксе жағы да билеп кетеді. Зығырданы қайнаған Әмірші
шыға жөнеледі).
Екінші бөлім
Үшінші көрініс

Сахнада Әміршінің ордасы. Өзі төрде тақта отыр.
Жалғыз. Мұңайған. Жан-жағына секем ала қарайды. Кө­
зіне көгілдір мұнара тағы шалынады. Селк еткендей боп
тыжырынады. Тақтан көтеріле түсіп, кері отырады.

Көзін жұмады. Осы кезде сахна қараңғыланады да, түнде­
гі оқиға қайталанады. Бұл жолы қысқа қайырым. Сахна
шетіндегі әлсіз жарықта ұйқыдағы Кіші ханым көрініс
береді. Тағы да құс көпшікпен арпалысып жатыр. Кеудесі

көріктей солқылдап, ынтығып сөйлегенмен, бұ жолы да
даусы естілмейді. Ұйқысырап үздіккен қимыл-әрекетін
жалғастыра береді. Әмірші алақанын оқыс шапалақтап
қалғанда Кіші ханымның елесі жоғалады да, Әміршінің

өзі көрінеді. Көзі жай отындай жарқыл қағып, ашулы.
Ішке күтуші қыз еніп, алдына дәм қояды. Ішінде кешегі
ыдыстағы алма, жүзім. Күтуші қыз шығысымен Әмірші
үлкен қызыл алманы қолына алып, ақсарбас құртты та­

ғы көреді. Музыка ойнап, Кіші ханымның нөкер қыздары
шығыс биіне басады. Орта шеніне келгенде Әмірші оң
қолын көтереді.
ӘМІРШІ (сұсты): Тоқтат, әзәзіл сиқырды. (Бишілер

жылыстап жоғалады, өз-өзіне) Кешегі кең кеудеге сый­
маған қуаныш-шаттығымды кім ұрлаған? Жауымды жа­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ралы жолбарыстай етіп жайратып келгенде сарайым­ның
ішінде арыстан ақырып жатыр ма?! Айналамның бәрін
әзәзіл жайлағандай бұл неткен құпиялы жұмбақ? Махаббат
мұнарасы. Аста-төк той. Сызданған Бәйбіше, сиқырланған

Кіші ханым. Өзегін ақсарбас құрт кеулеген қызыл алма.
Құрт! Бір емес, екі емес, қайта-қайта көз алдымда билеп
шығады. Хан сарайға, екі отауға сыймаған екі күндестің
бір-біріне ор қазған айла-шарғысы ма? Әлде бірі анық

күнәһар боп, төрім мен төсегімді сатқандығын сездірген
ишарасы ма? Жазықсыз бекері, күйті қанбаған мекері
қайсы, анықтайын. Қыны мен қылышын қоса құртайын
аспан асты, жер үстінен.

(Алақанын екі мәрте шапалақтайды. Сахнаның екі
тұсынан екі саққұлақ сыбырлағыш кіріп кеп, жортақтай
жүгіріп Әміршінің алдына тағзым ете кетеді. Әмірші
екеуін қолымен ишара жасап өзіне шақырады). Ақ сөй­

леңдер! Адал мен харамның ара жігін ажыратпай, көзде­
ріңді шел басып жүрмесін. Өз көңіліңдегі наланы пәнде
баласына таңбай, Әміршіге ғана қатысты ақиқатқа жы­
ғылыңдар. Әйтпесе, алдаспан сілтенгенше тілдерің кә­

лимаға келмей қалады.
ЕКЕУІ (дірдек қағып): Құп, тақсыр, ием.

– Әдеттегідей әділіне құлаймыз, Әміршім.

(Әмірші сыбырлағыштың бірін тағының жанына
шақырып алып, оң қолымен көгілдір мұнараны нұсқап,
алдындағы қызыл алманы көрсетіп, жаймен сөйлейді.
Даусы көрермендерге естілмейді. Ендігі әңгімені сыбыр­

лағыш бастайды. Ол да сол қалыпты, Әміршінің құ­
лағына қоймай сыбырлап жатқанменен даусы залға
жетпейді. Есесіне әміршінің қарсы алдында тұрған екінші
сыбырлағыш біріншінің не айтып жатқанын қимыл-

әрекетпен көрсетіп тұрады. Алдымен зәулім мұнараның
бірте-бірте бой көрсету сәтін қол қимылымен бейнелей­
ді. Мұнара біте келгенде бүтінделмей қалған тесікті
ұғындырды. Сол тесіктен жас шебердің Кіші ханымға

ғашық боп ертеңді-кеш көз жазбай сұқтана қарағанын
білдірді. Кіші ханымның жас шеберді қорқытып-үр­кіт­
кенін, ақыр аяғында жалынғанын сездірді. Жас шебер
көнбеді. Тесік бітелмеді. Ертеңді-кеш жәудіреп қарауын

қоймады. Өз киімін беріп күңін жұмсады. Жас шебер Кіші
ханым деп күңді құшты. Мұнара бүтінделді).
ӘМІРШІ (ащы даусы шығып): Шеберге Кіші ханым
аяғымен өзі барды ма?

СЫБЫРЛАҒЫШ (бұл жолы даусы шығып): Жо-жоқ,
Әміршім, күңі, күңі барып құштырып, мауқын бастырып
келді.
(Әмірші қолын сілтегенде екі сыбырлағыш кері шегі­

ніп жоғалады).
ӘМІРШІ (өз-өзінен долданып): Ортөбенің құм жалап
өскен күшігінің дәмесінің зорын қарай гөр! Дегеніме
жеттім, ханымның қыпша беліне қолым тиді деп жүрген

ғой. Шама-шарқын білмей, аспандағы Айға құрық лақ­
тырған неменің екі көзін ояр болар. Падишаның ақ тө­
сегінен дәмеленген сұғанақ неменің анық жазасы осы.
(Алақанын екі мәрте шапалақтағанда жендет кейпінде­і

әлгі екі сыбырлағыш ішке енеді). Мұндай теңдесі жоқ
мұнара өзге өңірде орнамау үшін қандай қаракет жасау
қажет, жендетім?
ЕКЕУІ: Жас шебердің көзін ояр болар, әміршім.

– Ойып, орнына мақта тығып қояр болар, әміршім.

ӘМІРШІ (сынай қарап): Тілектеріңді бердім ендеше.
(Екі жендет бас иіп шыға жөнеледі. Әмірші мысқылдай
жымияды. Сахнаның әмірші отырған төрі қараңғылана­
ды да, жарық екінші жартысына түседі. Ішке жас шебер­

ді сүйрелеген екі жендет енеді. Екі қолы мен мойнына
кісен түскен жас шебер үрейге бой алдырып, айналасына
жаутаңдап қарай береді. Екі жендет одағай қимылдап,
ырсыл қағып жүріп қол-аяғын байлайды).

ЖАС ШЕБЕР: Жазығым не, ағатай?
ЕКЕУІ: Жазығың көп, балатай!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Бейкүнә бола қалыпты. (Тап-тап беріп) Сүйегіңді

жіліктеп тергізейін бе осы!

– Істікті шоққа сал.

– Салдым. Қазір-ақ нарттай қызарып шыға келеді.

– Оң көз менікі.

– Маған сол көз де жарайды.

ЖАС ШЕБЕР (шырқырап): Құдайдан қорық, адамнан
ұял, жендет.
ЕКЕУІ: Құдай деп қалыпты (мырс-мырс күліп).

– Адам дейді.

ЖАС ШЕБЕР (ышқынып, отырған жерінде мөңкіп
секіріп): Жазаға кессе мені Әміршімнің өзі кессін. Ар­
мансыз боп өлейін. Апарыңдар алдына!
ЕКЕУІ (кекетіп): Әмірші дейді.

– Сенен басқа шаруасы құрып қалған ба тақсыр иемнің?!

ЖАС ШЕБЕР: Екеуіңнің мына зұлымдықтарыңнан ха­
бардар ма Әміршім?!
ЕКЕУІ (бір-біріне қарасып): Жоқ.

– Мұндай ұсақ-түйек шаруа өзімізден қалмайды.

ЖАС ШЕБЕР: Ендеше мені халықтың алдына алып
шығып дар ағашының астында әшкере жазалаңдар!
ЕКЕУІ (қарқ-қарқ күліп): Халық? Бір баланың бақыр­
ғанына ел зәру емес. (Аузын сипап, мардымсып) Дәмесінің

зорын қара!
ЖАС ШЕБЕР (ышқынып, көкке қарап): Әке, қандай
ақыл айтып едің сен маған?
САХНА СЫРТЫНДАҒЫ ӘКЕ ДАУСЫ: Тым биікке

шыққанға сенбе дегенмін, ұлым! Күндердің күнінде жы­
лан боп шағады, жылқы боп тебеді дегенмін, ұлым!
ЖАС ШЕБЕР (жанталасып): Әй, қос жендет, беліме
түйген, ышқырыма тыққан бір табақ алтын динарды ал

да, басыма азаттық бер. Бір-ақ түнде көз көрмеске, қол
жетпеске жоғалайын. Сағымға айналайын, елес боп көзден
де, көңілден де ұшайын.

(Қос жендет меңіреу кейіпке еніп, қолына ұшы қып-
қызыл екі істік темірді ұстап кеп жас шеберді тұқырта
басып, үстіне қона түседі).
ЕКЕУІ: Жазығым не дедің, Жаппар. Жазығың – бұл

өлкеде теңдесі жоқ мұнара көтергенің. Оған тайталас
түсетін мұнара бұдан былай жер бетінде зеңгір көкке қол
созып тұрмауы керек. Бар-жоғы сол.

– Сұраған халқыңа солай де.

(Екі жендет екі істік темірмен шебердің көзін ағыза­
ды. Жас шебердің жан азабына шыдамай шыңғырған жан
даусы шығады. Екі жендет жас шеберді сахнадан алып
шыға береді).

– Ертең-ақ жазылып кетеді. Шыбын қонбасын деп ор­

нына мақта тығып алсаң болды.

– Қолыңа таяқ ұстасаң әлі-ақ аттай шауып, атандай же­

ліп кетесің.
(Сахнада жарық тұтас жанғанда төрде тақ үстінде
асасын ұстаған Әмірші отырады. Орнынан көтеріліп, зәу­
лім мұнараға тіктеле қарап тұрыңқырап қалады. Бас

шайқайды).
ӘМІРШІ (тамсанып): Шіркіннің шеберін! Көңілі
босмойын иттей бұлғақтап, Кіші ханымға көз сүзбесе де
талабы мен тағдырының осылай аяқталарын сезбеді-ау,

жазған. Шын шебердің қолы ортақ емес бұл жалғанда.
Сыбырлағыш пен жандайшаптарымды ел арасына, базар
ортасына қаншама жіберсем де, бөтен хабар жеткізбеді.
Жас шебер мен күң (қабақ шытып), Кіші ханым хикаясы,

демек, ешкімге мәлім емес. Әйтпесе екі елі аузына еркі
жоқ бір жыбырлақ табылмас па? Кім бар? (Ойланып)
Кім қалды? Бас шебер... (Алақанын екі шапалақтағанда
әдеттегідей екі сыбырлағыш жетіп келіп тағзым етеді).

Бас шебер ше?
ЕКЕУІ (біріншісі алақанын жайып, иығын қушитады):
Сақтықта қорлық жоқ, Әміршім. Бар құпия-сырды ішіне қа­
тып, тым-тырыс жүрмесін. Майлы қасықтай жылпылдап

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

сөзге тартсақ та сұрланып, сырт орай береді. Жылдар өте
келе өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп...
ӘМІРШІ: Шақырыңдар ендеше! (Екі сыбырлағыш шы­
ға жөнеледі. Ізінше бас шебер ішке енеді).

БАС ШЕБЕР: Әміріңізге құлдық ұрдық (басын иіп, қо­
лын қусырып тағзым етеді).
ӘМІРШІ (тақта үнсіз бас изейді. Ойланады): Әй, бас
шебер, мұнараның ұшар басына қарашы.

БАС ШЕБЕР (көз тігіп): Қарадым, Әміршім.
ӘМІРШІ (өзі де көз тігіп): Қарасаң, ұшар басына таяу
оң қапталдағы бір тастың артық тұрғанын неғып көрмедің?
БАС ШЕБЕР (сасып): Ар-тық тұр-ған тас? Әміршім-ау,

көзім жасаурап кетіп ештеңе көрмей тұрмын.
ӘМІРШІ (қату): Ендеше мен көрдім. Көгілдір мұна­
раның бар көркін көлегейлеп тұр. Ертең әлемнің әр
түпкірінен елшілер қабылдаймын. Сонда онсыз да бір

бармағын бүккен мүттәйім немелер бір тастың кесірінен
сырттай сыпайылағанымен, іштей сын тағып кетсе, не
демекпін. Салған сен емес, салдыртқан біз қымсынамыз.
БАС ШЕБЕР (тағзым етіп): Кеше көріңіз. Ұқтым,

Әміршім.
ӘМІРШІ: Ұқсаң – тап қазір мұнараға көтеріл де, артық
тасты құрт!
(Бас шебер тағы да тағзым етіп шығып кетеді. Сәл­

ден соң екі жендет бас шеберді де жас шебердің кіріптар
қалпына ендіріп, қол-аяғына кісен сап айдап әкеледі).
ЕКЕУІ: Әміршім.

– Әміршім, мына шебер бар сұмдықты ішіне бүккен ит

екен.
ӘМІРШІ (қатуланып): Баянда тез.
ЕКЕУІ: Іңір жамылып, (көрсетеді) аяғын санап басып,
екі құлағын жымқырып, (қимылмен көрсетіп) көгілдір

мұнараға баспалдақпен өрмеледі дерсіз.
ӘМІРШІ: Әрі қарай?

ЕКЕУІ: Қолында өткір балта. (Көрсетіп) Бір тасты
шақ еткізіп салып кеп қалды дерсіз. (Қол-аяғын бірдей
сермелеп) Түгелдей қирата бастады.
БАС ШЕБЕР (жанталасып): Жалған, тақсыр ием. Өзі­

ңіз (алға ұмсынып), өзіңіз... айтып...
ӘМІРШІ (ақырып): Жап аузыңды, кәззап!
ЕКЕУІ: Зиянкестінің қолын қайырып, аяғын бұғаулап...

– «Махаббат мұнарасын» аман сақтап қалдық, Әміршім.

БАС ШЕБЕР (кемсеңдеп): Әміршім, өзіңіз... өзіңіз...
ӘМІРШІ (екі жендетке қарап): Басқа пәле неден?
ЕКЕУІ: Тілден.

– Тілден, Әміршім.

ӘМІРШІ: Ендеше тілін қырқып шұнтитып, тастаңдар
зынданға харамды! (Әмірші отырған тақты төрдің жа­
рығы сөніп, бас шебер мен екі жендеттің аясына ғана
жарық түседі. Бір жендет қанжарын жалаңдатады).

БАС ШЕБЕР (ышқынып): Тіл, қайран тілім...
ЕКЕУІ: Тілдің енді керегі қанша? Охо-хо-ой! (Күліп)
Барар жерің бәрібір жердің асты.

– Көртышқанмен үнсіз сырласасың.

– Әп, бәлем! (Бір жендет бір түйір етті кесіп алып

лақтырып жібереді. Ызылдаған, ыңылдаған бас шебер­
дің үні талып-талып естіледі. Жарық сөнеді. Қайта
жанғанда тақта отырған Әмірші көрінеді. Тастай боп
қатып қалған. Сол сәтте құлағына бас шебердің даусы

келеді).
САХНА СЫРТЫНДАҒЫ ДАУЫС: Барар жерің сенің
де жердің асты, Ақсақ Темір! (Әмірші шошып, тағынан
атып тұрады. Аң-таң. Жан-жағында тірі пәнде жоқ. Да­

уыс қайдан шықты ендеше? Әлгі дауыс қайтадан есті­-
леді) Барар жерің сенің де жердің асты, Ақсақ Темір! (Тіп­
ті еркек пен әйел даусы қоса-қабат жамырай жаңғырып,
қорқынышты естіледі. Әмірші жанталасып, жан-жағына

қарманып, арпалысады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Төртінші көрініс
Сахнада шаһар көшелері көрініс береді. Әрлім-бер­
лім шапқыншының даусы естіледі. Тұяқ дүбірі, қоңырау
дауысы, көңілді үндер. «Әміршім саятшылыққа бет

алды», «Қоңыраулы күймесімен аттанды», «Жанына
Қа­сар мергенді ертті», «Көп қолмен аттанды» деседі.
Аулақтағы мешіттен Құран сүрелерін оқыған молла
даусы талып жетіп тұр. Абыр-сабыр жалғаса береді.

Музыка қостайды. Жарық көлеңкеленіп, кері жанғанда
табиғат аясына Әмірші мен Қасар мерген алшаң басып
шыға келеді. Аңшы киімі, садағы, қылышы бойларында.
ӘМІРШІ: Уа, Қасарым, өзгелер киік қуып, алданыш

етсін. Өзге жұрт құм санаса, біз екеуміздің ежелден тас са­
найтын әдетіміз емес пе? (Күліп) Үйірімен үш тоғыз деп ірі
аңдарға ғана көз сүзейік, садақ жебесін қамдайық.
ҚАСАР МЕРГЕН: Айтқан лебізіңіз Құранның сүресін­

дей ақиқат, Әміршім.
ӘМІРШІ: Өзіңе қояр сауалым бар, Қасар мерген.
ҚАСАР МЕРГЕН: Құлағым – лебізіңізде, ниетім Сізге
бұрылған, Әміршім.

ӘМІРШІ (кілт тоқтай қалып): Не себептен менен
іргеңді аулақ салып, соңғы кезде жалғыз өзің тау-тасты ке­
зіп, кісікиік боп кеттің?
ҚАСАР МЕРГЕН: Биік таудың басын көр де, етегіне

барма деген, Әміршім.
ӘМІРШІ (таңғала қарап): Барса ше?
ҚАСАР МЕРГЕН: Өзің құдайдай сыйлаған жанның
пендешілігін көріп, көңілің ел көшкендей құлазып қалуы

мүмкін.
ӘМІРШІ (аңтарылып): А-ах! Солай де... Енді түсіндім.
Бұл сөзді басқа айтса... Әрине, айта алмайды. Сенің осы
ерлігің ғой менің еркелетіп ұстап, бетіңнен қақпайтыным.

ҚАСАР МЕРГЕН: Разымын, Әміршім, разымын.

ӘМІРШІ: Өйткені кешегі жас дәурендегі қиямет-қайым
қашты-қудыны, теперішті бастан бірге кешпедік пе. Бірақ
тым суық тартып, өзгердің, Қасарым.
ҚАСАР МЕРГЕН: Жалғыз мен емес шығар, Әміршім.

(Тау жотасын нұсқап, сыбырлап) Әміршім, әне, әне үйі­
рімен үш тоғыздың басы.
ӘМІРШІ: Арқар!
ҚАСАР МЕРГЕН: Арқар. Мүйізінің адалбақандай боп

шаншылуын, шіркін! Жол сіздікі.
ӘМІРШІ: Оңаша қалғанда сенен бұрын аңға садақ
кеземейтінімді өзің білесің. Жол – өзіңдікі! (Қасар мерген
басын иіп, садағын оңтайлап бүкпеңдей жөнеледі). Жол

өзіңдікі, Қасарым. (Әмірші өз-өзімен қалып) Мұ­ның
да көңіліне күдік қонақтаған ба? Желді күндей ұйыт­
қып, іргем жалаңаштана бастағаннан сау ма өзі? Қа­
сар, қайран Қасар дос. Сенен маған жау шықпас. Шап­

қыншылыққа ұшырап, елден, жерден безгенде қу мекиен
далада атып алған жалғыз шілді жарып жеген біз емес пе
ек? Сексеуілдің шоғына қақтаған шілдің дәмі әлі күнге
таңдайымды сорады. (Осы кезде жолбарыстың ырыл­

даған, маңайын құйрығымен сабалаған үні естіледі. Әмір­
ші жалма-жан садағына жармасады. Айналасын шо­
лады. Жолбарыстың өзі көрінбейді, бірақ әлгі ырыл мен
құйрығын сабалаған үн жақындай түседі. Әмірші са­дағын

кезеп шыр-көбелек айналады. Жолбарыс таяй бе­реді. Осы
кезде кісеннің сыңғыры, ышқынған үн естіледі. Сахнаға
аяғында, қолында кісені бар бас шебер шығады. Ұсқыны
тым үрейлі. Сақал-мұрты өсіп кеткен. Ышқына ызылдап,

тісін қайрап, тура Әміршіге қарай қадам басады. Әр
түрлі одағай қимыл көрсетіп келеді. Сахнаның екінші бе­
тінен «Оу, Әміршім, жазығым не, жазығым?» деген жас
шебердің сүйегіңді сырқыратқан даусы мен кісен сыңғыры

естіледі. Артынша өзі сахнаға енеді. Ұсқыны үрейлі, ұсті-
басы жұлым-жұлым. Екі көздің орнында ақ мақта тұр.
«Оу, Әміршім, жазығым не, жазығым?» дегенді тынымсыз

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

қайталап, Әміршіге тура беттейді. Екі қолын алға со­
зып, саусақтарын ашып-бүгіп, әлдекімді қылғындырардай
сұсты. Жолбарыстың әлгі әрекеті одан сайын жақындай
түседі).

ӘМІРШІ (үш жаққа бірдей садағын кезеп): Аулақ,
аулақ, пәлекет! Бұл не, тура келген ажал ма, әлде елес пе?
Зынданнан кім босатты бас шеберді? (Ақырып) Жас ше­
берді мұнда жетелеп келген кім? Қайда әлгі ытырынған

жолбарыс? Неге тура атылмайды маған?! Қашанғы айбат
шегеді ту сыртымнан? Қасар мерген қайда жоғалды?!
(Жан­таласып үшеуінің ортасында арпалысады. Бас ше­
бер мен жас шебер мұның даусын естімегендей ілгерілей

түседі. Шалт қимылдап, садағын атып жібереді). Мә,
сыбағаң! (Жолбарыстың ақырып барып құлап түскені
естіледі). Әміршіге ең соңғы рет атыла алмай арманда
кеттің-ау, шұбарым. Тәңірім сенің теріңді менің табаным

үшін жаратқан. (Алаңдап) Әлгі екі мүсәпір қайда кеткен?
(Жолбарысты атқан сәтте бас шебер мен жас шебердің
елесі ғайып болған-ды). Жын ба, пері ме, сағым ба, елес пе?
(Жерге отыра кетіп, жантайып) Туралап айтқанда, бір

ажалдан құтылдым. Ал әлгі жан қинаған азап ше? Осының
бәрі не үшін? Бәсе не үшін? (Ойланып) Анам байғұс жан
тәсілім етерде не деп өсиет қалдырып еді? (Осы кезде сахна
қараңғыланады да, кішкене дөңгелек жарықта төсекте

әл үстінде жатқан анасы, жанында екі бүктетіліп
еңкейіп отырған Әмірші көрініс береді).
АНАСЫ (сыбырлап, әлсіз үнмен): Балам, сен арманыңа
жеттің. Ал мен арманда кетіп барамын. Үстіңдегі ақ ор­

даңды, сауытыңды мықты көрме – одан да оқ өтеді. Қап­
таған қалың әскеріңді қалқаныңнан мықты көрме – оған
да көз өтеді. Жан-жағыңдағы әр қатыныңнан та­раған
торпағыңды айбар тұтпа – оларға да сөз өтеді. Қайбір

ыстық-суығыңды бір көріп, бір көрпеден өретін әйелің
бар. Әр көрпенің астындағы әйел де бір – үйірдегі бие
де бір. Сауырындағы сенен гөрі бауырындағы құлыны

жақын, ұлым. Уһ! Тағы не айтайын дедім... Жылқы
баласының еркегі тісі қатайған соң, үйірден алдымен
атасын шайнайтын. Содан сақ бол. Қартайған шағында
апа­нын бөлтіріктеріне алдырып, желдің өтінде қалған кә­

рі бөрідей әрі-сәрі күнге ұшырамайын десең, көп баланың
бірін баулы. Тіріде өз қолыңмен тағыңды ешқайсысына
берме, қырқысып бітер. Тұғырдан түскен соң, балалы қа­
тыныңды сағалама – балаларына арқа сүйеп, басыңның

қадірін кетірер, баласыз әйелді сағала – баласыздығынан
қорғаштап, өзіңді пана тұтып, өле-өлгенше сыйлап өтеді,
ұлым. (Жарық сөніп, тұтастай сахнаны алып кері
жанғанда тақ үстінде мүлгіп отырған Әмірші селк ете

түсіп көзін ашып алады. Алдында мүттәйім қағып бас
уәзір тұр).
ӘМІРШІ: Уа, бас уәзір, дүниеде не жаңалық? Не көріп,
не білгенің бар?

БАС УӘЗІР (қыбыжықтап): Дүниенің тілегі сіздің үс­
тіңізде, Әміршім...
ӘМІРШІ: Ел не дейді?
БАС УӘЗІР: Ел сізді бұрын көреген деп табынса, енді

жолбарысты жалғыз оқпен жайратқаныңызды естіп, жан
біткенде жоқ баһадүрлігіңізге табынып, құлдық ұрып жа­
тыр, Әміршім. (Өзі де иіліп-бүгіліп құлдық ұрады).
ӘМІРШІ (ойланып): Ым-м (бас изеп). Солай де...

БАС УӘЗІР: Солай, Әміршім. Шығыстағы Қытайдан,
құбыла беттегі Хиндустаннан елшілер келіп, қабылда­
уыңызды зарығып тосып отыр. Әрқайсысының керуен-
керуен қолүздігі-сыйлығы бар, Әміршім.

ӘМІРШІ: Кірсін. (Көзін қайта жұмады. Басын көте­
ріп алғанда сахнаның екі жағынан елші емес, жоғарыдағы
кейіпте бас шебер мен жас шебер кіріп келе жатады. Еке­
уі де әмірші отырған таққа беттейді. Ұсқындары зәрлі.

Әмірші жан-жағын қарманады. Жанталасады. Қолына
ештеңе ілінбейді, даусы құмығып шықпайды) Уа, кімсің?
Жөніңе көш, мүсәпір пәндем.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАС ШЕБЕР МЕН ЖАС ШЕБЕР (бөліп-бөліп айтады):
Біз дүниедегі жетім-жесірдің, ғаріп-қасірдің елшісіміз,
Әміршім.
ӘМІРШІ (жанталасып): Айт. Айт та, ал.

БАС ШЕБЕР МЕН ЖАС ШЕБЕР: Ол кінәсіз шабылған
бас пен бүйкүнә ойылған көздің...

– Қырқылған тіл мен жазықсыз төгілген көз жастың

өтеуі, Әміршім. Қазынаның қақпасын қаншама айқара
аш­саң да өтей алмассың деп қорқамын.
ӘМІРШІ: Алыңдар. Алыңдар да жоғалыңдар!
БАС ШЕБЕР МЕН ЖАС ШЕБЕР: Жо-жоқ, елден жиып-

терген арам байлығыңды төксең де, қолдан жасаған атақ-
абыройыңды салсаң да оңайлықпен енді бізден құтыл­
массың.

– Иә, қолдан жасалған құдайдың қашанда алды қат­

ты, әмірі үстем. (Екеуі Әміршіні тақ айналдыра қуалай
түседі).

– Сенің де барар жерің жердің асты, Әміршім.

– Соны ұмытпа! Ол жердегі тергеу-тексеру бұл жерден

гөрі әділірек, әрі қаталдау.

– Сол жерде кездесуге жазсын. (Екеуі елеске айналып

жоқ боп кетеді. Әмірші сұлқ етіп тағына отыра кетеді).
ӘМІРШІ (орнынан ақырын көтеріліп): Дүниенің бәрін
соқыр мен мылқау, сыбырлағыштар мен жыбырлағыш­
тар, жағымпаздар мен әтек жайлап кеткен бе? А-а! Ас­

пан Алланікі болса, жер үсті менің иелігімде емес пе?
Осы жаннат жайдан қу жаныма бір байыз таппағаным
ба? (Көзіне көгілдір мұнара шалынады). Бәрі, бәрі осы
сиқырлы мұнараның әлегі. (Қолын екі шапалақтағанда

екі жендет жетіп келеді). Құртыңдар мына мұнараны!
Өшіріңдер жер бетінен. Жоғалтыңдар көз алдымнан!
ЕКЕУІ: Бұйрығыңыз орындалады, Әміршім.

– Қазір талқандаймыз, Әміршім! (Қойқаңдап шыға

жөнеліседі. Әмірші тақта отырады. Өз сөзі сахна сыр­
тынан беріледі).

САХНА СЫРТЫНДАҒЫ ДАУЫС: Ей, ей, Әміршім,
ақылға сал, есіңді жи. Мұнараның астында азан шақы­
рылатын мешітің жатыр. Мешітті талқандап, ер атыңды
есер ғып, ел-жұртыңа кәпір атанайын дедің бе? Тоқтат

бейбастықты!
ӘМІРШІ (селк етіп, шошып, алақанын тағы да екі
мәрте шапалақтап жібереді. Екі жендет жетіп келеді):
Мұнараға қол тигізуші болмаңдар. Бұйрық солай.

ЕКЕУІ (жарысып): Бұйрық солай, Әміршім.

– Асқақтап тұра береді, Әміршім. (Екі жендет шыға

жөнеледі).
ӘМІРШІ (алабұртып, толғанып): Мұнара деп, махаб­
бат деп оттап... Махаббат деген не өзі? Мен білсем, тірінің
азабы, өлгеннің тозағы. Әмірші басымды саудаға салып,

сақина оратып... Содан басқа жылтырақ тесік моншақ
құрып қалып па? Онсыз да халыққа бар қадірім қатынға
жоқ екен. Құртайын көзін, ендеше. (Алақанын тағы да екі
мәрте шапалақтайды. Екі жендет жетіп келеді).

ЕКЕУІ (тағзым етіп): Құртайық па, Әміршім?

– Қиратайық па мұнараны?

ӘМІРШІ (қабағын шытып): Кіші ханымды дарға асың­
дар!
ЕКЕУІ (шошып): Дарға?!

– Қолымыз барып дар тұзағын қайтіп тартамыз, Әмір­

шім?
ӘМІРШІ: Ә, солай деңдер! (Екеуі әміршінің кәрленгені­
нен шошып кетеді).
ЕКЕУІ (қабақ шытып): Құп, Әміршім!

– Асайық дарға, Әміршім! (Алақанын уқалап, екеуі де

шыға жөнеледі).

ТАҒЫ ДА САХНА СЫРТЫНДАҒЫ ӘМІРШІНІҢ ӨЗ

ДАУСЫ: Ей, ей, Әміршім, ақылға сал, есіңді жи. Өзге
құрығандай, өз қатынын өзі дарға астырған қай билеушіні
көрдің? Бұл не масқараң? Жер-жаһанға жария күлкі-
мазақ боларың өз алдына, күні ертең қайын жұртың –

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

шаңырақтың желбауындай нағашыларың андағайлап
келіп күліңді сабамай ма? Сонда ел әлпештеген басыңды
қай қуысқа тығып құтылмақсың? Өлімнен ұят күшті. Ті­
рілей өлгелі тұрсың, Әміршім. Қайт, қайт райыңнан!

(Әмірші селк етіп шошынып, алақанын екі шапа­
лақтағанда екі жендет тағы да жетіп келеді).
ЕКЕУІ (құнжыңдап): Дарға асамыз. Аяғын серең қақ­
тырып, арқан жеткен сонау биікке дейін көтереміз.

ӘМІРШІ (қабағын шытып): Тоқтаңдар. Бұйрық солай.
ЕКЕУІ: Дары құрысын, Әміршім.

– Кіші ханым сарайыңыздың шырайын шығарып жүре

берсін. (Әмірші бас изейді. Екеуі шығып кетеді).
ӘМІРШІ (қайғырып): Бірі мені табалап асқақ та өр
қалпында тұра берсін, екіншісі мықыны былқылдап сарай
көркін кіргізіп жүре берсін. Тұрғаны тозар, жүргені азар.

Хм! Баяғы бәйітші соқыр шал не деп тантып еді? «Мұнша
мол ғып туармысың қырттарды!» Татымсыз қырт-шырт пен
базардағы бөздей быт-шыт. Өңкей иіс алмас можантопай­
ды, әлгі екеуіндей мисыз дүлейді, жағымпаздар мен жа­

нылғыштарды жаныма жинаған соң дүние түгел қырт-
шыртқа айналып кеткен-дағы. Қайраты жан шыдатпас,
жалыны бет қарытпас, ақерен жастар қайда? Неге қақтым
кеуделеріңнен? Бақ пен сордың арасы торғай тұмсығындай

қысқа екенін неге кеш білдім? Әттең, әттең (кенет көзіне кө­
гілдір мұнара түседі). Махаббат мұнарасы. Алдында әлем
дірдек қаққан Әміршіге де бой бермеуге қалдың ба? Мен
кетермін баһиға. Сен қаларсың төрттағандаған қалпыңда.

Мәңгілікке қол беріп. Бес күндік бұлағай дәуренім кейінгі
ұрпаққа аңыз боп жетер. Ұрпақ алмасқан сайын ауыздан-
ауызға өтіп, сан түрленер, мың құбылар. Махаббат жүрген
жерде тек көзсіз сүйіспеншілік емес, азап пен айқастың,

зұлымдық пен құпиялы жұмбақтың қоса жүрерін сен
әйгілеп тұрарсың. Аңыздың шегі жеткізбес. Кім айтса
да менің мәңгі өлмес рухыма тәу еткен тағзымы болар.
(Тағына ойлы, мұңды қалпында келіп отырады). Енді

қайттім? Бұл ордада көзімді басып, құлағымды тығындап
қашанғы отырам? Көзімді ашсам, салаңдаған сиқыр мұ­
нара күдігімнің құртын оятады. Құлағымды босатсам,
сыпсың-сыпсың кіл сыбыс көңіліме тікен боп қадалады.

Қалай құтылам мен бұдан? Әлде... әлде... Шаба-шаба
күнгей беттен қолға ілігер ештеңе қалмады... Батыстың
айран-ботқасын шығардым. Терістігің – құлазыған қу
дала. Қуалай-қуалай қыранын да қырып біттік. Тек Шы­

ғыс қалды. Ай астын түгел қаңыратқан жойқын ерлік пен
күн астын тегіс қалтыратқан жойқын билік қана құтқарар
әлгі сыпсыңнан. Тіміскі көздері таңғалтып қана, сімсік
ауыздарды тамсантып қана бітей аларсың. Ендеше, бұл

жолы бұрынғыларымның бәрі ойыншық болып қалатын
ұлы жорық бастайын! Әй, қайдасыңдар? (Алақанын тағы
да екі мәрте шапалақтайды. Екі жендет жетіп келеді).
ЕКЕУІ (тағзым етіп): Кім керек еді, Әміршім?

ӘМІРШІ: Бас уәзірді табыңдар!
ЕКЕУІ: Е, әуелі соның көзін құртқан жөн. Дарға аса­
йық па оны да?
ӘМІРШІ (түксие қарап...): Жә... жә...

ЕКЕУІ: Жөн... жөн... Ұйықтап жатқан жерінде тыпыр
еткізбей жаһаннамға бір-ақ жөнелтейік...
ӘМІРШІ: Алдыма алып келіңдер... Әмірім бар айта­
тын... (Екеуі иықтарын қиқаңдатып, аң-таң шығып ке­

теді). Солай ма екен... Мына екі сығыр қайран қалып кет­
ті. Таңғаларсыңдар бәрің де! Таңғалтамын, қап, бәлем!
Шымылдық
1999 жыл

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

СЫРЫМ БАТЫР

Екі бөлімді, төрт көріністі тарихи драма
Берік Бейсенғалиев – спектакльдің кеңесшісі
Қатысатын кейіпкерлер:

1. СЫРЫМ – батыр 2. ҚАРАТАУ – би 3. ҚАРАКӨБЕҢ – би 4. ҚОЙКЕЛДІ – би, батыр 5. АТАҒОЗЫ – батыр 6. ЕРСАРЫ – батыр 7. БАХМЕТЬЕВ – Орынбор әскери губернаторы 8. ПОГОДИН – Орал казачествосының бастығы 9. НҰРАЛЫ ХАН – Кіші жүз ханы 10. ХИУАЛЫҚТАР – елшілер 11. СЕЙСЕНБАЙ – Семен Семенович – сатқын 12. АРТЫҚ – жас батыр

Доржы, генералша, төрелер, казактар, ұсталар, баш­
құрттар, офицерлер, адьютант, бәйбіше, бала, шешесі, ха­
баршы жігіт, жаушылар, мұжық, көпшілік, т.б. қатысады.

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Сахна күңгірт. Ұста дүкені. От көсеп қару соғып
жатқандар. Бұлар – қазақтар. Жас ұста қылыштың

жүзіне бас бармағын тосып байқайды. Қарт шебер басын
шайқайды. Қылышты қолына алып шыр көбелек айнал­
дыра шабады.
ЖІГІТ: Тағы қаншасын соғамыз?

ҚАРТ ҰСТА: Бес жүз. Сырымның аманаты.
ЖІГІТ: Көке?
ҚАРТ ҰСТА: Айт.
ЖІГІТ: Мен де соғысайыншы. (Қасқыр ұлиды).

ҚАРТ ҰСТА (басын шайқап): Соғысып жатсың...
(Жігіт қылышты қарт ұстаның мәнерімен шыр кө­
белек айналдырады. Сахна айналады).
Қалмақ ауылы. Көшкелі жатыр. Тең буылған. Абыр-са­

быр. Жылқы кісінейді. Бір еркек қамшы үйіріп жүр. Айбарлы.
ЕРКЕК: Атаң көрі, ит дүрбіт, ауыңа сүрініп... Бүкіл
көшті тоқтаттың. (Төрт бес еркек, қатын-қалаштың
арқасына қамшы басып, жүндей түтіп жібереді). Үбіші

ханның екі айттырмас жарлығы қайда? Үш жыл бойы
еркек қатынының қасына жатпасын деген. Айғыр бие­
ге, қошқар қойға, бұқа сиырға қарап мекіренбесін деген.
А-а? Мынау не сұмдық, піштіріп жіберейін бе?! Тарттырып

жіберейін бе?
Орал казачествосы. Сымдай тартылған төрт-бес әс­
кер. Қолдарында мылтық. Алдарында – мишень. Мишень –
азиялық мүсін. Соны бір шөлмек самогонға өзара бәс тігіп

атып жатыр. Алыстан шіркеудің қоңырау даусы естіледі.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

1-КАЗАК: Қара, аузына қададым.
2-КАЗАК: Рас-ей.
1-КАЗАК: Әкел самогонды. Мен ұттым.
3-КАЗАК: Тоқта! (Мылтықты көздей бастайды) Мен

қазір... (Атып жібереді). Қап, кеудесіне тиді?
2-КАЗАК: Сен жабайыларды шіли кеудесінен атасың.
3-КАЗАК: Өлсе болды... Марусяны сағындым. (Само­
гонды бөліп ішіп) Тездетіп Царицынға кетсек екен.

1-КАЗАК: Кетерсің. (Кекетіп) Сырым емес, енді Пуга­
чевпен соғысасың.
3-КАЗАК (басын шайқап): Маруся, Маруся...
(Сахнада дауылпаз ұрылады. Ат тұяғы, айқай кө­

теріледі. Бұл – Еділ-Жайық бойын жайпаған Он екі ата
Байұлына кеткен жаушылар еді. Елді кезекті көтеріліске
үндеп барады).

– Уа, халқым, тағы бір көтер еңсеңді. Қылыш, найзаға

күн туды!

– Намысты жаниық!

– Мың балтаға бір қайрақ болайық!

– Өшіміз кетті!

– Төгілген қан құрғамайды!

– Кіші жүздің еркегі жерге қарап тоңқайып өлмейді.

– Көкке көз тігіп шалқайып өледі.

– Өлсе де!

– Көтер басыңды, халқым!

– Халқым деймін!

(Жаушылар ұзай береді).
(Сахнада Сырымның алшайып қонған ақбоз үйі. Сән-
салтанатты. Төрде – Қаратау би. Сол тізесін басып Сы­
рым отыр. Оң жақты жағалай Қаракөбек, Қойкелді, Ата­

ғозы батыр жайғасқан. Іргеде бапты бәйбіше ақ білегін
кербез көтеріп қымыз сапырады).
СЫРЫМ (ойланып): Жаушы кетті, Қареке.

АЙНА-ҒҰМЫР ҚАРАТАУ БИ: Халқым аман болса қол құралар. Қара­ ған жағына қар жаудыратын айбатымыз қайтты дейсің бе? СЫРЫМ: Қаракөбең, Қойкелді, Атағозы, ортаға пікір таста. АТАҒОЗЫ (қомданып): Текеде әскер тізіп Донсков жа­ тыр. «Қаратау би тұтқынға алған адамдарымызды қайтар­ сын. Әйтпесе...» депті. ҚАРАТАУ БИ: Алты орысты асып жегеніміз жоқ. Жат­ сын. ҚАРАКӨБЕҢ: Жоңғадына қалмақ көшіп барады. Үбіші бастап. СЫРЫМ (басын изеп): Ым де... ҚАРАКӨБЕҢ: Шонайы аз ауылмен Боғда таудың етегінде жатыр. ҚАРАТАУ БИ: Айдыласарды қалмақтың екі ханы жаға жыртысыпты. ҚАРАКӨБЕҢ: Ия, бір-біріне «бетің құрсын, кәпір» депті. АТАҒОЗЫ: Ел-жұртынан бөлініп Шонай айқын отыр ма? ҚАРАКӨБЕҢ: Қатын патшаға қайта-қайта ат шапты­ рып, Еділдің теріскейін сұрайды дейді. ҚАРАТАУ БИ: Қатын патшаның мейіріміне зар боп жа­ тыр десеңші. (Бәрі қымыз ішіседі). СЫРЫМ: Күйі кеткен. Баяғы «Көкте – Құдай, жерде – Шонай» деп мұрынынан ақ құрт ыршитын Шонай жоқ. ҚОЙКЕЛДІ: Үбіші көш үстінде қазақты қабырғалай ұрып, қан қақсатып кетем деп апынып-күпініп отыр. ҚАРАКӨБЕҢ: Осыны құтыртып отырған кім? Қатын патша кетсең бетіңнен жарылқасын депті. Итаршы сып бітіп еді. АТАҒОЗЫ: Мен білсем, орыспен шығысқан соң қал­ мақты алдарқатып алыстан арбап отырған Орта жүздің ханы Абылай көрінеді. СЫРЫМ: Абылай қасқырдан мал, дұшпаннан ағайын жинайын деген бе?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚАРАТАУ БИ: Ішкі есебі бар-дағы.
АТАҒОЗЫ: Мына іргедегі башқұрт аспанға шапшып,
аламан қол құрап, қазақта кеткен ежелгі кегіміз бар,
есімізге енді түсті деп атқа қонғалы отыр.

СЫРЫМ: Естідім. Сөз терген жаман қатын құсап әлгісі
келіп кеткен.
ҚАРАТАУ БИ: Пугачевтен не хабар?
СЫРЫМ: Сары масадай самсатып әскер жиып келеді.

ҚАРАТАУ БИ: Ендеше орыс алаңдаулы. Алдымен Нұ­
ралы ханға сес көрсетіп алайық.
СЫРЫМ: Әзірге Нұралы ашық жаулыққа бармайды.
АТАҒОЗЫ: Әй, қайдам...

СЫРЫМ: Қашқан жаудың қаһары қатты келеді. Қал­
мақты қуалай соғып, Орта жүзге асырып саламыз. Сосын...
(Үй сыртында ит үргені, қатынның бақылдаған дауы­
сы, жігіт-желеңнің басу айтқаны естіледі).

ЕРКЕК ДАУСЫ: Батыр мен билер оңаша кеңес құрып
отыр.
ЕРКЕК ДАУСЫ: Аһа, рұхсат жоқ.
ӘЙЕЛ ДАУСЫ: Жіберіңдер. Өлсем Сырым қайнымның

алдында өлейін.
ЕРКЕК ДАУСЫ: Жоқ. Болмайды.
ӘЙЕЛ ДАУСЫ (бажылдап): Сырым өз қолымен қосқан
Арзуым бар.

ЕРКЕК ДАУСЫ: Айтсаңызшы енді.
ӘЙЕЛ ДАУСЫ: Жарықтық, бұрынғы байым жақсы
еді, жәй сабайтын еді. Қазіргі тура қылғындырады, өлуге
қалдым.

ЕРКЕК ДАУСЫ: Жақсының қадірін өлгенде білерсің
деген. Бәйбіше-ай, жеңеше ай! Жазған-ай!
(Сырым есік көзінде тұрған жігітке ым қағады. Үй
сырты тынышталады. Төрде отырғандар жұмсақ жы­

миысып, күліседі. Бәйбіше қымызын көтеріп шығып
кетеді).

ҚАРАТАУ БИ: Ия, Сырым, сенің тұсыңда «Байбақты.
Байбақтының қатындары қошқарға мініп қой бақты»
дейтін еді, мына жеңгең не деп кетті өзі?
СЫРЫМ (мырс-мырс күліп): Е, ақ тауықтың түсіне ақ­

таған тары кіреді деген. (Бәрі жайдарыланып күледі).
ҚАРАТАУ БИ: Е, пақыр десеңші. Ағасы да тоқалын Сы­
рымдай ақ тоқашпен бағады деген ғой.
АТАҒОЗЫ (күліп): Қайран дәме...

СЫРЫМ (Қаратауға қарай қарқылдай күліп): Анық
тоқал алмағанмен сіздің де өнеріңізді білеміз, Қареке.
ҚАРАТАУ БИ (күліп): Білсең айта қой.
СЫРЫМ: «Қарағым, қарындасым, қырын жатсаң, аға­

ңа азды-көпті ырымдатсаң» деген сіз емес пе осы?
ҚАРАТАУ БИ (әзілдеп, үркіп): Қой, қой, қайдағыны бас­
тамай отыр. Келіп естіп қалар.
АТАҒОЗЫ: Жасақтың басшысы кім, батыр?

СЫРЫМ: Ерсары. Бес жүз қару-жарақ дайын тұр.
ҚОДАКӨБЕҢ: Бәрекелді.
ҚОЙКЕЛДІ: Атқа қонып, ұран шақыру ғана қалған
екен.

(Ат тұяғының дүбірі, ит даусы, сырттағы жігіт-
желеңнің жүгірісі. Ақбоз үйге қызметші кіреді).
ҚЫЗМЕТШІ (Сырымға): Батыр, Сексенбай келіп тұр.
Асығыс.

СЫРЫМ: Қай Сексенбай?
ҚАРАТАУ БИ: Әлгі Текеде тұратын тілмәш па?
ҚЫЗМЕТШІ: Соның өзі.
ҚОЙКЕЛДІ: Ой, сивердың жорғасы құсап. Сол да...

СЫРЫМ: Кірсін.
ҚАРАКӨБЕҢ (ұнатпай): Қане, сол сіз, қара қатыны­
нан күнде таяқ жеп жүріп бұл да атқа мінгісі келеді.
(Ішке Сексенбай енеді. Шынжау сары. Даусы мұрнын

тестіріп жатқан жетім тайлақтың даусындай шы­
ңылтыр. Ызалы. Бір құлағы таңулы).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

СЕКСЕНБАЙ: Ассалаумағалейкөм, жақсы ағалар (жү­
релеп, еңбектей кетіп, бажылдап жылап қоя береді).
Қалмақ бір құлағымды кесіп алды ғой, жақсы ағалар-ау.
Қу жанымды аузыма тістеп қашып алдарыңа әрең жеттім

ғой. (Құлақты отырғандардың алдына лақтырып тас­
тайды. Бәрі шошып, тіксініп қарайды). Нағашы башқұрт
болғанмен, сүйегім қазақ. Қорлатпаңдар мені (еңбектеген
қалпы батыр мен биге басын көтеріп қарады).

АТАҒОЗЫ (жаратпай): Күн тиген жердің көкегі...
СЫРЫМ (қолын көтеріп): Жә!
(Бәйбіше кіріп қымыз үлестіреді).
БӘЙБІШЕ (Сексенбайға қарап): Жазған бала...

СЫРЫМ: Айт. Құлағыңды кескен кім? Үбіші ме, Шо­
най ма?
СЕКСЕНБАЙ (шараяқты басына көтеріп салып):
Үбіші, Үбіші.

ҚАРАТАУ БИ: Ит! Қалмаққа қайдан барып соқтығып
жүрсің?
СЕКСЕНБАЙ: Нағашыларымнан шығып, Текеден асып,
өз жұртым, өлең төсегіме жетейін деп сіздерге қарай сар

желіп келе жатқам... қалмақтың қарауылы жансыз деп
ұстап алып... Құлағымды шыңғыртып кесіп қолыма берді.
Айта бар Сырымға деді Үбіші «Бүгін көшкенмен, ертең ора­
лып соғып қызғыштаған қазағын құлақ кесті құл қылам»

деді.
(Төрдегілер түйіліп қалады).
СЫРЫМ: Қасқыр көрген иттің арты құрғамас... Қаш­
қалы жатып айбат көрсетуін.

ҚАРАТАУ БИ: Ендеше шаңын емес, қанын шығарып
соғу керек.
АТАҒОЗЫ: Ит иесін танымай қойды.
ҚОЙКЕЛДІ (қайшысын білемдеп): Бір құлақтың зары

емес, қалың елдің қамы үшін, ендеше...
СЫРЫМ: Атағозы, жөнел Ерсарыға!
ҚАРАТАУ БИ: Біз де қозғаламыз.

СЕКСЕНБАЙ (арқаланып): Уа, аруақ!
СЫРЫМ: Көшіне Жайықтың екі бетінен қатар тосқа­
уыл қою керек.
(Орындарынан сілкіне көтеріледі).

ҚАРАТАУ БИ: Аттанайық, арыстар!
(Сексенбай жорғалаған қалпы құлағын орамалға орап
қалтасына салып алады).
(Сахна күңгірттеніп айналады. Сырым жалғыз тұр.

Найзасының басына ту ілген, ту бетінде қасқырдың басы
бейнеленіп, жылқының қылы қадалған. Батыр қатты
ширыққан, алаңдаулы).
СЫРЫМ (өз-өзіне): Ұятын бұ дүниеде, иманын о дүние­

де серік еткен ел едік. Еділ-Жайықтың қуысында, Алланың
уысында... Қыр бойының құба қалмағы, ойдың орысы,
белеңнің башқұрты. Баяғыда бір қарғаны атып алып қора
басына байлап қойсаң өңгесі безіп кететін. Оған қазір жау

түгілі жаман көршің үрікпеуге айналды. Ым-м.
(Ту байлаған найзаны тербеп) Ешқайсымен өтірігіміз­
ді жарастырып дос бола алмадық. Қай-қайсы да бұ қазақты
сірке сыққандай тастағысы келеді. Бір кезде әлеуметті ау­

зыма қаратып, таңдайымен тасқа ойып таңба салған Сы­
рым едім... Тебінгі терлеткелі не заман? Қайран ел сай,
татуға тіл, сұңғылаға сұқ өтті ме? Теңіздің дауыл көтерген
толқынындай төңбекшіп бір тынып таппадың-ау...

(Дабыл даусы, ат тұяғы, шақырылған ұран-қиқу. Ерса­
ры батыр алқынып шығып Сырымның алдына бір тізесін
бүгіп жүрелей кетеді).
ЕРСАРЫ: Батыр, Үбіші көштің алды-артында бірдей

қалың жасақ ұстап келеді. Беталысы – Мыңтөбе.
СЫРЫМ: Өзі қай шамада?
ЕРСАРЫ: Көш басында.
СЫРЫМ: Көш соңын батырлары қорғап келеді ме?

ЕРСАРЫ: Солай. Қолдан, Доржы, Манджик...
СЫРЫМ (ойланып): Қашқан елге қатын жау. Жоқ-
жоқ, олар қашын емес, лаңын салып барады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЕРСАРЫ: Солай, батыр.
СЫРЫМ: Ендеше, алғашқы соққы көк желкеден
берілсін. Ал...
(Осы сәтте ат дүбірі, қылыш, найзаның қақтығысқан

даусы естіледі. Сахнаға Қаратау би бастаған бір топ
жасақ шығады. Олардың соңын ала бір топ жас жігіт жа­
сақтар бір қалмақ батырын сүйреп әкеледі. Сырымның
аяғының астына тастай салады).

ҚАРАТАУ БИ: Ұрынарға тау таппай, соғысарға жау
таппай жүрген неме екен.
СЫРЫМ: Бұл әлгі Қошалақтағы соғыста үш жігітімізге
қан құстырған Доржы ғой.

АТАҒОЗЫ: Нақ өзі!
ҚАРАТАУ БИ: Қалың қолдың алдына шығып, айғыр
шабысқа түсіп...
АТАҒОЗЫ (қылышын суырып): Андағайлап!

СЫРЫМ (қолын көтеріп): Тоқта!
ДОРЖЫ (орнынан тұрып): Әй, Сырым, топырағыңа ту
қадап тұр екенсің, датым бар.
СЫРЫМ: Айт!

ДОРЖЫ: Алдымен бес қаруымды қайтарт. (Сырым жа­
сағына ым қағады. Жасақ найза, қылыш, садақ, қалқан,
шоқпарын жалғыздан Доржының алдына тастайды).
СЫРЫМ (қатуланып): Айт!

ДОРЖЫ (кекірейіп): Башқұрттан барын мол алған,
қазақтан барын жан алған Доржымын.
АТАҒОЗЫ (қылышын суырып, Доржыны айналып, ай­
баттанып): Ия!...

СЫРЫМ: Айт датыңды!
ДОРЖЫ: Сырым, Сырым дегенге... (Ұнатпай) Қалай
Сырым болып едің осы сен?
ҚАРАТАУ БИ (мырс етіп күліп жіберіп): Мынаның

сөзі тастан қатты, зәрден ашты.

СЫРЫМ: Қазаным оттан түспей қайнап тұрса,
Дастарханым дәмге толып жайнап тұрса,
Көмейде қызыл тілім сайрап тұрса,
Дұшпаным алдыма келіп аузына келгенін шайнап

тұрса...
Мен неге Сырым болмауым керек?
ДОРЖЫ (қылышын жарқ еткізіп суырып): Арманда
өлмейін, (айқай сап) жекпе-жек! Жекпе-жек!

АТАҒОЗЫ (ол да жаланып): Жекпе-жек! Жекпе-жек!
(Сырым бас изеп қуаттайды.
Сахнаның төрінде шайқас басталып кетеді. Қылыш,
найза алма-кезек іске қосылады. Бір-бірін алдыртпай

жүреді. Сырым бастаған топ үнсіз, қанын ішіне тартып
сұрланып алған. Шайқас Атағозының жарақат алып,
Доржының жан тәсілімімен аяқталады. Осы сәтте сах­
на сыртында қалың дүбір, соғыс сарыны, көшкен қал­

мақтың зары, қылыш, найза қақтығысы естіледі. Сахна
күңгірттене түседі).
СЫРЫМ: Аттан, ерлерім!
ҚАРАТАУ БИ: Қабырғалай ұрыңдар!

(Сахнада қазақ қалмақ жасағының соғысы. Жарық
жанып-өшіп тұрады. Қасқыр ырылы).
ДАУЫСТАР: Шап!

– Ұр!

– Ат!

– Қашты!

– Қу!

– Жет!

– Алдын ора!

(Осы жаналқым сәт жалғаса береді. Кейіннен қал­
мақ қашып, қазақ қуған тұс таяйды. Сахна босай
береді. Жаралы, өліктер жайрап жатыр. Қарға қуана
қарқылдайды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Екінші көрініс
Орынбор шаһары. Әскери губернатор Н. Бахметьев­
тің кабинеті. Сол заманғы мүлік-жиһазбен, портреттер­
мен жасаған. Қабырғада үлкен карта ілулі тұр. Бахме­

тьев орнынан тұрып карта жанына келіп үңіледі. Ойлы,
шаршаулы қалпы. Қолында карта бетінде жүгірген үшкір
таяқша. Әрлі-берлі адымдап жүре бастайды.
БАХМЕТЬЕВ (өз-өзіне): Та-ак! Нұралы хан мен Сы­

рымның арасы әбден ушықты. Бітісер емес. Бұл жақсы.
Сексеуілді сексеуілмен ғана ұрсаң сынады. Таласын бір-
бірін. Алқымынан алсын. Сосын... Сосын оңай. (Картаға
қайта үңіліп) Үбішінің көші Борсық құмынан асты. Сы­

рым жұдырығының қышуы қанғанша ұрғылады. Бізге де
керегі сол. Шонай ханды жырып алып үркердей ғып ұстап
қалдық. (Ойланып) Ендігі кезекте қазақ пен қазақты тағы
бір сүзістіріп, әлде башқұртты көтереміз бе? (Столында

құрулы тұрған шахматқа келіп жүріс жасайды). Мынау
мынаны шабады, ал бұл мұны жейді. Түсінікті. (Корольді
тарт еткізе түседі) Түпкі иесі осы.
(Кабинеттің сол қабырғадағы есігінен губернатордың

әйелі ішке енеді. Жарқырап, жайнап тұр. Көзімен генерал­
ды арбайды).
ГЕНЕРАЛША: Николай Николаевич, бүгін балға бара­
мыз деп уәде бергенсіз.

БАХМЕТЬЕВ: Бал?
ГЕНЕРАЛША (назданып): Ия-ия. Барон Игельстром­
ның үйінде өтетін балға.
БАХМЕТЬЕВ: Барамыз, көгершінім.

ГЕНЕРАЛША (Бахметьевті айналып билеп): Кеттік.
БАХМЕТЬЕВ: Әлі ерте. Қабылдауым бар.
ГЕНЕРАЛША (қабағын түйіп): Тағы да бұратана ма?
БАХМЕТЬЕВ: Жұмыс көп, көгершінім.

АЙНА-ҒҰМЫР ГЕНЕРАЛША (күрсініп): Санкт-Петербургтен сұранып келіп... өңшең жабайылардың ортасына... (Осы кезде қарсы есіктен адьютант енеді). АДЬЮТАНТ: Ғафу етерсіз, ханым (генералша шыға жөнеледі), мәртебелім, Яшу казачествосының басшысы По­годин сіздің шақыртуыңызбен келіп тұр. ПОГОДИН: Мәртебелі Орынбор әскери губернаторы... БАХМЕТЬЕВ (шаршаулы): Жарайды. Келіңіз. Жай­ ғасыңыз. (Губернатор орындығына шалқалай жайғаса­ ды). Баяндаңыз. ПОГОДИН: Даниил Донсковтың жауынгері сақадай сай тұр, мәртебелім. Бұйрық берсеңіз болғаны, БАХМЕТЬЕВ: Тоқта. Қаратау би тұтқынды босатты ма? ПОГОДИН: Жоқ. Әзірге босатпағаны біздің пайдамыз­ да. БАХМЕТЬЕВ (ойланып): Ия, үлкен көзір сол. Деген­ мен... ПОГОДИН (өрікпіп): Алты зеңбірек, үш жүз мыл­ тықтың таңдайында оқ тұр, мәртебелім. Сырым қолын қан жоса қыламыз. БАХМЕТЬЕВ (шахмат тақтасында бір жүріс жасап): Тоқтаңыз, мырзам. Алдымен башқұртты... ПОГОДИН: Нұралы хан мен Сырым жасағына қата­ рынан ба? БАХМЕТЬЕВ: Айырмасы жоқ. Қазақтарды бір бөр­ ліктіріп өтсін. ПОГОДИН: Сосын? БАХМЕТЬЕВ: Сосын екі бөріні тағы бір ұстастырып, әбден әлсіретіп барып хан мен батырды қатар тұтқындау парыз. ПОГОДИН (жарамсақтанып күліп): Соғыс такти­ка­ сының Кутузовы сынды ұлы шеберісіз ғой, мәртебелім. БАХМЕТЬЕВ: Жоспар солай! (Қоңырау қағады. Үлкен адьютант енеді). Әкел. Құй. (Адьютант арақ құйып

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ұсынады. Бахметьев пен Погодин қағыстырып ішіп сала­
ды).
ПОГОДИН: Башқұрт пен қазақтың ортасына от лақ­
тырайық ендеше.

БАХМЕТЬЕВ: Бар ондай адам. (Адьютантқа ым қа­
ғады. Ол есіктен Сексенбайды кіргізеді. Бір құлағы та­
ңулы. Әскери киім киген. Бахметьев пен Погодинді көр­
генде баталы құлдай бәйпең қағып оңбай қалады).

ПОГОДИН: О-о-о!
БАХМЕТЬЕВ: Міне, біздің Семен Семенович.
ПОГОДИН: Білем, білем...
(Мына құрметке көзі майланған Сексенбай имеңдеп

келіп әскери губернатордың хром етігінің басын сүйеді).
СЕКСЕНБАЙ: Мәртебелім, жебеушім, қамқорым...
ПОГОДИН: Құрметті Семен Семенович, бір құлақ қайда?
СЕКСЕНБАЙ (бет-ауызы жыбырлап): Қалмақтар...

БАХМЕТЬЕВ: Т-с-с! Қалмақ емес, қазақтар де. Сіз аса
сенімді адамсыз. Өйткені башқұртсыз.
СЕКСЕНБАЙ: Башқұртпын.
БАХМЕТЬЕВ: Ендеше сол башқұрттарыңызға бары­

ңыз да... Түсінікті ғой, Семен Семенович?!
СЕКСЕНБАЙ: Қатты түсіндік.
БАХМЕТЬЕВ: Осы тапсырмадан соң әскери шеніңізді
де өсіріп қоямыз. Барыңыз. (Сексенбай иіліп-бүгіліп, абды­

рап, қуанып шығып кетеді).
ПОГОДИН: Жалғыз жібермейік.
БАХМЕТЬЕВ: Бұларға сенім жоқ. Қарауыл қосыңыз.
(Адьютант тағы да арақ құйып өтеді).

ПОГОДИН: Екінші тапсырмаңыз...
БАХМЕТЬЕВ: Ия, баяндай бер.
ПОГОДИН: Псковтан 300, Рязаннан 170, ал Сібірден
700 орыс мұжығы келіп Жайық бойынша қоныс тепті. Әлі

де келіп жатыр.
БАХМЕТЬЕВ: Жергілікті қазақтармен қандай қаты­
наста?

ПОГОДИН: Бәрін де түріп айдап шықтық қонысынан.
БАХМЕТЬЕВ: Дұрыс! (Адьютантына) Муфти Хұсаи­
новты шақыр.
Сахна күңгірт тартып айналады.

Жайық жағасы. Топ қайың, жағалай тал. Өзеннен ау
тартып жатқан орыс мұжықтарының, казак шаруа­
ларының даусы, көрінісі. «Раз, два, взяли» деген, «Мына­
ны қара», «Белуга», «Қара уылдырық», «Ұр басынан»,

«Жар ішін» деген дауыстар жарқын-жарқын естіледі. Ар­
баға жегілген арып-ашқан мұжық шығады. Бір етегін ыш­
қырына қыстырып алған әйелі, бала-шағасы өріп келеді.
Қазақ жеріне қоныс аударғандар. Арбаға жегілген мұжық

сахнаның ортасына кеп тұра қалады. Арбаға тиегендері
самауыр, төсеніш көпшік сынды ұсақ-түйек.
МҰЖЫҚ: Келдік, қатын. Енді тойынамыз.
ӘЙЕЛІ: Азып-тоздық. Қайда әлгі мырзаң?

МҰЖЫҚ (өзен жағасындағы дауысқа құлақ тосып):
Әне, әне, дауыстарын қарашы. Балықты тарта алмай жа­
тыр. «Раз, два, взяли» дейді. Байлық деген осы емес пе?
ӘЙЕЛІ: Жә, жә, қақпас. Қаңғытқаның аздай. «Взяли»

дейді. Баяғы өзің құсап мойнына қамыт іліп кене тарта ал­
май жатқан шығар.
(Осы сәтте екі казак шығып мұжықты қамшымен
тартып-тартып жібереді).

МҰЖЫҚ (арбасын сүйрей қашып): Мужики, помогите,
дикари!
1-ЖІГІТ (ентігіп): Көзге көрінбей-көрінбей келіп...
2-ЖІГІТ (ол да): Қаптап кететін бүйенің балаларындай

боп.
1-ЖІГІТ: Қор болды ау, қайран Жайық!
(Сахна қараңғыланады да, айналады. Киіз үйдің жа­
лаңаш керегесіне таңылған шал, бірер бозбала. Баш­құрт

қолы ауылды шауып, тонап жатыр).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

1-БАШҚҰРТ (қамшымен шалды тартып жіберіп):
Өлейін деп жатса да Сырым деуін. Айт, бес үйір жылқыңды
қайда жасырды?
ШАЛ: Сырым, қайдасың? Құтқар қаныпезер баш­

құрттан!
2-БАШҚҰРТ: Айт, кәне, келе-келе түйең қайда, табын-
табын сиыр қайда?
КЕМПІР (бажылдап): Құдай-ай, қапыда соқты-ау... Кө­

тенін күлге көміп жатқан жаман шал қайдан білсін! Бәрі
балалардың қолында.
1-БАШҚҰРТ: Ендеше от қойыңдар, өртеніп өлсін.
2-БАШҚҰРТ: Қазір қоя тұр. (Бір әдемі келіншекті үй

айналдырып қуа жөнеледі).
КЕМПІР (бажылдап): Көз сүзбе келініме, имансыз ит!
(Башқұрттың соңынан ол да қуады).
ШАЛ: Уа, аруақ атқыр өңшең! (Жұлқынып) Өрте, өрте

онанда!
1-БАШҚҰРТ (керегеге таңулы бірер бозбадлаға қылы­
шын таяп): Кәне, батырлығыңды көрейін, қазақ!
1-БОЗБАЛА (тістеніп): Шап! Шап дедім!

1-БАШҚҰРТ: О, бөрінің бөлтірігі.
2-БОЗБАЛА (башқұртқа): Әй, еркек біткен Сырым
батырдың жасағында. Мал Бұлдырты өзенінің қойнауын­
да. Тағы не керек?

2-БАШҚҰРТ (ентігіп): Бетімді, бетімді осып алды,
қаншық.
1-БАШҚҰРТ (аласұрып): От қой, өрте.
(Төңкерулі үлкен қара қазан астынан бір кішкене ба­

ланың сығалағаны көрінеді. 2-башқұрт шырпы тұтата
алмай жанталасып жатқанда алыстан дауыл, дабыл
сарыны естіледі. Бірте-бірте жақындай түседі. Сырым
қолы келіп жеткен еді. Айқас, қашты-қуды басталып

кетеді).

Сахнада Сырым мен Нұралы хан тобы кездеседі.
Батырдың жанында би, қолбасылары, ал Нұралы хан
қасында төлеңгіт жігіттері тұр. Екі топ арыздасады.
НҰРАЛЫ ХАН: Ия, Сырым, бір табаққа жетер-жетпес

тобыңмен қайда беттедің?
СЫРЫМ: Әр қазақтың қара қазанына үңіліп, сыбағам
бар деген төре тұқымының сөзі ғой бұл, хан ием?!
НҰРАЛЫ ХАН: Екі аяқты, бір бастыда шешен де, көсем

де өзім деп жүрсің-ау, Сырым?!
ТӨРЕ: Бірін жолдан, бірін қолдан алған-дағы.
ҚАРАТАУ БИ: Бұл не сөз? Таңдайы жарылған шешен,
маңдайы жарқыраған көсем кешегі өткен Шолан емес пе?

Шоланнан Дат, Даттан Сырымға жұқпады ма сол қасиет.
ҚОЙКЕЛДІ: Хан, төренің шаңырағына күнде сырнай
тарттырып кететін Сырым, мойны озық, кәне, қайсың
барсың?!

ТӨРЕ: Шолан дейсің, су ішкен құдығынан кері шыға
алмай жантәсілім еткен немені әпитектей әчпеттеуін.
НҰРАЛЫ ХАН (төреге қарап зекіп): Жә!
СЫРЫМ: Айтасың. Ата жауды жеңген даңқын қыз­

ғанып, шыңыраудың түбінен су алып берген Шоланды
қауға құдыққа кесіп тірілей көмген төре емес пе, а-а?
(Ақырын қылышын суырады).
НҰРАЛЫ ХАН: Сабыр, батыр. Өткенге салауат.

ҚАРАТАУ БИ: Сауалыңды айт, Нұралы. Ырғасарға
уақыт жоқ.
(Сахнаның төрінен башқұрт шайқасынан қайтқан
Сырым қолы көрініс табады. Жаралыларды керегеге са­

лып алып барады. Сүйекті үккен зар).
НҰРАЛЫ ХАН: Жасқа өлім жоқ, Әзірет Әлінің қы­
лышына өзі барып ұрынады деген...
ҚАРАТАУ БИ: Қалмақ шапты – бұқтық. Іргедегі баш­

құрт талады – бұқтық. Әзірет Әлінің құлпықарының са­
дағасы кетсін.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НҰРАЛЫ ХАН: Жаныңды жалаңаштап отыратын Сы­
рыммен қалай бірік дейсің, Қаратау?
СЫРЫМ: Қазақ бір, жау ортақ емес пе, хан?
ТӨРЕ: Қыбын таптырмас, қабағын бақтырмақ қай қара

қазаққа жарапазаншы болайық?
СЫРЫМ: Әй, Нұралы, айғырдың тезегіндей ғып жа­
ныңа ұстаған мыналарыңды ти. Қаныма от түссе, аман
жібермеспін.

НҰРАЛЫ ХАН (жанындағыларды қабағымен жасқап):
Жә дедім. Әй, Сырым, өкпең орынды. Бірақ осы елге хан –
жұт та, батыр құт бола қоймаған шығар.
СЫРЫМ: Өкпем өшпенділікке айналды. Қаумалаған

қалың жаудың ортасындағы аз қазақты алаладық. Хан
бол­саң да, бетіңнің ажары жоқ.
НҰРАЛЫ ХАН (дағдарып): Не істейін?
СЫРЫМ: Істеріңді істедің. Тістеріңді тістедің. Енді ор­

мандай орыспен ауыз жаласып, құшақтасып, қойындасып
алдың. Әне, көкқасқа шегірткедей боп қара шекпенділер
қаптап келеді.
(Шіркеудің қоңырауы соғылады. Қасқыр ырылдайды.

Екі топ бір-біріне айбат шегіседі. Сахна сыртынан өлең
оқылады).
Өлексе үшін жұлысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз.

Итпенен бірге туысқан болсақ,
Не болды ата тегіміз?!
Ала төбеттің астына түсер
Күн туғаны ма ақыры?

Неге үндемейсіңдер, қасқыр бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?!
НҰРАЛЫ ХАН: Ешкі қойдан озған заман болды.

СЫРЫМ: Бұ қазақтың өзін-өзі мақтағаны да қызық.
Қойға теңейді. Қайдасың, көк бөрі?!

НҰРАЛЫ ХАН:

Таздан жарғақбас туды,
Кедейден малбақбас туды,
Соқырдан көрмес туды,
Сараңнан бермес туды.

Қайдағы көк бөріні аңсап тұрсың, Сырым?!
(Башқұрт шайқасынан жаралы болғандар сахнаның
қаракөлеңке төрінен өте береді).
СЫРЫМ: Әне, көрдің бе еліңнің қан кешкенін, Нұ­

ралы? Елге пана болған сен емес, осылар. Сулы жерде
асып же­дім, сусыз жерде қуырып жедім. Төзді бәріне құба
қалмақ, қырдың башқұрты. Оңай соқты ма? Енді ойдың
орысына салмақпын. Сенен не жәрдем?

ТӨРЕ: Әй, Сырым, өйтіп өңмеңдеме. Ханға тым жақын
келсең өртенесің, тым алыс кетсең тоңасың. Шамаңды біл.
ҚАРАТАУ БИ: Сөз болғанына! Өртенесің, тоңасың.
Бірлік қайда, ел қайда, жер қайда сонда?! Өңшең келімсек­

ке өлкемізді босатып беріп кетеміз бе қаңғып? Болашақ
ұрпақ бетімізге түкірсе не дейсің, а?
НҰРАЛЫ ХАН (бәсеңсіп): Тағдыры аямағанды адам
аяп не тындырады бәрі?

СЫРЫМ: Алланың ісі. Ым. Адамның ағырығы де.
Халқың азып-тозды, хан! Сары орыс...
ТӨРЕ: Қара қытай қаптаса сары орыс әкеңдей көрінер
деген.

НҰРАЛЫ ХАН: Әбілқайырдай әулие көрмей-білмей
кетті дейсің бе?
СЫРЫМ: Аруағыңнан садаға кетейін, Әбілқайырды
қозғалама.

ҚАРАТАУ БИ: Қарны ашып емес, халқына жаны ашып
жүріп шаһит кеткен. (Күбірлеп бетін сипайды).
СЫРЫМ: Шарт қойдым, ендеше. (Найзасын жер­
ге қадап) Бетегелі Сарыарқаның төсінде соғысып өлген

өкінбес. Ия, бірік бізбен. Ля-илээһа илла Алла деп. Шық

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

майданға. Ұрпақ үшін! Жер үшін! Жатқа жаутаңкөз бол­
ған ел үшін!
ҚАРАТАУ БИ: Ия, тасқа мініп таяғын ұстап қалған ел
үшін!

(Нұралы хан жауап қатпай, аларып көкке қарайды.
Ай­наласындағы төрелер ханның қалыбын бағып, көзін қо­
лымен көлеңкелеп олар да көкке қарасады).
СЫРЫМ: Жауым ортақ екен. (Тістеніп) Жаныңды ке­

ліге салып, иманыңды үйірмей қоймаспын, Нұралы!
(Хан тобы сахнадан жылыстап шыға бастайды).
(Сахна баяу айналғанда Басқұншақ тұз өндірісіне жал­
данып үдере көшкен қаратабан қазақтар келе жатады).

ҚАРАТАУ БИ (оларды кес-кестеп): Тоқта, тоқта, хал­
қым!
1-ТӨРЕ (керіге мойнын бұрып): Аузыңды ашсаң кө­
мейіңнен көр көрінбесін, Сырым.

2-ТӨРЕ: Бір жеңнен қол (айбат шегіп), бір балақтан
бұт шығарып, біз жаныңды шабақтармыз.
(Үдере қоныс аударған көш Сырымның тобының ара­
сынан сүзіліп өте береді. Батырды аңдамаған сы­ңайлы.

Өңшең жарлы, түйіншек арқалаған. Балта, күрек кө­
терген).
БАЛА (кетіп бара жатып): Қарным ашты. Қатық бер.
ШЕШЕСІ: Шыда, күнім, шыда!

БАЛА: Қашан жетеміз?
ШАЛ: Ой-хой, ертең-ақ ел құсап теңеліп кетерміз.
КЕМПІР: Алжыған қақпас-ай, ауына сиіп жүрген саған
орыс пана берсе жақсы.

БАЛА (қыңқылдап): Шегім шұрқырап келеді.
ӘКЕСІ: Шыда, ертең-ақ орыстың күймей піскен ақ
бөлкесін омырып жеп отырарсың. Қара күшімді сатам ғой.
(Сырым найзаға сүйенген қалпы біртіндеп шөге бас­

тайды. Қасірет зілі. Шарасыздық).

Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сырым түс көріп жатыр. Экранда айна жарық пайда
болады да, Қабылан бейнесі көрініс табады. Қамалып,

шыр көбелек айналып бұлқынып бағады. Аласұрады. Жөн
таба алмай тұрған сәті. Ырылдайды, Айбат шегеді.
Сырым ұйқысынан шошып оянады. Бойындағы бес қаруын
түгендейді.

СЫРЫМ (ентігін басып): Қабылан! Қапияда қамалып
алас ұрып тұр. Шығарға жол жоқ. Аласұрады, айбат ше­
ге­ді. Әлде (ойланып), әлде аруақтан басқа ес жоқ мына
заманда Шолан бабамның рухы ма жанымда шыр көбе­лек

айналып жүрген? Адам – егін, өлім – орақ. Арттарыңда
біз қалдық, жаттың қолын жағамызда ойнатып... Күлге
шөгер жаман қоспақ құсап... Шолан баба. Мына мені...
Сырымжан деп... Жайнамаздай ғып төрде ұстап.

Маңыңа жұртың жиылсын,
Ісіңе ұлтың сүйінсін.
Төріңе жақсы шықсын да,
Төбеңнен жауһар құйылсын, –

деп бата беріп баһиға өтіп ең... Маңыма жұртым жиылды,
бірақ ісіме ұлтым сүйінген жоқ, баба! Төріме жақсы шық­
ты, бірақ төбемнен жауһар құйылған жоқ, баба! Еріккен­
нің бәрі тісінің қанын маған жағуға айналды.

(Ат дүбірі. «Сырым көкелеген» балаң дауыс алыстан
естіледі).
ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Батыр, Жайық бойындағы ауыл­
дарға орыс ойран салып жатыр, батыр (ентігіп).

СЫРЫМ (сілкініп): Не дейді?! Тағы ма?
ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Қаратау көкем жіберді. Жан­ұшы­
рып жүр.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

СЫРЫМ: Тағы кім бар?
ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Естай батыр қатты қайрат көр­
сетіп...
СЫРЫМ: Естай батыр? Еңіреген ерім-ай!

ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Ия.
СЫРЫМ: Аттандық ендеше.
(Сахна айналғанда соғыс көрінісі. Зеңбірек, мылтық­­
пен мұздай қаруланған орыс әскері қазақтарға бет қара­

тар емес. Орыс әскерінің қолбасшысы – Д. Донсков. Сырым
соғысқа беттеген сәтінде алдына бір жас батыр келіп жы­
ғылады.
СЫРЫМ (жалма-жан басын сүйеп): Артық? Жас бөрім

менің!
АРТЫҚ: Көке (алқынып), атты ғой мені, атты.
СЫРЫМ (жанұшырып): Көтер басыңды, Артық!
АРТЫҚ: Орыстар... Су, су, көке... (Сырым торсығын

алып, басын сүйеп су ішкізеді).
СЫРЫМ: Шыда, жас бөрім.
АРТЫҚ (жанталасып): Жанып барам, өртеніп!..
СЫРЫМ: Шыда (күйініп). Шыда!

АРТЫҚ (талмаусырап): Мен өлем бе, көке?.. (Басы
сылқ ете түсіп) Рахмет!
(Жантәсілім еткен Артықты жатқызады. Бетін ша­
ғын ақ орамалмен жабады).

СЫРЫМ: Көктей салдырды. Баудай қырықты. (Ашы­
нып) Обалы кімге? Бұ дүниеде жиғаны, о дүниеге иманы
бұйырмай кеткен жалғыз сен емес, Артық! (Еңкейіп, шө­
гіп) Ажалыңа араша түсе алмадым, бауырым!

(Сахна төрінде қаракөлеңке беткейде соғыс қимылы
жүріп жатады).
ҚАРАТАУ БИ (жетіп кеп): Сырым, Нұралы ханның
жасағы жақындап қалды.

СЫРЫМ: Оған Естайдың қолын қарсы қой.
ҚАРАТАУ БИ: Өзің ше?

СЫРЫМ: Мен орыстармен...
(Қарату би кетіп, айқай-сүрең молайған тұста Сы­
рым шайқасып жатқандарға беттейді. Осы кезде алдын
әскербасы Погодин кес-кестейді. Жанында Сейсенбай

(Семен Семенович) бар).
СЕЙСЕНБАЙ (қолындағы дорбасынан бір алтын мо­
нетаны алып тістеп көріп қызықтайды): Қоспасыз екен,
таза алтын. (Мәз болып) Батан байдың өзі қу. Сандығының

түбіне тығыпты. (Зілденіп) Әкел дедім. Әкел, кәззап! Орыс
төреге дедім.
ПОГОДИН (аларып): Жә! Жетті!
(Сырым қылышын суырып сазарып тұр).

СЕЙСЕНБАЙ (қолындағы монетаны дорбаға сыңғыр
еткізіп тастап жібереді): Даусын-ай, сыңғыр ете түсті.
СЫРЫМ: Ей, ұры-қары өңшең!
СЕЙСЕНБАЙ (селк ете түсіп қорқып): Мен, мен Сей­

сенбай емеспін, Семен Семеновичпін.
СЫРЫМ: Донсков мырза, ақ патшаның сенімді серігі қа­­
шаннан бері тұзақ үзген алаяқпен ауыз жаласа қалған, а-а?
ПОГОДИН: Сырым, мені мысқылдайтындай сен кім едің

өзі?
СЕЙСЕНБАЙ (Погодиннің арқасын тасалап): Соны
айтам-ау.
СЫРЫМ (ала көзімен атып): Ұят тұратын бетің жоқ

қой, кәпір!
ПОГОДИН: Әне, Семен Семенович бізге қызмет қылды.
Алтынды уыстап төгіп жүр.
СЫРЫМ: Дүниеде алтынға да сатылмайтын құн­ды­

лықтар бар, мырза.
ПОГОДИН: Санасып көр, Сырым.
СЕЙСЕНБАЙ (дорбаны көтеріп): Бұған бәрін сатып
алуға болады.

СЫРЫМ: Атаның құты, ананың сүті.
ПОГОДИН: Сосын?..
СЫРЫМ: Арым мен намысым.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ПОГОДИН: Тағы?..
СЫРЫМ: Туған топырағым.
ПОГОДИН: Айта түс.
СЫРЫМ: Қабырғалы қазағым.

ПОГОДИН (қылышын суырып): Қадірің көп екен, кир­
гиз!
СЫРЫМ: Көңіліңмен аспанды теппе, келімсек.
(Погодин ашуға пісіп «Аһ» деп қалып, тұра ұмтылады.

Сырыммен қылыштаса кетеді. Сахна төрінде соғыс жү­
ріп жатыр. Сахна айналып қараңғыланады. Бахметьев­
тің жасаулы кабинетінде Нұралы хан отыр. Әскери гу­
бернатордың қабағы қату. Хан – мүттәйім).

БАХМЕТЬЕВ: Көршің қорқақ болса, үркітіп өлтіреді.
Нұралы хан, қарауыңдағы Сырымды тия алмай маған не
бетіңмен келіп отырсың?
НҰРАЛЫ ХАН: Өңшең бұзақы, қарақшы, мәртебелім.

Қарақшы адам ханның бетіне түкірмесе жүре ала ма?
БАХМЕТЬЕВ: Сырым Хиуадан көмек сұрапты. Рас па?
НҰРАЛЫ ХАН: Қайдам... Соқыр ит жаны үшін үреді.
Сұраса сұраған шығар.

БАХМЕТЬЕВ (осқырынып): Не жыныңды, не әдемі
өтірік айта алмайсың, Нұралы!
НҰРАЛЫ ХАН: Піл көтермегенді тіл көтереді, айты­
ңыз, мәртебелім.

БАХМЕТЬЕВ: Шамадансың, а, Нұралы?!
НҰРАЛЫ ХАН: Жоқ, мәртебелім. Шолақ сайдың та­
сығаны – өз соры.
БАХМЕТЬЕВ: Ал?

НҰРАЛЫ ХАН: Жықпал-жықпылға сіңіп жоғалады.
БАХМЕТЬЕВ: Жұмбағың таусылмады, хан!
НҰРАЛЫ ХАН: Сырымды айтам – Сырымды.
БАХМЕТЬЕВ: Не істемек ойың бар?

НҰРАЛЫ ХАН: Өлсек бір шұңқырда, шықсақ бір
төбенің басында болайық, мәртебелім.

БАХМЕТЬЕВ (қоңырау қағады. Адьютант кіреді. Жа­
ратпай): Қолы жыбырлап, аузы күбірлеп тұрысын...
(Нұралыға бұрылып) Он күннің ішінде көтерілісті ба­
сып, Сырымды тұтқындап алдыма (тепсініп) әкелесіз.

Әйтпесе...
АДЬЮТАНТ (өз-өзіне): Әйтпесе...
БАХМЕТЬЕВ: Барыңдар. (Адьютантына) Шығарып
сал!

НҰРАЛЫ ХАН (иіліп): Кісілігіңіз бен түсінігіңізге бек
разымын, мәртебелім.
(Сырымның ақбоз үйі. Жалғыз өзі. Жаралы. Қолы та­
ңулы. Аса қату. Жан-жағына ыдырына, өштікпен қа­

райды).
ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Көке...
СЫРЫМ: Айт.
ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Хиуадан елші келіп қалды, көке.

СЫРЫМ (түсі жылып): Күтіп ем... (Орнынан кө­те­
ріліп) Құрметпен қарсы алыңдар.
(Сырым есік көзіне барып, сәл ойланып кері қайтады.
Ішке екі хиуалық енеді. Хабаршы жігіт қоржындарды

әкеліп жайғастырады).
1-ХИУАЛЫҚ (екі-үш бүктетіліп): Асылдың сынығы,
ақылдың тұнығы, тұлпардың тұяғы, шұғаның қиығы –
Сырым батыр, армысыз?

2-ХИУАЛЫҚ (сол мақалмен): Мәртебесінің асқар тау­
дай биіктігі сондай ел-жұрты сонау алыстан көретін арыс­
тан мінез ағамызға сағынышты сәлем!
СЫРЫМ (күліп жіберіп, төс қағыстырады): Уағалей­

көмассалам, бауырлар. Аса қуаныштымын, зарығып тосу­
лымын.
1-ХИУАЛЫҚ: Біздің де сіздің мәлике жүзіңізді көр­
генше өкшеміз жерге тимеді.

СЫРЫМ (жайдарланып): Тілін емізген бауыр...
2-ХИУАЛЫҚ (жұлып алғандай): Тісімізді жасырмай­
мыз бірақ.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

1-ХИУАЛЫҚ: Біздің антымыз – құшаққа құшақ, пы­
шаққа пышақ.
СЫРЫМ (жайғасып): Бәрекелді. Құшақтан гөрі пы­
шақтың заманы туып тұр. Аяқ-қолыңызды созып жай­

ғасыңыздар.
(Бапты бәйбіше келіп сәлем етіп, қымыз үлестіреді).
СЫРЫМ: Сіздер кешіккесін алаңдаулы едік.
1-ХИУАЛЫҚ: Үстіртте отырған бір үйде тыныққанбыз.

2-ХИУАЛЫҚ: Жібермеді, ерігіп отырған шайыр екен.
1-ХИУАЛЫҚ: Бұ қазақтың бір сауы жоқ. Бәрі ақын.
2-ХИУАЛЫҚ: Ия, бәрі ауру.
(Сырым мен бәйбіше бір-біріне қарап мырс етіп күліп

жібереді).
СЫРЫМ: Ия, Хиуаның да өнерін көргенбіз. Тұсаулы
жорғадай жауырынын бүлкілдетіп... Еркек-қатыны ара­
лас...

БӘЙБІШЕ: Билеп...
1-ХИУАЛЫҚ: Дүниедегі мұсылман нәсіліне нұрын ша­
шып, мейірімін үлестіріп отырған аса қайырымды ханы­
мыз сіздерге дұғай-дұғай сәлем жолдады.

2-ХИУАЛЫҚ: Батыр, сый-сияпатымыз бар. (Көрсетіп)
Әнеу тұрған ала қоржындар өзіңізге. Бәйбішенің сыбағасы
түйеде теңдеулі.
(Сырым басын изеп ишарат білдіреді. Бәйбіше «Алла

разы болсын» деп күбір ете түседі. Шаратабақты көте­
ріп шығады. Ізінше хабаршы жігіт кіреді).
СЫРЫМ (хабаршы жігітке): Ту бие сойыңдар. Қо­
нақтарға оңаша отау тігіңдер.

ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Құп, көке!
СЫРЫМ: Қаратау биге хабар салыңдар! Кешікпес.
(Жігіт шығады. Екі хиуалық бір-біріне күлмеңдейді).
СЫРЫМ: Қол жағадан кетпей, ауыз тобадан кеппей

қойды. Жақсы хабар тосулымыз.
1-ХИУАЛЫҚ: Ханымыз қырдағы қазағыма қол көме­
гім әзір деді, батыр.

2-ХИУАЛЫҚ: Орыс көңілімен аспанды тебе бермесін,
әскер аттандырамын деді.
1-ХИУАЛЫҚ: Сырым батырға деп сары масадай самса­
тып ләшкер ұстап отыр.

СЫРЫМ (разы): Қайран бауыр! Қысылғанда ат сауы­
рынан орын берген есіл туыс!
1-ХИУАЛЫҚ: Жақында орыстың бір жансызы келді.
Сырымға қол ұшын созбаңдар деп.

2-ХИУАЛЫҚ: Хан ием Адам Атаның ұрпағының ішін­
дегі ең бір сұмпайысы сен екенсің деп...
1-ХИУАЛЫҚ: Сырымның садағасы кет деп қуып салды.
СЫРЫМ: Бәрекелді. Бек разымын.

1-ХИУАЛЫҚ: Хан ием достығымыз туыстыққа ұлас­
сын деп, сүйек жаңартайық деп...
2-ХИУАЛЫҚ: Немере қарындасын сізге атастырам
деп...

1-ХИУАЛЫҚ: Несін айтасыз, алма жүзі алаулап, аш
белі солқылдап тұр...
2-ХИУАЛЫҚ: Небір бекзадалар «Апырым-ай, мына
аруды ең болмаса түсімізде көрсек, бұ дүниеден армансыз

өлер едік» деп сілекейін шекер ғып отыр.
СЫРЫМ (күліп): Пай, шіркін десеңші! Барармыз да
алармыз.
1-ХИУАЛЫҚ: Әп, жасаған.

СЫРЫМ: Алдымен жағамызда ойнаған жаттың қолын
қапырайық.
2-ХИУАЛЫҚ: Хәммәсі солай.
1-ХИУАЛЫҚ (шиырланған қағазын жазып оқиды):

Уәде – хақтың сөзі, батыр. Ләшкер аттандырар алдында
хан иемнің қояр шарты бар.
2-ХИУАЛЫҚ (қоразданып): Шарт бар!
СЫРЫМ (сабырлы): Бердік, құлақты.

1-ХИУАЛЫҚ (оқиды): Хиуалық бес мың ләшкердің
тамақ-ашы қазақтардың мойнында (Сырым бас изейді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Екіншіден, шаһит кеткенінің жесіріне қазақтар құн тө­
лейді.
СЫРЫМ (қатуланып): Шаһит – Алла жолындағы ақ
өлім. Оған құн кесілмейді.

1-ХИУАЛЫҚ: Үшіншіден, орыстарды Хиуа, Үргенішке
қарай аттап бастырмайды (Сырым бас изейді).
1-ХИУАЛЫҚ: Төртіншіден, қазақтар Нұралы ханды
қуып, Есім ханды өлтіреді (Сырым бас изейді). Бесіншіден,

Кіші жүзге Хиуаның ыңғайын бағып хан сайлайды. Хан
сайланған соң Хиуаға қазақтар салық төлеп отырады. Жер
салығы, жан басы, мал, өнім...
2-ХИУАЛЫҚ: Осы қойған шартымыз құп делінсе, бес

мың ләшкеріміз ту көтеріп келіп...
1-ХИУАЛЫҚ: Ата жауыңызды тулақтай сүйрейді.
(Сырым тіл қатпай сазарып, қылышына маңдайын ті­
реп отырып қалады).

2-ХИУАЛЫҚ: Ойдағымыз орындалса, Түрік елінің пірі
арнайы Станбол шаһарынан келіп сізге құрмет көрсетпек.
(Сырым басын көтеріп алады).
1-ХИУАЛЫҚ: Сізге Мұхамбет пайғамбар ғалейсәләм­

нің үш тал сақалын тапсырмақ.
2-ХИУАЛЫҚ: Исі түрік дүниясының батыры, һәм ша­
пағатшысы деп жарияламақ.
1-ХИУАЛЫҚ (сұқ саусағымен көкті түртіп): Жа­

һанға!
СЫРЫМ: Қаратау би келсін, қабырғаммен кеңесейік.
Естай келсін, еліммен ақылдасайық. (Елеңдеп) Алыстан
бір дүбір келеді ғой. Тыныштық па?

(Сахна қараңғыланып айналғанда Погодиннің әскері
жаттығу жасап жатады. Салтанатты, сақадай сай.
Погодин ортада бәрін бақылап тұр. Айбаты асқан.
Нұралы ханды үш-төрт нөкерімен орыс әскері қаумалап

Погодиннің алдына әкеледі).
ПОГОДИН: Хан, Сырымды бұғаулай алмадыңыз. Өкі­
нішті.

НҰРАЛЫ ХАН: Қара қазақ түгел көтерілді, қайтейін.
ПОГОДИН (мысқылдап): Кімге қарсы?
НҰРАЛЫ ХАН: Маған.
ПОГОДИН: Жо-жоқ. Ресей империясына. Екі басты

самұрыққа қарсы.
НҰРАЛЫ ХАН (кінәлі кейіп): Мен ше?..
ПОГОДИН: Сіз кім едіңіз сонша?
НҰРАЛЫ ХАН: Мені не істемексіңдер?

ПОГОДИН: Орынбор әскери губернаторы Бахметьевтің
бұйрығымен Сізді Уфаға аттандырамыз.
НҰРАЛЫ ХАН (сасып): Сосын...
ДОНСКОВ: Ұлы император ағзам ғана тағдырыңызды

шешеді.
НҰРАЛЫ ХАН: Соңына дейін соғысайық. Сырыммен
соғыс әлі алда.
ПОГОДИН (мысқылдап): Соғысады. Батырыңыз да

тұтқынға түскен.
НҰРАЛЫ ХАН (селк етіп): Қайтіп?
ПОГОДИН: Хиуа ханымен ауыз жаласқанын, екі ор­
тада Есім ханды өлтіріп, өзіңді лақша бауыздамаққа

ұмтылғанын естімеп пе ең, Нұралы?!
НҰРАЛЫ ХАН: Білем. Білгесін де...
ПОГОДИН: Өзіңізді енді мырза қамақта ұстамасақ, ол
қанішер тірі қоймас. Әне, өзін де алып келеді. Түрмеге.

(Үш-төрт орыс Сырымды алдына салып айдап өтеді).
СЫРЫМ (мойнын бұрып): Қаз болам деген қарға бұтын
сындырады, Нұралы.
НҰРАЛЫ ХАН: Аязға үсіп, күнге пісіп, өңшең тобырды

желіктіргенде не таптың, Сырым?
СЫРЫМ: Мен елдің алтын қазығы едім, Нұралы.
(Сахна төрінде орыс әскерінің жаттығуы жалғаса
береді).

НҰРАЛЫ ХАН: Мыналарға (иегімен нұсқап), көк
темірге қарсы көтерілген оңбас, Сырым.
ПОГОДИН: Жетті!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

СЫРЫМ: Иілмей сынармын, тік тұрып құлармын,
Нұралы. Қанжығада көріселік, хош!
(Нұралы мен Сырымды сахнаның екі қапталына айдап
өтеді).

Төртінші көрініс
Ақ буын аспанға атып қару соғылып жатады. Ел-жұрт
жас-кәрісі бірдей Сырым мен Қаратаудың жолын тосулы.
Қазан асулы, абыр-сабыр.

КӨПШІЛІК: Түрмеден босатыпты дейді.

– «Елім жұртым» деген есіл Сырым-ай, қараңғы үйдің

де дәмін таттың-ау.

– Жә! «Ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден

көр» деген.

– Не айтып тұрсың?

– Қаратау би кепіл болыпты.

– Қазына ғой.

– Нұралы қамалған соң, төрелер жалғыз-жалғыз шо­

шайып отыр дейді.

– Ия, бақсының моласындай боп.

– Шұлғауы жаңа туған сиырдың шуындай боп әлгісі

келген.

– Сол айтты ма?

– Ия.

– Жатыр ғой, белінен шойырылып...

– Ойбай-бай, жас кезде тиген салқын, қыздардан есті­

ген қарғыс қойсын ба дейді.

– Бұтқа толуын!

(Сырым мен Қаратау би келеді. Қуанышты көрісулер.
Ел сиреп, Сырым мен Қаратау ғана қалады).
СЫРЫМ: Қареке, өткенге салауат. Десе де, енді тоқтай
алмаспын. Айқасып өлермін.

ҚАРАТАУ БИ: Қоңырау таққан құба нардай болған
ерім-ай. Өле-өлгенше өзіңмен үзеңгілеспін. Соны біл.
(Есіктен хабаршы жігіт енеді. Қолында қан жұққан ақ
дорбасы бар).

СЫРЫМ (басын көтеріп): Бұ не?
ҚАРАТАУ БИ: Жәй емес.
ХАБАРШЫ ЖІГІТ (дорбаны батыр мен бидің алды­
на домалатып жіберіп): Естай батыр беріп жіберді. Сек­

сенбайдың басы.
СЫРЫМ (сұрланып): Сатқын де.
ҚАРАТАУ БИ (бет сипап): Иманды болсын!
СЫРЫМ: Сексенбай, Семен Семенович, орыстың итар­

шысы боп қалмақ пен қазақты, башқұртты талай сүзісті­
ріп ең...
ҚАРАТАУ БИ: Сатқындықтың сыбағасы осы!
СЫРЫМ: Текеге жөнелт! Донсковқа тапсырсын. Жан­

тор­сығы еді.
ХАБАРШЫ ЖІГІТ (дорбаны ала жөнеледі): Қазір қос
атпен аттандырамын.
(Сырым мен Қаратау би өзара сынаса, айбаттана

қарайды).
ҚАРАТАУ БИ: Орыс ойранын бастайды.
СЫРЫМ: Бастасын.
ҚАРАТАУ БИ: Он екі ата Байұлына он екі жаушы

аттандырайық. Дереу атқа қонсын.
СЫРЫМ (қылышын қынынан суырып): Дабыл қа­
ғылсын, дауылпаз ұрылсын!
(Дауылпаз ұрылады. Ат тұяғы, айқай көтеріледі).

– Уа, халқым тағы бір көтер еңсеңді. Қылыш, найзаға

күн туды.

– Намысты жаниық.

– Мың балтаға бір қайрақ болайық.

– Өшіміз кетті!

– Төгілген қан құрғамайды!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ – Кіші жүздің еркегі жерге қарап тоңқайып өлмейді. – Көкке көз тігіп шалқайып өледі. – Өлсе де. – Көтер басыңды, халқым! – Халқым деймін! (Жаушылар ұзай береді. Қару соғылып жатыр. Сырым мен Қаратау би қару-жарақты сынап көреді). ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Хиуалықтар тосып отыр. ҚАРАТАУ БИ (тыжырынып): Жылы су құсап... СЫРЫМ: Жалғыздық деген кейде жалаңдатып қояды ғой, Қареке. ҚАРАТАУ БИ: Жүрегім жатпайды. СЫРЫМ: Есе бермеспіз (Хабаршы жігітке) Келсін. (Екі хиуалық екі үш бүктетіліп енеді). 1-ХИУАЛЫҚ: Кәттә қару соқтырып жатырсыз, батыр. 2-ХИУАЛЫҚ: Домбыраны найзаға айырбастадыңыз, би. СЫРЫМ: Айырмасы жоқ, әпендім. ҚАРАТАУ БИ: Қару менен күй – исі Кіші жүздің рухы. (Сырым ұстаға иек қағып күлімсірейді. Ұста үкілі най­ заны алып, алдына өңгеріп, домбыраша шерте жөнеледі). СЫРЫМ: Тыңдаңдар. «Ел айырылған» деген шерлі күй осы. ҚАРАТАУ БИ (күрсініп): Ел айырылған! Тағы да айы­ рылғалы тұр. Шерлі толғау. Шерменде жұрт. 1-ХИУАЛЫҚ: Біз айырылмаймыз. Әмәнда біргеміз, ба­ уырымыз бүтінбіз. 2-ХИУАЛЫҚ (жүрегін алақанымен басып): Жүрек­ теспіз, тілектеспіз. ҚАРАТАУ БИ (ұнатпай, өз-өзіне): Білеміз. Сарттың тамырлығы там айналғанша... 1-ХИУАЛЫҚ: Батыр, ханымыз ләшкер шығармастан бұрын сіздің мәлике жүзіңізді бір көруге ынтық боп отыр.

2-ХИУАЛЫҚ: Ел-жұрт боп күтулі. Ескі айды есірке,
жаңа айды жарылқа деп Сіздің амандығыңызды Алладан
тілеулі.
СЫРЫМ (қатуланып): Жыл өтті бес мың ләшкерді

тосқалы.
ҚАРАТАУ БИ: Кәпір төрге шықты, төсекті иеленді
Жайықты жайлады, Бұхар бетке бұйда созып отыр.
1-ХИУАЛЫҚ: Қаныңыз, батыр.

2-ХИУАЛЫҚ: Бұдан да асқан сәлемдемеміз бар.
ҚАРАТАУ БИ: Айт!
1-ХИУАЛЫҚ: Түрік елінің пірі арнайы Станбол ша­
һарынан келіп Хиуада батырды зарыға тосып отыр.

2-ХИУАЛЫҚ (аса құпиялап): Сізге Мұхамбет пай­
ғамбар ғалейсәлемнің үш тал сақалын алып келулі.
1-ХИУАЛЫҚ: Жаһанға жария ғып ел-жұрттың алдын­
да табыстаймын дейді. Батамды беремін дейді.

2-ХИУАЛЫҚ: Ханымыз бата беріп, бет сипай сала
ләшкер аттандырамын дейді.
1-ХИУАЛЫҚ (көзін ойнатып): Қызымыз қырға шы­
ғып, қызыл орамалы желбіреп...

2-ХИУАЛЫҚ: Сағыныштан кәттә сарытап боп бітті.
ҚАРАТАУ БИ: Қазақтың қатынға кеткен есесі жоқ.
СЫРЫМ (шырайланып): Тоқал десе тозақты көргендей
боласыз-ау, Қареке.

ҚАРАТАУ БИ: Қара қарға шын ықыласың құлап ат­
саң қаздай көрінер, қара кемпірің алыс жолдан оралғанда
қыздай көрінер. Тоқтамайтын тоқалды қайтем? (Көңілді
күлкі, жарасымды мінез).

СЫРЫМ (хиуалықтарға): Арнап тігілген отауға айла­
ныңыздар. (Хиуалықтар кетеді).
ХАБАРШЫ ЖІГІТ (асып-сасып): Орынбор нәшән­
дігі­нен шапқыншы келді.

(Сырым мен Қаратау би бойларындағы қаруын түзеп,
сілкінеді. Қауіп күтеді).
СЫРЫМ: Келсін алдымызға топ басшысы.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚАРАТАУ БИ: Сақ отырайық.
(Патша офицері кіреді).
СЫРЫМ: Төрлетіңіз.
ҚАРАТАУ БИ: Бек қуаныштымыз.

ОФИЦЕР (жайдарлана күліп): Рахмет. Сырым Дато­
вич, сізге Орынбор әскери губернаторы аса ықыласты сә­
лем жолдады.
СЫРЫМ (бас изеп): Қабыл алдық.

ОФИЦЕР: Арадағы түсініспестік осымен жуылып-шә­
йілсін деді.
ҚАРАТАУ БИ: Е, еттен өткен, сүйекке жеткен...
ОФИЦЕР: Императрица Екатерина екінші сізді бас стар­

шындыққа тағайындап жарлық шығады (ширатылған
қағаз табыстайды).
ҚАРАТАУ БИ (түсін жылытып): Бәрекелді.
ОФИЦЕР (қылыш тосып): Мынау – атыңыз жазылған

алтын қылыш. (Басын иіп) Құтты болсын.
СЫРЫМ (сазарған қалпы): Алла разы болсын. Қабыл
алдым.
ОФИЦЕР: Асығыспын. Аттанамын, мырзалар.

ҚАРАТАУ БИ: Рұхсат Алладан.
СЫРЫМ: Бахметьев мырзаға біздің де сәлемімізді жет­
кізерсіз. (Офицер аттанып кетеді).
ҚАРАТАУ БИ: Құтты болсын, батыр.

СЫРЫМ: Тым кеш келген игілік қой, биеке.
ҚАРАТАУ БИ: Қайыры де.
СЫРЫМ: Қара бастың қамы болса бірсәрі, Қареке. Жас
балаға, жаутаңкөз жұртыма бұдан не шапағат?!

ХАБАРШЫ ЖІГІТ: Жаушылардың алды көрінді, ба­
тыр.
СЫРЫМ (қомданып): Өзің қолда, Жаратқан!
ҚАРАТАУ БИ (сахна айналғанда бірге қозғалып): Ал­

дын тосалық, батыр. Лебіздеріне құлағымыз сүйсінгей.
(Ат тұяғы, дүбір естіледі).

1-ЖАУШЫ (ентігіп жүрелей кетіп батыр мен бидің ал­
дына қамшысын тастап): Соғыстан тұраладық, шыққан
ұшпағымыз кәне деп...
2-ЖАУШЫ: Құр намысыңды езіп ішеміз бе деп...

3-ЖАУШЫ: Басқұншақтың тұзына түсемін, тым
құрыса, құяңыма ем деп отыр.
4-ЖАУШЫ: Орыстың торайын бақсақ та аштан өлмес­
піз деп...

5-ЖАУШЫ: Беріш, адай, ысықтар қару берсін. Анық
жауды көрсетсін деп алақандарына (алақанына түкіріп)
түкіріп отыр.
СЫРЫМ (түңіліп): Халқым қажыған екен. Жан алыс,

жан берістен. Алтыбақан алауыздықтан. Қашты – құдадан.
Сатқын – салдақыдан. Қажымай қайтсін?! Уф, дүние!
ҚАРАТАУ БИ (абдырап): Сырымжан-ай, еңсеңді тік­
теші, езілмеші. Қайрауына тапса халық деген қара балта

емес пе?
СЫРЫМ: Қареке, олайдыққа тірелдік. Бұ қазақтың ал­
дында екі жол тұр. Бірі – орыс. Бірі – хиуа мен түрік. Бірі –
діні басқа кәпір, бірі – мұсылман. Орысқа жақсаң кигізер

қа­йыс ноқтасы даяр. Қапелімде босатпас. Арзуың жетпес,
зарың өтпес.
ҚАРАТАУ БИ: Хиуа мен Түрік елі ше? Қандас емес пе?
СЫРЫМ: Қайдам... Қазақтай жалаңаш барып жауға

шаппайды – шегенінің қырындысы көп жұрт қой. Астары
мол, астары...
ҚАРАТАУ БИ: Менің де секемім күшті.
СЫРЫМ: Ұрпағымыз кәпір болмас, ащы суымен ауыз­

данып алжымас. Ата-санасын қартайғанда қаңғыртпас.
Көтін ашып, күлін шашпас. Ендеше қандастарыма қарай
бет бұрдым.
ҚАРАТАУ БИ: Хиуаға аттанасың ба, батыр?

СЫРЫМ: Бас старшындықты басыма езіп жағам ба?
(Қағазды лақтырып) Алсын кері, сынған – бүтінделмес,
жарылған – құралмас. Қалған көңіл – шыққан жан. Ор­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

манын отап, ұстасып өлермін. Тілерсегіме тіс батқанмен
қайтып табыспаспын.
ҚАРАТАУ БИ: Сырымжан-ай (көңілі босап)...
СЫРЫМ: Бес мың ләшкер әкеліп... сол күні Орынбор­

мен тебінгіні тіреп тұрып сөйлесерміз, Қареке.
(Сырым мен Қаратау биді қарсылаған ел-жұрт, жас-
кәрі жамырасып қайтадан жиналады. Сырым Хиуаға ат­
танып барады).

ҚАРАТАУ БИ (көңілі босап): Ақ жол, арысым!
КӨПШІЛІК: Аман барып, сау қайт, батыр!

– Олжалы орал!

– Жолыңда тосып зарығармыз.

– Ләшкер әкел, ләшкер.

– Соғысып өлейік. Кімге бізді аманаттадың?

– Аллаға де, Аллаға...

– Қаратау би ше?

СЫРЫМ (қылышты ұсынып): Қареке, ағам, ақылшым.
(Толқып) Қайтып оралғанша осы елге өзің ие бол.
ҚАРАТАУ БИ: Арқа сүйедім.
СЫРЫМ: Қойкелді, Қаракөбең, Естайларға аманатсың,

ел-жұртым!
КӨПШІЛІК (шуласып, қимай): Алласау десеңші.

– Садағаң кетейін, Сырым-ай.

– Сенсіз күніміз не болмақ?

– Тез орал, тез.

– Жолыңа жан құрбан.

– Ағатай, аман жүр.

СЫРЫМ: Қош, қадірлі ел, киелі топырақ. Нар жайылар
көңілдің жайлауында өңшең тоқал ешкі ойнақтады-ау.
Қайтейін... Оралармын, сорың емес, бағың боп. Өзім
жетпесем, даңқым жетер, дабылдатып...

ҚАРАТАУ БИ (құшақтап, көзіне жас алып): Сы­
рымжан, сүйекті үгіп барасың ғой, Сырымжан.
(Ел-жұрт шуласады).

СЫРЫМ: Үш дауасыздың бірін айтқаным, биеке. Ал­
тынға сатылмаған басымды ажал қаншаға бағалар екен?
(Көпшіліктің даусы, тұяқ дүбірі. Ат арқырап кісі­
ней­ді, ит сыңсып жылайды).

ҚАРАТАУ БИ: Батырлар да жеткен екен. Қоштасып
қалайын деп...
СЫРЫМ: Пайғамбар сынды жігіттер бар елде, мінетін
есегі жоқ, есек сияқты біреулер бар, малының есебі жоқ.

Оларға сендерді аманаттай алмаспын. (Сахна сыртынан
«Батыр», «Сырым», «Сырымхан» деген қаһарлы дауыстар
естіледі). Әне, ендігі пана осылар. Желдің өтінде, жардың
шетінде қалдырмас. Аспаның әрқашан биік болғай, туған

ел! Ата жұрт! Аспан аласа болса биіктей. Хош!
Шымылдық

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ МҰСТАФА ШОҚАЙ Екі бөлімді, төрт көріністі драма Спектакль кеңесшісі – философия докторы (PhD) Дархан Қыдыралиев Қатысатын кейіпкерлер: 1. МҰСТАФА ШОҚАЙ – қайраткер, мемлекетшіл тұлға 2. МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА – жұбайы 3. ӘНУАР ПАША – Түрік елі көсемі 4. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ 5. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ Алаш арыстары 6. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ 7. ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ – мемлекет қайраткері 8. ЗӘКИ ВАЛИДИ – башқұрттың ұлттық қайраткері 9. СТАЛИН – көсем 10. ДЗЕРЖИНСКИЙ – әйгілі Феликс 11. РОЗЕНБЕРГ – нацистік Германияның Шығыс ми­ нистрі 12. УӘЛИ КАЮМ – «Түркістан легионы» жетекшісінің бірі 13. НҰРТАЗА – Мұстафаның інісі 14. КЕЛІНШЕК – Нұртазаның әйелі 15. МӘДИНА – қызы Спектакльге бұдан өзге генерал, ОГПУ бастығы, Әміре тергеуші, мили­ционер, ОГПУ қызметкері, өзбек, медбике, офицер, солдат, тұтқындар, қашқын, аруақтар, қара кө­ леңкелер, дауыс­тар, беймәлім еркек қатысады. }

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Сахнада ОГПУ тергеушісінің бөлмесі көрініс береді.
Төрде Сталин портреті.

Ортада стол, орындық тұр. Ал босағада кандал мен
наручник (аяққа, қолға салатын кісен) ілулі. Стол үстін­
де қаз-қатар боп жиналған «Лич. дело» деген папка­лар.
Мұңды музыка төгіледі. Залдан қарағанда сахнада кісі

жоқ сияқты. Сәлден соң папкалар қозғалады. Бірінің үс­
тіне бірі қойылады. Артынша папкалардың тасасынан
ОГПУ тергеушісінің өзі көтеріледі).
ТЕРГЕУШІ (қатар-қатар жиналған папкаларды алма-

кезек жұдырығымен басып): Сонымен, мыналар – жапон
тың­шылары, мыналар – ағылшынның итаршылары, мы­
на топ – герман құйыршықтары. Бұлар – ішкі халық жау­
лары. Алашордашылар бір бөлек... өңшең сатқын. Қап­

тап кеткен. (Бір папканы қолына алып) Бұл – Шоқай.
Мұстафа! Бұл – түрік-герман-ағылшын-француз шпионы.
Қашып жүр, ел қыдырып, су сыдырып, Совет үкіметін
жамандап... (Сталиннің портретін нұсқап) Сталиннің

өзі не деді? Шоқайдың көзіне көк шыбын үймелет деді!
Қолыма бір түсер, қыл арқан қолымызда! (Түймені басады,
қоңырау естіледі. Ішке милиционер келеді).
МИЛИЦИОНЕР: Азамат тергеуші, не бұйырасыз?

ТЕРГЕУШІ: Әлгі әншіні, Қашаубаевты әкеліңдер.
МИЛИЦИОНЕР: Қазір. (Шығып кетеді. Артынша
екі милиционер боп Әмірені алып келеді. Әнші аяғын әрең
басады. Киімі жыртылған. Қасы жарылған. Беті іскен.

Тәлтіректеп тұр).
ТЕРГЕУШІ: Осымен төртінші рет жауаптап тұрмын.
(Қоразданып) Атың – Әміре. Ұмытқан жоқсың ба?
ӘМІРЕ: Ауыз өзіңдікі, тергеуші.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ТЕРГЕУШІ: Солай де. Жалың жығылмаған екен. (Кө­
зіне сұқ саусағын қадап) Көзіңнің оты өшпеген екен.
Асықпа, жығамыз, өшіреміз. (Папкаларды нұсқап)
Мы­налардың бәрі атылып кеткен. Бәрі де асау еді. Сен

сияқты. Жуасыған, қолға тұрған. Құлдығың болайын де­
ген. Сонымен, Шоқай үйіне шақырды...
ӘМІРЕ: Шақырды. Қонақ етті.
ТЕРГЕУШІ: Парижге?

ӘМІРЕ: Жоқ, Ножан деген қалада.
ТЕРГЕУШІ: Жылап көрістіңдер. Ауыз жаластыңдар.
Сілекей алыстыңдар. Солай ма?
ӘМІРЕ: Садаға кет Шоқайдан. Басқан ізінен.

ТЕРГЕУШІ (жынданып): Аз екен ғой көргенің. (Бет­
тен шапалақпен тартып жібереді) Мә, ендеше!
ӘМІРЕ: Мен саған тоқетерін айтқанмын. Мұстафа «Елім
аман ба?» деді. Шүкір дедім. Басқа әңгіме болған жоқ.

Бітті.
ТЕРГЕУШІ (кекетіп): Елім аман ба деді! Онда ел бар
ма? Онда жұрт бар ма? Сатқында! Шпионда! Құйыршықта!
ӘМІРЕ: Бар! (Қолымен нұсқап) Мынау ел сонікі. Ха­

лықтың жүрегінен оның аты мен менің әнімді жұлып ала
алмассың.
ТЕРГЕУШІ: Әйелі Мария Мұстафа екеуіңе шошқаның
басын асып беріпті. Мүжіпсіңдер. Солай ма?

ӘМІРЕ: Өзі ит жұрттың бәрін шошқа деген.
ТЕРГЕУШІ (Әмірені таяқпен ұрып жығады): Сат­
қынның итаршысы. Тұр!
ӘМІРЕ (орнынан әзер көтеріліп, тәлтіректеп): Әй, бұ

қазақта енді ондай ер тумас!.. Ондай көсем!
ТЕРГЕУШІ: Үйінде ән айттың ба?
ӘМІРЕ: Айттым. Таң атқанша.
ТЕРГЕУШІ (жазып): Қандай ән?

(Әміре ән бастайды. Әуелетіп, ашы дауыспен, зармен.

Қарағым, сен қайдағы, ақа-ау, мен қайдағы,
Қазақтың мен де өзіңдей бозтайлағы-ай!..
Әннің екі тармағы айтылғанда екі милиционер кіріп
келіп әншіні ұра бастайды. Әміре құлап, таяққа көміліп

жатып қалған екі тармағын аяқтайды.

Түскенде сен есіме, қимас қалқа,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы-ай!..
Осы кезде сахна күңгірттеніп айнала береді.
Жарық кері жанғанда, жеке үй бөлмесі. Мария Яковлев­

на үлкен чемоданға киім-кешегін салып жатады. Көңілсіз,
қабағында кірбің бар. Ойланып тұрып қалады. Елең ете
түседі. Терезеде сырттан әлдекімнің сұлбасы көрінеді).
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (қорқып): Аңдып жүр ме?

Тездетіп кетсем екен Ташкенттен (затын тез-тез жинап).
Уақытша Үкімет, большевик, Түркістан, Қоқан үкіметі...
Әйтеуір аласапыран. Адам түсініп болар емес. Құрып
кетсін бәрі. Атыс-шабыс, қантөгіс... (Есік қағылады). Кім?

(Үрейленіп) Кім бұл? (Есіктен өзбектің тақиялы басы
көрінеді). Ах-х!
ӨЗБЕК (бөлмеге жарты денесі еніп): Мария ханым сіз бе?
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Иә, мен. Сіз кімсіз?

ӨЗБЕК: Ешкім емеспін. Сізді іздеп жүрмін.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (таңданып): Мені?
ӨЗБЕК: Иә. Мұстафа мырзаны білесіз бе?
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Шоқай ма? Ол, ол...

ӨЗБЕК: Ол осында.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (жан даусы шығып): Рас па?
Тірі ме? Құдайым-ау... (Осы кезде өзбек кетіп, есіктен кү­
лімдеп Мұстафа кіріп келе жатады).

МҰСТАФА: Сәлематсыз ба, Мария? (Құшағын ашып)
Әрең таптық.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Бармысыз? Тірі екенсіз ғой
(шоқынады).
МҰСТАФА: Әрине. Аман-сау. Көріп тұрсыз ғой.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (дірілдеп, Мұстафаның өңіріне

алақан жүгіртіп сипап): Сіз-ді... Қоқан үкіметінің бас­
шысы боп сайланған соң... Сарттар атып өлтірді деп есіттік.
Жыладым... Кешірерсіз.
МҰСТАФА (мұңайып): Бір емес, екі мәрте оққа бай­

лаған. Құдай құтқарды. Ол мені жақсы көреді.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Рас. (Мұстафаны құшақтап)
Сізді жақсы көрмеу мүмкін емес қой. (Екеуі диванға
жайғасады). Қоқан үкіметі құлады?...

МҰСТАФА (бас изеп): Сақтап қала алмадық. Енді тұтас
Түркістан деген арманымыз бар.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Соғыс жүріп жатыр.
МҰСТАФА: Ия. Жетісу, Сырдария халқы аштықтан

қырылуда. Соғысқа кіргені, қару-жарақ жоқ... больше­
виктің оғынан өліп жатыр. (Орнынан тұрып кетеді).
Кешегі Қоқан қырғынын Түркістан халқы ғұмыры ұмыт­
пас. Бомба мен зеңбірек оғынан он мың адам шейіт кетті.

Үкіметтің отыз мүшесі сотсыз атылды! Коммунистердің
жексұрын келбеті осы!
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Сіздің… Сіздің басыңызға да…
МҰСТАФА: Ия, білем. Мәскеу менің басымды кесіп

әкелген адамға мың рубль сыйлық тіккен.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Есіттім.
МҰСТАФА (әзілге шаптырып): Демек, мың рубль қо­
лыңызға өзі кеп түсіп тұр.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (өкпелеп): Мені кім деп ойла­
дыңыз?
МҰСТАФА (құшақтап): Әзіл, Мария. Жаным!
(Осы кезде есік қағылып, әлгі өзбектің тақиялы басы

көрінеді).
ӨЗБЕК (үрейлі): Кешірерсіз, әпендім, қара көлеңкелер
көбейіп кетті. Үй маңында.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Ах! Тағы да.
МҰСТАФА (сабырлы): Жалғыз емеспін… Қорықпа.
(Тура қарап) Мария Яковлевна, біздің бұрынғы уәдеміз
орнында ма? (Мария үнсіз бас изейді). Ендеше некемізді

қидырамыз. Мешітке барып. Ислам дініне кіріп… Му­
сулманка боласың…
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (қызарып, қымсынып, үй бұ­
рышында тұрған иконға қарап): Ендігі еркім өзіңде,

Мұстафа! (Құшақтап сүйеді. Тағы да есік қағылады. Терезе
тұстан бір-екі қара көлеңке өтеді).
МҰСТАФА: Ендеше ертең… Сосын Әнуар пашамен кез­
десемін. Арғы күні аттанамыз. Қазақ даласы, Ресей…

маңызды кездесулер. (Тағы да есік қағылады).
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (елеңдеп): Тездетіңіз. Аңдушы.
МҰСТАФА (есікке беттеп): Мен (сыбырлап) генерал
Сақыпкерей Еникеевтің үйіндемін. Қараңғы түсе келем.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (бас шайқап): Барам. Өзім.
(Екеуі ерін ұшынан сүйісіп қоштасады).
Түркияның тақтан тайған, әйтсе де әскерімен Ба­
куды басып алған Әнуар пашасының резиденциясы. Әс­

кери киімді, басына көтеріңкі қаракөл бөркін киіп,
алтындалған қылыш асынған Әнуар паша жиһазды бөл­
меде жалғыз өзі сенделіп жүр. Ой меңдеген. Шешімін таба
алар емес. Көңілі күпті.

ӘНУАР ПАША (өз-өзіне): Ортақ Түркістан! Арман бол­
ған бірлесу. (Жұдырығын түйіп) Күллі түркі халқы бір
жағадан бас көтеріп... Ортақ жауына бір жұдырық боп
түйіліп... Ағылшынның асқақтап басқан ақсүйектеріне

тау қыранындай шүйіліп... Шығар күн қайда?! Алмания
арқа сүйеу бола алмады. Өлмешінің халінде. Мұстафа
Кемал Ататүрік... (Оқшырайып) Қайдағы Ататүрік?! Мен!
(Кеудесін нұқып) Мен – бүкіл түркі елінің шапағатшысы.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қасық қаным қалғанша осы жолға бас тігермін. (Есіктен
бір тақиялы түрік көрінеді).
ТҮРІК (иіліп-бүгіліп): Аса мәртебелі Әнуар паша, сізге
Шоқай қазақ келіп тұр.

ӘНУАР ПАША: Кірсін. (Мұстафа ішке енеді. Әнуар
құшақтап) Бауыр, бір туған, кел, төрлет.
МҰСТАФА: Рахмет, паша. (Басын иіп) Пейіліңізге
құлдық.

ӘНУАР ПАША: Маған деген құрметіңіз анық. Бакудегі
жеңісімді, Шығыс халықтары құрылтайындағы лебізімді
қуана қолдадыңыз.
(Түрік қызметші шай үйлестіріп кетеді).

МҰСТАФА: Түркістаным, Тұраным деп соққан ұлы жү­
ректі кім жек көре алар?
ӘНУАР ПАША (басын иіп): Мархабат, Мұстафа бей.
Сұрағым бар. Тек адал көңілге арам қиқым араласпасын.

МҰСТАФА: Оған күмәніңіз болмасын. Сұраңыз.
ӘНУАР ПАША: Мәскеуге жүремін. Карл Радек ша­
қырды. Келіссөзге Ленин бас болып, Троцкий, Зиновьев,
Карахан қатысады дейді.

МҰСТАФА (дүдәмал көңілмен): Мақсаты?
ӘНУАР ПАША: Англияға қарсы күресте ортақ мәміле­
ге келу. Күш біріктіру.
МҰСТАФА: Сосын?

ӘНУАР ПАША: Ағылшындарды тұқыртқан соң түркі
халықтарының ортақ мемлекетін құру.
МҰСТАФА: Сосын?
ӘНУАР ПАША (басын кегжең еткізіп): Әзірге осы.

Сұрағым – сіз орыс мінезіне, Мәскеу саясатына жастай қа­
нықсыз. Не айтар едіңіз?
МҰСТАФА (басын ұстап ойланып): Оңай сұрақ, қиын
жауап, құрметті паша. Ақиқатын айтсам, ашу шақыр­

массыз.
ӘНУАР ПАША: Тек қана ақиқатын!

МҰСТАФА: Ендеше Англияға қарсы күрес идеясы сіз­
ден шығып тұр ғой.
ӘНУАР ПАША: Иә. Ата жау.
МҰСТАФА: Тап қазір дүние жүзіне үстемдігі өтіп тұрған

ағылшындарға қарсы күресіп опа таппайсыз, паша.
ӘНУАР ПАША (көзі шоқтай қызарып): Неге?
МҰСТАФА: Біріншіден, күш-қуатыңыз кем. Екіншіден,
Ресей сізбен одақтаспайды. Әбден әлсіреген. Жалған сөйлеп

алдап отыр.
ӘНУАР ПАША (жаратпай): Англия Ресейдің де дұш­
паны емес пе?
МҰСТАФА: Ол рас. Бірақ олардың ойы – ортақ Түркістан

үшін күресіп жүрген сіздің назарыңызды басқа жаққа
аудару. Алдаусырату.
ӘНУАР ПАША: Сосын?
МҰСТАФА: Егер сіз бұл мәміледен бас тартсаңыз, олар

ертең-ақ Мұстафа Кемалды дос санап шыға келеді. Сізді
әріге итере салады.
ӘНУАР ПАША: Кемал?
МҰСТАФА: Иә. Жаңа паша. (Әнуар пашаға назар тік­

теп) Түркі халықтарының тағдыры маған да жат емес,
паша. Ортақ күресте жүрміз. Менің сізге айтар екі өті­
нішіме құлақ қоясыз ба?
ӘНУАР ПАША (ойланып барып): Тыңдайын.

МҰСТАФА: Біріншіден, большевиктерге сенбеңіз. Ба­
сыңызға қатер. Шовинист Лениннен бастап иманы қаш­
қандар. Олардың бар мақсаты түркі халқын сиырдың
бүйрегіндей бөліп алып билеу. Араларына ши жүгіртіп,

айдап салып, алауыз ету. Айдалада аралда жатқан ағыл­
шындарға емес, сіз бен біздің ортақ күресіміз боль­
шевиктерге, яки Мәскеудің өзіне қарсы бағытталса, мен
қуанар ем.

ӘНУАР ПАША (оқшырайып): Тағы не?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МҰСТАФА: Түркияның азаттығы үшін арпалысып
жатқан Мұстафа Кемалмен жауласуыңыз да көңіліме
жағар емес.
ӘНУАР ПАША (қылышын әлсін-әлсін қынабынан шала

суырып сарт-сарт соғып): Болды ма?
МҰСТАФА: Өйткені бәріміздің де мақсатымыз ортақ.
Ол – түркі елі бірлігі, бақыты, болашағы. Жауымыз да
сондай ортақ. Ендеше ортақ күреске жұмылайық.

ӘНУАР ПАША (суық): Рахмет! Сізді көмекшім шы­
ғарып салады.
(Мұстафа өкінішті кейіпте ойланып тұрып, шығып
кетеді).

Орынбор шаһары. Тамыз айы. Мұсылман үш мемлекет
құрылтайына жиналғандар кең бөлмеде бас қосуда.
Олар – Алашорда үкіметінің басшылары Әлихан Бө­
кейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,

Башқұрт үкіметінің басшысы Зәки Валиди, Түркістан
үкіметінің атынан Мұстафа Шоқай қатысуға жиналған.
Екеу-екеуден сұхбат құрып жүріседі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Зәки, (қалта сағатына

үңіліп) келісімді уақыт асып барады. Кешікпелік. Кімді
күттік?
ЗӘКИ ВАЛИДИ: Аха, Мұстафаны тосалық.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Уәделі жігіт еді ғой.

ЗӘКИ ВАЛИДИ (әзілдеп): Орыстан жас иісті болған
қазақтың қапелімде шаруасы біте ме, Аха?
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (рахаттанып күліп, өзге­
лерде қосылады): Рас-ау. Орысқа оң иығын алдымен берген

татар мен башқұрт еді. Бірақ қазақтың бір бастаса бәрінен
де асырып жіберетін әдеті ғой. Солай ма, Әлихан? (Бәрі
қаумаласа қалып күліседі).
(Алыстан атылған мылтық даусы, айқай-сүрең ес­

тіліп басылады. Бәрі елеңдесе қалады. Осы сәтте есіктен

Мұстафа енеді. Ахмет пен Мұстафа төс түйістіріп
амандасады. Шырайлы көңіл күй).
ЗӘКИ ВАЛИДИ (сыртты иегімен көрсетіп): Жай­
шылық па, Мұстафа?

МҰСТАФА: Чех әскері шығар. Қала шетінде атыс бар.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (ойланып): Ым-м! Күнде дүм­
пу... Анталаған дұшпан, ашкөз ел. Әйтеуір иықтасып алға
шауып барады. Соңына қарайын деген бір адам жоқ.

ӘЛИХАН (жан-жағына көз салып): Құрылтайға жи­
налған мырзалар, (бәрі столға жайғасады) бүгін тарихи
күн. Өйткені туысқан түркі үш үкіметінің басшылары
ортақ мәміле үшін бас біріктіріп отырмыз. Алашорда үкі­

мет басшылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов
және өзім Бөкейханов, Башқұрт үкіметінің басшысы Зәки
Валиди, Түркістан үкіметінің атынан Мұстафа Шоқай
мырзалар осында.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Бәрекелді! Бұл – екінші құ­
рылтай. Нақты әңгіме, батыл шешім, мұсылман пайдасы
ортаға түссін.
МІРЖАҚЫП: Аха, алдымен сөзді Мұстафа бауыры­

мыз иеленсін.
МҰСТАФА: Аз билікке алдануға болмайды, ағайын.
Арамызға от тастап, соның қызуына жылынғысы келе­
тіндер аз емес. Бір Түркия екіге жарылып, Әнуар паша,

Мұстафа Кемал болып керілдесіп жатыр. Мәскеу қай жең­
генің менікі деп отыр. Ортақ Тұран, бірлескен Түркістан
десек, үш үкімет әскер біріктіруі парыз.
ЗӘКИ ВАЛИДИ: Оңды ұсыныс. Демек, түркі халық­

тарының федерациясын құру қажет.
ӘЛИХАН: Алашорда ол ойды қуаттайды. Мәскеу ағыл­
шын, чехтармен арпалыса берсін. Біз күш қосып, заман
қалай құбылса да дайын тұрайық

ЗӘКИ ВАЛИДИ: Колчак пен Деникинге, казачи, боль­
шевиктерге қарсы ресейлік топтармен де арақатынасты
үзбеген дұрыс.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МҰСТАФА: Бүгін Ленинмен айқассақ, ертең жеңе қалса
сол Колчактармен шайқасатынымызды да ұмытпайық.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Мұстафаныкі ақ сөз. Ақ
ит қапсын, қызыл ит қапсын – бәрібір тұщы ет түркі ха­

лықтарыныкі болмақ.
МІРЖАҚЫП: Уақытша келісім деген бар, Сібір үкіме­
ті, Екатеринбургта жиналып отырған Ресей демократтары
большевиктік үкіметті танымаймыз деп мәлімдеді.

МҰСТАФА: Біздің үш үкіметті де осы мәмілені қолдау­
ға шақырды.
ЗӘКИ ВАЛИДИ: Қолдаймыз (қолын көтереді).
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (қолын көтеріп): Алаш аты­

нан!
МҰСТАФА (қолын көтеріп): Түркістан үкіметі атынан!
ЗӘКИ ВАЛИДИ: Егер қолдасақ, ұйым атынан Мұстафа
Шоқай мырзаны Америкаға ел президенті Вильсонмен

кездесуге аттандырмақ.
(Осы кезде атыс естіліп, сырттан қашқан, қуған топ
өтеді. Біреу қалбаңдап терезеден сығалайды).
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Алдымен, халқымыз аш­

тықтың алдында тұр, ақша, азық-түлікті қамдайық. Елден
жігіт жинап, әскер ойнату керек. Қару-жарақ жетім­
сіз. Көбі құр қол жүр. Соңғысы, ел сауатсыз, надансоқ.
Саясатты ұқпайды. Ортақ тіл – газет шығарып көзін ашу,

ұғымын байыту.
МҰСТАФА: Аха, разымыз! Көреген сөз. Жаналқым –
осы!
ӘЛИХАН: Большевиктік билікті мойындамаған ұжым­

ға шетелдің қай мемлекеті оң пейіл беріп отыр?
МҰСТАФА: Америка, Италия, Англия мен Жапония
елдері.
ЗӘКИ ВАЛИДИ: Кеше Бельгия мен Сербиядан да қолдау

келіп түсті.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Бәрекелді!

АЙНА-ҒҰМЫР ӘЛИХАН: Алдымен бірігеміз, сосын Ресей де­мок­ раттарымен тізе қосамыз. ЗӘКИ ВАЛИДИ: Келісім осы! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (орнынан көтеріліп): Шық­ сақ бір төбенің басында болармыз, өлсек бір шұңқырда қалармыз. Анттасайық! (Бәрі де оң қолымен кеудесін басып «Ант!», «Ант­ тастық!» деседі. Мылтық үні, айқай-сүрең іргеден ес­ тіледі. Бәрі үрейленеді. Алыстан бір дауыс естіледі). ДАУЫС: Мұстафа, чех әскері Мария Яковлеваны тұт­ қынға алды, Мұстафа! Кремль. Сталиннің кабинеті. Өзі – төрде, жанында – Дзержинский. СТАЛИН (қорқорына темекі нығыздап, тұтатады): Сонымен, Алашорда басшылары, әлгі кімдер еді?.. ДЗЕРЖИНСКИЙ: Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Досмухамбетов. СТАЛИН: Жетеді. Түгелдей қылбұрау салынды. ДЗЕРЖИНСКИЙ: Түгелдей. СТАЛИН (стол айнала жүріп): Түркістаншыл Шоқай ше? ДЗЕРЖИНСКИЙ: Бар биліктен айырылған. «Проме­ тей» қозғалысына Польшадан ақша сауып жүр. СТАЛИН: Әйелі кім? Орыс па? Ендеше... (Сұқ саусағын көтереді). ДЗЕРЖИНСКИЙ: Түсіндім. СТАЛИН: Башқұрттың қуыршақ үкіметі, басшысы Валиди. ДЗЕРЖИНСКИЙ: Қашып басмашыларға өткен. Олар талқандалған соң шетел асты. Құрыққа түспей кетті. СТАЛИН (ойланып): Ым-м! Түркістан, Тұран, Түрік мемлекеті, Алаш, ең соңында, міне, мынаумен қалды.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Сол қолдың бас бармағын мұрнына тіреп, ортаңғы үш
саусақты бүгіп, шылдыр шүмегін шошайтады.
P.S. Көсемнің дәл осылай түскен фотосы да бар).
ДЗЕРЖИНСКИЙ (блокнотқа жазып): Ендігі бағы­

тымыз?
СТАЛИН: Лев Троцкий шетелде тыныш жатар алар
емес.
ДЗЕРЖИНСКИЙ (жазып): Испандықтардан көмек

аламыз. Ұқтым.
СТАЛИН (қорқорын бұрқ еткізіп): Керенский по­
ляктармен ауыз жаласып алған. Еркіндеп кетті.
ДЗЕРЖИНСКИЙ: Ұқтым.

СТАЛИН: Шоқай шетелге өтіп кетпесін. Тілерсегін қи!
ДЗЕРЖИНСКИЙ: Ұқтым.
СТАЛИН: Аса білімді, саясатқа жүйрік. Өте қауіпті
тұлға!

ДЗЕРЖИНСКИЙ: Туған-туысын тығырыққа тіредік.
СТАЛИН: Одан кейінгі көзтаса етпейтін қазақ Рысқұ­
лов. Есіңізде болсын!
ДЗЕРЖИНСКИЙ: Ұқтым.

СТАЛИН: Сен, осы шашлык пісіретін саксауылды бі­
лесің бе? (Дзержинский бас изеп, күлімсірейді). Оған балта
өтпейді. Қайтіп сындырады? Көрдің бе? (Дзержинский бас
шайқайды). Бір-біріне ұрып! Сонда быт-шыты шығады.

(Мұрнына бас бармағын тіреп жоғарыдағы көріністі қай­
талап күлімсірейді). Солай!
Екінші көрініс
Көше көрінісі. Солдат, қала жатағы, өзге де жігіттер

көрініс береді. Мылтық даусы, ит үргені, әйелдердің
бажылдап ұрысқаны естіліп жатады. Милиционерлер
ысқырып бір адамды қуалайды. Ол адам жаны қысылып,

сахнадағы жүргіншілер арасына тығылып, залды да
аралап, борбайлап шауып өтеді.
МИЛИЦИОНЕРЛЕР: Тоқта!

– Стой!

– Стрелять буду!

– Буржуй!

– Сволоч!

ҚАШҚЫН (жанығып): Құтқар! Жазықсызбын! Жо­
лаушымын! Кедей тақырмын!
(Милиционер наганын тарс еткізіп атады. Қашқын
омақаса құлайды. Аяғынан жараланады. Милиционерлер

әлгіні сүйреген қалпы жауаптап, тінтеді. Бешпетін сөгіп,
хат тауып алып оқиды).
МИЛИЦИОНЕРЛЕР (ежіктеп): Құ-құ.. а-а-ағ. Ко-ко...
Көзім көрмей тұр. (Қашқынды бір теуіп) Атаңа нәлет!

Контр! (Хатқа қол созып) Әкел оқиын. Біз... біз, туһ, ақ-ақ-
лаш... Қай-қай... туһ! Мынаны қай тілде жазған-ай! Өңшең
ит! (Қашқынға ұсынып) Мә, оқы! Жаныңнын барында!
ҚАШҚЫН: Қаріп танымаймын. Сауатсызбын.

МИЛИЦИОНЕР: Неге?
ҚАШҚЫН (кекетіп): Жүгіртіп оқи алсам мен де өз­
деріңдей милиция болып ысқырып жүрмес пе ем.
МИЛИЦИОНЕР (ұрып): Мә, саған! (Наган атып) Тұр,

оңбаған! (Екіншісіне) Қама түрмеге. Мен мына хатты бас­
тықтарға өткізейін.
(Қашқынды сүйрелей жөнеледі. Сахна айналғанда
хат ОГПУ бастығының қолында тұрады. Бастықтың

жанында екі-үш қызметкері бар).
ОГПУ БАСТЫҒЫ: Міне, жау іргеде. Көрдің бе? (Хат­
ты оқып) «Құлжа қаласындағы Британия консулына!
«Түр­кістан ұлттық бірлігі комитеті» Англия үкіметінен

боль­шевиктерге қарсы көтеріліс ұйымдастыру үшін қару-
жарақ пен қомақты көлемде ақша сұрайды». (Саусағын
көтеріп) Қара дәмесін! «Комитет мүшелері: Абиджан

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Махмуд, Убайдулла Ходжаев, Садреддин хан, Юсуп Зия
бей, Мұстафа Шоқай, тағы басқалары».
ОГПУ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Дереу тұтқындау керек. Атта­
найық!

ОГПУ БАСТЫҒЫ (бас шайқап): Алдымен Мұстафа Шо­
қайға бұғалық тастаймыз. Қалғаны сарт пен түрік. Қырық
ру. (Жанындағыға) Аппаратты іске қос. (Сосын баяндай
бастайды) «Москва. ВЧК. Точка. Әулиеата қаласында аса

қауіпті қылмыскер тұтқындалды. Точка. Ағылшындар­
мен ауыз жаласқысы келген ұлтшылдардың Құлжаға
жолда­ған хаты қолға түсті. Точка... (Бастықтың даусы
естілмейді, бірақ сөйлеп, әлсін-әлсін қол сілтейді. Қол

сілтеген сайын аппарат даусы қатты тарсылдап, қа­
сындағы екі қызметкері мақсатсыз зыр жүгіріп жүреді).
Точка! Все!
Сахна қараңғыланып айналғанда Мария Яковлевна

жалғыз өзі қонақүй бөлмесінде елегізулі отырады. Гүрс
ете түскен жарылыс. Кісінеген ат. Дүрлігіп қашқан
адамдар. Мастардың әні, әйелдің бажылдағаны. Мұның
бәрі көшедегі дауыс. Әрқайсына бір селк ете түскен Мария

Яковлевна терезеге көз тігеді де шошып кетеді.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (жүрегін басып): Құдай-ау, мы­
нау чех әскері ғой. (Сосын бөлме бойлап жүгіріп) Қа­лаға
басып кіріпті. Мұстафа қайда? Вадим Чайкин ше? Жина­

лыстары бітпей жатыр ма? Аман болса жарады. (Осы кезде
есік қағылады. Мария Яковлевна жүгіріп барып есік ашады,
ішке беймәлім бір еркек енеді). Сіз кімсіз? Мұстафа жіберді ме?
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК: Жоқ, ханым.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Шығыңыз ендеше. (Итеріп)
Барыңыз.
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК: Тоқтаңыз, Мария Яковлевна,
ойнап жүрген адам жоқ. Арнайы сізге келдім.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Арнайы? Маған?

БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК: Иә, сізге. Ерекше тапсырмамен.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Айтыңыз тез (сескеніп).
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК: Сіздің үстіңізден іс көтерілді.
Сотталасыз.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Не үшін ? Қандай кінәм бар?
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК: Некедегі күйеуіңіз арыз жазды.
Сіз ол адаммен заңды түрде ажыраспай, екінші мәрте тұр­
мыс құрғансыз. Бұл – азғындау. Совет үкіметі заңына жат

қылық.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (ашуға пісіп): Маскүнем, құ­мар­
паз онымен біз ажырасқанбыз. Заңды түрде. Менің сүйген
жарым – Мұстафа. Сіз кімсіз өзі? Сұғанақ, суайт. Совет за­

ңы. Совет үкіметі мықты болса әне, көшеде қаптап кеткен
чехтардан халқын қорғасын. Жазықсыз атып, қынадай
қырып жатыр. Кетіңіз (кеудесінен итереді).
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК (жұмсарып): Қымбатты Мария

Яковлевна, тағы бір айтар ұсынысым бар сізге.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Кімсіз өзі? Сағыздай жабысқан?
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК (сыбырлап): Құпия тапсырма.
Мен – орындаушы. Сізді Мәскеуге жұмысқа шақыра­

мыз. Сіз әншісіз ғой. Жалақы, пәтер, бәрі-бәрі дайын тұр.
(Көзін күлмеңдетіп) Қалай, келісесіз бе?
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (сұраулы өңмен): Жұмысқа?..
Мұс­тафа ше?

БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК (тыжырайып): Мұстафа? Қайтесіз
сол мұсылманды. Ол адасып жүрген адам. Ертең-ақ түрмеге
қамалады, атылады. Өзіңіз бас сауғалаңыз.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (есікті ашып): Шық, жексұрын!

Алаяқ!
БЕЙМӘЛІМ ЕРКЕК (айбат шегіп): Қамаласың! Құ­
рисың! Бір басыңа екі бай ұстағанды көресің әлі! Какой-то
Мус-та-фа! Тфу!

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Азғын. (Дәлізден Мұстафаның
саңқылдаған даусы естіледі. Әлгіні желкелеп итеріп жі­
береді). Осы заманның сұрқылтайы.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МҰСТАФА (өзі көрінбейді, даусы ғана естіледі): Оу,
Марияжан дейм...
Мұстафаның інісі Нұртазаның отбасы. Өзі, келінше­
гі және кішкене қыз. Аты – Мәдина. Үргелек өң, жүдеу

тұрмыс. Нұртаза сырттан үйге енеді.
НҰРТАЗА (қызға): Келші, Мәдина, (құшағын ашып)
келе ғой, күнім.
МӘДИНА: Алыстағы көкемнен хат келді ме?

КЕЛІНШЕК (шошып): Үндеме, ойбай.
НҰРТАЗА (киімін іліп жатып): Келер, аман болса…
МӘДИНА: Көкем жіберген алтын қасықпен көже іштім.
КЕЛІНШЕК: Ойбай, не дейд? Үндеме... Айтпа көкем

деп. Алтынды аузыңа алма.
НҰРТАЗА: Тілекші ғой. Періште ғой. Құдай аузына
салған шығар.
КЕЛІНШЕК (күрсініп): Қорқамын... қайдан білейін?

Қо­қан айналып келгенде де ескі дауды ұмытпапты.
НҰРТАЗА (қызын тізесіне отырғызып): Жақсылық
ұмытылар. Тірілер тістенгенін ұмытпайды ғой. Қапелім­
де... (Сыртта машина гүр ете түседі).

МӘДИНА (елеңдеп): Көкем шығар келген. (Нұртаза
мен келіншегі үрейленіп қалады. Есік сарт-сұрт ашылып,
ішке бір милиция қызметкері енеді).
МИЛИЦИОНЕР (иілмей бедірейіп): Шоқаев Нұртаза

кім?
НҰРТАЗА (кекетіп): Әйелім емес, мен.
МИЛИЦИОНЕР: Ә, сен бе? Дереу киін, алып кетеміз.
КЕЛІНШЕК (жылап): Не жазығы бар? Құдай-ай, осын­

шама сорлататындай.
МИЛИЦИОНЕР: Жазығы? Халық жауының туған інісі.
Аз ба саған? Өзі қашып жүр. Іздеуде. (Еденді теуіп) Жерге
кіріп кетсе де табамыз. Давай, тез.

НҰРТАЗА (тесіліп): Прокурордың санкциясы бар ма
тұтқынға ал деген?
МИЛИЦИОНЕР: Санкция! Мынау не деп тұр?! Қазір
үйіңді тінтіп астаң-кестең етейік. Қазір!... (Папкасын ақ­

тарады).
КЕЛІНШЕК: Нұртаза...
МӘДИНА (жүгіріп): Әке...
НҰРТАЗА (киініп): Шоқайдың тұқымын түгел құрт

демеген шығар. Жаңа заманға жақпаса Мұстафа жақпа­ды.
МӘДИНА: Көкем бе?
МИЛИЦИОНЕР: Әкең... Қарашы, бөрінің бөлтірігін, кө­
кем деуін!

КЕЛІНШЕК (Мәдинаның ауызын алақанымен басып):
Құлыным... (Тұншығып жылап) Нұртаза-ай, иесіз қалдық
қой.
НҰРТАЗА (қайраттанып): Жасыма. Ер жақсысын

түрмеден көрген заман. Бұл да өтер. Жалғыз қызды сақта...
Аманат.
МИЛИЦИОНЕР (Нұртазаны түйгіштеп): Бол. Бол ен­
ді. Бәйіт айтып зарламай. Ойнап жүрген жоқпыз. Қап­таған

жау. Жағаласқан дұшпан.
КЕЛІНШЕК (зарлап жылап): Аман орал. Аман! Қай­
тейін!.. (Әйелдің дауысына халықтық зарлы хор қо­
сылады).

Үй бөлмесі. Мұстафа жалғыз. Ойлы әрі мұңды. Қолын­
да бір парақ хат. Көз сүзеді. Күрсінеді. Стол үстіне тас­
тай салады.
МҰСТАФА: Ол рас, Мәскеуге алдап шақырады. Қыз­

метке. Қайыс ноқта кигізер. Арғы жағы... Белгілі.
Әлемнің әр түкпіріне таудан қашқан тастай боп жөңкіп
кетсек... Титықтатқан Тұран, тәуекел дегізген Түркістан,
арман болған Алашқа ие кім сонда? Кенесары қолға түсіп,

қабыландай арпалысқанда... Наурызбайға не деп еді?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Науанжан, мына сөзің жүйесіз ғой,
Дұшпанға айқай салып тиесіз ғой.
Екеуміз осы сапар бірдей өлсек,
Тоқтышақ артымызда иесіз ғой...

Тоқтышақ иесіз қалады ғой, Ахмет аға, Міржақып,
Әлихан, Тұрар. Біз кетсек халық қайтіп күн көрер?
Қызыл өңеш талғамай жұтқалы тұр. Лебімен тартып.
Ауыз­бірліктен ада, көктемірден кенде қылды ғой бұл

мұ­сылманды. Парижге барып... Онда орыс зиялылары
Керенский, Чайковскийлер бар. Күресін жалғап жатыр.
«Прометей» қозғалысын өрістету... (Ішке Мария Яков­
левна енеді). Хат келді. Вадим Чайкиннен. Жинал, Мария.

Кетеміз Парижге. Стамбулда қала алмаймыз. Аңдушы бар
соңымызда.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Парижге? Қаражатты қайттік?
МҰСТАФА: Құдай жалғар. Поляктар «Прометей» қоз­

ғалысын қайтадан қолға ал депті. Енді елге қайта ал­
маймыз.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Мұстафа, тыныш өмірді аң­
саймын. Әйелмін ғой...

МҰСТАФА: Ол болмас. Қалған ғұмырда. Халқым деп
туып, қамым үшін өмір сүре алмай қойдым ғой.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Кешір. О баста-ақ білгем. Солай
боларын. Күркесін күзеткен еркек болсаң, көңілімді бер­

мес едім.
МҰСТАФА (жымиып): Ташкентте...
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Сақыпкерей мырзаның үйінде.
(Күліп) Онда шашың киіздей қалың еді. Күйе түсіп кетті

(Мұстафаның шашын сипап).
МҰСТАФА: Жиналайық. Кемеге билет алынған.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Жиналатын не бар. Екі чемодан
дайын тұр.

МҰСТАФА (хатты қолына алып): Сыймай да, қимай
да кетіп барамын, қайран ел, жаутаңкөз жұрт. (Кеме гудок

береді). Тездетейік. Қоштасып қалам деушілердің қарасы
көп. (Тағы да кеме гудок береді).
Сахна қараңғыланып айналады. Мұстафаның Фран­
циядағы пәтері көрініс береді. Қабырғада латын әрпімен

«Прометей», «Яш Түркістан» деген жазу тұр. Стол үсті
толған қағаз, кітап, журнал. Балауыз шамның әлсіз сәу­
лесі түседі. Мұстафа столға басын сүйеп қалғып кеткен.
Өң мен түстің арасындағы елес пайда болады. Ақ жамы­

лып аруақ боп Ахмет, Міржақып, Әлихан, Тұрарлар келеді.
Мұстафа қалғып кеткен столды айналады. «Прометей»,
«Яш Түркістан» деген жазуға көз тігеді.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ: Қоқанды құрған, тұтас Түр­

кістаным деген қайран Мұстафа, көтер басыңды! Сенен
басқа кім қалды? Бұл қазақтың мұңын мұңдайтын. Айт­
шы, Міржақып.
МІРЖАҚЫП: Жетім қалды ғой халқың. Ит сүйреген

кәрі терідей болды қазірде. Қайран қыл, беліңді бу, ерім.
ӘЛИХАН: «Әлихан, бұ қазақты пәуескемен көшірсек
арманымыз болмас» деуші ең. Тасқа мініп, таяғын ұстап
қалды. Қара дауыл көтерілді батыстан. Айдаһардай ыс­

қырып алапат келеді. Сақта өзіңді!
ТҰРАР: Баһидың кемесіне міндік. Пәни сенде қалды.
Қабырғаң қайысады-ау. Отқа түсіп ойнарсың. Мықты бол,
Мұстафа!

(Мұстафа шошып оянады. Сахнадағы жарық күшейеді.
Абдырап, айналасына қарайды. Елес-түс ғайып болған).
МҰСТАФА: Аха, ұлтқа ұстаз болған, Аха, не дедің?
Сенен басқа кім қалды дедің бе? (Арпалысып) Міржақып,

ит сүйреген кәрі тері дедің-ау. Уһ! Иә, Әлихан, батыстан
төрт басты айдаһар ысқырып келеді, бауырмен жорға­
лап. Фашист деген. Францияны да қол астына алды. Күн
тұтылды. Түнек басты. (Жанталасып) Тұрар, ақылы азап

боп, көсемдігі өзіне кесел боп жармасқан Тұрар. Жаһанда

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

жалғыз тастадыңдар ғой. Мен сені «Сталиннің фавориті»
дедім, «Сойылын соққыш» дедім. Не үшін? «Шоқайшыл»
демесін деп жаздым. Әдейі. Көлеңкеммен қорғағым кел­
ді. Аз халықтың серкесі болғаннан көп халықтың еркесі

болған жақсы екен, дүние-ай! (Даусы қатты шығып ке­
теді, жүгіре басып бөлмеге Мария Яковлевна енеді).
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Мұстафа, (алақтап) не болды,
Мұстафа? Естіген екенсің ғой. Сұмдық. Айтары жоқ.

МҰСТАФА: Нені? Не дедің, Мария?
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Фашистер соғыс бастады. Совет
Одағына!
МҰСТАФА (абдырап): Біліп ем...

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Бір сағат бұрын. Таңғы төртте.
МҰСТАФА (демін алып): Отыршы, Мария. Аян берген
екен ғой.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Түсіңде ме?

МҰСТАФА: Иә, «Прометейдің» қайтадан бас қосуы...
Қалғып кетіппін.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Кімдер?
МҰСТАФА: Төрт тұлға түгелімен келді-ау. О дүние мен

бұ дүниенің арасы тым жақын екен ғой.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (қорқып): Қойшы. Айтпашы.
МҰСТАФА: Троцкийді тұншықтырған Сталин сол жен­
детін енді менің соңыма салыпты. Қазақтың бас көтерері­

нің бәрін «Шоқайшыл» деп құртып еді. Енді...
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (сасып): Кім айтты? Кім?
МҰСТАФА: Келді ғой хабар. Жаманат та ажал сияқты
тез жетеді ғой.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Тоқташы, Мұстафа. (Құ­шақ­
тап) Айтпашы, жаным.
МҰСТАФА: Мен тоқтағанмен, уақыт пен оқиғалар тоқ­
тар дейсің бе, Мария ханум?

(Осы кезде сарт етіп есік ашылады да, ішке неміс офи­
цері кіріп келеді. Мұстафа сабырлы қалпын сақтайды.
Ал Мария Яковлевна шошып кетеді).

ОФИЦЕР: Мұстафа Шоқай сіз бе?
МҰСТАФА: Мен.
ОФИЦЕР: Сіз тұтқынға алындыңыз. (Пистолетін шы­
ғарып) Тез киініңіз.

МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Сіз кімсіз?
ОФИЦЕР: СС офицері Шульц. Сіз қам жемеңіз. Кү­
йеуіңізді Берлинге алып жүреміз.
МҰСТАФА (күрсініп): Мария, сабыр ет. Өзім де біл­

генмін.
ОФИЦЕР: Түркістанның эмиграциядағы көсемі. Шо­
қай мырза, шығыңыз тез.
МҰСТАФА (Марияға): Оралам. Уайымдама, күт.

(Бұлар шығысымен машина гүр ете қалады. Мария
ханум терезеден көз алмай қарап, жасын сүртеді. Сахна
айналғанда ортадағы столда нацистік үкіметтің Шы­
ғыс министрі Розенберг отырады. Жанында Уәли Каюм

түрегеліп тұр. Ішке Мұстафа енеді).
МҰСТАФА (басын иіп): Саламатсыз ба! Мұстафа Шоқай.
РОЗЕНБЕРГ: О-о, Шоқай мырза, (амандасып) мен сіз
жайлы көп естідім. Совет үкіметіне қарсы күрескеніңіз,

Польшаның қолдауына ие болғаныңыз, Шығыс Түркіс­
тандағы көтеріліске қол ұшын созғаныңыз, Түркия елін­
дегі беделіңіз... Бәрі-бәрі бізге қанық. (Басын иіп) Фюрер
үкіметінің Шығыс министрі Розенберг.

УӘЛИ КАЮМ (қол созып): Уәли Каюм.
МҰСТАФА: Танысқаным жақсы. Келу мақсатымды
білсем деп едім.
РОЗЕНБЕРГ: Совет Одағына қарсы соғыс басталды.

МҰСТАФА: Білем.
РОЗЕНБЕРГ: Он күннің ішінде Қызыл Армияның көп
әскері тұтқынға өз еріктерімен беріледі.
УӘЛИ КАЮМ: Ішінде түркі халқы да көп. Қазақ, қыр­

ғыз, татар.
МҰСТАФА (аларып қарап): Өзбектер де табылар.
УӘЛИ КАЮМ: Бар, Мұстафа ака.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

РОЗЕНБЕРГ: Сіз түркі халқының эмиграциядағы кө­
семісіз. Беделіңіз жоғары.
МҰСТАФА (сұраулы өңмен): Ал?..
РОЗЕНБЕРГ: Сіздің аңсағаныңыз Совет үкіметінің,

большевиктердің құлауы, жойылуы емес пе?
МҰСТАФА: Ол рас.
РОЗЕНБЕРГ: Олай болса көксеген арманыңызға жетер
күн туды.

(Осы сәтте сахна сыртынан тарс-тарс басқан аяқ
дыбысы естіледі).
УӘЛИ КАЮМ (сыртқа мойнын созып сыбырлап):
Фюрер кетіп барады.

РОЗЕНБЕРГ (айқайлап): Хайль Гитлер!
УӘЛИ КАЮМ (шырылдап): Хайль, Хайль Гитлер!
МҰСТАФА: Менің міндетім не болмақ?
РОЗЕНБЕРГ (қуланып): Совет халқын большевизм бұ­

ғауынан құтқару.
МҰСТАФА: Демократиямен тізе қосуға қашанда әзір­
мін. Ал фашизм...
РОЗЕНБЕРГ (қатқыл): Олай демеңіз. Большевиктерге

демократиямен сабақ үйрете алмаймыз. Әйтпесе шетелде
22 жылдан бері бассауғалап қашып жүрмеген болар едіңіз.
МҰСТАФА: Рас.
УӘЛИ КАЮМ (Розенбергке жағынып): Министр мырза,

бұл кісі біздің ұлы мақсатты түсінбей тұр, министр мырза.
РОЗЕНБЕРГ (көзін қысып): Түсіндіреміз.
МҰСТАФА: Розенберг мырза, нақтылап, неміс стилімен
айтсаңыз.

РОЗЕНБЕРГ: Міне, енді мәселенің басы ашық.
МҰСТАФА: Тыңдап тұрмын.
РОЗЕНБЕРГ: Фюрердің өзі тұтқынға берілген түркі
халықтарынан «Түркістан легионын» құруды ұсынды.

УӘЛИ КАЮМ: Дәл солай! Көреген шешім.
МҰСТАФА: Сосын?..
РОЗЕНБЕРГ: Сосын олар нацистік Армия сапында
большевиктерден өз бауырларын азат етуге атсалысады.

МҰСТАФА: Совет әскеріне қарсы соғысады.
УӘЛИ КАЮМ: Соғысады. Азат етеді.
МҰСТАФА: Идея дұрыс. Бірақ ойластырған жөн.
РОЗЕНБЕРГ: Ойластырамыз. Болашақтың жоспары

жасалған, Шоқай мырза. Қам жемеңіз.
МҰСТАФА: Танысайын.
РОЗЕНБЕРГ: Ендеше, құрылатын легионның жетекші­
сі өзіңіз. Арнайы тағайындау күтіңіз. Орынбасарыңыз –

мына тұрған Уәли Каюм. Аса сенімді, іскер жас. Күтіңіз.
Мен Фюрер қабылдауына кеттім.
УӘЛИ КАЮМ (көзі майланып): Мұстафа ака, (құшағын
жайып) билік тиді бізге, билік.

МҰСТАФА: Қандай билік?
УӘЛИ КАЮМ: Нацистер большевиктерді жеңеді. Қы­
зыл туын (еденді теуіп) таптайды.
МҰСТАФА: Ал, сосын?

УӘЛИ КАЮМ: Түркістан Германияның ерікті сыбай­
ласына айналады.
МҰСТАФА: Ерікті сыбайлас?
УӘЛИ КАЮМ: Иә. Сіз ханы боп, мен премьер-министр

қызметіне... әне, билік деген осы.
МҰСТАФА: Әй, бауырым, асатпай жатып құлдық деме.
УӘЛИ КАЮМ (сыбырлап): Тұтқынға түскендерді (қо­
лын сілтелеп) соғысқа, Шығысқа айдап, айдап салу керек.

Қару беріп. Өштерін алсын.
МҰСТАФА: Текке қырылады.
УӘЛИ КАЮМ: Ұлы мақсаттың жолында өлгендер шейіт.
Жұмаққа кіреді кезексіз.

МҰСТАФА (тағатсыздана бас шайқап): Легион... Тұт­
қын... Соғыс...
УӘЛИ КАЮМ: Қорқу жоқ. Қаһарман халықпыз. Ат­
тиланың ұрпағы, Асқақ темірдің нәсілі. Күресеміз...

(Ерісіп) Қасық қанымыз қалғанша.
РОЗЕНБЕРГ (қайтып оралып): Фюрер келісімін бере­
ді. Сізге. (Қолын қысып) Құттықтаймын, Шоқай мырза.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Түркістан легионы сіздерді күтіп тұр. Аттаныңыздар. Тап
қазір. Тұтқындармен танысыңыздар.Сәт сапар.
МҰСТАФА (басын иіп): Жарайды. Барайын.
УӘЛИ КАЮМ (желпілдеп): Кеттік. Хайль Гитлер! Бас­

таңыз.
Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сахна айналғанда тұтқын лагері көрінісі. Сым қор­

шау. Алыста арпылдаған неміс овчаркасының дауысы.
Автомат асынған, қысқа-қысқа бұйрық берген неміс
солдаты. Тұтқындардың аш, арық, жүдеу, үмітсіз өңі.
Тоңған, бүрсек қаққан қалпы. Мұстафа көрінеді. Қасында

жанторсықтай болған Уәли Каюм. Мұстафа сым қор­
шауға таяу келіп аңтарылып тұрып қалады. Тіксініп.
Өйткені мынау жан шошытарлық жабайы көрініс еді.
НЕМІС СОЛДАТЫ (алдын бөгеп): Шоқай мырза. Ішке

кіруге болмайды. Алыстан сөйлесіңіз.
УӘЛИ КАЮМ: Иә, бұлар ауру. Аш, арық, биті өріп жүр.
Алыстан... Тек алыстан...
МҰСТАФА (түсі бұзылып): Тоқтат. 22 жыл бойғы са­

ғынышым ғой бұлар. (Сым қоршауға таяу кеп) Ба­уырлар,
(дауысын күшейтіп) мұсылман бауырларым менің!
ТҰТҚЫНДАР (алдымен аңтарылысып, кейін жамы­
рап қоя береді): Мұстафа!

– Шоқай!

– Өзіміздің Мұстафа ғой.

– Бауыр деген сөзіңнен айналайын!

– Ел үшін туған ер-ай, құрыдық қой.

– Құтқар бізді!

– Мына азаптан!

– Әкелші беттен, сүйейін!

НЕМІС СОЛДАТЫ: Кет! Әрі кет! Жақындама! (Аспанға
мылтық атып) Шоқай мырза, сақ болыңыз.
УӘЛИ КАЮМ: Ауру жұқтырасыз.
МҰСТАФА (неміс солдатына): Ашыңыз қақпаны.

(Ол бас шайқайды). Розенбергтің тәртібі солай. (Даусын
қатайтып) Ашыңыз.
УӘЛИ КАЮМ (неміс солдатына): Аш, екеуміз сыртта
тұрайық.

(Ішке кірген Мұстафаны тұтқындар қаумалай ке­
тіседі, жылап табысады. Мұстафа осы арада тарихтан
мәлім атақты сөзін сөйлейді).
МҰСТАФА: Менің сүйікті Отандастарым! Сіздерге қа­

рап менің жүрегім қан жылап тұр. Сіздер темір тордың ар­
ғы жағында азап шегуге тиіс емессіздер! Жоқ! Алла Таға­
ла Түркістанның ұлан-ғайыр төсінде еркін өскен ұлан­
ның тілеуін берсін. Жаратқанның жәрдемімен сіздердің

немістерге тұтқын болудан құтылып, өз отбасыларыңыз­
дың жанында бейбіт өмір сүретіндеріңізге менің сенімім
кәміл... Менің ойымша, сіздердің араларыңызда ынта-
шынтысымен берілген коммунист, яки комсомол жоқ...

Ендігі жерде біз үшін Совет Одағына қарсы болудан және
Советтік Ресейдің жеңілуін тілеуден басқа жол жоқ...
УӘЛИ КАЮМ (сыртта тұрып): Дұрыс айтасыз, Мұс­
тафа ака, коммунистер мен комсомолдарын түгелдей атып

тастадық.
МҰСТАФА (Каюмге жаратпай қарайды): Солай де.
(Тұт­қындарға бұрылып) Не айтасыңдар, бауырлар?
ТҰТҚЫНДАР (жамырап): Айтқаның Алланың құла­

ғына шалынсын.

– Мұстафажан-ай!

– Азып-тоздық қой әбден.

– Құтқар бізді!

– Шығар жарыққа!

– Советке қарсы соғыс дейсің бе?

– Қайдан білейін.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Жап аузыңды! Олар саған май асатып па еді?

– Бауырларымды қалай атам?

– Қарабет болам ғой.

– Баста бізді, Мұстафа!

– Ердік соңыңнан!

– Садаға жаным!

МҰСТАФА: Біз Түркістан легионын құрдық. Оның
сапына осы тұрған қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, барша
түркі халқы кіреді. Ұлы Түркістанның тұтас елі үшін кү­
ресті бастаймыз, бауырлар. Ана тұрған Уәли Каюм – менің

орынбасарым.
ТҰТҚЫНДАР: Білеміз оны!

– Келіп кеткен.

– Өлгендерді бензин шашып өртеңдер деген.

УӘЛИ КАЮМ: Ауруы сіздерге жұқпасын дедім, қадірлі
тұтқындар!
МҰСТАФА: Отандастарым де. Бауырларым де!
УӘЛИ КАЮМ: Бауыр тұтқындар!

(Осы кезде әріректен «Мұстафа», «Мұстафажан, бар
екенсің ғой», «Қайран туыс, келдің бе?» деген зарлы дауыс
естіледі. Жүдеу, киімі жыртылған, сақалы өскен бір егде
еркек боздап кеп Мұстафаны құшақтай алады).

МҰСТАФА (құшақтап): Сабыр етіңіз. Кім боласыз?
ТҰТҚЫН: Мұстафажан, әкеңнін шын аты Шоқмұхам­
бет, Шоқай би, анаң Бақты. Бәйбішенің бауырында өстің
ғой, қарғам?

МҰСТАФА (абдырап): Солай, солай. Сіз (жүзіне үніліп)
кім едіңіз?
ТҰТҚЫН (жылап): Мен немере ағаң Сағынбекпін.
Әкеңнің інісі Әлмұхамедпен бірге өстім. Ізін басып...

МҰСТАФА (көзіне жас алып): Сағынбек аға! Білем ғой
сізді! Ағам, бауырым! (Құшақтап) барсың ба?
ТҰТҚЫН: Жат жерде сені көрдім. Арманым жоқ. Бүгін
өлсем де.

МҰСТАФА: Аға, сабыр ет!

ТҰТҚЫН: Қолыңмен көм, қолыңмен.
ТҰТҚЫНДАР: Арманың жоқ, Сағынбек!

– Бағың бар екен, бейшара.

– Зарлап отыратын ең.

МҰСТАФА: Соғысқа қашан түстіңіз?
ТҰТҚЫН: Алты ай. Басталған бетте.
МҰСТАФА: Ел... тума-туыс аман ба?
ТҰТҚЫН: Жаманатты кім айтса сол жауың, Мұста­

фажан, інің Нұртазаны...
МҰСТАФА (түсі бұзылып): Иә, Нұртазаны..
ТҰТҚЫН: Ұстап әкетіп, Шоқайдың туған інісі деп атты
ғой. Иманды болсын!

МҰСТАФА (еңкейіп, тізесі бүгіліп барып кері тік­
теле­ді. Көзіне орамалын басып, екі иығы селкілдейді):
Қайтейін, қайран іні... Кеселім қайта тиді-ау. Сендерге...
ТҰТҚЫН: Келін отыр. Көрген күні күн емес. Ай­

наласынан бүкіл ауыл қашып көшті.
МҰСТАФА: Тұяқ қалды ма? Қызы...
ТҰТҚЫН: Жалғыз қыз. Мәдина. Мүшел жаста... Оны да
мектептен қайта-қайта қуады

УӘЛИ КАЮМ: Мұстафа ака, берік болыңыз.
ТҰТҚЫНДАР: Мұстафажан, қанаты бүтін қарға жоқ.

– Бауыры бүтін пәнде жоқ.

– Сәбеттің сойқаны аз ба?

– Өзіңді де ата жауымыз деп ғайбаттады ғой.

– Ел сенбесе де.

– Сабыр ет!

МҰСТАФА: Уәли, (қатайып) бауырлардың тізімін бер.
Бұл жерден жедел көшіру керек. Жылы қонысқа. Тамақ,
киімі, дәрі-дәрмегі ертеңнен бастап дайын болсын. Тез
қимылда.

УӘЛИ КАЮМ: Хоп, майлы ака.
МҰСТАФА: Мен бүгін Берлинге аттанамын. Розенберг­
ке. Кешігуге болмайды.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

УӘЛИ КАЮМ: Хоп, майлы ака. Хайль Гитлер!
МҰСТАФА: Көріскенше, бауырлар!
(Шығыс министрі Розенберг пен Түркістан легионы­
ның басшысы Мұстафа Шоқай кездесті).

РОЗЕНБЕРГ: Шоқай мырза, легион мүшелерімен ұнам­
ды әңгіме өткізіпсіз.
МҰСТАФА: Естігеніңіздей. (Жымиып) Бірақ ақылдасар
жайт көп. Өте көп.

РОЗЕНБЕРГ: Айтыңыз.
МҰСТАФА: Тұтқындар арасында өлім көп. Аш-арық.
Қар мен жаңбыр астында.Баспанасыз.
РОЗЕНБЕРГ: Тәртіп берілді. Жағдай жақсарады.

МҰСТАФА: Тамағы, азық-түлік...
РОЗЕНБЕРГ: Жеңімпаз неміс солдатының асханасы
оларға да қызмет етеді.
МҰСТАФА: Рахмет!

РОЗЕНБЕРГ (қуанышты): Есіттіңіз бе, Москва бе­
рілудің аз-ақ алдында тұр. Сталин Куйбышев қаласына
қашу алдында.
МҰСТАФА: Білемін.

РОЗЕНБЕРГ: Түркістан легионы шабуылды Ста­лин­
град, Волга, Каспий теңізі бағытында жүргізеді. Орта Азия
мен Қазақстанды басып алу – негізгі мақсат.
МҰСТАФА (күрсініп): Розенберг мырза, тұтқындар

қазірде қолына қару алып соғысар халде емес. Тым құры­
ғанда алты ай бағып, баптау қажет.
РОЗЕНБЕРГ: Алты ай? Оған дейін біздің жеңімпаз әс­
керіміз Сталинградты алып, Кавказды түгелдей бағын­

дырып үлгереді. Ойланайық.
МҰСТАФА: Розенберг мырза, тұтқынға алынған түркі
халқының дені білікті мамандар. Инженерлер, дәрігерлер,
құрылысшылар. Оларды соғысқа салмай, бұған дейін ба­

сып алынған қираған аймақтарды қалпына келтіруге
жұмсасақ деген ұсынысым бар.

РОЗЕНБЕРГ (қатайып): Сонда сіздің Түркістаныңыз
үшін кім қан төгеді? Большевиктерден кім азат етеді?
МҰСТАФА (мүдіріп): Жеңімпаз армия.
РОЗЕНБЕРГ: Тәтті пирогты жеу үшін алдымен пісіру

керек, Шоқай мырза. Әзір асқа ауыз табылады. Ұсы­
нысыңызбен мүлдем келіспеймін.
МҰСТАФА: Босқа қырылтады.
РОЗЕНБЕРГ: Түркі тұрмақ, асыл текті арийліктер де

қырылып жатыр. Ұлы мақсат үшін! Фюрер үшін!
МҰСТАФА: Ойланайық.
РОЗЕНБЕРГ: Маман қажет болса, тілектес Италиядан-
ақ алдыртармыз.

МҰСТАФА: Тіпті болмаса мал бақтырайық. Әзірше...
РОЗЕНБЕРГ (бас шайқап): Сөзді доғарайық, Шоқай
мырза. Мен Фюрерге үш айдан соң Түркістан легионы Со­
вет Одағына қарсы соғысқа кіреді деп уәде еттім. Бұйрық

осы. Кірісіңіз. Әйтпесе... (Розенберг тез-тез басып шы­
ғып кетеді. Мұстафа тұнжырып тұрып қалады).
МҰСТАФА (әрлі-бері адымдап, ойлы қалпы): Екі жа­
манның бірін таңдар күн туды. Тіпті таңдау да жоқ. Жұ­

банарың осы. Екі оттың ортасында қалдың, атажұрт,
Фашизм жеңгенмен өз тізгінің өзіңе тисе қалай? Больше­
визмнің орнын әпербақан фашизм басса ше? «Әй, Мұстафа,
бір жаудан құтқарам деп үстімізге жау құлатқаның не,

Мұстафа» десе, ақсақалдарға не айтамын? «Тілегіңді ті­
леп, осы күнге дейін орысқа текеметімізді тілгізіп келген­
де немісті қайдан таптың, немісті?» десе ақ жаулықты
аналарға не дермін? Тәуекелден басқа таңдау қалды ма?

Жау шапқанда елімді бірге шабысқым жоқ. Бірақ та
бостандықтың алыстан бір сәулесі сығалап тұрғандай.
Бірге жетейік. Қол ұстасып, қайран ел. Қаймағы кетіп,
қаспағы қалған киелі топырақ.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Сталин кабинеті. Жарда карта ілулі. Көсем ойлана көз
тігіп тұр. Қорқорын тұтатады. Столды айнала қадам
басады.
СТАЛИН: Немістер өңмеңдеп келіп қалды. Жапония

жұдырығын қалтасына жасырып отыр. Рузвельт, Чер­чилл.
(Бас шайқайды) Өрттің қызуына алыстан жылынғысы
келеді. Әзірге. Күш пен қулық жарысып тұр. Жарайт.
(Картаға қарап) Түркістан легионы. (Бас шайқап) Гит­

лер, Шоқай. Шо-қай! (Еңкейіп түйме басады. Ішке генерал
кіреді). Немістер Кавказ, Элиста, Волгаға жетті.
ГЕНЕРАЛ: Жетті. Баяндауға рұқсат етіңіз. (Сталин бас
изейді). Элиста қалмақтары фашистердің алдынан ақбоз

арғымақ пен алтын қылыш алып шыққан. Шешендер,
ингуштар дүрлігу үстінде...
СТАЛИН: Білем. Жаз! Бұлардың бәрі де саяси сауат­
сыз, әрі сенімсіз халықтар. Сондықтан 48 сағаттың ішінде

Сибирге, Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылсын.
Тиеңдер вагонға. Болды!
ГЕНЕРАЛ: Құп.
СТАЛИН: Түркістан легионы хақында. Ендігі сөз. Мұс­

тафа Шоқай – мемлекетіміздің жауы. Сатқын. Енді Гит­
лермен ауыз жаласып, қосымша майдан ашпақ.
ГЕНЕРАЛ: Бүгінгі мәлімет растап отыр.
СТАЛИН (қуланып): Степан Бандера, Лев Троцкий,

келесі кім?
ГЕНЕРАЛ: Шоқай болмақ!
СТАЛИН (үнсіз бас изеді): Алғашқыда құр қол қай­
тыңдар. Сосын кіргізіңдер әлгі легионның ішіне өз

адамымызды. Бар!.
(Сахна айналғанда Мария Яковлевна отырған бөлме­
ге Мұстафа кіріп келеді. Көзінде мұң, жүдеу тартқан,
көңілсіз).

АЙНА-ҒҰМЫР МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (қуанып, даусы жарқын шығып): Мұстафа, (мойнына асылып) келдің бе? Ой, сағындым, қорықтым. МҰСТАФА (шаршаулы): Мусенка, бармысың? Мен шаршадым. Уайыммен қартайып келдім. МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Бір ай бойы.. МҰСТАФА: Иә, бір-ақ айда. Тұтқындар жатқан Просткен, Сувалки, Дебица, Дева лагерлерін араладым. Ужас! (Отыра кетіп жылайды). МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (шошып, жұбатып): Мұстафа, ғұмыры жылағаныңды көрмеппін. Не болды? Айтшы? МҰСТАФА: Аштықтан, биттен, обадан мыңдап қы­ рылған. Далада, қақаған суықта... Үңгір қазған. Жалаң қолмен... Арғы жағын айта алмаймын. Қор болған менің Отандастарым! МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Құтқарсаңшы. МҰСТАФА: Құтқарам. Бірақ үш айдан соң соғысқа ай­ дап салам. Сол ма құтқарғаным? МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА: Шара жоқ! МҰСТАФА: Былтыр мақаламда жазғам «Гитлер де, Сталин де залым. Бірі әсіре ұлтшыл-нацист, ал екіншісі интернационалист болып көрінгеніне қарамастан екеуі­ нің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде» деп. Тап солай! Мен енді көне алар емеспін. Фашизмге ашық қарсы шығам. МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (құшақтап жылап): Тірі қой­ мас, Мұстафа! Қайтшы райыңнан. Мен үшін. Соңыңдағы елің үшін, Мұстафа. МҰСТАФА: Соңғы аялдама алыс қалған жоқ, Мусенька. Қайту жоқ. Сен өзіңе берік бол. Сүйенішім. Тұтқын лагері. Солдаттар тұтқындарды ұрып-соғып, аулақта арпылдатып итіне талатып жатыр. Авто­ мат даусы естіледі. Жоғары шенді СС офицері көзіне дүрбі

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

салып, биік баспалдақ (мұнара) басында мұның бәрін
рахат сезіммен бақылап тұрады.
ТҰТҚЫНДАР (шырылдап): Біз еврей емеспіз. Мұ­
сылманбыз.

– Бізді де пішеді.

– Бала күнде. Тақ жаста.

– Атпа, ойбай!

СОЛДАТ (масайрап): Ә, солай де. Әкел шығар көрейік.
МҰСТАФА (жедел басып келген қалпы, қасында Уәли
Каюм бар): Тоқтат мазақты! (Құжатын көрсетіп) Шоқай.
СОЛДАТ: Кім дедің?

МҰСТАФА: «Түркістан легионы» басшысы. Тұтқынды
құрметтейтін халықаралық заң бар.
СОЛДАТ: Соғыс заңы біреу. Жауыңды құрту!
МҰСТАФА: Горький деген есуас та айтқан осы сөзді.

ОФИЦЕР (мұнара басында тұрып): Шоқай!
(Ит арпылдап, тағы да автомат даусы, тұтқындар­
дың жан дауысы естіледі).
МҰСТАФА (жалт қарап): Саламатсыз. Тәртіп қайда?

Тұтқындардың өлгені аз ба еді?
ОФИЦЕР: Қалғаны да аз емес.
УӘЛИ КАЮМ (жалбақтап): Дұрыс айтасыз, аз емес.
МҰСТАФА (осы кезде атақты мәлімдемесін жа­

сайды. Тарихи сөз): Сіздер (жоғары қарай саусағын бе­
зеп, тұтқындар жаутаңдасып қарасады), немістер,
өзде­ріңізді Европадағы ең мәдениетті адамдармыз деп
санай­сыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп

жүргенімдей болса, онда мен сендерге де тұтқындардың
шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін!!!
ОФИЦЕР (үстем, кекетіп): Айта түс, Шоқай мырза!
УӘЛИ КАЮМ: Мұстафа ака, тоқтатыңыз, қойыңыз.

(Офицерге қарап) Кешіріңіз. Бұл кісі қызуы көтеріліп,
былай ауырып тұр.

МҰСТАФА (Каюмге зекіріп): Ей, жанторсық, жөніңді
біл! (Офицерге қарап саусағын безеп) Сіздер XX ғасыр­
да өмір сүріп отырып XІІІ ғасырдағы Шыңғысханның
жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Айуаннан

бетер екенсіздер. (Тұтқындар мына сөзге гу ете түседі.
Сүйсінгеннен. Жоғарыда тұрған офицер түсі бұзылып, бас­
палдақтан баяу басып түсіп келе жатады. Уәли Каюм
сасып кірерге тесік таппайды. Мұстафа қасқая қарап

тұра береді).
ОФИЦЕР (Мұстафаға қарсы келіп): Не дедіңіз?
МҰСТАФА: Биікке естілетіндей ғып айттым.
ОФИЦЕР (Мұстафаны құлаштап ұрады): Мә, азиат!

Малғұн! Жабайы! (Мұстафа жерге құлап түседі. Жерді
сипалап көзілдірігін іздейді. Көріп тұрған тұтқындар
шуласып кетеді. Ит дауысы. Офицер мен солдат, тұт­
қындар айналған сахнамен бірге алыстай береді).

УӘЛИ КАЮМ (Мұстафаны қолтықтап көтеріп): Сү­
рініп кеттіңіз-ау деймін, Мұстафа ака. Байқасаңызшы.
(Тізесін қағып) Лас болыпты. Абайласаңызшы.
МҰСТАФА (басын изеп): Елден саяқ едік. Жегеніміз

таяқ болды. Өле кетсек... Ғазиз басымызды ажал қаншаға
бағалар екен?
УӘЛИ КАЮМ (қалбақтап): Айтпаңыз, Мұстафа ака.
Керексіз әлі, керексіз.

Төртінші көрініс
Розенберг кабинетінде. Қағаз парақтап отыр. Телефон
шырылы. Көтереді.
РОЗЕНБЕРГ (тыңдайды): Сталинград екі күнде біздің

қолға өтеді. СС алғы шепте. (Пауза). «Түркістан легионы»
жасақталып бітті... Шоқай... Соғысқа кіріседі... Орта Азия
оқымаған надан... Қазақстан соңынан... Келістік, менің

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

фюрерім! (Орнынан қуана көтеріліп) Москваны көлдің
астына батырып... Орта Азия мен Қазақстанды билеп-
төстеп... Халқын екшеп, тек жұмысшы қолы... Жетеді сол.
(Даусын көтеріп) Каюм! (Кабинетке Каюм енеді).

УӘЛИ КАЮМ (қалбаңдап): Сіздің бұйрығыңызбен...
тез жеттім.
РОЗЕНБЕРГ (столдағы қағазды көтеріп): Мынау не?
Шоқай екеуің ұлы нацистік үкіметке күйе жағып... Қарсы

сөйлеп...
УӘЛИ КАЮМ (қалтырап): Кешіріңіз, мен тек жанын­
да болдым. Өзі, Шоқайдың өзі.
РОЗЕНБЕРГ: Бұл қылмысы үшін... (Көзін ойнатып)

Білесің бе?..
УӘЛИ КАЮМ (аяғына жығылып): Білем, білем. Ол өзі
сенімсіз адам екен.
РОЗЕНБЕРГ: Айт!

УӘЛИ КАЮМ: Кеше жеңімпаз неміс халқына жала
жапты... Жалпы «ағылшын шпионы» деген мәлімет бар.
РОЗЕНБЕРГ: Ағылшын шпионы? Сосын?
УӘЛИ КАЮМ: Соғыс басталғанға дейін Польша еврей­

лерімен, Европа демократтарымен достық байланыс ұс­
таған. «Прометей» қозғалысын басқарған. Сөйтіп олардан
ақша сауған...
РОЗЕНБЕРГ: Айта түс.

УӘЛИ КАЮМ: Әйелі еврей болуы мүмкін. Өзі жарты­
лай орыс.
РОЗЕНБЕРГ (жазып жатады): Саяси көзқарасы? Мақ­
саты?

УӘЛИ КАЮМ: Бар мақсаты – большевиктік Ресейді
талқандау, құрту!
РОЗЕНБЕРГ (басын көтеріп): Ол дұрыс. Сосын?
УӘЛИ КАЮМ: Жеңімпаз Армия жеңіске жеткен соң бар

ойы Қазақстан мен Орта Азияны бөліп алып жеке мемле­
кет құру. (Сыбырлап) Өзі Президент болмақ.

РОЗЕНБЕРГ (орнынан осқырына көтеріліп): Не дедің?
Шоқай кім еді ол? Президент?..
УӘЛИ КАЮМ: Розенберг мырза, рас, оның легионда
беделі зор. Бірақ түпкі мақсаты басқа. Легионды жа­

сақтадық. Енді сол кәрі шөңгенің керегі бар ма? Бүгін
табанымызға батса... Ертеңгі күні...
РОЗЕНБЕРГ (ойланып): Ойланатын жайт. Сен әлі тә­
жірибесіз, (Каюмның бас-аяғын шолып) жастаусың ғой.

УӘЛИ КАЮМ (қитың қағып): Жас тал иілгіш, ыңғай­­
ға көнгіш болады, менің министрім. Айтсаңыз болды...
А, сосын...
РОЗЕНБЕРГ (телефон трубкасын қолға ала беріп):

Тағы не?
УӘЛИ КАЮМ: Тұтқындардың арасынан Баймырза
Хайт, Қарыс Қанатбай сынды жастарды баулып, болашақ
жоспарын айтып желіктіріп жүр. Оларды теріс пиғылға

салып жіберуі мүмкін.
РОЗЕНБЕРГ (трубканы қайта қойып): Мында кел,
жақында. (Каюмның құлағына сыбырлайды) Қысқасы,
ретін табу керек. Легионерлер күдік, секем алмасын.

Түсінікті ме, Каюм?
УӘЛИ КАЮМ: Құп болады, менің министрім. (Розенберг
көрінбей кетеді). Сонымен (алақанын уқалап), Мұстафа
Шоқай. (Күліп) Кездесейік.

Поез купесі. Мұстафа мен Уәли Каюм. Поездың гудок
беріп ақырғаны, доңғалақ тарсылы, түрлі дауыстар ес­
тіледі. Уәли қалбаң қағып Мұстафаның сырт киімін
іліседі.

УӘЛИ КАЮМ: Отырыңыз, жайғасыңыз, Мұстафа ака.
Берлинге қазір-ақ жетіп келеміз.
МҰСТАФА: Жарайды. Қарыс қайда?
УӘЛИ КАЮМ: Ол келесі поезға отырады.

МҰСТАФА: Қалайша?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

УӘЛИ КАЮМ (қысылып): Билет солай алыныпты.
(Осы кезде сахнадан әрлі-берлі өткен қара жамылған­
дар өтеді. Мұстафа мен Каюм отырған купеге үңіледі. Бі­
рақ екеуі оны көрмеген, байқамаған сыңай танытады. Со­

вет офицері формасын киген біреу бұрыштан сығалайды.
Әлдекімге ымдайды. Мұстафа отырған купені нұсқайды).
МҰСТАФА (Каюмға): Розенбергке тағы да қояр ме­
нің шартым біреу. Ол – легион мүшелерін соғысқа қатыс­

тырмау.
УӘЛИ КАЮМ: Соғысса ше? Кімнен жаны артық?
МҰСТАФА: Сенің бауырыңды, менің ауылымды өз
қолымызбен қырып саламыз ба? Әлде бізге басқан тағдыр­

дың қара таңбасы аз ба еді?
УӘЛИ КАЮМ: Неміс өлтіргенше, өзіміз-ақ... Жаназа­
сын шығарып көмеміз...
МҰСТАФА (жаратпай): Нацистермен басқа келісім­

ге келу керек. Москва құлаған соң... Орта Азия мен Қа­
зақстанды соғыссыз-ақ... Бейбіт келісіммен...
(Қара жамылғандар әрлі-берлі жүріп алады. Көлеңке
сынды. Совет офицері қуыстан қуысқа жүгіріп, тығылып

бітеді).
УӘЛИ КАЮМ: Мұстафа ака, тамақ... Не бұйырасыз?
МҰСТАФА: Мазам болмай тұр. Су әкелші.
(Каюм шығып кеткенде қара жамылғандар мен Совет

офицері купеге қазтабандап жақындап, кіріп шығады.
Елес сынды).
УӘЛИ КАЮМ (шай әкеліп): Мұстафа ака, шай ішіңіз.
Салқын қармаған шығар. Терлеңіз, демалыңыз.

МҰСТАФА: Рахмет. (Шайды ұрттап) Басым әкетіп
барады. Ішім...
УӘЛИ КАЮМ (алақ-жұлақ етіп): Жатыңыз, шарша­
дыңыз, демалыңыз.

МҰСТАФА (қолын созып): Әкелші, көпшікті, Мусенка.
УӘЛИ КАЮМ (қуанып, қалбаңдап): Міне, қазір, міне,
жатыңыз...

(Сахна айналғанда Мұстафа Шоқай Берлиннің «Вик­
тория» ауруханасында ақ жамылып жатыр. Жанында
медбике күзетіп отыр).
МҰСТАФА (басын сәл көтеріп): Әкелші, көпшікті,

Мусенка.
МЕДБИКЕ: Су... Ішесіз бе, Шоқай мырза?
МҰСТАФА (әлсіз): Жоқ. Франция... Ножан қаласы...
Қайда Мусенка?..

МЕДБИКЕ: Кім, кім дедіңіз?

МҰСТАФА:

Мария
Яковлевна...
Шақырыңыздар...
Алып кетсін мені... Қазақ даласына...

(Тағы да қара жамылғандар палатадан әрлі-берлі өте­
ді. Өлім биі орындалады).
МЕДБИКЕ: Қазақ?.. Білмеймін, мырза.
МҰСТАФА (арпалысып): Көке, Шоқай көке. Бақты, сен

мұнда неғып жүрсің? Аха, Жақа, Әлихан, Тұрар, сендер
де осында ма едіңдер?
МЕДБИКЕ (шыр-пыр боп): Сабыр етіңіз... Қазір дәрі
егем, қазір...

МҰСТАФА: Осында ма едіңдер? Қазір барам... Аз қал­
ды... Аз... Алып кетіңдер, тастамай, қазақ даласына...
Же­тейін құстың қанаты, тұлпардың тұяғы боп. Қазір...
қазір...

МЕДБИКЕ (укол егіп): Қазір тынышталасыз. Не қа­
лайсыз, Шоқай мырза?
МҰСТАФА (әлсіз дауыспен): Ұйқы! (Басы сылқ ете
түседі).

(Сахна баяу айналғанда ауыл, он үш жасар Мәдина
жүгіріп келе жатады. Қуанышты. Алдында шешесі тұр,
яғни Нұртазаның келіншегі).
КЕЛІНШЕК: Не болд, Мәдина?

МӘДИНА: Сүйінші, мама, сүйінші!
КЕЛІНШЕК: Сүйінші, (абдырап) ол не?
МӘДИНА: Көкем өліпті. Көкем! Мұстафа көкем! Енді
бізді ешкім қудаламайды. Сүйінші!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КЕЛІНШЕК (дауыс салып): Ой-бай, жүзіқара, қалай
аузың барды? Ой-бай, ақ көкем-ау... Садағаң кетейін-ау...
(Сахна баяу айнала береді. Мария Яковлевна тұр.
Мұңды. Уәли Каюм бастаған бір топ адам келеді).

УӘЛИ КАЮМ (басын иіп): Алладан пәрмен келді...
Мария Яковлевна... Бұйрық келді... Мұстафа акадан
айрыл­дық.
МАРИЯ ЯКОВЛЕВНА (сылқ етіп тізерлеп отыра

кетеді): Естідім... (Жылап, дауыстап) Мұстафа, жаның
жәннатқа кіргей, Мұстафа! Қидым! Тағы да қидым! Өзің
шексіз сүйген тұтас Түркістаныңның атынан, қасірет
шеккен қазағыңның атынан! Қидым, Мұстафа! Енді сендей

жан тумас, Мұстафа!
ТОП ІШІНЕН БІРЕУ: Каюм, (сұқ саусағымен атып) екі
қолым жағаңда кетер, Каюм!
Сахна баяу айнала береді. Тұтқындар, Розенберг,

Сталин, Мария Яковлевна, Нұртаза, Мәдина мен ше­
шесі, қара жамылғандар, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Тұ­
рарлардың ақ киген елесі, жалпы спектакльге қатысқан
ірілі-ұсақты барша кейіпкерлер айналған сахнамен бірге

дөңгеленіп, көрермен алдынан өтеді. Бұл кейіпкерлер­
дің әрқайсысы бір-біріне қырын немесе теріс қарап тұра­
ды. Өйткені әр түрлі көзқарастың, ұғым, түсініктің
адамдары еді. Әміре Қашаубаевтың әні беріледі.

Түскенде сен есіме, қимас қалқа,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы-ай!..
Ақ киім киген Мұстафа (аруаққа айналып) сахнадағы
кейіпкерлерді аралап жүреді.

НҰРЖАУҒАН-ҒҰМЫР

Екі бөлімді, үш көріністі драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. АБЫЛ – әкесі 2. ӘДЕМІ – анасы 3. НҰРЖАУҒАН – баласы 4. ЖАМБЫЛ – ұлы жырау 5. ҮМБЕТӘЛІ – шәкірті, ақын

Қариялар, қыздар, балалар, келіншектер, Жазира, т.б.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Сахна күңгірт. Мұңлы музыка төгіледі. Ескі қорымда­
ғы мүлгіген зираттар көрініс береді. Орта тұсында

Райым­бек бабаның моласы. Аттың оқыранғаны, арба
дөңгелегінің май сағынған даусы естіледі. Алыстан әйел-
еркектің үні үзік-үзік құлаққа тиеді.
1-ДАУЫС: Иә, соны айтам-ау, қатын әулие болса да...

2-ДАУЫС: Үш жылдан бері етегі қанамаған бедеуді қақ
бастан бір ұрып айдап шығудың орнына...
3-ДАУЫС: Сонау, Шудан қызыл вагонның төбесіне мі­
ніп өзі келген жоқ па қарбашаның, осы Абылға тием деп...

4-ДАУЫС: Елде жоқтай ғып...
1-ДАУЫС: Райымбек бабаның басына түнейміз, бала
сұраймыз деп кетті.
2-ДАУЫС: Кетсін. Бабаның құшақтата қояр баласы бол­

са көрейік.
3-ДАУЫС: Жалғыз тоқтыны сойып, арбаға салып алды.
Жетім-жесірге үлестіреміз, батасын аламыз деп.
4-ДАУЫС: Ағайынның тілін алмаған қайбір оңар дей­

сің. Әдеміден басқа тесік моншақ құрып қалғандай...
(Сахна сыртынан ер адамның «тр-р!» деп аттың басын
тартқаны, арба дөңгелегінің тоқтаған даусы естіледі).
АБЫЛ: Ал, келдік, Әдемі. Арбадағы етті түсіріп жай­

ғастыр.
ӘДЕМІ: Садағаң кетейін, бабаның басы осы ма? (Зи­
ратқа қарап бір қырындап бас иіп тәу етеді).
АБЫЛ: Осы. Қалмақтың шаңын шығарып емес, қанын

шығарып соғу керек деп жауды Аспантаудан бері асырма­
ған Хангелді атамның немересі ғой. Хангелдіден Түке,
Түке көкемнен «Зиратым тоғыз жолдың торабында жа­
тар» дейтін әулие Райымбек туған. Кел, дұға бағышталық

(ерлі-зайыпты екеуі тізе бүгіседі. Абыл күбірлеп дұға
қайырып, бет сипайды).
ӘДЕМІ (көз жасын сығып): Батыр баба, дұғамызды қа­
был еткейсіз.

АБЫЛ (беліндегі белбеуін шешіп жатып): Көкала
мойнақ көп жылқы сұрап келгенім жоқ, әулием, шаңы­
рақтың желбауындай көп ұл да сұрап отырғаным жоқ,
әулием, досқа күлкі, дұшпанға таба қылмайтын жалғыз

бала тілеген жайым бар. (Белбеуді мойнына асып) Міне,
белімді буған белдігім еді, тәңірім, мойныма бұршақ қып
салдым, іргемді көшірмес, отымды өшірмес қошқардай
ұл берсең, орнына өз жаның садаға десең де қабыл алдым,

тәңірім.
ӘДЕМІ (қалтасынан ақ орамал шығарып жатып): Бас
қосқанда табалдырықтан базарлы қылармын, біссімілдә
деп аттап ем, ажарымды қашыра көрме, баба, көйлегім тоз­

са да, көңілімді тоздыра көрме, баба.
АБЫЛ (қолын созып): Әкел, Әдемі, орамалдың бір
ұшын ұстат маған.
ӘДЕМІ (ұстатып жатып): Жеті мәрте айналамыз ба?

АБЫЛ: Иә, кел, артымнан жүр.
(Екеуі ақ орамалдың екі ұшынан ұстап зиратты айна­
ла бастайды. Тілендінің «Аққу» күйі жаймен қалықтай­-
ды. Зиратты айналған сайын Абыл бір тілек қосып қа­

лады). Арманын басынан қар кетпес, етегінен гүл мен нұр
кетпес Аспантаудай қылып бер. Ұят та – атаның бір ұлы –
ары мен намысын мүйізді Өтегендей етіп бер. Маңдайдағы
жазуы көп мақсатты болғай, еліне қорған атанған жақсы

атты болғай, Саурық пен Сұраншыдай ғып бер. Тепсе кет­
пес бағы мен тепсініп тұрар батырлығын Қарасай баба­
сындай ғып бер. Ақылы мен алғырлығын бабасының қия-
мет­тес досы Ағыбайдай ғып бер. Ырыс-несібесін алысқа

шашыратып Сабырбай бидей ғып бер. Жырдағы жорға­
лығын Жамбыл атамдай ғып бер.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Күй тынады. Зиратты жеті мәрте айналып өткен
соң жүрелерінен отыра қалып бет сипасады).
ӘДЕМІ (Райымбек зиратын аялап, алақан қыдыр­
тып сипап жатып): Қызығым қашпай, қызуым басылмай

тұрғанда көрсем деп ем...
АБЫЛ (мойнынан белдікті түсіріп жатып): Бір ата­
дан жеті болымсыз туғанша, жеті тілектен жетіскен бір
ұл туса дедім, Жасаған. Жамыраған жұлдыздың көптігін

қайтейін, Жасаған, бәрі жабылып бір Айға татымағасын.
Нұрын төктіріп, Айдай бер дедім, Жасаған ием.
ӘДЕМІ: Түнемелікке шығып ек (аспанға қарап), жаңа
Ай туыпты ғой, жарықтық. (Бетін сипайды).

(Ат кісінейді).
АБЫЛ (елеңдеп): Әй, Әдемі, қараң-құраң біреулер жүр
ғой. Тілекші ел болар. Асыңды тездет.
(Сахна шеті көлеңкеленеді. Түтін шалқиды. Ыдыс-аяқ

салдырлайды. Әдемі күйбеңдеп жатады).
ӘДЕМІ: Абыл-ау, іргелес тұратын жоқ-жітіктер ғой, ет
туырылып түсіп қалыпты...
АБЫЛ (зираттың жанында отырған қалпы): Бабаның

сыбағасы деп бас пен жамбасты бөлек қой да, қалғанын
түгелдей таратып берейік. «Қырықтың бірі – Қыдыр» де­
ген, батасы дарыр, сауабы тиер.
(Үсті-бастары көнетоз кісілердің сырт кейпі көрініс

береді. Жауырындары бүлкілдеп, дабырласып ет үлесіп жа­
тады).
1-ДАУЫС: Алла сыйласын, аруақ қолдасын.
2-ДАУЫС: Құдай атасына бергенді ботасына да бергей.

3-ДАУЫС: Ерте көк тістеген-ау, етінің семізін...
4-ДАУЫС: Піссімілда. Ым-м, аузыңды жұлып тұр екен,
келін, әне бір тоқпан жілікті қишы...
АБЫЛ: Түгел үлестір, Әдемі, түгел.

1-ДАУЫС: Абыл құрдас-ай, баяғыда теміржол салғанда
топырақты бірге тасыдық қой, есіңде ме? «Халық жауы»
деп айналамды отап кетті ғой. Өзім қаріп боп қалғам.

АБЫЛ: Естігем, құрдас. Алағай да бұлағай өтті ғой
ғазиз бастан.
1-ДАУЫС: Ұядағы балапандай аузын ашады да отыра­
ды, қайтейін.

АБЫЛ: Ертең-ақ есейер, амандығын тіле.
1-ДАУЫС: Қой терісін қиясың ба?
ӘДЕМІ: Жазған-ау, сұрағаны несі, алсаңшы.
1-ДАУЫС: Нұр жауғай, пейілдеріңе бергей. Әумин!

(Абыл мен Әдемі «Әумин» деп бет сипасады). Ойбай-ау,
(күйбеңдеп) ойда жоқта олжалы болғанымды қарашы.
(Ақсаңдап шыға беріп кері мойнын бұрады) Әй, құрдас,
ата мен менің батама сеніп тып-тыныш жатып алма, өзің

де бір әрекет жасап көр. (Абыл мен Әдемі жарқ етіп күліп
жібереді. «Аққу» күйінің жетегінде жарық күңгірт тар­
тып, сахна айналады).
Шағын өзен. Екі жағалауы көкпеңбек. Жіңішке бұ­

лақ суы аунап ағады. Алыстан ақбас таудың арша
шыңдары азу тісін көрсетіп тұрғандай. Бәкене тамдар
қарауытады. Мал мөңірейді, ит даусы естіледі. Жағада,
құмды жағалауда бір бала ойнап отыр.

НҰРЖАУҒАН (өз-өзінен): Тау алыстан қарайды, бұлақ
тілімен жағаны жалайды, алма ағаш өскенін қалайды.
Ал мен болсам (ойланып) әкем еккен талдың жанына
үй салғым келеді. Төбесіне қадаймын жаңа Айды. (Өз

сөзіне өзі мәз боп күледі. Бұлаққа қолын жуып, сосын бал­
шық алып шығады). Міне, қазір үй саламын... Мынау
қабырғасы, қазір ауласын жасаймын. Сосын балшықтан
кіп-кішкентай етіп Шариктің ұясын соғамын. Міне, солай!

Оһ, ауладағы қазан-ошақты ұмытыппын ғой. Әкем малын
жайған Үшқоңырдан түскенде, апам ет асып жатады. Міне,
былай... (Балшықтан өз қиялын өзі ермек етіп ойнай
түседі). Әкем еккен тал да зәулім бәйтерек боп өседі. (Өз бой­

ын қолымен өлшеп көрсетіп, сосын қолын басынан асырып

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

биіктете түседі). Тап осындай боп. Менің үйім де талмен
жарысып өседі. Үлкен сарай боп. Мектептен де биік. Қас­-
келеңдегі орыстардың ағаш үйіндей. Оған таңданып тау
алыстан қарайды. Төбесіне қадап қоям жаңа Айды. Сонда

көршілер (аузын толтырып) айтады: «Ойпыр-ой, мына
Абыл мен Әдемінің баласының күштісін-ай!» деп. (Оң
қарының бұлшық етін қысады). Міне, күш! Жамбыл атам
«Сен Қарасайдың тұқымысың» деп, кекілімнен сипаған.

(Өзі құралпы бір топ бала ойнап, бір-бірін қуалап жа­
нынан жүгіріп өтеді де, қайтып айналып кеп Нұржау­
ғанның жанына үйіріле қалады).
1-БАЛА: Не істеп жатсың, Нұржауған?

2-ҚЫЗ: Мә, балшықтан үй жасапты.
3-БАЛА: Үй болса, терезесі қайда?
НҰРЖАУҒАН: Терезесі тауға қарап тұр. Міне, мында.
Күн сәулесі құйылып түседі.

4-ҚЫЗ: Қандай жақсы.
5-БАЛА (ернін шығарып): Мақтаншақ. Мен мұндай
үйдің онын жасаймын.
НҰРЖАУҒАН: Жаса.

5-БАЛА: Тек қолымды ластағым келмейді.
2-ҚЫЗ: Тиіспей тұр. (5-балаға қарап) Сотқар.
1-БАЛА: Сенің қолың қашан таза боп жүріп еді?
5-БАЛА (өзеуреп): Иә, бар ғой, шешем үйді сылайық

дегесін сиырдың жапасын тергенмін. Сонда лас болды.
4-ҚЫЗ: Сабынмен жумайсың ба?
5-БАЛА: Иә, бар ғой, шешем сабын қайнатып бұзаушық
жасаймын деген, қолы тимей жүр.

НҰРЖАУҒАН: Біздің есек қарны ашса қолды күшті
жалайды.
5-БАЛА (кектеніп): Сенің есегіңді ме, міне, битіп бір
тебемін (аяғымен теуіп қалғанда Нұржауғанның бал­

шықтан салған үйі пышырап жан-жаққа ұшып кетеді).
Көрдің бе?

НҰРЖАУҒАН (жұдырықтаса кетеді): Өй, тәштік, мә
саған бір тебу, мә!
5-БАЛА (жағаласып): Тәштік емес, Тико де. Қазір
өзіңді де бір тебем! Үйіңді емес, есегіңді де... (Теуіп) Міне,

осылай. Көрдің бе? (Балалар екеуін ажыратып әуре).
НҰРЖАУҒАН (ызаланып): Онда үйімді бұзбасын.
5-БАЛА: Мақтаншақ. Мені Райымбек атадан сұрап
алған дейді.

НҰРЖАУҒАН: Әй, Тәштік, рас, сұрап алған.
5-БАЛА: Сұрап алса сен неге батыр болмай жүрсің?
НҰРЖАУҒАН: Өскесін болам.
5-БАЛА (ысқырып): Піш-шт, батыр болам дейді.

6-ҚЫЗ (үмітпен қарап): Райымбек атадай батыр
боласың ба?
НҰРЖАУҒАН: Райымбек атадай. Иә, Алғадай көкем­
дей.

1-БАЛА: Алғадай?
5-БАЛА: Алғадай фашисті қырған. Саған қайда?
2-ҚЫЗ: Нұржауған, өткенде шығарған өлеңіңді айтшы?
5-БАЛА: Өлең? Мен де шығарамын.

(Өзге балалар Нұржауғанға «Айтшы», «Айтшы» десіп
қалады).
НҰРЖАУҒАН (көзі жайнап):
Балта, балта дың-дың,

Неміс өлсін мың-мың.
Фрау өлсін бес-алтау,
Қазақ болсын аман-сау.
(Балалар шуласып, қошеметтесіп кетеді).

4-ҚЫЗ (5-балаға бұрылып): Енді сенің өлеңіңді тың­
дайық.
2-ҚЫЗ: Айтшы.
3-БАЛА: Күшті болар.

5-БАЛА (танауы желбіреп): Әрине, күшті.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Есегім менің жар басында,
Жабағы тоқым жамбасында,
Сорлы да болған сол есектің
Жүз елу қарға дәл басында!

(Бәрі ду күліседі, мазақтайды).
2-ҚЫЗ: Ой, ішегім-ай!
НҰРЖАУҒАН: Жамбыл ата маған батасын берген, ау­
зыма түкіріп «Ту, күшік» деген.

5-БАЛА: Айттым ғой, бұл мақтаншақ деп. Ендеше ма­
ған Кенен ата батасын беремін деп (қос алақанын жайып)
даяр­лап жүр.
1-БАЛА: Кеттік, бұлаққа түсейік.

(Нұржауғаннан өзгесі «Кеттік», «Сүңгиік», «Жары­
сайық» десіп жүгірісе жөнеледі).
2-ҚЫЗ (дауыстап): Нұр-жау-ған, жүр, бұлаққа тү­
сейік.

3-БАЛА (дауыстап): Кел!
4-ҚЫЗ: Жүгір, тез!
НҰРЖАУҒАН: Қазір. (Балшықты алып илей бастай­
ды) Алдымен үй жасайын. Сосын... (Өз-өзінен). Енді

Тико бұзып кете алмайтын зәулім сарай саламын. (Осы
сәтте Тілендінің «Аққу» күйі жаймен мамырлап бел
ала бас­тайды). Мынау қабырғасы... Қазір... Міне... (Өз-
өзінен) Тау алыстан қарайды ғой. (Тауға көңілденіп көз

тігеді). Бұлақ тілімен жағаны жалайды... Зәулім сарай
тұрғызып... Төбесіне қадап қоям жаңа Айды... Міне, бы­
лай... осылай... (Бұлақ жақтан балалардың көңілді, асыр
сап ойнаған даусы естіледі. Бұл елеңдеп барғысы келеді де

бөгеледі). Бітірген соң барармын.. (Өз-өзінен алақан жа­
йып) Мә, айтпақшы, үй біткен соң қонақ шақыру керек
қой... (Күліп) Қой соямын. Дастархан жаямын. (Қолына
ұсақ тастарды алып шашып жібереді) Бауырсақты ша­

шып кеп жіберемін. Бәрі де таңданып «О, балам, бақытты
бол» деседі. (Арқасына тырс етіп бір тас тиеді).

5-БАЛА: Әй, жүр, «Ар жақ-бер жақ» ойнаймыз.
НҰРЖАУҒАН: Ойнамаймын, Тико.
5-БАЛА: Ендеше «Қызыл жалау».
НҰРЖАУҒАН: Жоқ, бармаймын.

5-БАЛА: Асық ойнайық. Ханталапай.
НҰРЖАУҒАН (үй салып жатып): Үйім біткен соң ой­
наймын.
5-БАЛА: Жалынбаймыз.

ДАУЫС: Әй, Тико, кеш кірді ғой, қызыл сиыр қайда?
5-БАЛА: Қазір, апа.
ДАУЫС: Сауып алайын. Айдап әкел, тез.
(5-бала (Тико) бір талды түбінен ұстап ырғап жұлғы­

сы кеп мықшыңдап жатады).
НҰРЖАУҒАН (байқап қап, тұра ұмтылады): Ұрынба!
Әкем еккен тал.
5-БАЛА: Ексе қайтем?

НҰРЖАУҒАН (көкірегінен итеріп): Кет әрі! Кет дедім.
5-БАЛА: Сиырды немен айдаймын?
НҰРЖАУҒАН: Қу бұтақ аз ба? (Қолымен нұсқап) Әне
жатыр.

5-БАЛА: Сиырды соққанда екі жерінен шырт етіп сы­
нып қалады. Жас тал жақсы.
НҰРЖАУҒАН: Мә, жас тал! (Кеудесінен бір түйіп
ұшырып түсіреді). Мә, саған!

5-БАЛА: Бәрібір ертең жұлып алам (қашыңқырап).
НҰРЖАУҒАН: Жұларсың. Ертең ол бәйтерек болады.
5-БАЛА: Мақтанба! (Қашып бара жатып мұның
жаңадан салған үйін тағы да бір теуіп қиратып кетеді).

Көкке ұшты! Күлі көкке (айқайлап).
НҰРЖАУҒАН (жылап отыра кетеді): Тоқтай тұр,
бәлем! («Аққу» күйі бел ала түседі). Бәрібір қайтадан са­
ламын.

2-ҚЫЗ (келіп жұбатады. Жасын ақ жібек орамалмен
сүртеді): Қоя ғой, Нұржауған. Жылама. Жүр, «Ар жақ-
бер жақ» ойнайық.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НҰРЖАУҒАН: Тико таласайық дейді, Жазира жа­
расайық дейді. Жүр, шомылайық. (Қол ұстасып жүгіре
жөнеледі).
Екінші көрініс

Сахнада Абыл мен Әдемінің үйі. Қарапайым ғана
қоңторғайлау тіршілігі көрініп тұр. Көрпе, көпшік, кебе­
же. Отағасы жанына екі ауыл қариясын алып әңгімелесіп
отыр. Төрдегі таза көрпе бос. Қонақ күткен сыңайлы.

Әдемі кіріп-шығып үй шаруасын жайғап әлек.
1-ҚАРИЯ: Абыл-ау, Жәкем әлгі жырдың жас перісі
Үмбетәлі екеуі келе ме?
АБЫЛ (домбырасын күйлеп): Иә, Жамбыл жәкем,

қызыл жолбарысты қайдам, бірақ Сүйекемнің қу шанағы
мен құлықты жырын менен кейін Үмбетәлі ұстап қалады
деп жүр ғой.
2-ҚАРИЯ: Е, ұстаса негізі бар ғой. Қыздырма қызыл

сөзбен қыз өлтірген Кәрібайдың нәсілі емес пе. (Үшеуі де
әдемі жымиысады).
1-ҚАРИЯ: Әлгі Жанысбайдың қыз айттыра келген
құдасы «Шүкір, біздің рудан бақсы мен ақын шыққан

жоқ» деп, ойпыр-ой, кеудесі көріктей боп ісіп-басылып
бітті емес пе.
АБЫЛ: «Екейде елу бақсы, сексен ақын, қылады жын
соққандай кешке жақын» дегенді меңзегені де.

1-ҚАРИЯ: «Құда, ән айтып беріңіз» деген қыз-ке­
ліншекке «Домбыра мен әйелді күйге келтіру оңай емес»
деп кергігенін қайтерсің.
2-ҚАРИЯ: Қалай аттанды?

1-ҚАРИЯ: Қалай аттанушы еді. Құданың Құдайдан бір
ғарпі кем, шыдадық. Осы үйдегі Әдемі келін әзілқой ғой,

әлгі құданы аттанарда тәубесіне мықтап келтірді. (Абыл
домбырасын шертіп, бас шайқап күледі).
2-ҚАРИЯ: Ойбай-ау, бар қызық сенде екен ғой. Үзіл­
дірмей айтсаңшы.

1-ҚАРИЯ (күліп): Қолтықтап атына мінгіземіз деп
жүріп, күреңінің шабынан түртіп жібермей ме. Үзеңгіге
«әуп!» деп аяғын салған сайын қайта-қайта...
2-ҚАРИЯ (елеуреп): Иә, содан...

1-ҚАРИЯ: Дорбадан жем жеп жұлқынып тұрған ат
екен, орғып-тулап... «Базардан барып бағаңды тапқыр»
деп, құда ашуланып қамшының астына алып...
АБЫЛ (күліп): Әй, Әдемі-ай.

1-ҚАРИЯ: «Атына бұт арта алмайтын адамды құда
ғып қайдан жіберіп жүр?» деп қыз-келіншек сықылық
атып...
2-ҚАРИЯ: Аттанарының өзі шала той болған екен.

1-ҚАРИЯ: Айтпа.
АБЫЛ (шақырып): Әй, Нұржауған, қайдасың?
НҰРЖАУҒАН (дауыстап): Әке, мындамын.
АБЫЛ: Кел, жаныма кел. (Нұржауған келіп алдына

отырады). Сен осы Жамбыл атаңды білесің бе?
НҰРЖАУҒАН: Білем. Қарасайдың тұқымысың деген.
Кекілімнен сипаған.
1-ҚАРИЯ: Әне, ұмытпапты.

2-ҚАРИЯ: Бала бір көргенді ұмыта ма?
1-ҚАРИЯ: Бәрекелді. Таралып өсіп, жігіт боп қапты.
АБЫЛ: Атаң қолына су құй, батасын ал. Бар енді.
(Үйге асып-сасып Әдемі кіреді).

ӘДЕМІ: Отағасы-ау, тұрсаңшы, Жәкемдер шығар, бір
машинаның тұмсығы көрінді. (Машинаның даусы, тоқ­
тағаны естіледі).
АБЫЛ (қалбалақтап): Келді. (Екі қария да өре тү­

регеледі). Келді Жәкем. (Сырттан Жамбылдың даусы
естіледі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДАУЫС: Әлгі Динаға әйелдің семізі жақсы, қыста
жылы, жазда көлеңке дедім. Қармаққа шаншитын етің
жоқ дедім.
ДАУЫС (лекітіп күліп): Ай, Жәкем-ай. Дина шешем

де домбыраның ақпа-төкпе шешені ғой.
ДАУЫС: Айтпа енді. Ә, келінжан, амансың ба, қалқам,
бақытты бол!
(Жамбыл, Үмбетәлі ішке енеді. Жапа-тармағай сәлем­

деседі).
ЖАМБЫЛ (төрге озып): Абыл шырағым, кәрі қойдың
жасындай жасым қалды. Әлгі Жұмабай мен Сәбит «Тәте,
Алматыға кел, дәу жерге жатқызып, ем-дом жасатайық»

деген. Жүргелі отырмын. Менікі алып бара жатқан қайбір
ауру дейсің. Қарттық қой. Басын қар мен жаңбыр мүжи
берсе өзекті пәнде тұрмақ тау да қартаяр.
1-ҚАРИЯ: Ол жаққа асықпаңыз, әлі ерте.

2-ҚАРИЯ: Әлі тыңсыз...
ЖАМБЫЛ (ұртын осыртып): Пұ-ф! Сөз болғанына!
Алла біледі де. Ұзақ жас Алланың берген сыйы ма, азабы
ма, соны ойлаңдар. Оразжан кезікпей әлі күнге ақ есектің

арқасына жармасып жүрсем не болар еді?!
1-ҚАРИЯ: Атағыңыз аспандағы Айды үркітіп тұр.
ЖАМБЫЛ (белбеуін шешіп жатып): Бұл машина
Сәкенжандікі ғой. Мінбеймін дедім. (Сәкеннің аты ай­

тылғанда екі қарияның жауырыны бүлкілдеп кетеді).
Аруақ аттағандай болам дедім. Шіркін, Сәкенге жан жете
ме, жігіттің (көзі жасаурап, даусы дірілдейді) сұлтаны еді-
ау. Қайтейін. Көзіндей көр деді. Сосын көндім.

АБЫЛ: Тәте, орынды болған. Әйтпесе, көжеден көп
бастықтың бірі жармаса кетер.
ҮМБЕТӘЛІ: Тәтеме мен де осыны айттым.
ЖАМБЫЛ: Бұл өмірде шындап екі қиналдым. Бірі –

осы. Екіншісі – Әулиеатаның атын Жапаның жаманына
аударып әпергенде. Тап, қызыңды... Осы күнгінің әкім-қа­
расы басы қисайған жағына қарамай қоймайтын қырсық

келеді ғой. Ал да ал деп, табан тіреп тұрып алды. Көзіме от
ұрынып, жайлауға кетіп «Атыңнан айналайын, Әулиеата,
атымды ап қойды деп болма қапа» деп бір күн, бір түн жыр­
ладым. Арқам кеңіп қалды.

ҮМБЕТӘЛІ: Беу, ақ тәте-ай!
ЖАМБЫЛ (жалт қарап): Қағынбай отыр. Айтайын
дегенім, бұ дүниенің қызығынан суындым, шырақтарым.
Сол тәуекел жолдың алдында үйіңе келсем, әй, Абыл, саған

емес, аруағыңнан садаға кетейін, Қарасай мен Көшекті
сыйлап келдім. Солардан қалған қызырлы шаңырақтың
иесісің ғой сен.
(Дастархан жайылған, дәм қойылған).

1-ҚАРИЯ: Әй, бәрекелді.
2-ҚАРИЯ: Қашанда хош келесіз, Жәке.
АБЫЛ: Алла сыйласын. Ас алып отырайық.
ЖАМБЫЛ (бастың бір құлағын кесіп ап): Әлгі атұс­

тар қайда? Кел, балам.
АБЫЛ: Нұржауған, кел ұялма, атаң қолынан құлақ ал.
ӘДЕМІ: Келе ғой, күнім. (Нұржауған Жамбылға бір ба­
сып, екі басып жақындайды).

ҮМБЕТӘЛІ: Пау, дәу жігіт (ырым етіп түкіреді) бопты
ғой.
1-ҚАРИЯ: Көзін қарашы, құдды шақпақ тастай.
2-ҚАРИЯ (қауқылдап): Жүзі нұрлы екен баламның,

жаны жұмсақ болар.
ЖАМБЫЛ (құлақты ұстатып жатып): Құдай атасы­
на бергенді ботасына да береді. Бағың жанғай, құлыным!
ҮМБЕТӘЛІ (Нұржауғанға): Кәне, жігіт болсаң өлең

айт.
НҰРЖАУҒАН (сәл ұялып): Айтайын.
ҮМБЕТӘЛІ: Ал, баста. Тұқымыңда қол бастаған да, сөз
бастаған да аз емес.

НҰРЖАУҒАН:

Шамалғанның түбінде Тойбай отыр,
Беті қызыл қатынды қоймай отыр...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘДЕМІ (шошып, бетін шымшып): Ой-бай, тоқта!
(Дастархан басындағылар қыран-топан күлкіге кенел­
ген).
ҮМБЕТӘЛІ (бауырын тырнап күліп): Ой, қатырды, әй,

Тойбай, Тойбай...
ЖАМБЫЛ (көзін сүртініп): Мұны кім үйретіп жүрген?
1-ҚАРИЯ: Әкесі де...
2-ҚАРИЯ: Құрдасы ғой. Бір жылдың төлі ғой.

АБЫЛ: Нұржауғанның осы өлеңінен қашып жүреді.
ӘДЕМІ: Үйдің жанынан жұлдыздай ағып жөнеледі.
ҮМБЕТӘЛІ: Тойбай ма?
АБЫЛ: Иә.

ҮМБЕТӘЛІ: Өзіне сол керек. Бір сиырдың айраны, бір
қатынның айқайы аз боп жүр ғой оған.
ЖАМБЫЛ (Нұржауғанға): Кел, жаныма отыр, балам.
(Үмбетәліге) Домбырамды берші. (Домбыра шертеді).

Ым... (Сосын өз-өзіне) Әлгі Дина... Шіркіннің асау арна­
дай күйі-ай. Әр пернені қадап басқан сайын бармағы бал
сорған арадай бүлкілдеп... Ым. (Нұржауғанға қарап) Ба­
лам, жорғаның қадірін желгенде білерсің, жақсының қа­

дірін өлгенде білерсің деген, кешегі өткен бабаң Қарасай
мен Көшектің қадірін мына заман ұшпаққа шығарса, кәне.
Жау сұраған Саурық қайда, Сұраншы қайда, тоңазыған
майды томырып жеген Сарыбай қайда? Қырғыз-қазақты

бірдей көңілдегі лебімен, аузындағы желімен тамсандыр­
ған Сүйекем қайда?
1-ҚАРИЯ (көзіне жас алып): Беу, опасыз дүние-ай!
2-ҚАРИЯ (қостап): Өттің жалған деген сол.

ЖАМБЫЛ: Мұқалмас мүйізді Өтеген қайда? Дүрбіт
пен торғауытты қойдай маңыратып айдаған Ханкелді мен
Райымбек қайда? Солардан қалған ескі аруаққа сүйеніп,
жалғыз қызыл жолбарысты ертіп мен әлі тірі жүрмін, ба­

лам. Қашанға дейін...
(Осы кезде сахнадағы ақ пердеге дөңгеленген ойма
жарық түседі де жолбарыс бейнесі пайда болады. Қарап

тұрады, ырылдайды. Бірақ бұл Жамбыл мен Нұржауған­
нан өзге жанға көрінбейді).
НҰРЖАУҒАН (таңырқап): Жолбарыс?
ӘДЕМІ (айналасына қарап): Қой, тыныш отыр.

1-ҚАРИЯ: Атасының әлгі сөзін қоштағаны ғой.
2-ҚАРИЯ: Иә, (бас шұлғып) иә.
ЖАМБЫЛ (Нұржауғанға мейірлене қарап): Сол жол­
барыс, балам, мені әлі күнге сүйеп келе жатқан. (Өз-

өзіне) Жай адамның көзіне шалынбайтын еді, жарықтық.
Мұнысы тегін болмас. (Нұржауғанға қарап) Хандармен
қанаттас қонған, билермен табақтас болған, астына ар­
қыратып ат мінген, үстіне жарқыратып сауыт киген сол

бабалардың аруағы өзіңе жар болғай, жарығым!
(Дастархан басындағылар «Әумин!» десіп бет сипаса­
ды).
АБЫЛ: Тәте, ас алайық.

1-ҚАРИЯ (құнжыңдап): Ал, алдық.
2-ҚАРИЯ: Асап, асап алайық.
ӘДЕМІ: Алыңыздар, шынжаулау қой екен.
ЖАМБЫЛ: Шын көңілмен берген қара судың бетінде

бес елі майы бар деген, разымыз, келінжан.
ҮМБЕТӘЛІ: Нұржауған, ержеткен соң әкең сияқты мал
бағасың ба?
НҰРЖАУҒАН: Әкем еккен тал бар. Ол үлкен бәйтерек

болады.
ҮМБЕТӘЛІ (баланы қызықтап): Сосын?
НҰРЖАУҒАН: Соның жанына үй салам.
ЖАМБЫЛ: Алматыдай қала тұрғыз, жарығым.

ҮМБЕТӘЛІ (Нұржауғанға): Әлде Жұмабай ағаңдай дәу
бастық боласың ба?
1-ҚАРИЯ: Әй, Үмбетәлі, ұялтпа баланы.
2-ҚАРИЯ: Болса несі бар?

ӘДЕМІ: Тек аман жүрсінші.
АБЫЛ: Зарықтырып барып берді ғой мұны...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖАМБЫЛ: Аспан аласа болса талайлар таңбасын ба­
сар еді. Биіктен көрін, балам. Дәу бастық болсаң айтар ем,
жаутаңдаған халқың бар, қарайлай жүр артыңа деп. Әттең,
жассың. Бірақ құлағыңа қорғасын ғып құйып алғайсың.

ҮМБЕТӘЛІ: Әп, бәрекелді!
АБЫЛ (иегін көтеріп): Әдемі, әлгі... (Әдемі зерлі шапан
әкеп Жамбылдың иығына жабады. Өзгелер қау-қауласып
қалады).

ЖАМБЫЛ: Бағың жанғай, келінжан. (Қолына домбы­
расын ұстаған қалпы аз-кем тебіреніп отырады). Алтынға
сатылмаған өнерімді ажал қаншаға бағалар екен? (Өзінің
бір жырын бастап кетеді. Жұрт ұйып қалған. Сахнадағы

пердеге тағы да дөңгеленген ойма жарық түседі де жол­
барыс бейнесі пайда болады. Нұржауған орнынан атып
тұрады. Жолбарысқа көз тігеді. Жарық жылжып жолба­
рыс бейнесімен қоса сахнадан шыға береді. Нұржауған да

ере түседі. Сахна айналады. Тек Жамбыл жыры құлаққа
еміс-еміс естіліп барып басылады. Сахнада Нұржауған.
Бұлақ жанында өзі құралпы балалар әткеншек теуіп
ойнап жатыр. Нұржауған отыра қалып балшықтан үй

жасауға кіріседі).
НҰРЖАУҒАН (өз-өзімен): Жамбыл атам қызыл жолба­
рысты кием деді. (Көзін ежірейтіп). Көзін-ай, от шашып тұр­
ған. Аяғы дәу балғадай. «Ыр-р» деді. Сосын менімен еріп

далаға шығып кетті. (Тауға қарайды) Алатауға бардың ба,
әлде... Үшқоңырға кеттің бе? Жолбарыс, міне мен қазір
үй жасаймын. Үлкен сарай тұрғызамын. Міне, осындай
етіп... Төбесін мектептікіндей етіп қаңылтырмен жаба­

мын. Кел, көр. Мен жоқта Тико-Тәштік кеп бұзамын десе,
сен (бейнелеп) ыр-р де. (Сықылықтап күледі). Жүрегі
жарылып кетсін. Ыр-р! Міне, осылай! Ертең әкем еккен
тал ержетіп бәйтерек болады. Сосын әкем, шешем, бөпем –

бәріміз көлеңкесінде отырамыз. Шәй ішіп. Сен ішпейсің
бе? Ә, қар жейсің бе? Алатаудың қарын. Тәтті емес пе?
Қант қосып берейін. Кел, келе ғой.

1-БАЛА: Нұржауған, кел, әткеншек тебеміз.
2-ҚЫЗ: Тез, тез.
3-БАЛА: Тағы да үй салып жатырсың ба?
4-ҚЫЗ: Сен келсең «Ар жақ-бер жақ» ойнаймыз.

НҰРЖАУҒАН (дауыстап): Қазір. Талға су құйған соң
барам.
1-БАЛА: Бол енді. Жүгір.
НҰРЖАУҒАН: Әйтпесе, шөлдеп қалады.

(Қолына ожау алып талдың түбіне тасып су құя бас­
тайды. Талды өз бойымен өлшейді. «Өс», «Өсе түс» дейді
көкке қарап. Сосын балаларға қарап жүгіре жөнеледі).
1-БАЛА (әткеншекті тербетіп): Кел, отыр.

2-ҚЫЗ: Рах-хат!
3-БАЛА: Нұржауған, ата саған не берді? (Бәрі қаумалай
қалады).
НҰРЖАУҒАН: Құлақ берді.

5-БАЛА (көрсетіп): Өстіп жедің бе?
НҰРЖАУҒАН: Атаның қызыл жолбарысы бар.
1-БАЛА: Әкем айтқан, еріп жүреді деп.
2-ҚЫЗ: Көзіңмен көрдің бе?

НҰРЖАУҒАН: Көрдім.
5-БАЛА: Айтам ғой, мұны мақтаншақ деп.
НҰРЖАУҒАН: Тико, (көзін нұқып) мына өз көзіммен
көрдім.

5-БАЛА: Ол тек атаға көрінеді. Сені қайтсін.
2-ҚЫЗ (ортаға түсіп): Жарайды. Айтшы, ата тағы не
деді?
НҰРЖАУҒАН: Сенің бабаң Қарасай жердің жүзін,

күннің көзін алып келе жатқан қалмақпен соғысып жең­
ген деді.
(Қалған әңгіме мимикамен беріледі. Балалар қолда­
рына бір-бір қу бұтақты қылыш, найза ғып алып ойынға

кіріседі).
1-БАЛА: Жау кім?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НҰРЖАУҒАН: Кәне, жау жағы былай шықсын. Мен
Қарасай батырмын. (Бәрі де «Жау болмаймын», «Сен бол»,
«Сен қалмаққа ұқсайсың» десіп қалады). Ендеше, жау тау­
ды асып қашып кеткен болсын. Біз қуайық.

2-ҚЫЗ: Кеттік.
3-БАЛА: Атқа қоныңдар. (Өзі бір шыбықты мініп алып
бір айналып шауып келеді). Тыр-р. Талау келгір!
НҰРЖАУҒАН: Тұра тұрыңдар. Қарасай батырға оқ ти­

ген, өзі жүре алмайды деді ғой ата.
5-БАЛА: Оқ тиген? Тар қолтықтан ба?
1-БАЛА: Енді қайттік?
3-БАЛА: Жау ұзап кетеді. Тез қуайық.

НҰРЖАУҒАН (Қарасай батыр боп): Әскерім, менің
жараланғанымды немесе ұрыста өлгенімді жау жағы сез­
бесін. Білсе бел алып кетеді.
2-ҚЫЗ: Енді қайттік?

НҰРЖАУҒАН: Менің жан-жағымнан демеп жүріп со­
ғысыңдар. Қарасай қол бастап жүр десін. Кеттік!
(Бәрі Нұржауғанды демеп, көтеріп, қолдарындағы қу
бұтақпен айналаны сабалап, «Мә, саған!», «Жау қашты»,

«Қу бәлемді!» десіп, айналаны қиқуға бөлейді).
1-БАЛА (ентігіп): Қырғыз асырып жіберейік!
3-БАЛА: Жоқ, Қытайға!
НҰРЖАУҒАН (ұран тастап): Қарасай! Қарасай!

(Бәрі «Қарасайласып» шабады. Осы кезде сахнадағы
пердеге тағы да дөңгеленіп ойма жарық түседі де, жол­
барыс бейнесі пайда болады. Нұржауғанға көз тігіп қал­
ған. Мұны көрген Нұржауған қалт тұра қалады да, өзге

бала қиқуласқан қалпы сахнадан өте кетеді). Тағы да
(жолбарысқа қарап) келдің бе? Жамбыл атам қай­да?
Бар, бар атама. Жүгір. Сен оның жебеуші киесісің ғой.
Жүгір. (Жолбарыс ойма жарықпен бірге жылжып жо­

ғалып кетеді). Мен салып жатқан үйіме барайын. (Бұлақ
жағасына келеді. Балшық үйі мыжылып жатыр). Үйім­
ді кім басып кеткен? (Ызаланып) Кім? (Жан-жағына

қарап) Қайсысың? (Балалардың сахна сыртынан «Жау
қашты!», «Қу артынан!», «Найза сал!» деген көтеріңкі
дауыстары естіліп жатады). Мен (ызаланып) бәрібір үй
саламын. (Сахнаға қарап) Бәйтеректі өсіремін!

Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сахнада – алма ағашы тұтасып өскен бақ. Жанын­
да бұлақ ағып жатыр. Күн екіндіге жығылған. Бір топ

бала ән салып, билеп жатыр. Орталарында – Нұржауған.
Алуан саз төккен сырнай соның қолында. Өзі тара­
лып өскен. Қызы, баласы аралас топтың көңілді кеші
жалғаса береді.

НҰРЖАУҒАН: Сағындық, мә, енді сен тарт.
2-ҚЫЗ (қиылып): Өзің ше? Кел, билейік.
(Сырнай Сағындықтың қолына көшеді. Би жалғасады).
1-БАЛА: Енді ойнайық.

4-ҚЫЗ: Ойнайық. Билеп шаршадық.
3-ҚЫЗ: Не ойнаймыз?
2-ҚЫЗ: Нұржауған, ұйымдастырып жүретін басшы­
мыз сен ғой. Кәне, өзің айт.

НҰРЖАУҒАН: Ендеше, ақын боп айтысып ойнайық.
5-БАЛА: Айтысып? (Жаратпай) Одан да банды боп
атысып ойнайық.
НҰРЖАУҒАН: Әй, шырықты бұзба сен.

2-ҚЫЗ: Нұржауғандікі дұрыс.
3-БАЛА: Банды болғышын.
4-ҚЫЗ: Бойына қарамай.
НҰРЖАУҒАН (елеңдеп): Тыңдаңдар. Апамдар ән ай­

тып жатыр.
2-ҚЫЗ: Шілдехана ғой.
3-БАЛА: Малдыбай көкемнің бөпесін бесікке салады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НҰРЖАУҒАН: Атын кім қойды екен?
1-БАЛА: Тыңдайықшы. (Ән).
...Қызғалдақтай құлпырған қайран ғұмыр, е-е-ей,
Қазан ұрмай, қар жаумай солады екен, е-е-ей,

Арман-ай,
Өтеді дүние, оу, жалған-ай!
(Әйелдердің ду-ду күлкісі, қошеметі алыстан естіліп
жатады).

НҰРЖАУҒАН (қанаттанып): Мынау Әдемі апам ғой.
2-ҚЫЗ: Даусы қандай!
1-БАЛА: Мә, Нұржауғанның апасы айтысса ешкімді
шақ келтірмейді. (Бәрі Нұржауғанға қызыға қарайды.

Нұржауған қызарып ұялыс танытады).
5-БАЛА: Нұржауған апасына тартқан. Аумайды.
НҰРЖАУҒАН (қызарақтап): Иә, мен әкеме де тарт­
қанмын. Олай деме.

1-БАЛА: Ал, қандай ойын ойнаймыз?
5-БАЛА: «Приходьконың бағынан» алма терейік.
2-ҚЫЗ: Ұстап алса ше?
5-БАЛА: Ұстамайды. Бәрі шілдеханада. Әне, тыңдаң­

дар. (Ән).
Гори, гори, моя звезда...
3-БАЛА: Дядя Ваня ғой мынау.
5-БАЛА: Айттым емес пе?

1-БАЛА: Кеттік баққа. Алма жейміз.
(Бәрі жүгіре жөнеледі. Нұржауған жалғыз қалады. Қо­
лында сырнайы, бұлақ жағасына келеді).
НҰРЖАУҒАН (әкесі еккен талдың жанына тоқтап):

Өстің бе? Жапырағың аман ба? Сен болашақ бәйтерексің
ғой. Мен тұрғызған үйге үл-кен көлеңке түсіріп тұра­сың.
Шөлдедім дейсің бе? Қазір (қолына ожауды алып) су

құямын. Міне... Бұлақтан қанып іш. (Су құяды). Таңдайы­
ңа татыды ма? Мен тағы да үй саламын. Сен биіктен қарап
тұр. Солай ма? (Бұлақтың жағасынан балшық алып үй
жасай бастайды). Тау алыстан қарайды. (Мұнартып

жатқан тауға көз тігеді). Бұлақ тілімен жағаны жалай­
ды... Зәулім сарай тұрғызып... Төбесіне қадап қоям жаңа
Айды... Міне, былай... Осылай... Сосын Жамбыл атамды
қонаққа шақырамын. Қара қойды соямын. Басын алды­

на қоямын... (сыңғыр етіп күліп) Құлағын өзім жейм...
(Шілдехана жасап жатқан Малдыбайдың үйінен тағы
да әйелдердің салған әні талып естіліп жатады. Нұржау­
ған елеңдеп аз-кем тұрады). Бөпенің атын кім қойды екен?

(Тағы да үй сала бастайды).
ДАУЫС: Нұр-жау-ған!
НҰРЖАУҒАН (басын көтеріп баққа қарайды): А-а!
ДАУЫС: Мә! Алма. (Жанына топ етіп бір алма түседі).

Пісіпті, қып-қызыл.
НҰРЖАУҒАН: Рахмет. Дядя Ваня көріп қалса... (Кірш
еткізіп алманы тістеп алады).
ДАУЫС: Көрсе қашамыз. Келсеңші.

НҰРЖАУҒАН: Барам. Үйді бітірген соң.
(Нұржауған балшықты илеп жатқанда балалар кет­
кен бақ жақтан жез қоңыраудың нәзік сыңғыры естіле­
ді. Бақтан бірге ойнап жүрген 2-қыз шыға келіп бұлақ

жағасында отырған Нұржауғанды айнала жүгіреді. Күліп,
еркелей басып қоңырау қағады).
НҰРЖАУҒАН (қуанып қарап): Мектепке шақырып
жүрсің бе?

2-ҚЫЗ (еркелеп): Иә-ә. Жүр.
НҰРЖАУҒАН: Қайда?
2-ҚЫЗ: Баққа.
НҰРЖАУҒАН: Неге?

2-ҚЫЗ: «Қызыл жалау» ойнаймыз.
НҰРЖАУҒАН: Осы жерде ойнайық.
2-ҚЫЗ: Жо-оқ, бәріміз ойнаймыз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Екеуі бір-біріне қарама-қарсы кеп тұра қалысады.
Көздері түйіседі. Қыздың жүзі алаулап, бетінің сүт шұң­
қыры ойылып, төмен қарайды. Қоңырауды сыңғыр еткізіп
тағы бір қағып қояды).

НҰРЖАУҒАН (алабұртып): Сенің күлкің сияқты.
2-ҚЫЗ: Қойшы. Рас па?
НҰРЖАУҒАН: Пионерский. Рас.
2-ҚЫЗ (қуанып): Сенем.

(Қыз жез қоңырауды тағы бір сыңғыр еткізіп бала­
лар жүрген баққа қарай қаша жөнеледі. Нұржауған тұра
қуады. Сахна айналады. Сахнада шілдеханадан шыққан
бес-алты келіншек көрініс береді. Орталарында Әдемі).

1-КЕЛІНШЕК (сылқылдап күліп): Әй, Әдемі-ай, айтыс­
та қатырдың енді.
2-КЕЛІНШЕК (қостап): «Қасқарудан келген қара ке­
ліншек» деп бағып еді, бой бердің бе?

ӘДЕМІ (күліп): Өзі ғой, аузынан қағынған. Сыбағасын
алды.
3-КЕЛІНШЕК: Жыртыс іздеген кемпірдей жыртиып
қатардан қалса не дейсің.

4-КЕЛІНШЕК: Албастының апасы құсап десейші.
ӘДЕМІ: «Қызды біреу табады, қызығын біреу көреді»
деп бастап еді...
1-КЕЛІНШЕК: Айтпа енді, аузына құм құйдың.

2-КЕЛІНШЕК: Байын айтып еді, тура өлтірдің, құл
қашса Қоңыраттан шығады деп...
3-КЕЛІНШЕК: Құшырым мұндай қанбас. Ғазизаның
санын мытып-мытып жібердім.

ӘДЕМІ: Әлгі Бексұлтанның үйіндегі абысын қайда кет­
кен?
1-КЕЛІНШЕК: Ойбай, оны да қатырыпсың ғой.
2-КЕЛІНШЕК (ішек-сілесі қата күліп): Әй, Әдемі,

жүрген жерің күнде той, күнде думан-ау.
3-КЕЛІНШЕК: Діңкемді құртпай айтсаңшы, не істеп
қойыпты?

ӘДЕМІ: Енді өзі ғой. Сұраған соң тақта шәй берсем, ал­
май, тәуірін бер деп тұрып алды.
3-КЕЛІНШЕК: Иә. Сосын...
1-КЕЛІНШЕК: Ендеше, мә, маңдайың бір жіпсісін деп

бір қорап үнді шайын ұстата салыпты.
2-КЕЛІНШЕК: Іші толған есектің қиы дейді.
3-КЕЛІНШЕК: Ойбай, не дейді?
ӘДЕМІ: Құрдастың кербезі ғой.

1-КЕЛІНШЕК: Аңқау байғұс қиды қайнатып ішіп...
2-КЕЛІНШЕК: Тонды теріс айналдырып киіп, пері боп
кеп Малдыбайды шошытып «Пожалуйста, Нұрғызды же»
дегізіп, әйелін көрсеткізіп жүрген, әй, Әдемі, сенен шығар.

ӘДЕМІ: Бексұлтан әйелінің аңқаулығын елге өзі жа­
йыпты.
1-КЕЛІНШЕК: Ой, дәурен-ай, сенің арқаңда бүгін бір
құрыс-тырысымыз жазылып қалды-ау.

(Сахна айнала бастайды. Екі баланың бұлақ жағасын­
да керіскен, төбелескен даусы шығады).
5-БАЛА: Мен емес дедім ғой.
НҰРЖАУҒАН (жұдырықтап): Сен. Шіли қиратып ке­

тесің.
5-БАЛА (төбелесіп): Өзі құлап қалған.
НҰРЖАУҒАН (ұрып): Мә, ендеше. Зиянкес.
5-БАЛА: Мә, саған! Ендеше Тәштік деп неге айтасың?!

НҰРЖАУҒАН: Тико емес, Тәштіксің.
5-БАЛА: Онда тағы қиратамын.
НҰРЖАУҒАН (ұрып жығып, кеудесіне отырып ала­
ды): Қиратарсың!

5-БАЛА (шақылдап): Талыңды да жұлып алам. Сиыр­
ды сонымен айдаймын.
НҰРЖАУҒАН: Ол бәйтерек болады. Жұла алмайсың.
5-БАЛА: Балтамен шауып тастаймын.

(Асыға басып Әдемі шыға келеді).
ӘДЕМІ: Мынау не төбелес?
(Екеуі орындарынан атып тұрысады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

5-БАЛА (тұтығып): Мен бар ғой... Мен бар ғой...
ӘДЕМІ (баласына кінәлай қарап): Нұржауған?
НҰРЖАУҒАН (төмен қарап): Апа, өзі ғой...
5-БАЛА: Иә, мен емес.

НҰРЖАУҒАН: Сен.
ӘДЕМІ: Не болды? Айтсаңдаршы.
НҰРЖАУҒАН: Салған үйімді ылғи бұзып кетеді.
ӘДЕМІ: Ол не үй?

НҰРЖАУҒАН (қирап жатқан үйді көрсетіп): Міне,
зәулім сарай салып ем...
5-БАЛА: Мені бұл Тәштік дейді.
ӘДЕМІ (жүзі жылып): Әй, тентектер-ай. (Екеуінің ба­

сынан сипайды) Сендерді ержетті, келін түсіреді, қыздар­
ды сырғасынан сүйреп алып келеді деп жүрсек.
5-БАЛА (аузы-аузына жұқпай): Апа, бар ғой, апа, Нұр­
жауған шіли Жазирамен ойнайды.

НҰРЖАУҒАН (кіжініп): Таяқ жейсің.
5-БАЛА: Рас, апа. Екеуі бір-бірін қуып ойнады.
ӘДЕМІ (күліп): Жарайды, Тико, бара ғой, күнім.
5-БАЛА (кетуге ыңғайланып): Жақсы, апа.

ӘДЕМІ: Тату болыңдар, жарығым.
НҰРЖАУҒАН (төмен қарап): Жарайды, апа.
(Тико кетеді. Әдемі ұлының кекілінен сипап).
ӘДЕМІ: Баланы ұрады дегенді қайдан шығарып жүрсің?

НҰРЖАУҒАН: Үйімді бұза береді. Сосын...
ӘДЕМІ: Әкең естіп қалса...
НҰРЖАУҒАН: Кешіріңіз, апа. Енді қайталамаймын.
ӘДЕМІ: Сөйт, жаным. Әкең сені мойнына бұршақ салып

тілемеді ме.
НҰРЖАУҒАН: Әкем еккен тал ержетіп қалды. Жа­
пырағын қарашы.
ӘДЕМІ: Әйдік боп өсіп келеді екен. Жүр, көлеңкесіне

тізе бүгейік.
(Екеуі талдың көлеңкесіне кеп отырады. Әдемі Нұр­
жауғанды еркелетіп басынан сипайды).

НҰРЖАУҒАН (еркелеп): Апа...
ӘДЕМІ: Тетебала әжең барда жаныңа жолатпайтын ең,
күнім.
НҰРЖАУҒАН: Апа, мен туғанда қандай түс көрдің?

ӘДЕМІ: Талай есіттің ғой, күнім. Айтайын.
НҰРЖАУҒАН: Айтшы.
ӘДЕМІ: Таң алды екен. Шет-шегі жоқ ұлы теңіз көрдім,
күнім. Кешіп өтем деп ойлаған екем. Жүріп келем. Алды­

мен кеудем, сосын басым, бәрі де суға батты. Аяғымның
астына қарасам ұзын мылтық жатыр. Әкең аңшы ғой, алып
барайын деп көтеріп иығыма салдым.
НҰРЖАУҒАН (таңырқап): Сосын...

ӘДЕМІ: Сосын дейсің бе? («Аққу» күйі алыстан есті­
ліп, үні айқындала түседі). Мылтықтың үлкендігі сондай,
аузы мен дүмі теңіздің түбіне тиіп жатты. Қарасам екінші
жағалауға шығыппын.

НҰРЖАУҒАН (таңырқап): Сосын...
ӘДЕМІ: Түс жорыған абысындарым «Ұл», «Ұл сүйесің»
деп Абылдан сүйінші сұрап жатты.
НҰРЖАУҒАН: Түнде мен де түс көрдім, апа.

ӘДЕМІ: Айта ғой, күнім.
НҰРЖАУҒАН (кібіртіктеп): Айтсам, түсімде ақбоз
атпен аспанда ұшып жүр екем. Бұлттардың ішінде.
ӘДЕМІ (қуанып): Арманың биік болар, күнім. Көшкен

бұлт заманаң ғой. Ақбоз ат дәрежең шығар.
НҰРЖАУҒАН (көрсетіп): Біреулер ақбоз аттың құй­
рығына жармасқысы келеді.
ӘДЕМІ: Түйежапырақтың көлеңкесіндей қысқа күнге

қырық құбылған біреулерден сақтанып жүргейсің, күнім.
НҰРЖАУҒАН: Тико неге салған үйімді бұзып кете бе­
реді?
ӘДЕМІ: Дүниені құраудан бұзу оңай, өмір сапарыңда

ондайлар да кезікпей қалмас, күнім.
НҰРЖАУҒАН: Дос деген не, апа?
ӘДЕМІ: Көп болмайды өмірде, күнім.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НҰРЖАУҒАН: Қас деген не, апа?
ӘДЕМІ: Жолықпай қоймас, күнім.
НҰРЖАУҒАН (тауға қарап): Бірақ мен заңғар биікте
жүрем ғой, апа. (Сиыр мөңірейді).

ӘДЕМІ (мұңая жымияды): Өрістен сиыр келді. Кешкі
сауын болды. Барайын. Сен де кешікпе.
НҰРЖАУҒАН: Жарайды, апа.
(Әдемі кетісімен, жан-жағынан алма жауып кетеді.

Манағы алма баққа түскен балалар дүркірей қашады.
«Қаш», «Көріп қалды», «Қазір тұзбен атады» деген да­
уыспен қосылып гүрс ете түскен мылтық даусы естіледі.
Бала, қызы аралас топ Нұржауғанның қасынан өте

шығады. «Колхоз алмасын жұлып», «Құлақтарыңды
жұ­лармын», «Әп, бәлем» деп бір қарт қуалап өтеді.
Нұр­жауған мырс ете түсіп бас шайқайды). Үй емес,
(ойланып) қала саламын. Ашық жерге емес, тасаға. Бұ­

таның арасына. Қастарым қиратып кетпесін. Достарым
таңырқап, қуансын. (Бұлақ жағасындағы бұтаның жаны­
нан тездетіп балшық әкеліп, үйлерді қаз-қатар тұрғыза
бастайды). Міне, осылай. Біреу, екеу, үшеу, тіпті көп.

Көп адамдар тұрады мұнда. Бақытты өмір сүреді... Жам­
был атам айтқан Ораз, Сәкен көкелерім қайтып оралады...
Бәрі бірге жүреді. (Толған Ай іргеден толықсып көрінеді.
Жұлдыздар жана бастайды). Бақыт деген не? Жаңа апам­

нан сұрамағанымды қарашы? Бәлкім, тыныштық шығар...
Жә, ертең әкемнен анықтап алармын. (Салған үйлеріне өзі
көз тігіп, қызықтап қарайды). Көшелері бар. Көп-көрім
емес пе? Атын қалай қоямын? (Ойланып) Аты... (Сыңғыр

еткен жез қоңыраудың үні естіледі. Нұржауған елең ете
қалады. Тағы да сыңғыр) Жа-зи-ра!
ДАУЫС: Мен мұндамын. Нұр-жау-ған. (Жез қо­ңы­
раудың үні).

НҰРЖАУҒАН: Қайдасың? Қаланы көрші. (Дауыс
шыққан жаққа жүгіре жөнеледі. Сахнада жарық күң­
гірттенеді. Бұлақтың бұрқ-сарқ қайнап тасыған дыбысы

естіледі. Жарық қайта жанғанда Нұржауған мен Жазира
қол ұстасып келе жатады).
ЖАЗИРА (таңырқап): Рас па? Қала салғаның.
НҰРЖАУҒАН (қуанып, алабұртып): Әдемі қала. Кел,

көрші. (Нұржауған бұталарды ашып қалғанда, қаласын
тасыған бұлақ суы шәйіп кеткенін көреді. Селк етіп
тұрып қалады).
ЖАЗИРА: Нұржауған, не болды?

НҰРЖАУҒАН (жылап жібереді): Бұлақ тасып, қаланы
талқандап кетіпті.
ЖАЗИРА: Обал-ай! (Қалтасынан ақ жібек орамал
алып Нұржауғанның бетін сүртеді). Жыламашы. Өтінем.

Сен әлі талай қала саласың, Нұржауған.
НҰРЖАУҒАН: Саламын. Сел алып кетпейтіндей етіп
салам.
ЖАЗИРА (күлімсіреп): Орамалды сен ала ғой. Сыйла­

дым.
НҰРЖАУҒАН (қызға күлімсірей, аялай қарап): Сен
жақсысың. (Сосын әкесі еккен жапырағы жалбырап
тұр­ған талға көз тігеді. Осы сәтте сахнадағы пердеге

дөңгеленген ойма жарық түседі де, қызыл жолбарыс бей­
несі қайтадан пайда болады. Нұржауғанның сөзі сахна
сыртынан естіледі). Болашақтағы бәйтерегім менің!
Ұзақ ғұмырыңда жапырағыңды шашып-төккісі келген

небір алапат дауылдар мен тамырыңа балта сілтегісі кел­
ген кейбір арамзаларға да кезігерсің. Қабығыңды кемір­
гісі, өзегіңді тілгісі келген кесапаттарға да жолықпай
қалмассың. Тек мықты бол! Сен маған сүйеніш, мен саған

тіреуіш боп ғұмыр кешерміз. Мен тауға бет алдым. (Жол­
барысқа қарап) Жүр, жолбасшым, жолбарысым!
(Бірі жарық қуалап пердеден, екіншісі сахнадан шыға
береді. «Елім менің» әні бел ала бастайды).

Шымылдық

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚАРАША ҚАЗДАР ҚАЙТҚАНДА

Екі бөлімді, төрт көріністі драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. ДӘУЛЕТ – болыс, бай 2. ҚЫЗ-АНА – Дәулеттің қызы 3. ЕСКЕН – Ананың ұлы 4. ЖАМАЛ – келіні 5. АЙДЫН – Ескеннің ұлы, Ананың немересі 6. КАЛИНИН – мемлекет қайраткері 7. ТЕРГЕУШІ – НКВД қызметкері 8. МИЛИЦИОНЕР – бұл да сол 9. ЖӘУТІК – Дәулеттің туысы

Пьесаға бұдан өзге әйелдер мен еркектер, комбайыншы­
лар, бригадир, ұрылар, әбжылан, пері, цыган қызы, елес­
тер, т.б. қатысады.

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Қазақы үй. Жинақы, жұпыны жиһаз. Төрде Брежневтің
портреті ілулі тұр. Орта жастағы ерлі-зайыпты шәй

ішіп отыр. Ер-азамат шәйін асығыс ұрттап, әлсін-әлсін
қағазға үңіледі. Бас шайқайды.
ЕСКЕН: Бидай орылып бітпей жатыр. Техника да мы­
нау... Жетпейді.

ЖАМАЛ: Шәйіңді ішсеңші. Жұмыс, жұмыс деп арпа­
лысып біттің ғой.
ЕСКЕН (шәйін ұрттап): Бұлт та үйіріліп тұрып алды.
ЖАМАЛ (терең күрсініп): Айдын мектеп бітіреді. Ал­

матыға оқуға түскісі келеді.
ЕСКЕН: Ә, дұрыс. Түссін.
ЖАМАЛ (жаратпай): Жұрттың баласын айтқандай...
Жұмыс, жұмыс деп...

ЕСКЕН: Кеше он тиын бергем. Шашыңды алдыр деп.
(Осы кезде бөлмеге Айдын енеді. Қолында кітап, дәптері
бар. Іркіле басып тұрып қалады).
ЖАМАЛ: Кел, әкеңмен отырып шәй іш.

ЕСКЕН (ұлына ажырая қарап): Шаш... Құлағын көм­
керіп, алдыр дегенім қайда?
АЙДЫН: Әке, мен енді кішкентай бала емеспін ғой.
Тықырлап алып тастайтын. Ұят тіпті.

ЖАМАЛ (ұлын жақтап): Өзіне жарасады.
АЙДЫН (қалтасына қол салып): Кешегі он тиын
(столға қояды).
ЕСКЕН (ашу шақырып): Жігіт болған екенсің ғой.

Желік кеулейін деген екенсің ғой...
ЖАМАЛ (абдырап): Осы сенің мінезің-ай!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Бүйірдегі есік ашылып, қолында таяғы бар кәрі ана
шығады. Ескен үнсіз қалады. Сыртқа беттегелі жинала
бастайды).
АНА: Қаталдық деген... Оның да шегі бар, балам. Жас

талға мейірім керек. Шуақ керек. Түзу өсу үшін. Қисық
ағаштың көлеңкесі де қисық боп түседі... (Диванға отыра­
ды. Қасына мұңайып кеп Айдын жайғасады).
ЕСКЕН (есікке беттеп): Жақсы. Жұмысқа кеттім.

(Осы кезде үйдегі телефон шырылдайды. Жамал трубка
көтереді).
ЖАМАЛ (үрейленіп Ескенге ұсынады): Не дейд? Сұм­
дық-ай!

ЕСКЕН (трубканы құлағына тосып): Тыңдап тұрмын.
ТЕЛЕФОНДАҒЫ ДАУЫС: Ескен Мусаевич, қос басында
төбелес болып жатыр. Тез жетіңізші.
ЕСКЕН: Кімдер? Қазір барам. Көздеріне көк шыбын

үймелетейін! (Асығыс шығады).
ЖАМАЛ (абдырап): Төбелесі несі? Мен де барайын.
АНА: Әкеңнің жәй күнінің өзі төбелеске бергісіз. Қайт­
сін, жарығым...

АЙДЫН (қолындағы кітабын тастай салып): Апа...
(Көңілі бұзылып, құшақтап) Апа дейм...
АНА: Әкеңді адал ғып өсірдім. Адалды аялаған заман­
ды көрмей өтіп барам, балам. Қатайып кеткені содан да

шы­ғар. Саған жақсы болсын дейд. Тек озып кете көрме
қатарыңнан.
АЙДЫН: Неге, апа?
АНА: Оның жауабын өмірдің өзі берер.

АЙДЫН (еркелеп): Апа дейм...
АНА: Аға-апаларың бар. Артыңнан ерген әлгі жаман­
дар бар. Бәрінен бөліп сені бауырыма бастым. (Басы­
нан сипап, бауырына иеді). Оқуға жүресің... (Айдын бас

изейді). Атаң түсімнен шықпай қойды. Шақырып жүр ме...
АЙДЫН: Қойшы, апа.

АНА: Тумақ хақ, Айдын... Аманатым бар. Өзіңе тап­
сырар. Әулетіміздің бойтұмарындай дүние. (Өзге бөлмеге
өтіп кетіп қайта оралады. Столға алтын сағат пен
Калининнің портретін қояды).

АЙДЫН (таңырқап): Сағат? Бұл кімдікі? Мынау Ка­
линин ғой. (Сағатты құлағына тосады) Жүріп тұр.
АНА: Ол тоқтамақ емес. Бойтұмар – осы. Нағашы атаң
Дәулет болыс болған. Ел билеген. Содан қалған екі көз.

Бірі – мен, бірі – осы алтын сағат. Мен әзірге тірімін, ал
бұл өлмес. Осы сағат... (Көзіне орамалын апарып отырып
қалады). Жақсының сағын сындырғанша, арғымақ көр­се
ақсатқанша мігір таппайтын бір қу мүйіз заман өтті ғой.

Бәрі соның құрбаны. Мен айта алмаған сырды саған осы
сағат айтар, жарығым. Мұның әрбір соққан үнінде ұлан­
ғайыр тарих жатыр. Ат жалы, түйе қомындағы замана дау­
ысы жатыр. Тоқтата көрме сол дауысты.

АЙДЫН (басын изеп): Түсіндім.
АНА: Ертең оқуға кеткенде жасырып кет, сенімді жер­
ге. Ұстатпа ешкімге. (Орнынан көтеріліп, орамалымен
Калинин портретінің шаңын сүртеді).

АЙДЫН: Калининнің біздің әулетке қандай қатысы
бар?
АНА: Бар. Жария жаманатыңнан жасаған жалғыз
жақсылығың нұрлы қашанда. Асықпай айтармын. Бұл су­

ретті әрдайым төріңде ұста. Жүзін шаң басып қалмасын,
Айдын.
Сахнада ақсүйектер тұратын Лондон көшесінің кө­
рінісі.

Аукцион өткізетін «Сотби» сауда офисі. Сирек жүр­
гіншілер. Бурыл шашты, ақсары өңді, байыпты Айдын
Ескенович сәнді де салтанатты сол мекемеге келіп кіреді.
ЕРКЕК (ағылшынша): Сәлематсыз ба, мырза!

ӘЙЕЛ (ағылшынша): Қош келдіңіз, төрлетіңіз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АЙДЫН (басын иіп): Сәлеметсіз бе, аукцион өткізетін
«Сотбис» осы ма?
ЕРКЕК: Осы. Қымбат жәдігерлер өткіземіз.
ӘЙЕЛ: Кешіріңіз, қайдан келіп едіңіз?

АЙДЫН: Қазақстаннан. Ас-та-на.
ЕРКЕК (күлімсіреп): А, Астана, білем. Бәйтерек.
ӘЙЕЛ: Кім боласыз?
АЙДЫН: Тарихшымын. (Құжатын ұсынып) Айдын

Мұсаев.
ӘЙЕЛ (құжатқа үңіліп): О, академик. (Қуанып) Атақ­
ты ғалым.
ЕРКЕК: Жайғасыңыз (орындық ұсынып).

ӘЙЕЛ: Шай, кофе?
АЙДЫН: Кофе. Болып жатса сүтпен.
ЕРКЕК (кофе ұрттап): Шаруаңыз?
ӘЙЕЛ (журналына жаза түсіп): Аукционға қымбат

зат әкелген шығарсыз. Қатысыңыз. Өткіземіз.
АЙДЫН: Ол рас. Өзіміз үшін аса қымбат қазына. Сіздер
үшін қайдам...
ЕРКЕК (қутыңдап): Оқасы жоқ. Көрейік. Бағалайық.

ӘЙЕЛ: Жақында Африкадан Пушкиннің бір ұрпағы
ұлы ақын ас ішкен күміс қасығын әкелді. (Суырылып)
Білесіз бе, оны Пушкинге Наталья Николаевнаның анасы,
яки енесі сыйлапты. Сатып жібердік.

ЕРКЕК (қабағын шытып): Сәл шыдаңыз. (Айдынға
күсімсіреп бұрылып) Жақсыны көрмек үшін.
АЙДЫН (кейсті ашып): Міне. (Сәбидің жұдырығындай
алтын сағат жарқ ете қалады).

ӘЙЕЛ: О-о!
ЕРКЕК (қолына лупа алып айналдыра қарап): Қымбат.
Қымбат қазына. (Әйелге бұрылып) 1897 жылы Швейца­
рияда жасалған. (Басын шайқап) Архивті көтеріңіз.

ӘЙЕЛ (компьютерге үңіліп): 1897 жылы мұндай марка­
мен бар болғаны 15 сағат шығарылыпты.

ЕРКЕК (сұқ саусағын безеп): Рас. Бар-жоғы 15 дана.
Өйткені, аса қымбат сағат бұл!
ӘЙЕЛ (компьютерге қайтадан үңіліп): 14 сағат із-
түссіз жоғалды деп жазылған.

ЕРКЕК: Рас. Жалғыз ғана данасы біздің «Сотбис» ар­
қылы былтыр аукционға қойылды.
ӘЙЕЛ: Жарты миллион долларға сатылды.
АЙДЫН: Жарты миллион?

ЕРКЕК: Иә, иә, жарты миллион долларға бағаланды.
ӘЙЕЛ (алып-ұшып): Құттықтаймын сізді (Айдынның
қолын қысып).
АЙДЫН: Не үшін?

ЕРКЕК: Жоғалды деген 14 сағаттың бірінің иесі сіз
екенсіз. Ендігі жоғы – 13.
ӘЙЕЛ: Демек, тіркеуге аламыз. (Компьютерге үңіліп)
Мистер Мұсаев...

АЙДЫН (күлімсіреп): Алыңыз...
ЕРКЕК (лупамен сағатты айналдыра қарап): Мына
жеріне (қабағын шытып) темірмен тырнап жазған ба?
(Бас шайқап) Ай-ай-ай!

АЙДЫН: Иә. Жас күнімде шегемен тырнап «1897» деп
жазғанмын.
ӘЙЕЛ: Шеге? (Шоши қарап) Сіз тәрбиелі адам сияқ­
тысыз ғой.

АЙДЫН: Балалық шалдуарлық қой.
ЕРКЕК: Аукционға салсаңыз жарты миллион доллар
құрамайды. Шегенің кесірі. Бірақ жақындап қалады.
ӘЙЕЛ: Мәселен, 450 мың доллар шамасы. (Қолын

ысқылап) Аз емес.
АЙДЫН: Жоқ-жоқ. Сатқалы келгенім жоқ. Рахмет.
ЕРКЕК: Енді?
АЙДЫН: Бұл сағаттың қай елден шыққанын білгім кел­

ген.
ӘЙЕЛ (көзін бақырайтып): Швей-ца-рия! Қызық. Ай­
даладағы Азияға қалай тап болып жүр екен?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЕРКЕК: Бәлкім, Мәскеуден, тағы бір жерден сатып
алған шығар?
АЙДЫН (қабағын шытып): Жо-жоқ. Атадан балаға
қалған мұра бұл. Сатылмайды.

ЕРКЕК: Бұрынғы Совет адамының психологиясын
түсіну оңай емес.
ӘЙЕЛ: Басының пайдасын білмейді.
АЙДЫН: Бұл өмірде сатылмайтын да дүниелер қалған

шығар.
ӘЙЕЛ: Бәрі сатылуда.
ЕРКЕК: Тарихшы ғалымсыз. Сатылмаған не қалды?
Айтыңызшы, зат тұрмақ, адамның өзі де, аузындағы сөзі

де...
АЙДЫН (қабағын шытып): Қойыңыз мистер. мәселен,
Күлтегіннің құрметіне арналған руникалық жазуда «Исі
түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым. Күндіз отырма­

дым. Қызыл қанымды төктім. Жанымды садаға еттім»
деген сөз бар. Осыны сатып алуға дәулет жете ме? Оны ба­
ғалай аласыз ба? Жо-жоқ, мырзам. Қателесесіз. Қалған, бұ
дүниеде сатылмайтындар: ар, иман, намыс, аманат, кеткен

тарих, өткен өмір...
ӘЙЕЛ (қолын ербеңдетіп): Жақсы, жетті, мистер Мұ­
саев.
АЙДЫН (сабасына түсіп): Кешірерсіздер, бұл сағатта

бір әулеттің, бір әулет емес-ау, күллі елдің тарихы жатыр.
Қуанышы,қайғысы, мұңы, наласы, шүкірлігі...
ЕРКЕК: Ғылыми еңбек жазып жүрсіз бе?
АЙДЫН: Иә, кейінгі ұрпақтың қолына ұстатып кету

үшін. Біздің ел кешегі Кеңес кезінде көп адасты ғой.
ӘЙЕЛ: Иә, ылғи трагедия!
АЙДЫН: Егемен ел енді оны қайталамаса екен...
ЕРКЕК: Трагедия? Уақытыңыз болса, бір эпизодын ай­

тып беріңізші. Осы сағатқа қатысты әулетіңіздің тарихын.
АЙДЫН (ойланып, мұңданып): Айтайын...

Екінші көрініс
Сахна қараңғыланып, айналады. Қаңқылдап ұшқан қаз
дауысы, қанат сусылы естіледі. Бұл – күзде жылы жаққа
бет алған қаздар керуені. Кенет тарс етіп атылған мыл­

тық даусы естіледі. Көш бастап бара жатқан ата қаз
құлайды. Қаздардың қаңқылы үдеп, жолынан жаңылып,
жанталасып тым-тырақай боп кетеді.
Сахнада жарық кері жанғанда түрме көрініс береді.

Дәулет түрменің тар бөлмесінде жалғыз отыр. Әбден
жүдеген, азып-тозған. Бір бұрышқа барып екі бүктетіліп,
еңкейіп іргені қазады. Қолына сәбидің жұдырығындай
алтын сағатты алады. Жасырып құлағына тосады. Са­

ғаттың тық-тық соққан даусы жүрек дүрсіліндей боп
залға тарап жатады. Көрші камерадан тарсылдаған да­
уыс, тұтқынның айқайы, зары, милицияның әкіреңдегені
естіледі. Дәулет отырған камераның темір есіктері сар­

тылдап ашылады. Дәулет дереу сағатты алған орнына
жасырады.
МИЛИЦИОНЕР: Тұтқын Каримов, шығыңыз.
ДӘУЛЕТ (жиналып): Қазір.

МИЛИЦИОНЕР: Бол! Тергеуші шақырып жатыр.
(Дәулет екі қолын артына ұстап милиционердің
ал­дына түседі. Сол қалпы тергеушіге келеді. Тергеуші
жалғыз. Қағаз жазып отыр. Қабырғада Ленин мен Ста­

линнің портреті ілулі тұр).
ТЕРГЕУШІ (орнынан тұрып): Так, кел, Каримов. (Қа­
ғазды оқиды). Демек, Каримов Дәулет, бұрынғы болыс
(шақырая қарап).

ДӘУЛЕТ: Рас.
ТЕРГЕУШІ: Шынжыр балақ, шұбартөс бай. Шіріген.
ДӘУЛЕТ: Атадан қалған, аузын үріп, аяғын сыпырған,
ақ адал мал.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ТЕРГЕУШІ (кекетіп күліп): Ех-е, солай де... Жал­
шылардың, малшылардың баққан малы ол. Иесі солар.
ДӘУЛЕТ: Байлық та біткен жерге бітеді, азамат тер­
геуші. Тектілік те солай.

ТЕРГЕУШІ: Айта түс.
ДӘУЛЕТ: Бұрын дән түспеген топыраққа шөп шық­
қанын көрдіңіз бе?
ТЕРГЕУШІ: Жетет! (Дәулетті айдап әкелген милици­

онерге ым қағады. Ол қолындағы таяқпен Дәулетті жон
арқадан құлаштай ұрады).
ДӘУЛЕТ: Ах! Балақтағы жаман басқа шықты ма? (Ми­
лиционерге ұмтылады. Ол Дәулетті кеудесінен түйіп қап

құлатады).
ТЕРГЕУШІ: Тоқтат! Тұтқын, саған айтам.
ДӘУЛЕТ (ашынып, милиционерге): Сен әлгі Сәметтің
баласы емессің бе?

МИЛИЦИОНЕР: Не істейін деп ең? Соның баласы...
ДӘУЛЕТ (орнынан тұрып): Әкең бүкіл елді қан қақ­
сатқан баукеспе ұры еді. Ым-м, ұрыдан қарақшы туады де­
ген сол.

ТЕРГЕУШІ: Отанын сатқан опасыз! Міне, осы сөзің
үшін тағы бір статья (жазып). Сәбет милициясын ба­
лағаттағаны, яғни жас үкімет мүшесіне жала жаққаны
үшін... (Кітап ақтарып) Мына жерде бес статья тұр.

Қайсысын қояйын?! Тағы он жыл!
ДӘУЛЕТ: Қоя бер, шырағым. Қойны-қонышың толған
статья ғой сенің.
ТЕРГЕУШІ (өршіленіп): Сен деме! Мен НКВД-ның жол­

дас тергеушісі Қарабаевпын. Тұтқын, түсіндің бе?
ДӘУЛЕТ: Әкең Орынбордан шығып, жаяу-жалпылап
елге жете алмай Тұзтөбенің маңында аштықтан бұралып
жатқанда күймеме мінгізіп алып ем. Ауылға келген соң

«Дәулет, осы жақсылығыңды ұрпағыма аманат етер­
мін. Балаларым қолыңа су құйып өтер» деп жылаған,
жарықтық. Е, заман-ай десеңші!

ТЕРГЕУШІ (шатынап): Ол өткен заман. Біз мүлде жа­
ңа адамбыз. Шатыстырмаңыз.
ДӘУЛЕТ: Сауға керегі жоқ. Статья деген саудаң да
керегі жоқ. Жаса бәрін, әділдікпен.

ТЕРГЕУШІ: Так, Жапонияның шпионы. Алашорда­
шыл Ахмет Байтұрсыновқа әскер үшін деп ат берген... Ол
да шпион. Англияның құйыршығы. Біз бәрін білеміз.
ДӘУЛЕТ: Жапон? Ол өзі қай жерде? Біздің ауылдан

алыс па?
ТЕРГЕУШІ: Қуланба, Каримов.
ДӘУЛЕТ: Шпионсың? Дәлелің қайда, дәлелің?
ТЕРГЕУШІ: Дәлел? Жетеді бізде. (Манадан бері әрлі-

берлі қоқаңдап жүріп алған милиционерге ым қағады.
Ол көрші есіктен Жәутікті кіргізеді. Жәутік алдында
тұрған Дәулетті көріп шошып кетеді. Басы қалтаңдап
қоя береді).

ДӘУЛЕТ (таңданып): Ә, Жәутік. Сен де қамалдың ба?
МИЛИЦИОНЕР: Жоқ, тұтқын. Ол арлы кедей. Сендей
емес.
ТЕРГЕУШІ: Жәутік Асарбаев, сіз мына тұрған тұтқын­

ды танисыз ба?
ЖӘУТІК (Дәулетке жалтақтап): Танимын. Немере
туыспыз.
ДӘУЛЕТ (даусын көтеріп): Ағасымын.

МИЛИЦИОНЕР (Дәулетті таяқпен ұрып): Тоқтат!
ТЕРГЕУШІ: Арызда жазған сөзіңізді қайталаңыз.
Ауызша.
ЖӘУТІК (Дәулетке жаутаңдап): Бұл кісі ұзақ жыл бо­

лыс болды... Атақты бай болды... Мәскеу, шетелге барып
жүрді. Николай патшаның сілекей алысқан досы.
ТЕРГЕУШІ: Так, айта түс.
ЖӘУТІК: Малшы, жалшы ұстады. Мен күймесінің

делбесін ұстадым, үш ат жеккен. Ұзақ жыл.
ТЕРГЕУШІ: Жалғастыр. Жапониямен қандай байла­
ныс жасады?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖӘУТІК (ернін жалап): Соңғы кезде күнде кешке қа­
рай атына мініп жалғыз өзі кетіп қалып жүрді.
МИЛИЦИОНЕР: Сосын?..
ЖӘУТІК: Сосын таң ата аты ақкөбік боп терге шомы­

лып оралады. Демек, Жапонияға барып келіп жүрген.
Әдейі аңдыдым.
ДӘУЛЕТ: Ә, арам сідік, сайра, сайра, сайдың сауысқа­
ны құсап.

МИЛИЦИОНЕР: Тоқтат, тұтқын. Жәутік – аса қадірлі
куә. Кеңес үкіметінің сенімді адамы.
ТЕРГЕУШІ: Айта түс.
ЖӘУТІК: Төрт әйелі бар.

ТЕРГЕУШІ: Сосын...
ЖӘУТІК: Кәмпеске болғанда қоңыраулы күймесін мен
алдым. Теңдік тиді. Құдыққа мініп барып жүрмін.
ДӘУЛЕТ (Жәутікке қарап): Қашқанға да, қуғанға

да куә, майлық-сулыққа бірдей сорлы екенсің ғой. Біл­
семші... (Жәутікті жағынан бір тартады. Сол жерде
милиционер, тергеуші, Жәутік үшеулеп Дәулетті аямай
ұрып, жәбірлейді. Құр сүлдесін сүйреп әкеліп орындыққа

отырғызады).
ТЕРГЕУШІ (алқынып): Жапон шпионы екеніңді мо­
йында, кәне!
ДӘУЛЕТ (қанын жеңімен сүртіп): Ай, сауатсыз неме,

Жапон қайда, мен тұратын Бестерек ауылы қайда? (Басын
шайқап) Сөзім жоқ.
ТЕРГЕУШІ: Мойындады. (Жазады). Жапонның құ­
йыршығы. Сәбетті сатқан азғын. Так. Болыс әрі шіріген

бай. Мойындады (жазады). Так.
ДӘУЛЕТ: Әй, тергеуші, мені кедей-кепшікті қанады
дейсіңдер. Мен оларға жазда сауын, қыста соғым бердім.
Асырадым. Ал менің бар байлығымды сұраусыз тонап

алған әлгі бәлшибектерің кім сонда?
МИЛИЦИОНЕР: Өй, оңбаған, бәлшибекке тіл тигізуін...

ДӘУЛЕТ: Айырмамыз жоқ екен. Мен – қанаушы, олар –
тонаушы.
ЖӘУТІК: Азамат тергеуші, тоқал, тоқалын да ұмыт­
паңыз. Олар да бөліске түсуі керек.

ТЕРГЕУШІ: Төрт әйел ұстаған. Әйел теңдігі (жазып)
статьясының саны қандай еді? Так, әйел жолдастардың
теңдігіне зиян келтірген.
ДӘУЛЕТ: Төрт әйел алсам қазақтың санын көбейттім.

МИЛИЦИОНЕР: Қазақ емес, байдың де... Құдай атқан
байдың!
ДӘУЛЕТ (бас шайқап): Дауа жоқ, дауа... Құдай да ме­
йірімі түскен адамды бай да, бағлан да қылады. Атқа да,

таққа да мінгізеді. Ей, десеңші!
ТЕРГЕУШІ (қағазының бетін түртіп): Шпион, 58-ста­
тья, 2-бөлімі. Отанын сатқан опасыз. Болыс, ел қанаған.
Бай, төрт қатын алған зиянкес... Так, тағы не қосуға бо­

лады? Үкімет адамына жала жабушы пәлеқор... Қой
қолыңды! (Дәулетке ақырып) Тез!
МИЛИЦИОНЕР (көзін ойнақтатып): Жылдам! Сау­
даң бітті.

ДӘУЛЕТ (қаламды қолына алып): Сұрағым бар, тер­
геуші.
ТЕРГЕУШІ: Сұра.
ДӘУЛЕТ: Осы күрес бай мен кедейді теңестіреміз деп

басталды ғой?
ТЕРГЕУШІ: Солай!
ДӘУЛЕТ: Байды құртып, қара табан кедейдің қата­
рына түсіресіңдер.

ТЕРГЕУШІ: Солай!
ДӘУЛЕТ (бас шайқап): Қате жасады. Керісінше кедей-
кепшікті байдың дәрежесіне жеткізу керек еді. Байды
құрт­пай! (Нұсқап) Сәлем айт, ана Ленин мен Сталиніңе!

Ба­ғытының бәрі қате! (Қолындағы қаламын сындырып,
тергеушінің бетіне лақтырады. Үшеуі Дәулетке жарма­
са кетеді. Жығып сап сабайды, тепкілейді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ТЕРГЕУШІ (ентігіп): Көсемге, ойбай, ұлы көсемге тіл
тигізді!
ЖӘУТІК (тепкілеп): Балағаттады!
МИЛИЦИОНЕР: Ату керек, ату!

ДӘУЛЕТ (ышқына айқайлап): Бай мен бағлан, Алаш
пен молда жау. Сонда маңдайының соры бес елі қазаққа
кім дос? Қанды қол бәлшибек пе, мыналар сияқты иман­
сыз ұры-қары ма? А-а, айтыңдаршы?!

(Сахна қараңғылана береді. Тық-тық соққан сағат да­
усы естіледі. Күшейе түседі. Жарық жанғанда «Сотбис»
сауда аукционы, Айдын, еркек пен әйел көрініс береді).
ӘЙЕЛ (бас шайқап): Неткен тағылық?!

АЙДЫН (басын изеп, мұңайып): Бұл бастамасы ғана.
ЕРКЕК (ағаш балғаны столға ұрып): 500 мың доллар!
Сатылады.
АЙДЫН: Жо-жоқ. Қымбат мұның бағасы.

ӘЙЕЛ: Тарихшы ғалымсыз. Жазып жатырсыз ба?
АЙДЫН (бас изеп): Иә.
ӘЙЕЛ: Жалғасын айтыңызшы. Сұмдық қой мынау.
ЕРКЕК (дәмеленіп): Иә, иә, тыңдайық.

АЙДЫН: Ым, жарайды. Айтайын.
(Сахна қараңғылана береді. Тұтқында отырған Дәу­
лет көрініс береді. Киімі жыртылған, бетіне қан қатқан.
Сарт-сұрт етіп темір есік ашылады).

МИЛИЦИОНЕР: Тұтқын Каримов, қызың кездесуге
келіп тұр. Тез, (сағатына қарап) уақыт 10 минут.
ДӘУЛЕТ (көзі жарқ етіп қуанып): Қызым... о, шүкірім,
қазір... қазір... (Есікке беттейді).

ҚЫЗ (Дәулетті көріп жылап ұмтылады): Әке... Әке,
бармысың?
ДӘУЛЕТ: Бармын, ботам, (қапсыра құшақтап) үй-іші
аман ба? (Милиционер қуланып, бір қалтарыстан екеуі­

нің сөзін құлағын төсеп жасырын тыңдайды).
ҚЫЗ (көзін сүртіп): Аман... Бетіңізге... (Алақанымен
әкесінің қан қатқан бетін сипалайды). Киіміңіз... (Жы­
лайды).

ДӘУЛЕТ: Жылама, күнім. Қайырымымыздан басқа
зиянымыз жоқ еді айналамызға. Ақтың отын өшірмес.
ҚЫЗ: Жәутік аға арыз айдап, үйімізді тағы тінтті.
ДӘУЛЕТ: Уһ! Қазақтың жақсысы қайсы, жаманы

қайсы, айырудан қалдық, қалқам. Аман жүрсең мынау жа­
рық дүниеден сұрарсың. Әкеңнің құнын, айналаңның көз
жасын, мұң-зарын.
МИЛИЦИОНЕР (әрі-бері қайқаңдап жүреді): Тұтқын

Каримов, (сағатына қарап) үш-ақ минут уақыт
қалды. Тездет. Созба әңгімені! (Сосын бұрынғы тұрған
қал­та­рысына барып құлағын жарға жапырып тың тың­
дайды).

ДӘУЛЕТ (жан-жағына алақтап қарап, сыбырлап): Ар­
па-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен, қызым, мә, мынау
алтын сағат. Нанға ауыстыр, сат. Қарындарың ашпасын,
қалқам. (Мұны естіген милиционер қуанып, жауырынын

күжірейтіп оңбай қалады).
ҚЫЗ: Әке!
ДӘУЛЕТ: Бар-жоғы осы. Көрсетпе ешкімге. Сенбе, қал­
қам. Ағайыннан жау шықты. Шешелеріңе сәлем де. Мы­

нау хат (қызының қойнына тығып), Калининге жаз­ғам...
Жоғалтып алма.
МИЛИЦИОНЕР (шыға келіп): Все! Уақыт бітті. (Қыз­
ға) Сен тұр осы арада. Тұтқын Каримов, түс алдыма!

ҚЫЗ (шырқырап): Әке... (Құшақтап айырылмай) Әке
дейм...
ДӘУЛЕТ: Сабыр ет, қалқам!
МИЛИЦИОНЕР: Әй, (қызды жұлқылап итеріп) кет

әрі. Сен кір, кәне, камераға. (Дәулетті итергіштеп) Бол.
ҚЫЗ (шырқырап): Әке, қош, қош...
ДӘУЛЕТ (камераға кіре беріп): Қош, (солқылдап)
қайтейін, қош!.. (Камераға кіреді. Есігін сарт-сұрт еткі­

зіп милиционер кілттейді).
МИЛИЦИОНЕР (ақырып): Шығар, кәне, әкең не берді?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚЫЗ (сағатты жасырған қалпы): Ештеңе, түк те бер­
ген жоқ.
МИЛИЦИОНЕР: Арпаға ауыстыр, бидайға сат деп, а,
айт, жаныңның барында! Шығар, кәне.

ҚЫЗ (шырқырап): Жоқ! Ештеңе де жоқ. Жауыз!
(Милиционер мен қыз арпалысып төбелесіп жатады.
Осы кезде үстеріне полковник кіріп келеді. Орыс ұлты­
нан).

ПОЛКОВНИК (ақырып): Сержант, тоқтат! Бұл не сұм­
дық? Жас қызбен... Арпалысып...
МИЛИЦИОНЕР: Кешіріңіз, (сасып, жерге кіріп кете
жаздап) өзі, мұның өзі кінәлі. Мені жауыз дейді.

ПОЛКОВНИК (қызға): Сіз?
ҚЫЗ (тайсалмастан): Әкеме кездесуге келгем...
ПОЛКОВНИК (иегімен есікті нұсқап): Барыңыз. Кез­
дескен болсаңыз. (Қыз тездетіп шығып кетеді).

МИЛИЦИОНЕР: Азамат бастық...
ПОЛКОВНИК (ақырып): Тоқтат! (Жирене қарап) Көр­
генсіз. Үстіңнен арыз қаптап жатыр сенің.
МИЛИЦИОНЕР (жыларман болып): Кешіре көріңіз.

(Ая­ғына жығылып) Соңғы рет.
(Сахна айналғанда қайтадан «Сотбистегі» көрініс
қайталанады).
ЕРКЕК: Неткен тарих!

ӘЙЕЛ: Рахмет. (Сағатты айналдыра қарап) Осы
күн­ге қалай аман жеткен?
АЙДЫН: Бұл – айсбергтің беті. Түбі тереңде жатыр.
ЕРКЕК (столды ағаш балғамен ұрып): Бітті. 700 мың

доллар. Әкеліңіз қолды. Сатамыз.
АЙДЫН (күлімсіреп): Жо-жоқ, қымбат мұның бағасы.
ЕРКЕК (ажырайып): Қымбат?
АЙДЫН: Мына оқиғаны тыңдаңыз. Сіз сонда түсінесіз.

ӘЙЕЛ (есі шығып): Айтыңызшы. Бәлкім сағатты сол
тарихымен қоса сатарсыз.
АЙДЫН (бас изеп): Көрейік.

Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сахна қараңғыланады. Жарық кері жанғанда Кремль
көрініс береді. Сыңғыр қағып куранттар ұрылады. Бү­

кілодақтық «староста» аталған Калинин кабинеті.
Өзі стол басында. Телефон трубкасын орнына қояды. Қа­
ғаздарды қарай бастайды. Кейбіріне бас шайқайды. Есік
ашылып, ішке көмекшісі кіреді.

КӨМЕКШІСІ: Сізге...
КАЛИНИН (қағаздан басын көтеріп): Айта бер, Вася.
КӨМЕКШІСІ: Кешірерсіз, он күн болды, бір жас қыз
кірем деп қоймайды.

КАЛИНИН (сұраулы өңмен): Қайдан?
КӨМЕКШІСІ: Қазақстаннан. Хатыңды почтамен жібер
десек, көнер емес. Кремль қақпасының алдына түнеп жүр.
Қайсар.

КАЛИНИН: Қазақтар ма? (Ойланып) Меңдешев, Құ­
лымбетов, Рысқұлов, иә, иә, бар ғой олардан да үлкен
тұлғалар.
КӨМЕКШІСІ: Ешқайсысына да бармаймын дейд. Тек

сізге ғана...
КАЛИНИН (ойланып): Ендеше кірсін.
(Көмекшісі шығып кетеді. Ішке қыз кіреді. Бұл – тұт­
қын Дәулеттің қызы).

ҚЫЗ (именіп, қорқып): Сәлеметсіз бе?
КАЛИНИН (орнынан көтеріліп): Сәлемет, қызым.
(Қыздың жанына барып, күлімсірей қарап столының
алдындағы орындыққа отырғызады). Қай жерден келдің,

қызым?
ҚЫЗ (қорқа соғып): Өзім Алматыда оқимын. ФЗО-да.
Туған жерім – Бестерек.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КАЛИНИН: Бестерек? (Жардағы картаға үңіліп) Ол
қай маңда?
ҚЫЗ: Кешіріңіз, біздің ауыл картаға түспеген.
КАЛИНИН: Ә, солай ма? Ал, сабағың қалай?

ҚЫЗ: Рахмет. Жақсы. Спортпен айналысамын.
КАЛИНИН: Спортпен? О-о, өте игілікті іс. Спорттың
қандай түрі?
ҚЫЗ: Жүгіру. Жасөспірімдер арасында республика

чемпионымын.
КАЛИНИН (мәз болып): Міне, міне, Совет жастары
өзіңдей жігерлі болуы керек. Жанып тұрған жалынды.
Сонда ғана біз коммунизмге тезірек жетеміз. Әне!

ҚЫЗ: Жетеміз... Тездетіп...
КАЛИНИН (мақтап): Әне, көзқарасы да мықты. Де­
мек, саяси сауатты. Дайындығы мол.
ҚЫЗ: Рахмет.

КАЛИНИН (әлдене есіне түскендей ойланып, көзіл­
дірігін түзейді): Айтпақшы, шаруа, келген шаруаңды айт.
ҚЫЗ (жылап қоя береді): Әкемді... Әкемді НКВД қамап
тастады, түрмеге...

КАЛИНИН (абдырап): Сабыр ет, қызым. (Қыздың
қолындағы қағазды алып) Арызың ба мынау? Бере ғой.
ҚЫЗ (өксіп): Көмектесіңізші...
КАЛИНИН: Қазір. (Қағазды оқи бастайды). Болыс

болған, елге медресе ашқан... Ым-м. Сосын конфескеде
малын кедейлерге өз еркімен таратып берген. Жақсы. Ала­
шордашыл. Әскеріне ат берген... Ым-м.
ҚЫЗ (жылап): Рас. Бірақ ешкімге қиянат жасамаған.

КАЛИНИН: Түсіндім, қызым. Болыс болса, ол патша
дәуірі. Медресе салса, елге білім бергені. Ал «Алашорда»
партиясы?..
ҚЫЗ (терең демалып): Уһ!

КАЛИНИН: Ұлы Лениннің өзі уставы мен програм­
масы жоқ мұндай партия бола ма деп, «Алашорда» партия­
сы қайраткерлеріне рақымшылық жариялап, түгелдей

АЙНА-ҒҰМЫР жазадан босатқан. Байтұрсынов, Дулатов, Бөкейханов, Қаратаев... ҚЫЗ (жаутаңдап, үміті оянып): Қандай жақсы адам­ сыз... КАЛИНИН (қағазды аударып оқиды): О-о, Жапония шпионы депті... (Бас шайқайды) Қиын... ҚЫЗ (жылап, ұзын шашын тарқатып, ішінен кішкентай алтын сағатты алып шығады): Кешіріңіз... Мынау... Мынау... (Тізерлеп жылжып) Сізге сый­лығым. (Қалтырап, дірілдеп) Әкем Жапония шпионы емес... Алыңызшы. Ол тіпті Жапонияның қай жерде екенін де білмейді... Жала. Жәутік дегеннің жаласы... Құт­қа­ рыңызшы? (Қыз Калининнің аяғының астына жете бере етпеттей жығылады. Алтын сағат домалап кетеді). Осыдан басқа ештеңеміз жоқ. Түгіміз де жоқ! КАЛИНИН (орамалмен көзін сүртіп): Тұр, қызым, тұр. (Қолтықтап орындыққа отырғызады. Қайғырып бас шайқайды. Сағатты әкеліп қыздың қолына ұстатады). Өзің ал, өзіңе сыйладым. Құтқарайын әкеңді. Қайсарлы­ ғың үшін. Адалдығың үшін. Өрлігің үшін. (Жазады. «Не­ медленно освободить! Калинин»). Міне, қызым, тез жет. Бестерекке. Әкеңді алып шық түрмеден. (Сахнада дала қосы. Шабылған жер, үйілген шөп кө­ рінеді. Алыстан машина дауысы естіледі. Бес-алты ком­ байншы мен бригадир тұр). БРИГАДИР (даусын көтеріп): Жолдастар, бидай ору­ дан, оны Отан қамбасына құюдан осы аптада бәйге басын бермедік. Партком хатшысы өз қолымен социалистік жарыстың жүлдегерісіңдер деп бес қызыл жалаушаны та­ быс етті. (Комбайншылар қуанысып алақан ұрады). КОМБАЙНШЫЛАР: Бәрекелді! – Адал еңбек ақталды! – Социалистік жарыс деген сол!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БРИГАДИР: Енді осы жалаушаны табыс етуге рұқ­
сат етіңіздер. Досыбаев (жалаушаны тапсырып, бе­
тінен сүйеді). Қаменов (әлгі іс-әрекет қайталанады).
Таңатаров... Сейтжанов... Есенов...

ЕСЕНОВ (көзіне жас алып): Ризамын еліме. Еңбегімді
бағалады. Брежневке рахмет! (Бәрі қуанысып, күлісіп жа­
тады).
(Жалауша бір бидай тасушы шопырға жетпей қалған.

Ол – Аманжол. Істі болған. Тентектеу. Бірақ еңбек оза­
ты).
АМАНЖОЛ (бригадирге алая қарап): Маған қайда, бри­
гадир?

БРИГАДИР (күмілжіп): Енді... жеткені осы болды.
АМАНЖОЛ (шақылдап): Тап біреуін. Машинама мен
де байлап жүрем. Қызыл жалауды!
БРИГАДИР (қабағын шытып): Қой, шырақ. Өзің бұ­

рын істі болғансың. Ойласайшы.
АМАНЖОЛ: Сотталсам, адам қатарынан шықтым
ба? Онда неге бидайды сеніп тасытасыңдар? (Жалауша
алған бес комбайншы бір-бірден қолына ұстап қызық­тап

тұрған). Бұлар бидай орса, мен тасыдым. Әкел маған!
(Шетте тұрған бірінің қолындағы жалаушаны жұлып
алады). Менікі!
НҰХ (жалаушадан айырылып қалған комбайншы):

Бермеймін. (Тура ұмтылып) Әкел өзіме! (Алыса кетеді.
Төбелес басталады. Бригадир мен өзге комбайншылар
арашаға түседі).
АМАНЖОЛ (арпалысып, қызыл жалаушаны әрлі-берлі

алып қашып): Менікі дедім... Социалистік жарыс ортақ.
Жалау ортақ.
НҰХ (төбелесіп жүріп): Әйеліме, балаларыма мақ­
танып... көрсетейін десем...

(Бригадир бастап, қалған бес комбайншы қостап,
Аманжолды сабап, қолындағы қызыл жалауды тартып
алады. Осы кезде гудок беріп кеп жеңіл машина тоқтайды).

БРИГАДИР (алақ-жұлақ етіп): Бастық. Ескен Мұ­
саевич... Тыныш.
АМАНЖОЛ (көзін сүртіп): Тартып алды...
ЕСКЕН (басын шайқап): Жеткен жеріміз осы болды-ау!

(Сахнада қарлы боранның өршілене соққан дауысы.
Көше көрінісі. Әрлі-берлі жүргіншілер. Жұтаң тірлік.
Жүдеу өң. Поезд ышқынады. Гудок берген, сосын қозғалған
доңғалақ үні естіліп жатады. Екі-үш әйел көшеде сауда

жасап тұр. Жүдеп-жадаған қыз келеді. Соңында екі ұры
аңдып жүр).
БІРІНШІ ҰРЫ: Міне, мына қыз Москваның поезынан
түсті.

ЕКІНШІСІ: Осыдан басқа ештеңе ілікпеді.
БІРІНШІСІ: Қолында заты жоқ.
ЕКІНШІСІ: Ақшасы бар шығар.
БІРІНШІСІ: Ұр басынан.

ЕКІНШІСІ: Сыпырып алайық.
ҚЫЗ (байқап қап): Аға, түгім де жоқ. Бір айдан бері...
БІРІНШІСІ (пышағын тақап): Шығар тез!
ЕКІНШІСІ: Не бар қалтаңда?

ҚЫЗ (арпалысып): Ашпын. Түгім жоқ. Жібер!
(Бірінші ұры қызды ұрып құлатады. Сауда жасаған
әйелдер көрмеген болып теріс айналады).
БІРІНШІСІ (қыздың қойны-қонышын тінткілеп):

Жоқ, түгі жоқ.
ЕКІНШІСІ (қағазды суырып алып): Мынау не қағаз?
(Осы кезде милицияның ысқырығы естіледі. Жүгірген
аяқ дыбысы шығады).

БІРІНШІСІ (асығыс): Таста. Милиция!
ЕКІНШІСІ: Қаш! (Қағазды лақтырып тастап тұра
қашады).
(Екі ұрыны айналдыра қуып, милиция ысқырған қалпы

сахнадан бірер мәрте өтеді. Сатушы әйелдер әлгілерді «ан­
да қашты», «мында қашты» деп жөн сілтеген болады.
Қыз басын көтеріп, желмен жылжып бара жатқан қағазға

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

жармасады. Солқылдап жылап жібереді. Әйелдердің қа­
сына келеді. Аш. Қалтасын қарайды. Тамаққа қарап
жұтынады. Көзімен ішіп-жеп барады).
БІРІНШІ ӘЙЕЛ: Сорлы. Әрең арашалап қалдық.

ЕКІНШІСІ: Өңшең баукеспе қаптап жүр.
БІРІНШІСІ: Ал, тоғаш ал. Ақшаң бар ма?
ҚЫЗ (бас шайқайды, теңселіп тұр): Жоқ. Апа...
(Бұрымын ұстайды. Алтын сағатты сыртынан қысып

қояды. Осы кезде сахна сыртынан әке даусы естіледі).
ӘКЕ ДАУСЫ: Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас
екен, қызым, Мә, мынау алтын сағат. Нанға ауыстыр, сат.
Қарындарың ашпасын, қалқам.

ҚЫЗ (сыбырлай сөйлеп): Шешелерім, бауырларым бар
ғой, олар аш отыр. Әке... әке... Енді шығасың түрмеден,
әке... Сосын тойынамыз, той жасаймыз.
ЕКІНШІСІ: Есі ауысқан ба? Сорлы, әке дейд...

БІРІНШІСІ: Мә! (Қолына кішкентай тоғаш ұстатып)
Бар. Жоғал тез. Өзіміз әрең күн көріп отырмыз. Қаптаған
қайыршы.
Төртінші көрініс

Қыз әкесі жатқан түрмеге келеді. Түсі суық, әскери
киімді адамдар көрініс береді. Қыз ілгері басады. Сахна
айналады. Қаракөлеңкелеу жерде көп тұтқын сап түзеп
тұр. Ит арсылдайды. Қысқа-қысқа бұйрық естіледі. Ма­

шина даусы шығады. Қыз бұрышта тығылып тұра береді.
ДАУЫС: Тұтқын Жақаев. 58-статья, 2-бөлімі. Ату жа­
засына бұйырылған.

– Осында.

– Тұтқын Ахметов.

– Осында.

– Тұтқын Иванов.

– Осында. (Ит арсылдап, әлдекім ақырады. Машина

даусы етіледі).

– Тұтқын Ерсариев.

– Осында.

– Тұтқын... (Дауыс көмескіленіп барып сәл үзілістен

кейін қайтадан бел алады). Мініңдер машинаға! Тез. Кәне,
бол! (Ит арсылдайды. Тұтқындар үн-түнсіз бір-бірімен
құшақтасып, қоштасып сахнадан кете бастайды. Сахна
айналғанда қыз тергеушінің алдында тұрады).

ТЕРГЕУШІ: Жолдас тергеуші Қарабаев тыңдап тұр.
ҚЫЗ (баяу дауыспен): Жолдас тергеуші Қарабаев,
әкем... әкеме келдім.
ТЕРГЕУШІ: Кім әкең? (Шақшиып) Өй, әкең... Қол ти­

мей...
ҚЫЗ: Әкем Дәулет Каримов осында жатыр.
ТЕРГЕУШІ (одан әрмен шақшиып): 58 статья, 2-бө­
лімімен сотталған болыс, бай, сатқын, шпион...

ҚЫЗ (ерегесіп): Ол бәрібір менің әкем.
ТЕРГЕУШІ: Сондай адамнан туған сен қайтіп оңайын
деп ең? Шық, айда!
ҚЫЗ: Шықпаймын. Әкем қайда? (Қалтасынан қағаз­

ды шығарып).
ТЕРГЕУШІ: Әкең 58 статья, 2-бөлім, болыс, бай, сатқын,
шпион есебінде сотталған. Өмір бойға. Хат жазысу, хабар­
ласу құқынан айырылған.

ҚЫЗ (шырқырап): Қашан?
ТЕРГЕУШІ: Айқайлама! Бұл – Сәбет мекемесі. Әкең үйі
емес.
ҚЫЗ (көзі тұтанып): Қашан дейм?!

ТЕРГЕУШІ: Он күн бұрын. Сібірге айдалған. Шық, айда
(кеудесінен түйеді).
ҚЫЗ (арпалысып): Міне, мынау Калинин қол қойған
қағаз. Оқы, жолдас тергеуші Қарабаев.

ТЕРГЕУШІ (қағазды қолына алып шошып кетеді): Ка-
ли-нин! Ой-бай, не дейд?! (Қалтырап-дірілдеп) «Не-мед-

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

лен-но освободить!» Құрыдық. Қайда әлгілер? (Қызға)
Кел, қарындасым, келе ғой. (Жаны қалмай жалбақ­тап)
Жұмыс ауыр. Бас көтертпейді. Су ішші. (Графиннен су
құйып аузына тосады). Әй, баламысың деген, бірден солай

демейсің бе, Ка-ли-нин-нен! Все! (Жанталасып) Қай­да
әлгілер? (Жан-жаққа жалақтап) Қайда құрыған?!
ҚЫЗ (жаймен, талықсып): Әкем... әкемді босатыңыз.
ТЕРГЕУШІ (әрлі-берлі жүгіріп): Қайда кеткен? Иттер!

Дүние не болып кетті? Ойпыр-ай, тура Мәскеуден! «Не-мед-
лен-но освободить!» Все!
ҚЫЗ: Калининнен.
ТЕРГЕУШІ: Өзің бардың ба? Өзің?

ҚЫЗ: Кремльге. Өзім, өзім бардым.
ТЕРГЕУШІ (жағымпазданып): Ақсақал «айналайын»
деді ме?
ҚЫЗ: Деді. Сіздердей емес. Аса мейірімді екен.

ТЕРГЕУШІ: Опыр-ай, а, рас па? (Осы кезде алыстан
үздіксіз атқан мылтық дауысы, иттердің арсылдап
үргені, тұтқындардың шыңғыра құлағаны естіледі. Қыз
құлағын баса қалады. Отырған орнында еңкейе береді.

Орыс азаматы есіктен енеді).
ОРЫС АЗАМАТЫ (тергеушіге): Жәй шақырдыңыз ба?
ТЕРГЕУШІ (жұлып алғандай): Жәй емес! (Қызды
нұсқап) Каримовтың қызы.

ОРЫС АЗАМАТЫ: Ал. Әлгі алашордашыл ма?
ТЕРГЕУШІ: Мәскеуден (сұқ саусағымен төбені нұс­
қап) келіп отыр. Тура Калининнен. Міне, қағазы. Сен де
тергеушісің.

ОРЫС АЗАМАТЫ (түсінбей): Сосын?..
ТЕРГЕУШІ: Мен асығыспын. Прокуратура шақырып
жатыр. (Жанталасып біресе бөркіне, біресе папкасына
жармасып) Кеттім. Өзің түсіндір. Все!

ОРЫС АЗАМАТЫ (қағазды оқып): Не-мед-лен-но осво­
бодить. Калинин! Ах-х! (Столға отыра қалады). Не дейд?!
ҚЫЗ: Босатыңыз әкемді.

ОРЫС АЗАМАТЫ: Ах! Біз оны он күн бұрын атып
жібердік қой! (Қолы дірілдеп, қағаз қалтырап) Осыдан
тура он күн бұрын. Алашордашылармен бірге!
ҚЫЗ (шырқырап): Әке! (Құлай кетеді). Әке, не деп

тұр мынау, әке! (Қаңқылдаған қаз даусы, қанат сусылы
естіледі. Мылтық тарс етіп атылады. Дүркіреп ұшқан,
қаңқылдаған қаз даусы алыстай береді).
(Айдын есейген. Жалғыз өзі. Ойлы қалпы. Қаңқылдаған

қаз даусы естіледі. Аспанға қарайды, күрсінеді. Қолына кү­
регін алады. Ілгері жүріп алтын сағатты жасырған жер­
ге келеді. Жалғыз терек өсіп тұр. Айналасына көз тігеді.
Осы кезде алыстан поездың гудок бергені, доңғалақ тарсы­

лы, иттің арсылдай үргені, қыздың шыңғыра жылағаны,
атылған мылтық үні естіледі. Айдын терек түбін жәй­
мен қаза бастайды).
АЙДЫН (өз-өзіне): Алматыдан келгенімше күткен

шығар мені. Оқу бітіріп... Әже, сенің аманатың ғой. Әу­
летіміздің бойтұмары ғой. Енді өзіммен бірге ұстармын.
(Елеңдеп) Мынау ақтиін бе, тішт, сенің атаңнан қалған
мұра емес. Аулақ! (Қаза береді. Қарға қарқ етеді). Қара

қарға? Бұл не ғып жүр? Сен де дәмелісің бе? Жоғал
әрі. (Қолымен үркітіп) Қой. Қарқылдауын. Кәрі мы­
стан. (Күліп) Айда, бар. Кеселдік жасама. (Шұңқырды
қаза түседі). Міне, (еңкейіп) орауы көрінді. Мынау –

«Құран». Жарықтық апам дүниеден озғанда көпшігінің
астынан алғанмын. (Сипалап бауырына басады). Оны
былай қоя тұрайын. Мынау – алтын сағат. (Қолына ала­
ды. Құлағына тосады. Тық-тық даусы күшейе береді.

Өзі жарыққа шағылысып жарқ ете қалады). Даусын
қарашы. Жүріп тұр. Тық-тық, тық-тық, тоқтамапты.
(Осы кезде дауыл ұйытқып өтіп, Айдынның жан-жағын
мұнар басады. Селдір тұман. Өзі таң-тамаша қалып ай­

наласына қарайды). Бұл не? Дауыл ма, тұман ба? (Жылан­
ның аш өзектен ысқырған үні естіледі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖЫЛАН: Әй, Айдын, таста алтын сағатты. Жеті жыл
көз ілмей бақтым. Менікі!
АЙДЫН (басы қайқаңдап тұрған әбжыланға қарап):
Бақсаң қайтем? Бұл – аманат. Нағашы атамдікі. Әжеме

берген.
ЖЫЛАН: Алтынның жылуына жеті жыл бойы жылын­
дым. Онсыз өлем. Әкел бері.
АЙДЫН: Жоғал әрмен! (Сағатты ала сала қашады.

Сол кезде алдынан үш-төрт пері қызы қоршай кетеді. Му­
зыка ырғағымен Айдынды ортаға алып билейді. Сықылық
атып күледі. Назданып, майысып құшақтайды. Мойны­
на асылуға ұмтылады).

ПЕРІ ҚЫЗДАРЫ: Жолыңды тосып сарғайдық қой.

– Сұлу жігіт.

– Бер бізге алтыныңды!

– Кетейік қол ұстасып!

– Салайық сайранды!

– «Құраннан» қорқып жолай алмай қойғанбыз.

– Қазынаңа!

АЙДЫН (өң мен түстің ортасында қалған): Пері? Пе­
рінің қыздары? (Қашып, бірақ пері қыздары орталарынан
босатар емес). Құран қайда? Құран?
ПЕРІ ҚЫЗДАРЫ: Қайтесің «Құранды»?

– Кел бізге.

– Ғашықпыз саған.

– Сұлу жігіт.

АЙДЫН (жанталасып): Аулақ. Аулақ менен!
(Осы кезде Айдынның қолындағы алтын сағат жарық­
қа шағылысып жарқ ете қалады. Қызылды-жасылды
көйлегі тобық қаққан цыган қыз пайда бола кетеді. Келе

пері қыздарымен шаштасып төбелеседі).
ЦЫГАН ҚЫЗ: Айдын, Алматыда алақаныңа қарап бал
ашқам. Бай боласың дегем. (Пері қыздарымен төбелесіп
жүріп, ентігіп) Есіңде ме?

АЙДЫН: Есімде.

ЦЫГАН ҚЫЗ: Ендеше, бөліс! Жарты ақшасы менікі!
(Пері қызын шашынан сүйреп, теуіп) Мә, саған! Кәззап!
Перімін дейд. Мен адамның перісімін.
ПЕРІ ҚЫЗДАРЫ: Қашайық!

– Құтылайық.

ЦЫГАН ҚЫЗ: Айдын, маған бай бол! Сонда бүтін алам!
(Осы кезде әбжыланның ысқырығы естіледі. Пері қыз­
дары ғайып болады).
АЙДЫН: Есіттің бе?

ЦЫГАН ҚЫЗ: Бұл не?
АЙДЫН: Әбжылан.
ЦЫГАН ҚЫЗ: Не сұрайд?
АЙДЫН: Алтын сағатты.

ЦЫГАН ҚЫЗ (қорқып): Енді қайттім?
АЙДЫН: Мықты екенсің, жең соны. Жыланды. Сосын
көрерміз.
(Осы тұста цыган қыз жоқ болып кетеді. Дауыл ыш­

қына соғады. Мыжырайған телпегі бар бір шал көрінеді. Ол
да асыққан сыңайлы, ентіккен. Келе Айдынның қолына
жармасады).
ШАЛ: Ой, бауырым. Келші құшақтап көрісейік.

АЙДЫН (қашқақтап): Кімсің? Айт, кімсің сен?
ШАЛ: Танымай қалдың ба, атаңмын.
АЙДЫН: Ата? Менің Дәулет атам ба? Нағашы атам?
ШАЛ: Жо-жоқ. Ағайынбыз, бір туған бауырмыз. Жәу­

тік атаңмын.
(Осы кезде әбжыланның ысқырығы, пері қыздары мен
цыган қыздың бажылдасып төбелескені, қарғаның қар­
қылдағаны естіліп жатады).

АЙДЫН (ышқынып): Жәутік! Әжем айтқан.
ШАЛ: Әжең – менің жеңгем. Жарықтық, жақсы адам
еді.
АЙДЫН: Жауыз! Атамды түрмеге қаматқан сен!

ШАЛ: Мен емес!
АЙДЫН: Аттырған сен!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШАЛ (жанталасып): Мен емес! Заман! Сондай заман!
АЙДЫН (тістеніп): Заман! Заманға жауып құтыл­
массың. Заман сендерге туғаныңды сат, ұстап бер, қамат
деді ме?

ШАЛ: Жоғарыдан сондай нұсқау болды!
АЙДЫН: Арын сатқан алаяқ. Әлі бар екенсің ғой.
Құзғын қарғамен құрдас екенсің ғой. (Жағасына жарма­
сады) Бүкіл әулеттің көз жасы үшін... Қайғы-мұңы, зары

үшін...
ШАЛ (арпалысып): Түп тамырымыз бір.
АЙДЫН: Ә, солай де!
ШАЛ: Жамылған көрпеміз ортақ.

АЙДЫН: Есіңе түсті ме?
ШАЛ: Әкел алтын сағатты. Давай, бер!
АЙДЫН (түйіп жығады): Кет әрі, нәлет!
(Осы кезде сахнаның екі жағынан ақ киім киген әйел

және ер адамның елесі пайда болып, жүгіріп қарама-қарсы
өтеді. Бұл әжесі мен нағашы атасы Дәулеттің елесі. Осы
көрініс екі мәрте қайталанғанда дауыл да, жанталасқан
дауыстар да, Жәутік те жоқ болып кетеді. Айдын сах­

на төрінде алтын сағатты қолына ұстап тұр. Еңкейіп,
жерден Құран кітабын алады. Сағаттың даусы күшейе
түседі.
АЙДЫН (таңғалып, бас шайқап): Өңім бе, түсім бе

бұл?
(«Сотбис» сауда аукционындағы кәнігі көрініс).
АЙДЫН (әйелге қарап): Кешірерсіз, кофені қайта­
лайсыз ба?

ӘЙЕЛ (селк етіп, терең ойдан оянып): Не? Не дедіңіз?
АЙДЫН (жымиып): Кофе, мүмкін болса сүтпен.
ЕРКЕК: Әрине, қымбатты мистер Мұсаев.
ӘЙЕЛ (кофе құйып жатып): Кешірерсіз. Мен ғұмыры

мұндай тарихты естіп көрмеппін.
ЕРКЕК: Таң-тамаша қалдық. Неткен жаны сірі еді
бұрынғы Кеңес халқының?!

ӘЙЕЛ: Ағылшындар француздармен болған 100 жыл­
дық соғыста да мұндай сұмдықты бастан кешпеген.
АЙДЫН (кофені ұрттап): Рахмет! Соншама азаппен...
Иттің өзі шыдамай шынжырына асылып өлер қорлық­

пен... Егемендікке енді жеттік қой.
ЕРКЕК: Ғажап!
ӘЙЕЛ: Әжеңіз нағыз ержүрек, ұлы адам екен. Героиня.
ЕРКЕК (бас изеп): Дәл солай!

ӘЙЕЛ: Атаңыздан осы алтын сағат. Ал, өмір бойы сов­
хоз директоры болған әкеңізден қандай мұра қалды?
ЕРКЕК: Иә, соны айтыңызшы?
АЙДЫН (кейсін сырт еткізіп ашып, кішкене қызыл

жалаушаны шығарады): Міне, осы. Бар-жоғы сол!
ӘЙЕЛ (қолына ұстап айналдырып): Қызыл жалауша.
ЕРКЕК: Осы құйттай қызыл матаның күші бүкіл
КСРО халқын ықтырып ұстауға жетті. Сталинді культке

жеткізген, Хрущевқа жүгері ектірген, Брежневтің төсіне
металлом үйдірген әсіре марапат пен осы қызыл жалау еді
ғой.
АЙДЫН: Рас. Шыны сол.

ӘЙЕЛ: Мұны да сатасыз ба?
ЕРКЕК: Сағатты сатсаңыз сауданы бірден бір миллион
доллардан бастаймыз (столын ағаш балғамен тарс ет­
кізіп бір ұрады).

АЙДЫН: Жоқ! Кешірерсіздер. Тарих сатыла ма? Ана
аманаты саудаға түсе ме? Деньги закончатся, а позор ос­
танется, дорогой! Бұл алтын емес! (Сағатты қолына ұс­
тап) Бұл тек қызыл жалауша емес. Отбасының да емес,

күллі Отанымыздың тарихы. Тағдыры. Кешкен ғұмыры,
шеккен бейнеті. Жұқа бағы, қалың соры. («Сотбис»
қызметкерлері айналған сахнамен қоса жылжып көзге
көрінбей кетеді. Ортада Айдынның жалғыз өзі қалады).

Жылтыраған таңсықтың бәрін сыртқа тасыдық. Жетер
енді! Соңымыздан еркіндіктің ерке самалына кеуде тосқан
жас ұрпақ, жасампаз ұрпақ өкше басып келеді. Олар ал­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

тынды көріп азбағай, қызылды көріп тозбағай! Ал (сағат
пен жалаушаны ұстап тұрып) бұлардың ендігі орны
мұражай. (Қаңқылдап ұшқан қаз дауысы естіледі. Айдын
аспанға қарайды) Қараша қаздар қайтып барады. Туған

жерін қимай. Сап түзеп. Ендігі жерде беймезгіл атылған
мылтық дауысы естілмегей. Көшбасшысы аман болғай!
Шымылдық

ӘБУТӘЛІП ӘПЕНДІ

Екі актілі, төрт көріністі трагикомедия
Кейіпкерлер:

1. ӘБУТӘЛІП ӘПЕНДІ – қарт, діндар 2. ЕДІРЕЙ МАТОВИЧ – тұрақ-мекені белгісіз, маскүнем 3. АНФИСА – айырылысып кеткен әйелі 4. ИТЕМГЕН – Едірей Матовичтің досы 5. ҚҰТЫМ САЛАҚБАЕВИЧ – райком хатшысы 6. СӘЛІМ СӘКЕНОВИЧ – мәдениет бөлімінің бастығы 7. ЕСКЕН – тележурналист

Екі жігіт

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші акт
Бірінші көрініс
Дала. Мезгіл күз айы. Ауыл қорымы. Күмбезді, жаңадан
салынған зират ерекше көзге түседі. Тек сырты ғана

әктелмеген. Зираттың бас жағында Әбутәліп әпенді дұға
оқып отыр.
ӘБУТӘЛІП ӘПЕНДІ (аят сөзі, дауыстап): Сұбұхан
раббилға затигими асипу, У саллам, аль мүрсалим алхамды

билляй раббилға ләмин! Әбутәліп әпенді Насыреден
баласына осы дұғамды бағыштадым. Жаны жәннатта,
жатқан жері жарық боп пейіште нұры шалқығай. Аллау-
акбар. Тие берсін. (Бетін сипап, жүрелеп барып орнынан

көтеріледі.
Шалбарының
тізесін
қағады.

Зиратты
сипайды, Кемсеңдейді). Қос құлыным тірі болса, өзіме
өзім зират салып, дұға бағыштамас едім-ау. Қайтейін. Уh,
Алла (белін ұстап) былтырғыдай шойырылып қалмасам

жарады. Қолдағы екі-үш жандыққа да бас-көз болатын кісі
жоқ.
(Осы кезде сахнаның сыртынан екі адамның даурығып
сөйлегені, гармонға қосылып салған әні естіледі).

– Бабу ненасытную, стерву неприкрытую,

Сколько раз я спрашивал: «Хватит ли, мой свет?»
А ты всегда испитая, здоровая, небитая,
Давала мне водку, и кричала: «Еще нет!»

– И-и кричала: «Еще нет!»

(Сахнаға қолтықтасқан Едірей Матович пен Итем­
ген шығады. Қызғын. Едірейдің қолында гармон, иығына
асқан сөмкесі бар. Ішінен ара, балға, балта секілді құрал-
саймандар көрініп тұр, Итемгеннің қолында шелек, күрек.

Аузында темекі).
ИТЕМГЕН: И-и кричала: «Еще нет!» (Билеп жібереді).

ӘБУТӘЛІП: Жаратқан ием, пәле-жәле, қауіп-қатерден
өзің сақтай гөр.
ЕДІРЕЙ (гармонын құлаштай созып): Итемгенчик,
сұмдық ақын емеспін бе, а?

ИТЕМГЕН: Ех, Едірей Матович, ғажапсың. Музыкант,
ақын, (көрсетеді) екі қолы бірдей шынтағына дейін алтын
шебер. (Жұдырығын түйіп) Әнші! Дабай, ән баста.
ЕДІРЕЙ: Әйеліме шығарған әнді ме?

ИТЕМГЕН: Давай, әйеліңе шығарғанды.
ЕДІРЕЙ: Қай әйеліме?
ИТЕМГЕН: Соңғысына.
ЕДІРЕЙ: Бұрынғыларына шығарғанымды онсыз да

ұмытып қалдым. Әннің аты – «Аяулым Анфисаға».
ИТЕМГЕН: Анфиса әйеліңнің несі, аты ма?
ЕДІРЕЙ: Әйелімнің аты. (Бас бармағын шошайтады)
О, оның фигурасын көрсең, прямо күндік жерден талып

жығыласың. (Көрсетеді) Бөксе, мықын. Қытығы қандай.
(Итемгенді қытықтап көрсетеді) Битіп қалсаң болды,
(саусағын шошайтып) анадай жерге атып кетеді, от ол
сондай.

ИТЕМГЕН: Битіп қалғанда (бұл да Едірейді қы­
тықтайды) анадай жерге секіріп кететін болса әйеліме
мен де ән шығарар ем. Битпек түгел (жұлмалап көрсетеді)
битіп қалсаң да былқ етпейді-ау, былқ етпейді. Ондай

әйелге есіл азабым, ән шығарып. (Түңіліп қолын сермейді).
ЕДІРЕЙ: Жаз шыға кетем осы ауылдан. Сонда саған
да ән шығарып кетемін. Досым, күл көсеп, пеш салысқан
«Итемгенчикке» деп. Во, өзің айтып жүресің.

ИТЕМГЕН: Шынымен кетесің бе, мені тастап? (Екеуі
құ­шақтасады). Сенен басқа мені мұнда ешкім түсінбейді.
Абсолютно! (Еңкілдейді).
ЕДІРЕЙ: Қайтейін, бауыр-ем (көңілі босап).

ИТЕМГЕН: Жазға дейін бір жөнін табамыз. Давай, ән
сал.
ЕДІРЕЙ (гармонын созып): «Аяулым Анфисаға» ма?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ИТЕМГЕН: Иә, «Алыстағы Анфисаға».
ЕДІРЕЙ: А бог с тобой, с проклятою, с твоею верной
клятвою,
О том, что будешь ждать меня ты долгие года.

ИТЕМГЕН (Едірей екеуі гармонның сазына қосылып
билеп): Будешь ждать меня ты, Анфиса, долгие года.
ЕДІРЕЙ: Молодец, Итемгенчик. «А ну тебя, патлатую,
тебя саму и мать твою! Живи себе как хочешь – я уехал на­

всегда!»
ИТЕМГЕН (қолын сермеп): Анфиса, я уехал навсегда!
Дәс-пи-дан-ия!
ӘБУТӘЛІП (дауыстап): Ау, шырақтарым-ау, зираттың

жанына кеп жын-ойнақ салғандарың қай сасқандарың?
ИТЕМГЕН: Ассалаумағалейкөм, ақсақал. (Қолын ала­
ды). Бұл сасқанымыз емес.
ЕДІРЕЙ: Ас-салау, қақсақал (қолын ұсынады).

ӘБУТӘЛІП (елемей): Әлде тасқандарың ба? (Итемген
жауап таба алмай иығын қиқандатады). Ілкі көргенде
пері екен деп қалып ем.
ИТЕМГЕН: Ой, ақсақал-ай, жын-шайтан зиратқа жо­

лаушы ма еді.
ӘБУТӘЛІП: Өздерің құсағандар болмаса.
ЕДІРЕЙ (Итемгенге): Қақсақал не деп тұр. Пешім тү­
тін тартпайды дей ме?

ИТЕМГЕН: Жо-жоқ! Зираттағыларды оятып жібе­
ресіңдер. Өлең айтпаңдар, би билемеңдер, гармонда­рыңды
аш иттей ұлытпаңдар дейді.
ЕДІРЕЙ (көзін көлегейлеп зиратқа қарайды): Мына

тұрған зират па? Мен манадан үй екен деп тұрсам. Біздің
бастық Сәлім Сәкеновивтің үйінен аумайды ғой, құдды
соның үйі. (Қолымен көрсетіп) Жанындағы кішкентайы
сенің тоқал тамың секілді.

ӘБУТӘЛІП: Неге ұқсатсаң да біздің қауымның зираты
осы, шырағым.

ИТЕМГЕН (бетін сипайды): Жатқан жерлері жарық
болсын. Біз де жандарыңа барып бір күні жалп етіп жата
кетерміз. (Едірейге қарап) Давай, сен де сипа бетіңді.
ЕДІРЕЙ (бір қолымен аузын сипайды): Ас-салау.

ИТЕМГЕН: Вот так. (Әбутәліпке) Ақсақал, зират басы­
нан не іздеп жүрсіз?
ӘБУТӘЛІП: Не жоғалтып жүр дейсің, жетпіске келген­
де. (Нұсқайды) Мына жатқан марқұм кемпірім. Соған дұға

бағыштап жүрмін.
ЕДІРЕЙ (Итемгенге): Қақсақал не дейді?
ИТЕМГЕН: Қақсақал емес, ақсақал де. Кемпірім – өл­
ген. (Қос алақанын жайып көрсетіп) Соған дұға, аят оқып

жүрмін дейді.
ЕДІРЕЙ: Ә-ә, білем, өлең айтып жүр екен ғой. Кемпірін
мақтап. Давай, мен қостайын. (Гармонын созады. Әбутә­
ліп екі құлағын қолымен басады).

ИТЕМГЕН (гармонға жармасып): Ой-бай, қой, ол
қостауға көнетін ән емес. (Әбутәліп қолын қорқа соғып құ­
лағынан алады).
ӘБУТӘЛІП: Ал, балалар, жүздің затын білгенше бірдің

атын біл деген. Кім боласыңдар, қайдан жүрсіңдер?
(Үшеуі де зират жанына отырысады).
ИТЕМГЕН (Едірейдің иығынан ұрып): Шыбын жанын
мен дегенде бөз шүбереке түйген досым Едірей Матович.

ӘБУТӘЛІП: Едірей?
ИТЕМГЕН: Иә, Едірей. Қарашы, ақсақал, өзі үріккен
түйедей едірейіп тұр емес пе? Ә-ә (күледі).
ЕДІРЕЙ (шамданып): Ну, Ит, қойсаңшы.

ИТЕМГЕН (елемей): Ал пеш салуға келгенде, мұның
алдына түсетін жер бетінде бірде-бір шебер жоқ. Прямо,
(қолын білегіне дейін көрсетіп) білегіне дейін алтын.
ӘБУТӘЛІП: Матыш пеш салады де.

ИТЕМГЕН: Салғанда қандай! Бұл салған пешке отын
қажеті жоқ. Тамыздығының өзі-ақ үйді жандырып жі­
береді-ау, жандырып жібереді.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘБУТӘЛІП: Ал, жол болсын.
ЕДІРЕЙ (жұлып алғандай): Жолаяқ сізден болсын,
қақ... жоқ, ақсақал.
ӘБУТӘЛІП: Әй, мынау Матыштың төбесі дұрыс тесік

қой.
ИТЕМГЕН: Ой-буй, ақсақал, бұл деген жолаяқ, сыйаяқ,
жолашар, тоқымқағар, алып жібер, қағып таста, жөңкітіп
жібер дегенді осында келгенге дейін жаттап алған. Зула­

тып тұр.
ӘБУТӘЛІП: Е, бәрекелді өзіміздің бала екен ғой.
ИТЕМГЕН: Менің есімім – Итемген, ақсақал.
ӘБУТӘЛІП: Итемген?

ИТЕМГЕН: Әкем жарықтық менен бұрынғы балалары­
на көз тиіп өле бергесін менің атымды осылай қоя салыпты.
ЕДІРЕЙ: Көз тимей аман қалған түріңе болайын.
ИТЕМГЕН: Несі бар, әлі күнге сақтанамын (қолын ерсі

сілтеп). Үйдегі новый костюмді киіп (тұрып көрсетеді),
ол шымкентский костюм, жасыл галстугімді байлап
(көрсетеді), аяғыма жетісуский топлиымды киіп көшеге
шыға келейінші...

ЕДІРЕЙ: Ал, шыға келдің.
ИТЕМГЕН: Көз тигенде де атып жығады. Прямо на
смерть! Вот, сосын сақтанып (үсті-басын көрсетеді) осы­
лай жүремін. (Шал мен Едірей селкілдеп күледі. Оған

Итем­геннің өзі де қосылады).
ЕДІРЕЙ: Бастықтың пешін салып келеміз, ақсақал.
(Гармонын созып қояды).
ИТЕМГЕН: Сәлім Сәкенович деген бастығымыз бар.

Соның қатынының бөксесі тоңып қалыпты. А-а, жаурап
кеттік-ау, (өңірін қаусырады) өзіңіз кім боласыз?
ӘБУТӘЛІП: Азан шақырып қойған атым – Әбутәліп. Бір
аттың өзін жауыр болған жылқыдай әрең көтеріп жүргенде

жұрт әпенді дегенді қосақтады.
ИТЕМГЕН: Әбутәліп әпенді?
ЕДІРЕЙ: Эффенди?

ӘБУТӘЛІП: Иә, Эффенди. (Зиратты көрсетеді) Мына
жатқан – кемпірім Шүйкетай.
ИТЕМГЕН: Ым-м (басын изейді).
ӘБУТӘЛІП (мұңайып): Байғұспен тірі кезінде саулама

пештің қызуына көп таласатын едім.
ИТЕМГЕН (иығымен шалды ығыстырып көрсетіп):
«Былай отыр, Шүйкетай, алай отыр, Шүйкетай» деп пе?
ӘБУТӘЛІП: Ашуыма тие берсе (Итемгенді түйіп қа­

лады) битіп өңменінен түйіп кеп жіберетін ем.
ЕДІРЕЙ: «Милиция!» деп айқай салмайтын ба еді?
ӘБУТӘЛІП: Қай-да! Қайта «Шалым, қайратың қайт­
папты, әлі де жұмалығың бар екен» деп қуанып қалатын.

(Едірей мен Итемген қутыңдап күліп оңбай қалады).
ИТЕМГЕН: Жарайсың, шалым! Жұмалық дейді (қайта
күледі).
ӘБУТӘЛІП: Ал, балалар, қолдарың (білегін көрсетеді)

мына жерге дейін алтын екені рас болса маған жәрдем
беріңдер.
ИТЕМГЕН: Қандай жәрдем?
ЕДІРЕЙ (кетейік деген ыңғай танытып): Күн суы­

тып барады. Ища-а.
ӘБУТӘЛІП (зиратты көрсетеді): Осы зираттың сыр­
тын әктеп беріңдер.
ЕДІРЕЙ (елеңдеп): Ақысы болса...

ИТЕМГЕН (желкесін қасып, ойланып): Қайдан білейін,
ақсақал. Күні құрғыр суытып барады. (Көрсетеді) Ана
түрі жаман бұлтты көрдіңіз бе?
ӘБУТӘЛІП: Ойбай-ау, құр сауап үшін емес, ақысын

төлеймін, ақысын. (Құнжыңдап бөрігін шешіп, ішінен көл­
дей ақ орамалды алып, түюлі ақшасын шығарады).
ЕДІРЕЙ: Қанша төлейсіз? (Екеуі бірінің иығынан бір
аса қарайды. Көздері ақшаны тесіп барады. Шал бұлардан

теріс айналып, күбірлеп ақшасын санайды. Екеуі шалдың
екі иығынан үңіледі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘБУТӘЛІП: Үш сом, он екі, жиырма бір. Жарар осы.
(Екеуіне бұрылады).
ИТЕМГЕН: Жо-оқ, ақсақал, аздау, енді екі үштік қо­
сыңыз. Аяқ астынан боран соғып кетуі мүмкін.

ЕДІРЕЙ (қарап қалмай): Тағы бір үштікке сараңдық
жасамаңыз. (Көрсетеді) Әне, бұлтты көрмейсіз бе, қаптап,
өріп келе жатыр.
ӘБУТӘЛІП (көзін көлегейлеп көкжиекке қарайды):

Әнеу бұлтты айтасың ба, оны жел әрі қарай айдап бара жа­
тыр ғой.
ИТЕМГЕН: Желде бағыт бар ма, әпендім, сәлден кейін
бері айдайды. Ал, не істейсің? Желге сеніп жұмыс жасау­

ға болмайды.
ӘБУТӘЛІП: Мен келістім. Отыз сом пенсиям еді. Мә,
басы бүтін алыңдар, шырағым. Саудаласып тұрғанда жел
басқа жаққа аунап кетіп, тіпті қымбаттатып алармын.

ЕДІРЕЙ (ақшаны алып жатып): Бір көргеннен айтпа­
дым ба, жақсы старик екен деп.
ИТЕМГЕН: Иә, келістіргенсің. Давай, он бес сомы
маған. Ищ ты! (Екеуі ақшаны бөлісіп алады).

ӘБУТӘЛІП (зиратты нұсқап): Бар-жоғы осы зират.
Бүгіннен қалдырмаңдар, шырағым. Әктеп шығу ғой бар
болғаны.
ИТЕМГЕН (іске кірісіп жатып): Бар болғаны! Айтуға

ғана оңай. Ал, істеуге келгенде. Оңай болса өзіңіз-ақ.
(Астауды күректеп сапырылыстырып жатып) Былай
нетіп... Нетіп жібермейсіз бе?
ӘБУТӘЛІП: Итемген шырағым-ай, атаң қозғалып қалса

болды, желмылтығы тарс ете түседі. Менің қолымнан не
келсін?
ИТЕМГЕН (қарқылдап): Желмылтық, ха-ха-ха, жел­
мылтық!

ЕДІРЕЙ: Пух! Пух! Ой, ішігім-ай. Ай, дед, Шукарь!
(Басын шайқайды. Екеуі зираттың сыртын әктеуге

кіріседі. Қимыл-әрекеттері онша жарасымды емес, ода­
ғай, қолапайсыз).
ИТЕМГЕН (әктеп жатып): Балаларыңыз бар ма,
әпендім?

ӘБУТӘЛІП: Соғыстан бұрын болған.
ЕДІРЕЙ (елеңдеп): Оралмай қалды ма?
ӘБУТӘЛІП (мұңайып): Иә, ырыздық шетке жазса да,
топырақ шетке жазбасын деген бұрынғылар. Қан майдан­

нан қайтпай қалды қос боздақ.
ИТЕМГЕН: Қай жерде опат болыпты?
ӘБУТӘЛІП: Бірі Сталинградтың, екіншісі Берлин тү­
бінде.

ЕДІРЕЙ: Менің әкем Москва түбінде тұтқынға түсіпті.
ӘБУТӘЛІП: Аман-есен оралды ма?
ЕДІРЕЙ: Гитлердің қақпанынан құтылғанымен, Ста­
линнің каторгасынан қашып кете алмады. Он бес жылға

кесіліп, Сібірде қандалаға таланып қор боп өлді.
ӘБУТӘЛІП (бетін сипап): Жатқан жері жарық болсын.
ИТЕМГЕН (қолын сілтеп, ышқырын көтереді): Ол кез­
де фашистің бұғауынан советтің бұғауы қатты болатын.

Көріп жүрміз ғой.
ЕДІРЕЙ: Солар өлгенше соғыспаса қазір біз Бавария­
ның сырасын сіміріп жүрер ек. Көбігін бұрқыратып. (Әбу­
тәліп екеуіне үрке қарап үрейленеді).

ӘБУТӘЛІП: Содан қайтып марқұм шешелерің құрсақ
көтермей қойды.
ИТЕМГЕН: Бала табатын басқа кемпір алмадыңыз ба,
әпендім-ау?

ЕДІРЕЙ (әктеп жатып): Онсыз да алимент төлемейді
екенсіз. (Қолын сермеп) Ту-у-ух!
ӘБУТӘЛІП: Дүниеде не көп, қатын көп, шырағым.
Күшіміз төсекке сыймай жүрген шақта талайы күлім

қаққан (қутыңдап).
ИТЕМГЕН: Е, міні, жөні енді келе жатыр. Манадан бері
соны айтпайсыз ба?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ЕДІРЕЙ: Қойныңызға бір шөлмекті салып, қараңғы түсе есігін қақсаңыз шаруа бітті емес пе? ИТЕМГЕН: Таң атпай алакөбеңде шыға қайқай. ӘБУТӘЛІП: Ол сендердің замандарыңның төрі мен тәртібі ғой. Жақсы ұл да жақсы махаббаттан туады, шы­ рағым. ЕДІРЕЙ (ісін қоя салып): Махаббат дейді-ей мына шал. ИТЕМГЕН: Ғашық болмай туған бала жерде қалып па? ӘБУТӘЛІП: Қайда қалатынын кім біліпті. Жүректің жылуы емес, қойындағы әлгі Матыш айтқандай бір шөл­ мектің қызуымен пайда болған бала шаңырағыңды ұстап не көктетер дейсің. ЕДІРЕЙ: Мына шалдың құтыруын. ИТЕМГЕН: Жұрт балшықтан бала жасай алмай жүр­ генде. ӘБУТӘЛІП: Е, шырақтарым-ай, түске дейін есі бар, сағат екіден соң есі жоқ сол балшығыңның сүйіндіргенінен күйіндіргені көп болса қайтесің. Өз қолыңды өзің кесесің бе? ЕДІРЕЙ: Сағат екі дейді-ай, (қарқылдап) дүкеннің ашылуын айтып тұр. Өзі пәле. ИТЕМГЕН (қостай күліп): Біз сағат екіден соң ес жия­ мыз. От солай! ЕДІРЕЙ (ымдайды): Итемгенчик, әлгің қайда, әлгің. ИТЕМГЕН (шелектің ішінен бір шөлмек шарапты суы­ рып алады): Кел, келіңдер. Күн суытып кетті. ЕДІРЕЙ: Бой қыздырып алайық (алақанын уқалап). ИТЕМГЕН (зиратқа қарап): Енді қалғаны түк емес. Бір сүйкетіп өтеміз. ЕДІРЕЙ: Ақсақал бастасын (стакандағы шарапты ұсынады). ӘБУТӘЛІП: Алла риза болсын (без-без етеді). Айта көрме, шырағым. Өзің іш. ИТЕМГЕН (елпілдеп): Анау-мынау емес, «Қазақстан» шарабы.

ӘБУТӘЛІП: Шарапқа дейін ұлтқа бөлетін болдық па?
(Күрсініп) Ой, заман-ай. (Итемген мен Едірей бір-бір аю
стақаннан тартып жіберіп, жұдырықтарын иіскейді).
Ас болсын.

ИТЕМГЕН: Ой, жарықтық-ай, қасиетті нәрсе ғой.
ЕДІРЕЙ (қарнын сипап): Іштегі өртті сөндіріп жатыр.
(Гармонын қолға алады).
А настанет лето – ты еще вернешься,

Ну а я себе такую бабу отхвачу.
Что тогда ты, стервь, от зависти загнешься,
Скажешь мне: «Прости», а я плевать не захочу!
ИТЕМГЕН (Едіреймен қосылып билеп): Скажешь мне

«Прости», Анфиса, а я плевать не захочу! Ай-да! (Әбутәліп
аң-таң болып екеуіне алма-кезек жаутаңдайды, біресе
құлағын басады).
ЕДІРЕЙ (ентігіп): Бұл – Анфисадан айырылғанда шы­

ғарған әнім.
ИТЕМГЕН: Молодец, Едірей Матович. Ғажап ақынсың.
Анфисадан айырылдым екен деп саспа. Үш баласымен
күйеуден шыққан немере қарындасым бар, соны саған

алып беремін.
ЕДІРЕЙ: Күйеуі алимент төлей ме?
ИТЕМГЕН: Төлейді. Төлемесе (алақанын көрсетеді)
осы қолмен тура өңешін суырып аламын.

ЕДІРЕЙ (құлшынып): Онда аламын. Все, үйленемін.
ӘБУТӘЛІП (залға қарап): Осы заманда құда болу үшін
зираттың басына келіп, шарап ішіп, ән салса жетіп жатыр
екен ғой. (Бас шайқайды).

ЕДІРЕЙ (ерісіп): Все, қарындасыңның үйіне бүгін бара­
мын.
ИТЕМГЕН: Тура бүгін барасың.
ЕДІРЕЙ: Өзің бірге жүр. Бармасаң қолыңнан қағаз жа­

зып бер. Екеуің үйленесіңдер деп.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ИТЕМГЕН: Все, айттым бітті. Мына ақсақал куә. Солай
ма, әпендім?
ӘБУТӘЛІП: Итемгенжан, қашты-қудыға куә болатын
жастан кеткенмін. Пәлеңнен аулақ. (Қолын сілтеп) Ала

берсін. Ұзағынан сүйіндірсін.
ЕДІРЕЙ: Итемгенчик, давай құй. Ішеміз бүгін. (Ста­
кандағы шарапты қағып салады). Ну а я себе такую бабу
от-хва-чу! (Әндеткен күйі ауын ұстап зират айналып

кетеді де, сәлден кейін сол күйі жүгіріп келеді). Қақ... ақ-
сақал, мына зираттың ішіне кісі көмілмепті ғой.
ИТЕМГЕН (шошып, орнынан үш ұмтылып зорға тұ­
рады): Көмілмегені несі?! Көму керек. (Зираттың есігінен

сығалап қарайды). Мә! (Таңданып) Қабірі үңірейіп жатыр.
ЕДІРЕЙ (ерісіп): Білдім. Жатқан кісіні ұрлап кеткен,
батыс елінде сондай дәстүр бар.
ИТЕМГЕН (дәудірлеп): Ауыңды салсаңшы. Іздеу ке­

рек. Значит, (ойланып) Шүйкетай кемпірді ұрлап кеткен.
Қайткенде де табамыз.
ЕДІРЕЙ (ауын тиектеп жатып): Таппай қоймаймыз.
Шалына қайтадан әкеп қосамыз.

ӘБУТӘЛІП: Ей, сабыр етіңдер, дәудірлемей. Шүйкетай
ешкімге қолды болған жоқ. (Жанындағы зиратты көр­
сетеді). Жатыр міне, қоспақ інгеннің жабуындай жапы­
райып. Бұл – менің зиратым.

ИТЕМГЕН (шошып едірейіп): Менің зиратым?!
ЕДІРЕЙ: Боже мой! Бұл қалай?
ИТЕМГЕН: Тірісінде өзіне зират салған не масқара!
ЕДІРЕЙ: Біреу тұратын үй таба алмай жүрсе.

ӘБУТӘЛІП: Масқара де, басқа де, бұл – мына тұрған
Әбутәліп әпендінің зираты.
ИТЕМГЕН (ежіктеп): Тіріңізде өзіңізге зират салып,
оның сыртын әктетіп... (Әбутәліпті күдікті көзқараспен

айналып шығады). Дұға бағыштап...
ЕДІРЕЙ: Біз жынды ма, бұл жынды ма?

ӘБУТӘЛІП (қатуланып): Екі баланың сүйегі қайда ша­
шылып қалғанын бір Алланың өзі ғана біледі. Ағайын-
туыс жоқ. Кемпірдің жатысы мынау. Ертең Алла ақ мыл­
тығын маған, Әбутәліп әпендіге тураласа, сен, Итемген,

маған зират саласың ба? Сен, үй-күйі жоқ Едірей Матыш,
басымды қарайтасың ба?! Дұға дейді, сендердің дұғала­­
рың, ар-имандарың шөлмектің ішіне қамалған. (Ашула­
нып жерді теуіп-теуіп жібереді). Кәне, айтыңдар, кім

жынды? Айт, Итемген! Бөгелме, Едірей Ма-тыш! (Екеуінің
жүні жығылып, күбіжектеп қалады).
ИТЕМГЕН: Ақсақал, сабыр етіңіз.
ЕДІРЕЙ: Бізден бір түсінбестік өтті.

ИТЕМГЕН: О баста бәрін түсіндіріп, ашып айту керек
еді.
ӘБУТӘЛІП: Бір-біріңе құда түскендей ғып па?
ЕДІРЕЙ: Ақсақал, молодец, көрін (құлашын созып көр­

сетеді) кең ғып қаздырыпты.
ӘБУТӘЛІП: Бір ор марқаны сойып, ауылдың жігіт-
желеңін жинап салдырғам (зиратты көрсетеді). Әлгі не­
сін кеңдеу ғып жібергені рас, енді. Менде қайбір дене бар

(үсті-басына қарайды).
ЕДІРЕЙ (елпеңдеп): Саспа, ақсақал. Табытыңды үлкен
ғып өзім жасаймын. Сонда көпке дәл келеді.
ИТЕМГЕН: Табылған ақыл. Жарайсың, Едірей. Прямо

үлкен ғып жаса. Ағашты аяма. Рахаттанып жатсын.
ЕДІРЕЙ: Давай, құй, сол үшін ішеміз. (Екеуі қағып са­
лады).
ИТЕМГЕН (қызғын): Әп-пенді, енді уайымдама. Пря­

мо рах-хаттанып жатасың. Жан-жағың пейіш, періште.
Хордың қызы...
ЕДІРЕЙ (мас): Әнмен шығарып саламыз (гармонын
қолына алып).

ИТЕМГЕН: Жылаймыз! Рах-хаттанып тұрып.
ЕДІРЕЙ (боздатып, әрі Итемгенмен қосылып би­лей­
ді):

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

А настанет лето – ты еще вернешься,
Ну, а я себе такую бабу отхвачу.
Что тогда ты, стервь, от зависти загнешься,
Скажешь мне «Прости», а я плевать не захочу!

ИТЕМГЕН (билеп): Скажешь мне «Прости», Анфиса,
а я плевать не захочу! Жылаймыз, ақсақал. Саспа, Рах-
хаттанып тұрып...
Екінші көрініс

Райком секретары Құтым Салақбаевичтың кабинеті.
Өзі төрдегі креслода жайғасқан. Қатты ашулы. Буыр­
қанып, дегбір таппай телефонды бір алып, бір қояды. Есік
жаққа қарап секретарь қызға айқайлайды. «Ту, шорту», –

деп стол ұрады.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Шорту боп кеткір, өңшең! Най­қа­
лып жүріп бола ма, бұлар (айқайлайды). Әй, Сырғалы,
қайта звонда мәдениет бөліміне. Жетсін тез! Бір аяғы анда,

бір аяғы осында болсын. (Әрлі-берлі адымдап). Бұдан өткен
масқара болмас. Өгіздей өрге сүйреп отырған ауданымның
бетіне жағылған қара күйе бұл. Өшпес таңба. Айнала
анталаған жау, шырылдайтын жалғыз өзім. (Телефон

шырылдайды. Көтеріп дүрсе қоя береді). Сенің совхозың
оңбайды. Қойларың қотыр, жүн бермейді. Сиырларың
өңшең нервный, сүті желінінде тұрып ашып кетеді.
Жұмысшыларың қырсық, партбилетін тура бетіңе лақ­

тырады. (Пауза). Ә-ә, мен «Жұлдызды» совхозы десем,
өзіміздің Кәкең екесіз ғой. Даусыңыз біртүрлі құмығып
шыққасын байқамай... Ғафу өтінем. Өзім хабарласар­
мын, өзім. Е-ех-хе. (Трубканы қояды. Осы кезде есік ашы­

лып ішке мәдениет бөлімінің бастығы Сәлім Сәкенович
енеді).

С. СӘКЕНОВИЧ: Ас-салау-мағалейкөм, Құтым Салақ­
баевич. (Қолын ала жүгіреді).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Қоя тұр, уақыт жоқ. (Жаратпай,
даусын Құран оқығандай созып).

С. СӘКЕНОВИЧ (абдырап): Апыр-ай, енді, Құтеке-ау.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Құран оқитын кезің алда әлі.
Жүреңнен отыра қап боздатарсың. Өңшең милау.
С. СӘКЕНОВИЧ (тіпті абдырап): Құ-құтеке, не жазып

қалдым? Түнде өзіңізге переферанстан ұтылдым...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Переферансыңмен бірге құры,
қараң өшкір. Басымызға қара бұлт үйіріліп тұрғанда...
С. СӘКЕНОВИЧ: Не дейді! Өлтірмесеңіз айтыңызшы.

Сіздің жолыңызда басым садаға.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әңгіме сол өлімнен шығып тұр.
С. СӘКЕНОВИЧ: Үйдегі-түздегі, ту-уh, мен де аузымнан
қағынып. Жеңгей аман ба, әйтеуір? Басқасы шортуым.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Жеңгең күйлі. Әлгі қолы алтын
деп мақтайтын пеш салатын шеберің бар еді ғой...
С. СӘКЕНОВИЧ: Иә, бар. Қаңғып жүрген ішкіш емес
пе. Едігей, (ойланып) Едірей Матович.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сол өліп қалыпты.
С. СӘКЕНОВИЧ: Өліп қалыпты?! Қайтеміз, жолы бол­
сын. (Жағымпазданып) Құтеке-ау, соған бола таң атпай...
Жүрегіңіз тым жұмсақ-ау.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (ашуланып): Әңгіме оның өлге­
нінде емес, (саусағын шошайтып) мәселе қай жерде өл­
генінде болып тұр
С. СӘКЕНОВИЧ: Қай жерде жан тапсырыпты?!

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Қарауындағы жұмысшыларың­
ның қай жерде өлетініне дейін білмейсің.
С. СӘКЕНОВИЧ: Апыр-ай, енді. Құтеке-ай.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Райкомның алдында тұрған кө­

сем ескерткішінің ық жағына отырыпты да, қылжиып
қалыпты.
С. СӘКЕНОВИЧ (шошып): Масқара!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Масқараның көкесі ертең об­ком­
дағылар естісе – сол.
С. СӘКЕНОВИЧ: Өлетін жерін білмеген ит екен нағыз.
Қандай правосы бар, көсемге арқа сүйеп отырып өліп ке­

туге?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (дәрі ішеді): Уh, жүрегім. (Ежі­
рейіп) Арқа сүйеді дегенді қайдан шығардың? Ық жағына
отырып демейсің бе?

С. СӘКЕНОВИЧ: Иә, ық жағына.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Уh, ертең облыстағы сессияда
«Ұлттар арасындағы достық байланыс» деген тақырыпта
баяндама жасаймын. Мына масқара жұртқа жария боп

кетсе не бетімді айтамын? Онсыз да ұлттар арасындағы
достыққа факты табылмай, жоқтан жонып жатырмыз.
С. СӘКЕНОВИЧ (күйініп): Жұмысшыларыма күнде
қақсаймын, ішкен кезде көсем ескерткіші мен сіздің үйі­

ңіздің жанына жоламаңдар деп. Тыңдай ма бұлар, ит
қорыған жерге өш, қайта құтырып кетеді.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сенімді кімің бар? Шақыр осында.
Бүгіннен қалмай жерлеу керек.

С. СӘКЕНОВИЧ: Қазір, Құтеке. (Есіктен шығып ке­
теді де, кешікпей кері оралады, жанында Итемген бар).
Құтеке, мына тұрған Итемген. Бұл да пеш салатын шебер.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (зіркілдеп): Өлетін болсаң қаң­

ғымай үйіңде өл. Түсіндің бе-ей?
ИТЕМГЕН (үрейленіп): Шиеттей жеті балам бар. Солар­
ды қатарға қосайын. Сосын өлсем бола ма, Құтеке?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сосын рұқсат.

С. СӘКЕНОВИЧ: Құтым Салақбаевич, әлгі шаруаны
осыған тапсырайық. Өзі Едірей Матовичтың қандыкөй­
лек досы.
ИТЕМГЕН: Бүтін шөлмекті бөліп, жарты шөлмекті жа­

рып...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Тоқтат! (Буырқанып) Өңшең бей­
бастақ.

С. СӘКЕНОВИЧ: Итемген, сол Едірей досың өліп қа­
лыпты.
ИТЕМГЕН: Е, ала таңмен естігем. Барсам милициялар
битіп (қолымен көрсетеді) жұлмалап, әлі жетпей жатыр

екен.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Тірілей ме?
С. СӘКЕНОВИЧ: Апырмай, ә, не дейді? Тірі ме?
ИТЕМГЕН: Жо-жоқ, өлілей.

С. СӘКЕНОВИЧ: Өлген адамға әлі жетпегені қалай?!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Тоқтай тұрсын, бәлем. Өлген
адамға күші жетпегенді көрсетермін. (Телефон трубкасын
бір алып, бір қояды).

С. СӘКЕНОВИЧ: Ау, түсіндіріп айтсаңшы, былай нетіп,
таратып...
ИТЕМГЕН: Едірей (көңілі бұзылып) досым көз жұмар­
да көсемнің бір аяғын тас қылып құшақтап алыпты. Ми­

лициялар қарысып, қатып қалған қолын ажырата алмай,
темірмен бұрап әрең ажыратты.
С. СӘКЕНОВИЧ: Ой-бай, айтпа, айтпа ар жағын.
ИТЕМГЕН: Сосын вытрезвительге...

С. СӘКЕНОВИЧ: Жап, жап аузыңды.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Масқара! (Дәрі ішіп) Нағыз мас­
қара осы болды.
С. СӘКЕНОВИЧ: Айықтырғышы несі?

ИТЕМГЕН: Арақтың иісі шығады дей ме? Байғұс өзі де
приказбен әрең иіскеді (күледі).
С. СӘКЕНОВИЧ: Өлген адамның аузын ба?
ИТЕМГЕН: Енді қайтсін? Өлген адамның аузын иіс­

кемеймін деп жұмыстан қуылып кету оңай ма? Иіскеді.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Уh! Сосын, сосын, Итемген?
ИТЕМГЕН: Сосын не болушы еді, көсеміміз жарықтық­
ты былай тартып, (көрсетеді) он шақты милиция жабылып,

Едірейді былай тартып, әрең дегенде босатып алды ғой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Немедленно қамаудан шығару ке­
рек. Сұмдық мынау! Тап қазір жерлеу керек.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ИТЕМГЕН: Әйелдеріне хабар салайық. Келсін, көзімен
көрсін.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Адресін білсең телеграмма сал.
Бірақ Едірейді мәпелеп отыратын уақыт жоқ. Кеше өлді,

бүгін көму керек. Все! (Столды бір қояды).
С. СӘКЕНОВИЧ: Жерлеу комиссиясының председа­
телі (Итемгенге) өзің боласың. Қасыңа екі-үш жігіт ал.
Давай, кіріс.

ИТЕМГЕН (тартыншақтап): Қақаған қыстың іші...
күрек өтпейді... Ақша керек.
С. СӘКЕНОВИЧ: Бухгалтерге айт. 38 сом 54 тиын бөл­
сін. Документін өзім реттеймін. Бар, бар, жөнел. (Итемген

есікке беттейді).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (орнынан көтеріліп): Тұра тұр.
Әлгі өлгеннің ұлты кім?
ИТЕМГЕН (иығын қиқаң еткізіп): Әйтеуір орысша

өлең айтатын.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әйтеуір біздің ұлт емес қой. (Ой­ла­
нып қалады).
ИТЕМГЕН: Жо-жоқ, қазақ емес. Шүршіт те болса,

басқа.
С. СӘКЕНОВИЧ: Құтым Салақбаевич, басқа ұлттың
өкілі ғой. Біздің жерде еңбек етіп жүр. Былай ептеп құр­
метпен шығарып салса... Ә? Ертеңгі баяндамаңызға да

мықты факті боп енер еді.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (көңілденіп): Мынауың талай­лар­
дың аузына құм құятын ақыл екен.
С. СӘКЕНОВИЧ (екі алақанын уқалап, жағым­паз­

данып): Сонда қатып кетпей ме?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Едірей кімнің үйінде тұрып еді?
(Сәлім Сәкенович Итемгенге қарайды).
ИТЕМГЕН: Қатша деген жесір кемпірдің бір бөлмесінде.

С. СӘКЕНОВИЧ: Бала-шағасы жоқ па еді?
ИТЕМГЕН: Он шақты қой-ешкісінен басқа ештеңесі де
жоқ.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сол кемпірге айт, Едірейді көмуге
әкетерде сың-сып жыласын.
С. СӘКЕНОВИЧ: Жоқтау айтып та жіберсін. Баламдай
еді, туғанымнан артық еді деп. Давай, бар енді. Комиссия

председателі өзіңсің.
ИТЕМГЕН: Таяғына ілініп әрең жүрген кемпір қа­
пелімде жылай қоя ма?
С. СӘКЕНОВИЧ: Көңілі жетім адам бір бастап кетсе қоя

алмайды. Давай, бар.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Райкомның бұйрығы солай де, бір
жылағанда тұрған ештеңе жоқ.
С. СӘКЕНОВИЧ: Былтыр қыс қой-ешкісіне шөп алуға

көлік сұрап алдыма бір емес, он келген жылап.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: О, (қуанып) бүгін осы бұйрықты
орындаса, ертең бір машина шөп түсіріп беремін.
ИТЕМГЕН: Бір машина шөп дейсіз бе? Досым еді, менің

де көңілім бұзылып... (Жұдырығымен көзін сипайды).
С. СӘКЕНОВИЧ: Сен де құр қалмассың.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әлгі кемпіріңе айт, аузына сақ
болсын. Райком жоқтау айтқызды деп масқарамызды

шығарып жүрер.
С. СӘКЕНОВИЧ: Бар, бар енді. (Итемген шыға жө­
неледі). Ал, Құтеке, баяндамаңызда әлгі кемпірді «Ой, ба­
уырымдап» жылады десеңіз үйлесіп кетпей ме? А? (Күледі).

(Сахна айналғанда зират басы. Қақаған қыс айы.
Жанында бір жігіті бар Итемген тұр. Жерде ақ кебінге
оралған Едірей Матович жатыр. Екеуі тарсылдатып жер
қазған болады).

ИТЕМГЕН (тоңып, аяғын бір-біріне соққыштап): Үсіп
өлмесек жарады.
ЖІГІТ І (жауырынын күжірейтіп): Құдайдың күні
құтырып кетті. Осындай суықта өліп... Мына Едірейді

айтам-ау.
ИТЕМГЕН: Жерлеу комиссияның председателісің
дей­ді. Барып тұрған алаяқ. Басқа комиссияның председа­
телдігін бөліп-бөліп бауырларына басып алады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖІГІТ І: Сізге зор сенім артқаны емес пе?
ИТЕМГЕН: Өлген кісіні... сенбегенде не істейді енді?!
ЖІГІТ І: Әйтеуір председатель деген аты жақсы ғой.
ИТЕМГЕН (тұлданып): Ой, өйткен атының аузын...

Бөлгендері 38 сом 54 тиын. Еще, Қатша кемпірге жоқтау
айтқыз дейді. Кемпір маскүнемнен құтылғанына қуанды.
ЖІГІТ І: Жоқтау айтты ма?
ИТЕМГЕН: Ат-тонын ала қашты.

ЖІГІТ І: Содан?
ИТЕМГЕН: Бір машина шөпті айтып ем, өзі де, қорада
аш тұрған ешкісі де қосылып боздап қоя берді. Әрең қой­
ғыздым.

ЖІГІТ І (қарқылдап күліп): Әй, Едірей Матыш, рай­
комнан бастап өлмелі кемпірге дейін сүрінтіп жығылдыр­
дың-ау.
ИТЕМГЕН (мойнын созып қарайды): Әлгі кешікті ғой.

Дүкені құрғыр жабық па екен?
ЖІГІТ І: Тоңып кеттік, қанша ал деп едің?
ИТЕМГЕН: Зәкөскісімен бес шөлмек қызыл. Кел, қа­
бірді қаза тұрайық.

ЖІГІТ І: Келіп қалар. (Екеуі күрекпен қаза бастайды).
ИТЕМГЕН (қазып жатып): Ал, Едірей Матович, то­
пырақ осы жерден бұйырды.
ЖІГІТ І: Саспа. Төбенің басы, таза ауа...

ИТЕМГЕН (ораулы жатқан Едірейді қолымен қағып
қояды): Жаз кезінде тіпті рахат. Әніңді салып жатасың.
ЖІГІТ І (маңдайынан терін сыпырып): Тоңға күрек
баспайды-ау, баспайды.

ИТЕМГЕН (күрегін жерге ұрғыштап): Қараң қалғыр.
Ой, ішің-ді...
ЖІГІТ І (Едірейдің денесін күрегінің сабымен өлшеп):
Өзі де өңкиген пәле ғой. Қара жер шақ келмес мынаған.

ИТЕМГЕН: Бәрінен қарысып қалған екі қолын (көрсе­
теді) айтсаңшы. Икемге көнер емес.

ЖІГІТ І: Қолына бола үш күрек бойы қосымша тағы
қазу керек десейші.
ИТЕМГЕН: Аяғының астына гүл қоямын дейтін жаз
айы болса бірсәрі.

ЖІГІТ І: Өзі де пәле, өлер жерін біледі. Еще тыртысып
айырылмайды.
ИТЕМГЕН: О, жазған десеңші, бірге қосақтап көмеді
деп ойлады ма екен.

(Осы кезде сахнаға екінші жігіт шығады. Үстінің
қарын қағады. Қолында ескі қара шамадан бар).
ЖІГІТ І: О, келдің бе?
ИТЕМГЕН: Күте-күте көзіміз бозарды, мұрнымыз

ұзарды.
ЖІГІТ ІІ: Дүкеннен шыға беріп ем, Қатша кемпірдің
жетіп келгені (қолындағысын қойып жатып).
ИТЕМГЕН (шошып): Не дейді? Зиратының басында да

жоқтау айтамын дей ме?
ЖІГІТ ІІ: Жо-жоқ! (Көрсетіп) Мына қара шамадан
Едірейдікі. Пәлесінен аулақ, қоса көміңдер деп қолыма
ұстата салды.

ЖІГІТ І (қарқылдап күліп): Әй, Итеке-ай, зәреңіз
ұшты-ау. (Шамаданды көтеріп көріп) Несі бар, көмсек
қоса көмейік. Тіпті зілдей екен.
ЖІГІТ ІІ: Жарықтық, тірісінде қолынан тастамайтын

еді. (Ашып көреді. Ішінен гармонды бажылдатып суырып
алады).
ИТЕМГЕН (гармонды қолына алып): Бабу нанасытную,
стерву... Ту-уh, тоңғаннан аузым келіспей тұр. Аш та құй

шарабыңнан.
ЖІГІТ І: Әбден тоңдық. Құй, Едірей Матыштың құр­
ме­ті үшін деп.
ЖІГІТ ІІ (бір шөлмекті алып жатып): Біздің Итекеңнің

де басы істейді ғой, шіркін.
ЖІГІТ І (күліп): Дүкеннен ақ мата алып, ақша шы­
ғындап, уh, шегім-ай, қайтеміз деп, одан да шарап алайық
деп... Әй, табады-ау, қасқаң, жөнін.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ЖІГІТ ІІ: Үйінен ақ жайманы әкеліп. (Едірейді көрсетеді) Едекеңнің кебіні осы деп орай салуы жөн емес пе? ИТЕМГЕН: Қойыңдар бос сөзді. Матовичтен мен немді аяйтын ем? Бір жайма түгілі қарындасымды да беремін дегенмін. От, солай. ЖІГІТ ІІ: Ой, ерім-ай. Қолың ашық-ау. Мә, тартыңыз­ шы (стаканды ұсынады). ИТЕМГЕН (тыжырынып): Оh-h (жұдырығын иіскейді). Менің Едірей досым үшін тартыңдар. Давай. ЖІГІТ І (желденіп): Құй, давай, бұ да бір дәурен. (Ішіп жібереді). Саспа, Едірей Матыш, көмеміз. ЖІГІТ ІІ (бұл да ішіп жіберіп): Бүгін сені көмбесек, тіпу бетіңе де. ИТЕМГЕН: Ағаш аз, сондықтан жандама жасау керек. (Қолымен көрсетеді) Міне, осындай, бүйірден қазып. ЖІГІТ ІІ: От, солай істейміз. Сонда рахат! ЖІГІТ І: Жандама Едекеңе спальный да, екіншісі кухня болады. Прямо ра-хат! ИТЕМГЕН: Матовичтың бағы (қолымен көрсетеді) тап осындай бес елі ғой. Бізбен дос болу деген. ЖІГІТ І: Мысалы, бастықтармен дос болса, олар көмбеуі де мүмкін. ЖІГІТ ІІ: Қаладағыдай үстіне бензин шашып өртетіп, күлін шөлмекке салып, әне, тап солай. ЖІГІТ І: Шөлмекті посылкеге салып, әйеліне поштамен жіберуі мүмкін. ИТЕМГЕН (қарқылдап күліп): Байың шөлмектің ішінде. Қай кәдеңе жаратсаң да өзің біл деп. (Үшеуі де күліседі). Давай, құй. (Үшеуі әбден ішеді. Қызады). ЖІГІТ ІІ: И-н-теке (ықылық атып), әйеліне тілгірам ұрайық. ЖІГІТ І: Былай деп жазайық сөзін, И-н-теке. Едірей Ма­ тович скончался, не плачь, дорогая. От, тап осылай. (Итемген Едірейдің шамаданын ақтарып жатады).

ЖІГІТ ІІ: От, тап солай. Итемген Матович скончался
(Итемген адырайып қарайды). Жо-жоқ, Итекеңнің пока
өлетін түрі көрінбейді. А-а, Едірей Матович скончался. Не
плачь, дорогая. Сосын былай деу керек. Ни пуха, ни пера.

ЖІГІТ І: От сонда, әйел деген жыламайды. Тіпті
қайғырмайды да.
ЖІГІТ ІІ (Едірейдің үстінен қағып): Осының бәрін бізге
артып қойып, рахаттанып жатысын-ай сабаздың. Прямо

көсіліп.
ИТЕМГЕН: Мынау әйелдерінің адресі болып шықты.
(Оқиды). Ойбүй, неше әйел алған жарықтығым. Анфиса­
сы – Челябіде, Марусясы – Ташкентте, Зайтунасы – Уфада,

Гүлмайданы – Гурьевте, Татьянасы – Таллинде. Василий –
Саратовта. Василий деген еркек екен ғой.
ЖІГІТ І: Ой, серім-ай!
ЖІГІТ ІІ: Артыңда шұбыртып бала, шулатып қатын

қалдырдың. Айтамын ғой, арманы жоқ деп. Саспа. Бәріне
де тілгірам ұрамыз.
ЖІГІТ І: Ни пуха, ни пера.
ИТЕМГЕН (орнынан көтеріліп): Күн батпай тұрып

үлгерейік. Қазыңдар, жігіттер. (Үшеуі тоңды ойып, қаза
бастайды. Бірақ жұмыстары өнер емес. Еңкейіп екі жақ­
қа қарап қазғанда, құйрықтары түйісіп қала береді).
ЖІГІТ ІІ (алқынып): Осы тереңдігі жарап қалар.

ЖІГІТ І: Уh, жанығып өлетін болдық қой.
ИТЕМГЕН: Давай, Матовичты әкеліңдер. Мынаған
салып көрейік. (Екі жігіт Едірей Матовичтың денесін
көтеріп әкеліп, қазған жерге салып көреді).

ЖІГІТ ІІ: Екі қолы шұнқырдан шығып тұр.
ЖІГІТ І (Едірейдің екі қолымен біраз алысады): Ереге­
сіп жатқан кісідей... тіпті сіресіп...
ИТЕМГЕН: Беті де жасырынатын емес қой. Енді

қайттік? Әкел, соңғы шөлмекті аш. (Үшеуі бөліп ішіп ала­
ды).
ЖІГІТ І: Енді қайттік, Итеке?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖІГІТ ІІ: Күн кешкіріп барады. Ертеңге қалдырсақ
қайтеді?
ЖІГІТ І: Едекең асыға қоймас. Тыныш жатыр ғой.
ИТЕМГЕН: Ертеңге қаратуға болмайды. Райком солай

деген. Ертең отчет беруім керек. «Жерлеу комиссиясының
председателі Итемген бастаған топ...» Көрдің бе?.. (Екеуі
қыбыжықтап қалады). Мен қазір барып дүкеннен қалған
ақшаға шарап әкелейін. Әйелдеріне тілграм ұрайын.

ЖІГІТ ІІ (көңілденіп): Біз қаза берейік.
ЖІГІТ І: Срочный емес, жай тілгірам бер. Әйтпесе, ақша
көп кетеді.
ЖІГІТ ІІ: Сөзін де қысқартып жазыңыз. «Муж скончал­

ся».
ЖІГІТ І: Сосын точка! Бітті.
ИТЕМГЕН (кете беріп): Тереңдетіп қаза беріңдер. Ма­
ған қарамаңдар. (Екеуі тағы да қаза бастайды. Тоңа­

ды, шаршайды. Едірейді әкеліп шұңқырға салып, тағы да
өлшеп көреді, келмейді).
ЖІГІТ ІІ: И-и-текең зытып кетті.
ЖІГІТ І: Едірейдің екі қолынан қорлықты көріп, қор­

қау қасқырдай жер қопарып жатқанымыз мынау.
ЖІГІТ ІІ (ойланып): Ох, таптым. Әкел құлағыңды.
ЖІГІТ І (бөркінің бір құлағын түріп): Мә.
ЖІГІТ ІІ: Балта... (Сыбырлап) Қол... сонда көрге сияды.

ЖІГІТ І: Итекеңе жымын білдірмейміз (сыбырлап).
ЖІГІТ ІІ (сыбырлап): Көміп тастаймыз. Хоп! (Екеуі
одағай қимылдап, қолдарына балтаны алады. Балтаны
лақтырып жібереді). Денем түршігіп кетті.

ЖІГІТ І: Салып көрейікші өзін мәңгілік мекеніне.
ЖІГІТ ІІ: Басынан ұста. (Екеуі Едірейді шұңқырға са­
лып өлшеп көреді).
ЖІГІТ І: Ту-уh (дағдарып). Аяғын қара, көстиіп жатыр.

ЖІГІТ ІІ: Енді не істедік? (Екеуі темекі тартып
отырысады. Осы кезде шөлмегін салдырлатып дүкеннен

Итемген келеді. Отырған екеуі қуанып кетеді). Жеттіңіз
бе, әйтеуір?
ИТЕМГЕН (шарапты ашып): Мә, құйыңдар, тілгірамға
ақша жетпеді. Кейін салармыз.

ЖІГІТ І: Иә, кейін, байсырап жатпаған болар.
ЖІГІТ ІІ: Байсыраса да енді Едекеңнің тырп етер шама­
сы жоқ.
(Үшеуі біраз шарап ішеді).

ИТЕМГЕН: Қазып біттіңдер ме?
ЖІГІТ І (ыңғайсызданып): Қазуын қаздық...
ЖІГІТ І: Бірақ енді екі аяғы сыяр емес.
ЖІГІТ ІІ: Күн батып барады.

(Итемген айналасына алақ-жұлақ қарайды. Әбута­
ліптің зиратына көзі түседі де, жанындағы екі жігітке
сыбырлайды. Үшеуі бас изесіп қайта сыбырласады да,
Едірейді көтеріп алыса жөнеледі. Жігіттің біреуі жүгіріп

келіп, қара шамаданды алып кетеді. Сәлден соң үшеуі қай­
та шығады. Көңілді. Итемгеннің қолында гармон).
ЖІГІТ І (қазылып қалған шұңқырды көрсетіп): И-и-теке,
мына шұңқырды қайтеміз?

ЖІГІТ ІІ: Өзіміз де қаза-қаза қорс етіп тастаппыз ғой.
Ту-уh.
ИТЕМГЕН (ойланып): Та-ак! Былай. Шұңқырға анау
ағашты салыңдар да томпайтып, қозыжон жасап көміңдер

ЖІГІТ І: Ағашты рәсуа ғып қайтеміз, мал қораға...
ИТЕМГЕН: Сөйлеме! Томпайып жатсын.
ЖІГІТ ІІ: Түсіндім. Мола құсап томпаюы керек.
(Үшеулеп қазылған жерді томпайтып көмеді).

ИТЕМГЕН (бетін сипап): Жатқан жерің жарық бол­
сын. (Көзін сүртеді) Көңілім бұзылайын деп тұрғаны.
ЖІГІТ ІІ: Едірей дос Матович, хош енді.
ЖІГІТ І: Итеке-ай, тапқырсың-ау.

ЖІГІТ ІІ: Сұрама. Біз де, Едірей Матович та риза. Давай.
Едіреймен ән айтып қоштасайық.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖІГІТ І: Ауылдың көшесіне әнмен кірейік. Раз, два,
три, взяли.
ЖІГІТ ІІ: Бастайық десеңші. Давай, Итеке, сал әнді!
ИТЕМГЕН (гармонды құлаштай тартып, өзі мас): Да­

вала мне водку, и кричала: «Еще нет!»
ЖІГІТ І: Жо-оқ. И-и-теке, қазақша айт.
ЖІГІТ ІІ: Қазақтар тек қазақша сөйлеп, қазақша ішу
керек деп жақында газеттен оқығам. От, мен газет оқимын.

(Газет оқығанын, ұстағанын екі қолымен көрсетеді).
ИТЕМГЕН (гармонға қосылып барқырап ән салады):
Құшағын қызға қарай жайғандарым,
Бағында жастық шақтың сайрандадың.

ЖІГІТ І: А-ар-ра! Міне, солай (екеуі екі жағынан қосыла
билейді).
ИТЕМГЕН (әндетіп): Сыраны су қосылған сіміргенде,
Жарылмай көтердің-ау, қайран қарын,

гига-ай, гига-гигай-ау...
ЖІГІТ ІІ: Давай, сайрандаймыз.
ЖІГІТ І: Әрі қарай, И-и-теке!
(Үшеуі сахнадан шығып кетеді).

Екінші акт
Үшінші көрініс
Райком секретары Құтым Салақбаевичтың кабинеті.
Төрде өзі телефонмен сөйлесіп отыр.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (тыжырынып): Журналист пе? Ас­
танадан. Ым... Көбейіп кетті ғой, өздері... ым. Ұшқыш
тәрелкелер құсап аяқ астынан сап ете түседі. Кәзиттен

бе?.. Ым... (Қабағын жазып) телевизордан болса, өзім-
ақ сөйлермін, РАПО-ның бастығы ма? Оның беті (күледі)
шара табақтай боп, экранға сыймас. Хоп, хоп. Хорошо,
Мәке. Иә, иә, хорошо дедім ғой, енді. (Орнынан көтеріліп,

ойланып) Тек, қайта құрудан бастау керек, сөзімнің орта
шенінде жариялылықты араластырып кеп жіберсем,
аяғына демократияны тіресем, ұлттар араздығын жою ке­
рек. Халықтар достығы жасасын, ура! Сонда астанадан

келмек тұрмақ, аспаннан түссе де мәймеңдеп кетер. (Осы
кезде есік ашылып, ішке қылымсып Анфиса кіреді).
АНФИСА: Сәлематсыз ба, Кут... Кут... Кутум Салакбае­
вич. Кешірерсіз.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (біраз одырайып тұрады): Сәлемат.
Не шаруа?
АНФИСА (мүләйісіп): Кутум Салакбаевич, менің ша­
руамды сіз ғана тындырасыз. (Қылымсып) Сіз ғана...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (столын тықылдатып): Маған
қатысты?.. Уақыт тығыз, тезірек айтыңыз...
АНФИСА (көзін ойнатып): Құтым Салақбаевич, осы
ауданның номер бірінші ер жігіті, джентльмені өзіңсіз, со­

нау Челябинскіден арнайы келгенде, ең болмаса (өтірік
көңілсізденіп), аты-жөніңіз кім, танысайық демедіңіз-ау.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (абдырап): Челябинскіден? Ар­
найы келдіңіз бе? (Көңілденіп, елпілдеп) Ат сабылтып...

Танысайық. (Қолын ұсынады) Құтым Салақбаевич, аудан­
ның бас иесі деп білерсіз...
АНФИСА (одан сайын еркелеп): Анфиса Ивановна.
(Сүюге саусағын ұсынады. Құтым приемныйдың есігіне

жалтақ-жалтақ қарап қойып шөп еткізіп сүйіп алады).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Алыстан, Россиядан келген мей­
ман екенсіз. (Орындық ұсынады) Жайғасып отырыңыз.
(Холодильнигін ашып, не қымыз, не сок секілді сусын

шығарып, ыдысқа құяды). Анфиса Ивановна, шөліркеп
қалған боларсыз. Сусын ішіңіз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ АНФИСА (қылымси түседі): Рахмет, Құтым Салақ­ баевич. (Ішеді). Шаруашылық, денсаулығыңыз қа­лай? Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (залға қарап): Апырай, бұл қай қатын? Челябіге барғанда қонақ үйден кездесіп... ым... Оған ұқсаңқырамайды... Вагонға ағаш тиеткенде көмек­ тесетін әлгі кім еді? Одан гөрі жастау... Әйтеуір кім бол­ са да тегін емес... (Анфисаға қарап) Ой, Анфиса Иванов­ на, қайта құрудың төте жолына мықтап түстік. Оң жағы­ мыздан жариялылық, сол жағымыздан демократия де­ меп... Несін айтасыз, алға қарай аңыратып келеміз. АНФИСА: «Социализм – это долгий и трудный путь к капитализму» деген. Сіз, Құтым Салақбаевич, қалай қарай аңыратып келесіз, социализмге, әлде капитализмге қарай ма? Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (сасып залға қарап): Мынау не деп барады-ау. Челябі дегені жәй сөз боп... Сонау Орталықтан, Мәскеуден келген тексеруші боп... масқарамызды шы­ға­ рып. (Өтірік жайдарыланып) Қадірлі, Анфиса Ива­новна, жай, былай мені сынайын дейсіз-ау, әйтпесе ка­питализмі бар болсын. Бір партияның арқасында со­циализмнің сара жолымен, Карл Маркс айтқандай, коммунизм елесін қуып жетіп қалдық. АНФИСА: О, елес те бір, даладағы сағым да бір, қуған­ да жеткізе қойса жақсы, ал жеттің дейік, сағымды қолға ұстап көр, мықты екен дейін. Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (жағымпазданып): О, Анфиса Ивановна, сіздің үлкен саяси біліміңізге тәнтімін. Сіздің көзқарасыңыз деген... (қиялданып). АНФИСА: Менің күйеуім: «Перестройку замышляют герои, делают дураки, а плодами ее пользуются своло­ чи», – деп аузынан тастамайтын. Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Міне, ұлы сөз! (Қолына қағаз, қаламын алып) Жазып алайыншы. «Перестройка... ге­ рой... дела... дураки... плод... сволочи». (Ойланып) Апырай, ә? Геройы (саусағымен төбені көрсетеді), дурағы

(қолы дірілдеп өз кеудесін шұқиды), сволочы (айналасын
нұсқайды)... Ым. (Басын шайқайды).
АНФИСА (масайрап): Міне, солай, Құтым Салақбае­
вич.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (жалбақтап): Анфиса Ивановна,
құпия болмаса айтыңызшы. Күйеуіңіз, осы сөздердің иесі
қандай мәртебелі орында істейді?
АНФИСА: Менің күйеуімнің аты-жөні... (мүдіріп).

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Құрметті Анфиса Ивановна, маған
дәл өзіңізге сенгендей сеніңіз. Құпия сақталады... Тек
өзара...
АНФИСА: Оның аты-жөні – Евгений Матович.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (ойланып): Евгений Матович (да­
лаға қарап) ЦК-да, Совминде... ондай есім жоқ... (ойла­
нып). Жоғары Советте... министрлікте... (Анфисаға) Ә-ә,
білеміз, аса құрметтейміз о кісіні. (Дүдәмалдау) Соңғы

жұмысы қай мекемеде еді Евгений Матовичтың? Қазір бы­
лай, съезд кезі, ауыс-түйіс көп дегендей...
АНФИСА: Осы ауданға келіп пеш салып жүргенде
қайтыс болды деген телеграмма алдым (телеграмманы

шығарады).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Не дейді, Евгений, Ев­
гений, Едірей Матович! Әлгі қаңғып жүріп өлетін тексіз
бе? (Анфисаға шабынып) Салғаннан соның қатынымын

демейсің бе? А? (Ақырып) Саясат, Перестройка, герой деп
оттағанша?
АНФИСА: Құтым Салақбаевич, (көкшеңдеп) сіз өйтіп
айқайламаңыз маған. Қақыңыз жоқ.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (сұлқ етіп отыра кетеді): Вали­
долы құрғыр қайда? (Бір таблетка ішеді). Уh! Байың
дала­да өліп қалып әуреге салып еді. Не керек өзіңе?
АНФИСА: Евгений Матовичтің жерлеген жерін көрейін

деп ем. (Қипақтап) Одан өзге де шаруаларым бар еді...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (трубканы ашуалана көтеріп):
Алеу, Сәлім Сәкенович, не отырыс бұл? А? Иә, астанадан

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

тілші келе жатыр... Мен сонымен жүрмін. Әлгі Итемген
сығыр қайда? Қыста қатып өлген әлгі Едірей дегеннің
қатыны келіп отыр. Соны көмген жеріне алып барсын.
Жібер тез. Қолаңғыр-салаңғырдан-ақ құтыла алмайтын

болдық қой.
АНФИСА: Құт... Құтым Салақбаевич, бір өтініш...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Бар, бар, өтінішіңді байыңның ба­
сына барып айт. Партия комитетін бұлар қолжаулық еткі­

сі келген екен. Бар (Анфисаны зорлағандай ғып шығарып
жібереді).
(Сахна айналғанда Анфиса мен Итемген шығады.
Зиратқа келе жатқан беті).

ИТЕМГЕН (Анфисаға): Едірей досым сені сұмдық
сүйетін. Күн сайын кешке таман «Аяулым Анфисам» деп
әнді аңырататын.
АНФИСА: Итемгенчик, айта түсші, тағы да мен жайлы

не айтатын еді?
ИТЕМГЕН: Фигурасы (қолын шошайтып) мынау­
ский дейтін. Битіп қалсаң (Анфисаның мықынын қы­
тықтайды) анадай жерге секіріп кетеді дейтін. Сен тіпті

былқ етпейсің ғой.
АНФИСА: Мен тек Евгений Матович қытықтаса ғана...
(Майысып) Басқаларға көп қытығым келе қоймайды.
ИТЕМГЕН: Оның қолының бір сиқыры болды ғой, ша­

масы.
АНФИСА: Оны сүйетін ем... Қалғандарын жай, былай...
Әні қандай еді.
ИТЕМГЕН: Иә, әнін айтсаңшы. (Әндетіп) «А-а наста­

нет лето – ты еще вернешься...»
АНФИСА (жылап): Ой, Женя, жаным, менің келе­
тінімді сезген ғой, о-ой-ой. Әрі қарай айта түсші.
ИТЕМГЕН (әндетіп): Ну а я себе такую бабу отхвачу

(билеп жібереді).

АНФИСА: Ах, сволочь! Тап солай деді ме? (Залға қарап)
Бүкіл жоспарым тас-талқан болатын болды-ау. (Итемген­
ге) Евгений осында келгенде үйленіп пе еді?
ИТЕМГЕН: Жо-жоқ. Үйленген жоқ, қорықпа.

АНФИСА (әндетіп): Что тогда ты стервь, от зависти за­
гнешься,
Скажешь мне: «Прости», а я плевать не захочу! (Би­
лейді).

(Залға қарап) Өз дегеніме жетіп алайын. Наплевать
қылармын мен оны!
ИТЕМГЕН: Арманда кетті ғой, есіл дос, Анфиса-ау.
АНФИСА (залға қарап): Көрінде өкіргірдің шығарған

әнін көрдің бе? (Итемгенге) Арманда кетті ғой Женям...
(Өтірік жылап) Басына алып бар. Халқымызға сіңісті
дәстүр бойынша сүйегін өз көзіммен көрейін, (жылап)
мауқымды басайын... Есіл азаматым-ау... Айдалада қал­

дың-ау...
ИТЕМГЕН: Анфисаш-ау, (қосыла кемсеңдеп) Едірей
қандай қадірлі еді. Ол өлді дегенде аудан халқы аңырап
жылады-ау кеп. Әсіресе Қатша кемпір құтылғанына

(шошып), жо-жоқ, қыршынынан қиылғанына жоқтау
ай­тып... Оған ешкісі қосылып, бір машина шөп апа­
рып беріп... у-у-у, ол шөп, шөп емес, қамыс боп шығып,
кемпір қайта жылап... (Анфисаны тас қылып құшақтап

алған, әрең босатады. Зират көрінеді. Әбутәліп әпенді өз
зиратының басында дұға оқып отырады).
АНФИСА (жан-жағына алақ-жұлақ етіп): Итемген­
чик, Матовичтың зираты қайсы? (Өздері томпайтып кет­

кен төмпешікке қарайды. Сасқан адамның түрі) Қайсысы
деймін? (Үлкен зираттарды нұсқап көрсетеді) Анау
тұрған ба?
ИТЕМГЕН (басын шайқап): Жоқ.

АНФИСА: Мына тұрған ба?
ИТЕМГЕН (қипақтап): Ол да емес.
АНФИСА: Сонау тұрған ба?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ИТЕМГЕН (басын қасып): Ым...
АНФИСА: Енді қайсысы, айтсаңшы?!
ИТЕМГЕН (әрі-бері қипақтап): Міне, мынау (жан­
дарындағы құйттай қозыжон төмпешікті көрсетеді).

Осы – Едірей Матович.
АНФИСА (шошып): Мынау ма? Боже мой! (Кемсеңдеп)
Матович... Кісі осылай жата ма екен? (Жылайды, тізерлеп
отырып) Көк тиынсыз мен қалдым... Пенсия тиетін етіп

кетсең қайтеді... О-ой-ой-о...
ИТЕМГЕН: Сабыр, Анфиса, сабыр. Пенсия жайын енді
Едірейге емес, райсобеске айт.
АНФИСА (жылауын күшейтіп): Ө-өй, Женям менің.

Кімге тастап кеттің мені?..
ИТЕМГЕН (залға қарап): Қаптап жүрген өңшең еркек
сені байсыз қалдырмас. Уайымың басқа, басқа болар сенің.
АНФИСА: Итемгенчик, сен Евгенийге дос болсаң маған

да...
ИТЕМГЕН (икемденіп): Иә, Анфиса, саған да... Қо­
лынан тастамайтын чемоданын да бірге көмдік.
АНФИСА: Олай болса, біздің халықтың дәстүрінде

қайтыс болған жақын адамына үлгере алмай қалса, қабі­
рін қазып, мүрдесін көруге рұқсат етеді.
ИТЕМГЕН (шошып): Иә, иә, ал... сосын...
АНФИСА: Сен өз қолыңмен досыңды жерлепсің. Қабі­

рі терең емес екенін көріп тұрмын...
ИТЕМГЕН: Ал, ал (кері шегіншектеп): Сосын...
АНФИСА: Осыны қаз, Женяның мүрдесін көріп,
көңілім әбден суысын.

ИТЕМГЕН (шошып, секіріп түседі): Ойы-бай, атай көр­
ме. Өлген адамды... масқара... кері қазу деген.
АНФИСА (жалынып): Ит, ну, Итемгенчик, бауырым
(құшақтайды). Орында өтінішімді.

ИТЕМГЕН (қашқақтап): Еті еріп кеткен шығар... Қу
сүйек... несін көресің?
АНФИСА: Бағана чемоданын бірге көмдік деп ең...

ИТЕМГЕН: Шамаданының ішінде жоқ, түк те (кеңір­
дегін кескілеп). Оллаhи, биллаhи. Ештеңе жоқ.
АНФИСА: Итемгенчик, еңбегіңді төлеймін (жақындап
құлағына сыбырлап, сүйіп алады. Итемген ойланып, әрлі-

берлі тұрған зираттарға қарайды).
ИТЕМГЕН: Анфиса, мені қинама, (жүрегін ұстап)
жү­регім ойнамалы, аурумын, талып қаламын. (Отыра
кетеді).

АНФИСА (долырып): Онда өзім (қабірдің топыра­
ғын қолымен қазады), былай етіп өзін де, чемоданын да...
Чемоданының қос түбі болатын.
ИТЕМГЕН (қолына жармасып): Ойы-бай, Анфиса, жын­

данғаннан саусың ба?!
АНФИСА (онан сайын долырып): Саумын. Ал не іс­
тейсің? Өңшең жауыз, байымды өлтіріп...
ИТЕМГЕН: Ойы-бай, байың өз еркімен өлді. Қазба

деймін, қазба.
АНФИСА: Әкел, күрек әкел. Өз еркімен өлгенді көр­
сетейін...
ИТЕМГЕН (қолынан жармасып): Ең болмаса көрінде

тыныш жатсын.
АНФИСА (жынданып): Жатқызбаймын. (Қолымен
қаза түседі). Қолынан чемоданды жұлып аламын! Қаң­
ғырған иттің.

ИТЕМГЕН (жанталасып): Шамаданының ішінде еш­
теңе жоқ деймін. (Қолын жайып) Бос, он шақты қағаз,
адрес, болды.
АНФИСА: Тонағансыңдар. Өңшең алқаш... Көрсетемін

мен сендерге. Түрмеде шірітемін. Көңілдесім, жо-жоқ,
ағам прокурор.
ИТЕМГЕН (залға қарап): Көріңде өкіргір Едірей-ай,
масқарамызды шығаратын болдың-ау.

АНФИСА (қазып): Міне (ағаштың шетін тауып ала­
ды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ИТЕМГЕН (қолына жармасып): Бұл – бергі жағындағы
ағаш. Біз, біз оны (аяғымен жерді теуіп) тым, тым терең
қазып көмдік.
АНФИСА (аларып): Шығып кетпесін деп пе. Мынау не?

(Ағаштың шетін тартып қалғанда суырылып шығады).
ИТЕМГЕН (абдырап): Бұл, бұл деген үстіне салған
ағаш.
АНФИСА (ағаш суырған жеріне үңіліп): Мына жерде

он шақты ағаш жатыр ғой.
ИТЕМГЕН (желкесін қасып, ол да әр жақ, бер жағынан
үңіледі): Ағаш емес, марқұмның сүйегі болмасын. (Анфиса
екі-үш ағашты суырып алады).

АНФИСА (жынданып): Өтірік! Айтқандарының бәрі
өтірік. Мынау Едірейдің қабірі емес.
ИТЕМГЕН: Осы деймін. Анфиса, осы. Жерлеу комис­
сиясының председательдігін маған сеніп тапсырған.

АНФИСА (шыжбалаңдап жылап): Өтірік, барып тұр­
ған өтірік! Байымды өздерің өлтіріп, басқа жерге тығып
тастағансыңдар. Ой-бай (ағаш жатқан жерді қопарады).
Ой-бай...

(Осы кезде зират айналып күйбеңдеп жүрген Әбутә­
ліп әпенді көрінеді).
ИТЕМГЕН: Анфиса, ақылың бар ғой, сабыр ет, ә, сабыр
былай...

АНФИСА: Жерге ағашты көміп, оны менің байым деп...
Ой-бай, алдап... Ойбай, өздері өлтіріп... ойбай, чемоданын
тона...
ИТЕМГЕН: Уh, енді не істедім? (Залға қарап) Түрменің

түбінде көзің жылтырап шіру деген осы шығар.
АНФИСА: Өңшең адам етін жейтін жауыздың арасы­
на кеп (ағаш көмілген жерді қопарып тастайды). Енді
сүйегің түгіл чемоданың да жоқ. У-у-у (жылайды).

ИТЕМГЕН (залға қарап): Әбден масқарамыз шықты-
ау, жерлесетін әлгі екі ит қайда жүр екен? Мынаған ақша
берсек те аузын жаптыратын...

АНФИСА (елеңдеп): Ақша? Иә (саусағын шошайтып).
Үш жылдан бергі табысы чемоданының ішінде болатын.
ИТЕМГЕН (күйініп): Ештеңе жоқ дедім ғой ішінде, ша­
маданы бос, бос.

АНФИСА (ағаш алған жерін теуіп): Жоқ, мына жер­
де Едірей жоқ! Өлтіргенсіңдер де тығып тастағансыңдар.
Тонағансыңдар!
ИТЕМГЕН: Ойбай-ау, жалғыз көйлек, жалғыз бешпет,

жыртық, дамбалынан басқа ештеңесі болмайтын. Сонда
несін тонаймыз?!
АНФИСА: Өлігін де ұрлап кеткенсіңдер. (Жылап). Бі­
лемін, білем сендерді, азиаттарды.

ИТЕМГЕН: Тірісінде ешкімге керегі жоқ Едірей өлген­
де кімге дәрі бопты, ә?
АНФИСА: Қайда кетті әйтпесе? Тап, кәне! (Итемген­
ге тап-тап береді) Жерлеу комиссиясының председателі

(Итемген жалынып құшақтап, құлағына сыбырлағысы
келеді. Анфиса кеудесінен түйіп жібереді). Тап, тауып
бер жаныңның барында! Ойбай, ойбай (жылайды). Сотқа
беремін, сотқа! Бәріңді соттатамын.

ИТЕМГЕН (сахнадан шыға жөнелген Анфисаның ар­
тынан қуады): Анфиса, Анфисаш, тоқта деймін, тоқта,
Анфисаш.
Төртінші көрініс

Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Құ­
тым Салақбаевичтің кабинеті. Өзі телефон трубкасын­
да отыр.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Тілші сізде отыр ма?.. Халықтар

достығы. Ым... Факт? Факт дегенім менің тартпамда
жыр­тылып-айырылады. (Суырмасын ашып-жауып сарт
еткізеді). Халықтар достығы дегенді көзінен келтірейін

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(кісінеп күледі). Ең кішісі менің жаман шопырыма дейін
көзімді ала беріп, секретарша Машамен ауыз жаласып
жатқаны (кісіней күледі). Иә, иә, арғы жағына тереңдемей-
ақ қояйын. Жиырма минуттан соң келсін, күтемін, түсір­

сін телевизорына... Көрсетсін жарқыратып... (Трубканы
қояды. Ішке ентігіп, алқын-жұлқын Анфиса кіреді).
АНФИСА (саусағын безеп): Өңшең алаяқ! Күйеуімді
жабылып өлтіріп... Сотқа беремін. Сотқа!

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып кетеді): Бұл не бейбас­
тықтық?! (Ақырып) Сендер үшін бұл партия комитеті ме,
әлде атқора ма, а?
АНФИСА: Табыңдар күйеуімді! Таппасаңдар сотқа бе­

ремін. Шеттеріңнен қаматамын.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Күйеуің қаңғып жүріп үсіп өлді.
Тауып бері несі?!
АНФИСА (саусағын безеп): Қазір барамын сотқа! Чемо­

данын тонап, өзін жасырып. Қазір...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Өлген күйеуіме жан салып бер
дейсің бе? Бар (қолын сілтеп). Бар сотыңа!
АНФИСА: Барам! Чемоданы былай тұрсын, өлігіне

дейін ұрлап әкетіпсіңдер.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Чемоданы кімге керек, өлігі кімге
дәрі? (Осы кезде қабылдау бөлмесіне әлдекімнің дабыр­
ласқаны естіледі).

АНФИСА: Менің Женям көмген жерінде жоқ. Міне,
мәселе қайда?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Жоқ? Ол қайда кетіп
жүр? Рұқсатсыз.

АНФИСА: Өзі де жоқ, чемоданы да ғайып болған.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Тіріліп... шығып кеткен
болар.
АНФИСА: Өлген кісі тіріле ме? Көмген кісі (жерді

те­уіп) шыға ма? Сот арқылы таптырам. Бәрің де қыл­
мыскерсің (жылайды).

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (залға қарап): Масқара, тіріліп
кетіп қалса қайттім? Мен оны баянадамаға кірістіріп...
Жесір кемпір жылады деп... облыстың алдында да...
Халықтар достығы, қимастығы деп...

АНФИСА: Тап! Қазір тап күйеуімді, Женямды. Евге­
ний Матовичімді (жылайды). Сот арқылы ізденемін. Рес­
публикаға барамын. Ағам прокурор... О-ой, у-у.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (бәсеңдеп): Сабыр ет, Анфиса Ива­

новна, бәлкім шатысып кеткен болар. Қабірлер ауыс-түйіс
дегендей. Бізде бірінікіне бірі жата береді.
АНФИСА (жылап): Боже мой! Өлген адам қалай ауы­
сып-түйіседі. Алдама мені. Құртам бәріңді!

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сәл шыдаңыз, Анфиса Ивановна,
қазір жерлеу комиссиясының председателін шақырайық.
(Орындығына отырып түймені басып) Маша, Итемгенді
тез тап та, кіргіз маған. Тілші келсе айт, маңызды жина­

лыс болып жатыр де. Күтсін. (Осы кезде екі иығы солбырай­
ып Итемген ішке кіреді).
ИТЕМГЕН (басын иіп): Сәлематсыз ба, Құтеке!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (қолын сілтеп): Уақыт жоқ.

АНФИСА (шапшып): Міне, тұр. Қазыс десем, қашады.
ИТЕМГЕН: Енді былай. (Күмілжіп) Жүрегім ойнамалы
демедім бе...
АНФИСА: Жерге ағаш көміп тастапты. Ағаш, представ­

ляешь. Күйеуің осы дейді, ұятсыз, оңбаған!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Айт шыныңды, Едірей қайда? Кө­
зіңе көк шыбын үймелетемін.
ИТЕМГЕН (иығын қиқаңдатып): Білмеймін. Көм­ге­

німіз рас.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Көмгендерің рас қой. Әйтеуір
тіріліп кетуден аман ғой.
ИТЕМГЕН: Жо-жоқ, кәдімгі тепкілеп тұрып... көмдік.

Тіріліп кетсе де шыға алмайды.
АНФИСА: Өтірік айтады. Көмген жерінде жоқ. Құр
топырақ, сосын ағаш...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Уh! (Залға қарап) Тіріліп кетпесе
болар.
АНФИСА: Екеуіңді де сотқа беремін. (Сөмкесін ақ­
тарып, қағаз, қаламын алады). Арыз жазамын. Аудан­

дық халық сотына...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сабыр ет, Анфиса Ивановна.
(Итемгенге қаhарын төгіп) Айт жаныңның барында.
Әйтпесе (телефон трубкасына жармасып) милиция ша­

қырып, қазір қаматамын. Айт деген соң, айт! Едірей қайда
кетті? (Столды ұрып) Жерленген жерінде неге жоқ?! Осы­
дан таппасаң, Итжеккенге айдатамын!
ИТЕМГЕН: Көмдік... (Күмілжіп) Көмбей ошағына тас

қылды дейсіз бе?
АНФИСА: Өтірік айтады. Көзін көрдің бе, көзін, нағыз
суайттың көзі.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Көмсең қайда көмдің деп тұрмын

ғой мен саған.
ИТЕМГЕН (күмілжіп): Күн аяз... жер тоң... өзіміз үсіп
өле жаздап... әрі председатель болған соң.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Иә, иә, айта түс.

ИТЕМГЕН: Көмуге барған үш адам қол көтеріп, съез­
дегідей дауысқа салып.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Ойбай, аузыңды... Съезд
сенің неңді алған. Ешкім естімесін.

АНФИСА: Осы сөздеріңнің бәрін кірістіремін арызға.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (жұмсарып): Ну, Анфиса Иванов­
на, сәл кідірсеңізші. Анық-қанығына жетейік. Былай,
нетіп, тірі адамбыз ғой, келісерміз...

ИТЕМГЕН: Кездескенде адам түгіл жылқы да кісіне­
се­ді деген... Келісеміз ғой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (Итемгенді ала көзімен атып):
Мақал мұның несін алған! Ал, сосын? (Дауысқа сап).

ИТЕМГЕН: Сосын... сосын жерді қаза алмай... Күрек
тоңға өтпей... қолы көрге сыймай... өзіміз қоса өліп қала
жаздап...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (жерді тепкілеп): Бүйтіп ит әуреге
салғанша өзің неге өлмедің, өзің?
АНФИСА: Бәрі өтірік, өңшең алаяқ (долданып).
ИТЕМГЕН: Сосын дайын тұрған зиратқа...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Дайын тұрған зиратқа?
Ол кімдікі?
ИТЕМГЕН: Әбутәліп әпендінікі.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әбутәліптің зираты? Ол өлмей не

ғып жүр?
ИТЕМГЕН: Құтеке, (жарамсақтанып) сондай бір әпен­
ді шал бар. Өзіне көр қазып, зәулім ғып зират тұрғызып
қойған.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Едірей Матовичты сол дайын
зиратқа көмдіңдер ме?
ИТЕМГЕН: Иә. Жөні солай болды, дауысқа салдық та.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әлгі әпенді шал оны біле ме?

ИТЕМГЕН: Жо-жоқ, білмейді.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Ертең өзі өліп қалса ше?
ИТЕМГЕН: Осы бес жылдықта өле қоятын шал емес.
Тура шұнаңдап жүр.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Уh, мына дүние не боп кетті?..
Әл­гі әпендінің бала-шағасы бар ма?
ИТЕМГЕН: Жоқтаушысы жоқ, жалғыз басты жетім
шал. Одан саспаңыз. Өле қалса маған тапсырыңыз.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (кекетіп): Комиссия председателі
болам дейсің ғой. (Ойланып) Тісіңнен шығарушы болма.
Тек өзің біл, шалға көр табылар.
ИТЕМГЕН (аузын басады): Құп болады, Құтеке.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Қалғанын өзім жайғастырамын.
(Ойланып) Анфиса Ивановна, (жайдарыланып) жігіт­
терден бір қателік кетіпті. Былай, сізге айта алмай. Аса
құрметті Евгений Матовичты дайын тұрған зиратқа

жерлепті.
АНФИСА (шошып): Дайын тұрған зиратқа?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (елпілдеп): Анфиса Ивановна ол
ешкімдікі де емес. Аса мәртебелі Евгений Матовичтың
өзіне тиесілі зират.
АНФИСА: Сонда (таңғалып) сіздер... болашақ өлетін

адамға зират дайындап қоясыздар ма?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (Итемгенді түртіп қап): Жап
аузыңды. Иә, Анфиса Ивановна, күйеуіңіз марқұм Мато­
вич (көзіне жас алып) өте еңбекқор болатын. Бүкіл ел боп

құрметтеуші ек.
АНФИСА (қоса егіліп): Бәріне де шебер еді ғой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (басын шайқап): Қатты күйзелтіп
кетті. Соңғы сапарына жылап-сықтап шығарып салдық.

ИТЕМГЕН: Салған пеші үш күн түтін тартпай тұрып,
төртінші күн дегенде... (күліп) ала жөнелетін. Отын шақ
келтірмейтін.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Қолы алтын еді. Баяндама сайын

атын кірістіріп, аудан халқына үлгі етіп отырамын.
АНФИСА (алабұртып): Оның зәулім зиратына төлей­
тін менде көк тиын жоқ.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Бір тиын да керегі жоқ. Тек ана

арызыңды екеулеп жыртайық. Сонымен бәрі де бітті.
АНФИСА (көңілденіп): Олай болса, міне, міне (қағазды
жыртып тастайды), Құтым Салақбаевич, менің ерім Же­
няны ауданға аса құрметті адам еді дедіңіз ғой.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сөз жоқ, қадірлі адам болатын.
АНФИСА: Баяндама сайын айтып, еңбегін халыққа
үл­гі етемін дедіңіз ғой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: О, аудан былай тұрсын, облыста да

айтып жүрмін.
АНФИСА (Құтымды жағалап, майысып): Құтым
Салақбаевич, олай болса Женянің есімін аудан мектебінің
біріне берсеңіз.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (дағдарып): Апыр-ай, ә, енді қайт­-
тік? (Залға қарап) Құтқармас пәлеге қалдық-ау. (Ан-

фисаға) Дегенмен жақсы идея. Ойланайық, ақыл­да­
сайық.
АНФИСА: Құтым Салақбаевич, мен асығыспын. Билік
қолыңызда ғой.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (дағдарып): Апыр-ай, ә, мектептің
аты. Анау Горький, анау Калинин, мынау Пушкин атын­
дағы. Едірейге ығысып орын беретін бірі жоқ қой, тәйірі.
АНФИСА: Ең болмаса көшенің аты болса да.

ИТЕМГЕН: Міне, осы дұрыс. (Қуанып) Менің тұратын
көшем Махамбет атындағы. Өткен ғасырда өмір сүрген.
Бастық туысы, не артынан іздеуші жоқ. Осы көшенің атын
бере салса... «Едірей Матович атындағы көше», қатып кет­

пей ме?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Дұрыс! (Қолдап) Махамбет ақын
болса, Едірей озат еңбеккер. Ертеңнен бастап Едірейдің
атын беру керек. Міне, халықтар достығы деген осы.

АНФИСА (жайдарыланып, Құтымды сипалап): Аза­
матсың, Құтым Салақбаевич, азаматсың. Танысқаныма
қуаныштымын. (Ұшып-қонып) Кутум (еркелеп), рахмет,
рахмет сізге. Тағы бір тілегім бар.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Тілегіңіз көбейіп кетті-
ау, Анфиса Ивановна, айтыңыз.
АНФИСА: Адал еңбек етіп жүріп, жұмыс барысында
қаза тапқан Евгений Матовичтін қамқоры жоқ (еркелеп)

өзіңізден басқа, жесірі ретінде маған пенсия тағайын­
датсаңыз.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (болдырып): Уh, уh (маңдайын
сүртеді). Бүгін мына кабинеттен тірі шықсам жарады.

АНФИСА: Кутум, (қыңсылап) Кутум, соңғы тілегім.
(Көзін ойнатып, бөксесін бұлтыңдатады). Сізден басқа
мына жарық дүниеде қамқор ешкімім жоқ.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (валидол жеп, су ішеді): Уh, енді

қайттім?
АНФИСА: Өзіңіз араласпасаңыз, сотқа арыз берсем,
соңын созып жібереді ғой.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (Итемгенге кіжініп): Бәрі сенің
әлегің, ит-шошқа! Тұра-тұр, бәлем! (Анфисаға) Пенсия
жағы қиындау ғой, Анфиса, түсінсеңші.
АНФИСА (түсін суытып): Озат еңбеккер екені, басы­

на зәулім зират қойылғаны, көше аты берілгені рас болса,
неге жесіріне пенсия тағайындалмайды? Олай болса заң
бар, ізденемін, қуынамын (жұлынып).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Сабыр ет. Анфиса Ивановна, (ойла­

нып) ең оңай жолы, былай істейік. (Итемгенге) Сен шыға
тұршы. (Итемген шығып кетеді).
АНФИСА (сайқалданып): Күтум Салақбаевич, қам­
қорым менің (көзін ойнатып). Ең оңай жолын өзің айтшы.

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Пенсияға тағайындатуға мен ара­
ласа алмаймын. Ең төте жолы, күйеуіңнің құны қанша?
АНФИСА: Қаншасы қалай? Ақшамен бе?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Иә, ақшаға шыққанда.

АНФИСА (ойланып): Ым... 100 сом, жо-жоқ. Екі қол,
екі аяғы бүтін. Көзі сау... ұзын бойлы так, так, 1000 сом
құны, Кутум Салақбаевич.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (орнынан атып тұрып): Келістік

(қол алысады, Анфиса Құтымды жабысып сүйеді). 1000 сом.
Сонымен есеп айырыстық.
АНФИСА: Азаматсың, Кутум Салақбаевич (тағы сү­
йіп). Қамқорым менің. Ұнайсың маған. Әкелші, тағы сү­

йейін. (Сүйеді. Осы кезде есік ашылып, ішке астаналық
тележурналист Ескен кіреді. Иығында асып алған аппа­
ратурасы бар).
ЕСКЕН: Рұқсат па екен, Құтеке?

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (бойын түзеп, галстугін жөндеп,
сіресе қалады): Рұқсат, кіріңіз, төрлетіңіз, астаналық
журналист.
ЕСКЕН: Сіз кабинетіңізде өте маңызды мәжіліс өткізіп

жатыр дегесін (аппаратурасын қойып жатып). Бата ал­
май...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Біздің жұмысымыздың маңыз­ды
емесі жоқ қой. Күн сайын халық талабы, ел жағдайы деген­
дей... Ал, таныс болайық (қолын ұсынады).
ЕСКЕН (қолын ұсынып): Ескен Күшіков. Қазақ теле­

дидарының халықтар достығы редакциясының білдей
қызметкері.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: О-о, Есеке, өзіңізді көруге, осы та­
қырыпта сыр бөлісуге құштар боп отыр ек. Бек қуаныш­

тымыз. (Анфисаны нұсқайды) Танысып қойы­ңыздар.
АНФИСА (қылымсып): Анфиса Ивановна.
ЕСКЕН: Ескен Ғалиевич, танысқаныма өзімді (тәуір
сөз ойлап) өзімді аса қуанышты сезініп тұрмын Анфиса

Ивановна.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (қол шапалақтап): О-о, міне, міне
астаналық журналистердің сөзі осындай келеді. (Саусағын
шошайтып) Маркісі бөлек қой.

ЕСКЕН (лепіріп): Рахмет, Құтеке. Сіз басқаратын аудан
халықтар достығын құрметтеудің бірден-бір үлгісі деген
соң ешқайда бұрылмай, ат басын осында бір-ақ тіредім. Со­
лай емес пе, Ивановна?

АНФИСА: Дәл солай, Кушікович.
ЕСКЕН: Кешіріңіз, Ғалиевич деңіз.
АНФИСА: А, ғафу өтінемін, Ғалиевич, Құтым Салақ­
баевич деген ұлы азамат. Қазақ халқының бағына туған

джентельмен. Мәселен, мен бақытсыздыққа душар боп
ем...
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Анфиса Ивановна, сәл сабыр етіңіз.
АНФИСА: Ғалиевичтің де көксеп, ә-ә, іздеген, келген

тақырыбы осы емес пе, Кутум?
ЕСКЕН (елпілдеп): Дәл өзі, халықтар достығы, шы­
найы жарастығы...
АНФИСА: Сіз айтпасаңыз, мен баяндауға мәжбүрмін,

Құтым Салақбаевич, өйтіп скромничит етпеңіз. (Ескенге

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

қарап) Менің ерім... (Ескен аппаратурасына жармаса­
ды).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Есеке, сәл сабыр етіңіз. (Ойланып,
қиналып) Ол, өзі былай...

АНФИСА (Ескенге жетіп кеп): Салақбаевич – халықтар
достығының нағыз жанашыры. Менің ерім қарапайым
адал еңбеккер, аса маңызды мемлекет тапсырмасын орын­
дау үстінде қаза тауып еді...

ЕСКЕН (аппаратурасына қайтадан жармасып): О, жұ­
мыс үстінде өлді ме? (Аптығып) Сосын? Сосын?..
АНФИСА: Жұмыс үстінде жанқиярлықпен.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Анфиса Ивановна... Анфиса!

АНФИСА (жанұшырып): Жо-жоқ, сіздің жақсылы­
ғыңызды тілші жолдасқа айтпай шыдай алар емеспін.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (қолын көтеріп): Анфиса Иванов­
на, өзім, өзім айтайын. (Мұңайып) Екі қолы бірдей алтын

шеберіміз Евгений Матовичтен қапыда айырылып қалдық.
АНФИСА (өтірік жылап): Женя, Женям менің қандай
азамат ең. О-ой-й-й...
ЕСКЕН (елпілдеп): Қайғыңызға ортақпын, Иванов­

на, берік болыңыз. (Көтеріңкі леппен) Совет үкіметінің
жұмысын адал атқарып жүріп өліп кеткен адамда не арман
бар екен?!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Енді көшенің атын бергелі отыр­

мыз.
ЕСКЕН (өрекпіп): Міне, халықтар достығының ең бір
жарқын үлгісі.
АНФИСА: Салақбаевич, күйеуіңнің құны деп 1000 сом...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (шошып): Анфиса, тоқтат! Ескен
Ғалиевич, (жайдарыланып) назар аудармаңыз, жай бы­
лай, ол өзара мәселе. Иә, партияның саясаты...
ЕСКЕН (көңілденіп): Құрметті Құтым Салақбаевич,

аяулы Анфиса Ивановна, сіздермен кездесіп, халықтар
достығының мәңгі өлмес бір бетін ашып тұрмын. (Аппа­

ратын асынып) Қазір қадірлі Евгений Матовичтің зираты
басынан репортаж жүргіземін. Бүкіл республикаға паш
етеміз. Ал, кеттік.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (қипақтап): Сол зиратқа бармай-

ақ осы жерден... Ә, Есеке?
ЕСКЕН: Жо-жоқ, Құтеке, репортажымыз эффектілі бо­
луы керек! Эффект, түсінеміз бе? Партия бізден соны талап
етеді.

АНФИСА: Қазіргі заманда сіз секілді партия қай­
раткеріне скромный болған жараспайды. Жүріңіз, жү­
ріңіз... (Қолтықтайды).
ЕСКЕН: Ал, кеттік. (Екінші жағынан ұстайды. Құ­

тым амалсыз көнеді).
(Сахнада зират көрінісі. Әбутәліп әпенді өз зираты­
ның басында тізерлеп алып дұға оқып отыр. Алаңсыз.
Машинаның гүрілдеп кеп, шиқ етіп тоқтаған даусы

естіледі. Дабырласып сөйлеген, күлген кісілер. Сахнаға
Құтым Салақбаевич, Ескен, Анфиса, Итемген шығады.
Әбутәліп оларға назар аудармайды, дұғасын жалғастыра
береді. Қ. Салақбаевич Итемгенге сыбырлап, әпендіні

көрсетіп, аулақ алып кет дегендей ым жасайды, өзгелерге
көрсетпей қолын сілтейді).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Міне, жолдастар, тарихи орынға
да келдік.

ИТЕМГЕН (жалтақтап): Мына тұрған – Едірей Ма­
товичтің зираты. (Әбутәліптің зиратын көрсетеді). Қа­
раңыздар, көріңіздер.
ЕСКЕН (аппаратурасын алып): Ғажап. Асқақтатып-ақ

салған екенсіздер.
АНФИСА: Бәрі Құтым Салақбаевичтің арқасы.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (Итемгенді әпендіге қарай итерме­
леп нұсқайды): Қолдан келгенді аяған жоқпыз, жолдастар.

(Итемген әпендіге барып әлдене деп жатады).
ЕСКЕН: Анфиса Ивановна, мен қазір аппаратты іске
қосамын. Сіз жолда келіскендей күйеуіңіздің зиратын

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

сипап, иіліп тәу етесіз. Көзіңізге жас аласыз. Так, сосын
Құтым Салақбаевичке келіп, бүкіл семьяңыздың атынан
рахмет айтасыз. Ал‚ бастадық. Раз‚ два‚ три‚ мотор. (Ан­
фиса зираттың жанына барып‚ тізесін бүкпей ебедей­

сіз тоңқайып‚ басын иеді). Анфиса Ивановна‚ олай емес,
зиратқа бір қырындап келіп тізе бүгіңіз. Жаңа тоңқайған­
да етегіңіз бен екі аяғыңыздан басқа ештеңе... Ертең эфир­
ден қалай көрсетеміз? (Анфиса айтқандай ғып істейді).

Енді Құтым Салақбаевичке беттеңіз. Мотор.
АНФИСА (Құтымға қарай мықыны құрып бұрала
келіп‚ асылып бетінен сүйеді, қолынан қысып сілкілеп):
Рахмет‚ өлсең қазақтың ішіне жетіп өлу керек екен. Рах­

мет‚ Құтым Салақбаевич.
ЕСКЕН: Міне‚ ғажап кадр. Ал‚ Құтым Салақбаевич‚ сіз
естелік айтыңыз. Мотор!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Үкіметіміз бен партия ісіне жан-

тәнімен берілген... (Ескенге қарап) Есеке‚ осылай баста­
уым дұрыс қой...
ЕСКЕН: Өте дұрыс. Тоқтамай тарта беріңіз. Мотор!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Иә‚ жан-тәнімен берілген Евгений

Матовичті сұм ажал ортамыздан суырып алып кеткенде...
Көңілім бұзылайын деп тұрғанын қарашы. (Қалтасынан
орамалын алып бетін үйкеп‚ бырқ еткізіп бір сіңбіреді).
ЕСКЕН (жан-тәні қалмай): Ғажап! Қалтасынан ора­

малын алып‚ көзін сүрткенін эфирде қалдырамын да‚ әне
жерін кесіп тастаймын. Так‚ мотор!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Есеке-ау, қай жерін кесем дейсің?
ЕСКЕН (алақтап): Ана‚ мұрныңызды. Бәрі дұрыс. Мо­

тор!
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Бастай берейін бе?
ЕСКЕН: Мотор дедім ғой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Иә‚ сұм ажал ортамыздан суырып

кеткенде ақ жаулықты аналар жоқтау айтып‚ ақ сақалды
аталардың көңілі бұзылды. «Лучшие ребята раньше всех
уходят» деген осы.

АНФИСА: Көшенің де аты берілді.
(Осы кезде Әбутәліптің дұға оқыған даусы естіледі).
ӘБУТӘЛІП: У саллам‚ аль мурсалим‚ алhамди билләй
раббилға ләмин. Жатқан жерің жарық болсын. Пейіште

нұры шалқығай жарықтығымның. (Тұрғандар елеңдесіп
қалады. Құтым Салақбаевич Итемгенді итергіштеп,
әпендіні алып кет деп жанталасып жатады).
ЕСКЕН: Міне‚ тағы бір ғажап. Евгений Матовичтің зи­

ратының басына кеп ауыл ақсақалы дұға етіп отыр. Нағыз
халықтар достығының көрініс табуы. Қазір түсіріп аламын
(аппаратурасын ала жүгіреді).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Еске‚ (жолын кес-кестеп) Есе­

ке-ау‚ дұға оқу деген феодализмнің көрінісі. Ескінің сар­
қыншағы.
ЕСКЕН: Жо-жоқ‚ Құтеке (өрекпіп). Біз қазір дінді
қайтадан жандандырып жатырмыз. Қайткенде де түсі­

ремін.
(Әпенді орнынан тұрып тізесін қағып жатады).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Дін – апиын. Біз атеиспіз‚ жолдас.
ЕСКЕН: Басқа ұлттың басына кеп қазақ шалы... дұға

оқып‚ маған нағыз керегі осы.
АНФИСА (иығын қиқаңдатып): Ну‚ что же...
ЕСКЕН (Ескен Әбутәліптің қасына жетіп кеп): Ас­
салау-мағалейкөм‚ ақсақал.

ӘБУТӘЛІП: Е‚ бар бол, балам‚ амансың ба? (Көзін кө­
легейлеп Құтымдарға қарайды). Біреу-міреу шетінеп пе
еді? Жай жүрсіңдер ме?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Қап, бүлдіретін болды-ау. Алжы­

ған ит-ай!
ЕСКЕН: Астанадан‚ тілшімін‚ ақсақал.
ӘБУТӘЛІП: Е-е‚ әлгі ел аралап сөз теретін бе?
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Абыройды айрандай төкті-ау. (Кә­

рін Итемгенге төгіп) Сені ме‚ сені‚ тұра тұр‚ бәлем!
ЕСКЕН: Ақсақал‚ телевизорға түсіремін‚ телевизорға.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘБУТӘЛІП: Тілбезерге ме? Көршінің үйінде бар‚ шы­
рағым. Мендей өлмелі жаман шалдың тілбезер не теңі.
ЕСКЕН: Ақсақал‚ әңгіме былай‚ қазір (зиратты көр­
сетіп) мына Евгений Матовичтың басына дұға оқыңыз.

Мен түсіріп (аппаратын ыңғайлайды) алайын.
ӘБУТӘЛІП (ақырып): Мен жаңа кемпірім Шүйкетай
екеумізге бағыштап дұға оқығанмын. Ал әлгі өзің айтып
тұрған Матыш деген...

Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (килігіп): Ой‚ ақсақал-ай‚ әңгімені
көбейтпей, отыра сап бір дұға оқып жібер. Ал бәріміз де...
(қолын жаяды).
ИТЕМГЕН: Әпендім, оқып жібер. Уақыт тығыз, қо­

нақтар асығыс.
ӘБУТӘЛІП: Алла асыққанды көтермейді, шырағым. Ол
шайтанның ісі боп шығады.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Ой, ақсақал, (кейіп) сіз де бір...

Алла‚ шайтан деп басты қатырып. Одан да тездетіп оқып
жібермейсіз бе?
ӘБУТӘЛІП (қалбақтап): Оқиын, оқиын, шырағым.
(Тізерлей кетіп) Ағзу...

ЕСКЕН: Тоқтай тұр, ақсақал. Ағзудың алдында: «Осы
дұғамды марқұм, аяулы азамат Евгений Матовичке арнай­
мын» деп бір ауыз сөз қосып жіберіңіз.
ӘБУТӘЛІП (таңданып): Шырағым-ау, мен танымай­

тын Матышың кім осы?
ЕСКЕН (зиратты көрсетіп): Мына зиратқа жерленген
азамат. Еңбек майданының озаты.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (үрейленіп): Есеке, Анфиса, дұғасы

бар болсын. Бұл жерден тездетіп кетіп... Иә, репортаж­
ды Едірей Матович атындағы көшеден жалғастырсақ
қайтеді?!
ӘБУТӘЛІП (шошып): Ау, шырағым, не оттап отырсың

өзің?! Қайдағы Матыш? Бұл – менің зиратым. (Жа­нын­
дағыны көрсетіп) Мына жатқан – кемпірім Шүйкетай.

ЕСКЕН (сасып): Ау, бұл қалай болғаны? Мынау сіздің...
өзіңіздің зиратыңыз ба? Әлде мен жаңылыс естідім бе?
ӘБУТӘЛІП: Иә, менің, мына Әбутәліп әпендінің зира­
ты. Артымда бала-шаға жоқ болған соң, екі боздақ майдан­

да қалды...
АНФИСА: Өтірік! (Шажбаңдап) Сенбеңіз бұған, алдап
тұр.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Есеке, бұл кісі есінен ауысқан бы­

лай... шатасып сөйлей береді.
ЕСКЕН: Ақсақал, түсіндіріп, жіктеп айтыңызшы.
ӘБУТӘЛІП (ашуланып): Жілікте не, жіліктеме не,
бұл мына менің зиратым. Мынау жаман кемпір... Өлгенде

қасына жатайын деп күшімнің барында зират салдырғам.
Артымда ағайын-тума да жоқ...
АНФИСА: Нанбаңыз. Ғалиевич, бұл – менің күйеуім
Ма­товичтың зираты. Шал алжып тұр. (Зиратты жүгіріп

барып құшақтап жылайды). Нанбаңыз.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Есеке, көрдіңіз ғой, жылап жа­
тыр... (Абдырап) Бұл шал ептеп есінен ауысқан дедім ғой.
Былай, нетіп сөйлей береді, беталды...

ӘБУТӘЛІП (шабынып, зіркілдеп): Оттама, шырағым,
кім болсаң ол бол, өйтіп қыртпа. (Ескенге) Әй, тілбезер,
жүр зираттың есігінен ішіне үңіліп қара. Лақатыма дейін
қазылып, дайын тұр. (Әпенді мен Ескен зираттың есігінен

ішіне кіріп кетеді, қалғаны мойын созып үңіледі).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Әне, (қолымен зираттың ішін
көрсетіп) әне, (күліп) Едірей Матович жатыр, жерленген.
АНФИСА (қуанып): Томпайтып жақсылап тұрып кө­

міпті. Уh, әлгі шалдың сөзін естігенде зәрем зәр түбіне
кеткені. (Қалтасындағы томпайып тұрған ақшаны си­
пайды).
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ: Мен де... Уh, Есеке, Есеке, шы­

ғамыз енді.
АНФИСА: Көзіңіз жетті ғой, шығыңыз. (Абдырап Ес­
кен зират ішінен шығады, үстін қаққанда Құтым мен Ан­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

фиса қоса қағысады). Шалдың есі ауысқан ғой, байғұс-ай,
қатты аяп кеттім. Дурдомға орналастырса жақсы болар еді.
Кәрі адамға үлкен қамқорлық керек қой.
Қ. САЛАҚБАЕВИЧ (асығыс): Ал, Есеке, ендігі репор­

тажды Евгений Матович атындағы көшеден жалғас­
тырамыз. Жүріңіз, жүріңіз. Бәрін әзірлетіп қойғанмын.
Иә, иә, партияның талабы солай.
АНФИСА: Сосын осы хабарды халықтар достығының

үлгісі ретінде бүкіл республикаға тәжірибе ғып ұсыну ке­
рек. От. солай, Жүріңіз, Есеке. (Анфиса мен Құтым есең­
гіреп қалған Ескенді жетелегендей алып кетеді).
ИТЕМГЕН (кетуге ыңғайланып, бас шайқайды): Пар­

тияның талабы солай, һім, қызық. Егер партияға тіл бітсе,
ең алдымен партия қызметкерлерінің өзін жазалар еді-ау.
(Күліп) Тәжірибе ғып тарату керек дейді. Ха-ха-ха! Сонда
әр ауданнан бір-бір Едірей Матовичті өлтіріп... (Қолын бір

сілтейді) Құрсын, менің басым жететін шаруа емес екен.
(Сахнадан шығып кетеді. Осы кезде зират есігінен әбден
шөгіп қалған, ұнжырғасы түскен Әбутәліп әпенді шығады.
Екі қолында – екі бос бөтелке).

ӘБУТӘЛІП (өз-өзінен есеңгіреп): Менің орнымды Ма­
тыш иеленіпті. Жанында қос бөтелке. (Көрсетіп) Кең да­
ламнан алақандай жер... (Еңкілдеп жылайды. Көкке қолын
созып) Майданда қыршын кеткен қос боздағым, қайдасың?

Естисіңдер ме жаман әкең, жаман әкең (еңкілдеп)... Бірің
Сталинград үшін, бірің Берлин түбінде... Сонда кім үшін?!
Осы алақандай жер үшін емес пе? Алақандай. Фашистен
арашалап қалғанда енді кеп... Шүйкетай-ау, қалбақтаған

асығыс байғұс ең, Едірей Матышты байқамай мен екен
деп қалған жоқсың ба? А-а? (Дұға оқиды) У саллам аль
мүрсалим, алхамди билләй раббилға ләмин! (Бетін сипай­
ды). А-а, байқамай қалған жоқсын ба? (Сосын есіріктеніп,

жынданып билейді). Енді маған екі дүние бірдей. Скажешь
мне: «прости», а я плевать не захочу!
Шымылдық

НАШАҚОР ЖАЙЛЫ НОВЕЛЛА

Екі бөлімді, төрт көріністі драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. ЖАЛҚЫТАЙ – жалғыз ұл

2. ӘКЕСІ

3. ШЕШЕСІ

4. ТОҒЖАН – сүйген қызы 5. КӨРШІ ШАЛ – көкнәрші 6. КАМИЛА – саудагер, алаяқ әйел 7. ШЕФ – полиция майоры

Нашақор жастар, соқырлар, бала, т.б.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Қаладағы кафе-бардың бірі. Бармен, даяшы, жыныққан
музыка, желіккен жастар. Стол басына жайғасқан, биге

еліккен, ентігін баспаған топтың қарқыны ересен.
Әрі-бері сыра тасыған даяшы қыз безек қағады. Әлдекім
миығынан мысқылдай күледі. Ішке ұзынтұра Бозөкпе
кіреді. Көз жанары өшкен, ілбіп басады, сүлесоқ. Билеп

жатқан топқа сүзіліп қарап тұрып-тұрып «Жанна» деп
дауыстайды. «Жанна!» Құтырына билеп жүрген бір жас
қыз жалт бұрылып мұның жанына келеді.
БОЗӨКПЕ: Жанна, өлемін... дәл қазір.

ЖАННА (әлі де аласұрған қалпы): Өлме.
БОЗӨКПЕ: Өлтірмесең құтқар (жан даусы шығып).
Құтқар, Жанна!
ЖАННА: Ломка ма?

БОЗӨКПЕ: Ломка! Жарты дозаға да ақшам жоқ.
ЖАННА: Жарайд. Ақшаң кейін... (Жан-жағына алақ-
жұлақ қарайды). Қазір (сумкасынан шприц пен бір флакон
шығарады).

БОЗӨКПЕ (бет-аузын қисаңдатып): Тез, Жанна, бола
гөр... Сүйегім сынып барады.
ЖАННА (асығып): Қазір. Мені де талай ажал аузы­
нан алып қалғансың. Сәл шыда. (Бозөкпенің білегіне

укол салуға ыңғайланады). Міне, міне, былай... Түй
жұдырығыңды, тамырың қашады, қатты дедім. Міне, со­
лай... (Күлімсіреп) Қалай, тамыр-тамырыңды бүлкілде­
тіп бара ма?

БОЗӨКПЕ (көзін жұмып): Сен кезікпегенде...
ЖАННА: Арам қатасың.
БОЗӨКПЕ: Саудагер қатын таптырмай қойды.

ЖАННА: Қатын... қатын... Сен үшін тегін дозаның ата­
сы өлген. (Шприцті суырып алады). Тоқта, қанын сүрт.
Біреуіміз тайып жығылармыз.
(Әлгінде ғана әлсіреп келген Бозөкпе қас пен көздің ара­

сында құбылып сала береді. Көзі жанып, жүрелеп отырған
орнынан атып тұрады. Жаннаны қапсыра құшақтап,
мойнын бұрап тұрып аузынан сүйеді. Ерісіп айқайға ба­
сады. «Давай, жігіттер, билейміз, бас қыздар, ойнай­

мыз! Для дружбы нужно – время, а для любви – место!»
Тапырақтап билеп топқа қосылады. Азан-қазан қиқу
одан бетер өрістей түседі).
Жарық қараңғылана береді де, сахна айналады. Қала

пәтерінің кішілеу бір бөлмесі көрініс береді. Басы артық
жиһаз жоқ, әр дүние өз орнында. Жалқытайдың шешесі
столға шәй дайындап жүр.
ШЕШЕСІ: Зейнеткерлікке шық деп құдайдың зарын

қылдым. Құлақ аса ма бұл? Жалғыз ұл болса студент. Ал­
лам қош десе енді бірер жылда мынау деген маман болғалы
тұр. Ей, жарығым сол. (Пауза). Әлгі шалы түскірді айтам-
ау. Мұрнына су жетпей. Аштан өлем дей ме, көштен қалам

дей ме. (Столды сүртіп жатып) Қайтсін-ау, артынан ер­
ген жалғыз қарашығы күні ертең-ақ торғындай ғып келін
түсірем десе қиналып қалмайын дейді ғой. Қайбір қара ор­
мандай боп самсап... (Осы кезде есік қоңырау қағылады).

Е, келді (есікке ұмтылады). Қазір, қазір ашам... (Ішке
күйеуі кіреді. Қолтығында бір бума қағазы бар).
ӘКЕСІ: Иә, кемпір, қалайсың өзі? (Көңілді) Мә (қол­
тығындағы қағазды ұстатады).

ШЕШЕСІ (ақтарылып): Сенің осы бір сұрағың-ай. Бір
төсектен өріп жүріп, қалайсың деп. (Жымиып) Қалай бо­
лушы еді...
ӘКЕСІ: Е, сырлы аяғым-ай. Сырыңды бергенмен уа­

қытқа сыныңды бермейсің-ау.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШЕШЕСІ (күліп): Құры. Өзіңнен қалған сыр мен сын
ғой. Одан өзге не дәметкендейсің.
ӘКЕСІ: Шәй дайын ба? Жалқытай неғып кешікті?
Бақыт Айдамовтың лекциясы әлдеқашан бітіп еді ғой.

ШЕШЕСІ: Бақыт деген кім десем, әлгі Әлияның байы
екен ғой. Көзі тұздай боп, жас кезінде жүген үзген тентек
еді.
ӘКЕСІ: Жә. Қазір де жақсы ғалымның бірі сол.

(Екеуі стол басына отырады. Шәй іше бастайды).
ШЕШЕСІ: Осы байқайсың ба, шал-ау, соңғы кезде
Жалқытайжанның мінезі тұйықталып барады. Үнсіз,
меңірейіп отырып қалады кейде.

ӘКЕСІ: Ержеткені дағы. (Әзілдеп) Үйленіп, үйірге тү­
серде жігіттің сөйтетіні бар. Баяғыда өзіміз де (күліп). Әне
солай.
ШЕШЕСІ (қолын сілтеп): Құры. Аузың жалпылдап

құлағымды сарсытпайтын ба ең? Ойы-бай, төбеңнен құс
ұшырмаймын, аяғыңмен жер бастырмаймын. «Победа»
деген машина алам, шатырлап үй салам деп. Бәлду-бәлду
бәрі өтірік екен.

ӘКЕСІ (күліп): Алатын адам не айтпайды. Бәріне сене
берген өзіңнен көр. (Көзінің жасын сүртіп) Ой, шегім-
ай. (Тіктеп қарап) Ал содан не жамандық көрдің? Жел
жағыңа байыңды, ық жаққа балаңды ұстадың.

ШЕШЕСІ (еріксіз күліп): Жә, жә, шәйіңді іш. Осыған
да шүкірлік. Пепілдетіп шетелдік машина мініп, сыртын
қытай қорғанындай қоршап шатырлап үй салғандардың
да шыққан ұшпағын көріп жүрміз.

ӘКЕСІ: Әңгіме енді арнасына түсті. Иә, тәуба дейік...
(Есіктің қоңырауы соғылады).
ШЕШЕСІ: Жалқытай шығар, шәйімді ысытайын. (Әке­
сі есік ашқанда ішке сақалы өскен, қабағы кіржиген, киімі

мыж-мыж көрші шал кіреді).
ӘКЕСІ: Келіңіз, көрші.
ШЕШЕСІ (жаратпай сырт айналып): Есенсіз бе?

КӨРШІ ШАЛ: Шүкір, келін. Қалай, (қимыл-қозғалысы
тым ерсі) амансың ба, інім?
ӘКЕСІ: Амандық. Төрлетіңіз.
КӨРШІ ШАЛ: Жо-жоқ, осы есік көзінде құйрық басам

да кетемін. (Орындыққа жайғасады).
ӘКЕСІ: Ендеше шаруа айтыңыз.
КӨРШІ ШАЛ: Шаруа... (Кемсеңдеп) Жалғыз інім...
(Бет-ауызы қисаңдап жылап қоя береді). Жалғыз інім

аварияға түсіп, қаза тауып, у-уау-у, жаным күйзеліп...
ӘКЕСІ (сасып қалып): Иманды болсын, апыр-ай, көр­
ші...
КӨРШІ ШАЛ: Соны көмуге ақша қажет боп (қорсыл­

дай түсіп) тарығып келгенім.
ШЕШЕСІ (жаратпай): Апыр-ай, былтыр ғана емес пе
еді, жалғыз ініңіздің авариядан қаза тапқаны. Биыл тағы
өлді ме?

КӨРШІ ШАЛ (жылағанын қоя салып, көзін алақ-жұлақ
еткізіп): Ол ма?.. Ол немере інім болатын. Біздің тұқымға
авария әуес. Құтқара гөр, інім.
ӘКЕСІ: Қанша теңге?

ШЕШЕСІ: Былтырғы алғаныңызды да сөзбұйдаға са­
лып бермей кеткенсіз.
ӘКЕСІ (әйеліне қарап): Жә!
КӨРШІ ШАЛ (орнына тұрып): Өліп қалмасам екеуін

қосып берермін. Қарға тышар біздің қолға да.
ӘКЕСІ (қалтасын ақтарып): Бары үш мың, көрші.
Осыған риза боласыз...
КӨРШІ ШАЛ (қутың қағып): Е, жарады. (Алақанына

түкіріп) Жақында мені де машина қағып кете жазда­
ды. (Әкесі мен шешесі біртүрлі қызығушылық білдіріп
қарап қалады). Бастықтікі шығар, бір «Мерседес» маған
қарай тура салды дерсің. (Өз-өзінен ерісіп) Келсең кел

деп құлашымды жайып мен тұрмын. Қараш, қарашы
қазықты.
ӘКЕСІ: Опыр-ай...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КӨРШІ ШАЛ: Иә, опыр-ай десеңші! Енді қақты-ау де­
генде секірдім дейсің. Секірсім Сиднейдегіден бір кем емес.
Таяқпен өрмелеп аспанға шапшитын әлгі чемпиондар бар
ғой. Құдды сол.

ӘКЕСІ: Ал...
КӨРШІ ШАЛ: Иә, ал десеңші! Содан он бес метр жерде
кетіп бара жатқан бір маржаның... (Шықылықтап күліп)
бір маржаның...

ӘКЕСІ: Сұмдық-ай!
КӨРШІ ШАЛ: Иә, сұмдық-ай десеңші! Мойнына мініп
келіп алыппын.
ШЕШЕСІ (қабағын шытып): Аларыңызды алдыңыз,

барыңызшы енді.
КӨРШІ ШАЛ (кетуге беттеп): Жә, жә, келіннің қа­
бағы келіспей тұр, кетейін.
ӘКЕСІ (қызық көріп): Содан, көрші, қашан түстіңіз?

КӨРШІ ШАЛ (өз-өзінен тулайды): Тап сол жерде ту­
лап-тулап атып ұрды. (Қыт-қыттап күледі). Баяғы жас
кү­нім болса тіріде түсем бе? Ал, кеттім (шыға жөнеледі).
(Әкесі үнсіз бас шайқайды).

ШЕШЕСІ (тұлданып): Есің дұрыс па сенің? Нашақор,
көкнәрші шалдың өтірігіне сеніп. Бұл елден безген оңбаған
алаяқ емес пе?
ӘКЕСІ (жайбарақат): Өтірікшінің шын сөзі зая.

Бәлкім, расы шығар.
ШЕШЕСІ: Қайдағы іні? Ғұмыры біреудің іздеп келіп
есігін қаққанын көрдің бе? Айналасында жан жоқ, тұл­
дыр. Бірақ қырады да жүреді, сау-тамтық қалдырмай.

ӘКЕСІ (ойланып): Солай екен-ау.
ШЕШЕСІ: Анда секірдім, Айға секірдім деп... Сенің
әпенділігіңді пайдаланып... Үш мың теңгені қолақпандай
ғып ұстата салдың.

ӘКЕСІ: Қайтарар. Бермесе бастан садақа.

АЙНА-ҒҰМЫР ШЕШЕСІ: Садақаны да тиетін кісісіне беру керек. Көкнаршыға емес. (Осы сәтте есік қоңырауы соғылады да, үйге ақсия күлген Жалқытай мен төмен қарап ұялып сүйген қызы Тоғжан кіреді. Тоғжанды көрген әке-шешесі асып-сасады). ӘКЕСІ (абдырап): Жалқытай... (Қызға) Кел, кел, төрлет, қалқам. ЖАЛҚЫТАЙ (күліп): Абдырап қалдыңдар ғой. Бұл – Тоғжан. ТОҒЖАН (ұялып): Сәлематсыздар ма? ШЕШЕСІ (алып-ұшып): Тоғжан... Атыңнан айнала­ йын сол. Ұялма, жоғары шық . ЖАЛҚЫТАЙ (Тоғжанға қарап): Айттым ғой, менің ма­ мам сондай мейірман деп. Қазір қасықпен аузыңа ас тоса­ ды. Тіпті шәйнап та береді. (Бәрі күліседі). ӘКЕСІ (жік-жапар болып): Міне, былай, (диванды нұс­ қап) жоғары, жоғары отыр, қызым. ШЕШЕСІ (сасып, стол басын жинаған боп): Жалғызымау, қонақ ертіп келем деп алдын-ала ескертпедің бе? ЖАЛҚЫТАЙ: Тоғжан қонақ емес, болашақ келінде­ ріңіз. Таныстырайын деп алып келдім. ШЕШЕСІ: Қазір... қазір. Көрген түстей болды-ау. (Са­ сып) Әй, шал, келін келгенде осы сенің үнсіз қалатыныңай. ЖАЛҚЫТАЙ (мәз-мейрам боп күліп): Оу, мамасы-ау, үйге қанша келін келіп, қанша рет әкем үнсіз қалып еді? ШЕШЕСІ: Не деп кеттім өзі? ӘКЕСІ (жайбарақат): Қош келдің, қызым. Әй, кем­ пірім-ай, осы сенің жаңғалақтығың қашан қалады? Қы­ зым десеңші Тоғжанды. Оқисың ба, жұмыс жасайсың ба, қызым? ТОҒЖАН (ұялып): Оқимын. Университеттің үшінші курсында. ЖАЛҚЫТАЙ: Болашақ экономист. ШЕШЕСІ: Ой, жарығым. Әке-шешең бар шығар?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ТОҒЖАН: Әкем – жұмыссыз, шешем «Дина» базарында
сауда жасайды.
ШЕШЕСІ: Е, жақсы екен. Заманына қарай әркімнің
тірлігі әрқилы.

ЖАЛҚЫТАЙ (күліп): Мамам да саудаға шыққан ке­
зінде. (Жалқытай мен әкесі мәз боп күліп, шешесі жымиып
қол сілтейді).
ШЕШЕСІ: Жә, жә, мәз болуларын. Қызыма өзім ай­

тайын жасаған саудамның хикаясын.
ӘКЕСІ: Е, айтшы. Біз де тыңдайық.
ШЕШЕСІ: Метрі екі жүз теңгеден бір тай мата алған­
мын. Бір жас әйел «ауылдан келдім, апа, той жасайтын

едік, апа, бала-шағаңның қызығын көр, апа» деп тұрып ал­
сын. Арзан бер, оптом алам десін, әлгінің метрін жүз елу
теңгеден ұстатып жіберіппін. (Бәрі ду келеді).
ЖАЛҚЫТАЙ: Сонымен мамамның саудадағы карьера­

сы тамамдалды.
ШЕШЕСІ: Темірді де темірдей адам ұстайды, қызым.
Сауданы да ыңғайы бар адам жасайды екен. Ал, шәйға
отырайық. (Бәрі қауқылдасып дастархан басына жай­

ғасады).
ӘКЕСІ: Шәй ал, қызым. Біз мынау Жалқытайдың әке-
шешесі боламыз. Шешең зейнеткер, мен болсам үйреніп
қалған ұстаздықты тастай алар емеспін, аз-кем лекциям

бар.
ТОҒЖАН (ұялып, дәм алады): Ниеттеріңізге рахмет.
Жалқытай екеуміз жолдастарымызбен бірге спектакль­
ге бармақшы ек, бүгін. Үйдің тұсына келгенде қояр да

қоймай...
ШЕШЕСІ: Е, дұрыс болған, күнім. Жатырқама, келіп
тұр.
ЖАЛҚЫТАЙ: Өзің ғой, болашақ аташкам мен енеш­

кімді көремін деген.
ТОҒЖАН (даусы шығып кетеді): Жалқытай...

ШЕШЕСІ: Тек, шын ниетті қылжаққа қимай. (Әкесі
ұлына ала көзімен сынай қарайды).
ЖАЛҚЫТАЙ (орнынан атып тұрып): Сіздер әңгі­
мелесе беріңіздер. Мен киім ауыстыра қояйын. Театрға ба­

рамыз ғой.
ШЕШЕСІ: Шәй ал, ұялма, қызым, жалғыз ұл деп
беті­нен қақпадық. Ақылсыз емес, тек еркіндеу жүріп-
тұратыны бар.

ӘКЕСІ: Асфальтта өскен баланың әдеті емес пе. Жел ти­
мес деп желбегей жүретін. (Осы кезде қабырғада тұрған
телефон шарылдап қоя береді. Өзге бөлмеден мойнына
қарғыбау шалып галстугын байлап жатқан Жалқытай

атып шығып, трубканы көтереді).
ЖАЛҚЫТАЙ: Да. Алло-ау.
ДАУЫС: Салам, Жолкотай! Мы ждем тебя.
ЖАЛҚЫТАЙ: Сәлем. Қонағым бар, спектакльге барам,

шыға алмаймын.
ДАУЫС: Кончай! Уәде қайда? Ақша қайда?
ЖАЛҚЫТАЙ: Қайдағы ақша?
ДАУЫС: Ұмыттың ба? Сессиядан құлағанда алған.

Оқытушыға берген.
ЖАЛҚЫТАЙ: Ә, түсіндім. Бірақ бүгін қинама. (Осы
сөзден кейін Жалқытай телефонды өзге бөлмеге алып кі­
ріп кетеді).

ШЕШЕСІ: Не дейді мынау? (Тоғжан иығын көтереді).
ӘКЕСІ: Сессиядан құлап, біреуге қарызданып жүр ме?
ШЕШЕСІ: Осы күнгі жастарды түсінбессің.
ӘКЕСІ: Жалпылама жастарды қайтесің, жалғыз ұлды

жете түсінбей тұрып.
ШЕШЕСІ (Тоғжанға): Жүзіңе иман үйірілген бала
екенсің, күнім. Көңіліңе алма. Дәмнен ауыз тиіп отыр­
саңшы. (Бөлмеден Жалқатай шығады. Кетуге бет ала­

ды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ЖАЛҚЫТАЙ (абдырап): Мен қазір келемін. Сию ми­ нута. (Тоғжанның шашынан сипап) Мама-папаммен әңгі­ мелесе тұр. Тығыз шаруа. Қазір ораламын. ШЕШЕСІ: Ау, жарқыным, әлгі спектакльдерің қайда? ӘКЕСІ: Осы сенің алып-ұшпасаң жүре алмайтыныңай. ЖАЛҚЫТАЙ: Үлгереміз бәріне. Өмір алда. Тоғжан, күт мені, қазір келем. (Шыға жөнеледі). Қаладағы баяғы кафе-бар. Бозөкпе мен Жанналардың құтырынған тобы. Думан қыза түскен. ЖАННА (Бозөкпеге): Жалқытай келем деді ме? БОЗӨКПЕ: Келеді. Келмей көрсін. ЖАННА (кектеніп): Көрсетерміз оған. Адамды алда­ ғанның құны немен өлшенетінін. БОЗӨКПЕ: Точно сені алдап кетті ме? ЖАННА: Алдағанда қандай! Ойбай, күйем-сүйем, сен­ сіз прямо өлем деп, құшып, құмарын қандырып... БОЗӨКПЕ: Сосын абортқа ақша таппай сенделді емес пе, бейшара. ЖАННА: Сосын тағы жасатты. Енді Тоғжанды алғалы жүр. БОЗӨКПЕ: Ох, оңбаған. Қай Тоғжан? ЖАННА (қолын бір сілтеп): Әй, әлгі ауылдан келген мәмбеттерден айырмасы жоқ, әлгі бар ғой. БОЗӨКПЕ: Ым... Түсіндім. Час расплата таяп қалған екен. ЖАННА (зымияндана жымиып): Ендеше бір дозаң ме­ нен. БОЗӨКПЕ: Келістік. (Бозөкпе барменнің жанына барып тұрады да, үш-төрт жігітті шақырып алып, өзара сыбырласып кеңеседі. Осы сәтте ішке Жалқытай келіп кіреді).

АЙНА-ҒҰМЫР ЖАЛҚЫТАЙ (у-шумен, түтіннен ештеңе айыра ал­ май тұрып қалады): Сәлем, жігіттер. БОЗӨКПЕ: Жалко-тай, ішімізде қыздар да бар. Әлде оларға сәлемің сатулы ма? ЖАЛҚЫТАЙ (шет столда қырын қарап шампан ұрттап отырған Жаннаға қарап): Ә, Жанна, сәлем. ЖАННА (мысқылдап): Сәлем, сәлем. Ал, алдық. ЖАЛҚЫТАЙ (үш-төрт жігіт қаумалай бастағанда): Мен асығыс едім, жігіттер. Уәде берген соң... БОЗӨКПЕ: Қашаннан бері уәдеге берік едің? ЖАННА (теңселе басып таяп келеді): Иә, қашаннан? ЖАЛҚЫТАЙ: Ей, Бозөкпе, құйысқанға қыстырылып саған не жоқ? БОЗӨКПЕ (жағасынан ұстап): Сонда құйысқан сен де... ЖАННА (Бозөкпеге): Қыстырылған тезек өзің бодың ғой. БОЗӨКПЕ (Жалқытайды іштен бір ұрады): Мә, енде­ ше! ЖАЛҚЫТАЙ (арпалысып): Не керек өздеріңе, айтың­ даршы?! БОЗӨКПЕ: Ақша қайда? (Алақанын жаяды). ЖАЛҚЫТАЙ (усынып): Мә, мың теңге. Мына, кейін... ЖАННА (жайып тұрған Бозөкпенің алақанына тү­ кіріп): Міне, қалғаны. (Жалқытайдан басқасы ду кү­ ліседі). ЖАЛҚЫТАЙ: Жетті, Жанна, мазағың! (Итеріп жі­ береді). ЖІГІТТЕР: Әдепсіз ғой мынауың. – Қыз баланы сыйламайды. – Махаббатты түсінбейді. – Абай атасы қақсап өлген «Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деп. – Ендеше мұны хайуан десеңші. ЖАЛҚЫТАЙ (жігіттің біреуін ұрып құлатады): Мә, сволоч, хайуан! (Төбелес басталады. Бәрі Жалқытайға

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

жабылып кетеді. Жерге жығып салып екі-үш жігіт басып
отырады).
ЖІГІТТЕР (ырсылдап): Жат солай!

– Демал, бауырым.

– Есіңді жи.

– Біздің ортада аппақ боп жүруге болмайды.

– Тым ақылды болуға болмайды.

– Тым көсем болуға болмайды.

– Тым шешен болуға болмайды.

– Ұят болады.

ЖАЛҚЫТАЙ (жұлқынып): Жібер, кәззап. Тоғжан кү­
тіп қалды.
ЖІГІТТЕР: Әй, мынау Абай атасының сөзін айтады-
ай созып. Тоғжан күтіп қалды дейді. (Бәрі жырқ-жырқ

күледі).

– Алдымен Ділдәні жарылқап ал.

– Сенің Ділдәң мына тұрған Жанна...

– Жаннадан садаға кетсін.

– «Не имей сто тенге, а имей один доллар» дегенді

ұмыттың, бауырым.

– Шарасын айтыңдар.

ЖАННА: Жазасы біреу (қалтасынан шприц шы­
ғарады).
БОЗӨКПЕ: Ақылдым менің. (Құшақтап сүйеді). Әкел
бермен. (Бәрі жабылып, Жалқытайдың тулап, алыс­

қанына қарамай білегіне укол салады. Сосын бірте-бірте
босата бастайды. Жалқытай сәлден соң жүресінен оты­
рады. Дүние шыр көбелек айналып, сахнада алуан түсті
сәулелер ойнай жөнеледі. Бұл әлгі қорлықтың бәрін

ұмытқандай таң-тамаша қарап қалады. Әдемі әуен
естіледі. Неше түрлі сәулелерді сұқ саусағымен көрсетіп
күле бастайды).
ЖАЛҚЫТАЙ (нашаға бой алдырып): Бұл неткен рах-

хат! Жұмақтың сәулесі ғой (күледі). Рах-хат мында екен
ғой. (Анталап өзіне қарап тұрғандардың ішіне Жаннаға

қолын созады) Жанна, жаным, келші, баяғыдай билейік
бір. (Көңілді әуен, бәрі биге басады).
Екінші көрініс
Таң бозарып атқан. Әкесі-шешесі, Тоғжан – үшеуі үш

жерде отыр. Шала ұйқылы, дағдарған.
ТОҒЖАН (селк ете түсіп): Мен қайтайын. (Сумкасын
қолына алып) Кешірерсіздер.
ШЕШЕСІ: Иә, қалқам. Апыр-ай, аман болса жарады.

ӘКЕСІ: Мұндайы жоқ еді, масқара ғой.
ШЕШЕСІ: Полицияға хабарласайық. Іздесін.
ТОҒЖАН: Мен де жатақхананы сүзіп өтейін.
ШЕШЕСІ: Кеше кешке звондаған қай жетпегір? Бәрі со­

дан басталды.
ТОҒЖАН: Білмедім. Қала тентектерінің бірі шығар.
(Әкесі дағдарып, орнынан тұрып әрлі-берлі үйді кезе
бастайды).

ӘКЕСІ (Тоғжанға): Қызым, бұл біреулерге қарыз боп
жүр ме?
ТОҒЖАН: Білмедім...
ШЕШЕСІ: Сессияны ақшамен тапсырады деген не

сұмдық? Одан да түбін түсіріп оқымай ма?
(Есіктің қоңырауы шырылдайды. Үшеуі де есікке ұм­
тылады).
ШЕШЕСІ: Жалқытай шығар.

ӘКЕСІ: Түстің бе қолға, бәлем!
(Есікті ашқанда ішке көрші көкнәрші шал ентелеп
кіріп келеді. Үшеуі де үрпиісіп тұрып қалады).
КӨРШІ ШАЛ: Сәлем, көрші. Бір полиция аңдып

жүр­ген сияқты. Келе жатыр. Мені көрдім деп айтпаңдар.
(Қолы­мен аузын басады) Тш-ш-ш!
(Шешесі сылқ етіп диванға отыра кетеді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШЕШЕСІ: Сені қай жау алсын.
ӘКЕСІ: Өзіміз сау басқа сақина орап отырғанда.
КӨРШІ ШАЛ: Не болды? Айтып өлтірсеңдерші.
ШЕШЕСІ: Жалқытай жоқ.

ӘКЕСІ: Кеше кеште кеткен.
КӨРШІ ШАЛ: Салғаннан солай демейсіңдер ме? Мен
көрдім. Таңға дейін «Настальгияда» болды. (Бөксесін был­
ғаңдатып) Биледі. Кәмила екеуміз көрдік.

ШЕШЕСІ: Аман ба, әйтеуір?
КӨРШІ ШАЛ: Аман болмай... Сендер ескі көзқарастың
адамысыңдар. Жас жігітті үйге қамап ұстауға бола ма,
билесін. Тағы бірдеңесін істесін.

ӘКЕСІ: Жарайд. Рахмет. Бара қойыңыз.
КӨРШІ ШАЛ: Мені көрдім деп ешкімге. Тш-ш-ш! Жал­
пы бұ дүниеде жоқ деңдер. Все! (Кетеді).
ТОҒЖАН (көңілсіз): Мен кетейін, кешіріңіздер.

ШЕШЕСІ: Жақсы, қалқам. Кешіре гөр... (Жылайды)
Ұл мен қоса ұятын да тудым деп ойлап ем... Мұндай емес
еді.
ӘКЕСІ: Хабарласып, келіп тұр, қызым. Жатсынба.

ТОҒЖАН: Рахмет сіздерге. (Шығып кетеді).
ӘКЕСІ (әйеліне шап беріп): Ақылсыз ғып туып...
ШЕШЕСІ: Ау, жазған-ау, ақылды ғып туғызсаң өзің
қайда қалдың? Қит етсе болды, сенің тұқым-теберің,

жатырың жаман деп... (Жылайды).
ӘКЕСІ: Жә, жә...
ШЕШЕСІ: Несіне жә... Жас кезіңде өзің де сондай
едің... Төплиіңнің тақасы қисайып әр ауылдың арасын

жол қылып. Біріне сүйем, біріне күйем, жанам, ойбай,
өртенем деп. Жүрегіңді қолға ұстап шауып...
ӘКЕСІ: Бәрібір өзіңді алдым ғой.
ШЕШЕСІ: Міндет етуін. Болары болып, бояуы сіңген

соң. Мен де кетем, қал ендеше.
ӘКЕСІ: Жә, жә!

ШЕШЕСІ: Несіне жә... Аққудың көгілдіріндей бір ба­
ланы алып келіп... Таныстырып... Табанымен жер баспай,
ұшты да кетті.
ӘКЕСІ: Көбелек десеңші.

(Есік қоңырауы қағылып, ішке полиция майоры мен
Жалқытай кіреді. Әке-шешесі Жалқытайға құшақтарын
жая ұмтылады).
ШЕШЕСІ: Тірімісің, күнім?

ӘКЕСІ: Барсың ба?
ЖАЛҚЫТАЙ (үсті-басының сау-тамтығы жоқ, көзі
аларып, басын бұлғаңдатып): Ба-а...
ШЕФ: Бар болған соң да алып келдік.

ӘКЕСІ: Рахмет, інім.
ШЕШЕСІ: Айналайын-ай, сол.
ШЕФ: Так (папкасын ақтарып), фамилияларыңыз, үй
адрестерініз?

ШЕШЕСІ (шошып): Көтек, онысы несі?
ӘКЕСІ: Жылқайдаров. Сатпаев көшесі...
ШЕФ (жазып жатып): Так, осылай, жеңеше. Балаңыз
нашақорларға қосылған. Есепке аламыз.

ШЕШЕСІ (үрейленіп): Не дейд?
ӘКЕСІ (қатаң): Сұмдық! Рас па, Жалқытай?
ЖАЛҚЫТАЙ: Түнде бір-ақ рет.
(Әке-шешесі сылқ етіп отыра кетеді...)

ШЕШЕСІ (дауыс салып): Не жетпейді, ойбай. Тірілей
көмдің-ау.
ШЕФ: Так, қазір апарып қамаймын. (Жазады). Зна­
чить, сіздердің балаларыңыз екені рас екен. Сосын дозаны

кімнен алды, кім сатты, тергеймін, қаттап-шоттаймын.
ШЕШЕСІ (шырылдап): Ау, қайным-ау, мұны үйге тас­
тап кет. Сосын да тексере бермейсің бе?
ШЕФ: Жо-жоқ, жеңеше, бізге жіптің ұшынан айы­

рылуға болмайды. Жіп деген – балаңыз, Жалқытай. Со­
дан тарта беру керек, тарта беру керек, сонда көгенге
тізбектеліп бәрі қалқып шығады. Все!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШЕШЕСІ (ұлына): Жап аузыңды! Шал-ау, мелшиіп не
ғып отырсың?
ШЕФ: Все! Жүр, түс алдыма. Анда-санда тамақ әкеліп
тұруға болады. Жүр. Суын сығып алайық мынаның.

ӘКЕСІ (тура ұмтылып): Інім, майор інім, сәл сабыр
ет. Кішкене адам секілді тілге келейікші. Былай, былай
төрлетші. (Майор оқшырайып тұрып аяғын шешеді).
ШЕШЕСІ (қолтығына жармасып): Төрлет, төрлет,

қайным. Е, манадан бері сөйтсеңші.
ШЕФ: Уақыт тығыз, ақсақал. Әр үйде бір жайылып са­
лып отыра берсек, үкіметтің жұмысын кім істейді?
ӘКЕСІ (қалбалақтап): Солай ғой, солай ғой, дегенмен.

(Шешесі Жалқытайды жұлқылап өзге бөлмеге кіргізіп
жібереді).
ШЕФ: Құлағым сізде, ағасы.
ӘКЕСІ (жалынып): Жалғыз ұл еді, інім. Құтқара гөр.

ШЕФ (шіреніп): Қиындау шаруа.
ӘКЕСІ: Жер басып жүрсем жақсылығыңды ұмытпа­
йын.
ШЕФ: Апыр-ау, буынсыз жерге пышақ ұрасыздар. Қа­

зақ десең өзіңе тиеді. (Шешесі столға арақ, тамақ қойып
жатады).
ШЕШЕСІ: Дәм ауыз ти, қайным. (Күйеуіне) Құйсаңшы,
құйсаңшы тездетіп. (Әкесі арақ құйып, полицияға ұсы­

нады).
ӘКЕСІ: Кел, інім, таныстығымыз үшін.
ШЕФ (кергіп): Ала таңмен арақ ішпейтін әдетім бар еді.
(Ойланып) Болмас (қағып салады). Бу-ух! Өртеп кетті ғой.

ШЕШЕСІ: Зәкөскі ал, зәкөскі. Қазыдан алшы, айнала­
йын.
ӘКЕСІ (өзге бөлмеге барып келіп қолындағысын поли­
цияның қалтасына тыққыштайды): Інім, бар-жоғы жүз-

ақ доллар. Кешіре сал енді.
ШЕШЕСІ: Артық ақша болса бұйырмасын.
ШЕФ: Бұ қазақ осылайша қинайды енді. Ойланайын.

ШЕШЕСІ (шырылдап): Ойланба, қайным, ойланба.
(Күйеуіне) Құйсаңшы, ойбай, бәлденбей. Ойланба, қай­
ным, ой, құрсын.
ШЕФ: Жарайды, енді. Тек сіздерді сыйлағаннан бір

мәрте кешірейін.
ШЕШЕСІ: Ал, алып жіберейік.
(Полиция стаканды тартып жібереді де, жұдырығын
иіскейді. Көзін ойнақшытады).

ШЕШЕСІ (шошып): Ой-бай, тағы мұнысы несі? Ойла­
найын деп тұрған сияқты ғой.
ШЕФ (ұялы телефоны шырылдайды): Алло... Кәмила,
бәрі жақсы, жұмыстамын. Тез... міне, шықтым. Ал, сау

болыңыздар. Ешкім естімесін. Мен кеттім.
ӘКЕСІ: Аман жүр, інім.
ШЕШЕСІ: Сау тұр, қайным.
(Сахна қараңғыланып, жарық кері түскенде қала

пәтері көрініс береді. Он-он бес жас жігіттер мен қыздар
ашық-шашық жүр. Бір жігіт гитара тартады, кейбіреуі
сыңсып әндеткен болады. Орталарында – Жалқытай).
ЖІГІТТЕР: Тарт гитараны.

– Бас әнге. Өлгенде көрген бір той.

– Гуля билесін.

– Өткен жолғыдай. Міне, былай етіп (бір жігіт мықы­

нын былқылдатады).

– Бас биге, Гуля. Асса! Бас. Қыздыр көңілді кешті.

(Бәрі қол соғып, әнге салғанда келесі бөлмеден Гуля
жалаңаш атып шығып билейді. Қиылады, үздігеді, отыр­
ғандардың әрқайсысының тұсына келіп мықынын был­
қылдатады. Көңілді топ одан әрмен дуыл қағады).

ЖІГІТТЕР: Тон кием деп қайыстан,
Тоғыз еркекпен сайысқан батыр қызымыз – Гуля!

– Танысып қоюларыңды сұраймыз.

– Еркек біткенді оятқан, еркем,

Шаршаған шығарсың тояттан, еркем.

– Ха-ха-ха. Бәріміз ақын болып кетуге шақ қалдық.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Да, женщина – друг человека.

– Женщины дают нам жизнь, и потом жить не дают.

– Браво, браво.

(Осы қалыпта дуылдаса береді. Диванда бір қыз бен бір
жігіт құшақтасып өбісіп жатыр. Оған өзгелері мән берер
емес. Тағы бір бұрышта бір жігітті бір қыз ерттеп мініп
отыр. Қимылдары оғаштау. Диванда жатқан жігітті

Боз­өкпе тұрғызып жібереді).
БОЗӨКПЕ: Тұр, ендігі кезек менікі.
ЖІГІТ: Асықтырмасаңшы. (Қасындағы қызға) Таня,
айтсаңшы мынаған.

ҚЫЗ: Тұршы. (Қолын созып) Кел, Бозөкпе, жатшы.
(Екеуі құшақтасып, қойындаса кетеді).
ЖІГІТТІҢ БІРІ (ортаға шығып): Әйелдер жайлы ең
мықты афоризм айтқан жігітке берер сыйлық бар. Кәне,

кім жеңіп алады?
ЖАЛҚЫТАЙ: Күйеуге шыққан қызды «за победу»,
әйел алған еркекті «за мужество», ал (даусын көтеріп)
мен сияқты бойдақтарды «за оборону» деген медальмен на­

градтау керек.

– Брава!

– Мықты!

– Жарайсың, Жалқытай!

– Тағы кім?

ЖІГІТТІҢ БІРІ: Мужчина хочет быть в жизни женщи­
ны первым, но не хочет чтобы она была в его жизни по­
следней.

– Өте жақсы.

– Вот афоризм.

– Великолепно!

ЖІГІТТІҢ БІРІ: Мужчина готов идти за женщиной на
край света, а потом от нее на другой край.

– Вот гений!

– Сұмдық.

– Неткен ақылды.

– Жүлде осынікі!

ЖІГІТТІҢ БІРІ:

Ине сұқсаң білегіңе,
Күш толады жүрегіңе!

– Керемет ақын.

– Бірақ әйел жайлы емес.

– Әлі де ойлансын.

– Жас қой.

(Диванда жатқан Бозөкпе мен қыз арпалысып жатады).
БОЗӨКПЕ (айқайлап): Мен сенен ниетімді аяған жоқ­
пын, сен менен алақандай етіңді аяйсың.
ЖАСТАР ШУЛАП: Ғаж-жап!

– Сұмдық!

– Міне, афоризм.

– Диванда туған ақылды сөз.

– Жасасын Бозөкпе!

ЖІГІТТІҢ БІРІ:

Заман – ақыр, жер – тақыр,
Қатын – айғыр, ер – пақыр.

– Өңшең суырып салма.

– Талант қайда жатыр.

– Тас жарады ғой.

– Иә, әзірге бас жарып қана жүр.

ЖІГІТТІҢ БІРІ:

Байдың қойнында қалтырап жатқан­ша,
Нашақордың қойнында құтырып жат.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Ура-а!

– Тура ұран.

– Жазып, көшеге іліп қою керек.

– Қол жетпейтін етіп.

ЖІГІТ (ортаға шығып): Қорытындысын жариялай­
мыз. Бас жүлде... (Жан-жағына қарайды).

– Бозөкпенікі!

– Такстікі!

– Макстікі!

– Бакстікі!

(Өзара шуласып кетеді).
ЖІГІТ: Жо-жоқ, бас жүлде Жалко-тайдікі! Гуля, әкел
сыйлықты! (Гуля подносқа салынған шприц алып келеді).
ЖІГІТ (шприцты қолына алып): Жалко-тай дос,

жүлдең құтты болсын. Сал тамырды бойлатып.
(Бәрі құттықтасып шуласады. Ән, би басталады.
Жанна Жалқытайға шприцті егіп жатады. Осы сәтте
есік қоңырауы соғылады).

ҚЫЗДАР (үрпиісіп): Келді!

– Кім!

– Полиция шығар.

– Тығыңдар бәрін.

ЖІГІТТЕР: Үрейленбеңдер.

– Өзіміз.

– Бәрін сатып алғанбыз.

(Есік ашылып, ішке бір әдемі келіншек кіреді).
БӘРІ: О, Камила.

– Қош келдің.

– Төрлет.

– Сағынып қалдық.

– Өзің келдің, арзан шығар.

– Қазір дәмін татамыз.

КАМИЛА (наша сататын әйел): Сәлематсыңдар ма?
(Жайғасады). Біздікі әрі арзан, әрі қымбат қой. (Жал­
қытайды нұсқап) Ұйымдарыңа бір әдемі жігіт қосылып­
ты. Танысайық. (Қолын ұсынады) Камила.

ЖАЛҚЫТАЙ (орнынан тәлтіректеп зорға тұрып):
Жалқытай. (Қол алысады).
КАМИЛА: О, атыңыз әдемі екен. (Көзін ойнатып) Пря­
мо бірден жүрекке шабады. Танысқаныма шын қуанып

қалдым. Кел, қасыма отыршы. (Жалқытай Камиланың
тізесіне отырады).
ЖІГІТТЕР (елеуреп): О, жарадың, Жалқытай.

– Тізеге отырған саған жарасады екен.

– Құйып қойған статуя секілді.

– Камиланың алдына отырсаң қор болмайсың.

– Тақымы асау.

– Талай жігітті тербеткен тізе ғой.

КАМИЛА: Жарайды, жастар. Болса өнерлеріңді көрсе­
тіңдер. Болмаса мен кетейін. Шаруа көп.
ЖІГІТ: Алдымен товарды алып, есебімізді түгендеп
алайық.

КАМИЛА (етегін көтеріп, қолды сұғып жіберіп бір ора­
улы нәрсені суырып алады): Таза, нағыздың өзі.
ЖІГІТТЕР: Қанша?

– Қай пештен шыққанын көрдің ғой.

– Күйіп тұрған шығар. (Ду күлкі).

КАМИЛА: Үшеу. Жасыл.
ЖІГІТ: Екеу.
КАМИЛА: Екі жарым.
ЖІГІТ: Мә. (Камила екі жүз елу долларды төстар­т­

пасына сұға салады).
КАМИЛА: Енді қашан?
ЖІГІТ: Уақытында. Шефке сәлем айт. Бәрі о’кэй де.
КАМИЛА: Жарады. (Тұрады). Өнерлерің қайда?

ЖІГІТ: Қазір. (Алақан ұрады. Құтырынған музыка
әуенімен жалаңаш қыз бен жігіт шығып билейді. Би аяқ­

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

талмай жатып Камила Жалқытайды жетектеп сырт­
қа алып шығып кетеді. Екеуі орындыққа отырады. Түн.
Қаракөлеңке жарық түсіп тұр).
КАМИЛА (құшағына алып): Жалқытай, келші бері.

ЖАЛҚЫТАЙ (қолапайсыз): Келдім. (Камилаға тығы­
лады). Не істейсің? Ал...
КАМИЛА (Жалқытайды тұншықтырып сүйеді): Мі­
не, осылай істеймін. Түуh, неткен тәттісің!

ЖАЛҚЫТАЙ (өзі ұмтылып): Рас па? Келші онда. Сен
де дәмді шығарсың. (Екеуі қоймай сүйіседі).
КАМИЛА (басын алып қашып): Жетті енді. Жабысқан
жеріңнен жан, қадалған жеріңнен қан шығарады екенсің.

ЖАЛҚЫТАЙ: Рас па?
КАМИЛА: Рас. Между прочим, маған осындай жігіттер
ұнайды.
ЖАЛҚЫТАЙ: Камила, нашаны көптен бері сатасың ба?

КАМИЛА (селк етіп): Айтпа, олай деме. Менің атым –
құтқарушы. (Созып айтады) Құт-қа-ру-шы. Ұқтың ба?
ЖАЛҚЫТАЙ: Ұқтым. Сонда да бағасы қаншадан?
КАМИЛА: Саған тегін, өзгеге сатулы, мой голубчик.

(Екеуі тағы сүйісіп, айырылыса алмай жатқанда үстері­
не Жалқытайды іздеп жүрген Тоғжан келіп қалады).
ТОҒЖАН (селк етіп): Жалқы-тай?
ЖАЛҚЫТАЙ (орнынан атып тұрып): Тоғжан? (Тәл­

тіректейді).
КАМИЛА (үсті-басын түзеп): Бұл кім өзі, соңымыздан
сығалап жүрген?!
ЖАЛҚЫТАЙ (үрейленіп): Бұл – Тоғжан. Мен сүйген

қыз.
КАМИЛА: Подумаешь. Кеше оны, бүгін мені... Менің
де ғашық болуға правом бар шығар?!
ТОҒЖАН: Жалқытай, кім болып кеткенсің... Бетім-

ай... Масқара-ай.
ЖАЛҚЫТАЙ: Кешір, Тоғжан. (Тәлтіректеп) Әкелші,
қолыңнан сүйейін.

КАМИЛА (жұлынып): Әй, қаншық, аулақ жүр қың­
сыламай. Шашыңды уыстап жұлармын.
ЖАЛҚЫТАЙ (Камилаға): Тигізбе тіліңді. Бұл – пе­
ріште.

КАМИЛА: Ой-бай, шіркін-ай, сонда пері мен бе? Өзің
кімсің? Несчастный наркоман.
ТОҒЖАН: Тартыңыз тіліңізді.
ЖАЛҚЫТАЙ: Қойыңдар енді. Түннің ішінде салғы­

ласпай.
КАМИЛА (жұлқына қимылдап): Тыныштық тілей­тін
болсаң, (қолтығынан алады) жүр менімен. Әлде мына
қаншыққа кіндігіңнен байланып қалдың ба?

(Тоғжан алдарын кес-кестейді).
ТОҒЖАН: Бармайды ешқайда. Жалқытай, есіңді жи.
КАМИЛА: Кет жолымнан. Есін өзім жидырамын.
ТОҒЖАН (Жалқытайға жармасып, тартқылап):

Жүр, Жалқытай...
КАМИЛА: Кет жолынан, қаншық. Бұл мені сүйеді.
ТОҒЖАН: Жалқытай! (Шырқырайды) Әке-шешең
іздеп жүр. Ая соларды.

КАМИЛА: Аярланба.
(Камила мен Тоғжан арпалыса кетеді. Жалқытай
селкілдеп, бұларды сұқ саусағымен көрсетіп күледі. Алыс­
тан «Жалқытай», «Қайдасың, Жалқытай», «Жал­қытай,

жалғызым» деген әке-шешесінің даусы жаң­ғырығып ес­
тіліп тұрады).
Екінші бөлім
Үшінші көрініс

Шешесі үйінде. Шашын ақ көмген, көңілсіз. Түр­ті­
нектеп әр нәрсені істеген болады, бірақ ықылассыз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШЕШЕСІ: Уh, әдіре қалғыр-ай, өніп болмады ғой.
Өң­шең қиын қашқан бірдеңе. (Елеңдеп) Әлгі шал неге
кешікті? (Көрші бөлменің есігіне құлағын тосып тың­
дайды) Ояна қоймапты. Таң алдында төрт аяқтап жетті.

Ой, дүние-ай, көрместі көрмей көрге кірмейсің деген осы
екен. Жалғыз ұлдың тірілей күйігін тартам деп ойладым
ба? Ашумен шалға да тілім тиді. О, жазған, қайтсін, әлгі
«Волганы» сатып емдетем дейді. Тыртақтап шабады кеп.

Тоғжанның да көңілін ойлап, қас-қабағына қарап өліп бол­
дым. Анасынан ақ сүт емген бала екен, айналайын. Осы
жарты жылдың ішінде әлгі ұйықтан сүйреп алып шығып,
үйге қанша мәрте жетелеп әкелді. Бұ күнде туғаның олай

істер ме?
(Бөлменің есігі тарс беріп ашылып, үсті-басы мыж-
мыж, көзі іскен, шашы ұйпа-тұйпа Жалқытай шығады.
Шешесі екеуі бір-біріне үнсіз қарасып қалады).

ШЕШЕСІ (жүзін төмен салып): Жуын. Шәйіңді іш.
ЖАЛҚЫТАЙ (дірілдеп): Шәй... Керегі жоқ.
ШЕШЕСІ (дағдарып): Жалғызым, осы саған не жетпей
жүр? Айтшы. Жарты жыл болды мүлде өзгердің ғой.

ЖАЛҚЫТАЙ: Өзгерген мен емес, өздерің.
ШЕШЕСІ (алақанын жайып): Өл демесең не дейсің енді
бізге?
ЖАЛҚЫТАЙ (киініп жатып): Ал мен өліп бара жа­

тырмын. Ақша бер.
ШЕШЕСІ (орнынан тұрып кетеді): Ақша? Қайдағы
ақша?
ЖАЛҚЫТАЙ: Мың теңге. И все.

ШЕШЕСІ: Есің ауысқан шығар, мені бұлдап сат базарға
шығарып, әйтпесе ақша жоқ.
ЖАЛҚЫТАЙ: Мама, түсін, сүйек-сүйегім сынып бара­
ды, кеміріп жеп жатыр басымды (отыра кетеді).

ШЕШЕСІ: Не шара істейін, күнім, енді?
ЖАЛҚЫТАЙ: Ақша, ақша керек (басын ұстап, зарла­
нып жата кетеді). Бір дозаға ақша керек.

ШЕШЕСІ (күйініп): Құдай, құдай, дозадан-ақ өлдік-ау.
ЖАЛҚЫТАЙ (одан бетер зарланып): Доза, доза...
ШЕШЕСІ: Ақ сүтімді дозаға айырбастадың-ау, ұлым.
ЖАЛҚЫТАЙ (басын еденге ұрып): Өлемін, сындырып

барады, бұрап барады, өлем.
ШЕШЕСІ (сасып, әрлі-берлі жүгіріп): Не істейін енді?
Маңдайыңа салқын орамал басшы, қояр. (Маңдайына
ора­мал сулап қояды). Кел, алдыма басыңды салшы. (Жал­

қытайдың басын тізесіне қояды). Келші, күнім, бесік жы­
рын айтайын. Есіңде ме, бала күніңде «Мама, әлди айтшы»
деп жатып ұйықтайтының. Айтайын, айтайын, күнім.
(Ыңылдап бесік жырын бастайды).

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Қалай еді, ұмытып қалғанымды қарашы. (Қайтадан
бастайды).

ЖАЛҚЫТАЙ (жынданып атып тұрады, түрі адам
танығысыз өзгерген): Бересің бе ақшаны, жоқ па? (Шеше­
сі мүсәпір күйге түсіп абдырап отырып қалады).
ШЕШЕСІ (алақанын жайып): Немді беремін? Уh, жер­

дің жарығы болса, тірілей түсіп кетер ем.
ЖАЛҚЫТАЙ: Түссең түс, маған ақша керек. (Шкаф­
ты, диванның астын, кітаптарды ақтарып шәт-шәле­
кейін шығарады). Ақша... ақша... тықтыңдар, табамын

қазір, шашамын түгелдей. Дүниеқоңызсыңдар, шығай­
байсыңдар... Жалғыз ұл. Жалғыз ұлды өлімге қиясың,
ақшаны қимайсың... (Шешесіне ұмтылады) Тап, тап де­
ген соң тап ақшаны. (Шешесі басын қос қолдап ұстап оты­

рып қалады).
ШЕШЕСІ (баяу): Қарызға ал біреуден, кейін тауып
берермін.
ЖАЛҚЫТАЙ: Қарыздың да, тегін дозаның да аты

өшкен. Өлсең татырмайды. Тап деген соң тап. Әйтпесе...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ (Есік сарт етіп ашылып, ішке әкесі кіріп келеді). ӘКЕСІ (түтігіп): Иә, әйтпесе?.. (Шешесі жылап қоя береді). Не істегелі тұрсың? ШЕШЕСІ: Жалғыз бала жаудан қатты деген болды. ӘКЕСІ: Баяғы ақша ма? ШЕШЕСІ: Баяғы ақша. ЖАЛҚЫТАЙ: Бар-жоғы мың теңгеден тудыңдар ма? Мөрін жалап. ӘКЕСІ (кіжініп, ұмтылып): Сен ендеше героин, кокаин, нашадан туған шығарсың, әдепсіз ит! ШЕШЕСІ: Емдет мұны. Ауру ғой. Сосын лағып тұр. ӘКЕСІ: «Волга» өтпеді. Үйді сатайық ендеше. ШЕШЕСІ: Төсегімізді арқалап көше кезіп кетейік енде­ ше. ӘКЕСІ: Тапсырамын, тиісті орнына, күшпен емдетсін. Қол-аяғына кісен салып. ЖАЛҚЫТАЙ (шалықтап күледі): Олардың бәрін са­ тып алғанбыз. ӘКЕСІ (аларып, шарасы таусылып): Сатылмайтын да бірдеңе қалған шығар жер бетінде. ЖАЛҚЫТАЙ: Бәрі, бәрі сатылады. Баксың болса бол­ ғаны. ӘКЕСІ: Ақылмен жетпегенге ақшамен жетіп, аброй­ мен ұстамағанды аярлықпен ұстап көктерсіңдер, өңшең нәлеттер, қоғамның азғын ұрпағы. ЖАЛҚЫТАЙ (қалтырап-дірілдеп): Өлем қазір, сынды­ рып барады, сүйек-сүйегімді қуалап. (Шкафтан құндыз бөркін алады). Сатамын осыны. ШЕШЕСІ: Тоқтат (қолына жармасып). Иттің күшігі! Өткенде үлкен хрусталымды да құртқансың. ӘКЕСІ: Не дейд! О, заңғар! (Тұра ұмтылды) Енді ұр­ лыққа көшкен екенсің ғой. (Әкелі-балалы екеуі жағала­ сады). ЖАЛҚЫТАЙ: Бәрі өзімдікі.

ШЕШЕСІ: Құдай, құдай, тірілей ал-дағы...
(Әкелі-балалы екеуінің арпалысы үстіне Тоғжан келін
кіреді).
ТОҒЖАН (шошып): Мынау не сұмдық?!

(Шешесі Тоғжанды құшақтап жылап қоя береді).
ШЕШЕСІ: Тоғжаным-ау, қарашығым-ау, бірдеңе десең­
ші мынаған.
ТОҒЖАН (арашаға ұмтылып): Жалқытай, есіңді жи.

Ата, ата, отырыңызшы.
ЖАЛҚЫТАЙ (Тоғжанды ұмтылып ұрғысы келеді):
Кет, қаншық! Ішің шермиіп қалған соң көлеңкем құсап
ізімнен қалмайсың.

ШЕШЕСІ: Жап аузыңды, ұятсыз!
ЖАЛҚЫТАЙ: Рас, рас, ішінде үш айлық баласы бар.
Менен.
ТОҒЖАН (жан даусы шығып): Жалқытай! (Бетін ба­

сып отыра кетеді).
ӘКЕСІ: Мә, ендеше, көргенсіз. (Жалқытайды бір ұрып
құлатады) Мә, сыбағаң!
ШЕШЕСІ: Тоғжанымнан садаға кеткір.

ЖАЛҚЫТАЙ (орнынан сүйретіліп тұрып): Кетем
үйден. Қалыңдар осы моланың ішінде.
ШЕШЕСІ (алдын кес-кестеп): Тоқта! Қаңғып өлесің.
ӘКЕСІ: Жібер. Бөгеме. Шіріген жұмыртқа.

(Жалқытай есікті тарс ұрып шығып кетеді. Сах­
нада жарық қараңғыланып кері жанғанда Жалқытай
Камиланың үйінде отыр).
КАМИЛА (әндетіп):

Көктем келер гүлін алып,
Жаз да келер жырын алып.
ЖАЛҚЫТАЙ (қосыла кетеді): Сол көктеммен қашан
келер

Махаббаттың гүлін алып?!
(Екеуі мәз-мейрам болып күліп, сүйіседі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КАМИЛА: Жалқытай, екеуміздің бір шаңырақ астын­
да тұрғанымызға екі ай болды. Тамағың – тоқ, көйлегің –
көк, көтенің – боқ, кукари-ку-кук, енді ата-анамның алды­
на барып, кешірім сұрап, әке-шешең құда түспей ме?

ЖАЛҚЫТАЙ (қолын сілтеп): Айтқам. Менен бұрын да
екі күйеуден айырылысқаныңды естіпті. Үш балаңның ба­
рын да жеткізіпті.
КАМИЛА (ыдырынып): Ал...

ЖАЛҚЫТАЙ: Тіріде бармаймыз десті.
КАМИЛА: Біреудің әлпештеген төредей қызын қор­
лауын бұлардың.
ЖАЛҚЫТАЙ: Әсіресе балаларыңа қарсы.

КАМИЛА (долданып): Бала. Бала деген періште емес
пе? Дайын немере. Одан артық не керек?
ЖАЛҚЫТАЙ: Оны ойлауға бастары жете ме?
КАМИЛА: Бәрін бүлдіріп жүрген әлгі қаншық шығар.

ЖАЛҚЫТАЙ: Сол. Бәрін азғырып бүлдіріп жүрген.
Енді қолдарына кіріп алуы қалды.
КАМИЛА (көзінен от шашып): Ол жүзіқараның ша­
шын талдап жұлып қолына берейін. Оқудан қуғызайын.

Жанымен қайғы қылайын.
ЖАЛҚЫТАЙ (құшағын жайып): Келші, айқасып жа­
тайықшы.
КАМИЛА (жұлқынып): Біраз жаттық, жарар. Қаңғып

келгеніңде есік аштым, тамағың – мойнымда, киімің –
мойнымда, күніне – екі-үш мәрте уколың мойнымда, ал сен
әке-шешеңе бір тілегіңді алдыра алмайсың. Не қажетің бар
маған?

ЖАЛҚЫТАЙ: Кешір енді.
КАМИЛА: Әлде маған дегенде бай құрып қалды дейсің
бе, подумаешь. (Сұқ саусағымен тамағын қиып) Мын­
нан. Талайы басқан ізіме зар болып жүр. Кезінде облыстың

білдей зам әкімі де көз қысқан, құлдығың болайын деп.

Ақымақ басым қақшаңдап көнбей қойғам. Бәрі сен үшін...
Әлі де кеш емес, көне қойсам.
ЖАЛҚЫТАЙ (міңгірлеп): Дегеніммен жүргізем ол
екеуін, істемей көрсін айтқанымды... Ашуланған соң ба,

манағының күші қайтып кетті. (Мөлиіп) Камилаш-ау...
КАМИЛА (ойланып тұрып, жүзіне зымиян күлкі жү­
гіреді): Жарайды, кел. (Қолына шприц алып, сұйықты
асықпай сорғызады). Әкел білегіңді. Тамырың қашып ке­

тіпті ғой. Енді қайттық?
ЖАЛҚЫТАЙ (шұлығын шешеді): Аяғымнан сал.
КАМИЛА: Әкел. Бол. Тамырың адырайып тұр екен.
ЖАЛҚЫТАЙ (көзін жұмып): Ой, рахат-ай! (Тамшы

қалдырмай жібер).
КАМИЛА (шприцты алып жатып): Күніне екі мың
теңге тек уколыңа кетіп отыр. Екі ай, алпыс күн. Көбейт
екіге. Жүз жиырма мың теңге. Аз ба, көп пе? Адам жаса­

ған жақсылықты айтпай түсінуі керек.
ЖАЛҚЫТАЙ (жан кіріп, құтырынып): Ең бастысы
құ­шағың ғой, оттан ыстық. Ең кереметі тақымың ғой,
игертпейтін шу асау. Ең ғажабы...

КАМИЛА: Ең ғажабы, міне (Жалқытайды жабысып
сүйеді). Кел, жаныма отыр. Әңгіме бар.
ЖАЛҚЫТАЙ: Құлдық.
КАМИЛА: Ендеше әке-шешеңе айт. «Волганы» саған

берсін. Сатып, ортақ бизнеске салайық.
ЖАЛҚЫТАЙ: Жаңа машина. Табылған ақыл (алып-
ұшып). Ол өзіме алынған көлік. Иесі – мен. Аламыз, сата­
мыз, бизнес жасаймыз, күрпіп байимыз.

КАМИЛА: Азаматсың! Бірден түсіндің. Осындай жі­
гіттерді жаным сүйеді.
ЖАЛҚЫТАЙ: Дувайға барайық, Тайванға барайық,
хайуанға барайық, әйтеуір ақша жасайық.

КАМИЛА (мойнына асылып): Айналдым ақылыңнан.
ЖАЛҚЫТАЙ: Мен әзірмін. Все, кетеміз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КАМИЛА: Аптықпай тұра тұр. Бәрін тиянақтап бір
шешіп алайық.
ЖАЛҚЫТАЙ (елең қағып): Шешейік. Давай. Дым
қалдырмай.

ҚАМИЛА. Шешсек, өлмелі кемпір-шалға төрт бөлмелі
хан сарайындай үйдің не керегі бар? Тем более орталықта.
Оны бір бөлмелі осы үйімізге ауыстырсын. Балшығы бар,
Привокзальныйда демесең жаман үй емес. Іші құтты.

Қытайлар подвалын тазалап жатыр, айнадай етіп. Келін-
баласынан аяй ма?
ЖАЛҚЫТАЙ: Ақылдым менің. Ауыстырады. Айттым –
бітті.

КАМИЛА: Көмектесіп тұрамыз анда-санда. Кең үйге
шық­қан соң балаларымды қолыма алайын. Үшеуі де ұл.
Саған да жаттығы жоқ, ертең-ақ папалап кетеді.
ЖАЛҚЫТАЙ: Әрине, папалайды.

КАМИЛА: Заман – жаман. Әке-шешең де ертеңгі күнін
ойласын. Сосын әлгі қаншықты қыңсылатпай қуып таста­
сын.
ЖАЛҚЫТАЙ: Қуады. Табанын жалтыратады.

КАМИЛА: Ендеше жолың болсын. Көп айналма. Екі
көзім төрт болып жәудіреп күтіп отырам.
ЖАЛҚЫТАЙ: Күт. Шаруаны тастай ғып бір-ақ шешіп
келем. (Шыға жөнеледі).

(Жалқытай кетсімен ішке Шеф, яғни полиция майоры
кіреді).
ШЕФ: Камила дейік (еркелетіп).
КАМИЛА: Шеф! (Мойнына асылып сүйеді). Қайда жүр­

сің көрінбей, сағындым ғой.
ШЕФ: Жас жігіттің құшағында жатып неғып сағына
қалдың?
КАМИЛА: Ой, шірік немені айтпашы, сенің қайратың

бөлек қой.

ШЕФ: Оның рас. (Күліп) Асығыспын, Камила. Келесі
жолы аунап-қунармыз. (Қытықтап) Қытығыңды қан­
дырып... Ох.
КАМИЛА (қытықтағанда секіріп, мәз боп күледі):

Қой­шы, алла-ай, адамның қытығын сразм тауып ала­ты­
ның-ай. Келсеңші (қолынан сүйреп).
ШЕФ: Жо-жоқ. Камила, келесі жолы. Мә, мынау сатуға.
300 грамм. Бағасы бұрынғыша (қойнынан алып наркотик

тастайды). Нәтиже қандай?
КАМИЛА (доллар ұсынады): 50 грамнан басқасы тү­
гелдей өтті.
ШЕФ (ақшаны салып алып): Жаңа клиенттер қосыл­

ды ма?
КАМИЛА: Мектептің екі баласы. Тағы да табамыз де­
ген.
ШЕФ: Жақсы. Адрестерін алып қал.

КАМИЛА: Бір жұмада келсеңші. Өткізіп үлгерем.
ШЕФ: Хо-ро-шо. Бала қайда?
КАМИЛА: Жоспар бойынша әке-шешесіне кетті. Үй,
машина...

ШЕФ: Бірден оформит ет, сосын өзін де көп созба.
КАМИЛА: Қанша уақыт?
ШЕФ: Кағазыңды түгендеген соң, үш ай жарайды.
Құйрығына қайқайтып тұрып бір теп. Жаңа клиент бар.

КАМИЛА: Келістік. Целую. (Екеуі сүйісіп қоштасады).
(Басын кеудесіне құлатып, аяғын санап басып Жалқы­
тай келеді).
КАМИЛА (күлімдеп, жайраң қағып): Келдің бе, таға­

тым қалмады ғой.
ЖАЛҚЫТАЙ (міңгірлеп): Келдім.
КАМИЛА: «Волгамен» келдің бе?
ЖАЛҚЫТАЙ: Жаяу.

КАМИЛА (сұрланып): Не болд? Айтсаңшы зарық­
тырмай.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ЖАЛҚЫТАЙ: Әкем инфаркт алған, шешем талып жа­
тыр. Бермейміз десті. Көнбейді.
КАМИЛА: О, өлімтік. (Шапшып) Біліп ем... Сезіп ем...
ЖАЛҚЫТАЙ: Өзімді қуып шықты. Сенімен қоса

қаматамыз дейд.
КАМИЛА: О, өлімтік. Бірі инфаркт алып, екіншісі та­
лып жатып мені қаматам деуін. Пішт, мә, қаматар. Өңшең
жауыз, екеуінен туған сен не оңайын деп ең. Шық, шық,

давай, үйден.
ЖАЛҚЫТАЙ: Камилаш, кешірші. Махаббат үшін.
КАМИЛА (зәрлене күліп): Махаббат? Әй, өлімтік, сен
қайдағы махаббатың басын ауыртып тұрсың осы? А, айт­

шы? Жалғыз шалбармен жүріп сендегі қайдағы махаб­
бат, а? Қаралай қанымды көтеруін.
ЖАЛҚЫТАЙ (аяғына жығылып): Осы үйде тұра
берейікші.

КАМИЛА: Жаныңа жаққан екен, салулы төсек, салқын
үй. Сенен бұрын да екеуін қуып шыққам. Ел біледі. Үшеу
де көптік етпес. Шық деген соң, шық. Босат үйді.
ЖАЛҚЫТАЙ (ербиіп орнынан тұрады): Қайда барам?

КАМИЛА: Қайқай. Көлеңке құсамай. Ойбай, бай болам,
Тайванға барам деп. Давай, босат үйді. (Кеудесінен түйеді)
Батыр қараңды.
ЖАЛҚЫТАЙ: Жарайды, кетейін (шығады).

КАМИЛА (шаптығып): Кетпей көр... Көзіңе көк шы­
бын үймелетейін. (Заттарын артынан лақтырып жата­
ды) Әкет төплиіңді, әкет көйлегіңді, әкет шұлығыңды.. Уh!
(Сахнада жарық сөніп, кері жанғанда көшеде отырған

Жалқытай көрінеді. Киімдері айналасында шашылып жа­
тыр. Өзі өмірден әбден түңілген. Жанынан көкнәрші шал
өтеді).
КӨРШІ ШАЛ (кетіп бара жатып тоқтай қалады):

Әй, ұлым, (басын шайқап) ұйыққа тап болдың ғой,
ұйыққа. Аман шығартпас. Талай апайтөс азаматтарды жұ­
тып тынған. Тек мен айтты деме.

(Жалқытай тәлтіректеп орнынан тұрады. Шай­қа­
лады. Тәлтіректейді. Айналасында қара жамылған­дар
қаптап кетеді. Мұны шыр көбелек айналып жүре бастай­
ды. Осы сәтте Жалқытай жерге тарс беріп құлайды. Алыс­

тан «Жедел жәрдемнің» азынаған даусы мен полиция­
ның ысқырығы естіледі).
КӨРШІ ШАЛ (сасып): Пәлесінен аулақ! (Қашып, кө­
рермендердің ортасына кіріп кетеді. Азынаған үн мен

ысқырық жақындай береді).
Төртінші көрініс
Сахна әлем-жәлем, адам жанын құлазытатын кө­
ріністер. Мұңды музыка. Бір-бірін жетектеген соқырлар

шығады. Шамасы, он-он бес адам. Бір-бірін жетектеп
жүріп адасады. Кейбірі қолына таяқ ұстап алған. Жол
таба алмай жүр. Тоқтай қалып дауласады.
СОҚЫРЛАР (бастаушысы): Алдан бір жарық көріп

едім.

– Қашан?

– Қай тұстан?

– Жарықтың түсі қандай?

– Ақ та. Аппақ.

– Адасатынымызды білгенмін.

– Қаңғып өлеміз.

– Қай тұста жүрміз?

– Орман іші ме?

– Тау секілді ғой.

– Оттама, мен балшық басып келем.

– (Айқайлап) Ей, көзі бар бір жан жоқ па маңайда?

– Көзі бар, көзі, жөн сілтейтін.

– Әлгі көрінген жарыққа жеткізетін.

– Адасып өлдік-ау.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Уh, шаршадым (біреуі отыра кетеді).

– Тұр, жүр қатарға! (Бәрі жабылып тұрғызып алады).

(Соқырлар тізбектеліп сахнадан шығады. Ең со­
ңындағы бір соқыр бөлініп жалғыз қалып, сахнаның орта­
сына қайтып келеді. Үнсіз, сұлық көзқараспен жан-жағын
тінте қарайды. Оң жақ тұсқа беттейді, алдынан қара

қабырға шығады, сол жақ тұсқа беттейді, алдынан тағы
да қара қабырға шығады. Кері жүрсе тағы сол. Жолын кес-
кестеген бөгеттер. Адымын аштырмайды).
ЖАЛҚЫТАЙ (даусы қарлығып): Кім бар бұл дүниеде?

Кім? Жарық дүниеде бар ма біреуің? Ей-ей, кім бар, кім?
КӨРШІ ШАЛ (залдан тұрып, сахнаға беттейді): Мен
бармын, мен. Бармын ғой. (Жалқытайдың жүзіне үңіледі)
Сен кімсің? Не іздеп жүрсің?

ЖАЛҚЫТАЙ (шап беріп өңірінен ұстап алып қыл­
ғындырады): Кәрі құзғын, тірі ме едің? Қартаймайтын қар­
ға болдың ғой.
КӨРШІ ШАЛ (қырылдап): Жібер! Қарғаны да қар­

тайтып өлермін.
ЖАЛҚЫТАЙ: Кәрі құзғын... Бар пәленің, кесапаттың
бастаушысы сендер!
КӨРШІ ШАЛ: Сен кімсің өзі? Тергеушісің ба, тіленші­

сің бе? (Жалқытайдың бетіне үңіліп қарап кемсеңдеп қоя
береді) Жалқы-тай? Жаным-ау, сен бе едің? (Құшақтап)
Кәрі атаңды қинағаның не? А-а, айтшы. Көпсінсең мен
өлейін, тепкілеп тұрып (жерді теуіп) көмсін, сонда естелік

айтатын кім қалады? Мынау жер бетіне көкнәрші болса да
бір жаман шал керек емес пе?
ЖАЛҚЫТАЙ: Естелік, құрып кетсін ондай естелік. (Со­
сын шалды құшақтап жылайды) Сегіз жыл сергелдеңге

түсіп келгенде, алдымнан қара құлып пен сен шықтың-ау.
Ой, дүние... Қалай-қалай дөңгеленген...
КӨРШІ ШАЛ (жылап): Дөңгеленді, қоймай дөңгеленді.
Зыр қақты ғой. Иманды болсын, әке-шешең Мұқаш мола­

сында. Зиратын күмбездеп салды.

ЖАЛҚЫТАЙ (шалдың құшағынан босанып): Естігем...
Мұқаш моласы... Уh! (Теңселеді).
КӨРШІ ШАЛ: Екеуі де өле-өлгенше, «жалғызым» деу­
мен кетті. Мойныма қарыз болмасын деп алған ақшамды

да түгел қайтарғам. Құдайға да жақсы адам керек. Солай,
ұлым.
ЖАЛҚЫТАЙ: То-тоғ... (Күмілжіп) Камила қайда?
КӨРШІ ШАЛ: Камила Алматының бір байына күйеуге

шығып кеткен. Дувайға барады дей ме, Тайванға барады
дей ме, шалқып жүр деседі.
ЖАЛҚЫТАЙ (тыжырынып): Шефі ше?
КӨРШІ ШАЛ: Әлгі мафия майор ма? Өсіп кеткен.

Астанаға. Құдайын ұмытқан дейді.
ЖАЛҚЫТАЙ: Тірі болсам, екі қолым жағаларында ой­
нар!
КӨРШІ ШАЛ (шошып): Құрсын, ұлым. Құтырғаннан

құтылған. Жайыңа жүр. Ал, мен кеттім. Итіме тамақ
беруім керек. Мойныма асылып еркелейді өзі. Менен басқа
кімі бар. Қыңсылайды.
(Жарық өшіп, кері жанғанда Мұқаш моласы көрініс

береді. Жалқытай тізерлеп отыр. Бетін сипайды. Жер
тая­нып тұрады).
ЖАЛҚЫТАЙ (даусы дірілдеп): Бір уыс топырақ бұ­
йырса деп тілеуші едіңдер (бір-бір уыс топырақ салады).

Өзекті өртеді-ау өкініш... Ал, салдым. Аллекем хош көрсе.
Күнде келейін, күнде топырақ салайын. Дидарларыңды
бір көріп, «жалғызым» деген бір ауыз лебіздеріңді ести
алмаған соң шара не? (Әлдекімнің әңгімелескені естіледі.

Жалқытай бас бұғып, жасырынады).
(Тоғжан мен жеті-сегіз жасар ұл бала шығады).
ТОҒЖАН: Жүр, енді ата-әжеңнің басына барайық. Тәу
етейік.

БАЛА: Жүр, мама.
ТОҒЖАН: Сен ата-әжемді түсімде көрдім дедің бе?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАЛА: Иә. Түнде түсімде көрдім. Олар ақ бұлттың ара­
сында ұшып жүр екен. Маған қарап қол бұлғады. Күлді.
Мен де (тұра қалып қол бұлғайды) «Қош бол, ата, әже. Ма­
мам екеуміз самолетпен ұшқанда сіздерге барамыз» дедім.

ТОҒЖАН: Жақсы түс екен, ұлым.
БАЛА: Мама, папам ата-әжемнен бұрын өлді ме? Неге
түсіме енбейді?
ТОҒЖАН: Бұрын өлген. Қинамашы, ұлым.

БАЛА: Түсіме енсе ол да ақ бұлттың арасында жүре ме?
ТОҒЖАН: Білмеймін. Қай бұлттың арасында жүре­
тінін...
БАЛА: Папамның зиратын дәу ғып салдың. Өзі де дәу,

батыр ма еді, мама?
ТОҒЖАН: Түуh, мылжыңым-ай.
(Осы кезде Тоғжан мен ұлдың алдынан Жалқытай
шыға келеді).

ТОҒЖАН (шошып, кері шегінеді): Ах! Кім... қайдан
жүрсің?
БАЛАСЫ (қорқып, Тоғжанға жармасып): Кетейікші,
мама, кейін келерміз. Жүр, жүрші.

ЖАЛҚЫТАЙ: Тоғ-Тоғжан? Мен ғой. Шошыма...
ТОҒЖАН: Жал-Жалқы-Жалқытай?
ЖАЛҚЫТАЙ: Иә, иә, Жалқытай.
БАЛА: Жалқытай – менің папамның аты. Ол өлген.

Зираты әне тұр. Алдама. Жүр, жүр, мама (қолынан
тартқаштап). Сенбе бұған.
ТОҒЖАН: Қоя тұр, күнім. (Жалқытайға) Бар ма едің?
Қайдан шықтың?

ЖАЛҚЫТАЙ: Емдеуден, қамаудан, сосын жерден, мо­
ладан.
БАЛА: Айттым ғой, бұл бұзылған аға деп. (Жалқы­
тай бетін басып, бүк түсіп отыра кетеді. Екі иығы

бүлкіл­дейді).
ТОҒЖАН (баласына): Жетті! Сөйлеме аузыңа келгенді.
Тұр орныңнан, Жалқытай, қашанғы жүрелейсің? Мынау

сенің ұлың. Аты – Барыс. (Жалқытай орнынан тұрады,
жан-жағына сенімсіз, таңғалған кейіпте қарайды).
ЖАЛҚЫТАЙ (ұлына қарай бір басып, екі басып): Кел,
келе ғой, ұлым. (Барыс шегініп, қорқып қашады).

БАЛА: Менің әкем өлген. (Зиратын көрсетеді) Әне,
анда жатыр.
ЖАЛҚЫТАЙ: Маған да зират қойғансың ба? Үстіме
мола көтергенсің бе?

ТОҒЖАН: Әкем қайда дегенде ұлыңа не айтамын? Бар
еді, жоқ болды деймін бе? Қадірі қашқан тірліктен кей­
де абыройлы өлім артық. Бұл мен үшін баяғы өзім сүйген
Жалқытайдың символдық ескерткіші. Менің де құлазып

жатқан көңілімді жылап та болса да жұбататын жер бетін­
де бір белгі қажет шығар?!
ЖАЛҚЫТАЙ (басын төмен салып): Рас, рас.
ТОҒЖАН (бетін басып жылап): Рас пен өтіріктің, бар

мен жоқтың, күнә мен сауаптың, сағыныш пен сарғаюдың
ортасында шырылдап қалған мен бейбаққа кінә артпа.
ЖАЛҚЫТАЙ (жүрексініп келіп Тоғжанның көз жасын
сүртеді): Бәріне де иман – таразы өзің.

БАЛА (Тоғжанның қолынан тартады): Мама, үйге
барайықшы.
ЖАЛҚЫТАЙ: Қазір қайтамыз, ұлым.
(Барыс Жалқытайға жек көріп, жатсынып қарайды.

Тоғжан терең күрсінеді. Баласының басынан сипайды).
ТОҒЖАН (не күлерін, не жыларын білмей): Өмір, осын­
дай ма ең?
ЖАЛҚЫТАЙ (өз зиратының жанына келіп): Тұра бер­

сін. Кейде тірілей өлген мен сияқтыларға да зират қойған
дұрыс шығар. Зираттың өзі көрсетілген үлкен құрмет қой,
түсіне білгенге. Соған татысақ... Бұл жас ғұмырын есірік
шөппен шырмап, көктей солған ұл-қыздарға қойылған аза

белгісі болсын. Орындалмай қалған қайран армандар-ай!..
Шымылдық

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АКТРИСА

Екі бөлімді, төрт көріністі комедия
Қатысатын кейіпкерлер:

1. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ

2. БАС РЕЖИССЕР

3. ГОГОЛЬ

4. ҚЫЗТУҒАН – актриса 5. АРОН АРЫСОВИЧ – Подколесин 6. ГАЛЯ, ТАНЯ, ДАША МЕН МАША – актрисалар 7. І ЖІГІТ – Яичница 8. ІІ ЖІГІТ – Жевакин

9. ІІІ ЖІГІТ

10. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘЙЕЛІ

11. ТЕАТР СЫНШЫСЫ

12. ОЛЕСЯ – киім цехының меңгерушісі

Мұнымен қоса шал, жігіт, бала және көпшілік қатысады.

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Сахна ашылғанда бір шеттен басында қалпағы, үс­
тінде плащы, қолында таяғы бар Гоголь шығады. Ойлана

басып кеп ортаға тұрады.
ГОГОЛЬ (залға қарап): Аса мәртебелі ханымдар мен
мырзалар! Сіздердің де үйленгілеріңіз келе ме? (Қалпағын
қолына алып, бас шайқайды. Маңдай терін сүртеді). Оңай

шаруа емес! (Шығып кетеді).
(Сахна айналғанда төрт гримерный көрініс береді. Ор­
талары тізеден келер жабындымен бөлінген. Төрт айна,
стол, орындық тұр. Төрт актриса айнаға қарап, опа-да­

лаптанып отыр. Бұлар: Галя, Таня, Даша мен Маша.
Қимылдары кербез, сүйкімді. Сахна сыртынан «Галя, жа­
ным, қайдасың?» деген жігіт даусы естіледі).
І ЖІГІТ (қуанышты, аптығып кіреді): Галя, жаным,

қайдасың? (Шеткі орындықтағы Галя елеңдеп ұшып
тұрады).
ГАЛЯ: Ой, мені іздеп жүр ме? (Жігітті көріп қарсы
жүгіреді). Қашан келдің?

І ЖІГІТ (құшағына көмкеріп): Жаңа ғана. Самолеттен
түскен бетім (сүйіп). Сағындым.
ГАЛЯ: Мен де...
І ЖІГІТ: Күн жарқырап тұр. Кеттік, қыдырайық.

Мұндай ауа райында жалғыз отыру азап емес пе, жаным?
ГАЛЯ: Кеттік. (Екеуі шығып кетеді. Артынша сах­
наның қарсы бетінен ентігіп және бір жігіт келеді).
ІІ ЖІГІТ: Таня, таңсығым менің!

ТАНЯ (отырған қалпы айнаға қарап назданып): Ко­
неч-но!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ІІ ЖІГІТ (қызды көтеріп алып алдына отырғызып):
Кетейікші, екеуміз қол ұстасып. Көз көрмес, қол жетпес
жерге.
ТАНЯ: Қайда? Қай құрлыққа?

ІІ ЖІГІТ: Мәселен, Қара теңізге. Жо-жоқ, Жерорта те­
ңізі. (Қызды ұмар-жұмар құшақтап) Буырқанған теңіз
тол­қын­дарымен арпалысып... Жанталасып, жағаласып,
рахатқа батып... (Бұлар осылай бір-бірін қызықтай берсін,

осы кезде гүл құшақтаған үшінші жігіт сахнаға енеді).
ІІІ ЖІГІТ: Даша! Сүйіктім менің!
ДАША (ұшып тұрып): Дауысыңнан сенің! Тура жез қо­
ңыраудай. Сыңғыр-сыңғыр етеді.

ІІІ ЖІГІТ (қолтықтап): Қойшы, шын ба?
ДАША: Шын сөзім. (Қиялданып) Естігенде бар ғой,
бүкіл тұла бойым жыбырлап кетеді.
ІІІ ЖІГІТ (көзін ойнатып): Жыбыр-лап!

ДАША: Ой-бай, (аузын басып) мен не дедім? Жыбыр­
лап емес, шымыр-лап! Түсінесің ғой, шымыр-лап.
ІІІ ЖІГІТ: Дәурен мектепте ме?
ДАША (еркелеп): Иә. Өзіңді папа дегісі кеп жүр.

(Осы кезде сахнаның бір шетінен басында ақ қалпағы
бар бір шалдау кісі Машаға бір қарап жоғалып, тағы бір
қарап жоғалып, сығалап бітеді).
МАША (мұңайып): Кәрі профессор... Соңымнан қалар

емес. Менің теңім осы болғаны ма? Тіпті ернін шүртитіп
(көрсетеді) сү-йем дейді.
(Сахна айналғанда театр директорының кабинеті
көрінеді. Қарсы алдындағы орындықта бас режиссер отыр.

Осы кезде телефон шырылдайды. Театр директоры тұт­
қаны көтереді).
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Алле, иә, театр директоры.
(Маңғаз) Сол өзі. (Елпілдеп ұшып тұрады) Мәдениет

министрлігінен... Сәлематсыз... Апыр-ай, сіз телефон со­
ғады деп кім ойлаған. Аманбыз. Иә, алдымда отыр. Бас
режиссер ғой. Гогольдің?.. «Үйленуі»... Сосын... Басты

рольді ойнағанды... «Құрмет» орденіне... Апыр-ай! Жа­
саймыз... Қоямыз... Ойнаймыз. Хош! (Сылқ етіп отыра
кетеді).
БАС РЕЖИССЕР (үрейленіп): Жайшылық па? Не ха­

бар?
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: У-ух! Қайдан жайшылық бол­
сын! Мәдениет министрлігі... Гогольдің юбейлейіне пьеса­
сын қоясыңдар деді. «Үйленуді». Тез арада. Басты рольді

орындаған актрисаны...
БАС РЕЖИССЕР: «Құрмет» орденіне...
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ол кім еді?
БАС РЕЖИССЕР: Агафья Тихоновна!

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Соны... Соны ұсынамыз.
БАС РЕЖИССЕР (еліре айқайлап): Гениаль-но!
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Жазған-ау, неңе мәз боласың?
БАС РЕЖИССЕР: Бұдан артық қуаныш бар ма?

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (торығып бас шайқап): Бұрын-
соңды қоймаған ауыр спектакль. Оған лайық киім-кешек
қайда? Жасау-жабдық ше?
БАС РЕЖИССЕР: Табасыз. Бұл анау-мынау емес, ми­

нистрліктің тапсырмасы. (Желпілдеп) Орден бергелі жа­
тыр.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (қолын сілтеп): Өй, сен де... Ол
рольге лайық артисіміз бар ма?

БАС РЕЖИССЕР: Агафья Тихоновна, Подколесин, Яич­
ницалар қаптап жүр емес пе? Күндіз-түні роль сұрап маза
бермейді.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Басты рольдегі әлгі әйел жал­

ғыз...
БАС РЕЖИССЕР (жұлып алғандай): Әйел емес, қыз!
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ал, болсын. Жалғыз қыз...
БАС РЕЖИССЕР: Точнее, кәрі қыз. Күйеу іздеген.

Әкесі – көпес.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (ашуланып): Мейлі, кәрі қыз. Де­
мек, бір адам. Оны орындайтын актриса да біреу.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ БАС РЕЖИССЕР: Әрине, біреу. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (сұқ саусағын шошайтып): Ор­ ден де біреу. БАС РЕЖИССЕР: Енді уыстап шашпайтын шығар. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Міне, мәселе қайда? Онсыз да «роль жетпей атақсыз қалдық» деп күнде құлағымызды ке­міріп жүретін әйелдер енді қырылып өлетін болды ғой. Соны неге ойламайсың. У-ух! БАС РЕЖИССЕР (бәйек боп су ұсынып): Су ішіңізші, су. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (суды жұтып): Әлгі өзің айтқан бай таңдайтын қатынның, ту-ух, қыздың жасы нешеде өзі? БАС РЕЖИССЕР (саусағын бүгіп санап, төбеге қарап ойланып): Отызға жетер-жетпес. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ол роль жас актрисалардың бі­ ріне бұйырар. Орденді өңіріне жарқыратып сол тағар. БАС РЕЖИССЕР: Тақсын. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (кекетіп): Тақсын. Айтуға оңай. Ал сахнада қартайған келіншектер мен кемпірлер ше? Оны кешіре ала ма? Міне, мәселе қайда? БАС РЕЖИССЕР: Абырой – ортақ, демек, орден де ортақ. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Бұлар ортақ ғып байды бөлісер, орденді бөлісе алмас. БАС РЕЖИССЕР (иығын қиқаңдатып): Өздері білсін. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Онсыз да ұжым екі-үшке жары­ лып, жік-жік боп жүр. Қыпқызыл дауға қалдық десеңші! БАС РЕЖИССЕР: Өздері білсін. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Осы рольді тәжірибесі де мол, көркі де келісті Қызтуғанға берсек қайтеді? БАС РЕЖИССЕР (үркіп): Қыз-ту-ған? Оның жасы елу-у-ден асқан. Сыры кеткен, сымбаты тозған. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ішкі дүниесі жақсы. БАС РЕЖИССЕР: Ішкі? Көрерменге сырты керек. (Кеудесі мен құйрығын алақанымен соғып) Сырты!

АЙНА-ҒҰМЫР ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (шарасызданып): Гримді қалың салса... Кім біліп жатыр... БАС РЕЖИССЕР: Кешірерсіз, ол кісі кешікті. Галя, Таня, Даша мен Маша. Басты рольді осы төртеуінің біреуі ойнайды. Қайсысы мықты, сол алсын. Бағынан көрсін. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Кассада көк тиын жоқ. Бюджет бекігенде қаралмаған қойылым. Қайдан білейін... БАС РЕЖИССЕР: Ендеше Қызтуғанды Фекла Ива­ новнаның роліне салайын. ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ол кім еді? БАС РЕЖИССЕР: Фекла Ивановна ма? Агафьяға күйеу іздейтін жеңгетай. Мықты роль! (Бас бармағын шошай­ тып) Во! ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (ықылассыз): Мейлің. Өзің көр! (Сахна қараңғыланып, жарық кері жанғанда төрт актриса – Галя, Таня, Даша мен Маша қуанып, әрлі-бері жүгіріп өтеді). ГАЛЯ: Алақай, классиканы қоятын болдық! ТАНЯ: Басты роль! Басты роль! ДАША: Орден! Орден тағамыз! МАША (өңірін сипап): Мына жерге! Жарқырап тұрады, алақай! (Сосын жүгірісін тежеп, екі-екіден шүйіркелесе қалады). ГАЛЯ (Таняға): Таня, Гоголь кім еді? Өзі үйленем деп пе? ТАНЯ: Дура! Ол – драматург. Бірақ оның мұндай пьеса­ сы барын естімеппін. ГАЛЯ: Мәдениет министрімен жақсы болған ғой, шама­ сы. ТАНЯ: Кімді айтасың? ГАЛЯ: Гогольді. ТАНЯ: Ой, дура! ДАША (Машаға): Маша, сенде Гогольдің кітабы бар ма? МАША: Жоқ.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДАША: Ендеше кеттім кітапханаға. Барам да тауып
алам. Шіркін, Агафья!
МАША: Агафьяның жасын білесің бе? Менімен түйдей
құрдас екен! Ой, қандай қуандым десеңші! Ол да...

ДАША: Иә, ол да...
МАША: Ол да күйеуге тигісі кеп (қылымсып) бай
таңдап жүр.
ГАЛЯ (армандап): Өткен түнде бар ғой, мен түс көрдім.

Ақбозат мінген жас мырзаның алдында толған Айдай
толықсып, прямо, толықсып кетіп бара жатыр екем.
ТАНЯ: Мен де көрдім, түсті. Ол да ақбоз атты...
ДАША: Мен де жас мырзаның құшағында...

МАША: Мен де толған Айдай толықсып...
ГАЛЯ: Менікі түс емес, өңім сияқты.
(Төртеуі сықылық қағып шыға жөнеледі. Сахна ай­
налғанда үш бөлек гримерныйда үш бөлек топ шағын жи­

налыс өткізіп жатады. Бір топ сөз алып, дау біткенше
қалған екі топтың дау-дамайы мимика арқылы беріледі)
ҚЫЗТУҒАН (бірінші топ): Мына мені (өрікпіп) Қыз­
туған басыммен әлгі өсекші кемпір, көше кезіп Агафьяға

бай іздейтін Фекла Ивановнаның роліне бекітіпті. Мұнан
асқан басыну бар ма? (Сыңсып жылайды).
ТОПТАҒЫЛАР: Сұмдық.

– Басыну.

– Көзге ілмеу.

– Аяққа таптау.

ҚЫЗТУҒАН: Заманында Томирис пен Баян сұлуды,
Әйгерім мен Ақтоқтыны ойнаған мендей жарық жұлдызға
бұл не қорлық?
ТОПТАҒЫЛАР: Қорлық.

– Үлкенді сыйлау жоқ.

– Еңбекті бағалау жоқ.

– Бір шүйкебас орден алады деп...

– Иә, сүрініп-қабынамыз ба?

ҚЫЗТУҒАН (күшейіп): Жо-жоқ! (Алақанымен столды
ұрып) Ол болмас. Осының бәрін бүлдіріп отырған ана өзіне
қатын құтаймай жүрген бас режиссер.
ТОПТАҒЫЛАР: Сол!

– Дәл өзі.

– Тұмсығын көкке шаншып болды.

– Тіпті бар ғой, аузымды қаралай қыздырған соң айта­

йын. Агафья Тихоновнаның роліне бекіген әлгі төрт
қаншық та соның көңілдесі.

– Солай. Алма-кезек пәтерінен шықпайды.

ҚЫЗТУҒАН: Демек, бас режиссер мен әлгі төртеуінің
үстінен арыз жазамыз.
ТОПТАҒЫЛАР: Жазамыз.

– Қатырып қол қоямыз.

– Жолдаймыз тура Президент Әкімшілігіне!

– Екінші данасын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне!

– Ал, жаздық, бәлем! (Бәрі жабылып жазып жатады).

ОЛЕСЯ (екінші топ): Бас режиссер – нағыз шығарма­
шылық тұлға! Мен өзім киім цехының меңгерушісі болсам
да білемін. Білген соң да айтамын.
ТОПТАҒЫЛАР: Білесіз.

– Айтасыз.

– Нағыз шығармашылық тұлға сіз.

– Солай.

ОЛЕСЯ: Ол аса жауапкершілікті сезінген де, осы тұрған
төртеуіңе басты рольді бөлмей-жармай қатар ұсынып
отыр. Біреуіңнің жұлдызың жанғалы тұр. Оны қалғаның
қыз­ғанбаңдар. Тілекші болыңдар.

ГАЛЯ: Осыны айтқан аузыңнан...
ТАНЯ (елжіреп): Айналайын!
ДАША: Апа-тай.
МАША: Тіпті (кемсеңдеп) жылағым келіп кетті.

ОЛЕСЯ: Білем. Білген соң да айтамын.
ТОПТАҒЫЛАР: Қызтуғанды қайттік?

– Фекла мен бас режиссерді қарғап-сілеп жүр.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

– Агафьяға таласып жатыр.

ОЛЕСЯ: Оған жел беріп жүрген театр директоры.
ТОПТАҒЫЛАР: Соның өзі.

– Кабинетінен шықпайды.

– Орден менікі деп.

– Әлден шолақ жең ақ көйлегінің өңірін (саусағымен

шеңбер жасап) мынадай етіп тесіп әзірлеп қойыпты.

– Ойбай, не дейд?

– Рас.

– Ұят жоқ, ұят. Грамм!

ОЛЕСЯ: Дереу хат дайындау керек. Аты-жөнімізді көр­
сетпейміз. (Дауысын созып) Ұжымнан деп жазамыз.
ТОПТАҒЫЛАР: Кеттік.

– Баста.

– Ал, жаздық, бәлем! (Бәрі жабылып жазып жатады).

АРОН АРЫСОВИЧ (үшінші топ): Бұл спектакль сөзсіз
құлайды.
ТОПТАҒЫЛАР: Сөзсіз құлайды.

– Омақасады.

– Жығылады.

– Мертігеді.

АРОН АРЫСОВИЧ: Мұндай әлемдік классиканы алып
шығу үшін қандай күш керек! Қандай тер төгу керек!
ТОПТАҒЫЛАР: Дұрыс айтасыз.

– Қандай күш керек!

– Қандай тер төгу керек!

– Міне, әділ шешім!

АРОН АРЫСОВИЧ: Ал, оның орнына театр директоры
мен бас режиссер (екі жұдырығын соғыстырып) сүзіседі
кеп. Бірінің басшы сықпыты жоқ. Екіншісі барып тұрған
даңғой, барып тұрған дарынсыз.

ТОПТАҒЫЛАР: Сүзіседі!

– Басшы емес!

– Даңғой!

– Дарынсыз!

АРОН АРЫСОВИЧ: Онымен қоймай айналаларына
айғыр үйір топ жинайды. Олары бір-бірін атарға оғы жоқ.
Ілінісіп әрең жүр.
ТОПТАҒЫЛАР: Көке-ау, енді не істейміз?

– Зарықтырмай айтсаңызшы?

АРОН АРЫСОВИЧ: Айтсам, ақырын күтеміз. Өңір­
леріне орденнің орнына ошаған қадаған кезде екеуін де
қуғызамыз. Мәдениет министріне өзім барып кіремін. Бар
былықтың бетін ашамын. Оның тоқалы – біздің ауылдың

қызы. Демек, туған күйеу баламыз.
ТОПТАҒЫЛАР: Қуғызамыз!

– Орден емес, ошаған!

– Жасасын Арон Арысович!

– Алақай, күйеу бала!

– Тоқалы...

– Жап аузыңды! Қарындасым де!

Екінші көрініс
Сахнада спектакльге дайындық жүріп жатыр. Бас ре­
жиссер мен Фекла Ивановна және Подколесиннің әрекеті.
БАС РЕЖИССЕР (қимыл-әрекет үстінде): Так, солай,

Степан бөлмеден шығып кетті. (Төсекте шынтақтап
жатқан Подколесинге қарап) Фекла Ивановнаның кел­
генін есіттің. Ішкі монолог қайда? Жаттап па ең? Подколе­
син, саған айтам!

АРОН АРЫСОВИЧ: Жаттағам. Айтайын ба? (Режиссер
басын изейді). «Иә, бұл шаруа өзі... анау айтқан оңай ша­
руа емес».
БАС РЕЖИССЕР: Дұрыс. Елпілдемей, керенау айту ке­

рек. (Монологтің соңын өзі қайталайды). «Анау айтқан
оңай шаруа емес». Міне, осылай. Фекла Ивановна, кір, кір
есіктен (осы кезде Қызтуған келеді).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АРОН АРЫСОВИЧ: «Ә, сәлематсыз, сәлематсыз, Фекла
Ивановна. Не болды? Қалай? Орындық ал да жайғас. Сайра
сосын. Қалай, өзі қалай, немене еді? Атын айтам, Меланья
ма?»

ҚЫЗТУҒАН: «Агафья Тихоновна».
АРОН АРЫСОВИЧ: «Иә, иә, Агафья Тихоновна. Өзінің
қырық жастағы кәрі қыз екені шын ба?»
ҚЫЗТУҒАН: «Оның шындыққа жатпайды. Тек үй­

ленген бетте-ақ оны мақтаумен, әрі тағдырға алғыс айту­
мен боласыз».
АРОН АРЫСОВИЧ: «Өтірік айтқанда шімірікпейсің, а,
Фекла Ивановна?»

БАС РЕЖИССЕР (шапалақ ұрып): Неткен сұп-суық
сөз. Екі ортада психологиялық арбасу жоқ. Қайтадан бас­
таңыздар. Басынан.
ҚЫЗТУҒАН (шаптығып): Әй, шырағым, біз осы сахна­

мен өскен адамдармыз. Қашанғы қайта-қайта шығамыз?!
АРОН АРЫСОВИЧ (жаратпай): Соны айтсаңшы! (Осы
кезде режисердің қол телефоны шырылдайды да, «Алло, иә,
сосын» деп сахнадан шығып кетеді).

ҚЫЗТУҒАН (Арон Арысовичке): Иә, үй-іші аман ба?
Кемпірің қайда? Курортқа кетем деп еді.
АРОН АРЫСОВИЧ: Қызтуған, шын ықыласың құлап
атсаң, қара қарға қаздай көрінер, шын жақсы көрсең,

қара кемпірің қыздай көрінер. Кемпір дей берме! (Лекітіп
күліп). Ол әлі...
ҚЫЗТУҒАН (сықылықтап): Ой-буй, мынаның құ­ты­
руын қара. Жас күнімде есіңде ме, «Қызтуған, аяғыңнан

(оң аяғын былқылдатып) сүйейін» дегенің?
АРОН АРЫСОВИЧ (өтірік шошып): Қой, құшақтайын
деген шығармын.
ҚЫЗТУҒАН: Сүйейін... Тап солай дегенсің.

АРОН АРЫСОВИЧ: Былтыр сүрініп кетіп баспен құ­
ладым ғой. Бәрін ұмыттым.

ҚЫЗТУҒАН (тағы аяғын былқылдатып): Қазір сүйе
қойшы. (Арон Арысович көзін ойнатып, жан-жағына, зал­
ға қарайды. Сүю ниеті бар. Осы кезде сахнаға бас режиссер
шығады. Қол телефонына «Кешке, келістік» дейді).

БАС РЕЖИССЕР: Ал...
ҚЫЗТУҒАН: Шырағым, сен кешкі шаруаңды шешіп
келгенше біз Арон Арысович екеуміз Подколесин – Фекла
Ивановна боп үш реттен қайта бастадық. Әсіресе, соңғысы

өте сәтті болды.
АРОН АРЫСОВИЧ: Маған екінші мәрте шыққанымыз
өте табиғи көрінді.
БАС РЕЖИССЕР (сынай қарап): Жарайды. Ертеңгі ре­

петицияда көреміз. (Екеуі кетеді). Ассистент! (Айқайлап)
Яичница! Яичница қайда? Агафья Тихоновна, шық тез
сахнаға. Уақыт өтіп барады.
І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА (сахнаға шыққан бетте): Бас ре­

жиссер, ал мен әзірмін. Галя қайда жүр?
БАС РЕЖИССЕР (кіжініп): Әй, миғұла, сен Яич­
ницасың, ал ол Галя емес, Агафья Тихоновна! Жетті ме ен­
ді миыңа?!

І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА: Енді бұл жай репетиция ғой.
БАС РЕЖИССЕР: Иә, солай. Ал бірақ бір аптадан соң
бұлай жалғыздап шықпайсыңдар. Агафьяны көруге келген
сен, Жевакин, Анучкин, Подколесин төртеуің біріңнен соң

бірің қаздай тізіліп тұрасыңдар. Түсінікті ме?
І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА: Түсінікті.
БАС РЕЖИССЕР: Агафья Тихоновна, (саусақ ұшымен
шақырып) шық, кәне, кел, кел. (Галя шығады). Кәне,

сөйлеңдер.
І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА: «Сүйікті ханым, мұндай ауа
райында жападан-жалғыз отыру азап қой. Ал, үйленген,
бала-шағасы барлардың жөні басқа... Бұлардың өз қызығы

өзінде».
ГАЛЯ (түрі бұзылып): А, солай ма?
І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА: Солай, жаным.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ГАЛЯ (бет-аузы құбылып): Күн жарқырап тұр, қы­
дырайық дедің. Бардым. Жаңбыр жауып тұр, көше кезе­
йік. Кафеге барайық дедің. Келістім.
БАС РЕЖИССЕР (темекісін тұтатып): Не деп кет­тің

өзі? (Алдындағы сценарийге қарайды. І жігіт – Яичница
иығын қиқаңдатады).
ГАЛЯ (одан сайын күшейіп): Бақсам, қатын-балаң бар
екен. Табаныңның астында сынап төккен алаяқ!

БАС РЕЖИССЕР (айқайлап): Әй, тоқта!
ГАЛЯ (жыларман боп): Аборт... Абыройымды төгіп!
Масқарамды шығарып! Мә, саған, алаяқ! (Ұмтылып кеп
І жігіт – Яичницаны жақтан шапалақпен ұрады. Ол ар­

тында тұрған столға соғылып шалқасынан құлайды).
БАС РЕЖИССЕР (орнынан бақырып тұрады): Агафья,
сучка, рольден неге шығасың?
ГАЛЯ (құтырып): Мен бе сучка?

БАС РЕЖИССЕР: Тоқта! Әй, тұр жатқан жеріңнен!.
ГАЛЯ: Мен бе дейм сучка?
БАС РЕЖИССЕР: Бар орныңа, баста қайтадан.
ГАЛЯ: Ойнай алмаймын! Құрығанда Агафьясы құрсын!

БАС РЕЖИССЕР (ойбайлап): Өңшең топас! Қанымды
ұрттап іштіңдер.
ГАЛЯ: Шыдамым жетпейді. (Иығындағы шәліні жерге
лақтырып) Таняға бер бұл рольді.

БАС РЕЖИССЕР: Осы спектакльден соң сендерді жел­
кемнің шұқыры көрсін. (Галя жылап шыға жөнеледі).
ТАНЯ (сахнаға жүгіріп шығып, жерде жатқан шәліні
иығына жамылып, Агафья Тихоновнаның кейпіне енеді):

Мен әзірмін. Міне.
І ЖІГІТ – ЯИЧНИЦА (абайлап басып): «Сүйікті
ханым...»
БАС РЕЖИССЕР: Агафья, енді неғып тұрсың?

ТАНЯ (күлім қағып жүгіріп келіп, І жігіт – Яичница­
ның қызарып кеткен бетін алақан жүгіртіп сипап):
Қатты тиді ме?

БАС РЕЖИССЕР: Бұл тексте жоқ. Бірақ гениально!
(Бас бармағын залға қарап шошайтады) Яичница, бү­
гінгі жеген таяғың бойыңа олжа. Бар. Ертең қайтадан
бастаймыз. (Ол кетеді). Жевакин! Келесі кезек сенікі!

Шық. Агафья сұлу күтіп қалды. (Сахнаның келесі бетінен
Же­вакин роліндегі ІІ жігіт шығады).
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН: «Шіркін, Сицилия! Сүйікті
ханым, сіз буырқанған теңіз толқындарымен жақсы та­

ныс күйеуге шығуға қалай қарайсыз?»
ТАНЯ (селк етіп): Ах!.. Мынау соның өзі ғой. Аума­
ған өзі.
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (тамағын қырнап): «Шіркін,

Сицилия!..»
ТАНЯ: Тағы да вахталық жұмысқа келдің бе? Тағы да
алдайын деп тұрсың ба?
БАС РЕЖИССЕР (айқайлап): Агафья, қайдағы вахта?

ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (текстіні қайта бастап):
«Шіркін, Сицилия!..»
ТАНЯ: Қайдағы Сицилияны айтып көкіп тұрсың? Біз
Түркияға, Босфор бұғазының жағасында демалған жоқ­

пыз ба?
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН: Таня, есіңді жисаңшы... «Шір­
кін, Сицилия!..»
ТАНЯ (көгереңдеп): Үйленеміз деп... Ата-анамның ал­

дында қарабет қып... (кіжініп ұмтылады).
БАС РЕЖИССЕР (атып тұрып): Таня, қайдағыны ай­
тып тұрсың? Бұл – Жевакин!
ТАНЯ: Өтірік! Аты-жөнін өзгертіп келіп тұр.

БАС РЕЖИССЕР: Өзгертіп?.. Әй, бұл – Жевакин! Саған
енді ғана сөз салып тұр. Сенің бұрынғы көп көңілдесіңнің
бірі емес.
ТАНЯ (бас режиссерге шаптығып): Қорлама өйтіп

мені! Бұл оңбаған мені айдалаға алдап апарып қаңғыртып
кеткен.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАС РЕЖИССЕР (құтырынып): Қаңғыртып? (ІІ жі­
гіт – Жевакинге) Рас па? Биылғы отпускадағы оқиға ма?
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН: Қайдағы оқиға? Биыл мен от­
пускамда қатын-баламды алып қайын жұртымда болғам.

БАС РЕЖИССЕР: Өңшең ауру! Бұлардың бәріне пси­
холог керек. Бастаңдар кері. Бір, екі, үш!
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН: «Шіркін, Сицилия!..» «Сүйікті
ханым!..»

ТАНЯ (шаптығып): Ұмытсаң, айтайын! Босфор бұ­
ғазына шомылдық. Алтын құмына аунадық. Сосын не
істедің?
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (таңғалып): Аунадық?

ТАНЯ (шаптығып): Әне, мойындадың. Сосын бір сал­
дақының етегіне еріп, ізім-қайым жоғалдың. Рас па?
БАС РЕЖИССЕР: Уһ! (Таняны жұлқылап) Жи дейм
есіңді! Сен Таня емессің, сахнада Агафья Тихоновнасың.

Түсінесің бе? Бастаңдар кері.
ІІ ЖІГІТ ЖЕВАКИН: «Шіркін, Сицилия!..»
ТАНЯ (тепсініп, тұра ұмтылады): Көргім келмейді
се­ні! Жоғал тез! Бетсіз! Оңбаған! (Ұрғысы келеді).

БАС РЕЖИССЕР: Тоқтат! (Орталарына түсе жүгіріп)
Өңшең ауру!
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (қашып жүріп): Таня, Таня,
«Шіркін, Сицилия!..»

ТАНЯ (сахна айналдырып қуып): Мә, саған Сицилия!
Әкем төрде ұстаған басымды салдақыға бола сатқан ит!
Шошқа!
ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (тұра қап өзіне ұмтылады):

Шошқа! Не деп тұрсың өзің? Сені алдаған мен емес, басқа!
Басқа!
БАС РЕЖИССЕР (арашалап): Енді басқа деп тұр ғой!
Жи есіңді!

ТАНЯ: Өтірік айтады! Нақ өзі. Тек аты-жөнін өзгертіп
келіп тұр. Алаяқ қаптап кеткен! Кет вахтаңа! Жоғал! Әйт­
песе сотқа берем! Ағам – прокурор!

ІІ ЖІГІТ – ЖЕВАКИН (жағаласып жүріп): «Шіркін,
Сицилия!..»
БАС РЕЖИССЕР (арашалап жүріп): Сицилияңмен
қоса құры! Сотқа... Жо-жоқ, ертең тірілей терілеріңді сы­

пырамын!
Екінші бөлім
Үшінші көрініс
Сахнада ойма жарық. Ортада стол тұр. Жанындағы

орындыққа сүйеніп, теңселе басып бас режиссер тұр.
Алдында жарты шөлмек арақ, рюмка, нан. Қобыраған
қағаз.
БАС РЕЖИССЕР (мас қалпы қобыраған қағазды көте­

ре бере столға кері ұрады): «Үйлену!» Осы жұрттың бәрі
қос-қостан қатын алып жатқан жоқ па? Тіпті үсті-үстіне
тоқал ұстайды. Менде әйел жоқ, сосын... Осы Гогольдің
өзі үйленіп пе еді? (Ойланып, бір рюмка арақты қағып

салады). Әй, (қолын бір сілтеп) мен білсем, соның өзінде
де қатын жоқ! Бірақ «Үйленуді» жазады (ах-ха-халап
күліп). Бізге үйлендіре гөр дейд. Мықты болса, алдымен
өзі үйленбес пе еді? Өзі де барып тұрған қу. Брак дегенің

жақсы емес екенін жастай сезіп, (қағазды тағы көтеріп
лақтырып) сезген ғой.
ДАША (жайлап жанына жақындайды): Бас режиссер
мырза, жаным...

БАС РЕЖИССЕР: Даша, сен бе? Жаның шықсын!
(Орындыққа отыра кетеді).
ДАША (қарсы қарап, тізесіне қосаяқ салып отырады):
Неге?

БАС РЕЖИССЕР (тағы бір рюмка арақ құяды): Сол!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДАША: Жаным, мен Галя мен Таня емеспін. Мен жарық
жұлдызбын!
БАС РЕЖИССЕР (арақты қағып салып): Жарық
жұлдыз? Жоқ, бәрің де лампочкасыңдар. Түсінікті ме?

Ше­келеріңнен екі рет... (Дашаның шекесінен нұқиды)
Осылай етіп екі рет шертсем бітті, жанып кетесіңдер.
ДАША (өтірік жылап): Мені сүймейсің, білем.
БАС РЕЖИССЕР: Сүю?

ДАША: Иә. Сүйсең Агафья Тихоновнаның ролін маған
алдымен берер ең ғой.
БАС РЕЖИССЕР (маужырап): Берем. Ендігі кезек
сенікі. (Екеуі өбіседі).

ДАША (елеңдеп): Аяқ дыбысы естіледі. (Отырған ор­
нынан түсіп) Бұл кім болды? (Жылжып жоқ болады. Бас
режиссер столға басын қойып қор ете түседі. Сахнаның
екінші бетінен жай басып Гоголь шығады).

ГОГОЛЬ (өз-өзіне): Бас режиссер? Бұл қай театрда
жұмыс жасайтын еді? Мәскеу, Санкт-Петербург, (ойла­
нып) әлде Малороссияның?.. (Столды айналып өтіп)
Ұқсамайды. Бірақ түрі таныс, жатысы да... (Арақтың

бөтелкесін қолына жирене алып) «Русский стандарт».
Шы­ғармайтындары жоқ. (Бас режиссер қорылдайды). Қо­
рылы да таныс.
БАС РЕЖИССЕР (ұйықтап жатқан қалпы): Го-голь?

Қанымды ішіп біттің ғой менің!
ГОГОЛЬ (таңырқап): Ұйықтап жатса да мені та­
нып тұр-ай! О, тоба! Көріпкел екен. Пушкинге айтайын.
Қатырып тұрып өлең жазсын. «Ұйқыдағы әулие» деп. (Бас

режиссерді таяғының ұшымен түртеді) Ей, тұр. Пушкин
өлеңінің болашақ кейіпкері.
БАС РЕЖИССЕР (жатқан қалпы қолын сермелеп): Ма­
замды алма. Кет дедім. Жевакин сволоч! Агафья сучка!

ГОГОЛЬ (таяқ ұшымен және түртіп): Подколесин,
Аничкин, Яичница...

БАС РЕЖИССЕР (сол қалпы): Қатын таңдаған кілең
бойдақ. Қырт өңшең! Ал мен екі әйел жібергенмін. (Екі
саусағын шошайтып, айқайлап басын көтеріп алады)
Екеу. Керек болса (жылыстап бара жатқан Гогольге шо­

шып қарап көзін уқалайды), тағы алам!
МАША (жылжып жанына келеді): Неге шошыдың?
Даусың тіпті құлағымды тесіп кетті ғой.
БАС РЕЖИССЕР: Елес... Елес айналдырып жүр мені.

(Ойланып) Гоголь келді ме? Мүмкін емес.
МАША (Даша сияқты ол да алдына отыра кетіп):
Қойшы, жаным, қайдағыны айтпай. Кісінің зәресін ұшы­
рып... Жүйкең тозған, (шашынан еркелете сипап)

жүйкең.
БАС РЕЖИССЕР: Сендер тоздырмай қоясыңдар ма?
(Араққа қол созады).
МАША: Өз қолыммен құйып берейін, жаным. (Ол ішіп

салады). Агафья Тихоновнаның ролін алдымен маған
берсең, бәрін о`кей қылар ем. О`кей! Жаның шабақталып
бұлайша қиналмас ең. Агафья екеуміз түйдей құрдаспыз.
БАС РЕЖИССЕР (мас қалпы): Берем. Бәрін берем.

(Құшақтасады).
(Сахна қараңғыланып, жарық кері жанғанда, иә, сахна
айналғанда театр директорының кабинеті көрінеді. Ка­
бинетте театр директоры мен Қызтуған).

ҚЫЗТУҒАН (өкпелі): Он бес жылдан бері сорлы басым
бір өзің деп келіп ем... (жыламсырап). Өкпе менікі де, ор­
ден олардікі болды ғой.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Қызтуған, (жалынышты) түсі­

несің ғой, жас күштер бой берер емес. Енді...
ҚЫЗТУҒАН (ашулы, қол сілтеп): Ендігісі керек емес.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Фекла...
ҚЫЗТУҒАН: Әркімге бай іздейтін сол суайт кемпіріңді

айтпашы. Әлде мына өмірде де мені сол Фекла Ивановна­
ның ролінде көресің бе? Айт! Ашығын айт! Тап қазір!
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Жаным...

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚЫЗТУҒАН (жұлынып): Өйткен жаның шықсын!
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (сыбырлап): Сен саясатты тү­
сінбей жүрсің.
ҚЫЗТУҒАН (сәл жібіп): Саясат? Қандай саясат?

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (күлмеңдеп): Әкел, құлақты (сы­
бырлайды, Қызтуғанның санынан шымшиды).
ҚЫЗТУҒАН (көзі жайнап қуанып): Қойшы?..
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Рас!

ҚЫЗТУҒАН (орнынан атып тұрып театр дирек­
торының алдына секіріп мінеді): Солай боларын жүрегі
құрғыр сезіп еді. Жаным сол! (Осы кезде сахнаның екінші
шетінен жай басып еңсесі түскен бас режиссер келе жа­

тады. Оны көріп қалған Қызтуған «Ойбай» деп театр
директорының алдынан секіріп түседі). Сендер бар
ғой, мысықтабандап жүріп кісіні үркітіп өлтіресіңдер,
үркітіп... (жылжып жоғалады).

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (түк болмағандай): Кел, төрлет.
Өзіңді тосып отыр едім.
БАС РЕЖИССЕР: Түсімде Николай Васильевичті көр­
дім.

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Ойбай, не деді? Не хабар айтты?
БАС РЕЖИССЕР: Аузы берік адам ғой. Тұрып-тұрып
бір күрсінді де шыға жөнелді.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Жарықтық, сенің ішіп кеткеніңе

қапа боп жүр ғой. Артистерге де риза емес.
БАС РЕЖИССЕР: Көргім келмейді соларды.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Артист баққан тауық баққанмен
бірдей. Айдасаң, пышырап аулаға кірмейді.

БАС РЕЖИССЕР: Қайтеміз енді? Алда...
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (даусы құмығып): Маған енді ты­
нышымен зейнетақы да бұйырмас. Балағат естіп кететін
болдым. Министрлік пен Гоголь түбіме жетпей тынбас.

БАС РЕЖИССЕР (аяп): Таусылмаңызшы. Ертеңнен
бас­тап дайындықты кері бастаймын.

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (қуанып): Сөйт, айналайын!
Өй, зекетің кетейін. Қазір жиналыс өткізіп, шаңдарын
қағамын. Түгелдей. Әлгі театр сыншысы қайда жүр?
Шақырайық оны да. Келсін. (Қоңыраулатқан дауысты

естіп, жүгіре басып артистер жетеді. Орталарында
театр сыншысы да бар).
БАС РЕЖИССЕР: Тегіс жиналды.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Бірақ шаруа тегіс емес. Бар мен

жоқтың ортасында ілініп тұрмыз.
АРОН АРЫСОВИЧ (сұраулы өңмен): Ілініп? (Сосын кө­
зін сығырайтып, қуланып айналасындағыларға қа­райды).
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Осы тұрған біреуің басты рольге

жарамайсыңдар. Шеттеріңнен қияли. Сахна мен шынайы
өмірдің ара жігін ажырата алмайсыңдар.
ОЛЕСЯ: Оны экспромт дейді, ағай.
БАС РЕЖИССЕР: Киім цехы, тыныш тұр.

ОЛЕСЯ: Мен... бұрынғы актрисамын. Ұжым мүшесімін.
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (столын ұрып): Доғар! Экспромт!
Онда үйлеріңде бажылдатып қатын сабағандарыңды, бай­
мен ұрыссып, басқамен қыдырғандарыңды көрермен алды­

на алып шығыңдар.
ОЛЕСЯ: Менде бай да жоқ, басқа да жоқ! (Көкшеңдеп)
Байқап сөйлеңіз.
БАС РЕЖИССЕР: Жетті, Олеся!

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Сахна қасиетті! Өңшең өнердің
киесі ұрғыр!
БАС РЕЖИССЕР: Ертеңнен бастап дайындық үш мезгіл
жүреді. Ескертем! (Столды саусағымен ұрып).

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ (сыншыны нұсқап): Атақты театр
сыншысы. Арнайы келді. Министерство жіберіпті. (Артис­
тердің таңданған, күңкілдеген дауыстары естіледі).
Сөз сізде, сыншы мырза.

ТЕАТР СЫНШЫСЫ (тамағын кенеп): Мен өзім еңбек
сіңірген өнер қайраткерімін. «Үйленуді» студент кезімде
оқығанмын. Қазір ұмытып қалыппын.
(Артистердің күл­кісі, қимыл-қозғалысы, мазағы).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Батыл, батыл сөйлеңіз, сыншы мырза. ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Әрине, үйлену керек. Бірақ кім­ ге? АРОН АРЫСОВИЧ: Адамды қинайтыны осы жағы ғой. ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Мәселен, Қытайда 50 млн. бойдақ жігіт бар. Бәрі де жар таба алмай зарығып жүр. ГАЛЯ: Ах! ТАНЯ: Ох! ДАША: Рас па? МАША: Обал-ай! ОЛЕСЯ: Қыздар, қойыңдар. Бәрі бұйырмыстан. ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Жалпы маған Гогольдің «Ревизо­ ры» ұнайды. Мен білсем, болашағы зор шығарма. БАС РЕЖИССЕР (бас бармағын шошайтып): Гени­ ально! ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Солай. Қазірде өзім қалалық әкімшілік жанындағы драма үйірмесін басқарамын. «Ре­ визорды» дайындау үстіндеміз. Мен Хлестаковтың... БӘРІ: Хлестаковтың? (Таңданыс, сүйсініс, кекету ара­ лас). ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Иә. Ал, (сұқ саусағымен көк­ ті шұқып) қала әкімі болса, городничий Сквозник-Дму­ хановскийдің ролінде. БӘРІ: Қала әкімі?! – Сквозник! – Дмухановскийдің! – Ролінде! (Таңданыс, сүйсініс, кекету аралас). ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Иә! (Мақтанышпен) Сол еңбе­ гіме қолма-қол үш бөлмелі пәтер сыйлады. Енді «Lіxus» машинасын сұрамақпын. Айтпақшы, оның өзі менің әйелімді... (Осы кезде сахнаға қолында бір бет қағазы бар театр директорының әйелі жүгіре басып шығады. Ашулы, адуынды. Бәрі аңтарылып қалады).

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘЙЕЛІ: Тырп етпеңдер! Мы­
на хатты жазған қай антұрған?!
БӘРІ: Хаты несі?

– Қол қойып па?

– Мазмұны қандай?

– Ал, тырп етпедік.

ТЕАТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘЙЕЛІ: Тырп етпеңдер!
Тыңдаңдар, кәне! (Хатты оқиды). «Театр директоры ар­
тистерді алалайды. Өмір бойы басты рольді тек Қызтуған
орындап келеді. Оның Күндеқыз деген лақап аты бар. Бес

байға санап тұрып (саусағын шошайтады) тиген. Соңғы
он бес жылдан бері театр директорымен көзқыспасы бар.
Бізді қызғанып оның қасына жолатпайды. Директордың
кабинетінде роль бөлетін диван тұр. Сол диванның орта

тұсы ішіне қарай ойылып кеткен. Сол ойық Қызтуғанның
құйрығының өлшеміне дәлме-дәл келеді...» (Қолынан қа­
ғазы түсіп кетеді).
БӘРІ: Рас қой!

– Құтылсақ екен!

– Қандай жақсы жазған!

– Тура кітаптың сөзіндей!

– Ағып тұрған поэзия!

– Жаттап алайық!

ҚЫЗТУҒАН (бажылдап): Өтірік, жала!
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘЙЕЛІ (іргеде тұрған ди­
ванға үңіледі, сосын Қызтуғанды айналып, құйрық тұ­
сына қарайды): Ах, сайқал! (Қызтуған қашады, театр

директорының әйелі оны қуып жүріп бетін тырнайды.
Қызтуған қашып жүрсе де, Олесяның бетін тырнайды.
Олеся өшін кімнен аларын білмей жанталасады. Бұл ара­
да қашты-қудымен қоса артистердің осы сәтке сай биі

беріледі. Жартылай төбелес, жартылай би, думан).
ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Мынау жаңа шығарма ғой. Авто­
ры кім, авторы? Комедия ма?
ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ: Құры, құры дедім!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Образға бірден еніпті. Ғажап! (Қағаз-қаламына жармасып) Қатырып тұрып газетке жа­ замын. Жаһанға жар саламын. Төртінші көрініс Сахнада бас режиссер, Даша, Подколесин, Жевакин, Яичница. БАС РЕЖИССЕР: Бүгінгі дайындығымыз өте жақсы. Сөз, әрекет – бәрі қалпына келді. Даша, жарайсың. ДАША: Рахмет. БАС РЕЖИССЕР: О баста-ақ Агафья Тихоновнаның ро­ ліне сені бекітуім керек еді. ДАША (алдына келіп иіліп): Ештен кеш жақсы. БАС РЕЖИССЕР: Жевакин, Яичница, сендер ертеңге дейін боссыңдар. Қазір біз пьесадағы Подколесин мен Ага­ фья Тихоновнаның шиеленісті сәтіне, яғни концовкаға кірісеміз. (Жевакин, Яичница роліндегі артистер кетеді). АРОН АРЫСОВИЧ (өз-өзінен толғанып, әрлі-берлі адымдап): «Сүйікті ханым... сүйікті ханым... рұхсат ет...» ДАША (өз-өзінен қуыстанып): Келіп қалса қайттім? Ол тіпті спектакль дегенді мүлдем түсінбейді... Құдайымай! БАС РЕЖИССЕР (шапалақ ұрып): Міне, нағыз артист осылай толғану керек. Ішкі дайындық, өз-өзіңнен булығу, жарылу керек! Жарайсыңдар, ал бастадық. Подколесин, кәне, бақталастардың бәрінің алдын орап Агафья Тихонов­ наны өзіңізге жар еткелі тұрсыз. Бастаңыз. АРОН АРЫСОВИЧ (иіліп): «Сүйікті ханым, рұхсат ет». ДАША: Не нәрсеге? (Алаң көңілмен) Түсінбедім? БАС РЕЖИССЕР (ойбайлап): Жап аузыңды, Даша! Ол әлі сөзін аяқтаған жоқ. Подколесин, қайтадан баста. АРОН АРЫСОВИЧ: Даша, жалпы сен қызықсың, мен сенен не сұраушы ем?

БАС РЕЖИССЕР (ойбайлап): Подколесин, сценарий
бойынша сөзіңді айт!
АРОН АРЫСОВИЧ: Сүйікті ханым, рұқсат ет, мен Сіз­
бен қазір, тап қазір неке қидырғым...

ДАША (шаптығып): Менің ешкімге тоқал болғым кел­
мейді.
БАС РЕЖИССЕР (ойбайлап, жер тоқпақтайды): Өң­
шең топас! Сендерді Гогольдің аруағы атсын!

АРОН АРЫСОВИЧ: «...тап қазір неке қидырғым ке­
леді». (Осы кезде сахнаға алты-сегіз жастағы бала жүгі­
ріп шығып, Дашаның етегіне жармасады).
БАЛА: Мама, (шырқырап) бұл аға маған ұнамайды.

ДАША: Қой дейм.
БАЛА: Тимеші оған, ЗАГС-ке бармашы дейм.
БАС РЕЖИССЕР (айқайлап): Баланы әкетіңдер! Тез!
АРОН АРЫСОВИЧ: ...Тап қазір неке қидырғым келеді.

ДАША (шаптығып): Әкемдей адаммен қалайша неке
қиямын? Мұны күйеуге тиейін деп жүрген жігітім естісе
не бетімді айтамын?
БАС РЕЖИССЕР: Бұл – спектакль! Түсінесің бе, спек­

такль!
ДАША: Жігітім онсыз да баламмен қоса аламын деп
уәде берген.
БАС РЕЖИССЕР: Театр сыншысы, қайда кеттің?

Айтсаңшы мыналарға! Құртты ғой мені. (Театр сыншы­
сы стол, иә жабынды астынан шыға келеді).
ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Мен кеше ғана Гогольдің осы пье­
сасын оқып шықтым. Онда баланың ролі жоқ. Біз қала­

лық драма үйірмесі «Ревизорды» дайындау үстінде... (Осы
кезде сахнаға Гоголь шығады. Ашулы. Даша, бала, Арон
Арысович, бас режиссер кейінге шегіне береді, қараңғыға
сіңіп жоғалады).

ГОГОЛЬ: Әй, сыншым, кел бері, жақында.
ТЕАТР СЫНШЫСЫ (сасып): Николай Васильевич...
Сіз шынымен де, Гогольсіз бе?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ГОГОЛЬ (тыжырынып): Сол... өзімін... Менің пьесала­ рыма «Санкт-Петербургские ведомости» газетінде, «Коло­ кол» журналында сын жазатын Сіз бе? ТЕАТР СЫНШЫСЫ (жанталасып): Жо-жоқ! Мен жа­ ңа заманның сыншысымын. Кешіріңіз, Гоголь мырза, Сізге бір сұрақ беруге бола ма? ГОГОЛЬ: Бер. ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Сізді әлдеқашан өліп қалды деп еді ғой. ГОГОЛЬ (күліп): Мені тірілей көмгенсіндер, құтыл­ ғыларың кеп. Ал мен оянып кеттім. Қайтіп өлмеске бе­ кінгем. Рухым тірі! ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Астафыр-алла, (сасып) енді қайт­ тім? ГОГОЛЬ: Сквозник-Дмухановскийің халықты әлі зар жылатып тонап жүр ме, Хлестаков? ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Жазушы жолдас, біз тек сіздің пьесаңыздың ролінде ғана жүрміз. Ал, былай өмірде басқа, мүлдем басқамыз. Өнер үшін... ГОГОЛЬ: Өнер үшін? Өнерден садаға кет, сөз сатқан сау­ дагер. ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Қазірде сатылмайтын нәрсе бар ма? ГОГОЛЬ: Қалған шығар, ар, ұят, имансыз қоғамның кішкентай қансорғыш кенесі. Киімдерің өзгергенмен, пейілдерің өзгермепті. Құлқындарың... Ай-ай-ай! (Басын ұстайды). ТЕАТР СЫНШЫСЫ (едірейіп): Жазушы жолдас, өйтіп намысыма тимеңіз. Әйтпесе намысымды таптады деп сотқа жүгінемін. ГОГОЛЬ: Жоқ нәрсені сот қайдан іздеп тауып береді, ей, пайдашыл пендем? ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Пайдашыл? Сонда мені жемқор дегіңіз келе ме?

ГОГОЛЬ (қаһарына мініп): Иә! Тап солай! Менің атым­
ды сатып сыйлыққа үш бөлмелі пәтер аласың, а? (Сыншы
бұға түседі). Енді «Lexus» машинасына мінгің келеді, а?
Тағы, тағы қандай арманың бар?

ТЕАТР СЫНШЫСЫ (міңгірлеп): Пьесаңызды қойғым
келіп...
ГОГОЛЬ: Сахнадағы роль мен өмірдегі тірліктерің бір-
бірінен аумай қалған, кәззап! (Таяғымен сыншыны ұрып

жібереді).
ТЕАТР СЫНШЫСЫ (қашып): Ойбай, енді қайттім?
ГОГОЛЬ (қуалап ұрып): Осы заманның сайқалы... Әлі
өріп-өріп жүр екенсіңдер...

ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Араша, халқым, араша!
ГОГОЛЬ: Сендерді арашалайтын халық қалды ма?
(Пауза). Ел бар ма сендерде? Өңшең алаяқ.
(Сахна айналады. Бас режисер, Қызтуған, Арон Арысо­

вич дайындық үстінде).
БАС РЕЖИССЕР (шапалақ ұрып): Дайындықты бүгін
бітіреміз. Соңғы прогон! Агафья Тихоновна, Подколесин,
кәне, орындарыңа! (Қол телефоны шырылдайды). Галя,

сен бе? Таня, ну, Даша, (артистерге) терезеден секіріп
қашқанға дейінгі жолды жүріп өтіңдер. Қазір келемін.
(Кетеді).
АРОН АРЫСОВИЧ (қуланып): Ия, Қызтуған, құтты

болсын Агафьяны өзің иемдендің.
ҚЫЗТУҒАН (қылымсып): Қылығымыз әлі күнге қыз­
дан бетер.
АРОН АРЫСОВИЧ (қуақыланып): Бетіңді кәдімгідей

тырнап тастапты.
ҚЫЗТУҒАН: Іштар, қызғаншақ қатын да...
АРОН АРЫСОВИЧ: Арыз жазған кім екен?
ҚЫЗТУҒАН: Көріпкелге карт аштырғам, Олесяның то­

бы деді.
АРОН АРЫСОВИЧ: Осы спектакль бітсін, тура ми­
нистрдің өзіне барып кірем.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚЫЗТУҒАН: Сөйт. Осыдан орден алайын, мен де бұ­
лармен басқаша сөйлесермін.
АРОН АРЫСОВИЧ: Айтпақшы, директордың денсау­
лығы қалай екен?

ҚЫЗТУҒАН: Инфаркт алыпты... Көкжал қатын қоя ма,
жанын жеп...
АРОН АРЫСОВИЧ: Сенің де үлесің жоқ емес шығар.
ҚЫЗТУҒАН: Кезінде өзің қатын ғып алсаң, қайда

қалдың? Қаймағымды қалқып ішіп, (күліп) қалғанына
қас­пағын жалатып...
АРОН АРЫСОВИЧ (өтірік шошып): Кет-әй!
ҚЫЗТУҒАН: Өтірік деші?

АРОН АРЫСОВИЧ: Ой, дәурен-ай! (Осы кезде жүгіре ба­
сып бас режиссер келеді).
БАС РЕЖИССЕР: Дайынбыз ба? Қай жеріне келдіңіз­
дер?

ҚЫЗТУҒАН: Тура терезеден секіретін жерде тұрмыз.
АРОН АРЫСОВИЧ: Оған дейінгі эпизод ғажап шықты.
Сұмдық!
БАС РЕЖИССЕР (өзі жүріп көрсетіп): Кочкаров шы­

ғып кетеді. Ал, Агафья Тихоновна неке қидырамыз деп
жанталасып той киімін киіп жатады. Әрине, өз бөлмесінде.
Сіз сол кезде терезенің алдына келіп монологыңызды ай­
тасыз да, «Құдайдың өзі жар болғай!» деп екінші қабаттан

ышқынып секіресіз.
АРОН АРЫСОВИЧ: Бәрі түсінікті, тек қалай қарай
секіруім керек?
БАС РЕЖИССЕР (қолымен көрсетіп): Міне, былай қа­

рай, театрдың ішкі бетіне қарай. Ал, бастаймыз. Агафья
Тихоновна, Сіз барыңыз. Той киімін кие беріңіз. Ал, бас­
тадық.
АРОН АРЫСОВИЧ (терезенің алдына келіп): Алып

бара жатқан биік те емес. Бір ғана фундамент, оның өзі ала­

са... (Басын сипап) Басымда картузым жоқ. Қалай көрінер
екем? Бас режиссер, қалай қарай секіретін едім?
БАС РЕЖИССЕР: Былай, (қолымен көрсетіп) театр­
дың ішкі бетіне қарай.

АРОН АРЫСОВИЧ: Түсіндім. Ой, бәрібір биік қой!
(Секіруге қамданып) Құдайдың өзі жар болғай! (Секіреді.
Бірақ шатысып, қарсы бетке, оркестр апанына (яма)
құлайды. Ойбайлаған, бақырған даусы шығады).

БАС РЕЖИССЕР (тұра жүгіріп): Подколесин! Қайда
секірдің? Есің дұрыс па? Ямаға! Оркестр апанына!
(Арон Арысович – Подколесиннің ойбайын естіп, спек­
такльге қатысы бар артистер жан-жақтан жүгіре шы­

ғады. Азынаған «Жедел жәрдем» даусы естіледі).
ҚЫЗТУҒАН: Ол – нағыз Халық артисі!
БАС РЕЖИССЕР: Жамбасы сыныпты, жамбасы!
ОЛЕСЯ: Өнер құрбандықты талап етеді.

ТЕАТР СЫНШЫСЫ: Шынайы дарын! Газетке жаза­
мын. Жаһанға жар саламын! (Екі дәрігер жүгіріп келіп, ой­
байлап жатқан оны зембілге салып ала жөнеледі).
БАС РЕЖИССЕР: Дегенмен, спектакль өз мәресіне жет­

ті. Құттықтаймын! (Артистер мәз-мейрам боп бірін-бірі
құттықтасып, сүйіседі, құтырынған музыка, би бел ала­
ды. Орталарында өңірінде «Құрмет» орденін жарқырата
таққан Қызтуған жүр).

ҚЫЗТУҒАН: Осы Маша қайда? Көрінбейді ғой!
ОЛЕСЯ: Ол роль тимеген соң кеше күйеуге қашып кет­
кен. Кәрі профессорға!
ҚЫЗТУҒАН (армандап): Гоголь маған да бір бай бере

жақ (шат-шадыман көңіл күй жалғаса береді).
Шымылдық
Астана,
2011 жыл

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Екі бөлімді, төрт көріністі драма
Қатысатын кейіпкерлер

1. ШАЛ

2. КЕМПІР

3. ҮЛКЕН ҰЛ

4. ОРТАНШЫ ҰЛ

5. КЕЛІН

6. КЕНЖЕ ҰЛ

7. ӘЙЕЛІ

8. ҚЫЗ

9. НАРКОБАРОН

10. ГЕНЕРАЛ

11. МЫНАУ

12. АНАУ

13. ДЕЛДАЛ

14. ҚОНАҚ

15. КӨМЕКШІ

16. КОНВОЙ

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Қала пәтері. Төрде кемпірі, одан төменірек екі ұлы
жайғасқан. Алдарында үлкен стол. Келін мен қыз дас­

тархан жасап жүр. Жарда көненің көзіндей боп ұзындығы
бес, ені үш қарыс айна ілулі тұр. Жиегі қымбат ағашпен
көмкерілген. Жанындағы бөлмеден шал кіріп айнаға үңі­
леді. Екі ұртына алма-кезек жел толтырып, көзін ау­

дарып-төңкереді. Екі ұл бір-біріне қарап жымыңдасады.
КЕМПІР (жаратпай): Иә, сәніңе келісіп тұрсың. Жет­
пеген жеріңе жел айдап.
ШАЛ: Кешегі оқыранып тұрған шақта айтсаң қайда

қалдың?.. Осы сөзді.
КЕМПІР (қозғала беріп): Ойбай, белім... Бәрі сенің
кесірің.
ҚЫЗ: Ну, мам...

ШАЛ (күліп): Солай де...
КЕЛІН (ақ құманын қолға алып): Шай ішейік.
ҮЛКЕН ҰЛ (жымиып): Жеңімпазы анықталмайтын
айтыс қой.

ОРТАНШЫ ҰЛ: Иә. Шай ішерде шарпысып алмаса...
Мамам мен папам да қызық осы.
ҚЫЗ (көңілді): Шай-ға! Бәріміз де... Мен асығыспын.
КЕМПІР (стол басына отырып жатып): Тағы қайда?

Күн демалыс емес пе?
ҚЫЗ: Бурабайға. Достарыммен барам да кешке қайтам.
ҮЛКЕН ҰЛ: Сауық-сайран ба?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Көктем шықса бітті, көбелектей боп...

ШАЛ (қабақ шытып): Жә! Барсын. Өз көлігі өзінде.
Сендерге салмақ салып па?
КЕМПІР: Сақ бол! Сандалғандар көп.
КЕЛІН: Мен де дүкеніме кетем.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҮЛКЕН ҰЛ (әйеліне қарап): Жай барасың ба?
КЕЛІН: Сатушы қатындарды бір қуырып алмасам.
Төбеге шығар түрі бар.
ШАЛ: Әлгі кенже ұл неге кешікті? (Отырғандар бір-

біріне көз астынан қарасады. Бәрі де үнсіз тынады).
ҮЛКЕН ҰЛ: Кеше тендер ойнаған, әке.
ОРТАНШЫ ҰЛ (жылмаң қағып): Ойнатып-ойнатып
жібердік қой.

КЕЛІН (ортаншы ұлға жаратпай қарап): Иә...
ШАЛ (көтеріліп, қомпылдап): Е, құтты болсын.
КЕМПІР: Игілігін айт, балам.
ҮЛКЕН ҰЛ (кесені шиырып жіберіп): Бір миллиардты

бір-ақ алдым.
ОРТАНШЫ ҰЛ (жылмаң қағып): Алдық...
КЕЛІН (ортаншы ұлға жаратпай қарап): Иә...
ШАЛ: Ой-буй, ол ақшаны қайда жұмсайсың?

ҮЛКЕН ҰЛ: Қалаға он алты қабатты үй саламын.
ШАЛ: Е, бәрекелді.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Қалғанына...
ҮЛКЕН ҰЛ: Қалған ақшаға зәулім коттедж бастаймын.

Қашанғы бес бөлмелі пәтерде қамаламыз.
КЕМПІР: Игілігін айт, балам.
КЕЛІН (елеусіздеу етіп): Бөлек-бөлек салған жақсы
ғой. Ұйлығыса бермей.

ҮЛКЕН ҰЛ (екпіндеп): Тағы бір тендерге қармақ салып
қойдым. Бұйырса...
ШАЛ: Иә, бұйырса де...
ҮЛКЕН ҰЛ: Бұйырса, одан үнемдеген ақшаға жер алып,

мыңғыртып мал ұстаймын.
КЕМПІР: Ата кәсіп қой, шырағым.
ОРТАНШЫ ҰЛ (қоқырайып): Осы сен тендерді алып,
болары болып, бояуы сіңген соң көптік жалғауды ұмытып

кетесің, а? (Өз төсін өзі ұрып) Тек мен, мен. Білетінің осы!
ШАЛ (ұрсып): Ағаң айтса жөні бар. Ол – басшы, сен –
қосшы. О, несі!

КЕЛІН: Соны айтам-ау.
ОРТАНШЫ ҰЛ (жеңгесіне): Сен аузымды қыздырмай
отыр.
КЕЛІН (көкшеңдеп): Ал, қыздыр. Көрейік.

ҚЫЗ (ұшып тұрып): Дауларың бітпес. Мен кеттім.
КЕМПІР (ере тұрып): Абай бол, қарғам! (Ұлдарына
қарап) Жә, керілдесе кетуін... Бәрі бір қазанға құйылып
жатқан жоқ па?

ОРТАНШЫ ҰЛ (бұртиып): Ортақ қазан? Құйттай-
құйттай қалайы қасықтар көп. Тасып кететін...
КЕЛІН (ала көзімен атып): Сөзін қарашы, сөзін!
ҮЛКЕН ҰЛ (тұтанып): Мен болмасам көрер ем...

ШАЛ (қолын көтеріп): Жә! Сөз терген пәлеге жолығар.
Тендері құрсын. Ақша мен алауыздық қатар келді ғой.
Жоғымызда шүкірлік айтып ұйып отыратын ек.
КЕМПІР (мазасызданып): Осы кенже ұл қайда жүр?

Шайға неге келмейді?
ҮЛКЕН ҰЛ (тыжырынып): Жүрген шығар. Сақалын
желге тарап.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Қара жамылған қатынының қасында.

КЕЛІН (отқа май құйып): Өздерінің модасы дағы.
ҮЛКЕН ҰЛ: Мода? Одан да шыр айналдырған шырма­
уық десеңші!
КЕМПІР: Құдайдың зарын қылдым. Сақалыңды ал.

Әкеңнен айырмаң болмай қалды деп. Жазған бала...
ОРТАНШЫ ҰЛ: Келін сүйіскенде аузын таба алмай
қалып жүрген шығар.
ШАЛ (күрсініп): Жә, сенің қылжағың қалмас.

(Осы кезде есіктен кенже ұл мен қара қымтанған
келіншегі кіреді. Үй ішіндегілерге бас изеп столға оты­
рысады).
КЕМПІР: Қайда жүрсіңдер? (Шай құйып) Не боп

барасыңдар осы?
ШАЛ: Сөйлесуден қалдық.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

КЕЛІН (шыға жөнеледі): Мен кеттім. Дүкенге... Тауар
келетін еді.
КЕМПІР: Ішіңдер. Тойып алыңдар.
КЕНЖЕ ҰЛ (тарелканы лақтырып): Колбаса... Таң

атпай шошқа жемесеңдер іштерің ауыра ма? (Шайды те­
ріс қарап, өзгелерге жауырынын беріп ішеді).
ӘЙЕЛІ (басындағы қара орамалын қымтай түсіп, ол
да сырт айналады): Кәпірдің асы.

ҮЛКЕН ҰЛ (атып тұрып): Сендер кім болғыларың
келеді осы?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Соны айтам-ау.
КЕНЖЕ ҰЛ (тікірейіп): Мұсылман! Шынайы мұсыл­

ман!
ҮЛКЕН ҰЛ: Жетіскен екенбіз. Бар мұсылманның тағ­
дыры сендерге қарап қалыпты.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Соны айтам-ау.

ШАЛ (таусыла сөйлеп): Шырағым-ай, осы екеуіңді
түсінуден қалдық. Алтын асықтай бала едіңдер. Ал, шы­
найы мұсылман бола қойыңдар. Сонда олар әке-шешеңді
жат көр, бірге туғандарыңнан безіп шық дей ме?

КЕМПІР: Адал астың өзін теріс қарап ішесіңдер. Бет­
теріңе қарай алмайтындар не жаздық сонша?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Бұлардың милары айналып қалған,
айналып!

КЕНЖЕ ҰЛ: Ішкендерің – арақ, жегендерің – харам!
Жүректеріңе иман қонбаған.
ҮЛКЕН ҰЛ: Сонда кімбіз біз?
КЕНЖЕ ҰЛ: Дінсізсіңдер!

ҮЛКЕН ҰЛ (тура ұмтылып): Оңбаған ит! Хайуанның
сөзін көрдің бе, сөзін!
КЕМПІР (шыр-пыр боп): Тоқтат, ойбай! Ошақтың үш
бұтындай боп отырып төбелесейін дедіңдер ме? Тоқтат!

ҮЛКЕН ҰЛ: Сақалыңды жұлармын! Желкелеп апарып
қаматармын!

ОРТАНШЫ ҰЛ (жер теуіп): Қаралай қара жамылып!
Жаманат шақырып! Өз бастарыңа көрінгір!
КЕНЖЕ ҰЛ: Бізде шаруаларың болмасын. Біздің жо­
лымыз басқа! Мақсатымыз бөлек!

ШАЛ: Мақсаттарың аз қазақты алтыға бөлу ме?
ҮЛКЕН ҰЛ: Елді іштен іріту ме?
КЕНЖЕ ҰЛ: Жоқ! Таза мұсылмандық жолды ұстану.
Хақ жолын!

ШАЛ: Иман – жүректе! Сақалда емес! Шолтиған ба­
лақта емес! Бүркенген қара орамалда емес!
ӘЙЕЛІ (атып тұрып кенже ұлға): Кетейікші...
КЕНЖЕ ҰЛ: Тоқта! Асықпа! Арманда қалмасын.

Айтсын.
ҮЛКЕН ҰЛ (сабырға келіп): Жарайды, айтшы, інім,
сонда сендерге қамқоршыларың әке-шешеңмен араласпа
дей ме? Тиым сала ма?

КЕНЖЕ ҰЛ: Жоқ. Араласу үшін олар да мына біз
сияқты шынайы мұсылман болуы шарт.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Жарайды. Сақалды...
КЕНЖЕ ҰЛ: Ол жоқ жерде иман ұйымайды. Шайтан

иектейді.
ӘЙЕЛІ: Кетейікші...
ҮЛКЕН ҰЛ: Араб елінде күн күйіп тұрады. Шаң-тозаң.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Көрдік. Солай. Бүркенсе әйелдері

содан қорғанады.
КЕНЖЕ ҰЛ: Қымтансаң әзәзілден аулақ боласың.
Әйелдің көзіне жат еркектің көзі түспеуі керек. Неке бұ­
зылады. Жын-пері айналдырады.

ҮЛКЕН ҰЛ: Солай де.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Демек, біз енді бір туған бауыр емеспіз
ғой.
КЕМПІР: Ойбай, не дейд!

КЕНЖЕ ҰЛ: Біз бауырларымызды тапқанбыз. Солар
бізге туыс. Бір атаның балаларымыз.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙЕЛІ: Олар бізге қамқор. Алланың ақ жолындағы
адамдар.
ШАЛ (шат-шәлекейі шығып): Әкеден артық, шешеден
қымбат олар кімдер? Айт, жаныңның барында! (Қолын­

дағы таяқпен кенже ұлды ұрады). Қолдарыңда өлейін!
ӘЙЕЛІ (айнала қашып): Кетейік! Қашайық! Өлтірер
бізді!
ОРТАНШЫ ҰЛ: Жұмақ күтіп тұр. Несіне қорқасың­

дар? Саспа!
КЕМПІР (араша түсіп): Мұны көргенше... Ал, Құдай,
ал! Өз қолыңмен!
КЕНЖЕ ҰЛ: Әке! Осы сен де кезінде молда болдың ғой.

Пенсияға шығып...
ШАЛ (ентігін басып): Ал, болдым!
КЕМПІР: Бәрі сенен басталды! Қақбас!
ҮЛКЕН ҰЛ: Несі бар екен?

ОРТАНШЫ ҰЛ: Әкеміздей болып ал!
КЕМПІР (шалына шаптығып): Жарытқаның шамалы!
ШАЛ: Сен, кемпір, қатқан нәрсені жібітпе.
КЕМПІР: Елді ала тайдай бүлдіріп, ауылдан қашып

шық­қан жоқсың ба?
ШАЛ (кемпіріне таяғын көтеріп): Ой, сені...
КЕНЖЕ ҰЛ (мырс ете түсіп): Рас, әке. Солай!
КЕМПІР: Молда болам деп. Жаназа шығарам деп...

Марқұмның сауабын алам деп...
ШАЛ: Әкемнен үйреніп қалғаным сол болса қайтем?
Жастай қалдым.
КЕМПІР: «Талақ» сүресін жаназада оқып. Ел-жұртты

шулатып!
КЕНЖЕ ҰЛ: Солардың бәрі имансыз кеткен. О дүние­­
ге. Оларға жұмақтың есігі жабық! Обалы – сізге!
ҮЛКЕН ҰЛ: Сол олқы тұсты болып (кенже ұл мен ке­

лінді нұсқап) осылар өсіп шықты.
ШАЛ (таяғын ала ұмтылып): Атаңа ғана нәлеттер!

(Осы кезде жарда ілулі тұрған айна тарс етіп жерге
құлайды. Бес-алты бөлікке сынады. Бәрі селк етіп шошып
кетеді. Еңкейіп айнаның сынықтарына үңіледі).
КЕМПІР: Алла-ай! Көнеден қалған көз еді ғой.

(Сахнаға экраннан сынған айнаның суреті беріледі.
Шал, кемпір, ұл, кенже ұл мен әйелі бөлек-бөлек бір-бір
сынықтан иеленіпті. Өздері алаңдап, секем алып бір-
біріне қарасады).

ҮЛКЕН ҰЛ (шырылдаған қалта телефонын көтеріп):
Да... Иә, қарындасым. Не дейд. Қашан? Тірі ме? (Дағда­
рып) Сұмдық! Аварияға түсіпті. Бурабайдың жолында!
Екінші бөлім

Екінші көрініс
Сахна күңгірт. Екі-үш ойма жарық байыз таппай
әрлі-берлі қайшыласады. Ақыры түкпірде отырған нар­
кобаронға кеп тоқайласып тоқтайды. Наркобаронның

мойнындағы, білегі мен саусағындағы алтын алқа мен
торғайдың басындай жүзіктер жарықпен шағылысады.
Ол ызалы қалпы дүниені көзімен ішіп-жеп, ыдырынып ба­
йыз табар емес.

НАРКОБАРОН (еденді теуіп): Жеті қат жер астына
тығам! Сосын (қолымен көрсетіп) шашынан қайтадан
тар­тып шығарам! (Жан-жағына жалт-жұлт етіп қарап)
Өңешін суырып! Жандарын жаһаннамға жіберем! Бетіме

қарағанның бәрін! (Есіктен делдал жігіт кіреді).
ДЕЛДАЛ (қалбалақтап): Келді! Күтіп алдым. Жол то­
сып.
НАРКОБАРОН (жаратпай): Не қалтаң-құлтаң етіп

тұрсың?
ДЕЛДАЛ: Қонақ... Ресейден ғой.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ НАРКОБАРОН: Болса ше? (Осы кезде күткен қо­ нақтары келеді). Төрлет! ҚОНАҚ (сазарып): Жол неге жабылды? НАРКОБАРОН: Абайсызда... Әйтпесе бәрі тақтайдай тегіс еді. ҚОНАҚ: Кінәлі кім? НАРКОБАРОН: Тауар тиелген «Хаммер» аварияға түсті. Кінәлі – қыз. ҚОНАҚ: Ол қайдағы қыз? Командаларыңа енді қатын­ ды да алғансыңдар ма? НАРКОБАРОН: Жоқ. Бурабайға бара жатқан... Қаңғып жүрген біреу. ҚОНАҚ (пистолетін столға шығарып қойып): Кім болса да шаруам жоқ. (Бір саусағын көрсетіп) Біреу тө­ ленді ме? НАРКОБАРОН: Төленді. ҚОНАҚ (екі қолын жайып): Ал тауар жоқ! Онымен қоймай жіптің ұшын менттердің қолына бересіңдер. Рас па? НАРКОБАРОН: Жоқ! Тауарды екінші партиямен жө­ нелтемін. Жіп қолымызда! Жалғанбайды! Үзіп тастаймын! ҚОНАҚ: Сақ бол! Уәде – уәде! Әйтпесе... НАРКОБАРОН (бас изеп): Уәде – уәде! ҚОНАҚ (пистолетін кері қалтасына салып): Шетел­ діктердің алдында ұятқа қалдық. Олар он бес күннен бері Одессада отыр! Берілетін уақыт бір апта! НАРКОБАРОН: Жеткізем! Саны да, сапасы да сол қал­ пы. (Қонақ шығып кетеді. Бұл делдалға ақырады). Алып кел Анауды ауруханадан! ДЕЛДАЛ: Күндіз-түні күзет қойылған. Палатасына жібермейді. НАРКОБАРОН (жынданып): Айт Мынауға! Ебін тап­ сын. Шығарсын жанының барында! Уақытша! (Көмекші­ сі кетеді). Кәззап кілең! Бұлар менің мойнымды қыл тұзаққа... Жо-жоқ, бола қоймас. Алдымен өздерін асар­

мын. Дар ағашына! (Қолын бұлғап көрсетіп) Аяқтарын
салаңдатып! Әлгі қаншықты да қолға түсірем! (Көзін ады­
райтып, жұдырығын білемдеп).У-у-ух! Бәлем! Ататай­
латып, көкетайлатып! (Ішке делдалмен бірге қолы, басы

ақ дәкемен таңылған Анау кіреді. Наркобарон ақырып)
Келдің бе? Қатын құсап басына таққанын! Одан да неге
өлмейсің сен?! Сұрауың жоқ екі дүнияда!
АНАУ: Шеф, әдейі істедім бе? Тұрғам!

НАРКОБАРОН: Неге тұрасың, ит-ау?!
АНАУ: Алдағы постадағы менттер ауыссын деп хабар­
лады. Сосын...
НАРКОБАРОН: Кім?

АНАУ: Мынау!
НАРКОБАРОН: Мынау?
АНАУ: Иә. Сол. Осы жолы сол жауапты еді. Тұрғанбыз.
НАРКОБАРОН: Сосын?

АНАУ: Ақ «Прада» келді де артымнан кірді. Кемі
150-мен келе жатыр.
НАРКОБАРОН: Әлгі қаншық па?
АНАУ: Иә.

НАРКОБАРОН: Сосын?
АНАУ: Жол полициясының қызметкерлері қаптап кет­
ті. Келді де тауарға жармасты.
НАРКОБАРОН (ақырып): Сосын?

АНАУ: Кілең сержанттар. Өңшең ақымақ! Көнбеді!
Крупный партия! Жолы кесілді. Премия аламыз десіп.
НАРКОБАРОН (кектеніп): Алар! Алдырармын оларға!
Ақымақтар! Сүмелектер!

АНАУ (басын төмен салып): Кешір, шеф!
НАРКОБАРОН: Кешірім жоқ! (Анау мұның аяғын құ­
шып құлай кетеді. Көмекші тоңқайып жатқанында құй­
рығынан теуіп тұрғызады).

АНАУ (алақтап): Кінәмді жуайын, шеф!
НАРКОБАРОН: Жуасың (ойланып). Үш күнде (бір сау­
сағын көрсетіп көзін қысып) мынаны әкелесің. Тауарды өз

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

мойныңа аласың. Жіптің ұшы шықпайды! Сенімен үзіле­
ді! Ұқтың ба? Үзіледі! Осыны орындасаң ертең түрмеде
жағдайың жасалады. Кешікпей құтылып шығасың. Әйт­
песе, (пистолетін қолында секіртіп, қайта-қайта қағып

алады) түсінікті ме?
АНАУ: Түсінікті (қалтырап). Бәрін де, шеф, орындай­
мын. Тек, (саусағын шошайтып, қалтыратып) біреуді
қайдан табам?

НАРКОБАРОН: Ол менің шаруам емес. (Пистолетін
тағы да қолында ойнатады).
АНАУ: Шеф, бәлкім қызға таптырармыз?
НАРКОБАРОН: Қыз?.. (Ойланып) Оның айыбы бөлек.

Шаруаң болмасын. Қаныңды басқаға жақпа.
КӨМЕКШІ: Түсінікті шығар. Жүр, шыққан терезең­
нен қайта сүңгітейін.
АНАУ (жанталасып): Шеф, шеф!..

НАРКОБАРОН: Бар! Үш күн срок. Морг аурухананың
қасында. Есіңнен шығарма. Бар. (Көмекші мен Анау ке­
теді. Бұл қалта телефонын алып Мынауға қоңырау ша­
лады). Алло!.. Иә. Сөйлестім. Мойнына алса... Болмай­

ды?.. Қиындап кетеді?.. (Ойланып) Енді қалай? Қызға!
Тәк! Қиын емес пе? Ағаларына қысым жасау. Ол қолда.
Сақ бол. Ананың аузын жауып ұста! Жақсы.
(Жарық қараңғыланып кері берілгенде конвой қызды

алдына салып сахнаның ана шетінен мына шетіне айдап
алып өтіп кетеді. Сахна айналады. Алғашқы көріністегі
қала пәтері көрініс береді. Шал мен кемпір, үлкен және
ортаншы ұл, келін отыр. Үрей меңдеген. Уайым кемірген.

Дағдарған).
КЕМПІР: Жалғыз қызды қараңғы үйде қаматып...
Қайран қалмай...
ШАЛ (столды жұдырығымен ұрғылап): Жандарың

барында ақша табыңдар! Полицияның көмейін бітеңдер.
Машинаның құны тағы бар.

ҮЛКЕН ҰЛ: Бизнесім тоқтап қалады. Осы күні 20 па­
йызын бастықтарға алдын-ала бермесең тендер жоқ.
ШАЛ: Бұл жолы алма. Құрып кетсін. Коттедж де салма.
ҮЛКЕН ҰЛ: Аштан өлеміз бе? Көштен қаламыз ба?

КЕМПІР: Дүкен бар емес пе?
КЕЛІН: Ол өзін-өзі ілініп әзер ақтап отыр.
ОРТАНШЫ ҰЛ (ағасына қарап): Сенде ақша бар. Шо­
тыңда тұр емес пе?

ҮЛКЕН ҰЛ: Сап етіп тексеру келіп қалса қайтем?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Келсін. Қырып кете ме?
ҮЛКЕН ҰЛ: Осы сен мені неге басынасың, а?
КЕЛІН: Соны айтам-ау. Біздің арқамызда күн көріп

отырып.
ОРТАНШЫ ҰЛ (ере түрегеліп): Сен бе мені асырап
отырған? Пішт, мә!
КЕЛІН: Біз. Мына біз. (Көкшеңдеп) Біліп қой.

(Осы кезде ішке сақал таққан кенже ұл мен қара киініп,
орамал бүркенген әйелі, келін шеттеу жерге жайғасады).
ОРТАНШЫ ҰЛ (жұлқынып): Сен қатын, барып тұрған
алаяқсың. Дүкеннен түскен пайданы ғұмыры жарымай­

тын тұқымыңа ұрлап үлестіресің.
КЕМПІР (алғашқы көріністегі шалдыр етіп сынған
айна даусы естіледі. Селк ете түседі. Өзгесі елемейді. Ша­
лына тап-тап беріп): Бәрі сенің қырсығың. Айналып-үйі­

ріліп келіп соғады да тұрады. Ауылда жинаған әжеп­тәуір
пенсиямыз бар еді. Ата-бабам өңшең батыр, би болған. Ой­
бай, шежіре шығарам. Бұлдап сатам. Байимыз деп. Ал, ба­
йыдық. Өңшең өтірікті ақыры өртеп тынған жоқсың ба?

ШАЛ (мырс-мырс күліп отырған кенже ұлына зекіріп):
Бұл ненің күлкісі? Иттің күшігі, а?
КЕНЖЕ ҰЛ: Біз бұ дүнияның қашты-қудысына аралас­
паймыз, әке.

ШАЛ: Жалғыз қарындасың жапа шексе де ме?
КЕНЖЕ ҰЛ: Ақ, қарасын Алла ажыратады. Пәнде­
нікі – тілек.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙЕЛІ (басын изеп қоштап): Солай.
ШАЛ: Ой, атаңа нәлет! Алла ажыратам дегенше, адам
өлтіріп барады ғой, адам! Буындырып.
КЕНЖЕ ҰЛ: Демек, маңдайдағы жазу солай.

КЕЛІН (көгеріп-сазарып қолындағы кесені стол үстіне
лақтырып сындырып): Тұқымыңа улап бердің деуін! Ба­
рып тұрған өзің жүліксің.
ОРТАНШЫ ҰЛ (атып тұрып): Не дедің? Не дедің?

КЕЛІН: Жай достан бастыққа деп 20 пайыз аласың.
Беретінің 10 пайыз. Естімей-көрмей жүр дейсің бе?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Тоқтат дедім! Иттің қатыны!
ҮЛКЕН ҰЛ (атып тұрып): Сонда (төсін ұрып) ит мы­

на мен бе?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Жоқ. Просто айтқаным.
КЕЛІН: Тоқтамаймын. Бетіңді шиедей етем. Суыр ақ­
шаны қалтаңнан! Көңілдес қатыныңның қойнына тыға

бермей.
ҮЛКЕН ҰЛ: Рас па осы? Алдап жүрсің бе? Ағаңды?
ОРТАНШЫ ҰЛ: Сенбе! Қатын – дұшпан!
КЕЛІН: Бұл бала күнінен шпана болатын.

ШАЛ (даусын көтеріп): Қойыңдар дейм.
КЕМПІР: Бұлар басылмас. Дауыл көтеріп... Бірін-бірі
көзге шұқып...
КЕЛІН: Рас, рас. Шпана болатын.

ОРТАНШЫ ҰЛ (ақырып): Не істеппін соншама? Айт,
жасырма!
КЕЛІН: Мектепте «Тимур» командасына жазылып, бір
соқыр шалды жолдан жетектеп өткізіп жүргенде зулап

машина келіп қалып, өзі қашып құтылып, шалды басып
кеткен.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Сонда жастай өзім өлуім керек пе?
КЕЛІН: Мұның көзін сонда құрту керек еді. Зынданда

шірітіп!
ОРТАНШЫ ҰЛ (аяғындағы тәпішкені шешіп алып
лақтырады. Ол үлкен ұлға тиеді): Өй, әкең!

ҮЛКЕН ҰЛ (қолына түскенді ол да лақтырып): Өй,
шешең!
ШАЛ (ақырып): Тоқтат, өңшең имансыз! (Екі ұлының
ортасына түсіп, түйгіштеп) Көргенсіз ит!

КЕМПІР (ойбайлап): Мені сат! Шығар базарға! (Ша­
лын нұсқап) Сат мынаны да сақалынан сүйреп құлдыққа.
Ойбай!
(Бұл кезде кенже ұл мен әйелі шеткері шығып, жай­

намазға жығылып жатады).
ҮЛКЕН ҰЛ (шырылдаған қол телефонын көтеріп, үрей­
леніп): Иә, ағасымын.... Қарындасым... Білем. Қираған
«Хаммердің» құны... 150 мың доллар... Сосын бір мил­

лион... Теңгемен бе? (Айқайлап) Дол-лар-мен? Қашан...
Қайда? Уһ! (Отыра кетеді. Бәрі шошына қарап қалады).
Үшінші көрініс
Сахнада полиция кабинеті көрініс береді. Бір конвой

уақытша қамау изоляторындағы қызды оңнан солға қа­
рай айдап өтеді. Екінші конвой керісінше Анауды («Хам­
мер» автомашинасының иесі, наркокурьерді) солдан оңға
айдап әкеліп, кабинеттегі столдың жанына тоқтатады.

Анаудың қолы-басы ақ дәкемен таңулы. Осы кезде Мынау
(майор) маңғаздана басып кеп столына отырады.
МЫНАУ (конвойға): Әй, сен бара бер. (Ол кетеді).
КОНВОЙ: Врач миы шайқалған деді.

МЫНАУ: Дубинканы қалдыр. Біз де шайқаймыз.
КОНВОЙ (дубинканы қойып): Екі сағатқа ғана босатты.
МЫНАУ (аларып қарап): Врачыңмен қоса... Керек бол­
са қазір апарып тығамын СИЗО-ға. (Конвой кетеді).

АНАУ (именіп): Сәлематсыз ба, Мынау мырза.
МЫНАУ: Тарт тіліңді!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

АНАУ: Танымай қалған жоқсыз ба, Анаумын ғой,
А-нау...
МЫНАУ (аларып, ақырып): Танымай!.. Құрыққа (қа­
ғаз толтыра бастап) түстің бе, бәлем! Міне, осылай!

АНАУ: Сізге шеф хабарласпады ма?
МЫНАУ (одан сайын ақырып): Шеф менде біреу. Ол –
генерал! Жоқ менде басқа шеф. Не деп көкіп отырсың өзің!
АНАУ (абдырап, түсінбей): Өткен жолы кездесіп... сү­

йісіп тарап едік қой.
МЫНАУ (сыбырлап): Ақымақ, жап аузыңды, сырттан
бізді бақылап отыр.
АНАУ (аузын басып): Түсіндім. (Алақ-жұлақ етіп) Ақы­

мақ басым.
МЫНАУ (кәріне мініп): Так, айт, наркотикті кімнен
алдың?
АНАУ (даусы естілмейді, аузын жыбырлатады): Өзі­

ңіз білесіз ғой.
МЫНАУ (дауыстап): Қайда апара жатырсың? (Қа­
ғазын жаза түсіп).
АНАУ (жоғарыдағы әдісті қайталап): Өзіңіз білесіз

ғой.
МЫНАУ: Байланысшың кім? Айт, жаныңның барында!
АНАУ (жоғарыдағы әдісті қайталап): Өзіңіз білесіз
ғой.

МЫНАУ: Қашаннан бері? (Қағазын жаза береді).
АНАУ (тағы да сол): Өзіңіз білесіз ғой.
МЫНАУ: Мойындамайсың, а?
АНАУ (тағы да сол): Өзіңіз білесіз ғой.

МЫНАУ (дубинканы қолына алып, сыбырлап): Шыда!
Бақыр! Иттің күшігі! (Сабай жөнеледі) Мә, саған! Мә, ен­
деше!
АНАУ (ойбайлап): Расым! Шыны сол! Өлдім! Құтқар!

МЫНАУ (өтірік сабай түсіп): Мойындайсың ба, жоқ
па? А, Иттің күшігі! (Манағы конвой кіріп келеді). Әй, кет
сен! (Ол шығып кетеді). Айтасың ба шыныңды, жоқ па?!

АНАУ (ойбайлап): Шыным сол! Менікі емес! Жала! Ма­
фияның жаласы! «Хаммер» де менікі емес.
МЫНАУ (сабауын тоқтатып, алқынып): Отыр. Енді
протоколға жазамыз. Былай деп. Демек, сені біреулер под­

ставить етті... Сенің қатысың жоқ... Авария жасаған қыз
күмәнді. (Көзінің астымен Анауға қарап) Солай ма?
АНАУ: Солай, майор мырза!
МЫНАУ: Ресейлік наркокурьермен сол қыздың бай­

ланысы бар. Өйткені «Хаммер» машинасының шын иесі
Иванов деп көрсетілген. Ал қыз мінген «Прада» көлігі де
жақында Ресейден сатылып алынған. Солай ма?
АНАУ: Солай, майор мырза!

МЫНАУ (басын шайқап): Бәрібір сені құтқару қиын.
АНАУ (абдырап): Неге?
МЫНАУ (төбеге қарап көзін алақтатып, бір сауса­
ғын көрсетіп): Біреуді таптың ба?

АНАУ: Жоқ. Таба алмадым.
МЫНАУ: Бүгін соңғы күн. Шефің күтіп отыр.
АНАУ: Ондай ақша менде жоқ. Болған емес.
МЫНАУ (ақырып): Өтірік! Ендеше... Протокол кері

жазылады.
АНАУ (жыламсырап): Аға-тай! Құтқар! Болашақта
да...
МЫНАУ (шырылдаған қалта телефонын көтеріп,

ел­пілдеп): Жолдас генерал, солай, солай, жауап алып,
жа­нын қысып… (Сүйкімсіздеу күліп) Мойындамай жа­
тыр. Иә, иә, сосын аюға сабақ үйреткен таяқ деп... Ескі
әдіс қой. Ең төте жол. Айтсаңыз болды... Қанттай қылам

ғой. Иә, иә, тек сіздің көлеңкеңізде... (Телефонды өшіріп)
Ым. Жағдайың қиын, бауыр. Генерал бәрін айнадан көріп
отыр... Ал сені өз Шефің күтіп отыр. Бүгін соңғы күн.
(Конвой кіреді). Алып кет мынаны! Апар ауруханасына! Аз

ақылынан айрылып қалыпты. Бейшара!
АНАУ: Ойбайлатып сабасаңыз, әрине!
МЫНАУ: Жоғал!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

(Сахна айналғанда кемпір мен шалы шай ішіп отыра­
ды).
ШАЛ (кемпіріне қарап): Оразамызды ашайық. Кел.
КЕМПІР: Мен қайда қашар дейсің. Қалғаны болмаса...

ШАЛ: Осы үлкен ұл қайда жүр?
КЕМПІР: Жоқ. Кешеден бері.
ШАЛ: Ақша іздеп кеткен де...
КЕМПІР: Ортаншы ұл қарындасымды қайтсем де құт­

қарам деп... (Көзін сүртіп) Отқа түсіп ойнап, қазанға түсіп
қайнап бітті.
ШАЛ: Кенжені Алла жолына бердік те.
КЕМПІР: Шынайы болса бір жөн ғой. Анау да кәпір, мы­

нау да кәпір... Білмедім кімнен туғанын? (Осы баяғы шал­
дыр етіп сынған айнаның даусы естіледі. Кемпір селк
ете түседі. Шал сезбеген қалпы).
ШАЛ: Ақылсыз етіп туып...

КЕМПІР: Ақылмен таптырсаң қайда қалдың? О несі-ай!
(Осы кезде үйге делдал (посредник) кіреді. Бас изейді).
ШАЛ: Аман ба? Қай бала?
КЕМПІР: Кел, шырағым, төрлет.

ДЕЛДАЛ: Асығыспын. (Қипақтап) Қыздың шаруасы.
ШАЛ (қомпаңдап): Иә, қарағым, иә.
КЕМПІР (қолбақтап): Оң қабағым тартқандай болып
еді. Төрлет дейм.

ДЕЛДАЛ: Жоқ! Кетем. Қыздарыңыз әзір босар емес.
Үлкен қылмыс жасаған. Тергеуде.
ШАЛ (жүрегін ұстап): Не дейд? Бар-жоғы әлгі қымбат
машина емес пе қиратқаны?

КЕМПІР: Ол не қылмыс? Адам аман ғой, адам!
ДЕЛДАЛ (басын шайқап): Жо-жоқ, қымбат маши­
наның ішіндегі қымбат мүлік оңбай бүлінген. Ол бір дәудің
дүниесі. Тергеушілер солай деп отыр.

КЕМПІР: Алла-ай, не дейді, өзің сонда істейсің бе,
шырағым?
ДЕЛДАЛ: Иә, жо-жоқ.

ШАЛ: Кім болсаң да құтқар қызымды. Әлгі балалар
қайда жүр, түге.
ДЕЛДАЛ: Так, құтқару қиын. Бірақ түрлі жолы бар.
КЕМПІР: Айта гөр. Қандай жол?

ДЕЛДАЛ: Ақша! Тергеушілерді сатып алу керек!
ШАЛ: Ойбай, олардың құны қанша?
ДЕЛДАЛ: Қымбат, ақсақал, қымбат тұрады.
КЕМПІР (қалтасын ақтарып): Әлгі пенсиясы құр­

ғыр...
ДЕЛДАЛ: Әуре болмаңыз. Балаларыңыз қайда?
ШАЛ: Ақша іздеп кеткен.
КЕМПІР: Өзің бір иманжүзді бала екенсің. Көмектес.

Қызымды босаттыр, шырағым.
ДЕЛДАЛ: 150 мың доллар қираған машинаның құны.
Так, көтерілген істі жаптыру үшін (саусағын жыбырла­
тып ойнатып) 20, жоқ, 30 мың доллар. Так, машина ішін­

дегі мүлік құны...
КЕМПІР: Ойбай, не дейд, ойбай!
ШАЛ: Осы үйді берсек құтыламыз ба?
ДЕЛДАЛ: Тергеушіні көндіруге болар. Басқасын біл­

меймін. Ойланайық.
КЕМПІР: Дүние не боп кетті өзі? Жалғыз қыз жаудан
бетер...
ДЕЛДАЛ: Үйдің құжатын бере қойыңдар. Өзіміз рет­

тейміз.
ШАЛ (кемпіріне қарап): Бер, бастан садақа, бер.
КЕМПІР (шкафты ақтарып қағаз алады): Мә, шы­
рағым, мә. Қызым қашан келеді? Құтылды ғой енді?

ДЕЛДАЛ (кетуге асығыс жиналып): Кешікпес. Хабар
болады. Жағдайы жақсы. Хош. (Шыға жөнеледі).
КЕМПІР: Әлгі бала жаңа үй салам деді ғой. Бастан
садақа.

ШАЛ (қолын сілтеп): Кетсін. Барсын. Құтылсын.
(Сахна қараңғыланып, айналады. Креслода шалқайып
наркобарон отыр. Екі аяғын айқастырып алдындағы биік

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

столға қойған. Қолында – қорқор. Өз-өзінен шалқалап
күледі. Мойнын созып залдың әр бұрышына қарайды.
«Жоқ, сендер емес» деп тіл қатады, «Қорықпаңдар!
Мені танисыңдар ма? Үндемейсіңдер. Біледі бәрі де... Іш­

тей. Айтпаңдар бірақ». Сосын орнынан тұрып қол шапа­
лақтайды.
Мұның алдына үлкен ұл жүгіріп келіп жығылады. Үс­
ті-басы лас, есі шығып кеткен. Үрей меңдеген).

ҮЛКЕН ҰЛ (тұрып жатып): Кешірерсіз. Желкеден тү­
йіп... Кешеден бері.
НАРКОБАРОН: Желкелен, (аяғын айқастырып отыр­
ған қалпы) онысы несі? Айыбыңыз бар шығар?

ҮЛКЕН ҰЛ: Айып... «Хаммердің» ақшасын... Әзір ете­
міз.
НАРКОБАРОН: «Хаммер»... Онда менің шаруам жоқ.
Иесі бар. Соған.

ҮЛКЕН ҰЛ: Енді... Басқасын...
НАРКОБАРОН: Иә, басқасын. Телефонмен айттым.
Қанша қайталауға болады?
ҮЛКЕН ҰЛ: Оған қарындасым кінәлі емес.

НАРКОБАРОН (атып тұрып): Ол қаншық қандай ұлы
істі бүлдіргенін, басымызды айықпас пәлеге байлап бер­
генін білесің бе? А, сұмырай?
ҮЛКЕН ҰЛ: Білмеймін.

НАРКОБАРОН: Кешеден бері әлгілер саған не үйрет­
кен? Қазір, ендеше! (Пистолетін суырады).
ҮЛКЕН ҰЛ: Сабады, қол-аяғымды кісендеді...
НАРКОБАРОН: Білмейсің, а? Қазір, ендеше! (Екі бұ­

тының арасынан атады).
ҮЛКЕН ҰЛ (шошып секіріп): Білем!.. Білемін!
НАРКОБАРОН (тағы бір атып): Білсең, қанша? Айт
тез!

ҮЛКЕН ҰЛ: Бір миллион! (Әлі де секіріп) Бір миллион
доллар!
НАРКОБАРОН: Қашан қолға тиеді?

ҮЛКЕН ҰЛ: Бір апта. Дайын етем.
НАРКОБАРОН: Жоқ. Екі күн. Соңғы срок.
ҮЛКЕН ҰЛ: Келістім, қарындасым...
НАРКОБАРОН: Есіттім. Қарындасың әдемі. Бұрыннан

танимын. Бересің бе (жағасынан ұстап көтеріп) маған?
ҮЛКЕН ҰЛ: Берем. Босат мені. Ақшаны да, қарындас­
ты да. Тек босат!
НАРКОБАРОН (кекетіп күліп): Жан тәтті.

ҮЛКЕН ҰЛ: Солай (абдырап). Тек босата гөр. Табам, бе­
рем бәрін...
НАРКОБАРОН: Тісіңнен шықпасын. Екі-ақ күн. Бір
сағат кешіксең... (Сағатына қарап) Жерден де, көктен

де іздеп табам. Бар. (Қалта телефоны шырылдайды. Кө­
тереді). Иә, сәлем, Мынау. Солай де... Жаңа жібердім.
Үй құжатын алған... Анау ақша таба алмайды. Сатуы
мүмкін... Генерал қосымша тексеруде... Қиын... Куәден

құтылу... Қыз сосын... Оңбаған итті... Жарайды... Жібер
өзіме.
(Наркобарон жын кеулеп қолына пистолетін алған
күйінде сахнаның оң жағынан шығып кетеді. Сол кез­

де қолы-басы дәкемен ораулы Анау сол жақ қапталдан
сахнаға өте бергенде көк желкесінен пистолет атылады.
Анау сахна ортасына келіп құлайды).
Төртінші көрініс

Сахнада қала пәтері. Кемпір мен шал, ортаншы ұл,
келін, кенже ұл мен әйелі терең ой, қиналыс үстінде отыр.
КЕЛІН (көгеріп-сазарып): Айдаладағы алаяққа үйдің
құжатын неге бересіңдер дейм?

КЕМПІР: Жанды қойды ма, қуырып... Аламыз да,
қызыңды босатамыз деді.
КЕЛІН: Кәні, босатқаны? Күнде тергеу. Жіберер емес.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ШАЛ: Шырағым келін, адам аман болса, дүние табылар.
КЕМПІР: Иә, бетімізден қаба берме.
КЕЛІН: Көрдің бе, енді итке теңеп тұр. Қабады деп,
(сықсыңдап жылайды) кетем...

ШАЛ: Әй, (ортаншы ұлға) ағаң қайда жүр осы? Үш күн
өтті. Үшті-күйлі жоқ.
ОРТАНШЫ ҰЛ (дағдарып): Бір мәселе... Болмай жа­
тыр.

КЕЛІН (шаптығып): Бәрі әлгі не бай алмайтын, не
Құдай алмайтын қаншықтың кесірі. Мафияның қармағы­
на ілінген шығар.
КЕНЖЕ ҰЛ (сақалын сауып): Иә, Алла, ашық күнде

адасқандарды өзің тура жолға бастай көр.
ӘЙЕЛІ (орамалын қымтай түсіп): Әмин!
ОРТАНШЫ ҰЛ: Сен қатын, әке-шешеме қарап шапыл­
дама. Білдің бе? Төркініңнен арқалап әкелген дүниең жоқ.

ӘЙЕЛІ: Кетем. Бөлек шығам (затын жинап). Күн бе­
руді қойдыңдар.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Шаруаңа қара. Ағама қатын табылар.
Керек болса тендермен алады. Конкурс жариялап.

ӘЙЕЛІ: Алсын. Бес-бестен, он-оннан алсын.
ШАЛ: Қойыңдар дейм, түге.
КЕМПІР (шалдыр етіп сынған айнаның даусы естіле­ді.
Кемпір селк ете түседі): Ойбай, Айдың-Күннің аманын­

да бөлініп-жарылып. Келін айналайын, сабыр ет. Ашу –
дұшпан, ақыл – дос. Дүния құрсын, дүния.
ШАЛ: Иә, өздерің аман болыңдар.
(Осы кезде есіктен делдал жігіт келіп кіреді).

ДЕЛДАЛ (жылмаң қағып): Тағы келіп қалдық.
ШАЛ: Кел, балам, төрлет.
КЕМПІР: Осы бала қызыңды құтқарам деп шыр-пыр
боп... Үйдің құжатын алып кеткен.

ОРТАНШЫ ҰЛ (атып тұрып): Сен неге рұқсатсыз
аласың? Қандай қақың бар? Кімсің өзі?

ДЕЛДАЛ: Тоқта, жігіт. Қарындасың қиратқан маши­
наның құнын төлеу керек пе? Керек. Айтқан уақытта
ақшасын әкелдіңдер ме? Жоқ. Енді бізге не дейсің?
КЕЛІН (шаптығып): Сен кімсің? Тергеушісің бе, ма­

шинаның иесісің бе? Әлде екі ортадағы алаяқсың ба?
ДЕЛДАЛ (шікірейіп): Тіліңізді тартыңыз. Мен солар­
дың аса жауапты тұлғасымын.
ОРТАНШЫ ҰЛ: Енді неге келдің? Аларыңды алдың.

Бар.
ДЕЛДАЛ: Жоқ, олай деме, жігіт. Олар моральдық зиян
шекті. Соны төлеу керек.
КЕМПІР (шошып): Ойбай, мораль деген не пәле?

ОРТАНШЫ ҰЛ: Мораль? Ұры-қарыда қайдағы мораль?
ДЕЛДАЛ: Осы сөзің үшін жауап бересің. Ұмытпа!
КЕЛІН: Моралыңның құны қанша, айт?
ДЕЛДАЛ: Дүкеніңді бересің. Құтыласың.

КЕЛІН (шошып, бажылдап делдалға ұмтылады): Дү­
кен? Ах, қанішер! Ах, жауыз!
(Бұл кезде кенже ұл әйелі екеуі жайнамазға жығы­лып
жатады).

КЕМПІР: Мыналарда ынсап жоқ қой.
ОРТАНШЫ ҰЛ (тұра ұмтылып делдалдың жағасына
жармасады): Көрсетейін қазір! Дүкенді дейді. Міне, саған
мораль!

КЕЛІН (ол да делдалды ұрып): Ұр! Аяма! Мә, саған! Мә,
дүкен!
ШАЛ (шырылдап): Тоқтатыңдар. Қойыңдар дейм
(ортаға түсіп). Ойпырм-ай!

КЕМПІР: Қызыма пәлесі жұғар (арашалап). Келінжан,
қоя қой. Сабыр ет. Садағаң кетейін, өңшең. Моралыңнан
айналайын.
КЕНЖЕ ҰЛ: Алладан жәрдем сұраймын. Пәле-пәтер­

ден, қауіп-қатерден өзің құтқара көр!
ӘЙЕЛІ: Әмин!

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДЕЛДАЛ (қашып): Көздеріңе көк шыбын үймелете­мін. Көр де тұр. Мұнымен құтылмайсыңдар. Көтерем. Бәрін көтерем! Қара дауыл қаптатам. Аяғыма жалғыздап жығам. Қырам, жоям! (Осы кезде шал жүрегін ұстап жерге омақаса құлайды. Сахна қаракөлеңке. Алыстан түскен екі-үш ойма жарық байыз таппай әрлі-берлі қайшыласады. Бұрынғы орнында Наркобарон отыр. Аяғы алдында асулы. Ызалы. Мынау майор келеді). НАРКОБАРОН: Не жаңалық? МЫНАУ: Қуанарлық ештеңе жоқ. НАРКОБАРОН: Айт. МЫНАУ: Қыздың үлкен ағасы қашып кетті. Шетелге. НАРКОБАРОН: Білем. Түркияға. Неге айрыласың? МЫНАУ: Жіптің ұшы қолында еді ғой. НАРКОБАРОН: Бәрібір тірі құтылмайды. Қуғыншы кетті. Сосын? МЫНАУ: Қызды босататын мерзім асып барады. Заң бойынша. НАРКОБАРОН: Ой, сенің заңыңды... Ол қызбен мен кездесуім керек. МЫНАУ: Қиын. Қалай алып шағамын? НАРКОБАРОН: Алып шық СИЗО-дан. Тілдестір. Бол­ ды! МЫНАУ (қипақтап): Әлі де болған жоқ. Үй құжаты қолда. Дүкендікі жоқ. НАРКОБАРОН: Білем. МЫНАУ (сыбырлап): Ең үлкен қатер... (Саусағын шо­ шайтып) Ең үлкен... Генерал осы істі өз қарауына алып күндіз-түні бағып отыр. Қауіп бар. НАРКОБАРОН: Ым. Кәрі шөңге. Кетпеді-ау. (Ойла­ нып) Жібер қызды. Қалғанын кейін айтам. МЫНАУ: Қамап қойма. Ағасындай ғып. Қайтар. Басым кетеді. (Кетеді).

НАРКОБАРОН (орнынан тұрып): Басым кетеді.
Қымбат, а, басы? Бұл жерде талай бастар кеткелі тұр. Ре­
сейліктер анау. Косякқа кіргізіп, счетшікке қойып күн
сайын сыртылдатып жатыр. Оларды шетелдіктер тосуда.

Ал, тауар жоқ. Алып шыға алмадық. Бұл жолы... Қағам
бастарын бәрінің. Әлгі делдал қайда жүр? (Осы кезде біреу
қызды мұның алдына кіргізеді де, өзі шығып кетеді. Екі-
үш ойма жарық сахнада әлі қайшыласып тұр). Кел, би­

кеш, төрлет. Зарығып күттік. Неге үндемейсіз?
ҚЫЗ: Сіз... сіз кімсіз? (Осы кезде ойма жарықтың бі­
рі наркобаронның бетіне түседі). Ах, (шошып) қайда
әкелді? Тергеуші десем.

НАРКОБАРОН: Ең үлкен тергеуші мен. Алладан ке­
йінгі.
ҚЫЗ: Алланың садағасы кетіңіз.
НАРКОБАРОН: Ә, солай ма? Көрейік. Садағасы кет...

Сайратайын ендеше!
ҚЫЗ: Сізге не керек? Айтыңыз.
НАРКОБАРОН: Бар пәленің басы – сен! Құныкерсің.
Қалай өтейсің?

ҚЫЗ: Машина үшін бе? Қираған?
НАРКОБАРОН: Ол цветочек! Біліп тұрсың, айт!
ҚЫЗ: Ағам...
НАРКОБАРОН: Ағаң шетелге қашып кетті. Бас сау­

ғалап. Кеше.
ҚЫЗ (абдырап): Ах, не дейд? Шетелге? Менен қашқа­
ны ма?
НАРКОБАРОН (қызға жақындап): Сенен және менен.

ҚЫЗ (қашқалақтап): Енді не істедім?
НАРКОБАРОН: Ол қарындасымды ал деді. Бердім деді.
ҚЫЗ: Өтірік!
НАРКОБАРОН: Рас. Сосын, қарындас, мен сені көп­

тен білем. Сыртыңнан ғашықпын. Әдемісің, ақылдысың...
(Құ­шақтайды).
ҚЫЗ: Тоқтатыңыз. Мен шағымданамын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

НАРКОБАРОН: Кімге? (Қарқылдап күліп) Бәрі менің,
(алақанын жұмып-ашып) бәрі менің уысымда.
ҚЫЗ (торығып): Енді не істедім?
НАРКОБАРОН (құшақтап): Ең оңай жолы – менің

қасымда қаласың. «Хаммерді» кешірдім. Құнын төледі
дейм.
ҚЫЗ (ыңғайына көне бастайды): Сосын?
НАРКОБАРОН: Сосын көреміз. Келші, қасыма, аппақ

тамағыңнан...
ҚЫЗ (итеріп): Ағаларым құтыла ма? Пәлеңнен... (Ыш­
қынып) Айт. Айт дейм!
НАРКОБАРОН (қызды көтеріп алып): Көреміз дедім.

(Рахаттанып күледі). Көреміз сосын... Аппақ тамағың...
(Қыздың айқайлаған жан дауысы шығады).
(Сахнадағы жарық қараңғыланып барып кері жана­
ды. Дабыл беріледі. Сахна сыртында сирена дауысы, әрлі-

берлі жүгіргендер. Қашты-қуды үдеп барып басылады.
Генералдың кабинеті көріністе. Өзі столда отыр. Бір
папканы әрлі-берлі ақтарып, бетін жабады. Ой меңдеген
қалпы орнынан тұрады. Күрсінеді, бас шайқайды, ерсілі-

қарсылы адымдайды. Осы кезде Мынау майор келеді.
Қыздың бір қолына кісен салып жетелеп алған).
МЫНАУ: Келдік, жолдас генерал.
ГЕНЕРАЛ (оның жүзіне тесіле қарайды, қыз жүзін

алып қашады): Тергеу ісі бітті ме?
МЫНАУ: Бітті, жолдас генерал.
ГЕНЕРАЛ: Біз де бітірдік, жолдас майор. (Жақындап
келіп майордың белінен пистолетін шешіп алып столдың

үстіне қояды. Қыздың бір қолындағы кісенді ағытып ала­
ды да, майордың екінші қолын артына қайырып сырт
еткізіп сала салады). Тұтқындалдыңыз, жолдас Мынау.
Не үшін? Білесіз ғой.

МЫНАУ (басын изеп): Иә...
ГЕНЕРАЛ (есікке қарап): Әкеліңдер! (Қолына кісен са­
лынған Наркобарон кіреді).

ҚЫЗ (шошып): Ах!
ГЕНЕРАЛ: Қорықпа, қызым. Мафия түгел тұтқын­
далған.
НАРКОБАРОН (теңселіп, айбат шегіп): Жыланды

қанша кессең де кесірткедей...
ГЕНЕРАЛ: Ол ертегіні түрмеде айтарсың. Әкеліңдер.
(Қолына кісен салынған делдал келеді).
ДЕЛДАЛ (бажылдап): Менің кінәм жоқ, жолдас гене­

рал!
НАРКОБАРОН (бір теуіп): Бажылдама, иттің күшігі.
(Қызға) Сен қыз... (Қарқылдай күліп) Тамағың аппақ
екен...

ҚЫЗ (құтырынып, столдың үстінде жатқан майор­
дың пистолетін жұлып алып наркобаронды көздейді. Иегі
мен қолы қалтырайды): Қазір... қазір.
ГЕНЕРАЛ (қыздың қолынан пистолетті жайлап ала­

ды): Сабыр, қызым. Бәрі аяқталды. Сабыр ет. (Қыз ге­
нералдың иығына басын қойып жылайды). Ешкімге еш
нәрсе де қарыз емессің. Сен сол авария арқылы... Қолға
түспей келген қылмысты аштың. Қаншама адамды атың

өшкір кесапаттан құтқардың. Рахмет саған! (Басын иіп)
Ал, мынау (стол үстінен қағаз алып қолына ұстатады)
үйіңнің қолды болған құжаты. Ал, аман жүр. Хош. (Қыз
қуанып, шығуға ұмтылады).

Сахна айналғанда қала пәтері. Кемпір – жалғыз. Қа­
бырғада сынған айнаның дөңгелек ағаш жиегі ілулі тұр.
Кемпір айнаның әр сынығын соған апарып орналастырып
жүр. Бір-бірлеп. Орны-орнына.

Шымылдық
Астана,
2011 жыл

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ФАРИЗА МЕН МҰҚАҒАЛИ

Үш көріністі драма
Қатысатын кейіпкерлер:

1. ФАРИЗА

2. МҰҚАҒАЛИ

3. ҚАЛТАЙ

4. ӘБІЛМӘЖІН

5. КҮШЕНШЕК АҚЫН

6. БАҚЫТ

7. МЕДБИКЕ

8. ЖАС АҚЫНДАР

Бірінші көрініс
Сахнада жастыққа масайған жас ақындар тобы.
Киім киістері мен өздерін ұстаулары да ерекше. Қызулы.
Екпіндері басым. Орталарында басын қырау шалған

Күшеншек ақын да бар.
І ЖІГІТ: Давай, ішеміз, жігіттер, өлең өзі үшін жазы­
лады!
ІІ ЖІГІТ: Жазылмай көрсін!

КҮШЕНШЕК АҚЫН (масайрап): Қайран жастық-ай!
Кешегі Қасым Аманжолов екеуміз де тап осы өздерің құ­
сап таңды таңға ұрып өлең оқушы ек.
ІІІ ЖІГІТ: Қайсысыңыз мықты едіңіз, аға?

КҮШЕНШЕК АҚЫН: Бірде – ол, бірде – мен! (Өз кеу­
десін өзі ұрады). Жалпы, жігіттер, ақынды бір-бірімен са­
лыстыруға болмайды. Олар біртұтас әлем.
І ЖІГІТ (әндетіп): «Қайда екен қайда, дариға, сол

қыз...»
(Осы кезде топқа Фариза кезігіп қалады).
І ЖІГІТ: О, Фариза!
ІІ ЖІГІТ: Қайдан кезіктің, жаным-ау?

ФАРИЗА: Жай... Күтіп жүр едім.
ІІІ ЖІГІТ (жарқылдап): Шабытты ма?
КҮШЕНШЕК АҚЫН (жарамсақтанып): Ым... ым...
Әкеш шашыңнан бір иіскейін. Өзі талантты бір бала.

ФАРИЗА (елеңдеп): Кешікті ғой.
(Бір жігіт тарс еткізіп шампан атады. Ішіседі. Тек
Фариза ғана ерін ұшын тигізіп кері қайтарады).
І ЖІГІТ: Кәне, өлеңге кезек берейік.

ІІ ЖІГІТ (тамағын кернеп, қоқиланып): «Қыз моноло­
гы».
Мұңы көп, айтары аз қыз баланың,
Жазықсыз жанарымның үзбе бағын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Жат түгіл жанарымнан күлкі ойнаған,
Мен сені өзімнен де қызғанамын.
ІІ ЖІГІТ: Керемет! Енді өлеңді асқар таудай ағамыз
оқысын.

КҮШЕНШЕК АҚЫН (мүләйімсіп): Өлең деген бізде қа­
зына ғой. Кен ғой. Тек қопарып ала біл. Мен мына Фариза
қарындасымның алғашқы кітабының редакторымын. (Ая­
лай қарайды) Келші, шашыңнан тағы бір иіскейін.

ФАРИЗА (тіксініп): Қойыңызшы осы!
КҮШЕНШЕК АҚЫН: Бұлар осылай алдымен асау ке­
леді... Сосын... (Сыбырлайды). Өлеңдерінің кейбір ойқы-
шойқы жерін өзім (қолын сумаңдатып) жөндеп, жөндеп

жіберемін. (Құшақтағысы келеді).
ФАРИЗА (жарқ етіп): Қажеті жоқ! Аулақ жүріңіз.
(Осы кезде масаңдау қалпы Мұқағали келеді. Бәрі
қау­маласа кетеді. Ол ешкімге назар салмаған қалпы Фа­

ризаның қақ алдына кеп тұра қалады).
МҰҚАҒАЛИ (ақырып): Шеңберден шық, бала! (Фари­
заны көтеріп, иә жетектеп, шулы топтың ішінен алып
кетеді).

(Сахна қараңғыланған. Баяу ғана музыка естіледі.
Сол мөлттей қараңғылықты ойып, ойма жарық түседі.
Бұл – Фаризаның бойжеткен кезі. Өлең оқиды. Махаббат
жайлы. Ойма жарық та Фаризаға ілесіп келіп бір түп

ақ қайыңның жанына тоқтайды. Фариза ақ қайыңды
құшақтап, сүйсініп, алысқа көз тігеді. Сағатына қарай­
ды. Біреуді күткен сынды).
ФАРИЗА (жалт қарап): Бақыт!

(Осы кезде күллі сахна жарығы оянып, сәуле шашып
қоя береді. Жігіт қыздың бетінен өбеді).
БАҚЫТ: Кешір.
ФАРИЗА: Бақыттың қашан да маған кеш келетінін

білгенмін.

БАҚЫТ(абдырап): Олай-ай демеші, Фариза. Одан да
өлең оқиықшы. Ғашықтық жайлы.
ФАРИЗА (тіксініп): Ғашықтық? Ол сөзге сен қашан­
нан бері үйір боп жүрсің?

БАҚЫТ: Тфу, Фаризаш-ай, ғашықтықты айтасың...
үйленеміз бе деген...
ФАРИЗА: Ал, алдымен сенің ақындығыңды сынайық.

БАҚЫТ:

Сен қызсың, басыңа оралды сын,
Тым нәзік, әп-әдемі болармысың.
Қосылып екі жүрек бірге соқсын,
Жасайық жақсылықтың жоралғысын.

ФАРИЗА (ұнатпай): Сезім жоқ. Жәй ұйқас. Өрікпеген
көңіл. Бар-жоғы сол!
БАҚЫТ (қызынып): Ендеше... ендеше, өзің оқы!
ФАРИЗА (ақ қайыңға сүйеніп «Мен саған ғашық емес

ем» жырын оқиды):
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Осынша мені арман ғып келдің неге сен?
Сыртыңнан сүйіп жүретініңді сезуші едім демесең,

Мен саған ғашық емес ем...
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
Осынша мені арман ғып келдің неге сен?
Жан жүрегіңді түсінер бір жан керек еді ғой демесең,

Мен саған ғашық емес ем...
БАҚЫТ (тұтанып): Басқа айтарың жоқ па?
ФАРИЗА: Жоқ шығар.
(Бақыт қалтасынан орамалды алып, бүктеуін жаза­

ды да, сақинаны сыңғыр етіп лақтырып жібереді. Фари­
за жігіт кеткен соң, мойнындағы қызыл жібек орамалды
шешіп алып, ақ қайыңның бой жетер жердегі бір бұтағына
байлайды).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Екінші көрініс
Аурухана ауласы. Ауру меңдеген Мұқағали жәй басып
келіп оңаша орындыққа отырады. Орындықтың ар­қа­
лығын­да кәдімгідей ақ сирақтанып қалған ақ қайың өсіп

тұр. Биікте бір қызыл орамал желбірейді. Ара-тұ­ра қол­
тық­тасқан ау­рулар, медбикелер көрініс береді. Аулақта мас
әндер айтылып қалады. «Три танкиста, по триста...» деген.
Мұқағали насыбай атады да, қолына кішкене шы­

быртқыны алып аяқ астында жатқан шөп-шаламды
ысырып тазалайды. Сосын қалтасынан орамалын алып,
қырық бір тасты әлгі жерге төгеді. Құмалақтарды арала­
стырып, үшке бөледі де, кілт тоқтайды. Ақбас Алатауға

қарап ойланып қалады. Сыңсып аққулар тізбегі ұшып ба­
рады. Мұқағали көзімен ұзатып тұр. Өлең оқиды.
Аққулар, кешіріңдер жазықтымын
Қараймын керуеніңе қажып бүгін.

Адасып кетті-ау бірге сендерменен
Алапат күшім менен нәзіктігім.
МҰҚАҒАЛИ (толқып): Нағиман апам ауылдан осы
Алматыға – арман сапарына аттандырғанда көрші шалға

құмалақ аштырып еді-ау... Сонда көрші шал балаңның
бағы ашылып, жұлдызы жанып тұр деген. (Өлең оқиды).
...Алты адым жер ауылдан шықпай жатып,
Аударылып арбамыз басым жарғам.

...Алжып кеткен атамның құмалағы
Алдап мені ой-қырға қуалады.
Ақ батасы әйтсе де адал еді,
Соны ойласам жүрегім қуанады.

(Құмалаққа қарап ойланып) Енді несін ашамын? Жо­
лым ашылды ма? Оған гүл шашылды ма?

Жуа бітті жолыма, гүл бітпеді,
Ақ періште мен үшін дүрлікпеді.
Атам айтқан үміттен арылмастан,
Аяқтармын сапарды тірліктегі.

Жетті бәрі. (Құмалақты уыстап шашып жібереді).
Сен­дім ғой бәріне. Аңғал көзбен. Аппақ көкірекпен. Көйле­
гім емес, көңілім жыртылды. Енді бүтінделмес. (Осы кезде
жанына Күшеншек ақын келеді).

КҮШЕНШЕК АҚЫН: Мұқағалижан-ау, соңғы күндері
тас кесекпен торғай атып ойнайтынды шығарғансың ба?
Жөн! Жөн! Айтпақшы, (мыржиып күледі) түнде түсімде
өлең түртіп оятты. Ол да қыз сияқты ғой, қытығыңды та­

уып алатын.
МҰҚАҒАЛИ (ұнатпай): Оқыңыз.
КҮШЕНШЕК АҚЫН (тілін бір жалап алып):
Сар далама тойлауға бардым,

Жаңа бір ойлар ойлауға бардым.
Қазы-қарта асап, қымызға қанып,
Қылықты жеңгеммен ойнауға бардым.
(Мәз болып) Қалай шығыпты, ә?

МҰҚАҒАЛИ (сұрланып):
Иә, біреудің ойы Байронда,
Біреудің ойы айранда.
МЕДБИКЕ: Бәленшиев, уколға. (Күшеншек ақын ты­

тың қағып жөнеледі).
МҰҚАҒАЛИ (алабұртып): Торғай атып... өлең түртіп
оятып... Ұйқыдан бас көтермейді. Өзі ұры...
(Осы кезде аулаға Қалтай Мұхамбетжанов пен Әбіл­

мәжін Жұмабаев келіп кіреді. Сәлемдеседі).
ҚАЛТАЙ: Мұха, қалайсыз, реңіңіз жақсы, шырайлы
екен.
ӘБІЛМӘЖІН (бас шұлғып): Иә, иә, өткендегіге қара­

ғанда…

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

МҰҚАҒАЛИ (әбден еті сылынған оң қолын көтереді):
Ат арыса – тулақ, ер арыса – аруақ. Қал осы, қос бауырым.
Алладан медет күтіп отырмыз. Балаларым шиеттей жас
еді. Сары уыз балапан. Інім аурулы. Шешем бағусыз. Жер

бетіндегі бар бітірген шаруам осы.
ҚАЛТАЙ: Қой, Мұқа, артыңда халқың бар.
ӘБІЛМӘЖІН: Асыл қазынаң бар.
(Осы кезде жамбасын сипап, есік көзіне әлгі Күшеншек

ақын да шығады. Бұларды көріп түрленеді).
ҚАЛТАЙ (мұрыны бомба түскен белдей болып): Мынау
да осында ма?
МҰҚАҒАЛИ: Бір палатадамыз.

ӘБІЛМӘЖІН (жаратпай): Ым-м.
МҰҚАҒАЛИ (күліп): Мұның бір қызығын айтайын.
Сізге таптырмас тақырып.
ҚАЛТАЙ: Айт, ойбай.

МҰҚАҒАЛИ: Менің ауруым бауыр, церроз ғой. Ал бұл
бүйректен жатыр.
ҚАЛТАЙ (қызығып): Сосын?
МҰҚАҒАЛИ: Мен дәріден әбден жеріген адаммын. Бер­

ген қымбат-қымбат дәрі-дәрмегін көпшігімнің астына
тығып тастай берем.
ӘБІЛМӘЖІН: Сосын...
МҰҚАҒАЛИ: Бұл сол менің дәрілерімді күнде ұрлап

ішеді. Маған тіпті рахат болды.
ҚАЛТАЙ (рахаттанып күліп): Таптырмайтын тақы­
рып. Ғажап.
ӘБІЛМӘЖІН: Бұл сорлы зиян екенін білмей ме?

МҰҚАҒАЛИ: Біледі. Бірақ шетелше жазуы бар қымбат
зат болған соң, маған қимайды.
ӘБІЛМӘЖІН: Астағыпыралла!
(Қалтай күлкісін әрең тежейді. Манадан бері мед­

бикемен сыбырласып тұрған Күшеншек ақын бұларға
беттейді. Амандасады. Әсіресе, Әбілмәжінді қайта-қайта
құшақтап сүйіп, босатар емес).

ҚАЛТАЙ (қуланып): Қыздың қасында бөгелек қағып
біраз тұрдыңыз.
КҮШЕНШЕК АҚЫН: Өзі бір әйбат бала. Өлеңге құмар.
Өзі менің бар жазғанымды жатқа соғады. Әлгі қатын құ­

таймай қойған теңге мұрт ақын бар ғой, Мұқағалидың
досы, соған алып берсем деп жүрмін.
ҚАЛТАЙ (қуланып): Қалқам, бір өлең оқып жіберші.
МЕДБИКЕ: «Аққулар ұйықтағанданы» оқиын ба?

КҮШЕНШЕК АҚЫН (текекөзденіп кетеді): Жо-жоқ.
Қысқасын. Үйретіп ем ғой.
МЕДБИКЕ (қысылып): Сіздің үйреткендеріңіз есіме
түсер емес... (Оқиды).

Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Мен оны жоғалтып та алғандаймын.
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата алмаған сормаңдаймын.

КҮШЕНШЕК АҚЫН (қыстырылып): Соңғы кезде Мұ­
хаңның өлеңдерін сынайтындар жүдә көбейіп кетті.
МҰҚАҒАЛИ (мырс етіп): Қарқылдаған қырық қар­
ға­ға бір тас жарайды.

ӘБІЛМӘЖІН (қоштасарда): Мұха, қалқам, сауығып
кет. Осы он күннен қалдырмай таңдамалыңды қолыңа ти­
гізем. Уәде – уәде.
ҚАЛТАЙ: О, Әбекең айтса шаруа оңғарылды де.

КҮШЕНШЕК АҚЫН: Әбе-ау, зекетім-ау, менің таңда­
малым ше? Азаматтар бар ғой, жоғары (сұқ саусағымен
аспанды іліп) жақ бар ғой.
Үшінші көрініс

Сахна көлеңкеленеді.
Мұқағали жалғыз өзі отырып қалады. Жарық тек өзі­
не ғана түсіп тұр. Жан-жағынан қара киімділер шығады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ Мұқағалиды шыр айналып, өлім биін билейді. Бірде алыс­ тан, бірде жақындай түседі. Оны Мұқағали сезіп отыра­ ды. Осы кезде сахнада бір іздік жарық пайда болады. Сах­ на шетінен қолында ораулы заты бар Фариза көрінеді. Орындыққа арқа сүйеп отырған Мұқағалиға беттейді. Қара киімділер шегіне-шегіне алыстап кетеді. МҰҚАҒАЛИ (елең етіп): Оу, Фариза, Фаризажан. Сен де ағаңды іздейді екенсің-ау. ФАРИЗА: Қазақ іздейтін ғажайып ақынды мысқалдай ғана Фариза неге жоқтамасын? МҰҚАҒАЛИ (абдырап): Ризамын, жаным. Отыршы өзің. ФАРИЗА: Өткенде ренжіп қалдыңыз ба? МҰҚАҒАЛИ: Қашан? ФАРИЗА: Қасыңыздағы әлгі аузы былшыраған екеуді машинаға отырғызбай жалғыз өзіңізді алып кеткеніме. МҰҚАҒАЛИ: Өйтпесе, Фаризажан бола ма деп Лашын жеңгең тіптен риза боп қалды. ФАРИЗА: Өлең жазып отырсыз ба? МҰҚАҒАЛИ: Иә. Тыңда. (Құстардың қанат сусылы естіледі). Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: – Аманат, – деп, – бауырымнан ұшқан балам. ФАРИЗА (тітіркеніп): Тоқтаңызшы, аға! Тыңдағым жоқ. Айтпақшы, (орауды ашып) мынау сізге арнап асқан қойдың басы мен жамбасы. Аурухананың асында кенеу бола ма? Алыңызшы.

МҰҚАҒАЛИ (риза кейіпте): Рахмет. Құрметіңе. (Бас­
тан шөкіп ауыз тиеді). Тойдым ниетіңе, жаным. Бұл
жерде мұны жөнімен үлестіріп беретін адам жоқ. Әлгі
Күшеншек ақын мұндай құрметтің қадіріне жетпес. (Бас

пен жамбасты көтере ұстап, сахнаға жақындайды). Кім
бар бас ұстауға жарайтын? Араларыңызда. Қалды ма өзі?
(Қайтып кеп, орындыққа отырады). Фариза, мен таң ал­
дында бір өлең жаздым, тыңдайсың ба?

ФАРИЗА (қуанып): Әрине, аға.
(Сахнаның осы тұсына бу беріледі де, Мұқағали орын­
дығынан тұрып қайыңды айналып кетеді. Ал, Фаризаның
жүзі анық көрініп тұр. Осы кезде «Жапырақ жүрек жас

қайың» әні басталды. Мұқағали рөліндегі жігіт гримм са­
лып, жасарып шыға келеді. Ән орындалады).
Жапырақ жүрек жас қайың,
Жанымды айырбастайын,

Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер мүмкін кімге ерсі,

Өміріңді маған бір берші.
Дүрбелең мынау дүниені
Адам көзімен бір көрші.
ФАРИЗА (қуанып, алақанын шапалақтап): Ғажап!

Ғажап қой, аға! Мұндай өлең әлі күнге қазақ поэзиясында
туған жоқ.
МҰҚАҒАЛИ (күліп): Асыра мақтадың, айнала­йын.
Жаны қысылған ағаңнын шырылы деп ұғарсын. Жа­

найқайы деп білерсің. Көз жасы, көңіл мұңы. Ұмыта көр­
ме, күнім!
(Осы кезде Фаризаның көзі ақ қайыңның ұшар басына
байланған қызыл орамалға түседі).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ФАРИЗА (көңілін аулап): Аға, Сіз Жайықта болды­
ңыз ғой?
МҰҚАҒАЛИ: Болғам. Әрісі қарға бойлы Қазтуған,
Доспамбет, Шалгез, берісі Исатай мен Махамбеттердің

тұяқ дүбіріне құлақ түру үшін барғанмын.
ФАРИЗА: Таптыңыз ба?
МҰҚАҒАЛИ: Тапқам. Бірақ сол қазынаның бәрі (кеу­
десін түртіп) кеудеде кетіп барады. Сағыныштар-ай, сар­

ғайтып жіберді ғой мені. Бір ән салшы, Фариза. Сен де Жа­
йығыңды аңсаған шығарсың.
(Фариза орнынан тұрып, ақ қайыңға сүйеніп ән бастай­
ды. «Жайықтың толқындары» әні. Теңіздің толқын дау­

сы естіледі).
МҰҚАҒАЛИ (қапсыра құшақтап): Фаризажан-ай.
Енді сендей ақын туа ма бұ қазақта, жоқ па? Саған бір өлең
арнамай келгенім... (басын шайқап). Фариза, Фаризажан,

Фариза қыз...
(Ақын күбірлей береді. Ойланады. Фариза қайыңға, оған
байланған қызыл орамалға қарап отырады. Ақын күбір­
леп, ойланып жүргенінде биші қыздар шығып Мұқағалиды

да, Фаризаны да айнала билейді.
Осы кезде Күшеншек ақын қасына медбикені алып,
өзінің арулармен жыр кешін өткізу жайлы жарнама жап­
сырып жүреді. Жарға, әр жерге. Мұқағали мен Фаризаны

ымдап, сыбырлап өсектейді).
КҮШЕНШЕК АҚЫН (көзін қылмаңдатып): Көрдің бе,
екі ғашықтың отырысын? Анаусы күйеуге тимеген. Тие
қояйын десе, мынаусының бір аяғы жерде, бір аяғы көрде.

МЕДБИКЕ: Қойыңызшы. Жәй сыйластық та. Екеуі де
қазақтың ұлы ақындары.
КҮШЕНШЕК АҚЫН (ернін шығарып): Ұлы? Садаға
кетсін. Өңшең жылауық өлеңдер кімге дәрі. Айтпақшы,

тыңда, мен түнде партия туралы өлең жаздым.
МЕДБИКЕ (жалт қарап): Қойыңызшы. Тойдым өле­
ңіңізге. Өзі ит жұрттың бәрін шошқа деген. (Кетіп қа­лады).
(Би аяқталған).

МҰҚАҒАЛИ (ойланып): Бала күнде естіген бір әпса­
нам еске түсіп тұр.
ФАРИЗА (ынтығып): Айтыңызшы, тыңдайын.
МҰҚАҒАЛИ: Айтсам (ойланып)... Бір топ үйрек қонып

отырған көлін тастап әуеге көтеріліп барады екен дейді.
ФАРИЗА (қызығып): Содан?
МҰҚАҒАЛИ: Содан алдарынан бір сұңқар кездесе ке­
тіп сұрайды, «Қайда?», «Куда?» деп.

ФАРИЗА (күліп): Сосын?
МҰҚАҒАЛИ: Әлгі үйректер айтыпты, құрсын, мына көл
сасып кетті, ана көл таза, соған кетіп барамыз деп.
ФАРИЗА: Иә.

МҰҚАҒАЛИ (қатуланып): Сұңқар айтты дейді, мына
көтендерің аман болса, оны да сасытарсыңдар деп.
(Фан­фари беріледі. Мұқағали сүйеніп келіп, орындыққа
отырады. Фариза аң-таң қалпы тұрып қалады).

ФАРИЗА: Сұмдық екен!
МҰҚАҒАЛИ: Абайдай қасиетті қара шалдан қалған қа­
сиетті көлге әнеу (әлгі Күшеншек ақынды иегімен нұсқап)
қондыра көрмеңдерші. Талай жерді лайлап болды ғой.

ФАРИЗА (үнсіз бас изейді): Аға, сізден сұрайын дегенім
бар. Көптен. Бір тойда «Шеңберден шық, бала!» деп ақы­
рып едіңіз. Соның сырын айтыңызшы?
МҰҚАҒАЛИ: Рас. Айттым. Шеңбер деген (зор құла­

шымен ауаны шеңбер салып көрсетіп) міне – осы. Ол
шеңбердің ішінде кімдер жүргенін білесің бе сен?
ФАРИЗА (жаймен): Жоқ.
МҰҚАҒАЛИ: Оның ішінде бәрі бар. Алай базары

сияқты. Талантты мен тайыздар, алдамшылар мен алып­
сатарлар, мансапқорлар мен жәдігөйлер, бәрі, бәрі. Сені
де сол шеңбердің ішінен көргенде ақырып жібергенім рас.
Кешір, қалқам. (Фаризаның иығынан құшақтайды).

ФАРИЗА: Өзіңіз сол шеңберді бұзып шыға алдыңыз ба?
МҰҚАҒАЛИ: Жоқ, (бас шайқап) жоқ.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ФАРИЗА: Ендеше өзіңіз шыға алмаған шеңберден мені
қалай құтқарғыңыз келді?
МҰҚАҒАЛИ: Мен жұмсақтаумын.
Мәңгілікке өзіммен алып кетер

Менің жұмбақ жанымды кім түсінер?
Сен болсаң өрсің. Сен Махамбеттің, «Адырнасын ала
өгіздей мөңіреткен, атқан оғы Еділ – Жайықты тең өткен»
дейтін жалаугер Махамбеттің ұрпағы емес пе ең, а? Сол

рух, сол күш сені шеңбердің тас-талқанын шығарса екен
дедім шырқау биікке!
ФАРИЗА: Аға, соңғы кезде біреулер өлеңімді көп
мақтап жүр.

МҰҚАҒАЛИ: Білем. Бірақ мақтау да қарыз ақша
сияқты. Кері қайтаруың керек. Көп ала берме.
ФАРИЗА: Досым аз.
МҰҚАҒАЛИ: Азы дұрыс. Малға достың барынан жоғы.

Ал, жанға дос, мысалы, менде ешкім жоқ, сенен басқа,
Фариза. Асқар Сүлейменов те осыны айтып еді. Сенің бір
ерлігіңді естіп шексіз риза болғаным-ай.
ФАРИЗА: О, қандай ерлік?

МҰҚАҒАЛИ: Асқардың шет жұртта оқитын ұлына аса
көп ақша керек боп... зыр жүгірген. Таптыра ма? Жоқ та,
жоқ! Сонда сен үйіне келіп: «Әй, дуана, мә, қайтармай-ақ
қой. Ал» деп бір бума ақшаны лақтырып кетіпсің.

ФАРИЗА (қысылып): Оны несіне айтты екен? Сатқын­
дықты пәниде көп көрдіңіз бе?
МҰҚАҒАЛИ: Көп көрдім. Өте! Адамдармен араласпа­
саң, күн көре алмайсың, ал аралассаң, күн көрсетпейді.

ФАРИЗА: Мансап пен даңқ ше?
МҰҚАҒАЛИ (бас шайқап): Бәрі баянсыз. Уақытшалық.
Ақ қағазға түскен қара таңба болмаса...
ФАРИЗА: Аға, шаршаттым білем, палатаға барып де­

малыңызшы.

МҰҚАҒАЛИ (орнынан жұлқынып тұрып): Жо-жоқ!
Мені қазір қасиетті Жидебайға, Абай атаңа жеткіз. Соңғы
өтінішім. (Орындарынан көтеріледі. Сахна сыртынан бір
шумақ өлең оқылады).

Гүлдер-дағы қоштасып, қиылып тұр,
Қош айтады талдар да иіліп бір.
Неге бәрі қоштасты меніменен,
Қандай тағдыр алдымда бұйырып тұр?!

Барлығы да қоштасып ерікті алар,
Қойшы, бәрі әншейін желік болар...
Телеграф сымдары ызыңдайды,
Жатқандайын суық бір беріп хабар.

Фариза мен Мұқағали өлең оқылып болған соң, орында­
рынан көтеріліп, әйгілі «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз»
әнін орындайды.
Сахна қараңғыланады. Моцарттың «Реквиемі» ойна­

лады.
Режиссердің есіне:
Фаризаны «Реквиемнан» соң қазіргі қалпында сах­
наға (әрине, өзін емес) қайтадан шығаруға болады.

Баяғы ақ қайыңға өзі байлап кеткен қызыл орамал кейін
Мұқағалидің кезінде де көзге түсті. Қазірде де тұр, әбден
бозарып түрі өңген, жыртылған. Бірақ бір замандарда
басынан бақ та, сор да, махаббат та кешкен адамдардан

қалған белгідей болып тұр. Бәлкім, әсерлі болар.
ФАРИЗА (қайыңды сипап тұрып): Өмір, (күрсініп)
осындай ма ең?!.
Шымылдық

2010 жыл

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДВОЙНИК

Төрт көріністі драма
Кейіпкерлер:

1. ДВОЙНИК

2. БАЙ

3. ӘЙЕЛІ

4. ӘКЕ

5. ҚЫЗ

6. КОНГ – ҚОНБАЙ

7. ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ

8. БАЛА

9. ТЕРГЕУШІ

10. КҮЗЕТШІ

11. ХАТШЫ ҚЫЗ

12. І ШАЙТАН, ІІ ШАЙТАН

13. І ЖІГІТ, ІІ ЖІГІТ

Бірінші көрініс
Қаржы полициясының кабинеті. Орта жастағы тер­
геуші столда отыр. Алды толған қағаз папка. Шар­шау­лы.
Папкалардың бірін алып, екіншісін аударып-төңкеріп бас

шайқайды. Және бірін қолына алып аң­тарылып тұрып
қалады. Залға сүзе қарап сұқ саусағын көтеріп, тағы да
бас шайқайды. Сосын телефон түймесін басып тұрып,
дауыстайды.

ТЕРГЕУШІ: Байды шақыр... Тез кірсін! (Көп папканың
ішінен бірін суырып алып, парақтай бастайды).
БАЙ (аса алаңдаулы): Азамат тергеуші, келіп тұрмын.
(Тергеуші басын көтермей қағаздарды аударыстыра бе­

реді). Азамат тергеуші...
ТЕРГЕУШІ: Ә, Бай, келген екенсіз. Отырыңыз, құйрық
басыңыз. Неге шақыртқанымды сезетін шығарсыз?
БАЙ (сасқалақтап): Тендер мәселесі шығар... Үш жыл

бұрын алған бес миллиард теңге...
ТЕРГЕУШІ (қабағын шытып): Жо-жоқ! Ол – бөлек
мәселе. Бұған еш қатысы жоқ.
БАЙ: Бөлек мәселе? Он алты қабат он бес үйді уақытын­

да тапсырдым... Қабылдап алды.
ТЕРГЕУШІ (папканы алақанымен ұрып): Ол бөлек
мәселе дедім. Оған да келеміз. Асықпаңыз.
БАЙ: Адам баласына қылдай қиянатым жоқ. Көптің

бірімін. Бизнесменмін.
ТЕРГЕУШІ (бас шайқап): Қиянатым жоқ?.. Әңгіме
былай, Бай мырза. Сіздің әріптесіңіз, яғни партнеріңіз
Қашқынбаевты әлдекімдер атып кетті. Солай ма?

БАЙ: Солай. Иманды болсын.
ТЕРГЕУШІ: Тапсырыс берілген. Киллер жалдаған.
БАЙ: Кім екен? Табылды ма, иттің баласы?!
ТЕРГЕУШІ (сынай қарап): Табылады.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАЙ: Табыңдаршы! (Қос қолын селкілдетіп) Өз қо­
лыммен!.. Буындырып, а, иттің баласын!
ТЕРГЕУШІ: Асықпаңыз... Біз бәрін де білеміз. Бірінші
сұрақ. Партнеріңіз өлмей жатып 40 пайыз акциясын не

себепті өз атыңызға жаздырып алдыңыз?
БАЙ: Әйелі мен баласына акция құнын төледім.
ТЕРГЕУШІ: Бір жылдікін ғана. Солай ма?
БАЙ: Келесі жылы фирмамыз банкротка кетіп қалар.

Кім біліпті?
ТЕРГЕУШІ: Ым. (Ойланып) Ендеше екінші сұрақ.
Қашқынбаев банктен алған бір миллиард теңгені өлер ал­
дында кімге алып бара жатыр еді?

БАЙ (сасқалақтап): Құрылыс жұмысы... Материал
сатып алуға.
ТЕРГЕУШІ (ақырып): Өтірік! Міне, тыңдаңыз. (Дик­
тофонды іске қосады). «Әй, ақшаны түсірдің бе?» (Байға

қарап) Дауыс кімдікі?
БАЙ: Менікі.
(Диктофондағы дауыс: «Алдым, бір миллиард теңге
қолымда».)

ТЕРГЕУШІ: Бұл кім?
БАЙ (қалтырап-дірілдеп): Бұл – Қашқынбаев.
Диктофондағы дауыс:

– Қасыңда шопырың бар ма?

– Бар.

– Куә керегі жоқ. Үйіне түсіріп кет.

– Жарайды.

– Рульге өзің отыр. Сосын шефке оңаша жолық та,

ақшаны табыс ет. Сақ бол. Дұшпан көп.

– Құп болады. Уайым жемеңіз. Қанттай қылам.

ТЕРГЕУШІ: Бұған не айтасыз?
БАЙ (даусы дірілдеп): Апыр-ай, сөйлеп тұрған шы­
нымен мен бе? Кәдімгі...

ТЕРГЕУШІ (мырс етіп): Кәдімгі Бай. Өз даусыңыздан
тана алмассыз.
БАЙ (көзін қылмыңдатып): Осы дауысты, інім, екеу­
леп өшірсек қайтеді, а?

ТЕРГЕУШІ: Партнеріңіз Қашқынбаевтың даусы да,
тіпті өзі де өшті ғой. Сосын оқиға қалай өрбіп еді?
БАЙ: Атып кетті оны... Дұшпан оғы...
ТЕРГЕУШІ: Ретімен баяндайық. Ол сіздің пәрме­

ніңізбен шопырын үйіне түсіріп кетті. Сосын шефке бет
алды. Саяжайдың жолындағы шағын тоғайдың тұсына
келгенде... Иә, тап солай, оққа ұшты. Машинадағы параға
беретін бір миллиард теңге қолды болды. Солай ма?

БАЙ: Солай. Киллер ұсталды ма?
ТЕРГЕУШІ: Ұсталады. Айтыңыз, шеф деген кім? Аты-
жөні, қызметі?..
(Сахнада ойма жарық түсіп тұрады. Байдың әйелі ас

столы үстіне түрлі тағам қойып байыз таппай жүр. Кө­
ңілді әрі алаңдаулы. Әлсін-әлсін есікке қарағыштайды.
Осы кезде Байдың аласұрған айқайы естіледі. Сахнада­
ғы жарық тұтас жанады. Жанындағы есіктен Бай

шығады).
ӘЙЕЛІ (шошып): Не көрінді? Айқай сап.
БАЙ (ентігіп): Ұйықтап кеткен екем. Әлгі өлген Қаш­
қынбаев пен тергеуші кеп екі жақтан... Тура мойныма

жармасып қылғындырсын.
ӘЙЕЛІ: Құдай-ай, сол.
БАЙ: Көздері бөрінің көзіндей. От шашып тұр.
ӘЙЕЛІ (су құйып беріп): Түсіңде қорыққан жақсы.

Өңіңде қуанасың.
БАЙ: Соңғы тергеу. Түрі жаман қатын. (Ойланып)
Неден мүлт кеттім?
ӘЙЕЛІ: Сенің не жазығың бар? Атқан – біреу. Өлген –

ол. Екі ортада бір миллиард теңгені жоғалттың. Шеф...
БАЙ (үрейленіп): Т-с-с! Дымың ішіңде болсын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙЕЛІ (құшақтап): Жарайды, сабыр ет. Бүгін – ерек­
ше қуанышты күн. Қыз бен күйеу бала келе жатыр. Тақасы
қисайған бұрынғыдай қазақ емес, шетелдік. Импортный
күйеу. Көркем қыз. Ақыры құрықты алысқа салды. Әп,

бәлем!
БАЙ: Келсін. Әкем...
ӘЙЕЛІ (сазарып): Күтушісін жалдап бердік. Отыр да
пәтерінде.

БАЙ (міңгірлеп): Батасын берсе...
ӘЙЕЛІ: Осы заманда бата деген не? Бет сипау ма? Өзім-
ақ... шал сосын, кейін де үлгереді. (Осы кезде қоңырау
даусы естіліп, ішке гүл құшақтаған қыз бен шетелдік

күйеу кіреді).
ҚЫЗ (аса қуанышты): Сәлем.
ӘЙЕЛ (алып-ұшып): Сәлем, жаным, сәлем.
КОНГ: Ні (Хай).

ӘЙЕЛ: Ні (Хай). Хай-Хай! Конг!
БАЙ: Конг, қуаныштымын. Атым – Бай.
КОНГ (мәз болып): Бай? Қандай жақсы ат. Мен сізді
Байрон десем бола ма?

ӘЙЕЛІ: Болғанда қандай! Бұл да бала кезде тақпақ
жазған.
ҚЫЗ (еркелеп): Бұл – күйеуім. «Адресный бюро­да­
ғылар» тауып берді. Бизнес жасағысы келеді.

ӘЙЕЛ (столды көрсетіп): Ал, Қонбайжан, төрлет.
ҚОНБАЙ (мәз болып): О, Қонбай. Дәл таптыңыз. Мен
енді, Конг емес, Қонбаймын. Қон-бай! Сіз – Бай-рон!
ӘЙЕЛ: Күйеу баланың ұлты кім, ұлты?

БАЙ: Қай елден?
ҚЫЗ: Енді сұрағалы жүрмін.
ҚОНБАЙ (лекіте күліп): Дүние жүзін араладым. Енді
қазақ болуға қарсы емеспін. Ақкөңіл жақсы халық екен­

сіңдер. Қонақ нені сұраса да бере саласыңдар. Мә, мә деп.
БАЙ (бәрі дастарханға жайғасқасын): Ал, қош келдің,
Қонбай. Күйеу бала екенсің. (Ойланып) Ым...

ӘЙЕЛ (қызға сыбырлап): Қыз-ау, (күйеуді иегімен
нұсқап) бұған әлгі үш күйеуге шыққаныңды айттың ба?
Ажырасқандарыңды...
ҚЫЗ (шошып): Айтып не жыным бар?! (Күйеуге ер­

келеп) Кішкентай қызымыз бар. Джимми, солай ма?
ҚОНБАЙ: Солай. Сүп-сүйкімді.
ҚЫЗ: Ертең-ақ папалап кетеді.
ҚОНБАЙ: Әрине, папалап кетеді.

БАЙ (шырылдаған қалта телефонын көтеріп): Сә­
лем. Тергеуші?.. (Елпілдеп) Ә, сәлематсыз. Жарайды...
Барармын...
ӘЙЕЛ (күрсініп): Құдай-ай, күн көрсетуді қойды-ау.

БАЙ (көңілсіз): Тағы да шақырып жатыр. Тіміскілеген
ит құсап...
ҚЫЗ (елеңдеп): Кімдер? Неге мазалайды?
ӘЙЕЛ: Қаржы полициясы да. Маза беруді қойды. Сүттен

ақ, судан таза адамды...
БАЙ: Жә? Ал, Қонбай, өзің бұрын не бизнес жасадың?
ҚОНБАЙ: Мен. (Ойланып) Шетелдегі өте бай адамдарға
двойник тауып беретін ем.

ӘЙЕЛ: Двойник?
БАЙ: Сонда қалай? (Елеңдеп) Олардың бәрі де двойник
ұстай ма?
ҚОНБАЙ (арқаланып): Ұстайды. Ұстағанда қандай!

Бай адамның басына кез-келген уақытта қауіп-қатер төнуі
мүмкін. (Маңғазданып) Сақтану керек.
ҚЫЗ (күлмең қағып): Бұл сондай... Сирек мамандық
иесі.

БАЙ (әйелі екеуі бір-біріне қулана қарап): Сонда двой­
никтің атқарар міндеті қандай?
ӘЙЕЛ: Айтсыншы. Қызық екен. Гитлердің двойнигі
жайлы кино көргем. Өзінен ауса ше.

ҚЫЗ: Ағам да бай, дәулетті. Дұшпаны өріп жүр.
(Осы кезде есік қоңырауы қағылады. Бай мен әйелі үр­
пиісіп қалады).

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙЕЛ (тызақтап): Бұл кім? Құдай-ай, безілдетуін.
БАЙ: Сығалашы есіктен. Тездет.
ӘЙЕЛ (есіктің көзшесінен сығалап): Күзетшің. (Есік­
ті ашады). Кел, кір. Зәрені алуын.

БАЙ: Кел, не хабар?
КҮЗЕТШІ (күйеуге жалтақтап): Жалпы тыныш.
ӘЙЕЛ: Айта бер. Қонбай өзіміз. Күйеу баламыз.
КҮЗЕТШІ: Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті де іске қосы­

лыпты. Сізді жауаптаймыз депті.
БАЙ: Кім айтты?
КҮЗЕТШІ: Сонда істейтін бір таныс жігіт. (Қалтасын
қопарып) Мынау әлгі...

БАЙ (сұрланып): Әкел.
КҮЗЕТШІ (екі пистолетті шығарып): Екеу. Оғымен.
Ал, кеттім. Үй маңында жүрем.
БАЙ: Жарайды, сөйт.

ҚЫЗ (күйеуге): Ағама көмектес. (Көзін сығып) Жау
жағадан алып бітті. Талап жегелі жүр.
ҚОНБАЙ: Мен мұнда басқаша бизнес жасаймын деп
келіп ем.

ҚЫЗ: Жасайсың. Тек көмектесе гөр.
БАЙ: Енді туысқан болдық. Қаласаң, бизнесте партнер
болайық. Тапқан табысты тең бөлеміз. (Қолымен ауаны
тіл­гілеп) Пятьдесят на пятьдесят!

ҚЫЗ: Ағам – мәрт адам. Көрдің бе, пятьдесят на пять­
десят!
ҚОНБАЙ (қуанып, қоразданып): Ендеше ертеңнен бас­
тап сізге двойник табамын.

ӘЙЕЛ (алып-ұшып): Сосын, Қонбайжан?
БАЙ (елпілдеп): Иә, дейм, иә.
ҚЫЗ (еркелеп): Айтасаңшы зарықтырмай.
ҚОНБАЙ: Мысалы, шетелде бір бай бизнесмен салық­

тан табысын жасырыпты. Сотталатын болды. Соған двой­
ник таптым. Ақшасын артығымен төледік.
БАЙ: Ал дейм, ал. Сосын...

ҚОНБАЙ: Аумаған өзі. Түрмеге сол түсті.
ӘЙЕЛ: Әлгі бай бизнесмен ше?
БАЙ: Ол не істеді?
ҚОНБАЙ: Атын өзгертті. Паспорт жаңалады. Сөйтті де

өзге елге тайып тұрды.
(Осы кезде үй сыртында атыс даусы естіледі. Ит ар­
пылдайды. Қашты-қуды, айқай-сүрең шығады. Бай мен
әйелі екеуі қолдарына екі пистолетті алдымен бір-бірі­

не кезенеді. Сосын екеуі де есікті көздейді. Күйеу сасып
столдың астына зып етіп кіріп кетеді. Қыз жабындының
төрт жағын көтеріп күйеуіне қарағыштайды).
КҮЗЕТШІ (бөлмеге жүгіріп кіріп): Партнердің жігіт­

тері! Екеу боп келді. Қарулы.
БАЙ: Тірі ме?
КҮЗЕТШІ: Тірі. Оғым тимей қалды. Қашып құтылды.
ӘЙЕЛ (қалтырап-дірілдеп): Не істемек?

КҮЗЕТШІ: Аңдып жүр. Өш алмақ.
БАЙ: Өш алмақ?
КҮЗЕТШІ: Иә. Тірі қоймаймыз депті.
БАЙ: Жарайды, бара бер. (Тістеніп) Мен де оларды!..

Қалғып кетпе!
ӘЙЕЛІ (шаңқылдап): Мүлгіп кетпе!
(Күзетші кетеді. Күйеу стол жабындысын көтеріп
төрт аяқтап шығады).

ҚОНБАЙ (ыңғайсызданып): Әңгімелеріңізге кесел жа­
самайын деп... (Қызға қарап) Жо-жоқ, қорыққан жоқпын,
Двойник деген жақсы ғой.
БАЙ: Ендеше маған жедел двойник тап. Түрі (басын,

денесін былқылдатып) өзімнен аумайтын болсын.
ҚОНБАЙ: Айн момент! Құп болады.
ӘЙЕЛІ: Маған да... (Байға қарап) Саған төнген қатер
маған төнбей ме? Тапсын. Қатын көп. Қаңғып жүрген.

(Бай сияқты бұл да басын, бар денесін былқылдатып бара­
ды). Қарап ал. Егіздің сыңарындай болсын.
ҚЫЗ: Табасың. Күні ертең алып келесің.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚОНБАЙ (Байға): Міне, қолым (қол алысады). Уәдем –
уәде!
БАЙ: Уәдем – уәде! Пятьдесят на пятьдесят!
Екінші көрініс

Байдың үйі. Әйелі, қыз (қарындасы) – үшеуі отыр. Аса
алаңдаулы.
БАЙ (орнынан тұрып): Қонбай неге кешікті?
ҚЫЗ: Таптым деген. Сізден аумайтын көрінеді.

БАЙ: Жанды қысып барады. Өлген Қашқынбаевтың
қатыны, егер заң орындарын сатып алса, аузын майласа...
Киллер жалдап түбіне жетем депті.
ӘЙЕЛІ (жұлынып): Оңбаған қатын! Құтырайын деген

екен! Сенің арқаңда байыды. Мейманасы тасыды.
БАЙ: Жә, жә!
ӘЙЕЛ: Несіне жә деп тұрсың! Байын өлтіріп, бір мил­
лиард теңгені бөліп алған шығар. Қолдан ұйымдастырып.

Қиын ба бұ заманда?!
ҚЫЗ (қол телефонына): Қонбайчик, қайдасың? Келе
жатсың... Қасыңда ма? Жарайсың.
БАЙ: Оның өлгенін де, ақшаның тоналғанын да маған

жабар түрі бар.
ӘЙЕЛ: Қатынын айтасың ба?
БАЙ (кіржиіп): Жо-жоқ, тергеушілер де.
(Осы кезде есік қоңырауы қағылып, бөлмеге Қонбай мен

болашақ двойник жігіт кіреді. Қыз жүгіріп барып күйеуді
сүйеді. Бай мен двойник бір-біріне таңданысып қарап
қалысады. Амандасады).
ӘЙЕЛ (таңырқап): Ауса ше? Тек мұрты жоқ екен.

ҚЫЗ (жеңгесіне): Айттым ғой, (күйеуді құшақтап) бұл
уәдесіне берік деп. Талайлар түнде берген уәдесінен күндіз
тайса да... Бұл алам деді, алды.

БАЙ (двойникке): Келіңіз, отырыңыз. Дәм алыңыз.
ДВОЙНИК: Рахмет, отырдық.
ҚОНБАЙ: Әрең таптым. Ақшасына келістік. Бұрын
ауданда атақты артист болған.

ДВОЙНИК: Халық театрында.
ҚЫЗ (қолын шапалақтап): О, рольді жақсы ойнайды
екен.
БАЙ: Үйленгенсіз бе?

ДВОЙНИК (күмілжіп): Екі-үш подругам болған. Қазір
жоқ.
БАЙ: Бұ заманда подруга деген жақсы ғой.
ӘЙЕЛ (тыжырынып): Қайдағы жоқтың басын ауыр­

тып...
БАЙ: Мәселе былай. Ұлы адамдардың... байлардың...
(Түш­кіріп) жәрекімалла... бәрі де двойник ұстаған. Тіпті
участковый полицияның да двойнигі бар. Түнімен әлгінің

киімін киіп алып ысқырып шығады. Сен мына менің...
ДВОЙНИК: Айтсаңыз болды. Бәрін қанттай қылам.
ҚОНБАЙ (двойникке қарап): Қатаң тергеулер. Қауіп-
қатерлер... Бәріне де көнесің. Рөліңді асқан азаматтықпен

ойнап шығасың.
БАЙ: Мен өзім осы тұрғанда тұлпар сияқты адаммын.
Шыққан шөп пен аққан судан басқаға зияным жоқ. Соны
көре алмайтын дұшпан көп. Шаш-етектен.

ДВОЙНИК: Білем ғой.
ҚЫЗ: Демек, маған екінші ағам боласыз.
ДВОЙНИК: Болам. Сөз жоқ.
ҚОНБАЙ: Маған өгей қайнаға.

ДВОЙНИК: Қатырам. (Көзін қысып) Келістік қой.
ӘЙЕЛ (ойланып): Маған... Кім боласың?
БАЙ (аларып): Өй... Не дейсің, әй, сен қатын?!
ӘЙЕЛ (жұлынып): Сенің жаның ардақты. Ал қал­

ғанымыз қырылып өлеміз бе? Тап ендеше маған да двой­
ник.
БАЙ: Сосын табамыз, сосын.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ҚОНБАЙ: Хатшы қызы бар ағамның. Соны... Түрі
аумаған сіз сияқты. Тек жастау.
ӘЙЕЛ (көгеріп-сазарып): Со қаншықты ма, со қан­
шықты...

БАЙ: Жә дедім! (Двойникке өзінің бешпетін әкеп
кигізеді). О, ұқсап тұрсың. Кәне, мынаны (қолынан алтын
перстенін саусағына салады) тақ. О, жарадың.
ҚОНБАЙ: Енді әрлі-берлі жүр. (Двойник жүріп көр­

сетеді). Дұрыстап, міне, осылай.
ҚЫЗ: Жо-жоқ, ағам еңкейіп емес, (көрсетіп) былай
шалқақтап жүреді.
БАЙ: Кәне, екеуміз қатар жүрейік. (Екеуі сахнаның

о шетінен бұ шетіне жүріп өтеді). Көтер басыңды, көтер
дейм. Аяғыңды... әй, асау аттай шапалап басатының не,
әй! Өй, өзің!.. Енді мысықтабандадың да қалдың. Міне,
бы­лай жүр... Осылай.

ӘЙЕЛ: Мұрты да жоқ
ҚЫЗ: Өсірер, су сеуіп.
ҚОНБАЙ (қалтасынан алып, двойникке жасанды
мұрт жапсырады): Міне, құйып қойғандай.

ҚЫЗ: Аумай қалды. Тура егіздің сыңарындай.
БАЙ: Шықшыты, көзінің айналасы, тағы бір жерлері
сәл-пәл келмей тұр.
ҚОНБАЙ: Гримм саламыз. Нағыз болмаса пластикалық

операция жасатамыз. Артық жерін кестіреміз.
ДВОЙНИК (шошып, ауын, үсті-басын сипалайды):
Ойбай, кесеміз дей ме?
ҚОНБАЙ: Жетпейтін жерін жаматамыз.

ДВОЙНИК (басы қалтаңдап): Бұрынғылар сенде бәрі
жетеді деп еді ғой.
(Осы кезде сарт етіп есік ашылып, ішке Байдың әкесі
кіреді. Қалтаңдаған шал, қолында таяғы бар. Ашулы).

ӘКЕ (двойникке): Әй, өз қызығың өзіңде, әкеңді
ұмыттың. Не істеп жүрсің дейм?!

БАЙ (өзі жасырынып қалып): Әй, (двойникке) сөйлес.
Ойна рөліңді. Бұл – әкең.
ДВОЙНИК: Жәй, әке, шаруа ғой.
ӘКЕ: Шаруа? Бітпейтін не шаруа? Колхоздың, совхоз­

дың бейнеті ме арқалап жүргенің? Өңшең арамтамақ.
ДВОЙНИК: Заман басқа, әке. Жекеменшікпіз.
ӘКЕ: Біз жинап берген қазынаны жан-жақтан талап
жатсыңдар. Өңшең кәззап.

ҚЫЗ: Әке...
ӘКЕ (таяғын көрсетіп): Саған да келем. Асықпа.
ДВОЙНИК: Бала-шаға қамы ғой, әке.
ӘКЕ: Бала-шаға?.. Елім дейтін біреуі болса ше? Біз қан

кешкенде, тер төккенде өзіңдей қайырсыз бай өсіп шық­
сын дедік пе?
ДВОЙНИК: Жан-жағыма шапағатым мол.
ӘКЕ: Шапағат? Садаға кетіңдер ол сөзден! Шешеңнің

зиратын салғанмен басына әлі күнге құлпытасын қоймай
жүрген сен емес пе ең?
ДВОЙНИК: Жаздырам, дайындап қойдым.
ӘКЕ: Не деп жаздың?

ДВОЙНИК (жалтақтап бұғып отырған Байға қарай­
ды. Ол сыбырлайды): Былай деп жаздырдым: «Мархұмға
жан жарынан, сүйікті ұлынан, сүйкімді қызынан». Тап
осылай дедім.

ӘКЕ: Жан жары? Мен сонда жарымын ба? Ит-ау, ері,
күйеуі, азаматы емес пе ем?! (Таяқпен двойникті бастан
қонжитады) Мә, саған жан жары. Мә, саған сүйікті ұлы,
Мә, саған сүйкімді қызы!

ДВОЙНИК (ойбайлап қашып): Ендеше жаздырмай­
мын. Қосағы, байы деп жазам. Өшпестей ғып! Араша, жұр­
тым, араша!
ҚЫЗ: Әке, қойшы, әке.

ӘКЕ (күйеуді нұсқап): Мынауың кім үріккен тайлақ
құсап ербиіп тұрған?
ҚЫЗ (күмілжіп): Ерім, күйеуім, ең соңғы азаматым.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘКЕ: Ә, солай де. Ендеше...
(Сахна қараңғыланады. Ойма жарықтар пайда бола­
ды. Бірінде двойник көрініс береді).
ДВОЙНИК (мұртын қайта-қайта тексеріп): Дұрыс

па өзі? Қазір тергеушінің алдына барғанда... Сайрап кет­
сем жарады. (Оң қолын көтеріп перстеніне қарайды).
Жалт-жұлт етеді. Тапқан табысымның он пайызы сенікі
деді-ау, ерің. Жаны шырылдап кеткен екен, бәлем!

Әйелінің көзі жәудіреп... қарайды кеп. Демек, мен оның
двойник байымын ғой. Гәп қайда! Тіпті онымен келер
жаз былай қолтықтасып, тағалы аттай тық-тық басып
(жүріп көрсетеді) курортқа да барып қайтуым мүмкін-ау.

Виски ұрттап, бифстроган жеп, мықынын былқылдатып
(көрсетеді) билеп-билеп... Ой, дәурен-ай!
(Осы кезде двойниктің екі жанындағы екі ойма жа­
рықта екі шайтан пайда болады).

І ШАЙТАН (сақ-сақ күліп): Виски ішіп, билейсің,
билейсің дейм.
ІІ ШАЙТАН (ой шегім түйілді): Кімнің алдында? Айта
ғой, двойнигім.

ДВОЙНИК (шошып): Кімсіңдер? Жын ба, пері ме? Әлде
өлген партнердің жаналғыштары ма?
І ШАЙТАН: Ойлан, тап.
ІІ ШАЙТАН: Енді сен бізге ағайынсың. Бір туғанбыз.

І ШАЙТАН: Өзіңді іздеп келдік. Сағындық.
ДВОЙНИК: Жо-жоқ. Сендердей туысым жоқ. Жалған.
(Қашады, екі жақтан қайтармалап жібермейді). Босат
мені. Тергеуші күтіп отыр.

І ШАЙТАН (сақ-сақ күліп): Тергеуші? Оған қазір бірге
барамыз.
ІІ ШАЙТАН: Әй, двойник, біз шайтан деген жұртпыз.
ДВОЙНИК (шошып, бақырып): Шай-тан?!

І ШАЙТАН: Иә, шайтан. Сен бізге жаныңды саттың.
ІІ ШАЙТАН: Жаның мына дорбаның (көрсетіп) ішінде.
І ШАЙТАН: Ендігі есімің – Бай. Солай ма, двойник?

ІІ ШАЙТАН: Жаныңды қаншаға сатқаның есіңде ме?
ДВОЙНИК (қалтырап): Тапқан табыстың он пайызы.
І ШАЙТАН: Ә, солай де. Біз ақшаға дуалап Байдың да
жанын сатып алғанбыз. Ол – қазір тірі мүскін.

ДВОЙНИК: Мен Бай емеспін. Қайтарыңдар жанымды!
ІІ ШАЙТАН: Қайту жоқ. Жаның тәніңді тастап қашып
шыққан.
ДВОЙНИК (аһ ұрып): Мені азғырған Қонбай оңбаған.

І ШАЙТАН: Оның да жанын әлдеқашан саудалап
алғанбыз.
ІІ ШАЙТАН: Орнына ақша, арсыздық пен алаяқтықты
бердік. Аз олжа ма?

ДВОЙНИК: Байдың қарындасы ше?
І ШАЙТАН (селкілдеп билеп): О, ол қыз жанын жә­
лептікке айырбастаған.
ДВОЙНИК: Әйелі ше?

ІІ ШАЙТАН: Оны алтынмен арбап алғанбыз. Көзі еш­
теңе көрмейді, су қараңғы.
ДВОЙНИК: Әкесі? Әлгі шал ше?
І ШАЙТАН: Оны сатып алу мүмкін емес. Адалынан

туған. Арам сүт ішпеген. Маңынан жүргізбейді.
ДВОЙНИК: Сендер азғырмаған адам қалды ма жер
бетінде?
ІІ ШАЙТАН: Қалған.

І ШАЙТАН: Күн сайын азайып барады.
ДВОЙНИК (ышқынып): Қайтар жанымды! Бер өзіме!
Әкел дейм! (Осы кезде екі шайтан жоқ боп кетеді. Сахна­
да жарық тұтас жанады. Төрде кабинетінде тергеуші

оты­рады. Алды толы қағаз папка. Өңі шаршаулы. Басын
кө­теріп двойникке қарайды).
ТЕРГЕУШІ: Ә, Бай, келдің бе? Кіммен арпалысып
жатырсың?

ДВОЙНИК: Елес. Қаптаған елес. Жіберер емес.
ТЕРГЕУШІ (орнынан көтеріліп): Қашқынбаевтың еле­
сі шығар?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ДВОЙНИК: Жо-жоқ. Ол иманды болғыр мазалаған емес.
ТЕРГЕУШІ (мырс етіп): Біз болмасақ... (Жақын кеп
двойниктің бір қолына сарт еткізіп кісен салады. Кісен­
нің екінші бөлігін орындыққа бекітеді). Бай мырза, енді

осылай сөйлесеміз.
ДВОЙНИК (қалтырап-дірілдеп): Мен шынымды айт­
сам... Мен өзім Баймын... емеспін. Жо-жоқ, не деп
кеттім?

ТЕРГЕУШІ (ақырып): Тоқтат қылжақты!
ДВОЙНИК (мүләйімсіп): Келісерміз. Адамбыз ғой.
Сөйлесейік, тіпті сырласайық.
ТЕРГЕУШІ: Сырласайық?.. Ендеше шеф деген кім?

Аты-жөні, қызметі?
ДВОЙНИК (алақ-жұлақ қарап): Шеф? Бізде шеф көп.
Облыста, Астанада қайсыбірін түгендерсің.
ТЕРГЕУШІ: Жоқ, Қашқынбаевтың қолынан бір мил­

лиард теңгені алуға тиіс шеф. Соны сұрап тұрмын.
ДВОЙНИК: Шеф ол ақшаның он пайызын шәпкі ғып
біреуге берем деп пе?
ТЕРГЕУШІ (ақырып): Кімді ақымақ қылып тұрсың, а?

(Двойникті шапалақпен бір ұрады. Ол жалп етіп орын­
дықтан ұшып түседі. Жасанды мұрты жерге түсіп қа­
лады). Мынау не пәлең?
ДВОЙНИК: Мұрт. Сізден қорыққаннан ұшып-ұшып

кет­ті. Кері тағып алуға рұқсат етіңіз. Мен өзім Баймын...
емеспін.
ТЕРГЕУШІ (күдіктеніп, двойниктің жан-жағына шы­
ғып алыстан, жақыннан көз салып қарап): Сол... сол емес.

Жоқ, тап өзі... Ұқсайды.
ДВОЙНИК: Сөйлесейік, тіпті сырласайық, құрметті
тергеуші. (Сыбырлайды) Бір миллион доллар берем. Өзі­
ңізге. Сыйлығым.

ТЕРГЕУШІ: Ә, солай де, Бай мырза. Ендеше (кісенді
екі қолына да салады) былай. Шеф кім? Киллерді қайдан
жалдадың? Бір миллиард теңгені қайда тықтың? Айт тез!

ДВОЙНИК: Есімде жоқ. Жазығым жоқ. Прокуратураға
шағым жазамын. Сабады, зорлады дейм. Мұртымды ұрып
ұшырып жіберді дейм.
ТЕРГЕУШІ: Шағым? (Кекетіп күліп) Құлаштап жаз.

Қалдырма түгін. Кешікпей шеф пен киллерді табамыз.
Сон­да басқаша сайрарсың. Солай ма, Бай мырза?
ДВОЙНИК: Көрерміз.
ТЕРГЕУШІ (қолын кісеннен босатып): Бара бер. Үш күн­

нен соң қайта кел. Менің алдымда шефіңмен, жалдаған
киллеріңмен кездесесің. Хош.
ДВОЙНИК: Рахмет (басын иіп). Көріскенше. (Кетеді).
ТЕРГЕУШІ (телефон шалып сөйлеседі): Жолдас гене­

рал, бүгінше қамауға алғаным жоқ. Ол енді жанталасып
шеф пен киллерге хабарласуы керек... Иә, жіптің ұшы
қолда ғой... Енді бізге тапжылтпай байлап алатын жуан
арқан керек (күліп). Жуан арқан! Қай-қайсының да

басқан ізіне шөп салып аңду қойдым. Тырп ете алмайды.
Жарайды. Сау тұрыңыз.
Үшінші көрініс
Бай өз кабинетінде отыр. Жанында хатшы қыз. Ол

сәмбіталдай майысып, алдына бір шыныаяқ шәй қойып
кетеді. Айнаға қарап шашын түзеп еркелейді.
ХАТШЫ ҚЫЗ: Ту-у, таңертеңмен жасатып ем. При­
ческамды бұзып тастапсың.

БАЙ: Басқа жерің аман болса болды ғой. (Хатшы қыз
селтең қағып үсті-басын сипалайды).
ХАТШЫ ҚЫЗ: Қатыныңның қасынан шықпай қойдың
ғой. Кісіні сонша сағындырып.

БАЙ: Қаймағым сенікі де, қаспағы оныкі ғой.
ХАТШЫ ҚЫЗ: Тіліңді көрсетіп, тісіңді жасырып ал­
дайсың ылғи. Шетелге де алып кетпедің.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАЙ: Кетеміз. Кешікпеспіз, біржола. (Звондап) Шеф,
қаракөлеңкелер қаптап кетті... тірі жүрсем, жоғалғанның
орнын толтырам дедім ғой. Мұрсат берсеңіз дедім ғой. Тағы
бір тендер. И всё!.. Олай демеңіз, көкетай... Әлгі өлген

Қашқынбаевтың қатынына қыруар ақшам кетті. Шырмап
бітті. Көмейі кең тойымсыз ит екен. А деп аузын ашса
болды ақша дейді.
ХАТШЫ ҚЫЗ (асылып): Жаным, жабырқамашы.

Жақсы күндер алда. Бізді бақытты болашақ күтіп тұр. Бо­
йыма бітіп қалды. Ұл бала шығар. Мұрагерің.
БАЙ (немқұрайлы): Жақсы екен. Сосын. (Телефонын
әурелеп, қайта-қайта теріп) Алло, қырылдай ма, алло...

Әлгі қанішер қайда жүр? Орыс орманына сіңіп кетті ме,
(ойланып) әлде қара қытайдың құшағына еніп кетті ме?
Өңшең ит-шошқа!
ХАТШЫ ҚЫЗ (тұлданып): Мұрагерің десем, жақсы

екен. (Созып) Сосын дейсің. Ойбай, қызуым басылмай­
тын, қызығымды қашырмайтын жалғыз өзің дегенің
қайда? (Сыңсып жылайды) Әлде ана қатын тапқан екі қыз
шаңырағымды ұстап қалады деп отырсың ба? Кетем көз

көрмеске, қол жетпеске.
БАЙ: Жә, жаным, жә дедім. Келші бері (құшақтап).
Мен де қайбір жетісіп жүр дейсің. Абай шал да қайғырып­
ты ғой «Мыңмен жалғыз жағаластым кінә қойма» деп.

Мен болсам миллиондармен арпалысып жүрмін. Так
что, Абайдікі чепуха! Мені айт, мені. (Байдың алдына
кеп тізесіне отырып, мойнынан тас қып құшақтайды.
Екеуі қаннен-қаперсіз құшақтасып отыра береді. Осы

кезде есіктен баяу басып Байдың әйелі енеді. Шошып
әрі таңырқап қарап тұрып қалады. Отырған екеудің
айналасында аңдап басып, үңіліп жүреді).
ӘЙЕЛ: Әй, бұл не сұмдық?

БАЙ (баж етіп): Ойбай, бұл кім? (Атып тұрады.
Тізесінде отырған хатшы қыз еденге домалап құлайды).
Сен бе едің?

ӘЙЕЛ: Иә, менмін, мырзам. Өзіңнің (кекетіп) некелі
жұбайың. Танымасаң танытайын, қос қыздың анасы...
ХАТШЫ ҚЫЗ (тұрып жатып): Жерге лақтырып...
ӘЙЕЛ (өңіріне жармасып): Жүзіқара, лақтырған былай

болады.
БАЙ (жанталасып): Араша! Басымның сақинасы ұс­
тап... Ол маған тек дәрі беріп жатты.
ХАТШЫ ҚЫЗ: Иә, тек дәрі (қашуға бет алып). Цит­

рамон, аналгин, аспирин... Бәрін бердім, витамин.
ӘЙЕЛ (енді Байға шап беріп): Бетсіз, алаяқ, сені мен
заң орнына өз қолыммен ұстап берем. Көр де тұр!
БАЙ: Жібер дейм. Мен Бай емеспін. Двойникпін, көзіңді

ашып қара!
ӘЙЕЛ (хатшы қызды стол айналдырып қуалап жү­
ріп): Двойник? Не дедің? Двойник?
ХАТШЫ ҚЫЗ: Иә, ол Бай емес. Оның двойнигі. Вита­

минді соған бердім.
БАЙ: Нағыз двойниктің өзімін. Нанбасаң ұстап қара,
тістеп қара!
ӘЙЕЛ (хатшы қызды қоя сап, Байды саусағымен ша­

қырып): Кәне, жақында, кәне.
БАЙ (бір басып, екі басып): Иіскеп қара... Бұл қыз
менің ежелден көңілдесім. Бай білмейді.
ХАТШЫ ҚЫЗ (өзімен-өзі): Қайдағы көңілдес? Бойы­­

ма бала бітті десем.
ӘЙЕЛ (есі ауып кеткендей екеуіне алма-кезек қа­
рап мәңгіріп тұрып қалады): Бай... Жо-жоқ, двойник...
Көңілдес... Екіқабат... (Сосын кеп Байдың мұртын тарт­

қылайды) Мынау жасанды мұрт емес. (Құтырып) Сен
двойник емессің! Ах, өңшең сайқал!
БАЙ (қашып): Извени, мадам, извени! (Бай мен хат­
шы қыз стол айналып қашып, әйел қолына түскенін

лақтырып, айқай-шу жалғаса түседі. Осы кезде есіктен
двойник енеді. Таңданып тұрып қалады. Бай жасырына
қалады. Құтырынған әйел Бай екен деп жанына жетіп

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

келіп мұртынан тартып қалғанда жапсырып қойған
жасанды мұрт жұлынып кетеді).
ӘЙЕЛ: Ой-бай, мынау шынымен двойник екен ғой.
(Осы арада Бай мен хатшы қыз, двойник пен әйелдің

жын қаққан музыка әуенімен биі жалғасады. Би қашты-
қуды, арпалыс, жанталас, қызғаныштан туған көрініс­
ті береді. Би жүріп жатқанда екі шайтан сахнаның екі
тұсынан шығып, сықылық қағып екі тұсқа өтіп кетеді).

КҮЗЕТШІ (есіктен енеді, би бітеді): Сақ болыңыздар.
Екі қара көлеңке офис айналып жүр. Түрі қорқынышты.
БАЙ (двойникке саусағын безеп): Есіттің бе, сақ бол!
(Күзетші жігіт әйелдің құлағына әлдене деп сыбырлап

жатады).
ӘЙЕЛ (хатшы қызға саусағын безеп): Ендігі ісім
сенімен болсын!
(Күзетші кетіп, ішке Қонбай мен қыз кіреді. Қуа­

нышты).
ҚЫЗ: Ой, осында екенсіздер ғой. Қонбайчик екеуміз...
ҚОНБАЙ: Екеуміз ұзақ іздедік. Үйден, даладан, тер­
геушіден.

БАЙ: Иә, не жаңалық?
ҚЫЗ: Жаңалық көп, аға.
ҚОНБАЙ: Сіздің арқаңызда бизнесім гүлдеп кетті. Ше­
телдік компаниямен келісімшарт түзедім.

ӘЙЕЛ: Біздің ернімізге бірдеңе тие ме? Бал жалап
қаламыз ба?
ХАТШЫ ҚЫЗ (алақанын жайып): Маған ше?
ҚЫЗ (армандап): Қонбай екеуміз Астанадан жаңа кот­

тедж бен «Lіxus» аламыз. Дубай мен Нью-Йорктан пәтер
таңдаймыз.
ХАТШЫ ҚЫЗ (Байдың құлағына сыбырлап): Біз ше?..
ӘЙЕЛ (соны қайталап): Біз ше?..

БАЙ: Тұра тұрыңдар. (Қонбай мен қызға) Құтты
болсын. Ал менің шаруам ше?
ҚОНБАЙ (қалтасын ақтарып): Айтпақшы, оны
қанттай қылдым. Міне, шетелдік паспортыңыз. Енді сіз

Байрон мырзасыз. Дүниенің төрт тарабына жол ашық.
Билет алыңыз да ұшып жүре беріңіз. Жолыңызға қиқым
жатпайды.
БАЙ (паспортты көкірегіне басып): Қолыма тиді-ау

ақыры.
ҚЫЗ (ағасының қолын қысып): Құтты болсын, Байрон
мырза! (Күліп) Енді сізбен қай тілде сөйлесеміз?
ӘЙЕЛ: Оның тілін мен білем. Менен сұраңдар.

ХАТШЫ ҚЫЗ (Байды құшақтап): Біреудің ойы Бай­
ронда, біреудің ойы айранда. Сенің ойың ше?
БАЙ: Бәріңе де жетемін. Ой менікі деген...
ДВОЙНИК: Мен сонда кіммін? Паспорт бойынша?

БАЙ: Байсың. Отыр менің орныма. (Креслоға әкеп
отырғызады). Міне, осылай міз бақпа.
ДВОЙНИК (креслода айналып): Рах-хат! Кешке қай
үйге барам? Кімнің қасына жатам?

БАЙ (шошып): Әй, мына ит не дейді-әй? Өле алмай
жүріп!
ДВОЙНИК: Енді мен нағыз Бай мырзаның өзі емеспін бе?
ӘЙЕЛ: Дәмесінің зорын қара.

ҚЫЗ: Әзілдейді-дағы.
ҚОНБАЙ: Қазақтың жоқ жерден қытығы келгіш.
(Бай, әйел, хатшы қыз, Қонбай мен қыз сахнадан
жылыстап жоғалады. Двойниктің өзі қалады).

ДВОЙНИК (креслода шайқалып): Рах-хат! Байрон
кетті, Бай қалды. Дүние қалай-қалай құлпырады-ә? Күні
кеше кім едім, бүгін кіммін. (Мәз болып) Дүрдей боп
отырысымды қарашы. Пах, пах! Байдың өзі бас бағып,

жылыстап жоғалған жоқ па? Ә, өзін де қатырдым-ау.
Кешке қай үйге барам, кімнің қасына жатам деп (сықылық
атып). Жылан шаққандай, жылқы тепкендей етіп. Үрейі
ұшып кетті (ойланып). Тергеушісі түскірге сөйлесейік,

тіпті сырласайық дегенде буыны босап сала берген
сияқты. Тамағы тесік, іші қуыс пенде емес пе. Оны осылай
жайғастырсам. Сонда бұл көкең сүт бетіндегі қаймақ боп
қалқып... жыртыс іздеген кемпірдей жыртиып есіктен

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

сығалағандарға (өз-өзінен қоразданып) «уақытым жоқ,
сосын», «тағы бірде», «жиналысым бар, мазам болмай
отыр», (еліріп). «қаңғып жүрген кімсің, айда қайқай!» деп
тойтарып тастасам. Жолын жығып, көзінің отын алып.

Әйтпесе, жүгенсіз кеткен қой бұл халықты, қой! Сосын
түймені басып хатшы қызды шақырып, шәй алдырып... Ол
мықыны құрып, бұралып басып жаныма келе бергенде ту
биенің сауырындай құйрығынан сипап кеп жіберсем...

(Двойник осылай тұрып, отырып қиялданып жүргенде
Қашқынбаевтың кегін қуған екі жігіт ішке білдіртпей
еніп, мұның әрекетін қызықтап тұрған).
І ЖІГІТ: Иә, Бай мырза, жалғастыра бер.

ДВОЙНИК (шошып бақырып): Кімсіңдер? Рұхсатсыз,
сұраусыз!
ІІ ЖІГІТ (миығынан күліп): Ал, құйрығынан сипап кеп
жібердің. Сосын...

ДВОЙНИК: Не шаруа? (Апыл-ғұпыл жиналып) Асы­
ғыспын, жиналысым бар.
І ЖІГІТ: Асығып болғансың, Бай мырза!
ІІ ЖІГІТ: Қолға түстің, қанішер.

ДВОЙНИК (өз-өзімен арпалысып): Қазір полицияға
хабар берем. Қаматам! Айдатам! (Қашады, екі жігіт қуа­
лайды).
І ЖІГІТ (двойникті ұрып жығып): Айт шыныңды,

киллер жалдаған сен ғой!
ДВОЙНИК: Жо-жоқ. Шынымды айтсам... Мен өзім
Баймын... емеспін.
ІІ ЖІГІТ (төніп): Сосын өз ақшаңды өзің ұрладың!

І ЖІГІТ (пистолетін шығарып): Шефті алдадың,
партнеріңді өлтірдің.
ДВОЙНИК (ойбайлап): Араша, халқым, араша!
ІІ ЖІГІТ (күліп): Халық? Халқым дейді, әй, мынау!

І ЖІГІТ: Алаяқтығың үшін өлім жазасына кесілгенсің.
ІІ ЖІГІТ: Үйір иманыңды.
ДВОЙНИК: Мен Бай емеспін. Оның двойнигімін.
І ЖІГІТ: Соқ өтірікті!

ІІ ЖІГІТ: Ой, алаяқ! Тапқан айласын қара!
ДВОЙНИК (жан даусы шығып): Өлтіре көрмеңдер! Мен
оның двойнигімін. Тек рөлін ойнап жүрмін.
(Сахнадағы жарық сөне бастайды).

І ЖІГІТ: Рөлің аяқталды.
ІІ ЖІГІТ: Шымылдық жабылды.
Төртінші көрініс
Байдың үйі. Өзі, әйелі, Қонбай мен қыз – төртеуі де аса

қайғырған кейіпте. Шарасызданып бір-біріне көз астымен
қарасады. Күрсініс көп.
БАЙ (қолындағы газетті аударып-төңкеріп): Сұмдық
қой мынау. Мұны есітіп бүкіл қала дүрлігіп жатыр ғой.

Фотомды да қоса басыпты, иттер!
ӘЙЕЛ: Тағы бір оқышы.
БАЙ: Кеше кешкілік қаламызға белгілі бизнесмен
Байды қаскөйлер өз кабинетінде атып кеткен. Қазірде ол

аса ауыр халде аурухана төсегінде жатыр.
ҚОНБАЙ: Қала шулап жүр. Қайнағаң, қайнағаң деп.
Тіпті ана байғұс көзіне жас алды.
БАЙ: Кім еді ол?

ҚОНБАЙ: Атын ұмыттым.
ҚЫЗ: Қазақтың атын жаттай алмай-ақ қойдың.
БАЙ: Жұттан қашқандай, өрттен қашқандай... Қашып
берсем.

ӘЙЕЛ: Қайда қашасың?
ҚОНБАЙ: Шетелдік паспортыңыз әзір тұр.
ӘЙЕЛ: Мен де кетем. Қалмаймын. Қыз қияда, ұл ұяда.
Алаң болар ештеңем жоқ.

ҚЫЗ: Аға, газетке түзету берсек.
БАЙ: Ал, ал...
ҚЫЗ: Мысалы, ауыр жараланған Бай емес, оның
двойнигі десек.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАЙ (құтырынып): Ақылың құрысын, өйткен ақы­
лың. Тұп-тура аждаһаның аузына түссін дейсің бе?
ӘЙЕЛ: Қой, бұл қыздың есі кем екенін бұрыннан білем.
ҚЫЗ (шапылдап): Өз жөніңді біл. Ағама тиіп адам боп...

ӘЙЕЛ: Ал, тидім. Сен сияқты байдан бай қоймай жүргем
жоқ. Өл де бар.
ҚОНБАЙ: Араша, айтысатын кез емес.
ӘЙЕЛ: Сен бар ғой, аузымды қыздырма менің. Осы

күнге дейінгі төсек жорғаңды тізіп берсем... Сылдырлатып
моншақ қып. Мына Қонбай жанынан безіп кетер.
БАЙ (ақырып): Тоқтат, өңшең найсап!
ҚОНБАЙ: Байрон мырза, әлгі пікірге мен аздап түзету

енгізейін.
БАЙ: Қалай? Не деп?
ҚОНБАЙ: Мысалы, қаскөйлер атып кеткен Бай емес,
оның өзінен аумайтын, құйып қойғандай сыңары десек.

БАЙ (қуанып, дүрлігіп): Міне, ақыл, міне.
ҚЫЗ (Қонбайды жүгіріп кеп сүйіп): Таптың! Нақсүйе­
рім менің! Нахалым менің!
ӘЙЕЛ: Шакалым менің десеңші!

БАЙ (Қонбайға): Сосын? Өзім бұғып отыра берем бе?
ҚОНБАЙ: Тергеу бар, тіміскілегендер бар, әзірге ше­
телге жылжып кеткеніңіз жөн.
БАЙ: Дұрыс айтасың, Қонбайжан. Табыстың елу па­

йызын өзіңе түсірдің бе?
ҚЫЗ: Кеше есепшотына түсіріп алған.
БАЙ (Қонбайға): Звондашы ауруханаға. Егіздің сы­
ңарының халін білші.

ҚЫЗ: Мен кеттім. Газетке түзету берем.
БАЙ: Тұра тұр. Сөйлесіп алсын.
ҚОНБАЙ (қоңырау шалып): Алло, иә, бас дәрігер...
Жо-жоқ, қателесесіз, ол Бай емес, бизнесмен емес. Оның

сыңары. Егіздің сыңары. Алдама... Шыны сол. Құйып қой­
ғандай. Бірінің бірі аузынан түскендей. Ауса ше. Тіпті
кейде әйелдері де ажырата алмай, төсекте ауысып-ауысып
жата береді (тарқылдап күліп). Сандырақтап жатыр? Не

деп? Шайтанға жанымды саттым деп. (Байға қарайды)
Мынау не деп кетті?
БАЙ: Айналамызда шайтан, жын-пері көп. Сатса сат­
қан шығар.

ҚОНБАЙ (телефонға): Алло, сатса сатқан шығар. Ақша
бәріне де керек. Қызық, қаншаға бағалады екен? Доллар­
мен, евро, теңге... тергеушілер қаптап жүр. Жақсы, қойдым.
БАЙ: Кетейін, қарамды батырайын. Тыныш қоймас.

КҮЗЕТШІ (асығыс кіріп): Бала жетектеген бір әйел үй­
ге кірем деп зікір салып тұр. Шетелдік. Тыңдар емес.
ҚОНБАЙ (түсі қашып, тұтығып): Кім екен? Келіп
қалған ба?

БАЙ (ойланып): Шетелдік болса кірсін. Жібер.
ӘЙЕЛ: Англиядағы подругам емес пе? Келем, қонақ
болам, қазақтың дастарханын көрем деп жүрген.
ҚЫЗ (жаратпай): Подруга?! Қаңғып жүрген біреу де.

(Ішке Қонбайдың елде қалған әйелі мен баласы кіреді).
БАЛА (қуанып Қонбайға ұмтылады): Папа, сағын­дым.
ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ: Джимми, жаным, (құшақтап)
біз келдік. Уәде бойынша. Әрең таптық өзіңді.

ҚОНБАЙ (қызға жалтақтап): Мен де сендерді са­
ғындым.
ҚЫЗ (ащы дауыс сап): Конг, бұлар кім?
БАЙ: Түсінбей тұрмын, Қонбай? Бұл не мазағың?!

ӘЙЕЛ (нұрланып): Елінде қалған қатын-баласы дағы.
ҚЫЗ (шапшып): Мен заңды қатыны, мен. Ия! (Қон­
байға) Айт кәне, шыныңды!
БАЛА: Папа менікі.

ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ: Бай менікі.
ҚЫЗ (Қонбайдың жағынан шапалақпен ұрып): Айт
дедім, кімді сүйесің?
БАЛА: Тәте, ұрма папамды.

ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ: Мені сүйеді, мені.
ҚЫЗ (ұмтылып): Жоқ, ол менікі, жекеменшігім (Қон­
байдың әйелімен төбелесе кетеді). Сатып алғам. Ағамның
ақшасына.

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

ӘЙЕЛ (мазақтап): Елу пайызға!
ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ (төбелесіп жүріп): Біз о бас­
та келіскенбіз. Жоспарымыз солай. Қазақстанның аза­
маттығын ап, бизнес жаса, байы, тіпті уақытша үйлен

дегем. Енді қайтар байымды. Пайдаландың.
БАЙ (басын ұстап): Ақымақ басым. Ол бізді пай­
даланған.
ӘЙЕЛ (шаптығып): Бай құтаймаған сорлы. Мен осы­

лай боларын о баста-ақ білгем. А-а!
ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ: Міне, ұлы, нанбасаң. Папалап тұр.
ҚЫЗ: Менің үшінші күйеуімнен қалған қызым да
папалап тұр.

ҚОНБАЙ (қызға): Қазақта жақсы дәстүр бар. Бәлкім,
маған нақсүйер, тіпті тоқал боларсың.
ҚОНБАЙДЫҢ ӘЙЕЛІ (қызға): Құнды ұсыныс. Онда
менің шеккен моральдық әрі материалдық зияным үшін

компенсация төлеп тұрасың. Мо-ол етіп.
ҚЫЗ (бармағын шығарып Қонбайдың әйеліне иіс­ке­
теді): Мә, саған моральдық шығын! Мә, саған материал­
дық шығын. Тойдың ба?

БАЙ (түңіліп): Жұт жеті ағайынды деген рас.
ӘЙЕЛ (қызға тап-тап беріп): Жұттың басы – осы қан­
шық. Жаттың тақымын, жақынның ақылын тоздырып бітті.
БАЙ (зілденіп): Менің арқамда байыдың, Қонбай. Су

ішкен құдығыңа түкіргелі тұрсың.
ҚОНБАЙ: Сізге көп рахмет, Байрон мырза. Менің де
еңбегім сізге аз сіңген жоқ. Двойник, тергеуші, қарын­
дасыңыз...

ӘЙЕЛ: Қарындасыңның қасына жаттым деп тұр ғой.
Еңбегі аз емес.
БАЙ (айбат шегіп): Бар! Осы тойғаныңмен бар.
ҚЫЗ (ойбайлап жылап): Оңбаған, алаяқ, аферист!

БАЛА: Жүр, папа, кеттік. Өзіміздің коттеджге бара­
йық. (Үшеуі жетектесіп шығып кетеді).
КҮЗЕТШІ (асығып кіріп): Байеке, тағы біреулер торып
жүр.

БАЙ: Не дейд? Кімдер?
КҮЗЕТШІ: Екі топ. Мен сізді ауруханада жатыр дедім.
БАЙ: Ит-ау, ол егіздің сыңары демейсің бе?
КҮЗЕТШІ (кінәлі кейіпте): Қайдан білейін?

ӘЙЕЛ (Байға): Ол өліп қалса, кім көмеді?
ҚЫЗ: Шайтанға жанын сатқан адам өлмейді.
КҮЗЕТШІ: Айтпақшы түн ішінде шайтан сияқты екі
мүскін терезеңізден сығалаумен болды.

БАЙ (шошып): Тағы не дейд?
КҮЗЕТШІ: Түрлері қорқынышты. Жақындасам болды,
жерге кіргендей жоқ боп кетеді.
ӘЙЕЛ: Құдай-ай, бүйткен ақшасы құрсын, байлығы

құрсын!
ҚЫЗ: Рахатын белшеден кешіп, енді айтып тұрғанын
қарашы.
(Осы кезде ішке хатшы қыз кіріп келеді. Екіқабат, іші

томпайып көрініп тұр).
ӘЙЕЛ (шаптығып): Албастының апасы құсап сен не
ғып жүрсің? Кім шақырды?
ХАТШЫ ҚЫЗ: Саған келгенім жоқ.

ҚЫЗ: Енді кімге?
ХАТШЫ ҚЫЗ: Байға келдім. Байыма!
ӘЙЕЛ (айқайлап): Байы ма? Не айтып тұр мына бетсіз?!
БАЙ: Сабыр дедім.

ҚЫЗ (әйелге): Ә, қалай екен. Дүние дөңгелек.
ХАТШЫ ҚЫЗ (Байдың қолтығынан ұстап): Біз ше­
телге билет алып қойғанбыз. Ұшуымыз керек.
ӘЙЕЛ (жұлынып кеп Байдың екінші қолтығынан

ұстайды): Мен де кетем. Қалмаймын.
ХАТШЫ ҚЫЗ: Баламды шетелде босанам. Сол елдің
азаматтығын алады (майысып). Солай ма, Байым?
БАЙ (екеуінен босанғысы кеп): Солай, солай. (Біресе

әйелге, біресе қызға мойын бұрады). Солай, солай!
(Есіктен Әке кіріп келеді. Қатулы. Сахнадағылар
үрпиісіп қалады).
ӘКЕ: Бармысың, балам?

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БАЙ: Бармын, әке. Тірімін.
ӘКЕ: Қадірі қашқан тірліктен кейде абыройлы өлім
артық.
ҚЫЗ: Әке, әке-ау!

ӘКЕ (қолын сермеп): Сөйлеме, сен қыз. Сенің сыбағаң
бөлек.
ХАТШЫ ҚЫЗ (дегбірсізденіп): Бай, болсаңшы. Тез
кетейік.

ӘКЕ: Бай? Мұның аты Бай емес, Байрон емес, Баймұрат.
(Байға тесіле қарап) Азан шақырып қойған атың –
Баймұрат, Баймұрат, Баймұрат!
БАЙ (күмілжіп): Бала кездегі ат қой. Есімде.

ӘКЕ: Бала кезде, ауыл шетінде қозы-лақ қайырып
жүргенде қандай тап-таза едің. Дақ түспеген ақ дәптердің
бетіндей едің. Жаңа жауған қардай кіршіксіз едің. Кім
боп кеттің, Баймұрат?

БАЙ: Білмеймін, әке.
ӘКЕ: Ал, мен білемін. Сендер ақшаның тілін білгенмен,
адамның тілін ұмытқансыңдар. Өңшең шайтан иекте­
гендер!

(Осы кезде сахна түкпірінде екі шайтан пайда болып,
музыка әуенімен биге басады. Оған Қонбай мен шетелдік
әйелі қосылады. Бай мен әйел, хатшы қыз да сол әуеннің
ырғағына беріледі. Соңында үсті-басы ақ дәкемен оралған

Двойник кеп биге кіріседі. Әке әлсін-әлсін бас шайқайды.
Осы кезде сахнаға төрт-бес жас бүлдіршін шығып «ата»,
«нағашы аталап» Әкені қаумалайды. Әуен бәсеңсігені­
мен, би жалғасып жатады).

ӘКЕ (немерелерін құшақтап): Сендер адалмен ауыз­
даныңдар, жарқыным! Келешектің күміс көкжиегі өз­
деріңді шақырып тұр. (Әке мен бүлдіршіндер билеп
жатқан топқа қарап қалады. Олар біртіндеп сахнаны

тастап шығады).
Шымылдық

Мазмұны Бейбарыс сұлтан ......................................................3 Абай: сот................................................................41 Жәңгір хан.............................................................93 Бас........................................................................129 Махаббат мұнарасы.................................................164 Сырым батыр.........................................................198 Мұстафа Шоқай......................................................234 Нұржауған-ғұмыр...................................................273 Қараша қаздар қайтқанда........................................300 Әбутәліп әпенді......................................................329 Нашақор жайлы новелла.........................................379 Актриса.................................................................416 Айна-ғұмыр...........................................................444 Фариза мен Мұқағали..............................................470 Двойник................................................................484

Рахымжан ОТАРБАЕВ

Пьесалар
Редакторы Ботагөз Мұхиден
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов

Корректоры Шолпан Оразбаева
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек
Басуға 22.10.13 қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 26,88.
Тапсырыс № . Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙