TELEGEI

Home

Әңгімелер жинағы

Бауыржан Момышұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әңгімелер жинағы

Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...

ӨМІРІМНІҢ БІР БЕЛЕСІ

Өткен жылдың 18 декабрінде Красноярскіден шығып, 22 декабрінде азанғы сағат 8-де Мәскеуге келіп түстім. Алдымнан Құрманбек шықты. Нәрселерімді жүк сақтау камерасына тапсырып, екеуіміз Москва мейманханасындағы Әбділдаға бардық. Ол алтыншы қабаттың 652-бөлмесінде тұрады екен. Іргесінде бізді құшақ жайып қарсы алды. Ат көлік, амандық сұрасып болғаннан кейін, ол сол күнгі поезбен Алматыға жүретіндігін айтты. Жамбылдың кино болып шығуына істеліп жатқан әрекеттерді баяндады. Өзінің шығармаларының басылу жағын сұрағанда: ─ Құрысын, келгелі бері Жамбылдың соңында болдым. Бұнда басылып шығу үшін кейбіреулерді ресторанға шақыpy керек екен. Оған уақытым да, ниетім де болмады, ─ қынжылып жауап берді. Mенің академияға сабақ бергелі бара жатқанымды дұpыс бағыт деп тayып, оны біраз әңгіме еттік. ─ Сен енді Калининнен кетіп, орталықтың бір жерінен жақсы пәтер ал да, үйіңді алдырып орналас. Біз осында келгенде, саған барып тұратын болайық, Калинин деген мына Мәскеудің іргесі ғой, ─ деді Әбділда.

Одан кейін Құрманбек екеуі қатындарын мақтауға кірісті. ─ Менің Сарам маған пейілі дұрыс кісі, мен оны қыздай алғанмын. Одан бері ол менің көзіме еш уақытта шөп салған емес. Әзір төрт баланың анасы болды. ─ Иә, сенің қатының жанап кетсең туады екен-ай, — деп Әбділда Құрманбектің сөзін бөліп күлді, — онысы өте дұрыс, бала, перзент деген адамға өте ыстық болады екен ғой. Жасымыз келіп қалды, оған жыл сайын түсініп келеміз... ─ Менің Сарамның аналығын мен қадірлеймін. Бұрын ұрушы едім, енді онымды қойдым. ─ Ай, қатынды ұру деген қып-қызыл айуандық қой. Мен сенің ондай әдетіңді білмеуші едім. ─ Екі баласын ұрып түсіріп, екі рет мұның Сарасы ана дүниенің іргесінен қайтқан болатын, — дедім мен.

Оған Әбділда таңданып: ─ Әй, сен өзің анық ит екенсің ғой онда, — деді. Құрманбек екеуімізге де шамданып қалды. ─ Біздің Сара құлыптай берік. Мен де оны қыздай алғанмын, менің ойыма ой қосады, қабағыма қарайды. Папамды ма, апамды ма, Сараны ма, қайсысын қалай жақсы көретінімді ажырата алмаймын. Междупрочим, біздің қазақ әйелдері намысқа өте мықты келеді, — деп өзі білетін әйелдердің мінезін айтты. Әбділданың сапырылыстырын айтқан сөзіне Құрманбек еліктеп отырды. Біраздан кейін Әбділда Жамалды мақтай бастады, Құрманбек оны өтірік қоштағансып отырды. Мен тіс жарғаным жоқ... Төменге барып тамақтанып отырғанда, министр Дауылбаев Ахмет келді. Өте азғын, қап-қара болып қатып қапты. Онымен жай аман-есендік қана сыпайыгершілік әңгіме болды. Ахмет кеткеннен кейін, балалық, жастық дәуірдегі әңгімелер еске алынды. Қайта шығып, Әбділданың бөлмесіне көтеріліп келе жатқанымда, Әбділда: ─ Осында Төлеген жатыр. Ол жақында Нью-Йорктен келді. Екеуіміз бір купеден орын алдық. Алматыға жеткенше Ассамблеяның әңгімелерін, Америкадан көргенін айтып берер.

─ Екі Тәжібаев болып баратын болыпсыңдар ғой, — деді Құрманбек. Жолда арақ мен преферансты ермек еткеннен гөрі, Төлеген екеуің әңгіме шертіп барғандарың өте қолайлы болыпты, ─ дедім мен. ─ Иә, менің өзім де солай ұйғарып тұрмын, алты күн жолда оның ішек-бауырын ақтартамын ғой... Бөлмеге ене салысымен, Әбділда телефонды ала салып Төлегенді шақырдым. Менің атымды атағаннан кейін Төлегеннің бізді өз бөлмесіне келсін дегенін сөздерінен түсініп: ─ Егер де кісілері болса, бармай-ақ қоялық, — дедім. Бұл сөзімді Әбділда оған айтты да, трубканы іліп қойып: ─ Әзір өзі осында келеді. Қап, жаңа дабырлап отырып, оны тамаққа ертіп бармағанымыз-ай, — деп өкінді.

Төлеген келіп, біраз отырды. Кетіп бара жатқанда маған: ─ Бәуке, аттанып бара жатқанда кездесіп қалдық, біраз кең отырып әңгімелесе алмадық-ау... — деді. Аманшылық болса, тағы бір кездесеміз, жолыңыз болсын, — деп онымен қоштастым. Құрманбек, тағы бір келген жас жігіт, Әбділда — үшеуі Әбділданың нәрселерін жинай бастады... Үшеуіміз адам қойдай тоғысып жатқан ГУМ-ге бардық. «Біздің балаларға құры қол бармағын», — деп оларды магазинге ертіп барған мен едім. Ерсілі-қарсылы, жоғары-төмен түсіп жүрген адам ағынында біз үшеуіміз кейбіреулердің көзіне түстік. Кейбір әйелдер қырындайды, көздерін сүзіп қарайды.

─ Әй, осы саған әйелдер қарай береді екен, әй, Бауыржан, — деді Әбділда. ─ Әйелдер маған жақсы көзімен қарауын қойса, мен де жаман істерімді қояр едім, — дегенімде, екеуі де қарқ-қарқ күлді. Балаларға ойыншықтар алып, қайта келіп отырғанымызда, тағы да Төлеген келді. ─ Бәуке, еш болмаса бірге отырып дәм татайық, — деп бізді өз бөлмесіне шақырды. ─ Уақыт аз қалды ғой, мен сендерді шығарып салайын. Тататын дәмді поезд жүргенше купелеріңде татармыз, — дедім мен. Әбділда сасқалақтап жүріп мәшинеге кейіннен келді, оған мен алдыңғы орынды ұсынып едім, ол:

─ О, жоқ, өзің отыра бергін, — деді.

Жолда Әбділда сапырылыстырып қай-қайдағы әңгімелерді соғып, қасындағыларды күлдіріп келе жатыр. Менің қарсы алдымдағы таксидің есепшісіне қарап: ─ Ай, мен осындай үлкен машинаның алдыңғы орнына еш уақытта отырмаймын, неге десең, әне біреуі сырт еткен сайын жүрегім суылдап, мазам кетеді. Әр сырт еткені бір сомнан, — деп барлығымызды күлдірді. Купеде «жол болсын» деп коньяк ішіп отырғанда, Әбділда ойыншық оралған пакетті алып маған:

─ Сен Жамалға бір парақ хат жазып берсеңші, — деді. Менен пакетті алып: «Қадірлі қатыным, мына ойыншықтарды балаларға үлестіріп берерсің», — деп жазғанымды оқып, Төлеген жымиып күлді. Әбділда:

«Қарағым, қатыным» десең, өте оригинально болар еді деп күлді.
─ Оны ауыз екі айтарсың.

Поезд жүрердің алдында далаға шығып тұрғанымызда, біp тoп қазақ жігіттері келіп амандасты. «Өзбекстан» ресторанынан тамақтанып, Құрманбекті үйіне апарып тастап, сол мәшинемен Изабелла Ивановнаға тарттым Келсем, үйінде екен. Шашын маңдайынан қақ жаpып тарап, бұрымын желкесіне түйген, қалың қара шашына бірен-саран ақ кіріпті. Көзілдірігінің ар жағында жарқыраған қара көзі күлімдеп, мені туған інісіндей қарсы алды. Бүгін Вера Павловна телефонмен сізді келеді деп хaбapлaсып еді. Қалай, ат-көлік аман ба? ─ дей беріп маған қарап, - Ойпырмау, сіз толығып кетіпсіз ғой, — деп таңдана қарады да: — Мейлі, дұрыс, отырыңыз. Алдымен сіздің денсаулығыңыз қалай? Қайда жүріп, қайда болдыңыз? Не істедіңіз? Не жаздыңыз? — деп сұрақ үстіне сұрақтарды жаудыртты.

Ақ пейіл, адал ниет, адамгершілігі мол Изабеллаға мен қарап біраз отырдым.
─ Сіз ойланып отырсыз ғой. Қабағыңыз неге түсіңкіреу?
─ Жол бойы ұйықтамай, біраз шаршаған болуым керек.

─ Олай болса, жатып біраз демалып алыңыз. Мен шай қойып, шаруаларымды реттей берейін... ─ Келе салысымен сұрақты жаудырып мен де... — деп кінәлі түрде орнынан тұрды.

─ Жоқ, мен біраз отырып қайтамын. Отырыңыз, — дедім. ─ Онда, мен сізге алдымен шай берейін, әңгіме кейіннен бола жатар, — деп әрекетке кірісті. Мен орнымда отырмын. Қағаздар бұрқырап жатқан жазба столдың үстіндегі текшеде тұрған өзімнің портретіме көзім түсті. ─ Мына қағаздар... — дей бергенімде, шәйнекті плитаға қойып, маған бұрыла қарап: ─ Ол менің диссертациям, әлі үлгере алмай жүрмін. Шұғыла көп отырып істей алмаймын, көзім бұрынғыдан да нашарлап кетті, — деп жүре жауап қатып, далаға шығып кетті. Мен орнымда отырмын, екі туып бір қалғаным емес, өмірімізді қызметтес те болып көрмегенбіз. Арамызда жақындық та болған емес. Жай ғана таныс кісі. Бұның мұндай мені қарсы алып, қабағыма қарап, есіркеп, жаны ашырлық, мені қадірлеп суретімді төрге қоярлық, хал-жайымды қабырғасымен сұрап, келгеніме қалбалақтай қуанарлық, оған мен кім едім... Үйдегілер, «қадірлі қатыным» мені бұндай қарсы алып, бұндай қадір тұтып, суретім түгіл өзіме жүрек, ниет төрін берген жоқ... — деген ойлардың тұтқынында отырғанымда, тасыған шәйнек ойымды бөліп жіберді. Барып плитаның тығынын шығарып, шәйнектің қақпағын ала бергенімде: ─ Абайлаңыз! Қолыңыз күйіп қалмасын, — деп кіріп келген бойда менің қолымды қағып, өзі шәйнектің қақпағын алды да: ─ Мен кешігіп, тасыған шәйнектің әуресін сізге тapттым-ay, ─ деп күліп маған қарады. ─ Оқасы жоқ, ─ деп мен оның шашынан сипадым. Ол маған мейірлене қарап тұрып: ─ Қымбатты Бауыржан, сіздің өміріңіз жеңіл болмауы керек, қара шашыңызға бәйшешектей болып ақ кіре бастапты ғой.

Менің басымды сыйпап, маған тіке бұрылып, қадала тұра қалды.
─ Қартайып келеміз ғой, Изабелла Ивановна, — дедім мен.

─ Шаршаған арыстан, айды аламын деп ұмтылған балапан, жомарт ер, ерке еркек, кекті кедей, малға жарлы, ойға бай бауырым, отырып біраз дем алыңызшы, — деп қолымнан жетектеп орындыққа отырғызды. ─ Изабелла Ивановна, менімен олай сөйлеспеңіз, маған бұндай сөзді айтпаңыз... ─ Ғапу етіңіз, Бауыржан, абайсызда аузымнан шығып кетті. Айыпқа бұйырмаңыз, Бауыржан, — деп шкафына барып, дастарханға тамақтарды қоюға кірісті. Шайды құйып алдымызға қойғаннан кейін, біраз үндемей отырып: ─ Алыңыз, Бауыржан, шай іше отырып әңгімелеселік, -— деп маған қасық пен пышақты ұсынды да, тағы да тесіле қарап: — Сіз аш емессіз бе? — деп сұрады.

─ Жоқ. Мен жақында ғана бір жолдасыммен тамақтанып келіп едім, — дедім. ─ Ол кім еді? — деген сұрағына оған Құрманбекті сыртынан таныстырып, бүгінгі жолығып шығарып салған адамдарымды айттым.

─ Шайдан кейін сіздің біраз дем алып алуыңызды өтінем.

Сіз дем алып жатқанда, мен далада біраз жүре тұрайын, азаннан бері көшеге шыққан жоқ едім, — деді.

─ Рақмет. Мен аздан соң қайтамын, — дедім.
─ Қайда тоқтадыңыз? Мейманханадан орын тиді ме?
─ Орнымыз бар, Изабелла Ивановна...
─ Мен Сібірде екі жыл болдым, Изабелла Ивановна, оны сіз білесіз...

─ Радиодан ауа райы туралы хабарларды айтқанда, мен екі жыл басқаларды ескермей, тек Красноярскіде қалай екенін бақылап жүрдім. Қырық - қырық бес градус дегенде төбе шашым тік тұрған кездер де болды. ─ Мені қажытқан табиғаттың аязы емес, Изабелла Ивановна, өмірдің аяздары болды...

─ Ғапу етіңіз. Мен сіздің сөзіңізді бөліп жібердім. Айтыңыз, мен тыңдайын. ─ Мені қажытқан өмірдің аязы, Сібірге жас барып, қартайып қайттым. Оны сіз көріп отырсыз.

─ Жоқ, олай айтпаңыз, — деп ол қолын сілтеді.
─ Рас. Мен ертең жоқ, бүрсігүні қырықтан асып, елуге шығамын.
─ Не дейсіз? Сіз елуге келіп қалып па едіңіз?

─ Жоқ. Келіп қалғаным жоқ. Жиырма төртінші декабрьде қырықпен қоштасып, елуге қадам басамын. ─ А, сіз қырық жасап, қырық бірге басады екенсіз ғой, елу деп мені шошытып отыр екенсіз ғой, — деп күлді.

─ Төрт ондық кетіп, бесінші онға талаптанамын дегенім ғой.
─ Бәсе, солай десеңізші.
─ Иә, солай, Изабелла Ивановна, солай.
─ Жарайды, ерте қартаймастан жөндеп әңгімеңізді айтыңыз, Бауыржан.

- Aйтайын. Бірақ ұзақ әңгіме. Мен сізге қысқа етіп, құйрық жағын бір тұтам етіп айтқым келмейді, айта алмаймында.

─ Әрине, бастан-аяқ талдап айтқаныңызды тыңдағым келеді.
─ Зерікпесеңіз?
─ Жоқ. Жоқ. Мен тыңдауға дайынмын.

─ Алдымен сізге айтарым, көз көргендіктен емес, шын ойымдағы сізге алғысым ─ мен Сібірде жүргенімде, мені есіңізден шығармай, туған қарындасымдай шын пейілді, жылы сөзді, ұғымды хат жазып тұрғаныңызға көп рақмет.

─ Жоқ, мен олай айтарлық сізге xaттap жазғаным жоқ ─ Солай aйтарлық, айтуға жаралық хаттар жаздыңыз. Өзім туралы, Қазақстан туралы шыққан газеттерді, жаңалықтарды мен сіз арқылы ғана біліп отырдым... ─ Mен сізге тек керек болар, әлде, қолына түспей қалып жүpе ме деген оймен ғана жіберіп едім... ─ Мәселе сонда, Изабелла Ивановна. Мен сыртта жүрген қазақпын. Өзім сыртта жүрсем де, ойым елде. Менің өмірім — елім үшін. Оған сіз ғана түсінгенсіз. Мен елдің хабарын аңсап, газет, журнал ала алмай, көп зарығып жүргенде, кей хабарларды сіз арқылы ғана біліп отырдым...

─ Алматы, Алматыдағылар?... ─ Алматыдағы айуандар менен безді. Менің басыма түскен кішкене бұлттың көлеңкесі оларды шошытты. Они предпочли молчание — общению, — дедім. Ол біраз ойланып отырып ашуланғандай: ─ Да, Баурджан дорогой, молчание — самый древнейший способ разговора — значить они, ваши друзья, молчали? ─ Представьте, да — они молчали. Между прочим как вы сказали что «молчание — самый древнейший способ...» ─ Я просто напомнила вам ваши же слова... 1945 году помните, когда вы у нас были со Онегиным, вы ему задали вопрос, он смутился и молчал, вы тогда ему сказали: «Да, Митенька, молчание один из древнейших способов разговора» и когда он что-то хотел сказать, вы крикнули на него: «Довольно, ты мне уже ответил! Благодарю». Тут вмешалась Варя... и я запомнила эти ваши слова.

─ Рақмет сізге.
─ Әңгімеміз тағы бөлініп кетті ғой, айтыңыз.
─ Айтып отырмыз ғой, әлде сіз маған лекция оқытпақшы ма едіңіз?
─ Жоқ, олай емес.

─ Онда жай әңгімелесейік... Мен Сібірге өз еркіммен кеткенім жоқ, мені жер аударып жіберді.

─ Қалай? — деп шошынды. ─ Кейбір ата-ана баласын жазықсыздан бұрышқа тұрғызып қояды ғой, мен екі жыл бұрышта тұрдым.

─ Себебі? Жазығыңыз не еді? ─ Жазығым бар да, жоқ та. Мен жоғарғы штаб академиясын 1948 жылдың басында бітірдім, ойдағыдай, дұрыс бітірдім. Академия маған өте дұрыс, мақтаулы мінездеме жазып, ұясынан ұшырды. ГУК алдымен нашар бітіргендерді бригадаға тағайындап, олардан құтылды. Мақтаулыларды таңдаулы қызметке жібереміз деп бір-екі айдай доғарып ұстады. Сол кезде реформа болып, армия біраз қысқартылды. Мені шақырып алып, бірнеше ұсыныстар айтты. Мысалы, өзім бітіріп шыққан жоғарғы академияға оқытушы болып қалғын деді.

─ Ол өте құрметті ұсыныс екен.
─ Ия, дұрыс айтасыз, бірақ мен Мәскеуде қалғым келмеді.
─ Неге?

─ Мәскеудің шуы, сылбыр ауа райы менің денсаулығыма қолайсыздығын екі жылдың ішінде сезген едім. Одан соң мұғалімдікке құмарлығым жоқ болды.

─ Ия. ─ Одан кейін мен ГУК-тің бастығы Голиковта болдым. Ол кісіге мен былай дедім: «Мен үш жыл полк командирі болдым, бір жылы дивизия командирі болдым, дивизияның үдесінен шығып шынықтым деп aйта алмаймын. Сондықтан әр төбенің басына бір шыға бергенше, тағы да төрт-бес жыл дивизияда болып, мол тәжірибе алғым келеді». НШСК бол деген ұсыныстан бас тарттым. Кейіннен мені көп жерге шақырып, әртүрлі қызметтер ұсынды.

Meн ГУК-ке үш тілек қойдым: 1) тізгіні өзімдегі қызмет болсын; 2) қызмет орны менің денсаулығыма ыңғайлы ауданнан болсын, оңтүстік жақтан; 3) мен он алты жылдан бері елімді, үйімді көрмей, саяқ жүрген кісімін, үйіммен бірге тұруға маған мүмкіншілік берілсін. Демалыс алып, мен Алматыға бардым. Сол кезде Васхнилдің мәжілісі өтіп жатыр еді. Бір мәжілістің аяғында мені Ілияс Омаров шақырып алды: «Бауыржан, осында Петров келген екен, сол кісі сенімен сөйлескісі келеді, ертең менің мәшинеммен соған барып, жолығып қайт», — деді. Мен ертеңіне Петровқа Алматыдан қырық километрдей жерде жолықтым. Қарт генерал мені дұрыс қабылдап, бір-екі сағаттай әңгімелесті. Дұрыс әңгімелесті.

─ Ол баяғы Қырымдағы фронт басқарған Петров па? ─ Ия, сол. Иван Ефимович Петров. Ол кісі осы уақытқа дейін ТуркВО-ның сәрдері (сардар).

─ Ал, одан кейін? ─ Ол кісінің мені шақырған себебі — мені сыртымнан біледі екен. Мен Алматыда жүргенде, Тәшкенге МВС-тің бұйрығы келіпті. Ол бұйрық бойынша мен Қазақстанның Досармның төрағасы болып тағайындалыппын. Оны мен Петровтан естідім. ─ Сіз жас адамсыз, талапты адамсыз. Бұндай қызметке орналасу армиядан кетумен тең. Егер де сіздің өзіңіз қалаған қызмет болмаса, менің ойымша, бұл тағайындалғаннан сіз бас тартыңыз. Мен жақында Тәшкенге қайтамын, Мәскеумен сөйлесейін, сіз бізге не дивизия, не бригада командирі болып келіңіз. Досармнан қалай да болса бас тартыңыз, — деді Петров. ─ Оның сөзі, уәдесі қамшы болып, мен Мәскеуге келіп Досармнан бас тарттым. Сол кезде Ашхабадтың апаты болып, Петровтың жалғыз ұлы сонда өлді. Қарт генерал маған берген уәдесін орындай алмаса керек. Қайғы үстінде мен есінде болмауым мүмкін. Мәскеудегі бастықтар маған ашуланып, жазалау ретінде мені кішіртіп, Сібірге айдады да жіберді.

─ Е, Петров сізге обал істеген екен.
─ Жоқ. Оны мен айыптамаймын. Қайғы үстінде ұмытылған уәде болу керек.
─ Сонда да.

─ Жоқ. Кезеңнің бір кезі деңіз де қойыңыз, — дедім, Петровты кінәлап қайтейін. Ол кісінің кездескені, сөзі, берген уәдесі сіздің тағдырыңызды шешуге теріс кедергі болып шығыпты ғой. ─ Теріс кезең, теріс кедергі дедіңіз бе? Менің тағдырымдағы тайғанақ асуда кезең мен кедергінің біреуі болғаны рас. Бірақ та ол тек жолдан кездескен себеп қана болғандықтан, мен оны онша ойыма алмаймын. Оның тамыры танауы тартылған соғыстан кейінгі көпке біткен мінезде жатыр.

─ Не дейсіз?
─ Соғыстың қалдырған теріс әсерінде деймін.
─ Есіңізде бар ма? Meн сізге бір кезде олар туралы айтып едім ғой.
─ Иә, есімде.

─ Оқып жүрген кезіңізде.
─ Дұрыс. Оларды қайталамайын, есіңізде болса.
─ Иә, айта беріңіз.

Академияда шығыс халқынан мен-ақ оқыдым. Бітіргеннен кейін маған шығыстың бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимеді. Мені Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейін он бес-жиырма жылдың ішінде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы шындық, біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпіс-сексені қайтқан жоқ, себебі маған айқын — әскери тәжірибе, әскери тәрбиенің дағдылану нашарлығы. Біздің кеңес өкіметі кезінде мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, соттар, тағы басқалар шықты, ал, әскери соғыс мәселесі — осы уақытқа дейін ескерусіз, еленбей келе жатқан бір бағыт. Мен соларды майданда көрдім, талдап тексердім, өксіп жыладым, зарландым, қорландым. Мен қалған өмірімді, алған тәжірибемді, білген білімімді жастарға, халқыма арнағым келіп еді. Қызмет етіп, халқыма әскери ғылымды таратқым келіп еді. Барымды елге берсем деп едім. Егер де болашақта бір әйел жесір, бір бала жетім қалмауына менің еңбегім себеп болса, армансызбын деген ниет еді. Қысқасы, мені, менің ойымды, ниетімді тупость и невежество қапасқа салып, бенде етті. Мені теріс түсінді, ұқпады. Өгіз мойындық істеді. Осындағы майдалар мені сүзбелеп шетке шығара берді. Жақындарына жылы орын үшін мені аямады. Кішіртті, қудалады. Жабылып әлі жеткені мен болдым. Ғапу етіңіз, мен кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр білім, әр ақ ниет сал болуды тілемейді. Құл болуды тілейді. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де елімнің қызметкерімін. Халқыма жаман атақ еш уақытта да алып бергім келмейді, алып бермеймін. Мен күн көрудің адамы емеспін. Мен дүние жинаған пасық, сараң, өзімшіл де емеспін. Өзін мақтады, мақтап отыр деп ойламассыз.

─ Жоқ, жоқ сіздікі рас. Мен сізді түсінемін, Бауыржан.
─ Рақмет, сізге Изабелла Ивановна.
─ Айта беріңіз.

─ Сібірге Алматы арқылы бардым. Үйге келгенімде, менің ешкім қабағыма қарамады. Екі-үш күннен кейін үлкен апам екі баласын ертіп келді, кіші баласы жолда көк жөтел болып келген екен. Апам өте азған. Оншақты жылдан бері жоқшылықтан құтылмаған. Кедейшілік езген алты баланың анасы — жесір әйел, әрине, ауылдың бір қора биін де ала келіпті. Аяғында өзі қолымен тоқыған ақ байпақ, істік мұрын галошы бар. Өзінің де, балаларының да үсті-басы өте жұпыны екен. Мен ол кісіні көрмегелі бес жылдай болып еді. Көзіме өте аянышты көрініп, оның зарығып жүргендігінің таңбасы әр сөзінде, бетінің әр әжімінде көрініп тұрды. Маған ол кісі бірнеше қатты-қатты сөздерді де айтты. Кейіннен маған батқанын сезіп: ─ Қарағым, аштық не жегізбейді, жоқтық не дегізбейді, айтқан сөзімді көңіліңе алмағын, — деді.

─ Жоқ, айтыңыз, айта беріңіз, — дедім мен.

Баласы қайта-қайта жөтеліп, түкіріп құса берді. Шешесі де, біздің үйдегілер де балаға қарамады. Балаға мен бар орамалдарымды жөтелген сайын беріп: «Мына жерге түкір, мына жерге құс», — деп отырдым. Үйдегілердің бәрі жиреніп теріс қарады да қалды, оны сезген апам ашуланып отырды. Қысқасы, мен екі оттың арасында қалдым. Үйдің берекесі қашты. Ақыры апам мен Жамалдың арасы жаман сөзге дейін жетті. Екеуі де мені қатты азаптады. Мен жиналмай жатқан үйді жинап, сыпырып, боқ-сідік орнын тазалауға дейін жеттім. Ішімнен тынып, бес-алты күннің ішінде тіс жарып біреуіне қатты сөз айтқаным жоқ. Апам кетті. Оны көңілдегідей ешкім аттандырған жоқ. Менің ойыммен, менің қайғыммен ешкімнің шаруасы болмады. Бір күні кешірек үйге келсем, ақыры маған төсек те салынбапты. Жамал теріс қарап шешінбей жатыр. «Тұр», — деп едім, тұрмады. Мен біраз тұрдым да, далаға шығып бара жатыр едім, балдызым көрші бөлмеден шығып: «Қайда барасыз, Бауыржан аға, қайда барасыз?» — деп сескене, қауіптене сұрады. ─ Мен қазір қайтып келемін, — деп шығып кеттім. Сықырлаған қысқы аяз. Көшеде ешкім жоқ. Қала тым-тырыс. Мен жаяу, көшенің ортасымен келемін. Оншақты көшеден кейін Құрманбектің үйіне бардым. Менің бейуақыт келгеніме олар таңданды. «Төсек, жатамыннан» басқа оларға дәнеңе айтпадым. Әйелі екеуі маған төсектерін босатып беріп, басқа бөлмеге кетті. Азанда тұрып, үйге келдім, біраз отырдым. Азанғы тамақты ешкім істеген жоқ. Мен телефонды алып Ғабитқа: «Сіздің үйге шай ішкелі барамын», — дедім. Сол үйге барып шай іштім. Ғабит екеуіміз бір-екі сағаттай әңгімелестік. Сол күні көп жолдастармен қоштасып, жолға даярландым. Менің шамаданымды балдызым даярлады. Кешке үйге шығарып саламыз деген жолдастар келді. Жамал оларға сыр білдірмей, шаруасын істеп жүре берді. Апам кетерінде бір баласын тастап кетті: «Осыны оқытып, адам етіп беріңдер», — деп. Баланы мектепке орналастырып, тәрбиелеу жағын мен Жамалға айтып едім, ол көңіл бөліп тыңдамады. Қысқасы, маған Алматыда дұрыс көзбен қарап, азды-көпті түсінген балдызым Раушан, қайын жеңгем Нұрша болды. Мен екеуімен де сөйлескенім жоқ. Олардың жақындығын көзқарастарынан ғана сездім. «Суық жаққа перчаткасыз, жылы аяқ киімсіз қалай барасың?» — деп Нұрша қиналды. Мен Алматыға келерден апта бұрын Мәскеуден Жамалға осыларды даярлап қойғын деп телефон арқылы айтып едім, бірақ ол орындамапты. Түн ортасы ауа станцияға бардық. Поезд жүрер алдында бәріменен қоштасып, ақырында Жамалдың қолын алғандағы аузыма түскен сөз: «Ну, мадам, благодарю за все» ғана болды. Ол 1948 жылдың ноябрінің 30-і түні еді. Менің купемдегі көрші жолдастарымның біреуі — бурыл сақал әрмен, екіншісі — жирен қасқа орта жастағы орыс, үшіншісі ─ тұз көзді, бігіз мұрын шикі сары орыс әйелі. Үшеуінің заттары да өте мол. Купеге тиеп жатып зордан сыйдырды. Новосибирге жеткенше олармен тіс жарып әңгімелескенім жоқ. Үшеуінің тұрпайы сөздеріне қарадым да отырдым. Үшеуі де тұтқыннан босанып, лагерьде қызметте қалған адамдар. Сөздері түгелімен түрменің жаргоны. Істеп жүрген орындары лагерьдің шаруасын басқаратын бөлімі, даярлау жағынан агенттік қызметін атқаратын болу керек. Әрі-бері жүріп, саудагерлік істейді екен. Жол-жөнекей әр станцияда бірадарлары қарсы алып,жүктерінің бір бөліктерін алып қалып жатты. Мен жол жөнекей ой үстінде отырдым, жаттым, екі-үш түндей ұйықтай алмадым. Бесінші күн азанғы сағат алтыда Еркутке келдік. Далада буырқанып-бұрқанған көкпеңбек аяздың қою тұманы тұр екен. Вагоннан шыға caлысымен аяздың "қою сұйық» ауасына үйренбегендіктен қақалдым, танауымды қусырып тамағымнан зорғадан өтті. Дуалдардан аяздың буы шырмап қармаған вокзал көзіме ертегідегідей мұнарланып, көкпеңбек мұздан тұрғызылған минареттей көрінді. Жүнін сыртына айналдырып киген тонды, үлкен тымақты бастары қазандай, аяқтарында қалың киіз байпақ, үсті-бастарын қырау басқан адамдар маған томпаңдап жүгіріп жүрген аюдай көрінді. Менің басымда көк елтірі папақа, иығымда қара сабалақ жүнді қодастың күзеңінен істелген кавказдың кебенегі (бурка). Нәрселерімді жерге қойып, айналаға қарап тұрғанымда, бір кішкене “аю” қасыма домалап келіп, жіңішке, маңқалау даусымен:

─ Товалыщ кенелал насилщика нада? — деді.
─ Да, надо, — дедім мен оған.
Ол нәрселерімді көтере беріп маған:
─ Гуда ваша, боехала генелал? Машина ваша стояла у входа, — деді.

─ Мәшінем жоқ, мені мейманханаға дейін апарып тастайсың, өзің мәшіне тапқын, — дедім қытайға.

─ Колошо, кенелал, колошо. Леуак поехала.
─ Дұрыс, дұрыс. Левак болса да мейлі.

Қытай алдыма түсіп топтай домалап отырды. Қырау басқан бір мәшіненің қасына дөңгелеп келіп, тұра қалды да, шопырға:

─ Шопера, кенелал гостница поехала, — деді.
Шопыр мәшіненің есігін аша беріп қытайға:
─ Эй, сен артқа отырғын нәрселермен, — деп оны бір нұқып жіберді.

─ Колаша, колаша, — деп қытай інге енгендей, тырбаңдап мәшінеге еніп кетті. Мәшінеге орналасқаннан кейін, шопыр есігін жауып моторды жіберудің алдында маған қия көзімен қарап: ─ Гражданин начальник, сначала надо договориться, — деді. Құлағыма мені «гражданин» дегені суық тисе де, бұл шопырдың түрмеде аз өмірін өткізбегендігіне түсіне қойып, жауап берудің орнына:

─ Давно вольным ходишь? — деп сұрадым.
─ Месяца два-с гражданин начальник, — деді де ұры көзімен қарап:
─ Четвертную дадите-с? — деді.
─ Жүрдік, — дедім мен оған қатты дауыспен.

Мотор иығынан дем алғандай ентіге пырылдап-дырылдап, шошығандай селк етті де, мәшінені орнынан жылжытты. Мәшіненің барлық әйнектерін қалың қырау басқан, іші күңгірт. Алдағы әйнекті буға терлеген қалың биялайымен қайта-қайта сүртіп, кішкене сәуле түсерлік тесігінен сығалай қарап шопыр мәшінесін жылжытып келеді. Алдымдағы тесіктен мен де сығалай қарадым. Өркештеніп, будан бел баудай болып тұрған көк бу тұманы алдымызда кез болды.

─ Бұл не? — деген сұрағыма шопыр:
─ Ангара, гражданин начальник... — деді.

Мәшинеден көшеге шықтым. Көшенің үйлері көкпеңбек, төбелері мұзды жартастай көрінді... Қытай мен шопыр |нәрселерімді алып, «Сибирь» атты мейманханаға кірді. Вестибюльдегі кісілер маған таңдана қарады. Оларды маған қаратқан менің иығымдағы қара сабалақ кебенегім болу керек. Маған үшінші этаждан люкс берді. Шопыр мен қытай нәрселерімді ала жөнелді. Люкс екі бөлмелі екен. Дуалдары көк сырмен нақышталған. Алдыңғы бөлмесінде көк барқыттан қапталып істелген солқылдақ дивандар, екінші бөлмесінде солқылдақ кереует, алдында коридор. Сол жағында тазалық үйі. Телефоны бар. Еркуттен бұндай нөмірге кездесермін деген ойымда жоқ еді. Нәрселерімді орналастырып болған соң қытай маған сығырайған көзбен қарап:

─ Уат кеналал, ваш дом и ест, — деді.
─ Не кеналал, а полковник, — деп қалтамнан жүз сомды қытайға ұсынып тұрып:

─ Вот что, этому балбесу дашь 25, а остальное себе, — дегенімде шопыр маған алара және таңдана қарады.

─ Ты торговался, а он нет, — дедім оған. Қытай жүгіне жүз сомды қабылдады.
─ Басиба, полкобника, басибо!
─ Как тебя зовут? — деп сұрадым қытайдан.
─ Володя, — деді ол маған.

─ Вот что, Володя, водку, а девушке администраторше купи конфеты, ясно?
─ Колошо, полкобника, колошо моя придет можно?
─ Можно!
Шопыр төмен қарады, біраз тұрған соң көзін көтеріп маған:

─ Гражданин начальник, неужели я хуже китайца? — деді ит. ─ Да, ты хуже Гриши! Чем ты хуже? Он гражданин СССР! Марш болван! — деп ақырып жібердім. Екеуі шығып кетті. Мен сол отырған орнымда отырмын. Мен екі адамға кездестім, біреуі қытайдың сыртта жүрген еңбекшісі, біреуі орыстың бұзық қылмыстысы. «Мен қытайдан кеммін бе?» — дейді кейінгісі. Мен оған «Кемсің» дедім. Ол неменеге қытайды кемсіткісі келді? «Если велика Россия, велик русский народ — это не значит что велик всякий русский», — деп Минамин Шоховқа 45-жылы айтқан жылы сөзім қайтадан есіме түсті. Иә, соған орыстар қашан түсінер екен. Немістер «ұлымыз» деп фашизмге дейін жетті. Тарихқа қарабет болды, барлық халықтың қарғысына ұшырады. Соғыстан бұрын орыстар өздерінің ұлылығын айтпаушы еді, сондықтан олар ұлы еді, бізге қадірлі аға еді. Көсемнің дұрыс айтылған сөзін бұрмалауды қашан қойдырар екен, Молотовтың сөзін неге айтпайды, есіріктерін неге ауыздықтамайды? Ұятқа айналып бара жатқан жоқ па? — деген ойлардың , үстінде отырып, бұдан ай бұрын ГУК-тегі бір ақымақпен сөйлескенім есіме түсті. Мені ГУК-ке шақырды. Барсам кабинетте терісіне сыймай, “Mепстопельді» сорып бір сары қасқа қой отыр екен. Мен кіріп барып, өзімді мәлімдегенде орнынан тұрмады, амандаспады. Тағында аларып отыра берді. Өзі шошқадай семіз, пысылдап темекісін сорып отырып сөйлесті. Ол менің маңдайымнан қарай берген соң, мен оның төбесінен қарап отырдым Жап-жалтыр төбесіне қарадым. Ол маған кіші қызметтерін ұсынды. Мен оған дәлелдерімді айта отырып, ұсыныстарының себебін сұрадым. Ол темекісін бір сорып, түтінін бұрқырата шығарды да, маған көзін қыса қарап, сығырайып шалқая отырып былай деді: ─ Сіз білесіз бе, пoлковник жолдас, егер де біздің армияда ұлт құрaмаcы болса, әринe дивизия берер едік. Біpақ та ондай құрамамыз жоқ. Оған сіз түсініңіз, полковник жолдас. ─ Мен соғыс кезінде орыс құрамасының тоғызыншы гвардия-дивизиясының командирі болып соғыстым. Ал, енді бейбітшілік кезде менің ұлт тұрпатым неге кедергі болып отыр? дегеніме, ол жымиып күліп:

─ Сіз осы күнге дейін наивный адам екенсіз, полковник жолдас, ─ деді. Ертеңіне мен Иван Михайлович Чистяковқа барып, үйінде шай ішіп отырып қасқаның әңгімесін айттым. Генерал полковник желкесін қасып столды қойып қалып: ─ Қарағым, ол бір ақымақ, надан чиновник болу керек, па дұрыс адам саған ондай жабайы сөзді айтпау керек еді. Көңіліңе қатты алып қалыпсың ғой, — деп біраз ойланып отырып, маған қарап: — Сен одан жоғары болғын, қалқам, оның сөзін ауыр алмастан есіңнен шығар, — деді. ─ Жарайды, жолдас генерал, сізге ғана ұстазым деп айтып отырмын, — дедім мен. Генерал тағы да желкесін қасып, мұрнын тыжырайтып төмен қарады да:

─ Мен ұяттымын, батырым, сенің алдыңда, — деп мұңайды. ─ Жоқ, Иван Михайлович, жоқ. Қайта мен сізге өте қарыздармын, мен сіздің шәкіртіңізбін... Елде жаман да бар, жақсы да бар. Мен елді кінәлап отырғаным жоқ, генерал жолдас, — дегенімде санын бір ұрып:

─ Узнаю тебя!... Лена! Нам еще водочку, — деп әйелін шақырды...
Осы кезде есікті біреу қақты.
─ Иә, — деді Изабелла Ивановна.

Сегізінші дивизияның Талғар полкінің жорықшысы (разведчица) Женя Иванова кіріп келді. Мені көріп, таңданып: ─ Сізді де көретін күн бар екен-ау, жаратқан, — деп маған құшақтай асыла кетті... Ол мені аймалап, сағынған ағасындай иіскеледі, жылады. Мен оны көтеріп алып келіп, диванға отырғызып, өзім құшақтап аймаладым. ─ Сізге не болды, Женя қалқам, жауынгерім! Неге жылайсыз? — деп маңдайынан сипап қасына отыра кеттім. Женя мені құшақтап, басын тіземе қойып солқылдап, өксіп жылады. Мен жауырынынан сипалап сасқанымнан:

─ Сізге не болды, қалқам? — дей беріппін.
Изабелла Ивановна да қасына келіп, оны жұбата бастады.

Женя Иванованың өмірбаяны кейіннен жазыла жатар, тек бір-екі ауыз ғана сөз айта кетейін. Төрт жыл ұдайы соғыста болып, жеңістен кейін сыртқы елдеpдің институтын екі жыл оқып бітіреді. Алматыда екі жыл институтта сабақ беріп, өткен жылы осындағы аспирантураға түскен екен. Мақсаты соны бітіріп шығып, ғалымдық жолға өмірін арнауға бас байлапты. Соғыста, оқуда, қызметте жүріп, көп адамның сырын алып, пейілі тарлығын көріп, олардың қисық-қыңырлығынан көңілі қалғанға ұқсайды. Алматыдағы майдандас жолдастарының кейбіреуі танымай кетіпті. Жақында доғдырға барса: “ Егер де сен оқуыңды қоймасаң, бір-екі жылдан кейін көзіңнен айрыласың», депті. Соған қайғыланып, Изабелла Ивановнаға ақылдасқалы келгенде, күтпеген жерден маған кез болып, дәті шыдамай, еңіреп жіберген себебі сол болу керек. Біраз жай әңгімелесіп отырғаннан кейін ─ Қашанғы бойдақ жүресің? Доғдырларды тыңдамағын, монашкалығыңды қойып, күйеуге шыққын, сонда барлығы да өз орнына түседі, дедім. Ол күліп:

─ Күйеуді қайдан табайын? — деп жауап берді.

Шай ішіп, жаяу .әңгімелер біткеннен кейін мен мәшінемен Женяны үйіне алып барып тастадым. Кетерде Изабелла Ивановна қоштасып тұрып: ─ Енді қашан соғасың бұл үйге, әңгімеңіздің аяғын алып кетіп бара жатырсыз ғой, — деді.

Жақында кезегі келсе тағы бір соғармын, сонда...
* * *

Иван Михайлович курортқа кетіп барады екен. Кідіруге мүмкіншілігінің жоқтығын айтып былай деді: ─ Сіз маған хат жазыңыз, мен сіз туралы өзімнің білгенімді жазып, депутатпын ғой, хатыңызды ГУК-тің бастығы Голиковке жіберіп көрейін. Меніңше, барлығын бүлдірген жай писарьлары шығар, — деді. Менің хатым мен оның хатының қайда барып тірелгенін мен білмеймін. Осы уақытқа дейін Чистяковқа жолыққаным жоқ. Мен «Сибирь» гостиницасында жатырмын. Келген күннің ертеңіне округтің штабына бардым. Шығыс Сибирь округінің сардері армия генералы Захаровқа жолықтым. Захаров орта бойлы, жалтыр бас, бір көзі сәл қылилау, тілін шайнаңқырап сөйлейтін сары кісі екен. Одан қарамағындағылар әзірейілдей қорқады екен. Балағаттап айғайлай беретін, бақырауық мазасыз сардер екен. Мені қабылдардың алдында алдыңғы үйде отырғандар өзара сөз қылып отырды. Мен кіріп, кім екенімді айтқанымда, қолын беріп тұрып, маған тесіле тіке қарады. Мен тайсалмастан оған да тіке қарадым. Мен арбауына көнбегенімді жақтырмай өзі төмен қарап: ─ Отырыңыз, — деп маған орын нұсқады да: — Петровқа бармастан мұнда неге келдіңіз? — деді мұрнын тыжырайтып. Мен оған күліп: ─ Генерал жолдас, мен сіздің қарамағыңызға өз еркіммен келгенім жоқ қой. Мені жіберді, жұмсады, бұйырғанда солдатта «Құп боладыдан» басқа сөз бола ма? — дедім. Алдындағы менің личное деломды парақтап отырып: ─ Сіздің дипломыңыз жақсы, мінездемеңіз де өте жақсы екен, бұндай мінездемелермен істеуге болады, — деп орнынан тұрып, саусақтарымен столды қағып, ыңырсып тұрып: — Бірақта... — деп тоқтап қалды да, маған қарап: — Сіз дайындалған қызметіңізге ризамысыз? — деп сұрады. ─ Жоқ, сардар жолдас, ол туралы ішімдегіні мен Мәскеуде жасырмай айтқанмын, —-дедім.

─ Баратын бригадаңыз жақсы бригада, істеуге болады.

Ал, сіз менен шыққаннан кейін менің орынбасарларыммен танысыңыз,-. деп қоштасты. НШ генеpал-лейтенант Юлко Димитриев деген кісімен танысып шығып, саяси орынбасары генерал-майор Нашинкинге бардым. Еңгезердей иығы төмен түсіңкіреген жалпақ бетті, кірпік шешендей едірейген бурыл шашты, қоңыр дауысты генерал менімен кең отырып, асықпай сөйлесіп, алдымен аты-жөнімді сұрап алды. ─ Мен сізді сыртыңыздан білуші едім,— деді де 8-дивизияны әңгіме етті. Кейінгі жылдары майданда болғанын айтты. Мен жоқта дивизияға барғанын айтты. Менен көп нәрсерді сұрады. ─ Aл, енді сізді мен бара жатқан жеріңізбен таныстырайын, кіммен істес болатыңызды айтайын. Еш болмаса жаңа орынға үстірт те болса біліп барғаныңыз дұрыс болар, ─ деп, мені көрмеген жермен, болашақта істес болар адамдармен сырттай таныстырып, әрқайсысына мінездеме берді. Біреуінің армияда отыз жыл істеп, соғысқа қатыспастан өзі бұрын да білімі нашар адам, оның үстіне күйгелек болып қалғанын, біреуінің қызба мінез, өркөкірек. саяздығын, біреуінің олжаға байып, дүниесін қорғап мүгедек болып қалғанын айтып болып: ─ Менің cізгe былай ашық отырғаным — олардан сіздің басқа адамдығыңыз... Біздің күшіміз ондайларда емес — халықта. Бригадада жақсы жігіттер аз емес, тірек солар. Бара салысымен, алдымен, соларды тауып алыңыз, — деп тағы бірнеше ақылдарын айтып қоштасты. *** 1948 жылы декабрьдың 9 күні азанда келіп Красноярских; түстім. Қызыл шырайлы жас лейтенант-адъютант қарсы алды. Ат құлағы көрінбейтіндей боран түтеп тұр екен. Военгородок қаладан жеті-сегіз километрдей жерде екен. Адъютанттың айтуы бойынша, мынау аспаны сапырылыстырып тұрған боранда мәшінеміз жолдан шығып кетуі мүмкін, қауіпті көрінеді. Кейіннен ол маған әзірінше бос, дайын пәтердің жоқтығын да айтты. Боранға булығып тұрған қаланың ортасындағы «Енисей» атты гостиницаға барып орналастым. Еркутке қарағанда бұның бөлмелері нашарлау екен. Айтпақшы, Еркутте бір ойда қалған нәрсе: онда үшеудің біреуі моңғолоидтар — шала моңғол, шала орыстар еді. Бұндағылар олай емес, таза орыстар. Еркуттің халқы өте әдепті, сыпайы. Бұндағылар аздап дүрегейдей көрінді. Астындағы ресторанға тамақтануға бардым. Іші толған көк түтін, толған мас халық. Барып, бір бұрышына орналасқанымда, бір «мерген» сайқал мені көзімен арбай бастады. Мен оған ыңғай бермедім. Ол ашына маған шабынып отырды. Тамақтанып болып темекі тарқанымда, ол орнынан тұрып келіп менен шырпы сұрады. Мен тұтаттым, ол рақмет айтып өз орнына кетті. Ақшасын төлеп болып мен жан-жағыма қарамастан тұрып кеттім. Екі-үш күннен кейін жаңа орын туралы Вера Павловнаға хат жаздым (ондағы әңгімені бұл жерде қайталамай-ақ қояйын). *** Бір айдан кейін сол аяқ-қолым ұйып, ауырдым. Госпитальдағы доғдырлар әрі-бері айналдырып қарады да, менің Еркуттағы (Иркутск, ред.) окружной госпитальға баруымды ұйғарды. Февральдың 4 күні азанда Еркутке келіп түстім. Мені баяғы қытай Волода қарсы алып, тағы баяғы люкске орналастырды. Ондағы екі зам. қызметкерлеріммен жолығып әңгімелескенім туралы Вера Павловнаға хат жаздым (оларды да қайталамаймын). 325-ші госпиталь қаланың «Марат» атты іргесінде екен. Мен оған февралдің жетінші күні барып түстім. Таныс-тамырың жоқ жерде, жападан-жалғыз жүргенде тағы да жоғарыда айтылған жағдайда жүргенім, ауырғаным қабырғама қатты батты. Ешкім мені танымайды, мен екімді танымаймын. Доғдырлар қарап мені Окороков ними полковник жатқан палатаға орналастырды. Көкірегі күркілдеп, иығынан дем ала жөтеліп жатқан құры сүлде, орта жастан асқан кісі. Аһылап-үһілеп төсек тартып жатыр. Бұрын таныс болмағандықтан ба, екеуіміз көп уақытқа дейін жөнді сөйлесе алмадық. Оның көңілін сұрап келушілер әр күні болды, доғдырлар да оған жиі-жиі келіп тұрды. Олардың сөздеріне кедергі болмау үшін мен не кітaп оқып, не далаға шығып кетіп жүрдім. Бір аптадан соң оның халы түзеле бастады. Алматыдағылардың біреуі тырс етіп хабарласпай қойды. Мәскеуден Вера Павловна мен Изабелла Ивановна онда телеграммалар соғып тұрды... Оларға мен де бір-екі peт толық хат та жаздым. Доғдырлар он бес-жиырма күндей менің кеселімді пайымдап тексерумен болды. Одан кейін құдыс Инна Григорьевна деген әйел дәрігердің қарамағында емделдім. Ішімнен тынып жаттым... Ермегім Толесойды қайта оқу болды... Бір күні коридордағы солқылдақ орындықта темекі тартып ойланып, сазарып отырғанымда үсті-басы жарқыраған бір полковник менен:

─ Полковник Момышұлы қай палатада жатқанын сіз білесіз бе? — деп сұрады.
─ Онда не шаруаңыз бар еді? — дегенімді жақтырмай қалып ол:
─ Шаруамды сұрап қайтесіз? Тек танысым еді, — деді ол.

─ Онда мына бөлмеде тұрады, — деп мен жатқан палатаның есігін көрсеттім, ол еніп кетті. Біраздан соң кіріп барсам, Окороков екеуі әңгімелесіп отыр екен. Мені көріп орнынан тұрып арсалаңдап күлді де: ─ Таныс болайық, Момышұлы жолдас, Глушанков, — деп қолын созды. Отыра беріп: ─ Правда, моя фамилия ни о чем ни говорит, конечно, — деп тағы да күліп, өзінің кім екенін, қайда істейтінін айтты. ─ Сіздің осында екеніңізді кеше ғана естідім. Міне, бүгін келіп отырмын, — деп хал-жайымды сұрай бастады. Біз біраз әңгімелестік, ол маған Сибирьдің тарихи-мәдени жағдайын айтты. Өзінің ұшқан ұясы Ленинград комсомол ұйымы екенін, соғыста болғанын, осы күні округтің саяси басқармасының орынбасары болып істейтінін айтты. Мен оның келгеніне ризалығымды білдірдім... Ертеңіне ол Еркуттің бірнеше жазушыларын ертіп келді. Олар келгенде мен төсекте оқудан көзім талғаннан қалғыңқырап жатыр едім. Мен орнымнан тұрдым. ─ Вот товарищ Момышулы, вас пришли навещать Сибирские писатели, — деп Глушанков оларды маған кезегімен таныстыра бастады. ─ Міне, Кунгуров Гаврил Билиович, — деп көзілдірігі кеңсірігіне түскен аласа еңсесі төмендеу, кекілін қақ жара тараған кісіні ұсынды.

─ Я очень рад с вами познакомиться, — деп оң қолын ұсынды. ─ Я вас знаю, вы автор «Золотой степи», — дегенімде ол қуана түсін өзгертті. ─ Вот поэт товарищ Альман, ─ деп будақ шашты, қара мұртты, орта бойлы жігітті таныстырды. Олар орналасқаннан кейін біраз әңгімелестік, Кунгуров үш кітабын тарту етті. Анна Ахматова мен Зощенконың біраз басын ауыртып, сол кездегі Сибирьден «Құрбандық» іздеген күлкі әңгімелерін айтты. Оларды Глушанков кекетіп, мазақ қалжыңға салып отырды. Әдебиеттегі бірнеше бұрмалауларды aйта отырып, Глушанков фронттағы өмірден бірнеше қызықты күлкілі әңгімелер айтты. Оның қарамағында бір эстетик-әдебиетші болған екен. Әдебиетті Құрандай жатқа білгені болмаса, оны құрал етіп қолданудан надан, қарапайым оқымысты екен. Бір күні ол Лермонтовты оқып отырғанының үстінен шығып, оған: «Сіз капитансыз, coветтің ұлы армиясының капитанысыз», — деп түрін суытып: — ал, сіз неге ескі патша заманының поручигіне әулиедей табынасыз? Сізде саяси сезім бар ма!? — деп сұpaғанда, сорлы ғалым орнынан ұшып тұрып: «Ғапу етіңіз, айып менен, бұдан былай Лермонтовты оқымаймын», — деп сасқалақтап, кінәлі болып, не айтарын білмепті. Оған бәріміз күлдік. Екінші айтқаны — соғыс кезінде Мәскеудің бір көшесінде автобус тұратын жерде бірнеше адам жиналып қалыпты. Топқа бір жұпыны киінген кісі келіп: «Сіздер кім боласыздар?» — деп сұрапты. Тұрғандар оған ала көзімен қарап: «Сен өзің кім боласың?» — деп зеки сұрапты. Оған әлгі жұпыны киінген адам: «Алдымен мүмкін болса, өздеріңіздің кім екендеріңізді айтыңыздар», — депті.

— Мына тұрған — подполковник Симонов, мына тұрған — екінші рангылы капитан Вишневский, мына тұрған — подполковник Горбатов, мен майор Михалковпын, — деп таныстырыпты да: «Ал, өзің кімсің?» — дейді. Ол: «Мен подпоручик Лермонтов едім», — дегенде тағы барлығымыз күліп едік.

Бір күні жаңағы ғалым келіп, «Жақында Тургенев туралы баяндама істесек қайтеді?» — депті. «Қай Тургенев?» — депті түсін суытып. «Әлгі, кәдімгі орыстың ұлы жазушысы Тургенев... Иә, ол кәдімгі басқа кісінің қатынымен...» — дей бергенде ғалымның үрейі ұшып, «Онда, мен қателестім, жаңылдым, жаздым» — деп кейін шеттепті. Тағы бір күні жаңағы ғалым келіп, «Мен түсінбеймін, осы Мопассанды неге шығарып тарата береді?» — дейді. «Неге олай дейсіз?» — дегенде: «Ол кісі эротика мазмұнын көп тақырыпта қолданады ғой», — деп жауап қайтарды ғалым. Қасындағы адам: «Сіз соғыс, майдан жағдайына осы уақытқа дейін неге түсінбейсіз?» — деп түрін суытып: «Біздің әскерлер Германия шегіне жақындап қалғанын неге ұмытасыз?» — дегенде, бейбақ ғалым «Ат шапан айып» айтып бүгежектей кейін шегіне жөнеліпті. Ол тағы басқа әңгімелерді ермек етіп отырып, қайтып кетті. Кетер алдында Глушанков маған:

— Осыдан айығып шыққаннан кейін осындағы бірнеше жолдастардың сізбенен кездескісі келеді, оған сіз қалай қарайсыз? — деп сұрады.

Көңілімді сұрап кісілер келгеніне менің төбем әжептеуір көтеріліп қалды. Олар кеткеннен кейін, олардың келісі маған госпитальда басқа жағдай, басқа көзқарасты тудырғандай болды. Мен елеулі, қадірлі пациент бола бастадым, бұрынғыдан... Олардың келісі екінші жағынан Алматыдағы ауыздарына құм құйғандарға мені ашынған үстіне ашындырғандай болды, «Жаман жақыннан, жақсы жат артық» деген осы екен ғой дегендей ойға барып кіреді... Екі-үш күннен кейін Глушанков тағы да бір-екі әскери офицерді ертіп келді. Екеуі де соның қарамағында істейтін саяси қызметкерлер екен. Әңгімеден әңгіме шығып отырып Глушанков:

─ Әлгі «Арпалыста» аталатын Логвиненко дейтін кім еді?- деп сұрады.
─ Комиссар еді. Менде комиссар болып еді, — дедім.
─ Ал, ол осы қайда?
─ Алматыда.

─ Кәдімгі оңбаған Логвиненко сол болып шықты ғой, ─ деп Глушанков жолдастарына қарады, олар басын изеп оны мақұлдады, мен оларға түсінбедім.

─ Вы знаете, что этот негодяй и подлец у нас в 53 А начоргом.
─ Почему вы так о нем отзываетесь?

— Он на Дальнем востоке под видом борьбы с трофейщиками расстрелял двух честных советских офицеров-танкистов... и их вещи присвоил себе. Мы обнаружили этот факт через три месяца. Вели следствие, разбирали в парткоме... он на парткомиссии плакал... Дело тянулось очень долго. Однажды ко мне позвонил Лобачев и сообщил, что этот подлец очень трусил и лежит целую неделю в обморочном состоянии и говорит, что и давайте его пощадим», — тут он вздохнул, — И пощадили мерзавца. А теперь он на республиканской работе, депутат, — деп таңданып сөзін аяқтады.

─ Айтқаныңыздың барлығы маған жаңалық.
─ Ол соғысты солай бітіріп пе еді?...

*** Олар кеткеннен кейін жаңағы ауыр сұрқиялық масқара хабар менің ойымды 41 жылдың аяғы мен басына қарай шегерді... Кроков станциясы. Ұдайы үш күн тынымсыз соғыс. Мен жарақаттанып төсек үстінде жатыр едім, далада күтпеген жерден атыс басталды. Бір-екі оқ терезені тесіп зуылдап барып қабырғадағы пешке қадалды. Мен орнымнан тұрып далаға шықсам, дүркіреп үйді, ағашты паналап жүрген әскерлер. Қарасам, жолдың арғы бетіндегі аласа үйдің төбесінен немістер бізді атқылап тұр екен. Екі қол пулеметті орналастырып, солай атыңдар деп бұйырдым. Біздің пулеметтер тез-тез атып немістің үнін өшірді. Мен үйге қайтып енгелі келе жатқанымда, бір жас солдат үйдің ығына тура қалған еді, қайдан келіп қалғанын қайдам Логвиненко қолындағы тапаншасымен әлгі жас орыс жігітін атып жіберді. Дуалға сүйеніп тұрған солдат мылтығына таяна беріп, көзі бозарып, сырғып барып тек «За что?» — дегенге ғана тілі келіп жан тәсілім етті. Логвиненкоға:

─ Бұның қалай? — деп сұрағанымда: ─ Ну ладно. На мою совесть, — дегеннен басқа солдаттың ешқандай кінәсін айта алмады. Менің есімнен жас солдаттың «За что?» деген сұрағы еш уақытта шыққан емес. Содан бастап Логвиненкоға менің ішкі көзқарасым өзгерген еді... Ертеңіне ойпаң-тойпаң соғыс болды. Бірде алып, бірде берумен кеш батты. Көршілеріміз орындарынан кейін жылжыды. Бізді КП КСД-ға шақырды. Мен келгендігімді генералға білдіре бергенімде, менің артымды тұрған Логвиненкоға Егоров сұрланып: ─ Полк қайда, Jloгвиненко? — деп қатты дауыспен сұрағанда, оның тілі күрмеліп, бет-аузы жыбырлап, қалтырап дірілдеді. Генерал маған Егоровтың сұрағын қайталай берді. ─ Полк орнында, генерал жолдас, — дегеніме сенер-сенбесін білмей, Генерал Егоровқа қарады. ─ Полк оpнында, генерал жолдас. Сенбесеңіз, барып көруге де болады ─ деп мен тағы да. Генерал күрсініп:

─ Рас болса, жақсы екен, ─ деді.
─ Егоров Логвиненкоға зекіріп кейіді, ұрысты.

─ Полк орнында болca, менің сіздерде шаруам жоқ. Барып бекіністі басқaрыңыздap, бұрынғы бұйрық күшінде. Көршілеріңіз түн жaмылып бұрынғы орындарын қайтаруға әрекет істер. Таң ата қолтықтасуғa тырысыңыздар олармен.

Генерал қайтуға рұқсат еткенде Егоров:
─ Сіздер барғанша, полк кейін шегініп жүрмесін, — деді маған.

─ Жоқ, комиссар жолдас, мен осы жерге келер алдында ғана командирлермен тілдескенмін, — деген жауабыма генерал ризалық көзімен қарап Егоровқа:

─ Міне, полкіне сенген командир, — деді.
Жолда келе жатып Логвиненкоға:

─ Сен неге сасып қалдың? — дегеніме ол: Меніңше полк орнында емес, біз екеуіміз де енді құрыдық, КП-ға барғаннан кейін не айтамыз? — деп уайымдады. Келсек, полк орнында екен. *** Ақтан Хасанов дейтін бір қой көзді қapa торы қазақ жігіті Талғарда менің екінші ротама саяси жолбасшы болып келді. Сынық мінезді, ақкөңіл, мейірімді, сабырлы, санасы бар жігіт еді. Ол кәдімгі Семен Краев екеуі менімен бірге бес рет қоршаудан шығып, отыз-қырықтан астам соғысты бірге өткізді. Топ жарып шыққан ерлігі болмағанымен, оның қорқақтығын мен көрген де, білген де емеспін. Өткізген ұрыстарымызда алдыңғы қатарда болып, аянбай белсене қатысқан азаматтың бірі еді. Крюковта екі-үш рет атакаға қатысып жарақаттанғанда да кейін шегінбегенін білетінмін. Оның барлық жауынгерлік, азаматтығын, ерлігін еске ала тұрып «Қызыл Жұлдыз» орденіне тапсырғанбыз. Мен 75-ші полкке кеткенімде, Ақтан батальон комиссары болып тағайындалған еді. Оны да, Мұхаметқұлды да ең соңғы рет 42 жылдың январының 24-25-інде көрдім. Борандатып келе жатып Благойдың сыртында алпыс-жетпіс шақырым бір қыстақтан желе жортып өтіп бара жатқанымда, артымнан: ─ Ағай! Бауыржан ағай! — деген дауысқа бұрылып барсам, көзі жәутеңдеген Ақтан екен. Үстінде сырып тіккен жеңіл мақталы киім, белін қыса буған енді белдік, құлақшынының бауын иек астынан қыса байлаған, қолында жұқа биялай, менің тізгінімді ұстап аттың ығында тұрып: ─ Ағасы, қайда өтіп барасыз? Біз осында артымызды күтіп жатырмыз. Түсіп, біраз ыстық тамақ ішіп кетіңіз, — деп әкесін көргендей қуанып, баладай жадырап тұр. Үйдің есігін аша беріп: ─ Мұқа, қайдасың?! Бәукеңді ертіп келдім, — деп дауыстады. Кейінгі күңгірт бөлмеден: ─ Әй, сенің шының ба? Әй! Ол бұнда қайдан жүр? — деп Мұхаметқұлдың қарлыққан даусы шықты. ─ Сенбейсің бе? Mіні өзі кіріп келеді. Міні, міні, — деп маған Ақтан жол берді. Мұхаметқұл жалаң бас отыр екен. Екі-үш күннен бері жорықта жүріп, беті сәл қызара қарауытып түктенген екен. Орнынан тұрып құшағын жайып:

─ Әй, сен мына сапырылыс боранда қайдан жүрсің? — деп келіп амандасты. ─ Көшеге шықсам, төрт-бес атты желіп өтіп барады. Ойпырмай, бұлар кім екен деп қарап тұрып, ағайдың атқа отырысынан танып, артынан қуа жүгіре айқайладым, —деп Ақтан қалай жолыққанын белдігін шеше жүріп айтып берді. ─ Жолдастары қайда? Оларды да шақыр мұнда, жылынсын, ─ деді оған отыра беріп Мұхаметқұл. ─ Мына боран әбден сорлатты. Үш күн ұдайы тыныс алмай соғып тұр. Жігіттер қалжырағаннан кейін, кеше осында тоқтадық. Шұбырған артымызды жинап алып,алға баспасақ, әр жерде қалып кететін түріміз бар. — Мұхаметқұл батальонның хал-жағдайын айтты да Ақтанға:

─ Әй, Ақтан, сен бірдеңе алдырсаңшы, — деді.
Ақтан шығып бapa жатып маған қарап:

─ Қазіp, aғасы, бірақ та мен келгенше, еш нәрсе айтпаңыз,─ деп шығып кетті. Оның артынан қарап тұрып: ─ Әйтеуір екеуіміз екі жарты бір бүтін болып батальонды соңымыздан ертіп келеміз, — деп Мұхаметқұл Ақтанның жақсы мінездері мен өзіне қолқабысын сүйсіне айтты. ─ Қазір ыстық тамақ келеді, — деді Ақтан кіріп келіп, ─ бірақ та жүз грамм жағынан Бәукеңнің алдында ұятты болатын болдық, Мұқасы, — деп Мұхаметқұлға қарады. Мұхаметқұл оған:

─ Пономаревқа барып айт — бір нәрсесі бар болар оның, — деп қайта жұмсады. ─ Аз ғана спиртті тоңғандарға керек болар деп ешкімге білдірмей тықтырып қойып едім, оның барын, тіпті, Ақтан да білмейді, — деді Мұхаметқұл.

Ақтан бір фляганы қойнынан шығара беріп: ─ Бәукеңнің арқасында мен де мынадан тататын болдым ғой. Артынан жүгірген еңбегім бекер кетпейтін болды, — деп күліп фляганы Мұхаметқұлға ұсынды. Өзі жайғасып отырып алған соң: ─ Ал, ағасы, аманшылық, біз Мұқаң екеуіміз сізді бүгін азанда ғана әңгіме етіп едік, өте жақсы болды жолыққанымыз, — деп икемделе жүгініп, дастарханды реттей бастады. ─ Ал, Бауыржан. Ұстараның жүзіндей қысылтаяң жағдай, қылкөпірдің үстіндей қылт еткен заман, мына кездесуіміз ақырғы кездесу болмасын, — деп шыныға құйылған ішкілікті маған ұстатып өз ыдысын соғыстырды Мұхаметқұл. ─ Аман-есен жауыз жауды жеңіп, абыроймен елге қайту үшін, — деп Ақтан ыдысын соғыстыра бергенде, Мұхаметқұл: ─ Айтпақшы, жақында хат алдық. Мынаның әйелі ұл туыпты, — дегенде Ақтан қызара төмен қарады. ─ Ой, әке болыпсың ғой, азаматым, ұлыңның бауы берік болсын! — дедім. Ақтан тағы да ұялғандай болып, арсалаңдап басын көтерді. Ыдысымызды тағы көтеріп іштік. ─ Ақтаннан жасыратын ештеңе жоқ. Бәріміздің басымызды қосқан осы соғыс қой, — деп қабағын түсіре терең ойланып отырып, тамақ үстіндегі жай әңгімелерден кейін Мұхаметқұл сөз бастады, — ұрыста бір-бірімізді таныдық, сындай сынақтан өттік, қан майданда қан алысқан жолдас болдық, біреуіміз бүгін бар — ертең жоқпыз. Ол — уайым емес, соғыстың заңы. Бірақ та, әркім армансыз өлуді тілейді. Меніңше, өліп бара жатқан жауынгердің арманы жай пенденің арманын өзгеше көрінеді. Оның бірінші арманы ─ “Қап, мені салмас жерге зая кетіреді-ау» деп командирінің саяз ойлылығын қинала арман етеді, мен батальон алғалы бері соны көп ойлаймын. Бұйрық беру ─ маған бүйрегімді езумен тең. Саяз ойлап берген бұйрығым көптің.сазайына жетеді-ау деп мен әр уақытта қобалжитын болдым, - деп маған бұрылып, солғын ой билеген көзімен қарады.

─ Айта беpгін Мұқа, мен түсініп отырмын, —- дедім оған. ─ Менің айтқаным саған жаңалық емес шығар. Сонда да айтайын ойдағымды, ─ деп біраз тыныс алғандай төмен қарап отырып сөзін жалғастырды, ─ оның екінші арманы ─ меніңше, “Қап, мені арттағы қару-құрал қолдап сүйеместен аждаһаның аузына тыға caлды-ау” болар. Ол арттағы “ соғыс тәңірісі” apтиллерия мен басқа қару-жарақты, жауынгерді сүйемелдей, оған қолқабыс етерлік етіп ұйымдастырып пайдаланбағандықтан арман етер. Өйткені, ол өзі аянған жоқ қой, оның арманы да командирдің басындағы зілдей жүк. Тұра бер де, бұpa бер дейтін бұл күндегі соғыс сойыл соқпағы көп қой. Қаншa батыр болса да, адам баласына қойдың құмалағындай бір оқ жетіп жатыр. Өліп кету оп-оңай-ақ. ─ Ойламай салсаң, мыңды бір пулемет бір минутта қырады да тастайды топалаң тидіріп, — деп араласты Ақтан. ─ Иә, дұрыс айтасың, сол пулеметтің елді көтеруден бұрын үнін өшіруді ұйымдастыратын кім? — деді ашулы дауыспен Мұхаметқұл. ─ Әрине, командир. Оның қарамағындағы көп қару-құралдар, сенің артиллерияң солдаттың бұйрығын тыңдайды дейсің бе? — деді оған Ақтан.

─ Мұқаңның сөзін бұзба, Ақтан, — дедім мен оған. ─ Мұқасы, сөзің аузыңда, сөзің аузыңда, — деп Ақтан кінәлі түрде қалбалақтап қалды. ─ Сөзім аузымда болса... Меніңше, солдаттың үшінші арманы — «Ұлы жеңіс тойын көре алмай кеттім-ау» деу. Соғыстың заңы, солдаттық сезім мен міндет адамның жай өміріндегі аңсау мен арманды итермелеп, ойдан шығарып тастай ма деймін. Әйтеуір алдыңғы тілегі «Өлсем де абыройыммен өлетін болайын» деп ұрысқа кіріседі. Мен соған түсінем, менің олай екеніне мың дәлелім бар, — деді де, иегін қолымен тіреп алысқа қарағандай біраз отырды, біз ойын бөлмей тым-тырыс отырдық. ─ Шын жауынгер жомарт келеді екен. Жанын қиюдан артық жомарттық қайдан болсын. Шын жауынгер қызыл нардай белді келеді екен. Арта салған ауыр жүкті көтеріп жүре беруге жараған белден артық мықтылық қайдан болсын. Шын жауынгер беделді, ер көңілді, кек сақтамайтын сергек ойлы, «сегіз қырлы, бір сырлы» дегендей тула бойы сәукеледей салтанатты келеді екен, — деп өзімен-өзі сөйлескендей жалғастырды, — мен соны жақында ғана түсінейін деп келемін, — деді де, басын көтеріп маған қарады: — Сені біз бұрында қатал деуші едік, бірақ қатпар-қатпар ой түбінен шыққан қаталдық командирдің бейнесі екен. Оны біз сенен кейін жолыққан ардың-күрдің өркөкіректерге душар болғаннан кейін ғана түсініп келеміз. Марқұм Панфиловтың бір жиналыста Алматыда: ─ «Всякие обоснования на здравом смысле требовательности командира не есть жестокость, а жгучее пламя и» командирской совести... Суровая обстановка войны, товарищи, командиры, вам продиктует суровое требование... Не будьте либералами, но так же не будьте самодурами...» — деген сөзін жақында ғана есіме алып жүрмін.

─ Әулие кісі еді ғой жарықтық генерал, — деп Ақтан тағы сөз қыстырды ─ Иә, ақылды кісі еді, — деп оны мақұлдап маған бұрыла қарап: — Сені қатал деген әңгімені генерал есітпеді дейсің бе? Оған айтпақ тұрмақ, жазғандар да аз болмаған шығap, бірақ ол кісі мол тәжірибесімен сені тани білген екен. Сен туралы марқұмның аузынан бір де жаман сөз шықпаушы еді ғой. Әйтеуір біз сияқты жай офицерлерге ондай хабар тиген емес. ─ Ал, Мұқа, сен мені қойып, жаңағы солдаттың арманы деп бастаған ойларыңды аяқташы, — дедім оған. ─ Аяқтадым ғой, — деді ол. — Мен де сол арманды топтың біреуі болармын. Басқарған генералға сеніп, сен батальон, полк басқардың. Сен оны піріңдей көрдің, оған сендің, сыйындың, ол саған сенді. Ол саған сенді, сендерге солдаттар сенді. Барлықтарыңа сенім серік болды. Тек сенген кісі дұрыс, сергек ойлай алады. Сені солдаттар жақсы көреді. Сен олардың маңдайынан сипаған емессің. Мына сорлы да, — деп Ақтанды көрсетіп: — Сенен жылы сөз көп естіген жігіт емес. Баяғыда Ядровода Попов жазғанға сен Елиннің көзінше қылышыңды ала жүгіргеніңде, кейіннен маған келіп сен туралы «Өте қатал-ау, бірақ та туралығы да одан мықты» деп еді. Ал, сен оны сонда өлтіремін дедің. Ол оған кектенген жоқ. Түнде миы ашып, алдымен адасып, кейіннен қашқан кінәсі да мойнында. Оның онысы анық жауынгерлік... Арада тағы да бірнеше әңгімелер болды. Ақтан далаға шыққанда, Мұхаметқұл маған: ─ Әйтеуір екі есіріктің қарамағында отырмыз, — деді. — Біреуі маскүнем, ардың-күрдің бір сорлы. Логвиненконың сырын мен Нахавинода алдым. Ол — анық мансапқор карьеристің біреуі. Арам кісі, әділеттігі жоқ. Іші тола күйе, кез келгенге жаға салудан тайынбайды, — деп, Нахавинода бір айдан аса тұрғанда Логвиненко өзін көтермелеуден басқа шаруа істемегендігін айтты.

─ Неге олай? — дегенде Ақтан кіріп келді. ─ Неге олайын қайтесің? Қане, аман-есен болғын, — деп қоштасып тұрып, — кейіннен есіте де, көре де жатарсың, аман болсаң. Бірақ, біз, біздің жігіттер бұрынғыдан да жақсы ысылды. Жүктеген міндеттерді абыроймен өтеп шығады деп сенемін мен оларға. Арада аптадай уақыт өтті. Біздің әскер дұшпанның бекінісін бұзып өтіп бара жатқан күндер еді. Немістер әр қыстақты паналай шегініп, қарсылық көрсетіп, кейін жылжуда. Жаңа ғана газеттен Мұхаметқұлды «Қызыл Ту», Ақтанды «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен наградтаған хабарды оқыған едім. Көрші полктармен шабармандар арқылы ғана байланысымыз бар, сирек хабарласамыз. Ендігі келер кезекші шабарманнан беріп жіберейін деп екеуіне де құтты болсын айтып хат жазып қойдым. Кеш бата шабарман келді. Оны әдейі шақырып. алып, хабарларын сұрадым. Жас лейтенант күмілжіп отырып сөйледі. «Ысламқұловты көрдің бе?» деген сұрағыма ол төмен қарап мұңайып: ─ Көрдім, — деді де: — Жоқ, көре алмадым ол кісіні, ден жер шұқылап қамырдан қыл суырғандай: — Мен сүйегін ғана көрдім, — деді.

─ Не дейсің?
─ Ол кісі кеше қаза тапты, — деді лейтенант. Оған сенгім келмей:
─ Қалай? — деп сұраппын.

─ Ол кісінің батальоны азанда қатар тұрған екі қыстақты шабуылдап алыпты, алынған қыстақтың көшесінде келе жатқан Ысламқұловты бір үйдің төбесінен атыпты, ол бір тірі қалған неміс солдаты екен. Оны ұстап алып сұраса, «Ефрейтор, командирін атқын» деп бұйырып тастап кеткен солдат екен деседі. Мен кеше осыдан сол полкті қуып жеткенімде, артқы батальоны бір жалғыз аяқ жолмен шұбап барады екен. Қалың қарда кімге-кім жол береді, алдымыздан бір шана қарсы шықты. Ол шанаға топ жол бермегенде, айдаушы орыс солдат: ─ Эй, товарищи! Сторонитесь! Везу Героя Советского Союза Исламкулова, — деп шанада түрегеп тұрып айғайлағанда, жұрт жолдан шығып жол берді. Шананың үстінде беті ашық тонға оранып жатқан марқұмның сүйегін көріп, жауынгерлер бөріктерін алып төмен қарап тұрып қалды. Шанаға қосқан торы ат ақырын жылжып шананы сүйреп өтті. Күллі полк ол кісінің қайтыс болғанына өте қайғылы. Батальондағы ескі жауынгерлердің көбі көз жасын тыя алмай жылап жүргендерін де көрдім, — дегенінде алыстан келген суық хабарға сенгендей болдым. Біраздан соң есімді жинап алып, лейтенанттан Ақтан туралы хабар сұрағанымда, ол мені аяғандықтан бұрынғыдан да түрі құбылып, біраз үн қатпай отырып барып:

─ Оның тағдыры өте қайғылы бітіпті, — деді.
─ Неге? Қалай? Айтқын!

─ Бүгін азанда Васильево қыстағына жақындап келіп шабуыл жасағанда, ондағы кірпіш шіркеуге бекініп алған дұшпан үш-төрт пулеметпен атқылап, ашықта келе жатқан батальонды қыратын болған соң, артындағы екі жүз қадам сайға оқтан паналау үшін жауынгерлерді шегіндіріп, «Шіркеуді атсын» деген бұйрықпен артиллерияға Хасанов кісі жіберіпті. Артта қалып кеткен артиллерия жуығырақта ата алмапты. Хасановты полк командирі Иванов пен Логвиненко шақырып алып, «Бекіністен неге қайттың?» деп кейіп, екеулеп итермелеп үйден шығарып, қорада екі жақтан екеуі пистолетпен Хасановты атыпты, — дегенде көзім қарауытып, не деуге білмей қалсам керек. Лейтенанттың қалай шығып кеткенін көрмеппін... Алдымен дивизия комиссары Егоровқа хат жаздым. Хатымның қысқаша мазмұны былай еді: «Жолдас комиссар! Бізбен бірге генерал Панфилов пен сіздің артыңыздан еріп Алматыдан майданға аттанғандардың жартысынан көбі қазіргі кезде дивизияда жоқ. Олардың талайы Отан үшін қан майданда жан тәсілім етіп, қайтпас сапарға кеткендерін сіз білесіз. Осы кездегі байырғы жауынгерлерден тірілері Мәскеу бойындағы арпалыста белуардан қан кешіп, қиын жағдайлардан ерлікпен шыққан жігіттер екенін сіз менен кем білмейсіз. Мен бүгін сұрқай суық хабар естіп, сізге хат жазып отырмын. Айтайын дегенім, батальон комиссары Ақтан Хасановтың қайғылы тағдыры туралы. Одан хабарыңыз баp шығар. Хасанов дивизия құрылып, мен полктан кеткенше менің қарамағымда болды, жүз рет шабуылға қатысты. Крюководағы ауыр жағдайда шабуылдан жарақаттанса да, алған бетінен қайтпай, шегінген жоқ болатын. Мен оны кезегінде сізге айтқанмын. Сол Хасановты бүгін орынды маневр жасағандығы үшін ақ-қарасын ажыратпай Иванов пен Логвиненко қызбалық үстінде атып өлтіріпті. Мен жауынгермін. Әлгі аты аталған екі бастықтың қылықтарын мен кешірімсіз үлкен қылмыс деп санаймын. Мен оларға Хасановтың мұндай өлігін еш уақытта кешірмеймін. Мен өте қайғылымын, комиссар жолдас. Сұрқия тентектерді заңды жазаға тарту шарасын қолдануыңызды сұраймын».

Аптадан кейін Егоров келіп мені оңаша шақырып: ─ Қайтемін? Өткен іс өтіп кетті. Ана екі итті сотқа берейін бе? — деп аяқтады сөзін. Ол солай деп күйседі... 22 февральда мен өз полкіме қайта тағайындалдым. Екі-үш күннен бері Сутоки деген қыстақты ала алмай жатыр екен. Мені қайта тағайындаған себебі де сол болу керек. Күн өте суық. Сықырлаған аяз еді. Ивановты бұрын мен көрген емес едім. Келсем, ол үйде отыр екен. Алдында отырған көрші полктің екі-үш офицеріне шалқая отырып картасына қарап, біздің фронт Холмді қалай .алуын артымен пал ашып, көпірте сөйлеп отыр екен. Гүжірейген қызыл көз полковник кіріп келген маған қарап:

─ Сізге не керек, капитан? — деді.
─ Рұқсат етіңіз, подполковник жолдас, менің сізде шаруам бар еді, — дедім.

─ Жарайды, тұра тұрыңыз, — деп ол әңгімесін айта берді. Үйдің іші өте жылы екен. Біраздан кейін мен одан шешінуге руқсат сұрадым, «Жарайды» деп қолын тағы бір сілтеп, әңгімесін аналарға айта берді. Мен бұрышта отырдым. Әңгіме аяқталған кезде, орнымнан тұрып, Ивановқа генералдың жолдама қағазын ұсындым. Ол қолына алып сенер-сенбесін білмей, қызара-бозара орнынан қозғалмай екі-үш рет қайталап оқыды. Қағаз «Капитан Момышұлы, осыны ала салысымен, сізге тездеп барып 1073 полкті қолыңызға алуды бұйырамын. Подполковник Иванов менің қарамағыма келсін» деген мазмұнда жазылған жолдама еді.

─ Дұрыс. Қашан өтіс-беріс? — деді ол көгеріп.
─ Алдымен мені жағдаймен таныстырсаңыз.
─ Жағдайды штаб начальнигі қазір баяндайды.
─ Одан кейін, қолда не бар, не жоғын білсем деп едім.

─ Ондай мағлұматты штаб дайындап бергенде сөйлесерміз, — деді.
Ол телефонды алып штабтың начальнигін шақырды.
─ Қазір де соғыс болып жатыр ма?

─ Иә, азаннан бері тағы да шабуыл жасап жатырмыз, бірақ та нәтижесіз, — дегенде шақырған адамы кіріп келді. Ол маған бұрыннан таныс еді. ─ Міне, жаңа командир, — деп мені көрсетті де, — алыс-беріс қағаздарын дайындауға кірісіңіз, — деді оған. ─ Алдымен батальондарға шабуылды тоқтатып, жеткен жері емес, жағдайлы жерге бекініске кірісу жағынан бұйрық беріңіз, — дедім мен штаб начальнигіне, — штаб офицерлері арқылы оларды батальонға жұмсай беріңіз. Сізге рұқсат. ─ Ну, товарищ подполковник, с церемонией приема и сдачи я вас задерживать не стану, со штабом как-нибудь я тут разберусь, — дедім Ивановқа. Начальник штаб шығып кеткеннен кейін, ол орнынан тұрып киінді де, «Ат арба жағын қайтеміз?» — деді. ─ Менің өз атым өзімде, мініп келдім. Сіздікі өз қарамағыңызда. Керекті нәрселеріңізді алып кетіңіз, — дегенімде ол маған ризалығын білдіріп шығып кетті. Логвиненко есіктен кіріп келіп, менімен күлімдей амандасты. «Қош кепсізді» айтып отырып, менің «шабуылды тоқтат» деп берген бірінші бұйрығымды әңгіме етті. ─ Тап бергенде ала алмаған нәрсені шегіне күш жинап барып алу керек, — деген жауабыма:

─ Жоғарыдан рұқсат болмаса, қалайынша?.. — деді. ─ Жоғарыға жауапты бере жатармыз, кейіннен, құры “алға, алға” деп жауынгерлерді қырып алмалық деген ойым ғой, — дегенімде, штаб начальнигі кіріп келіп, екеуімізге қарап:

─ Қалай, тоқтатамыз ба? — деп сұрады. ─ Не деген сұрақ? Сізге қанша рет айту керек, несін анықтағыңыз келеді? — деп мен оған қатты сөйледім. Логвиненко сасқалақтаған штаб начальнигіне араша болып:

─ Мен бұл кісіге адам жібермей тұра-тұр деп едім, — деді. ─ Алатын болса, азаннан бері алмас па еді. Тоқтат! Аянып жатқан ешкім жоқ шығар, — деп олардың көзінше телефонға генералды шақырып: — Генерал жолдас, мен бүгін-ертең Сутокиді аламыз деген арамтерлікті тоқтатқым келіп отыр, — деп ойымды айттым... Шабуыл тоқтатылды. Строевая запискаға қарап отырсам, полкта 1300 адам бар екен. Полк алдыңғы соғыстарда көп шығынға душар болған екен. Бөлімшелердің аттарын қарап есептесем, батальондарда 100-150 адамнан, арттағы бөлімшелер мен кеңсенің мұрты кемімеген, баяғы штат бойынша топ-толық, түп-түгел. Қаламды алып, есептеп отырып алда 1100, артта 200 болсын деген қорытындымды айттым. Азанға дейін артта жүрген адамдармен алдағы батальондардың олқылықтары толтырылсын, — деп жарлық еттім. Логвиненко оған көнбеді. ─ Алда әскер жоқ болса, арттағы тылдың не керегі бар. Баяғыда полкта 3500 адам барда, оның 500-600-і артта болатын. Яғни, 1/6 — 1/7. Қазір 1300 адам, мен тылға өз пропорциясын беріп отырмын, — дегеніме ол: ─ Тылды кемітуге болмайды. Минасы жоқ мына батальонды тарқатуға болмайды. Кейіннен пополнение алғанда қайтеміз? — деді. ─ Жақында ала қоймаспыз, оған жағдай жоқ. Егер де алсақ, бос орынды солармен толтыра жатармыз. Алда күш жетпей жатқанда, артта ешкімді ардақтап, сүрлеп ұстап отырмалық. Шағын полкқа өздері лайықты шағын тыл керек, — дегеніме көнбей отырып алған соң, тағы генералды телефонға шақырып алып, ойлаған жоспарымды бекітіп алдым. Қалған уақытта күні бойы, түні бойы ұйымдастыру қызметімен айналыстым. Ертеңіне кешке дейінгі уақытты батальондарға беріп, өзім болжау жұмысында болдым. Кеш батардың алдында Дидион мен дұшпанды тоқпақтап алып, Сутоки мен Мазурыды шабуылдап, аз шығынмен алдық. Кешелі бергі наризалардың аузына құм құйылды. 24-февралдың түнінде генерал біздің полктің бет алысын Иванково 1 мен Иванково 2-ге қарай бұруды жарлық етті. Оларға қарай жол жоқ. Инженерді шақырып алып, СОПР-дің 50-60 адамымен және 30-40 адамды басқа жердей беріп, ПО болып жол салуға бұйырдым. Менің ойым — күллі полкті қарға малтықтырып әурелегенше, 100 адамға қар күретіп жол салдырып, тыныш бару болды. Оның мүмкін еместігін инженер мен Логвиненко дәлелдей дауласып, маған «Қай тактикада саперлар алда жүруші еді» дегенді айтты. ─ Қай тактикада саперлардың жаны басқадан артық делінген? — дегенді мен оларға қарсы қойдым. Одан кейін олар «Күш жетпейді» дегенге салды. ─ Баратын жеріміз осы арадан 4 километр, 4000-ды жүзге бөлгенімізде болмақ, жолдың ені 4 метр. 4x4=16 метр таң атқанша 5 сағат уақыт бар. 16:5=3,3 метр жердің қарын бір адам күреу керек деген дәлелдерімді келтірдім. Қысқасы, инженер Красноносов жолдас, сізге бұйрық осылай, көп сөзді қойып, тездеп іске кірісіңіз. Алдыңыздағы жау үстінен қапылыста шықпас үшін 20-30 разведчик сырғақпен жүріп отырады. Артыңызда бір батальон дап-дайын болып тұрады, — деп қорытқанымда Красноносов алақтап Логвиненкоға қарай берді. ─ Командир бұйырды, — деді оған иығын көтеріп Логвиненко. Инженер жылағандай болып шығып кетті. ─ Сіз, мен бұйрық беріп отырғанда бұдан былай маған қарсы жанған отқа май құюыңызды қойыңыз, комиссар жолдас, екеуіміз жағаласып отырып өнімді қызмет ете алмаймыз. Мен дәлелдеп, ойлап болғаннан кейін ғана бұйрық беремін, — дегеніме Логвиненко шамданып менімен ұрысты. Оның менімен правосы тең комиссар екенін айтты. Менің партияда жоқ екенімді бетіме салық етті. Мен де оған қатты сөздер айттым. Екеуіміз бажылдасып болғаннан кейін, мен штаб начальнигін шақырып алдым да: ─ Красноносовқа айтыңыз, егер бұйрығым уақтылы орындалмаса, мен оны ертең атудан тайынбаймын, — деп қызу үстінде штабтық командирлерді қызмет басына жіберуін буйырдым.

─ Бұнда да шаруамыз аз емес, — дей бергенде: ─ Сіз де менімен тайталаспақпысыз? Алдыңғы қызмет — Иванковоға жету, — деп оған зекідім. Азанғы сағат сегізде «Жол даяр. Иванководағы дұшпанның аз ғана күшін қуып шықтық» деген Красноносовтан ақпар келді...

Даңғыраған жолмен келе жатып Логвиненко: ─ Ты был прав, Баурджан. У людей силы бережем, — деп менімен қатарласа келе жатқан бір ротаға: «Ну, как орлы, хорошая дорога?» — деп сұрады. Бір солдат оған: ─ Ничего, товарищ комиссар, как по асфальту идем, хорошо, — деп жауап қатты.

Алдымыздан жарқырай қуанып инженер шығып баяндады: ─ Дұрыс, Красноносов жолдас, рақмет сізге барлық полктан, сіз настоящее боевое заданиені орындадыңыз, — дегенде ол арсалаңдап күлді. Күректеріне сүйеніп, түні бойы дем алмай шаршап тұрған саперлар тобына жақындай бергенде, Логвиненко оң қолын көтеріп: ─ Спасибо вам, хлопцы! Весь полк вас благодарить будет за такую дорогу. Молодцы, орлы! — деп айқайлады. Саперлар оның сөзіне қуана түстерін жылытты. Екеуіміздің арамыз содан бастап түзеле бастады. Иванково деген орман алаңының ішіндегі 2-3 үйлі қыстақ екен. Мынау сурет сол жерге келгенде түсіріліпті. Алдағы барлаушыларымыз Холм-Локся тас жолының жиегіндегі Кобляки, Хорошино деген қыстақтардағы дұшпанның бекіністеріне кездесіп қайтты. Көрші полктардан да сол тас жолдың бойына барып алға баса алмай жатқан хабарларын алдық. Жоғарыдан Хворощиноны алып, тас жолды ерттеп мінгін деген бұйрық келді. Дұшпанның ішкі сырын алу, ашу үшін аз күшпен «Атой» салып ұрыстық. Оны орыс тілінде «разведка боем» дейді. Бір емес, бірнеше peт қайталауға тура келді. Біздің бет алыс жағымызда дұшпан жердің ыңғайлылығын пайдаланып, бізге «қақпан-қап» құрып отырғандығы айқындалды. Мен әр уақытта генералға өз қолыммен ақпар-хабарларды жазып отырдым. Жоғарыдан «Ал да алдың» астына басып соғып отырды. Ақырында генерал да «Алға» түсті. ─ Генерал жолдас, мен үш күннен бері дұшпан бекінісінің бағытына түсінгендеймін. Оның бізге «Қап-қақпан» екенін сізге бірнеше рет жаздым да. Бүгін тағы “алғын” деген бұйрығыңызды алып отырмын. Орындау жағынан даярлыққа кірісудеміз, бірақ та менің ойым бұрынғыдай — қарамағымдағы аз әскерді «оқ қышқашына салып», бекерден-бекер қырып алып, бұдан былай құры қол қалғым келмейді. Осы жағдайды сізге ашық айтуым маған өте парыз. Бұдан былайғы нұсқауыңызды күтемін, ─ деп Логвиненкоға көрсеттім жіберердің алдында. Ол менің ойымды жаратпады... Маған айтпастан Логвиненко батальондарға барып, өз бетімен Хворощиноға шабуыл жасапты. Дұшпан біздің адамдарды ортасына кіргізіп алып, үш жақтан оқ жаудырып, көбін барған жерінен қайта шығармай жайратып тастайды. Ол хабарды мен болары болып қалғанда ғана біліп қалдым. «Енді қалғандарын жинап, басын қосып топтаныңыз» деген бұйрықпен штаб начальнигін жібердім. Генерал телефонмен өзі келетін хабарын айтты. Мен ішімнен құсаланып, генералды, Логвиненконы күтіп отырмын. Кеш бата генерал келді. Оған жағдайларды баяндадым. Генерал картамен біздің ақпарды салыстыра болжап біраз ойланып отырып:

─ Енді шабуыл жасамаңыз, — деді маған. ─ Немен жасаймын? Қарамағымда қанша қалғанын білмеймін, әзірінше хабарым жоқ, — деп отырғанымда, Логвиненко кіріп келді. ─ Е, сіз тірімісіз, комиссар жолдас, абыройдың орнына не алып келіп тұрсыз? — деп мен Логвиненкоға ақырдым. ─ Сабыр етіңіз, — деп генерал қолымды қақты, — алдымен ұрыс басында болған Логвиненконы тыңдалық, — деді. Логвиненко иегі дірілдеп, бозарып мелшиіп тұрды. Не айтарын білместен қатты састы... ─ Командирдің ойы маған бұрыннан белгілі болатын, Логвиненко жолдас, сіздің ойыңызды білгім келеді. Сол жағын айтыңыз. Хворощиноны алуға бола ма біздің күшпен, әлде жоқ па? — деп сұрады генерал. ─ Генерал жолдас, мен бұрын командирдің пікірлеріне күмәнді едім, бірақ та бұл кісінің болжауы дұрыс болып шықты. Мен сіздің алдыңызда айыптымын, генерал жолдас. Логвиненко айыбын мойнына ала сөйледі. ─ Абайсызда бірнеше адамның обалына қалып отырмын, не етсеңіз де өз еркіңіз, генерал жолдас. ─ Сіз ойыңыздағы нәрсе орындалып шықпағаннан кейін ғана монтаны болып отырсыз ғой, — деді оған генерал. ─ Егер де Хворощино мол шығынмен алынса, сіздің ойыңыз айыптап, өзіңізді көрсету еді ғой. Жоқ, Логвиненко жолдас, біздің замандағы соғыс бала ойыны емес... Жарайды, бұдан былайғы ісіңізге сабақ болса, — деп Логвиненкоға көп сабақ болар сөздерін айтты. «Сөзіңді біреу сөйлесе — аузың қышып бара ма» дегендейін, мен екеуінің әңгімесіне сөз қатыстырғаным жоқ. Генерал телефонға корпус командирі генерал Люзиковты шақырып алып, оған жағдайды баяндады. Ымырт жабыла бір қарт полковник, екі подполковник келді. Біріншісі — 16 бригаданың штаб начальнигі, екіншісі ─ сол бригаданың артиллерия бастығы, үшіншісі — сол бригаданың батальон командирі екен. Люзиков оларды біздің генералдың қарамағына Хворощиноны алуға жіберіпті.

ОБРАЗ МӘСЕЛЕСІ

─ Салауым алейкім, — деп көзілдірікті сары жігіт шіріктің ала көлеңке жерінде қолын берді де, басқа сөз араластырмай, — Бектің «Волоколамское шоссесін» оқып, аяқтауға жақындап қалдым. Онда сіздің образыңыз өте яркий жасалған, — деді. ─ Сіз маған жолыққан сайын осылай деп айтасыз, — дедім мен оған бұрынғы «өткіншек» жүре кездескенін есіме алып. ─ Менің темам «Орыс әдебиетінде қазақ образдары, қазақ әдебиетінде орыс образдары еді», соларды зерттеу...

─ Диссертация екен ғой... ─ Иә, тема солай бекітілген еді. Әсіресе, сіздің образыңыз өте ярко көрсетілген. Мен өте қызығып оқып жүрмін.

─ Тағы басқа не оқыдыңыз? ─ Әйтеуір образдар жағынан взаимосвязға байланысты кітап-шығармаларды зерттеп шықпақпын. Бектен бастадым, сізбен сөйлесуге көптен құмар едім. Өзіңізден де бірнеше эпизодтар естісем деп едім, как от живого героя. Ол маған өте керек еді. ─ Aт үсті қалай сөйлеспекпіз. Эпизодтар болса, менің шығармаларымда жазылған.

─ Кешіріңіз, сізді оқуға әлі үлгере алмай жүр едім.
─ Менімен қалай сөйлеспексіз? Менен не сұрап, не білгіңіз келеді?
─ Тек ауыз екі қысқаша, кіріспе ретінде...

─ Кіріспе болса мынандай: «Волоколамское шоссе» не может служить полным основанием для вашей темы. Надо уяснить прежде всего, что такое образ? В русской литературе до сих пор нет весомого казахского образа. Достаевский жил в Казахстане и не создал казахский образ. Сергеев-Ценский, Всеволод Иванов, Николай Анов, Иван Шухов, Дмитрий Онегин тоже не создали зацоминающийся казахский образ. Легковесные примитивные эпизодики страдают экзотоманией. Старшее поколение казахских писателей также не создали русский образ. Пресловутые Шодоры, Метереи, Жагоры — не образ. В обоих случаях — признак непросвещенности, неглубокое знание национального характера и самой жизни. Полновесные русские образы в казахской лиературе начали жить (возникать) с произведения Мухтара Ауезова и нашли широкий разворот в произведениях, особенно послевоенного периода (у Ахтанова, Нурпеисова, Кайсенова, Л. Шарипова и других).

Нам надо серьезно изучить их произведения.
Сапарғали Бегалин жолығып, сөзімізді бөліп кетті.

ҮШ ИНТЕРНАТ

─ Саламатсыз ба, Бәуке!
─ Өрлетіңіз.
─ Алданазармын ғой.
─ Ол кісі әлі бар ма еді?

─ Менмін ғой.
─ Сен Назар емес пе едің?

─ Ия, соның өзімін ғой, — деп қарқ-қарқ күлді, — ол да есіңізде екен ғой, — деді.

─ Тасыбеков пе едің, жоқ Әшірәлиев пе едің?
─ Екеуі де менмін ғой, — деп таңы да күлді қонағым.
Алданазармен көріспегенімізге елу жыл.

Бұдан елу жыл бұрын Әулиеатада (осы кездегі Жамбыл қаласы) бірінші қазақ бастауыш мектеп-интернаты .ашылған. Оған Күйік, Шақпақ, Аса болыстарынан «на общественных началах» мал жиналып, қамтамасыз ету жағы, қаражаты сол болыстарға жүктелген. Одан кейіндеу кезде қалада қала маңындағы қазақ балалары үшін, қырғыз балалары үшін екі интернат ашылған. Уездік партия комитетінің секретары Сыдық Абланов, уездік атқару комитетінің төрағасы (председателі) Қарынбай Қошманбетов, қырғыздың Уездік аткомының председателі Алиев. Осы үшеуі елдің ықпалды жақсыларын (олардың ішінде Жантас би, Текебай би, Қонысбай болыс байтана руынан, Тәсібек би, Тілеуқұл болыс жабай руынан, Бұралқы болыс, Бошай би бестерек руынан, Сауранбай болыс қаңлы руынан, Сайлыбай коммунист, Сағындық шегір руынан, Өмірия тілмаш, Керімбай болыс шымыр руынан, Белқожа, Мақұлбек сиқым руынан, Оспанқұл би шанышқылы руынан, Әлімқұл Күркіреу су қырғыздарынан) жинап, жаңа мектеп ашу мәселесін талқылап шешкен екен. Қарым-қаражатты бюджет көтере алмағандықтан, елге жүктепті. «На общественных началах» деуіміз сондықтан.

Школа-интернаттарға:
Аса интернаты
Қала (пригородный) интернаты
Тау (горный) интернаты

деген ат қойылыпты.
Заведующийлары (забидәшік) болып:
Абдолла Баишев
Ізбасар Абланов

Зейнел Имановтар тағайындалған.

Аса интернатына Құрманбек Сағындықов (осы кездегі «Қазақ коммунисі» журналының бас редакторы), мен (қазіргі Бауыржан Момышұлы), Алданазар Тасыбеков (жаңа үйге еніп, алдымда отырған) — үшеуіміз де алынғанбыз... Сабақ күзде басталды. Көктемде интернатты «тазалау» басталды. Сол тазалауға Тасыбек бидің немересі Алданазар да ұшырады... Алданазар атының. Алдасын алып тастап, «Назарын» ғана қалдырды; бауырында болып өскен бабасы Тасыбектің есімін әкесінің аты Әшіралыға ауыстырып, Әшіралиев болды... Сплошная коллективизация, головокружение от успехов... замандарында олардан соңда «Шилу в мешке неутаитпен» де, «Откочевниктермен де» қоныс аударысты. Содан бері хабар-ошарсыз еді, ал, бүгін үйімде, алдымда отыр.

─ «Ол кісі әлі де бар ма еді?» — дегенім сондықтан еді.

Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркменстанда, Қарақалпақстанда жұмыс, қызметтерде болыпты. Отан соғысына басынан-аяғына дейін қатысып, төрт рет жарақаттанып, офицер атағымен, наградаларымен денсаулығына байланысты әскер қатарынан қырық сегізінші жылы еліне оралыпты. Бригадир, участок бастығы, счетовод, бухгалтер болып жүріп пенсия жасына жетіпті. Үш баласы жоғары дәрежелі білім алып, өз тұрмыстары өзімен екен. Бір баласы институттың төртінші курсында екен.

─ Ал, құлақ та болыпсың, шұнақ та болыпсың, откошнік те болыпсың...

— Болдық қой, құдайға шүкір!

─ Аристант-пәристант болдың ба?
─ Жоқ. Одан құдай сақтады.
─ «Алдаңды» қайттің?
─ Барлық документтерге жазылып қойғансың, «Назарымды» шүкір деп жүрмін.

─ Ал, сен мені «Бәуке» деп отырсың.
─ Мен сені не «Алдеке», не «Назеке» дерімді білмей отырмын.
─ Сіз қалай айтсаңыз да жарасады ғой, Бәуке!

Құрманбек телефон соқты «Ия, інім солай. Өзің біл,шырағым. Бауыржан Сағындықович солай деді десең, ол түсінетін жігіт қой. Мен істерімді істедім ғой ия, ақылдасалық... Алдымен оқырман, содан кейін автор, үшінші редактор, — деп оған мен айтып едім ғой... Мені түзет, бірақ та бүлдірме, шырағым» дегенмін оған... Ал, келістік, Құреке».

Алданазар маған қарап отыр екен.
─ Құрманбек қой!
─ Қалайша ол сіздің ініңіз болады?

─ Ол менен бір тәулік кіші. Өзімді Сағындықович дейтінім — Сақаң жарықтық мені өз балаларынан кем көрмеуші еді. Марқұм генерал Панфилов 80-ге толды, Құрманбек те панфиловшы. Соған байланысты мақала жөнінде ғой звандағаны. ─ Аз уақытта көпті көріп, көпті естігендей болып қалдым, — деді ол қоштасарда.

«Ұшқан ұяның» бір тарауы табылды, — деді автор ішінен.

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ»

Я очень недоволен.

М.Әуезовтің «Абайы» — ұлы шығарма, бірақ кейбір жерлерімен келіспеймін. Неге? Себебі не? Ол кісі Абайды көтеремін деп, Құнанбайды кемітеді. Бұл өте үлкен қате деп білемін.

«Иттен ит туады боқ жейтұғын
Малдан мал туады шөп жейтұғын», — дейді.
Осы принципті Мұхаң саясатқа бейімдеуге барды.

Құнанбай — ол қазақтың Иван Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жетті, бірақ Құнанбай ойына жете алмады. Мұхаң осыған түсінбеді. Мен бұл ойымды Мұхаңа айтқанмын. Құнанбай қазақ мемлекетін жасауға ұмтылған еді. Қытай шекарасында наймандар бар. Құнанбай найманға тілі алдыра алмаған.

Мағжан:
Ертеде ер екен қалың найман,
Қалың найман қытайға қанат жайған,
Қазақтың бағаналы руында

Бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан, — дейді.
Мұхаң әкесі мен баласын қарсы қойған.

*** Елдің атын ер шығарады. Шоқан, Абай, Ыбырай, Жамбыл бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысының өздеріне жарастықты атақ шеңберлері бар. Тарихта орындары бар. Мұханның өз орны өзінде, ғылымда, әдебиетте, қоғамда, тарихта. Мұхаңның көзінің тірісінде ол кісіні біз де, достарымыз да, дұшпандарымыз да «Қазақтың ұлы перзенті» деп танығанбыз. Абзал аға, әлемге атышулы жазушы, зерек ұстаз ғалым, белгілі қоғам қайраткері, халқымның улы перзенті Мұхаңның ұзақ сапар тартқанын естігенде, қабырғам қайысып, жүрек бауырым құм болып, еңіреп жыладым. Мұхаң бізге сегіз қырлы, көп сырлы мұраларын қалдырды. Кен мұраңыз үшін жас ұрпақтың сансыз алғыс айтуына күмән жоқ.

Жатқан жеріңіз торқа болсын, ағатайым! ─ «Люди и встречи» — дегенде Мұқаңды (Әуезовті) жазу еді. (Кіммен кездестім, кімнен нендей дерек-мағлұмат алдым, оның мағынасы). Бұл — менің өмірім мен творчествомдағы басты тақырыбым. Оған документальный негіз бар. «Ұшқан Ұя», «Люди и встречи» емес пе, «За нами Москва» сол емес пе... бұлардың жалғасын жазғым келеді, бірақ та кей кезде, жағдай қол-аяғымды тұсап, жаздырмайды. Қорытып тұрған ойыңды қарауылдаған қатындар бұзады. Ұсынып тұрған қолыңды кейде орынсыз жерден біреулер бүлдіреді. Ақыл мен ақымақтар азап салады.

─ Жазушы болу оңай ма? — деп сұрады.

Үлкен сұрақ. Соған қоршаған ортаң түсінбейді. Соны ортам қорғай білмейді, қайта қорлайды. Оларға не дерсің...

Кейде қысылып, менің сұрақтарыма жауап беріп отырды.
─ Сөздің қысқасы, екеуіміз сырлас бола бастадық.

Мұқаң мені көп сынап барып сенді. Мұқаңның Рәзия ханум деген сұлу татар тоқалы бар еді... Бір күні соны маған жіберіпті. Жаңағы әйел генеральный штабтан келіп, менің адресімді сұрап табады. Онда мен пәтерде тұрамын. Вера Павловнаның үйіндемін. Әйелім киінсін деп ем, ол қып-қызыл боп кетті. Үйге кірді. «От Мұхтара Омархановича» деп таныстырдым. ─ Мухтар Омарханович очень с Вами хочет увидеться. Он вас ждет, — деді. Мен таңдана қарап ем.

─ Если пойдете, обязательно приходите вместе со мной, — деп айтты деді. ─ Рұқсат етсеңіз, Вера Павловнамен бірге барайын, мұны Мұқаң біледі, — дедім.

Бардық... Бізді көріп Мұқаң сасып қалды.

Мұқа, Рәзия ханым сіздің... болса, Вера Павловна менің... дедім, — Сіз несіне сасасыз? Сіз маған өз көңілдесіңізді жібердіңіз, ал мен де өз көңілдесіммен келдім, айып етпеңіз, екеуіміздің күнәміз тепе-тең. Осыған көнсеңіз, отырамын, — дедім...

Мұқаң сасып тұрды. Рәзия мәселеге түсінді. Мұқаң орнынан тұрып: ─ Вера Павловна, я очень рад видеть Вас, хорошо, что Им приехали с Бауыржаном вместе, — деп сыпайылай бастады. Отырдық, заказ берді. Сонда бір кедергі — Рәзия қазақша біледі, Вера Павловна білмейді. Орысша сөйлесе бастадық. Мен ұшқалақтап кейде қазақша соға беремін. Пера Павловна онда көзі бақырайып жалтақтай береді. Ондайда Мұқаң аударып отырды. ─ Но, Вы знаете я смущена, когда вы говорите по-казахский, я не понимаю, — деді Вера Павловна. Мен зорға шыдап отырдым да, үшінші рет солай дегенде:

─ Әй, тыныш отыр, — дедім. Рәзия қызарып, Мұқаң сұп-сұр боп кетті.

— Вера Павловна, не смущайтесь, он пришел не для Вас, а для меня, но Вы знаете характер Бауыржана, — деп қойды. Біраздан соң Мұқаң:

─ Әй, Бауыржан, қарағым — деді. Қарағым деген сөзді бірінші есіттім. Мені аямасаң да, мына Рәзияны аяғын, — деді. Бұл кісі қазақша түсінеді. Ал, мақұл десең, тату отырамыз. Қазақша сөйлеуіңді қой, Вера Павловна түсінбейді. Бұл кісіні қойға кірген ешкідей етпегін, — деді Мұқаң. ─ Мұның дұрыс, Мұқа, — дегеннен басқа еш нәрсе демедім. Рәзиясы қу екен, ол аударма жасай қойды. Аударма жаңағы сөз емес, Вера Павловнаға: ─ Говорит, что он к Вам относится с глубоким уважением. И очень рад видеть Вас сегодня у себя здесь. Я всегда Вас считала одной из самых эрудированных женщин, я очень рада, что вы познакомились с Бауыржаном Момышулы, — деді. Мұқаң отырды да:

─ За ваше здоровье, Вера Павловна! — деді. Оған Вера Павловна сеніп отыр. ─ Бауыржан, енді сөйле, бірақ оттамай отырғын, — деді. Вера Павловна тағы да қарап қалды. Мен Рәзия ханымға:

─ Переведите слова Мухтар Омархановича, — дедім. Рәзия маған қарады да: ─ Бауыржан, не могу перевести, потому что не знаю, что за слово «оттама», — деді. Мен өзім аударайын деп ем, Мұқаң маған қарады. ─ «Оттамау» на казахском языке имеет 2 смысла, — дедім. 1-корень слова «от» — это огонь, «оттамау» — это не подожги, оттамаудың 2-мағынасы: в смысле «животные кушают траву» деген сөз. Вот два смысла, в одном смысле жгут, во втором кормить. Вот смысл в казахском языке, — дедім. ─ Я не обиделся, когда Мухтар Омарович бросил мне реплику он мне «корми, обласкай», в этом смысле говорил, — дедім. Мұқаң маған таңдана қарады. ─ Я слушаюсь вас, — деп орнымнан тұрдым да, Вера Павловнаны сүйдім, Мұқаң сұрланып кетті де, Рәзия қуана күлді. Мұқаң әдепсіздік деп ойлады. Әр аурудың тілі болады! Ілияс Омаров өлерінде: «Где Бауыржан!» — деп құлап өлді. *** Мұқаң білуге құмар (любопытный) адам еді. Ол кісі әр сасық құдыққа үңілмейтін. Мен ҚазССР FA 36 сағат лекция оқыдым. Ол кісі наброска жасап отырды. Соңыра соғыс біткен соң, Әскери академияда оқып жүргенімде Алматыға келдім. Мұқаң, мен келісімен, келуші еді. Келіп-кетіп жүргенде, көп әңгімелесіп отыратынбыз. Ол кісі шыдамды еді. Тыңдай отырып, оқта-текте бір сұрақ қоятын...

Мәскеуге келгенде мені тауып алатын. Телефонмен тапса:
─ Әй, Бауыржан, уақытың болса, екеуіміз түстік ішейік те, — деп шақыратын.
─ Я, Мұқа, қашан? — деп, қол тисе баратынмын.
Барам деп уәде берсем, тапжылмай күтетін. Заказды өкірте береді.

─ Бауыржан, көптен бері кездеспей кеттің, бүгін ешкімді шақырғаным жоқ. Екеуіміз кеңінен емін-еркін сөйлесейік деп шақырдым, — деп әңгімені өзі бастайтын. Мұқаң жеңіл шарап заказ беретін. Мұқаң сауал береді, мен жауап беремін, кейде керісінше боп жатады. Ол кісіге менің жауаптарымның қандай әсер ететінін аңғаратынмын. Мен Мұқаңның атын бала кезімнен білетіндердің біреуімін. Мен — шетте өскен қазақтардың бірімін. Ол кісіні сыртынан ғана білетінмін. *** Ұлы Отан соғысының бас кезінде менің атағым ел аузына ілінді. Содан бастап орысша айтқанда «меня без меры хвалили и безвины терзали». Екеуіне де шыдап келе жатырмын. Менің даңқым Мұқаңның да құлағын елертіпті. Ол кісі майданда жүргенімде, маған сегіз хат жазды. Бірақ та ол хаттарын кейіннен «ұлтшыл Бауыржанның» кесепатынан қорқып, менің академиядағы архивымнан өзі ұрлап алып жойды. Оны мен ол кісіге еш уақытта кешірмеймін. Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін. 1943 жылдың декабрінде мен Алматыға келдім. Жол-жөнекей мені құрметпен елім қарсы алды. ─ Ел абыройы, ер ағасы, халықтың адал перзенті... — деп тағы басқа шебер жаттама сөздерді шұбырта сөйлеп, Мұқаң мені құшағын жая қарсы алғандардың бірі болды. Мен ол кісіні аға тұтып тәжім еттім. Бір кеш коп отырып сөйлестік. Бір-бірімізді аңдып сөйлестік. Мұқаңды мен жеңдім. *** ─ Бауыржан Мәліктен гөрі терең ойлы көрінеді. Meн онымен қатты санасам... — депті деген сөз ертеңіне менің құлағыма жетті. ***

Үш күннен кейін Мұқаң менің үйіме келді. ─ Сенің хаттарыңды алдым. Абай туралы дұрыс айтқан пікірлеріңе мың алғыс... «Намыс гвардиясы» туралы айтқан ескертулеріңе толығынан мен қол қоямын... Біздің үйден бүгін кеште дәм тат. Қаныш, Сәбит, Қалыбек, Ғабит, Ғабиден,.. тағы сол сияқты ардагерлерімізбен бас қосып отыралық. Танысқын солармен... — деп шақырумен сөзін аяқтады Мұқаң. *** Мен Дмитрий Снегинді жұбайымен ерте бардым. Ac алдында Мұқаңның кең кабинетінде бір сағаттай жалпы пікір алысып отырдық.

Кең дастархан үстінде мен туралы көп жылы сөз, лебіздер айтылды... Сәбит жұбайымен кешігіңкіреп келді. Қаныш қарсы алдымда сіресіп мені сынап отыр. Оң жағымда Қалыбек пен Ғабит те мені сынап отыр.. Лаж қанша, бірінші кездесуіміз ғой — арбау үстіндеміз. ─ Жолдастар! Мен кешірім сұраймын, — деп бастады сөзін Сәбит. Әлгі республикамыздың прокуроры марқұмның қырқында болып едік. Сол себепті Мәриям екеуіміз кешігіп келдік... Ал, енді, жолдастар, осы ел азаматы Бауыржанды бәріміз де жақсы көреміз... — деп тілі күрмеле шұбырта сөйлеп, сөзін зордан аяқтап, рюмканы қотара жұтып, палауды үшінші рет асағанда тұтылып, шашалып, аузындағысын стол үстіне бүркіп жіберді. Мәриям қызара бөртіп, Сәбиттің жеңінен тартып қалды. Сәбит болса, қалтақтап әрі-бері қарады да, монтаны отырып қалды... Қалыбек арақты бастырмалатып ішіп отыр. Ғабит те одан қалысар емес... Ол кезде менің бұзылмаған кезім — арақты өте аз ішетін кезім. Таңданып отырмын. Қаныш қысылғанынан Мұқаң мен Валентина Николаевнаға қос ұлдарын құттықтап, оларды «Стахановшылар» деп атап, қалжың сөз айта бастады.

— Я, Бауыржан, — деп тілі күрмеле бөлді Қаныштың сөзін Сәбит. Мұхтардың қос ұл перзенттері бар... Бірінің соңынан бірі жарыққа шықты. Ернар... Тағы біреуінің аты қадымда жоқ... Солардың денсаулығы үшін...

Нәрестелер ер жетіп, ел азаматы болсын. Құттықтаймын.
...Қалыбек алжи бастады. Ол менің қолтығымнан түртіп, ыржыңдап күліп:
─ Мен елді күлдіру үшін бір ауыз боғауыз әңгіме айтайын ба? — деді.
─ Қойыңыз, ақсақал. Мұнда келіндеріңіз отыр. Ол орынсыз болар.

─ Жоқ. Айтамын. ─ Қойыңыз. Басқа жерде айтарсыз, — деп зордан доғардым шутовские порывы Калибека. ─ Мен кешігіп келген себебім, бүгін Құрманғазының юбилейі екен. Оперный театрда үлкен мәжілісте болып қайттым, — деп кешірім сұрап Қаныш сөзін бастады. — Әлгі Ахмет Жұбанов байғұс жалғыз өзі торғайдай болып, суық залда фрак киіп, қалшылдап тұрып баяндама істеп, оркестрді басқарып... ─ Біз Кұрманғазыдан үлкен емеспіз ғой. Бұл дастарханға сол кештен кейін отырғанымыз бекер болған екен, -— деп мен Қаныштың сөзін бөлдім. ─ Ол өзінше өтіп жатқан мәжіліс қой. Сен келген соң, әдейі дайындалып едік... — деп Мұқаң күмілжи сөйледі.

─ Мен бір күлдіргі боғауыз айтайыншы, — деп килікті Қалыбек.
─ Келіндеріңізден ұят болар, қойыңыз, — дедім мен.

─ Ей, Ғабит! Меніңше, мынау өзі төбет, сырттан, көкжал болуы керек... — деді тілі күрмелген Қалыбек.

─ Меніңше, бұл... Әскери бутофория, — деді оған сыбырлап Ғабит. ─ Ал, Мұқа, Валентина Николаевна. Сіздерге көп рақмет. Біздің үйде ауылдан келген қонақтар отыр еді. Рұқсат болса, біз қайталық... ─ Неге, сондай асығыстық. Әлі үлкен ас алдымызға келген жоқ қой. Әдейі қой сойып едік сен үшін. Соның басын... ─ Рақмет, Мұқа. Дмитрий Федорович, Валентина Николаевна и Мухтар Омарханович нам разрешают покинуть эту кампанию, — деп Мұқаңның сөзін бөліп, мен жұбайымның шынтағын сүйеп орнымнан тұрдым. Снегин де жұбайымен орындарынан тұрды... Мұқаң сұп-сұрланып, күйбелектеп бізді киіндіріп есігінен шығарып салды. Көз жанарынан: «Бұл қылығыңды еш уақытта кешірмеймін» дегенін сезіп, есік алдында: ─ Қонақты таңдап шақыра білмеген өзіңіз кінәлісіз, Мұқа. Мен сізден кешірім сұраймын. Сау болыңыз, — дедім.

* * * Мен бір ай қызмет істедім. Я привел в порядок свои фронтовые записи и графический написал в двух схемах боевой путь панфиловской дивизии, в газетах, журналах, радио опубликовал свои некоторые статьи, рассказы, стихотворения.

Я работал в кабинете, отведенном для меня ЦК КПК.
Күндіз күтпеген жерден Мұқаң кіріп келді.

Столда шашылып жатқан қағаздар, жайылып жатқан екі дастархандай схемалар... Ол кісі таңдана қарады. Мен үстірт шолу істеп жатқандарымның сырын баяндадым. ─ Бұның бәрі өте ғажап нәрсе екен... Схемаларың қандай әйбат... Бұларыңды қашан аяқтамақсың?

─ Тағы бір жеті уақыт керек болар. ***

Келесі жетінің аяғында тағы да Мұқаң күтпеген жерден кіріп келді. ─ Мен Қанышқа көрген-білгенімді айттым. Кешір, сенің рұқсатыңсыз айттым... Әр мұраның арнасы бар... Сен бізге сырыңды айтып кеткін... Ұстара жүзіндегі заман... Расшифруй нам, что ты написал, что ты начертил... Қаныш мені саған жұмсады...

— Жарайды, Мұқа. Екі күннен кейін.

АКАДЕМИЯДАҒЫ БЕС КҮН

Конференц зал академии наук. Ограниченная аудитория. На стене две мои схемы. Төрде сам президент Сатпаев.

— Сегодня мы собрались — избранный круг работников науки, литературы и искусства — для того, чтобы, пользуясь пребыванием в Алма-Ате гвардии полковника Баурджана Момышулы, из его уст услышать ряд эпизодов из истории Великой Отечественной Войны и в частности, 8-й гвардейской дивизии имени генерала Панфилова.

Совершенно бесспорно, что события, которые протекают на наших глазах, станут достоянием всемирной истории, ими будут заниматься и исследователи будущего поколения. В этих величайших исторической значимости событиях, в ярких эпизодах, особенно важное и принципиальное значение для исхода Великой Отечественной Войны будут иметь события осени 1941 года, когда решалась судьба и происходили бои за Москву. Наиболее ответственные рубежи защиты Москвы, к чести и славе Казахстана, были поручены дивизии, сформированной в Казахстане генералом Панфиловым. Эти события для всех нас очень ценны и мы должны знать об этих величайших битвах. Полковник Баурджан Момышулы является не только участником этих ярчайших военных событий, но он является ведущим командиром, и тем ценнее для нас его беседа. Здесь присутствуют представители литературы, науки и исскуства, которые могут отразить в своих творческих работах ценнейшие эпизоды, рассказанные полковником Баурджаном Момышулы. Мы услышем ценнейшую беседу-лекцию гвардии полковника Баурджана Момышулы. Я думаю, что это будет проходить не в виде одной беседы, а в виде 3-4 лекции, органический увязанных и посвященных развитию и анализу деталей ярких эпизодов войны. Разрешите предоставить слово гвардии полковнику товарищу Баурджану Момышулы, — деп бітірді президент сөзін. Мен Қанышпен таныс емеспін. Ол кісі менің не істеп жүргенімнен хабарсыз адам болуы керек. Бірақ та Қаныштың сөздерін оқушым өздері бағалар. Қаныш ақылды, терең ойлы кісі екені даусыз. Бірақ та маған да, Қанышқа да ой салған, осы кездесуді ұйымдастырған Мұқаңның зеректігі екенін мен мойындаймын. Сансыз рақмет айтамын. Мұқаң болмаса, менің 36 сағат лекциям болмас еді деп ойлаймын. Я подозреваю, что текст вступительного слова президента Каныша было подсказано Мухтаром Ауэзовым, ибо Каныш меня совсем не знал и не очень лестно отзывался обo мне после моего демонстративного ухода из дома Ауэзовых не дожидаясь бесбармака — он считал этот мой поступок весьма бестактным...

После бурного аплодисмента присутствующих я начал: ─ Прежде, чем приступить к беседе, хочу вам доложить план этой беседы и предупредить вас об условиях ее проведения. Здесь должны присутствовать только те товарищи, которые намерены работать над темой войны... а тот, кто не будеть работать — тому, мне кажется, нет надобности присутствовать. Нужно для приличия соблюдать дисциплину, приходить во время и присутствовать до конца беседы. Беседы будут продолжаться четыре-пять дней в продолжении пяти-шести часов, поэтому я желаю, чтобы присутствующие были до конца, так как не хочу, чтоб у людей остались отрывочные впечатления. Поэтому требую систематического присутствия на моих беседах всех слушателей.

Беседа начинается в 12 и заканчивается в 17 часов.

Деликатного выступления я вам не обещаю, иногда у меня будут проскальзывать блиндажные обороты речи. Не примите, пожалуйста, это за резкость. Моя точка зрения по вопросам войны теоретическим и практическим может быть узкой и казаться некоторым даже наивной... Исходя из этого, я предупреждаю, что возможно, окончательную отшлифовку точку зрения вы найдете в моей трактовке редко.

Какой я предлагаю план работы?
Первый день — Бой и его психология.
Второй день — Волоколамское направление.
Третий день — Зимняя компания 1942 года.

Четвертый день — Итоги.
Пятый день — Выводы.

Менің қолымда ешқандай жазуым жоқ. Менің конспектім мына көз алдарыңызда тұрған схемалар ғана. Мен еркін сөйлегім келеді. Асық сөз айтсам, айыпқа бұйырмаңыздар... — деп бастадым мен сөзімді. Қаныш төрде, Мұқаң іргеде отыр. «Дұрыс бастадың...» дегенді мен Мұқаңның қабағынан сезіп, шешендік тұлпарыма міне бастадым. Кімге болса да бірінші жолығыс өте қиын жағдай. Аудитория мені сынап отыр, менің екі көзім аудиторияда. Сөйлеп тұрмын. Өңшең ғалым, жазушы, искусство қайраткерлерінің арасында бірінші рет сөйлеп тұрмын. Бірінші сағат — арбау, арпалыспен басталды. Мұқаң мені де, аудиторияны да бақылап, тыпыршып орнында зордан отыр. Қаныш «сен кімді ертіп келдің?» дегендей Мұхтарға оқта-санда көзінің қырымен бір қарап қояды. «Көріп, естіп отырсыз ғой» деп Мұқаң жалтақтайды. Мұқаң бір жағынан маған сенеді, бір жағынан менің дөрекі сөздерімді естіп сенбейді де. Оны сезген мен кейде сыбырлап, кейде айқайлап, кейде ақырып сөйлеп, арпалысып тұрмын... 20 минут өтті. Жоғарғы этаждан тарс-тұрс дыбыс шықты, біреулер балға ұрып, балта соғып жатыр — ремонт.

— Президент жолдас! Сіз сөзді маған бердіңіз бе, жоқ әлде өздеріңіздің әдепсіз жұмыскерлеріңізге бердіңіз бе? — деп сұрадым Қаныштан. — Я вынужден сделать перерыв, пока вы не приведете т.е. не призовете своих рабочих в порядок, — деп сөзімді тоқтатып далаға шығып кеттім...

Тып-тыныш, жым-жырт. Әңгіме қайта басталды. Басқалар менің айтқан психологиялық ережелерімді жазып отыр. Мұқаң болса, тек тыңдап, мені де, аудиторияны да аңдып отыр. Ол кісі оқта-санда қалам түртеді... Қос-қос стенографисткалар менің сөзімді жазып отыр. Аудиторияның ішінде жалғыз маймыл терісінен шубасы бар өте реңді, келбетті әйел Қаныштың оң жағында отыр. Оның алдында көзі бақырайған, алаңғасар, қошқар мұрын, жұпыны киінген қазақ отыр. Әйелге ол қырындап отыр. Жымия күліп езуін тарта әйел оған жауап қатады. Екеуінің көзқарас, қарым-қатынастары менің сөз желісімді кібіртіктетеді. Мен шыдап көрдім. Олар қояр емес.

Мен шамдандым: ─ Объявляю перерыв на 20 минут. Хочу дать возможность некоторым бестактным субъектам излить свои интимные чувства во время перерыва, — деп бұрылып шығып кеттім...

Тым-тырыс. Мен сөйлеп тұрмын, аудиторияда үн жоқ...
Сағат бесте үйге мені Мұқаң шығарып келе жатып:

─ Мана мен де, Қаныш та қатты қысылдық... Әлгі жігітке Қаныш қатты сөздер айтты.. Сен өзің ит екенсің дедім мен оған... Сазайын тартты ол...

─ Ол кім еді? ─ Былайша өте жақсы жігіт... О л өзі жақында ғана фронттан қайтқан ғалым... Ленинград блокадасының аштығын көріп, көтерем болып қайтқан... Ол Кәрім Мыңбаев дейтұғын жігіт болады... ─ Ол жігіт әйел жағынан да өте ашыққандардың біреуі болуы керек, — дегенімде Мұхаң күліп жіберіп. ─ Жоқ! Балалы-шағалы адам ғой. Бірақ та өзін-өзі ұстай білмегендігі болмаса...

─ Чтоб его завтра не было на моей лекции! ─ Қойғын. Ол өз кінәсін түсінді ғой... Кейін қалай отырды? Байқаған боларсың... Әлгі әйел болса, өте мәдениетті кісі. Ол искусствоның бір қайраткері... Қаныш екеуіміз екеуінің де сазайын тарттырдық... Сен оларға енді ләм деуші болмағын...

─ При повторном случае — я не обязан их уважать.
Я их выгоню из аудитории или сам уйду...
─ Жарайды. Бастамаң көпке ұнады. Қызулыққа тұсау салғын...
─ Құп!

*** Екінші күні. Сағат он екі. Жиналғандардың ішінде маған бір-екі адамның түрлері бейтаныс көрінді. ─ Президент жолдас! Кеше болмаған бір адам отыр осында. Шартымыз бастан-аяқ қатысу еді ғой. Маған «жолбикелердің» керегі жоқтығын мен ескерткен болатынмын. Олар шықпастан, мен сөзімді бастамаймын...

─ Кто тут посторонний? — деп ұяла сұрады Қаныш.
─ Лазве я, постоленьний? — деп бір еврей орнынан тұрды.

─ Мен кеше ЦК-да болып келе алмай қалып едім, — деп профессор Нығмет Сауранбаев орнынан тұрды.

─ Ну, как же товарищи... — деп Қаныш сасқалақтады.
─ Я не вмешиваюсь в ваши внутренние дела, — деп мен шығып кеттім.

─ Жаңағылар кетті. Қаныш сенен кешірім сұрайды. Жүргін күтіп отырмыз, — деді Мұқаң маған темекі тартып тұрған жерімде. — Сен еркін сөйлеп тұрсың... бірақ та кейбір сөздеріңді кейбір кісілер теріс түсініп қалып жүрмесін, — деді Мұқаң мені қолтықтап келе жатып. Зал жым-жырт отыр екен. Баяндама басталды... Ортасында бір-екі пікірді әдейі бұрмалай сөйлегенімде, отырғандардың екеуі қаламға түсіре бастады. Мұқаң маған таңдана қарап қалды. ─ Я знаю, что среди вас присутствуют сексоты, — дедім мен: — Секретные сотрудники. Им нет надобности записывать мои серые слова. Самый лучший доносчик на самого себя это я сам. Тем более мои слова стенографируются. Я этим гражданам рекомендую не портить воздух скрипами своих самописек, — дегенімде отырғандар күліп жіберді.

Лекцияның басқа күндері конфликтісіз өтті. *** Әр күні лекциядан кейін Мұқаң мені шығарып салып жүрді. Жол-жөнекей әдепті түрде пікірлерін, ақылдарын айтты... Мұқаң менің ақылгөйім, жетекшім болды. Мен ол кісінің пікірлерімен санасып, кейінгі лекцияларымды өңдеп оқыдым, бірақ та Мұқаң мені шідерлеп тізгіндеген жоқ. Осы уақытқа дейін ол кісінің сол кездегі маған істеген ағалығына мың алғыс айтудамын. *** Мен Ғайникамалмен Жүсіпбек Елебековтің үйінде қонақ болдым. Қайтып келе жатып, оперный театрдың алдындағы қараңғы көшеде мұзға тайғанақтап құладым. Қатты құладым — басымды соғып алдым. Орысша айтқанда, у меня получился сотрясения мозга. Ол кезде жасым 33-те. Жастық жеңді. Бірақ та ақырғы лекцияма басым дың-дың болып бардым. Мұқаң менің түрімді көріп, шошып кетті.

─ Саған не болды?
─ Кеше мұзға тайғанап құладым.
─ Онда бүгінгі күнді доғарта тұрсақ қайтеді...
─ Жоқ. Басталған нәрсені аяқтайын, Мұқа. Бүгін қорытынды күн ғой.

─ Қайдам. Өзің білгін. Әліңе қарағын...
─ Не беспокойтесь, Мука.

Я не писатель и вероятно никогда им не буду, не научный работник и никогда им не буду. Я вам сначала доложил, что вся работа, которую я провожу, и о которой имел честь доложить вам, диктует мне солдатский долг перед памятью погибших и пострадавших товарищей. Мне диктует память в порядке свидетельских показаний, такой разумной аудитории как вы, рассказать все, что я видел, этим самым оставить след происшедшего. Больше я никаких целей не преследую, ни на что не претендую. Я очень благодарен вам, что так внимательно меня слушали, и должен принести извинение за некоторые резкости, которые я позволил себе. Но опять так и, эта резкость была вызвана, по моему мнению, происшедшими здесь... Я не мог доверять широкой публике такой материал и поэтому благодарен товари¬щу Сатпаеву, который пригласил вас для широкой аудитории у меня будет несколько иной материал. Вы приглашены сюда, чтобы принять участие в последующей работе. Над этим материалом надо работать, не для меня работать, а за сотни тысяч бойцов, которые еще сражаются сейчас на фронте. Нужно работать для опыта поколения. Я не утверждаю, что все сказанное мною правильно, там, возможно и есть много неправильностей. Я не утверждаю, что высказанное мною соответствует точным цифрам, датам, могут быть некоторые отступления, но я честно доложил свою точку зрения и поэтому, то что сказано мною никого ни чему не обязывает.

─ Өте, дұрыс! — деді Мұқаң. ─ Я свои последние слова говорил адресуя именно вам и Мусрепову, — дегенімде отырғандар күлді. Мұқаң қызарды. Мүсірепов төмен қарап отырып қалды.

— Все сказанное в отношении моего полка — правильно.

Главный полковник этого полка — Я. Авторские права за все сказанное я оставляю за собой, не с точки зрения издания, а с точки зрения архивного материала. Беседа была проведена в соответствии с желанием президента и аудитории, с учетом круга интересов присутствующих. Эти обстоятельства наложили свой отпечаток на всю беседу. 1. Было потрачено много времени на общую часть (на теорию вопросов) с частными повторами некоторых положений, трактовок, элементарных понятий, быть может излишних комментарий и раз «яснений, что в обычной обстановке (в военной аудитории) не требовало такой расплывности и поучения. Мұқаңның бірінші хатына мен уақтылы жауап қайтарғам. Кешікпей ол кісіден екінші хат алдым. Менің бұрынғы хатта айтқан пікірлерімді ұнатып жазыпты. «Абай» романының бастама кітабын жіберіпті. Кітапты оқып шығып, мен кешікпей, өзіме қалай әсер еткенін, өз пікірлерімді талдап үлкен хат жаздым. Ол хатты Мұқаң көп адамдарға көрсетіп те, оқып та беріп жүргенін бірнеше жолдастар маған ризалық ретінде жазды да. Содан бастап хат алысуымыз жиілей бастады... «Намыс гвардиясы» деген пьесасын Мұқаң маған жіберді. Оны да мен шұғыл оқып шықтым. Маған ұнамады. Ол туралы мен ол кісіге ашық та, ащы да жаздым!

МҰХТАР АҒА

Почему-то по-казахский не пишется — извините.

Я вам писал, что современная война не является войной мушкеторов и пикатеров и офицеры Отечественной Войны (имею ввиду настоящего, а не всякую шваль в мундире) — вам не рыцари XVІ века., в основном они делятся на три категории: офицеры ближного боя, офицеры тактического соображения и назначения, офицеры оперативно-стратегического соображения и назначения. В этой войне скорее на поле боя ум ума почитает, чем черная сила (қара куш) горячий азарт гладиатора — люди стали умом, уменьем воевать. Как же вы могли допустить неосторожность с «Намыс Гвардиясы» слишком наивную доверчивость — получилось неестественное, печальное несовместимое вашего золотого таланта, полной художественной силы, беспредельно богатого, гибкого, маневренного, сочного и насыщенного разумной логикой языка — с невежеством, узким кругозором недалеким умом вашего соавтора. Ведь богомазы никогда не считались художниками, хотя они малевали лучше, чем любой художник, т. к. изпод кисти богомаза никогда не выходило полотно реальной жизни... Ах, как жаль, и становится обидно, когда истинный художник, сотрудничая с невеждой, неосторожно выглядит богомазом. В пьесе совершенно отсутствует порядок, нормы военного и гражданского поведения и такта, доходящей до порнографической вульгарности — то эта дура Нина с необузданными интимными чувствами, подставляющая уста при каждом удобном и неудобном случае для поцелуя? К чему расхваливать Алентину, приписывая ей разную небылицу? Где же сила приказа, его безотлогательность, реальность расчета властного повелевающего командира? Что за рассуждения, разглагольствования вокруг выполнения боевой задачи и что за торговля и добровольности и умоляющая просьба — кому идти головным? Откуда вы взяли шапкоиздательские победы, без упорного сопротивления, критического положения, иногда и временного поражения? Что за шум, гам и без умолка, до тошноты, ура? Куда вы дели полновластного офицера, навязывающего свою волю не только подвластным ему воинам, но так же и противнику — даже Панфилова показали, как мастера рукопашного боя. Неужели вы не понимаете? Что такое тактика и стратегия? Нельзя же рассматривать всех, как солдат с винтовкой со штыком. Где же военная наука, оперативно-тактические замыслы, тактико-стратегические значение операции (боев) и реальное положение сторон в обстановке. Куда вы дели кроткого солдата, повинующегося, безукоризненного, честного, бравого, отважного, простого вояку, а ваш Толеген скорее клоун для сцены, чем солдат на поле боя. Я часто резок и груб с друзьями — это мой недостаток. Очень сожалею, что могу помочь только наказанием за ваши оплошности. С глубоким уважением к вам — ваш Бауржан». *** Бұдан кейін Мұқаңнан хат өте кешігіп келді. Ол кезде соғыс. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» демекшінің салдарынан болуы да мүмкін — Мұқаң ол хатында «Бәрін мойындаймын...», «...бізге өстіп тікелей айтатын ақылгөйлер жоқ. Сенің айтқандарың маған көптеген ойлар салды», — деп басқа да жақсы лебіз-тілектерін білдіріп жазғанмен, қалам ұшының астарында көңіліне ауыр алғандықтары сезіліп тұрды. «Дидарласпай тұрып, араздаспалық...» деп мен кешірім сұрап, қысқаша хатпен жауап қайтардым. «Әділ сыныңды, пайдалы пікірлеріңді көңіліме ауыр алғаным жоқ...» деген ойларын Мұқаң қарта жазып жауап қайтарып, өз тарапынан менен кешірім сұрапты.

Бірінші шекісу мен бекісу арамызда солай басталды.

СӘБЕҢ ЖАРЫҚТЫҚ...

─ Сәбең (Сәбит Мұқанов) жарықтық мені жақсы түсінетін. Не айтсам да, көтеруші еді. Бірде көңіліне тиіп қалғаным. Сасып, сұп-сұр болған кезде бетінің шұбары тереңдеп кетеді екен.

─ Әп-е, — деп, біраз үндемей отырды да, әлден соң: ─ Әй, Бауыржан, Мәриям жеңгең қазы асып жатыр еді, — деді. — Әлі піспеген көрінеді. Екеуіміз саяхаттап, серуендеп кеп соны жейік. Серуенде әлгі тақырыпқа қайта оралмадық. Өзі бір нәрсе бастайтын шығар деп мен үндемеймін. Көп жерге ұзап кеттік. Сәбең және қылжақ кісі болатын. Арадағы ренішті ұмытайық деді ме, күлкілі әңгімелерді соға берді. Мен күліп қоямын. Медеу шатқалына қарай біраз жүріп тастаппыз. Сәбеңнің палатасына келдік. Қазы дегенге жылқының қазысы ма десем, қозының үлкендігіндей үйректің ағайыны, кәдімгі қаз екен. Мәриям жеңгей тамақ әзірлеуге ұста ғой. Шара толы қаздың етін Сәбеңнің алдына қойды. Ол рахаттанып отырып кездікпен қанат, борбайын бөлшектеп тұрады. ─ Мәриям, Бауыржан екеуіміз жақсы әңгімелесіп қайттық, — деді сосын. Тамақты жақсы жейді екен. Мен шұқылап қоям. ─ Әй, Бауыржан, асап-асап же. Сен батырсың ғой. Батырдың ыстық быламық ішкені туралы мынандай аңыз бар, — деп соғып отыр. Мен білетін қазақ жазушыларының арасында дәл Сәбеңдей әңгімені қызықты етіп айтатын ешкім жоқ. Тамақтан кейін біраз әңгімелесіп, Сәбең мені жоғарыдағы санаторийге шығарып салды. Жолда: ─ Бауыржан, бүгін жақсы әңгімелестік, — деді. Дауыс ырғағынан мұңайғанын сезіп келем. Серуенде де, үйінде де бәрін жуып-шаям деді. Мен болсам, бедірейіп, түсімді жылытпадым.

Кенет «аһ!» деп күрсінді. «Е, өкініп келе жатыр екенсің ғой, шал» дедім ішімнен. Обалы не керек, Сәбең сонда мені дұрыс түсініпті. Олай дейтінім, ертесіне өзі кеп тағы мені серуенге шақырды. ─ Әй, Бауыржан, біз пәлен жылдан таныспыз. Бірақ та, менің байқауымша, сен бетің бар, жүзің бар деместен, ашық айтады екенсің, тіке айтады екенсің, — деп екі минуттай үндемей қалды. Мен жауап бергем жоқ. Сәбең шыдай алмай:

─ Сен кеше маған қатты сөз айттың. Мен де саған қатты сөз айтам. Көтергін.
─ Айтыңыз, Сәбе.

─ Осынша атағың бар. Тағы да сен атақты ақымақ емессің, білімің бар. Текті жердің баласы екенсің. Көп нәрседен ұғымың бар екен. (Айқайлап келе жатыр). Бірақ та сен соны бағаламай жүрген ақымақсың, — деді. ─ Сәбе, дұрыс айтасыз. Бүйтіп айтып отырған себебім, екеуіміз екі заманның адамымыз, — дедім мен.

Сәбең таң қалды. ─ Менің ұшқан ұям сіздің ұшқан ұяңызға ұқсамайды. Мен сіздің мектебіңіздің адамы емеспін. Менің мектебім басқа. Мен Сәбит Мұқанов бола алмаймын, сіз Бауыржан Момышұлы бола алмайсыз. Сіздің айтқандарыңыздың көбі маған сабақ. Неге десеңіз, сіздің көргендеріңізді көрген, сіздің болған жерлеріңізде болған жоқпын. Ал, енді түсіне білсеңіз, сіз де менің көргендерімді көрген жоқсыз. Менің түсінігімше, Сәбе, арамыздағы қайшылық осында. Біз сізді білеміз. «Ия, бізден бұрын осылай болған екен ғой, қалай болған екен?» деп ойлаймыз. Ойлайтын себебіміз — біз ол заманда болған емеспіз. Ал, сіз бізді білмейсіз. Білем деп тырысасыз. Саумал сүтке бір қасық ашыған айран араластырсақ, ол іриді, ұйымайды. Айран дегенді өзіңіз білесіз ғой. Біздің елде шикі айран деген бар. Сіздерде қалай екенін қайдам, оны бізде ешкім ішпейді. Біздің елде сүт пісіріп, оны суытып, бір ожау ма, жарты ожау ма, айран ұйытқы салып, үстіне көрпеше, кілем бе, орамал ма жауып, үйдің іргесіне қояды. Мұны жатар алдында істейді. Таңертең қазанның қақпағын ашсаңыз, бір елі қаймағы бар ұйып тұрған қою айранды көресіз. Біз соны ішетінбіз. Ұйытқан айран сіңімді болады. Шикі айранды ішіп көрген емеспін. Сіз өзіңіз академиксіз, үлкен жазушысыз. Сіз сияқты басқаларымыз да бар ғой. Оны өзіңіз білесіз. Бірақ та ренжитінім — ұйытқылы, ұйытқысыз айрандарды осы күнге дейін ажырата алмай жүрсіздер.

─ А-а? Айт, айта бер, Бауыржан. ─ Айта бергенде, Максим Горький шешесінен дана боп туған жоқ. Әрі-беріден кейін кәмелеттік аттестаты да болмаған. Қолына таяқ ұстап, күллі Ресейді жаяу аралап шықты. Ол кісінің «Менің университеттерім» деген кітабының аты дұрыс қойылған. Ол өмірден алдым, көрген-білгендерімді жаздым деген сөз. Иван Сергеевич Тургеневке тоқталсақ, ол кісі Горький сияқты бір тиынсыз кедей болған жоқ, дворян, помещик. Ол кісі фаэтонға мініп, не қазіргі машинаға мініп аңға барған жоқ. Жаяу жүрген. Жолдағы жолыққан шаруалардың (ол кездегі орыс шаруаларын білесіз ғой) үйіне аялдап, дастарқандас болып, дворянство-мворянство дейсіз бе, бәрін тастап, халықпен қоян-колтық араласып кеткен. Ол өте білімді кісі болған.

Баукең әлденені есіне түсіре алмай, қиналып: ─ Жалғыз баласын жалғыз көмген жазушының аты-жөні кім еді? Ұмытып қалғанымды қарашы, — деп қолын сермеді. — Е, мейлі, кейін есіме түскенде айтып берермін. Лев Николаевич Толстой, Проспер Мериме, тағы басқа нақты кісілер бай болған. Соған қарамастан, халықпен қоян-қолтық араласқан.

Соны айта келіп:
─ Сіздер ше? — дедім дауысымды көтеріп. — Қысы-жазы Алматыдан шықпайсыздар.
Сәбеңе бұл сөзім де қатты тиді. Бөлмесіне келдік.

─ Әй, мына жаман қайныңмен біраз саяхат істеп, рақаттанып қайттық, — деді Мәриям жеңгейге. Нендей жағдай болғанын ол кісі түсінген сияқты, күле қарсы алғанымен, үндемеді.

Сәбең мені тағы шығарып салды. Қоштасарында: ─ Әй, Бауыржан, елге барсаң, саған қиын болады, — деді тамағын кеней сөйлеп.

─ Неге, Сәбе? ─ Сен қарап жүрмейсің, фікір (ол кісі «п» дыбысын «ф» деп сөйлейді екен) айтасың. Ал, кейбір басшылар фікір айтқан кісіні жек көреді. ─ Сәбе, бұл ағалық жанашыр көңіліңізге рақмет. Мен біреулер жек көреді екен деп сүмірейіп, үндемей жүре алмаймын.

─ Иә, сен фікір айту үшін жаралғансың, — деді Сәбең күліп.
Бұл, түсінсем, маған берілген үлкен баға ғой...

ТҮСІНУ

Москвада Сәбең тағы кездесіп қалды. Қарасам, мұрты жоқ.
─ Сәбе, мұныңыз қалай? Мұртыңыз қайда?
─ Е, ақ кірген соң, әдейі алдырып тастадым.

─ Жоқ, Сәбе, мұныңыз болмайды. Қартаю — өмір заңы. Неше жылдан бері мұрт қойып келіп, енді алдырғаныңыз жараспайды. Бұл адалдық емес.

Содан Сәбең Алматыға барған соң мұртын қайта қойыпты. Мәриям жеңгей:
─ Неге қайта мұрт қойдың? — деп сұраса:
─ Бауыржан өстіп ұрысты. Содан соң қайта қойдым, — депті.

─ Әп, бәрекелді Бауыржан қайным әбден дұрыс істеген екен, — деп Мәриям жеңгей әзілдеп күліпті. Сәбеңнің тілімді алғаны түсінгені ғой, қарағым. Адамдар арасындағы ең қиын, ең қымбат нәрсе — бір-бірін түсіну. Сәбит Мұқановпен 1928 жылдан таныс едім. Ол кезде Шымкент қаласында мектеп оқушысы болатынмын. Таныс едім деген сөзді сол жылдан бастап Сәбең кітаптарын бас алмай оқып, ондағы тап тартысына толы қызық уақиғаларды құныға бойға тоқып жүрген кезім деп ұққанымыз абзал. Ал, енді Сәбеңмен жүзбе-жүз кездескен жайымды айтайын. 1943 жылы мен отыз үш жасқа толдым. Майданда жарақаттанып, әскери госпитальда емделіп шықтым. Осыдан кейін денсаулығыма байланысты маған екі айлық демалыс берілді. Онда әскери дәрежем полковник, дивизия командирімін. Демалысқа берілген екі айды елде өткізбек мақсатпен Алматыға жол тарттым. Екінші Алматының темір жол вокзалында мені Қазақстан Жазушылар одағының председателі Сәбит Мұқанов басқарған бір топ жазушылар және басқа да беделді, белгілі деген өнер, мәдениет қайраткерлері қарсы алды. Аты аңызға айналған , үлкен жазушымен тұңғыш дидарласуым осылай басталып, күні бүгінге дейін мен үшін аса тәтті сол бір күннің әрбір деталі есімде қалып қойды. Сол жолы Алматыда екі ай аялдадым. Сәбең көбіне бірге болды. Менің Ұлы Отан соғысы күндері халыққа сіңірген азын-аулақ еңбегімді қызу насихаттап, кездесулер мен мәжілістерде айтып жүрді Кейде мен бұған өте ыңғайсызданатынмын. Сөйтіп, бұл жағдайымды Сәбеңе ара-тұра айтсам: «Ей, Бауыржан, қазіргідей халық басына қатерлі күн туып, ерлер етігімен су кешіп, ғазабат ауыртпалықты мойнымен көтеріп отырған уақытта, қан майданда өмірін оқ пен отқа тігіп ел қорғаған азаматтарды қалай мақтасақ та артық емес. Ал, сен болсаң, сол ардагерлеріміздің бірісің», — дейтін. Сол жолы Сәбең үйіне шақырды. Бұл қонақасыда қазақ әдебиеті мен өнерінің, мәдениетінің белгілі қайраткерлері де бірге болды. Мәселен, тап сол күні қазақтың қадірлі қаламгерлері — Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, өзімнің кластас досым, бірге оқыған жолдасым Әбділда Тәжібаев, Әлжаппар Әбішев ағайлармен, бұлбұл әншіміз Күләш Байсейітовамен, театрдың белгілі тарланы Қанабек Байсейітовпен және басқалармен Сәбең дастарқанының басында тұңғыш рет дидарласып отырдық. Сөйтіп, Сәбең қазақтың жақсылары мен жайсаңдарын танып-білуіме, сыйлас болуыма көп себін тигізді. Сәбеңнің арқасында сол жолы ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевпен де мәжілістес, пікірлес болып қайттым. Ол ол ма, Сәбең мен Қаныш ағаның ұйымдастыруымен Ғылым академиясында отыз алты сағат лекция оқуыма да тура келді. Қайран Сәбең аңқылдаған, аузын ашса көмейі көрінетін ақпейіл, адал азамат, кереметтей көпшіл, ағаға іні, ініге аға, бауырмал кісі еді-ау. Мен сол алғашқы кездесудің өзінде-ақ Сәбеңді солай танып-ұғып, отыз жыл бойы сол пікірден бірде-бір аумай, ауытқымай адал досы, сыйлас інісі болуға күш салдым. Сәбең ақылдылығына қоса өте кішіпейіл, ретті жерінде әзіл-оспақшыл, мысқылшыл еді. Осы қасиеттерінің барлығы суырып салма, ақпа шешендігі мен айтқыш импровизаторлығына орайлас келіп жататын. Сәбит аға, бері салғанда, өзімен жақсы араласқан кісілеріне, әйтпесе жалпы қазақ әдебиеті мен өнеріне үлкен қамқоршы болатын. Қашан да соның қамын жеп, қамқорлық жасап жүретін. Бір жақсысы екеу, екеуі төртеу болса екен деп ойлайтын. Жақсыны жайсаңға, өнерліні өнерпазға таныстыру, қатыстыру, білістіру борышым, міндетім деп ұғатын. Үлкен басымен сол жұмысты өз мойнына алып жүретін. Әлі есімде, Алматыдағы екі айлық демалысымды өзімше жақсы өткізіп, енді бірер күнде майданға қайтамын ба деп жүргенімде, Сәбең маған: «Әй, Бауыржан! — деді бір күні үйінде түстеніп отырғанымызда. — Мен бір білместік жіберіп алыппын, кешір, ұят-ай, ұят-ақ болды», — дегені. Мен ол ненің ұяты екенін білмей аңырып отырып қалсам керек. Сөзді өзі бастап кетті: «Біз бүгін кешке қарай немесе ертең таңертең Жамбыл қарттың аулына барып келейік. Алдын көріп, сәлем беріп қайтқаның орынды болар», — деді. Сөйтіп, Сәбеңнің арқасында ғасырымыздың ұлы жырауы Жәкеңнің де алдында болып, сарқытын ішіп қайттық. Сәбең бойындағы бар дарыны мен жақсы қасиеттерін туған халқына, қоғамға сарқып беруде бәрімізге үлгі еді. Соғыстан соң Москвада Бас штабтың академиясында оқып жүргенімде, Сәбең Москваға келген сайын мені іздеп тауып алатын. 1952 жылы күзге салым Сибирьде бригада командирі болып жүргенімде, кезекті демалысымды алып Москва арқылы Сочиге дем алуға кетіп бара жаттым. «Москва» қонақ үйінде Сәбең ұшыраса кетті. Шұрқырай амандасып, мені өз бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. Келсем, Мәриям жеңгеміз де осында екен. Қуаныса қауыштық. Осы жолы әдеттегідей тағы да әдебиет жайлы сөз болды. Мен өзімнің «Сибирь», «Доктор» деген өлеңдерімді оқып бергенімде, Сәбең толғана отырып: «Әй, Бауыржан, сен мына өлеңдерді текке қор қылып жүрсің. Бұларды қалайда жариялатып жарыққа шығарту керек. Сонан соң кешегі өткен жер жүзілік қырғын соғыстың сыры мен сипатын, халыққа алып келген қайғы-қасіретін қазақта сенен жақсы танып-біліп, түсінетін адам кемде-кем. Сондықтан сол жайды қағаз бетіне түсіріп, халқыңа, ел-жұртыңа, замандастарың мен туыстастарыңа, болашақ ұрпаққа пайдасы тиетіндей кітап етіп жазып беру — азаматтық міндетің», — дей отырып тағы да көп жайды мысал етіп таратып айтып кетті. Менің бір байқағаным — Сәбеңмен дос-жаран, сыйлас, пікірлес болып жүргендердің қай-қайсысы болсын, бір кісіге өзгеше қарыздар-ау деп ойлаймын. Ол кісі — Сәбеңнің өмірлік серігі Мәриям жеңгей. Үйіне қашан, қай уақытта барсаң да, Мәкең жарқын жүзбен қарсы алар еді. Берекелі дастарқанды кең пейіл көңілімен әдемі әзіл-оспағын айта жүріп жая білетін Мәриям жеңгеміз Сәбеңнің өз ғұмырында көп адаммен достас болуына себепші болғаны анық. Бір жолы әзілдеп Сәбеңе былай деп едім: «Сізді құдай жарылқаған екен, Сәбе. Егер де Мәриям жеңгейге үйленбесеңіз, осындай салиқалы да сарамжал кісіден өмірлік серік таппасаңыз, әй, қайдам, тап қазіргідей атақты Мұқанов атты халық адамы болуыңызға шүбәм бар», — дедім. Жарықтық Сәбең мәз бола қарқылдап күліп: «Әй, Бауыржан, ол дұрыс, ол дұрыс», — деді. Қазіргі кезде мен орыс тілінде «Люди и встречи» деген документа шығарма жазып жүрмін. Ондағы мақсат — өзім ұстаз тұтқан, ұлағатты сөздерін өнеге еткен кісілер туралы шама-шарқымша айтып берсем деген ой. Осылардың бел ортасында Сәбең де бар. *** 1) Менің жеке пікірім: мен ученыймын...

Өткенде сені бір кісі оқымысты емес деді. Оқымаған деді. ─ Әй, сен оның оқығанын оқыдың ба, оқу деген іздену (поиск) деген сөз. Оның жөні бөлек. Тыңдамасаң, кет деп, өзің білетін сөздерді айттым... Мен ғылым докторы да емеспін, бірақ та осы күнге дейін ізденемін, ой жүгіртемін. 2) Дұрыс... оқымасаң, мен сені жек көремін. Мұны түсінбеген кісі адам емес. 3) Ақымақтың арты ашылса ғана түсінеді, онсыз түсінбейді. Оған дейін өзін гений санайды.... Ауырып жатқанымда, солар келіп ашты. 1-сі Сәбит Мұқанов, көңіл сұрауға келіпті.

— Әй, Бауыржан, сені ел ер азаматы, — дейді дегенде-ақ:

─ Н..н.. түсінікті, Сіз менің көңілімді сұрағалы келдіңіз бе әлде ермек керек пе? — дедім.

─ Әй, көңіліңе кеп қалды ма? — деді.
─ Жалпы ақымақ жоқ, — дедім.

Айтпайды екен ғой. Бірақ не айтарын біліп отырмын. Сәбең аузы ашылса, көмейі көрінетін кісі ғой... Мақсаты: Б. Момышұлы Қонаевқа жақын, ұлы жүз. Жақында мен 70-ке келемін, геройлық алып береді деп келген екен. Осы ойын айтты да:

─ Түркіменнің Берді ағасы герой алды, мен сонан кеммін бе? — деді.
─ Сәбе, кешіріңіз. Қатты қателесіппін — мен сізді бұлай деп ойламаушы ем.

Біз оңтүстіктенбіз, біздің тіліміз сыртпен араласқан. Көңіліңізге келмесін. Сіз геройлықты алмайсыз, берсе, өкімет қателеседі, — деп ем:

─ Ей, мұның қалай, — деді. ─ Алмайтын себебіңіз бар. Өйткені, сіз өзіңіз өз үстіңізге арыз жазған кісісіз. Орыста бір мақал бар, ол есіңізде жоқ екен-ау. «То, что пишешь пером, не рубишь топором» деген. Дәлел керек жоқ. Сіз арызқой адамсыз. Сізді біреуді жақсылайды дегенді естісем, құлағым керең болсын, — деп ем, ол таңғалып қалды. — Сіздің арыздарыңызды мен жатқа білемін, — дедім.

Сәбең сұп-сұр болып кетті. Оның ойы мені сату.
─ Сіз мені сата алмайсыз, мен геройлық бер деп Қонаевқа айттым.

─ Я, знаменитый международный полковникпін. Ол рас, бірақ та, неге Герой Советского Союза болмадым деп мен өкініп жүргенім жоқ. Менің атым әлемге шыққан, это никто не может отрицать. Сол маған жетіп жатыр, құдайға шүкір, — дедім.

─ Ал, сізде ынсап жоқ, алжыған шал екенсіз ғой, — дедім. Оған дәлелім бар.
Анада ЦК-да жиналыс болды, сонда 16 томымды бас дейсің.
─ Сәбе, 10 том жетеді, — десе,
─ Жоқ, 16 том болсын, — дейсің. Ол рас қой.

─ Бұл бір ағаттық, көріңіз, — дедім. — Мысалы, мен оқырманмын. Ит пен құсты оқымасам, мен Бауыржан болмаймын. Мен сіздің 16 томыңызды оқығаннаң бірі боламын, бірақ та қорғасаң қорға, атсаң ат, не оқығаным есімде жоқ. Кешіріңіз есімде жоқ, — дедім.

─ Ей, сен ит екенсің ғой, — деді. ─ Жасыңыз үлкен, сондықтан тілім қысқа. Кім ит, кім шошқа екенін құдайдан сұраңыз, — дедім. Бір нәрсе айтып келе жатыр еді.

─ Сәбе, мен ауырып жатыр едім, үйіңізге қайтсаңызшы, — дедім. *** С. Мұқанов телефон соқты... Ойладым не үшін звонить етті деп. Оған Абай, Жамбыл, Мұхтар еш нәрсеге тұрмайды екен... Астапыралла... Құлыйизм (...руын құл жасырады, немесе қу жасырады). Мен оған өте өкпеледім. Я был очень возмущен словами Муканова. Неге? Себебі ол мені ақымақ санап, жұмсағысы келеді екен. Оның даусының екпінінен-ақ оның сырын аңдадым. Ол өзін сьезге председатель болуға предложение жаса деген ой білдірді...

Сәбе, на съезде председательствовать буду я, а не вы.
Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді.
Осылай шекспирство көрінеді, —
дегеннің авторы мен емеспін. Мен ұлы жүзбін, менің жасым үлкен.

Сәбе, мені дұрыс түсініңіз. Қазақтың тарихында бірінші двухязычный жазушы менмін. Сондықтан мен председательдік етемін. Соны біліңіз.

─ Я, коварный человек... Сіздің руыңыз кім болады? — дедім.
─ Мен Кереймін ғой, — деді.
─ Кешіріңіз, Сәбе, керей деген сөздің тамыры не? Соны айтып беріңіз.
─ Енді қазақтың бір руы ғой.

— Жоқ, керей деген қазақты естіген емеспін.

─ Әй, онда біз кімбіз? — деп айқайлады. ─ Ақсақал, кешіріңіз керей нешеге бөлінеді, соны айтыңыз, содан соң жауап беремін.

─ Ии... мені құдай атып қалды ғой, — деді. ─ Сіз уақ керейсіз, оны орысша мелочный дейді, түсінбесеңіз оны майда керей деген сөз...

Сіздің библиотекаңызда философский словарь бар ма?
─ Е, басқасы болмаса да, ол бар ғой, — деді.
─ Онда соны қолыңызға алып оқыңыз, онда «О» дейтін буква болады.
─ Әй, Бауыржан, сен ойсынсың ғой, — деді.

─ Мен ойсын емес, үйсінмін, — дедім. — Өйтіп мені кемітпегін. ─ Ол сөз «оттауизм» деген сөз, соған түсініңіз. Ал, енді қазақтағы бірінші классик кім екенін білесіз бе?

─ Енді Бұқар, Абай... — деп санай бастады. ─ Кімнің классик екені сонда жазылған, оны да оқыңыз. Оның алфавитін айтып берейін. Алфавитті сіз білесіз ғой. Алфавиттің бірінші әрпі «А»-дан басталады, яғни бірінші классик — Ахмет Байтұрсынов. Тіпті, Мағжанның өзі осыған қол берген, — дедім... екінші ақын кім, соны айтыңыз?

─ Мағжан, — деді.
─ Үшінші ақын кім? — дедім.
─ И, үшінші ақын Бейімбет, — деді.
─ Дұрыс емес, — деп тастадым.

─ Қазақтың поэзиясында Мағжаннан соңғы ақын Жүсіпбек Аймауытов болады. Ол кісінің «Тән жүйесі, жан жүйесі» деген кітабын оқығандардың бірімін. Жүсіпбек — философ, психолог. Біздің қазақтың тарихындағы ұлы педагог, ақын кісі болған... Оған документальный дәлелім бар. Ол кісі қазақтың бірінші гимнінің авторы, гимн дегенге түсіне біліңіз, Сәбе...

─ Арғы атам ер түрік,
Біз — қазақ еліміз,
Сары арқа сайран көл, жеріміз, — дегеннің авторы Жүсіпбек деп тастадым.

─ Әй, әй, Бауыржан, — деп ашулана бастады. Тегінде жаман адам ашуланшақ келеді.

─ Ол саған жақсылық істеді.

Ол кісі ақын болған кісі, Сәбе, оны ұмытпаңыз. Ал, ол кісіден өлең керек болса, мен оны жатқа білемін. Ал, сіздің бір ауыз өлеңіңізді де, өзімнің өлеңімді де жатқа білмеймін. Міржақып Дулатов — қазақтан шыққан бірінші романист. «Бақытсыз Жамал» деген өлеңмен жазылған романын оқыдыңыз ба? Соның эпиграфына түсінесіз бе, жоқ па?

─ Әй, о не? — деді.
─ Ол бастама деген сөз, Жаршыбай ақсақал солай түсінетін.
Дулатовтың:
Міржақып төмендердің аласасы,

Сөзінің бар ма, жоқ па тамашасы,
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,
Қазақша бір роман жаза салшы, — деп бастаған.
Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді...

Осылай шежіреде көрінеді.
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар,
Істеуге өз қызметін ерінеді, — деп қайғырады.
─ Ал, енді Сәбе, современный Дулатовты тыңдаңыз.

─ Ол кім, ойбай-ау, — деді.
─ Полковник, жазушы Б.Момышұлы.
«Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең,
Дайынмын отпен суға, маған сенсең!

Арыңды ақ ниетпен ақтамасам,
Ризамын теріс қолмен бата берсең»...

*** ...Бүгін мен сағат 12-де келдім. Үйде үш ай болмап ем. Үш ай ішінде көрмегенімді көрдім... Шыдай алмадым. Сырымды сыртқа шаға алмадым.... Аяғым ауырса да, жеті квартал жаяу жүрдім (таяғым есімнен шығып, таяқсыз жүрдім). Баяғыда құланға жеткізбес жүйрік едім. Кібіртіктеп сүйенер ешкімім жоқ, абайлап қана таяқсыз жүрдім. Аяғым шыдамады, менің басым айнала бастады... «Көшеде қулап қалсам, ұят болар, қолымда сүйенер таяғым да жоқ, бұған да көндік алла тағала», — деп ерегісіп қадамымды баса бердім. «7 кварталды» адымдап басып өттім... Жазушылар Одағына зорға жеттім. «Неге келдім?» деген сұрақ баспалдақтан мені тоқтатты... Өзімше ойландым, толғандым... Үйім бар деп келгенім жоқ, кімге барамын, мыналарға мен неге келіп отырмын? Үйден құр қалған сорлыға, мына сарайдан не күту керек деп ойладым, дағдарып қалдым. Өзің келдің, өз обалың өзіңе,— деді ата аруағым. Неге келдің, кімге келдің? Қайда барсаң, сонда бар,— деп маған ұрысты...

Күтпеген жерде маған күш бітті... «Ассалаумагалайком, Бауке» дегендер маған көбейіп кетті. Кейін танимын, кейін танымаймын. — Иә, қарақтарым, жақсымысыңдар, үй-іші, келін, бала-шаға қалай? —деп жылы сәлемге мен де жылылық білдірдім... Екінші қабатқа шықсам, 3-4 жігіттің қоршауында Сәбит Мұқанов тұр екен.

─ Ассалаумагалайком, Сәбе, — дедім мен. ─ Әлик салам, — деді Сәбең. — Бауыржан, сен ауырып жатқанда бара алмадық, өзіміз ауру болдық, айналайын,─ деді. Күтпеген жерден бір басы таз біреу келіп: «Салаумағалайком, Бауке»,— деді. Өзі қысқа, қара, ит қаппаған біреу екен. Ол сөзімізді бөлді... Мені мадақтады да мақтады. Сәбиттің сөзін бөлді...

─ Сіз кім боласыз? — дедім.
─ Мен Бекболат боламын. Мен старый болшевикпін,— деді ол.
─ Мен де Бекболатпын. Сәбит жалтақтай берді.

─ Сәбеңмен көптен бері көріспеп ек, әңгімелесіп отыр едік, ал, сіз не айтпақсыз? — дедім мен. Сізден бұрын мен келіп Сәбеңнің сөзін бөліп едім, ал, енді сіз келіп сөзімді бөліп отырсыз. Сол себепті Бекболати, Дулатидің бәрі осылай екен деп мына кісі ойлап қалады. Сөзіңізді қысқарта сөйлеңіз. Сәбеңнің сөзін бөлуі ағайынды екеуімізге жараспайды,— дедім. ─ Жарасса-жараспаса да, мен сізді бірінші рет көріп отырмын. Сізге айтар бірнеше арызым бар, — деді жаңағы. ─ Ал, көңіліңе келсін, келмесін біз Бекболат, Дулат боламыз. Олар біздің Байзақ датқа, Ақмеңтей батыр, Қабылбек, Ақмолда, Тұрар, Қошмамбетов, ең ақырында, Бауыржан Момышұлы дейтін шыққан біздің тұқымнан. Оны сіз есіткен боларсыз. Сіз сияқты біздің тұқымнан бір ақымақ шығарғанына құдайға рақмет айтып отырмын. Сәбит күлді. ─ Сәбе, жаман айғырдан тұлпар туады, жақсы биеден қодық туады. Айыпқа бұйырмаңыз. Көлденең көз көргіш келеді дейді. Ашуыңызды түсіне білсеңіз, сұңқар да отыр, құңқар да отыр... Мен ата баласымын, руы жағынан сіз Керейсіз, оның ішінде уағысыз... Біз екеуіміздің де сізден жолымыз үлкен. Құдайға шүкір ала-құла екеніміз рас. Дұрыс түсініңіз, Сәке, маған Сіз жазушысыз, профессор, академиксіз түсіне біліңіз... Ағайынды екеуіміз сізге үлкен материалмыз түсіне білсеңіз. Түсіне алмасаңыз, өз обалыңыз өзіңізге. Біз — ата баласымыз. Сіз уақ - Керейсіз. Жолымның үлкен болғанынан кейін марксизмді сізден тереңірек түсінеміз. Сіздің бабаларыңыз өте ақылды кісі болған. «Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой, орта жүзді қамшы беріп, дауға қой, кіші жүзді найза беріп, жауға қой»,— дегенді мен шығарған жоқпын. Біз өткен жиһангер екінші соғыста қауғаны найзаға айырбастадық, ал, сіз найзаны қауғаға айырбастадыңыз. Сондықтан сіздің қарыныңыз қампиды, оны қазақта «арам қарын», «арам ет» дейді, құдайға шүкір, менде қарын жоқ, пайғамбар жасына жетсем де, менде қарын жоқ, — дедім. — Сенбесеңіз көріңіз,— дедім. «Бір батпан шойыннан, бір мысқал алтын табу қиын» дегенді мен айтқаным жоқ. Сіздің бабаларыңыз айтқан. Қайсымыз қола, қайсымыз алтын екенімізді құдайдан басқа ешкім білмейді, — дедім.

Сәбең өтірік күлді.
─ Неге күлесіз? — дедім мен.
─ Түсінбей жатырмын, не болса соны айта беретініңе үйренгенбіз ғой, — деді.

─ Жоқ! Сәбе, әлі үйренбепсіз. Осыған түсіне біліңіз... Кімнің батпан қола, кімнің мысқал алтын екенін түсіне біліңіз. Батпандай қоладан мысқалдай алтын шыға бермейді, ол есіңізде болсын... Сіздің 16 батпан қолаңыздан бір мысқалды әлі де тапқаным жоқ... Кешіріңіз, Сәбе! Мен сізден он жас кішімін, бірақ та астапыралламен төрімнен көрім жақын шалдардың қатарына жеттім. Орысша айтқанда «Время неумолима» дейді. Өмір, Сәке, ешкімді аямайды. Сіз поэзия дегенге түсінбейді екенсіз. Что такое поэзия?— деп айқайладым. Соған Маяковский түсінсе де, сіз түсінбедіңіз әліге дейін.

─ Неге мен түсінбеймін, не деп отырсың, әй? — деп ашуланды.
─ Сәбе, шыдам керек, шыдам керек.

─ Сіздің жасыңызда шыдамсыздық жараспайды. Сіз ақындыққа түсінбеді деген шамыңызға тиді ғой, — дедім. — Соны мен дәлелдейін, тыңдай біліңіз! Тыңдай білмеген ақын болмайды ешқашан. Ал, біріншісін айырайын. Бүл тезис қана түсінгенге. Қолға түскен көп ақшаны сіз бүйтіп ұстайсыз (сығып), біреу алып қоймасын деп қызғанып ұстайсыз. Екіншісі, ауызға түскен тамақты сіз асығып, шайнамастан жұтасыз. Біреу келсе ортақтаспасын деп, қызғанып жұтасыз. Үшіншісі, өзіңізбен бойы бірдей ақылды біреу жүрсе, мынау менен асып кетпесін деп төбесін оясыз. Мұның барлығын марксизм тұрғысынан примитивный пошлый эгоизм дейді. Жастар сіздерден ақ батасын күтіп еді. Немере, шөберелеріңізді бесігінде жалмаған жауыз болып отырсыздар. Ақ бата беруден қол тарттыңдар, бұл ақсақалдыққа жарамайды. Мен ауырып жаттым. Пленумның шатағына қатысқан жоқпын. Екі шылбыр, бір тізгінді жастарға қимадыңдар. Извиняюсь! Жастар деп отырғаным 35-40 жаста болу керек. Ал, қарақтарым, жолдарың болсын, бізден өтсе, сендер қайталамаңдар деуге біреуің жарамадың. Орысша благословляю деген сөз біреуіңнің аузыңнан шыққан жоқ. Алжыған шалдар, жастарды жөргегінен құртам деп, өз арттарыңды өздерің аштыңдар. История это Вам никогда не простит. Повторяю, өз арттарыңды өздерің аштыңдар. Мен ешқандай мәслихаттарыңа қатысқаным жоқ, ауру едім, бірақ та, болжауымша, менің ойым осылай. Мен ойланып айтып отырмын сізге. Адамның терең ойланар үш-ақ кезеңі бар. Сіз оған түсінбепсіз.

Олар: а) жалғыздық, қайдан келдім, қайда барамын!?
б) қайдан шықтым, кімге өсиет айтамын?

в) насихат айту үшін ақылым жете ме, жетпей ме, айтқаныма түсінер ұрпақ бар ма, қай жерімнен қателестім... Осы үш сұрақты ойламағанның біреуі — сізсіз. Сіз гений деген сөзге түсінбейсіз. Бәріңіз өздеріңізді гениймін деп түсінесіздер. Сол дұрыс па, ағатай! Бәріміз гений болсақ, қазақ не болады. Соны неге ойламайсыздар? Гений — это приоритет народа, а не отдельных личностей. Аспаннан түскен ешкім жоқ... Осыған сіз түсінбедіңіз, ақсақал!?

АСҚАР БЕЛ

Сегодня в 16.00 пришли (навестили) Ильяс Омаров и профессор Темир Даркамбаев. Разговор общий. Профессор сообщил, что Каныш Сатпаев снова станет президентом Академии наук, что Аскар Закарин на днях приедет на совещание, что Ахмету Жубанову вернули партбилет. Мен оларға бұрын кеткендердің істерін қайта қарап, ағын ақ, қарасын қара ететін мезгіл жеткенін айта келе аңғартқаным — Алашорданы да ақтара тексеру керек. Олардың кейбіреулері ғылыми еңбектер де істеген еді. Соларды аршып алу керек. Бейімбет, Сәкен, Ілияс Жансүгіров, тағы басқалардың халық жауы болғанына күмәндімін, солардың істерін қайта қарап, егер де ақталса, олардың бірнеше шығармалары әдебиет байлығына қайтадан қосылған болар еді дегенді айттым. Қазақ тарихындағы бір үлкен асқар бел — Алашорданың құрылғанынан бастап, оның құрығанына дейін. Ең үлкен саяси айтыс пен тартыс сол дәуірде болған еді. Сол дәуірдің адамдарына (қасы бар, дұспаны бар) әділ, ғылыми билік айта жазылған еңбектер әлі жоқ. Сол тақырып — өте үлкен тақырып екендігін айттым. Мұхтар мен Сәбит екеуі де ол дәуірді әділ жаза алмайды. Оған ерліктері, бірінің адалдығы жетпейді. Екеуі де жалтақтайды... осы проблеманы қалай қолға алынуын орталық комитет шешуі керек болар деген пікірлер айтып тілдестік. Екеуі де мақұлдағансып отырды. Профессор, менің байқауымша, тарих жағынан шорқақтау көрінеді.

— Абайды Сәбиттерден аман алып қалған алдымен сол болатын, — дегенімді Ілияс күле мақұлдады. Профессор таңданып: — Ия, солай ма еді? — деді.

«РОДИНА» ЖӘНЕ АНА ТІЛІ

Биыл жеңіс күнінің қарсаңында Мақпал, Ғайникамал үшеуіміз қырғыз ағайындарға бардық. Фрунзеде журналистер, художниктер, жазушылар тобымен бірнеше есте қаларлық кездесулер болды. «Мен қазақтың төресі емеспін, сіздер қырғыздың Манабы емессіздер... Кенесары мен Наурызбайдың қураған сүйектерін соз етуді қоялық... Қатар жатқан, қыз алысып, қыз берісіп, қан туысқан емеспіз бе...» деп жауап бердім бір сұраққа. Қырғыз панфиловшылары жауынгер дос-жолдастарыммен де дидарластым да, дастархан үстінде тамақтас болдық. Сәби Мақпалды олар үйлерінен құры қол шығарған жоқ: біреулері көйлек кидірді, біреулері орамал тартты, біреулері ойыншық-қуыршақтар тапсырды. «Тянь-Шань» қонақ үйінде тоқтағанбыз. Қол бос кезде соның ресторанына бардық. ─ Ата, почему?... — деген сұрақтармен Мақпал мені де, мамасын да мазалап отыр. ─ Мына жегін... — деп екеуіміз Мақпалды зордан тамақтандырып, шыдамсыз сәбиді үйге қайтарып, официанткаға ақша төлеуді күтіп отырмыз. Бізбен көршілес столда отырған толықша, орта бойлы, қою бурыл шашты егде тартқан қара кісі бізге бұрылып қарап: ─ Манадан бері байқап отырмын. Сөздеріңізге қарағанда, сіздер қазақ болуларыңыз керек, — деді.

─ Иә, ақсақал, біз қазақпыз.
─ Мен таластың қырғызымын. Шыңғыс Айтматовтың аулынан боламын.

─ Е, онда көршілес, қоныстас екенбіз ғой. Біздің еліміз Ақсайда болады, — дедім мен.

─ Мен Сүйінбек Бектұрсынов деген жазушымын, — деп таныстырды өзін.
─ Мен Бауыржан Момышұлымын, ақсақал.
Көршім жымия күліп, көзінің қырымен тула бойымды бір шолып өтіп:

─ Қойғын. Соның туыстарының біреуімін десеңші, — деп тағы да езуін тарта күліп.

─ Ажалдан алып қалатын бір себеп бар ма екен? — деп сұрады қарт.
─ Қайдам ... Дәрігерлер білмесе, — дедім мен

─ Мен әзір Мұхтар Әуезовті ойлап отыр едім, жарықтық қырғыз-қазаққа бірдей кісі еді ғой. Бірнеше рет тұз-дәмдес болып едік сол кісімен ... Қазақтың тілін бұрмалап өзімізге тіл істеп жүрміз ғой... Мысалы, Абайдың «Өлең сөздің патшасы — сөз сарасы» — деген өлеңін біздің бір классигіміз былай аударыпты:

Өлең сөздің патшасы сөз capасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы...
Тағы бір мысал:
Абайдың:

Ауыл сырты терең сай — дегенді жаңағы классик —
Айыл сырты терең сай, — деп аударды. Іздей берсең, осы сияқты мысал көп-ақ.

─ Ақсақал, біз Фрунзеге үш күн болды келгенімізге... Радиода «РОДИНАБЫЗ» деген сөзді естіп, газеттен де оқып жүрміз... Бұл қалай?

─ Қырғызда родина дейтін сөз жоқ, шырағым. ─ Қойыңыз. Мен көп ұлттардың командирі болғандардың біреуімін. Қырғыз Алатаудың сұңқары — батыр халық. Оған тарихта да, соғыста да дәлелдер көп. Манас сияқты эпосы бар халықта ондай ұғым, сөз жоқ деу үлкен қате. Сіздің бүл сөзіңізді менен басқа ешкім естімей-ақ қойсын... Тіптен ұят екен. Орыста РОДИНА деген сөз болса, Туған жер, Туған ел мағынасында. ОТЧИЗНА деген сөз ОТАН, Атақонысы, Атамекені деген мағынада. Ондай сөздер, ондай ұғымдар қырғыз халқында жоқ деген сөз — қып-қызыл халық арына қиянат сөз...

─ Эй, сен өзің оңбаған қазақ екенсің ғой! — деп қарт шаж ете қалды. ─ Кешіріңіз, ақсақал! Мен қазақтың емес, қырғыздың сойылын соғып отырмын. Сіздің де оңғандарыңызды байқап отырмын.

Шал қысылып үн қатпады. ─ Әй, балаң күтіп отыр ғой, жүрсеңші! — деп мені Ғайникамал жетектей жөнелді. *** 8 май күні Қырғызстанның журналистер залында, қырғызша айтқанда, шоң шоғылусу (үлкен кездесу) болды. Мен 30 минуттай сөйлеп, берілген сұрақтарға жауап бердім. Кездесуден кейін бұрын менің қарамағымда болған, қазір республиканың министрі Аалы Юсупов бізді үйіне қонаққа шақырды. Ac үстінде отырып, жоғарыдағы әңгімені үй адамдарына Ғайникамал айтып берді. Барлықтары ду күлісті. ─ Оның сөзінің жаны бар, — деді күлкі басылған соң Аалы. — Шынында соғыстан кейін «Бауыржан Момышұлы генерал атағын алып өліпті» деген соз тарағаны рас. Жаңағы кісі осы уақытқа дейін сол хабармен жүргендердің біреуі болар. ─ Ойбай-ау! — деді үйдің әйелі. — Бұл кісіні көршілес отырып білмесе, оның несі жазушы?

— Сен де инженер, мен де инженермін. Біз екеуіміз, тек оз махалламыздағылар болмаса, Қырғызстан мен қазақстандық қанша инженерлерді білеміз? Жазушы — жазушыны біле беруі де сол сияқты — әркімнің өз тірлігі бар емес пе?

─ Бұл кісінің атағы жер жарған... ─ Әңгіме тірі полковник туралы емес, өлген генерал туралы болыпты ғой. Енді оның несін қазбалай бересің? — деді Аалы әйеліне. Барлығымыз ду күлістік.

─ Көп жасаңыз!... — деп үй әйелі бокалын көтерді. ***

Шай келгенде мен отырғандарға мынандай әңгіме айтып бердім: ─ Ғайникамал қатты ауырып, январьдің бесінде больницаға түсіп еді. Ол кезде мен де ауырып жүр едім. Бірақ та екеуіміз бірдей больницаға жата алмадық. Балаларды орналастырып, екі жетіден кейін мен таудағы санаторийдің ауруханасына бардым. Ғайникамал больницаға түсе салысымен-ақ мұртым алынбайтын. Парикмахерскаяға баруға уақыт жоқ — үй шаруалары белуардан, ал, өзім болсам, мұртымды ала алмаймын. Сөйтіп, жиырма шақты күннің ішінде мұртым мен шашымның жарыса өскендерін мен байқамаппын. Өзім аурумын, түрім өте солғын болуы керек. Мен санаторийге келіп орналастым. Асханасында бір қарт еврей, бір шала қазақ врач әйел, әлі қырыққа жетпеген қой көз, беті иі қанбаған көпсік қамырдай іркілдек, боржиған сары семіз қазақпен столдас болуға тура келді. Мен асханаға барлығынан кешігіңкіреп келемін. Байқаймын — менсіз үшеулері әңгімелесіп, күлісіп отырады. Мен келе салысымен жым-жырт, тып-тыныш болады да қалады. Әркімнің қайғысы алдымен өз жанына батып, өз басын қатырады. Әйелім ауруханада жатыр, балаларым жөнді бақылаулы емес, тағы ол кезде қазакеңнің мен туралы ауыздары жабылмай жатқан кезі, өзім де аурумын. «Ә, мына байғұс, мына түріне қарағанда, мүлдем жүдепті-ау» деушілер де санаторийде аз болмауы керек. Солардың ішінде менің столдастарым да болуы керек. Мен де тым-тырыс келіп, сәлемдесіп қана, ішерімді ішіп, жерімді жеп, өз палатама кетемін. Төртінші күні түскі тамаққа отыра бергенімізде, жаңағы семіз, қой көз, сары қазақ маған:

─ Сізді танымадық, — деді.
─ Мен Бауыржан Момышұлы боламын.

─ Ә, солай ма еді? — дегенде, оның қарсы алдыңғы доктор әйел мырс етіп күліп жіберді. Оған қысылған қазекем, қызарып, сасқалақтап: ─ Иә, сізді сыртыңыздан жақсы білетін едік, өте-мөте, әсіресе, сіздің шығармаларыңызбен таныспыз... Сіздің «Тар жол, тайғақ кешуіңізді» өткен жылы ғана оқып шығып едім... Өте, өте жақсы жазылған кітап, — дегенде, жаңағы доктор әйел: ─ Менің бір өте асығыс жұмысым бар еді, — деп алдындағы асқа қарамастан тұра жөнелді.

─ Ал, өзіңіз кім боласыз? ─ Мен Жиренкөл ауданының райкомының екінші хатшысымын, — деп аты мен фамилиясын айтты. Екі күннен кейін санаторийге мені Сәбең (Сәбит Мұқанов) іздеп келген екен. Екеуіміз бір жарым сағаттай далада әрлі-берлі жүріп әңгімелестік.

Сәбеңе сары жігітпен кездесуді айттым. Сәбең ашуланып:
─ О, райком болған әкеңнің... — деп бір күрсініп алды.
Әңгіменің осы жерінде күліп отырған Аалы сөзімді бөліп:

─ Бауке-ау! Сәкен Сейфуллин ақсақал қалың шашты, ширатылған қара мұртты, қошқар мұрын келген кісі еді ғой. Ана байғұс болса, «Тар жол, тайғақ кешудегі» ол кісінің суретінен басқа бір бетін де ашпағандардың біреуі болуы керек, — деп тағы да күлді. Алдында дудар шаш, қошқар мұрын, мұртты кісіні ол «Тар жол, тайғақ кешудің» сыртынан көргені рас-ақ. Көрген көзде жазық жоқ, — деп қарқ-қарқ күліп, — Жаңағы өзіміздің шалға намыстанып отыр едім, бұл әңгімені дұрыс айттыңыз. Бірде болмаса, бірде керегі болатын оқиға екен, — деп Аалы тағы да күлді. ─ Өткен жылы декабрьдің ортасында біз осында болдық, — деп бастадым мен тағы бір әңгімені, — онда сіздер командировкада екенсіздер. ─ Иә, ол кезде біз үйде емес едік. Келіп-кеткендеріңізді естіп, өте өкініп қалып едік. ─ Генерал Иван Васильевич Панфилов Орта Азияда 17 жыл қызмет істесе, соның 11 жылын Қырғызстанда өткізген екен. Келген шаруам сіздердің архивтарыңыздан материалдар іздеу еді.

— Тапқан боларсыз.

─ Жоқ. ЦК-ның зав.отделы А.Т. мені 45 минут приемнаясында ұстады.
─ Сіздің келгеніңізді білмеген болар.
─ Жоқ. Алдымен бір күн бұрын телефон арқылы келіскенбіз.

─ А.Т. көк көз, шикі сары қырғыз екен. Мені қабылдап отырып «Бисте жолдош Панфилов торалы шон архивымыз бар екені раш. Еми, ол архивке сизду допускать ету учунь, сизлердин ЦК боп Совет министрден ходатайство керек болар...» — деп менімен аудандық газеттің коресспондентімен сөйлескендей сөйлесті.

─ Онысы несі екен?
─ Несі екенін қайдам... Сөздің қысқасы, Академия наукаға бардым.
Онда Оразалиев Керімқұл дейтін жігіттерің бар екен.
─ Ия, ол кісі ғалымдарыңыздың біреуі.

─ Жақсы жігіт көрінеді. Сол кісі арқылы архивтерді қарап шықтым.
─ Бұрын ЦК-ға барып неңіз бар еді? Керекенің өзі-ақ ұйымдастыратын еді ғой.
─ Қайдан білейін...
─ Архивтен керектеріңізді таптыңыз ба?

─ «Шон архив» деп дәріптегендерінің қалыңдығы мына шынтақтай ғана жұп-жұқа папка екен. Ішіндегі материалдары болса, тек газеттерден кесінділер ғана. Әйтеуір менің көргенім сол. Біздің Қазақстанда бір түйеге жүк боларлық материалдар бар. Оларды біз «Шон архив» деп санап жүргеніміз жоқ.

─ Одан кейін көңіліңіз қалып, өкпелеп кетіп қалдыңыз ба? ─ Жоқ. Ертеңіне демалыс күн екен. Секретарь ЦК Қазақпаев мені үйіне шақырды. Бұрын таныс болмасақ та, ол кісімен көп әңгімелестік. Жолдастық ретінде пікір алыстық.

─ Ол кісімен қалай кездестіңіз?
─ Жексенбі күні сағат он екіде мен ол кісіге телефон соқтым.

Дүйсенбі күні мені қабылдауын өтіндім. Ол кісі: «Бауке! Екі сағаттан кейін мен өзім сізге телефон соғайын», — деді. Сағат екіде телефон соқты. «Біздің үй сіз туған жерден үш квартал. Мен сізді көшеде күтіп тұрайын. Үйде отырып әңгімелесейік», — деді.

─ Үйіне өзі шақырыпты ғой. ─ Барсам, ол мені күтіп, көшеде тұр екен. Бір аяғы жоқ. Қара темір балдаққа сүйеніп тұр екен.

─ Ия, ол киши бир бутин урышта беріп қайтқан. ─ Он, относительно молодой, красивый, интеллсктуальный развитый человек. С первого взгляда он на меня произвел весьма положительное впечатление. Это киргизский вариант нашего Ильяса Омарова.

─ Я знаю вашего Ильяса Омарова.
─ Он знал казахскую литературу лучше чем, наш Мухамеджан Каратаев.

Его критическое мысления о нашей литературе была весьма тактичным и глубоким. Он свободно владел казахским языком и не отказывал себе в удовольствие некоторые юмористические колькости по нашему адресу... и это меня разозлило.

— Вы, Бауке, как всегда вспыхнули и в раздраженном сос тоянии ему наговорили всякие резкости...

─ Нет, Аалы. Я был относительно сдержан на этот раз... Казакпаев ввел меня в свой кабинет. Мы с ним беседовали наедине по деловым вопросам за стаканом чая. Он записывал все основные мысли моих высказывании и предложении и критических замечании. Обдуманно давал справки, тактично спорил со мной, дополнял некоторые недосказанные мною мысли.

─ Это меня очень радует, Бауке. ─ Я ему напримере А. Т. высказал свое отрицательне отношение в отношении киргизской чванливости. А он мне задал вопрос, есть ли у казахов подобное чванливость?.. Я ему ответил, что казахи тоже не свободны от подобного оедствия. Чванливость — признак отсталости, признак безкультурия. Чванливых бездельников у казахов не меньше, чем у киргизов... Он расхохотался, потом горько смеялся.... Сөздің бір кезегінде мен Қазақпаевқа былай дедім: мен осында келгелі бері радио тыңдап жүрмін. Біздің қазақтың тілінде радио бойынша оңып жатқан жоқ. Әсіресе, газеттердің рекламаларында сорақылар көп кездеседі. Мысалы: «Отец Сергий!» дегенді біздің газеттер «Сергейдің әкесі» деп жариялап жүрді.

─ Ойбай-ау, ол алғы Толстойдың әңгімесі емес пе? ─ Ия, сол. «Қазірет Сергий», я болмаса «Дамолла Сергий», «Сергий сопы» деп аударса, мейлі болар еді.

─ «Отец Сергий» — это ведь духовное лицо. Бұныңыз дұрыс. ─ Екінші бір мысал тағы да оған келтірдім: «Тайны старой штольны» дегенді біздің газеттер — «Қарт Штольнияның сыры» деп аударып жариялап жүрді.

─ «Штольня» деген — шахта емес пе?
─ Соған түсінбесе, не істерсің.
─ Қап, мынау тіптен масқара сауатсыздық екен.

─ Алматыда «Ателье мод» дегенді «Ателье модасы» деп есіктің маңдайшасына бадырайтып қадап қойған.

─ «Модалар ательесі» десе де... ─ Орысша «Булочная», қазақша «Булочный» деген вывеска Фурман көшесінің қақ ортасында тұр... Осыларды айтып отырып мен Қазақпаевқа «сиздин радио – биздин родинабыз» деп саңқылдайды да тұрады,– дедім. Ол кісі маған: «Бауке! Бизде родина деген сөз жоқ» деді. Мен таң қалып: «Сіздің аузыңыздан бұл сөзді менен басқа ешкім естімесін! Во-первых, с уста секретаря ЦК – это весьма аполитично! Во-вторых, это исторически неверно. В третьих, это клевета на честь целого народа... Как вы смеете утверждать, что у народа не было понятие о родине. Что это за народ не имеющее такое понятие? Кого они защищали, за что они боролись веками?.. «МАНАС» – один из величайших эпосов — его создал киргизский народ... А теперь у киргизов не оказалось понятия – родина?! Это неверно!... У русских: отчизна, отчий дом, отечества... Атамекен, Отан, ата қоныс, туган ел... мало-ли в народе синонимов?...» — дегенімде, Қазақпаев қызара бөртіп...

─ Ол кісіні апдан қатырған екенсіз, — деп Аалы сөзімді бөлді. Барлық жағынан бізді сорлатып жүрген, шала молдалық пен, жауапкерліксіз ғой, — деп Аалы қатты күрсініп алды да, — ал, ол кісімен қалай қоштастыңыз? ─ Қазақпаевтың мәдениет-әдебиеттен хабары мол жігіт екен. Қазақ әдебиетімен де жақсы таныс екен... Көп отырып әңгімелестік. Столовыйына әйелі шақырғанда барсақ — онда үш қырғыздың жігіттері отыр екен. Олармен мені таныстырды. Стол үстінде де нарын жеп, шай ішіп отырып жақсы әңгімелестік... Кейіннен көңілді қоштасып, олар мені шығарып салды... Кейіннен ол кісімен осы уақытқа дейін сәлемдесіп, хат, телеграммалар алысып турамыз. ─ Дұрыс екен, Бауке, – деп Аалы ішінен дем алып: – Жаңа ғана көңілім орнына түсті, – деді. Қызғаншақтық — ақылдылыққа жатпайды. Қызғаншақтық — қызғанушының өзін қызғанып отырған кісіден кем санау. Әйтпесе, қызғанып несі бар. Қызғанудың да орны бар. «Кімнен, кімді қызғанып отырмын?» деген сұраққа жол бермей қызғану — орынсыз қызғану. Ол — өзіңді, басқаларды да білмеу... Басқалардың қабақ-кірпіктерінің астарына қарай білмеу. «Ағайынға қадырым жоқ — бетімді көреді, қатынға қадырым жоқ — етімді көреді» деген көбіміздің басымызда бар. «Шошқа мен Емен» деген Крыловтың мысалының зардабын ағайым мен қатындарымыздың арқасында көріп жүргендеріміз де аз емес. Желудтың қайтып мәуеленетінін бас көтеріп білмей — тамырыңды қырқатын — жақындарың... Ғайникамал — шайлыққан, қызғаншақ қатын. Оның қызғаншақтығы жүректен емес — эстрадный қызғаншақтық. Шайлыққан кісі ешкімге сыбағасын жібергісі келмейді. «Барында алып қалайын. Бүгін ішіп, ертең тышайын. Одан кейін не болса да мейлі» деген ниет оларға шайлығып, алданғандықтан пайда болған. Им важны внешние эффекты, а до внутреннего содержания и перспективы вещей им никакого дела нет. Они — обыватели, компьютерщики. Это очень жестокий и глупый, неблагодарный и необузданный жадный народ. Олар суық қолын кісінің жүрегіне де, қалтасына да беттері шімірікпей салады. Қанағат жоқ. Вымогатели. Ертеңіне ресторанда отырмыз. Бізбен көршілес столда тайыншалау келген қырғыз жігіті мен орыстың екі қызы отыр. Қыздың біреуі жігітке жақын отыр, ол да сапалақ сары шыбыштау. Екеуінің бұрыннан қарым-қатынастарының барлығы отырыстарынан көрініп тұр. Ал, кейінгі қыз болса, сұңғақ бойлы, арғымақ денелі, қалың шашты, кере қарыс маңдай, құсқанат қас, ұзын қайқы кірпік, жасыл бота көз, сопақ бет, сүйір мұрын, қалыңдау ерінді, оймақ ауыз, аққу мойын, құс кеуде, қиылған ұзын бел, кең бөксе, тайлақ санды, бота тірсекті. Туфлиіндегі аяғы — құйма тұяқ сияқты... Қыз қасындағыларға жоғарыдан қарап менсінбей отыр, олардың сөздеріне көңіл де бөліп отырған ол жоқ. Өңі қып-қызыл мас. Толықсып өте қайыптанып отыр. Өзі осында болғанмен, ойлары басқа жерде. Бірақ та майдаларға кез келген, олармен дастарқандас. Есепті жігіт төлеуім керек. Дастарқандастарыменен одан басқа ешқандай ішкі бір байланысы жоқ. «Все девчаты с парами, только я одна!» — дейді мас қыздың тұлғасы. Алдымызға ас келгенше, мен осыны байқап отырмын. «Бұл қызды қайда көрдім?» деп өзімнен өзім сұраймын. «Бұл, байғұс бала мына уыздай жасынан бұлай іше бастаса, кейіннен не болмақ?», «Жорғаның тері кеппейді, сұлудың асты кеппейдіге» ұшырап жүрмесін болашақта деп ішімнен қынжыламын. Қыз тарапына оқта-санда бір қарап қоямын. Ғайникамал бірнеше рет қабағын түйіп, қыли көзін сығырайта, менің өңменімнен өткізе қарады. Мен байқамағансып отыра бердім. ─ Неге соншама!.. — деп шыдамы біткен Ғайникамал баж ете қалды тағы бір мойнымды бұрғанда. ─ Мне нужен портрет и поступок! Сен не деп оттап отырсың? — деп мен жекірдім. ─ Ойбай-ау, бұл кәдімгі Катюша Маслова ғой. Оған несіне қарай бересің сен қайта-қайта. ─ Дұрыс айттың. Бірінші сауал шешілді... Бұл жерде сен князь Нехлюдовты көрген жоқсың ба?

─ Жоқ!
─ Бұның Нехлюдовы болу керек.
─ Ия, солай шығар, — деп күрсінді Ғайникамал.

ТӘШКЕНДЕГІ ДИДАРЛАСУ

Майдың отыз бірі күні ауыл, Шымкент арқылы Тәшкентке бардық. Полковник Капров Илья Васильевичтің қорасының қоңырауын сылдырлаттық. Дарбазасын ашып, таңдана: ─ Кого я вижу? Сколько лето и сколько зим! — деп қарт келіп, мені аймалап сүйді. ─ Вот, Илья Васильевич, я приехал к вам со своими коржунами, — деп Ғайникамалды, Шапиганы таныстырып болып, көзі жәутеңдеп тыпыршып тұрған Мақпалды көрсетіп,— Это самая главная хозяйка нашего дома, — дегенімде, қарт Мақпалды қолына көтеріп, аймалап сүйді де: ─ Ал, үйге жүріңдер. Ирина Петровна кешікпей-ақ ренжіп қалар. Любушка болса бүгін музыкадан экзамен бергелі кетіп еді. Ол да өте кешіге қоймас, — деп бір чемоданды қолына ұстап қарт сөйлеп келеді. Шалдың қорасы өте кең екен. Жемістер ағаш бұтақтарында моншақтала тізіліп тұр. Әртүрлі гүлдер бұталарында құлпырып, жайнап тұрғандарын көріп, қаланың сұрғылт асфальтына үйренген бала Мақпал, тапа басқа дүниеге келгендей арсалаңдап жүгіріп жүр... Қора ортасында алты бөлмелі үлкен үй. Үйдің кіреберісінде жүзім шалған үлкен он екі қанат үйдей кереге көзденген күрке. Жүзімдері жаңадан ғана сота салып келеді екен. Оны көрген Мақпал: «Ой, мына жүзімдердің балаларын көрдіңдер ме?» — деп бізді қолымыздан жетектеп, сұқ қолымен нұсқап көрсетіп күліп, мәз-мейрамданып жүр.

Илья Васильевич сасқалақтап: ─ Бұйымдарыңды мына бөлмеге қоялық, — деп бізге көмектесіп жүр. Мақпал болса, аяқ астына оралып жүріп бәрін көргісі келеді. Бізге бір, балаларға бір бөлмесін икемдеп болып: ─ Ал, енді жүріңіздер. Суға түсем десеңіздер үй ішінде бір душ, қора төрінде бір душ бар. Екеуі де күннің нұрымен жылиды... ─ Отырсаңызшы, Илья Васильевич. Сіздің түріңізге әлі де назар салуға мұршамыз келген жоқ қой. ─ Рас, Бауыржан. Күтпеген жерден келгендеріңіздің қуанышы билеп кетіпті тіптен... — деп ентігіп, өзі веранданың төріне орналасып, қолын нұсқап: — ал, сіздер де отырыңыздар. Дидарласып алайықшы алдымен, — деді.

Капров алпыс беске шыққан кісі. Әжептеуір-ақ қартайыпты. ─ Бүгін ас пісіру менің кезегім еді. Менің өз қолымнан дәм татыңыздар, — деп Илья Васильевич алдымызға дастарқан жайып, сорпаларын тарелкаларымызға құя бастады. Біз таңдана отырмыз. Шал жоқ болып кетті. Төменгі подвалдан қолына бір графин вино алып шықты. ─ Өзім өсірген жүзімнен өз қолыммен істеген виномның дәмін татыңыздар, — деп графинді алдымызға қойды. — Мен екі инфаркті басымнан өткізген адаммын, қарақтарым. Маған судан басқа еш нәрсені ішуге болмайды... ─ Сіздің сыбағаңызды, өзімнің сыбағамды мен ішейін, Илья Васильевич. Менің әйелім де өмірінде вино татып көрген емес!

─ Онда, бәріміз үшін сен ішкін!
─ Мына графинаңыз маған аздау көрініп отыр...
─ Тағы біреуін алып келейін бе?
─ Алып келіңіз, Илья Васильевич.

Қарт төменге түсіп, тағы да бір графин вино алып келді. ─ Енді дұрыс болды. Мына қақалма рюмкалардың орнына маған кесе керек, — дегенімде «Қалжыңның да орны бар ғой» деген көзбен маған Ғайникамал қарады. Мен оны байқамағансып: ─ Дайте мне кесе, — дедім Капровқа. Қарт кухнясына барып бір кесе алып келді. Оған Ғайникамал ашуланды. Бірақ та үн қатқан жоқ... мен кесеге толтыра вино құйдым... Капров графинді алып алдымен Ғайникамалдың алдындағы қақалма рюмкаға құйып, одан соң өзіне құйды. ─ Ал, не болса ол болсын — мен де іштім. Қош келіпсіздер! Көп жылдар бері дидарласпаған кездесуіміз үшін... Мен бүгін бір жасап қалдым, шырақтарым... — деп орнына тұрып рюмкасын бізбен соғыстырды... Мен кесені көтере жұтып орнына қойдым. Капров та, Ғайникамал да өз ыдыстарын босатты. Алдымыздағы салатты екі рет асап, жұтып: ─ Мынауыңыз тек жүзімнің суы ғана екен ғой, Илья Васильевич. Күші біздің қазақтың таза қымызынан әлсіздеу көрінеді. Мен — қазақпын. Он кесе қымыз ішу — бізге жай сусындану ғана. Менің бұл қалжыңыма күліп, ол подвалдан тағы бір графин алып келіп қойды. Ғайникамал маған алакөзімен бір қарап қойды. Қарт орнынан тұрып, тағы да жоқ болып кетті... Біраздан соң ыстық тамақтар алып келіп: ─ Аспаздық бүгін менің кезегім еді, — деп күлімсіреп, — мына алдарыңыздағы салатты да, мына сорпаны да, мына қоян етінен қуырдақты да өзім істеп, өзім асып, өзім пісірдім. Алыңыздар, — деп, бір нәрсе есінен шыққандай сасқалақтап, бізге қарамастан қорасына шығып кетті. Мен таңдана оның соңынан қарадым. Шал қалбалақтап қапастағы қояндарына ас беріп, бір тегенені алып кранға барып жақсылап жуып болып, тағы бір қорасындағы сарайдан жеңіл алюминийден істелген сатысын алып шығып, бақшасына қарай жорта жөнелді... ─ Ай, қатын, мына шал алжудың іргесіне жақындаған екен. Құйғын анау ыстық сорпадан, маған да балаларға да, — дедім де мен тағы бір рюмка виноны құйдым. ─ Немене соншама, ақсақалдың аты ақсақал, жасы келген кісі, үйінде әйелі жоқ...

— Алдымызға бәрін қойды ғой. Сен қонақ болмай-ақ қойсаңшы.

─ Келе салысымен Илья Васильевичтен рұқсат алып, қазан-ошағына араласа кетуім керек екен-ау шынында. Қап! Шынында, бұным ұят болған екені рас-ақ екен... ─ Ма! Саған керек болса, — деді Мақпал нанға қолын соза беріп. Бәріміз күлдік. Мамасы бұрынғыдан да қатты ұялды. Ожауды қолына алып бізді тамақтандыруға кірісті. Капров бір үлкен кесеге толтырып алша алып келіп алдымызға қойды. Балалар мәуеге шыдамсыздықпен тиісті. «Өз қолыммен өсірген жемістер. Жеңдер, шырақтарым» деген көзбен оларға Илья Васильевич қарап отыр.

ТҮСІНБЕСТІК

Әбділдә Тәжібаев — қазақтың дарынды ақынының біреуі. Әрине, ол кісінің кемшіліктері де аз емес. Оны мен түсінем. Екеуіміз бір ұядан ұшқанбыз — мен дулатпын, ол —Қызылордалық қара қыпшақ Қобыландының тұқымы. Осы айдың, яғни сентябрьдің 7 күні Шымкентке бардым. Сонда Әбділдәнің 30-дан асып кеткен қызы тұрады. Оның аты — Әсия. Жасқа тиейін десе, оны ешкім алмайды, кәріге тигісі келмейді. Екі-үш үйде қонақ болдым.Бір үйде Әбділдә осында жүр дегенді есіттім. Қонақ үйге қайтып келдім. Справочный бюродан Әсияның телефонын алдым. Іздегенім — Әбділдә. Звондадым. Телефонды Әсия алды. ─ Здравствуй, доченька (мен Әбділдәдан екі-ақ жас кішімін ғой), — дедім. Шамамда кешкі сағат 11-12 болуы керек. Здравствуй доченька, позови папку к телефону, я Баурджан Момышулы, — дедім. Содан кейін по старости, по глупости — ты еще не вышла замуж? — деп сұрадым орысшалап. ─ Папа находится в Туркестане сейчас. Я спать хочу, ─ деп трубканы іліп тастады... Сарыағашта бір жарым ай жұмыс істеп қайттым. Әбділдаға телефон соқтым. Екеуіміз кейбір пікір алыстық... Әбекең ішегі қатып күлді.

─ Әй, Бәуке, ана баламен неге келіспей қалдыңдар? Ол сені маған жамандады. ─ Жазығым не құдай-ау,— деп не айтарымды білместен қалдым мен (әйел баланың жамандауы қартайған кісіге дұрыс емес). Содан соң Әбділдә тағы күлді.

─ Әй, сен неге күлесің? — деп мен айқайладым. ─ Неге күлмеймін, біріңе-бірің түсінбепсіңдер ғой. Сол себепті күліп отырмын, — деп Әбділдә күлді. ─ Мен сенің қызыңа қырындаудан аулақпын. Ол менің балам болады. Соған түсінбеген қызыңда ақыл жоқ екен.

─ Ха-ха-ха, — деп ішегі қатып күлді.
─ Мен де солай ойлап едім, — деп Әбділдә күлді.
─ Осыны түсіндіріп айт балаңа, оңбаған, алжыған шал, — деп оған ұрыстым.

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ХАРАКТЕР

1950 жылы Ахмет Жұбанұлы Мәскеуде маған Синь-цзяньға барғанын айтып, алып келген бір газеттен очерк оқып берді.

─ Тілі бар жігіт екен. Очеркті осылай жазу керек, — дегенімде Ахаң қуанып: ─ Бауыржан осылай деп айтар деп, мына газетті әдейі алып келіп едім, — деді. ─ Әмина дейтін әншісі бар екен. Мына біздің Семейдің татар қызын алған Қытайға ауып барған бір қазақтың қызы болуы керек. Өзі жас, реңді. Кішкентай ғана даусы бар, бірақ түсініп дұрыс айта біледі екен. Халықтық үнін өзінше сақтай білгені маған өте ұнады. Мен ол жағын кейбір әншілерімізге айттым да... бірақ та школа керек ол кісіге, — деді. Мен: ─ Ахмеди, Латиф Хамиди, Шаргородский, Брусиловский, Жұбани, сіздің школаларыңызды естіп жүрміз ғой, — дегенімде, Ахаң шынымен күліп:

─ Қап! Сіздің осылай деріңізді біліп-ақ едім, — деді.
─ Оларда обработка такого-то жоқ болды ғой.

─ Бұл мәселе туралы сіз баяғыда дұрыс жазғансыз, бірақ та ол жазғаныңызды тапсырмадыңыз ғой... ─ Кәрім (Мыңбаев), Темірбек Жүргенов болса түсінер еді. Мына тазың (Шаяхметов) бар, өгіз ағаң (Оңдасынов) бар, есерсоғың (Әбдіхалықов) бар, түсінеді дейсің бе? Қайтесің... — деген болатын. ─ Ай, ол ит (Мыңбаев) шынымен солай десе, біліп-ақ айтқан екен, — деді Ахаң. Әр сөздің мейірімді үні, улы үні болады. Мысалы, «Күшік» (Щенок), әйтпесе, Ахаң құрдасы Кәрімді «ол ит», әйтпесе, «таз», «есерсоқ» деп, Кәрімнің «ел ағасымын» деп жүргендерді «дәріптегені», «үннің» қай астармен айтылғаны даусыз айғақ екені білініп-ақ тұр ғой. Сондықтан оларға тоқтамай-ақ қояйық. ─ Кәрімдікі дұрыс. Темекің болса, бізді ешқашан да бұндай жағдайға жібермес еді. ─ Вы не понимаете, что такое национальный характер, колорит, ньюанс... тағы бір нәрселерді айтып, біздің аузымызды аштырмастан, бүлдіргенімізді түзеп, қайта істететін еді, — деп Ахаң күрсінді.

ӘМИНА

1957 жылы Ахаңның үйінде Әмина мен Балхашты бірінші рет кездестірдім. Сол кеште Әминаның дауcын да бірінші рет естідім. Она пела со смущением без аккомпонимента. «Мұнысы да жақсы екен. Әлі біздің шораларда (шоралар — Синь Цзяньдықтар «Советтер» деген мағынада қолданылады (айтады), аклимотизироваться (аклимотизироваться — мен дұрыс мағынада ойладым. Байқап, абайлап, ұғынысып, әдеп сақтап дегендердің жалпыламасы (обобщение) ретінде етпегені) деп ойладым. Бұл ойыма Ахаң дұрыс түсініп, менен «қалай?» деп сұраған жоқ. *** 1963 жылы мен Кубаға бет алысымда Мәскеудің Казанский вокзалына поезбен бардым да, мәшиненің кезегінде тұрғанымда:

─ Әй, анау тұрған Әмина ғой, — деді жұбайым. ─ Қасында кісі болмаса, шақыртын, бірте кетелік, — дедім. Ғайникамал ертіп келді.

─ Бір поезда келе жатып бұрынырақ жолықпағанымыз-ай, — деді ол.
Қала ішіндегі бір гостиница бізді қабылдамады.

─ Өзіміз үйренген «Заряға» тарталық, — деді жұбайым. «Заря» қаланың бір шетінде. Барсақ, ондалыққа кезек күтіп отырған адам — жолаушылар. Мен (біз кей кезде) қаланың у-шуынан аулақ, жазып жүрген кезімде соған тоқтайтынмын.

Директоры Нина Александровна: ─ Что ж вы, Бауырджан Бауырджанович, телеграмму не дали? — деп маған ұрысты да, — что же с вами я теперь буду делать? — деп дауыстап, — придеться переночевать вам в моем кабинете, — деп бізді шұбыртып 2-ші этажға ертіп шықты. Ғайникамал екеуіміз бір жеке бөлмеге, Әмина әйелдер бөлмесіне, Бақытжан ерлер бөлмесіне орналастық. Нина Александровнаның «кабинеті» осылай болып шыққанына жұбайым риза болып, күліп:

─ Неше айтқанмен таныстың аты таныс-ау, — деді. *** Шетелге бару үшін... Мені шығарып салу үшін... Әминаға бұрын болмаған институтпен танысу үшін... Сөздің қысқасы, әрқайсысымыз өз шаруамыздың соңындамыз. Ерте кетіп, кеш қайтамыз. Бас қосып, дастарқандас та бола алмадық. *** Кубадан қайтып келгеннен соң (1964 ж.) Әмина мен Ғайникамал араласа бастады. Мен үйде көп болмаймын, болсам да қазан-ошақ, үй шаруасы, әйелдердің үйір-сүйір қоғамына (общество) қатыспайтын кісімін. Әмина «қонақпын» (менің Әлиман апам «Біз қонақпыз» деп балаларын жұмсатпайтын) деуден өзінше (орынды әдепті) аулақ екен. Бір байқағаным — осы. Орысша айтқан да — Восточный такт (Европалықтардың мақтап мойындауы) ұясынан ұшқандығы. Эрудиция (см. энциклопедию) жағынан өрісті. «Мен тек әншімін ғой», «Біз қайдан білейік», «Тек естігенім болмаса», «Әншейін ғана», «Әйтеуір», «Солай шытарлардан» аулақ екен той деп қалдым.

У нее были признаки интеллектуальной любознателности, а не любопытства. Бір кеште Ильяс Омаров келгенде, Әмина біздің үйде еді. Ильяс күтпеген кезде келді. «Соңғы қонақ бұрынғы қонақты қуады» (Бұл эпитет келген қонаққа емес, кеткен қонаққа мінездеме береді.) болған жоқ. Өзбекше айтқанда, бунда ям бір гәп бар. Яқши гапләшіп отырдық. «Жақсыны көрмек үшін» дегендейін, орынды сөйлеп, ұғымды түсінісіп отырдық. Ильяс задавал тон простой беседе. ***

Кейіннен бір кездескенде Ильяс маған орысшалап: ─ Ты прав. От нее можно ожидать многое, хорошее... Она, как бы сказать, можеть реставрировать, восстановить кое что в песенной летописи (ән жағынан), — деп біраз пікірлерін айтты. ***

Тағы бір кездескенде, мен Ильясқа мыналарды оқыттым:
Шерлі ақын... деп еңіреп өткен,
Жырына елдің зарын арқау еткен.
Қайыспай нелер қиын күн туса да,

Ақыры шыбын жанын құрбан еткен.
─ Диктант?
─ Нет. Эти строки не мои, а ее, а дальше видите, по почерку — мои.
Өмірінде жетпіс жасқа ақын жеткен,

Көп жылдары айдау мен қамауда өткен.
«...Өлмеймін, менікі де өлмейді» деп,
Сал айдап Енисейде суға кеткен.
─ Оның датасы 13.01.67 ж, ал, сенікі 5.03.66 ж. Мен бұрын жазғанмын.

─ Солай ма? Значить заочный отклик, — деп Ильяс таңғалды. *** «Іnternatіonal..» Блокноттың мұқабасындағы жазуды Ільяс қайта оқып болып, «Шолпан» журналының 4, 5, 6, 7, 8 .сандарынан 1923 жыл дегенді оқып (естіртіп), суреттерге қарап:

─ Оказываеться она и художник?! ─ Да. Обрати внимание, с каким пониманием нарисованы и он, и она... Зачем на его шлеме, на ее платье орнаменты нарисовала.

─ Нет, ты неправ, — запротестовал Ильяс.
Я молчал.
Он тоже молчал.

Екеуіміз де орысша айтқанда, жоқ, қазақша айтқанда үн қатпай үндесіп келеміз, сырласып келеміз. *** Тағы бір кездесуде (үйде) мен аударма туралы пікірлерімді жазып отыр едім. Оның эпиграфы «Перевод — это большое искусство» (Ф. Энгельс) еді. Ильяс жазбамды оқып, келтірілген мысалдарға күліп отырды, кей жерлерін мақұлдап отырды. Кей жерлерін құптамады да... «Бүйтсең қалай болар еді» деген кеңестерін айтып отырды. Мыналарға айрықша тоқтады.

Я

(см. текст)
Абай
кеңітеді,
тереңдетеді, байытады.

Абай
(см текст)
Абай— символизирует,
обобщает мно

гопланно о
вечном покое.
У Абая полное
одиночество.У

Абая глубже. У
Абая близко к
адекватному реквиему.
Лермонтов

(см. Текст)
зрелый, как
поэт с налетом
писсимизма.

У Лермонтова
Вольный
перевод
романс

Гете
(см. текст)
Юношеский
марш, беззаботного

студента.
Наивный
юноша. Его
«отдохнешь и ты»

— до первой

харчевни.
Өмірде біз қайғырып уайым жейміз,
Аңсаймыз анау біздік болса дейміз.
Егер де аңсаған зат қолға түссе,

Тағы да онан өзге нәрсе іздейміз.
Аңсаумен өтеді күн-түн бір қалыпты,
Құдірет — оны да біз өмір дейміз.
Бұл аударма да Лермонтовтан күшті.

─ Ей, мыналарың тамаша екен. Әр тілдің үні мен ойы қандай... «Зат» деген болар ма екен.

─ «Зат» қазақтың сөзі емес, келгін сөз.
─ Қалайынша?
─ «Перизат» дегеннің түбірін қазақтікі деп айтып көрші.
─ Ал, бүгінгілерден сен кімді жақсы аудармашы деп санайсың?

─ Халтуршиктерді,— дегенімде, Ильяс күліп:
─ Бәріміз де солай деп жүрміз ғой. Ал, сен ше?

─ Айтпаймын. Бірақ та жазамын. Оларымды баспайсыңдар. Қасым Тоғызақов, Ғафу Қайырбеков... сорпа бетіне шығарлары деп ойлаймын. Қайникей де олардан кем емес...

─ Мұның дұрыс. Ал, Ғали Орманов ше?
─ Ол кісі орысша білмейді, бірақ та аударады.
─ Оның да рас, — деп Ильяс күлді.
─ Мыналарды оқығын,— деп материалдардан ұсындым.

─ Ай, Бәуке, болдың ба? Шаршаттың ғой Ілекеңді, — деп кабинетке әйелім кіріп келді. ─ Каметай (менің әйелімді солай деуші еді), мен қайта рақаттанып демалып отырмын. Кішкене тұра тұршы, — деп ұсынғандарды оқи бастады.

Наглядевшись по сторонам и назад
Мой прадед Хорхыт — музыкант
Наплевав в лицо этому миру
Без сожаления сошел в могилу.

(менікі 1944 жыл)
Осыны мен өзім аудара алмадым. Ал, енді мынаны қарағын деп ұсындым.
Сарнатқан қыл қобызды Қорқыт бабам,
Жаһаннан бір тиянақ таба алмаған.

Түкіріп жүзі қара сұм өмірге,
Тайсалмай суық көрге өзі-ақ барған.
4.03.67 ж.
Перевела Әмина Нұғманова.

─ Ойпырмай, сенен асып кетіпті ғой! (!?)
─ Переводчик соревнуется с автором.

─ Только настоящий переводчик, -— деді Ильяс біраз отырып... — Да. Олар заказ бойынша аудара алмайды.. ─ Вставай проклятьем заклейменный. «Оян, қарғыс таңба басылған» дегенді «өзің» қалай «жаңаша» аудартқызып ең?

─ Менің өзімнің есімде жоқ, — деп Ильяс күрсінді.
Шай іштік. Мен коньяктан іштім. Ильяс көңілсіз отырды.

─ Сен бір нәрсені бүлдіресің той деп ойлап-ақ едім, — деп Ғайникамал маған ұрысты.

─ Жоқ, Каматай, Бауыржан емес, өзіміз. Маған да құйшы мынадан.

─ А?

— Құйғын. Мен де дәмін тата отырайын.

Ол коньякты бір ұрттады да Ғайникамалға айтып берді. *** 1973 жыл июль-август айлары. Ғайникамал тауда жатыр. Сарыағаш жанып тұр. Мен 52-палатада жатырмын. Әулие суға да түсе алмаймын. Столоваяға да бара алмаймын.

Кездесуге бардым. Алдымен Сара Есова апай сөйледі. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді». Апай қағазсыз, тұжырымды, шешен сөйледі. Аз уақытта көп нәрселерге тоқталды. Тартымды сөйледі. Он минут сөйледі. «Старая большевисткая закалка» деп мен тыңдап отырдым. Мен де он минут сөйледім. Әмина сөйледі. Әндер салып (без аккомпонемента), тартымды (увлекательно), мейірімді, жылы сөйледі. Ұғына, ұйыла тыңдап отырдық. «Қап! Ильяс тыңдар ма еді», — деп мен отырдым.

КӨҢІЛ КІРБІҢДЕРІ

Мен тауда отырмын, в окружении заместителей совета Министров және Алматы қаласының прокурорының заместителі бір әйел болды. Өзі әдепті, жақсы екен. Маған ықыласы жақсы болды. Өзім ауырып, әрі я страдал провалом памяти. Кімнің не айтқанын күңгірт түсінемін. Бір қараторы келіншек (мен үшін келіншек) маған мейірімі түсіп, ағатай, Баукетай, — деп ықылас көрсетіп жүрді. Келіншектің кейін білдім, заместитель прокурора екенін. Ол менімен өте жақсы қатынаста болды.... Бір кезде республиканың прокуроры Сейітов келді, әйелі родливая екен. ─ Салаумағалейкум, Бауке, — деп қолын берді. Соны көрген қасымдағылар жағымпаздыққа түсті.

─ Большое спасибо, прокурор республики,— дедім...

Я был страшно болен, кровяное давление для моего возраста было слишком высоким — 178, врачи испугались, надо дать должное врачам, они ко мне очень хорошо относились... Я в санатории Совмина видел многих людей. Были там чванливые заместители министров. О, какой ужас! Там были чванливые жены заместителей министров. Олар мені Бауыржан Момышұлы деп таныған жоқ. Я все-таки Бауыржан Момышұлымын ғой. Я на них тоже не обращал внимания. Мне приносили кушать в мою палату. Я и столовую не ходил, поэтому я их не интересовал. Я начал выздоравливать — мне надоело находится в санатории. Хоть у меня плохой дом, но я соскучился, Вернулся, приехал домой. Дочуля супруги меня встретила искренне, а жена презирала меня. Я не понял ее — Дочулю и жену. *** Меня спасло 125-летие Жамбула. В Академии Наук КазССР я сидел рядом с президентом. Я наблюдал за ау диторией, главный редактор «Қазақстан коммунисі» мой однокласник К.Сагындыков ненавидел, презирал меня. «За висть» у тех идиотов и дураков. К моему сожалению, одним из них оказался он. Президент Академии Наук Есенов пригласил в презп диум Ади Шарипова, А.Тажибаева. В первом ряду сидел академик Маргулан. В президиум его не пригласили. Я был возмущен поведением президента, и на весь зал крикнул •

─ Марғұлан, — деп айқайды салдым.
Президент сасқалақтап:
─ Әлеке, төрге шығыңыз, — деді.

Слева от меня сидела Сара Есова, справа от меня сидел м целующий отделом Центрального Комитета КПК Михаил Иванович Есеналиев. Он мне письменно задал много вопросов. Я ему ответил письменно... Главный докладчик был член корреспондент АН ҚазССР критик, литературовед Мұхамеджан Қаратаев — | ильная бездарщина. Я его не слушал, я от него устал, когда он закончил доклад, аудитория аплодировала, я не и аплодировал. Во время перерыва я ему сказал: ─ Мұқа, по-моему, ты круглый дурак, когда перестанешь быть дежурным докладчиком, во всяком случае, ты в самом деле не ученый, самый неграмотный человек...

Он смутился. «Батыр, мына сөзің маған қатты ауыр тиді», — деді ол маған. ─ Өз обалың өзіңе, профессор,— дедім мен. Жиналыстың аяғына қарамастан кетіп қалдым. Оған кім қалай түсінді, оны құдай біледі.

ШЫРАҚОВТЫҢ ИТТІГІ

Түлкібастағы бір рудан Шуылдақ Шырақов ст. упол. уголовного розыска екен. Оның аты, қылышы бар. Ауылды аралағанда елді қорқытып, параны ала беретін. Онда мен нач. раймилициямын. Ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам бір аудан еді… Бір күні Сорокин Шырақовтың құлқын сезеді екен, соны не істеу керек деп пікірлесті. Мен дереу елге шыққан Шырақовты шақыртып алдым. Мен, Марусов, Сорокин Шырақовтың қаруын алдық. Марусов алды. — Шырақов, сен қамалдың. Сенің пара алған қылмыстарың бізге белгілі, — дедім. Ол шынын айтты. Тұрған үйінен он бір мың сомдық заттары конфискеленді. Емельянов прокурор: — Саған хабарлап, одинокийге салдық, 3-күні ол қашып кетті... Беркімбаев мені комсомол, профсоюздан қуған соң, соңыра Шырақовпен кездестім. Ауылым Шымкентке бара жатып, поезда көрдім. Ол мені көрді де, тұра қашты. *** Ордабай Ағыбаев (Темір руынан) — тілші, педагог, рай ОКО еді. 1937 жылы Ленинградта диссертация қорғаған кезінде халық жауы деп алып кетті, оларды. Осы кісі:— Шырақов екеуіміздің үстімізден арыз жазады екен,— деп қатты қиналды.

Ордабай Құдайберген Жұбановтың жақын шәкірті еді. *** Әтін ішіп алса ешкімге сөз бермейді. Сөзінде үлкенді — үлкен, кішіні — кіші демейді... Оның «Сен кімсіңінен» отырғандардың біреуі де құры қалмайды. Оған ауылдағылар мүлдем үйреніп алған. Кейінгі барғанымда (январь 1972 г.) екі кеш ол ешкімге сөз берген жоқ. Оның «Сен кімсіңіне» мен де іліндім.

Қасымда отырған Дүке Ата маған сыбырлап:
─ Өзіміз Әтін отырған жерге барудан қалып кеттік, — деді.
─ Сүйекпен бірге кететін мінез ғой, — дегенімде,
─ Иә, солай болу керек,— деп Дүке Ата күлді.

Ертеңіне Петровкадағы Әбілданың үйінде едім. Кешке Әтін де келді. Ол да қонды. Шайдан кейін:

─ Көке, рұқсат болса мен қайтайын, — деді Әтін. ─ Әлі желпінген жоқсың ғой, — деп Әбілдаға қарап, арағыңды алып кел, мынау желпініп қайтсын, — дедім.

Әтін төмен қарап, отырып қалды. Әбілда арақ әкелді.
─ Стакандарды толтыра құйғын, — дедім. Арақ құйылды. Алдымызға қойылды.
─ Көке! Енді сіздің... — деп Әтін стаканын қолына алды. Әбілда да алды.

— Тұра тұр, — дедім. Екеуі де стакандарын қойды.

─ Мен ауылға жылында бір рет келемін. Ағайын-туысқандар менімен сәлемдескелі жиналды. Сен екі күн ауылда ешқайсымыздың аузымызды аштырған жоқсың. Сен туралы «білімі бар, Құдайға шүкір, балалы-шағалы, өз шаруасына өте ұқыпты» дегеннен басқа ағайыннан сөз естігенім жоқ. Жасың алпысқа жақындап қалды. Біздің тұқымда менен кейінгі ақсақал сенсің. Сен аузыңа қашан ие боласың. ─ Көке... Бұл сөзіңіз есте болатын сөз екен, — деді Әтін маңдайының терін сүртіп...

ҒАЙНИКАМАЛ МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ

Төлеген Тәжібаев — менің жақсы көретін аталарымның бірі. Ол кісі вице-премьер, министр культуры, министр иностранных дел, ректор университета, вице-посол СССР в Индии, доктор педагогических наук (по психологии), профессор. Жеңгеміз болса, шала татарка, шала казашка, өте әдемі кісі. Жеңгем менің мінезімді жаратпайды, «Ә, мына тентек полковник деп», кей кезде менің сәлемімді де алмайды. Мақпал, Ғайникамал үшеуіміз тауға бардық. Дачада тұрамыз. Шынын айту керек, қызметтің бір белесін бітірген соң, мен үш жүз грамм коньяк іштім.

Ғайникамал ауырып жатыр еді. ─ Әй, қатын, екі-үш күннен бері далаға шыққан жоқсың ғой, тұрғын. Мақпал далада сандалып жүр, балаға обал болды ғой, — дедім. Жұбайымыз екеуіміз далаға шықтық. Мақпалды іздеп жүрміз. Оны даладан таба алмастан главный корпуска бардық. Мақпал телевизор көріп отыр екен. ─ Жүр, балаң осында екен ғой, далаға шығып, таза ауа жұтайық, — деді Ғайникамал.

─ Бильярдта кім бар екен, көрелікші... ─ Ей, қойшы сен шар домалатуыңды, тағы да өзің қызу адамсың, — деп жақтырмады Ғайникамал. Бильярдта доктор Серғазин, профессор Т.Тәжібаев, тағы басқа мен танымайтын төрт-бес адам отыр екен. Біз кіре салысымен, Төкең Ғайникамалға қырындай бастады. Ғайникамал да Төкеңді жауапсыз қалдырған жоқ.

─ Бауке, бір партия ойнап жіберсек қайтеді, — деді Төкең.
─ Ойнасақ, ойнайық, — дедім мен.

Төкең назданып, таяғын борлап, көзінің қырын Ғайникамалдан ажыратпай, мені менсінбей, шарлардың тобын абайлап қана бұзғансыды. Бір шар дөңгелеп барып тесіктің аузынан бір сүйем қисық тоқтады. Бір шар оның қарсы бұрышында қыңырайып қалды. Саған еш нәрсе бергенім жоқ, сабырсыз полковникті осылай бір састырайын деген ой Төкеңнің көзінде.

«Кең дала көк теңізді басып өтіп,
Қайтарсам қуып жетіп жастық шақты», —
дедім мен таяғымды борлап тұрып.
─ Ұрсаңшы!

«Через простор степей и синеву океана», — деп бір бұрыштан бір бұрышқа періп жібердім. Қисық шар күмп етіп түсті, отырғандар мәз-мейрам болып күлісті. Мен қос шарды қосақтай бұрышқа жібердім де соқтым. Екі шар елбелеңдеп барып тесікке түсті. Отырғандар тағы да қыран күлкі болды. ─ Профессор, сіз қарап тұрмаңыз, түскен шарларды ұясынан шығарыңыз, — дедім мен дағдарып қалған Төкеңе, отырғандар тағы да ду күлді. ─ Оңға ұрып, солға қараймын деп, екі қисық шарларды періп жібердім, алдыңғы шар келіп мен жақтағы ортаға түсті. Ел қыран күлкі.

─ Қанша болды, профессор? — деп сұрадым.
─ Төртеу, — деді Төкең.

─ Столдан қанша шар аласыз? Алыңыз! — дегенімде, Төкең қатты қысылып, Ғайникамалға бір қарап орысшалап: — Оказывается, нельзя шутить с полковником, — деді. ─ Я шутить с вами не собираюсь, — деп мен бесінші шарды дуплеттен салдым. Отырғандар мәз-мейрам. Төкең екі шар алды, мен сегізінші шарды — через простор степей синеву океана! — деп бір бұрышқа қайыра ұрып түсірдім де: ─ Благодарю Вас, профессор, Вы доставили моей жене и мне громадное удовольствие! — деп таяғымды столға тастадым да:

─ Жоқ, сіз бен біз ойнамаймыз, — дедім мен.
─ Кешіріңіз, Баукеңнің уақыты жоқ еді, — деп Ғайникамал мені ертіп кетті.

ҒАЙСА САРМУРЗИН

Ғайса Сармурзиннің атын мен кейінгі жылдарда ғана естігендердің біреуімін. ─ Тасы өрге домалаған журналистердің біреуі ғой ол кісі, — деді маған бір журналист.

─ Өзі орта талаптылардың бірі ғана, — деді маған тағы біреу. ─ Ол кісі әр нәрсенің басын шатыстырады да жүреді. Бірақ та әлі мандырымды бір нәрсе шығарғанын көргеніміз жоқ. ─ Үлкен қызы Мұханның аспиранты болып, кандидаттықты қорғап, әкесін Жамбылдан алдырып, әзір директор КазГосЛитИздата көрінеді ғой. ─ Орталыққа келіп, әйтеуір аз уақыт қызмет істеп, толық пенсия алғалы келген шығар.

─ Ол кісі алдымен өзінің «аудармаларын» өткізіпті. ─ Сармурзин жолдас — біздің ескі мәдени қайраткерлеріміздің бірі. Бұл кісі келгелі бері біздің издательствоның қызметі жаңа өмірге түсе бастады десек те болады... —- деп таныстырды бір партия жиналысында Дихан Әбілев. ─ У нас нет ни директора, ни главного редактора... — деп ызалана айтты маған Нина Александровна. ─ Директор, Главный редактор, Книготоргтың бастықтарының істері ЦК-да қаралып жатыр екен.

─ Сармурзин, Дихан, Абусағыттарды орындарынан алыпты.

Осы сияқты сөздерді естіп жүргенімде май келіп қалды. Екінші май күні Абусағыт бізді үйіне шақырды. Бардық. Есмағамбет, Сәлкен, Тойғамбаев, Ибади, т.б. сонда екен. «Мейрамыңыз құтты болсын», «Ия, бірге болсынмен» бір сағаттан көп отырдық. Дастарқанға шақырылдық. Жұбайларымызбен барып орналастық. Үй иесінің айтуы бойынша төрдегі екі орын бос қалды... Төртбұрышты тапалтақ, қысқа қылтанақ шашты, дөңгелек әжімсіз бетті сары кісі қасындағы мыж-тыж кемпірімен келіп оз орнын алды. Төрге отырды. ─ Бұл кісі біздің өте қадірлі ағамыз Ғайса Сармурзин болады, — деп Абусағыт бізді таныстырды.

Сармурзин тамада болды. Шетімізден сөз берді. Сөйледік. Іштік. ─ Осы, Бауыржанмен мен, жігіттер, бірінші рет 1931 жылғы әлгі Құрманбек Сағындықовтың үйінде кездесіп едім, — деді костюмін шешіп, галстугін ағытып қызған Сармурзин. — Онда бұл өте балбыраған жас жігіт еді. Ал, қазір мен болсам алпыстан астым, бұл болса елуден асты... Сол кезде де бұл тентек еді, — деп мырс-мырс күлді де, — сол әдеті әлі де қалмапты... Құрманбектің үйінде арақ ішіп, карта ойнап отырмыз. Рас па, Бауыржан?

─ Қайдам, есімде жоқ, ақсақал. ─ Хе-хе. Есімде жоқ, — деп мені кекетіп алып, маңдай терін сүртіп, орындыққа шалқалақтай отырып, — Бұл болған әңгіме, жігіттер. Өзі өте қызық. Преферанс ойнап отырдық. Бір кезде Бауыржан картаны жыртып-жыртып, бетімізге шашып жіберіп, ашуланып шықты да кетті. Хе-хе! Бұның мінезі сол кезде де солай болатын. Хе-хе! ─ Мен арақты соғыстан кейін тана іше бастадым, ақсақал. Картаны қолыма ұстағаныма үш-ақ күн болды. ─ Ия, Ғайсеке, Баукеңмен соғыс жылдарында да жолыққанбыз, — деп күле бастады сөзін Есмағамбет. — Кейін де жолығысып жүрміз той, бірақ та Баукеңнің қолына карта ұстағанын көрген емеспіз... ─Ей, сен Есмағамбет! Жармасып нең бар? Мен өзім көргенімді айтып отырмын ғой...

Отырғандар жым-жырт. Жұбайым Ғайникамал санымды шымшыды. Мен үн қатпадым... ─ Біздің балалар далада қалып кетіп еді. Рұқсат болса біз кетелік, — деп Ғайникамал екеуіміз отырғандармен қоштастық та, шығып кеттік. ─ Астапыралла, ана ағай аппақ сақалымен өз өтіріктеріне сенің өзіңді куәлікке тартты-ау, — деп күлді, көшеде келе жатқанымызда Ғайникамал. Мен де күлдім.

─ Сен қалай шыдадың?
─ Кісі үйінде жанжал шығармас болар деген сөз мені ұстады.
─ Ия, кеткеніміз өте жақсы болды.

—─ Мен Сармурзинмен таныстым. Одан басқа бізге не керек еді? — деп Ғайникамалды қолтықтай үйге қарата тарттым.

ҒАЛИ ОРМАНОВ

Бұл кісі туралы алыпқашты әңгімелер де аз емес. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз «полковник»-тен басталады. Фронтқа барған шефтердің ішінде Ғалекең басқарып барған делегация эксцессіз жақсы абыроймен қайтты. Ол даусыз. Жамбылдың аулында болғанымызда, Ғали маған ұнамай қалды: күйгелектеп топ басқара алмайды екен. Әсіресе қазан-ошақ, қатын-қалаштың істеріне араласа береді екен. Кештің аяғына таман:

─ Осы үйдің қатындары бар шығар, — дегенімде: ─ Ойбай, батыр-ау, осы үйдің қатыны мен боламын, — деді. Әрине, күлді отырғандар.

─ Қасымда отырған Күләш марқұм мені түртіп қалып.
─ Бұл кісі өз үйінде де қатын ғой, — деп сыбырлады.
─ ?!

─ Шынында, бұл ауылда үлгере басқарып кететін ешкімі жоқ екені рас,— деді Қанабек. ─ Фронттан ұсталарымызға әдейі істетіп, барлық өнерлерін салдырып, өзім бас-көз болып отырып, қазақшалатып әсемдеп, қындап «Самому старейшему мудрейшему Казаху» деп жаздырып Жамбыл атама сәлемдеме ретінде беріп жіберген болат кездікке суық қолдық істепті. ─ Жолда жоғалтып алдым, — деді. Ішімнен қатты ренжідім. — Полктің сәлемдемесіне қиянат істеу азаматтыққа жараспайды. Әсіресе, соғысып жүрген полктан. Сөйтіп, полкты Жәкеңнің батасынан құры қалдырды.

ІІ

Соғыстан кейінгі жылдары главный редактор болды.

Жеңіске бес жыл толмай әскери тема әдебиетімізде жаңадан қанат қағайын деп ұмтыла бастағанда: ─ Әй, осы, әлдеқашан саржамбас болған соғыс темасын қашан қоясыңдар? — депті. Ішімнен қатты ренжідім. Кейіннен атын атамастан «Кейбіреулер» деп съезде оны сөзімде цитировать еттім де.

ІІІ

Союзға секретарь кезінде Ғабитке бір сөздің кезегінде: ─ Он неплохой поэт, но в руководители негодиться, — дедім. Ғабең жымия күліп: — оны біз білеміз. Бірақ та сондайлар керек болып тұр ғой қазірінше,- деді.

─ Сізді де қазірінше деп жүргендер бар шығар.
─ Оның рас, — деп Ғабең күліп, басқа әңгімені жалғастырды.

ІV

Обалы не керек, Ғалекең кекшіл емес.

V

Гаграда бірге болдық.
Оның мен туралы өлеңі:
Полковник
Кеңесіп көп отырдым полковникпен,

Бұлдырап еске түсті өткен-кеткен.
Қадалып қабағына көп қарадым,
Тұрғандай тұрпатында қазақ біткен.
Бірде тік, бірде сынық, бірде қатты,

Жайдары көңлі түссе, мархабатты.
Жалғанның жазы-қысы қабағында,
Батырын кім сүймесін бұл сымбатты!
Тарынса табиғаты бір-ақ уыс,

Еткендей тал бойынан аңғардым күш,
Тік өскен туған жерде қара емендей,
Халқымның қалағаны сондай туыс!
Қоштастым құрмет етіп полковникпен,

— Қазақтың бір ұлысын үміт еткен.

Бауыржан!... десе барлық үлкен-кіші
Елеңдеп құлақ түріп, көзін тіккен.

Осы өлеңді бірінші рет маған Ғайникамал 1944 жылдың январында жатқа айтып берді. Она продекламировала с вдохновением и с гордостью. Я был удивлен, что Гали написал такой стих обо мне. — Дұрыс, жаным, шын жазылған өлең. Ақынның шын ойы сен туралы, — деді Ғайникамал, — бұдан не айтсын ақын. Маған өте ұнады, сондықтан мен жаттап алдым.... Мен 1943 жылдың август айында 504-госпитальда жатқанымда Ғали Орманов бастап келген делегация маған келіп еді. Олардың ішінде Шабал Бейсекова, ұйғыр артисткасы (Аты есімде жоқ — Нар.Арт. КазССР — бірінші — ия Салима оның аты), халық артисі — Құрманғали шал, т.б. бар екені есімде. А. Семечкин — госпитальдың бастығы, Евдокия Васильевна Белоусова екеуі бірігіп басқарып, Николай Синченконың алып келген қазысын асып, оларды күтіп, қонақ етіп құрметтеп аттандырып еді. Қоштасарда Құрманғали шал маған қарап тұрып жылап: ─ Қарағым, сенің полкыңда болып қымыз іштік, бұнда келіп қазы жедік. Сен, қарағым, түсімде көрген елімнің баласы екенсің, — деп, сөзінің аяғын жосқытып өлеңдетіп айтып жібергенде, барлық делегаттар еңіреп жіберіп еді. Ғали да жылап еді...

Мына өлеңін Ғали сонда жазуы керек.

Бұл өлең газетке, журналға, жинақтарға басылып шыққан. Ғалидан мен Жамбыл атама бір жақсы семсерді «Самому старейшему и самому мудрейшему казаху» деген жазумен сәлемдеме ретінде жіберіп едім.... Жолыққанда көп сөздер сөйленіп, тостар көтеріліп еді (кейіннен уақыт болса оларды еске түсіріп жазармын). Вообще, следует мне самому описать рождения этого стихотворения поэта — как материал — фактический. Ильяс Омаров звонить етті маған. «Социалистік Қазақстандағы» мақалаңды оқыдым деді. Бұрынғы қолжазбаңды оқып ем ғой. Какому-то дураку поручили редактировать твою статью. «Алдыңғы ойларыңның көбін алып тастапты ғой иттер.» ─ Ол иттерді мен «Социалистік Қазақстанға» назначать еткенім жоқ; — деп ем, ол ха-ха-ха деп күлді. — Ей, сен күлме, мен жылап отырмын, — дедім. Бірақ та перепечатать невозможно, оған түсінгін.

─ Я, оның дұрыс, — деді. *** Мүсірепов звонить етті (10/Х-69): Өзі ыңырсып сөйлейді, ыңырсып сөйлеуде арамдық жатады. Мен айқайлап сөйлеймін — ол адалдық. Сапарғали Бегалин звонить етті. Баласы (Мәжит) қасында екен. Сапекең орысша айтқанда недалекий человек. Ол кісі мені алдағысы келді: Әй, Бауыржан, айналайын амансың ба, есенсің бе, Кәматай қалай (ол менің әйелім)! ─ Құдайға шүкір, ауруханаға түскен екен, көңілін сұрап барып қайттым мен сорлы,— дедім.

─ Мәжит екеуіміз сен туралы әңгіме жасап отыр едік.
─ Әңгіменің төркінін айтыңыз, Сапеке,— дедім мен.

─ 750 статья басылыпты кинофильм туралы. «За нами Москва» бәйге алғанын білесің ғой өзің, — деді. ─ Сапеке, отан мақтанбаңыз. Көңіліңізге келсін, келмесін, бірақ ашығын айтуым керек: ол фильмді істеген Сіздің балаңыз емес, менмін. Бірақ та режиссер-постановщик — Мәжит Бегалин деген титрында бар. Шынын айтқанда, ол өтірік. Отан қарсыласуға менің ешқандай моральный правом жоқ. Осыған балаңыз екеуіңіз дұрыс түсінуді тілеймін.

─ Ей, Бауыржан, не боп қалды саған! — деді Сапекең. ─ Сапеке! «Ей» деген соз әдепсіздікке жатады. Өзіңізді ақылсыз деп қоям мен. Қазақ тілін менен жақсы білесіз. Маған неге «ей» деп сөйлейсіз. Жасыңыз болса, келіп қалды. Осы уақытқа дейін, «ей» дегеннің ауыр сөз екенін түсінбейді екенсіз ғой. «Ей» деген сөзіңізді балаңызға айтыңыз, маған айтпаңыз. Ондай ауыр сөзді мен көтере алмаймын. Жақсы болайын, жаман болайын — мен қазақтың Бауыржан Момышұлымын. Мен — ұлы жүзбін. Демек, — мен аға баласымын, ал сіз болатын болсаңыз күңнен туғансыз; оған документім бар менің. Сіз орта жүзсіз.

Қап-қара Қаракесек күңнен туған,
Би болып Қазыбегі бетін жуған,—

деген өлеңді мен шығарған жоқпын. Осы өлеңді қырғыз Шөже шығарған. Сол себепті қазақта жаман сөз бар, соны айтуға мен мәжбүр болып отырмын: «Біреуді сынау үшін, алдымен көтіңе қара» деген. Осыны сіз қартайғанда ұмытпаңыз.

ӘДЕБИ ҰСТАЗЫМ

Мен көп қатын алған кісімін. Солардың ішіндегі ең сұлуы, ең жақсысы — заслуженный деятель искусств РСФСР Вера Павловна Строева дейтін әйел кісі. Ол кісі менен жеті жас үлкен болатын. Бір-бірімізді өте жақсы көретінбіз. Орысша айтқанда — она меня считала творческим человеком. Она меня очень любила, она мне верила... На старости лет я очень сожалею, что по молодости, по глупости я не оценил ее искреннюю любовь и сочувствие к моему творчеству, доверия. По честному признаться, я ее признаю своей литературной учительницей — она просветила меня во многих вопросах. По ее упорному настоянию — я стал писателем. Я написал «Нашу семью» на русском языке под ее моральным, творческим руководством, фактический она является соавтором этой книги. Я должен это признать. Она была первым редактором моего произведения. Вот почему моя книга «Наша семья» открывается эпиграфом «Вере Павловне Строевой, которая помогла мне написать эту книгу, больше чем она подозревает. Автор.» Остальные мои жены, қазақша айтқанда, мені түсінбейді. Орысша айтқанда, им нужны лишь мои деньги и мой...

Это весьма печально для творческого человека.

Телефон істемей қалды да, звондау үшін төменге түстім. Төменде Александра Владимировна дейтін көршіміз тұрушы еді. Ол екеуіміз бөтен кісі емеспіз. Орысша айтқанда, она моя землячка. Ванновкада туған әйел... Жалғыз ғана қыз баласы бар. Оның аты Наташа. Наташа бір жылдың ішінде үш рет күйеуге шықты. Мұның қалай деп мен де, әйелім де араласқан жоқпыз. Бірақ шешесі байғұс не өлерін, не тірілерін білмей, сұрланып, құсаланып жүрді. Әр атаға, әр анаға түсінікті шығар... Сарыағаштан қайтып келсем, әйелім больницада жатыр екен. Балалар болса сандалып кетіпті. Үйде жалғыз жесір жатырмын. Шай қоюға шамам жоқ. «Социалистік Қазақстанда» мақалам шықты. Қуанышым қойныма сыймай отыр. Неге десеңіз, кейбір ақымақ қазақтардың маған жақпаған жаласы, соқпаған қоңырауы жоқ. Олардың ойынша, мен біткен адам екенмін, олардың ойынша, орысша айтқанда мен окончательно спившийся человек екенмін. Олардың ойынша, мен орысша айтқанда отьявленный хулиган екенмін и т.д. и т.п. Кімнің әділетті екенін халық біледі, халық сыншыл келеді. Кейінгі мақаламды мен көп қиналып жаздым. Сол мақаламда ақылымның жеткенінше марксизмнің теориясы мен Мао Цзэдун теориясын (зерттеп) тексеріп, орысша айтқанда разбор жасадым. Ол статьям Қазақстанның Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстанға» басылып шықты. Ол газет ешкімнің қолжаулығы емес... Мен жаулардан көп қорлық көрген кісімін. Ал, өз халқымнан көрген қорлық та есептеп қарасам аз емес екен.

КУБА

(лақап пен шындық) Совет жазушылары Сергей Смирнов, Александр Кривицкий, Василий Субботин, Чехословак жазушысы Вацлав Кубик өздерінің Куба туралы әсерлерінде Кубаның қарулы күштерінің министрі Рауль Кастро мені Куба жерінде көруді жөн көргенін айтты. («Мы были бы рады видеть Баурджана Момышулы на Кубинской земле») деп әрқайсысы кезінде баспа бетінде жариялады. Фидель Кастро да Ташкентте болғанында бір сөз кезегінде: «Я мечтал быть на родине Баурджана Момышулы и Джамбула Джабаева», — депті. Осы хабарларға сүйеніп, ел арасында «Фидель Кастро Бауыржанды шақырыпты» деген лақап тез тарап кетті. Мен өз басым бұл хабарға көпке дейін мән бермей жүрдім. «Кубаға баратын екен, бірақ та жібермепті..» деген өсек екі жыл бойы қыр соңымнан қалмады.

Барсам, барайын деген шешімге келдім.

Ешкім маған «Сені Кубаға жібермейміз» деген жоқ. Қайта шетелге керекті ресми документтерді қолма-қол тиісті кеңселерден уақтылы өткізіп, Москвадан виза алуға жәрдемдесті. Менің істегенім қысқаша анкетаны толтырып, 5x9 3 дана фотокарточкаларымды тапсыру тана болды. *** Ауырып қалып, сентябрьдің 5-де больницаға түстім. Дәрігерлер дұрыс емдеді. «Выезд Момыш-улы пятого, прибыть Москву третьего» деген телеграмманы жұбайым больницаға алып келді. ─ Тағы да он шақты күн жатқаныңыз дұрыс болар еді, — деді доктор Кима Аршаковна телеграмманы оқып болып, — бірақ та «Доктор-ay менде ешқандай ауру жоқ» деп өзіңіз айтып едіңіз ғой, — деп мөлдір қара көзімен жылы шырай қарап езуін жыйды да, жұбайыма қарады. ─ Полковниктің киімін ертең сағат екіден кейін алып келіңіз, — деп қоштасып доктор палатадан шығып кетті.

─ Сен қашан докторға ауруым жоқ деп едің? — деп сұрады Ғайникамал. ─ Мына доктордың өзі тергеушіден асқан екен. Он шақты күн анализдер мен тексеруге кетті. Күніне екі-үш нәрсе алады. Қайта-қайта қан, құсық, от алдырып, рентгенге салдырып, кардиограмма, тағы бір нәрселер жаздырып, басқа врачтарға көрсетіп, әйтеуір іздемеген пәлесі жоқ...

─ Онысы жақсы екен. Біліп алып емдеуге не жетсін... ─ Тағы да сұрамаған нәрселері де жоқ. «Қаражаттың кемтарлығы, тұрмыс қысымы денсаулығыңызға әсер еткен болар» деді бір жолы. «Семьяңызбен тату тұрасыз ба?» «Бойынан күш қайта бастаған еркектердің мұңайып, сағы сынып қалатындары да болады» деді. Бір жолы «Бүгін день посещения ғой. Әйелім келеді, содан сұраңыз доктор» дедім мен.

─ Мә, саған, ол жағында сұрапты ғой? — деп Ғайникамал күледі. ─ Қарағанда «Алдымен жүрегіңізден бастайын» деп көп тыңдайды. Есімді жинап айыға бастаған соң, бір күні жүрегімді тыңдағанда былай дедім: Сынық мінез кісі екен. Ашуланған жоқ, күлімсіреп отырып әңгімелесті. «Ауру кісінің ішіндегі дертін білсем ─ шипа қонатын емін тапқан болар едім», — деді Кима Аршаковна. *** Сентябрьдің 29-да үйге келдім. «Выезд Момыш-улы откладывается тридцатого ноября» деген телеграмма алдым. ─ Бұнысын білгенімізде Кима Аршаковнаның тілін алып, больницада он күн, санаторияда он күн болып асықпас едік қой, екеуінен де құры қалдық-ау, — деп Ғайникамал қынжылды. ─ Айдың аяғында тағы да «Откладывается» деген телеграмма сап ете түссе, «тойдың болғанынан боладысының» қызғын сонда көрерсің.

─ Қой, құрысын. Не үйде емес, не түзде емес болып жүріп мазасызданғанша...
─ Барамын деп айтып қойған соң, енді кейін шегіне алмаймын.
─ Біз Бақытжан екеуіміз де барсақ қайтеді?

─ Алда бір ай уақыт бар. Мүмкін сендерге де виза алып үлгерерміз, — дегенімде Ғайникамал қуанды.

─ Мен Москваға,— деп телеграмма бердім.

Бақытжан Жуалы өндіріс басқармасының газетінде істеуші еді, оған да телеграмма жібердім. *** ─ Алматыда сарғайып күтіп отырғанша Москваға барып, сендерге виза жұмысының басы-қасында болғанымыз дұрыс болар. Менің Москвада басқа да шаруаларым бар көрінеді, — дегенімде Ғайникамал: ─ Я, солай еткеніміз дұрыс болар. Бұл жерде күткеннен гөрі сол жерде күтелік. ─ Бірақ та есіңде болсын, егер де сендердің визаларыңның сәті түспеген жағдайда, маған өкпелемейсіңдер. ─ Ол сенің қолыңдағы нәрсе емес қой. Болмаса Москваны аралап, Бақытжанның киімдері көнелеу көрініп еді, оны киіндіріп, сені шығарып салып қайтармыз.

─ Онда дайындығыңа кіріскін.

Әрқайсысымыз Алматыдағы өз шаруаларымызға кірісіп, жолға дайындала бастадық. Октябрьдің 11 күні поезбенен ауылға — Жуалыға тарттық. Ауылға таң сәріде келіп түстік. Күні бойы ауылда болып, түнгі сағат 12-де «Фрунзе-Москва» поезына міндік. Әңгімемен жол қысқарту — атам заманнан келе жатқан салт. Бақытжан ауданда, біз қалада болғандықтан, онымен кейінгі екі жылда сирек кездесуші едік. Ол өндіріс басқармасының газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Қызметіне байланысты ол ылғи колхозшы, совхозшылардың арасында жүреді екен. Халық арасында жүреді. Газетке мақалалары, өлеңдері жарияланып турады екен. Әрине, барлығының бірдей иі қанбаған, әлі қаламы төселмеген, бірақ та барлығы өмірден, тұрмыстан алынғандар. О л кездескендері туралы, өзіміздің ауылдағы бабушкасының, Музей апасының, майда балалардың кейбір қылықтары туралы бірнеше әңгімелер айтып бізді күлдірді. Ол колхозшылар мен совхозшылардың намысқойы болып алыпты. Еңбекқор, озаттар туралы сүйсіне әңгімелер айтып отырды. Баламның өмірден сабақ алып, ел танып, жер тани бастағанын сездім. Өз қолы өз аузына жетіп келеді екен.

«Шырағым, үйде жүрсең нетер едің,
Қолыңа құрық ұстап кетер едің», —
деген ойыма түсіп, ішімнен балама қарап отырып:
«Қарағым Алматыда нетер едің?

Парктар мен ресторанға кетер едің.
Біз тұмсық туфли менен қуыс шалбар,
Стиляга жалқау боп кетер едің», — дедім.

*** Москваға күндізгі сағат 16-де келіп түстік. Майда жауын сіркіреп тұр екен. Таксидің алдына жақындай бергенде: ─ Әй, анау тұрған Әмина емес пе? — деді Ғайникамал. Шынында әнші, педагог Әмина Бафина басқа кезекте тұр екен. Ол да бізді көріп (мен үйден сусар бөрік киіп шығып едім, өңшең қалпақ киген топ арасында менің бас киімім Әминаның да назарын аударыпты), қасымызға келіп сәлемдесті. Ол біз келген поездың басқа вагонында келіпті. Үш күн бірге келе жатып жолықпағанда, такси алдында кездестік. Мәшине келіп қалды. ─ Ал, қарағым Әмина, бәріміз бір мәшинеге сыямыз, отырғын. Сағат беске жақындап қалды, Жазушылар Одағына тез жетелік, кеңсе бесте жабылады. ─ Маған, ағай, Воровский көшесіндегі Гнесиндер атындағы институтқа бару керек еді.

─ Жазушылар одағы да сол көшеде, арасы қашық болмауы керек.
─ Онда өте жақсы болды ғой, отыр, — деді Ғайникамал Әминаға.
Жазушылар одағына кеңсе жабылардың алдында 10 минут қалғанда келдік.

─ Мен шыққанша, сендер осы мәшинемен Әминаның институтына барып қайтыңдар, — деп мен мәшинеден шықтым. ─ Дорогой Баурджан, я знал, что Вы едете с семьей, — деді Арон Яковлевич, — но в гостиницах мест нет. Из Италии прилетели пять тысячи болельщиков футбола. Они выедут через три-четыре дня. Потом профсоюз бронирует для делегатов съезда. Я о вас позвонил в ЦДСА, там у них какое ─ то совещание. Единственно могу вас пригласить к себе. У меня две комнаты. Одну предоставлю вам. Будете спать на полу.

Не істерін білместен Арон Яковлевич қуарып тұр.
─ «Заря» дейтін гостиницаға барып көрейін.
─ Зря! Во всех гостиницах мест нет.

— Барып көрейін. Бір топ болып барғаным сіздің бала-шағаларыңызға ыңғайсыз болар.

─ Ну! Знай сам. На всякий случай запишите мой адрес и телефон, если не устроитесь, прямо приезжайте ко мне.

Сыртқа шықсам, біздің мәшине тұр екен.
─ Тез қайтыпсыңдар ғой.
─ Әмина ешкімді жолықтыра алмады.

─ Не көрсек те бірге көрелік, — деп мәшинеге отырып: «Заря гостиницасына», — дедім шоферға. «Заряның» алдына келіп тоқтадық. Әмина мен Бақытжан мәшинеде қалды, Ғайникамал екеуіміз ішке енсек, вестибюллық толған адам.

─ Ойбуй, енді қайттық? — деппін ғой. ─ Асықпа! Жоғарыда бір таныс бар ма екен, — деп Ғайникамал екінші этажға баспалдағымен жоғарылады... ─ Вы приехали к нам? — деп бізді танып күлімсіреп этаждағы дежурный әйел қарсы алды. Жауабымызды біліп: — к сожалению ничем не могу вам помочь, — деп күрсінді. Салымыз суға кеткендей иығымыз селбірейіп төмен түсіп келе жатқанымызда, көзілдірігін жарқыратып, ат жақты, ашаң жүзді, сұңғақ бойлы, қою қарашаш, қара көзді әйел асыға қадам басып көтеріліп келеді екен. Тани кеттім.

─ Ниелла Александровна! Я вас хвалю можно сказать на весь мир...
─ Когда приехали? — деп сөзімді бөлді.
─ Только что. Вещи и двое сидят в такси.
─ Почему вы не сообщили, что едете.

─ Мы выехали из аула, — деппін сасқанымнан. ─ Что в вашем ауле нет почты?— деп қысымдай асыға сөйлеп, «идите в такси и ждите меня внизу», — деп жоғарылап кетті. ─ Күтпеген жерден мына директрисаның кез болғаны жақсы болды-ау, — деді Ғайникамал.

Ниелла Александровна киініп төменге түсіп, администраторшаны шақырып алып: ─ Устройте их в моем кабинете на раскладушках. Первые освободившиеся номера сохраните за ними, — деп асыгһға сөйледі де, бізге: — Спокойной ночи! — деп жүгіре жөнелді. Заттарымызды орналастырып бола бергенде, өсек салуға келген екі әйел (горничные) Ғайникамалмен амандасып, жас балалардың денсаулықтарын, қалай оқитындарын сұрастырып шүйіркелесе кетті. Ресторанға бардық. Орта бойлы ақ сары официантка жымия күлімсірей қарсы алып: ─ Мынау менің столым еді. Осы жерге отырыңыздар, — деп Ғайникамалдың денсаулығын сұрады... Официантка заказды алып кеткен соң: ─ Осындағылардың барлықтары сіздердің туыстарыңыз сияқты сөйлеседі ғой, — деді Әмина. ─ Сен де жол үстіндегі адамсың ғой, — деді Ғайникамал оған: — гостиницаларға әртүрлі адамдар келіп-кетіп жүреді. Гостиницаның қызметкерлері қырағы, сыншыл келеді. Олар барлығын байқап, бақылап жүреді. Командировкада жүргендердің кейбіреулері өзін емін-еркін ұстайды, кейбіреулері жүгенсіздік те көрсетіп қояды білем... Мына кісі осы гостиницада тұрып, жеке бөлме алып жұмыс істеген. 1961 жылы Бақытжан үшеуіміз де осында тоқтаған болатынбыз. Өткен жылы Мақпал, Шапиға төртеуіміз осында бір ай болдық. Бізден бұлар ешқандай жарамсыз, сөкет мінез көрмегендігінің арқасында естерінде қалып, ақырында директордың өз кабинетіне түнеп шығатын болдық қой, — деп күліп аяқтады сөзін. ─ Жаңағы администратор әйел бір әйелге атайды көрсетіп: «Я о нем много слышала, но вижу его в первый раз», -— деп сыбырлап тұр.

─ Біздің аташка өзін-өзі курортта, санаторияда, гостиницада ұстай біледі...
─ Я, сөйтіп, мені мақтап қойсаңшы.
─ Мақтап отыр ғой.

─ Бұл мақтаудың да астары бар ғой. «Үйде тентек болғанмен, түзде сыпа» дегенімде, ду күлісті. Азанғы сағат 8-де директордың кабинетін босатып, жеке бөлмелерге орналастық. Бір күн демалысқа кетті. Екінші күні үшеуі магазин аралауға кетті, мен шет елге жіберетін комиссияға бардым. Ұзын бойлы, көк көз, таза киінген сары жігіт документтерді көріп шығып: ─ Жұбайыңыздың жүрегі бұндай алыс жолға жарай қоймас. Аспанда 18-20 сағат болуға тура келеді, аэродромда 4-6 сағат боласыздар. Виза алуға да уақыт тығыздау. Европаның қай еліне барамын десе, жұбайыңызға да, балаңызға да виза алдырып берейін, жақын 2-3 сағат қана ұшады, ал Кубаға уәде бере алмаймын. Сіздің визаңыз біздің сейфте. 30 октябрь күні ұшасыздар. Отан дейін международная прививка істетіңіз, — деп адресі мен телефонын беріп дипломат сөзін аяқтады. Ғайникамал өте қатты ренжіп, үйдің берекесін кетіре бастады. Қабағы ашылар емес. Кешкі шай үстінде мен күрсініп: ─ Қайран, қатын сабайтын ата-бабамның заманы өтіп кеткеніне кешелі бері өкініп отырмын, — дегенімде отырғандар да, Ғайникамал да күліп жіберді.

Жолда салқын тиген болу керек, ертеңіне Ғайникамал ауырып қалды. Әмина, Бақытжан үшеуіміз академик Е.В.Вучетичтің үйіне қонақ болдық. Евгений Викторович бізді қуана қарсы алды. Үйінде Вершинин ақын мен профессор отыр екен. Вучетичтің мастерскойын үлкен музей деп айтуға болады. Әмина мен Бақытжан аң-таң қалды. Мастерскойдың оң қанатының ортасындағы биікте менің үлкен бронзадан скульптуралық портретім тұр екен. ─ Вершинин и профессор, объясните моим, пожалуйста, каждую работу, ведь они впервые в мастерской Евгения Викторовича, — дедім мен. ─ Да, да, друзья. Будьте как дома. Мы с Баукең (Вучетич мен солай атайды) не будем мешать, — деді Евгений Викторович оларға.

Вучетич екеуіміз бұрыштағы диванда жаңалықтар туралы пікірлесіп отырдық. Әмина мен Бақытжан қызыға аралап Вершинин мен профессорды тыңдап жүр. 2-3 сағаттан кейін тамақ үстінде көңілді отырысып қайттық. Ертеңіне үйден шығуға дайындалып тұрғанымда, Бақытжан шифоньерден менің макентошымды алып мені киіндірді. «Бұрын бүйтпеуші еді, бұған не болған» деп ойладым. Магазиннен нәрселер алып болған соң, «Прага» ресторанына тамақтануға бардық. Гардероб алдында балам мені шешіндіріп, киімді швейцарға тапсырып, одан кейін өз киімін тапсырды. «Бұған не болған...?!» шығарда «давайте я сам» деп оның қолынан киімімді алып, мені киіндіріп, кейін өзі киінді. «Бұған не болған?!» Жолда таксиде келе жатқанда ойыма түсті. Кеше Е.В.Вучетич бұрынғыдай мені шешіндіріп, өзі киіндіріп еді, балам соны байқаған екен ғой. Әкемнің кебісін академик қойғанда, маған не өрескелдігі бар деп ойланған екен ғой деп күліп жібердім.

─ Папа, неге күлдіңіз?
─ Мақпалдың бір қылығы ойыма түсіп кетті.
─ Айтыңызшы.
─ Кейін айтып берермін.

Г.Л.Рошаль шақырды. Вера Павловна мен Маечка Бақытжанды бірінші рет көруі еді. Они сразу друг-другу понравились и увели Бахытжана в другую комнату. Я остался беседовать с Григорием Львовичем. Этот интересный и большой художник, и весьма предупредительный человек и на этот раз доставил мне удовольствие и обогатил меня своей непринужденной, умной беседой. После обеда, по настоянию Маечки и Веры Павловны Бахытжан остался у них, а я уехал...

Бахытжан поздней ночью пришел весьма приятными впечатлениями от Рошалей.
Амина усердно ухаживала за больной Ғайникамал.
Октябрьдың 20-сы күні біз қалата жүргелі тұрғанда, Ғайникамал долданып:

─ Жолың болмасын! — деді. Мен үн қатпай шығып кеттім. Түрін көріп, сөзін естіген Бақытжан түсі құбылып, үн қатпай соңымнан келеді.

Мәшинеге отырған соң: ─ Ты не обращай внимание и не переживай. Она больная женщина, — дедім балама. Целый день Бахытжан был мрачен и скуп на разговор. Во время обеда в ресторане «Узбекстан» он отказался от легкого вина и плохо ел. Когда мы вернулись, расстроенная этажница с холодком посмотрела на нас и подавая ключ сказала:

─ Ваша жена собрала чемодан, вещи сына перенесла к вам в номер и уехала.
Екеуіміз аң-таң қалдық.
Бір отырған соң, Әмина келді. Кінәлі дауыспен:

─ Үлкен кісі болғандықтан батылым барып еш нәрсе айта алмадым. Поезға шығарып салдым, — деді.

─ Өзі не деді? ─ Баукеңнің қызметіне мешаит етпейін, ондағы балалар не болып қалды екен дегеннен басқа еш нәрсе деген жоқ.

─ Дұрыс ойланып істеген болар, — дедім.
Әмина кеткен соң:
─ Тамаққа бармаймыз ба, балам? — дедім.
─ Мана 25 сом алып едім, оны жаратып қайттық қой.

─ Мен ақша ұстамаймын. 300-350 болу керек еді. Ол бізді тиынсыз қалдырып кетіпті ғой. Қарашы, ана папканың ішінде аккредитивтер бар еді.

Мүмкін оларды да алып кеткен болар.
─ Міне, аккредитивтер орнында, — деді папканы ақтарып болған Бақытжан.
─ Оған да шүкір, — деп орнымнан тұрып шығып кеттім.
Буфетчицаға барып:

─ Мы очутились на сегодня без денег... ─ Пожалуйста берите, что вам надо, завтра же отдадите, — дегені бай болғыр сөзімді бөліп.

─ Хорошо. Спасибо. Сейчас сына пришлю.
Сөйтіп, қарызға тамақтанып жаттьқ.

Өте мазасыз ұйықтадым. Аузым, мұрным да ұшық. Тамағым жұтқызбайды. Басым ауырады. Аяқ-қолым сырқырайды. Бақытжан ұйықтап жатыр. Киініп сберкассаға барып ақша алдым. Жақын жерге барып қайтуда қара терге шомылдым. ─ Мен ақша алып келдім, балам. Мен жатайын. Алдымен қарыздан құтылғын. Тамақтанғаннан кейін Москваны араларсың.

─ Бүгін политуправлениеге барамын деп едіңіз ғой. ─ Мен еш жаққа бара алмаймын. Ауырып қалдым. Мұндағы шаруалар кейінге қалды.

─ Докторға көрінбейсіз бе? ─ Денсаулығы нашар деп жібермей қоя ма деп қауіптенемін. Жылы оранып жата берейін. Қатты салқын тиген көрінеді. Қысқасы, 21-інде құлап, 28-інде төсектен тұрдым да, Международный институтқа бар дым. Онда 2 сағаттай врачтарға көрініп, керекті документтерін алдым. Киінейін деп бара жатқанда, қарсы алдымнан жағы қушиған, мұрты түксиген, шүңірейген мұңды көзді бір шал шыға келді. Дағдарып тұра қалдым. «Е! Ғайникамал мен ангина екеуі қосылып сағымды әжептеуір-ақ сындырған екен ғой», — деп үлкен айнадан бұрылып жөніме кеттім. ***

29/Х-63 ж. 10.00 интуристов бардық. Документтерді тапсырдық. Екінші конференц залында сыртқы істер министрлігінің адамы қысқаша сөйлеп, біздің топты ертіп баратын арық, танауы желпілдеген, шыны көз, желкесінен жоғары қысқа кесілген сұйық жалбыраған шашты әйелге сөз берді. Аты Мария Ивановна. Ол кісі көп сөйледі. Группа 32 адам. Анти Николаевич Кимонен дейтін финді бастық етіп сайладық. Педро Хузангай дейтін шувашты оның орынбасары етіп сайладық. Группаның атынан сувенир алуға 5 сомнан ақша бердік. Шет елге 30 сомнан артық совет ақшасын алып баруға болмайды екен. Оны да Анти Николаевичке тапсырдық. Группаның ішінде мен бұрыннан танитын әдебиетші профессор Александр Абрамович Исбах бар екен. Отызы күні азанғы сағат жетіден қалмай Шереметьев (международный) аэродромында кездесуге уәделесіп тарадық.

Тамақтанып болған соң қонақ үйге келдік.
Ғайникамал менің чемоданымды ашық тастап, оның кілтін де алып кетіпті.
─ Жабық емес чемоданды жолда еш жерде сақтауға алмайды ғой.

─ Сенікі өте шағындау болар, жүгір, балам, магазиннен чемодан сатып алып келгін, — деп Бақытжанды жұмсадым. Бақытжан шыға салысымен, біреу есікті қақты — этаждағы әйел Ғайникамалдан хат тапсырды. Жаңа чемоданға заттарды ауыстыра бастағанда жүрегім қысылып, көзім қарауытып кеткендей болды: жыртық носкилер, кір орамалдар, жыртық сетка, кір трусы, бұзау жалмағандай жаюлы жерінен алып сала салған вискозные военные сорочки... Екі киілмеген ала көйлекті көріп сабыр еттім.

─ Ана күні үтіктеместен кие беретін сорочка алдық деп едіңдер ғой.
─ Іздеп таба алмай жатырмын, — деді шифонерді ақтарып жүрген Бақытжан.

«Жолың болмасын деп еді. Қымбат сорочка Бауыржан өлген жерде қалып кетпесін деген екен ғой» деп ойладым да: Сен тағы да магазинге барып, маған үш-төрт пар носки, екі пар белье, бір сорочка алтын, — деп Бақытжанды жұмсадым. Бопырап жатқан чемоданның ішінен киілмеген сұр сорочка табылды. Оны екі ала көйлекпен жаңа чемоданға салдым. Чемоданның түбінен үш-төрт таза орамал тауып, оларды да жол чемоданына салдым. Жыртық носкилердің арасынан бір-екі рет киюге жарайтын үш парын алдым.

Бақытжан төрт пар простой носкилерден басқа еш нәрсе таппапты. ─ Балам-ау, полотенца да жоқ қой, — дедім. Бақытжан тұра жүгірді. Магазин жабылар алдында жетіп, екі полотенца әкелді, шешінді де, мыж-тыж военная сорочканың екеуін алып шыға жөнелді. Менің:

─ Қайда барасың? — дегеніме ол жүре жауап беріп:
─ Мыналарды үтіктейін де. Еш болмаса, жолға жарар, — деп шығып кетті.
Бақытжан келген соң:

─ Маған таза тетрадтан басқаның керегі жоқ. Қағаздар мен кітаптарды да қалатын чемоданға орналастырғын, — деп, өзім корридорға шықтым. Темекі тартып жүрмін. Ниелла Александровна кездесті. Асықпай тұрып сөйлесті. Әминаға осы уақытқа дейін общежитияға прописка бермепті. Гостиницадағы срогі 31-і күні бітеді. Оған тағы да бір жетіге ұзартуын сұрадым. Артық басты камера хранениясына сақтауды өтіндім. Өзімнің оралып қайтуыма орын жағын да келістім. ─ Пожалуйста, я все сделаю, — деп жылы шырай берді ол, — желаю вам счастливого пути и удачи, — деп қолын ұсынып қоштасты. Буфет жабылайын деп жатыр екен. Бақытжанды шақырып алып, ужин мен завтракқа жетерлік тамақтарды бөлмемізге алдық.

Әмина келді. ─ Ағайымызбен қош айтысқалы келіп едім, — деді салқын дауыспен. Екі-үш минут отырып кетті. ─ Бұдан екі жеті бұрын: — Апырмай, сіздер болмасаңыздар, көшеде қалып кететін екенмін-ау, — деген Әмина, Ғайникамал кеткелі бермен бізбен араласуды қойды. Демек, Ғайникамал кетерінде менен оның көңілі қалатын сөздер айтып кетуі керек деп ойладым да қойдым. Есікті қағып буфетчица мені шақырды. Жабылған буфеттің ішіне ертіп барды. Стол үстінде тамақ. Үш официантка мен этажница отыр, ─ Вы летите завтра на Кубу. Мы после работы всегда здесь ужинаем, вот мы решили просить вас с нами поужинать...

─ Счастливого вам пути...
─ Счастливого возвращения...

─ Вы, ваша жена, ваш сын и невестка нам всем понравилйсь. Сразу видно, что дружная семья...— деп бірінен кейін бірі сөйледі. Елу грамнан коньяк іштік. «Бұлар сыртымыз бүтін болғанымен, ішіміздің түтін екенін қайдан білсін» деп ойладым. Біраз әңгімелесіп отырып, олармен жылы қоштастым. Бахытжан был приятно удивлен вниманием этих простых советских тружениц. Содан кейін баламның қабағы ашыла бастады. Шереметьево (международный) аэродромы. Букет пассажиров со всех стран, со всех континентов, анкеты. Контрольно-пропускные пункты. Таможенная процедура. Раз-ноголосые, разноязычные оклики. Когда я подошел к окошке и подал документы, майор сидящий разворачивая, проверяя их клал штампы, стоящий за его спиной подполковник в пограничной форме прочитав мою фамилию улыбнулся и отдал мне честь. Я ответил ему. Менің сусар бөркіме қарап, ол тағы да жымыйып күлді. Документтерді майордың алдынан алып: ─ Счастливого пути, товарищ полковник, — деп терезеден маған ұсынды. «Мынау» не деп тұр дегендейін майор таңғала подполковникке бұрыла қарады.

─ Благодарю Вас. Счастливо оставаться, — деп мен жөніме кеттім. «Атақ пен шатаққа жарысаң да, қатынға жарымаған сорлы полковник, жүргін ресторанға» деп ойлап Бақытжанды ерте жөнелдім. Бір сағаттан көп отырдық. Самолет аспанға көтерілді. «Белдікті байла», «Темекі тартпа» деген сигнал өшті. Белдікті ағытып, темекі тұтаттым.

Бортпроводница весьма трогательными погрешностями на русском языке сказала: ─ Доброе утро! Счастливого пути! Вы летите самолете Британия Чехословацкой авиационной компанией. Высота восемь тысяче метров. Прага два и половина часа... — далее она говорила на английском языке, потом по французский, и по чешский.

ЖАМБЫЛДЫҢ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫНА КЕЛГЕНДЕ

После окончания торжественного заседания Академии Наук КазССР делегации союзных республик высказали Абдильде Тажибаеву желание ближе познакомиться со мной. Вечером ко мне заехал профессор Мухтар Эуезов и уговорил поехать с ним в дом отдыха Совнаркома, где меня ожидают писатели, делегаты.

За ужином меня представил Ауезов. Все аплодировали.

Затем выступали делегаты со словами приветствия и прочих банкетных вежливо стей народные акыны Киргизии, Туркменстана, Узбекистана. Седобородые старики, не владеющие русским языком, равнодушно смотрели на ораторов. Я сидел на внутреннем крыле. Столы стояли в виде буквы П. Я с разрешения Мухтара вышел на середину.

— Меня представил вам профессор Ауэзов. Выступавшие товарищи говорили о первой встрече со мной, но я по другому смотрю на нашу встречу, я не считаю ее первой, потому что моя встреча с вашим соплеменниками, представителями 16 отау произошло давно, еще на поле боя. Некоторые из них были моими боевыми товарищами, другие были начальниками, третьи были моими подчиненными. Но на поле брани мы все были товарищами по оружию. На сегодняшний день война окончилась, — и я ничего плохого не могу сказать, ни одной претензий предъявить к сынам 16 отау. Я помню киргизов, соплеменников легендарных Манаса и Семетея, литовцев, латышей, узбеков, народов Кавказа, не говоря о русских, украинцах и белорусах, которых было намного больше. Поэтому я и считаю, что моя встреча с вами происходит не впервые. Она произошла раньше.

Ел десе еңіреген ерлер майданда үзеңгі жолдас болып, ел арқылы ер сынап, ер қадірін, ел қадірін білгендей болды. Ежелден ер тілегі — ел тілегі дегендей, тілектес, мұраттас елдеріңіздің ерлерімен қысылтаяң, қиын жорықта жолдас, бауырмал туыс болдық. На поле боя, перед любым из нас (а я обобщаю в одном лице народ) было чувство долга. Чувство долга каждый из нас ставил выше личных интересов, оно было спайкой, тем, что нас объединяло узой этой дружбы. Это было основным качеством каждого из сыновей, каждого народа. Я не хочу это качество приписать одной личности. У каждого народа есть положительное и отрицательное. Каждый народ имеет и своих подлецов, но качество народа определяется его достоинствами — народ предста¬вительствует только хорошим, только благородным. Ерлік — елдің қасиеті. Жүректілік — жігіттің қасиеті. Ерсіз ел болмайды. Жұртсыз жігіт болмайды. И у казахов много хороших людей, но и не мало подлецов. Пожалуй, даже было бы неинтересно жить без подлецов. В борьбе хорошего с дурным рождается хорошее. Чувство долга — свойство народа. Каждый боец впитал это качество с молоком матери. Это качество есть достояние оставленное предками, а не качество только сегодняшнего дня. Это качество — народное достояние, наследие лучших наших предшественников. Никто из добропорядочных людей не позволит себе, нет такого, который бы сказал, что лучше меня до меня не было. Менен бұрын жақсы адам туған жоқ деп кімнің аузы барып айта алады. Айтқандар надан, шерменделер — шірік жұмыртқа, пасық мінез, менмендер. Каждая эпоха, каждый народ имел благородных людей, и последние оставили свои благородные традиции. Безусловно, — любое хорошее дело можно превратить в свою противоположенность. И очень хорошо, что война на свет вывела накопленные веками тайны, все положительные качества прошлого и использовала. Мы не можем сказать, что у немцев не было великих людей, несчастье в том, что современники превратили это в свою противоположенность. Ата аруағын аяқ астына таптаған айуандар елін әлемге сүйкімсіз, жүзіқара етіп отыр. Сегодня мы можем гордиться, что мы хорошие наследники наших предков, что мы обогатили эту народную каз¬ну, и если мы достойно передадим это дальнейшим поколениям, мы выполним наш долг. Развивая достояние прошлого — мы двинемся в настоящий перспективный путь. Я, товарищи, извиняюсь, что мое выступление выходит за пределы тостовых речей... Я, безусловно, хотел бы встретиться с вами много раз и в парке, и на отдыхе, но обстоятельства мне этого не позволяют... (возгласы мы готовы вас слушать до утра). Казахи говорят, что «если достойный сын родится, свой народ он потянет в гору, если недостойный сын родится, он потянет в могилу». Я могу сказать, что на полях отечественной войны — сыновья 16 отау, все сыны тянули свой народ в гору. Честь своего отау являлась знаменем не формальным, а знаменем в сердце. Ер намысы — ел намысы. Ел намысы — ердің туы болып, жақсы жігіт елін өрге, жаман жігіт елін көрге сүйрейді деп қазақ айтпақшы, жігіттердің көбі ата күшін, ана сүтін ақтап, елін өрге сүйреді. Халқымның қалпына қара таңба бастырмаймын, ел намысына кір жұқтырмаймын, еркіме ен салдырмаймын деген ниет арпалыста медет те, қуат та болды. Это было пищей, когда боец голодал, это было силой, когда солдат уставал, это было одеждой, когда он был наг, изодран, это было весельем, когда был солдат подавлен, это было его стрелою, когда корамсак был опустошен, это было ярким светом, когда он пробивался через тьму, это было путеводной звездой — темирказык, это было волшебным маяком к цели, что не дает моряку заблудиться в тумане. Ар-намыс, адамгершілік, ақ ниет, адалдық алдымызда темірқазықтай жарқырап, шөлдегенде сусын, қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақ малтадай астық, белімізге тірек, көңілімізге қорек, болдырғанда үйірден ұстап мінген төл атымыздай болды. Я думаю, и мне хочется уверить себя, что на торжество столетия рождения Джамбула прибыли первые солдаты фронта литературы и искусства. Простите, я здесь должен прокомментировать на фронте были и вторые солдаты, которые тянули не вперед, а в могилу (смех, оживление). Проявление качеств этих первых солдат на вашем фронте литературы и искусства пером, кистью, предстоит впереди, следовательно, для работников, для художников проявление своих способностей, действия, поле боя их еще впереди. Мне кажется, что еще никто не вступил на это поле боя, — все еще на исходном положении. Что произошло за четыре года войны? Мы только ощущаем, что произошли великие события, что ими задето и тело, и семья, и душа, и психика человека. Орошенная кровью Земля, ее растительный покров, глубокие раны земной поверхности, которые мы зовем воронками и траншеями — являются лишь почерком войны, но они недолговечны — они зарастут за два-четыре года, за пять лет. Земля, природа залечат своих ран и сотрут со своей поверхности этот неблагородный почерк. Но из памяти человека, из памяти народа стереть это невозможно. И должно ему жить еще острее в нашей памяти, в нашей современности. Но и мы увидим, и кто расскажет поколениям, которые не видели, не пережили, дабы они не имели кривое впечатление, дабы то, что нам стоило большой крови, отчет перед человеческой Совестью, перед совестью мировой, было достойно положено в казну времен. Для этого, говорят, надо создать большое художественное полотно эпохи, которое дало бы документализацию, дало бы художественные характеры, дало бы наибольшее обобщение происшедшего. Это — задача художника. Легко ли создать это художественное полотно, обобщить все, что произошло? — Безусловно, никто не скажет, что легко. — Безусловно, трудно. Если мы сознаем трудности, сознаем свою творческую несостоятельность, можем ли мы сидеть, оробев, сложа руки. Или написав легковесные вещи, которые не отражают ничего? Или будем сидеть в засаде и будем ждать вдохновения, не вложит ли его нам в уста Тенгри... — безусловно, нет. Уместно будет привести здесь одну еврейскую поговорку: «Если я не буду заботиться о себе (когда я говорю о себе, я говорю о каждом представителе, каждого народа) кто же будет заботиться обо мне. Если же я буду думать только о себе, кто же я тогда такой? Если я не начал сегодня, то когда начну делать?» Следовательно, каждый обязан думать о себе, должен начать немедленно, но прежде, чем делать, надо знать, что делать. Но прежде чем знать, надо понимать. Разумеется, я не предлагаю казенный план, а творческий, прежде всего познания, глубокое познание. Поколениям мы должны говорить правду, только большую правду о происшедшем. Только большая правда может являться благородным наследием для них. Мы должны сказать слова праведного и достойного судьи о нашем времени. Өз заманымызға сынды, билікті өзіміз айтуымыз керек. Сын айту үшін — шын айту керек. Билік айту үшін — біліп айту керек. Қысқарта айтқанда, сын айтсаң, шын айт, билік айтсаң, біліп айт. Білмей айтқан билік — былшыл. Біздің заманымызда, біздің өмірімізде, тарихты күндей күңірентіп, жерді сілкіндірген ғажайып оқиғалар өтті. Дәуіріміздің сұрапыл дауылының ащы-тұщысын таңдайымызбен таттық. Тағдырдың пешенемізге жазғанын толығынан көргендей болдық. Сын сағатта сыннан, қысылтаяң жағдайда тар жол, тайғақ кешуден, асқар асудан құз-қиялар жағалап өткендей болдық. Жетім мен жесірдің көз жасы көл болып, қарттардың белі қайғыдан опырыла сынып, белуардан қан кешкен майданда ел ерлері қыршын — шейіт болған соғысты басымыздан өткіздік. Мұндай мұңды заман келешекте болуы екіталай. Тілегіміз — болмасын. Ұрпақ, немере-шөберелеріміз біз көрген мұң мен қайғыны көрмесін, біз тартқан азапты тартпасын деген дұға жатсақ-тұрсақ қайсымыздың ойымызда жоқ. Дүниеге біреу келіп, біреу кетіп жатыр, бір күні біз де өлеміз. Бастан кешкенді ұрпаққа біз айтпасақ, кім айтады. Көзіміздің тірісінде заман ырғағын мұра етіп біз қалдырмасақ, кім қалдырады? Көргенімізді, білгенімізді өзімізбен бірге қабірімізге ала кеткеніміз — бізге үлкен айып, зор кешірместей күнә. Оқиғаны ой болжайды, ой ырғағын соз жеткізеді, соз ырғағын қалам желісі, заман, дәуір желісі етіп, ақ қағазға түсіреді. Саналы ер сөзсіз санасын салмақтайды, зерек зерттейді. Біреу келіп, біреулер кетеді. Жылдан жыл түлеп, өзгереді, өседі. Қысқа айтқанда, ой ырғағына, сөз ырғағы мен қалам желісі, көркем шеберлік, данышпандық жолдас болса ғана заман ырғағын ұрпаққа жеткізе айта алмақпыз. Әрине, ол әркімнің қолынан келе бермес, бірақ та талап етіп, қолын айға созу — біздің заманның ақындарының міндеті. Жығылсаң, арпалыса жығыл, құласаң, нардан құла.

Ұрпақ:
Суретті — сырымен,
Ақынды — жырымен,
Әншіні — үнімен,

Шеберлікті — ісімен,
Жүйрікті — шабысынан,

Сұңқарды — алысынан танитын етіп дастан жазу — әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің алдындағы үлкен, қиын, қасиетті мақсат.

Қолын айға созбаған...

Тот поэт, тот художник, который не тянется рукой к луне, чтобы достать ее, тот не художник. Тот поэт, тот художник, который выступает в печати, везде и всюду в «эстрадном жанре», тот, безусловно, небольшой художник и ему не подойти к большому полотну. Эстрада есть эстрада. Для того, чтобы создать Настоящее Поэт должен быть старше отца на сто лет, младше сына на век.

Если мы не скажем Правду поколениям, кто же скажет правду?
Если мы не разберемся, не осознаем нашу эпоху, то кто же это совершит?

Но мало сказать, безусловно, мало. Не только знать, понимать, надо иметь адрес. Не только сегодняшний, не завтрашний, а адрес двух эпох. И вот почему я сказал раньше, чтобы быть поэтом, чтобы мыслить поэтический, надо быть старше отца на сто лет, младше сына на век. Я предлагаю выпить, тост за современников из всех 16 отау — современников каждого народа, который в своем творчестве сейчас старше отца на сто лет, младше сына на век!!

СҰР МЕРГЕН

Полный стихотворный текст этой сказки я тогда знал наизусть, но теперь, когда пишу эти строки, за три десятка лет они у меня выветрились из памяти. Сюжет сказки таков:

...Екінші сөз сөйлейін нақыл жерден,
Өкінер бұл дүниені жақын көрген.
Мұсаншы Әзіреті заманында
Өтіпті сол шаһарда бір сұр мерген.

Сұр мерген сыйынады әуелі аққа,
Құдайым медет бергін тіл мен жаққа.
Ол мерген мергендерден озған екен,
Кетпейді-ау нұсқағаны бөтен жаққа.

Ол мерген мергендерден озған еді,
Садаққа алақаны тозған еді.
Орнынан ертең ерте тұра салып,
Шықсам деп киік аулап ойлап еді.

Ол мерген келе жатыр тауға таман,
Оғымды аңды көрсем заулатамын.
Бір киік құдай оңдап кезі келсе,
Киікті сол жағынан аунатамын.

Ол мерген келе жатыр киік аулап,
Қасына бір топ киік келді заулап.
Саржайдың бір оғымен тартып салса,
Бір киік жата қалып қапты аунап.

Киікті бауыздайды қанын сүртіп,
Кетіпті қалған киік алысқа үркіп.
Шошқаның сол қалың жер жатағы екен,
Қарайды соған мерген түлей түртіп.

Шошқаның сол қалың жер жатағы екен,
Мергеннің іздегені шатақ екен.
Киікті ынсап қылмай жазған мерген,
Шошқаны түлей түртіп атар ма екен.

Қараса ол шошқаны, қабан екен,
Айқасқан екі тісі жаман екен.
Атайын не де болса бұл шошқаны,
Бұқадай көп істелген шабады екен.

Ойланды бұл шошқаны атайын деп,
Қызыққа мұны атып батайын деп.
Бар екен сол уақытта осы орыс,
Орысқа алып барып сатайын деп.

Қасына ол шошқаның барып қалды,
Садақпен қақ маңдайдан тартып салды.
Қабан оқтың ашуына шыдай алмай,
Мергеннің өзін келіп жарып салды.

Сол жерде шошқа да өлді, мерген де өлді,
Ажалы екеуінің қарсы келді.
Ауқат қып сол тоғайда жүреді екен,
Олардың иісін біліп бөрі келді.

Олардың иісін біліп бөрі келді,
Үшеуін өліп жатқан көзі көрді.
Қараса үшеуі де жатқан өлік,
Жесем деп қайсыбірін ой жіберді.

Қарайды жан-жағына бөрі батыр,
Қараса бұл жағында қайыс жатыр.
Қайысты қатып қалар жеп алайын,
Үшеуі кетпейді екен өліп жатыр.

Бөрі батыр қайысты қажай берді,
Өлермен жас қайысты таза-ай көрді.
Иілген зорлықпенен садақ еді,
Бір басын жата қалып қажай берді.

Қайысты бөрі батыр жемек болды,
Құдайдың не салғанын көрмек болды.
Қайысты қатып қалар жеп алайын,
Үшеуі бірталайға ермек болды.

Қайысты бөрі батыр қыршуын-ай,
Астынан шошып кетіп ыршуын-ай.
Иілген зорлықпенен жазған садақ,
Тарс етіп тиіп кетті тұмсығына-ай.

Жеріне тиіп кеткен қаны шықты,
Қайысты жемек тұрмақ зары шықты.
Ажалы бөрінің де жеткен екен,
Жерінен қаны шыққан жаны шықты.

Дальше не помню, но восстанавливаю в своей памяти мораль этой сказки-басни:
Жігіттер арам кетпе татқан тұздан,
Жамандық қалған көңіл жатқан мұздан.
Сол жерде киік те өлді, шошқа да өлді,

Мерген мен бөрі де өлді нысапсыздан.

Отец эту сказку-басню декламировал, а пел на простой казахской мелодии. Особенно Алимана со своей цепкой памятью быстро запоминала как мотив, так и слова этой сказки. Перечитывая записанное, я отдаю должное отцу, но в этой сказке-басне нет ничего поэтического, стройной рифмы и строгого размера. Я бы назвал ее прозо-рифмованной сказкою для детей среднего возраста.

Когда мы выучили эту сказку за два вечера, отец нам с Алиманною велел:

— Ну, молодцы, дети мои, а теперь идите к соседям и развлекайте их, ведь их тоже червями точат нудные вечера и завывания бурана. С этой программой с Алиманной в сопровождении дяди мы гастролировали по всем нашим соседям — сородичам две недели. Нас принимали тепло и провожали каждый с угощением, сушеным сыром (кур-том), лепешкой или жареной крупой. Такой гонорар нас очень забавлял, а самое главное льстило внимание наших зрителей, которые, утомленные непрестанною вьюгою и недостачей топлива, кисли, в своих почти первобытнах хижинах, ждали время до еды, и кое-как дождались темноты, чтобы, поужинав, добратся до теплой постели. Нашим «конферансье» и «администратором» был, разумеется, дядя. Он как общительный человек входил в саклю, и наше представление начиналось с его выступления.

Прежде всего он нас с Алиманною легко брал к себе в охапку и, сориентировавшись в ночной мгле нес в буране к дому ближайшего соседа. Уткнув голову в меховой воротник своей шубы, стремительно бежал, прорезая снежную пыль. Иногда спотыкался по сугробам, ронял нас, снова брал нас в охапку, как снопину и снова бежал. Для нас это было очень забавно, мы смеялись и одновременно боялись. Дойдя до ветренной сторо¬ны соседской сакли, дядя опускал нас на землю, сам отдышавшись от бега, шепотом говорил:

─ Ну-ка, встаньте против ветра, чтобы вас как следует запорошило снегом. Мы послушно выполняли дядин приказ, а он сам в это время валялся в снегу, катался, изчезал во тьме. Потом он брал нас за руки и шепотом говорил нам:

─ Пока я буду говорить, вы молчите. Это понятно? — спрашивал он. ─ А ты кусай себе язык, но молчи, — говорил он Алиманне, зная ее, как маленькую хохотушку. Мы оба в знак согласия кивали ему головой. Тогда он подводил нас к окну сакли и, отняв от нас руки, громко стучал в окно.

─ Кто там? — спрашивал хозяин. ─ Путники, — жалобным голосом отвечал дядя. — Ради жалости к детям пустите на ночлег, правоверные. Мы заблудились. — В это время хихаующую Алиманну он дергал за рукав и угрожал ей. Хозяин открывал нам двери. В темной передней дядя говорил по-узбекский, коверкая каждое слово, нас называл «мои бедные дети» и жаловался хозяину, что он едет с семьей издалека, что по дороге подохла лошаденка, потом, оставив весь свой скарб на арбе пошли пешком, по дороге потерялась во мгле жена с грудным младенцем, а вот он с двумя ребятишками кое-как добрался до этой хаты. С этими словами он за руки нас вводил в саклю, где тускло горел самодельный фитиль на бараньем сале. Так как мы сильно были запорошены снегом и дядя жалобно продолжал на узбекском диалекте горевать о потерянной жене с грудным младенцом, нас не узнавали. Встревоженная хозяйка бросилась растопить очаг, чтобы горячей пищей угостить «нас несчастных». Дети в тревоге жжались друг-другу, а хозяин сердито допрашивал дядю:

─ Где вы потеряли жену? Далеко отсюда? ─ Ох, сам не знаю, как это случилось, — задыхался от «горя» дядя, — о горе, о горе! — кричал он в «истерике», — они погибли, ох, они погибли. ─ Отряхните же с себя снег, — сочувственно говорил хозяин, — пойдем с вами искать их, а дети пусть здесь посидят, — с этими словами хозяин одевался второпях. В это время дядя скидывал с себя верхнюю шубу, снимал шапку и своим голосом, кланяясь хозяйке и хозяину, приветствовал их почтительно:

— Приветствую вас, добрая чета, добрые и светлые вечера вашему дому!

Опешив от такой неожиданной шутки хозяин бранился, а хозяйка, всплескивая руками, причитала: ─ Тьфу, безликий, тьфу, безликий. Меня насмерть напугал.. . я дура взаправду приняла эту глупую шутку... Потом хозяин и хозяйка смеялись, а дети убедившись, что опасность миновала, подбегали к нам и, сдирая с нас верхнюю одежду, в восторге восклицали:

─ А, это же Алиманна.
─ А, это же Бауржан...

Так начиналось симпровизированное дядею первое отделение нашего представления в роли «ряженых», «Антракт» между первым и вторым отделением был самый веселый... Хозяева хватались за живот, расспрашивая и вспоминая дядину шутку и свои наивные испуги и тревоги. ─ А вот эти чертенята тоже молчат, словно завороженные, — смеясь над нами рычала хозяйка. Когда рассветало и остывало впечетление от первого отделения «Нашего представления», дядя просто нам говорил:

─ Ну, давайтека, спойте-ка чему вас отец научил.

Я с Алиманной начинал петь нараспев «Сур мергена». Наши зрители внимательно слушали нас и восторгались... В конце обсуждалась мораль этой сказки-басни.

─ Вот к чему приводит ненасытная жадность.
─ Вот несчастный «Сур мерген».
─ Что ему, одного козла было мало?

─ Вот жадный волк, все лакомое хотел про запас держать, а на кожемятине сорвался, подлец. ─ Это все равно, что наша бабаяга Айдын, что со всей семьей едят из своего огромного стада только, то, что подохнет.

─ Да и одежонка, у них-то, как у какой-нибудь диваны. ─ Да, чего же о них говорить, — заключал дядя, — они к своему добру приставлены все равно, что евнух в гареме турецкого султана.

— А кто такие евнухи?

— Да, при малышах-то неловко рассказывать.

─ Ты, этак, иносказательно, чтобы они не понимали.

— Ну, мне это мой мулла рассказывал, когда я у своего дяди жил и учился, помните.

─ Ну, как он рассказывал? ─ Ну, как? Как бы полегче рассказать. Одним словом, турецкий султан имеет много жен, одна красивей другой. Вот султан — владыка своих жен другим не доверяет и к ним ставит караул из мужчин. ─ Из мужчин говоришь? Хе-хе-хе. Это все равно, что нанимать в пастухи волка. Хе-хе-хе.

─ Да, подождите-же, но эти мужчины вроде того, что мерин в наших табунах.
─ Как?

─ Ну, вроде, того, что султан с ними прежде чем пустить их в свой гарем, проделывает, то, что мы проделываем с жеребенком.

─ Ой, что ты говоришь? ─ Говорю, как мне мулла рассказывал. Вот эти евнухи «наслаждаются» в гареме красотою султанша, как наши богатые сородичи со своим богатством, — заключил дядя. Подобно этому подвергался обсуждению и осуждению поступок «Сур Мергена» и «Волка». Хозяйка нас угощала непременным «степным шоколадом» — куртом, и мы, пока взрослые говорили, с наслаждением грызли эти комья кислого, сущеного сыра, коим казахи запасаются на зиму, как молочным концентратом. Когда мы возвращались домой, дядя подробно рассказывал отцу как прошло «наше эстрадное представление» с одновременным разбором наших исполнительских недостатков. ─ Вы, вот, очень спешите, получается какая-та ско-роговорка,— говорил он нам, — друг-друга дергаете и перебиваете. Вот ты, Бауржан, отстаешь, а ты, Алиманна, спешишь и пищишь. У вас получается вроде как, не спарованных гнедых у старика Кузьмы: один рвется вперед, а другой дыбом на месте. Помните, как осенью бричку поломали? Мы за такие замечания обижались на дядю, но не осмеливались эту обиду выразить вслух.

Наши концерты продолжались почти каждый вечер.

Перед ужином у нас происходило вроде репитиции, отец, видимо, учел дядины замечания и он, слушая нас на каком-нибудь месте, останавливал и поправлял, согласовы¬вая сначала наши голоса, а потом интонацию, даже приучал определенной мимике, паузам между сюжетными точками. Он заставлял нас делать паузы после того, как «Сур мерген» убил дикую козу — длинную паузу, а потом, когда его самого распорол кабан, потом, как погиб волк. А мораль этой сказки-басни, он учил петь в спокойной нравоучительной интонации. Одним словом, отец учил нас исполнительскому искусству. И так мы после ужина шли к какому-нибудь скучающему соседу и развлекали его семью. Дядин репертуар каждый раз менялся, так как его номер с заблудившимся узбеком был разоблачен на второй же день. Следующую программу дядя открыл фокусом. Он брал гривенник, сжав его в кулаке, засучив рукава, хозяину велел растирать себе локти, а потом дядя закрывал глаза, что- то шептал и, рывком вытянув, разжав кулак, со свистом «сдувал» монету со словами:

Монета, переходи к верхнему косяку двери.

И действительно монету находили там. Все удивлялись и восторгались. Свой фокус дядя повторял несколько раз,

─ Монета, переходи на постель хозяйки.

Все присутствующие бросались к койке и находили монету под подушкой. Особенное удивление всех нас вызвал его заключительный номер, когда дядя сказав: ─ Монета, переходи в правый сапог Бауржана — заставил меня разутся и, когда хозяйка потрясла мой сапог, оттуда выпала монета. Все были от этого в восторге и буквально поражены.

На любопытные распросы дядя самым серьезным образом отвечал: ─ Позавчера во сне видел высокого старика с длинной седой бородой до пояса. На нем была длинная белая шуба, большущая лисья шапка, в руках он держал длинный светящийся посох. ─ Это, наверное, навестил тебя дух наших святых предков, — суеверно подливал в огонь масло хозяин. ─ Да, — не смущаясь подтверждал дядя, —- я тоже так думаю... Брови у него белые, нависающие, топорщатся, а ресницы длинные, тоже белые. Он мне говорит «Не бойся, дитя, не бойся». ─ О, — вздыхал хозяин, остальные, тоже встревоженные, но с любопытством ждали развязки. ─ «Не бойся, дитя», — говорит он и с этими словами вложил мне эту монету в ладонь. И говорит, прочти вот эти слова молитвы и монета перейдет, куда ты только пожелаешь. А потом он берет мою правую руку, его рука была холодная, как лед...

При этих словах все вздрогнули.
─ Я вздрогнул и проснулся,— продолжал дядя.
─ А монета?
─ А монету утром нашел в постели, — говорил дядя как ни в чем не бывало...

Когда мы вернулись домой, дядя открыл нам секрет столь нас всех поразившего «фокуса». Оказывается, он еще утром бросил в мой правый сапог гривенник, а вторую монету положил наверно в косяк двери, а третий гривенник подсунул под подушку. А монету, которую держал в руке — пока наивный сосед усердно тер ему локоть он пускал под воротник, к себе зашиворот. Потом закрывал глаза, нашептывал, что только приходило ему в голову и дул в пустую, ладонь громко восклицая "Монета, переходи.... «А рассказ, был им же тут же симпровизированной чушью. Мой отец, разузнав от нас подробности дядиного сочинения, «сна», «старца-привидения», «волшебной молитвы» очень был огорчен проделкою своего брата. Он приказал нам всем предать это забвению. *** Когда буран стих, нас пригласили в дальний аул на вечеринку. Среди гостей был и весельчак Токмурза. Он рассказывал разные смешные рассказы и анекдоты. Юмор, сатира и остроты были природою этого человека и стихиею его мышлениях). Мой отец недолюбливал Токмурзу за сальности в его ипровизациях и велел нам не запоминать его острот. В том возрасте многие иносказательные образы из коротеньких рассказов Токмурзы мне были непонятны. Токмурза был мастером четкой, отчеканенной интонации, правильного произношения и замечательной мимики и жестикуляции. Это был настоящий актер от природы. Он умел подражать не только людям, передавая голоса, манеры, но и животным. Он нес вокруг себя смех и хохот. Он, обращаясь к сыну Аккулы, который говорил вообще протяжно и медленно, сказал ему:

─ Ну, Жаксыбай, быстро повтори-ка, то, что тебе скажу.
─ Хорошо, Тока, ─ уважительно согласился Жаксыбай.
Жүк үстінде төрт бөрік
Төрт бөрікте көп бөрік.

Кел, қыздар, сөгіселік
Кел, қыздар, тігіселік.

Когда эту скороговоркой повторил Жаксыбай у него получились совершенно неприличные концовки. Взрыв смеха сотряс саклю. Сконфуженный Жаксыбай, потупив глаза, смотрел вниз, а женщины, глупо хихикая смотрели вниз и щипали себе щеки со словами «ой-буй, уят-ай», «тьфу, какой стыд»... Такие экспромты назывались у казахов «жаңылтпаш» — «запнулки», где, как результат скороговорки при невнимательном и нечетком произношении, получались весьма не приличные пикантные обороты. ─ Ну, довольно тебе бачурить и брехать, бесстыжий, — сказала хозяйка, — лучше ты что-нибудь поприличнее и потолковее расскажи, насмешник ты эдакий. ─ Разве я вру? — удивленно воскликнул Токмурза, его тон, удивление и обида им настолько разыгрывался естественно, что все присутствующие рассмеялись. ─Лучше спой, что-нибудь, — сказала хозяйка. Токмурза обшарил себя как будто за пазухой искал что-то, а потом мягким тенором запел:

Бір өлеңім бар еді, шатқа кетті,
Бір өлеңім жүгені атқа кетті.
Бір өлеңім жейдесі тозып қалып,
Жең алам деп, саудагер сартқа кетті.

─ Вот я их всех разослал, откуда брать мне их, — обратился он под общий смех хозяйке. ─ Ну, брешешь, брешешь еще, шутник, — сказала хозяйка. Как бы отвечая ей, Токмурза снова запел:

Тілімнің келмейді ебі өтірікке.
Ойлашы, айтқандарым өтірік пе?
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Присутствующие дружно рассмеялись.
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қыпты, ат шаптырып төңірекке. ─ Ну и врун же Токмурза, — заливаясь смехом, воскликнул кто-то. На что Токмурза невозмутимо ответил так:

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті
Айтпаймын, не берсең де өтірікті.
Шіркіннің тебісінің қаттысын-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті.

─ Ха-ха-ха. Это здорово, вот так ляганула Ха-ха-ха.
─ Ха-ха-ха. Бреши дальше, Токмурза.
Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырмай, бәрін теуіп өлтіріпті.
─ Ха-ха-ха. Бреши, бреши, — не унимался тот.
Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Той қылып мың масаны сонда сойдым
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.
─ Вот это здорово. Впервые в жизни насытился?

Шын қайда, өтірік қайда, жалған қайда?
Шынға тең өтірік болса нанғандайда.
Ғажайып тымсал етіп өлең айттым,
Ойласа тымсалыма кім нанбайды.

Өтірік бар мағынасы шыннан артық,
Жымыңдап өтірік күлген гүлден артық.
Түсінбей сен мағынасына ыржаңдайсың,
Есерсоқ қолыңменен етек тартып.

Так заключил Токмурза свою песню. *** Мы Алиманной запомнили из исполнения Токмурзы многие песни-небылицы. Многие из них отцу понравились. Отец смастерил лук и стрелы к нему с жестяным наконечником и обучал меня стрельбе. Это служило не только забавою для меня, но и для взрослых. Я с луком бродил по зимовкам, охотаясь за белыми воронами, которые копошились у навозных куч.

И так мой день коротался охотой, и вечера — на вечеринка. 1) Бауржание тому или иному образу это не талант. Талант это самостоятельное трактовка того или иного вопроса. (30/XІІ-68 г.) 2) Біздің интеллигенттердің ең артында қалғаны — артистер мен оқытушылар. Себебі: артистердің 99%-ы кітап түгіл газет оқымайды. Оқыса да түсінбейді. Оқу мен түсінудің арасы жер мен көктей. Менің соған көзім жетті. Оларды сценаға шығып ойнауына себепкер режиссер. Олар автордың сөзін жаттап алады. Режиссердің айтуы бойынша олар сөйлейді, жүгіреді. Авторлық замыслмен олардың ісі жоқ. Сол себепті мен оларды бір жиналыста дрессированный животный деп айттым. Анық артист — ол художник, ол — ақын, ол автордың замыслына түсініп, образды өзінше талқылайды, таңдайды, танытады. Өзінің ат-есімін ұмытып, ойнаған рөлінің бейнесіне еніп, мен Қобыландымын, мен Ер Тарғынмын, мен Петр 1-мін, мен Анна Катеринамын, мен Отелломын деп, көрермен алдында сахнада ойнайды, соны дәлелдейді. Сонда ғана жұрт, көрермен сенеді. Актердің сөзді жаттап айтуы — тотықұстың қайталауы сияқты әсерсіз, жасанды шығады. Мәселе сөздің, автор ойының түп қазығының табиғатын көпшіліктің алдына ашып жеткізуінде, актердің сол ондық ішіне кіруінде жатады. Бұл дәрежеге еш артист өз бетімен жете алмайды. Командирсіз армия еш уақытта болмайды. Жаман солдат жоқ, жаман командир бар. Жаман шәкірт жоқ, жаман мұғалім бар деп Макаренко айтқан. Сол себепті театрдың, киноның командирі — режиссер. Режиссер — артистке ұстаз, жетекші, үлгі. Сен былай түсін, былай ойна деп мәселенің табиғатын жете түсіндіру — режиссердің міндеті. Бұған біздің көп режиссеріміз түсінбейді. Бұған біздің коп артистеріміз түсінбейді. В этом заключается беда. В этом заключается невежства. Они просто рабы формализма. А не творческое воплащение замыслы автора. (Көрермен мен артистің бір-біріне қояр талабы — өсудің бір кепілі). ***

Автор ойының табиғатын, түпкірін білмейінше, сахнаға шығудың керегі жоқ. Авторды жаттап алу оңай, автор ойының табиғатына жету — қиялы, оған көрінгеннің қолы жете бермейді. Ол таңдаулыларды талап етеді. Біздің сорымыздың төркіні осында.

— Попугаем быть никому не запрещается, — дейді орыстар. Но попугаев заставлять играть по человеческим — это главная обязанность постановщика — режиссера.

ӘНШІЛЕР ТУРАЛЫ

Біз пікірімізді былай айтқанбыз:
Алдымен ән салуға ақыл керек,
Ой менен ырғақтарға болар тірек.
Ой бар ма, пікір бар ма, жүрек бар ма,

Көрермен тыңдаушыға осылар керек... (2-ші томнан қарап анықтау керек, жақсы әншіні тыңдарман жаны балқып, буыны босап, жаны құлай тыңдайды. Шын ниетпен рақметін қол шапалақтаумен айтады.) Рақмет сізге ханым, асық сөзді айып көрмеңіз. Бірақ шын әңгімеге екеуіміз тоқтастық, — деп әйел алдында әдепсіздігімді мойныма алып, мен төмен қарап отырып қалдым. Жаман әншіні олар қарғаша қарқылдаған, шегірткеше шырылдаған, тышқанша шиқылдаған, есекше ақырған, сиырша мөңіреген, айғырша кісінеген, бураша бұрқыраған т.б. ішінен ат қойып, қиналып, тыңдап отырады. Бұларды тиісті орнына қою режиссердің маңдай алды міндеті деп санауымыз керек. Көркем сөз, өлең, тақпақ жағынан да кемшіліктеріміз аз емес. Бұларға нақты сол үнін теріп таба білуіміз керек, өнегесін сала білу керек. Тыңдаушының ілтипатын өзіне тарта білу керек. Көзқараспен бет жылысын, дене қимылын, үннің, дауыстың етек-жеңін, қимылын білу керек. Сонда ғана олар тыңдаушысына жетеді. Сонда ғана олар тыңдаушының ыстық ықыласына бөленеді; ойсыз, үнсіз сахнадағы жалған кербездікке тыңдарман жақсы баға бермейді.

МАТЕМАТИК ӘЙЕЛМЕН ӘҢГІМЕ

2x2=4 жоқ 8
3x3=9 жоқ 18

Ол неге бұлай дейді. Ең ұлы математик 2x2=4 ашты. Оны ашпаса, біз космосқа ұшпас едік. Неге сіз 3x3=18 дейсіз? 3x3=18 дейтін себебім бар, ханым. Біз сізбен осында отырмыз. Қаншамыз, соған жауап беріңіз, — дедім мен. — Екеуіміз ғой, — деді ол әйел.

─ Жоқ, қателесесіз. 4-еуміз ханым, — дедім.
─ Неге? — деп ол сұрады.
─ Болсақ та күндіз екеу, түнде төртеу, — деп мен жауап бердім.
Ал, сіздің тригонометриядан қандай хабарыңыз бар? — деп сұрадым мен.

─ Тригонометрияның функциясы — алтау. (6).
─ Жоқ? Сіз қателесесіз. Жетеу, — дедім мен.
─ Қалайша жетеу? — деп таңдана сұрады ол.
Мен де таңдана оған сұрақ бердім.

1) ми 2) көз 3) мұрын 4) ауыз 5) жүрек 6) құлақ 7) жыныс безі.

Ол күлді, мен қабақ түйіп үндемедім. 1. Басты құдай неге берген? — деп сүрттім маңдайымды.

— Ойлау үшін берген, — деді ол.

2. Көзді құдай неге берген? — деп мен екі көзімді шұқыладым.

─ Көру үшін, — деді ол.
Құлақты құдай не үшін берген? — деп сұрадым одан мен.
─ Тыңдау үшін берген, — деді маған ол.
─ Мұрынды құдай не үшін берген? — деп сұрадым.

─ Иіс білу, дем алу үшін, — деді ол маған.
─ Ауызды құдай не үшін берген? — деп сұрадым.

─ Ауызды айту үшін, тамақ үшін берген, — деп ішегі қата күлді ол. Мен де күлдім.

─ Емшекті құдай не үшін берген? — деп сұрадым.
─ Нәрестені емізу үшін берген,— деп ол тағы қарқ-қарқ күлді.
─ Жүректі құдай не үшін берген?—деп сұрадым.
─ Сезім үшін, сүю үшін берген, Аллам, — деді ол.

─ Төмен жақты?
─ Түсінікті ғой, оны қайтесіз, — деп күлді ол.
─ Ал, қанша болды? — деп сұрадым мен онан.

─ Ойбай, сіздің тригонометрияңыздан да асып кетті ғой, — деп қарқ-қарқ күлді ол. *** Екінші надандықтың тобына мұғалімдер жатады. Мұғалімдердің көбі жаттамашылар келеді. Бір жаттағанын өмір бойы қайталап, сабақ береді. Олар өздерін білімді санап, өздерінің мамандығынан басқа еш нәрсеге көңіл бөлмейді. Сол себепті басқа керекті нәрселерді оқымастан артта қалады. ***

Запиши номер вашей обуви, записал 41-й.
Умножьте на 2. (82)+5 пожалуйста = 87.
Равняйте, сколько это мне не интересует.

Умножьте это цифры на (87x50) пятьдесять, сплюсуйте к этому цифру 4.350+1.709=6.059. Сколько получилось не говорите мне.

6.059+10=6.069 минус к этой цифре год вашего рождения (6.059-1.930=4.129)
41x2=82
82+5=87
87x50=4350

4350+1709=6059
6059+10=6069
6069-1954=4115
41x2=82+5=87

87x50=4350
4350+1709=6059+10=6069

1930

4139

Вы сказали, что преподаватель математики, разрешите вас просить не зная трех правил — арифметики. Вы учите детей! Вы по-моему не учите, а колечите детей. Поэтому из ваших учеников часто выходят учетчики, счетоводы, бухгалтера путающие не только элементарные правила арифметики, но и правила законного ведение учета нашего хозяйства. К сожалению, они часто попадают за это под суд. И годами болтаются в тюрьмах. Я вас прошу, кто в этом виноват? Она расхохоталась и ответила мне честно.

─ Да, прежде всего вы виноваты!
─ Почему? — удивленно спросил я.
Она мягко улыбаясь ответила:
─ Я ведь рожала этого балбеса от вас.

Я грустно улыбнулся и ответил ей:
─ Если бы не было мужчин, вы, женщины, не рожали бы.
─ Пожалуй, вы правы.

*** Жұмыс істеу үшін Малевкаға кетпекпін. Екі сезонға путевка аламын (180x2=360 сом). Бұл үшін мың сом керек. Оны аванс ретінде «Қазақстан», «Жазушы» баспасынан алатын болдым. Жеңгеңнің халі нашар. Оның өтініші бойынша, Москваға Галина Павловаға (врач) апаруым керек. Апарамын... маған қапа болмасын. Ауру адамды ренжіту — көргенсіздік. *** Папкада «Последние дни войны, последние дни солдата» деген 360 беттік қолжазба жатыр. Соны бұтарлап, үзіп-үзіп әңгіме, повесть етіп жариялауым керек. Бірақ әзірше ол қолжазба шикі күйінде. Міндет — пісіру.

АКАДЕМИК БОЛА АЛМАЙДЫ

Мен М. Қаратаевты, Ә. Сатыбалдинді (сенің туысқаның) жек көремін (бұрын жақсы көргенім рас). Сен таңданба, ол — менің ісім. Антипатия, симпатия әркімнің қара басының ісі. Жек көретін себебім — М. Қаратаев — не ученый, а авантюрист. Ә.Сатыбалдин — мүлдем сауатсыз, шала журналист. Қазақ энциклопедиясы деген — біздің тарихымыздағы тұңғыш энциклопедия. Ол үшін оны басқарушылардың энциклопедиялық эрудициясы болуы керек. Бұл қасиет екеуінде де жоқ. М.Қаратаев академиктікке ұмтылуда... Осы үшін ғылыми Кеңестің мүшелерін үйіне шақырып жүр. Бірақ ол академик бола алмайды, себебі мен қарсымын. Мен дауыс бермеймін, бірақ Момышұлы кісілерді жұмсай біледі. Жұмсағандарым: 1. Алдымен, Ғ.Мүсіреповті жұмсадым. Екеуіміз көп сырластық... Оның тамырын басып көрдім де:

─ Сіз дауыс бересіз бе? — дедім.
─ Әй, осы сырластықтан кейін мен өлсем де дауыс бермеймін, — деді.
─ Мұныңыз аз, ақсақал, — дедім мен.
─ Неге аз? — деп сұрақ қойды ол маған.

─ Басқаларға да дауыс бергізбеңіз, сонда толық болады, — дедім мен.
─ Хе-хе-хе!- деп күлді ол. — Мынауың дұрыс екен, — деді.
Мен ішімнен: — Сіз күле беріңіз, мен жылап отырмын, — деп жүзіне қарадым.

2. С.Мұқановқа звонить еттім. Ол менімен суық түрде, салқын сөйлесті. Дауыс деген құдайдың бәлесі ғой, сонысынан білініп тұрды. Я наплевал на этого. Бірақ айтарымды айттым, сұрақтарымды қойдым. «Сіз өзіңізді кәрі большевик санайсыз. Оныңыздың жартысы өтірік, жартысы шын», — дедім. «Сіздің жасыңыз биыл 70-те. Еш болмаса өлер алдында адал болсаңызшы... Октябрьде академиктер сайланады. Соның кандидаты әдебиет бойынша М.Қаратаев. Соған дауыс берсеңіз, арам өлдім дей беріңіз...» ─ Әй, Бауыржан, әй, әй,— деп Сәбең қырылдап, қатты сасып сөйледі де, «Лайлаһа Иллалаһи Мухамед расул алла, өлсем де дауыс бермеймін,» — деді... *** 3. Академик Кеңесбаевқа звонить еттім. — Секе, салаумағалайкум... -— деп лицемерить еттім. ─ Жеңешем қалай, күйлі ме? Қартайсаңыз да ... істеуді қоймапсыз, — деп қылжаққа бастым да:

─ Секе, жақында академик сайлайды екенсіздер ғой, — дедім.
─ Я, я, жақсы жігіттерді сайламақпыз, — деп сөйлеп жатыр.
Маған керегі осы еді. Мылжыңдап тұрғанда пікірін байқау.
─ Ал, ақсақал, ол тізімде мен неге жоқпын, мен ғалыммын ғой, — деп едім.

─ Я, айналайын, сен ғалымсың деп, 10-15 минуттей оттады...
Мен былай дедім:

─ Секе, Сіз «1ый» Казахский филологсыз, мен де филологпын. Оған документтеріміз бар. Қазақ тілін мен сізден кем білмеймін. Ал, М.Қаратаевыңыз менен кем біледі, — деп орысшалап кеттім. Он получил докторское звание за сборник статей. Никакого научного открытия нет в этом сборнике. Құдай бұйырса, жақында менің де бір томдық статьяларымның сборнигі шығады. Публицистика — есть политика. Бірақ та мен оларды докторский диссертация деп жазған кісі емеспін. Мен өлгеннен кейін, сол бір томымды балалар алып, кандидаттық (бірнеше) диссертация қорғауы мүмкін...— ол анық.

─ Сіз М.Қаратаевқа дауыс бересіз бе, жоқ па, ашығын айтыңыз. ─ … ─ …

─ Әй, жынды, сен бер десең, берейін, берме десең, бермейін, — деді.
─ Өзіңіз біліңіз. Мен айтарымды айттым ғой.

*** Такси алып Бақытжанның үйіне бардым, ұйқысынан оянып, маған папалап амандасты, бірақ бортиып семіріп кетіпті. Келін шай қойды, нағыз шаруақор әйелдігі көрініп тұрды. Түріктің аты түрік екен, дастарқанды лезде жасады. Ол ішкілікті тастадым деп тек пиво ішіп отырды...

Қатынның үш қасиеті болу керек: 1) Баласын тәрбиелей білсін; 2) Дастарқанын жая білсін; 3) Күйеуін күте білсін.

Осы қасиеті жоқ қатын — жаман қатын.
Қазақта күшікті қасқыр деген сөз бар. Ол жаман сөз...

*** Горисполкомға бардым, Шапиғаның ісі туралы. Ол Бимендинге нұсқау берді. Бимендин мені салқын қабылдады, отыр демеді... ─ Ақымақтарды көп көріп ем, сізді бірінші көріп отырмын, — деді. Ағасын сыйламау ақылдылық емес, күрделі кісіні көп күттіру дұрыс емес. ─ Мен саған тілекпен келіп едім, құдайдың да құдайы бар дейді қазақ. Менің сіздің үстіңізден арыз етпеуге ақылым жетеді. Әңгіменің түйіні мынандай:

Оралып шапқан жау жаман, Қайтып келген қыз жаман, — дейді қазақ. Менің айтар сырым — өгей қызым қайтып келіп отыр. Соның күшігі 1 жыл 8 айға келді. Соларды біз шал-кемпір болып бағып отырмыз. Адам иттің күшігін де жақсы көреді — соған жаны ашиды. Жас баланы не өлтіре алмайсың, не көшеге тастай алмайсың... Кемпірім ауруханаға түсіп қалды, өзім ертең курортқа кетіп барамын, өгей қызым командировкаға кетіп барады. Менің тілегім — өгей немеремді круглосуточный яслиге орналастырыңыз. Ол туралы Алексей Иванович (зам. горисполком) айтты ғой. Қайталап айтайын, құдайдың да құдайы бар, оны ұмытпаңыз. ─ Бауке, кешіріңіз. Ол круглосуточный яслиден баланы сенбі, жексенбі күні алу керек. Өздеріңіз жоқ болсаңыз, кім алады оны?

— Алатын кісілер бар, құдайға шүкір. Ол жағынан сіз әбігерленбей-ақ қойыңыз,— дедім мен.

Звонок басты да, кірген әйелге біреуді шақыр, — деп еді, бір сап-сары әйел кіріп келді.

Фамилиясы Күшенова, аты Анар, менің адресім... .

Осыны жазып алды да, сап-сары әйелге «Алексей Иванович приказал немедленно устроить внучку Момышулы», — деді. Сары әйел: «Қазір совещание жүріп жатыр, соңыра не керектігін айтамын», — деді. Сонымен ренжіп, үйге қайттым...

МҮСІРЕПОВ

Ол кісі қазақтың әдебиетінің қадірін білмейтін кісі, ол маңғаздау кісі — маңғаздану ақылдылыққа жатпайды. Өзін-өзі қазақ әңгімесінің классигімін деп ойлайды, ал шынында, ол классик емес. Ол — авантюрист. Сәбит Мұқанов — қазақша айтқанда ол иі қанбаған қамыр. Он тоже считает себя классиком — это предел дурачества. Ғабиден Мустафин считает тоже себя классиком. Это — невероятная глупость. Этот абсолютно неграмотный человек, какое он имеет право претендавать на классику. Я, как читатель, признаю классиками наши литературы Ахмета Байтурсынова, Миржакипа Дулатова, Жусипбека Аймауытова, Магжана Жумабаева и других, а этих товарищей классиком не признаю.

ОРАЗ ЖАНДОСОВ ТУРАЛЫ

Ясло «Экспедиция Жолдасова» — Сафаровтың келуі. (Червич. Ком. ЦК), руының атауы Ботбай, Меркеде оны (Сафарович) Ораздың қорқытуы. Менімен проводник сөйлесуі, Сафаров туралы айтуы, соңында Лениннің приемында болуы. Содан қайта 2 секретарь болуы. 2. Голощекин (еврей). Саркисова кр. 2 секретарі, оның Москва шақырылуы. Ораз оны балтамен ұрып орнынан түсіп, (Сталиннің нұсқауымен) Селхоз институтының директоры болды. Осы кезде мен 6 ай хатшы болып істедім. 3 Санжар Асфандияровпен ара қатысы, негізсіз пікірі үшін ұруы, ерулікке қонаққа баруы, ұруы (әйеліне байланысты).

Ренжіспеуі үшін жалғыз ұлының атын Ораз ойланып, Санжар қойды.

МЕН КІММІН?

1) Мен 70-тен асып барамын, 80-ге жету екі талай. Әрине, 80-ге жетсең, арман жоқ. 80 — оңай жас емес. Сол жасқа жетуді мен құдайдан тілемеймін. Өмірдің аты — өмір. Жастың аты — жас. Адам қартаюы өз алдына. Адамның ақылы қартаюы өз алдына. Байқауымша, екеуі кең, арасы жер мен көктей.

Баяғыда бала кезде естіген сөздерім бар еді:

— «60-қа келген алжыған шал» дегенді өз құлағыммен естігенмін. 70-ке келіп жермен-жексен болған дегенді естіген жоқпын, әзірше. Мен 80-ге аяқ бастым. Адамға жас жағынан нысап дегенді құдай берген емес. Бірақ та қазақта бір сөз бар: 1) «Жас өле ме, кәрі өле ме, құдай біледі», — дейді қазақтар.

2) Әркімге бір өлім хақ (Смерть неизбежно). Мен ешкімнен әулие емеспін. Маған да бір өлім хақ. Қырық жыл қырғыннан аман қалғанның біреуімін. Ол Ұлы Отан соғысының біткеніне биыл 36 жылдан асып барады. Мен әлі тірілердің қатарындамын. Мұсылманша айтқанда, мен құдайға өте ризамын. Тірілердің қатарында жүріп, соғыста халқыма, еліме, ар-намысыма сүйеніп, мен орыс, қазақ тілінде бірнеше кітаптар жаздым. Рақмет, оны партия мен үкімет бағалады. Үш орден алдым. Лауреат болдым. Нысап керек қой адамға... Бұлар — маған үлкен бата. Мен қолы ашық кісімін. Александр Бектен бастап, т.б., тіпті, Нұршайықовқа дейін мен аянбастан материал бердім. Олардың бірінен ақша алмадым. Олар алатынын алып, атақтарын шығарып жатты. Оларға қояр кінәм жоқ. Они выполняли свой гражданский долг. Кейіннен өзім де екі тілде жаза бастадым. Жастың ұлғаюы — табиғи құбылыс. Өзіме байланысты жазылғандарды баспаға бердім. Олар да абыройсыз болған жоқ... Негізгі мақсатым — ар-намыс дейтін қазақта сөз бар. Соғыс, қан майданда мен арпалыса намысқа тырыстым. Осыдан әлі ажыраған жоқпын. Александр Бектің кітабы жер жүзіне тарап кетті. «Волоколамское шосседен» бұрын оны (авторды) ешкім білмейтін. Әрине, марқұм тірі кезінде жер жүзіне таралғанның шет жағын болмаса, оны толық көрген жоқ. А. Бекке мен өте ризамын (хотя я являюсь фактическим соавтором). Оны А. Бектің өзі де теріс деген емес. Ол кісіге үлкен рақмет. Ол кісінің «Волоколамское шоссе» деген кітабы менің әдебиетке келудегі беташарым болды. Кейіннен менің жазғандарым: «За нами Москва» деген кітапты екі тілде жаздым. Оның таралымы 2 млннан асады. Сонымен мен маманданған жазушы емеспін, мен материалмын. Басқаларға да, өзіме де материалмын. Ол материалдығымды осы күнге дейін ешкімнен аяған емеспін... Я — гражданин Советского Союза. Мен өз қатарымдағы азаматтардың біреуімін. Мен көрген-білгендерімді айтып та, жазып та жүрдім. Оларды мен ешкімге сатқан жоқпын. Ол менің азаматтық міндетім деп түсіндім... Оқырмандар, естуімше, Бектің кітабына да, мен туралы жазылғандарға да қарсылығы жоқ. Менің өз шығармаларыма оқырмандардан ешбір наразылық естімедім. Оның өзі — үлкен баға. Мен осыған өте ризамын. Естіртіп айтпасам да, ішімнен азаматтық борышымды орындағаннан ғой деп ойлаймын... Біздің заман, біздің дәуір өте ауыр болды. Соның барлық ауыртпалық салмағын менің замандастарым көтерді.

— Еңбекте де, қырғын соғыста да, соғыстан соңғы қиыншылық кезде де бар ауыртпалықты біздің ұрпақ көтерді. Бұл — менің өзімді мақтауым емес, біздің ұрпақты мақтап отырған сөзім.

Мен кіммін?! Мен олардың қатарындағы қарапайым бір кісімін. Азаматтық арымды сақтағандардың бірімін. Шынымды айтайын, қарағым, (түсінсең) көп жылдардағы қиыншылық жағдайда менен артық кісілер аз болған жоқ. Осы күнде ойлансам, аты аталмай кеткен батырлар аз емес. Соғыстың аты — соғыс, оқ қағыста таңдап атады. Бірақ атылғандардың аты қала бермейді. Бұл — соғыстың қатыгез заңы. «Ерлік елеусіз қалмасын» деген қазақта мақал болатын. 40 жыл қырғында елеусіз қалған ерліктер толып жатыр. Бұл — соғыстың қатал, ойпатты заңының кесірі. *** Рақымжан Қошқарбаев, Болатов Рейхстагқа ту тіккен. Бірінші Пятницкий болған (баспалдағын басқан), содан соң Қошқарбаев, Болатов барған. Осы жерде әскердің үш жүзден астамы қырылып, осы үшеуі ғана барған. Жалпы құрамында 6 адаммен жеңіс туын тігуге барған. Соның бірі — грузин Кантария. Ту тігіледі. Алтауына да Совет Одағының батыры берілді. Болатов, Қошқарбаевқа берілмеді — олар ресми жіберілмегендер... Осының өзі әділетсіздік еді. ***

Работать — ойлау деген, иә, с начало надо думать — вот это работа.
Работяга — деген иә бар, оның мәні көп, кең мағынада всеобьемляющий.

Мысалы. Жай шаруадан үлкен генералға дейін қолданылатын ұғым. Мен — работягамын. Менің атағым, шатағым, білімім бар кісімін. Д. Снегин менің 60 жылдығымда: «Бауыржан Момышұлы — писатель, прозаик, поэт, — деді. — Ученый, военный историк, — деді. Бұл — үлкен баға..» Біздің Құлыйдан Ақментей деген батыр шыққан. Ол өте мықты батыр болады. Бекболаттан Байзақ датқа шыққан. Ақментей мен Байзақ датқаны Дулаттар ғана таныды, ал, мені бүкіл әлем біледі. Оған куә документтер толып жатыр. Мен — полеводский, но не глупый полководец. Мен өмірді топшылай білемін. Өмірдің өзі трагедия, әрі поэзия. Соған мен халім жеткенше шама-шарқымды түсінгендердің біреуімін деп ойлаймын. Толық деп айта алмаймын. Шоқан — шоқынған қазақ болған. Ол орыс тілін прекрасно знал. Даже русские завидовали ему. Ал, мен болсам двухязычный писательмін. Қазақ тілінің тарихын екі тілде жазушы көп, бірі менмін, оны великий Мұхтардың өзі мойындағаны бар. Мен писатель емеспін, я честно признаюсь. Я это категорический отрицаю. Мен — мемуаристердің бірімін — мемуар деген сөзге түсіну керек:

— Ол ой толқыны, сыр толқыны деген нәрсе. Тіл жағынан, саяси жағынан менің кемістігім мол, бірақ шындық жағынан да растығым аз емес. Вот почему я вышел в литературу.

Менің әдебиетке кіріскен жолым басқалардан бөлек, қазақ әдебиетінде мемуарлық, естелік, халық мақал-мәтелдері менің авторлығымдағы негізгі тамырлары. Мен өз түсінігімше шындықты жазуға тырыстым. Көптеген нәрселердің, көрген нәрселердің менің қолымнан келмегенін мойныма аламын. Осы күндегі жастардан мен орысшаны нашар білемін, олар қорқақ, мен батырмын. Әліме қарамастан мен орыс тілінде орыс жазушыларының өзімен жағаластым... Қазақ тілінде мен нашар білемін. Артыма қарамастан қазақ тілін мен жақсы білемін деген маңғаздармен де жағаластым. Грамматика, синтаксис деген ғылым салаларын тіл жағынан салыстырса бар ғой — олардан менің осы уақытқа дейін ешқандай хабарым жоқ. Менің сыйынғаным, сенгенім халық тілі болды, орысша да, қазақша да. Мен соларға сүйеніп жаздым естеліктерімді...

Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең,
Дайынмын өрт пен суға, маған сенсең.
Мен мұны бекер жазғаным жоқ.
Арыңды ақ ниетпен ақтамасам

Ризамын теріс қолмен бата берсең.
Осы сөздерім жоғары ойлардан шығады.
Халық деген сөзге көпшілігіміз осы уақытқа дейін түсінбей келеміз.

"Жаңағы өлең жолдарының шын авторы мен емеспін — менің халқым, халқым — менің ұстазым. Осы ойларыма туғандарым да, туысқандарым да, қатындарым да, балаларым да түсінбейді, қартайғанда олардан мен таяқ жедім — сол себепті қаңғырып кеттім. Менің бірінші бақытсыздығым — менің бесплодный болған кезімде жанашырлардың болмауы екен. 2-несчастьем — мына шалдың қарны аш па, бабы қалай деп ойлайтын үйімде ешкім жоқ екен. Кейде бір тамшы суға зар болып жаттым... Жақсы болайын, жаман болайын, мен — творчество адамымын. Оған түсінетін үйімде бір адам жоқ екен. «Олар творчество аспаннан түседі деп ойлайды екен.» Мен аспаннан түскен творчествоны көрген емеспін…

Оларға менің атағым мен ақшам керек екеніне қартайғанда ғана түсіндім. Мен бай кісімін. Сберкассада 5-6 мың сомым болса, менің әйелім жарқылдап күліп тұрады, соларды сорып алады, ал, егер де 5 сом қалса, менің бетіме ұялмастан түкіреді. Ол кісінің правиласы — аларымды алып қалайын екен. Соған мен кейінгі кезде ғана түсіндім. «Ала бергін, ала бергін». «Аларыңды асып, қайда жетер екенсің?» — деп ішімнен ойладым-дағы рұқсатты бердім. Ал, кімнің алып, кімнің жарығанын құдайдың өзі білсін....Көңілім қалды... Сол себепті мен бір тиынсыз үйден аттандым... Тағы да құдайдың бұйыртқанын көрерміз... Мүлкімді бір жіп алмастан тастап кеттім... Ал, «Бауыржан қаңғып кетті» деген сөзді күтіп отырмын... Бірақ та оны айтқан кісілер қателеседі. Мен қаңғып кеткен жоқпын. Қартайғанда ізімді іздеп кеттім. Кімнің қалай қаңғығанын құдай біледі. Мен әділмін, құдай әділ.

Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең... деген мен. Бұл ант деген сөз. «Мен де адаммын жаралған сүт пен еттен...» бұл өлеңім де ант. «Ежелден ел тірегі — ел тілегі, адал ұл ер боп туса — ел тірегі» деймін. Осы үш өлеңім — менің творчествомның эпиграфы, маған нұсқау. *** Эгоизм деген бір ит бар. Мен оны түсінемін — қазақша айтқанда менмендік, өзімшілдік, бірақ мен оның кісісі емеспін. Мұны мен бақ алмаған адамның үлкен кемістігі деп санаймын. Оны орысша чванливость дейді. Мен жаман инженер болғам жоқ. Ол кезде қазақи инженер өте сирек болатын. Инженермін деп еш уақытта мақтанып көрген емеспін. Солдат кезімде (22 жаста едім) мен атақты снайпер болдым. Ел мақтаса да, мен оған мақтанған жоқпын. Мен артеллерист болдым, мен шабандоз болдым. Күллі Қиыр шығыста елді таң қалдырып талай рет, бәйге алдым. Көрермендер (зрители) рақаттанып мақтады.

— Мен мақтанған жоқпын. Себебі, табыстан кемістігім аз болмады. «Еркеліктің де орны бар» деген халқымның сөзі ойыма түседі.

Обалымызға қарай, бұлт жай емес, қопарыла төңкерілді. Жасым 30-да еді. Ел қатарында соғысқа аттандым. Партияда жоқ кезім. Әскери атағым командирлік жағынан кішкентай ғана. Мен батальон командирі, полк командирі, комдив болдым. Мақтаулар көп болды — оларға мен мастанған жоқпын. Сағынғандарым, сенгендерім халықтың адал ұлдары, шын жүрек пен ақ ниеттері болды. Алдыңғы шепте өзімді аяғаным жоқ. Жауынгерлермен қатар тұрған дұшпанмен жағаластым. Халық ұлдары жаумен жағаласқанда, оларға мен сендім, олар маған сенді. Жауынгер аты, командир аты (ары) екеуі басын қосып, қиын жағдайда абыройға ие болдық. Менің «Мен істедім дегенше» (үзінді алу) (мұны мен жазғаным рас, бірақ шығарманың шын авторлары ақ ниет қалпында маған сенген жауынгерлерім. Соларға сенген менмін.) деп басталатын шығармамда айтылған.

Ақиқатында бүл — халықтың сыры. Оның шын авторы — халқымыз.

Маған бірнеше рет жалынды, менен бірнеше рет ақылды ел азаматтары — сабаздар қан майданда қайтыс болды. Көпшілігі мүгедек болып елге қайтты. Олардан мен әулие емеспін. Мен аман қайтқандардың қатарында жүрмін. Мен «қырық жыл қырғында» аман қалғандардың біреуімін. Мен жауынгер жолдастарыма қарыздармын, парыздармын. Ол қарызымды, ол парызымды мен ол дүниеде, бұл дүниеде еш уақытта ұмытпаймын. Сол себепті майдан шебінде соған түсінер-түсінбесімді білген кезімде: «Найзадан қол босаса, қалам алдым...» — деп жазғанмын. Солардың ерлігі, батырлығы, батыр ерлігі, ардағы, адамгершілігі әрқашан да есімде. Солар есіме түсіп, мені қобалжытып қозғады. Әдебиеттен ешқандай мағлұматым болмаса да, мен қолыма қалам алдым. Қаламым менің осы уақытқа дейін жөнді тілімді алып жүрген жоқ. Ол — ақиқат. Ойым шолақ, сөзім шорқақ екенін мен өзім де анық сеземін. Демек, менің роман, повесть, поэзия, очерк, драматургия деген сияқты әдебиеттің үлгілі жанрларынан түсініктерім өте шамалы ғана. Бірақ та «Көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ» деген қазақтың сөзі бар. Сол себепті көрген-білгендерімді қазақша, орысша ұрпаққа ой тілімен жеткізуімді өзіме парыз санадым. Жазғандарым коп, басылғандары аз. Оған таласып, өкпелеп отырған мен жоқ. Ұрпақ керегін өздеріңізден алады деген сенім менде мол. Ізденушілерге бір-ақ ескертпем ғана бар. Мен бұдан аулақпын, өтірік айтсам имансыз кетейін... Оқырман ұрпақтардың естерінде осы сезім қалсын деп жазып отырмын. Менің жазғандарымның бәрі алтын да емес, күміс те емес — жазғандарымды аңдап, түсініп оқыңдар, қарақтарым. Қатемді түзеуге асықпаңдар. Мен өмір сүрген заман мен сендер өмір сүрген дәуірдің айырмасы жер мен көктей. Заман қайталанбайды. Дұрыс ұғымды құдай әркімге берген емес, сол себепті абайлап оқыңдар деген ескертпем осыдан шығады. «Алжыған шал» деп айту — оп-оңай. Сөз арасы, ой арасы, өмір арасына түсіну — қиын нәрсе, «Абайлаңдар, абайлаңдар» деп айтарымның маңдай алды себебі сол, қарақтарым. P.S Жаңа жылды көрген бар, көрмегендер де аз емес. Өзімнен үлкен қарияларды, өзімнен кіші келін-кепшіктер мен інілерімді, менімен қатар өмірдің ыстық-суығын көрген құрдастарымды жаңа жылмен жақсы тілекпен құттықтаймын! Мен соғыстың, арпалыстардың қиыншылығын өз көзіммен көргендердің бірімін. Мен майданда болдым. Майданның азабы мен қиыншылығын, мейлінше, тартып көргендердің біреуімін... Көрген көзде жазық жоқ. Соларды мен әлім келгенше жазуға тырыстым... ол оқырмандарға мәлім... Мен соғыс жылдары тылда болғаным жоқ, тылды көргенім жоқ. Менің қарамағымдағы жауынгерлерімнің киімдері бүтін, тамақтары тоқ болды. Ажал әр қадам сайын аңдып отырды... Мен соғыс жылдарындағы тылды білмейді екенмін. Қайдан білейін. Мен 60-ты аттап салып, 70-ке аттандым. Ауру айналдырып алды. Аурудың бір жақсы жері алаңдамай ойланады екенсің. Бір жылдың ішінде мен төрт ай ойландым. Ауруханада қасымда ақылды, нақылды ағаларым жатты. Ауру кісіге де ермек керек екен. Олар айтарман болды, мен тыңдарман болдым. Мен ауырып жатып, шалдың естелік, ескеріп айтқан академиясын бітірдім. Олар маған Отан соғысы жылдарындағы тылдың қаһарлы, азапты еңбектері туралы «халық лекциясын» оқып берді, шынымды айтсам, мен бұрын мұндай көп ақиқаттар мен дәлелдерді білмеуші едім. «Бізді қолдаған, бізді сүйеген, аяқ қолы дірілдеген, сапсаң 90-ға жеткен ақсақалдар «перзентім қайда?» деп жылап-еңіреген қартайған кемпір, жұбайым аман қайтса деп тілеген тірі жесір келіншектер, ғашығым аман қайтсын деп түн ұйқысын төрт бөліп еңіреп жылаған қалыңдықтар, «папам қайда, қашан келеді?» — деп жылаған сәбилер... тағысы тағы — халық қайғысы, семья қайғысы шеңберсіз... осыларды мен 60-ты аттап, 70-ке тақағанда зорға түсіндім... Соғыс қатал — соның қатал жауынгерінің біреуі екеніме қартайғанда түсіндім. Қаталдығыма, аяғандығыма халықтан кешірім сұраймын? Мен оларды уақытында түсіне алмаппын. Майданның аты — майдан, зынданның аты — зындан. Дұрыс түсінуге уақыт та болған жоқ қой...

Орысша айтқанда, наша поколения — славная поколения, это отрицать нельзя.. Понимайте нас правильно, наши родные. Мы дрались, умирали за наша Великолепной Родины, потому что мы вас любим.

P.S. Менің жасым биыл 60-та. Жоғарғы жазғанымның қосымшалары мыналар: Мен атақ, аламын деп жауынгер болған кісі емеспін, атақ аламын деп жазушы да, ғалым да болған кісі емеспін. Көзімнің тірісінде білгенімді, көргенімді, сезгенімді ашып кетуге тырысқандардың біреуі ғанамын. Мен бірнеше кітап жаздым, көп мақалалар жаздым. Менің жазғандарымның көбі алтын емес, күміс емес. Біреулерге жағар, біреулерге жақпас. Бірақ та мен өз білгенімше өзімнің халім, талантым жеткенше солардың басын қосуға тырыстым. Ойдағының барлығын айта беруге болмайды, айтқанының бәрін жаза беруге болмайды. Жазылғанының бәрін мақтай беруге болмайды. Оларға мен өзімше түсінемін. Мен көп жазған қазақтардың біреуімін. Менің архивімде көп материалдар жатыр. Олардың ішінде орысша айтқанда, есть отдельные наброски... кейбіреуін бастап, кейбіреуін аяқтамастан кетіп бара жатырмын. Оған ұрпақ қалай түсінетінін өздері біледі...Ой дейтін нәрсе оңай емес, бірақ та ойға кедергілер көп, ойланып отырған нәрсеңді біреу болмаса біреу келіп, бөліп кетеді. Содан кейін оның тізгінін жоғалтып аласың. Осы уақытқа дейін сол менің басымда. Сол себепті «Мына кісі бастарын бастап, аяқтамай кетті ғой», — деп ұрпақтар мені айыпқа бұйырмасын. Менің қысқа тілегім осы ғана! *** Оразбаева Ахила Турагуловна (внучка Абая). Прикрепить старушку, как Абаевского персонального пенсионера к больнице Совета министров...

100 р. пособия СПК (Союза писателей Казахстана)
СПК: Әнуар Алимжанов. Дмитрий Снегин,
Олжас Сулейменов. М.И. Есеналиев...
Б. Момышұлы

*** Басы жоқ кісіге көттің не керегі бар (геморрой). У кого нет головы — зачем ему?!. Өзінің кім екенін білмеген кісіге мен қолымды бере алмаймын (Гали Орманову). Кто не понимает, кто такой я, руку не подаю (подстрочник). Мажит Бегалин звонил ко мне о том, что мои эти слова уже через 2-3 часа стали известны всей Алма-Ате. За эти мои слова жена ругала меня самыми матерными словами, а ее дочка хохотала «Трехкратно»... *** Дом, жена! Ужас! Бытовые мелочи так отвлекают — мне это тошно и неинтересно... Я снова заболел... деваться некуда... Самое обидное... работать невозможно ─ отвлекают сволочи!!! ***

Я — не гений, а круглый дурак!... Без дураков не было бы и гениев (?!?!)
Слава богу, я один из дураков. Это — правда..
Зависть — участь дураков! Ненависть — то же самое...

*** Умный тот, кто знает, что он дурак...Умных обдуривают дураки . Они молодцы!... ***

Бедняков нельзя жалеть, это противообщественное явление...
Благодарность ничто! Подлость — «Величие»
«Аз воздам!» За твою доброту — причиню тебе зло....
Терпеливость — Величие....

Гуманизм... Пацифизм — это не гуманизм... Да здравствует война! Да здравствует наше поколение!.. Без войны жизнь не интересна... Қатынымның шын аты Ғайникамал. Өзі оңбаған қу қатын екен, ол аяқ-қолымды тұсап алды-ау! Одан бұрын направо, налевом бар еді ғой, қор болдым қартайғанда бір кемпірге...

ШАШТАРАЗ

(Ненормальный казах) Ғабиттің Жазушылар одағына бастық кезі. Шаруам болып кабинетіне кіріп барсам, Ғабекең долданып, алдындағы консультантына ұрсып тұр екен. Кірерімді кірсем де, шығарымды білместен дағдарып қалдым.

─ Барғын! — деп консультантына дауыстады да, маған назары түсіп:
─ Е, жоғары шық, отыр, — деді.
Мен отырдым. Ғабит үн қатпай, қанын ішіне тартып біраз отырды.

─ Ақсақал, бір болар-болмас шаруамен келіп едім. Бүгін ашулы екенсіз. Айтпай-ақ қояйын. Тағы да бір сәті түсіп, жадырап отырғаныңызда келермін... ─ Жоқ. Отыр... Ашуланып отырғаным рас. Қалай ашуланбассың. Мен шет елге жүрмекпін жақында.. Біз Қазақстанда жиырма миллион гектар тың жыртыппыз... Осы қазақтан жиырма-отыз озат механизатор — тың игерушілердің тізімін бергін деп тапсырсам, жаңағы құры қол келіп отыр... Бұған қалай ашуланбайсың, өзің айтшы?

─ Оның несіне ашуланасыз? Одан басқа да қолдағы мағлұмат бар емес пе?
─ Қандай?

─ Біздің қазақта отыз мың милиционер, жиырма министр бар екені өтірік пе? Соны ғана айтсаңыз, болып жатыр ғой... ─ Ей, сен де оңбағанның біреуі екенсің ғой, — деп Fабит тағы да ашуланып, кейіннен күліп: ─ Иә, милиционерлер мен министрлеріміздің көп екені рас... К сожалению, у нас две крайности, середину мы не знаем... У нас нет электромонтеров, часовых мастеров, поваров, портных, парикмахеров... — деп курсінді.

Арада бір ай өтті.

Мен жең-жағасы оқалы генеральный штабтың мундирін киіп, Фурманов көшесіндегі шаштаразға бардым. Кезегімді күтіп алдыңғы бөлмеде отырмын.

─ Следующий!
Залға еніп бос креслоға отырдым.

─ Не істелік, полковник жолдас? — деді иығымнан біреу. Бұрылып қарасам, үстінде ақ халаты бар, орта бойлы, тәмпіш мұрынды, кірпік шешен түксиген қою қара шашты қазақ жігіті екен. «Астапыралла. Елуге келгенде қазақтан бірінші шаштараз көріп отырмын» деп ішімнен таң қалдым.

─ Желкем мен самай шаштарымды реттегін, қарағым, — дедім.

— Қазір, ағасы, — деп шебер мойнымды сейсеппен орап іске кірісе бастады. Өте пысық, қолы-қолына тиер емес... Машинкені тастап, қайшымен тегістей бастады...

─ Полковник жолдас, сізге сұрақ берсем, айыпқа бұйырмайсыз ба?
─ Сұрағын, қарағым.
─ Сіз Мәлік Ғабдуллинді білесіз бе?
─ Білемін. Майданда бірге болғанбыз.

─ Талғат Бигельдиновты білесіз бе?
─ Білемін. Бірақ ол жігітпен өте таныс емеспін.

─ Мен жақында станцияға бір апамды шығарғалы барып едім. Перронда бір қазақ морякті көріп, қасына барсам, әлгінің формасы морской болғанмен погоны интендантский екен... Мен алдымен «Опырмай, біздің қазақтан да капитан первого ранга бар екен-ау» деп ішімнен қуанып, әдейі қасына барып едім...

Мен күлдім де:
─ Мүмкін, бар да шығар. Алматыда теңіз жоқ қой, — дедім.
─ Полковник жолдас, қазақтан генерал бар ма?
─ Бар. Жексенбаев деген генерал бар.

— Ол кісі әлгі технический войскінің генералы ғой. Әлгі әскерді шын басқарған строевой, настоящий генерал бар ма?

─ Генералдың бәрі генерал ғой, қарағым... ─ Жоқ, полковник жолдас. Мен әскерде болғанмын. Генерал мен генералдың айырмасына түсінемін.

─ Оның дұрыс екен, — деп тағы да күлдім.
Қайшысын жалаңдатып шашымды алып жатқан жігіт:
─ Тағы сізге бір сұрақ, — деді.
─ Сұрағын.

─ Әлгі Бауыржан Момышұлы дейтін Отан соғысында ерлік көрсетіп, әскер тобын бастап, полк командирі, дивизия командирі болған екен... Бірақ та өзі мінезі жаман құдай атқан кісі екен. Сол мінезінен бастықтарға жақпай, көп нәрседен құр қалыпты... Егер де сол оңбағандығы болмаса, ол кісіге батыр атағын да, генерал атағын да бермек екен... Бірақ өркөкірек, оңбаған мінезі бәрін бүлдіріпті. Полковник жолдас, сіз Бауыржан Момышұлын білесіз бе?

Мен не айтарымды білместен біраз үн қатпадым.
─ Ол кісінің қайда екенін білесіз бе?

─ Меніңше, сол кісі сіздің алдыңызда отыруы керек, — дегенімде шаштараз жігіт шошынып, секіре шегінді. ─ Ағатай, ағатай, сізбісіз? Кешіріңіз. — Қайта жақындады. Мен күлдім. Ол сасқалақтап қайшысын сумаңдатып самай шашымды ала бастады. Түріне қарасам, шып-шып терлеп кетіпті.

─ Сен мені ненормальный қазақ дедің ғой.
─ Жоқ! Құдай сақтасын.
─ Сен де ненормальный қазақсың.
─ Неге?

─ Нормальный қазақ должен быть или милиционером или министром, а ты парикмахер, — дегенімнің әзіл екенін түсініп күліп:

─ Ақсақал, шаш алып, сақал-мұртты басатын да біреу керек шығар, — деді ол.
─ Кемітіп айтып отырғаным жоқ. Қуанып айтып отырмын, шырағым.
─ Түсіндім, ағасы.
─ Рақмет, қарағым, — деп қоштастым.

*** Үйіме Шығыс Қазақстан облысынан бір жігіт келді. Е, айтпақшы оны өзің көріп, әңгімелестің ғой. Аты-жөні кім еді? ─ Еренбақ Кешубаев. Тарбағатай ауданы «Ұласты» совхозының тұрғыны, Қабанбай, Дәулетбай, бастаған қырық батырдың оныншы ұрпағы. Баукең жазу столының үстіңгі суырмасын ашып: «Мына хаттың сыртындағы адресті дауыстап оқы!» — деді.

─ Гурьев қаласы, Ақтөбе көшесі, 26-үй, 59-пәтер Өтебай Бейсенғалиұлы.
─ Дұрыс. Енді бөлмей тыңда! Тарбағатайдан келген жігітке:
─ Қандай бұйымтайың бар, айт! — дегенімде:
─ Ешқандай бұйымтайым жоқ, арманым — сізді бір көру еді, — деді.

Он баласы бар екен. Бір ұлының атын Бауыржан, бір ұлының атын Төлеген қойыпты. Соны естігенде «Нөмері белгісіз Бауыржанға нөмері бірінші Бауыржаннан ескерткіш» деп қол сағатымды сыйладым. Гурьев қаласынан келген Өтебай інімнің де шаруасы маған сәлем беру ғана екен. Оның: ─ Мен қалың бұқара қара жұмысшының бірімін. Ауыр тұрмыстың, жоқшылық, тар кезеңнің салдарынан оқи алмадым. Он төрт жасымнан қозы бақтым, қой қайырдым. Сөйтіп, жүргенімде жасым он сегізге толып, Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеуге кеттім. Одан оралған соң Гурьев балық консерві комбинатына қатардағы жұмысшы болып орналастым. Содан бері 35 жылға жуық бір орында жұмысшы болып келемін, — дегені маған қатты әсер етті. Ол да бір баласының атын Бауыржан, бір баласының атын Әзілхан қойыпты. Міне, қызық!Олардың мұнысы, түсінсең мені емес, халқымды, халқымның салтын сыйлағандары ғой. Бұл елім, жерім деген жандардың ғана ісі! Абайдың:

Танымадық,
Жарымадық,
Жақсыға бір іргелі.
Қолына алып,

Пәле салып,
Аңдығаны өз елі, —

деп күңірене қайғырғаны есіңде ме? Егер маған ерік берсе, жауапты қызметтің бәріне осындай жігіттерден ғана таңдар едім.

ҮШ ОҚ

У меня очень приятное впечатления от этого мальчика — у нас, слава богу, оказался общий язык, чего я не имел ни с одним из моих близких. Это радостно для меня.

Остальным у меня полное безразличие и равнодушие до селе мне неизвестное. Ощущаю тяжести (психической) — обобщенных схем моих мыслей (о сером быке, оглавлений азбуки для глухонемых, о батырстве мен) — қиял замандастар тұлғасы.

Отырсам қыр басында жалғыз өзім,
Елемей жан біткенді менің көзім.
Қиялдың ащы-тұщы толғауында,
Қалқиды жел қайықтай өp мінезім.

Қараймын, таңғаламын, таңданамын,
Кейде өліп, кейде тірі жандаймын.
Шаттанам кейде қырды қырқа басып,
Ойға түсіп кей кезде мұңданамын.

Налимын «мен» дегеннің орнын таппай,
Ұрынам әр бұрышқа тыныш жатпай.
Не жүрек, не қабақты нысана етіп,
Атамын «мен» мырзаны жалтақтатпай.

Дарымайды нысанаға атқан оғым,
Сеземін бұл атыстан пайда жоғын.
Әлде мен шаршадым ба, болдырдым ба,
Сағым сынып қажыдым неге бүгін? ..

Үш аттым дәлдеп тұрып өзімді-өзім,
Өлі емес, тірі емес бұл не сезім.
Денем cay, басым ауыр, тілім шабан,
Отырмын қарсы келіп, қандай кезім.

Сондағы үш оқтың қалдырған ізі ме деймін. 1) Ми қалтамның сыртқы қабы ауырлап, қорғасындай зіл басып барады. Естен танарлықтың алдындағы сезімнің соңыма түскеніне үш күн болды. Кей кезде қоржынның бір басы иә түйенің тең жүгінің бір жағы ауғандай миым ауытқып кете жаздайды. Жаңылып кете жаздаймын (очаговое выключение сознания). 2) Тілімнің ұшы жеңіл болғанымен, түбі ауырлап, ернімнің қимылы шаңын көрсетпей оза жөнелгенде, сөзім нықталып шықпай созыла, күрмеле шыққанын (үнін) құлағым сезеді. (Губы опережает движение языка так, что ощущаю ненормальность дикции произношения). 3) Жүрегім жайбарақат, салмақты болғанымен, түршігіп, денем қорыққандай, ет-сүйегім былқ етпесе де, тарамыс сіңірлерім қалт-құлт етіп дірілдегендей, тұншыққан бір сезім пайда болды бойыма. Безгек емес (ол жоқ). Қарасам, денемнің маңқиған сырты өте сабырлы көрінеді. Түсінбей, қайран қалғаным болмаса, уайым басып отырған жоқ. Қайғым да, мұңым да жағадан алып жүрген жоқ (олардан хабар да жоқ), өмір мен өлімді елемеймін. Екеуі маған бірдей сияқты. Бәрібір сияқты. Қаланы сондай жек көремін, түнде мидай даланың ортасына барып, көк шөптің үстіне шалқайып көсіле жатып, сеспей қата ұйықтасам деймін (жалғыз өзім ғана). Степной пеихозды әлде маған ұйқы бермей жүрген қандаланың психозы тудырды ма екен? — деп те ойлап қаламын. *** Тәуір екен. Балалық шақ деген қызық. Жастық шақ өтсе жалт беріп, демде қайта оралар демекші, не айтқың келді екен? Поезға отырып оқуға барғаныңды айтқың келді ме, әлде Орынбордың ауасына көндіге алмай, екі-үш күн тұрмай бәрің қирай ауырғандарыңды айтқың келді ме?

ТЕРІС БАТА

Біздің Өтеулі тұқымынан Бабас дейтін кісі өткен екен. Бабастың Қабаш дейтін інісі болыпты. Қабаш жегжат-жұрағат, тамыр-таныстарды аралағыш екен. Үйден бір аттанса, бір айсыз оралмайды екен.

Бір айдан кейін таты да атын ерттеп жатқанында Бабас оған: ─ Әй, сен қайда тағы да.... — десе, Сендерге ұқсап қашанғы үйкүшік болып отырайын. Отырсаң, өзің отыра бергін. Менің қатыным жоқ. Сен қатыныңды құшақтап жата бергін, — деп ағасына арс ете түсіпті.

─ Қабашжан-ау, қолымызды мал қысқартып отыр ғой. ─ Болашақта қолыңның ұзаруына менің түгіл сенің де көзің жетпейді. Менің қайда жүргенімде ісің болмасын? — деп аттанып кетіпті... Үш айдан кейін Түлкібастағы темір дейтін елден адамдар Қабаштың қолын байлап ауылға алып келіп: ─ Міні сұм аяқ туысқанды Шымкентте бізден ұрлаған атты сатқалы тұрғанында ұстап алдық... — депті. ─ Қатар жатқан ел едік. Аттарыңыздан түсіңіздер. Дәм үстінде отырып келісімге келелік, — деп, Бабас қол қусырып, тізе бүгіп жалына, тілегімді қабыл етіңіздер деп жылапты. Айыпты ауыл төрт аяғынан тік тұрып дауластың, жиналған билердің алдында шала жүгіріп, күтіп қызмет істеумен болыпты. Мейлінше егіл-тегіл шашылыпты...

Басқарып келген шонжар Әлмембет бидің баласы екен. ─ Олар да бір қауым ел ғой. Жөн-жоба білетін кісілері бар шығар. Мына жігітті ауылына алып барыңдар, ─ деп кіші баласымен үш жігітті жұмсаған екен. Бидің өзі келсе, салмағы өте ауыр түсетініне түсінген біздің елдің билері лайықты жөн-жоба таба алмай қиналып отырғанда Бабас:

─ Менің алты қарам бар. Маған тағы алты қара керек...
─ Неліктен? — деп біреуі сөзін бөліпті.
Тоғыз қара айыпқа деңіздер; үш қара сіздердің биліктеріңізге, — дегенде:

─ Дұрыс айтасың, Бабас. Әлмембет бидің келгенінен келмегені бізге ауыр түсіп отырғанын түсініп айтқан сөзің бұл... — деп күрсініп, — жетпей жатқан үш қараны мем берейін, — депті. ─ Ойбай, биеке! Жасыңызға құлдық, — деп қол қусырып Бабас орнынан ұшып тұрады. ─ Сабыр ет. Сөзімді аяқтаған жоқпын, — деп қолын сермеп, менің бабам Имашқа қарап, — ал, Имаш Әжі баласы не бермек? — дейді.

─ Біз де бір жылқы береміз ғой, биеке. ─ Ал, Ақабай, Имаштан сенің жолың үлкен ғой, — дейді би біздің бір ұрпақтың үлкеніне.

─ Біз де қатардан қалмаспыз, биеке. ─ Енді алтау емес, тоғыз қара болды... — деп мұңайып төмен қарап жер шұқып, — жетеді осы да. — Басқа билерге қарап: — Осы жолы екі тізгін мен шылбырды маған беріңіздер. Кейіннен көре жатармыз, — дегенде басқа билер «Сіздікі сөз, сіздікі сөз» десіпті бір ауыздан. Сөйтіп, Бабастың есебінше жетпей жатқан үш қараның да орны толыпты. Айып төленді, даушылар аттанды. Барын беріп, қара жерге отырып қалған Бабастың үйі ауылда қоныста. Ауыл сыртынан «Ұрының ауылы», Бабастың үйі «Ұрының үйі» деген қара таңба әркімнің бетіне шіркеу... Сейсенбі базарында біреу біздің базаршыларға «Ә, сендер ұры ауылдың жігіттері екенсіңдер ғой» депті. Базаршыларымыз «елге қарауға бет жоқ» болып «салы суға кетіп», еңселері түсіп қайтыпты. Оны естіген Бабас Қабаштың шашын ұстарамен қырып, құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, самайынан самайына дейін тіліп басына тұмақ үстіне айналдырған тон (шуба) кигізіп, қолына таяқ ұстатып, «қайда барсаң, онда бар » деп теріс батасын беріп, ата қонысынан шығарып салыпты. Сол заманда қарғыстың ауыры «теріс бата», жазаның ең ауыры «қасқа» етіп елден қуып қаңғытып жіберу екен.

Сол Бабастың ең кенже баласы менің көкем Момынқұлмен жасты Орманқұл еді. Бұрынғы аталған нағашымыз Текебай бидің кенже ұлы Құлжабай да бұлармен құрдас болатын. Орманқұл қырықтан асқанша кедейшілік қолын кесіп үйлене алмаған, ал, Құлжабайдың атастырылып қойған қалыңдығы өліп, ол оның 8-9-дағы сіңлісінің тағы да 8-9- жасқа келуін күтіп лажы жоқтан доғарылып жүрген. Екеуі де бойдақ. Ол кезде жастары отызға шалып қалған, 27- 28-дегі шамада болуы керек. Қысқы шілде кезінде құтырған бораннан шыға алмастан Құлжабай біздің ауылда жатып қалды. (Описать зимний вечер и «Сұр мерген» с уста Құлжабая, как он смастерил мне садак; Второй вечер — игра на домбре Орманкулом слова сұр бойдақа привести; Третьи вечер — Қарағұл в исполнения Құлжабая.) Құлжабай мінез жағынан ағасы Серкебайға мүлдем тартпаған. Ол сабырлы, орынды, биязы, өзін-өзі қай жерде болса да ұстай білетін байсалды, орта бойлы, қара торы жігіт еді. Ұйытқып қар түтеген боран күндері Момынқұлға:— жүр, мал тамға барып келейік, — деп қымтана киініп, үйден шығып бірер сағаттан кейін үсті-басы қас кірпігіне дейін қар болып келетін. ─ Уһ! Астапыралла, ұйытқып үйіре борап тұр. Еш жаққа қаратпайды, тыныс алдырмайды. Жотаның жазы жақсы болғанымен, қысы тапа қиямет қайымның өзі ғой, ─ деп киімдерін шешіп қарын сілкілейтін. Кешкі тамақта ертегілер, жұмбақтар, күлдіргі әңгімелер айтып отыратын. ─ Ой, қарағым, сен болмасаң, әсіресе, қараңғы мына түнде ішіміз пысып жарылып кететін екенбіз ғой. Әсіресе, сенің айтып отырғандарың мына балаларға рақат болды-ау, — деп әжем Құлжабайға алғыс айтып отыратын. Бір кеште ол Сұр Мергенді айтып берді. Одан кейінгі кеште оны асықпастан айтып Момынқұл көкеме жаздырып отырды. Менің екі құлағым сонда, үшінші естігенде мен оны толығынын жаттап алдым. Айтып бергенімде, құйма құлақ екенсің ғой деп Құлжабай арқамнан қақты. — Ә, нағашысына тартқан ғой, — деп әжем мақтанып қалды. Оның ертеңіне әкем аспаптарын дүкен құрып, Момынқұл су жылытып, балшық илеп, одан әкемнің айтуынша қалыптар құйып, мен үлкен табаншаның үстіне ағаштан күркешелеп отын жағып, көрік басып отырмын. ─ Ал, aпa, күн қысқарсын, бәріміз де тірлік істеп отыралық, — деп әкем шақшиып зерігіп отырған қыз балаларға қолын нұсқап, — сіз мыналарды қарап отырғызбаңыз, ─ деді. Әжем орнынан тұрып, үлкен алашаны жүк үстінен алып бөлменің бір босағасына жайып: ─ Сен, балам, ауызғы бөлмеден бір қап жүн алып кел, — деп ішіндегі үлкені Үбианды жұмсады. Өзі мүшектен екі ұршықты алып келіп төселген алашаның төр жақтағы бұрышына қойды. Үбиан алып келген жүнді алашаның ортасына үйіп, қыздарға: «Сен мына жерге, сен мына жерге отыр» деп алашаның үстінен орындарын көрсетіп, өзі де көрпешіктің үстіне жайғасып отырып: ─ Сен екеуің жүн түтесіңдер, — деді Әлиман мен Құрманкүлге, — бірақ та асықпастан жақсылап түтіңдер, — деп ескертті оларға. Үбианға қарап: — Ал, мынаның біреуін біз екеуіміз ұршық иіреміз, — деді. Әжеме «Мына кемпір бізге не істе дер екен?» деп отырған келіндеріне көзі түсіп кетіп: ─ Үйлеріңді сыпырып, ыдыс-аяқтарыңды жуып, күлдеріңді шығарып, қазан-ошақтарыңды реттеп, тамақ пісірудің қамына кірісіңдер, сендерге сол да жетеді, — деді.

─ Әпке! Маған да бір нәрсе істе деңізші...
─ Сен қонақсың ғой, қарағым...
─ Мен қашанғы қонақ болып отырамын?

─ Ыңылдап өлеңіңді айтып отыра берсеңші, қарағым, Құлжатай, — дегенде бәріміз күліп жібердік.

─ Сондай да тірлік болады екен-ay,— деп Құлжабай да күлді.

Жүн түтіліп, ұршық иіріле бастады; көрік басылып, көмір оттанып, күміс еріп, еріген күміс қалыпқа құйылып, қорытындының беті қарайып қатая бастағанда, ол қыш қатып алынған темір тегенедегі суға тастағанда, су баж етіп шашырап, бу шығып, суыған күміске темір төс үстінде балға соғылып, үй сыпырылып, әрқайсымыз өз тірлігімізбен отырғанымызда байқамаптық, қайдан алып келгенін қайдам, Құлжабай жуандығы ортан саусақтай, ұзындығы төрт бес қарыстай талшыбықты бәкісімен жонып отыр екен... Сосын біздің үйде «өндіріс цехтарының» жұмыстары қыза бастады. Әркім өз тірлігімен бірімен-бірінің ісі жоқ, орысша айтқанда воцарилась настоящая производственная дисциплина... Түскі тамаққа қою майлы быламық істелген екен. Сол кезде біздің ауылда сұйық тамақты да «екеуара», «үшеуара» бір табақтан (ыдыстан) бір қасықпен ішетінбіз. Быламық біздің дарқан елге таралған ас түрі, «ішсең тамақ та, сусын да» деген сөзді кәдімгі «густой бульон», «крутой бульон», «майлы сорпа», «майсыз сорпа» дегендеймен тең. Атала — быламықтың ең суығы. Оны нанмен ішеді. Оны күбіге құйып ашытса, «ашыған быламық» дейді. Айран қатса, ол «ақ быламық» деп аталады. Сүтке пісірсе, «сүт быламық» дейді. Ол сусын ретінде ішіледі. Қара быламық — тек суға піскен қою быламық. Оғам езілген құрт қосса, «құрт быламық» дейді. Май салса, «майлы быламық» дейді. Кімнен үйренгенін білмеймін, быламықты біздің үйде қазанды қырып, оның ішін құйрық маймен шажылдатып бықсытып майлап, одан соң табаншаға қыздырылған ұнды себелеп салып, түбі тесік ожаумен араластырып тұрып пісіретін. Шыжғырылған май қуырылған үн быламықтың дәмді болуына анық себеп. «Быламық бетінен суыйдының» әкесі біздің алдымыздағы быламықта. Ол қою болғандықтан тез суымайды, бетінен жұқалап қана суыйды. Абайсызда қасығың тереңдегенін ұрттасаң, ыстық желімдей тіліңе жабысып, шоқ басқандай күйдіріп «уһ, уһілетіп!» бет-аузыңды қызартып, көзіңнен жас шығарады. Құлжабай тамақ үстінде быламық туралы бірнеше күлдіргі сөздер айтып отырады... Бір үйге таныс емес алыстан келе жатқан жолаушылар түстенгелі түсіпті. Шайдан кейін біраз уақыттан кейін біреуі далаға шығып келіп жолдасына:

— Тұр, аттаналық, — депті.

Тамақ қойылмағанын сезген жолдасы орнынан тұрмастан отырып алыпты.
─ Әй, тұрсаңшы, — дегенде:
─ Ішсем тамақ болмайды шай, қызыңды...
Әтшу десем жүрмейді тай, қызыңды...

Ат бер десем бермейді бай, қызыңды.
Шайды шығарған қай қызыңды...

Біздің елде жұқпа дейтін тамақ болады. Қамырды жұқалап жайып, ысыған қазан түбіне кептеп жапсырып иісіреді. Қазан түбіне қамыр жабысып күйіп қалмас үшін қазанның түбін майлап отырады. Жұқа піскен нанды қатырма дейміз. Қатырманы не суға, не сүтке салып қайта пісіріп, балбыратып үстіне сары май салып, осы заманда блины деп орап жейді.

Бір үйге қонақтар келгенде, үй иесі сараң бай кісі әйеліне:
─ Қонақтарға жұқпа істеңдер, — депті.
Қонақтардың үлкені:

─ Жұқпайтын болса істемей-ақ қойыңыздар, құдағи, — деп орнынан тұрып шығып кетіпті...— деген сияқты әңгімелерді айтып Құлжабай нағашым күлдіретін. Түскі тамақтан кейін Құлжабай шыбықтарын қайтадан жонуға кірісті. Кейбіреулерін істіктеп жатыр. Жуандау шыбықтың екі ұшынан ұстап иді де, алға созып қарады да, кендір жіппен екі басынан байлап болып, жонған, үштелген шыбықтың біреуін алып «садақ» пен кірер есіктің маңдайшасын көздеп атты. «Оғы» дәл тиді. Отырғандар күлісті. Біз балалар мәз-мейрам болдық та қалдық. Әрине, садақты маған берді...

Содан бастап мен ауылдағы садақты «Сұр мерген» болдым..

Боран саябырси бастады. Үлкендер «Әй, ертең жоқ, бүрсігүні қояр» десіп отырды. Боран басылды, күн ашылды. Бұғаудан босаған долы арыстандай Момынқұл мен Құлжабай үйді маңдайшасына дейін басып қалған нағыз үрпік қарға күректерімен тиісті, күреген жоқ — кірпіштеп ойып лақтырып, есік алдынан сыртқа жол ашты. Қыр алаңындағы қар қалыңдығы аттың тірсегінен сәл-ақ жоғары. Үртік қар сай-жылғалардың қайда екенін белгісіздеп үре толтырып, қарменен толтырып тегістеп, мидай күнге шағылысып жатқан аппақ дастарқандай теп-тегіс, тып-типыл далаға айналдырған. Аласа үйлер қар астында ақ обалардай көрінеді. Екі-үш күн қар басып қалған үйлерді аршумен, суатқа жол салумен өтті. Бұлақтар басындағы бытырап жатқан ауылдың түтінін көргеніміз болмаса, әлі қарым-қатынас жоқ. *** 1921 жылы. Ашаршылық жылдан кейін қалған ел етек-жеңін жинап тойынған кезі. Жаздың орта шамасы. Ауыл қара жол үстіндегі жайлауда. Үлкендер қыстау жағындағы пішен шабу, егін суғару тірлігінде. Ақсай бөктеріндегі жайлауда малшылар мал басында. Мен қозы баққан балалардың арасындамын. Шілік ойнап жүрміз. Қара жолдың үстінде бір торқасқа атты кісі:

— Әй, балалар, бері келіңдер, — деп, бізді дауыстап шақырды. Қарсы жүгіріп бардық. Ат-тұрманы, киімі біздің ауылдікіне қарағанда өзгешелеу, ширатқан қара мұртты, қырынған көк иекті, қара көз, ат жақты, қыр мұрын отыздан сәл асқан жігіт, кілем қоржынынан алып қолдарымызға бір-бір уыстан өрік салды да, қамшысын шошайта нұсқап:

─ Ана ауыл Үсен әулетінің ауылы ма? — деп сұрады.
─ Ия, — дедік біз.
─ Дәуренбай тірі ме?

─ Ия, атам әлі өлген жоқ, — деді менен екі-үш жас кіші Мырзабай. Ат үстіндегі жігіт езуін жиып күліп:

─ Сен өзің кім боласың?
─ Мырзабаймын ғой.
Жігіт тағы да мейірімдене жымиып:
─ Атаңның кімі боласың?

─ Атам мен апамның баласымын ғой. Егер сенбесеңіз, мына балалардан сұраңыз.
Жігіт қарқ-қарқ күліп:
─ Неге сенбейін, айналайын. Сендім, қарағым, сендім.

─ Бұл Дәуренбай атамның үлкен ұлы Ормантай көкемнің баласы, — дедім мен білгішсініп.

─ Ал сен кімнің баласысың?
─ Момыштың баласымын.
─ Әлгі молда Момыш па?
─ Ия, молда атамның баласы, — деп менен бұрын Мырзабай жауап қатты.

Тағы үш-төрт өріктен беріп, ауылға қарай тартты. Біз жеген өрігімізге риза болып, қозыларымызға қарай бет ала жүгірдік...

Әкем бір күміс білезікке маймөңке шауып нақыстап отыр еді, сырттан: ─ Момыш? Үйдемісің? — деген қырылдаңқырау қарт дауыс естілгенде, әкем орнынан ұшып тұрып сыртқа шығып:

─ Ассалауым Алейкум!
─ Уағалайкум Салам.
─ Үйге кіріңіз, Дәуеке... — деді.

Дәуренбай ақсақал төрге отырып, кеудесіне барлық омырауын қаптаған (жас кезінде ол кісіні жеңгелері қабасақал дейді екен) аппақ сақалын сипады.

─ Әй, сен бара бер, — деді маған әкем.
─ Отыра берсін. Ешқандай оғаш сөз жоқ, — деді Дәуренбай.

Дәуренбай өз бетімен ауыл араламайтын, шақырмаған жерге бармайтын, жоғарыда айтылған Бабастың үлкен баласы еді. Сол кезде жетпістен асқан болар.

─ Ал, Дәуеке. Екі құлағым сізде, — деді бірнеше тыныс алғаннан кейін.
─ Сенер-сенбесімді білмей отырмын, Момыш.
─ Неге? Не боп қалды, Дәуеке?

─ Өлген тірілді дегенге сенесің бе?— деп үлкен қара-көк көзімен әкеме тік қарады. ─ Сен десеңіз, сенейін, — деп әкем езуін жиды да, — жұмбақтамай-ақ айта берсеңізші. ─ Жұмбақ па, әлде шынымен ақиқат па. Сенер — сенбесімді білмей отырмын дегенім сол. ─ Тәйір-ай, енді не болса да айтсаңызшы, — деп әкем тықыршып тағы да жымиды. ─ Жүр біздің үйге. Естіріңді сонда есітерсің, — деп Дәуренбай орнынан тұрды... Олар кетті. Мен аң-таң болып үйде қалдым. Әкем түн ортасында қайтты... Мал өргізіп болғаннан кейін өзі Дәуренбайдың үйіне қарай бет тартты, жұмбақ үсті жұмбақты шеше алмай мен қалдым: «Кешегі жігіт кім екен?», «Дәуренбай атам неменеге сенер-сенбесін білмей жүр екен?», «Әкем неғып ол үйге тағы кетті?», «Өлген тірілді дегенге сенесің бе?», «Сен десеңіз, сенейін...» ─ Шырағым-ау, сен әлі үйде екенсің ғой. Басқа балалар қозыларының соңында жүр ғой, — деген әжемнің даусынан селк ете қалып, ұшып тұрып, үйден жүгіре шықтым... Екі күннен кейін қозы басында жүріп көрдім, қара жолмен екі салт атты батысқа қарай жүріп барады. Біреуі бұрынғы күнгі бізге өрік берген торы қасқа атты жігіт, біреуі көк дөненнің үстіндегі Мырзабайдың әкесі Ормантай.

Үшінші күні Мырзабай да қозы басына келді. ─ Қайдан білейін. Мені атамның үйіне жолатпай қойды. Өздері әйтеуір күбірлесіп сөйлеседі. Басқа ауылдан да, осы ауылдан да атамның үйіне молда атам, Аққулы атам, Тоқ Мырза бізге еш нәрсе айта алмады. ─ Молдеке, ана күні Дәуренбайдың үйіне келген жігіт кім екен? — деп сұрады әкемнен бір туысымыз. ─ Ормантай қайтып келгенде, бірақ білесіңдер. Әзірінше сабыр ете тұрыңдар,— деді әкем оған... Осы кездегі Вездеходтың түпкі бабасы біздің елдің тілімен айтқанда Сарт арбасы болады. Сарт арбаның дөңгелегі екеу-ақ болады. Олардың күпшегі ат бойымен тең. Шеңбері үлкен шаңырақтан артық болмаса, кем емес. Жалғыз аттық арба… Орта Азияда атам заманнан сулы егісті кәсіп еткен. Егінді суғару үшін сайдағы бұлақ суларын, өзендерден арықпен бұрып суды қырға шығарған. Егінді суғару үшін арықтар системасы жиі қолданған. Арықтың ені бір-бір жарым метрге дейін, тереңдігі отыз-елу сантиметрге дейін. Арықтар үлкен дөңгелекті арбаға кедергі емес — оның шеңберінің кең арықта бәшбайына келмей, ол оған шалшықтап тығылмайды орысша айтқанда буксовать не будет, ибо говорит его колеса несколько раз превышет ширину любого арыка — оның дөңгелегінің үлкен шеңберінің оннан бірі арықтың ана шетімен мына шетіне тиіп «аттап» өтеді. Бұл арба тірлікке байланысты туған атам замандағы зор инженерлік шығарма екенін мен соңынан ғана түсінгендіктен жазып отырмын.

Қара жолдан үш сарт арба, бір топ аттылар көрінді. Атты топтан: ─ Сүйінші! Сүйінші! — деп айғай салып үш жігіт ауылға құйындата шауып келді. Дәуренбай атам, көзі жыламсырап, қол-аяғы дірілдеп, қызыл түлкі терісін ұсынды, менің әкем жарты уыс майда күміс деньги (біздің елдің тілінде теңге дейді) ұсынды, басқалары да у-шуласып: ─ Жаңа туысқандар келді. Жаңа туысқандар келді! — деп жүгіріп жүр. Ауыл адамдары қарсы алуға жүрді... Жақындағанда бір шоқша сақалды шал атынан ырғып түсіп, жүгіріп келіп, алда келе жатқан Дәуренбай атамның алдына — аруақ! аруақ! — деп етпетінен түсіп жығылды. У-шу, ығы-жығы, бұрын бейтаныс кісілер көрісіп, құшақтасып, дауыстап жылап-сықтасып, опыр-топыр араласып кетті... «Өлген тіріледі дегенге сенесің бе, Момыш?» «Сен десеңіз, сенейін...» деген жұмбақ шешімі осыдан басталды деп екі нүкте қоя тұрайын. Әлдеқашан ұмытылған Қабаш тіріліп елге, өзі қарабет болып қуылған ататегі, атақонысына қайтты: оның баласы алпыстан әлдеқашан асқан Бопыш:

немерелері: Ыстықұл (баяғы торқасқа атты),
Әбдіш,
шөберелері:
Айнаш,

Оспан,
Әмір,
Әлия,

бұларға қосымша (орысша айтқанда как приложение к ним) Бапыштың кемпірі мен екі келіндері.

Қабаш тіріліп қайтты дедік қой. Неге олай дедік. Енді соған тоқталық... Қабаш жиырма бесінде кеткен екен, ал оның тұңғыш белбаласы Бопыш алпыстағы кезінде біздің ауылды бірінші рет көріп отыр. Демек, Қабаш ауылдан қуылғалы алпыс үш-алпыс төрт жыл арада екен. Олар келген жылы менің әкем алпыстың бесінде болатын. Дәуренбай атам шамамда жетпістің бесеуінен асқан шығар, демек, Дәуренбай Қабашты он бір-он екі жасында көрген деп ойлаймын.

Қабаш Ташкентке жақын Шыршық өзенінің жағасына барып бір-ақ тоқтайды.

— Ондағы бір орта диқан шаруаның үйіне жалданып жалшы болады. Күріш, жоңышқа, бау-бақша, мақта суғарып, дақыл салуға үйренеді. Кірпіш құю, үй тұрғызу, қамыс-қоғадан циновкалар тоқу, аяқ киім жамау сияқты өнерлерден де шет жағасынан хабар алып, машықтана бастайды.

Қолынан іс келетін икемді жігіттердің қатарына ілінеді. Иесін «Ләпбай» деп қол-қусыра тыңдап, «Құп болады» деп шегіне ізетпен қайрылып айтқандарын бұлжытпай орындап жүреді... Қысқасы, сол үйдің бір адамы болып сіңіп кетеді... Екі жылдан кейін кіші кенаимды... Қолтығына қыстырып. Ізіне су құйып жоқ боп кетеді... Бапыш сыр бойындағы, ауған шекарасындағы Термез қаласының маңындағы өзбек ауылында туады. Ауылында дейтініміз ол аумақты таза өзбектердің көбі көшпелі ел келеді. Бапыш жетіге жеткенде Самарқанның салқын тауларының бөктеріне қоныс аударады...

— Я, балам. Біз Құлый деген ел боламыз... Атамекеніміз Алатаудың Ақсай, Көксай деген бөктерлердің етегіндегі Мыңбұлақ атанатын Жайсаң, Көгілдір жер болады. Жазы салқын, қысы қатты болады...

Құлыйлардың ішінде біз Үсен деген тарауына жатамыз. Үсен болса, Өтеулі, Батырбек, Әжі ұрпақтарына бөленеді. Біз болсақ Өтеуліденбіз. Менің атам Бабас дейтін кісі болған. Менен бір мүшелі үлкен еді... Мен ағайынмен ренжісіп, жиырма бес жасымда осы жаққа ауып кеткенмін... Ал, сендер менің бетімді жауып, асымды бергеннен кейін сол елді тауып, үйірлеріңе қосылу жағын ойлаңдар, — деп карт Қабаш кәлимеге тілі зордан келіп, жан тәсіл етіпті.. «Ол кезде менің кішкене бала кезім. Heгe ренжіскендерін мен қайдан білейін», — дейді Дәуренбай. «Менің ол кезде тумаған кезім. Ағайын арасында бола береді той. Бапеке, ол жағын қазбалай беріп қайтесіз... Құдайға шүкір, үйіріңізге бала-шаға, немерелеріңізбен топтана қосылып отырсыз...», — депті менің әкем. «Әйтеуір, маған бір жұмбақ», — деп Бапыш терең күрсініпті. Жаңа туысқандар ұқыпты, еңбекқорлар екен, біздің ауылға тез сіңіп кетті... Ыстыққұл ауыл совет, аудандық совет қатысып, ауылдағы белгілі активтердің қатарында болып жүрді. Оның Оспан деген баласы менімен түйдей жасты еді. Бірте өстік.

Әбдеш те болса өз қатарынан қалып көрген емес...
«Жаңа туысқан» деген жанама ат бір-екі жылда ұмытылды.

ОРМАНҚҰЛ

Қабаштың басын «Қасқалаған» Бабастың ең кенже баласы Орманқұл еді. Ол Момынқұл, Құлжабайлармен құрдас екенін айттық қой. Оның атын атағаннан кейін сол кісінің де азырақ құлағын шуылдаталық. Орта бойлы, ат жақтау, қалың қара қасты, мұнар көз, қыр мұрын, қара мұрт, қаба сақал жігіт еді. Жалғыз аты жазатайымда мертігіп өліп, оның, біздің ауылдың тілімен айтқанда, пияда (жаяу) кедейлік басына түскеніне төрт-бес жылдай болған. «Мал бергені алады алып кетіп, кедейшілік қолымды кесіп отырудың үстіне енді «атсыздың аяғы тұсаулы» басына түсіп, «қутомар» кедейдің нақ өзі болғандықтан, жиын-тойдан өз қыстауынан шықпай, жападан-жалғыз өз тірлігін істеп болғанда домбырасын тартып жататын. Ауыл, жегжат-жұрағат араламайтын; «шақырған жердей қалма» дегенді ұстап, «астан үлкенбісің?» деген сөзді естігісі келмей, лажы жоқтан ғана баратын... Біздің үйде коп жатып, зеріккен Құлжабай басқа ауылдардағы жегжат-жұрағаттарынан үш-төрт күннен кейін қайта оралды.

— Әдейі ымырт жабылғанда келдік... Мына Орманқұлды біреу болмаса, біреу көріп қалмасын деп қара жолдың үстімен жүріп орағытып келдік, — деді апама күлімсіреп қарап Құлжабай.

─ Ия, жақсы бопты, — деді де апам Орманқұлға: апаң қалай? Жақсы ма, қарағым?

─ Шүкір. Әнеугүні азырақ тымауратып еді. Енді айықты. ─ Мына қақыраған қыста менің де оқта-санда түшкіріп-пысқырып қалатыным бар. Ондай-ондай бола береді. Апаңның амандығына шүкір, қарағым. Қысылмай-қымтылмай жайбарақат отырғын, шырағым, — деп апам ошақ басындағы келініне: — қазанға Орманқұлдың сыбағасын атап салыңдар. Тамақ алдындағы шайды тездетіңдер, — деп кешкі ас жағын нұсқаулады.

Әкемнің жай сұрасқанына Орманқұл:

— «Ия, солай... Шүкір, Молдеке... ляпбай... әрине... әбден сүйтті ғой... жүдә болмай-ақ қойды ғой... Тіптен айтпаңыз, молдаке... Сөйтіпті білем...» — деп қысқа жауап қатып отырды.

Шай үстінде Құлжабай өзі аралап қайтқан жегжат-жұрағаттарының үйлерінде қалай болғанын айтып, күлкіні араластыра соғып отырды... Тамақтан кейін Құлжабай мені қасына отырғызып, «Сұр мергенді айт» дегеніне мен қымтылдым. ─ Қой. Сенің қалай айтатыныңды Орманқұл көкең де естісін де, жоқ, әлде, ұмытып қалдың ба?

─ Ұмытқам жоқ. ─ Айта той, қарағым, айта ғой. Ия, Орманқұл көкең де естісін, — деді апам да.

Мен айтып бердім. ─ Бәрекелді. Шынымен-ақ ұмытпапсың ғой. Бәрекелді, — деп Құлжабай арқамнан қақты.

Біраз әңгіме араласқаннан кейін бірнеше шумақ өлеңнің аяғында:

— Орманқұл сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің менде өзіңдей сұр бойдағы.
Осындай оқта-сонда жолыққанда
Өлең айт, сырыңды айт қай-қайдағы, —
деп кезек бұрғанында Орманқұл төмен қарап:

─ Менің өлең айтпайтынымды білмеуші ме едің? — деп қысылыңқырап: -— Домбыра болмаса... — деді. ─ Ия, домбыраңды қолыңа алғын. Маған да соның керек еді, — деп Құлжабай күлді.

─ Қысылма, қарағым. Бұнда бөтен ешкім жоқ қой, — деді әкем.

Домбыра деген сөздің төркіні атам заманда жатыр. Ду — парсы тілінде екі деген сөз. Тәр — сым (струна), ішек деген мағынада. Өзбектер Дутәр дейді, қырғыздар Қомыз дейді. Европаның Гитара деген аспабының да ата-тегі сол Дутәрден шығуы мүмкін. Әйтеуір, бәрінің бастапқы аттарының тегі бір болуы керек. Домбыра қазақ халық аспабында ең қадірлі орында. Баяғыдан бері әншілер мен ақындардың жан жолдасы, үн тірегі, көмекшісі. Күй — қазақ халқының жеке меншігі. Басқа халықтарда ондай ұғым да, сала да жоқ.

«Мен ақын емеспін — әншімін» — дейді біреуі.
«Мен әнші емеспін — күйшімін» — дейді біреуі.
Орманқұл күйші еді.

Домбыраның тиегін түзеп, құлағын бұрап үнін бабына келтіргеннен кейін тарта бастады. Ол домбыраның құлағынан басқа ешкімге қараған жоқ. Өз тартқанын өзі тип зейінімен тыңдап отырғандай. Басқа домбырашыларға ұқсап оң саусағын серпіп қақпайды, сол саусақтарын ербеңдете жүгіртпейді, арқасының құрысын жазғандай жұлқынып сілкінбейді. Тұнық терең ой түбінде мамырлап қалғып, өзін-өзі тыңдай біліп отырғандай. Күйіне берілгендігі сонша, ол бүл үйде емес, ол ой, күй толқынында. Бір күйді аяқтаған соң алдындағы шайды ұрттап тыныс алған кезінде ғана Құлжабай оған:

─ Әй мынауың сарқырап ағып жатқан Ақсай суының сарыны емес пе?
─ Әй мынауың Шақпақтың кейде байсал, кейде ызғарлы желі емес пе?
─ Әй мынауың көкпардың қиқуы мен сайыс, тартыс дүбірі ғой.
─ Әй мынауың кешегі жетідегі үлей-түлей ұйытқыған, ұлыған боран емес пе?

Оны мақұлдай отырып, Орманқұл басын изейді. ─ Қап! Өлеңді жазып алуға болады. Әнді тыңдап үйреніп алуға болады. Күйді жазып алуға болмайды екен-ау, — деді санын ұрып Құлжабай. ─ Әншінің даусы домбыраның көмейі емес. Өлеңнің сөзі домбыраның пернесі емес. Күй — домбыраның төл меншігі... — деді Орманқұл. ─ Сенікі рас, Орманқұл — деп Құлжабай төмен қарап ойланып отырып қалды да, біраздан соң Абайдың ән мен күй туралы өлеңдерін айтып, — қалай нақ тапқан өте дұрыс түсінген екен, жарықтық, — деді. Қазақтың халық композиторларының нотадан хабарлары болған емес. Олардың шәкірттері арқылы сақталып, бізге жеткен. Енді ойлап отырсам, Орманқұл сөзсіз композитор болуы керек. Ол да нота түтіл хат та танымаған. Ол кедейліктің зардабынан жалғыз еді, саяқ еді. Біздің ауылда оның ұстазы да, оның ізін қуған шәкірттері де болған емес. Оның шығармалары өзімен келіп, өзімен бірге кетті.

ҚЫРМАНДА

Аспан шайдай ашық, күн жадырап, күлімдеп, көз ұялтып қаратпайды. Сәске мезгілі. Үйден шығып жан-жағыма көзімді салсам, ашық жазық далаға кілем тұр беріп, жайқалып, тегістікті ойпан түрге айналдырып - тұрған басы шоқпардай мәужіреген бидай, арпа, басы шашақты сулы дақылдары. Әр жерде құмырсқаның илеуіндей сирек қазақ ауылдарының қыстауында будақтап түтін шығып, ошақ басында ас істеп жүрген ақ жаулықты әйелдердің бастары көрінеді. Көз ұшында екі маялы жиналған бидайы бар қырман иесіз қалғандай, жақында қыбырлаған жан жоқ, сопиып тұр. «Осы уақытқа дейін қырман басына ешкім бармапты ғой, әлде, бүгін елдің барлығы түске дейін ұйықтайтын жын келген болды ма?» Қалың егістің ішінде арбайып әр жерде қалып кеткен лобогройке көрінеді. Бұларды кеше бесінде жігіттер он шақты гектарды екі-үш айналдырып тастап кеткенін көзім көрген еді. Егесін күтіп мелшиіп, қозғалмастан әлі бұрынғы орнында тұр. Шығыс жақта қырманнан өгіз қосқан төрт-бес арбаның қарасы көрінеді. «О... енді жолдан қимылдайын депті ғой» дейсің де, қақайған бойымен орныңнан тұрасың да қоясың. Бұтында қатқан шалбары, басын шаңға піскен кір орамалмен таңған беті-аузы шаң-шаң болып. ─ Оһ... соба... соба, — деп қолындағы ұзын шыбығымен өгіздерді жолға салып, артына бес-алты арбасын жасөспірім балаларға айдатып, ежелден бейнет астында өскен Тұтқышбай жақындап:

─ Ассала-а-а-ауму алейкум, — деп сәлем бергенінде: ─ А-а-амансыз ба, ағай, о, бүгін демалыс па, қыбырлаған бір жан көрінбейді ғой?— дейсің. ─ Ой, қарағым-ай, бүгінде елдің барлығы да колхоз болып, жалқау болған. Колхоз ісіне өз ісіндей қарамайды. Барлығы да немкетер. Әлгі басқармаларымыз әлі тұрған жоқ. Басшылық жөнді болмаған соң, болмайды екен. Таң атқалы бері мына жүгермектерді жолдан жинап алып, іске енді келе жатырмын. Басқа қырман, бидай шабатын бригаттарымыз әлі орнынан қозғалған жоқ. Уәкіл, белсенді, ауыл кеңестеріміз болып кеше Момынқұлдыкіне қонып, түнімен арақ-шарап ішіп жатыр деп естіп едім, оларға әлі жан кірмесе керек. Басқармалардың айтуына қарағанда, егісіміз екі гектар дейді. Бұл беталысқа қарағанда оны ендігі жылы осы уақытқа дейін жинап алатын емеспіз. Астық өнімі жоқ. ─ Жақсы, ағай, енді ісіңізден қалмаңыз. Мен кеңсеге барып біраз жәрдемімді берермін. ─ Иса қарағым, өзің бір нәрсе етпесең, басқармаларды құдай ұрды, келіп жиналыс ашып, біраз сауал айтып, істі жөндеп беріп кеткін. Сені де құдай айдап келген шығар. Соп, соба, — деп жөнелді.

V

Қырманға келсем, жиырма шақты адамның басы құралған екен. Барлығы арбиған көк молотилканың бетіне аңқиып отыр. Екі-үш мұжық пысылдап, әрбір бинтті бір бұрап жүр. ─ Ей, әкеңді...кахол, мына итің қашан жүреді? Өстіп сазарамыз да отырамыз ба?— деп көптің ортасынан көзі шатынаған бурыл сақалды, аласа бойлы қара шал орнынан ақырып түрегеліп еді: ─ Сен неге боқтайсың? Менікі көп істейді, машина жаман. Кізін... жүрмейді. Біз не жасайды, — деді аузы түкті сары мұжық. ─ Ия, бірнеше күннен бері істеп, жұмыс жасап тындырып жатырсың, — деп кекетті де отыра кетті. Қырманның оңтүстік жағында, шаңырағынан қызыл жалау желпілдеген есігі құлыптаулы киіз үй мен кеңсеміндеп тұр. Кемінде екі сағат күткеннен кейін басында сусар бөркі бар, шибарқытқа оранған, беті табақтай, мұртты, көктұқыл иекті бір жас жігіт тор жорға атпен салдыртып келіп кеңсені ашты. Бұл колхоз хатшысы Нақыпбек екен. Екі қолымды қалтама салып кіріп барсам, орнынан ұшып тұрып қолымды алып жалпаңдап жатыр. Бір жарым сағаттай күткеннен кейін уәкіл, ауыл кеңесі, колхоз бастығы, тағы бірнеше белсенділер бата оқырға келе жатқан адамша атпен сап түзеп келіп, қырманға қайырылыста кеңсеге шумақ-шумағымен түсе қалып, жарым сағаттай қол алудан қолым тимеді. ─ Қане, жігіттер, жақсы келдіңіздер. Осындай тіршіліктің қызып жатқан уақытында, мүмкіндігі болса, күн-түн демей істейтін мезгілде барлық ауылдағы сорпа бетіне шығар деген азаматтар — сіздердің атқа мініп, арақ ішіп, той тойлап жүрістеріңізге жол болсын? — дедім. Барлығы да бір-біріне қарап, есі барлар қызарысып қалды. Біраз тыныштық. Үндемеске қаулы етілді білем. ─ Қайтеміз... өзіміз хат білмейміз... Істің жөнін білмеймін. Ісіміздің оңбай жатқанын көзіміз көріп-ақ отыр. Бірақ та не етерімізді білмейміз. Мүшелер тілімізді алмайды, — деп колхоз бастығы Биболсын мыңқ ете қалды. ─ Олай болатын болса, бұл жер сөйлесіп отыратын жер емес. Барлық істің оңбай жатқанының себептері болу керек. Еңбек дұрыс ұйыстырылмаған болу керек. Жол басшылық дұрыс емес шығар. Үгіт-насихат жұмыстарының нашар болуы мүмкін, — деп едім.

─ Ойбай, шырақ, үгіттен кенде емес, — деп уәкіл бұзып кетті.

— Дұрыс. Өністік жоспарларың бар ма? — дедім.

─ Ай, Нақыпбек, бар ма еді?— деп колхоз бастығы сұрап еді. ─ Өністік жоспар дегені несі, ауданнан 25 июльға 300 центнер ток деген жоспар келген, одан басқа жоспар жоқ, — деп Нақыпбек ереуленіп жауап берді. Мұртымнан мырс етіп күліп: ─ Мейлі, жоқ болса, мен бүгін сіздерге өністік жоспар жасап берейін, бірақ өздерің де жәрдем беріңдер. Кешке таман жиналыс шақыралық. Ол жерде мына сауалдар қойылсын: 1. Кейінгі уақыттарда шыққан өкімет-партия қаулыларын түсіндіру. 2. Жиын-терін науқанының барысы мен өністік жоспарын қарап өту.

─ Жарайды, жарайды, — деп шу ете қалды.

Шеңберін қызартып, бетінде көктегі майда сел аққандай, көкпеңбек тынық дариядай болып тұрған иесіз аспанның шеңберіндегі сирек бұлттарға солғын қызыл роза түрін беріп, күн Шақпақ тауының қалқасындағы ұясына еніп бара жатыр. Қой қосақтай қоршалып отырған қара қазақтардың ішінде мен кейінгі мезгілдердегі қаулылардың қысқаша маңызын түсіндіріп, қақсап тұрмын. ─ Дұрыс-ақ... солай болмаса... болмайды ғой... деп басын бір-біріне изеп мақұлдатқаннан басқа тырс еткен дауыс шықпағанына өте риза болып, сөйлеп болып, бірнеше сауалдарға жауап беріп, екінші мәселеге көштік. ─ Қарамақтарыңызда барлық іске жеткілікті адам, көлік, саймандарыңыз бар екен. Бірақ та, олардың барлығы жоспарсыз, беті алдына пайдаланылып келген... құдайға шүкір, белсенділеріңіз де жеткілікті ұқсайды. Айналдырған 200 үйден 50 аттың үстін босатпай жүрген, төрт үйге бір белсендіден қожалық етіп жүрген азаматтардың саны тап 50 болып шықты, — дегенімде ел ду күліп жіберіп: ─ Онша көп өкіметтің не дөкерлігі бар, басқарма-ақ жетпей ме? — деген дауыс әр жерден шықты. ─ Олай болатын болса, ол белсенділер бүгіннен бастап атқа мініп, не өзі істемей, ия жұмыс көлігін босатпай жүргендігі қойылсын. Қойшы көп болса, қой арам өледінің кері келмесін, басқармалар-ақ жетер, қалған белсенділер 50 атты босатып, іске жегіп, белсенділігін қара жұмыста көрсетсін. Барлықтарыңыз бір жерге топырлап отырмай, қырман, бригада, бидай шабушылар, тасушылар, мәдени егісті істеушілер сықылды бригатқа бөлініп, солардың әрқайсысын құрғақ белсенді емес, басқарма мүшелері өздерінің жауапкерлігіне алып, әрқайсы бір-біреуін басқарсын... өністік жоспарының қысқаша мазмұны осы. Қай жұмысқа қанша ат арба, мәшине, адам керек екенін есіттіңіздер ғой, — деп сөзімді тамам еттім.

─ Иса, мүлдем дұрыс. Енді ісіміз алға басарды десіп жатқанда: ─ Жолдас, інішегіміз маған сөз берші. Менің сауалым бар, — деп Тұтқышбай орнынан түрегеліп: ─ Әй, көкелер, өністік жоспарының не екенін түсіндік, барлық күшіміздің санын айтып, бөліп-бөліп еңбекті қалай ұйыстырғалы отырғанын білдіңдер. Өкіметтің заңының қалай екенін тағы түсіндік. Айту осындай-ақ болар-ды. Бірақ та, біз барлығымыз жалқаумыз, басқармалар да — жалқау. Белсенділеріміз көп. Әрқайсы бір қожа болып, ісімізге кедергі келтірген солар екені рас. Біз, жолдастар, енді осы өністік жоспары бойынша істеп, әрқайсымыз өз ісімізге жауапты болып, азаннан тұрып, қызулы түрде істеп, ауданның берген жоспарынан құтылып, 10% аванс алып, ертерек науқанымызды бітірейік. Бір бригатқа пыр-пырсыған қожайын болмасын, әркім өзіне тапсырылған ісін басқарсын. Хат білетін балалардың барлығы табылып, жазуға бірі қалмай пайдаланылсын. Табысымыз жөндеп жазылмаса, ісімізде шатақ көп туады. Былтыр көрмеп пе едіңдер? Ертеңнен бастап қолымыздағы барлық 16 жеке аттық тастардың бірі қалмай азаннан өз алдына қырман болып, өністік жоспары бойынша істесін. Молотилка өз алдына істей жатар, — деп орнына отырды.

─ Менің сауалым бар, — деп қара мұртты сұр жігіт шығып сөйледі. ─ Баяғылы бері айтылғандардың барлығы рас, тура, өте дұрыс істеліпті. Бірақ та біздің ауыл кеңесі мен уәкіл жолдас (көңіліне келсе де айтайын) күні-түні арақ ішкеннен басқа еш нәрсе бітірген жоқ. Осыған ұқсап түсіндіріп, план жасап берсе, біздің ісіміз әлдеқашан алға басып кетер еді. Бүгінде иттің ұлы бай-барақ та белсенді болған. Жай өз бетімен белсенді болғандарды орнынан — тағынан түсуін мен қуаттаймын. Өзіміз бейнет етпесек, біздің ісімізді ешкім істеп бермейді. Енді іске қызу кіріселік. Тағы бірнеше адамдар шығып сөйлеп, айтылған ұсыныстар қабыл алынып, жиналыс тарқады. *** Сол күні (ертеңіне) не себепті екенін қайдам, мен күн шығар-шықпаста тұрып далаға шықсам, қырман құжылдаған адам. Бір погрибқа ...гропка, торғаймен бірге шырылдапты. «Соп-соба» деген Тұтқышбайдың даусы елдің күн шығар алдындағы шырын, жалқау, сол мезгілдегі сор ұйқыларынан оятады. Бұл Жуалы ауданындағы үшінші ауылдағы «Орақ-балға» колхозында болған әңгіме еді.

ДЕМ САЛУ

Өлерінде ақылды кісі айқайлай білмейді екен, ақымақтар айқайлап өледі екен.
Түртіп жіберіп мені оятты:
─ Шәке, ақырын сөйлеңіз, мұнда басқа аурулар бар,— дедім.

─ Батыр, мен кетіп бара жатырмын, дем салғын, қарағым, — деді. Сосын қалдым. Сағат азанғы 6-да: ─ Ақсақал, дем сал дегеніңізге түсініп отырмын. Бірақ қатты айтуға болмайды.

─ Қарағым, құдай әлі құлағымды алған жоқ, ақырын оқи бер, дем сал, - деді
─ Ал, тыңдаңыз, ақсақал. Менің әкем молда ғой дедім.

Сосын... оңбай қалдым. Адам қайтыс болғанда «Ясин» аятын оқиды. Сол есіме түспеді, састым... ─ Қарағым, бисмилладан баста, содан кейін Мухаммед Расулдан баста, содан соң құлқу алладан баста, — деді.

─ Онда тыңдаңыз, — дедім. Жанымдағы шалдар ауру. Сыбырлап оқыдым.... Қарасам үзіліп кетіпті. Аузы, көзі ашылып қалыпты... протезін алдым. Өлген кісі кірпігін қақпайды екен... Соның қадірін сонда да білмейді екенбіз. Соғыста өлген мен жайшылықта өлудің де айырмасы бар екен. Көзін жабу қиын екен. Уқалап жүріп зордан жаптым. Өлген кісінің қабағы бағынбайды екен. Соны байқадым. Әрі қатты састым. Аяғымдағы бинтімді жұлып алып, кір болған соң шипрімді алдым. Соған малдым, ол спирт қой. Дәкені екіге бөліп, екі көзіне жапсырдым. «Шал өлді, ойбай!» деп айқайлаған жоқпын. Шал тізесін бүгіп жатып өліпті, аяқ-қолын түзедім. Мусылманство оказывается имеют хорошую традицию. Я уважаю эту традицию. Христианство надан екен. Олар бетін ашып қойып қоштастырады. Оказывается тебя... они не понимают, что смерть — это уродство. Бетін жаптым шалдың. Біздің қазақ бетін жабады ғой. Ұйқым келмеді, шыдап жаттым. Шал өлді деп ешкімге айтпадым. Сағат 8-де бәрі оянады, тамақ әкеп береді. Мен ғана кухняға барып ішетінмін. 30-дағы әйел тамақ әкелді де:

─ Дедушка, дедушка, я Вам завтрак принес, — деп жүр. Ол әкелгенін қалдырды. Шалдардың ешкіммен ісі жоқ, бәрі жатыр. Мен орнымнан тұрып, столовыйға бардым. Өте сүйкімді официантка бар еді, барысымен тамақ ұсынды. Бірақ тамақ батпады. Күштеуіме көнбеді. Какао әкеп қойды, оған қол созып ішейін десем, өтпейді. Қарасам, сұлу кісі отыр, бір аяғы жоқ. Шашы қап-қара. Сол кісі:

─ Товарищ полковник, сколько вам лет? — деді.
─ 61, — дедім.
─ Оказывается, я старше вас, мне — 63, — деді. — Вы растроен, — деді хахол.
─ А вы через два часа увидите, в чем я расстроен, — де- дім.

Обход дейтін бар. Врачтар оны 10-нан бастайды. Вторник еді. Дәл осы күні глав. врач қарайды екен. Қалған врачтар әр ауру туралы доложить етеді екен. Соған дейін шалды өлді деп айтпадым. 7 врач біздің палатаға келді. Тамақ ішілмеген. Осыны көріп глав. врач — Почему больной не ел? — деді. Глав, врач жалайыр екен. Аты — Әлмахамбет.

─ Әбеке, сіз мыналарға үніңізді көтере сөйлемеңіз.
─ Қай доктормен қалай сөйлесуде ісіңіз болмасын. — деді.

─ Доктор, простите, я опытный больной, а опытный больной знает больше чем неопытный врач. Поэтому снова прошу прощения. Я сам врач, доктор, я сам врач. Ол таңданып қарады да:

─ А вы хотите слышать на латинском языке? Я разбираюсь в урологии, — деді. ─ Я разбираюся вопросах генитаридсих, — дедім. Зам. врач. Валентина Федоровна: — Баурджан, я уводила... Вы действительно врач,— деді...

─ Разбудите его, — депті глав. врач. ─ Доктор, он не проснется, в 6 часов утра он скончался, будить его бесполезно, доктор. — Немедленно в каталку,— деп айқайладым да мен шығып кеттім...

АГРОНОМ МҰСТАФА БҰРАЛҚИЕВ

1925 год.

Я учился в Асинском интернате. Рядом с интернатом расположена усадьба старого учителя Андрея Андреева. Старик немного гундосил. Говорил очень чисто по-казахски. У него есть единственная дочка лет двадцати. Барышня дружила с семьей нашего учителя Львова Михаила Васильевича. Наш класс занимается в коридоре. Однажды Михаил Васильевич учил нас как надо правильно произносить словосочетания:

«Сколько часов? (қанша сағат) — Который час?» «Когда ты родил? (қашан тудың) — Когда ты родился?» и др. наши механические переводы она: «шла; нашла; стирала; пила; ела...» Маруся шла от Львовых через наш класс, улыбалась. Наш отличник (старше нас на три-четыре года) Пірәлі ляпнул: «Маруся, когда ты родила?» Она вылетела стрелой из класса в коридор. Лилова густо покраснела. Нелепая пауза, Михаил Васильевич замечание не сделал, а перешел на: «она оделась; каталась; обиделась;.. .родилась...» После урока уж мы никак не могли спутать «...ла» с «...лась». В этом, конечно, заслуга не Львова, а нашего Пірәлі...

— «Тудым, тудың, туды» қазаққа бәрі бір ғой. Олардың «ла» с «лась» пен ісі не? —- деп шал күліп, қызының ызасын басқанын біз кейін естідік.

*** Көшеде ойнап жүр едік, бір орыс Андреевтің үйінің алдына келіп тоқтай қалды.

─ Миша приехал! ─ Миша приехал! — деп Маруся жүгіріп алдынан шығып, екеуі аймаласты да қалды. Шал мен кемпір де жүгіріп шығып, жігітті құшақ жая қарсы алды. Біз аң-таңбыз. Сол күннен бастап «она целовалась» деген сөзбен біздің «лексикамыз» байыды. Гость оказался бывшим учеником и нахлебником А.Андреева, а теперь студентом Тимирязовки (с/х академии). На голове парусиновый белый шлем по форме, как у пожарника, вышитая косоворотка, кавказский ремень с серебряными причиндалами, галифе, коричневые парусиновые сапоги на высоких каблуках. Вечером они гуляли в глубине усадьбы (1 га, не меньше). Он пел чуть дребезжащим баском, Маруся подпевала... ─ «Орысша айтады ғой өлеңді», — с завистью восхищались мы, находясь от них на расстоянии метров на сто. «Студент», да еще «Московский студент», — это для нас тогда было что—то непостижимое... На уроке Михаил Васильевич поправлял: «Не нищий, а низшее образование; «Не середный, а среднее образование; «Не быщый, а высшее образование»; «.. .щее»; «.. .нее»; «.. .ние», и так с появлением студента, мы начали познавать «.. .ее»; «.. .ое» и так далее премудрость среднего рода. После каникулы наш Пірәлі пополнил наш «құпия» (секретный) репертуар из айтыса двоюродной сестры студента с одним сартом (узбеком) — батраком у отца студента:

«Енді сартым, дегенде сартым кедей;
Тұсыма неге келдің өлем демей.
Малына Бұралқының мас боласың.
Сорлы сарт биттеп жүріп ішпей-жемей.

«Буль ярге кельмай деп әм көп апкелді,
Көпчілік хызинскай неге әпкелді.
Талтыйған осы жерде қара қыз бар,
Болмайды сарт қылмаса деп әпкелді»

Андреев был одним из старейших учителей.

Когда нас перевели в пригордный интернат при девятилетке, он принимал вступительный экзамен.

Мы решали (письменно) задачу, он молча обходил парты.

— Дұрыс, бірақ та жөнімен жолын жазсаңшы, — сказал он мне. Я до этого всегда решал в уме — писал задачу и сразу ответ. Например:

205

13 вместо

2665

205

13 или

615

205

2665

125 5
25 вместо
125 5
10 25

25

25

00

(2050+615=2665) процесс мышления в цел. (25:5=5; 100:5=20+5=25) *** Приезд студента памятен мне и тем, что я в 1930 году был ответственным (вернее безответственным) секретарем райисполкома «по особому заказу», через «посыльных» достал (получил) форму студента. Одевшись пошел на работу. На полпути встретил меня наш председатель Дюсенгали Бурабаев (бывший семинарист, учитель).

— Қой бала... Мынауың ұят болады... Әсіреңкі (нелетный стиляга) деп күлкі боласың... Басқаша киініп келгін. Бурабаев спас меня.

Я до 1960 года даже не вспоминал своего «Кумира». *** Он нашелся через 45 лет. Я не вхожу в его почти полувековой отрезок времени, в его биографию, а перечень таков: Один из первых ученых агрономов из казахов. «Враг народа» — 1937 года реабилитирован. Много знает. Молчит. Работает. Иногда на веселье, в узком кругу поет. Настоящий бывалый казах — с оттенками «русофильства. Не возгордившийся и не сгорбившийся Гражданин Советского Союза»

20/1/1971 г. Б. Момышулы
P.S. Стихи он сам мне подарил. Я уверен, что у него есть личный архив.

ВО ГЛУБИНЕ ВЕКОВ

Когда таинственной чаши лесов.
Был скован весь северный горизонт,
Там, где река в ласках извивается меж кудрявых холмов.
Воевода Юрий Долгорукий,

Миром потушив пламя раздора,
Устроил богатый пир!
На месте том,
С той поры,

Стены возвелись града Москвы. ***

Годы текли,
Дни уходили в пучину времени.
И веков круговорот
Не мало свершил свой космический обход.

И ты, твердокаменная Москва,
Не мало пережила бед, —
Тяжелый груз скорби
И радости торжества побед.

М. Буралкиев
Иттей ырылдасып не керек?
Алтау ала болса ауыздагы кетеді,
Төртеу тугел болса,

Төбедегі келеді.
У бьющего рука тоже устает.
Философ убогий,
Зато образа гений.

Лев Толстой
В трудах многотомных
Начертал образов черед густой
Без христовой веры

Чувство меры в ягодах насаждая..
М. Буралкиев
Дорогая мать,
Как мне вас не вспоминать.

Пока во мне ютится разум,
Ведь вы создали меня, грудью вскормили.
М. Буралкиев

ҚЫЛЫШПЕН ШАБЫЛҒАН ҚОЛ

Жазғытұрым. Алматының ресторандары мен кафелері лық толған абитуриенттер. Әйелім кеселханада. Балалар ауылда. Үйде жалғызбын. Телефонға маза жоқ. Есік бір ашылып, бірнеше жабылады. Келген кісіні кет деп айта алмайсың. Қазақтың «жоғары шығыңыз» аузымнан түспей-ақ қойды. Көбі орағытып, алыстан сөйлейді. Әйтеуір бір жегжаттың жегжатының біреуі болып шығады. ─ Мына баланы сізге сеніп алып келіп едік, батыр. Сіздің бір ауыз сөзіңізді кім жолға тастар дейсіз... Сіз айтсаңыз, болып жатыр ғой. Шүкір, құр қол келгеніміз жоқ. Сізді ұялтпаймыз деу — көбінің бұйымтайы. Үйге келген кісіні қуып шыға алмайды екенсің. Мен өз баламды университетке алдыру үшін барып көрген кісі емеспін. Менен келушілердің көңілдері қалып қайтқандары аз көрінбейді. Мазам кетіп, келгендердің қысымынан шаршап, қолымнан қаламым түсіп отырған кез. *** Қас қарайғанда есіктің қоңырауы сыңғыр етті. Шайлығып қалған жүрегім «тағы кім болар екен» — деп барып аштым. ─ Мүмкін бе, полковник жолдас, — деді орта бойлы, басында саламнан қалпағы бар, қасында сұңғақ бойлы, ат жақты, қыр мұрын, салпақ ерін, қалың қасты, дудар шашты, жаңа өспірім жігіті бар қазақ.

─ Жоғары шығыңыздар.

Жігіт оның сұр макинтошын иығынан алды. Қонақтың сол иығынан бастап қолы жоқ екен. Ол өзі сау қолымен бас киімін алып ілді. Жұмыр басы жалтыр қасқа екен.

─ Мына бөлмеге жүріңіздер, — деп бастадым, — төрге отырыңыздар. ─ Саламатсыз ба, Бауке? Денсаулығыңыз қалай? — деп орындыққа отыра салысыменен шұбырта сұрақ берді. ─ Отыр, қарағым, — дедім түрегеп тұрған бала жігітке. Ол қысылыңқырап орналасты. Төрде отырған адам бұрынғылардай сөзін көбейтпей, орағытпай, тоқетерін бірақ айтсын деп: ─ Жол болсын демесе, сөз бастай алмайсың, төрге шық демесе, қайда отырарыңды білмейсің дегендей... Үйде жалғыз отыр едім... Бастаңыз. ─ Екі жылдан аса қарамағыңызда солдат болғандардың бірі едім. Алматыға бірінші рет келіп отырғанымыз. Сізді көрмегеніме жиырма төрт жыл, бес ай болыпты. Әрине, сыртыңыздан естіп, кітаптарыңызды оқып жүргендердің біріміз. Бәріміз сіздің есіңізде қалайынша болалық. Бірақ та сіз менің есімдесіз. Доқтырлар есімде. Мен өлгенімше есімдесіздер, — деп қамығып көзіне жас алды. Адам қамыққанда денесі босайды. Оған мен қарама-қарсы отыр едім. Байқағаным, еңсесі төмен түскенде, жүгі ауған түйедей оң иығынан сол иығы жоғарылап кетті. Адамның иықтарын тең ұстайтын қол салмақтары екен той. Қисайғандығы сонша — кемтар иығында кемістігін теңдеу үшін істелген қалың протезінің салдарынан жоқ сол қолдың жеңі салып қойған сол қалтасынан шығып, салбырап тұрды. Жұмыр, жалтыр қасқа басы мен маңдайынан моншақтай тер ақты. Өзін-өзі ұстай алмағанына қысылғандай терін сүртіп: ─ Қаншама ұстамдылық еткім келсе де, көңіл шіркін кей кезде босап та кетеді екен. Кешіріңіз, полковник жолдас, — деп еңсесін көтерді. Маңдайдан орайға дейін сынық сүйемге жақын қызарған тыртыққа көзім түсті. Бас құйқа жарасын доғдырлар кезінде шебер тіккен екен. Жараның орны ырсиып тыртықтанып тұрған жоқ. Қызара сүйірленіп, жуалдызданып тұр.

─ Майданның қай бағытынан кетіп едіңіз? ─ Новичкиннің қасынан, есіңізде болар, — деп оң қолымен сол иығын ұстап, мына қолымды қылышыңызбен шапқан сіз емес пе едіңіз!?

Таңдана қарадым.
─ Солай болған, полковник жолдас... Сіз мені уландырғансыз...
─ !?

─ Рас, есімде. Ол былай болып еді: 1943 жылдың қысқы шілдесі. Екі жігіт ат үстінде. Аттарының жал-құйрықтары қырау, сауырлары қар, тұяқтары мұз, аяздан танауымыз тарылып, тұншыққандай булығамыз. Қақ маңдай, беттің сүйер жерлері, мұрынның ұшы, иектің шоқша сақал өсер жерлері аязға шыдамсыз келеді екен. Көтере қарайып, таңбалана кетеді. Отан да үйрендік, сырын біліп алдық. Қармен бетті уақтылы үгіп, ысқылап алып жүргендерге үсік жоламайды екен. Аяздың ызғарын самалдап соққан жел күшейтеді, одан қайда паналарыңды білмейсің. Жай бораннан жым-жырт, мылқау аяздың қысымы қатты келеді. Қар қалың. Шаңғы теуіп, шабуылда жүрген кезіміз. Новичканың алдында бір өзеншенің бойында бөгеліп қалдық. Жау бекінісін бұзып өту әрекетімізден нәтиже шығар емес. Алда бекінген жау жағадан алса, артымызда қамтамасыздықты үлгере ала алмағандығымыз аяғымызды тұсап, етегімізден тартып тұрған жағдайымыз дағдарыста. Естігенге сенбе, көргенге сен деген сөз бар. Алдыңғы шептен келген хабарлар оншама көңіл жұбатарлық емес. Жаудың борандай атылған оқтары жер бауырлатып жатқызып, бас көтертер емес дейді. Оны артелерия тілінде не вижу не стреляю дейді. Көздеместен далаға оқ жұмсама. Қорамсақта оқ снарядтар тапшылана бастағанда, есептен тысқары бір снаряд, бір мина тысқары жұмсауға болмайды. Есепсіз істелген іс есерсоқтыққа жатады деген де сөз бар. Құбылмалы соғыс жағдайында ойланбай болған қимыл опатпен аяқталғанына дәлелдер аяқ астынан табылғандарының куәлары арамызда аз болған емес, соның біреуі мен өзіммін. "Доверяй, но обязательно проверяй" — сеніп тапсырғын, бірақ та қадағалап, тексеріп, бақылап отырғын деген тағы бір сөз бар. Алдыңғы шепті көріп қайтқалы он шақты жауынгерлерді қасыма ертіп келемін. Орманның үлкен алаңына шықтық. Соғыс адам сезімін жіпке тізгендей сақтыққа қалыптандырады. Tіc қаққан, көп тәжірибелі солдат қауіптің қайдан келетініне сезімтал келеді. Снаряд зуылдап, мина ұлып ұшады. Солардың үндерінен (әсіресе құлдилап төмендеп келе жатқанында — нисходящая троектория) олардың қай жерге түсерін де сезеді. Миналардың ұлулары жақындағанда, бәріміз де оққа ұшқандай жалп етіп қулап, қарға көміле жата қалдық. Адам шын сасқанда есінен танады. Айнала тарс-тұрс жаңғырық. Естігенім сол-ақ... Есімді жинап алып, «Сау ма екенмін?» деп аяқ-қолдарымды, денемді қимылмен тексеріп болып, «Е, сау екенмін ғой» деп орнымнан тұрдым. Қарасам, алаңға түскен миналардың воронкалары үй орнындай қарауытып шұқырланып жатыр. Солдаттардың біреуі ғана тұрмастан жатыр. Жау тарапынан ірі оқты пулеметтер сарнай бастады. Жата қалдық. Қай жақтан келгендерін білмеймін, екі санитарка оқтардың зуылына қарамай жаңағы тұрмай қалған солдаттың қасында күйгелектеп жүр. «Біз қорқақ деген әйелдер батыр келеді екен ғой. Жаралы жанды көргенде, олар жеке басының қаупін ойларына да алмайды екен...» деген оймен қастарына бардым. Басы ақ мәрлемен орала байланған, бет-аузы қара түкті, қой көз, қыр мұрын қазақ үн қатпай жатыр. Қар үсті қан. Шын солдат жарақаттанғанда айқайламайды, жыламайды — не ыңырсып, не тістеніп жатады. Мынада үн жоқ. ─ Нина, шалбарын шешіп төмен түсірсеңші, астындағы қанды көрмейсің бе? — деді үлкені бір алақаннан кең марле пакетін асыға ашып жүгіне отырып... шатынан оң санынан төрт елі төмен минаның үш саусақтай жаңқасы тиген екен. Санитаркалар жалма-жан жаралы санын таңып жатқанда, сол иығынан қызарып ұршығының жұп-жұмыр басы көрініп тұрды. «Адам баласының да иық жілігінің басы жұмыр келеді екен-ау» (?!)... Қолтықтан тиген минаның ірі жаңқасы сол қолды балтамен шапқандай иықтан ажыратыпты. ─ Енді мынаны қайттік, құдай-ау, — деп сасқалақтап, ені төрт елі ет пен теріге ілініп жатқан қолды қарай бастады. Қарасам, екі күре тамыр көгеріп білеуленіп тұр. Қылышымды қынынан суырып алып, бір ағаштың басбармақтан жуандау бұтағын шауып алдым да, бір қарыстай етіп тағы шаптым. Оны қақ ортасынан ортасына жеткенше жарып, «Қысқаш» істедім де: ─ Мына қол — енді орнына түспейтін қол. Қолтық пен иықтың көлемді ауыр жарасын қымтап тануға да кедергі болып тұр. Мына екі күре тамыр үзілсе, қан саулап кетеді емес пе?

─ Я, солай. Бұдан да тез қансырап кетеді.

Нина Лобозова екеуіміз ілініп тұрған тері мен тамырларды екі басынан қысысып, мықтап байладық. Қол салбырап жатыр. Жауынгерде үн жоқ. Менің атқосшым Николайға жуандығы жеңді қолдай ағаштың бөренесін алдырып, оның үстіне қолын қойып ілініп тұрған жерінен қылышымның ұшымен шаптым. Солдатта үн жоқ. Екі көзі менде: «Тағы да не істемексің?» деген көзқарас. Екі сестра жалма-жан жараны мақтаға қабып, мәрлемен мойнынан оралдыра құндақтап жатыр. Солдатта үн жоқ. Штабтан екі солдат кішкене қолшананы сүйретіп келді. Жарақатты көрпеге орап шанаға арттық. Медсанротаға бір жарым сағаттан бұрын жеткізе алмас. Қатты аяз, жарақатының қаны азайған — беті сұп-сұр... «Бұл дүниелік бола қояр ма екен? Қайтсе де қиналмасын» деген оймен Синченконың флягасынан бір стакан спирт ұсындым.

─ Ішпеуші едім, — деді ол. ─ Ішіңіз, бұл дәрі болады. Қан толқытып, дене қыздырады. Деміңізді ішіңізге тартып иіскеместен бір-ақ сіміріңіз... Тұншығып, демін алмастан аузын ашып бірнеше ентіге дем алды. Мен аузына бір уыс қар асаттым... Көзі жасаурап: ─ Ащы екен-ай, ащы екен-ай! — деп айқайлап алды да, қатты күрсініп, — Іші баурымды өртеп барады! — деді де ентіге дем алып: — Жүдә! Ашты екен-ай! — деді. «Жүдәсына» қарағанда оңтүстіктің қазағы екеніне түсініп, «бұлар суыққа шыдамсыз келуші еді, жаңағы спиртті дұрыс бергізген екенмін» деп ойладым...

Жоғары айтылғандарды есіне салғанымда, ол таңданып: ─ Я, сол солдатыңыз мен едім, — деп сөйлей бастады: — Госпитальға қалай жеткізілгенімді білмеймін. Бір күні көзімді ашсам, денем зілдей, қозғалуға шамам жоқ. Құндақталып жатыр екенмін. Әйтеуір сау қолым сыртта. Басым айналып, көзім бұлдырайды. Су сұрадым, ішіп болып сестрадан «бұл неге тәтті су» деп сұрағанымда ол: ─ Сіз екі тәулік тамақтанған жоқсыз. Арқау болсын деп доктор шекер мен бал араластыра қостырып еді. Басқа тамаққа жақында ғана ілінесіз. Шыдаңыз, — деп ол басқа аурудың қасына кетті. Маған операция жасаған Абдукаримов Камал Каримович деген хирург екен. Ұзын бойлы, сұңғақ, елуден жаңадан асқан, ат жақты қара торы кісі екен.

─ Қалыңыз қалай? — деп сұрады ол бас жағыма отырып.
─ Шүкір, доктор.

─ Қозғалмай ятың, — деп тамырымды ұстады, жүрегімді тыңдады, қасындағы доктор әйел қанымның соғуын өлшеді. Өздерінің докторларша тілімен сөйлесті. Менің түсінгенім олардың сөзінен: «Давление пониженное»; «Тонус сердца еще слаб»... деген сияқтылар ғана.─ Ал, укам, сізнің халыңыз күннан-күнга яқшы болип келеятыпты...

─ Рақмет, доктор, бәрі сіздің арқаңызда...

— Алдыңғы шепте зажымды (қышқашты) кім салып еді. Ол болмаса қансырап кетер едіңіз. Алып келгенде ес-түсіңізді білмейтін мас едіңіз ғой. Егер де сол күнгі қатты аяз болмаса, уланып жанып кетуіңіз де мүмкін еді. Бірақ та спирт сізді суықтан сақтап қалыпты. Операцияға дұрыс шыдадыңыз. Қатерлі, қауіпті жағдайлар өтті, олар артта қалғандай. Бұйырса, емдеп айықтырып елге қайтарамыз. Шыдамды болыңыз, Укам.

Кейіннен білдім, докторлардың менен аяғандары жоқ екен, күшті дәрі-дәрмектері былай тұрсын, бірнеше рет қан құйды (қан құйғанда адамның денесі қызады екен), екі-үш рет жаралардың бітуге бет алысы жоқ жерлеріне қайта операциялар істеді. Кейінгілерін уықтасбастан, уколдар салып уытып істеді. «Қолтықтың астында көп бездер болады. Бірі емдеуге көнсе, біреулері емдеуге көнбей жатыр». Кемал Каримович операция істегенде, менімен жайбарақат сөйлесіп отырып істейді... Кемал Каримович өте қадірлі доктор еді. Ол кісі көп жауынгерлердің жанын алып қалды. Әкемізден көрмеген мейірімділікті, қамқорлықты сол кісіден көрдік...

Қыс түсе ауылға келдім.

Жүк тиеген арбашылармен ауылға жеттім. Бізден озған біреу қабарлап қойған білем: біздің үйдің алдында таяқтарын сүйеніп «Ой, бауырымдап» тұрған шалдар, ақсақ-тоқсақтар мен жаңа өспірімдер, үйдің ішінде болса «Ойбай-ау»; «Қыршын кеттің-ау»; «Боздағым-ау»-ларды салып айқайлап жылаған әйелдердің дауыстары. Соғыстың жалынына шарпылмаған отбасы жоқтың қасы ғой. Әркімнің өз қайғысы өз ойының түбінде ғой, ол жылдары тылда түнде ұйқы, күндіз күлкі жоқ заман ғой. Майданнан қара қағазбен мүгедек болып қайтқандар қатарласып келіп, елді еңіретіп жатқан жылдар, ал, хабарсыздықтың үйлерінен үміттері үзілмегенмен «Құдай-ау! Анық-қанығын білместен сорлап отырмыз ғой» дегені сай-сүйегіңді сырқыратады. Мен бірнеше рет жанымнан күдер үзіп госпитальдарда жатқанда хабарласқан емес едім ешкіммен. ─ Өлгенімнің біреуі тіріліп келді!.. -— деп жеңгем кеп мойныма асыла құшақтап, еңіреп жылады...

Бір ақсақал дауыстап құран оқыды да: ─ Отан үстіндегі ауыр күн барлығымыздың басымызда. Шығынсыз үйлер бірен-саран ғана... Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді. Қырық жыл қырғында ажалды өледі... — мүгедектерге қарап: — Бас жарылса, бөрік астында, қол сынса, жең ішінде, балтыр сынса, қоныш ішінде деген сөздер айтуға оңай болғанымен, жанға қалай батпасын. Жұбатып көңіл айтудың бір жобасы ғой. Аяқ-қолдың, төрт мүшенің түгелдігіне не жетсін, — деп күрсініп: — қайтып келіп, үйірлеріңе қосылып, от басында отырғандарыңа сансыз тәубе айтып, майдандағылардың тілектерін күн-түні тілеудеміз...

Ағамнан қара қағаз келген екен. Жұбайым жақында дүние салған екен. ─ Ал, шырағым, — деді әлгі құран оқып, көңіл айтқан шал үйде жалғыз отырғанымда, ─ Келгеніңе біраз уақыт болып қалды. Бұл заманда күн санаулы ғой, қарағым, — өзі менен кешірім сұрағандай төмен қарап қамшысының сабымен жер шұқып... — Көріп жүрсің: «Барымыз майдан үшін, жеңіс үшін», — деп шыбын жанын, бойындағы күш-дәрменін жеті жасар баладан бастап қаусаған шал мен кемпірлерге дейін еңбекте аянып жүрген ешкім жоқ... Ай, тапшылық-ай, тапшылық-ай. Жұмсауға жарайтын адамдарымыз да, көліктеріміз де, саймандарымыз да өте жеткіліксіз-ақ... ─ Түсінем, ақсақал. Маған тоқ етерін бір-ақ айтыңыз. Бір қолым иығымнан жоқ, бір аяғым шала жансар. Мен осындай сиқыммен қандай қажетіңізге жараймын? Орнымды тауып жұмсаңыз. Мен бас тартпаймын. Ақсақал, осы сөзіме сеніңіз...

─ Бәрекелді! Бәрекелді, шырағым... Біз басқармада ойланыстырып көрелік... ─ Счетавод та болып мүгедек отыр; табельщектер де мүгедектер; қамбашы да мүгедек; қарауыл да мүгедек; ферма бастықтары да мүгедектерден...

─ Сені қайда жұмсамақшы екенін айтты ма? — деп жеңгем сұрады.
─ «Басқармада ойланыстырып қаралық» деді ғой.

─ Я, мені тракторға отырғызудың алдында бастық қайнаға солай деген болатын... Марқұм Иван Михайловичей арқасында трактордың да жүген-тізгінін ұстап, тақымдап мініп жүрміз ғой... Саған да лайықты бір нәрсе табар. Сен дұрыс жауап қатыпсың...

Жеңгем дәулетті жердің қызы еді. Біз де бақуат тұрушы едік... ─ Әйелде үш қасиет болу керек, оларды сіз білесіз бе? — деп мен оның сөзін бөлдім.

─ Өзіңіз айтпасаңыз... ─ Маңдай алды қасиеттер — табиғи қасиеттер мыналар: жұбайын күте білу; үйін ұстай білу; балаларын баға білу...

─ Хе-хе-хе! Дұрыс, — деп күлді де — Ал, озат тракторшы болу ше?
─ Әсіресе, соғыс жылдарында ол — зор азаматтық.
─ Құдайға шүкір, екі ордені бар.
─ Я, ол өте мақтаныш екен. Ал, енді бұрынғы бөлінген сөзіңізді аяқтаңыз.

ЕЛГЕ САПАР

1932 жылы февраль айының 9-ында кешке Шымкент қаласынан шығып станцияға келіп, поезды күтіп жүргенімде, Смайылұлы жолығып қалды. Көптен көріспеген екеуіміз хал-жағдайымызды сұрасып, вокзал алдында езіліп жатқан қарды былшылдатып басып, серуендеп жүрдік. Оның маған Арыс ауданында аудандық колхоз одағының бастығы болып қалғын деген ұсынысына көнбедім. Кеш батты, буфетке кіріп алдымен ауқат ішіп, аздаған әңгіме шертісіп отырдық. Поездан әлі хабар жоқ. Билет кассасы ашылды ма екен деп, арасынан ит мұрны өтпейтін ІV класта тығылысып жатқан адамдардың арасынан өлдім-талдым деп өтіп, билет сататын мезгілін бақылап отырдық. Кей-кейде ұйқы еріксіз шұлғытып, бірнеше минут қалғытып жібереді. Біз орысша киінгенімізді міндет қып бөпеттен орын алып едік (бізден басқа «интеллигенттер де» бөпетте), ауылдан, қыстақтан келген диқандар ІІІ класта бықырсып жатыр. Олардың өздері де бөпетке шаруасыз келмеді. Оларды қашырған бөпеттің бағасы жоғары тамақтары болды білем. Әйтпесе, жарық, таза жерде отыруды кім жек көрсін. Таң да атты, поез да келді. Біз мініп, жөнеліп қалдық, пассажирдің тоқсан проценті билет жетпей қалып кетті. Поезға ене салысымен мен орнымда тырп етпей жатып, ұйықтап қалыппын. Түс қайтып, кешкі сағат бес шамасында Тәшкенге келгенімізді бір-ақ білдім. Поездан түсіп, вокзалға келіп, қалаға өтетін есіктен өтіп, алдыма қарасам — шымалдай адам. Ойпырмау, әлде осылардың барлығы әлгі поездан түсті ме? Трамвайдың бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Трамвай күтіп тұрған адамдардың қасына келіп, әскерше киінген қара торы өзбек жігітінен:

─ Москва көшесіне баратын трамвай қашан келеді, ортақ? — деп сұрадым.
─ Анау келе жатқан екінші номерлі трамвай, соған мінесіз, — деді.

Трамвайға мініп, скверден түстім де, сол Москва көшесіндегі 53 санды үйді Туғанбай Әліұлына жолықпақ үшін іздедім. Бірақ онда ол жоқ болып шықты. Сол жердегі жатақханадағы балалар ескі шаһарға көшіп кеткен десті.

─ Ертең оқуға келеді, сонда мен айтайын,— деді жылтыр қара жігіт. ─ Момышұлы дейтін іздеп келді десеңіз, өзі білер, ертең сағат үш шамасында осы жерде жолықсын, — дедім. Бұл сандалманың арасында кеш батты, қас қарайды. Түнеп шығу үшін "Дом советов" дейтін гостиницаға келіп, швейцарына орын бар ма деп едім, жоқ деп бет бақтырмады.

─ Жоқ болса да мен осы жерде боламын, басқа барар таныс жер жоқ, — дедім. ─ Через квартал отсюда есть гостиница "Шевченко", там свободных мест много, сходите туда, — деп жылтыңдатып мені кетірудің қамын ойлады.

─ Жоқ, өзім шаршап біттім, бара алмаймын, — дедім. ─ Или идите в дом "Красная Армия", вам, военным там представить место внеочереди,— деді. Менің шинелім мен сумкамды көріп, военныйға санағанын пайдалана қойып: ─ Я же вам говорю, что устал, никуда не пойду, вы мне представьте место, — дедім.

─ Ладно, подождите, я посмотрю, есть ли у нас место,— деді.
─ Пожалуйста, — дедім.

Орын сұрап тұрған екі комиссар осымен 30 гостиницадан орын таба алмай келдік десіп тұрды. «Бармағаным дұрыс болған екен» деп отыра бердім. ─ Пожалуйста, товарищ, только одна койка свободная и то была забронирована гугсоветом, придется вам уступить, — деп жетіп келді. ─ Бізге неге орын бермейсіз, біз де командировочныймыз, — деп екі комиссар шамданып, — біз баяғыдан бері тұрмыз, бұл жолдас жаңа ғана келді, — десті.

─ Т. т. военным мы в первую очередь должны представить, — деді швейцар. «Атаңның басы военный» деп ішімнен күліп, олардың дауларына араласпай, жатақ орынға барып орналастым.

Сағат үш болғанша қаланы аралап, уақытты өткізу керек болды. Жуынып болған соң Иран, Азербайжан қоғамының шайханасына барып, завтракать етпекші болып, бір бұрышындағы столына барып, шайдың қайнауын күтіп отырғанымда, кілем төселген кереуеттің үстінде отырған екі жас өзбек жігітінің біреуі: ─ Ортақ мехман, бері келің, — деп шақырды. Қасына барып «не дейсіз» деп едім: ─ Біз де осы ергя келган мехман едік, сіз хам мехманга үқсайсыз, бірге отырышып, чай ішмайлык мы. Отырың, ортақ, — деп меймандостығын білдірді. Екі алақандай нан, бір шәйнек қайнаған су заказ етілді. Жөн сұрасып, әңгімелесіп отырдық. Олар Самарханнан екен. Әңгіменің көбі Тәшкеннің қымбатшылығы турасында баяндалды. Жасырағы: ─ Үшбу Ташканда бир кунгэ 15 сом, жыйырма сомгэ аш жеп, қарныңыз тоймайды, — деп жолдасының жас өзбек сөзін қуаттады. Самаурыншы бір сары шәйнек қайнаған су, екі нан, бір кішкене көк шыны, пиалай алып келді. Жас өзбек қалтасынан көк шай алып, демдеп, кіші пиалайдың түбінен құйып маған ұсынды. Үлкені екі нанды майдалап, түйенің құмалағынан да кішірек етіп турады. Әр үзім нанды аузыма бір салып, бес тамшы көк шайды бір-ақ мәрте қағып салып, тамағымды дымдадым. Шай кезегі оларда. Алдына қойып ішпестен, әр нәрсені бір айтып, бес тамшыны бес минутта зордан таусып, кезек арасында, екі-үштен шылым тартып отырысты. Өзбек жігіттерінің әңгімесінің маңызсыз ұзындығы мен шабандықтары менің ішімді көгертті. Бірақ маған келген кезек кешікпей босатылып тұрды. Сөздің қысқасы, алдымыздағы ауқатты бір-екі сағат шамасында ішіп біттік. Сағат он екі жарым шамасында Пушкин көшесіменен поштаға қарай бара жатқанымда, алдымнан табан астында Ев. Марковна күйеуі, қызы шыға келгені, бұрылып кетуге болмады. Елең қылмастан өте берейін деп едім: ─ Баурджан! Ты откуда? Когда приехал? Как же ты сюда попал? — деп Е. М. тоқтатты. Ашық сөйлесуге Я. С. тұрған соң бата алмай, сұрақтарына жөнді жауап бермедім. ─ Ну скажи, чего ты молчишь? — деп жанымды қоймады. Косвенный жауаптарды сықпырта бердім. Я.С. сұп-сұр болып біраз тұрды-дағы қызын қолынан жетектей жөнелді. Ев. М. екеуіміз көшеде әрі-бері жүріп ашық әңгімеге түстік.

Сол күні көшеде Туғанбайға жолығып, соның үйінде қашан қайтқанымша жаттым. Тәшкенде де қаңғырып барған қазекең толып жүр екен. Бір жақсы жері, барлығына да жұмыс табылып, өлмес ауқатын асырап жүрсе керек. Мектептерінің кіруге жағдайы келіспеді. Қызметке тұруды қаламадым. Өзбекстанда қызметкерлер өте жетімсіз екен, Қазақстаннан барған әуелі партауға шыққандары да «марказінда» қызметке орналасып жатқанын көзіммен көріп, февральдың 14 күні қайттым. Мен мінген вогонның номері 5-ші, жатқан орным жиырмасыншы еді. Сол вагонда үш-төрт қазақ қолдарында қызыл қоржындары бар, бізбен бірге қарсы алдымыздағы орындықта отырып келді. Жол-жөнекей әңгімелескен кездеріміз де болды. ─ Отағасылар, қайдан келесіздер? — деп сұрап ем, орта жасқа келіп қалған, басында елтіріден тымағы бар дембелше сары кісі: — Қырғыз жақтан келеміз деді.

─ Қарасудан десеңші, — деп қатпа қара шал быжың етті. ─ Ей, Төке-ай! Қарасу Қырғызстан емегенде не, — деп үшіншісі шалды нұқып тастады. Шал қаймығып: ─ Қайдам, елдің бәрі Қарасу десе біліп, Қырғызстан десе білмейді ғой. Балаға түсінікті болсын деп едім.

─ Ол жаққа не шаруаларыңыз болып барып едіңіздер? — деп сұрадым. Біріншісі: — Жай... Тек... Шаруамыз бар еді... Туыстарымыз сонда болушы еді, — деді.

─ Ол жақта қандай екен? ─ Тәуір... Жаман емес. Ел тоқ. Арзаншылық.... Шырақ, түсі жақсыдан түңілме деген, түсің жақсы екен. Қай рудан боласыз?

─ Дулатпын. ─ Біз де Әулиеата ауданының қазағы — дулат боламыз... Жаңабаймыз. Сіз дулаттың қайсысы боласыз?

─ Шымыр. Оның ішіндегі құли — шілмембет боламыз.
─ Ақылбайдың құлиымыз десеңізші.
─ Иә.
─ Қай жерде, қай орында қызмет етесіз.

─ Жуалы ауданында... Әлде, сіздер Қарасуға мал алып барған шығарсыздар, жол қысқартуға әңгіме болсын, айта отырыңыздар.

Қазақтар бір-біріне қарап, біраз кідіріп: ─ Иә, шырақ, ауқат үшін өлі буйым алып барып едік... Алып барғанымыз үйдің киізі, тағы басқа түрлі қоқыр-соқыр еді. Қарасуда киіз қымбат деген соң, соны сатып бала-шағаға ауқат қыламыз ба деп алып барып едік. Тек тегінге беріп қайтып келе жатырмыз.

─ Неге? ─ Барлық жақтан да киіз алып келген адам толып кеткен екен. Бұрын қымбат болғанмен де, бұл күнде өте арзан болып қалыпты. Алып барған киізімізді 200-250 сомнан лаждың құрығанынан сатып, оны ішіп-жеп қайтып келе жатырмыз.

─ Барлық ақшаларыңызды ішіп-жеп қойдыңыздар ма?
─ Поезға бердік, кіреге бердік.

─ Үкімет алды, еш нәрсе қалған жоқ. Мата-шата аламыз ба деп едік, оны да ала алмадық

─ Ал, өкімет не деп алды?
─ Орын пұл, базар пұл, аблигация деді және делдалдар алды.

Бұл сөзіне қарағанда сол жердің шолақ өкіметтері қазақтың надандығын пайдаланып, атын атап-атап, ақшаларын заңсыз алғанын түсіне қойдым.

─ Ал, енді аудандарыңызда қандай? ─ Е, шырақ несін айтайын. Планды орындаймыз деп, колхозымызда тұқым, ауқат дегеннен еш нәрсе қалмады. Мал да ортаға түсті. Ел жан далбаса қылып, басы ауған жаққа кетіп жатыр, жегжат қуып кетіп жатқандары да бар.

─ Әулиеатада қандай? ─ Қалада да қымбатшылық, сатып алуға астық табылады, ұнның пұты 70-80 сом. Қаңғырып жүрген адам көп. Аяқ алып жүргісіз. Құдайдың құдіреті де, шырақ, ел заманы солай болды. Жарықтық үкімет елді планнан қысты ғой. ─ Жоқ, кәрие. Өкімет заңы мен саясатында колхоз ауқатсыз, тұқымсыз қалмауы керек. Жоспарға артық астығыңды бер дейді өкімет. Колхоздағы жұмыс істемеген жалқауларға табыстан берілмесін дейді. Мүмкін, сіздердің өздеріңіз еңбекті аз сіңірген шығарсыздар.Үшеуі бірдей: ─ Ойбой, шырақ-ай, істеу деген сондай-ақ болар, күн-түнін табанымыздан тік тұрып, тұтардай болып істегеннің анық өзіміз. Ала жаздайғы еңбегімізге дән де алғанымыз жоқ. Жалқауға бермегенін біз де жақсы көреміз. Істегендер тук ала алмай қалды ғой.

─ Ал табыстарыңызды кім алды... Қайда кетті? ─ Басқармалар планта төктік, ақшасын салыққа, зайымға бердік деп бір тиынын да көрсеткен жоқ. ─ Онда, әйтпесе, сіздердің басқармаларыңызды құдай ұрған екен, оның өзі жеп қойып жүрген шығар. Одан колхоз мүшелері есеп сұрауы керек, сонда барлығы ашылады, сол арамза басқармалар сіздердің ақшаны арақ — шарапқа сарып қылып жүрген шығар. ─ Қайдам, әйтеуір, басқарманың, белсенділердің істеп жүргені күнде той, тамаша, арақ-шарабы толып жатыр... Олар бізге сырын айтпайды ғой.

─ Сырын айттыру керек. Сіздердің одан есеп сұрауға толық ақыларыңыз бар. ─ Шырақ, есеп сұрамақ түгілі бетіне де қарай алмаймыз. Жақпай қалсақ, протокол қылып қаматып тастайды, колхоздан шығарады. ─ Қамау оның қолында емес. Заң орындары ақты-қарасын ажыратады. Қорқытудың керегі жоқ. Қазақтар ауданындағы әділетсіздік туралы айтып жатты. Оларға мен білгенімше заң мен саясатты түсіндіргенсіп отырдым. Ақырында әңгіме көп созылып бітті. Бірақ, факт — факт бойынша қалмақ қой.

15.02.32 ж.

Күндізгі сағат бір шамасында, аудандық Аткомның мекемесіне келсем, көбі елге шығып кеткен екен. Уақытша ауатком атасы Жолдыұлы екен. Оған жолығып, мекеме біткен соң соның үйіне барып ауқаттандық. Ешқандай жаңалық жоқ. Беркімбайұлы Алматыдағы КазСИК-тің сессиесіне кетті. Сен туралы ешқандай әңгіме жоқ деді Жолдыұлы. ─ Түлкібас станциясына азанғы сағат 11 шамасында келіп түсіп едім. Содан осы жердегі шаруаларды бітіре кетейін деп түсіп едім, — дедім мен. Басқа да әңгімелер болды. Екі-үш сағаттан кейін Ордабайдың үйіне қарай жөнелдім. Ордабай мен Исақұл үйінде екен, мені любезно жақсы қабылдады. Олар толық әңгіме айтып берді. Мен оларға саяхатымды толық баяндадым. Кешке ол үйге Ырысқұлбек, Ашықбай, Әнуар, тағы басқа жолдастар келіп, кешті ойын-күлкімен өткіздік. *** Февральдың он бесі күні сол жердегілердің барлығы менімен сөйлесіп, «қатаңды мойныңа ал» деген сөзге келгенде, келісе алмастан ГПУ, прокуратурадан бас тартып, түс қайта жатар жеріме келдім. Ордабай екеуіміз біраз әңгімелесіп отырғанда, үйге Ырысқұлбек жетіп келді. Әңгіме созыла берді. Төсектің үстінде жатқан Ордабай ұйықтап қалды. Ырысқұлбек екеуіміз «Алашорда» деген Мартыненконың кітабын оқып отырғанымызда, киімі жұпыны, бастарында жүні қырқылған елтірі бөріктері, белінен шарт бұған кір-кір, әлдеқашан «үтілге» өтіп кетсе де болатын жағасыз тонды, аяқтарында қам теріден тіккен, суға тиіп табаны жайылып кеткен соң бақайшықтан қызыл ала уықтың былауыменен бұған ақ шоқайлы, быт-быт берекесіз сақалсымақтары бар екі қара қазақ:

─ Салау мы әлайкум, — деп үйге кіріп келді.
─ Е... келіңіздер. Жол болсын, кәриелер, — дедім мен.

─ Шырақ, Жолдыбаев деген болысты осы жерде деп еді. Қайсыңыз боласыз? — деді қазақтың бірі.

─ Мына отырған жігіт, — деп қарсы алдымдағы Ырысқұлбекті көрсеттім. ─ Шырақ... Жолдас... Болысеке... Сізге арызға келіп едік... Тыңдасаңыз, айтсақ, — деді қазақтар. Қазақтардың сасқалақтап айтқан сөздері бұрын өкімет алдына келіп сөйлеп көрмегендігін айқындады. Ырысқұлбекті сыртынан билеп: ─ Неге болмаушы еді. Не арыздарың бар, тоқталмай айта беріңдер, — дедім. Қазақтарға отыр деуге орындықтар саны шамалы болды. Оны айтпасақ та, еден таза еді, дуалға сүйеніп өздері-ақ жерге отырып, біреуі арызын айта бастады: ─ Болыс... Жолдас... Шырақ... Біз екеуіміз де өмірі жарымаған, анық қара табан кедейдің тап өзі боламыз. Өмірімізде кісі есігінде малайшылық етіп, күн көріп келгенбіз. Өзіміз осы жердегі 14 ауылдың адамы боламыз. Елтай жолдастың колхозымыз. Жаздай табанымыздан тік тұрып «утернай» болып колхозда жұмыс істегенбіз. Оны старшын, колхоз басқарма... — дей бергенде сөзін аяқтатпастан: ─ Не дейсіңдер, арыздарыңды мыжымастан тез айтыңдар, — деп Ырысқұлбек дүрсе қоя берді. Қазақтар біраз кідіріп: ─ Арызымыз... мынау — бес жан (қасындағы жолдасын көрсетіп), мен төрт жанмын, колхоз ауқат бермеген. Барлық астықты планға беріп қойдық дейді басқармалар. Соған, шырақ жолдас, бала-шаға аш болған соң, бала-шағаның қамы, 5-ші ауылға екеуіміз жегжат аулап барып, азын-аулақ ақшамызға екіден бір пұт ұн, бір пұт кәртөшке, екіден бір қонақ, екіден бір тары, екіден бір бұршақ сатып алып едік, сатып алсақ та, сұрағандай етіп алып едік. Екеуіміздің ортамызда бір есегіміз бар еді, соған жаймалап артып, жол-жөнекей карға малтығып, суыққа ұрынып, ит көрмеген қорлықты көріп, кеше кешке Шақпақ орысына жетіп, қалтырап жаурап кеткенімізден кейін, бір орыстың сарайына кіріп жатып едік. Сол жерде жатқанымызда орыстың старшыны келіп, астығымызды алып қойды. Ауылдан алған куәләрімізді көрсетсек, «ауданнан болмаса болмайды» деп сөз қатпай қойды. Соған сізден қағаз алайық деп қарға малтығып, шалғайдан жаяу келіп отырғанымыз, шырақ. Біздің анық сорлы кедей екенімізді мына қонамаларымыздан көрсеңіз де болады, — деп екі-үш бөлек қағазды Ырысқұлбекке ұсынды. Ырысқұлбек қолына алып, тымсырайып, қоразданып үш қағазды жарты сағаттай айналдырып оқыды. Қазақтардың екі көзі тышқан аңдыған мысықтай Ырысқұлбектен ажырамай отырды. Тымырайған қалпы, бір де сөз айтпай қағаздың бетіне қиғаштап бір нәрсені жазды. Мойнымды созып қарасам: «Высокий с/с. Проверить РИК Джолдыбаев», —деп жазған екен. ─ Мә! Высокийдің сельсоветіне алып барыңдар, — деп қазақтарға куәлігін қайтарды. Қазақтар қуанып: — Рақмет, шырақ, жолдас, іліміңізге құлдық, болысеке, қайтарып бер деп жаздыңыз ғой, — деп күлімсіреді.

— Барыңдар, барыңдар! Тексеріп қарайды, — деді болыс.

─ Әй, Ырысқұлбек! Жөнді жауап беріп, болатын болса болады, болмайтын болса, болмайды десеңші! — деген сөзді шыдай алмағанымнан айтып жіберіппін. Қазақтардың өңі сынып: — Иә, шырақ, бізді сандалтып әуре қылмағын. Болмайтын болса, лаж жоқ, қайтеміз, бұйырмаған нәрсе-дағы, — деп қағаздарын қолына ұстап орнынан тұрып, мөлиіп болысқа қарап тұр. ─ Сендерге мен айттым ғой, сельсоветов барыңдар дедім ғой! Тексеріп қарайды. Мен қайдан білейін, мүмкін, сендер саудагер шығарсыңдар, — деп болыс қазақтарға зекіді.

─ Ойбай, болысжан-ау! Бізде не қылған саудагерлік. Бала-шағаны асырап...
─ Енді көп басымды айналдырмаңдар! Жазып бердім ғой, — деп теріс қарады.

─ Біздің саудагер емес екенімізді басқармалардан сұрасаңыз екен, — деп қазақтар кібіртіктеп, лажы жоқтығынан сөлбірейіп шығып жүре берді. Мен ызаланып шыдай алмай: — Не деген сволочь адамсың? Неткен адам осылар сықылды мүсәпірді саудагер дейді. Саудагер адам екеуі бірігіп, төрт түлікке астықтан төрт пұт алып жүрер ме еді? Келбеттеріне қарамайсың ба? «Қайтар» деп жазсаң біреу басыңды кесіп алар ма еді? О... болыс болған сенің қыз... адам емес. ─ Ай, сен не қыл дейсің? Бір қадақ та дән сатылмасын, ұсталсын деген райкомның нұсқауы бар. Қазақтарға бола пәлеге қалайын ба?! ─ Өй... райкомыңның әкесінің... онда өңкей перегибпил ақымақ дурактар отыр. Қазақ колхоз мүшелерін қандай халге ұшыратқанын көрдің ғой. Өзіңде мужество және жоқ. Қорқақ қыз... екенсің, — деп ашуланып далаға шығып кеттім. Ырысқұлбек бір нәрселер айтып қалып кетті. Февральдің 18-ші күні азанғы сағат он шамасында поезға мініп, екі-үш сағаттан соң Борнайға жетіп келдім. Алдыменен станциядағы МТС директоры Балқыбекұлының үйіне барып, қолымдағы кітап, киім-кешегімді қойып, Ырысбай етікшінің үйіне барсам, аудандық жастар комитетінің Баймұстанұлы отыр екен. Екеуіміз сол жерде ұзақ әңгімелестік. Ол бұдан үш-төрт күн бұрын Алматыға қарай Бурабайұлының өткенін, оның мені сұрағандығын айтты. Сөйтіп, отырғанымызда қас қарайып кеткен екен. Мен Балқыбекұлының үйіне барсам, олар ауқатты даярлап, мені күтіп отырыпты. Столды айнала отырдық. Уілдеген желдің даусы боран болып келе жатқанын сездірді. Айша жеңгей мол ауқаттармен үстелдің үстін жапқан соң: ─ Қой десем де болмай, мына ағаң азғантай жұмсақ вино алып келген екен, ішесің бе, Бауыржан? — деп үстелдің астынан ішінде қып-қызыл суы бар кішірек бір бөтелкені суырып алып, үстелдің үстіне қойды. Мен не айтарымды білмей, ләм дегенім жоқ. Ас келіп, ас пен әңгімені араластырып отырғанымызда үсті-басын аппақ қар тұтып қалған біреу:

─ Оу, амансыңдар ма, Борнайыңның бораны жаман ғой, — деп кіріп келді. ─ Ысқақовсың ба, киіміңді шеш, Айша ауыз үйге іліп қойсын, — деді Жайлау. Ол орналасып отырып: ─ Е, Момышев, қалай амансың ба? — дегеннен-ақ аз ғана қызу екенін сезе қойдым. Біраз әңгімеден соң: ─ Момышев, осы сен аудан осынша жалынса да, любой қызмет берсе де тұрмағаның не? — деді Ысқақұлы. ─ Әр кеудеде бір қиял дегендей, менде бір ой барды да, — дедім мен. Ол басын шайқап, көзін бұлдыратып:

─ Әй, бала-ай, чужойлығыңды қыласың-ау, — деп төңкерілді. ─ Атаңа мың нәлет! Мен өңшең Ақтөбеден қашып келген сендерден жат болыппын ба?! ─ Ой, құдай атқан, қалжыңды көтере алмайды екенсің ғой, — деп Ысқақов күлімсіреді.

─ Мен шыныңа құлмын. Не болса да, ақиқат болғанын жақсы көремін, — дедім. ─ Ысқақов, бұл Момышев осындай упрямый жігіт. Бұның сырын сен білмейсің ғой, — деді директор. Көп отырыстан соң біз қонақкәдесін істеуге далаға шықтық. Келсек, жатар орын даярланып, үй егелерінің өздері жатып қалған екен. Екеуіміз жатпастан әңгімеге кірістік.

─ Өзің қазір не қызметтен келіп едің? — деп сұрадым. ─ РКИ-міз ғой. Eгіс науқанына тұқым қорын жинаудың барысын байқап тексеру үшін оныншы ауылға шығып едім, бүгін тап он бес күн болды елді аралап жүргеніме. Шыққан ауылдарымда бір қадақ та тұқым қосылған жоқ. Айтпақшы, мана екінші ауылдан үшінші ауылға қарап келе жатқанымда жолдан Қырғызстаннан бір жарым пұт шамасында бидай алып келе жатқан бір есекті сорлыны ұстап алып, астығын қамбаға құйдырып жібердім. Лаж жоқ. Қайтесің. Осы күні кейбір ауылдарға барсаң, жаныңнан шошисың, көже тауып іше алмаған күндеріміз де болды. «Әйтеуір, тұқымды тез тауып орындаңдар» деп ауыл кеңесі мен басқарманы бопсалап, өйтемін де бүйтемін деп кетесің. РКИ жолдаспен әңгімеміз айтылған тақырыпта сағат екіге дейін созылып, ақырында ұйқы қыстаған соң ұйықтауға жаттық. Жер дүниенің бетін алай-түлей етіп, жер бетіндегі қарды топырақша суырып, аспанға шығарып, шаңыртып, сұрапыл қауызын шалып, еш нәрсені жөнді көрсетпей, табиғатты өзгертіп, дүниедегілерді қолынан келсе бір жерге жинап, бәріңнің де заманыңды қуырып, тіреп тұрған аспанын жерге тастап жіберетіндей-ақ ызғырығы қатты боран болып тұр екен. Көлік болса да, ауылға баруға мүмкіндігі болмады. Қарап отырғаннан ішім пысып, борандатып станцияға қарай жөнелдім. Ол жерден поездың жақында келетінін біліп, сол поезға мініп Алматыға баруға ой кетті. Сөйтіп 19 февраль күні кешке Алматыға қарай жөнелдім. Тура бір сөтке дегенде, түнде станцияға келіп түстік. Шықырлаған аяздың патшалық құрып тұрған кезі екен. Үш адам бір шананы жалдап алып, аязға аяғымызды тоңдырып, максимка поезынан мінгеннен бетер болып, екі-үш сағатта қалаға зордан жеттік. Бұл жерде бес-алты күн болып, СХИ дейтін мектептің Весенний наборына кірмекші болып, оған дейін дирекциясында хатшылық қызметін атқаратын болып, алты-жеті күнде қайтуға директормен уәделесіп, 27 февральда ауылға қайттым. Колхоздың аттарының ішінен жақсы, болдырмастан ауданға жеткізеді деп арықтап қалған бурыл айғырды ерттеп мініп, зырылдатқаннан-зырылдатып кешке Высокоедағы Тыныбек ағайдікіне жетіп келдім. Онда Уызбек, Керімбек, ауданнан қазір ғана келіп отырған Исақұл, Әбділдалар отыр екен. Сол жерде қонақтап, ертеңіне сәскеде Уызбек екеуіміз ауданға жол тарттық. Жолда Уызбек ел жайындағы әңгімелерді жаңартып, трагедия — терең ойда ауданға барғанымызды бір-ақ біліп қалыппыз. Докторға көрініп, әскер есебіне кіргелі барып едік. Доктор жабылып қалып, келесі күнге қалуға тура келіп, Уыз аттарды 16-ауылға алып шығып кетті. Мен болсам, Ванновкада қалып қойдым. Маған керекті таныстардың барлығы да елге шығып кеткен екен, жалғыз өзім ішім пысып көшеде серуендеп келе жатқанымда, поштаның алдында қолында екі-үш газеті бар Н.А. жолығып қалды.

─ Кого я вижу? — деп күлімсіреп жайнаңдады.
─ Меня видите? — деп мен жауап қаттым.

Жай сұрасып, әжептәуір уақыт тұрып қалдық. Газетінде Жапония — Қытай хабарлары бар екен. «Оқып берейін», — деп сұрап алдым. Н. А. қайтарып бер дегеніне «ертең аларсың» деп бермедім. Арада көп қалжыңдар өтті. Ақыры ажырасарда: ─ Ну, ладно. Кстати я сегодня дежурная по больнице. Сегодня вечером туда принесете, да... — деп қылымсып екі-үш қадамдай жерде тұрды.

─ Могу принести, дорога ведь знакомая, — дедім.

Кеш батты. Көше аяқ алып жүргісіз лай. Сағат он шамасы болғанда уәделі жерге бардым. Дежурная комнатада екі санитар үшеуі отырған екен. Врачтар обходын жасап кетіп қалған екен. Біраз әңгімеден соң екі санитарды жуығырақта келмес жұмысқа жұмсады. Есік жабылды, шам өшті.... Үйге қайтып келе жатсам, СПШ-ның залында шам жанып тұр екен. Кіріп барсам, қазақ жастары репитиция істеп жатқан екен. Біраз уақыт отырып, далаға шығып бара жатқанымда, Қ... келіп:

─ Қайда барасыз? — деді.
─ Үйге, — дедім.
─ Онда тұра тұрыңыз. Бәріміз бірге баралық.

Б. Қ. үшеуіміз екеуінің үйіне келіп біраз отырған соң, үйге қайтайын деп едім. ─ Үйіңе барып жалғыз өзің жатқанда не қыласың? Оңдабай болса жоқ, осы жерге жата кеткін, — десті. Таң бозарғанда үйге келіп жатып, сағат 12-де, Уызбек келгенде, бір-ақ оянып, жұмыстың барлығын бітіріп қайттық. Аспанды түнерген қара бұлт қаптады. Күннің түрі жаууға айналды. Біз белуардан аяқ алып жүргісіз батпақты шыпылдатып басып келе жатырмыз. Ванновкадан екі километр жүргеннен соң-ақ Уызбектің көк дөнені жүрісті шабандата бастады.

─ Әй, осы менің атым болдырады-ау, — деді ол.

Бір қорғанның түбінде мал жапырлап, үйіліп тұрған шөпті айналақтап жүр екен. Соған жақындай бергенімізде күн бүркіп жіберді. ─ Осы жерге біраз тоқтап, мынаған шөп жегізіп алмасақ болмас, — деді Уызбек. Солай етілді. Мая пішенді қой, сиыр, жылқы араласып жегенінен аяқтарына таптағаны көп болып жатыр екен.

─ Вот безобразия — обезличка — дедім мен ─ Иә, таза оңбағандық. Осы күні барлық жерде де осы сықылды көңілсіздікті көруге болады. Жүр, анау үйге барып отыралық, — деді жолдасым.

Үй егесі меймандостығын білдіріп: ─ Жүріңіздер бұнда, далада тұрып су болғанда не түсті, — деді. Үй келбеті қазақтың кәдімгі землянкасы, төбесінен түтін өлімсіреп шығып жатыр. Алдыңғы үйге енсек, бір орта бойлы қара торы келіншек, ақ сары жас әйел екеуінің алдында астына қап төсеген екі келі. Біреуі бидайдың шарын, екіншісі қуырған бидайды түйіп жатыр екен. Қуырған бидайды түйіп жатқан келіннің қасында, үстерінде құстың жүніндей төгілген шапандары қаудырлаған тондары бар жалаң аяқ, жалаң бас, жалба шаш жас қыздар менен қазақтың кір-кір қара балалары шұқырлап отыр екен. Біз аяғымызды тазалап тұрғанда, ішкі үйден 15-16 жастағы қыз бала бір табаққа салып бидай алып келіп еді, балалар жабыла кетті. ─ Жуадай солғырлар!... Кешке атауыңды ішесің бе? — деп ақсары қатын балалардың быт-шытын шығарды. Ішкі үйге кірсек — қараңғы, оңтүстік босағасында жылтыраған екі кішкене әйнегі бар, үшбұрышында үш төсек, төрдің алдында жиюлы киіз, тағы басқа жұпыны мүліктер. От ортасында темір қазан пеш, онда қазан асулы. Есік жақ қурайға толған. Түстік босағада киімдері жұпыны, бастарында жаман ескі тымақтары бар бір сары шал, орта жасқа келіп қалған қара сақалды қара кісі, 25 шамасындағы қара торы жігіт, 20 шамасындағы қара жігіт қатар дуалға сүйеніп, алақандарына қуырған бидайды уыстап, біртіндеп аузына салып, кәдімгі бір орыстың ермекке пісте шаққандарындай болып қатар отыр. Басында кір-кір жаулығы бар, қызыл шырайлы, реңді қатын қазан астына қурай салып, бидай қуырып жатыр. Біз келіп төріндегі төселіп қойған туырлықтың үстіне отырдық. ─ Мырзалар! Кезінде осы болды. Құдайдың құдіреті де, әйтпесе, мал сойып беруге лайық адамсыздар, —- деп қамыққандай болып, бидай қуырып отырған қатын бір тостағанға қуырған бидай салып алдымызға қойды.

─ Иә, молдекелер, жай осылай болды, — деді үй егесі. ─ Е.. .байеке, не қылады дейсіз, — деді Уызбек те, — бір аштың бір тоқтығы бар деген ғой. ─ Бір жақсы жері — балалар сабанның ішінен дән теріп әкеліп, соны қуырып, талқандап қара быламық қылып, өлмес ауқат етіп отырмыз, — деді ашаң шалды нығыта қара мұртты кісі: ─ Ой, құдайдың қылғаны, ағай несін айта бересіз, балалардың өздері де көріп жүрген де.

─ Сабанның ішінен көп бидай табылып жатыр ма? — деп сұрап едім. ─ Жоқ, неге көп болсын, әлгі молатилкамен басқан бидайдың басы қалып кеткендері бар екен, соны, әйтеуір, ит қорлықпен теріп, біріндеп теріп, бір адам күніне жарым қадақтан артық ала алмайды. Елдің біразы сонымен күн көріп отыр. Мына жаңбыры құрғыр оны да бұйыртпай отыр. Осы қырманға барсаңыз, қаптап жүрген еркек, қатын-баланы көресіз, бәрі бір тышқан, яки қара қарға дейсіз де қоясыз.

─ Ой, алдай! Заманның құйрығы бір тұтам болды ғой, — деді шал. ─ Е, кәрие, бұл заман ең жақсы заман болуы керек. Бірақ та кейбір содырлардың судырымен жалғыз ғана сіздің ауылдың басына орнағандай болып отыр. Өкімет саясаты мен заңында артық астықтарын ғана берсін деген. Егер де сіздерді — колхозшыларды ауқатсыз, тұқымсыз қалдырған болса, ол жергілікті өкіметтің істеген үлкен қатесінің бірі болуы керек. Ол қате тездеп түзелуі керек. Жоғарғы өкіметтер бұлардың қателескенін түзейді, еңбекші заманын күйзелтпейді. Олар ертерек шара қолданады. Әлі құлағына жетпей жатқан ғой. Қайғырмаңыз. Шыдамды болу керек. Жақында түзеледі. ─ Қайдам, шырағым, біз заң, саясатты білеміз бе, әйтеуір, күйзелген соң айтып отырғанымыз ғой, — деді шал. Сол күні кешке Высокоеге келіп қонып, ертесіне Борнайға келіп ауылға бардым. 7 март күні әйелдер, жалпы колхоз мүшелерінің жиналысы болады деген хабарды естіп, соған бардым. Түс қайта жиналыс ашылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе колхоз бастығының есепті баяндамасы мен егіске даярлық туралы болды. Сөз колхоз бастығы Темірбек Оразбайұлына берілді. ─ Жолдастар, мені колхоз бастығы етіп сайладыңдар, содан бері небір бұландар келіп жатты, барлығын да орындадық. Тағы да eгіc бұланы келіп отыр, оны да орындауға күшіміз келе ме, қайдам? Менің істегенім осы, жолдастар. Жиналыстағылар төмен қарап қанағаттанбағандықтарын білдіріп, сыпыра дәлелдерін сұрап, сауалды жаудырып жіберді. Темірбек оған жауап бере алмай жатты.

─ Жаздайғы біздің істеген еңбегіміз қайда?!
─ Ақшаны қайда жібердің?!
─ Ет науқанға берген малдың пұлы қайда?!

─ Біздің мата, қайыс, ұлтандарымызды қайда жібердің? Күнде ішетінің арақ!... Тағы осы сықылды қызбалы сауалдар киімі жыртық кедей колхоз мүшелерінің аузынан ашулы түрде атып шыға берді. Кейбіреулері ұрарманға даярланғандай қыжынып тұрды. Темірбекте сұр қалмады. Ол біраз тұрып:

─ Айналайын, ағайындар, өлтіресің бе? Күнәм болса, кешіріңдер, — деді Кекесін, қажымалы сөздер қаптап жатыр. У-шу болды да кетті. Елді мен тұрып аз ғана түсінік беріп тоқтатым. Ақырында Темірбек 1600 сомды жеп қойғанын, 270 метр матаны сіңіргенін, тағы басқа қылмыстарды мойнына алды.

─ Бәсе, күніге ішкені арақ!
─ Жүрісі баяғының болысынан кейін емес.
─ Біздің еңбегіміздің ақшасын құртып жүр екен ғой.

─ Мұны біз бізді басқарады, жарылқайды деп басқарма қылсақ, мұның істеп жүргені бүл. Бұндайға кешірім болмауы керек, — деген дауыстар әр жерден шығып, шуды жаңартты. ─ Мата не ғып құрып кетті десек, өкіметтердің өздері жеп қойып жүр екен ғой, — деген дауыс әйелдер жақтан шықты. Еркектер ду күліп жіберді. Үстел басындағы азаматтар зордан шуды тоқтатты. Ақырында Темірбек тамағынан өтіп кеткен нәрселерді тездеп төлеп бермекші болып, ант ішіп зордан құтылды. ─ Ендігі мәселе егіске даярлық туралы уәкіл жолдас Шұбайұлы сөйлейді, — деді үстел басы.

Уәкіл орнынан тұрып: ─ Жолдастар, мен осы елдеріңізде уәкіл болып жүрмін. Біздің аудан қалай да болса тұқымды елдің өзінен өндіріп, егіс бұланын орында дейді, жолдастар. Бәріміз де еңбекшінің баласымыз. Еңбек етсек, күн көреміз. Сол себепті, жолдастар, қалай болғанда да тұқымды тауып, егіс бұланын толтыру керек. Қане, соған не дейсіңдер, жолдастар. Мен де өздерің сықылды қара қазақпын, егістің саяси маңызын мына жолдас Момышұлы толық айтып берер деп сұранам. Менің сөйлейтінім осы, жолдастар!— деп отыра кеткенде, сол босағадағы әйелдердің ішінен отызға жақындап қалған жылтыр қара қатын: ─ Маған сөз беріңіз, — деді. Елдің барлығы «не айтар екен бұл қатын» дегендей көздерін тіге қалды. ─ Мен сөйлесем, уәкіл кісінің сөзінен сөйлегім келеді. Ол кісі аудан тұқым таптыр деп айтты дейді. Біз тұқымды қайдан табамыз? Әуелден осы күні ішерге ауқат, киерге киім болмай отыр. Былтыр егісті молайтып ектік, астыққа малшығып қалатын болдық қой, қарнымыз тоқ болатын болды деп қатын-еркек, балалар демей белсене істедік. Ақырында астықтың келісі жақсы болса да, бір емес төрт бұлан салып, болысы, орысы қайта-қайта келіп жүріп, ақырында осы отырған барлығымызды да ауқатсыз, керек десе тұқым қалдырмай алып қойғанын ауданыңның есінен шығып кетіпті ме? Осы отырғандардың барлығы осылай ашық айтуға қорқады. Мен әйел болсам да, азар болса, қамап қояды да, барлық шын сырымызды айтайын деп отырмын... Осы күні күзде жинап алған масағымыз таусылды. Енді не қыламыз деп тітіреп отырған елді көресің. Тұқым тауып бермек түгілі ауқатымызды асырай алмай отырмыз. Өкімет кедейді жарылқаса, бізге ауқат берсін... Қара қатын үстел басының ұсынысына қарамай, сөзді айта берді. Жиналыстағылар қатынның сөзін мақұлдағандай болып, кейбір жерін «рас-ақ» деп қостап отырысты. Ол қатын тоқтай бергенде, басқа біреуі іліп ала жөнелді. Үстел бастығы оны да тоқтата алмады. Ақырында, мен орнымнан тұрып азырақ сөйлегенсіп, қатындардың шуын бастым. Үстел бастығы: ─ Иә, жолдастар! Айтқандарыңды өтірік деп айта алмаймыз, неге десең, күнде аралап көріп жүрміз. Бірақ та ел өте аш емес, әйтеуір, өлмес ауқат әрқайсыларыңда да бар. Басқа ауылдарды алып қарасақ, елі қаңғырып кеткенін көріп отырмыз. Мысал 6-шы ауыл 330 үй болса, содан 80-90 үй ғана қалып отыр. Тұқым жалғыз бізде емес, барлық жерде жоқ көрінеді. Сол себепті барлығымыз егіс бұланын орындау үшін тұқым тауып, орындауымыз керек.

─ Қайдан табамыз?
─ Жерді қазсақ табыла ма екен?

─ Үкімет өзі бермес пе екен? — деген сықылды сауалдар қаптап кетіп, үстел бастығын састырды. Уәкіл менің құлағыма сыбырлап:

─ Момышев, сен шығып бір нәрсе қылмасаң болмады, — деді.

Мен түгіл, құдай шықса да дәлелдеуге еш нәрсе, яки орысша не чем крыть болса да, орнымнан тұрып, түсінік бергенсіп, «тұқымды жинап, eгіc жоспарын орындаймыз» деген қаулыға келтірдік. Бірақ та ол қаулы қағаз жүзінде болмаса, басқа дәрігері жоқтығын жер астындағы ажүж-мәжүждің де көзі жеткен еді. Бірақ та бұл жердегі пайда — әйтеуір, егіске даярлық етіп, көлік саймандарды даяр етіп тұратын бригада құрғанымыз ғана болмаса, тұқым жағынан: «қаулыны толтырып жатырмыз, ақырында өкімет өзі бермегенде не қылады дейсің, ел бейшараның зарлағанындай-ақ бар» деген сықылды сөздер руковод уәкілдер де жиналыстан соң айтқан жерлері болды. 8 март күні көрпе-төсек, шамаданымды алып, поезға мініп, барлығымен қоштасып, Алматыға жүріп кеттім. 1930 жылы (Ванновка, ответственный секретарь райкома) Шошқабай уәкіл (участковый). Участковый уәкіл бірнеше ауыл үстінен басатын. 25 мыңшылдардың бірі боп бір еврей әйел (менен 7 жас үлкен, қазір тірі, Мәскеуде тұрады) келді.

Ася Давыдовна Кудлас (көзі қара қатын).

Зеркүл (әлде Зеріп) ауылдық Кеңестің бастығы. Алматыда әйелдер кеңесіне қатысқан. Ася Давыдовна жирен қасқа ат мініп жүретін, жасы 40-50-лер арасында орыстарға келді.

─ Қарным ашып еді, — депті. ─ Нам самим кушать нечего — орыстар дым татырмаған, өзі аш, әлсіреп қалыпты. Не болды, сізге? — десем:

─ Они не люди, хуже зверя, — деді.
─ Онда жүріңіз, аш болса да қазақ аулына барайық, — дедім.

Атқа мінгіздім, Мамытов пен Зеркүл кездесіп қалды. Зәр төгіп алайық (күлкі...) ─ Мына сорлы қарға не болды? — Мен үндемей тұрдым... Мамытов аттан түс деп ишарат жасады.

─ В чем дело? — деді
─ Вода пускает, вода, — деді Мамытов.
─ Что такое? — деп она возмутилась.
─ Это не хулиганство, это естественные потребности, ─ дедім.

─ Товарищ, к..., сайга, сайга, — деді. Артынан Зеркүл барып, жөндеп келді.

БІЗДІҢ ҚОЖАЛАР

І

Біздің ауылда Уайділда дейтін қожа болатын. Өз атын атағандарға: ─ Уа, қызталақ, мен пайғамбардың тұқымы қожа боламын. Менің атымды атама, күнә болады, «Қожеке» деңдер, — дейді екен. ─ Қожа Тоқбура мұритыңыз сізді бір жиында «Біздің қара қожа» деп сөйлеп отырды, — депті Тойбек дейтін бір мұриты.

─ Уа, онысы несі ол қызталақтың? — депті қожа. ─ Енді қайтсін ол байғұс, атыңды айтуға болмайды, пайғамбардың тұқымысыз, «Қожеке» дейін десе, ол жерде өзіңіз жоқсыз, ол кімге «Қожеке» десін?

─ «Біздің қожа» десе болды ғой.
─ Тақсыр-ау, сіздің ағаларыңыз да біздің қожаларымыз ғой.
─ Түрімде несі бар оның, — деп ашуланыпты
─ А, тақсыр, Тоқаң сізді «Сары қожа» десеші?

─ Мәйлі, «қара қожа» дей беріңдер мені, — депті қожекең ашуланып.

ІІ

─ Қожеке, құран алып келіп едім, — деп Кемел мұртты пірі Садық қожаға құранның бетін ашып, бір теңге күміс ақша алдына қойып, «кітапқа қарап отырып, оқыған құран өте сауатты болады деуші еді, кәне, тақсыр, әкеме бағыштап, мына бір жерін оқып жіберіңізші», — депті. ─ Мен дәретсіз едім. Сіз оқып жіберіңіз, — депті Садық Алтынбек молдаға. Құранды Алтынбек оқыпты, бір теңге күмісті Садық қалтасына салыпты.

Содан кейін Садық — "Дәретсіз қожа" аталып кетіпті.

ІІІ

«Пайғамбардың тұқымына тіл тигізбейді», «Пайғамбардың тұқымына қол тигізбейді» дегенді өте жастайынан естіген Қалдыны ауылдағылар бала кезінде «Ерке Қожа» дейді екен, ержеткен соң «Тентек Қожа» аталып кетіпті.

ІV

Біздің елде «Тары боза» дейтін болады. Қыс кезінде үй мен үй кезектесіп уақыт өткізгенді «Жора боза» дейді. Осы кездегі «Тамада» дейтінімізді «Сары қожа» деп дәріптейді. Бір жора болар үйде «Сары қожа» сайлауында:

─ Таласатын несі бар, қожекең болсын, — депті Тоқбура.
Қу мұритының сырын сезе қойған Уайділдә:

─ Ә? Жораны «Қара қожа» басқарды дегенді қайдан естіп едіңдер, — деп Уайділдә қожа орысша айтқанда «самоотвод» беріпті.

─ Өздерің біліңдер. Мен өзім туралы айтарымды айттым ғой, — депті қожекең. ─ Сіздің атыңыз бірінші аталды ғой, өзіңіз ұсыныңыз, тақсыр, — десіпті отырғандар. ─ Онда менің екі шартым бар. Біріншісі — менің атаған адамымды бір ауыздан сайлайсыңдар. Екіншісін — атаған адамым сайланғаннан кейін айтам. Онымды да орындайсыңдар.

─ Құп, тақсыр! Сіздің сөзіңізді екі етпелік.
─ Ия, сөйтіп бір сөзбен айтқаным бітті, болсын десеңдер, айтайын.
─ Айтыңыз тақсыр, айтыңыз.

─ Енді «Сары қожа, Сары қожа майтатыр, ішкеннен соң тары боза», — деп бастаймыз ғой жораны.

─ Ия, солай басталады жора, — десіпті көпшілік. ─ Бозаның май татуы, оның салуында екенін де білесіңдер, ал, енді әлеуметті басқару үшін тілмар болмаса тағы да болмайды...

─ Ия, тақсыр, бұныңыз да дұрыс. ─ Онда, ендеше, демек, сондықтан, әйтпесе, дегендей, айтпақшы, әлгі кімді айтсам екен, — деп ойланғандай, біреуінің болмаса біреуінің көңіліне келіп қалып жүрмейін дегендей, «абайлап сөйлемеген — ауырмай өледі» дегендей, жолбарыс жортады дегендей, қыз қысылады дегендей, сұңқар да сұстанады дегендей, ителгі де именеді дегендей, лашын да лағып кетеді дегендей, таяқтан жығылған тұрады, сөзден жығылған тұрмайды дегендей, қожа да қорқады, қожаға да жан керек дегендей... Тағы да айтсын деп едім? Әй, Тоқбура, тағы бір сөзді аузыма салып жіберші өзің.

─ Тақсыр тіптен шұбыртып жібердіңіз ғой. Айтсаңызшы атын.

— Әй, сен сөзімді аяқтағалы отырғанымда бөліп жібердің ғой.

─ Ләббай, тақсыр!
─ Ләббай болса, сөзімді бөлместен тыңдағын сен.
─ Құлағым сізде тақсыр. Енді аузым жабық.

─ Жабық болса, ел сені сұм десе, сұм екенің рас. Мұны бір деп ішіңнен тынып қой; қу десе, қу екенің рас па, ішіңнен бұл екі деп қой. Жирен сақал, жирен мұрт, қой көз, шикі Сары, мойындап тағы бір қойғын ішіңнен. Ал, енді осы жамағат менің айтқанымның бәрін рас десе, сені сайласын.

─ Рас, тақсыр, — деп ел шуылдап, — айтқаныңыздың бәрі рас, — десті.
─ Ал, аумин, — деп Қожекең қолын жайды.
─ Аумин — десті отырғандар.
─ Сайландың ғой. Бар төрдегі орныңа. Тоқмырза төрдегі орнына орналасып:

─ Сыбағамды артығырақ бердіңіз ғой, — деп жеңімен маңдай терін сүртіпті. ─ Сайландың ғой. Енді екінші шартым — біраз сөзбен айтайын, қожалығымды саған өзім бердім, ал «тақсырлығымды» бермеймін саған.

─ Ойбай, тақсыр-ау, енді қайттық? ─ Мен отырған жерде бұны «тақсыр» да демейсіңдер, «Қожеке» де демейсіңдер «Алдиярыңды», «Сары қожаңды» айта беріңдер. Ал, мені болса бұдан былай «қара қожаларыңды» қойып, тек өз атыммен «Уәйділдә қожа» деңдер.

─ Құп тақсыр. Құп — деп күлісті жораға жиналғандар.

V

Тентек қожа жақсы саяткер, шабандоз болыпты. Үстіне шық түсірмей таза киінеді екен. Дәулетті әкесінің жалғыз ұлы болғандықтан ба, әйтеуір, сараңдықтан хабары жоқ, ашық қол болыпты. Көкпардың заң дәстүрін бұзғанды көрсе, қуып жетіп сабайды екен. Мінген аты күтімсіздер кездессе, не ұрсып, әйтпесе, қарсы сөз айтқандарын сабайды екен. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, ел аралап зекет жинамапты. Ол қылығын естіген туысқандары оның ондай «бейбастығына» шыдай алмай, оның «әмәкәсін» қайтыс болған әкесінің орнына сол ауылға «пір» етіп жіберіпті. «Әмәкәсі» «Биби алысының» жақыны екен. Оған ел «жаңа қожа» деп ат қойыпты. Жаңа қожа, қожалығын «тентек» алмаған өткен жылдың зекетін «недаемка» ретінде өндіруден бастапты. Жиын, той, неке қияр, жаза, ер баланы сүндетке отырғызудан, «Қожекең білсін», «Қожекең алсын» дейтін жердей қалмайды екен.

Бірде «жұма базардан» қайтып келе жатқанда бір шабандоз құрбысы: ─ Уа, тақсыр ...ңіз қалай? — деп «Ә»ні «А» ғып бүлдіріп сұрапты. Әрине, келе жатқандар ду күліседі. ─ Немене сондай-ақ. Маған «Тентек Қожа» алдымен сен едің, енді «жаңа қожа» деген аттарыңызды неменеге айналдырып келесің? ─ Ойбай, тақсыр-ау, тілім келгені сол болса қайтейін? ─ дегенде жолаушылар тағы да ду күлісіпті. Оған шыдай алмаған Қожа мүйіз сапты қорғасын құйылған қамшысының ұстау жағымен қатар келе жатқан қалжыңпаз қазақ құрбысын ауыздан періп жібереді. Ол: ─ Ай. Тісім-ай, — деп сол қолымен аузын баса қалғанда, Қожекең, қамшы сабын маңдайына жұмсапты. Қан бұрқ ете қалғанда, қазақ шабандоз Қожаның жағасынан ала түсіп, тізгіні бос атын тақымдап жіберіп, ыршыған атының үзеңгісін тебе шалқая, Қожекеңді жерге ала құлапты да, қылқынды тізесімен кеудесін езгілеп, бос қолымен бастұмсықтан төмпештей бастапты. Бұрын жұдырық, тепкі жеп көрмеген Қожа, арашалаушылар аттан түсіп үлгергенше, сұлқ жатып қапты.

VІ

Садық қожа басқа бір елге барып, бір үлкен аста отырғанда:
─ Қожеке, құран оқып жіберіңіз — депті біреу.
─ Ойбай, бүл кісінің дәреті болмайды деп естуші едік, ─ депті біреуі.

─ Қап. Мына сөз бұл елге де жеткен екен ғой, — деп Садық тізесін бір ұрып: — Бәрібір дәретім бар десем де сенбейсіңдер. Сенсін деп сендерге көрсетіп дәрет алар жайым жоқ. Не де болса құдай куә, — деп құран оқыпты. Содан кейін Садық қожа жанама атынан құтылыпты.

VІІ

Тірі билердің ішіндегі жолы да үлкені, жасы да үлкені Жантас би. Шиеленіскен дауда екі жақтың билері де Жантастың қалыстығына сүйенеді екен.

Тентек пен Жаңа Қожа Жантасқа барыпты. ─ Бір жағыңа билігім жүреді, бір жағыңа жүрмейді. Сол себепті үкіметтің сотына барыңдар. Соттың билігі қожаларға да жүреді, — депті Жантас.

─ Сізге олар көнсе, біз де көндік, биеке! — депті тентек. ─ Олай болса, «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең шінде» деген сөз бар. Өздерің төбелесіпсіңдер, өздерің татуласыңдар, — деп Жантас үйден шығып кетіпті.

VІІІ

Кешікпей-ақ Тентектің әйелі ұл туыпты. Бетінде бұршақтай қалы бар екен.
Алдымен құтты болсын айтып Сүлеймен келіпті.
Шілдеханаға жиналғандарға Тентек кең дастарқан соңында:
─ Ал, жамағат, бөбекке ат қойып кетіңдер, — депті.

─ Біздің елде бір қожаның шын аты өзіне құтайған емес, қандай ат қойсаңыз да бәрібір, ұлыңызды біз «Қалқожа» дейміз ғой, — депті Сүлеймен. ─ Бәрекелді, Сүке, Айтқаның келсін, —деп жүк үстіндегі сусар бөркін сау қолымен басына кигізіпті. ***

─ Ал, жаңа Қожаңыз ше? — деп сұрағанымда:

Ол кісі қашанғы жаңа болсын, ескірген болар, — деді бұл әңгімелерді маған айтушы қарт.

САРҚЫТ

...Жамбыл менің бетіме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен де қабағымды түйіп, оған ежірейе қарадым. Сонан соң Жамбыл Сәбитке қарай мойнын бұрды да:

─ Мына қызыңды.., түсі тым суық екен, батыр болса болар! — деді.
Сәбит оған қарқ болып күліп жатыр. Жамбыл күлместен маған қайта қарады.

─ Батыр болсаң, сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы? — деді. Мен ойланбастан жауап бердім. ─ Өтеген қаптап келе жатқан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су сияқты батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен ол екеуінің ешқайсысына пар келе алмаймын. Мен — оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке, — дедім. ─ Әй, балуан, (Сәбит Мұқановқа қаратып айтқаны Ред.) мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, қоныңдар, — деді.

Түннің бір кезінде алдымызға ет келді. ─ Ал, балуан, ал, батыр, сыбағаларыңа қол созыңдар, ─ деді Жамбыл табақты нұсқап. Сәбит пен Ғали етті шеңгелдеп асай бастады. Мен табаққа қол созбай отырып қалдым. ─ Делбе болған жылқыдай, мына қызталағың неғып отыр ет жемей? — деді Жамбыл Сәбитке сақалын шошаң еткізе мені иегімен меңзеп. ─ Әй, Бауыржан, неге жемейсің, бөгіп қалғанбысың? — деп Сәбит табаққа қайтадан қол соза бастады.

─ Жемеймін! — дедім мен қатаң үнмен.
Сәбит табақтан қолын тартып алып, менің бетіме қарады.
─ Әй, Бауыржан, саған не болды? — деді ол үні онан сайын қарлыға шығып.

─ Мен мұнда сыбаға жеу үшін келгенім жоқ, — дедім Сәбитке даусымды қаттырақ шығарып. — Сыбағаны немістерді жеңгеннен кейін жеймін. Ал, мұнда ұлы Жамбылдың, соғыстағы бар солдаттың ұлы әкесінің сарқытын ішуге келдім. Ол үшін Жәкең анау тұздыққа сақалын батырып ұрттасын да, қалғанын табақтың үстіне қойсын. Мен етті сонда ғана жеймін. Және барлық солдаттарға Жәкеңнің сарқытын ішкенімді айтып барамын!

─ Әй, мынауың дұрыс екен! — деп Сәбит қарқылдап күлді.

Содан кейін Жамбылдың құлағына еңкейіп, менің сөздерімнің бірін қалдырмай айтып берді. ─ Бұл қызталақтың мұнысы да жөн екен, — деп Жамбыл басын изеп, тұздыққа қарай қолын созды. — Бірақ сақалымды батыратын мен суға еңкейген теке емеспін, мұртымды тигізейін. Мына батырыңа түсіндіріп айт. Жәкең осылай деп Сәбитке қарап, қутыңдап иек қақты. Қарт ақынның бұл тапқырлығына біз қыран күлкіге баттық...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙