Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі Том 1
Қайрат Сақ
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, азаттық жолында күрес көрігін қыздырған Алаш азаматтарының мерзімді баспасөзде жарық көрген көсемсөз мұралары ел тарихын терең білумен бірге бүгінгі күні де өзекті болып отырған ұлттық мəселелердің оң шешімін табуына пайдасы зор. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» деп қазақ қоғамы алдына өткір қойған жер мəселесі қ
Алматы
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ:
ЖЕР МƏСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
1 том
Қайрат САҚ
УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5Қаз) С 17 ІSBN 9965-883-98-5 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5Қаз) © Сақ Қ., 2014 © «Қазақ энциклопедиясы», 2014 ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, азаттық жолында күрес көрігін қыздырған Алаш азаматтарының мерзімді баспасөзде жарық көрген көсемсөз мұралары ел тарихын терең білумен бірге бүгінгі күні де өзекті болып отырған ұлттық мəселелердің оң шешімін табуына пайдасы зор. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» деп қазақ қоғамы алдына өткір қойған жер мəселесі қазір де өте өзекті. Жинақта «Түркістан уалаятының газетінен» бастап «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының жер мəселесіне қатысты құнды материалдары топтастырылған. Кітап ұлттық құндылықтың бірегейі саналатын жер мəселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нəр алғысы келетін жалпы оқырманға арналады. САҚ Қ. АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ЖЕР МƏСЕЛЕСІ. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. Т. 1. – 400 бет. ІSBN 9965-883-98-5 С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Ғылыми жоба жетекшісі жəне жалпы редакциясын басқарған: Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Құрастырушылар: Э.Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері А.Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері.
«ҚАЗАҚТЫҢ ТІРІ Я ӨЛІ БОЛУ МƏСЕЛЕСІ» Алғы сөз орнына Қай заманда да жер дауын бірінші орынға қойған қазақ халқы үшін ата-бабадан қалған бай мұра – ұланғайыр даланы көздің қарашығындай сақтап қалу ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең өзекті мəселеге айналды. Бұл жөнінде 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін, шын мəнінде, «халықтың көзі құлағы һəм тілі қызметін» абыроймен атқарған «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 13-сəуірдегі санында жарияланған «Жер мəселесі» атты бас мақалада: «Бұл күнде қазақ қажетінің арасында ең біріншісі – жер мəселесі» - деп жазылуы бекер емес-тін. «Басқармадан» деп қол қойылған мақала авторы – біздіңше, Ахмет Байтұрсынұлы. Олай деуімізге екі түрлі уəжіміз бар. Біріншіден, басқарма атынан жарияланған материалдардың дені А.Байтұрсынұлы қаламынан туындағаны талас тудырмауы тиіс. Екіншіден, тілге тиек етіп отырған мақаладағы сөз орамдары мен жер мəселесін көтерген жəне астына Ахаңның «А.Б.» деген бүркеншік аты таңбаланған «Аңдаспаған мəселе» турасында» [Қазақ, 1914 ж. 31 қаңтар] деген екінші мақаладағы сөз саптау мəнері бірі-бірімен үйлесіп, бір қолдан шыққанын соқырға таяқ ұстатқандай анық аңғартады. Алаш ардақтысы «Жер мəселесі» мақаласында: «Қазақ қажетінің ең біріншісі – жер мəселесі,– деген пікірін: – Əркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ойлап, тексере қарайтын іс», - деп өрбітіп, жер мəселесінің маңызын айшықтап берсе, «Аңдаспаған мəселе» турасында» атты мақаласында осы ойды: «Қазіргі қазақ мəселелерінің ең зоры – жер мəселесі. Бұл – қазақтың тірі я өлі болу мəселесі, - деп түйіндеп, мынадай қорытынды жасайды: – Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз қазақ та һəм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап ашып сөйлегеніміз абзал». Екі мақалада да мəселенің көтерілуі мен оны жеткізу жолдары жəне ой үйлесімдігі біріне-бірі қатты ұқсап, сөз жүйесі қайталанып тұрғандықтан да бір қолдан шыққаны еш талас туғызбауы тиіс. ХХ ғасыр басында қазақ даласында жер мəселесінің осыншалықты ушығуының себебін іздегенде оған толыққанды жауапты Алаш публицистикасынан табарымыз хақ. Осы орайда, публицистиканың тарихи құндылығы туралы құнды ой туады. Ұстазымыз, профессор
Т.Амандосовтың: «Публицистика – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика – адамдар арасындағы əлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми жəне рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді» [Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978. – 128 б.], - деген ғылыми тұжырымын негізге алсақ, қазақ көсемсөзінің ел тарихын түгендеудегі мəн-маңызы айшықтала түседі. Заман тарихы, қоғам шындығы, өмір шежіресі болғандықтан да көсемсөзді тарихшылар ғылыми зерттеулеріне дерек көзі ретінде пайдаланып, тарихи қорытынды жасауға негіз етіп жүргені жаңалық емес. Айталық, Алаш қозғалысы тарихын терең қазып, көзі қарақты оқырманға құнды еңбектер ұсынған алаштанушы ғалымдар М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Е.Сыдықовтың т.б. зерттеушілердің еңбектерінде Алаш баспасөзі жарияланымдарының басым орын алатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Оның себебі де түсінікті. Өйткені «публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мəнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры» [Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1961. – 127 б.]. Бұдан түйер ой – нағыз көсемсөз шеберлері өз заманы мен қоғамының тыныстіршілігін өшпестей етіп қаз-қалпында тасқа қашап жазып, ұрпаққа аманаттап қалдыратын тұлға болғандықтан да олардың еңбектерін тұнған шежіре деп қарастыруға болады. Публицистиканың тарихи құндылығын айшықтайтын ғылыми тұжырымымызды Алаш көсемсөз шеберлерінің жер туралы жеріне жеткізе жазған публицистикалық құнды еңбектері дəлелдейді. «Қалмақтармен ұзақ та сұрапыл ұрыстардан кейін, əкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін өз меншігі деп есептеген қазақтар, орыстың қарамағына кіргенде, ол мемлекет халық меншігіне қол сұға қояды деп ойлаған жоқ еді. Ал сол кезде-ақ орыс мемлекеті ешқандай дəлел-себепсіз күштінің құқы жүреді деген қағидаға сай, барлық қазақ жері мемлекеттік меншік болып танылады деген заңды бекітіп, соның нəтижесінде қазақ даласына келімсектердің (орыс шаруаларының – С.Қ.) қоныс аудару қозғалысы басталды. Ең шұрайлы жерлер қоныс аударушыларға кертіліп беріліп, ең нашар жерлер қазақтарға қалды. Əрине, жердің бұлай сапалық жəне сандық жағынан азаюы малшы қазақтардың тұрмыс халіне əсер етпей қойған жоқ. Соңғы кездері халықтың айрықша байқала түскен жарлылануы да дəл осы ешқандай төлемсіз жəне байырғы халықтың шаруашылығына айқын зиян келтіре отырып, шұрайлы жерлерді күшпен тартып алумен түсіндіріледі». Бұл – Семей облысы, Қарқаралы уезі қазақтарының Патшалық Ресейдің Министрлер Кеңесі төрағасына 1905 жылдың 26-маусымында жолдаған атақты арыз-талаптан (петициядан) үзінді. Тарихта Қарқаралыдағы Қоянды
жəрмеңкесіне қатысушылар қол қойған арыз-талап болып таңбаланған петицияның «мəтінін профессор М.Қ.Қойгелдиевтің орыс тілінен қазақ тіліне аударған» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 489 б.] нұсқасынан алынған үзінді отарлау саясатының салдарынан əбден ұшыққан жер мəселесі туралы халықтың жанайқайынан сыр тарқатады. Сонысымен де əрі тарихи шынайы дерекке негізделіп жазылғандықтан да оны публицистикалық мұра деп қарастырған дұрыс. Өкінішке қарай, аталған атақты арыз-талаптың түпнұсқасы осы күнге дейін табылмағаны көңілге қаяу салады. Бұл туралы Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары жинағын құрастырушылар: «Нақты құжаттың түпнұсқасы табылмады. Құжаттың қазақ тіліндегі мəтіні болуы мүмкін» [Сонда, 488 б.], - деп жазып, зерттеушілер назарын аудартқанын орынды ескертпе деп есептейміз. Арыз-талаптың түпнұсқасы табылмағандықтан оған қол қоюшылардың саны туралы деректерде бірізділік байқалмайды. Мəселен, жоғарыда сілтеме жасалынған жинақтың өзінде бір жерде: «Подлинная за подписами 12767 лиц» [Сонда, 39 б.], - деп көрсетілсе, екінші жерде: «Летом грамадное совещание было устроено в Семипалатинской обл. Каркаралинскому у. на Куяндинской ярмарке, здесь подписалось 14,5 тысячи человек под знаменитой петицией» [Сонда, 52 б.], - деген дерек келтіріледі. Осы дерек Алаш публицистикасына талдау жасаған өзге бір ғылыми еңбекте: «Қарқаралы петициясының тексінде Ахаң қолтаңбасы айқын көрінеді. А.Байтұрсынов дайындаған саяси құзырхатқа 16500 адам қол қойып Санкт-Петербургке жіберілді» [Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004. – 166 б.], - деп беріледі. Үш түрлі дерек үш түрлі санды көрсетеді. Қайсысы шындыққа сай? Бұл сұраққа жауап беру болашақта тарихшылар еншісіндегі міндет деп білеміз. Ел тарихында аса зор мəнге ие құжат туралы деректің алуан түрлі болуы оған көлеңке түсіріп қана қомай, сенімсіздік туғызады. Сондықтан тарихи құжат туралы деректі бірізділікке түсіру маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Жалпы ел тəуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық күрес шежіресінен ойып тұрып орын алатын құны өте қымбат тарихи жəдігеріміздің түпнұсқасын іздеп тауып, ел мұрағаты мен музейлерінен орын сайлайтын болсақ, ұрпақ танымы мен тағылымын арттыруға үлес қосқан іс болар еді. Бұл да келешек зерттеушілер назарын өзіне аударуы тиіс. Тарихшылар Алаш қозғалысы тарихы осы Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар атынан даярланып, 12767 кісі қол қойған (бұл жерде жоғарыда сілтеме жасалынған «Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары» жинағындағы дерекке жүгініп отырмыз), 1905 жылғы 26маусым күні Санкт-Петербургке, Ресей Министрлер комитеті төрағасына жолданған атақты арыз-талаптан бастау алады деген қорытындыға келеді. Осы ғылыми тұжырымды негізге ала отырып, біз де Алаш пу-
блицистикасы тарихын сонымен байланыстыра қарастырғанды дұрыс санаймыз. Қаймана қазақтың көкейкесті мəселелерін паш еткен мұндай арызталаптар қазақ даласының барлық өңірінен сан мыңдаған кісілердің қол қоюымен Патшалық Ресей өкіметіне тұс-тұстан жолданғанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Алаштың көрнекті көсемсөз шебері М.Тынышпаевтың 1905 жылы 19-қарашада Санкт-Петербургкте Автономистер одағы құрылтайында жасаған «Қазақтар жəне азаттық қозғалысы» атты баяндамасында: «Сын Отечества» газетінің 11-қарашадағы санында Семей жəне Павлодар уездері қазақтары мен татарлары атынан (граф Виттеге жоданған) зорлық-зомбылыққа өткір қарсылық көрсеткен жəне үкіметтің уəдесіне сенімсіздік танытқан телеграмма жарияланған. Ақмола облысы қазақтары да бастарына төнген түрлі қауіп-қатерге қарамастан, табанды əрекет танытты. Осы қозғалыста қазақтар арасынан бюрократиялық тəлкекке қатты ұшыраған Дала өлкесі тұрғындары айрықша күш көрсетті, 25 мыңнан аса кісі əр түрлі арыз-талаптарға (петицияға) қол қойды. Енді генерал Сухотинге барлық қазақ тұрғындарын Сібірге жер аударып, жансыз далаға патшалық етуден басқа жол қалмады. Семей облысындағы халықтық қозғалыс Жетісуға жетті: «Лепсі қазақтары үкіметтің сасық саясатына қатты қарсылық танытып, өз талаптарын білдірген, 1000 кісі қол қойған арыз-талаптарын жолдады... Бұлардың арасынан, əсіресе, Орал жəне Торғай облысы қазақтары қозғалысын айрықша атап өтпеуге болмайды (Орыс тілінен аударған – С.Қ.)» [Тынышбаев М. Таңдамалы. Избранное. Құрастырған жəне алғы сөзін жазғандар Г.Жүгенбаева мен Б.Байгалиев. – Алматы: Арыс, 2001, 30 б.], - деп жазып, атақты Қоянды жəрмеңкесі арыз-талабынан басқа да наразылық шаралары көп болғаннан мəлімет келтіреді. Аталған арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мəселесін бірінші орынға қойғаны дəлелдеуді қажет етпейді. Өйткені қазақ халқының экономикалық жағдайы жермен тығыз байланысты болатын: «Мал күйлі болса, қазақ та күйлі, өріс шұрайлы болса, қазақтың жүзі де шырайлы. Мұнда дала – малды, мал – қазақты асырайды» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 488 б.], - деген ұстаным тіршілік заңына айналған еді. Осыны негізге ала отырып даярланған құзырхатта Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар Ресей Министрлер комитеті төрағасына жер мəселесіне қатысты мынадай батыл талаптар қояды: «...4. Дала өлкесін отарлау жүріп жатыр. Жыл өткен сайын қазақтардың иелігіндегі жер азайып келеді. Қоныс аударушылар телімдеріне деп ең шұрайлы жерлер мен тұщы сулы алқаптар тартып алынуда. Сондықтан да қазақтар иеленіп отырған жерлерді олардың (қазақтардың – С.Қ.) меншігі деп тану шарт.
5. Мемлекеттік мүлік басқармасы Дала өлкесінде қазынаның иелігіне жер бөлу үстінде қазақтарды өздерінің ата-баба қыстауларынан қуып шығуда. Осы тұрғыда, жерді межелеп бөлу кезінде қазақтардың өз қонысынан қуылмағаны, олардың тікелей қатысуымен қазына жері мен екі арадағы қашықтық шамасын өздері анықтайтын қорғаныс белдеулері қалдырылуы қажет. 6. Қазіргі «Далалық Ереже» қазақ өмірінің бүгінгі қалпына сəйкес келмейді. ...Сондықтан да қазақтардан құралған депутаттардың қатысуымен «Далалық Ереже» өзгертілуі қажет» [Сонда, 490-491 бб.]. Əрине, Қарқаралыдағы Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар атынан даярланған араз-талап мəтінін жеке тұлғалар əзірлегені дау туғызбайды. Алаштанушы ғалым С.Өзбекұлының зерттеуіне жүгінсек, Ахмет Байтұрсынов пен Жақып Ақбаевтың осы міндет төрінен көрінгеніне көз жетеді [Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 28 б.]. «Ақаңның 50 жылдық тойы» атты портретті очеркінде М.Əуезов те аталған арыз-талапта Ахмет Байтұрсынұлының қолтаңбасы бар екенін ашып көрсетеді: «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметіне қазақ халқының атынан петиция жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: Бірінші – жер мəселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. ...Петициядағы тілек қылған ірі мəселелер қазақ баласының дертті мəселелері болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған» [Əуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы. // Ақ жол. 1923 ж., 4-ақпан]. Бұл жолдар жоғарыда біз айтқан «арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мəселесін бірінші орынға қойған» деген пікірдің негізсіз емес екенін дəлелдейді. Қоныс аударушы орыс шаруаларын орналастыру үшін қазақтың ең шұрайлы жерлері тартып алынып жатқанын айыптаған шағым-арыздар жеке кісілер атынан да хат болып кіндік үкіметке жолданғанын мұрағат материалдары айғақтайды. Мəселен, Ақмола облысы Көкшетау уезі Жыланды болысының тұрғындары Мұстафа Илинов пен Байдүйсен Оразаевтың атынан Ресей Жер ісі жəне мемелекеттік меншік министріне жолданған жерді əділ бөлу туралы өтініш хат сақталған. Хатта өтініш иелерінің сөздерін қағазға түсірген демалыстағы казак Алексей Портняжев екені жазылған. Сонымен бірге хат иелерінің өтініп сұрауымен Василий Глухов деген азамат қол қойғаны айтылады [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. –26 б.]. Біздің назарымызды өзіне ерекше аудартқаны – хаттың жазылған мезгілі. Арыз-тілек 1901 жылдың 4-сəуірінде жолданғаны – оның мəнмаңызын арттыра түсетін дерек. Демек, Алаш публицистикасы кезеңі 1905 жылдың 26-маусымындағы атақты Қоянды жəрмеңкесіндегі арызталаптан емес, осы жеке тұлғалардың хаттарынан бастау алады деген сөз.
Қос беттік шағын хатта қазақ даласындағы жер мəселесінің түйткілді жайлары таратыла баяндалады: «Есте жоқ ерте заманнан пайдаланып келе жатқан жерлерімізді тартып алу кейінгі кездері жыл сайынғы əдетке айналды. Бізге беймəлім өлкелерден көшіп келіп жатқан қоныс аударушы шаруаларға жер кесіп беру салдарынан біздің қоныстарымыз тарылып барады, оның есесіне жерге деген қажеттілігіміз еселеп өсу үстінде: жан жəне мал саны артуда, бұрын тұтынып көрмеген қажеттіктер тууда, мысалы, қыстап шығу үшін өзімізге нан, малымызға жем-шөп дегендей, оның үстіне, салықтың түр-түрі үздіксіз өсіп барады (орысшадан аударып, алғаш пайдалануда – С.Қ.)», - деп басталатын шағым хатта жиырмасыншы жүзжылдық табалдырығынан жаңа аттаған қазақ халқының ауыр күйі ашық айтылады. Бұдан əрі хат иелері жергілікті жұрт орыс қоныс аударушыларына жасалынып жатқан жақсылықтардың бірін де көрмей отырғандығын, оларға ең құнарлы жерлер бөлініп берілсе, өздері сусызнусыз, тау-тасты жерлерге ығыстырылу үстінде екенін айыптап: «Бізге қазірдің өзінде өмір сүру өте қиындап кетті, ал осы талғажау етіп отырған жерлерімізден айырылсақ, онда күйіміз не болады?!», - деген мұңзарларын сыртқа тоғытады. Шағын хатта қазақтың қайыршылық күйге түсуінің, жылдан-жылға жатақтардың (малсыздардың) көбейіп бара жатуының себебін жердің тарылуынан деп дəл түсіндіріледі. Отарлау саясатының «нəтижесін»: «Біздің атақонысымыз болған жерлерде Максимовка (1890), Владимировка (1878), Нов-городок (1897) жəне басқа да ауылдар (поселкелер) пайда болды. Өткен 1900 жылы жазда мемлекеттік іс жүргізші Уминов-Велицкий Тақыр-Жыланды (Жалтыр) қыстағындағы қоныс аударушыларға бөлінген жер маңайынан бізге қарайтын Жалтыр-Су қыстағын кесіп алды»,– деп, деректерге жүгіне отырып нақты дəлелдейді. Жер мəселесіндегі осындай əділетсіздіктерді ашық айыптаған хат иелері Ресей министрінен өтініштерін аяқсыз қалдырмай, қамқорлық танытуын сұрайды: «Жоғары мəртебелім Сізден қоныс аударушыларға алынады деп қарастырылып жатқан Жалтыр-Су, Үй-тас қыстақтары мен Күтем-Қыс (Бұлақ зират), Жан-тамыр, Шетен-Адыр, Өр-шиелі (Ур-челі) өзендерін, Нов-городтан Қара-суға дейінгі аралықты біздің меншігімізде қалдыруға тапсырма беруіңізді сұраймыз. Бар өтінеріміз осы. Онсыз тіпті тарлық көріп, өмір сүруіміз мүлдем қиындап кетеді»,– деген жолдар деректілігімен жəне жиырмасыншы жүзжылдық басындағы қазақтың мүшкіл халін баян етуімен құнды. Осынысымен де публицистиканың ауыр жүгін арқалап тұрған туынды деп қарастырғанымыз тарихи əділеттіліктің салтанат құруы, яғни аты аталған азаматтардың бастарын бəйгеге тіккен еңбектерін бағалау деп білеміз. Алаш азаматтарының жер мəселесі туралы публицистикалық еңбектерін талдағанда көрнекті қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың 1905 жылдың 20-маусымында Ресей министрлер комитетінің төрағасына
жазған хатын бағаламау қиянат болар еді. Санкт-Петербург қаласындағы І Александр атындағы Теміржол транспорты институтының студенті қазақ халқының басына түскен ауыртпалықты ашына жазып, метрополия тарапынан зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын талап етеді. Жас қайраткер көтерген қазақтың көкейкесті мəселелерінің ішіндегі ең соқталысы – жер дауы. Бұл жөнінде заңсыздықтың етек жайғанын былай дəлелдеуге тырысады: «Уақытша ереженің» (1868 жылы қабылданған қазақ даласын басқару туралы заңдық күші бар құжаттың – С.Қ.) 125 жəне 129 тармақтары бойынша қазақтардан бос жатқан артық жерлерді ғана алуға болады. Құрылыс салынып жатқан, бау-бақша егілген, басқа да игерілген жерлер жеке меншікке теңестірілген. Ал, шын мəнінде, бізден ең тəуір жерлер: қыстаулар, жайлаулар, шабындықтар, құрылыс жəне бау-бақша орындары тартып алынуда. Қазақтардың мұндай жерлері артық жəне бос жатыр деп айтуға ауыз бармайды. Қазір ондай жерлер басқаларға бөлініп берілуде, соның салдарынан жерден тапшылық көрген қазақтар оған көнгісі келмей, қарсылық танытуда, нəтижесінде бітпейтін дау-дамай, ұрыс-керіс, тіпті өлім-шығын орын алуды (Орысшадан алғаш аударылып пайдалануда – С.Қ). [«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов, Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 20 б.]. Көсемсөз қоғамдық маңызды мəселені көтеріп қана қоймай, оны шешудің жолдарын іздестіруімен де бағаланатынын ескерсек, М.Тынышбаевтың эпистолярлық публицистикасында бұл жай қалыс қалмаған: «Біз, қазақтар, есте жоқ ерте замандардан өз жерімізді иеленіп келеміз. Орыс қол астына өз еркімізбен, еш қантөгусіз өткенде ең құнды жерімізден айырылу үшін, əділетсіздік пен зорлық-зомбылықты көру үшін емес, арамызда тыныштық жəне бейбіт заман орнасын, қысымшылықтан қорғасын деп қамдандық. Сондықтан да тарихи əділеттілік қыстаулар мен жайылымдарды, шабындықтарды келімсектерге беретін аудан шекарасынан шығарып тастауды талап етеді. Егер бос жатқан артық жерді қоныс аударушылар қажетіне беру лажсыз керек болса, ондай жерлер қазақ қоғамының шешімімен, тек солардың келісімімен жайлаулардан бөлінуі тиіс» [Сонда, 21-б.], - деген жолдар ХХІ ғасыр басында қазақ даласында аса күрделене түскен жер мəселесін шешудің нақты тетіктерін ұсынуымен құнды. Орысшадан қазақ тіліне алғаш аударып, тұңғыш ғылыми айналымға біз еңгізіп отырған М.Тынышбаев – публицистің эпистолярлық жанрдағы тырнақ алды туындысы тарихи шындықты жайып салуымен ерекшеленеді. Жиырма бес жасар студенттің қалың елі қазағының қамын жеп, батыл қадам жасауы – министрлер комитетінің төрағасына ұлт намысын жыртып, хат жолдауы тарихи ерлік деп бағалануы тиіс. Тілге тиек етіп отырған тарихи құнды хатында публицист жаңа жүзжылдық басында «қазақтың тірі я өлі болу мəселесінің» соншалықты
ушыға түсуінің түпкі себебін дөп басып тани білген. Ол – метрополияның отарлау саясатын заңдастыру мақсатында 1868 жылы 21-қазанда патша өкіметі бекіткен «Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже». Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов кейіннен «Тарихи жыл» атты маңызы айрықша мақаласында: «Қазақ халқының өткен дəуіріне айналып қарасақ түрлі тарихи зор уақиғалар, өзгерістерді бастан кешіргенін көреміз: – Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы; – Ақтабан шұбырынды; – Россияға бағынған шағымыз; – Кенесары заманы; – Қоқан заманы; – 1868 жылғы жаңа заңның шығуы» [Сонда, 356 б.], - деп жазып, осы «Уақытша Ереженің» күшіне енуін «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманымен тең қоюы бекер емес-тін. Ұлы империялық кеселге шалдыққан Ресей патшалығы осы заңды негізге ала отырып орыс шаруаларын қазақ даласына жаппай қоныс аударуды қолға алды. Бұл ұшы-қиырсыз қазақ жерін империяның географиялық құрамдас бөлігіне айналдыруды көздеген патшалық əкімшілік үшін аспаннан іздегені жерден табылғандай жол болды. Мұны шұғыл əрі ауқымды жүзеге асыру арқылы патша үкіметі мынадай үш түрлі пайда тапты: Біріншіден, «қара шаруа переселендерін сыртқа көбірек жіберіп Орталық Ресейдегі жер дағдарысынан құтылмақ болды» [Аспандиярұлы С. Қазақ тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан баспасы, 1932.]. Екіншіден, ішкі Ресейдегі етек алып бара жатқан шаруалар көтерілісін осылай тұншықтырып, елдегі саяси тыныштықты қамтамасыз ету арқылы отандастары алдында жоғалып бара жатқан абырой-беделін қайтарып, жақсы атты көрініп қалу үшін де ұтымды саясат еді. Үшіншіден жəне бұл ең негізгісі, орыс шаруаларының қол астындағы ел территориясына кең жайыла орналасып, жергілікті жұртты тықсыра қоян-қолтық аралас отыруы отарлау, яғни орыстандыру саясатын батыл əрі қалауынша емін-еркін жүргізуге қолайлы жағдай туғызады деген мысық тілеуі күткендегіден да артық «жемісін» бере бастады. Оған мынадай тарихи мəліметтер айқын дəлел. «1917 жылға дейін Қазақстанның 45 млн гектарға жуық жер көлемі қазақтардың иелігінен казак-орыс əскерінің, қоныс аударушы орыс жəне басқа еуропалық шаруалардың, сондай-ақ патшалық мемлекет мекемелерінің пайдалануына өткен». [Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, 50 б] Бұл кесіп алынған жерлер топырағы ең құнарлы, сулы да нулы, шұрайлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі. Қара шекпенділердің қазақ даласына сеңдей тоғытылуы, əсіресе, ХХ ғасыр басында өте жоғары қарқын алды. Мысалы, 1896-1905 жылдар ара-
лығында Ақмола, Торғай, Орал жəне Семей облыстарына ішкі Ресейден 294296 шаруа қоныс аударса, ол 1906-1910 жылдары 770 мың жанға өскен [Тұрсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан. – Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР, 1950, 34 б.]. Əрине, бұл жағдай қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық құрамына кері əсерін тигізгені даусыз. Тарихи дерекке жүгінсек, 1905 жылдан 1910 жылға шейін қоныс аударушы келімсіктердің қатары екі еседен артық өссе, оның есесіне, жергілікті ұлттың үлес салмағы 12,9 пайызға кеміген [Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, 52 б.]. Алаш қайраткерлерінің публицистикалық мұралары патшалық Ресей өкіметінің қазақ даласына мақсатты түрде жүргізген отарлау саясаты зардаптарын егжей-тегжейлі талдап, жеріне жеткізе жазып, əшкерелуімен бағалы. Жоғарыда халық наразылығының нақты көрінісі ретінде метрополияның зорлық-зомбылығына қарсы жолданған арызталаптар көптігі туралы мəлімет келтірген М.Тынышбаевтың 1905 жылғы 15-қарашада Санкт-Петербургте ұйымдастырылған Автономистер құрылтайында жасаған «Қазақтар жəне азаттық қозғалысы» атты баяндамасынан үзінді келтірген болатынбыз. Эпистолярлық публицистика үлгісіндегі осы тарихи еңбегінде Алаш қайраткері отарлау саясатының ойранына айналған қазақ даласы мүшкіл жағдайының себеп-салдарын айқара ашып көрсетеді. «Одақ мүшелеріне (бұл жерде əңгіме Автономистер одағы туралы – С.Қ.) Ресейде əлі таныла қоймаған халық өкілдерімен жұмыс істейтін болғандықтан қазақтар туралы, оларды басқару жүйесі туралы, қазақ даласындағы жағдайдың басты себебіне айналған саяси, рухани, діни жəне экономикалық қаналу туралы мəлімет бере кетуді дұрыс санаймын» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 47 б.], - деп басталатын баяндамасында публицист ХХ ғасыр басындағы Алаш баласы басындағы тауқыметті тарата талдайды. Осы жерде аталған Автономистер одағы туралы қысқаша мəлімет келтіре кеткенді дұрыс көреміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйым Ресей империясы құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін поляк ғалымы Б.А.Бодуэн де Куртенэнің ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басында, нақты айтсақ, 1905 жылдың қарашасында құрылған. Одақтың құрылуы Ресей империясы қол астындағы халықтардың еркіндік жолындағы күресте бірігуіне ықпал еткен ірі саяси оқиға болды. Жалпы ресейлік мұсылман қозғалысы атынан А.Ибраимов, А.Топчибашев, С.Жантөрин секілді қайраткерлер қатысқан. 1905 жылдың 19-қарашасында ұйымдастырылған жəне М.Тынышбаев баяндама жасаған Автономистер құрылтайына поляк, əзербайжан, армян, грузин, беларус, украин, еврей, латыш, татар, қазақ халықтары атынан 83 өкіл қатысқан. Құрылтай Ресей империясы халықтарының барлығы бірдей Республика негізінде мемлекет құруға қатысуы тиіс деген қаулы
қабылдаған. Олар Ресей əр ұлттың дербес автономиялық басқаруын қамтамасыз ететін федерациялық мемлекет болуы қажет деп санаған. Сол үшін де «автономистер» саяси қуғын-сүргінге ұшыраған [Қазақстан: ұлтық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопелиясының Бас редакциясы, 1998, 75 б.]. М.Тынышбаевтың баяндамасы танымдық маңызы өте жоғары тарихи деректерге негізделуімен жəне қара қылды қақ жарған əділ əрі өткір тілде жазылуымен оқушысын еліктіріп, елітіп əкетеді. Мұны публицистің шеберлік қыры ретінде қарастыруымызға əбден болады. Сөзіміз құрғақ болмауы үшін баяндамадан тағы үзінді келтірсек, оған көзіңіз анық жетеді: «Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал, Сырдария, Каспидің бір бөлігі, Самарқанд жəне Ферғана облыстары мен Əмудария бөлімін, Астархан губерниясының қазақ-қайсақ аталатын Бөкей ордасын мекендейтін қазақ-көшпенділері 1897 жылғы жалпы халықтық санақ бойынша 4 100 000 жан деп есептеліп, Ресейде 6-шы орынды иемденеді (1-ші великоростар – 55,7 млн, 2-ші малоростар – 22,5 млн, 3-ші поляктар – 8 млн, 4-ші беларустар – 5,9 млн, 5-ші еврейлер – 5 млн). Əрине, бұл сан шындыққа толық сəйкес емес: кейінгі уақытқа дейін қазақтарда метірке деген болмаған, ол қазір де көп жерде жоқ. Санақ кезінде қазақтар біржола босатқанына қарамастан үкімет əскери борышкер етуге əзірлік жасауда деп қорқып, балаларын жасырып қалды. Торғай облысы əкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі И.Крафт қазақтар 6 миллион деп санайды. Қазақтардың тарихы мен тұрмыс-тіршілігінің білгірі саналатын Я.Я.Полферов 5,5 миллион деп есептейді, меніңше, осы сан шындыққа жанасады (орысшадан аударған – С.Қ.)» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 47 б.], - деген жолдар тарихи деректілігімен құнды. Тарихи баяндамасында Тынышбаев – публицист қазақ халқы үшін ең маңызды мəселе, сөз жоқ, жер дауы екенін: «Жер мəселесі – қазақтар үшін, сөз жоқ, ең маңыздысы», – деп жеткізіп, Алаш жерінің талантаражға түсіп жатқандығы туралы шындықты құрылтайға қатысушылар алдына жайып салады. Орыс тіліне жетік публицист стиліне тұщына қану үшін қазақшаға аудармай үзінді келтірейік: «Лет 20 тому назад местные администраторы – генералы, по выражению Я.Я.Полферова, «кликнули клич», и доклады о колонизация киргизских (казахских – С.Қ.) степей стали поступать один за другим. По ходатайству губернаторов переселенцам предоставляли всякого рода льготы, чтобы только они понаехали и заняли богатый, сказочный край; и вскоре переселенческие обозы в безчисленном количестве потянулись по степным дорогам, разыскивая удобные места для поселений. С проведением Сибирской железной дороги волна переселенного движения увиличилась. Правительство отбирает все новые и новые участки, туземное населения фактически лишается удобных земель, годных для пастбищ и земледелия.
Киргизы жмутся друг и другу; из-за земель происходят «споры», драки и убийства. Киргизов обвиняют, что они от сктоводства не переходят к земледелию, но в предоставляемых в их распоряжение голых степях и песках не могут жить не только люди, но и звери. Теперь районы пастбищ сильно сократились, благодаря чему киргизы уже принуждены оставить привичку частых передвижений для поправления скоты. Леса, под защитой которых зимою паслись стада на подножном корму, уже отняты. Собирать сенные запасы на зиму неоткуда. Снежные бураны в степи, гололедица и падеж скота стали учащаться, и статистика прогрессивного падения скотоводческого хозяйства киргизов прямо-таки невероятна. Земледелием заниматься больше почти негде. Отсюда понятно, почему теперь киргизский народ идет таким быстрым темпом по наклонный поголовного обнищания и принужден повторить в скором времени историю повсеместных голодовок и вымирания не менее несчастных соседей – башкир. ...Вот в общих и кратких чертах политика правительства, приведшая весь киргизский народ в состояние поголовного бесправного степного пролетариата!» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 50-51 бб.]. ХХ ғасыр басында жер үшін күрес не себепті «қазақтың өлі я тірі болу мəселесіне» айналғанына М.Тынышбаев – публицист баяндамасында толық жауап беріліп тұрғандықтан да одан мейлінше молырақ үзінді келтіруге тырыстық. Автордың мəселені құрғақ баяндамай, деректерге жан бітіре сөйлеуі, мəселенің мəнісін терең зерттеп, жан-жақты аша білуі, сезім қылын шертетін сөздерді ұтымды пайдаланып, авторлық позициясын айқын білдіруімен бірге өз ойын көпшілік пікіріне айналдыра алу қабілеті көсемсөз өнерінің хас шебері екенін тапжылтпай танытады. Ең бастысы, тұла бойында тұнған талантын туған елінің қамы үшін еңсере пайдаланып, «басқа пəле – тілден» деп тосылып қалмай, батыл ойын ортаға салуға саналы түрде баруы көсемдік табиғатын тапжылтпай танытады. Жиырмасыншы жүзжылдық елең-алаңында Алаш публицистері жер мəселесін қоғам талқысына салудың бар мүмкіндігін сарқа пайдаланғанына кəрі тарих куə. Ел сөзін сөйлеп, ұлт сойылын соғатын баспасөз, қазіргі тілмен айтқанда, бұқаралық ақпарат құралы əлі шыға қоймаған заманда ол оңай болмағанын бүгінде екінің бірі біле бермейді. Қалың елі қазағына сөзін жеткізер ақпарат құралы жоқ деп қол қусырып қарап отырмай, қазақ зиялысы шарқ ұрып жол іздеп, түрлі амал-əрекет қамында болғаны ұлт тарихында бағаланбақ тұрмақ, айтылмай келеді. Абай ақынның əйгілі «Қара сөздері» сондай ізденістің жемісі екеніне ешқандай шүбəміз жоқ. Ұлт ұстазы «Бірінші сөзінде»: «... енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз?» деп өзіне-өзі сұрақ қойып, оған мынадай жауап берген жоқ па еді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселерді
қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзіміздікі дедім де, ақыры осыған байландым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» [Құнанбаев Абай. Қара сөздері. Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2007. – 3-4 бб.]. Осы жолдарды оқып отырғанда, егер Абай заманында «Айқап» не «Қазақ» басылымы шығып тұрған болса, осы сөздер сөзсіз солардың бетінен ойып тұрып орын алып, бұдан да басқа қаншама публицистикалық құнды мұра еншілейтін едік-ау деген ой туғанын жасыра алмаймыз. Бұдан мынадай түйін түюге болады: Абай «Қара сөздері» жалпы ұлттық баспасөзі пайда бола қоймаған қазақ қоғамы үшін ой салудың дара амалы деп қарастыруға зерттеушілер баса назар аударса дейміз. Жоғарыда əңгіме өзегі болған арыз-талаптар, жеке кісілердің шағым хаттары мен түрлі жиындарда көпшілік талқысына салынған баяндама, ой толғаулар «...кезіндегі əлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылған» [Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 223 б.] көсемсөз үлгісі деп қарастырған тарихи əділеттік болар еді. Осы орайда, тəуелсіз еліміздің мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында қолымыз жетіп жатқан мұрағат материалдарының ішінен мына бір дерек сонылығымен назарымызды өзіне аударды. Алаш қайраткерлері отарлық езгіден қазақ халқын азат ету үшін, соның аясында жылдан-жылға күрделене түскен жер мəселесін шешу мақсатында 1905-1906 жылдардың өзінде саяси партия құрып күресу талпынысын жасағанын мұрағат материалдары растайды. Татардың «Əл-ғаср-ул-жадид» басылымының 1906 жылғы бірінші санында жарық көрген «Орал қаласында» атты мақаланы «Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағын» құрастырушылар алғаш рет татар тілінен қазақшаға аударып, жариялаған. «Орал қаласында тұрушы қазақ халқының қадірменді адамдары өзара бас қосып, бірнеше жиналыстар өткізіп, көп пікірлесіп, бүкіл Руссия халқы мүддесін қорғаған «Конституциялық демократиялық партия» секілді ұйым құруға шешім қабылдады» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 55 б.], - деп басталатын мақалада ол ұйымның «Қазақ конституциялық демократиялық партиясы» деп аталғаны туралы ақпарат беріліп, оқырманға партия бағдарламасы ұсынылады. Бағдарлама: «І. Азаматтардың негізгі еркіндіктері», «ІІ. Патшалық қалпы», «ІІІ. Халықтың өзін-өзі билеуі», «ІV. Сот», «V. Дін», «VІ, Жер», «VІІ. Алым-салықтар», «VІІІ. Жұмысшылар», «ІХ. Мемлекеттер» атты 9 бөлімнен жəне «Партия жарғысынан» тұрады. Мақалада «Қазақ конституциялық демократиялық партиясының мүшелері мыналар» деген қорытынды жасалып, төмендегі кісілердің аттары көрсетіледі: «Сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ғабидолла Бердиев,
Мірəлі Бақтыгереев, Ихсан Тоқбердиев, Халел Досмұхамедов, Нұрəлі Ипмағамбетов, Мұхамедəлі Мұқанов, Ғабдолкəрім Рахымбердиев, Ізбасаров Үмітəлі Дүйсембин». Осы орайда, мақала мəтінін жариялаған жинақтың «Ескертпелер» бөлімінде құрастырушылар келтірген мына мəліметтер де қызығушылығымызды арттырды: «Конституциялық-демократиялық (кадеттер) партиясы («Народная свобода» партиясы деп те аталған) 1905 жылдың қазанында құрылып, 1917 жылға дейін Ресей империясындағы ең негізгі партиялардың бірі болған. Партияның көрнекті өкілдері П.Н.Милюков, А.И.Шингаров, В.Д.Набоков т.б. «Речь» газеті мен «Вестник партии народной свободы» журналын шығарып тұрған, – дей келіп, құрастырушылар төмендегі құнды деректерді ғылыми айналымға еңгізеді. – 1905 жылы желтоқсанда Қазақстанның либералды-демократиялық қозғалысының өкілдері Ə.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов жəне т.б. Орал қаласында өткен бес облыстың делегаттары съезінде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын құру» əрекетін жасайды. Ə.Бөкейханов 1906 жылы қаңтар айындағы Бүкілресейлік съезде кадет партиясының ОК-нің мүшелігіне сайланған. Конституциялық-демократиялық шеңберде қазақ ұлтына автономия алуды үміт артқан Ə.Бөкейханов кадет партиясы мен қазақ интеллигенция өкілдерінің саяси-идеялық алшақтығын түсінгеннен кейін 1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін партия қатарынан шыққан» [Сонда, 494-б.]. Алаш арысы Ə.Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласына жүгінетін болсақ, оның кадет партиясы мүшелігінен бас тартуына түрткі болған үш себептің бірі жер мəселесі екендігіне көз жеткіземіз: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, бір аз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді» [Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998, 268 б.], - деген жолдар – соған нақты дəлел. Мақаланы оқи отырып, кадет партиясы жер туралы мұндай шешімге кейіннен келгенін, ал басында басқаша болғанын бағамдау қиын емес. Алаш көсемінің: «... жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі жалпықазақ съезінде айтқан едім», – деп жазуы соны мегзейді. Олай десек, Алаш арысының кадет партиясына мүше болуының жəне «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құруға талаптануының басты себебінің бірі қазақ жерін қайткенде де отарлық озбырлықтан қорғап қалу мақсатынан туындағаны талас туғызбауы тиіс. Жоғарыда тілге тиек еткен татардың «Əл-ғаср-уа-жəдид» басылымында жарық көрген «Орал қаласында» атты мақалада жария етілген «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы» бағдарламасы сөзіміздің жаны бар екенін айғақтай түседі. Аталған бағдарламаның
«Жер» деп аталатын алтыншы бөлімінде төмендегідей талаптар алға тартылады: «Қазақ халқының жері мен суы мəңгілік өздерінікі жəне оған ешкімнің ортақтығы жоқ делініп негізгі заңға жазылсын. Қазақтардың жері қазына жері жəне ол жерге орыс мұжықтары орналассын деген заңдар бұзылып, жоқ қылынсын. Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз орыстар мəңгілік ала алмайтындай болсын. Орыс мұжықтарының жері өздерінің отырған жерлерінде кеңейтілсін» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. –58-59 бб.]. Алаш публицистерінің жер мəселесіне байланысты көпшілік талқысына салып, пікірталас барысында іріктеліп, сұрыпталған ой-тұжырымдары осы талаптармен түйінделеді десек, қателіке жол бермейміз. Рас, қазақтың ұлан-байтақ даласын сақтап қалу жолын іздегенде Алаш публицистерінің арасында пікір қиғаштығына ұрынған кездері де жоқ емес. Дəл осы мəселеде Алаштың көзінің ағы мен қарасындай болған қос басылым – «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасында пікірталас көрігі қызғанын жасыруға болмайды. Екеуі екі жолды нұсқап, насихат еткеніне «Айқап» пен «Қазақ» материалдары жинағына енген жарияланымдар арқылы көз жеткізу қиын емес. Оны «Ұлттық сана ұйтқысы» атты монографиямыздың «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?» бөлімінде егжей-тегжейлі талдап, мейлінше толық ашып, тиісті бағасын бергендіктен, бұл жерде зерттелінген жайтқа қайта соғуды артық санап, аталған еңбегімізге сілтеме жасаумен шектелеміз [Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 114-137 бб.]. Бұл ретте мына мəселеге айрықша мəн берген дұрыс. Кеңес дəуірінде кейбір зерттеушілер «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталасты олардың таптық мүддені көздеген ұстанымдарының салдары деп қарастырғанын естен шығаруға болмайды. «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналының маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырықшы болуды қуаттады. «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі – қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікір, мүддесі еді де, екіншісі, қазақтың ірі байларының пікір, мүддесі еді» [Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы: Қазмембас, 1950, 20 б.], - деген ғылыми тұжырым – соның нақты дəлелі. Осы орайда, шындықтың ауылы алыс мұндай жаңсақ көзқарас қайдан туғанының төркінін дөп басып танып алмай, кеңес кезіндегі зерттеушілерді беталды қаралаудан аулақ болған абзал деген ойымызды ортаға салғанды жөн көреміз. Біздіңше, жоғарыда келтірген ғылыми тұжырымды айтқанда зерттеуші мынадай мақсат көздеген болуы тиіс. Елуінші жылдардың басында кеңестік тоталитарлық қоғамды билеп-
төстеген үстемшіл орталықтың өктем саясаты жер үрлеген өрттей өршіп тұрған уақытта «алашордашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, қуғын-сүргін жалынында қақталған «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете түсінген ғалым еріксіз басқаша амал-əрекетке барған. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай болған Алаштың бір газет, бір журналының алғашқысын қорғап қалу мүмкін еместігіне көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, екіншісін аман сақтау жолын іздеген. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін екі басылым арасындағы пікірталасқа жүгінген, ол ойы жемісін де бермей қалмаған. Нəтижесінде, «Айқап» журналы «ақталып», кеңес дəуірі кезінде қазақ баспасөзі тарихынан сылынып алынып тасталынбай, ғылыми айналымда болғанына кəрі тарих куə. «Айқап» журналы Алаш арыстары есімдерін атауға қатаң тыйым салынған кездің өзінде азды-көпті зерттеліп, тіпті ғылыми диссертациялық жұмыс объектісі болғаны – соның нақты дəлелі. Ендеше, осының өзі кезінде ғалымның үлкен жеңісі, қазақ журналистикасы ғылымының айтулы жетістігі болған деп жоғары бағалауға əбден лайық. Алаш азаматтары ақталғанға дейін ол журнал Алаш рухын кейінгі буын ұрпаққа жалғастырып келген бірден-бір алтын көпір болса, дау жоқ, ол – зерттеуші Б.Кенжебаев еңбегінің жемісі. Сол үшін де қаламгерге халқының алғыстан басқа айтары болмасқа тиіс. Алаш азаматтары түгел ақталып, олардың қаймана қазақ қамын жеп жазған асыл мұралары шаң қапқан мұрағат қоймаларынан қотарылып алынып, жинақ болып жарық көріп, ұрпақ көз қуанышы, жан қуатына айнала бастаған бүгінгі нұрлы заманда тарихи шындық салтанат құруы керек. Ол «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы жер мəселесі туралы пікірталасқа да қатысты. Екі басылым жарияланымдары мен мұрағат материалдарына жүгінетін болсақ, бұл екеуінің төңірегіндегілердің жер туралы көзқарастарында ешқандай таптық ұстанымдарының табы байқалмайды. Басқаша айтқанда, «Айқап» қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының, ал «Қазақ» ірі байлардың мүддесін көздемегені айдан анық. Екеуінің де «бас жазушыларының» ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің талан-таражынан қорғап қалу қамы болатын. Бірақ, оған қол жеткізу үшін екі жолды таңдапты. «Айқап» журналы қалам қайраткерлері (М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев т.б.) патшалық Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясаты мен толассыз қоныс аударушылар легінің екпінінен қорқып, қазақ жерін сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы келімсектер сияқты 15 десятина жер кестіріп алып, отырықшылық тұрмысқа көшу деп санап, соны уағыздап, бұл істе өздері де үлгі көрсетті. Ал «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан Алаш азаматтары бұл мəселеге басқаша қарады. Олар отырықшы болуға бір жола қарсы шығып, таптық мақсат көздеген жоқ. Орталық əкімшіліктің айлакерлікпен ойлап тауып, əдіскерлікпен қазақ даласына енгізген отырықшы норманың
отаршыл мазмұнын ашып көрсетіп, аңқау елді арбап-алдап, қақпанға түсіруді көздеген құйтұрқы саясатты əшкерлеуге күш салды. «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталаста антогонистік қайшылық жоқ екенін архивтен алынған мына материал да айғақтайды. «Айқап» журналының жер мəселесі туралы ұстанымын қалыптастыруда ерекше ықпал еткен ірі қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың 1910 жылдың 30-қыркүйегінде Алаш ардақтысы Əлихан Бөкейхановқа жазған хатының көшірмесі табылды. Ол Жетісу облысы басқармасының аудармашысы Барлыбек Сыртановтан 1910 жылы тінту кезінде тартып алынғын құжаттар арасында сақталған. Орыс тілінде жазылған хат: «Сүйікті Əлихан! Орал қаласында сенімен жолыға алмай қалғаныма қатты өкінемін. Сөйтсем, сен мұнда екі рет болыпсың, екеуінде де мен қырға шығып кетіппін. Өте өкінішті» (Аударған – С.Қ.) [ЦГУ РУ. Ф.И. – 461.Оп.1. Д.1026. Л. 27-30.], - деп басталады. Бұған қарап, екі қайраткер арасында ешқандай басараздық жоқ, керісінше ыстық достық ықылас бар екенін байқау қиын емес. Жер мəселесі туралы кеңес сұраған хатында Б.Қаратаев жеке басының шаруасын емес, қалың елі қазағының басындағы ауыр жағдайды деректерге жүгіне отырып жария етеді: «Қоныстандырушы мекеме Орал уезіне қарасты жеті болыстан қоныс аударушылар үшін 47 жер телімін алып үлгерді. Ол алынған жерлер – ең жақсы қоныстар, олардың ішінде тұрғын үйлері бар қыстаулар да бұзылып алынуда. Кей қыстаулар бұйрықпен бұзылып жатса, кейбіреулері төңірегіндегі егін егетін, шөп шабатын жерлерді қоныс аударушыларға беріп қойғандықтан қолайсыз күйге ұшырап, қирау үстінде. Орал жəне Темір уездері қазақтары қоныстандырушы мекеменің барлық талаптарына, барлық зұлымдықтарына бас шұлғып көніп отыр. Шағымданатын жан жоқ, шағымданған күннің өзінде ол қанағаттандырылмайды. Ол аз болса, қазақтың «бас адамдары» орыс үкіметі өкілдерінің ұйғарымымен салтанатты түрде сатылатын басқарма, ауыл басшысы, халық биі секілді қызметтер үшін ешқашан бітпейтін сайлаулардан қолдары босамайды. «Бас адамдардың» жаны ашымай басқаруының салдарынан сайлау қазақ халқының санасын, жанын, өмірін жаулап алғаны соншалық, ұлттың сақталуы, дін, жер мəселелері ойларына кіріп-шығар емес. Есесіне, қоныстанушыларға жерлеріміз бірінен кейін бірі кетуде, «бас адамдарымыз» жерлерімізді тонаушыларды көзсіз мақтап-мадақтап, жерді қорғап қалам деушілерге кінə тағып, басшылыққа қарсы шығушыларды ақымаққа санап, айыптаудан жаңылар емес» - деген жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының басындағы ауыр жағдайды жаны шырқырай шынайы жеткізген Қаратаев – публицистің хатын эпистолярлық жанрда жазылған құнды публицистикалық мұра деп қарастырған лазым. «Көсем сөз əлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мəні зор болады. Басшылығы дұрыс
болса, əлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, əлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, əлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек» [Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 224 б.], - десек, тілге тиек етіп отырған хат осы талаптарға толық жауап береді. Қаратаев – публицист өзінің көзі жетпеген мəселенің мəн-жайын терең түсініп білу үшін қазақ жеріне қоныс аударушыларды орналастыруды тоқтату жолында күрес көрігін қыздырған Алаш қайраткері Ə.Бөкейхановтан кеңес сұрауы «əлеуметке дұрыс басшылық ету» мақсатынан туғандығы айтпаса да түсінікті. Хаттағы: «Жан сырымды тек саған ғана жайып салып отырмын. Өйткені, меніңше, тек сен ғана халыққа жетекшілік етуге лайықтысың. Сен ғана халық үшін адал еңбек еттім деп айтуға құқылысың», - деген жолдар сол жайынан сыр шертеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының көкейкесті мəселесін талқыға салған хатында Қаратаев – публицист Шідерті болысының басқарушысы Андижан Жұбаналиевпен бірге жер ісі жəне жерге орналастыру Бас басқармасына Шідерті болысы қазақтарына жеке меншіктері етіп жер кесіп беріп, отырықшылыққа көшкендерін тіркеу туралы өтініш жолдағандарын жеткізеді. Столыпин үкіметінің аграрлық саясатын қолдамайтынын, алайда Шідерті болысының 15 мың десятина жерін қоныс аударушылардан сақтап қалу үшін амалсыз сондай қадам жасауға мəжбүр болғандығын тілге тиек етеді. Оның үстіне, отырықшылық тұрмыс қазақ халқының күйреуге соқтырған көшпенді өмірін өзгертіп, мəдени соқпаққа сала ма деген үміті де жоқ емес екендігін білдіреді. «Татарлар жаңа өмір аясында ояну үстінде. Олардың ізін ала қазақтар да отырықшылыққа көшіп, жеке меншікке жер кесіп алуға міндеттелу нəтижесінде оянуы керек. Міне, менің пікірім осындай. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Маған хат арқылы жауап бер. Мен сенің пікіріңді қадірлеймін жəне Шідерті ісінде маған басшылық етуіңді сұраймын. Бұл жер кесіп алып, ата қонысты сақтау жөнінен барлық қазаққа үлгі болар еді. Маған хат арқылы өзіңнің кеңестеріңмен көмекке кел», - деген жолдар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне сəйкесінше идеялық жетекшілік еткен қос қайраткер арасында бас араздық, немесе тап тартысы болмағанына айқын көзімізді жеткізеді. Өкінішке қарай, біздіңше, бұл хат Əлихан Бөкейхановтың қолына тимеген болуы керек. Оған қайтарылған жауапты жəне «Айқап» пен «Қазақ» басылымдары материалдары ішінен ол туралы бірде-бір мəлімет таба алмаған себепті сондай түйін жасаймыз. Бұдан егер дер кезінде Əлихан Бөкейханов тарапынан жауап берілген болса, онда екі басылым арасында жер туралы пікірталас тумас та еді-ау деген қорытынды келіп шығады. Алаш көсемдерінің «Қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» туралы, басқаша айтқанда, ата-бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен қорғап, көздің қарашығындай сақтап келген ұлан-байтақ даланы отар-
шылдық езгісінен азат қылу мақсатында қаламды қару орнына жұмсап, ұрпаққа аманат етіп қалдырған бай публицистикалық мұраларының ешқандай нəтижесі болған жоқ, еңбектері еш кетті десеңіз, қатты қателікке ұрынасыз. Алаш публицистерінің жер туралы жеріне жеткізе, егіле жазған еңбектері қоғамдық пікір туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етудің жарқын үлгісін көрсетті. Пікір тайқазанында əбден пісілген ой-сана қазан төңкеріс қарсаңында қазақ қоғамының жер туралы көзқарасын бір арнаға тоғыстыруы – соның айқын дəлелі. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласының əр облысында ұйымдастырылған құрылтайларда қаралған жер мəселесі туралы пікірлердің бір жерден шығуы соның жемісі болатын. Осы ғылыми тұжырымымыздың тарихи шынайылығына көз жеткізу үшін біріненбірі шалғай жатқан екі облыстың, атап айтқанда, Торғай жəне Жетісу облыстары қазақтарының құрылтайына салыстырмалы талдау жасасақ та жеткілікті. Орынбор қаласында 1917 жылдың 2-8 сəуір аралығында ұйымдастырылған Торғай облысы қазақтары құрылтайының «6. Аграрлық мəселелер» туралы шешімі: «І. Мемлекет керегіне қазақтан жер алынатын болса, əуелі қазақтың өзіне жеткілікті жер беріліп, артығы алынсын. ІІ. Учредительное собранияда жер мəселесі шешілгенше бұл күнге шейін мұжық орнамаған учаскелер, мұжық жамансынып тастап кеткен жерлер, отрубной, оборочный статиялар, мал бағуға деп һəм монастырский участке деп алған жерлердің бəрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз ұзын срокпен арендаға берілген мал бағатын учаскелер де иелеріне қайтарылсын. Қымыз ішуге ашылған ауруханаларға алынған жерлер иелеріне қайтарылсын. Жаңадан алуға жоба жасалған жерлерге енді мұжық жазу тоқтатылсын. ІІІ. Жер алу Дала уалаяттарында һəм Түркістанда тоқтатылсын. Алуға жоба жасалған жерлердегі қазақтардың қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі саналған орман ішінде кеткен қазақтың егіндік, пішендік һəм жайылымына жаңадан бөлік бөліп, бұрын жасалған шекара түзетіліп, қазақтан орынсыз алынған егіндік-пішендігі қайтсын. Бұл ағаштардың арасындағы шөбін қазақ тегін шапсын һəм қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі қорыған ағашы өзіне қалсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға ағаш берілсін» [«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов, Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 377 б.], - деген талаптарды алға тартады. Осы ұйғарым Верный қаласында 1917 жылдың 12-23 сəуір аралығында өткен Жетісу облыстық қазақ съезінің «11. Облыстағы жер мəселесі» туралы шешімінде былай көрініс табады: «1. Облыс сырттан қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын.
2. Бұдан кейін шаруаларға, казактарға жəне басқа қоныстанушыларға жер бөліп беру тоқтатылсын. 3. Мемлекеттік мүлік басқармасы тарапынан əлі де болса қоныстандырылмаған қосалқы, алым төленетін жəне т.б. жерлер қырғыздарға қайтарылсын» [ҚР ОМА 9-қ. 1-т. 51-іс. 1-8 п.]. Көріп отырсыздар, екі облыс қазақтары құрылтайының жер мəселесі туралы қарарлары біріне-бірі толық сəйкес келеді. Бұл – басқа облыс құрылтайларына да қатысты ортақ құбылыс. Осылайша облыстық қазақ құрылтайларының барлығында талқыланып, жер мəселесі туралы арнайы қабылданған қарарлар Орынбор қаласында 1917 жылдың 2126 шілдесінде өткен жалпы қазақ съезінде халық өкілдерінің ортақ бір шешімге келуге негіз болғаны еш талас туғызбайды. Оған съездің «ІІІ. Жер мəселесі» туралы 14 пунктен тұратын қаулысымен танысу арқылы көз жеткізу қиын емес: «1. Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. 2. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынадай участкалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, моностырьский, переселен орнықпағандар, отрубтар, оброчный статьялар, жай адамдарға «показательный поля» деп берілген, бірақ расында жоқ нəрселер һəм горнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін яки сəл азайғаннан кейін босаған жерлер. 3. Бос участкелерге жазылу тез тоқтатылсын. 4. Переселен орныққан участкелерде олқы бос тұрған сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын. 5. Қазақтан алған қыстаулар егер қожалары əлі көшпеген болса, қазақтың өзіне қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан бөліс қылып өзге участкелерден жер əперілсін. 6. Айрықша қазына мүлкіне деген тоғайлықтардағы қазақ шабындығы өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының беткейіне жайылуға рұқсат болсын. 7. Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін. 8. Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. 9. Жер мəселесі туралы басқа саяси-партиялармен келісу еркі Учредительное собранияда қазақ депутаттарына берілсін. 10. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу һəм мал бағу, егін салу үшін лайықталған Щербина нормасы алынсын, əр жердің ретіне қарай. 11. Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын. 12. Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті су да берілсін. 13. Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып)
яғни земельная община болсын (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, əркімнің жер еншісі бөлек болсын деді). 14. Земельная община яғни ортақ жердің ауданын шамалау жергілікті жер мекемелері (Земельно-строительное учреждение) еркінде болсын» [«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов, Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 405-406 бб.], - деген талаптары облыстық қазақ құрылтайларының жер мəселесі туралы қарарларын негізге алып даярланғаны бірден байқалады. Ең бастысы, алғашқы жалпы қазақ құрылтайына қатысқан «Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының һəм Бөкейліктердің өкілдері» жер туралы мəселеде алауыздық танытпай, бір ауыздан ортақ шешімге келуі Алаш публицистерінің ұзақ уақыт мəселенің мəнісін егжей-тегжейлі терең түсіндіріп, қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал ету бағытындағы жанкешті еңбектерінің нақты жемісі деп бағалаған лазым. Жер мəселесі туралы қазақ зиялыларының шешімі бір жерден шыққанына 1917 жылдың 2-5 тамызда аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан аймағы қазақтарының жалпы жиналысы қаулысы да айқын дəлел бола алады. Қаулының «3. Жер-су, переселен орыстар туралы» бөлімі 18 талаптан тұрса, оның 14-і жоғарыда тілге тиек етілген жалпықазақ құрылтайының «Жер мəселесі туралы» талаптарымен толық сəйкес келіп, тіпті сөзбе-сөз қайталанады. [Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысы мен қабылдаған қаулылары. // «Бірлік туы» газеті, 1917 жыл, №6.] Ал қосымша төрт тармағы Түркістан аймағының мынадай ерекшеліктерінен туындайды: «15. Ақмешіт һəм Қазалы уезінің пайдасын ойлағанда, Сырдарияның бас жағынан арық шығару тоқтауы тиіс. 16. Перовск, Қазалы уездеріндегі қазақтардың халін əзде тұтып, қазынаның қаражатымен əдейі осы үшін барған инженерлердің жобасымен қазақтарға су шығарылып берілсін. Суды жинап пайдаланатын үлкен көл-тоғандар соғу керек. 17. Ферғана қырғыздарының жер мəселесі өздерінің бірінші облыс жиналысындағы қаулыларына лайық шешілсін. 18. Шу дариясының орташығындағы переселен мұжықтар пайдасына Шудың бар суы ашылып қойып, төмендегі Сырдария мен Ақмола облыстарының қазақтары құралақан қалып тарығуда. Бұл қазақтарға керекті су тоқтаусыз төменге ағызып жіберілсін». Алаш публицистерінің қазақ жерін көздің қарашығындай сақтау туралы құнды ой-пікірлері «Алаш» партиясы бағдарламасына да негіз болған. «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш партиясы бағдарламасының жобасы» соған анық көзімізді жеткізеді. Мұнда да жоғарыда сөз болған жалпықазақ құрылтайының «Жер мəселесі туралы» шешімдері жолма-жол қайталанады. Сондықтан бағдарлама жобасының «Х. Жер
мəселесі» бөлімін толық баяндамай, «Жоба жасаушылар: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов» [Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 441 б.] секілді Алаш қайраткерлері маңыз берген мына мəселеге айрықша тоқталғанды жөн көреміз: «Жер законында жер сату деген болмау, əркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу», - деген талап – тарихи маңызымен қоса өміршеңдік мəнімен құнды. Мəселе мəнісін терең түсіну үшін, алдымен, Алаш қайраткерлері мұндай талапты неге алға тартып отырғандығының сырына үңілген дұрыс. Оған жауапты «Қазақ» газетінде «Бортаң» деген бүркеншік атпен жарияланған «Жер жалдау» деген мақаладан табамыз. Біздіңше, «Бортаң» - Алаш қайраткері Хайреддин Болғанбаевтың бүркеншік аты. Көрнекті көсемсөз шебері қаламынан туған мақала маңызын газет басшылығының мына аңдатпасы (анықтамасы) айқындайды: «Қала болушылар ер басына 15 десятинаны бұрынғыдан еркін, пайдалы деп алған жоқ, аз да болса, ата мекенін қимағандықтан алған секілді еді. ...Енді бүгін көріп отырмыз өрісі тарылғандар бір күндік ақшаға қызығып, жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа 15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жалдап жатыр деуіне дəлел үшін бе, жоқ, құдай береке беріп, жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі. Бұл келіспеген істен өзге қала болғандар да сақтансын деп басқармаға келген мына бір хатты басамыз» [«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов, Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 112 б.]. Хат авторы Х.Болғанбаев Ақтөбе уезі Бөрте болысының 3 аулында өзі куə болған келеңсіз жайды əшкерелеп, жалқау қазақтың аңқау мінезін өткір сынап-мінейді: «Былтыр осы ауылдың атқамінер отағасылары мен бірсыпыра ілкім жастары мешіт салуға жаратамыз деп 300 десятина жерді бір орысқа арендаға берген еді. Бірақ онан бері бір жыл заман өтті не ақша, не мешіттің қайда екенін білген кісі жоқ. Енді биыл тағы да мешітті сылтау қылып, жұрттың ризалығынсыз 25 десятина жерді арендаға беріп отыр, - деп нақты дерекке жүгініп, маңызды қоғамдық ойды ортаға салады. – Бұған риза болмаған бірсыпыра адамдар бастапқы кезде олай қыламыз, бұлай қыламыз деп жүр еді, бір күні əлгі атқамінерлер бір мал сойып, етке тойғызған екен, қарқындары сонымен басылыпты. Сорлы қазақ бір күн етке тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой». Əрине, алыстан ойлап тірлік етпей, бір күндік пайдаға мəз болған қазақтың бұл кер мінезі опық жегізбей қалмайды. Болғанбаев – публицист мақаласында оны дөп басып, ашып көрсетеді: «Бүгін мешіт салам деп ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын асырау үшін елдің еркегі маңайындағы қара шекпеннің малын бағып, көшесін
сыпыруға кеткенде ол мешітке кім кіріп құлшылық қылмақшы. Мына сатқан жердің бір шеті ауылдың іргесіне тиіп тұр. Жұрттың осы күні аз да болса, қара-құрасы бар. Бүгінге шейін сол аз малдарын осы сатқан жерлеріне жайып отыратын еді, енді мұнан соң қозы-лағына шейін арқандап отырып бақпаса, қалай бағады? Күн сайын орыстың егініне малын түсіріп потрав (айып - С.Қ.) төлеп отырғанын көрерміз əлі. Міне, осы күнгі алған ақшаның қызығын сонда көрер жұрт», - деген жолдар оқырманға ой салғаны анық. Жерді кірмелерге жалға берудің болмай қоймайтын зардаптарын жалпақ елге жария ете отырып, оны тоқтатуға күш салған Алаш публицистері еңбектерінің тарихи маңызы орасан зор. Сонымен бірге өміршеңдік мəнін де жоғары бағалауға тиістіміз. Тəуелсіз еліміздің жиырма жылдық тарихында жерге байланысты мəселелер туындамай қалған жоқ. Жерді жекеменшікке сату туралы заңның үлкен пікірталас туғызып барып қабылданғанын білеміз. Оның дұрыс я бұрыс болғанының бағасын келер ұрпақ берері хақ. Кейінгі кезде жерді қытайлықтарға жалға беру туралы даулы мəселе БАҚ-тан көрініс тауып жүр. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген қазақ мақалына жүгінсек, оның бекер əңгіме емес екенін бағамдауға болады. Осы тұста Алаш көсемдерінің ХХ ғасыр басында – қазақ тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрған қилы кезеңде қаламдарын қару етіп, ұланбайтақ даланы жаппай қоныс аударушылардан қорғап, сақтап қалуға мұрындық болған публицистикалық мұраларын қазір де ел игілігіне жаратар болсақ, көп ұтысқа шығар едік деген ой туады. Ол үшін Алаш публицистерінің жер мəселесі туралы жазғандарын жиып-теріп, құрастырып, жинақ етіп басып шығарып, жерге жауап беретін мемлекеттік қызметкерлер қолына ұстатып, міндетті түрде басшылыққа алуын талап ету, жалпы халықтың етене танысуына мүмкіндік туғызу ауадай қажет. Тарихтан сабақ алып, қателікке бой алдырмай, болашаққа тұра жол табу өркениетті елдің төл ұстанымы болуға тиіс. «Өткен жылдар шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тəжірибенің жақсысын үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», - дейді бұл турасында Тəуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаев «Жанымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын» атты тарихи еңбегінде [«Егемен Қазақстан», 1998 ж. 16 қаңтар]. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми техникалық Кеңесі бекіткен «Елдің интеллектік əлеуеті» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Алаш көсемсөзі – ел интеллектісін көтерудің қайнар көзі» атты ғылыми жоба аясында даярланған Алаш көсемсөзі тақырыптық көптомдығының бұл – бірінші томы. Мұнда «Түркістан уалаятының газетінен» бастап «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының жер
мəселесіне қатысты құнды материалдары топтастырылған. Жинақта осы күнге дейін əртүрлі себептермен ғылыми айналымда болмаған тың дүниелер түпнұсқадан, яғни мұрағаттарда сақталған газет-журнал тігінділерінен тауып алынып, қазіргі жазуымызда тұңғыш жарияланып отыр. Мұнымен қоса осыған дейін жарық көрген көптеген материалдар түпнұсқамен салыстырыла түзетілді жəне оларға ғылыми түсініктеме берілуі, дау жоқ, жинақтың құндылығын арттырады деп білеміз. Алаш көсемсөзінің тақырыптық көптомдығын даярлаудағы мақсат айқын. Еліміз Тəуелсіздігін баянды етудің бір тетігі болып табылатын ұлттық мəселелердің оң шешім табуына Алаш көсемдері мен шешендері ой-толғамдарының, келелі кеңестері мен сындарлы пікірлерінің тигізер пайдасы орасан зор. Əр сала ғалымдары өз бағыттары бойынша жинақтан қажетті материалдар табарына, сөйтіп зерттеулеріне өзек етіп аларына еш шүбəміз жоқ. Ал мамандар мен көзі қарақты оқырман қажеттілігін өтейтін құнды жарияланымдар ел игілігіне жаратылып жатса, онда мақсатымыздың орындалғаны болар еді. Алда «Алаш көсемсөзі: тіл мəселесі», «Алаш көсемсөзі: дін мəселесі», «Алаш көсемсөзі: оқу-ағарту, ғылым мəселелері», «Алаш көсемсөзі: мəдениет жəне өнер мəселелері» жинақтарын шығару жоспарымызда бар. Сол мақсатымыздың орындалған күнін қалың оқырманмен бірге қауышуға жазсын. Қайрат Өмірбайұлы Сақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры
«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ» (1870–1882) «Түркістан уалаятының газеті» – қазақ журналистикасы тарихында көш бастаушы басылым. Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте шығып тұрды. Алғашында айына төрт рет – екі нөмірі өзбекше жəне екі нөмірі қазақ тілінде жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы – орыс жəне шығыс халықтарының бірнеше тілдерінде еркін сөйлеген, башқұрт ұлтының азаматы Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов болды. Омбы кадет корпусында білім алған Ш.Ибрагимов Шоқан Уалихановпен жақсы таныс болған деген деректер де бар. Қазақ халқының ауыз əдебиет үлгілеріне қызығушылық танытып, оларды жинақтаумен де айналысқан ол басылымның биресми бөлімінде бірқатар зерттеу мақалаларын жариялаған. Ш.Ибрагимовтан кейін «Түркістан уалаяты газетіне» Хасан Жанышев редактор болып бекітіледі. Түркістан генерал-губернаторы Константин Кауфманның тікелей басшылығымен дүниеге келген «Түркістан уалаяты газетінің» негізгі мақсаты – патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, жергілікті басқару органдарының шешімдері мен үкімдерін қарапайым халыққа өз ана тілінде жеткізу еді. Бұл əрине патшалық Ресейдің отаршыл саясатын күшейту мақсатында іске асырылғаны сөзсіз. Дей тұрғанмен, Ресей қарамағындағы бүкіл түркі халықтары арасында ана тілінде шыққан алғашқы баспасөз болып саналатын «Түркістан уалаятының газетін» қазақ халқының мəдениеті мен əдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан басылым деп жоғары бағалауға болады. Газеттің ресми емес бөлімінде қазақтың ауыз əдебиеті үлгілері, ғылыми жаңалықтар, шаруашылық жайы, мəдени хабарлар жəне əдеби туындылар басылды. Сондай-ақ, білім-ғылым мен өнердің пайдасы, оқуағарту ісі, орыс тілін үйренудің септігі жайындағы материалдарды да көптеп кездестіреміз. «Түркістан уалаяты газетінің» бейресми бөлімінде – жазба публицистика мен халықтың ауыз əдебиетін зерттеп-зерделеу ісі қалыптаса бастады, бұл процесс – елдің қоғамдықəлеуметтік көзқарасы мен əдеби-мəдени ой-пікірінің дамуына елеулі оң ықпалын тигізді.
* * * Алматы оязына қараған қазақтардың болыснайлары, билері жəне ауылнай, старшиндері өткен октябрь айының 14 күні 1873 жылда Алматының оязнай мекемесіне мəслихатнаме қағаз жазып беріпті. Бұл мəслихатнамеге жазған сөздері осы. Жазғы жайлау, қысқы қыстау жəне егін егетұғын жерді бəріміз бірдей ортақ болып пайдалансақ екен депті. Жəне осы күнгі арамыздағы жер тақырыпты болған дау-жанжал салауат болып бітіп қалсын. Енді мұнан кейін біздің арамызда ешбір жер дауы болмаса екен десіпті. Əрбір болыснай менен ауылнай, старшиндердің қол астындағы жерде егер кім, ұрылар бола қалса, ол ұрыларды жылдам қарап, іздеп тауып, ұстап алып, тиісті орынға тапсырмақшы боламыз депті. Егерім бір болыснай жə ауылнай старшиндердің қол астындағы жерде ұрлық тыйылмай, ұрылар бола берсе, ұрылар үшін болыснайлар, билер жəне ауылнай, старшиндердің өздері жауап бермекші болыпты. Бұл болыснай, управительдерге, билерге жəне ауылнай, старшиндарға бүтіл жұрт пайдасын ойлап, тыныштық үшін жақсы мəслихат қылғаны үшін шын көңілімменен тəңірі жарылқасын деп айтамын. Құрастырушыдан: Алаш басылымдарында басылған хабар-ошар, мақалалардың біразы авторсыз жарық көрген. Оның əртүрлі себебі бар. Біздіңше, олардың дені – басылым басқармасы даярлаған материалдар. Сонымен бірге цензураның қатаң талабына, қаламақы жүйесінің қалыптаспауына жəне алыс ауылдардан жазған авторлардың атыжөнін ұмыт қалдыруына т.б. байланысты да болуы керек. Осыны ескеріп, жинақты құрастыру барысында жарияланымдар газет-журналдарда авторсыз басылса, солай беруді жөн көрдік. * * * Ларионов деген майор шені бар бір төренің Жетісу жақтағы биік таулардың бетіндегі тегіс қырларына егін өсер-өспесін білгелі, сынап көргенін айтайық. Жетісу облысына қараған жерлердегі қалаларда кісілер көбейіп бара жатқаннан, таулардың етегіндегі жерлері егін егуге жететін болмады. Кейбір жерлерде кісілер төмен етекке жақын қырларға, сумен суармастан, жаңбыр суына егінді көп егіп, егіні жақсы болып жүр екен. Осыған қарағанда, таулардың биік жерлеріндегі қырларына, жаңбыр суына егін ексе болатындай көрініпті. Мұнан бұрын қазақтар таулардың биік жерлеріндегі қыры мен даласына егін бітпейді деп, бітсе де егін пісіп жетілмейді деп қорқып, егін екпей жүреді екен. Былтыр, 1881ші жылы, Жетісу облысының уаеннай губернаторы қазақтардың егін өспейді деп жүрген жерлеріне егін егіп, сынап көргелі Ларионов деген төреге бұйрық қылды. Осы төре Алатаудың теріскей бетіндегі Алматы қаласына жақын қырларға жəне Софийский, Лубоинский, Надеженский, Заисуский, Казанский, Бугурудский деген қалаларға жақын қырларға əр түрлі егін егіп, сынап көріп еді. Жəне əлгі төре Алатаудың теріскей беті
мен күнгей бетіндегі егін бітетін жерлердің бəрін де барып көріп, қағазға план қылып түсіріп еді. Жəне осы қырлардың Алматы қаласынан қанша биік келетінін бараметр 544 деген аспаппен өлшеп алған еді. Ұзынағаш деген өзен-судың күнбатыс жағындағы қырмен Шелек деген өзеннің күншығыс жағындағы Алатаудың қыры мен даласы он мың куадратнай шақырым болыпты. Осы жерлердің ішінде сумен суармай, жаңбырға егуге жарайтын жерлер бес жүз он куадратнай шақырым келіпті. Онан өзгесі егін егуге жарайтын емес дейді. Осы айтылған жерлердің ішінде Үшқоңыр, Төре жайлау, Асының даласы деген үш бөлек жерде сынап көргелі екен. Егіп көрілген егін онан басқа қалған жерлердің топырағының қаралығы, қырларының биіктігі, өсетін шөбі, оны осы үш жермен бірдей болған үшін, оларды сынап көрудің керектігі жоқ. Сынамаса да болады дейді. Үшқоңырдың даласы Лубоинский деген орыс қаласынан 31 шақырым жерде, Казанский, Богродский деген қаладан 32 шақырым жерде тұрады. Биіктігі 5500 футтан 6500 фут келеді (Фут дегені бір саржынның жеті бөлгеннің бір бөлегі). Үшқоңырдың егін егуге жарайтын жері 50 куадратнай шақырым келеді. Жəне оған жақын жерде, онымен бірдей, Шұбар ат деген жер бар. Оның егуге жарай тын жері 50 шақырым. Кіші саз деген жер бар. Оның егін егуге жарайтын жері 15 шақырым. Үлкен сазда 20 шақырым. Шөл адырда 10 шақырым, Дулүн бұлақта 15 шақырым. Төре жайлаудың даласы Михайловский деген қаладан 20 шақырым, Малабоднай қаласынан 25 шақырым, биіктігі 5000-нан 6500 фут келеді. Егін егуге жарайтын жері 40 шақырым Алматы қаласына, Софийский қаласына жəне Надежинский деген үш қалаға жақын жерлердегі қырлардың биіктігі де осы Төре жайлаудың жеріндей, егін егетін жерлері 200 шақырым болады. Асының даласы Михайлов ский деген қаладан 60 шақырым, Зайсуфскийден 40 шақырым. Оның биіктігі 7000 футтан 8600 фут келеді. Егін егетін жері 90 шақырым. Онымен бірдей Қараш деген жер бар. Егін егетін жері 5 шақырым. Тескенсуда 10 шақырым. Қырғабірақта 50 шақырым, Ойжайлау деген жерде 20 шақырым, Дала ашық пен Табан деген жерде он шақырым. * * * Жетісу жақтағы қазақтардың жері бес мың-алты мың фут биік болатын. Қырларда суарып, егілген егіннің дəмін тұқым қылып, жаңбыр суына ексе, егіні болмайды деп айтады екен. Сөйтсе де Ларионов төре қазақтардың өз іштерінен сайлап берген қадірлі, жақсы кісілерінің көз алдында судан арылып егілген егіннің тұқымын сатып алып егіпті. Жəне осы жақсы кісілер жерлерді тістірмемен жыртып, айдағанда да өскен егінді орақпен ұрып бастырып, жанышқанда да үстінде көріп тұрыпты. Үшқоңырда, Төре жайлауда, Асыда егілген егіндердің бəрінде Ларионов төре орыс тістірмесімен жырттырып, еккізіпті. Жəне егін егілген
жердің бəрі 2500 куадратнай саржын болыпты. Бидай 1000 саржын жерге, үш пұт арпа 600 саржын жерге, үш пұт сұлы 500 саржын жерге, үш пұт Көк найза жерлерінен 300 саржын жерге бір пұт тары мен гречиха деген дəнді 100 саржын жерге екі қадақтан егіпті. Үшқоңыр мен Төре жайлауға жиырма пұт тұқым егіліп еді. Осы екі жердегі егілген егіннен алған 148 пұт 20 қадақ болыпты. Осы айтылған егіндерді Төре жайлау мен Үшқоңырдың биіктігіндей өзге жерлерге қар кетісімен, ертерек апрель айының жарымы болғанда егілсе, астығы жақсы болатын деді. Жəне егін ерте егілгенде, күзді күні суық болмай, жауын-шашын болмас бұрын, егінді шаншып жиып, алуға да болады деді. Былтыр осы егілген егіндер соңырақ қалып, май айының бастарында, он бестерінде егілген екен. Жəне тағы өткен жыл, өзге жылдарға қарағанда суық ерте түсіп, күз болыпты. Сентябрь айының 17-ші күні қар жауып, биіктігі 6000 фут келетін қырлар түгел, 3000 фут келетін төмен жердегі қырлардың да егіндері орылмай, жиып алынбастан қар астында қалды. Асы даласының биіктігі 7000 фут келсе де, өзге жерлерге қарағанда оның жерлерінің жақсы болғаны үшін жəне үлкен кең дала болғаны үшін, оған майор Ларионов сынамақ үшін егін егіп еді, бірақ ол жердің өзі биіктік қылып, егіні Төре жайлау мен Үшқоңырдағы егіндей өспейді. Жəне Асының даласына егілген егіндер өсіп жарым фут болғанда, июннің жетінші күні мұз жауып, бəрін ұрып кетіпті. Мұздан соң өскен егіндер жəне өсіп, дəн беретін егін күз ерте болып, сентябрь айының оныншы күні қар жауып, қардың астында қалыпты. Майор Ларионовтың сынағанына қарағанда, Асының биіктігіндей жерлерде жаңбыр аз болатын жылдары ғана жəне тағы биіктігі 5500 футтан төмен жерлерде егін бітпейтін жылдары ғана егін бітсе керек деді. Ларионов төре айтады. Жаңбырға егетін жерлердің биіктігі 5500 фут тан 7000 футқа шейін болса, егіні болады. Егер жері қара топырақ болса жəне өзі күнгей жақта болса, осы айтылғандай биіктердегі жерлердің топырағы қара болмаса, сумен суарып ексе де егіні болмас деді. Ларионов төре осы егіндерді еккен мезгілде тұқымдардың əрқайсысынан жарым қадақтан алып қалған екен. Соңынан егіп өсірген астықтың дəнімен салыстырып көремін деп жəне егін өсіп бас шығарғанда ол түрлі егіннен жиырма-жиырма сабақ бастарынан алып қойыпты. Жəне тағы егін піскен соң, онан піскендерінен бір-бір бау қылып алыпты. Дəндерінен жəне жарым қадақтан алыпты. Осының бəрін 24 қалтаға, 21 қағазға орап, 11 бау қылып байлап қойыпты. Биылғы жылы майор Ларионов Түркістан генерал-губернаторы орнында тұрған генерал Калпаковскийдің бұйрығымен Алматы оязына қараған Қарқара деген жер мен Жалаңаш деген жерге егіп көреді.
«ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ» (1888–1902) «Дала уалаятының газеті» – «Түркістан уалаятының газетінен» кейін шыққан екінші қазақ тілді басылым болды. 1888 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сəуіріне дейін шығып тұрды. Дала генерал-губернаторлығының ресми органы ретінде Омбыда жарық көрген «Акмолинские областные ведомости» газетінің қосымшасы ретінде «Особое прибавление к Акмолинским ведомостям» деген атпен басылды. 1894 жылдан бастап «Дала уалаятының газеті» болып шыға бастады. Орысша нұсқасы – «Киргизская степная газета». Басылымға əр кезде редактор ретінде қол қойып отырғандар – И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов жəне Д.Лавров. Ал, қазақшасын тұрақты редакциялағандар – Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазин. Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков жəне тағы басқалар газетте аудармашы əрі əдеби қызметкер болып еңбек етті. Газеттің таралымы туралы нақты бір ақпарат жоқ, дегенмен басылымның бір мəліметінде 1332 деген дерек кездеседі. Газеттің тұрақты авторлары қатарынан О.Əлжанов, Ш.Айманов, Ж.Аппасов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, М.Ж.Көпеев, А.Шонаев, Б.Əбдіков, А.Құрманбаев жəне Қ.Жаңатаевтың есімдерін кездестіруге болады. Сол кездегі өзге газеттер секілді бұл басылымның да ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің үкімжарлықтары, заң-закондары, жергілікті басқару əкімшілігінің бұйрықтары мен шешімдері жарияланды. Оларды қарапайым халыққа түсіндіре отырып, отарлық жүйені күшейтуді көздеді. Ресми емес бөлімі түрлі тақырыптарды кеңінен қамтыды. Оқубілім саласындағы мəселелер, шаруашылық жайы, ғылыми зерттеулер, қазақтың халық ауыз əдебиеті үлгілерінен айтыс, мақал-мəтелдер, дастан-жырлар басылды, сонымен бірге əдеби аудармалар мен этнографиялық мақалалар, қоғамдық-публицистикалық жазбаларды кездестіреміз. «Дала уалаятының газеті» – өз кезеңінде Ресей патшалығының жергілікті басқару органдары тарапынан шығарылған басылым бола тұра, қазақ халқының мəдени-əдеби, қоғамдық-əлеуметтік дүниетанымының жетіле түсуіне əсер еткені өз алдына, елдің саяси сауаты мен көзқарасына да зор ықпал еткен басылым болғаны сөзсіз.
Қазақ халқының тұрақ, мекендері Бұ күнгі қазақ халқының үш түрлі мекені болады. Жайлау, күзеу һəм қыстау. Жайлау – жаз күндерінде, май басынан июльдің жиырмасына дейін көшіп жүретұғын мекен. Бұ мекендер баршаға бірдей. Біреуге меншікті болмайды. Бұрынғы уақыттарда март басынан декабрьде ауылына қатар көшіп жүреді екен. Бұ заман да неше себептен одан аз жүре бастады. Жамледан бір себептер мыналар. Халықтарының өсуінен қысқы мекендеріне сыймағандар жайлауларға қыстау салып һəм границияны сылтау қылып бағзы елдер, ілгергі ғасырларша еркімен жүргізбей кейбір жерлерге қала салынып, онан қоймаған бір түрлі теңсіздік болған. Жаһұдтарын жəне де пішендік, егіндері қыстау тарапында болғандықтан июльдің 20-сынан былай күзеулеріне қайтатын болды. Бұл күзеу деген мекен əркімнің меншігі. Ұзақ болады. Август, сентябрь айларында отырады. Қыстаудан онша ұзақ жерлерде болмайды. Ең алыс болғаны 1020 шақырымдай болады. Жоғарыда айтылған мекеннің бірі қыстау1. Мұнда қыс күндері бірнеше үй бір жерге жиылып ағаштан яки тастан, болмаса кірпіштен өздеріне үй, малдарына қора салып отыратын орын етеді. Бұл мекендерде бұ күндерде октябрь басынан май басына қатар тұрады. Кешіккен замандарда декабрь, январь айларында отырып, февральдің жиырмасынан былай көшіреді екен. Келесі декабрьге шейін. Ілгергі халықтардың бай болуының себебі сол болса керек. Мұның хақында «шаруа көшсе, дұрыс көшсе, байыпты» деген мақал бар. Ол уақыттарда қыстау да меншікті болмай, қыс күндерінде қары жұқа, мал өзіменен жеткілікті болып өнімін таба алғандай бұталы тау кез болса, малының жайына қыстау қылады екен. Бұ дəуірлерде өзенді, қопалы көл сияқты ағашты барып, сол жерлерін артық көріп барады. Себебі бұл халықтарда пішен, егін шаруасына түсініңкіреп қол-қоңсылы жерлерін пайдалы екеніне көз жіберіп, қыс қатты болса, малдарын пішенге асыруын лайықтырақ көріп. Ілгеріден-ақ қазақ жерлерінің пішенді, ағашты, сулы жерлерінің біразы қалаға алынып кеткен еді. Мысалы, Ертіс, Көкшетау атыраптары, Баянауыл, Қарқаралы, Есіл жəне тағы басқа жерлер. Оның үстіне Россиядан көшіп келіп жатқан мұжықтар ендігі қалған жерлердің тəуірін алып барады. Бұ бишара қазақтар көшіп-қонып жүрген жерлері тарылған соң, көшер орын жоқтықтан ақыры аз уақыт ұзамай, амалсыз, көшуден тоқтаса керек. Осы күнде де бұрынғыға қарағанда əлде қайда көшу азайды. Бұ Сібір қазағы ақ патша ағзам хазіретіне қарап Россияға табиғ болғанына 60 жыл шамасында болған екен. Бұрын 3 ай қыстауларында отырып тоғыз ай көшетін халықтар енді үш ай көшіп, 9 ай қыстауларында отыра тын болды. Бұл алпыс жылын екі бөлсек 30 жылдан келеді екен. 1 Қыстауының айналасы қанша жер болады, қанша малдар қыстайды. Оны толық жазудың жөні болмады. Жеріне қарай біртүрлі болғандықтан.
Бес мағлұм болды бір отыз жылда үш айдан отыруын арттырған екенбіз. Бұған қарағанда, енді бір отыз жылға жетпей көшуді қойсақ керек. Əй жарандар, пайдалы, тəуір жерлерімізден айырылып қу медиен, сусыз шөлге қамалғанша, осы бастан шаруаға лайықты орындарға, шаһар халқының жөнін қылсақ жақсы болмас па екен? Ойласайықшы («таз таранғанша той тарқайды» болмасын), барда əлі талай уақыт. Пайдасыз жұмыстарменен əуре болып жүрміз. Пайдамызды ойлап, жоғарғы ұлықтарға мұң-зарымызды тигізіп ұқтырғандай ғылымды білімді есімдеріміз аз, жоқ десе болады2. Ұлықтардың өз көңіліне түсіп аямаса, бұл бейшараларыңның шаруасына бек кең жер керек. Жерінен айырылса малына нұқсан келіп, тозып, жоғалып кетеріне себеп болар деп. Газеттердің жазуына қарағанда, Россиядан пересе ление жіберуінің екі жағы болса керек. Бір себебі, Европа, Россия жерін мол етпек. Екінші, қазақ жерін түзетпек. Егер Европа, Россиясының жерін мол етпек болса, бұған сөз жоқ, бек мақұл. Егер қазақ жерін түзетпек болса, түземектен мұрат еткен болса, жылдан-жылға қазақ өзі де молайтып келеді. Бұ биыл егін еккендер астықты мол алып, екпегендер өкініште қалуына қарағанда, келесі жыл егер халық егінге күтінсе керек. Яки өнер үйренбек мақсат болса, шаруа медресе пайда емес пе, бір жерлерге салуға. Қаладан да бұл артық əрі пайдалы, үлгі көрсетер еді. Қала тарапында жақын болған елге берген өнері көрінбейді. Бəлкім, қайта жақын болғандарының алыс болғандардан кедейі көбейіп, жатағы артпаса. Бұған қарағанда, артық жақын болғанының көшпелі шаруаға онша пайдасы жоқ па деп ойлаймын. Бұл біздің сібір қазақтары ақ патша ағзам хазіретіне бағыт етіп, Россия уалаятына тақ болғалы неше-неше жақсы, атақты генерал-губернаторлар келіп кетті. Мысалы, граф Сперанский, Казнаков секілділер. Олар да бұ қаріп қазақ халықтарына ілтипат назарларын салып, пайдаларына жаһұт етсе де, бұ өткен ұлығымыз Г.А.Колпаковский ұқсасты жеткер қылғандай бірде-бірі ғылым өсірмек хақында шаруа қылған жоқ. Бұл мəртебелі дала уалаятының бас хакімі деген атты кəміл орнына келтірген еді. Талайымыз құрмет тұтамыз. Соңғы хакімдеріміз де ілгергінің жолында болар деп. «Ілгергі қайдан жүрсе, соңғы сонан жүрер» деген сөз барлығына қылса. Осындай зор пайдаларына жаһұт етіп, себепші болған хакімдерін қазақ əулеті көп-көп заманға қадірін ұмытпаса керек. Сондайын пайдаларына ыждаһат еткен хакімдеріне алашбайдың баласы хош болып, балашағаларының қызығын көрсін деп тілекте қалады. 2 Біздердің нашарлығымызды аяп, жерлеріміздің өзімізге тарлығын Томскіде де «Сибирски Вестник» газеті жазып жатыр. Бұған ықыласымызбен тəңір жарылқасын айтамыз. Енді өзіміздің қазақ газеті де жазады деген үміт бар. С.Ш.
Баянауылдан хат Баянауыл тауының ұзындығы, қазақ есебінше, салт кісіге түстік жер. Олай болғанда отыз-қырық шақырымнан ұзыны болмаса керек. Мойылды, Қырықшыдан Жаман ауылға шейін əртүрлі салалы бұлақ басы. Бұлақ таудан шығады. Аяғы жиылып саз болып шабынды шықпаққа себепкердей болады. Өзінде айтулы төрт үлкен көл бар. Бірі Баянауыл дуанының қасында. Сабындыкөл, Жасыбайкөл, Торыайғыр көлі жəне Жаман аулының көлі. Үшбу көлдердің пайдасы тау қыстайтындарға аз. Себебі жан жағының һəммесі тау-тас. Құр шабынды шығатын жерлерін алып жатқаннан басқа. Не өздерінде балық жоқ. Сол отыз-қырық шақырымдай күншығыс жағында неше мың қазақтардың қыстаулары бар. Əрбір бұлақ айрығы қыстаулардан құр емес. Өзін қисап қылғанда əрбір айрығына отыз үйден келеді. Бір айрықтағы қыстайтындардың малын қисап қылғанда (отыз үйдің) һəммесінде ең болмағанда 3-4 мың қой, 30-100 түйе, сондайын сиыр. Осындай мал, жануарларға қорек болуға əр салалардан 300-400 көпне шөп шабады шыққан уақытта. Кей жылы шөп шықпай қалады. Жылқы малын осы тау қыстайтындар далаға шығарып жібереді. Даладан оттауға тауларына ешбір жылқы мал алып қалмайды. Бір-бір ат болмаса. Егерде жылқы тауда бір ай тұрса осындай аз жерден жалғыз көде қоймайды. Егер дала мұз болып қалып, тауға келс е, жылқы малы бір күн отай алмайды. Боз отын қара ма лы жейді. Таудың боз оты оған да аз. Жаз шыққанша əp қыстаудың малы жалғыз көде қоймайды. Əгəрде дала мұз болып қалып жылқы тауларына келсе, жылқы, сиыр, қойлары жүдеп қалады. Себебі шөп болмағаннан соң. «Қой», «жылқы», «қоян» жылы дала мұз болып қалып жылқыларын қыстауларына алып келеміз деп жер болмағаннан соң шөп жетпей жылқы, қой үйдегі тұратын малдары жүдеп қалған. Сол жұтаған жылы неше мың жылқылардан он-жиырмадан артық қалған жоқ. Жылдан-жылға қазақтар жүдеп барады. Себебі жайлау, күзеулерін жаздай отырып, жеп қояды жəне сол күзеу жайлауларына қысты күні жер болмағаннан соң жылқысын жаяды. Жазды күні жеп қойған шөп қысты күні жылқыға қорек болмайды. Осыдан қазақ шаруасы жылданжылға тарылып барады. Егерде егін сала білсе қазақтар мал өсіру жаһудынан қалса керек. Баянауыл қазақ араларына һəм қазынаға қарап кеткен жерлерден қазақтарға пайда жоқ. Тау қазақтарында егін егетіндер өте аз. Себебі тауына егін деп бақша шығарлық жер аз. Көбі құм, тас. Далаға жаздай өздері көшіп барып отырады. Онда жəне мүмкін емес. Жер тарылады. Қазақ неге пайданы білмесін. Əр нəрседен қолы шолақ болып, қысқа жіп күрмеуге келмейді дегендей болып қалады ғой. Аббас Айманов би Чонов
Баянауылдан хат Құрметті Ақмола облысының газет басып шығарушыларынан өтінемін, осы хабарлымыш хатының сөзін мүмкін болса, газеттеріңізге жазбақтарыңызды. Осы заманда һəм келешек заманда біздің қазақ халқының ішіне қылып тұрған залалдың орыс болсын, қазақ болсын жаман тəлім, адамдардың тоқталып тыйылуына бір себеп болар ма еді. Ақкелін, Баянауыл, Далбағатау, Қызылтау, Қалмаққырған, Атақозы, Қарамола, Шақшақ осы сегіз болыс сүйіндік елдері Баянтау, Қызылтау. Қалмаққырған осы үш тау ішіне сиып, қыс алты ай түтін түтетіп, жаз алты ай Өлеңті, Шідерті, Ащы деген ұзын өзен бойларын жайлап, сентябрь жұлдызының ішінде қыр тараптарына қайтқан уақытта жоғарғы есімленгіш сегіз болыс елінің ортасында осы төрт жылдан бері Баянауыл дуанының ішінен 1-інші октябрьде «Покровски» деген жəрмеңке ашылып, алыстан аты арып, тоны тозып іздейтін базары жақыннан табылып, қазақ бишара бірді-екілі малдарын сатып, түндік басына төлейтін алымшығынын даярлап, онан соң киер киім, ішер тамақтан қалғанын қыс түтін түтетіп, баспана қылып отыратын үйлеріне, қораларына керек ағаш, əрі мұқтаж болатын нəрселер, ақша жақын жерден табылғанын тегіндей көріп, осындай алысты жақын қылып, жəрмеңке ашып, бекіткен ұлыққа шын ниетімізбен тəңір жарылқасын айтып. Құдайға шүкір, халқымыздың шаруасы түзелуге таман айнала бастаған сияқты еді. Бірақ осы уақытта бұл біздің сегіз болыс елдеріміз үлкен залал тауып тұрғанын жоғарғы ұлықтарымызға білдірмекті лəзім көріп, халық ішінде болған залым адамдарды тоқтатпақты үміт етеміз. Осы бірінші октябрьде болған, «Покров» жəрмеңкесі өткен соң қазақтар тегіс таулар қонған уақытта Баян дуанының казак-орыстары өздерінің артық жұмысы болмаған соң былтыр өткен жылдан бері пайдаланып, қылып тұрған кəсібі артел болып төрт-бес кісіден ел-елге бөліп, казак-орыстардың өзіне тиесілі болатын жерінен тысқары обласной жерде қырық шақырым, елу шақырымдай қыстап отырған қазақ іштеріне топталып, жиылысып келіп, біздер жоғарғы ұлықтар жарлығы бойынша бекітіліп шыққан орман, ағаш бастықтарымыз деп қолдарына өздері шимайлап жазған қарала қағаздары бойынша, бір ауылға келіп, ықтиярсыз тінтіп, манағы, «Покров» жəрмеңкесінен ақшасына сатып ия билетімен алған қаю біреулерден бірнеше қарағай ағаш ия қайың тал көріп тапса, дереу мұны бізге құдай берді, іздеген қағаз алдымыздан табылды, акты қағаз деп жаза бастайды. Үйіңді, қораңды бұзамыз, ұрлап алған дауаңа тарт деп өзіңді жазаға кіріптар қылып, штраф бұйыртып, өз басының қалғанына риза болып, жазған акты қағазға қолыңды қой деп қорқытып пəле қыла бастаған себепті қазақ байғұс қыс паналап, бітулі тұрған үйін, қорасын қайдан бұзсын һəм жазаға кіріптар штраф деген сөзді шын біліп, қорқып сасып, бишара қазақ əлгі келген казак-орыстарға қолдарын қусырып, қой
беріп, сұраған ақшасын беріп, ақырында байғұс қазақ қолындағы малына шамасы келіп, қазақ мақалы бар «бастан келген бəлеге бастан садақа» деген. Онан шығып екінші ауылға барып қырып-жойып, ұрып-соғып, осы ұрысты бекерден бекер қорқытып сұраған ақшасын, киізін əр нəрселерін беріп ала береді. Баянауыл орыстарының тағы бір қазақтарға қылып тұрған зорлығын кысқартып жазайын. Айтылмыш станицадағы почта ұстап отырған орыстар қазақ қыстауларының бекеттен жиырмаотыз шақырым жерде шалғай орналасқанына қарамастан, жерлерінің шұрайлылығына, тоғайлы-пішенді екеніне қызығып: «Бұл жерлерді біздер алуға ықтиярлымыз» деп қыстап отырған адамдардың разылығына қарамай, пішендерін тартып алып, қаншама ағаштарын кесіп əкетіп, зорлық-зомбылық жасап отыр. 1888 жылы генерал-губернатордың жария бұйрығы болған еді бұл бұйрықта почта ұстаушылар почтаның екі-үш пар атынан басқа артық мал ұстамасын һəм өлшеулі жерден артық малы қазақтың жеріне залал келтірмесін деген. Осы уақытта Баянауыл тарапынан əрбір бекет үстінде орта есеппен екі жүзден артық ірі қара жайылып жүреді. Осындай залал келтіруші жаман адамдарды əділшілік қылып тыюшы ұлыққа кəріжасымыз дұғада болар едік. Қазақ қарияларының мақалы бар: «дұғамен ер көркейер, жаңбырмен жер көркейер» деген. Кереку уезінің Қамқорұлы Павлодар оязынан Қазақ халқына залалға себеп болып бара жатқан ушбу төменгі оқиғалар орыс жағындағы қазақтар Маралды елінің һəм Ұрық елінің əр қайсысы ауыл болып өздеріне тиісті жаз жайлап отыратұғын шабындық жерлерін орыстарға егін салуға сатады, десятинасын елу тиыннан. Бұл сатқандарын өзіне залал екенін білмей. Сонда да қайтсін амалы жоқ, февраль айында тамақтары түгесілген соң керек-жарағын алуға ақша керек болады. Соның үшін түбіндегі залалынан бұрын əзіргі пайдасын ойлайды. Түбіндегі залал дегеніміз мынау: Қазақтар орыстарға жерлерін сатқан соң айтылмыш жерлеріне барып жер жыртып, орыстар егін салады. Егіндері бас қаратқан мезгілде күзетші қояды. Сонда манағы жер сатқан қазақтар басқа баратын жерлері жоқ, егін маңайында жақын қонып отырады. Егін кəміл шығып жеткен мезгілде жазатайым болып егінге қазақтардың малдары түсе қалса, дереу көзінше қалаға алып барады. Барған соң егін иесі акты қылуға қаладан бірнеше орыстар алып келеді. Акты қылады. Акты қылғанда қанша болса, онша болсын егін иесінің пайдасына акты қылады. Мұнан егін иесі акты бойынша арыз қылады, судияға бірнеше күннен соң. Судия повестка жіберіп қазақтарды, егін
иесін шақыртады. Кел деген күнінде судияның хұзырына келеді. Судия барып акты қылған кісілердің актысында жұмыс бар ма, законға тура болған соң тізім бойынша қазақтарға төлеуге бітім қылады. Қазақтар судияның мұнысына разы болмай, апеляца алып облысный правлениеден сұрайды. Сонда қазақтар орысша арыз жаздыртады. Мысалы тіл білетін адамға қыстыгүні жер сатып алған ақшасын арыз жаздыруға береді. Мұнан соң облысной бұйрық қағаз келеді, судияның бітімі бітім деп. Сонан соң, бұрынғы судияның бітімі бойынша төлейді, қазақ бишараның білмей өзіне залал келтіретіні мынау: сол жер сатып орыстан ақша алған уақытта өзінің, қолындағы қойларын яки қаншаларын базарға сатса да орта бағаменен ақша болар еді. Қазақтар ойлайды аз бір қолдағы малдарды сатқанша жарым бағасына жер сатып, ақша алайық, дейді. Егер егін шыққан уақытта бір айғыр үйірі яки он шақты сиырлары барып түссе егінге, манағы өздерінің жер сатып алған ақшасы төлеуге жетсе жарар еді. Өз жанынан қанша ақша қосып береді. Пайдалы болар еді, егерде осы қазақтар жерлерін орыстарға сатқанша, өздері сол жерлеріне егін салса жəне оларға көрсетіп үйретіп, түрлі жұмысты жақсы кісіні қарауға қойса. Гамрохов, Павлодар уезі Урукков болысының қазағы Қазақ жері Патша ағзам хазіреттері мархабат етіп 1806-ыншы жылда Кіші жүз қазақтарының бəріне тиісті һəм жеткілікті, мол қылып жер, су берген еді. Олардың шаруаларына қатты керекті нəрсесі болғаннан кейін əр қайсы тұқымды руларына қарай жан қисабы менен мал қисаптарына лайықтап жер-су алысып отырса керек еді. Дəл осы айтылғандай рулары мен тұқымдастар əуелгі 23 жылдың ішінде Орал жағынан қазақтардын өздері Қамыс даласына ауып келген мезгілдерінде бұзылмай тұрысқандар еді. Бірақ Кіші жүздің қазақтарына ең соңғы бас болған Жəңгір Бөкейұғлы қазаққа тиісті жерлерді өзінікіндей қылып тұта берген. Сол жерлерден 400 десятина жерді өзіне қаратып алған, ғайри басқа жерлерді сыйлап берген яки сатқан өздерінің туғандарына яки жақсы көретін адамдарына. Соның үшін қазақтар өз жерлерін өздері арендаға алысып, пұл төлесе керек еді, сол жерді алып қойғандарға. Сонан бері қарай жер-су деген нəрсенің өзі қазақтың бір қатты қиын ісі-дүр. Дəл осы күнде сұрап тұрғандар еді, қазақтарды бір түрлі төрге салмақшы болысып. Соның үшін тез уақыттар ішінде болар-болмасы яки қашан рұхсат беріліп қалары анықталса керек.
Шаруа турасында Жерінді сақта. Оны жаман етіп ұстама, сонда ғана көбірек, өсімтал болып саған тауып береді. Көбірек жаһұт етіп жеріңнің үстін жұмыста, оны тереңірек һəм қопсытып жырт, сонда ғана саған молырақ һəм маңызды егін өсіріп, тауып береді. Егін егу үшін жақсы тұқымды таңдап ал, сонда ғана ол өсімтал болады-дүр. Малыңды ая һəм асыра, сонда ғана ол саған ұзағырақ қызмет қылады. Жұмысыңның бəрін де уақтысында істе, өзіңнің уақытыңды босқа жібермес үшін. Тазалығыңды байқа, тазалықта тұрсаң сау-саламат боларсың. Жерге егін салатұғын саймандарыңды күтіп тұр, бұлар жерді жақсы жыртып һəм жұмысты оңай етеді. Өзіңнің қиналып жұмыс қылып тапқан ақшаңды сақта, мұны бет алдыңа өзіңнің қызығыңа зиян келтіретұғынға яки керегі жоқ қызық орындарға жұмсама. Ағашты сақта, айналаңа ағаш ек. Ағаш құрғақшылыққа да болысады һəм отқа да тоқтау қылады. Жаһұт еткен пайда келтіретұғындардың бəрінен де пайда алмақты, шаруаның ішіндегі бір нəрсең тегін өлмесін, баршасы да бірі болмаса біріне жарап тұрсын. Шаруа турасынан жақсы ақыл айтқанды тыңда. Не үшін десеңіз, бұл айтқыштар саған жақсылық болсын деп қамқоршылық етеді, сенің күй-жайың артылсын деп, сенің қылған жұмыстарыңның түбі қайырлы болсын деп. Жақсылық үшін айтқан ақылды тыңда. Мұның себебі бұ-дүр, «бір ақыл жақсы, екі ақыл артық». Бұлайша деп мақалдар айтады. Қазақ халқының арасында егін егіп тəрбие етпектің мəслихаты Жыл сайын Дала уалаятының ішінде тұрған болыстарға Россияның ішкі жағынан мұжықтар көп көшіп келіп жатыр. Бұл себептен оларды орнықтырмаққа бұларға патшалық бос жерден һəм үшбу уақытта қазақтар тұрған қазақтың жерінен жер бөліп берерге керек болады-дүр. Жаңадан көшіп келген мұжықтарды орнатпақ үшін бұлардың шаруасына тиесілі жақсы, сулы, ағашты, шөбі көп өсімтал жерді һəм ынғайлы жүретұғын жолы бар орындарды оларға сайлап бөліп берерге қажет-дүр. Дала уалаятының ішінде тұрған облыстарға көшіп келетұғын мұжықтардың көп, аз мөлшерін күні бұрын болжап білуге болмайды. Ішкі губерниялардағы адамдар өсіп көбейе берген сайын һəм бұл жақтағы жерлер азая берген сайын олар ықтиярсыз, амал жоқтықтан Россия патшасының қол астындағы бос жерлерге қарай ұмтылып, көшіп жүре береді. Бұл себептен үшбу уақытта қазақтардың пайдаланып тұрған жерлерінің азды-көбі ертелі-кеш көшіп келген адамдарға һəм мұжықтарға бөлініп берілсе керек. Көшіп келген адамдарға бөлініп берілетұғын жерлер қыр даласының кеңдігіне қарағанда онша көп
емес. Сонда да мұншалық азғана пайдалы жерлерін алған соң бағзы бір ауылдарға бұрынғысынан гөрі қысылшаң болып қалады. Жақын арада Ақмола обласный мекемесінде Тайынша болысының қазақтарының арызын тексеріп қараған екен. Бұл арызды берген екен, көшіп келген адамдарды орнатпақ үшін біздің 78 354 десятина жерімізді алып қойды деп. Бұл арызын анықтап, тəптіштеп қараған соң құрмет қылмай, аяқсыз қалдырыпты. Мұндай аяқсыз қалдырғанның себебі бұлай еді: бұл қазақтардың қолында əлі де болса 327 177 деся тина жері қалады екен. Бұл қалған жердің 292 326 десятинасы мал бағып һəм егін салуына жарайды екен. 12 940 десятинасында ағаш өсіп тұрады екен. Енді тағы да былайша есеп қылғанда, үй басына 316 десятинадан, бір еркек адамға 100 десятинадан һəм бір малға 13 деся тинадан келеді екен. Бұл айтылғаннан мағлұм болады, неше жылдай көшіп жүріп үйреніп қалған жерін бөліп берген соң қазақтар аяп, қайғыланып, қапаланып қалады. Енді не қыламыз, мұндай жұмыстарды халықтың пайдасы үшін қылғаннан басқа, əр адам жай əділетшілік жөнінде ойласа жарайды, бір патшаның қол астына қараған бағзы бір адамдар бір жапырақ, кішкентай жерменен күнін көре алмай, қарекет етіп пайдаланып тұрса, бағзы бір адамдардың кісі басына 100 десятинадан жері болып тұрса. Қазақтар мал бағып өсіріп, көп жерлерді билеп үйреніп қалған-ды. Енді қазақтардың жері азайса шаруасының реті де ауысса керек. Яғни аз жерден шаруасына керекті көп пайдалар тауып, алса жарайды. Мұның екі жолы бар, яки бұрынғы көп малдарын асырамақ үшін аз жерлерін өңдеп, өсімтал қылса жарайды, яки аз малдарын жақсы өсімтал тұқымнан жинап алса жарайды, аз да болса көп пайдалы болып өсіп-өніп тұрмаққа. Бұл жолдың қай жолын қазақтар таңдап алса да, бір-бірлеп егін еккен шаруасына үйренуі керек. Неге десеңіз, мұндай қылмаса жерді де, малды да жақсы өсімтал қылып болмайды. Егерде егін екпекті көңіл қылсаңдар, мұның реті оңай болсын десеңдер, күні бұрын қамдап қолға аларға керек. Неге десеңіз, істі ұзаққа қалдыра берсеңдер қыр даласы тарыла береді, жақсы жерлерді жақсы, пайдалы жұмыс қылған адамдарға беріп жібереді. Қазақтардың «жерлерімді алып кетті» деп берген арыздары көңілді ерітіп, жібіте қоймас. Неге десеңіз, егерде екі адам жермен харекет қылып тұрамыз десе, біреуі он қабат аз ғана жер сұраса һəм жақсы пайдалы етіп тұрамын десе, онда бұл адамға құрмет қылып көбірек ықтияр берсе жарайды. Жоғарғы айтылмыш себептерге қарағанда қазақтар көбірек жаһұт етіп, аңдап байқаса жарайды, егін екпек шаруасына үйренбекті, өзінің күй-жайының қамын ойлап, арттырмақ үшін. Ноғай, сарт, дұнған, тараншылар көшпелі əдетінің бəрін қалдырып, шаһарда тұрады. Мұның ішінде тұрып тыныштықтың, жылы үйдің əр түрлі тамақтың, киімнің, денсаулықтың, ақылдың мəн-жөнін һəм тиянақты хал-ахуалының рахатын көріп өмір шегіп тұрады. Дала уалаятындағы қазақтар ғана көшпелі болып қалып тұрады. Қазірде бағзы бір қазақтар сұранып арыз
беріпті қала тұрғызбаққа жер бөліп бер деп. Қазақ халқының кімде-кім егін екпекті, бақ, ағаш шарбақтың ішіне əр түрлі нəрселерді һəм тоғай ағаштарды егіп, өсірмекті қаласа Дала уалаятына тиесілі низамның 125інші статьясындағы айтылған бойынша ықтияр болады-дүр. Бұл статьяда айтылған «кімде-кім жерлерді, өңдеп, жұмыстап өсірсе һəм ағаш ексе ғұмыр бойынша өзінікі болып қалады» деп. Қазақтардың ілгері басып көтерілуіне, гүлдеуіне əр бір жолдары бар, егерде бұл халықтар өзінің жайбарақатшылық еріншектігін тастап, кейінгі заманның қамын ойлап ұмтылып жаһұт етсе. Қазақтардың жерлерін арендаға жалдаған хисасында Ақмола облысының оңтүстік жағында Соңғы жылдарда Ақмола облысындағы оңтүстіктегі екі ояздың қалаларындағы тұрған халықтар жерінің қадірін бек жақсы білетұғын болды, 189-інші жылы ашыққан халықтар үшін Ақмола оязында астықты көп сатысып алған себепті. Əсіресе бұл ояздың жеріне егін жақсы болып шығатұғын себепті. Қазақтар егінді онша көп екпейтұғын себепті, жұмыскерлер арзан болған себепті жерін арендаға жалдағандар арзан (десятинаның бағасы бес тиын) болған себепті, бұл жақта егін екпек қарекеті көбейіп пайдалы болып тұрады. Бір десятина жерін жыртқан, сепкен һəм арзан ақысы облыстың оңтүстік жағында 20-25 теңгедей болады. Егін орта болып шыққанында бір десятинадан 80-100 пұттан астық алынады. Егерде жақсы болып шықса, əсіресе Ақмола оязында əр қашан 200 пұттан астық алы нады. Орта бағасы бидайдың пұты 70-80 теңгедей болады. Көбінесе тың жерін жыртып егін салады. Мұнан соң кейінгі жылы жерін бекерге қалдырды. Арендаға жалдаған жерінің ақысы арзан болған соң бұл шаруаның арасындағы өзге шаруадан гөрі пайдалы болып тұрады. Əрине мұндай болып ұмтылып шаруа қылып тұрған соң жерін бек көп қажет қылады һəм бұл себептен қазақтардың жерлерін көп уақытқа жалдап алады. Қай шақта 30 жылға шейін жалдайды. Бағзы біреулер мың десятина жерін жалдап алған-ды. Темір жол келген соң астықты өткізіп жіберуге оңай болса керек. Бұл себептен қазақтардың жерлеріменен пайдаланып қарекет қылғандар көбейсе керек һəм облыстың оңтүстік жағында өз алдына жерменен пайдаланған көпестердің шаруаларындай шаруалар орнаса керек. Қазақтардың жерлерін арендаға жалдап алмақ закон бойынша онша да оңай емес. Сонда да ебі табылып келе жатқан еді һəм ебі табылар деп ойлаймыз. Мұндай шаруаның жайы жақсы болған соң барша халықтың нəпсісі жерін жалдап, егін салмаққа тілеп кетті. Енді өзінің жерлерін жыртпай кейінгі уақытқа тың сақтап қоймақ үшін, мұжықтар да жерін жалдап алатұғын болды. Тағы да шығарып
сатпақ үшін бай казак-орыстарда егінін көбірек ұмтылып егетұғын болды. Ең ақырында көпестер де, мещандар да, чиновниктер де һəм өзге ғайри бөтен адамдар да егінші болып кетті. Халықтың бұлайша қылған жұмысының ретін ұлықтар байқап, аңдаған екен һəм үшбу жылы Атбасар оязының егіншілері жұмысын жұмыстамаққа даярланып тұрғанының алдында қазақтардың жерлерін арендаға жалдағанда законге муапиқ қылып жалдамайынша, қазақтардың жерлеріне егін салмаққа деп барша егіншілердің қолынан подписка алыныпты. Қырдан келген хат Рас, өзімізге онша лайықты болмаса да, өз қазағымызды өзіміз кемсіткендей болсақ та, біраз тиістісіне қарай пайда жүзінен айтқан адамдардың сөзін жерге тастамасақ керек. Тастамағаннан мұрат құлақпен есітіп қана қоймай қолдарымызбенен де істесек керек. Сол көмектес адамдардың айтуы бүгінде теріс көрінбесе де, соңы теріс көрінбес. Оған дəлел болатұғын істердің шетін көріп көбіміз мойынға да алып келе жатырмыз ғой. Біздің қазақтың жақсы көретұғын сөзі малды бақ деген сөз болса керек. Бұл сөздің өзін де онша жақсы көрмей бара жатыр. Жақсы көрмеген себебі пішен шап, егін сал, сабанын сақта дейді. Жаз бойынша қызмет қылса керек, қалтасы болса, ақшасы шығын болады. Мал шығыны қисап емес, қазақ газетіне Василий Прокопович Михайлов деген жазды, анық көрсетіп. Ілгергі уақыттарға да дүниеде неше түрлі нəрсеге қайла, машиналар бар адамның ішіне, жан-жануардың ішіне машина қайламенен тамақсыз тойғызып қоятұғын саймандарды жасалып біткен жоққа көрінеді. Малды қалайша бағып өсіруге жазғандарды оқып, біздің қазақ халқының бағзылары малды жұттан сақтамақтың амалы деп, қапылым газеттен көргенді шөпсіз, тамақсыз қайла екен деп қуанып қалады, міне қызық. Жоқ айтқан ақыл біздерге жалқау болмай шөп шап, егін сал дегені, өзімізді бағаламаған соң үйреткені. Бұл турада бір мысал келтірейік, Омбы оязында екі көл бар еді. Шарбақтыкөл, Қоскөл. Бұған панасынбай халық ішке өтуге құмар болып кетті. Себебі іште шөп қалың шығып, шөптің бейпілдігінен пішеннің ішінде көшіп əрлі-берлі жүрсе де, күзге шейін тез шауып алушы еді. Ол көлдердегі қырмалау болып ұзақ жұмысқа кетуші еді. Қазірде ерінбейтін ішкі Россия адамдары келіп, былтырғы жылы малдың басып кеткеніне қарамай һəм шөптің аз шыққан жылына кез келгеніне қарамай, пісіп тұрған құрақ шөптей көздеріне көрініп шабысып алып қысқы қалдарін өткізеді. Біздің қазақ халқы шөптің қандайын шабуға, жердің қадірін біліп, зəру еткен жоқ. Зəру етсе де қадір тұтпайды. Россияның ішкі тараптарына əр елден бір-бір кісі барып көрсе,
халқының қалай жаһұт қылғанын. Жерінің тығыздығын көрсе. Сонда шүкірлік қылып, ілгері ұмтылар еді. Біздің қазақ халқының тұрақ етіп тұрған жері үлкен жер һəм көп жер көрінеді, моллаларының берген сан қисабына қарағанда. Ілгері Василий Михайлов жазған газеттен оқыңыз, бір малға, бір адамға қанша жер келетұғынын. Бұған қарағанда, əр болыс елге ішкі Россияда тығыздықта жатқан адамдардың бір-бір қала салса да жарар еді. Жоғарғы айтылған мал, жер, адам есебіне қарағанда, ақшаға салып бөлгенде, біздің қазақтан нашар халық жоқ. Өзге халықтан нашар болатұғыны ғылым, кəсіп, өнер, егіншілік қылатұғынымыз бек аз болған себепті. Тіпті нашар болып көзге көрінбейік, азғана көтеріліп, малымыздың шын есебін айтысып, жерінің керек екенін баян қылысайық, малдың жазғы қонысы күзгі қонысқа, күзгі қонысы қысқы тебінге жарамайтұғынын айтайық. Осыған лайықты шабынды қыс қыстау, жаз жайлау һəм қыс малға тебін керек дейік. Малдың жөнін айтсақ жерлерімізге де қорғау болар еді. Біздің қазақты күнін көрмесін, қысайық деп жатқан жоқ. Біз оңалсақ, патша ағзам хазіреттеріне өзге жұрттың халқына қарағанда халқының өсіп-өніп, өнер тауып, байып жатпағымыз қуаныштан есептеледі-дүр деп білсек керек. Қазынадан тегін ақша сұрап жеп жатқанша, қорқып малды кем айтқанымен, аз айтқанымен алымшығынды өз тиесіне тартпай қоймассың. Мал басына салынбайды, рас мөлшерлеп қалге қарай салынып жатыр, бір болысқа өлшеуліден артық. Алым-шығын малыңның анығы айтылса да салмайды. Сол уақытта біздің қазақтың төмен нашарының қалі де екі-үш теңгеге, 4 теңгесіне де келеді. Мұжық халқының қандай нашар-байлары да бірдей-ақ тартып жүр, төрт теңге емес, бірнеше артығырақ тартысады. Рас, байлардың қорқуы да, бір жағынан халықтың күйі де мен нашармын, кедеймін деп иек артып кетті. Жаны бар адам 4 теңге таба алмас па, тіпті үйсіз-күйсіз, малсыз да үнсіз дəптерні шығарады, ни зам бойынша байға артық салу керек деп. Сол кедеймін дегендердің онда иек тартуы да жарамайды. Анық тепіштемейінше, бұл сөзімнің ақыры бай мен нашарлауы жүзді жасырады, кедейлерді 10 жасырады. Жоқ бұл жасырғанымыз көп залал. Жерден құр қаламыз; қайда кетті үш мың, екі мың, бір мың жылқылы адамдарымыз. Жоқ деп жоғалып қалмайық, атайтынымызды атап шақырғызбайық, күн бұрын қимылдайық. Бұл жасырғанды ұлықтар білмейді демейік, мыңмыңды біледі. Тіпті айтпағанда өз кінəсі өзінде деп, жерімізді алады да қояды. Əне сонда қолменен буып берер едік, мал асыраудың күні өтіп кетеді. Ғабдолла Шонанов * * * Павлодар оязы ның қазақтарының көбінің қыстап, күздеп отырған жерлері бұл күнде қызметтен шыққан яки қызметінде тұрған бастықтардың жері болады. Бұл бастықтардың қазақтардан қалайша хақы
алып, рұхсат қылатұғынын айтып, жазалық? Қазақтардың қыстап отырған үйлерінің орнына 2 теңге 50 тиын алады, ғайри алатұғындарынан басқа бір шана тал сатса, оған өзге 40 тиын ақша алады һəм бұларға ұқсас ақы алады. Енді мұның хисасында бұрынғы Нагорной яғни Боз шөпті жер Тұз қаласындағы жердің де иесі бар. Бұл боз шөпті жерге дауыл, жауында біреудің бір малы ығып барып түссе, мал басына бір теңгеден алады. Бұзаудан 50 тиын алады. Енді бұл Тұз қаланың жері Семейге қарай баратын қара жолдың үстінде болады. Қайғылы хабар, қыс қыстап отырған тоғайлы, талды жерлерді мүлдем кесіп құртып барады. Қорадағы малдар панасыз жерде тұрғанда иықтан суық өтіп, қотыр болып көп өледі. Əсіресе сиыр малдарымыз мүлдем азайып, төмендеп кетті һəм Нагорной жерге ұстаған малдарға мал басына кесімді хақы алады деп мағлұм қылса, қазақ байғұстарға бек қуанышты хабар болар еді. Жалғыз-ақ қазақтарға тиісті жер даладағы жер. Бұл далаға қазақтар 4-ақ ай отырады, мұнан соң қайтып келіп қазақ жерлеріне қонады. Қорабай Жапанов Қазақтардың жерін қалайша билеп, пайдаланып тұрғанының баяны Орысқа қарамастан бұрын қазақтардың көшіп-қонып, қыстап жүретұғын белгілі тиянақты жайлау, қыстаулары болмас еді. Жаугершілік, тынышсыз заманда қорыққанынан қырдың ішіне қарай, яки шетіне қарай малдарымен көшіп кетер еді. Бірақ оңтүстік пен күншығыстың арасындағы жайларда жүрген қазақтардың қашан өзге бір күшті қазақтардың рулары тартып алғанға шейін белгілі жайлау, қыстаулары болушы еді. Қазақтар кейін бір-бірлеп белгілі орнықты белгілі жайларда көшіп жүретұғын болды. Қазақтарды болыс-болысқа бөлгеннен соң бұлар өздерінің тұқымдас, рулас аталастарымен бірге жақын тұратұғын болды. Бұл себептен бір оязда арғы аталары бірге бірнеше халық тұрады. Бір болыста бірнеше аталас рулар болады һəм бір старшында аралары жақын бір аталас бірнеше ауылдар болады. Қай уақытта қай бір старшынның ішінде бөтен тұқымдас, бөтен рулас елден келген адамдар да болады. Бұларды ел ішіндегі деп атайды. Ел ішіндегі бөтен адамдар өзгелерден гөрі жерден һəм ұлық болудан кемтарырақ болады. Жылдың əр түрлі уақытына қарай көшіп-қонып жүруге өздерінің болысына қараған жерін үшке бөледі: қыстау, жайлау, күзеуге бөледі. Өзге жай ашық даладан гөрі жылы болатұғын себепті қазақтар өздерінің қыстауларын таулы, ағашты, қамысты жайларға салады. Қыстау салған жерлерінің шекарасын бек қатты қадағалап, белгілеп үй иелері бөлісіп алады. Ел ішіндегі бөтен адамдарға жерді аз бөліп береді. Бірақ бұлардың айбынды күшті бай адамдары бір аз ғана жер алып, өзге ел ішіндегілер
қыстаусыз қалады. Қыс жақындаған мезгілде бұл ел ішіндегілер қыстауы бар адамдарға жағымпазданып əр түрлі сый беріп, малдарын бағып күн көреді. Мұндай күйге байғұс пақыр ке дей һəм нашар қазақтар да түседі. Қыстаулы жерді билеген кісілер жерді бүтін өзіне меншіктеп алып, бұл жерді жалдаса да, сатса да һəм өлгеннен кейін балаларына қалдырса да ықтияры бар. Мұның балалары жерді бөліп алып, əкесіндей болып билеп тұрады. Қыстаулары бар қазақтар жерлерін қорып бөтен біреудің малдарын жолатпайды, егін ектірмейді, ағаш тоғай, бақшаларының ағаштарын кестірмейді. Бұл терең сайға, я ағаштың ішіне қыстауларын, үй-жай, қораларын салып, құдық қазып, мүмкін болса айналасына ағаш егеді. Бай, күшті қазақтар өзінің қыстау жерлерін үлкейтпек үшін өзінің кедей, нашар қазақтарының жерін тартып алады, я болмаса болымсыз арзан бағаға сатып ала ды. Кедей болған қазақтар əрдайым өздерінің қыстауларын біреуге сатып жіберіп, қыстаусыз қалады. Көшіп жүретұғын жайлаулар үшін шөп, сулары мол қыр, дала, таулы жайларды таңдап алады һəм күзеулері мен қыстауының арасында болады. Қыстау мен жайлау да бірнеше жайға бөлінеді. Қыстауды бір рулас бас адамдары билейді һəм жайлауды бір атадан тараған тұқымдары 25 үйден 50 шамалы үйлі қазақтар билейді. Енді ел ішіндегі бөтен адамдар, байғұс кедей қазақтар һəм күшті бай қазақтар да бəрі бірдей бөліп, жайлау һəм күзеуде бірге қонып, бірге жайлайды. Бұлардың бəрі жайлау мен күзеуге бірге егін салып, ағаш, тоғай, бақша егіп һəм ағаштарын кесіп алуға да ықтиярлы болады. Жоғарғы айтылғанға қарағанда, қазақтарды екіге бөлуге болады. Бірінші – ауқатты, бай қазақтар. Бұлардың жайлау, күзеу һəм қыстауы болады. Екінші – жатақ, жарлы байғұс кедей һəм ел ішіндегі қазақтар. Бұларға бір-ақ жайлау һəм күзеу тиісті болады. Кедей қазақтарды жатақ деп атайды. Кедей қазақты байғұс, мүсəпір, жарлы деп атайды. Бұлар бар малдарынан айырылып, байға жалданып көшкен-қонғанда байлардың, ат, түйесімен жалғасып бір жерде жатып қалмастан бірге көшіп жүреді. Егерде кедей қазақтар бай қазақтардан бөлініп бірнеше айдай бір жерде жатып қалса яки бір қаланың қасына орналасса, сонда ғана бұларды жатақ деп айтуға болады. Бұл себептен қырдағы жатақ пен қаладағы жатақтың арасының көп парқы бар. Қырдағы жатақтар жайлауда яки күзеуде тұрып кіре қылып, егін салып күн көреді, орысқа шөп шабуға, егін салып, егін оруға жалданады. Егерде бұлар егін салып тұрса, егінші деп аталады. Бұлардың ыңғайлы жерге егін салып, үй тұрғызып алуына ешкім тоқтау қылмайды. Бұл себептен қырдағы жатақты жері жоқ деп айтуға болмайды. Қаладағы жатақтар жұмыскерлікке жалданады. Егерде өз шаруасымен күн көргісі келсе, онда мұжық пен орыс-казактан жер жалдап алады. Бұл жатақтардың жері болмайды һəм қазақтарға барған күнде де бұларға
жер тимейді. Мұндай жатақтар жерсіз қалып əрдайым өзге адамдардың жерін жалдап алып, күн көреді. Мұндай себептен жерсіз Омбы оязының қазақтары казак-орыстың 150 мың десятинадай жерін жалдап отырады. Үшбу жер турасынан жазылған сөздерді басып біз кейінгі нөмерде қазақтарға жерді закон бойынша қалайша пайдаланатұғынының мəнісін баян қылармыз. Біз бұрынғы қазақтарға бөліп берген жермен қалайша пайдаланып һəм қазақтардың өз араларында өздеріне меншіктелген жерлерін қалайша бөліп алып тұратұғынын жазған едік. Бұл жазылған сөздерден көрінеді, күшті, бай қазақтар жерді билеп алып һəм ел ішіне бөтен рулы адамдарға өзгелерден гөрі жер аз тиеді екен. Жəне де мұндай əділетсіздік қыстауға тиісті меншік жерлерді билеп пайдаланғанда көп болады екен. Бай қазақтар өздерінің қыстауға тиісті жерлерін көбейтпек үшін өздерінің бір туыстас кедейлерінің жерлерін болымсыз бағаға сатып алады екен. Жерді əділетсіздікпен бірдей қылып билегендері соншалық болады екен, орыстың қаласында тұрып қырға қайтып барған жатақтарға жер бермеген соң бұлар жерсіз қалып, мұқтаждықтан барып біреудің жерін ақыға жалдап алады екен. Қазақ арасында жерді мұндай ретімен мұндай қылып билеп пайдаланғандары Дала уалаятының низамының ішіндегі айтылған закондарға ешбір дұрыс көрінбейді. Осы уақыттағы закон бойынша қазақтарға тиісті жерлердің баршасын қай бұрын қалғандары билеместен бүтін бір общество қазақтардың бəрі бірдей болып билеп пайдаланып тұрса керек. Дала уалаятының низамының 120-шы статьясы бойынша, пайдалануға тиісті. Бұларды көшпелі қазақтардың көшіп-қонып жайлап жүрген жайлауларын кесімсіз уақытқа қазақ халқы өздерінің əдет, рəсімдері бойынша һəм үшбу дала уалаятының низамының көрсетуі бойынша, билеп пайдаланып тұрса керек. Енді 122-ші статья бойынша қыстаулық һəм егіндік жерлер əр болысқа, əр ауылға өз алдына пайдала нып тұруға анық пайдаланып тұрғанымен əдет, рəсімдеріне қарай уақыт кеспей беріледі. Егерде бұл жерлер турасында ел арасында дау-жанжал шықса малдарының һəм шаруаларының көбіне қарай өлшеп беріледі. Жоғары айтылған екі статьяның мəнісі бойынша болса керек: жерлердің баршасы патшалыққа тиісті болады. Бірақ жерлерді қазақтарға өздерінің əдет, рəсімдерімен пайдаланып тұруға ғана берген еді. Бірақ бір бұрынғы уақытта меншіктелген жердің билігі бір рулы халықтың ықтиярында болар еді һəм жер турасындағы жанжалдың мəнісін бір рулас елдің бастықтары тексеріп бітірер еді. Енді дала уалаятының низамын кіргізген соң жердің билігі бүтін болыс халық пен старшындағы халықтардың ықтиярында болатұғын болды, жердің дау жанжалын болысной съезі мен ауылнай съездері бітіретұғын болды. Егерде əр үйлі адамға, өзіне қанша жер алып билесең де деп. Осы уақыттағыдай қылып ықтияр берілсе, онда нашар кедей қазақтар өздерінің қыстауларына ыңғайлы меншікті
қылып жер алмай құр қалып, жердің бар жақсысын бай қазақтар билеп кетер еді. Жерді бірақ бір адамың билеп тұруына ықтияр бермей, бүтін старшындағы яки болыстағы халықтың бəріне бірдей қылып билеуге ықтияр беріп, бұл себептен закон əр қазаққа қыстауы үшін меншіктелген жер алуға ықтияр берген еді. 125-ші статья бойынша əр көшпелі қазақтарға өздеріне меншіктеліп берілген қыстау жерлерінде егін егін, бау, бақшалар, ағаштар орнатып өсіріп һəм əр түрлі үй-жайлар тұрғызуға ықтияр беріледі. Мəзкөр егін бақша салған һəм үй-жайлар тұрғызып, ағаштар еккен жерлер, бұ егін бақшалар һəм салған үйлер бұзылып көздері жоғалғанша атадан балаға тұқым қуалап мирас қалып отырады. Салынған үй-жайлар мұны тұрғызған иесіне тиісті болады. Енді бірақ бұл үйді тұрғызған кісі бөтен елдікі болса, онда бұл үй-жайларды бұзып көшіріп алып кетуге болады. Бұл айтылған статья бойынша əр бір қазақтың қамын ойлап қыстауға тиісті меншікті жерін де һəм бұл меншікті жерге тұрғызған үй-жайларын да билеп тұруға ықтияр беріледі. Ешкім мұның қыстауы мен үй-жайына зорлық қылмаса керек. Себебі сол-дүр, қыстауы мен үйі оның өзіне мүлдем тиісті болып һəм бұларды оған мүлдем өзі билеп тұруға ықтияр беріп қойған еді. Бұл себептен бұл турада мұның ықтияры соншалық зор. Мұның жерін ықтияры бүтіл халықтың жер билеген ықтиярының ретіне қарсы болмаса керек. Бұл айтылғаннан байқалады, əр біреуі өзге қазақтардың бəріне берілген ықтиярдан артық қылып өзіне меншіктеп ықтияр алмаса керек. Енді жер бүтіл общество халықтың бəріне бірдей тиісті болғанына қарай закон сондай рет шығарды. Қазақтардың бəрі жерді пайдаланып бөлгенде баршасының ықтияры бірдей болсын һəм жерді пайдаланғанда біреуінің ықтияры зор һəм екіншісінің ықтияры кіші болмасын дейді. Жер пайдаланған турада старшиналарға қараған халқы мен үй иелерінің араларында болған дау-жанжалдарды болысной съезі яки ауылнай съезі бітірсе керек. 124-ші статья бойынша, бір болысқа қараған старшын елдің арасындағы жердің дауларын болысной съезі бітіреді һəм əрбір үй иелерінің арасындағы дауларды ауылнай съезі бітірсе керек. Бұрынғы уақытта мұндай старшиналар арасындағы жер дауларын елу басылар бітіруші еді һəм үй иелерінің арасындағы дауларды он басылары бітіруші еді. Мұндай ретпен жер дауларын бітіргенде елу басы мен он басылар өзінің руларындағы жақын адамдарына жан тартып, қай шақта бұлардың ісі ақ болмаса да дауды əділдікпен тексеріп бітірмес еді. Осы уақытта жер дауларын елу басы мен он басылардың ықтиярынан шығарып, бұлардың орнына съездегі халықтың өз арасынан сайланған құрметті адамдар бітіреді. Мұндай ретпен жердің дау-жанжалдарын бітірген соң бұрынғы уақытта болатұғын əділсіздік болмас деп ойлауға болады. Дала уалаятының низамының көрсетуі бойынша, жоғарғы айтылған ретпен жерлерін билесе керек. Бұл айтылған ретпен ушбу уақыттағы
қазақ арасындағы ретті салыстырып қарағанда əуелгі рет əділетті, ақылды һəм қазақтарға пайдалы да болса керек. Əрине, мұндай пайдалы жақсы ретті іштен тысқа шығарып шаруаға керекті қылып жұмсамақ қазақтардың өзінен де болады. Бұларға пайда жақсылық һəм əділеттік ойлаған законный көрсеткен реті бойынша жерді билеп пайдаланса жақсы болар еді. Қазақ халқына атадан балаға мирас қалған жермен пайдалану турасынан Жоғарғы ұлықтарға барған қазақтардың дау-жанжалының ішінде көзге көрінетіні халық пен жеке-жеке кісілердің арасында болатын ретсіздік, жермен пайдаланудың тəртібін білмегендіктен болады. Қазақтар бір-бірінің үстінен қыстауымды, жерімді тартып алды деп арыз беріп жатқаны. Ұлықтарға берген арыздарының үштен екеуі жер турасынан. Зорлық көргендер айтқанына қарасаң, бұлардың бəрі ұлықтар арқылы бітетін іс емес, орыс низамының хакімі бойынша елу басшылар арқылы бітетін іс. Елу басшылар көбінесе өздерін сайлаған күшті кісілердің хүкімінде болады. Соның үшін істі адалына жібермейді. Адал істі арам қылады. Бұл қазаққа да, орысқа да тынышсыз жұмыстар. Көшпелі халықтар өздеріне қараған жерлерді пайдаланудың жөнін білмегендігінен өздеріне қараған облыс мекемелері қазақтардың жерлерін жалға береміз деген приговорларын көбінесе-ақ бекітпейді. Себебі олар əрқашан өз хүкімінде емес жерлерді жалға береді. Қайсы бір қазақтар халыққа тиісті жерді өз пайдама жалдаймын деп жаһұт етеді. Тағы да қайсы қазақтың облысной яки оязнай мекемесі арқылы яки патша ағзам хазіретінің бұйрығымен алған жері бар. Істен көрініп тұр, бұлар жерді низам бойынша пайдалануды білмейді. Төменде қазақтардың жер пайдалануларының мəнісі айтылады. Дала уалаятының низамындағы 1891 жылғы 120-статьяларында айтылған, жер қазынанікі, күні кесусіз қазақ пайдасында қалады деп. Қазақ өз заңынша пайдалана тұрады деп. Оның үшін егерде Дала уалаятында қазынаға бір жер керек бола қалса, ол жерді пайдаланып тұрған қазаққа еш нəрсе төлеместен жерін алады. Дала уалаятының низамының 122-статьясында айтылған, қыстау һəм егін жайы кесу уақытқа шейін əр болыстың һəм əр ауылдың қауымының пайдасында болсын деп. Егерде жанжал шықса, жер малдың һəм шаруасының көптігіне қарай бөлінеді. Осы 122-статьядағы за кон қыстау турадан, 127-статьядағы қыстау, жайлау, егін жайы турадан болған даужанжалдың бəріне тиянақ болса керек. Үшбу низамның хакімі бойынша, қыстау, жайлау бөліп беретін бірді-екілі кісі емес, əмбе бір болыс ел яки бір ауыл жиылып көп қауым бөліп береді. 125-статья бойынша, ауыл қауымына яки бір болыс ел қауымына өздерінің пайдасындағы жерді жекежеке кісілерге бұлардың сұрауы бойынша шақтап бөліп беруге мүмкін.
Сонда да бұл бөліп берген жерлер патшалық землемері бөлгендегідей болып бекілмейді. Қай уақытта көп қауым бұзамын, азайтамын яки көбейтемін десе ықтияр оларда болады. 125-статья бойынша жалғыз-ақ, қора, егін салған, ағаш еккен, шарбақ салған жерлерді азайтуға, көбейтуге, қайта бөлік қылуға қауымға мүмкін емес. Мұндай жерлер, салған егін, еккен ағаш, қора-қопсының қашан көздері жоғалғанша атадан балаға мирас қала береді. Қора, егін, шарбақ тұрғанда қысым қылуға ешкімге бұйырмайды. Қайсы уақытта екі-үш үй иелері өз пайдасына алған жерлерді қауымнан белгісіз бөтенге жалға береді. Мұны ұлықтар қауымнан рұқсатсыз болған соң законнан тысқары деп біледі. Сол себепті бекітпейді. 126-статья бойынша жерді жалға беруді жеке бір кісіге бұйырған жоқ, көп қауымға бұйырған. Жəне де жерді жалға алатын кісісі орыс болсын һəм қыстаудан бас қа жалдамасын, жалдаған уақтысы 30 жылдан артық еш уақытта болмасын. Мұндай жер жалдау болысной съездің билігімен һəм облысной мекеменің бекітуімен болсын дейді һəм халықтың приговорында айтылсын неге керек болған соң, яки жер жалдағаннан алған ақшаның неге керек болғанын, жерді жалдағанын халықтың приговорында айтсын. Жер жалдағаннан түскен ақшамен жерін жалға берген кісі пайдаланбайды, қауымның пайдасында болады. Халық бұл ақшаны не кедей үйдің алымы үшін қазынаға берсе керек, яки сусыздықтан құдық қаздыруға, я мектепке, я молда ұстауға, көшуге керек жерден жол түзетуге, яки қауымның шығыны үшін қазынаға беруге өз арасындағы біреу шамасы келмей, ақшаға мұқтаж бо лып тұрса, соған беруге керек. Қауымға бұл ақша турадан өз мұқтажына ұстауға көп ықтияр берілген. Жеке үй иелеріне жалғыз өз пайдасына жерін жүргізуге ерік берілген. Қора салған жерлер қора иесінің өзінікі. Қора тозғанша атадан балаға мирас қала береді. Қора иесі басқа қауымдыкі болса, салған үйін, қорасын алып кетуге ықтияры бар. Баз рет қазақтардың атадан балаға қалып келе жатқан жерлері бұрынғы окружной приказ, яғни оязной мекемесі оларға бұйырып берген жерлер. Бұларға берілген жерлердің қанша екенін білуге жəне қалай олардың пайдалану жолдарын білмекке 1869-1870 жылдарда Ақмола, Семей облыстарындағы жер иелеріндегі бұйрық қағаздарды жиып алып, күнбатыс Сібірдің главный, ең үлкен мекемесінде қараған. Мұнан білінді, Ақмола облысындағы қазақтардың жерге алған бұйрығы көп-ақ, бұрынғы окружной приказдан облыс бастығының, бұйрығымен жер, егін салуға берілген екен. Бұл жерді атадан балаға қалуға приказдағы қызметкерлер яки халықтың приговоры бекіткен екен. Жəне бір қыдыру бұйрық қағаздарды қағаз иесінің жеріне өзге қазақ қол сұқпасын деп беріпті. Бұл қағаздардың ішінде билердің, судьялардың кесімдері бар, қай жер кімдікі екенін көрсеткен. Оның растығына болыснойлардың һəм халықтың куəлік
қағазы бар. Бұл қағазбен бірге біреудің-біреуге татулықпен яки талас жердің бітімінен берген қағазында күнбатыс Сібірдің главный мекемесіне қараған 1869-1870 жылдарда болған кеңестің бұл қағаз турадан қылған кесімі 12 февральда 1871 жылғы газетте шыққан. Ол кесімде айтқан, мұнда түсірген қазақтардың бұйрық қағаздарының бəрі ескі низамның 10-томының 1-ші бабындағы 513-статья һəм 673-статья бойынша жерге ие болатыны жоқ деп. Патша ағзам берген бұйрық қағазы болса, яки өзге жөнімен низам бойынша бекітіп алса, сонда жер мүлде бекиді. 172 һəм 178 параграфтың низамына тиісті орынмен бұрын болған окружной приказдан алған қағазы бар кісілер-ақ жерді, мүлде алады. Онда да 176-статьядағы айтылған қағидаларды орнына келтірсе. Бұл 176-статьяда айтылған, егерде бұйрық алған жерге қазақ үй, егін салмаса, жер көп халықтың пайдасына кетеді деп. Ақмола облысының мұндай қағазы низам қуатына кіріп, мүлде өзіне тиісті қылып жер алған кісі жоқ. Се мей облысынан ғана бірлі-жарым табылды. Бұйрығы низам қуатына кірмеген кісілердің жерлерін халықтың пайдасына жіберді. Өзге жердің бəрі де 1868 жылғы положенияның 212-243 параграфы бойынша халық пайдасына кетеді. Жалғыз-ақ егін салған жерлерімен ғана иеленеді. Күнбатыс Сібірдің главный мекемесі 1891 жылғы шыққан «Дала уалаятының» низамын сонда ниет еткені мұнан байқалады, мұндай болмағы уақытша 1868 жылы шыққан низамның жөнінше кеткен. Сол низамда да жерді қауым бөліп пайдалансын деген еді. Жəне де білу керек жеке жер пайдалануды не патшадан сыйға алмаса, не сатып кеңестің хакімі қоспады, байқасақ бүйтіп жер алған ешкім жоқ екен. Сібірдің хабарлары турасынан (1894-інші жылы шыққан «Сельский вестник» газетіне қосымша) Жаңа кітап «Сельский вестник» деген газетпен бірге бұл газетті алып тұрған адамдарға сібірдің хабарлары турасынан деп жазылған кітаптар таратылып жіберіліпті. Бұл кітаптарда Россия мемлекетінің алыс шеттегі жайлардың – Амурски һəм Приморски облыстарының һəм біздің жаққа тиісті Ақмола облысының да шаруа турасын баян етіп жазып шығарыпты. Бұл облыстарға ішкі Европалық Россия губернияларынан көшіп келіп жатқан адамдардың көп екені мағлұм-дүр. Бұл газетке қосып жіберілген кітаптар шаруалар халықтың арасында көбірек əшкере болғанына қарай, жоғары айтылған облыстарға талап қылып, көшіп барамыз деген адамдарға анық хабарларды білгізеді. Көп адамдар көбейтіп айтылған жалған хабарлардың мəнісін біліп көшіп бара мыз деп ойлағандарынан
да айныр. Өзге адамдар бұлардың алдында не болатұғынын күні бұрын біліп, жаңадан орнаған жайына мықтылап орнығар. Бұл облыстардағы шаруалардың бұрынғы хабарлары жазылған үшбу кітаптар ақыл беріп, өсиет айтады. 1860-ыншы жылдарға шейін Ақмола облысында егін шаруалары болмаған еді. Омбы һəм Қызылжар ояздарының казакорыстары астықты қазынадан алып көбінесе сауда қылар еді. Қашан казак-орыстарға мұжықтарды жазған соң казак-орыстардың қазынадан берілетұғын сыбаға астықтарын алып қойған еді. Бұл себептен бұлар да еріксіз соқа алып, егін сала бастаған еді. Бұлар кісі басына 30 десятинадан жер алып, жерлері өсімтал болған соң, егінші казак-орыстар тез бай бола бастаған еді. Бірақ өкінеміз, жаңа жерлерде шаруаны ретсіз қылып істегеніне қарай ақыры қайырлы болмайды. Шаруаны мұндай жөнмен істеген соң, жер өсімтал болғанша ғана жыртып, егеді, мұнан соң жерлері ескірген соң бекерге тастайды. Осылайша егін салып казак-орыстардың бөліп алған жерлері де таусылды һəм бұрынғы жаңа жерге шыққан егіндерден гөрі қазірде бұл жерлерде егін бек аз шығады. Жерлері жақсы Көкшетау оязы да мұндай күйге түссе керек. 1880-інші жылға шейін Атбасар оязында егін салмаушы еді. Енді орыс губернияларынан мұнда көшіп келген адамдар бұл жайда егін шаруасын көбейтіп көтеріп жіберді. Ақмола облысындағы жердің таусылған қайғы-қасіретінің басқа түскені жаңадан көшіп келген егіншілерге шаруасын ақылмен жөндеп қылуға үйретер деп ойлаймыз. Егін шаруасын қылған қазақтарға өзінің жерлерін күтіп сақтауға тиісті-дүр. Егерде жерден əрдайым бір қалпымен жақсы пайда алайын десең, əуелі жерді күтіп ескертуге керек, немесе мұның үшін жердің мəнісін һəм шаруаны ақылмен біліп істеу керек. Егерде осы уақыттағы қазақтар мұның турасын онда тəуір білмесе, онда қазақтың қырындағы ұлықтардың əмірімен бекілген шаруа-медресесінде оқыған балалармен бірігіп үйренер. Қазақтар өздерінін жерлерін жалдауға берген ықтиярына қызығып жерлерін болымсыз арзан ақыға бермесе болады. Неге десеңіз, егіншілер бұл жерлерді алған соң біраз уақытта оның дəнін сығып алуға жаһұт етеді, һəм ескірген жерді бекерге тастайды. Ертелі-кеш қазақтарға да өзінің егін шаруасымен айналысуға уақыт жетер. Адамдардың күн көретұғын жақ сы амалы болғаны себепті. Россия ішінен мұжықтардың қыр уалаятына келген турасынан Россиядан мұжықтардың келе бастағанына аз-ақ болды. Ақмола облысына келе бастағаны 1878 жылдан еді, Семей облысына 18921893 жылдан бері қарай, Жетісу облысына 1860 жылдан бермен келіп жатқан. Патшалықтың бөлігін күзетпекке Сібірдегі орыс-казак əскерін
апарғанда бұлардың ішіне Россиядан келген мұжықтар да кірген. Бірақ бұл кейінгілер əскерге керек кісіден көп болған соң, сол облыста қала қылып отырғызған. Ғайри қалалар осы күнге шейін бар. Осы нəсілді болып Семей, Ақмола облыстарында да, Ертіс бойына қала салынды, бірақ бұл қаладағылардың бəрі казак-орыс. (Үшбу қалаларды бұрын «Форт» деп атайтын еді, онан кейін станица деп аталды). Бұрында Семей облысында 1876 жылы біржолата бес қала ашылған еді. Олар осы күнге шейін бар, олар мұжық емес, казак-орыс еді мұжыққа жазылған. Сол себепті мұжықтар келіп орнай бастаған жылын 1892 жыл деп айту керек. Бұл жылы ұлықтардың ұлықсатымен мұжықтар қала салып орныға бастады. Мұжықтардың көп келген облысы Ақмола. Мұнда осы жүз жылдың басында келіп орныққан казак-орыстардан басқа Томскіден, Тобылдан, Орынбордан мұжықтар да келіп егін салуға ыңғайлы жер яки өзге кəсіп іздеп облыстың бас-аяғын қыдырып көп уақытқа шейін низам жөнімен орныға алмады. Себебі онда мұжықтар қала салуға бұйрық берілген жоқ еді. Бұл мұжықтарға қазақтардың өзі болысты. Қазақтар өз жерін орысқа майлауға бұрын мүмкін еді, сонымен пайдаланып көбі жерін орысқа майлады. Оның үшін 1870 жылдары Көкшетау оязында көп мұжықтар қазақтан жер майлап алып орныққан. Майлаған уақыты көпке екен, оларын ұлыққа куəландырмаған. Қазақтар пəлеге қаламыз деп майлап алған мұжықтар уағдасын орнына келтірмесе де арыз қылып айтуға ұлықтардан қорыққан. Ұлықтар қазақ пен мұжық арасында жанжал болмасын деп 1878 жылы бұйрық қылды. Келген мұжықтар қала салып орнықсын деп. Осылайша болып Ақмола облысына мұжықтар бекілді. Мұнан кейін мұжықтардың келуі саябырланды. Сөйтсе де келіп тұрды, мұндағы мұжықтардың бұл жақты мақтап шақыруымен Россия ішінен мұжықтар 1888-1889 жылдан бері қарай келе бастады. Əсіресе көбі-ақ 1891 жылғы ашаршылықта, 1892 жылы жазғытұрым келді. Сібірге теміржол салынғаннан соң, əсіресе, мұжықтар мінетін əдейілеп отарба жасаған соң жылдан-жылға келуі көбейді. Олардың мұнда келіп жатқан жері жоқ. Қағаздан һəм айтудан есітеміз, Россия ішінде кісі басына десятинаның төрт бөлігінен бірі келмейді дейді. Кісі қалайша тұрады мұндай жердің азында? Олар оның үшін жер аз дейді, шаруамен айналыспақ түгілі бала-шағасын асырауға болмайтын болған соң. Оларға ол жақтан бөліп беруге де жер жоқ. Бұрын осы мұжықтар бай орыстардың, қолында тұрған құлдықта, құлдықтан, азат қылған, жері болмаған соң. Олар ондай болып жатқанда қыр даласында мұндай егінге жарайтын үлкен, кең жер бар əлі соқа тимеген. Мұжықтарға күн көрмекке бірдеме тауып беруге айла ойлап жүргенде ұлықтардың ойына түсті мұндағы қазақтардың бос жерін оларға беру. Сол себепті 1893 жылы егінге ыңғайлы жерді өлшемекке қырға жер өлшеушілерді шығарған Ақмола облысына һəм биыл екінші партия жер өлшеушілерді жіберді. Сол 1893 жылы кел ген мұжықтарға жер өлшеп беріп жүрген
кісілер Томск губерниясына кетті. Мұжық қалаларын орнатуға түзулеп жер даярлағалы һəм кейінгі патшалыққа керек болатын жерді даярлағалы 1893 жылдан бері қарай басталды. Бұл екі жөнге де егінге жарайтын бос жерден алды. Мұжықтарға деп бөлген жерлерге халық келіп түсіп жатыр, себебі күнде Россиядан партия-партия бо лып келіп тұр, оларды қалай болса да орнықтыру керек. Бұл орнықтырған мұжықтардың қайсы біреуі берген жерге разы болмай, өзге жақтан іздеп жеріне қайтып жатыр. Мұнда келген мұжықтардың бəрі кедей, өздері егінші болып, жері жоқ болған соң олар кедей болмай қайтеді. Бай мұжықтар бөтен жаққа бармайды, оларға өз жерінде де жақсы, баратындары кедейлері, бұларға бəрібір. Ашаршылықты онда да, мұнда да көреді. Ұлықтардың оларға болысып, ақша беріп жатқанын мұнан білуге болады. Бұларға болыспауға болмайды, болыспасаң жол жүріп бар малын ұстап келген адамдар қаражатты адамдардың көзінше аштан өледі. Өлтіріп қою законге де, шариғатқа да сыймайды. Əрине, қазақ арасында да нашарлар көп, бірақ оларда аз да болса мал шаруасы бар, жерді аса таңдап керек қыла қоймайтын, су мен шөп боса, малға бола береді. Сөйтсе де үнемі малға жайлы көп жер болып тұра бермес, жер тарылар, мал шаруасымен тұруға қиын болар. Россия ішінде де һəм патшаларда да қазақ малынан да көп мал ұстап тұратындар бар, бірақ оларда сондай үлкен жер жоқ, олар да түрлі айла қылып шөп егіп шығарып, соны орып малына шөп тауып береді. Мұнысына қарай малдары қасқыр, ұрыдан аман болады, қолға сақтаған соң. Мұндай малдар аса қымбат тұрады. Қазақтар оларға алатын бағаны есіткен де жоқ. Базарға сол малдарды сатқанда, мыңдап, жүздеп əр қайда алады. Біз қазақтарға ақыл қылып айтамыз, шөп шығар шықпасы белгісіз, жаңбыр болса шығады, əйтпесе жоқ, оған қарамай шөп егіп шығарып, сонымен малды асырау керек. Жылында не жұт, не аяз, не боран мың сан малды қырады. Қазақтың пайдасында тұрған патшалық жер бұл күнде тарылды, мал шаруасымен тұрғандар жер тарылған соң өздері де егінге мойын қояр. Бұл турадан тағы бір сөйлерміз. Степан Артеменко Александр екіншінің тұсындағы қазақтар Россияның ұлғайып, өсіп-өнгенін сөйлейтін шежіресіне қарасаң көресің, қазақтың Россияға қараған себебі, Россияның күштілігінен екенін. Қазақ ордалары жеке өз алдына патша болып, сондай қуатты жұртпен тұруға мүмкін болмады. Қазақты өзіне қаратуды Россия ақырындапақырындап қана бұрды бұларға тыныштық түсіріп, Россия халқының низамының жөнімен тұрғызу үшін, қазақ халқының өзінің түзу жөнімен өсіп-өнбек үшін. Мұны орнына келтіріп һəм бітірген осы ақ патшамыз-
дың əкесінің əкесі – Александр екінші. Мұның шығарған тиісті низамдары қазаққа да тиген. Қазақтарға Александр екіншінің тұсында низам шыққан орыс қалалары еркінде болып, болыс, би, старшындарды өзінен сайлап, өзін-өзі билеп тұруына ықтияр беріліп. Ұлықтардың ойлағаны тезінен бола қойған жоқ. Қазақтар ұқпады ұлықтардың пайдалы ойын. Ұлықтарға қиын, ал қазақтарға көп залал болды, ұлықтардың жаңадан шығарған низамын қазақтар ұққанша. Шамасы келгенше қазақтардың өсіп-өніп халық болмағанына бар айласын жүргізген ұлықтар. Александр екіншінің қазақ халқына шығарған заңының бағасын білуге олар бұрын қалай һəм орыспен қалай тұрғанын байқау керек. Қазақтың бұзыла бастағаны орысқа қарамай тұрып, 1700 жылдар кезінде үш ордаға бөлініп, Ұлы жүз қырдың оңтүстік жағын, батысты Кіші жүз алып, Орта жүз күншығысты алып тұрған һəм тыныштық араларында болмай, жауласқандар өзді-өзі бірін-бірі қырып-жойып, шауып, күл қылып қолға түскенін. Ондай күл қылған адамдарда еш ықтияр билік болмай, қатты қысымда тұрар еді, кішкентай жаза қылса да өлтіріп. Орта жүз бен Кіші жүз 1734 жылы орысқа қараған еді, сөйтсе де, орысты һəм орысқа қарап тұрған халықтарды шауып, бір уақыт Қытайға қарап, бір уақыт жоңғарға қарап тұратын, бірден-бірге кіріп. Қазақтардың жылда шаба бергені орыстарға Ертістің өн бойын, Омбыдан Өскеменге шейін қамал салғызған еді, Петр бір деген патшаның тұсында. Оның артынан горькая линия қосылған. Жоңғариядан сақтануға Бұқтырмадан қамал тағы салды орыс. Ол қамалдар осы күнге шейін көп пайдалы бола қойған жоқ. Қытайлардың, Қоқанның, Тəшкенттің үйреткенімен қазақтар орысты талауын қойған жоқ. Тəшкент, Қоқан жиі шабатын болды біздің бөлікке өтіп. Түркістан уалаятын қаратып алғанша солар қоймады шабуын. Оны қаратпай тұрып қазақтармен көп жұмысты орыс, қанша өлім болып, өзіне қаратып алмаққа. 1822 жылы қазаққа «Сібір законы» деген низам шығарған. Сонан бері қазақ ішіне орыс законы жүре бастаған. Қырды жеті аймаққа бөлді, əр аймаққа бастық қойып. Аймақты болысқа, болысты ауылға бөлген. Қазақтың ісін қарайтын Омбыда бас кеңсе болған. Түркістан уалаятын қаратқан соң қыр уалаятын екі бөліп, облыс қылған: Ақмола, Семей облыстары. Сол күндегі екі облысты билеп тұрған чиновник судья да һəм, билеуші де өзі болған, əділдік болмаған. Александр екінші таққа мінгенде қыр сол түрде еді. Қазақ халқының жүріс-тұрысына əуелгі рет түсіре бастағаны, ескірген законды қайта шығару болған. Сол себепті 1865 жылы қырдағы қазақтың жүрістұрысын үйреніп келуге қырға өзгеше комиссия жіберілген. Бұл комиссия үш жылдай қазақтың жүріс-тұрысын көріп, жазып түсірген ондағы бұрыннан келе жатқан законы ескірген, казак-орысты һəм қазақты екеуін екі басқа билетіп қойғаны жараспайды екен, казак-орыстар қазаққа теңдік бермейді, күш қылып, аймақ бастықтарының кеншісі халыққа əділдік көрсетуге шамасы жоқ, сайланып болатын қазақтардың бəрі төрелер
һəм өзге бай адамдар. Бұлар қара қазақтың пайдасын ойламайды дегенді айтып. Мұнан кейін жаңа закон шығарып, областной кеңеске берген халықты билеуді. Облыс, ояз-оязға бөлініп, əр қайсыларына военный бастықтар қойылған, облыс бастығына қаралынып. Өз араларындағы ұсақ дауды бітіруге болыс-биді сайлап қоюға қара қазақ та кірісетін болды. Бұрынғы чиновниктер орнына ояздарда судья тіркейтін болды. Бұрын 1897 жылға шейін судья қазақ түгіл Сібірдегі орыстарда да жоқ болатын. Жəне де онымен бірге өз жұмыстарын қазақтар өздерінің рəсіміне қарап тергеуіне ықтияр берген, бұрын чиновниктер білгенін қылып, халықтың заңын жаңылдырған еді. Сол законымен алым-шығын жөнінде түзеткен, қайсы шығарғандарды қалдырып. Бұрын қазақ басақ төлеген уақытында би-болыстар артық жиып, халыққа көп зəбір қылатын еді, артынан алым түндікке алынатын болды. Қазақ пен орыс арасындағы таможный саудаға бөгет қылатын, қойғызған. Жəне де қазақтар казак-орыстар жеріне мал жайғанына ақша төлейтін еді, оны да қойғызған. Қырда егін шаруасын ұлғайтуға 1880 жылдан былай мұжықтарға қала салғыза бастаған. Халықтың шаруасына керегін де алып тұруға касса ашылған. Мұнымен бірге қазақтар мұжықтар балаларымен бірдей орын алып тұр. Мұның пайдасы оқып шыққан қазақ аз болған себепті көзге көріне қоймайды, оқып шыққандар көбейгенде білінеді. Қалайда болса, қазаққа тиімді халықтың жүріс-тұрысын оңартқан низамдардың көбін Александр екінші бастап кеткен. В.Д Қазақтың қала салып тұру жайы Европадағы ғылымды халықтың бəрі əуелден сондай болған емес. Олар неше түрлі тұрыс-жүрістің күйіне түскен. Бір уақытта көшпелі халық та болып тұрған. Көшуден қалған соң халық егінге айналысады. Дүние жүзіндегі халықтың бəрінің ұмтылғаны екен. Қала салып тұрған соң егін салмасқа болмайды. Ғылымға мұнсыз кірісе алмайды. Мал шаруасымен тұрып, малын бір жерден оттатуға бір ондай қылуға болмайды. Бұлар малының ықтиярында, өзінің ықтиярында емес. Шөбін жеген жерді көшпелі адам тастап, өзге соны жерге көшсе керек. Шөп шықпаған, жұт болған жылы үлкен байларды қайыршы қылып кетеді. Көшпелі адамға тоғай ішіне барып тұруға мүмкін. Көшпелі адамның малын өз еркімен көбейтуге шамасы жоқ, көбейту, азайту көшпелі адамның малын дүниенің көзсіз қуатында (ыстық, суық, шөл, су, жаз, қыс – дүниенің қуаты дегеніміз). Егін салатын адам астық қымбат болатын болса, егінді көп егіп, артығын сатқанын сатып, қалғанын кейін жоғында жеуге қалдырады.
Көшпелі халық малдың төлі қандай пайдалы болатынын, болса да өз еркімен көбейте алмайды, азайып бара жатса, оған ешбір айла қыла алмайды. Жəне де сол мал үшін қазақ көп қауым болып, шаһарлы жердей тұра алмаған соң білімді адамнан жөн-жол, өнер, білім үйреніп, ғибрат алуға қиын. Көшпелі халық арасында бəрінің бір барып білім үйреніп қайтатын, тоқтау, жиналыс қылатын жері де жоқ. Сол себепті көшпелі халық ғұмырында ғылым-білімге кірісе алмайтын жайда қалып тұрады. Қайсы бір халықтар бар, амалсыздан ащылы шөп жақсы өсіп, астық шықпайтын жерінің жайы солай болғаны үшін көшіп жүрген. Қыр уалаятында қазақтарға қарайтын жер егін шықпайтын емес, салса бейнетін артығымен өтейтін жақсы аралар. Жылында мыңдап ауып мұжықтар қырға келіп, егін салып, астықты көп алып жатыр. Үй салып алған, тамақтары тоқ. Олардың қасында қазақтар құр шұбап көшіп жүреді, жазғытұрым. Күздігүні көргені аштық, қыс үйінде адам тұрғысыз суық жерден қазып алған сиыр қорадан жаман. Қазақтың көбіақ мұжықтардың, казак-орыстардың үйлерін көрген шығар, өз үйлерімен салыстырып қарасын. Мұжықтардың қандай болып келгенін көрген шығар. Аштықтан жүдеген, шаршап-шалдыққан, бір-екі атымен келген. Бұлар қалай келді, егін салуға ұмтылды. Қазақ, əуелі мұжыққа жиреніп, жатырқап қарайды. Бір-екі ай өтеді, аш, суық, қыс келеді, сол жиреніп насаттанып қараған қазақ бейнеттеніп шығарған астығы жоқ болған соң арықтап қалған малын арзанға сатып, қаңғып келген мұжықтан астық сатып алады. Қазақтың мұндай болғанына ешкім жазалы емес, өздерінен бəрі. Ұлықтар һəм əншейін адамдар қанша айтса да «егін сал, қала салып ал» деп, отырмады. Қа зақ жылдан-жылға құри береді, қала салып алып, егінге айналғанша. Сөйтеді. Бұрынғы көшіп-қонып жүретін заман қазақтан кетті, енді қайтып келмейді. Енді көшкен уақыты кетіп, залалынан басқа пайдасы жоқ. Бəрі не заманнан үйреніп қалған рəсім. Бір заманда қазақтар оңтүстікке жақын жылы жерде тұрып, малы қысы-жазы далада оттайтын еді. Себебі онда қар түспейді, не жауған күні еріп кетеді. Ол жақта қазақтан күшті көбірек халықтар қазақты ығыстырып, солтүстік жақтағы суық жаққа шығарып жіберді. Бұл жақта жалғыз мал шаруашылығыменен күн көріп болмайды, қысы қатты, алты ай болады. Жақсылық жылы болмаса, жаманшылық жылы мал шөп алып жей алмай, қырылып қалады. Мал қалың қардан алты айдай тамақты өзі алып жей алмайды. Сол себепті қазақ пішен шаппаса болмайды, аз да болса. Сол аз шапқаны көшпелі халықты егін салып, қалаға жақындатқаны. Қазақ малын жақсы көреді. Онан айырылып орыстардың, егіншілеріндей жер жыртатын ғана малы бар, егіншісі болып кетуге бек ауыр, мұндай болып кетудің керегі де жоқ. Бірақ малымен бірге егінді қатар салу керек, бірінен-бірін айырмай. Егер ауып келіп жатқан мұжықтарға сол қазақтың малындай мал берсе, бір-екі жылда-ақ бай болар еді. Қазақтың малы һəм егінге жақсы жері – бұлар ілгергі қазақтың байлығы.
Бірақ ұғу керек даяр дəнеме табылмайды, бейнет қылмаса. Мұны қайсы бір қазақтар ұқты, аз да болса егін салып жүр. Өзгеден жақсырақ тұрады (бірақ түзеле бастаса, қазақ егінді тастап қырға көше жөнеледі). Біз нанамыз, осы айтқанымызды ұғып қазақтар көшуді қойып, қалалы халық болып, егін салып отырар деп. В.Иванов Қазақтардың жер бөлулері Қазақтардың тұрған жерлері мемлекетке тиісті мүлік жердей-дүр һəм оларға пайдаланып тұрмақтары үшін ықтияр беріп қойылған. Олар өз араларында қыс тұратұғын жайларын бөліп қойған (қыстау) һəм жаз тұратұғындарын «жай лау» ғып. Солардың қай-қайсысымен болса да пайдаланысып жүреді, атабабаларының рəсім жөндерімен. Əрбір үй иелері жерлерімен пайдаланып, ие болып тұрмақтары үшін оларға бөліп береді губернай съезд қып. Əр қай үй иелеріне жер бөліп берсе керек малдарының қисабтарына қарай. Əркім тиісті болған жерлерімен еркінше қысымшылық көрмей пайдаланып тұрулары үшін, жақын тұрған бір-біріне ауыл иелері араларынан подписка қылып қойса керек, мұнан басқа жер лері үшін ұтыс-талас, жанжал болмас үшін əумелесіп, жерлерінін шекараларына белгі «знак» яғни «оба» секілді белгі қып қойса керек-дүр. Əрбір жер қисасында болған жанжал таластары болса, бұларын бітіреді выборнойлар. Қайсы жанжал болған жұрттың анығынша кімге тиісті екенін біліп шығармақ үшін қайбір уақыттарда дауласқандардың бір жағына антқа жібереді. Дүйсенби Тұранов
«ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ (1911–1913) «Қазақстан» – Бөкей Ордасы мен Орал қаласында 1911–1913 жылдары барлығы 18 нөмірі жарық көрген газет. Редакторы – Елеусін Бұйрин. «Қазақстанның» 1911 жылы наурыз, мамыр айындағы 1, 2-саны Көпшілік одағы мүшелерінің көмектесуімен ұйымдастырылған А.Н.Щелкованың меншікті баспаханасында басылып шығады. Яғни басылымның алғашқы екі саны Орда қаласында жарық көреді. Бұдан кейін газет авторлары патша əкімшілігінің қуғындауына ұшырап, редакция Орал қаласына көшіріледі. Орал қаласында газеттің кезекті саны қайтадан №1-ден бастап шығарыла бастайды. Басылым 1912 жылғы 4 ақпандағы 6(8)-санынан өз баспаханасынан басылып шыға бастады. Газеттің əр санының маңдайшасына: «Газеттің асыл мақсұды – кəсіп ету, ғылым-өнер турасында», – деп жазылыпты, яғни басылым заман өзгерісіне сай елді кəсіпкерлік пен ғылымға үйретуді мұрат тұтты. Газет бетінде елдің ішкі саяси оқиғалары, шаруашылық жайы, өнер-білім, мəдениет мəселелері жəне ғылыми жаңалықтар сөз болды. Сыртқы хабарлар жəне тілші хаттары тұрақты жарияланып тұрды. Фельетон, жолсапар очерктері мен пікір-талас, диалектикалықфилософиялық мақалалар да көрініс тапты. Сондай-ақ, оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты тиімді жүргізу жөнінде кеңестер басылды. Газеттің кейбір сандарынан орыс, қазақ, татар тілдерінде жазылған материалдарды да кездестіруге болады.
Хал жайымыз Халық, біреу ақшасын аямай, біреу қызметін аямай, Алла деп бұл газетті жаңа шығарып алып тұрмыз, сондағы мақсат – сіздерменен бір шаруа сөйлесу еді, келіңіз енді сөйлеселік. Біз жылдан жылға жарлы болып барамыз, жылдан жылға надан болып барамыз. «Не болсақ уа о болайық» деп осылай жүре береміз бе, болмаса біз де бір тірлік етеміз бе?! Бұрын біз малға бай болып едік. Бай күнде байлықпен еш нəрсе ойламаған болармыз, қазір жарлы болдық қой, енді не деп ойламаймыз?! Келіңіз, біз де бір шаруа жөнінен кеңесіп қаралық. Пайғамбар əлейһи уассалам үмбеттеріне айтты: «бадиғу йа мен Алла тарапынан ахрет үшін жіберілдім, дүниа ғылымын менен де өздерің артық білесіз» деп. Сол себепті бізге дін хақында Құранға таяну керек те, дүниа хақында тауарихты иғтибарға (назарға) алу керек. Тауарих деген – адам баласының кішкентайдан үлкейгені секілді, яғни сəбиліктен балиғ болғаны (кəмелетке толғаны) секілді, халықтың шаруа қуып мақсат һаддаріне жеткен жолы. Сол тауарихта айтқан екен: Түрлі-түрлі заман болады. Сол түрлі-түрлі заманда адам баласына түрлі-түрлі кəсіп ету керек болады. Мұның мағынасы сол, «заман тұра-тұра өзгереді, сол заман өзгергенде адам баласы кəсібін де өзгерту керек, яғни сол заманға лайық кəсіп ету керек» деген екен. Егер заман өзгергенде адам баласы заманға қарай кəсібін де өзгертпесе, жаңа заман ме нен уақыты өткен ескі кəсіп екеуі шалыс келіп, шаруаның жөнге бақпайтын мəнісі сонан болады деген екен. Адам баласы ең əуелі көшіп жүріп мал бақты, берігірек келгенсін ауыл болып бір жерге жиналып егін екті, енді онан да берігірек келгенсін қалада тұрып сауда етті, осы кəсіптердің бəрін оларға кім еткізді; заман еткізді: мал бақтырған да – заман, егін ектірген де – заман, сауда еттірген де – заман. Мал бағу үшін байтақ кең жер керек екен, əуелде адамның аз уақытында жер кең болды, кең жерде мал бағу пайдалы болды, соның үшін жұрттың бəрі ең əуелі көшіп жүріп мал бақты, бұл мал бағу заманы аталды (Пастуческий быть). Берігірек келгенсін адам көбейе бастады, жер тарыла бастады, жер тарыла бастап еді, халық жарлы бола бастады. Бұл жерден баяғы мал бағу заманы өтіп, екінші бір түрлі заман басталды. Керек еді сол сағатында-ақ заманның түріне қарай айланып (айналып) екінші бір кəсіп ете қоюға. Бірақ адам баласы үйренген кəсібін қапелімде қоя алмай, баяғы бір мал бағып бай болғаны есінен кетпей, заманның өзгергеніменен ісі болмай, бұрынғыша малын бағып отыра берді. Арада көп жылдар өтті, шаруа жылдан жылға азаймаса, көбеймеді, ақырында бұлар жүдда жарлы болды. Бұрынғы мал бағудың заманы емес екенін бұлар тек сонда білді.
Сол уақытта бұлар өзді-өзі сөйлесіп, көшіп жүруді тастап əр жерде бір құр босқа жер алып тұрған шашық қыстауды бір жерге жинап салып еді, жер тағы да кеңейді. Сонсын бұл жерлерінің бір жағын егіндік етіп егін екті, бір жағын пішендік, бір жағын жайылыс етіп, қызметтің сауындық мал ұстады, сөйтіп енді бұлардың шаруасы тағы түзелді, бұл егіндік заманы деп атанды: (Земледельческий быть). Тағы бір-екі заман бар, оны екіншіде жазармыз. Хан Бөкей 1801-нші жыл 10000 үйменен бері өткен екен, патша ағзам хазіреті бұны хош алып, Еділ-Жайық арасынан жеті (7000000) миллион десятина жер берген екен. Бұ жерді үй басына бөлгенде бір-бір үйге 700 десятинадан келеді екен. Байғұс-ау, енді бұ қадарлы жерменен ол күнде біз бай болмай кім бай болсын?! Бұған таң тамаша қалу керек емес, ол күнде біздің тіпті бай болмайтын ретіміз жоқ. Енді ашып айтып қаралық, қазір бізде үй қанша екен, жер қанша екен?! Қазір ішкі ордалықта 100000 үй бар екен. Соған қараған пайдалы жерден тек қана екі (2000000) миллион десятина жер бар екен. Жеті миллион десятина жердің үш миллионы қызыл шағыл болып кетіпті. Жартысы қазынаға алынды, жартысы алынған жоқ. Бір миллион Оралға кетіпті, енді бір миллион десятинадай жерге Тарғын қисымында орыс қарашекпендері күтір (хутор) салып отыр. Сөйтіп, бес миллион жер қазақ пайдасынан шығулы. Енді барлық ішкі ордалықтағы қазақтың пайдасына тек екі миллион десятина жер қалып тұр. Сол екі миллион жерді жүз (100000) мың үйге бөлгенде, бұрынғы үй басына жеті (700) жүз десятинадан келетін жер қазір үй басына тек 25 десятинадан келеді екен. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмай кім жарлы болсын?!. Əлі біз бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы боламыз. Оның үшін бірден бірге адам көбейеді, жер тарылады. Хал жай, халық, солай. Еңбек етсең емерсің «Қазақстанның» əуелгі нөміріндегі айтылған түрлі түрлі замандар, сол түрлі түр замандағы түрлі түрлі кəсіптер тек ғана жалғыз кентті жұртқа хас демеңіз, заман ортақ əр кімге де келеді, бірақ мұның келгенін яғни: ескі заманның өтіп жаңа заманның келгенін бір халық ерте біледі, бір халық кеш біледі, ерте білген халық ілгері кетті, кеш білген халық кешігіп соңға қалды. Сол заман бізге де көптен келулі, бірақ біз мұның келгенін қапелімде анық ашық көре алмай біле алмай тұрмыз, əйтеуір жылдан жылға жарлы болып бара жатқанын халық жақсы біледі, бірақ ол жарлылықтың неден болып тұрғанын біреу біледі, біреу білмейді, бұл жарлылық бізге заманның өзгеруінен болып тұр.
«Қазақстанның» əуелгі нөмірін оқыған кісінің қаперінде қалған болар, жер менен үй ішкі ордалықта бұрын қанша болған, қазір қанша? Бұдан толық аңғарылады: бұрын біз бай болғанда жерменен бай болыппыз, енді ондай кең жер бізге жоқ, патшалықта жер көп демеңіз, жер жетпей жатыр, енді аз жерді күтіп берекетті етіп ұстайтын кезге келді, тар жер көшіп жүруді, шашық отыруды көтермейді жəне көшіп жүрген халықтың мынау менікі дейтін бір заты бұрын да болмаған, қашан да бір жерге мекен тиіп, жерге еңбек сіңірген халықтың еңбегін патшалар жемеген, күндердің күні болғанда жерге еңбек сіңірген халық сол жердің иесі болып қалған, бұлайша көшпелі болып жүрумен біз жер суға қожа бола алмаймыз, бұл күнге дейін бізде мынау менікі дейтін бір нəрсе жоқ екен, ол не үшін жоқ, барлығы көшпеліліктен; мысал: мынау ішкі ордалық біздің жүз жылдан артық құлданған мекеніміз екен, қане – сонда бұл жерге де бір талай еңбек сіңірген екен бұл еңбекті жіберіп болмас дегендей не затымыз бар?... Бір затымыз да жоқ, біз жерге еңбек сіңірмедік, бір қазық шанышпай бос қойдық, сол себепті жер өзіміздікі емес, өнерлі халық тəуір жерімізді алайын десе бізден қашан да алады, (Құдай тағала Өзі Құран Кəрімде айтып еді ғой: «Əн илə риз-ирасһə ғибади ас-салихин» яғни жерге əуелі жерді ғимарат етуге салахитті болған құлдарым ғана қожа болып қалар деп, мұның көз алдымыздағы бір ыспаты сол, Тарғын қисымының қазақтарының бірталай жерін орыс қарашекпендері алып мекендеп отыр, ойламаңыз олар рұқсатсыз отыр деп, олар рұқсатпен отыр. Егер бізге де жер су құжат болса бір жерге мекен теуіп жерге еңбек сіңіру керек. Енді қалай тұрмақ керек? Қазақтың жау жарағын тастап, момын болып, шаруасына қарағанына екі жүз жылдай болған екен, бұл екі жүз жыл он сегізінші-он тоғызыншы заманға тура келеді екен (əр бір жүз жылды бір заман деп атайды). Бұл айтылған екі заманда адам баласы бегірекде ілгері кетті, ол ілгері кетуге себеп болған нəрсе – ғылым менен өнер. Бұл екі заманада отарба, откүйме шықты, телеграм, телефон шықты, зауытта, фабрикада түрлі затты өзі ұстайтын машиналар шықты. Бұл шыққан өнерлер адам баласының тұрмысын бүтіндей өзгертіп жіберді, бұрынғы амалсыз бір жерде отыратын, яки амалсыз өне бойын бір кəсіпті ететін заманды артта қалдырды, отарба, откүйме, телеграм, телефон адам баласын бірі-біріменен мидай араластырды, не істеймін десе де қолын жеткізді. Сол күндегі яғни екі жүз жыл шамасындағы бізбенен баяғы білімі өнері бірдей қатар халықтардың бəрі де бұл күнде ғылым иесі, өнер
иесі, удүлат иесі болды. Аның үшін бұл халықтар жоғарыдағы айтылған өнерлерден қашпай, пайдаланды. Енді бұл екі жүз жылда біз не бітірдік екен, өзімізді өзіміз бір байқап қаралықшы. Япырмай, ойлап тұрсақ, бізің бұл екі жүз жылдық ғұмырымыз бүтіндей босқа өтіпті. Өзіміздей халық өз біріктіріп ғылымды өнерді асырмақ үшін басқа халықпенен таласқанда біз өзді өзіміз бір-бірімізбенен үлкендікке таласып, барлық уақытты уə барлық малды бұған сарп етіп масқара болыппыз. Сөйтіп өнерден де, ғылымнан да мақрұм қалып, ақырында күнелтіп отырған малдан да айрылып, зор қиындыққа ұшырап тұрмыз. Жетер енді таласу, жетер! Ендігі ғұмырды бос өткізуден сақтаналық. Енді бізге бұрынғы күн жоқ, бұрынғыша мал бағып көп ұзақ жасай алмаймыз, оның үшін бұрынғыдай жер жоқ. Өнерсіз адам яғни еш бір нəрседен хабары жоқ білімсіз адам бар затын пайдаға асыра алмайды, міне, біз қазақ халқы барымызды ұқсата алмай, жарлы болдық ғой, бай десең, бізде болды, не үшін бір ине қалмады, барлығы надандығымыздан. Енді бізге бала оқытуға, өнер үйренуге жабысу керек. Кəсіп етуге жабысу керек. Бұларды біз бұлай отырып тіпті де үйрене алмаймыз, бізге енді оны-мұны қойып, ауыл-ауыл болып жиналу керек, сонда ортақ ұстаған бір моллаға ауылдағы барлық бала оқып, тағылым алады, енді қазіргі халде, яғни шашық отырғанда үй басына бір молла керек. Олай ұстауға əр кімнің қуаты келе бермейді. Сондықтан көп бала надан қалады. Бұлайша ауыл-ауыл болып жиналып отырудың жерге де пайдасы бар. Аз жерді тілкімдеп əр кім өз алдына пайда лануға болмайды, сол себепті барлық ауылдың жерін қосып жіберіп, бір жағын егіндік етіп, бір жағын пішендік етіп, енді бір жағын жайылыс етіп ортақ пайдалану керек болады. Басқа кəсіпке үйрене алмаймыз деп қорқу бекер, далада жүріп мал бағуды оқымай-ақ үйрендіңіз ғой, сол секілді ауыл болып бір жерге жиналсаңыз, сауда ғылымын да, яки басқа кəсіпті де еш кімнен үйренбейақ өздеріңіз білесіз, қарттар айтады ғой басқа түссе баспақшыл деп. Түрлі өнерге адам баласын мұқтаж үйреткен, бəрі бір бұ мұқтаждық бізді бұлай қоймайды. Мұқтаждықтың əуелі бастап кірді ғой, енді бұның жолында тұрмалық, екінші жаққа қарай бұлтарып қашалық, қашқанымыз сол болсын, ауыл болып жиналып, өнерге, ғылымға, кəсіпке жаппай жабыса басталық. Өгіз қарын майыңды өлгенде бастаймысың дегендей, ау, білгіштер, жүйріктер, жазатын жерлерің, сөйлейтін, шабатын жерлерің, енді келді, қарап тұра көрмеңіз, «Қазақстанға» пікірлеріңізді жаза көріңіз. «Қазақстан» * *Құрастырушыдан: Бұл жерде «Қазақстан» – автордың бүркеншік есімі.
Қалай мəслихат Өзіңізге мағлұм, қазақ жері өлшеніп, артығы алынуға жатыр. Хəкім тарапынан халыққа екі бағыт көрсетіліп тұр: қазақ бұрынғы күйінше шашық отыруды тілей ме, болмаса ауыл ауыл болып жиналуды, яғни қала салуды тілей ме деп. Егер бұрынғыша шашық отырып қаламыз десе, ол күнде еркек-əйелге бірдей жан басына 12 десятинадан жер беріледі. Қатеріңізде болсын, əйелге жер жоқ, əйелге жер уақытша беріледі. Əйелдің жері қашан да болса қазынаға алынады. Бұ халде жер бүтіндей қазыналық болады дейді. Енді егер да қазақ қала салуға риза болса, ол күнде жан басына 10 десятинадан тек қана ер адамға беріледі, əйелге жер берілмейді, бұл ер адамға берілген жер қазынаға кері алынбайды, басы бүтін өздерінікі болып, сатып жіберсе де ықтиярлы болады. Бұл хəлде бұдұт мал есебіменен алынбайды, десятина басына 10 тиын шамасынан жер есебіменен алынады. Мысалы 10 десятина жерден 2 сом 20 тиын алынады. Бұл еркек басына берілген 10 десятина жер пішендіктен, егіндіктен аспайды. Сол себепді хəкімдер əр ауылдың тұсынан мал жайдыру үшін қазыналық етіп жер алады, бұл жерге мал жаятын кісі аз-көп болса да қазынаға ақша төлейді. Біздің білетін адамдардан алған хабарымыз осылай, халық дағдарулы, қалай етерін бұл күнгеше біле алмайды: 12 десятинадан еркек-əйелге бірдей жер алып, тəуекел етіп бұрынғыша шашық отырып қалуға ма, болмаса 10 десятинадан ер басына жер алып қала салуға ма, қара халық тəуекел білген адамдар да əлі бұның хақында бір келісімге келген жоқ секілді көрінеді. Əлі көп халық орнасқан жоқ, сөйлесуге енді уақыт. Ау! Бас адамдар, оқыған тоқыған адамдар! Бұ халыққа бір бағыт сілтеңіздер, сілтегенде тек солай керек демек жеткіліксіз. Себебін айтыңыз, мысалы, не үшін 12 десятинадан еркек-əйелге бірдей жер алуды қуаттайсыз, уа не үшін 10 десятина дан ер басына жер алып, қала салуды қуаттамайсыз? Пікірлеріңізді «Қазақстанға» жаза көріңіз. «Қазақстан» * * * Халық жер тарылғансын, жиылып отырудың пайдалы екенін өздері де сезетін көрінеді, бірақ 12 десятина менен 10 десятина жердің қайсысын аларын білмейді. Бұлай мəслихат «Қазақстанның» 3-інші нөмірінде «Қалай мəслихат?» деп басталған бір сұрау сөз басылды. Сұраушы бұ сөзінде «қазаққа тегіс (ерге-əйелге) 12
десятинадан уақытша алып, бұрынғыша көшпелікте қалуға ма, болмаса 10 десятинадан ер басына алып, қала салуға ма?» – дейді. Яғни осы дүниа тарылып, жер-су шағындалған шақта, осы 20-ншы ғасырда, осы баяғы жұрттар өнер-білім арқасында ілімдары қарайлас болып, бір-бірімен аюдай алысып тіршілік етіп тұрған шақта, мидай араласа бастаған біздің білімсіз, аңқау, жалқау, аяқты малды бағып, сауып сүтін ішіп, сойып етін жеуден басқаны білмейтін қазақ жұртына осы күйше оларға жем болып тұралғанша тұра беру тиіс пе? Болмаса 5-10 жылда қиындықты пида қылып, замананың тілеуіне ұйқас жиналып, қала болып, кейінгі жас балаларды өнер-білім жолына салып, түрлі кəсіп харекетке жасынан мойын қойдырып, басқа жұртпен ағаласа – жағала күн көре аларлық шекке жеткізу тиіс пе? Пішуі тиіс болған түйін осы бола ма деймін. Мен бұған иманыммен былайша жауап беремін: Қазақтың хазіргі хəлін һəм келешектегі жайын тереңірек ойлап қарағанда шүбə жоқ, еш бір тоқтаусыз жиылу, қала болу керек. Қазақ жиылмаса, қала салмаса, бұ бытыраумен бəрінен айрылады, қазақ азады, тозады. Мен мұны құр тəуекелменен сағымға жүгіріп, жə болмаса пайғамбарлық сатып, əулиелік құрып айтпаймын.... «тіршілік» деген сабанды сүйреуші екі өгіздің күші бірдей болмаса, əлсізі боразданың ана басынан бір айлануға жарамай-ақ қара терге боялып, бүйірін соғып, тұмсығымен жер тірей жығылатыны ашық белгілі болғаннан айтамын. Һəм осы күнде «тіршілік» сабанына бір жағында орыс, бір жағында қазақ атты екі өгіздің жегіліп тұрғанын «нужда» деген айдаушының білектей кендірден есіп, ішіне қарыс-жарым қайыс байлаған өткір шыбыртқыменен дем алуға да бермей үсті-үстіне əлсіз қазақты ғана шыбыртқылап тұрғанын көргендіктен айтамын. Мұның мысалдарын өздеріңіз де тауарихтардан оқып көрдіңіз ғой. Дұрыс, қазақ жұрты мың аса жылдардан берлі осы көшпе халінде қалай болса да тіршілік етіп келген. О күнде қазақ басқа жұртқа араласпай, тек өздері ғана кеңшілікте тұра алған, қазір о қайда?! Қазіргі қарттар да сол үйренген шаруасынан, үйренген тұрмысынан айрылғысы келмейді. Олар айтады: қала болып отыру түгіл қалаға бір неме алуға барсақ, үйге қайтқанша асығамыз, қалаң құрсын» деп. Емшек баласы 3-4 жасқа шыға тұрса да жылап сықтамай емшегінен айрыла алмайды. Бірақ о баланы жылайды екен деп жігіт болғанша сүтімен асыраған ананы көргеніміз бар ма?!... Біздің қазақ да сол секілді природа, яғни кең сахара деген ананың емшек сүтіндей ағып тұрған нығметін еміп, бұ шекке дейін келді. Енді ол жастан өтті, бұдан соң керегін өзі əзірлеп дүнианың ащы-тұщысын былайғы жұртпен бірдей тату міндет болған жасқа жетті. Бұл себепті, жерді 10 берсін, 5 берсін, не берсе де қазақ жиылуға керек. 5-10 жылға дейін қиынырақ, елге шаруаға да жайсызырақ келсе келер – не қылмақ керек, қиындықсыз рахат табылмайды. Аз уақыт дəрудың ашуына шыдамай, ауру да шипа таппайды. Түпкілікті қазақ деген жұрт осы жиылып өнер-білім үйрену арқасында ғана өмір сүріп
қалар, қарттарға қиын болса да, жастар тез үйреніп кетер. Бұл турада қысқа ойлау жарамаса керек. Ғұмар Қараш Қайсысы пайдалы Халық қала салудан қашқанда малдан айрыламыз деп қорқады. Малдан қаланы салсақ айрыламыз ба екен, салмасақ айрыламыз ба екен, салыстырып қаралық. Мен сізге жерді түгел қиялменен бөліп көпақ берейін. Мысал бір жерде 50 үй болыңыз, үй басына 50 қойдан 2500 қойларың болсын. 40 сиырдан 2000 сиырларың болсын. 20 жылқыдан 1000 жылқыларың болсын. 10 түйеден 500 түйелерің болсын. Үй басына 100 десятинадан жер алыңыз, сонда 5000 десятина жеріңіз болады. Жə, енді осы 5000 десятина 6000 қараменен көшіп-қонып жүріп мал бағуға жер болар ма? Меніңше, ол жер ол малменен жер болмайды, болмайтыны – мал менен жердің есебінен-ақ көрініп тұр. Мал 6000 бас, жер 5000 десятина, мал басына бір десятинадан да келмейді. Бұлай болғанда мал өспейді, тез-ақ өшеді. Егер бұ 50 үй сол 5000 десятинаның бір жағынан қала салып, барлық жерді қосып жіберіп, үшке бөліп, бір жағын егіндік, бір жағын пішендік, енді бір жағын жайылыс етіп, сай-саланы бөгеп алып, жерді қолдан суғарып, малға тамақ болатын түрлі шөп егіп, малдың тұқымын түзеп, санын азайтып, бұрынғыша мал баққанда 5000 десятина жер бұ 50 үйдің малына толық жетер еді. Һəм бұлайша шаруа еткенде мал өсер еді. Мəдени ғұмыр, яғни қала салып, жерді отан тұту – ғылым, өнердің негізі. Бір жерді отан тұтуменен адам баласы ғылым-өнер үйреніп, таусылмайтын азық табады. Көшпелі ғұмырдың негізі жоқ, көшпелі халықтың байлығы өзіңізге мағлұм, жерменен болатын болса, ол жер жыл сайын тарайып, азып-тоза барып, тіпті мал жаюға жарайтын үй орнындай жер қалмайтын шекке жетеді. Сонда көшпелі халық малдан айрылып, қолына əуелгі адамның таяғын ұстап шыға келеді. Ғылым менен өнер көшпелі ғұмырменен əуелден жолдас емес. Малдан айрылғанда көшпелі халықтың қолынан келетін бар өнері – малайлық болады. Бұ көшпелі ғұмыр адам баласына не көрсетпеді, бір қатар халықты мүлде жоқ етті. Бары да қазір ұқсап тұрған жоқ. Сұлтан Бахытжан Қаратаев һəм Əндижан Жұбанəлиев Шідерті болысына басшылық етіп, отырықшы болмақшы болып, алған жерлерінің мұқдары: 1. Қаратаевски участокте 55 үй қожалары бар екен. Бұл 55 үйде 491 еркек жандары бар екен. Бұларға 6527 десятина жер берілген. Мешіт пайдасына 120 десятина жер қалдырылған. Мұның үстіне үш мың жарым шұбарлық жер Қаратаевски паселскинің оброчный статьясы болған.
2. Əндижановски участоктегі 41 үйдің 129 еркек жандары бар екен, бұған 4792 десятина жер берілген. Əндижановски паселскиге 1417 десятина шамасында оброчный статьялық шұбарлық жер кесілген. Үй қожалары екі жүзге толмаған себепті мешіт пайдасына жер берілмеген. 3. Зубировски участоктегі 17 үйдің 261 еркек жандары бар екен. Бұларға 7938 десятина жер берілген. Мешітке деп 125 десятина жер берілген. 4. Ақбұлақски участоктегі 78 үйдің 323 еркек жандарына 10425 десятина жер берілген. Мешітке деп 120 десятина жер берілген. Оброчный статьялары 3297 десятина шамасында. Шідерті болысы жамиғы 14 паселкеге бөлінген екен. Əр қайысында жоғарыдағы көрсетілген шамаменен жер алған. Жан басына 35 десятинадан 42 десятинаға дейін жер берілген. Жəне бұлардың зор пайдасы сол – жақсы жерлеріні өздері алып қойған. Бұлар айтады: бұрынғыдан жеріміз тар емес, қайта қосып алдық деп. Мұхтарам басқарушымыз, бұ жазғаныма газетаңыздан орын өтінемін «Қазақстан» газеті 3-нші нөмірінде қазақ жері турасында екі түрлі жөнімен отыруға қалдыңыз. Қазаққа қайсысы пайдалы уа қайсысы зарарлы, мұның хақында тиісті дəлел көрсетіп, мəслихатыңызды «Қазақстанға» жазыңыз деп азаматтардан ақпар сұраған екен. Қазақ халқы жиналып, отырықшы есебіне кіріп, отырамыз десе жақсы жерден еркек жан басына 10 десятинадан жер беріледі. Шашық отырамыз деп сұраушыға еркек-əйелге жаппай 12 десятинадан жер беріледі. Бірақ ол халде жер қазыналық бо лады. Мəңгілік нəсіпке берілмейді деп, бұның хақында 4-нші нөмір «Қазақстанда» білгіштеріміздің пікірлері көрінбеді. Бірақ халық қайғысындағы миллет хадымлары ыхтыжарсыз қалдырмас, ақылын айтар деген дəмеміз бар. Мұның хақында пікірімізді ортаға салып, білгіштердің ақылын түртіп, ояталықшы деген ниетпенен қаламға жармастым. «Көп аламын деген аздан құр қалады» деген қарттарымыздың мақалы бар. Біздің пікірімізше, əйел-еркекке жаппай 12 десятинадан жер алғаннан еркекке 10 десятинадан алып, осыған қанағат етуіміз артығырақ көрінеді. Қазақ жері уақытша деген законнан бұрын да тапқан пайдамыз жоқ. Енді уақытша деген сөзден сақтаналық. Əйел-еркекке 12 десятинадан берілгенде шашық отырғанға депті. Бұлай болғанда дүниауи уа ахрауи басқа мақсаттарымызға да зиян келер. Аның үшін өліп-талып мəденилікке кірісіп, қала болып, ғылым мен өнер
табамыз деп тұрған бір заманда қайтадан бадауилікке шықсақ, тағы да надандық дариясына батқанымыз болар. Хал-қадари біздің пікіріміз емес, басқалардың пікірін «Қазақстаннан» қарсылап күтіп тұрамыз. Жұбакен Тілеубергенов Мұхтарам басқарушы! Гурьев оязының Қызылқоға болысының қарамақы 12 нөмір, баршасы Нұрмұхамедовтың ыждаһатыменен мəңгілік қылып жер алу үшін қала салуға қасад қылып жатыр. Бірақ біздің Гурьевтің қарамағында 1-2-3 сорт егінге лайық жерлер жоқ, жерлеріміз құм болады, бұйдайық болмайды, сол себепті мал ұстаратұғын паселкеге лайық бола ма – малдан айрылып қалмаспыз ба? Бұның хақында білетін адамдардың пікірлері нешік? Бұ жерлерімізді хүкімет жердің қай дəрежесіне қояды екен, мұның хақында тасдиқ қылынбас 1909-ншы жыл 9-ншы саратанда жер хақында инструкциясы туғры (тура) келе ме екен? Егіндік үшін жер берілмей ме екен? Екінші, 1-2-3-жердің тағрифлары қалай болады екен? Мұны һəм күтеміз. Үшінші, малменен тірлік қылып отыратұғын паселкеге лайық закон бар ма екен, əлхасыл Гурьевке лайық закон бар ме екен? Басқа оязға балкүл мүхаллаф (бүтін) деп ойлаймыз. Хасан Нұрмұхамедұлы
Қазақ жерін өлшеп жүрген чиновниктің біріменен Гурьев оязы əңгіме болды Гурьев оязы əлі жақсы қаралған жоқ, алайда өткен уақытта келіп қайтқан тобоғрафдардың (жер қараушы) Гурьев оязында тəуір жер жоқ деп қайтқанын білемін. Бұндай жаман жерлер бар халыққа скотовадишски (скотоводческий) нормаменен жер берілсе керек, яғни мал жаюға жарарлық етіп жер беріледі. Скотовадишски нормада пəлен десятина жер болады деп айта алмаймын. Аның үшін бұл норма жердің жақсы-жаманына қарап, болыстағы малдың есебіне қарап шығарылады. Жақсы жерден азырақ, жаман жерден көбірек беріледі. «Бірінші сорт» деп аталатын жерлер – су түсетін, тоғайлық һəм қырлықтағы көлдер болады. 100 десятина жердің 70 десятинасы жақсы жер болып, қалған 20 десятина жаман жер болса, оны «екінші сорт» деп атаймыз. Егін, пішен шықпайтын, тек жайлаулық жерді «үшінші сорт» деп атаймыз дейді.
Бек мəслихат «Қазақстан» газетасында 3-нші һəм 5-нші нөмірлерінде «Қалай мəслихат» бұлай мəслихат азаматтарға деп айтылған сөздер сұлтан Бахытжан Қаратаев һəм Ғұмар Қарашевтарды ң үгіт-насихаттары қазақ халқын қызғанып, түбін ойлап айтулары «Қазақстан» газетасын оқушыларды оятып, рухын шаттандырғандай сөз екені əр кімге де мағлұм. Тек біз ол айтылған бағытқа түсініп жеткеніміз жоқ. Ол мұхтарам жазушылар қала болса, қазақ көшпелі хəлін тастаса, əр ер адамға 10 десятина топырағымен өз мүлкі етіп жер береді дейді. Бұдан бұрын 1909 жылда жүзден артық үй переговор жасап, осы айтылған бағытпенен қала боламыз деп Астрахан губернаторына арыз беріп едік. һəнуз ғабары жоқ. Сол себепті біз бұ «Қазақстан» газетасына жазылған сөзге қалай ерудің мəнісі білмейміз. Бəлки бір адам бұ қызметті бастап, қала бола қалса, қазақ халқы біріненбірі қалмайтұғын сықылды көрінеді. Аның үшін қазақ өзінің хəлінің ең төмен хəл екенін неше надан болса да білгендей болды. Біздің бұ көшпелі хəлімізде жүргенде қанша жақсы жерді де тоздырдық. Жерді шағыл етіп, қазынаға милиондар ақша шығаруға себеп те болдық. Біздің бұ көшпелі хəлімізде тұруымыз ол жазушылардың айтқанынша бір мағынасыз жүріс-ау деп қазақты мыңнан бір ойлаушы кісі де жоқ емес. Енді өзімізде бір ризық табарлық кəсіп харекет де жоқ. Бір жылғы аштық болғанда былайғы жерді білмеймін, Каспийски теңізінің бойындағы бір неше мың балық аулаушы қазақ өздерінің не хəлде екенін білсе керек. Енді хəл-жай бұлай болды, жə, ол жазушылардың ер адамға 10 десятина жер беріледі, қала болыңыздар де ген сөзін топтап сұраймын? Ол патша ағзам тарапынан бекітілген хүкім бе? Оны не жолмен іздеп тауып, қала боламыз? Иə болмаса түрлі жерде қазақ көп Орынбор, Торғай, Орал уа ғайри Азиядағы қазақ хақында шыққан закон ба? Не болмаса Европа һəм Азиядағы қазақ халқына бұ закон тегіс пе? Бөкейлік қазағына да бұ закон бірдей ме? Əр кім қолданып отырған жерінен қала саламын десе бола ма? Ол жан басына берілетұғын жер ақшаға ма, иа ақшасыз беріле ме? Сонда не бағытпенен ол жөнді іздену керек? Бізге айырым ашық бас хакімнен мағлұм болған жоқ, қала болсаңыз, 10 десятинадан ер адамға жер беріледі д еп. Өткен жылда «Уақыт» газетасында бір жазу көрдік, Шідерті болысында сұлтан Бахытжан Қаратаев басшылық етіп қала болған қазақтар бар деп. Рас болса қайырлы һəм дауамы болсын. Өз көңіліміз ақыл қария болуды сүйгеннен қазақ пайдасына сөз сөйлеуші ғылым иелері адамдарымыздан осы қала болу жайын, біздің қазаққа дұрыс бағыттарын газета арқылы білдіруін өтініш етеміз. Надандыққа басылып раситке пайдасыз, өз ризығын өнер-білімменен тауып, қатын баласын асырай алмай, қойдай шулап, бас хакімнен жəрдем қашан келеді деп бір жыл аштық болғанда волостной правлениелердің есігін
тоздырып, тіленші хүкімдерінде қалған қазақ халқын қызғанып, ғылым білген адамдарымыз бір жөн-жосыққа салуға яғни бір ел етіп қалдыруға шын ықыластарыменен қызмет етсе, ол мұхтарам ғылым иелері дүниаға босқа келмеген болар еді. Ханым Закарин «Бек мəслихат»-қа жауап Степной облыстарда яғни Торғай, Орал, Семипалат, Семиреченскі, Ақмолинскі уа ғайри орындарда переселенчески управление (переселенческое управление) бар, бұ управление бұ жақтағы қазақты һəм орысты жерге орналастырады. Тап осындай, яғни орыс-казакты жерге орналастыратын управление Россияда да бар, оның ішінде Астрахан губерниясында да бар. Тек бұл управлениенің анау управлениеден атағы бөлек болмаса, бəрі бір деп айтуға болады. Бұ Россиядағы управлениені землеустроительная комиссия атайды. Енді солай болғансын жерді өлшеп беретін закон Бөкейлікке де бірдей болады. Бұлардың қызметтері бек көп көрінеді. Қолдары тиіп үлгере алмайтын көрінеді. Бұ қызметтің басындағы бір чиновник солай аңғартты. Бір ширет жеткен күні Бөкейлікті де өлшеп, артығын алмақшы. Анау Тарғын қисымындағы қала салып отырған көп хахол рұқсатсыз отырған жоқ, һəм солар сол жерде қалады. Бұ жақтағы алдын алып, өзіміз отырықшы боламыз деген қазақтар араларына орыс кіргізбей, тəуір жерлерді өздері алып қалулы. Енді бұрынғыша отырамыз деген қазақтар тəуір жерлерінен айрылып қалулы. Бөкейлікке де сол болуы хақ. Енді ең болмаса тəуір жерлерді қорғап қалу үшін һəр бір тайпа ел өздері-ақ өз жерлерінен қала салып отыра берсе де жарар еді деген білетін адамдардың пікірі бар. Аның үшін əлгі жерге орналастыратын мекемелердің қолдары тие қоймайтын көрінеді. Тек қаланы салғанда қазақшылық етіп, бірінің үстіне бірін мінгестіріп, болмаса көше шығармай, көше шығарғанда да түзу шығармай салу керек емес көрінеді. Кəдімгі усадьба-усадьба қылып бөліп, ені пəлен, ұзыны пəлен сажыннан реттен үй басына жер алып һəр кім өз жұртын сол өлшеулі усадьбаның ішінен салып алу керек көрінеді. Тек сонда ғана хəкімдер қала деп есеп ететін көрінеді. Жоғарыдағы айтылған управлениелердің қолында закондары бар, əр бір законды тек патша ғана бекітеді. Сол себепті бұл патшадан шыққан закон болады. Бұлайша отырықшы болғанда пұдұт малдан алынбайтын көрінеді, десятина ба сына 10 тиыннан жерден алынатын көрінеді. Бұдан бөтен берім ақша көрінбейді. ... низам болса, тағы жазармыз.
Станция Жымпиты (Оралски област) «Айқап»-тың 1911-нші жылғы 11-нші нөмірінде біз айтып едік, Шідерті болысының жоғарғы теріс түстік жағындағы Шідерті һəм Аңқаты өзендерінің басындағы Қабанбай, Қақпақты жерін, Тасқұдық, Аққұдық, Талдыбұлақ, Қарабұтақ, Ақбұлақ уа ғайри тарауларды отан еткен елдердің қазақтары үш мың тоғыз жүз үш еркек жандар 1910-ншы жылы 14 қала болып, 14 участок жер алдырып һəм еркек жан басына бір қалаларда отыз, бір қалада отыз алты, бір қалада отыз жеті, бір қалада отыз сегіз, бір қалада қырық екі десятинадан мəңгілік жер тиді деп, мешіт жері 120 десятинадан болды дедік. 14 қалалардың 11 қалаларына сол есеппен 11 мешіттерге деп жер берілді деп айттық. Қарұтшұбар һəм ащы жерлерден жеті казонный оброчный статья ашылды дедік. Бұлдырты һəм Қарашығанақ болыстарымен даулы жерлерден яғни волосымыздың шет жағынан переселенчески екі участок ашылды дедік. Иəни айттық, 1911нші жылы тапографдар Шідерті болысының төменгі қыбла жағындағы ауылдарының жерлерін өлшеді деп. Һəм əзір бұл қазақтарды қала-қалаға бөліп, жерлерін участкелеп үлгерген жоқ деп. Енді айтылмай қалған бір сөзіміз бар еді, бұл сөз бұ-дүр: халқымыздың ортасында мешіт салып кəсіп етіп жүрген Шарифолла есімді бір Қазан ноғай бар еді, екі ұлы бар еді. Бұл үш еркек татар жандарды приомный приговормен Аққұдық паселкесіне кіргізіп, жан басына жер өлшеп бердік. Хəкімдер бұл амалымызды теріс демеді, законға муафиқ дейді. Енді 1911-нші жыл ноябрь ішінде Шідерті болысының управителі Əндижан Жұбанғалиұлы екеуміз Оралски, Торғайски партияның хəкімі Тсабл мен производитель работ Зобир жанабтарына телеграм соғып едік. Шідерті болысының қалған жерлері де өлшеніп бітті ғой. Енді қалған халқын да қала-қала қылып, жерлерін участкелеп тəмам етсеңіздер екен деп бұ телеграмға м уафиқ Зобир хат арқылы 26-ншы ноябрьде 1911нші жылда былайша жауап берді: «Шідерті болысының жоғарғы теріс түстік жағындағы ауылдардың жерлері жақсы еді, 1-нші дəрежелі еді. Егін кəсібімен күн көруге лайық еді. Сол себепті Шідерті болысының бұл тарапты отан еткен қазақтарына земледельческий норма бойынша жер берілді. Бұл жерлерге қарағанда Шідерті болысының төменгі, яғни қыбла жағындағы ауылдардың жерлері жақсы емес, һəм егін кəсібіне қолайлы емес, көбіне шұбар қарот һəм құмақ болып тұр. Сол себепті бұл ауылдардың қазақтарына жерді ер кек жан басына жоғарғы ауылдардың қазақтарымен бірдей беру əділ болмайды, обал болады. Аның үшін төменгі ауылдар мал бағып һəм мал өсіріп күн көрер, егін кəсібімен күн көре алмас. Бұл ауылдарға скатоводчески норма бойынша жерді көбірек беруге тиіс. Сонда аз-маз егін шығатұғын жерлері мал өсіретұғын кəсібіне қосымша болып пайда берер, бірақ бұ скатоводчески норма турасында законда
һəм 1909-ншы жылғы 9-ншы саратанда шыққан инструкцияда ашық айтылған тəртіп жоқ. Сол себепті қазірде өз алдына бөлек жаңа инструкция жазылды. Бұ инструкцияны тағин еткізбек үшін Тсабл жанабтары земледелиенің һəм землеустроистваның главный управлениесіне жіберді. Бұл жаңа инструкция кешікпей тағин болса керек, сол уақытта мен Шідерті болысының төменгі жағы қыбла тарапындағы ауылдарына келіп жасалған қарта (карта) ға қарап қала-қала қылып скатаводчески норма бойынша участкелеп ... 1912-нші жыл жазғытұры бұл қалалардың жер шектерін жоғарғы ауылдардікі сықылды тапографтар баразде тартып ашып берер, һəм қалалардың орнын планға муафиқ усадьба-усадьба қылып бараздеменен тіліп берер» – қызметкеріңіз Зобир. Осы күнде жаңа инструкцияның жылдамырақ тағин болғанын тілеп һəм Шідерті болысының қалалары һəм жерлері тұрасындағы əңгімелердің жылдам тəмам болуын тілеп, халқымыз шыдамсызырақ күтіп тұрады. Енді бұ Зобирдің хатын екінші бір хатын теңгеріп қаралық. Шідерті болысының əуелгі өлшеп жатқан аз жерде біз Государственный Думаның члені Владимир Виноградовқа сəлем хат жаздық. Қазақ халқының жері турасында не ақыл айтасыз деп. Жерімізді государственный жер деп переселение пайдасына жылма жыл алады да жатады. Тоқтайтұғын шамасы һəм тəмамы көрінбейді дедік. Виноградов 3-нші Государственный Думаның кадетски партиясының адамы болады. Жер əңгімесі кадеттер тарапынан осы кəсіпке тапсырулы болады. Виноградовтың жауабы бұлай болды: «Суклу сұлтан Бахытжан Бисағлі ұлы Қаратаев! Ғафу етіңіз, Сіздің хатыңызға көп уақыт жауап бере алмадым, өзімнің уақытым аз болды, һəм шіркінді көруге мұрсат болмады. Солайынша уақыт өте берді. Енді іске кіріселік. Сіз менің ақылымды сұрайсыз, қазақ қайткенде жерлі болады деп. Мен ойлаймын, қазір қазақ халқының жер турасындагы хəлі бек нашар һəм қиын болды. Сол себепті бөтен уақыттарда һəм бөтен ахуалдарда қабыл етпейтін затты қазіргі уақытта қабыл ету керек һəм көніп келісу керек, мен ойлаймын, 1909-ншы жылғы Ақмола облысындағы жер өлшеммен жерге орналастыратұғын болса бұл өлшемге бек тез ыждаһатпен көну керек һəм сол өлшеммен бізді жерлі қыл деп сұрау керек. 1909-ншы жыл Ақмола облысында қазақты мынадай өлшем жерге орналастырмақшы еді: қазаққа мəңгілікке переселендерге берген өлшеммен жер берілді. Земледелчески норма бойынша һəм жəне ...қазақ жерге орналасатұғын уақытқа шақты бұл қазақтарға уақытша жер қалдырылады. Бұл жердің өлшемі земледелчески нормаменен кузнетсовски, скатаводчески аталған норманың арасындай өлшем болады. Осылайша жер алынса, менің ойымша, қазақ еш нəрсе жоғалтпайды һəм ұтылмайды. Егін кəсібін етуге лайықты жақсы учаскелер алып қалады. Міне, менің қазіргі ахуалға қарап терең жəне шұғыл ойлап тапқан ақылым.
Шын ыхласа Сізге ... жақсылықты тілеп қалушы қызметкеріңіз Владимир Виноградов. Бұ Виноградов айтқан уақытша қалдырылатын жер Шідерті болысының жоғарғы ауылдарында казонный оброчный статья деп аталады. Аның үшін уақытша деген сөзден аузымыз күйген халықпыз ғой. Ашық сауданы жақсы көріп оброчный статья дедік. Уақытша деп алсақ, хəкімдер алаң болып, қазақта тағы да жақсы жеріміз бар деп жүре ме деп қауіп еттік. Бұ оброчный статьялар қадірсіз жерден болғансын өзіміздің тегін сұрап алуымызға ... сатып алуымызға оңайырақ болар дедік. Бұ оброчный статьялардың жік араларын баразда тарттырып анықтап аштырдық. Хəкімдер əзір оброчный статьялары қай ретпен қазақ пайдасына қалдыруды өздері де ойлап жеткен жоқ. Он жыл, он екі жыл қазақ оброчный статьяларды ақша төлемей пайдаланар дейді. Егер халық көбейсе, яғни осы оброчный статьядан надел (надель) кесіп берілер дейді. ... оброчный статьялар переселен пайдасына жарамайды, қазақтың мал бағуына күйсіз емес. Енді депутат Виноградов айтқан Ақмола облысындағы 1909-ншы жылғы жер өлшемінен яғни нормасынан Шідерті болысының нормасы жоғарғы ауылдарымызда екі есе тіпті үш рет көп деп есеп етеміз. Егер Зобир айтқан жаңа инструкция тағин болып төменгі ауылдарымызға скатаводчески нормамен мəңгілік жер берілсе, мұны бек əділдік деп есеп етеміз. Һəм еш кімге өкпеміз болмайды. Оның үшін ол уақытта ұлтарақтай жер артып қалмайды һəм оброчный статья иа уақытша жер болмайды. Біз акроном (агроном) емеспіз ғой, жер ғылымын оқығанымыз жоқ қой. Ойлаймыз, Шідерті болысының жерінің түрі бөлек шығар деп. Сол себепті біздің нормамыз көбірек болып жатқан шығар деп. Зобир айтқан скатаводчески норма турысында уақытында арнап отчет жазармыз. Сұлтан Бахытжан Бисəлі ұлы Қаратаев Қазақты жерге орналастыру хақындағы законнан перевод етілді Қазақтың өз күшіменен, өз расходыменен салынған бүкіл үйлер, егіндік һəм пішендік жерлерге су жіберетұғын құралдар, қазақтың өздері отырғызған жемісті һəм жеміссіз ағаштар, һəм бақшалар қазақтың өз пайдаларында қалады. Құмды, сорлы жаман жерлер қазақтың пайдасына жарайды деп есеп етілмейді.
Қара халық тарапынан бір-екі ауыз сөз Халық надан, халық жаман деп қит етсе барлық жаманатты барлық оқыған адам болып халыққа аударасыз. «Бəлкім бізден де болар-ау» деп өздеріңізге де бір көз жібермейсіз. Мысалы, бізге «мына жаңа шыққан газеттерге жəрдем бермейсіңдер» деп өкпелейсіз. Жаным, қайсыңызға наналық, қайсыңызға ерелік: оқыған ғылым иесі адамның біреуі келіп, газетті аса мақтаса, екінші бір оқыған адам келіп, газетті іске алғысыз қылып жамандайды. Надан халыққа қалам ұстағанның бəрі білгіш, қайсысының біліп, уа қайсысының білмей айтатынын қайдан білсін?! Қайсысына нанарын білмей ал-дал болып, өзіне-өзі мықты болып, тек жайына қарап тұрады. Онан басқа жол деген жерден ат-айғырын аямайтын қазақ қой, қозының бұлын аяйтын ба еді. Халық деген бір қой, басшылары қалай айдаса, солай жүреді. Бұ тұрғыдағы жалқаулық халықтан емес, барлық оқыған адам, өздеріңізден. Орал, Торғайда ишандар бар, солардың біреуі де алып оқымайды деп есітеміз. Учительдер, болыстар һəм болосной писарлар – бұлардан да алушылар аз деп естіледі. Көздеріңізге айталық, оқыған адамдар, əуелі өздеріңізді оятуға кісі керек. Өздерің оянып болған жоқсыңдар, халықты сендер қалай оятасыңдар? Танымасын сыйламас деген сөз, қанша оқысаңыз да өздеріңді өздерің əлі таныған жоқсыздар. Сол себепті өз жақсылықтарыңызды өздерің танымай, хат көрулеріңіз айып емес. Қай заманда да, қай жерде де қара халық – қара халық. Əр қашанда оқытушы да, оқушы да (пионеры) тек қана оқыған адамдар болған һəм қазірде де солай. Оқыған өздерің өз газеттеріңізді тегіс алып оқымайсындар, оқымаған қара халық газетті не қылсын?!. «Ашқа тартқан кешке тартады» деген осы, біз өз түбімізге өзіміз жетіп келе жатқан халықпыз. Жерден айрылуға да себеп болған өзіміз, қазір біздің басар жеріміз, шығар тауымыз қалған жоқ. Біреуіміз арақта, біреуіміз қарақта, жүзбе-жүз сөйлесуге болмайды. Көрмесе жат болады деген осы, бірден бірге жат болып да бара жатырмыз. Басымызды қосып, шаруамызды сөйлестіріп, бірімізбенен бірімізді таныстыратын бір-екі газет бола қалып еді. Бұларды да сүйемейміз, білмеймін, біздің кімге сенетінімізді. Ақыры надандығымыз-ау, басқа халық жоқты бар етуге тырысса, біз барымызды жоқ етуге тырысамыз. Бəлкім халықтың халін жақсы білмейтін боларсыз, енді бір жаман жолды көтеретін халықта хəл жоқ. Малдарыңнан мал бөліп беріңіз демеймін, барлық оқыған, оқымаған менен тоқыған адамдар болып бірігіп, соғыңыз барабанды, оятыңыз мынау ұйықтап жатқан көп наданды, жабыстырыңыз кəсіп пенен өнерге деймін. Бір адам дүниадан қайтса, артындағы ұрсылары жылайды. Жылайда өлгенменен бірге уақыт жетпей өлмек жоқ деп шаруасына кіріседі. Сол секілді жер-жер деп зарлағанменен ол жер енді қайтпайды. Онан да бəріне риза болып, шаруаңызға кіріселік. Ойласаңыз, кең жерден де еткен қайырымыз
шамалы, кең жер тек тамағымызды тоқ етті демесек, ғылым-өнер жолына ұмтылдырмады. Ғылым, өнер жолы түгіл, малдан айырылғанда іліп алып жүре беретін етіп екінші бір кəсіпке де əзірлемеді (подготовить). Қайта бесікке бөлеп, шайқап ұйықтата берді. Енді қазір жер тарылғансын басымызды көтеріп, көзімізді сипалап оянып, дүниадан бос қалғанымыз есімізге түсіп, бұрынғыша тұрайын десек, заман өзгеріп, (условие), тұрмайын десек, заманға лайық өнеріміз болмай, не қыларымызды білмей сасып тұрғанымыз мынау. Қаперге алалық, адам баласын артық байлыққа жеткізген жер емес, ... ғылым менен өнер. Орта ғасырда (среднии век) барлық халық егінші еді, яғни көбірек жер жыртып, егін егіп, кəсіп етуші еді. Сол күнде адам баласында артық байлық жоқ еді. Қазірде жаңа ғасырда (новый век) ғылым өнер артып, халық өнерге түсіп еді, мұғадарсыз байлыққа жетті. Қазірде жерменен кəсіп етуші 100 үйден 10-20 үй қожалар, яғни басқа патшалықта жүз үйден 5-10 үй ғана. Басқалары өнер сатып кəсіп етеді. Енді жазып келе жатқан бағытыма қайтамын. Ашуында ала ауыз болғанменен, мұндай жақсылық іс тұрысында бірігіп кету лайқат еді. Ау, оқыған адамдар, ел үшін, күн үшін, дін үшін өздеріңді біріктіріп, мынау жаңа шыққан газет-журналдарыңды халыққа тегіс жайыңдар. Сұлтан Шəңгерейдің, қажы Тағиевтің уа ғайри қызмет етіп жатқан азаматтардың жігерін құм етпеңіздер. Қайта Құдайға көп шүкір етелік, мұндай адамдарымыздың барлығына. Бізде бір мінез бар, бізде деймін-ау, өзіңізге мағлұм надан уақыттары нда əр халықта да болған ғой. Ол мінез сол: «маған үйрететі н сол ма еді?» деп ұрсып кетеміз. Мен бір ішіме білігім сыймай айтып жатқаным жоқ. Тек тыңдап жатып жанып, əр жерден хабар алып айтып жатырмын. Қара халыққа тіке айтуға болмайды. Онысын ол ерісіп кетеді. Оқыған адамдарға кісі батыл айтады, неге? Сенің ойлағаныңды əр бір оқыған адам ойлап жүреді, бірақ салақтықпен жүре береді. Біреу айтса, естеріне тү сіп қайғыланады, мен тек сол өздеріңіздің ойлап жүргеніңізді ойларыңызға саламын. Құрметке лайық Ғабдрахман Иусуфов деген азамат «пұлменен жəрдем етуге мен даярмын, тек бірер кісі басшы болса» дейді. Басшы болды ғой – хан ұлы сұлтан Шəңгерей менен генерал Тағиевтан артық басшы неге керек, бұл биік адамдар пұлменен басшылық етті ғой. Ғабдрахман мырза соларға қосшы бола қойсын, һəм лайығы сол болар. Үйде жатқан қарт Ғабдолла Көпжасаров Көшпелі адайдың жайынан бір-екі ауыз сөз Көшпелі адай екі облыс қол астында болып саналады: Закаспийски, Оралски: Закаспийски облысында Маңғышлақ оязында тоғыз болыстың елі бар һəм Краснаботски оязында екі болыстың елі бар. Орал облысының Темір оязында үш болыстың елі бар, осы 14 болыста жетпіс екі мың
сегіз жүз (72800) жан бар екен. Осы адамдарда ұлтарақтай жер жоқ. Қыс болса жылы жақ деп Хиуа тарапына көшіп барып, жаз шықса Орал, Торғай облыстарына көшіп келіп, аспан менен жердің арасында жыл құсыменен бірге күзді күні ұшып кетіп, жазғытұры қайта ұшып келіп жүреді. Бұл адайлар үш орынға ақша төлейді: əуелі отанымыз Россияға төлейді, екінші қыс күнінде Хиуа ханына төлейді, үшінші Орал, Торғай облыстарындағы жер иесі қазақтарға төлейді. Бұл көшпелі ғұмыр адай халқын аздыратын, тоздыратын шамасы бар. Енді жерлері кең Орал, Торғайдағы ағайындардан өтінеміз, бізді қалайда болса іштеріңізге кіргізіп алыңыз деп. Қырымгерей Үсенов Һəр кім өз жүрісінен құл болады Осы күнгі жылма-жыл бұрын мұсылмандардың қажы етіліп тұратын Мекке шаһарындағы құлдардан күңдерден көп ғибрат алуға болады. Бұлар өздерінің бір ала-бөле жауыздықтарынан Құдайдың иə Пайғамбардың қарғысына ұшырап, құл болып кеткендер емес. Бұлар сол жердің, судың ең əуелгі түп қожалары, енді қалайша бұлай болды, жазықтары не деп сұрасаңыз, жазықтары мынау: ол күнде адам баласы бірі біріне қара күш жұдырық жұмсайтын еді. Қай халықтың жұдырығы қатты болса, сол халық жердің де, судың да қожасы еді. Тып-тыныш отырған халықтың үстіне бір жауынгер халық келетін еді де соғысатын еді. Жеңсе, сол жерге өздері қожа болып қалатын еді де, соғыста жеңілген бұрынғы жер қожаларын құл етіп жіберетін еді. Осы күнгі Мекке жерінде қожа болып отырған халық сол соғыста жеңгендер. Енді құл болып, малша сатылып жүргендер сол соғыста жеңілген бұрынғы жер қожалары тап осындай соғыс, осындай жауласу, тап осы күнде де бар. Тек бұрынғыдай бірінің бірі шоқпарменен тық еткізіп басына салып қалмайды. Бұ күнде бірін бірі мақтаменен бауыздайды. Қайтіп жанының шығып кеткенін білмей қалады. Мұның мағынасы сол, бұ күнде адам баласы бірінен бірі көріне тартып алмайды. Қару орнына өнер менен ғылым жұмсап барлығын айыппенен жаулап алады. Бұрын жұдырығы қатты халық қожа болатын еді, бұ күнде өнерлі, білімді адам иə халық қожа болады. Өнерсіз надан адам, надан халық құл болады. Мұның мысалы сол: бір Ибан қазақтың қалың жерінен лəфке ашады. Келген қазаққа шайын беріп, арағын беріп, сыйлайды. Қазақ сонсын Ибанды дос көріп, керек нəрсесін сонан алып жүреді. Сөйтіп жүріп Ибаннан несие сұрайды. Ибан затының екі иə үш бəсіне несие береді. Борыш бастан асады. Берейін десе, мал жетпейді. Ибанға сонсын бірнеше жыл срокке жерін береді. Жəне ол жерді өзі жыртып, өзі егіп, өзі бағып, өзі орып беруге міндетіне алады. Ибан əзірлеп берген бидайды тиірменге алып барып, тарттырып ұн етіп алып қайтадан байға жер иесінің өзіне бұлдап тұрып сатады. Өз ақшасы болмаса, несиеге береді.
Əйтеуір, соны борыштан арылдырмайды. Сөйтіп, ана байғұстың Ибанға қызмет етуменен өмірі өтеді. Енді бұның аты құлдық болмай, не болады. Жаным, қарасаңызшы, мынау қатар отырған халыққа, осылар ұйықтап жатса, біз де ұйықтай берелік. Аның үшін екі ұйықтап жатқан халық бірін бірі алып кете алмайды. Жоқ, енді олар қару-жарағын түзеп жатса, яғни ғылым менен өнер үйреніп жатса, біз ұйықтап жатуға келісі келер ме. Олар ертеңі күн сол бар қаруын бізге жұмсайды ғой, құр қол оларға біз не бітіреміз? Біз барымызды өтірік дауға жұмсап тырс етпей қарап жатырмыз ғой. Бұ былайғы халық бізше неге қарап жатпайды, осыдан қорқу керек. Біз қарап жатқанда былайғы халықтың ғылым-өнер үйреніп жатқанын көресіз бе? Осы біздің сорымыз, ертең барып соң аузына түсеміз. Біз малды машақаттанып сол өнерлі халықтар үшін жинап отырмыз. Анау ел ішіндегі лəфкелер – ол бір құрып қойған қақпан. Барғанда беретін ет пенен шəй – ол қақпанның тіліне байланған қызыл жем. Дүниада біздің ас тастамайтын мінезіміз бар. Сол мінезімізді біліп алып, құрғырлар əуелі асын береді, ас берсе-ақ болды, Ибан орыс та болса қазақ, табиғатта бір жақсы кісі болып шығады. Қазақ ішінде лəфкесі бар бір адам айтады: «Қазақ ет-шəйді тегін берді деп кетеді, біз оны зат алғанда есепке саламыз» дейді. Жəй мəнісі солай, талауға түскің келмесе талап ет. Ғабдолла Көпжасаров Қалай орнасу керек? Орал облысының Гурьев ... ояздарындағы қазақтардың жерлері бегірек жаман деп жүрген чиновник орыстардың өздері де айтып жүр. Һəм бұлардың бұ күнде жаз уақытында көшіп барып бұрынғыдай жайлайтын жерлері де жоқ. Орысқа кетулі. Артық кəсіп де болмаса керек. Жер жоқ, өнер жоқ, кəсіп жоқ, осы лар қалай күнелтеді. Көзіміз көріп тұр, орыстар жер үшін 1000 шақырым, онан да артық жерден көшіп келіп жатыр. Міне тұрған Торғай облысының жерлері шетінен жақсы һəм кең, осы екі ояздың халқы неге қарап отырады. Неге сол жақсы һəм кең жерлерге орнасып қалуға талап етпейді? Бір жерден екінші жерге қоныс аударып көшудің тəртібі қазақ хақында мынау: орыстар қазақ жеріне қазақ тарапынан бір ауыз сөзсіз орнасады, себебі қазақ жері қазына мүлкі деп саналғаннан. Енді қ азақ жеріне орнасам десе оған əр екі тарапында обществасынан рұқсат ке рек. Онан басқа орнаса алмайды. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген қазақтың мақалы бар, қазақтың енді бірігетін жеріне келді. Қазақ қазақтан жер қызғану жол емес, оның үшін бəрі бір кететін жер, онан да қазақ елі орнасып қалсын. Ғабдолла Көпжасаров
Мұхтарам «Қазақстан» газетасын басқарушы Газетіңізге басуыңызды һəм жауабын да күтеміз. Жерлеріміз бірінші 2-нші сорт болғанда, бір жерге жиыламыз деп жан басына яғни ер адамдарымызға жер сұрағанда нендей ретпен уə нендей орыннан сұрауға тиіс болады. Бір болыстан 50-60 шамалы үй сұрағанда мүмкіндігі бар ма, иə болмаса мұндай аз үй сұраушыға болмай ма? Қаратаев уə ғайриларының əзіріне жан басына алған жерлері уақытына көре жарарлық көрінеді. Сұрағанда соларға берілген жердің десятина есебіменен атап сұрауға ма, иə болмаса қалай анық ашық жазуыңызды өтінеміз. Ғабдолла бин əл-Камали Ғабдоллаға жауап 50-60 үйге бола хүкім расход етпейді дейді қала салу үшін жер бө лдіріп алушылыққа аз болғанда бір қисым керек (болыс). Білем деген адамдар бұлай дейді: аз үй болсын, көп үй болсын, жақсы жерлеріне үндемейтүндемей өздері-ақ қала салып отыра беру керек дейді. Қала салғанда план таяқтан өлшеп алып, көше шығарып, ол көшені түзу шығарып, кəдімгі қала етіп салу керек. Тек бір жер ге ұйлығып жиналуды хəкімдер қала деп танымайды дейді. Һəм ол қаланы жақсы жерге жақын салу керек дейді. Отырықшы болудың бір пайдасы Өзіңізге мағлұм, жер тарылды, бара бара мұнан да тарылмақ. Мал бағу, егін салу тек уақытша кəсіп. Түпкілікті кəсіп, егер ілгері басатын халық болсақ, біз үшін де сауда сату уə өнер болуында шек, шүбə жоқ. Бізден ілгері кеткен халықтың жолы осы. Біз де осы жолменен бармақпыз. Дүниа қусаң сауда ет деген пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу ғалейһи уассаламның хадис шəрифінде бар. Саудагер халқының бір сүйеніші болады, ол – қарызға ақша беретін банк деген мекеме. Қандай бай адамдардың да зор іс жүргізуге бір өзінің қуаты келмейді. Бұлар бойлай банктан қарызға ақша алып, соныменен іс етеді. Ұңғыт саудагерлер былай жасайды: Алты яки он екі (6-12) ай срокке пəлен мың сом банктан ақша алып, Мəскеуге яки Макаржиге барып, бір фабриканттан (тауарды өз қолымен жасататын бай) тауар алады. Мінеки, айталық ол фабриканттар он мың (10000) сомның тауарын саф ақшаға алса жəне он мың (10000) сомның тауарын несиеге алады. Сөйтіп 20 мың сом ақшаның тауарын елге алып келіп, борыштың срогі толғанша,
яғни, 6 яки 12 айдың ішінде сатып үлгеріп, банкінің де, фабриканттың да өз ақшаларымен абарод (айландырып) жасап, пайдасын көріп, өз ақшаларыменен өздерінің борышын төлейді. Жə, бұ банк яки фабрикант қандай кісіге сеніп ақша иə тауар береді? – Қандай бай болса да банк иə фабрикант бір жерде тұрағы жоқ кісіге, иə халыққа инабат ете алмайды. Тұрағы бар адам деп саналады, қалаларда үйлері бар адамдар. Соның үшін саудагер халқы борыштанып, қарыштанып ең əуелі үй салады. Неге десеңіз, саудагер халқының банксіз яки кредитсіз (несие) мүлде күні болмайды. Енді банкпенен жалғасу үшін үйсіз болмайды. Газета мұндай сырдан хабар беріп, қазақ байларының қаперіне салады: «Əр кім өз тұсындағы сауда жақсы болатын қалаларға ең болмаса бір-бірден үй салып тастаса, отырықшы тұрақты адамдардан саналып, сауда етуге ақша керек болса жолдары ашық болар еді» деп. Ел ішінде де тəуір үйлер бар. Бірақ даладағы үй қаладағы үйдің орнына жүрмейді. Жаман жерде қалу жоқ Қазақтар орыстарша қалаған жерінен жер ала алмайды. Жаман, жақсы болса да бұрынғы отырған жерлерінде қалады. ... бірігуменен бір жерден екінші жерге көшуге болады. Жерлері жақсы қазақтар отыра берсінші. Жерлері жаман қазақтар қалай отыра алады: Жаман жерге егін еге алмайды. Кəсіп жаман жердің айланасында қашан да болмайды. Əзірге күнелтер-ау, бірақ, əзірден соң да ғұмыр ету керек қой. Жер əлі кең ғой. Осы жер кең тұрғанда жерлері жаман қазақтар əр болысқа бытырап, болмаса бірігу бірменен жақсы жерлерге орнасып қалуға болмай ма? Орыстар тəуір жер іздеп неше мың шақырым жерден де көшіп келіп жүр ғой, бір болыстан екінші болысқа яки бірінші ояздан екінші оязға көшу бұның қасында ешнəрсе де емес қой. Бірқатары ойлайтын болар, ағайын-тумадан айырылып, бөтен елдің ішіне неғып баралық деп. Ол бөтен ел дегеніміз кім? Баяғы қазақ баласы. Тек аты яки руы басқа болғанға бөтен көреміз. Екінші малдан айырылған күні ағайын-тума деп отыра аламыз ба? Тозып кетеміз ғой, сонда ағайынтума қайда қалады? Өзіңіз білесіз, мəслихатқа түссін деп газета тек сөз қозғайды.
«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ (1911–1915) 1911 жылы 10 қаңтарда Тройцкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы жəне редакторы – М.Сералин. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін əуелгіде айына бір рет, 1912 жылдан соң айына екі рет, 12-24 бет көлемінде шығып тұрды. Барлығы 89 нөмірі жарық көрді, таралымы 1000 данаға дейін жетті. Троицкіде шығаруға рұқсат беру туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген куəлікте басылымды төмендегі бағдарламамен басу көрсетілген: 1.Бас мақала. 2. Шет ел хабарлары. 3. Мұсылман өмірінен мəселелер. 4. Хроника. 5. Фельетондар мен өлеңдер. 6. Библиография жəне ғылыми мақалалар. 7. Əртүрлі хабарлар мен редакцияға хат. «Айқаптың» бірінші бетінде елдегі жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші жəне үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттары басылып тұрды. Төртінші, бесінші, алтыншы беттерінде проблемалық мақалалар берілді. «Фельетон», «Хабарлар» айдарлары журналдың орта тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма ескертулері мен рецензиялар соңғы жағынан орын алды. М.Сералинмен қатар Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. 1911–1912 жылдары Ə.Ғалымов, 1913–1914 жылдары С.Торайғыров журналдың жауапты хатшысы болды. Басылым бетінде М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.Кемеңгеров, М.Ж.Көпеев, А.Мұсағалиев, Б.Сыртанов, С.Лапин, Н.Манаев, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Көбеев, Ж.Сейдалин, Б.Бекжанов сынды тұрақты авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
Қазақ өкпесі Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нəубəттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, əркімнен көріп өкпелейді. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп үкіметке өкпелейді. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген өткендерге өкпелейді. Төменде қазақ өкпелеушің жөн бар ма, жоқ па – соны жазбақпын. Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атад ан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық əулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бəрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрты мықты мемлекеттің жаныңда өз алдыңа хан болып тұруға көп күш керек екен; ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашаға теңгеру жеңіл болмаса да, өз алдыңа жұрт болып тұра алатын болмаған соң, хандарымыз халқыменен Россияға қосылған. Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну – білмегендік. Əуелі – қазыналық етемін дегенде көнбеске шара жоқ. Екінші, жер өзінде болса қазаққа пайдалы емес, бəле болар еді. Жер өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз бе? Жері көп, малы көп естек, көрінбейді ғой. Шаруа жерімен бай, жерден айрылған соң, жұмыс біткені. Естекті жерінен жұрдай ғып түбіне жеткен надандық пен жалқаулық. Шай, шекер, шүберектей болмашы нəрсеге сатып, естектер жерін тауыпты. Жерден айырылып, шаһар-шаһарға тозып тентіреп кетті, кетпегені кедейліктен жүре алмайды. Тұрған шаһарының көшесін сыпыратын, қорасын тазалайтын, отынын жаратын, боқтығын таситын ғайри қара жұмысын қылатынның бəрі болмаса, көбі естек (башқұрт). Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар? Айтатын адам болса, тыңдауға бармын, істемейді деп айтуға жоқпын. Қазақтың əлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мəз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жерді жалдаудан тартынбағандар сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата алмады, жалдаудан тартынып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ облыстарындағы мұжық қалаларының көбін хакім қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған. Естектер сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, жер жалдап мұжықты ішіне кіргізген өзің емес пе? Өзің қондырсаң, дұрыс та, хакім қондырса бұрыс па? Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұртиғаннан ешнəрсе өнбейді. Іс оңға басарлық қылығың жоқ. Амалыңды
түзет, түземесең ешкімге кінə қойма? Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жа манның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да қабыл көрер ме? Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Т елміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды. «Қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескертетұғын қазақ жоқ. Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер баршасы қазақта болар еді. Олардың бірі де көрінбейді. Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақтан айырылатын емес. Надандықтың, кесапаты əр жердеақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жер де орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бəрі надандық кесапаты. Сонда да соны ғылым, өнерден артық көреміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар? Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ. Ахмет Байтұрсынов Тағы да жер жайында Қазақ осы күнде қалың орманға кіріп, адасқан адам секілді, қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді жол табылмады. Енді тоқтап тыңдап-тыңдап, қандай-қандай дыбыс шығар деп құлағын салып тұрған əркім шама-қадарынша адасқанға айғайлап дыбыс берген сықылды үнін шығарып, ойын айтуға міндетті. «Айқапты» басқарушы мырза өз ойын жұрт алдына салды, мақұлдағандар нешік мақұлдап, мақұлдамағандар не жөнменен мақұлдамайды, ашып айтуға тиіс. Қазірде аяулы жерді алып қалудың қайласы жалғызақ сол жақсы жерге қала салу, бұл қала салу деген сөз қазақтың бəріне айтылған емес, егін салып, күн көрерлік жері бар қазақтарға айтылған сөз, мұны мақұлдамайтұғын адам аз шығар. Талас болатұғын «Сұрап салалық» деген сөз. Сұрап салғанды қолдайтындар да бар, қолдамайтындар да бар. Сондықтан сұрамай салғанда қандай залал болса, сұрап салғанда қандай пайда бар? Осыны тексеріп, қарастырып, екеуінің біріне сөз байлансын. Əуелі сұрап салу жайын қарастыралық, осы күнде екі түрлі сұрау болып жатыр, біреулер баяғыдан бері қыстау салып отырған жерлерін алып бара жатқан соң мұжықпен қатар жан басына он бес десятинадан жер кесіп беріп,
орнымнан қозғама деп сұрап жатыр. Біреулер өзгелердің жерін алып жатқанда біздің жеріміз де аман қалмас деп алдын ойлап, қала салуды сұрап жатыр. Бұларға жер қарастыратұғын мекемелердің айтатұғын жауабы «жерлерін алуға кесіп жатқан жердің жанында болса, жер кесушілер сендерге де жер кесіп береді, жанында болмаса, сендер үшін арнап жер кесуші шықпайды. Жер өлшейтұғын, кесетұғын адамды өздерің жалдап апарып істетіңдер» – дейді. Солай болған соң мұжыққа кесетұғын жерге жері жақын қазақтар жерін кескізіп алып жатыр, жақын еместерінің берген арыздары үйіліп босқа жатыр. Пəлен жерде пəленше пəлен еткен дегенге сырттан құры дыбысына құмарланбай, жанына жақын барып қарап, көзімен көріп, қызығарлық іс болса, құмарлансақ екен. Əуелгі істеген істің қатесі көп болатұғын, қатесін көріп кейінгілер істемес үшін. «Орынборская» газетаның биылғы отызыншы нөмірінде біреу жазыпты: «Орал мен Торғай облыстарында мұжыққа жер алып беруге істелген жұмыстар зор, қолайлы іс болып байқалып тұр. Мұның, қолайлы болған себебі, қазақтар мал шаруасының қалып мөлшеріменен орналасқан жоқ. Мұжық ретімен орналасты (еркек басына он бес де сятина), қазақтар көшкін қалыптан тұрғын қалыпқа шығуға бек ықыласты болды. Мал шаруасының мөлшеріменен жер алуда мұжықпенен қатар жер алуды артығырақ ұнатты. Тұрғын болған қазақтың, ішіндегі малы көп байлардың шаруасын шайқалтпас үшін қалалардың оброчной статья ретіндегі жерлер қазірге хақысыз беріліп тұр. Осы реттің қолайлы болғандығынан неше мың көшкін қазақ мал шаруасынан қол үзбей тұрғын-егіншінің қалыбына кірді. Қазақты риза қылып орналастырғаннан кейінгі артық қалған жерге екі жүз мың мұжық келіп ор наласты. Бұл сан қазақтар тұрғын қалыпқа шықпағанда орнарлық мұжық санынан талай он мəрте артық. Бұл істің, əсіресе, көңілді қанағаттандыратұғын жері қазақтар осыған бек риза болып жа тыр һəм хал-ауқаты артыла бастағанын көзіміз көріп тұр», – депті. Орынбор газетінде жазылған сөз осы, бұл сөздің қаншасы рас, қаншасы өтірік əуелі құдай, екінші ризалықта мəз болып жатқан қазақтар біледі. Бізге расынан өтірігі көп көрінеді. Сұрап қала салудың осындай өтірік сөзді «құт» деуге керегі болмаса, өзге пəлендей қажеті бар деп өз басым айта алмаймын. Степной положенияның, жүз жиырмасыншы статьясы бойынша жердің басы патшалық болғанмен шөбі, суы қазақтікі, қазақ жерді патшалықтан сроксыз арендаға алған қисабында. Жалдап алған жеріне үй сал, қора сал, мал жай ықтияр өзіңде емес пе?! Өз қолында тұрған жерге қала салам деп өзгеден сұраудың не жөні барын ұқпаймын. Қазақ ісін нық істейтұғын халық болса, қазақ қолындағы жерге қала салуға ұрықсатты өзгелер сұрайды. Қазір де қазақтан жерді ұрықсатсыз алып жатса, жол мен жолсызды араластырып, жол сықылды көрсетіп алып жатыр. Əуелі үлкен ауылдағы бар күшті ауыл жеріне келіп басып қонғанда нашар ауыл оған не істейді? Мал-мүлкі түгіл, жан-жамағатына ие бола алмайтұғын жамандар дүниеде аз ба? Екінші жоғарыда айтылмаш жүз жиырмасыншы
статьяның приминаниясында қазақ жерінің артығы болса, артық жер деп алып жатыр. «Жеріміз ортақ» деп көрсетіп отырған қазақтың өзі. Қазақтың жер жалдауы – жеріміз артық дегені емес пе?! Мұжықтарға қарасақ, олар жерін мал жаюға жалдаса да егін салуға жалдамайды. Егін салатұғын жерді өз жері болса да қазақтан жалдайды. Неге олар жерін мал жаюға жалдайды да, егін салуға жерді өзгеден жалдайды? Əуелі өз жерін тың сақтау үшін «Жер өзгеден табылып тұрғанда өз жерім тың жатсын» – дейді. Екінші мал жайылған жер тозған жер болса, жаңарады, жаңа жер болса семіреді. Мұжықтардың ісі ақылға да, есепке де тура келеді. Қазақ жалдағанда не ой, не есеппен жалдайды, ұғып боларлық емес. Жалдау жайын сөйлеп сөзді көбейтпейін «Айқаптық» орны тығыз. Сөз санаулы боларға керек, жоғары айтылған сөздерді қорытып айтайын егінге жайлы жерді алып қаламын дегендер қала салу керек. Қала салуға бел байлағандар сұрап əуре болмасқа керек. Жақсы жерге жиылып қала салсаң, сен неге салып жатырсың, дейтұғын ешкім жоқ. Қазақ қалаған жеріне қала болып отырса, мешіт медресе салса, қаланың маңайындағы егіндік жерлерді өлшетіп планға түсірсе, өлшеген жер артылмастай көп болып жиылып отырса, қалаңды бұзып, мешітіңді қиратып, жеріңді ала қоймас, аламын десе, сонда ізден. Қала салуға қазақ мойын қойса, баяғы тіленгіш ғадетін істемегенде басы ауырмайтын болса, қала салам деп сұраудың, орны жоқ. Қазақтың, жерін алғанда жалғыз-ақ артық деп шығарып алып отыр, қандай өлшеуменен, қалай өлшеп артық дейді, ол бек қараңғы нəрсе. Аларман жағы аларлық артық бар дейді, алдырман жағы сен өлшесең, мен де өлшедім артығы жоқ деп көрсетерлік дəлелді қолында нəрсесі жоқ. Бұл қазақтың баяғы қай ісінде болса бос ұстайтұғын ғадеті, жаманды ретін тауып еш жем қылмайды. Ахмет Байтұрсынов Қазақтың Сарыарқа деген жайлары... Қазақтың Сарыарқа деген жайлары жер мөлшерін айтатұғын жағырафия кітаптарының айтуы бойынша бір миллион алты жүз алты мың, алты жүз сексен жеті ( 1 606 687) төрт бұрышты (шаршы) шақырым бір сахара. Ішінде арғы заты Түрік нəсілден қазақ тайпасы төрт жүз жыл шамасынан бері қоныс қылып келген. Мың сегіз жүз алпыс сегізінші жылда жаңа закон шығып, заң өзгерілді. Көбінесе осы кейінгі он бес жыл ішінде Орал тауының ар жағынан Қарашекпен келіп, қала сала бастағаннан кейін қазақтың жері тарылды. Терең, мөлдір суларынан, көкорай көк шалғын жайлауынан, ойып шабатын шабындысынан, қыс пана, жаз сая ағашынан айырылып, көшпес кент, ұшпас тауыққа айналып бара жатыр. Оның бер жағында соққыға жығылған, таланған, жараланған... бейшаралар көбейіп тынышы кетіп тұр.
Ары-бері айтылған сөзі тыңдалмаған соң жұрттың көңілі суып, ықыласы қайтып тым-тырыс жатып алды. Сөйтсе де менің ойымша қазақ баласы өзімізде көп кемшілік, жетпей жүрген нықсандық бар деп білемін. Қалай десеңіз, ең əуел мұның сұрауы жеткен жоқ. Бұрынғылар білмей айтып па: «Сұрай білсе, бермейтін нəрсе болмайды, сөз жүйесін тапса, мал иесін табады» деп Екінші түгел үш жүздің баласы «ау» десіп ынтымақ қылып, сөздің түйінін бір жерге байлап, осы жұмысқа ынта көңілімізбен кіріскеніміз жоқ. Құры анда-санда: Айқай заман-ай, Кеттің қайырылмай. Көрсеттің жапанды, Тартқыздың қапаңды. Сұм-дүние жалған-ай! – деп заманға тіл тигізіп, онан қалса: «Қайтерсің бұл қарашекпенді алды жерді-суды түбімізге жетті. Сорды ғой қанды, алды ғой жанды», - деп хақолмен ұрсып жүрсек те əлі де көзін ашқан, ғафл ұйқысынан оянған қазақ баласы жоқ. Заманымызда өлдім-талдым дегенде сағынып көрген «Айқап» журналының екінші нөмірінде осы турада сөз жазылған соң біразырақ мұңды, көңілдегі қамшерді жаздым. Егерде көп болып бұл іске шын ниетпен кірісіп жоғарғылардан сұранамыз деген күнде тəртібі былай болса керек. Əуелі əрбір болыс басына бір инабатты доверни сайлап, бұлар үстінен ояздан бір өкіл сайлауға керек. Оязный өкілдер облыстан екі жағы бірдей суға салса батпайтын, таудан, тастан жүрегі қайтпайтын, көп үшін жанын қиятын депутат сайласын, бұл депутаттар əр уақыт Петерборда тұру керек, расходтары көптен болсын. Үй басы он тиыннан... Кейінгі болыс, довернилер жиып, тапсырып тұруға тиісті. Екінші бұл төменгі өкілдер қарап жай жатпай патша ағызам есіміне, жер министрі һəм министрлер бастығы есіміне арыз беріп... көнгендей қылып сұрау керек. Ең болмағанда жаз жайлау, қыс тебінгіден басқа ер басына отыз десятинадан сұрауға тиісті. Бұл екі жағына да жеңіл, содан кейін қала салу қашпайды ғой. Міне, осы ретпен сұраған күнде асса бес жыл, қалса екі-үш жыл ішінде қазақ баласы бірыңғай болып қалу орайлы. Не қылса да жатқанмен іс бітпейді, жата берсек, қазақ атымыз жойылып, кейінгі сорлы əулеттеріміз байлардың қорасын, көшесін тазалайтын, малын бағатын... екі көзі төрт болып... не тұқым жұрағат жоқ, күйген үйдің орнындай болып қалуы шексіз-дүр. Оның бер жағында əр жерде қала саламыз деген ауыздарында бар көрінеді, меніңше, бұлардікі асығыстық. «Көппен көрген ұлы той», «он бес десятинадан жер алып қала салғанмен жұрттан асып кетпейді, бірақ ұлықтың көзіне түседі, закон жыл-жыл сайын өзгеріп тұрады. Білген адамдар мемлекеттің əр жағына бірдей қарарға керек. Дүние құбылмай тұрмайды «бірде к.... бірде бетін береді» деген сықылды. Неше түрлі уақиға болып өтер. Шаһмардан Əлжанов
Біздің бұрынғы һəм қазіргі халымыз «Заманың түлкі болса, тазы болып қу» (Қазақ мақалы) Біздің бұрынғы өткен аталарымыз кең сахараның бір жағынан екінші жағына көшіп жүріп, мал бағып, шаруашылықпен күнін көрген. Ол уақытта қысқа қарай мал шаруасы үшін шөп шабу, жылы қора істеумен, өзі үшін жылы үй əзірлеу, егін егумен жұмысы болмаған. Тек табиғаттың даяр дəулетін пайдаланып жүре берген. Бірақ сондағы өз заманыңа ылайықты шаруашылықты түгел жеріне жеткеруге тырысқан. Жаз болса, жазық сахараға жайлап, көкорай шалғынға мал жайып, айдың көлден суғарып, маса, сона, шыбын-шіркейден аман болып күнін көрген. Қыс болса қалың паналы һəм қысы жұмсақ болатұғын жерлерді сағалаған. Осы заманымызда кенет соғып кететұғын сұрапыл боран, жел, жауын, ағын, сүргіндер ол заманда да болып тұрған. Сол сұрапылдарда шаруа бар малынан айырылып, ақ сирақ болып жұтқа ұрынған. Бар күн көрген тіршілігі малдың арқасында болған үшін ондай жалпақ жұрт қазақ үшін тым-ақ қатты соғылған. Мінетұғын көлігінен, сауатұғын сиырынан айырылған жұрт шұбырып тамақ асырау үшін шəһəрлерге келген, Араларында тамақ асыраулары қиындыққа қалған соң, өздерінің ғазиз балаларын бір пұт ұнға сатушылар да көп болған. Кедейшілік деген тас бауыр пенденің еркелігін көтере ме? Құр ат мініп, қазы-қарта, жал-жая жеп, қымыз һəм айран ішіп, шайқалып мас болып, нанды «шөптің басы» деп менсінбей жүрген мырзаларды ашаршылық деген дұшпаны қара жерді тырнап, əлгі менсінбей жүрген «шөптің басын» іздеуге желкеледі. Шара жоқ, аштық не жегізбейді, қазақ ашаршылықтың арқасында егін егуді үйренді. Егін егіп, тамағын тойдырып, артылғанын сатып малға айналдырған шаруа малын қатты қыстарда аман сақтау үшін шөп шабуды үйренді. Сұрапыл дауыл боран соқса, малын паналату үшін қора-қопсы салуға, өз бойын да жылы сақтау үшін жылы үй салудың пайдалы екендігіне де түсінді. Мінеки, осылардың бəрі «жұт тышқан», «жұт қоян» жылдарының қазаққа үйреткен сабағы, бұрын табиғат не берсе, тіл қайырмай жүре беретұғын бейшара қазақ, енді сол мейірімсіз табиғатқа қарсы тұрып алыса бастады. Қазақтың иждиһатымен сахараның байлығы бірге қосылып алған соң табиғаттың оқтын-оқтын жіберген сұрапылдары елге бұрынғысындай қатты болып соғыла алмады. Осылайша етіп өзін-өзі жұртшылық һəм ашаршылықтың тырнағынан құтқарып алған соң, жұрт дамыл алған секілденіп, өзін-өзі ілгері сүйреуге ұмтыла қоймады. Қолындағы бар дəулетіне мəз болып жата бергендей болды. Орыстардың бір мақалы бар: «пока гром не грянет, мужик не прекрестится» (күн шартылдамай тұрып, мұжық шоқынбайды) деген. Сол секілді қазақ халқы жұтшылық һəм ашаршылық деген екі жауынан құтылған соң, енді қайтіп дүние керек емес, ісі біткен адам
секілді, көрпесін қалың жамылып, ұйықтап жатып алды. Ашаршылық деген жау кімге дос болсын, біздің қазаққа болған «жұт қояндар» ішкі Россиядағы мұжықтарды да аман қойған жоқ. Оларға «жұт қояннан соң да жылдар жайсыз соғып халықты жұтықтырды. Егін егіп, шөп шауып, ғайыры əртүрлі... Өздерін өздері табиғатқа қарсы тұруға үйреткен бұл халықтың бұлайша ашаршылыққа жолығуы, жұрт-тың бас адамдарын ойға қалдырды. Егін, шөп неге шықпайды деген сауал əрбір адамның пікірін қозғауға себеп болды. Ойшылдардың тапқаны мынау болды. Ішкі Россияда мұжық қолында жер аз, халық жылдан-жылға көбейіп артып барады. Соның үшін аз ғана жер көп жанды асырай алмайды. Бұл қиыншылық халден құтылуға екі түрлі жол бар: біреуі – жер тарылған жердегі елдің бірсыпырасын кең жерге көшіру. Екіншісі – егін шаруашылығын бұрынғы қалпыменен жүргізбей, өнерлі (неміс, француз) елдер секілді жаза тəртіппен жүргізу. Міне, осы айтылған пікірлерді орнына келтіру үшін бас хакімдер мұжықтарды қазақ сахарасына көшіре бастады. Бейғам жатқан қазақ жеріне көршілес болып мұжықтар қоныс ала бастаған соң жер тарылды. Жер тарылғанда қалайша күн көрермін деп ойға қалған қазақ осы күнде қайтерін білмей дағдарып тұр. Жер тарылғанның үстіне биылғы жылдың қолайсыз келуі қазақтың баяғы ескі дұшпаны «жоқшылық, ашаршылықты» есіне түсірді. Енді қалай күн көреміз? Деген сауал біздің қазақтардың басына да кіре бастады... Ойшылдардың терең ой жүргізетұғын мəселесі де осы «қалай күн көреміз» мəселесі əлбетте, халық құр дағдарып қарап тұрмас, ойланар да бір жағына бет алып, жөн тартар, бұл табиғи болған бір іс. Іликин, халық үшін пайдалы жөнді сілтеу ойшылдарымызға зор міндет. Мен терең ойшы болмасам да, ойыма келген бірнеше пікірлерімді көптің, ортасына салғым келеді. Менің ойымша, бұрынғы шаруа халымызда аталарымыз малын жұтатып, ашаршылыққа қалған кезде қорықпайақ, үрікпей-ақ, арланбай-ақ егін кəсібіне жармасқан һəм сол кəсіптің арқасында ашаршылықтан құтылған. Аталарымыздың, осы істері бізге зор үлгі емес пе? Олар заманыңда өлмес амалын істеді ғой. Бізге неге заманымызға муафық өлмес амалымызды істемеске? Мал шаруашылығы мен егін кəсібін біріктіріп, жарым көшпелі, жарым отырықшы болып күн көретұғын заманымыз өтті, енді қайтып келмейді. Ол заманды сағынбасқа да һəм қумасқа да керек. Енді тар жерде қалайынша күн көрудің жайын қарастыру керек. Мұнан былай біздердің күн көруіміз үшін ең алдымен қала болып отыруымыз тиіс. Қала болып отырған соң, қалалы жұрттық істеген кəсіптерін істеу керек. Менің бұл сөзіме қарсы қалалы халықтың да биыл оңып отырған жері шамалы ғой: деушілер болар. Оларға айтатын жауабы: Қонысынан ауып келіп жаңа қонысқа орныға алмай жатқан халықты үлгі қылу керек емес, біздің құдайға шүкір, қазірге сыйымыз бар. Сыйымыздың барында қала салып, ертерек қалалы халықтың кəсібіне бойымызды үйрете
берелік. Балаларымызды заманға муафық оқу оқытып, таршылықта күн көруге лайықты адам етіп шығаруға тырысалық, бұрынғы таршылықты, сыпалықты, жалқаулықты тасталық. Қазақ қала салуға мойын қойса, қай халықтан кем күн көрмесіне менің көңілім иланады. Себебі, Ақмешіт, Түркістан, Ташкент, Самархан, Қоқан маңайындағы қазақтарға көз салсам, зор-зор бақтарға ие болған, күріш егуге, мақта егуге кірісіп, жапжақсы күнін көрген қазақтарды көремін. Астрахань жағында, теңіз жағасында балықшылықпенен, Троицк, Атбасар, Петропавл, Омск, Семей, Заречный, Қараөткелдегі қазақтардың саудагершілікпен күн көргендерін оқыған жастарымыздың приказчик, переводчик, писар, писмоводитель, учитель, фельдшер, доктор, адвокат, судья, инженер болып күн көріп жатқандарын көремін. Соның үшін ойлаймын бізге қазіргі қалыпта екі түрлі қауіп бар. Біреуі надандық пен жалқаулық, екіншісі, қала сала алмай, көп мұжық қалаларының арасында тілкім-тілкім жерде бытырап қалушылық. Екі қауіптен құтылсақ, иншалла, біздерде сүйікті Отанымыз болған ұлық Россияның граждандары есімін көтеруге ылайықты болар едік деп. Біздер жақсы яки жаман болушылығымыз өз иждаһатымызға байланысты. Россия мемлекетінің ғаділ низамының арқасында, біздер нендей дəреже іздесек те табамыз. Келіңіз, жігіттер, жалқаулықты тастап, жұрт қатары ғылым-өнерге талпына жармасалық! Егін шаруашылығын өнерлі жұрттарша жүгізудің реті қалайша болатындығын екінші бірде кеңесерміз. Сақыпжамал Тілеубайқызы Жер мəселесі Ішкі Россиядан бұлттай көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды. Бұрынғыдай көшіп жүру керек пе, 15 десятинадан ер басына жер кестіріп қала болу керек пе?! Мəселесі көптің көңілінде һəм тілінде ойнай бастады. Қазақ халқының келешектегі халін қайғырушы оқығандар һəм ноғай туғандарымыздың білімділері газеттерде жазып, мүмкін қатар тезірек сұранып, жақсы жерге орнығып отыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты 2 дума члені Сұлтан Бақытжан мырза Қаратаев өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін кестіріп алып, қала болды. Басқа жерлерден де мұндай хабарлар естіледі. Енді жұрттың қала болу жағына шығып мəслихат тасып сөз байласа, іс біткен болар еді, бірақ халықтың арасынан шыққан бағызы оқыған білімділерімізден қала болу пікіріне жан-тəнімен қарсы тұрушылар бар. Бұлардың бір кемшілігі əлі пікірлерін əуелгілер секілді пайдалы болса алып, залалы болса, қалдырарлықтай газет-журналға жазып, көптің сынына салмай тұр. Бір
халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа, отырықшылықтан көшпенділікке шыққан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғылым тəуіп қанша керек болса, бұл мəселенің түйінін шешуге де сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған секілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірменен болса, түзетуге болмайды. Қате деген нəрсе əр уақытта əрбір іс туралы əр адамда болады. Соның үшін жоғарыдағы пікірлерде бір жақсылық болмасқа, екеуі де қатар салыстырылып тексерілуі тілеулі. Қазір алдымызда 4-5 айлық қыс тұр. Осындай еркін уақытта қазақ халқы журнал үстінде кеңесіп, жазға шейін я қала болуға, я бұрынғыдай көшпелілікте қалуға тізгінді мықтап қоярға керек. «Айқап» журналы жер сөзін мұнан бұрын да аз жазбаған болса да, бұл күнгі керегіміздің бірі һəм біріншісі болғандықтан төмендеп екі түрлі жобаны оқушылардың сынына қатар салып баян етуді артық деп білемін. Қала болу керек деушілердің пікірі Рас, қазақ халқының жер-суға ие болып, жаз-жайлау, күз күзеу, қыс қыстауда тарлық көрмей төрт түлігі сай болып, тай құлындай, тоқты қоздап, қосты жылқы, желілі түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, еріккеннен бірінің малын бірі қуып, кең далада құлан-киікше сайран етіп жүрген күні болған, ол күндер енді көздерінде ғана елестейді. Мұның себебі не, халықтың өсіп, жердің өспеуі һəм тозуы. Қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, атамекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, 1520 жылдан бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал. Жер көп-аз болса да бұл заман өнер-білім заманы болған шақта əр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық білімді халықтардың қасында өзінің дінін, хақын сақтай алмай дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал. Жер жүзіндегі халықтардың һəммесі бір аз ғана болмаса, қала болып отыр. Мал бағып көшіп жүрмегендіктен қырылып қалғаны естілмейді. Қайта бұл күнде көзіміз көріп, ғақылымыз жетпей тұрған не түрлі тамаша нəрселерді отарба, те леграмм шығарып ... солар. Олар бізден кедей емес, бізден өнерсіз емес, бізден аз емес, бізден күшсіз емес. Бұларды көре тұра, біз қазақтарда қала болып, малдың санын кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып, сауда қылып, оқу оқып, өнер тауып өзіміз де алдағы жұрттың істегенін істеп солардың жолына түсейік, сол уақытта ғана қатардағы халықтардың бірі бола аламыз.
Көшіп журу керек деушілердің пікірі Қазақ халқы көшейін деп жүрген жоқ, жерінің ауасына (климатиче ская условия) қарап көшіп жүр. Адам тұрған жерінің ауасының құлы. Қазақ отырған жер егіншілікке жарамсыз. 12-15 жыл егін салған жер тозып шаңы шығады, тағы да жаңа жерге салу керек болады. Əлгі тозған жер егіндікке жарауына 20-25 жыл тынығуы керек. Қазіргі қазақ жеріндегі хаколдар неге байып кетті десеңіздер, бұлар қазақ жерінің ең тəуірін таңдап алған, алған жері тозса, қазақтан жерді арендіге алып, өз жерлерін тың сақтап отыр. Жақсы деп орныққан жерлері нашар шығып, көшіп кеткен яки жаңа жер кестіріп алған мұжық көп. Самар губерниясында ну ұзын уезінің жері мұнан 20-25 жыл бұрын мұжықтардың ұжмағы деуге болатын еді. (Қазір Қостанай, Ақтөбе уездері секілді) осы күні Орал тауынан бел асып келіп жатқан көшпе мұжықтың жүзден тоғызын Самар губерниясы шығарып тұр, қазақ жері де сол секілді. Қазақ жерінің алабы кең болса да пайдаға жарарлығы аз. Жалғыз Балқаш көлі менен Бетбақтың шөл даласы елу мың шаршы шақырым орын алып жатыр. Бұлардан басқа да таулар, тастар, шөлдер, көлдер, сорлар аз ба? Қазақ көшпенділікті өзі тастамаса, хүкімет еріксіз қала болғызбайды. Қазақ халқының егіншілікке айналмай, бұрынғыдай мал өсіру кəсібінде болғанда, бірінші өзіне, екінші мемлекетке зор пайда келтіреді. Россияның базарына жүн, жабағы, қыл, ет, тері, май жеткізіп тұрғанның көбі қазақ малы емес пе? Оның үстіне ғаскерге арзан һəм көнбіс аттар қазақ жылқысынан шығатынын ес ке түсірсек, мал шаруасының патшалыққа келтіретұғын пайдасын санап бітірерлік емес. 1901 жылы 27 сентябрьде Петербургте болған «Антропологическое обществоның» бір мəжілісінде көшпелілік жайын жақсы білетұғын Клеменц деген ғалым айтқан: «Бұл күнгі егін салып, қала болған халықтар бұрынғы мал өсіру кəсібін басқалардың міндетті қылуымен тастамаған, һəм міндетті болудың жөні жоқ еді. Қазіргі Европада мысалы, мəдени Швейцарияда сүттен май, ірімшік алу үшін мал өсіріп көшушілер бар. Жаңада ғана Норвегияда қой етінің бағасы көтерілу себепті егін салу, көшіп жүріп қойды ащылы жерге бағып өсіру мəслихат көрілген». Қазақ жері егінге жарамсыздығын, мал өсіруге ғана лайық екендігін профессор Винер қазақ тұрмысынан ашына хаттар жазған һəм жазбақта. Қазақ мал баққан халық. Қазіргі бағып отырған малына ылайық жер қалдырмай тастауын ақылға сыйдыруға болмайды. Халықтың ғұмыры 20-30 жылдығына емес, дүние тұрғанша тұруда үміт бар. Соның үшін түбін ойлағанда қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек. Ақырғы сөзім: қала болуды құптаушылар (өзімді де солардың, бірінен санаймын) пікірі де көптен халыққа еткен пікір һəм етіп келеді. Ендігі менің бұл кеңесті жаңғыртудағы мақсатым, өзіме мағұлым, қазірше көшпелілік тараптарының пікірін халыққа паш етіп, өздерінің сүйенген дəлелдерін
бекітуін күтуде дүр. Өзі қайда барарын біле алмайды, адасып тұрған халықты бұрынғыдан жаман адастырып, басшыларымыздың екі жаққа тартуына қайғырып, тездетіп бір ынтымаққа келуін тілейміз. Азамат Алашұлы Қазақ халқы жайынан Түркістан уалаятында қазақ ішінде орнығып жаңадан қала салып отырған қара шекпендер көбейді. Жақсы жерлер қара шекпенге кетті, қазаққа шөл, қыр дала қалды. Ойлап тұрсақ, қазаққа обал болды. Амал жоқ, қазақтың жеріне тиме дегенмен жердің алынғаны алынған. Ұлықтар ойлайтын шығар, жерсіз жүрген қара шекпенді орналастыралық, патшалыққа пайда келтірерлік һəм қазақ халқын егінші қыламыз деп. Бұдан не шығады, бұл кімнің пайдасы: кімнің залалы? Ойлап тұрсам, жер қазаққа да һəм патшалыққа да жақсы болып шығатын көрінбейді. Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн көріп, тамақ асырауға һəм былайғы елден қалыспай ретке кірмекке керек. Жерімізге тиме дегенмен патшалық пайдасына алынады, - деп тыңдамады. Бұл бір сөз. Жер. Жер тарылған соң, қазақтың шаруасы кемиді. Бұл екінші сөз. Біреулер айтады: «Көшпе! Қала сал, сен жақсы ел боласың» – деп. Қош! Мен қала салайын, ал енді қалада мен не істейін айтыңызшы? Бір адам қалада тамақ табады, бір жыл табады, екі жыл табады. Мен бір адам емеспін. Мен сансыз жүрген арғы шеті Қытай, бергі шеті Еділ-Жайық, аяғы Ақпанға (Ауған) шейін тарап, тарау-тарау болып жатқан қазақпын, мен қалаға сиып жүре алармын ба? Мен базарға барсам, ноғай бір алдайды, сарт екі алдайды. Петерборда айтысады: «Қазақ егін салды, енді қала салуға қалды» – деп. Қазақты білмей айтады. Қазақ ішіне қара шекпендердің жақсысы келіп жатқан жоқ көбірегі тынышсыздар, олардан қазақ не үлгі алады? Жалғыз-ақ қазақтың шаруасы тарылып, қала болуға үйрене алмай, халық жарлы болып бара жатыр. Өздері арасынан дұрыс старшина, болыс қоя алмаған обалы өздеріне ол былай тұрсын, бұрын Мəскеуге... қазақтан тері, жүнжабағы алып тұратын еді, жайылыс кеміген соң мал кеміді, бұл керегін патшалық қайдан толтырар екен? Жайылыс болмаған соң жылқы азаяды, ғаскерге ат керек, бұл керекті қайдан алар екен? Бұл сөзім қазақ болып қалаға жуыма, дегенім емес, қазақ жерсіз қалып жатыр. Қазақтың қамын ойлаған адамдар не ойларың бар дегенім. Менің ойым бұдүр, айтып қалайын: Қазір құдай берген қазақта мал бар, малсыз қазақ күн көре алмайды, бірақ көп малға жер азайды. Малы көп болғанымен тұқымы нашар, бағасы арзан, сол себепті жер тарылғанға қарай малдың да санын кемітіп, саны аз болса да жақсы, қымбат тұқымнан өсіріп, бағасын арттыру қазаққа жақсы болар еді деймін.
Өзге патшалықтарда өздері зор патшалық болғанмен баршаның мал шаруасын тастандырмай, ілгері жүргізуге, малдарының тұқымын тазарттыруға халыққа көп жəрдем береді. Сол малдың тұқымын тазарттыру қазаққа да керек ғой. Бекимов (Жəркент) Баянауыл жайынан Павлодар уезі бұрын екі учаскеге бөлініп, бірінші учаскесі уақ, бəсентин, найман елдері еді. Кейбіреулері бұрыннан Ертістің екі жақ арнасында, ... кейбіреулері «кабинетная земля» жерінде отырып... өздерінің ата-қоныс, айырым жерлерінде отыратын еді. Бірақ соңғы жылдарда сол жерлерге хақолдар көшіп келіп, орналасу себепті бұрынғы бір учаске бұ жылы төртке бөлінді. Кейбір учаскеде бірақ болыс ел қалғаны да бар. Баянауыл станциясы маңайындағы бұрынғы екінші учаске аталған. Мейрамсопы балаларының бірі Сүйіндік елі бұ жылы бесінші учаске аталып қалды. Бұл елдердің қыс болса Баянауыл, Қызылтау, Далса тауларында қыстап, жаз болса, Ащы, Шідерті, Өлеңті басып, Аюлы, Нияз, Ереймен тауларынан асып, Есіл өзенін жайлап, сол таулардың құбыла жағына биелерін байлап, дүние-ақиреттен хабарсыз көшіп-қонып жүргеніне ұзақ уақыт озған жоқ. Көшіп жүру қанына, жанына сіңіп қалған жұрт қанша көшіп-қонуды қалдырмайын десе де қалу белгілері көріне бастады. Кейбіреулер таудың айналасында жатақ боп отырып қалады. Көкшетау ояздарында Уəлихан балалары жайлауға барғанда бір орында жаз бойына шаң-топырақта отырады. Бұл Сүйіндік елінің бірінші кəсібі мал бағу, шаруашылық, егіншілік төмен ретте. Саудагерлік те артық емес. Қолөнері жағынан қазаққа қарағанда төмен деуге болмайды. Бұл елдің қысқы орны мал шаруасына жаман болмаса да, отырықшылыққа оншама қолайлы болмағандықтан басқа жерлерге қарағанда қала аса көп орналасқан жоқ десе болады. Бірақ бұ болыс елдің ішінде Ақкелін елінің жері қара топырақ болмаса да ұнамдырақ болғандықтан бұл елдің жеріне 6-7 қала түсті. Басқа алты болыс елде қала жоқ... Жерлері отырықшылыққа ұнамсыз болса да отырмай шара жоң деп ойлаушылардан қала болып отыруға арыз бергендер де болды. Замананың жайына қарағанда отырықшылыққа қолайлырақ орындағы, жұрт, уақыт оздырмай отырып қалғаны ұнамды болмас па еді? Біреулер солдат алады деп қорқады. Көшіп жүргенде аламын десе күші жетпей ме? Солдат қызметін өтеуші жұрт биден төмен бе? Қайта солдат алса, өнерлі жұрттармен араласып, көңіл көзі ашылуға себеп болмас па еді. Қазақтың қимайтыны көкорай шалғын, тұнық су еді. Енді оларды түсінде көрмесе, өңінде көру мезгілі озған. Жасаған бау-бақшаны көруге жазсын. Тарих кітаптарына көз салынса көрінбейді, жұрт өспек, жер тарылмақ, қыстақ
салмақ, сонан соң қала шəһəр болмақ. Бізге де осы құдайдың бұйрығынан бойсұнып, көшпенділікті тастап, отырықшы болу мезгілі жеткен жоқ па?! Отырықшы жұрттардың тіршілігіне қарасақ, олар бізден əлденеше қабат жоғары. Енді біздің отырықшылықтан бұл қорқуымыз, өнерден білімнен қорқу болмай ма?! Ысмағылбек Гаспринский жəнаптары «Тəржіман» газеті жарыққа шыққаннан бері қарай қазаққа «Қала бол, сол уақыт өнерге аяқ басарсың» деп неше түрлі сөзбенен артықшылығын көрсете келді. Құлаққа алған болды ма? Жиылған қала жоқ, ретті мектеп, медресе жоқ, жата бердік. Біздің кейбір ескі ойлы адамдарымыз төте оқудан қорқады, бұ қорқу да ұнамсыз деп түсінеміз. Бір шəһəрге екі жол болса, қай төтесімен барамыз. Бұл үйрену жолы да «білім» жеріне баратұғын жолдар. Не үшін төтесімен бармаймыз. Біздің қазақ жұрты жаңа заң болғалы партия деген бір бəлеге кіріптар болып, əр ізгіліктен төмендеуімізге сол бəле себеп болды. Абыройдан айрылдық, дəулеттен айрылдық, пайдалы іске кірісуге қолымызды, көңілімізді босатпады. Досқа күлкі, дұшпанға таба болдық. Хүкіметке – патшалыққа аямай, жанымыз ашымай, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай түрлі жаламенен білгенімізше жамандадық. Патшалық қасында ағым, арымыз жоқтығынан депутаттықтан құр қалдық. Бұл қараңғылықта жүре берсек, бұнан артық тағы ғажап таңдары бар дегендей алдымызда нендей қорқынышты істерге кез келмеспіз дейсің. Бұл сайлау белесі біздің сүйіндікке де кіріп, байлар кедейленіп, тоқтау айтқан кісі болса, қас көріп елге үлкен бүліншілік кірген еді. Құдайға шүкір, соңғы сайлауда Семей облысында болыстыққа орысша білмеген адам сайланбағандықтан, сол себептен бе яки халық ынсапқа келді ме, əйтеуір сайлау талассыз өтті. Иншалла, біздің жұртта малын, жанын салып, атқа мінуді, союды тастап, білім, өнер сүюге жабысса бітпес көптің бірі боп дүниеде тіршілік қылар. Бірақ осы қазақтың ынта көңілін алған атқа мінуді сүю қалса екен. Бір қазақ мырзасына айттым: «мына қазақша журнал шықты. Жұрт пайдасын ойлағандар сіз бен біз оқып, білімді болсын, ғибрат алсын, жақсы іске кіріссін дейді. Болмаса кəсіп үшін айтпайды. Біз екі-үш теңгені ауырлаймыз, бір өліп қалған малдың терісі. Олар біз үшін, жұрт үшін барлық байлығын салады. Бізге оның қадірін біліп, жəрдемдес дейді емес пе? – деп. Бұл мырза өзі сайлау жолына 20-30 мың жұмсаған еді. Ол маған «Ақша жоқ қой, болса, сіз айтқан соң аяймыз ба?» деп жауап берді. Міне, осыдан көрініп тұр, қазақ халқының... құмарлығы қай дəрежеде екендігі. Партия үшін отыз мың ауыр емес, журнал үшін үш теңге үлкен, ауыр. Міне, қандай біздерді қаптап тұрған қараңғылық. Оқу, білім жолына бермейді, бере қалса, менің сөзімді сыйлап бермек... Жасаған артта қалған алашты қараңғылықтан шығарып, тура бағытқа бастасын. Сəдуақас Шорманов
Ат үстінде көрген түс Отағасы былтырдан бері қарай қаратақым болып, жерді іздегеніміздің қаруы бүгін қайтты білемін, сірə. Құдайға шүкір, манағы өлшегендердің ішінде тəуір жерлер келді ғой. Əйтеуір құдай қайырымен берсін, тіпті өзіміздің ойламаған жерлер де ішіне кірді ғой. Бізге берген жердің тəңірі жарылғасын производитель работаға былтырдан бері созып-созып қорыққан көңілімізді бүгін тындырды. Осылайша деп күн батардың алдында екі салт атты кісі қалың ағашқа кіре берді. Бұлар кірген ағаштан бес-алты шақырым жерде үй тіккізіп жатқан землямерге барып, онда бір жұмадай əуре болып жүріп, ақырында, əйтеуір, бұлар жер өлшетіп алып қайтқан беттері еді. Бұл екеуінің бірі Қақсал деген (отағасы), екіншісі Мұқыл деген жоғарғы сөздерді айтқан жігіт еді, бұлардың қалың ағашты, жұғымды шөпті, тұщы сулы жерлері мұжыққа кетіп, өздеріне жаңадан ағашсыз, ащылы жер кесіліп беріліп қайтып келе жатқан күйлері еді. Отағасы: «Əй, шырағым, манағылардың да іштерінің ашығанын байқадың ба? Планды құрып қоя бергенде түстері бұзылып жүре береді ғой». Бұл екеуі осылай кеңесіп келе жатып, ағашқа да келіп кірді, сол уақытта Мұқылдың манағы шат көңілі бұзылып басқа бір ойға түсіп тұнжырап кетті. Не себепті өзгергенін кім білсін? Ғажап емес, бұрыннан шөбін шауып, егін салып малы оттап жүрген белгілі мекенін көрген соң көңілі бұзылмады ма, жоқ, даладан тоңып келіп ағашқа кірген соң кетейін деп тұрған ағашының үй секілді панасын көріп, көңіліне қайғы түсті ме? Осылай сөз тоқталып, бұлар ағаштың орта кезіне де келді. Мұқылдың көзіне жыл сайын шөп басына қос теңдеп жүрген жері де көрінді. Бұрыннан тұратұғын бір үлкен жапырағы мол, жаңбырда пана болатұғын... көлеңке терек ағаш та көзге түсті. Ағаштың ішінде жел аз, ешбір дыбыс жоқ бек үлкен тыныштық еді. Көлеңкеде тұрып, пісіп толған жидектердің хош иістері де мұрынға келмекте еді. Бұлардың астындағы аттары да осы хош ауаға қаңғыр-күңгірдің қайран қалып пысқырмай кісінемей бір əсем жүріспен аялдамақта еді. Мұқылға белгілі теректің жапырағы, желі азғантай болса да бір қайғылы даусыменен зарлаңқырап тіпті былайша деп сөйлегендей болып та көрінеді: «Мұқыл, біздерден айырылатын күн де жетті ме? Неше жылдан бері сенің бабаларыңменен бірге ғұмыр сүріп, олар жыл сайын біздің көлеңкемізге шыққан бүлдірген, жидекті ерінбей-ақ теретұғын едің. Балалықпенен біздің жапырақтарымызды да сындырып алатұғын күнің болушы еді. Енді бұл соңғы уақытта бізден күллі мұқтаждарың табылып тұрушы еді. Шөбіміз болса шауып алып, маңдайымыздағы тəуір топырақтарға егін салып, күн көріп тұрушы едіңдер. Енді осының бəрін де ұмытып бізден айырылғанда, басқа ағайындарыңды іренжітіп, жер алғандарыңа мəз болып келе жатқаның ба? – Шіркін бұрынғы иеленген адамдарымыз-ай! Мал жайып көркейтетұғын қайран елдер-ай. Аз да болса бірге шаттықта ғұмыр өткізіскен,
біздің аралымызда жазғытұры рахаттанып жататұғын малдар. Қой-қозы қайтып көргенше саламат болыңдар». Алдында қуанып сөйлеп келе жатқан Мұқыл мынадай қиял көңіліне түсіп, көзінен жас ағып, жанындағы отағасына сөз сөйлемей үйіне келіп жатып қалды. Жұмағали Тілеулин Болған іс Міне апрель жетті, жаз болды, күні кеше қалың қарменен қапталып жатқан жер, өткір күннің көзіменен қар кетіп, қарайып жыбырлаған жанды жəндікке – «жайылыңдар еркін жеңдер қалаған шөптеріңді!» деген секілденді, суық қыстың ызғарымен жер өзінің түрі кеткендігін біліп, қарағанға көңілді қылу үшін ойын, қырын қызғалдақпен безей бастады. Алты айғы қыс жер үйде жатып күн өткізген қазақ байғұстар да таза жерге шығып рахаттану үшін киіз үйлерін тігіп қырға шықты. Күнде шомның басында тұратын Қажыбай ақсақал, бүгін үйі қырға шыққандықтан молдасын қасына ертіп, ауылдың қасындағы бір биіктеу жерге шығып отырып: «баяғыда біздің бала күнімізде ана жерлерде қала жоқ еді, анау көрінген қара қоғаның басында талай асық ойнап едік-ау» деп қысыр кеңеске кірді. Міне сол уақытта ауылдың шетінде: «Қайдан əңгіме табылады» деп алаңдап тұрған Жанпейіс, молда мен байдың қырға шыққандығын көріп, қуанған кісідей-ақ жүгіре басып жетіп келді. Жанпейіс. Ассалаумағалейкум. Қажыбай. Əліксалам, аман ба, Жанпейіс. – Шүкір, жақсы, мал-жан амандық па? Қажыбай. Жанпейіс, бүгін қайдан келдің? Жанпейіс. Қаладан, өткен сəрсенбіде барғанда Андрей «Жексембіге кел!» деп қалып еді. Неге шақырды деп барсам, кəдімгі Андрей, барған соң-ақ өзімді айналдырып, «тамыр-тамыр» деп шайын қайнатып сыйлап: «бидай шабуға азырақ жер керек еді, сізден жер табылар ма?» деп құлаққағыс қылған соң дəулеті бар адам ғой, зияны тимес деп төрт-бес жер бердім. Одан шығып қайтып келе жатқанымда ...» дей бергенде Қажыбай ақсақал сөзін бөліп: сені бір ат алды деп естідім, жерге алдың ба, ақшаға ма? –деп сұрады. Жанпейіс. Жерге алдым. Түнеу күні барғанда 40 жерді өз аузынан сұрап тұр еді, соңы бүгін 38 жерге əкелдім. Қажыбай. Жарайды, жерге алған нəрсенің қымбаттығы жоқ, бірақ, Жанпейіс, сен бұрын да жер саттың, бəріне жерің толар ма екен?! Жанпейіс. Күн ерте ғой əлі, есебін табармын, не бəрі 70-ақ жер. Қажыбай. Сен, Жанпейіс, ертең қалаға барсаң, жайлау жақта менің 4050 десятиналап жерім бар, соны ептеп орысқа өткізе аласың ба? – дейді.
Жанпейіс. Əбден болады, жер алатын орыс көп, мен өткізермін, – деп кеудесін көтеріңкіреп қойды. Бұл екеуінің сөйлесіп отырған сөздерін жандарында тыңдап отырған молда жаратпаған қияпатта бір күрсініп: «Бай, бұл жер сатқандарыңыз қалай? Жакең болса жарлымын деп сатады, сіздің құдайға шүкір, жақсы дəулетіңіз де бар, жайлаудағы жерді саттырайын деп отырсыз, күні ертең өздеріңіз көшіп барсаңыздар, малдарыңызды ұстап күнде потраба қылмай ма?» – дейді. Жайбарақат сөйлесіп отырғанда жандарында отырған молданың кенеттен айтқан бұл ақылы, Қажыбай ақсақалға ұнап жетпеді, ішінен: «Мұның да ақыл үйреткісі келеді» деп қойды. Жанпейіс жəне бір сөз бастай берейін дегенде, бір бала келіп: «Ата, шай пісті» деген соң орындарынан тұрып тарады. Майдың ішіндегі жылы күндердің бірінде бай қолына таяғын алып, қотанда жатқан қойын аралап жүргенде, соқашы жағынан шабуылдаған бір салт атты кісі көрінді: «мезгілсіз уақытта шабуылдап жүрген бұл кім өзі?» деп тұрғанында: ол кісі Жанпейістің інісі болып шықты. Қатты келген бойымен сəлемді де ұмытып: «Ағайды Миколай ұрып жатыр, соған сізден ақша сұрай келдім» дейді. Қажы. Миколай кім? Не қылған ақша? Кісі. Миколай түнеукүні бізге атын сатқан орыс, сол ағама: «Жерімді толықтырып бер, болмаса ақшамды бер!» деп қысым қылып жатыр. Соған сізден 20 сом ақша сұрап əкел деп жіберді, – дейді. Белгілі, бұл ақша деген сөздің байға ұнамсыз тиетіндігі бір тиынды бір сом орнына жұмсайтұғын кісіге, қолақпандай қылып 20 сомды Жанпейіске беру оңай ма? Түсі бұзылып ашуланып: «Сендерге жер сатқызған мен емес, жерді жеткізе алмастарың бар, неге саттыңдар? Беретін ақшам жоқ, тарт!» деп ақырып, зəре, құты қалмай тұрған жазғанның бұрынғыдан жаман зəресін алып, қоя берді. Ал енді соқашыға келсек, күні кеше, күрең атына мініп алып былғақтап, көрінгенге «Жер алмайсың ба?» деп жүрген Жанпейіс, бүгін қақпанға түскен қасқырдай екі көзі жайнап, тамырының берген «сыйының» күштілігінен есінен де танып еді, басына нендей уақиға келгендігін білмей меңіреу адамға ұқсап тұрғанында, інісінің шауып келіп: «ақша жоқ» деген сөзінен шошып кетіп, ұйқысынан оянған адамша көзін ашты. Енді не қылмақ? Басқа ақша табылардай орын жоқ, амалсыздан тамырына: «Миколай, күнде көріп жүрген таныс адамбыз ғой, мені қинама, соқаның алдымен салған екі жер бидайым (осы күнде көктеп те қалған) бар, соны алып біт!» деп жалынды. Бұл сөз Миколайдың о басында-ақ ойында болғандықтан бір ауыз сөз де айтпай, жерді алып бітісіп, қаласына қайтты. «Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа» дегендей-ақ, Жанпейіс мырза Миколайдан өлмей қалғанына қуанса да Қажыбай ақсақалдың 20 сом ақша бермегеніне қатты ренжіді. Қалай ренжімесін: Жанпейістің қылған қызметінің ұшықиыры жоқ, баласы ауылнай боларда: «Əйтеуір ауылдағы бір мырзамыз
ғой» деп штат уақытында ауылдан-ауылға шауып көрінген кісіге бас иіп жалынып, «шар» салынғанша бір мырза үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Оның бер жағында қырық-елу десятиналап жерін де сатып берді. Міне, бұл қызметін Жанпейіс өзі де ішінен ойлап-ойлап: «Қой, бұл Қажыбай жақсылық қылғанды білмейді, амандық болып, ел жайлауға барғанда, орыстың егініне жылқысын бір айдап түсірсем кегім бітер» деп кіжініп күрең атына мініп алып ауылға жөнелді. Жоғарыдағы айтылып келе жатқан Қажыбай ақсақалдың ауылы, жайлауға барып, Қостұмарына қонғанына ай-жарымдай болып еді. Кеше кешке бай, бəйбішесіне (ауыл маңайы тозған соң): «Көшу керек еді, ауыл маңайында ат арқандайтын да қылтанақ жоқ, һəм орыстың егіні де жақын, аман-есен тұрғанда жаңа жұртқа қонған дұрыс болар» деп кеңесіп отырып қымызды көбірек ішіп жібергендіктен, бүгін сəске түске дейін ұйықтап жаңа ғана оянып, маужырап жатқанында дүрсілдеген аттың дыбысы білінді. «Бұл не қылған дүрсіл» дегенінше болмады, жылқышы жетіп келіп: «Жылқыны бай орыс айдап кетті» деп хабар берді. Тамақтың күштілігінен көп ұйықтап ұйқысын аша алмай жатқан байды – «жылқы жоқ» хабары секіртіп тұрғызды. Бай. Қайдағы егінге түсті? Жылқышы. Жалтыр көлдің басындағы өзіңнің сатқан жерің. Бай. Япырмай, шырағым, бір күнше ұйықтамай-ақ қойсаң болмай ма?! Бүгін өзіміз де көшейік деп отыр едік, не қылса да зор шығын болды ғой, жылдам ат əкеліп жексін!» – деп молдаға кісі жіберді, жаңа ғана тұрып, баласына сабақ беріп отырған молда байдың бұйрығын орнына келтіру үшін баланы тастап тысқа шықты. Даяр тұрған атты жегіп, бір-екі меске қымыз толтырып алып бай мен молда қалаға асты. Бұл байдың жылқысын ұстаған қаладағы бір осал орыс болмағандықтан сарша атамыз ыстықта күнге күйіп келіп тұрған байды, онша елей қоймады, «шығыным көп, үш жүз сом беріп малыңды əкет!» дегенді шығарды. «Өзіміздің жерге салынған егін ғой, тым теріс кетпес, 20-30 соммен бітір» деп келген бай, үш жүз сомды есіткен соң есінен тануға жақындады, қымыз беріп сыйлап, «тамыр-тамыр» деп жалынғанмен де жөнге келмеді. Енді не қылмақ керек? Амалсыздан қос атпен приставқа шапты. Ол екі арада төрт-бес күн өтіп кеткендіктен қамауда тұрған жылқы аштыққа шыдай алмай бұралып екі ту бие, бір ат өлді. Қалған жылқысын келген пристав аман-есен алып берді. Мінеки, Қажыбай ақсақал жер сатуды əуес көргендіктен бе, болмаса, бес-он тиын болса да пайда қылып қалайын дегендіктен бе, əйтеуір жайлаудағы бос жерді сатамын деп, «бес тиын қоян, он тиын зиян» дегеннің кебіне ұшырады. Қазаққа алалық қайдан келді? Жиырмасыншы нөмір «Айқапта» Шардай Сарт баласы қазаққа алалық қайдан келді, - деп біраз кеңес жазыпты. Сөзінің ақырында Ғалихан
Бөкейхановқа да біраз өкпе-наз айтыпты. Бұл кеңестегі пікірлердің көбін мақұлдап жете алмаған соң өз білгенімді ортаға салдым. Қазаққа алалық Екатерина заманында оның құпия жазған инструкциясынан келген жоқ. Бұл қате пікір. Қазаққа алалық ол заманнан көп бұрын келген. Қазаққа алалықтың алғаш кіруі үш жүзді билеп тұрған Тəукехан опат болған күннен басталады. Үш жүздің басын біріктіріп билеп тұрған хан кеткен соң əр елдегі сұлтандар бас-басына хан болған. Бірі мен бірі жауласа бастаған. Жұрт кезінде ханның ықпалы түсіп, қадірі кеміген. Ханның ықпалы түскен соң, қара бұқараның арасында да алалық басталған. Барымта, зорлық-зомбылықтың базары қызып, «батырлар» көбейген. Мықтылар нашарды жарып алған. Сөйтіп қазақ өзара бытырап жүргенде қалмақтың Қалдансерен деген ха ны қазақты неше қайтара шауып, тынышын кетірген... Орта жүз бенен кіші жүз Сырды тастап Арқаға көшкен. Кіші жүзді бастаған Əбілхайыр хан, Орта жүзді бастаған Сəмеке хан Россияға бағынған. Бұған шейін қазақ ара сында алалық əбден тамыр жайып орналасып болған еді... Сөздің қысқасы қазаққа алалық үш жүздің басын біріктіріп хан болып тұрған Тəукедей дана хандар өліп, жұрт пайдасын ескермей бір ғана қара басының қамын ойлайтұғын хандарға жұрт тізгіні тиген соң кірген. Сол алалықтың салдары Əбілхайырды кіші жүздің балаларымен Россия қойнына, Ұлы жүзді Жоңғария қойнына тыққан. Жеке қалған орта жүз Абылай заманында тізгін қолында болса да, Абылай өлген соң ол да Россияға бағынған. Сол заманда басталған алалықтың ақыры əлі үзілмей келе жатыр. Бұл айтылған сөздер істің саяси жағы. Алалық бір саяси жақтан ғана емес, шаруашылық жағынан да кірген. Қазақ мекен еткен Оральск, Торғайск, Акмолинск, һəм Семипа латинск облыстардың жерінің қалыбы... Темірқазық жағы жақсы қара топырақты боз, құбыла жағы майқара жусан секілді қара от бітетұғын жер болады. Қазақ бұрынғы көшпелі қалыпта, темірқазық жақтағы боз жусан бітетұғын жерде жайлап, мал семіртіп, өзі қоңыр салқын ауада бой жазып: қысқа қарай құбыла жақтағы қара отты жылы жерлерге барып қыстап жүрген. Көшу-қону ол мезгілде бет-бетімен болмай, əркім өз руластарымен бірігіп, бір шөлменен көшіп, Арқадағы жайлауына, іштегі қыстауына барған. Жаугершіліктің көп заманы, жау келсе ел болып, күш біріктіріп, малын-басын қорғаған. Əр елдің көшетұғын жайлауы, қыстауы өзінікі болған, оған басқа ел кірмеген. Көшпелі халықтың тіршілігі малдың арқасында, малы өссе көшпелі бай, тамағы тоқ, малы жұтаса кедей һəм аш. Барлық тіршілігі малға бай ланған соң, көшпелі шаруа малын жайластырмай тұрып, өзі тамақ ішпейді. Малдың тіршілігі жерменен, мал өсірген шаруаға дем алатұғын ауа қандай керек болса, малы үшін жақсы жайылымды жер де сондай керек. Малының қамы үшін көшпелі мың шақырым жер лерге көшіп, жазға самал ауасы бар, оты, суы мол... бозға шығып жайлап, мал семіртіп, қысқа қарай түстік жақтағы жылы Сырдың бойы, Үргеніш, Қолтығы, Маңғыстау, Шу секілді жерлерге
барып қыстап жүр. Бас өспек, мал өспек жаратылыстың бір заңы-жолы. Адам өседі, жер өспейді. Мал өсіп көбейген сайын оған жайылым жер де көбірек керек. Баяғы қазақшылық заманда жайы лым тарылса, көршілес басқа жұрттың жерлерін қазақ жұрты тартып алып иеленген. Тартып алар жер біткен соң мықты атаның балалары нашар елдердің қонысына көз салған. Бір-бірімен тең елдер қоныс үшін өзара жауласа бастаған. Қонысы тарылған нашар елдер қысы қатаң жылдарда малдарын жұтатып кедейлікке айналған. Бұл кедейлер тамақ асыраудың қамы үшін əрі тыныштық үшін Россияның жиек қалаларына жақын жерлерді азғантай жұттан қалған қара-құрасыменен қоныс қылған. Суық жерді қоныс қылған ел малына жылы қора, өзіне жылы істеуді, қысқа қарай малы үшін аздап пішен шабуды əдет еткен... Малдың сүті қолға түсе беру қиынырақ болған соң, қазақ нан жеуге, нан жеген соқ астықты өзі егуге үйренген. Сөйтіп Арқадан қоныс алған қазақ шала көшпелі, шала отырықшы қалыпқа айналған. Бұл əркімге де белгілі жұмыс. Бұл алынған қоныстар бүкіл қазақ баласына əдет бойынша бірдей ортақ жайлау, жер болғанын қоныс алған атақ бұл қонысты көшпеліден қорыған. Жайлау көптің жері көшпелі ел күшке салған. Жатақ орыс заманына сүйенген. Сөйтіп шаруашылық бабында жер туралы жатақ пенен көшпелінің арасынан талас шыққан. Бұл таласта жатақ көшпеліні жеңген. Мінеки, бұл айтылған сөздерден көрінеді, шаруашылық туралы қазақ арасына екі түрлі жөнменен алалық кірген. Біреуі көшпелі күшті атаның баласы, нашар атаның баласының жайылымын тартып алған. Екіншісі, Арқадан қоныс алған жатақ көшпелінің жайлауын тартып алған. Осы екі түрлі зорлықтан туған алалықтың ақыры əлі күнге шейін үзілмей келе жатыр. Көшпелі менен жатақ арасындағы жер таласы əсіресе 1868-інші жылы уақытша жағдай (временное положе ние) жүргізілгеннен бері өте күшейіп кетті. Себебі, уақытша за кон бойынша қоныс иесі бар болысқа қараған ел болған, бұрынғы рудың жеке иелігі қалған. Бұл қалып көшпелінің жайлауын бұрынғысынан да жаман тарылтуға себеп болған. Көшпелі менен жатақ арасынан бұл туралы шыққан жанжалдар кейбір жерлерде өте күшейіп кетіп, кісі өлімдері де болған.. Хакімдер 1880-інші жылдарда айрықша сияз жасап, əр уездерден, əр облыстардан адамдар шақырып, жай лау, қыстаудың шегін айырттырған. Көшпелі менен жатақ арасындағы бұл жайлау таласы əлі бар. Өткен 1913-інші жылы Сырдария облысы Қазалы уезіне қараған көшпелі қазақтар, Торғай облысы, Ырғыз уезіне қараған елдер «Əуез бұтағы» деген жайлауды қыстауға айналдыр деп хакімдерге арыз беріп, жүргендерін өзім көрдім. Жер жанжалы қазақтың рулас, ағайындас қалқын ұмыттырды. Жерісуы бір атаның баласы өз ағайындарымен дауласты, ағайыншылық былай қалды. Жерлері переселен пайдасына алынып, өздері жері кең ағайындарынан жер ауыстырып ала алмай, сорлап, хакімдердің есігін тоздырып жүрген қазақтар толып жатыр. Қазақтың ала болушылығының үшінші себебі де бар. Мұнысы қазақтың ру-руға бөлінуінен туған алалық.
Мұны орысша айтқанда «Социальный устройстводан» келген алалық деуге болады. Арабша айтқанда «əжітмағы» қалпынан туған алалық. Қазақ болған жерде қазақ жігітіне өз жұмысынан соң өзінің руласының, жүздесінің жұмысын жұмыстамақ əдет бойынша міндет. Кісі өлтірсе құн алмақ, құн бермек, əйелдің байы өлсе жақын ағайындысына жесір бо лып үлеске түспек, қалың малы төленіп қойылған қыз сүйгеніне кетсе «жесір» кетті деп ел болып намыстанып атқа мінбек, жиын-той, асқа барғанда ақсақалдар арашаларына қарай сый құрмет көрмесе ашу жанжал шығару секілді толып жатқан неше түрлі əдетттер қазақтың арасына түскен жікті күшейтпесе, қазақтың басын біріктіретін қалыптар емес. Қазақта намыс деген бір жаман əдет бар. Баяғы қазақшылық заманда талай атыс шабысқа, тала қырғын-сүргінге себеп болған, бұл күнде бұл əдет біткен жоқ. Сайлау жұмыстарында намыс үшін шашылған пұл... əр алты миллион қазақты мүлдем жұртшылықтан шығарып бара жатыр. Мінекей, ардақты оқушылар! Жоғарыда жазылған көп сөздерден көрініп тұр қазақы алалықтың саяси, экономикалық, социальный деген үш түрлі жолмен кіргендігі. Бұл үш түрлі себепке қосылған қосымша болса, ол жанып тұрған отқа бір құшақ қамыс тастау секілді ғана. Соның үшін Шардай Сарт баласының бүкіл айыпты ауру бастан сау басқа аударуының жөні келмесе керек. Қазақемес Ашық хат Біздің қазақ деген сахарада мал бағып, ақыл-ойымызды сол малға жұмсап, қайда соны жер, қанық су болса, сонда кіре қыстап, шыға жайлап жүрген бір ел едік, сол қалыппен өнер-білім судай тасыған жиырмасыншы буынға келіп, оқулы-білімді ел надан халықты басып-жаншып, жерінсуын алып жатқан бір заманға кез болдық. Сол біздің ұлықтарымыздың да көкірегіне кіріп кетіп, бұл жиырмасыншы буын да көшпелі халықты сақтау зор күнə деген фітуəні шығарып жер-суымызды мұжыққа алып беріп, қазақ атаулыны əбігершілікке түсіріп жатыр. «Мал баласы, жер анасы» дегендей жер тарылған соң, қазақтан дəулет те ақырындап кеміп, жылдан жыл төмендеп, барған сайын штат-партияшылық жəне де зорырақ дəулетті мырзаларымыздың карта ойнап, түрлі ішімдікке салынуы жақсы ырым емес. Бақ, дəулеттің ең зоры һəм анасы жер-егіншілігін неше жылдан бері татар қарындастарымыз һəм өзіміздің оқыған білімділеріміз газет арқылы сөйлеп, заман бұл қалыпша тұрмайды ұлықтан жерлеріңді сұраңдар! Ізденіңдер, абзалында көшпелі қалыппен алуға сұраңыз, реті болмаса, отырықшы болып болса да еркінірек уақытта қай жақсы деген жерлеріңмен кестіріп алып қалыңдар деп кеңесті бере келді, һəм кейбір жерде отырықшы болып, əр тарапта жатыр еді, іликин əлгі надандықпен халықтың көбі не қылуға білмей сасып, кімнен толық ақыл сұрап, жерінің түріне қарай қалпынша жер алуды біле алмай тұрған уақытта
мен қазақтың көз жасын есіркеп, құдай тағала білімділеріміздің көңіліне салып əуелі Троицкіден, екінші Орынбордан басшы шығарды. Құдай, енді осы қуанышымызды ұзағынан сүйіндір дені екеуінде, əрбір шыққан нөмірін төрт көзбенен күтіп алып, жазылған сөздерді періште келтірген «Қасиетті» көріп, оқып, қуанып тұрған бір заманда манағы бағымыздың кемуіне қарай ма?! Білімді мырзалар арасында тағы партиялық намысы кіріп бірі: – Ау, алаштың азаматы, біздің қазақтың жерін өлшеп, артығын мұжыққа алып беруге ұйғарылды. Енді көшпелілік қалады. Жақсы көрген жерлеріңізге жиылып, учаске болып, өзіңізге һəм мешіт-медресеңізге де жер жырттырып алып қалыңыз, – деп кеңес берсе, екінші мырза: – Ойбай, қазақ, жерді жиылып ала көрмеңдер, қалайда болса, бұрынғы көшпелі болып, жер алып қалуға іздене көріңіз. Учаске болып алсаңдар малдан айырыласыңдар, – деп əуелгі кеңес мəслихаттың терісіне сілтейді. Жəне бір білімпазымыз хат-газетпен сөйлесіп, іс жүргізу қиын, бір жерге бас қосып сөйлесуге, сияз ашуға ұлықтан рұқсат сұрап көрелік, – деп ең керекті істен сөз ашып еді, оған тағы біреу түрлі дəлелменен рұқсат берілмейтінін көрсетіп, қашанғы əдетінше ұлықтардан бұрын өздері тырп етпестен жатыр. Сұрасайықшы, іздесейікші бермесе қалады ғой демейді. Үшінші, бір керекті болған жұмыс мүфтиге қарау еді, енді оған тағы екі түрлі кеңес беріп, біреуі əзір құрулы тұрған дүкен татар қарындастарымыздың муфтилігіне қаралық деп жол көрсетіп еді, екіншілері, алты-жеті мың мехаллаға жетсе Уфа Собраниясына жəне онан артық жүк артып не пайда етеміз, не көрсек те өз алдымызға мүфти алып, татар қарындастырымыздан бөлек тұралық – дейді. Міне, басшы болған һəм қаламымен қызмет еткен білімділеріміздің көрсетіп жатқан өнерлері бұрыннан миы ашып, басы қаңғырған надан халқымызды онан жаман басын қаңғыртып тұр. Істің алдына, келешегіне түсінбеген соң, қай жағына ауысуға білмей дағдарып тұрған жайы бар. Енді уақыт таянды, білім таластырмай, сөз жарыстырмай, ұлт пайдасын ойлап біз пақырға бір тура жол көрсетсеңдерші, бауырларым. «Қазақ» пен «Айқаптың» келген нөмірлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді. Егерде бұл кеңес бітпесе, бұларды алатын оқушылар азая ма деп қорқамын. Кейбір мырзаларға, мына екеуінің біреуін алыңдар, – деп айтсаң: – Қой, ақша беріп, бірталай егес, уайым сатып алар халымыз жоқ. Газет-журнал алмай да, дау-жанжал сөз күрестіруден құры емеспіз, – дейді. Міне, осындай сөздерді тəуір, көзі қарақты, дəулеті бар мырзалардан өз құлағымменен естідім. Кейбіреулерінің осы тақырыпқа тоқтағандары да бар. Енді білімі көп, ақылы толық, жазғыш-білгіш бауырларым, əрқайсыңыздан төменшілікпенен өтінемін. Алаауыздықты қоя тұрып, бізді бір жарыққа шығара көріңдер. Құлмат Бектұров
Топырағымыз алтын Біздің қазақта бір жаман мінез бар, мал болса болғаны сол малдың төліменен байимын дей, діңкесі құрып жүргендері, бұл кəсіптің де пайдалы екенін білмей ме? Болмаса, біле-көрсең кəсіп істегісі келмей ме? Болмаса, баяғы белгілі ата-бабасынан қалған сүйекке сіңген жалқаулық па? Сол өздерінің жақсы көретін малы қайдан шығады екен. Ойлап келгенде мал да сол кəсіптен шықса керек?! Қаншама көп жерге ие болып, ен даланы меңгере алмай жүрген уақытта жалғыз малдың артынан кетемін деп қанша мың миллион пайдадан құрып қалған, əрі айт та, бері айт баяғы надандық, жалқаулық. Аяғының астыңда жатқан алтынды алып, пайдалана білмегендері, міне осы күнде кім пайдаланып отыр. Бір қарасыз неше мың шақырым жер ден шұбырып келіп, жерге ие болып, бір-екі жылдың ішінде соқалық өгіздер, сауын сиырлар һəм мінер аттар тауып алып отырған жоқ па? Осы қайдан шығып отыр, əлбетте топырақтан шығып отыр. Енді топырақ алтын емей немене? Мен мұнан бұрын да бірлі-жарым айтқан сияқты едім. Жер бір десятинасынан əр жыл жақсы істелгенде елу сом, жүз сом табуға болады деген едім. Бұл сөз жалғыз өзіміздің халдарымызға қарап айтылған сөздер ғой. Бірақ басқа жұрттар біз айтқан дəрежеден артығырақ пайдаланады. Анығын айтқанда мұнан бірсыпыра жылдар бұрын Əулие-Атаға сапар қылғаным жолда бір мұжық саудагеріне түсуге тура келді. Ол орыс бір иен даланың ортасында өте əдемі үйлер салып һəм бақшалар егіп тұрады екен. Көп малы һəм көп жылқысы бар. Бұларға дөңгелентіп қоралар жасатып қойған. Мұнан басқа не керек саймандардың бəрі де даяр. Мен бұл орыстың мұндай иен жайылымда қанша ақша шығарып, отырғанын көріп, əлбетте бұл бір үлкен шəһəрден келіп, асқан байлығымен бұл жерге сайран қылу үшін жаз ғана келіп, отырып кететін шығар деп ойлап едім. Бұл ойым шүбəлі ой болғандықтан өздері жақын арада кетпекші болса да оларды біз екі күнге дейін өтініп, танысып сөйлесуге кідірттім. Мен өздерімен əрден танысып болған соң, орыстан қағылшан шөл далаға қаншама шығын қылудан не пайда шығады деп сұрадым. Орыс: – Əй, господин! Біз бұл ақшаны жанымыздан шығарғанымыз жоқ, ақшаны осы жердің өзінен шығарып, өзіне жұмсадық. Біз бұл жерге келгенімізде ат-арбадан түк те жоқ еді. Мен бұл жерге келгеніңізге неше жыл болды? Қанша ақшаларыңыз һəм мынадай мал-мүлік, үй-үйлеріңіз бар ғой», – дедім. Орыс: – Бұл жерге келгенімізге тоғыз жыл болды. Келгенімізде бұл жерде еш пана жоқ еді. Бізді бұл жерге хүкімет алып келіп, бір пар өгіз, екі жүз сомға жақын ақшамен тастап кетті. Біз содан соң бұл жерге қос тігіп (балаған) отырдық. Бізге хүкімет он бес десятинадан жер беріп еді. Біз келіп сол жерді алғанымыздан бері қарай, жеріміздің он десятинасына тұқым шаштық. Ол жылдар жаңбыр болмады. Жылдың реті солай болса
да екі жүз пұтқа жақын тұқым бидай алдық. Жаңбыр жақсы болғанда бидайды мұнан да мол алар едік. Екінші жылы өзіміздің жерімізге һəм жанымыздағы қазақтардың жерін жалдап алып бидай шаштық. Екі десятина жерді үй салуға, бақша егуге қолайладық. Ең əуелі бидай салатын амбар салдық. Неге десеңіз, біздің əдетіміз егінімізді қырманға салып басып алған соң, жылдам басылысымен базарға апарып сатамыз. Сатылғаннан қалғаның амбарға салып қойып, базардың пұлды кезін байқаймыз. Сондықтан бізге ең əуел амбарымызды жақсылап салып алдық, – дейді. Мен биыл қанша бидай алдыңыз? – деп сұрадым. Орыс биыл өзіміздің һəм қазақтардан жалдаған жерлерден бес жүз батпанға жуық бидай алдық. Ұзын сөздің қысқасы мынау: – Қазірде əр жыл бес жүз, алты жүз пұттан астық аламыз. Һəм бақшамызда егілген жемістерімізден мың сомдық жеміс сатамыз. Жəне бұлардың үстіне алпысқа жақын қара мал, жиырмаға жақын аттарымыз бар, күнелтуімізден он есе артық дейді. Сонымен сөз бітіп, біз ол жерден қозғалып жүріп кеттік. Кешке жақындай бергенде бір қазақтың үйіне қонуға тура келді. Манағы мұжықтың малын қазақтар қайдан көрсін. Бір үлкен ауылда дəнеме жоқ, ауылда кедейлік, ластық соншама дəрежеге жетіпті. Бұл халдарды көрмеген адам нанбас еді. Сол ауылда біраз кідіргендігімнен қазақтың халдарынан бірсыпыра сұрастырып білуге тура келді. Маған танысып сөйлескен қазақтың, сөзіне қарағанда олар сол жерде жиырма-отыз жылдан бері қарай тұрады екен. Салған əдемі үйлері жоқ. Қыста бір кішкене ғана землянканың ішінде ғұмыр өткізеді екен. Қазақтан сіздің жерлеріңіз қанша деп сұрадым. Қазақ: – Даланың барлығы біздікі, – дейді. Мен: – Қанша астық егіп, қанша бидай соғып аласыз? — деп сұрадым. Қазақ: – Кей жылы егеміз, кей жылы тіпті екпейміз. Еккен жылдарымызда бір-екі батпан тұқым шашамыз. Он бес-жиырма батпан бидай аламыз, – дейді. Мен бұлардың, мұндай қайғылы халдарын көріп қапа болдым. Бір кісі Қала болушылар Томск губернияда Кайнск оязға қараған, бұрыннан бері жер алып отырған жеті аймақ (бараба) деген халық бар еді. Солдат бермейтін праволары бар жерлері кең, қазақша мал ұстап, кəсіпсіз жатқан бір халық бар еді. Бұлардың жері аса көп болған соң землемер шығып өлшеп, артығын участік қылып қазнаға алған еді. Сонан соң бұл жерде тұрмаймыз деп, бірсыпыралары өзіне тиісті жерін, малын, үйін, нəрселерін арзанға сатып, Стамболға көшіп кетті. Онда барған соң, сұлтан бұларға «Анатолыдан» жер беріпті, мұндағы салқын жер, жақсы ауада түзулікпен күн көріп жүре
алмайтын бараба онда барып не оңсын! Көп тұра алмай, қалталарындағы барын түгесіп, қанша бейнет, азап көріп, шулап-шұбырып қайтып келді. Бұрын бұлардың жерінде қырық-отыз жыл дан бері «Мұзды көл», «Терең көл» һəм Омбыға қараған əр болыстан жиналып күн көру үшін аренда алып, кəсіп қылып отырған көп қазақтар бар еді. Бұлар жердің, қадірін біліп, һəм бұл күнгі білімділеріміздің газетжурнал арқылы айтысқан сөздеріне түсініп, бұл жер қолымызда тұрмас, біреу келіп алып кетер деп. Барабадан алынған Мачалинск деген жерге қала болып отырамыз деп, ақсақалы Мұстафаұғылы, Мəмбет Қаратайұғылы, Асан Меңдібайұғылы һəм басқалары кеңесіп, Құдабай Меңдібай баласын давернай сайлап, 1912-інші жылы Томскіге барып инородец правосымен жер сұрап еді. 1913-інші жылы қала болып отырсаңдар да яки қазақша отырсаңдар да ықтияр өздеріңде деп жеті мың десятиналық, Мачалинск деген участікті сендердікі деп кесіп берді. Бұл жер бірсыпыра жерден тəуір. Егінге де, шабындыққа да нағыз тəуір жер. Балықты көлдері бар, жаңбыр болмай құрғақ болған жылдары да бұл жерлерге шөп шығады. Өткен доңыз жылдарында бұлар шөпті көп сатты. Станция жақын, саудаға да қолайлы. Бұл жердің пайдасы аса күшті. Бұл жердің шетінде, шекараға жақын жерде патшалық курортбақша бар. Жаз күні барып көруге көңілді. Бұл араға басқа облыстан да кісі көп келеді, һəм онша шифа суы бар. Ауру адамдар келіп түсіп, саламаттанып қайтады, һəм неше жүздеп кісі түсетін нөмірлер бар. Қымыз, ет һəм басқа жақсы нəрселер де даяр. Көңіл көтеруге əркімге көруге лəзім жер. Біздің Сібірде, үлкен курорттарда мұндай жер жоқ болса керек. Осы жерге түсеміз дегенде, ол уақытта қырдағы əйелдер бұл Мачалинскінің қазағымен қайдағы сұмдықты бастайсыңдар деп араз болып еді. Енді осы 1914-інші жыл, жиырма сегізінші майда Землямер шығып, бұлардың жерлеріне діңгек қағып, бекітіп берді. Сонан соң бұлар көлдің балығын аулап, шөбін шауып, пайдаланып жатқанын көрген соң, бұрын бұларды жек көріп, араз болып жүретіндер «енді бізді де қос, бізді де қос» деп өздері келіп тығылып жатыр! һəм бұлар қабыл қылып алса, келетіндер де көп көрінеді. Бірақ бұлар жер тығыз болады деп алатын емес. Бəлки көңілдегі жерін алған соң, қала бол деушілердің сөзі дұрыс деп, оларға көп рахмет айтады. Бұл жақта бұларды көріп, төртбес жерде қазыналық жерден сұранып, жер алып, қала болып жатыр. Басқа қазақтар қала болудан қорқып, ата-бабасынан қалған, кір жуып, кіндік кескен жерлерінен айырылып қалып жатқанда, бұлардың бөтен жерге келіп орнығып, айтқандарын қылдырып, ортадан ойып жер алып жатқаны – адамшылық-ақ деп естіген құлақ сүйсінерлік іс. Бұлар бір жерге жиылып қаласын салған соң, ортадағы жер-судан артық пай далы нəрселерін сатып һəм зекет, ғұмыр, підия, садақа сықылды нəрселерді бір жерге жинап, мешіт-медресе салдырамыз ба деген де ойлары бар. Мейрам Ысқақов
Қапал жағында болған уақиғалар Жас адвокаттарымыздан Көлбай мырза Төгісов жанаптары Түркістан жағына бара жатып басқармамызға түскенде жақсы жерлерін мұжыққа беріп, һəм өздері сол мұжықтан көрген қоршылықтарын, һəм кісі өлімі болған уақиғасын үш бөлім қылып бізге жазып тастап кетті. Көрген уақиғалары мынау: Сарқа деген станцияның маңайында Матай деген ел көшіп-қонып жүруші еді, жайлы ғана жерлері бар еді. Бұлардың бақытына қарай мұжықтар келіп, жақсы жерлерін алып, қала болған еді, қаланың аты Покровский. Қазақ биінен бұл қала жақын болғандық себепті қазақ қалаға қатынаспай тұруға мүмкін емес қой. Бір күні сол қаланың қасынан өтіп бара жатқан үш-төрт қазақты мұжықтар ұстап алып: – Сендер ұрысыңдар, – деп волостной управителіне алып келіп, неше түрлі қинауменен қазақтың біреуін өлтіріп, қаладан екі шақырым Қарагөз деген жерге апарып тастапты. Бұл үлкен кісінің қанын іздеп Қанабек деген бір жақсы адам тиісті орындарға арыз беріп, ақырында мұжықтардың управлениясынан кісінің қанын тауып, судья он шақты мұжықтарды абақтыға алған еді ақырында бұлар өлтіргендіктерін мойнына алды. Қазақтың бір биі Лепсі шаһарынан үйіне қайтып бара жатып, бір мұжықтың қаласының қасынан өтіп бара жатқанда мұжықтар биді жабыла қуған еді. Би қорқып қашса да мұжықтар қоймай, ұрысың деп ұстап алды. Ұстап алған соң, би қорыққанынан мойнына знагын сала қояды. Көзі қарауытып келген мұжықтар бидің знагын не қылсын? Сол жерде биді жабылып ұрып өлтіреді. Бұл мұжықтардың да сегіз-тоғыздайы түрмеге алынған еді, судьясына жолығып едім, оның сөзіне қарағанда жоғарғы айтылған мұжықтардың бəріне де сегіз жылдан каторгіге хүкім қылыныпты. Қазақ аттарын орыстар ұрласа төлетіп беретін ұлықтар жоқ, мұжық аттары жоғалса, қазаққа төлететін төрелер бар ғой. Өскемен уезінде Троицк деген бір мұжық қаласы бар. Бұл қалада бір мұжықтың аты жоғалған. Екінші участоктегі крестьян начальнигі Өскеменге қарайтын Ұлықман Боздақовқа мұжықтың атын тауып беруге не бағасын төлеуге бұйрық берген. Крестьянск начальнигінің бұйрығы дəлелсіз болған соң волостной управитель бұйрығын орнына келтірген жоқ еді. Сонан соң, Троицкіден жиырма мұжық жиылып келіп, қалаға жақын жердегі бір қазақ ауылын атқылап, қатын-баланы қыран жапқандай қылып, ауылды шапқан. Сөйтіп ойран-топан болып жүргенде бір қазаққа оқ тиіп, оқты доктор сырып алған. Бұл іс турасында жоғарыда айтылған мұжықтарды Өскеменнің судьясы абақтыға алған еді. Прокурордың бұйрығы бойынша бəрін залокқа шығарды. Мұжықтардың қазақтардан тонаған жасаулары һəм ауылда атқан он бес мылтығы Өскеменнің уезной управлениясында қоймада тұр. Біз ғажапланамыз, мұжықтарға осынша кеңшілік кімнен берілді?
Əлбетте, ұлықтар бұларға қазаққа қарағандай қараса, бұлай болмас еді, бейшара қазақтардың қатын, бала-шағалары жетім қалмас еді, һəм мұжықтар қазақтарды қойша бауыздап өлтірмес еді... Көлбай Тоғысов Қазақтардың діні, хұқық һəм жер хақындағы өзара кеңестерінің қорытыңдысы (Вывод частного сообщения киргизов по религиозноправовому и земельному вопросам) Петербордағы мұсылман сиязына барған қазақ мырзалары өзара бас қосып, кеңес мəжілісіне сөзді бір жерге қойып бару үшін кеңесілді. Əрлі-берлі сөйлесіп келгенде барлығының сөзді қорытып істеген қаулылары мынау болды: Біз Орал, Торғай, Семипалат һəм Сырдария облысының қазақтары осы 1914 жыл, июньде Петерборда бас қосып өзара сөйлескен кеңесімізде мұң-мұқтажымызды һəм қазақ тұрмысының, керекті жұмыстары хақында сөйлестік. Ынтымақтасып, бірыңғайласып Петербордағы мұсылман сиязында қаралатұғын мəселелерге қатынаспақ үшін (15-25 июнь, 1914 ж.) біздің бұл өзара кеңесіміз 14 июньнен 25 июньге дейін созылды. Сондағы анықталған іс мынау болды. Бірінші, дала облыстарының (Орал, Торғай, Ақмола, Семипалат һəм Түркістанский край, Сырдария, Семиреченск, Самарқанск һəм Ферғана) қазақтар Орынбор, Закавказия һəм Таурчиск муфтиліктерге қараған басқа мұсылмандар секілді бір ислам дінін ұстайтұғын халық тіршіліктің ыңғайына қарай һəм қазақтардың пайдасы үшін дала облыстарындағы қазақтарды Орынборск духовный собрание қарамағына, Түркістан крайындағы қазақтарды Түркістанск мұсылмандар духовный собраниясының қарамағына тапсыру керек деп табылды. Бұлайша тапсырылудың Керекудегі қазақ халқын діңи хұқық турасындағы былықпашылықтан құтқарудың керек мезгілі əлде қашан болғандықтан қазақ ішінде халық əдеті деп жүргізілген сот-закондарының əлдеқашан мезгілі өтіп кеткендіктен. Бұл турадағы Əлихан Бөкейхановтың қазақ үшін қазақтың əдет-ғұрпын сақтау керек деген пікірін жерин-тересін қорғауға бар жалғыз ғана бір себеп өз өзінен бітірілді. Əуел мезгілдегі политиканың ыңғайына қарағанда жоғарыда айтылған закон жобасы – закон бо лып шыққандай реті бар еді. Осындай қалыпта қазақтарды 1909-ыншы жылғы 9 июнь инструкциясы бой ынша отырықшылыққа айналдыруға зорлады (мəжбүр ету). Үшінші, қазіргі күнде переселендер үшін учаскеге алынайын деп жатқан жерлердегі қазақтардың ешбір тоқтаусыз переселен нормасы бой ынша жер алулары керекті. Неге десеңіз, хүкімет переселениені ешбір тоқтататын емес һəм қазақ пайдасындағы ыңғайлы жерді алудың, шегі-шеті көрінбейді. Сол себепті қазақ халқының егінге қолайлы барлық жерінен айырылып қалу хаупі бар.
Отырықшылыққа айналғанда көп болып айналу керек, бір болыс елден кем болмасқа керек. Азғантай үйлерге һəм егін, һəм шаруашылығын істеуге жеткілікті жер тие қоймайды. Көп болып отырықшылыққа айналғанда қала-қалаларға жан басына берілетұғын он бес десятина қолайлы жерлердің, арасында егінге қолайсыз, мал-шаруашылығына қолайлы жерлер көп тиеді. Соның, үшін кеңес мəжілісі көшпелі қазақ болыстары уезден яки мүлдем отырықшылыққа шығамын деушілер болса, бір тоқтаусыз приговорменен шығарып жіберулері, жартылай отырықшылардың приемный приго вор алулары тиіс. Сөйтіп өздерінен қай қалыппенен болса да артылып қалатұғын жерлерге оларды ие қылу керек. Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газетінің, отырықшы нормадан көшпелі норманың артықтығы турасындағы пікірілер қазаққа біле көре болса да яки аңғармағандықтан болса да, залал келтіріп тұр. Неге десеңіз, көшпелі норма болған уақытта қазақ жері патшалыққа керек болғандай болса алдына береді. Талассыз тыныш иеленуге жол бермейді. Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газеті көшпелі норманы мақұлданды һəм көшпелі болғанда, қай жерге қонып, көшіп жүруді көрсетпейлеріменен бадырайып баттиып түпкілікті жер иесі қазақ халқының пайдасыда биігірек. Переселен пайдасын қорғаштағандай болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқының бытырап қалу қаупі бар. Егерде олар Бөкейхановпенен «Қазақ» газетінің сөздеріне еріп көшпелі қалыпта қала берсе, арты не болмақ?... Төртінші, қазақ халқы тап осы күнде жерге орналасы туралы болсын, дініне қауіп туралы болсын, екі талай жерде тұр. Осының барлығы һəм қазақ халқының отырықшы тұрмысқа үйір болып жетпегендігі. Кеңес мəжілісі осы айтылған жұмыстарды бір қалыпқа келтіріп, дұрыс қылып ашпақ үшін қазір ақ хүкіметтен рұқсат алып жаңа ғана жабылған мұсылман сиязі секілді бір қазақ сиязын жасау керек деген пікірге келтіреді. Ол сияз бола қалса, бұрын сиязға қарсы болып жүрген Əлихан Бөкейхановтың болуы да керек. Сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ж.Ш. Сейдалин, С.Лапин, Досан Аманшин, А.Нарынбаев
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1913–1918) «Қазақ» газеті – отандық журналистика тарихында айрықша орны бар, халықтың «көзі, құлағы һəм тілі» болған жалпыұлттық тəуелсіз басылым. Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 2 рет шығып тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 данамен таралды. Басылым басқармасы 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса «Қазақтың» Уфа, Қазан, Петербург, Мəскеу, Орынбор, Томск қалаларында, сондай-ақ Түркия мен Қытайда да өз оқырмандары болды. «Қазақ» газетінің бірінші бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы «Азамат» серіктігі болды. А.Байтұрсыновтан кейін «Қазаққа» алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов пен Жанұзақ Жəнібеков басшылық жасады. Орынбор губернаторы Ресей Жоғарғы баспасөз басқармасына газетті мына бағыттар бойынша шығаруға рұқсат бергенін мəлімдеді: 1.Үкіметтің бұйрық-жарлықтары. 2.Мемлекеттік Дума, мемлекеттік Кеңес жұмысы. 3.Ішкі жəне сыртқы хабарлар. 4.Қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы. 5.Этика, тарих, этнография жəне мəдениет мəселелері. 6.Экономика, сауда, кəсіп, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы. 7.Халық ағарту, мектеп, медресе, тіл жəне əдебиет мəселелері. 8.Тазалық, денсаулық жəне малдəрігерлігі жайы. 9.Фельетондар. 10.Корреспонденциялар мен жеделхаттар. 11. Жергілікті хроника. 12.Суреттер. 13.Почталар (хаттар). 14.Құлақтандырулар. «Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңнің айнасы іспеттес. Сол кезеңде қазақ халқының ең маңызды өткір мəселелерінің бəрі де газет беттерінде батыл жарияланып тұрды. Елдің зарына айналған жер мəселесі «Қазақта» үздіксіз көтерілді, оқу-ағарту ісі, дін жайы, өнер-білімнің құны хақындағы материалдар көптеп басылды. Алты жылға таяу ғұмырында қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады. Əлеуметтік салада елді өрге сүйреді, қазақ халқының өзге елдермен тең болуын көкседі, өз билігі өзінде болуын мұрат тұтты. Мақсатқа жету үшін қазақты өнер-білім, ғылым жолында еңбектенуге шақырды. «Қазақ» газетінің айналасына ұлттың озық ойлы зиялы азаматтары шоғырланды. Сол тұста қаламды серік еткен Алаш азаматтарының барлығы дерлік «Қазақ» газетінің тұрақты авторлары болып табылады.
Ішкі хабарлар: * Жер министрінің сметасынан көрінеді. Бұ 1913 жыл қазақ пайдасындағы жерлерден мұжыққа қанша жер кесіліп берілетіні. Торғай облысынан кесілетін жердің есебі 135000 (жүз отыз бес мың десятина). Мұның бəрі Қостанай уезіндегі Қомақ, Обаған, Арақарағай волостары қараған жерден кесіледі. Ақмола облысынан 125000 (жүз жиырма бес мың) десятина жер кесілмекші. Бұл жерлер Омбы, Қызылжар, Көкшетау уездерінен кесілмекші. Семей облысынан 50000 (елу мың) десятина жер кесіледі. Олар Кереку (Павлодар), Семей, Өскемен уездерінен кесілмекші. Бұрын мұжыққа кескен жерлерге жалғас жерден кесіледі. Бұлар һəм Зайсан уезінде Ертіс бойындағы жерлерден кеспекші. Жетісу облысында екі уезге қараған жерден кесіледі. Бұл уездер Лепсі мен Пішпек уезінен 40000 (қырық мың) десятина, Пішпек уезінде төрт волосқа қараған жерден 80000 (сексен мың) десятина жер алынады. Бұл волостар: Қалғожинск, Ырғайтинск, Жомишовск, Шамеинск. Сырдария облысында – Шымкент пен Əулиеата уездерінен қыбыла жағындағы жерлерден кесіледі. Ташкент уезінде Ғайыбата, Маңдайтал волосындағы жерлерден кесіледі. Ферған облысындағы – Андыжан уезіне қараған жерлерден кесіледі. Сырдария һəм Ферған облыстарынан барша кесілетін жердің саны 90000 (тоқсан мың) десятина. Тобыл губернесінде – «Қорған» мен Тоқалы уезіндегі обырощнай статьяға шығарған жерлерден кеседі. Бұл екі уезден 20000 (жиырма мың) десятина кесіледі. Томск уезінде мұжыққа кесілетін жердің саны 90 000 (тоқсан мың), бұлар Алтай округындағы кабинетски жерлер. Томск, Маринск уездеріндегі қазыналық бос жерден де кесіледі. *Құрастырушыдан: Бұл хабар «Қазақстан» газетінің 1913 жылғы 2санында да басылды. Отырықшы болатын қазақтарға кесіп беретін жердің есебі * 1913 жыл қазақтарға түпкілікті етіп кесіп беретін жердің баршасы 400000 (төрт жүз мың десятина). Мұның 180000 (жүз сексен мың) десятинасы Торғай облысында, Қостанай уезінде Арақарағай волосында кесілмекші. Бұл жерде қазақпен қатар мұжықтарға да жер кесіп береді. Ақмола облысында – қазаққа кесіп беретін жерлер Омбы, Көкшетау, Қызылжар уездерінде. Бұл үш уезден қазаққа 90000 (тоқсан мың) десятина жер кесіледі.
Семей облысында – Кереку (Павлодар), Семей, Өскемен уездерінде... 60000 (алпыс мың) десятина жер кесіледі. Жетісу облысында төрт болыстың қазағына жер кесіп бермекші. Бұл төрт болыстар: Қалғожинск, Ырғайтинск (Восточни), Жомишовск, Шамеинск – төртеуінен қазаққа кесілетін жердің саны 50000 (елу мың). Мұнда да қазақтан артылған жерді мұжыққа береді. Сырдария облысында – Шымкент пен Əулиеата уездеріндегі қазақтар жер кескізіп алады. Екі уезде қазаққа кесіп беріледі 20000 (жиырма мың) десятина жер. *Құрастырушыдан: Осы хабар «Қазақстан» газетінің 1913 жылғы 2-санында да жарық көрген. Жер іздеген қазақтар! Тройцкіден Ақмешітке бара жатқанымда Орынбор станциясында жанында екі жолдасы бар, Атажан есімді бір қазаққа жолықтым. Көкшетау уезіне қараған Жыланды болысының адамы екен. Аты-жөнін сұрағанымда берген жауабы мынау: «Өткен жылы август ішінде біздің жақтан қырық шақты үй мал-мүлкінің бірсыпырасын сатып, Бұхара қол астына қарай жер іздеп көшіп кетіп еді. Ақпан-қаңтар кезінде бір айдан Артығырақ Ақмешіт төңірегінде тұрақтап, кемпір шалын отарбаға мінгізіп Бұхараға қарай жіберген соң, қалғандары азын-аулақ малдарымен арман қарай кештетіп жөнеліпті. Отарбаға мініп кеткендерінен хат алып едік: «Самарқаннан арман келе, жайылымға шықтық. Жер кең, қысы жоқ көрінеді» деп жазыпты. Осы хатты алған соң, елдегі жұртымыз да қобалжып, көшеміз бе қалай етеміз деп осы үшеумізді жер қарап, анығын біліп қайтуға жіберді, «бара жатқан бетіміз сол.» деп сөзін тəмəмдады. «Туып-өскен жерлеріңді тастап неге көшесіңдер» деп сұрағанымда: «Ойбай! Қалай етіп отырамыз. Мұжық жерімізді қоятын емес. Ұлықтарға айтсақ 15 десятинаға разы болып қала бер, əйтпесе бір жаққа ауып, босатыңдар дейді. Қазақ мал бақпаса күн көре алмайды ғой деп қорқамыз. Сондықтан көшпей шарамыз жоқ» деді. Енді қазақтың бүйтіп Атақонысын тастап, сатынып, суынып жер іздеп қаңғырып жүргені пайдалы іс емес. Осы күнде ерік болғанмен 10-15 жылда онда да кісі барып толары белгілі. Сөздің келтесі мынау. Пəлен жерде бақыр бар дегенді қазақ қойып, тобымызды, жігімізді ашпай, өзіміздің үйренген жерімізде оңдысын алып қалайық. Мал асырап күнелту қиын болатын болса, басқа кəсіптің жөнін табайық. Бір жағынан кейінгі жастарымызды оқытып, ғылым, өнерге жармасайық. Х.Лекеров
Мұсылман фракциясының хаты Біз мұсылман депутаттары ретті орында шамамыз келгенше үшінші Думада да қазақ қарындастарымыздың халдерін һəм қажеттерін баян қылып, құқықтарын қорғап сөз сөйлеп келдік. Біздің қолымыздан келгені сол ғана болды. Қазақтар өздері бізге жəрдем етерге керек еді, бірақ олар елдеріне зарланып жатса да араларынан тура бізге халдерін түсіндіріп жеткізгендері жоқ дерлік. Бірлі-жарымды бізбен хабарласқандары болса да, олар да тұрмыстарына, шаруаларына келген кемшіліктерін дəлелмен көрсете алмайды. Мысалы, айталық жер хақында. Түгел көрсетерге керек: алынған жер қай облыста, қай орында, кімнің жері, қанша жер, ол жерді қай ретпен һəм кім алды. Міне, осылардың толық дəлелін айтпаса, Дума мінберіне шығып: «Қазақтардың қысып жатыр, жерлерін тартып алып жатыр...» деген бос сөзден пайда шықпайды. Қазақ халқының керегіне лайық біздің қолымызда мағлұмат жоқ. Ондай керекті нəрсені қазақтың басшылары өздері жиып жіберуге тиіс еді. Білмейміз не себептен екенін, мұндай іске артық мойын қоймайды, біз өзіміз қазақтың бағзы бір оқығандарынан қазақ хақында керекті мағлұматтар сұрап қарадық, сонда да жөні келмеді. Енді бұл кезде қазақ жері хақында һəм қазақты қазақты билеу тəртібін өзгертіп крестьянский положениеге ауыстыру хақында министерство жағынан тəртіп қылынып, даярланған екі закон проект бар. Тез арада бұл проектыларды Думаға тапсырар, сонда біз мұсылман депутаттары зор қиындыққа қалатын түріміз бар. Бағзы низамдар қазақтың зарарына болып шықпасын деп ыждаһат ету өзіміздің борышымыз деп білген халде, соған қарсы тұрып дəлелдер келтіру үшін қолымызда қазақ жайынан аз да болса материал жоқ. Қазақтардың жер мəселелері, қазіргі оларды қалай билеп тұрғандығы, тұрмыстары һəм басқа қажеттері неден ғибрат екенін анық білмей тұрып біздің қолымыздан не келмекші. Жоғарыдағы жазылған жөнше ретті һəм дəлелді материал жіберушілер үшін біздің адресіміз мынау: С.Петербург, Товарическая ул. Д.7. Кв. Мусульманская фракция гос. Думы. Мұсылман фракциясының райысы Мұхамед Тевкелев Ел қамынан бір-екі ауыз сөз Көкшетау уезіне қараған Атығай, Қарауыл деген екі тап ел бар. Бұлар Атығай, Қарауыл атыменен екіге бөлінсе де түптері бір. Енді осы халықтардың өткендегі тіршілігіне қарасақ, бұлар кең сахара, көкорайда жайлап, мал бағып өскен бай халықтар. Осы халқымыз 7-8 жыл ішінде зор тығыздыққа түсті. Мұның ішінде де ең ауыр тығыздыққа түскені Айыртау
болысы деп болады (екі мың үй шамасында). Бұлардың арасында бұл күнде хахолдар толып, жерлерін алып бітіп барады. Жерлері қаратопырақ, егін таранға қолайлы болғандықтан қазынаға да алынған. Бұрынғыдай бос жер қайда? Тіпті жоқ деген де жарайды. Жайлайтұғын кең жерлері біткен ғой. Ал енді бағды бір басшы адамдарымыз: Қала салайық, арамызға орыс кіргізбейік, не қылса да жиналып отырсақ жақсы болар еді» – деп қарадылар. Не болар? Əуелден бірлік, ынтымақ деген нəрселерден алысырақ тұрған халықпыз ғой. Тіпті ынтымаққа келе алмады. Əуелдегі тығыздық тығыздық па? Онан да гөрі тығыздық артқан соң «Ер сасқанда, етегіне басқанда» деген секілді халыққа бір пікір туа бастады. Бұл тар жер де қалай тұрамыз, кең жер Жиделі Байсынға барамыз деген болып жүре бастады. Онда барса бұрынғы қалпынша күнелтпекші. Құдайдың сары даласы ғой, онда барсақ рахат жасаймыз ғой деген пікір туады. Бірақ онда барған соң жұрттың осы ойлағаны тура келсе жақсы. Тура келмесе онда көшіп барып қалып, болады ғой деген нəрсе болмай шықса, «Əй, əттеген-ай, ата-қонысың тоқымдай жер-ай» деп өкінбес пе? Ол жер бос па, бос емес пе? Оны да ойлап қарау табысты емес пе? Жарайды, бірлі-жарымды адам көріп келген шығар, оны да ақылға салып қарау тиісті ғой. «Пəлен жерде алтын бар, барсаң алтын түгіл мыс та жоқ» деген бұрынғылардың мақалын еске түсіру керек. Алла тағала Құран Кəрімде бізге ақылдасарға, пікір қыларға қосқан, солай болған соң ата қонысын тастап кетпей, артын ойлап, іс қылуларын шын көңілімнен тілеймін. (Абушаһме Бөкеев) Ертауи «Медресе Ғалие», Отырықшы қазақтар Ақтөбе уезіне қараған Тұзтөбе болысында 10-нөмір ауылнайдың қазағы егінге оңды жерін орысқа қимай, приговор қылып өздері отырықшы болуға ізденіп еді. Былтыр соған землемер шығып «Күрбітау» деген сайдың бойындағы мешіттері төңірегінен төрт жүз жиырма алты еркек жанға удобный жер 15, удобный емес жерден 8 десятина, бары 23 десятинадан жер өлшеп кесіп еді. Сол іс осы жыл январьда переселенчески комитетте қаралып бекітілді. Қорғанбеков «Уақыт» 5 мың десятина жер Россияда құрт ауруға қарсы қару ететін жамиғат (общество) бар. Құрт ауруларды дала қымызымен емдеу үшін қазақ жерінен қымызхана ашпақшы болған. Қымызханаға керек 5 мың десятина жерді үкімет
тарапынан сұрап алмақшы болған. Бұ алатын жері Бершөгір станциясының қасындағы Ырғыз уезінің Шеңгел болысының қарамағындағы қазақтар пайдасындағы жер. Өткен жаз землемер шығып, жерді өлшеп, бороздасын тартып алуға əбден даярлап қойса керек. Бұл бес мың десятина жерде 13 үйдің қыстауы бар, басқа қазақтардың жайлауы бар. Ол қазақтар жерін алғанына разы ма, жоқ па? Беймағлұм. Бұл жер мұжықтарға алынған сықылды зорлықпен алынып жатқан шығар. Қазақтың жерін басқалар талап алып жатыр деп біздің де талау жолымен алғанымыз лайықсыз. Басқалардан қазақтың жері жылдан-жылға тарылып жатқанда біз де бір жағынан жырмалап жер аламыз дегеніміз жарамайды деп жамиғаттың кейбір ағзалары қазақ жерін алуды мақұл көрмеген. Бұл мақұл көрмеген жағы Мəскеудегі жамиғаттың бас советіне қазақ жерін алу лайық еместігін білдірген. Жерді алу-алмасы талас болған соң қай жағынан сөзі дұрыс екендігін ашу үшін Мəскеудегі бас совет тарапынан Орынборға бір адам келген. Осы марттың алтысында Орынбордағы ағзалардың жиылысы болады. Ішінде Мəскеуден келген адам да болды. Осы жер туралы сөз болатын болған соң мен де барып едім. 5 мың десятинаны алу-алмас турасында көп сөздер сөйленді. Біреулері бұл жерді алу керек, мұнан қазаққа пайда болмаса зарар жоқ деді. Біреулері: «алмасқа керек. Қазақтың іске асатын жақсы жерлерін мұжыққа беріп құртып жатыр, оның үстіне біз сықылды жамиғаттар келіп тағы алса, қазаққа не қалады?» деді. Ақырында көптің пікірі жерді алуға айналды. Мəскеуден келген адам бұлардың сөзін тыңдап болып айтты: Сіздердің пікірлеріңізді естіп болдым. Майдың 13-інде бұл турасында айтылған пікірді Мəскеу Советінің жиылысына саламын. Мен жалғыз-ақ біле алмай тұрғаным бұл жер турасында қазақ пікірлері. Жері алынатын қазақтардың пікірін білсем екен деді. Орынборда «Қазақ» газетасы бар екен, сол арқылы сұрап білуге болмас па еді. Газета арқылы сұрау керектігін мен де қуаттап, қазақтардан сұрап, олардың газетамызға жіберген пікірлерін Мəскеу советіне жеткізу міндетін мойныма алдым. 13 майға шейін бұл турасындағы пікірлер Мəскеу правлениесіне даяр болып тұрарға керек. Сонда қаралып, əркімнің пікірі сыналып, жерді алар, алмас мəселе бекіп тəмəм болды. Енді біздің өтінетініміз: Сол Бершөгір станциясының жанындағы алуға ыңғайлап қойған жерде 13 үйдің қыстауы болса, қыстап һəм жайлап отырған қазақтар сол жерді алуға разы ма, жоқ па, осыны солар бізге білдірсе екен. Білдіргенде сенімді һəм қуатты болуы үшін 13 үйдің адамдары тегіс қол қойып я таңбаларын салып, ауылнай, би яки болыс сықылды адамдардың бірі мөрін басып жіберсе екен. Жəне де пікірлерін жіберетін адамдардың есіне салатындарымыз мынау: Бұл қымызхана салынғанда қазаққа болатын пайдасы қанша, зарары қанша екенін салыстырып, өлшеп, жерді беру-бермес пікірді соған тіреп айтарға керек.
Пайдасы, зарары қанша екенін мұнан байқауға болады. Қымызхана жүз ауруға шамаланып жасалады. Олай болғанда жүз аурулы адам қымыз ішіп жатуы ықтимал. Жүз ауруды бағатын доктор, фелдшерлері болмақшы. Ол қымызхана үйлерін жуып, тазартып тұратын жұмыскерлер болмақшы. Ауруларға һəм оларды бағатындарға қымыз керек. Олардың бəрін қазақтан алмақшы. Олай болғанда биесі барлар 5 мың десятина жерге биесін бағып, сүтін сатпақшы. Қой-қозысы барлар қойын сатпақшы. Малы жоқтар жұмыскер болып жалданып мал таппақшы. Бұл кəсіп жағынан қазаққа боларлық пайдасы. Мұнан басқа пайдасы болуға ықтимал: Жақын жердегі қазақтардың ауруларына; құрт аурулы адамдарға жақын жерден дəрігерлер табылып тұрмақшы. Мұның бəрі пайдалы жағы. Енді зарарлы жағын алалық. Қазаққа мұнан зарар болады: Егерде қыстауы бар қазақтардың қыстап отырған жері жақсы, шаруаға қолайлы болып, көшіргендегі алатын жері бұрынғы жерінен төмен болса; Екінші жағы – бұған кететін жайлаулық жерлер – суы тұщы, шөбі мол жайлауға қымбат жер болса һəм оны жайлап жүрген елдердің мұнан басқа қолайлы жайлаулары болмаса; Үшінші – ақша табуға қызығып, құлындарын қатырып, биелерін жұтатып қысты күні қырып алып жүрсе. Мұнан басқа қандай зарары болар қазақтың өздері шамалап білер. Біз сырттан қараған боларлық зарарларын һəм пайдасын айтамыз. Жəне де айтатынымыз: Бұл жер басқа осындай нəрселерге болмаса, мұжыққа алынбайтын жер. Қазақ разы болмаса, жоғарыда айтылған жамиғат халықты ренжітіп зорлықпен жер алмайды. Бұл жамиғаттың ішінде сендердің ырзалығыңды керек қылатын адамдар көп. Ахмет Байтұрсынов Тұзтөбе қазағы Ақтөбе уезіне қараған 14-ауылнайда 2-нші, 3-нші, 6-ншы, 7-нші, 12нші, 14-нші ауылдардың жері бірінші дəрежеде оңды, егінге қолайлы, суы мол еді. Өткен жылдың майында 8 землемер келіп, сол алты ауылнайдан он крестиански участок тіліп алды. Басқа ауылдардың жері егінге қолайсыз болғандықтан өздеріне қалды. Ішкі хабарлар Петербург Сібір, Түркістан, Кавказ секілді жері кең өлкелерге бұрын егіншікрестиан болған халықты ғана көшіруші еді. Енді крестиан болмаған
халық та көшуге мүмкін болыпты. Жаңа жерге көшем деген кісі крестианға тиетін пайдамен пайдаланады. Жер бос беріледі, пойызда тегін жүреді, қора-қопсы салуына, егін-құрал алуына қазынадан пособие беріледі. Бірақ егінменен кəсіп ету шарт етіледі екен. «Уақыт»-та жазған «Қазақ жігіті»-не «Уақыт» газетасында1 Павлодардан «Қа зақ жігіті» жазды: «1911-нші жылда Павлодар қазақтары жер хақында хүкіметке арыз берген халық приговорымен Қабыш, Сағадат, Бекболат үшеуін Петербурға сайлап жіберген еді. Бұ үш кісі Бөкейхановтың ақылын алмай Петербурға барып, түк жұмыс бітірмей қайтты» – деп. «Қазақ жігіті» жалған жазып «Уақыт»-ты адастырды. Қабыш, Сағадат, Бекболат һəм Жармұхаммед Петербурға 1910 жылда менімен ақылдасып барып, мен айтқан жұмысты істеп қайтқан еді. Ертіс уезінде «Он шақырым» (10-ти верстная полоса) деген жерде қыпшақ, бəсентин 150 жылдан бері отыр. Жер иесі казак-орыс осы жерден Ертіс қазағын (қыпшақ, бəсентин) «көш, көшпесең күшке салып көшірем» деп қорқытқан еді. Қабыш өзінің жолдастарымен «қазақ Ертістен кетіп ел болмайды, Ертіс тұрған жеріміз, Ертісті бізге ұзақ жылда төлейтін қылып сатып, болмаса Дума арқылы баға шығарып өмірлік арендаға бер, бұл екісі қабыл болмаса қазақ, орысқа жазып Ертіске ортақ қыл» деп Столыпинге, военни министрге һəм патшаға 4 мың үй қазақ мақсатын мəлім етті. Жер жұмысы базарға барып алып қайтатын шай, қант емес қой. Осы күнде білетін кісіге мəлім болды, ол Ертіс қазағын күні бүгін қуған жоқ. Қабыш, Бекболат, Жармұхаммед жазған еді: «13-ші майда 1904 жылда шыққан патша указы арқылы біз бір жерге ортаспай Ертістен көшпейміз» деп. Бүгінде естіліп тұр: «Ертіс қазағына осы Ертістен жер беріледі» деген хабар. Аттанға шауып жау түсірген, жиылыста шуылдасып жол тапқан, жұрт үшін жанын жалдап қызмет еткен кісіні қазақ жігіт деуші еді. Өсек, жалған жазып «Қазақ жігіті» болғанды көргенім осы. «Уақыт» газетасы менің осы жазған сөзімді көшіріп басуын өтінем. Сағадат, Кабинет жері туралы барып, о да менің айтқанымды істеп қайтқан еді. Ə.Б.1 №1137, 20 февраль, 1913 жыл. Əлихан Бөкейханов
Қазақ Біздің қазақ баласы орыс патшасының қол астында тоғыз болыс, бір губернияда: 1 – Семей облысында 655 мың 971 адам 2 – Ақмола - ”- 484 мың 456 адам 3 – Торғай - ”- 422 мың 401 адам 4 – Орал - ”- 466 мың адам 5 – Закаспийский – ”- 71 мың 367 адам 6 – Сырдария - ”- 888 мың адам 7 – Жетісу - ”- 844 мың адам 8 – Ферғана - ”- 37 мың 981 адам 9 – Самарқанда - ”- 79 мың 83 адам 10 – Астрахан губерниясында –”- 213 мың адам Бəрі1 - ”- 4 миллион 499 мың 664 адам. 1898 жылғы есепте қазақ затынан қазақ тілімен сөйлейтін адамның саны 4 миллион 84 мың. Бір жылғы адам баласының таза өсімі мыңға 15 адам. Он жыл аралатып екі есеп алғанда Көкшетау уезінің қазағы мыңға бір жылда 25 адам қосылып өскен. Бұған қарағанда қазақ баласының өсімі өзге халықтардан артық болмаса, кем емес, қазақ жұрты мыңға 15тен өсіп 1897 жылы орыс қол астындағы қазақ 4 миллион 84 мың деп есеп қылынса, 1913 жылда 5 миллион 64 мың болады. Бұл есепте Жетісу қырғыздары да бар. Бұл қазақ һəм қырғыз Шыңғыс хан заманынан бері, 7 жүз жыл шамасында, жоғарыда аталған 9 облыс жерінде жүріп тұрады. Бұл жердің айналасы мынау: темір қазықта Жайық пен Тобыл, күншығыста Ертіс, оңтүстікте Түркістан таулары, мұның ең биігі хан Тəңірісі, күнбатыста Амудария. Осы облыс, бір губернияда 260 миллион десятина шамасында жер бар. Бұл жердің көбі 10-20 жыл мұнан бұрын қазақ пайдасында еді, соңғы 10-15 жыл Торғай һəм Ақмола облыстарынан қазақ пайдасындағы жерден көп мұжыққа қазақтан алып берген жер 4 миллион десятинадан аз артық еді. 1913 жылдағы есепте 1906-1912 жылдарда қазақтан мұжыққа алынған жер 6 миллион десятина артық. 1Бұл 1908 жылғы губернатор обзорындағы есеп. Қыр баласы Үшінші дума һəм қазақ Бірінші һəм екінші думада қазақ халқы облыс басынан бір депутат сайлаған еді. Бұл екі думада бірі жетпіс екі күн, бірі жүз үш күн тұрып қазақ халқының жұмысы кеңеске жетпей қуылды. 1907 жылы 3 июньде
екінші дума қуылып, енді келер думаларды сайлауға «3 июнь законы» шықты. Бұл закон бойынша бүгін қазақ халқы депутатсыз қалды. Қазақ халқы надан, думада депутаттық бұған қол емес еді. Сөйтіп, өткен бес жылда думада қазақ ісі бөтен халық сайлаған депутаттар қолында қалды. Осы бөтен халық депуттары қазақ жері туралы 3 думада не сөйледі, не жұмыс қылды, осыны қысқартып жазалық. Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һəм Орал облысына қараған қазақтарға закон болып «25 март 1891 жылғы степное положение»1 шықты. Бұл законның 119 статьясында айтылған: «Көшпелі қазақ отырған жер – қазынанікі» деп. 160 статьясында айтылған «Бұл жер сроксыз көшпелі қазақ пайдасында болып тұрады» деп. Осы 120 статьяның қосымшасында айтқан: «Қазақтың пайдасынан артық жерді қазына өз керегіне алады», – деп, жоғарыда айтылған бес облыста қазақ жерін мұжыққа алғанда осы қосымшаға сүйеніп алатұғын. Түркістандағы Самарқан, Ферғана, Сырдария облысының қазақтарына шығарған закон: «21 июнь 1886 жылғы Түркестанский крайды билеу хақындағы шыққан положение»2 Бұл положениенің 279 статьясында қазақтан жер артылса, қазына өз пайдасына алады деген қосымша жоқ еді. Бұл закон бұрынғы күйінде тұрса Түркістанда қазақ жері мұжыққа алынбайтын еді, үкімет 279 статьяға қосымша деп 1911 жылы 3 думаға ұзындығы екі жол закон кіргізді. «Түркістанда қазақ жерінен артық жер табылса қазына өз пайдасына алатын болсын» деп. Осы закон думада сөз болғанда қазақ пайдасына шыққан депутаты Мақсұдов, Забайкал депутаты 2 Волков, Уфа депутаты Тевкелев, Тобыл депутаты Дзюбинский сөйледі. Бұлардың сөзіне əбден миланып октябрист депутаты барон Мейендорф та бұл законға тас салмаймын деп қарысты. Думаның көпшілік жағы ортасынан шешендерін шығарып, бұл закон халыққа пайдалы һəм бұлай болуы əділшілік деп таласқан жоқ, бəрібір үндемей отырсақ та көптікпен бүктейміз ғой деп. Дзюбинский: «тым болмаса қазақтың қазған арығы, салулы жоңышқасы, алма-мейіз салған бақшасы бұл закон бойынша қазына пайдасына алынбасын» деді. Думаның көпшілігі осы түзулікті бүктемеде қалдырды. Сөйтіп, думаның көпшілігі көптігін қылып, жүйрік шешендері бүктеп 279 қосымшаны закон болсын деді. Государственный Совет бұл законның хатында кемшілік бар деп, думаға қайта қайырды. 7 декабрьде 1911 жылда дума əлгі законды екінші рет қарастырды. Кадет партиясының көсемі Минюков Түркістаннан жер алам деген дұрыс емес деп тағы сайрады. Астрахан депутаты Виноградов қазақ жыртқан жер өзінде қалсын деп, законды Дзюбинскийше түзетпек болды. Көптігіне сеніп, сөз тыңдаған 3 дума емес, екінші қайтара 279 статья қосымшасы закон болсын деді.
Осылайша, Түркістан қазағына да Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һəм Орал қазағының кебі келді. Енді Түркістанда қазақ жерін алғанда закон деп алады. «Əлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады» деген осы-дағы. Думада қазақ сияқты жетім жұрттар жайынан екі-ақ орында сөйлеу реті келді: «бірі депутаттар қазаққа баса көктеп, зорлық қылып отырсың» – деп үкіметтен жауап сұрағанда, мұны орысша запрос дейді. Екінші қазақты айдап бағып жүрген министерствоның бір жылғы расходын дума бекітерде, мұны бюджет прениесі дейді. 1909 жылы бюджет прениесі болғанда һəм қазақ жерін мұжыққа алғанда чиновниктердің законнан тысқары қылған жұмыстарын беттеріне басып депутат Дзюбинский һəм Виноградов неше түрлі дəлел көрсетіп сөйледі. Бірақ қанша алтын сөз сөйлегенмен, бұл сөзді тыңдайтын үшінші думада құлақ жоқ, саңырау болып өте шықты. 1910 жылы бюджет прениясы болғанда қазаққа законнан тысқары зорлық қылуды əлі қойған жоқсыңдар деп депутат Дзюбинский сөйлеп еді, бұған үкімет мынадай жауап берді: бес-алты қазақты қыстауынан көшіріп, елу-алпыс мұжыққа жер берсек, «қазақ, қазақ» деп құлақтың мазасын алады, осы дума қазақтың думасы ма», – деп. Дума қазақ пайдасын тағы жесір қалдырып шықты. Мұнан кейін екі бюджет прениесі болғанда қазақ деп сөйлеген депутат жоқ. Бұларда не айып бар: тасқа шапқан пышақ не өндірер. 1908 жылы 21 июньде кадет депутаты Виноградов бас болып запрос қылды. Мұжыққа қала салуға Ускемен уезі, Куложин болысы, үшінші старшында 16мың десятина жер алып неше ауылды қыстауынан көшіріп, неше үйдің арық, егін жайын алып еді. Бұл жері кеткен қазақтарда есеп алған Щербинаның өлшеуі бойынша мұжыққа берілуге лайықталған 50 мың десятина жер бар еді. Запрос қылған депутаттар сөйлейді: өз есептерінде 50 мың артық болса, мұның 16 мыңын ғана алғанда қазақты қыстауынан көшірмей, арық, егін-пішеніне тимей неге алмайсыңдар, – деп. Осы запростың дəлелі сондай күшті болып, 3 думада мұны запрос комиссиясы мақұлдады. Дума заңы (наказы) бойынша мұндай дума жарайды деген запросқа үкімет бір айда жауап беруші еді. Осы қазақ жері туралы 5 жылда қылған жалқы запрос үш жыл сүр болып жатып, 3 дума жоғалғанда 1912 жылы бірге шіріді, үкімет жауап берген жоқ. Тағы Ускамен уезінде Тарғын болысы 7” старшында3 Қошанай рулы қазақтың мұжыққа жерін алған екен. Бұл жері кеткен қазақтар Тобол депутаты Скалозубовқа: бізді мынау зорлықтан қорғаңыз деп хат жазды. Бұл қазақтардың өз жері өз басына 63 десятина екен. Щербина бұларға үй басына 115-ден жер берілсін деген. Бұл қазақтардың жүз алпыс тоғыздан алпысы өз пішені жоқтықтан казак-орыстан пішен сатып шабады екен.
Қой, жылқы бағатын жерді жылқы басына он тиын, қой басына бес тиын аренда төлеп, тағы көрші казак-орыстан сатып алады екен. Осы дəлелдерді Щербина кітабынан алып депутат Скалузобов переселение бастығына жазды: «Закон қазақтан артық жерді ал дейді, сіздің чиновниктеріңіз кез-келген жерді алады, бұл қалай» деп. Уезний комиссиядан өткен осы Қошанай жері ақырында қазақ пайдасында қалды. 1 Степное положение от 25 марта 1891 года. 2 Положение 21 июня 1896 г., об управлении Туркестанским краем. 3 Труды экспедиций Ф.А.Щербина. Т. ІХ. С 252. Қыр баласы Жер мəселесі Бұл күнде қазақтың қажеті һəм кемшілігі қай жағынан болса да көп, солардың арасында ең біріншісі – жер мəселесі. Біз бұл туралы мұнан бұрын жазған жоқ едік. Жазғанда ұмытып кеткендіктен яки керексіз деп білгендіктен емес, əркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ойлап, тексере қарайтын іс, бұл күнде əркім өз істеген ісін ұнатып жүр. Қала салғандар қала болуды, қала болмағандар көшпелілікті мақтап жүр. Көлденең ақылшылар жай ақылға салып, қала болған жұрт қандай, болмаған жұрт қандай, қазақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып қалады, сондықтан осы күндері өздері жер кестіріп қала болу керек дейді. Осы айтылғандардың бірі де қазақ жері турасында толымды дəлел келтіріп, қазақтың халін һəм жерінің жайын жете білгендігін көрсеткен жоқ. Екі жылдан бері «Айқап» журналы қазақ қала болу керек деп жазды. Қала болған қазақ оған қарап қазақ болған жоқ, болмаған жұрт артық қобалжыған жоқ. Егер біздің газетіміз əлгі айтылған екі ақылдың бірін айтқанда қазақтың сүттей ұйып тыңдай қоюына біздің де көзіміз жетпейді. Сөйтсе де істің асылын түсіндіру, түйінін шешу бір басқа, сол түсіндірген нəрсені орындау бір басқа. Біздің мақсұдымыз, жер хақындағы ойымызды бастан-аяқ түгел баяндап жазбақ һəм жазылған сөзді бекітетін толымды дəлелдер көрсетпек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол, оқушыларымыздың есінде болсын. Басқармадан Кабинет жеріндегі қазақтар Кабинет жері дейтін жер – орыс патшасының өз мүлкі Том губерниясындағы Алтай округіндегі кабинет жерінің ішінде. Абылай хан жоңғарды шауып, Ертіс басына қуған соң, біздің қазақ Ертістен өтіп, Ертіс пен Оба арасындағы далаға келіп орныққан. Абылай хан мен Жоңғар ұрысы Европа есебінде 1750 жыл шамасында болған.
Қыпшақ Қошқарбай батыр 1755 жылы1 Жоңғарды Обтан өткізе қуған. Осы Қошқарбай аулы бұ күнде Ақмола облысында, Омбы уезінде, Чарлак болысында, Қараөзек деген жерде отыр2. Қошқарбай батырдың жолдасы Қосайдар Қыпшақ Тілеуберді сонан бері Құлынды, Қарасуық даласында қалған. Оған жүз елу жылдай болады. 1906 жылы сентябрьде патша указ шығарып, кабинеттің ағашынан һəм кеңінен басқа жерін переселение мекемесі арқылы 49 жылда төлеп бітіретін қылып, десятинасын 10 сом 78 тиыннан мұжыққа сатты. Өткен 3 дума 1911 жылы əлгі 10 сом 78 тиынды патшаға қазына төлесін деп осы указ сөзін закон қылып шығарды. Бұл кабинет сатып отырған жер əуелде кабинет жері емес, қазына жері, қазына өз жеріне ақша беріп сатып ала ма, кабинетке қазынадан ақша берілмесін деп Сібір депутаттарды Белоусов, Некрасов, Скороходов һəм Дзюбинскийлер сөйлеп еді. Мұндай сөзге белгілі саңырау 3 дума кабинетке ақша берілсін деп, закон шығарды. 1899 жылы 31 майда Алтай округіндегі бұрыннан отырған елге жер берілсін деген закон шыққан еді. Осы закон бойынша Құлынды, Қарасуықта отырған Қосайдар Қыпшаққа 15 десятинадан ер басына есеп қылып жер берді. Бұл қазақтар күні бүгін Семей облысы, Павлодар уезі, Орық болысының жазуында. 1911 жылы кестіріп алған жері Барнауыл уезінде, Том губерниясында. Бұларға жер кесіп берген төрелер өткен февральда көршілес мұжық старшыны арқылы мағұлым қылған: жер қазақтікі деген акті қағазды (Землотводная запись) қазаққа береміз, бірақ əуелі мынау қастарындағы көрші мұжық болыстарына бөлек-бөлек болып жазылыңдар, егер жазылмасаңдар, сендерге жер тимейді, Семей облысына көшеміз деген қазақтар бұрынғыдай Семей облысында тұрып жер (надел) алмақ. Бізге көрінеді: көрші мұжық болысында бөлек-бөлек болып жазыл деген төрелер де Томда жер алып, Семей хатында боламыз деген қазақтар да законнан шығып адасып, арам тер болып отыр. Облыс пен губерниялар арасы законмен өзгертілді. Қазақ Том губерниясынан жер алып, өздері Семей облысының жазуында қалуы үшін Семей мен Томның шекарасы Дума һəм государственный совет арқылы өзгерілсе керек? Қазақ үшін ешкім бүйтіп закон шығармайды ғой. Бұл күнде қазақтың қадірін, қандай екенін көзі бар көретін, құлағы бар еститін қазақ байқаса керек еді ғой. Осы күнгі қазақ Уəлихан, Бөкейхан, Шаншар төре емес-ау, мешіт салып беріп, маңдайынан сипап отырған. Берген жерді қазаққа бекітіп алуға бір-ақ жол бар, Том губерниясы, Барнауыл уезінде қазақ болыс деген болыс3 болу керек. 190 статьяда айтылған, жер бекітетін актіге жазылады, губерна, уез, облыс, селение. Қазақ алған жер Томда болып, өздері Семейде тұрса, бұл статьяны орнына келтіремін деп жер берген төрелер қазақтарға Томның мұжық болысына жазыл деп тұр. Қазақтар Томға жазылып болыс көрсетпесе, акті қағазға бұл бейшара төрелер не жазады? Осы 190 статьяда «болыс яки ведомоства» деп жазылған. Алтай округінде болыс
орнына ведомоства деген сөзді қолданып, Алтай тауында шорнова, татар, төлеңгіт, төлес деген құрама елдер болады. Осы елдерді закон инородец дейді. Актіні ведомоствосы бар жұртқа беретін болса, бір болыс болып Томға қараған қазаққа да берсе керек, законның таза харпіне салмайақ жолына салса. Закон адам пайдасына жазылады, адам закон үшін тумайды ғой. 190 статьяда жоғарыдағы жер бекітетін акті селениеге беріледі екен. Жер беретін төрелер осы статьяны арқа тұтып, қазаққа қала сал деп отыр. Алтай округындағы жоғарыдағы айтылған татар, төлеңгіт қыстауы Құлындыдағы қыпшақ қыстауынан көп болмайды, бұлар қазақтан артығырақ көшпелі. Құлындыдағы Қыпшақ жаз киіз үй тігіп отырғаны болмаса, жарытып көшпейді. Бұл 190 статьяны төлеңгіт, татар қала салсын, жер акті сонда ғана беріледі, деген жоқ. 190 статьяда егін, пішен өзге жері болса, жер акті һəм мұнан көп селениелерге бір беріледі деген. 48-статьяның4 бірінші қосымшасында жазылған, мұжықтың аз қалалары деревня – жер құрушы болса бір сельский общество болады, егер адамы жиырмадан көп болмаса деген. Қосайдар қыпшақ қыстауы 74 үйден, бір үйге үш еркек болады. Законның ақ жолына салса, осы қазақ қыстауы 48 статьяның 1 қосымшасында жазылған мұжықтың кішкене қаласына пара-пар. Жоғарыда жазылған 48 статья қазаққа шығарған степное положениенің 58 статьясымен бірдей, бірінде сельский, бірінде ауылнай общество аты ғана бөлек, ал законда жолы бір. Құр закон, закон деп мазаны алмай, законның құр бос харпін қумаса тиіс еді, мұнан адамға не пайда, адам жылап отырса, орнына келген закон харпі кімге опа бермекші, законның ақ жолымен Қосайдар қыпшаққа жер бекітетін жол бар емес пе? Қазақ қыстауын аз деревня деп, бірнеше қыстауды сельское общество деп қазақты өз алдына бір болыс қылып, землеотводная записка жазса, мұжық законның 49 статьясында қазаққа шығарған. Степное положениенің 57 статьясында болсын, тұтас болса, біреуден аттас өтпесе жарайды, деген шартқа тура келді. 4 статьяның 2 қосымшасында жазылған бір уез ішінде колонистер болыс аттап өтіп болады деп. Колонист деп жұмық ішіндегі кемісті айтады. Уфа, Оренбург, Самара губерниясында татар, башқұрт, неміс болыстары аттап өтіп бір болыс болып отыр. Кабинет қазағын осыларша қылса, законға да, һəм өздерінің тұрмысына қарсы болмас еді. Осыны Том губернаторынан жұрт приговормен ауыл-ауылдан сұрауы тиіс. Томнан жер алып, Семей хатында боламын деген, көпірсіз суға арба салғанмен бірдей, мұнан түк пайда шықпайды, босқа арам тер болғаннан басқа. 1 К.Риттер. Азия. Пер. Г.Н.Потанина, И.И.Семенова. 2 Труды экспедиции Ф.А.Щербины. ІХ т. Омский уезд. 3 ІХ. т. Св. Зак. 544 стр. Раздел об устр. В Алтайском округе. 4 ІХт., раздел ІІ, об устр сел. Общ. И вол. Упр. 10 стр. Қыр баласы
Қазақтан солдат ала ма? Ақмола, Торғай һəм Оралда он бес десятинадан ер басына надел (үлес) алған, кабинеттен жер алған қазақ қала салсақ, мұжықша біз де солдат береміз деп қорқады: Переселен төрелері он бестен жер ал десе, қазақтар əуелі «жер алсақ, солдат алмайсың ба?» деп сұрайды. Күні үшін жанын жалдап, күнге пісіп, ащы суымызды ішіп, шаңдағымызға батып, тамақ үшін жұмыс қылып жүрген төрелер солдат алмайды деп бір жапырақ қағаз берсе, бишара қазақтар жаудан мал айырғандай қуанады. «Солдат алмаймын, – дейді ғой, – солдат алмаса бо лады», – деп тоғытқан қойша ұйытқып барса қайтпасқа кіріп кеп кетеді. Біздің Россия Еуропа патшалығы яки біздің патшалық сияқты патшалықта не болса, закон арқылы болады, законсыз жалғыз қылшық түспейді. 1905 жылғы 18 октябрьден бері бұрынғының үстіне Еуропа болдық. Енді за коннан тысқары мұрнын қанатуға болмайды. Бұрын қазақтан солдат неге алмаған? Қазақтан солдат алынбасын деген закон бар, воинский уставтың 42 статьясында жазған: «Түркістан халқы һəм Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары солдаттықтан азат»1 - деп. 1834 жылы Ақмола аға сұлтаны – сұлтан Қоңыр Құлжа Құдайменде баласы2 Пе тербурға барған. Сонда Қоңырқұлжа айтқан: «Патша солдат алады деп, қазақ халқы қорқып уайымдайды» деп (ол уақытта қазақтың қадірлі күні) қазақтың қорқыныш жұмысын ашып бер деп сұраған соң, правительство Қоңырқұлжаға қағаз берген: «Қазақтан бұл күнде солдат алынбайды, келер уақытта да қазақ халқы солдаттан азат. Осы қалпымен көшіп жүрсе де, егін, сауда ғып, өз еркімен кент қабына түссе де», – деген3. Положение об инородцахтың (бөтен тектілер жайындағы заң) 26 статьясының қосымшасында айтылған: «Көшпелі инородецтер (яғни көшпелі қазақтар) егін салғанымен өз ықтиярысыз сельс кий обыватель болмайды, өзі сұрамаса, басқа (мұжық, мещан) сословиесіне қосылмайды4,– деп. Кабинет қазағына жер алдың, енді мұжыққа жазыл, жазылмасаң саған жер жоқ деген төрелер осы қосымшаны судай кешіп айтып жүр. Законнан кешіп иə аттап өтіп қалмаса, қазақты өз ықтиярынсыз өзге сословиеге жазып жіберуге болмайды. Бұл құдайға шүкір болмас, біз законмен билейтін Еуропа патшалығының қолтығында емеспіз бе? Осы жоғарыда баян қылынған закондар өзгерілмей, жоғалмай, қазақ халқынан он бес десятина жер алып, отырықшы болмақтан, қала салмақтан мұжықтың ар жағына өтемін деп шоқынса да осы күнгі закон бойынша қазақтан солдат алу жоқ. Патшалық қазақтан солдат аламын десе, əуелі бұл туралы өз алдына закон шығарады, осы күнгі солдат алмайтын законды жояды. 905 жылғы 17 октябрьдегі манифесте патшамыздың берген уағдасы бар: «Еңді мұнан былай государственная дума һəм совет мақұлдамаса ешбір закон күшіне кірмейді» – деп.
Қазақтан солдат алғызбай тұрған законды жойғанда осы государственная дума мен совет арқылы жоқ қылады. Бұ күнге шейін бұл сияқты закон жобасы иə дума, иə советке кірген жоқ. Қазақ он бестен жер алсам солдат қылады деп бекер қорқады. Далада жұмыс қылып жүрген бір мүсəпір шимайлап берген бір жапырақ қағазын босқа бұлдайды. Он бес десятинадан жер алу – солдат алу-алмасқа шарт болмайды, ол күн көру, көрмеске шарт болатын нəрсе. Он бес тен жер алу солдаттыққа тіпті жанаспайтын мəселе. Бұл он бес десятинадан алып күн көруге бола ма, əйтпесе осы он беске мал бағып қазақ Қожа Насыреддиншілеп: «маған жетейін десең, қатын мүсəтір...», деп жүре ме деген мəселе. 1 Свод законов Российский империи. Т. ІV. 1897. 2 Қоңырқұлжа атасы тентек Құдайменде, мұның атасы Есім, мұның атасы Шахмұхамед, мұның атасы əз-Тəуке Петр Великий патшамен хат алысқан. Еуропа тарихы осы Тəуке ереже закон шығарып қазақты ру-руға бөлді дейді. Рудан көптерін ру-руға бөлгенде, рудан аздарын бір қосып, бір ру істеп, оны «Жеті ру» деп атаған, Жеті ру ат сонан шықты дейді. 3 Полное собрание законов. 1834 г. 29 мая. 7141. Сборник И.И.Крафта, 164 стр. 4 Свод законов Российской империи. Т. ІІ. 1892 (положение об инородцах) Қыр баласы *Құрастырушыдан: «Қазақтың» 1913 жылғы 14-санында бұл мақалаға орай мынадай «түзету» басылады: Түзету: 13-нші нөмірде «Қазақтан солдат ала ма?» деп басталған сөз ішінде Қоңырқұлжа атасы жаңылыс басылған. Түзеуі былай: Қоңырқұлжа атасы Құдайменде, мұның атасы Сəмеке хан, мұның атасы Болат хан, атасы Əз-Тəуке хан, мұның атасы Сығай хан (Шаһкерім шежіресі, 38-48 бет). Алым тарату жолы 12-нші нөмірде жазылған еді: Омбы болысының алым-шығын ақшасын волостной сиезде старшын-старшынға лайық қып бөлсе, законға, адамдыққа, халық пайдасын дұрыс болатыны. Мəселен, бұл есепте Омбы болысында əр старшынға түскен алым-шығын мынау: 1-ші старшын 1 мың 305 сом; 2-ші -//- 1 -//- 140 -//- 3-ші -//- 1 -//- 286 -//- 4-ші -//- 1 -//- 581 -//- 5-ші -//- 1 -//- 763 -//- 6-ші -//- 1 -//- 164 -//- 7-ші -//- 1 -//- 646 -//- Енді əр старшынның алым-шығынын ауылный расход байға байша, жарлыға жарлыша сол старшындағы үй басына таратады. 1901-нші жылы Омбы болысының Щербинаға айтқан малдарын алым қойына шағып, старшын-старшынға түскен алым-шығынды əр старшынның алым қойына таратсақ.
1-ші старшында жүз алым қойға 6 сом 94 тиын, 2-нші старшында жүз алым қойға 6 сом 92 тиын, 3-нші старшында жүз алым қойға 6 сом 95 тиын, 4-нші старшында жүз алым қойға 6 сом 95 тиын, 5-нші старшында жүз алым қойға 6 сом 91 тиын, 6-ншы старшында жүз алым қойға 5 сом, 7-нші старшында жүз алым қойға 6 сом 91 тиын келеді. Бұл есепте бес алым қойы бір қара, он алым қойына елу тиын яки жетпіс тиын алым шығын тиын келеді. Бұл бір қойдың терісінің құны. Екі қарасы бар жарлыға да бір қой терісі алым – шығын терісі емес-ау. Біз бұл есепті Щербинаға айтқан өтіріктен бастап отырмыз ғой, Щербинаға есеп бергенде қазақ малының санын жасырған. Қаншама мал жасырғанын өзі біледі. Біз өзімізше қазақ жүз малының жиырмасын жасырған шығар деп, жоғарғы есепті мінеп түзулесек, он алым қойына 40 тиын, яки 60 тиын келеді. Областной сиезде елу басылар, ауылный сходта үй иелері малдың рас санына бөлсе алым қойына 1-2 тиыннан да келер еді. Бұлай болғанда жалғыз атты, жалғыз бұзаулы, сиырлы жарлылар үш жылда да бір қой терісі де алым шығынын төлемейді ғой! Бұл жоғарыда жазылған алым шығын таратқан есепте егін жоқ. Осы күнде қазақтың көбі егінге айналды ғой. Егін көп бейнетпен шықса да, беретін пайдасы да көп қой. Егін жəне халық жерінің ең жақсысына салынады ғой. Егінге алым шығын салған əділдікке, жұрт пайдасын дұрыс қой. Қостанай уезінде 1909 жылы жүз үйден 89 егін салған, жүз егін салған үйдің егіні 670 десятина. Қостанай елі кəдімгі ақ егінмен күнелткен халық қой. Бұл елде алым шығын 145-нші статья арқылы таратқанда, егінді есепке алмай болмайды ғой. Біздің қазақ жүрген облыстарда мұжық наделіне 15 яки 30 тиын десятинаға алым салған. Бұл 15 десятинаның алымы 50 тиын - 2 сом 25 тиын яки 4 сом болады. 15 десятина наделдың бəрін жылда жыртып егін салса, жер тозып астық шығармайтын болады. Жақсы қара топырақтағы мұжық жерін үшке бөліп, мұны «трехполье» дейді. Біріне бидай, біріне қарабидай салады, үшінші бөлігі тынығып бос жатады. Топырағы сор, қызғылт, құмдау біздің қазақтың жерінің көбіндей жерде жүрген мұжық жерлерін жаман-жақсысына қарай 6-ға, 8-ге, 10-ға бөліп, осы бөлектердің 2, 3, 4-і ғана егін астында болады. Қалғандар тыныққан жер болады, біздің қазақ жақсы жерін алты бөліп, төртеуіне егін салып, екеуіне пішен шауып, мал бақса осыны көтерер. Жылда басқа, көзге төпелеп жаңа келген хахолша жыртса, жылдан-жылға астықтың шығымы кем болып, жер иесі қазақ жерін тоздырып, қаңғып қалар. Хахолдың жылда жыртқаны өз жері емес, қоңсы қазақтан арендаға алған қазақ жері. Бұл жердің тозғанында хахолдың не жұмысы бар? Бұл наделге келетін алым 2 сом 25 тиын, 4 сом 50 тиынды бір жылда егін астында болатын 15 десятинаның 5 (алты бөліктің екі бөлегі) десятинасына тартса, бұған 45-90 тиын алым түседі. Қазақтың егін салып
отырған десятинасына 45-90 тиын салса, бұл ауыр емес-ау деймін; 1-2 пұт бағасы ғой! Қостанай уезінде Кеңарал болысында 1909 жылы жазған есепте 1 мың 532 үй, бұлардың салған егіні 12 мың 623 десятина, малы 50 мың 664 ірі қара. Мəселен, есеп қылсақ, осы Кеңарал болысындағы қазақ үй басына 6 сом алым-шығын тартады деп, осы алым-шығын қалай таратылады деп? Бұл болыстың бар алым-шығыны 9 мың 192 сом. 12 мың 633 десятина егінге 45 тиыннан десятина басына санасақ, егін алымшығын бір болыстың 5 мың 624 сом 85 тиын болады. Мұны 9 мың 192 сомнан алып тастасақ, бір болыстың қалған алым-шығыны 3 мың 567 сом 15 тиын болады. Осы ақшаны бір болыстың алым қойы 255 мың 320-ға бөлсек, он алым қойға 14 тиын келеді. Екі қараның алымы 14 тиын, 20 қараның алымы 1 сом 40 тиын. Осы біз көрсеткен жол бойынша ақша бөлсе жұртқа тыныштық болар еді. Осы болымсыз ақшаны момынға аударам деп атқа мінген халық бастаған қазақ жақсысы бітпейтін дау салып жүр. Қала болам деп 15 десятинадан жер алған қазақтың алым-шығынын мұжықша, наделіне салып береді. Өстіп ақша тартқандағы қазақ дауы орыстың төбесі көрінгенде құриды. Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай шатақ даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Бауырым қазақ-ай! Қылығыңды көріп іш күйеді! Қыр баласы Қойсары бұлағы Ақтөбе уезінде осы бұлақта 22 үй Қойсары баласының қыстауы бар. Бұлар кəдімгі жарлы қазақтың бірі. Тас-шым үйлері жан-жағына қисайған бұзылып құлаған, шіліктен тоқыған шарбақ қоралары алшысынан бұзылып əр жаққа ауған. Киіз үйлері қап-қара жыртық. Қыстау жерлері Қойсары бұлағының бойы тастақ, адыр, бұрын қазақ пішен шаппай, егін салмай мал жайып шаруа қылып жүргенде оңды жер. Бұл Қойсары бəрі егінші. Үй басына бір сабандап, 2-4-5 пар өгіз ұстап, жыртуға жараған жердің бəрін жыртып егін салып отыр. Нашар үй 3, алды үй 7 десятина егін салады. Сабан жығылғанда көшеміз деп май басында қысты күнгі көңіне қамалып қыстауда отыр. Малының түрі мынау: жылқыдан сиыр көп, өгіз егінге керек, сиыр базарда пұл. Сиырдың бағып асырағанда шығыны аз. Жылқының шығыны көп, пайдасы аз. Жұрт шабыншылық уақытында жылқы жан жолдасы еді, енді жер азайғанда мұның жұртқа пайдасы кем ғой; Жаздыкүні соныға жайылып, таза су ішпесе жылқы арық болады. Сиырға бұл керек емес.
Қыстыкүні жылқының бағуы бір үлкен азап. Жер тарылған соң нашар болатын қазақтың түрі осы Қойсарыдан табылады. 22 үйдің екеуінде-ақ сауатын бие бар. Өзгесінің жылқысы бір-бір ат, əйтпесе бұ да жоқ. Қой базарда пұл, жүні, сүті пайдалы, бағуы қиын емес, нағыз шаруа малы қой ғой. Қойдың жоғы құнтиған кедейлік сырының белгісі ғой. Уфа, Оренбург, Самара башқұрты сиыр орнына ешкі сауады, бұл тап кедейліктің барып тұрған жері ғой. Осы Қойсары байғұстың 17 баланы оқытуға ұстаған бір молдасы бар, 17-нің 12-сі қыз бала. Молда ақысы айтуға ұят: жылы 50 сом; баласын өстіп қайыршы жолында оқытып бұл сорлы «Қойсары» жігіті не ғып жүр?.. Осы маңда жоғарыда айтылған сауатын биесі бар екі үйдің бірі 900 сом ақша шығарып, таласып ауылнай болмай қалған. Мұнан көп ақша шығарған кісі ауылнай болып кеткен, «мұнша шабылып бұл ауылнайлар неге арамтер болған», деп сұрап едім, бір ақсақал мынаны айтты: «Бір ауылнайда өзіміз нашарлықпен жырта алмайтын, егін салатын жақсы жерді ауылнай жұрт сыртынан көрші мұжыққа сатып, ақшасын өзі алады, десятинасы 2-3 сом сатылады» деді. Мына қазақ жерін мұжыққа арендаға беріп отыр, бұл жер өзінен артық емес!.. Жалқаулыққа салынып қолдағы бар жерлерін құнттап іске жарата алмай мұжыққа жалдап ақырында сол жерлері мұжыққа кетсе «жеріміз мұжыққа кетті» деп байбайлап жүрген кісілерді не десе мақұл болады?.. ...Бұған не айтасың? «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» деген қазақ мақалы бар. Тілші Сайлау Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып əбігер болады. Əке баладан, аға ініден, туған-туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өстіп жұрт бүлініп іздегендегісі не? Болыстық, билік, ауылнайлық, елубасылық. Біздің қазаққа шығарған Степное һəм Туркестанское положение жобасы орыс мұжығына шығарған законнан алынған. Мұжық сайлауы закон бойынша дəл біздің қазақ сайлауындай. Закон бір болғанмен, сайлау жүріп-тұрысы бір емес. Мұжық сайлауы мен қазақ сайлауының арасы жер мен көк арасындай. Закон бір болғанымен екі жұрттың: қазақ пен мұжықтың ғұмыры, жүріс-тұрысы, терінің оң жақ, теріс жағындай екі түрлі. Орыс мұжығының мінезінде маңдайы терлемей, табан ауырмай, қол дүмбімей мал табылмайды. Мұжық білуінше, жұмыс қыла білмеген кісі адам емес, сабан-тас ұстай білмеген ер есебінде емес. Зəуде жұмыс білмеген кісі болса, мұны қыздар ер есебіне алып күйеу деп тимейді. Мұжық білуінше, жұмыстан басқа мал табатын жол жоқ.
Болыс, би, ауылнай һəм елубасы болмақ, патшалық салған ауыр бір міндет, жұрт үшін қылатын қызмет. Болыс, би, ауылнай һəм елубасы болған кісінің өз шаруасына патшалық салған қызметтен келер түк пайда жоқ, мұжық ішінде болыс, би, ауылнай һəм елубасы болған шылғи залал, мұжық таласпақ түгіл патшалық салған қызметтен қашады. Неше мұжық болысында болыс, ауылнай, би амалсыз кезекпен болады, бұл кезектен де қашса, орнына біреуді жалдап қояды. Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда бұлардан ақылды болып, қолы шебер болып айырылады. «Байлық түбі – ақыл һəм қол ұсталығы». Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды. Дүниедегі жер билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады. Еуропада ұлық патша атанған жұрт халықтың ақылды, ұсталығына сүйеніп ұлық патша атанып отыр. Біздің қазақ жерін мұжық алғанда мұжық табан ет, маңдай теріне сүйеніп алып отыр. Бұрын қазақ «Аһау, үһеу» деп неше мың жыл босқа өзінен-өзі өсіп-өнетін мал айдап, көшіп жүрген жерден мұжық келе сала қазына суарып алып, байып отыр. Күні-түні қызметке жанын жалдағанның рахатын көріп отыр. Самара, Уфа һəм Оренбург губерниясында ер басына башқұртқа аз болса отыз десятина қара топырақ жер келеді. Осы өз жерін қызмет қылып ұстамай башқұрт мұжыққа жалдап отыр. Бұл жерді жалдап алған ақшасын құн-жын қылған, күні бұрын неше сом орнына жиырмаотыз тиын алып, бітіп қойған яки құлқынына салып қойған. Сөйтіп, башқұрт жері законда башқұрттық, өміріне қарасаң, пайдасы қызмет қылған, ақылмен, ұсталықпен жер алған мұжық қолында. Бұл жоғарғы айтылған үш губерниядағы башқұрттың нашарлығы қаламға сыймайды. Башқұрт қаласына жат кісі кіргендей екі-ақ үй болады, бірі молданікі, бірі саудагердікі. Башқұрттың сиыр орнына сауып отырғаны ешкі, ат деп мініп жүргені құйрығы шолақ, бас-арқасы жауыр бір көлеңке тулақ. Қазақтың төлеуге, қалыңмалға, жағасыз шапан, азусыз ат деп айыпқа беретін тұғыры. Башқұрттан жалдап жер алып қызметіне жалданған мұжық қаласы көк шатырлы үй, сауғаны сиыр, жеккені арғымақ. Қазақ осы башқұрт ағайындай өз жерін құнттап ұстап қызмет қыла білмесе, онда қазақ тұра ала ма? Жер қызмет иесі мұжық пайдасында болмай ма? Өз жерінде өзі қызмет қылмай, іске жаратпай, жер закон арқылы менікі деген башқұрт пен қазақ атадан қалған көп қазынаны басқан жаман бала сапарында емес пе? Бұл ақымақ сорлы қайда баратыны кəрі-жасқа мағлұм емес пе? Бұл тіршілік – үлкен талас, бір бəйге, жүйрік алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық, жаһұтшылдықта. Еріншек өзге жол, бəйге, сыбаға, мүше жоқ. Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты байлық, қазына мал кіндігінде деп біледі. Қазынаға қуат беретін адам ақылды, адам қолы, адам жаһұты екенін білмейді. Біздің қазақша өз аяғынан өсіп-
өнген малды айдап жүрген елге адам ақылы, адам ұсталығы, адам жаһұты көрінбейді. Біздің қазақ шаруасының жолында жүргенде мал өзінен-өзі босқа табылатын болып көрінеді. Мың қойды бір-екі қойшы бағады, бай тыңқиып үйде жатады. Қыс жұт болмаса, жаз тышқақ, қотыр, топалаң келмесе, мұның ең азында үш жүзі қоздайды. Бұл ақылға салып қарасаң, қошқарға сиынған болады-ау! Бүйтіп тамақ, ұйқы, жалқаулық үшеуін қатар мінген жұрттың ақсақалының олжасы «азусыз ат, жағасыз шапан» деп бишаралардан айыпқа алған арық тай, алты көз лəңке, жастардың олжасы түн жамылып жетелеген біреудің тоқтысы, аты иə сиыры, болыс, би, ауылнайларының олжасы момыннан ауыстырып алған он-он бес тиын, бəрінің айтқаны өтірік. Өтіріксіз, ұрлықсыз бұл сорлылардың арам жемі табылмайды. Қазақтың болыс, би, ауылнай һəм елубасыларының айтып жүрген өтірігі, қылып жүрген ұрлығы нашар бақалшы бір уыс жүнге сатып жүрген оймақ-бояу, қанша далап жақса да, əуелде жаратылған өз орнына кетеді. Бұрынғы кеңшілікте қазақ қошқарға сиынып та күнелтті, өтірікші, өсекші, Құдай қарғағанды да болыс, би, ауылнай һəм елубасы да қойды. О заман енді өтті. Жаңа заман адамнан ақыл, ұсталық жаһұтшылдық күтеді. Қазақ жері тарылды, қазынаны күшті жалдап іздемегенге бəйге мүше жоқ. Болыс, би, ауылнай һəм елубасы болып мал табам деген қулардың заманы кейін қалды. Болыс, би, ауылнай һəм елубасы – патшалық алымша салған жұртқа қызметші, жұрт жалшысы. Жылқышы, қойшы жалдағанда, мынау жылқы, мынау қой баға біледі деп жалдамай ма? Болыс, би, ауылнай һəм елубасыларды əрқайсысын өз орнында халыққа пайдалы деп сайлау керек. Жұртқа əділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, билігін орнына қорықпай салатын, харам жимайтын, іс білетін, халық үшін жаумен айтысатын болыс пайдалы. «Ауылнай – тозақы». Бұл ауылнайларға шаншардың қойған аты «тозақта мұнан артық бұған не жаза болар, қолыңда не бар» деп. Ауылнайлыққа хат білетін, жол көрген жасты сайлау керек. Елубасылық пара алып, ант ішіп, б.. жемесе бір құрметті орын: болыс, би қандай адам болуы осының қолында. Бұған ең құрметті ақсақал, əділ, жұрт-қамшыл, сатылмайтын, жөн білетін жақсыны сайлау керек. Өстіп, қазақ жұрт қызметшілерін түзетпесең, жұрт болып шаруаға айналып жарыспасаң, мұжыққа жер закон арқылы емес, тіршілік жарысы арқылы кетеді. Оралдағы башқұрт ағаңша жерді мұжыққа тиын-сыйынға қызығып жалдап қойып, аяғысында сол мұжықтың сиырын бағасың. Бұ күнгі болыс, би, ауылнай һəм елубасы ескі тондағы бит қой. Шаруа қылсаң жаз шығады, халық пайдасын қуған аға-іні болсаң, ескі тонды сілкіп-сілкіп суға сал! Қыр баласы
Тілшілер сөзі Лепсі-Қапал Былтыр Лепсі һəм Қапал уездерінің қазақтары жұтқа көп шалықты. Əсіресе Сергиопол участкесіндегі төрт болыс ел: Тауқұм-Балқаш, Аягөз, Ақшəулі, һəм Қарақол жұтады. Мың яки бес жүз жылқылары бар адамдардан жүз елу яки елудей-ақ жылқы қалды. Қойлардың төрттен үш тілімі жұтады. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, Лепсі һəм Қапал уезінің қазақтары биыл тағы жұтады. Малды былтырғыдан көп өлтірді. Қары қалың түсті. Қариялар өмірімізде мұндай қалың қарды көрмедік десті. Қыс аяғы созылмалы болып, қазақтар март һəм апрель ішінде малдарына шөп таба алмай құбақат састы. Жүз елу шақырымдағы мұжық қалаларынан қазақтар шөп һəм жем тасып, ақырында мініп жүрген көліктерін өлтіріп алды. Ақшалары жоқ пақырлары жіп, арқан, қап һəм қомшаларын сатысып шөп алысты. Ұсақ-түйектерін сатып тауысқаннан мұжық қалаларына барып мініп жүрген аттарының құйрықтарын кесіп беріп, шөп алғандарын да естідім. Айтылмыш екі уездегі қазақтар кедей болмаққа айналды. Бұл жақтың ұлықтары: «Қазақтар жалқаулық, ұйымсыздық, күтімсіздіктен жұтап жатыр» деп айтысады. Бұл сөзді Лепсі, Қапал қазақтары турасында айту мүмкін болмайды. Қате сөз. Бұрын бұл уездегі қазақтар егінді көп салып, пішен-жоңышқаны көп шауып алушы еді. Мұжық қазақтың егіндік, тоғамдарын алып қойды. Жақсы жердегі қазақ қыстаулары мұжыққа кете барды. Осы күні қазақ пайдасына ақтақыр, қарауытты дала һəм құм қалды. Қыстаулары мұжыққа кеткен адамдар осы күнге шейін казактан ақша ала алмай жатыр. 1910-ншы жылы Мұқаншы-Садыр елінің 11-нші аулының қыстаулары мұжыққа кетіп еді. Қанша арыз берсе де осы күнге шейін ақша берілмей тұр. Тоғамдары кеткен қазақтар бұларды қазғандағы мехнат ақысын сұрап еді, «қазақтардың осы күнгі пайдаланып отырған тоғамдары бұрынғы қалмақ тоғамдары, сондықтан ақша берілмейді» деп жауап келді. Биыл апрельдің аяғында һəм майдың басында Лепсі уезіндегі қазақтарды аралап едім: Шынжылы, Западни Шынжылы, Шарбақты, Мұқаншы, Лепсі-Балқаш уə ғайриларын. Қазақтардың көбі қыстауынан көше алмай отыр екен. Байлары қыстауларынан жылжып қонған. Қыстауларының орны һəм мал жайылымы есіліп жатқан құм. Əр жерде сирек өскен жусанның, құм-селеудің тақырланған түбірі көрінеді. Егер осы түбірлер көрінбесе құм-құм басқан ешнəрсе жоқ деп айтуға болар еді. Мен барған кезде тіс шұқуға нəрсе жоқ еді. Əр қыстаудың маңайында төрт түлік малдың өлімтігі үйіліп жатыр.
Тірі қалған малдың реңкі жоқ, яки көтерем, яки өлі-арық. Мінуге яки алысқа айдап апаруға жарамайды. Мал баққан адамдардың бəрі жаяу. Бұлардың көбі бағып жүрген малдарынан артық емес. Арып-ашыған, түсі қашқан. «Мал арыса – тулақ, ер арыса – əруақ!». Осы күнде Қапал, Лепсі уездерінде адам өлімі көп. Қазақтың арасына сүзектің ұялағанына екі жыл болды. Екі жылдың ішінде қазақтардың төрт бөлімінің бірі өлді, яки ауру, яки ауырып жазылды деп айтуға мүмкін. Екі уезде төрт доктор бар. Бұлар қазақты аралап дəрі бермейді. Əсіресе Лепсі уезіндегі докторлар қырға бармайды. Бұлардың біреуі Лепсіде, екіншісі Лепсіден елу шақырым жердегі Герасимовкада тұрады. Лепсідегі доктор көңілі соққанда құс атарға шығады. Қайда, қырға?.. Біреуі іш пысқанда Герасимовкадан Лепсіге келіп кетеді. Осы жүрісті қырға шығып, қазақтарға дəрі берген жүріс деп жүр ғой деп ойлаймын. Мұңды дала баласы Оқшау сөз Тіршілік жайынан* (басы 14, 15-нші нөмірлерде) Мал кəсібінің жабдығы аң аулаған уақыттағыдай болмады. Мал мезгілінде балалап, өсіп-өніп, белгілі уақытта сүтін, жүнін һəм басқа адамға керекті, пайдалы нəрселерін һəм қызметін береді. Осындай əр түрлі малдан алатын адамның пайдасының уақыты күн бұрын мағлұм болған соң адамның кəсібіне де рет кірді. Осылай малына істейтін істерін рет кірген адамның өз арасында біріне-бірі қандай қалып ұстауына да рет кірді. Мысалы, ата-ана мен баланың арасындағы қалып, аға, іні, қарындас һəм ағайын-туған жақындардың арасындағы қалыптар бəрі ретке кірді, тəртіпке салынды. Осынан адамның арасында ғұрып-əдет, заң-закон пайда болды. Бір замандарда адам баласы мал бағу, көшпелі қалыпты тастауға ыңғайланды. Себебі жылдан-жылға ел ұлғайып, жер-су тарылып, малға жайылым-жайы, қоныс таусылды. Өзі ұлғайып, жері тарылған елге ол күнде екі түрлі жол бар еді. Бірі жері мол жаққа ауу, екіншісі заманға лайық кəсіп істеу. Шежіре-тарихтарда көрінеді: 1) жер аумақшылық халыққа көп шығын келтіріп, кедейшілікке қалдырғандығы; 2) ауған халық жат жерде тəртіп сақтай алмай тағы баяғы таршылықтың шеңгеліне ілінгендігі. Өз жеріңнен басқа жерге ауу бұл заманда баяғыдан да қиынырақ һəм зиянырақ. Осы себепті көрсетілген екінші жолға, яғни «Жеріне қарай түлкісі, заманына қарай күлкісі!» дегендей заманға қарай лайықты кəсіпке айналу керек.
Бұл уақытта дүниенің неше түрлі хəлін білген халықтардың кəсібінің ең күштісі – жер жыртып, егін салу кəсібі. Ғылымның айтуынша, жер жырту мəнісін білмейтін олақ адам бел байлап, кірісіп егін салса мал бағудан жиырма-отыз есе пайда көреді. Сондықтан бұл уақытта халықтың байлығы егіннен шығады. Əсіресе бұл кезде бұл кəсіпті өте пайдалы ету адам баласының қолынан келетін болды. Себебі адам жердің һəм судың ғылымын біліп, олардың ретін байқады. Бұл туралы төменде айтпақшымыз, əзір бөтен жағын қарастыралық. Жоғарыда айтылған əр халықта болып өткен үш қалыптың біздің қазақтың қайсысында тұр? Ойлап қарасақ, əрине, қазақ аң аулап күн көрген, тағы қалыптан өтіп, көшпелікке түсіп, көшпеліктен бірсыпырасы өтіп, бірсыпырасы өтуге жақындап, егін салуға кірісіп, кейбіреулері кірісуге жуықтап, ыңғайланып тұр. Мұның себебін іздестіріп қарасақ қайтеді? Жоғарыда біз «Көшпелі қалып сол уақытқа шейін созылып барады. Ел ұлғайып жер тарылғанша» – деп айтып едік. Енді топшылайық! «Жер тарылды ма? Тарылса оның себебі не?». Жер мен судың тарылғанын бұл уақытта қазақтың жартысына көбі өзінің көзімен көріп, денесімен сезіп болған шығар деп ойлаймын. Жер тарылды халық көбейген себепті. Бұл халықтың көбеюшілігі қазақтың саны өте молайып, қазақ өте өсіп кеткендігінен емес. (Қазақтың артуы көп емес). Бірақ қарап бағындап тұрған патшамыздың ішкі губернияларында орыс һəм бөтен халықтардың бəрінің есебі қазақ халқындай жиырма есе бар. Сол халықтардың бір жылда туған төлдері – балалары барлық орыс империясындағы қазақ халқының есебіндей, яғни сол халықтардан жыл сайын қазақ халқындай бір халық өседі де тұрады. Сонымен, осы күнге жүз алпыс миллион орыс патшалығы қол астындағы халық елу-елу бес жылда екі есе көбейіп, үш жүз жиырма миллион шамалы халық болады екен. Былай болған соң əлбетте біздің қарап тұрған патшалығымызда халық көбейіп, жылдан-жылға жер-су тарылып, сол таршылық құрт аурудай қуып келіп қазаққа да жетпекші. Қалай да болса ақырында қазақ жері тарылады. Осы себепті қазақ халқының көшпелі қалпының ақтық жылдары жуық секілді көрінеді. Соның үшін күнілгері біздің халыққа да жер кəсібіне айналуы тиіс. Бұл жер кəсібіне бел байлаған уақытта халыққа ең алдымен бір жерде мəңгілік орнығып, қала салып, сол орында қысы-жазы болуға тиіс болады. Қашан осылай бір жерде орныққанша қолдан келген ісімізді бəрі шала болатын. Һəм халыққа керекті көп істер қолымыздан келуі мүмкін де емес. Бұл турада төменде айтпақшымыз. Əзір қала салу турасында бірекі ауыз сөз айталық.
Қала салу Қала боларда жердің егінге-шабынға қолайлы, суы мол жерді сайлап қаланың өзін биік жерден салу керек. Біздің халықтың ұзақ мекен ететін орын салғанда ойлы-сайлы, шұңқырлы жерді сағалау ескі əдеті. Қыс күнінде боран алмайды, ық болады дейді. Бұл ой – қате ой. Ғылымның айтуында ондай жерлерге жазғытұры қар ерігенде, күздікүнгі қара жауын уақыттарында аққан сулар мен неше түрлі нəжістер жиналады. Сол нəжістерден неше түрлі жұқпалы аурулар шығады. Соның үшін ондай жерлерде адамның, əсіресе кішкене балалардың өлімі көп болады. Осы себепті қала салғанда мəңгілік орын болатын болған соң қаланы неғұрлым биік, жарық, таза жерге, батпақ, милы шалшық су жиналып тұратын жерлерден алыс орындардан салу керек. Қол болса, құдық суы тұщы, ішуге жарайтын жерден таңдау керек. Қала болған соң боран секілді нəрселерден сақтану оңай нəрсе. Жаңа қаланы салғанда əр үйдің орнын білімі жетік адамға пландатып, үйлердің неғұрлым терезелерін күн жаққа қаратып салу керек. Күннің тура түскен сəулесі адам баласын бейесеп аурулардан сақтайды. Орамдарды кең қылып, болашақ мешіт-медресе, школа, аурухана секілді қалаға керек болатын нəрселердің орнын, мекемелердің орнын күн бұрын сайлап, реттеп қою керек. Қаланы салушылардың саны неғұрлым көп болғаны пайдалы. Мысалы, бірнеше жүз, хатта мың. Қаланың зор болуының пайдасы көп. Үлкен қалаға жер көп тиеді. Бұлай болғанда сол қаланың халқы мəслихат қылып, бір жағынан суатын, бір жағынан шабынын, бір жағынан, мал бағатын жерін, бір жағынан егін салатын жерін күн бұрын сайлап, мұнан бұлайша уақыттарда шаруашылықтарды тəртіп-ретпен істеуге тиіс болады. Онан басқа бұрынғыдай есепсіз жатқан жер болмаған соң əркім кез келген жерді пайдалана берсе, ұзаққа бармай-ақ қаланың жері істен шықса керек. (Былайғысы бар) Əбубəкір Бірмұхамедұлы Төртінші дума һəм қазақ Дума болғаннан бері патшалықтың бір жылда ұсталатын шығынын жыл сайын дума бекітеді, мұны бюджет дейді. Осы бюджет думада қаралғанда болған əңгімені бюджетный прение дейді. Əр министерствоның шығынын дума бекіткенде депутаттар үкіметтің қылған ұнамсыз істерін бетіне басып, енді осы қылып отырған жолсыздықты қылма деп айтып өтеді. Біздің қазақ сияқты жетім жұрт сөзі осы бюджетный прениеде жылда бір-ақ сөйленіп қалады.
Өткен 11 июньде думада переселен управлениясының шығынын қарады. Қазақтың жер туралы көріп отырған кемшілігін айтып Забайкал депутаты Волков һəм Баку депутаты Жағыпаров сөйледі. Волков сөйледі: «Біз Сібір депутаттары үшінші думадан бері, міне жеті жыл переселен мұжыққа жер алғанда қазақтың һəм буряттың ең жақсы жерін алып, бұларға жер қалдырмай отырсың деп зарлап келеміз, жылда біздің айтқан сөзімізді тыңдаған кісі жоқ, қазақтың қазулы арығын, сулы бақша, еккен жоңышқасын кесіп алып отыр. Қазақтың жерден қысылған белгісі міне: қазақ өзі бөтен жаққа переселен болып көше бастады. Əуелі тұрған жұрт бурят һəм қазақты орнықтырып, қалған жерді переселенге беретін жөн еді, тұрғын жұртты орнықтыратын закон жобасын əлі үкімет думаға кіргізген жоқ. (Волковтың бұл айтқаны Көкшетау уезі Айыртау болысынан Жиделібайсын барамын деп былтыр көшкен қорық). Переселен мұжыққа деп бұ күнге шейін қазақты қысып жерін алушы еді. Енді биыл переселен управление тағы бұрынғысы қазаққа аз деп, бай шаруа қылатын орысқа берем деп Степной крайдан (Ақмола һəм семей облысы) жүз участка кесіп отыр, қайсысы бес мың десятина, ойы бұл жерге бай орысқа көп жылға аренда (жалдауға) бермек, аяғында сол жерге байды ие қылмақ. Үкіметтің былайғы қылғаны тұрғын жұрт қазаққа шылғи залал, енді мұнан былай бұрынғы тұрғын жұртқа қылатын (қылған) зиян қалсын, жер кесілгенде қазаққа өз шаруасын аздырмайтын жер қалдырып кессін». Волков осы сөзін дума сөзі қыламын деп думада тас салуға тартты. Думаның көбі үкімет не десе сол мақұл деді. Волков тілегін қолдаушылар аз болды. Енді қазақты тонағанда думадан бата алдым деп тонайды. Баку депутаты Жағыпаров думадағы мұсылман депутаттары атынан сөйледі: «Бізге қазақтар əр жерден көрген кемшілігін айтып хат жазды. Мұжыққа жер алғанда қазақтан бар жақсы жерін алып, қазаққа үлкен зорлық қылып отыр. Осы зорлықты законда ғаділдік жолында деуге болмайды. 1908 жылдағы граф Пален Түркістандағы істерді тексергенде жазған еді: «Қазаққа артық жер деп қалдырған тастақ, тақыр, ащы, сортаң жер, осы зорлыққа көніп, мінез шығармай тыныш отырғаны қазақта дүниеде жоқ момындығы» деп. Осы сөз сенатор граф Пален сөзі. Осы зорлықты көріп отырған жұрт үкіметті не деп білмек. Əуелі тұрған жұртты орнықтырып, қалған жерге переселен мұжықты еншілес қылу керек емес пе еді? Жақсы сөзді үкімет біліп жатыр ма, біздің мұсылман депутаттары переселен управлениесінің ұлық мекемелеріне ақша бермеске тас салады» – деп Жағыпаров сөзін қаңтарды. Переселен бастығы Глинка сөйледі: «Біз мұжыққа жер бергенде қазақтан артық жерді ғана береміз. Қазақты көшпелі деп есеп қылып, жаңа закон шығарып, жер берсек, мұжыққа артық жер қалмайды. Біздің тұрғын жұртқа жер белгілеп беретін закон жобасын шығара алмай күбежектеп тұрғанымыз осы деді. Көшпелі қазаққа мəңгі ғұмырлық деп жер беруге
тіпті керек емес, сол үшін қазаққа мұжықша, мұжықпен бірдей надел жер алсаң береміз деп едік, қазақ шырғаға түскен құстай сұранып, топырлап1 өз еркімен мұжық болып жер алып жатыр. Мұнан былай ол қазақ алған наделде үкіметтің жұмысы жоқ», – деді, турашыл Глинка бай. Сөйтіп, қазақ «көшпелімін, маған мал шаруасына жер бекітіп бер десе» бұл сөзге алынбайды екен. Себебі, бүйтіп қазаққа енші берсе, қазақ ұтып кетеді екен. Қазақ жеріне өзге телмірген ауыздарға сыбаға-мүше аз қалады екен. Қазақ жерінен бұларға олжа аз түседі. Қазақ өзі отқа түскен көбелекше барып, тілеп, мұжықпен құрдас болып көшпеймін, мал бақпаймын деп, бұзауды арқандап бағамын деп жер алса, мұжыққа һəм өзге қазақ жеріне телміргендерге көп олжа қалады екен?! Бұлай болғанда қазақтың тілегені мұжыққа һəм өзге қазақ жеріне телміргендерге көп жер сыбаға, мүше, олжа беру емес пе? Қаптап жабыла сұранып, мал бақпаймын, көшпей, қала болып отырамын, бұзауды арқандап бағамын деп қазаққа мұжықша ер басына он бестен надел алу керек. Осылай етсеңдер мұжыққа һəм мұжық артынан көлеңкеше еріп жүрген орыстың байларына қазақ жерінен артық көп сыбаға жер қалады. Мен бұрын жазып едім: «ер басына он бестен жер алу керек қой деп, егерде осы он бес ішінде отырып, қазақ мұжықша қызмет қылып, егін салып күн көретін болса, мұндай жер Жетісуда, Түркістанда жоңышқа еккен, бақша орнатқан, арықпен суаратын жер ғой. Өзге қазақ жерінде ер басына он бестен жер алып күн көретін жер Көкшетау. Қостанай, Ақтөбе уездерінде қара топырақ, онда да қазақ жерінде он бесте отырып қазақ күн көре алмайды ғой. Өзге қазақтың жер алып қала боламын дегені сорлылық, арам тер ғой. Орал уезі Жымпиты һəм Шідерті болысы қала боламын деп он бестен жер алып, бұл күнге шейін қала салуға бір тас қалаған жоқ, бұрынғы қалпынша көшіп-қонып жүр. Жүз, неше жүз мың қазақ қала боламын деп сұранып отыр переселен управлениесі 1913 жылға сметасына жазып отыр, бұл бəрі өтірік бос сөз. Қала боламын деп жер алған Орал қазағы бір тас қалаған жоқ, депутаттар сөйлегенде, бұған байлар былай деп жауап берді: «Біз берген он бесте отырып, қазақ қала болмаса, бұл он бестің қазаққа мол болып көптік қылғаны ғой» деп. Осымен бюджет прениесі тұра тұрсын. Тағы біраз сөз жазалық, қазақ жұрты, қазақ жері туралы. Төртінші дума переселен управлениесі кіргізген закон жобасы бар. Мұнда не жазылған? Бұл закон қазақ жерін кімге бермек?! Бұрын қазақтан артық деп жерді участка қылып кесіп, мұжыққа беруші еді. Мұжық егін салатын қара топырақ жер алынып болды. Мұжыққа деп кескен жердің көбін мұжық тастақ, татыр, шөл деп алмай жатыр. Енді осы мұжық алмай, қазаққа қадырған жерді мал бағатын, мал шаруасын ұстаған бай орысқа жаңа закон бойынша көп
жылға арендаға бермек. Біраз жыл өткен соң, осы аренда деп берген жерді орыстарға мүлде өзінікі қылып бермек. Осы күні мұжық алмаған участканы оброчная статья деп, қала боламын деген қазақтың жанында болса, оны қазақ пайдасына беруші еді. Орал уезінде Жымпиты һəм Шідерті болысының бұрынғыдай көшіп жүргені осы еді. Енді оброчная статья қазақ жері қазақ қолынан шығып, орыс байына жабысады. Қала боламын деп он бестен жер алған сорлы қазақ оброчная статья деп жерден айырғанын, сорлы болғанын көрер. Бұл болып жатқан жаңа законның тағы бір құлаққа тағатын статьясы бар. Орыс байлары өзінікі қылып алатын жерді қазақ сатып алып, өзінікі қылуға болмайды. Осындай жер əлдеқалай қазақ баласының қолына түсе қалса, бұл жерді қазақ баласы законда көрсетілген уақытта орысқа сатады. Степное положениенің 136 статьясында: «қазақ жүрген жерден бөтен патшаның адамы һəм христиан дінінде болмаған адам жер сатып алмасын» деген. Осылай етіп қазақ өз жеріне өзі бөтен патшалықтың кісісімен бірдей болмақ. Қазақ жүрген жерді кім болса сол болсын, қазақтан басқа сатып алып, сұрап алып, мирастан алып өзінікі қылмақ, жалғыз-ақ бұл жол – қазаққа жоқ. Бұл жасалып жатқан жаңа закон арқылы қазақ байлары мен де оброчная статьяны арендаға аламын, сонан соң сатып алып, балама мирас қыламын десе, бұл закон қарсы болады. Закон жұрттың бəріне бірдей болмақ, ғаділ болмақ. 1905 жылғы 17 октябрьде орыс патшалығының панасындағы жұрт құрдас болмақ еді. Қазаққа құрдастықтан келгені осы дағы! 1 Бір ұры төрені ұстап алып түйеге тіркеп қойып: «төре неме жүрмес» деген екен. Қазақтың өз еркі осы түйеге тіркелуі төре еркі ғой. Қыр баласы Көшпелі һəм отырықшы норма Біздің басқармамызға əр жақтан хаттар келді: қай нормамен жер алғанымыз жағымды деп. «Біреулеріміз көшпелі норма көп болған соң, мұны алғанымызды жағымды көреміз. Екіншілеріміз отырықшы норма түпкілікті дегенге оны алғанымызды қолайлаймыз. Соңғыларымыздың сөзін переселен чиновниктері де қуаттайды» деген хаттар көптен-ақ келіп жатыр. Бірақ біз жер сөзін ашып айтарлық қолайлы мезгілге қаратып жүр едік. Бұл мəселе турасында қазақтың білемін деген адамдарының пікірлері екіге бөлінуші еді. Бірі отырықшы норманы ұнатушы еді. Отырықшы нормамен де болса жер алып қалғанымыз дұрыс; жақсы жерді алып кетіп, жаман жерге қамалып қаламыз деген пікір. Бұл пікірді ұнатушылар жұртқа басшы болу үшін əуелі өздері отырықшы норманы қабыл етіп, жер алды. Жұрт тоғытатын қой сықылды. Серкесі суға түссе, топырлап
бəрі тоғытқа түседі. Атақты, біледі деп жүрген адамдар алып жатқан соң, ол білмей алып жатқан жоқ шығар деп, отырықшы норма сұраушы қазақтар көбейді. Сол жылы-ақ переселен правлениясының хабарына қарағаны да, отырықшы нормамен жер сұраушы қазақтардың саны Торғай мен Орал облыстарында 16 мың 441 үйге толып қалған. Оның 11 мың 490 үйі Орал қазақтары. Осы пікірді қазақтың орысша, мұсылманша оқыған жастарының көбі қуаттады. Бұлар қуаттағанда көбінесе шаруадан бөтен жағын ойлап қуаттады. Мəселен қазақ отырықшы нормамен жер алып, қала салып отырса, қазақ арасына ғылым, өнер таралуына жақсы болады деген ой. Бұл пікірдің дұрыс-бұрысы тағы бірде айтылар. Енді екінші пікірге түселік. Екінші пікір қазақ отырықшы нормамен күн көре алмайды дейді. Қазақтың жеріне келіп мұжықтар күн көре алмай, көбіне патшалықтың асырауымен ғана жан сақтап отыр. Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек нағыз жері жақсы қазақтар я жерді арықпен суаратын қазақтар. Ондай жері жоқ қазақтар я олай дəмелі болмайтын қазақтар отырықшы нормамен күн көре алмайды. Онымен жер алдым деп жаман атты болғанша, қарап отырған жақсы дейді. Бұл пікірді қуаттаушылар айтушы еді: Отырықшы норма қазақ сонымен күн көреді деп көзі жеткендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу үшін шығарған һəм көбірек алғанда қазақтың ырзалығымен алдық деп көрсету үшін шығарған норма деп. Осы екі пікірдің бастапқысын көбі қолайлап, соңғысын əншейін наразылықпен айтатынға санайтын қарайтын еді. Өткен 11 июньде думада айтылған сөздерден мағлұм болды: қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управлениясының бастығы Глинко қазақ жерін жолмен алып жатқандығын көрсетуге отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандарын жасырмай ашып айтып берді. Ол айтты: «Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз екеу-ақ. Бірі – қазақтан артық жерді алу. Екіншісі – қазаққа тиесілі жер беріп орналастыру. Қазақтың артық жерін алып жатырмыз – артық жерді алсын деген закон бойынша, қазаққа жер беріп орналастырып жатырмыз өздерінің тілегі бойынша. Қазақққа істеп отырған жолсыздық емес ебіміз, əдісіміз бар: қазаққа тиісті жер беріп орналастыру турасында думаға закон жобасын кіргізбей отырмыз. Кіргізбей тұрғанымыздың мəнісі мынау: Көшпелі қалпында жер беріп орналастырсақ қазаққа көп жер тиеді; Артылатын жер аз болмақшы. Оны дума арқылы законмен бекітіп қазаққа берген соң ала алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу үшін, яғни переселендерге қазақтан жерді көбірек алу үшін біз əдіс істеп отырмыз. Əдіс қылу жолсыздық емес, ептілік. Біз министр советінен ептілік етуге рұқсат алып, қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырлап түсіп жатыр. Ол істеген ебіміз мынау еді. Қазаққа отырықшы болып жер алуға ырза болсаңдар, сендерге де мұжықпен
қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз деді. Айтуымыз мұң-ақ екен, қазақтар отырықшы нормамен жер береді деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік...» Міне, переселен управлениясінің министрден соңғы бастығының сөзі. Бұл құпиялап қана досына айтқан сөзі емес, государственный думада күллі депутаттардың алдында айтқан сөз. Соның айтқанын шылғи өтірік деп айта алмаймыз. Жоғарыдағы сөздің қорытқандағы қысқасы мынау: Переселен управлениясі қазақ жерін жолмен алып жатқан болады: Артық жерді алсын деген закон бар. Қазақтан жер көп алынып жатқаны – ол қазақтың өзінің тілегі бойынша болып жатыр. Қазақтан отырықшы нормамен жер алушы неғұрлым көбірек болса, солғұрлым жер көбірек артылмақшы һəм переселендерге көбірек алынбақшы. Отырықшы нормаға қазаққа не үшін шығарғандығын, отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чиновниктері не үшін қуаттайтындығын, қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөз ғой. Переселен чиновниктері алушы, қазақтар беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ əуелден осыны ойлау керек еді. Олар өзіне жағымды жағын көздегенде қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеу тиіс. Құр пəленше пəлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек. Көшпелі һəм отырықшы норма турасында біздің естіген, білгеніміз осы. Ендігісін өздерің білесіңдер. Отырықшы нормамен күн көрерлік болсын, болмасын отандас орыстарымызға қарасалық десеңдер, отырықшы нормамен алып, жерлеріңді орысқа көбірек қалдырыңдар. Жоқ оны алып күн көре алмаспыз десеңдер, көшпелі нормасын алыңдар. Берушілер бес көп, алушыға алты да аз. Жағымдысын ойлаңдар. Біздің мұнан соң айтатынымыз, қазақтың бас адамдары! Əуелі сіздер адаспаңыздар. Адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс істеңдер. Екінші қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларыңды жермен теңгеріңіздер. Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе солардан болады. Үшінші – алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар Алаш аттарыңмен адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар. Бас қосу турасында Бұрын қазақ бөтен жұртты шабамын деп жорыққа аттанса, хан сайласа жиылатын еді. Бұл екі есеп орыс патшалығы панасына кірген соң жоққа шықты. Бөтен жұрт шабам десе де, төрені хан қоямын десе де, бұл жиылысқа келген ақсақалдар, билер сиезде не қылатынын үйде анықтап,
илеп пісіріп келетін. Бұл жиылысқа келген ақсақал, билер елінің мынаны қыл деген сөзін ұстап келетін. Осы күнгі сөзбен жазсақ, бұл жиылысқа келген ақсақал, билер ел сайлап жіберген депутаты болатын. Солай етіп жиылысқа қазақ əр жерінен, əр руынан келген депутаттар əрқайсысы өз жұртының мынаны қыл деген, пісірген жарлығын алып келіп ортаға салып жұртының айтқанын, тапсырғанын тəмам қазақ атынан көпке мақұлдатып аламын деп дауласатын еді. Біз бұл күнгі Еуропа жұртының бас қосқанына, жиылысына қарасақ, бұлардың жиылысы да бұрынғы біздің қазақ жиылысы сияқты. Жиылысқа келетін кісілер бұл жиылыста болатын сөзді анықтап, үйінде пісіріп келеді. Жиналысқа келетін адамдар – депутаттар жұрт сайлаған не оқымысты, не жұртқа істеген ісі белгілі кісілер болады, жиналысқа барып жұрт мақсатын орнына келтіремін деген жігіттер, жұрт жиып жиналыс қылып, мынаны қыламын деп сөйлеп, қара жарыс қылады. Осы ауылдағы қара жарыста үлкен бəйгеге баратын сөз əбден сөйленіп, пісіп болады, осы жұрт мақұлдаған сөзді жиылыс ортасына сал деп жұрт қара жарыста озғанды депутат сайлап жиылысқа жібереді. Əр жердің əр рудың мақсаты əр түрлі, мұның бірін мінеп жойып, бірін түзеп, бірін өсіріп, жұрт жігіті бас қосқан жиылыс жұрт мақсаты осы деп сөз шығармақ, бұл сөзді байламақ, сөзіміз осы деген жұрт бұл сөзді айтып тастамай, орнына салмақ, мұны іс қылмақ. Біздің осы күнгі қазақ «бас қосамын» дегенде, елде, жұрт арасында не піскен сөз бар? Үйінде отырып қай сөзді қазақ баласы ортасында бір ауыл болып, бір болыс болып, бір ру болып салып пісіріп отыр? Тезек тере барсаңда қап керек, жұртқа пайда қылатын жиылыс болса, қазақ баласы бас қосуы оңай емес. Құр қазаққа ел сайламай, жұртқа қызмет қылмай, өз-өзінен басшы болып жүрген кісілер бір қалада бас қосса, бұл бір қысыр жиылыс, өзі оп-оңай. Бірақ бұл Петербург бас тартатұғындай, Петербургқа тоғыздап ишан барған сияқты болады. Қазақ баласы бас қосқан жиылысқа əкеліп ортаға салатын, жиылыста сынға түсетін сөз ел арасында сөйленіп, жазылып, сынға салынып, иі болып пісуі керек қой. Біздің ел мынаны мақұлдап тұр деп ел сайлап жіберген депутаты қазақ бас қосқан жиылыста дауласады. Бұл жиылысқа баратын сөз не сөз екенін əр жерге жұрт не екенін біледі ғой. Біздің бишара қазақ «жер, жер» дегенде мұжық алған жерді қолға ала жылайды. Мұжық қазақ жеріне келмей тұрып, жерді тып-тыныш əділдікпен пайдаланып жүргендей. Мұжық һəм бұдан былай мұжықтан басқа орыс байлары алатын жер дауы тұра тұрсын. Мұның жөні бір бөлек. Қазақ жұрт болатын болса, өз ішіндегі екі қазақ жер дауын құрту керек қой. Бұрын аға сұлтан уақытында қазақ жерінен оброчная статья деп жер кескен, бұл жерді біреуге жалдап, хақысын аға сұлтанға беретін еді. Осы оброчная статьяны бишара соқыр аға сұлтандар өздерінің партия дұшпанының жерінен кестіреді. Аға сұлтандық жоғалған күні, бұл оброчная бəрі қазынаға кетті. Жұрт пайдасын білсе, жұртқа қамқор
боламын десе, аға сұлтандар мұны қыла ма, оброчная статья хақысымен күн көремін дейтұғын аш емес қой. Семей уезінде, Аршалы елінде 7 ауыл жүз елу дауы. Жүз үймен сайлауда жықтым деп алым-шығын ақшаның бəрін елу үйге салады1. Болыс, би ауылнай өз жағымызда деп елу үйді ұрлайды, пішенін тартып шабады, жерін тартып алып мал жаяды (қырда осы сияқты елу дауы кісісі қорлықтан басқа түк көрмейді). Сорлы болған елу дауы қазағы бөктемеде қалса, ақыл сұрай қасындағы көршілері мұжыққа барады. Мұжық бұларға ақыл береді: «Сендер қала болып, біздің болысқа жазылсаңдар, бұл қазақ қылып отырған кемшіліктен құтылсаңдар» деп, елу дауы қазағы Семей жандаралына арыз береді; «мұжық болып тəмам қазаққа мұрындық болайық, бізге жер бөліп беріп, бізді қазақ ауылына шығар» деп. Жер өлшеуіш барғанда елу үй кісісі жау қолына түстің бе деп, жүз үйдің бар пішен, егін жайын планға салдырып алады. Мұжық қазақ жерін алмай тұрып-ақ, жер осылай бітпес дау басталған. Осы жұмысты қылып отырған жүз үйі де, елу үйі де қалайша жұрт болмақ. Осы керейдің қылып отырған ісі əр жерде, əр елде бар емес пе? Ақтөбе уезінде Тұзтөбе болысында мұжық боламын десек, төренің жақсы жерін аламыз деп қазақ арыз беріп қала болмаққа бастап еді. Бұлай етіп жүріп бишара қазақ не жұрт болар? Орал уезінде жерден кемшілік көрген төлеңгіттер «мұжық боламын» деп сұранып жүр, қазақ бишара мұжық қазақ жерін алмағандағы жер туралы қылған адамшылығың қайсы? Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар пішен шабатын жерге, егін жайға, жаз қонысқа, қыс тебінге зорлық қылады. Кемшілікте жүрген бишара сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орын беретін он бес десятина болса да ие болалық деп сұрап отыр. Қазақ бас қосқанда жиналысқа иі қылып, пісіріп əкелетұғын жұрт сөзі осы қазақтың өз ішіндегі жер сөзі қайтсе қалай қылып пайдаланса, халық, жұрт пайдасы шығады? Жерден не қылса пішенге, арыққа, егін жайға, суатқа дауласқан құриды? Жұрт болып осыны кеңесу керек қой. Осы үй арасындағы жер дауына жұрт не дер? Мұжық бір қаланың жерін жақсы, жаман, тастақ, шөл деп бірнеше бөледі, осының əр бөлігін бір сыбаға жер пайдаланады. Ер басына бұл бөлек бес-он жыл ғана тұрады, бұл уағдалы күн біткен соң қайта бөледі. Себебі, өткен бес-он жылда біреу бай, біреу кедей болады, осыны теңгермек. Бір қалатын мал бағатын жері бір болады. Мұнда үй басында бағатын мал саны белгілі. Мысалы екі ат, бір бұзаулы сиыр. Мұнан артық мал бағамын деген кісі айрықша артық қара басына алым төлейді. Оны жұрт жиылыс қылып бекітеді. Жұрт əділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды, өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды. Орыс патшалығының адам болып отырғандығы мұжықтың ғаділдігі. Орыс патшалығының бар адамының күнелтіп отырғаны мұжықтың жаһитшілдігі.
Бүгін осымен сөзді қысқартайық. Жерден басқа бас қосқандағы сөйлейтұғын сөзді келер хатқа жазамын. Қыр баласы 1 Бұл 1898 жылда болған жұмыс. Ішкі хабарлар Күншығыс Жетіөгіз болысы – Пржевальски уезі Жетісу облысында 1912 жылы апрель айында Мазуренко атты производитель «Бақетер» деген көрші мұжық қаласына қосымша қылып «Жеке пар» деген жерді кесіп береді. Бұл «Жеке пар» күншығыс Жетіөгіз болысына қараған 99 үй қырғыздың жері еді. Осы 99 үй қырғыз жерден айырылып, сыпырылып қалды. Қайда барары беймəлім. Өткен қыс жұт болып, жұрт жүдеп шығып, өткен жазғытұры бұл қырғыздар «Жеке пардағы» қыстауларында болған ағаш үй һəм қораларын тез көшіріп ала алмады. Осы жабдықтарын күзете бір үй қалдырған еді. Күзетшіні ұрып-соғып, үйді жығып, бағанағы жер алған көрші мұжықтар нəрсені, қоймаларды барымталап кетті. Қалаға барып лайықты орнына арыз беріп еді. Қырғыз сөзі құлаққа тағылмады. Осы жазылған сөз бəрі рас болар ма? Біз Думасы бар, закон арқылы патшалық панасында емес пе едік? Тал түсте барымта бола ма екен? Мұны жоғарғы ұлықтар білмес, білсе аяқсыз қалдырмас. Қырғыз законынан тысқары болмас. -16-ншы июньде Құсмұрын болысының (Петропавл уезі) 3-нші аулының қазағы Əбдірахман Көшекұғлының қыстау жерлерінде болған шабындарын көршілес Қарасу қаласының бірнеше орыстары келіп ұрлап шауып жатқандары хабарланып, Əбдірахман Көшекұлы орыстарға барып: «Шаптырмаймын, рұқсатсыз біреудің үйін, шабынын неге шабасыңдар!» – деген екен. Орыстардың біреуі мылтықпен осы сөзді айтушы Əбдірахман Көшекұлын атып өлтірді. Орыстардың көбі қашып кетіп, төрт орыс қазақтардың қолында ұсталып қалды. Сол турада Құсмұрын болысының управителі Түзбаев һəм пристав дознание қылып тексеріп жатыр. Кəшімолла Сəлім Жауаров Ішкі хабарлар - Мұжық «жұтадым» деп қазақ жерінің ең жақсысынан қашып жатыр. Біз он бестен ер басына жер алып «мұжықтан жаһитшіл, өнерлі боламыз» деп жатырмыз. Бұл қалай?
– «Приишиме» деген Сібір газетасы жазады: «Көкшетау уезінде Жыланды болысында қазақтар қыстауынан елу шақырым, жүз шақырым далаға көшіп, ащы-татырға жаңа қыстау салып жатыр. Үндістан, Ауған патшалығына көшпек болып тағы Көкшетау қазағы қоныс қараушы жіберіп отыр» депті. Қазақ баласы жүрген жерде Көкшетаудан жақсы жер жоқ. Он бестен жер алып, қазақ баласы адам болатын болса, осы Көкшетаудан алу керек, Көкшетау қазағы мұжық тепкісіне шыдамай, ащыға көшсе, Ауған патшалығына барамын деп сандалса, өзге жердің қазағы он бестен жер алып шаруа қыламын деген адасқандық. Қазақ баласы көшіп баратын Бұқарада, Ауғанда, Үндістанда, Монғолияда артық жер жоқ. «Қазақ»-та бұған дəлел айтып жазармыз. «Мұжық ортасында қалдық» деп қара топырақ қыстауды тастап, ащыға көшкен жетпегендік. Қыстаудан көшпеу керек, осы қыстауды олар да он бесті қыстаудан алып, өзім отырамын, мұжықпен ауыл үй боламын деу керек. Қазан, Сібір, Уфа, Самара, Оренбург губерниясында ноғай, башқұрт мұжықпен аралас отыр. Мұжық бұларды жеп қойған жоқ. Мұжық бай, ноғай, башқұрт кедей болса, мұжықтың жаһитшіл, бейнетшілдігі. Ноғай, башқұрттың жалқаулығы олақтығы. Оқшау сөз Тіршілік жайынан (басы 20-ншы нөмірде) Бірақ əттең бөтен халықтардың əлемісінің көзіне түскен, өзіміздің де көз алдымызда күнде көрініп тұрған халықтың жалқаулығы-ай, жаңа тəрбиеліктен пайда болған, атадан келе жатқан ұйымсыздық, ынтымақсыздық, алауыздық мінездері-ай! Осы құрғыр мінездер халықтың түбіне жетіп, бөтен халықтарға олжа қылып жібермесе жарар еді!.. Жоғарыда аз ғана заграницадағы халықтардың істерін айттық. Енді өзіміздің ісімізге қарайық: қазақтың жеріне қатар орыстар егін салса бұлардың егіні қазақтікінен көп артық болады. «Бұл не себептен» – деп қазақтан сұрасаң, «бұл дүниеде орыстарға тілегін берген ғой» деп жауап береді. Өзінің тілегін қабыл болуын, кісінің оңып, бай болуын ол дүниаға қаратып қояды. Мұның барлығы да қараңғылықтан шығатын кеңес. Дұрысы бұл дүниаға істің оңып, адамның көңіліндегі мəдісі қабыл болуы үшін орыс болуы керек емес. Ойлап тұрсаңыз мынау тілегім... теміржол, күніне пəленше мың пұт егін соғатын машина, күніне пəленше мың пұт бидай тартатын диірмен, осы уақытта шығып жатқан көкке ұшып, аспан ауамен жүретін машиналар. Бұлардың бəрі де өнер-біліммен шығып жатыр. Осылай секілді ол уақытта шаруашылықты қалай істеуге керек екенін үйрететін-оқытатын орындар бар.
Жоғарыда айтылды... «Барша мақұлықтың күн көретін азығы жерден табылады» – деп. Соның үшін жер барша мақұлықты асырап тұрған анасы секілді, бірақ ананы бала еме берсе ананың өзі ешқайдан азық алмас, əрине ақырында ананың да сүті таусылып, баланың да азығы болмаса керек. Жер һəм сол секілді. Жер шені, шеті жоқ дала болмаса, əр кімге күн көруге лайықтап, өлшеп берген шамалы ұлыс болса, ол аз ғана жерден жыл сайын егін егіп, керекті азық алынып тұрса, бұл жердің өзіне еш қайдан қуат берілмесе, ол жердің қуаты жылдан жылға кеміп, ақырында еш нəрсе ол жерге шықпаса керек. Мінеки, жоғарыда айтылған кəсіп істеу жайын оқытатын орындар да үйретеді: жерден өсіп шыққан нəрселердің бірсыпырасы өзінің азығын жердің үстіңгі қыртысынан алады. Бірсыпырасы онан тереңірек алады, үшінші түрлісі азығының біразын жер астынан алып, біразын мынау адамның дем алатын ауаның ішінен алады. Адамның дем алғаны секілді. Жəне де бидай, рис, сұлы секілді нəрселер жерден біртүрлі азықты молырақ алады, ғылымда «фосфорная кислота» деп аталады. Картоп, капуста, жоңышқа секілді нəрселер екінші түрлі азықты мол алады, «калинный соль» деп аталатын. Басқа мал асырайтын шөптер жерден үшінші түрлі азықты алады, темірмен заттас жəне де бір түрлі жерден өсіп шығатын нəрселердің жерден алатын азықтарын екінші түрлі өсіп шығатын нəрселер өздері жерге береді. Мысалы, жерге бидайды, рис, сұлы егіп, жердің қуаты кеміп, осы егіндерді егуге жарамайтын болса, бұл жерге бірнеше жыл жоңышқа ексе, жердің ақау бидай, егіндерге берген қуаты жаңадан өзіне қайтпақшы. Жəне де белгілі бірнеше жыл егін егіп, қуаты таусылып, еш нəрсе шығудан қалған қысыр жерлерге сол қуатын жаңадан өзіне қайтаруға малдың тезегі-қиы ем болады. Егер мал болмаса, тезек-қи болмаса оған ғылымда айтылады: «Пəлендей жерге пəлен түрлі дəріні пəлендей қылып қалыппен қосса, ол жердің қуаты жаңадан өзіне қайтып, тіпті бұрынғысынан да артық егін беруге шамасынан келеді» – деп. Жəне осы егін шығаратын адамның пайдасына керек егіндердің əр қайсысы қандай жерді жаратады, қандай уақытта, қандай ауаны жаратады һəм суы мол жерді сүйеме, құрғағырақ жерді жарата ма, құмдау жерді жарата ма жəне жоғарыды айтылғандай əр қайсысы жерден нендей түрлі азық алады, өздері жерге нендей түрлі азық береді. Жəне де малды нендей тамақпен асыраса сүті артады, нендей тамақпен асыраса майы молайып семіреді. Нендей тамақпен асыраса жүні өскіш болады. Осылардың бəрі де өнер-білімді халықтарға белгілі. Осылайша шаруашылық істеудің ғылымын үйреніп, біліп алып, заграницадан ғылымды халықтар халқы өте көпшіл болып, жері өте тар болса да жерден көп пайда шығарып, күнін көріп байып жатыр. Бірақ сонда да егін кəсібін мың жылдан артық замандардан бері қарай хатта осыбіздің уақытымыздағы өнерпаз заграница халықтарға шейін
дүниежүзінде əлі күнге шейін бір халық қытай халқынан арттырған жоқ. Қытай мен біздің патшалығымызды салыстырып қарасақ көреміз, Қытайдың жері біздің патшалықтан жартысынан да кем. Қытайдың халқының есебі орыс патшалығындағы халықтардан үш есе артық. Солай бола тұра орыс қол астындағы қазақ баласын, мұжық болсын осы күні жердің аздығынан қысымшылық көріп, мұнан былайғы замандарда тамағын асырап, күнін көру де жылдан-жылға қиын болып бара жатыр. Қытай халқы үш мың жылдан бері қарай халықтық есебінен қарағанда аз жермен күн көру түгіл, сол аз жерінен екі рет егін жинап алады. Һəм жерді жылдан-жылға қуаты кемудің орнына жылдан-жылға егінді артық беріп, жылдан-жылға өсіп келе жатқан артығымен асырап келеді. Бұл не ғажап? Мұның себебі не деп ойласақ, тағы да жоғарыда айтылғандай Қытай халқының миһнатқорлығы, ыждаһатшылдығы, бəрінен де жерді қалай тəрбиелесе, егінді мол беріп, қуаты кемімейтін ғылымды өте жетік білгендігі. Енді бұлай болса халық көбейіп, жер жылдан-жылға тарылып, заман қиыншылыққа қалып бара жатқаннан біздің қазаққа да əрине қарап жатуға рет келмейді. Егер бүтін бір тайпа елдігінен, халықтығынан, бұрынғы бабаларынан келе жатқан тілі, дінінен айырылып, быт-шыт болып бытырап, əр кенттің малайлығында тозып кеткісі келмесе, мұнан былай басқа қолдан келер іс болмаған соң біздің халыққа да ұмтылып оқып, ғылымның арқасында аз жермен күн көрудің жайын үйренуге ыждаһат ету керек. (Былайғысы бар) Əбубəкір Бірмұхамедұғлы Құрастырушыдан: «Тіршілік жайынан» атты мақала «Қазақ» газетінің бірнеше санында жалғасымен жарияланған. Жинаққа жер мəселесіне орай жазылғандары енгізіліп отыр. Жауап хат Жиырмасыншы нөмір «Қазақта» басылды, Қостанай уезі, Кеңарал болысында қазақтар бірі он бестен надел аламын деп, бірі қазақша отырып жер аламын деп артыс-тартыс ынтымақ жоқ, бұған не ақыл деп? 17-нші октябрь 1905-нші жылда патшамыз өз еркімен əділ боламын деп шығарған манифестің 3-ші бабында жазылған: «Енді мұнан былай ешбір закон Думада қаралмай, Дума дұрыс демей, закон қуатына кірмесін» деп. Қазақ жұртының жері туралы шыққан закон «Степное положение» 25нші мартта 1891-нші жылда шыққан. Мұнда қазақ көшпелі. Осы Степное положениенің 120-нші статьясының қосымшасында қазақтан артылған жерді қазына пайдасына алады деген сөзге сүйеп переселен, мұжыққа,
хахолға қазақ жерінен алмақ болып, қанша жер көшпелі қазақ шаруасына керек, осыны білеміз деп Щербина есебі деген қазақтан есеп алған. Осы есеппен қазақты көшпелі шаруа деп, қазаққа енші жер қалдырып, қалған артық жерден мұжыққа, хахолға участке жер көрсетеді. Қазаққа қалдырған Щербина нормасы қазаққа көп жер қалдырды, қазақ ұтып кетті деп, қазақты қайта жазды. Бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа норма шығарды. Ол нормасы аңшының екі сартпен олжа үлескені секілді. Бисмилла, безгелдек, Бұлай жатса дуадақ, Сыбағама қоңыр қаз, Үлесіме үш үйрек, Екі сартқа бір татар, Аққуды пақырың артар – дегенде, сарттар: «Қайтсін, атап-атап алды ғой» деген екен. Сол сияқты қазақ саған нормамен жер қалдырдық десе қайтсін, атап-атап алды ғой деп, мінеп тастаған жерде отыра беретін еді. Қазақ жеріне телміргендерге бұл закон арқылы қазаққа жер беретін көшпелі норма жолы тар болды. Көшпелі деп қазаққа жер қалдырса арамза көзге қазақ ұтып отырғандай көрінеді. 9-ншы июньде 1909-ншы жылы министр Советіне мақұлдатып, қазақ он бестен жер аламын десе надел мұжықша жер берілсін деп шығарды.1 Бұл закон емес, 17-нші октябрь манифесінен бері законды Г.Дума һəм Г.Совет, патша үшеуі шығарады. Осы министр Советі мақұлдаған жолда не жазған? Қазаққа көшпелі шаруасы тойғандай жер берілсін, бұл қазақ сыбағасы тиген жерде таза болсын, ащы, құм, сор болмасын деген (6-ншы бап). Қазаққа көшпелі деп жер бергенде нормамен есеп қылған, жер бағып отырған малға, қылып отырған мал шаруасына аз болатын болса, нормамен беретін жерге бай қазақ малдары сыймаса, осы қазақ сыбағасы деп нормадан артық қазақ пайдасына жер қалдырады деген (7-нші бап). Осы 7-нші бап арқылы қазақ нормадан артық жер алды деп естілмейді. Бұл бап жазылып, бос жадағай-жайдақ қалған бір жақсы сөз сияқты көрінеді. Қазақтың көшпелі шаруасын тояттататын жер қалдырғанда қыстау болсын, жайлау болсын, тұрған қазақтан басқа осы жерге көшіп келетін бөтен қазақ пайдасына норма арқылы жер сыбаға қалдырады (8-нші бап). Қазақтан артық жер алғанда бұл қазына жері қазаққа қалған жерді екі бөліп жолкесті қылмасын. Қазаққа қалған жердің арасында болып, қазынаға алынған жер қазаққа жол тоқтау қылмасын (9-ншы бап), қазынаға артық жер алғанда қазақ пайдасына қалатын: 1-нші – қазақтың қорасы, үйі тұрған жер; 2-нші – қазақ қазған арық, бекіткен тоғам байлауы;
3-нші – қазақ бақшасы, алма, мейіз ағашы еккен бағы, егіп шығатын ағаш; 4-нші – егінжай, пішендік, суарып егін-пішен оратын жерде (мысалы, Жетісуда), сол шығатын жерден егін, пішен орны деп переселен нормасымен жер беріледі. Осы айтылған жер, салып отырған егінжай, шауып отырған пішендіктен беріледі, бұл жерді қазақ біреуге жалдамай, майын сатпай, өз еңбегімен пайда шығарып отырса; 5-нші қазына аламын деген уақытқа шейін өлік қойылып тұратын бейіт, жұрт қасиеттейтін бейіт, закон арқылы салынған мешіт (10-ншы бап). Переселен мұжыққа жер кескенде малды суға айдайтын жолда болса, мұжық қаласына су беруге қарсы болса, қазынаға алынған екі бөлек жерді (через полосная дейді) айырып тұрса, 10-ншы баптың 1, 2, 3 һəм 4-нші бөлімінде жазылған сөздер босқа шығып мұндай айтылған жер қазынаға кетеді. Үйіне, қорасына, бау-бақшасына, тоғамға ақша төленіп, 4-ші бөлекте жазылған жер орнына өзіндей өз болысынан жер беріледі (11-нші бап). Қазақ өзі аламын десе ер басына он бестен артық емес жер берілсін, осыны отырықшы жұрт нормасы дейді. Осылай отырықшы жұрт нормасымен жер алған қазақ сайлауы билігі мұжықша болады. Алым жерге салынады, қазақ хатынан шығады. Сельский обитатель қатарына кіреді. Қазақ ер басына душевой надел, жер алған соң қазақ пайдасына асып қазынаға қалған жер уақытша мұжықша жер алған қазақ пайдасында тұра тұрады, өзге тəмам қазақ біткенді жер беріп орналастырғанша (20-ншы бап). Қазақ он бестен жер алсын деп закон жоқ, жоғарыда жазылған министр советі шығарған жол закон орнына айырбас болмайды. Бұл жолдың да 20-ншы бөлігінде қазақ өзі өз еркімен сұраса, мұжықша ер басына он бестен артық емес надел жер алады екен. Қазақ өзі сұрамаса, көшпелі қалпында тұра бермек, закон закон болатын болса, біздің қазақ законнан тысқары болмаса. Біз Думасы бар, Советі бар, əділ патшасы бар мемлекет панасында емеспіз бе? Законнан тысқары қалған іс жұмыс жүрмейтін жөні бар емес пе? Үндістан жұртының бала оқытқан молдалары жер есебінің жұмбағын тақтайға кестелеп салып, мынаны қара дейді екен. Қазақ жері туралы шыққан закон, закон емесін шимайлаймын, оқы да ақылын өзің тап, қазақ! «Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас» деген. Тəмам қазақтың алдыменен мұжықша ер басына он бестен надел алған Ақмола облысында Петропавл уезі Тайынша болысында 200 үй еді. Бұлар қазақ хатынан шықпаймыз, қазақ хатынан шығарып надел беретін болсаң қайта қазақ қалпына қайтамыз деген соң переселен мекемесінің төрелері бұл қазақты өзге қалған қазаққа мұрындық болсын деп еркелетіп, бес жылға қазақ қалпында тұра тұр деді. Тағы бишара сорлы қазақты осылай сипап жетелемесе болар ма? Бұл 1910-ншы жылда болған еді. Бұл қазаққа қылған төрелердің кеңшілігі жоғарыда айтылған министр советі мақұлдаған жолдың 20-ншы
бабына қарсы еді. Қазақты шырғаға шақырғанда өздері жасап отырған жолдан да шығарды. Міне, екі жыл өтті. Мұжықша надел аламын деген қазақ көбейді, қазақ қадірі кетті. Торғай облысында Қостанай уезінде надел алдың деп Сарыой болысының бірінші ауылын хахол болысына жазып жіберген2. Мұнысы 20-ншы баптың қамыты, надел алған соң бұл қамытты кигізбей қоймайды. Қазақтың он бестен ер басына надел аламын дегенде жұртқа айтатын сөзі мынау: «Надел алмай қайтелік, қыстаудан көшіргелі жатыр, надел алмасақ» дейді. Көшпелі қазақты қыстау жерінен қуатын себебі 9-ншы 1909-ншы жылғы министр советі мақұлдаған закон емес, ереже бабында11-нші бөлекте жазылған емес пе? Осы тəмам киіз туырлықты қазақтың бəрінің қыстау, егін-жай, пішенді, арық, бау-бақша, бекіткен тоғамы мұжықтың суатының аузында ғана ма? Өз мұрнының үстіндегіден басқа түк көрмейтін, жалғыз өз пайдасынан басқа жұрт пайдасымен жұмысы жоқ соқырлық, арамзалық айдаған бишаралық емес пе? Осы қазақтың көбінің өзі барып отқа түсіп отырғаны. Қазақ жүрген жердің ұжмағы Көкшетау уезі, Көкшетау қарауылы мұжық тепкісіне шыдамай Жиделі-Байсын қашса, қазақ 15-те отырып шаруа қыла ма? Қазақ 15-тен надел алмаса қыстау, егін-жайы, пішендік, арығынан қу, айда деген закон қайда? Қазақ баласы законнан тысқары қашан болып еді? Жүз түйені бір бұралқы ит құйрығына тіркесе, осы ит Ташкент барса, жүз түйе Ташкент кетеді. Итте не жаза бар? Түйенің жетекшілдігі емес пе?! Өзің түйеден жетекшіл болсаң, саған не ақыл керек? Ашылып ақыл жазатын хəлім бар ма? Көкіректе сайрап тұр. Қолыңды заман байлап тұр. Біздің жай мына ақын жайыма емес пе: «Байеке-ау, сіздің қызда жаман бар ма? Қызыңызды жамандарға заман бар ма? Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ, қылған соң Құдай қанша амал бар ма?» – деген бес тиындық қыздарды жазуға хəлім мүжіліп тұр ғой. 1 Инструкция 9 июня 1919 г., одобренная Советом министров. 2 Жаһанша Сейдалин хаты. «Айқап», №11, 243-244-бб. Қыр баласы Азып-тозып кетпеске не амал бар? * «Айқап» 11 нөмір Қазақ халқы азып-тозып барады: Жердің жақсысын мұжық алды; жаманы да қазақ пайдасына қалмайды. Үкімет мұжықтан қалған жерді арендаға сатайын деп жатыр. Кешікпей бұл законы да шықса керек. Аз да болса 15 десятинадан жер алып жатқан бауырларымның не боларына көзім жетпейді, жаным ашиды... Бұларды бытыратып мұжық болыстары-
на қосақтады. Бұл қосақтау бірінші февральда басталды. Қостанай уезі, Сарыой болысының 1 ауылы мұжықтың болысына кіргізілді. Суды, хакімі мұжық болса, тіл білмесе, алым-салым үш есе көбейсе, мұжықтан теңдік ала алмаса бұл қала салған қазақтың да күні қызық болмас. Атам маған айтушы еді: «Ит тойған жерін іздейді, ер туған жерін іздейді? Балам, халықты ұмытпа, ғылымыңа тойған соң, ақылды тоқтатқан соң елге бір айналарсың» деп. Мен осы сөзді ұмытпай, елге қайырылдым. Екі жыл болды туған жеріме, қалың қыпшақ еліме, ағайын ортасына келгеніме. Келгенде не көрдім? Өзін-өзі түтіп, шайнап жеп жатқан бір халықты көрдім. Баласын сатып тамағын асыраған халықтан бұл заманда не үміт? Ат – биеден, ер – анадан тумай ма? Құлдан, күңнен қандай азамат туар деп үміт қыламыз. Мешіт салыңдар, мектеп ашыңдар, тамыр дəрінің жуанын алмай, жіңішкесін ала көріңіз, га зет-журнал алыңыздар, ғылым жарысын жасаңыздар деп ақылымызды қазаққа аямай-ақ беріп жатырмыз. Бірақ мен ойлаймын, адам сатып күнелтіп тұрған елде нендей дұрыс мектеп, нендей дұрыс жақсы медресе, нендей ғылым жарыстыру? Мұны ақылды құрбыларыма жазамын. Қазақ халқының ауруы күшті. Бұл күшті ауруды күшті дəрімен емдемесе құр медресе, мектеп, 15 десятина жерменен емдеп жазуға болмайды. Көрініп тұр, қазақтың ауруы бір жерінде ғана емес, тұла бойында. Қазақ халқы ішінен жамандатпаса да 1869 жылдан бері «Степное положение» деген ауруды ішіп ауыра бастады. Бұл күнде өзінен-өзі жерініп тұр. Жерді айтса жылайды, дінді айтса жылайды, малды айтса жылайды, жарқырап күліп айтатұғын қазақ байғұста ұрлық пен өтірік қалды. Арымыздан, жерімізден айырылып қалсақ та біздің қадірлі болыстарымыз осы екі қасиетті нəрсені орысқа бермей-ақ келе жатыр. Ал енді қазақ халқының тұла бойына тараған күшті аурудың аты не? Аты мынау: «Не нормальная система управле ние и суда, отсутствие народного представительства в законодательных учреждениях, нужда для изменение этой системы сообразно требованиям времени и особенностям киргизского народа». Яғни ел бағу тəртібі һəм суд тəртібінің халыққа жайсыздығы, закон шығаратын мекемелерде қазақтың өз адамының жоқтығы. Егер өз адамдары болса, айтылған жайсыз тəртіптерді заманға лайық, қазаққа тынышты қылып өзгертуге себепкер болар еді. Ал енді бұл тұла бойымызды құрыстырып тұрған ауруға дəрі бар ма? Күшті ауруға күшті дəрі: дəрінің аты – «сиез» (съезд), бас қосып бір жерде жайымызды сөйлесіп заманға лайық құрал табу. Бас қосылмай государственная дума һəм советке енді бізден адам бара алмаса. Бұл екі мекемеде бізден кісі болмай тұрғанда қазақ халқын чиновниктерге, мужикке талатпай адам есебіне кіргіземін деген судырдың бетіне түкіруге болады. Ондай сөзді айттыратұғын надандық яки балалық, яки шалалық, яки балтаға сап болып жүргендер айтады. Əрине сиезді хакімнің рұхсатымен жинауға керек. Шала-шарпы закон білетіндеріміз бар ғой.
1. Істің ең қиын жері рұхсат алу, іздену. Хакіммен үркітпей, шошытпай жақсы қалыппенен сөйлесу. Бұл сиез турасында бөтен хакім қанағат ететіндерден талапкер шықпаса, мен Аллаға сыйынып өз міндетіме алайын; 2. Бас қосу Орынбургта болсын; 3. Əр болыстан екі кісі сайланып келсін; 4. Нендей сөздер сиездің қарамағына түседі? (Бағдарлама). Əрине ол программа хакімге көрсетіледі. Министр бекітеді, программаға жазылатын лайық сөздерді əуелі «Айқап» һəм «Қазақ»-тың бетіне жазып салыстырарға керек: «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп бабаларымыз айтып кетсе де, ақылға ақыл қосылсын, сөзден сөз тусын; 5. Менің бұл жазған сөзімді мақұлдаған яки бұл турада айтатұғын ақылы болған азамат, атқа мінген ел ағасы һəм халыққа сөзін тыңдататұғын молда, хазіреттер болатұғын болса, олардың бəрінен өтінемін: маған хат жазып білгенін айтсын; 6. Бұл басталайын деп тұрған халық ісіне тезінен жауап күтемін, шабылып қалған тарландардан: Бақытжан Қаратаев, Бақыш Құлманов, Əлихан Бөкейхановтардан, бұл үшеуінің өзі үш рулы ел болса да Алаш дегенде басы бір жерге қосылса керек. Жəне бұлардан басқа: Райымжан Марсековтен, Мұхамеджан Тынышбаевтан, Халел Досмұхамедовтан, Əбубəкір Алдияровтан, Ахмет Байтұрсыновтан, Сералы Лапиннен, Мұхамеджан Сералиннен, Жанайдаровтан, Батырша Есмахановтан, Зұлхарнайын Сейдалиннен, Міржақып Дулатовтан, Барлыбек Сыртановтан, Яқуп Ақбаевтан уа ғайри қазақ халқының халін көріп, жаны ашығандардан хат күтемін. Сиезге келуге уақытыңыз бар ма? Қайсыңыз соған уағда бересіз, қайсыңыз бере алмайсыз? Болашақ сиезге программа жазуға, ошақ басын ұстауға күш-көмек бере аласыз ба, жоқ па? Күні кеше бұл атын атап жазған он алты кісінің он алтысы да қазақ дегенде бұлбұлша сайрайтұғын еді, бүгін бас қосарлық дегенде не айтар? 7. Екі-үш айдың ішінде келген хаттар белгілі болса керек сиездің қандай болатұғыны, кімнің келетін, кімнің келмейтұғыны білінеді. Сол уақытта алған хаттан не тапқанымды жазармын. Хат жазуға адрес мынау: Троицк, Оренб. Губ. Присяжному поверенному Сейдалину. Жиһанша Əлмұхамедұғлы Сейдалин. *Құрастырушыдан: Бұл мақала «Айқап» журналының 1913 жылғы 11-санында жарық көрген. «Қазақ» газеті сілтеме жасап көшіріп басады.
Шаруа жайынан Қазақ жеріндегі шаруалық мал бағу мен егін егу. Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кəсібі. Мал бағу жайын ешкімнен үйренбей-ақ, өзіміз де білеміз деп жүр. Қазақ мал бағу жайын білмейді деп, біз де айтпаймыз. Бірақ білім дəрежесі неше қабат. Қазақтың мал ұстау турасындағы білімі ең төмен қабатында. Қазақтың бұл білімі жердің молшылығында ғана білім болып жүр. Жер тарылса бұл білімімен мал бағып күн көруге болмайды. Қазақ егін егуге кіріскелі де біраз жыл болды. Егін турасындағы білімді де қазақтар біліп болдық деп жүр, егін жайында еш кімнен үйрене қоятын емес. Біздің қарауымызша егін турасындағы білімі де мал турасындағы білімі сияқты жердің молшылығында білім болып жүр. Жер азайса ол біліммен алыс кетпейтін болар. Қазірінде қазақтардың сұрып жерлерді еркінше жыртып, содан соныға түсіп отырғанда, мұжықтан егіні төмен шығады. Ол жер дəрежесінің төмендігінен емес, білім дəрежесінің төмендігінен. Қазақтар көбі егін жайынан: егін егуге жер жырту, тырмалау, тұқым шашу керек екендігін ғана біледі. Осымен егін білімі тəмам деп ойлайды. Қашан, қалай, һəм қанша рет жырту керек, қалай етсе шашқан тұқымға жер жайлы болады, не нəрсе оған зарарлы, не нəрсе пайдалы, пайдалы нəрселерден пайда тию үшін, зарарлы нəрселерден зарар келмес үшін – не істеу керек, ол жағынан қазақтардың білімі тіпті нашар. Ол білімнің нашарлығы қазір жердің молшылығында сезілмейтін шығар, жер таршылыққа айналса, тез-ақ сезер. Аз жерді осы күнгі қалыбында тұтына бастаса, жерін тез-ақ тоздырмақшы. Тозған жер жаңарып жетілуіне қазақ даласында 15-20 жыл керек. Қала боламыз деп ер басына 15 тен жер алғандар бұрынғы молшылық қалыппен ексе, оған өлшеулі жері шыдар ма? Жерінің бəрін тоздырып алып ол жер түзеліп жеткенше 15-20 жыл жел оба ма? Бұл сөзді қала боламыз деп өлшеулі жер алған қазақтардың кейбір ісінен хабар алып жазып отырмыз. Əуелі қала болудың мəнісі не екенін білмей, көптің дүрмегімен кіріп қалып, енді не екенін көзімен көрген соң, адасқанын біліп, қалай бетін түзерін біле алмай жатқандар бар көрінеді. Қала боламыз десе де малсыз күн көре алмайтын болған соң, мал бағуға қалаға деп өлшеп берген жер жетпейтін болған соң, істейін деп жатқан амалдары мынау: екі-үш участке қосылып, жерлерін біріктіріп, бірін қыстау, бірін жайлау істемекші-мыс. Бұлары əншейін далбаса ғой. Адасқанын байқаған соң абдырағаннан істейін деп тұрған іс қой. Əйтпесе он бес десятинадан алған ұлтарақтай жерлерді құрастырып жайлау, қыстау дегенмен есебі баяғы бір он бес қой. Қалай қарай тартсаң да жер созылып молаймайды ғой. Əуелі малсыз күн көре алмайтын боғанда «сау басқа сақина тілеп алмасқа» керек еді. Қала болу не екенін білмей барып, шорға түсіп қалсаң,
ендігі істейтін іс, біздің ойлауымызша: бұрынғы «жайлау» деген атты жоқтау болмасқа тиіс. Өткен өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғаныңмен жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс. Ендігі істейтін іс: учаскелерді құрастырып, мынау жайлау, мынау қыстау деп, ат қойып құр көңіл жұбату емес. Көрпең қысқа болса, көсілуге жетпейді. Созғаныңмен молаймайды. Көрпең жетсін десең, істерлік жалғыз-ақ амал бар: көсілуді қойып аяқты жию. Сондай-ақ аз жерге істер жалғыз-ақ амал бар: жердің таршылығына істейтін амалға түсу керек. Ол амал аз жерден көп жердің пайдасын шығара білу. Олай етуге бұрынғы мал бағу мен егін егуге жарап жүрген білімдеріңнен басқарақ білім керек. Ол көп малдың есесін аз малдың асылын ұстап толықтыратын білім, аз жерді аздырмай, көп жердің орнына тұтынатын білім. Бұл екеуі де қазақ қолданып көрмеген білімдер. Малдың асылын ұстау үшін қазақ қолындағы малын асылдандыру керек, асыл малдың ішінде қазақ жерін жерсінетін, жерсінбейтіндері болады, оны да біліп алу керек. Аз жерді аздырмай, көп жер орнына тұтыну үшін асыл малға керек білімнен де көбірек білім қажет: бірақ сол білімнің бəрі де білгісі келетін адамдарға табылатын білім. Білу үшін əуелі керек қылу шарт, екінші – жыхад ету шарт. Бұл жоғарыда айтылған сөз қазақтың бəрі үшін, əсіресе арасындағы қала боламыз деп, қамытқа басын сұғып қалып, қайта шығара алмай, абдырап тұрғандар үшін. Аз жерге істейтін амал жалғыз-ақ осы. Егін егу, мал бағу жайын жақсы білетін адамдардың сөздерін мұнан былай əр уақыт газетаға жазып тұрамыз. Тілшілер сөзі Зайсан уезіндегі қазақ жерлері 1-Қара Ертіс болысы. Бұл болыстың Марқакөл қасындағы жайлауынан Ақжайлау деген жерге мұжық келіп орнады. Қазақтар сұранса да, жібермейді. Жəне осы ұлыстың Кендірлік өзеніндегі «Ер» деген өлкеге мұжық қала салды. «Ер»-дің бір жағына 80 үй Қара Ертіс болысының қазақтары қала салуға рұқсат алды. 2-Шілікті болысы. Зейнолла Бұтабай баласының қыстауын биыл қазына өлшеп алды. Мөлшері 60 десятина: Мұны қазына Зайсан қаласының байы Сорокинге берді. Сорокин генерал губернаторға арыз қылып еді: «Тақсыр, мен мал өсіремін, қазақ жерінен маған лайықты жер берілсе екен» деп. Зейнолла «ізденемін» деп Зайсанға келді, патшаға шейін барамын, малымның бəрін саламын, жерімді бермеймін дейді. Сорокин мынаны айтады: «Сен Зейнолла, менімен егеспе, біз елі бар, жұрты бар халықпыз, сен жалаңашсың...» – деп. Бұл жер Шілік суының бойында.
3-Шорға болысы. Шорға, Жетіарал деген астыққа тіпті аяулы жер, топырағы да жақсы, ала-құла жері жоқ, негізі астық оңғыш. Мұны Зайсан қаласының анасы деп айтса да болады. Ала қыстай мұнан Зайсанға мыңмың пұт астық кіреді. Бұл ұлыстың қазақтары бəрі егінші, бай келеді. Жетіаралға мұжық келіп орнап қала салып жатыр. Жетіаралдың бір жағында Шорға болысының 8-нші нөмір қазақтары қала салуға тіленіп еді. Қысты күнгі Зайсанда болған начальниктердің комиссиясы арызды мақұлдап, қазаққа жер кестіріп, өлшетіп береміз деп рұқсат қылып еді. Бұл күнгеше жер кесусіз, землемерді қазына шығарады деп қамсыз жүр. Партия советі Тоғамның суына таласып, екі қазақ өзді өзі бірінбірі сойылдап ұрып жығып, ат-шапан, түйе, ақша алысып жүр. Осылай шырылдасып жүргенде өзінікі деген нəрселерден айырылып қаларлықтай жайлары бар. 4-Кендірлік болысы. Кендірлік суының бойында бір казак-орыс поселкесі бар. Қаратал деген жерге мұжық орнады. Жерімізді бермейміз деп бір ұлыс ел болып, ортасынан доверенный сайлап, адвокат жалдап қуса да еш нəрсе өнбейтін болған соң «Қараталға»-ға хош айтып, жай жатқан күйлері бар. 5-Майтерек болысы. Бұған қараған 60 шақты үй Күршім суының Ертіске құйған жеріне жақын, өз мекендерін сұрап қала боламыз деп Семей переселен правлениесіне арыз береді. Арыз мақұлданып, қалалыққа рұқсат қылып қайтар еді. Партиялық советі арызға қайтқан жауапты Майтерек управителі 60 үй қазағына есіттірмей қалалыққа сендерді босатпаймыз деп жауып қойды. Бұл 60 үйдің доверенныйсы қысты күні Зайсанға барып начальникке арыз қылып, қолына қағаз алған. Қағазында «жаз землемер шыққанда жерлеріңді кестіріп алыңдар, егіндеріңді салып, қамдана беріңдер» деп жазылған. Арысұлы Төртінші дума һəм қазақ 19 нөмір «Қазақта» «Төртінші дума һəм қазақ» деген статья басылды: «Степное положениенің 136 статьясында қазақ жүрген жерде бөтен патшаның адамы һəм христиан дінінде болмаған адам жер сатып алмасын» – деген. Бұлай болғанда «Степное положение» арқылы да қазақ баласы жер сатып ала алмайтын болды ғой. 19 нөмірдегі басылған 136 статьяның переводы жаңылыс. Бұл 136 статьяның дұрыс переводы мынау: «Қазақ жүрген жерде бөтен патшаның адамы һəм христиан мизаһибинде болмаған, қазақтан басқа адам жер сатып алмасын», – деген. Сөйтіп күні бүгінге шейін қазақ баласының өзінікі қылып жер сатып алатын жөні бар еді, 136 статьяда жазылған. Жаңа шығатын закон осы қазақ баласының жолын – правосын жоқ қылмақ.
18 июньде төртінші думада закон болып шықты, Самарқанд облысында қазына су шығарып, арық тартқан, бұрын шөл, енді егін, мақта салатын жақсы жер христиан дініндегі ғана адамға берілсін деп. Күні бүгінге шейін қазақтан артық, қазына жері деп мұжыққа һəм шаруасы мұжық шаруасы сияқты мещанға жер берілуші еді. Жəне переселенге жер алғандай кедей, бишара, сорлы мұжық қайда барып күн көрер деп алушы еді. Енді бұл бишара мұжық табағына орыс патшалығы христиан ортақ болды. Өтірікшынды араластырып бетке перде ұстап жүрген, бишара мұжыққа мұнша кісіні ортақ қылғаны қалай? Думаға кіргізген закон жобасында жерді бермек еді, орыс облысына, мұның ішінде православный діндегіге ғана. Қазына жері бишара мұжыққа берілуші ед бұрынғы закон арқылы. Енді бишара мұжықтан алған жерді православный ғана адамға беремін деген ғаділдікке дұрыс емес, дін белгісімен жер алатын кісі бөлінбесін деп Волков, Виноградов думада сөйлеп қарады. Бұл екі депутат сөзін демеген болып октябрист граф Капнист закон жобасын түзеткен болып православный орыс баласы христиан дініне айырбастады. Осыны дума көбі мақұлдады. Осылайша бишара мұжыққа күндес молайып қалды. Бірақ бұл жер алатын право бүгінгі жер иесі қазақта болмайды. Бұрынғы законда қазақ жерін бишара мұжыққа деген еді. Енді неге православный орыс баласы деп закон жобасына жазылған. Түркістанда көп қызметтен қалған чиновниктер бар екен. Бұлар қазақ жеріне ғашық екен. Закон жобасы осы бишараларды жұмбақтап «православный баласы» қылып жерге бишара мұжықпен ортақ қылмақ екен. Сөйтіп қазақ жері сияқты май көрінгенде Түркістан төрелері тонды айналдырып киіп бишара мұжық болған екен. Хохол жұртының жақсы мақалы бар, қай діндесің деп хохол жұртынан сұраса, бұл бишара жауап берген екен: «Май берген діндемін», – деп. Закон жер христиандарға ғана беріледі деп шыққан соң, Түркістаннан басқа жерден де май жейтін хохол табылады ғой. Өткен жылы үшінші дума тарқады. Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып, закон жобасы қаралған еді. Сонда қазақ депутаты Мақсұдов сөйледі: «Сіздер думаның үйінің төбесін түзетеміз деп отырсыздар, əуелі думаның өз төбесін түзетіңіздер. Түркістаннан қазақ жерінен бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл Мəскеу депутаты Шешкин осы жоғарыда жазылған закон қаралғанда сөйледі: «Бұл қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзіне Забайқал, Харьков депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» асқақ законын түзеу керек» деді. Қыр баласы
Басқармаға хат Жер жайынан Біз Семей облысы: Павлодар уезі, Тереңкөл, Мұздыкөл атында екі ұлыс халық бұрын Тереңкөл атында жалғыз ұлыс болып, жақында ғана екі ұлыс болсақ та жеріміз бөлінбеген себепті жер хақында жұмысымыз да, бірімізде сұрауымыз да бір. Қазір Мұздыкөл жағындағы тоғайлар дачаға, араларындағы жақсы жерлер переселендерге кетті. Сондықтан Мұздыкөл болысының халқы бек қиындықта. Тереңкөл ұлысының халқы жалаңаштау болса да өздері күн көріп тұр. Бірақ Мұздыкөл халқы Тереңкөл ұлысына барып орнасарға жетерлік орын жоқ. Жаңа крестьян правосымен жер кестіріп, отырықшы болмаса, қазаққа деген жер де жоқ болса керек! Переселенге қыстауы кетіп екінші жерге, екіншіден үшінші жерге шақты құрылып жүрген бөдене-адамдарды көп көріп көңіл қайтпай бола ма? Бұрын жердің байтақ – бос уақытында кейбір мұсылманша болса да газета оқитын адамдарымыз: «жер осылай тұрмайды, арамызға басқа жұртты түсірместей, бірыңғай жатуға қам қылып, жер алайық!..» десе де оған басшы болған болса да арамыз болмаушы еді. Əсіресе Тереңкөлге қараушы бұрын болса, бұл күнде қажы болған бір адам, тағы оның бір інісі: «кажит-мажит сөзі не нəрсеге жарады, қала салсаң орыс болғандарың ғой!..» деп қала салдырмады, қазаққа норма деген нəрсе шыққанда қала салып тұрмаймын деп жер алуға бұл екі адамның көңілі болмады. Бұл екі адам бұл уақытта да бар, басшымыз да осы екеуі. Норманың да түбі бос секілді көрінеді: «Қазаққа мал оттайтын жер керек, тəуір жерлердің артығын норма бойынша ала береміз, сонда да қазақтың өзіне жер қалады» деп ара-арамыздан жер тілеп екі ауылдың арасы мұжықпен толды. Бір анаған да, мынаған да көнбей жүріп мұндай халге келіп жеткен соң бағанағы екі кісі онда-мұнда шапты. Бұл күнге дейін еткен нəрсе жоқ. Переселенге жер алатын төре һəм бөтен бірнеше бастықтар: «қазақша бұрынғы ескі түрменен тұруға жан басына 30 десятина жер беруге облыста бітім жасалды. 15 десятинасы оңды, 15 десятинасы орташа. Тағы бізге таңдап əлігі айтылған мөлшер бойынша жер кесіп бермей тұрып енді бізден жер алмайтұғын болды. Бұл бітімді корпус та ұнатты. Губернатор пəлен жұлдызда келіп орнастырмақшы..!» деп осы кісіміз айтып келіп жұртты бірнеше қабат қуантқан еді. Бірақ бұл күнгеше губернатор келген жоқ. Жыл сайын бірнеше участка алына береді. Біз енді осы «орнастырар, орнастырар!» деген сөзге алданып жүріп ата-қоныс мекенімізден айырылып жерсіз қалуға айналдық. Міне осы 1913-ншы жыл февраль жұлдызында айтылмас басшымыздың біреуі Петербургқа барған. Онда баяғы өзіміздің генерал губернаторымызға жолыққан. Дума өз алдына тұрсын, мұсылман фракциясына барып не бір пікір алуға, не бір пікір беруге қолынан келмеген. Бірақ
генерал губернаторды шақырдым, иншалла, «орнастырар» деп қайтып халықты қуантқан еді. 14 ншы майда губернатор келіп, халық жиылды. Губернатор: «мұжықша жан басына 15 десятинадан жер алыңдар, болмаса қазақша байтақ жайлап тұруға жер жоқ» деп кетіп қалды. Бұл күнде біраз күн көріп тұрған жерімізді гидро-техниктер бұрғылап учаскеге лайықтап жүр. Мұжыққа беретін 15 десятинаға көнсек жер беретін, көнбесек жер жоқ. Халіміз осы. Ардақты білімір азаматтарымыз «Қазақ» газетасы арқылы бізге кеңес берсе жарар еді. Кіндік кесіп, кір жуған жерімізді мұжықша отырықшы болып қала салайық па, яки бір жаққа ауайық па? Əлде басқа сұрануға орын бар ма? Рахмет Ілиясұлы Қала болған қазақтар жайынан Қапал уезінде арғын қазақтарының ерге мұрындық болып, қала болуды сұранып жүрген 64 үйі өздеріне «Қарамола» деген жерден жер кестіріп алған еді. Инженерлер келіп қаланың орнын, һəм оның ішінде мешітмедресеге деп біраз жер пішіп кеткен еді. Бұл қазақтар сонда егін салып, тамдарын қалап, мұжықша Жаһудшыл – тірі боламын деп қимылдап еді һəм мұжық тəртібінше старосталарын да сайлап қойған еді. Бірақ олар қамданғалы үш жыл өтіп барады. Жөндігіп кеткен бір істері көрінбейді. Қала болғаннан бері өз араларында дау-жанжал, араздасу көбейіп кетті. Көзге толық там да салғандары көрінбейді. Бұрынғы лас тұрмыстың иісі бұлардан əлі аңқиды. Мал қорасы, астық сарайы, қақпа секілді мəдени тұрмыстың мың нұсқадан бір нұсқасы жоқ. Егінді де тек немқұрайлы қалыбында салып жүр. «Жер тарылды, малдың өрісі құрыды» сондықтан оңды жерлерімізге өзіміз «қала болайық, үйтпесек қазақ жұрт бола алмайды...» деп жүрген қазақ жастары солардың халін тексеріп қарап тұрса, мəдени тұрмыстың жайын айтса, олардың қаласына барып бес-он күн жатып, ол бейшара бауырларына сөзбен болса да демеурін берсе, кім біледі, олар мəдени тұрмысқа үйреніп кетер еді. Ə дегенде ескі тұрмыстан жаңа һəм жат тұрмысқа жатырқамай үйрене қою оңай емес. Енді үкімет кісілері бұларға өз беттеріңмен жеке қала болып отыра алмайтын көрінесіңдер, дау-жанжалдан бір арылмадыңдар. Сондықтан сіздерді құрдың боғындай бытыратып он үйден орыс қалаларына қосамыз, яки орыстарды сендердің қалаларыңа орналастырып, соларды басшы қыламыз. Сол уақытта сендер, олардан көріп дүниеде қалай тұру керек екендігін үйренерсіңдер деп жатыр. Бұлар қала болса да жаз жайлауға шығып жүр еді. Енді «мұжық болған қазақтарға жайлаудың керегі жоқ, олардан жайлау алынады» деген сөз шықаннан бері бұларды» салы суға кетіп сасып тұр. Кейбір шолақ ойлылары қайтадан қазақ қалпына шығамыз деп қопаңдап тұр. Қала
болған қазақтардың жайы осы. Сондықтан бұл жақтағы қазақтарға қала болыңдар дейтін болсақ: «Қала болған арғындардың да шекесі қызарған жоқ!» деп жауап қайырады. Қ.С. Ішкі хабарлар Көрген-білген Ақмола уезінде аға сұлтан болған Ыбырай Жақбай баласы мен Арыстан төре Құдайменде баласы Ақсүйектікке жазылып, екеуіне мəңгілік жер бекітіп берген екен. Бұл кезде Ыбырай балалары атасынан қалған мирас жерлерін пайдаланып отыр. Арыстан төренің балалары ақшаға қызығып атасынан қалған 530 десятина жерін 1894 жылы Ақмолада Кудрин деген бай орысқа 15000 сомға сатып жібереді. Жері Ақмоладан 55 шақырым, Нұра бойында егіндік, шабындық аралас тəуір жер. Бұл күнде Арыстан төренің бес баласы жерінен айырылып өздерінің ақымақтығына іштеріне удай күйіп, кедейлік қамытын киіп жүр. Қазақ өз билігіне тиген нəрсенің қадірін қалай біледі? М.Д Жауап хат 26 нөмірде «Қазақ» Семей облысы Павлодар уезі Тереңкөл һəм Мұздыкөл болысының қазағының жер жайын басты. Хат иесі Рахмет Ілиясұлы жаланың бəрін жұртты бастап жүрген екі қажыға жауып отыр. Бұлар жер мол уақытта қала болып, мұжықша жер алалық деген адамдарға көнбей, 15-тен ер басына жер алмай, қазақша көшпелі деп 30дан жер аламын деп арам тер болып, енді тағы баяғы 15-тен қалды деп. Бұл екі қажыда жазық аз. Бұлар қазаққа 30 емес, 300 жер тисе көп дей ме? Тереңкөл һəм Мұздыкөлге ер басына 30 десятина шығарған орыс производитель работы Заборовский. Бұл қазаққа 30-дан жер бермек болғанда көшпелі норма қыстау жерінде ғана үй басына 150-190 десятина еді. Айналдыра салса бір үйде 3 ер болады. Тереңкөл, Мұздыкөлде осы нормамен деп көшпелі жер қалдырса, ер басына қыстау жерінен 50-60 десятина жер берілетін еді. Жайлауда үй басына 30 десятина өз алдында. Тереңкөл һəм Мұздыкөлге шыққан Щербина нормасы деген осы еді. Қазақ сыбағасына бұл жерді қалдырса, қазақты қыстауынан көшірмесе, қазақ егін-пішенін алмаса, қазақты қуып тастайтын бергі жылда шықты. Мұжыққа жер кесу қиын болды. Заборовский қазақ дауласпасын деп, жұмысты оздыру үшін саған ер басына 30-дан жер бекітіп беремін деп жұртты бастаған екі қажыға торғай байлаған ақсақ қарға қылып 30
десятинадан шырға тікті. Бұған 6-7 жыл болды. Қазаққа 30-дан жер берілсін деген закон, жол жоқ. Қазақ жерінен жанын жалдап, тамақ үшін жүрген орыс беремін дегенмен, 30-дан қазаққа жер беріле ме? Осы шарғыға екі қажы белдемшеден түсті. 30-дан жер алатын қазақ «өзге жерді не қылсаң о қыл» деп жер кесетін төренің қолын босатты. Бұған қазақтың 30-дан жер алғаны, алмағаны бəрібір. Омбыда генерал-губернатор, Семейде областная временная комиссия қазаққа 30-дан жер беретін дос, екі қажыны алдап қойып, анау-мынау деп жерді ала береді. Қазақтан бір дыбыс жоқ, қыстауға, егін-пішенге Заборовскиймен ешкім таласпайды. Мұжық қолында не бар деген бір кісі жоқ. Тереңкөл, Мұздыкөл уағы асатпайтын майға қақалып отырғанда жер заманы өзгертілді. Қазаққа көшпелі деп шығарған норманы көпсініп, кесіп-пішіп қуартты, 15-тен талай қазақ жер алды, қазақтың қадірі кетті. 15-тен жер алған қазақ көбейсе Тереңкөл, Мұздыкөл уағы 30-дан жер алатын орыстың еркесі ме еді? 15-тен алып мұжық бол, əйтпесе бұрынғыдай жау қолына түскен бойда отыра бер, жеріңді күн сайын тартып аламыз деп отырған жай осы. Бұл Тереңкөл һəм Мұздыкөл жері туралы екі қажының жазығы аз. Қанша ұзын болдым десе де адамның бой шарығы белгілі. Бұл екі қажының орнында өзге қазақ адаспас еді. Жалғыз жүріп өз басын қорғаса, кісі бəледен құтылады. Көппен жүріп өз басын қорғаймын десе, көпті құдыққа тығады. Көп мақсаты иін тіресіп, тізе қосып, бір жүрсе табылады. Жер дауы – тəмам 5 миллион қазақ дауы. Бір жерде қазақ 15-тен, бір жерде 30-дан алам деп, əркім өз пайдасын қуып іс қылып, Тереңкөл һəм Мұздыкөл уағының кебін киіп қалады. Қазақ ала, арамза, шабан болған соң шығынмен қылатын жұмысын еппен қылып отыр. Қазаққа 15-тен жер берілсін деген закон жоқ. Қазақ өзі егінмен шаруа қыламын деп, 15-тен алса, қазаққа мұнан көп жер керек дегеннің жөні бар ма? 25 мартта 1891 жылы шыққан Степное положениенің 120 статьясына қосымшасында қазақтан артық жерді алмақ. Бұлай болғанда əуелі қазақты орнықтыру керек емес пе, қазаққа жерді белгілеу керек емес пе? 15-тен алсаң жер белгілеймін, қазақ болып отырсаң, жерден күнде көшірем деп, қазақты күнде көшіріп отыр. Өстіп жұртты билеген патшалық бар ма екен? Біздің патшалық конституциялы емес пе, біздің патша қол астындағы адамның бəріне бірдей əділ емес пе? Біздің қазақ жерінен күнде көшіретін не жазып еді? Бұл жұрт жұмысын, жұрт болып іздемейтін бе еді? Əр жерде əр қайсың аяғын ат басқан баладай шыңғырмай. Енді бір-екі ауыз сөз көшпелі һəм отырықшы норма туралы. «Айқапты» һəм «Қазақты» оқушылар көріп тұр, біз қазақ жұртына ақыл берушілер екі бөліндік. Біріміз қазаққа түк те болса олжа, 15-тен жер ал дейміз, біріміз бұған жуыма, түк олжа болып не болады дейміз. Сөз айыр шықты деп əдепсіздік көрсеткен де бауырым бар. Талас дүние ғұмыр сипаты, талас-тартыс жоқ болса дүние абақты болар еді. Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға саңырау да айып.
Қазақ 15-тен жер алып, қала болып отырса, ілгері басып, оқымысты болып, шебер болып, Еуропа қатарына кетеді екен. Бұл Орал облысында һəм уезінде Шідерті һəм Жымпиты болысының 15-тен жер алғандағы жұртқа айтқан сөзі. Осы сөзді Рахмет Ілиясұлы теріс көрмесе керек. Шыңғыс хан дүниені алды, артында түк белгі қалған жоқ, Ақсақ Темір дүниені алмаса да артында Самарқанд, мешіт-медресесіндей белгі қалды. Шыңғыс көшпелі, Ақсақ Темір отырықшы, енді бұған не дейсің, қазаққа 15-тің қамытына жуыма деген мырзалар деп, біріміз айтамыз? Бұрын адам аз, жер көп болған, мұны біздің қазақ өз көзімен көріп отыр. Жердің көп-азына қарамай, жердің ауасына қарай адам баласы мал баққан иə егін салған. Жер көп болып, мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің ауасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстап отыр, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған. Бұған мысал Еуропада Швейцария жұрты, жері Түркістан, Алтай, Алатаудай ғұмырында қар кетпейтін биік тау малға жақсы, егінге жаман, адамы отырықшы болып қалада отыр, шаруасы мал бағу. Жер аз болған соң малдың басын азайтып, сүйегін асыл қылып, мал бағып тіршілік қылып отыр. Қадағын 80 тиын, бір сом 20 тиын біздің орыстың қаласында ірімшік осы Швейцария шығарған болады. Австралия жері біздің қазақ жері секілді шөл, топырағы жасық болған соң, Австралия жұрты қой бағып, мал шаруасын қылып отыр. Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүзіп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр. Самарқанда тұрған Заравшан өзенінің екі жағы биік тау, өзенде отырған ел суға құлаған соң, малды тау белдеуіне жайлауға бағады, қар түсе қайта малымен бауырға түседі. Мұнда да жеріне, жердің ауасына қарай шаруа: сайда егін, тауда мал бағу. Көшпелі деген сөз мал бағатын шаруаны түгел жаппайды. Қала болып отырып мал шаруасын атқаруға болады. Көшпелі мен мал шаруасын бір қылып қосақтап отырған үкімет осылай етсе, өзіне пайда шығатын болған соң. Қазақ жері – мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан. Ғұсмания түркі тарихынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауасы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып өзге шаруаға айналып отыр. Түркістанда өзен бойындағы қазақ өрік, алма, жоңышқа егіп отыр. «Соқырмен оттас болсаң көзіңді қысып жүр» деген. Адам баласының ғұмыры үшін қылған шаруасы жерге һəм жердің ауасына байлаулы. Қазақ жеріне келген мұжық көрші қазақтан асырып отыр. Мұжық жаһитшыл, мұжық көрші қазақ жеріне мал жаяды. Ақмола облысы, Ақмола уезінде, Нұра болысында Ивановский деген мұжық қаласының мұжығы егінді қойып, мал шаруасын қылып отыр. Бұлардың қала, егіні қайда деп сұрағанда мұжық сөйледі: Егін шықса, астық тегін есебінде қалады, малды қайда айдасаң да өз аяғымен барады, біз ақымақ па екенбіз, қазақтың даласында отырып мал бақпай, егін салып, – дейді.
Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен көп жылдарда ауырлайды. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс 15-тен жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тамақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады. Біз, қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып, жан-жағыңа қара дейтініміз, қазақ 15-тен алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды. Мен биыл 15-тен жер аламын деген болысқа қазақтың орыспен арбасқан комиссиясын көрдім. Орыс төресі сөйлейді: 15-тен жер алсаң, бекітіп береміз, қазақ болып көшпелі нормада қалсаң бүгін де, ертең де жерді тартып аламыз, – деді. Бұ қалай, біз қызыңның қойнынан шығып па едік деген бір қазақ жоқ. Өзі 15-тен жер аламын деп отырып, маған мал бағуға ащы жер бер деп сұрайды. 15-тен жер алу парқы егін салып күнелту емес пе? 15-тен жер алғаның жарайды, отырықшы болады екенсің, Шыңғыс ханнан белгі қалмаған екен, сен Ақсақ Темір болып белгі қалдырады екенсің, мұның бəрі жақсы, талапты ерге нұр жауар деген, 15-ті алып отырып ащы жерге мал баққаның қалай? Қалған ісіне қарағанда «жаман» Шыңғыс хан да, жақсы Ақсақ Темір де өз заманында жүйрік болған еді, бұлар қазақтың 15-тен жер алатынын қайдан білсін, 15 десятина үшін бұлардың əруағын қозғамайық. Отырықшы жұрт шебер, отырықшы жұрт озық дейді, бұл қанша рас? Міне, Қазан татары, Уфа һəм Оренбург башқұрты отырықшы, бұлардың қазақтан несі артық тарқы жолында. Арабстанда көшпелі араб тілі неше жұртқа өнеге. Мал һəм егін шаруасы отырған, көшкеннен болмайды, жеріне, жерінің ауасына қарай болады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертілді. Жапон жұрты бір үй болып шелекке дерттеніп, таң ата сатып жібереді, бұл күріш егетін жерді қуаттандыруға керек. Жапонда адам тезегі де ақша. Мұнда кісі қызмет қылмаған алақандай жер жоқ. Мұнда жаһитшіл болмасаң аштан өлесің. Жаз болса қыдырып қымыз ішкен, көрші ауылдың түтінін күзеткен біздің қазақ жігіті. Бізге бұл жұрт тіршілігі мысал бола ма? 15-те отырып, тамақ асырайтын болсаң, 15-тен жер ал, 15-ке мал бақпақ болсаң адасқаның, қаңғырғаның. Міне, біздің білгеніміз. Қыр баласы Оренбург, сентябрь 14 Ішкі Россиядан ауып келген мұжық қазақ жеріне қара ағаштай қаптады. Бұларға неге келді деп өкпелеуге болмайды. Басы артық жерге ақ сүйектер мен байлар ие болып, қатын баланың күн көруі қиынға айналып, бұзауын арқандап бағатын болса, пəлен жерде жақсы жер
бар деп қуса, мұжық сияқты қазақ та аумас па еді. Мұның шет жағасы Жиделі Байсынға көшіп жүрген қарауылдар көрсетіп тұр емес пе? Ал, бұлай болса қазақ жеріне келдің деп мұжықпен араз болмайды екен, бірақ бұл кезде мұжықтың қазаққа қылып тұрған дұшмандығы, жері жылдан жылға артып бара жатыр. Қит етсе, жанжал, төбелес, байлап тастау, хатта кісі өлтіру. Мұндай оқиғалар қазақ пен мұжық араласқан жерде тым-ақ көбейіп барады. Мұны, біздің басқармаға жаңа да келген бір хатта Ақтөбе уезінен Досмұхамед қожа бай баласы жазады: «Өткен августың 28-ншы күні түс мезгілінде Жусалинский деген мұжық қаласының 5 орысы жоғалған екі атын іздеп Арал төбе волостына қараған Қазмұхамед деген кісінің ұлына келіп, атымызды сендер алдыңдар деп екі кісісін ұстап алып кетеді. Сол күні кешке екі жүздей орыс жиналып, қару-жарағымен, манағы ұстап əкеткен екі қазақты арбаға отырғызып, күндізгі келген ауылға сау ете түседі. Сол арада арбадағы екі қазақтың бірін түсіріп мылтықпен атып өлтіреді; бірі қашып үйге кіріп кетеді. Мұны көріп сол елдің ауылнайы Жүніс Қарабала оғлы мойнына знагын салып орыстарға қарсы шыққанда, орыстар ауылнайды да, ауылнайдың қасындағы інісін де мылтықпен атып салды, екеуі де сол арада жан берді. Өлтірген үш кісіден басқа 7 кісіні атып жаралап, төртеуі өлім халінде жатыр. Бұл іс туралы прокурор һəм докторға хабар беріліп, осы күні тексеру болып жатыр». Бұл қалай арзан қан! Мұжықтың екі мəстегі жоғалды, кім ұрлағаны белгісіз, оның үстіне сен қазақсың, сенен басқа ешкім алмайды деп ел шауып, кісілерін шегірткедей қырады. «Қазақтың» өткен нөміріндегі Семей уезі, Сейтен ауылының қазағын мұжықтар қалай өлтіргенін оқушылар əлі ұмытпаған шығар. Сонда мұжықтар айтыпты ғой: «Қазақ өлтіргенге не жаза болушы еді» деп. 18-нші нөмір «Қазақ»-та Ақтөбе уезі, Теректі ұлысында дəл осындай оқиға болғаны жазылып еді, оның қысқа мағынасы мынау: Жəнібек деген елге көршілес Бозтубинский деген мұжық қаласының бір аты жоғалса, мұны сендер ұрладыңдар деп жүздей орыс ауылды қамап алып, жанжалдасып жылқышыны атып кеткен. Орыстар қару-жарақ асынып сайланып келген соң ешкім қарсылық қыла алмаған; бала-шаға, қатынқалаш үрей ұшып, далаға қашып көп əбігер болған. Жоғалған ат сатып алған ат екен, аяғынан қашып бара жатқанда қазына заводындағы полковниктің кісілері ұстап алып мəлім қылған соң ғана орыстар ашуын басты. Ат аяғынан табылып қандай жақсы болған! Тоңмойын Арал төбе мен Сейтен елінің қазақтарына қылғанын қылмай ма? Мұжықтың қазаққа істеп тұрған зорлықтарына қарағанда, патшаға бағынбаған, законге мойынсұнбаған жұрт секілді: не нəрсенің бəрін қол іспен береді, қазақты ауыл екен демейді. Егер соңғы 5-6 жылдың ішінде мұжықтың қазаққа заңсыз қылған зорлықтарын жинаушы болса бір кітап болып...
Көзім көрген оқиғалардан бір-екеуін жазайын. 1906 һəм 1907-нші жылдар Зайсаннан көшкен ауылмен Алтай тауына екі аз жайлауға шықтым. Үш ұлысты ауыл (Қара Ертіс, Қалжыр, Кендірлік) Ертістен өтіп, Алтайдың тауына асады. Бұл екі арада үш мұжық қаласы бар. Алдыдан Алтайға асып шығатын Дерелі дейтін жалғыз асу бар, сондықтан көшкен ауыл амалсыз мұжық қалалары арқылы қара жолмен асады; мұны біліп алған мұжық дəл жолдың үстіне соқалап, шықпаса да егін салған үш волост қазақтарына егінімді басасың, пішенімді жапырасың деп сылтау қылып, мал басына, шаңырақ есебіне 30-40 тиыннан ақша алады. 1906 жылы жазды күні ауыл əлгідей жайлауға көшіп бара жатқанда қазақ пен орыстың арасына тілмаш болып сөйлестім; амал жоқ қазақтар сұрағанын беріп көшті. Ертеңіне қалың елден, малдары жоқ болып, 5-6 ауыл еру қылған. Түстен кейін үдере көшейін десе, мұжықтар тағы да ақша сұрайды, бермесең көшірмейміз деп. Өңкей тіл білмейтін қазақтар дағдарып ілгергі ауылмен кеткен маған шауып келді, кешегі ақша берген орыстарың бəле қылып бүгін де ақша сұрап жатыр деп. Мен бұлармен бірге орыстардың қаласына келіп сөйлессем, мұжықтар шуылдап сөз бермейді. Қазақтарға қолдан берген қорлықтан, жолдан алған зорлығы артық, көше беріңдер дедім. Малды ауылдар еді, айқай-қиқу, ың-шың болып қоралы қой, қосты жылқы көшпен араласып тауға тырмысып асып жатыр. Орыс жоқ. Күн батып, қас қарайды. Бір кезде ағаштың арасынан мылтық, сойыл асынған 40-50 орыс шыға қаптады. Қазекеңде үрей қалмады, атқа қамшы басып, тауға қарай жөнелді. Мұжықтар келді де мені ұстап қаласына алып келіп, қазақтарға ақыл үйретіп ақша бергізбей көшкен сен деп каталашкасына жапты да тастады. Ертеңіне менен ешнəрсе өнбейтінін көрген соң босатып қоя берді. 1907 жылы май айында тағы да Алтай тауының ішіндегі Ақ жайлау деген жайлауына қара Ертіс ауылы көшіп келсе 70-80 мұжық келіп ұлықтан алған рұқсат жоқ, шатыр тігіп, əр жерге егін салып тастапты. Қазақтар əдетінше жайлауына келіп қона бастайды, мал кетеді бытырап. Мұжықтар егінге жақындаған малды шетінен мылтықпен атқылай бастайды. Мұның қалай деп алдынан қазақтар шықса, бір төртуыл жігітті атып өлтіреді. Былтыр Қарқаралы уезінен учитель имам Алимбеков маған жазған бір хатында айтады, көрші мұжықтары жоғалған малымызды тауып бер деп ағайындарын ұстап əкетіп қалаларына апарып неше түрлі ретпен қинаған. Табанына темір қыздырып басқан, екі аяғынан жоғары көтеріп асқан... үрпіне шөп жүгірткен. Тағы да былтыр Павлодар уезі һəм волостының үш қазағын (мұның бірі Жұмақожа Əти оғлы деген ауылнай) қасындағы көрші мұжықтар жоғалған атымызды сендер ұрладыңдар, ұрламасаңдар ұрладық деп айтыңдар деп ұрып, соғып қорқытып өтірік мойындарына алғызған.
Бұл үшеуін абақтыға əкеліп жапқаннан кейін, мұжықтың қысымынан абақты кең көрініп есін жинап жараларын докторға көрсетіп арыз беріп нақақтығына көз жеткізіп шығып кетті (Ақ жайлауға сол мұжықтар осы күні қала салып отыр). Осы нөмірде Зайсаннан жазған мұғалым Хафиз Сəрсекеевтің хаты бойынша мұжықтар Қара Ертіс ауылының тағы да бір қазағын қалай һəм не үшін өлтіргені басылып отыр. Бере берсе мұндай есімдер толып жатыр. Мұжықтың қазаққа қылып отырған қиянаттары көп, бұларға тоқтау қылған кісі кім, ретті жолмен олардың законсыз істерін көрсеткен қазақ та жоқ. Осы кезде орыстан тек мал жоғалса қазақтан көреді. Келеді де қол іс қылады. 1910 ншы жылдан бері мал ұрлығының жазасын ауыр қылып (3-4 жылға шейін Арисантский рота) хүкімет закон шығарды. Анық айғағы болса белгілеп сол ұрының өзін судқа берсін; закон бойынша малын алсын да, жазасын тартқызсын. Мұжықтың қазақтан көбірек дəндеп тұрған бір ісі, егінімізді жидың деп мал айдап алу. Бұл туралы да мұжықтың дегені болады. 5-6 сомдық егінге зиян келсе, 50-60 жылқы иə сиыр байлауда болады. Көп жерлерде жеріне түспей, тек жақын келген малдарды қаласына айдап алатын үйреніс бар. Қазақ барып малын сұрайды, орыс бермейді, сонан жанжал шығады. Қазақтар орысқа қарсылық қылар шама жоқ, ақырында тоқтының өлімінен де оңай қазақ өледі. Егінге мал түскен болса, екі жағынан панетой барып дұрыстықпен сөйлесіп егінді көріп кесім қылса, бермеймін деген қазақ тентек, үшеуден артық аламын деген орыстікі теріс емес пе? Екі жағы келісе алмаса протокол жазып жоғарғы ұлыққа арыз беріп законмен іздеу керек, қолмен алу жол емес. Əр жердің мұжықпен аралас қазақтары, егер көршілерімен тату бола алмай жоғарыда айтылғандай зорлық-зомбылық көретін болса, ұлықтарға білдіріп қазақты мұжықтың жерінен құтқарып тоқтау салуын тілеу керек. Мұжық орынсыз ақша төлетсе, қазақ үй басына 40-50 тиыннан бөліп салады да, көппен көрген ұлы той болғанша шығын деп азсынып жүре береді. Мұның түбі үлкен шығын екенін қайдан білсін. Егер қазақ жылына үй басына балаларын оқытуға 40-50 тиын ақша жұмсаса, біраз жылдың ішінде қазақтың оқымаған жан қалмас еді; қазақ тегін оқыған болса қазіргідей басқаларға құл болып отырмас еді. 40-50 тиынның аз-көбін осыдан байқауға болады. Орыс пен қазақ көрші жұрт болған заманда араларына мұндай дұшмандық кіру жақсы емес. Көрші елдер тату болса екі жағына да пайдалы. Мұжықтар қазаққа қылып тұрған бұл қиянатын тоқтатпаса, екі халықтың арасы ашылып қан дұшманы болып кетуі ықтимал. Қазақтың мұжықтан көріп отырған зорлығы, нахақтан төгілген қаны көпке шейін жүрегіне шер болып байланып ұмытылар ма? Мұны хүкімет те, жұрт та ескеретін жұмыс. М.Д.
Ішкі хабарлар Зайсан Көшкен елмен Алтай тауына шыққанымда мұжықтардың қазаққа қылып отырған зорлықтарының шет жағасын көрдім. Қара Ертіс елінің болысы Ахмеди саржан ұғлының ауылдары жайлаудан қайтып келе жатып Балақажыр деген мұжық қаласының жанына қонды. Ауылдың келіп түскені сол-ақ еді, əлгі қаланың мұжықтар «8 атымыз жоғалып еді, ізі осында келді» деп сап ете түсті. «Атымызды тап, болмаса ізімізді шығарып бер» деп отырып алды. Қазақ пен мұжық барып қараса із ескі, мұжық жаңа келген із деп бой бермейді. Сөйтіп тұрғанда мұжықтар жабыла атқа мініп, қалың халыққа жөнелісті. Барысымен шетте жатқан Іштікбай дегеннің бір айғырының үйірін айдай жөнелді. Іштікбай жылқысының соңынан шапқанда мұжықтар сол арада жұрттың көзінше мылтықты басып салды. Іштікбай опат болды. Бұл іс туралы қаладан судья мен доктор келіп өлген кісіні сойып, дознание қылып кетті. Іштікбайды өлтірген мұжықты абақтыға жапқан жоқ, кепілге берді. Мұжықтардың түрі жаман болған соң қазақ өте қорқады. «Ақпыз, бізге не қылады», – деп отыра алмайды. Бұл жақта мұжықтың малы жоғалса болыстар қазақтың қолынан тауып беруге подписка алады екен. Бұлай етпей амал да жоқ: малдан бас қымбат қой. Мұғалім Хафиз Сəрсекеев Қазақ жерін алу турасындағы низам* Қазақ пайдасындағы жерлерді алады. Қыстауларынан көшіріледі. Қай жөнмен алып, қай орында көшіреді, оны қазақ білмейді. Жоғарғы хəкімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтірмейді. Қазақ жол ретін білмейді дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып бетімен кетеді. Мынауың жолсыз ғой деп қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бəрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз жəбір көріп, əуре болып жүрген қазақтар көп. Қыстау салған жерінен айырылып, қыстайтұғын жаңа жерді общество бермей, жер алып беріп орналастыруға міндетті мекемелер оған қабырғасы қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл, төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай, отырарға жер таппай сандалып жүрген қазақтарды көз көріп тұр. Қазақ жерін алу турасындағы низам бұйрықтарды қазақ білсе, осындай жəбір көрушілер азаяр еді деймін. Жол бойынша қазақты қыстауынан көшірмей тұрып, жаңа жерден орын сайлап беруге міндет, қазақ көшкенде даярлап шығарып, белгілеп берген жерге көшпек, жаңа жер бергенше орнынан
қозғалмасқа. Бұл жолды білмей, «мұжық қуып шығарды, пəлен қуып шығарды, отыра алмадық» дейді. Мұжық болсын, басқа болсын низамнан күшті емес. Жолды іске көнуге, жолсызға көнбегеннен ешкім айыпты болмайды. Үй-мүлкімізді көшіргенде дұрыстықпенен кеспеді, арзан бағалады деп жүрген қазақтарды да көреміз. Осылардың барлығы да қазақтың жол білмеген нашарлығының кесапаты. Жалпақ жұрттың барлығы болмаса да жалғыз-жарым, аз да болса пайдаланар деген ниетпенен қазақтың жерін алу турасындағы шыққан низам, бұйрықтарды аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым бар. Қазақ пайдасындағы жердің артығын алу турасында шықан низамбұйрықтардың ең əуелі білуге керек: 1909-ншы жыл 9-ншы июньде министрлердің советі ұнатып шығарған низам-бұйрық. Бұл бұйрық қазақ жерінің артығын қарастырып шығаратын мекемелерге көрсеткен көшесі, жолы. Мұның бойынша істеген істер жолсыз болсын деп 9-ншы июньнің бұйрығы 12 пунктке бөлінеді. Қай пунктте, қалай етпек жол деп айтқанын төменгі жазылғандардан қараңыздар. Түсініксіз жері болса əркім сұрасын. Отан мұжықтарды қондыру үшін һəм мемлекеттің басқа керегіне қажет орындар үшін Ақмола, Семей, Торғай һəм Орал облыстарындағы жерлердің шамасын білмекке. Жасалып 1909-ншы жыл 9-ншы июньде министрлердің советі ұнатып шығарған инструкция, яғни насихат-бұйрығы: 1-пункт. Қазақ пайдасындағы жердің артықтарын мұжықтарға патшалық керегіне шығару жолы Тоболск, Томск, Енисейск һəм Иркутск губернияларында жер кесуге шығарған низамның1 24-127, 129-130, 134154-нші статьяларының жөнімен болып, осы насихат бұйрықтардың 2-нші пункттен бастап 19-ншы пунктына шейін айтылған жолдардан тысқары кетпеске. 2-пункт. Қазақ пайдаланып отырған жердің мемлекет билігіне жер шығарғанда, қазақтардың қазіргі күн көрмес халіне қарай, шаруасына жетерлік жер қалдыруға. Қазаққа қалғанда жететұғын жердің шамасын, өздерінің жерлес отырған ыңғайына қарап, тап-табына бөлек мөлшерлеуде. 3-пункт. Қазаққа жетерлік жер деп шамалағанда өлшеуіш болатұғын сол жердегі қазақтың тəуір, ауқатты деген үйінің шаруасына жетерлік жер. Бұлай еткенде жердің қай шаруасына жарамды һəм қазақтың шаруасы қай қалыпты, яғни отырықшы болып мал бағудан нағыз егінші болуға тұрмысы қанша жақын иə алыс. Қыстаулық, жайлаулық жерлерін қазаққа бөлек қалдыру керек орындарда қыстаулығын өз алдына, жайлаулығын мөлшерлеп қалдыруға: жайлауда аз-көп отыруына қарап. 4-пункт. Қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін жер министрінің əмірімен əртүрлі жұмыстар болады: жердің түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, малын, шаруа қалпын білуге. Мұныменен
көрінеді: а) қаралмыс жерді шаруасы бар қанша үй пайдаланып отыр, арасындағы қонақтарды басқа көрсеткенде; б) бағылатұғын малы бар; г) жыртатұғын жері қанша, шабатұғын шөбі қанша; д) мал, егін, пішен елдің ауқатына қарай бөліп, тартқанда қаншадан келеді; ж) қандай шаруаға, қанша жер қолайлы екендігі; з) судың даяр, даяр емесі; к) бір бас малды асырауға қанша жайылым, қанша шабын жер қажет һəм орта, ауқатты шаруашылықпенен күн көруге қанша мал жеткілікті. 5-пункт. Қарастырып, сұрастырып, есептеп білгеннен кейін жерді қай шаруаға жарамды, түріне қарап тілім-тілім бөледі һəм əр тілімге өз алдына норма, яғни пəлен десятина жер шаруа басына иə жан басына деп мөлшер істейді. Жасалған норманы генерал-губернаторға қараған облыстарда генерал-губернатор, ол жоқ облыстарда областной правлениелер жер министрінің бас мекемесіне тапсырады, өз ойларын қоса айтып. Оны жер министрінің мекемесі министрлердің советіне кіргізеді, бекіту үшін. 6-пункт. Қазаққа мөлшерлеп қалдыратұғын жердің есебіне қолайсыз жерлер кірмейді. Мысалы, сулар, құмдар, ащы көлдер, керуен жүретін, мал айдалатұғын жолдар. Бұл жолдардың ені жайлаулық жерде шықырым жарымнан аспайды, қыстаулық жерде иə қазынаға алынған жерлерде жүз саженнен аспасқа. 7-пункт. Жер ыңғайыменен бөлген жерлес ауылдардың шаруасына жеткілікті деп қалдырған жер жеткіліксіз болса, араларына малдары көп бай болғаннан һəм егетұғын егіні шабатұғын пішені көптіктен ол ауылдарға, мұқтаждығына қарай шамалап 5-пункт бойынша қалдырған сыбағалы жердің үстіне қосымша артық жер қалдыруға болады. Мұндай артық жерді қалдырар, қалдырмас билігі министрлердің советінде. 8-пункт. Қазаққа жеткілікте жер қалдырғанда (5-нші пунктте айтылған) көп ортасындағы жайлау жерді, иə қыстау қасындағы жайылым жерді, сол арадағы жер кіндік елден басқа, көшпе, келімсек елдерде пайдаланып жүрген болса, сол жердегі шаруа қалып етілмес мөлшерменен көшпелілерге де жер қалдыру керек. Олардың отыратұғын уақытына қарап һəм соңғы жылдарда көшіп келіп жүрген үйлердің санына қарап. 9-пункт. Қазақтан артылған жерді патшалық керегіне алғанда бұл алатұғын жерлер қазақпенен аралас болып, араларын үзіп, қатынастырмастай болмасын. 10-пункт. Патшалық алатұғын жер мен қазақ пайдасына қалатұғын жерлердің жігін ашқанда 11-нші пунктте айтылған орындарда болмаса, сөзсіз қазақтың өзінде қалуға тиіс нəрселер: а) қазақтардың орнығып, қора-қопсы, үй салып, қыстау еткен орындағы жер; б) қазақтардың өз күшіменен қазылған арықтары, істелген бөгеттері (байланған тоғамдары); в) жеміс ағашы егілген жерлер; г) егіндік, пішендік жерлер, егінге иə пішенге қолдан суарғандықтан жарап тұрған жер, қолдан суарса жарағандай жерлер, қазақ пайдасын сол жердегі мұжыққа берген мөлшерменен қалынады. Бұл ретте қазақтың жалға бермей, өз еңбегі сіңген жерлердің бəрі де ықтималынша қазаққа қалатұғын жер есебіне кіруге керек.
д) адам қойылып келе жатқан зияраттар, халық қадірлейтін молалар, низам жолымен салынған мешіттер. Танбие: Шаруа керегіне иə өздері тұрған, қазақтың уақытша салынған қора қонысы, үйлері тұрған жерлерді алуға, бұл уақытша салынған нəрсе тоқтау болмайды. 11-пункт. Мұжық поселкелері сусыз иə мұқтаж болатын жерлерді, яки мұжық жерлері мен қазақ жерлері аралас, аттамалы (через полость) болатұғын орындарда, жоғарыда 10-ншы пунктте А, Б, В əріптерінің тұсында айтылған жерлердің айтылған еңбегіменен істелген нəрселерінің бағасын төлегеннен кейін алу тиіс. 12-пункт. Қазақтың егін еккен иə егін егейін деп даярлаған жері патшалыққа алынатұғын болса ол жерлер егінін жиып алынғанша бұрынғы иесінің қолында бола тұрады. 13-пункт. Жерінен көшірмекші болған қазақтарға: көшкен шығыны уə ғайри 10-ншы пунктте А, Б, В əріптерінің тұсында айтылған жерлері алынғандықтан көрген зарары үшін осы насихат бұйрықтың 14-16-ншы пунктерінде айтылған жол бойынша көшіруден бұрын ақша төлеуі тиіс. 14-пункт. Көшірмекші болған мүліктерді, алынбақшы болған жерлерді, су үшін жасалған нəрселерді, еккен ағаш, егіндері жер жұмысына чиновниктері (производительные работы) қағазға тіркейді. Ол қағазға жазылады: а) үй иесінің есімі; б) жерінің түрі, үстіне салған мүлкі, еккен ағаштарыменен; в) үй иесі, білім иесі адамдар, қазақтың жер жұмысының чиновнігі бəрі қосылып мүлікті жаңадан берген қонысқа көшіруге шығатын расходы; д) бұзу расходы, қайтадан орнату расходы, сынатын, бүлінетін шығындарымен; и) су үшін қазылған арықтардың, байлаған тоғандардың (бөгеттердің), егін шығарған ағаштар уə ғайри егумен шыққан жер түгінің бағалары бұл қағазға басында болған мүлік иесі, жер жұмысының чиновнигі, басында болған қазақтың білімді адамдары қол қояды. 15-пункт. Бұл тіркеу қағаз, алынатын жердің жігін ашқан планымен мүлік иелерінің сұраған ақысы шығыныменен, бəрі мезгілгі (временный) комиссиеге түсіп, сонда переселенческий правиланың 145-149-ншы статьяларының жолымен қаралады. Егер жер жұмысының чиновнигі тіркеген мүліктің кескен бағасының дұрыстығын анықтау қажет болса, мүліктің басына барып қайтадан қағазға тіркеп, қайтадан бағалайды. 16-пункт. Мезгілгі комиссиенің кескен бағасына риза болмаған мүлік иелері областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді. Оның айтқан хүкімі бітім. 17-пункт. Жер жұмысының чиновнигі жері алынатын қазақтарға: үй басына бір адамнан шақырып, волостной управитель һəм ауылнай старшинаның алдында жер алатын жобасын айтып естіртеді. Естірткеніне протокол жасалады. Оған шақырылған қазақтардың лауазым иесі адамдардың, чиновниктің қолдары қойылады протоколға жазылады: а)
чиновниктің істемекші болған планы; б) Оның планы турасында қазақтар айтып чиновник қабылдаған, қабылдамаған арыздары; в) қазақтың қабылданған арызы бойынша түзетіліп шыққан жердің планы, граница жүретін жерлерін қалдырмай түгел тіркеген. 18-пункт. Мұжықтарға алатұғын иə патшалық запасқа шығаратын жерлер планы переселенческий правиланың (Свод законов, Том ІХ) 145146-ншы статьяларының жолымен қаралып бекітіледі. Мұны қарайтын мезгілгі комиссиенің ішінде, жері кететін волостной сиезбен сайланған дауыс иесі бір өкіл болады. 19-пункт. Қазыналық жерге салынған қалалар қазақтарменен суды қалай пайдалану реті, переселенческий правиланың 145-149-ншы статьяларының жолы бойынша мезгілгі комиссие айырады. Комиссиенің хүкіміне риза болмаған жағы обласный правление общий присутствиесіне арыз етеді. 20-пункт. Отырып, қала ретінде боламыз деген қазақтарға жер бөліп беретұғын партиялар қазақ пайдасында қалатын жерден 5-нші һəм 9-ншы пунктерде айтылған. Ауғын мұжықтармен теңгеріп, жан басына 15 десятинадан асырмай жер кесіп береді. Олардың хүкімет билеу турасындағы һəм сот реті общий крестьянский положениенің 47-112 һəм 154-229-ншы статьяларының жолыменен болады. Бұлайша орындалған қазақтарды казенный палата үйі алымнан шығарып, оброк алымнан түсіреді: ауыл мұжықтармен қатар алым салып, сол казенный палатаның билігінде, областной правление қала ретіне шыққан қазақтардың жерін жеткізгеннен кейін оларды қазақ есебінен шығарып мұжық есебіне жазу. 21-пункт. Қала ретінде боламыз бүтін ауылный обществаның бəрі иə бір парасы ғана, иə жалғыз үй иесі сұраса да, аз-көбіне қарамай 20-ншы пунктте айтылған ретінше орналасады. Обществаның болып, үй болып, мұжықтардың қаласына кірісіп иə өз алдына басқа қала болып. 22-пункт. Жер үлесін жан сыбағасыменен алғандықтан (20-21-нші пункттердегі) артылып қалып патшалыққа кететұғын жерлері. Қазақты тегіс орналастырып, жер ретін əбден түзегенге шейін жерлес үйлердің, ауылдардың пайдасында болады. А.Б. *Құрастырушыдан: Бұл мақала «Айқап» журналының 1911 жылғы 2санында жарық көрген болатын. «Қазақ» газеті көшіріп басады. Егін егу Осы күнгі егіп жүрген астық шөптері, мысалы: бидай, тары, қара бидай, арпа – бəрі де бұрынғы кезде ешкім екпей өздігінен шыққанымен бұл күнде өздігінен еш жерде шықпайды. Екпей шығатын тұқымдары таусылып бітіп, ексе шығатын тұқымдары ғана сақталған. Бұлар егуге
сүйеніп дағдыланып, екпесе шықпайды да һəм еккенде өсуі көп күй талғайды. Жерді жыртпай, тырмаламай егін егуге болмайтынын əркім біледі. Тұқым шашатын орын даярламай, сұрып жерге ешкім тұқым шашпайды, Бірақ егіншілердің көбі жыртса, тырмаласа сонымен егін жұмысы тəмам деп біледі. Қандай жерге қай астықты егу, қашан һəм қанша рет жырту, тырмалау, қысқасы егін жақсы шығуына жырту мен тырмалаудан басқа қандай білім керек – оны егіншілердің көбі білмейді. Ол білім: еккен тұқымға не керек екендігін білу, оған не нəрсе пайдалы, не нəрсе зарарлы екендігін білу. Шашқан тұқым жас бала, малдың жас төлі сияқты. Орны жайлы, тамағы тоқ болса жайлы өседі. Жерді жырту, тырмалаудағы мақсат тұқымға орын жайғастыру, неғұрлым жақсы жыртылса, тырмаланса соғұрлым шашқан тұқымға жайлы болмақшы. Өйткені тұқымның тамыры таралып, бойы көтерілу үшін жолында бөгет болмасқа керек. Олай болу үшін жер қатты болмай босаңқы, болбыр болуға керек. Жердің босаңқы, болбыр болуы жақсы тырмалаудан. Тұқым түскен жердің ас болатын заттары табыларға керек. Ол заттарды жібітіп ас қылатын топырақтың ішінде ылғал болуы керек. Яғни тұқым шашатын жердің топырағы дымқыл боларға керек. Егін еккен жерде басқа жат шөптер болса олар егіннің жерден алатын тамағына ортақ болып, егінді ашықтырады. Олай болмас үшін егін еккен жерді жат шөптерден ада қылу керек. Тұқым жиі шашылса тамақ жетпейді, онда егін ашығады. Олай болмас үшін əр жердің түріне қарай мөлшерден тысқары жиі шашпасқа керек. Тұқым толық, жақсы болса егін де толық жақсы шықпақшы. Олай болған соң тұқымның таңдап жақсысын алып шашу тиіс. Егін жақсы шығуға осындай шарттар бар екенін егушілердің көбіақ білетін болар, бірақ ол шарттарын орнына келтіріп егін егушілер аз. Сондықтан жері бірдей бола тұрып егіндері бірдей шықпайды. Мысалы қазақтармен қатар еккен орыс егіндері көбінесе қазақ егіндерінен жақсы шығады. Ол əуелі орыстардың қазақтардан гөрі егін жақсы шығатын шарттарын артық білгендігінен, екінші ол шарттары қазақтардан гөрі көбірек орнына келтіріп еккендігінен. Түрлі жерге, түрліше егін шығу жеріне қарай бірдей жерге, бірдей егін шықпай əрине егуден болмақшы. Егін жақсы шығуына керек шарттар көп. Олардың ішінде шаруаның қолынан келетіндері де, келмейтіндері де бар. Келмейтіндерін істе деп ешкім айтпайды, келетіндерін істеу егін егушілердің əр қайсысына тиіс. Мұнан былай егін жақсы шығуына нені біліп, не істеу керек екендігін егін ғылымында айтылған сөздерден теріп алып жазып тұрмақшымыз. Жер жалдау жайынан Басқармаға келген кейбір хаттардан: қазақ жері алынбасқа амал таппағандарға өкпелеушілер бар көрінеді. Жер жайынан айтарлық сөз-
дің бір сыпырасы айтылып болып еді. Сөзімізге түсініп, ақылымызды алатын қазақ болып, сол айтылғандарымызды істесе, іргесі ауып, табаны көтеріліп жерінен айырылып боспас еді дейміз. Айтқан сөзді түсінбесе, иə түсінсе де айтқанды істемесе, біз айтып жазсақ жұрт оны істемей, өз ұнатқандарын істеп отырса, оған айтар не амал бар? Жұрт істеп отырған ісін қисық, иа түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей тоқтату қолымыздан келе ме? Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Əркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп, іс қылып, жұрт пайдасы мен сорына тіпті қарамайды. Жұрт жері кетпесе, менің де жерім кетпес: жұрт жерінен айырылса мен де жерімнен айырыламын ғой деп, еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп ортасындағы жер ғой деп, сатып пайдаланып қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған əуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ. Қазақ жеріне мұжықтарды шақырып кіргізген хүкіметтен бұрын, қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақты бағып тұрған хакімдердің көбі келген мұжықтарды орнықтырмай көшіргендері де болған. Дала уалаятының генерал губернаторы Калпаковский қазақ жері өздеріне де тар: мал жаюға жер жетпеген соң қазақ орыстардан һəм Тобыл губерниясындағы орыс жерлерін жалдап мал жайып отыр деп көрсеткен. Бірақ қазақтардың өздері келген мұжықтарға жерін беріп құшағын жайып, қойнын ашып қабыл алып отырған соң, Калпаковскийдің қазақ жерін қорғап қызғанғаны босқа қалған. 1882 жылы Жалғыз-көл деген жерге түскен қаланы рұқсатсыз отырсың деп Калпаковский көшірген; 1888 жылғы 17 мартта шыққан генерал губернатордың бұйрығында Семей облысында еш жерге мұжықтар қала салушы болмасын деген. Бұл бұйрықтардың бəрі де орнына келмей құр қағаз бетінде қалды. Өйткені мұжықтарға жер керек болды. Жұрт қамын ойлайтын қазақтың бас адамдарына жұрт пайдасынан гөрі өз пайдалары жақынырақ болды. Жұртқа келер зарарға қарамай, өздерінің жер сатып, байып алғанын артық көрді. Бір жағынан хакімдер қазақ жерін қорғап бұйрық шығарып жатқанда, бір жағынан мұжықтар мен қазақтар хакімдерден жасырып, жерді бірі сатып, бірі алып жатты. Мұжықтар жиылып, қала болып көбейіп көзге түсерлік болған кезінде ғана хакімдер біліп қалатын болды. Переселен законы шықпай тұрғанда қазақ жерінде мұжық қаласы жоқ па еді? Өзі шақырып қоңсы қондырған қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақтың көбі жер сатуды кəсіп қылып алған жоқ па? Қазақтың ауыл ағасы болған, атқамінер пысықсынған адамдарының жер сатуды кəсіп қылмағандары бар ма екен. Болса ауылнайлардың жұртты сыртынан сатып іс қылатындарын былай қойып, жай қазақтарды алғанда да жер сатпайтындары аз болса керек. Жер сату қазаққа əдет болып кетті. «Ауру
қалса да, əдет қалмайды» деген, сол жер сату əдетін жер мол болса да жер тар болса да тастамайтын көрінеді. Қостанай уезінде Кеңарал ұлысында Щербина нормасы бойынша «излишке» (артық жер) жоқ еді. Артық жер болмаған соң жер жалдау болмасқа керек еді. Қазақтар жері артық болмаса да жалдаудан тоқталған жоқ. Щербина есебінше бір мұжық қондырарлық жер болмасқа тиіс, қазақ ол жерге екі поселка қондырып отыр. Камински һəм Белоярски поселкелері Щербина есебі бойынша артық жер жоқ кезінде келіп түскен. Оған орын тауып беріп, қондырып отырған переселен чиновниктері емес, қазақтардың өзі. Камински поселка болған жерге 1891-нші жылы бір үй орыс қазақтары жер жалдап келіп отырған. 1894 жылы жаңа бір үй келіп қосылған. 1897-нші жылы бұрынғыларға екі үй келіп қосылған. 1899-ншы жылы 24 үй келген; 1900-ншы жылы 179 үй келген. Белоярский поселка тұрған жерге 1899-ншы жылы 10 үй келіп қазақтан жер жалдап орныққан, 1900-ншы жылы 63 үй келіп қосылған. Осы күнде сол поселкелерде 700 шамасы үй бар, бұлардың бəрі де «излишка» жоқ кезінде келіп орнағандар. Переселен чиновниктері бұларға жер кесіп берерде қалай берерін білмей қысылған. Мұжықтарға беруге норма бойынша «излишка» жоқ. Излишке болмаса қазақ жерін алуға жол жоқ. Орнығып алған поселкелерде 700 үйді көшіру ретін тағы табалмаған. Ақыры жолдан тысқары жан басына 5 десятинадан жер кесіп берген. Қазақтар өздері қондырмаса, сол екі поселкеге берілген жерлер даусыз қазақта қалатын жерлер. Қостанай уезінде Мыңдығар Меңдіқара ұлысында да норма бойынша «излишке» жоқ еді. Оған да орыс заемкалерін қазақтардың өздері түсірді. Мысалы Грибянкин заемкасы уə ғайрилары. Оларға да жоғарғы екі поселка сияқты жер берілді. Мінеки біздің қазақтың ісі! Хатта переселен чиновтиктері, артығы жоқ қалай аламыз деп қысылып, қызаратын жерлерден қазақтар ұялмай, қызармай жер сатып отыр. Осыны істеп отырып жеріміз аз, мұжыққа берерлік артық жер жоқ деп, ұялмай қызармай, дауласпақшы. Ол дауды кім тыңдамақшы? Қазақтың ондай дауын тыңдар еді, қазақ арыз ететін мекемелер қазақтың жоғарыда айтылған сырларын білмесе. Оны білмейді деп айта аламыз ба, осы хабарлардың бəрін сол мекемелерден алып отырып. Бұлардың бəрі өткен іс. Енді оларды түзету болмайтын жұмыс. Болары болып, бояуы сіңіп қалды. Бұларды қопарып жазып отырғандағы мақсат: өткен істің қатесін байқап ілгергі істерде істемесін деген. Қазақ көшпелі нормамен болсын, отырықшы нормамен болсын қайсысымен жер алса да, бұрынғыдай кеңшілік болмайды. Кең жердегі əдетін тар жерге де істеп, сатудан тыйылмаса қазақтың күні қараң: жерден айырылады. Кең жердегі əдетін тар жерге істегенін жоғарғы екі поселка турасында айтып өттік. Онан соң сорақы істі тағы істеп отырмыз. Ақтөбе уезінің Борлы ұлысының 8-нші үйінің қазағы Бəкіш Дүйсенбай баласының 15
десятинадан алған жерден арендаға жер сатқанын төменде газетаға жазып отырмыз. Жер сатып əдеттенген бір Дүйсенбай баласы емес, неше мың Дүйсенбай балалары бар шығар. Бəрі де əдетін тастамай нормамен өлшеп берген жерге де істей бастаса қазақ жерден айырылмай кім айырылады. Артығы жоқ тар жерге орнаған орыстарды көшірмей сол жерден жер кесіп берген жайын жоғарыда сөйледік қой. Өздерің шақырып қондырған орыстарға ортаңнан ойып, өлшеп алған жерлеріңнен жер кесіп береді. Бір жағынан 15 десятина аз, ... онымен күн көре алмаймыз деп зарлап жатып, бір жағынан 15 десятина көп деп артығын сатып жатса, 15 десятина да көп екен деп оны да кестірер. Ол кеміткен жерді қазақ тағы сатар. Солай болған соң қазақ жері қалай өзінде қалар? Қазақ жері өзінде қалуға жол тауып бермейсіңдер деп өкпелегендер, жұртты айтқанымызға көндіріп отырып өкпелесе екен. Біз көргенбілгенімізді аяп қалмай халыққа айтамыз, оған құлақ салмай, жұрт өз білімінше істесе, оған біз не істерміз? Қазақ пен мұжық бірігіп іс қылғанда Калпаковский бұйрығы да далада қалған. Осы күнгі қазақ жеріне орналасып жатқан мұжықтарды хүкімет келтірмеске бұйрық шығарса, бəрін болмаса да көбін қазақтың өзі шақырып қоныс берер еді; өйткені мұжықтарға жер керек. Қазақтарға еңбексіз тегін табылатын мал керек. Екі жақтың керегі бір жерден табылған соң, қазаққа мұжық қоңсы қонбай тұрар ма? Əркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайын да ойлап, бейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді. Жұрт пайдасын аяғына басып бетімен жайылатындарын қайырып үйірге кіргізіп отырмаса бір қойдың қотыры мың қойға жұққан сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші. Арендаға жер сату 5-нші октябрьде басқармаға Ақтөбе уезінің, Борлы болысының қазағы Ешім Табынбай баласы екі кісі жолдасымен келіп, газета алмақшы болып, жазылып отырып мынаны айтты: Жер чиновнигі келіп, көшпелі күйде қаласыңдар ма, əлде отырықшы боласыңдар ма? Көшпелі күйде қалсаңдар, қалаған жерді алып, қалғанын сендерге тастаймын, отырықшы болсаңдар қалаған жерлеріңді беріп, қалаған артығын аламын деген соң, отырықшы боламыз деп приговор беріп едік. Биыл келген жер чиновнигі жерлес 48 үй бізге тиісті жердің шамасы қанша һəм қандай жерлер екенін, боразда тартпаса да планда белгілеп, көрсетіп еді. Сол 48 үйге деп арналған көпке тиісті жерден 60 десятина жерді Борлы болысының 8 нші аулының қазағы Бəкіш Дүйсенбаев Бузулук орысы Сомоилов дегенге үш жыл арендаға 500 сом алып, сатып отыр. Бұрынғыдай молшылық емес, өлшеп берген жерді сатуына риза болмай, сол жерді сатқызбасқа ізденіп келіп жүрміз, деді.
Бұл қалай сату екенін біле алмадық. Степной положениенің 126 ншы статьясы бойынша қазақ жері арендаға волостной сиездің приговорымен берілмекші; Ол приговорды облостной правление бекітпекші. Сол статьяның қосымшасында жаңа айтылған: арендадан алатын ақша, обществоның не керегіне жаратылатыны приговорда айтылуы тиіс деп. Бұлай істелді ме? дегенде мұның бірі де болған жоқ деді. Мұнысы рас болса, іс жолсыз істелген болады. Жолсыз істелген іс қуылса, іс болып шықпас ғой: 48 үйдің бірі ғана жалдап, басқалары риза болмаса оқшау жайылғанда үйірге қайтарып қосар; біздің ренжіп ішіміз ауыратыны: қазақ жерінің түбіне жеткен аренда еді, сол арендадан жұрт тыйылмаса іс жаман. Бас қосуға рұқсат берілмепті «Айқап» журналының 16 нөмерінде Жанша мырза Сейдалиннің Қостанай уезіндегі қазақтардың басын қосып, болашақ сиезге программа жасаймын де ген сөзін оқып едік. Сол айтуы бойынша Қостанай шаһарында октябрь басында болатын Покров жəрмеңкесіне барып, көшпелі я отырықшы болу жайын кеңесу үшін ақсақалдардың басын қосуға деп Жанша мырза Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұраған екен. Рұқсат берілмепті. Біз бұл хабарды «Уақыттан» оқып, онымен қатар алынған «Айқап» журналының 17 нөмерінде бұл туралы ешбір сөз болмаған соң, түбі бос хабар бола ма деп, «Уақыт» басқармасынан қайдан шыққан хабар екендігін сұрастырып едік. Олар бұл хабарды «Русское сло во» газетасынан алған екен. «Русское словоның» хабарлары ұшқалақ болушы еді деп, оған қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұрап, əбден анығына жеттік. Рұхсат сұралғаны да, рұхсат берілмегені де рас екен. Сиез деген сөз басталған кезде заманның түріне қарап, тынымы осылай бо лар дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр əншейін сары уайым, сары қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп. Бірсыпыралары құр алауыздық, уайым бұзарлық, сөз жарыс, ерегес деп, кейбіреулері жұрттан сиезді біз бейне бір қызғанатындай көріп еді. Біздің онымыз бұл айтқандардың бірі де емес еді. Сиез жақсы нəрсе, керек нəрсе, бірақ жақсы нəрсенің жасалуы қиын болатындығын айтып едік. Біздің сөзімізді жұрт теріс түсініп, ойымызды қисық жорып, қыңыр қарап, алауыздық, құлауыздыққа санап бара жатқан соң, біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды айттық, мойыннан борыш түсірдік, алмаса, жұрттың өзінен қалар, сиез болса, соқырдың тілегені екі көзі, болмаса жұрт болмағанын көрер, айтқанымызды алмаса, біз-ақ жұрт ауанымен бола қоялық деп, сөз көбейтіп бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де сиезшілерге қосылып, қолдан келген көмегімізді істеуге бел бай-
лап едік. Он облыс қазақтың жиылысы түгіл, бір уез қазақтардың бас қосуына рұқсат берілмей отыр. Бұл екі сиез арасы жер мен көктей. Облыс жиылысы айтқан ауызға оңай, жылында, айында, күнінде болып жатқан қазақтың ауылной, болосной сходтарындай я черезвечайный сиездеріндей-ақ көрінеді. Істей бастасаң, бұлардан он облыс түгіл бір уез жи ылысы да бөтен болып шығады. Бас қосу жақсы нəрсе (жұрттан ондай жақсылықты неге қызғанайық), бірақ жақсы нəрсенің қолға түсуі жаман нəрседен гөрі қиынырақ болады. Біздің айтқанымыз да сол қиындығы еді. Жауап хат Зейнолла Бұтабай ұлына 1899 жылғы Щербина есебінде Зейнолла Бұтабайұлының қыстауы «Қайшыбұлақ» деген жер. Бұл қыстау Зайсан қаласына елу шақырым1. Тұрған жері Қызыл шілік өлкесі Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ арасында. Бұл Қандысу, Шілікті өзенінің басы. Карл Риттеннің «Азия» деген кітабына қарағанда, бұл өлке бұрынғы уақыттағы көл асты болады. Шілікті өзенінің ащылы жері бұл күнде жоғалған көлден қалған, көл суы кеткен соң, мұндағы тұз қаңсып жер ащы болған. Шілікті – мал кіндігі. Бұл жерде Еуропаның Альпі деген тауындағы Швейцария жұрты болса, мал шаруасын іс қылып, сиыр сауып, мал алып, ірімшік қайнатып, жүні жақсы шұға болатын қой бағып дүрілдетер еді. Зейнолла Бұтабайұлының қыстау 9 үй, руы бөрімбет, көп жұрт жайлауында. Щербина кітабында 24 нөмір жайлау. Мұнда жылда көшіп келіп отыратын рулар: бөрімбет, төлебай, қайқы, дəулетбай, қараша, есенғұл, жұмық; Шілікті болысынан: байбол, айтқожа, алпар; Маңырақ болысынан: бəрі 1099 шаңырақ. 54 нөмірде жылда 64 күн отырады2. 29 һəм 30 «Қазақта» басылған еді, қазақтан жер алғанда не жолмен алатыны. Қазақта мал шаруасының сыбағасы – норма деп жер тастап, артығын қазынаға алады. Зейнолла Бұтабайұлы ауылымен отырған жер» 36 районда. Мұнда отырған қазақ мал бағып, тымақ киіп, киіз үй тігіп бұрынғы қалыпта тұрса, қазақтың бір шаңырағы бес бас болса, бұған 15 ірі қара тамақ асырайтын мал болады деп есеп қылған. Бұл 15 ірі қараның 7-і жылқы, 3-і сиыр, 1-і түйе, 30-ы қой, 2-і ешкі. Бір жылға үйірге қосылатын төл 2 құлын, 2 бұзау, 10 қозы, лақ. Мұндай үй жылына 2 жылқы, 2 сиыр, 10 қой ұстаса, мал тұяғы жетпейді. Мұндай үйге 16-20 пұт ет керек бір жылда. Бұл бір жылға бір сиырдың еті болады. Қалған бір жылқы, бір сиыр, 10 қой базарға сатылады3. Бай қазына көбейсе, бұл қазақ һəм мұжық ісі емес, бұлар норма қамытын киіп қаңтарылып тұрады, бұларды нормаға байлап өзге бай болатын, қазына көбейтетін аты терістер артық (излишки) деп жер алады.
36 районда бір қараға бір айға 3 ширек десятина деп есеп қылған, 12 айға 1 қараға 9 десятина жер келеді. Нормаға ноқталанған қазақтың 15 қарасына бір жылға 135 десятина жер керек. Зейнолла Бұтабай баласының 9 үйіне 1215 десятина жер норма – сыбағасы болады. Бұл 9 үй отырған 54 жайлауы 14 мың 210 десятина болса керек. (Зайсан уезі деген Щербина кітабында 1 мың 421 десятина, бұл жаңылыс болуға лайық, жоғарыда көрсетілген 174-бет). Бұл есептен 54 жайлау Зейнолла Бұтабайұлының ауылының ғана пайдасында болса, 995 десятина нормадан артық болады. Жоғарыда жазып едім, 54 жайлауға əр атадан 1 мың 99 үй жайлап келіп, 64 күн отырады деп. Мұнда бір қараға 3 ширек десятина бір айға деп есеп қылған. 1 мың 99 үйге 54 нөмірден 26 мың 376 десятина жер керек. 54 жайлаудың бар жері 14 мың 210 десятина, мұнан 9 үй Зейнолла Бұтабайұлының қыстауының нормалы жері 1 мың 215 десятинасын алсақ, қалғаны 12 мың 995 мың десятина болады. Бұл 1 мың 99 үй сыбағасы 26 мың 376 десятина ішінде кетеді. Себебі, жайлап келетін 1 мың 99 үй норма сыбағасы, бұларға тағы 13381 десятина бір жақтан кесіп берсе толады. (Баяғы көрсетілген 184-бетте бұларға жайлауға 22 мың 420 десятина жетпейді деген, бұл жаңылыс болса керек, хатта басылған). Закон жолына салса, 54 жайлауда артық жер жоқ. Мұнда күнелтіп жүрген қазаққа норма жолымен 13 мың 381 десятина жер сыбаға керек. 54 жайлаудан қазынаға жер алынбайды. «Балуан алып та жығады, шалып та жығады» дегендей, күшке салса, онысын өзі біледі. Шілікті болысындағы 4 ауыл Бөрімбеттің қалған 16 қыстауы 55 жайлаумен бөлектес. Осы қыстау жерінде 19 мың 332 десятина нормадан артық жер бар. Зейнолла Бұтабайұлының алдырып отырған жалшы шілігі 144 нөмірдегі қыстау жерінде болса, 9 июнь 1909 жылға Министрлер Советінің насихат бұйрығына сүйеніп қыстау тұрған жер – қой өрісі, көктеме, пішендік деп жолдасуға ғана болады. Бай орысқа жер аренда берем деп қыстаудан көшіретін закон жоқ. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», қараша, қожан, саты, жұмық – Байжігіт емес пе? Бұл жалғыз Зейнолла ауылының жұмысы ма? «Қазақтың» алғашқы бір нөмірінде мұсылман депутаттарының хаты басылды. Бұлар қазақтан дəлелді сөз сұрады. Осы жер дауын Министрлер Советінің насихаты жолымен іздеп көрген-білгенді толымды қылып жазып мұсылман депутаттарына тапсырса, міне дəлелді сөз. 1Материал по киргизкому землепользованию, собрание и разработанные экспедицией по исследованию степных областей под руководстом. Ф.Щербины. том. VІІІ. Зайсанский уезд. Таблица А. с.142. 2 Приложение к расписанию районов. С.184 3 Приложение к расписанию районов. С.145 Қыр баласы
Айналма Бұрын қазақ жерін артық-излишка деп алғанда, егін салатын ғана жерді алушы еді, кедей, бишара, аш мұжықтар қайда барар деп. Қазақ жерінде егін жері қара һəм қарасұр топырақ Ақтөбе, Қостанай, Қызылжар, Омбы, Көкшетау уезінде ғана. Мұндағы егін жері мұжыққа беріліп болды. Законда мұжық сыбағасы – надел ер басына он бес десятинаға шейін деген сөзге сүйеніп, мұжық сыбағасын бұрын беретін он бесті 7-8-10 десятина қылып пұштитып, бұрын екі мұжыққа берілетін жерге 3-4 мұжықты тығып отыр. Міне, бір айналма. Қазақ жерінде мал бақпаса, пайда бермейтін көп жер бар. Жақсы жерді мұжық алған соң, қазақ мал жеріне қысылған соң, бұл мал жері деп қазақ пайдасына қалдырған жер кескен, кесілмеген оброчная статьялар пайда беретін болып тұр, бұл жерлерді мал бағамын деп сұраушы бар. Кедей, сорлы, қаңғырған жетім-жесір мұжықпен басқа қосақ түртінген, қазақ жеріне телмірген, жерге еңбек сіңірмей, мал бақпай, егін салмай, құр жер менікі деп ат қойып, жерді еміп отырмақ болған жетім ұлықтар бар. Бұлар қазақ жеріне мал бағамын, мұжық пен қазаққа өнер үйретемін деп əуелі аренда, мұнан кейін мүлде өзінікі қылып алмақ. Мал бағатын жерден мұжықтан басқа орыс баласына қазақ жері берілсін деген закон жоқ. Орыс мақалы бар: «заң – арба жетегі, қалай қарай бұрсақ, сол жақта болады», – деген. Жер министрінің мекемесі Министрлер Советіне мақұлдатып, патшаға қол қойғызып алып отыр. Сібірде, Степной облыстарда һəм Түркістанда мал бағамын десе, отыз алты жылға торгсыз арендаға мал бағатын жер берілсін деп1. Оброчний устав деген закон бар. Мұның 93-101 статьяларында айтылған, қазына жері торгсыз арендаға берілмейді, қазына жері арендаға торгсыз берілетін мұжық обществосы деген. Жер министрі осы жаңа айтылған законды аттап өтіп, судай кешіп отыр. Бұл бір айналма. Павлодар уезінде қала саламын деп кескен «Ертіс», «Ермак» деген екі жер бар. Бұл жер Ертістің күнбатыс қабағында қазақ жақта. Осы қалалар жері арендаға беріледі орысқа ғана, орыс дініндегі адамға2 ғана. Өзге орыс патшасының панасындағы жұрт жер арендаға алатын жолынан – правосынан шығып қалған. Закон арқылы орыс патшасының панасындағы адам правосынан сот тергеп, айыпты деп тапса, айырылады. Не жұрт правосын мінесе, Г.Дума, Г. Совет һəм патша үшеуі мінейді. Жерді орысқа ғана беремін деп жұрт правосын Министрлер жоғалтып, законды аттап өтіп отыр. Міне, тағы бір айналма. Осы айналмаларды орнына жүргізуге ақша керек. Жер министрі осы он бесінші октябрьде жиылған төртінші думаның бюджетная комиссиясынан ақша сұрап отыр. Переселен управлениесінің сметасын қарайтын депутаттар кеңесіп, үкімет жоғарыда жазылған законнан тысқары айналмалардан қайтпаса, ақша берілмесін десті. Осы депутаттардың
пікірін Г.Дума қолдаса, дума арқылы жолды, əдепті талас-тартыс деген осы. Думаны халық сайлап еді, дума пікірі – халық пікірі, біз адастық, айналмадан қайттық десе, біздің правительство Еуропа болғаны. Құдірет қылса екі басты бұзау туып қалады. Айналмадан қайтарда. 1Высоч.Утвер.13 декабря 1912 г., Постановление Совета Министров об аренде без торговли каз. Зем. и. т.д №56. Собрания узаконений и распоряжениее правительства. 2 №4. Сбор. Узаконений и распоряжений правительства за 1913 г. Прав. 10. Сен 1912 г. Қыр баласы Жерін алдырған қазақтардың жауабы Біздің Шыңғыстай елінің жері көптен тар болушы еді, оның үстіне биыл өткен жаз еліміздегі ең жақсы жеріміз 9-ншы ауылдікі Маймыр деген жерде арғымақ зауытын ашамыз деп жер төрелері кесіп кетті. 12нші ауылдың жерін қала түсіреміз деп кесті, егер қазақ өзі қала боламын десе ол уақытта қалдырамын десті. 17-нші августе производитель работ келіп, ақсақалдарды жиып алып жауап сұрады. Ақсақалдардың берген жауабы мынау: 1. 1900-ншы Щербина есеп алғанда, қазақтың малы мен жанын есептеп, əуелі қазақтың өзіне жетерлік қалдырып, артығы болса ғана мұжыққа береміз деген. Сол ізбен бізге əуелі жеткілікті жер қалдырыңыз да артық болса алыңыз, біз жерсіз қалуға риза емеспіз. 2. 1911-нші жылы Щербина есебінен қазаққа жер көп кетті деп біздің елден қайта есеп алған, осы соңғы есептері бойынша-ақ бізге əуелі лайықтап жер беріп, артық дегенін алыңыз. 3. Патшаның низамында қазаққа алақандай жер қалдырмай қуып шығар дегенді естігеніміз жоқ, төмендегі ұлықтарымыз біздің мұңымызды елең қылмаса біз патшаға дейін ізденеміз. 4. Ұруға жақындап пісіп тұрған егіндерімізді жер есебінен қосып кетті, мұны да əділдік деп білмейміз. 5. Тіпті болмаса бар жерімізді қазынаға алып, өзімізге ғұмырлық арендаға берсін, мұнан басқа барар жеріміз жоқ, зорлықсыз шыға алмаймыз. 6. Ағашты жерімізді қазына пайдасына лесная дача деп кесті, жазық дала жерді переселенческий участок деп кесті. Ағашты жеріміздің кеткеніне риза болалық, оның айырбасына дала жерді өзімізге қалдырсын. Өлшеген үшін қазынаның шығарған шығынын бір болыс ел үстімізге алалық. 7. Бір болыс ел елімізде 25 мың жылқы, 80 мың қой, 5 мың сиыр, 5 жүздей түйеміз бар. Осы малдың үштен бірі өз жерімізге сыймайды. Кабинет жерін де, Томский губерниясының мұжықтарының жерін һəм
Семей облысының казак-орыстарының жерін арендаға алып отырмақ бар ұлықтарымызға мəлім. 8. Бір болыс Шыңғыстай елінде крестьянское положениеге кіре қалсақ, бізге 150 мыңдай десятина жер керек. Қазірге жеріміз 2-3 мың кісі ғана сыярлық, 4-5 мың жан мүлде жерсіз қалады. Сол себептен біз крестиянское положениеге кірмейміз, басқа жерге бармаймыз, бірімізгебіріміз жалғасып, қазақша күн көріп отырмыз. 9. Бұл жерге арғымақ зауыты ашылады дейді, оның орнына бір болыс елімізге қазынадан 3 арғымақ айғыр берсін. Сонан өскен соң жақсы аттарды арзан бағамен қазынаға сатып тұралық. 10. Жерімізден ықтиярымызбен шықпаймыз, патша хазіретлінің өз алдына шейін арыз беріп ізденіп, біржолата қоя берсе сонда шығармыз. Временная уезная комиссияда да һəм басқа областное присутствиеге де сентябрь ішінде елубасылары жиылып, ортасынан бір кісіні доверенный сайлап, сол жерін іздеуге жібереді. Доверенный болған кісі патшаға, Советке, Думаға арыз беріп істі қозғай бастады. Бұрын жеріміз тар, кабинеттен жер сұрап аламыз деп 6-ншы жылдан бері ізденіп жүруші едік. «Тоқал ешкі мүйіз сұрап, құлағынан айырылды» деген секілді болып тұрмыз, алла жерлі қылсын. Енді бұған білгіштер не айтады, əсіресе Қыр баласының қарауына тапсырамыз. Өскемен уезінен Шыңғыстай елінің қазағы Əбдікəрім Ережеп ұғлы Қапал Осы күздігүні бір жұмыспен Аягөз жағына барып едім, сонда көргенім мынау. Аягөз қасында Найман руынан Сыбан деген ел болады. Бұл туғандарымыздың өсіп-өнген жерлері: Күйікадыр, Берікқара, Сарымсақты, Нарын. Бұлардың жайлау-қыстауы бəрі сонда. Жердің ұзыны – 15, көлденеңі – 10 шақырым, бұл алақандай жерді мекен етіп отырған Ақшаулы болысына қараған 2-нші ауылнайдың 140 үйі. Осы жерді бұл күнде Аягөз казак-орыстары байыған үстіне байимыз деп, алмақшы болып тұр екен. Жер иелері не қыларын білмей сасып жүр. Мұндай хал жалғыз Аягөз қазағында емес, бүтін Жетісуда бол са керек. Жылда Аягөз казак-орысының жерінде 6-5 жүз қазақ жер жалдап жеп отырады екен, олардың жері жоқ болса қазаққа қайдан арендаға артық жер тауып беріп отыр? Ақшалы қазақтары тиісті орындарға арыз беріп, жерлерін өздерінде қалуын сұранып тұр, не болар көрерміз. К. Наймански
Сусағанның түсіне су кіреді Орал қазағы 300 жыл бабаларын патшалық қылды деп, патшаны құттықтап телеграмма беріп, депутат, мүфти һəм қазақ жерін сұраған екен. Осы телеграмаға Ішкі істер министрі жерге мұжық жіберме дегенің дəлелсіз болғандықтан аяқсыз қалды деп мағлұм қылып, мүфти һəм депутат деген тілекті жым-жырт қойған. «Неше кісі оқып бір кітаптан əркім өз пікірін табады» деген француз жұртының жақсы мақалы бар. Орал қазағы хүкіметтің жым-жыртынан өз пікірін жорып, депутат һəм мүфти алмақ болып отыр. «Шөлдегеннің түсіне су кіреді» деген осы. Бұл түстің қанша растығы бар? 17-нші октябрь манифестінің 3-нші бабында айтылған екен, ешбір закон Г.Дума дұрыстамай закон қуатына кірмейді деп. Осы 3-нші бап 86ншы статья болып закон құрамасы кітапқа басылып еді1. 17-нші октябрь манифесті2 шықпай тұрып Г.Думаны ақыл серікке алмай тұрып, біздің патшалық орыс тілінде неограниченная монархия еді, мұның мағынасы қазақша қағусыз хүкімет, патшаның атымен қошқар мүйіз салса дегені болушы еді. Закон арқылы іс қылатын, законнан өтпейтін патшасы бар мемлекетті конституционная монархия дейді. Біздің патшалығымыз Г.Дума шығарып, Думасыз закон жоқ дегеннен бері осы законнан аттап өтпейтін патшалық болды. 3-нші июньде 1907-нші жылы 2-нші Думаны тарқатып, қайта Г.Дума депутаты сайланатын закон шығарды. Сол жолы, біздің қазақты Г.Думадан шығарып тастады. Баяғы қағусыз-қайырусыз, үйреністі ескі жолмен 3-нші июнь Г.Думасыз шықты. Əй, законнан аспағаның қалай, мұның қалай, дейсің бе, оқушылар? Германия жұртының шешені марқұм Лассал айтқан: «Бір тайпа жұртқа ескі ғұмыр, ескі жол жақсы, бір тайпа жұртқа жаңа ғұмыр, жаңа жол жақсы. Осы екеуі таласар, тартысар, жұлысар, осы екеуінің күресінің шарты – ғұмыр законы. Қағазға жазған закон, мына талас-тартыс, күшқуат мінген закон келсе, сыпырылып шыға келетін». «3-нші июнь» келгенде «17-нші октябрь» мойнына су құйылып шыға берген. «3-нші июньнен» бері 6 жыл өтті. Осы 6 жыл ішінде ғұмыр законы қалай қарап саулап тұрғаны біздің қазаққа да мағлұм. Біздің қазақ осы 6 жылда ұтылды ма? Ұтты ма? Орыс ішінде «3-нші июнь» жақ «17-нші октябрь» жақты шалқасынан салып тырп еткізбей басып отыр. Біздің қазақ сияқты жетім-жесір нашар жұртқа құрдастық-теңдік «17-нші октябрь», «3-нші июнь»-ді жықса келеді. Жақын арада біздің ат бəйгеден келеді деуге болмайды. Қазаққа депутат беретін екі жол бар: бірі Г.Дума шығарған закон арқылы, бірі хүкімет баяғы қағусызға салса. Осы екі жол осы күнде қандай? Г.Дума депутаты Орал қазағының түсі туралы үшке бөлуге болады: оң жақ, сол жақ, орта. Сол жақтың пікірі орыс патшалығының панасын-
дағы жұрттың бəрін теп-тегіс құрдас қылмақ. Оң жақ – «3-нші июнь» атасы, орта – «3-нші июнь» кіндігін кескен шешесі. Сол жақ – 130, қалғаны – 312 депутат. Мұның да ортадағы 100-ден астамы хүкімет жер бол десе жер, көр бол десе көр болады. Бұларды октябрист партиясы дейді. Бұлар «3-нші июнь»-ді жарайды деп қол қойып отыр. Осы октябристің сол жағында көршісі «Тарақки» партиясы 40-тан аса, мұсылман депутаттары мен осы Тарақки партиясы қазаққа депутат бер деп Г.Думаға закон жобасын кіргізбесе, өзге қалған сол жақтың депутаты «3-нші июнь»-ді аман қойып Г.Думадан, осы «3-нші июнь» көлеңкесіне қазақты кіргіз деп өздігінен сұрамайды. «3-нші июнь» өзі законнан тысқары, некесіз туған, бұған қазақты кіргіз десек, «3-нші июнь»-ді мақұлдағанымыз болып көрінеді деп. Қазаққа депутат бер деп закон жобасын Г.Думаға мұсылман депутаттары яки Тарақки партиясы кіргізсін, Г.Думаның бар сол жағы бұларды тартсын, сонда бұл 130 депутат 312-ге күл шаша ма? Қол ағашы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді, «17-нші октябрь» манифесін баса көктеп «3-нші июнь» шыққан. Мұны қолдаған орыстың дворян қауымы. Орал қазағы осы орыстың дворянының күшіне сала ма, жоқ аш қасқырдың қошқардан дəме етуі сияқты, Орал қазағының түсі бос түс пе? «3-нші июнь» қазақ жұртын надан деп депутат жолынан тысқары қалдырған. 1907-нші жылы біз надан болсақ, 6 жылда хүкімет көзіне бір сондай жетілдік пе? Кісі өз басына тіленіп кішірейсе, кемісе өз олжасы. Бес миллион қазақ тілегі кемшілік жолына сыймайды. Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену мақсат. 1 Свод. Законов. Т.І. 1 изд. 1906 г. 2 «17-нші октябрь» дегенім бұл атты партия емес, мұның сол жағы, мұның сөз қысқартуға «17-нші октябрь» дедім. Қыр баласы Бас қосу туралы Троискіде шығатын орысша «Степь» деген газета 5-ші декабрьде 763-нөмірінде «Қазақ істері» деп бастаған мақаласында бас қосу жайынан төмендегі сөздерді басып шығарды, біз арттырмай һəм кемітпей тəржімə еттік. 30-ншы ноябрьде1 құрметті Торғай губернаторы қазақтың бас қосу мəселесі туралы адвокат Жаһаншаһ Сейдалинді қабыл етті. Сонда 4-нші октябрьде Покров жəрмеңкесінде Қостанай шаһарында қазақтарға бас қосуға рұқсат берілмегендігі туралы сөз қозғалды. Губернатор айтты, жəрмеңкеге əлдеқалай жиылған қазақтарға хусуси кеңес ашуға рұқсат беруге мүмкін емес. Қазақтардың жер мұңы закон бойынша ауылнай һəм волостной сиездерде тексерілерге керек. Ал қазіргі
қазақтардың білгісі келетін мəселе: көшпеліктің иə қалалық болушылық пайдалы ма деген. Мұны əрбір үй иесі өзі шешерге керек. Байларға көшпелі қалып пайдалы, өйткені олар малын қайда болса сонда елге ортақ жерге өрісін аударып бағады. Кедейлерге отырықшы болу пайдалы, неге десең олар 15 десятинадан ер басына жер өлшетіп алып, байлардың зорлығынан құтылады, – деді. Сейдалин өз пікірін дұрыстауға тырысып губернаторға əуелгі мəселесі хақында айтты: қазақтың жер мұңы ауылнай һəм волостной сиездерде тексеріледі дегеніңіз Степное положениенің 123 һəм 124-нші статьялары боларға керек. Бірақ ол статьялар да жер туралы мұң-мұқтаждар емес, жалғыз-ақ жер туралы дау-жанжалдар тексеріледі деген, сондықтан жер нормасын тексеру ауылнай сиездерінің ғана жеке меншігіне тиген нəрсе емес, бұлай 4 март 1906-ншы жылдың законы бойынша ашылатын сиездерде қаралуға да болады. Қазақтардың Қостанайда бас қосуға рұқсат сұраған себебі осы деген. Қазақтардың Ішкі істер министріне һəм жер істерін билеуші жоғарғы мекеме бастығына 10 облыс Дала һəм Түркістан уəлаятының қазағы бас қосуға рұқсат сұрап берген арызына қалай қарайсыз деп сұраған сөзіне губернатор айтты: «Егер сіз жоғарғы хəкімдерге арыз берсеңіз, мен ойлаймын, олар сізге нендей жауап беруден бұрын менен сұрар. Білмеймін, бұған басқа облыстардың губернаторлары не айтар, менің жауабым баяғы сіздің телеграмаңызға берген болар», яғни рұқсат бермеу жағында. Мұнан кейін губернатор сұрады, қазақтардың сиезде қолданатын программасы қандай болмақшы, күллі қазаққа ортақ мəселелер бар ма деп. Бұған Сейдалин жауап қайырды: қазір қазақтың басынан қиын іс кешкелі тұр, көшпеліктен отырықшылыққа айналғанда халықтың тұрмыс һəм шаруа жағынан көп жаңа нəрселер көрінеді, мысалы: сиезде народный сот туралы еш нəрсе айтпасқа мүмкін емес, сиезд ашарға керек отырықшы болған қазақтарға қандай сот болу керек екендігін, оларға орыс тілінде тексеретін волостной сот шығарар ма яки бұрынғыша қазақша тексеретін сотты қалдырар ма? Жұрттың дау-шарын бітіруге бір белгілі закон шыға ма, жоқ бұрынғыдай еш жерде жазылмаған ғұрып бойынша кете бере ме?» Губернатор айтты: Бұл мəселелер Петербургте шешілген енді тез арада қазақтың соты хақында Государственный Думаға закон жобасы кіреді. Бұл закон жобасы бойынша қазақтарға қазақ тілінде тексеретін волостной сот беріледі, егер отырықшы қазақтар бірыңғай өздері болса. Орыс пен қазақ аралас жерлерде орыс тілінде болады». 1 Ноябрьдің аяғында губернатор Троиск Қостанайда болып еді. Тəржімə еттім М.Д.
Орыс-қазақ ауылдары «Уақыт» газетасының 29 декабрьде шыққан 1378-нөмірінде «Орысқырғыз ауылдары» деп басталған бір мақала басылып шықты. Қазақ туралы өте керекті мəселе болғанға, біз де көшірдік. Соңғы 10 жыл ішінде хүкімет, саны 7 милионға жеткен қазаққырғыздарды көшпелілік халінен шығарып ауыл-ауыл (қала) болып отыруға көп тырысты. Бірақ бұл тырысу мəдени бір жолмен емес еді, яғни Қазақстанда жолдар салу, қазақтарға өнер, білім үйрету, олар арасында қала болып отыруды көшпеліліктен пайдалы жəне рахат ететін тадбирлер қылу емес, қайта тезірек қала болып жан басына 15-20 десятина кестіріп қалмағандардың іске жарақты барлық жерлерін кесіп алып, ауып келген мұжықтарды орналастыру еді. Міне соның үшін бір жақтан мұсылман матбұғаты (газет, журналдары), екінші жақтан əділдік тараптары болған орыс матбұғаты бұл переселениені тым ұната қоймаушы еді. Бірақ бара-бара мұсылман матбұғаты хүкіметтің: «20-шы ғасырда көшіп жүру ұят. Русиада халықтың тауық бағатын жері болмағанда, қазақтардың жан басына жүздеген десятина жерге ие болып, ол жерді пайдаға жаратпай текке жатуы патшалық шаруасына кемшілік келтіреді. Қалайда болса қазақтарды отырықшы қылып мəдени бір халық қатарына жеткізу тиіс, мұның үшін қазақтарға уақытша көп зиянды болса да, жоғарыда көрсеткеннен басқа амал жоқ» деуіне қосыла қоймаса да, бірінші, патшалық пайдасы, екінші, қазақтар білімді жұрт қатарына кірер деп, хүкімет тадбирлерін қуаттап, қазақтарды тезірек ауыл-ауыл (қала) болып отыруға үндей бастады. Мұсылман матбұғатының жəне бұлармен бірігіп үгіттеген қазақ оқығандарының еңбектері босқа шығады, қазір қала болып отырған қазақтар жүз мыңдарға жетті. Соңғы хабарларға қарағанда Қазалы, Əулие-ата, Ақмешіт уездерінде ұлыс-ұлыс қазақтардың қала болуға қаулы қылысып, тиісті орындарға арыз беріп жүргендері, біраз күннің ішінде матбұғат жүзінде көрінді. Міні мұнан кейін бұл переселение мəселесіне мұсылман матбұғаты бірде қосылмас жəне бұлардың пікірінше «патшалық үшін пайдалы» болмайтын жаңа бір хал бастайын деп тұр, себебі: бұл мəселе миссионер мақсұты келіп қатысуы. 1912 жылда 5-26-ншы апрельде болған жиылысында Свиатейши сенод (дін істерінің бас мехкемесі) қазақтар арасында миссионерлік мəселесін қарап, мынадай қаулыға келген: «Қазақтарды ауыл-ауыл қылып отырғызғанда, бөлек мұсылман ауылдары қылмай, мұжықпен бірге қосып отырғызуы тиіс, бірақ əрбір ауылда қазақтың саны орыстан аспасын, яғни ең көп болғанда екі орысқа бір қазақ тура келсін; бүйткендік ауыл расходтарында һəм болыстарында халыққа керекті нендей мəселе қаралса да, орыстар орыс еместерден үстем болып тұрсын».
Сенодтың пікіріне қарағанда, мұндай тадбирі арқасында Дала уалаяты жəне Түркістан қазақ-қырғыздарын православие (орыс діні) мазхабын қабыл еттіруге жақындастыруы мүмкін. Сенод – дін мехкемесі, православие дінін тарату оның міндеті. Сол себепті сенодтың мұндай план құруына қарсы сөйлерге ешбір жол жоқ. Бірақ жер істерін қарайтын бас мекеменің мұндай пікірді қабыл етуіне жəне өз қол астындағы мекемелерге: «Қазақтар арасында православие һəм орыс мəдениетін тарату үшін қазақ пен орысты аралас отырғыз» деуіне ешбір мағына беру мүмкін емес. Оның міндеті таза шаруа жағы. Ол бір жақтан жерсіз орыс христиандарын шетке көшіріп орналастыруға қызмет етсе, екінші жақтан қазақтарға жер кесіп беріп, оларды ауыл-ауыл қылып отырту, яғни араларына таза мəдениет кіргізу оның мойнындағы борышы еді. Егерде бұл мехкеме қазақтарды шын шүбһаландыратын жоғарыда айтылған Сенодтың тадбирін қолдана бастаса, қазақтар көшпелікте қалғанда əлек болатындарына көздері жетіп тұрса да, қала болудан безе бастайды. Бұл тадбир арқасында переселен управлениесі өз міндеті, өз мақсатына қарсы қызмет еткен болар. Жер жұмысына дін жұмысын қыстырмалау Қазақты отырықшы қылғанда, христиан діні түбінде қабыл етерлік жағы да көзделсін деген сенат жиылысы ұнатып, жер министрі қабылдаған бір істі өткен нөмірде «Уақыт» газетасынан көшіріп бастық. Сенат мақсұты табылу үшін: Əуелі, қазақтарды мұжықтармен біріктіре отырғызу керек. Екінші, қазақ саны орыс санының жартысынан аспасқа керек. Солай етсе орыстардың сөзі де, тіршілік ісі де басым болып, қазақтар христиан дінін құл етпек. «Уақыт» газетасы айтады: Қазақтың отырықшы болғаны үкіметке пайдалы, қазақтарға зарарсыз іс қой деп бұрын біздер, яғни ноғай газеталары, қазақтар қала болыңдар деп ақыл беруші едік һəм соңғы жылдарда: əуелі, переселен чиновниктерінің айтқан ақылы, екінші ноғай газеталарының берген ақылы, үшінші, қазақ оқығандарының айтқан сөздері қамшы болып, қазақтардың көбі отырықшы болуға сұранып, бірсыпыралары отырықшы боламыз деп мұжық нормасымен жер кестіріп те алып еді дейді. Мұнан былай біз ноғай газеталары қазақтың жер туралы ісіне тіл қатып, кіріспейміз, өйткені жер жұмысына тиіссіз басқа жұмыс кірісіп тұр. Ол миссионерлік жұмыс деді. Өлексе табылса, қарғалар, қарақұстар табылатыны, ноғай бауырларымыздың газетасының есіне жаңа түскен көрінеді. Сенат айтуынша, қазақ христиан дінін мұжыққа қарап телміргенде қабыл етпек. Оны құр ойларымен бал ашып, айтып отырған жоқ, іс жүзінен көріп айтып отыр. Алтай һəм қазақ миссиасының 1893 жылғы отчетында1 айтады: «1893 жылы қазақтан шоқынған еркек-
əйелі бар 69 кісі. Христиан дінін оңай қабыл еткіштер жарлылар; Қалың қазақтың ішінен шығып, қалаларға келіп малайлыққа жалданғандар; бұлар бірте-бірте орыс тілін біліп, орыстың ғұрпымен, дінімен танысады. Сонан соң христиан дініне икемдеп бұрмалаушы əуел бастап тұрған қожалары болады» деп. «Новое время» газетасының 7643 нөмірінде осы туралы жазды. Ол жазады: «Біздің миссионеріміздің шоқындыратындары қазақтың сорлылары, жарлылары. Өз жұртының ішінде теңдікке қолы жетпей, малайлыққа жүріп, жарық сəуле көрмегендер жаңа дінге кіріп, жаңа дін қарындас тауып, жақсылыққа толымсыз жетер ме деп дəмелі болатындар» деп 1892 жылға Қоянның ашаршылығында Қостанай уезінде бір ауыл қазақ шоқынып кеткен жоқ па? Бай қазақта бір адам шоқынды деп миссионерлер де, газеталар да жазған емес. Сондықтан Алектров айтқан2: миссионерлер пəлен етіп жатыр деп газеталар жыр қылады. Ондағы шоқындырдық деп мəз болатындары өңшең тамағын асырай алмай есікте жүрген малайлар; Жоқшылықтың зарынан неге болса да көнетін шарасыздар. Миссионерлер қазақтың ішіндегі қарны тоқ, қадірлі адамдарын шоқындырса екен. Оларды шоқындыру жарлыдан гөрі қиынырақ болар, оның есесіне шоқындырдық деп мақтануға сиымдырақ болар» деп. Осылардың бəрі де жарлы қазақты шоқындыру оңай, бай қазақты шоқындыру қиын екендігін көрсетеді һəм сенаттың қазақ күні мұжыққа түссе, христиан дінін қабыл етеді деп топшылауы құр оймен бал ашу еместігін көрсетеді. Қазаққа мал бағуды тастап, он бес десятинадан жер алып, қала бол дегендер: Əуелі, переселен чиновниктері, екінші, ноғай бауырларымыздың газеталары, үшінші, қазақтың оқығандарының кейбіреулері. Переселен чиновниктері қазаққа қала бол дегенде, қала болып 15-тен жер алса, жер көбірек артылады; Көбірек артылса жерді көбірек алып, жеген нанын ақтамақ үшін қазаққа қала болыңдар деп ақыл берді. Оларға қазақтың күл болғаны, бұл болғаны бір есеп. Ноғай бауырларымыздың газеталары қазақ жерінің жайын білмегендіктен переселен чиновниктерінің сөзін қостап кетті. Олар ойлады: қазақ 15-тен жер алмаса, құрып жоқ болады да, 15-тен жер алса, мəдениет туын тіккен жұрттың бірі болады деп. Бұл қазақ жерінің жайын жақсы білмегендік. Қазақ жерінде мал бағумен күн көре алмайтын болса, 15-тен жер алып, егін салумен де күн көре алмайды. Жаманнан жақсыға түсуде мағына бар. Жаманнан жаманға түсуде не мағына? 15 десятинамен күн көреді деушілер я өздері қазақ жерін білмейтіндер, я біле тұра басқаларды адастыру ниетіндегілер. Туралығын айтатын адамдардың қазақ жерін білмейтіндері қазақ даласы малдың жері дейді. Шудалы түйе, жабағылы қойдың жері деп профессор Вернер айтады. Көктің дымын жерге түсіру амалын тапқанша, қазақ даласы егін жері бола алмайды деп профессор Богданов айтады. Оның айтуынша, қазақты алақандай жерге арқандап отырғызамыз деген адасқандық. Қазақты егінші қылып жарытпас малы-
нан айырып кедей кебін кигізер дейді. 1910 жылы Г.Думада Кавказ депутаты Хайдаров та, Петербург депутаты Миликов та қазақ жері турасында сөз болғанда екеуі бірдей айтқан: Қазақты қала қылып отырғызғандар бағып отырған малынан айырар, мал шаруасын төлеуіне тұрарлық ешнəрсе тауып бере алмас деп. Қазаққа 15-тен жер алып, қала бол деп ақыл беретіндер переселен чиновниктерінің сөзіне басқалардың да айтқанына құлақ салу тиіс еді. Қазақ жерінде малды тастап, жалғыз егінмен күн көруге болады, 15-тен жер алып, қала бол деп айтуға біздің аузымыз бармайды. Рас, қазақ жерінің жақсысы да бар екені. Бірақ ондай жерлер тіпті аз һəм ондай жерлердің көбін алып та қойды. Бұл күндегі жақсы деп жүрген жерлердің жақсылығы шамалы. Ол жерлерден 15 десятинадан жер алып, қала болып күн көру қиын, бұл күнде қазақ жерінде қазағы бар, орысы бар егін салып, байып отырса, оған қарап топшылап егінмен күн көруге болады деп айтуға болмайды. Жердің қазіргі молшылығында жүздеп, екі жүздеп егін салғандар, əрине байыр. Қазақтың да, мұжықтың да күні 15 десятинаға түскенде байымақ түгіл күн көретініне көзіміз жетсе, біз де қазақтарға қала бол деп ақыл берер едік. Оған көзіміз жетпейді, 15-тен жер алып, қала болса, кедей болатынына көз жетеді. Жердің молшылығында жан-жағындағы қазақтың жерін еркінше жалдап отырып, мұжықтар егіні шықпаған жылы қазынаға қарап, балапандай аузын ашып, асыра деп шулайды. Сол шулауға қазақ та түседі: егін егу жайын қазақ мұжықтан артық білмейді. Өз ауқатымен тамағын асырай алмай, басқаның қолына қарап телмірсе қазақ жұмысы біткені. Өлімтік аңдыған қарақұс пен қарғалар қазақ үстінде тойын сонда тойлайды. Қала бол деушілердің көбі: қазақ көшуін қойса қазақ даласына мəдениет туын тігіп орнар еді дейді. Мəдениет деген жақсы. Бірақ жақсы нəрселердің қолға түсуі оңай болмайды. Мəдениетке жетіскен жұрттар переселен чиновниктердің қала-қала қылып отырғызуымен жетіспеген, кеңінен толғанып бірте-бірте жылжумен жетіскен. Оны эволюция жолы дейді. Қазақ та мəдениетке сол жолмен жетіседі. Оған жалғыз тысқы қалыбын өзгерту шарт емес, іші-тысы бірдей өзгере барып жетіседі. Біз қазаққа 15-тен жер алғызып, малын сатқызып, қала салғызып отыртайық. Қазақтың білетіні – мал бағу, шала-шарпы егін егу, сауда істеу, бұнан басқа білер өнері я кəсібі жоқ. 15 десятинаға мал жайып мəз бола алмайды, сауданы бəрі тегіс істей алмайды. Олай болса, азы саудагер, көбі егінші болмақ. Егін қазақ жерінде жылда шығып тұрмайды. Бір жыл шықса, бір жыл шықпайды. Тіпті екі жыл, үш жыл ұдайымен егін шықпайтыны бар. Сонда қазақ немен күн көреді? Малдан айырылса, кəсібінің зоры егін болса, ол егін қазақ жерінде бірде шығып, бірде шықпайтын болса, егін шықпағанда күн көрерлік басқа кəсіп һəм өнерді қазақ білмесе, қазақ кедей болмай, кім кедей болмақшы? Кедей болса малайлыққа жалданудан басқа не келер өнері тағы жоқ. Əркімнің есігінде қорлықта жүргенде онда не ұлт намысы, не дін намысы қалар?
Миссионер отчеттарында айтылған христиан дінін қабыл еткіш кедейлер мен малайлар сонда көбейер. Қазаққа қала болсаңдар мəдени жұрт боласыңдар деп ақыл берушілер, əуелі, қала адамына тиісті кəсіпті үйреніп алып яки ғылым өнер үйреніп, жаман жерді жақсы жер орнына, аз жерді көп жер орнына тұтынарлық дəрежеге жетіп алып, қала бол десе, оған біз де қол қояр едік. Оны айтпай, переселен чиновниктері 15-тен жер кесіп беріп, қалақала қылып отырғызса, мəдени жұрт болып дүрілдеп кетесіңдер деген сөз – қазақ қазір Европаша киініп ала қойса, Европа адамдарының істегенін істеп кетер еді деген сияқты сөз. Еш нəрсені үйретпей, Европаша киіндіріп, Лондон я Парижге қазақты апарып қоя берсе, тапса малай болар, таппаса аштан өліп қалар. Үкімет біздің 20 ғасырда көшіп жүргенімізге ұялса, бізге жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық ғылымын үйретіп, білдіріп алып, қала бол десін. Сонда қала болмасақ, біз үшін ұялсын. Оны істемеген үкімет өзінің істемегенінен ұялмаса, қазақ көшіп жүруінен ұялатын жөні жоқ. Қазақ көшіп жүрсе, еріккеннен көшіп жүрген жоқ, мал баққаннан көшіп жүр. Жері малдың жері болған соң мал бақпасқа шарасы жоқ, жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық амалын тапқанша. Қазақ жеріне жалғыз егін кəсібі күн көрерлік сенімді кəсіп деп айтуға болады. Олай болса, қазақ көшпелі болсын, отырықшы болсын малсыз күн көре алмайды. Мəдени боламын деп 15 десятина жерге қамалып, малдан айырылып, егінмен күн көре алмай, судың бір жиегінен алыс кетіп, екінші жиегіне жете алмай суға батқандардың күйіне түсіп, бітіретініміз аз болар. Мəдени болғың келсе, мал бағудың тоқтаушылығы жоқ. Қала боламын десең, мал бағудың тоқтаушылығы жоқ. Мал баққан Швейцарияның мəденилігі һəм қалалары ешкімнен кем емес. Переселен чиновниктерінен бата алып, 15 десятина жер алса, сонда ғана қала салып отыруға болады деген қате пікір. Сенаттың айтып отырған бір қазаққа екі мұжық келсе дегені бір қазақты екі орыс ұстап отырып шоқындырады деген сөз емес. Тіршілік шаруасы жүзінен қазақ мұжықтан төмен болып əлсіреп барып, христиан дінін қабыл алады дейді. Олай болғанда қазақ жарлы болмас жағын көздеу керек. Қазақ телміріп басқалардың қолына қарайтын күйге жетпеске керек. Оған жетпес үшін оқу, өнер, кəсіп үйрену керек. Мəдениетке біртебірте сол жолмен жетісерге керек. Оны істеуге мал бағу жағынан оралғы болатын ешнəрсе жоқ. Қысқасы, біздің қазақ жерінің жұмысына дін жұмысы қосылуы күтілмеген жұмыс еді. Қазақ ісіне миссионерлік қыстырылмайтын орны қашаннан-ақ аз болатын. Қазақ жарлыланып, жасымаса, миссионерлік ешнəрсе қыла алмас, жарлылыққа айналса, айналдырушы көбейетіні шексіз. Жұрттың тірлік күйде я өлімтік күйде өмір шегуі өзінің жігерінен болады. Сол жігердің өзінде барлығын білгенше, өзі істерлік істі өзгеден күтіп жұрт алаңдайды. Өзгелер де оны жұлып алып, ауызға сала қоятын
жемістей көреді, біздің қазақ осы күнде сол күйде тұр. Өзі істейтін істі өзгеден күтеді. Өзгелер де сол күйін біліп, қазақ жұмысына əкеліп, орынсыз нəрселерді қыстырмалай береді. Ноғай бауырларымыздың газеталары бұрын қазақтың ол жайын білмей, енді ғана байқап, бұрынғы жөнінен бет бұрып, шықтық деп тұр. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң». 1 Православный благовестник. 1894. № 7, 8, 9 2 «Народ». – 1897 жыл. 237 нөмір. Аш, жұтаған, ауған қазақ Өткен жылдарда Есіл1 деген судың бойындағы ата-бабамыздан бері мекен етіп отырған қыстаулық, жайлаулық, егіндік жерлерімізді жер өлшеуші төрелер мұжықтарға алып беріп, өзімізді тақыр далаға айдап шығарғаннан кейін ол жерде малымыз, жаз жайлау, күз күзеу болмай арық болып, қыстан қырыла бастады. Екінші жағынан хахолдар жайылып жатқан малдарымызды өз жеріне айдап барып, жерімізге түсті, пəлендей ақша бересің, болмаса малыңызды бермейміз деген соң, амалсыз өз малымызды өзіміз сатып алатын болдық. Оларға қарсы келуге біздің шамамыз келмейді, бірлі-жарымды жүруге қорқатын болдық. Мұңымызды шағатын кісі таба алмадық. Хахолдар бір ағайындарымыздың 3 адамын өлтіріп, ақшасын алып кетті. Басымызға да, малымызда да осындай таршылық келген соң, Бұхара жағында Жиделі Байсын деген бос жер бар деп ұзын құлақтан естуімізше 1912-нші жылы жаз күні 33 үй көшіп, декабрь жұлдызында Сырдария облысы, Ақмешіт уезінде Шиелі деген жерден құлап, дариядан өттік. 6 үйіміз түйелері өліп, көше алмай, əлгі Шиеліде қалды, 27 үйіміз дариядан өтіп, қыс көшіп, Самарқанд облысы, Жызақ уезі, Қызылқұм волосына қараған ауылға жеттік. Мінген ат, артқан түйе, айдаған қойларымыз мезгілсіз көшуге шыдамай арықтап, Қызылқұм ішінде жұтадық. Малымыздан айырылған соң, ішуге азығымыз болмай, сатып алуға пұлымыз болмай ашаршылыққа дұшар болдық. Біздің мұндай таршылық халімізді көріп тұрған Қызылқұмдағы арғын, тобықты деген халықтың басшы адамдары əр үйден азық жинап, сауынды қой жинап беріп, күн кешірдік. Жұрттың «жұртыңда қал» деген сөз рас екен, Құдай тағала ауыл жұртына рахым ойласын деп дұғадамыз. Əлгі тобықтылар айтты: əуре болмаңдар, Жиделі Байсында ауыл сиятын бос жер жоқ деп. Соның үшін біз Сырдария бойына қайтпақшы болдық, себебі: Қызылқұм деген жер – тегіс құм болады екен, егіндік жер жоқ, ауыл жазы-қысы 15-20 құлаш жерден құдық қазып су алып ішіп отырады екен, 13 үйіміз көше алмай сол Қызылқұмда қалды. Басқаларымыз жаяу-жалпы шұбырып Сыр бойына құладық. Бізбен бірге 3 үйдің адамда-
ры көшіп еді, олардан еш бір дерек жоқ, өлі-тірісін білмейміз. Үстімізге тігерлік үйіміз болмаған соң жер қазып, соған паналап отырмыз. Осы күнгі отырғанымыз Ақмешіт уезі, Скоболовский ұлысы, бірінші ауылға қараған арғындық жері. Асап ішер ауқатымыз осы халықтың адамдары қарасып жинап бергені. Мұнан былай нешік күн көруімізге көзіміз жетпейді. Осы мұңдарымызды жəне көрген қорлықтарымызды қай орынға айтарымызды білмейміз. Мұң-зарымызды, көз жасымызды патшамызға, государственный думаға һəм басқа жерлерге шағуға айқайласақ даусымыз жетпейді, барып айтуға аяғымыз жетпейді. 1 Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңтүбек болысы, 4-нші ауыл Досмұхамед Қылышбай қажы баласы «Аңдаспаған мəселе» турасында Ноғай бауырларымыздың арасында қазақ жайынан көбірек көңіл һəм орын бөлетін «Уақыт» газетасы. Қазақ туралы естілген хабарлар, істелген істердің көбі «Уақыт» газетасына басылып һəм олардың ішіндегі маңыздылары турасында газета пікірін де айтып тұрады. Сондықтан «Қазақ» газетасы қазақ мəселесі турасында «Уақыт» газетасымен бір жөннен сөз шығаруға, арадағы аңдаспаған мəселелерді ашып, саралап анықтауды өзінің міндетінің бірі деп біледі. Қазіргі қазақ мəселелерінің ең зоры жер мəселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мəселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз, 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз, қазақ та һəм басқалар дақате ұқпастай етіп, анықтап ашып сөйлегеніміз абзал. «Уақыттың» 1397 нөмірінде Ф.К. əпенденің жазған сөзінде аңдаспай жүрген нəрселердің көбі анықталды, ашылды. Əлі де болса бүркеуірек, көмескі тұрған бір сауал бар. Соны ашсақ, арада аңдаспаған мəселе аңдалып жетер еді. «Уақыт» қала бол дегенде қай түрлі қала болу жайын ашып айтпайды. Ол ашылмаған соң қазақтар қала болды 15 десятинадан жер алып, егін нормасымен қала болу деп ұғады. Егерде «Уақыт» 15 десятинадан жер сұрап алып, егін нормасымен қала болуды айтса, онда азырақ сөйлесуге қажет болады. Олай болмай жердің түріне қарай мал бағарлық жерде мал бағатын, егін жақсы жерде егін егетін қала болуды айтса, онда олай қала болуды біз де ұнатамыз һəм «Айқап» журналының 1911 жылғы 4 нөмірінен бастап айтып һəм «Қазақ» газетасы жүзінде тұтынып келе жатқан жолымыз. Біз қазаққа қала болма демейміз. Жақсы жеріңе жиылып қалаңды сал, мешітіңді орнат, мектеп-
медресеңді аш, рұхсатсыз неге қала болдың деп ешкім айтпайды дейміз. 15 десятинамен қала боламын десеңдер, күн көре алмайсыңдар дейміз. Қазақтар һəм біздер қате аңдамас үшін «Уақыт» газетасынан өтінеміз, қазаққа қала бол дегенде қай түрлі қала болуды айтады. Мүмкін болса, ашып айтса екен. А.Б «Ашық хат» «Речь» газетасының 1914-нші жылғы 23-нші январьда шыққан 22нші нөмірінде Əлихан Бөкейхановтың Дума депутаттарына жазған ашық хаты басылып шықты. Сол хатты тəржіме етіп қалыбынша басуды тиіс көрдік. Хат сөзі мынау: «Г. Думадағы депутаттарға ашық хат Переселен управлениесі жері аз кінəз Кошубей, Касаткин-Ростовцев, граф Медим уа ғейриларына қазақ даласындағы қазына жерін үлестіріп берумен ғана болып жатқан жоқ, православный христиан дінін қазақ жұрты қабыл ету қамын да жеп, даярлап жатыр. Жер жұмысының шенеуніктері қазақтарға егін нормасымен жер бөліп бергенде, жоғарғы хəкімнің бұйрығын дəлме-дəл орнына келтіру үшін, адаспасқа алдына ұстайтын қағазы мынау: «Торғай-Оралдың переселен жұмысының бастығына. Светейши синод1, осы жыл 5 (26)-ншы апрель 3067-нші нөмірлі қолайлаған ережесі бойынша бұлай етуді жаратты: мұсылман қазақтарды жəне православный қазақтарды орыс мұжықтарымен бірге қосып қала қылуды. Олай еткенде де – шаруа, мұқтаждық, онан басқалар жайындағы не түрлі мəселелерді қарастырған кездерде православный адамдар жағы басым болу үшін, мұсылман қазақтардың саны, православныйлардың санының жартысынан аспасын дейді. Синодтың ойлауынша, солай еткенде Дала облыстарының жəне Түркістан уалаятының қазақтарына православный христиан дінін қабыл еттіруге мүмкін болмақшы. Жер жұмысының бас мехкемесі қазақтардың арасына православный дін таралып, орнығып беку үшін, Дала облыстарындағы халықтарды орыс патшалығына тезірек жақындатып, жұтқызып сіңіру үшін, орыс мəдениетіне қосылып, олар орыспен бірдей орыс болып бірігу үшін, қазақтар мен орыстарды бірге қала қылып отырғызуды ұнатып, жаратқандығын һəм солай айтуды тілейтіндігін хабар қылып, білдіріп отыр. Осы хабарды сізге де жеткіземін, өз тарапыңыздан тиісті бұйрық жолдап орнына келтіру үшін (қол қойылған). «Құрметті подрайон бастықтарына жəне крестиански начальниктерге. Орал облысының военный губернаторының православныйлар мен мұсылмандарды бірге отырғызу турасындағы осы жыл 12-нші июньде 11400 нөмірлі жазған мəлімнамасының копиясын сіздерге жіберіп тұр-
мын, қия баспай орнына келтіру үшін. 27-нші июнь 1912 жыл, 9373-нші нөмір. Переселен жұмысының бастығы орнына Константинов Секретар міндетін атқарушы Н. Арсеньев» 1905-нші жылғы 17-нші апрельден соң да басқа діндегілердің дін жұмысына кірісу үшін, 5 миллион қазақтың тіршілік шаруасын қосумен дініне қол салуға болады деп отырған синод мынау. 1904-нші жылғы 12-нші декабрьден соң да синодтың қолайлаған жолсыз ережесін қия баспай орнына келтір деп переселен шенеуніктеріне тапсырып отырған переселен мехкемесінің ісі мынау. «3-нші июнь законы» қазақ жеріне жерік болған кінəздардың, графтардың тілегі қабыл болып Думада дауысымызды шығармайтын қылып, үнімізді өшіріп қойды. Құрметті, Дума депутаттары! Законды тас-талқан қылып жолсыз іс ету деген осы. 35-нші жəне 58-нші стаьялардағы айтылған жолға тиісті іс қылар деп үміт етемін». 1 Орыс дін жұмысының бас мехкемесі І-нші Думаның депутаты Əлихан Бөкейханов Жауап хат Өскемен уезін қайта жазған кітап қолыма жаңадан түсті. Бұл жауап осымен кенже болып тұр. 1900 жылды Щербина есеп алған соң, екінші норма жазған Лев Карлович Чермак еді. Бұл біздің қырға Абайдың досы, жаңадан опат болған Михаэлис жолымен барған кісі еді. Бұл алдына Алтай тауындай алтын қойсаң иə патша Ескендір бұлай қыл десе, ғылым жолынан, өз пікірінен қия баспайтын кісі еді. Осы Чермак Өскемен уезінде бір қазақтың үйінде он сегіз ірі-қара, есеп қағазында, единица – лощадь1 енші болса, қазақ азбас еді. Үкімет 1908 жылы Ақмола облысы қайта жазған, мұрыны тескен тайыншадай көнбіс Кузнецовқа Өскемен уезі қазағының еншісін қайта піштірді. Кузнецов байдың пікірін орнына салып, қазақты пұштитып 18 ірі қараны он екі қылды. Қазаққа қалатын жерді малға шағады, малды үштен бір есе азайтқан соң, бұл азайтқан мал сыбағасы қазақтан артық болып, есепші тілінде «излишка» қазынаға ауды. Чермак есептегенде қазақ ұтып кеткен деп, қазаққа көп енші қалған екен деп, Кузнецов қайта есептеп, қазаққа қалатын жердің үштен бір мүшесін қазынаға алатын қылды. Бұ да қазаққа көп болды, тағы осы қазақта артық жер деп, 1911 жылы Өскемен уезін қайта жазды. Осы қайта есепті алған А.Б.Переплетчиков
Өскемен уезінің қазағының бір үйіне он алты ірі қара (единаца – лощадь) енші кесіп отыр. Сөйтіп осы он алты дұрыс болса, Кузнецов есебі – он екі өтірік болды. Бұл өтірікке сүйеніп қазақтан алған жер қазынаға нақаққа кетпек болады. Үкімет өз қол астындағы жұртқа өтірікті жүргізген ұят, бірақ қазақ жеріне жерік болғанда қызаратын бет бар ма? Ал бізде мұның қалай дейтін тіл бар ма? Өткен он жыл ішінде Өскемен уезінде əрбір жүз қазақ өстіп жүз он алты болған. Бір жылға адам өсімі бір жарымнан аз артық болғаны. Жылына жүз адамға бір жарым, екі жүз адамға үш адам өсімі болса, мұны халықтың ілгері басқаны деп ғылым сөйлейді. Сөйтіп біздің Өскемен найманы өскен, ілгері басқан халық дəрежесінде болды. «Қазақ, надан, қазақ көшпелі, қазақ мəдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді. Бұған жер не керек» деп оттаған дұшман да бар. Жоғалатын халық өспейді. Қысы, жазы қыстаудан көшпейтін Өскемен найманы осы соңғы есепте 1151 үй. Бұл жүзге есеп қылсақ əрбір жүзден алты жарымнан аз артық. Мал шаруасымен көшіп-қонып жүрген Өскемен найманы əрбір жүзден тоқсан үштен астам. Өскемен уезінде көшуден ақсаған, сөйтсе де көшуін қоймаған жатақтықты күткен 1408 үй, əрбір жүзден сегіз болады. Өскемен уезінде жатақ һəм шала жатақ үйлер ретімен 6 жəне 8, сонда əрбір жүзден он төрт болады. Щербина есеп алғанда бұл екеуі əрбір жүзден он еді. Жатақ осы күнгі тілімізде отырмақшы, он жылда əрбір жүзден төрт үй, мұны өзге сөзбен айтсақ, он жылда жүз көшпелі үйден төрт үй жатаққа айналған. Өскемен уезінің қазағы ғұмыр жолыменен, мұны ғылым «эволюция» дейді. Қоя берсе көшпелі халық ақырында бір отырмақшы десек, 250 жылда бəрі жатақ болмақ. Міне, эволюция жолының шабаны, жер жүзінде қанша отырған мəдени халық осы ғұмырдың шабан жолымен отырықшы болған. Бұл шабан жол қағазға жазылып, он бестен жер белгілеп алғанға бұзылмайды. Мал бағып, шаруа қылып отырған халық қағазбен он бестен жер бергенге егінші болып кетпейді. Үкімет біздің қазақ халқының пайдасын ойласа, сен қазақ бір күнде мал шаруасын тастап егінші бол демейді. Шаруа қиындықпен, зор шабындықпен өзгеріледі. Орыс мұжығының біздің қазақтың даласына қашып жатқан себебі ол мың жылдан бері ұстап келе жатқан жерді үшке бөліп егін салатын, мұнысы «трехполье» атанды, шаруаны өзгерте алмағанның азабы. Мемлекет қазақты өзінің баласының бірі қылса қазақты осы тұрған шаруасын бұзбай орналастырар еді. Сонда қазақ неше жылда эволюция жолымен бірте-бірте отырықшы болар еді. Шаруасы мал бағу болса, он бестен жер алғанмен отырықшы мəдениетке көше алмайды. Мынау Оренбург һəм Уфа губерниясында он бес емес, отыз десятина ер басына қара топырақ жері бар башқұрт қала болып отырғанмен, əлі осы күні көшкен болып, мал баққан болып, егін жөндеп сала алмай əуре болып отыр. Өскемен уезінде жүз үйден жетпіс екі үй, егін салады, үйдің егіні бір десятина, бір ширектен астам. Егін салған
əрбір жүз үйдің жетпіс тоғызының егіні бір мен екі десятина арасында. Бұл найманды егін шаруасы хақында бел байлаған деп айтуға тіл бармас. 38 нөмір «Қазақта» Ғабдолкəрім жазған еді, Шаңгістай (Шыңғыс емес, Шəңгіс ағашынан аталған) болысында тоғызыншы һəм он екінші ауылдың жерін біріне қала саламын деп, біріне айғыр заводын саламын деп кесті деп. Егер қазақ өзі болса, жерді қазақ пайдасына қалдырамыз деп. Щербина жазғанда Шыңғыстай болысы он ауыл еді. Он екінші ауыл тоғызыншы ауылдан бөлінген болса керек. Бұл екі ауыл Жəнібек, екі жазуда да 214 топта, жер еншісі бір бөлімде, есеп тілінде «группа». Щербина есебінде бұл группа 22 бөлікте. Есеп тілінде «район» еді. Чермак есебінде бір үйге бұл районда 115 десятина еді. Солай қазаққа енші берсе, бұл бөліктегі Шыңғыстай Нарым болысынан 73 мың 182 десятина кем еді. Қазақ жері өзіне аз еді. 214 группа найманға өзге жерден; міні жоқ жерден жер тауып беру керек еді. Енді жаңа жазуда Переплетчиков нормасымен 214 группа 144 районда, қыстау жерінен 16 қараға 10 айға жетпіс десятина тағы бір ширектен астам жер керек, жайлаудан 22 десятина тағы үш ширектен азырақ жер керек. Бір үйлі жанға төрт десятина егін жай керек, бəрін жисақ, бір үй еншісі 98 десятина азырақ астам болады. Осы 214 группаның бар қыстау жері 51 мың 649 десятина жарым, шаңырақ 1147, бір үйге 45-ақ десятина жер келеді. Əрбір үй мұнда 54 десятина кемде отыр. Жерін алғызып отырған 9 һəм 12 ауылда Шаңгістай болысы 250 үй, қыстау жері 14 мың 211 жарым десятина. Бір үйдің пайдасындағы жер 56 десятина, бұлардың өзіне 43 десятина үй басына жетпей отыр2. Осы районда қазақ сыбағасының кем жері 21 мың 213 десятина. Шаңгістай болысының қалғаны 15 районда. Бұлардың сыбағадан кем жері 33 мың 14 десятина3. Осы райондағы қазаққа жетпей отырған жер 54 мың 227 десятина. Бұл бес жүз қырықтан аса үйдің енші жері. Əрбір жүз үйден 21 үйдің түк жері жоқ. Осы найманнан жер алса артық деп алмайды, зорлығым де алады. Тоғыз һəм он екінші ауыл 1910 жылы мұжық пен казак-орыс жерінен 3500 купе пішен сатып алып шыққан. Сол жылы 2001 купе шөп тағы солардан қосымша сатып алған. 60 үй 775 сом 10 тиын төлеп осы екі ауыл үй басына екі десятинадан артық егін салады. Өскемен уезінің өзге бар қазағына қарағанда екі есе егінші, өйткенімен бір үйде жатақ жоқ. Осы егін салатын жердің əрбір жүзінен 29-ын мұжық пен казак-орыстан сатып алып жалдап салып жүр. Əрбір жүз үйдің 42-сі егінжай жалдайды. Өстіп отырған халықта артық жер бола ма? Не заманнан бері Шаңгістай болысының найманы Шабамбай деген жерді жайлады. Бұл қытаймен шекарадағы талас жайлау еді. Кабинет, қалам өзінікі болған соң, менікі қылып жазып алған. Осы Шабамбай қайта жазған есепте 799 үй жайлайды, кабинетке ақша төлеп. Жері 34 мың 368 десятина. Жері артық халық мұны қыла ма? Осы Шабамбай (Шаңгістай болысы) 19 сентябрь 1906 жылғы патша указына сүйеніп пайдасына қалатын жер-ау деймін.
Тоғыз һəм он екінші законге салып жолдаса, онда орысқа жер тимейді. Жолдасбай жер берсе бұл кейінгі балалардан ұят, осы жер үшін жолдаспаған жігіт, жаулық салып тезек теретін көп арқалап күң болса, құдай қосқан іс қылған болады. Осы сарымсақты бұқтырма, кəдімгі Швейцария Альпісі, 250 жылда да отырықшы жұрттың салтымен шаруа қыла алмайды. 1 Əр үйде бір малды жылқы басына шаққанда. 2 Усткаменагорский уезд, том ІІ, вып. І, 1913. СПБ. С.318. 3 ме Устькаменогоский у. том. ІІ, вып. ІІ. стр. 206. 1913 г. СПб. Х.А. 50-нші нөмір жайлауда Шаңғыстай қазағы салған отар қора (зайымке) бар, Қара қоба бойында, мұндағы жер Щербина кітабының айтуы бойынша 9582 десятина. Мұны жоғарыда жазылған жерге қосқанмен Шаңғыстай болысының жері нормаға толмайды. Қ.Б. Қыр баласы Ішкі хабарлар Өскемен Өскемен уезі Тарғын болысы 8 ауылының қазақтары басында партиялылықпен бүлініп ана жағынан кек аламыз деп қала болуға сұранды. 15 десятинадан жерлерін өлшетіп алып, ал енді қала бол дегенде, бəрі де айнып шыға келді. Мұнан кейін елге төре шығып, əрқайсысын сұрай қылғанда, 30 үй не де болса жерден айырылмас үшін қала боламыз деді, 50 үй көнбей қайта қазақ жазуына шықты. Бұл 50 үйді жерінен айдап шығарды. Бұларды малына, шаруасына жетерлік жерге орналастырмаған соң ағайын, құдандаларын сағалап отыр. Қала болған 30 үй қазаққа 20 үй орыс қосты. Осы күні орыс пен қазақ оттаса алмай отыр. Старосталары орыс, қазақтар орыстардан ренжу көріп тұр. Енді қазақтар өз алдымызға бөлек қала қылмасаң, қаланың керегі жоқ деп ізденіп жүр, не боларын білмейміз. Мұғалім Нұрахмет Ақылбеков «Қазақ». Бұл туралы мұнан да гөрі толымдырақ, анығырақ білетін кісілер жазып білдіруін өтінеміз. Сол қала болған қазақтардың білетін адамдарынан біреу өз халдерін түгел жазса, тым жақсы. Жаңа закон жобасы Ақмола, Семей, Торғай һəм Орал облыстарына Степное положениені өзгертіп, жаңа закон шығару үшін Ішкі іс министрі мен Сот министірінің жасаған закон жобасын Думаға кіргізбекші деп, газетаға бұрын жазған едік. Қандай өзгеріс болатындығын əлі біле алмай тұрғанымызды да өткен нөмірде жазып едік. Бұл күнде ол жоба турасынан білген хабарымыз мынау:
Жоғарыда айтылған төрт облыстың қазағын закон жобасы екі айырады: отырықшы деп, көшпелі деп. Отырықшы қазақтары – переселен ретімен қала боламыз деп жер алғандар. Бұлардың соты, бағу-бақылау реті общекрестианское положение бойынша болмақшы. Көшпелі қазақтар бұрынғыша болысқа, ауылға бөлінбекші. Жермен падалануы осы күнгі қалыпша болмақшы. Болыс басы – волостной старшина деп аталмақшы. Оның помощнигі болмақшы. Ауыл басы – ауылный староста деп аталмақшы. Үй иелерін ауыл члені деп атамақшы. Ауылнай старостаны ауыл члендері үш жылға сайлайды. Волостной старшинаны һəм оның помощнигін выборшиктер сайлайды. Выборшиктерді ауылнай сход сайлап шығарады. Старостаны да, старшинаны да лауазымға крестьянский начальник бекітпекші. Отырықшы қазақтар мұжықтар сияқты оброчный алым ақша төлейді. Көшпелі қазақтар алым ақшаны түндік басынан төлемей, мал басынан төлейді: түйе басынан – 75 тиын, жылқы һəм сиыр басынан – 40 тиын, қой һəм ешкі басынан – 5 тиын. Мал саны екі жылға бір қалыпта есеп етілмекші. Көбірек өзгеріс билік жағынан болмақшы. Бір болыс ел – бір судебный участок деп саналады. Билік сот деп аталады. Һəр болыстың өз алдына волостной соты болады. Волостной сотта бір председатель, екі член һəм екі заместитель (орынбасар) болады. Сот адамдары сайлаумен қойылмақшы. Һəр ауылнай общество өз ортасынан екі кандидат сайлау шығарады. Кандидаттар орталарынан судьяларды шармен сайлайды. Судья сайлауларын крестьянски начальник бекітеді. Председатель жалованиесі 200 сомнан, судьялардың, яғни члендердің жалованиесі 100 сомнан артық болмайды. Волостной соттың айтқан билігі, бітімі окончательный емес (тұжырулы емес). Əр крестьянский начальниктің участкісінде қазақ судьяларының участковый сиезі болмақшы. Ол сиездің председателі крестьянский начальник. Судьялары волостной соттың председательдері. Бұл қазақ сотының екінші инстанциясы (екінші дəрежедегісі). Мұның айтқан билігі, бітімі окончательный (тұжырулы). Участковый сиезді керек болған кезінде крестьянский начальник шақырып, жасап тұрмақшы. Волостной сотта істерді тез һəм дұрыс тексеру жағын бақылаушы крестьянский начальник. Қазақ сотының үшінші инстанциясы (үшінші дəрежедегісі) крестьянский начальниктердің сиезі болмақшы. Народный соттың қуаты жаңа жоба бойынша бұрынғыдан көп кемімекші. Уголовный істерден жеңіл ғана істер қазақ сотына түспекші. Ұрлық жағынан 30 сомдық қана істер қазақ сотына түседі. Гражданский істерден қалың мал, жесір дауы, енші турасындағы істер, қанша сомалық болса да, қазақ сотында қаралады, басқа гражданский істерден
100 сомдық қана істер. Вексел уə ғайри общий закон бойынша куəланған документі бар істер һəм қала шегінде болған іс туралы даулар қазақ сотына түспейді. Бұл жоғарыда айтылғандар Ішкі іс министрінің жобасы бойынша. Сот министрінің жобасы бойынша: участковый сиезде председатель мировой судья болсын, үшінші инстанция – окружной сот болсын деген. (Аяғы тағы болмақшы) Қазақ һəм жер мəселесі Газет болған соң, оның əр мəселесі турасында ұстанған белгілі жолы болмақшы. Қазақ туралы мəселелердің ең зоры – жер, муфти, билік, мектеп мəселелері. Бұлар туралы «Қазақ» газетасы талай жазса да, əлі тұтынған жолы не екенін түсініп жетпегендер бар көрінеді. Мəселен, «Айқап» журналы «Қазақ» жер жайынан не істеу керегін ашып жазбайды деп отыр. Біз мүмкін қадірінше ашып жазамыз, осыған түсінер дейміз. Осыған түсінбегендер үшін алысқа кете алмаймыз. Жоғарыда жазылған мəселелердің əр бірінің жайынан біздің қуаттайтын пікіріміз мынау деп тағы бір-бірі рет айтып өтпекшіміз. Жер мəселесі туралы «Қазақ» газетасының пікірі қазақ жерін жөнімен, жолымен алу жағында. Жөнімен алу дегеніміз – қазақтың осы күнгі істеп отырған шаруасын тас-талқан қылып қиратпай алу, яғни қазақ егінмен күн көріп отырса, мал нормасымен қазаққа жер қалдырып, сонан артылғанын алу. Жолымен алу дегеніміз – қазақ жерін алғанда мынадаймынадай жолмен алу керек деп переселен чиновниктері бетімен жайылмас үшін шығарған жаман-жақсы болса да саған жол бар. Переселен чиновниктері қазақ жерін алғанда сол жолдан шықпай алу тиіс. Үкімет орындары қазақ жерін алу үшін тəсіл қолданады. Қазақ жерін жөнімен аламыз деп, қазақтың жанын, малын есептеп, норма шығарып отыр. Жолмен аламыз деп 9 июнь инструкциясын шығарып отыр. Норма екі түрлі: бірі – мал нормасы, екіншісі – егін нормасы. Мал нормасы дегені – орта ауқатты шаруасы бар пішкен мөлшер. Орта ауқатты шаруа деген қандай шаруа? Щербина есебінше, ондай шаруаның малдан басқа кəсібі жоқ болса, 24 аттық малы бар үйлер – кілең жылқы қылып санағанда 24 ірі жылқысы бар үйлер. Кілең түйе қылып санағанда 24 ірі түйесі бар үйлер. Кілең сиыр қылып санағанда 29 ірі сиыры бар үйлер. Кілең қой я ешкі қылып санағанда 144 қой я ешкі бар үйлер. Ат басына жақсы жерден 6 десятина, орта жерлерден, нашар жерлерден онан да көп жер керек деп Щербина мөлшер жасап еді. Ол есеппен қазаққа көп жер қалатын болған соң, қайта есеп еткізіп, Щербина нормасын кішірейтіп отыр. Сылтауы орта шаруасы бар үй 24
аттық малы бар үй емес, 10 ат пен 15 аттың арасындағы шаруасы бар үйлер боларға тиіс. Өйткені қазақ жалғыз ғана мал бағып отырған жоқ, егін де салып отыр дейді. Осылай есеп етіп еркегі бар, əйелі бар жан басына нағыз жақсы жерлерден 12 десятинадан, онан төменірек жерлерден 15 десятинадан, онан төмен жерлерден 18-ден, 20-дан, 25-тен жер арнап отыр. Бұрынғы Щербина нормасы дұрыс, бұл соңғы жасаған норма жарамай ма, ол басқа сөз. Осы кеміткен аз норма мен егін нормасын, яғни мұжық нормасын салыстырып қарайық, қазаққа қайсысы пайдалырақ екен. Қазақтың адамдарының санын қосып санап, үйлерінің санына бөлгенде, яғни орта санын алғанда, үй басына алты жаннан келеді. Оның үшеуі – еркек үшеуі əйел болады. Мал нормасымен жан басына 12 десятинадан беретін жерден егін нормасымен ер басына ғана енді 12 десятинадан береді. Мал нормасымен жан басына 15 десятинадан беретін жерден егін нормасымен ер басына ғана 15 десятинадан жер береді. Қысқасынан айтқанда, мал нормасының жері егін нормасының жерінен екі есе көп болмақшы. Мəселе, егін нормасы мен 3 еркекке 15 десятинадан санағанда үй басына 45 десятинадан келсе, мал нормасымен еркек, əйел жан басына 15 десятинадан санағанда үй басына 90 десятина келмекші. 45 көп пе, 90 көп пе? Кейбіреулер мал нормасы болса, жаман жер қалдырып, жақсы жерді алмақшы деп біледі. Бұл дұрыс емес. Кілең малға деп шығарған Щербина нормасын, яғни 24 аттық малды егін салады деп 12 аттық малға түсіріп отыр. Ол егінді салуға жақсы жер керек емес пе? Олай болса егін егіп нормасымен жер алмасаң жақсы жеріңді аламыз дегендері жолсыз. Жəне де осындай малды азайтып норма жасап, қазақты түбінде егіншілікке түсіреміз деп отыр. Олай болса, ер басына 15-тен жақсы жер түпкілігіне деп қалдырулары тиіс һəм солай етіп отырмыз деп жазып та отыр. Егін нормасымен алсақ, жерді оңашалап бірыңғай аламыз дейтіндер бар. Мұны айтушылар не жөнмен айтатындарын білмейміз. Инструкцияда айтылған қазаққа қалдыратын жерлер болмай, бірыңғай болсын деп. Олай болса, қазақты орынсыз бөліп, орыс арасында қалдыру жолсыз. Ал тіпті қазақ пен орыс жанаспай, оңаша жер алады деу, ол да бекер сөз. Бір болыс елде мың үй болса, үй басына алты адамнан алты мың адам болады. Алты мың адамға мал нормасымен 15 десятинадан 90 мың десятина жер тиеді. Егін нормасымен 45 мың десятина жер тиеді. Олай болса, мал нормасымен жер алғанда қазақтан бір жүз үй орысқа жер артылса, егін нормасымен алғанда қазақтан екі жүз үй орысқа жер артылмақшы. Бұлай болса егін нормасымен жер алса, қазақ арасына орыс екі есе көп кіріспекші. Переселен чиновтиктері егін нормасымен жер алсаң, жеріңді алмаймын, əйтпесе, аламын десе, онысы жолсыз, қазақ ешнəрсені білмейді деп істеп отырған қиянаты, законы бар, жолы бар мемлекеттің ішінде отырмыз, жолсыздық істейтін чиновниктер болса, жолға жүгіну керек демей, зорлығына көн деп қалай айтармыз? Мал нормасымен күн көргіш
малға есептеп шығарып отыр. Ол жерден бір қойлық жер ауыстырып жолсыз алса, бір қойын ауыстырып алғанмен бір есеп. Бір қойыңды біреу ауыстырып алса, іздемейсің бе? Ауысқан малын іздей алмаған адам, малға ие бола ала ма? Рас, переселен мекемесінің бастығы Глинко өткен жаз думада айтты: Біз қазақ жері туралы екі жолмен іс қыламыз. Бірі – закон жолы, екіншісі – еп жолы. Ебімізге көнсе, арамсынбаймыз деп. Ол ебін инструкцияның 20 пунктында айтқан: қазақ өзі он бестен жер аламын деп тілесе, тілегін қабыл ету керек деп. Соны жамылшылап қазақтың бəрін де өзі тіледіге келтірмекші. Переселен чиновниктері қазақтың мойынын иіп, басын сол ноқтаға іліктіру үшін мұжық нормасымен аламын десең жеріңді өзіңе қалдырамын, əйтпесе жеріңді аламын деп қазақты жарға қамайды. Оларға біздің «Айқап» журналы һəм ноғай бауырларымыздың матбұғаты көмекші болды. Бұлар қазаққа қастық ойлап емес, достық қыламыз деп көмекші болды. «Айқап» істің негізі не екенін түсініп жете алмай қателесті. Ноғай бауырларымыз, қазақтың жер мəселесін жақсы білмегендіктен қателесті. Қазақтың жер мəселесін ноғай бауырларымызға жер мəселесі күйінде айтып түсіндіру қиын. Сондықтан қазақ пен ноғайға бірдей мəселені мысалға алып айтып көреміз. Алалық, мəселе, транскрипция (хəріп) мəселесін. Барша мұсылман жұрттарының тұтынып келе жатқан харпі араб харпі. Россия мұсылмандарына араб харпін тастатып, орыс харпін алдырамыз деушілер болды. Оқу министрі акция шығарса, Россиядағы мұсылмандардың мектептерінде оқу араб харпімен оқытылсын. Өздері тілесе, орыс харпімен оқуға да рұқсат деп. Оқу министрінің чиновниктері, қазақ ешнəрсе білмейді деп қазақтың өзі тіледіге келтірмек үшін сендер орыс харпімен оқу үйреніңдер, əйтпесе мектептеріңді жауып, тіпті оқытпай қоямын десе, ноғай бауырларымыздың матбұғаты не айтар еді? Қашаннан бері тұтынып келе жатқан араб харпін тастап орыс харпімен болса да, оқу үйрену үшін чиновниктердің айтқанын қылыңдар дер ме еді? Болмаса, мұнысын жолсыз, жолға жүгін дер ме еді? Жер мəселесі – харіп мəселесінен де көрі салмақтырақ, маңыздырақ мəселе. Харіп түрін алмастырудан шаруа қалыбын алмастыру оңай емес. Салмақты мəселеге салмақпен қарау тиіс шығар дейміз. Қазақ жері туралы «Уақыт», «Тəржіман» газетасы пəлен депті дегенді бізге көрсетеді. Бұл екеуі де мұсылман матбұғаты ғаламында белгілі газеталар. Бұлардың басқа біліміне біздер таласпаймыз. Бірақ қазақ жері турасында біліміне таласамыз. Ноғай бауырларымыз қазақ жайын қазақтан артық білетін болса, думада қазақ жайын жақсы білетін депутат жоқ деп біз неге айтып жатырмыз? Думадағы ноғай бауырларымыздың депутаттары қазақ жайын білмейміз деп неге айтып жатыр? Сөздің қорытуы мынау: осы күні егінмен күн көріп отырған қазақ егін нормасымен жер алсын. Малмен күн көріп отырған мал нормасымен жер алуы тиіс. Жолсыз бір қойлық жерін ауыстырып алса: бір қойын
алғандай іздеу керек. Нормаға ұстап отырған малы сыймайтын болса, инструкцияның жетінші пунктінде айтылған жолға жүгіу керек. Жауап хат Өскемен уезі. Тарғын болысы 8-нші ауылда 30 үй қазақ мұжықша 15-тен надел алып, 20 үй мұжықпен оттас болып, қала бол ған. Қостас орыспен келіспей, қайта қазақ боламын деп сол 30 үйдің қайталап жатқаны 52-нші нөмір «Қазақ»-та жазылды. Оқушыларға біздің «Қазақ» газетасының пікірі мағлұм. Мұжықша надел алып, қала болу керек, егінші болсаң, егінмен таласып, мұжыққа бəйге бермейтін болсаң, 15те отырып егін шаруасын атқарып, осымен күнелтетін болсаң. Өзге жолмен надел алған қазақ адасып, қаңғып қалады. Осы күнгі істеп отырған шаруасына қарасақ осы жоғарыда жазылған қазақтардың надел алып мұжық шаруасына айналуына қанша дəлел бар? Осы қазақтар қанша егінші екен? 1911-нші жылға қайта жазған жазуда Тар ғын болысы 8-нші ауыл, 6 қыстау 74 шаңырақ. Мұның жүзден сегізі жатақ, уезде жатақ һəм шала жатақ 14, егін салатын үй жүзден 21, уезде – 72. Сөйтіп мұжық боламын деп əуре болған қазақтар шаруа жолына салса, Өскемен қазағының аяғында надел алып, мұжық қамытын киетін жөні бар. Мұжық болмай қайталаған қазақты қуып тастап, 30 үйге жерді кесіп берді деп тілші жазып отыр. 1911-нші жылғы жазуда осы 8-нші ауыл Қожамбет 5-нші бөлімде (район), екі жазуда да 131-нші тапта (группа). Қайта жазған 1911-нші жылғы есепте 5-нші бөлімде бір үйдің жер еншісі мынау: Қыстау жері 43 десятина бір ширектен артық, жайлау 35 десятина үш ширектен артық, күзеу 10 десятина жарымнан аз-кем. Егінжай 4 десятина, пішендік – 2 десятина, бəрі – 95 десятина жарымнан аз артық. Орыс, 30 үй болса да, мұжық боламын десе, жер кесіп беремін деп отырғаны осы 95 емес пе? Бір үйде 3 ер болады, бұларға 15-тен надел берсе, енші 45 десятина, қалған 50 десятина кінəз Кошубей, граф Мидем олжасына қалады. Қазақ-ау, сені мұжық болсаң кел мұндалап шақырған жұмбағы осы мал баққан шаруамен ұтып отырған 50 десятина емес пе? Осы жерге кінəз, графтар жерік емес пе? Надандық, арамзалық, партиялық, соқырлықпен аранға өзің барып шабыңнан жарылып жатқан жоқсың ба? Қайта жазғанда 131-нші тап жерін 129-ншы тап жермен бірге көрсеткен. Осы екі таптың жері 10 718 десятина үй 365, бір үй еншісі қыстау жерінде 29 десятина тағы үштің бірінен артық. Жоғарыда жазылған қыстау жер еншісі 43 десятинада бір ширектен аз артық деп. Сөйтіп бұл екі тапта қазақша да, мұжықша да жер еншісі кем. Соңғы қайта жазған планға қарасақ осы екі таптан көп жер алынған, қазақ соқырлығымен
кемде қалған. Қыстау жері 29 болса, мұжық боламын деген үйге 45-ті кесіп берсе, қазақ шаруасында қалған үйлер қуылмасқа бола ма. Бірақ бүйтіп қисық іс қылатын закон жолы жоқ. Жерден қуылған, жерсіз қалған қазақ өзге жерден енші жер алатын жол бap. Мұжыққа кесілсе, қазаққа өзге жерден енші сыбаға беріледі деген 5, 8 һəм 11-нші пункт 9-ншы июнь 1909 жылғы Coвет министрдің насихатын қара, бұл 29 һəм 30-ншы нөмір «Қазақ»-та басылып шыққан. Партия болған момынды пысық жеген, түптен келе жатқан ескі мінез, ноғай-қотыр оңайлықпен шықпайды. Надан азайса, жаһатшыл көбейсе, жалмауыз сонда азаяды. Бұл неше түрлі қиын əдіспен орнына келеді. Адам баласының қызметі араласпай қазына табылмай, жер көп өлік қазынаның бірі. Қызмет қылмаса, жерден қу қағазбен пайдаланғанға қазына шықпайды. Міне, орыс дворяны қызмет қылмаған соң қанша тістеп тырысқанымен жерінен айырылатын жолға саулап түсіп отыр. Құлды аз да қылғаннан бері өткен 50 жыл ішінде дворян жерінің үштен екісі мұжық қолына сатылып кетті. Біздің қазақ жеріне кінəз Кошубей, граф Мидем көшіп жатқаны өлердегі ұлақтың бақырғанындай, жерден қаймақ жалаған сорлының жан айласы. Қыр баласы Қоныс жайынан Біз Қостанай уезіне қараған Жағалбайлы деген 5 болыс ел боламыз. Осы 5 болыстың біреуі Жетіғара болысы. Осы болыста Тобыл бойында, Жетіғара деген таудың тұрысында отырған екі ауылнай елміз. Жанжағымызда жағалай отырған 22 мұжық қаласы бар, егінге жарамды жерімізді мұжық алып болды. Қалған жері күнелтіп тұрарлық шамамыз болса да осы жаз землемер келеді, жерлеріңді өлшеп артығы болса тағы алады, он үй, он бес үй болып өлшеп алған жеріңде қала бересің деген сөзді естіп, енді мұнан бұлай қала-қаланың арасында қамалып қалсақ көрген күніміз де қызық болмас дегендер болды. Осы қалыппен біз 7-нші ауылдың адамдары болып Тобылдың күнбатыс жағынан көшіп жиналмақшы болдық. Тобылдың осы күнбатыс жағы Бозбиенің тарауына шейін ұзыны 80, көлденеңі де 80 шақырым ашық, айналасы өзен. Бізді көріп Жетіғараның екі жағындағы елдер де айтылған жерге орындауға мəслихат қылысты. Землемер келіп, «қала бол, əйтпесе жақсы жерді алып жаман жерді қалдырамын» десе, əуелі қала болмаса қазаққа жаман жер берілсін деген законыңды көрсет. Екінші, қала болу мақсұт болса, біз өзіміз де қалаша жиылып отырмыз. Бірақ егін нормасы жер алып қала болмаймыз. Біз малмен күн көріп отырған халықпыз. Қала болсақта, малдан қол үзбейміз. Түбінде егінші болсақ боламыз, нақ осы күні малды тастап, бірден егінші болып күн көре алмаймыз. Малымыздың саны
мынау. Мал басына өлшеулерің неше десятина? Сол өлшеумен қазіргі бар малымыздың санына есептеп жер қалдырып, артығы болса ал. Түбінде малды азайтып, егінге түссек, егін нормасымен бересіңдер. Қазіргі бар малымызды сатып, иə сойып көре біле жарлылық күйге түсе алмаймыз. Бұл айтқанымызды тыңдамасаң, тыңдарлық орын іздейміз деп айтамыз. Алдақуат Жасаров Жетісу қазақтарының жайынан* Мұнан бұрын жазып едім: Жетісу қазақтары елу жыл бұрын аса бай болса да, 25 жылдан бері қарай қазақта малдың бұрынғыдай өршіп, көбеюі тоқталды. Шаруа кейіндей бастады. Əсіресе соңғы он шақты жылдың ішінде қазақты өте кедейлік басып кетті деп. Дүниеде себепсіз ешнəрсе жоқ. Байлықтың да, кедейліктің де бір себебі бар. Тағы қай кəсіп болса да оның ілгері басуы һəм пайдалы болуы үшін жерінің, орнының жаратылысында сол кəсіпке қолайлы болуы шарт. Мысалы: сауда кəсібінің ілгері кетуі үшін жерінің қара топырақты яки арығының мол болуы шарт. Мал шаруасы үшін де малдың еркін қоныста айтшайтсыз емін-еркін өрістеп жайылуы шарт. Бұл кəсіптердің қайсысы болса да шарты табылмаса ілгері баспайды. Ал шаруасының шарты табылып: қоныс кең, жайылым мол болса қазақтың тайы құлындап, тоқтысы қоздап, жыл сайын тұяққа тұяқ қосылып төрт түлік мал бірбірімен күндескендей болып жарысып өседі, өршейді, көбейеді. Сол себепті қазақта мал шаруасының төмендеуі, кейіндеуі қазақтың жалғыз надандығынан көрі жолды емес. Кедейліктің ең үлкен себебі: мал кəсібі үшін керекті болған жоғарыда айтылған шарттардың табылмағандығы – қоныс, жер, судың тарайғандығы. Əйтпесе қазақ бұрын білімділігімен байып, енді надандығынан кедейленіп отырған жоқ. Мұжықтар астық шығатын жердің жайын қандай білсе, қазақтан да қандай жердің көктем, күзек, жайлау, қыстау үшін малға қолайлы, қай жердің суының, шөбінің малға жұғымды екендігін, қай шөпті жесе тоқтының бірі қалмай қашып қоздайтұғынына шейін сондай жақсы біледі. Қанша надан десек те қазақтар бұл тураға аса жетік. Сондықтан қазақ баласы егін үшін емес, бəлки ата-бабасынан қалған мал кəсібі – мал шаруасы үшін қолайлы болған ен даланы тау, құм деп талғамай иемденіп, мекенденіп келе жатқан бір халық. Жетісу қазағын басқа, кедейліктің де зор себебі қоныстың тарайғандығы. Қоныстың тараюының себебі мынау: алпысжетпіс жыл бұрын бұл жерге орыстар келіп орнасқан соң бастап таудағы жасыл жапырақтарымен бүркеніп, əдемі жас келіншектерше тамылжып тұрған орман һəм ағаштарды бүтін аймағыменен қазынаға алған. Таудың, етектің егін үшін жарамды жерлерін ойып-ойып казак-орыстарға кесіліп
берілген. Төрелерге арналып участоктар кесілген. Енді бұлардан қалған бар іліп алар жақсы жерлер он шақты жылдан бері қарай Ішкі Русиадан көшіп келген мұжықтарға беріліп жатыр. Тау арасындағы қоңырлық жайлаулар, қазақтың тау һəм етектегі көп қыстаулары, мың азаппен қазып шығарған арықтары, егіндік-пішендік жерлері бəрі де қолдан кетті. Қазір Қапал, Лепсі дуандарына қараған бар тəуір жер алынып бітті деуге жарайды. Сонда да əлі əр жерге ағаштар қадап, тастар шошайып белгі салып жүрген шолақ киімді төрелер қазақ ішінде толып жүр. Жерге оймайтын шын жалмауыздар казак-орыстар. Бұлар əр төрт, бес жылда бір қайта «жанымыз көбейді, жеріміз азайды» деп қазақтың көзге ілінер тəуір жерлерін ойдырып-ойдырып кестіріп алып тұрады. Бұлар қазақ атаулының қолында пайдалы жер қоймақ емес. Орыстарға кеткен бұл жердің көбі тау жайлап, етек қыстап жүрген, ... белгілі қоныс болмаған қазақтардың жері. Нағыз қиюы кетіп, кедейлік басқан қазақтар да осылар. Бұлар кедей болмағанда кім кедей болсын? Бұларда дəл осы күнде бұрынғы қоныстың мың да бірі жоқ. Алдында қара-құрасы бар қазақтар осы күнде де тауға шыққан болады. Шыққанмен не пайда? Жолшыбай орыстың егіні мен пішендігі. Жуықтап кетсе қазақтың малын ұстап, өзін сабап, айдап алып қырып, жойып өлтіре жаздайды. Сондықтан қазақтар бұрынғыдай əр жерге ерулеп малын жая алмайды, қыстан шыққан арық кебімен шұбыртып тауға шығады. Тауда кеңшілік тағы жоқ: бір жақ орман ағаштық, бір жақта орыс жерлері, мал өрістей алмайды. Олардың маңайына баруға закон жоқ. Қазақтар таудың қуыстарына малды ай жарым-екі ай айырып бағады да, шұбыртып жəне етекке түседі. Етек тағы тар: егін-мегін арасына кемді күн жайып үлкен байлар құмнан яки басқа бір алыс жерден қоныс алып малын іріктеп сонда отар жібереді. Алысқа көшу де оңай емес: жүк артатын түйе, қойға мінетін өгіз керек. Құмда да бос жатқан жер жоқ. Біреудің жеріне, меншіктеген қорасына ақша төлеу керек. Сондықтан шағын малды кісілер қыстауын, жиған аз ғана пішенін тастап шетке көшіп кетуге батыршылық ете алмайды. Етекте қалады. Жердің шөбі азайып, күз жақындаған сайын қазақтар ызғарлы қыстың жуықтағанын сезіп, көңіліне қорқу түсіп, ішкен асы бойына тарамай тастайды. Мііне тап осы мезгілде казак-орыс жерінің базары көтеріледі. Қазақтар жабылып орыс жеріне ақшамен мал өткізеді. Байлар да отардан қалған ақсақ, тоқсақ һəм саулық қойларын сонда апарып тығады. Қазақтың көбі күзді де, қысты да сол казак-орыс жерінде өткізеді. Кейбіреулері жаз тақырлап кеткен тауының қар түспейтін күнгейіне тағы да қыстайды. Қыс ең жақсы деген жылдарда мал өзінің жазғы майын жеп қыстан əрең деп, құр жаны шығады. Бұрынғыдай малдың күзгі еті жазғы етіне барып қосылмайды. Қоныс тарайған сайын малдың күйі табылмайды: азады, тозады. Қыс болса арықтап, қотырдан көзі ашылмайды. Бие құлындамай, тоқты қоздамай мал жылдан-жылға кемиді, құриды. Жердің тарайғандығы осы емес пе? Мінген аттарын
жемсіз міне алмайды. Сентябрьден бстап жайлауға шыққанша ат жем жейді. Мен мұны жалғыз Жетісу қазағында көріп отырмын. 500 жылқысы бар байлардан жақсы деген жылдарда жүзден артық бие құлындамайды. Үш елі шығатын соғым бие табылмайды. Қазақта жер кеткен сайын мал азаяды, кедейлік артады, оның үстіне шығын азаймайды, бəлки көбейеді. Қазақ осы күнде астық, шай, қантсыз тұра алмайды. Малы пішенсіз қыстан шыға алмайды. Мінген атқа, семіртетін малға жоңышқа, сұлы тағы керек. Казак-орыстар жер көп: пішенді де, астық сұлы, жоңышқа, жайылыс бəрін де қазаққа солар сатады. Қазақтан шыққан ақша бəрі де солардың қалтасына барып түседі. Сондықтан даланың байлығы қалаға, қазақтың байлығы казак-орыстарға көшеді. Сол себепті қазақ байғұс бір жағынан жер, судан, бір жағынан таланып, күн санап төмендеуде, құруда. Мұның аяғының қайда барып тірелерін əзірге бір адам да болжарлық емес. Дүниеде адам балаларының істеп жүрген кəсіптері толып жатыр: біреу мал бағады, біреу сауда қылып, біреу өнер үйренеді. Міні, осы айтылған кəсіптердің бəріне де адам баласын үйреткен нəрсе – мұқтаждық. Дүниедегі тоқсан түрлі кəсіптің барлығы да сол мұқтаждықтан басталған, бəрі де сол мұқтаждықтан туған. Тамақ асырап, жан сақтау үшін адам балалары шарасыздан сол кəсіптерге үйренген. Біздің қазақтар да қоныс тарылып, мал азайып, ата-бабасынан бері қарай азық-қорек қылып келе жатқан айран, құрт, майдан айырылып, аузы аққа жарымай бастаған соң нан жеуге мұқтаж болды. Нанға мұқтаждық қазақ баласын да егін кəсібіне үйрете бастады. Жетісуға казак-орыстар келіп, əр жерге қала тұрғыза бастағанын көріп, бұл жақтағы қазақтар да: «Орыс аяқ басқан жер суық болады деуші еді, рас екен ғой. Күн ызғарлы, қар қалың бола бастады-ау» деп əр жерге балшық үйіп, там-қыстау сала бастаған. Бастап қыстау салған қазақ марқұм Тұрысбек қажы Маманов болатын. Оған қазір 35 жыл. Бəлки Жетісуда мұнан бұрын қырда қыстау салушы қазақ болмаған да шығар. Міні осы 35 жылдан бері қарай тау-етек қазақтары арасында қыстау салушылар бірте-бірте көбейіп, осы күнде бəрі де қыс там қыстап, жаз бір-екі ай тау жайлайды. Тау етек қазақтарының жерлері егінге жарамды. Арықпен суғарылатын жер болғандықтан, бұлар орыстар келмес бұрын да аздап-аздап тары себетін болған. Орыстар келіп қазақ жерінде көбейген сайын қоныс тарылған, мал азайған, қазақтар нан жеуге мұқтаж болған. Нан жеу, нан табу үшін Жетісу қазақтары да егін кəсібіне кіріскен, азаптанған, арықтар қазған. Бірақ байғұстар егінді бір пайдалы кəсіп деп ойламаған, оның ретін де жақсы білмеген, күтіп-бағып уақытында суғара алмаған. Ағаш соқамен жердің бетін жырғалап, бірліжарым десятина егін еккен. Мақтағаны төрт-бес қап астық алған. Солайша тау-етек қазақтары бұл уақытқа шейін жə мал баққан нағыз көшпелі емес, жə егін салған нағыз егінші емес, екі арада ит əуре болып келген. Соңғы жылдарда казак-орыстардың үстіне мұжықтар тағы келіп, қазақ
жері ойдан да, қырдан да мүжіліп, өте тарылып кеткен соң қазақтар еш қайда тыпыр ете алмайтын болды. Қолдағы мал бітті, шарасыздан шыдап егін кəсібіне мойын қойды. Анығына келгенде егінші-отырықшы болуға бетін түзеді. Ескі ағаш соқаларды отқа жағып, темір, сабан-темір соқамен жерді жыртып, егін салуға кірісіп, егіндері де тəуір шыға бастады. Сонда да əлі біздің қазақ бұл кəсіптен мұжықтар яки казак-орыстар сияқты байып кете алмайды. Оның да себебі мынау: бізде егіншілер екі түрлі, біреуі, алдымен азды-жоқты малы бар, үстінде бүтін күркесі бар қазақтар. Бұлар жазғытұры жерін соқалатып, егінін ектіріп, біреуге тапсырады да, өзі аз ғана қарасымен бір жаққа көшіп кетеді. Өзі артынан зейілдеп жүрмесе, өз көзімен қарап істетпесе, өзі тырыспаса, кісі қай кəсіптен пайдаланады. Кісінің қай шаруасы оңалады. Өз көзі болмағандықтан мұның егіні көтерілмейді, бағуынан да, суынан да кем болады. Құдай беріп шыға қалса, бір-екі қап астық алады. Шықпаса, «еңбегім аққұла кетті» деп тағы да ренжімейді. Бұлар бастан-ақ: «Шықса əне, шықпаса əне, нем кетті, жұрт қылып жатқан іс қой» деген оймен салған қазақтар. Мұндайлар онша көп емес. Енді біреуі алдына салып жайлауға айдап шығатын малдан айырылған. Үстіндегі күркесінің керегесі сынып, киізі тозып, көшіп жүріп мал бағудан мəңгілік үміт үзген қазақтар. Бұлар табиғаттың өз жолы, өз законы, өз қолымен отырықшылыққа даярлаған қазақтар. Бұлар: «Енді бізге егін салып, тамақ асыраудан басқа көрерлік жол қалмады ғой» деп егінге кіріскен шын егіншілер. Егіншінің дені 30% осындайлар. Бірақ əлі де болса бұлар өздерінің еңбегіне сіңген іске жалқаулықтарын сынамайды. Өздерінің бұрын қандай болғандықтарын, қазір қандай күйге көшкендіктерін əлі де болса байқамайды. Тыным таппай егіндерін бағып-қағып қарайтындары аз. Тегінде бұлардың көбі мал тұқымынан айырылып, байлықтан бет сипап, бір бұзаулы сиыр мен бір шолақтың құйрығын ұстап қалғандар, кедейліктің қырына шыққандар. Көбінің егінсаймандарын алуға қолдары жетпейді. Аты барының соқасы, соқассы барының аты жоқ. Бір-бірімен жалғасып, ортақтасып егін салып, күздігүні біраз астық алған болады. Бірақ бұл сорлының керегі жалғыз астық па? Оған бастап жерге себетін тұқым керек, ішетін шай, қант керек. Үстіндегі жыртықтарын да бүтіндеу керек. Берім ақшаны да кешіктірмей төлеп, жасауылдың қамшысынан шапшаң құтылу керек. Міні, толып жатқан керектер. Ол керектердің бəрі де уақытынан бір минут те кешіктірілмейтін керектер. Бұларды уақытында төлеп жіберуге қалтада даяр ақша жоқ, сататын мал тағы жоқ. Өңшең керектің бəрін «жоқпен» өтеуге тағы болмайды. Керектерді өтеу, олардан құтылу үшін тағы қалай болса да бір жол табу керек. Сорлы кедейлер – егіншілер өздерінше бір жол табады. Өздеріне зиянды, мезгілше мұқтаждан құтылу үшін өздерін өмір бойынша ділгерлікке түсіретін жолға кіріседі. Несиеге, байларға белшесінен борышқа батады. Бастап жерге себетін тұқымды, онан қала киетін киім,
ішетін шай, қант бəрін де жаздан күзге шейін сомына елу тиын несиемен алады. Сөйтіп күз алған аз ғана астығы борышқа жетпей қалады. Ала жаздағы маңдайдың тері, табанның майы босқа кеткен сияқты болады. Қылған кəсіптен қалтада бір тиын да болса қалып тұрған соң егіншілердің қылған кəсібінен жігері қайтып, үміті үзіліп, салы суға кеткен кісідей салбырайып дүние-тұрмысынан үміт кетеді. Бұл үмітсіздік, бұл жансыздықпен егіншілер не қылып алға кетсін, яки олардың қылған кəсіптері қалайша оңсын, қайтып пайда берсін. Егіншілердің басын келген ауырлықтар мұнымен де бітпейді, таусылмайды. Олардың көбі аяғында қатын-баланың қорек қылатын жалғыз сиырдан, мінетін жалғыз шолақтан да айырылып қалады. Байлардың көңілдері қара темірден де қатты, олардың жігіттері кісі етін жеуден де тартынбайды. Бір үйлі жанды шулатып, жалғыз сиырды алдына салып мөңкілдетіп, жалғыз шолақты оң жағына жетелеп алып барған жігіт байлар қасында ең пысық кісіден саналады. Енді барлық малдан, байлықтан айырылған бұл кедей қайда барады, қайтып күн көреді? Жетісуда күндіктеп ақша тауып, тамақ асырайтын жұмыс табуға болмайды. Зауыт жоқ, фабрик жоқ. Жүз мың кісі кіріп, іс істерлік іс еш табылмайды. Кедей сорлыға екі-ақ жол бар: қатын-баласын шұбыртып бір станцияға барады яки бір қазақ байына малшы болады. Станцияға барғанда бір казак-орысқа жалданып малын бағып, қорасын тазартып, жылға 20-30 сом ақша, бірер десятина егін шаштырып алады. Аштытоқты солай жүріп, бара-бара мұсылманшылықтан да, қазақшылықтан да айырылады. Жалшылықтан өмір бойы құтыла алмайды. Қазақ байына жалданғандықтан айына төрт сом алады. Тамақ байдан, киім өзінен. Төрт сом киімге жетпейді, үсті-үстіне борыштанып, байға өмірлік құл болады. Қатыны қысы-жазы байдың сауынын сауып, баласын көтеріп, аяқ-табақ жалап күн көреді. Бұған бəйбішенің жылында бір қайта берген бір көне кимешек пен тыңдау көйлектен басқа ақы жоқ. Мұндайлардың елдегі жер-суын байлар, болыс, старшин яки елінің бір пысықша адамы иемденіп кетеді. Міні Жетісу қазақтарының қазіргі халі. Бір жағынан қоныс тарылғандық себепті көшпелі қазақтар малдан айырылып, кедейленіп барады. Екінші жағынан сол кедейлер мал шаруасын тастап, егін кəсібіне кіріссе бұрынғыдан да жаман бір халге түсіп барады. Мың айт, бір айт баяғы надандық, білімсіздік, өнерсіздік, жалқаулық, надандық себепті көріп жатыр. Қазақты надандықтан аман-есен алып шығу оңай болмас. Не қылсақ та сол надандықпен күресіп, соны жығып жеңудің амалын табу керек. Ғ.Мұса *Құрастырушыдан: «Жетісу қазақтарының жайынан» атты мақала «Қазақ» газетінің бірнеше санында жалғасымен жарияланған. Жинаққа жер мəселесіне арналған осы мақаланы ғана енгізіп отырмыз.
Орал қазақтарының тілегі Орал облысының қазақтары 7-нші майда мұсылман фракциясына төмендегі өтініштерін жіберген: «Төменде жазылған 6 бап тілектерімізді Государственный Думада қорғауды һəм тиісті орындарға жеткізуді мұсылман фракциясынан кішілікпен сұраймыз. 1) Біздің тіршілігіміз, рəсім һəм жеріміздің жайына қарай мал баққанда күн көруіміз мал етімен. Сондықтан Г.Думаға 66 депутат кіргізген мал бауыздау хақындағы закон жобасына қатты ренжідік һəм ол депутаттарға кейідік. Өйткені бұл жоба закон болып шыға қалса, біз тіпті жеуге иə аштан өлуге қаламыз. Жобада көрсетілген ретше мал бауыздаудың шариғатша арамдығын жазу да қажет жоқ. Бұл туралы фракцияның өзінде жетерлі дəлел бар шығар. Жалғыз біздің тілегіміз сол, жоғарыда айтылған закон жобасы закон болмасына фракция бар күшін жұмсаса екен. Закон болып шыға қалған күнде риза болып қабыл ете қоймайтынымызды тиісті орындарға білдіртсе екен. 2) Бұл күнге шейін біздің дін істеріміз хүкімет төрелерінің қолында болып келді. Бірақ төрелер шариғат хүкімін жақсы білмегендіктен, тұрмысымыздан хабардар болғандықтан хүкімет үшін де, қазақ халқы үшін де бапсыз жұмыстар болып келді. Енді мұнан кейін сондай көңілсіз, жайсыз уақиғалар болмас үшін қазақ халқын Оренбург мүфтилігіне қосса екен яки өзімізге жеке мүфтилік берілсе екен. 3) Қазақ жері тегіс егінге жарамсыз болғандықтан қазақ халқы мал бағып тіршілік етеді. Бірақ соңғы жылдарда мұжықтарға ең жақсы жерлеріміз кесіліп беріліп, мал бағуымыз қиыншылыққа айналды. Қазақ халқы пақырлыққа ұшырады. Соның үшін қазақ жеріне мұжықтар жіберуді енді тоқтатса екен. 4) Орал облысының қазақтарынан кей облыстар қала салып отыруға риза болып еді. Бірақ хүкімет төрелері оларға «Екі орыс, бір қазақ болсын» деген саясат жүргізе бастады. Біз бұл саясатты дін һəм ұлт істерімізге зиянды деп білеміз, сондықтан бұл саясаттың жоғалуын тілейміз. 5) Біз мəдени тұрмысқа, орыс һəм басқа халықтармен қатар тіршілік етуге жаңа ыңғайланып келеміз. Соның үшін біздің дін һəм дүниялық жұмыстарымыздан кемшіліктеріміз бек көп. Бірақ бұл керектерімізді халық өкілдері де хүкіметке жеткізіп, хұқымызды қорғарлық ешкіміміз жоқ. Соның үшін бізден Г.Думаға депутат алынса екен. 6) Бұл күнге шейін қазақ арасында бір сыпыра орысша бастауыш школдар ашылды, бірақ бұл школдарда дін, ана тілі һəм ұлт əдебиетінен еш нəрсе оқытылмағандықтан, школдан оқып шыққан балаларымыз өзімізше оқу-жазу білмейді, дін білімдерінен тіпті надан қалады һəм халық арасында қызмет етуден мақұрым болады. Сондықтан халық мұндай школдарды артық жаратпайды. Сол себепті қазақ арасына ашылған һəм ашылатын школдарда бастапқы 3 жыл ана тілінде оқытылуды, соңғы
жылдарда лайықша деп үйретіп һəм ұлт əдебиетінен сабақ берілуді тілейміз. Бұл тілекке өкіл болып қол қоюшылар: Хамидолла ишан Тəржіманов, Дəулетбай ишан Айсарин, Сұлтан ишан Көркенбаев, Əндіжан Жұбаналиев, Бақытжан Қаратаев, Тақтабай Толаев, Ғабдолғани ишан Қонаев, Мұхамед-Сүйінғалыи Ишан ұғлы, Өтеш Дүйсембаев, Хасен Жиеналиев, Ғабдолла ишан Досжанов, Нағман Байтоқов, Сүлеймен ишан Есенғалиев, Айтас ишан Далақов, Хасен ишан Нұрмұхамедов Жер мəселесі Көшпеліліктен отырықшылыққа айналу өте қиын мəселе һəм тіршілік мəселесі. Бұл мəселе əсіресе қазақ даласына ішкі Русиадан мұжықтар ағыла бастағаннан бері қиындады. Переселен управлениесі бар ыждаһаттан мұжықтарға жер кесіп беруге жұмсап, қала болған қазақтарға аз ілтипат бөлетін болды. Қазақ арыздарының көбінесе 3-4 жылға шейін жауап ала алмай, сенделіп жүргендері аз емес. Рас, кей уақытта мұжықтар қатарында 15-тен жер алып, «қала боламын» деп арыз берген қазақтар арасында қайталап, бұрынғыдай көшпелі күйде мал шаруасымен тұра береміз деушілер де болғаны бар, бірақ бұған қарап переселен управлениесі қала боламыз деген қазақтың тілегіне сенімсіздік көрсетіп, арыздарын жауып тастаудың орны жоқ еді. Қала боламыз деген қазақтардың тілегін қабыл алып, жер өлшеп берерде көзге түсірерлік бір ісі бар. Бұл көшпеліліктен отырықшылыққа айналатын рет де түбін ойлағанда өте шатақ мəселе. «Қала боламын» деген қазақтар арыздарында отырғысы келген жерлерін көрсетті. Көбінесе олар бұрыннан мекенденіп келген жерлерін сұрайды. Мұның үстіне кейбіреулері алатын жерінің аймағын кеңейтуге тырысады, сондықтан көрші жер иесі қазақтар арасында ренжулер, тіпті жер дауы пайда болады. Мұндай орында қазақтың өзді-өзі алакөз болуын сылтау қылып, жер кесуші төрелер талас жерді қазақ пайдасынан шығарып, участокка айналдырып жібереді. Сөйтіп осындай болмашы сылтаумен қала болуға ең лайықты жерден қазақ бос қалады, өз тілегі арқасында өз жерінен айырылып қалмасына ешкімнің көзі жетпейді. Жер кесуші төрелерде тағы да бір үйреніс бар. Олар қазақ жерінің ең қоңдысын мұжықтарға һəм қазынаға алады да, қазақтарға ең нашарын қалдырады. Көбінесе қазаққа жер кескенде олардың тілектері тыңдалмайды, сұраған тəуір жерлерін бермей, төрелер өз ұнатуынша шетке шығарылған жерлерді ғана береді. Мұндай халді көрген қазақтар соңында өздерінің мұжық қатарында қала болуға, 15-тен жер сұрағанына өкінеді. Мысал үшін Өскемен уезі; Айыртау елінің 2-нші ауылын көрсетеміз. Бұл қазақтар қала болуға жер сұрап, арыз бергелі жылдан
асты. Бұлардың арыздары қабылданып, жері өлшеніп, жоба лайықтанып временный уездный комиссиеде бекіп те шықты. Бірақ қазақтар өздеріне қандай жер лайықтанғанын білмеген. Бұл туралы ең қызығы сол, производитель работ «А.» қазақтардан күн бұрын ризалық білдіріп, қа ндай жер болса да біздің лайықтаған участокке отырамыз деп қолдарыңнан қағаз беріңдер деп бұйырған. Бұған қазақтар көнбеген. Соңынан қазақтар өздеріне беруге лайықтанған участоктің шегін білгенде, не қыларын білмей ренжуге қалған. Оларға тау, тас, шөлді кесіп, жердің ең тəуір бөлімін қазына участогіне қалдырған екен. Мұны білген соң қазақтар областное комиссиеге арыз берген: «Біз қала боламыз деп жер сұрағанда егіндікке жарамды жер аламыз деп үміт етіп едік, мыналардың бізге беріп отырған тау, тасына не егін егіп, тіршілік қылуға, не мал бағып күнелтуге болмайды» деп. Біз ойлаймыз қазақ жерінің топырағы һəм ауасының шартына қарай егін кəсібіне лайықты орындарда қазақтың қалағанын беріп, риза қылу тетігі Переселен управлениесінде. Егер П.Управление бұл жолсыз ісін тоқтатпай, ескі күйіне баса беретін болса, қала болып мəдениетке қадам басамын деген қазақтың жолына бөгет болуында, тіпті өткен 1911/12 жылғы жұт доңыздан қалған шаруасын онан жаман күйзелтуінде шек жоқ. П.Управление бұл саясатымен қазақ шаруасын түзеу орнына бүлдіруі анық. Бұл көңілсіз оқиғаға Переселен управлениесі тізгінін ұстаушылар көптен көзінің қырын саларға керек еді. Ром Ішкі Ордалықтан уақытша қазынаға жер алыну Биыл хамалдың 20-нда Астрахан губернаторы һəм Астрахан губерниясының құм тоқтатуын басқарушысы екеуі Хан ордасында болып, Ішкі ордалықтағы жеті қисымның екеуінен, құмды қисымдардан 494 мың десятина жерді уақытша қазынаға жер мекемесі билігіне алынатындығын мағлұм етіпті: Нарын қисымынан 234 мың, Қамыс-Самар қисымынан 260 мың десятина. Осылай болуын министерства бекіткен екен. Мағлұм ету үшін жер кететін екі қисымнан шақырылып барған бас адамдарға губернатор жерлерінің құмын тоқтату үшін уақытша ғана алынатұғындығын, құмын тоқтатқан соң, қазына шығарған расходын қайтадан толтырған соң жер қазақтың өзіне берілетінін сөйлепті. Жердің контрактымен һəм төмендегі екі шарттың қалауын əлгі шақырылып бас адамдарға беріпті. Шарттары мынау: 1-нші, егер де құм тоқтату үшін шығарылатын расходтың төрттен үш бөлімін жері қазынаға кететін қисымдары өздері төлесе, қазақтар əрқайсысы өзінің мекен еткен жерінде отыра бермекші, тек бақ деген жерге мал бағып, тыйыл деген жерден тыйылсын.
2-нші, егер де бұл шартты қазақ қабыл етпесе, расходтың бəрін де қазына өзіне алады, қазынаға алынатын жердің бəрін қазақ босатады, көшіп шығып, басқа қалған жерге сыйысады. «Таңғы тамақ тəңірден» деп бүгінгінің ғана қамын жеп, қазынаға алатын жерін босатып, қалғанына өздері сыйыспақ болып ел адамдары соңғы шартты ұнатып, қабыл алысыпты. Қамыс-Самардан Бақытгерей Құлманов əуелгі шартты қуаттаған екен, оған серік болмапты. Қай шартпен болса да қазынаның расходын қазақ өзі төлемей, түбінде кім төлейді? Ертең штрафты жауған қардай боратып, қазақтан алмай қазына кімнен алады? Бұ күнгі өзінің айырылайын деп жатқан қызыл құмына шыққан сток-сток пішеніне үш күн қатарынан қыс болған күні қазақ өзі мұқтаж болмай, кім болады? Олай болса, қазаққа керегі əуелгі шарт емес пе еді? Қой шетінде нашарлауда болса қойша жүрсе, қасқыр қойдың құйрығын жесе де, кеудесін қалдырмайтын ба еді? Қарасын бөліп жүрген қойшы қойдан кісі көрінім жер алыс қалса, сол қойдың кеудесіне де қорқыныш кірмей ме? Жиырманшы ғасыр өзгелер үшін жиырмасыншы ғасыр болғанымен біздің қазақ үшін айтылған сөзге, айтылған сертке тергеп сенетін ғасыр болып тұр ғой. К.Сəлиманов Жер мұңы Асыл түбінің өзімізге қырсыздығы сезілген һəм арамызда бола да бастаған ыңғайсыздау бір істің жайын жазып, жұртқа таныстырғым келеді. Ол іс мынау: біздің Петропавл уезі, Пресновскі болысының тоғызыншы ауылына қараған 13-нші район, 151-нші бөлімдегі Түлкібай ақсақал Қатақ баласының 25 үйінің жерінен Кузнецов нормасы бойынша 2188 десятина жер артылған еді. 1911-нші жыл июнь жұлдызының ішінде қазақ шаруасынан түк білмейтін производитель работ келіп əлгі артық деген жерді участокқа алып кете барған. Бұл күнде осы жері участокқа алынған ауылдардың төрт жағында айнала орыс қалаларымен қоршаулы тұр. Түн жағында «Семиполоски» деген мұжық қаласы, күнбатысы –манағы жаңа участок, оңтүстігі – «Қоскөл» деген қала һəм күншығысы – Мыңгесер елінің ішегіне түскен жəне бір жаңа қала. Міні айнала қалалардың арасында қалған соң Түлкібай ақсақалға қараған 25 үй тоңмойын хахолдың тепкісінен қорқып, өткен жаз 24жайлауға қыстамақ үшін көшіп кетті, қалған ауылы тағы сонда көшейін деп жатса керек. Бұл оқиғаның былайша болуының себебі, жер төрелерінің қазақ шаруасы жайынан еш нəрсе білмеуі һəм инструкциясының 7-нші бабын анықтап қарамағандығы болса керек. Өйткені қанша артық болғанмен,
бұл сияқты айналасындағы елге тегіс тығыздық келетіндей болса һəм ондай жерінің иелері Түлкібай, Шожан ақсақалдар сияқты бар адамдар болса, ол секілді аз-кем артықта алмай кетуге инструкцияның 7-нші бабы жол тастап отырған жоқ па. Тағы да Түлкібай ақсақалдың ауылына еріп, сол маңайында 24-нші жайлауға көшіп қыстамаққа бет алысып жатқан елдер көрінеді. Мұның себебі мынау: 13-ші район 152-нші бөлімдегі Пресновски болыс, 4-нші ауылдың қазақтары Өмірбай, Көшер, Сəрсембай һəм Самай ақсақалдарға қараған 69 үйдің жерінен Кузнецов нормасы бойынша 877 десятина жер артық болып табылған. Осы артықты баяғы производитель работ 1912 жыл август жұлдызында келіп, тағы да алып кете барған. Алғанда, қалай алған? 69 үйдің ортасындағы артық деп табылған 877 десятина жер үшін Өмірбай ақсақалға қараған 27 үйдің қыстауын ойып алып участокке аударған. Осы күні бұл 27 үй қалған жеріне күн көре алмайтынын біліп 24нші жайлаудың жиегіндегі Сарыоба деген жерді сұрап қопақтасып жатыр. Егер Өмірбай ақсақалдың ауылы көшетін болса, Көшер, Сəрсембай һəм Самай ақсақалдарға қараған 42 үй де 24-нші жайлауға көшпей отыратын түрі жоқ. Жоғарыда төрт ақасақалға қараған 69 үй бірден жерлерін мұжыққа ерулікке тастап, жайлауға қарай шұбырып жөнелетін болса, 150-нші бөлімдегі Ораз, Жақсымбет ақсақалдарға қараған 13 үйдің ата қонысында жылжымай отыруы оңай болмаса керек. Неге десеңіз, төрт ақсақалға қараған ел бірдей босып жөнелген соң, айнала қаланың ортасында нағып қалсын. Оның үстіне Ораз, Жақсымбет ақсақалдардың нормадан артық тұрған 1 мың 267 десятина жерін қырағы П.Р.Даркурмей тастап кетер ме? Бірақ осы екі ақсақалдың қасындағы 149-ншы бөлімде отырған Абылай, Омар, Алпысбай, Жəнібек һəм Жайсаңбай ақсақалдарға қараған 69 үйдің нормадан 1 мың 678 десятина жерлері кем болған тұрады. Осы кемді 150-нші бөлімдегі Ораз, Жақсымбет ақсақалдардың 1 мың 267 десятина артығын алып һəм 152-нші бөлімдегі Өмірбай, Самай, Сəрсембай һəм Көшер ақсақалдардан артық шыққан 877 десятина жерінен алып толтырғанда, 151 үйдің ортасында 466 десятина-ақ жер артық болып шығады. Осы 466 десятина артық жер үшін 151 үйдің шаруасын күйзелтіп, алдын көшіріп, артын қобалжытып қойған түрі мынау. Жер төрелерінің мұндай жолсыз ісін, қазақ шаруасына көлденең саясатын қанша мінесек, алды-артына қарамай табансыздық көрсетіп шошаңдаған жер иелерін сонша сөгуге лайық. Осындай артықты алғанда производитель работтар жер иесі ақсақалдарды шақырып, ризалықнаразылықтарын сұрамай қоймайды. Риза болмағандар «временный комисиеге арыз беріп сұраңдар» дейді. Ақсақалдар сұраса жазған постановлениесінен копия беріп те кетеді. Оның үстіне жері алынған елдің болыс арқылы комиссиеге екі өкіл сайлап жіберуге ерік те білдіреді. Өкілдер жер жайын білген намысты кісілерден болса, комиссиеге жолдасады. Дауы дəлелді болса, комиссия жерін босатып береді. Егер ол
комиссиеде қолы теңдікке жетпесе, областное присутствиеден сұранып көрініп, онан қалса жер министріне һəм Думаға шейін толық дəлелдермен ізденуге жол бар. Бірақ іс былай созылып кетсе кім болса соның қолынан келетін партия жанжалы емес, мұндай берекелі даудың соңына жарық алып түсуге жер мəселесінде білімі толық, берекелі кісілер керек һəм дауына керекті дəлелдер тауып беріп отыруға жер иесінің де ерінбейтін өте көкселі керек. Міне, осы бейнеттердің тым болмаса бəрін атқармай жатып талтүсте аранға шапқан елдің ісі нағып оңсын! Переселен чиновниктерінің осындай қабағының асты, қаламның ұшынан ығып законға сыйымды жолмен айтыспай мекендерін тастап бір-екі жылда шаңы шығатын жайлауды қыстау қылған елге, ол жер, əрі қыстау, əрі жайлау, əрі күзеу, əрі егін-пішен болып асырар ма? Ондай жердің ертең күні ине жасырынарлық көдесі қалмай, біздің сорлы қазақ қайда барарын білмей алақтап отыруы көзге елестегендей жақын тұр. Мұндай мысал бұл жақта болды. ЖиделіБайсынға ауып жүрген қарауылдар да солардың бірі. Міне, біздің көзсіз көбелектей отқа өзі барып түсіп, онан құтылуға жұмсайтын білімін, байлығын партияға жұмсап, миы ашып тұрғанда, бұл жұрттан не үміт күтуге болады, қайткенде бұлар қатарға қосылады? А.Жанталин Закон жобасы* Ақмола, Семей, Орал һəм Торғай облыстарындағы отырықшы һəм көшпелі қазақтардың соты, хүкіметке қарауы һəм басқа жұртшылық жұмыстарын орналастыру турасындағы Положение 1-нші статья. Ақмола, Семей, Орал һəм Торғай облыстарындағы отырықшы һəм көшпелі қазақтары селски обитатель (қара халық) правосында болады. Басқа қалыпқа тиісті право һəм артықшылықты общий закон бойынша алады. 2-нші статья. Шоқынған қазақтар қалаға һəм шаһарға жазылғысы келсе, обществоның ризалығынсыз һəм уволнительный приговорсыз жазылады һəм жəне де өмір бойыша солдаттықтан азат болады. Қазыналық һəм земски недоимкалары жаңа жазылған жеріне ойысады. 3-нші статья. Жер кестіріп алған яки отырықшылыққа дағдыланып егін, сауда иə басқа түрлі қала кəсібін істеп отырған қазақтар отырықшы қазақ деп есептелмекші. 4-нші статья. Отырықшы қазақтардың есебіне казенни палатаның бұйрығы бойынша областное правлениесінің общий присутствиесі постановление жасап шығарды.
1-нші бөлім 1-нші тарау 5-нші статья. Отырықшы қазақтардың соты, хүкіметке қарауы һəм басқа жұртшылық жұмыстарын орналастыруы мұжықтар турасында шығарған общий положениенің жолдарынша болады (Особ. Прил. Т.ІХ Зак. Сост. Кн. І, 1902 г. И по продол.). 2-нші тарау Көшпелі қазақтардың соты, хүкіметке қарау һəм басқа обществалық жұмыстары турасында. 6-нші статья. Көшпелі қазақтар болысқа бөлінеді. Һəр болыста бірнеше ауылнай общества болады. 7-нші статья. Қазақтарды болысқа һəм обществоға бөлу, болыс һəм ауылнай обществаның саны қанша болу жұмыстарын, ауылдың һəм жердің ыңғайына қарай, областное правлениенің общий присутствиесі істейді. Бөлер шақта əуелі жер өлкесі бірге қазақтар (үй иесі) бір обществаға кіруін көздеу. Екінші, болыстардың адамының саны, жерінің ауданы ел бағу ретіне ықшам болуын көздеу. 1-нші қосымша. Үй иесі деп өз алдына киіз үй, жер үйі бар қазақ саналады. 2-нші қосымша. Ел қонысы алыс, бытыранды болғандықтан бір болыста бірнеше ауылный общества жасау қиыншылық келтіретін болса, Орал, Торғай облыстары туралы Ішкі істер министрі, Ақмола, Семей облыстары степной генерал-губернатор бір аулный обществадан болыс істеуге ықтиярлы. Ондай болған кезде ауылный староста һəм ауылный сход жұмыстары волостной старшинаға һəм волостной сходқа міндет етеді. Мұндай обществаның ісі Ішкі істері министрі һəм степной генерал губернатор шығарған инструкциялары бойынша істеледі. 8-нші статья. Ауылный обществаны екіге бөлгенде жерлерінің бөлігі қоныс өлкесінің ыңғайына қарай общий положениенің 52, 53, 54, 55нші статьялары бойынша ашылады1. Онда болыста: дағдылы қонысы, қыстауы бір жердегі қазақтар бір қала есебінше шағылады. 9-нші статья. Əр үйдің иесі қазақ өз ауылына обществаның санағындағы право, міндеттерінен қол үзбей тұрып басқа ауылный обществада отыруына ауылный сходтық рұқсаты қажет емес. Басқа обществаға мүлде кіруіне бұрынғы общества жерінен безу керек һəм кіретін обществадан приемный приговор алу керек. Кірген уезіндегі крестианский начальниктердің уездный сиезі кіргендігіне постонавление жасайды һəм кіргендерін казенный палатаға білдіреді. 10-нші статья. Бүгін ауылный обществаны бір болыстан екінші болысқа облысты правлениенің общий присутствиесі шығарады. Болысты бір уезден екінші уезге Орал, Торғай облыстарында Ішкі іс министрі
шығарады, Ақмола, Семей облыстарында Степной генерал-губернатор шығарады. 11-нші статья. Көшпелі қазақтар басқа уездердің жеріне жайлауға барған шағында иə басқа уезд, басқа облыс жерінен өтіп бара жатқанда полиция ісі туралы сол жердің хəкіміне қарайды. Патшалық һəм земски зборлары уə ғайри сондай міндеттері өз уезінде атқарылады. Өз уезінен көшіп шығарда волостной старшина һəм ауылный старосталар көшіп шыққан үйдің санын білдіріп хəкімдерінен куəлік қағаз алады. Бөтен уезд һəм облыс жеріне жайлап, иə қыстап отырарында ауылный һəм волостной лауазымдағы адам сол жердің бастықтарына жерінен алған куəлік қағаздарын көрсетіп, мəлім болады. 2-нші бөлім 1-нші тарау Отырықшы қазақтарды жерге орындастыру 35-нші статья. Отырықшылыққа жазылған һəм жазылуға тіленген қазақтарға қазақ пайдасында тұрған жерлер мен қазына жеріне көшіру туралы переселендерге шығарған правилалар бойынша участкелер беріледі. (Св. Ок. Особ. Прил. Т. ІХ, кн. VІІІ ст. 124-154). Олай болған күнде əр ақсақал тұтасымен, иə, бөлектеніп, яки жеке үйлеп, осы 35-нші статья бойынша отырықшы болып жер алып, көп болса өз алдына қала болып, аз болса, мұжық поселкелеріне кіріп орналасуына болады. 36-ншы статья. Отырықшы болып (35-нші статья бойынша) жер алғанда артылып қалған жерлер қазақтарды түпкілікті орнастырғанша обществаның пайдасында бұрынғыша қала тұрады. 37-нші статья. Отырықшы қазақтарға қараған жерлерде ақысыз мал айдап өтерлік мөлшерлі енімен жолдарға жер шығарылады. Қосымша: Жолға мөлшерленген жердің мал оттауға шөбі кем болса, отырықшы қазақтардың жеріне мал иелері Ішкі іс министрі шығарған такса бойынша, иə жер иелері мен мал иелерінің келісуінше от ауыздық төлейді. 2-нші тарау Көшпелі қазақтарды жерге орналастыру 38-нші статья. Көшпелі қазақтарға қараған жерлер, көшпелілердің бұрынғы қалыпты пайдалану рəсімінше һəм осы положениенің жолы бойынша сроксыз пайдасында болады. 1-нші қосымша. Көшпелілерден артыларлық жерлер жер министрінің бас мекемесінің қарамағына алынады. 2-нші қосымша. Оренбург казак-орысына тиісті Новолинейни район жерінде отырған көшпелі қазақтардың пайдасында болатын жерлер 1878-
нші жылы 23-нші майда патша бекіткен Г.Советтің мнениесі бойынша беріледі. 38-нші статья. Көшпелі қазақтардың пайдасындағы жерлер үшке бөлінеді: қысқы қоныс (қыстау), жазғы қоныс (жайлау) һəм егін-тарандық жерлер. Қосымша. Торғай облысындағы тегіс ағаш біткен, шоқ-шоқ ағаш біткен жерлердің ағашы өсіп ұлғаярлық болса, яки ағаш ексе өсерлік жерлер болса һəм ондай жерлер қазақ қыстауынан бос болса (38-нші статьядағы 1-нші қосымша бойынша) қазына қарамағына алынады. Онан кейін ол жерлер қысқы иə жазғы қоныстықтан шығады. Қазақтар қыстау салып отырған жерлерінде ағашты жерлерді алуға тиісті болса қыстау иелерінен ризалық алып келісіп, ағаштан тысқарғы жерге көшіріп, жер министрінің бас мекемесінің лайықтауы бойынша шығынын өтеу һəм жаңа орында қора-қопсы салуына ағаш беру. 40-ншы статья. Қыстаулық һəм егін-тарандық жерлер қазақтарды жерге түпкілікті орналастырғанша қазақ обществаларының сроксыз рəсім бойынша пайдалануында тұрады. Жер таласы бола қалса малының санына, шаруасының мөлшеріне қарай бітім болады. 41-нші статья. Ауылный обществалардың, ақсақалдардың арасында болған жер дауларын судебно-полицейский закон бойынша крестьянский начальниктер бітіреді. (153-196 и 440-443 ст. Пол. Об. Уст. Завед. Крест. Делами, особ. Прил., зак. Сост. Изд. 1902 г. Кн. ІІІІ по прод.) 42-нші статья. Бір ауылный обществаның ішіндегі, яки бір ақсақалдықтың ішіндегі қазақтардың арасындағы жер дауын қазақтың волостной соты бітіреді. 43-нші статья. Əркім сходпен бекітіп үй басына қыстаулық үшін алған жеріне егін егуге, басқа салуға, ағаш отырғызуға, қора-қопсы үй салуға ерікті. Егілген һəм қора-қопсы салған жерлер ата мүлкі есебінде болып атадан соң баласы иемденбекші. 44-нші статья. Əр ауылный общества, яки ақсақалдық өздеріне тиісті қыстаулық жерлерін орыс текті адамдарға егін егуге, иə басқа кəсіп істеу үшін 36 жылға жалдауға ерікті. Ондай жалдаулар обществоның яки ақсақалдықтың сходтары жасаған приговорларымен болады. Əркім (43-нші статья бойынша) өз иемденген қыстаулық жерін жалдауға ерікті. Жалдау шарты жоғарғыша, бірақ ондай жалдауға сход рұқсат қажет емес. 45-нші статья. Жайлаулық жерлер (39-ншы статьяда айтылған) көшпелі қазақтардың рəсім бойынша пайдалануында тұрады. 46-нші статья. Қыстаулық, жайлаулық жерлерден обществаның ынтымағымен егіндік һəм пішендік участкілер шығарылмақшы. Участкілерді үлесу жолы тиісті скодтың приговорлары арқылы. Қосымша. Торғай облысындағы қазыналық ағаштардың ішіндегі пішендік, жайылым һəм ағаштарменен пайдалану туралы лесной устав законының (1905-нші жылы шыққан) 350 һəм 351-нші статьяларында айтылған жолдардан шықпасқа тиіс.
47-нші статья. Қыстаулық иə егістік жерлерден кен қазушылар тиісті обществамен келісуі тиіс. Жайлаулық жерден кен қазу қазынаның бос жатқан жерінің жолынша істеледі. 48-нші статья. Көшпелі қазақтардың пайдасындағы жерлерден мал айдайтын жолдар туралы закон шыққанша мал жаюшылардың мал айдап өтуі ақысыз, бірақ егін иə пішендік жерін бүлдірсе жазықты. 1 Особ. Прил. Зак. Сост. Под, 1902 г. П.1. *Құрастырушыдан: «Қазақтың» 75, 76, 77, 78, 79-сандарында жарық көрген «Закон жобасы» мақаласында барлығы 123 статья берілген. Жинаққа жер мəселесіне қатысты статьяларын ғана енгізіп отырмыз. Жер жалдау Қазақ жеріне сеңдей ағып қара шекпен келе бастағалы халық дағдарып, қайтеміз, бұрынғыдай отыра береміз бе, жоқ, 15-тен кестіріп алып атамекенімізге түпкілікті ие боламыз ба деген ойға қалып еді. Бұл туралы басшы пікір де екіге айырылды. Бұл екі пікір енді қазаққа таныс, қайсысын таңдау еркі өзінде еді. Қала болушылар ер басына 15 десятинаны бұрынғыдан еркін, пайдалы деп алған жоқ, аз да болса, атамекенін қимағандықтан алған секілді еді. Бұлар адасты ма, жоқ дұрысы осы ма, ол хақында əзір ешнəрсе айтпаймыз, не де болса, қала болған, ел болып қалды, қайырлы болсын. Жер кестіріп алғандар маңайындағы оброчный статья жерлері қазақ пайдасынан кетеді дегенде қамығып, жығылғанның үстіне жұдырық болды, ізденсек қайтер екен деген көңілде жүр еді. Енді бүгін көріп отырмыз, 15 десятинаның аздығын білсе де амалсыздан қала болғандар һəм соңынан оброчный статьядан айрылғандар, сүйтіп өрісі тарылғандар бір күндік ақшаға қызығып жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа 15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жалдап жатыр деуіне дəлел үшін бе, жоқ, құдай береке беріп, жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі. Бұл келіспеген істен өзге қала болғандар да сақтансын деп басқармаға келген мына бір хатты басамыз: Ақтөбе уезі, бірінші Бөрте болысы 3 ауыл отырықшы болғаннан кейін екі жыл толмай-ақ, дешовый жерлерін жалдай бастады. «Ауру қалса да əдет қалмайды» деген ғой. Бұрын кеңшілікте жер жалдап жаман үйреніп қалған отағасылар бүгін жер тарылды екен, жұрттың тамақ асырап отырғаны жалғыз сол екен деп, ескі мінездерін қалдыра алатын көрінбейді. Былтыр осы ауылдың атқамінер отағасылары мен бірсыпыра ілкімді жастары мешіт салуға жаратамыз деп 300 десятина жерді бір орысқа арендаға берген еді. Бірақ, одан бері бір жыл заман өтті, не ақша, не мешіттің қайда жүргенін білген кісі жоқ. Бұл былтырғы іс.
Енді биыл тағы да əлгі отағасылар мен ілкімді мырзалар мешітті сылтау қылып, жұрттың ризалығынсыз 250 десятина жерді арендаға беріп отыр. Бұған риза болмаған бірсыпыра адамдар бастапқы кезде олай қыламыз, бұлай қыламыз деп жүр еді, бір күні əлгі атқамінерлер бір мал сойып, етке тойғызған екен, қарқындары сонымен басылыпты. Сорлы қазақ бір күн етке тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой. Бұл енді биылғы іс. Міне, біздің ауылдың отағасылары мен ілкімді ел бастайтын жастардың қимылдары. Дүние жүзінде тамақ асырап күн көру үшін жалғыз-ақ қарап отырған ұлтарақтай жерлерін сатып еліне мешіт салып бергелі жүрген ілкімді мырзаларға да бəркелді! Бір тойғанына алданып, қолындағы жерінен айырылып қарап отырған елге де бəрекелді! Бүгін мешіт салам деп ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын асырау үшін елдің еркегі маңайындағы қара шекпеннің малын бағып, көшесін сыпыруға кеткенде ол мешітке кім кіріп құлшылық қылмақшы. Мұндай бір күннің келуіне шек қылуға жарамайды. Бүгін жердің кеңдігі арқасында аз-кем астық шашып, сонымен тамақ асырап отырған, онан басқа ешбір кəсіпті білмеген бір жұрттың қолындағы жері бітсе, əлгідей болмай, не болмақшы? Осы күні орысқа жалдап тоздырып алған жерді соңынан өңдеп іске жарату, екі бастан, біздің қазақтың қолынан келмейді. Онысы əлі тұра тұрсын, мына сатқан жердің бір шеті ауылдың іргесіне тиіп тұр. Жұрттың осы күні аз да болса, қара құрасы бар. Бүгінге шейін сол аз малдарын осы сатқан жерлеріне жайып отыратын еді, енді мұнан соң қозы-лағына шейін арқандап отырып бақпаса, қалай бағады? Күн сайын орыстың егініне малын түсіріп потрав (айып – құр) төлеп отырғанын көреміз əлі. Міне, осы күнгі алған ақшаның қызығын сонда көрер жұрт. Бұл ілкімді мырзалар жұрттың алақандай жерін сатып қызмет көрсеткенше, оларға маңайындағы қара шекпендерден өрнек алып, жерлерін өздері пайдалануға үйрену керек еді. Қара шекпен жерін жалдамақ түгіл, басқадан жалдап салатын жер табылғанда, өзі де екпейді. Олар бүгінгіден артық ертеңгіні, ілгеріні көп ойлайды. Бейшара қазақ, өзіңді-өзің қыспаққа салып, кең жеріңді тарылтып алған соң, сол қыспақтың əдісін де үйрену керек еді. Сен ондай əдістің мыңнан бірін білмейсің. Жалғыз-ақ қарап отырғаның сол бір алақандай жерің. Сауда қылуды білмейсің. Аулыңдағы дүкен я орыс, я ноғайдікі. Өнер білмейсің. Үйіңді салып жатқан əлгі ноғай, ең ақыры, киіміңді де өзің тігуге үйренбей, ноғай тігушіге ақша беріп отырсың. Қысқасы, не керек болса, өзіңде бірі де жоқ, бəрі басқанікі. Ең аяғы моншаға шейін. Бортаң
Ішкі хабарлар Елден Жаңа бағынған қазақтар Өскемен уезіне қараған Алтай ішіндегі Шыңғыстай елі (қаратай руы) 1870-нші жылы Русиаға бағынып жатқан уақытта сол елден 30-40 үй орысқа қараймыз деп арғы Қытай гранына, Қобда бетіне 1871-нші жылы көшіп кеткен. Сол көшіп барған жерлерінде 14-15 жылға шейін не онда, не мұнда жоқ, яғни орыста да Қытайда да жоқ болып, өз еркімен жайлап, қыстап жүрген. Сонан оларға одан қашқан, бұдан қашқан бірлі-жарымды ауылдар қосылып, бірте-бірте көбейіп бірталай ауыл болып, жоғарғы айтылған Қытай гранынан бері қарай ауып, Томскі губерниясына қараған «Шүй» деген жерде қалқа (қалмақ) лардың қасына келіп, қалқалармен араласып, бірге ауылдас болып мекендесіп отырған. Бұл жер ол уақытта орыс меншіктеген жер болса да, отырған қалқалар билеуші еді. «Мұнда жер бар, ол жерде ел бар» деп орыстар ескермейді екен. Орыс жағынан ескерусіз жүрген қалқалар сондықтан қазаққа бел көрсетіп қожаңдаған. Қазақтар бағынудан қашып жүрген көшпелі ел болғандықтан, қалаларды ықтап, олардан недəуір қаймығып жүріпті. Сөйтіп қалқалар патшалы жұрттай-ақ қазақтан алым алып, шығын төлетіп тұрыпты. Қалқалар алым алғанда «шөп ауыз – шөп басы» деп алады екен. Онда да көп емес: жыл сайын алатыны үй басына бір сом-бір жарым сомдай нəрсе алады екен. Осылайша біздің бұл жердегі қазақтар неше жылдай қалқаларға қарап тұрды. Ал енді қалқалардың өздерінің орысқа қарағандағы положениесі бұлай екен: қазынаға жыл сайын төлейтін алымы кісі басына 7 сом 50 тиын (бір үйде нешеу болса да). Бірақ 15 жастан кем, 55 жастан асқан еркектерден һəм əйелдерден алым жоқ. Мұндағы 4-5 мың үйдей қалқалардың ең алғаш орысқа қарағаннан тап осы күнге шейін төлеп отырған реті осы. Мал, түндік алымы есеп емес. Қалқалардың өздері де біздің қазақ сияқты киіз туырлықты, көшіпқонып жүреді екен. Бұл жақта егін, пішен жоқ. Қалқалардың да кəсібі мал асыраудан басқа емес. Біздің бұл бөлек жасаған саяқ қазақтардың Алтайдан шығып, Қытай гранынан айналып қалқаларға қосылуы 1881нші жылдарда болса керек. Осы 1881-нші жылдан 1913-нші жылға дейін қазақ қалмақ (қалқа) бірыңғай, қонысы аралас, қойы қоралас болып, жер иесі қалқалар болуы себепті қазақты билеп тұрады. Қазақ бұлардың ішінде кірме есебінде жүрді. Қалқалардың байлығы қазақтардан артық болып, біздің қазақтар кірме болса да олардың байлығынан пайдаланып, бұлар да əбден байып кеткен. Қазақтың білімі де, ептілігі де қалқадан ілгері болған. Сөйтіп келе-келе қалқаны қазақ билей бастаған қалқалардың управлениесіне билікті қазақ айтып, қалқа даулы болса,
қазаққа жүгінетін болған. Қазақтың «Шүйге» (Қосағаш) алғашқы келген кездегі саны мағлұм емес. Осы уақытта 300 үйден артығырақ. Қалқаның қазақтың алатын жер алымы бастапқы кезде жылына үй басына 1 сом-1 сом 50 тиын болса да келе-келе 10 сомнан болған. Енді бізге білінеді, Шүйдегі қазақтардың қазақ болғалы орысқа қарамағандығы. Осы қазақтарды өткен 1913-нші жыл август басында қалқадан айырып өз алдына жеке бір болыс қылды. Болыс сайланғанда бұрынғы қазақтар сияқты степное положениемен емес, крестьянский положение ретімен сайлаған. Онда қазақтар төрелерге айтқан екен: «Біздің степное положение бойынша орнықтыр» – деп. Төрелер қабыл қылмаған. Егер де крестьянски положениеге көнбесеңдер, бұл арадан жер бере алмаймыз деген. Сонан соң қазақтар басқа барар жері жоқ болғандық төрелердің айтқанына көніпті. 300 үйге бір волостной староста, 4 народный судья, 4 сборшик, бірнеше онбасы һəм жиналған ақшаны сақтайтын 1 казнашей тағайын қылынған. Ел ортасына волостное управление бар. Билер кезекпенен управлениеде он күннен тұрады. Қазақ крестьян болып жазылса да, алым-шығынды қалқаларша төлемекші (қалқаның алым төлеуі жоғарыда жазылды). Қазақ билері билікті қазақ жолы мен законнан тым шетке кетпей, управлениеде халық алдында айтады дейді. Барлық қазақтарға осы істер туралы қол қойдырып, ризалық алыпты. Бұл Шүйдің жазы салқын, қысы есепсіз суық болса керек. Осы Шүй Қытай жерінің омақасына 15 шақырым ғана болғандықтан Гран деп айтсақ та жарайды. Шүй Семейден Алтай арқылы 800 шақырым. Биіскі 600 шақырым. Томскідегі мың шақырым жақтықта болып, Биіскі уезінің 4-нші участкасы атанады. Бұл жаңа бағынған қала ішіндегі қазақтардың адам есебі қағаздаған уақытта 1 мың 410 болыпты. Мұның ішіндегі 15 жастан кем һəм 55 жастан артық еркекті шығарғанда жəне əйелдерді шығарғанда басқаларына айтылғандай 7 сом 50 тиыннан түседі. Осы 300 үйдің шығыны һəм жұмыстары мың жарым – екі мың үйлі елдің шығынынан кем емес көрінеді. Бұл жер тым шетте болғандықтан мұнда нəрсе əбден қымбат. Бұл жақта егін болмайды. Ұнның пұты 2-3 сомға шейін бар. Тұздың пұты ұнның пұтымен бірдей. Бұл елдің ішінде моңғол арасында сауда қылып қайтатын жігіттер де көп. Моңғолдардың арасында дүние арзан. Есебін тапқан кісілер бір сомға 2-3 сом тұрғызса керек. Мұндағы аз ғана қазақтарда қарап жүрген бір кісі жоқ. Бай-жарлысы тегіс кəсіп қылады. Мұндағы қазақтар біздің басқа қазақты ешбір естімеген, білмеген моңғолдың қала деген тобының арасында күнелткен бір ел екен. Екінші рет бұлардың ғылымға, оқу-оқытуға жайлары қандай екенін жазармын. Ғайса Тоқтарбеков
Он төрт тоғыз бола ма? * Он төрт тоғыз бола ма? Бұл өтірік пе, жала ма? Жабыла қол қойғанмен, Ақ іс қара бола ма? 1909 жылы Сералы, Елжан екеуі мұсылман депутаттары арқылы Г.Думаға қазақ жері туралы закон жобасын кіргізген екен. Осы жоба законға айналса, жұртқа белгілі «9 июнь 1909 жылғы министр советі насихаты» толықтап, мұжық алып жатқан қазақ жері біздің жұрт пайдасына қалмақ екен. Мен болмасам, Сералы мен Елжан закон шығарып алып, қазақ жерін қорғамақ екен1. Бұларың жөн-ау, бірақ Сералы мен Елжан закон жобасы Г.Думаға 1909 жылы 14 июльде кірген еді2. Он төрт тоғыз бола ма? Бұл өтірік пе, жала ма? Соңғы бес жылда біздің қазақ жерінен 8 миллион десятина жер алынды. Ол 8 миллион десятина жер, мен болмасам Сералы мен Елжан тапқан олжа болып, қазақ пайдасына қалмақ екен. Туысыңнан айналайын, тусаң осы екеуіндей болып ту! «Осы Жамантай ханды жаратқан құдайдың көзі шаңырақтай шығарау» деп, Жамантай төренің ісіне риза болған бір надан шал айтқандай, Сералы мен Елжанды жаратқан құдыреттен айналса болмас па! 9 облыс бір губерния қазағы мекендеген жер 240 миллион десятина 1914 жылға дейін қазақтан мұжыққа алынған жер 12 миллион десятина. Бұл əрбір жүзден 5 десятина ғана болады. Əлі де болса, құдайға шүкір, қазақ қолында ер қызметіне тұратын жер бар. Жаза менен болса, мен жаңылдым, жаздым. Сералы, Елжан екеуің өнерлеріңді бүгіп жатпай, бастаңдар, етектеріңнен ұстайын. Жүзден 95 аз олжа болмас! 1909 жыл саясат жолы закон шығарып алуға оңай болса, 1914 жыл онан қиындаған жоқ. Бұл күнде саясат жолы ондағыдан тар да, кең де емес. Өткен жылы «Қазаққа» басылған «А.Б.» «Қыр баласы» мақалаларын оқушылар Г.Думадағы партиялар пікірін, закон жобасы законға не шартпен айналатынын, үшінші Г.Дума қандай Законда хош келдің деп күтіп алатынын біледі. Бұл туралы тереңге кетуге уақыт ыңғайсыз, сөз қысқартайық. Үшінші Г.Дума өзі 3 июнь сейсенбі сəтсіз күні туған жоқ па? Біз сонда депутаттан айрылмап па едік. 120-статьяның қосымшасын Түркістанға шығарған үшінші Г.Дума емес пе еді? Үшінші Г.Дума арқылы қазаққа пайдалы закон шығарып алам деген соқырлық, саясат жолынан амандық деп жазуға қалам шіркін мүжіп тұрған жоқ па?
Сен қозы текке қарап жүре алмайсың? Соқтықпа маған десем тіл алмайсың, Мойныңды қазір жұлып алайын ба? Суымды неге былғап лайлайсың3,– бола ма деп, саясат жолына еркін кіре алмай, қор болып тұрғанымыз жоқ па? Бұлт айығып, күн шығар, сонда тірі болсам, Сералы, Елжан екеуінің закон жобасы законға айналмаған себебі менен бе, жоқ сол уақыттағы саясат ауасынан ба, көрсетермін. 1909 жылы үшінші Г.Думаға қазаққа пайдалы закон жобасын кіргізіп мұнан қалған үміт «Осынікі қалайша үзіліп түспес екен» деп қошқарды күзеткен түлкі үміті емес пе еді. Адам баласы істеп жүрген ұсталықтың ең оңайы етік тіккен, міне бұл да кім болса соның кез-келгеннің қолынан келмейді, бұл да етікшіні күтеді. Саясат ісі адам баласы істеп жүрген ұсталықтың ең қиыны, етікке қылатын амал тарамыспен бітеді. Саясат жолында тарамыс орнында адам баласы. Тарамыс та шеберді күтеді. Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір ауыз бұтып-шатып. Елді алып, Еділді алып есіреді. болып біз қаңғып жүрміз... 1909 жылы Петербургте Сералы мен Елжан маған келіп жолыққан еді, біз мынадай закон жобасын Г.Думаға кіргіземіз, сен де бізге қосыл деген еді. Мен бұларға қазақ жері туралы өз пікірімді баян қылған едім. Осы закон жобасы туралы 1909 жылғы мұсылман депутаттарының секретары Ғалимарданбек Топшыбаев квартирасында Сералы, Елжанмен екінші қайта айтысқан едім. Бұл закон жобасы уақытсыз, саясат жолында бұл болмайтын іс деген едім. Сералы мен Елжан құр үміттен басқа ешбір дəлел айтып, мені жыққан жоқ сияқты көрініп еді. Мен Самараға кеттім. Сералы мен Елжан елде шұбалып ишан жиған Бақытжанды күтіп Петербургта қалды. Бақытжан бұл закон жобасына қол қоймағаны қалай? Осы жолы «15-тің» етегіне намаз оқып келген жоқ па еді. Жолдасы Сералы, Елжан «9 июньді» жоқ қыламын деп əдіс қылғанда, Бақытжан бұған намаз оқып еді. Енді жаланың бəрін менің мойныма аудармақ. Бақытжан аға-ау, балаларың ер жетпей ме, бұл мінезіңізді көре тұра бұл балалар қайда жасырынып күн көреді. Ұят қайда? Бір жылдан кейін 1910 жылы жазғытұры депутат Қ.Тевкелев мені шақырып, бізде қазақ закон жобасы бар, бұл туралы сіз не айтасыз деген соң, мен мұсылман депутаттары арасында қазақ жері туралы доклад қылдым. Бір жылдың ішінде бұл туралы менің саясат жолына пікірім бұзылатын не болды. Мен мұсылман депутаттарына былтырғы Ғалимарданбек алдында айтқанда айттым. Мəжілісте Қабыш, Сағадат болған. Саясат мынау, осы закон жобасын законға айналдыратын не үміттерің бар деп, мұсылман депутаттарынан сұрап едім, Кавказ депутаты Хайдаров бұл саясат жолындағы бір əдіс дағы дегенді айтты.
Г.Дума қарайтын закон жобасы екі жерден шықпақ: бір закон жобасын үкімет жазып кіргізеді, бір закон жобасын депутаттар жазып кіргізеді. Депутаттар жазған закон шарты 30 депутат қол қойғаны. Бірнеше депутат жиылып закон жобасын кіргіземін десе, қолда 30-ға толтыру қиын емес. Есікте отырып, төрдегі тілмəшқа таңбаңды сала сал деген қазақша, депутаттар жолдастық хақы үшін закон жобасына қолды қоя салады. Мына мұсылман депутаттары кіргізген қазақ закон жобасына қолды қоя салады. Мына мұсылман депутаттары кіргізген қазақ закон жобасына 60 депутат қол қойған. Оның ішінде Маликов, Гушков бар. Дума комиссиясының жиылысында закон жобасын қорғау міндеті алдымен қол қойған депутат мойнында. Сералы, Елжан закон жобасына қол қойған Қ.Тевкелев, Г.Думада һəм мұның комиссиясы закон-жобасын қорғау оңай жұмыс емес. Қ.Тевкелев қазақ жерін қазақ өмірін ізденіп, оқып, тоқып білген жүйрік емес. Закон жобасын Г.Думаға кіргізгенде, қазақ жабысқан соң, біз қол беріп бұларды тартпасақ, кім тартадыны ойлаған. Закон жобасын тілеген қазақ өзі дəлел тауып берер деп, Сералы мен Елжанға сенген. Бұлар жүкті мұсылман депутаттарына аударып тастап, «елді алдап, Еділді алдап, есіріп» үйге қайтып, үш жыл тыңқиып жатып, «он төртті тоғыз қылып отыр». Комиссияда осы қазақ жобасы қаралатын кезең үш жылда неше рет келгенде, Қ.Тевкелев бармай, амалсыз бұғып қалатын. Үшінші Г.Дума тарағанда Дума қарайтын закон рəсімімен біздің закон жобасы шіріген. Мұндай закон жобасы көп болады. Еврей депутаты Неселевич 166 депутатқа қол қойғызып 3 Г.Думаға закон жобасын кіргізді. Еврей жұртын қамаудан шығарамын деп. Бұл да Г.Дума тарқағанда шіріді. Бұл законды саясат жолындағы əдіс қана деп Г.Думаға кіргізген. Мұны бір еврей закон болады деп ойлаған емес. Олар біздей қап, қағанға соқыр емес. Сералы, Елжан закон жобасы мен себеп болып законға айналмаған екен. Г.Дума закон шығаратын кілті менде екен. Үш жылдың ішінде шырақтарым-ау, өздерің қайда едіңдер? Жеті тиындық хатпен неге сұрамадыңдар? Біздің закон жобамыз қайда жатыр деп. Сералы Петроградта тұрады, телефонмен Қ.Тевкелевтен біздің закон жобамыз қайда деп сұраса қиын ба? 1911 жылы қысты күні Бақытжан Петроградта Фонтанка мен Морская орамдағы үйге қақы кесе бармап па еді. Петроград мешітіне негіз салғалы барған мұсылман депутаттарын сонда көрмеп пе еді? Сонда біздің жоба қайда деп сұраса болмай ма еді? Осыны білуге мұсылман сиезіне бару керек пе? Үстіп те дені сау кісі қалжырай ма екен? Адасқанда менің етегімнен ұстамадың деп мені кінəлайсыңдар. Мен қазаққа қызмет қылғанда соқырға еремін деп уағда беріп пе едім. Кісі өз басына істеген іске шеберлік шарт, жұрт үшін істеген іске ақкөңіл, кір жұқпайтын мінез шарт. 1908 жылы мен абақтыдан шығып, үйге қайтқанымда маған марқұм Ерахмет Алдабек баласы бір қағаз көрсетті. Бақытжан Қаратаев Сералы Лапин «Алаш» атты қауым жасап қазақты
біріктірмек болыпты. Мұның ішінде сен де бар деп жазып отыр, бұл рас па? – деді. Мен мұны білмеймін, мен мұнда жоқпын дедім. «Алаш» деген баспа жүз сомның қағазы Рахмет қолында көрінді. 1910 жылы «Жалғыз сен жұрт үшін қызмет қылдың» деп, Бақытжан маған хат жазды. 1913 жылы «Бір көргенде сөзіңе риза болып, үміт етіп едім» деп Жиһанша маған хат жазды. Мұсылман сиезіне Бақытжан мені мұқатамын деп, ыстықта жүк артып қуған сиырдай болған. Бұл Əлиханға аз болды деп, енді он төртті тоғыз қылмақ болдыңдар. «Борыш көркі төлеу» деген орыс мақалы бар. Қоянды базарында бір топ кісі саулап келе жатыр едік. Тəтжан атты бұтқа салып жіберіп, ұн сатқан хахол арбасын шыр айналды. Мұның қалай дегенде, мынаның қарамай шалбарынан үркіп жүрмін деді. Мен сендердің қарамай шалбар сияқты мінездеріңнен үркіп жүрген жоқпын ба?! Қашқаныма шимайлы ғұмыр жолы қоймай түзде сендерге жолым кез болып, қайынмал інген қуғандай болғаным жоқ па? Х.А.Бақытжан, Сералы «Алаш» деп бұлдыратып жүргенде, мен абақтыда жатып қазақ жері туралы жазған мақалаларым «Сибирские вопросы» деген орыс журналының мына нөмірлерінде: 16, 17, 18, 21, 22, 27, 28, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 45, 46, 47, 48, 1908 жылғы деп қол қойған. Орысша хат білетінің оқып қара. «Айқап» басқармасына: «Айқаптың» 14 нөмірінде Сералы, Бақытжан һəм жолдастарының хаты басылды. «Астары мен үсті бірдей болсын» деген француз жұртының жақсы мақалы бар. Мынау мақаланы «Айқап» көшіріп басар деп үмітім бар. Жұртқа белгілі 9 июнь 1909 жылғы совет министрінің насихаты 9 июньде шықты. Сералы, Елжан екеуінің закон жобасы Г.Думаға 14 июньде кірді. 1 «Айқап», №14. Сералы һəм жолдастары хаты. 2 18-июнь Г.Дума отчеты. 3 «Қырық мысал» Əлихан *Құрастырушыдан: Ə.Бөкейхановтың бұл мақаласын «Айқап» журналы 1915 жылғы 1санында көшіріп басады. Басқармадан Бұ қалай? Бақытжан Қаратаев қаласында 4-5-тей-ақ үй қалды. Өзге қазақ көшіп кетті деген біз хат алдық. Қаратаевты тастап кеткен қазақ жері мұжыққа беріліп, енді Бақытжан хахолға ақсақал болды дейді. Жымпиты, Шідертіге бас болып Бақытжан 1910 жылы 15-тен жер алғанда бұларға
(Бақытжан қаласына) таңдама жақсы жер, өзгеден артық енші берді деп еді. Жер аяулы жақсы болса, Бақытжан қаласынан бар қазақ неге үрікті. Бұл хабар рас болса, Бақытжаннан ауған қазақ қайда кетті? Осыны біздің «Қазаққа» жазатын тілші табылар ма? Ішкі хабарлар Елден (Өскемен уезі, Шыңғыстай болысынан) Бұл Шыңғыстай елі Алтай тауының салаларына шашылып, көшпелік қалпында тіршілік етіп отырған мың жарымдай үй. Болыстары һəм қазақшылық жөніменен де билеушісі Ғабдолкəрім мырза Ережепов дейтін ашық пікірлі, заманға қарасы түзу бір адам. Бұл жерде басқа ішкерірек қазақтардан гөрі, білім-ғылым қонысы шалғайырақ қалған. Ғабдолкəрім мырзаның саңылаулылығы арқасында орысша-қазақша училище һəм ауылный школ көптен ашылған болса да, оқушының берекесі аз. Екі класты школдарына қазақ баласы аз түсетін болғандықтан, даяр стипендияға орыс балалары алынып тұр. Екі жол Бұрынғы ескі тарихты оқығандар біледі: адам баласы біріне-бірі хүкімет те, біріне-бірі қолдау да болған. Құранда бір ер құны 2 əйел құны, кісі өлтірген адам бір құлды азат қылсын, дейді. Екінші қатын орнына қатын дəрежесінде əйел алмай, ат шалдыру үшін күң ал деген. Бұрын адам баласы қазына, мал есебінде болған. Біздің қазақ төрелері, атақты бас адамдары баласының қалың малына, қызының отауына құл, күң тіркеп берген. Орыстың дворяндары да 1861 нші жылға шейін мұжықтарды мал есебінде, бұйым есебінде тұтынған. Əр заманның рəсім, өз салты бар. Адам баласы құл кезінде салтында құқы үшін таласа-тартысу болмайды. Құқы үшін таласу-тартысу орнында жылау болады. Бұл бір жол. Ғұмыр сапары қанша жанды келтіретін шабан болғанмен беті тарқы жолында. Жаңа тарихқа көз салғандар біледі: құлдық жоғалды, адам құрдастығы теңелді. Тұрмыс жүзінде құлдық иісі мүңкіп тұрса да, (мысал: сары түйме көргенде қазақ пен мұжықтардың басты шұлғып, құрдай жорғалайтыны) жазылған закон жүзінде адам баласы – құрдас. Біздің замандағы салт, əркім хұқына таласу, хұқына тартысуы болды. Жылау салты артта қалды. Ендігі рəсім, хұқы үшін жылау емес, хұқын талас-тартыспен қорғау.
Міне, бұл екінші жол. «Заманына қарай амалы» деген, бұл заманда жылап мұратқа жетемін деу аш түйенің күйсеуі болады. Атқыштың асығы түгел деген. Талас, тартыс, ақыл мен шешен сөзбен. Көлденеңнен келген көк атты құлағына тағарлық дəлелмен жарыс. Жарыс, күрес байымы бəйге, мұның гүлі хұқ. Хұқ құрдастығын алатын өзге жол жоқ. Ертіске біздің қазақ Түркістаннан қайта келгені 18-нші ғасырдың бас жағында. Бұл «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін болар. Қайта келді дегенім: «Қазақ Шыңғыс хан жорығында Ертістің күншығыс жағынан Түркістан, Еділ, Жайық өткен. Арғын, қыпшақ, уақ, керей айтып жүрген тарих сөзіне қарасақ, Ертіске алдымен қанжығалы, бəсентиін, қыпшақ келген. Бұл қазақ айтып жүрген сөз Ф.А.Щербина экспедициясының кітаптарында табылады. 1864 нші жылы Г.Н.Потанин Омбы абақтысында отырып, Омбыдағы западный Сибир генерал-губернаторларының мекемесіндегі архивті (ескі қағаздарды) қарастырған, Потанин сонда қазақ тарихы туралы тапқанын Карл Риддердің «Азия» деген кітабына қосымша қып басқан. Осы «Азияда» көрінеді: Қыпшақ Қошқарбай батыр 1735 нші жылы Ертістің күншығысындағы жоңғарды Об өзенінен өткізе Алтай тауын асыра қуған. Қошқарбайды мақтаған сөз осы күнге шейін Об өзені бойында Алтай тауында орыс мұжығы ішінде орыс тілінде сөйленіп жүр. Қошқарбай ұрпағы Омбы уезі, Шарлақ қаласының аузында Қараөзек деген жерде. Ақмола округінде аға сұлтан болған. Ыбырай атасы Жайықбай Қошқарбайға келіп паналаған. Есілге Қараөзектен ауған башқұрт болар. Қазақтың Ыбырайды естек дейтіндері де содан. 18-нші ғасырдан бері қазақ Ертісті күншығысына өте жайлап, мекен қылған. Барнауыл уезінде кабинеттен енші алған қосайдар қыпшақ, мұның көршісі бəсентиін сол кезде Об өзеніне барып қалған жұрт. Ертістің күн батысы қазақ қонысы болған. 6-ншы мартта 1802 нші жылы біздің патша бəсентиін төресі сұлтан Шаншар сұлтан Мəмет баласына (мұның атасын Шаһкерім шежіресінен қара) грамота қағаз берген. Осы грамотада Ертістің күнбатысынан Шаншарға өзіңе қараған қазағыңмен мекен қыл деп, қаншама жер атаған. Бұл күнде ол көп жер түгел Шаншардың өз орны Подпускной қаласына жақын казак-орыс офицерлерінің пайдасына участке болып кетті. Шаншар қыстауы Кереку мен Семей арасындағы пошта жолында болады. 1908 нші жылы март ішінде осы жолмен өткенде таудың бетінде Шаншар ұрпағының сырлы бейіті һəм Ертіс қабағында боп тұрған, қазына ақшасына салынған шаншар мешіті көрінді. Шаншар төре 1819 ншы жылы опат болған. Қазақ жерінде жатам деп тілеп, Ертістің күнбатысына қойылған. Бейіті жер боп кеткен. Жер Шаншар тамы аталады, қыстауынан көрініп тұрады. Шаншар төренің грамотасы молдасының қолында кетті деген өсек бар. Шаншар о бастан-ақ молдаға жарыған емес. Бұрын Шаншар қолында Тобыл ноғайы Тасболатбек Болат
баласы болған. Бұл Шаншарға имам болып жүріп, ақша алып, шпион (тыңшылық) іс қылған. Ана молда алып кеткен грамота сөзі белгісіз. Мына закон грамоталар законге бір жазылады. Құралына жазылған Шаншар грамотасында жер аты жоқ. Аталған жерде отырады деп бітеу айтылған. Бірақ мұнда тозбайтын бір сөз: патша келешек опатта қорған болам деген1. Семей, Кереку уезін жазған Щербина кітабынан көрінеді: Ертісте бір-екі қазақ патшадан план арқылы жер алған. Осы жерлер бəрі Ертістің күншығыс жағы болады. Күнбатыс ғұмыр жүзінде қазақ жері. Күнбатыс қазағы Ертіс бойындағы казак-орыс қаласының малын қуып алып, тынышсыз болған соң, Ертіс бойындағы қалалардан қазақтар он шақырым жырақ жүрсін деген жарлық шыққан. Бұл жарлық қазаққа онда қысым болып көрінген жоқ. Жарлық құр қағаз бетінде қалды. Қазақ бұрынғы бойда Ертісте отыра берді. Ғұмыр жүзінде жанаспаған жарлық пен закон салдары осы. 1839 ншы жылы жер өлшеуші жүріп, Ертістің күнбатысынан қала-қала тұсына он шақырым қылып, десятиверстная полоса деп жер кесті. Бұл да қазақты қысқан жоқ. Қазақ бұрынғы ата қонысында отыра берді. Бірақ мұнан кейін қазақтан казак-орыс пайдасына аз алым алатын болды. Ертіс көп, жұрт казак-орыспен жақын отырып бірге төлейтін ақша аз болған соң, шаруа мұны елеген жоқ. Онымен он шақырым Ертісті қоныс қылған қазақ 19 ншы ғасырдың аяғына келді. Жылдан жылға қазақ орысқа беретін алым көбейіп, шаруаға зор салып болды. Щербина кітабына қарағанда он шақырымда отырған жалғыз Кереку қазағы жылына жер үшін казак-орысқа 90 мың сом шамалы алым төлейді. Бұл шығын қазақ шаруасын қысты. Бірлі-жарым қазақ арыз қылып, алым жеңілдетуді ізденді. Военный министр Куропаткин 1900 ншы жылы Ертіс қазағына Д.И.Левкин деген офицерді жібереді. Он шақырымнан казак-орыс қалпына түсіп, қызмет қылып қазаққа енші ал дейді. Солдат болмаймыз деп, қазақ мұнан қашты. Оренбург казак-орысында казакорысқа жазылып, жер алған татар бар. Бұларды ұтылды деуге болмайды. Біздің қазақ əуелі бастан солдат берген болса, біздің жұрт кім біледі, мəдениет жолында ілгерірек болар ма еді. Мен білетін де, жалғыз Кеңтүбек волосының қазағы Левкин сөзін жарайды десті. Қазаққа казак-орыс болуды жеңілдетем деп, Левкин законнан кейін ғана туған балалар казак-орыс болып, қызмет етсін дейді. Мұнысы аз болса, 21 жылдық бостандық емес пе? Ертістен жер алып қалған ұрпаққа қанша пайдалы екеніне ондағы ақсақалдардың көзі жетпеді. Төрт жыл өткен соң белгілі, жапон соғысы болған. Соғыста қан төккен казак-орыстың қадірі өсті. Патша 31 пайда 1904 нші жылы жарлық пен он шақырым жерді Сібір казак-орысына берді. Мұнан бұрын бұл жер қазақ жері сияқты қазына мүлкінде еді. Енді орыс жері болып кетті. Бірақ бұл жарлықта айтылған он шақырымда отырған қазақ өзге түрмен
орнасқанша, бұрынғы күйде төлеп отырған алымын үзбей отыра береді деп. Ғұмыр ісі закон қынына қашан сыйған? Қазақ орысқа төлейтін алым күн сайын өсті. Көнбіс мойын мұны көтеріп еді, бұл араға баяғы саясат тілегі келіп, қармақтай жайыла кетті. 1904 нші жылы 31 нші майда патша бекіткен Г.Советтің ұйғаруында жазылған еді: «Қазақтар өзге салтпен енші жер алғанша қазақ орысқа ақша төлеп, он шақырымда отыра береді, бірақ төлеп отырған ақшасы өзгерілмейді» деп. Осы указ жария болғанда, қазақты қала қылып жерге орнастыру тиіс деп ішкі іс министріне тапсырылған еді. Бұл туралы Семей облосной правлениесінде, Омбыда генерал губернатор алдында мəжіліс жасалып еді. 1909 нші жылы июль басында Степной край бастығы генерал губернатор алдында переселен мекемесінің бастығы Глинка бар он шақырым қазағы туралы тағы сөз болды. Енді анықталды; он шақырымда қазақтарды орнастыратын жер жоқ, Сібір казак-орыстарының өзіне де 300 мыңнан астам десятина жер кем болып тұр. Солай болған соң қазақтарды он шақырымда қалдырамын деген сөз емес, он шақырым қазағын орнастыратын жол бар, оларға қыр қазағының жерінен енші алып беру деген. Генерал губернатор алдында Семейде соңғы болған мəжілісте осыны ұнатқан. Он шақырым қазағын орнастыру үшін мынаны істемек болды: 1) Бұл қазақтар өз еркімен қала болуды қаласа, мұжықпен қатар қырдан 15 десятинадан надел алып, отырықшы болады; 2) Бұл бірінші бап ақылын ұнатпаған қазақтар өз волосынан жер алады; өз волос өз уезінде жер жоқ болса, басқадан алады. Осы кезде артық жер Кереку уезінде Ақкөл, Шақшан, Ақкелін, Алексей һəм Баянауыл волостарында бар. 3) 1 нші 2 нші баптағы ақылды алмаған қазақтар 31нші май 1904 нші жылғы закон жоқ болған соң тиісті хүкімет жарлығы арқылы өз волосына көшуге міндетті. Он шақырымдағы қазақтар осы айтылған көп ақылдың қайсысын ұнатқандарын, осы жарнаманы алып қазақты аралаған қазақ орыс мекемесінің төресіне білдірсін. Мұның басында Семей облысының хəкімдері тарапынан уəкіл төресі болсын. Əйтпесе қырдағы переселен төрелеріне білдірсін. Сібір қазақ орысының войсковой хозяйственный правлениесінің председателі генерал майор Вологодский. Міне осы жарнамада 1909 ншы жылы июль басында шыққан. Мұнда 9 июнь 1909 ншы жылғы насихат бұйрықтың иісі аңқып тұрғанын оқушылар аңғарды-ау деймін. Ертісте қазақ отырған жердің малға жайлысы Кереку уезінде. Ертісте мекен еткен қазақтың көбі де осы уезде. Кереку қазағы бұл жарнамада айтылған көп ақылға қанағат қылмады. Ертістен көшпеді. Хүкіметке жайын айтып, Ертісте ғұмыр жүзіндегі дəлелге сүйеніп, жер алмақ болды. Патшаға, министр советінің басына, военный министрге ауылный-ауылный жұрт болып, закон жолына тиісті жол мен приговор жасап, 4 мың үй мақсатын айтты.
Бұл Кереку қазақтарының дəлелі мынау: Біз Ертісте жүз елу жыл отырмыз. Ертіс тоғайының аты қоныс алған кілең бабамыздың аты, Ертісті өрлей, қуалай жүрген адамдар біледі; он шақырым жерде қазақ бейіті қала сияқты. Ертіс бізге ата қоныс болған жер. Біз Ертісті жоңғарды күшпен қуып қоныс қылғанбыз; алғашқы 70 жылда ешкімге алым төлемей пайдаланғанымыздың жөні осы еді. 1839 ншы жылғы бүліктен кейін де жарытып ақша төлеген жоқ едік. Əр қазақ руы мен бұрынғы ата қонысында отыра беріп еді. Қазақ орыс пайдасына аздап ақша төлеп, Ертістің бар пішенін біз шауып алушы едік. Малды Ертіске бағушы едік. Атамұрасы болған жеріміз еді. 31 нші майда 1904 нші жылғы патшамыз жарлығы мен он шақырым Сібір казак-орысына берілді. Мұнда отырған қазақ өзге түрмен орнасқанша, төлеп отырған ақша өзгермесін деген закон болмады. Осы кейінгі он жылдың ішінде қазақтың жерге төлейтін ақшасы төрт есе көбейді. 1897 нші жылы Щербина жазғанда қазақ үй басына казак-орысқа 10 сом жылына төлеуші еді. Енді осы 10 сом 2040 сом болды. Пайдаланған жер баяғы он шақырым, біз осыған қарамай Ертіс бойында отырмыз. 40 сом үй басына төлеу оңай емес. Барар жер жоқ, қан төгіп кір жуып, кіндік кескен ата қонысымыз Ертіс; мұнан кетсек, мұнан неше есе бақытсыздыққа кез болуымыз анық. Биыл бізге Вологодский жар қылып айтып отыр: Ертістен 250-400 шақырым қырдағы ащы, тастақтан 15 десятинадан жер алмасаң, күшпен Ертістен қуылсын деп. Біздің төреміз сұлтан Шаншарға берген грамотада патшамыз айтқан жоқ па еді: Мына берген жерде өз қазағыңмен отыр деп, келешек замандарда мен сендерге қорғанмын деп, бізге ақыр заман туды білем: 150 жыл тұрған жерден бізді кет дейді, осы жер үшін біз қанша жыл қазынаға, казак-орысқа ақша төлеген жоқпыз ба? Бұл жерге неше атадан бері қарай бабаларымыздың, өзіміздің еңбегіміз, теріміз, кіріміз сіңген жоқ па? Біз жайымызды патшамызға, Г.Думаға, Советке һəм хүкіметке білдіргенімізді мақұл көрдік. 150 жыл бұрын біздің аталарымыз Ертіске келгенде ғұмыр салты көшпелі еді, баққаны, айдағаны мал еді, пішен шықпайтын жерде жүрген соң, асыраған малы жылқы, қой еді, бұл екі түлік мал шөпті қар астынан қазып, тебінмен шығушы еді, қазақтың көшуге құдай қосқан киіз үйі панасы еді, арба, шана жоқ, жолаушы сияқты артқаны түйе, мінгені ат еді. Бұл салт қыр қазағында əлі де бар. Ертіс бойына келген соң, 150 жыл ішінде шаруа салтымыз өзгерілді, Ертіс пішенге бай, осы кезде үй басы орта есепте үш мың пұт пішен шабады, қырдағы қазақ баққаны жылқы мен қой болған соң тышқан қорығын қанағат қылады. Біз пішен арқасында күн көретін сиырға құл болдық, қыстың 8 айын кірпіш үйде өткіземіз, көшуіміз шала, біздің шаруамыз салтымыз жарты отырықшы мал бағу, мінгеніміз арба мен шана, үйіміз толған шкаф, шаңырақта ілмелі лампа, жаздыкүні мал оттатпайтын Ертістің шыбыны болмаса, біз көшуге құмар емеспіз. Біздің шаруамыз Ертіс пішенінің арқасында сиырға сүйенеді. Шыбын кезінде қырға шығып, шыбыннан қашып, жұрт аударып жүріп,
пішен кезінде тағы Ертіске құлаймыз. Малымыздың 70% - (жүзден 70-і) сиыр, жылқыдан мінерлік ат, сауарлық бие ғана ұстаймыз, сиыр базарда пұл, Ертіс бойында білген адам сиыр шаруасын ұстамай болмайды. Біз Ертістен көшсек, осы 150 жылдан бері елі шынығып қалып алған шаруа һəм ғұмыр салтымыз бүлінеді. Шаруаны аз күнде аман күйінде өзгертуге бола ма? Мұны ғылым иесі адамдар білер. Шаруа қалыбын, ғұмыр салтын өзгертуге неше ата, неше баланың ғұмырындағы жаһидімен болады. Біз шаруамызды бір күнде өзгертпек болсақ, қатын бала бишара болып, қаңғырады. Отырықшы болып, мал бағып, шаруа қылып тұрған бізді қырға шығып көш деген, біздің көзімізге 9 ншы июнь 1909 ншы жылғы министр Советінің насихат бұйрығына қарсы көрінеді. Қазақтың біріне отыр деп, біріне көш деп айтылған бұл қай ақыл екенін біз надан қазақ ұға алмады. Бізге надел бермек болған волостардың жақсы жері 150-200 жылдан бері қоныс қылған қазақтардың қыстауы, одан басқа іске татар жер мұжық пайдасына алынды. Вологодскийдің мұнысына рахмет. Мұны 1904 нші жылғы 31 майдағы патшамыз айтқаны бойынша орнастыру деп білеміз. Бір қырда ащы тастақта үш мың пұт орнына үш пұт шөп таппаймыз. 150 жыл Ертісте отырған ескі жұрт бізді ащы тастаққа көш дегені бізге мазақ көрінеді. Ертістің екі қабағында 15 мың үй төрт уезден болса керек. Мың шақырым Ертіс бойының пішенін қазақ шабады. Жүзден астам жыл казак-орысқа төлеген біз, Ертісте шаруа ісін жүргізетін қазақ, Ертісте төрт уез қазағы жылына казак-орысқа ең кем болса жарты миллион сом алым төлейді. Мұның 40% (жүзден 40-н) біздің Кереку қазағы төлейді. Осыған адал көзбен қарағанда шөлге, тастаққа қуу, бізді сорлы, бишаралық жолына орынсыз айдау болады. Біз Ертістен қуылсақ, салулы үй, қора-қопсыларымызды тастап, қайтадан салу шығыны аз болса, үй басына 300 сомға түспек, бұл қазақ шаруасының 25% (жүзден 25-і) болады, Мұнан артық бізге не жұт болады? Хүкімет һəм басқа жұрт қамын ойлайтын жұрт емес мекемелер біздің мына тілегімізді мəжіліске алса дейміз: 1) Біз казак-орысқа жылына алым төлеп, Ертісте қаламыз; бірақ бұл алым закон арқылы кесілсін; Анау 1904 нші жылғы 31 нші майдағы законның аяғын құшпасын. 2) Ақшасын көп жылға бөліп төлейтін қылып, он шақырымды біз сатып аламыз. 3) Сібір казак-орысына жазылып осылармен қатар жер аламыз. Ертіс қазағының бұл дəлелді таласына хүкімет не айтқаны маған мəлім емес, бірақ осы күнге шейін Ертістен қазақ көшкен жоқ. 1910 ншы жылы Министр Советінің басы, һəм Жер министрі мен Сібір барып, қайтып патшаға құлдық ұрған кітабында он шақырым қазағы туралы мынаны жазған: 4 мың үй қазақ он шақырымнан сатып жер аламыз дейді, бұл туралы біз не айтарымызды білмей тұрмыз, казак-орыстың ақысы кетпесе бо-
лады ғой, бұл істі закон арқылы өткізу жол-ау дейміз2 деп. Хүкімет əлі бұл туралы закон жобасын Г.Думаға кіргізген жоқ. Жақын күнде кіргізуі мүмкін. Хақына таласу жолы осы-да. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас. Енді оқушы еңбек өз мойныңда. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, Абай айтқан сөз ғой. 1 Полн. Собр. Зак. Т. ХХVІІ, 20, С.171. 2 Записка председ. Совета Мин. и Г.У.З и З. о поездке в Сибирь и Повоижье в 1913г. стран. 13. Əлихан Қала болудан қайту 1910 жылы Меңдіқара болысына шыққан переселен чиновниктері, бастығы производитель работ Даркешевич болып, отырықшы нормасымен жер алуға үгіттеді. Қала болсаңдар айрықша үкімет тарапынан сіздерге болатын жақсылықтар бар: Жан басына 15 десятина қалаған жерден аласыңдар, жерлерің 2-дəрежелі болғандықтан 2-3 сыбаға бірге есептеледі. Оның үстіне 9 десятина жер тұрмысқа үйренгенше асса 12 жылға, қалса 6 жылға оброчный есебінде пұлсыз беріледі. Онан əрі пұлмен, бірақ торгсыз беріледі. Оның үстіне, поселке басына 120 десятинадан медресе үшін жер беріледі. Орыс переселендеріне беретін ақша һəм ағаш көмектері беріледі деді. Егерде тілімді алмай, көшпелі нормада қаламын десеңдер Меңдіқара болысының жеріне келіп мұжықтар қала салады. Сендер сыр жағындағы көшпелі қазақтарға қарай көшесіңдер деді. Мұны естіген соң Мендіқара болысы болып кеңестік. Неше жүз жылдан берлі ата-бабамыз кіндік кесіп, кір жуған жері – Мендіқараны тастап, қайда барамыз? Барғанда жақсы боларымызға көзіміз жете ме? Жер 2-дəрежелі кем қол болғандықтан екі есе, үш есе көп беріледі деп тұр. Оброчный статья əуелі пұлсыз, сонан соң пұлмен болса да, торгсыз беріледі деп тұр. Оның үстіне, беретін көмектері де көп көрінеді. Жəне де қала болу тақырыбындағы басқа тілектерің болса да қабыл алынады деп тұр ғой дедік те, қала боламыз деп мəлім еттік. Сол 1910 жылы октябрьдің 12-14 һəм 16 күндерінде Буровой поселкесінде комиссия болды. Комиссияда Переселен районының бастығы Тасəбіл председатель болды, крестьянский начальнигіміз Таскен, лесничий баяғы Даркешевич һəм Мендіқара болысының өкілі Бəті мырза Қосылбаев болды. Комиссияда біздер манағы беріледі деген нəрселерді бер деп сұрадық: беретін ақша, ағаш қашан беріледі дедік, сусыз поселкелерге құдық қашан қазылады дедік. Оброчный статья 30 жылға берілсін дедік, жерімізді топографтар дегендей қылып бермегенін айттық. Кейінгі туатын жандарымызға запас жер қалдыр» дедік. Душевой надель беріліп,
оброчный статьяны бес жыл пұлсыз пайдаланудан басқа тілектерімізді комиссия жылжытпаға салып, жер министріне жеткіземіз, комиссияның оларды беруге қолынан келмейді деді. Олай деулері құр жылжытпа екендігін ол кезде білмесек те, енді түсіндік. Сұрағанымызды береді деп дəмелі болып, күте-күте шаршадық. 1911-1912 жылғы қыс қатты болып, еліміз жұтап, бұрынғыдан нашарлап, мүлкін көшіріп, қалаға арнаған жерге жаңадан орналасуға мұршасы болмай қалды. Шамасы барлары ғана арнаған жерге барып орнасты. Береміз деген көмектер берілмеді. Бұл үш жылдың ішінде егінмен күн көре алмайтындарына да жұрттың көзі жетті. Сөйтіп, қарқынмен қала орнына барып қалғандар болмаса, басқалары қала болудан көңілі қайта бастады. 1913 жылы крестьянский начальник көптен келіп, беріледі деп дəмелі қылған нəрселер туралы түк сөз жоқ, қалаға арнаған жерлеріне барып орнығыңдар, əйтпесе Сырға көшесіңдер деді. Поселка болғандарды крестьян положениесіне түсіріп, поселка басына староста сайлай бастады. Өткен жылы август басында Мендіқара қазағы 2150 үй болып приговор жасап, қайтадан степное положениеге кіруге тіленді. 1914 жылы 19 декабрьде 1088-нөмерлі обласное присутствие ол приговордағы тілекті қабыл етпей босқа қалдырған. Осы 1915 жылы Мендіқара болысы бұл жұмыс туралы жоғарғы жақтан іздеуге бес кісі довереной сайлады. Сайлаған адамдары: Иман Аймурзин, Молдаш Нуржанов, Алмұхамед Нұралин, Қашымхан Əйтенов һəм Мұса Жаналин. Осы февраль ішінде бұлар Торғай губернаторына арыздарын ауыз айтып, халықтың тілегін білдірді. Губернатор қайтадан степное положениеге қайтару қолымнан келмейді, ішкі іс министріне тілектеріңді жеткізейін деді. Крестьянский положениемен сайлау жағын тоқтата тұруға крестьянский начальникке бұйрық берді. Істің мəнісіне жерінде қану үшін Мендіқара болысына непременный членді жібермекші болды. Мұса Жаналин Қазақ жері туралы закон жоба Ертіс бойіндағы он шақырым (десятиверстный полоса) жер туралы үкімет закон жобасын жасап государственный думаға кіргізді. Бұл туралы соңыра «Қазақта» жазылар. Елден Жер туралы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысының 1һəм 7 ауылдарына қараған елге 1911 жыл жаздыкүні жер өлшеуші – землемерлер шыққан. Бұлардың бастығы – делопроизводитель работ Критик деген
адам. Бұлар жер өлшеуге кірісе бастаған соң, 7 ауылнайға қараған 158 үйден 33 үй өзді-өзі сөйлесіп, міне, орыс жерді кесіп жатыр, осы жерде қаламыз ба, я өзіміздің ағайын-туғанымызды табамыз ба десіп, ақырында əлгі 33 үй атақонысын тастап, ағайын-туған табуға мəслихат етісіп, сол жаз переселенчески правлениеге арыз берген. Бұлардың барамыз деген ағайындары Дамбар болысының 1 аулында. Берген арызына қоса 7 ауыл қазақтарының ризалықпен алдық деген приговорын тіркеп берген. Бұлар арызында 1 ауылнайға шыға қалсақ Көрсай деген Тобольдың жел жағында бір саласын мекен қылсақ екен деп сұраған. Бұл қазақтар осы арызды берейін деп тұрғанда производитель работ Критикке не қылғалы тұрған жайларын айтқан. Критик бұларға: «Сендердің арыздарың қабылданып, ана сұраған жерлерің берілетін болғанда бұрынғы жерлеріңде 3 жыл тұруға болады» деген. Бірақ бұлардың Критиктің бұл сөзінен алған қағаздары жоқ. Сол 1911 жылы қыстыкүні 33 үйдің 1 ауылнайға шығамыз деп Көрсайды сұраған тілектері қабылданып, келіп естіртілген. Осы күнгі отырған жерлеріңнен 3 жылдың ішінде көшіп ана алған Көрсайға барасыңдар деген. Қазақтар соңынан білді сол 1911 жыл жаздыкүні əлгі уəде берген Критик Көрсайды мұжыққа деп кесіп кеткен. Мұның не мəнісі бар екенін қазақтар білмейді, əйтеуір 1913 жыл Көрсайға келіп қала түсті. Қазақ тым-тырыс жата берген. 1914 жыл қыстыкүні 33 үйге естіртеді, сендердің бұл отырған (бұрынғы жер) жерлеріңде енді отыруға болмайды, сроктарың толды, сендер 7-ден шықтыңдар, қалаған 1 ауылдарыңа барыңдар деген. Сонан бері бұл 33 үй ауылнай санағында болып, алымды соған төлеп отыр. Бұл қазақтар осы күні бір қызық, егер қызық деуге болса, халде отыр. 7 ауыл қазақтары айтады, сендер енді көшіңдер, бізден шықтыңдар дейді. 1 ауыл қазақтары айтады, аламын деген Көрсайларың мұжыққа кетті, енді сендерге берер жеріміз жоқ, қайда барсаң, онда бар дейді. Бірі қуып, бірі жолатпай, 33 үй бұ күнде не қыларын білмей сасуда. 33 үй осы қыс Торғай губернаторына арыз беріп, бұрынғы отырған атамекенімізді өзімізге қалдырсаңыз екен, еш қайда бармаймыз, барар жеріміз де жоқ. Бұл туралы қысылған алаш азаматтары «Қазақ» арқылы білетіндерден ақыл сұрайды. «Суға кеткен тал қармайды» деген, қайтсін! М. Есболұлы Мал нормасына һəм қазақ положениесіне қайту Егін нормасымен жер кестіріп алған Қостанай уезінде Кеңарал болысының қазақтары ол норма бойынша берілген жермен күн көре алмайтындарын байқап һəм крестьян положениесі қазаққа жанаспайтын қолайсыздығын білгеннен кейін, қайтадан мал нормасына һəм степной положениеге кіруге сұраған екен. Оған облостной правлениенің общий присутствиесі бұл сұрауларыңның мəнісі һəм жөні жоқ деп, тілектерін
қабыл алмаған. Мəнісі жоқ дегені, басында егіс нормасына разы болып, енді қайта сұрануларыңның мəнісі не деген сөз. Жөні жоқ дегені крестьян положениесіне кірген қазақтар қайтадан қазақ положениесіне кіруге болады деп законда айтылған жоқ екен деп түсіндірген. Сонан соң Кеңарал қазақтары жоғарғы орыннан ізденуге орталарынан екі кісі доверный сайлаған. Бұлардың бірі – Елжан мырза Оразов, екіншісі – Есмұхамет мырза Оразбаев. Бұл екеуі Орынборға келіп, общий присутствиенің постановлениесінен копия алып, 19 мартта сенатқа арыз жолдайды. Арыздағы сөздерінің көшесі мынау: 1) Кеңарал болысының қазақтары егін нормасына разымыз деп құр ауыз айтқаны болмаса, əлі күнге я крестьян положениесі жазылып, я қала болып отырған еш нəрсесі жоқ. Олай болса, əңгіме степной положениеге қайтуда емес, Бұрынғы степной положениеде қалдыру турасында ғана. Общий присутствиенің көрсеткен закондарын біз де көрген едік, сол законның 26 статьясындағы қосымшада айтылған емес пе: «көшпелі бұратана жұрттар егін егуін көбейткенмен еріксіз селский абсотелдікке жазылмайды һəм қашанда болса, өздері тілемейінше өзге сословиеге (тапқа) кіргізу жоқ» деп. Қазақ – крестьянмен терезесі тең өз алдына бір топ жұрт, билеу законы қазақтың қалпына қарай крестьян турасындағы закондардан өзгеше өз алдына басқа. Қазақтар кей жерде крестьян положениесіне түскен-ақ шығар. Сонымен қайтадан степное положениеге қайтуға жолы қырқылып қалды деуге бола ма? Законда қайтуға болады деп айтпапты деп, сонымен жұмыс тынғандай көреді. Қайтуға болады деп законда айтылмаса, қайтуға болмайды деп те айтылған жоқ. Законның тыймаған нəрсесі қалайша тыюға жорылады? 2) Біздің мал нормасында қалдыр деп сұрауларымыздың мəнісі – егін нормасымен жер алып алып, қазақ күн көре алмайтынын үш жыл байқап, көзбен көрдік. Малдан қол үзсе, қазақ күні қараң. Оны жалғыз біз емес, крестьянский начальник те айтып отыр. Қазақтың егін нормасымен күн көре алмайтынын крестьянский начальник облосной правлениеге ұсынған докладында айтқан жоқ па? Біздің айтқанымызға нанбаса да, үкімет тарапынан қойылған крестьянский начальниктің сөзіне общий присутствие қалай нанбайды? Қазақ пен крестьян – екеуі екі басқа жұрт. Екеуінің қалпы да, салты да, рəсім жолы да басқа һəм біріне-бірінің тұтынып келе жатқан шаруасының түрі де жанаспайды. Күні бүгінге шейін бірінің күн көргені – мал. Мұжық нормасымен жер кесіп бере сала қазақтың қалпы, салты, рəсімі, тұтынған шаруасының түрі өзгере қала ма? Өзгере қалмаса, қазақты мұжық нормасына қамап, мұжық положениесіне кір деу жөн бе? Мұжық нормасын алғанмен де, қалпы-салты мұжыққа жанаспайтын қазақ мұжық заңына түсуге міндетті ме? Қазақ пен мұжық салт-рəсімі бірдей деп ешкім айта алмас. Үйдеп ешкім айта алмаса, қазаққа мұжықша жер алдың, мұжық положениесіне түс деу жөнсіз. Жер нормасымен ел билеу жұмысы екі басқа нəрсе. Жер қарасы өзгергенмен ел рəсімі өзгермейді.
Біз, Кеңарал қазақтары, мұжық положениесіне түседі екенбіз. Жан-жағымыздағы сыбайлас болыстар степной положениеде қалады екен. Олармен қыз берісіп, қыз алысып отырмыз. Солармен арамызда жесір дауы, қалыңмал дауы бола қалса, мұжық салтында жоқ мұндай дауды мұжық положениесімен қалай тындырмақ. Осындай істер туралы қандай шатақ болмақ! Міне, жер нормасы мен халық билеу жұмысының екі басқа нəрсе екендігінің іспеті. Сондай-ақ осы күнге шейін мал бағумен күн көріп келген қазақ мұжықша жер кестіріп алып, мұжықша егінші бола қоймайды. Түбінде қазақ мұжықтай бəлкім егінші де болар. Бəлкім мұжық салтына да түсер. Бірақ оған уақыт керек. Ондай өзгерістер бірден болмайды, бірте-бірте аздап өзгеріліп барып болады. Мұжықша жер алып, мұжықша егінші болмайтындығымызды үш жыл байқағаннан кейін анық біліп отырмыз. Біз малсыз күн көре алатын емеспіз. Мал асырауға Оброчный статьядағы жерлер мен жайлауық жерлер өзімізге қалмаса, тағы болатын емес. Егін нормасымен берге жерге мал жайғанда өзі тар жерді онан жаман тарылтып тұрған тағы бір нəрсе бар. Жер кесушілер қолайсыз кескен. Қазақ участкаларының орталарында қазына ағаштары бар. Жəне егін егетін жерлеріміз жанында сондай ағаштар бар. Жұмысқа мінген малдарымыз жайылғанда я болмаса суатқа барарда ағашқа түспей тұра алмайды. Ағашқа түссе, ағаш күзеткендер ұстап, потрава төлеткізіп, əуре қылады да жүреді. Сөйтіп, қазына ағашының жақындығы мал жаюымызға зор тығыздық келтіріп тұр. Землемер Кеңарал болысының жерін бас дəрежелі жер деп көрсеткенмен, жеріміз ондай жақсы емес. Егін еккенде тез тозады. Төрт жылдай бидай, екі жылдай сұлы егілгеннен кейін істен қалып, қайтадан егуге жарағанша он жыл тынығу керек. Жерді жаман дейтін жалғыз біз емес, мұжықтар да жаман деп отыр. Олар егін сала білмегеннен кейін жерді жамандайды деп ешкім айта алмас. Қазірінде олардың тарықпай қатты байып отырғандары қазақтың артық егіндік, пішендік, жайылымдық жерлерін жалдағаннан. Қазірде олар да жалғыз егінмен болмай, малды көп асырап отыр. Енді қазақ мұжық нормасымен алған аз жерін жалдай алмайды. Сондықтан олар да зарлап отыр, қазақта артық жер болмаған соң бізге де қиын болды, өзімізге берген жермен күн көре алатын емеспіз деп. Қазақ жеріндегі мұжық солай деп отырғанда қазақ қалай жалғыз егінмен күн көрер? Малдан қол үзсе, қазақтың жұмысы біткені. Бір жыл егін шықпаса, аштан қырылады. Мал шаруасымен тұрғанда, қазақ нақ сондай күйге түсе қоймайды. Қанша қырғын жұтшылық болғанмен, бірекі сиыр, бір бие, бір ат, бір-екі ешкі, 5-6 қойы болса, солармен бір үйлі жан жаз тамағын асырауға да, ірімшік, құрт, май алып, қысқы азығының да бірсыпырасын сайлап алуға да болады. Сондықтан қазақ жалғыз егінге сеніп, малдан қол үзбеске керек. Малдан қол үзбес үшін оброчный статьядағы һəм жайлаудағы жерлер қазаққа берілмесе болмайды. Мұжық нормасымен жер алған қазақтарға оброчный статьямен жайлаулық жер
бермеске болмайтын тағы бір мəнісі бар. Қазақ денсаулыққа керек істер жайынан хабарсыз. Үйін таза тұту дегенді білмейді. Қысы-жазы қазақ қыстауда отырса, ол қыстау неше түрлі аурудың ұясы болмақ. Қазақ аурудан өліп құрымақ. «О басында неге мұжық нормасына риза болып, қол қойдыңдар» деушілер болар. 1911 жылы бізге производитель работ келіп, үкімет қазақты мұжықша отырғызатын мезгіл болды деп, енді отырықшы қылмақ. Қостанай уезінің Меңдіқара болысынан бастап, 3-4 жылдың ішінде Қостанай уезінің қазағын тегіс мұжықша орналастырады деді. Меңдіқарадағы жұмыс бітті, енді кезек Кеңаралға келді деді. Жəне де осы күні мұжықша жер алып қалу 2-3 жыл кейін алудан гөрі пайдалы, өйткені қазір мұжықша жер алатындарға толық 15 десятинадан егіндік жер береді. Оның үстіне, мал жаю үшін еркек басына тағы 9 десятинадан оброчный статья есебінде жер қалдырылады. Қазір мұжық нормасын қабыл етпегендерге 3-4 жыл өткен соң олай беру жоқ. Онда ер басына 7-12 десятинадан артық берілмейді. Оброчный статья оларға тіпті жоқ. Мал нормасында қалған қазақтар уақытша пайдаланып отырғанға саналып, олардың пайдасында тұрған жерлер переселенге беріліп, өздері Торғай уезінің қыбыла жағындағы һəм Сырдария облысына көшіріледі деді. Біз қысылдық. Лажымыз құрыды. Ойласып-ойласып, жалғыз біз емес қой, 3-4 жылдың ішінде бəрі де мұжықша орналасатын болса, қайсысы жерін тастап, Сырға көше қояр, көппен бірдей көрерміз дедік те егін нормасына риза болдық. Производитель работ тарапынан басқа да тəсілдер болды. Мысалы, ол ақсақалдармен сөйлескенде, қай бұрын ырза болғандарыңа, қай жерден де болса, қалаған жерін береміз деді. Жері жақсы адамдар жерімізді бұрын ырза болғандарға беріп қояр деп, ризамыз деп өздері бұрынырақ айтуға асықты. Жəне де производитель работ көп нəрселер беріледі деп жұртты қызықтырды. Оброчный статьялар тегін болады, жайлау жерлер көпке шейін пайдаларыңда қалады, мешітмедреселер үшін участка басына 120 десятинадан жер беріледі, қорақопсы салуға ағаш беріледі, үй басына 82 сом ақша беріледі деді. Бұл беретін нəрселері бізге көп көрініп қызықтық. Қанша нəрсе беріп қарық қылатынын енді ғана білдік. Айтуы көп, беруі аз болып шықты. Бұл бергенімен біз күн көріп тіршілік ете алатын емеспіз деп келіп ақырында сұрайтындары мынау: 1) Осы 15 десятинадан берген жерде-ақ қалайық, бірақ бізге осы күнге пұлсыз пайдаланып отырған оброчный статьядағы жерлер һəм жайлаудағы жерлер берілсе екен, түбінде туған балалардың сыбағасына саналатын шартпен. 2) Қазақ участкасының ортасында қалып, мал жаюымызға тынышсыздық етіп тұрған қазыналық ағаштар бізге берілсе екен. 3) Қостанай уезінің һəм Торғай облысының басқа қазақтарымен қатар біз де степной положениеде болсақ екен дейді. Тілші
Башқұрт жері Қызым, саған айтам, Келінім, сен тыңда. Самара губерниясында біраз башқұрт бар. Бұлардың жері өзінікі. Əр үй иелері өз жерін сатам десе ерік. Мұжық башқұрт жерін сатса ерік деген белгілі 9 ноябрь 1906 жылғы указ шықты. Өз жеріне өзі қызмет қылмаған башқұрт, сонан бері жерді сата бастады. Самар губерниясында Николай уезінен Кузебай болысында башқұрт жерді десятинасын 13-16 сомнан сатты. Базар бағасы 80-100 сом болып тұрғанда. Мақсат қаласы 11 мың десятина жерінен 6 мың яғни 54 проценттен артық сатылды. Кузебай қаласы 10 мың 500 десятинадан 5 мың 800 яғни 55 проценттен артық сатты, Акир қаласы 6 мың 675 десятинадан 4 мың яғни 60 процент кем сатты, Абдолла қаласы 5 мыңнан 2 мың 200 яғни 44 процент сатты. Жалғыз Кузебай болысы 75 мың десятина жерінен 40 мың яғни 53 проценттер артық сатып жіберген. 15-ке жақын отырған қазақ осы башқұрт ағайын аяғын құша ма деп қорқам. Əуелі жер бергенде қалаға деп беріп, аз уақыт өткен соң 14 июнь 1910 жылғы законды жүргізсе, біздің қазақ ана башқұрт артынан кетеді. Бұл законда қаладан жерімді бөліп алам десе ерік. Қазақта үй басы 45 десятинасын тіліп алып, сатып жіберер. Қала болған қазақ законда мұжық тонын киіп тұр. 14 июнь 1910 жылғы закон мұжыққа шыққан. Қыр баласы Əскер алса Қазақтан əскер алу хақында «Қазақтың» 171-172 нөмерлерінде Петроград хаты айтады: «Казак болу қазақ тұрмысына жақын екенін, мұны қазақтар өзі көріп отыр. Əйтеуір əскерліктен қазақ бас тартпайтын болған соң, бізге казак болудан басқасы жоқ. Егер кезінен қалғып-мүлгіп кеш қалсақ кейінгі ұрпақтарымыздың көз жасына қалғанымыз, онан соң көрде тыныш жату болмас» деп қайғысын қосып. Қара қазан, сары баланың қамын айтып кім қайғырмаған. Мұндай жолға уайым, қайғы артық па? Егер аңдап осы уақыт жақсы жол тапсақ, күндердің күнінде арттағылар бабаларымыз бас қосып, кеңесіп қалап алған жолы осы екен, бұған түсіп патшамызға мақтаулы əскер бір болдық жəне жұртымыз азбайтозбай қатарға кіріп, екі болдық деп. Алғысын тарих бетіне алтынмен жазбай-ақ сиямен жазып қойса, арман не? Егер асығып жаза басып, шатақ жолға салсақ, бабаларымыз əрі патшалыққа қалаулы əскер бола алмай, əрі жұрт қатарлы шаруаларын арттыра алмай, азып-тозып, бізді осындай сергелдеңге салып қойған аталарымыз ғой деп, көрінгенге зарлап шағып жүрсе, онан артық ұят не? Қатеден қашып, қам қарастыру бар адамзаттың
намысы еді. «Қазақ» газеті жұрты үшін осы қарызын өтеуге жарқын бетіне «не істеуге?» деп отырған да, мынау жері былай емес пе деген сырды ашып, ағайын алдына салу, сондықтан кімде-кім көңілдегін айту орынсыз болмаса керек. Қазақ қазақ болғалы бұл басқа келуге тұрған бір мықты кезек қой. Бұл туралы өз пікірім, қазаққа казак болушылық артық ауыр жұмыс, себебім сол, 1895-1903 жылдарда Орынбор казактарының арасында тұрғанымда олардың тұрмысын нашар екен деп білдім. Казак тобының жайшылықта шаруасы тəуір болса да, қалай баласы 21 жасқа толса, оны əскерлік қызметіне жасаймын деп байла ры болмаса, басқалары шала шабылып қалады екен. Оларға бір баланы əскерге жасап беру сол арзаншылық уақытта 200-300 сом тұратын еді, ат, ер-тұрман, киім-кешегі бар. Қазынадан берілетіні бұларға тек винтовка мен найза. Тақыр кедейлердің баласына берілетін 60-70 сомдап қазынадан жəрдем бар, бірақ мұны көмек деп малдануға болмайды, не үшін? Ол ақшаны кейін қазына қайта өндіріп алады. Казак ер басы 30 десятина жақсы жер ала ды. Жəне жері ағашты, сулы болса, одан да пайдаланады. Бұл аз қалыңмал емес. Бірақ алмақтың да салмағы бар. Казактың алатынын қашанда салатыны басып отырады екен, себебі жалқау жұрт жердің бар байлығын шығара алмайды. Сондықтан əлгі айтқан 20-30 сомға көбінің шамасы жетпей, үйлерін, малдарын, үй құралдысының бір сыпырасын торгпен саттырып қатты əбігер тартады екен. Осыдан қашып крестьяндыққа шыққан казактарды көп көрдім. Əсіресе 1896-1897 жылдарда сол уақыт крестьян табына шығамыз деушілер өте көбейіп, оларға ақырында əмір де болған: «енді сұраушылардың тілегі алынбасын» деген. Баста болмаған пəленің қандай ызғары барын кім біліп болған. Бұл казактықтың жайсыз жағы толып жатыр, бірақ қазақтың шаруасына казак болу қолайлы болар ма деп салыстыруымызға осы алған үлгім де жетсе керек еді. Ендігі сөз сол, казак ер басы 30 десятина жақсы жер енші алып отырып, ол жердің суынан, бұтасынан аз да болса пайдаланып отырғандығы тұрмысын жаңа мен айтгым ғой. Бұл Орынбор казактарының жай-қалпы. Орал, Сибирьдің казактары бұлардан тоғырақ тұрады дегенді айтысады. Ғажап емес. «Жері байдың елі бай» деген. Оралдың ағып жатқан балығы бар, Сибирьдің шашылып жатқан байлығы бар ғой. Бұларды біз жатсақ түсте көрерміз бе? Қазақтың көбінің отырған жері қызыл топырақ, ақ сор. Анау Бөкей ордасы, Орал дың оңтүстік жағындағы бүтін Ырғыз, Торғай, Қазалы, барша Бетпақ даласы, Балқаш сықылды қазақтардың отырған жерлерінің берекесі бəрімізге мəлім. Сол қазақтар казак болса, жерлеріңде отырып бола ма, жоқ іргесін басқа жайлы жерге аударып бола ма? Егер сол жерлерінде отырып қалса, адам басы үлесіне 30 алмай 100 алсын, жоғарыда айтылған салмақты қызыл шақа кедей қазақ көтере алмай мертігеді. Жоқ, жақсы жер береді ғой делік. Жоқ жерді бізге аспан тастар ма? Болмаса мұнда жақсы жер бар
деп, қазақты миллионный отвотқа апарып қондырар ма? Рас, ертеден іргесін жайлы қонысқа бекіткен қазақтарға казак болушылық аса ауыр болмасты, онда да ұйқыны тастап, белсеніп еңбек қылса. Бірақ ондай жақсы жерді иеленген қазақ тіпті аз ғой. Айдың-күннің аманында үй басы 6-7 сом алымды ауырлап бере алмай жүрген қазаққа 21-жасқа балалары толғ ан сайын 200-300 сом расходпен əскерге беріп отыруды қандай жер, қандай кəсіп көтереді? Бүйтіп зарланғанша крестьян болып, қай күні кезек келсе, сол күні баламызды шығынсыз солдатқа беріп отырсақ болмас па? Крестьяндық оқу-өнерге əрі жайлы, əрі жақын жол. Халықты алға бастыратын оқу. Қазақ оқу-өнер тапса не түрлі шаруасы тəртіпке кіреді. Тəртіпті шаруа жоқты бар қылып, барды екі етіп отыр. Патшалы жұрттың бəрінің де берекесі крестьяндармен. Қазақ табы оқу-өнерге де, жақсы шаруаға да жағымды мінез, халыққа д а бек тапшы болады. Бұған себеп бұлардың бастапқы мақтаусыз ата мирастары. Біздің қуғанымыз шын жақсылық болатын болса, азға қанағат қылып, жақсыға сыбай болсақ қайтеді. Солдат болмақ, казармада тұру қазақ баласына ауыр, себебі оқыған балалар аурудан қырылып жатады деу қате. Оқу мен солдат қызметін салыстыруға болмайды. Бұрынғы бекер айтпаған, «оқу инемен құдық қазудан қиын» деп. Оқуды аламын деп қазақ баласы қызығына түсіп, үйде сарғайып отырып, денсаулыққа ең қымбат таза ауаны аз жұтады. Солдат ка зармада тек жатқаны болмаса, қызметтің бəрі ашық далада болады, қайта қазақ солдат болса, көп қозғалып, саламат бо лады. Жаяу жүріс үйрену əдет қой. Қазақ естек-ноғайдан шабан емес. Олар да жаяуға солдат болып көндіккен. Петроград хаты ақырында асықтырған, соғыс кезінде закон жобасы Думадан тез өтіп, тез закон болып шығады, сол себепті қазақ казак болуды тілесе, тезірек тілегін сходпен приговор қылып беруді қажет деп. Бұл соғыс емес пе? Бүтін халықты бір тапқа айдап салу оңай ма? Көшпелі халық туралы Россияның мына законы бар ғой: «Көшпелі жұртты өздері тілемесе, еріксіз басқа сословиеге кіргізуге болмайды» деген1. Бұған тұрсақ бір ауыз сөз сұрамай, қалай басып көктер екен. Егер закон жобасы ол законды аттаған болса, алдымызда Дума бар ғой. Қолына берген жобаны жонған таяқтай қылып отырғанын көз көріп жүр емес пе? Əлі де асықпай анық қарастыралық, əскерліктің қай түрі шаруаға жарамды болар. «Кеңесті азбас, кең тозбас» деген. 1 Св.зак. полож. Об инород. т. 2., ст. 26, І-е «Қазақ»: Солдаттық мəселесінде бұл пікір бұрынғы жазылып, айтылып келе жатқан пікірлерден басқа. Соның үшін бұл туралы келер нөмерде тағы да жазармыз.
Қайсысы пайдалы? «Қ» мырза «Қазақтың» 177 нші нөмірінде басылған мақаласында əскер алса қазаққа казак болу емес, солдат болу пайдалы дейді. Петроград хатында пайдалы жағын жорта ішке бүгіп отырып, тиісті жағын ғана айтып өткен едік. Олай еткеніміздің мəнісі мынау еді: мемлекетіміздегі пайда-залалға мемлекеттегінің бəрі ортақ болмақ. Қазақтың мүліктенген жерін басқалардыкі ортақтығы бар деп үлеске салып отырған жоқ па? «Қ» мырза қазақ жерін азсынып, мұнан басқа табарлық жеріміз жоқ деп отырғанда, қазақ жерін көпсініп, казак болса, жер біткен өзінде қалады. Басқаға жерді қайдан алып береміз деп, дауласа тұра келейін деп отырғандар бар. Оның да ұшығын Петроградтан естіп келіп отырмыз. Егер қазаққа казак болудың мынадай-мынадай пайдасы бар, сол үшін казак боламыз десек, саған пайдалы екені рас, басқаға қалай болар? Россия мемлекеті жалғыз қазақ үшін жасаған мемлекет емес, сіздерден де басқалар бар. Жіліктің майлы басы саған тигенде, майсыз басы басқаларға тимек. Оның болмайды десе, біз не демекпіз. Бұл жағын жауып қойып, істің табанын қазаққа тиісті жағына тірейік. Біздің ат үстінде өсіп, ат пен қоса қайнап, пісіп қатқан жұрт ешкім бекер деп айта алмас. Біздің далада өсіп, шаһар əуесіне шыдай алмайтынымызды дəлелдейтін ыспаттар келтіріп отырсақ, онымызды да ешкім бекер деп жыға алмас. Пайдасын ішіміз білсін, мынаны жүргізейік деген оймен қазаққа пайдасы қандай екенін баяндамай, тиісті-қолайлысы осы деп қана халыққа сездіріп өтпекші едік. «Қ» мырза жақыннан қайырып, мəселені қамауға айдап, пайдалы-пайдасыздыққа салып, сөз ашпаққа отыр. Солай болған соң, енді қайсысы пайдалы екенін ашып айтпасақ болмайды. «Қ» мырза қазаққа жақсы жерді қайдан алып береміз деп қайғырып отыр, басқалар қазаққа осы жерін қайткенде өзіне алып қалады деп қайғырып жүр. «Қ» мырза қазақ жерін жаман дейді. Сол жаман жерде мұжық бол дейді, өйткені мемлекетті нанымен асырап, берекесін кіргізіп отырған мұжықтар дейді. Бізде айтармыз: Қазақ жері жаман, жаман болғанда егін шаруасына жаман, мал шаруасына жарайтыны баяғыдан бері қазақтар осы жерінде мал бағып, күн көріп келе жатқанынан көрініп тұр деп. Азын қойып, көбін алғанда қазақ жері – мал жері. Қашан адам баласының ақылы аспанға жетіп, əуеге дегенін істеткенше, иə жердің бəрін арықпен жүріп, ұластырып сумен молайтқанша, қазақ жері осы күйі болған күйінде қалмақшы. Қазақ жері мал жері екендігіне таласпасақ, мал шаруасына жердің көп керек екендігі де талассыз нəрсе. Енді қарайық: казак болу ма? Солдат болу ма? Қазаққа қайсысы пайдалы болар? Солдат болу мұжық дəрежесінде болу. Мұжық сыбағасы жақсы жерден 15 десятина, казак сыбағасы жақсы жерден 30 десятина. Жер жаман болса сыбаға десятина артпақ. Онда да мұжық сыбағасы мен казак сыбағасының арасындағы айырмасы сақталмақ. Мұжық сыбағасы
бойынша 30 десятинаға келетін жерден казак сыбағасы бойынша аз болса 60 десятина келмек. Жерді көктен іздемей-ақ, осы жеріміз жеткенше жақсысын алып, жетпеген жаманынан көп етіп алсақ, сонан артылып қалған жаман жерімізге ешкім қызығып келе қоймас. Солай болған соң қазақ жері өзінде қалды деген һəм іргесі ыдырамаған тұтастық деген осы болмақшы. Бұл тілегіміз орнына келсе, қалай күн көріп жұрт боламыз деп қайғырмас едік. Енді солдат болып, мұжық есебіне кіргенде не болмақпыз? Солдат болу мұжық болу деп жоғарыда айттық. Мұжық нормасымен жер алып, қазақ жерінде егінші болып, мемлекетті нанмен асырап «берекелі мұжық» бола алмаймыз. Қазақ жерінің жаман екенін «Қ» мырзаның өзі де айтып отыр. Мұжық нормасымен қазақ жер алғанда, жері көп артылмақ. Қазақ басына екі орыстан əкеліп отырғызамын десе де жеткілікті болмақ. Қазақтың қайғылы мəселесінің алды жерінен айырылу, арты бір қазақ екі орыс болып отыру емес пе еді? Басқасын қойып осы екі негізгі мəселе жағынан қарағанда да казак болу мен солдат болу екеуінің қайсысы пайдалы екендігі анық-ақ көрініп тұрған жоқ па? Казак болудың расходы көп-ақ болсын. Көп расход көп жер алуға дəлел. Солдат болып отырып солдат болып отырған мұжықтан артық жер алам деп, дауыңа не дəлел жүргізесің? Жалғыз «Қ» мырза болмаса, иə хат арқылы иə ауыз сөйлесіп, ешкім казак болудан солдат болу пайдалы деп айтқан емес. «Қ» мырзаның көрген казагы мен мұжығын басқалар да көріп жүрген шығар дейміз. Казактан мұжықтың асып отырған артықшылығы болса, олар неге айтпай отыр? «Қ» мырза сияқты халыққа пайдалы ақылын осындай керек кезінде неге айтып қалмайды? «Қ» мырза солдат болуды қолайлаған соң, асыққанымызды да ұнатпайды. Қазақ туралы закон шығаратын болса, қазаққа ақыл салмай істемес дейді. Қазақ туралы шығатын законды, қазақпен кеңеспейді шығармайды деген сөзді естіп отырғанымыз осы. Закон шығару жұмысына 1 нші, 2 нші Думаға қазақтан адам шақырылғанын білеміз. 3 нші июнь законына кейін қазақты закон шығару жұмысына Кеңеске алды деп естігеніміз жоқ 3 нші, 4 нші Думада қазақ депутаттары жоқ екенін анық білеміз. Закон кеңеске салынатын орын Г.Дума. Онда қазақтың кеңесін керек қылмай отырғанда, қазақ кеңесін қай жерде керек қылып, онсыз закон шығара алмай жүргенін біле алмадық. Керегінде кеңеске алған болса, қазақтың 5-6 депутатының жалованиесін ауырлап, Думаға шақырмай қойған жоқ шығар, кеңесін керек қылмағандықтан шығар дейміз. Сөйтіп отырғанда бізсіз закон шығара алмас деп, қарап жатуымыз дұрыс болар ма екен? Жаңа да «Қ» мырза айтады: қолына берген жобаны жонған таяқтай қылып шығарып отырған думаны көз көріп жүр емес пе деп. Закон шығарып отырған Думаны көріп отырғанымыз рас. Бірақ онан шыққан законның бəрі жонған таяқтай қазақтың қолына жағымды тие берер деп айта алмаймыз. Степное положениеде қазақ пайдалануынан артық жер
алынады деген закон жолы бар. Түркістан положениесінде ондай закон жолы жоқ еді. 3 ші Дума Түркістан жерінде артық деп осы закон жолын шығарды. Дума шығарған бұл закон Түркістан қазақтарына «жонған таяқтай» жағымды болып тимеді. Олай болса, Думадан шыққан законның бəрі бізге жағымды болып шығады деп, қарап жата беруіміз тағы дұрыс болар ма екен? «Қ» мырза жəне де айтады: «Көшпелі жұртты өздері тілемесе, басқа сословиеге кіргізуге болмайды деген закон бар, ол закон тұрғанда қам жеп қайғыру асығыс» деп. Біз де «Қ» мырза сияқты қазақтың солдат болуын тілесек, қам қылуымыздың қажеті жоқ. Біз солдат болу емес, казак болуды тілеуші. Сондықтан басымызды солдатқа байлап қоймай тұрғанда, казак сословиесіне кіруге қам қылып, асығуымыз тиіс деп əлі де айтамыз. Ата қонысынан айрылған қазақ жайы Ата қоныстан айрылып, барарға жер, басарға тау болмай, далырып отырған жер иелерін көзіміз сан көреді. Мұндайға қазақтың қылған айласы, тапқан ақылы болмай жүргенін тағы көреміз. Осындай жайға ақыл табылары бар ма? Табылғандай болса, біздің қолымыздан келер ме? Қай елдің басына болса да, осы мəселе келіп тұр һəм күн сайын келетіні анық. Семей облысы, Павлодар уезіне қараған Басқұдық елінің 299 үйінің жері 1911 жылы «айрықша қазына пайдасына ағаштыққа» деп алынды. Қыстау болсын, шабынды болсын бəрі қазынаға алынып, қыстау иелеріне 12 мың 140 сом ақша берілмек болған (үй басы 40 сом неше тиыннан). Бұл 299 үйден 120-сы ақша да алмай һəм көш десе көшпей бес жылдан бері ізденіп келеді. (Бұлардың жерін алмаққа 1911 жылы уезный комиссия қаулы қылған) көшпесеңдер күшпен көшіремін деп ұлық тұр. Жеріміз жоқ, мұнша үй қайда барып сиямыз деп сандалып не қыларды білмей бұлар отыр. Не жерін айырып қала алмай, не басқа жақтан орын ала алмай Басқұдықтың 120 үйі жатыр, бұларға не қылмақ керек? Степное положениенің 120 статьясының бірінші қосымшасында айтады: «Көшпелі халықтан артыларлық жер болса, ол жерлер диханшылық жайымен жер жұмысын басқаратын бас мекеменің (осы күнде министерствоның) еркіне тапсырылады» деп. Бұл қосымшаны қалай ұғуға лайық? «Артыларлық» деген сөздің мағынасы не? Мұнда «артылған жер» деп айтпай, «артыларлық» дейді. Бұл арада біздің абайлауымызша, артатындығы анық болған жер деп ұғыну керек. Өйткені, жер өлшенбей тұрып артылар-артылмасына кімнің көзі жетеді. Əрине ол арасын ешкім айыра алмайды. Бұлай болғанда қандай жерді анық артық деуге болады? Қыстауды, егіндікті, шабындыны, күзекті артық деуге асылы болмайды. Жайлаудың да бəрін артылатын жер деп санауға жəне келмейді. Жайлау өзі көп дала болса, ондай жайлайтын ел аз болып, малы шағын
болса, міне сонда «артыларлық» деп айтуға келеді. Ұзын сөздің қысқасы, «артық» деген əр уақыт пайдаланудан асқан нəрсені айтады. Бірақ осы «артық» деген сөздің өзі бүгінде бір жұмбақ болып тұр. Бұ жұмбақты шешетін кім? Осы араға келгенде низамның бізге тауып берері жоқ, мұжық төрелері артыларлық десе, артылған болады. Өстіп бар низамның тетігі кішкене ғана төрелердің қолында болып, ол тетікпен уезный комиссия жүреді, мұның соңынан өзге мекемелар барады. 121-статьяның қосымшасында айтылады: Торғай облысында ағаш заты бар жерлерді қыстауы болмаса, ол маңайдағы аумалы құмды тоқтатып өзге жаққа аумастық қылу үшін диқаншылық ісі мен жер жұмысын басқаратын бас мекеменің қолына алуға болады. Қыстаулары бар жер аса қатты керек болғандай уақытта жоғарғы айтылған мекеме басы қыстау иелерімен шығын турасын келісу лайық өзі баға кесіп һəм оларға басқа жерге қыстап орнауға ағаш беріп. Бұл низамның Торғай жағында ғана шыққандығы, өзге жер мұнда айтылмағанынан көрінеді һəм бұл облыста аумалы құм болғандықтан, ол құм бір жерден ұшып таралмасын көздеуге Торғай жағының жерін қазынаға алуға үкіметке ерікті низам көбірек берген. Осындай зор себеп «құм» болғанда, қыстауды алуға болады екен, онда да қыстау иелеріне лайықты шығынын беріп, жаңа жерге орналасуына ағаш беру тиіс екен. Осы статьяларға Басқұдық елінің 299 үйінің қыстауларын ұлықтың алып отырғаны қанау емес пе? Біздің білуімізше, əбден қанау. Алынған жерде «артыларлық» жер жоқ һəм артық екендігін ыспаттауға жер өлшеушілердің қолындағы бір күшті дəлел болушы еді, «қазақ өзі көшуге риза болып қол қойып ақшасын алды» дейтін. Өйткені əр уақыт қазақ ақша аларында да һəм өлшеушілер де кейде кесілетін жер иелеріне қол қойғызатын еді, «ризамыз, ақшамызды алдық, көшеміз» дегізіп. Əріне, қазақ риза болса қандай жер болса да, «артық» болады. Ондай дəлел бұ жолы жоқ. Низамды біз бұлай ұғынсақ та, ұлық Басқұдық елінің қазақтарына көш деп жатыр, осыларға не ақыл табылады? Бұған бұл сағатында ақыл табылар деп білмейміз. Табылса табылар, Г. Дума бір қайран қылса. Сөз құлағына жетсе, жайды əбден біліп түсінсе, Дума бұл турада бір жоба көрсетудің жолына да түсер еді. Думаға сөзімізді кім жеткізеді деген мəселеге тағы келіп шығамыз. Бұл тақырыпты сөз газетке күнде жазылып жатыр. Оны қайта айту да қажеті жоқ. Думаға бізден депутат алуды сұрамай жатпау керек, біз туралы зор мəселелер сөйлегелі тұр. Біз бір жыламаған бала болғанымыз лайық емес деп білеміз. Ром Қостанай уезінен (Жер мəселесі) 1913 жыл жаз күні Қостанай уезі Құмақ болысына производитель работ Авдократов деген келіп ақсақалдарды жинап алып жер туралы
үгіт-насихат айтады: «Сендерге менің жаным ашиды. Тілімді алсаңдар 15-тен жер беріледі, əр участок қасынан оброчный статья шығарылады, бұлармен алғашқы 3-4 жыл ақшасыз пайдаланасыңдар. Сонан кейін бұл оброчной статья торгпен сендерге ғана сатылады. Жиылып қала болатын жерге көшуге қазынадан жəрдем беріледі. Қала болмай көшпелі қалыпта қалсаңдар қазір тəуір болғанмен де түбінде зиянда қаласыңдар. Қазір сендерге еркек-əйелге 15 тен берілгенмен, бұл уақытша, керек күні жақсы жерлеріңді мұжыққа алып береді һəм қала қылмай қоймайды. Сонда жерден тіпті айырыласыңдар» деп айнала қамайды. Ақсақалдар сөйлесіп, пікірлері, екіге бөлінеді. Бір сыпырасы, қала боламыз, бір сыпырысы болмаймыз деседі. Қала боламыз деушілер 2,7,9 ауылнайдың ақсақалдары һəм 4 ауылдан 21 үйдің ақсақалы. Ауылнайдың 145 үйі Қарабұтақ деген Құмақ өзінінің бір саласын 7 участок, 7 ауылнайға қараған 140 үй Қарағанды бойына (бұ да Құмақ саласы) 4 участок, 9 ауылдың 111 үйі Құмақ бойына, 4 ауылдың 21 үйі Қимаға бір участок боламыз деп қолдарынан таңба берген. Соңынан қала боламыз деген ақсақалдар біз қате істедік, күн бұрын қала боламыз деуіміз орынсыз екен, енді мұнан қалай құтыламыз деп жүргенде, 1914 жыл крестьянский начальник шығып, қала боламыз деулерің дұрыс па деп сұраған. Жұрт айтқан, біз қала болмаймыз, ақсақалдың айтқанын разылығымыз жоқ дескен. Ақсақалдар да қайталаған. Начальник өзге елдерден өзі сұрап, 2 ауылдың 43 үйінен сен сұра деп болысқа тапсырады. Бұл 43 үйдің ақсақалдары, былтырғы айтқанымыз айтқан қала боламыз деген. Біраздан кейін переселен мекемесі қала боламыз деген 43 үйдің ақсақалдарының сөзін қабылдадық деп естірткен. Мұны естігеннен кейін 43 үйдің адамдары арыз береді: «Біз қала болмаймыз, ақсақалдың сөзіне разылығымыз жоқ ақсақалдарымыз кедей, малы жоқ адамдар, оларға қала болып отырған жақсы» деп. 1915 жыл декабрь ішінде переселен мекемесі жауап береді: «Арыздарың аяқсыз қалды» деп. Сонан кейін 43 үй губернаторға арыз береді: «бізді қала болудан босатыңыз» деп. Арызға жауап қайтпаған соң, өткен февраль аяғында телеграммен де сұраған. Бұл күнге шейін жауап жоқ. 43 үйдің жайы осы, өздері сасуда. Алаш азаматтарынан зор өтініш, бұл 43 үйге не ақыл, қалай һəм қайдан іздену керек, «Қазақ» арқылы білдіріп болмас па екен? М. Шағырша «Жоқшы» жазады: Қазаққа казак болу жайсыз, рухын «жоятын ауыр жұмыс, өйткені казак болғанда қазақ баласы 18 жасынан бастап 33-ке шейін 15 жыл (3 жылы даярлану, 12 жылы анық кызмет) əскерлік əбігерінде сандалып жүреді, жылдың 3-4 айын ойын үйренуде өткізетін болған соң былайғы
уақытының көбінде соған бару-қайту қайтысына шығын етіп, көңілі бөлініп шаруасына төселе алмайды. Бұл онсыз да жалқау, надан, кедей біздің қазақ жұрты үшін қырсыздыққа үйретуге үлкен себеп. 1894-1900 жылдарда Орал облысына қараған Сломухин станциясында тұрып едім, ондағы орыстармен араласпасам да, мұсылмандарымен араластым, жай-жапсарына қандым. Онда екі тап ноғай бар еді. Бірі сол жерлік ноғайлар, атты казак қызметкеріндегі «Орал ноғайы» атанады, екіншісі келімсек ноғайлар, солдаттық қызметінде «қазандық» деп атанады. Бұл екі табын салыстырып қарағанда Орал ноғайы қазандықтан сан жағынан екі есе көбірек, оқу-өнер, шаруа кəсіп, мінез-қалып жағынан екі есе төмен. Кемдігіне себеп, Орал ноғайы кедей, надан, жас жігіттері шаруаға қырсыз, аталары ержеткен балаларының ат-тұрманын жетістіру қайғысында жүріп жас балаларын оқытуға өрелі болмайды. Сондықтан балалары надан қалатыны белгілі. Қазандықтар шаруасына айналуға да, балаларын оқытуға да уақыт табады, балалары тегіс солдатқа алынбайды, алынғаны да 3-4 жылда қайтып келеді. Келген соң шаруасына кіріседі, киім-тамақ қазынадан болған соң, шығынға ұрынбайды, борышқа батпайды. Қазақта байдан жарлы көп. Сол жарлылардың балалары 18-21 жасқа келгенде ойынға шығатын ат-тұрман түзеуге міндетті болса, ол өзі мұндай қымбатшылық есепте 4-5 жүз сом тұрады, кедей мұны қайдан табады. Бір баласына тапсын, 2-3 жылдан кейін екінші, үшінші балалары тұр, оларға не жеткізеді. Казак болу қазақ шаруасына ауыр дейтініміз осы. «Қыр баласы» айтады: «казак мұжықтан правода артық, ерке, оған себеп тарих жолы, мұжық құл болған, казак бостандық, құрдастық жолында болған» деп. Правосы артық болғанымен адамшылығы кем, ерке болғанмен бағыты, жолы теріс. Бұған се беп надандығы, надандыққа себеп кедейлігі, кедейлікке себеп бос уақыттарының кемдігі. Еркелік правосы жақсы, бірақ адамшылықтың ақ жолын құрбан етіп барып, қолға түсеме деп корқамын. «Алтынды ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ» дейді қарттар. Солдаттық жолы əркімге белгілі, анық жол. 21 жастан бастап 3-4 жыл белсеніп қызмет етеді де елге қайтады, мұның шаруаға, оқу-өнерге анадай бөгеті жоқ, шығын қазынадан. Қазақ баласы казармада жата алмайды, жаяу жүре алмайды деген сөз де қате. Жасы жетіп, қабырғасы қатып, қан-сөлі толып болған 21 жасты жігіттердің денсаулығын 8-10 жасынан сарғайып тар ауада шықпай отырған балаларға қияс ету шалғай. Енді жер жайынан бір-екі сөз. 179 нөмер «Қазақтың» бас мақаласында айтады: «Солдат болу – мұжық дəрежесінде болу. Мұжық сыбағасы жақсы жерден 15 десятина, казак сыбағасы жақсы жер ден 30 десятина» деп. Біздің түсінуімізше, жер мəселесі бір басқа, əскерлік мəселесі екінші басқа. Сен сол дат болдың деп алты миллион мал бағып, көшпелі күйде күнелтіп отырған жұртты, өздері тілемесе, зорлап крестьяндыққа кіргізіп
15-ке қамамайды. Мемлекетке мал керек, малдың сүті-еті керек, жүні, терісі керек. Малдың азаймай жетісіп тұруы үшін жайлы қоныс керек һəм ол малды бағып өсірудің жай-жапсарын жақсы білетін ел керек. Бұл шаруаны түгел басқаруға біздің мемле кет ішінде қазақтай лайықты ел жоқ екені талассыз. Солай болғанда, солдат болдың деп қазақ біткенді мұжық жасап, 15-ке қамап қоюға реті келмейді. Осы күнгі қазақ жерін тілімдеп алып жатқаны біздің казак болмағандығымыздан емес, қазақтың қалған жері де мал бағуына жетеді деп бастықтардың түсінуінен, болмаса өгей балаға есеп етіп, күшке таянып, жолдан секіруден келіп тұрған іс, оған амал не? 1 Басқарма: Амал – казак болу. Жауап хат 181 нөмерде М. Шағырша хаты басылды. Қырық үш үй қазақ өзі болмаймын деп отырғанда, зорлықпен отырықшы бола ма, жоқ па дейді. Біздің қазақ, əділ ақ патша қол астында, біздің мемлекет 17 октябрь манифесінен бері «Конституциялы» мемлекет, мұның қазақша мағынасы Законға құл болады. Үкімет Законнан шыға жайылса, бұл қалай деп адасқан үкіметті қақпалап, түзу закон жолына салатын бізде Г.Дума бар. Бұл Г.Дума күзеті саясат тілінде «запрос» яғни «бұл қалай?» деген мағынада. 43 үй ісі туралы қазаққа шығып жүріп тұрған законды қарастыралық, законда не бар екен? «Көшпелі бұратана егін салғанмен өзі сұранбай еріксіз мұжық болмайды һəм өзге сославиеге де, тапқа да жазылмайды»1. Бұл закон 1822 жылы шыққан, жасы 94-те. «Мұжыққа жазылған қазақ қайта қазаққа жазылайын десе, бұған бөгет жоқ»2. Бұл закон 25 мартта 1891 жылы шыққан, жасы 25-те, осы күні қазақ даласына жүріп тұрған закон осы. Мұның жолынан үкімет шықса, Г.Дума жақтан бұл қалай, аттан шықпақ. Г.Думада запрос қылу шарты – тамам қисық іс туралы үкімет қызметкері атқарғанын дəлелін түгел қылып депутаттарға жеткізу. Депутаттар Г.Думада сөйлейтін сөзде қылшықтай өтірік бол маса, жақсы болады. Жерін алғанда зап рос қыл деп дəлел беріп, бұл қалайға үкімет жауап бергенше, қорықтым деп, қайта алатын қазақ бұл қалайға кірсе, Г. Думада депутаттардың беті қайтады. Мұны қолдан келмесе, қылма. Өскемен уезі Құлшын болысы 3 ауыл жері тура лы 3 Г.Думада бұл қалай болды. Бұл қалай дəлелі маңызды болған соң, үкімет екі жыл жауап қайырмай, законда бұл қалайға бір айда жауап бермек, қашып отырды. Бұл екі арада қазақ бытырап, қорқақтар «өзіміз тіленіп болдық» деп отырықшы болды, қоқан-лоқыға көнді. Г.Дума комиссиясында үкімет 3
ауыл қазағы, «өз ризалығымен» отырықшы болған қағазды бұл қалайды шығарған кадет депутаттарының алдына жайып салды 3 Г.Дума. Белгілі жетекшіл Г.Думаның мəжілісінде жығылатын болғ ан соң, бұл қалай қайтып алынды. Аттанға шапқанда бəйге атына мінбей, үкілі найза қолға алмай, қойшы торыға мініп, көсеу алып шапты деген осы болады. Бұл итке мініп жүріп біз қашан жаудан мал айырып едік? 10 декабрьде 1896 жылы Сібір теміржолы комитетінің мəжілісі болды. Патша ағзам басында болды. Сонда көшпелі қазақ тұрмыс жайы сөзге алынып, патшамыз айтты: «Көшпелі қазақ қалайша отырықшы болу жөнін қарастыру керек екен» деп. Жұртқа белгілі 9 июнь 1909 жылғы ми нистр кеңесінің насихаты шықты. Министр насихаты закон емес. Законды анықтаған, законге қарсы, қайшы насихат сөзі болмақшы емес. Ана 9 июнь насихатында 20 бапта жазған: «Қазақ өзі сұранса отырықшы болады» деп. Бұл законға қайшы емес. Өзі сұранбаса, қазақ закон жолында отырықшы болмақ емес (Шаруаң отырықшыға ыңғайлы болса, отыр). Ана М.Шағырша хатындағы Авдокат айтқаны саяси əдіс. Шөк, шөк десе, түйе шөгеді, адам жүк артады. Шу-шулесе, тұрады, жетелесе Ташкент барады. Түйеге мұнан қанша пайда бар? Авдокат жетеледі, жүрдік, түйедей жетекшілсін. Авдокатта не жазық бар. Бұл бейшара байдың тұзын ақтап жүр. Мұның шу-шуы законда жоқ, міне, осы бұл қалай жемі. Үйде отырып қомпиып ісіп-кеуіп партия бо лып, шаруа күйзелтіп, жұртты сергелдеңге салып, бойлауық боласыңдар! Құрық əкететін күшті жұрт үшін закон жолымен неге пайдаланбайсыңдар? «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!». 1 Свод Законов. Т.ІІ // Положение об инороцах, примечание к статье 26. Издание 1892 года. 2 Степное положение 25 марта 1891 г. // Законадательные мотивы к ІІ статье. Крафт. Стр. 30. Қыр баласы
Петроград хаты Оқушыларға белгілі 20 июньде Г.Дума тарқады. Мұсылман фракциясы һəм мұның қасындағы бюро келер уақытта не қылатынды мəжіліске алды. Күз Г.Дума бірінші ноябрьде жиылады. Осы жиылысқа мұсылман туралы не даярлау сөз болды. Біздің қазақ тұрмысын білетін Г.Думада депутат жоқ. Г.Думада қазақ үшін сөйлегенде бұл тұрмыс-ғұмырды білмеген зор кемшілік келтіреді. Қуатты дəлелді қуатсыз қылады. Мұны мұсылман депутаттары анық біледі. Мен мұсылман депутаттарына айттым, сіздердің біріңіз біздің қазақ жерін аралаңыздар, қазақ болмысы – тұрмысымен танысыңыздар. Осы күнгі
қымбатшылықта депутаттарға қазақ жерін өз қаражаттарыңмен арала деген оң болмас. Депутат қазақ жерін араласа, шығынын бір қазақ болып орнына салармыз дедім. Бұл шығын бола қалса, ана мұсылман фракциясының бюросына баратын кісі қаражаты деп жиналған ақшадан берілер деп едім. Менің бұл пікірім жұрт пікіріне қайшы болмас. Мұнан басқа қазақтың ақша тауып беретін орны жоқ қой. Бірақ қазақ жерін аралауға депутаттар шабан соқты. Сонда да Жағыпаров қолым тисе Каспи суын өтіп, Түркістан аралайын деп олқысолқы уəде берген болды. Табылса қазақ жерін орыс депутаты араласа да көп пайда болар еді. Бұған да шығынын біздің төлегеніміз оң. Бұл туралы да жұрттан мен бөлінбеспін. Бірақ жұрт қай көзбен қарар деп, мен орыс депутатына біздің қазақ даласын арала деп айтқаным жоқ. Алдыңғы бір хатта жазылған еді, мұсылман фракциясы мұжық байлауын шешу закон жобасы қаралғанда біз Г.Думаға бұратана шешуі закон жобасын кіргіземіз дегені. Осы закон жобасын мұсылман депутаттары, мұның бюросының кісілері мүшелеп бөліп алысты. Қазақ байлауын шешу закон жобасы маған қалды, Кавказдікі Ахметбекке қалды, Сібір татарын Шəкір алды, Түркістан сартын Садыр алды, Қырым ноғайын Смағұл алды. Он жылдан бері белгілі Ақмола, Семей, Орынбор муфтилігіне кірмек. 1912 жылғы мұсылман съезінде бұл екі облыс пікіріне Орал, Торғай қосылған. Осы съезде Түркістан өз алдына муфтилік алмақ болған. Ана төрт облыс тілегі осы күз закон жобасы болып, Г.Думаға кіргені жөн дестік. Мұны мен жазбақ болдым. Бөкейлік – Ішкі Ордалық жері қандай күйге түсіп тұрғаны оқушыларға белгілі. Бөкейлік жері біздің өзге қазақ жеріндей емес. Өзге қазақ жерін өзі қайрат қып алған. Жұрт патшаға қарағанда жерімен қараған. Қазақ жері патша жері дегенмен (120 статья степное положение, 270 статья Түркістан положениесі), қазақтан «артылған» жерді қазына алады деген. Мұжыққа жер алғанда «артық» деп алып отыр. Қазақ жұрты бұған дауласу керек. Маған беретін жерді, сыбағаны бер де «артығын ал» деп. Осы «артықты» оңайладым деп, қазаққа «өзі сұранып» 15-ті ал деп отыр. Біз осы өлі баспақты бұзау деп, өзіміз сұранып отырмыз. Бұл біздің соқырлығымыз. Бөкейлік жері қазына жері, қазаққа уақытша берілген, келер уақыттағы жарлыққа шейін. Келер уақыт жарлығы деп бөкейлік жерін Орал атты казагына берген, келер уақыт жарлығы деп, ағаш егуге алған, енді құм бекітем деп алғалы отыр. Тағы Астрахан атты казагына жер алып бермек. Бүйте берсе, бөкейлікте түк жер қалатын емес, жерді ала берсе, бұл жазулы законға шек келмес. Қазына жаңа жарлықпен өз жерін алады. Бірақ бұл жерде бөкейлік жылдан аса жыл отыр. Неше ата кір жуып, кіндік кескен. Мемлекет болмысында қашан болса, бұл сияқты жер еншісіз, мемлекетінен жер алмай қалған емес. Енді ұйықтап жатпай жұрт болып, 335 мың жан, бізге жер енші белгілеп бөліп, кəсіп бер деп сұранған оң.
Бас министрге бөкейліктен Петроград барған Ғұмар Қарашұғлы белгілі қазақ ақыны, қағаз берді, Астрахан атты казагына алатын жерді, бізге қазаққа тиісті жер еншісі, бөліп беріп ал деп. Бұл Ғұмар тілегі аз бөкейлік бір бөлімі тілегі. Бөкейліктің бəрі қылатыны осы. Қазақ жұрт болып мұны қылғанда мұсылман фракциясы, мұның бюросы бөкейлікке жер берілетін закон жобасы Г.Думаға кірсін десті. Мұны тірі болсам мен жазам. Біз ананы жазамыз, мынаны жаздық десек, біздің қараңғы жұрт мұны іс болды қылып ұғынады. Бұл адасқандық! Закон жобасы жазылғанмен Г.Думаға кірер-кірмесі келер уақыттағы саясат ауасына байлаулы. Закон жобасы Г.Думаға кіргенмен неше толғақпен неше кедергіден өтіп, законге айналады. Г.Думада көп жақтың аты бəйге алады. Біз көпте де жоқпыз, атымыз жүйрік те емес, мұны қазақ ұмытпасын! Жақсылыққа оңайлықпен қол жететін көрінбейді. Бөкейлік қазағы бұл закон жобасы туралы өздерінің тұрмыс-болмыс жайын маған ашына қылғаны оң болар еді. Мен бөкейлік қазағын, қалай тұратынын білмеймін. Менің бұл туралы білімім кітап сөзі. Кітап арқылы білген жұрт тұрмысы шала болады. Мұны бөкейлік көзі ашық бауырыма жаздым. Əлихан Ішкі хабарлар Қазынаға кеткен жерлер «Туркестанский ведомости» дің 185 нші нөмерінде генерал-губернатор Куропаткин «Түркістанда орыс қаны төгілген жерлер қазынаға алынады» деп еді. Сол айтқаны келді, қазынаға алынатын жерлер: 1) Самарқанд облысы Жызақ қаласының түземный (сарт) халқы мекендеген 800 десятина жерлер. 2) Жызақ уезіндегі Замин селениесі һəм ормандығының 400 десятинасы. 3) Есеп ала жүрген 12 регистратор үлкен Таукент базардың 400 десятина жері. 4) Қолтай селениесінен 100 десятина жерлер. 5) Сасық селениесінен 100 десятина. 6) Сибиритсов деген писмоводитель үлкен жаңа қаладан 100 десятина. Барлығы қазынаға кеткен жер 2100 десятина. Бұл жерлердегі түземецдер егіндерін жинап алып, нəрсе-қарасын көшіруге рұқсат етілді. Бірақ еккен бақшалары қазына пайдасына қалады. Үй-мүліктерін көшірісуге қолғабысшы хабарламақ. Жаңа жерден қорақопсы салуға арзан бағамен ағаш берілмек. Өте кедейлеріне үлестіру үшін 2 мың сом жəрдем бермек. Т.К
Тілшілерден Темір уезінен 1909-1910 жылдарда біздің Темір уезінің Темір Орқаш болысының 8 ауылына 2 участка мұжық орнады. Жер кескенде екі ауылнайдың ортасында болған Қаракөл деген үлкен көл қазақ жерінде қалады. Орыс жерінің шегі Қаракөлдің шет жағасыменен жүреді. Мұжықтар қаласын көлдің жағасына салып, кел ген жылы-ақ шөмелелеп қойған қазақтардың шөбін тасып ала бастайды. Бермеймін дейтін қазақта əл жоқ. Ақыр аяғында қызығын, «қазан түбінде шеміршек қалды» деп, қазаққа қимай арыз беріп өзіне қаратады. Қаракөлдің бір десятинасына басқа жерден 4 деся тина жер бермек болып маңайынан бір қатар жер қосып 877 десятина жерді кестіріп алады. 1912 жылы күзді күні производитель работы келіп жерді белгілеп, бір жетіден соң землемер 877 десятина жерді қазаққа өлшеп береді. Қаракөлдей 4 есе берем дегені қайда десе, білмеймін дейді. Сорлы қазақ көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр дегендей, тіліне түсініп, ойына келгенін айта да алмай, көзі жасаурап қала берді. Онан бері біраз жыл болды. Бұл істі қуған адам жоқ. Бірін-бірі қаралағанда бəрі законшы, адвокат болса да мұнда ешнəрсе білмеді. Қаракөл – əуелде участканың ішінде емес, айырбастап алыстырған жер. Біздің тəуір атымызды алып, жаман мəстегін берді. Үстеуін бермеді. Мұны зорлық дейміз. Осыны запросқа бергіміз келеді. Керекті дəлелін бізден сұрап білсе екен. Шекті Жер комитеті Жаңа үкімет жер мəселесін шешуге амал қыл деп, жер министріне тапсырған. Сондықтан жер министрі бұл мəселені қарауға жеке бір комиссия сайлады. Мұның басшысы ІV-ші Г. Дума члені, бұрыннан аты шулы «Русские ведомости» газетін басқарушы, жер оқуына қанық профессор А.С.Посников болған. Посниковтың комиссиясы жер мəселесі туралы бір бас комитет һəм жергілікті көп комитеттер болсын деп жоба жасады. Осы комитеттер жер жұмбағы Учредительное собрание шешуіне дəлел даярлайды. Сайланған жергілікті комитеттер жұрттың пікірі болады, жер жұмағы бізге бұлай шешілсе қолайлы болады деп бас Комитетке жеткізіп тұрмақ. Heшe түрлі жер ден неше түрлі пікірмен байыған жергілікті комитеттер жіберген дəлелдеуді сынға салып сұлулап бас комитет Учредитель ное собранияға тапсырмақ. Мұжық, қазақ, казак, бурят, башқұрт өз арасында жасалған жергілікті комитетінде жер туралы өз пікірін айтып қалмақ. Өлеңші болсаң, міне той!
Біреудің əуел бастан жері жоқ. Бұлар мұжық. Біреуде жер бар. Бұлар орыс дворяны мен қазақ. Осы болып тұрған бостандықтан бұрын біздің мемлекетті дворян биледі. Біздің өз қолымызда болғандықтан мұжыққа өз жерін бермей, қашыртпа қылып мұжықты сауырға бір сипап қазақ жеріне айдады, жайды. Тамағы үшін күшін жалдаған қазақ жерін алушылар қазақ жұртына талай қисынсыз іс қылды: қазақты қорасынан, пішенінен, егінінен, суатынан көшірді. Мұжықты да алдап тастағаны болмаса, жарытқаны жоқ. Жер жақсы деп бұрын мұжық алатын сыбағаны 15 тен кемітіп, 7-8 қылды. Бұл бір мұжық орнына екі мұжық отырғызғаны. Бұлардың іздегені мұжық пен қазаққа жаны ашып істеген іс емес, мұжық дворяннан жігін бөліп аулақ қонсын деп істеген амал. Қаңғырған, құдай соққан бұрынғы түбірімен құлаған ескі хүкімет жоғарыда айтылған саяси амалын жүргізіп мұжық пен қазақ арасына от жақты: қазақ болсын, мұжық болсын жер десе дір ете түседі. Жергілікті комитеттер жер туралы күнде болатын ұрыс-талас, жанжалға бас алқа етіп жердің зор мəселесі Учредитель ное собраниеде шешілгенше екі жақты татуластыра тұрады. Бостандық, кұрдастық, туысқандықтың екі зор жауы бар: бірі біздің мемлекетпен соғысып жатқан сыртқы жау. Бұл біздің əскерді жықса, бізге Николайды қайта қояды. Біз сонда баяғы таз қалпымызға түсеміз. Екінші жау майданда əскер сыртқы жаумен алысып жатқанда, арттағы жұрттың таласып-тартысып бүлінгені. Арттағы ел бүлінсе, əскер тамақсыз қалады, жау біздің əскерді қайыруға жұрт бүлігі себеп болады. Жұрт бүлінсе де Николай қайта қайтпақ. Жер, жер дегенде мұжық та, қазақ та ішкен асын жерге қояды. Жер туралы көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мəселесі негізгі өмір мəселесінің ең зоры. Жер ісін ала қашты, тартып алды, тиіп кетті қылмай, ақылмен, сабырмен атқарған оң. Учредительное собраниеге шейін жұрт шыдап татулық қылған ғұмыр жұртымыздың ілгері тілегіне жөн. Қыр баласы Жерді қалай бөлу Ескі құлап, қираған соң бəрі жаңармақ. Бəрі жаңа негізге құрылып, бəрі жаңадан жасалмақ. Кеңшілік, теңшілік, ағайындық – осы күнгі уақытша үкіметтің тұсындағы ұстап жүрген тудың бір жағындағы жазу. Екінші жағындағы жазылған əр партияның ұраны болған сөздер, ту көтергенде əркім өз ұранын тауып һəм басқалар да ұраны ұнаған туға ермек. Россияда түрлі партиялар бар. Олардың түрлі тұтқан туы ұстаған программасы бар. Əр партияның мұраты сол тулары мен программаларында жазылған. Тудың қайсысына қанша жұрт еруі туына жазылған мақасатқа қарай. Россия өнеркəсіппен көгерген мемлекеттердің дəрежесіне жетпеген қара
шаруашылықпен ауқат еткен мемлекет. Халқының көбі қазақ, казак, қарашекпен сияқты қара шаруа. Мал асырап, егін егіп, өз шаруасын өзі істеп, өзі айналысып күнелтеді. Азы сауда, əртүрлі өнеркəсіп (завод, фабрикалар сияқты) иесі халық. Соңғы топтағы адамдар малды қолдың күшімен таппай пұлдың күшімен табады. Бұл таптағылар аз, бірақ Россияның байлығының һəм жерінің көбіне солар ие. Олар аз болса да бүгінге дейін көпке татып келе жатқаны Россияны ескі үкімет тұсында билейтін адамдар солардан еді. Хаким өз табынан болған соң, өзгеге теңдік бермейтін енді оларды сүйейтін ескі үкімет жоқ. Мемлекет билігі жұрт қолына ауды. Кім көп болса, күш сонда. Аз қанша алдап билегенмен ақырында көп жеңді. Енді елді елдің өзі бақпақ, жұрт өзін-өзі билемек. Елдің өз тізгіні өзіне тигенде көп ел азға көптік қылдырмайтын жалғызақ нəрсе бар. Ол нəрсе əділдік. Істің бəрі əділдікке тіреліп істелсе, көппен аз, күшті мен нашар бəрі тең болмақ. Өзі əділдік қылмайтын, өзі теңдікті білмейтін басқадан қалай əділдік көнбек. Россияда бостаншылық болды. Орыс, қазақ басқа бұратана болып айырылу жоқ, бəріміз теңгерілдік деп отырмыз. Орыс көп бола тұра азды өзіне теңеу əділдік жолы. Күштің тоқтайтын нəрсесі əділдік. Əділдікті қуаттап қолымызға нық ұстасақ, күш тоқтамақ. Əділдікті өзіміз аяққа басып, таптап отырсақ, өзгеге əділдік қылмадың деп не бетімен айтармыз. Россия халқының көбі қара шаруа деп жоғарыда айттық. Россиядағы жұрттың жүз шаруадан 85-і шекпен. Олардың кəсібі егін. Егінге жер керек. Жер қара шекпенде аз. Бостандықты алуға себепкер болған орыстың «социалист» деген партиялары һəм болған бостандықтың бұл күнде сүйеніп тұрған күші əскерлер. Ол əскерлердің көбі жері аз қарашекпендер. «Социалист» партияларының тұтқан туы, ұстаған программасы жер берудің мүлкі болмай, жұрт мүлкі болсын. Еңбек сіңіріп жерден кім мал шығаратын болса, жерді сол пайдалансын. Өзі əлдеқайда жүріп, малай жалдап, басқалардың күшімен жерден шығарылған пайдаға ие болушылық мұнан былай жойылсын. Жер-жерден күн көретін адамдар арасына керегіне қарай істеп отырған кəсібінің ретіне қарай, тауып отырған пайдасына қарай, еңбекпен керегіне қарай тең-тең бөлінсін. Жер тапшылығының зарын тартқан қалың қарашекпен осы туға еретін түрі бар. Кеше Орынборда болған Торғай облысының қазағы мен қарашекпендінің сиезінде жер мемлекет мүлкі болсын. Жаңа үкімет жарлығымен мемлекет пайдасына шыққан патшаның мүлкінде болған кабинетский һəм удельный жерлерден басқа жəй жер иесі адамдардың да меншіктенген жерлері ақысыз алынып, мемлекет мүлкі болсын деп қарар береді. Біздің қазақ жері қашаннан-ақ мемлекет мүлкі деп қойған жер. Жер біткен мемлекет мүлкі болсын деген сөзге қазақтың қабырғасы қайыса қоймайды. Жалғыз-ақ қалай теңгерер, қанша жер берер деген жұмбақ ойға қалдырады. Ол жұмбақтың шешуі оңай жұмыс емес. Жердің түрін де, ауанын, қалпын да, ел шаруасының
салтын да – бəрін еске ала отырып, шешетін жұмбақ. Оның бəрін біліп отырып шешуге əр жердің табиғаты жайынан, істеп отырған кəсіптері жайынан, толып жатқан мағлұматтар керек. Сол мағлұматтарды жиып, реттеп, өңдеп, жер мəселесін шешетін орынға түсіруге жер комитеті деген ашылғаны һəм басына жер ғылымын жақсы білетін адам қойылғаны өткен нөмірде басылды. Ол комитетке керек мағлұматтарды беріп тұратын губернский уезной, болосной жер комитеттері ашылса керек. Бас комитетке керек мағлұматтарды беріп тұруы үшін əуелі ол мағлұматтарды өзі жимақ керек. Газет хабарына қарағанда жер комитеттерінің жыятын мағлұматтары мынау түрлі көрінеді. Жерді жұрт осы күнде қалай пайдаланып отыр? Жер жағынан мұқтаждығы қандай? Учредительное собрание жер мəселесін шешкенше жер туралы дау болса, бітіре тұру. Губернский уезной, болосной жер комитеттері біздің қазақ жерлерінен де ашылмақшы. Қазақ жерді қалай пайдаланып отырғаны, жер жағынан қандай мұқтаждығы бар екендігі айтылмақшы. Жоғарғы айтылған партияларға мұжықтар еріп, жері мемлекет мүлкі болып саналып, əркімге еңбек һəм керегіне қарай шамаланып, теңгере жер берілетін болса, іс негізі əділдікке құралып, жермен күн көрушілер ортасына жер үлеске түспек. Қазақтың бүгінге дейін жер пайдалану жүзіндегі ісі əділдікпен істелген емес. Əділдікпен бөлінген емес. Қазақ əділдікпен бай, жарлысы теңгере бөлгенде жерді қалай бөлер еді? Осы турасында жобаларын, пікірлерін білдірулері керек қой. Торғай облысының мұжық-қазағының сиезі 20-апрельден 28-не шейін Орынборда Торғай облысының мұжыққазағының сиезі болды. Бұл сиезге ауылный, поселковый, волосной һəм өзге комитеттерден, əр қайсысынан ағзалары 15 шейін болса, бір өкілден, ағзалары 30 болса, екі өкілден шақырылған еді. Мына жаңа болған бостандық, құрдастық, туысқандық уақытта шалғай ауылнай, болыс, уезд, крестьянский начальниктер, губернатор мойнына қосақ, көтіне тіркеумен, құдай беріп, барса келмеске кетті. Сақалға ақ кіргені – жас ұлғайғаны, жұрт əкімшіл болса, кемелдікке жеткені. Бұрынғы жұртты жеген əкім, мекемелер өшті. Бұлардың орнына жұртқа пайдалы əкім, мекемелер мақсат. Торғай облысының мұжық-қазағының сиезі осы жұртқа жайлы, жаңа жақсы уақытқа дұрыс əкім сайлау, мекеме шығару тəртібін жасамақ еді. Сиезге үздік-создық 300 дей өкілдер жиылды. Сиезге келген қазақтың бəрі кіргенде, мұжықтың комитеттері өкілдерін түгел жібергенде сиез адамдары мұнан да көп болатын еді. Адасқан, қаңғырған сорлы қазақ баласы партия болып, ауылнай, би, болыстықтан қалсам, енді комитеттерге председатель болам деп, бұрын жұртты жиып үйреніп қалған байғұстар елді бүлдіріп, ауылды, болысты бөліп, тəрбиелі комитет сайланбаған.
Осымен талай қазақ өкілі сиезге кірмей қалды. Мұжық егін салып жатырмыз, алысқа қайдан барайық деп, Қостанайдан келмеген. Мұжық комитетінде партия жоқ. Мұжықтар ерік жұртта болса, жұртқа пайдалы жақсы адамдарды сайлаймыз, бұрын крестьянский, уезный начальниктерді арқалап жұртқа жебір болған адамға енді жол бермейміз деп, комитеттеріне таза азаматтарын сайлап алып, шаруаға кірісіп отыр, қыдырып қой жеп, шаруаны қаңтарып тастап қалаға шауып біздің қазақ əлекте жүр. Қазақ-ау! Оян! Мұжық көшіп жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық көрші отырып, бостандық, құрдастық, туысқандық шарапатын пайдаланғанда ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы құл қылып беріп, жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме! Бұрын қазақ қатын басты, асулы тұрған қазанды балама құлатты, қорамды өртеді деп жала жабатын еді. 1905 жылдан бері қазақ баласы ілгері басқаны да тыңшы болып, келмеске кеткен патшаны қолдаған болып, партия дұшпанын патшаға ананы қылып жатыр, мынаны қылып жатыр деп жақты. Енді жаңа бостандық, құрдастық, туысқандық күні туғаннан бері дұшпанын мұқатам деген құдай оңғандар бұрынғы патшаның жолында еді деген шағым шығарды. Патшаны түсірген орыс жұртының жұртқа жайлы, жақсы жол табам деген ерлері. Қай қазақ патша жоқ болсын деп еді? Қолыңа жақсылықты əкеп берді. Рахмет деп, қолға түскен асылды пайдаланбай, алаштың баласы-ау, «иттің боқ жемесе басы ауырадыны» неге бастайсың? Сиез ашылған соң жұрт сиездің басқарушы адамдарын сайлады. Бұларды Европа сиездің президиумы дейді. Председатель агроном Сириус, мұның жолдастары адвокат Матвеев, Ахмет Бірімжанов болды. Хатшылары Шуланов, Лобанов, Серов болды. Сиез Торғай облысының комиссары Əлихан Бөкейхановты құрметті председатель етіп сайлады. Сиезде қаралатын істі комитет жер, оқу, сот һəм өзге неше комиссияға таратып бұл комиссияларға ағзалар сайлап, бірінші күні сиез тарқады. Ана комитет комиссиясы ауылный, поселковый, волосной, уезный, облосной комитет сайлау тəртібін қарастырды. Бұл турада сиез 2-8 апрельде болған қазақ сиезі ауылный, волосной комитеті сайлау туралы жасаған қаулы қабыл болсын деді. Осымен қазақ сиезі шығарған ауылнай, волосной комитет жасайтын тəртіп уақытша закон болды. Уезный, облосной комитетте мұжық, қазақ аралас болған себепті өзгеріс бар. Бұл өзгерістер тағы өз кезегінде жазылады. Бірақ сиез əділдік жолын көздеп, уезный, губернский комитеттерде ағзалары көптеп көп, аздан аз болсын деді. Мысалы, Қостанайда орыстың 2 жүз мыңы артық, Ақтөбеде 4-ақ мыңы қазақтан орыс артық. Уезный комитетте Қостанайдан орыс ағзасы артық. Ақтөбеден қазақтан һəм орыстан ағза бірдей болмақ.
Ырғыз, Торғай таза қазақ, бұлардың ағзалары қазақтан болмақ, орыс ағзалары орыстың санына кіріспек. Орыс, қазақ бас қосқан жерде жер мəселесі қызық, сұлу болып тарқады. Кейбіреулер ойлаған еді, мұжық пен қазақ жерге күндес, жер десе бұлар жұдырықтасып кетеді деп. Осы пікірді жамылып, кейбіреулер мұжық пен қазақ арасына шоқ тастамақ болды. Мұжықпен төбелесіп кетсе, Николай қайта тұғырына қонуға бір себеп табылады. Сиез жер қазақ пен мұжықтікі, егін салған, мал баққан адамдікі, жер мəселесін Учредительное собрание шешсін деді. Жер сатып пайдалану болмасын, барлық жер мемлекеттікі болсын деді. Жер туралы қазақ сиезі жасаған қаулыны қабыл алды. Сиезде отырған мұжық пен қазақ қол алысып, бауыр болып құшақтасты. Бізді іріткен, шіріткен, барса келмеске кеткен айуан атты үкімет еді. Енді мұжық-қазақ дос болайық, шекарадағы аз таласты мəмлелесіп, комитетіміз арқылы бітірейік десті. Қазақ пен орыс арасы осылай болды деп, жаңа үкіметке, бостандық алып берген ерлердің басы Брешко-Брешковская ханымға сиез телеграм берді. Міне, ғұмыр жұмбағы тамаша. Айуан жоғалған үкіметтің саяси əдісімен қазақ пен мұжық біріне бірі жау болды. Өткен қыс қазақ жеріне əскер шығарып, қазақты шапты. Міне, жұрт өзі бас қосып, айтысып еді, əділ жол туысқандық шыға келді. Мұжық қазақ жерін жерсінбей көшпек екен. Бұл туралы сиез көшкен мұжыққа ерік деді. Мұжық Торғай облысынан көшсе қазынадан көмек ақша берілсін деді. Мақала ұлғайып кетті. Сиездің қалған ісі тағы келер нөмірлерде жазылып тұрар, сөз қысқартайық. Қыр баласы Жер комитеттерін жасау керек Жер мəселесі Россияда жеңіл мəселе емес. Кең жерді пайдаланып отырған помещик сияқты байларды да, жеңіл-желпі жерлерге ие болған мұжықтарды да қалай шешіледі екен деген қауіпке түсіретін жұмбақ жер мəселесі. Жердің тарлық-зарлығын көріп, қашаннан бері тілегіне жете алмай, қашан құдай берер деп, жері я аз, я тіпті жоқ мұжықтардың аңдып көздерін сүзіп күтіп отырған дəмелі нəрсесі де жер мəселесі. Кең жерде отырып сия алмай жер үшін қазақ төбелесіп, қырылысып қалады. Ол үйткенде жері аз, я тіпті жоқ мұжықтар амалсыздан болмаса, қалай қарап отырар. Аш қасқырдай жалақтап, босанса болғаны бос тұрған жерге тап береді. 1905 жылы бостандық бола бастағанда мұжықтар қасындағы байлардың бос тұрған мол жеріне қол сала бастаған еді. Ол кездегі үкімет басындағы адамдар өздері сол жері көп помещик байлардан болған соң, ол кездегі əскерлер үкімет бұйырса əкесін атудан тартынбайтын қараңғы надан болған соң, əскерлердің күшімен
мұжықтарды басып-жаншып тоқтатып еді. Биыл да мынау бостандық болған соң сондағы мінезін қазір де шығарып жатқан хабары əр жерлерден естіледі. Уақытша үкіметтің уақытында тəртіп арқасында ондай тəртіпсіздік бірен-саран аз жерлерде ғана болды. Аш қасқырдай жалақтап жер деп отырған жері аз, яки жерсіз мұжықтар мейлінше жер жыртып, егін егу үшін жер министрі бос жерлердің бəріне бірге мұқтаж мұжықтар биылша егін егіп пайдалансын деген тағы бір шешім шығарды. Мұнысы əуелі жерге мұң болып отырған мұжықтардың мұңын жоғалтып, бүліншілік болмасқа кіріп себепкер болды, екінші, азық аз жылы жер жоқтықтан егін сала алмаушылар болмайтын етіп, егін молайту жолы болды. Мемлекет басына ауырлық түскенде менікі-сенікі деп таласып, мемлекет пайдасын тоқтату болмайды. Мемлекет керегі үшін адам еріксіз жұмсалғанда, мал еріксіз сатылғанда, астық қазынаға салынғанда, жер менікі еді деп жерден шығар пайданы тоқтатып қоюға болар ма? Уақытша үкіметтің егуші табылса, егілмеген бос жер қалмасын деп татбір етуінің асыл мағынасы осы. Егуге жер табылып тұрған соң жерсіз мұжықтар қысылып, амалы құрып тарылмай жер мəселесінің шешуін тыныштықпен учредительное собраниеге жеткізу. Жер мəселесінің шешуі учредительное собраниеге де оңай жұмыс емес. Жер мəселесі түйіншігі көп мəселе. Осы оңай шешіле қояр деп айтуға ауыз бармайды. Түйіні көп мəселе турасында түрлі пікірлер де көп болады. Жер мəселесін шешу туралы түрлі ғалымдардың жазған пікірлері бар, түрлі партиялардың тұтқан жол, ұстаған программалары бар, түрлі съездердің жасаған қаулылары бар. Қазір əскерді ішіне тартып, əскер күшіне сүйеніп отырған партиялар бұзып-жарып омыраулап іс қылғандай ойы бар. Жалпақ жұрттың қазіргі мына қонбаса да, көңіліне жарарлық пікірлерді жүргізіп халықты ертеміз деген партиялар бар. Немістердің соғыста тұтқан əдістері сияқты алғанын бөліп алып, əрі жылжуы сияқты саясат жолын тұтқан партиялар да бар. Учредительное собраниеден қай жолда, қай пікірде қуаттаушы көп болса, сол жағының дегені болмақ. Учредительное собрание – Россия халқының істияр болған-болмағанын сынға салатын бір емтихан. Миға қонымсыз, көңілге қонымды ғана жолға ерушілер көп шықса, Россия халқының əлі де есейіп жетпегені. Көңілге қарамайтын, миға қонымды жолға ерушілер көп болып шықса, жұрттың естиярлыққа жеткені. Немістердің дүние жабылып соғысқанда да жеңілмей жатқаны көңілдің дегенін қылмай, мидың дегенімен болғандығынан. Жер мəселесі турасындағы ғалымдардың пікірлері, Россиядағы саяси партиялардың түзген программаларының көбі, бостандық болғаннан бері жиналған съездердің қаулыларының көбі-ақ Россиядағы жердің бəрі отан мүлкі болсын. Яғни жер бетінің иесі жалғыз ғана мемлекет болсын, мемлекеттен басқа жерді иеленуші болмасын дейді. Бұлай еткенде біреудің сатып алғанда жерлері, біреудің еншіге алған жерлері, біреуге мирас қылған жерлер, халықтың, қауымның, жай адамдардың мүлкіндегі жерлер бəрі де жұрт ортасындағы ортақ мүлік болып, кім өз
еңбегімен жерден пайда шығарамын десе, соған жер берілмек. Бергенді қай түрмен беру – бұ да даулы мəселе. Біреулер мемлекет мүлкіндегі жер пайдаланамын деген адамдарға əркімнің істеп отырған кəсібінің түріне, тұрмысының ыңғайына, керек-жарағының шамасына қарай өлшеліп берілсін дейді. Біреулер мемлекет мүлкіндегі əркімге аренда түрінде берілсін дейді. Екеуін де дұрыс деп жақтаушылар бар. Ең шешуі қиын мəселе – жер біткенді мемлекет мүлкіне қалай аудару мəселесі. Біздің қазақ жері бұрынғы үкімет тұсында əлдеқашан мемлекет мүлкі делініп қойылған. Жері мемлекет мүлкіне аударылмағандардың жерлері қалай мемлекет мүлкіне айналдырмақ. Бұл жер мəселесінің нағыз даулы жағы. Біреулер мемлекет жер иелеріне əділдік пен жерінің толық бағасын төлеп алуы тиіс деді. Бұл һəм шешуі шиеленген жер мəселесінің қиын түйінінің бірі. Бұл қазаққа керексіз мəселе. Басқалардың жанына тиетін зəрлі мəселе. Жер иелері мүлкіндегі жерін мемлекет аламын дегеніне таласып, тартыспақшы. Екінші, алатын болғанда тегін аламын дегенмен таласып, тартыспақшы. Үшінші бағасының қымбат-арзанына дауласпақшы. Қысқасы, жер деген толып жатқан. Қып-қызыл даулы мəселе. Оны шешуге толып жатқан мағлұматтар толып жатқан қарарпікірлер жию керек. Жер мəселесі учредительное собраниеде шешілерде оған керек болатын нəрселердің бəрі даяр тұрарға керек. Соны даярлау үшін жер комитеттері ашылайын деп тұр. Соған қарап қазақтар болосной жер комитеттерін тез ашып, жер мəселесін ертерек қолға алу керек. Петроградтағы жер турасындағы бас комитетке жер мəселесіне жетік адамдарын жіберулері керек. Қазақтың шаруасы, тұрмысы, жерінің түрі, ауасы жағынан басқалықтары бар. Сол басқалық жағынан толық мағлұматтар берерлік бас комитетке қазақтан адамдар бармай болмайды. Тағы жалпы қазақ съезі Өткен нөмерде жалпы қазақ съезі қашан һəм қайда болатын мəселесін съез бюросы қалай шешкенін жазып едік. Енді сол бюроның съезде қаралатын мəселелер турасында жасаған қаулысын жазамыз. Бюро ұйғаруынша жалпы қазақ съезінің программасы мынау болмақ: ................................................................ * 2) Жалпы қазақ съезінде қаралады жер мəселесі. Жер мəселесі учредительное собраниеде қалай шешілері белгісіз. Қазақ мемлекеттік автономия болса жер-суының билігі өзінде болып, жер мəселесін өздері шеше жатар. Мемлекеттік автономия бола алмасақ жер мəселесін қалай шешу керек? Жер жалпы мемлекет мүлкі болса, қазақ қай түрмен де болса, тиісті үлесін алмақ. Сол тиісті үлестің өлшеуі не болмақ, өлшеуді неден шығармақ? Үлес өлшеуі қазақтың осы күнгі істеп отырған шаруасының түрінен алынбақ? Егін егіп, жер пайдаланып отырған қазақтарға егінші
шаруасы үлесі өлшеу болмақ. Егін мен мал екеуін бірдей кəсіп қылып, жер пайдаланып отырғандарға егінші мен мал бағатын елдің шаруасы үлес өлшеуі болмақ. Малмен ғана шаруашылық етіп жер пайдаланып отырғандардың үлес өлшеуі мал шаруашылығы болмақ. Осы үш түрлі өлшеумен қазаққа жер берілмек. Сонда өлшеу қайсысына да болса, жер түріне қарай бір жерде аз, бір жерде көп болмақ. Осыны əр облыс, əр уез жер түріне қарай шамалап өздері тиісті дəлелдерімен даярлау керек. Учредительное собрание дəлелсіз құр бізге пəлендей жер керек дегенді тыңдамайды. Жалпы қазақ съезіне келетін өкілдер елімен кеңесіп, өз облысынан учреди тельное собраниеге жіберуге ұйғарған адамдарын жалпы қазақ съезіне салып, съез ұнатқан адамдарды əр облыстың елі сайлап шығару жаһұтында болуы жөн. Əйтпесе, біздің жұрт ескі үкіметтің кысымынан жаңа ғана құтылып, есін жаңа жиып тұрған күйінде саясат жағынан хабардарлығы аз болып, аздырушыларға алданып, жалпы қазақ пайдасын көздерлік адамдарын жібере алмай өкініште қалуы ықтимал. Орынбордағы съез бюросы жоғарыда айтылған мəселелер турасында съезге доклад етпекші. Бірақ жалғыз бюроның докладына қарап тұрмай əр облыс һəм əр уезден келетін өкілдер де барша көрсетілген мəселелер турасында елдің пікірін білдіргендей докладтар жасап келулері керек. Европа жұртында съезге келген өкілдер елден шығарда елмен кеңесіп, ел болып қорытқан пікірлерді съез кеңесіне салады. Сондықтан олардың съездері 2-3 күнде тəмам болады. Жалпы қазақ, съезіне келетін өкілдер де жоғарыда айтылған съезде қаралуға тиісті болған мəселелерді жерінен қорытып, съезде құр көптің алдына салып, бата қылдыруға алып келулері керек. Əр уез жіберетін өкілдеріне пікірлерін айтып, доклад түрінде съезге салуын міндет қып артып жіберу керек. Əр жерде болған облосной съездердің ісінен көрінеді. Съезге келушілердің көбі съезге құр келгені болмаса, съездерде қаралатын мəселелер жайынан доклад етпек түгіл еш уақытта ойланбаған адамдар болғандығы. Жал пы қазақ сьезі қазаққа пайдалы іс істеуін тілейтін халық ол сияқты адамдарын жіберіп əуре болмасқа керек. Ондай адамдардың келгенінен қазаққа келер түк пайда жоқ. «Алаш», «Ұран», «Сарыарқа» газеттері олар да жоғарыда айтылған мəселелер туралы пікірлерін білдірсе екен. *Құрастырушыдан: Жалпы қазақ съезінің программасы берілген бұл мақаладан жер тақырыбына қатыстысы ғана алынып отыр. Жалпы қазақ съезінің қаулысы Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 июльде жабылды. Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының өкілдері болды.
Съезд председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: Ахмет Байтұрсынов, А.Көтібаров. Секретары: Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітов. Съездің программасы: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия; 3) Жер мəселесі; 4) Халық милициясы; 5) Земство; 6) Оқу мəселесі; 7) Сот мəселесі; 8) Дін мəселесі; 9) Əйел мəсселесі; 10) Учредительное собрание сайлауына даярлану һəм қазақ облыстарынан депутаттар; 11) Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам); 12) Қазақ саяси партиясы; 13) Жетісу облысының оқиғасы; 14) Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне һəм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу. Қаулылар: .........................................................* ІІІ. Жер мəселесі 1) Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. 2) Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын: «Дворянский скотоводческий промышлений курортный, монастырский переселен орнықпағандар, отрубтар оброчный статьялар жай адамдарға показательное поле» деп берген, бірақ расында жоқ нəрселер һəм горнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан кейін босаған жерлер. 3) Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын. 4) Переселен орныққан учаскелерді олқы бос тұрған сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын. 5) Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары əлі көшпеген болса, қазақтың өзінде қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан бөліс қылып, өзге учаскелерден жер əперілсін. 6) Айрықша қазына мүлкінде деген тоғайлардағы қазақ шабындығы
өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының белгейіне жайылуға рұқсат болсын. 7) Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауын берілсін. 8) Жер хақындағы қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. 9) Жер мəселесі туралы басқа саяси партиялар мен келісу еркі учредительное собраниеде қазақ депутаттарына берілсін. 10) Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу һəм егін салу үшін лайықтаған норма алынсын, əр жердің ретіне қарай. 11) Бөкейлік қазақтарға басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын. 12) Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті сауда берілсін. 13) Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып) яғни земельная община болсын. (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, əркімнің жер еншісі бөлек болсын деді). 14) Земельная община яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қадір кішкене болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері (землеустройтельное учреждение) еркінде болсын. *Құрастырушыдан: Жалпы қазақ съезінің қаулыларынан жер тақырыбына қатысты бөлімі ғана алынып отыр. Мен кадет партиясынан неге шықтым? * Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, бір аз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һəм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молла үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекші болып еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыздың ісін көркейтетін болсақ, үкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айрылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпы қазақ сиезінде айтқан едім. Ə.Бөкейханов *Құрастырушыдан: Ə .Бөкейхановтың бұл мақаласы «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 29-санында да басылды.
Офицер даярлау Россия мемлекетінің қазіргі бей тəртіп, бүліншілік кезінде қазақ басын бағып, аман қалайын десе, істейтін шаруасы – тез милиция жасау. Ол милиция қазақ автономия болса да керек, болмаса да керек. Майданда соғыс тоқталғанына көп болды. Майдандағы əскерлер қайтқаны үйіне қайтып, қайтпағандары большевиктерге қосылып елмен соғысып жатыр. Большевиктерге қосылып жатқандар оңай олжаның адамдары. Шаруасы бар солдаттар ел соғысына қатыспаймыз деп екі жаққа да болыспай, үйіне қайтып жатыр. Қайтқан солдаттар қару-жарағымен келеді. Майдандағы солдат қолында не қару жарақ болса, сонысымен келеді. Орыстың поселкесінде адамы солдатқа бармағаны жоқ. Əр поселкеде майданға барып, қайтқан адамы біреу-екеу емес, бірнешеу. Солай болған соң, орыс поселкелерінде соғыс əдісін үйреніп, соғыс қаружарағын асынған бойында еліне келген адамдардың басы құралмақ. Олар қолында қару тұрған соң өзінің күшті екені біледі, олар зорлық қылайын десе қолынан һəм келеді. Солдаттардың бұзықтары большевиктерге қосылып, елге келген түзіктері, бұлар күштімін деп, себепсіз зорлық қылмас деп жұбануымызға бола ма? Болмайды. Екі-үш айдан соң жаз келеді. Мұжыққа жыртатын жер керек болады. Қазақ арасында отырған орыстар керек болса, қазақтан аламын демей, кімнен аламын дер? Жері бар помещиктердің, көпестердің жерлерін, малдарын, мүліктерін ішкі жақтың мұжықтары қалай алғанын майданнан қайтқан солдаттардың көргені көріп, көрмегені естіп келіп отыр. Жерге менікі, сенікі жоқ. Жер құдайдікі, онан соң еңбек сіңіріп, пайда шығарса сонікі деген сөздер қайтқан солдаттардың да, мұндағы мұжықтардың да құлағына бостандық болғаннан бері сіңіп болған. Ішкі жақтағы мұжықтардың ісін көріп отырған адамдар шошитын түрі бар. Əлі жетсе мұжықтар ақылды керек қылмайтын көрінеді, мұнымыз жөн бе, жоқ жөн емес пе деп ойлану деген мұжық деген халықта тіпті жоқ көрінеді. Қысқасы мұжық əлі жетпейтін жерде ақылды керек қылып, ойланады. Əлі жетіп тұрған жерде ақылға салып, алды-артын тексеріп іс қылады деп ойламасқа керек. Осы жағынан шошығаннан милиция мəселесі автономиядан бұрын қозғалған. Милициямызды жасамай, жайылып, шашылып отыра берсек, жаз болысымен жер тақырыпты талай шатақ шығатыны шəксіз. Сонда мұжықты қазақ ақылмен тоқтата алмас, айбынмен тоқтатар. Сол айбын милиция болар. Қазақ милициясы бар деген соң, қазақты басынып, басып, көктеп іс қылудан, кім де болса, тартынар. Осыны ұғыну керек. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Өте баптап, баяндап айтпай-ақ осылай ұғындырса да, түсінерлік нəрсе ғой. Шынын айтамыз деп, сырын айту болып кетеді. Қазақ басын қорғауға милиция керек. Милицияны үйрететін офицерлер керек. Ол екеуі де қазір жоқ. Милицияны қалай жасау жағы декабрь
сиезінің қаулысында түгел айтылған. Енді айтайық деп отырғанымыз офицер болуға қандай білімі бар адамдар алынатын жағы. Юнкер школының бастығымен сөйлесіп, бұл мəселе мынаған келіп тіреліп тұр: Юнкер школына кіруге атты қазақтарға деген толып жатқан шарттары бар екен. Олардың бəрін қазақ туралы тексермейтін болды. Қазақ жастарын өзі үшін оқытпақшы. Жақсысын берсе, жақсылығын өзі көреді. Қазақ жаманын бермес, жақсысын берер дегенге келтіреді. Сондықтан бергендеріңді аламыз дейді. Бірақ орысша жақсы «грамотный» адам болсын дейді, яғни орыс тілін һəм жазуын жақсы білетін адам болса болғаны дейді. Өлшеуі осы, осы өлшеумен емтихан етіп аламыз дейді. Əлгі айтылған екі білімінің кіретін адамда шамасы қандай екенін байқамай алуға болмайды. Алып қойып, орысша оқу-жазуды басынан үйрену мүмкін емес дейді. Ал, Алаштың азаматтары! Юнкер школына кіру өлшеуі осы. Айтылған шама қадарлы орысша білімі барларың һəм ұлтын қорғау жолында қызмет етуге талабы барларың Юнкер школына кіру ниеттерің болса, «Қазақ» басқармасына кешікпей білдірулерің керек. Қайдан оқығандарыңды да білдіру абзал, бір рет алатыны 24 кісі. 1 февральда оқу басталады. Оқу ойында барлар 1 нші февральға келіп кіруге оған дейін ниеттерін басқармаға білдіріп, басқарма школ бастығымен сөйлесіп, жұмыстың бəрін бітіру керек. Юнкер школына жастар кіруге əзіріне ең аз болса, 30 мың сомдай қаржы керек. Ол ақшаны Алаш ордасы жастар школға кіруден бұрын даярлау керек. Қазірінде Алаш орданың қолында сиез тарқарда берген Отарбай қажы Қондыбай баласы ұлының 12 мың 500 сомынан басқа ақша жоқ. Елден ақша тез жиылмайтыны мəлім. Солай болған соң байлар Отарбай қажының істегенін істеп, Алаш автономиясын əуелгі кезде көтермелеп жіберуі тиіс еді. Ноғайлар автономия болса, ұлт қазынасына деп байларынан ағыл-тегіл болып құйылып қалады. Біздің байлар да əуелі өздері үшін екінші ұлт игілігі үшін шабандық қылмай, Алаш ордасына ең болмағанда қарызға қаржы беретін жөні жоқ па?
«САРЫАРҚА» ГАЗЕТІ (1917–1919) «Сарыарқа» газеті 1917–1918 жылдары Семей қаласында шыққан. Газетке Х.Ғаббасов басшылық жасады. Жалпы, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген материалдардан оның «Қазақ» газетімен үндес, сарындас бағытын аңғару қиын емес. Олай болатыны, «Сарыарқа» газеті де Алашорда үкіметін құруды, қазақ елінің өз алдына автономия болуын тіледі. Басылым беттерінде Алаш партиясының бағдарламасы, Алаштың гимні, алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы жарық көрді, сондай-ақ қазақ құрылтай съездерінің бағдарламалары мен қаулылары басылды. Алаш қозғалысының ұйытқысы, жиырмасыншы ғасыр басында халқымыздың шын мəнінде «көзі, құлағы һəм тілі» «Қазақ» газетінің ұйымдастырушылары – А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатовтың, «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлері – Р.Мəрсековтің, Х.Ғаббасовтың, Ə.Ермековтің, М.Малдыбаевтың, Ж.Ақбаевтың, М.Жұмабаевтың жəне тағы басқа алаш азаматтарының құнды материалдарын «Сарыарқадан» көптеп кездестіреміз. Саяси бағыт ұстанған «Сарыарқа» газетінен халықты теңдікке жетелеген ой-пікір, тұжырымдар мен қазақ съездерін шақыру, ондағы қаралатын мəселелердің жоспарлары мен шешімдері жайлы, сайлау хақында, ұлттың ең өзекті жер, тіл, оқу-ісі, дін, басқа да шешімін күткен əлеуметтік мəселелері жайлы терең танысуға болады.
Жер заңын аттаушылармен алысу Жер заңын бұзуды тиюға кідірмей қам қылу керектігін Уақытша Хүкіметке Ішкі іс министрі жеткізіпті. «Жер иелерінің құқықтарын бұзатын жергілікті əлеумет ұйымдарының барша қаулыларын заңынан тыс орындауға болмайды» депті министерство. Кісі мүлкіне қызығып, сотқарлық шығарған, жоғарыда айтылғандай қаулы жасап таратқан адамдарды тергеуге тапсыру міндетін жергілікті хəкімдерге артады. Орыс пен қазақ арасы Өскеменнің оңтүстік жағындағы Шар өзенінің бойындағы мұжықтардың «Қазақтан зиян шегіп жатырмыз» деген арыздары жаңбырдай жауған соң, П.Кольцов пен екеумізді 6 июньде орыс пен қазақ дауын бітіріп, ажыраластыру үшін облосной қазақ комитеті мен орыс комитеті шығарды. Ұзын аққан Шардың бойын өрлей жүріп, мұжық пен қазақ арасындағы дауларын сұрадық. Мұжық қалаларының көбі дауымыз жоқ дейді. Арыз берген қалаларға келіп қарасақ, сөздің көбі жалған, егін-пішен аман, желінген жоқ. Жалғыз-ақ өксікті: 1916 жылы қазақ жерін ойып алып, мұжықтарға беруге уəде қылған землемер биыл бара алмай қалғандықтан мұжықтар алмақ болса да, қазақтар бермейді, қонып отырады, қыстауларын бұзбайды. Бұл орындарға қазақтар ерегісіп отырған жоқ. Не жаз қонарға, не қыс қорасын аударып саларға жер жоқ болған соң отыр екен. Жəне де мұжықтарға қисынсыз көп кесіп жер берген. Қазақ жайлау, шабынды, күзеуден айырылып, ірге салар жер таба алмай, тау араларында шошиған қораға ғана ие болып қалған. Мұжықтар жерді көп алып отырса да, мал өсірген қазақтан қара озып, асып кеткені көрінбейді. Бəрі де «Жеріміз жаман. Ең көп алған жылы десятинасынан 35-40 пұт қана аламыз» деп зарлайды. Шар бойындағы мұжықтардың бəрі бір халда, бір тұрмыста, айырмасы жоқ. Соның үшін бəріне үлгі етіп Таубин қаласы жайынан жазамын. Делбегетей тауының күнбатыс жағында Шардың жағасында Таубин деген мұжық қаласы бар. Бұл қаланың орнағанына 30 жылдай болған. Əуелде бұған арналып кесілген жер Теріскен, Тума, Ұзынжал, Итқара, Шар екен. Жоғарғы жағында Суықбұлақ деген жерден жоғары бір жерді неміс орнайды деп бөліп қойған. Немістен кісі келіп көрген соң жерді ұнатпай, қайтып ол орынға келмеген. Таубиндер бірнеше жыл отырып байқаған соң, жеріміз жаман деп көшуге айналған. Таубин мұжықтарының қайта көшеміз дегені переселен мекемесіне өте батып, не қылса да тоқтату қамына кіріскен. Неміске арналған Ортақарауыл, Салықбай, Шұңқырсыз деген жерлерді Таубиндерге беріп, көшуден тоқтатқан.
1911 жылы Таубиннің сол жағындағы Үшқұдық, Жайма, Қиғанқұдық, Елдей деген қазақ жерлерін оброчная статьяға кесіп алған. Оброчная статьяны қазақтар арендаға алып, пайдалана бастаған екен, мұжықтар күндеп, шатақ шығарып төбелесе берген. Аяғында қазақтар ол жерден безіп, арендаға жоламайтын болған. Оброчная статьяны мұжықтан арзанға алып, қазақтарға қымбатқа жалдайтын болған. Осы күнде ол жерді орыстар біржола иемдендік деп, неміске арналған бөлімнің жартысын Русско-Азиатский товариществоға бір жылға 1500 сом алып жалдап отыр. Басқа жерлердегі өзінен артылған ағын-көгін қазаққа сатып пайдаланып тағы отыр. Таубин қаласы 63 үй. Иемденген жері 17 670 десятина. Үй басына бөлгенде 285 десятинадай келеді. Бір үйде 4 еркек бар деп есеп қылсақ, ер басы 70 десятина жерге ие болған болады. Мұжық басы 15 десятина жер берілді деген сөз қайда? Бұл жердің бəрі Делбегетей болысы 8-ші ауылдың жері. Олар 100 үй іргесін батырар жері, үйіріп шабар шалғыны жоқ. Таубиндер бізге 8-ші ауылды шақты. «Жерімізге баса қонып, егін-пішенімізді жеп қойды» деп. Біз барып қазақтарды тексеріп қарасақ, егін-пішен аман, жерге өздерінен сұрап қонған болып шықты. Таубиндер ұялып қалды, отырған орындарынан қоныс берді. Шар өзенінің бойы жылқы, сиыр, қойға лық толы. Бəрі мұжық қалаларынікі. Мұжықтардың егін салудан гөрі мал өсіру жағы ұлғайған көрінеді. Мұжық қалалары көбінесе қазақтармен өріске таласып отыратын көрінеді. Мұжықтарда бір жаман мінез – əдет болған: бұрын малы жоғалса, мал ұйысып оттаса, қазақтарды тарпа бас салып алады екен, Күштері жетпесе қалаға шауып, уезіне арыз қылып, урядник алып шығып, білгенін істейді екен. Сол жаман əдетін қалдырғысы келмей, əлі де болса да аңсап, өте сағынатын көрінеді. Мұжық пен қазақ арасындағы даужанжалды тексеруге барған бір орыс, бір қазақ екеуміздің білгеніміз осы. Сондықтан қазақты шағып, «қырғалы, жойғалы жатыр, зорлық қылды» деген мұжықтардың телеграмдарына, арыздарына хəкімшілік басында тұрған адамдар тезінен сене қалмай, толғап, тексеріп орындау керек деймін. Мəннан Тұрғанбаев Жер туралы Жерсіз кім болса да өмір сүріп, күнелте алмайды. Жерден айырылған жұрт жұрттығын жойып, өшпей қалмайды. Сондықтан адам баласы жер дегенде өзгеден гөрі таршылық қылып, жанын салады. Қай заманда қандай соғыс болса да, түп себебі жер молайту болған. Мына болып
жатқан қиямет қырғын соғыс жер үшін болып жатқан соғыс. Бұ да ақырында жер алмай, жер бермей бітпейді. Адам көбейіп өсе бермек, жер өспек емес, бір қалыпта қала бермек. Сөйтіп адам өскен сайын тұрмысы өзгеріп, қиындала бермек. Тұрмыс қиындығы жеңілдік іздетпей қоймақ емес. Тұрмысты жеңілдету үшін, я тарылған жерге жер қосып молайту, я тарылған жердің өзінде отырып, шарасын табу керек. Жер молайту үшін біреумен соғысып, жеңіп жер алу керек. Соғысып жер алудың қатері көп: ала ма, алдыра ма, бұл - бір. Екінші, соғысып біреудің жерін алу – зорлық, бұзақылық, адамдық жолын аттап, қан төгіп, айуандық жолына түскендік. Соғысып жер қоспай, тар жерде отырып, тұрмысты жеңілдету үшін ғылым, білім, өнер жолына, қысқаша тəррақи жолына түсу керек. Тəррақи жолына түсу – аз жерден көп пайда шығаратын əдіс табу. Ол əдіс мал тұқымын асылдайтын, жердің күшін молайтатын тілін, оқуын білу. Адамдық жолымен тұрмысын түзетем деген жүрт жердің тамырын ұстап, тіл білерлік ғылым үйренбек. Біз ежелден мал баққан, кең жердің өзіне сия алмай келе жатқан жұрт едік, біразырақ жерімізді мұжық алып еді, күйіміз кете бастады. Мемлекет негізін құратын кеңесте жұрттың айтысып, тартысатын ең зор мəселесі жер болмақ. Бұл тартысқа күтіндік пе, күтінген ел бар ма? Əнеугі Семей облысының қазақтары сиезінде «жер мал бағып, егін салып, еңбек сіңіргенге берілсін» деп қаулы қылынған еді. Бұл қаулы Россиядағы казактан басқа таптың бəріне ұнайды. Казактар: «Қан төгіп, соғысып алған жерімізді ешкімге бермейміз. Тарих жүзінде хұқығымыз бар» деп қаулы жасап отыр. Казактың бұл қаулысы өздерінен басқаға жақпайды. Өйткені əділдікті ойлап жасалған қаулы емес. Тарих жолына келгенде казактан қазақ халқының хұқығы көп. Өйткені қазақ жері талай соғысып, қызыл қанға боялып алынған жер. Казактар дайын тұрған жерге келіп орнай кеткеннен басқа кіммен соғысып еді?! Енді жерді босқа жатып пайдаланамын деу жоқ һəм тарихи хұқығын бетіне ұстап жер алам деп отырған жұрт жоқ. Қазақ ата-бабамның қонысы еді деп жерге ие болмайды, мал шаруасын дəлел қып алады. Біз казакша «мұжықтан басқаға жер бермейміз» деп айтпаймыз. Əуелі өзімізге жетерлік, өсіп-өнуге тарықпастық жерді алып, артылғанын жері жоқтар алсын дейміз. Жер туралы көп мағлұмат керек. Əр ел өз облысындағы жер жайынан мағлұмат жинаушыларға отырған жерлері туралы мағлұмат бере жатар, біз Семей облысындағы казактар мен кабинет жерінде һəм басқа жерлерде отырған қазақтардан мағлұмат сұраймыз: қай жерде неше жылдан бері қандай шарттармен, қанша кісі, қанша мал, жер шамасы кандай һəм қалай тұрады – анық, толық мағлұматтар берілсін деп. Жер туралы мағлұмат жинаушы обласной қазақ комитеті
Жер жаманын жаңа білген Павлодар уезі Соколниский поселкесінің мұжықтары ұйым жасап: «Таврический, Донский, Екатеринславский губернияларына қайта көшеміз, ондағы шаруамызды түзейміз, мұндағы жеріміз жаман, егін салып, кəсіп қылуға жарайтын емес» деп жүргенін күндеуші Семейде шығатын «Дело» газетіне жазыпты. Жер комитеттері Мемлекет негізін құратын кеңеске депутаттар жиылып, бас қосып, түпкілікті заң жасағанға дейін жер жұмыстарын басқарып тұруға жер комитеттері ашылды. Бас комитет Петроградта. Одан төмендері бірбірден əр облыс (губерния), дуанда. Болыс сайын да осындай комитет болмақ. Кіші комитеттің хүкіміне разы болмағандар сатылап отырып, үлкен комитетке арыз бермек. Жер комитеттерінің түп мақсұты: жер туралы мағлұмат жинап, алдымыздағы мемлекет кеңесіне тапсыру; қазіргі уақытта жер туралы даулы сөздерді бітіру; мал бағып, егін егіп, еңбек қылғандарға, жерсуынан айырылып, шаруасы күйзелгендерге жері жетпесе, артық жер болса алып беру. Жер комитеттері біздің ұзаққа қатты керек мекемелер. Бұрын переселен мекемесі қазақ шаруасының жайына қарамай, жерін кесіп мұжыққа, мал өсірушіге, ешкім алмаған жерді жалдап қазақтың өзіне я болмаса кім кез келсе соған берді. Мысалы, Зайсан үйезінде Сорокин деген орыс неше болыс ел жайлайтын Шілікті деген ең аяулы жақсы жерді жалға алып отыр. Мемлекетке қазақтың малы, қазақтың шаруасы керек екені даусыз. Бір Сорокин мал өсіреді екен деп қанша елдің шаруасын күйзелтуге болмайды. Сорокин секілді жерді бостан-босқа құр орыс едім деп ие болып отырғандар аз емес. Бұрын жер əпергенде жолсыз жасалған уағда-шарттарды бұзып, жұрт шаруасына қолайлы етіп шешуге жер комитеті ерікті. Бірақ жер комитеттерінің əмірі негізгі закон шыққанша уақытша ғана жүріп тұратынын қазақ халқы ескерсін. Бүгін жерім өзіме тиді деп қанағат кылуға болмайды, түбін ойлау керек. Іс ақтығына көз жіберген кісі бүгінгі берген шолақ арызбен қоймай, шаруасы жайынан толық баяндама жазып беріп отыру тиіс. Жазғанда жер мөлшері, мал мен жан есебі, кесілген һəм қалған жер қанша, жердің топырағы қандай, өсетін шөп не түрлі, егінге яки мал бағуға қолайлы ма, суы қалай, ащы ма, тұщы ма, өзені бар ма, құдық па, жері таулы ма, сортаң ащылы ма; кесілген жер мұжық қолында болса, мұның шаруасы қандайлық, тақтасынан неше пұт астық алады, жоқ мал баға ма, жер жарамсыздықтан көшкені яки көшем дегені бар ма екенін айту керек.
«Сарыарқаның» 7-ші нөмерінде осындай мағлұмат обласной қазақ комитетіне жазылса екен деп едік. Қазақ комитеті мен жер комитетінің екеуінің қайсысына жазылса да, түбінде бір жерге қойылады. Сондықтан жазушы қай комитетке жазуды қаласа, соған береді. Бейқам жатпай жер жайын ойлау керек. Жерсіз жарық күн қараңғы түнмен тең. 21-26-шы июльде Орынборда болған жалпы қазақ сиезінің қаулылары Сиезде бүкіл Россия мемлекетіне қараған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасы қазақтарының өкілдері болды. Сиездің президиумына кіргендер: Халел Досмұхамедов (председатель), Байтұрсынов, Көтібаров (орынбасарлар), Асылбек Сыдық, Міржақып Дулатов (секретарьлар). Сиез қараған мəселелер: 1) Мемлекет түрі қандай болу; 2) Қазақ өз тізгінін өзі алу (автономия); 3) Жер; 4) Əскерлік; 5) Земство; 6) Оқу; 7) Дін; 8) Сот; 9) Əйел; 10) Учредительное собрание сайлауы кезінде жүргізетін əдіс; 11) Қазақтан баратын депутаттар; 12) Шорай ислам; 13) Қазақтың саяси партиясын жасау; 14) Жетісу облысындағы оқиғалар; 15) Киевте болатын жалпы Россия федералистерінің (өз жұмысына келгенде бөлініп, мемлекет жұмысына келгенде бірігетіндер) сиезі мен Петроградтағы жалпы жұрт оқуы комиссиясына кіру. Жер мəселесі * Қазақ халқы түпкілікті етіп жер алып орныққанша қазақ жерінен жер алу тоқтатылсын. Қазақ облыстарында жарамды жердің кемдігінен ақсүйектерге (дворяндарға) мал өсіруге, сауда-кəсіп қылуға, орыс ауруы ішетін қымыз дайындауға, софыханаға алынған, мұжық келіп
орнамаған оброчная статьяға кесілген, басында қазынаға алып, үлгілі шаруа жүргізем деген жай адамдарға берілген, күзетші əскер пайдасына алынғанмен əскер кетіп, яки азғантай қалса да қайтпай тұрған жерлер – түгел қазаққа қайтсын. Қазынаның ерекше билігіне дача етіліп алынған қазақтың шабындылары қайтсын. Келісіп бос тұрған жерлерге мұжықты орнату тоқтатылсын деп дереу Уақытша Хүкіметтен сұралсын. Отырған мұжықтардың саны арнаулы санға толмаса, артық жер қазаққа қайтсын. Мұжықтар орнаған жерде қыстауы бар, əлі күнге көшпеген қазақтың қыстаулық жері өзіне тиілсін. Орналасатын мұжыққа жер жетпейтін болса, қайтадан бөлік жүргізіліп, басқа кесілген жерден жер берілсін. Қазынаның ерекше билеуіне алынған дачалар (ағаштар) бүкіл мемлекетке пайда келтірмейтін болса, земство қарауына алынсын. Жер мəселесі туралы қазақ өз алдына программа (жоспар) түзсін. Жер мəселесі туралы учредительное собраниеде қай партияға қосылуды қазақ депутаттары өздері білсін. Қазақ жер алып орнығарда тұтынатын норма (мөлшер) жер ыңғайына қарап, жасаған жерінің малға һəм мал мен егін араласқан шаруаға деген нормасы болсын. Бөкей ордасының қазақтары отырған жерінен қасындағы қазақ облыстары алған мөлшерімен жер алсын. Түркістан қазағына жерден басқа жеткілікті су да берілсін. Қазақтың жер иелену жөні меншіктемелі болмай, жалпы иелену (община) болсын (Ферғананың екі өкілі жерді жеке иелену жолына дауыс берген. Өйткені олардың жері арық қазып, ағаш, бақ өсіріп, көп еңбек сіңіріп тастаған жер). Община неғұрлым кіші болғаны тəуір һəм құрамының қандай болуын жер-жердегі орналастырушы мекемелер білсін. Құрастырушыдан: *Қазақ съезінің жер мəселесіне қатысты қаулысы ғана алынды Қамсыз ел Өткен 8-ші августе Өскемен уезі Нарын өлкесінде инструктор шығып, жан қисабынша сайлайсыңдар, деп бұйрық беріп, 4 поселке қазақ, 6 мұжық қаласы, 5 болыс қазақ бір районға бірігіп, районный жер комитетіне һəм районный продовольственный комитетке делегат сайлады. Он қала орыстан, 5 болыс қазақтан делегат болды. Адам санына қарай болса, орыстан қазақ 5 есе көп еді, қисабына қарай сыбаға ала алмады. Жоғарғы алтыдан қорынып, жер комитетіне бір қазақ, продовольственный комитетке бір қазақ əрең кірді. Дауысы аз сөзде дауа жоқ екені жұртқа мəлім. Бұл екі комитет алтай елінің тіршілігінің жан комитеті десе болар. Жер туралы ата қонысынан айырылып, малдың өсімі жебір майына таусылып, қалған
басы расходына ұсталып, жылдан жылға құрып бара жатқан ел – осы. Азық-түлік комитеті туралы айтып та керек емес. Мына құдайдың ғадалат күні туған заманда теңдікке жетіп, ата қонысына енісіп, еңбек етіп қалалық деген бір адам жоқ. Болысной комитетте кім жеңіпті, кім болыпты деп ежірейіп, құлағы ербиіп, жер-су түгіл, иманды, жиғанды ұмытып жүрген бір ел. Əттең, ата қоныс малдың қыдыры алтыбай өзгемен ісі жоқ, өзегіңде өзді-өзімен жауласып, жақ-жақ боп, қырқысып жатқандардан денең жиіркеніп, тітіреп, сілкініп, үстіне құлап кетер ме едің! А.Ж. Ақыл сұрайды Ертіс бойында қазақ əскері мен төрелері жерлерінде шөп шауып қыстап, боздығын мал оттатуға жалдап, он шақырымдықта отыратын қазақтардың жалын жаңалап, қайта алатын мезгілі таянып қалды. «Жер керек болса, қазақтар, алыңдар, болмаса басқаға жалдаймын» деп жер қожалары айтып жатыр. Бұл туралы білетін, азаматтар, не айтасыздар? Жылдағыдай ақшамызға жалдап аламыз ба, жоқ сабыр қылып тұрамыз ба? Газет арқылы жауап күтемін. Білəл Маңсин Басқарма: жер жалдау шарттарын жер комитеттері жасап, баға кесіп, жер жалдайтын кісінің алыпсатарлық қылмайтынын айырып, кəсіп қылатынын, шаруа жүргізетінін біліп бермек еді. Бірақ осы күні хəкімшілік жоғалып, жер комитеттері де қолданатын заңдарын іске асыра алмай отыр. Сондықтан қазақ жер иелерімен келісіп, шарт байласып, жалдап ала берген жөн. Жер мəселесі Петроградтағы кіндік переселен мекемесінің бастығынан Семейдегі переселен мекемесіне һəм советке келген телеграмға қарағанда ішкі Россия жақтан крестьяндар біздің жаққа көше бастаған көрінеді. «Бұларды орналастыруға тезірек қам қылыңдар жəне де осы жұмыс үшін переселен мекемесінде қандайлық өзгеріс болуға мүмкін, соны тоқтаусыз телеграф арқылы бізге білдір» деген бас мекемеден осындай əмір келіп отыр. Бостандық туғаннан бері қай жерде болсын, переселен мекемесі қазақ, крестьяндардың сиезінің қаулысы бойынша өлген еді. Енді мына телеграмға қарағанда бұл мекеме қайтадан тірілмекші. Осы сөз Семейде болып жатқан обласной крестьян сиезіне түсіп, мейлінше қағылды. Сөз тартысында төмендегі дəлелдер мəлім болды:
Бұрынғы Уақытша Хүкіметтің, осы күнгі совет хүкіметінің шығарған заңы бойынша переселен мекемесінің мойнына алайын деп отырған мына жұмыстары жер комитеттеріне тапсырылған. Сондықтан бір жұмысқа екі мекеменің ортақ болып мінгесуі қандайлық қажет? Семей облысында қанша жер бар, түсі, түгі қандай, бір облыстың шаруасына қарсыластырғанда артық жер бола ма, жоқ па – бұл əлі бізге мəлім емес екен. Қазақ жерін алғанда артықтығын біліп алмайды, тек келгендерді отырта беру үшін ғана алыпты (бұл сөздер Семейдегі переселен мекемесінің бастығының сөздері). Переселен мекемесінің бұрынғы істеген жұмысы қазақ пен крестьян ортасына кемпірназ өкпе кіргізіпті. Переселен мекемесі бетімен келген крестьяндарды орналастыра берсе, бірінші, тұрған жұрттың шаруасын күйзелтпек, екінші, жер мəселесін құрылтайдан бұрын өзіміз шешкен болып табылмақ. Осы айтылған дəлелдер бойынша крестьян сиезі қазақ комитетінің ұсынған жобасын өткізді: 1. Жер əбден өлшеніп, топырағы, түгі байқалып, тұрғын жұрттың шаруасына лайықты жер тигенше сырттан крестьяндар алынбасын. 2. Осы қаулы телеграм арқылы Петроградқа білдірілсін. 3. Бірен-саран келіп қалған крестьяндар болса, олар артық жері бар крестьян қалаларынан енші алсын. 4. Переселен мекемесі обласной жер комитетіне бағынсын. Ортақшылдың жұмысы Ішкі жақтан Семейге 2 жүз ортақшылдар келді. Бұлардың мақсұты – Семей маңайынан бір жақсы жер алып, орнап, ортақтасып, шаруа жүргізбек. Семейге келген соң ортақшылдар қолдарындағы бар пұлын, мүлкін ортаға салып, 20 мыңдай қазына жасапты. Осы қазынадан біреудібіреу қақпай, əркім өз керегін ала бермек. Көшіп келген ортақшылдар бізге ерулік айтатын түрі бар көрінеді. Семейдегі жер комитетінен біздің Делбегетей елінің Өгізшапқан деген жерін сұрапты. Бұл жер былтыр жер министрінің бұрын қазақтан тартып алынған, əзір мұжық орнамаған оброчная статья жерлер. «Жер мəселесін түпкілікті болып тексерілгенше, уақытша қазақтың пайдасына болсын» деген əмірі бойынша Делбегетей елінің пайдасына қалған еді. Осы əмір əлде болса əмір күйінше қалуға тиіс деп жер комитетіне қазақ комитеті білдіріп отыр. Басқарма: жердің сазайы кімге болсын батқан. Алыстағы ортақшылдарды қоя тұрып, тұрғын жұртты тарықтырмайтын жер тапсақ та жетер. Кабинет жерінде, казак-орыс жерінде ұлардай шулап, босып жүрген қазақтарды көре тұрып, Николайдың шабындысынан қалған
жерін енді қазақ ерулікке оңайлықпен беріп отырмас. Еңбек сіңіргенге жер тиетін болса, жер – қазақтікі. Переселен тоқтатылды 3 марта Мəскеуден Ішкі іс халық комиссарынан телеграмм алынды: Сібірге көшушілер көбейіп, жолдағы қалаларды басып бара жатқандықтан һəм Сібір темір жолының переселен тасуға қазір мұршасы жоқтықтан қашан бір бұйрық болғанша Сібірге переселен көшу тоқталсын деген. Келімсектер туралы Ішкі Россиядан көшкен, жерінен қуылған мұжықтар ай-күйге қарамай, қазақ жеріне келіп орнай кететіні мəлім еді ғой. Бұл келімсектердің көбі өз бетімен жерден мөңіреп қалғандар, кейі о жақтағы сұмдардың жер алып қой деп жіберген жер қараушысы болатын. Бостандық болғаннан бері де жер халықтікі, көптікі, еңбек қылған, егін салғандікі деген лақап талайдың емешегін құртып, Сібірге қарай шұбаған реті болатын. Орал тауынан бері асып, темір жолдан сап тимей, қамалып жатқан хохолдар аз емес болатын. Семейдегі совет Мəскеуге осы келімсектер туралы телеграм берді: Сібірге келетін переселендерді əзір тоқтат деп һəм кісілерін жіберіп, жер аламыз дегендерге хат жазылды, тоқтат деп. Ортақшылдар Əнеугүні Семейге келген 2 жүздей ортақшылдар Зыряновский деген қалаға Земейногорский уезіне жетті. Жеріміз жоқ, қайтеміз? Мұздыкөл болысының бір ауылнай елі 60 жылдан бері Том губерниясының ішінде тұрақ жерімен пайдаланып отырушы едік. 30 үйіміз бөлініп, Қызылағаш болысының бірсыпыра халқымен қосылып, 500 үй Қаракөл деген болыс болдық деп отыр. Томскі губерниясында 500 үйге 175 мың сом налог салынады десе басы үш сом төлейді дейді. Қаракөл болып отырған ел «бізге қосыл, қосылмасаң жерімізден шық» дейді. Біз 6 ауылнайдың халқы екі дəуіртай сайлап, Омбыға барып, «Үш жүз» партиясының басшысы Мұқан деген кісіге арыз бердік. Мұқан айтыпты: «Жер арқылы сіздер бізге қарайсыздар. Бізге налог бермесеңдер қызыл гвардиямен жерден шығарамыз» деген.
Енді көшіп шығайық десек, баратын жеріміз жоқ. Егіннің уақыты болып жатыр, тірі кісі тіршілік шаруасын істеп жатыр. Біз қайтеміз? Газет арқылы жауабын берсеңіз екен. Нұрмақан Алшымбайұлы Басқарма: жерге еңбек сіңіріп, бейнет тартқан ие. Мал баққан қазақ жұрты еңбегін емген бейнетқордың бірі. Мал шаруасы – мемлекет шаруасының бір бұтағы. Николай заманы қайта келмесе (бастағы тұман тарқар, ештеңе етпес) қазақ халқы осы күнгі отырған жерінен қалайда болса енші алады. Бұган сену ке рек. «Жыламаған балаға емшек бермейді, шайнап берген ас тамақ болмайды» дегендей, заман – талпынғандікі. Қазақ Россия жұртының бір бұтағы. Бостандыққа, жер-суға елмен бірге біз де ортақпыз. Жер еншісі үлесілмей ешкімді ешкім көшіре алмайды.
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ (1920–1926) «Ақ жол» газеті 1920 жылдың 7-желтоқсанынан бастап 1926 жылға дейін Түркістан республикасының кіндік өкіметі атынан Ташкентте аптасына үш рет тұрақты шығып тұрды. Газет бетіндегі материалдар мазмұнына қарай төмендегі айдарларда жарияланған: 1. Басқармадан; 2. Сыртқы хабарлар; 3. Ішкі хабарлар; 4. Бұйрық-жарлықтар; 5. Əйел теңдігі; 6. Жастар арасында; 7. Ресми бөлім; 8. Елден; 9. Басмашылар тарихы; «Ақ жолға» əр кезеңде С.Қожанов, Қ.Құлетов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев, Н.Төреқұлов, Т.Байқасқаұлы, М.Қайыпназар секілді Алаш азаматтары басшылық жасайды. Газеттің 271–305 сандарын Түркістандағы жазушылар ұйымы шығарады. «Ақ жолдың» орташа тиражы – 1800 дана. «Ақ жол» газеті мен эмиграциядағы М.Шоқайдың «Жас Түркістан» журналынан «ортақ байланыс» тапқан Сталин жорамалынан соң, РК/Б/П ҚЫРӨЛКЕКОМНЫҢ 1925 ж. 10 маусымдағы Бюро мəжілісінің №69 хаттамасы бойынша «Ақ жол» газеті қайта ұйымдастырылып, редакциясы Ташкент қаласынан Шымкентке көшіріледі. 1925–1926 жылдары «Ақ жол» газеті Сырдария атқару жəне партия комитетінің органы ретінде Шымкент қаласында басылып тұрды.
Еңбекшіл, қазақ-қырғыз жұртына! Қазіргі басымыздан кешіріп тұрған дəуір, жер жүзінің еңбекшілер табы мен жер жиһангерлерінің талас-тартыс дəуірі. Ғасырлар бойына құлдықта, қорлықта өмір сүрген еңбекшілер бүгін өздерін құлданушы таптарды жоғалту жолында қол ұстасып, азаттық туын көтеріп тұрған дəуір. Еңбекшілерді езген, қанын ішкен, құлданған қан ауыз патшамен, жауыз хүкіметтің, жалмауыз байларын жарға құлатып, алдымен бас көтеріп жанжал шығарған Россияның жұмыскерлері мен еңбекшіл крестьяндары алдымен басшылық етіп жер жүзінің еңбекшілеріне ұран шақырған, аттан салған, төнкеріс жасаған биілікті өз қолдарына алып, Кеңес хүкіметін тудырған Россияның жұмыскерлері мен крестьяндары. Жер жүзіндегі адам баласы екі ғана тапқа бөлуге болады. Ол екі тап: құлданушылар һəм құлдықта жүргендер табы. Құлданушы таптың саны аз да болса байлықты өндіретін құрал һəм билік өз қолдарында болған соң, еңбекшілерді табанында басып, езіп, жаншып, айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізіп келді. Күшсіз, қорғансыз аз ғана нашар ұлттарды бірте-бірте жоғалту жолына түсті. Шет уəлаяттарды қоныс қылып қожалық жүргізіп, жұтуға, жоюға айналды. Байлар, жуандар хүкіметінің қоныс алған уəлаятының бірі – Түркістан еді. Мұнан бес жыл бұрын Түркістан орыс патшаларының отары болды. Патша хүкіметі орыс байларының, жуандарының пайдасын көздеп Түркістанның байлығын, жерін-кенін ескі иелерінің қолынан тартып ала бастады. Жергілікті жұрттардың табан ақы, маңдай терімен солардың өздеріне ектіріп, Түркістанның миллиондаған пұт мақтасын жыл сайын Мəскеуге жөнелтіп отырды. Ішкі Россияның өз ішіндегі крестьяндар құлдарға айналып, патша хүкіметінің һəм оның шылауындағы байлардың, ақсүйектердің босағасында көздері жылтырады. Олардың да жер-суын тартып алды. Өздерін «мынау менің құлым, анау сенің құлың» деп, крестьяндарға ен салып, енші алысты. Жақсы жерлерін губерниялардың бəрінде де орыс байлары, ақсүйектері қожа болып, крестьяндардың қанын сүліктей сорды. Сондықтан, жыл сайын крестьяндар арасында наразылық өсіп, күңкіл шыға бастады. Патша хүкіметіне крестьяндардың наразылылығын кеміту, оларды жұбату керек болды. Сол себепті, қынқыл шығарған жерсіз, сусыз крестьяндардың бырсыпыра артығын шеткі уəлаяттарға көшіру саясатына кірісті. Ол уəлаяттар хүкіметтің зорлығына қарсы тұра алмайтын қойдан қоңыр Түркістан, Қазақстан далалары. Əсіресе, Жетісу секілді жерлер еді. Патша хүкіметі бұл саясатын іске асыру үшін əдейі арнап переселен шенеуніктері қазақ-қырғыздың ең шұрайлы қара топырақты, ағашты сулы жерлерін алып, бұрынғы иелерін тауға, тасқа, тақырға айдап тастады. Бұлардың орнына Россиядағы өз жерінен қуылып келген келімсектерді орнатты. Бұлар əлсіреген. Сосын қонысқа орнаған соң, байи бастады.
Байыған сайын жергілікті жұрттарға қожалық, өктемдік жүргізе бастады. Кембағалдардан, ақсүйектерден байлық жиып, қуылып, қаңғырып, келгендерін ұмытты. Патша хүкіметі мұндай саясат қолдану арқылы, екі түрлі мақсатына жетті. Бір жағынан жерсіздіктен, наразылық шығарған крестьяндардан құтылып, олардың мауқын басты. Екінші жағынан оларды жергілікті жұрттармен жауластырып қойып, соның арқасында Түркістанды өзіндік қылып бекітіп алды. Ақырында, мұнан келіп ұлт дұшмандығы туды. 1916 жылғы Жетісуда болған қозғалыс еңбекшіл қазақ-қырғыз жұртының əбден жаналқымға келген соң, қорлыққа шыдай алмай шығарған қарсылығы еді. Сол қозғалысты патша хүкіметі крестьяндарды қазақ-қырғызбен өшіктіру, жауластыру жолымен басты. Қанша қан төгілді. Бейшара қазаққырғыз жер-суынан, мал-мүлкінен айырылып жетім-жесір болып шулап қол ұстасып, аш жалаңаш Қытай шегіне босып кетті. Қалған жерін жуанжұдырық крестьяндар басып қалды. Сол, қазақ-қырғыздардың бұл күнгі халы да өте аянышты. Кеңес хүкіметінің бірінші жауы зорлық-зомбылық тұрады, я кеңес хүкіметі тұрады. Сондықтан, Кеңес хүкіметі зорлық-зомбылықты негізінен құртуға бар күшін салып һəм жаңа тəртіп шығаратындығын жариялап отыр. Еңбекші қазақ-қырғыз, тараншы һəм басқа сондай елдердің зорлықпен алынған жер-сулары бұрынғы иелеріне қайтарылады. Əсіресе, 1916 жылдан бастап бұл күнге шейін жуан-жұдырық крестьяндар иемденіп отырған жерлер қайтарылады. Жер заңы негізінен өзгертіліп, крестьяндарға еңбек мөлшерімен ғана жер қалдырылады. Артық жер мемлекет қарауында болып, жері, суы аз қазақ-қырғызға бөлініп беріледі. Жер бөлгенде сумен пайдалану жағы да теңеледі. Кеңес хүкіметі езілген, жаншылған қазақ-қырғызды жақтағанда, бір жағынан сол еңбекшіл жұрттың өзіне сүйенеді. Сондықтан, зорлықшыл крестьяндар көшірілген яки олардағы артық жер алынғанда, қазаққырғыздың өз арасынан оқыған жемтіктес байлары, манаптары арамдық қылып крестьяндардың жерін, малын жасырып шатақ шығаратын болса, еңбекшіл қазақ-қырғыздар көрсетулері керек. Ондайлар шыға қалса, қазақ-қырғыздың жауы деп білу керек. Ішкі Россияда, еңбекшіл крестьяндар өздерін құлданушы жуандарынан құтылып отыр. Жұмыскерлер, фабрикант, зауытшыларының көзін жоғалтып отыр. Қазақ-қырғыз еңбекшілері де солардан үлгі алып, өз араларындағы аш пейілдерді ауыздықтау керек. Жер-суды еңбекшілер ғана иелену керек. Жетісуда еңбекшіл қазақ-қырғызға жергілікті жуан жұдырық крестьяндардың іс басындағы ескі төрелердің ініне су құйылғалы қам қылынып жатыр. Жетісуды билеп отырған облревкомды жаңғыртып бояма ортақшылдар қуылғалы отыр. Қазақ-қырғыздың қамын қарастыру үшін 15-ші январьға қарсы Əулиеатада съезд болғалы
отыр. Қазақ-қырғыз жұмысына белсеніп кірісу үшін ТурЦИК қасында айрықша қазақ-қырғыз бөлімі ашылды. Еңбекші қазақ-қырғыз жұрты естеріңде болсын, Кеңес хүкіметі еңбекшіл халықтың, кедейлердің хүкіметі. Кеңес хүкіметі езілген, жаншылған қара бұқараның хүкіметі. Кеңес хүкіметі жиһангерліктің тамырын кесуге ұран салып тұрғанда, бұрынғыдай азды-көпке, нашарды жуанға жем қылғызып шыдап отыра алмайды. Кеңес хүкіметі мұнан былай қазақ-қырғыздың мойнына шығып, қанын сорып отырған залымдардың желкесін қияды. Ол жолда қандай қиындықтар құрбандыққа ұшыраса да тоқтамайды. ТурЦИК қасындағы қазақ-қырғыз Бөлімінің бастығы Нəзір Төреқұлов Мүшелері: Г.Сафаров, Сұлтанбек Қожанов, Санжар Аспандияров Ресми бөлім Жоба Көшпелі халықтар келген мұжықтар һəм казак-орыстар жерлері жайынан. Номері 264. Түркістан кіндік атқару комитетінің 17 ноябрьде 163-ші нөмірлі қаулысымен дайындалған жобаның қосымшалары. 1. Отырықшы болған һəм боламын десіп жүрген көшпелі халықтарға һəм мұжықтарға һəр кімнің еңбегіне, мехнатына қарай жер беріледі. 2. Келген мұжықтардың һəм казак-орыстардың жерлері қайта бөлінеді деген сөздерді, олардың еңбек сіңірмейтін артық жерлері алынады. Отырықшы болмақшы көшпелілерге станция мен поселкеде кəсіп үшін, қалған жатақтарға бөлініп беріледі деп ұғыну керек. 3. Станция, поселке, қышлақ болмаса, ауыл болсын тұрған жерінің ынғайсыздығынан суат пен пайдалану реттеріне тəртіпсіздік келтіретін болса, жұртшылық комиссариатының қаулысы бойынша, қайтадан реттеліп салынады, болмаса, басқа жерге көшіріледі. 4. Осы жоба шыққанша келген мұжықтардың, казак-орыстардың, басқа сол сияқты Европадан келгендердың өз ықтиярымен жергілікті халықтардан алған жерлері жергіліктілердің өздеріне қайтарылады. Һəм мехнатына қарай бөлінеді. 5. 1917 жылдан бастап осы жоба шыққанша, қазақтардың, дүнгендердің һəм тараншылардың жерлерін пайдалануға кеңес хүкіметінің Қытай мекемесінен болса берілген мандат қағаздары, тəртіптері – бəрі де жоққа саналады. Еріксіз алған жерлер, бұрынғы пайдаланушыларға еңбек негізі бойынша қайтарылады.
6. Патша заманында жерінен қуылған, яки 1917-1918 жылдарда жерінен айрылған көшпелі халықтар бұрынғы тұрғылықты орындарына қайтарылады. Һəм оларға жер пайдалану ретіндегі жалпы негіз бойынша жер беріледі. 7. Көшпелі халықтарға берілетін жерлер қазынаға кіретін жерлер: а) келген мұжықтарға деп бөлінген, бірақ, келгендар отырып орнамаған жəне де олардың тастап кеткен жерлері б) уезшіктердің һəм олардың меншіктеген жерлері в) от арба жолының үстінде сауда жүргізіп тұратын поселкелерге деп арналған жерлер г) егіндікке жарайтын айрықша қазынының иемденген һəм сақтаған жерлері д) қала жерлерінің арықтары. Жерге өз еңбегін сіңірмейтін һəм түпкі кəсібі жер кəсібі емес, қаладағы мешандардың жерлерінің бəрі м) бұрынғы монастырылар, сопылары тұратын жерлер. 8. Еңбегі түгел һəм еш бір еңбек сіңірмейтін шаруасы бар мұжықтардың, казак-орыстардың жəне де еңбек сіңірмейтін шаруасы бар отырықшы көшпелілердің жерлері, жер пайдалану занының жалпы негіздері бойынша басқаларға алынады. 9. Пайдалану үшін жерге қандай еңбек сіңіру керек екендігін жер комиссиариаты белгілейді. 10. Алған жерлерінде шаруасын түзетуге, мұқтаждық көріп жүрген көшпелілерге ақша һəм бұйым қазынасын ашып, мемлекет толымды жəрдем береді. 11. Осы уақытқа шейін отырықшы болмаған көшпелілерге мал бағатын жер беріледі. Жəне де əр кімнің өзі ғана пайдалануға мұқтаж егіндік беріледі. 12. Жайылым қазынасына кіретін жерлер: а) ағаш шықпаған айрықша қазынаны сақтаған һəм иемденген жерлері; б) мал өсіруге арнаған жəне де келген мұжықтардың һəм казак-орыстардың өз ықтиярымен жазылып алған жерлері; в) пошта жолындағы станция жерлері; г) қалалардың жайылымдық һəм пішендік жерлерінің артықтары; д) Түркістан Республикасында əуелгі шаруаларға алынбайтын жерлердің бəрі. Ескерту: ағаш ішінде мал бағу жер комиссариатының осы туралы шығарған ережелері бойынша ғана мүмкін. 13. Көшпелілердің мал айдауына жол береді. Жолдың қалай түсуіне болатын тетіктер: а) көштің жолы; б) мал айдалатын жолдың айналасындағы шөбінің, отының шамасы; в) һəр жолмен айдайтын малдың шамасы; г) көштің ұзақ, қысқалығы һəм жылжуының тездігі, жол сулы жерлермен жүреді. Су болмаса, қазынадан құдықтар қазылады. Түркістан Республикасының кіндік атқару комитетінің бастығы Нəзір Төреқұлов. Хатшысы Юмакаев
Қазақ-қырғыз съезі 25 январьда Əулиеатада Түркістан республикасына қараған жалпы қазақ-қырғыз сеъзі ашылатын хабары «Ақ жолда» сан рет жазылып, газетіміздің, осы санында сайлау ережесі де басылып отыр. Бұл съезде қаралатын мəселелер: 1. Елде не болып жатыр. Сол туралы уəкілдердің баяндамасы. 2.Ұлт мəселесі һəм Кеңес автономиясы. 3. Жер мəселесі. 4. Ұйым мəселелері. 5. Қазіргі хал-жайы. Съезде əлбетте тағы да көп нəрселер қаралып, шиеленіскен түйіндердің бəрі де шешілер. Бірақ, жиналған өкілдер тойға барғандай құр қол келмей, қазақ-қырғыздың мұң-мұқтажын түгел баяндарлық болып, қамданып келулері шарт. Бұрын да талай съездер болып, есепсіз көп қаулылыр шығарылған. Бірақ, ол қаулылардың көбі іске аспай, қағаз жүзінде қалған. Бұл жолы да ондай болатын болса, қыстың көзі қырауда, əуреленіп, шаруадан қалып, ерсілі-қарсылы шұбаудың қажеті жоқ. Соның үшін съезд жемісті болу жағын, қаулылардың жүзеге асыру қамын да ойлау керек. Қазақ-қырғыз қорлықта деп күніге зарланамыз. Бұл қорлықтан қайткенде құтыламыз? Қайткенде теңелеміз? Соның қамын істеу керек. Қорлықтан құтылудың, теңдікке жетудің тетігі еңбекшіл халықтың өз қолында. Халқына жаны ашитын азаматтарын басшы қылу керек. Халықтың өзі ұйымдасып, өз керегін өзі алуға, өзін-өзі билеуге тырысуы керек. Қазақ-қырғыз жерінен, суынан айырылды тауға қамалып қалды деп зарланамыз. Жер-су кімдікі? Мұні жақсы білу керек. Жер-су – еңбекшіл халықтікі. Шалқасынан жатып малай жалдап, егін ектіріп, мал бақтырып, кедейдің табан ақы, маңдай тері пайдаланушынікі емес. Сондықтан, көршілес орыс жуан-жұдырықтарына, араларындағы болыс манаптарына қарсы тұрып, сыбағаларыңды өздерің жағаласып жүріп алмасаңдар, сендерді үнемі хүкімет күзетіп отыра алмайды. Байлар жуандар жаны ашып, өздігінен сендерге жер-су теңдік бере қоймайды. Мұны жақсы білу керек. Кеңес хүкіметі ортақшыл партиясы кімді жақтайды, естеріңнен шығармаңдар. Кеңес хүкіметі ортақшыл партиясы жер жүзінің еңбекшілеріне ұран салып біріктіріп, жұмыскерлерді, қара бұқараны құлданушы, қанды сүліктей сорушы дүние жиһангерлеріне үш жылдан бері қарсы соғыс ашып, қан төгіп отыр. Сондықтан, қайраттанып, жігерленіп, өздеріңді қорғаушы Кеңес хүкіметінің ортақшыл партиясына қолдарыңнан келгенше көмек көрсетуге міндетті екендеріңді ұмытпаңдар! Кеңес хүкіметінің ортақшыл партиясы күшейсе, сендер де күшейесіңдер. Теңдікке жетесіңдер. Кеңес хүкіметі ортақшыл партия-
сы əлсіресе, жер жүзінің еңбекшілеріне, əсіресе, қазақ-қырғыз, сендерге атар таң, шығар күн жоқ. Еңбекшіл халыққа кім дос, кім қас екеніне көздерің жеткені рас болса, мынау съезге еңбекшілер табын жақтайтын, жанын аямай қызмет ететін жігерлі, ақ жүрек таза адамдарыңды сайлаңдар! Азамат Қазақ-қырғыз мəжілісі 19 декабрьде қазақ-қырғыз институтында Ташкенттегі қазақ-қырғыз ортақшылдарының һəм əлеумет қызметкерлерінің мəжілісі болды. Мəжіліске төбе басылық еткен – С.Қожанов, хатшысы – Мадалиев. Қаралған мəселелер: 1. ТүрЦИК қасында ашылған қазақ-қырғыз бөлімінің мақсаты һəм міндеті; 2. Комисариаттың баяндамасы; 3. Ташкенттегі һəм басқа жерлердегі қазақ-қырғыз еңбекшілерін ұйымдастыру; 4. Қазақ-қырғыз оқыған азаматтарын іске алу; 5. Əулиетада болғалы тұрған қазақ-қырғыз съезі жайынан һəм басқалар. Баяншылар тыңдалып, шешендер сөйлеп, пікір алысқаннан кейін мəжіліс төмендегі қаулыларды шығарды: 1. Алдымен Ташкентте, онан кейін басқа жерлерде еңбекшіл қазаққырғыз ұйымдары ашылсын. Ұйым жұмысын жасауға 3 кісілік комиссия тағайындалсын. Бұл үш кісі: Көшербаев, Аспандияров, Тынышбаев. Комиссияның жобасы келер жұмаға даяр болсын; 2. Қазақ-қырғыз зиялылары ортақшыл болсын-болмасын есепке алынып, мобилизация ретімен алдымен керегінше Жетісуға жіберілетін болсын; 3. Жетісу облысындағы жуан-жұдырықтардан зорлық көріп, жерсуынан айырылып отырған еңбекшіл қазақ-қырғыздарды қорғау үшін, айрықша қазақ-қырғыз азаматтарынан əскер жасалсын. Бұл тілекті іске асыру үшін, тиісті махкамалармен сөйлесу міндеті қазақ-қырғыз бөліміне жүктелсін; 4. Əулие-ата съзінде əскерлік һəм əйел мəселелері қаралатын болсын. Съезге əр бір комиссариат баяндама беруге міндетті болсын. Жер мұңы Ақмешіт уезіне қараған Шиелі дейтін жер бар. Шиелі – жері құс ұшса қанаты күйетін, ат шапса тұяғы күйетін ұзындығы 100 шақырым. Көлденеңі 70 шақырым. Су жоқ, құдық жоқ жол болатын еді. Қаратаудан
Сырға қарап көшкен елдің адамы өліп, малы қырылып, Сырдарияға əрең құлайтын күндері болушы еді. Сондықтан, ол «Шиелі» деп аталып кеткен. 1886 жылы халықтың қадірлі адамы Жүзбай деген ақсақал Жөлек болысының адамдарын жинап, бастарын қосып, «Найман арықтан» Сырдарияға саға шығаруға арық қазып, Шиеліге жеткізуге кеңес қылды. Ол уақыт Шиелі аймағы Жөлек болысына қарайтын. Халықтың басты адамдары Жүзбай ақсақалдың бұл сөзін ұнатып, үй басына ынтымақпен бір адамнан арық қазуға кісі шығарды. Найман арықтан Сырдариядан саға шығару 3 жылға созылды. Демек, 3 жылда арық қазылып, Шиеліге жеткізілді. Бір жерден тоған байлап, ол жер тоған атымен «Ақ тоған» аталды. Тоғанды бекітіп болған соң əр ауыл бөліп тауға қарай, тараутарауға арық қазып, егін еге бастады. Арық суы мол, маңайы абат болды. Егінді жұрт көп алды. Ішкен мас, жеген тоқ дегендай-ақ, жұрт алдына қой, түйе салып малдана бастады. Əр жерде бақ, ағаш егіп там салып қышлақ қылды. «Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды» дегендей, 1893 жылы ішкі Россиядан ауып келген крестьяндарға Ақмешіт уезінің начальнигі арық, жер суларыңды бересіңдер» деп əлгі жерге мекендеп қалған қазақтарға бір бұйрық қылды. Тұрғын ел берместің лажын қарастырған еді. Ескі хүкіметке қарсы шығып тұратын дəрмен қайда, арығын, жер-суын тастап босып шықты. Еккен егінін ала алмастан, жоңышқасын ормастан, бау-бақшасын, үй-мүлкін, егін-жайын бəрін де келгендерге тастап жұрт шұбырып кетті. Жерінен айырылған елдің қатын-балаларының зарланып қарғап, жылағандарын көрген адам аяушылық етіп, шыдап тұра алмады. Крестьяндарға қалған егін, жоңышқа ағаш, тамдар үшін қазынадан ақша береміз деген болып қазақты жұбатса да соңынан берілмеді. Келгендер даяр соны жерге ие болған соң, байи бастады. Жерінен айрылған сорлы қазақтар біреуі айлыққа, біреуі жылдыққа жалданып, орыстың егінін егіп, күндерін көретін ғана болды. Қазақтан алынған тамдарды бұздырып, дүкен қылдырып Шиеліге базар аштырды. Бауағаштарын кестіріп, қиратып тамдарына салды. Жерінің шетіне қазақ малы келсе айдап барып, қамап қойып ақша алатын болды. Егінін жинап алған соң, жерінің шөбін шаптырып, ел қондыратын болды. Қысқы күні жеріне мал келсе, байлап қойып ақша алады. Əр жылы арықты жаңалатып қаздырса, адам жалдап қаздырады. Қазақпен ортақ су ішетін арықты қазақ қазады. Тіпті осы уақытқа шейін қолына кетпен ұстап, арық қазатын қазақ, шөп шабатын – қазақ. Сөздің қысқасы, крестьян – қожа, қазақ – құл. Өзгеріс болғаннан бері зорлықпен тартып алған жеріміз не болар екен. Енді бізге теңдік болса жеріміз қайтарылар деген кедейлердің үміті зор еді. Шиелі аймағындағы жұмыскер тарапынан өкіл сайланып, 9-кеңестер съезіне бардым. Ондағы керекті мəселенің бірі жер болған соң жер туралы шығарылған қаулыларды елге барып, ескі хүкімет заманындағы
күшпен алынған жерлер қайтарыс болатын болды деп жарияладым. Қуанғандарынан жылап, көзіне жас алғандар болды. Кеңес хүкіметіне алғыс білдіргендер де көп болды. Бірақ, қарны жуан атқа мінгендердің біразы қарсы келді. «Ей, бұл болмайтын жұмыс қой. Неше жылдан бері бауыр басып қалған крестьяндар – қазаққа жер қайтып беруші ме еді?» деп, баяғы патшаларының көзі тұрғандай-ақ, менің сөзімді өтірікке шығарып, жұрттың көңілдерін суытты. Кеңес хүкіметі аман болса көзі жасты, көңілі жарым қазақ еңбекшілеріне көзінің қырын салып жуанжұдырықтарға жем қылмас, 9-шы съездің қаулысын орындар деген үміттен айырылмаймыз. ТурЦИК қасында айрықша қазақ-қырғыз жұмысын басқаратын бөлім ашылды дегенді, «Ақ жол» көріп, жоғарғы жер мұңы деген жайды қазаққырғыз бөлімінің құлағына саламыз. Ғ.Берденұлы Қапал уезі Қапал уезіндегі Ақсу жағасында елу үйлік Абакумск деген казак-орыс қаласы бар. Бұлар дəуірлеп тұрған Николай заманында жерлес отырған қазақтың бəрін көшіріп, қыстауларын, егіндік тоғандарын тартып алған, неше рет ел шауып, қазақтың көбін сотқа көгендеп, көздерін түрмеде жылтыратқан. Жер туралы қазаққа тісін қайрап «сені ме!» деп жүретін бұл орыстар 18 жылы Кеңес үкіметі құрылып, əскер басы Мамонтов, Иванов һəм Петренкелер барғанда, қару-жарақ асынып, баяғы өштескен таныс қазақтардың қыстау, қора-қопсы мекендерін өртеп жіберген. Малын, нəрселерін талап алған. Бұлардың қолдарына түспеген елдер Балқаштағы құмға қарай үркіп, көшіп кеткен. Нақ сол жылдың май айында Қызылқайың, Діңгек, Жаман Ақсу деген жердегі қалың қазақ қыстауларын өртеп, жарақты бұйымдарын кірелеп қалаға артқан. Бұлар мұны істеп жүргенде, Қапалға жақын Арасан деген қаланың казак-орыстары қоныстас қазақтарды шауып, сулы жердегі қыстаулардың бəрін өртеп, елін бостырып, Қытайға қарай асырып жіберген. Абакумскінің орыстары болса қарайған қазақ қыстауларын жоқ қылып, жиырма шақырым шамасында отыратын қазақтың ұясы Қарағаш деген жердегі қалың қыстауға кетіп, үйлерін талап, от қояды. Мешітіне бір-ақ сіріңке (кеуірт) жағады. Ақырында бай-жарлының там-қораларын жоғалтып болғаннан кейін, керекті жиһаз-мүліктерді үлеске салып, бөліп алады. Сөйтіп, сол жердегі қазақтар орасан жəбір көріп, осындай дүниенің кемтар кезінде мұқтаждыққа ұшырап отырған жайлары бар. Ілияс Жансүгірұлы
Қазақстанда Қазақстан Кеңесшіл Республикасының Совнаркомы мынадай қарар шығарды: Қазақ жеріне шеттен келгендер келуі, жергілікті халықтар өздері орналасқанша тоқтатылсын! Бұл қарарды шығаруға себеп болған нəрсе, жергілікті халықтың, қазақтың қала болып орнығып отыруға тілегі көбейгендік. Əсіресе, Орал облысының қазақтары (адай, табындар) отырықшы болу ойлары. (Мəскеу газеттерінен) Жер маңызын тексеру Жақында біткен жалпы Россияның үшінші санатшылар съезі бүкіл Россия жерінің маңызын тексеріп шығуды керек тапқан. Мемлекет мақсаттарын орындау керек. Һəм еңбек қарызын өтеуге тиіс кісілердің есебін алу турасында да сөз қозғалған. Бұл өте керек. Һəм жаңа мəселенің бірі. Жер мəселесі туралы Аспандияров һəм Паскуцкий ұсынған һəм Түркістан аймақ партия комитетінде қабыл етілген жобалар 1. Түркістанда тарихи жер пайдалану əр түрлі халық шаруашылығына қарай болып келе жатқан Түркістанның кəсібі. Жетісу һəм Сырдария облыстарында осы күнге шейін жер пайдалану істерінде, ескі атамзаманның тəртіп заңдары қалған. Сарт-өзбектердің бəрі жатақ болса да, қырғыз-қазақ һəм түрікпен елдерінің көбі бұл күнге шейін көшпелі болып мал шаруашылығында жүр. Түркістанға келген орыс капиталы сауда істерін ілгері жүргізіп, қара халық арасында көп жаңа саудагерлер туғызса да, халық шаруашылығы ішінде ешбір өзгеріс етпеді. Халықтың көбі болған қырғыз-қазақ, түрікпен еңбекші дихандары һəм саудагерлері осы уақытқа шейін байлардың, манаптардың һəм атқамінерлердің құлдығынан, өздерінің қуатсыз болғандығынан босана алмай келе жатыр. Ескі патша хүкіметі һəм орыс капиталы өздерінің сауда һəм жер саясатымен кедейшілік көбеюіне себеп болып, қор болған ұлттар арасында тап зорлығын күшейтті. 2. Ескі патша хүкіметі Түркістанды алғаннан бері ішкі Россиядан мұжықтарды Жетісу, Сырдария, Ферғана һəм Закаспий облыстарына көшіруменен болып оларға көшпелі халықтардың һəм кедей дихандарының жерін тартып алып бере бастады. Ескі хүкімет келгендерінің жергілікті кедейлер жері, кедейлер бейнетімен баюына жəрдем етіп, көшпелі халықтарды жерсіз қалдырды. Сол себепті көшпелі халықтар жатақ болып, диханшылыққа айналу емес бұрынғы мал шаруашылықтарын
да алып жүре алмады. 1916 жылда болған хүкіметке қарсылық оларды тоқтату үшін жіберілген патша хүкіметінің əскерлері кедейлердің шаруасын бұзып, олардың мал-мүлкін һəм жерін келгендерге талатып алып берген. Сөйтіп кедейлердің өздерін талаған һəм басқа жұрттарға қашырған. 3. 1917 жыл октябрьде Түркістанда болған төңкеріс, жер һəм істерде болсын жаңартқан тəрбиелері болмады. Жергілікті кедейлер төңкеріс пікірімен, тап тəртібімен таныс болмаған соң һəм ұлтшылдық теңсіздігіне үйреніп қалғандығынан Октябрь төңкерісінің алғашқы кездерінде Түркістандағы хүкімет істері азғана болған орыс еңбекшілерінің қолында болды. Олар ішкі соғыс себепті кіндіктен ешбір жəрдем көре алмай, Түркістандағы кедейлердің бастарын қосып, əртүрлі ұйымдарға жинап, жер мəселесін шешуге жəрдем ете алмады. Түркістандағы ішкі соғыс Россиядағы ішкі соғысқа ұқсамайды. Ондағы ішкі соғысқа байлардан өздерінің жерлерін қорғау үшін, еңбекші дихандар да араласқан. Түркістандағы ішкі соғыс шаһарлар, темір жол бойында болып, кышлақ-ауылдардағы еңбекшілер арасында болмаған. Кеңес хүкіметіне ескі түрлер һəм байлар араласып ұлтшылық теңсіздігіне үйренген жергілікті халықтар ішінде тап тартысы болмағандықтан, оларға бұрынғы келгендер зорлығын істей берген. Көп болған жергілікті еңбекшілердің пайдасы үшін еш нəрсе істемеген Россия да жердің бəрін еңбекшілерге беру һəм жер пайдалану туралы шыққан заң-закондарды Түркістанда шешу үшін емес, келгендердің пайдасы үшін көшіріп алған. Сондықтан Кеңес хүкіметін жамандап, қара халық арасында хүкіметке қарсы үгіттеуге байларға, ғұламаларға жол ашық болған. Кедейлер ішкі Россиямен қатынасу басталған соң Түркістанда ұлт-ұлтшылық мəселесін шешуін қойса да, хүкімет арасында байлар, манаптар, ғұламалар кіріп болғандықтан өздерінің тап мақсаттарын жеріне келтіре алмаған. 4. Жергілікті кедейлер шаруашылық бүліншілігіне һəм байлар зорлығына көне алмай, Россия еңбекшілеріне қосылуға айналды. 5-Түркістан кіндік партия желісі Түркістанда жер мəселесінің қандай ретпен шешілуін ашып, 9-Кеңестер съезінің жер мəселесі туралы шығарған қарарларының жобаларын салып қойған. Сонан кейін жатақ, көшпелі халықтармен келгендердің һəм казак-орыс ауылдарының жер пайдалану туралы ТурЦИК-тің шығарған қаулылары кедейлерді байлардың қысымынан құтқаруға бастаған. 9-съез болғалы жарты жыл өтсе де, осы уақытқа шейін жер комиссариаты һəм оның бөлімдері қышлақ ауылдарда жер мəселесін шешуге еш нəрсе істелмеген һəм істей де алмаған. 5. Осы уақытқа шейін жер мəселесінің шешілмегендігі, кеңесшіл хүкіметке сенімсіздік туғызады. Шаруашылық жағын тездету үшін хүкімет кедейлерді байлар мен атқамінерлердің зорлығынан құтқару керек. Кедейлер жер пайдалану
істерінің өзгертілуін керек деп білсе де, өздері бұл істі өзгерте алмайды. Жер мəселесі кімнің жəрдемімен шешілетінін ғана біледі. Мемлекетте шаруашылық жайын түзету күн шығыста өзгеріс пікірлерін жүргізу зор болғандықтан, Түркістанда жер мəселелерінің шешілуі өте керекті болуға тиіс. Түркістанда жер мəселесін шешуге кіріскенде алдыңғы ретке Жетісу, Сырдариядағы қазақ-қырғыз кедейлерін орыс жуан жұдырықтарының зорлығынан құтқару керек. Бұл туралы кедейлерге етілген жəрдем жергілікті манап, байлар мен орыс қанішерлерінен босатуға себеп болады. 6. Жер мəселесін шешу үшін жер комиссариатын һəм оның түрлі бөлімдерін жақсы іс білетін һəм партиядағы адамдармен толтырып, жер пайдалану істері туралы жергілікті партия ұйымдарымен бекітіп, тексеріп тұруы керек. 7. Халық ішінде қышлақ-ауылдарда жер пайдалану мəселесі дұрыс істелуі үшін, партия һəм басқа хүкімет адамдары жергілікті бөлімдерді тексеріп тұрулары тиіс. һəм аз жерлі дихандарға хүкіметтің ілгергі шығарған қарарларын һəм жер мəселесінің шешілуін білдіріп өздерін осы іске кірістіру керек. 8. Жер мəселесін шешуге кіріскенде бай-манап, жуан жұдырықтардың өз еңбектерінен артық пайдалана алмайтын жерлерін алғандықтан һəм жер пайдалану істерін жергілікті халықтармен теңестіруге айналғандығынан уақ-түйек дихандар саны бұрынғыдан да көбейді. Уақ егін шаруашылығы мемлекетке де, дихандарға да пайдасыз болатындықтан, жерді күш біріктіріп, көптесіп істегенде ғана пайдалы болатындығын уақ дихандарға айтып түсіндіру. Олардың жерді жалғыз уақ шаруалық ретімен пайдалануын тастатып, өз ықтиярлығынша көптесіп жер пайдалану ісіне кірісуге əрекет ету керек. 9. Халықтың бастарын қосып ұйымдастыру. Һəм жер пайдалану істерін жақсылап өткеру үшін керекті болған істер: А) Кедейлер арасындағы жер пайдалану істерін ілгері бастыру үшін кіндікте, облыстарда, уездерде, жергілікті еңбекшіл халықтар үшін жер түзету курстарын ашу керек. Б) əр жерден кедейлердің жерсіз һəм аз жерлі дихандардың ұйымдарын ашу. В) Кедейлер надандығынан өздерінің тап мақсаттарын сақтау үшін əрекет ете алмайтын болған соң, еңбекшілдер арасынан байларды, манаптарды айырып, бір облыстан басқа бір облыска жіберу, керек болса Түркістаннан шығару. 10. Көшпелі кедейлерді жатаққа айналдыру һəм олардың жаңадан шаруашылығын пайдалы жолмен жүргізу үшін диханшылыққа жəрдем беру керек. 11. Еңбекшілдерді егін комитеттері аз жерлі, жерсіз дихандармен кедейлер ұйымдары арқылы көптестіріп мемлекет ұйымдарын шығару ісіне кірістіру керек.
12. Еңбекшілдерге диханшылыққа жəрдем еткенде əртүрлі кеңес шаруашылық ұйымдарынан мал, егінге керекті нəрселердің барлығын алып беруге тиісті. 13. Қышлақ-ауылдарды шаһарлармен жақындастыру үшін ұлтшылдық теңсіздігін жоғалту. һəм мұсылман кедейлерін Кеңес хүкіметіне сендіру. Шаһар кедейлері мен қышлақ-ауылдардағы еңбекшілдер арасын жақындастыру үшін партия өзінің ұйымдары һəм кəсіпұйымдары арқылы оларға əртүрлі жəрдем етіп тұруы керек болады. Ресми бөлім
Жетісуда жер Низамы
ТурЦИК президиумы бекітті:
Қожанов, Асфандияров, Сафаров Жетісудың областной
төңкеріс комитетінің
ЖАРЛЫҒЫ
Түркістан Республикасы 9-шы Кеңестер съезінің қарарына муафиқ һəм бірінші аймақтық қазақ-қырғыз еңбекшілер съезіндегі қарарға да муафиқ. Жетісудың жергілікті халқын жуан жұдырықтардан құтқару үшін һəм олардың Жетісуға правосын орыс қақымен теңгеру үшін, Жетісу төңкеріс комитеті лайықтайды: 1) 1916-1921 жылдың арасында қазақ-қырғыз, тараншы, дұнған еңбекшіл халықтарынан ықтиярлы-ықтиярсыз кесіп тартып алған жерлерді өздеріне қайтару; 2) Жер тартып алушыларды өздерінің бұрынғы 1916 жылға шейін тұрған поселкелеріне қуу; 3) Өз ықтиярымен жер тартып алушылардың жерді босататын мезгілі осы 1921 жылда егін айдайтын уақыттан басталсын. Жерден көшірілетіндердің еңбек нормасы мен мал-мүліктерін ала кетуге еңбекшіл һəм жарым еңбекшіл шаруашылықтардан артылған мүліктері жерінен ауғандарға, жəрдемге үйлестірілуге қазынаға түседі. Сөйтіп алдымен бұрынғы жер иелеріне жəрдем беріледі. Ескерту: бұған айтылғандар өте көп. Мүлкі, шаруашылығы бар жуан жұдырықтарға бермей, олардың мүлкі тұтасымен қазынаға алынып, өздері облыстан яки Республикадан қуылады. 4) Зорлықшылдар бұрынғы қаладағы мещаннан болса яки, жаңа келгендерден болса, я қалаға қондырылады, я бұрынға поселкелеріне қондырылады; 5) Зорлықшылдар айтылған мөлшерде көрсетілген орындарға көшпесе барлық мүлкі қазынаға алынып, өздері облыс шегінен қуылады; 6) 1916-1921 жылдардың арасында зорлықшылдар шыққан поселкелер, станциялар, қалалар еңбек нормасымен жер беріп, 1916 жылға
шейін тұрған поселкелеріне қайтуға міндетті. Егерде еңбек нормасымен жер жетпесе, жан басына тиген тиісті жерін береді. Ауыл ревкомдары (революция комитет) зорлықшылдарға берілген жер көптің көмегімен айдалып, тұқым себілуіне ыждағат етуі тиіс; 7) 1916 мен 1918 жылдардың ішіндегі қазақтың қыстауларының көп бұзылғандарын еске алып, зорлықшылдардың еккен егіні, қора-қопсы жерінен ауған қазақтарға берілсін. Ескерту: уез жер бөлімдері болыс һəм ауыл ревкомдері көшірілген зорлықшылдардың үй салуларына һəм ғайыры басқа реттеріне болсын, мүмкін қатарынша жəрдем беруге міндетті. 8) Зорлықшылдардың арасында еңбекшіл қызыл əскердің үй іштері көшірілгенде, Республиканың қазынасынан оларға жəрдем беріледі. һəм оларға жері көп поселкілерден толық еңбек нормасымен жер беріледі; 9) Жер көктеуі мен қазақтан басқа жатақ халықтарға қыстаулық, күзеулік жерлерге мал жаю тиылады. Ескерту: мал жайылатын жерлерде мал өсіретін артельдер белгілейді. 10) Əр түрлі поселкілердегі үй жуан жұдырық шаруашылықтардың есебін алу; олардың əрқайсының өлі бұйымдары мен мал-мүліктерін қазынаға алу; жуан жұдырықтардың өздерін Түркістаннан қуып көшіру. Бұл айтылған мəселелер облыс жер бөлімі уездік жер орнатушы комиссияның көрсетуі бойынша ғана шешіледі; 11) Қуылған жуан жұдырықтардың қалған шаруасын алдымен қондырылатын зорлықшылдарға берілсін. Ескерту: еңбегі сіңірілмеген шаруашылықтардың қыстаулары, алдымен жуан жұдырықтардың малайларының шаруасын түзетуге беріледі. Мұндай шаруашылықтарда бас қосып жер жырту мақұлданады. 12) Жуан жұдырықтардың қазынаға түскен мал мүліктері мен өлі бұйымдарының барлық артқаны қазақтың шаруасын бекітетін қазынаға алынады; 13) Жер жалдап алуды тыю, мұны бақылау уез жер бөліміне, қазақ кедейлері мен малайларының ұйымына тапсырылады; 14) Еңбек туралы шыққан низамға қарсы ауыл-қалалардағы кедейлер мен зорлықшылдар арасында болған əр түрлі шарттар: мəселен, жер жалдау, алыс-беріс, малайлық сияқты істер дұрыстыққа есептелінеді. Бұларды орнына келтіруді бақылау, жергілікті қазақ жарлыларының һəм малайларының ұйым бөлімдері мен еңбек бөлімдеріне тапсырылады; 15) Орыс ауылдары мен қазақ ауылдары арасындағы суды пайдалану ретінде айырым ашып қою. Бұл туралы істелетін іс 21-ші жылдың мартына шейін орындалуы тиіс. Бұл жұмыстарды жүзеге шығаруды, поселкілер мен жермен, я ғайыры (негізгі) алмасатын рет келсе, ол уақытта су жөнін облыс ревкомы мен жер бөліміне һəм екі жақ уəкілдерінен құрылған комиссияға тапсырылады; 16) Көшпелі мал шаруалығын ілгері бастырып, дұрыс қалыппен жүргізу үшін, көшпелілерге тоқтау болатын жайлардағы жолға салынған
əр түрлі қыстауларды орыс ауылдары поселке ғайыры мекендеген жерлерді болса да нығыздап, яки басқа жерлерге көшіріп болсын, көшпелілерге жол ашу керек; 17) Жатақ егінші халықтар мен көшпелілер үшін, тезірек еңбек жер нормасын шешуге кірісу керек. Бұл жұмыс областной жер бөлімінің жанында болатын айрықша комиссияға тапсырылады. Еңбек нормасы көшпелі қазақтардың шаруашылығына қарай, керегіне жеткілікті мөлшер мен һəм нағыз егіншілерге (жатақ қазақтарға, қара шекпендерге, дұнғандарға, бұрынғы казак-орыстарға, қаладағыларға) еңбек нормасымен жасалуы керек. Қалада отырғандар 1916 жылға шейін түп кəсібі ауыл шаруашылығы болса һəм жалдама еңбекпен пайдаланбаған болса, жер ала алады. Ескерту: осы жарлыққа муафиқ қалада отырғандардан алынған қала айналасындағы 8 шақырымға шейінгі жерлер, алдымен қала шаруашылықтарына, кооперативтерге, кəсіпшілер ұйымына, кеңес һəм басқаша əлеумет ұйымдарына жазылғандардың шаруасын түзеуге беріледі. 18) Қара шекпендерге кесіліп пайдаланбаған жерлер айрықша учаскесіне, оброчный статьялар, жергілікті халықты орналастыратын жер қазынасына кіреді. Ескерту: бұл жерлерге жергілікті халықты орналастырып болғанша, осы жылдан бастап жергілікті халықтың жеке пайдалануына берілсін. 19) Областной жер бөлімдері барлық облыстағы мал-мүлік һəм өлі бұйымдардың артылғандарын, жұмыс малдарын тиісті орындарымен қазақ кедейлерінің жер жыртуға пайдаланып тұруын ескеріп, оларға өте қажет болса артылған мүліктерді ықтиарсыз алып беруге болады; 20) Осы 21-ші жылдың ішіндегі кедейлердің қызыл əскерлерінің, үй іштерінің һəм көшіріліп, қондырылған зорлықшылдардың жерін айдап, егіндерін ору үшін жетілер жасау. Бұл туралы облыс еңбек қарызын жүргізу. Ескерту: осы жетілерде орыс халқының жері айдалғанда жергілікті халық еңбекшілерімен пайдалану болмасын. 21) Кедейлер шаруасы үшін тұқым қазынасын ашу; мұның үшін алдымен мемлекет тұқым қазынасын соған жарату. Облыста орыс пен жергілікті халықтар арасындағы көрсетілген барлық жұмыс 21-ші жылдағы екпінді жұмыстан саналады. Һəм облыс жер бөлімінің нұсқауымен айрықша обкомның, орыс ревкомының, облыс жер бөлімінің уездерде, уезком партияның ревкомының һəм ТурЦИК-тың жерінен ауғандарға жəрдем беретін комиссияның уəкілдерінен жасалған уез комиссиясымен жүзеге шығарылмай, бұл комиссиялар өз алдарына жеке бір кеңсе жасамайды. Уез жер бөлімінің һəм басқа кеңес мекемелерінің кеңселерінен пайдаланып, оларға жер орнату жұмысына нұсқау көрсетеді. Басқа кеңес мекемелерінің бөлімдері, жер орнату туралы өз алдарына жұмыс жүргізбейді. Жүргізейін дегенмен мақсаттарын облыс жер бөлімі арқылы һəм жер орнату комиссиясы арқылы жүргізеді.
Барлық кеңес партия һəм кəсіпшілік ұйымдары Жетісу облысында жер орнату туралы жұмыстарға һəм оның ілгері басуына жəрдем көрсетуге міндетті. Қазақ-қырғыз жарлылары һəм олармен бірге ұйымдасқан жалшылықта жүргендер бұл жұмысқа барлық күштерін салып, өздерінің съездегі уəкілдерінің нығайтқан жұмыс жоспарын жандандыруға міндетті. Облыс ревком бастығы О.Жандосов. Мүшелері: Позонишев, Атабаев, Сыдықов, Куров, Розыбақиев, Бөрібаев, Липпа, Субботин, Хожиқов, һəм Бурнашев. Облыс жер бөлімі: Балиев, Чимкот, Полочанский. Ішкі хабарлар Жер еңбекшілерге! ТурЦИК-тің 18 февральдағы шығарған қаулысы бойынша, бұрынғы хүкімет тарапынан тұқым шашылатын жерлер жерсіз һəм жері аз дихандарға бөлініп беруі үшін, жергілікті жер бөлімдерінің ықтиярына берілетін болды. Əлгі жерлердің барлық жұмысын жергілікті халықтың нағыз кедейлеріне таралып беріледі. Ресми бөлім Жерсіз һəм аз жерлі дихандар ұйымдарының жобасы Ұйымның мақсаты һəм міндетті істері 1. «Қосшы» һəм аз жерлі дихандар ұйымдарының негізгі міндетті ісі болып табылады. Еңбекшілерді бірлестіріп, ұйымдастыру халықты бай-жарлыға айыру, жолын қышлақ ауылдарда орындау һəм ауыл жарлыларынан еңбекшілер ұйымдарын жүзеге шығару; 2. Ұйым міндетті жұмысым деп тұтады: а) еңбексіз, кісі еңбегімен күн көруші шаруашылықтарды түбімен құртуды ə) азық-түлік һəм шаруашылықтарынан өнетін нəрселерден пайдалану жолындағы тұтқан жобасын жүзеге шығаруға б) еңбекші артельдер һəм ұйымдасып жер егу жұмыстарын ашуды в) барлық мүшелерінің білім көзін ашу, өз міндетін өзі түсінуді ұғындыру, ұйымдасу ниетін жүзеге асыруды г) əр түрлі кеңес кеңселерінде құқықтарын сақтамақ үшін уəкілдер жіберуді; 3. Осы жоғарыда айтылған мақсаттарына жету үшін ұйым ұмтылады: а) тиісті ұйымдар арқылы жер заңын жүзеге асырған уақытта ауылдардағы еңбегі кісі пайдасына кетіп жүргендерді көзге көрсетуге ə)
хүкімет кеңселері арқылы бай, жуан жұдырықтардың жер-су һəм тірі, өлі мүліктері пайдалану жолымен сол жердегі халықтың алдыңғы қатарына теңестіру үшін айрықша шаралар табуға б) шаруашылық ұйымдары азықтүлік жинап бөлген уақыттарда, азық-түлік салығын орындаған уақытта азық-түлік ұйымдарына жəрдемдесуге һəм оның дұрыс орындалуына бақылаушы болуға в) əр түрлі себептермен уақытында жерлерін айдап ала алмай қалатын кем-кетік мүшелердің жерлерін айдасып, жəрдем беріп тұру үшін көптің еңбегімен көмектесіп, айдалып жəрдем беруге г) ұйымның мүшелері арасында шаруашылық білімін таратуға-тырысуға, ғ) мектеп, клуб, қирағатхана, ауыл-шаруалықтарының курстары секілді хүкімет кеңселері арқылы білім жұрттарының ашылуына жəрдемдесіп іске асыруға; 4. Ұйымға кіре алатындар: 1) ұйымға кіре алады а) ауыл шаруашылығының қызметкерлері, ортақшылары, ауыл шаруашылықтарының жалшылары, бағбандар еңбек-шіл серікшілдер, яғни «Қосшы» деп аталатындар ə) аз жерлі дихандар, яғни қазына кесімімен жері аздар, алғы диханшылық кəсібін қылатындар, көлік қамыт-сайман жоқтықтан кісіге жүріп, еңбегін жегізіп отырғандар б) қол кəсібіндегілер, орта еңбекшілер, егер сол жерде қол кəсіпшілерінің өз алдына кəсіпшілер ұйымдары болмаса, егер қол кəсібіндегілердің көбірек істейтін жұмысы диханшылық болып, қол кəсібі əшейін-ақ бір кəсіп болса, ол уақытта олар дихандар ұйымына кіруге міндетті. Түркістандағы кəсіпшілердің екінші съезінің қаулысына муафиқ кəсіпшілер ұйымдарының мүшелерінен орындауы сұралатын істерге қол кəсіпшілерінің ұйымдарының мүшелері де қабыл болса керек. Түркістан қазақ-қырғыз еңбекшілерінің тұңғыш съезі (Əулиеата, 20-30 январь 1921 жыл) 25 январь ерте мəжілістің аяғы Жер-су мəселесі Жер-су мəселесі туралы Түркістан Республикасының аймақтық жерсу мекемесінің атынан жолдас Аспандияров һəм М.Есполов баяндама қылды, кешкі жиылыс сағат 5-те. Жер-су туралы Қаулы Жер мəселесі туралы Түркістан Республикасының жер комиссариатының баяндамасын тыңдағаннан кейін Түркістан қазақ-қырғыз еңбекшілерінің бірінші жалпы съезі бұл туралы Кеңес хүкіметінің жер саясатын мақұлдап төменгі қарарларды шығарды: Қазақ-қырғыз халқын жем қылған жуан жұдырықтармен аянбай алысуды съезд серт қылып, Кеңес хүкіметінің жер саясатына қайшы кел-
гендер тартып алып отырған қазақ-қырғыз еңбекшілерінің жерін өздеріне қайтып əпермесе, езілген, жаншылған еңбекшілердің ауыр халы жеңілденеді деуге болмайды. Көктемнен бастап жер заңын тоқтаусыз өзгерту һəм іске асыру үшін қолданатын негіздер мыналар: Еңбек мөлшерінен артық иемденіп отырған, келген қара шекпендердегі һəм казак-орыстардағы жерлерді алып, қазақ-қырғыз кедейлеріне еңбек мөлшерін үйлестіру керек. Келген қара шекпендер һəм казакорыстар зорлықпен орнап пайдаланып отырған жерлер қазақ-қырғыздың өзіне қайтарылсын. Суды пайдалану жөні реттелсін! Қазақ-қырғызбен кел-гендер сумен əділ тең пайдалансын! Шөлейт жерлер суарылсын! Жаңадан арықтар қазылсын! Бұрынғы мемлекет һəм қазына жерлері қазіргі кеңесшіл мемлекет һəм қазына жерлері қазіргі кеңесшіл мемлекет мүлкі саналып, бұл жерлерге қазақ-қырғыздарды орналастырсын! Көшпелі елдің мал айдап өтуіне көлік, жол ашылсын! Қазақ-қырғыз еңбекшілеріне соқа-сайман, жұмыс көлігі берілсін! Бұлар мемлекет қоймасынан һəм келген жуан жұдырықтардың, байлардың, манаптардың қолындағы артықтарынан алынсын! Көшпелі кедейлерді орнықтыру мақсатын көздеп, шөлейт жерлерді суландырудың қамына тез кірісілсін! Жер заңын жүзеге асырудың тетігі, қазақ-қырғыз еңбекшілерінің бірігуінде, ұйымдасуында. Сондықтан істеліп жатқан түрлі шаралардың қатарында қазақ-қырғыз еңбекшілері арасында ұйымдастыру, түсіндіру жұмысын тиісті ұйымдар, мекемелер тезінен қолға алу керек. Жер заңын көңілдегідей жүргізу үшін қазақ-қырғыз еңбекшілерін жақсылап ұйымдастырып көзін ашу үшін съезге келген уəкілдердің арасынан һəм бүкіл Түркістан Республикасында таралып, шашылып жүрген қазаққырғыз еңбекшілеріне жаны ашитын, азат болуына аянбай қызмет қылатын зиялы азаматтарды тағайындау керектігін съезд лайық көреді. Съезд еңбекшіл казақ-қырғыз халқының атынан бүкіл зиялы қазақ-қырғыз қызметкерлеріне, қан жылаған халқына жаны ашитын азаматтарына ұран салып, қазақ-қырғыз еңбекшілерін ұйымдастыруға һəм олардың жаулары жуан жұдырықтармен бай-манаптармен алысуға шақырады. Көшпелілердің мал шаруашылығы туралы қарарлар Қазақ-қырғыздардың мал шаруашылығын сақтау, мал тұқымын өрбіту һəм асылдандыру туралы съезд төменгі қараларды шығарды. Түркістан хүкіметі тезінен мынандай шараларға кіріссін: 1. Көшпелілерге жеткілікті жер берілсін! Қолданатын негіздер жайлаулық, қыстаулық, шабындық һəм өз ішіп-жеміне жетерлік егістік жерлер мол болу. Жер лайықтанғанда халықтың өсімі ескерілсін! Малының өсуі, өрбуі еске алынып, жайылым жолы су аты жеткілікті болсын! 2. Көшпелілердің шабындық жерлеріне мал асырайтын ғайыры ұйымдар мал салу тоқтатылсын. 3. 1916 жыл Жетісуда һəм Ферғанада генерал Ивановтың карательный отряды ойран салғандықтан, һəм 1918-19 жылдардағы ішкі соғыстың
əлегінен малынан айрылған көшпелілерге мемлекет есебінен тұқым малы берілсін. Лепсі, Қапал уездеріне тұқым, мал беру шарасына кіріскенде өте сақтықпен, жай адамдар пайдаланып кетпейтін жағын ескеру керек; 4. Мұның үшін əскерлік керегінен шыққан тұқымдық иелерді һəм компрод қарауындағы малдардан (сиыр, қой, ешкі) алыну жағы қаралсын. 5. Ескі переселен мекемелер мал бағуға деп алған жерлерді һəм жерсіздерге үлестіргеннен артылып қалған жерлерді мал шаруашылығы үшін пайдалану керек. 6. Көшпелілердің мал тұқымын өрбіту үшін 1 февральдан 1 майға шейін, яғни түйе «шөгетін» мезгілде інгендер, буралар лауға алынбайтын болсын. 7. Көшпелілердің мал тұқымын кемітпеу үшін азық-түлікке қолдан келгенше шет мемлекеттерден мал сатып алу шарасы қаралсын; 8. Қора-қопсы салу үшін ағаш, қамыс тегін берілсін. 9. Сақтық үшін əлеумет керегіне шығып отыратын пішен үюге, пішен шабуды міндетті қылатын низам шығарылсын. Жоғарғы қарарларды жүзеге шығару шаралары: 1. Көшпелілерге үйлестіру үшін мемлекет тарапынан асыл тұқымды малдар өсіруге кірісу керек. Ондай тұқымдар: қалмақ сиыры, қойы, қырдың құйрықты қойы һəм жылқылары, Дон жауміт малдары. 1-ші шарт, көшпелілердің мал тұқымын асылдандыру болсын; 2. Көшпелілерге айғыр, бұқа, қошқарлар берілсін; 3. Орталық жерде мал жайылатын орын болсын; 4. Үлгілі қой өсіру орны жасалсын һəм мұнда тері иленетін болсын. Бұл күнге шейін Түркістанда мұндай іс некен-саяқ болмаса, дағдыланбаған жұмыс, көшпелі елдер мұнан тері илеуді үйрену керек; 5. Көшпелілер үшін ел аралап жүріп, пішен шабатын (əлеумет маяларын даярлауға) шөп машиналары, тырнауыштары болсын; 6. Асыл тұқымды малдарды сатып алу үшін адамдар тағайындалсын; 7. Мал шаруашылық үйрететін шаруалық мектептер ашылсын; 8. Мал дəрігерлігі күшейсін; 9. Үлгілі қыстау, қора-қопсы салу шарасына кіріссін; 10. Көшпелі халықтың мал шаруашылығына зиянды аңдарды құрту үшін аушылар ұйымдары құрылсын! Жолдас Сафаров сөзі Жер-су мəселесі турасындағы қаулы қабыл етілгеннен кейін жолдас Сафаров сөз алып мынадай дейді: Жолдастар! Қазір, жер-су хақында қымбат қаулыны шығарып отырсыздар. Бірақ, бұл қаулыны жүзеге шығару сіздердің өз міндеттеріңіз. Ішкі Россияда Кеңес хүкіметі құрылуменен, 17-18-ші жылдардағы жер-су турасындағы əр түрлі заңдар шығарды. Ол шығарған заңқаулыларды Россия еңбекшілері мекемелер құрып, барлық жер істерін өз қолдарына алды. һəм іс жүзінде майданға шығарды.
16-шы жылдан 21-ші жылға шейін қазақтың жері таланудан тоқталған жоқ. Бұл талану, тартып алу өздерің іс басына отырып, жұмысты өз қолдарыңа алсаңдар ғана тоқталады. Жер-су мəселесі турасында, ұлтшылдықты қолдануға болмайды. Заман ұлттар күресінікі емес. Таптар күресінікі болып отыр. Қазір бізге езілген таптардың күресі керек. Сол үшін Түркістан аймағында орыс халқының еңбекшілерімен бірге өздеріңді құлдықта тұтып келген жуан жұдырық мұжықтар, өздерінің зорлықшыл, атқа мінерлерінің төбесін тесіп, араларынан жоқ қылулары керек. Қожановтың сөзі Онан соң жолдас Қожановқа сөз берілді. Қожанов: қазір, жер-су турасында жақсы қаулыны қабыл алып отырсыздар. Мен бұл туралы біраз сөз айтып өтпекшімін. Түркістанның топырағында, ондағы отырған халықтар сыры белгілі. Бұл шығарылған қаулыға түсінбестіктер болып жүрмесін. Шығарылған қаулыда қазақ-қырғыздан 16-шы жылдан бері қарата тартып алынған жерлер қайтарылсын. Өз күшіменен бейнет қылмаған адамдардың жерлері алтын һəм əркімге еңбек мөлшеріне ғана жер берілсін деген қаулы болып отыр. Осы қаулыға түсінбестік қылып орыстың жерінің барлығы алынады деп жүрмесін. Қазақ-қырғыз кедейі өз ақысын өзі талап қылып өзі ұстануы тиіс. Қазақ-қырғыз кедейіне енді, «я өлу, я өлтіру» күресі кез келіп отыр. Бүгін топтанып келіп, əр түрлі қаулылар шығарып, ертең қатын-баланың қасына барып жатып алуға болмайды. Белсеніп істеу керек. Өткен күн таңдайларыңа татыған шығар. Енді қазақ-қырғыз кедейіне таласу, тармасу, талап қылу қалды. Жолдас Сафаров сөзінің ішінде айтып кетті: қазақ-қырғыз кедейлері ішкі Россиядағы еңбекшілерден үлгі алып, жер-су жұмыстарын қолдарына алуға тиіс деп, қазақ-қырғыз еңбекшілеріне қимылдайтын кез жетті. Бұл турада қарсылық көрсетушілердің төбесін тесу, қазақ-қырғыз кедейінің өз мойнындағы жұмысы. Елдегі молдалар, ғұламалар кісінің ақысын алуға жарамайды деп жұртты азғырар, теріс үгіттер. Бірақ, қазақ-қырғыз кедейі бұл жұмыстың барлығынан кешіп, мұнан соң алданудан сақтану керек. Бұл істеріңде Кеңес хүкіметі һəм оның жол басшысы болған Ортақшылдар партиясындағы азаматтар сіздерден бар жəрдемін, күшін аямайды. Егер осы жұмыс іс жүзінде майданға шығарылмай қалса, оған қазақ-қырғыз кедейінің өздері айыпты. Мұнан соң бірнеше жолдастар жер-су мəселесі жайынан сөйлеп, осы істелмекші болған шаралар 21-ші жылдың көктемінен қалмай басталса екен деген тілектер айтты.
Жер мəселесі Гавриловка-15. Жер бөлімдерінің съезі өтті. Жер-су комитеттері алдымен жергілікті мұсылман еңбекшілеріне жер беру керек деген қаулы шығарған. Қазақстанда Қазақ Республикасында жер пайдалану тақырыпты уақытша жоба: 1-Жалпы халық съезінің қаулысы бойынша Семей, Ақмола, Орынбор, Торғай, Орал, Бөкей губернияларындағы һəм Адай уезіндегі жердің бəрі де – ол жерді кім пайдаланып отырғаны бəрібір – Қазақ Республикасының жері деп саналады. 2-Еңбекші қазақ, казак-орыс, мұжық басқа еңбекші халық өзінің бұрын пайдаланып отырған жеріндегі егіндік, шабындық, жайылым, суат, көш жолы, мал айдайтын жолдармен пайдаланады. 3-Біреудің пайдаланып отырған егіндік, шабындық, жайылым, суат, көш жолы, мал айдайтын жолына, басқа кісі өз бетімен барып ие болу закон бойынша жаза салып тиятынбыз. 4-Ешкімге де (қазақ болсын, орыс болсын, мұжық болсын, артель коллективі болсын) бірінен-бірі жерді сатып алып, я жалдап алып я күшін сатып, жерді саудаға салып, түрлі шарттар жасауына болмайды. 5-Қазақ жерінде, казак-орыс жерінде, мұжықтың жерінде де отырып, жер пайдалану уақытша, бұрынғы қалыпша һəм үшінші, төртінші статьялардың қосуынша болады. 6-Егін егетін, бақша салатын жер, шабындық жайылымдарды (қазақтың қысқы тебіні, жазғытұрым мал жаятын жері, жайлауы, күздігі) бесінші статьяда көрсетілген жерлерден, пайдаланушылардың əрқайсына ауылдық совет, поселковый советтер еңбекші шаруалардың ешқайсысы да ұтылмайтындай қылып бөліп береді. 7-Артель, коллективтердің уақытша пайдалануы үшін егін егетін жер, бақша салатын жер, шабындық-жайылымдарды (қазақ артельдері үшін – қысқы тебін, жазғытұрым мал жаятын жер, жайлау, күздік) жергілікті болыс жер бөлімі (уездзем – отдел), я станция жер бөлімі, бесінші статьяда көрсетілмеген жерден, сол жермен пайдаланып отырған еңбекші шаруаларға зиян тигізбей бөліп береді. 8-Қазына малы үшін уақытша жайылым, суат, мал айдайтын жолдарды губерния жер бөлімі жергілікті жер бөлімімен бірігіп жергілікті еңбекші шаруаға зиян тимейтін қылып алып береді. 9-Көштің жолы, жол бойындағы суат, жайылымдар уақытша сол жолмен көшетін көшпелі елдің бəріне бірдей ортақ. Көшпелі ел ол жерді пайдаланғанда 4-5 ші һəм 10-шы статьяларда көрсетілген тəртіптерді бұзбай, отырықшы елдің шаруасына зиян тигізбеске керек.
10-Егінге, бақшаға, шабындыққа, мал бағатын шаруалардың тебінге, күздікке деп қорып отырған жайылымдарына мал түсіру заң бойынша жаза салып тиятын іс. 11-Потрава тақырыпты істер народный соттың қарамағына беріледі. Мұндай істерді народный сот, басқа істерден бұрын жазу-сызуын көбейтіп созбай тексеріп шешеді. Потрава мойнына қойылған кісіге (10шы статья) жаза кесіліп, оның үстіне жер иесіне тиісті шығын төленеді. Қазақ кіндік комитетінің председателі Сейітқали Мендешев. Секретарь Смагұл Садуақасов. Орынбор, 1921 жыл, февральдің 7-сі. Ресми бөлім Жерсіз һəм аз жерлі дихандар ұйымының жобасы (басы 20-шы санда) Ұйым мүшелерінің ақша жөнінен міндетті істері 1) Кіру салығы 50 сом болады. Оны кірген адам кірісімен төлеуі тиіс. 2) айлық салық əр айға 50 сомнан болады. Ескерту: - ауылшаруашылыққа кəсіп қылып, қолында ақша ұстамайтын мүшелер айлық мүшелік салықтардан құтқарылады. 3) 3 ай мүшелік салықты төлемеген мүшелер ұйымнан шыққан есептеледі. Ескерту: 3 ай мүшелік салықты төлемей шығып қалған мүшелер, хүкімет жұмыстарын орындау турасындағы мүшелердің міндетінен құтыла алмайды. 4) мүшелік һəм кіру салықтарының мөлшері жалғыз ұйымның аймақтық съезінде ғана өзгертілуге болады. 5) Бір-бірінен жоғары дəрежеде тұрған ұйымның, ячейкаларының ақша турасындағы аймақтық съезд, яки аймақ басқарманың қарамағымен белгіленеді һəм кəсіпшілер ұйымдарының кіндік кеңесімен нығайтылады. Бұйрық-жарлықтар Жерсіз һəм аз жерлі дихандардың ұйымдарын ашу туралы жоба: 1. Аз жерлі һəм жерсіз дихандардың ұйымдарын ашу ортақшыл партияның облыстық комитеттерінің қасында ашылатын облыстық ортақшыл партия комитеті, облыстық жер су бөлімі облыстық кəсіпшілер кеңесі һəм ноғай жұмыскерлерінің облыстық ұйымының уəкілдерінен құрылатын облыстық комиссияға жүктеледі.
Ескерту: Комиссия өздерінің жұмысына керек адамдар үшін дихандар ұйымының қаулы тезімен пайдалана алмайды. һəм оған сену керек емес. Бірақ, ұйымның жалғыз мүшелерінен пайдалануына болады. 2. Облыстық комиссия осы бұйрықты алған бойда ашылады. Һəм іске кіріскені туралы ортақшыл партияның кіндік комитетін һəм оның ұйымдарын ашу нұсқаушы бөлімін хабарландырады. Соңғы айтылған бөлім комиссияға əр уақытта нұсқау жолын көрсетіп, тұратын болған себепті, комиссия ол бөліммен қолма-қол қызмет қылып нұсқаулар алып тұрса керек. 3. Ашылған болыстық комиссия дереу істейтін істерінің жол-жобасын түзетеді. Керекті кітаптарды, плакаттарын, жарнамаларын даярлап болып, жер-жерде ұйым ашу жұмысына кіріспек үшін комиссияның мүшелерінің көбісі уездерге кетеді. Комиссияның тұтқан жобасын орындамақ үшін əр уезде айрықша дайындалған адамдары болады. 4. Айрықша дайындалған адам, яки облыстық комисcияның мүшесі жіберілген жеріне келген соң ортақшыл уездік комитеттен өзіне үш адам нұсқаушы алады. Бірақ, уездің жер су бөліміне адам бер, пəлен бер деп айтуға ерікті емес. 5. Нұсқаушыларды уезге жіберместен бұрын облыстық комиссияның мүшесі, яки айрықша дайындалған адам оларды ұйымның мақсаты, міндеті, ісі мен һəм облыстық комиссияның қалай іс істеуі туралы салған жолымен анықтап əбден таныстырады. 6. Нұсқаушыларға түсіндіріп, таныстырып болған соң облыстық комиссияның мүшесі, яки айрықша тағайындалған адам өзінің барлық нұсқаушыларымен бірге уез қол астындағы ауыл, қыстақ һəм поселкелерін аралап, елге ұйымның мəн-жайын айтып, жобасын түсіндіреді. 7. Сол барған аулының адамдары ауыл дихандары ұйымының керектігін түсінгендігіне сенген соң барып облыстық комиссияның адамы ұйымның ауылдық бөлімшесін ашады һəм ұйымға мүше жаза бастайды. Əлбетте ұйымның жобасынан қолын қойдырып алса керек. 8. Ұйымға адам жазып болған соң сол ауыл-қыстақтағы ұйымның бөлімнің басқармасына бастық һəм оның мүшелері сайлауға кіріседі. Бөлімнің басқармасына бастық екі мүше һəм бір кандидат сайланады. Сайлау жалпы жоба бойынша болса керек. 9. Сайлау болған соң облыстық комиссияның мүшесі өзі арнайы сайланған адамдардың жайын тексеріп қарап, жақсы білікті адамдар сайланғанына сенгесін барып, тағы да 8, 9-шы бөлімдерде көрсетілген жол бойынша ұйымның бөлімін ашуға һəм оның бастықтарын сайлауға кіріссе керек. 10. Уез қол астындағы ауыл-қыстақтардың бəрінде ашып болған соң облыстық комиссияның мүшесі өзінің барлық нұсқаушыларымен уездік қалаға қайтады. һəм онда ұйымның бөлімдерінің уəкілдері жиналып, уез съезі болады.
11. Ауыл-қыстақтарда ұйымның бөлімдерін ашу жұмысын 10 апрельден қалдырмай бітіру керек. 12. Облыстық комиссияның мүшесі уезкомның қасында тұрып өзінің қолындағы нұсқаушылары арқылы уездегі бөлімдерді басқарып тұрады. Һəм уез съезіне келетін уəкілдерді даярлайды. 13. Уездегі ұйымдардың съезін 1-ші майдан қалдырмай шақыру керек. 14. 250-ден артық мүшесі болмаған бөлімдер уез съезіне бір адамнан жібереді. Егер 250-ден артық болса, əр 250-ден бір адам жібере алады. 15. Ұйымның съезі біткесін 7 адамнан бөлімнің басқармасы сайланғасын һəм əр болыстан облыс съезіне бір адамнан уəкіл сайланбасын. Облыс комиссиясының мүшесі өзінің барлық нұсқаушыларын ұйымның уездік бөлімінің басқармасына беріп, өзі обкомға қайтады. 16. Қайтқан бойда облыс съезін шақыруға даярланады. Ескерту: егіншілік уақыты болып облыс съезінің жазылған уақыты дихандарға қолайсыз болса, кіндік комитетке облыс съезін кешіктіруге болады. 17. Ұйымның облыс съезі 9 адамнан басқарма сайланғасын облыстық комиссия жұмысын бітіргенге есептеп қарауға болады. 18. Комиссияларға съезд шақырудың, ұйымдар ашудың барлық шығындары жер-су комиссариатынан болады. Ескерту: обкомдарға бұйырылады: ұйымның облыстық, уездік съездерінің шақырылған уақыттарын Ортақшыл партияның кіндік комитеттеріне білдіруге. Түркістандағы Ортақшыл партияның кіндік комитеті Жер мəселесі Есепке қарағанда төңкеріс уақытында Жетісу облысындағы жуанжұдырықтарының жері екі есе артқан. Жергілікті халықтар, еңбек құқығын жермен пайдалану керектігін ашық айтпай болмайды. Бұл патша хүкіметі тұрғын халық еңбекшілерінің жерін тартып алып, орыс жуан жұдырықтарына берген. Қазақ, қырғыз, башқұрт һəм Кавказдағы ұлттарға тегіс бірдей. Қазір Түркістанда жер-сумен пайдаланудың жаңа заңы шығарылды. 16-шы жылдан бастап келімсек жуан жұдырықтардың тартып алған жерлерін, олардың қолдарынан алып, қазақ-қырғыз еңбекшілерінің өзіне қайтарылып жатыр. Жерге жайластыру жұмысы Жер-сумен пайдаланудың жаңа заңымен байланысқан белгілі жерге жайластыру жұмысынан өзгеше (отырықшы һəм көшпелі халықтарға
жер бөліп беру, тап теңсіздігі мен күресу һəм сол секілділер). Түркістанда ең алдымен отаршылық саясатымен көшпелілердің қадірлі жер, жақсы суларын тартып алған жауыздықтың тамырын кесу керек. Өте-мөте отаршылдықтан һəм 1916 жылғы бүліншіліктен соңғы қырғын талан-тараждан көп жəбірленген Жетісу облысында Қаракөл, Піспек һəм Алматы уездері, Сырдария облысында Əулие ата, Шымкент һəм Ташкент уезінің бір бөлігі Ферғана, Əндіжан һəм Ош уезінің бір бөлігі. Қаракөл уезінде жұмыс көңілдегідей жақсы барады. Өз бетімен жер тартып алушылар 5 апрельге шейін кешіріліп бітеді. Қазір барлығы 1200 жаны бар 14 поселкені көшіру жұмысы басталды. 15 мың десятина егінге шаруалық жер босатылады. Алматы уезінде зорлықпен келіп салынған 3 поселке көшірілуге тиісті. Уезде зорлықпен салынған аз үйлі қыстаулар (займка) көп. Қыстауларға жалшылар орналасып жатыр. Піспек уезінде жұмыс шабандау барады. Зорлықпен салынған 26 поселкені көшіру тақырыпты жұмыс басталды. Жұмыс жүрген сайын тұрғын халықтың белсеніп іске кіріскен, жігері артып, отырықшылыққа көп талпынып жатыр. Жерге жайластырумен қатар егін, пішен құралдарының артығы есепке алынып жатыр. Олар нық кесімді бағамен алынады. Қалған аудандарда жұмыс қазіріне жігерсіздеу барады. Əулиеата, Шымкент һəм Ташкент уездерінде жерге жайластырушы комиссиялар құрылып жұмысқа кірісті. Жерге жайластырушы комиссарлар қолдануы үшін жер-су комиссариаты нұсқау шығарды. Ол жер-жерге жіберіледі. Нұсқаудың негізгі жобалары қысқаша: отаршылық мұжықтардың тілегенімен болған жоқ. Орыс хүкіметінің дегенімен болды. Еңбекші орыс мұжықтары тек қана Торғай еңбекшілеріменен жер-сумен пайдалану құқығында бір тегіс етіледі. Еш бір зорлықшылық болмасқа тиіс. Зорлықшылдар төңкеріс мезгілінде жер алып қалғандар болса да өз бетімен тартып алған жерлерінен айрылады. Барлық босатылған жерлер тұрғын халықты ең алдымен көшпелілерді жайғастыруға беріледі. Жермен пайдаланушылардың қосымша пайда шығару үшін ұстап отырған жерлері де алынып, тұрғын халықтың пайдалануына берілуге керек. Түркістанда кеңесшіл хүкіметтің мақсаты Түркістан Республикасының 9-шы кеңестер сиезінен кейін хүкіметтің жүзеге шығарған жұмысының ең екпіндісі Түркістан жер-суының түйінін шешу еді. 9-шы сиездің бұл көрсеткен негізгі жолына муафиқ Түркістан Республикасының кіндік атқару комитетінің өткен жыл 17 ноябрьде һəм 14 декабрде 353 һəм 364-ші нөмірлі ережелері үстіміздегі 1921 жылы жер-
судың түйінін шешу үшін жер комиссариаты жиылыс жасады. Халық Комиссарлар Кеңесі мен Түркістандағы комиссиясы һəм Əулиеатада болған қазақ-қырғыз кедейлерінің жиылысы мақұл тапқанды, жыл жобасын Жетісуға жүргізу үшін Жетісу облысының төңкеріс комитеті июльде 21 жылы шығарған Түркістанның кіндік комитетінің президиумы бекіткен. Жер-судың түйінін шешудің негізгі мақсаты екпінді ретте осы үстіміздегі 1921 жылдың ішінде патша хүкіметінің отаршылдық саясатының қалдырған шатағын тамырымен жоғалтып, 1916 жылдан бері мал-жаны тарауға түскен жергілікті еңбекшіл бұқараны жалпы енбекшілдер қатарында жер-суын пайдаланып теңдікке жеткізу еді. Міне, осы мақсатты көздеп, 9-шы сиездің көрсеткен жолдары: 1) Өткен заманда отаршылық саясатымен іштен жіберіліп орналастырудың орыстардың қолынан іс келетіндерін пайдаланып, оларды жергілікті халықпенен бірдей теңдікке жеткізу керек. (12-ші бап) 2) Келгендерге енбек мөлшерімен ғана жер қалдырып, артық жердің бəрі бұрынғы иелеріне берілсін. (13-ші бап) 3) Патша заманында бас көтергені үшін бүліншілікке ұшырап, жерінен айырылған жергілікті халық бұрынғы мекендеріне қайтарылсын, жəне 1916-1918 жылдарда келгендердің өз бетімен иемденген жерлерін алып, үйлестіріп, жуан жұдырықтардағы еңбек мөлшерінен артылған жерлер қайтарылсын. (14-ші бап) 4) Түркістан жеріне сырттан келімсек келу жəне де республиканың ішінде өз бетімен жерге ие бола кетуге еш рұқсат жоқ. (15-ші бап) Бұл қаулыларды орындау үшін Түркістанның кіндік атқару комитеті 14 декабрде 1921 жылы 364-ші санды ереже шығарған. Жер мəселесін екпінді жұмыстар қатарында жүзеге шығару үшін Түркістан Республикасының жиылысы сол екпінді жұмыстың қойылатын аудандарына келейік. Патша заманында іштен келген келімсектің қат орнаған жерлерінде жұмыс басталады. Сонымен қатар республиканың қалған жерлерінде өзі еңбек істемей жатып, ішерлердің шаруалықтарын еңбекшілердің қолына аудару. Төңкеріс жолымен 1916 жылдан бері кеңес хүкіметінің рұқсатымен орнаған келімсектерді көшіріп, бұрынғы орындарына һəм ескіден орнап келгендер жерлеріне таратылады. Бұлардың орнына бұрынғы иелері жергілікті еңбекшілер орнығады. Жуан жұдырықтардың мүліктері қазынаға салынып, өздері Түркістан топырағынан айдалады. Бұлардың ішіндегі шын еңбекші кедейлері осы
күні қызыл əскерде қызмет қылып жүргендерге, соғыстан мешел болып қалғандарға жаңа орнайтын жерінде алдымен еңбек мөлшерімен жер беріліп, жаңа жерге орналасуға қазынаға алған жуан жұдырықтардың мүлкінен һəм қазынадан жəрдем беріледі. Көшпелілерге жол ашпақ үшін жолда кедергі болып отырған ескі келімсектердің қалалары болса да, басқа жаққа аударылмайынша, бұлардың еңбекшілдері көшкенде, мүліктерін ала кетеді. Міне, бұл жұмыстар жазғытұрым егін айдардан бұрын бітуге тиіс. Жаз бойынан қар жауғанға дейін болатын жұмыстар келгендердің жерлерін аудара қарап, ақтара тексеріп, топырағына қарай еңбекшілдеріне еңбек мөлшерімен жер қалдырады. Артығының бəрін алып, жергілікті халыққа көшіргендерді жайластыру. Көшіргендердің орнына басқаларды орналастыру. Жаңадан отырықшы халыққа шығамыз деуші жергілікті халықты қалай қылып отырғызу. Бұл жұмыстарды жүзеге шығару үшін жер өлшеушілер топтары түзілмекші. Екпінді жұмыс жүргізілетін аудандар: 1. Жетісу облысында Алматы, Қарақөл, Піспек уездері. 2. Сырдария облысында Əулиеата, Шымкент, Ташкент уездері. 3. Ферғана облысында Əндіжан, Ош уездері. Жетісуда бұл жұмыс болатын келімсектердің қаласының саны 600дей. Пайдаланып отырған жерлері 1 миллион 200 мың десятинадай (бұл 17 жылғы есепке қарағанда онан кейін жерде көп өзгерістер болды. Сондықтан дұрысында пайдаланып отырған жері артық). Сырдария Əулиеата уезінде 87 орыстың һəм немістің қалалары, жері 231 мың десятинадай. Шымкент уезінде 95 қала, жері 174 мың десятинадай. Ташкент уезінде 25 қала, жері 52 мың десятинадай. Барлығы Сырдарияда 207 қала, жері 560 мың десятинадай. Ферғанада 50 қала, жері 79 мың десятинадай. Бүкіл жұмыс болатын қаланың саны 850, жері 1 миллион 800 мың десятинадай. Міне, осы жерден еңбек мөлшерімен келімсектерге жартысын қалдырғанда, қазақ-қырғыз халқы үшін 900000 мың десятина жер алынып, үй басына орта есеппен 15 десятинадай жер берілгенде 60000 мың үй орындамақшы. Мұнан басқа екінші бапта көрсетілген жұмыстардан Түркістанда 120 мың десятина жер алынбақшы. Бұған 10 мыңдай үй өзбек, түрікпен еңбекшілері жайғаспақшы. Сонымен, биылғы жұмыста 1 миллион десятина жер алынып, 70 мың үй орналастырылмақшы. Түркістанда сусыз жердің құны жоқ. Су мен жер бір-біріне байланған. Сондықтан жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қатар, сумен пайдалану жайын реттеу жұмысы. Осы көрсетілген жұмыстар үстіміздегі 1921 жылы жүзеге шығуға тиіс. Соның үшін жер-су түйінін шешетін мекемелер əскер мекемелерінің қатарына қойылып отыр. Жергілікті еңбекшілдер жер-судың түйінін шешу үшін іштен келген келімсектермен сөз жүзінде емес, іс жүзінде теңдікке қол жеткізіп, жалпы
еңбекшілдер қатарына кіргендігінің белгісі. Езілген еңбекші таптың күні туып, кедейдің қолы теңдікке жетуі екенін ұмытпауымыз керек. М. Шағырша Жер заңы Басқа заң қарарларымен қатар ең əуел заң жердікі болды. ТурЦИК-тің назарын аударған мəселелер де осы болды. Бұрынғы переселен мекемелерінің ісі есебінен алған материалдардың өзі бұл Жетісудың жаңа жер заңы еш бір негізсіз жасай салған жұмыс емес екендігін сипаттайды. Бұл Жетісудың тұрмысына һəм келген халықтарының шаруашылығына тіршілігіне қайшы келмейді. Қайта сол тіршілік жұмысын нығайтады. Қазақ-қырғыз бөлімі Жер заңын жүзеге шығару ісінде түрлі шаралар істелді. Мұның ең зоры – ТурЦИК жанындағы қазақ-қырғыз бөлімін жасау. Хəм Əулиеатада тұңғыш қазақ-қырғыз еңбекшілерінің сиезін шақыру болды. Онан басқа жерге жайластырушы үш кісілік комиссиялар құрылды. Оған Түркістандағы қазақ-қырғыз қызметкерлері мобилизовать етілді. Мұнан шыққан нəтиже: жуан жұдырықтардан 67 мың десятина жер алынып, қазақ-қырғыз һəм тараншы кедейлеріне берілді. Түркістан Республикасы кіндік атқару комитетінің һəм халық комиссарлар кеңесінің низамы 21 жыл 14 апрель 45-ші сан шаһар Ташкент Өз күші, өз əрекетімен диханшылық қылатын еңбекшілерге берілетін азықтық. Қышлақтағы диханшылық шаруалығының ұйымын көбейту дихандарды өнер, бау-бақша істеріне ынталандыру мақсатымен Түркістан Республикасының кіндік атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің 1920 жылы 27 майда шығарған низамына муафиқ мынандай қаулы шығарды: 1. Жерді бөлген уақытта өз күші, өз əрекетімен кісі жалдамастан еңбек қылып келген дихандардың өз жерлері өзіне қалдырылады. Егер ол жерлердің саны мөлшері өлшеуден артық болса да. 2. Мұндай дихандарға есеп етілетін дихандар: а) мақта, пісте, күнжұт егетін жерлер. Бірақ бұл егіндер жер иесінің сулы жерлерінің үштен бір есесіне егілсе керек; ə) жүзім егетінде. Сондай шартпен егер жер иесінің сулы жерлерінің үштен бірі болып табылса.
3. Жер бөлетін комиссарлар уездердегі жер-су бөлімдері осы низамға муафиқ бөлінбейтін жер иелеріне дəлел мен хат беріп, облыс жер-су бөлімдері арқылы халық жер-су комиссариатына тапсырылады. 4. Осы низамның күші барлық еңбекшіл дихандарға өтеді. Қандай жер пайдалануға қаралмастан (қауым, серіктік, жекежеке қожалықтар). Жетісу облысы Əулиеата, Шымкент һəм Ташкент уездері һəм Ферғана облысының Жалалабад, Мархабад деген аймақтары басқа Түркістан Республикасының барлық уезіндегі еңбекші дихан шаруалықтарына жүреді. Осы айтылған уездерде отаршылар отырғандықтан, іс екпінді болып жарияланды. 5. Жер-су комиссариатына осы низамды үлкейтіп, таратып шығаруға ықтияр беріледі. ТурЦИК бастығы: Төреқұлов Хатшысы: Юмакаев Түркістан отаршыларына сот 25 апрельде Ташкент қаласында кеңестер үйінде 30 шақты қара шекпендердің ісі тексерілді. Айыпкерлердің бəрі де Ташкент уезіндегі Новопокровскыдегі селоның тұрғын кісілері. Бұларға қойылатын айып орасан. Ұлтшылдыққа беріліп, қазақтарға қастық ойлап, жұрт сотқарлығын кигізген. Ақырында 3 кісіні тірідей тұтқын қылып, оның ішінен біреуін ажалынан бұрын қой бауыздағандай оңай өлтіріп тастаған. Бұл уақиға 1920 жылдың 1 ноябрінде болған. Орыс жанжалы темір жолы мен қазақ ауылдарының арасынан белгіленген орыс жерінің шегіне таласқаннан шыққан. Азуы арадай орыстардың араны ашылып, қазақ жерін иемденіп кеткісі келген. Ол жердің қазаққа тиіс жер екені, жəбірленген қазақтардың ата-бабаларының талайы шашын ағартып, тісін сарғайтқан жер екендігін сот əбден тексеріп анықтады. Селоның өзі де 1918 жылы бостандық һəм октябрь төңкерісінің артынан орнаған екен. 20 шақты мешеу солдаттар барып, мына жерді біз қалаймыз деген. Сонымен сөз біткен. Қысқасынан айтқанда: селоның пішіні белгілі. Бұл селоны қазақтар бұлжытпай тани кетсе керек. Отаршылардың сот тексеруінде берген өз жауабына қарасақ, бəрі де «түк көрмеген» кісі секілді: бəрі де біз төбелескеміз жоқ құр арашашы болдық. Қолымызда бір кішкентай қамшы мен таяқша болды. Төбелесті алдымен қазақтар өзі бастап, қайта өзіміз таяқ жеп қалдық, жəбірленген бейшара өзі болып көрінеді. Алайда болса, отаршылар қолына алған таяқшаны кішкене қамшы қылып, «арашалап» өзін-өзі «қорғап», қолын сермеп жүргенде, бір қазақтың бас сүйегі жеміріліп, миы ақтарылып, бір көзі ағып түскен. Қазақты сабаған отаршы өзінің емес, қамшының есі шыққанша сабап, қамшының пара-парасы шыққан қазақта онша «рахаттана» алмаған шығар дейміз. Кейбіреулердің жауабына қарасақ,
төбелеске əшейін қызыққа, ойынға қосылған сияқты. Қазақтан орыстың үстемдігі «лаухыл махпузда» жазылған емес пе деген ойы беп-белгілі тұр. Бұл орыстың неше жылғы шіріген, жуық арада тазармайтын сүйегіне сіңген белгілі мінезі. Бұл бізге таныс əн, таныс жыр. Бұл бізге патша заманынан қалған мирас. Бұл айтылғандармен патша заманының жалғыз-ақ айырмашылығы бар; патша заманында отаршылықты хүкімет өзі қолдап, өзі жүргізуші еді. Бостандық октябрь төнкерісінің артынан бассыз, жүгенсіз кеткен отаршылар қазақтың жерін қолымен ала бастады. Атын естігенде бүкіл алаштың жүрегі дүпілдейтін, қазақтың тұрмысын, жəйін, білгіш атақты Əлихан Бөкейханұлының патшашыл хүкіметтің қазаққа тұтқан саясаты туралы жазған сөздерін сот тексеруінде отаршыларды айыптап тұрып кітаптан оқып келтірді: «патшашыл хүкімет қазақ жерінін бəрінде мемлекет жері қылып заң шығарған, меншіктеп жер берілсе, арнап белгілі жуан жұдырықтарға, байларға ғана берілген. Егіндік һəм шаруаға, тіршілікке жəйлы жердің бəрін қара шекпендерге əперіп, переселен мекемелерінің меншігіне шығарып жіберген. Үй салып орныққан. Қазақтарды көшіргенде қағаз жүзінде ақша берілетін болса да, іс жүзінде былай болған: хүкімет қазақ жерін айнала пішіп, мінеп, қазақтардың сулы жерін қара шекпендерге жіберіп, қазақтарды шөл аралға қамаған. Ақырында жемқорлардың өртінің құрсауында қалған қазақта «ақылың болса, ала байтал суға шаптың» мүшкіл халіне түскен. Өз жерінен, жұртынан өздері безе бастаған. Переселен чиновниктерінің «əділдігі» һəм «қамқорлығы» əсіресе қазаққа келгенде осындай болған. Сөйтіп, ақша берілмейтін жолда оп-оңай табыла қойған. Бұл көріп отырған уақиғамыз 1920 жылы бостандық, октябрь төңкерісінің артымен болғанмен де, патша заманынан мұның несі кем деп айта аламыз?! Біз баяғы ақысына таласып, айқаса кете алмайтын «құдай салды, біз көндік» қазақты көріп отырмыз. Олардың арын арлап, намысын намыстап, қазақтың қамын жеп отырған еш кімге қазақтың ақысын жібермейтін хүкімет кісілері болып отырғандардың да түрін көріп отырмыз. Новопокровскы селода исполком деген болмаған. Барсуков жолдас старста есебінде жеке билігін жүргізіп тұрған. Оның хатшысы Шушенко деген болған. Қалмен куəнің айтуы бойынша, Барсуков жолдас «түк көрмеген»-мен де, қазақтарды мұжықтар демін алып-алып сабағанның ден ішінде болып, «борсықтық» мінездерін өте көрсетсе керек. Шушенко өзі ортақшыл, өзі исполкомның хатшысы, протоқол жазғыш кəдімгі Арскы закончиктердің өзі болса керек. Барсуков жолдасқа да Некеннің тұзы көп сіңсе керек-ау дейміз. Протоқолды нығырақ жазып, қазақтарды абақтыға жаптыру турада жанын аямай көп еңбек сіңіргеніне қарағанда, бұл екі жолдас əлеуметшілік төңкеріс жолында жан-тəнімен қызмет етіп, қазақ халқы бұл жолда құрбан болып кетсе де, əуелі күншығыста əлеуметшілік төңкерісін жасап, күнбастысқа үлгі болу керек. Һəм кəсіпшіл жұмыскерлері көп күнбатыстың үлгілі
мемлекеттерін ұялтып кету керек деген шын туған. Төңкерісшіл бір ер болса керек дейді. Бұл чиновниктер борсықтың баласы болса, патша заманының шенеуніктері қасқырдың баласы деуге болады. Екеуінің арасында қасқыр мен борсықтың арасындай-ақ айырмашылық бар. Бұл кезге шейін біздің қазақ-қырғыздың жайы осылай болып келді. 1916 жылдан бері қарай, əсіресе Бостандық октябрь төнкерісінің артынан лай толды заманда Жетісу сияқты жерлер шынымен езілген халықтардың «түрмесі» болып кетті. Біз бұл күні не көріп отырмыз? Бүгінгі күні Жетісуда октябрь төңкерісі жаңа шынымен туып отыр. Отаршылардан қазаққа жерін қайтып əперіп отыр. Енді «Шушенқолар» қазақ жерін қайтару туралы заңды ешкімге білдірмей отыра алмайды. Ондайлар енді сотқа беріледі. Тонын теріс жамылып жүргендерді кеңесшіл хүкімет сотқа тартып отыр. Бұл отаршыларға сот емес, кеңесшіл хүкіметтің өзіне сот. Бұл тарихи сот. Енді қара тұман серпіліп, теңдік туысқандық күні шынымен туып, арамдар азайып, əлсіздер күшейіп тұр. Зорлықшы жемқорлар, отаршылар ұялып, еңбекші кедейлер оянып, ұйымдасып хүкіметті қолға алуға тұр. Кеңесшіл хүкімет жергілікті халықтарға шын жақын. Ең түсінікті хүкімет екендігін жаңа көзге көрсетіп отыр. Теңдік, əділдік күні жаңа туды. Бұл күнді туғызып отырған Түркістан Республикасының шын кеңесшіл хүкіметі. Бұл біз көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп, газетімізге жазып отырып, дос сүйінетін, дұспандарымыз күйінетін жұмыс. Ақмола, Семей облысындағы қазақ жерлеріне бұл тағы қара шекпендер келіп орнайтын болса, Суворовко ол екі облыстың жеріне 164 мың 645 қара шекпен жазып қойған болса, Қазақстанда да осындай «төңкерісшілдік» мінездері сезілсе, мұның аты əлі ол жерлерде октябрь төңкерісі туған жоқ деп білу керек. Бұл сияқты арсыздықты əлі күнге шейін істеп отырған отаршылық мінезі сүйегіне сіңген хүкімет басында отырған «борсық» балаларының көптігі деп, оларға қарсы тұратындардың мойнына су кетіп «жылағысы келген бала əкесінің сақалымен ойнайды» дегенді ойлап оқып отырғандығы деп ойлау керек! Үстіміздегі Түркістан Республикасының кеңесшіл хүкіметіне қошаметтей құтты болсын айтамыз! Жасасын Түркістан Республикасы! Шеген Шымкент уезінің қазақ-қырғыз еңбекшілеріне (жер-су кеңсесіне) Тарихқа қарасақ ілгергі заманда қазақ-қырғыздың ата-бабалары өздеріне жетерлік қоныс, өріс алып қалғандықтарын көреміз. Бірақ ол
кездерде шабуылшылық, жауапкершілік көп болып, күштісі күшсізін қысып отырғандықтан қызыл қарын, сары баланың қамын ойлап қаныс жер алып қалу үшін Əбілхайыр ханның тұсында орыс патшалығына келіп бағынған. Орыс патшалығының заңы жылдан жылға өзгеріп, біз сияқтыларды қыса бастаған еді. Біздің көзімізді ашып, білімге үйрету былай тұрсын, помещик (жері көп), көпес (пұлы көп), дін бастықтарының ғана пайдаларын көріп, біз сияқтылардың, біздердің мал-дүниемізді, қанымызды сору, жер-су, қазған арық, тоғанымызға шейін, қаныс, өріс, жайлау-қыстауымызға шейін алып тұрған бір заманда кеңес хүкіметі майданға шықты. Кеңес хүкіметінің сəулесіне араласып, көзімізді ашып қарасақ: біздің қазақ-қырғыздан басқа халықтың барлығы да жер-суға ие болып, шаһар, қышлақ салып, өнер-білімге жабысып жатыр. Біз болсақ жер-суымыздан айырылып, кілең жұтқа ұшырап, малымыздан ажырап, аштан нан таба алмай, шаһар, қышлақтарға тентіреп, жалшылықтан шыға алмай жүрміз. Бұл күнгі адам баласының тіршілігінің бəрі де жер тарапынан шығады. Адам баласының тіршілігі де сол жер арқасында ғана болады. Сондықтан сендерді өлгенше асырайтын, сақтайтын – жер. Тіпті өлгеннен кейін де тəніңді ит пен құстан сақтайтын – жер. Соның үшін де жерді шын қамқор ана деуге болады. Енді осындай ана есебінде болған қамқор жерден пайдалану турасында кеңес хүкіметі қазақ-қырғыз еңбекшілерінің қамын жеп, қолынан келгенше жақсылығын аямай, кең жол ашып отыр. Сондықтан бізге бұрынғыдай қалғып, ұйықтамай, төңірекке ғибрат көзбен қарау керек. Ол қарайтын жұмыстар мынау. Жер жүзіндегі əрбір білімді, мəдениетті (ағарған), өнер-білімімен өрге жүзген халықтардың барлығы да орнығып, отырықтанып, шаһар болып, қышлақтар салып, өнер-білімге ұмтылып жатыр. Өздеріне тиісті меншікті жер арқасында қарындары тоқ, қайғылары жоқ болып отыр. Бастарына түсе қалған іс болса бір жерде отырғандықтан тез ұйымдасып, бас қосып ақылдасып қандай қиын іс болса да, шешілу оңай болып отыр. Біз болсақ əр сайда, əр төбеде, əр таудың етегінде 3-4 үйден бытырап кеткендігімізден, бала оқытып, мектеп ашуымыз да қиын болып отыр. Сондықтан балаларымызды мектепке беріп, ғылым-білім жолына түсуіміз, бір керекті істерде басымызды қосып, жиылып ақылдаса қоюымыз, сөйтіп барып тиісті мəселені оңайлықпен шешуімізде қиын. Қазақ-қырғыз отырықшы болсын деген пікірде кейбір адамдар «біз көшпелілікпен жан сақтап, мал бағып келе жатқан халықпыз, əлі де болса сол қалыппен жүре берейік» дейді. Бұл пікірдегілерге біздің айтатынымыз мынау: мұны айтушылар дүние-ғаламнан хабары жоқ, көздері ұйқыда, көңілдері соқыр болғандықтан айтады. Екінші, хабары болса да, қазаққырғыздың ел қатарына кіріп, адам болып кетуін көре алмай айтады. Енді бұрынғыдай мал айдап, тіршілік ететін қазақ-қырғызда қоныс, жайылыс, өріс қалған жоқ. Мал жерге бітеді. Жер бұрынғыдай емес, тарылды. Мал болмаған соң, халықта аштық, жалаңаштық көбейеді. Ол
көбейіс осы күнде де болып тұр. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген бабаларымыздың үлгілі сөздерін ұмытпай, мына жерге ие болып, жерден пайдалану үшін отырықшы болып, бір жерге бас қосу, қаныс тебу керек. Өйтпей біз оңалмаймыз-ау деймін. Бұған мысал үшін кешегі ашжалаңаш боп келген мұжықты алайық. Кеше аш-жалаңаш, ішкі Россиядан шұбап келген мұжықтар бұл күн қазақтан тоқ. Бүгінде қазақтан бай. Неге? Себебі - олар отырықшы болып, жерден пайдалана білді. Бұл күнде өздеріңіздің іштеріңізден шыққан оқымысты, заманына муафиқ көздері ашылған зиялы балаларыңыз қазақ-қырғыз бауырларының табан ақы, маңдай терлерімен күн көретін енбекшілеріне бастық болып, барлық ғылым-білімдерін сарп етіп, қазақ-қырғыздың көзін ашуға, бұрынғы ата-бабаларынан қалған қонысты жерлеріне өздері егін отырғызуға, өздерін ие қылуға тырысып жатыр. Бұл пікір жалғыз өз туғандарыңыздікі де емес, бүтін кеңес хүкіметінің пікірі һəм қаулысы. Кеңес хүкіметі қазақ-қырғыздың ішіне адамдар шығарып, оларды отырықшы қылуға, жерге жайластыруға бар күштерін, ақшасын аямай жатыр. Мұны біздің қазақ-қырғыздың еңбекшілері жақсы түсініп қарсы алулары, өздерінен келетін жəрдем көмек болса, аямай сарп етулері керек. Соның үшін де Шымкент уезінің жер-су бөлімі уездегі барлық еңбекшіл қазақ-қырғыз халқына тездікпен іске кірісуді өтініп, осы үндеуді жариялайды. Енді осы істерге еңбекшілер аянбай кірісердеп, жер-су бөлімі қатты ашыныштықпен сенеді. Жер-су бөлімінің бастығы: Садық Баймуратов Төңкерісшіл сот Отаршыларға сот Жоғарғы трибунал сотының кезекті жиылысында 25 апрельде кеңестер үйінде Ташкент уезіндегі Новопокровскы селоның тұрғыны 20 шақты қара шекпендерінің ісі тексеріле бастады. Олардың айыбы орасан ұлтшылдыққа беріліп, қазаққа қастық ойлап, жорта сотқарлығын, бұзықтығын тексерді. 3 қазақты тірідей тұтқын қылып, оның ішінен біреуін өлтірген. Айыптаушылар: Турккомиссия мүшесі жолдас Сафаров һəм Түркістан ортақшыл партия кіндік комитетінің жауапты хатшысы, жолдас Семенов, ақтаушы жолдас Болонин. Істің реті: Тағылған айыптың қорытындысы мынаған келіп тоқтаған: Қылмыс 1920 жылы 1 ноябрьде Келес станциясының қасында темір жол мен қазақ үйлерінің арасына Новопокровскы селоның тұрғын мұжықтарына деп арнап кесілген егіндік жерде болған.
Əділбековтың сөзіне қарағанда, ауылға бір топ орыс келген. Сендердің жерлеріңді аламыз деген. Орыстың біреуі су сұрағанда, Данагүл деген қазақ қатыны су бермейді. Сол кезде барып жəбірленгендердің сөзіне қарағанда, су сұраған орыс Данагүлді қамшымен салып кетіп, төбелес басталған. Біраздан соң тағы бір топ орыс келіп, алдыңғыларға қосылып, соларға болысып кеткен. Қазақтар үйді-үйге ыдырап қашып кеткен. Төбелес барысында төбелеске кіріспеген Тихон Грибановты таяқпен салып қалады. Сол қазақты Тихон Грибанов барып бір жуан таяқпен салып қалғанда, қазақ алай-түлей басы қан болып құлап қалған. Ертеңінде өлген. Сонан соң төбелес шыққан жерге Прокоф Грибанов келіп, «төбелесті бастаған» қазақтарды исполкомға апару керек деген бұйрығын орындаған. Үш қазақты айдап, соларға жиналған топ исполкомға қарай жөнелген. Жолшыбай Фортонатов деген орыс қазақтарды еш себепсіз таяқпен ұрып барған. Исполкомға келген соң, қазақтарды уақытша сақтай тұруға Абдуалиевке берген. Сонан соң оларды исполкомның хатшысы Россия ортақшыл партиясының мүшесі Шушенко жолдас тұтқын есебінде өз қолына алып, ертіп əкелгендердің көрсетуі бойынша протоқол жасаған. Айыпкерлердің тексерілуі: Сот тексеруінде айыпкерлердің бəрі де бұл турада өзімізді айыптымыз деп танымаймыз дейді. Тихон Грибанов бұл туралы істің ішінде чекада городовый болып еді деп көрсетілген деген жерлер бар (Тихон Грибанов қазақты өлтіруші бас айыпкер) өзі городовый болғам жоқ дейді. Трибунал айыпкерлерді тексеруге кірісіп, олардың ішінен 5 кісіні тексеруге уақыты жетті: Тихон Бретель, Иван Айселянов, Алексей Барсонов, Дмитрий Промиткин һəм Петр (?). Бəрі де өтірікке ұстанып дұрыс жауап бермейді. Алексей Барсоновтан ешбір жауап алуға да болмады. Өтірігін шығарып алмас үшін үндемей құтылуды тəуір көрсе керек. Əсіресе Брегельдің берген жауаптарынын белгілері қызық. Екі сөзінің бірінде жаңылып, ақырында трибуналдың һəм Сапаров жолдастың сұрақтарына жауап бере алмай жəне үндей алмай қалды. Отаршылар поселкісі: Тексеріс уақытында Новопокровскы селосы туралы неше түрлі қызық əңгімелер белгілі болды. Бұл поселке нағыз «құдай қосқан» обыршы – отаршылардың поселкесі екен. Поселке 1918 жыл октябрь төңкерісінің артынан орнаған. Бір топ мешеу солдаттар келіп 100 десятинадай жерді өздері ұнатып, сол уақыттағы жер мекемелері арқылы барып алған. Айыпкерлердің айтуы бойынша, бір ағайынды төрт сарттың жері дейді. Айыпкерлер жер ешкім еңбегін сіңірмей бос тұрған жер еді дегісі келеді. Сондадағы Сафаров жолдастың сұрауларына берілген жауаптарға қарағанда, поселке жергілікті халықтардың басқа жерлерін де жанап кеткен сияқты көрінеді.
Осы тексеріп отырған уақиғаны туғызуға себеп болған егіндік жерді поселке өз жеріне қосып алғысы келген. Қолдарында көк қағазы болмаса да, жер-су бөлімінің сондай қаулысы болыпты-мыс деген хабарларға сүйеніп, күн ілгері жерді алу жұмысына кірісе бастаған. Бірақ бұл жұмыс біраз дихандарға тиімсіз болған болса керек. Новопокровскы поселкіні билеуші хүкіметтің бір түрлі болған. Ауылни исполкомда олардың ешбір уəкілі болмаған. Өз алдына ешкімге бағынбаған. Хүкімет болмай, поселкіде исполком да болмаған. Арсонов деген бір жолдас староста есебінде билігін жүргізіп тұрған. Оның Чученко деген секретары болған. Тексерістің екінші күні: Айыпкерлердің берген жауабына қарасақ, Новопокровскы селоның иемденгісі келген жер қазақ, өзбек һəм орыстарға бəріне бірдей жер екен. Бірақ орыстар ол жерді екпей жүрген. Жерді алу үшін ізденушілердің ең басы Фортонов деген. Сафаров жолдас жерді еңбекшіл мұсылмандардың өздеріне қайтару туралы заңды білмейсіңдер ме десе, білмейміз, бізге Түркістан ортақшыл партиясының мүшесі хатшы Чученко бұл турада ешнəрсе деген жоқ. Тексерістің бірінші күні сұралған бес айыпкердің үстіне 14 кісіден жауап алынды. Келесі кезекке қазақты өлтіруші айыпкерлердің ең басы Тихон Грибанов қалды. Айыпкерлердің көбі қазақтарды ұрған һəм тұтқын қылған. Ешкім жоқ дегенмен тұрмай, «орысты қазақтар алдымен бастап жəбір жасаған. Бейшара болған орыстар болды»- дейді. Бірақ сұраған сөздерге əр қайсысы əр түрлі жауап беріп, істің шынын айтпай тұрғандықтары бепбелгілі тұр. Айыпкерлердің өз сөздеріне қарағанда, қазақтармен тату едік дейді. Айыпкер Тихонов əуелі орыстар төбелеске кіріскен жоқ десе де, трибунал мүшесі Вихоров һəм айыптаушы Сафаров жолдастың сұраған сөздеріне жауап беріп тұрып, «Фортонов қолын сермеп жүр еді». «Тихон Грибанов таяқпен бір қойып қалып еді». «Бір кішкентай таяқшаны алып қолымен сермеп жүр еді-дейді». Тихон өзі туралы біреумен төбелеспек түгіл, қайта өзімді сілейтіп тұрып ұрды, басым жаралы болып қалды дейді. Қорғаушы фельдшердің куəлігін көрсетті. Куəлік 1 ноябрьде уақиға туған күні берілген. Трибунал куəлікке сенбей, тексере бастағанда мынадай əнгімелер ашылды. Брегель əуелі айтады: Таяқ жегеннің артынан 2 күн ауырып үйден шықпай жаттым деп, тағы да айтады 2 күні фельдшерге куəлік алу үшін барып едім деп. Бірақ куəлік уақиға туған күн берілген сияқты. 1 ноябрьде берілген. Айыпкерлер қазақты тұтқын қылған адам жоқ деген болады. Бірақ бір айыпкердің жауабына қарағанда, «шығыңдар, енді ұрмаймыз» деп жалынып шығарды дейді. Сафаров үйден шыға бергенде, қазақтарды ешкім желкелеген жоқ па деген сұраған сөзіне, жоқ деп жауап бергенменде, қазақтар үйден шыққанда, жылаған балалардың даусын естіп едім дейді.
Айыпкерлердің көбі қазақтарды ешкім айдаған жоқ дейді. Бірақ тексеріп келгенде, қазақтардың бөлек алда, қара шекпендердің артта отырғандығы белгілі болды. Айыпкерлердің кейбіреуі сөздің шынын айтқандай, төбелесті бастаушы Прокоп Грибанов орыстар қазақты ұрды дейді. Жəне мен төбелес бастағандарды алып жүру керек дегенім рас дейді. Қазақтарды қамағанда, орыстарды неге қамамадың деп Сафаров жолдас сұраса, Прокоп Грибанов үндемейді. Поселкінің секретарі Түркістан ортақшыл партиясының мүшесі қазақтарды абақтыға қамаған Шушенко өзімнің де исполкомның де қазақтарды қамауға дəлелім жоқ еді дейді. Бірақ қазақтардың қамалуы рас екендігін айтады. 28 апрельде екі жағынын талас сөздері басталды. Айыптаушы жолдас Сафаров, қорғаушы жолдас Болонин. (аяғы бар) Төңкерісшіл сот Отаршыларға сот тексерісі (1) (3-ші күн, 28 апрель) Тихон Грибанов жауабы Ең соңында Ерғашты өлтірген Тихон Грибановтан жауаптар алынды. Айыпкерлер: «Төбелеске кіріскенім жоқ. Төбелесті бастаған тұрғын орыстар емес, қазақтар. Солардан қорғанамын деп жүріп болмаған соң Ерғашты иығына бір салып кетіп едім»,– дейді. Істің ішінде Грибанов жолдастың Жапониямен соғыс артынан Читала городовой болғаны туралы қағаздың барлығын еске алып, Грибановтың кім екендігін білуге шұғылырақ қарады. Жолдас Грибанов полицияда қызмет қылғаным жоқ, 1908 жылдан 1920 жылға шейін Самарқан темір жолының үстінде жұмыс қылдым дейді. Трибунал бастығы Воковнев жолдас өзі темір жолда қызмет қылған, соның үшін Грибановты емтиханға келген балаша тексерді. Грибанов темір жол үстінде болған бір сыпыра ұсақ жұмыстарды білгенмен де, құлақ естірлік ірі уақиғалар туралы еш нəрсе білмейді екен. Темір жолда жұмыс қылмағандығы белгілі болды. Сотта тексерген куəлар: жəбірленуші кемпір Данагүл, оның байы Байболат Баймет ұлы, Қалмен һəм төбелестің басынан аяғына шейін болып көрген балалар Əділбек ұлы, Иванов һəм қазақ əйелі Жасай, Егемберді баласы. Данагүл жауабын жүрексініңкіреп, ұялыңқырап берді. Жəбір көрген Байболат пен Қалмен жауабын қалдырмай толық беріп, өздеріне-өздері беріліп сөйледі. Балалармен Егемберді баласының жауаптары сілейіп тұрып таяқ жеген қазақтар мен Дəмегүлдің айтқан сөздерін толықтырды.
Уақиғаның жөні мынау сияқты: Уақиға туған күні бірнеше орыс Байболаттың үйіне келіп, Брегель мен Барсаков су сұраған. Байболат үй қасындағы құдықты көрсетті. Су сұрағандар əуелі құдыққа барса да, артынан Данагүлге тисіп су сұраған. Данагүл су бермеген. Өздері суды 3 шақырым жердегі құдықтан керегінде алып тұрады екен. Сонан соң Брегель Данагүлді таяқпен салып кеткенде, қатын есінен айырылып барып жығылған. Байболат қатынына болысқан. Брегельмен екеуі біраз уақытқа шейін ұстасып жүрген. Сол арада отырған Байболаттың жақыны Қалмен һəм Иван Айсилианов деген орыс екеуін айырып екі жаққа алып кеткен. Қызыл шалбарлы бір орыс Григорий Айсилианов Қалменді келіп ұра бастады. Қалмен қашып кеткен. Байболат үйде қала берген. Орыстардың ішінде келген бір ноғай Уалиев төбелеспеңдер, қойыңдар деп, Байболатты қорғанышқа алып кетті. Куəлердің жауабына қарағанда орыстар көп, қазақтар төртеу-ақ болған. Оның біреуі өлген. Ерғаш төбелеске кіріспей аулақ отырған. Куəлер оны неге өлтіргенін білмейміз де, түсінбейміз де дейді. Жерден қуамыз деп орыстар қорқытты. Дегенмен де Данагүл мен Қалмен айтады: «су бермеген соң орыс шала қазақшасына орыс сөздерін қосып шатып, бəлдір-батпақ тілмен бұл жерден сендерді қуамыз, мұнда тұрғындар орнайды», – деп айтты дейді. Төбелестің себебі: Трибуналда һəм Сафаров жолдаста төбелестің шын себебін білгісі келеді. Қалмен куəнің жауабына қарағанда төбелестің һəм мұжықтардың қызуы көтеріңкі болуы қазақтарды жерінен қуып басқа жаққа аударғысы келген шығар деймін дейді. Қамау, айдау һəм қинау Байболатты қорғанышқа əкеткеннің артынан біраздан соң Григорий Айсилианов қолына таяқ алып үйге кіріп, Байболатты қолынан алып, исполкомға барасың, артымнан жүр дейді. Сонан соң қазақтарды бірінің артынан бірін тізбектеп, артына қаратпастан қуып айдаған. Мұжықтар əуелі əйелдерді де əкетіп еді. Бірақ қорғаншыға жақындаған соң оларды қоя берген. Байболат пен Қалменнің жауабына қарағанда, қазақтарды артынан сабап қуып ұрған. Өз көздерімен көре алмаған соң кімнің ұрғанын біле алмайды. Ақырында Новопокровскы поселкіге əкелген. Барсоков «старстаның» қолына тапсырған. Біраздан соң баяғы Григорий тағы келіп, бір сарт қамшымен сабаған, Брегельді келіп сабаған. Жəне «староста» да келіп əуелі қамшымен, сонан соң таяқпен сабап, ақырында аяғымен кеудеге тепкен. Байболат Қалменнен көрі таяқты көбірек жеген. Есінен айырылып, бірнеше күн жатқан. Қалменнің айтуына қарағанда, тұрғын орыстар қазақты демін алып сабаған. Бұл «сүйкімді» жұмысқа шұғыл тірелгендер баяғы сол Григорий
һəм Барсаков қыстауларыңды тастап кетесіңдер сендерге жаман болады деген. Егер кетуге риза болсаңдар сендерге тимей қоя береміз деген. Барсаковтың үйіне келген мұжықтар қазақтың жерін бөліп, талапқағаз тастап, бөріктерін көкке лақтырып, у-шу мəз-мəйрам болып отырған. Қинаудан құтылу үшін Қалмен мен Байболат поселкенің тұрғын ноғайына Уалиевке жалынған. Ол қазақтарды кепілге алып, үйіне апарып жай берген. Сонан соң қазақтарды исполкомға жөнелткен. Егіндік жер кімдікі Сафаров жолдастан сұраған сөздеріне Қорғаншы төнірегіндегі жер қазақтардың ата-бабасының мəңгілік егіліп келе жатқан жері деп куəгерлер солай жауап берген. Ол жерлерде сарттын һəм орыстың жері болғанмен де, Қорғаншыдан аулақ болған. 4-ші һəм 5-ші күн Куəлер сұралып бітуге жақындады. Комоның 2 ту қылушысынан жауап алынды. Олар Новопокровскы мұжықтарына жер əперуші комиссияда болған. Ең аяғында Титердуятникова деген куəнің айтуы оның байы Тихон Грибановпен бірге полицияда қызмет қылған. Екі жағының сөз таласы Екі жағының сөз таласы 28 апрельдің кешінде болды. Халық көп жиналды. Сафаров жолдас айыптау сөзін толық ұзақ етті. Сөзі келесі сандарда басылады. Қорғаушы жолдас Болонин. Айыпкерлердің ақырғы сөзі Ақырғы сөзінде Брегель мен Фортоновтан басқалары ешнəрсе айтқан жоқ. Айыпкерлердің бəрі де жуан жұдырық емеспіз, патша заманында өміріміз кедейшілікте, мұқтаждықта өтті. Қайта кеңесшіл хүкімет уақытында жер алып, оңалып қалдық дейді. Трибунал екі жағының сөз таласына кірісті. (аяғы бар) Сырдария облысының кеңестер сиезі Жер мəселесі һəм облыстық жер комитетінің істері туралы баяндамаға шығарылған қарар: Сырдария облыс һəм қала кеңестерінің сиезі жер мəселесі туралы баяндаманы һəм облыс жер бөлімінің қосымшасын тыңдап, жер заңын жасалған жоба бойынша тез, жылдам орындауды өте керекті тауып һəм облыс, уездік жер бөлімдерінің уақытында жəрдем-демеу болмағандығын көзден өткізіп ұйғарады:
1) Жер заңын, бірінші екпінді мəселе есебінде көріп тайсалмастан, тездікпен орындауға ауыл, қыстақтардағы жуан жұдырық һəм кісі жалдап, егін егіп жүрген шаруашылықтар жоқ қылынуға тиісті. 2) Облыс, қала исполкомы һəм жергілікті исполкомдар жер бөлімдерінің һəм жерге жайластырушы комиссиялардың істерін күшейтуге міндетті; барлық күштерімен олардың істерін жылдамдатулары тиіс. Оларды орындамақ үшін барлық ысылған, білікті кісілерді һəм бұрын жер-су бөлімдерінде қызмет қылған кісілерді жерге жайластырушы комиссияның жұмыстарына кірістіру керек. 3) Облыс азық-түлік комитетіне бұйырылады жер бөлімдерінде қызмет қылатын кісілерге белгіленген мөлшер бойынша азық-түлік беріп тұруға. 4) Жергілікті хүкімет ұйымдарының, жер бөлімдерінің қызметіндегі кісілерін орындарынан шығарып, басқа жұмыстарға жіберулеріне тыю салуға; егер кейбір кісілерді орнынан шығару саяси жақтан өте керекті болса, облыс мекемелері арқылы басқа аудандарға жіберуге болады. 5) Жер заңын орындау туралы кіндік хүкіметтің көрсетіп берген жолымен уездік жер бөлімдерінің істеп жатқан істеріне қатысып, жол байлау қылмыстық туралы басқа облыстық бөлімдер өздерінің уездік бөлімдеріне жарлық берсін. 6) Жер заңының орындалуының кешігуі облыс һəм уездік жер бөлімдерінің кінəсі болып табылады. 7) Жерге жайластырушы комиссияларға, исполкомдардың басқармасы арқылы жер заңының орындалуына қарсы келіп жол байлау болғандарды жазаға душар қылуға құқық беруге. Түркістан Республикасында əсіресе Сырдария облысында жер қолдан суармалы болған себепті сиез су мəселесін екпінді мəселе деп тауып ұйғарады: 1) Су заңын һəм су мəселесі турадағы нұсқауларды орындауға. 2) Осы уақытта арық қазу, жер суару жұмыстарын өз үстіне ала алмайтын болған себепті жергілікті халықты арық қазу жұмысына салу керек деген заңды жүзеге шығаруға. 3) Арық тазалау жұмысын тездікпен хүкімет уəкілдері һəм арық қазу, жер суару жұмыстарының дихандарымен бірлесіп еңбек мейрамдарын жасау керек. 4) Қолдан жер суғару жұмысында халықтың өз жігерін көтеру үшін арық қазу, жер суару жетілерін жасау керек. 5) Еңбек мейрамдары уақытында балалар һəм үлкендердің жəрдемімен арықтардың жағасына ағаштар отырғызу керек. 6) Комиссариат арқылы бұрынғы ескі арық қазу, жер суғару жұмыстарында хүкімет қылып келген білікті шеберлерді алмастырып, олардың орындарына басқа жаңа адамдар қою үшін сол жұмыстарға шебер, білікті адам табу керек. 7) Арық қазу, жер суғару істерінде қызмет қылатын қызметкерлерге басқа екпінді кеңселер қатарында азық-түлік беріп тұруға керек.
Жаңа егіннің шығысы Жер-су комиссарының орынбасары Осинко жолдас орталық губерниялардың бір сыпыраларын аралап келіп, жаңа егін жайынан мынандай мағлұмат береді: Орталық губерниялардың күзгі егінінің шығысы жақсы. Жалпы республика қол астында күзгі егін қар астынан жақсы болып шықты. Былтырғыдан көп ілгері, орташа шығыстан артық болар деп бағаланады. Жазғы егінге жаңадан болған жауындар өте қолайлы болды. Татарстан һəм Əзірбайжан Республикаларында егін тіпті жақсы болып шығуы күтіледі. Ел шаруашылығының қамы Жалпы мемлекет шаруашылығының күйзелгені туралы газеттерде жазылады. Көп айтылады. Елге ол күйзелістің себептері де белгілі. Біздің қазақтың көзімен қарағанда европа соғысын бастап «бір теңге беріп жылатып, мың теңге беріп қойдыра алмай» жүрген үлгілі азаматтардың өзі сияқты «тілеп алған аурудың емі жоқ» сияқты. Оның себебі шаруашылықтың түзелуінің кілті үлгілі ұлттардың өз қолында ұста шеберлері бар. Ел шаруашылығының кұралдары мол, өнер-білімі артық, мəселе тек жалпы еңбек майданына шығып, жұмысқа жұмылуда қалып отыр. Соғыс болса енді бітті. Үлгілі ұлттар шаруасын қалай түзетемін десе де жолы даңғыл, жұмысы сара. Біздің қазақ-қырғыздың шаруашылығы қалай күйзеліп отыр? Ол күйзелісті қалайша түзетеміз? 1919 жылдары Австралия мен Аргентинадан соңғы малды жер біздің қазақтың даласы деп мақтануға болатын еді. Енді тек 2 мың жылқысы барлардың 3-4-ақ жылқысы қалды деп Қазақстанның əр жерінен хат алып отырмыз. Россияда болған ішкі соғыстың өртіне аздап шалынғаны болмаса біздің қазақтың өз арасында ел соғысы бола қойған жоқ еді. Қазақ-қырғыз халқы бір жылдың ішінде малдан таза қылып отырған биылғы жылдың қаттылығы, биылғы жылдың жұты. Сыр бойының 1917-1918 жылы бастан кешкен жұты, ашаршылығы енді Арқаның басына келіп тұр. Қазақ былтырғы жылы терлеп ішетін шай жоқ. Жарық қылатын жер май жоқ. Киім қылатын мата жоқ деп зар жылап отырушы еді. Биылғы жылы аққа аузы тие алмай, шөлін қандырып құмардан шыға алмай, былтыр қорасына симайтын өз малының сүтіне өзі зар болып отыр. Малының жүнінен тоқитын шекпеніне, майынан жасайтын білте шамына, былғары орнына етік қылып киетін қайысына зар болып отыр. Былтырғысы еріккендік, еркелік екен. «Жаяудың аттыға еріп таңы айырылыпты», – деген кейіп екен. Қазаққа орыстың өзі таба алмай отырған матасымен, жер майын іздемей қолындағы малын, оның етін, сүтін,
терісін, жүнін апаттан аман алып қалу үшін бір шөмеле де болса шөбін шауып қорландыра беру керек екен. Мұның бəрі не көрсетіп отыр? Мұның бəрі қазақтың мал бақтым, кəсібім мал өсіру деп мақтанғаны бекер екендігін көрсетіп отыр. Қазақтың түсуінше малының қырылуы құдіреттің қарғысына тура келгеннен болды деп отыр. Қазақтың малын бағушы құдірет болып қалып отыр. Қазақтың кəсіп қылмайтыны да рас. Біреуге сиынуды қоймайтыны да рас. Осының бəрі бір жұтқа шыдамаған байлықтық байлық емес екендігі қазақ-қырғыз шаруашылығының маңызсыздығын, тұрақсыздығын халықтың үлгісіз надандығын һəм жалқаулығын көрсетеді. Құдай біледі. Қазақтың өзі қырылып жатқан малын «көзін көріп тұрып жануарды қолымнан қалай бауыздаймын», – деп семіз күнінде қырып алуға да ақылы жетпеді ғой!? Олай болғанда адам аштан қырылмас еді. Жанымыз ашығаннан шыдай алмай айтамыз. Болмаса өзіміздің надандығымызға өкпелемесек өзін-өзі қастық ойлайтын халық жоқ шығар. Біздің қазақ-қырғыз халқының шаруашылығының өзінің түрі осындай болып отырғанда енді хүкіметтің қандай жəрдемі, қорғанышы болуы керек? 1) Жұтқа ұшыраған жерлерді, егер ондай жер болмаса, қазақ-қырғыз халқын тегіс үстіміздегі 1921 жылғы салықтан мүлдем азат қылу. 2) Малдың өсіп-өнуіне керек, əсіресе төлдерді, тұқымдық жас малдарды сақтау. 3) Малдың тұқымын жақсылау үшін елге таза тұқым жіберіп, қазақтың малын сол таза тұқымдармен араластыру. 4) Халық арасына ел шаруашылығына жетік, білгіш aгрономдар тарату. 5) Европа халықтарының ғибратына қарап шөп шабудың үлгілену һəм міндетті жұмысы болу жағының шарттарын қарастыру. 6) Ол шабылған пішенге өрттің де, адамның да тимейтін жағын сенімді қылу. 7) Отырықшылардың жұттан қашқан көшпелілерді жеріне жібермей қууын қойдыру. 8) Қазақ-қырғыз халқын отырықшы қылу, егін кəсібіне жұмылдыру шарттарын қарастыру. 9) Жерінен айрылып шөлге, тауға қамалған қазақтардың жерін өзіне қайтару жəне олардың жер пайдалану құқығын отаршылар һəм басқа жерлермен теңестіру. Тағы да біздің есімізге келмегені болмаса бұл айтылғандарға қарсы келу мүмкін емес. Сонда дағы қазақ халқын отырықшы қылу мəселесі туралы біраз сөйлеп кетсек артық болмас. Меніңше біздің қазақ-қырғыз халқы отырықшы болып егінге жұмылса, тіршілігінде бір түрлі өзгеріс, октябрь төңкерісі сияқты төңкеріс болар еді деймін.
Осы күні қазақ-қырғыз жерінде болып жатқан «əлеуметшіл» төңкерістен де осы мен айтып отырған төңкерістің мəні күштірек болар еді деймін. Оның себебі тіршіліксіз саясат жоқ. Төңкеріс, өзгеріс əуелі тіршілік тұрмыс жүзінде болуы керек. Сонан соң барып саяси өзгеріс болуға мүмкін. Əлеуметшіліктің, ортақшылдықтың түпкі мақсаты жақсылыққа жақындау, əдемі, көркем тұрмысқа ұмтылу, алға басу болатын болса осы айтылып отырған өзгеріс сол алға басудың бір мықты белгісі. Қазақ халқының тіршілігінің өткен тарихынан білеміз. Ең алғаш дөңгелекті арбалар шыға бастағанда тіршілікте едəуір өзгеріс болған. Бұрын мың шақырымдап кезіп көшіп жүрген уақытта тіршілікке керек үй мүлкін һəм басқа керек бұйым заттарды өзімен бірге қиратпай бүлдірмей көп қылып түйеге артып алып жүруге болмайтын болған. Бұрын қазақтың бір жыл қыс қатты болып, жұт болса қырылып қалатын айдап жүрген малы болмаса мүлік дегенде ісі болмаған. Көшу кеміп, əлгідей жылжу құралдары үлгіленген сайын халық мүлік шығаруға жұмылып, шын мағыналы байлық бір нəрсені өзімсініп меншіктеушілік деген сонда ғана бола бастаған. Мекенсіз кезіп жүрген уақытта халықта ертеңгіні ойлаған бір түпкілікті негізгі ісі болмаған. Қазақтың мал байлығын байлық деп білуге болмайтындығына, бұрынғыдай көшіп жүріп мал бағып күн көре алмайтындығынан қазақтың өзінің де қазақтың жайын білмейтін əлеуметшіл ортақшылдардың көзі енді жеткен шығар. Былтыр жылқысы қорасына симай отырған қазақ баласы биыл жорға жүйрік міне алмай, аяқ лауға зар болып отыр. Осы сияқты да байлық бола ма екен. Енді біреуін ала, біреуін құла, мынау бай мынау кедей деп қазақтың қайсысын бөлеміз. Сол ғайып болған малдың бəрі ұлт қазынасына түссе арман болмас еді. Қостанай уезі мен Торғай уезі (бұрынғы Торғай облысы) екеуі көрші уез болады. Қостанай уезінің халқы отырықшы, кəсібі егін болады. Қала болғандары да бар. Торғай уезі көшпелі, кəсібі мал бағу, өмірінде арба дегенді көрмегендері бар. Қостанай елінің көк арбасына, пар өгізіне Торғай елі күлуші еді. Қостанай елінің белдеуінде жалғыз бұзауы бар жыртық-жыртық қараша үйіне кіріп барсаң үйдің іші көрпе жастық. Үй иесінің омырау қалтасында сағатшасы болады деп «мазақ» қылушы еді. Екі елдің қыстауын салыстырсақ та Қостанай елінің қыстауы мəңгілік қыстау сияқты. Торғай елінің қыстауы түкке тұрмайды. Пішен шықпаған жылы қыстауын тастап басқа жаққа көшіп кеткен Торғай қазағына «əй қыстауың қымбат еді-ау!»,– деп өкінуге болмайды. Қостанай қазағында жылжымайтын (бір орыннан бір орынға қозғауға һəм тастап кетуге болмайтын) мүлік бар деп айтуға болады. Торғай елінде мұндай мүлік жоқ. Қостанай қазағында ел шаруашылығының да құралдары көп болады. Осының бəрі
де Торғай елінің кəсіпке жұмылып тұрақтамай, көшіп қонуды тастамай жүргендігінен болып отырған нəрсе. Егер қазақ халқы отырықшы болса халық шаруашылығының һəм ел билігінің қай саласында болсын алға басушылық болар еді. Халықтың да мемлекеттің де пайдасы бірдей болар еді. Мемлекетте де жанын сол шаруашылыққа тіршілікке сүйеніп сақтайды. Ел шаруашылығы, мемлекет шаруашылығы мінеки ел шаруашылығына мемлекеттің жəрдемші, қорғаушы болуы керек екендігін осыдан білуге болады. Елге соқа-сайман, шөп машина, бел орақ, ағаш-тас, есік-терезе беру хүкіметтің міндеті. Əр нəрсе өзінің уақытына, лайығына қарай істелу керек. Менің бұл отырықшылықтың беретін өзгерістерін, біздің қазақ-қырғыз халқына əлеуметшіл төңкерісінің берген өзгерістерінен артық болады деп отырғаным осы. Бұл жұмыстың пайдалы жұмыс екендігін хүкімет халықтың өзіне көрсету керек. Онан шыққан жемісті, пайданы біреу жеп кетпейтіндігіне халықты сендіру керек. Сонда ғана бұл жұмыс халыққа қызғылықты болады. Сонда ғана мақсатқа ие болады. Сонда ғана қазақ-қырғыз халқы тұрмыстың қай қиындықтан да болса алға басып жоғарылап негізді һəм маңызды істер істеп гүлденіп, жемісті, қымбат дəуір сүрер. Үстіміздегі хүкімет ескі патшашыл хүкіметтің «қазақ халқында еш бір алға басушылық көрінбейді, қазақ халқы өзінен жоқ болуға тиіс», – деген отаршыл саясатын жойғандығын халықтың көзіне көрсету керек. Шеген Қазақстанда Қазақ жерінен патша хүкіметі (1) Сібірдің казак-орысына һəм (1) Оралдың казак-орысына алып берген жерлерді еңбекші қазақ халқына алып берген жерлерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру тақырыпты заң 1. Семей губерниясының Өскемен, Семей, Кереку уездеріне қараған һəм Ақмола губерниясының Омбы, Қызылжар уездеріне қараған; Ертіс өзенінің сол жақ (оңтүстік) жағасындағы жəне Бағыланнан Қызылжарды басып Омбыға баратын ескі почта жолының оңтүстігіндегі көлденеңі он шақырымдық жер 1907 жылғы майдың 31 де министрлер Советі ұсынып патша бекіткен жарлық бойынша Сібірдің казак-орыстарына беріліп еді; бұл жерді баяғыдан бері еңбекші қазақ халқы Сібірдің казак-орысынан жалдап алып пайдаланып келеді; енді бұл жер түгелімен еңбекші қазақ халқына қайтарылады. 2. Патша хүкіметі 1882 жылы еңбекші қазақ халқынан Оралдың казакорысына алып берген. Орал губерниясындағы Жайық өзенінің сол жақ
бетіндегі жер Қазақстан кіндік комитетінің 1 жиылысының ұйғаруы бойынша, еңбекші қазақ халқына қайтарылады. 3. Көлденеңі 10 шақырымдық жердегі 1 статья офицер учаскесі һəм учаскілерге түпкілікті ие болып Якубқа жалданып күн көріп отырған шаруалар, жер мəселесі социализм жөнімен шешіліп болғанға шейін уақытша сол бетімен пайдаланып тұра береді. Бірақ бұлардың қолындағы жер жақын жердегі көрші казак-орыстар пайдасындағы жердің мөлшерінен артық болмасқа тиіс. 4. Жоғарыда айтылған (1-2 інші статьялар) жерлердегі тұз шығаратын, балық аулайтын орындар, диірмендер уақытша жер мəселесі социализм жолымен шешіліп болғанға дейін сол жерде тұра береді; оларға кəсібіне лайық жер қалдырылады. 5. Артық жердің (3-4 інші статьялар) бəрі де қазақ халқына қайтарылады. 6. Қазақстан жер-су комиссариаты қазақтың кедейін орналастыру тақырыпты ең алдымен істейтін жұмыстарының жоспарына көлденеңі 10 шақырымдық жермен Жайықтың оңтүстік бетіндегі жерлерде істелетін жұмыстарды кірістіру керек. 7. Көлденеңі 10 шақырымдық жермен Жайықтың оңтүстік жағасында отырған қазақ халқына сол жерді бөліп беру тақырыпты Қазақстан жерсу комиссариаты жергілікті жер бөлімдеріне арнап ереже шығарсын. 8. Жоғарыда көрсетілген (1-2-ші статьялар) жер мəселесі социализм жөнімен шешіліп болғанға дейін ондағы шаруаға керек жерді (алап, егіндік жайылым, суат) онда отырған елге болыс жер бөлімдері мұны істегенде алдымен еңбекші қазақ халқының пайдасын көздеп істейді. Болыс жер бөлімдерінің бұл жұмысын уездік жер бөлімдері бақылап отырады. 9. Бұл заң радио арқылы, жергілікті губерниялық қалаларда қазақша, орысша газеттерде жарияланған күннен бастап күшіне кіреді. Қазақстан кіндік комитетінің төбе басы: Бөкейханов. Хатшысы: Шафранов.
«ШОЛПАН» ЖУРНАЛЫ
(1922–1923)
«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің
органы болып Ташкент қаласында басылды. «Шолпанның» 1-санының
мұқабасында «саясат-шаруашылық, білім-əдебиет туралы айында бір
шығатын қырғыз-қазақ журналы» деп жазылған. 1922 жылдың қазан
айынан 1923 жылдың маусымына дейін барлығы 8 саны жарық көрді.
Шығарушысы əрі бас редакторы – Иса Тоқтыбаев.
«Шолпан» журналының маңайына Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек
Қожанов, Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов,
Мағжан Жұмабаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар Əуезов, Міржақып
Дулатов, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Иса Қашқынбаев,
этнограф Əбубəкір Диваев, Мырзағазы Есболов, Кəрім Жаленов,
Аққағаз Досжанова, Əбдрахман Оразаев, Сара Есова жəне тағы
басқа қайраткерлер мен алаш ардақтылары шоғырланып, əртүрлі
тақырыптарға қалам тартқан.
«Шолпанның» алғашқы саны ғана жеке басылған, кейінгі сандары
2-3, 4-5, 6-7-8 болып бірге жарық көрген.
1-санының мазмұны:
1. Саяси һəм жалпы бөлім; 2. Шаруашылық; 3. Партия тіршілігі; 4. Білім бөлімі; 5. Бұйрық-жарлықтар
Мақалалар осы айдарлары аясында жарық көреді. 1,3-сандарында
«Білім бөлімі», 4,5-сандарында оған қоса «Ағарту бөлімі», ал 6,7,
8-сандарында «Оқу бөлімі» жəне «Тарихи бөлім» атты жаңа айдарлар
қосылған.
Журналдың тоқтап қалу себебі «Қазақстан ұлттық энциклопедия-
сының» 4-томында: «... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлт-
шылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған
байланысты журнал 8-саны шыққанан кейін 1923 жылдың мамыр
айында жабылды» деп көрсетілген.
Шаруашылық Түркістанда мал шаруашылығының осы күнгі жайы һəм оның ілгері басуы турасында Орыс хүкіметі 1821-ші жылы осы күнгі Түркістан топырағына аяқ салуыменен-ақ, уысынан шығарып жібермес үшін отаршылдық саясатын жүргізе бастады. 1889-ншы жылы Еділдің бергі бетіне, іштен қара шекпендерді көшіру хақында шығарған жалпы заңына шейін, Түркістанға іштен келген келімсектерді орнату реті Түркістанда тұрған хүкіметтің тəртібімен болып тұрды. 1905-ншы жылы қозғалыс болғанда көбірек дем берген ішкі Россиядағы жерсіз һəм жері аз қара шекпендер болған. Ол қозғалысты патша үкіметі басқаннан кейінгі жерде бұл пəлелерден құтылу қамына кірісіп, Россияның шеттегі аймақтарына топ-тобымен көшіре бастаған. Сол қатарда Жетісуға да қара шекпендерді орнату үшін əдейі арнап жергілікті халықтың жерін алатын ана келгендерді орналастыратын мекеме ашты (переселенский организация). Отаршылдық саясатының бастапқы кезеңде Петроградтағы біреуден алып, біреуге екіншіні орнататын мехкеме Түркістандағы қара шекпендер пайдасына алынатын жердің көбін суғармайтын телім жер деп санаған. Шынында, ол облыста телім жерде егін шашып, тіршілік қылушылар азайды. Себебі, жылдан жылға телім жердің егіні аз һəм кем шығуы: соның үшін, іштен өз беттерімен ауып келген һəм хүкімет көшіріп алып келген келімсектер өтірік, айла, күш барлығын араластырып, жергілікті халықтың не заманнан бергі табан ақы, маңдай терін сіңіріп суғарып, диханшылық қылып отырған жерлеріне келіп орнаған. Іштен келушілерді қызықтырып көбейту үшін, бір жағынан хүкімет «аузыңды ашсаң алма түседі» деп дақпырт шашқан. 1908-ші жылы Жетісу облысына хүкіметтің һəм іштегі жерсіздердің өте назары түседі. Оның есепсіз көп байлығы, «жерінің жақсылығы көп еңбек сіңірмей оп-оңай байып кетеді» деген хабарлармен іштен қара шекпен лек-лек болып ағылады. Жергілікті халықтың жерін алып, келімсектерді орнататын мекеменің аз уақытта істеген ісін көрсету үшін оқушылардың алдына тартамыз: Облысқа қарайтын жер 36.139.535 десятина, пайдаға аспайтын қоласты жер 4.786,669 десятина. Жергілікті халықтан іштен келген келімсектердің пайдасына тартып алған жер 4.193.56 десятина, жергілікті көшпелі халықтың пайдасында 27.159.346 десятина, жоғарыдағы есептің көрсетуіне қарағанда, Жетісу облысындағы пайдаға аспайтын қолайсыз жерді шығарып тастағанда, жүзден 87% қазақ-қырғыз пайдасында, 13% іштен келген келімсектерге алынған болып көрініп отыр. Бірақ бұл санның көрсетуімен білмеген адам адасуы мүмкін. Қазақ-қырғыздан
алып, келімсектерге берген жердің көбі бұрыннан мехнаттанып, суғарып, тіршілік қылып келе жатқан жерлерді һəм суғаруы үшін көп мехнат керек емес жақсы жерлер алынған. Қазақ-қырғыз пайдасында қалған жерлердің ішінде көбі тіршілік қылуға жарамайтын бетпақ жол дала, һəм қарлы таулар. Келімсектердің орнаған жерлерін қарасақ мысалы, Ташкент уезіндегі керуен жолының бойын қуып, Алатаудың етегіне қуып орнаған келімсектердің қаласы біріне-бірі жалғасып Əулие-ата уезіндегілеріне барып қосылады. Екінші бір тобы Шу бойының алабына орнаған, үшінші тобы Ыстық көлдің Темірқазықпен күн шығыс жақ жағасын алған. Сонымен, келімсектердің орнаған жері – Алатаудың етегі. Өзендердің алабы, көлденеңі 15-тен 20-ға шейін жер алып шегін тартып алып, мал шаруасымен тіршілік қылатын көшпелі қазақ-қырғыз халқының бір жағынан ауыз суға, екінші жағынан мал жайылатын жайылымдарына бөгет болыпты. Күн көретін жерден айырылып, жаздың уақытына қарай жайлау-күзеу деген сияқты жайылым өрісі тарылып, ата-бабасынан бері қарай өру болып меншіктеп келе жатқан қоныстан айырылып нашар күйге түсті. Өріс тарылғанның зардабынан, мал жұтқа, түрлі дертке, аштыққа ұшырап ұсақталып кемуге айналды. Бұрын қоныстасы ретпен, бір ру екінші руға жəрдем қолын созып ата көршілік борышын өтеу деген жоғала бастап, жұқа дəулеттілері малдан айырылып тамақ асырауы үшін қасындағы келімсектердің қаласына жалданып малай болып кетті. Тіршілік жүзінде мұндай хəлге түсу күйінің күн көргіштік дəулеттен айырылуы, қазақ-қырғыз халқының өсуі тоқтап кемуіне себеп болды. 1898-нші жылғы есепке қарағанда, əр үйде 5,5 жан келетін еді. 1907ншы жылда 4, 75 жан, 1916-ші 3, 5 жан келетін болды. Осы күнгі есепте мұнан да кем болуы тиіс. Сонымен 18 жылдың ішінде үй басына екі жаннан кеміген, болмаса 520 мың үйден 1.180 мың жан кеміген: 20-30 жылдың ішінде қазақ-қырғыз халқын Европаның «мəдениеті һəм тарихы» жолына түсіп зулап кеткендігін көрсетеді ғой! Патша хүкіметінің Түркістанға аяқ салып орнағалы 50 жылдай болып қалды. Сол 50 жылдың ішінде Түркістанда шаруа, кəсіп басқа да түрлі істеген ісін алып қарасақ, бір негізді пəленмен жүрген ісі жоқ, бір жұмыс реттеліп аяғына жеткен емес. Жергілікті халықтың жерін алып келімсектерді орнату, отаршылдық саясаты, диханшылық шаруасы болсын, қай қайсысында болса да бұрыннан көздеп болжанған жол жоқ. Бүйтіп алып істеген жұмыстың бірі халықтың шаруасының екінші бір түріне зиян келтіреді. Болмаса халықты жоғалтып жібереді. Міне, осы халық əсіресе, жергілікті халықтың мал шаруасына кесірі тиіп отыр. Фабрика, заводқа көбірек Россия жалмауыз байларының қалталарын толтыру саясаты жолына түсіп кетіп, жергілікті халықтың тіршілігіне назарын салмады. Түркістанда мақта шашу жұмысына шұғыл кірісіп, Европаның
капитализм ретімен жергілікті халықтың шырынын сору үшін, неше
түрлі тұзақтар құрып, мал шаруасымен тіршілік қылатын халықтарды
өлмесең тұр ма деген күйге ұшыратты. Түркістанда мал шаруасы не
хəлде екендігін мына төмендегі сан көрсетеді.
а) Түркістанның 5 облысының жерінің түріне қарай бөлімі.
Қолайлы жерлер.
Облыс аттары Суғарылатын жер Телімі жер Шабындық Жайылымдық һəм қолайсыз жер Барлығы Сырдария 638.644 204.432 396.802 35.727.972 36.967.850 Амудария 50.337 1.226 28.478 11.124.452 11.204.493 Самарқанд 407.456 274.907 39.666 7.431.774 8.153.803 Ферғана 69.850 169.083 133.751 5.590.465 8.452.458 Жетісу 399.018 95.417 492.000 35.144.100 36.139.535 Түрікпен 163.778 8.666 26.427 58.192.279 58.391.147 б) Түркістан облыстарындағы халықтардың тіршілігіне қарай бөлінуі. Облыс аттары Диханшылық Мал шаруасы Басқа түрлері Халықтың жалпы саны Сырдария 46.73% 44.96% 8.31% 284.000 Амудария 72.45% 16.87% 10.68% 1.94.000 Самарқанд 73.27% 8.38% 18.35% 860.000 Ферғана 74.28% 4.77% 20.95% 1.570.000 Жетісу 45.53% 46.82% 7.65% 987.000 Түрікпен 47.87% 32.23% 19.19% 382.000 Жоғарыда көрсетілген екі саннан көрініп отыр: Түркістанның бүкіл жерінің мал жайылыс һəм шабындығы 95.5 %, егіндік жері 4.5 %, екінші санда мал шаруасымен күн көретін һəм жерсіздер 53%, жерге қожа отырықшы аудандары 41%. Сонымен, ана 53 % көшпелі болып саналып жүрген мал шаруасымен тіршілік қылатын һəм жерсіз 53% үйді жерге орналастыру – осы күндегі екпінді жұмыстың бірі. Жерсіздерді һəм жері аздарды орнату үшін пайдаға аспай жатқан жерлерді су жіберіп орналастыруға тура келеді. Мал шаруасы мен тіршілік қылатын көшпелілерді осы күнгі малынан айрылып қалмайтын, һəм оны ілгері бастап өсіру үшін, қазірден оларды атамекен жерлеріне түпкілікті орналастыру қажет. Ескі замандағы жер қазынанікі, уақытша көшпелілер пайдалана береді. Хүкімет керек күні сырғанатып айдап жіберіп, тау – тасқа, бетпақ шөл далаға қаңғыратын қылып қарасы өшкен күні хүкіметпен бірге жер астына көмілді деп санап, бұлар орнығып отырып тіршілік қылатын жерлері түпкілікті болып белгіленуі керек.
ж) 1922-нші жылғы Түркістандағы мал саны (мыңдап). Облыстар Ірі қара жылқы қой һəм ешкі шошқа Барлығы Сырдария һəм Амудария 7,522 Самарқанд 1,377 Ферғана 1,834 Жетісу 1,113 7,126 9,261 Түрікпен 4,076 -- 4,276 Барлығы: 2, 291 2, 430 19, 370 24, 280 Жоғарыдағы санға қарағанда, Түркістанда мал шаруасы халықтың тіршілігінің бір мықты тіреуі. Əсіресе, Жетісу онан кейін Сырдария һəм Түрікпен облыстарында бұл облыстарға қарағанда, Самарқанд пен Ферғанада диханшылық тіршілігіне мал шаруасы жəрдемші ғана ретінде: алдыңғы 3 облыста мал шаруасының басымдылығы жерінде жайылымдық пен шабындықтың молдығынан. д) шабындық һəм суғарып шабындық қылып отырған жерлердің саны (мыңдап) (бұл есеп 1915 жылғы переселен мекемесінің есебіне қарағанда).
Облыстар Десятина Шөп пұты Сырдария, һəм Амудария 59.371 Самарқанд 12.201 Ферғана 33.692 Жетісу 52.400 Түрікпен 4.268 Барлығы: 1.121 179.933 Бұл көрсетілген пішен мен малдың барлығын қолдан шөп беріп асырағанда 720.000 жылқыны асырауға болады. Жоғарыдағы ж) һəм д) сандарынан көрініп тұр. Малды жайып бақпаса шөп жетпейтіндігі, жиған шөп мінген қолдағы ат жер жыртатын көлік һəм жүк таситын көлік пен жұтшылық заманға деп сақтауға ғана жететіндігі. 1911-нші жылғы есепке қарағанда, Түркістандағы бар малды жылқыға айналдырсақ, 7.861.000 бас жылқы болмақшы. Күніне жылқы басына 30 қадақтан шөп берілгенде, бір жылқы 1.965.260.000 осындай пішен керек, қолдан асырағанда ай сайын 163.770.333 пұт пішен керек. Міне, бұл есепке қарағанда бар малды шөппен асыраймын дегенде, Түркістанның барлық пішенін бергенде бір-ақ айға жетпекші. Сондықтан, ілім жөнімен таппаса да тарих жүзінде тіршіліктің текпісінде мал шаруасымен күн көретін көшпелі халықтар, ата-бабасынан бері қарай бір жылдың ішінде тебін, жайлау, күзеу, көктемде малынан қалмай жылжып көшіп жүруге тура келеді. Сондықтан, Түркістанда мал шаруасын ілгері бастыруға болады. Барлығын қолдан асыраймыз деп, қазіргі күнде қол жетпейтін нəрсеге пышақ ұрмайық. (аяғы бар) М.Шағырша
Жер хақында шыққан жаңа заң (қазақ-қырғыз облыстарының болашағы) Шын ортақшылдық дəрежесіне жетпеген жұрттың тіршілік жүзінде шаруасының ілгері басуының негізгі шартының бірі сол – күн көріп пайдаланып отырған жері оның түпкілікті пайдасында болуы. Бұл қалып тіршілігі мал шаруасы болған жұрттарда да бар. Егерде, малдың жайылымдығы кем болғанда да олар өз аралары ру-ру болып, ауыл-отан болып бөлісіп алысады. Түрікпен облысында қара құмда əр ру болып алып өздеріне бөлгенде тиген жер құдықтарын қазып тіршілік етіп отыр. Өйтсе де, ондай мидай далада күн көру мүмкін емес. Осындай қылып Жетісуда да бар жайлаулар һəм тау беткейлері бөлініп алынған, мал шаруасы мен тіршілік қылынған халықтың əрбір руы болмаса, əуелі малын бағып, оны асырап өсіру үшін белгілі қоныссыз болмайды. Егерде, рулардың я ауылдардың малдары өсіп-өнгенде жайылымы тарылғандықтан, бірінің бірі жайлы қонысын тартып алып, түпкілікті өздерінікі қылып меншіктеу үшін жанжалдар тартыс-таластар шығады. Əркімге өзіне меншіктеген қоныссыз бомайды. Белгілі жері болмаған соң, ол малды көбейту, өсіру мүмкін болмайды. Себебі, бұл күнгі пайдаланып отырған жер ертең келешекте өзінікі болып қалатындығына көзі жетпегендіктен, бұл қалып пен егіп тіршілік қылатын дихандардың басында да бар. Құр жерді айдап тастау жетпейді. Сенің көзің жетуі керек. Ендігі жылда осы жер өзіңде қалатынына. Сонда ғана табан ақың, маңдай терін сіңіріп еңбегіңнің жақсы жануы үшін жақсылап істемекші. Мұндай күйде сол жерге қатарынан он жыл бидай шашпайсың, себебі жер аз, шығымы кем басқа жерге аударып шашатын жері жоқ. Келесі жылы осы жер өзінде қалуына көзі жетпесе, иесі көңілсіз болып жерді аздырмайтын қамын жемейді. Жоңышқа, бақша шашу жұмыстары берекелі болады. Егер де дихан ол жерді бір-ақ жылдық болмағанда орнықты егіндер егер еді. Ортақшылдық дəрежесіне жетпеген, надан бұхараның арасында диханшылық тіршілігі белгілі бөлініп берілген жер болмаған жерде, ілгері басуы мүмкін емес. Егерде, дихандардың ұйымдары болса (артель, тауар іштуа, коммуна) тиісті жерлерін жатпай істейтін болса, онда екінші қалып, егерде жер көптің ортасында болса, үй басына бөлінбеген ол жерді жыл сайын шекпен бөліп шашатын болса, дихан көңілсіз болып істемекші. Себебі, бүгін бұл жер менде, ертең басқа біреуге кетеді, деп бұл ретпен жер тез азбақшы. Осындай қалып Түрікпен облысының көп жерінде һəм кіндік Россияда бар. Өзгеріс уақытында ішкі Россияда қара шекпендер байлардың жерін аламыз деп, мұнда Түркістанда əсіресе, Жетісуда, жуан жұдырық отаршылдардан жерді тартып алу күресі болып жатқанда, дихандардың
көбінің отырған жері өзінде қала ма, болмаса алып кете ме деген сенімсіздік болды. Жетісудағы орыс дихандары отырған орнымыздан көтеріп тастап, екінші бір жаққа айдап жібере ме деген, отырықшы болған, қазақ-қырғыз патша хүкіметінің зорлық-зомбылығын көріп қалған өзгеріс арқасында тегін үлес уақытша ғана ма деген екі ойлылық көп болды. Жетісуда да һəм Ферғананың күн шығыс жағында да тоқсан түрлі өтірік хабарлар, қозғап қалған халықты шошыту үшін неше түрлі өтіріктерді таратып, мысалы: жер реформасын жоғалтпақшы, бұрынғы дəулер қайта орнамақшы деген сияқты жиырма екінші жылдың күзіне қарай екпінді өзгеріс жолыменен жүргізілген жер реформасының көбі тіптен қалды. Өз бетіменен түскен жүгенсіз де көшіріліп орыс жерінің артығы алынып жергілікті еңбекшілерге берілуі, өте мұқтаж көшпелінің жолындағы орыс қалаларының көшірілуі бітіп қалып еді. Ішкі Россияда болсын мұнда, Түркістанда да Кеңес хүкіметі халық шаруасын түзетіп, ілгері бастыру керек деген мақсатты қойып отыр. Қайткен күнде де, бүлініп жарылған халықтың шаруасын аяғынан бастыру жұмысы өткен уақыттағы қызыл əскерді сұрыптау һəм бар күшті майданға салу керек дегенменен бірдей болып тұр. Бұл жұмыстың ішкі Россияда да һəм Түркістанда да нəтижелі болып шығуы үшін халықтың тіршілігінің негізі болған диханшылық шаруасын аяғынан бастыру, əрбір диханға еңбек қылып отырған жерін сенікі, көпке дейін сенің мүлкің деу керек болды. Міне, соның үшін жалпы Россия кіндік атқару комитетінің еңбек мөлшерінде жер пайдалану хақында шығарған жаңа заңының негізгі баптары ашық айтып отыр. Əрбір диханшылықпенен тіршілік қылып орныққандардың, заң жүзінде оларға берілген һəм осы күні пайдаланып отырған жерлері түпкілікті солардікі болып қалады. Еңбек мөлшерінде жер пайдаланып отырған ешбір диханды билеушілер отырған жерлерінен ешқайда айдап жібере алмайды. Оның жерінің шегі жер жұмысының артында ғана өзгерілуі мүмкін. Түркістанның кіндік атқару комитеті жалпы Россияның кіндік атқару комитетінің жаңа жер хақында шығарған заңы Түркістанда жүргізу ретінде қаулы шығарып отыр. Бұл қаулыда заң ретіменен берілген жер алдымен Кеңес хүкіметінің берген жері һəм ескі хүкіметтің берген жері болып саналады. Егерде, ескі хүкіметтің берген жерін Кеңес хүкіметі өзгертпеген болса. Сонымен, жаңа жер хақындағы заңда өте ескеретін нəрсе мынау: өткен уақыттағы істелген жер реформасының нəтижесі бекітілген. Дұрыс, деп тағайындалған. Жалпы Россияның кіндік атқару комитеті шығарған бұл заңы мен жер реформасы жоғалтылды деген неше түрлі өтірік хабарларға ешбір орын жоқ. Бұрынғы қалып қайта айналып келмейді. Жаңа законнан жұрттың көбі қорқады. Қорқатұғын ешбір орын жоқ. Олар жаңа законды тіпті оқымаған, болмаса оқып тұрып түсінбеген.
Жер реформасы енді һəм оның нəтижесін, жалпы Россия кіндік атқару комитеті бекітіп отыр. Ескі дəуірге қайту жоқ һəм қайташақ та емес, орыстың қара шекпендеріне жиырма екінші жылдың күзінде (ол закон шыққан күніне дейін) қолындағы жерлері солардікі болып саналып тағайындалды. Қазақ-қырғыз халқына барлық алған жері бекітіліп отыр. Жер хақында жұмыстың қиынырақ болып тұрған жері, бір жағынан, диханшылық, екінші жағынан, мал шаруасыменен тіршілік қылып отырған аудандарда. Жетісудың көп жері һəм Сырдария облысының Темірқазық жағындағы жергілікті халықтардың осы күнгі тіршілігі сондай түрде –қыстауының кəсібіне егінін шашады һəм екінші жағынан мал шаруасыменен тіршілік қылып көшеді. Міне, осындай жерлерде жер мəселесін түпкілікті қылып шешу қажет. Ауыл-ауылдың осы күнгі егін шашып пайдаланып отырған жерін ғана оларға қалдыру мүмкін емес. Себебі, қазіргі күнде олардың тіршілігінің көбі мал шаруасы, диханшылық кем, əшермендік қана шешеді. Ол, азғантай егіндік жермен оларды қалдыру дұрыс емес. Соның үшін Түркістан кіндік атқару комитеті шығарған қаулысында ауылдардың осы күнгі диханшылық қылып отырған жерлерін оларға қалдырып отыр. Егерде, бұлардың жер мəселесін түпкілікті қылып шешкенге шейін, бұл ауылдар диханшылық қылып жыртқан жерін кеңейтіп көбейткен болса, жер мəселесін шешкен мезгілде сол қалпының өзі жүріп кеткен жердің барлығында, сол ауылдарға түпкілікті болып шешкен уақытында бір белгілі мөлшерінен жер берілмекші. Сонда бір ауылдың жері мөлшерден кем болып қалса, онда мөлшерге жеткізіліп беріледі. Екінші бір ауылдың жері мөлшерден артық болса, артығы алынбастан сол ауылға түпкілікті беріліп тағайындалады. Бұған өте сақ болу керек Заң əрбір ауылға шамаменен келгенінше, диханшылық қылатын жерін көбейтуге кең жол ашып отыр. Мұныменен халықтың пайдаланып қалуы тиіс. Жатсаң да, тұрсаң да егін шашқан жеріңді көбейтуің дұрыс. Бұл ретте дихан менен мемлекеттің көздеген мақсаты бір болып отыр. Ең ақырында, диханшылық пенен һəм мал шаруасымен тіршілік қылып отырған аудандарда қашан жер мəселесі түпкілікті болып шешілгенше əр ауылдың жалғыз ғана егіндігі емес, мал жайылымдығы олардың пайдасына қалдырылып отыр. Қашан жер мəселесі түпкілікті шешілген уақытта, бір ауылдың мал жайылымдық жерінен мөлшерменен сол ауылға берілген уақытында артық жер шықса, ондай артық жерге басқаларды əкеліп орнатады. Бірақ, жаңа заң һəм Түркістан кіндік атқару комитетінің шығарған қаулысында ондай артық жерлерді түпкілікті жер мəселесі шешілгенге шейін ешкім сұғанақтық қылып ала алмайды. Сол жергілікті халықтың пайдасында болады. Осы күнде əр жерде уездерде, облыстарда һəм кіндікте жер жанжалын қарайтын һəм шешетін комиссиялар түзіліп жатыр. Ол комиссияда жер бөлімінің бастығы жер мəселесін шешетін мекеменің уəкілі су бөлімінің адамы, заң бөлімінің бастығы һəм қосшы ұйымының бастығы бар.
Осы комиссияларды күшейтіп дем беру керек. Бұлар ешкімнің өз бетіменен ұнаған жерді бас салып иемдене кетуді жоғалтулары керек. Бұл комиссиялар өзінің жұмысына, іске батыр жақсы азаматтарды бауырына тартуы керек. Бұл комиссиялар жер мəселесін түпкілікті қылып шешу жобаларын қарап бекітуге беріліп отыр. Қазіргі күнде бұлар өткен заманда жер реформасын жүргізген үш адамнан құралған комиссия қандай мықты болса, бұлар да сондай мықты. Мұны əрбір партия һəм кеңес қызметінде жүрген азаматтар ұмытпауы керек. Екі түрлі тіршілігі бар 1) аудандарда түпкілікті қылып жер мəселесін шешу жұмысы белгілі ретпен жүргізілмекші. 1923-ші жылға Түркістан уезімен һəм Əулиеата, Шымкент уездерінің бітпеген жұмыстары белгіленіп отыр. Шығашақ низамының қысқаша қорытындысы: мөлшер белгілеу əр ауылдың егіндігін сол ауылдың пайдасына түпкілікті қылып бекіту. Жерсіздерге мөлшерменен жер беру ауылынай-болыстардың арасындағы шекті түзету жер мəселесі түпкілікті шешіліп, жергілікті халықтарды орналастырғаннан кейінгі, қанша артық жер бар екендігін білу. Бұл жерлерге жері кем тарлық көріп отырған аудандардан болмаса, өте жері кемдіктен таршылық көріп отырған орыстың поселкелерінен көшіріп орындалулары айтылмақшы. Таршылық көріп отырған орыстың поселкелеріне түпкілікті жер мəселесі шешілгенге шейін мөлшерменен жер кесіліп берілуі мүмкін. Бірақ өте мұқтаж болғанда һəм жер комиссариятының рұхсатымен ғана, еңбек мөлшеріменен жер пайдалану шығып отырған негізгі заңда диханшылық шаруасына малайды жалдау реті белгіленген. Заң бойынша жалдаушы кісі өз малайы қатар қызмет қылатын болса, болмаса шаруасы кері кеткен болса, (егіндік шықпай қалу, өрт, шегіртке, ауру һəм басқа осындай қырсық кез келсе) һəм жері аз аудандарда жұмыстың уақытында, мысалы, егіннің уақытында, малай жалдауға болады. Жаңа жерге орнаған уақытында жұмысын тездеп бітіру һəм егіндікке берген жерінің барлығын уақытында шашу үшін малай жалдауға болады. 1) Ескерту: көшпелі аудандарда түпкілікті қылып жер мəселесін шешу хақында қосымша низам түзіліп жатыр. Ең ақырында, жерді уақытынша беру ретінде жаңа заң бойынша берілетін жер еңбек мөлшерінде болуы ғана керек. «Ешкім уақытша өзінің жерінің үстіне өзінің күшіменен еңбек қылып, шашылмайтын артық жер ала алмайды» жаңа сол уақытында жерді уақытша бергенде үш жылға дейін ғана береді. Һəм уақытша шаруасы бұзылған кезде (жоғарыдағы малдар турасындағыны қара). Болмаса, үй иесін əскер қызметіне алмаған болса, болмаса Кеңестер мекемесінде қызмет етіп жүрген болса.
Сонымен, жер хақында шыққан жаңа заң, жалғыз ғана жер реформасының нəтижесін ғана бекітпей, əрбір түрлі шаруа менен тіршілік қылып отырған ауылдардың жерін сақтау, ұзақ уақытқа жер беруді тоқтатып, еңбек мөлшерінен артық жер бергізбей, яғни жуан жұдырықтарға малай жалдап қанын сорғызбау жағын ашып отыр. Сонымен, айыптап көзге түспей қараңғы жолмен өткен лағынат екі дəуірге қайтадан жетеміз деуге еш орын жоқ. Жер пайдаланып отырған жұртқа жаңа заң жерді қай түрімен пайдалану ретінде кең жол беріп отыр, (көп ортасында үй басына) (һəм басқаша) қай қалаған түріменен. Мемлекет керекті мал бағатын жайылымдық басқа да түрлі жерлерді бүкіл ауылға беріп отыр. Онан əрі, жер мəселесіне мемлекеттің қатысы жоқ. Сосынғы əңгіме халықтың өзінде ауыл ішінде һəм, қала ішінде жер мəселесін шешу жұмысы халықтың өзінің тілеуіменен, һəм шығынын көтергеннен ғана болады. Жер пайдаланушыларға түпкілікті жер беріліп, біреу алып кетпейтіндікке көзбен жеткізіп, олар ол жерде ұзақ уақытқа өздерінің тіршілігін түзеу түгіл олардың өз ықтиярында қай түріменен жер пайдаланамыз десе де. Көп ортасындағы жерден пайдаланушы əркімнің өз ықтиярында көптен ұлтарақтай жер тисе де, өзіндікі қылып бүлдіріп алуына. Ұмтылу, ыждахат қылу, ілгері басудың санасы. Диханшылық шаруасының кең жолменен ілгері басып дəуірлеуіне жоғарыда айтылғандар да жеткілікті болар еді. Бірақ, жалпы Россияның Кіндік атқару комитеті жер хақында шығарған заңынан басқа, екінші бір низам шығарып отыр. Ол, низам бойынша жаңа орынға ауып қалғандар болмаса, ештеңе тимеген жаңа жер алғандар əскер қызметінен де, һəм азық-түлік салығынан да, көшкеннен кейінгі жерде он жылға азат. Ал, жаңа жерде жыртылған жер алғандарға, бұл жеңілдіктер бір жылға беріліп отыр. Соңғы низамменен Кеңестер хүкіметі бөлінген диханшылық шаруасын түзету, екпінді һəм, негізгі мақсат деп көрсетіп отыр. Қайткен күнде де, егінді көп шаш һəм аз уақыттың ішінде көп шаш дегенді Кеңестер хүкіметі орын қылып отыр. Бірақ, əрбір диханның да мақсаты сол екеуін бір жолға қосып отыр, енді шаруа түзелуге тиіс. Сол заң, жалғыз ғана жер реформасының нəтижесін бекітіп қоймай, бізді баяғы ескі обыр отаршылдық болмысынан сақтап отыр. Ескіге орын жоқ бірақ, əрбір қызметкер есінен шығармауы керек. «Жылытқан жастық астынан су да ақпайды» дегендей. Аскалов
Бұйрық,-жарлықтар Түркістан Кіндік атқару комитетінің, 1922-нші жыл 5-нші сентябрьде шығарған ІІІ-нші нөмірлі қаулысы: Түркістанда еңбек мөлшеріменен жер пайдалану туралы бүкіл Россиялық кіндік комитетінің төмендегі негізгі заңы Түркістан аймағында қолданылсын. Түркістан Кіндік атқару комитетінің бастығының орынбасары:
С. Қожанов Хатшысы: Юмакаев Түркістанда еңбек мөлшеріменен жер пайдалану негізгі заңы: Бүкіл Россиялық Кіндік атқару комитеті жанындағы жер істері, құрама комитетінің һəм Түркістан Кіндік атқару комитетінің барлық мүшелерінің 2-нші жалпысы жиналысында қабыл етілген, жергілікті шарттарға қарай, еңбек мүшелеріменен жер пайдаланудың негізгі заңына кіргізген Түркістанда еңбек өлшеміменен жер пайдалану туралы өзгертулерін қарап һəм Россиялық Кіндік атқару комитетінің бас құрамасының автономиялы һəм, ортақтас Республикаларда жер дауларын шешушінің тəртіптері туралы, 30-нші июльде 1912-нші жылда шығарған қаулысы бойынша, Түркістанда төмендегі ретте еңбек мөлшеріменен жер пайдалану негізгі заңын, Россиялық Кіндік атқару комитеті қабыл етеді: 1-бап Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың тəртіптері туралы: 1) Осы заңның 5-нші бабына ылайық пайдалану үшін бекітіп жер алған əрбір жер ұйымының жасы толған мүшелерінің (еркек-əйел демей тең 18 жастағылардың) көпшілігінің қарары бойынша, жер пайдалануды қайсы түрін қолданамын десе де ықтияры бар. Жер ұйымының ішінде жер пайдалану түрлері мынадай болса керек: а) Көп арасындағы жерді үй басына кезінде бөліп алу реті; б) Белгілі бір аудан жердің ішінде əр үйдің өзіне тиісті жерді бөліп жəне де меншікті жері бір ауданда болса да аудан ішінде əр жерде яки бөлек-бөлек болу; в) Көш бір кетіп жерді үлкейтіп, ортақтық ретіменен жерді пайдалану жолы; г) Бір аудандағы əр жердің ыңғайына қарап, түрлі-түрлі ретпенен аралас пайдалану жолы; д) Бұрынғы дихандардың һəм байлардың мүлік етіп алынған жерлерінде отырған диханшылық ұйымдарында, ол жерлер уақытында жер бөлімдерінің яки, кеңестер сиездерінің қарарыменен берілген болса, жер пайдаланудың қандай түрін қолданса да ықтияр беріледі;
Диханшылық ұйымынан шығамын дегендер диханшылық ұйымының хүкіметтен қарызға алған ақша яки, мал жəрдемінің өзіне тиісті сыбағасын қайтып беріп кетуге міндетті. Ескерту: Халық арасына бөлінбей, түрлі мекеме ұйымдарына берілген жерлерге орнаған диханшылық ұйымдарының бітуі шарт. Тəртіптері, əдебі өз алдына шығарылатын нұсқаларменен белгіленеді. 4) Срогы толып, жерді қайта төлеуде көпшіліктен шығамын дегендер болса, көпшілік ықтияр. Бермесе, шығуға ықтияр көпшіліктен айырылып шығушылардың бір орнынан өздеріне тиісті жерлерін алуға ықтиярлы бірақ, жер берілгенде жердің маңызы еске алынып, бөлініп шығушыларға жер пайдаланудың керекті түрін қолдануға ықтиярда берілмейді. 5) Срогы толмай-ақ, көпшіліктен шығамын дегендер болса, көпшіліктің ыхтиярыменен шығуға ерік беріледі. Уақыты толмай-ақ көпшіліктен шығамын дегендерге, көпшілік ықтияр бермесе де, көпшіліктен шығуға ерікті. Бірақ, барлық шығушылардың саны, барлық Россиялық Кіндік комитетінің қасындағы жер құрама комитеті менен ТурЦиктің Түркістанның һəр ауданына белгіленген санынан кем болмауы тиіс. Бос һəм бөлек жатқан жерлерге бөлініп шығамын деушілерге əр уақытта ерік беріледі. Бірақ, көпшіліктен шығамын деушілердің шығатындығынан көпшіліктің арасында жер қайтадан бөлінбейтін болуы шарт. Қосымша: Барлық Россиялық Кіндік атқару комитетінің жанындағы жер құрама комитеті менен ТурЦиктің һəм ауданға лайықтап көпшіліктен шығамын деушілердің санын белгілегенше, көпшіліктен шығамын деушілер болса, олардың саны көпшіліктің жалпы санының бестен бірінен кем болмауы яки, 250 үйлік диханнан көпшіліктен шығатындар 50 үйден кем болмасқа тиіс. 6) Көпшіліктен шығудан ілгері барлық халыққа арналып жерді бөлу мөлшері белгіленеді. Соның ішінде, егін һəм шабындықтар да тең бөлініп, көпшілікте шығушылар санына қарай, жұрттың бəріне тең мөлшерменен тиісті сыбағасы беріледі. Қосымша: Үй арқасындағы һəм үй салынған жерлерменен пайдалану үшін өз алдына тəртіптер шығарылады; 7) Жерді бөлуде шығушылар, һəм қалушылардың пайдасын тең ойлап, жердің берекесін алмас үшін жерді бүйректесе арасына кісі жері қосылып бөлшектенбей жер арасы қашықтанбай су һəм жолдарменен пайдалану жағы тағы бұзылмай, һəм жердің шекарасы қисаймай осылар сияқты басқаша реттерде еске алынып бөлінуі тиіс. Жер бөлініп шығудың жолдары осы қаулының ІІ-нші бөлімінде көрсетілген; 8) Көпшілік жер пайдаланудың бір түрінен екінші түріне өтіп, оның үстіне бөлініп шығатындарды шығарып болған соң, тағы бөлінушілерді бөліп жердің тиесі болса тағы бөлінушілерге ерік беріледі. Бірақ, ауыл үшін Совнаркомның 30-апрель 1920-нші жылда шығарған қарарындағы шарттарын орынға келтірулері міндетті;
9) Жергілікті шарттарға һəм шаруаның ыңғайына қарай һəр облысқа яки ауданға лайықтап, өз алдына жер мөлшерін белгілеу үшін облыс жер бөлімдерінің ұсынысы бойынша, облыс исполкомдарға ықтияр беріледі. Бірақ жер мөлшерін белгілеу үшін жер комиссариаты менен жер комитетінің разылығы болуы шарт. Облыс исполкомдары жер мөлшерін белгілегенше, дихандар ұйымының мөлшерінің көпшілігінің қарары менен қабыл алынған жер мөлшері қолданылады. Облыс исполкомдардың шығарған мөлшері бойынша, дихандар ұйымының белгіленген мөлшері менен бөлінген жерлердің уақыты бітпей қайтадан бөлінуі міндетті емес. 10) 20–ншы апрель 1920-ншы жылғы Совнаркомның қаулысына лайықтап жерді қайта бөлгенде, бөлінетін көпшіліктің жері менен жалғас еңбекшіл жеке мүлікті дихандардың жерлері жылжып жеті кесіліп яки, өзі бөлініп кетпесін; 11) Осы қаулыға лайықтап жер пайдаланудың бір түрінен екінші түріне өту үшін жерді қайта бөлу һəм көпшіліктен шығушылар қолдану үшін төмендегі тəртіпті амалдану керек. а) Əуелі мəселелер тиісті көпшіліктің мүшелерінің жалпы жиылысында қаралып өтеді. б) Дау яки, наразылық болмаса көпшіліктің қарары уездік жер бөліміне білдірілген соң, тіршілікке жүргізіле беріледі. Бірақ уездік жер бөлімі ондай жұмыстарды бір айдан қалмай қарап отыруы тиіс. в) Дау шықса, наразы жағы жер дауларын шешу үшін арнап шығарылған тəртіпке лайықтап ізденуге ерікті. Дау ашылып жұмыс шешілген соң, жер мекемесі тиісті тиянағын жазып қояды. г) Осы законның 5-нші бөлімінде айтқан реттерменен көпшіліктен шығамын деушілер болса, олар да осы «Б» һəм «В» бөлімшедегі жолдарменен қаралып тіршілік жүзіне шыға береді. 2-бап Жерді еңбек мөлшеріменен пайдалану жолы. 12) Законда көрсетілген жолдардан басқа ретпен пайдаланушының жерін қайтып алуға болмайды. Жалғыз-ақ, жер пайдалануды жалпы тəртіпке келтіру жұмысы болып яки, болмаса ортақшылық жолдарыменен пайдаланып отырған көпшіліктерде жерді қайта бөлетін ретте болса ғана жер ауданының орнын, аймағын һəм шекарасын өзгерту үшін басқа ретпен алыну мүмкін. 13) Жер пайдаланушы жер пайдаландыру шартынан мынандай реттерде ғана айырылады: а) Үй ішінің барлығы түгелімен өз ықтиярларыменен пайдаланудан кетсе; б) Үйдің өз алдына егін егуі түгел тоқталса; в) Үй іші өліп бітсе;
г) Бір жерден екінші жерге өтіп, ескі орында өз алдына шаруашылық жүргізуі тоқталса; д) Закон бойынша жаза тартып, сот арқылы жер пайдалану құқынан айрылса; е) Жол салу, яки болмаса, кен қазу сияқты мемлекеттің һəм көпшіліктің керегі үшін жер алынса; 14) Үй ішінің кейбіреуі əскерлікке алынып яки, болмаса сайланып көпшілік жұмысында кеңес хүкіметінің ісінде жүрсе, ондайлардың тиісті сыбағалы жері өзі босағанша өз үйінің қолында болады. Сыртқа кетіп жұмсаушылардың жері екі ораққа шейін өз үйінің қолында болады. Бірақ, екі орақтан кейін келгендерге артық жерден беріліп, артық жер жоқ жерменен жаңадан бөлінген көпшіліктің басқа мүшелеріменен қатар жер беріледі; 15) 13-нші бөлімшеде айтылғандай жерді көпшіліктен яки болмаса мемлекет керегі үшін жері алынған кісілерге, бөтен жерден жер беріліп барлық зиялы тиісті жолдарменен түгелденеді; 16) Орынсыз дəлелдер менен жерін істетпей тастап яки болмаса, 3-нші бапта айтылған законға қарсы келетін жолдарменен жердің майын сатқан жер иесі, жер дауларын шешу тəртіптері бойынша бір жылға шейін ол жерден пайдаланудан айырылады; 17) Пайдаланудан босанған жергілікті артық жатқан жерлерге қосылып сол диханшылық ұйымның жерге мұқтаждарына беріледі; 18) Жерді сату, һəм сатып алу, алып сату, беру, өткізуге қою тіпті болмайды. Жоғарыда айтылған реттерменен жердің бір қолдан бір қолға өтуі законға қарсы болып табылады. Жерді қолдан қолға өткізушілер жаза тартып һəм қолындағы жерінен де айырылады. 3-бап Жер жолдары туралы (Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың құқықтарын уақытша басқаға беру) 19) Егін бітпегендіктен, өрттен, жұттан, көлік кемдігінен, қолдың аздығынан яки болмаса, (сол сияқты апаттардан істеу үшін шетке кетіп, əскер қызметіне шақырылып, сайлау менен əлеумет яки, Кеңес қызметінде жүріп) уақытша нашарлаған дихандарға, барлық жерін яки болмаса, бір бөлігін басқаға жалдауға ықтияр беріледі. Жерді жалдаушылар арасында жасалатын шарттар бойынша, жерді жалдау ақына ақша, түрлі бұйымдар яки, ұйымның бір бөлімін беруге де болады. Бірақ, төмендегі шарттарды қолдану тиіс. 20) Жер жалдаудың уақыты бір орақтан артық болмайды. Бұл орақтың мерзімі белгісіз жерлерде 3 жылдан артық болмасын. 21) Кейбір дəлелді себептері бар жерлерде жалдаудың уақыты екі ораққа яки болмаса, үш жылдың орнына алты жылға созылуы мүмкін.
Көрсетілген жердің жалдау уақыты өткеннен кейін жер иесі өз қуатыменен жерін қайтарып алып, еге алмайтын болса, жері жергілікті диханшылық қолына өтіп, сол ұйымның жерге мұхтаж басқа дихандарына беріледі. 22) Жалғыз-ақ, өз қуатыменен еге алатын шамада ғана, өз жеріне қосымша қылып басқадан жер жалдауға ықтияр беріледі. 23) Жалданған жердің шамасы майын берушінің барлық жерінің үштен бірінен ары болса, жергілікті ауыл кеңесіне беріледі. Төрттен үшінен артық болса, Ауыл исполкомда қатталған соң, жер майын алушының арасында жасалған шартта міндетті саналады. 24) Жер майын беріп алудың шарттары ауызекі болмаса, қағаз бетінде жасалуы мүмкін. Ауызекі жасалған шарт Ауыл исполкомның яки болмаса, ауыл кеңесі мүшесінің қасында айтылып шарттар үшін арналған кітапқа жазылып қойылады. 25) Көпшіліктен шығып басқа жерге кетпекші яки, диханшылықты қойып басқа кəсіпке кіріспекші адамға жерін біреуге жалдауға ықтияр берілмейді. 26) Жер жалдаушы жер иесі сияқты жалдап алған жерін жақсылап егуге міндетті. Һəм майын алған жерін, басқаға бере алмайды. 27) Жер беруші диханға түсетін түрлі салық алымдарды алған жерінің шамасына қарай жер жалдаушы төлеуге тиіс. 26-ншы бөлімшедегі міндетті істерді жер жалдаушы орындамай, жер жалдаушылар арасындағы істелген шарт бұзылуы мүмкін. Шарттың бұзылуы, һəм одан шығатын алыс-беріс нəтижелері жер дауларын қарау тəртіптерімен шешіледі. 28) Жалдаған срогы біткеннен кейін жер иесіне қайтіп беріледі. Жерден ажырамайтын һəм ажыратқанда жерді егу, зиянды болатын жерді үлгірту үшін істелген жаңалықтар ескі жер иесіне өтеді. 4-бап Еңбекшіл дихандар шаруаларына жəрдем үшін керекті жалшылар қолдану туралы. 29) Аспап-құралдарының жетпестігіне яки, күш кемдігіне мезгілінде егін істерін бітіре алмайтын дихандарға жəрдем үшін, жалшылар жалдауға ықтияр беріледі. Бірақ, жалдаушылар үйіндегі барлық іске жарайтын кісілері жалшы қатарында өз диханшылық жұмыстарын істейтін болу керек. 30) Жері аз болып, һəм шаруасы нашарлағандықтан жерін жалдауға ыхтияр берілген дихандарға өзі диханшылық жұмыстарына кіріспесе де, барлық жерін жалшы күшіменен істеуге ықтияр беріледі. Диханшылықта орақ яки, айдау сияқты уақытта мезгілді жұмыстар үшін жалшы жалдау басқа дихандарға да болады. Жері көп аудандарда яки, жерге жаңадан орналасып жатқан уақытта, барлық егістікті қалдырмай, тездікпен пайдалану үшін керегіне қарай жалшылар жалдауға болады.
31) Бейнет бақылау һəм жалшылардың ақысын дұрыс беру тақырыпты шыққан қарарларды, һəм заңдарды орнына келтіріп тұру шартыменен жалшы жалдауға ыхтияр беріледі. 5-нші бап Еңбекшіл мөлшеріменен жер пайдаланудың һəм жерге орналастырудың нығайтылу реті. 32) Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың түрін белгілеу, нығайту үшін сиездер қаулысы мен яки, жер бөлімдерінің тиісті тəртіптері мен берілген отырықшы болыстардың, ауылдардың һəм басқа диханшылық ұйымдарының қолындағы осы күнде пайдаланып отырған жерлері, осы қарар шыққан күннен бастап олардың еңбек мөлшеріменен түпкілікті пайдалануында қалады. Қосымша: Екі диханшылық ұйымының арасындағы шекарасы белгісіз даулы жерлер жер даулары ретінде қаралып, екі жақтың халқының санына һəм жерінің аздық көптігіне қарай шешіледі. 33) Отырықшы шаруасы бар болыс һəм ауыл араларында бұдан былай жер теңгерілу жұмыстары тоқтатылады. Дихандар арасында жердің бөліншектігін, һəм қашықтығын жойып, жер пайдалануын ыңғайластыру үшін өз араларында жер орналастыру жұмысы жүргізіле беру мүмкін. Қосымша: Жер бөлімінде қабыл етіліп, жүргізіліп жатқан жер орналастыру істері бұрынғы шыққан заңдар бойынша аяғына жетіп, бітіп тоқтатылды. 34) Жер, су комиссариаты, ғылым, оның бөлімдері мемлекет қаражатымен жұртты жерге жөндеп жайластыру жұмысына мынау реттерде ғана кірісуі міндет: а) Болыс, һəм ауылдар арасындағы қиынсыз жер араластық ыңғайсыз бөлінектерді жою үшін; б) басы артық бос жатқан жерлерді тауып, анықтау үшін; в) бұрын көшпелі болған жергілікті жұртты, жер иелендіріп өз жеріне тегіс орнаттыру үшін, басқа реттерде жалпы міндетті. Жер орналастыру жұмысы тоқтатылады. Бірақ, халықтың өзі сұрауы бойынша, өз арасындағы жер орналастыру жұмыстары қаражатын халық өзі көтеріп жүргізіле беріледі. 35) Түркістанның мал шаруасы бар көшпелі аудандарында жер менен пайдаланудың һəм жерге орналастырудың тəртіп жолдарын, Түркістан жер комиссарлығының əдеті, сол аудандарға арнап жасап, жер құрама комитеті барлық Россиялық Кіндік Атқару комитетіне кіргізіп бекітілген жобамен белгіленеді. 36) Араларында жер дау-шатағы жоқ қыстақтарда, һəм диханшылық басқа ұйымдарында, халықтың пайдаланып отырған жерлерінің шамасы, шекарасы белгіленіп, жердің есепке алыну жолыменен жер иесіне ресми қағаз беріліп, жер иесінің қолындағы пайдаланып отырған жері өзінікі болып бекітіледі.
Соңғы қаулы 37) Түркістан жер, су комиссарияты Кіндік жер құрама комитетіменен келісіп, осы заңдарды жергілікті жер бөлімдену туралы нұсқаулар шығарып тəртіптер беру тиіс. Барлық Россиялық Кіндік комитетінің бастығы: Калинин хатшысы: Энукидзе Саясат бөлімі Азаттықтың жолы осы Россия тарихи колонияны молайту əңгімесінен жасалған деп профессор Клушевский айтқан сияқты, баяғыдан бері патшашыл Россияда үлкен мəселелердің ең зоры – жер мəселесі. Һəм Россия ішіндегі зауытфабрикаларға керек шеге заттарды шет аймақтардан алу жолдары еді. Біреулердің үстемдігі жүріп, ел билеуіне, біреулердің қол беріп құлдар хəліне түсіп, жауыздық көруіне себеп болған осы екі мəселе. Аяқты мал шаруасынан өтетін шеге заттар Россия зауыт-фабрикаларына керек болғандықтан қазақ-қырғызды орыс халқы билеген. Ішкі Россияда, жер мəселесі дұрыс шешілмегендіктен, Түркістан, Қазақстан сияқты шет аймақтарға келімсектер келіп, отаршылық саясаты жүргізілген. ХХ ғасырда күнбатыс Россияда халықтың саны өте өсіп, диханшылық үлгілі жолға құрылған соң жерге мұқтаждық, туған-жері жоқ кедейлер талай бөліншектер жасаған. Жерсіздерге жер тауып беру үлкен мəселе болған. Оларды орналастыру үшін патшашыл хүкімет жер іздеген. Орталық Россияда ең жақсы жерлер помещик ақсүйектер қолында болғандықтан, жерсіз кедейлерді орталық Россияға көшіруден патшашыл хүкімет тартынған. Сондықтан, күнбатыс һəм орталық Россиядағы алғы жерсіз кедейлерді патшашыл хүкімет Россия колониясы болған Түркістан, Қазақстан сияқты аймақтарға тығып, Қазақстан, Түркістанды келімсектерге толтырып еді. Ішкі Россиядағы алғы тентірегендерді Түркістанға көшіруде ескі хүкіметтің көздеген мақсаты екі түрлі: 1) жергілікті жұрттың жерін іштегі жерсіздерге беріп, бүліншілікті тоқтату. 2) келімсектерге сүйеніп, жергілікті жұрттарды өз дегеніне көндіру еді. Ескі хүкіметтің көздеген мақсаттары орындалмай қалған жоқ. Патшашыл хүкіметтің тұсында Түркістанға жүздеп, мыңдап келімсектер келді. Келген келімсектер алғы ғана қазақ-қырғыздарды айналдыра қоршалай, қазақ-қырғыздың көшіп, қонып жүрген ең жақсы жерлеріне, тау арасындағы орларға орналасты.
Баяғыдан бері күн көріп, тіршілік құрып келе жатқан атамекенінен қазақ-қырғыз жұртының іргесі көтеріліп, ел бір көшірілгенде екі-үш көшіріліп, сөзсіз шөл биік таудың басына шығарылды. Қазақ-қырғыз шаруасының түп қазығы аяқты мал шаруасы, диханшылық болса, ол екеуінің де көркейюі – жер, су еді. Қазақ-қырғыздың өзінің жылдан-жылға саны өсіп (əр жүз кісіге бір жылда екі кісі қосылмақ, яки елу жылдың ішінде жүз кісі екі жүз болмақ). Оның үстіне, іштен сансыз келімсектер келген соң, Түркістан жұрттары өзгеріле бастады. Түркістанда жалпы шаруа шарттарының өзгерісі ең əуелі қазаққырғыз шаруасын күйзелтті. Жаз жайлау, қыс қыстау, өрісі тарылып, көшіп қонатын жолы байланып, қазақ-қырғыз су ішетін суатынан да айрылды. Қазақ-қырғыздың аяғы қысқарды. Аяқты мал шаруасы төмендей бастады. Біздің қазақ-қырғыз шаруалары малға қолдан шөп беріп əдет алған жоқ. Аяқты мал шаруасы аяғынан жүріп күнелтіп келеді. Өрісі тарылған соң аяқты мал шаруасы талай індеттерге ұшырап бітуге айналды. Төмендеген шаруаны əсіресе жүдеткен іштен келген бұйымдар, түрлі аспап құралдар, кездемелер өте қымбат болып, аяқты малдан өнетін шикізаттардың (тері, жүн, жабағы) арзан саналғандығы еді. Сондықтан, қазақ-қырғыз қаражаты аяқты малдан өнетін өніміне жетпейтін болды. Аяқты малдың өзінің саны жылдан-жылға азая бастады. Аяқты мал арқылы күн көріп тіршілік құру қиындыққа айналғандықтан, қазақ-қырғыз халықтарының бірсыпырасы жатақ болып, диханшылық кəсібін қолданды. Жер иелену жолына түсті. Бірақ, диханшылық та қазақ-қырғызға жұғымды болмады. Түркістанда диханшылық суменен байланысқан. Сусыз жерде диханшылық қылғанменен еңбек қайтпайды. Қазақ-қырғыздың арасындағы сулы, ең маңызды жерлер іштен келген келімсектерге берілген. Қалған жерлердің жақсысын өз арамыздағы «белгілі атаның балалары» алған. Келімсектерден жер артылмай, қырғызқазақ келімсектеріне жер жетпей, тау басына сусыз шөлге еккенменен егін бітпей, қазақ-қырғыз кедейлерінің диханшылығы да алға баспады. Сонда да болса, қазақ-қырғыз тіршілігіне назар салмай, шикізаттарды Россияға арттырумен отаршылық саясатын жүргізуден қолы босамай хүкімет жергілікті жұрттың тіршілік тілегін, мұң қайғысын ескере алмады. Біздің, қазақ-қырғыз жұртының бұрын көрген жауыздықтарының ең үлкені, отаршылдықтың ең зоры – шаруа шарттарының Россияға пайдалы, қазақ-қырғызға жағымсыз болғандығынан басталып еді. Енді тіршілік құрып халық қатарына енуіне де зор себептердің зоры, осы аяқты мал шаруасы менен диханшылықты аяқтандыру. Жерге иелену де қалды. Алдымыздағы он бірінші Түркістан сиезінде де, əңгіменің үлкені осы болды. Шаруаны көркейту, тақырыпты сөзден іске көшу қамына кірісудің жолдары қарастырылады. Өйткені, коммунистер пар-
тиясы кеңестер хүкіметінің қолға алып, керекті істердің алдына салып, қарқынды істердің ең қарқындысы санап отырған ісі ішкі, һəм сыртқы соғыстың кезінде күйзелген шаруаны көтеру, байлықты молайту. Енді кімнің болса да істеген ісі осы жағына қарай саналып, қайсы жұрттың болса да революциядан алған жемістері жұғымды болып орнықты. Жолға қойылуы шаруаны көркейту, жаңа шаруашылық саясатын жүргізу хақында ұсталығына келіп тоқтамақ. 50-60 жылдан бері қарай, Түркістан тағдыры, қазақ-қырғыз тарихы Россиямен байланысып келеді. Кеңестер хүкіметі құрылғаннан кейін Россия мен Түркістан арасында жақындық күшейді. Бірақ, қай дəуірде болса да, Россияда жүріліп жатқан саясат, істеліп жатқан істің бағыты Түркістанда, қазақ-қырғыз ішінде істің жөнін өзгертпей қалған жоқ. Тіршілікке Түркістан қарсы бола алмайды. Əзіргі шаруа сақтығы да Түркістанды өз жолына салады. Сондықтан, салтымызға тəртіп шабан қимылдап шаруа сақтығына жеміс болмай, шалт қимылдап, шаруа майданында «озған алды» болып жатқан дəуірде, қазақ-қырғыз өз сыбағасына ие болмаса, келешегі қауіпті. Бірақ, кеңестер хүкіметі тұсында болмаса, қазақ-қырғыз кедейлерінің тілегі алғы орындалмай келді. Сонда да болса «иманға үш дауыста» деген. Өткен жылы Еділ бойында аштық басталғанда Кіндік газета-журналдарында мақалалар жазылды Түркістанда астық тегінінің аз-ақ алдында, бос жатқан жер тіпті көп екен деген дəлелсіз сөздер айтылды. Соған істеніп Түркістанға іштен өте көп келімсектер келді. Кеңестер хүкіметі тұсында Түркістанның еркі өзінде тұрғанда келген келімсектер өте қауіпті болмаса да қатері болады. Күнбатыс Россияда халықтың төрттен үш есесі патшашыл хүкіметтің тұсында Қазақстан, Түркістанға келген. Сондықтан қазір онда жер көп, халық аз. Орталық Россияда Октябрь революциясынан кейін помещик-ақсүйектер, һəм шіркеу пайдасындағы жерлер бос қалған. Сондықтан, бүкіл Россияда тұқым асбапқа мұқтаждық болмаса, шіркеу мұқтаж кедей жоқ. Россияға Түркістан, Қазақстаннан көшірілетін халық болмаса, Қазақстан мен Түркістанға ішкі Россиядан келетін халық жоқ. Сонда да болса, барлық Россияның Кіндік комитеті жанындағы құрама жер комитеті, Түркістанда бос жатқан жер көп деп түсінеді. Реті табылып келушілер болса, ішкі Россиядан Түркістанға келімсектер келтіру əңгімесін де қозғағысы келеді. Бұл сөздің қозғалуының тіпті орны жоқ. Қозғала қалса «ауру қалса, əдет қалмайды» деген осы болады. Аурудың алдын алу керек. Қазақ-қырғыз ішінде табан ет, маңдай тері арқасында күн көріп тіршілік құрып келген жерсіз, сусыз қарақасқа кедейлер, жер берілмеген жалшылар аз емес. (Ілгергі санға қарағанда 20-30 проценттей келетін еді). Еңбек мөлшері менен жер беріп, əуелгі істің алдыменен соларды орналастыру қажет. Диханшылық үшін керекті асбап құралдар тауып
беріп, солардың шаруа шарттарын орнықты жолға құру керек. Еңбек мөлшеріменен үйлестірілгенде қырғыз-қазақ кедейлерінен жер артылып қалып, ішкі Россияда жерге мұқтаждар көп болса, əрине, іштен келімсектер келуіне қарсылық болуы жөнсіз. Бірақ, біздің қолымыздағы мағлұматқа қарағанда, Түркістанда артық жер жоқ. Һəм іштен өз еркіменен келетін келімсектер де жоқ. Түркістанда байлық мол, əсіресе, қазақ-қырғыз арасында, қырғызқазақтың өзі қадірлемейтін заттар – байлық тіпті көп. Патша хүкіметі тұсындағыдай ол байлықтарды, шикізаттарды аяқасты қылып қадірін түсіре бермей, орныменен жұмсап, оның орнына бұйымдар жер үлгертетін асбаптар, құралдар алу керек. Тіпті, Түркістанның өзінде де зауытфабрикалар ашып, шикізаттарды үлгерту мүмкін. Шикізаттарды мұнан Россияға артып барып онда үлгертіп, Түркістанға қайта келтіруден гөрі Түркістанның өзінде зауыт-фабрикалар ашып, осы жердің өзінде шикізаттарды үлгерту пайдалы болатыны анық. Түркістанда зауыт-фабрикалар ашылса, қырғыз-қазақ кедейлері де зауытфабрикаларда қызмет етіп, ұйымдастырып кеңестер хүкіметіне сүйеніш болатыны да ашық. Ескі хүкімет тұсында шаруа күйсіз, жайсыз тіршілік шарттары қырғыз-қазаққа өте тиімсіз болды. Қырғыз-қазақ ең əуелі байлығынан айырылды. Сондықтан, саясат жағынан да ақсады. Салақтық қылса, сол хəлге қырғыз-қазақ кедейлері тағы түседі. Саяси азаттық жерге иелену, мал шаруасын аяқтандыру, өнімді молайту майданында бəйге алуда қалды. Азаттықтың жолы енді осы. Тіршілікті орнықты жолға құрмай алған саяси азаттықтың жұғымы аз болады. Шаруашылық бөлімі Көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру керек дегендер туралы Соңғы жылдарда қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мəселелер туып жүр. Əрине, дұрысына қарағанда, келесіні көздегенде, қазақ халқының қазірден бастап жер иеленуі қажет. Қысы-жазы дамылсыз салдырлап көшіп қонудан қолы тимей, тіршіліктің тізгінін табиғаттың таңдауына беріп жүргенше, бір жерге орнығып, шаруашылықтың өнімді жағымен алмасқаны жақсы. Шарушылықтың өнімді түрі табиғатты өзіне қаратып, бағындырып алса ғана болады. Сондықтан, табиғаттың күшімен пайдалану үшін мына істермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек. Тіршілікті тұрақты күйге салып, боран соқпайтын, жүн жемейтұғын орнықты кəсіппен айналысуы керек.
Көшпелі қазақтардың көрген күндері күн дерлік емес, олар қолдарындағы баққан малдарының игіліктерін өздері тегісімен көреді деуге болмайды. Малдың санына шағып, жиған жүні бар, малы сиярлық бір жерге қысқы малдың өмірі, тегімен табиғаттың қолында болады. «Айдаса желдікі, соқса сайдікі» дегенді көшпендінің қонысы оң болып, малының аман шығуы, жүрген жердің отынан, қарынан, суығынан болады. Халық қар жауып, мұз болса, боран соқса, қазақтың күні қараң, малдан айырылғаны бұрынғы байлығында. Барлығы да көрген түстей болып, көзден бірақ өшеді. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде ғана айта алады. Қыстап қалған малды иеленеді. Көшпендінің көрген күні құрысын. Оларға өмірінше тыныштық жоқ, салдырлап қысы-жазы көшумен жүргені. Қысы қызылға кетеді. Бұқара, Үргеніштің қолтықтарына шейін барады. Одан қар кеткесін қайта кейіп көшеді. Қарақұмды, Шу бойын жайлайды, алды Арқаға да барады. Ну-Қостанай, Троицкі қолтықтарына да баратұғындары да аз емес. Міне, осымен 12 айдың ұзын бойына жержердің сонысына 10 шақты күннен ғана отырмаса, кіл көшумен жүреді. Өмірін осымен өткізеді, сөйтіп, жүрумен бір жерде боранға ұшырап, суыққа шалдықса, малдан айрылады. Көше алмайтын жатақ болып қалады. Қазақтың осы күнгі отырықшыларының көбісі осындайдан отырған деуге болады. Онымен, олар дұрыстап мерзімді жер иеленіп, мəдени кəсіпке айналысып жерінің игілігін еміп отырған жоқ болса, бір жерде қозғалмай тұрған қыстауы бар, аздап пішен шабар егінмен де айналысуы аз өлместің күнін көріп отырады. Міне, осының барлығы да қазақтың қазіргі кəсібінің күн көруі үшін керексіз екендігін көрсетеді. Тіршілікке төзбейтұғынын, рахатсыз екендігін аңғартады. Ол онымен тұрсын, ендігі ескеретұғын мəселе – қазақ осы тұрмысты тілеп алды ма болмаса, оларды осындай болуға итеретұғын табиғи реттер бар ма? Енді осыған келейік, адам баласының өсіп өнген тарихына көз салсақ, біздің қазақ түгіл қай халықта əуелгі осылардай кездерінде көшпелі болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Осы күнгі кент болып отырғандардың қай қайсылары да жер айдау кəсібін үйреткен соң ғана барып жерге отырып қала болған. Ал мал шаруашылығынан олардың қол үзгендері кешегі жақында ғана. Олар білімін күшейтіп жерді, суды, тауды, тағы да сол сияқты табиғатқа тəндік заттарды адамның пайдасына жарата білген кезден бері қарай. Біздің қазақта ол өнерлердің ұрпағы да жоқ. Мал бағудан басқа кəсіп қазір де қазақтың қолынан келмейді. Содан соң мал өсіреді. Малдың жайын қылу үшін шөптің сонысы керек. Қоныс аударып тұру қажет. Өйткені, үнемі бір жерде отырса, шаруашылықтың жайы болмайды. Сондықтан, қазақ амалсыздан күн көрген малын сақтау үшін соның қамына көшеді. Осы айтылған аз əңгімелердің өзінен қазақтың көшпелілігінің кəсібі мал өсіру екен. Сол үшін де қазіргі һалде көшпелі тұрмыстың керектігі көрініп тұр.
Бірақ, қазақ қалпын өзгерткен жоқ екен. Кəсібі, күнкөрушілік əдеттері баяғы бойдан бұлжымай тұр екен деп қарап, ізінше тұрған бөтендер жоқ: күннен күнге заман өзгерілуде, алға басуда, тіршіліктің талабы да күн санап қиындап барады. Енді бұдан былай дəуірде сүру үшін мəдени талаптар керек. Былайша айтқанда олар білімнің көрсеткен қол кəсіптерін табиғаттың кəріне қарсы жұмсап, күнелтпесе болмайтұғын болды. Жұттан қаншасы қалады деп көзін жұмып, қолды қуысырып отырудың реті жоқ. Онан да малды жұттан аман алып қалудың лажын істеу керек. Ол үшін малға шағып шөп шабу, жанға шағып егін салу қажет. Көшпелілерге шөп шауып, егін салу үшін бір жерге орнығып жерге отыруы, жер кəсібіне айналуы керек. Қазақтың жерге отырғызу керек деген соңғы кездердегі сөздер осыдан шыққан. Бірақ ол үшін жерлігіп отыруға төзімді жер қазаққа табыла ма? Оған келсек, Түркістан Республикасында, көпшілігі көшетұғын Ақмешіт һəм Қазалы уездерінде, Қазақстанда Ырғыз, Торғай һəм Адай уездерінде, Ақмешіт пен Қазалы уездерінің көшпелілерінің қоныстары Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Шу, Сарысу бойлары. Қызылқұм деген жеріне сексеуіл һəм ақшөптер шыққан сусыз шөл құм: Ел мұнда қысқа қарай қар түскеннен кейін қарап келеді. Болмаса, құдығы да сирек һəм терең 30-40 құлаштан болады. Қызылда жылқы, мал күнелте алмайды. Жері аз, оның үстіне жылқының шөбі жоқ. Қызыл көшетұғын елдің мал еткендері, қой мен түйе болады. Жердің сілесі бар ғана уақытта, қыстың 2-3 айында болмаса, қызылда жаздыгүні ел отыра алмайды. Өйткені, судың тапшылығынан жəне күннің ыссылығынан жаз бұл жерлерде мал ұстап, берекет қылып отыруға мүмкін емес. Егіншілік қылуға екі бастан мұнда тіпті болмайды. Қарақұмды алсақ, бұл Арқаға тəндік жер қызылдан. Мұның күні салқын. Қай түлікке болса да шөбі дайын, құдығы таяз. Бірақ, бұл да қыстау мен егіншілікке кем. Шабын шығатын жері жоқ. Шығатұғын шөбі: томар жусан, ақ жусан, сілеу, айғыр үйірі қияқ һəм ой, ой баттауық, бұлар басыбайлы шабын болуға жарамайды. Таңдап жүріп шұңқыр-шұңқырға бір пұт, жарым пұт сеппесе, Қарақұм егіншілікке де кеміс. Шуасары су бойларын алсақ, оларда жаз жайлауға болмаса, қыстауға, егіншілікке жарамайды. Қазақстанның да жалғыз өз алдына жүретұғын Адай уезі болмаса, көбінесе, көшпелілердің келіп кететұғын жерлері осы аралар. Адайлардың да жүретұғын жерлері тақыр, құм, тастақ болса керек. Осы айтылған жерлердің қай-қайсысының да маңызын қарасақ, екіүш айлық мазасы болмаса (онда да мезгілді уақытта), табан теуіп өне бойы отыруға қол бере алатұғын емес. Өйткені, жоғарғы айтылғандардан бұл жерлерде отырықшы болып, ылаж қылуға болмайтындығы көрініп тұр. Мерзімдеп жер иеленіп отырса да, болмаса бұрынғы бойымен көшіп жүрсе де қазақтың күн көретұғыны – қолындағы бар жерлері табиғи
түрде мал үйіруге болмаса, жер шаруашылығына қолайсыз жерлері жоғарыда айтылған Қызылқұм, Қарақұм сықылдылар. Сондықтан, ол сықылды жерлерде көшіп қана жүріп күнелтпесе, отырықшылықтың мүмкін еместігі көрініп тұр. Біз көрген жерлердің қазақтарының жатақ дегендерін де тақадымы жоқ қара сирақ кедейі болмаса, жарты көшпелі деуге болады. Өйткені, қысы-жазы бір жерде қозғалмай олар да отыра алмайды – қырға шығып мал жайып қайтады. Қырды жерленгендер қысқа қарай малдарын ішке айдап, Сырды жерленгендер жаз қырға жіберіп отырады. Бұл айтылғандардан көшуден қол үзсе, қазақтың күн көре алмайтындығы көрініп тұр. Осының барлығынан аңғаратұғын көшпелілікті қайта жамандап қол көрмегенмен, қазақ жерінің табиғи əрекеттерінің өзінің керекті қыла тұғындығы. Қазақ бар жердің көбінде көшіп жүріп күнелтпесе болмайтындығы сондықтан. Қазақты тегіс жерге айналдырып, отырықшыландырамыз деушіліктер қате. Біздің өмірімізге көшпелілік қойылмады. Темірбек Қырғыз-қазақ шаруасы Еуропадағы мемлекеттердің ең мықтылары – Англия, Франция, Германия, Италия жəне басқалар төрт жылдай соғысып, есепсіз қан төгіп, дүние шашып, енді осы күндері конференциядан конференция шақырып, біріне-бірі ант беріп, серттесіп «Бұдан былай кімде-кім соғыс шығарса, пəлен болсын, түген болсын» деп қарғаса да, үлкен Еуропа соғысының олжасын қалай бөлу туралы əңгімесін əлі шеше алмай келеді. Жер жүзін қанға бұлғап, Еуропа соғысынан кейін 14-15 конференциялар шақырылды. Бұлардың барлығында да сөйленіп келе жатқан бір əңгіме, шешілмей келе жатқан бір мəселе: Еуропа соғысында жеңілген мемлекеттерге соғыс шығынын қалай төлету жəне келешекте соғыстан тартыну. Соңғы 3-4 жылдан бері бүкіл Еуропа аузынан түспей келе жатқан осы екі əңгіме, жіліктің майлы басы осы екі мəселе болғандықтан, құлағын түріп тыңдамаған, өзіне қарай тартпаған жалпы Еуропада жан жоқ. Соғыстан тартыну керек деген сөз əдемі əңгіме, жақсы ниет, бірақ Еуропа сұмдары сол əдемілігін пайдаланып, ішкі сырын жасырып, теңдік, бостандық деген құрғақ сөзге бірін-бірі малдандырып жатыр. Еуропа мемлекеттері астыртын соғысқа тағы дайындалып жатыр. Жауыздық қанына сіңген зорлықшыл əлсіздердің дүниесін талауды əдет алған Еуропаның мəдени жұрты соғыссыз тіпті тұра алмайды. Жақсылық іске еш бастамайды. Түрік мемлекеті бұзылды я, болмаса, қырғыз-қазақ жұрты ел болудан кетті, халық болудан қалды деп қайғырмайтыны анық.
Еуропаның қай мемлекеті, қай жұрты қайсы мəселеде болса да жауыздықтың қандай жолын, зорлық-зомбылықтың не түрлі əдісін қолданса да өз үстемдігін жүргізу, бұны, өзіне мақсат көрген жалғыз-ақ патшашыл Россия емес еді. Əзіргі Англия, Франция, Жапония, Америка «мəдениетті» аталған жұрттардың барлығының да мақсаттары осы болған. Сондықтан, 14-15 конференция түгіл, күніне жүз ант берсе де, олардың өзара таластары бітпейді, талас түбі келіп соғысқа тіреледі. «Мəдениетті» жұрттардың көзіне ылғи қан толып, колонияны іздеп таласқанда мақсаты не екен? Еуропада көптің көбі завод-фабрика, Еуропада миллион завод болса да, тоқталмай өне бойы толассыз жүруі тиіс. Өйткені, іс тоқтаса, заводта істеп жүрген жұмыскерлер қаражатын завод иесі яки болмаса өкімет беруге тиіс. Заводта істі тоқтатып, жұмыскерлер қаражатын өз мойнына алатын завод иесі жұмыскерлерменен пайда сирек емес. Завод иесі өз пайдасын көздейді. Басқаға тіпті қайырымы болмайды. Заводта іс тоқтаса, заводта істеп жүрген жұмыскерлер қаражатын өкімет мойнына ала алмайды. Сөйтіп, завод тоқтап қалса, завод жұмысында жүрген жұмыскерлер далада қаңғырып қалмақ. «Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады» деген сияқты, жұмыссыз қаңғырып жүрген аш жұмыскерлердің бүліншілік шығаруы мүмкін. Бүліншілік шыға қалса, оны басу өте қиын. Сондықтан бір жағынан өкімет, екінші жағынан завод иелері завод жұмысы тоқтап қалмай, жүруінің қамында болады. Фабрика, завод жұмыстары тоқтаса, капитал өсуі де тоқтамақ. Капитал негізіне сүйенген мемлекеттерде қай жағынан қарағанда да завод жұмысы тоқтамай, ылғи жүріп тұруға тиіс. Фабрика – завод жұмысы аңырмай жүріп тұрса, үнемі жер көкке сыймайды. Оған алушы керек, тағы да завод жұмысы аңырмай жүруі үшін шикізат, отын керек. Капитал негізіне сүйенген мемлекеттер капиталын ылғи өсіру жолында болады. Ойлаған ойы, баққан қойы сол. Сондықтан, аты шыққан жауыздыққа бай болған капиталшы мемлекеттердің іздегені – шикізат, отын, аңқау алушы колония. Завод жұмысының аңырмауын, оның өнімі көп болуын, капиталы өсуін көздеген капиталшы өкімет колония іздемей, тілегін тіпті жарыққа шығара алмайды. Колония – шикізат аңқау алушы жалғыз Франция, Англияға керек болып тұрған жоқ. Барлық капиталшы негізіне сүйенген байлардың жеке байлығын қуаттаған капиталшы өкіметтердің барлығына да тегіс керек. Сондықтан, капиталшы мемлекеттердің көздеген мақсаттары бір-біріне ылғи қайшы келіп, өзара таластары бітпей, Англия мен Франция, Жапония мен Америка күндесті əйелдей күнде аңдысып отыр.
Қазіргі Лозанна конференциясында ресми ретте бітім хақында əңгіме болып жатса да, шымылдықтың арғы бетінде отын туралы сөз болып жатқаны да анық. Мақсаттары бір-біріне ылғи қайшы түсіп, барлығы да колония іздеу жолында жүріп, соғыстан тартыну керек деген сөздері тіпті ем болмайтын əңгіме. Еуропа соғысында жеңілген мемлекеттерде соғыс шығынын қалай төлету мəселесі де түйіні зор сөз. Сұлу сөз, əдемі əңгімелерді қозғап жүргенде, барлығының да түпкі тілектері, теріс айналдырып сөйлеп жүргендері – біздің мəселеміз. Колония – шикізат, аңқау алушылар мəселесі. Солай екені «Лозанна» конференциясында белгілі болды. ІІ Патшашыл Россия алғашқы Түркістанға қол салғанда көздеген мақсаты – Түркістанды колония ету болған. Сондықтан, Түркістанда жүргізілген істің, қолданған саясаттың бағыты ылғи сол болып келді. Түркістанда қай шаруа негізін алсақ та, отаршылдық салқыны тимегені жоқ. Отаршылдықтың талай түрі жүргізілді. Ол туралы жазылып та, айтылып та келді. Отар, отаршылдықтың ең мықтысы, ең басы – жерсудан басталады. Əсіресе, жылдың осы түрі жергілікті жұрттардың жанына батып, қырғыз-қазақ шаруасын қатты күйзелтті. Түркістанның жер шаруасы өте зор. Хиуа, Бұқараны қосып санағанда Түркістанда 152.288.331 десятина жер бар. Бірақ оның көбі үлгертілмей жатқан шикі жерлер. Шаруа керегіне асу жағынан қарағанда барлық 152.288.331 десятина жердің түрлері мынадай; 1. Егістік – 3.288.331 десятина яки 2% 2. Мал жайылымы – 64000000 десятина – 42% 3. Тоғай – 6000000 «дес» -3,57% 4. Үлгіртілмеген жерлер / тау-тас, су-құм/ 79000000 «дес» -515 % Барлығы: 152, 288, 331 десятина. Жоғарыдағы мағлұматқа қарағанда, ұшы-қиыры жоқ Түркістанда пайдаға асатын игерілген жер ауданы 13288331 десятинадан асатын емес. Даңқы жер жарған Түркістанның жұрттан асқан байлығы осы 13288331 десятина жері. Түркістанның бар байлығы осы. Қызыл алмадай Түркістанға əркімдерді қызықтырған да осы. Жоғарыда көрсетілген жерді əзір Түркістанда пайдаланатын жұрттар мыналар: 1. Өзбек /сарты аралас/ - 2.500.000 жан -37% 2. Қырғыз-қазақ - 2.400.000 жан – 35% 3. Түрікмен - 500.000 жан -7% 4. Орыс - 600.000 жан -8% 5. Тəжік - 500.000 жан – 7%
6. Дүнген -120.000 жан 7. Араб, қытай, қарақалпақ жəне басқалары – 360.000 жан Барлығы: 498000 жан. Тіршілік көркеюі бір жағынан, жердің топырағына қарай болса, екінші жағынан, судың көп-аздығымен байланысады. Əсіресе, Түркістанда тіршілік негізі қолдан шығарған су болады. Қай шаруа болса да, қолдан шығарған суменен көгереді. Түркістанда қолдан су шығарылмаған жерлерде тіршілік құру мүмкін емес. Онда тіпті жан болмайды. Сондықтан, Түркістанда халықтың ең қалың жері, тіршіліктің ең үлгілі жолға құрылған орны суы мол аудандарда. Тау арасы, жыралар, су бойлары. Сондықтан, Түркістанда кейбір ауданда жан басына 10 десятинадан артық жер келіп, кейбірі Ферғана сияқты қолдан су шығарылған абат ауданда 1 десятина жерге 20 жан келеді. Жоғарыдағы көрсетілген сандарға қарағанда, 2 десятина үлгіртілген жерге бір жан, яки болмаса үлгертілген жермен үлгіртілмеген бірақ, пайдаға асатын жерді қосқанда 19 десятина жерге бір жан келеді екен. Сонда, бір үйде 4 жан болса, 8 десятина жер тиеді екен. 8 десятина қолдан су шығарылған жері бар шаруа кедей бола ма? Шаруа басына 8 десятина жер қалай қылғанда тиеді? Түркістанда кейбіреулер 20-30 десятина жерге ие болып келсе, кейбіреулері жері көптерге жалшылық етіп келді. Өйткені, жоғарыда айтылған 3 млн 288 мың 331 десятина үлгіртілген жер дегеніміз – қолдан су шығарылған жерлер еді жəне сол қолдан су шығарылған жерлер дұрыс бөлінбей келді. 1915-1919 жылдар арасындағы мағлұматқа қарағанда, ол жерді пайдалану реті мынадай екен: 1900000 десятинасы /5880/ аймақтағы 1941 орыс қыстақтарының пайдасында болған. Қалған 1.388.331 десятина /4770/ жер 6380000 жан жергілікті жұрттарға берілген. Сөйтіп, іштен келген отаршылар жан басына 3 десятинадан артық жер алғанда, жергілікті жұрттың 7 жаны 1 десятина жерге зорға иеленген. «Жеті үйге бір қазан» деп осыны айтады. Жер-су жағынан Түркістанның жергілікті жұрттары жауыздықты жалпы көрсе, əсіресе, басынан тоқпақ түспеген қырғыз-қазақ болды. Өйткені, отаршылдар пайдасына берілген 1900000 десятина жердің 607 десятинасы Сырдария, 1200000 десятинасы Жетісу қырғыз-қазақтарынан алынған жер еді. 1.807.007 десятинадан басқа 1915-1919 жылдар арасында жəне отаршы өз бетінше қырғыз-қазақ жерін есеп-қисапсыз тағы талап алған. Сондықтан, ішкі Россияда маңдайына тіпті жер бітпеген, бір ат, 2 өгіз есігіне өмірінде байланбаған отаршылар Түркістанға келіп, байлығы жылдан жылға зорайып, күннен күнге молайып, ақырында өз байлығына өзі ие бола алмағандықтан малай салып, жалшы жалдайтын болды. 1915 жылдары Ферғана жəне Сырдария ауданындағы 119 отаршылар қыстақтарында жалшы еңбегіменен пайдаланушылардың саны 23% 56-
ға жетіп, қырғыз-қазақ арасында жерсіз-сусыз қаңғырып қалғандардың саны 52% ке толды. Сөйтіп отаршылдық саясаты арқасында жергілікті жер иесі, қырғыз-қазақ ішінен келген отаршыларға жалшылық етіп күн көріп, тіршілік құрып келді. Диханшылыққа сүйеніп те қырғыз-қазақ жұрты ілгері басудан қалды. Қырғыз-қазақ жұрты ел болып, есін білгелі қолданып келе жатқан шаруасы – аяқты мал еді. Бірақ, оның да өрісі тарылып, жолы қысқарып, жайы кетті, күйі қашты. Сондықтан, аяқты мал шаруасы да əр 2-3 жылдың ішінде жұтқа ұшырап, індетке душарланып, ақырында төмендей-төмендей түрі мынадай болды: 1911жыл 1. Ірі-қара – 2430000 бас 2. Жылқы – 2291000 бас 3.Майда қара (ешкі, қой) – 19310000? 4. Түйе ................? 5. Сиырдың майдасы .......? Барлығы: 2420700 бас 1915 жыл 1. Ірі-қара – 2399500 бас 2. Жылқы – 2224000 бас 3.Майда қара (ешкі, қой) – .............? 4. Түйе 715400 бас 5. Сиырдың майдасы 17028900 бас Барлығы: 22457800 бас
1919 жыл 1. Ірі-қара – 110100 бас 2. Жылқы – 666400 бас 3.Майда қара (ешкі, қой) –................? 4. Түйе 270500 бас 5. Сиырдың майдасы 870500 бас Барлығы: 6881800 бас Сөзден гөрі мына көрсетілген цифрлар соқырға таяқ ұстатқандай аяқты мал шаруасы жылдан жылға түрлі себептермен нашарлап келе жатқаны осы көрсетілген цифрлардан сезіліп тұр. Бұл бетімен, бара жатқанда аяқты мал шаруасы тез түзеліп, беті бері қарайды, молаяды деуге сөз бармайды, үміт аз. Диханшылық пен аяқты мал шаруасы бірдей нашарлап, қырғыз-қазақ шаруасы күйзеліп, берекесі қашты. Аяқты мал шаруасы мен диханшылық осы күйінде тұрғанда қырғыз-қазақтың тамағына талқан, жүрегіне жалғау болатыны көрінбейді.
ІІІ Патшашыл өкімет тұсында салынған отаршылдық жолы Октябрь революциясының əуелгі жылдары өте тездеп тамырын жая бастағаны жоғарыда айтылған сөздерден, сандардан белгілі. Бұрын отаршылдық не түрі, жауыздықтың қандай үлкені болса да «законге» сыйыстырылатын еді. Революцияның бастапқы жылдары əркім өз тонын өзі пішіп, өз бетінше адасып, законы жұдырығы болды. Күштілердің үстемдігі жүрді. Орнықпай тұрған заманды пайдаланып, кісі дүниесін талауды əдет алған отаршылар қырғыз-қазақты бұрынғыдан да жаман талады. Сондықтан, 24207000 бас аяқты малдан 6881800 басы-ақ қалды. Соңғы жылдары жер-суға қырғыз-қазақты отаршыларымен теңгеру ісі басталып еді. Түрлі себептерменен ол аяқталмай қалды. Сонда да болса жер-су реформасы кезінде істелген жұмыс нəтижесі жəне қырғыз-қазақ кедейлерін жерге орналастыру үшін берілген жер ауданы мынадай: үлгірген үлгіртілмеген Барлық десятина 1. 1916 ж. басқыншылық етіп алғандардан босатылған жəне қырғызқазақ пайдасына берілген жер 28765,27 16443,73 45209,00 2. Өз еңбегімен пайдаланбаған дихандардан алынған жер 30340,02 - 30340,02 3. Көшпелі елдер жүретін жолдарды босату үшін жəне бөтен түрлі себептермен босатылған жер 6470,33 4. Еңбек мөлшерінен артық табылып алынған жер 5. Бөтен түрлі жерлер 1140,04 4780,28 6. Бос жатқан жерлер - 105528,05 Барлығы : 154024,002 17635,00 171659,083 Октябрь революциясының беті өзгеріліп, жер-су реформасы жүргізілгеннен бастап 1922 жылы 1 январьға дейін қырғыз-қазақ кедейлерінің қолына анық берілген жер шамасы осы болды. 1922 жылы 1 январьдан июльге шейін жер реформасы жүргізілді. Бірақ, ол арада қырғыз-қазақ кедейлеріне берілген жер шамасы 1922 жылдағыдан аз емес болса да, қолымызда толық мағлұмат болмағандықтан жүргізген жер-су реформасы нəтижесімен оқушыларымызды таныстыруға болмай тұр. Патшашыл Россия колониясы болған Түркістанда ескі өкімет тұсында жүргізілген саясатты кеңестер өкіметі жақсы түсініп, ақсақты айыра қумай, қырғыз-қазақ кедейін отаршылдармен жер-суға шын теңгеру үшін екі жылдай Түркістанда əсіресе, Жетісуда жер-су реформасы жүргізіліп, нəтижесі жоғарыда айтылғандай болды. Бұл аз жұмыс емес жəне революцияның қарқынды кездерінде істеліп қалған іс.
Қырғыз-қазақ кедейлерін жер-суға отаршылармен теңгеру үшін салынған бұл бір мықты жол еді жəне қырғыз-қазақ кедейлеріне үлкен бір сын болды. Жер-су реформасы тұсында алған аяқты малды олжа деп түсініп, берілген жерді бұрынғыдай бос тастап, салақтық қылса, қырғызқазақ кедейлерінің басына бұрынғы қараңғы күні қайта орнауында тіпті талас жоқ. Ол айдан анық, күннен жарық. Ескі əдетті тастамай, алған жерді үлгертпей, берілген малды өсірмей, тегін тамақ денені таза қылады деп атып ауызға ұра берсе, қырғыз-қазақ кедейлерінің тінбесін «тегін тамақ» жаңа шаруа саясаты һəм еңбек мөлшерімен жер пайдалану заңы тесіп шығатыны да анық. Еңбек ұраны шақырылып, алдыңғы істің алдына бейнет салынып отырған дəуірде «еңбек қылмай емемін» деген ой тəтті қиял, құрғақ дəме болады, жер сусыз құр алақан қалады. Сондықтан, əрбір бір жер иесі, қырғыз қазақ кедейі алған жерін өз еңбегімен үлгіртуді өзіне міндет біліп, жаңа шыққан еңбегімен жер пайдалану заңының қырғыз қазақ кедейлері арасында мынадай көздеген мақсаты, іс жүзінде жүргізу жолында болуы қажет: 1-Жатақ болуды ыңғайлаушы көшпелілерді жерге орналастыру; 2-Көшпелі һəм мал шаруасын қолданушылар ауданында жер істерін жөндіктіру. Осы екі жұмысты басқару, екпінді етіп жүргізу үшін Түркістан жер-су комиссариаты жанында əдейі де бір кеңсе ашылды. Ел болайын, халық қатарына енейін, жерге иеленейін деген əрбір адал ниетті қырғыз-қазақ кедейі жоғарыда айтылған екі жұмысты ескеруі қажет. Қайғышыл Түркістанда жер мəселесі қайдан шықты? ( бір-екі сөз) Түркістанның тіршілігінің негізі – ауыл шаруасы: диханшылық, мал шаруасы, мұнда, түрлі кəсіптер де нашар. Патша өкіметі Түркістанды өзіне қаратып алғаннан соң, мұндағы ауыл шаруасынан шығатын заттарды ішкі Россияға тасумен болды. Россияның басқа жерлеріне қарағанда, Түркістанда ауыл шаруасының дүмі күшті, бағасы артық. Мұнда Россияның басқа жерлерінде шашылмайтын, шашылса да шықпайтын, шықса аз шығатын нəрселер бар: мақта, күріш, жеміс, жібек сияқты. Мал шаруасынан шығатын заттар: жүн, тері, ет, май, бұлар Еуропада алтын орнына жүрілетін заттар. Міне, Россия Түркістанды өзінікі қылғаннан кейінгі жерде осы нəрселерді ішкі Россияға тасуменен болды. Түркістанның топырағы тіршілік құруға қолайлы, сіңірген еңбек жанады. Бірақ, мұның бір мықты шарты бар. Ол жерді қолдан суғару, жер,
су, күн тіршіліктің тұтқасы, табиғаттың бұл 3 күшінің тепкісі əсіресе, Түркістанда күшті. Бұларсыз еңбек еш, күн кем. Түркістанда сумен жерді айыруға болмайды. Осылардың ғана арқасында, табан ақы маңдай тері жанады. Судың мол жылдарында 1 жаздың ішінде бірнеше рет оратын өсімдіктер бар. Түркістан табиғатының Россияның басқа жерінен өзгеше байлығы патша өкіметінің аузынан суын ағызып, аранын аштырған, тез байығысы келгендер бейнетсіз, машақатсыз пайда іздеушілер Түркістанға келіп отар ашқан. Түркістан жерінің мөлшеріне келсек, үлкен: осы күнгі күнбатыс Европадағы үлкен мемлекеттердің бірнешеуі сиып кеткендей. Түркістан жерінің мөлшері мынау: 166 миллион десятина, бірақ, жер көп болғанымен оның əр түрі бар, жақсы да, жаман да, табаны күректей 69 миллион десятина жер ешбір тіршілік қылуға жарамайтын қолайсыз жер (таудың бастары, мұзды, қарлы тау бастары, шақпақ таулар, бетпақ шөл далалар). 20 миллиондай десятина жер ағаш, 2 млн. Жарымдай ғана қолдан суғарып егін шашатын жері бар. Суғармай қардың, жаңбырдың суыменен егін шығатын жері тіпті аз, бірақ оның есесіне мал жайылымдығы мол. 64 млн десятинадай тау жайылымдығы, даласы бар. Бұл мал жайылымдығынан жаңадан 5 млн-дай десятина жерді қолдан суарып, егіндікке айландыруға болады. Одан басқа тау етегіндегі мал жайылымдықтан 5 млн десятина жерді егіндік қылуға мүмкін секілді. Бірақ, онда Түркістанда мал шаруасы құрымақшы. 10 млн десятинадай жер егіндікке айналдырылса, 50 млн десятинадай мал жайылымдық жер мал өрісінен шығып қалмақшы. Сонымен, Түркістанның толып жатқан жерінің егіндік пен мал шаруасына жүзден 42-ақ жарамды. Мұның жүзден 3-і егіндік, мал жайылымдығы 39, бұған сексеуілі бар жер қосылуға тиіс. Оны ағаш деп əлде қандай қылып мал жайдыртпайды. Сексеуілі бар жерді қоссақ, Түркістанның жалпы жерінен жүзден 14-і мал жайылымдығына қосылмақшы. Енді Түркістанда бұл жер қалай бөлінген? Ол жерде қалай тіршілік қылатынына келелік. 1915 жылғы алынған есептің мағұлыматына қарасақ, 1345000 түтін түтететін үй бар екен. Мұның 6400000 үй жер-суы бар отырықшылар, 115000 жерсіздер, 5900000 көшпелілер (1916-1918 жылдардағы оқиғалардың əлегінен көшпелілердің саны көп кеміген халықтың қайсысы болса да соңғы жылдарда кеміген, кеміген реті төменде көрсетілер, сонда да көшпелілердің қалғаны менен ана жерсіздерді алсақ, əлде де түпкілікті жер орнықтыратындар саны көп). Түркістанның өткен тарихы, тағдырына көз жіберсек, неше түрлі ауыр оқиға, əңгіме, ұрыс-қағыс, жанжал керісті көргендігі көрінеді. Түркістанда тұрушы ұлттардың арасында зор дұшпандық болған. Барлығын туғызған жер мəселесі. Тіршілік қылуға жердің тарлығы, аздығы, жетпейтіндігі – жанжалдың көп тамыры осы.
Түркістанның өз ішіндегі жəйді-күйді анық түсіну үшін онда тіршілік қылып отырушы ұлттардың санын көрсетейік. 1915-ші жылғы есептің берген мағлұматына қарасақ, Түркістанда 76900000 мың жан бар екен. (1920-шы жылғы есебіне 502310963 жан бар, бес жылдың ішінде 20,4680,037 жан кемігенін көреміз). Мұның ішінде 3,800,000-дай жан отырықшы сарт, өзбек, тəжік сияқты жұрттар (1920 жылғы санақта бұлардың саны 20450,667 жан, бес жылдың ішінде кемігені 1,349,333 жан). Қазақ-қырғыз 2,400,000 жан (1920 жылғы санақта 1,696,609 жан, бес жылдың ішінде кемігені 7030391 жан). Түрікпендер 4000,000 жан (1920 жылғы санақта 266,681 жан, бес жылдың ішінде 133,319 жан кемігені). Басқа жергілікті түрлі ұсақ халықтар 1600000 келімсектер 9300000 жан (мұның ішінде таза орыс баласы 600000 дай жан, 1920 жылғы санақта 5522,292 бес жылдың ішінде кемігені 73,329 жан). Түркістанды меңгерген үркердей өрістің жуан жұдырықтары кешегі күнге шейін қайта 1920 жылға шейін жуан көкіректің, менмендікпен келді. Жергілікті халықты адам баласы емес деп қарағандай болды. Кеше тақтан құлап, су түбіне кетердің алдында ғана патша үкіметі Түркістанға сауын сиырдай қарай бермей, Түркістанның жергілікті халқына аз да болса бұрынғы көзқарасты өзгерту керек дегендей пікір қолданғансып еді. Оның бер жағында, Октябрь өзгерісі болғаннан соң, кеңестер өкіметі жан-жақтағы жаудан құтылып, Октябрь өзгерісінің негіздерін сөз-сөзіндей емес, іс жүзінде жүргізбекші болып, ұлт автономиясын жөндеп түзеу жұмысына кірісті. Түркістанда кеңестер өкіметіне Октябрь өзгерісінің негіздерін жарыққа шығару үшін алдыменен жұмысты келімсектер менен жергілікті халықты, əсіресе, қазақ қырғыз жұртын шын теңдестіруге өзгеріс жолыменен кірісуге тура келеді. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен, Түркістанда бар шатақтың тамыры болған жер мəселесін бір жөнге салмасқа болмады, соңғы жылдарғы дабылы жер жарған «жер мəселесі» дегендер осыдан туды. М. Шағырша Ескерту: Бұл мақаладағы көрсетілген сандар 1920 жылғы санақтан алынған - оның анықтығына күмандаумыз. Көшпелі халықтарға қараған жер жұмысының түпкі негізі Патша заманында орталық һəм күнбатыс губерниялары жермен пайдалану жұмыстары дұрыс түрге салынып, əсіресе, халық қалыңдаған сайын ол шаруашылықтарға айналдырылып жатқан кезде, бір оңтүстік жəне шығыс жақтағы көшпелілердің жерлері хүкіметтің отарына айналдырылып алынумен болғаны барлығымызға да белгілі.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Ресей хүкіметі мемлекет құрған жұмысын жеңілдету үшін халықты жерлендіру жұмысына кірісті: Əскерде қызмет қылып, болмаса жай жұмыспен үкіметке жаққандарға жер бөліп беріп, олардың жұмысына жерсіз крестьяндарды қалдырды. Күндердің күнінде əлгі жер қожасының қолындағы крестьяндар үкімет салығынан бір, өз қожасының салығынан екі зəбірленіп, күн көре алмасқа айналған соң, бос жерлерге қаша бастады. Ол кезде бос жер жалғыз көшпелі халықтарда болғандықтан, əлгі ішкі Россиядан ауғандардың барлығы да сол көшпенділердің ішіне келіп, орын алып, жер иеленген. Соңғы кезде бұған қайта үкімет те жəрдем қыла бастады. Үкімет саясаты ол кездегіден бұл күнде басқа бет алса да, 1920-21 жылдардағы ашаршылықтың шұбырындылығы, бұратана халықтардан жер алудың олардың өздерінің жерімен пайдалану талабына көп қиғаштық көрсетіп отыр. Өзгеріске дейінгі жүргізіп келген саясаттың түрі (осы күнде де бітіріле қойған жоқ) орыс халықтарының шаруасына, пайда-зиянына қарамай тек əйтеуір жер алу еді. «Өзіміз тегіс жерлерге орналасқанша, жеріміз шетке алынбасын» деген халықтардың арыздарын үкіметтің ісіне қарсылық деп санады. Ондай қылушыларды жазалаған жерлер де болды. Сол кездегі жүріп тұрған законында бұрынғы халықта өздерінен артылмаған жерді иеленуге болмайды деп көрсетушілерді де жазалады. Ол кезде ішкі Россияда жер жетпегендіктен халық арасында көп шатақ, қозғалыстар шығып жатқандықтан үкіметте отырғандардың ойлары – жерге наразыларды бұратана көшелі халықтың жеріне аудырып, ызаландырып, тыныштандыру еді. Қазақтың жерін аларда үкімет «өздерінің пайдаға асырағандарыңнан қалған артығын аламыз» десе де, ыңғай жердің шұрайлы-шабындық, егіндігін алды. Отырған елдің өздеріне ең қайдағы жаман жерлер қалдырылды. Тіпті, кей біреулерді қыста үйінен қуып жіберілгендер де болды. ІІ. Көшпелілерден де жатақ болғандардың шаруашылық себептері Бірқатар осы күнгі көшпелі халықтың шаруашылығына «жетіктер» Государственный Думада «жиырмасыншы ғасырда көшіп жүру деген ұят» деген князъ Уəлиевтің ақылсыз ойынан əзір асқан жоқ. Дұрысында, əзір күнге халықтың көшіп жүруі ұят емес. Оның көшуінің себебінің неден екендігін білмеу ұят. Білген адамға қазақтың не себептен көшетұғындығы таң қаларлық нəрсе емес. Осы күндері нағыз (еш жерде де тұрақтап отырмай тұғын) көшпелілер кем. Қазақ-қалмақ көшсе, тек малының жайына жұрт аударып көшпесе, көбісіне белгілі жазғы, қысқы, күзгі, көктемгі қоныстарында отырады. Қалмақ пен естектердің жерге отыра бастағанына 17-19 ғасырдан қарай қазақтар жаңада ғана жерге айнала бастады. Оның себебі жер өспей, халық өскендіктен деп қазақтар дұрыс айтады.
Жер бұрынғы қалпында, халық күнен күнге өскендіктен, шаруашылықтың бөтен түрін табуға тура келген. Ол түрі əрине, жерге отыру болған. Бұрынғы кезде жұрттың жатақтыққа қалып алып көрмеген кезінде жалғыз кəсіп – мал өсіру, көшпелілік болған! Қысқа қарай сақтаған пішен, шөбі болмаған соң, қолындағы жайылым жердің аумағына қарай мал ұстаған. Өйткені, жайылымына малы шақ болмаса, қысты күні малы жұтап қала берген. Көшпелінің жандары 50 жылда екі есе өсіп тұрған. Жан өсе-өсе жер тарылып, шаруасы күйзелген кезде, көшпелі халықтарға шаруасын жөндеу үшін 3 түрлі жол болған: 1) Қонысының жерін жаулап, тартып алу; 2) Аз малымен күнелтуге көну; 3) Жерге отырып, отырықшылықа айналу. Бұрынғы кезде де жерге, малға таласып, көшпелілердің өзді-өздерінің ыңғай жауласа беретіндігі осы реттен еді. Көшпелілердің жауласуы Азия мен Европаның арасында соңғы 2000 жылдардың ішінде біраз өзгерістер жасады. Халықтарды бірден бірге асырды. Толқындары Карпат, Франция, Испанияға шейін барды. Осы сықылды аударыс, төңкерістің уақыттарында көп малдар қырылып, жұрт жұтқа ұшырады. Көп рулар малдан айырылып, кедей жарлы болды. Жаудан жеңілген рулар малдан айырылған соң, я жеңген рулардың құлдығына кетті, я жерге айналып, жер кəсібімен күнелтті. Мəселе осы күндері қазақтан жерге отырып, жатақ болғандардың барлығы да аз аталықтардан. Кешегі орыстардың орамы болып, қазақ жерлеріне ішкі Россиядан орыстар келгенше, қазақта жауынгершілік қалған жоқ. Орыс үкіметінің əдепкі қазақ жеріне қол сала бастаған кезінде қазақты бағындырып, біреуге жəрдемші болғандар қазақтың өз араларынан шыққан, жерленген жатақтар болды. Орысқа бағынғаннан кейін қазақ даласында жаугершіліктер қойылды. Жұрт иелене бастады. Уезд-уезд, ауылнай, болыстарға бөлінді, жік ашылды. Бірақ, көшпелі тұрмыстарға бұл жіктердің дін қолайы жоқ болды. Шу деп жер ала бастағанда, жақсы жерлерді ұстап қалған қазақтың байлары, атқамінерлері оларға оған ол кездегі хүкіметте жəрдем болды. Осының арқасында қазақ ішінде жерсіз жүргендер де болды. Жері жоқ жандар əсіресе, Ертіс пен Оралдың сол жақтарын алды. Қазақтарға алып бергеннен кейін көбейді. Осы ретпен ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ жерін орысқа ала бастаған кездерде көп жандар жерсіз қалды. Ол кездерде де əсіресе көп зəбір шеккен – көшпелілер, өйткені, жерінен айырылған отырықшылар да көшпелінің жайлаулық жеріне қол салды. Жер жетпеген келімсектерге де хүкімет көшпелілердің артық жерінен берді, жер азайған соң, көшпелілер малды көп алмады. Сонымен соңғы жылдары мал да азайды. Жиі-жиі мал жұты да бола бастады. Бұрын зор жұттар 13 жылда бір болушы еді. Енді 3 жыл сайын болып тұрды. Сөйтіп, малдан айырылған көшпелілердің бірте-бірте аяғы қысқарды. Көше де алмай, иеленіп отыруға жер де табылмай, ақырында бұрынғы
отырғандарға қонақ есебінде ғана болып отырды. Орныққан жатақ байларына арзан жұмысқа жалданды. Сонымен, жерсіз шұбырынды болып жүргендер ел ішінде осы күні 10 %-дей бар, барлығы 500.000 шамасында. Жалғыз малдан айырылған көшпелілерді ғана емес, келімсек орыс байлары жатақ жарлыларын да жұмысқа салды. Сол сықылды жерсіз, малсыз кісінің жұмысында жүрген жарлылар һəр районда 20-35%, Ілбішін уезінде 7%-тей бар. Осы ретпен бір-бірден барлығы да бір түрдегі көшпелі қазақ халқы тұрмыстарын өзгертті. Бай, жарлы таптарға бөлінді. Əрине, мұның барлығының түпкі себептері – хүкіметтің қазақ жерін отарға айналдырғандығы еді. ІІІ Көшпелілерді жерге орналастыру жайы Түркістан һəм Қазақстан халықтарының біз өзіміз жерге орналасып болғанша, жеріміз алынбас деген тілектері, орынға халықтардың өзін-өзі басқарушылық көзімен қарағанда, кімге де болса түсінікті шығар десең де, əлі күнге дейін оған қарсылар табылады. Баяғыдай «Түркістан мен Қазақстанда бос жер көп, алу керек, алынсын» деген тілектер əзір қалған жоқ. Бұл тілектер бұрынғы отаршылдардан қалған, құйрықтарынан болмаса, билеп қалған ұлттардың ұрпақтарынан шыққан сөз екенін ойлайтұғын уақыт жетті. Бұрын келімсектердің ¾ бөлімі Украина мен Белоруссиядан шыққандар еді. Енді қайта бұрынғы келгендердің қайтқысы келмесе, ол жерлерден қазақ жеріне келемін деушілер жоқ. Бұрын келімсектер ішкі Россиядан да көп шығатұғын еді. Енді Россияның бұрынғы жерсіз һəм аз жерлі крестьяндары помещиктердің жерін алып, молайды. Соның үшін де енді оларға жер керек емес. Жер саймандары, жұмыс көліктері һəм тұқым керек. Өз жерлерін тастап, қазақтың шығымы аз, сорттап татыр жерлеріне келетұғын ол жақтан ешкім де жоқ. Алдағы 15-25 жылдардың шамасында ішкі Россиядан қазақ жеріне көп-көп крестьяндар бара қояды екен деп, оларға жер бөлемін деп бұрынғы автономиялы халықтардың құқықтарына зорлық қылуға жарамайды. Қазақтың қолындағы жерлері əуелі өздеріне жетпей отыр. Аз жерлі, жерсіз жүргендер олардың араларында өте көп. Əуелі өздері жерге жайласып орындалып алсын. Соңғы ескерерлік нəрсе, қазақ даласы темір жолы қалалы жерден жырақта болғандықтан, елдегі өлі-шикі заңдар пайдаға асырылынбай жатыр. Енді оның үстіне, тек жерге бола сонша алысқа тағы да қолдан халық жіберіп, пайдаға аспайтұғын заттарды көбейткізіп керегі жоқ. Кіндік үкіметтің өзіне де һəм көшпелілерге де пайда келтіретұғын іс бұрынғы келімсек орыстарға көшпелілердің жерін алып беру саясатын тоқтатып, қайта көшпелілердің шаруасына жəрдем көрсету керек. Ол үшін көшпелі халықтың тері-терсек, жүн-жабағы сықылды шикі заттарын фабрика, заводтарға жеңіл жеткізіп беріп, болмаса орын орынның өзінде
істеп, тіршілікке асыратұғын ретін істеу керек. Ондай ауыр жұмысқа керек тамақ, əр жұмыскер һəм көлік қазақтың өзінен де табылады. Тек бірлі-жарым басқаратұғын битуғандар болса болғаны. Асылы, сірə, қазаққа жəрдем қылу үшін қазақты жерге орналастырып, артық жеріне орыс алып келу емес. Қазақтың темір жол жүргізіп, ортасына кəсіп орындарын орнату: Үлкен кəсіпорындарында қазақ арасындағы жарлы-жақыбайларға бір жағынан жұмыс табылса, екінші жағынан, олардың бірігіп бас құрап өздерінің бай-билеріне қарсы тұруына құрал болады. Соның үшін де қазаққа жəрдем, қазақты жерге орналастыру жұмыстары алдымен оларды кəсіпке үйретіп, шаруашылығын жөндеуден басталуы керек. Оның үшін қазақтың тұрмысын, тіршілігін, жер суының шегін қай жағын да қарап, толық тексеріп, біліп қалай істі бастап апару пландарын жасап алу қажет. План жасап алудың қазірде артық қиындығы жоқ. Өйткені, орынорынның кейбір жұмыскерінің ол туралы бастап жүргендері бар. Үкіметтің міндеті – тек сондайларға жəрдем көрсету. Көшпелілердің тұрмыстарын тексергендегі еске алатұғын нəрсе: 1) Көшпелілерді бұрынғы көшпелілік тұрмыстарын қалдырмауының түпкі себебі не екен һəм оның өздеріне, болмаса мемлекетке қандай пайдасы бар екен? 2) Сол көшпелі тұрмысты дұрыстау үшін не істеу керек? Көшпелілердің тұрмысын бөтен ретпен біліп, жəрдем көрсетеміз. Болмаса, олардың шаруашылығын бөтен түрге (əлгідей қылмастан) бұрын саламыз деу ретсіз. Отаршылдық халықтың қамын ойламағандық. Ол реттен көшпелілердің көретұғын кемдігі көп: 1) Орнығып кеңселерде отырған отырықшылардан кеміс болады; 2) Көшіп жүре алмайды, жерінен айырылады; 3) шаруашылығына мəдени түр кіргізе алмайды. Ең əуелі «20-ғасырда көшіп жүруді қою керек» деген құрғақ, жел сөзді қою керек, Америка мен Австралиядағы көп мал өсірушілердің де шаруашылық түрінің қазақтан артық жері шамалы. Өздерінің отырықшы ағайындарын да орыстың крестьяндарында көшпелілер жетектеу келеді. Оның үстіне осы күні əлсіреп тұрғаны болмаса, көшпелі халықтар бұрынғы кіл жауынгерлердің ұрпағы. Көшпелілердің отырықшылардан көрі Еуропаша оқығандарының аздығы, олардың оқуға салқын қараған талаптарының жоқтықтарынан емес. Тұрмыстарының ретінен, егерде жоғарғы һəм орта дəрежелі шаруашылық школдарын көшпелілердің тұрмысына лайықтап орнатып көшпелілердің балалары оқитұғын қылса, олардан өте жақсы оқығандар шығар еді. Көшпелі тұрмысты таза жолға салып, түзеушілер солар болар еді. Егер де көшпелі халықтың ортасына келіп, орнатып жер шаруашылығын жөндеген кезде де, барлық жерінің 10%-бен артығын өңдей алмастай, сондай болған соң, қазақ онымен тағы да тегіс күнеліте алмайды.
Онан да көшпелі жүріп, бетінше мал өсеріне пайдалы. Сондықтан, қазіргі көшпелі тұрмыс қайта керек, оған жерін алып зəбір салуға жарамайды. Ол болмасын үшін істейтұғындар: 1. Көшпелілердің жерін азайтпау; 2. Көшпелілердің жерінде шөп сақтаудың қамын қылу; 3. Қысқа шөп шауып алуының ретін істеу. Жеті көшпелі халқы бар жерлерде түпкілікті істейтұғын нəрселер: 1.Жалпы жер реттеу жұмыстарының ереже пландары, су шығару жұмыстары, жер бөлігінің шамасы. Кімде-кімге жер беру жұмысы қай автономиялы республикада болса да, орнығы көшпелі-отырықшы халықтарынан хабарсыз істелмесін. 2.Жер жұмыстарын шешуге көшпелілер уəкілдері жалпы жиылыстарында сайланатын болсын һəм сондай жиылыстарда алдағы қаралуға тұрған жер жұмыстарын жер комиссарлығының өкілдері барып баяндасын. 3.Орнығы отырықшы һəм көшпелілердің жер жұмыстарына көзқарастарын біріктіру үшін екеулерінің жиылыстарда бір жерде істеп, жер жұмысы қайткенде дұрыс шешілетіндігі тегіс тексерілініп өтілсін. 4. Жер мөлшері талассыз бөлінуі үшін отырықшы халық бар жерлерде əуелі отырықшы халықтардың есептері алынып, олардың өздерінен артылған жерге ғана келімсектер жіберілсін. 5.Бұрынғы отырықшыларға тиісті жер мөлшерленіп берілгеннен қалғаны таратылып берілсін; 1) бұрынғылармен бірдей шамасында қонақтарға берілсін, 2) көшпелілерден отырып қалушылар үшін қалдырылсын, 3) көшпелілерге шөп зəру болған кезде берілетұғын пішен əзірлейтін шабындыққа қалдырылсын 4) көшпелілерге егіндікке, 5) көшпелілерге жайлауға қалсын. 6. (5, 4, 3, 2, 1) бөлімдердегі айтылған жерлердің барлығы да шаруашылығын сақтау үшін көшпелілердің пайдасында болады. Көшпелілікті қосып отырып қалғандар болса, алған жерлерінде отырып қалады. 7.Көшпелілердің жазғы жайлауларында құдық қазылып қойылсын. 8.Көшпелілердің жүретін жолдарында құдық қаралсын. 9.Жарты көшпелі жерлерде шөп болмаған жылдары, тарығып қалмау үшін өз алдына жайылым болып қою керек. 10.Жер реттеу жұмысына толық кіріскенге шейін осы көктемнен бастап істеп қоятын: жер-жердегі көшпелі отырықшылардың есебін алу, оларды орындау үшін керек жердің шамасын білу, оларға керек кезінде пішен, шөп жəрдемін көрсететін ретті істеу. 11.Көшпелілердің қыстау, жайлау һəм көшетін жерлерін тексеру үшін өз алдына экспедициясына шықсын. 12.Ішкі Россияның мал шаруасын оңалту көшпелі халықтардан жəрдемсіз болмайтұғын болған соң, көшпелілердің тұрмысын жеңілдетуге Кіндік хүкімет тегіс көзін салсын. Бұл жұмыстар федеральный комитеттің ісінің ішіндегі ең еңбектісі деп саналсын. Т.
Орта Азия Орта Азиядағы Совет республикаларының жер ауданы төмендегі түрде: шаршы саны: Бұхара Республикасының жері ------------------271.674. Түркістан ----------- 1.324.294 Хорезм -------------54.690 Барлығы--------------1.597.358 Үш республиканың халқының саны 7.969.518 адам, оның 1.440.567 шамалысы қалада тұрады. Басқа 6.528.951 дейі ауыл қыстақтарда тұрады. Əр республиканың өз алдына жан есептері Республика Халқының жалпы саны Қалада тұратындар Далада тұратындар Бұхара 2.029.512 358.829 1.660.844 Хорезм 640.849 606.903 13/14 Түркістан 5.292.162 1.037.797 4.261.365 Орта Азия республикаларының халқының тамырлысы Иран һəм Түрік тұқымдарынан болады. Түрік тұқымына жататындар: қазақ-қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, сарт, қыпшақ, тараншы, Иранға жататындар – тəжіктер, бұлардан басқа ұлттардан да бар. Олар – жөйт, орыс, армян, ауғандық парсылар. Орта Азия республикаларындағы түрік тұқымының барлық саны – 5.939.652 жан. Бұл, барлық халқының 74,5% болады. Тəжіктер 1.206.330 жан (15,1%), орыстар 605.102 жан барлық халқының 7% болады. Тағы басқа бұратаналар 3-4% -дай бар. Бұхарада түрік тұқымы 1.156.704 адам, тəжік 802.632 адам, бөтен уақ ұлттар 70.179 адам. Хорезмде түрік тұқымы 663.200 адам. Тəжік 7.644 адам. Түркістанда, түрік тұқымы 4.149.648 жан. Орыс 605.102 жан. Тəжік 403.698 жан, басқа уақ ұлттар 140.614 жан. Орта Азиядағы халықтардың жалпы түрін төмендегі ретпен көрсетуге болады. Ұлттар Түркістанда Бұхарада Хорезмде Барлығы Өзбек 2.138.437 975.569 391.800 3.505.806 Қазақ-қырғыз 1.577.341 7.000 1.607.341 Түрікпен 267.318 174.135 184.200 625.653 Қарақалпақ - 34.200 112.454 Құрама 50.778 - - 50.778 Қыпшақ 87.620 - - 87.620 Тəжік 403.698 802.632 - 1.206.330 Басқалар 745.416 70.176 7.644 823.536 Орыстар 605.102 - - ?
Шаруашылық жаны Орта Азия республикаларының шаруашылығының жаны судың қолында. Ортасынан ағатын дариядан арықпен су алып ішіп күнелтеді. Бұрынғы халық өз қолдарынан келетін арық – атызын қазып, пайдаға жаратып болған. Енді дұрыс техника жұмсалмаса, диханшылық жұмысы қиын күйге түсетін түрі бар. Орта Азия республикаларын сумен пайдалану тəртіптеріне қарап, мынадай аудандарға бөлуге болады. 1. Ферғана – Сырдария 2. Самарқанд – Бұхара 3. Бұхара – Хиуа, Амудария бөлімі 4. Закаспий 5. Жетісу Бұл аудандардағы арықтардың саны һəм жалпы ұзындығы төмендегі түрлі Аудандар Арықтың бас есебі Барлығын қосқандағы ұзындығы Ферғана облысы Сырдария облысы 1000-нан көбірек 30000 шақырым шамалы Самарқанд облысында Бұхарада 3900 шақырым Бұхара, Хиуа, Амудария 3700 шақырым Закаспий 4200 шақырым Жетісу - Барлығы 3500-дей 40-45 мың шақырым шамалы бар. Орта Азия халқының көп пайда көретін суы – Амудария. Амудария Түркістан республикасының шегінен басталып, Бұхара, Хорезм шектерін жарып жүреді. Түркістан дарияларының басының таудан шығып, суының шілде түскен соң еритін қар суымен көбейе тұғындығының халық шаруасына керекті сөлді деген зəрулі кезде, тамызда тигізу үшін көп артықтығы бар. Жалғыз-ақ Амудария бас жағының (сулы жағы да) елсіз мəдени кəсіпке жарамайтын тастақ жерлермен жүретіндігі болмаса, Шерада, Қашқар, Заравшан дариялары сықылды құйылыстары (Əсіресе Бұхара республикалары үшін) Орта Азиядағы үш республиканың да шарушылығын жандандыруға бас себептес, һəм үшеуінің тіршілігін бір-біріне байланыстырып, тұтастырып тұрады. Сусыз бұл республикалардың күні қараң болады. Бар суын ептеп жаратып һəм су сақтап ылғал шақыратын тоғай шыққан ағаштарын сақтамаса, жерінің көбін басқан көшпелі құмнан қорғанбаса, бұл жерлерде күн көрушілік өте қиын. Орта Азия республикаларының көп жері құм, кебу, тастақ, тақыр. Күншығыс һəм оңтүстік жағы таулы болады.
Ағаш байлығы Түркістан тоғайлы жерлерінің 41%-ақ көрілді. Бұхарадан 7½% Хорезмге тəндік жерлерде қанша бары белгісіз. Түркістанда осы күні 29,6 миллион десятина тоғай бар деп саналады. Бұл айтылғандардан кəсіпке жарайтын сүйектілері Бұхарада 490.880 десятина, Түркістанда 15.7000,00 десятина. Келесіде Орта Азия өнімі өсіп гүлденуі үшін тоғайлардың көп қызметі болуы керек. Сондықтан, барлық тоғайдың алдымен есебін алып, басқару жұмыстарын дұрыс тəртіпке салу қажет əйтпесе кəсіп үшін де, отын үшін де, жеміс үшін де керекті ағаштар пайдаға аспай қалып өз өзінен құрып кетуі мүмкін. Орта Азиядағы көп көшпелі құмдарды орнықтырып тұрған да осы тоғайлар деп түсіну керек. Өткен жылдарғы үлкен соғыспен өзгеріс оқиғалары Орта Азия республикаларының шаруасын жүдетіп кетті. 1917 жылмен 1920 жылдың арасында халқы да азайды. Түркістан республикасынан 20%, Бұхарадан 25%-дай, Хиуадан өте көп жан кеміді. Түркістанда əсіресе, халқы кеміген орындар Жетісу мен Төрткөл облыстары болды. Бұл республикалардың бұрынғыға қарағанда кəсіп реттері де кеміді. Малы да азайды. Мəселен, Түркістан республикасының басты малы бұрынғыдан 58% кеміді деуге саяды. Мұның барлығына себеп əлгі айтылған соғыс һəм өзгеріс оқиғаларынан да басқа үш республикадағы да соңғы жылдардағы үдеп кеткен басмашылық. Қазір басмашылық басылды. Дегенмен, бұзылған шаруашылық жуық маңда оңала қоюы оңай болмай тұр. Аз да болса бұрын мəдени кəсіпке қол жалғап қалған Түркістан крайынікі бір сара, Бұхара мен Хорезм республикасының шаруашылық жұмыстарын жөнге сал, өте қиын болып тұр. Бұл екі республикалардың да тағдыры хандардың қолындағы кезде мемлекет басында отырғандар күллі надан заманның ағымынан артта қалған, еш нəрсені аңғармайтұғын адамдардың қолында болған. Іс басында отырған ханға қараған ақсүйектің ұрпақтары, «бектер», мырзалар мемлекеттің табиғи байлығын бір иеленсе, əр түрлі ауыр салықпен жиып халықтың қанын екі сорған. Жердің бар шұрайы һəм көбісі осы сабаздардың иеленуінде болып, кейінгі қара халық жай-жай дихандар ұлтарақтай жерден ылаждап күн көріп келген. Сауда-саттық жұмыстары да тəртіпсіз болған. Неше жүз жылдардан бері хандық құрып, өз алдына ешкімге қарамай келген хүкіметтің елінде өз халқының керек жарағын бітіре тұғын бір өнім орны болмаған. Болғандары, Россия хүкіметінің ақшасына орнатылғандықтан бұрынғы халық қамқоршылығын қылмаған.
Бұхара мен Хорезм республикасы, өзгерістен кейінгі хүкіметтің қолына тиген. Осы сықылды қараңғы халық қаралмаған шаруа жемтіктері болды. Неше жылдан бері үлгерілмей жатқан істерді аз жылғы өзгеріспен орындата қоюға болмағандығының үстіне, өзгеріс қаскүнемдері көп кіріс көрсетті. Күні кешеге дейін басмашылдық басылғанша, жаңа хүкіметтің күшінің көбі өзгеріс арқасында алған еңбекшілердің хұқығын сыртқы һəм ішкі дұшпандардан қорғауға жұмсаумен болып, шаруашылық жұмыстарына оңды көзқараста болмай келді. Бұхарада осы күндері ғана хүкімет құрылыстары оңдалып болды деп айтуға болады (жалғыз шығысындағы Ауғанға шектес жағы болмаса). Шаруашылық жұмыстарына мұнан былай кіріспекші. Тиісті пландары белгіленіп болған. Хорезм республикасы əлі кешелдеу. Ондағы кемшіліктің мықтысы іс білетін адам жоқ. Мемлекет жұмыстары бұрынғы сəлде салған молдалардың қолынан бөрік кигендерге көшті демесе, көбінше, білімі бір қалыптас кісілердің қолында. Хорезм, Бұхара республикалары өз алдына ақша шығарып келді. Бұхара мемлекет қаражаттарының 70-80% өз ақшасымен өтейді, Хорезм 90% қаражатын өз ақшасына қаратқан жай салықтан жиылатұғын сомасы 5%-ақ. Бұл күйде тұрғанда, бұл республиканың өз беттерінше отырып, шаруа күйзелісін кетіруіне өте қиындық болатұғын болды. Сондықтан, Түркістан, Бұхара, Хорезм, Орта Азиядағы үш республика шаруашылық үшін жұмсайтын күштерін қосатын болып шаруа бірлігін жасады. Түркістанда жер алынудың қысқаша тарихы 1. Əскери отаршылдығы Патша хүкіметі Түркістан топырағына аяқ басқаннан бастап Түркістаннан жер алу жұмысына кірісті. Мұның екі түрлі мəнісі бар еді. Біріншісі патша хүкіметі Түркістанды аттың күші, найзаның ұшымен қан төгіп, бағындырып алды. Түркістанның екі мұсылман жері Орта Азиядағы мұсылман мемлекеттері һəм күн шығыста Қытай мемлекетімен шектес. Сонымен, Түркістан кіндік Россияның оңтүстік-күншығыс жағындағы оқшау жатқан бір шет аймағы болды. Білектің жуандығымен бағындырған Түркістан жергілікті халықтарына сенбеді. Бұл сенбестік орынсыз да емес еді. Жердің шалғайлығы, күшпен төбелеп қаратып алғандық. Түркістан топырағында орыс бəлесінің аздығы. Сондықтан, хүкімет жергілікті халықтар хүкіметке қарсы бас көтереді деген ойдан шықпады. Егер де орыс хүкіметіне қарсы жергілікті халықтар жанжал шығара қалса, Азия бойын бермей, Россия уысынан шығып кетіп қалса, жоқ жерде əбігершілік шығарып, хүкіметті забитаға ұшырата ма деген
қауіп еді жəне ол заманда Түркістанда темір жол жоқ. Жанжал шыға қалса, жуырда ішкі Россиядан əскер жеткізуі де оңай емес еді. Сондықтан, патша хүкіметі Түркістанды уыстан шығармай, жергілікті халықтар қылық етіп, бас көтерсе төбесінен тоқпақтау үшін хүкіметке Түркістан топырағында сенімді əскер ұстауға тура келді. Мінекей, алдымен Түркістанға ала келген əскер солдаттарынан əр жерге қала қылып, орналастыра бастады. Бұлар жаңа қосынға алаңсыз түпкілікті орналасулары үшін хүкімет олардың қатын-балаларын да алдырды. Осы ретпен Түркістан алынудан бастап, Түркістанның əр жерінде орыс (қазақ-орыс) қалалары пайда болды. Əскер бірте-бірте ілгері қарай жылжып, Түркістан жерін алған сайын сол келе жатқан жол бойында əскер тұратын орындар түзеліп отырды. Соңынан, Түркістан тегіс Россия қолына кіріп болғанда ғана басында əскери орны болған жерлердің бір парасы орыс қалаларына, қалғандары ауылдарына айналып кетті. Осы күні Түркістанға қарайтын жерге орыс баласының бірінші аяқ басқаны 1831 жыл. Сол жылы Жетісу облысы Шұбар ағаш (Лепсі) уезі еді. 1831 жылы Семейден шыққан Аягөз өзенінің бойында тоқтап, сол жерге əскер тұратын орын салды. Ол орын осы күнгі Аягөз (Сергипополь) қаласы. Орыс əскері ілгері жылжыған сайын жүрген жол бойына казак-орыс қызыл үйлерін (бекеттерін) түзеп отырды. Ондағы мақсат: алған жерлерді сақтау, артындағы жортуыл басшыларымен ат салысып тұру. Осы күнгі Жетісу облысының Семей жақ шетінен бастап, 1853 жылға шейін Сырдария облысына келген жол бойына тізілдіріп əскер қызыл үйлерін түзеп отырды. 1846 жылы Талдықорған (бұрынғы Қапал) қаласы, 1854 жылы «Алматы қамалы» салынды. 1862-1864 жылдарда Пішпек, Тоқмақ қалалары да алынды. Сол жылдарда Əулие-ата, Шымкент қалалары да алынды. 1868 жылы Пішпек уезінің оңтүстік жағымен Қарақұл (бұрынғы Прежевал) уездері, қырғыздың Алатауы алынды. 1871 жылы Іле уезінің алабы алынды. Міне, сонымен осы күнгі Түркістандағы қазақ-қырғыз аудандарын бірте-бірте алып, Орта Азияға аяқ салып орыс хүкіметі қамаулар салып, күшін жинап туын тігіп, орныға бастады. Жоғарыда айтып өттік. Қан төгіп, қара күшпен Түркістан жерін орыс хүкіметі өзіне қарата бастаған. Бір жағынан іргелес Қытай мемлекеті орыстың жаңа қонысына көз алартпас, екінші жағынан жаңа ғана бағындырған жергілікті халықтарды айдап өргізіп, еріп-жусату, бұлардың арасында өзінің заң түрлі тəртіптерін жүргізуге орыс хүкіметіне Түркістан топырағында əскер ұстауға тура келді деп 1847 жылы Жетісуға Семей арқылы Сібірден келген «Сібір казак-орыстарына» «Жетісу казак-орыстары» деп азан шақырып ат қойды. Оларды Жетісу топырағына түпкілікті отырықшы қылып орналастырды.
1847 жылдан 1868 жылға шейін – 20 жылдың ішінде Жетісуда 14 казакорыс қаласы, 5 мыңдай жаны бар пайда болды. Мұнан кейінгі жылдарда казак-орыс қалалары да, олардың жаны да, жерлері де көбейіп кетті. Россияда казак-орыс тобы патша хүкіметінің сүйеніші, тіреуі болған хүкімет оларға неше түрлі жеңілдіктер, басқа қаражатынан оларды өзгеше қылып ұстады. Бұрынғы жер-суың аз еді дегендей, 1914 жылы олар пайдасына тағы да қазақ-қырғыз халқының жерлерінен жер алып беру үшін заң шығарды. Бұл заң бойынша, казак-орыстардың пайдасындағы жер мөлшері мынадай болмақшы еді. Əр еркекке жақсы жер-судан 30 десятинадан, шіркеуі үшін 300 десятинадан. Егер де орта есеппен əрбір казак-орыстардың үй басына 3-тен 4-ке шейін еркек жаны бар десек, үй басы 90-нан 120 десятинаға шейін жері болмақшы. Осы есеппен Жетісу казак-орыстары пайдасына жаңадан 345 мың десятина жер алынбақшы еді. Бұл заңды жүзеге шығармаққа жұмысқа да кірісе басталған еді. Сызық жүргізіп, шек тартудан басқа тиісті жұмыстары бейнетіне қалған еді. Енді сызық жүргізіп, жерді кеспекші болып жатқанда 1917 жылғы үлкен өзгеріс сап ете түсіп, жұмысы тоқтап қалып, ана 345 мың десятина жер алынбай қалды. «Қайтсын, алса да байғұс, атын атап алды ғой» дегендей, қазақ-қырғыз жерлеріне алуға көне хүкімет жол-жөн таба берді. Əрбір қара орыстың үй басына 90-120 десятинадан жер беріп, жарылқаудан басқа да қазаққырғыз жеріне ие болушылар табыла берді. Əскері һəм хүкімет қызметінен белгілі уақыты толып, қызметтен шығып, үйде жантайып жатып, ас ішетін əскербасы төрелерге хүкімет өлгенінше айлап, жылдап беріп тұратын жəрдемі (пенсия) дейтіні болатын. Бұл жəрдемдер хүкімет тарапынан көбінесе ақшалай берілетін. Патша хүкіметі Жетісуда ондай жəрдемге «ақша шығын қылмай-ақ», баяғы «тегін жатқан» қазақ-қырғыз жерін беретін еді. 1915 жылғы санақ (статистика) мағлұматына қарағанда, қазақ-қырғыз жұртынан Жетісу казак-орыстар пайдасына 667.157 десятина жер алынған екен. Басында əскер жүретін, жол бойына таяқ тастам қылып тізілдіріп салған қызыл үйлер, казак-орыс ауылдары бертін келген соң бір сыпырасы қалаларға айналып кетті. Бұл қалаларда тұрушылардың бір парасының (мещандар), қала халқы бола тұрып егістік, мал жайылымдық, шабындық жерлері болды. Жетісуда осындай қалалардың жерлерінің шамасы 36,947 десятинадай. Түркістан топырағындағы басқа орыс қалаларының Жетісудағыдай емес жерлері жоқ. 1.Келімсектер отаршылдығы Жоғарыда қысқаша əскер отаршылдығын айттық. Яғни, патша хүкіметінің Түркістанда отаршылдық саясатының бірінші дəуірін, енді,
келімсектер отаршылдығы, яғни, патша хүкіметінің Түркістандағы отаршылдық саясатының екінші дəуіріне келелік. Түркістанға іштен қара шекпенділерді алып келіп, оларға қазаққырғыз халқының іске татар, тəуір жер-суын алып орналастырудың екі түрлі себебі бар: 1.Ішкі Россияда жерсіз, жері аз қарашекпенділер көп. Онда жердің көбі маңыздысы байлар, ақсүйектер қолында, жерсіз, жері аз қарашекпенділер ана байлар жеріне көз алартты, аламыз деп дəме қылды. Соның үшін жерсіздерді Россияның Түркістан сияқты шет аймақтарына жіберіп, көзден таса қылу. 2.Хүкімет бұл ниетті, сырды жұртқа екінші түрде көрсетпекші болды. Шет аймақтарда жер көп. Ондағы жергілікті жұрттар еңбек сіңіріп, жерде жатқан тегін алтынды тауып, мемлекет байлығын асыра алмады. Ішкі Россиядағы қарашекпенділер жерді жыртып, жергілікті «жобасын» халықтарға үлгі, өнеге көрсетеді деп сылтау қылды. Түркістан, Қазақстандағы тіршіліктің негізі – мал шаруа болған. Қазақ-қырғыз ертеде алапты қыстау, ойпаңды күзеу, төскейді жайлау қылып, «көшерімді жел, қонарымды сай білсін» деп жүрген дəуірлері бар еді. Неше ғасырлардан бері ата-бабасынан бері қарай өсіп-өніп, кір жуып, кіндік кескен, іркіп ішіп, шайқап төгіп жүрген, асқар тау, айдын шалқар көл, мөлдір сулы өзен, бетегелі биік бел, нулы тоғай, тамылжыған қонысында төрт түлік мал айдап, май шайқап жүрген қазақ-қырғыздың күні болған. Оның бер жағында, оянса өңінде, ұйықтаса түсінде көрмеген жаңа жұрт. Жаңа көрші пайда болды. Ит арқасы қияннан келіп 2030 жылдың ішінде құдайдан соңғы қожа өзім деп жүрген қоныстың ортасынан ойып олар орын алды, қала салды. Жердің бетін айғыз-айғыз қылды. Тіршіліктің текпісінде, өмірдің соқпағында жаңа келген жұртпен тағдыры байланды. Бұл жұрт қайдан қазақ-қырғыз ортасына қалай, неге келді? Мұны білетіндер де бар шығар. Сонда да жалпақ жұрттың барлығы тегіс біледі деп айтуға болмайды. Соның үшін қазақ-қырғыз даласына келген қарашекпенділердің жайынан олардың басынан кешірген түрлі ауыр халдеріндің жайынан, бұл жаққа келуінің себептерін қысқаша жазып отыруды ылайық көреміз. Орыс патшалығының Европадағы, оның ішінде əсіресе, оңтүстік пен оңтүстік күн шығыс жағындағы жерлері жақсы егістік. Россия мемлекетінің негізгі шаруасы ауыл шаруа яғни, диханшылық. Халқының көпшілігі де егінмен тіршілік қылатын қара шекпендер, сандары жүзден 85. 1861 жылға шейін ішкі Россияда жердің көбі, маңыздысы патша хүкіметінің тіреуі болған патшаның өзінен, тұқымынан бастап, ақсүйек, аруақ қонып, нар шөккен шонжар қатар жуан тұқым, төрелер, алпауыттар, байлар, жуан жұдырықтар қолдарында болатын. Россия халықының көпшілігі болған қара шекпендердің жастары байлаулы, аналардың құлақ
кесті құлдары болатын. Қара шекпендердің басында ерік жоқ, қожаларының мүлкі болып саналып, сатса да, шапса да, өлтірсе де, тірілтсе де, итке, құсқа айырбастаса да ерікті еді. Қара шекпендердің ері құл, қатыны күң болып, байлардың жерін айдап, жұмысын істеп, табан ақы, маңдай терімен табылған пайда байлардың кеңірдегіне түсетін. Қарашекпендер еңбегіне аштан өлмей, көштен қалмайтын азық-түлік ғана алатын. Қарашекпендер байларға құл болып жүргенде, көрмеген қорлық, ұрлық, жемеген азап, тартпаған қасіреті жоқ. Орыс қара шекпендерінің құлдық заманы орыс жұртының тарихында ең қараңғы дəуір. Бұл турасында уақытында орыс халқының өз арасында жазылған қорлық кітаптар да көп. Адам баласының адамшылық сезімін сыртқа теуіп шықпай, көрген қорлық, зорлығы елеусіз ешуақытта өнбекші емес. Бұл табиғаттың жалпы заңы. Россия байлары қара шекпендерді тіске жұмсақ, тілге тəтті хайуан есебінде ұстаса да, өздерінің байлар сияқты бір басты, екі аяқты адам екендіктерін көрсетіп жүрген байларға қарсы талай бас көтерген. Жанжал шығарған, қан төккен. Жалпы жұрттың надандығы, əсіресе, əскер қызметінде жүрген сол қара шекпендердің балалары надандық арқасында патша хүкіметіне тілсіз құрал болып азаттыққа, бостандыққа, теңдікке ұмтылған қара шекпендерді қынадай қырған, қандарын селдей ағызған, күлін көкке ұшырып басатын. ХVІІІ – ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында құлдықта жүрген қарашекпендердің ауыр халдері орыстың ақсүйек – адал ниет, елін – жұртын сүйетін, ұлтшыл азаматтарын ойға қалдырады. Бұл кемшілікті, масқарашылықты жоғалту керек. Қара шекпенділерді «азат» қылу керек деген орыс майданға шығады. Оқыған зиялылар арасында пікір жүзінде үлкен қозғалыс басталады. Бір жағынан заманның ағымы. Тіршіліктің тепкісі, жұрттың талқысы. Екінші жағынан қарашекпендер кескекті болса да, арсылдап хүкіметтің тақымынан алуды қоймай, шыдатпайды. Ақырында, патша Александр ІІ 19 февральда 1861 жылы «Россияда құлдық жоқ, қарашекпендер азат» деген Жарлық шығарды. Бірақ, қарашекпендер «азат» болғанмен, төрт құбыласы сай болып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалай қоймады. Дүниеге келген адам баласының тұрмысында тесік тамақ текпісі күшті. Тесік тамақты бітеу үшін түрлі қаражат, түрлі əрекет керек. Осылар арқылы адамдар баласы дүниеде тұрмыс үшін тіршілік майданына белсеніп түседі. Александр қарашекпендерге «азатсың» деген құр қағаз бетіндегі қуарған қу сөзден басқа «азат» болған қарашекпендерге еш нəрсе бермеді. Азат болған қарашекпендерге өз бетімен тіршілік қылу үшін егістік жер, ол жерді жыртатын көлік, аспап, сайман керек. Азат қылғанда, қарашекпендердің бір парасына ғана аздап жер берілді. Көбіне жер де берілмеді. Аспап, сайман, көлік бұлай тұрсын.
Қарашекпендерді құл кезінде асырау қожаларының міндеті еді. «Азатсың» деген Жарлықтан кейін байлар енді бастарың бос, «біздің жұмысымыз жоқ» деген күйге түсті. Барар жер, басар тау жоқ, дəмдес, тұздас болып едік ғой, бізді өлтірмессің деп қарашекпенді жалынтты, жалбартты. «Сен маған басқа да керегің жоқ еді, қайтейін, сені тал түбіне аштан өлтірейін бе? Қайтадан бұрынғы орныңа бара ғой» деген болып, байлар бұрынғыдан жаман қарашекпеннің қанын соратын жолға түсті. Байлар енді, қарашекпендерді құл күнінде тамақ, киім беруге міндетті болса, енді ол міндеттен құтылып, өзінің мейірімділігімен ғана қарашекпендерді алып отырған болды. Қайтадан байларды паналаған қарашекпендердің күні бұрынғыдан да жаман болды. Өз алдына тіршілік қылмақшы болған талапты қарашекпендер байлардан жер, көлік, аспап жалдап алып бақытын сынады. Бірақ жалдап алған жер, аспаптың шарттары ауыр болып, талаптының таудай жігері құм болып, ілгері басқан аяқ кейін кетіп, шаруасы оңала алмады. Уақытында байларға жалақыларын төлей алмай кешіккенге байлар өсімді жалғап сала берді. Сонымен, байлар малын балалап өсіруде, қарашекпендер борышқа белшеден батып шырмала берді. Азат болған қарашекпенділердің екінші бір парасы құлақтары салбырап, қайтадан «мені қайтсін» деп байларына бармады. «Бадырақ көз, сенен мен, менен сен аулақ» дегенді сарғайтып келген «бостандық», «азаттық» екпіні қатты, толқыны күшті болды. Құлдық қорлық маңдайына тиген сорлылар кіндік кесіп, кір жуған, қайғы – қасірет тартқан жерді тастап, «бостандық», «ерік» іздеп балапан басына, тұрымтай тұсына жөнелді, жөңкілді. Сондағы қарашекпендердің бет алып жөнелген жақтары Россия патшалығының «бұратаналар» тұратын шет аймақтары: Орал тауынан аса Сібір, Қазақстан, Кавказ тауы болды. Сонымен, мұнан 60 жыл бұрын ішкі Россиядан шет аймақтарға қарай азат болған қарашекпендердің «бостаншылық», «кең орын», «кең қоныс» іздеген қозғалыс дəуірі басталды. Бұл дəуірдің бастапқы 30-40 жылдарында іштен қарашекпенділердің көшуі аса күшті болмады. Оның себебін жоғарыда айттық. Азаттықтан бұрын қарашекпендер байлардың жұмысшысы ақысыз, пұлсыз бар шаруаларын істейтін еді деп қарашекпендер құлдықтан құтылған соң, өз алдарына түтін түтетіп, тіршілік қылу қамына кірісіп, «бостандық», «кең қоныс», «еркін тіршілік» іздеп əр жаққа көше бастады. Бұлар көтеріле кетсе, онда байларға тіске жұмсақ, тілге тəтті жалшылардың табылуы оңай емес. Сондықтан, байлар қарашекпендердің беріле ауып кетуіне қарсы болды. Үкіметке қарашекпендердің көшуіне неше түрлі бөгет, заң тəртіптер шығартты. Қанша заң, тəртіп шығарғанмен, іштен қарашекпендердің көшуі аз да болса үзілмеді. Хүкіметтің рұхсатымен, онан рұхсатсыз, өз беттерімен
жалпы құлдықтан құтылған қарашекпендерді көшірмейтін заң тəртіптері болса, хүкіметке де рұхсат беріп, қарашекпендерді көшіруін үзбеді. Мұның мəнісі мынау: «Россия патшалығы орыс үшін ғана» деген патша Александр үшінші айтқандай, патша хүкіметі тұтынған саясаттың бір негізі «Россия мемлекетіне қарайтын түрлі бұратана халықтарды орыс қылу, орысқа айналдыру болатын. Олардың (бұратаналар) тілін, дінін, елдігін жойып, орыс «ұлығы Россия» біргелкі ғана жұрттан болуы тиіс деген пікір көне хүкімет заманында өшпеген. Оны жүзеге шығаруға керекті түрлі шаралар да істелген. Ішкі Россияда «бұратаналар» арасында, бұл мақсаттың жүзеге шыққан орындары да болды. Мысалы, шоқынған ноғайлар, мешерлер, мардуалар... Сондағысы, көздеген мақсаты – шет аймақтарда жүзеге шығармаққа патша хүкіметінің қолданған «керекті шараларының» бірі іштен қарашекпендерді көшіріп орналастыру еді. 1905-1906 жылдардағы халықтың хүкіметке қарсы қозғалысын басып, 1907 жылы 3 июнь заңы бойынша, іш министрі, аты шулы Столыпин таққа мініп, «Шолақ Дума» ашып, хүкімет шымылдық қылып, бетіне ұстап, халыққа «өксіген арманың» беріліп отыр деген қылып, хүкімет мемлекет тізгінін тағы жиып алды. Россияны тағы қара бұлт басты, 1910 жылдан кейін патша хүкіметі қол – аяғын бауырына алған соң, елді айдап, өргізіп, иіріп жусататын болды. 1912 жылы орыс хүкіметінің бас мекемесі (святейший Синод) Россияның шет аймақтарындағы бұратаналардың жерлерін алып, ол жерлерге қарашекпендерді көшіріп, орналастыратын бас мекемесіне (Переселенческой управлениеге) құпия хат жазды. Мұнан былай шет аймақтарға бұратаналар жерін алып, ол жерлерге қарашекпендерді орналастырғанда бұратаналардың арасына орыс балаларын араластырып отырғызу тиіс. Түбінде орыс қарашекпендер орналасып болғанда бір бұратанаға екі орыс келетін болсын. Осы жағын өте ескеру керек деп. 1 Бұл құпия хатты қолға түсіріп, жұртқа жария қылушы киіз туырлықты қазақ-қырғыз халқына аты таныс, ісі қанық ардақты Əлихан Бөкейхан баласы. Бұл кісі жоғарыдағы хатты қолға түсіргеннен кейін Дума арқылы хүкіметке, бұл рас па, рас болса, мұның не деген сауал бергізіп, мезгілінде орыс газеттеріне, Орынборда шығатын «Қазақ» газетіне басқан. Əрине, сауал жауапсыз қалды. Түркістан топырағында қарашекпендердің бірінші аяқ басып кіруі 1868 жылдарда басталды. Басында келген қарашекпендердің көбі «өз беттерімен жер іздеушілер» болды. Келімсектер ішінде қарама хүкімет рұхсатымен көшіп келгендер де болды. Түркістанға келген қарашекпендер берсе қолынан, бермесе жолынан жергілікті халықтардың пайдаланып, тіршілік қылып отырған жерлерінің жақсысына орналаса бастады. Жерден айрылған ел хүкіметке келімсектердің істеп жатқан зорлық-зомбылғын айтты. Бірақ, тыңдаусыз болды.
Патша хүкіметі Түркістанды орыс баласы қан төгіп бағындырған соғыста түскен «олжа» деген пікірмен жергілікті жұрттың мұң-мұқтажына құлақ салмады. «Азаттықтан» соң «бостандық», «кең қоныс» іздеп өз беттерімен шет аймақтарға қарай жөнелген қарашекпендер болмаса, іште ұлтарақтай жері, төбесінде күркесі бар қарашекпендер тұрған жерлерін тастап еш жаққа қаңғымады. Сондықтан, хүкімет шет аймақтарға қарашекпендерді көшіргісі келгенде, оларды алдап-арбайтын орындары да болған. Көшуге қызықтыру үшін қарашекпендерге түрлі жəрдем, жеңілдіктер беретін еді. Мысалы, Жетісу облысына келген қарашекпендерге үй ішіндегі еркек жан басына 30 десятинадан қолайлы жер берді (Соңынан қарашекпендер көбейіп кеткен соң, ер басына берілген 30 десятина жерді 10 десятинаға шейін кемітті). Əртүрлі мемлекеттің міндетті қызметтерінен, салықтарынан 15 жылға азат қылды, Түркістанның жергілікті халықтарының қатарында келімсектердің келгенде жасы 15-ке толмаған балаларынан бастап, келесі уақытқа əскер қызметінен азат қылды. Түркістанға келген келімсектер егін шашатын сулы жерлерге орналасып, оның үстіне, хүкімет тарапынан түрлі жеңілдіктер көрсетілгендіктен тіршіліктері аз уақыттың ішінде оңала бастады. Бұл хабар іштегі қалған көршілес қарашекпендерге жетіп, басында орнын қимай көшуге самарқау болғандарды желіктірді. Іштен шет аймақтарға көшуші қарашекпендер көбейе бастады. Оның ішінде Түркістанға да. Түркістанға келімсектер екі жолмен ағылды: 1) Сібірден Семей облысы арқылы Жетісу, Сырдария облыстарына, 2) Самар, Орынбор арқылы Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарына. Келген келімсектердің хүкімет көшіргенінен өз беттерімен келушілері көп болды. Көшіп келіп қалғандардың көбі жергілікті жұрттардың жерлерінің жақсысына өз беттерімен орналасып орын тебе бастады. Шаң жермен оңай емес: жергілікті халықтар мен келімсектер арасы жаманға айналды. Ұрыс-төбелес, қан төгістер басталды. Ойламаған жерде хүкіметке жұмыс шығып қалды: қандай да болса келіп қалғандарды орналастырып, келімсектер мен жергілікті халықтардың арасын реттеу, уақытша болса да жаңадан келімсектер келтіруді тоқтату керек болды. Келімсектердің төнігіп орнай бастаған орны – Жетісу облысы болды. Сондықтан, хүкімет жұмысын Жетісудан бастады. Соның үшін 1905 жылы Жетісуда келімсектерді орналастыратын жер өлшеушілер партиялары түзілді. 1906 жылы ол партиялар аудандық келімсектер орналастыратын мекемеге айналдырылды (районное переселенческое управление). Бұл мекеменің жұмысы келіп қалған келімсектерді орналастыру жергілікті жұрттан қанша жер-су алуға болады? Ол алынған жерлерге орын қанша қарашекпендер алып келіп орналастыруға болады? Өз беттерімен келген келімсектер жалғыз Жетісу облысы емес, Сырдария, Ферғана облыстарына да аяқ салды.
1906-1907 жылдарда іштен шет аймақтарға қарай қарашекпендердің көшуінің екінші дəуірі басталды. Мұның себебі: 1905-1906 жылдарда Россияда патша хүкіметіне қарсы қозғалыс болды. Ол қозғалыста көбінесе қолға «Қызыл ту, ауызда жерлерін» деген ұранмен майданға іштегі жерсіз, жері аз қарашекпендер түсті. Ол қозғалыста патша хүкіметі тəлтіректеп барып, аман қалып, есін жиып алуымен мына қызыл көзді пəлелерді: қарашекпендерді орналастыру, тынышыту керек екен деген пікірге мінді. Оларды разы қылу үшін алдымен тіршілік қылатын жер беру керек, іштегі байлардың жерлерін оларға алып, үлестіріп бере алмады. Оның орнына оларды ит арқасы қияндағы, шет аймақтарға айдады: Сібір, Қазақстан, Түркістан, Кавказдағы «Қазына жерлеріне». Төрт жүз үй орналасты. Сонымен, 1910 жылдан бастап Түркістанда оның ішінде қазақ-қырғыздың ауданында (Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарында) келімсектер үшін жердің көбі алынып, отаршылдық саясатының ең күшті уақыты еді. 1913 жылдан кейін отаршылдық екпіні басылып, жер алыну саясаты алынғандай болды. Жер алынбағанмен, келімсектерді орналастыратын мекеме қарап отырмады. Келіп қалғандардың түпкілікті орналасып болмағандарын жайластырумен болды. 1913 жылдан соң Түркістанда жер алынудың себебі болғандығының екі түрлі мəнісі бар еді: 1) Түркістанда іске татар келімсектер тіршілік қылатын жерлердің алынып болғандығы. 2) 1914 жылы басталған сұрапылды Европа соғысы. Жаңадан келімсектер орналастыру үшін патша хүкіметі жаңадан жер, су ауыр жұмысын ойлап, хаттагей бір орындарда жұмысқа да кірісіп еді. Бірақ, соғыс ашылған соң, ондай жұмыс жүргізбек түгіл, байтал түгіл, бас қайғы деген күйге ұшырап, жұмысты тоқтатты.
1Бұл шет аймақтардың қайсысында болса да қолданған саясат. Бірақ, соның ішінде əсіресе – ана хат ол күнгі Қазақстан турасында жазылған. 3. Отаршылдық саясатының нəтижесі Жоғарыда Түркістанда патша хүкіметінің жүргізген екі түрлі отаршылдық саясатының салдарына келелік. 1915 жылғы санақ мағлұматына қарасақ, Түркістанда келімсектер пайдасына алынған жер мөлшері мынадай: 1. Жетісу облысынан. 1. Казак-орыстарға – 667 мың десятина жер. 2. Қалаларға – 37 мың---------жер. 3. Ескілікті келімсектерге – 232 мың--------жер.
4. Жаңа келгендерге – 1 млн 277 мың --------жер. 5. Қазынаға (мұның ішінде ағаштар бар) – 1 млн 750 мың --------жер. 6. Қазақ-қырғыздан алынған жер – 3 млн 369 мың десятина жер. Бұл жердің ішінде казак-орыс пен қара шекпендер егістігі 1 млн 200 мың десятина, қалаларының саны 600-дей. 2. Сырдария облысынан Ескілікті жаңалықты келімсектерге 607 мың десятина, қалаларының саны 260-дай. 3. Ферғана облысынан Келімсектерге – 75 мың десятина Қаларының саны – 50-дей 4. Самарқанд облысынан Келімсектерге – 3 мың жарым десятина Қалалардың саны – 3 5. Түрікпен облысынан Келімсектерге – 7 мың десятина Қалалары – 28 Сол жылғы санаққа қарағанда, келімсектердің саны жалпы жергілікті жұрттардың санына қарағанда жүзден 8-і, оның ішінде келімсектердің түтігіп орнаған жері Жетісу облысында, келімсектер саны 350 мыңдай жан. Яғни, облыстың халқының жүзден 27-сі. Жоғарыда жазғаннан оқушыларымыз көріп отыр, Түркістанда алынған жердің көбі қазақ-қырғыздан. Сонымен Түркістанда отаршылдық саясаты болды. Жергілікті жұрттардың жерлері алынды дегенде, бұл Түркістанда қазақ-қырғыз халқының ғана басындағы əңгіме екенін. 1913 жылы жаздыгүні Түркістанға жер министрінің жолдас бұратаналардың жерлерін алып, іштен келімсектер көшіріп, орналастыратын Петербурдағы бас мекеменің бастығы Глинко деген келді. Мұнда келгендегі жұмысының мықтысы – Түркістандағы орналасқан келімсектер хал-жайымен танысу еді. Соның үшін келімсектердің мол орнаған жері Жетісу облысына барды. Онда орналасқан келімсектердің хал-жайын көріп, іштен жаңадан келетіндерге деп жоғарыдағы айтқан қалаларға алынған жерлерді аралап, көріп, дайындалған жердің жүзден алпысын, бұл жерде қара шекпендер күнелте алмайды деп, шығарып тастады. Келімсектердің мықтап түтіккен орнының бірі осы күнгі Қазақстан болады. Сонда, келімсектерге жер алынғанда, жер алушы, өлшеушілерге қысқа қарай жұмысты тоқтатып, жаздай алған жерлерін есептеп келіп, қазынадан оларға ақша беруші еді. Ақша бергенде, мынадай: жаз бойына бір жер өлшеушінің алған жері 300 десятинаға шейін болса, онда, десятина басына айлығынан басқа, тиын жарымынан, 300 десятинаға шейін болса, онда десятина басына айлығынан басқа тиын жарымнан 300 десятинадан артық болса, десятина басына 3 тиыннан беретін. Қырға жер алуға келген шенеуніктер бірінші бұратаналардан «жерді көп алып, хүкіметтің құтыла алмай отырған іштегі келімсектеріне орын
дайындаса, хүкіметтің жан сүйер адамы болып, шен алып, шекпен кимекші. Екінші көбірек жер алып, қазынадан көбірек ақша алу. Міне, сондықтан, бұл Түркістанда да, мүмкін келетін қарашекпендердің тіршілігін көп ойламай, жерді ала бергендіктен Глинко алған жерлердің жүзден 60-ын жарамайды деп шығарып тастап отырғаны болмаса, Глинко жер, судан, ата қоныстан айрылған қазақ-қырғызды аяғандықтан емес. Глинко Түркістаннан Петербурға қайтып барған соң, Министрлер кеңесінде барған жұмысы жайынан баяндама қылғанда, кеңесте отырғандардың біреуі «қонысынан айрылған жергілікті қазақ-қырғыз қайда кетіпті» деген сауалына «ақтықтың астына кетіпті» орысша (Киргизы ушли под белки) деген, яғни ақтықтың асты дегені, қарлы тауға кетіпті дегені. Ескі хүкіметтің заманында Түркістандағы қазақ-қырғыз жерден айырылып, барар жері, басар тауы болмай сандалып отырған үстіне 1916 жылы 25 маусым Жарлығы сап ете түсіп, өзі сыныққа сылтау таба алмай отырған елді шабынан түртіп жіберіп, қазақ-қырғыз патша хүкіметіне қарсы жанжал шығарып бас көтерді. Оның ақыры жұрттың түбіне белгілі, қазақ-қырғыз қынадай қырылды. Келімсектен қалған жер-судан, мал-мүліктен айрылды. 60 мыңдай үй Қытай өтіп кетті. Оның аяғы осы күнге шейін орнына қайта алмай, Қытайда құлдықта, қорлықта жүр. Онан үлкен өзгеріс келді. Өзгерістің де бастапқы кезінде отаршыл келімсектер ортақшылдық тонын айналдырып киіп, жығылған үстіне жұдырық бұрынғыдан жаман қазақ-қырғызды аң секілді ату, жер-суын, мал-мүлкін тартып алу деген көп болды. Оның салдары 1916 жылдан соң, əсіресе, өзгеріс уақытында өз бетімен қазақ-қырғыз жеріне түскен қара шекпендер, қалалар деген көбейіп кетті. 1920 жылдан бастап Түркістанда Кеңестер хүкіметінің саясаты өзгерілгенде саясаттың негізі – жер мəселесі болып, Түркістанда дауысы жер жарған жер реформасы деген жүріп, өткен замандағы істелген қиянат, жауыздықтарды жойып, жергілікті жұрттарды жер-су пайдалану ретінде келімсектермен теңестіру керек деген бетте жүрді. М. Шағырша
«САНА» ЖУРНАЛЫ (1923–1924) «Сана» журналының 1923 жылдың қаңтар айынан 1924 жылдың қарашасына дейін небəрі 3 нөмірі жарық көреді. Түркістан қазақ білім комиссиясының «екі айда бір шығып тұратын тəрбие, білім, əдеби мақалалар жинағы» болған «Сана» Ташкент қаласында шығып тұрды. Бас редакторы – қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов. «Сананың» бағыты мен мақсаты жайында: «Заманымыз мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді: Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлылық керек. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елге, мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ», – деп жазады журналдың алғашқы нөмерінде бас редактор. Оқу-ағарту, білім беру саласына бағытталған журналды шығаруға І.Жансүгіров, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Ə.Диваев, М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев секілді алаштың азаматтары қатысты. «Сана» журналының беттерінде халықты білім мен мəдениетке жетелейтін мақалалар, ғылымның түрлі салаларына арналған танымдық дүниелер жарияланып тұрды. Жалпы білім беретін мектептерге енетін пəндер мен олардың жоспарлары басылды, арнайы оқу бағдарламалары мен ұрпақ тəрбиесі, білім берудің ұлттық сипаты сөз болды. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихындағы хандар мен бишешендер, сал-серілердің өмірінен сыр шертетін жазбалар мен халық ауыз əдебиетінің озық үлгілерін де көруге болады. Қазақ халқын озық мəдениетке жетелеу жолында ізденген «Сананың» басты ұстанымы – елді оқу оқып, білім-ғылым мен өнер үйренуге шақыру. Білім беру саласын бір тəртіпке келтіріп, жүйелеуге ұмтылды. Кеңестік билік тарапынан «Саясат» бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті əлеуметтік, саяси мəселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны жəне ескіні, өткенді сөз еткені үшін» деген айып тағылып, журнал 1924 жылдың қараша айында жабылады.
Қазақстан, Түркістан жері һəм халқының саны Төменде Қазақстан һəм Түркістан жері һəм халқы жайында көрсетпекші санақ мағлұматтарымыз ескі үкімет заманындағы санақ мекемелерінің əр түрлі экспедициялары жинаған мағлұматтары. Оқушылар өздері де көрер, бұл мағлұматтар бір жылдыкі ғана емес, бірнеше жылдардыкі екендігін, бастапқы Николайды тақтан түсірген февраль төңкерісінен соң күллі Россия құрылтайы болмақшы болғанда əр жерден, əр елден ол құрылтайға өкіл сайлау ретінде халықтың саны керек болған. Сондықтан бүл мағлұматтарды жиып, оның қорытындысын шығарған. Петроградтағы сол уақытта Россия құрылтайын шақыру жұмысын басқарушы – комитет. Ол комитетте əр жердің, əр елдің өкілдері болған. Сондықтан ілгергі жылдарда болған санақ мағлұматтарынан 1917 жылғы қорытып шығарған есеп дұрыс санға келіңкіресе керек. 17 жылғы жалпы Россия жайында жиналған санақ мағлұматынан бір Қазақстан һəм Түркістан жайындағы мағлұматты алып отырмыз. Енді санақ мағлұматына келелік. Бұрын дала аймағы дейтін осы күнгі Қазақстанда 4 облыс бар: 1) Орал; 2) Торғай; 3) Ақмола; 4) Семей1. Түркістанда ескілікті 4 облыс: 1) Закаспий (түрікпен); 2) Сырдария, 3) 4) Самарқант; Ферғана. Жəне басқару ретінде Түркістанға байланыстырған; 5) Жетісу облысы бар. Қазақстан һəм Түркістанның жерінің мөлшері 3125000 шаршы шақырымдай, халқының жалпы саны (еркек-əйелі бар) 11 миллионнан артығырақ. Бұл жанды бөлгенімізде орта есеппен бір шаршы шақырым жерге 36 жаннан келеді. Жоғарыдағы көрсетілген адам санының ішінде 2, 300000дай орыс бар, яғни жүзден жиырмасы. Орыстың көбі Қазақстанда. Қазақстан һəм Түркістаннан да үш түрлі халық бар: 1) жергілікті, 2) орыс, 3) келімсек басқа жұрттар. Бұл үш түрлі халықтың шамасы мынадай: халықтары Қазақстан Түркістан 1897 жылы 1917 жылы 1897 жылы 1917 жылы жергілікті халықтар 77,0 % 53,7% 94,4% 88,8% орыстар 20,0% 42,0% 3,7% 9,7% басқа келімсектер 3,0% 4,3% 1,9% 3,3% барлығы 100,0% 100,0% 100,0% 100,0% Бұл санаққа қарағанда, қазірде орыстың көбірек келіп орнап жатқан жері – Қазақстан: жүзден 42 дейін орыс болып қалған. Түркістанға келсек, ондағы орыстың көбі сонда тұрған əскерден, үкімет мекемелеріндегі қызметшілерден һəм қаладағы тұрушы саудагерлерден құралған. Жетісуды санамасақ, Түркістанның бас қа жерінде диқаншылықпен тіршілік ететін орыстың мұжықтары азғантай. Сегіз миллион жарым жергілікті халықтарға келсек, олардың ішінде ең көбі қазақ-қырғыздар (5,066000). Бұлар Қазақстан һəм Түркістан топырағына тегіс жайылған, тəжік (420,000), өзбектер (806,000) һəм
сарттар (1,658,000). Сарттар Түркістанның ескі облыстарының бəрінде бар: Сырдария, Самарқант һəм Ферғана; Түрікпендер (352,000) Закаспийда, Сырдария һəм Ферғанада. Қарақалпақтар (136000). Жетісуда тараншылар (79,000), қашқарлықтар (56,000). Келімсектердің ішінде ішкі Россиядан келген орыстардан бас қа да жұрттар бар. Ноғайлар, Фин тұқымынан (мардуа) һəм басқалары. Келімсектер ішінде көршілес Азиядағы мемлекеттерден келгендер де бар: қызылбастар, үндістандықтар, қытайлар, Жетісудағы дүнгендер һəм басқа ұсақ халықтар, һəм жөйттер, Еуропадан келгендер де бар. Орал облысы 1 январь 1915 жылы Уездер аты жер мөлшері шаршы шақырыммен халқы бір шаршы шақырымға келетін адам саны 1)Теке Уральск 66, 361 376, 738 5,67 2) Ілбішін 79, 723 215, 212 2,69 3) Үйшік (Гурьев) 40, 435 173, 436 4,29 4) Қармақшы (Темір) 126, 509 177, 797 1,30 Барлығы: 313, 328 944, 183 3,01 Торғай облысы 1 январь 1915 жылы Уездер аты Жер мөлшері шаршы шақырыммен халқы Бір шаршы шақырымға келетін адам саны 5) Ақтөбе 49,500 238,671 4,82 6) Ырғыз 127,500 119,549 47,0 7) Қостанай 93,838 375,592 4,00 8) Торғай 146,500 107,584 0,74 Барлығы 419,138 842,406 2,01 Ақмола облысы 1 январь 1915 жылы Уездер аты Жер мөлшері шаршы шақырыммен халқы Бір шаршы шақырымға келетін адам саны 9) Ақтөбе 44,697 393,378 8,79 10) Ырғыз 62,020 301,978 4,87 11) Қостанай 54,484 354,465 6,51 12) Торғай 127,061 161,910 1,29 13) Ақмола 214,994 344,048 1,09 Барлығы 492,456 1,555,589 3,26 Семей облысы 1912 жыл 1 январь Жер мөлшері шаршы шақырыммен халқы Бір шаршы шақырымға келетін адам саны 14) Семей 64,787 248,540 3,07 15) Кереку (Павлодар) 103,788 253,401 2.44 16) Өскемен 441,488 169,523 4.11 17) Қарқаралы 182,430 172,157 0.96 18) Зайсан 49,0752 137,369 2.61 Барлығы 442,245 980,990 2.22
Закаспий облысы
1 январь 1915 жыл
жер мөлшері
шаршы шақырыммен
халқы
бір шаршы шақырымға
келетін адам саны
19) Манғышлақ
190,200
80,440
0,42
20) Чагадам (Крастобод)
110,000
72,132
0,66
21) Ашхабат
86,746
112,442
1,41
22) Тижен
33,977
62,800
1,85
23) Мəрб
110,795
290,156
1,72
Барлығы
531,738
527,97
0,99
Сырдария облысы
1 январь 1915 жыл
жер мөлшері
шаршы шақырыммен
халқы
бір шаршы шақырымға
келетін адам саны
24) Ташкент
38,855
610,320
15,70
25) Шымкент
124,902
404,723
3,24
26) Əулиеата
65,395
402,892
6,16
27) Ақмешіт
65,815
184,832
2,81
28) Қазалы
59,777
256,216
4,29
29) Амудария обл
97,922
238,913
2,45
Барлығы
425,666
2,097,896
4,63
Ферғана облысы
1 январь 1914 жыл
Жер мөлшері
шаршы шакырыммен
халқы
Бір шаршы шақырымға
келетін адам саны
30) Əндіжан
13,328
447,968
33,61
31) Қоқан
1,32008
459,061
34,76
32) Наманган
15,268
483,926
31,70
33) Ош
24,243
244,066
9,67
34) Памир
65,243
3,300
0,05
35) Марғылан
14,063
492,339
35,01
Барлығы
146,354
2,130,760
14,56
Жетісу облысы
1 январь 1915 жыл
жер мөлшері
шаршы шақырыммен
халқы
бір шаршы шақырымға
келетін адам саны
36) Алматы
69,591
296,764
4,26
37) Капал
75,432
203,770
2,70
38) Шұбарағаш (Лепсі)
82,806
205,650
2,48
39) Жаркент
39,984
159,563
3,99
40) Қарақүл
50,291
201,005
3,99
41) Піспек
34,877
264,362
7,58
Барлығы
352,979
1,331,115
3,77
Самарқант облысы
1915 жыл 1 январь
жер мөлшері
шаршы шақырыммен
халқы
бір шаршы шақырымға
келетін адам саны
42) Самарқант
14,855
383,384
25,78
43) Кəттəқорған
6,995
129,850
18,56
44) Жызақ
43,327
282,771
6,53
45) Ходжент
14,419
259,383
17,99
Барлығы
79,326
1,055,293
13,25
Халық облыстар аты Тилау һəм Чиганский деген статистикашы мен кіндік санақ комитетінің қосымшасында жер мөлшері (шаршы шақырыммен) жылғы санақта 1 январь жылғы санақ журналында жылғы егін шаруасының санағында 1 июнь жылы санақ бөлімінде халық саны Халықтың тығызшылығы бір шақырымға келетін адам саны Қазақстан Орал 227,990 645,121 898,1 832,4 844,8 3,71 Торғай 400,470 453,416 837,3 870,3 883,3 2,1 Ақмола 497,190 682,608 1,565,9 1,528,8 1,551,7 3,12 Семей 449,850 684,550 992,1 981,4 996,4 2,21 Барлығы 1,275,500 2,465,735 4,293,4 4,212,9 4,285,9 2,71 Түркістан Закаспий 525,540 382,478 559,0 523,4 527,6 1,00 Самарқант 76,940 860,021 1,211,2 126,0, 126,0 15,93 Сырдария 429,890 1,478,898 2,132,4 1,625,1 2,060,7, 4,79 Ферғана 125,470 1,572,214 2,199,3 2,030,3 2,038,7 16,25 Жетісу 325,250 878,963,3 1,362,2 1,219,0 1,30,7 3,79 Барлығы 3,058,590 7,746,718 11,757,5 10,360,7 11,360,6 3,71
1917 жылғы Руссия құрылтайын шақырушы комитеттің санағы ұлттар жалпы халық о р ы с т а р п о л я к т а р н е м і с т е р т ə ж і к т е р қ ы з ы л б а с т а р и р м е н е л е р Қазаққырғыздар т ү р і к п е н д е р қ а р а қ а л п а қ т а р ө з б е к т е р қ а ш қ а р л ы қ т а р т а р а н ш ы л а р с а р т т а р н о ғ а й л а р м а р д у е л е р д ү ң г е н д е р ж е б і р е й л е р басқалар барлығы облыс аты жүзден Орал 844,8 40,8 - - - - - 56,9 - - - - - - 2,2 - - - 0,1 100,0 Торғай 885,3 37,5 3,0 1,0 - - - 58,7 - - - - - 1,0 1,2 6,0 - 0,3 100,0 Ақмола 1,551,7 56,7 0,5 2,3 - - - 36,6 - - - - - - 1,6 - - - 3,0 100,0 Семей 996,1 24,0 - - - - - 53,0 - - - - - - 1,9 - - - 1,1 100,0 Қазақстанда барлығы: 42,75,9 42,0 0,2 1,0 - - - 53,7 - - - - - 0,0 1,7 0,6 - 0,1 0,7 100,0
ұлттар жалпы халық о р ы с т а р п о л я к т а р н е м і с т е р т ə ж і к т е р қ ы з ы л б а с т а р и р м е н е л е р Қазаққырғыздар т ү р і к п е н д е р қ а р а қ а л п а қ т а р ө з б е к т е р қ а ш қ а р л ы қ т а р т а р а н ш ы л а р с а р т т а р н о ғ а й л а р м а р д у е л е р д ү ң г е н д е р ж е б і р е й л е р басқалар барлығы облыс аты жүзден Жетісу 1,231,7 23,5 - - - - - 65,6 - - - - 5,7 1,7 - - 1,6 - 1,9 100,0 Закаспий 527,6 8,7 - - - 4,6 2,3 17,7 61,8 - - 6,2 0,6 1,3 - - 0,1 2,7 100,0 Самарқант 1,236,0 2,4 - - 27,1 1,8 - 10,2 - - 47,9 - - 9,0 - - - 1,4 0,2 100,0 Сырдария 2,060,7 1,2 - - - 0,3 - 62,3 - 6,0 4,2 - - 19,7 - - - 0,3 1,0 100,0 Ферғана 2,038,8 2,5 - - 6,1 0,1 - 22,5 - 0,9 9,8 2,4 - 53,6 0,1 - 0,3 1,6 100,0 Түркістанда барлығы: 7,84,7 7,9 - - 6,1 0,8 0,2 58,9 4,9 1,9 1,6 0,8 1,1 23,6 0,2 - 0,3 0,4 1,4 100,0 барлығы: 11,63,6 20,9 0,1 0,4 3,7 0,5 0,1 44,5 3,1 1,2 7,1 0,5 0,1 14,7 0,7 0,2 0,2 0,3 2,1 100,0
1Ескі заманда ішкі Бөкей ордасы дала аймағына кірмейтін. Төңкерістен кейін Бөкей қазақтары Бөкей губерниясы аталып, Астрахан губерниясынан бөлініп, осы күнгі Қазақстанға бірігіп отыр. Бөкей қазағының саны 307284 жан. Бөкейлікте қазақтан басқа жұрт жоқ деп айтса болады. Ескерту: орыс халқының жүзден есебі 1915-1911 жылдар облыстар мағлұматынан алынды. Оған кəдімгі жыл санап өсетін саны қосылды. Жоқ жылдардікі переселен махкамасынан алын ды. Басқа жұрттардың саны, əсіресе, жергілікті халықтардың саны 1897 жылғы санақтан алынды. Əр облыстікі бөлек, оған пе реселен махкамасының əр облыс жайында шығарған маглұматтары қаралып түзетіліп алынды. М. Ай. Басқармадан: Қазақстан, Түркістаннан басқа Алтай губерниясында қазақтар бар. Россиядан басқа шет мемлекеттерде қазақ-қырғыздар Бұхарда, Хорезмде (Хиуада), Ауғанстанда, Қытайда бар. Бұлардың саны бимағлұм. Қазақстан Республикасы түзілгеннен кейін Алтай қазақтары Қазақстанға қосылды.
«ТАҢ» ЖУРНАЛЫ (1925) «Таң» журналы 1925 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласында шықты. Шығарушылары – Ш.Тоқжігітов, А.Сайдалин, Ш.Жантілеуов, сондай-ақ «Таңның» шығарушыларының бірі ретінде Мұхтар Əуезов те көрсетілген. «Таң» журналында авторлардың материалдары мазмұнына қарай төмендегі бөлімдерде жарияланды: «Жалпы саяси бөлім», «Ресми бөлім», «Шаруа бөлімі», «Білім-тəрбие бөлімі», «Əдебиет бөлімі», «Отантану бөлімі». Журналдың «Ресми бөлімінде» үкіметтің қаулылары мен бұйрықжарлықтары, заңдар мен ережелер басылды. Басқа бөлімдер аясында ел ішіндегі оқу-ағарту ісі, білім беру, тəлім-тəрбие, тіл мəселесі, саясиəлеуметтік мəселелер, шаруашылық жайы сөз болды, ғылыми мақалалар жəне əдеби-мəдени туындылар жарық көрді. Журналдың негізгі бөлімі – əдебиет бөлімі еді. Бұл бөлімде əсіресе М.Əуезовтің қолтаңбасы айқын байқалады. Абайдың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жарық көрмеген өлеңдері, Абайдың ұлы Тұрағұлдың Горькийден аудармалары, Сəбит Дөнентаевтың өлеңдері жарияланды. Қазақтың халық ауыз əдебиеті де көрініс тапты. 1925 жылдың маусым айына дейін 4 саны ғана жарық көрген «Таң» журналы қаражат тапшылығына байланысты шығуын тоқтатады.
Шаруашылық бөлімі Қазақты қоныстандыру мəселесі Адам баласының анасы – жер. Жаңа дүниеге шыққан жас бала анасыз күн көре алмаса, адам да жерсіз күн көре алмайды: шаруасы бұзылады, жоқ болады. Ол шаруа бұзылған соң, жоқ болған соң шаруаға байлаулы өмір де өзінен-өзі жоқ болып сөнеді. Біздің қазақ еңбекшілерінің өмірі де сол қара жерге байлаулы. Оған да өлсе де, тірі жүрсе де жер керек. Өлсе көмуіне, тірі жүргенде күн көруіне керек. Бірқатар адам баласының тұрмысынан, оның бер жағында қа зақ елінің тұрмысынан түк білмейтін «білгіштер» қазақ еліне жер неге керек, ол егін жыртпайды, малды қайда болса сонда бағуға болады деген пікірде ілгеріде һəм қазірде болатын. Ол қате! Ол надандық, соқырлық, өзінің қара басының өмір сүріп жүрген түпкі себебін білмегендік. Егін егетін орыс халқына жақсы шөп шығатын, су тұратын, топырағы жақсы жер қаншама керек болса, мал бағушы қазақ еліне де жақсы жер соншалық керек. Өйткені мал өсіру үшін жақсы жайлау керек, қыс асырайтын шабындық керек. Мұның үстіне қа зақ елі тек мал бағып сартылдап көшіп жүрген жоқ. Ол екінші жағынан жер жыртып, кəсіп етіп тұр. Жер жырту кəсібі кей жерлерде мал бағудан да асып бара жатыр. Ал енді жер соншама керек болған елдің жері бар ма, болмаса жоқ па, сол мəселеге келейік. Ой жіберіп қазақтың сары даласына қарасаң, жерден көп нəрсе жоқ. Шеті жоқ, болжап көз жетпейтін сары далада қазақ əр жерде біреуі қараңдап жүр. Мұны не дейміз? Жері көп дейміз бе? Жоқ, бұны жері жоқ, зарлап жылап жүрген ел дейміз. Өйткені ол сары дала пайдасыз, панасыз дала. Өмірге қорек бермейтін, күнбе-күн шаруаның ілгері басқан аяғы кейін кетіретін дала. Бұл дала қазақтың өзі таңдап алған жері ме, болмаса еріксіз қоныстанған қонысы ма? Бұл – еріксіз қоныстанған жері. Қазақ елі де бұрын жақсы қонысты білген. Олар да бұрын қандай жерге отыруды білген. Бірақ ескі патша өкіметі отырғызып қоймаған. Патша өкіметі өзінің қол астындағы уақ ұлттарды қалай құл қылуды ғана ойлаған. Ең əуелі, ол жерден айырудың қамына кіріскен. Сонымен барып кешегі өткен XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында дария шалқар көлі бар, ну тоғай бар, топырағы жақсы жерлерде күңірентіп мал бағып, дүниенің қызығына батып отырған қазақ елін көшіріп, орнына ішкі Ресейден орыстың алпауыт помещиктер жерін тартып алған мұжықтарын əкеп орнатқан. Қазақ елі көшіп, мал бағуға жайлауы жоқ, шөп шабуға шабындығы жоқ, суы жоқ сары далада қоныстанған. ІІІаруа көтінен кейін
кете бастаған. Жылма жылғы жұттарда мыңдап мал қырылған, ақырында келіп баяғы қайғысы жоқ, шалқыған байлықтан көптің күн көруге жетержетпес қана ауқаты қалған. Жылма жыл кедейдің саны көбейіп, көбі күн көре алмай байларға, орыстарға жалшылыққа жүретін болып, өмірінде тамағы тоя ас ішпей, үстіне кірсіз көйлек кие алмай өмір сүрген. Бұл бүйтіп күннен күнге кедейленіп түрғанда Ресейден күнін көре алмай көшіп келген мұжықтар жақсы жерге орнап алып, екі-үш жылдың ішінде байып алғаны тағы белгілі. Сөйтіп, көзден қанды жас ағып, дағдарып тұрғанда залым патша өкіметі құлап, орнына келген түрлі орыстың төрелері тағы құлап, ақырында еңбекшілер Ресейдің коммунистер партиясының қызыл туының астында бас қосып, өкіметті қолына алып, бүтін қорлықта жүрген уақ ұлттарды еркін дүниеге шығарды, теңдікке жеткізді. Сөзбен айтып қойған жоқ, іс жүзінде көрсетті. Сол іс жүзінде көрсеткен көп жұмыстың бірі – баяғы тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайырып беруден басталды. Мысал үшін, Ертістің оң бетін алсақ кешегі уақытта қазақ жақын келе алмайтын еді, бүгінде өздері бөліп алып қожа болып отыр. Сəбет өкіметі тек мұнымен қояйын деп отырған жоқ. Ендігі мақсат – қазақтың сусыз далада шөлдеп қаңғып жүрген елін орналастырмақшы болып отыр. Бұл арада қазіргі тұтынып отырған жол мыналар: Ең əуелі губерниядағы барлық егін егуге жарайтын Ертістің екі беті қосылған жерлері есепке алынып, егін кəсібіне айналған қа зақ елін орналастырмақшы; Екінші, мал бағуға жарайтын, оның үстіне жəне егін егуге жарайтын жерлерге тағы қазақтың елі орнатылмақшы; Үшінші тек мал бағу кəсібіне жарайтын жерлерге орнатылмақшы. Бұл қызметке қазірден бастап кірісіліп жатыр. Ендігі кезекті іс осы болып саналады. Бұл іске тек мемлекеттің өз күші жетпекші емес. Бұған ел еңбекшілерінің өз қайраты, өз жігері керек. Өйткені қазір өкімет жерді бөліп, мынау пəленшенікі, анау түгеншенікі деп беруден басқа сол жерге орналасып жатқан елдің шаруасын алға бастыру үшін түрлі қам жасамақшы. Мысалы: жерді суаратын арықтар қазып, ел ішіне агроном, мал докторы, тағы түрлі сол сияқты шаруаға керек қамдар жерге орналастырумен бізге жүрілмекші. Мұндай үлкен қызметке, əрине, тек мемлекеттің қаражаты жетпейді. Сондықтан ел еңбекшілерінің өздерінің қайраты, қаражаты бек керек. Екінші жағынан, бұл қызметті жобалап отырған жер бөлімдері. Олар тек өз білгендерімен жоба жасап жүре берсе мүмкін үлкен қателер болмақшы. Өйткені мұндай жұмысты жүргізу үшін сол жерді жақсы білулері керек. Қай жерде қандай су ағады, қандай шөп шығады – бəрін білулері керек. Бұл арада ол қызметкерлердің бəрі білмесе де өңге білетін азаматтар бар. Сондықтан олардың жəрдемдесуі – міндеттері. Көптер істеген қызмет əр уақыт жемісті болады.
Сонымен көреміз, сəбет өкіметінің жер туралы тұтынған жолы қазақ еңбекшілерін тағы да дұрыс жерге орналастырып, баяғы өмірдің көркем уақытына жеткізбек. Ол уақытта тек байлықпен ел бақытты болса, енді байлықтың орнына еркіндік, ағайындық қосылады. Оның үстіне, өмірді ғылым жолымен түрлендіру қосылады. Шайқы Қоныстандыру мəселесі а) Қоныстандырудың керектігі Қазақты жерге қоныстандырудың керектігі талай жазылып анықталған. Сондықтан бұл сапар бұған көп тоқтамай-ақ, тек өткен патша заманында қазақтың қанша жері тартып алынды, одан соң сəбет өкіметі орнағалы қандай қызмет істелді һəм олардың қандай кемшілігі бар, бұлардан шығатын мақсат қалай, соған ғана тоқтап өтейік. Ескі патшаның отаршыл саясатының арқасында қазақтың 4000000 десятина жері ішкі Руссиядан көшіп келген мұжықтарға; 2300000 десятина казак-орыстарға алынған. Бұл жердің бəрі өңкей қара топырақты, шалғынды, бозды жерлер, Арқадағы жердің шұрайы болатын. Қазақ ысырылып, суы жоқ, көгі жоқ, саз балшық, құмды жерге көшкен болатын. Сондықтан ұлт мəселесінің шешілуінің өзі бір жағынан осы жерге байлаулы болатын. Сəбет өкіметі өзінің негізгі жұмысының бірі – ұлт мəселесін дұрыс шешу болғандықтан, ең алдымен жер мəселесін шешуге кіріскен. Бірақ ол мəселе бұл күнге дейін дұрыс шешілмей келе жататын. Оның себебі – өткен соғыс, ашаршылық құсаған бастан кешірілген қиын замандардан. Сонда да қарап отырмай аз қаражат, аз күші болса да осы күнде де бірталай қызмет істеліп келе жатыр деуге болады. Əзіргі істелген қызмет мыналар: 1. Бұрынғы патша өкіметінің ішкі Руссиядан көшіп келетіндерге əзірлеп, қазақтан тартып алып қойған 2000000 десятина жер қазаққа қайтарылып берілді. 2. Қоныстандыру жұмысы губернияда 1922 жылдан басталып, 209 үй жерге орналасты. Жерінің саны 355265 десятина. Бұл ел арасында отырықшы болушыларға істеген ісі. Бұдан соң Қазақстанның 1921 жылғы заңы бойынша 1924 жылғы жазда Ертістің 10 шақырымдық сызығынан қазаққа жер алып берілді. Əзірше ол қызмет Семей мен Кереку уездерінде болды. Сол екі уезде болған істің реті мынау: Семей уезінің Далон (Максим) поселкесінен Омскі губерниясының шегіне дейін Ертістің екі жағындағы казак-орыстың тартып алған жерінің саны 1271343 десятина болатын. Сол жерді өткен жылғы қоныстандыру жұмысын жүргізгенде төмендегі ретпен бөлді:
Орыстарға берілген 430046 десятина; Отырықшы болған қазаққа 186905 десятина; Жай қоныстанған елге 516505 десятина; Орыс-казағы аралас 33808 десятина; Совхоздарға (кеңес шаруаларына) 59350 десятина; Қазына пайдасына қалдырылғаны 26804 десятина; Орман пайдасына қалдырылғаны 2645 десятина; Агроном жерлеріне 280 десятина; Кереку қаласына берілді 15000 десятина; Барлығы: 1271343 десятина. Сонымен бұрынғы қазынамен казак-орыс пайдасына болған жерлерден қазаққа жер ауыстырғанда қазақтың барлық жері бұрынғысынан 55 процент өсіп отыр. Бұрын бір десятина жері жоқ сорлы қазақ енді баяғы ата-бабасының кіндік кесіп, кір жуған жеріне сəбет өкіметі арқасында қайта ие болып пайдаланып отыр. Бірақ əлде бұл істеген іспен жер мəселесі толық шешілді деп айтуға болмайды. Өйткені жалпы қазақ əлі жерге орналасып бол ған жоқ. Біздің əзіргі істеген ісіміз жалпы далада жайылып жүрген қазақ елін ортасынан ойып-ойып қана отырған іс. Бір елді бір ауыл жерге орналасып, керек жерін алса, екіншісі онымен қатар отырған ауыл əлі баяғы хəлде. Əлі күнге шейін не істеп отырғанын, келешекте не істейтінін білмейді. Олар өздігінен жерге орналасайын десе қаражаты жетпейді. Онан соң бұл күнге дейін халықтың өз бетімен істелген ісі де, тап пайдасы да дұрыстап ескерілмей, орындалмай келеді. Жалпы жерге орналастыру əңгімесіне қарап келгенде 10 шақырымдық сызықта істелген іс қазіргі жер мəселесін шешіп, барлық істі бітіре алмайды. Қазақстан құсаған ескі залым патшаның отаршыл саясатының соққысына ұшырап, таяқты көп жеген елге ондай ортадан ойып, тиіп-қашып істеген қызмет пайдалы болмайды. Ол жер мəселесінің негізін де шеше алмайды. Солай болғандықтан шаруаны көтеру мəселесі де дұрыстап шешілмей келген. Бірақ бұл хал мемлекеттің көз алдынан ескерусіз кеткен жоқ. Осы ерекше жайды еске алып, 1924 жылы 17 апрельде Қазақстан жер комиссариатының қозғауымен Руссиялық кіндік комитет қазақты түгелімен мемлекет қаражатына есеп қылып жерге қоныстандыру ісіне кірісу ке рек деген жоба шығарды. Енді сол жоба бойынша Қазақстанның қазақ елі 10 жылда жерге қоныстатпақ. Біздің Семей губерниясында сол 10 жылдың ішінде қоныстандыру жұмысын бітірмекші. б) 10 жылғы жоспар Қазақстанның бар жері өзінің табиғи һəм тарихи белгілеріне қарағанда үш буынға бөлінеді. Біздің Семей губерниясы да сол жіктен үшке бөлінеді дейміз.
Бірінші буыны бұрынғы орыстар қоныстанған жерлер. Ол бұрынғы Алтай губерниясынан қосылған Изменогорскі уезі. Жерінің есебі 1398506 десятина, онда 35814 бөлек шаруа қоныстанған; екінші – өзіміздің губернияның əр жерінде бөлек-бөлек болып қоныстанған 23958 бөлек шаруа. Алып отырған жерінің саны 1564532 десятина. Барлығы 2963038 десятина жер, 59772 бөлек шаруа. Бұл аймақтағы шаруаның түрі жер жырту һəм аздап мал өсіру. Екінші буын қазақтың мал бағу кəсібі мен жер жырту ісі аралас жерлер. Ондағы шаруаның саны 95176, алып отырған жерінің саны 25669419 десятина. Бұл аймаққа кіретін жерлер: Павлодар, Семей, Өскемен, Бұқтырма һəм Зайсан уездерінің жоғарыда айтылып кеткен І буындағы жерлерден басқалары. Мұның ішінен Кереку уезінің біразырақ жерін үшінші бөлімге кіргізу керек еді. Бірақ жұмыстың жеңілдігі үшін екіншіге кіргізуге тура келеді. Сондықтан біз де оны бөлмей екінші бөлімге кіргізіп отырмыз. 3. Үшінші бөлім Қарқаралы уезі. Мұндағы шаруаның түрі жалғыз мал бағу. Шаруаның саны 21904, жерінің есебі 19332000 де сятина. Жоғарыда айтып кеткен кіндік комитеттің жобасы бойынша жерге қоныстандыру ісіне бірінші буын кірмейді. Екінші һəм үшінші буындар да бізге осы айтып өткен 10 жылдың ішінде қоныстандырып бітіруге керек. т) Істі қай жерден, қай уақытта бастамақшымыз? Əуелгі іс Кереку уезінен басталмақ. Оған себеп: Кереку уезінің бұрынғы патша заманында орыстан таяқты көбірек жегендігі; екінші – биылғы мемлекеттің жіберген қаражатының сол уезден бастасақ мол жететіндігі. Сондықтан биылдан бастап Кереку уезінің жерін арнаулы мамандар шығып тексеріп қарап, алғашқы істі істеп бермекші. Сол Керекуден басталған іс бара-бара Зайсан, Бұқтырмадан барып шықпақшы. Сонымен екінші буында істелетін істердің əзіргі жобасы бо йынша 1926-1927 жылдарда Кереку уезі бітеді; 1928-1929 жылдарда Семей, Өскемен уездері бітеді; 1930-1931 жылдарда Бұқтырма-Зайсан уездері бітеді; 1932-1935 жылдарда Қарқаралы уезі бітеді. Қарқаралының жалғыз өзіне 4 жыл кетіп отыған мəнісі – əуелі оның жерінің үлкендігі, екінші ол туралы біздің ешбір мағлұматымыз болмағандығы. Сондықтан əуелі жердің бағасын, ауданын білудің өзіне ғана екі жыл өтетін көрінеді. ж) Қанша қаражат пен күш керек? Жерді өлшеп алып, елді қоныстандыру үшін бөлек-бөлек партиялар жүргізіледі. Əрбір партияда 5 жер өлшегіш пен бір бастық болмақшы. Əрбір екі партияға (10 кісіге) бір бақылаушы (қазақ қызметкері), бір агроном, бір тексеруші болмақшы жəне əрбір партияда бір есепші болады.
Сонымен бір жылда шығатын 30 партияда 150 жер өлшегіш, 15 бақылаушы, 30 басқарушы, 15 агроном, 15 тексеруші, 30 есепші, 10 сүгіретші, барлығы 265 кісі болмақ. Он жылғы жерге орналастырушы қызметкерлердің саны 2650 болмақшы. Мұның үстіне жер өлшеушілерге алдын-ала қызметті даярлау үшін жылына 6 кісі қызмет етеді. Бұлар 10 жылда 60 кісі, сонымен барлық саны 2715 кісі губерниядағы қазақты жерге қоныстандырып бітірмекші. Бұл жалғыз ғана елге шығып қызмет ететіндердің саны. Енді бұл қызметке қанша расход керек? Қызметкерлердің ақысы мен уақ расходының мөлшері 9094589 сом болмақшы. Екінші – керек жұмысшылардың ақысы 1538560 сом; бұл тек хақының жартысын бергенде қалған жартысы халықтың өз мойнына түспекші. Үшінші – жерге жетпегендерді көшіруге берілетін қаражат 2341600 сомдай болмақшы. Отырықшыға ауған халыққа берілетін қаражаттың саны 7505600 сом. Мұндай есеп үй басына 400 сомнан салынды. 10 жылдың ішінде көп болғанда 18764 шаруа отырықшы болады. Тағы да сол түрлі қоныстанған халықтың расходына 3836200 сом керек болады. Бұлардан соңғы ақырғы шығын кесілетін ағаштың бағасы, ол 2647317 сомға түспекші. Барлығы 4621206 сом. Бұл соманы мемлекет жылма-жыл халы келгенше жіберіп тұрмақшы. Əрине, мұның бəрін береді деп айтуға болмайды. Өйткені бұл əлі жоғарғы орындарда неше сыннан өтіп қаралады. Мүмкін əлде де керексіз жерлерін алып тастап, расходты жеңілтуге қамданар. д) Болашақ қоныстандырумен шаруаның көтерілуі байлаулы Бұл болашақта болатын қоныстандыру жұмысының бұрынғыдан тағы бір артық жері бар. Бұрын ел жерін кестіріп алғанына мəз болып, жаман болса да жақсы болса да өзінің ауданындағы жерін кестіріп алып отыра беретін. Тегінде ол жердің көбі пайдаға көңілдегідей аспайтын. Бірақ оны айтып ұғындыратын агроном болмайтын. Ол жерлердің көбіне шаруаға керекті суы болмайтын, болса бірнеше сажын жер астында, қазған құдығы екі жылдан соң апан болып құлап қалып, қайта тағы қазатын. Болашақта жерге қоныстандырумен қатар сол шаруаға керек жермен байлаулы басқа амалдар да көзделмекші. Əрбір əтіреттермен бірге агроном жүріп, жердің топырағын қарап, еңбекке татитын жердің бəрін де топырағын асылдандыру жұмысын істемекші. Жерді жақсыландырып егін салуға жаратпақшы. Екінші жағынан өзіне бөлек қызметкерлер жүріп, шаруаға ке рек суды қарастырады. Мұндағы істелетін қызмет құдық қазу, оны жақсылап құламастай қылып шеген салу, терең құдықтардан суды тартып шығаруды түрлі машинамен жеңілту. Екінші жағынан өзендері, көлдері жақын жерлерден арық шығарып, сусыз жерлерді суару. Бұл арада өзіне бөлек ғылыми істер жүргізілмекші. Олардың бəрін жазып отыруға мүмкіндік жоқ.
Осы су жағын қарастыруға 10 жылда 3500000 сом ақша керек. Сол көрсеткен сома түгелімен берілсе, губернияда қазақ елінің шаруасы су жағынан бірқатар түзеліп қалады. Қысқасынан айтқанда, 10 жылғы қазақты қоныстандыру жоспары осы болады. Бұл жұмыс ауыр, үлкен тарихи жұмыс. Өйткені болашақта қазақтың шаруасының көгеріп, мəдениетке тегіс жетуі осы жерге дұрыс орналасуымен байлаулы. Бұны дұрыс өткізу үшін тек басқарып жүрген қызметкерлердің шын, адал қызметінен басқа, уа қытымен керек-жарақты алып тұрудан басқа тағы бір үлкен шарт керек. Ол – ел шаруаларының өздерінің екпін талабы. Олар мемлекеттің бұл ісін көңілді болып қарсы алып, аянбай жəрдемдесуімен, ол жəрдем қазақтың осы жұмыстың негізіне, керектігіне жақсы түсінуімен байлаулы. Бұрынғыдай жер өлшеушілерден ат тонын ала қашып, кез келген жерде алдап, арбап құтылудың жабдығына кіріссе, қызмет алға бармайды. Рас, қазақ халқы бұрын патша өкіметінің арам пиғылын танып, еріксіз істеген. Енді ел шаруасы сəбет өкіметінің ондай пиғылы жоқ екендігін жақсы сезеді десек өтірікші болмаспыз. Сондықтан елден керек жəрдем уақытымен беріледі деп сенеміз. Ақырында тағы да айтып кететін бір керек мəселе – осы күнгі жалғызжарым өз расходтарына жер өлшетіп, отырықшы болушылар туралы. Осы жалпы қоныстандырумен қабат бірлі-жарым қоныстандыру деген мəселе азаймақшы. Əзірде Кереку құсаған уездерде болмайды. Оның себебі жоғарыда айтылып өткендей ондай қоныстандыру ісі бұрында болды. Бірақ олар ортадан ойып болғандар. Айнала көрші ауылдардың жерлері мен қоныстары аралас деп сол сияқты болашақта да мұндай ортадан ойып жүргізе берсек екі қызмет болады. Болашақ жалпы қоныстандыру жұмысы ол ауылдардың аймағына келгенде оларды қоныстанған екен деп өтіп жүре бере алмайды. Қайтадан тағы өлшеп, мөлшерлейді. Мысалы, қоныстанған бір ауылдың жанындағы бірнеше көрші ауылдардың жерін өлшеп беріп келгенде оларға я жер жетпей, я артық қалуына мүмкін. Ол уақытта еріксіз келіп, баяғы ауылдың жерін де өлшеп, жетпесе артық жерден жер беріп, жетіп артық қалса жетпеген айналадағы ауылдарға беру керек болады. Сондықтан бұл жұмысқа керекті жерде тоқтатып тұруға тура келеді. Əрі жер бөлімдері орындары да ондай уақытта бұл істі жақсылап қарастырулары керек. Мүмкін отырықшы боламыз деп келген ауылдардың жерінің есебі, жатқан жері болашақ іске бөгет болмайтындары бо лар. Бұл ретте болса жіберу тиіс, екінші жағынан бірнеше ауыл, болмаса бір старшын ел қоныстану ісіне кіріссе, олардың жерлері көп болашақта іске кесел болмайды. Сондықтан жерге орналастыру ісін жылдамдату үшін əлі келетін, қоныстары, жайлаулары бір ауылдарды қоныстандыра беру өте керек. Тек əлгі жалғыз-жарым бір атаның ұлы болып, ортадан жер ойып алып отырам деген іске жіберуге болмайды деп санаймын.
Бұдан басқа алдымызда əлі талай қиыншылықтар болар. Ел де, дау да көбейер. Уақытпен пайдаланып жерді қамтып алып қалу үшін бұзықтардың істері де кездесер, бұлардың бəрін де сезімі мол азаматтары, елдің шаруа еңбекшілері бақылап отырып, əр уақыт мемлекетке жəрдемге келулері аса қажет. Келер деп сенеміз. Шайқы Жер заңын кедейлерге жақындату керек Сəбеттер өкіметінің кіндік комитеті соңғы уақытта бұрынғы алпауыт помещиктердің бұдан былай жермен пайдалану жайында бір заң шығарып отыр. Ол заңда алпауыттардың жерге иелігі бар ма, бар болса қандай түрде болу керек деген мəселені шешеді. Жаңа заң бойынша бұрынғы помещиктердің көбінің жерге иелігі болмайды. Олар бұрын тек өздері қожа болып отырса, енді одан айырылды. Бұл айырылу мəселесі өзіненөзі октябрь төңкерісімен шешілген. Бірақ оған тиісті шек қойылмаған еді. Бұрын олар еңбекшіл қара шаруалардың жерін тартып алып, дүниенің рахатына батса, енді теңдік заманы туған уақытта кімнің кім екенін білгендей болып отырса керек. Мұндай заң біздің қазақ ішінде де керек болар еді. Қазақтың өмірін білмейтін, білсе де өзінше түсінетін бірқатар адамдар қазаққа əкеліп, ол заңды жүргізу ұят болар еді дейді. Ондағы айтатын себебі – қазақта кісі хақын жеген бай жоқ, помещик жоқ дейді. Осы мəселені қарастырып көрейік. Капитализм дəуірінде көпті аздың құл етуі арқасында сол аздың шаруасы өсіп, тасып, көптің шаруасы күннен-күнге азайып жоғалып, тұрмысы еріксіз қиындайды. Ресейде əуелі помещик дүниеге шыққанда осы жолмен шығып барып, бара-бара күшейді. Мемлекет оларға барлық күшін салып жəрдемдесті. Өйткені ол күндегі мемлекет сол дүниеге шығып келе жатқан сауда капиталы мен жер құдайлары алпауыттардың адамдарынан құралған. Мемлекеттің жəрдемімен шаруасы сол бағытпен өскен. Ақырында келіп тұрмыстың талқысымен халықтың көбі байлардың езгісіне түскен. Жерінен, малынан айырылған. Өмірдің тірегі - жер. Ол жерден айырылған соң, əрине, күшіңді арзанға сатып, құлдыққа айналасың. Біздің қазақ өмірін алып қарасақ, онда да осы бар деп айтамыз. Бұрынғы заманда ел көшіп-қонып, сары далада еркін малды күңірентіп айдап, ешкімнен таршылық көрмей жүргенде қазақ ішінде біреудің біреуге зəбірі аз тиетін. Қазақ орыстың байлар өкіметіне бағынып, олардың таршылығына ұшырағаннан бері хал екінші болады. Отаршыл патша өкіметі көшіп, еркін жүрген қазақтың пайдаға асатын жақсы жерлерін орыстарға тартып алып беріп, өздерін сусыз, шөпсіз далаға қаңғытқаннан соң шаруалары күнбе-күн кеми бастады. Патша
өкіметі өзінің Ресейдегі көпті құл ету саясатын жүргізді. Крестьянский начальник правитель арқылы елдің ақсақал пысықтары бұзықтарымен араласып, оларға қазақтың момын шаруаларын қалай бағындыру істерін үйретті. Ондағы берген сабағы – Ресейдегі помещиктердің саясатын үйретті. Сонымен барып қазақ ішінде де көпті аз жеу, құл ету мəселесі айқындап туды. Біз бұл арада тек жер мəселесіне байлаулы істерді ғана айтпақпыз. Сауда капиталы арқылы істелген істер өз бетінде бір зор мəселе болғандықтан оған бұл жерде тоқтаудың қажеті жоқ. Біреуді жеп баю деген мəселе күнбе-күнгі іс болды, шаруасы құлап кедейленген адамның тұрмысы көршісіндегі баймен байлаулы болды. Байбұзық кедейдің ешқайда кетпесін білгеннен кейін оған бұзауға өсімге ақша беріп, алымсағын көбейте берді. Кедей қыс түскен уақытта қарны ашқасын, бұзауды сойып, жеп, төлей алмай келесі жылы баспақ беретін болды. Өсімге алған ақшасы тағы бар. Күннен күнге шаруасы кейін кетіп бара жатқан соң уақытында берімсегін де төлей алмайды. Оның үстіне қарны ашқан соң тағы алады. Сонымен бір-екі жылдың ішінде байға бір өгіз, екі өгіз берсе де құтыла алмайтын күйге келеді. Бұзауды тауып бере алмаған кісі өгізді сонақұрым тауып бере алмайды. Сондықтан байдың ақысын төлеу үшін үй ішімен келіп, сол байға қызметшілікке қалады. Бірақ борыштануын қоймайды. Өйткені тамақ керек. Сонымен өзі болып, үй іші болып, өмір бойы байдың аласысын өтей алмайтын болғасын ата-бабасынан қалған мирасы аз тана шабынды жерін байға «борышы» үшін береді. Құл болудың аяғы (помещичья ка бала) осы болады. Сөйтіп байдың бақыты жылдан-жылға асты. Асқан сайын бұрынғыдан да байығысы келіп, айнала мұқтажданған адамдардың бəрін борышқа іліктірді. Ақырында бəрінің жерін өзіне қаратып алған уақиғалар көп болады. Міне, осындай күйде кедейдің халі нашарлап, байдың бақыты тасып тұрған уақытта октябрь төңкерісі келді. Дүниеге туып келе жатқан қазақтың помещиктерінің басына да орыстікімен қатар қайғы түсті. Помещик деген сөзді қазақтың шаруасының жалпы түрімен байланыстырып, соның ғана аумағында алынған сөз деп ұғыну керек. Байлардың бақытын сақтаушысы білгіштер де байлардың өзімен бірге октябрьден соң құлады. Ол білгіштер орыстың сауда капиталы мен помещигінің туғызған көсемдеріндей болып өмір сүре алмады. Өйткені дүние жүзінің, қала берсе Ресейдің жалпы шаруа, саяси түрлері оларды жеп қойды. Сонымен қазақтың көсемдері тек бір тарихтың бетінде жөндеп қалмайтын бір уақиғамен ғана өтіп кетті. Октябрь төңкерісі – еңбекшілердің еншісіне тиген іс. Олай болатыны – олар еншісін мықтап алу деген мəселе өзінен-өзі туып келіп, помещиктердің жерлерін Ресейде еңбекшіл ауыл халқы алғаны болып шықты. Сол сияқты біздің қазақ ішінде де болу керек. Байлардың бұрынғы «сатып» алған жерлері кедейлерге қайтулары керек.
Осы күнде жалғыз-жарым кедейлер сондай жерлерін танып, қайтарып бер деп арыз ете бастады. Бірақ біздің жер комиссиялары кей уақытта ол жерді өзіңнен тартып алған жоқ, бұрын ата-бабаңнан «алашағы» үшін алған көрінеді деп кедейлерді жылататындары бар. Бұл дұрыс емес, үлкен қате. Октябрь төңкерісінің негізіне түсінбегендік. Өйткенімен «ештен кеш жақсы» дегендей əлде де осы негізді дұрыс жүргізсек, уақыт өткен жоқ. Бұны жүргізу кіндік комитеттің шығарған заңымен жеңілденеді. Бұны тек қазақтың барлық жерінде бір ретте дұрыстап жүргізу үшін сол заңды қазақтың өмірімен байланыстырып, қазақ кіндігінің заң шығаруы керек. Оның үшін жоғарыда айтылып өткен қазақтың шаруа жəне саяси жалпы түрлерінен туа бастаған қазақтың помещиктері айырылуы керек. Шайқы
«ЖАС ТҮРКІСТАН» ЖУРНАЛЫ (1929–1939) «Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылдары жарық көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тəуелсіздігін ту етушілер, еліміздің еркі жəне жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күресеміз!» деп өзінің күрескерлік бағытын жариялады. Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін күрескерлік рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси қуғын-сүргінде жүріп шығарған «Жас Түркістан» журналы халықаралық деңгейдегі басылым болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді журналдың 1931 жылғы 25-санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында ғана біз Хижазда тұрушы жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта Еуропада өз ана тілімізде Түркістан ұлттық тəуелсіздігі міндеттеріне сай келген бір журналдың шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра алмаған. ... Москва, Тблиси сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас Түркістан» абоненттері» – деген жазбалар айғақтайды. «Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері мен оларға қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл сынады. Өзінің отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік мақалаларын жариялады. Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың қоғамдық-саяси хəлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршылдық ұстанымы мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабарлары да тұрақты беріліп тұрды. Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Əдеби бөлім», «Хабарлар бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге топтастырылды.
Советтік Россия «қылмыстан» аулақ Екінші Екатерина Алман үкіметіне өтініш айтып, орыс мұжығына өнеге болу үшін алман диқандарынан Россияның түрлі жерлерін көшіп отыруларын өтінген еді. Міне, сол кезеңде, 1772-1780 жылдар арасында он мыңдаған алман диқандары Россияға келіп жерлескен болатын. Бұлар Россияда далаларды гүлстанға айналдырған, орыстарға өнеге боларлық дəрежеде шаруашылық қожалықтарын жаратқан əрі мұнымен орыс мұжықтарына дəріс берген еді. Россияда болған əрбір кісіге мəлім алман диқаны істеуде, қожалық жүргізуде, үй шаруашылығы мен тазалықта орыс мұжығымен салыстыруға келмес деңгейде жоғары əрі алда. Олардан ажыратылып əрі көзге көрініп тұрады. Россияны дүние пролетариатының «қағбасына» жəне «кісілік жаннатына» айналдырмақшы болған қызыл орыстардың бес жылдық қожалық жоспары бойынша арнайы шаруашылық қожалығы таратылып, орнына коллектив қожалығы құрылмақшы, мемлекет индустрияланбақшы əрі бес жылда Американы басып озбақшы. Қағаз жүзінде коллективке кіру ерікті деп жазылған болса да ақиқатта коллективке кірген диқандар ешбірі өзі қалап емес, тарлық көріп, басқаша тіршілік көру мүмкін болмағандықтан жалғыз қарын тойғызу үшін ғана кіреді. Бес жылдық жоспар бойынша салынып жатқан қазіргі салық түрі əскери коммунизм уақытындағыдан Prodraswjorstka ешбір парқы жоқ. Ол уақыттағы Prodraswjorstka түрі диқан қожалығын құлатуға таяғанда 1921 жылы 12 марттағы Ленин жарлығы НЭП бойынша бұл түр алынып тасталған еді. Қазіргі жүргізіліп отырған астық салық түрі шаруашылық ісін тағы көз аузына таятты. Бір жағынан диқандарды коллективке айдап кіргізу, екінші жағынан диқандар қолындағы мал-мүлікті тартып алу мақсатымен ауыр салықтар салынуда. Қызыл орыстардың, міне, осы саясаты астында жоғарыдағы жазған еңбекқор, тырысшаң алман диқандары ғасырлардан бері жиналған малмүліктерінен ажыратылды əрі істеуге жол қойылмады. Кісілерді «азаттыққа» алып шығушы большевиктер бұларды мал-мүліктерінен «азат» қылды, рахым, мейір деген нəрселерді ойламады. Тамырларында герман қаны болғаны үшін орыс мұжығы сияқты мойындарын жерге салып, жылап-сықтамастан: «біз зұлымдардың мұндай қорлауына төзе алмаймыз» деп, аш, жарым жалаңаш хəлде Россияның əр бұрышынан я өлім, я шетке көшу деп Москваға жиналуға бастады. Бұлардың саны аз ғана уақыт ішінде 13 мыңнан асып кетті жəне Россияның барлық жеріндегі алман диқандары көшуге ниеттеніп қалды. Бұл көшу қозғалысының жалпылық түс алуынан қорыққан орыстар жер-жерлерге хабар жіберіп, алман диқандарының көшулеріне тиым салуға пəрмен берді. Москвада жиналған бұл алман диқандарының 400 кісіден құралған бірінші тобы Канадаға кету үшін рұқсат алған еді. Бұл бірінші топ ноябрь басында Ленинградтан кеме арқылы Алманияның Кил қаласына келіп
түсті. Ауа көшкен диқандардың жандарындағы соңғы жармақ тиынды да большевиктер қалдырмастан қағып алған. Жолақы мен жатақ жерлері үшін көп ақша алғандары үстіне өтуге рұқсат үшін деп оларды қақсатып, əрбірінен 220 сомнан алып болып та қалған ақшаларын шекарада алып қалған. Россиядағы туғандарының талану, қиналу мен қорлануларын көрген алмандар табиғи көздерін жұмып жата алмады. Алман халқы мен үкіметі оларға көмек қолын созды. Алман үкіметі өзінің 18 ноябрьдегі болған отырысында олар үшін 9 миллион марка белгіледі əрі жерлестіруге арнайы бір кісі тағайындады. Бұл арада бүкіл дүниеде шерменде болуға көзі жеткен большевиктер Москва төңірегінде жиналып тұрған алман диқандарын зорлап вагонға отырғызып, «қай жаққа?» деген сұрақтарға: «на произвол судьбы» («тағдырдың үкіміне») деп Сібірге жібере бастаған еді. Алайда мəселеге алман үкіметі қатысып қалғаны үшін тағы рұқсат ету мəжбүрятында қалды. Россиядан қашқан бұл алман диқандарының бір бөлегі Алманияның солтүстік пен солтүсік шығыс уалаяттарына жерсіндірілмекші. Басқа бір бөлегі Канада мен Бразилияға жол тартпақ. Демек, алман үкіметінің тығыз əрекеті арқасында алмандар қандас бауырларын «орыс қылмысынан» құтқара алды. Қызыл орыстардың диқандарға қарсы жүргізіп отырған саясаты тек ішкі Россияда ғана емес. Бəлки сүйікті жұртымыз Түркістанда одан да ауыр. Алман диқандары арасында орыс зұлымдығынан қашып Түркістаннан, Кавказиядан келулері бұған айғақ. Орыс зұлымдығы мен қызыл орыстың Түркістан диқандарына қарсы ашқан күресі мен соғысы Түркістан тұрғылықты диқандары арасында табиғи қатты жəне ащы. Ескіде тіпті патшалық Россия заманында шаруашылық билігі диқандардың өз қолында еді. Міне, бұл билікті қазір қызыл орыстар өз қолына алған. Демек, орыстар Түркістан диқанына: «жеріңе мақта егіп, маған берсең, саған нан, су беремін, болмаса аштықтан өлтіремін» деп кісілік дүниесінің казірге шейін көрінбеген əрі естімеген бір зұлымық жасайды. Оның үстіне рухы, тіршілігі мен харекеті мүлдем басқа болған мұжықтарды апарып, Түркістан диқандарының рухани, дүняуи жақтан азаптайды. Түркістандықтар, міне, бұл қызыл орыс зұлымдығына қарсы тыныш қана мойнын иіп тұрды ма? Жоқ, жоқ. Олардың қызыл зорлыққа қарсы күрес пен соғысы он жылдан артық жалғастыруда. Бұл арада мыңдаған Түркістан диқанының қаны төгілді əрі төкпекші. Отбасылардың көз жасын ағызды жəне ағызуда. Оны аштықтан қырды жəне қыруда... Мұншама зұлымдық астында Түркістан диқаны жерінен ажыраса да ата жұртын тастап, шетке көшуді, əрине, ойламас. Оның мақсаты қымбатты алтын жерін сұғанақ орыс аяғынан кұтқару əрі жеріне, суына өзі ие болу. Міне, осы үшін ол күреседі, қан төгеді. Алтай Ноян
Түркістан хабарлары Қазақстанда Совет үкіметінің патшалық Россия үкіметі сияқты Түркістанға эмигранттар əкелу саясатын жалғастырмақшы болғаны айқын бір нəрсе. Бұл эмигранттар ағыны Қазақстан топырағын басып етуде. Смағұл Сəдуақасұлы бас болып, қазақ коммунистерінен көп кісілер кеңестік Россияның бұл эмиграция саясатына күшті наразылықтарын білдірді. Сəдуақасұлы Москвада шығатын орысша «Большевик» журналының 1928 жылғы январь нөмерінде басылған мақаласында тек Түркістанда қылмыстық жасап жүрген Зеленский мен Голощекиндерге емес, Калинин, Риков жəне ауылшаруашылық комиссары Смирновтарды да отаршылдықпен айыптайды. Табиғи түрде Сəдуақасұлы қазақ бай жəне буржуйларының мүддесін жақтаушы, уланған ұлтшыл ретінде жарияланды. Осыдан соң большевиктер қазақ коммунистерінен ашық шығуларын талап еткен болды. Ұзақ бір тым-тырыстықтан соң Құрамысұлы «Еңбекші қазақ» газетасының отызыншы октябрьдегі санында көлемді бір мақаласын жариялады. Аталмыш мақалада Қазақстанда «қазақтардың орыстармен барабар «құқыққа» ие болғандықтарын» көпке пысықтап, кеңестік Россиясының эмиграция саясатын түсіндірмекші болады. «.... Патша үкіметі ішкі Россиядағы жақсы жерлерді байларға алдырып, орыс мұжықтарын Қазақстан сияқты шет уалаяттарға айдап жібереді əрі тұрғылықты халықтың (қазақтың) ең жақсы жерлерін күшпен тартып алып, орыс мұжыктарын орналастырар еді. Енді бүгін патша заманы мен совет үкіметі арасында «аспан мен жердей» парық бар. Мысалы, қазір жер егесі байлар жоқ. Ол байлардың жерлері орыс мұжықтары қолында. Алайда ішкі Россияда халық көптігінен жерге сыймауда. Ал Қазақстанда болса пайдаланылмай жатқан артық жерлер бар. Міне, осы себепті бос жатқан жерлерге кеңес үкіметі ішкі Россиядан жерсіз мұжықтарды көшіріп əкеліп жатыр. Бұның аты бұрынғы сияқты «Қазақстанды отарлау», «қазақ жерлерін күштеп орыстарға алып беру» болмастан, «Совет Одағының халық қожалық мəдениетін күшейтпек жолындағы шараларының бірі болады». Қазіргі большевиктер дəуірі мен патшалық Россия дəуірі арасындағы «қазақтардың орыстармен барабар құқықты» болулары турасындағы айырмашылығын көру үшін «Еңбекші қазақ» газетасының 30 октябрь нөмеріндегі бір жазбаны оқып көріңіз: «Біз Түркістан-Сібір темір жолының оңтүстік бөлігінде екінші бөлім сегізінші топта август айынан бері істеп келеміз. Қызметтегі жүз адамнан бірқаншалары тұрмыс нашарлығынан шығып кетті. Қазір сексен шамалы жалданушы бармыз. Тұрмысымыз нашар, жататын жеріміз (квартиріміз) суық, үйлерімізге қазірге шейін пеш қойылмаған. Бұл жайды іс басындағы
«Шебелков» деген кісіге (орыс) бірнеше мəрте арыз да бердік. Ешбір тыңдалмастан қалды. Мұнда біздермен бірге істеп жүрген бір группа (артель) орыстар бар, бұлардың үйлеріне əлдеқашан пеш қойылған. Біздерде жатқан үйлеріміздің суықтығынан ауырып жатқандарымыз тағы бар. Осы күнге шейін біз монша көрген емеспіз, монша алыс. Əр апта моншаға барып келмек үшін көлік сұраймыз, бермейді. Бірақ орыстарға əр апта көлік тағайындалған, олар апта сайын моншаға түсіп тұрады. Қызмет аспабын (құралы) беріп тұрушы орыс Шинкаровтан керек болған аспапты сұрасақ, аспап беру жерінде бізді балағаттап, айдап шығарады. Кооператив дүкенінде екі орыс қызмет етеді. Біздерге жақсы мəмілемен қарамайды. Керекті нəрселерімізге мүлде қажет болмайтын бұйымдар қосып береді. «Бұлардың бізге керегі жоқ» десек, «шық» деп айдап жібереді. Шай, шекер бермейді. Кооперативке ағза болмаған орыстарға керекті нəрселердің əр-бірін беріп тұрады. Кооперативке ағза болған қазақтар дүкенге барса: «сені ағзалықтан өшіріп қойдық, пəлен-түген деп ешнəрсе бермейді. Берген уақытта да бір-екі күн кейін беріледі. Істей бастағанымыздан бері (демек август айынан бері) екі-үш мəрте ғана есеп алдық. Жалақы кешіктіріліп беріледі. Алған ақшамыз соңғы есеп уақытына жетпей қалады, ол үшін жұмысшылардың кейбіреулері əр ауылға тентіреп қарыз іздеп кетеді. Жиырмасыншы октябрьде берілетін ақшамыз бұл күнге дейін берілмеді. Ақша сұрасақ «есебің жазылып бітпеген» деп қайтарады. Дүкенде ақылы шикі азық (нан) сатылады. Оны жеп ауырып жүргендер де көп. Екі-үш мəрте алған есебімізде отыз сомға жеткізіп ақша алғанымыз жоқ. Қызмет ақы аз. Арамызда мұғалім жоқ... Жалпы жұмысшылардың арызы: Бірінші, моншаға барып тұрсақ еді; Екінші, істеген қызметіміздің тиесілі ақысы берілсе, Үшінші, орыс, қазақ деген парық болмаса; Төртінші, бір мұғалім жіберілсе екен. Қол қоюшылар: Қыпшақбайұлы, Қарақожаұлы, Əбуұлы, Құлбекұлы, Тоқтарбайұлы, Сəуірұлы. Америка, Еуропа жəне Африка жұмысшыларын төңкеріске шақырушы «Еңбекші қазақ» газеті басқармасы көз алдындағы қазақтардың орыс «пролетариат» қорлауына қарсы ол бейшаралардың құқығын қорғау үшін бір ауыз сөз жазудан да қашқан. Өзбек Шайыры
Түркістан хабарлары 1. Өзбекстан жəне Тəжікстан арасында жер мəселесінде жанжал шықты. Тəжікстанның талабы бойынша Ходжент аймағы Өзбекстаннан ажыратылып, Тəжікстанға қосылған еді. Бұдан соң Тəжікстан Самарқанд, Бұхара, сондай-ақ Сурхандария округтерін де өз ішіне қосуды талап етті. Өзбек жəне тəжіктер арасындағы «жер мəселесін» шешу үшін Москвада əйгілі чекист Петерис төрағалығымен бір комиссия құрылған болатын. Бұл комиссия 12 февральда өз қарарын шығарды. Бұл қарар негізінде Сурхандария Тəжікстанға беріліп, Самарқанд пен Бұхара Өзбекстанға қалдырылды. Түркістандықтар арасында жанжал қаншалықты көп болса, Москва үшін соншалықты жақсы. 2. Түркістанның Қазақстан бөлігінде көптен бері көшпелі, жартылай көшпелі шаруаларды отырықшыландыру мəселесі айтылып келді. Мəлім бөліктерінде отырықшыландыру ісі іске асырылған да. Түркістанның Қазақстан бөлігіндегі жақсы жерлердің көп бөлігі патшалық жəне советтер Россия тұсында орыс эмигранттары үшін зорлықпен тартып алынған еді. Сол үшін қазақтарды отырықшыландыру мəселесінің ортаға қойылуымен қазақ коммунистерінің басым бөлігі орыс эмиграциясын тоқтатуды талап етті. Совет үкіметі мұнымен санаспады əрі орыстардың жұртымызға көшіп келуін тоқтатпай жалғастыра берді. Енді қазақтардың отырықтануы мен орыстардың жұртымызға көшіп келуі екеуі қатар жүргізілуде. Бұл мəселенің бір жағы. Мəселенің екінші бір жағында отырықтануды қалаған қазақтардың барлығының коллективтендірілуі тұр. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің соңғы сессиясында Орталық Атқару Комитеті төрағасы Ерназарұлы қазақтардың отырықтануы турасындағы төмендегі мəліметті береді: 1932-1933 жылдарда 808 мың қазақ қожалығы отырықтанбақшы жəне бұлардың 567 мыңы коллективизацияланады. 1930 жылы ішінде 141 мың қазақ қожалығы коллективтендіріледі. Ерназарұлы орыс эмигранттары жағынан қазақтарға берілетін жəрдемге үлкен үміттер артады. Ерназарұлы жаңадан отырықтанған қазақтарға жолбасшылық жəне көмек көрсету үшін «орыстардан шептер ұйымын» құруды сұрайды... Бұның шаруақор қазаққа бөріні шопандыққа ал дегеннен басқа не мазмұны бар?!... Орыстардың Түркістандықтарға қандай жəрдем беретіндігін төмендегі мысалдан аңғарамыз.
Түркістан-Сібір темір жолы қазақ пролетариаттарын дайындайтын ісханаға айналды. Бұл жолда жұмыстар азаюымен жұмысшыларды босата бастады. Бірінші кезекте қазақ инженер жұмысшыларын босатты. Инженер қазақ жұмысшылары орыс жұмысшыларының жүзден бесін ғана құрайтын еді. Түркістан-Сібір темір жолында қазақтар жалпы жұмысшылардың 20% құрайтын еді... «Советская степь» газетасы 13 январьдағы нөмерінде «қазақ жер қазушы жұмысшыларына қызмет ақысы дұрыс төленбегендігі себебінен 200 қазақ жұмысшысы жұмыстарын тастап кетті... » деп жазады. Бұл газетаның өзі «партия ұйымдары мен кəсіподақтар қазақтарды темір жол жұмыстарынан шығарып тастауға көмектесті» деп шағым айтады. Түркістандықтардан мүмкіндігінше көп жерлерді тартып алуға жантəнімен құлшынатын орыс мұжықтарының қазақтарға қай үлгіде «көмек» беретінін аңдау қиын емес. Басқармадан Қазақстанның он жылдығына Қазақстанның он жылдығы орайымен Түркістанның бұл аймағындағы советтік Россия саясатынан қысқа ғана болса да мағлұмат беріп өтуді қажет санаймын. Большевиктер билік басына келер-келместен Ұлттық Істер Комиссарлығы жанында қазақ бөлімшесін құрып, бұл бөлімшенің басына ескі Торғай уалаяты уəлиінің тілмашы əрі Орынбор охранкасы қызметшісі Мұхамедияр Тұнғаншинді өткізді. ... Қазақ халқы болса не октябрь төңкерісіне, не совет үкіметінің шөлдерде орнығуына еш қатыспаған. Қазақтар жəне бүкіл Түркістан халқы ендіге еш тоқтамастан Москва диктатурасына қарсы күресті əрі күреседі. 1919 жылы 10 июльде қазақ уалаятына билік етпекке төңкерістік комитетін құру əрі 1920 жылдың 26 августында «Автономиялы Қазақстан Социалистік Совет Республикасын» жасау декреті шықты. Бұл Республикаға Семей, Ақмола, Торғай, Орал уалаяттары, Астрахан уалаятының бір бөлігі (Бөкей ордасы), Закаспий уалаятының Манғышлақ орны мен Орынбор уалаятының бір бөлігі кірді. Қазақ халқы жоқ дерлік болған Орынбор шаһарын Қазақстанның орталығы етіп сайлады. 1924 жылы Түркістанда ұлттық шекараларға айыру деген саясат мақұлданып, осы жылдың декабрінде Қазақстан қазіргі территориясын алды. Жоғарыда көрсетілген өңірлерге қоса бұрынғы Сырдария, Жетісу мен Амудария уалаяттарының қазақтар тұратын бөлігі қосылды. Қазақстан астанасы Ақмешіт шаһарына көшірілді1.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының кеңдігі 2 миллион 960 мың шаршы километр. Яғни қазіргі Англия, Франция, Алмания, Италия, Швейцария мен Норвегия мемлекеттері тұтастай алынғанда да Қазақстан үлкенірек. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6 миллион 503 мың халық жасайды. Бұл көрсетілген шаманың мөлшермен жүзде 30-ы орыс жəне украин эмигранттары. 540 мыңдай көрсетілген қала халқының көбі (шамамен жүзде 53-ы) орыстар. Орыс диқан эмигранттары өлкенің ең құнарлы жерлеріне жерлестірілді. Олардың көпшілігі Қостанай, Ақмола округтері мен Семей, Жетісу жəне Сырдария округтерінің суғарылатын аймақтарына орнықтырылған. Жалғыз Қазақстанның емес, бүкіл Советтер Одағының ең құйқалы жерлерінен саналған Қостанайда, Ақмола округтеріне орыс эмигранттары барынша көп орналастырылған. Бұл жер ауып келгендер Қостанайда халықтың жүзде 62 жарымын, Ақмолада жүзде 54 жарымын құрайды. Советтік Россияның Қазақстандағы ұлттық саясаты характері бұл арада егжей-тегжейіне жете айтудың керектігі шамалы. «Жас Түркістанның» дерлік барлық санында, бұл совет ұлттық саясатының көрінісін жетерлік дəрежеде жазудамыз. Осы арада Советтік Россияның эмиграция саясаты жайлы бірнеше сөз айтып өтеміз. Осы эмиграция саясаты орыс əкімдігінің Түркістанда не ойлайтындықтарын ашық түсіндіріп бере алады. 1924 жылы Совет Одағы Орталық Комитеті Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі аудандары үшін жер заңын қабылдады. Бұл заңның 14 тармағы «Көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандарда жергіліктендіруге жер беру істері бүтіндей аяқтағанша эмигранттарға да, жат жұрттықтарға да жер берілмейді» дейді. Еңбек жəне əскери кеңестің 1924 жылы 17 октябрь күнгі тарихи қарарында «Совет үкіметінің төңкеріске дейінгі орыс эми грация саясатын бүтіндей терістейтіндігін, тұрғылықты халық жермен түгел қамтылғанша, ешбір жерде эмигрант орналастыруға рұқсат берілмейді» делінген. Қазақстан Атқару Комитеті осы заңға сүйеніп, 1925 жылы бір қарар шығарды. Аталған қарар бойынша Қазақстан топырағына өз еркімен келіп жатқан эмигранттар жер алу құқынан мақұрым етіледі. Тек бұл қарар Москва қайраткері Голощекиннің талап етуімен күшін жойды. Голощекин бұл бұйрығын орындату үшін қазақ коммунистеріне орыс қызыл əскерінің күшімен доқ көрсетті2. Мұндай жолдармен Қазақстанға ағылып жатқан орыс мұжықтарының қазақ жеріне ие болулары жалғасты... Қазақ коммунистері арасында наразылықтар басталды. Атақты коммунистердің көбі оппозицияға қосылып кетті. Смағұл Сəдуақасұлы «Большевик» деген Москва журналына көлемді бір мақала жария етті (1928 жыл, январь). Смағұл Сəдуақасұлы ол мақаласында Риков, Калинин, Зеленский, Голощекин жəне өзге басты-басты Москва коммунистерін колонизаторлық əрі империалистігі үшін айыптады.
Совет үкіметінің «көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандарда жергілікті халық жермен толық қамтылғанша эмигранттарға жер беруге шектеу салған» заңын қорғаумен ғана бой көрсеткен қазақ коммунистерінің бұл өре түрегелулеріне Совет Одағы Атқару Комитеті жаңадан қабылданған «эмиграция комитетіне» (ескі шар Россияда «эмиграция мекемесі») жаңадан салынып жатқан «Түрксиб» темір жол төңірегіне эмигранттар орналастыруға жарарлық «қанша жер барлығын белгілеу» əмірін берумен жауап берді. Бұл əмірден бір ай кейін «эмиграция комитеті» 1928 ден 1933 жылға шейін «Түрксиб» темір жолы маңайына 400 мың орыс мұжығын орналастыру мүмкін болғандығын көрсетті. 1928 жылдың 27 апрелінде ауылшаруашылық комиссары эмигрант əкелу үшін Қазақстанда жедел шаралар қабылдауға бұйрық берді. Міне, осы арқылы Совет үкіметі өз қарарынан айныды. Түркістанның қазақ бөлігіне де орыс мұжықтары сел есебінде ағылып келіп жатты. Бұл орыс мұжықтарына көбірек жер басып алып беру, онымен қоса орыс мұжықтарын Түркістанға барынша орнықтыру үшін совет үкіметі өзінің «көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруаларды орналастыру» заңын орындаудан бас тартты. Соңғы айлардағы қазақ газеталары қазақ халқын орналастыру ісінің жол ортадан жоқ болып кеткенінен жасаған шағымдарымен толы. Орыс эмигранттары күн сайын қара құрттай қаптап барады... Қазақстан он жылдығын мерекелейтін түркістандықтардың совет үкіметі саясатын, онда да эмиграция саясатын зерделей тексерулері керек. 1 Ақмешіттің қазіргі аты Қызылорда. 2 Еңбекші қазақтың» 1927 жылғы 28 ноябрь саны қаралсын. Түркістанның жер асты байлықтары (І) Түркістанның кен тарауларында вулкан тастар көп кездесетіндіктен ол жерлердің түрлі элементтерге бай екендігі бұрыннан белгілі жағдай еді. Өткен замандарда Түркістандағы алтын һəм тас тұзы кендерінен айтарлықтай көлемде алтын жəне тұз шығарылғандығы тарихтан белгілі. Самарқанттан өтетін өзеннің «Зарафшан» (алтын шашушы) аталуы да бұрындары оның сағасында алтын кені бар болғандығын айғақтаса керек. Бірақ ескіде ол кендер жергілікті халық тарапынан қарапайым əдістер арқылы игерілді. Түркістан жер асты байлықтарының ғылыми барлануы өткен ғасырдың 80-жылдарында Мушкетов есімді зерттеушінің саяхаттарынан басталды. Бұл ғалым Түркістанды шарлағанда ең бастысы көмір мен жермайы (мұнай) кендерін іздеген еді. Мушкетовтан кейін бірнеше орыс һəм
Еуропаның ғалымдары Түркістанда кəсіби зерттеулер жүргізумен болды. Жиналған мəліметтер бойынша біраз еңбектерді жарыққа шығарды. Қазірге дейін жүргізілген тексерістердің нəтижесі əрі жинақталған мəліметтер Түркістанда төмендегі элементтердің кендері барлығын көрсетеді: алтын, тірі күміс (сынап), бақыр, тотияйын, күміс, қорғасын, темір, манган, антимун. Тас көмір, ас тұзы, глаубер тұзы, күкірт, ашутас, мұнай, мəрмəр, қалыптас, т.б. Бұлардың əрбірі хақында бұл мақалада толық мəлімет беруге мүмкіндік жоқ. Алайда олардың ең негізгі əрі маңыздылары туралы қысқаша жазып өту пайдасыз болмаса керек. Ac тұзы. Түркістаннан табылатын элементтер ішінде ас тұзы молдығы жағынан бірінші орында тұрады. Ол таулы жерлерде жəне далалардағы тұз кендерінен тас тұз күйінде жəне бірнеше тұзды көлдерден майдамайда көл тұзы күйінде шығарылады. Ең ірі тас тұзы кендері мыналар: Ыстықкөлдің батыс жағындағы «Қошқар» кені, Ескендір тауының солтүстігіндегі «Наурыз» өзені жанында «Наурыз» кені, «Бардынкөл» кені («Ақ шеке» саласында), «Қос Қаранар» кені, «Шелекен» тұз кені (Каспий (Хазар) теңізіндегі Шелекен жағасы), «Бала есім» кені т.б. Ең маңызды тұзды көлдер «Жақсы қылыш» (Қазалыға жақын), «Арыс» (Ақмешіт жанында), «Тұзхан» (Нұра тауының етегінде), «Қарикен» жəне басқалары. «Бұл кен жəне көлдерде барланған ас тұзының көлемі жүз миллион тоннадай болып, барлығы дерлік ел ішіне жəне көрші мемлекеттерге де шығарылып сатылады. Түркістанда ас тұзынан басқа химия өндірісінде маңызға ие болған Глаубер тұзы да бар. Каспийдің (Хазардың) «Қара бұғазында» бұл тұздың қоры бір миллиард тонна. «Глаубер тұзы» табиғатта мұншалықты көп көлемде дүниенің ешбір жерінде бұған дейін кездеспеген, «Қара бұғаз» жағырапия тарихында сирек бір оқиға. Мұнай. Түркістанда қазірге дейін табылған мұнай кендері екі сағада: Хазар теңізінің шығысында жəне Ферғанада. Бірінші сағаның мұнай қорлары «Шелекен», «Нефтетау», «Бала есім» станциясы жанындағы «Шығыстардың» атырабында. Бұлардың ең маңыздысы – «Шелекен» кендері. Түркімендер бұл кендерден (құдық қазып) ескі замандардан бері мұнай шығарар еді. Бұл жерде шығарылатын мұнайлар Баку мұнайынан да жақсырақ. Ферғанадағы мұнай элементтерінің ең маңыздылары «Майлысай» мен «Чимиян» кендері. «Чимиян» Ферғана мұнай өндірісінің орталығы саналады. Бұл кендердегі мұнай қорлары 45 миллион тонна. Бұл мұнай кендерімен бір қатарда азукерит, асфальт кендері де бар. Таскөмір. Тас көмір ескіден бері «Қаратаудың» батыс сыртында, «Ойғам» сайында, Ташкент пен Ходжент қалаларының атырабында, анығы, «Боуам» жеріндегі кендерден шығарылады. Бірақ техникалық жағы жетерлік болмағаны себепті ол кендердің жұмысы тоқтап қалған
еді. Бірақ кейін мемлекетте темір жолдар салынып, көмірге қажеттілік артқаннан соң көмір кендерінің маңызы да артты, əсіресе, Ферғана көмір кендері назарды аудара бастады. Дүние сұранысына сай Ферғанада қолайлы бір шарт-жағдай астында 20 жерде көмір кені жұмыс істеуде əрі бұл кендердің барлығынан жылына 40 мың тоннаға дейін көмір шығарылуда еді. Ходжентте, əрі Əулиеата маңында «антратиет» (көмір жынысы) кендері табылған болса да, ол кезде бұл кендер игерілмеген еді. Түркістанда өткен жылдың соңына таман мағлұм болған барлық көмір көздерінің қорлары 400 миллион тоннаға жуық деп есептелінген. Бірақ совет профессорларынан Мухинның осыдан екі ай бұрын совет мамандары құрылтайында жасаған баяндамасында Орта Азия кендерінде барланған тас көмірдің мөлшері – Орта Азия тау-кен мекемесі (СаГРУ) тарапынан жаңадан жасалған есеп бойынша 2 миллиард тоннадай болып, бұл мөлшердің жүзден тоқсаны Ферғанада, қалған жүзден ондайы басқа сағада екендігі айтылған. Бұлар Ыстықкөл (2,5 миллион тонна), Ташкент, Түркіменстан жəне Маңғышлақ мекендері (бұл есепке қазіргі Қазақстандағы көмір кендері кірмейді). Күкірт. Түркістанда көп күкірт кендері бар. Олардың көбінен таза күкірт құрамы алынады. Ең маңызды күкірт кені «Қарақұм» даласының орталарындағы «шейх» құдықтарының төңірегінде. Бұл кендерді тапқан əрі тексерген Коншин деген ғалымның есептеуінше, бұлардың біреуінің күкірт қоры миллион тоннаға жуық. Күкірттері жақсы сапаға ие (80% таза күкірт). Екінші бір маңызды күкірт кені Ферғанада – Ходженттің батыс оңтүстігінде «Шор-су» сайында. Қоқан хандары бұл кеннің күкіртінен порох (мылтық дəрісі) жасатар еді. Темір. Түркістанның бірнеше нүктелерінде түрлі жынысты темір кендерінің бар екендігі көптен бері мағлұм еді. Бірақ бұлардың ешбірінің темірге бай болуы назарды аудармайтын. Ең маңызды темір кендері «Қойбин» тауларының оңтүстік етектерінде, «Іле» өзенінің сайында жəне «Піскен» өзенінің жоғарғы ағыстарынан табылған еді. Өткен ғасырдың 80-жылдарында ғалым Мушкетов «Құрама» тауларында, «Қара мазар» мекенінің шығыс сағаларында, Наманган атырабында бірнеше темір кенін ашқан əрі бұларды байлығы жағынан Орал темір кендерімен теңдей қойған еді. Мухинның баяндамасына қарағанда, Орта Азия байлығы – совет мамандарының жаңадан жасаған тексерісі мен есептеулері бойынша тіпті Оралды да артта қалдырды. Қазіргі Тəжікстанның оңтүстігіндегі Қызылтемір кендері байлығы жағынан Орал тауларындағы «Благодать» пен «Магнитті тау» кендерімен теңестірерлік дəрежеде. Алтын. Мақаланың басында айтылғанындай Түркістанда алтын кендерінің барлығы бағзы замандарда-ақ мағлұм еді. Үлкен Ескендірдің Түркістан жағы да Түркістан алтынының сол кездегі қайнары болған. Орыс императоры Дели Петрдің Түркістан алтындарына қызығып, арнайы бір тексеруші топ жібергені де мағлұм бір ақиқат. Осымен бірге
Түркістандағы алтын кендерінде барланған алтын қорлары хақында зерттеушілердің пікірлері түрліше болған. Қазірге дейін Түркістанның ешбір жерінде алтынның төл ана тамыры табылмаған. Ендігі маңызды алтын кендері Жаркент өңіріндегі «Кетпен» өзенінде жəне шығыс Бұхараның бұрынғы Белжиуан бектігіндегі «Иехсу» өзенінде. Бұл кендерде алтын көп емес əрі өндіріліп жатқан алтын да өте аз мөлшерде. Мыс. Түркістанның мыс кендері алтынға қарағанда көбірек маңызға ие. Бұлар көбінше Жоңғар Алатауында, Ферғана мен Самарқанд тауларында кездеседі. Соңғы тексерулерге қарағанда Ферғанадағы (Жаңамарғұлан) мыс кендерінің құрамы үлкен көлемде «радиум», «уран» жəне «ванадинді» қамтиды. Медицина, химия жəне үлкен маңызға ие өте қымбат бұл «радиум» элементінің бір грамын саф күйінде алу үшін мыс көздерінен алты мың пұттан (97 тонна) артық қажет емес. Орыстар бұл көздерді Ленинград қаласындагы фабрикаларға тасуда. Күміс-қорғасын. Түркістанда күміс-қорғасын құрамды кендер де бар. Бірақ бұрынғы тексерістерге қарағанда олардың мөлшері аз жəне өндіріс тұрғысынан маңызы кем. Олардың ең көрнектілері: Жұмғол тауларындағы қорғасын кені, Шаршық өзенінің Көксудағы күміс-қорғасын жынысы. Бұл кендерден шығарылатын мөлшер айтарлықтай аз. Қорғасын-тотияйын. Тотияйын Түркістанның бірнеше жерлерінде қорғасынмен барабар ортақ көздерден табылуда. Түркістан қаласы жанындағы Милисай жəне Ходжент қаласының солтүстігіндегі Қарамазар кендерінде совет мəліметтеріне қарағанда мол құрамда кездеседі. Мұндағы кендердің жалпы саны 250 шақты болып, бұлардан 14-ы қорғасын мен тотияйын өндірісінде айырықша маңызға ие. Арсеник пен антимун. Жоғарыдағы тотияйын кендерінің орнында арсеник кені де табылған. Большевиктердің биыл бұл кеннен де пайдалану ойы бар. Ферғана (бұрынғы «Жаңамарғұлан») қаласынан оңтүстікке таяу антимун кені бар. Бұл кеннің байлығы 53 мың тонна шамасында. Антимун құнды бір элемент. Совет үкіметі осы уақытқа дейін мұны шетелден алып келген еді. Сынап. Антимун кенінен оңтүстікке қарай тірі күміс-сынап табасыз. Мұның барланған қоры 16 мың тонна шамасында. Тірі күміс Түркістанның басқа бөліктерінде, əсіресе, Түркіменстанда мол. Түркістанда жоғарыда жазылған құрамдардан басқа химия өндірісіне іске асатын төмендегі металдар да табылады: Ажутас (Наманган өңірі), қалыптас, пирузе (Қарамазарда), құрылысқа істетілетін құрамынан Түркістанда көп мөлшерде симан, əк, мəрмəр, харсан жəне əртүрлі топырақтар бар. Қызылқия жүлгесінде отқа шыдамды топырақ түрі бар. Мұндай топырақтар Сорап, Көкжаңғақ, Хингранда да бар. Арасан жəне ыстық бұлақтар. Түркістанның таулы жоталарындағы арасандар мен ыстық бұлақтар көбінесе халық бұқарасы тарапынан емге пайдаланылады.
Жоғарыдағы мағлұматтардан байқалатыны – сүйікті жұртымыз Түркістан өзінің дамуы мен өркендеуіне қажетті болған нəрселердің көбін өз қойнауында сақтап келген жəне қазірге дейін сақтауда. Өкініштісі – оның осы қазынасы да басқа байлықтары мен өнімдері тəрізді Россияның абаттануы мен орыстықтың пайдасы үшін бауырынан қазылып алынуда. Шағатай Түркістанның жер асты байлықтары (ІІ) «Жас Түркістанның» 18 санында жоғарыдағы тақырыппен берілген мағлұматқа қосымша, мұнда, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі дала уəлаяттарының жер асты байлықтары туралы қысқаша мəлімет беріп өтпекшіміз. Сөз басын өлкенің өзі жайлы əңгімеден бастадық. Орыстар Түркістанның бұл солтүстік сағасын жаулап ала бастаған соң басқару мақсатымен оны Ақмола, Семей, Орал, Торғай деген төрт уəлаятқа бөлді де, Түркістанның басқа өңірлік құрлымға қосып жіберді. Уыстарынан шығып кетер деген үрейімен өлкенің күншығысына Сібір казактарын (2), күнбатысында Орал казактары үшін арнайы жерлер бөліп, оларды осы өлкеге сіңістірді. Бұдан бөлек орыс үкіметі жүйелі түрде орыстар əкеліп қоныстандырып, түрік халқына қарсы пайдаланды. Орыс патшалық билігі құлап, орнына орыс большевиктері келгеннен кейін большевиктер басқа өлкелердегі істегеніндей бұл жерде де бірнеше мəрте өзгертулер жасап, автономиялы Қазақстан кеңес республикасы айдарын тағып, өлкені басыбүтін Россияға тəуелді етті. Тікелей Россия кеңес республикасына тəуелденген «автономиялы республика» қазіргі үлгісінде Ақтөбе, Ақмола, Се мей, Жетісу жəне Сырдария атындағы алты уəлаяттан, Адай үйезі, Қостанай округінен жəне Қарақалпақ автономиясынан құралады. 2960000 шаршы километрі аумақты алып жатқан елдің жан саны статистикаға сүйегенде 6591700 адам болып, мұның 539300-ы (8,3 пайызы) қала халқы, қалғаны қыстақ пен ауылды аймақтан. 1930 жылғы совет баспасөзінде 1928 жыл басында бүкіл халық саны 6667400-ге жеткенін айтады. Ұлттық құрам бойынша халықтың жүзде 62,2-ін түркілер, жүзде 18,1-ін украиналықтар мен басқалар, жүзде 19,7-сін орыстар құрайды. Бұл кіріспеден кейін негізгі тақырыбымызға қайтып ораламыз. Өлкенің бірнеше жеріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған ескі мұралар – көне заманның өзінде мұнда өмір сүрген халықтардың таулардағы металдарды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұл металл кендері қазір де маңыздарын жоғалтқан жоқ. Бұрыннан-ақ табылған металдар мыналар еді: алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын мен бірнеше түрлі реңді
тастар. Бұдан кейін сапасы жоғары тас көмір мен мұнай барлығы да белгілі болды. Алтын. Ең көп алтын табылатын жерлер – Калбин, Нарын, Күршім таулары. Қарқаралы өңіріндегі Қарасу мен Көкшетау маңайы Сары мен Қожыкөлбұлақ өзендерде жұлдыз типтес алтынның бар екендігі көптен мəлім еді. Егер өлкеде негізгі жəне толыққанды тексеріс жүргізілсе, жұлдыз типтес алтынның тағы басқа жерлерде де көптен табылуы мүмкін екендігі алға қойылуда. Шығарылатын алтын əдетте өте кішкене, мөлшермен 4,5 қадақ ауырлығында болған алтын тамырлары да кездеседі. Мұндағы кендердің алтын қоры əртүрлі. Калбин мен Күршім кендері ең бай саналады. Бұл жақтағы 123 кеннен 1897 жылы 32 пұттан артығырақ таза алтын шығарылған еді. Көкшетау өңірінде де бірнеше алтын кені бар. Алайда ол кендер қоры жағынан онша бай емес. Күміс. Бұл металл, əсіресе Қарқаралы тауларынан шығарылады. Таза қоры аз. Көбінесе қорғасынмен барабар тамырласқан. Ең ірі күміс кені – Қозыадыр. Бұл кеннен шығатын күміс-қорғасын түйінінің əр пұтында 4 мысқалдан 12 мысқалға дейін күміс, 20-25 қадақ шамасында қорғасын құрамы алынады. Қызыласып. Қосқопқыр мен Диян кендері де солай. Бірақ Диян кенінің күміс құрамы жоғарырақ (əр пұтта 25 мысқал күміс). Бұлардан басқа тағы бірнеше кішкене кендер де бар (мысалы, Торғай уəлаятындағы Қорғаш, Обалыхал кендері). Мыс. Мыс құрамдар да біршама көп жəне əдетте күміс-қорғасын түйіндерімен бір жерде кездеседі. Мыс кендері əсіресе, Қарқаралы таулары мен Көкшетау, Павлодар өңірлерінде. Екінші дəрежеде маңызды болған мыс кендері төмендегілер: Мұржық, т.б. Темір құрамдары салыстырмалы аз. Бəлкім, бұл өңірлерде темір де көп болуы мүмкін, тек əліге жергілікті тексерілмеген. Отқаған тауының жанында (Семей уəлаятында) табылған темір тасының ішінде титан атты құрам бар екені мəлім болған. Қу тауының солтүстігіндегі Ақжеке жақтарында темір құрамдары (59 пайызы темір). Кентөбе қызыл темірқұрамы (60 пайызы темір) мен Жалпас тауында магнитті темір тастары ұшырасады. Манган. Бұл элементтің құрамдары əлі жүйелі түрде тексерілмеген. Сондықтан бізге тек бірнеше манган кені белгілі. Ең əйдік əрі маңызды манган кендері Мұржық, Ұзын жəне Арқалық тауларындағы кендер. Бұлардың барлығынан жылына тек 5 мың пұт шамасында манган құрамы шығарылды. Тас көмір. Дала уəлаяттарының бірнеше жерлерінде үлкенді-кішілі 35 көмір кені бар. Көмірге ең бай болған өңірлер Павлодар, Қарқаралы, Ақмола жəне Зайсан. Павлодарда төрт ірі көмір кені бар: 1) Қызылтау кені. Өз кезінде көмірдің ерекше сапалы болуымен мəшһүр бо лды. 2) Қарағанды кені. 3) Жамантұз кені. 4) Ақжеке кені. Бірақ Қужеке мен Екібастұз көмір кендері одан маңыздырақ. Қужеке
көмір қоры 20 шақырым кеңдіктегі бір тереңді құрайды. Оның көмірлі орнының үлкендігі нақты түрде өлшенбеген болса да ішінде кейбірі аршын қалыңдықта көмір қаптары кездескен. Шығарылған көмірлердің сапалы екендігіне мамандар пікір білдірген (Семенов Тянь-Шаньскийдің жағырапия кітабы). Екібастұз кені осы аттас шағын бір көлдің төңірегінде бо лып, өлкенің басқа кендері арасында айырықша маңызды жəне өзі де бірнеше шахтадан тұрады. Семей уəлаятында Павлодар қаласының 140 километр қашықтығында болған бұл Екібастұз көмір құрамының қоры жарты миллиард тонна шамасында. Қазір де бұл жерде совет билігі жағынан дүниежүзілік соғыстан бұрынғы көлеммен салыстырғанда 50 пайыз артық көмір шығарылуда. Соңғы совет мəліметіне сай Қарағанды көмір кенінің көмір қоры 5 миллиард тонна шамасында. Демек, өлкенің ең бай көмір кені саналады. Бұл қордан тиімді пайдалана білу үшін совет үкіметі Қостанай – Ақмола – Қарағанды темір жол жобасын құрды жəне үлкен электронды станциясын салу ниетінде. Бұлардан басқа Түркістан – Сібір темір жолында істелген Тоқтанай мен Тарбағатай көмір кендері де зор маңызға ие. Қостанай өңірінде бірнеше жерде тас көмір кендері де бар. Мұнай. Дала уəлаяттарында Ойыл, Сағыз жəне Эмба (Жем) өзендерінің сағаларында мұнай қорларының бар екендігі 1850 жылы-ақ білінген еді. Кейіннен мамандардың жүйелі тексерістері нəтижесінде бұл мұнай қорларының түзілулері мен мөлшерлері нақты анықтала бастады. Бұрындары ең ірі мұнай алабы «Қарашөңгел» тұзды көлінің тереңдігінен Қарашөңгел кені еді. Бұл қордың мұнайы химиялық түзілісі жағынан ең сапалы əрі Баку мұнайынан да таза құрамды саналар еді. Кейінгі кездерде Эмба (Жем) өзені сағасындағы жəне Орал өңіріндегі мұнай қорлары ерекше маңызға ие бола бастады. Эмба қорының мұнайы жеңіл, ал Орал қорының мұнайы ауыр болып келеді. Орал – Эмба мұнай алабы Каспий теңізі бойында болғаны үшін маңызы жоғары. Бұл алаптан 1915 жылы 263 мың тонна мұнай өндірілген еді. Одан кейін өндіру көлемі кеміді. 1919 жыл тек 26 мың тонна мұнай шығарылды, алайда кейіннен тұтыну артып, 1927 жылы 253 мың тоннаға шықты. 1930 жылы болса 260 мың тонна мұнай шығарылды. Тұз. Өлкеде ең көп болған нəрсе – ас тұзы. Ас тұзы өлкенің əртарапындағы санақсыз тұзды көлдерден алынады. Дала өлкелерінің басқа жер асты байлықтарынан ақ тасы мен кесек тасты атай аламыз. Бұл тастардан құрылысқа керекті болған əк жəне кесек пісіріледі. Сонымен қатар осы аймақтан тапшы ақ топырақты да табуға болады. Бұл топырақ 1500 градуста жұмсалып иленеді. Бірнеше жерлерде ақ бор, диірмен тасы, құм тастар сияқты құрамдарды да кездестіре аламыз. Көкшетау мен Қарқаралы аймағында əр түрлі реңді тастар да табылады.
Бұл мақала үшін төмендегі еңбектер пайдаланылды: 1. Семенов ТянъШанъскийдің «Киргизский край»; 2. 1930 жылы жарық көрген «Наш Союз. Казахстан и Киргизия»; 3. 1929 жылы басылым көрген «СССР по району Казахстан» В.В. Вощинин; 4. 1928 жылы жарық көрген «Атлас СССР». «Түркістан уəлаяты» («Туркестанский край») кітабының жазушы князь Масалский «Жетісу уəлаятына қоныстандырылған казактар Сібір казактарынан сайланып алынған ең жаман элементтерден» дейді (Кітаптың 321 бетіне қаралсын). Ескерту: Түркістанның Қазақстан бөлігіндегі жер асты байлықтары хақында айтқанда алтын, мыс, қорғасын һəм тас көмір сияқты құрамдарға бай болған Қарсақбай, Жезқазған, Риддер жəне Байқоңыр кендерін атамай өте алмаймыз. Бұл кендермен де «Жас Түркістан» оқырмандарын айырықша мақала арқылы таныстырамыз. Шағатай Түркістанның жер асты байлықтары ІІІ (Қарамазар металл кендері) «Жас Түркістанның» 18 жəне 21 сандарында Түркістанның жер асты байлықтары хақында берілген жалпы мағлұматқа қосымша боларлық бұл жерде (уəдеміз бойынша) Қарамазар кендері жайлы біраз жазып өтпекшіміз. Қарамазар металл кендерінің бірнеше жүздеген түрлері Ходжент қаласынан 40 шақырым солтүстік батысындағы Қарамазар тауларында кездеседі. Бұл кен орындарында жиі табылатын элементтер – қорғасын, тотяйын жəне мыс. Десе де бұлардан бөлек күміс, қалайы, алтын, уран, сурме, арсеник, радюм, уолграм, мо либден, кадмюм, уисмот һəм ғимарат тастары т.б. элементтер бар əрі біршама мөлшерде шығарылды. Қарамазар кендерінің пайдаланылуы тарихы біршама ұзақ. Мысалы, батыс Қарамазар кендерін оныншы, тіптен жетінші ғасырлардың өзіндеақ адамдар қазып пайдаланғаны белгілі болуда жəне қазіргі кезде табылған мыңға жуық ескі қазба іздері бұл тұжырымның дұрыстығын растайды. Ол іздердің кейбіреулері қазірге дейін де жақсы сақталған жəне араларында 30-50 метр терең болғандары да бар («Правда Востока», 23.09.31). Қарамазар кендерінің байлығы мен маңызы айрықша жоғары. Қорғасын мен тотияйын қоры жағынан Қарамазар осы реттегі ең үлкен кендерден саналатын Риддер мен Гурман кендерін де артта қалдырады. Оның Алмалық деген мыс кені соңғы зерттеулерге қарағанда Кеңес
Одағының ең үлкен мыс кендерінен саналған Қоңыраттағы Арал теңізінің оңтүстігінен де бай. Қарамазар кендері қолайлығы жағынан пайдалануға басқа кен дерден де ұрымтал. Ташкент, Ходжент сияқты үлкен қалалар мен Ферғана уəлаяты орталығында орын тебуі, солтүстіктен Пингран, Шыршық сулары, оңтүстіктен Сырдария өзенімен қоршалған əрі бір автомобиль жолымен Ташкент – Ходжент жолына жалғанған болуы һəм жақында жасалып бітетін Ташкент – Мельников темір жолына жақындығы Қарамазардың маңызын тіптен арттыра түсті. Қарамазардың ең үлкен жəне маңызды кендері төмендегілер: Алмалық. Қарамазар тауының солтүстік сыртындағы бұл мыс кендері ескіден-ақ мəлім еді. Тек соңғы жүйелі зерттеулер нəтижесінде байлығының молдығы мен маңызының үлкендігі анықталды. Тəкелі. Құрама тауларының оңтүстік батыс ауданына тəн бұл кендерде күмісті қорғасын – тотияйын көздері мен арсеник табылады. Бұл жерлерден тек тотияйын шығатын көздер де бар болып, тазалығы 40-50 пайызды құрайды. Аталғандардан бөлек аз көлемде күміс-қорғасын мен темір көздері, түрлі-түрлі реңді тастар кені де бар. Бор. Тəкелінің шығысында жатқан бұл өңірде ескі жəне жеке кендердің көптігі жағынан бүкіл Қарамазарда алғашқы орынды иеленеді. Осы алқаптан 150 километрлік шалғайда 800-ден артық пайдаланылудағы кендер жəне жүз шақты металл көздері бар. Аталған өңірдің шығыс жағындағы 12 кенде бағалы элементтерден болған радиоактивті уран қоры бар. Мұндағы бұлақ сулары да радиоактивтік қасиетке ие. Кенсай. Табаширдің оңтүстігіндегі бұл өңірдің кендерінен жоғары пайызды қорғасын-тотияйын элементтері табылады. Екеуінен тыс мыс күміс пен кадиюмдердің де қоры бар. Осы Кенсайда Оңтүстік дарбаза, Окуртау, Кентас (темір) құрамды кендер мен Таскескен сынды ғимарат кені де маңызға ие. Бұлардан басқа Қарамазардың оңтүстігінде қорғасын, тоти яйын, уран, радиум жəне темір элементтері шығарылды əрі бұлар тұтас Қарамазар қорының 88 пайыз үлесін құрайды. Масалский Қарамазардың көнеден əйгілі кен орны болғандығы жайлы жазған əйгілі кітабында жоғарыда айтылған кендерден басқа фирузе тасының да барлығын айтады. Большевиктер кейінгі уақыттарда Қарамазар кендеріне аса үлкен мəн беріп келеді. Əсіресе, соңғы айларда олардың Қарамазармен айналысулары төтенше арта түсті. Түркістан совет баспасөзінің барлық дерлік санында бұл туралы мақалалар жариялана бастады. Ходжент қаласында он күнге (1929, октябрь) жалғасқан Қарамазар құрылтайы өтті. Бірнеше баяндамалар оқылып, кен қайнарларына кəсіби зерттеулер қорытындысы бойынша қарарлар шығарылды. Россия большевиктері Қарамазар кендерінің ең жоғары шекте игерілуі үшін саналарына сыйған барлық шаралар мен əдістерді қолданып бағуда. Осы мақсат жолында олар «Қарамазар строй», «Алмалық строй» аттары-
мен мекемелер құрып, жоспарларын бекітуде. Осы жоспарға сай Қарамазар кендерінен шығарылған тотияйын көздері Ярослав қаласындағы бір фабрикаға тасылып, ол жерде өңделмек жəне қолданылмақ. Совет үкіметі осы арқылы шетелден сатып алу мəжбүрлігінен құтылмақ ниетте. 1932 жылы Ходжент қаласында қорғасын фабрикасының құрылуы Кенсай мен Текелі кендері жанында кеншілер үшін 15 мың мен 2 мыңдық екі түрғын үй салу көзделген. Тіпті, осы фабрикада істемекке Россиядан 200 «арнайы жұмыскердің» əкелінуі хақында қазірден-ақ орталықпен (Москва) келісімге қол қойылған («Правда Востока», 17.09.31). «Келісімге» қол қоюды қажетсінбей-ақ Түркістанға ағылып жатқан орыс «арнайы жұмысшыларының» санын кім білсін, қанша мыңға жетерін. Орыстар бір оқпен екі қоян атуда һəм Түркістанды орыстармен толтыруда, оның табиғи байлылығына қол сұғуда. Түркістанның ұлттық күшін арттырып, мемлекетке ұлттық пайда əкелуі қажет болған Түркістан жер асты бйлықтары жұртымызда орыстардың көбеюіне жəне орыс пролетариат диктатурасының күшеюіне себеп болуда. Шағатай
МАЗМҰНЫ Алғы сөз ...........................................................................................3 «Түркістан уалаятының газеті» ....................................................26 «Дала уалаятының газеті» .............................................................30 «Қазақстан» газеті .........................................................................56 «Айқап» журналы ..........................................................................77 «Қазақ» газеті ...............................................................................105 «Сарыарқа» газеті .........................................................................255 «Ақ жол» газеті .............................................................................266 «Шолпан» журналы .....................................................................310 «Сана» журналы ...........................................................................360 «Таң» журналы .............................................................................368 «Жас Түркістан» журналы ..........................................................379 .
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНІҢ
ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨПТОМДЫҒЫНЫҢ
1-ТОМЫ
Ғылыми жоба жетекшісі
жəне жалпы редакциясын басқарған:
Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры
Құрастырушылар:
Э.Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері
А.Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері.
Редакторы МАУЫТОВ Н.К.
Корректоры ƏЛМҰХАМЕТОВА М.Қ.
Тех. редакторы АҚЫЛОВ С.Т.
«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Б.Ө.ЖАҚЫП
Қайрат САҚ
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ:
ЖЕР МƏСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
1 том
Басуға 05.07.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 25,0.
Таралымы 2000+400 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің
«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС
050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру