Бабалар сөзі. 32-том
Бабалар сөзі
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
"Бабалар сөзі" сериясының 32-томына "Қазақтың жалпы шежірелері", "Қазақтың түп атасы - батыр Түрік", "Қазақ шежіресі", "Қазақ тарихы туралы жыр", "Жазуға шежірені алдым қалам", "Айтыс шежіресі", "Үш жүздің шежіресі", "Орта жүз найман шежіресі" т.б шежірелік дастандар енді.
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ
ШЕЖІРЕЛІК ДАСТАНДАР
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ШЕЖІРЕСІ
Тарихты зерттеген жан жөнін табар,
Әлемнен он сегіз мың болса хабар.
Пайғамбарлар тарихын оқып көрсем,
Адамнан Нұхқа дейін көп ата бар.
Тұсында осы Нұхтың теңіз басып,
Жер шөгіп жүрген екен топан сулар.
Сол кезде Нұх пайғамбар хайла қылып,
Кемеге көп жан салып шеккен сапар.
Ақыры су тартылып, жер шыққанда, 10. Тарапты сол кемеде қалған жандар.
Солардан соңғы адамзат таралған деп,
Тарихта осылайша деректер бар.
Дейді екен соңғы атаны Нұх пайғамбар,
Ол Нұхтың үш ұлы мен, үш қызы бар.
Тарапты осылардан әлемдегі
Қазіргі көп нәсілді, көп ұлттар.
Үш ұлын Хам, Сам, Япас деп атаған,
Бұл Забұр, Інжіл, Таурат, Құранда бар.
Тарапты Хам нәсілі – қара халық, 20. Бұлардың көбі америка, африкалық.
Тағы да үнді, пактон, ауғандар бар,
Бұларды Хам ұрпағы дейді анық.
Ал Самнан таралыпты барлық араб,
Кетіпті ұрпағы оның мол боп тарап.
Ең соңғы бір пайғамбар Мұхаммед те,
Осы елден шыққан екен Құдай қалап.
Япастың енді жазсам балаларын,
Тараған неше ұрпақты салаларын.
Туыпты сегіз бала Тәңір беріп, 30. Аттарын жазып былай шамаладым.
Сегіздің бірі жапон, бірі манжұр,
Сөзіме бұл айтылған құлағың түр.
Екеуін камари мен қытай дейді,
Екеуін тарих пенен сахлап дер.
Енді бірін Түрік дер, бірін Хазар,
Білмеген ата жөнін жолдан азар.
Ұрпаққа таныстырам ата жөнді,
Оқыңдар хат білгенің салып назар.
Түрікті ал жазайын қалам алып, 40. Жетеуі тұра тұрсын кейін қалып.
Шығады айтар жөнім осы арадан,
Сөйлесем Түрік жайын көңілге алып.
Төрт бала туылыпты сол Түріктен,
Тарапты ел боп талай өніп-өскен.
Бірнеше кітаптардан көзім көрді,
Жазбадым негізі жоқ өтіріктен.
Түріктен сөйтіп төрт ұл туылыпты,
Көп елге бұл арасы ұғынықты.
Баланың бірі – Түтік, бірі – Хакал, 50. Барысжар, бірі Әмлақ делініпті.
Жазамын бұл төрт ұлдың енді бірін,
Біледі ел жазған сайын ішкі сырын.
Алайын Түтікті арнап ең алдына,
Үшеуі тұра тұрсын қалып қырын.
Жазамын мұнда аздап хан тарихын,
Жалғасқан ұрпақтардың ашып сырын.
Елжахан осы Түтік баласы екен,
Сол кезде хандық түзім мұрасы екен.
Түрікте неше бөлек хандар бопты, 60. Бәрі де бір-біріне жалғас екен.
Баласын Елжаханның Бақой хан дер,
Тарапты одан неше рулы елдер.
Баласын Бақой ханның Киік хан деп,
Айтады бәрін түгел үзілдірмей.
Баласы Киік ханның Аланшы хан,
Тұсында дәурендетіп хандық құрған.
Бар екен Аланшыдан екі бала,
Ержетіп екеуі де патша болған.
Аттарын Моңғол, Татар деп айтады, 70. Ұғады сөз мәнісін құлақ қойған.
Бұл Татар осы күнгі татар емес,
Тарихтан қалған бұл бір бұлдыр елес.
Ұрпағы кім боп, қалай өзгерді екен,
Әйтеуір өткендерден қалған кеңес.
Моңғол да оныменен бірге туған,
Екеуі де әкенің жолын қуған.
Тегінде моңғол-моңғол десе дағы,
Соңғы кез о да өзгеріп моңғұл болған.
Кейде бұл мағұл деп те танылып жүр, 80. Көп заман ұзарған соң шалынып жүр.
Шынында мағұл емес, моғұл еді,
Құлаққа моңғұл сөзі қанығып жүр.
Төрт бала туылыпты Моғұлдан да,
Жазамын таныстырып ұғынғанға.
Айтайын төртеуінің аты-жөнін,
Әңгіме болсын кеңес тыңлағанға.
Айтады Өзхан, Көзхан, Жұлдызхан деп,
Төрт болар қосылғанда Қарахан кеп.
Қазірше басқалары тұра тұрсын, 90. Айтайын Қараханды көңілге елеп.
Бар екен Қараханның бір баласы,
Қойыпты оның атын Оғұз хан деп.
Тарапты осы Оғұздан сансыз ұрпақ,
Тәңірі келгеннен соң оны жебеп.
Дүниеден осылардың бәрі де өткен,
Істерге жақсы-жаман көзі жеткен.
Оғұз хан ұзын заман дәурен сүріп,
Әлемге өз ісімен даңқы кеткен.
Ажалдың ерте-кешін кім біледі, 100. Оған да дәм таусылып қаза жеткен.
Оғұз хан өлгеннен соң діні азып,
Түріктер көпке шейін дінсіз өткен.
Содан соң будда діні қайта оралып,
Кеңейіп ел ішіне орын тепкен.
Сол беті жүре-жүре түрік елі,
Дініне Мұхаммедтің әрең жеткен...
Тарайды қалың қауым Оғұз ханнан,
Қайнары түркілердің сол боп қалған.
Жазайын енді оның балаларын, 110. Бар екен алты ұлы бағы жанған.
Алтаудың бірі Айхан, бірі Күнхан,
Жұлдызхан, Таухан, бірі Көкхан.
Осылар іркес-тіркес хан болыпты,
Алтыншы бір баласын дер Теңіз хан.
Алты ұлдың барлығы да патша болған,
Бұлардан көрілмепті жастай солған.
Арада қанша-қанша жыл өткізіп,
Бірі өлсе бірі келіп таққа қонған.
Теңіз хан осылардың жиып артын, 120. Алыпты дәурен сүріп екі қатын.
Туыпты бәйбішеден төрт ұл бала,
Құрыпты әкесінің салт-санатын.
Төрт ұлдың бірі Ауа, бірі Қанық,
Елхан мен бірі Негіз о да анық.
Хан болып Теңіз ханның тұрған кезі,
Мал мен бас бірдей өскен сыймай халық.
Тоқалдан жиырма төрт ұл көріпті,
Тәңір асырап бәрі де көркейіпті.
Тараған қалың қауым осылардан, 130. Әйгілеп бір кіндіктен сонша көпті.
Таралған осылардан қалың түрік,
Шежіре – шежіре болмас айтса өтірік.
Кімде кім өз білгенін жазған дұрыс,
Жарамас үндемеген біліп тұрып.
Оғұз хан дәурендеген талай заман,
Бұл өзі хижрадан бұрын болған.
Үш мыңнан астам жылдар өтсе керек –
Дейді екен деректерден хабарлы адам.
Көп өсіп Теңіз ханның ұрпақтары, 140. Тараған көп жерлерге оның бәрі.
Мекендеп Азияның көп өңірін,
Сарыарқа, Сыр бойынан барған ары.
Байқал, Орхұн, Алтайды мекен етіп,
Тәңір тау, Орал, Сырға жылжи кетіп.
Аралық кең байтақта көп тайпалар,
Келіпті қоныстанып тірлік етіп.
Солардың басқан ізі, ұрқы, тарпы,
Келіпті сорап болып бізге жетіп.
Арадан мыңдаған жыл өтсе дағы, 150. Бүгінде танылады ел өйтіп-бүйтіп.
Үйсін, дулат, жалайыр, қаңлы елдері,
Бәрінің тегі солай келген жері.
Арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат,
Бәрінің түркі тектес нәсілдері.
Кіші жүз алшын, жаппас елдері де,
Біртұтас тектері бір, әрқилы елі.
Құлақтан-құлақ сөзі есеп емес,
Шындықтан шежірелер береді елес.
Тарихты әрқалай қып айтады екен, 160. Әркімнің білгендері бірдей емес.
Осыдан үңілгендер шынды тауып,
Айтады соңғыларға айқын кеңес.
Моғұл, Татар – Аланшы баласы еді,
Неше мың жыл ұрпақтар арасы еді.
Түркі тектес тайпалар қазақ болып,
Моғұлдармен жер-суға таласы еді.
Моғұл дейтін ежелгі ел моңғол болған,
Татарлар да іргелес қоныс қонған.
Қазақ, түрік ұрпағы жұрағат боп, 170. Бірде тату, бірде араз-кекті болған.
Жыл саны ұзарған соң бәрі дағы,
Дүниеге неше толып, неше солған.
Осындай жаугершілік жалғасқан соң,
Ірге айырып қазақ, моңғол бөлек қонған.
Моғұлдар осы арада тұра тұрсын,
Қазаққа айтар кеңес жүре тұрсын.
Жазайын енді арнайы қазақ елін,
Шежірем бөлектеніп ірге айырсын.
Елімді осы арадан қазақ дедім, 180. Айтайын осы сөздің шыққан тегін.
“Еркін кеткен” дегеннен шыққан екен,
Тарихта осылайша көргендерім.
Біреулер шешіп “қазақ” мағынасын:
– Үкіметі, орталығы жоқ бағынатын.
Қашақ боп сахарада көшіп-қонған,
Сондықтан осылайша айтқан атын, –
Дейді екен әржақтылы болжам жасап,
Шара жоқ, деректер жоқ бағынасың.
Хан болған Әбілқайыр түркілерден, 190. Істерді жақсы-жаман көріп келген.
Бағынбай Қазан, Қырым, халифаға,
Өзінше елін билеп, өмір сүрген.
Елінде арғын да бар, қыпшақ та бар,
Жалайыр, үйсін, қаңлы, дулат та бар.
Атақты бір хан екен өз тұсында,
Алыс-жақын жүретін көп тайпа бар.
Елінің көп сандысы қыпшақ екен,
Қобыланды батыр болып шыққан екен.
Сүйеніп Әбілқайыр осы елге, 200. Басқаның қақтығысын тосқан екен.
Қыпшақтар осы ханның атақты елі,
Қобыланды батыры бар асқар белі.
Арғыннан Тайырқожа қазысы бар,
Ғұлама адам екен шешен тілді.
Қазы еді Тайырқожа көпті білген,
Әділет қара сөзге қатты желген.
Көруші ед Әбілқайыр өте жақсы,
Болғанда ол ақиқатпен бәрін жеңген.
Қобыланды батыр екен қорықпайтұғын, 210. Кей кезде айтқан сөзді ұқпайтұғын.
Тайырды өсек сөзбен өлтіріпті,
Дегендей иесі жоқ соттайтұғын.
Қыпшақтың алшаң басқан еркесі еді,
Садағын жеңіл-желпі оқтайтұғын.
Арғында Әбусағит елбасы екен,
Сөзіне әрқандай жан тоқтайтұғын.
Жоқтады ол бұл қазының құнын даулап,
(Жүрген соң әлсіздерді әлді жаулап).
“Бейкүнә Қобыланды өлтіріпті, 220. Біреулер өсек теріп келсе баулап.
“Хан қазысын өлтірген оңбас” десіп,
Арғындар арыз айтқан күн-күн саулап.
“Құн ал, – деп, – үш кісілік” жауап берген,
Бұл елдің Әбілқайыр көңілін аулап.
Екі елдің берекесі кете берді,
Көбейіп ұрыс-жанжал күнде қаулап.
Өлімге хан қимады Қобыландыны,
Күрделі іске айналды қазы құны.
“Қанға – қан!” десіп келген арғындарға, 230. Шықпады шешім жауап беретіні.
Егерде Қобыландыны берер болса,
Белгілі қалың қыпшақ өлетіні.
Қаншама айтқанымен Әбілқайыр,
Жоқ болды ақылына еретіні.
Бітімге екі жақ та келе алмады,
Қыпшақтар Қобыландыны бере алмады.
Осымен өшті-кекті өтті уақыт,
Екі ел елдесуге келе алмады.
Алмады Әбусағит үш кісісін, 240. Ала алмай ел атаған бір кісісін.
Сонымен елін бастап кетті көшіп,
Артына ертіп алып өз інісін.
Еді бұл шаһ Керейдің немересі,
Бастады қалың елді ерте-кеші.
Шу деген бір жерлерге барып түскен,
Осы екен “қашақ” деудің бас пернесі.
Бағынған халық болып Тұғлұқ ханға,
Шағатай әулеті екен ол заманда.
Көшкенде “біз қазақпыз” демесе де, 250. Барғанда “қазақ” депті сол бір жайға.
Жайы осы Әбусағит көшіп барған,
Сонан соң “қашақ” деген ат тағылған.
Бұл сөзден “қазақ” аты пайда болып,
Осымен қазақ аты сіңіп қалған.
Бұдан соң қазақ болып парықталды,
Көшпенді тұрмыс оған лайықталды.
Хан болып Әбусағит қазақтарға,
Тарихта осылайша намы қалды.
Таныды ел содан бастап қазақ ханын, 260. Ол хан да қазақ үшін тіккен жанын.
Ел болып іргесі кең өркен жайып,
Өткізген осы арада неше ханын.
“Қазақ” деп содан бастап тарады жол,
“Көшпенді”, “еркін” деген мәнісі сол.
Жазамын бұдан былай ата қуып,
Қазақтың кең таралған руын мол.
Түркілер отырықты ел болысқан,
Туыстық айтқандары ем болысқан.
Қала боп қалың ауыл орналасып, 270. Егін мен қолөнерге қол қойысқан.
Көшпенді ел жүре берген қазақ болып,
Тартқаны қыс пен жұтта азап болып.
Мал бағып, малмен бірге көшіп-қонған,
Елдерге отырықты мазақ болып.
Бұл өзі десеңіздер қайсы жылы,
Мың төрт жүз елу екі – барыс жылы.
Ұлт болған қазақ халқы содан бастап,
Хан еді Әбусағит ордалы елі.
Дегенім Әбусағит – Әз Жәнібек, 280. Қазаққа бірінші рет хан болып ед.
Өз халқы ғазиз жанды, бегі санап,
Өзгерткен әсілі атын ел қадірлеп.
Туылған Жәнібектен тоғыз бала,
Тоғызы тоғыз ел боп кеткен дара.
Жазайын осылардың аты-жөнін,
Көпшілік құлақ түріп бізге қара.
Еренше, Махмұт және Қасым екен,
Әйтік, Үсік, біреуі Жаныс екен.
Қамбар, Тетіш, біреуі Жәдік болып, 290. Барлығы елге осылай таныс екен.
Зерегі тоғыз ұлдың Қасым болған,
Жауына өз тұсында басым болған.
Жасынан тәлім көріп, оқып білген,
Әр сөзі ел иланған асыл болған.
Әз Жәнібек хандығын құрған кезі,
Махмұт, Ахмет хандар тұрған кезі.
Шайбанның тұқымынан Шайбақ хан боп,
Бар екен ортасында талас сөзі.
Ахмет хан Шағатайдың жұрағаты, 300. Махмұт хан оған іні – қолғанаты.
Шайбақ хан Жошы ханның тұқымы екен,
Барлығы ел сұраған төре заты.
Екі хан ел мен жерге таласады,
Жауығып лашкер жиып тау асады.
Жолығып “Ұратөбе” деген жерде,
Соғысып екі жақ тең шайқасады.
Неше күн күн-түн демей соғысады,
Махмұт хан Ахмет ханға болысады.
Ұратөбе жерінде қырық пышақ боп, 310. Ақыры жеңіліспен қойысады.
Бұл соғыс аз болмапты, көп болыпты,
Жеңіліп Ахмет хан шөп болыпты.
Соғыста екеуі тең қаза тауып,
Бағы тайып, ел кетіп, қоқ болыпты.
Үріккен ел бір кезеңде тоғысады,
Қуған жау арт жағынан ол қысады.
“Тозған ел басқарусыз кетпейік” деп,
Жөн сұрап Қасым ханнан ұғысады.
Қасым хан атақты еді сол бір кезде, 320. Айырған тасқағандай алтын-жезді.
Тозған елге ақылмен тоқтау айтып,
Ұйытқан барлығын да әділ сөзге.
“Қасымның қасқа жолы” дейтін ел де
Сөз барын біледі жұрт кемеңгерде.
Осы сөз мақал болып тым қуатты,
Үзілмей келген тарап бүгінгі елге.
Басқарған осы елдерге ақыл айтып,
Тоқтаған үріккен ел сөзге қайтып.
Қасымның сондағы айтқан биліктері, 330. Қалыпты бүкіл елге болып тәртіп.
Осымен Қасым ханға бойсұнды ел,
Бірі емес барлығы да болды түгел.
Іргесі барған сайын кеңейді де,
Қараған Жошы ханға қарайтын ел.
Сағай хан Қасым ханның баласы екен,
Ел билеп, жұрт сұраған данасы екен.
Ар жағы Барақ ханнан бері қарай,
Бәрі де Қазақ ханға жалғас екен.
Туыпты Сағай ханнан екі бала, 340. Бірі Оңдан, бірі Тәуекел дейді қара.
Оңданы осы арада қала тұрсын,
Сөйлейік Тәуекелді алып дара.
Есім хан Тәуекелдің баласы екен,
Хандығы бабасынан жалғас екен.
Еңсегей бой ер Есім деп аталған,
Қазақтың ханы әрі данасы екен.
Есім хан Қасым ханның жолын ұстап,
Еліне көп істерді берген нұсқап.
Қасымның қасқа жолын дұрыс көріп, 350. Қалдырған басқа жолдың бәрін тастап.
Шығарған Есім хан көп жарлықтарды,
Үлгі еткен оны елінің барлықтары.
“Есім ханның ескі жолы” деген наммен,
Мәтел қып құрметтеген халықтары.
“Өзбек – өз аға болғанда, сарт садаға”
Дегені өзбек жақын қазақтарға.
Бұны да сол кездерде мақал қылып,
Екен ғой көпшілікке айтқан баға.
“Сарт” деген осы бір сөз «иаксарт» екен, 360. “Йаксарттың” әсілі мәні Сырдария екен.
Осы өзеннің бойында тұрғын болған,
Елдердің “сарт” деп атын қойған екен.
Бұл жерге көп түркілер орналасқан,
Неше ру, неге тайпа пормаласқан.
Көбейіп өскеннен соң өркен жайып,
Бөлініп әрбір жерге қордаласқан.
Ел болып барлығы да тұрған жайда,
Бағынған көп сандысы Шағатайға.
Ахмет хан Шағатайдың ұрқы болып 370. Елдерін әкесінің басқармай ма.
Соғыста Ахмет, Махмұт өлгеннен соң,
Қалған ел Қасым ханға қосылмай ма?!
Хандығы бұл Қасымның Жошынікі,
Өзбектің хандығы да осынікі.
Ахмет хан өлгеннен соң қалған елі
Түгелдей Қасым ханға бойсұнысты.
Бір кезде бұл елді жау қамалдаған,
Йаксарттан көмек сұрап ала алмаған.
Бағынған өзбек елі көмек етіп, 380. Амалдап жауды түгел ары айдаған.
Осы жайт сол уақытта мақал болған,
Білдіріп алыс-жақынды айтар болған.
Бәрі де Қасым ханға қараған соң,
Ел сабағы елге үлгі нақыл болған.
Бар екен Есім ханнан екі бала,
Солтанбет пен Жәңгір хан аты дара.
Солтанбеттің атағы шықпаса да,
Жәңгір ханның аты бар елдер ара.
Жазайын Жәңгір жөнін қалам тербеп, 390. Аталған салқам Жәңгір ел құрметтеп.
Бұл дағы хан боп бір кез дәурендеген,
Қазақтың руларын түгел билеп.
Алыпты салқам Жәңгір екі қатын,
Айтайын екеуінің жағдай-шартын.
Бірталай кеңесі бар осы арада,
Тыңдарман құлақ қойса сөз ұғатын.
Біреуі қалмақ қызы бұл қатынның,
Айырмас қазақтан еш оның парқын.
Біреуі – қазақ қызы Ғайып ханның, 400. Ежелден еске алған сөздің нарқын.
Туыпты екі әйелден екі бала,
Біледі елі түгел оның затын.
Әз Тәуке қалмақ қыздан туған екен,
Қазақтан туған Уәлибақы екен.
Көшпенді түркілерді қазақ дейтін
Сол кездің өзіндік бір салты екен.
Әз Тәуке хан болғанда әке орнына,
Қалмақтың жолығыпты зорлығына.
Қазаққа оқталған соң бәрі жау боп, 410. Қазақ көшкен шыдамай қорлығына.
“Қазаққа қалмақ та жау, өзбек те жау,
Сарт та жау нағып едік, япырым-ау!
Көп жауға шыдай алмай үре көшіп
Парының бір шетіне жеттік таяу”.
Деген ән сол бір кезде айтылыпты,
Көп айтып елдің бәрі жатталыпты.
Қайда жүрсе сол жерде жар сағалап,
Бағыпты көшпенді боп әр түлікті.
Әму деген бір дария жер бар екен, 420. Қараған парсыларға ел бар екен.
Осы елде түркілерден бір тайпа бар,
Білсеңіз оның аты Ақжар екен.
Өткізді ел бұл Әмуде неше жылды,
Әз Тәуке қазақтардың бәрін білді.
Басқару оңай болсын деген оймен,
Реттеп қазақ қауымын үшке бөлді.
Ахмет те өткен кезде жұртты сұрап,
Көшпенді түркілерден әскер құрап.
Орнатып “үш жүз” дейтін бір түзімді, 430. Жасаған қалмақтармен соғысты ұзақ.
Сонымен “үш жүз” түзім қалыптасқан,
Руға да, тайпаға да ол белгі басқан.
Әз Тәуке осыларды қайта істеп,
Үш жүзге бөлген елін жаңа бастан.
Ойлансақ бұның өзі қайсы заман,
Мың алты жүз сексенінші жылдар болған.
Үш жүзге үш адамды хан көтерген,
Әйтеке би кіші жүзге хан сайланған.
Хан қойған ұлы жүзге Төле биді, 440. Орта жүз қазағына Қазы тиді.
Көшіп жүрген көп ру, көп тайпаның,
Бұған бола барлығын түгел жиды.
Соңғы үш жүз басталады осы жерден,
Реттеп жөнге салған Әз Тәукеден.
Ел-жұртты басқаруда жөн-жосық боп,
Бұл әдіс осылайша жүре берген.
Бұл “үш жүз” содан бері кемелденген,
Қалмақтан ажыраған көп ел енген.
Ру, тайпа жүзге қарай қоныстанып, 450. Малға бай кең даланы мекендеген.
Үйсін, дулат, жалайыр, қаңлы елін,
Атады ұлы жүз деп жүрген жерін.
Арғын, найман, уақ, керей, қоңырат, қыпшақ,
Орта жүз деп атады бүкіл елін.
Байұлы, Әлімұлы, жеті руды,
Алшын, жаппас, жағалбай, шекті руын.
Түгелімен атады кіші жүз деп,
Барлығы да ханына берген сенім.
Енді мен тоқталайын алашыма, 460. Бұл сөз де түскен елдің таласына.
Кейбіреу Аламаннан Алаш туған
Дейді екен арнап біреудің баласына.
Меніңше “Алаш” ата аты емес,
Қойылған лақап екен жаналғышқа.
Бұл сөздің шығу тегі былай екен,
Көз салсақ тарихтың кей парасына.
Баласы Жүнісханның Ахмет хан,
Көшпенді түркілерге болған ол хан.
Ел бастап қалмақтармен көп соғысып, 470. Аталған өз кезінде “Жаналғыш хан”.
Қалмақтар жан алғышты “алашы” дер,
Бұл сөзден қазақ сонда пайда тапқан.
“Алаш” деп айғай салса соғысқанда,
Қалмақтар жан таба алмай тұра қашқан.
Осымен “алаш” деген ұран болып,
Жорықта алыс-жақын бір боп шапқан.
Мың төрт жүз елуінші жылдан бастап,
Осы ұран қазақтарға қалыптасқан.
Ахмет “Алаша хан” деп аталып, 480. Шежіреде бірден-бірге келе жатқан.
Шежірелер осылайша ұғындырған,
Қоныстас, үш жүз бірге туыс-туған.
Барлығы бір кісінің баласы емес,
Жүрісі, тұрысы бір ірге қонған.
Әз Тәуке барған жері – Әмудария,
(Елінде болған талай дана қария).
Нәдіршах онда атақты патша екен,
Халыққа аты шығып болған жария.
Нәдіршах патша бопты жас күнінен, 490. Ол ақжар деген елдің нәсілінен.
Айдыны ел шошитын қатты екен,
Сескенген естіген жан тәсілінен.
Нәдіршах парсыларды басқарыпты,
Өзіне бағынды етіп қарсы жақты.
Өзі мықты патша болғаннан соң,
Төңірекке қол соза жар салыпты.
Әз Тәуке мұны естіп көшпек болды,
Қайтадан Сыр бойына кетпек болды.
Қырық жылдай тұрып ед мекен етіп, 500. Жеріне енді қайта жетпек болды.
Қазақтар көшті ежелгі жерге қарай,
Арада өтіп кеткен жылдар талай.
Әз Тәуке қайтыс болған осы кезде,
Хандықты баласы алған салтқа жарай.
Жыл еді мың алты жүз тоқсан неше,
Мекені Сарыарқаға келгенінше.
Бұрынғы қазақ жерін қалмақ алған
Кең жерде көшіп-қонған өз мейлінше.
Қалмақтар тыным бермей қазақтарға, 510. Алды ол келемежге, мазақтауға.
Шыдамай қазақ елі тағы көшті,
Құтылмақ болып зорлық-азаптардан.
Артынан ықсыртып қуды қалмақ,
Көрсетіп көшкен елге ауыр салмақ.
“Күн туса есемізді аламыз” деп,
Қазақтар бүкті ойын қайта айланбақ.
Сонымен көшкен елдер неше бөлек,
Сұм жалған опасы жоқ неге керек.
Жөнелді Тәшкен жаққа қалың бір топ, 520. Тұра алмай мекен жерді етіп тірек.
Бұл көш Тәшкен, Бұхарға жақын барды,
Ұлы жүз елі еді ол даңқы бар-ды.
Орта жүз көше-көше топ-топ болып,
Есіл, Нұра, Сарысуды алқымдады.
Аралкөл, Ақтәңірге қыпшақ барды,
Дулаттар қаңлыменен мұнда қалды.
Кіші жүзі алшын-жаппас, жеті ру боп,
Күнбатыс солтүстікке көшін салды.
Бөлінді өстіп үш жүз үш тарапқа, 530. Амал не қолдан тайып кеткен баққа.
“Аламыз әлі-ақ қайтып жерімізді”,
Дейтін бір ойды түгел алған жатқа.
“Ақтабан шұбырынды» деген осы,
Әз Тәуке отырғанда хандық тақта.
Бар еді Әз Тәукеден екі бала,
Болат пен Әбілқайыр іні-аға.
Хан болып кіші жүзге Әбілқайыр,
Жол алған бөлектене болып дара.
Болаттан аға-інілі екеу туған, 540. Дейді оны Әбілмәмбет, Сәмеке хан.
“Ақтабан-шұбырынды” жылдарында,
Сәмеке ұлы жүздің ханы болған.
Хан болған Әбілмәмбет орта жүзге,
Сәулетті, атақты еді көрер көзге.
Тұқымы үшеуі де Әз Тәукенің,
Хан болған жеке-жеке үш жүз елге.
Айтайын келіп Уәлибақыны енді,
Айтылмай өргі жерде қалып еді.
Өкпелеп өз кезінде Әз Тәукеге, 550. Нағашы Ғайып ханды тауып еді.
Үргеніш – Ғайып ханның туған жері,
Өкпемен Уәли сонда барып еді.
Сол жерде өркен жайып тұрып қалды,
Ішінен тарқап кетпей қайғы-шері.
Туылып бұл Уәлиден бір ұл бала,
Атағын Абылай деп жайып еді.
Абылай батыр болып өз уағында,
Соғысқан нелер қиын қан майданда.
“Қанішер Абылай” деп атанды ол, 560. Өзінің қырғын салып жауларына.
Абылай атақ алған батырлықтан,
Құтылған нелер қалың жауған оқтан.
Баласы бұл Абылайдың Көркем Уәли,
Бұ дағы мықты болып, жауы бұққан.
Қалмақтар қыр соңына түсіп алып,
Тұтқиыл бұл Уәлидің басын қырыққан.
Баласы Көркем Уәли – Әбілмансұр,
Сөзіме осы арада құлағың түр.
Хан болмай үш атасы келіп еді, 570. Болса да арғы атаның атағы зор.
Бөлінген онда елдер бірнешеге,
Бұл кезде Әбілмансұр он нешеде.
Жас бала ел-жұртына кетпек боып,
Ойланған көп ойларды ерте-кеште.
Ғайып хан бардағыдай көретұғын
Бұл елде күн қалмады жүретұғын.
Күн сайын жүдеу тартты осы бала,
Адам жоқ оның жайын білетұғын.
“Сарыарқа – қазақ елі, өз жерім” деп, 580. Байлады белін мықтап кетемін деп.
Жөнелді жолға түсіп бір күндері
Қайтсем де Сарыарқаға жетемін деп.
Ісіне Құдіреттің бар ма шара?
Келеді ұзақ жолдан осы бала.
Көп күндер тентіреді жол таба алмай,
Әйтеуір таппай елді, басқа пана.
Бір күні сәлем беріп кірді ақ үйге,
Сәлемін алды төрден Төле би де.
Төле би халі-жайын білгеннен соң, 590. Бір мезгіл мал бақтырды өз үйінде.
Шапаны алба-жұлба салпылдаған,
Әр іске өзі шапшаң жалпылдаған.
Сұраса, атын айтып бермеген соң,
Төле би “Сабалақ” деп атын қойған.
Хан еді орта жүзге Әбілмәмбет,
Соғысып жауларына құрыпты шеп.
Үш жүздің қазақтарын жиып түгел,
Бел буған елдің жауын жоялық деп.
Сабалақ бұл хабары естіді енді, 600. Алдына Төле бидің жетті енді.
“Ей, ата, рұқсат бер енді маған,
Аламын ата жаудан кекті” деді.
– Ей, балам, айтқан сөзді ұғынарсың,
Барғанмен сен соғыста не қыларсың?
Соғыстан бағып жүрген жылқың жақсы,
Бармайды сен сықылды тұрғыласың.
Сен өзің бір жас бала мұнда жүрген,
Ат соғып көп ішінде қор боласың.
Көріп пе ең қазақ-қалмақ соғыстарын,
610. Несіне барамын деп ұмтыласың?
Жасөрім жанның бәрі мал бағып жүр,
Барам деп сен соғысты не қыласың?
– Ей, ата, қандай адам болар кісі,
Әркімнің әрбір түрлі болады ісі.
Қайысқан қалың жасақ қолдан қалып,
Бармаған бұл соғысқа несі кісі?!
Көтерген желбіреген тудан қалса,
Болады оның қандай несібесі.
Ұлы әкем менің дағы батыр еді,
620. Қайтпаған қандай жерде меселесі...
Сөзіне аң-таң қалып Сабалақтың,
Қария қарап қалды аялап тым.
Баланың тоқтамасын білгеннен соң,
Төле би қолын жайды бата ғып шын.
Берейін ондай болса мен батамды,
Бейнесі бұл соғыстың тым қатаң-ды.
Әр істі Құдіреттің өзі білер,
Кімге сор, кімге бақыт таң атарды.
Қолың жай, батамды ал барар болсаң, 630. Соғыста жеңіс тауып алар болсаң.
Егерде болады ұят бұл соғыста
Жеңіліп аттан түсіп қалар болсаң.
Алдыңнан Жасаған кеп жарылқасын,
Жолыңды қайда жүрсең тарылтпасын.
Жас қалған бір жетімек бала екенсің,
Жауыңның жар боп Тәңір жанын алсын!
Осымен кетті бала батаны алып,
Жетіпті басқалардан кейін қалып.
Айқасып ата жаумен жатыпты ел, 640. Көп тайпа, көп рудан ұран салып.
Сабалақ келді жетіп топқа таман,
Қазаққа соғыс жайы бопты жаман.
Жау жағы көп кезекте өктем келіп,
Құлапты жекпе-жекке талай адам.
Ел күйі, соғыс жайы күрделі екен,
Кім білсін жеңіс кімге болады тән?
Хандары жау жағының Қалдан екен,
Жиылып шоғыр болып алған екен.
Жиені Қалдан ханның Шарыш батыр, 650. Айбармен жекпе-жекке барған екен.
Қоңтажы – сол Қалданның күйеу ұлы,
Әскерге бастық етіп қойған мұны.
Баласы Қоңтажының Шарыш батыр,
Айбар ғып аласатар оңды-солды.
Тұр еді қазақ ханы Әбілмәмбет,
Бір бала басын иді алдына кеп.
Баланың әсілі аты – Әбілмансұр,
Жүгінді “алдияр!” деп рұқсат тілеп.
– Ей, ата, бата берші мен барайын,
660. Қолыма тұрған жауды бір алайын.
Бергенде үлкен бақыт өзіңізге,
Шарышты жекпе-жекте мен жайлайын.
“Жаратқан Жаппар Ием өзі оңдасын”
Деп берді Әбілмәмбет өз батасын.
Жөнелді Әбілмансұр жекпе-жекке,
Елі үшін арнап қойған ғазиз басын.
Қайратты көрінеді, көзі отты,
Бойына жинағандай бар шамасын.
Қарайды жанның бәрі жас жігітке, 670. Тіленіп дейді: “жаудың қиса-ау басын”.
Бара сап Шарышпен ол алысады,
Айбалта, найза ұрып қағысады.
Сіресіп бірін-бірі жұлқысқанда,
Жерге еніп ат тұяғы жабысады.
Екі жақ бірталай кез шайқасқанда,
Дірілдеп Шарыш белі майысады.
Шуласты сонда жау жақ айғай салып,
Дүбірлеп ентелесті жақын барып.
Сол кезде Сабалақ та қаһарланып, 680. Шарышты қылышымен қалды шауып.
“Абылай! Абылай!” деп салды ұран,
Атынан жығылды жау жерді қауып.
Шарыштың басын кесіп лақтырады,
Басқалар мұны көріп қалтырады.
Шарыштың өлгендігін әйгілеп шын,
Басты бұлғап, жау жақты састырады.
Шошыды Қалдан елі мынау істен,
Адамға бақыт келер көрген түстен.
Атақты батыр еді бұл Шарыш та, 690. Жығылды осы жолы батыл күштен.
Шарыштың сол майданда жаны шықты,
Шықпады енді артынан ешбір мықты.
Сабалақ “Абылайлап” үн салғанда,
Қазаққа ғажап үстем қуат бітті.
Өктемсіген жау жағы жапырылып,
Құты қашты, быт-шыт боп бәрі зытты.
Жеңіс тауып қазақтар қуды артынан,
Шұрқыратып жеткенін жерге тықты.
Бұл сөзді осылайша қысқартайын, 700. Дегемін білгенімді көпке айтайын.
Шарышты өлтірген соң қазақ жағы,
Оңалтты ырықты боп соғыс жайын.
Келген ед көптен бері ел қамын жеп,
Соғыста күдігі көп Әбілмәмбет.
– “Абылайлап” Шарышты өлтірген ер,
Кім екен? Шақыр! – деді төбеге кеп.
Алдына Әбілмансұр жетіп барды:
– Тақсыр-ай, не дейсіз? – деп тұра қалды.
– Ей, балам, ұрандадың “Абылайлап”,
710. Ұқтыршы ата жөн мен өз жайыңды?
– Ұлы әкем батыр болған Абылай хан,
Қазаққа есе әперген бірталайдан.
Соғыста жолы болған ұлы әкемді,
Сайыста ұран қылдым осы жайдан.
– Қарағым, қайда жүріп, келдің қайдан
Көрмеп ем мен өзіңді көп заманнан.
Бар еді Жәңгір ханның бір баласы,
Туылған қазақ қызы қатынынан.
Көріндің көзге ыстық жыл құсындай,
720. Көрем деп ойлап па едім мен де осындай?!
Естуші ем Уәлибақы әулеттерін,
Дәм айдап кепсің жаным, міне, осылай.
Көзіне Әбілмәмбет жас алады,
“Қарағым, бауырым!” деп бас салады.
“Баяғы Уәлибақы ұрпағы” деп,
Мұндағы ел түгел оны қарсы алады.
Сөйлейді Әбілмәмбет сонда тұрып:
“Бұл бала дәмі тартып кепті жүріп.
Нағыз хан, ел иесі осы болар, 730. Уа, елім, алшы танып көзбен көріп”.
Үш жүздің жақсылары жиылады,
Әбілмәмбет сөзіне қиылады.
Хан сайлап бұл баланы алады да,
Қалың жұрт қуанышпен той қылады.
Осымен Әбілмансұр хан болады,
Өзіне барлық қазақ тән болады.
Міне осы Әбілмансұр Абылай хан боп,
Атағы күллі әлемге жар болады.
Жерінен жеңілген жау қашып кеткен, 740. Ел көшіп мекеніне барып жеткен.
Соғысты аяқтатып қазақ-қалмақ,
Арада ұзақ мезгіл тату өткен.
Бір күндер Қалдан патша ойланады,
Әртүрлі ойға кетіп толғанады.
“Кім барып Абылайды ұстайды” деп,
Тағы да айла-шарғы қолданады.
“Абылайға адам бар ма баратұғын,
Шарыштың құнын даулап алатұғын.
Кім барып Абылайды ұстап келіп, 750. Жан бар ма көңілімді табатұғын?”
Қалдан хан ноянменен кеңеседі,
Айланың арқан-жібін тең еседі.
Жалбы дейтін батыры қол қусырып,
“Жол білем, ұстап келем” деп еседі.
Аттанды Жалбы бас боп қалың әскер,
Барлығы Абылайды ұстармыз дер.
Келеді сауылдатып күн-түн жүріп,
Өйткені екі аралық талай-ақ жер.
Жол алып қалың әскер осылайша, 760. Қарасы көрінеді отыз мыңша.
Іздеді Абылайды Ұлытаудан,
Арада өтіп жатты күндер қанша.
Жалбыдай жол бастаған батыры бар,
Неше қос, неше бөлек шатыры бар.
Бұйрығын Қалдан ханның атқармаққа,
Ұстауға Абылайды болады зар.
Бұл батыр жүрер жолдың бәрін білген,
Сенімді жасағы мол қасына ерген.
Қайтсе де Абылайды ұстамаққа, 770. Қалданға аттанарда уағда берген.
Келеді ол Тарбағатай жолыменен,
Болғандай келер істің оңыменен.
Абылайдың аң аулаған ізін тауып,
Жүреді тапқан іздің соңыменен.
Бұл шақта Абылай, рас, аңға кеткен,
Қасына ер Едіге еріп кеткен.
Таудағы қалың аңның қызығымен,
Арада бірнеше күн уақыт өткен.
Абылай жатқан бір шақ ат оттатып, 780. Ұйқыға жатқан жерде-ақ қалған батып.
Едіге ол да жалғыз ұйықтап қапты,
Әскерлер ұстады оны келе жатып.
Сұм Жалбы Едігені алған ұстап,
Табуға Абылайды ұрды қыстап.
Едіге жаны әбден қиналған соң,
Абылай жатқан жерге келді бастап.
Олар кеп ұстап алды Абылайды,
Қуанып тапқанына дабырлайды.
Ұйқыда қапияда қолға түсіп, 790. Жолыққан бейнетіне ол мұңайды.
Абылай қапияда қолға түсті,
Адамға қолға түскен бәрі күшті.
Қалданға айдап оны алып барды,
Сұраққа алды Қалдан өте сұсты.
Тастады Едігені зынданға сап,
Ол дағы қиын іске болды ғой тап.
Уақыттың биі еді сол кездегі,
Тұйықсыз қолға түскен ұйқыда қап.
Кекпенен Қалдан сұрақ жүргізеді, 800. Айлакер хан екенін білгізеді.
Байлау сап Абылайдың аяғынан,
Жүргізіп тасқа табан тілгізеді.
Тапсырды оны күзет тұрғандарға,
Рақым жоқ оған мойын бұрғандарға.
Қасынан екі елі адам ажырамас,
Шара жоқ бір айламен құтыларға.
Осымен бірсыпыра уақыт өтті,
Бұл хабар қазақтарға түгел жетті.
Орта жүз жоғын жоқтап ат шапқылап, 810. Кіші жүз еліне де хабар етті.
Хан еді Әбілқайыр кіші жүзге,
Естіді көңіл қойып осы сөзге.
“Абылай саят үсті жоғалды” деп,
Іздесіп ел-жұртымен шықты түзге.
Кіші жүз онда орысқа қарап қалған,
Бұл жайды ақ патшаға хабарлаған.
Олар да қайран қалып іздеп көрсе,
Қалданның ұстатқанын біліп алған.
Орыстың Неплеуов жандаралы, 820. Елінен әскер жиған барғызғалы.
Майорды Еллер деген бастық етіп,
Жіберген Абылайды алғызғалы.
Үш жүздің бар қазағы құлақ түрді,
Қалданның айлалы ісін бәрі көрді.
Аттанып ел сұрайтын игі жақсы,
Қосылып орыстармен бірге жүрді.
Жөнелді жолға шығып орыс-қазақ,
Төтелей тез баратын жолмен саулап.
Бәрінің ойлайтыны бір-ақ жұмыс, 830. Қайтсе де Абылайды алып қайтпақ.
Қалданға неше күнде келді жетіп,
Абылайды аламыз деп үміт етіп.
Жолығып Қалдан ханға амандасса,
Бермеді ол жақсы жауап кейпі кетіп.
Осымен жатты қазақ неше күндей,
Жауабы Қалдан ханның еш білінбей.
Әртүрлі ой ойласты орыс, қазақ,
Абылай көздеріне бір көрінбей.
Ел жиып Қалдан бір күн сөзге шықты, 840. Сөздерін орыс, қазақ түгел ұқты.
– Бұл жолы өлтіремін Абылайды,
Өлтірді ол Шарышымды сондай мықты.
Бермеймін Абылайды өлтіремін,
Өз қылғанын өзіне келтіремін.
Айрылып Шарыш батыр жиенімнен,
Көп заман қайғы-шермен тентіредім.
Алып қайт, тапсырамын Едігені,
Абылайды алып қалам өлтіргелі.
Деді де шақыртып кеп Абылайға,
850. Айтқызған армандарын естігелі.
Деді ол сұрақ қойып Абылайға:
– Кезіктің бүгінгі күн мұндай жайға.
Шарыш батыр орнына өлтіремін,
Айтып қал арызың болса осындайда.
Қанеки, арманыңды айта берші,
Жаның барда екі ауыз тілге келші.
Естиін арызыңды өлмей тұрып,
Естісін өз еліңнен келген кісі.
Сөйлейді сонда Абылай армандарын,
860. Ұсталып қапияда қалғандарын.
– Үш түрлі арызым бар патша сізге,
Айтайын ұғындырып мұның жайын.
Бірінші – қазақ елім орнықпаған,
Еш патша түзетерлік жолықпаған.
Ел қылып қазағымды орнықтырып,
Қоспақшы ем қатарға елдің толықтанған.
Осы еді бір арманым көңілімдегі,
Атқармақ болған мұрат өмірімдегі.
Қала ма қайран елім орныға алмай,
870. Кенеттен пайда болып көп кедергі.
Екінші – тағы да айтсам арманымды,
Құсамен тістеп жүрмін бармағымды.
Шарыштай майданда өлсем арманым жоқ,
Өкінем ұйықтап қапы қалғанымды.
Ұстады Жалбы жатсам ұйқы ішінде,
Өйтпесе, бүйтіп қолға мен түсем бе?
Ұйықтап жатқан жанды ұстау батыр емес,
Мақтанып әкелгенмен орда ішіне.
Үшінші – бір арманым іште түйін, 880. Ұқтыру бұның өзін тіпті қиын.
Келемін төрт атадан жалғыз болып,
Ұрпақ жоқ өлсем егер менен кейін.
Әйелім екіқабат қалған кезде,
Жолықтым алдыңызға құрған тезге.
Егерде өлтірсеңіз мені бүгін,
Ұрпақсыз кетер болдым, айтам сізге.
Естіді бұны Қалдан падишасы,
Қайран боп қалды аңырып ханышасы.
Ханыша тым абыржып сөйлеп кетті, 890. Теңселген құлағында қос сырғасы.
Айтты ол қалмақшылап басып сөзге:
– Ей, уәзір, мына сөзді көрдіңіз бе?
Осының айтқанының бәрі рас қой,
Қиыны соңғы сөзі білдіңіз бе?
Айтты ол арманым деп жалғыздығын,
Түсіндім расында оның бұл шындығын.
Бір жалғыз өліп кетсе түгейді ғой,
Ұрпақсыз қалу, шіркін, неткен қиын?!
Менің де бар жалғызым – Әмірсана,
900. Ерген жоқ алды-артында жалғыз ғана.
Егерде Әмірсанам жазым болса,
Ұрпақсыз қаламын ғой мен бейшара.
Ұқсайды жалғызыма осы сөзі,
Мұқтажын жасырмады мұның өзі.
Бірақ та осы жері қиын-ақ қой,
Адамның шошығандай көңіл көзі.
Абылай оның сөзін ұғып тұрған,
Сөзіне екеуінің құлақ бұрған.
Сөздері екеуінің түгегенде, 910. “Алдияр” деп Абылай ұшып тұрған.
Қалдан хан сөз сұрады қабақ түріп,
– “Алдияр” дейсің неге жақын жүріп?
Сені мен босаттым ба бұл өлімнен,
Не себеп дәт айтасың ұшып тұрып?
– Уа, тақсыр, білуші едім моңғұл тілін,
Ұқсатты ханым маған жалғыз ұлын.
Сол үшін маған кеңдік бола ма деп,
Қуанып өлмеспін деп ұшып тұрдым.
Теңеді ол Әмірсана жалғызына,
920. Тұрыппыз екі жалғыз жал қырында.
Балаңа ұқсатқан соң ауызға алып,
Орнымнан ұшып тұрдым жалбарына.
Қалдан хан мұны тыңдап қалды жұмсап,
Әлсін-әлі қос көзін қалды сипап.
Абылайды қайтармақ боп азат қылды,
Келісім қып хат-тоқтам уағда жасап.
Қалданның жалғыз ұлы Әмірсана,
Дос болды Абылаймен осы арада.
Бір қызын тағы берді достық үшін, 930. Шын тату Абылаймен ел болуға.
Күнбаудау деп айтады қыздың атын,
Жазылған шежіреде солай хаты.
Мәнісі Күнбаудаудың “айырылмас дос”,
Келеді осылайша сөздің арты.
Бар екен осы қыздың бір бауыры,
Өзінің жақсы екен жаны тірі.
“Әпкеммен мен де бірге кетемін” деп,
Қызбенен бірге аттанған бір бауыры.
Баланың барам деген талабына, 940. Қалмақтың мақұл десті жұрт қауымы.
Қосылды Қалдан патша бұған дағы,
Қашан да келіп-кетер бір ауылға.
Ел болды екі жағы береке қып,
Түгеді осыдан соң сөздер даулы.
Баламен Абылайдың бағы келді,
Өйткені балаға зар шағы еді.
Ат қойды бұл балаға Махмұт деп,
Көпшілік қуанышқа бәрі келді.
Махмұттың Бөлшеке деп баласы бар, 950. Қазақтан тарап шыққан атасы бар.
Баласы Бөлшекенің Мәмбетай боп,
Осылай келе жатқан жалғасы бар.
Сый берді Қалдан олар қайтарында,
Екі жақ айтты түгел айтарын да.
Іздегендер Абылайды алып қайтып,
Көпшілік қуанышпен шаттануда.
Осымен қайтты қазақ есен-аман,
Тумады іс бұдан кейін ешбір жаман.
Хан болды бір атақты осы Абылай, 960. Ел билеп жұртты сұрап талай заман.
Абылайдың босанғаны қашан десең,
Мың жеті жүз қырық үш жылы болған.
Істері Абылайдың толып жатыр,
Қымталып сөз аяғы бітеді ақыр.
Абылайдан туды кейін он бір бала,
Кетейін бұны да айтып мен бір пақыр.
Қауіптен қалып Абылай осылайша,
Басқарған хан боп елін жыл бірқанша.
Беріп ед Әбілмәмбет оң батасын, 970. Ел қылды өз қазағын бір тамаша.
Абылай Ежен ханға барып еді,
Арманын айтып сыйға қанып еді.
Жоңғарлықтан көп қорлық көрген қазақ,
Оң-солын содан бастап танып еді.
Қасына ере барған Әбілпейіз,
Еженмен тоқтам жасап салған негіз.
Зорлығын жоңғарлықтың түгел айтып,
Ел дертін, жер таласын айтқан деңіз.
Қайсы уақ Ежен ханға барған шені 980. Десеңіз – мың жеті жүз елу жеті.
Сыйымен Чианлұң ханның Абылайға
Бет-бедел, атақ өсіп жетіп еді.
Осымен Абылай хан қайтып келген,
Сыр бойы, Сарыарқаны шырқ иірген.
Көп жерді жоңғарлықтан қайтарып ап,
Жазы-қысы жайлап-қыстап мекендеген.
Көп мезгіл қазақ-қалмақ тынышталып,
Арадан жаугершілік мұз еріген.
Лобайлап көшіп-қонар шекараны, 990. Құрғызған сымтас, яки оба жерден.
Адамзат дүниеге бір келеді екен,
Басына келген істі көреді екен.
Дәм түгеп Абылайға ажал жетіп,
Жиырма неше жыл соң өледі екен.
Болмаған сұм ажалға ешбір амал,
Болса да Абылайда темір қамал.
Орнына қырық сан Барақ хан болыпты,
Оңданның ұғынсаңыз тұқымы ол.
Бұл Оңдан бірге туған Тәуекелмен, 1000. Сырларын бес саусақтай елі білген.
Қылады кімге опа пәни жалған,
Түбінде оңалады оқу білген.
Оңданның ол алтыншы немересі,
Тыныш екен сол бір кезде ел іргесі.
Хан болып қырық сан Барақ тұрған шақта,
Жыл сайын бекіпті елдің берекесі.
Айтқамын Әбілпейізді мен басында,
Бұл жерде айта кетем жалғасын да.
Әз Тәукенің төртінші немересі ол, 1010. Айтылса мәні-жайын ұғасың да.
Ол өзі Әбілмәмбет баласы еді,
Көп халық төре етуге талас еді.
Атайдан бер қарайғы хандық жолы,
Оларға мирас әрі жалғас еді.
Баласы Әбілмәмбет екеу екен,
Бұл жайын айтсам сөзім қалмас еді.
Біреуі – Әбілпейіз, бірі – Болат,
Бір бала бұл Болаттан тағы туад.
Сатымыр сұрасаңыз оның аты, 1020. Бәріне берген Тәңір өзі қуат.
Баласы Сатымырдың Құдайменде,
Төре қып балаларын алды ел сұрап.
Алыпты Әбілпейіз екі қатын,
Тұтынған барлығы да ата салтын.
Үш бала тоқалынан туған екен,
Жазайын үшеуінің төменде атын.
Көгадай, және бірі – Сәмен екен,
Туысқан және бірі – Жабағы екен.
Керейлер Көгадайды төрелікке, 1030. Кезінде қалап-сұрап алған екен.
Туыпты бәйбішеден Бопы, Шожы,
Осы екен бұл қатыннан барды-жоғы.
Баласы Әбілпейіз бесеу болып,
Тарайды осылайша оның жөні.
Бірталай әңгіме еттім хан тарихын,
Олармен байланысқан ел тарихын.
Бұл бір сөз осы арада аяқтайды,
Білгендер тағы қосар өз тарихын.
Келемін енді қайтып басқа сөзге, 1040. Айтылмас хан шежіресі мұнан өзге.
Алдымен енді айтарым арғын, найман,
Тоқталам мол ұрпақты орта жүзге.
Бір ел бар орта жүзде арғын деген,
Арғынды әртүрлі қып әркім деген.
Арғынның бәр мәнісі орхұн болып,
Аты екен дарияның Орхон деген.
Орнығып осы өзенге қалың түрік,
Кезінде көп ел болып мекендеген.
Жүре-жүре орхұн сөз – арғын болып, 1050. Бір тайпа ел болыпты арғын деген.
Арғынның арғы атасы Қодан ақын,
Жазуға ұрпақтарын келдім жақын.
Баласы Мамықайдың Қодан тайшы,
Шығады жазған сайын тегі жарқын.
Түріктер тайшы дейді ақындарды,
Ұғыңыз осылайша сөздің парқын.
Шежіреден көріп мұнда жаздым оны,
Түсінер ойлаған жан мұның нарқын.
Қоданның Арал деген баласы бар, 1060. Неше жүз өткен жылдар арасы бар.
Туылған бұл Аралдан екі бала,
Тараған неше бөлек саласы бар.
Барғытай дейді бірін сұрасаңыз,
Қырылдақ тағы бірі ұласаңыз.
Аралдың баласы екен осы екеуі,
Кітапта осылайша қылады аңыз.
Келеді бұдан кейін Тайырқожа,
Сөзіне шежіренің қарасаңыз.
Алыпты Тайырқожа екі қатын, 1070. Айтайын баласының тағы да атын.
Туылған бәйбішеден Қарақожа,
Тоқалдан Сұмдық екен туылатын.
Сұмдықтың баласы бар және екеу,
Саржетім, Чақчақ десе ұғылатын.
Алыпты екі қатын Қарақожа,
Мейрам деп айтады екен бәйбіше атын.
Осыдан туылған төрт бала екен,
Туыпты үш баланы тоқал қатын.
Үшеудің бірін дейді Бәсентиін, 1080. Біреуі Қарасопы одан кейін.
Дейді екен үшіншісін Кенжесопы,
Қысқаша таныстырдым қойып зейін.
Тарайды осылардан арғын елі,
Ішінде Тайырқожа кемеңгері.
Біреуден өлтірілген жәйіті,
Елінің тарқамаған қайғы-шері.
Руын бірден-бірден таратпадым,
Қолымда болмаған соң мол дерегі.
Қоныстан арғын-найман бірге жүрген, 1090. Машақат-рақатты теңдей көрген.
Орта жүз ұлысына есеп болып,
Барлығы өз жерінде өсіп-өнген.
“Найман” деу бір кісінің аты емес,
Айтылған шежірелерде талай кеңес.
“Сегіз” дейтін моңғұлдың сөзі дейді,
Айтылған болса керек соған меңзеп.
Тілдер көп дүниеде неше қилы,
Қазаққа үйір-айқас моңғұл тілі.
Дейді екен сегіз санды олар “нәмін”, 1100. Осыдан ашылмақшы найман сыры.
Туылған бір адамнан сегіз бала,
Ел болып кеткен бәлкім неше сала.
“Найманның” мағынасын солай шешкен,
Шәкәрім шежіресі осы ғана.
Ұғынсақ найман деген сегіз екен,
Байлығы өз тұсында теңіз екен.
Арада ұзақ жылдар өткеннен соң,
Найман боп аталуы негіз екен.
Бір табы наймандардың терістаңба, 1110. Қосылып бопты осымен тоғыз таңба.
Найманды “тоғыз таңба” деп айтады,
Әрқандай шежірені таратқанда.
Найманның түпкі атасы Сопы мырза,
Туысқан оныменен Баба мырза.
Әзірше білгенімді жазайын мен,
Шындығын іздеп тағы табамыз да.
Баласы Сопы мырза Өкіреш-ті,
Баянсыз осы дүние өкінішті.
Дүниеге нелер келіп, не кетпейді, 1120. Көреді барлығы да не қилы істі.
Үш бала туылыпты Өкірештен,
Біледі дүние сырын бастан кешкен.
Домбауыл, тағы бірі Сары Жомарт,
Үш болар қоссақ бірі Сүгірішпен.
Наймандар деп аталған сегіз таңба,
Қосылған бұған келіп Терістаңба.
Домбауыл – Терістаңба дегені сол,
Осымен болған найман тоғыз таңба.
Баласы Сүгіріштің аты Қытай, 1130. Бола ма дүние, шіркін, ойлағандай.
Туылған бұдан дағы жалғыз бала,
Сұрасаң оның аты Төлегетай.
Баласы Төлегетай төртеу екен,
Шежіре ұзын тарих шертеді екен.
Дүние тарихы ұзақ сан мың жылдық
Жан-жануар тарап содан келеді екен.
Төртеудің Қаракерей, бірі – Матай,
Бұл жөнде шежіренің бар ғой хаты-ай.
Дөртуыл, Садыр дейді енді екеуін, 1140. Жазылған шежіреде дәл осылай.
Баласы Қаракерей екеу екен,
Байторы, тағы бірі Ерторы екен.
Шамамша білгенімді мен жазайын,
Таратсаң көпке жетер ел тобы екен.
Баласы Байторының Байыс енді,
Аты оның талай жұртқа таныс еді.
Найманда өркен жайған ұрпағы мол,
Неше ата аралары алыс дейді.
Ақ Найман – бір баласы асыранды, 1150. Басқадан мұның өзін жасырады.
Көркейіп көбеюді көзде ұстап,
Бір бала болса дағы асырады.
Байыстың бәйбішесі төрт ұл тапқан,
Сонымен өсіп-өніп өрге тартқан.
Мәмбетқұл, Сыбанқұл мен Ахметке,
Қоссаңыз Құлсарыны түгел тапқан.
Мәмбетқұл өкпеші екен жас күнінде,
Қыржиып жатады екен әрбір күнде.
Осындай тым өкпешіл болғаннан соң, 1160. “Қыржи” деп атаныпты ел ішінде.
Байыстың екі ұлы бар тоқалынан,
Сұрасаң Тура, Тоқпақ аты мұның.
Асырапты Болатшы, Байғананы,
Қарашы, пейілінің кеңін оның.
Байыстан Мақта деген қыз туылған,
Бойжеткен соң біреулер құда болған.
Тоқтарқожа дейді екен күйеу атын,
Алған соң Мақта апайды тұрып қалған.
Тоқтардан туыпты ұл-қыз екі бала, 1170. Байжігіт, Жанжігіт деп аты дана.
Тұңғышы Байжігітті атасы алып,
Қолында өсіріпті етпей нала.
Бір ұлмен Тоқтарқожа көшіп кеткен,
Әйелі Мақта апай да бірге кеткен.
Байжігіт атасының қолында қап,
Байыстың баласындай өсіп жеткен.
Ұрпағы өркен жайып Байжігіттің,
Бұл күнде неше рулы елге жеткен.
Баласын Ерторының Байсиық дер, 1180. Мән-жайын оның түгел біледі ел.
Асыраған баласы Қарамүлде,
Сүйеніп төрт ұлменен өсіпті тел.
Бар екен кіндігінен төрт баласы,
Ешкімнің бұл жайында жоқ таласы.
Қарамүлде ұрпағы – семіз найман,
Келеді осылайша бұл арасы.
Атасам төрт ұлының атын атап,
Жанғұлы, Меңлібай мен бір боп жатат.
Төбетпен қосып айтсақ Ақбелдеуді, 1190. Төртеуін айтып болдық бірге матап.
Найманның Тәңір берген бағы да бар,
Матайдан үш баласы тағы да бар.
Аталық, Кенже менен Қаптағай деп,
Атайды атын оның жатта да ал.
Аталық қызайлардың арғы атасы,
Сөзімнің болмас бәлкім еш қатасы.
Ұрпағы қызай елі деп аталған,
Барлығы бір найманның айналасы.
Тұқымы Сүгіршінің тұрсын солай, 1200. Аз ғана аялдадым жүріп жолай.
Енді мен тоқталайын Саржомартқа,
Сөзімнің қисыны кеп болса қолай.
Алғаны Саржомарттың екі қатын,
Барлығы найман болып таралатын.
Қаратай туылыпты бәйбішеден,
Айтамын тек осылай мұның затын.
Туылған тоқалынан төртеу екен,
Арасы бәйбішемен селкеу екен.
Шешесі төртеуінің уақ қызы, 1210. Төркіндеп көшіп уаққа кетеді екен.
Төрт бала нағашы елге ауыл бопты,
Тең өсіп мал мен басы дәуірлепті.
Дейді екен барған елін “ергенекті”,
Сонымен ергенекті уақ бопты.
Тұқымы Саржомарттың ергенекті,
Болды да өсіп-өнген елге жетті.
Тоғыз таңба найманның бірі болып,
Ел болған ергенекті найман десті.
Бидәлі, Тоқаменен бірі – Шайкөз, 1220. Жансары бар жақсымен болады өз.
Тоқалдың төрт баласы осы екен,
Келген-ді осылайша жалғасып сөз.
Тауып апты бір баланы ол бір күні,
Бура екен ұғынсаңыз аты-жөні.
Найманның бура дейтін руы боп,
Өскен соң таныды шын елдер оны.
Шешесі Саржомарттың болған күңі,
Болғандай келешекте істің оңы.
Туылып екі бала осы күңнен, 1230. Балталы, Бағаналы деген оны.
Бір құлы Көкжарлы екен айтсам тағы,
Саржомарт шешесінің өскен бағы.
Жарбол екен Көкжарлы дегендері,
Мұның да Тәңір демеп өскен шағы.
Қысқасы найман болар сегіз таңба,
Домбауыл деген бірі терістаңба.
Осымен тоғыз таңба найман дескен,
Бұл жағы түсінікті барша жанға.
“Ақтабан шұбырындыда” ел күңіренген, 1240. Әр жерде тозып сәні кетіп жүрген.
Мауреннаһр жерінде көп найман бар,
Жазған соң олар дағы қалмасын кем.
Руы ол найманның үшеу болып,
Ұқсамас тоғыз таңба басқасымен.
Деп айтар Садырбек пен Қостамғалы,
Үшінші тағы бірі Уақтамғалы.
Осылар наймандардың тобында екен,
Тоғыз таңба сыртында қалғандары.
Найманның рулары бұл ежелгі, 1250. Қонысы айрылғанда ертедегі.
Мауреннаһр маңайын мекен тұтқан,
Өзбектермен маңайлас төңірегі.
Найманның сол руы уақтамғалы,
Жиылған елдер екен құрамалы.
Уақтың мағынасы ұсақ екен,
Жаздым мен мұны елге ұғынтқалы.
Арыстов жазыпты оны найманнан деп,
Найманның руларынан таралған деп.
Найманның уақтамғалы бұл руы, 1260. Түгелдей уақ тайпаға саналған деп.
Тарайды уақ елі осы жерден,
Туысқан деп айтады ел кереймен.
Орта жүзге қосылып жер мекендеп,
Қоныстасы боп елмен бірге жүрген.
Уақтар құралады екі атадан,
Айтайын мұның атын өзім білген.
Бірі Сарман делінсе, бірі – Шұға,
Осылай көріледі шежіреден.
Қаракөз, Көкшекөз деп екі бала, 1270. Сарманның ұрпағы боп өреді екен.
Сарбаян, Сарша, Мұрат, Сарбағыс пен
Байымбет – Шұға ұрпағы болып өскен.
Осылар өсіп Абылай хан тұсында,
Уақ дейтін елміз деп мәлімдескен.
Жазуға қоңыратты келдім енді,
Сөздерге келтірген жөн дәлелдерді.
Көк және Көктінше деп екі руды,
Қоңыраттың ұрпағы деп келтіреді.
Тоқболат, Байлар менен Жаманбайды, 1280. Айтпасақ тұқымы оның таралмайды.
Құлшығаш, Пұсырман мен Оразкелді,
Солармен рулас боп тарамдайды.
Жансар мен Қаракөсе, Жетім, Сансыз,
Көбістер неге ұрпақ боп саналмайды?
Бәрі Көк, Көктіншінің ұрпағы екен,
Қоңыратты айтушы өстіп тамамдайды.
Таусылмас рулар көп жаза берсем,
Тарақты, қыпшақ қапты ойлап көрсем.
Тарақты алған екен үш қатынды, 1290. Олардан таралған ұл он екі екен.
Жашы, Қыдыр, Сары мен Әлеукеден,
Соңғысы Көгадай мен Әлі екен.
Тоқтағұл, Апай, Бөкеніш, Бұлдырықтан
Кейінгі ұл Қосанақ пен Әйти екен.
Осымен он екі ру тарақты боп,
Орта жүз елдерінде өскен екен.
Тоқтатам найман жайын осыменен,
Басқаны жазар кеңес болсын менен.
Ұлы жүз руларын таратайын, 1300. Жалғасып сөз аяғы келсін деген.
Көп дейді ұлы жүздің руларын,
Жалайыр, үйсін, дулат, қаңлыларын.
Ұсақтап бар руын таратуға,
Келмейді расымды айтсам менің әлім.
Төрт үлкен тайпа болған ұлы жүзде,
Сөйлейін білгенімді бұл бір кезде.
Кітаптан нені көрсем соны жаздым,
Жел сөзге дәлелі жоқ сенеміз бе.
Айтайын мен дулатты алдыменен, 1310. Таныстым шежіреде барлығымен.
Тарайды алты рулы ел дулаттан,
Білгенді ұқтырайын анығымен.
Ботбай, Шымыр және де Сыйқым, Жаныс,
Албан, Суан бәрі де елге таныс.
Елдері алты рудың өскен тарап,
Аралас жүрген тегі келіс-барыс.
Шымырдың баласы бар Керей деген,
Ұғады тарих жөнін көңіл бөлген.
Абақтың ұлы әкесі осы Керей, 1320. Айтуы Шәкәрімнің солай деген.
Төменде түсіндірем бұл абақты,
Жоқ еді мұнда әлі жөні келген.
Үйсін деп ұлы жүздің бір тайпасы,
Келеді осылайша сөз жалғасы.
Үйсіннің руларын таратайын,
Оның да өсіп-өнген әр саласы.
Очақлы, көзтамғалы, ергенеклі,
Көтеш, қатаған мен бұл бесеуі.
Үйсіннен тараған деп көрсетеді, 1330. Шежіресі Шәкәрімнің ол әйгілі.
Албаннан тағы тарар жеті ел бөлек,
Айтбозым, сегізсары, қызылбөрік.
Қыстық, әлжан, құрманы тағы да бар,
Біреуі жетеуінің – қоңырбөрік.
Таратам енді руын сары үйсіннің,
Көпшілік байқап отыр сөз қисынын.
Бұның да рулары жетеу екен,
Көріп ем шежіреден ұғып сырын.
Біреуін құттымбет дер, бірін жанай, 1340. Біреуін жандосай дер, бірін танай.
Құлыке, тағы бірі қырық дейді,
Жетінші бір руын дейді Жолай.
Жазайын енді руын жалайырдың,
Тұтасар салмаулары талай қырдың.
Өскен ел – он үш ру деп айтады,
Тіліндей шөп жиятын тал айырдың.
Андас, мырза аттары қарашапан,
Қалпе, орақты, ақбейім, болсын аман.
Сопытай, арық, тыным, бәйшегір мен 1350. Сиыршы, балғалылар келген сонан.
Қайшылы, күшік пенен он үш болып,
Көп ұрпақ тарайды екен жалайырдан.
Қаңлыдан төрт-ақ ру таралады,
Шежіреде осылайша қаралады.
Сіргелі, Ошақты мен шапырашты,
Естімен төртеу болып саналады.
Бір бөлім ұлы жүзде Қоңырат бар,
Ел ханның нәсілі еді осы заттар.
Қиын деген баласы қырды жайлап, 1360. Тарапты сол қияннан көп ұрпақтар.
Біреуі – сол ұрпақтың Жорлық мерген,
Жорлықтан таралыпты қоңыраттар.
Бұлардың көп сандысы орта жүзде,
Сондықтан орта жүзге қосып айтар.
Сонымен аяқтаттым ұлы жүзді,
Таппадым тереңдеуге факті сөзді.
Тарату бар руды қиын-ақ қой,
Деректен кеміс еткен тарих бізді.
Жазайын енді руын кіші жүздің, 1370. О, Тәңір, алдын оңғар ісіміздің.
Үш жүздің руларын түгел жазсам,
Табар ем көңілін ұққан кісіміздің.
Атақты Ел кіші жүзде – әлімұлы,
Жетіру, Байұлымен өскен нұрлы.
Алшын деген атақты тайпасы бар,
Бөлінген руларға неше түрлі.
Бөлінер әлімұлы алты руға,
Шежіре ұқсайды үлкен аққан суға.
Қаракесек, біреуі қарасақал, 1380. Төртқара, кете екен түскен дуға.
Шөмекей, шекті дейді енді екеуін,
Барлығы әлімұлы етсең дұға.
Рулары байұлының он екі еді,
Шежіре мұның бәрін жөн етеді.
Алаша, адай, жаппас, байбақтыдан
Кейінгі масқар, беріш деп өтеді.
Қызылқұрт, есентемір, шеркеш, шайқы,
Тана мен таз қосылса он екі еді.
Жетіру дегендері жеті бөлек, 1390. Рудан құралады беріп дерек.
Кердері, керейтпенен табын, тама,
Жағалбайлы, рамадан, телеу демек.
Жалғасып сөз аяғы келген жерден,
Басталсын енді кеңес керейлерден.
Керейдің білу қиын арғы атасын,
Ұғыстым не білермен кемеңгерден.
Дулаттың бір баласы шымыр еді,
Бұған тән қарадым көп шежірені.
Шымырдан керей руы тараған деп, 1400. Ақмолла әкем жауап беріп еді.
Салыстырсам Шәкәрім шежіресімен,
Онда да дәл осылай делінеді.
Сұрайды ел: бұл керейлер нешеу екен,
Шежіреде айтуынша үшеу екен.
Ашамайлы керей деп бірін айтса,
Тағы бірі шимойын керей екен.
Деп айтад қаракерей біреуі деп,
Бұлар да білушіге медеу екен.
Білгендер дәлелімен ажыратсын, 1410. Өйтпесе бұл жобада егей екен.
Тараған үшеуінен талай керей,
Алыпты ашамайлы үлкен мерей.
Алдымен тоқталайын тек осыған,
Атағы ел ішінде болған егей.
Тауыпты ашамайлы екі бала,
Қара, би, сибаң дейді елдер ара.
Бағыпты сары үйсінмен бір баланы,
Дейді екен оның атын абақ бала.
Тегінде абақ, тарақ туыс екен, 1420. Алыпты ашамайлы көңілге ала.
Абақтың әсілі тегі сары үйсін,
Екеуге үшеу болды келіп қисын.
Ап беріп Қарабиден туған қызды,
Бекіткен балалардың берекесін.
Кейбіреу бұлай деуді теріс көріп,
Әр жерде айтар бізге келекесін.
Шәкәрім де осылай айтқан екен,
Деп жүрмеңіз “жөн бұзған сен екенсің”.
Кейбіреу ер Абақты әйел дейді, 1430. Көргемін олардың да шежіресін.
Болса да осы арада қанша талас,
Меніңше Шәкәрімнің айтқаны рас.
Керейлер ұрандаса “Абақ!” дейді,
Егерде әйел болса, ұран болмас.
Қашанда ердің аты ұран болған,
Атадан келе жатқан бұл бір мирас.
Он екі ұл ру боп тарар бұл абақтан,
Он екі керейміз деп келе жатқан.
Сұрасаң он екі ұлдың аты-жөнін, 1440. Айтайын төменде оны бір-бір бастан.
Жантекей он екі ұлдың ірілеуі,
Болыпты басы өскен соң жұрт тіреуі.
Кетіпті даңқы оның көп-ақ жерге,
Болған соң жақсы ниет, көп тілеуі.
Қарақас, меркіт пенен бар ғой молқы,
Ойлаймын болмасын деп сөзімде олқы.
Шәкәрім атап атын түгел жазған,
Басқалар айтса дағы олпы-солпы.
Біреуі шұбарайғыр, жастабанмен, 1450. Таппадым сөзге тиек басқадан мен.
Жазғанын Шәкәрімнің дұрыс көрдім,
Әр-әркім өзінше сөз тастағанмен.
Ителі, келер және ер күнсадақ,
Болыпты онда тіккен күннен садақ.
Сол үшін күнсадақ деп аталыпты,
Болмаса шимойын деп айтылған нақ.
Жазылған шежіреде шимойын деп,
Өспеген халық екен тым кейіндеп.
Теңімен терезесі бір бола алмай, 1460. Кіріпті бұл араға кейінірек.
Шеруші, енді бірі – Құлтайболат,
Жәдік бар мол ұрпағы өрген тарап.
Кенжесі он екі ұлдың Сарбас екен,
Болыпты он біріне құйрық-қанат.
Үш бала туылыпты Жантекейден:
Сүйінбай, Шойыншалы, Сүйіндікпен.
Тәңірдің шапағаты жауғандықтан,
Бұтақтап көп ру боп өскен екен.
Бар екен Сүйінбайдың бес баласы: 1470. Сәменбет, Самұраттың жоқ таласы.
Төлеке, Құтты, Бөкес бір тілектес,
Бесеуі бір қолдың шын бес саласы.
Бесеудің тек бірінен он бір бала,
Тәңірім Сәменбетке болған пана.
Есенбай, Есентай мен Атантай боп,
Үшеуі бәйбішеден туған дана.
Тасбике ортаншы әйел өркені көп,
Тауыпты алты ұлды өңшең қара.
Ақсары, Бөрте, Ақша, Елбай, Жаман, 1480. Соңынан туған ұлы Қаржау болған.
Тасбике деп атайды мұның бәрін,
Барлығы ру болып өркен жайған.
Қазыбек, Есағасы деген екі ұл,
Ең кіші тоқалынан кенже туған.
Бұлар да мол ұрпақты ел боп тарап,
Ішінде Жантекейдің болған жоян.
Баласы Сүйіндіктің – Жайлау, Сары,
Күнту деп бір баласы болған тағы.
Бұлардан топ-топ бала тумаса да, 1490. Қатардан қалмай келген ұрпақтары.
Төрт бала Сүйіншәлі туған екен,
Қожамжар, Секел, Көбек, Барақ деген.
Барақтан Қанкелді мен Тайлақ туып,
Секелден Кешубай мен Баймырза екен.
Тағы да Қаратоқа, Кенжеқара,
Төртеу боп аға-інілі болған бедем.
Көбектен Қайсар жалғыз туыпты да,
Туғаны Қожамжардың екеу екен.
Айтымбек, тағы бірі Ботақара, 1500. Ел болып өз алдына құрған мекен.
Бар екен Молқы атаның төрт баласы,
Табылар айтушыға сөз сарасы.
Құлмолқы, Машан, Ғайып, Қошақ төрті,
Жайылған Молқы елінің кең саласы.
Туыпты Құлмолқы екеу, Машан алтау,
Ғайыптан бесеу екен бел баласы.
Қошақтың тұқымдарын біле алмадым,
Болған соң қашық жерде ел арасы.
Жазайын Қарақасты енді бастап, 1510. Туыпты одан үш ұл тым ойқастап.
Қосым, Байым, Назар деп аталады,
Бәрі де өрге жүзген құлаш тастап.
Назардан Байқұл, Жәдік төртеу екен,
Қаптағай, Сары дейді туған жастап.
Келейін енді аяңдап Шерушіге,
Асырар Тәңір ырзық берушіге.
Үш бала туған екен кіндігінен,
Айтуған, Сарт, Шақан дер ел ішінде.
Құтымбет, Есет, Саңырау, Ожық, Панат, 1520. Қормалдар Сарттан туған бір пішінде.
Құтымбет “ұзын мылтық” атанады,
Төртеуін дейді Мәлік мол ұрпағы.
Жанаттан туған екен сегіз бала,
Телеке, Қостай, Боқай, Қыдыр тағы.
Тоқай, Майма, Байқазан, Байыс дейді,
“Сегіз Жанат” аталып өскен шағы.
Келейін енді аяңдап Жастабанға,
Айтайын жайын мұның басқаларға.
Малшора, Әлсейіт пен Мақат дейтін, 1530. Тарайды үш рулы ел бастағанда.
Аяңдап сөз бастайын Ителіден,
Ақбақты, Күйік, Дәулет туған екен.
Үшеуі үш рулы ел боп өсіп,
Бойында Өліңгірдің құрған екен.
Жазайын Шұбарайғырды бер қарашы,
Бар екен мұның дағы бес баласы.
Байбура, Шотпан, Қабыл, Алтай, Көзік,
Ел болған бес рулы мол саласы.
Жазайын Меркітті енді ауызға алып, 1540. Барады барған сайын кейін қалып.
Төрт бала туған екен бұл Меркіттен,
Алманбет, Шағыр, Лепес, Құлсары болып.
Күнсадақ бұл керейдің біреуі екен,
Ақтас, Шолан, Қожабек туған екен.
Төрт ұлының біреуін Байқабек дер,
Осымен “төрт күнсадақ” деген екен.
Ал енді жазатыным Құлтайболат,
Керейде кем ұрпақтың бірі болад.
Баласы кіндігінен біреу екен – 1550. Лақаптап қойған аты Көккөз болад.
Көккөзден туылғаны бесеу екен:
Қойыпты атын Байқожа, Шынқожалап.
Қожаберген, Өтеген, Садық та бар,
Алдына салған малын мол қоралап.
Сарбастан сөз қозғайын ең соңында,
Қаламым, жорғалай бер сен қолымда.
Әркім-ақ өз руын көп жазады,
Жазайын өз руымды өз тұрғымда.
Сарбастан туған екен Жалтыр, Жанай, 1560. Айтпасам кенжесі Айтты болар қалай.
Жалтырдан Жолшора мен Шұғыл дейді,
Жанайдан Қосым туған дейді санай.
Бұларды “төрт сарбастың бірі” дейді,
Туған дейд айтушылар Айттан – Қосай.
Мырзағұл, Түкті, Өтеміс, Жәдік төртін,
Туылған сол Қосайдан дейді осылай.
Сарбасты көп жазсам деп ойлансам да,
Қасымда тұрды әкем ол қосылмай.
Түріктің арғы тегін қазып көрдім, 1570. Шамаша білгенімді жазып көрдім.
Бұ дағы толық емес, ол күмәнсіз,
Білгендер толықтасын жазып көрім.
Осымен тоқтай қалсын сөз аяғы,
Бір заман өтіп кеткен ол баяғы.
Елімде “төрттік төбе” қираған соң,
Ашылды содан бастап халық бағы.
Мұрынбай – Ақмолланың ұлы әкесі,
Берікбол – Ақмолланың өз әкесі.
Ақмолла менің әкем сұрасаңыз,
Бұл айтқан сол кісінің шежіресі.
Кітапбай сұрасаңыз, менің атым,
Мағлұм шежіреде жазған хатым.
Керейдің он екі абақ бірі болар,
Білсеңіз өз руым – сарбас затым.
Шежіре осылайша тамам болсын,
Халқымыз қай-қашанда аман болсын.
Ұрпақтар аз болса да тегін біліп, 1588. Бақытпен алға ұшатын заман болсын!
ҚАЗАҚТЫҢ ТҮП АТАСЫ – БАТЫР ТҮРІК
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
“Арабсың” деген сөздің бәрі өтірік.
Ғакаша сахабаның ұрқысың деп,
Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.
Адамның тұқымынан Нұх пайғамбар,
Ыдырыш ұлы Хам, Сам, Япас, міне, осылар.
Япастың бір баласы Түрік деген,
Өрбіген содан туып талай жандар.
Болады араб жұрты Самның ұлы, 10. Біледі тауарихтың бәрі мұны.
Түріктің шын аты еді Нәдулеше,
“Түрік деп неге атаған?” тыңда мұны.
Қарлы Алтай қатты суық тауда жүріп,
От жаққан Нәдулеше тасты ұрып.
Суықтан елін сөйтіп сақтаған соң,
Түрік деп хан көтерген патша қылып.
Оқ өтпес “түрік” деген темір тымақ,
Ат қойған ұйқастырып қалған тымақ.
Темір киім жан сақтар, от ел сақтар, 20. Емес пе жарасымды көрсең сынап.
Аталған сөйтіп Түрік Нәдулеше,
Одан бері өтіпті жылдар неше.
Түріктен шыққан талай сайыпқыран,
Жер жүзі тітіреген Түрік десе.
Кім білмес баяғы өткен Оғыз ханды,
Қаратқан қол астына талай жанды.
Басында Азияны түгел билеп,
Үрім, батыс, арабтың көбін алды.
Жазады талай елдің тарихшысы, 30. Адамнан өзгеше еді қылған ісі.
Үш жүз қырық жыл бұрын пайғамбардан,
Атағы жер жүзіне шыққан кісі.
Оғыз хан – Моғұл ханның немересі,
Ақтаған еді оның өз әкесі.
Ерлігі, естілігі, әділеті,
Адамда болған емес бір теңдесі.
Айтайын Атолланың қылған ісін,
Көп ед деп ойлаған жұрт оның күшін.
Азия, Еуропаны түгел билеп, 40. Көбі ауған Атолладан қорыққаны үшін.
Атолла Моғұл ханның баласы еді,
Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.
Мың үш жүз елу жыл болды өлгеніне,
Оның да қылған ісі тамаша еді.
Қайтейін айта беріп алған жерін,
Атаңның ойға түсір сондай ерін.
Қор болып осы күнде отырсаң да,
Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің.
Кім білмес кешегі өткен Шыңғыс ханды, 50. Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Еуропаның бас игізіп,
Қорқытып Қытайға да әлек салды.
Қолына туған екен қан уыстап,
Ғаламды билейтұғын белгі нұсқап.
Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
Өзенін осы қақан жүрген қыстап.
Ортасын араб, қытай түгел алып,
Азия, Еуропаға жарлық салып,
Алған елге мейірлі, әділетті, 60. Кетеді қарсыласса қанға малып.
Сегіз жүз туғанына жылға толды,
Темучін атын бұзып Шыңғыс болды.
Шыдамды “Шыңғыс” деген мықты демек,
Ойымызға келмей тұрып бақыт қонды.
Ол туған “Бұлұнжылдық” деген жерде,
Рақымды қол астына келген елге.
Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге.
Кешегі Әмір Темір қандай еді, 70. Ғаламға жаққан жарық шамдай еді.
Міне, оның туғанына алты жүз жыл,
Батырдың сайыпқыран маңдайы еді.
Әкесі Тарағай да батыр еді,
Кішіре деген елді билеп жатыр еді.
Ту ұстап Әмір Темір атқа мініп,
Жазасын талай жаудың тартып еді.
Шыңғыстың алған жерін ол дағы алған,
Болмайды-ау бұл сөзімнің бірі жалған.
Түріктің қан жылтырым Баязитын, 80. Жеңіп ұстап ағашқа таңып алған.
Дұшпаны қарсы келсе қан ағызған,
Бір емес ондай қанды сан ағызған.
Алғанда Аспаһанды көп соғысып,
Жетпіс мың бас сүйектен үй салдырған.
Түріктен талай батыр, сабаз келген,
Шыққан жоқ ондай батыр бөтен елден.
Қытайды шабамын деп бара жатып,
Ол Темір дәл жетпіс бір жасында өлген.
Кім білмес кешегі өткен Тоқтамысты, 90. Орыстан алым алып көрдей қысты.
Қазақ пен ноғайлардың ақындары,
Едіге, Тоқтамыс деп жыр қылысты.
Демеңіз атақтының бәрін де жаз,
Жазуға түгел теріп жетпес қағаз.
Кейінгі айтылатын сөзді тыңда,
Түріктен тағы шыққан талай сабаз.
Жоғарғы айтқанымды қылсаң пайым,
Құя бер құлағыңа ұққан сайын.
Бұл күнде Стамбұлды билеп тұрған, 100. Айтайын енді Ғұсманды түрік жайын.
Түріктің сақа деген бір табы еді ол,
Әулиеге малайды беріпті сол.
Сақадан қаңлы деген тап бөлініп,
Баруға Үрім жеріне тартыпты жол.
Олардың кеткеніне жеті жүз жыл
Артылды біраз одан мұны да біл.
Кез болған кезіп жүріп зор бақытқа,
Қандай бақ берді, қайран, соны есеп қыл.
Қаңлының ханы болған Қия деген, 110. Жаралып ерлік қылып, ел билеген.
Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен,
Ол жерден қайта көшіп жөнеп берген.
Пыраттың дариясына келіп жеткен,
Су тасып, нөсер жауып, асқан шектен.
Қаза келсе алды-артқа қарата ма,
Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен.
Талапты тағдыр оған пәле берген,
Қайратты, ақылы артық, дана берген.
Ертұғыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы, 120. Сол жерде төрт жүз үймен қала берген.
Көшсе де өзге қаңлы көшпей қалған,
Ерлікпен маңындағы елдерді алған.
Аз уақытта бірталай әскер жиып,
Ертұғыл есті батыр деп аталған.
Хан емес, көп әскердің басы болған,
Қартайып сөйтіп жүріп жасы толған.
Орнына Осман деген ұлы отырып,
Тұғырыл тоқсан жаста опат болған.
Осы Осман көп ел алып хан болыпты, 130. Ақылды жұрттан асқан жан болыпты.
Келгенше осы кезге сол аты өшпей,
“Османлы түрік” деген даң болыпты.
Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар,
Өз бауырың ол түрік осыны аңғар.
Қорлықта біз құл болып отырсақ та,
Көп шыққан атамыздан арысландар.
Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан ғой,
Баласы Бату дағы батыр жан ғой.
Сарт, ноғай, қазақ, қалмақ, қырғыз, қыпшақ, 140. Басында бәрі соған қараған ғой.
Орысты алғаш алған Бату өзі,
Мың екі жүз қырық үшінші жылдың кезі.
“Сағымға садақ ілген Сейітқан”, – деп,
Батуға қойылған ат лақап сөзі.
Батумен бір туысқан Тоқай Темір,
Көшпелі ақ орданы сол билеп жүр.
Біздің ел сонда қазақ аталған жоқ,
Сарт, ноғай, өзбек, қалмақ тұқымы бір.
Батудың жұрағаты – Өзбек хан 150. Тұсында болған екен ел мұсылман.
“Дін қалды – Өзбектен” деген мақал,
Қалмайды әлі күнге аузымыздан.
Темірхан – Тоқай Темір жұрағаты,
Орманбет хан дейтұғын лақап аты.
Айнытпай атасының орнын басқан,
Ол дағы бір түріктің асыл заты.
Мың төрт жүз қырық алтыншы жыл келгенінде,
Орманбет қаза жетіп өлгенінде.
Таласып зор хандыққа ұсақ хандар, 160. Быт-шыт қып ноғайлыны төрт бөлгенде.
Астрахан, Қырым, Қазақ даласында,
Болыпты үш бөлек хан таласында.
Билеген бергі шетін Әбілхайыр,
Мың төрт жүз елуінші жыл шамасында.
Осы кез біз “қазақ” деп аталғандық,
Түрікте бір әдет бар ескі заңдық.
Тамызып сүтке қанын қосып ішіп,
“Анда” деп жасайды екен туысқандық.
Туысқан “анда” болмай қарамайды, 170. Жақын деп, қан қосылмай санамайды.
Ішсе де қай румен қанын қосып,
“Бір туған жақыным” деп жағалайды.
Құралған әр рудан қазақ басы,
“Анда” болып қосылған қазандасы.
Ел болып өз еркімен тағы болған,
Деген сөз “қазақтың” мағынасы.
Қазақтың әз Жәнібек ханы болған,
Билеген сыртын ноғай заңы болған.
Арғынның арғы атасы Дайырқожа, 180. Дейтұғын бір әділ би тағы болған.
Ол биді Әбілхайыр жақсы көрген,
“Ақжол” деп оң тізеден орын берген.
Қобыланды да қазақтың батыры еді,
Мәнсапқұмар, күндестікпен сайтанға ерген.
Өлтірген аңдып жүріп Ақжол биді,
Қазаққа осы жұмыс ауыр тиген.
Қысасқа Қобыландыны өлтірем деп,
Жар салып Әз Жәнібек халқын жиған.
Жалынған “үш кісінің құнын ал” деп, 190. Болмаған “керек емес бізге мал” деп.
Бермеген Әбілхайыр Қобыландыны,
Қалған ел мұны өлтірсем бұзылар деп.
Соқтығып, өкпелесіп бұлар көшкен,
Қыпшақты шауып-талап қатты егескен.
Шудағы Шағатайдың нәсілінен,
Қараймыз Тоқай, Темірханға дескен.
Әскерін үшке бөлген әз Жәнібек,
Ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүз деп.
Шағатай тұқымынан Ахмет алаш, 200. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Мың жарым жыл толғанда батыр Сайбақ,
Нәсілін Әмір Темір түгел айдап.
Самархан, Бұхараны тартып алып,
Келіпті Тәшкенге де оттай жайнап.
Соғысқан “Оратөбе” деген жерде,
Ұқсаған адам қаны аққан селге.
“Өзбек өз ағам, сарт садағам” деп,
Болысқан қазақ сонда Сайбақ ерге.
Бұл Сайбақ – Әбілхайыр немересі, 210. Атақты Өзбек ханның шөбересі.
Өлтіріп Алаш ханды Тәшкенді алды,
Үйірін қайта тапты деген осы.
Баласы әз Жәнібек Қасым еді,
Атағы сол соғыста асып еді.
Қасымның қасқа жолын сол шығарып,
Тәшкеннің алтын тағын басып еді.
Қасымның баласы еді Сығай ханың,
Тұрыпты түгел билеп Тәшкен маңын.
Сығайдың баласы еді Тәуекел хан, 220. Айтайын Сарт Тәшкенді қайта алғанын.
Мың бес жүз елу тоғызыншы жылдың кезі,
Тұрсын хан Тәшкенді алып сол биледі.
Төңірекке өзбек атаулы хан боп тұрған,
Бұл Тұрсын Сайбақ ердің тұқымы еді.
Есім хан Тәуекелден туып қалған,
“Есімнің ескі жолы заң” шығарған.
Өлтіріп түн ішінде Тұрсын ханды,
Өзбекті шауып, Тәшкенді қайтып алған.
Мың алты жүз отызыншы жылға таяғанда, 230. Есім хан ескі тағын қайта алғанда.
Айбике, Қоңырбике, Нұрбикені,
Олжа қып алып келген сол барғанда.
Тұрсынды өлтірерде түнде барып,
Есіктен күзетшісін байлап алып,
Есімнің қасындағы бір жыршысы,
Оятқан Тұрсын ханды әнге салып.
Сондай ер бүгін қайда, Иллаһим-ау,
Бұл елдің бүгін хор боп тұрғанын-ау.
Өлеңмен Тұрсын ханды оятқанда, 240. Төлеген жыршысының әні мынау.
– Ей, қатаған, хан Тұрсын,
Хан емессің қатынсың.
Қаза келсе қапылсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалың жеткен батырсың.
Көнбесең де көнерсің,
Иманыңды айт, өлерсің.
Еңселі бойлы ер Есім,
Алғалы тұр жаныңды,
250. Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан татарсың!
Есімнің Салқам, Жәңгір баласы еді,
Ол дағы қалың елдің панасы еді.
Жәңгірдің қалмақ қызы қатынынан –
Әз Тәуке адамзаттың данасы еді.
Қызы еді Ғайыпханның бір қатыны,
Осыдан Уәлибақы туған еді.
Әз Тәуке хан болған соң өкпе қылып,
Кетіпті Үргенішке дейді мұны. 260. Осы еді Абылайдың арғы атасы,
Болмайды бұл сөзімнің еш қатасы.
Абылайдың үш атасы сол жақта өліп,
Хан болған мұнда келіп қара басы.
Бұл жерден Абылайды тоқтатайын,
Қараңдар, жазғанымнан оның жайын.
Басында Күлтөбенің күнде кеңес,
Жол салған Әз Тәукені сөз қылайын.
Ақылы айдын көлдей толып тұрған,
“Қасқа жол”, “ескі жолды” толықтырған. 270. Бекітіп біржолата қазақ жолын,
Жол салып, мінсіз қылып орнықтырған.
Аздан соң жау көбейіп қылған қауіп,
Қазақты тұс-тұсынан әр ел шауып.
Мың алты жүз елу екінші жыл толғанда,
Шетіне Әмудария барған ауып.
Баласы Болат хан боп, Әз Тәуке өлген,
Хан шыққан парсы елден Надыр деген.
Жан-жағын жалмаған соң әлгі Надыр,
Тағы ауып біздің қазақ Сырға келген. 280. Келгені мың жеті жүзінші жыл шамасында,
Қалмақ бар бұрын Сырдың жағасында.
Ары отыр, бері отыр деп талас шығып,
Болыпты талай соғыс арасында.
Қазақтан, қалмақтан да қандар жауған,
Аз емес өлген адам адыр таудан.
Мың жеті жүз жиырма үшінші жылы,
Ел жұтап, онан кейін қазақ ауған.
Арғындар Қаратаудан аса көшкен,
“Ақтабан шұбырынды” осы дескен. 290. Тұсында Абылайдың қалмақты айдап,
Кек алған осы қорлық қалмай естен.
Жазғанмын ендігі істі бұдан бұрын,
Шежіремнен “Еңлік-Кебек” оқы бәрін.
Осыған соны қосып жаттап алсаң,
Білесің арғы атаңның түгел сырын.
Кей жастар бұл қиссаға қарар қырын,
Байқамас сыртын сынап ішкі түрін.
Өлгенін қарт Бөгенбай ханға естіртіп,
Тыңдаңыз Үмбетайдың айтқан жырын.
Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетбай ақынның Абылайға естіртуі:
300. – Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?!
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай.
Сөзімді қойма тыңдамай,
Талай істер басыңнан,
Өтіп еді-ау жасыңнан.
Қиын, қызық, әрбір жай,
Жас күніңде Абылай,
Үргенішті жерім деп, 310. Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулап.
Төле биді тапқанда,
Күнде түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошынбай,
Еш малшыға қосылмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа.
Қол-аяғың төрт жаққа
Жатушы едің сол шақта, 320. Ұмыттың ба мұны, Абылай?!
Жиырма жасқа толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,
Алғашқы бақыт тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда.
Қанжығаңа бас байлап,
“Жау қашты” деп айғайлап,
“Алла жар!” деп шапқанда,
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Сол ерлікпен хан болдың, 330. Ғаламнан асқан жан болдың –
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Іздеп сені ар-бері,
Қапыда ұстап алғанда,
Алып барып Тәшкенде,
Көр зынданға салғанда.
Елің қараң қалғанда,
Тоқсан жақсы үш жүзден
Сені сұрай барғанда.
Өлтірем деп Қалден хан. 340. Орайына Шарыштың.
Сөзіне қарсы сөз айтып,
Жауаптастың, қарыстың.
Қапияда тұтылдың,
Қалмаққа бітеу жұтылдың.
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың –
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Әруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан, 350. Қашпаған қандай ұрыстан,
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Абылай, сенің тұсыңда,
Сол бесеуі болыпты-ай.
Кейде батыр, кейде би,
Алла берген сондай сый, 360. Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Батыр ханға сай болды,
Елің жалпақ бай болды.
Қыс қыстауың тау болды,
Жаз жайлауың көл болды.
Салқын сауыр бел болды,
Белге лайық ел болды.
Сарыарқа деп таңданып,
Өзге жұрт аңсар жай болды.
Айтқан сөзің ем болды, 370. Жолыңды теріс демеді,
Қай бақыттың емі еді.
Ел қорғаны көп еді,
Қалып па едің батыр таба алмай?
Жауыңның қанын ағызған,
Аузынан балын тамызған,
Би менен батыр аз болып,
Тасырқап па едің шаба алмай?
Анау бір жылы аттанған,
Әскербасы болғанда, 380. Басыңа опа қылғанда.
Ол хабарды ел біліп,
Көп батырмен жол жүріп,
Көзіңнің жасын көл қылып,
Қырылған әскербасының
Басына барып тұрғанда,
Ақбоз атты шалғанда,
Мойныңа кісен салғанда.
Бабай Түкті Шашты Әзіз
Содан бата алғанда. 390. Тілегің қабыл болғанын,
Басыңа бақыт қонғанын,
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Ұлы сәске болғанда,
Жасаған Ием жол беріп,
Жол бергенде мол беріп.
Қырғызды Алла қақ бөліп,
Садыр бала бітем деп,
Әтекең соғыс күтем деп.
Бірі көнбей біріне, 400. Садыр кетті бөлініп.
Соғысудан түңіліп,
Әтеке сынды жырықтың,
Қабырғасы сөгіліп,
Шапқанда батыр төгіліп,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сарыбай мен Сағымбай,
Қырмап па еді жауыңды-ай,
Қуантпап па еді қауымды-ай?! 410. Дүние кезек ол былай,
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
Қаласың ал сен, ақ Абылай,
Артыңдағы балаңа,
Табылар батыр тағыда-ай.
Арғында бар жас жігіт –
Жәуке менен Ағыбай.
Қасымның тағы ұлына
Жолдас болар Шаянбай.
Сондай ерлер көп тусын, 420. Деп тілей бер Алладан.
Орта жүзде қатын көп,
Туатын кейін батыр көп,
Елестер көзге сағымдай.
Ей, Абылай, Абылай,
Сөз тыңдаңыз тағы да-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Жасыңнан бірге сырласың.
Сексеннен аса бергенде,
Қайрылмас қаза келгенде, 430. Батырың өтті-ау Бөгенбай!
Иманын айтып өлерде-ай,
Иекке жаны келерде-ай.
“Сәлем айт!” – деді үш жүзге,
Кеттім деп сізді көре алмай”.
Батырды қолдан өткіздім,
Сәлемін, міне, жеткіздім,
Жыламай тыңда, Абылай!
Қазаға жақсы қас қарар,
Ойбайлап ақымақ бассалар. 440. Көріспей айтты демеңіз,
Осы келген біздің жай.
Көздің жасын тия көр,
Жақсылық бата қыла көр.
Тағы да талай бақ берсін,
Балаңа алтын тақ берсін.
Бөгенбайдай жас берсін,
Өлшеусіз мал мен бас берсін!
Бөгенбай сынды батырдың,
Береке берсін артына,
Сабыр берсін халқына!
Жаратқан Алла жар болып,
452. Бейістен нұры шалқығай!
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Бастайын шежірені әл-мисақтан,
Азайып бара жатыр атаны ұққан.
Тарихын ежелгі елдің баяндайын,
Жарамас жазбай жүріп босқа ұмытқан.
Өлең-жыр өркен жайған мол мұрамен,
Шығайын, шарықтайын жол-жорамен.
Шертейін қазағымның шежіресін,
Ән қосып, әуендетіп домбырамен.
Өтсе де сансыз ғасыр атам заман, 10. Мұрасын жалғап келген ата-бабам.
Адам, Ыдырыс, Нұх былай тұрсын,
Бастайын даңқы кеткен Сақ бабадан.
Баласы Сақ бабаның мол-ақ екен,
Олар да дүниеге қонақ екен.
Шығыс пен батыс өңірін түгел кезіп,
Жүрген жер, басқан ізі жол-ақ екен.
Ескі жұрт, үйген оба, таңбалы тас,
Айтып тұр ата өмірін мәңгі айнымас.
Сақ, Қайсақ, Жасго деп ат қалдырған, 20. Бүгінгі қазақ деген атқа ұйқас.
Сол Сақтың ұрқы ұласқан бірден-бірге,
Орхұн, Алтай, Әмур, Сыр, тепкен ірге.
“Шала молда дін бұзып” арабқа еріп,
Шежірені бейімдеген ислам дінге.
Сақ ұрқын ол “сахаба” деп өзгерткен,
Жасго-ғакаша боп ол бізге жеткен.
Басында шежіренің бұл шынды айтып,
Болмас-ты құтылмасақ зіл міндеттен.
Бабасы ғакашаның Әнес дейді, 30. Олар да сақ ұрқымен таныс дейді.
Көші-қон, мал бағуды кәсіп етіп,
Жүргені шығыс, кейде батыс дейді.
Әкесі Ғакасаның Мәлік болар,
Айтқаны ғұламалардың анық болар.
Ұрпағын жастайынан тәрбиелеп,
Өзінің кәсібіне салыпты олар.
Бір ұрқы Ғакашаның Жәбел екен,
Жәбелдің бел баласы Мағаз екен.
Ақшолпан немере ұлы дана болып, 40. Жасынан ата жолмен жүрген бекем.
Аламан Ақшолпанның баласы екен,
Көп нәрсе шежіреде талас екен.
Хайуанды қолға үйретіп түлік қылған,
Аламан мен баласы Алаш екен.
Алаштан ағайынды төртеу болған,
Құйылған қазына мал оң мен солдан.
Өзбек, Сүфианмен аға-інілі –
Туыпты үлкен ұлы Әбілқаннан.
Өзбек әйел алып ұйғырлардан, 50. Тәшкен-Самарқаннан орын алған.
Сүфианның ұрқымен жақын жүріп,
Кейде тау, кейде ойды мекен қылған.
Алаштың екінші ұлы Жайылқаннан,
Түрікпен сегіз арыс ол тараған.
Үшінші ұл Мейілқаннан Ноғай жалғыз,
Мекендеп Кавказ жаққа қоныстанған.
Алаштың ең кенжесі Сейілқан-ды,
Шындықтан туылады сөздің мәні.
Одан туған Қурайдан Қырғыз болып, 60. Мекендеп Енесайға баққан малды.
Бәрі аталып алаштың азаматы,
Таралып кең дүниеге шыққан даңқы.
Түрікпен, қырғыз, ноғай боп кетсе де,
Бәрінен тең көрінген түрік салты.
Шежіре шерткен сайын түптен қозғап,
Шығады арт-артынан өлең қоздап.
Атамыз Сүфианның бел баласы,
Дейді екен ағайынды: Қазақ-Созақ.
Созақтан – Айырқалпақ, Қарақалпақ, 70. Ұрпағы көшпелі боп жүрген тарқап.
Туыс бір, жүріс жақын болса дағы,
Өздерін “қос қалпақ” деп кеткен атап.
Үш арыс, үш ел болып – қазақ ұрқы,
Үш жүзді қоныс еткен бүкіл жұрты.
Бас тілеп, бақыт тілеп, өмір тілеп,
Қол жайған ұрпағына берген кілтті.
Ақарыс үлкен ұл бір ұлыс болған,
Мекендеп ұлы жүзде қоныс алған.
Бекарыс орта жүзді басқарумен, 80. Ел билеп өз алдына жол ұстанған.
Жанарыс – ең кішісі Кенжеқара,
Ақылды, шешен болған сөзге дана.
Бай болып, бақыт қонып, өсіп-өніп,
Басқарып кіші жүзді жүрген дара.
Татымды жүйесі бар бағалы істің,
Қасынан жақсы үзілмес ағалы істің.
Бақтияр, Жақсылық деп екі ұл туған,
Атамыз ұлысы болған Ақарыстың.
Мән-жайды білмек болсаң Жақсылықтан, 90. Жаугершіл жастайынан мықты шыққан.
Әйелі ноғай қызы таңдап алған,
Үйіне келісімен жүкті болған.
Жақсылық жорық жасап атқа қонған,
Жорықта жау оғынан қаза болған.
Әйелі төркініне барып туып,
Баланың “Шалақазақ” атын қойған.
Бір ұлы Бақтиярдың Үйсін деген,
Кейбіреу айтқан сөзді түйсінбеген.
Ата жөн айтып, нақтап берсе мақтап, 100. Қазақта кім қалады сүйсінбеген?!
Үйсіннің бел баласы Кейкі мерген,
Тиеді атқан оғы қойған жерден.
Кейкіден Топай туған ұрпақты боп,
Сарыарқа, Балқаш көлін мекендеген.
Топайдан Майқы, Қоғам, Қойлер туған,
Мыңғырып малы өрген ой мен қырдан.
Қоғамнан Шанышқылы, Қаңлы туып,
Кейіндеп ұрпағы өсіп көңілі толған.
Майқыдан Абақ, Тарақ екеу болған, 110. Қойлерден Жалайыр мен Алан туған.
Қойлер өзі өлген соң балалары,
Тарақтың қолында өсіп ол талпынған.
Ақбарақ, Қарабарақ, Қызылбарақ –
Үш қаңлы Тамғалымен төрт боп тарап.
Бірлесіп аландар мен жалайырға,
Үлкейген Жырманақ пен Шырманақты ап.
Сонымен қаңлы бас боп хандық еткен,
Көп жерде басқаруға алып жеткен.
Шығыстан хұндар келіп соғыс жасап, 120. Хандықтың ордаларын шағып кеткен.
Қаңлылар содан бастап еңістеген,
Көп уақыт туысымен көріспеген.
Әр ру өздерінің күнін көріп,
Хандыққа ұмтылмаған, шекіспеген.
Абақтан Байсақал бір – жалғыз екен,
Жансақал одан туған Бәйдібек пен.
Жансақалдан Шапырашты, Ошақты, Ысты,
Туылып тілеуіне қолы жеткен.
Бәйдібек бәйбішесі Сара ападан, 130. Әу баста ағайынды тоғыз туған.
Сегізі бір сүзектен қаза тауып,
Ең кіші – Сары үйсіні аман қалған.
Шығарып Сара шешей көп өнерді,
Екі әйел Сарыүйсінге алып берді.
Бәйбішеден Байтоқты, Жақыпқан боп,
Тоқалы Тоқарысты көтереді.
Домалақ – Бәйдібектің кіші әйелі,
Кемтарлау адам екен әулиелі.
Бұл ана қасиетімен тоңды ерітіп, 140. Өзіне сиындырған күпірліні.
Баласы Домалақтың Жарықшақтан:
Үш ұл бар Дулат пенен Албан, Суан.
Ерекше Күнбүбі атты бір қызы боп,
Ол кейін рулы елді Қызай болған.
Дулаттан Ботбай, Сиқым, Шымыр деген,
Байтүгел, Мықтымменен дүрілдеген.
Қанбағыс, Досбағыстай жеті суан,
Қосылып осы арада түгелденген.
Албаннан екі ұл екен Шыбыл, Сары, 150. Шешілмес бұларды айтпай сөздің мәні.
Қоңырбөрік, Құртқа мен Қызылбөрік,
Мамаймен «төрт шыбыл» боп кірген сәні.
Қоңырбөрік туды Жарман, Қалқаманды,
Қарақұл, Сарқұл, Кешкіл, Таз, Шақаны.
Жарманның бұл бес ұлын қосып алып,
Мықты ауыл болған екен Арқадағы.
Қызылбөрік дәулетті бардам адам,
Байлықпен екі қатын алған адам.
Екеуінен туылған төрт баланы, 160. Керейқұл, Сақау тағы дейді Аламан.
Төртінші ұл айта кетсек, Жоламанды,
Байытқан қасына еріп жолағанды.
Шыбылдың тұқымы боп “екі бөрік”,
Көбейіп иеленен мол араны.
Сүйерқұл, Шығын, Шажа, Жарты бәрі –
Қожбанбет, Өтей, Шоған, Досаналы,
Ағым, Сағым, Тілеу мен Елтоқ, Қасым,
Нұржау, Сексен туыстас – түгел сары.
Қасым алған әйелі төртке жеткен, 170. Төртеуінен төрт ұл теңдес өскен.
Бірігіп Ағым, Сағым тұқымымен,
Бесшал болып есеге қолы жеткен.
Тілеуден: Қалдау, Тұрсын, Батырша да,
Қосқұлақ, Қалқан, Есен, Малай, Шора.
Қосылса Сырдақ, Қаржау, Әлжан, Бұқар,
Барлығы көп рулы ел ғой дана.
Ботбайдан Азат, Мәзет, Таңатары,
Төрт Жамбы, Сұлтанкелді, Сегізсары.
Шімтіден Айт пен Бозым айтылмаса, 180. Татымайды сөйлеген сөздің дәмі.
Дуана, Шиыр, Жанбай, Кенбабадай,
Мамадайыр, Сүйіндік, Жиде, Бағай,
Бикелді, Қалибек пен Долай, Қауес,
Таубұзар, бір шешеден Шүйке, Абылай.
Барлығы Қалибек, Айт, Таубұзардан,
Болады деп айтамын мен осылай.
Сүйіндік айта кетсек оны біраз,
Ат қойған жалғыз ұлға Құдайнияз.
Қойсоймас, Аман, Шора немересі, 190. Атаның әруағына болады мәз.
Баласы Қойсоймастың Сайым бөлек,
Бозымнан Шобал, Сары, Жаншық ерек.
Жаншықтан Әлмерек, Таз, Тайлақ, Олжай,
Аққыстық, Қарақыстық болса керек.
Таздан туған түп-түгел тоғыз бала,
Әлмеректен Жәнібек, Құрман, Баба.
Елтай, Жабық, батыры Жұмық та бар,
Жеті, Тоғыз аз емес ойлағанда.
Жәнібек өз кезінде батыр болған, 200. Райымбек, ер Қойлыбай одан да озған.
Байсейіт, Бексейіт пен Көшен, Қоңыр,
Жерді қойып аспанға қолын созған.
Бабаның Байғұл, Құтым, Төлебайы,
Қосса әкеп Қожақұл мен Қожабайды.
Барлыбай, Дәуіт, Бөкен, Қожансандар,
Жарасқан туыстас боп көңілі жайлы.
Құрманнан Мәмбет, Үмбет және Қара,
Мәмбеттен Елемес пен Орман ғана.
Үмбеттен Елікбай мен Жидебай боп, 210. Қарадан төрт ұл туған болмай ала.
Елікбайдан Шақаман, Мүстек, Босай,
Шақантай, Назар, Тәукен және Досай.
Орынтай, Еншай мен Малыбай боп,
Албанда асқан емес Құрманнан бай.
Тұқымы Ақарыстың мол-ақ екен,
Адамзат бұл жаһанға қонақ екен.
Көп жерін көнекөзден сұрастырып,
Білгенім ұлы жүзден сол-ақ екен.
Қазақтың Жанарысы үшінші ұлы, 220. Бұл жайлы жұрттың айқын түсінігі.
Алшын, жаппас, жетіру бастауымен,
Бұл ұлыстың мекені – кіші жүзі.
Шөмекей, адай, әлім, жағалбайлы,
Айтпай болмас бәсентиін, тамаларды.
Барлығы жиырма бес таңбалы боп,
Алшын да бас көтеріп, ағалады.
Кіші жүз ұрқын өстіп шамаладық,
Таратуға соңғысын таба алмадық.
Бір абыз қалай барған кіші жүзге, 230. Азырақ осы жайлы аялдайық.
Ертеде Шам мен Бағдат қаласынан,
Қалыпты Мәмбет жетім анасынан.
Ол шығып алыс жолмен Шоғанға кеп,
Қоныпты Абызбайға жаны ашыған.
Абызбай баласы жоқ мұны көріп,
Талай күн қонақ қыпты көңілденіп.
Ақыры бұл баланы бағып апты,
Өзінің баласындай көңіл бөліп.
Мәмбетті бала қып ол әкеледі, 240. Өсіріп қорғаштады, мәпеледі.
Ер жеткізіп толымы толған шақта,
Таңдаған бір сұлуды әпереді.
Мәмбет оқып молдадан сабақ алып,
Білімді имам болды жұртқа жағып.
Абыз қартың бөленіп қуанышқа,
Өз әйелі жүкті боп алды ұл тауып.
Аяғы жаққан сайын ол Мәмбетті,
Жарылып ақ жүректен қамын жепті.
Ақыры билік алып жетім Мәмбет, 250. Көп руды басқарыпты әділетті.
Ауылын, ата-анасын ала келген,
Құдайым Абыз қартқа бала берген.
Қос ұлы Жанарыстың тұқымы боп,
Қазақ боп кіші жүзде қала берген.
Сырымбет, Аламанға ой жіберсек,
Тұқымы сол Мәмбеттің елге ерген.
Қиғылық, Шағыр, Бәйіт ұрпақтары,
Абызға ат қалдырған «дана» деген.
Сырымбеттен Қалкелді болғанымен, 260. Төрт ұл туды тағы одан толғамы кең.
Аламаннан Майбасар, Бұршақ, Қаржан,
Мырзағұл, Әлжан екен Тойынымен.
Туылған Шажа жалғыз бір әкеден,
Әкесі екі әйелді тең әперген.
Жәнібек, Қалматай мен Қабікеге,
Қосамыз Жалақты да бір шетінен.
Тараған ұрпағы мол Абыз ерді,
Ерекше құрметтеген Алшын елі.
Осымен кіші жүз де ақырласты, 270. Көпшілік толықтар кем қалған жерді.
Шынында қиын екен түгел жазу,
Іргесі алыс жүрген қалың елді.
Сабақтан өткен істен айтып елес,
Ойласақ ақыл-ойдан артық емес.
Шертуге шежіресін орта жүздің,
Көзқарақ үлкендерден алдық кеңес.
Бекарыстан алты арыс ұлдар туған,
Бай-манап, әнші-күйші, батыр-балуан.
Қоңырат, қыпшақ, уақ, керей және, 280. Әлемге аты шыққан арғын, найман.
Арғынның сегіз ұлы – сегіз сері,
Дыр-думан, таң-тамаша жүрген жері.
Ошағы өлең-жырдың қазағымның,
Тобықты туды Абайдай асқар белді.
Бесеу бар қоңыраттан өзім білген,
Артақай, мартақай мен жанбол, жирен.
Кенжесі Сартақай тағы да бар,
Бытырап қоныстанған әрбір жерден.
Әйгілі бір атамыз қыпшақ ауылы, 290. Аталған өсіп-өніп тоқсан баулы.
Албанда айтқа сіңіп бір руы,
Өмірбай, қоңырбай боп кеткен жөні.
Туылып бір шешеден керей, уақ,
Жауынгер батыр шыққан мініп пырақ.
Керейді “ашамайлы”, “абақ” дейді,
Өркен жайып аталған он екі абақ.
Жантекей, жәдік, молқы мен қарақас,
Көнсадақ, Шеруші бірі сарбас.
Ителі, шыбарайғыр, жастабанмен, 300. Меркіті, құлтайболат және аралас.
Мекендеп он екі абақ Алтайды алған,
“Алтайдай жер қайда?” деп әнге салған.
Малына мал қосылып, басына бас,
Керейді келістіріп Қызыр шалған.
Керейде Ашамайлы ерке болған,
Жар болған нағашысы ертеде оған.
Жетелеп ашамаймен жүргендіктен,
“Ашамайлы керей” боп ол аталған.
Одан туған балғалы, балталы да, 310. Найзалы, сибаң және сидалы да.
Ашамайлы керейден бесеу туып,
Бірге өскен қарап жердің ыңғайына.
Келейін енді аяңдап найманыма,
Кілегей бұзылмаған қаймағыма.
Мыңғырған төрт түлігін былай қойып,
Түйенің сан жетпейді тайлағына.
Қытай би Найманбайдың жалғыз ұлы,
Үш жүзге төбе би боп жеткен қолы.
Кемел жасқа толысып болған кезде 320. Түгеген ажал жетіп дәмі-тұзы.
Найманбай жалғыз ұлдан айырылады,
Темірдей отқа салған майрылады.
Жығылғанға жұдырық қос тигендей,
Кемпірі құсада өліп зар қылады.
Бала жоқ, жесір болып келін қалды,
Басқарды ол ие болып қалың малды.
Сүйеніп дәулетіне ерге тимей,
Бағуға бекінеді Найман шалды.
Атасын адал келін бағып-қарап, 330. Өмірлік балаңмын деп қойып талап.
Тимейді әмеңгерге ерегесіп,
Тұрса да сегіз арғын жауша талап.
Жас әйел қорлық көріп туыстардан,
Найза ұстап ер орнында ұрыс салған:
“Сегіз арғын, сен бүгін күш көрсетсең,
Мен де ертең боламын тоғыз найман”.
Деп қана барымтасын қайтты алып,
Найман да қатуланды қатты налып.
Сөйлесіп мал күшімен құдалыққа, 340. Әперді найманға жас қатын алып.
Ол әйел бір жыл өтіп ұлды болды,
Найман бай қасіреттің бәрін жойды.
“Шүкір” қып тойын жасап, ат шаптырып,
Баланың “Шүкірші” деп атын қойды.
Шүкірші жігіт болып ержетеді,
Жетіліп әр нәрсеге зерде етеді.
Осы деп әмеңгерім жесір келін,
Қосылып Шүкіршімен некеленді.
Туды одан арыстай алты ұл бала: 350. Төлегетай, Саржомарт, Терістаңба.
Көкжарлы Тура менен Ергенекті,
Бірінен-бірі өткен болды дана.
Шекті екен адам өмірі санамалы,
Кәртейді жесір жеңгей бағанағы.
Шүкірші тоқал алып, үш ұл көрді,
Қожанбет, Жарболды мен Бағаналы.
Келін мен қабыл болып ата арманы,
Бай болды, басты болды қатардағы.
Ер жетіп тоғыз ұлы Шүкіршінің, 360. Ақыры ол «тоғыз найман» аталады.
Тай сойған қалжасына Найман атай,
Үлкені Шүкіршінің Төлегетай.
О дағы төрт ұлды боп өркен жайған
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
“Төр ұлды Төлегетай” деп аталған,
Мекендеп Жетісуда Садыр қалған.
Ұрпағы Дөртуылдың бәрінде бар,
Табылар іздегенге әр рудан.
Атаның Қаракерей батырынан, 370. Ерторы, Байторы екі ұл туған.
Ерторыдан Байысбай жалғыз болып,
Одан Сұртай, Сыбан мен Мұрын қалған.
Екінші ұлы атақты Байторыдан,
Байсиық бастабында жалғыз болған.
Жанқұлы, Жаңбыр, Төбен, Қарамолда,
Бес ұлды Меңлібаймен берген оған.
Матайдан Келімбет пен Кенже екен,
Аталық болыпты ақыл сөзге бекем.
Кенжеден Есенкелді, Теке туып, 380. Бір үлкен рулы ел боп өскен екен.
Туылған Келімбеттен – Жолдас, Қияс,
Қиғаштап сөйлемесе көңілі тынбас.
Қаптағайлап, көп сөйлей бергеннен соң,
“Қаптағай” аты қапты болып мирас.
Үлкені Аталықтың Құттыболат,
Ауылынан үзілмеген құтты қонақ.
Би болып Тәттіболат ел сұраса,
Бай болып пысық шыққан Сүттіболат.
Баласы Құттыболат – Құтым, Шағыр, 390. Тетелес тең ержеткен аға-бауыр.
Құтымнан Шеруші мен Шеру туып,
Бақ-дәулет оларға да берген Тәңір.
Қаламды жүйрік қола алып,
Көп істерге толғанып,
Құрап-сұрап ата-жөнін,
Жаздым шежіре ойланып.
Жақсылар білер әр істі,
Парық етіп жақын-алысты.
Келтіріп тақпақ жырменен, 400. Сөйлейік өткен бар істі.
Шағырдың алған әйелі –
Бәйдібек қызы баяғы.
Қазағым түгел таниды
Қасиетті Қызай ананы.
Алғашқы аты Күнбике,
Күнбүбі деп те аталған.
Ақыл мен нұры бірдей кеп,
Шоқтығы озған қатардан.
Қарындас болып Албанға-ай, 410. Тең келмес пенде жалғанда-ай,
“Бәйдібек байдың қызы-ай” деп,
Көрген жан қалған арманда-ай.
Қалдырған тарих артына,
Ұқсаған бейне алтынға.
Ие болып құрметке,
Даңқы шыққан халқына.
Естіліп Қызай дерегі,
Құттыболат іздеп келеді.
Барлыққа сүйеп мансаппен 420. Шағырға алып береді.
Матайдың Шағыр ұлынан
Итемген, Меңіс туылған.
Қайтыс болып Шағыр бай,
Қазасы жетіп қиыннан.
Басы кетіп панамыз,
Жесір қалған анамыз.
Тоқтар дейтін қайнысын
Дейді екен Қойшы ағамыз.
Өзі момын, малсақ жан, 430. Көп істі оймен басқарған.
“Осыған тисем жөн болар”, –
Деп анамыз ойға алған.
Некеленіп қайнына,
Тындым қыпты ірі істі.
“Қойшы ағадан” туыпты,
Бегімбет пен Дербісті.
Бұған Құтым күйігіп,
Іштей тынып жүріпті.
Ұлдарына үйретіп, 440. Сапты сойқан-бүлікті.
Шеруші мен Айтқұрман
Қойшы ағаға қас қылған.
Мылтық оқтап жасырын,
Көмескіде аттырған.
Бұған налып анамыз:
“Күзге жетпе, Айтқұрман,
Күзге жетсең, Айтқұрман,
Жүзге жетпе, Айтқұрман.
Іште кетті екеуім 450. Алты арысқа тола алмай.
Өмірде жүдеп екеуің,
Өтерсің озғын бола алмай”, –
Деп сіленіп-қарғанған,
Қарғыс түбі оңбаған.
Содан бері Айтқұрман,
Шынында жүзге толмаған.
Майдай жұғып алғысы,
Мұздай шор боп қарғысы.
Әулие текті панамыз, 460. Өтіпті солай анамыз.
Білмек болсаң қызайды,
Тарихына қараңыз.
Есіңе алып Құдайды,
Айтылсын дұрыс бағаңыз.
Туыстың жүрсе де ана жаласында,
Бір мін жоқ төрт қызайдың баласында.
Қазаққа аты әйгілі ұлы ана боп,
Халықтың құрметтелген арасында.
Меңістен Тәңірберді, Тілеуберді, 470. Артынан Тілеуқабыл бірге ерді.
Туылып Итемгеннен Айтқұрманы,
Үш ұлдың артына еріп жүре берді.
Атадан Тәңірберді тоғыз ұл бар:
Құттымбет, Құттықадам, Құдайназар.
Жанбай мен Сексен, Тоқсан, Қасаболат,
Тыныбай, кішілері – Нұрбай, Назар.
Арыстай үш ұл туған Құттымбеттен,
Бірінен-бірі қиын болған өктем.
Ол Елдай, Сүйінбай мен Жалманбеттер, 480. Қас, Күнес, Қарасуды мекен еткен.
Елдайдан Бегенбай мен Түгелбайлар,
Өтебай, Құрымбайдай төрт ұл туар.
Жаугершілік заманда Түгелбайы
Қолды болып жоғалған тарихы бар.
Сүйінбайдың ұрпағы өсіп жеткен,
Балалары бас қосып тірлік еткен.
Еселбай, Жаманкесі, Жанжігіті,
Тоғызақ – төрт рулы ел боп кеткен.
Жалманбеттің үш ұлы аға-бауыр, 490. Туыстың артқан жүгі болмас ауыр.
Құрымсары, Еркесары, Мырзасары,
Аттары ұйқасады болып тәуір.
Құдайназар баласы үшеу болды:
Жолымбет, Сұлтанкелді, Есенкелді.
“Үш жетім” ер жеткен соң батыр шығып,
Жеткізген өз кезінде есеге елді.
Жолымбеттен Байбарақ, Малай, Жайсаң,
Баянбай, Арықбай мен кенже Шайзан.
Мекені Нылқы жері – Қаратөбе, 500. Кезігер Күнестен де бара қалсаң.
Аталған Есенкелді ел ағасы,
Он жеті болған оның бел баласы.
Досқана, Қабанбай мен Тілеу, Маман,
Толады Кененбай мен кем тамасы.
Тоқалы Тәттібике туыпты төрт,
Құланбай, ер Қойлыбай, Асау мен Көт.
Әмірсана, Бұланбай, Жайнақ, Долан,
Жаналы, Өмірұзақ, Көлбайға есеп.
Маманнан Тайлақ пен Шаң, Жаманқара, 510. Қойкелді тете туған Ботақанға.
Кененбайдан Тілесбай, Едіге боп,
Қол жетпес жуан ауыл Шағырайға.
Туылған Шағырайдан сегіз бала,
Аталған Тіленші би, ер Мажыра.
Қарайт пен Боқаштары мықты шығып,
Игерген қызай елін қолына ала.
Баласы Едігенің Пайыс, Қармыс,
Ақылбек, Асылбектер елге таныс.
Қармыстың Сарайты бір шешен болып, 520. Қорғаған қызай елін бермей намыс.
Тілесбайдан Өнеке, Нұрбек, Иса,
Қалмырза, Балғабай, Балта, Мұса.
Сламжан болыс болып Қыдыр ұлы,
Сұраған көп руды о да қоса.
Қабанбай он бір ұлды ап қатарына,
Ұран қып ел жиналған атағына.
Жәментік, Есбосынның батырлығын,
Жалғаған Акбар-Сейіт ата мұра.
Тілеукеден Нарт, Базар, Еңкіл, Көшен, 530. Есқожасы болыпты сөзге шешен.
Құлжа маңы – Желіжүз бір мекені,
Одан қалса, Шолақай, Бөлекей кең.
Қонақбайдан Досқана – алты бала,
Сарт, Сәбит, оза шыққан Бәйтік аға.
Итаяқ, Дербісәлі, Торпақ мырза
Темірлік пен Зектіні қылған пана.
Долан мен Қожаберген, Әмірсана,
Туылған үшеуінен төрт ұл бала.
Есенкелді тұқымын ірілетіп, 540. Жеткіздім өз шамамша осы араға.
Кішісі үш жетімнің Сұлтанкелді,
Ұрпағы иелеген ортаңғы елді.
Он ұлдан озып шыққан Итқарасы,
Таңдап ап түйе баққан сортаң жерді.
Естемес ел сұраған, қажы барған,
Еселі екі дүниеге азық алған.
Солтекең екі мыңнан астам үй боп,
Көп малы даңсаға да жазылмаған.
Келді енді Байназарға сөз ыңғайы, 550. Өскен ел Қазымбет пен Қоңырбайы.
Қазымбеттен Атымтай пысық шығып,
Байболат мәнсап алған осы жайлы.
Қараменде, Шопан мен Албай, Жәнібек,
Тұқымы Сексен, Тоқсан барлығы тек.
Қасболат Тыныбаймен аяқтайды
Тұқымы Тәңірберді осыған кеп.
Бегімбеттен Жақсылық, Жарас, Аман,
Тоқай, Таңат батыр боп атақ алған.
Бексейіт, Ақсейіт пен андасы боп, 560. Жеті ұлы тең ер жетіп батаны алған.
Бексейіттің Игілік, Сақауынан,
Аққозы, Байқозылар қатар туған.
Бай болса Мақсұт, Сасан, Қасекесі,
Тергеусіз тәйжи дейтін атақ алған.
Дербістің Есенберді баласынан,
Бақ жанып, төрт ұл туып жолы ашылған.
Бәйбішеден – Жақсыбай, Қошан, Дәуіш,
Тоқалдан Құттыбырай жалғыз туған.
Төрт ұлы Ыбырайдың жұртқа аян, 570. Бөгенбай, Тастемір мен Сады, Баян.
Жатқызып аталыққа ұрпақтарын,
Өр қызай деп жұртшылық еткен баян.
Меңістің белді ұлы Тілеуберді,
Кезінде таңдап алған екі әйелді.
Жаңғабыл бәйбішеден жалғыз болып,
Тоқалдан көрді Оразай, Есенқұлды.
Есенқұлдан Ескене, Келімбайы,
Тоқай мен Асан, Ақай, Бурабайы,
Ұстанып ата жолын алты Есенқұл, 580. Пейілді, берекелі болған жайы.
Оразай, сөз қозғасақ, бір атадан,
Жанмырза, Бірназар мен Ізбасардан.
Айтамыз бірге туған осы үш ұлды,
Бірлесіп қоныс тепкен бір қатардан.
Жанмырза алған екен бес әйелді,
Темірден туған ұл көп болып белді.
Шешенің атыменен “темір” болып,
Қорғаған шекарада қалың елді.
Сеңкібай, Байыс, Жолдай, Сатыбайы, 590. Қосылса кербез кенже Сарыбайы.
Ортадан Мүсәпір мен Тайжан келіп,
“Қаракөз” боламыз деп ақырайды.
Алты ұл бар үш әйелден және қалған,
Шықпай ма айтылмаса сөзден жалған.
Еспенбет, Өмір, Жанбек, Қалымбаймен,
Ілені тыйған Назар, Ұлан палуан.
Көп ойлап, көз жіберіп жан-жағыма,
Келемін ұлы бабам Жанғабылға.
Туылған төрт ұлы бар екі әйелден, 600. Жарылқап, Жолболды мен Торғай, Қара.
Торғайдан Көрпеш, Қошқар, Шотбас, Таймас,
Малы өскен алты Аманбай жерге сыймас.
Қосбармақ, Ақмұрт, Итес, Тоқпанбетпен
Дейді екен тоғыз торғай сырлас-мұңдас.
Жарылқаптан Қожағұл, Мөңке, Нияз,
Қожағұл кіндіктісі, басқасы аз.
Есіркеп Қара ұрқын қосып алып,
“Қожағұл – Қара” атанып болған-ды мәз.
Кетейік енді атап Жолболдыны, 610. Болыпты оның дағы тоғыз ұлы.
Маралбай, Онбай, Бесбай, Қожаназар,
Танылған бүкіл елге мол қолдығы.
Шанту би жалаңтөстен болыс болып,
Көшіпті Текесті өрлеп қоныс шолып.
Қараша, Қоқаш, Сармық, Қарамықтар,
Алыпты Ақаязды қоныс қылып.
Иелеп Қожаназар Бақалықты,
Еншілеп інілерін бата қыпты.
Өзінен он ұл туып өркен жайып,
Текесте бай Қожакең атаныпты.
Қазағым қарғабаулы туысың мол,
Табылар өн бойыңнан жора мен жол.
Меймандос, көл көңілді, кең дастарқан
Өзіңдей халық қайда пейілі мол?!
Ақтардым тарихыңды ата көріп,
Не жүйрік, небір шешен атаға еріп.
Көп ауыз, көреген жұрт кем-кетігін, 628. Ұстаз боп кемелдендір ақыл беріп.
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖЫР
Білемін атам қазақ ел екенін,
Ұқпаймын қайдан келген ара жігін.
Атадан анық тарих қалмаған соң,
Айтуға аузым бармас арғы тегін.
Әйтсе де естуімді болдым жазбақ,
Әркімнен сұрастырып ұқтым аздап.
Мұхаммед пайғамбардың заманында,
Дейтұғын Сағбала атты бопты адамзат.
Ұлты сол Сағбаланың түрік екен, 10. Арабтан әйел алған ілік екен.
Жазылып сахабаның тізіміне,
Сол кезде мұсылманның дінінде екен.
Сағбала адам екен малдан жарлы,
Адамның малдан жарлы, күні зарлы.
Бата алып, байымақтың мақсатымен,
Бір күні Пайғамбарды іздеп барды.
Келді де Пайғамбарға құзыр қылды,
Алдында сәлем беріп қарап тұрды.
– Иә, тақсыр, мен пақырға дұға қыл, – деп,
20. Мал тілеп көңіліндегі айтты сырды.
Пайғамбар дұға қылды тілеп Хақтан,
Расулдың дұғасында болмас мақтан.
Сонымен Сағбала байып кетті,
Бақ беріп, дәулет қонып әрбір жақтан.
Сағбала Мәдинеден көшті қырға,
Қорасы толғаннан соң қалың малға.
Алланың Құранында айтып еді,
Беруге зекет парыз мүмін құлға.
Зекетке Сағбаланың жетті күші, 30. Малына зекет бермек – Хақтың ісі.
“Зекет алып Сағбаладан келіңдер” деп,
Мұхаммед жіберіпті біраз кісі.
Бұлар кеп Сағбалаға айтты жайын:
– Бақ-дәулет сізге берді бір Құдайым.
Қиямет, мақшар күні зекетіңіз,
Иншалла, алдыңыздан тұрар дайын.
Сағбала білдірмепті малдың санын,
Жемейді сараң адам тәуір малын.
Ақсақ-тоқсақ, соқырдың бәрін жинап, 40. Беріпті хайуанның шыбын жанын.
Ренжіп зекетшілер қайтып келді,
Жағдайды Пайғамбарға айтып келді.
Мұндай іс дін жолына өте қайшы,
Сондықтан Расул Алла теріс көрді.
Шақырып Сағбаланы етті бұйрық,
Расулдың жарлығына мың сан құлдық.
– Мәдина шаһарынан ауаша кет,
Қарап та тұрма, – деді, – мәңгі жылдық.
Сағбала содан бастап кеткен екен,
50. Ұлы түрік жеріне жеткен екен.
Ерікті болып елінде және тұрмай,
Дүниеден шеттеп жүріп өткен екен.
Көп заман зар болыпты бала тумай,
Қайтеді нәпсі, шіркін, дүние қумай.
Осындай жағдайменен жүргенінде,
Бір бала туған екен аты Қурай.
Қурайдан Аламанды туды жалқы,
Келеді осылардан қазақ халқы.
Беруге қайыр-зекет сараңдық қып, 60. Көшпенділік болыпты қазақ салты.
Ержетті Алаш туып Аламаннан,
Дүние кетіп жатыр талай жаннан.
Өсіріп бірден-бірге ұрық жалғап,
Жаратты адам қылып Қадір Маннан.
Алаштан туған екен Өзбек, Шипан,
Түбінде қор болмайды нәпсі тыйған.
Сондықтан Өзбекті “өз ағам” деп,
Қазақта мақал болып сөзге сыйған.
Шипаннан туған екен екі бала, 70. Жаратты егіз етіп Хақ Тағала.
Сүлейхан, Жайылхан деп ат қойыпты,
Бірі інісі болғанда, бірі – аға.
Туыпты Сүлейханнан түрікпендер,
Болар ма ұрпақты ерде қайғы мен шер.
Қазақтың осы күнгі мақалында,
Сондықтан “түрікпеннің түбі бір” дер.
Туыпты Жайылханнан Қазақ, Созақ,
Екі ұлды Жайылханнан беріпті Хақ.
Қазіргі қазақ деген біз боламыз, 80. Созақтан туған екен Қарақалпақ.
Қазақтың болған екен үш баласы,
Емшектес үшеуінің бір анасы.
Үш жүзге осы арадан бөлінеді,
Шығады бұл туралы сөз таласы.
Біреуі айтады: “үшеуі – үш жүз кісі”,
Түрлі-түрлі айтады қазақ іші.
“Оннан-мұннан құралған қашқын” дейді,
Миға салсақ тура емес дәл мұнысы.
Бұл жөнінде мен пікір айтамын ал, 90. Дұп-дұрыс деуге тағы жетпейді хал.
Алман алу сияқты жұмыстарда,
Қай күнде жүзге бөлу қазақта бар.
“Үш жүз” деген осылай болу керек,
Оқиға жоқ-ақ шығар бұдан бөлек.
Көп кісіден туысуға мүмкін бе екен,
Миға салып ойлаңдар әрбір зерек.
Қазақтың үш ұлына қайтып келем,
Атын атап баяндап айтып берем.
Осы сөзді ұғуға талпынғанда, 100. Салыңдар ойлап бәрін миға терең.
Ақарыс пен Бекарыс һәм Жанарыс,
Тарих жазбақ жігітке ұлы жарыс.
Бір анадан айқасып емшек емсе,
Үш арыстың арасы бола ма алыс.
Жалайыр Үйсін менен Ақарыстан,
Ат арықтан өледі, ер намыстан.
“Үш жүз” деп ат қойыпты осы үш елге,
Осылай өсіп-өніп қыз алысқан.
Жанарыстан туыпты Жаппас, Алшын, 110. Осылайша тараттым қазақ халқын.
“Кіші жүз” деп осыны айтар қазақ,
Атамыз атап кеткен ұрпақ атын.
Бекарыстан тарапты көп жамағат,
Алты ұл туып атаның көңілі шат.
“Орта жүз” деп осыны айтар қазақ,
Бір адамнан таралған осынша зат.
Бәйбішеден туыпты Арғын, Найман,
Аға аты бар қазақтың бірталайдан.
Ортаншыдан Қоңырат пен Қыпшақ туып, 120. Құдайым Бекарысты еткен қайран.
Тоқалынан туыпты Керей, Уақ,
Арысты ала сөйлеп беріпті бақ.
Қазақтың осы күнгі мәтелінде
“Алты арыс, төрт төңірек” деген атақ.
Алты арыс төрт төңірек үйсінменен,
Арғын, Жаппас келеді қисынымен.
Бекарыстың баласы алты арыс деп,
Үйлестіріп айтады мұны бірден.
Әркімнің өз атасы өзіне аян, 130. Осылайша білгенді еттім баян.
Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ,
Болады таратуым тығыз-таяң.
Найманда болған екен бір жалғыз ұл,
Шыбартай атын айтсам болады бұл.
Жаңа алған келіншегі жесір қалып,
Дүниеден қайтыс бопты үйленген жыл.
Найман шал тоқсан беске келген шағы,
Кәртейіп халі бітіп, түскен жағы.
Айрылып ұлғайғанда жалғызынан, 140. Амалсыз Алла ісіне сынған сағы.
Зар қылмас қандай жанды мына дүние,
Пақырлық жетім-жесір түсті күйге.
Ергенек төркінінен еріп келген,
Сонымен үш-ақ адам бір-ақ үйде.
Есті анам тілейді екен адал ұрпақ,
Жастықпен еткен емес ешбір бұлтақ.
Барды жоқ, жоқты бар қып жатқан жоқ па,
Ісіне Құдіреттің қарап тұрсақ.
Сынапты кәрі атасын дәретінен, 150. Танбапты қамқор бабам әлі есінен.
Ел болдық найман деген ұшан-теңіз,
Тіленген Есті анамның дәмесінен.
Қызына бір адамның құда бопты,
Басынан кешіріпті бар мен жоқты.
Келгенде тоқсан алты дәл жасына,
Жас қызды кәрі бабаң алып соқты.
Кәрі атаң жатқан екен төсек салып,
Жас қызды жар қып құшып, қойнына алып.
Ажал ма, әлсіздік пе кім біледі? 160. Қосылып жалғыз рет кетті талып.
Найман шал осы ретпен дүние салды,
Қыз Еней келген түні жесір қалды.
Осындай уақиғасы болғаны үшін,
Айтады “Өкіреш” деп Найман шалды.
Қыз Еней сол жолында жүкті болды,
Ұрпағы содан өсіп жерге толды.
Бірі ене, бірі келін екі әйел,
Отырды осы ретпен бұлар сорлы.
Тауыпты еркек бала күні жетіп, 170. Ат қойды “Сүгірші” деп құрмет етіп.
“Ержетіп Найманнан бір ұрпақ қалса”,
Деп ана отырыпты мықты бекіп.
Сүгірші келіп қапты он үш жасқа,
Шын тілек берер Алла ықыласқа.
Көңілінде тілегені алал ұрпақ,
Ойында еш нәрсе жоқ одан басқа.
Бір күні Сүгіршіге айтты жайын:
Жеткізді сені, міне, бір Құдайым.
Мен жеңгең жас күнімде жесір қалып, 180. Дүниеден өтіп кеткен ағатайың.
Көңілің мені алуға жоқ па, бар ма?
Бар болса тілегімді берген Алла.
Мен үлкен, сенің жасың өте кіші,
Қызықтан мені алам деп қапы қалма.
Сүгірші айтқан жерден көрді дұрыс,
Адамға бақыт берсе қонады ырыс.
Есті ана егде тартып қалған еді,
Сонымен аяқтады осы жұмыс.
Есті анаң болған екен екіқабат, 190. Аллаға шын жүректен істеп тағат.
Ақиқат жүрегімен тілесе құл,
Алланың дәргаһынан кетпейді ағат.
Туыпты сонан кейін Төлегетай,
Келіпті дүниеге онан Қатай.
Қатайдың төрт баласы деп атаймыз,
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Ал енді Қаракерей кім деп ұғам,
Тарапты бұл атадан Мұрын, Сыбан.
Ақнайман, Қожамбет пен Семіз Найман, 200. Атасы қосылады бәрі бұған.
Найманда өсіп-өнген Қаракерей,
Өсірген жалғыз қызын әйел демей.
Мақта апай сол кісінің жалғыз қызы,
Найманнан бөтені жоқ баласы емей.
Дейтұғын Тоқтарқожа өзбек кепті,
Данышпан адам екен асыл текті.
Көңіліне Тоқтарқожа ұнаған соң,
Той қылып жалғыз қызын некелепті.
Үйленді Мақта апайды Тоқтар алып, 210. Өте көп осылардан өсті халық.
Байжігіт қыздан туған жиен еді,
Осылай өлең қылдым хатқа салып.
Осылай жиен Найман ұлы Құтым,
Үш бала Байжігіттен өскен тұқым.
Мәмбет пен Тоғас, Жұмық ағайынды,
Өте қалың байжігіт жатыр мұқым.
Тағы да тарағаны Тәуке, Саты,
Шотан, Қожай, Сайболат болады аты.
Қошқарбай мына жақта бір ел жатыр, 220. Байжігіт бәрі дағы найман заты.
Садыр, матай екі ел бар еңіс жақта,
Неше ру білмеймін осы тапта.
Анық жөнін айқындап білмеген соң,
Арғы атасын жазамын осы хатқа.
Төрттің бірі Дөртуыл біздің ата,
Айыпқа бұйырмаңыз болса қата.
Өткендердің айтуы рас болса,
Бір ғана ұл Дөртуылдан туған – Жапа.
Бұл Жапа ержетіпті жалқы туып, 230. Екі ата жалқы бопты тұқым қуып.
“Жапа-жалғыз” деген сөз осы ретпен,
Қазақтың мақалына болған жуық.
Жалғыздың екі ұлы Қарт пен Анда,
Бұл дүние мекен болған талай жанға.
Андадан екі еркек бала туып,
Ақболат, Ақбарақ боп кірген санға.
Қарттан Сығай туыпты болып еркек,
Сығайдан екі бала төмен келсек.
Аты екен Есенкелді, Сұлтанкелді, 240. Абайлап ата жөнін ұғып көрсек.
Баласы тоғыз екен Сұлтанкелді,
Өсірген қадір құрмет ұрықты елді.
Мекендеп осы күнде жүрген жоқ па,
Баласы Найман шалдың талай жерді.
Есенкелді баласы Еміл, Бәлі,
Ұрпағы Дөртуылдың соның бәрі.
Емілдің ел боп кеткен жеті ұлы бар,
Өскенде қайтып өссін онан ары.
Сегіз ұл Есенқұл мен әм Қарсалшақ, 250. Жылкелді және бірі деген атақ.
Есембек осы күнде елдің бірі,
Орнатып көп үстінен Тоқанға бақ.
Тоқанның баласының бірі – Тайлақ,
Жылқыайдар, Тоқтағұлмен тұрған жайнап.
Құдагел, Құттыбаймен бір туысқан,
Тоқанға Алла берген рақым әйлап.
Бәліден Оңалтай мен туған Жапал,
Жігіттер, қате жерін миға сап ал.
Оңалтайдан Есіркеп, Мая туған, 260. Талапты жас жігіттер, ұғынып ал.
Жапалдан туған екен Көшпес, Жақау,
Атаның бізге міндет атын атау.
Жақаудан тарап шыққан біз боламыз,
Өсуі осы атаның өте тақау.
Жігітте өте шамшыл болмас сенім,
Адамға Алла берсе болады өнім.
Айтады Дөртуыл деп Дұзақшыны,
Сөйлейін қисық туып келген жерін.
Бір күні Еміл атам даласында, 270. Бес жүз жыл бұдан бұрын шамасында.
Төрт қонақ кешке жақын келіп қонды,
Екі ат бар төртеуінің арасында.
Біреуі әжептәуір үлкен кісі,
Бірі – қыз, бірі – жігіт, бірі – інісі.
Отырып амандасып болғаннан соң,
Бұлардан жөн сұрады үйдің іші.
Үлкені айтты: – Кереймін, Жәдік атым,
Бетке алып шығып едім күннің сәтін.
Қысырақтың үйірін жауға алдырып, 280. Үшеуін ертіп келдім кешке жақын.
Қысырақ кеткен еді өріс аунап,
Басында алған емес ұрлап, жаулап.
Төлеуіне ап қайттым үш баланы,
Қолдан кеткен малымды барып даулап.
Еміл айтты: – Жарайсың, есіл аға,
Бір қолқаны салайын мен де саған.
Ақыреттік алайын бала қылып,
Кіші інісін беріп кет, қисаң маған».
Жәдік ер “жарайды” деп беріп кетті, 290. Шынымен Еміл атам “балам” депті.
Қатын ап, үй үйленіп, мал малданып,
Осымен Дұзақшының өмірі өтті.
Меңлі еді Дұзақшының анық аты,
Нәсілі болу керек қазақ заты.
Жігіттер, құлақ салып сөз тыңдасаң,
Осылай Дұзақшының уақиғасы.
Найманның жас әйелі бағанағы,
Бір жұбай Ергенектіге болды тағы.
Төрт бала бұдан туған еркек болып, 300. Аты болар Балталы, Бағаналы.
Бағаналы, Балталы – ұлы жүзде,
Туғаннан қосылған жоқ әлі бізге.
Кербұғы мен Кетбұғы жұрағаты,
Құлақ салып тыңдасаң айтам сізге.
Кетбұғы мен Кербұғы туып өсті,
Талай жанның басынан дәурен кешті.
Қыз Енейді тигізіп Ергенекке,
Бәріне себеп болған енем Есті.
Жарымбет, Жарке, Саржомарт, Қартай, Тура менен,
Қисық сөз бір болмайды тураменен.
Анасы бір, атасы ауашалау,
312. Қанша айтса да найманнан бөтен демен.
ЖАЗУҒА ШЕЖІРЕНІ АЛДЫМ ҚАЛАМ
Жазуға шежірені алдым қалам,
Естіген, көргендерді көңілге алам.
Шығарып ойдағыны ұрпақтарға,
Ата-тегі, нәсілін ойға салам.
Айтады біреу олай, біреу бұлай,
Әртүрлі шежіреден көрдік солай.
Біреулер Ғакашадан тарар десе,
Тағы біреу Маккай Аннастан дер.
Естідім бірталайдан қазақ тегін, 10. Арабтан деп айтар арғы тегін.
Сахаба деп айтады барлығы да,
Естігенін айтады, көргендерін.
Арабтан қазақ тегі таралады,
Түрікпенмен іргелес ауыл болды.
Реттеп естіген мен көргендерін,
Шежіре – Маккай Аннас жазылады.
Білуге қазақ тегін құмар екен,
Жас кезде шежіреден көрген екен.
Ғакаша сахабадан тарайды деп, 20. Өлеңмен жазылған шежіре айтады екен.
Сүйегі уақ екен Иса молла,
Білуге құмар болған жас кезде ол да.
Исаға ұлы әкесі айтып берген,
Есінде қалғандарын айтқан ол да.
Ұрпаққа осылайша таралады,
Атадан балаларға мұра болды.
Есінде қалғандарын немересі –
Сақтасын ұлы Заманбек айтып берді.
Тарихты ата тегін жазар сұрап, 30. Жаза алмас қара сөзден ойдан құрап.
Өтіпті талай ғасыр адамдардан,
Қазақтың ата тегі екен ұзақ.
Бабадан жазып бізге тарих қалған,
Аталар баба мұрасын жалғастырған.
Айтылып ауыздардан жұртқа тарап,
Ұрпаққа мұра болып содан қалған.
Аталар баласына айтып берген,
Балалар ойда сақтап ұға жүрген.
Ұғынып ата тегі өз нәсілін, 40. Білгендер жинап теріп жаза берген.
Хақ Расул – [мұсылманның] пайғамбары,
Бар екен асхаб төрт шаһар жары.
Тегі – араб, нәсілі – сахабадан
Маккай Аннас дер жұрттың бәрі.
Сахаба аты – Аннас асқан зерек,
Кемшілі мал жағынан болса керек.
Жасаған адам дейді Мәдинада,
Мұның да уақыты тым ертерек.
Тұрмысы Аннас баба қиыншылық, 50. Жүдетер ер жігітті ол жоқшылық.
Жұбайлар бір ихрам жамылады,
Күй-жайы болды дейді зор тапшылық.
Жұбайы еріне бір жауап қатқан:
– Біздің тұрмыс бөлек қой қауым жұрттан.
Бабаңа тағзым етіп дұға сұра,
Тілейік шын жүрекпен жалғыз Хақтан.
Намазға Қағбаға ерте барған,
Намазды көп жамағат өтеп болған.
Аннас баба мешітте қалып қойды, 60. Бір сыр көңілінде ол ойлаған.
Расул сахабаға мойын бұрды:
– Не себепті қалдыңыз мұнда? – деді.
– Тақсыр-ай, сізге айтар арызым бар,
Сондықтан осы орында қалдым, – деді.
– Ал, онда көп кешікпей арызыңды айт,
Ойыңда шешілмеген қандай бар дат.
Арманың ойыңдағы немене екен,
Тыңдайын сабырлықпен біраз тақат.
– Қысқартып мен айтайын, ұзартпайын,
70. Тез айтпай мен несіне созақтайын.
Өзіңіз көріп жүрсіз тұрмыс нашар,
Бұл жөнін осылайша сабақтайын.
Тақсыр-ай, күй-жайымыз өте қараң,
Бар еді екеумізде бір ихрам.
Кезекпен екеуара жамыламыз,
Тапшымыз киімге де жарымаған.
Ұзартпай осылай деп жайын айтты,
Расул қолын жайып бір дұға етті.
Дұғаға қолын қоса жайып Аннас, 80. Бет сипап болғаннан соң үйге қайтты.
Қуанып тақсыр баба үйге келген,
– Ой, бізге бақ қонар, – деп айта кірген, –
Тақсыр баба қол жайып бата берді,
Иншалла, жақсарады тұрмыс, – деген.
Жұбайы қуанышқа қосылады,
– Раббым бізге тілек берсін, – деді.
Жамылсақ екеуміз де ихрамды,
Тұрмыстың жақсарғанын көрсін, – деді.
Көп байлық сұрап енді не қыламыз,
90. Алла берсе бірден ихрам жамыламыз.
Намазға екеуміз де барар болсақ,
Байлықты одан үлкен не қыламыз?
Жұбайы қуанышпен күлімдеген,
Бір Алла шын тілекті берсін деген.
Намазға күнде барар тұрмыс болса,
Барлықты онан артық қойсын деген.
Зымырап күн артынан күндер өтті,
Бірталай жылдар жылжып, уақыт өтті.
Жұбайлар қуанысқан байлық қайда, 100. Баяғы бір жоқшылық тұрмыс өтті.
Бабамыз намазшамға барған екен,
Нәбиге сәлем тәжім берген екен.
– Тақсыр-ай, әлі кедей, жоқпыз, – деді,
Жалбарып, басын иіп тұрған екен.
– Қиналып дүниеден өттің, – деді,
Күнделік қиыншылық шектің, – деді.
Баяғы тұрмыстарың болса солай,
Не кәсіп өміріңде еттің? – деді.
– Тақсыр-ай, ешбір кәсіп еткенім жоқ,
110. Кәсіптеніп терімді төккенім жоқ.
Табылмас мен істейтін кәсіп тағы,
Кәсіп істеу ойына жеткенім жоқ.
– Жарамас еңбек етпей бос жүргенің,
Еңбектеніп теріңді төкпегенің.
Табысты үнем етіп, ірке жұмсап,
Жемісін еңбегіңнің күтпегенің.
Нәби сөзі жүректен өтті дейді,
Ойланып тез үйіне жетті дейді.
– Бабама тағы жауап қатып едім,
120. “Бекер жүрмей қарекет еткін”, – дейді.
Біз істейтін қарекет табылар ма,
Барлық іске бір Алла болар пана.
Көшеден еңбек болса мен іздейін,
Болмаса лайшылық табылмай ма?
Деді де Аннас шықты көшелерге,
– Мен істейтін халайық еңбек бар ма?
Жар салып көшелерді кезіп жүрсе:
– Менде бар лайшылық, кел тез мұнда.
Деп біреу бабамызды шақырады, 130. Бұрылып ол адамға жалт қарады.
Барайын немене екен істер еңбек,
Дамының қарсы алдына жетіп барды.
Сәлем беріп адамға жетіп келді,
Қос қолын созып барып қолын алды.
Төсін төске тигізіп, құшақ жайып,
Қос қолдап ол адамға амандасты.
Кейінгі ұрпақтарға мұра болып,
Қазаққа “аман салты” сонан қалды.
– Бар болса еңбегіңіз мен жараймын,
140. Сізге тоқтам жасасып тез қайтайын.
Біз істейтін еңбектің атын айтшы,
Жұбайымды қуантып оны айтайын.
– Үйімді сылатайын саған, – дейді,
Ести сала бұрылдың маған, – дейді.
Жақсылап үш үйім бар сылап берсең,
Лақты ешкі ақыңа берем, – дейді.
Осылайша тоқтасып үйге қайтты,
Бұл тоқтамды барды да жұбайға айтты.
“Лайшылық еңбегі табылды” деп,
150. Қуанысып ол дағы жадырапты.
– Пәленнің үш үйі бар біз сылайтын,
Төбесін, қабырғасын жақсылайтын.
Осы еңбектің аламыз бодауына,
“Лақты ешкі, – деді ол, – сенің қақың”.
Екеуі үйлерінде қуанысты,
Тездетіп от тұтатып, ас-су ішті.
Сылақ темір, күрек пен сайманын ап,
Жұбайлар жаяулатып жолға түсті.
Аннасқа үйі таныс көрген жері,
160. Қолында қару-жарақ саймандары.
Екеуі жұбын жазбай еңбектеніп,
Тоқтасқан тамды олар сылап болды.
Біткен іске қуанып көңілі толды:
– Жақсы істедің, қарақтар, жарайд, – деді.
Алғаның алал болсын, шырақтарым, –
Деді де, егіз лақты ешкі берді.
Лақты ешкі бабамыз жетелеген,
Сонымен үйлеріне төтелеген.
Шөпті жерге жайылтып, орнын күтіп, 170. Күнделік ешкіні олар мәпелеген.
Сонымен семіз ешкі сүтті болған,
Ол дағы келгеннен соң құтты болған.
Жыл сайын екі лақтап, егіз туып,
Бабамыз бір ешкіден бақты болған.
Қабындап ешкілері тез көбейген,
Маңайдағы шөптерге жамыраған.
Ол бақшаға секіріп түсіп алып,
Орманды бақшадағы зияндаған.
Бақша иесі бұл іске нарау болған, 180. Қорған құлап, ормандар зақымдалған.
Аннас баба бұл іске қатты ұялып,
Ауылдан ұзағырақ айдап салған.
Намаздан қалмай баба жүретұғын,
Ғибадат бір Тәңірге қылатұғын.
Мұстапа Хақ Сәруар Расулдың,
Айтқанын қалт кетірмей ұғатұғын.
Расул мінбесінде отырыпты,
Мешітті барлық қауым толтырыпты.
Адамның тіршілікте қақын жесе, 190. Алланың қарызынан артық депті.
Жадына осы сөзді сақтап алған,
Күнделік таңнан тұрып малын жайған.
Малдарын өрістетіп, қоралай сап,
Бабамыз намазына барып тұрған.
Намаздан неше дүркін жай қалады,
Расул “бұл қалай” деп жөн сұрады.
– Тақсыр-ай, жалғыз ешкі молайған соң,
Қауымның бақшаларын залалдады.
Айтқансыз Алла сөзі, шариғатты,
200. Адамның қақын жеген болар қатты.
Насихат осылайша естіген соң,
Мал қарап, уақытым жай боп қапты.
Расул естігенде ойға қалды,
Бұл іске жөн айтуды ойланады.
Ойлап айтқан толғамы былай болды:
– Намазды өз үйіңе оқы, – деді.
Намазды бес уақыт үйіңе оқы,
Көңіліңе Алла сөзін берік тоқы.
Әркімнің үйі құдды мешіт, – деді,
210. Біздерге “құтты мешіт” сонан қалды.
Осылай бабамызға жөн айтады,
“Үйіңе кешікпестен тез қайт, – деді.
Алты күн үйде намаз өтеп ал да,
Жұмаға келер болсаң, болды”, – деді.
Сонымен Аннас баба үйге барды,
Бір күні атқа мініп қоныс шалды.
Суы мол, шөбі қалың бір алқапты,
Ұнатып ауылына қайта оралды.
Келген соң көшіп-қону қамын жеді, 220. Мал жинап түйелерге қом қомдады.
Анада өзі ұнатқан қонысына,
Қонып ап, малыменен жайғанады.
Меккеден бір көш жырақ жерге барды,
Малдары жылдан-жылға өсе берді.
Аз жылда мал көбейіп жерге сыймай,
Бір шеті малдарының Меккеге енді.
Жұмаға бір күн баба келген екен,
Мешітте намаз оқып болған екен.
Намаздың соңында ол орнында қап, 230. Расулға қол қусырып тұрған екен.
– Айналайын, Хақ Расул ата, – деді,
Кешіріңіз бар болса қата, – деді.
Кеше мен мүшкіл халде жүрген кезде,
Бергенсіз ықыласты бата, – деді.
Мал өсіп жыл-жыл сайын қабындады,
Момының құжырасынан жаңылмады.
Малдың шеті шәріге келіп-кетіп,
Қауымның тағы бақтарын зияндады.
Жан баба, мұның жөні қалай болар,
240. Ақылын сізден сұрай келдім, – деді.
Мұстапа – екі дүние Хақ Сәруары,
Ойланып бабамызға жауап берді.
— Келіпсің, Аннас, бүгін ақыл сұрай,
Көше бер малың өссе шалғайға ұдай.
Келерсің жыл толғанда айт намазға,
Бұл істің болсын, – деді, – жөні солай.
Құтты мешіт өз үйің болар, – деді,
Жұманы да үйіңде өте, – деді.
Расул солай ақыл айтқаннан соң,
250. Аннас баба кешікпей кете барды.
Қайтты ол үйіне жедел басып,
Үйіне кірген екен асып-сасып.
Шалғайдан қоныс шалу ойында боп,
Атпенен жолға шықпақ жолдас алып.
Салқынды бетке алып жүріп кетті,
Жол өтіп екі сөтке түнделетті.
Шығысқа беттеп ұзақ барған кезде,
Жерорта теңізіне барып жетті.
Теңіздің жағасы алқап жазық екен, 260. Шөптесін суы тұнық тамаша екен.
Жайғанып аттан түсіп ақылдасты,
Жайлы қоныс екен деп мақұлдасты.
Қойды да атын отқа жатып қалды,
Жаздың қысқа таңы да жақын қалды.
Таң самалы жүріске пайдалы деп,
Ертемен атқа қонып елге оралды.
Түн қатып, үрдіс жүріп сөткелетті,
Екі түн, бір күн жүріп зорға жетті.
Аттарын таң асырып қойды дағы, 270. Демалып сол күн үйде дамылдапты.
Таң атты ертеңінде жай тұрады,
Жайменен жолдас ертіп атқа қонды.
Аралап әр түлік мал ауылдарды,
Малдарды жинастыр деп тапсырады.
Малшының барлығына жолығады,
Алдағы қонысты да хабарлады.
“Көшке қажет көлікті жетік ұста,
Байлап, матап жібермей қатыр”, – деді.
“Келесі жұмадан соң дайындық көр, 280. Тең буып, үй кішірейт, мал жинастыр.
Сенбіге салқындата жол тартамыз,
Көші-қон жұмыстарын жақсартамыз”, –
Деп малшы қауымына тапсырады,
Қойшылар үйді-үйіне тарасады.
Тас-түйін дайындықты алдан көріп,
Айтылған күн сәтіне қом салады.
Жай көшіп, жақын қонып жұма жүрді,
Ат-көлік барлығы да жарап алды.
Соза тарт деді дағы бұдан ары, 290. Үдеріп салқын түнді пайдаланды.
Сонымен жарым айда жетті дейді,
Жайланып қоныстарға жатты дейді.
Тамаша жайлы қоныс иеленіп,
Бейғам ел масайрасып жатты дейді.
Бабамның түлік малы өсе берді,
Малшылар бес түлікті тайпа ел болды.
Сахара кең алқапқа сыймай жатқан,
Барлығы бабамыздың малы болды.
Кім болжар ризықты алда болар, 300. Барлығын Жаратушы Алла білер.
Кешегі мүшкіл халде болған адам,
Болам деп ойламаған мұндай болар.
Жаратқан жоқтан бар қып Жаппар Алла,
Он сегіз мың ғаламға болған пана.
Алланың бергеніне жан таласпас,
Бабаңа Алла берген үш ер бала.
Бабаңның тұңғышының аты Қазақ,
Тартқан ол жас кезінде ауыр азап.
Өзбек кіші ұлының аты дейді, 310. Қойыпты ортаншының атын Созақ.
Мекені Орта теңіз жағасы екен,
Қазақ, Созақ, Өзбек – баласы екен.
Бас берген, бақыт берген Жаратушы,
Бір Алла сыйынатын панасы екен.
Бабамыз таңсәріден тұрар дейді,
Ғибадат жалғыз Хаққа қылар дейді.
Намазын бес уақыт ада қылып,
Ислам дінін маккам ұстар дейді.
Еліне дін үйреткен Аннас бабам, 320. Ұйыған бабасына барлық адам.
Кәрі-жас кәлимадан сабақ алып,
Жоқ дейді хат танымас жалғыз надан.
Үлкен ұл Қазақ атты жылқы баққан,
Тымаққа құзалатып үкі таққан.
Ер-тұрман ұнасымды астындағы,
Аттарын тасырқатпай тағалатқан.
Сахара иен жонда жылқы баққан,
Аязда шидемінің қарын қаққан.
Мирасы боп ұрпағына жалғасыпты, 330. Қазақтың үлкен ұлы жылқы баққан.
Өнер жоқ, ол заманда темір де жоқ,
Темірді балқытатын көмір де жоқ.
Көрік, төс, балға, қысқаш саймандарды,
Жасайтын ұсталары тағы да жоқ.
Сырт елден ауылына келген біреу,
Малшының біреуіне екен күйеу.
“Сауда алып сахараға шыққын” дейді,
Түйемен келген екен тартып шеру.
Сахара шәріге алыс қырға келген, 340. Сатып жүр керек-жарақ нәрселерін.
Бұларда таға-шеге, ұста да бар,
Аттарды осыларға тағалатқан.
Жылқы көп бірін тастап, бірін мінген,
Бақташы, малшы-қосшы атпен жүрген.
Көшкенде түйелерге жүк артады,
Жаратып түйелерді қыста мінген.
Тұрмысы Аннас елі салтанатты,
Үш ата құдаласқан тату-тәтті.
Жері кең, адамдары аз болса да, 350. Ұрпағы Аннас елі өсіп жатты.
Аннас баба дәрігер адам екен,
Емдеп ол ауырғанды жазады екен.
Ұшықтап сумен, сүтпен, шөптен дәрі,
Осылай сырқаттарын жазады екен.
Және де Аннас баба асқан молда,
Біледі имам Ағзам тылсым дұға.
Қотырға жазу жазар ішірткі мен,
Ғылыммен ауруды жазар және.
Баласын Аннас өзі оқытады, 360. Көңіліне ғылым-өнер тоқытады.
Өзі білген ілімнің барлығын да,
Үш ұлға білгендерін ұқтырады.
Қазағы оқуды көп оқымапты,
Атпенен жастайынан жылқы бақты.
Емшілік әкесінің өнерінен,
Ойына қотыр емдеу қонып қапты.
Алапес дауа қонбас ауру екен,
Оны да баба Аннас емдейді екен.
Дұға жазып, ішінен ішірткілеп, 370. Дауалап ауруды жазады екен.
Баласы Аннас баба – Қазақ, Созақ,
Өзбек – кенжесі деп хатқа жазад.
Созақтан Ноғай атты бала туып,
Атандық сол себепті ноғай-қазақ.
Нәсілі арабтардан келген дейді,
Ел шеті Түркияға енген дейді.
Қоныстас түрікпенен араласып,
Ер түрік арғы атамыз болған дейді.
Атамыз тауда жүрген малын бағып, 380. Тау-тасты кезген дейді соны барып.
Жыртқыштардан қорықпастан жерді кезген,
Сондықтан айтылыпты ер атанып.
Құз-қия, ормандарды мекендеген,
Тайпа ел боп бабам елі өсе берген.
Семіртіп от пен суға сонырқалап,
Қонысқа мал қамы үшін көше берген.
Осылай жылдар жылжып, уақыт өтті,
Тамаша жайбырақат, тұрмыс сәтті.
Масайрап жат-жадағай жатқан кезде, 390. Дүрбелең ел шетіне келіп жетті.
Ауылға ат терлетіп біреу келген,
Түн іші, түсі суық, ат терлеген.
Қалың жау батыс жақтан келіп қалды,
Жаусыраған ауылдан қашып келген.
Бабамыз бұл адамнан хабарланды,
Бүлік болса қиын деп шошынады.
“Бақташылар малдарын жинасын” деп,
Біреуді ауылдарға шаптырады.
Ер баба балаларын шақырады, 400. Жау келсе елімізді жапырады.
Қырады адамдарды, малды алады,
Бас амандық қажет деп тапсырады.
Балалар атасынан мән-жайды ұқты,
“Жау келсе, бас сауғала” дегенді ұқты.
Жылқыны жинап келу міндетін ап,
Қазағы атқа мініп жолға шықты.
Жылқысы қанша іздесе табылмады,
Ақ көбік аты терлеп сабындалды.
Күн батып, көз байланған қараңғыда, 410. Жылқы жоқ, Қазақ өзі жұртқа оралды.
Жұрты жатыр құлазып, үйлері жоқ,
Ата-ана екі бірдей туысы жоқ.
Албаты қайда енді шапқылаймын,
Бір жаққа кеткенінің дыбысы жоқ.
Ойланды ат суытып қонайын да,
Осы түн ата жұртта болайын да,
Атымды таңсәріден отқа қойып,
Шалдырып біразырақ алайын да.
Қарайын таң атқан соң ізін шалып, 420. Меккеге кетті ме деп ойына алып.
Төбеге түсіп атын қаңтарады,
Атына “үшаяқты” қойды салып.
Ойланып алдағыны толғанады,
Қандай заман болар деп ойланады.
Не болды әке-шеше, бауырларым,
Қайдан табар екем деп ойланады.
Ойына әрқилы іс келе берді,
Аунақшиды, бірталай көз ілмеді.
Кешке дейін жылқы іздеп шапқылаған, 430. Ыстықтап, еті қызып, дөңбекшиді.
Түн ортасы ауғанда салқын болып,
Бір мезгіл сонан кейін көзін ілді.
Оянса таң сарғайып атқан екен,
Аты да бабына кеп қатқан екен.
Тұра сап суытылған атты ойлады,
Ат басынан жүгенін қолына алды.
Шылбырын ноқтасының ерге орап,
Қайтадан сол орнына жатып қалды.
Оянса сәске ауып барады екен, 440. Күн көзі найза бойы жоғары екен.
Өзі де ұйқы қанып тынығыпты,
Жеп-жеңіл өне бойы болған екен.
Орнынан тұрды дағы суға барды,
Беті-қолы, жүздерін жуынады.
Төбешенің басына келді дағы,
Қай жаққа бет алам деп ойланады.
Отырып жан-жағына көз салады,
Кешегі естігенді еске алады.
Шығыс жақтан қара нор көрінеді, 450. Анықтап білу үшін көзін салды.
Қара нор барған сайын жақындаған,
“Салт аттылар екен ғой, бұл не қылған.
Кешегі жау адамы болар ма?” деп,
Қорқуды сонда Қазақ ойына алған.
“Не де болса көрейін келсін мұнда,
Ел ме, жау ма, көрерміз жақындаса.
Егер жау бола қалса, мен де бір салт,
Осылардың тобына қосылам да”.
Ойын солай қорытты Қазақ тағы, 460. Атының да қасына жақындады.
“Үшаяқты” ағытып ерге салып,
Қолындағы жүгенін атқа салды.
Айылдарын атының қатты тартты,
Аттылар да баяулап келіп қалды.
Атына қонды дағы Қазақ батыр,
Адамдардың алдына қарсы барды.
Кездесіп топ адамға сәлемдесті,
Түсі бөлек жандарға ол кездесті.
Тілдері бөлек екен ұға алмады, 470. Ишаратпен әйтеуір бас изесті.
Топ ішінен бір адам алға шықты,
Қазақ бұған арабша тіл қатысты.
Араб сөзін ұғатын адам екен,
Сол арқылы мән-жайды ұғынысты.
Ол айтады: – Не қылған жалғыз жансың,
Жапан түзде неліктен жалғыз жүрсің?
Ұғысалық жөніңді бізге айтшы,
Қай діндесің, ұғындыр қай нәсілсің?
– Дінім – ислам, нәсілім – мұсылманмын,
480. Алланың хақ жолына ұсынғанмын.
Кеше ауылым осы жұрттан көшіп кетіп,
Таба алмай ата-анамды қысыламын.
Кеше кеште бұл жерге келдім, – дейді,
Ат суытып төбеге қондым, – дейді.
Ат шалдырып отырмын осы арада,
Іздеуге ата-анамды тұрмын, – дейді.
– Өздеріңіз кімсіңдер, қайдан келдің,
Алыстан сендерді мен де көрдім.
Кім де болса білейін дедім дағы,
490. Әдейі алдарыңа, міне, келдім.
– Шаһарымыз – ..., патшамыз.. , – деді,
Патшамыз қалың қауым қамын жеді.
Ден сау болса барлығы табылады,
Деді де тазалықты дәріптеді.
Ауру алапестен сақтанамыз,
Барынша денсаулықты жақсартамыз.
Алапес елімізден бала туса,
Астына топырақтың жасыртамыз.
Ханымыз осылайша жарлық шашқан,
500. Әмірін барлық елі мақұлдасқан.
Хан жарлығын атқармақ боп жүргенде,
Ханымы ханымыздың бір ұл тапқан.
Ханның ұл балаға зарығуы
Хан екен елдеріне бек құрметті,
Елі де тату-тәтті ынтымақты.
Ұлық пен ен бақытқа кенелсе де,
Бір ұлды көрмедім деп зарығыпты.
Ойлаған жатса-тұрса үнемі артын,
Хан дағы сыйлайды екен барлық халқын.
“Артымда өзім өлсем адамым жоқ,
510. Берер ме маған бір ұл Алла” дейді.
Тілекті тілейді екен оңашада,
Сыйынар Жаратушы бір Аллаға.
Елі мен ерлері де тілейді екен,
“Құдайым бір ұл бер, – деп, – патшамызға”.
Бәйбіше бір қыз тауып тұрып қалған,
Уайым көңіліне қайғы толған.
Ерінің тағын біреу ала ма деп,
Көлдетіп көздің жасын көп зарланған.
Зар жылап Тәңіріне ол жалбарар, 520. Бақсы мен балгерге бал аштырар.
Бал ашып, құмалақ сап, кітап ашып:
– Сенен емес, басқадан бір ұл туар.
Деп көзін ашып-жұмып күбірлейді,
Ханымға сенен емес дей береді.
Ойланып ханым дағы отырады,
“Бір жас әйел алса-алсын” деп ойлайды.
Кешінде хан, уәзір түзден келген,
Түздегі көргендерін айтып берген.
Бәйбіше балгердің айтқан сөзін,
530. Ол дағы ханға нақтап айтып берген.
– Жұбаймыз екеуміз де Тәңір қосқан,
Құдірет ер баладан мені тосқан.
Құдайдың беретұғын қазынасы кең,
Тағы бір әйел алсаң бағың тоспан.
Ұнатып бір жас әйел алсаң деймін,
Сөзіме құлағыңды салсаң деймін.
Рұқсат мен берейін сізге – деді,
Бағымыз алдымыздан жансын деймін.
Ханымның айтқанына хан да иланды,
540. Бұл дағы дұрыс екен деп ойланды.
Шаһарда бір көпестің жамалына,
Сөйлесіп, кісі салып құда болды.
Құдалар айтқандарын ала берген,
Есепсіз қазынадан бере берген.
Бойжеткен жалғыз қызы көпес байдың,
Той жасап жарым жылда некеленген.
Төсекпен алған жары жүкті болған,
Жұбайлар іштерінен көп қуанған.
“Иә, Құдай, тілегіме жеткіз” деген 550. Тілегі қабыл болып бір ұл туған.
Нәресте туылғанда ол қуанған,
Қуанып, шүйіншілей жаршы барған.
Үш күнде бесік тойын жасады да,
Жолымен бір молласы атын қойған.
Қамсыз деп баласына ат қойыпты,
Нәресте жаңа туған қотыр бопты.
Анасы көргеннен соң бала сыйқын,
Қос ана көз жастарын селдетіпті.
Аналар опық жеген зарланады, 560. Баланы алып ерте молла барды.
Көргенде денесінің ауруын,
Молла да көрген жерден бас шайқайды.
Бас шайқап, болмайды деп айтады,
Ауру – алапес деп айтып салды.
Аналар құлағына тиісімен,
Шалқалап, көзін жұмып естен танды.
Молласы түрегеліп күбірлепті,
Ішінен құпиялап дұға қыпты.
Бір кесе суға сүтті қосып алып, 570. Бетіне аналардың оны бүрікті.
Сескеніп су тигенде ыңырсиды,
Болымсыз көзін ашып қайта жұмды.
Аналар шай қайнатым жатқаннан соң,
Қозғалып, көзін ашып, есін жиды.
Молла айтты: – Сіздер сабыр етіңіздер,
Тәңірдің берері бар күтіңіздер.
Ол берді суға езіп бір дәріні,
Осыны қасықпенен ішкізіңдер.
Аналар жас баланы алып қайтты, 580. Жаратқан Тәңіріне налып қайтты.
Хан келді түстен кейін өз үйіне,
Баланың ахуалын ана айтты.
Ол дағы Тәңіріне зарланады,
Алапес дауа болмас ойланады.
Бергенін алса дағы берері бар,
Сыйынып Жаратқанға тоқтау салды.
Ордаға кідірместен қайта барды,
Тізімге қырық жігіт атын жазды.
Ақырып шабарманнан шақырып ап, 590. “Баланы шетке апар” деп бұйырады.
Жаратқаннан кім болжар несібесін,
Болар деп дәл осындай нәрестесін.
Нәресте жаңа туған болды алапес,
Екі айтпас хан ежелден уәдесін.
Көмдіруге баласын хан қимады,
Шаһардағы біздерді ол жинады.
– Осы қырқың ат мініп баланы өңгер,
Шекарадан шығарып таста, – деді.
Сонымен осы араға келіп жеттік,
600. Жол ұзақ бірнеше күн түнделеттік.
Жер шеті, сондай жырақ болды бізге,
Шекара ел шетіне әзер жеттік.
Баланың ауруын ұғып алды,
Нәресте, – жарық көрген жасты ойлады.
“Баланы жазсам қалай болады?” деп,
Аузына келген сөзді айтып қалды.
Бұл сөзді тілмаш көпке жалғастырды,
Көпшілік сөз мәнісін ұғынысты.
– О, бәле, онда тіпті жақсы болды,
610. Бізге жүр, бұл баланы емде, – деді.
Көпшілік барлығы да дабырласты,
“Бізбенен бірге жүр” деп мақұлдасты.
Жүрмесіне ерікті берер емес,
Барлығы тепектесіп жүр-жүр десті.
Бір адамға көп адам жабырласты,
Жүресің деп біреулер күшке басты.
“Қайдан айттым ішімді жармас еді,
Өзіме-өзім істедім бұл бір қасты”.
Сонымен Қазақ ата қашты дейді, 620. Көп адам қайтеді деп састы дейді.
“Көптен қоян құтылмас” деген мәтел,
Кейінгі ұрпақтарға қапты дейді.
Қамалап қалың адам ұстап алды,
Біреулер ат шылбырын тақымға алды.
Басқалар опыр-топыр соңында жүр,
“Бұлар мені қайтер?” деп шошынады.
Қаумалап, ортаға алып біраз жүрді,
Ат шылбырын ерінің қасына ілді.
Көп адам бір адамды құтқара ма, 630. Еркімен Қазақ батыр жүре берді.
Қырық адамның бастығы былай деді:
– Екеу алға озыңдар, – деп бұйырды.
Мына істен ханға хабар жеткізіңдер,
Жауабын тездеп қайта келтіріңдер.
Екеуі басқалардан оза шапты,
Ұмтылып ат тізгінін соза шапты.
Ханының ордасына барды дағы,
Мән-жайды түсіндіріп ханға айтты.
Хан айтты: – Бас уәзір білсін, – дейді,
640. Дайындап қажеттерін берсін, – дейді.
Табылса емкеш адам жақсы болды,
Айтқандарын орындап көнсін, – дейді.
Хабаршы ат терлетіп қайтып келді,
Ханының тапсырығын айтып келді.
Құрақ ұшып көп адам бір адамға,
Орындап айтқандарын әзір тұрды.
Шаһардан аулақ жерге үй тіктірді,
Күтуші керек-жарақ әзірленді.
Арнаулы дәрет суын жылыттырып, 650. Жатар үй, жайнамазын дайындады.
Емшінің бар қажетін дайындапты,
Баланы Қазақ баба дауалапты.
Дауасы күннен-күнге дәру болып,
Үш жұма, жиырма бір күн шарттаған-ды.
Үш рет шартты күнмен дауалады,
Екі айда хан баласы жазылады.
Бір күні ханға адам жібереді:
– Мен қайтамын, баласы тәуір болды.
Осылай ханға барып хабарды айтқан, 660. Қабағын хан, ханымның жадыратқан.
– Не екен қалағаны ойындағы,
Қалдырмай бәрін дағы айтсын, – деді.
Хабаршы бабамызға қайта келген,
Ханның айтқандарын айта келген.
“Ойына алғандарын түгел айтсын,
Менен алып, разы болып қайтсын”.
– Жазылды дауалаған бір жас бала,
Түгім жоқ көңілге алған расында
Құдай үшін емдедім нәрестені,
670. Ақы талап етпеймін ешқашанда.
Ханға хабар жеткізген бабамыздан,
Құдай үшін емдедім қарыз қылған.
Разымын, еліме тез қайтайын,
Рұқсат етсін деді хан да маған.
Хан сонда тереңірек ойланады,
“Дүниеде алапеске ем қонбады.
Мына адам шын данышпан адам екен,
Түк алмаса, разы болмас”, – деді.
Өзі кеп бабамызға сәлем берді, 680. Қуаныштан қос жанар күлімдеді.
– Айтыңыз, алмай қайтіп құр қайтасыз,
Дәруіш, ойыңыздағыны айтсаң, – деді.
– Ханеке, аламын деп мен ойланбан,
Хақы алсам, жолымызға болар жаман.
Құдай үшін емдедім, бір нәрсе алған,
Мұсылманның заңына жазылмаған.
Хан айтты: – Қайсең дағы аласың, – деп,
Сөзіме құлағыңды саласың, – деп.
Болмаса меніменен дос боларсың,
690. Астымдағы тағымды аласың, – деп.
Бірнеше күн әлде ойланасың,
Алатұғын нәрсеңді ойға аласың.
Не де болса ойдағы қалауыңды айт,
Алар болсаң еліңе тез қайтарсың.
Хан емшіні қысады, қайтармады,
Қайтармасын білген соң ойланады.
“Орындалмас бұған бір істі айтайын,
Түк алмасам, қайтармас” деп ойланды.
“Бұған айтсам ал енді нені айтамын, 700. Айтқанымды алсам мен тез қайтамын.
Қалайда осы айтқанды орындаса,
Шын жомарт, хан – патша деп айтамын”.
Бабамыз ханға ерте өзі келді,
Есіктен кірген жерде сәлем берді.
Сәлемін қошаметпен қабыл алып,
Өзінің қатарынан орын берді.
– Ханеке, алдыңызға келдім, – дейді,
Отырған ордаңызды көрдім, – дейді.
Ойлансам түк түспеді сізге айтарлық,
710. Мен қайтайын рұқсат берсең, – деді.
Хан айтты: – Дәруішім, құр қайтарман,
Қайталап қара сөзді мен айта алман.
Не де болса айтыңыз ойланғанды,
Қанша айтсаң да мен сені құр қайтарман.
– Ал, онда сізге айтар ойым – деді,
Алар жолым жоқ еді, заңым, – деді.
Мені мұнда әкелген жігіттердің,
Қырқына жұп, басына үй бергін, – деді.
Қырқының барлығына қыз бересіз,
720. Дүние, мал, бастарына үй бересіз.
Тамақ істеп, малдарын қарайтұғын,
Қырық күң және қырық құл бересіз.
Көшіп барып бір жерден қоныс алам,
Өз алдыма жасаған бір ел болам.
Сыртқы жаудан өзіңіз қорғайсыз да,
Ішкі ісімде, дінімде өзім болам.
Хан бұл іске ішінен қуанады,
Айтқаны мына сөзді жақсы болды.
Хан қызын бұл жігітке берді дағы, 730. Айналып осы жігіт күйеу болды.
– Айтқаныңның барлығын дайындаймын,
Алғашқы айтқан серттен жаңылмаймын.
Өз қызымды өзіңе беремін де,
Барлығын да орындап дайындаймын.
Уәзірді шақырып, әмір етті,
Хан айтқандай барлығын дайын етті.
Еліне ұлан тойын жасап беріп,
Патшаны Қазақ баба қайын етті.
Көшіріп бабам айтқан жерге жүрді,
740. Бір көш жерге шығарып қайтып кетті.
Жарым ай тездеп көшіп, ұзақ қонып,
Әкесінің жұртына келіп жетті.
Келген күні барлығы тынығады,
Айтқан сөзін Қазақтың ұғынады.
Ертең таң атқан соң барлығы да,
Денесін жылы сумен жуынады.
Онан соң бір төбеге жиналады,
Бабасының сөзіне иланады.
Азан айтып болған соң Қазақ баба, 750. Бұрынғы көне аттарын өзгертеді.
– Аттарыңыз өзгерді, атаң Қазақ,
Тарттым мен аз күндерде ауыр азап.
Алланың мұнысына мың шүкірлік,
Жалғыз жүрген күнімде болдым мазақ.
Қайырымды, болыңдар, тату-тәтті,
Берекелі болыңдар ынтымақты.
Жүректерің кірсіз ақ, таза болсын,
Жұма сайын жуыну парыз, – депті.
Солай насихат айтыпты Қазақ бабам,
760. Бұл қауымға бір өзі болған имам.
Тамақтанып алған соң, дәрет алып,
Барлығы кәлимадан сабақ алған.
Үйретті ислам дінін Қазақ молда,
Азанын шақырады әр намазда.
Барлығы да қазақтың болды зерек,
Үйреніп Құран, тәсбі алып қолға.
– Осы отырған барлығың жамағатсың,
Түзімін ислам діннің атқарасың.
Алланың бұйрығымен бас қостыңдар,
770. Барлығың да алашқа азаматсың.
Нәсілің араб, тектерің қазақ, – деді,
Берекесіз болғандар тозад, – деді.
Бұлжымас берекелі болсаң бәрің,
Бақ, дәулет, ырыс шалқып қонад, – деді.
Көршілес таудағылар қалмақ, – деді,
Әсте зиян көршіңе салма, – деді.
Мал шаруа бізбен бірге көшіп-қонар,
Құрметте, оларды да сыйла, – деді.
Жылыстап жылдар жылжып, күндер батқан, 780. Қазақтың мал мен басы өсіп-артқан.
Сол кезде қазақ-қалмақ сахарада,
Қоныстас көрші болып малын баққан.
Қалмақ пен қазақ бірге қоныс алған,
Малдары, өрістері бірге болған.
Үйлері қазақ, қалмақ ұқсас болып,
“Кигіз туырлықтымыз” деген сөз сонан қалған.
Бірталай осылайша жылдар өткен,
Ажал кеп Қазақ баба дүние көшкен.
Малшылық жағдайына қарай көшіп,
Бытырап қазақ елі өсе берген.
Ұзартпай осы арада тоқта, қалам,
Артық-кем орындарын кешір, бабам.
Оқысын сын көзімен көрген өрен, 794. Қазақтың шежіресі болды тамам.
АЙТЫС ШЕЖІРЕСІ
Пайғамбар мекен еткен Мединеден,
Солар да өтіп кеткен бұл дүниеден.
Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,
Азырақ сөз сөйлейін шежіреден.
– Той болса өлең айтар жігіт пен қыз
Сөзімді менің айтқан тыңдасаңыз.
Алдыңа ақын болсаң сала айтайын,
Кім екен біз қазақтың арғы атамыз?
– Атамыз Әнес деген сахаба екен,
10. Көп жолдас пайғамбармен болған екен.
Жолдас боп пайғамбармен бір жүргенде,
Көп бата Мұхаммедтен алған екен.
– Аспанда бір жұлдыз бар жылы ұстаған,
Бере көр ием тауып қоныс маған.
Мұхаммед Хақ пайғамбар өлгенінде,
Сүйегін кімдер жуып, кім ұстаған?
– Сүйегін Сыдық ұстап, Омар жуған,
Құмғанмен ибн Қапас суын құйған.
Құдайдың арыстаны хазірет Әлі,
20. Тұсында иман айтып қарап тұрған.
– Дүниеде айтқан жақсы, иә, Рахмен,
Жақсы екен бұл жалғанда нәпсі тыйған.
Хауа мен Адам ата қосылғанда,
Некесін сол пақырдың кімдер қиған?
– Құдай-ау, айналайын бір өзің біл,
Пендеңнің кеудесіне салмашы зіл.
Хауа мен Адам ата қосылғанда,
Некесін қиған дейді Жебірейіл.
– Ендеше мен сұрайын, сен жауап бер,
30. Құрметпен өлгенге ел тәуап етер.
Алдыңа ақын болсаң сала айтайын,
Әнестен соңғы аталар болар кімдер?
– Атамыз Әнестен соң Мәлік болар,
Өлгенде иманды адам нұрға толар.
Пенденің жақсы-жаман қылмыстары,
Тартқандай таразыға сонда толар.
Атамыз Мәліктен соң Сақыл Жапар,
Біл дағы атаң атын кеудеңе сал.
Білмеген ата жайын надан дейді,
40. Білмесең ұғып мұны ақылыңа ал.
Сақылдың бел баласы Ақшолпан-ды,
Жаратып Құдай артық бақ қонған-ды.
Туыпты Қырғыз, Қытай Ақшолпаннан,
Жаратқан өстіп Тәңірім түрлі жанды.
Айтады Қытай ұлы Аламан деп,
Көп ұрпақ Аламаннан тараған деп.
Дүние айналғандай құр қыдырып,
Әркімге жапа, опа балаған көп.
Баласы Аламанның Алаш екен, 50. Жеріне тегі жаттар талас екен.
Ұрпағын бұл Алаштың өлең қылсам,
Жейілқан мен Сейілқан баласы екен.
Таралған Жейілқаннан сегіз арыс,
Түрікпен – сегіз арыс кеткен алыс.
Мен дағы білгенімді теріп айтам,
Білмеген тойда өлең бойға намыс.
Үлкендер жөнді білген көп айтады,
Надандар түк білмесе нені айтады.
Ашық емес бір дәлел айтар болсам, 60. Майқы би жиен ұлы деп айтады.
Өзбек Майқы бимен жиен екен,
Бай өткен арғы атасы түгел екен.
Бірін тамда, біреуін көшпенді қып,
Жаратқан тірліктерін Ием екен.
Баласы Өзбектің Ноғай екен,
Пендеге әрне қылса оңай екен.
Араз боп Сүфианмен тамда қалған,
Намысы бұл Ноғайдың солай екен.
Сүфиан бар малымен көшіп кеткен, 70. Айтысып Өзбекпен сөзге жеткен.
Атасы пайғамбардан бата алыпты,
Тиіпті содан байлық құдіретпен.
Баласы Сүфианның Қазақ, Созақ,
Алдында имансыздың тұрған тұзақ.
Намазды ерте тұрып оқымасаң,
Көрерсің ақыретте қиын азап.
Созақтың Қарақалпақ баласы екен,
Арқардың жүрген жері даласы екен.
Мен білген аталарды түгел айтсам, 80. Бәрінен біздің қазақ сарасы екен.
Келеді екі елуге ердің жасы,
Көп айтқан өтірікті жанның қасы.
Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс деп,
Бар екен бұл қазақтың үш баласы.
Баласы Ақарыстың Үйсін дейді,
Кейбіреу айтқан сөзді түйсінбейді.
Ақиқат жолы үшін әділ жүрсек,
Дұшпандар көре алмаған өлсін дейді.
Баласы Бекарыстың Алшын, Жаппас, 90. Өлеңші бір айтқан соң дамыл таппас.
Жел сөзді қоя бермей тұрамысың,
Болмайды бекер сөзің мал менен бас.
Баласы Жанарыстың Арғын, Найман,
Жарандар, істің бәрі бір Құдайдан.
Туысқан ағайынды алтау екен,
Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ болған.
Найманның жалғыз ұлы Қытай биді,
Әр істің ақылды адам жөнін түйді.
Әйелі Қытай бидің жесір қалып, 100. Алланың ақыретте нұры тиді.
Әйелі Қытай бидің қалған жесір,
Баласыз кім алады оны дерсіз.
“Найманның жас келінін аламыз” деп,
Арғынның көп баласы салды кесір.
Құдайдың құдіретіне енді қара,
Қалмаған Найман шалда жалғыз бала.
“Арғынның баласына қимаймын” деп,
Әперген қатын алып Найман шалға.
Қарашы бұл келіннің асыл затын, 110. Әперген атасына бір жас қатын.
Сол әйелден бір бала туған екен,
Қойыпты Сүгірші деп оның атын.
Сүгірші Төлегетай, Терістаңбалы,
Туыпты Сүгіршіден соның бәрі.
Саржомарт бұрыннан Ергенекті,
Бәрінің кенжесі екен Бағаналы.
Жарболды жалшы екен жылқы айдаған,
Сонымен Сүгіршіден тоғыз туған.
Ұрпағы Төлегетайдың жаннан асқан, 120. Шын әлім әділдіктің жолын қуған.
Білмейді адам сөзді ішке сақтай,
Өлең қып мен айтайын жиған таңдай.
Туысқан болар тегіс төртеу екен,
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Баласы Қаракерей Байыс, Байсиық,
Көп құлын Құдай сүйіп жаратыпты.
Ахмет Қыржименен бір туысқан,
Сол үшін бір мөлшерде жер тиіпті.
Байыстың баласы екен Мұрын, Сыбан, 130. Мұрынның аты шыққан бұрынтынан.
Мұңайтпас, Тума менен төртеу екен,
Байжігіт жиен екен туған қыздан.
Меңлібай, Төбет пенен Қарамолда,
Қызыл тіл сөзге жорға оңға-солға.
Жаңбыршы, Жанымқұлмен бір туысқан,
Бесеуі Байсиықтың туды сонда.
Жігітке өтірік сөз өлгенмен тең,
Айырылған жұбайынан болады кем.
Көпшілік, сабыр етіп тыңдасаңдар, 140. Матайдың балаларын айтайын мен.
Матайдың бір баласы Аталық-ты,
Қожадан жылап жүріп бата алыпты.
Қаптағай, Кенжеменен бір туысып,
Матайдың үш баласы атаныпты.
Баласы Қаптағайдың Қарасары,
Жігіттің жақсы болсын алған жары.
Көлдей, Жүлдей үшеуі бір туысқан,
Атасын мен білмеймін одан ары.
Әр сөздің мәнін білер ақылы көп, 150. Тік тұрған әділдікке болады-ау бек.
Күректай, Сұртай, Тортай бұл үшеуі,
Кенженің айтылад үш баласы деп.
Баласы Тортайдың Қодас, Тілес,
Өлеңді әркім айтар ертелі-кеш.
Бақыменен үшеуі бірге туған,
Бақының қулық сөзін адам білмес.
Баласы Күреңтайдың Шошыға жалғыз,
Өтерін жақсы өмірдің болжамаймыз.
Шошығаның әйелінен төртеу екен, 160. Айтайын, оның атын тыңдасаңыз.
Өтеп би, Төгес пенен Көдес, Тоғас,
Бітеді еңбек етсе мал менен бас.
Сөз бермес ауыздыға шешен екен
Баласы Өтеп бидің Сарышуаш.
Дәм татар құдық қазған мөлдір судан,
Сал болар өлең айтып, ата қуған.
Мен білген ата жөнін теріп айтсам,
Сұртайдан Байғазы мен Шығай туған.
Баласы Аталықтың Жақсыболат, 170. Еліңде жақсы болса, алтын қанат.
Туысқан ағайынды төртеу екен –
Ақболат, Бекболат пен Құттыболат.
Баласы Ақболаттың Андас, Тәуке,
Өлеңді ақын адам айтар жеке.
Топ жарып той болғанда өлең айтсаң,
Жігітке о да болса бір мереке.
Баласы Жақсыболат Еменалы-ай,
Жараспас аттың басы орай болмай.
Баласы Бекболаттың Қайнар екен, 180. Таралған Аталықтан бәрі солай.
Баласы Құттыболат – Құтым, Шағыр,
Жөн білген аз да болса о да тәуір.
Аралас ел ортасы жақсы орын,
Табиғат жетсе қазаң еткін сабыр.
Көпшілік, мына сөзге құлағың сал,
Ескеріп білгің келсе үйреніп ал.
Бір қатыннан Есболат, Күшік туған,
Осылай айтады екен бұрынғылар.
Баласы Күшік бидің Сатыбалды, 190. Жақсы өлсе артында сөзі қалды.
Екеуі қонақ бимен бір туысып,
Осылай хикаят боп аты қалды.
Шағырдан Итемген мен Меңіс екен,
Баласы төрт Қызайдың тегіс екен.
Шағыр өліп, Қызайды Қойшы аға алып,
Одан туған Бегімбет, Дербіс екен.
Құтымның Шеру екен бел баласы,
Келеді екі елуге ердің жасы.
Жігіттер, жатсаң-тұрсаң ақыл ойла, 200. Адамның қор болмасын ғазиз басы.
Меңістің бір баласы Тайырберді,
Құдайым аямастан бағын берді.
Туыпты бір өзінен тоғыз бала,
Айтайын білгенімше жайын енді.
Құттымбет, Құдайназар, Құттықадам,
Байназар, тағы жатыр Сексен бабам.
Қасболат, Тоқсан мен Жанбай, Тынбай
Дамытқан барлығын да Алла Тағалам.
Тағы да Меңіс ұлы Тілеуберді, 210. Дүниеге біреу кетіп, біреу келді.
Кең алқап, табиғатта жасап жүрген
Жандардан қарап тұрсаң кім өлмейді?!
Есенғұл, Оразаймен туған Жұбай,
Жанғабыл жалғыз туған жатыр былай.
Өзім білген атаны теріп айтсам,
Жаратқан бәрімізді жалғыз Құдай.
Жанғабылдан Жолболды, туды Тортай,
Жүр бәрі көптігімен жерге сыймай.
Есіркеп, Жарылқаппен төртеу екен, 220. Тәңірім жаратыпты бәрін сондай.
Баласы Құдайназар – Солтанкелді,
Айдайтын шын жүйрік бар соққан желді.
Үшеуі әкесінен жетім қалып,
Ағасы Жолымбет пен Есенкелді.
Баласы Солтанкелді тоғыз болған,
Біреуі-біреуінен артып туған.
Сүймейді жақсы адам арам сөзді,
Турашыл – әділдіктің жолын қуған.
Итқара, Көбес пенен Сәменбетті, 230. Таусылса дәм-тұзымыз ажал жетті.
Кең дүние – табиғат алдыда тұр,
Табасың бақытыңды қусаң дертті.
Қарымбай, Қонысбай мен Тұрдығұлды,
Құдайым кей адамды мұңлы қылды.
Қожабек пен Малтабар, Шаңыл болып,
Барлығы осылардың бірге туды.
Көп бұрын дүние сапты осы бабам,
Өткерген бастарынан қилы заман.
Доспердің шежіресін тыңдасаңыз, 240. Аяғы осы арада болды тамам.
ҮШ ЖҮЗДІҢ ШЕЖІРЕСІ
Дүние келіп-кеткен бұл бір ғалам,
Өткізген өмірлерін сан мың адам.
Дүниенің тарихы – ұзын, түбі – терең,
Мың жылдар жете алмайсың басып қадам.
Жасымнан шежірені ақтарыппын,
Көңілде көп деректер сақталып тың.
Ғасырлар қабатталып қалса да артта,
Сырына қарт тарихтың зер салыппын.
Дүниеге біреу келсе, біреу өткен, 10. Мұра боп бірден-бірге тарих жеткен.
Талай қарттың сөзінен нұсқа алып,
Жерім бар бір азырақ ұрық сепкен.
Тегің кім, ата-бабаң қайдан келді,
Ат қойып мекендеді қандай жерді?
Тарихты халық жасап, халық жазбақ,
Мен дағы үмітпенен будым белді.
Тарихшыл шежіре шал талай өткен,
Фактымен сөз қалдырып беріп кеткен.
Рудан, тайпа, ұлт боп атанғанша, 20. Тарихты алуан түрлі бастан кешкен.
Кім өлсе, оның төмпеш қабыры бар,
Жығылса бір бәйтерек тамыры бар.
Әр түрлі тіршілікті сан ұлттың,
Өзіндік өсіп-өнген тарихы бар.
Тарихи деректердің сырына еніп,
Берейін батылдықпен тіліме ерік.
Ұлттық мұнараға кірпіш қалап,
Болайын тұрғызуға мен де серік.
Қазақтан бергі тарих жазатыным, 30. Естілсін күллі әлемге жаз, ақыным.
Ұлттың іргетасын қаласуға
Күш қосар мен де қазақ баласымын.
Түріктен қазақ ұлты бөлінеді,
Тарихта осылайша көрінеді.
Орта Азия, Сыр бойын мекен еткен,
Бір тайпа ел болыпты делінеді.
Бұларда қырғыз, қыпшақ, тәжік те бар,
Ұлтқа бөлінбеген жәйт те бар.
Сол кезде көшпенді екен ұлы тайпа, 40. Ішінде қарақалпақ, түрік те бар.
Ішінде болған екен Алаш батыр,
Жауына батырлықпен жалғыз татыр.
Өзі батыр сарынды ел басқарған,
Елі көп әр рудан толып жатыр.
Орнатты ел ішінде ақ ордасын,
Хандықтың салтанатты бір пормасын.
Алаштың ақ ордасы даңқы шыққан,
Алаштың азаматын ел қорғасын.
Алаш сонда екі қатын алған екен, 50. Бәйбішеден Сүфиан туған екен.
Өзбек кіші әйелден жалғыз туып,
Хан болып бірнеше жыл үкім сүрген.
Хан болып Өзбектің толған кезі,
Атағын талай жерге жайған кезі.
Батыс үй бір тұтас басқаратын,
Атанып батыс Жүңго тұрған кезі.
Сүфианның баласы Қасым екен,
Әділетті артық туған асыл екен.
Әділдікпен Өзбекке қазы болған, 60. Атағы ел ішінде басым екен.
Ел аузында: “қазымыз қазы-ақ” дескен,
“Осы барда көрмейміз азап” дескен.
“Кім барса да айтатыны әділ билік,
Болмаймыз ешбір жанға мазақ” дескен.
Қазақ би әділдігін жайыпты енді,
Ұры-қары, тентексіз байытты елді.
Сонымен Қазақ аты жайылыпты,
Бұл Қазақтан тарқатып жазыпты енді.
Бұл Қазақтан үш еркек бала туған, 70. Туралықпен атаның жолын қуған.
Жаншоры, Жалманбет, Әлменбет боп,
Жаман істің алдын алып бәрін тыйған.
Өзбек хан ордасын қорғау үшін,
Халықтан үш жүздей әскер жиған.
Қазақтың үш баласын сенімді деп,
Үш жүзге әскер бастық сайлап қойған.
Қорғауда хан ордасын батыр болып,
Атағын дүниеге еркін жайған.
Жан-жағынан арыс деп атақ беріп, 80. Шен алып үшеуі де «арыс» болған.
Қазақ ұлты үш арыстан таралады,
Шежіреде солай деп қаралады.
Үш арыс үш жүз әскер басқарған соң,
Сондықтан үш жүз деп те саналады.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала,
Оқығандар, ойланыңыз зейін сала.
Бақтияр мен Шанышқұл ағайынды,
Сол кезде болған іске енді қара.
Осылар бесінші ғасыр кезі еді, 90. Мекені Орта Азия өзі еді.
Жұңгода Уи хандығы үкім сүрген,
Қазақтың да аты шыққан кезі еді.
Уи бегі көп істерді ойланады,
Дүниеге ой жүгіртіп толғанады.
Естіген Өзбек пен Қазақ биге,
Кісі салып достасуға қамданады.
Шақырып уәзірлерін ақылдасты,
Шақыртып әкелуді мақұлдасты.
Құдаласуға уәзірлер кеңес берді, 100. Хат жазып, елші жүріп қадам басты.
Өзбек пен Қазаққа кісі келді,
Уи ханның шақырған хатын берді.
Өзбек ақылшыларын шақырып ап,
Қазақты жіберуге ақыл берді.
Көпшілік бұл пікірді тура көрді,
Қазақ та жол жүруге дайын болды.
Талай күн жол жүріп көп адаммен,
Уи ханның ордасына жетіп келді.
Бақтиярды ертіп келді өз қасына, 110. Көп нәрсе алып келді ордасына.
Хан да разы болыпты көңілі тасып,
Не келіп, не кетпейді ер басына.
Жатады бірталай күн мейман болып,
Уи ханның сыйлығына көңілі толып.
Бір күні ордасында кеңес болды,
Көңілдене сөйледі зейін қойып.
Уи бегі сөз сөйледі мәніменен,
Көрнекті тақта отырған сәніменен.
Мақсаты өз көлемін кеңейтпекші, 120. Жақындасу Орта Азия ханыменен.
Ойларын ашық айтты: – Дос болам, – деп,
Дос болғанда алаңсыз хош болам, – деп.
Қызыңды бер немесе қызымды ал,
Ойлама дос болғанда бос болам, – деп.
Қазақтар ойланады тереңдетіп,
Уи хан шақырумен келген жетіп.
– Құда болсақ, хан бегім, қыз алайын,
Немерем он сегізге келді жетіп.
Бұл сөзді Уи бектігі қабыл көрді,
130. Ақыры құда болып бір қыз берді.
Меймандығын ақырлатып болғаннан соң,
Құда боп, келін алып қайта берді.
Қазақ би ел-жұртына келді жетіп,
Қасында жолдастарын серуендетіп.
Ханшаны Бақтиярға алып берді,
Қою қатынас орнатты жеделдетіп.
Осымен Бақтиярдан екі ұл туды,
Уи бектің фамилиясы мен атын қойды.
Уисін, Уисіл атанды екі бала, 140. Тереңдетіп ер жетті ақыл-ойды.
Уисілден Сіргелі, Шапырашты,
Әлемге ол бақытты нұрын шашты.
Білмедік онан төмен балаларын,
Жамандық ешбір адам ойламас-ты.
Уисіннен қырық мың, жүз кейкі туған,
Жаман болмас атаның жолын қуған.
Кейкіден Тобай атам жалғыз туып,
Тобайдан туған екен Майқы, Қоғам.
Майқы биден Қаңлы туып таралады, 150. Осылай шежіреде қаралады.
Жігіттер ата жөнін біліп алса,
Қайдан келіп шыққанын таба алады.
Қоғамнан Құман екен Абақ, Тарақ,
Тарақтан Тілеуқабыл туған жарап.
Тілеуқабылдан Жалайыр жалғыз туып,
Арт жағына ел болды ұрпақ тарап.
Жалайырдан екі бала болған екен,
Бірманақ, Сырманақпен туған екен.
Бірманақтан арық Тыным, Байшымыр боп, 160. Жерінде Орта Азия жүрген екен.
Сиыршы, Балғалы мен және бірі,
Қайшылымен бес ұрпақ көрген екен.
Сырманақтан Орақты, Андас туған,
Қарашапан, Мырза, Ақбойыл жалғас туған.
Қалпы менен Сұпатай жетеу болып,
Кейінгі ұрпақтарын жалғастырған.
Абақтан айтады екен Байсақал деп,
Туғаны Байсақалдан Жансақал деп.
Бәйдібек Жансақалдан жалғыз туып, 170. Айтады байлықпенен жасаған деп.
Бәйдібектің төрт қатынынан бесеу туған,
Ел болып арт жағына ұрпақ болған.
Сары Үйсін, Сары менен Ысты, Ошақты,
Жарықшақ кіші әйелден жалғыз туған.
Осы кез он төртінші ғасыр еді,
Байлығы Бәйдібектің басым еді.
Қожа әулеті Кәрімнің кенже қызы,
Нұржанды тоқалдыққа алып еді.
Нұржанның өзі сұлу шарапатты, 180. Бәйдібек талай көрді караматты.
Домалақ орта бойлы адам болып,
Бәйбіше Домалақ қатын деп атапты.
Жарықшақ Домалақтан жалғыз туды,
Құдірет Жарықшаққа нұрын құйды.
Апайы Күнбике мен Нұрбикеге,
Шарапат бәріне де түгел тиді.
Жарықшақтан Суан, Албан, Дулат туған,
Көптігімен кең байтаққа құлаш жайған.
Суан да алған екен екі қатын, 190. Төрт бала мұнан туып қанат жайған.
Бәйбішеден Байтүгей, Тоқарыстан,
Қанбағыс, Досбағыс деп атын қойған.
Байтүгейден Естонды, Желкелді екі бала,
Естондыдан Молақ та туған дара.
Желкелдіден Ырысбек, Ардер екен,
Аққабақпен үшеу туған дейді қара.
Тоқарыстан Тұрдыбек, Мұрат екен,
Баубек пенен Бердібек болған екен.
Тұрдыбектен Бөріктай, Есті, Тұрсын, 200. Мұраттан және бесеу туған екен.
Әбсүгір, Қарабек пен Шіңгіл болып,
Орыс пен Қараменде болған екен.
Албаннан туған екен Шыбыл, Сары,
Бір қалыпты болмайды жанның бәрі.
Қоңырбөрік, Қызылбөрік, Құртқа, Матай,
Шыбылдан туған екен соның бәрі.
Қоңырбөріктен Қалқаман, Жарман екен,
Адамдарға жақсылық арман екен.
Қызылбөріктен Жолболды, Молболдымен 210. Осылай екі бала болған екен.
Сарыдан Ерқол менен Шімшіт туған,
Үлгілі атасының жолын қуған.
Ерқолдан Шажа, Әте, Жартыменен
Досалы мен Қожанбет, Шоғал туған.
Қожанбеттен Тілеу мен Ағым, Сағым,
Бере ме пешенеге ердің бағын?
Шімшіттен Айт, Бозым екеу туып,
Өсіріп ұрпағына берді бағын.
Айттан туған Таңатар, Мамандайыр, 220. Білмедім онан төмен арғы жағын.
Бозымнан Жаншік, Құрман, Тоқан менен
Жәнібек, Жалақ бес балаға берген бағын.
Дулаттан Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,
Көптігімен даңқы шыққан болса жарыс.
Ұлы жүзден тараған мұның бәрі,
Шежірені оқығандар болар таныс.
Кіші жүз – Бекарыстан Алшын туған,
Дүниеге Алшын атты қанат жайған.
Әлім мен Бай ағайынды – үшеу болып, 230. Көлінде Ақ Жайықтың кірін жуған.
Алшыннан Жағалбайлы, Табын, Тама,
Есейген атасының жолын қуа.
Кердері, Телеу, Рамазан, Керейт болып,
Аталып жеті ру болған сая.
Шекті менен Қарасақал, Шөмекейді,
Айтар сөз көңіліңе бір кемейді.
Қаракесек, Төртқара, Кете болып,
Әлімнен алты бала туды дейді.
Байұлы, Жаппас пенен Адай, Тана, 240. Серкеш, Алаша, Байбақты туған дана.
Масқар, Беріш, Таздар мен Есентемір,
Қызылқұрт, Алтын, Шайқылар болды және.
Тоғыз ғасыр қазақ түгел бірге болды,
Шабынды жаугершілік күндер болды.
Он жетінші ғасырға тақағанда,
Бөлініп екі жаққа ірге бөлді.
Әбілқайыр хан болды кіші жүзге,
Адам жоқ басқаратын мұнан өзге.
Осы адам ел болды орыстарға, 250. Он сегізінші ғасырға келген кезде.
Кіші жүз бет алғанда батыс жаққа,
Әбілмәмбет хан болып мінді таққа.
Соғыс, қырғын, бұлан-талан аяғынан,
Бөлінді қазақ ұлты екі жаққа.
Бастайын енді сөзді орта жүзден,
Адамдар ақиқатты көрер көзбен.
Баласы Жанарыстың Арғын, Найман,
Туыпты бұл екеуі бәйбішеден.
Тоқалдан Қоңырат, Қыпшақ, Керей болып, 260. Уақпенен бір туған төртеу екен.
Баласы Жанарыстың алтау болып,
Ұрпағы орта жүздің болған екен.
Арғыннан он алтыдай бала бопты,
Сол кезде мұнан артық болған жоқ-ты.
Тарақты, Тобықты, Шақшақ пенен
Қанжығалы және Алтай бәрі көп-ті.
Терпіш, Шаншар, Атығай, Жоршыменен
Бәсентиін, Ағыш пен өңкей бекті.
Қалқаман, Қозамменен және Көкшал, 270. Қаржас, Бағыс осымен түгел бітті.
Қоңыраттың баласы Байлар, Жандар,
Оразкелді, Құлшығаш, Пұсырмандар.
Тоқболат, Жаманбай, Жетімдермен,
Күш сансызбен жиыны сегіз болар.
Қыпшақтың баласы екен Торыайғыр,
Тек кетпес жетімдерге берген қайыр.
Тұйықша, Ақтабақ, Бүлтүк болып,
Атақтары жайылған болып дабыр.
Қарабалқы, Көлденең, Тана, Жұға, 280. Жақсылық қылсаң елге қылар дұға.
Көкмұрын, Ұзын менен тоғыз туып,
Бытырап орналасқан әрбір жайға.
Керейден Шимойын жалғыз туған,
Нағашысы жар болыпты енді бұған.
Ашамаймен жетелеп жүргендіктен,
Ашамайлы Керей деп ел атаған.
Шимойыннан Балғалы, Балталы мен
Найзалы, Сибаң туды Сидалы мен.
Ашамайлы керейден бесеу туып, 290. Табысқан қайта келіп өз елімен.
Әйелі ол Керейдің Абақ болған,
Керей өліп тым жастай жесір қалған.
Абақ кейін Сарыбаймен тұрмыс құрып,
Он екі ұл туған екен енді бұдан.
Жәдік пен Жантекей, Қарақасты,
Молқы, Сарбас, Шұбарайғыр бір туысты.
Ителі, Меркіт, Бағаналы, Шеруші боп,
Жастабан, Күнсадақпен түгел өсті.
Жәдіктен Мұңалы мен Жанат екен, 300. Мәлік пенен Итемген төртеу екен.
Жанаттан туған екен сегіз бала,
Қостай, Тілек, Майма мен Қыдыр екен.
Байқазан, Бұқай, Тоқай, Байыс болып,
Тұқымы бәрінің де тегім екен.
Қостайдан Байқоңыр, туған Итнәс,
Тоқаш, Бәйік бәрі де жаудан қайтпас.
Бәйіктен Кішпай, Тайлақ, Атан болып,
Байназар мен төрт бала туған екен.
Тілектен Жақа, Жантай, Жарасбай мен 310. Қаңтай, Әйіз, алтау екен Сыбанбаймен.
Мәліктен Құтберді, Құтқар, Көрпеш болып,
Азатпенен төртеуі туған жаймен.
Итемгеннен Итмойын, Талас екен,
Ниеті ақ адамның қалыс екен.
Құттықадам, Жаралықпен бесеу туған,
Мұның бәрі Жәдіктің баласы екен.
Жантекейден Сүйіндік, Құлтайболат,
Адамдар ұшар еді бітсе қанат.
Сүйінбай мен Ұлыс және Сүйінқара, 320. Бесеуі ағайынды бәрі манап.
Сүйіндіктен Алты, Халық екеу туған,
Алтыдан Есназар, Сәлі туған.
Есназардан Базарбай, Байқасқа мен
Бұқасбай, Жайлау болып бесеу туған.
Бердәулет пен Кірдәулет, Жәнібекті,
Сәліден Сантікеймен төртеу туған.
Құлтайболаттан Тілеубек жалғыз туып,
Тілеубектен Болат пен Құлтай болған.
Ұлыстан туған екен Құлды, Бекіс, 330. Сәменбет пен Сарымұрат айтам тегіс.
Төлегетаймен бес бала болған екен,
Білгендер осылайша айтады еміс.
Сәменбетте он бір бала болған екен,
Бәрі де ұрпақты боп толған екен.
Жаманбай, Бөртебаймен және Қаржау,
Ақсары, Елібай, Ақша туған екен.
Қазыбек, Есағасы, Есімбаймен,
Атантай, Есентай деп қойған екен.
Қазыбектен он бір бала және туып, 340. Атағын талай жерге жайған екен.
Байбол, Шантек, Жаңыл, Жаңылыс пен
Тауасар, Наутай еді Анысбектен.
Надырке, Пүлік пен Текей болып,
Бекмырза өр Алтайдың суын ішкен.
Есағасы баласы сегіз екен,
Білімді адам түбі жоқ теңіз екен.
Мөңке менен Жырғалы, Қойбағар боп,
Құдайберген, Бекенбай егіз екен.
Кенжалы, Бердалы, Шәршекеймен, 350. Ұрпағы бәрінің де тегіс екен.
Атантайдан Сексенбай, Аққошқар мен
Толыбай сезгір адам басар еппен.
Итқара мен Байкүшік, Бұқар болып,
Алтауы өсіп-өніп жүрген көппен.
Есентайдан Тәттібай, Түкібай мен
Базарқұл, Шақабайлар туған деген.
Байжігіт пен Барқы алтау туып,
Айқасып өткен екен қарсы жаумен.
Шойынқара баласы сегіз еді, 360. Адамға қайғы түссе егіледі.
Барақ пенен Бурақай, Қожамжар боп,
Төрт бала туған екен делінеді.
Қожамжардан Атанбек, Ботақара,
Осылай туған екен екі бала.
Ботақара баласы алтау болып,
Жүріпті мықтылықпен елдер ара.
Тыныбек, Ақша, Сұлтан, Жанұзақ пен,
Дербісәлі, Балықбектер бәрі дана.
Қарақастан Қосым, Назар, Бәйім екен, 370. Жақсының орны әр жерде дайын екен.
Назардан Түгелбай, Баубек, Жамантай боп,
Нұрманбекпен төрт бала туған екен.
Түгелбайдан Жәдік пен Қаптағайды,
Байғұл, Сары төртеуі бір тарайды.
Баубектен Бөрібай, Қиқыр, Қожаберген,
Тоқбай мен Көкбай боп бес тарайды.
Жамантайдан Садыр, Қайсал екеу болып,
Нұрманбек туған Шауқан, Темірбайды.
Сарбастан Елқас, Ралқас екеу туған, 380. Жақсы болар атаның жолын қуған.
Елқастан Радыл мен Жани туып,
Жанидан Жолшора жалғыз туған.
Радылден Айт пенен Жанай екен,
Жанайдан Шаугір мен Жолан туған.
Айттан Қосай бір өзі жалғыз туып,
Атағын шығаруға белін буған.
Ралқастан Ырыс пен Шегір екен,
Ырыстан Көтібоқ туған Құлантаймен.
Шегірден Көкей, Назар екеу болып, 390. Назардан Байкелді екен Кенжебаймен.
Шерушіден төрт бала қалып еді:
Шақа, Одырай, Айтуған, Салты еді.
Шақадан Өтес, Өтеп төртеу туса
Айтуғаннан Тұл, Ожық, Тұғал еді.
Төгіс, Доржы, Есен мен Иткүшікпен,
Төртеуі Тұлдан туған жазылмышпен.
Ожықтан Байкүшік, Жылқайдар жетеу болып,
Жетеуінің ұрпағы өрбіп-өскен.
Салтыдан Құтымбет пен Құрман туған, 400. Үсет, Есет бұлармен төртеу болған.
Құрманнан Тоқманбет, Тоқымбекпен
Жаласыр мен Тауасар бірге туған.
Байымбет пен Қожамқұл Құтымбеттен,
Ықтиятшыл адамдар басады еппен.
Бәйімбеттен он үш бала болған екен,
Көптігімен қайтпаған айтқан серттен.
Тоқберді, Елтоқ пенен Байдөненді,
Қозыбақ, Байтайлақ, Тоқбан, Елшібайды.
Секен, Айтқұл, Байшура, Ақпанменен 410. Арыстан, Байтарақ деп топшылайды.
Тоқбердіден Байғамыс, Шүкірәлі,
Үшеу екен және бірі Қыдырәлі.
Елтоқтан Бұлан, Қорықбас, Жұртбас болып,
Бүкібай, Жайлау, Күшембай деп тарайды.
Айтқұлдан жеті бала болған екен,
Бәрі де кемдігі жоқ толған екен.
Барқатбай, Кемқат, Үмбет, Болат тағы
Еламан, Туыл, Жылындық туған екен,
Үсеттен Арызқұл мен Есенберді, 420. Оразқұл мен Есентай тусын енді.
Есеттен Сатыбалды мен Төлек туып,
Есімқұлмен үш бала болсын енді.
Жасабаннан Бегімбет, Сартоқаймен,
Адам өтер дүниеден қос жұбаймен.
Бегімбеттен төрт бала болған екен,
Бекназар, Құсай, және Қойылбаймен.
Және бірі Байсейіт болған екен,
Сартоқайдан Жүнбас, Әлсейітпен,
Екеуі тетелес боп туған екен, 430. Ителінің аты екен Ахметәлі,
Шежірені жаза берсе қалмас бәрі.
Күйік пенен Ақбақы, Тыныбек боп,
Өз әлінше өсіп-өніп жүрді бәрі.
Күйіктен Елтоқ, Дәулет Қалмақай мен
Тоқдауыл, Бессары туды бәрі.
Молқыдан туған екен Бекет, Арқы,
Бытыранды жасаған қазақ халқы.
Арқыдан Сұбан, Отар, Қанат туып,
Ел болыпты бірталай оның арты. 440. Қанаттан Малғара мен Машан туған,
Бақберген атасының жолын қуған.
Машаннан Жанжігіт, Дәулет екен,
Айтуған, Бітісбаймен төртеу болған.
Абақтың және бірі Меркіт болған,
Меркіттен келгендіктен атын қойған.
Меркіттен Жауқаш өзі жалғыз екен,
Жауқаштан Аққыз, Будан екеу туған.
Бұлардан Шағыр, Лепіс, Құлсары мен
Алманбет төртеу тарап көп ел болған. 450. Шұбарайғыр баласы Шотпан, Балта,
Керейге құт болып, болған қалқа.
Шотпаннан Ырыстес, Жиеншора
Жүріпті достарына қолын арта.
Балтадан Құтымбет, Мұрынбет пен
Бас болып топ айырмай жүрген көппен.
Қаржау, Байгіс, Қалпемен бесеу туып,
Ел болып талай жерге даңқы кеткен.
Бағаналыдан Байлау мен Қойлау туған,
Қойлаудан Алқаш өзі жалғыз туған. 460. Байлаудан Көлдей, Елдей, Бесшорамен,
Мұнан өзі осылайша үшеу туған.
Күнсадақтан төрт бала болған екен,
Қанатын балапандай жайған екен.
Жаулан мен Атақозы, Қожабек боп,
Байкөбекпен төртеуі туған екен.
Айтайын енді келіп Найман шалды,
Иесіз бекер екен жиған малы.
Найманнан Қидай би жалғыз болып,
Жастай өліп, әйелі жесір қалды. 470. “Жесір қалған келінді аламын” деп,
Тарақты шамасынша әлек салды.
Тарақты – Арғынның үлкен ұлы,
Келін тимей ақырында жайға қалды.
Қараңыз ол келіннің асыл затын,
Әперді атасына бір жас қатын.
Шұғынық Найман шалдан бір ұл тауып,
Сүгірші деп қойыпты оның атын.
Найман өліп, Сүгірші жетім қалды,
Шұғынық та тұрмастан кетіп қалды. 480. Сүгіршіні жесір жеңге өзі бағып,
Ер жеткен соң неке қып қосылады.
Көкжарлы, Төлегетай, Терістаңбалы,
Туыпты Сүгіршіден соның бәрі.
Бура мен Сарыжомарт, Ергенекті,
Бәрінің кенжесі екен Бағаналы.
Жеңгесі жақсы қарап мәпеледі,
Жеті бала туған соң кәртейеді.
“Өмірің меніменен өтпесін” деп,
Қалың беріп бір қызды әпереді. 490. Қожанбет жалғыз екен кіші әйелден,
Қолында Жарбол деген жылқышы екен.
Жарболды “жалғызыма жар болсын” деп,
Шешесі қалың беріп қыз әперген.
Сонымен Сүгіршіден тоғыз болған,
Жігіттер ақыл табар қалмас даудан.
Атамыз одан бергі Төлегетай,
Төрт бала туған екен енді бұдан.
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Төртеуі ағайынды бір туысқан. 500. Дөртуылдан төрт бала болған екен,
Айтайын мұны дағы бір-бір бастан.
Ақбарақ пен Ақболат, Атбарақты,
Анбалақ пен төртеуі бір туысқан.
Атбарақтан Дулытай, Айтым, Кенжеқұлмен,
Мақсатты ұқтырады қызыл тілмен.
Дулытайдан Сүйіндік, Шүтік, Бота,
Мұнан да төртеу туған Елтірімен.
Анбалақтан Есенкелді, Солтанкелді,
Дүниеден біреу өтіп, біреу келді. 510. Есенгелдіден Пал, Еміл екеу туып,
Сұлтанкелдіден Тоғыс өзі жалғыз еді.
Қаракерейден Айлам, Милам екеу туған,
Жерінде Сарыарқаның кірін жуған.
Айламнан Жанторы жалғыз екен,
Жанторыдан Шежімбет, Жарбол туған.
Миламнан Айторы мен Байторы екен,
Қиыншылық басқа түссе қайтер екен.
Айторыдан Байсиық жалғыз туып,
Бес бала семіз найман болған екен. 520. Меңлібай Төбет пенен Қарамолда,
Табысты ырыс болсын әрбір жолда.
Жанғұлы, Жаңбыршымен ағайынды,
Бесеуі Байсиықтан туды сонда.
Байторыдан Байыс би туған екен,
Атағын талай жерге жайған екен.
Шыңғысбай, Жалшыбек пен Баршыбек боп,
Төрт бала Байторыдан болған екен.
Байыстан Байжігіт пен туды Сыбан,
Мұңайтпас, Ахмет, Қыржы бірге туған. 530. Кіші әйелі Мұрыннан Сары туып,
Байыстан алты бала қанат жайған.
Мұрынның немересі алтау болып,
Сердебі салыстырған бірталайдан.
Байжігіттен Жұмық пен Мәмбет туған,
Тоғаспенен қосылып үшеу болған.
Сибаннан Байкебек, Сары, Салпы,
Жаңғыбек, Жылашқұлмен бесеу туған.
Жұмықтан Қалаш, Тәуке, Қожан туған,
Сайболат, Болат, Саты алтау туған. 540. Мәмбеттен Қожақұл, Садан, Қошық болып,
Осылай бір атадан үшеу туған.
Қожақұлдан Есенаман, Есенбаймен,
Үшеу екен ержүрек Қабанбаймен.
Саданнан Жарылқап, Сопақ туып,
Қошықтан Дәулетбай жалғыз ерген.
Мұңайтпас “Тоқпақ” деп атаныпты,
Түбек, Тұма екі ұрпақ бала қапты.
Қыржидан Жарас, Жыбай, Қараспенен,
Үш бала осылайша аталыпты. 550. Садырдан Шүйе мен Түң екі бала,
Сөзге шебер өзіндік болды сана.
Шүйеден Саржетім, Мәліш екен,
Түңнен Есенқұл мен Түгелбай, ойлап қара.
Бабам Матай – Төлегетай баласы екен,
Өскен жері Сарыарқа даласы екен.
Хатқа сап бәрін теріп айтып көрсек,
Осылар бірқаншаның данасы екен.
Матайдың ең үлкені Келдеуітті,
Соңынан екі інісі бір туыпты. 560. Келмембет және бірі Кенже болып,
Бірталай жерге тарап ел болыпты.
Келдеуіттен Қамбар өзі жалғыз туып,
Ел ішінде даңқы асқан сері болыпты.
Қамбардың аты шығып “Аталық” деп,
Келменбеттен “Қаптағай” өзгеріпті.
Қаптағайдан туыпты Жолдас, Қияс,
Қайғылы жан көзінің жасын тыймас.
Қиястан Қарауыл мен Жасық екен,
Нәпсіден тыйылмасаң болады қас. 570. Жолдастан: Есенкелді, Теке туған,
Өзінің құрбысынан өте туған.
Есенкелді баласы – Жарылғамыс,
Жалаңменен қосылып екеу туған.
Жарылғамыстан Төртқара жалғыз екен,
Жалаңнан Алакүшік, Асан екен.
Алакүшіктен Ақшора, Шаппа болып,
Асаннан сегіз ұрпақ болған екен.
Жақсылық, Қырғи менен Сары, Сері,
Еңбекшінің кетпейді бекер тері. 580. Қонақ, Тоқай, Қаржау мен Бөрте болып,
Көп болып тарқалыпты өскендері.
Жақсылықтан Ақтілес, Олтасбай,
Төртсары мен үш бала туды солай.
Текеден екі бала болған екен,
Олардың аты болар Келдей, Жұмай.
Мәмбет, Үмбет Кенженің баласы екен,
Бұлар да бірқаншаның данасы екен.
Торытай, Күреңтай, Сұртай болып,
Үшеуі Ермәмбеттің баласы екен. 590. Торытайдан Бақи өзі жалғыз туған,
Бақидан Құдас, Талас екеу туған.
Күреңтайдан Шошқа да жалғыз екен,
Өтебай, Табас, Кедес содан туған.
Өтебайдан Сарышуаш болған екен,
Шешендікпен адамның бәрін тыйған.
Сұртайдан Әлменбет, Көктөбе боп,
Қияс пенен Есіркеп төртеу туған.
Үмбеттен Байғазы, Сығай туып,
Үлгілі атасының жолын қуған. 600. Атамыз онан бергі Аталықты,
Қожадан ақ сәлделі бата алыпты.
Құттыболат, Сүттіболат, Тәттіболат,
Аталықтың үш баласы атаныпты.
Сүттіболаттан Қайнар мен Еменалы,
Бірқалыпты болмайды жанның бәрі.
Сұлтанай, Тоқпай мен Ожар, Қабыл,
Қайнардың баласы екен мұның бәрі.
Еменалыдан Дәулетқожа, Бақыш туған,
Дұрыс айтса кіреді сөздің әрі. 610. Елтынды, Елдізер мен Тыныбекті,
Бақтыстың тапқан екен алған жары.
Тәттіболаттан Есболай, Күшік туған,
Аталықтан тарады мұның бәрі.
Есболайдан Сыбан, Айтек, Шоқбар туып,
Күшіктен Қонақбай мен Сатыбалды.
Сатыбалды баласы Ебес, Екен,
Адамға бақытсыздық келмесе екен.
Тәуке мен Андас, Айбас бірге туып,
Төрт бала ағайынды теңдес екен. 620. Тәукеден Ақмырза мен Мырзакелді,
Дүниеге біреу өтсе, біреу келді.
Көпек, Бөлек туылып арт жағынан,
Сақаумен ағайынды бесеу болды.
Құттыболат баласы Құтым, Шағыр,
Атаның жолын білген болар тәуір.
Құтымнан Шеру менен Шеруші боп,
Туысқан бір-бірімен болып бауыр.
Анда, Қантай дер Шеру бел баласын,
Шерушіден Жарболат, Жарылқасын. 630. Қазыбай, Бірен, Түлен, Төленменен,
Анданың төрт баласы атанғансын.
Шағыр да алған екен екі қатын,
Батырлықпен көп жерге жайған атын.
Орта жүзден көп қолды бастап шығып,
Шабу үшін барады жауға жақын.
Қайтады жауды шауып, олжаны алып,
Келеді масаттанып ұран салып.
Тиісіп тыныш жатқан Бәйдібекке,
Күнбикені олжалады бірге алып. 640. Күнбике Бәйдібектің қызы еді,
Айдай сұлу арудың өзі еді.
Ұлы жүз орта жүзбен шабысуға,
Кісі өліп қырқысатын кезі келді.
Бұл уақыт он төртінші ғасыр екен,
Сырт жайлап Сыр өзенін қылған мекен.
Бір мың үш жүз елу бес жылдарында,
Жаңа туып Қызай көзін ашқан екен.
Топтасып екі жақ та кісі жиды,
Қызын алу ұлы жүзге қатты тиді. 650. Бұрын мұндай кекесін болынбаған,
Екі жақ жауласқанын енді білді.
Ортаға елші жүріп аралады,
Шағырды жығынды қып апарады.
Ұлы жүздің кекесіні тоқтаған соң,
Орта жүз құдалыққа шақырады.
Сүйікті келді құда тобыменен,
Қазақтың ата салты жөніменен.
Қалың малды тоғызымен толтырыпты,
Бәріне де жолын қойып ебіменен. 660. Той біткен соң құданы қайтарады,
Қоштасып шаттықпенен аттанады.
Бәйдібек “Қызай-Қызай” деп жылайды,
Сонымен Қызай келін атанады.
Нұржігіт Шағырға кеп паналады,
Әулие қожа әулеті саналады.
Қой бағып бірнеше жыл жүргендіктен,
Балалар “қойшы аға” деп ағалады.
Шағырдан Итемген мен Меңіс екен,
Қызайдың төрт баласы тегіс екен. 670. Шағыр өліп, Қызайды Қойшы аға алып,
Онан туған Бегімбет, Дербіс екен.
Құтымға Қызай тимей қайғырады,
Ойланып әрбір неге бой ұрады.
“Шешең құлға тиді” деп қолындағы,
Немересі Айтқұрманды азғырады.
Мұны естіп Айтқұрманды ашу керді,
Алып келіп атына салды ерді.
Өрісте Қойшы ағаны атып тастап,
Қапыда шейіт қылды қайран ерді. 680. Мұны көріп Қызай енем назаланды,
Түнеріп тұла бойы қапаланды.
“Және де екі бала болмақ ед” деп,
Тепкілеп бұрқыратты қара жерді.
Ісіне басқа түскен көнді Қызай,
Буынды белді бекем енді Қызай.
Балаларын басқарып ауылымен,
Бүкіл елдің атағы болды Қызай.
Итемгеннен Айтқұрман жалғыз туған,
Табиғаттың заңы бұл келмес қолдан. 690. Құдайқұл, Андағұл мен Жаулыбай, Тағай,
Ұрпағы Айтқұрманның қалсын қайдан.
Бегімбеттің баласы ол Бексейіт,
Жамандар өз-өзінен жүрер кейіп.
Ақсейіт, Жарас пенен Аман, Таңат,
Тоқайменен алтауын айттым теріп.
Бексейіттен Игілік, Сақау екен,
Соқыр, Тәнік бәрі де тақау екен.
Сақаудан Шүңгіл, Қатпа, Аққозы мен
Байғозы бірге туған төртеу екен. 700. Ақсейіттен Жақсылық жалғыз туған,
Артында Ақсейіттің ұрпақ болған.
Ырыскелді, Сырымбет, Қоңырбаймен,
Өзінен Жасқылықтың үшеу туған.
Үйсінбай, Алсынбай мен Сиқымбайды,
Бұлғанбай, Толғанбай мен Арғынбайды.
Ырыскелді баласы бұл алтауы –
Батыр адам ешқашан тайсалмайды.
Сойылғас, Марқа менен Қожаберген,
Жарастан төртеу екен Төлеміспен. 710. Аманнан Құрман, Бұқа екеу туып,
Есейіп ержетіпті берген деспен.
Таңаттан Ақберді мен Андас екен,
Андыбай, Өтепберді жалғас екен.
Өтеулімен ағайынды бесеу болып,
Лепес, Қаратоқайдан болған екен.
Дербістен Есенберді, Маймыл туған,
Білгенге сөз мәнісі даңғыл тұрған.
Сүйіндік, Тәукеменен төртеу болып,
Дербістің арт жағына дәулет құрған. 720. Есенбердіден Ұлығол, Сүйер екен,
Құттыбай, Тәттібаймен төртеу екен.
Туыпты Ұлығолдан Дәуіш жалғыз,
Сүйерден Мәлік, Шолақ екеу екен.
Баласы Құттыбайдың Баян еді,
Айтар сөз көңілдегі аян еді.
Тастемір, Садыр менен Бөгенбай боп,
Құттыбайдан төрт бала болған еді.
Меңістен, Тәңірберді, Тілеуберді,
Жақсылық-жамандықтың бәрін көрді. 730. Таралған көп санды ел осылардан,
Еститін тамаша жер енді келді.
Баласы Тәңірберді Құдайназар,
Салыпты ықыласпен Қызыр назар.
Құттымбет, Құттықадам, Байназармен,
Шын жүйрік айғай шықса алдына озар.
Сексен мен Қосболат, Тоқсан екен,
Жақсының делебесі о да қозар.
Жанбай, Тынбай – Тәкеңнен тоғыз туып,
Болыпты қол жетпейтін асқан құзар. 740. Құдайназар баласы – Есенкелді,
Жолымбет пен тағы да Сұлтанкелді.
Жасаған он алтыншы ғасыр екен,
Ақыры мал мен басты Тәңірім берді.
Бұл кезде қалмақ, қазақ қан төгісіп,
Шабысып қызыл қырғын бола берді.
Кейде жеңіп, кей кезде жеңіледі,
Соғыста талай адам өле берді.
Құдайназар шейіт болды бір соғыста,
Қызы да бірге өліп болды қаста.
750. Ісіне Құдіреттің шара бар ма?
Нелер саңлақ қырылды бұл соғыста.
Жаудан қашып жерін тастап кетті халық,
Жауға берік жер табуға өтті халық.
Бір ғасыр иен жатқан ту жер екен,
Аякөз, Көксаланы тапты халық.
Суы бал, шөбі дәрі, желі жұпар,
Шырқады ел Аякөз деп әнін салып.
Кешегі Әбілмансұр заманында,
Көксала, Аякөзге толды халық. 760. Әбілмансұр атанды хан Абылай,
Жауласып жоңғар ханы жатыр былай.
Ұлы жүз, орта жүзді қосып билеп,
Хандықтың игілігін көрді Абылай.
Еженнен тасын алып, тәжін киіп,
Сұраған әділдікпен халқын сүйіп.
Сұрапыл жауға қарсы оттар ашты,
Сол кезде ел түгендеп, есін жиып.
Батыр боп аты шыққан Есенкелді,
Алғаны болған екен бес некелі. 770. Бәйбішесі Жанардан сегіз бала,
Кенембай, Қабанбай мен Тілеуке еді.
Маман менен Қонақбай, Қожаберген,
Досқана және айтайын Сырымбетті.
Бір қатыннан Келдібек, Естек туып,
Бір әйелден Долан мен Дарқан еді.
Бір әйелі қырғыздың қызы еді,
Білсеңіз мұнан төртеу туған еді.
Жолбарыс, Жанбай менен Жантай болып,
Бұлардың ең кішісі Қабылан еді. 780. Тәттібике тоқалы екен балдыз алған,
Балдыз алып, бәйбішенің жаны қалған.
Құланбай, Қойлыбай мен Бұз, Дүйсенбі,
Асауменен осы әйелден бесеу туған.
Жиыны жиырма бір бала туып,
Етегіне Көкқамырдың қанат жайған.
Шағырай – Кенембайдың бір баласы,
Келеді екі елуге ердің жасы.
Едіге, Тілесбай мен Өмірұзақ,
Жондымен болған екен бес баласы. 790. Қасқар менен Төлеміс Шағырайдан,
Беріпті мал мен бақты әрбір жайдан.
Тіленші, Мажыра, Жадыра, Бұқты болып,
Кенжәлі, Шұрымбайлар бірге туған.
Байғотан, Бейсен туып бір әйелден,
Сарбас, Қаймақ, Маймақ, Жалбақаймен.
Баласы Шағырайдың он төрт болып,
Тараған төрт қатыннан осылар кең.
Қармыс, Байыс туыпты Едігеден,
Асылбек, Ақылбекпен төртеу деген. 800. Қалмырза, он екімен туды Иса,
Ыдырыс, Айымбек те болған екен.
Қыдырмолда, Құлпейіс, Келімдерді,
Сегіз бала Тілесбайдан туған екен.
Өмірұзақ баласы Шыңғыс, Талас,
Бір туған Көлбай, Кәлен төртеу екен.
Біртелі мен Байтелі туды Жұбай,
Бұл екеуі Жондыдан болды солай
Кенембайдан тараған мұның бәрі,
Бөлмелемей бір сана мұнан былай. 810. Шүрек пен Атақара, Ботақара,
Баласын Қабанбайдың енді қара.
Айтбай, Сейтен, Келдіғұл, Мұрынменен,
Қаракерей атымен болған дара.
Үмбетай, Атақ, Қозыбай мен,
Жасы үлкен Тұрсын туды Буратаймен.
Қабаннан дәл он сегіз бала туған,
Сәтті мен және бірі Атантаймен.
Тілеукеден Еңгерғали, Онжай туған,
Есқожа, Нарт пенен Базар туған. 820. Артында Тілеукенің ұрпақ болып,
Назарбай, Жалманбетпен жетеу туған.
Сұлтанкелді баласы Көбес екен,
Бір туған он баласы тегіс екен.
Табылды, Қарымбай мен Сәменбеттер,
Итқара Тұрдықұлмен туыс екен.
Қожабек пен Малтабар, Шәкіл болып,
Қонысбай бәрін туған бір кісі екен.
Көбестен Отарбай мен Орыс туған,
Үркінбай, Құттыбаймен төртеу екен. 830. Табылдыдан Шымыр мен Туматайды,
Шағалақ, Көкіш, Маймен деп атайды.
Қарымбайдан Боти, Болтай, Бегетай мен
Шопақ пен Апыз, Шора бір атайды.
Құл менен Айдарбек, Тастан болып,
Қарымбайдан тоғыз бала деп атайды.
Баласы Сәменбеттің он үш екен,
Адамға еш жамандық болмаса екен.
Мұңсызбай, Таңбай, Жаңылыс пен
Абданбай, Азамат, Сандық, Боздақ. 840. Майбасар, Мырзабай, Ақбай, Сарыбаймен,
Тоқанбай, Әзберген, Қылбай, Кәдір екен.
Итқарадан Майлы, Татан, Бапанменен
Байқадам, Базар, Кенен алтау екен.
Тұрдықұлдан Байқожа, Шынқожа мен
Үмбетай, Мошқа, Шошқа болған екен.
Өтепбай, Қабан, Түрікпен бірге туған,
Арғынбаймен тоғыз боп толған екен.
Дәулетбай, Айтура, Тінен Қожабектен,
Тарбағатай, Жанбау, Боқыш Сүйіндіктен. 850. Дөртуыл, Қаракесек тоғыз туып,
Еселесіп қалмастан жүрді көппен.
Малтабардан Марқатай, Тұрдыбай мен
Төртеу екен бірі Бортай, Кеңгірбаймен.
Шәкілден Ақтөбет жалғыз туған,
Қонысбайдан он екі ұл туды жаймен.
Сағынай, Долбай туды, Ертубаймен
Қуандық Көшенбай, Майқошқар, Шертубаймен.
Жексенбі, Көлдей, Жұмай бәрі тегіс,
Бірімбет және тағы Сүгірбаймен. 860. Баянбай, Байбарақ пен Малай, Жайсаң,
Арықпан, Шапшан, Жолымбеттің баласы екен.
Қарабас Құттымбеттің үлкен ұлы,
Еселбай, Тоқұзақпен туыс екен.
Еселбайдан Ерасыл, Жәмеңке боп,
Байторы, Тұрпан, Боздақ, Кепек екен.
Және де Жансақал мен Байсақалдай,
Еселбайдан сегіз бала болған екен.
Құттықадамнан Бименбет жалғыз туған,
Үлкендер атын солай қойған екен. 870. Байназардан Қазымбет ол Қоңырбай,
Қалғанын және айтайын мұнан былай.
Қазымбеттен Атымтай, Жанкелдімен
Байкелді, Қанкелдімен туған жұбай.
Ақшора, Жомартпенен алтау туып,
Ешкімге бөзек болмай өсті шулай.
Ақанас Қоңырбайдан Тоқанаспен
Тоғас, Жұмық төрт бала болды солай.
Ақанастан Байжігіт, Төлен, Жаналбек,
Жақсы еді жолдас болсаң саналымен.
880. Майтоқа, Жантоқа, Итоқамен
Күнтоқа, Байкенже, Малғарамен
Жаманғара және де Құлтай болып,
Ақанастан он бір бала арттан ерген.
Қасаболаттан туылған Албай, Нұрбай,
Сексен ұлы Тастемір, Шобан екен.
Тоқсаннан Қараменде, Жәнібек-ті,
Жанбайдан Есінбай жалғыз депті.
Тынбайдан Бөрібай жалғыз туып,
Баласы Тәңірберді түгел бітті. 890. Бабама енді келдім Тілеуберді,
Айтатын аталарға кезім келді.
Бәйбішеден Жанғабыл жалғыз туған,
Есенғұл, Оразай мен Жұбай еді.
Баласы Есенғұлдың Өтепберді,
Соқырберді және де Қожаберді.
Өтепбердіден Ескене жалғыз туған,
Олжаланған жерінен қайтып келді.
Соқырбердіден Мәмбетқұл, Асан туған,
Ұрпағы боп атаның жолын қуған.
900. Мәмбетқұлдан Келімбай, Бурабай мен
Ақай, Тоқай, ағайынды төртеу туған.
Байкел мен Жанкел туған Бурабайдан,
Ескеріп есіңе алсаң кете ме ойдан.
Атай, Адай, Жанай, Әділ болып,
Алты ұрпақ тарқалыпты осы жайдан.
Келімбайдан Таңатар, Тоқтамыспен,
Өз алдына ел болды берген деспен.
Байғұл, Жанғұл, Баятаң, Төбет болып,
Кенжетаймен жеті бала өрбіп-өскен. 910. Қожанбердіден Төлебай жалғыз туған,
Атасының әруағымен серуен құрған.
Кіндігінен тараған ұрпағы жоқ,
Дейді екен мұны дағы Тәңірім қылған.
Бастайын енді сөзді Оразайдан,
Кей жұлдыз аспандағы озар айдан.
Жанмырза, Бірназар мен Ізбасар боп,
Оразайдан үш ұрпақ өрген екен.
Жанмырза алған екен үш әйелді:
Назыке, Темір менен Қаракөзді. 920. Есімбет, Өмір екен бәйбішеден,
Темірден бес ұрпақ бала көрді.
Ақкісі, Байкісі, Жолдыбай мен
Және де Байыс туды Сеңгірбаймен.
Тоқалы Қаракөзден екі бала:
Тайжаны бір туыпты Мүсәпірмен.
Бірназардан Сапары, Баян екен,
Бір туған Аба менен Қобан екен.
Жігіттер әділ істе бір майданда,
Не істесең халыққа аян екен. 930. Ізбасардан Құлжа, Шегір, Дыба туған,
Жандарал, Марал, Шақатбай ерген оған.
Оразайдан тараған мұның бәрі,
Ел болып екі жаққа қанат жайған.
Жанғабыл алған екен екі қатын,
Тарқалып талай жерге жайған атын.
Бәйбішеден екі бала болған екен,
Есіркеп пен Жарылқап туып жақын.
Кіші әйелден Жолболды Торғайменен,
Көп қылып жарасыпты жамағатын. 940. Есіркеп деген кісі болар Қара,
Қара би атаныпты елден дара.
Қарадан Боранбай мен Мырзакелді,
Бәйбішеден туыпты екі бала.
Ырай менен Қарымсақ, Есенаман,
Ер жігітке күпірлік болар жаман.
Кіші әйелден осы үшеу болған екен,
Бес баладан көп ұрпақ әулет болған.
Сегізбай, Тоғызбай мен Асау, Базар,
Мырзакеңе салыпты Қызыр назар. 950. Жайылғанмен барлығы бесеу туған,
Дес бергенде пендесі басып озар.
Жарылқаптан Нияз бен ол Қожағұл,
Болмайды сол кездерде олардай ұл.
Мөңкеменен қосылып үшеу туған,
Осылай білгенінше айтады тіл.
Нияздан Бауке менен Қаратайды,
Бос сөзді айтқанменен жарамайды.
Әлтай, Еркесары, Тілеуке мен
Бес бала туған екен деп атайды. 960. Қойкелді, Сапақ, Нұрбы, Сасықбайлар,
Қожақұлдан таралып өсті бұлар.
Айсары, Жалпы, Өгіз, Балық болып
Кішен, Шаулы он бала бопты осылар.
Қойкелдіден Тошала, Арғынтай мен
Өлмес, Таңатар, Қонақбай Табылбаймен.
Қызбике, Жуас пенен Дүзбай туып,
Әпсейіт пен он бала өсіп-өнген.
Мөңкенің Шындәулет бір баласы екен,
Ботабай мен және бірі Тайлақ екен. 970. Баласының және бірі құл болады,
Соныменен Мөңкеден төртеу екен.
Қараша, Жалаңтөс пен Қожаназар,
Айтпаса сөздің бәрін көңіл азар.
Сарымық, Қоқаш, Қарамық, Онбай болып,
Маралбай мен Жолболдыдан сегіз болар.
Байсуан, Қаражан мен Тақыш екен,
Ақжарқын, Кенжәлі, Мырза, Қылыш екен.
Құдам, Садақ, Қарашадан тоғыз туып,
Барлығы екі әйелдің баласы екен. 980. Қожаназардан Жаманкөз, туған Шүрмек,
Жақсылар тәмсіл сөзбен ақыл бермек.
Малқатай, Жадыраш, Балапан мен
Атақара мен Ботақара, ол Қожабек.
Бөжей, Әти, Боти, Қонжыменен,
Он екі туған екен болып ермек.
Сарымықтан Бұланбай, Ботыш, Ертісбаймен
Үмбетай, Кішкентай, Тұтқабаймен.
Кенжетай, Жаманшал, Жанбол, Итекеңдей,
Көкжаспен он бір бала туды жаймен. 990. Қоқаштан да Байқадам, Садырбек-ті,
Қазақбай, Көшен менен Әкімбек-ті.
Масақбай мен Байкелді, Бөдеш, Көтен,
Итбаспенен он ұрпақ болды депті.
Қарамықтан Атантай туған екен,
Елікен, Жұрын, бірі Жұрқан екен.
Бекше, Тышқан барлығы алтау болып,
Қарамықтың артында жортқан екен.
Торғайдың бір баласы аты – Аманбай,
Аққошқар, Шотбай, Таймас бір туғандай. 1000. Тоқпанбет, Қосбармақ пен және Көрпеш,
Тіней, Тиес туысқан – тоғыз торғай.
Аманбайдың баласы Күшік, Төбет,
Жігіттер өзі жақсы болар өжет.
Шәкірті, Сүттібай, Байғонысты,
Айтады Мұсылманды кенжесі деп.
Құлшығаш – Аманбайдың бір баласы,
Келеді екі елуге ердің жасы.
Бір баласы Олжабай болады екен,
Теп-тегіс өткен екен әр баласы. 1010. Төбеттен Отарбай мен Бошқа туған,
Жаман болмас атаның жолын қуған.
Әйменбет, Сағит пенен төртеу болып,
Барлығы сердебемен сейіл құрған.
Күшіктен Құрымбай туды Жабағымен,
Жеміс көктеп тұрады сабағымен.
Құлжан, Шақар және де бірі Мәнжу,
Қарауыл, Шүңай жетеуі туды пәрмен.
Құлшығаштан Өтеміс, Түгел туған,
Арық пен Алымшы, Асыл бірге туған. 1020. Тұқымынан таланттылар үзілмеген,
Ата жолын қууға белін буған.
Аққошқардан туыпты Бәлі, Шуақ,
Қараймын алды-артыма уақ-уақ.
Тоқпанбеттен Жұрымбай, Соқты туып,
Үшеу екен және бірі ол – Жанұзақ.
Таймастан Жаңылыс пен Шағыр туған,
Жиыны он бір бала кіндік қуған.
Өтебай, Жылкелді, Дәуқара мен
Байеке, Ноғайбай, Қолбай туған. 1030. Үмбет пенен Төлеген, Сәлден болып,
Ертісте қорын төгіп, кірін жуған.
Көрпештен Көлбай менен Малай, Сары,
Ордабай, Ойранбай мен ол Байсары.
Жансары, Тұрпан, Қоржынай, Дожы, Қара,
Кенже мен Бақтыбай туды бәрі.
Мыңжасар туған екен бәйбішеден,
Бір қатыннан Боқтыбай болған екен.
Үшіншісі Байшұқыр бір анадан,
Ең кіші тоқалынан Дүзбай болған. 1040. Саспақ пенен Байсары, Ырсымбетті,
Мыңжасардан осы айтқан үшеу депті.
Саспақ ұлы Арушы, Майкеменен,
Байсарыдан Ілбісін жалғыз депті.
Ырсымбеттен Туғанбай, Шаңқамбаймен,
Байшұқырдан Қазанқап, Қыстаубаймен.
Қыстаубайдың баласы Елтоқ болып,
Қазанқаптан Түктібай туған жаймен.
Дүзбайдың баласы Есікбай боп,
Атаны білгізейін жазған хатпен. 1050. Өкін менен Ақбарақ, Аралбайды,
Әрнеге аңғал адам арандайды.
Боқтыбайдың баласы бұл үшеуі,
Құдай берсе пенде артта қала алмайды.
Ақбарақтан Сыпы мен ол Қойбағар,
Үшеу екен, біреуін дер Тайбағар.
Сыпыдан Шажыға мен Шажырқай боп,
Қаламмен хатқа жазса ізін табар.
Қойбағардан Малай, Жолай, Бөгенбаймен,
Тайбағардан Шәкебай, Шалғышбаймен.
Аралбайдан Тозабай, Қызбай туған,
Осылайша мән-жайын айтайын мен.
Көпіш туған Өкіннен, Тойлыбаймен,
Дарқанбай төртеу екен Қалмақбаймен.
Атаны білгенімше хатқа жазып,
Тоқтатып осы жерде қойдым жаймен.
Нұрболат мұны жазған менің атым,
Руым – есенаман, Жанғабыл – ата затым.
Қата жерін, жамағат, кешірім қыл,
1069. Кәрі-жастар, жеткіншек, азаматым.
ОРТА ЖҮЗ НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ
Бастайын бисмилла деп сөздің басын,
Жасаған әр пендесін өзі оңдасын.
Өлең қып қызыл тілмен қиыстырып,
Жазайын ата тарих хикаясын.
Әйгілі атақты ақын болмасам да,
Шежіре, бәйіт болып бұл таралсын.
Үш жүздің шежіресі бұл таралған,
Қалмайды ата жөні таралмаған.
Қатесін білгендерің айырасың, 10. Орынсыз жері болса жарамаған.
Үлгілі шежіремен салыстырып,
Матай, Маман Тұрысбек даналаған.
Байқасам сөзі түрлі көрінеді,
Әр түрлі шежіреден шамалаған.
Мың тоғыз жүз үшінші жыл сентәбірде,
Бұл шежіре көшіріліп содан қалған.
Қолыма жаздым қағаз, қалам алып,
Білгенді жариялап хатқа салып.
Бетінде ақ қағаздың сөзім қалсын, 20. Бір күні тағдыр жетіп кетсек тайып.
Мінеки, жетпіс төртке шығып тұрмын,
Қартайып қаяу түсіп, ми азайып.
Өлім жақын, өмір шақ, дем санаулы,
Қай пенде дәурен сүрер бақи қалып.
Әулие-әнбиелер бәрі де өлген,
Солардан ойланайық ғибрат алып.
Адамға тумақ – сүндет, өлмек – парыз,
Білінбей өте шығар өмір ғайып.
Көп өмір өкініште өтіп кетті, 30. Біле алмай дүниеден ғапыл қалып.
Тексеріп терең оймен жаздым мұны,
Айтпаса сөз шыға ма ішті жарып.
Әркім естіп айырсын ата жөнін,
Білгенді баяндайын жұртқа жайып.
Адасып аталарын айыра алмай,
Жүреді жанның көбі қылмай парық.
Ерте күнде ескеріп шежірені,
Бұрыннан жүруші едім болып қанық.
Жазып ем көп шежіре көргенімді, 40. Қатесі болса түзер білген халық.
Айырар сөз мәнісін тыңдаушылар,
Бұл сөзден ұлы затлы шықса нарық.
Жақсымен бір кішкене жанаспаған,
Білімді топқа салмай ұнаспаған.
Жүйрік пе мыңнан озып қырды аспаған,
Жігіт пе хал білдіріп сырды ашпаған?!
Таралып ата жөні шежіре боп,
Жазылып бұрынғыдан мирас қалған.
Бәйіт қып аталарды таратайын, 50. Жеріне ғайып етпе ұнаспаған.
Білгенді жарияға шығаралық,
Кім білер мәселені сұраспаған?!
Әркімнің мәлім болсын аталары,
Жүректің айтса шығар қапалары.
Атамның Адам сопы зиратынан,
Өтіпті қанша нәби, мұрсалдары.
Пенденің Хақ жазғанға жоқ шарасы,
Келеді тәмамдауға кім шамасы.
Қырық тоғыз ата екен “әнбияда”, 60. Адам мен Хақ Расулдың екі арасы.
Адамды топырақтан жаратқан Хақ,
Жан салып кеудесіне жаққан шырақ.
Жаратып сол жағынан Хауа ананы,
Екеуін ерлі-байлы қылған неках.
Таралып екі асылдың нәсілінен,
Дүние неше толып, неше солды-ақ.
Таралдық Адам ата-Хауа анадан,
Өндіріп тұқым шашқан бір ұядан.
Нұх пенен Адам ата екі арасы, 70. Көбейіп көп адамға дүние толған.
Халыққа апат болып сол тұстағы,
Дүние толықсыған қайта солған.
Сол уақытта Нұх нәбиге уахи келген,
Болатын өзгерістен хабар берген.
Жіберіп жер жүзіне топан суын,
Нәбиге “кеме жасап, сақтан!” деген.
Бәрі де жанды мақұлық суға кетер,
Тұқымды жұп-жұбайдан ап қал деген.
Тәңірден осылайша әмір болған, 80. Нұх нәби кеме жасап дайын болған.
Ұрықсыз жанды нәрсе қалмасын деп,
Әр түрлі мақұлықты жиып алған.
Үгіттеп өзіне адам жиыстырса,
Болыпты сексен адам тілін алған.
Сол судың зардабына шыдай алмай,
Кемеде ол сексен де опат болған.
Кемемен су бетінде алты ай жүріп,
Нұх нәби үш баламен қалған аман.
Иеміз Жаратушы өзі білер, 90. Осылай неше қилы өткен заман.
Үш ұлы Нұх нәбидің Хам, Сам, Япас,
Тағы да тұқым шашып адам болған.
Япастан екі ұл туды Шін мен Тұрақ,
Бұларды шежіреден білдім сұрап.
Туыпты мұнан кейін он тоғыз ұл,
Жамағат, отырсаңыз салып құлақ.
Он тоғыздан он төрт тап ел тарапты,
Мән-жайы айқын емес бізге бірақ.
Тарайды екен бұлардан йәжүз, мәжүз, 100. Иран, туран, неміс, чех және сылап.
Машын, Жашын болады Шін баласы,
Бөлінген өсіп-өнген ел арасы.
Шін ұрқы кетіпті шығыс жаққа,
Хан болып Машын деген бір баласы.
Шачін деген жерлерге шаһар салып,
Сол жердің қытай бопты айналасы.
Туыпты Тұрақтан да екі бала,
Жазылған шежіреде бұлар дана.
Баласы сол Тұрақтың Қайың, Түнік, 110. Екеуін таратайын тыңдап қара.
Қайыңнан әртүрлі жұрт тарайды екен,
Ат-жөні әр себеппен қалмайды екен.
Түніктен алтыншы ата Алаша хан,
Туыпты деп осылай санайды екен.
Баласы Алаша хан Моңғұл, Татар,
Түніктің нәсілінен туған қатар.
Бөлініп неше тапқа бұлар кетті,
Айтуға бәрін түгел басым қатар.
Япас жөні осылай болып кетті, 120. Хам тұқымын айтуға кезек жетті.
Қаралар Хабаш пенен Хам тұқымы,
Бұлар да өсіп-өніп тарап кетті.
Сам еді Нұх нәбидің бір баласы,
Атаны біліп айтса сөз сарасы.
Араб, үнді және де ажамменен,
Болады бұл үшеуі Сам баласы.
Сам ұрығы, ажамның нәсілінен,
Туыпты Аннас – Расул сахабасы.
Ауған, Мамбай ажамнан тарайды екен, 130. Бөлінген өсіп-өніп ел арасы.
Қазақтың Аннас екен арғы атасы,
Аннастың Жәбел дейді бел баласы.
Тақуа дінге мықты адам екен,
Тұсында болып өткен ер данасы.
Зікір айтып таспиықты тартқанында,
Бойы балқып қызатын пешенесі.
Бір күні қолын серпіп таспиық тартса,
Біреудің шығып кеткен көз шарасы.
Көзі шыққан сахаба жанжал салып, 140. Суық сөз болып қапты екі арасы.
Екеуі қазы алдына келіседі,
Сол күнде Ғұмар екен халифасы.
Екеуі халифаға келіп кірді,
Халифа оқиғаны сұрап білді.
“Ертең кел тексеруге, бүгін тарқал,
Үйіңе қайтыңдар!”, – деп әмір қылды.
Үйіне бұл екеуі қайтып кеткен,
Далаға Жәбел шығып ойға кеткен.
Қатадан ауыр жұмыс боп қалды деп, 150. Қайта кеп халифаға арыз еткен.
– Алдыңа келіп, міне, еттім тағат,
Қызумен көз шығарып қылдым ағат.
Бұл істен құтыларлық шара бар ма? –
Деп қайта халифаға айтады дәт.
– Ісіңді ұғып білгем мен дем сұрап,
Бұл ара болмас, бәлкім, саған тұрақ.
Құтылу қиын жұмыс болар сізге,
Қатасыз қаталықтан қайтып жырақ.
Өйтпесең, не шара бар енді бізде,
160. Пәледен құтыларсың кетсең ұзап.
Үйіне естіп мұны қайтып келген,
Қашпасақ қиын жұмыс болды деген.
Қатын-бала күйзеліп ойласады:
“Дәм мен тұз таусылды деп Мединеден”.
Сонымен Жәбел қашты бетін түзеп,
Қайғы мен қасіретке кетті жүдеп.
Шығысқа тура қашты не болса да,
Жұртына қайрылмады күдер үзіп.
Қашып кеп мекен етіп Балқан тауын, 170. Жүріпті сахарасын түгел кезіп.
Себеппен шетке келген осындай іс,
Білгенді жариялау болмас сөгіс.
Қырғыз, қазақ, өзбек, ноғайменен,
Жәбелдің нәсілінен болған тегіс.
Аннас ұлы Жәбелден туған Мағаз,
Халыққа Мұса нәби айтқан уағыз.
Мағаздан Сейіл менен Ақшолпан деп,
Шежіреден бірге қалған сия-қағаз.
Ақшолпаннан Аққурай, туды Аламан, 180. Мекен-жай өткен екен сахарадан.
Аққурайдың баласы қырғыз дейді,
Туыпты Алаш атам Аламаннан.
Аққурай Аламанмен бір туысып,
Айырылған қырғыз, қазақ осы арадан.
Сейілқан, Жайылқанмен туды Алаштан,
Түсінбес келтірмесем сөзді алыстан.
Сейілқаннан сегіз арыс түрік тарап,
Шаһар құрып жатыпты қозғалмастан.
Ал енді таратайын Жайылқаннан, 190. Сарсаң, Өзбек, Саяң деп үш ұл туған.
Сарсаңнан тарайды екен он мың ноғай,
Қыз алып Өзбек сарттан шаһар құрған.
Майқы екен Саяңның бел баласы,
Сөйленсін бір азырақ осы арасы.
Басында Мединеден Жәбел қашып,
Өтіпті бұған дейін жеті атасы.
Өткенше жеті атасы Жәбел өсіп,
Балқан тау мекен болған сахарасы.
Жәбел мен Майқы бидің арасында, 200. Көбейіп өскен екен ел қарасы.
Ақыл-ой, миы толық адам екен,
Сол кезде Майқы бопты елдің басы.
Болмапты оқу-білім арасында,
Басқа елмен болмаған соң араласы.
Орнықсыз, мәдениетсіз, оқи алмай,
Бұл елде надандықтың бар жаласы.
Ұрлық, зорлық көбейіп тоқтау болмай,
Бұзылып кеткен екен ел арасы.
Майқы би ел өміріне көзін салып, 210. Артықша жаратылған мәртебесі.
Ел-жұртты түзетуге жұмсалыпты,
Өткір зейін, сезімтал бар санасы.
Майқы би жұртын жиып басын қосты,
Шақырып бұл кеңеске кәрі-жасты.
Тыяйын ел тентегін жол болсын деп,
Еліне ереже айтып өрнек шашты.
“Еліме айтып ереже,
Өрнек шашсам керек-ті.
Жүйесіз іс жүре ме, 220. Жүйе айтсам керек-ті.
Азғындап ел бұзылар,
Бір ереже болмаса.
Кімнің сөзін кім ұғар,
Жүйесі, жолы болмаса.
Жосын етсең ел жолы,
Барлық адам бағынар.
Ережеге көнсе елім,
Қолдары қанға малынар.
Бағынбастан бұзған жан, 230. Топ ортаға алынар.
Ережеге ел көнген,
Көн деп жолға салынар.
Кісі өлтірген құн берсін,
Ұрлыққа айып төлесін.
Аралап зұлым жүрмесін,
Тентектіктер тежелсін.
Өнер-білім іздейік,
Қалалы жерді аралап.
Білімсіз надан жүрмейік, 240. Лайық білім саралап.
Кеңесім осы айтатын,
Естімеген жан қалмасын.
Алаш пен Ахмет айтады,
Кейінгі жолы жарласын”.
Кісі өлтірсе құн берсін, ұрлыққа – айып,
Зұлымдар тоқтасын деп мөрлер басты.
Ел көңіліне сыйғызып заң шығарды,
Бұны ел сыйымды деп мақұлдасты.
Өткенше жиырма ата бұзылмастан, 250. Атқарған атам қазақ сол мирасты.
Майқы би жұртын түзеп, көңілі тынған,
Оқу-білім іздеуге талап қылған.
Басқа жұрттан мағлұмат алайық деп,
Жұртының басты адамын жиып алған.
Ізделік өнер-білім шәрі барып,
Адамға дұрыс емес мақұрым қалған.
Баралық Орда-Сарай қаласына,
Іздемей өнер-білім табасың ба?
Мағлұмат-мағрифаттан мақұрым болып, 260. Бейхабар, жамағатым, қаласың ба?
Сонымен жұртын жиып Майқы жүрді,
Жүрер жол, барар елін сұрап білді.
Бар екен Тоқтамыс хан ордасы бір,
Сол ханның шаһарына барып кірді.
Жөн сұрап, хан үйіне келіп түсіп,
Әдеппен сәлем беріп, көріс қылды.
Бұлармен амандасып болғаннан соң,
Тоқтамыс Майқы биден сұрады жөн.
Қай жерлік, қай рудың адамысың – 270. Бұл жұрттан порымдарың екен бөлек.
Бөтен елдің адамы көрінесіңдер,
Кім болады заттарың айтшы бірден?
Майқы айтты: – Арғы тегім – ажам-араб,
Мекке мен Мединені жүрген жанап.
Ажамның нәсілінен Аннас екен,
Аннас ұлы Жәбелден өстік тарап.
Құнды боп Мединеден Жәбел қашып,
Кетіпті қайрылмастан артқа қарап.
Өтіпті содан бері неше атамыз, 280. Ел көрмей сахарада жүрген тарап.
Жай-жөнін Тоқтамыс хан сұрап білген:
– Жапанда жұрт екенсің өсіп-өнген.
Ел көрмей сахарада өскен болсаң,
Хан, қазы, ғұламаңыз бар ма деген?
Майқы айтты: – Хан мен қазы болмас бізде,
Көші-қон, өсіп-өндік құла дүзде.
Шет жүріп бет-бетімен кете берген,
Осындай болады екен өткен күнде.
Тоқтамыс тұрмыстарын білді сұрап:
290. – Елсізде ел екенсің жүрген жырақ.
Іс қылар шариғатпен қазың да жоқ,
Ел болып қайтіп жүрсің басын құрап?
Майқы айтты: – Иен жерде жүрміз жырақ,
Жүреміз көшіп-қонып қылмай тұрақ.
Сыйғызып ақылменен тоқтам жасап,
Жүреміз берекемен басты құрап.
Хан айтты: – Береке ғой жұртты жию,
Болмайды билік айтпай үкім қылу.
Мал ұрлап, кісі өлтірген зұлымдарға, 300. Қыласың қалай билік, қандай тыю?
– Ту тіксе, кісі өлтірсе ел келеді,
Адамды өлтіргенді тексереді.
Кірісіп арасына басты адамдар,
Тоқтатып жеті белгі әпереді.
Кебін-кетпен ұстайтын жабдығымен,
Кескен құйрық, кертөбел ат береді.
Қара кілем жапқызып қара нарға,
Қара шолақ биемен күй береді.
Тоқтатып осыменен ашу басып,
310. Артынан екі жүз жылқы құн береді.
Мал ұрласа, үш тоғыз айыппенен,
Толықтап малдың басын ол береді.
Тентекке мұндай тыю салғаннан соң,
Тып-тыныш басқа халық күн көреді.
Таза оймен тазартып елдің ішін,
Осылай артық-кемді теңгереді.
Майқы би өз заңдарын сөйлеп болып,
Екінші Тоқтамысқа сөз береді.
Хан айтты: – Ғапыл өскен ел екенсің, 320. Жолына Тәңір айтқан кем екенсің.
Тәңір жолынан шығады іс көрмеген,
Өткір зейін ақылға кен екенсің.
Түгел сөздің түбі бір ақиқатта,
Түп атасы шын қазы-ақ сен екенсің.
Ұстаған әділдікпен жұртын “қазы-ақ!”
Тартымды адам екенсің қатесі аз-ақ.
Тоқтамыстың шын “қазы-ақ” дегенімен,
Атанған сол себепті атам “қазақ”.
Бар еді Майқы биде екі бала, 330. Балалар деп ат қойған Қазақ, Созақ.
Созақтан қарақалпақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Атамыз Қазақтан да үш ұл туып,
Ұрпағы өсіп-өніп келіп еді.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Үш жүз деп оған есім беріледі.
Ұлы жүз Ақарыстан Дулат, Үйсін,
Қанша жұрт ендігісін өзі білсін.
Бекарыс – ең кенжесі кіші жүз боп, 340. Бөлініп өз бетімен о да тұрсын.
Осылай шежіреде қалды сөз боп,
Жер-жерге қазақ халқы тараған көп.
Арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, уақ, керей,
Бөлініп келе жатыр орта жүз боп.
Сөз берген сөйлесін деп Тәңірім бізге,
Сөз кетер сөйлемесе құла дүзге.
Үш жүзден кең далаға ел тараған,
Ішінде өнім берген орта жүзге.
Бар екен Жанарыстың төрт қатыны, 350. Айталық мағлұм қылып білсең сізге.
Тарақты үлкенінен жалғыз еді,
Арасы сақ, түстегі бұқан бізге.
Қоңырат, Қыпшақ екінші қатынынан,
Жат болып жаман безер жақынынан.
Ойпырай, жамандыққа жаза көрме,
Құдайдың ешкім қалмас мақұлынан.
Үшінші әйелінен Арғын, Найман,
Таратар білген адам ата ұлынан.
Төртінші қатынынан Уақ, Керей, 360. Кей адам мұны білмес қапылынан.
Ата жөнін білмеген нәмәрт дейді,
Жарай ма біле тұра жасырынған.
Бұл сөзім орныменен тараса екен,
Қараса тамам сөздің сарасы екен.
Найманнан Сарымырза, Шуақ дейді,
Бұл сөзге білмегендер талас екен.
Өліпті Шуақ ерте тұқым қалмай,
Шуақтың Сарымырза ағасы екен.
Бай болып Найман бабам жомарт бопты, 370. Төрт өгіздің терісі сабасы екен.
Қатын алған кезінде Сарымырза өлген,
Құданың құдіреті тамаша екен.
Бопты өстіп басқа кемтар Найман бабам,
Мәзбура жесір қалған анам екен.
Тұяқ қалмай кете ме деп атамнан,
Қан жұтып жесір келін қапаланған.
“Бір перзент Алла берсе көрер-ау” деп,
Үмітін үзбепті ол Найман шалдан.
Бұл істің қайла бар ма шарасына, 380. Найман шал келді тоқсан шамасына.
Қан жұтып жесір келін қайғырады,
Ем таппай жүрегінің жарасына.
Арғынның балалары аламыз деп,
Таласқан алты бірдей баласы да.
Тоқтатып өзін-өзі таза жүріп,
Ешкімнің қосылмаған жаласына.
Құдайдан таза отырып тілейін деп,
Мұндай ой Алла салған санасына.
Бір қызды атасына алып берді ол, 390. Көп малды иен қалған аясын ба.
Ол қатын алысымен жүкті болып,
Ұл туған дәл он айдың шамасында.
Балаға Сүгірші деп атын қойған,
Жағау қып жүрегінің жарасына.
Кешікпей Найман бабам дүние салды,
Мәзбура меңгеріпті иен малды.
Өмірін Сүгіршінің күтейін деп,
Жетер деп тірі болса ниет алды.
Жалғаннан қайтыс болған бабам Найман, 400. Сөйлейін хикаясын осы жайдан.
Айырып Найман жөнін таратайын,
Айтпаса жанның бәрі білсін қайдан?
Елетек “қоңыр атпен” жиен екен,
Іні боп енші алыпты Найман байдан.
Найманнан соңғы атамыз жас қалған соң,
Жиені Елетекке неке қылған.
Елетектен болыпты төрт-бес бала,
Бәрі де Сүгіршіге іні болған.
Бәрінің Тоқсұлудай анасы еді, 410. Қалдырмай таратайын шамаша енді.
Балталы, Бағаналы, Найзалы, Терістаңбалы,
Көкжарлы бәрі мұның баласы еді.
Айтады біреу олай, біреу бұлай,
Бұл сөзге білмегендер талас еді.
Анығын шежіреден қарағанда,
Атаның осы дұрыс тарасы еді.
Арада бірнеше жыл кетті өтіп,
Мәзбура Сүгіршіні бақты күтіп.
Сүгірші балиғатқа толған кезде, 420. Ата ұлы деп некеленді ниет етіп.
Ернияз Мәзбурадан туды дейді,
Мұратқа жеткен екен сабыр етіп.
Баласы Мәзбураның Ернияз-ды,
Теңгеру ғажап емес көп пен азды.
Ақылы Мәзбураның болмағанда,
Тұяқсыз Найман бабам кете жазды.
Баласы Ернияздың Ергенекті,
Қалдырмай баяндайын арғы текті.
Баласы Ергенекті Сарымұрат, 430. Бұлар да көп ел болып тарап кетті.
Сүгірші балиғатқа кәміл жетіп,
Алуға бір жас қатын талап етті.
Ақыл сұрап жеңге алған қатынынан,
Сабыр мен танбады ол ақылынан.
Мәзбура төркінінен қыз әперді,
Өзінің бір туысқан жақынынан.
Туыпты бұл анамыз Құрманайды,
Бәйіт қып білген адам жұртқа жайды.
Таралған ұрпағынан әулиелер, 440. Жомарт қып жаратыпты Атымтайды.
Тегін қып жаратқан жоқ осы байды,
Арғы тегін қазақтан деп атайды.
Сусырап шөлдеп келген адамдарға,
Күніне беріп тұрған қант пен шайды.
Еңбегі еш болмайды деген сөз бар,
Іздеген таппай қалмас бір Құдайды.
Баласы Құрманайдың Төлегетай,
Төлегетай лақабы дейді “Қытай”.
Құрманай жас кезінде қайтыс болып, 450. Жасында жетім қапты ол бейшара-ай.
Жасында жетім қалған бабам Төлек,
Семірер жетім көңіл кімге еркелеп.
Қылышқан деген қожаның қойын бағып,
Өсіпті саясында көлеңкелеп.
Қожаның ақырында қызын апты,
Ол төртбұрыш кісі екен дөп-дөңгелек.
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Қожа қызы анамнан туған ерек.
Төрт ру ұрпағынан ел таралып, 460. Шашыпты сөйтіп бұтақ бұл бәйтерек.
Қырғыздан бір қыз алып екі ұл туып,
Қырғыз Шора, Қырықсадақ келсе керек.
Айтайын шежіреден көргенімді,
Ол екеуі нағашысында өссе керек.
Сонымен тоғыз таңбалы найман болып,
Құлашын көп өңірге керсе керек.
Демек, біз – Төлегетай баласымыз,
Таралған бір өзеннің ағашымыз.
Нәсілі екі ананың қожа, қырғыз, 470. Тегінде қожа, қырғыз – нағашымыз.
Атамыз одан бергі Қаракерей,
Адамға біліп айтса о да мерей.
Байсиық, Байыспенен екеу туып,
Елге ұйытқы Сарыарқада жатқан шырай.
Баласы Байсиықтың Байторы еді,
Байыстан тек туғаны Ерторы еді.
Ұрпағы екеуінің өніп-өсіп,
Байсиық пен Байыс деп ел жүреді.
Байсиықтан Қызылым, Тайлақ атам, 480. Сөзімде ғайып етпе болса қатам.
Тайлақтан Жанғұлы атам жалғыз туып,
Құлмамбет Жанғұлыдан туды дарқан.
Есеке, Туат туған Қызылымнан,
Қысқасы сөздің дәмі ұзынынан.
Туаттың бел баласы Жаңбыршы еді,
Қысқартып айтып кеттік шұғылынан.
Есекеден Маңлыбай, Ағыспай-ды,
Атаны білген адам нақ ұстайды.
Біреуі бес семіздің Қарамолла, 490. Қатардан қандай жүрсе қалыспайды.
Болмапты еркек бала Ағыспайдан,
Сөйлейін аз хикая осы жайдан.
Қатыны жүкті болып босанарда,
Далаға сейіл қылып аң аулаған.
Қыз тапса осы жолы «жазам» деген,
Тегінде емес еді серттен тайған.
Босанып қатын тағы қыз тауыпты,
Алла ұл қып жаратпаса болсын қайдан?!
Қатыны Меңлібайдың ұл тауыпты, 500. Қалжаны екеуіне қатар сойған.
Баланы бесігімен ауыстырып,
Қайғының қасіретін сөйтіп жойған.
Сол ұлы Меңлібайдың Төбет екен,
Айтпаса жанның бәрі білсін қайдан.
“Туысынан қысылған кем болмайд” деп,
Қазақ халқы деп қалған осындайдан.
Туылған Меңлібайдан үш ұл дейді,
Әлімбет, Тоғымбет пен Артық еді.
Қажыға жас күнінде Артық барып, 510. Әулеті қажы атанып қалып еді.
Артықтан үш ұл туып жеткен еді,
Қарамойын, Өтебай мен Құтым еді.
Қажыға сол заманда барған жан жоқ,
Қадірлеп елі мықты күтіп еді.
Тоққожа Өтебайдан жалғыз болып,
Ол дағы өніп-өсіп кетіп еді.
Құтымнан Сәт, Төлеген, Бәйтен, Тілес,
Жәнібек, Құрман, Дауыш туған тегіс.
Атанып жеті Құтым өсімі боп, 520. Мақтанып осыларды қылған кеңес.
Байторы тұқымынан болған еді,
Білгенге бәрі дайын ата жөні.
Мұнымен Құтым жөні тұра тұрсын,
Артынан айтылады артық-кемі.
Алдияр туды Әжығұл Әлімбеттен,
Әжіғұл сауда қыла шәрі кеткен.
Шәріде сарт қызын ап тұрып қалып,
Мұратқа бар ма біздей қолы жеткен.
Шаһарда қатын алып қалды ол тоқтап, 530. Сарт қызы ермеген соң көңілін жоқтап.
Інісі бірнеше жыл келмеген соң,
Артынан бабаң іздеп келген жоқтап.
Іздеп кеп алып қайтты Әжығұлді,
Сарт қызы келінінен бір ұл туды.
Бабамыз тілек қабыл болды ғой деп,
Баланың Тілеуке деп атын қойды.
Бір қатын тағы әперді Әжығұлға,
Бабамыз болған екен жұртқа тұлға.
Туыпты ол қатыннан Есір, Кеміс, 540. Сөйтіп ол той қылады туған ұлға.
Баласы Есір, Кеміс кетік еді,
Тілеуке дүние салып кетіп еді.
Тыныбек Тілеукеден жастау қалып,
Қолында бабамыздың жетім еді.
Шешесін Тыныбектің Есір алып,
Қоянбай Есекеңнен бітіп еді.
Әжығұлдан Тілеуке, Есір, Кеміс,
Таратып ата жөнді айттым тегіс.
Баласы Әжығұлдың үш рулы ел, 550. Осылай үлкендерден есітеміз.
Алдияр – Әжығұлдың баласымыз,
Таралған бір өзеннің ағашымыз.
Тыныбек Тілеукеден қалған тұяқ,
Тегінде сарт болады нағашымыз.
Айтады біреу олай, біреу бұлай,
Қалмайды әр уақытта таласымыз.
Жетіпті бабамыз да адалдықпен,
Жігіттер, адалдыққа таласыңыз.
Баласы Әлімбеттің екі мың үй, 560. Өнімді семіз найман сарасымыз.
Алдияр бабамызға Қызыр қонған,
Шарасын Құдай артық шапқан молдан.
Қазақтан алаш одан байлығы асып,
Қалмақтан бір бай шығып күншіл болған.
Байлыққа екеуара талас болып,
Түсірген екі жұртқа ауыр салман.
Екі бай, міне, осы қазақ, қалмақ,
Байлығын екеуара салыстырмақ.
Бір жағы байлығының асып кетсе, 570. Бәйгеде жеңілгеннің басын алмақ.
Кеткенде екі байдың малы шөлдеп,
Бөгейді өзен-суды балық меңдеп.
Осылай арасына тоқтам жасап,
Тексеріп адам қойған мұны көр деп.
Тексергіш қарап тұрды екі жақтан,
Қалмақ бай неше мыңдай жылқы баққан.
Айдап кеп өзен суға түсіргенде,
Азайып өзен суы құрғамаған.
Жылқысын бабам жиып түсіргенде, 580. Суы құрып балығы шопылдаған.
Шарбақы, Шарқияның суы құрып,
Қалмақтан байлығы асып, басын алған.
Батагөй шарапатты адам екен,
Жинаған кем-кетікті оң мен солдан.
Жаны ашып нашарларға енші беріп,
Тұсында болған екен жұртқа қорған.
Атасы талай жанға қорған болып,
Жомарттық жолыменен дүние салған.
Бабамыз үш қатынды алған екен, 590. Қонысбай бәйбішеден болған екен.
Биқашты мен Жауқашты екі бала,
Ортаншы қатынынан туған екен.
Егеспен тоқсан бесте алған тоқал,
Бабаңнан бала таппай қалған екен.
Оразқұл, Ырысқұл мен Кенжебайлар,
Тоқалдан Тоғым алған туған екен.
Бабаңның бәйбішесі бала қылып,
Үшеуін бауырына салған екен.
Қонысбай өз тұсында мырза атанып, 600. Атағы талай жерге барған екен.
Үш бала қатын алып, үй үйленіп,
Мырзадан бұлар да енші алған екен.
Орта жүз “мырза” деген Қонысбайды,
Ешкімнен мырзалығы қалыспайды.
Бір күнде тоқсан жылқы мырзалық қып,
Ойлаған теңеймін деп жарлы-байды.
Осылай баяндадым ата жайын,
Аямай тыңдаушыдан тілдің майын.
Бар екен Қонысбайдың төрт қатыны, 610. Айырып жеке-жеке таратайын.
Түгелбай бәйбішеден болған екен,
Білгенге ата жөні бәрі дайын.
Екінші қатынынан Құттымберді,
Кетейін аяқтатып осы жерді.
Баласы Құттымберді кісілі боп,
Көп болған жұртқа тұтқа кемеңгері.
Үшінші қатынынан Қыдырашты,
Бір үйін Қонысбайдың о да басты.
Құламбай мен Төлейін тоқалдан боп, 620. Төрт қатыны осымен орындасты.
Болыпты төрт қатыннан жеті бала,
Бұларды таратайын тыңдап қара.
Баласы Құттымберді бесеу болып,
Туыпты Құламбайдан тоғыз бала.
Тоқалдан өніп-өскен он бір болып,
Бес бала Қыдыраштан туған және.
Қонысбайдың ұлы бар отыз жеті,
Қос тағы немересін санап қара.
Болыстық Алдиярдан үзілмеген, 630. Болыс боп бір кісі жұрт меңгерген.
Бектұрған патшаға мәлім болып,
Шілтер тон, алтын кител, медел киген.
Баласы Құттымберді бесеу еді,
Төртеуі ыңғайланып бөлінеді.
Төртіншісі ұя бұзбас момын екен,
Маматтан артықшылық көрінеді.
Үкібай, Асан, Саңбай, Жәңгір болып,
Баянды “Төрт қоңыр” деп бөліп еді.
Баласы Маматбайдың бесеу еді, 640. Бекберді, Түмен, Айдан, Өнекі еді.
Бектұрған, Аппақ, Жұқа, Соқыр, Аңған,
Билеген Бекең қазы найман елді.
Садырбай, Көрмебай мен Шақтағай да,
Олар да бай боп өткен берекелі.
Жұмықбай жақсы туған Тәкеңбайдан,
Қазанқап, Мүсәпірмен үшеу еді.
Баласы Жанболаттың Байқонақбай,
Маматтың бес баласы түгенделді.
Бесеуінен жиырма бес бала туып, 650. Қосылған отыз бала немере енді.
Мәнісін болған істің түгел айтам,
Айтпасақ білмегендер білсін қайдан?
Болыс боп Мұқаметқали жас кезінде,
Адамы озып шыққан кішкентайдан.
Сол кезде бақыт қонып тасып еді,
Өлшеулі Алла берген нәсіп еді.
Сиязда жиырма болыс бас қосқанда,
Ықпалы өз елінен асып еді.
Таласып оязбенен ережеге, 660. Заң тауып, сөз жаңалап қосып еді.
Бұзған соң жиырма болыс ережесін,
Сескеніп теңдес адам шошып еді.
Нашарға көршілерден ақы беріп,
Жүрегін жуандардың басып еді.
Осындай жұрттан озған кемеңгерді,
Жау шығып жақынынан тосып еді.
Сырт елге өз жақыны басшы болып,
Көп итті бір бөріге қосып еді.
Заң қуып басын сотқа кіргізе алмай, 670. Қамалып, қалың халық сасып еді.
Өз елі қастық қылған қағаз берді,
Түсірді сөйтіп торға кемеңгерді.
“Асқан қайрат жанға қас” дегендейін,
Таптырды, сөйтіп, жазым қайран ерді.
Шейітлік мысалында қайтыс болып,
Кім қылды Алла мұндай жаһангерді.
Атаңыз келді осылай, жамағатым,
Қатасын түзетерсің болса ағатым.
Құлақ сап, әңгімені аңғарсын деп, 680. Шығарған өлең етіп хикаятым.
Баян қып аталардың жаздым атын,
Өлмес деп, өзім өлсем жазған хатым.
Білмеген ата жөнін айырсын деп,
Осылай болды менің мағлұматым.
Руым – қаракерей, семіз найман,
Алдияр әулиеден арғы затым.
Маматтың немересі Бекберді ұлы
Сүлеймен мұны жазған менің атым.
Мирас қой аталардың құрметі үшін, 690. Тастама дұғаңыздан, уәлаятым.
Қырықмылтық – мұны жазған би Сүлеймен,
Болсам да мағлұматсыз үлгі көрген.
“Қырықмылтық” деген біздің атамыз жоқ,
Аң аулап аталарым бопты мерген.
Ағадай аға сұлтан заманында
Жау бопты жылқы шапқан арғын елмен.
Елсізбен жылқы алған жау келе жатып,
Саятшы қырық мергенге тура келген.
Көп жауды мылтық атып түсірген соң, 700. Осылай Қырықмылтық деп есім берген.
Қырықмылтық сол себеппен атаныппыз,
Алдияр баласы едік өсіп-өнген.
Қырықмылтық атамыздың еместігін,
Осылай мәлімдедім өлеңменен.
Жанғұлы табы
Құлмамбеттен: Жанғұлы, Тілеуберді,
Қатыны Тілеуберді дарқан дейді.
Баласы Тілеуберді бесеу екен:
Тәңірқұл, Қодарқұл мен Құдайберді.
Бұларға тетелес боп туысқандар, –
710. Білсеңіз, Келдібек пен Қасқа дейді.
Қолжоба, Таз, Байтарақ Қодарқұлдан,
Баласы Құдайберді, Тұмас болған.
Баласы Тәңірқұлдың Жәнібек, Бөдес,
Төрт бұрыш мал мен басқа түгел қонған.
Баласы Жәнібектің Орыс, Медан,
Білуге ата жөнін болар содан.
Сұрасаң айтылады атын мұнан,
Тағы да орта жолда үш ұл туған.
Бекшойын, Байшойын мен Ырыскелді, 720. Ата жөнін осылай едім қуған.
Бекшойыннан Садырбай, Жаманбала,
Кәріпжан, Серікбаймен туған дана.
Серікбай алған екен сегіз қатын,
Төрт қатыннан он екі туған бала.
Баяндап он екі ұлды таратайын,
Онымен қанша болар тыңдап қара.
Керімтай, Құдайберген, Тәңірберген,
Қадірлі Әбдірахман найман білген.
Қасен менен Құсайын тағы екеуі, 730. Бұл алты ұл бәйбішеден болды деген.
Бір қатыннан Смағұл, Қанапия,
Болмайды жалған айтып сөзді қия.
Қимади, Рақымжанмен бір қатыннан,
Адамға жүрген тәуір нәпсі тия.
Төлеу мен Ешмұқамет бір қатыннан,
Осымен бәрін жазды қалам-сия.
Ұрпағы он екі ұлдың отыз тоғыз,
Бәрінің шыққан жері бір-ақ ұя.
Мұнша өнім Серікбайға Алла берген, 740. Болыпты елу бір ұл немереден.
Дәреже, бас пен бақыт толық болып,
Таппадым бұған теңдес найман елден.
Атағы өз тұсында мәлім болып,
Орта жүз баласына мәлімделген.
Сұлтан мен Асан еді Құланбеттен,
Үсен атты бір бала шетке кеткен.
Асан ұлы Ырымбек жалғыз болып,
Сұлтаннан төрт ұл туып тарап кеткен.
Қазығұл, Барлыбай мен Қазыбек, Көрпе, 750. Бұл төрт бала туыпты Ырымбектен.
Қазығұлдан туыпты сегіз бала,
Ол үш жүзден бері қарай өсіп кеткен.
Жолдыбай, Базарбай мен ол Базартай,
Өтеген, Дауыл менен қырғыз Самтай.
Аттарын түгел жаздым осы хатқа,
Сегізі Қазығұлдың осы болды-ай.
Он екі ұл туыпты Барлыбайдан,
Ел өнімі артылар осындайдан.
Он екі ұлды тағы да таратайын, 760. Айтпаса жанның бәрі білсін қайдан?!
Шағырай, Тоқпай, Қобай, Бозай, Боздақ,
Атаны баяндадым түптен қозғап.
Қойлыбай, Бөрте, Амандық, Ырса, Самбай,
Сыйғызып қиын болды бәрін жазбақ.
Байқара, Кенжебаймен соңғы екеуі,
Барлыбай он екі ұлы осы болды-ай.
Қыдыр, Сауқал, Есенғұл, Есенбайды,
Сұлтаннан бұл төрт бала тең тарайды.
Қыдыр ұлы Жиенбай және Жылғақ, 770. Атаны білген адам орындайды.
Бұларды таратуға келді ыңғайы,
Есенғұлдан Жанбосын деп атайды.
Анықтап таратпасақ жарамайды,
Есенбайдың баласы Қожа атаңды.
Болыпты он екі ұлы Атанғұлдың,
Бұлардың да жазылуға келді ыңғайы.
Боранбай, Сыңай менен Қараменде,
Бозай мен мақтаушы еді Ішекбайды.
Ақкісі, Мәуке менен Сарыбай, Саңрақ, 780. Дәндібай, Өтен менен Жаңабайды.
Бозайдан Ыбырайым жақсы туып,
Тұсында болыс болған жұртқа жайлы.
Билеген Жанғұлыны Ыбырайым,
Сиязда топ басы боп жыл-жыл сайын.
Есенсары, Әкімбай мұның өзі, –
Бұлар да болыс болған айтсам жайын.
Байсын руынан
Бұрыннан тәжірибе ата қуған,
Білмесе ата жөнін болар күмән.
Баласы Ерторының Айрам, Мейрам,
790. Тағы да Айрамнан үш ұл туған.
Балық пен Байыс атаң Жалықбекпен,
Бұлар да өніп-өсіп тарап кеткен.
Қожбанбет, Жарболды да Халықбекпен,
Қалдырмай баяндайын арғы тектен.
Халықбектен Сылбыр, Боран екі ұл туған,
Жаһаннан қаза жетіп қайтып кеткен.
Сылбыр, Боран шешесін Байыс алып,
Мәмбет қажы атанған содан біткен.
“Үкілі ақ найман” деп аталады, 800. Айырар білген адам көзі жеткен.
Сол кезде Сылбыр, Боран өктем екен,
Бұл елмен барымталас кектес екен.
Екі елдің арасында тоқтам болмай,
Мейрамды жау өлтіріп кеткен екен.
Байыс пенен Байсиық кісі жиып,
Баруға жауға талап еткен екен.
Сығыр, Сыбан дейтұғын елді шауып,
Мұратқа кегін алып жеткен екен.
Бұлардың жауын алып кегі бітті, 810. Бір қатын шабындыдан алып кепті.
Сығыр, Сыбан елінен келген қатын,
Жүкті болып тауыпты Ахметбекті.
Сол қатынды келген соң Байыс алып,
Көңілінен қасірет пен қайғы кетті.
Тағы да сол қатыннан бір ұл туып,
Баланың аты болсын Сыбан депті.
Сығыр, Сыбан елінің жиені деп,
Баланың аты Сыбан болсын депті.
Тума Тоқпақ атасынан
Байыстың Шөренбайдан бір баласы,
820. Атаны біліп айтса сөз сарасы.
Шөренбайдан Мұңайтпас, Тума, Тоқпақ,
Айрылар өніп-өсіп ел арасы.
Мұңайтпастан байыған Тоқпақ дейді,
Белгілі одан бергі ел жобасы.
Қисса қып бұл өлеңді жазып шықтым,
Білгенді жариялар ел данасы.
Білмеген аталарын айырсын да,
Осылай келе жатыр рисаласы.
Үкілі ақ найман деп айырылады, 830. Байыстың бұл да болды бір баласы.
Байыстың бәйбішесі Мұрын еді,
Мақта апай Сарымырзаны туып еді.
Байжігіт, Жанжігітпен Мақта апайдан,
Мұрынға сол себептен жуық еді.
Сөйлесе сөз табылар әр тұрғыдан,
Не пайда жалған айтып сөзді бұзған.
Бейсеқан бұл Мұрынның шын аты екен,
Атанған мұрны үлкен деп сөз қылудан.
Үйсін ұлы Бәйдібек байдың қызы, 840. Нәсілі шықса керек сол рудан.
Жолымбет, Бәйдібек пен Жол, Жолайдай,
Тағы да Сарымырза үш ұл туған.
Ұрпағы Жолымбеттің өнімді боп,
Көбейіп ел тараған ата ұлынан.
Бәйімбеттен Құлаке, Сейіт дейді,
Сөйлейін Жолымбеттің руынан.
Әжіғұл, Әжі менен Ырақ, Ыршақ,
Қос Мұрат, Назар, Қыдыр ата қусам.
Баласы Әжіғұлдың Мырзас, Дәуіт, 850. Дәуіттен Айдар, Кенже, Бағам, Қысам.
Ырақ ұлы Қошымбет жалғыз болып,
Туыпты онан алты ұл санап тұрсам.
Қазымбет, Тілеуімбет және Орыс,
Қараменде, Қол, Етек есеп қылсам.
Орыс ұлы Жантүгел, Дауыл, Дулат,
Атығай, Сексенбаймен қалмас жырақ.
Малтүгел, Барлыбаймен екеуі боп,
Сонымен жеті бала тұп-тура-ақ.
Назардан Жанболат пен Құттықадам, 860. Жанбике, Садыменен болды тәмам.
Болыпты Жанболаттан алты бала,
Жарықтық тұқымы көп неткен адам!
Жанболаттан Тоқабай, Жанай, Сады,
Шоябай, Ырсақ пенен Қожан тағы.
Тоқабайдан туыпты Атан, Жомарт,
Шоябайдан Жарылғаппен туған бәрі.
Бұлардың туысында міні бар ма,
Өнімін мақтаушы еді ескі кәрі.
Жомарттан туған екен тоғыз бала, 870. Тусашы осындай боп жанның бәрі.
Жомарттан Кегенбай мен Тоқан, Бәйел,
Бұларға бала тапқыш түскен әйел.
Сыбан атасынан
Шежіре Сыбанның да жөнін қуды,
Байгөбек, Жангөбек пен Жарасқұлды.
Бөрі менен Бөлтірік енді екеуі,
Сонымен Сыбаннан да бес ұл туды.
Байкөбектен Құлымбет, Түге дейді,
Түгеден Тоғалы өзі жалғыз туды.
Қапан, Қамбар, Қаратай немересі,
880. Ұрпақтары Түгенің солар дейді.
Жанкөбектен Белгібай, Нарымбайды,
Нарымбай хан болыпты жұртқа жайлы.
Бөріден Сақара мен Сәліп дейді,
Атаны білген адам орындайды.
Бөлтіріктің баласы Сарын дейді,
Қалдырмай мен жазайын бәрін дейді.
Туыпты Құлымбеттен алты бала,
Бұларды таратайын тыңдап қара.
Бір ұлы Сатыбалды, Сақа, Марқа, 890. Төленді, Жәдігер мен туған дана.
Бұларды да қалдырмай таратайын,
Нарымбайдан Байқара, Ботақара.
Байқарадан Ақтайлақ, Келесбайды,
Байсал менен Жантайлақ, Жарасбай-ды.
Жарасбайдың баласы Жарқынбай би,
Білімге Ақтайлақтан қалыспайды.
Озбақан, Жұмақан мен Жарқынбайлар,
Бұлар да қысталаңда көп саспайды.
Байжігіттің атасы
Айтылды Байжігіттің бес атасы,
900. Жазылсын түгелденіп ел сарасы.
Байысқа бұ да келіп қосылады,
Сөйленсін Тоқтарқожа мәселесі.
Ескі сөз ескерілсе болар қанық,
Сөз білген уәлаятқа болар тарих.
Тегінде Тоқтарқожа заты өзбек,
Айырып біле алмайды мұны халық.
Туады өзбек, қазақ Жайылғаннан,
Жазылып шежіреден қалған анық.
Атаның бәйіт қылдым бәрін тәмам, 910. Ескермес ата жөнді болса надан.
Өзбектің нәсілінен деп айтады,
Болған екен Тоқты хан деген адам.
Өзбекпен екі арасын қоса алмадым,
Қатесін болса түзер білген адам.
Тоқтыға алтыншы ата келер өзбек,
Пендесі дәм айдаса жиһан кезбек.
Алты ата арасында қала берді,
Артық-кем айырмышын Алла білмек.
Баласы Тоқты ханның Тоқтамыс хан, 920. Тоқтамыстан – Тоғысқан, онан Сайбек.
Сайбек те өз тұсында хан болыпты,
Адамзат қилы-қиы дәурен сүрмек.
Болыпты Сайбек ханның отыз ұлы,
Өркендеп мезгіл екен тұрған күн боп.
Жерден ауып қозғалыс болып кетіп,
Толқынмен тозып кеткен жұрты жүдеп.
Сонымен үркін болып кеткен екен,
Замана неше қилы өткен екен.
Мал арып, адам азған бір мезгілде, 930. Бір жақсы жайлы жерге жеткен екен.
Жер екен арал-арал жері тұйық,
Әртүрлі аң: – бұғы, марал, арқар, киік,
Жәнібек деген ханның мекені екен,
Маңайын жан баспайтын адам жүріп.
Сайбек хан осы жерге келіп қонды,
Аңғарып айырмады жайын біліп.
Қонған соң рұқсатсыз хан жеріне,
Хан састы жол таба алмай мысы құрып.
Сайбектің бәйбішесі Жұпар ханым, 940. Әр айла сөздер айтты ойлап тұрып.
Кәр қылса оңай емес ханның ісі,
Не десе ауған елге келер күші.
Ханым айтты: – Еркектер үйде тұрма,
Келсе жауап берейін қатын кісі.
Сайбек хан саяхатпен кетті жүріп,
Отыз ұлы бір кетті қасына еріп.
Жер шалған Жәнібектің серіктері,
Бұл қонған келіп еді елді көріп.
Бұлар кеп бір адамнан жөн сұрады: 950. – Бұл жерге басшыңыз кім қонған келіп?
Хан жерін рұқсатсыз баса қонған,
Басшыңыз ажалына болған серік.
Түсірді ертіп келіп хан үйіне,
Құрметпен қонақ қылды тағам беріп.
Толқынмен ауып келген ел едік деп,
Айтады уақиғаның бәрін теріп.
Жай-жөнін Жұпар ханым айтты бәрін,
Кәр қылмай қайыршыдан хан қаһарын.
Бұларға Жұпар ханым кісі қосып, 960. Қонаққа шақырыпты хан сұлтанын.
“Қонаққа сұлтанымыз” келсін дейді,
Көруге дидарласып мейірбанын.
Құп айтты шақырушы ханға барып,
Жай-жөнін хан сұрады әбден қанып.
Қонаққа шақырғанда хош көріпті,
Сайбекті біледі екен жұртқа қанық.
“Бұл жерге Алла ісімен келді ғой” деп,
Қонаққа келген екен ғибрат алып.
Үйіне Сайбек ханның келіп түсті, 970. Ханымдар құрмет қылып тік тұрысты.
Аң аулап саяхатпен отыз бала,
Аңдарын атып алған әкелісті.
Қонаққа хан келгенін бұлар біліп,
Он бестен екі жік боп үйге кіріп.
Жібектей сын-сипатты отыз бала,
Тәжім қып әдеппенен тұрды иіліп.
Хан дағы жылы сөзбен сәлем алды,
Хош көріп балаларға назар салды.
Балалар амандасып болғаннан соң, 980. Ханымнан “бұлар кім?” деп жөн сұрады.
Ханым айтты: – Бәрі де балам, – дейді,
Он бестен екі анадан туған, – дейді.
Анықтап араларың айырмасам,
Болады көңіліңізде күмән, – дейді.
Хан сұрап балалардың білді затын,
Әдепті ұнатады инауатын.
– Жоқ екен еш нәрсеге кемшіліңіз,
Қалайша алдырдыңыз кіші қатын?
– Болмайды ханда ақыл жер қорыған,
990. Қатында бақыт болмас ер қорыған.
Кеңшіліктен кемшілік болмас деген,
Тараң болса таймайды кім жолынан.
Алдырмасам он бес ұл қайдан шығар,
Әркім зиян шекпейді өз қорынан.
Болуға рақымды Алла өзі жазсын,
Келеді пендесінің не қолынан.
Ханымның тиіп кетті ханға сөзі,
Сөзіне сөз айтарлық келді кезі.
“Сөз тапқанға қолқа жоқ” дегендейін, 1000. Тартымды адам екен мұның өзі.
Жеңіліп бұл сөзіне Жәнібек хан:
– Сіздікі осы қоныс болсын, – дейді.
Әрқашан тіл жүйрігі айырады,
Қиядан қисынсызды қайырады.
Есті адам езуінен пайдаланбақ,
Жұпардың қорығы деп атанады.
Бір ауыз сөзге сынып орын берген,
Хан екен шын ақсүйек мейірбанды.
Сол жерге Сайбек хан үй салдырып,
1010. Орнығып бұрынғыдай мекендеді.
Өткізіп бірнеше жыл өмір сүріп,
Сайбек пен Жұпар ханым дүние салды.
Дүниеден хан мен ханым қайтқан кезде,
Қозғалыс елге толқын болып қалды.
Сол тұста хан тұқымы асып еді,
Артылып шарасынан тасып еді.
Толып тұрған кезінде толқын болып,
Тағы да қырғын тауып қашып еді.
Үш ұлы үш тап елге үш бөлініп, 1020. Тағдырда ырызғысы шашып еді.
Матайға Қойшы аға кеп тұрып қалды,
Қызайға дәм мен тұзын қосып еді.
Бұрынғы ашылмаған мәселесін,
Осылай баяндайын ашып енді.
Қош енді айтылсын-ақ Тоқтарқожа,
Нәсілі – хан баласы, тегі – таза.
Сол кезде хан баласын қалмақ шауып,
Қашқын боп шабындыда келген бала.
Қашқын боп хан баласы келген шеттен, 1030. Байысқа бала болды келген беттен.
Байыстың күйеуі боп қызын алып,
Сұлуға Мақта апайдай қолы жеткен.
Байысқа күйеу болды қызын алып,
Сүйіпті Мақта апай да затын танып.
Байжігіт, Жанжігіттей екі бала,
Байыстың жиені ғой жұртқа қанық.
Қыздан туған баланың қиығы жоқ,
Қалған ғой сол себептен Байыс атанып.
Баласы Байжігіттің Жұмық, Тоғас, 1040. Мәмбет пен Қарақұрсақ бұған жалғас.
Қожағұл, Күшік дейді Мәмбет ұлы,
Бұларда өсіп-өнген бәрі аралас.
Тоғастың болған екен тоғыз ұлы,
Тұсында батыр болды дейді мұны.
Қалмаққа бір соғыста қарсы шауып,
Кетіпті тұтқындалып бірнеше ұлы.
Туыпты Жұмықтан да жеті бала,
Бұларды таратайын тыңдап қара.
Сайболат, Саты, Ақнайман, Қожанболат, 1050. Үлкен үй тиген екен Қарашаға.
Бәйбішеден бес бала туған екен,
Тоқалдан Тәуке жалғыз туған және.
Қазадан Жұмық атаң қайтыс болып,
Артында қалған екен алты бала.
Сөйленсін алты бала мәселесі,
Жіктелді бәйбіше, тоқал екі арасы.
Еншіге екі жағы енжар болып,
Болыпты үлкен жанжал тайталасы.
Бес ұлы бәйбішенің ыңғай болып, 1060. Тәукені өлтіріпті бес ағасы.
Қалайша ар-иманы сатылды екен,
Туысқан бір әкеден бауырласы.
Тағдырда осылайша жазылмыш бар,
Секілді Жүсіп нәби уақиғасы.
Шейітлік мысалында қайтыс болып,
Артында жас қалыпты үш баласы.
Ниеті бұзық болған бәтшағарлар,
Жақынын жатқа санап өлтіріпті.
Мүсәпір жетім-жесір болып қалды, 1070. Не көрмес Алла жазса хан баласы.
Жас бала, жесір қатын кетпек болды,
Жанашыр болмаған соң ақылдасы.
Төркіні шешесінің семіз найман,
Сол елге кетпек болды қайтып қасы.
Сонымен жаяу-жалпы көшіп кетті,
Бұлармен ат кекілін кесіп кетті.
Атағы айқын болған Алдияр бай,
Сол байға сүйенеміз десіп кетті.
Бәйбіше балаларын ертіп алып, 1080. Өксіп кеп Алдиярға жетіп кепті.
Осындай кемшілікпен келгеннен соң,
Жаны ашып қошаметтеп күтімдепті.
Сүйегін құрметтепті іздеп келген,
Нашардың қамқоры еді қамын жеген.
Өтепті жылқышыға бастық қылып,
Қолына жылқы бақ деп құрық берген.
Қосының айналасы үш күндік жол,
Аралап соның бәрін тексер деген.
Сонымен Өтеп жүрді жылқы бағып, 1090. Пікірін байға жақты оймен тауып.
Қарайды бай малына өз малындай,
Тілемей бөтен тілеу көңілі ауып.
Бабаң да бұл ниетті жүрді біліп,
Бірталай күн өткізді дәурен сүріп.
Бұларды тәрбиелеп жеткізіпті,
Бәрін де балалардың үйлендіріп.
Бабаңның берген малы қайырлы боп,
Қатарға бай болыпты бұлар кіріп.
Үш бала кәмелетке әбден жетті, 1100. Көңілінен қасіретті қаяу кетті.
Бір күні Алдиярдан өтіл сұрап,
“Жұртыма рұқсат болса қайтсам” депті.
Хош көріп өтінішін Алдияр бай,
Рұқсат – ризалық бата қыпты.
Тәуке ұлы Сақа, Түке, Өтеп еді,
Енші алып Алдиярдан кете берді.
Бұлардың әулеттерін таратайын,
Осылай сөз қиюы төте келді.
Өтептен болған екен сегіз бала, 1110. Түсінер кейінгі бар жазсаң дана.
Өтептен Ертіс, Бертіс, Құтық еді,
Байқоңыр, Қоңырбаймен бес ұл еді.
Байтоға, Бәйіті, Нәйіті бір қатыннан,
Өтептің сегіз ұлы осы дейді.
Баласы Қаратайдың Кәкен деген,
Қайран, Сықақ, Сағары бір қатыннан.
Баласы бұл үш бала Ит дегеннің,
Қайраннан Садуақас, Әбілмәжін,
Біреудің біреу білмес ішкі зарын. 1120. Қалиасқар, Әбілмәжін, Малғажылар,
Бұлардың біле алмадым ішкі назын.
Бұларды осыменен тоқтатайын,
Білімді қабылдайды сөздің азын.
Дәулен[нің] атасы
Күшіктен Өмір, Дәулен, Есір еді,
Бәрі де дүниеден көшіп еді.
Болыпты Дәуленнен де сегіз бала,
Айрылып аралары шешіледі.
Тоқия, Қосал, Шүгет, Қатпа, Доғалақ,
Байкісі, Байыс пенен Орыс еді.
1130. Артында балалары жастау қалып,
Жалғаннан Дәулен қайтып кеткен еді.
Дәуленнің бәйбішесін Өмір алып,
Жарылқап деген бала бітіп еді.
Тағы да Жарылқаптан төрт ұл туып,
Бұлар да төрт тап ел боп өсіп еді.
Бұланшының атасы
Баласы Қаракерей екі торы,
Мал-басқа бірдей болған оңы-солы.
Шабындыдан алып кеп бір қатынды,
Ол қатыннан Байсүйін деген болды.
1140. Қазақты сол бір кезде қалмақ шауып,
Байсүйін қаза тапқан осы жолы.
Артында қатын-бала, жамағатын,
Олжалап алып кеткен қалмақ қолы.
Ол жандар тұтқындалып бара тұрсын,
Тағдырда қалай келер мұның соңы.
Қалмақтың өктемірек заманы екен,
Қазақтың жетер емес бұған қолы.
Хан екен Ақсақ Темір мұсылманға,
Әр жерде жәрдем берген қысылғанға. 1150. Жетім боп жас кезінде бұзау бағып,
Хандықты Алла берген осыған да.
Бұзаушы балалармен басын қосып,
Шаптырып жаяу бәйге қосылғанда.
Озған бала хан болып сайлансын деп,
Мәслихат шарт жасаған осыған да.
Көп бала бұл бәйгеге қосылады,
Бастаған бір жораға осыларды.
Орта жолда оза алмай келе жатып,
Аяқтың кемдігі-ай деп ол жылайды. 1160. Таяу кеп тақиясын лақтырса,
Бәрінен балалардың бұрын барды.
Балалар озып келген таласады,
Талас сөз арасында тоқталмады.
Тоқталмай қазы алдында айтыс қылып,
Озған деп Ақсақ Темір хан сайланды.
Хан болған соң балаларды әскер қылып,
Шетке шығып жапаннан орын алды.
Ойдан-қырдан әскерді құрастырып,
Өнері үстем болып атақ алды. 1170. Осындай өрлеп тұрған мезгілінде,
Қазақты қалмақ шапқан хабар барды.
Қазақ кегін қалмақтан айырам деп,
Әскерін ертіп алып сапар қылды.
Хан жүрді қалмақ жаққа әскер алып,
Барар жол, қылар қайрат өзіне анық.
Бірнеше күн жол жүріп екі арада,
Тоқтады қалың әскер таяу барып.
Хабарын келген жаудың қалмақ естіп,
Бекітті қалмақ шебін хабарланып. 1180. Әскер келсе шеп аузы бекітілген,
Тығылған шеп ішіне тамам халық.
Бұзар жер, кірер тесік таба алмайды,
Әскері қалмақ шебін қамап алып.
Жері құм, күні ыстық шөл жер екен,
Ат пен адам шөлдеген естен танып.
Әскерлер бет-бетімен кетпек болды,
Ыстықтың зардабынан күйіп-жанып.
Темір хан не қыларын біле алмады,
Айрылып ақылынан есі ауып. 1190. – Бұл жерге қайыршы боп барам, – дейді,
Жүрем бе жолын білмей қапаланып.
Қайырып беттеріңді қайтқан болып,
Тұрыңдар жал басында тасаланып.
Солай деп ақсай басып кетті жүріп,
Әскері айтқан жерде қалды тұрып.
Жау кетті деп шеп аузын ашқан екен,
Темір хан қайыршы боп кетті кіріп.
Пұшпақта отыр екен бірнеше ауыл,
Қарады есігінен тіке тұрып. 1200. Бір қатын, екі бала отыр екен,
Қайыршы қылды ишарат сусын деген.
Бейшара аяқпенен сусын берді,
Бастан қойып, аузынан жұтқан екен.
Бетіне әлгі қатын қарап тұрып,
Бұл іске ғажапланып қалған екен.
Бәйбіше айтты – Бас алынбай, шаш алынбас,
Жарылмай саба түбі, сусын қанбас.
Хан ақыл қапияда табад деген,
Қалайша тау түбіне зейін салмас. 1210. Бұл мылқау бұл жұмбақты тұрды біліп,
Қақпадан шығып кетті қайта жүріп.
Қуанғаннан ақсағы ұмытылып,
Әскерге қайта келді зыр жүгіріп.
“Бұл жауды Алла берсе аламыз” деп,
Әскерге жар салдырды қуандырып.
Бәйбішенің жұмбағын оймен тауып
Ап келді тау түбіне бастап жүріп.
Бір бұлақ таудан келіп ағады екен,
Кетіпті тау түбінен жерге кіріп. 1220. Әскерлер суды көріп қуанысып,
Сусындап шаттанады жұрт сүйсініп.
Шәріге жер астымен барады екен,
Басынан суды бұрды жұрт жүгіріп.
Шебінің ортасынан шығады екен,
Шәрінің енді қалды суы құрып.
Хан тапты қайыршы боп хабарласып,
Әскерлер шаттанады қайраты асып.
Суы жоқ мұнан басқа алып ішер,
Шулайды шаһар халқы қайғы басып. 1230. Күн ыстық, сусыздыққа шыдай алмай,
Шебінің қоя берді аузын ашып.
Аңдушы аңдып тұрған аясын ба,
Шепке кірді әскерлер араласып.
Шеріктер қырып-жойып алды жауды,
Бұл нәубет мұсылманға болған нәсіп.
Жауды алып ту түбіне жиылады,
Батырлар көңілі өскен судай тасып.
Темір хан әскерлерін түгендейді,
“Кім өліп, кім қалды” деп қамын жейді. 1240. Жауды алдық бір адамның себебімен,
Ақылын бәйбішенің мәлімдейді.
– Тығылып тәуекел қып түзге, – дейді,
Алладан күдеріңді үзбе, – дейді.
Табыңдар екі бала, бір қатынды,
Себепкер болып еді бізге, – дейді.
Отырған орны менен түсін айтып,
Шерікке: – Бет-бетіңмен ізде, – дейді.
Шеріктер іздеп барып тауып келді,
Тапқан соң хан алдына алып келді.
1250. Әуелі тағам беріп жайландырып:
– Затыңыз кім болады, айтшы? – деді.
Ей, тақсыр, арғы атамыз Найман, – дейді,
Қаламыз Алла ісіне қайран, – дейді.
Атамыз одан бергі Қаракерей,
Сол елге қалмақ салған ойран, – дейді.
Байторы бір туысқан Ерторымен,
Байсүйін менің байым жау өлтірген.
Олжа қып үшеуімізді алып келді,
Болатқан дейтін қосып баламменен.
1260. Болатым мына отырған қасымдағы.
Қанатым осы жолы тағы да өлді.
Хал-жайын, шыққан затын тәмам қылып,
Осылай Темір ханға жауап берді.
Хан төре қатын жайын естіп білді,
Мұң жайын естіген соң мүсіркеді.
“Мал-мүлік, жиһазыңды толық қылып,
Апарып өз жұртыңа қосам”, – деді.
Осындай тұтқындалған мүсәпірге,
Кез қылған Алла мұндай несібені. 1270. Құтқарып тұтқынынан қуандырып,
Екі елдің көңілі шат боп артық-кемі.
Бұлардың қуанышты жолы болып,
Дертіне дауа болып табылды емі.
Ерторы Байторыға әкеп берді,
Ертіп кеп Темір ханның шеріктері.
Туысы екеуіне бірдей екен,
Осындай Бұланшының арғы тегі.
Сол тұста Алаш хан деген ханның шабындыдан алып келген қатынын бір қаракерей алып, сол қатынынан Байсүйін туған дейді.
Садыр[дың] атасы
Садырдан үш ұл туған Тоң мен Шүйе,
Саржетім кенжесі еді орнына ие.
1280. Болыпты Тоңнан үш ұл сұрастырсам,
Бұлар да бөлінеді жүйе-жүйе.
Есенғұл, Түгелбай мен және Өзбек,
Пендесі дәм айдаса жиһан кезбек.
Түгелбайдан туыпты Жәндік жалғыз,
Білуге ата жөнін бәрін тізбек.
Байкеліс пен Дінкеліс Жәндік ұлы,
Итемген мен Сүтемген төрт ұл туды.
Сүтемгеннің баласы Малғар, Зәкір,
Дінкелістен тағы да төрт ұл туды. 1290. Лақ, Жолтай, Елеке, Тауымбеттен,
Тағы да Елекенің жолын қуды.
Елекеден Алдияр, Құлдиярмен
Есенғұлдай мұнан да үш ұл туды.
Есенғұлдан Ақшабек, Адырамбектей,
Бұлар да өніп-өсіп тарап кетті-ей.
Өзбектен Шәрке, Дәулет, Ақын, Жанбай,
Ұғынбас ата жөнін өлең қылмай.
Ел болып өніп-өсіп осы арадан,
Таралып Садыр келді жөні осылай.
Матай[дың] атасы
1300. Матайдың үшеу екен бел баласы,
Белгілі байқағанға ел шарасы.
Қаптағай, Аталық пен Кенже деген,
Осы ед Матайдың бұл үш баласы.
Өнімі бұлардың да артық болып,
Болыпты Матай ағаң ел ағасы.
Баласы Қаптағайдың Дәулет, Күшік,
Дәулеттің Қолдас еді бел баласы.
Тоқалынан Қарауыл, Жасық еді,
Бөлінген бәйбіше, тоқал екі арасы. 1310. Қолдас ұлы Асаннан туды Жалаң,
Келмейді сөз қиюы көңіл алаң.
Жалаңнан Қасен тағы жалғыз болып,
Қасен ұлы Жақсылық деген адам.
Баласы Жақсылықтың Сары дейді,
Сөзіңнің айтса кірер әрі дейді.
Бөрібай оның ұлы жұртқа мәлім,
Матайдың ұран қылған бәрі дейді.
Бөрітал Байгісіннен одан бері,
Атаның осы дұрыс дана жері. 1320. Туып ед Дүйсенбай да Байгісіннен,
Қалқабай, Қанекемен төмендегі.
Қанеке ұлы Есімбек, Қожабекпен,
Артылып даражасы найман білген.
Тұрысбек Маманұлы жұртқа мәлім,
Шарасы бұлардың да шабылған кең.
Қаптағай аяқтайды осы жерден,
Ешкімін қалдырмай-ақ бәрін дегем.
Аталықтан үш бала болған екен,
Бұл жерде таратуға жөні келген. 1330. Атаның келді осылай мәселесі,
Шығады сөйлей берсе сөз данасы.
Құттыболат, Сүттіболат, Тәттіболат,
Осы еді Аталықтың үш баласы.
Баласы Құттыболат Құтым, Шағыр,
Құтымды таратайын қылсаң сабыр.
Құтымнан Айт пен Құрман екі ұл туып,
Құтымға қаза берген Жаппар Қызыр.
Артынан Естемес пен Есен туып,
Жастай-ақ Тәңір алып қылған зәбір. 1340. Шағырдан төрт ұл туған екен Қызай,
Ерінен даңқы асып кеткен ұзай.
Бақ қонып Қызай елі шығандап жүр,
Әзелде осылайша жазған Құдай.
Итемген, Меңіс, Дербіс, Бегімбеттің,
Ұрпағы өсіп-өнген жерге сыймай.
Сүттіболаттан Есеней Қанбар дейді,
Саршоқпар бір баласы болар дейді.
Тәттіболаттан Қоңырбай жалғыз болып,
Ел болып өз алдына тарар дейді. 1350. Мұрын, Қызай – қызы еді Домалақтың,
Түсінер білген адам сөздің нарқын.
Ұлы жүз Бәйдібек бай әкесі еді,
Шежіре қалдырмастан терген бәрін.
Бейсеқан – бәйбішенің шын аты екен,
Мұрны үлкен болған соң есімделген.
Мұрын, Қызай екеуі бір туысып,
Нәсілі шыққан заты үйсін елден.
Тума атасы
Қисық ұлы Мұңайтпас, Бұқа, Елқонды,
Итемген мен Бұқадан төрт ұл болды.
1360. Мұңайтпастан Қар, Тышқан, Бекмолла би,
Тұқымы Мұңайтпастың өстіп толды.
Елқондыдан Төлеген, Бейсен туған,
Төлегеннен Дүйсенбай, Шонжар туған.
Өтеміс, Төтеміс пен Балдекелер,
Бейсеннен туған бала үшеу болған.
Балдеке ұлы Құрманбай болыс болған,
Бақ-дәулет бұған дағы келіп қонған.
Итекенің тұқымы Байел, Бекжан,
Байел де байлықпенен болыс болған. 1370. Қисық та тума елінде толымды боп,
Дүйсенбай болып еді жұртқа қорған.
Бұқадан Қайнар, Мұқыр, Тойымдық-ты,
Нелер құтты бұлардан байлар шықты.
Қайнардан Айт, Айдарбек екі ұл туып,
Шоман ұлы Сылбырбай болған мықты.
Айт баласы болады Сарман, Шорман,
Сарман ұлы Ыстамбай, Құлкей болған.
Мұқыр ұлы Тыныбек, Мәніс болды,
Мырзабек, Мырзатаймен төрт ұл болған. 1380. Зираты Мырзатайдың тума елінде,
Болат боп бір дуанға даңқы толған.
Тумадан Ақша менен Тілеуберді,
Бұл жұрттан баяндайын бірер жерді.
Ақшадан Қарабас, Сарбас, Құл мен Иман,
Тағы екеуі Үгі мен Ханду дейді.
Үгінің Қылыш еді лақап аты,
Алты Ақша осыменен тәмамдалды.
Сарбастан тарайды екен Қодас, Қисық,
Қарабастан Ерназар, Қожакелді. 1390. Баласы Ерназардың Орыс дейді,
Кетейін аяқтатып осы жерді.
Бар екен сегіз ұлы Қажықамбеттен,
Бәрі де бала болып өркендеген.
Сегізінен отыз ұл бала болып,
Өр болған отыз тоғыз немеремен.
Дәулетін, дәрежесін салыстырсам,
Байыстан таба алмадым теңдес келген.
Тілеу де Меңлібайдың бір баласы,
Жазылсын түгелденіп ел шарасы. 1400. Көп шығып құтты адам бұлардан да,
Болған ғой бұлар дағы ел сарасы.
Үйсін елі
Ақарыстан Бақтияр, Шанышқылы,
Бақтиярдан Үйсін, Дәулет екі ұлы.
Таубай, Серік болады Үйсін ұлы,
Таубайдан Майқы, Қоғам, Қойылдыр-ды.
Қойылдырдан тарады Тілеуқабыл,
Баласы Тілеуқабыл Жалайыр-ды.
Майқы ұлы Жанғабыл деп атайды,
Жанғабылдан Бәйдібек жалғыз туды.
1410. Болыпты Бәйдібектің үш қатыны,
Шежіре Бәйдібектің жөнін қуды.
Сары бәйбіше, екінші Шәшім атты,
Өркендеп бұлар дағы ел боп жатты.
Домалақ тоқалының деген аты,
Көп болған бәйбішенің қиянаты.
Бедешінің қызы екен жетім қалған,
Нәсілі – асылзада арғы заты.
Ұстайды күңшілікке Сары бәйбіше,
Білінбей бүркелген соң шарапаты. 1420. Көп жүріп тәрбиесіз қараңғыда,
Тауыпты буаз болып Жарықшақты.
Ел көшсе Сары бәйбіше көлік бермей,
Домалақ жас баламен жұртта қапты.
Көшкен елдің артынан қуа барып,
Жылқысын Бәйдібектің жау кеп шапты.
Жылқы алғандар күркеге тура келіп,
Сары айғыр оқыранып тұра қапты.
Сары айғыр бұл күркеден шықпаған соң,
Жау біліп кереметті айдамапты. 1430. Домалақ сары айғырды ноқталапты,
Күркесін ыңыршақтап артып апты.
Үстіне жүгін артып, арқан тартса,
Қымсынып сары айғыр қозғалмапты.
Үстіне жүгін артып жетеледі,
Жолға түсіп іздеді көшкен елді.
Жылқы қуып көп адам шыққан екен,
Қуғыншы Домалаққа тура келді.
Домалақ пен сары айғырды көргеннен соң,
Бәйдібек бұл қалай деп ғажапланды. 1440. Бәйдібек Домалақтан жауап сұрап,
Қалайша асау айғыр саған қалды.
Домалақ жауап берді Бәйдібекке:
– Қастықпен ғаріп болып қалдым шетте.
Жылқы алған жау үстіме тура келіп,
Кез қылды Алла айдап ақ ниетке.
Сары айғыр күркеге кеп тұра қалды,
Не болса қиын емес Құдіретке.
Күркемді шыр айналып, жерді тепті,
Айғырды жау айдамай жүріп кетті.
1450. Адамзаттың пиғылы тар болса да,
Алла босқа жібермес хақ ниетті.
Халімді хайуан құрлы білмедің, – деп,
Домалақ оқиғасын айтып өтті.
Бәйдібек ғажапланды мұны көріп,
Құрметпен ертіп жүрді затын біліп.
Артылтып дәрежесін бәйбішеден,
Толық қып үй жиһазын енші беріп.
Хикметі Домалақтың мәлімделген,
Бақыты ашылыпты осы жерден. 1460. Жар басында қалған соң жаз мезгілде,
Жас бала Жарықшақ деп есімделген.
Тұқымы Жарықшақтың өсімді боп,
Өнімі артылыпты үйсін елден.
Жарықшақтан Албан, Суан, дейді Дулат,
Өсіпті ұрпақтары оттай қаулап.
Сары бәйбіше тұқымы көп өспепті,
Осылай шежіреде жазылған хат.
Мұрын, Қызай қызы еді Домалақтың,
Айтпаса қайдан білсін көп жамағат. 1470. Менің де нағашы атам Бәйдібек-ті,
Домалақ – нағашы анам заты текті.
Домалақтан туыпты Мұрын, Қызай,
Тоқталып осы жерде сөзім бітті.
Әр адам өз атасын толықтапты,
Амал не ерте кезде жолықпапты.
Үлкендер айыратын өтіп кетті,
Кейінгі айырылмас бізге қапты.
Сонда да білгенімді мен жазайын,
Жақсылар жөн білетін инауатты. 1480. Туыпты Жолымбеттен Назар дейді,
Руын әркім білсе жазар дейді.
Назардан Құттықадам, Жанболатпен,
Біреуі Жанбике боп тарар дейді.
Баласын Құттықадам таратайын,
Аузыма тыңдаушыны қаратайын.
Досымбай, Байыс пенен Нұркел, Жауғаш,
Білгенге ата жөні бәрі дайын.
Байыстан Ақан менен Арғынбай-ды,
Жақсылар ата сұрап білмек жайды. 1490. Ақаман, Әлдеке мен Сейсеке боп,
Арада ата қалса кім сұрайды.
Баласы Әлдекенің алтау болып,
Бәрінен озып шықты Божанбайы.
Болғанда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Жақсылар басты қосып, ел құрайды.
Бай Рақым, Ысқақ пенен Шәмеш болып,
Кенжесі болып еді Қырықбайы.
Туыпты Арғынбайдан бесеу дейді,
Білмесе ата жөнін мешеулейді. 1500. Біреуден біреу туып өсіп-өніп,
Дүние неше толып кешеулейді.
Сөйлейін бес атаның балаларын,
Ұрықтап тарап кеткен салаларын.
Неше ата жоғарыда қала берді,
Сөйлейін өзім білген жаңаларын.
Екеуі Байғана мен Садықбек-ті,
Арынжан, Жұма менен Бердібек-ті.
Жоғары Арғынбайдан бесеу туып,
Ел болып о да өсіп тарап кетті. 1510. Туыпты Садықбектен екі бала,
Ысқақ пен туды дейді Мақұлқожа.
Үш бала туған екен Ысқақбайдан,
Өсіріп ұрпақ қалмақ осындайдан.
Үлкені Қыдырмолда, Әлі, Көкен,
Тыңдасаң сөз сөйлейін осы жайдан.
Баласы Қыдырмолда Әлиасқар,
Пендесін әрбір іске Алла бастар.
Баласы Әлі ағаның Әнуарбек,
Естуім алыс жерден келген хат бар. 1520. Көкеннен естімедім бала деген,
Жазбаса ата жөні қала берген.
Отыз жыл болып қалды көрмегелі,
Білгенді естуімше бір-ақ тергем.
Байғанадан Әбділдә мен Өсер дейді,
Мұратқа асықпаған жетер дейді.
Жазбаса қисынымен сөзді баптап,
Сөз бекер құла дүзге кетер дейді.
Өсерден туған екен Ботабайды,
Бұлардан жетеу туып құлаш жайды.
Малшыбай, Малшорамен бәйбішеден,
Даналап айырмасам ұнаспайды.
Тоғызақ, Шөкен, Найман, Баңшы еді,
Бөдебас, Қалибекпен інісі еді.
Туып ед Әбділдадан Қасен жалғыз,
Болмайды айырмаса сөзде маңыз.
Олардан туған бала біле алмадым,
1537. Кейінгі, жазушылар, айырсаңыз.
ОРАЗАЙ РУЫНЫҢ ЖАМБЫРЗА ШЕЖІРЕСІ
Бастайын “бисмилла” деп ата жөнді,
Бабам – Шағыр, анам – Қызай кемеңгер-ді.
Қызайдың төрт баласы деп айтады:
Итемген, Меңіс, Бегімбет, Дербістерді.
Алдымен Қызай анам аты шығып,
Төрт қызай мекендепті Іле өңірді.
Іленің бас-аяғы, оң мен солы,
Анамыз төрт балаға берген жері.
Меңістен – Тәңірберді, Тілеуберді, 10. Мекендеп аралады талай жерді.
Көрген соң жер жағдайын түгел шарлап,
Барлықтан көшіп келді Ілеге енді.
Іленің оң қанаты Тілеуберді,
Құдайым бере берді тілеуді енді.
Баласы Оразай, Есенқұл, Жанғабыл,
Бұл жаққа орналасып алған жері.
Іленің сол қанаты – Тәңірберді,
Күн санап мал-басы өсіп, байи берді.
Тоғыз рулы ел болып тоғыз ұлы, 20. Нылқының бар алабын иеледі.
Ал енді, Бегімбет пен Дербіс бабам,
Жағаға көп болған соң сыйыспаған.
Су басы, жері жайлы болғандықтан,
Барыпты Күнесті өрлеп басқа таман.
Баласы Оразайдың Жамбырза бай,
Айдаған өз кезінде мың жарым тай.
Алыпты байлықпенен бес қатынды,
Он бір ұл оған берді Құдайым-ай.
Ағасы Жамбырзаның Бірназар-ды, 30. Естісем түтін саны мыңға барды.
Бұл ауыл бұрынтыннан мекендеген,
Сарбұлақ, Шіргесі мен Көкқамырды.
Інісі Жамбырзаның – Ізбасарым,
Іргесі бөлінбеген бұл бауырым.
Аралас Жамбырзамен келе жатыр,
Мекендеп Терметідей жер сауырын.
“Көктеуі көкежанның” деп атайды,
Төменгі Сарбуыршынның кең жазығын.
Ойымды толғай берсем толып жатыр, 40. Қысқарта жеткізе алсам мен разымын.
Назыке – Жамбырзаның бәйбішесі,
Сұлуды таңдап алды жұрт иесі.
Ажарлы, ақылы мол адам екен,
Халайық атап кеткен “ақ шешесі”.
Ақ шешем Құдай беріп екі ұл тапты,
Ер жетіп балалары атқа шапты.
Той жасап, ат шаптырып сүндеттепті,
Баласы Қалынбай мен Жәнібекті.
Жамбырзаның үлкен ұлы Қалынбай-ды, 50. Қалынбай қара сөзге арындайды.
Сөйлесе шешендерге кезек бермей,
Қалекең бір ноқаттан жаңылмайды.
Бар дейді бұл кісінің қиссалары,
Мен оны іздесем де табылмайды.
Барынша сөйлей берем әңгімелеп,
Жоқ іске ешкім қарап аңырмайды.
Бар екен екі әйелден он бір ұлы,
Әрбірі рулы ел боп дабырлайды.
Жазғанда ата-бабам шежіресін, 60. Тоқталмай жүйрік қалам зуылдайды.
Атаның аты-жөнін біліп алса,
Кейінгі ұрпақтарға сол ыңғайлы.
Өлеңді бұдан бұрын жазбаса да,
Бұл Шәкең қисындатып порымдайды.
Азырақ ата жөнін білсе жастар,
Үлкендер сұрағанда қорынбайды.
Атаның атын білу – қазақ салты,
Ұмтылып талапты жас орындайды.
Қамшы өтпес қанша ұрса да шабан болса, 70. Жатып ап ұзақ таңға қорылдайды.
Елгезек ерінбейтін болса адам,
Уақытты бос жібермей біліп қалды.
Қалынбайдың бәйбішесі – Мапа деген,
Тоғыз ұл одан туып апа деген.
Аттары тоғыз ұлдың: Қаржау, Тұржау,
Бидай, Қанжабек пен Садыр деген.
Тоқалдан Байқожа мен Медет туып,
Он бір ұл Қалынбайды ата деген.
Айтайын осылардың ұрпақтарын, 80. Тармақтап әрқайсысын өзім білген.
Байпақтың бар екен ғой бес баласы,
Қонысы – Алмалының сай-саласы.
Ермек, Сіргебай, Тәкібай, Батырбай,
Ең кенже баласы екен Жансаясы.
Сәдібай, Әбілхан, Әбілақат,
Әбдісәлам мен жаздым атын атап.
Ермектің төрт баласы, міне, осылар,
Білмесе айтпас едім, мұны фақат.
Қасым, Қасен, Әліхан, Нұрақымет, 90. Нұрманбет, кіші ұлы бар Нұрдәулет.
Алтауы Сәдібайдың бел баласы,
Кіршіксіз әңгіме ғой жоқ тауқымет.
Бар дейді бес баласы сол Қасымның,
Білмедім аты-жөнін әрқайсының.
Жүр дейді әр кәсіппен әрбір жақта,
Қаңбақтай жел айдаған бұрқасынның.
Сәдібайдың екінші ұлы Қасен деген,
Ат мініп, айыл-тұрман әсемдеген.
Сатыбалды, Қадыр, Ғани деген, 100. Қасеннің үш баласы осы екен.
Үшеуі де тартымды жігіт болған,
Жағымды ішке-тысқа, сөзге шешен.
Ауылдық үкіметте істеп жүрген,
Тегіннен ұзақ жылдық кадр екен.
Баласы Әліханның екен Әкпар,
Алады топты адамнан жұлып көкпар.
Бұғалтыр ұзын жыл болған екен,
Қисапты төрт жағынан бір-ақ топтар.
Баласы Нұрақыметтің Тоқан деген, 110. Тоқан да тең тұстармен ойнап-күлген.
Нұрақымет жасырақ өліп кетіп,
Тоқанды Әліхан ғой әлпештеген.
Бұл Тоқан жас болса да бас болып жүр,
Алдында үміті зор көрем деген.
Ақ көңіл, тілі майда, іске шебер,
Ұйымда бұл жағына көңіл бөлген.
Нұрманбет, Нұрдәулеттен бірден бала,
Бар екен немересі, бала-шаға.
Ұрпағы Сәдібайдың міне осылар, 120. Жар болып, жәрдем берсін Алла Тағала.
Әбілханнан Науан мен бар ғой Ысқақ,
Ысқағы пысық жігіт қалың пұшпақ.
Келеді бала оқытып жалықпастан,
Ағарсын жүрген жері ауыл-қыстақ.
Науан жүр саудаменен айналысып,
Халыққа осы арқылы есе қоспақ.
Айтайын үш баласын Сіргебайдың,
Томарбай, Омарбай мен Сабырбайын.
Баласы Сабырбайдың Дәукен болса, 130. Омардың айтпай болмас Дәуітбайын.
Тәкібайдан Сәйіп, Абдолла, Жақыпбай,
Үшеуін Тәкібайға берді Құдай.
Жақыпбайдан Қожа мен Жұмабек бар,
Жағдайы Жақыпбайдың дәл осылай.
Баласы Жансаяның Себеп деген,
Себептен басқалары ержетпеген.
Бір Алла кейбіреуді жарылқаса,
Кейбіреуді екі жақтан тежеп келген.
Мысалы, Жанқасқаның ұрпағы жоқ, 140. Байпаққа балаларды Құдай берген.
Бұлардан төменгісі тағы да бар,
Байпақтан қалғаны жоқ өзім білген.
Туылған Бітікбайдан екен Батпа,
Үш алып түйіліскен бір ноқатқа.
Батпадан туған екен Қосым жалғыз,
Қосымның баласы деп Абайды айт та.
Жамансарт, Қали екен Бөкембайдан,
Бөкембай туған екен Қалынбайдан.
Баласы Жамансарттың Берікқара, 150. Ырымбай, Ырайымбай, Түйеке екен,
Берікқара баласы өріп туған.
Ырымбайдың баласы бар ғой Манап,
Манаптың балалары жаңа талап.
Түйекеден Кінәз бен Ысқали бар,
Артында тұқым қалды Алла қалап.
Бидайдан Бәгаменен Байтөс туған,
Бәгасі ақын екен болған думан.
“Қоңырат” деген елде айтыс бастап,
Қынатай деген қызды жеңіп алған.
Қазымбет руынан Күнболат деген атақты адам: – Қане, Бәга, сені ақын дейді. Ақын болсаң мені мақташы, – дегенде ақын іркілмей: 160. Күнболат, дәрежең өсіп елден асқан,
Бұлтпен аспандағы араласқан.
Бөкен төре қойын тоғыз жыл бағып,
Қызыр шалып Құдайым бағыңды ашқан.
Деп Бәкең осылайша айтты мақтан,
Қуантып Күнболатты қарқылдатқан.
Дәл басып ақын баға бергеннен соң,
Сыйлыққа ат мінгізіп, шапан жапқан.
Бидайдан бала болып Байтөс туған,
Ат мініп, азамат боп белін буған. 170. Алалбай, Сандыбай, Сансызбайлар,
Байтөстің балалары бірге туған.
Алалбай әулетті адам еді,
Әнеш пен Әмірбегі содан туған.
Әнеші астық сақтап есе қосты,
Бір түйір алтын дәнге қылмай зиян.
Әнештен Еркін туып қызмет қылған,
Бар екен бес баласы Сандыбайдан.
Бидайдың ұрпақтарын жазып қойдым,
Туған соң бел бала боп Қалынбайдан. 180. Қалидан Тұрсынбай мен Қашқаралы,
Тәптіштеп тұрмыс жайын басқарады.
Баласы Тұрсынбайдың Тұяқ деген,
Мұғалімдік қызмет атқарады.
Қашқаралы айтайық балаларын,
Алдымен үлкендетіп ағаларын.
Істеген телеграф саласында,
Өсіріп Мұқатайдың саналарын.
Қашқардың бұл Мұқатай үлкен ұлы,
Біледі жақсы-жаман істің жайын. 190. Ұзын жыл талмай істеп келе жатыр,
Әр жақтан хабар алып күн-күн сайын.
Одан кейін Ақатай, Бейсен еді,
Бірі – басшы, біреуі – доғдыр еді.
Бауыржан баласының ең кішісі,
Қашқардың төрт баласы осы еді.
Баласы Қанжабектің екен Құрман,
Құрекең жігіт екен ұлы думан.
Райымжан, Әбдімүтәліп, Әбдімүтбай,
Құрманның балалары бірге туған. 200. Баласы Райымжанның Құдайберген,
Ол дағы жігіт еді ойнап-күлген.
Жас кетті дүниеден, қайран, марқұм,
Артында бір ұлы бар Әлей деген.
Райымжан сексен жеті жасқа келді,
Арт жаққа талай дәуір тастап келді.
Қазіргі Жамбырзаның үлкені осы,
Сондықтан жамбас пен басқа келді.
Баласы Әбдімүтәліптің төртеу екен,
Мінез жоқ барлығында басқа бөтен. 210. Молдақын сол кісінің үлкен ұлы,
Мұғалім Жұмақыны тілге шешен.
Онан соң Дәукен менен Оразбегі,
Жүлде алған бәйге сайын қаракөгі.
Басында Қарабақтың жайлауы бар,
Жерлеген Құрман ауылы – ата тегі.
Әбдімүтбайдың үлкені Ырыс дейді,
Інісі Жұмәділмен туыс дейді.
Бұлар да қатардағы азаматтар,
Тартымды істегені жұмыс дейді. 220. Қаржаудан Күржік екен туған бала,
Күржіктен Бітімші екен жеке-дара.
Баласы Бітімшінің Халық, Қамбар,
Халықтан – Іслам, Қамбардан – Жорабай да.
Тұржаудың бел баласы Мұсабай-ды,
Туылған Мұсабайдан дәл Жамылшы.
Семсер менен Дәуітхан Жамылшыдан,
Қазіргі келген жерім осылар-ды.
Семсерден Бақдәулет, Ақдәулет,
Айтады енді бірін Әбдіуәли деп. 230. Бірнешеу бар Семсердің немересі,
Келеді көппен бірге “а, Құдай” деп.
Келеді көппен бірге: “а, Құдай” деп,
Сегіз жыл әскер болды Ақдәулет.
Ер-тоқым, күміс жабдық, мылтық жасап,
Әркімнен бата алып жүр беріп сәулет.
Байқожадан Сиқымбай зәңгі еді,
Тармақтап айта берем әңгімемді.
Бала жоқ Сиқымбайдан деп айтады,
Жолдасбай баласы екен зәңгідегі. 240. Бар екен Жолдасбайдың үш баласы,
Мекені Үшбұлақта – су жағасы.
Қатысбай, Уәлібай, Әліпбайлар
Үшеуі Жолдасбайдың бел баласы.
Қалынбайдың кіші ұлы Медет екен,
Бір Алла ер Медетті демеп келген.
Кісі екен әулиедей бабам Медет,
Әр іске уағында себеп берген.
Мысалы, жылқыларын аралайды,
Суаттан бәрін көріп жағалайды. 250. “Мыналар айғырлыққа болады”, – деп,
Жылқыдан еркектерін саралайды.
Ер Медет осылай деп кетіп қалар,
Көзі көріп, көңілі бекіп қалар.
Өз айтқаны айғыр боп үйір алып,
Қалғандары пішіліп ат боп қалар.
Медеттен Түктіқұрт пен Қанада еді,
Ойыма қайта оралдым бағанағы.
Бар екен екі ұлынан он немере,
Кейбіреу болып қалар санамалы. 260. Арғынбай, Шүкімбай, Әзірбаймен,
Тойболды, Бапулар – Түктіқұрттан.
Қазыбай, Бек, Тәкібай, Ақымбет,
Мақамбет Қанададан, мен ұмытпан.
Медеттің Құдай берген малы да көп,
Көретін мал қызығын жаны да көп.
Тәуірбай мампаң, Дәріпбай ділмәр,
Садық имам секілді дана да көп.
Арғынбайдан Көшербай, Кертай, Бура,
Атаның жөнін айтам тұп-тура. 270. Әден, Мамыт, Жүніс, Есімхан,
Қасымхан – бес бала бар Көшербайда.
Әденнің баласы еді Асылханы,
Қайраты Асылханның басым тағы.
Құдайберген, Тәуба оның ұлы,
Бірталай немере бар, жас ұрпағы.
Мамыттан Жасын мен Жарылқасын,
Жүністің баласы сен – ер Асқарсың.
Ал Асқардың баласы Орман екен,
Айтамыз Есімханның Зікіриясын. 280. Қасымханның баласы ол – Жақия,
Киеді әшекейлеп зер тақия.
Жақияның баласы Тоғай деген,
Шертеді құйқылжытып ол домбыра.
Аудандық астық мекемеге бастық етіп,
Өсірген Құдайбергеннің дәрежесін.
Камал, Тоқан, Ерғали деп айтады,
Жасынның ержеткізген үш баласын.
Осылай аты-жөнін жазып қойдым,
Немере Көшекемнің өскен басын. 290. Көсіліп көк жайлауда отыратын,
Мекендеп Кенжебұлақ жүйрік басын.
Кертай қалып, арадан Бура келді,
Айтатын сөз кезегі тура келді.
Әкімбай, Тоқтасын мен Қыдырия —
Бураның үш баласы бұлар еді.
Әкімбайдан Әліпбек екен Тұрсын,
Әліпбегі әскери бола тұрсын.
Әліпбектің бар екен бес баласы,
Тұрсыны астықтарын қорғай тұрсын. 300. Шүкімбайдан Дәріпбай, Топбазары,
Дәріпбайдан Жұмахан, Алдамжары,
Бар екен және бір ұл – Бекбазары.
Бұл Бәкең мақалдатып сөйлегенде,
Еріксіз ауады екен жұрт назары.
Бар екен Бекбазардың төрт баласы,
Мал баққан, малға толған сай-саласы.
Болысхан, Әбілқасым, Мәуелхан мен,
Жұмабай – бірге туған төрт баласы.
Бекбазар немересі – Оспанбай-ды, 310. Оспанбай жас талапкер жез таңдайлы.
Беріп жүр баспасөзге өлең жазып,
Алдағы болашағын жоспарлайды.
Алдамжардан Әлібек, Сұлтан екен,
Бұлар да келе жатыр жұрт қатарлы.
Болысханнан Сәрсенбай, Бағашар бар,
Мәуелханнан Нұрдан мен Тұрдаухан,
Бар тағы да кенже ұлы Қамай атты.
Әбілқасым баласы Айтжан екен,
Айтжанның Орын екен нұр шырағы. 320. Туылған Топбазардан Уәлхан-ды,
Хат жаздым қалам ұстап алдым дағы.
Уәлханның баласы ер Мұқай-ды,
Айтуға кезек келді Әзірбайды.
Бар екен Әзірбайдың төрт баласы,
Тәуірбай, Мәкіш, Бақазы,
Алайық тағы қосып Қарабайды.
Айтайын Тәуірбайдың балаларын:
Түйеші, Тұрғанбай, Мұқажанды.
Төртінші тағы бір ұл Жақып екен, 330. Тәуірбай мампаң болған жұртқа жайлы.
Тоқталмай ата өлеңге зымырайын,
Сақазы, Ілебай, Ыбырайым.
Баласы Түйешінің осы үшеуі,
Естісең, жас балалар, мұның жайын.
Қоян, Батырбек, Айтақын – Ілебайдан,
Ілеге Қызай ауып келді қайдан?!
Барлықтан Қызай көшіп келген жылы,
Ілебай туып өскен Битімбайдан.
Шаймардан, Жанәбіл, Жапар, Қапар, 340. Төрт ұлы Тұрғанбайдың қатар-қатар.
Жанәбіл молда келді жетпіс төртке,
Басқасы тартып кеткен ұзақ сапар.
Шаймарданның баласы Бағран атты,
Оқиды кім де болса жазған хатты.
Дәрмен, Тоқтар, Қағай ағайынды –
Баласы Жанәбілдің инабатты.
Нұртай, Тұрсын, Сұлтан, Қырау,
Жападан тарауымен бес ұл бар-ау.
Қапардың баласы Қаһар деген, 350. Жақыптың балалары екен мынау:
Әлайдар, Малқажы, Мағыражы,
Жақыптың кенже ұлы Мұралажы.
Әбдіғалым, Әбдіуәли және Дана,
Немере, бірінде бар үштен бала,
Жүретін малын бағып қыс пен жазы.
Әлі де тоқталамыз Тәуірбайға,
Тәуірбайдың баласы Мұқажанға.
Мұқажан жастайынан атқа мініп,
Болыпты ақалақшы Оразайға. 360. Мұқажанның үлкен ұлы Әріпжан да,
Сүйкімді ер азамат ағайынға.
Әріпжан, Әбдірасыл, ...
Төртеуі құп жарасқан туған ай ма?!
Мәкіш ұлы Шөтей, Құрманбай,
Бар екен және бірі – Қасымбай.
Мәсімбай, Әуелхан, Әбеухан боп,
Сәуелхан, Дәулетханмен бес ұл болып,
Шөтейдің бес баласы шыққан ыңғай.
Төртеуінде бар екен бірден бала, 370. Бір өзінде төрт ұл бар Әуелханда.
Мәсімбайдың баласы Шайын екен,
Бар екен одан туған төрт ұл бала.
Қасымбайдың баласы бар Зиядан,
Тартпайды аттың басын құз-қиядан.
Тоқалынан Сағат, Сипат, Көкек,
Сұлтанды ұшырған-ды бір ұядан.
Көкектен бір, Сипаттан екі ұл туып,
Төрт баласы бар екен Зияданнан.
Мәкіштің ұрпақтарын түгел айтсақ, 380. Немере жетеу екен Қасымбайдан.
Бақазының баласы Иманәлі,
Жетерлік өз басына жиған малы.
Бар екен Иманәлінің бес баласы,
Ер жеткен қоғадай боп ауыл сәні.
Кіші ұлы Әзірбайдың Қарабай-ды,
Қарабай тоқсан жасты аралайды.
Тату-тәтті өтіпті бәрі дағы,
Сыйласып бірін-бірі жағалайды.
Тойболдының баласы Омар, Әует, 390. Омарға өз кезінде біткен сәулет.
Омардан Амантай, Әуеттен Әнуарбек,
Туыстық байланыспен еткен көмек.
Бапудың баласы Барматай-ды,
Бұлар да өркендеді ел қатарлы.
Барматайдың баласы Ішкербайдан,
Туылған Жүнісақын, Тұрдыбай-ды.
Тұрдыбайдан Баялы жалғыз туған,
Жүнісақынның баласы екен Нұрдан.
Ұрпағын Түктіқұрттың тамам еттім, 400. Жинақтап есімдерін әр қиырдан.
Қазыбай, Бек, Тәкібай, Ақымбет,
Қанаданың бесінші ұлы Мақамбет.
Қазыбайдың баласы екен Рақым,
Рақымнан Жақыбай, Әубәкір,
Екеуі – Әсей менен Байдәулет.
Жақыбайдан Башыр екен, Әубәкірден,
Кәдірбек, Зекен, Зықия, Шәкіржан.
Зақалай Байдәулеттің баласы екен,
Ат қойған, әне, солай сол Байдәулет. 410. Жотабай, Садық, Дәуітиман,
Сүлеймен, Әділиман Бектен туған.
Бұл ауыл Алмалыны мекен етіп,
Іргесі бүлінбеген ұзақ жылдан.
Сүлейменнен Сипат пен Еркін туған,
Жотабай жүрген жері ұлы думан.
Бір жылы құнан шабыс болып еді,
Жотабай әкеп қосты екі құнан.
Ішінен сексен құнан қара үзіп,
Бәйге алған шұбар менен қарақұнан. 420. Әбен, Мұқали, Күндәулет пен
Нұрболат, Әуелхан, Сағат Жотабайдан.
Әбеннен Керімжан, Түнғатар, Әлімақын,
Мұқалидан Орысбай мен Айтақын.
Нұрболаттан Тұрсынбай туған екен,
Сағаттан Орысбай, Тұрысбай, Әзімақын.
Айтақыннан Әлқожа, Мұқаметхан,
Ұрпағы Жотабайдың бәрі жақын.
Ішінде немеренің Әзім екен,
Бұлжытпай орындаған ата салтын. 430. Садық екен екінші Бектен туған,
Көп оқып, шариғаттың жолын қуған.
Тастамай қолдан Құран, бастан сәлде,
Жұрт қалап Базыкеге имам қойған.
Мұқамия, Ыдырыс, Әбеу, Ысқақ,
Ысмайыл, Ісләмдар содан туған.
Мұқамиядан Әбдәлім, Әбіләшім,
Қайыр, Зәби – төртеуі бірге туған.
Ыдырыстан туыпты Тұрсын, Айтжан,
Нәбижанмен бірге туған Қамитжан. 440. Қайыр жүр Ағарсында басшы болып,
Зәби жүр орын алып аудан жақтан.
Ендігі балалары жастау екен,
Сондықтан ұғыспадым мойын бұрып.
Және де толықтармыз ата өлеңді,
Анықтап алғаннан соң бәрін тізіп.
Ысмайыл, Ісләм қалды сол Садықтан,
Жазуға тура келсе мен жалықпан.
Бар екен екеуінде бес ұл бала,
Бата алған қол жайысып халайықтан. 450. Ендігі айтар кісім – Әділиман,
Артында ол кісінің екі ұл қалған.
Есбосын мен Досбосын екі ұлдың,
Осымен Бек тұқымы болды тәмам.
Тәкібайдың баласы Оспан, Мұса,
Ырсалы, Кенжебай, бірі – Уса.
Мұсадан Әрмие мен Әлеш екен,
Усадан Мұқан бар ғой жолын қуса.
Ақымбеттің баласы Болатбай-ды,
Болатбай нысанасыз оқ атпайды. 460. Бар екен Болатбайдың төрт баласы,
Қонысын ел жағына жолатпайды.
Қалынбайдың баласы он бір екен,
Жазушы білмегенге сөз ашпайды.
Бар болса ауыс-күйіс айып етпе,
Қалынбай осы жерде толастайды.
Жәнібек
Айтайын енді бастап ер Жәнібек,
Ат мініп, киім киген әдемілеп.
Қуанып ата-анасы қыз айттырып,
Айттырған келіншегі Сайымбөлек.
470. Балапан, Балта, Безай, Қылыш деген,
Төртеуі туылыпты осы әйелден.
Жәнібек – бай баласы, қызы – мырза,
Болған соң тоқал алды Торғай деген.
Торғайдан туылған ұл екеу екен,
Ағасы – Итжан, інісі – Ноқау деген.
Жәнібек алты ұлын ержеткізіп,
Өсіріп мал мен басын жүре берген.
Жазайын арт-артынан әңгімелеп,
Мән-жайын алтауының өзім білген. 480. Балапанның баласы – Асау, Лау,
Асаудан Бектай, Әмір, Күншай деген.
Әмірден Құдайберген, Демесіндер,
Ақ көңіл аңқылдаған жігіт екен.
Әмірдің үлкен ұлы Құдайберген,
Келгенше жетпіс үшке ойнап-күлген.
Башан, Өмірұзақ – екі ұлы,
Әкесі өле-өлгенше көңіл бөлген.
Баласы Демесіннің – Қуанышбек,
Үйренген ибалы сөз үлкендерден. 490. Мұның да өсіп жатыр балалары,
Нәресте топырақпен ойнап жүрген.
Лаудың Мүсіреп екен туған ұлы,
Алланың жаратқан бір пенде құлы.
Көптік, Бодық, Бекбай, Тоқбай
Бар екен Мүсірептің бұл төрт ұлы.
Көптіктен Қанипа туған еді,
Артықша Қанипаның арғы тегі.
Қанипадан Жұмаш, Садық, Халық екен,
Жұмаштан Нұрдын менен Төлегені. 500. Бекбайдың Бұқа деген баласы ғой,
Жігіттің қатардағы сарасы ғой.
Жүніс, Сейдақымет Бұқа ұлы,
Бекбайдың немересі панасы ғой.
Жүністен туған бала Сейдалым,
Ақтарды трактормен жер бауырын.
Сіңірген тер ағызып адал еңбек,
Тазалап, жуып-шайып көк тұлпарын.
Баласы Сейдақметтің Оқап бастық,
Ауданның бір тірегі бұдан бұрын. 510. Болса да жасы кіші, ел басқарып,
Өнердің байқатып жүр әрбір қырын.
Ақ көңіл, аңқылдаған азамат қой,
Жолдастан жасырмайды ішкі сырын.
Жайдары жарқылдаған көңілі ашық,
Отырар думандатып жүрген жерін.
Бар екен төрт баласы Тоқабайдан,
Бір бөлек қоныс алып, ірге жайған.
Айтайын Тоқабайдың төрт баласын,
Смағұл, Кәрмен, Мәсіп, Арынбайын. 520. Смағұл бір кезеңде зәңгі еді,
Айтайын тағы бастап әңгімемді.
Бар еді Смағұлда екі бала,
Үлкені Әкбар, кішісі Әбіш еді.
Інісі Смағұлдың Кәрмен деген,
Үйіне мейман келгіш дәурендеген.
Бар екен үш баласы бұл кісінің,
Көки, Дәулет, Әбеубәкір деген.
Қожа менен Зықия бар Арынбайдан,
Арынбай момын адам аңқылдаған. 530. Жарасып тату-тәтті келе жатыр,
Еңбек қып екі ұлы заман жылдан.
Қыдырия, Шериза, Зейнеғабыл,
Тұрдақын, ең кішісі Манапқали.
Мәсіптің бұл бесеуі балалары,
Келеді күліп-ойнап ел қатарлы.
Беріп жүр Қыдырия өлең жазып,
Әйгілі баспасөзде дарындары.
Балтаның бел баласы Қарт деген-ді,
Ол адам таңдап мінер ат дегенді. 540. Көп болу, аз болу, жоқ болуды,
Ешкім анаға қоймас шарт дегенді.
Су ағып сай-саладан жосылады,
Аяғы бір білек боп қосылады.
Қайранбай, Түйінті мен Мәйінті,
Ергейті, Әжікемел, Тәпті қоса,
Атайды алты қарт деп осыларды.
Үлкені қарт атамның Қайранбай-ды,
Қайранбай жеңіл іске айланбайды.
Баласы Қайранбайдың Аңғысын-да 550. Ардақты адам болып сайрандайды.
Бар екен алты бала Аңғысында,
Ер жетіп, ел қатарлы жайраңдайды.
Шыбынқанат, Шөңке, Мырзалыппен
Шиырбай, Мұса, Қиырбай-ды.
Баласы Аңғысынның Шыбынқанат,
Сөйлейді шешендікпен сөз саралап.
Тақуа, молла, зерек адам екен,
Айтайын ата тегін бірден санап.
Сейітхан, Сейітжан, Қансейіт балалары, 560. Әкеден үлгі көріп, алған сабақ.
Нүкеш, Тұрдыбек, Моңғұлбай, Шашбай,
Баласы Сейітханның жаңа талап.
Қансейіттен Тоқсейіт, Байсейіттер,
Ержетті жігіт болып Алла қалап.
Байсейіт ауылдағы үлкен доғдыр,
Дауалар адам жанын арашалап.
Бар екен Мырзалыптың үш баласы,
Ұқсайды барлығының көзқарасы,
Мырзалып ер жеткізген Қаһартасты. 570. Сыдықтың баласы – Ешмұқамет,
Көзінің қарашығы, айнатасы.
Әлжапардан Әбдіқалық, Қали, Әтен,
Қапардан Ысқақ, Нұрдан, Дәкен.
Болса да әрбірінің өз өнері,
Жасынан ел басқарған екен Әтен.
Алпысбай, Ауғанбай, Орнықбаймен,
Доқтырбайды Ешмұқаметке берді Құдай.
Шөбере жазылмаған тағы да бар,
Ұрпағы Мырзалыптың дәл осындай. 580. Шөңкеден Зейнәбіл, Сейітиман,
Әлімсейіт, Әукендер бірге туған.
Зейнәбілден Қайсар, Ордақан, Болысбай,
Қайсары тамашалы ұлы думан.
Сатыбалды, Тұрсын, Мақатандар,
Нұрдалы немерелес болып туған.
Қайсардан Әбдеш, Болат, Айтан екен,
Әбдеш жүр есе қосып байшорыдан.
Әлібай, Уәлібай, Жұмабайлар,
Шиырбай, Қиырбайдың бел баласы. 590. Діндәулет, Дәлен, Нұрдан Мұса ұлы,
Келеді немерелес екі арасы.
Дәлен жүр тынбай істеп банкісінде,
Береді көп ақшаны дер кезінде.
Халықтың игілігі ойлағаны,
Болады жақсы тұрса сол сезімде.
Бар екен Тоқан деген мықты жігіт,
Ол өзі Әлібайдың бел баласы.
Жарыста талай рет жүлдегер боп,
Балуандық аты шыққан ел арасы. 600. Бар екен Әлібайдың үш баласы,
Ішінде Ілиясы ең сарасы.
Ағашшылық, темірші, өрімшілік,
Ұқсатып жіберетін ер данасы.
Ұрпағын Қайранбайдың жазып қойдым,
Кітаптың аяқталды бұл парасы.
Құйқалақ, Әбділдә мен Ыбырай, Құсбек,
Баласы Бөйінтінің осылар дейд.
Қанапия, Әсен, Үрім, Имарандар,
Құйқалақтан осы төрт бала екен, 610. Үрімнен Әбеу, Имараннан Көрпеш екен.
Әбділдәнің баласы сол Нарынша,
Келемін бәрін айтып мен барынша.
Баласы Әкпар, Қыду, Алтай, Зәутай,
Тұрмысын түзетіп жүр өз халінше.
Баласы Ыбырайдың Байжұма да,
Мал баққан өрістетіп сай-жырада.
Соңында өмірінің туды Асылбек,
Ержетті Кіжә шешем тәрбиесінде.
Құсбектен Әбдірақпан туған бала, 620. Әбдірақпанда бар екен үш-төрт бала.
Олардың аты-жөнін білмеген соң,
Толықтап жаза алмадым, бар ма шара?!
Тәбіті құрған адам сән-салтанат,
Баласы Асық, Бұтабай, Ермырза, Шапат,
Ашырақын, Қайыр, Қадыр, Нұрақындар,
Асыққан ержеткен соң болды рахат.
Әшірақыннан Уаң, Төрелбай, Жұмақын, Дәукен,
Нұрақыннан Дәулеткелді, Сауыт, Баукен.
Өлең десе кетеді өр таласып, 630. Баласы Нұрақынның ақын Дәукең.
Бұтабайдан Мұқан, Уатхан-ды,
Ұл туды деп ауылын қуантқан-ды.
Екеуі де ер көңіл адам еді,
Талайды ақылымен жұбатқан-ды.
Мұқаннан Қоңырхан, Түсіпханы,
Жақсылау кәсіптерін ойлағаны.
Нұрсұлбай, Нұрдан, Оқап, Тоқан,
Төртеуі Уатханның балалары.
Нұрсұлбай қатардағы жақсы азамат, 640. Үлгі алған жақсылардан тәрбиелі.
Жайдары, жарқын мінез, тілі майда,
Моралді көпшіл жігіт қоңыр жаны.
Баласы Ермырзаның Құрманбай-ды,
Еңбекпен азын-аулақ жиған малды.
Бар екен бұл кісіде екі бала –
Шашбай мен інісі Жұматай-ды.
Шапаттың баласы екен сол Қожахан,
Сүйкімді жуас жігіт, ол момақан.
Бар екен Қожаханның бір баласы, 650. Істемес әдепсіздік ол орасан.
Ергейтіден Сүлеймен елубасы,
Жетпіске таяғанда оның жасы.
Сүлейменнің баласы Мырзабайдан,
Туылған Тілеубай мен Әлқожасы.
Әлқожадан Бақай, Бақыт, Алмабек, Еркін,
Осылар Сүлейменнің ауыл жасы.
Туылған Мәйінтіден Ақжол бала,
Ақжолы адам екен сөзге дана.
Ақжолдан Мұсабай мен Шәкер екен, 660. Мұсабайдың баласы Ырысбек деген.
Рақымбай, Әжікемел, ер Ебелек,
Шәкердің балалары осы екен.
Баласы Ебелектің Зарқом, Ақан,
Зарқомы заржақ ақын еді ерек.
Зарқомда үш, Ақанда төрт бала бар,
Мүсінді барлығы да дөп-дөңгелек.
Ұрпағын қарт атамның түгел жаздым,
Қалмады білгендерім бұдан бөлек.
Итжаннан ағайынды екі ұл туған, 670. Күн шығып, айы туып оң мен солдан.
Ынтымақ, берекесі сондай күшті,
Бөліп жер тауып алса бір түйір дән.
Итжанның үлкен ұлы Шалақұл-ды,
Шалақұл таңдап алды Ақжарқынды.
Ақжарқын Құдай оңдап тапты бір ұл,
Баланың Нұрбопа деп атын қойды.
Қуанып жайраң қағып жүрген кезде,
Шалақұл ажал жетіп өліп қалды.
Әке өліп, шешесі жесір қалып, 680. Нұрбопа үш жасында жетім қалды.
“Аға өлсе іні мұрагер болады” деп,
Көп қауым Ақжарқынға үгіт қылды.
Шалақұлдың інісі Сұлтанқұлға,
Жеңгесі Ақжарқынды неке қылды.
Сұлтанқұл алғаннан соң Қазы туды,
Мезгілдің қысы кетіп, жазы туды.
Екі ата, бір анадан туған екі ұл
Аға-іні тату-тәтті туыс болды.
Нұрбопа, Қазы екеуі тұрсын солай, 690. Айтамыз аз әңгіме енді былай.
Сұлтанқұл бір әйелді тағы алды,
Одан да туған бала бар ғой талай.
Аты екен бұл әйелдің Қалыптай-ды,
Құдайым берерінде өзі оңдайды.
Шақа, Селкібай, Жашай, Тынбай,
Дүйсебай, Семей, кенжесі Арысбай-ды.
Туылды бұл шешемнен жеті ұл,
Бәрі де бір-бірінен қалыспайды.
Бетіне ақ қағаздың қойдым жазып, 700. Әйтпесе ешкім ұғып таныспайды.
Шалақұл, Сұлтанқұлдан тоғыз бала,
Жазайын арт-артынан іле-шала.
Айтайын үлкендетіп ұрпақтарын,
Тыңдаушым, жаңылмастан бірден сана.
Баласы Шалақұлдың ер Нұрбопа,
Үш жаста жетім қалып көрді жапа.
Шалақұл жастай өліп кеткендіктен,
Ақжарқын азап шегіп жүрді қапа.
Айтайын Нұрбопаның енді жайын, 710. Жар болды жалғыз ұлға бір Құдайым.
Ер жетті азамат боп қатардағы,
Игеріп оңды-солды жұмыс мәнін.
Жеткенде жиырмаға әйел алды,
Шешесі қалың беріп тапқан малын.
Нұрбопа шаруасымен айналысты,
Жанына серік етіп алған жарын.
Аты екен алған жарының Тәуірбала,
Істейді жұмыстарын ойлап қана.
Тапқаны он бір құрсақ бұл анамның, 720. Тірісі төрт ұл, үш қыз – жеті бала.
Тұла бойы тұңғышы ұлы Әнәпия,
Үш қызды одан кейін көрді және.
Әбеу, Әнбия, кенжесі Имаммәди,
Ержетіп шешесіне болды пана.
Оңдаған соң Құдайым әуел бастан,
Лықсып қатар өсті мал мен бас та.
Нұрбопа келін алып, тойды жасап,
Меккеге жүріп кетті қырық жаста.
Айналып екі жылда қайтып келді, 730. “Қажы” деп аты шықты осы тұсқа.
Түйемен қырық күндік жол басқанда,
Жанында сая болды көп жолдасқа.
Су әкеп, отын теріп, тамақ жасап,
Даярлап жол-жөнекей арпалыста.
Ішінде қажылардың ең кішісі,
Болған соң салмақ түсті ғазиз басқа.
Ол кезде ұшып барар самолет жоқ,
Қысқартып ұзақ жолды тұспа-тұсқа.
Аралап жер-әлемді әрең жетер, 740. Қауіпті күндер көріп бекер-босқа.
Ауылдан атпен барды Құлжа жаққа,
Жиналды сол арада үлкен баққа.
Улап-шулап “құдайы нәзір” жасап,
Сыйынды ата-баба әруағына.
Құлжадан шығып кетті арбаменен,
Апталық азық алды дорбаменен.
Қиқылдап күндіз-түні көтек арба,
Жүргендей қайдан болсын жорғаменен
Кей жерде заулап кетті көңкеменен, 750. Әйтеуір, жері жазық өлкеменен.
Бекетке жетпейінше тоқтамайды,
Қорек қып ішкен асты ертеменен.
“Кей жерде параходқа түстік, – дейді,
Қақ жарып дарияны естік, – дейді.
Аламыз азық, сусын қолға ұстап,
Ішетін түстік пенен кештік, – дейді.
Кемені толқын ұрып тербегенде,
“Иә, Құдай, өзің сақта” дестік, – дейді.
Бір ысып, бір суынып қорыққан жүрек, 760. Құрғаққа шығып алып түстік”, – дейді.
“Көп жерде мінгеніміз керуен түйе,
Күн ыстық, әуе айналып жерге тие.
Басқан жер құм жазира, шөлді, тастақ,
Мұндайда жар болғайсың жалғыз Ие.
Түйені жаратыпты күшті мал қып,
Ши мен киізді жасадық оған қом қып.
Әр түйеге екіден адам мініп,
Керекті дүние алдық толық жәм қып.
Тіркеулі қалың түйе шұбатылып, 770. Бір ізбен жүре берер жолды шаң қып.
Кемесі қара жердің түйе емес пе,
Адамдар қажетіне баққан мал қып.
Тербетіп ұзақ күнде шайқай берсе,
Қажылар кететұғын ұйықтап, қалғып.
Бір жүрген осы ауданнан тоғыз адам,
Бір ниет, бір мақсатқа көңіл жәм қып.
Жүреміз қайда барсақ топты жазбай,
Кетпейміз шашау басып, жеке қаңғып”.
Бір кезде бір қажының іші ауырды, 780. Тоқтамай үлкен дәрет сарқырады.
“Нұрбопа, өзің жассың, қайратың бар,
Сен көмектес бұған” деп тапсырады.
“Дәретім кетер болды, – дейді, – балам,
Секіріп мен түйеден түсе қалам.
Еңкейіп маған қолын ұстатқанда,
Кәрі қажыны түйеден жұлып алам.
Дәрет кетіп болған соң иыққа алып,
Түйеге ұзап кеткен жетіп барам.
Жандай барып түйенің қомдығына, 790. Лақтырып қажекемді тастай салам.
Алдыңғы өркеш қомдықтан мықты ұстап,
Түйенің мойнағына аяқ салам.
Қырықта қылшылдаған деген кезім,
Орныма шыққанымды білмей қалам.
Тіркелген көп түйелер тоқтамайды,
Ешкім де түсіп қалсаң жоқтамайды.
Дамылдар түс болғанда аз кідіріп,
Жүргенде тіркестіріп ноқталайды”.
Меккеге осылайша барып келді, 800. Ікрәм зәмзәм, құрма алып келді.
Шөл дала, жазираны көктей өтіп,
Кіреге көп ақшаны беріп келді.
Біраз күн Шам шәріге аялдады,
Шаршаған тынықтырып серіктерді.
Тарихы бұл сапардың міне осындай,
Аралап ел мен жерді көріп келді.
Келген соң сапар шегіп есен-аман,
Арада жылдар өтті талай заман.
Дәм-тұзы таусылған соң теріп жейтін, 810. Дүниеден қайтыс болды ұлы анам.
Қажы атам одан кейін қатын алды,
Мал беріп оны дағы сатып алды.
Шаһизада, Шәріпхан, Әбдірасұл,
Туылған бұл кісінің балалары.
Баласы Нұрбопаның жетеуі де ұл,
Кішісі – іні, үлкені – ағалары.
Қажы атам әділ кісі, өзі момын,
Жар болған жалғыз Алла паналары.
Бес уақ намаз оқып, ораза ұстап, 820. Алмаған кісі ақысын саналады.
Қайыр, зекет, ұшырды қалдырмады,
Ел-жұртқа абыройлы, мәртебелі.
Қызайға осылайша таныс болды,
Бір сапар басып өтті алыс жолды.
Өткізіп өмірінің сән-сәулетін,
Келгенде сексен үшке қайтыс болды.
Ел-жұрты дұға оқып, иман тілеп,
Қол жайып дастарқанда бата қылды.
Қажының үлкен ұлы – Әнәпия, 830. Жазғаным қолжазба мен қалам-сия.
Жасында мырзалықпен кигендері
Мәуіті шапан, сусар бөрік, зер тақия.
Әнікең Нұрбопа қажы – бай баласы,
Болыпты кейбіреумен тайталасы.
Алты іні, бес қарындас бәрі бірдей,
Он шақты ауыл болды айналасы.
Көкжота, Айқайшоқы екі арасы,
Ауылдың малы өрген сай-саласы.
Еңкейіп ел жайлаудан қайтқан кезде, 840. Жаркөшкен, Ортақ жайлау, Үш саласы.
Бар екен Әнәпиядан сегіз бала,
Төртеуі – қыз, төртеуі – ұл бала.
Бұлардың аты-жөнін таныстырып,
Апарам үлкен ұлы Жәнеханға.
Жәнехан жігіт еді қараторы,
Шынардай сымбат тұлға, ұзын бойлы.
Жайраңдап жастық өмір, дәурен сүрді,
Ақ көңіл, ізгі ниет, ашық ойлы.
Жәнеханның үлкен ұлы – Әбіләкім, 850. Байқайды жақсы-жаман істі бәлкім.
Ағаштан түйін түйген қолы шебер,
Болыпты ісмер жігіт дейді әркім.
Ортаншысы Мәлік, Патша деген,
Ауқатын жұрт қатарлы әсемдеген.
Ақтарам жер қойнының мол байлығын,
Болат кетпен, темір күрек, тесеменен.
Баласының кішісі Қанай дейді,
Оқытушы болып жүр жаңа-ай дейді.
Бір кісілік үлесін қосу үшін, 860. Барады бала оқытып талай дейді.
Қайрат, Серік, Мұхит, Шалқар,
Толқын боп бес ұлы бар.
Оқып жүр үлкендері білім алып,
Қалғандары ойнаған жас балалар.
Кейінгі Жәнеханнан Шаймұратым,
Өнерің, өрге бассын, парасатың!
Мәнісі Шаһимұрат – таза мақсат,
Құраннан оқып қойған осы атым.
Оқыды ғылым іздеп Шаймұратым 870. Шын ықылас бата берді мархабаттым.
Бітіріп орта мектеп он жетіде,
Өрнектеп ақ қағазға жазды хатын.
Он сегізге келгенде мұғалім боп,
Балапан баулып көкке ұшыратын.
Ерінбей жас ұрпақты тәрбиелеп,
Өткізді жастық көктем салтанатын.
Ұстаздық отыз жеті жылды өткізіп,
Баулыды сансыз өрен азаматым.
Көкте – сұңқар, жерде – тұлпар, суда – мотор, 880. Жүргізген шәкіртімен мақтанатын.
Айтайын Шаймұраттың балаларын,
Алдымен үлкендетіп ағаларын.
Сәулет, Айна, Еркін, Сайра,
Бота мен Екпін, Дидар.
Осындай үлкендете санағаным.
Сәулеттің балалары – Сәдет, Сәуле,
Бос сөзді айтқаным жоқ болып әуре.
Ұлдары бірі – Қайнар, бірі – Жайнар,
Үлкені алты жаста, арты бірде. 890. Түсірді екі келін бұл Шаймұрат,
Көріпті үлкенінен бес немере.
Жағдайын Шаймұраттың тоқтатайын,
Азырақ сөйлеп келіп осы жерге.
Әнәпияның үшінші ұлы Шәжехан-ды,
Әскер боп кезіп келді жер-жаһанды.
Кішісі Әнәпияның Ақыметжан,
Төрт ұлы бұл кісінің осылар-ды.
Бар екен екеуінде жеті бала,
Тізімге жас болса да қосылады. 900. Ұлдары Әнәпияның тоғыз түтін,
Қыздары жатқа кетіп қосылмады.
Қажының екінші ұлы Әбеу аға,
Құдайым оған берді бала-шаға.
Білмейтін қулық-сұмдық жуас кісі,
Өсіріп жүре берген малын баға.
Әбеудің балалары Бақыт, Қадыр,
Бірі – шаруа, біреуі екен доғдыр.
Адам менен шаруа мал өмірі үшін,
Шипалы қолданады шара әрбір. 910. Әлімақын, Тәлімақын, Сапарақын,
Бұлар да өз кәсібін дамытып жүр.
Шешесі Айжан келіп жетпіс жасқа,
Бес ұлының отауларын аралап жүр.
Әбеудің үлкен ұлы екен Бақты,
Ұзын жыл мал дауалап елге жақты.
Бақтының балалары – Тұрды, Сәулет,
Бақаңа Құдай берген үлкен дәулет.
Қадырдан – Бірлік, Земілжан,
Әлімқанның баласын Үмітбек дейд. 920. Тәлімқанның баласы Аршын, Шаттық,
Қалдырмай немеренің бәрін айттық.
Әнбия үшінші ұлы Нұрбопаның,
Айтайын аз тоқталып оның жайын.
Баласы Әнбияның Дәулеткелді,
Әзілдеп тең-тұстармен ойнап-күлді.
Дәулеткелді баласы – Кәнен, Кәміл,
Кәмәлбек және бірі екен әділ.
Онан соң Уәйісхан, Қанаяттар,
Үзетін тепсе темір азаматтар. 930. Әділақын, кенжесі Бәйден екен –
Әнбия ұлдарына қойған аттар.
Әдәбият, Қайрат, Жәмият балалары,
Ата-анаға боп қалды қолғанаттар.
Осылай шежірені жазып қойдым,
Түзерсің қисық болса, жамағаттар.
Қажының кіші ұлы Имаммәди,
Келмейді мұны айтпаса сөздің мәні.
Үлкен үй орда басқан осы әкем,
Ауылға құт-береке болған сәні. 940. Жақындап сексен жасқа таяп қалды,
Келеді бірге жасап Динаханы.
Бұларды біз сыйлаймыз, қадірлейміз,
Өйткені көне көздің сарқыншағы.
Баласы Имаммәди еді – Сағат,
Отызға жасы жетті бірден санап.
Байқасам қимылынан мінез-құлқын,
Ақ көңіл, ұя бұзбас жаңа талап.
Есбосын, Ерғали, Ербосын,
Бекені ата-анасын жүр жағалап. 950. Көрінген тау адамға алыс болмас,
Ер жетер азамат боп Алла қалап.
Айтайын енді сөзді Тұрымдыдан,
Қызы еді Нұрбопаның бұрынтыннан.
Нәсірден деген адам алған екен,
Күйеу бала боп жүріп Нұрбопадан.
Баласы осылардың Алмас деген,
Бір жерге шақырмаса бармас деген.
Алмастың інісі Алмуда да,
Мал бағып көк жайлауға өрістеткен. 960. Ал енді бір жігіт бар Орал деген,
Су ақса сай-салаға толар деген.
Ол өзі қыздан туған жиен бала,
Бірге өсіп, біте қайнап жүре берген.
Мәтіхан Жарас деген ол болады,
Жанына Нұрбопаның көшіп келген.
Бір жүріп осы ауылда ұзын жылдар,
Алладан ажал жетіп ол да өлген.
Оралдың екі ұлы оқып жатыр,
Жоғарыда Тоқтар мен Айдар деген. 970. Және де бірнешеуі оқып жатыр,
Бір ұлы тағы да бар Мұхтар деген.
Қажының кіші ұлы Ұлбосын-ды,
Ол кісі жақсы білген жол-жосынды.
Шаһизада, Шәріпхан, Дариға мен,
Туыпты ең кенжесі Әбдірасұлды.
Шаһизада, Шәріпхан аты Жұбай
Қажыға алпыс жаста берді Құдай.
Шаһизаданың баласы алтау екен,
Айтайын олардың да бірін қоймай. 980. Әбдіуәли, Әбдіуайт, Ержан, Болыс,
Ақылжан, Кенжетай мен аты солай.
Әбдіуәлиден Әсержан мен Үсенжан-ды,
Қамитжан, Батыржан, Ербол келер солай.
Әбдірасұлдан – Кәмілжан, Елшат, Қамитжан,
Баласы Шәріпханның Әділкерім,
Ол дағы мал шаруаның бастығы екен,
Жан-жақты байқатып жүр өнерлерін.
Баласы одан кейін Ақылкерім,
Мал бағып аямастан төкті терін. 990. Шәріпханның кенжесі Ақыл деген,
Қолқанат болып қалды көп көрім.
Тағы бар жас ұрпақтар жазылмаған,
Тергіштеп айта берем қайсыбірін.
Мән-жайы қажы атамның осы болды,
Мен жаздым шежіреге әрбіреуін.
Болыпты ер ұрпағы қырық түтін,
Білмеппін мұны байқап мұнан бұрын.
Інісі Нұрбопаның Қазы аға,
Бар екен бұл кісіден үш-төрт бала. 1000. Әділхан, Әнелхан мен Зікірия,
Кішісі Ырыскелді – кенже бала.
Жайлауы қазағымның қарағайлы,
Кербасы өрлей берсең Ілгедай-ды.
Көк беткей, сала-сала көлеңкелі,
Не деген Қазысайы жанға жайлы.
Баласы Әділханның Майлыбайда,
Мал жайып, мекендеді Үлкен сайда.
Інісі Мақаш өзі бір семья,
Доғдыр болған екен ол да малға. 1010. Баласы Әнелханның Әлиер-ді,
Аралап көріп жүр ғой талай жерді.
Баланың екіншісі Әпеш екен,
Жайдары жақсы жігіт тілге шешен.
Ақымет, Мықтыбек, Ақылбек те
Әпештің баласы – Жармұқамет,
Жүреді о да еріп көп дүрмекке.
Ал енді Зікірия, Ырыскелді
Бұлар да ел қатарлы тырысты енді.
Айталық Шәмидіннен Селкібайды, 1020. Шаруамен айналысып малын жайды.
Басында Құрашаның Айқайшоқы,
Мекені осылардың жанға жайлы.
Шақадан Нұралы мен Әбіләлі,
Бар екен бұл кісінің төрт баласы.
Оралбек, Мұқаметхан, Әмірзажан,
Кенжесі Нұралының Іскендірі.
Баласы Іскендірдің Еркін екен,
Жас қалған артындағы жеткіншегі.
Ұзын жыл Әмірза істеп келе жатыр, 1030. Бексұлтан, Әбдібек, Әбдіқани,
Әбдіқайым – Әмірзаның балалары.
Тоқтарбай, Мұхтар, Сарқыт Оралбектен,
Жазылды қалдырылмай мұның бәрі.
Разақ, Әкпарбек, Тұрдаубек,
Баласы Мұқаметханның Разыбектер.
Разыбек мектептің бастығы боп,
Келеді тынбай істеп бұл талантты ер.
Әбләннің үлкені Мұқамадан,
Білетін істің жөнін жақсы-жаман. 1040. Жасынан іскер болып тәрбие алып,
Қоғамға араласып басты қадам.
Одан соң Тұрсын мен Әбдіқадыр,
Сауқымбек оқытушы, бұ да тәуір.
Енді бірі – мұғалім Тұрсын екен,
“Білім бар” деп мақтайды туыс-бауыр.
Жаңарыс, Рақыметжан, Есбол, Айқын,
Дания – Мұқаметханнан ашық-жарқын.
Бар екен Селкібайдың төрт баласы,
Төрт ауыл болып отыр айналасы. 1050. Бағдаты – атқа мінген азаматы,
Шот ұрса қате кетпес жармақ тасы.
Мұсахан, Қалиақмет, Қамза еді,
Төрт ұлын Селкібайдың жаздым енді.
Әбдісіләм, Ісләмхан, Құралжан,
Туылған осы үш бала Мұсаханнан.
Қамзадан Жұмаділ, Жақып, Нұрбол еді,
Қалиақметтен – Қаһар, Нақи, Бақи,
Бағдаттан Қуаныш пен Бақытжан бар.
Мысырмен қосылады Әбдікерім, 1060. Тез игеріп алады көргендерін.
Ендігі айтар кісім Жашай күнде,
Қой сойған қонақ келсе жарым түнде.
Мал басы өркендеген момын адам,
Мейман, дос үзілмеген күнде-күнде.
Жашайдың үлкен ұлы – Канетхан да,
Жасынан аты шыққан оң мен солға.
Білімге көне, жаңа сондай жүйрік,
Жақыннан жәрдем еткен талай жанға.
Үлкені Канетханның Оқас екен, 1070. Ұстаған Мауқиясы мықты, бекем.
Екінші ұл баласы – Ордабай-ды,
Хат жазса ақ қағазға жорғалайды.
Баланың енді бірі Мұқаметкерім,
Көк тұлпар көсіледі кешке дейін.
Ұлының ең кішісі Мәткерім-ді,
Қолында шешесінің өз үйінің.
Жашайдың екінді ұлы – Ұзақ батыр,
Ол дағы ел қатарлы келе жатыр.
Баласы Тұрсын менен Тұрдаубегі, 1080. Көмегін ата-анаға беріп жатыр.
Бір ұлы Сұлтанқұлдың Тыныбай-ды,
Ақ көңіл адам еді жұртқа жайлы.
Нәзілхан Тыныбайдың баласы екен,
Құдайым оған берді бас пен малды.
Мыңжасар, Рабыл, Ласбайлар,
Баласы Нәзілханның іске ыңғайлы.
Тынысбайдың інісі Семей ұста,
Күміс жабдық жасаған жаз бен қыста.
Бар еді бұл кісіде жеті ұл бала, 1090. Жеті ауыл болып отыр әрбір тұста.
Баласы Асылхан, Інжілхан, Біләлхан-ды,
Мәмет, Рамазан, Асқарбек, Әбділхан-ды.
Кезінде Жарқан ұста болды Семейде,
Баулыған сол өнерге Інжілханды.
Інжілхан теміршілік дүкен құрып,
Қуантқан бұйым жасап талай жанды.
Інжілхан ақындықпен ел аралап,
Пар келіп таңдап алған данышпанды.
Баласы Жұмабек, Жамалбек, Рақымбектер 1100. Жігіттер жасөспірім өңкей сәнді.
Асылханнан Нүсіпбек, бар Оңғарбек,
Және де ең кенжесі Ағызамбек.
Біләлханнан Әділхан, Қасен еді,
Ақыметжан ойлаңыз тағы бар деп.
Әбділханнан Нұртай мен Еркін, Нұран,
Рамазанда Камалхан және Әкімжан.
Қосылар тағы Тайыр, Рақымжандар,
Асқарбектің баласы Тұрсынбек, Өркен.
Бұлар жүр білім қуып әрбір жақтан. 1110. Кенжесі Сұлтанқұлдың Арысбай-ды,
Ағайын көріспесе алыстайды.
Исажан, Исабек пен Тұрдыжандар,
Баласы Арысбайдың ағайынды.
Мұз төсеп, қар жамылған ағайынды,
Тұрдыжан оңай іске қайыспайды.
Білімді де ақ көңіл қайырымды,
Әр істі әділдікпен қалыстайды.
Науан, Айдын туылған Исабектен,
Науанды жас шағынан еркелеткен. 1120. Мұрат, Баймұрат, Нақай, Абай,
Садығы Тұрдыжаннан тең ержеткен.
Інжанның інісі екен Ноқай атам,
Ет-бауыр, емшек сүтін бөліп татқан.
Мырзақұл, Құсеке мен Серікбайдай,
Ноқайдың үш баласын енді айтам.
Жүнісбай, Ырысбай мен Таласбай-ды,
Інісі осылардың Манасбай-ды.
Төртеуі Мырзақұлдың балалары,
Шындыққа өтірік сөз жанаспайды. 1130. Жүнісбайдан Үсенәлі, Сабырәлі,
Ырысбайдың баласы – Қыдырәлі.
Таласбайдан Дәуітәлі, Мәметәлі,
Әпсемет, ең кішісі – Разханы.
Баласы Үсенәлі – Болат, Төкше,
Тимейді қызметтен жерге өкше.
Болаттан Нұрдан менен Нұрданбегі,
Түйенің өркешіндей тете өсті.
Төрт ұлын ержеткізді Сабырәлі.
Дәулет, Рабат, Изатбек, Ақылбегі. 1140. Тұрғанмен бір туысқан Тұрабек-ті,
Екі ұлы Қыдырәлінің ата текті.
Баласы Әпсеметтің Ермұқамет,
Келеді бала оқытып мұғалім боп.
Баласы – Мәметәлі, Сайлау екен,
Ер жеткен елге жайлы азамат боп.
Манасбайдың үлкені Сымайылхан,
Әбілхан, одан кейін бар Минәлхан.
Төлеген мен Жұмажан – кішілері,
Бесеуі ағайынды бір туысқан. 1150. Әбілханнан Мұқаметхан, Камалбек, Таясу ерсе,
Құсекенің баласы – Бөкес, Еңсе,
Бөкес ата билік айтып құрған кеңсе.
Қызайға шешендікпен аты шыққан,
Білмейтін адам болмас Бөкес десе.
Бөкестің үлкен ұлы Жанасбай ма,
Әркімге Құдай берсе бағы аспай ма?!
Құдабай, Иманәлі, Мұқаштарды
Бөкестің төрт баласы деп айтпай ма.
1160. Құдабай елубасы, зәңгі болған,
Ауылдың берекесін қозғалтпаған.
Еліне ұйытқы болған көсем адам,
Серкедей қой бастаған сәнді болған.
Баласы Құдабайдың Жомарт, Жөкен,
Бұларда басқа мінез болмас бөтен.
Жомарттан Сіләш, Әділ, Әділжандар,
Жөкеннен Ділмұрат, Қалмұрат –
Құдабайдың немере баласы екен.
Иманәлі баласы – Әпес, Назар, 1170. Баламен ата-ана болды базар.
Назар ғой ұзын жылдық мал доғдыры,
Ауырған малды емдеп қоймай жазар.
Мұқаштың білмеген соң балаларын,
Кім кіші, кім үлкен ағаларын.
Қарт екен Мұқаш өзі аңқылдаған,
Баласы бірталай бар, шамалауым.
Еңседен Қашқаралы, Қасымажы,
Інісі екеуінің – Алабайы.
Қашқардан Шаймұрат, Ошан, Жөкеш, 1180. Шаймұрат басқарады талай жанды.
Қасымажыдан Бекеш, Тұрсын екен,
Ұрпағы Құсекемнің, міне, осылар,
Ықшамдап таныстырдым мән мен жайды.
Бөкестің әңгімесін түгел білсем,
Мүлгітпей айтқызар ем ұзақ таңды.
Ноқайдың кіші ұлы Серікбай-ды,
Құдайым бұл кісіні өзі оңдады.
Қасейін, Айт, Тойымбай, Құрманәлі,
Әсенәлі, кенжесі – Кенжебайы. 1190. Алты ұлы Серікбайдың ер жеткен соң,
Істеді тер ағыза ол маңдайды.
Қораға қой, өріске жылқы салып,
Ұялы ауыл болды малды-жанды.
Жұбайы Қасейіннің Несібелі,
Қыл ширатып, жіп арқан есіп еді.
Бұл шешемнен туылған ұл мен қыздар,
Болыпты бірталай жан несібелі.
Тұрдықожа, Сағат, Ақыметтер,
Жігіт қой жібек мінез, кешірімді. 1200. Айтайын алтауының ахуалын,
Түйіндеп әрбір неше шешімді енді.
Омарбек, Омарғали, бірі – Еркін,
Басына әркім киер өлшеп бөркін.
Баласы Тұрдықожа осы үшеуі,
Ержетіп ауылының берген көркін.
Інісі Қасейіннің Айт көкем ғой,
Ауылда онсыз өтпес топ пенен той.
Тоқтасын, Әшімгүл, Тоқмұқамет,
Мәдәниет, Жаңанұр – бес ұлы ғой. 1210. Айт көкем сексен алты жасқа жетті,
Үлкені Жамбырзаның осы екен ғой.
Әмина ол кісінің алған жары,
Баладай Айт көкемді бағады ғой.
Кейінгі Айт көкемнен Тойымбай-ды,
Көп жылдар істесе де мойымады.
Баласы Тұрған менен Зікірия,
Тойымбай әлпештеді осыларды.
Құрманәлінің баласы – Мақсұт, Ісләм,
Көп сөзді айта беріп мен не қылам. 1220. Мақсұттан Рақат, Қайрат, Барат,
Ей, Мақсұт, аман болсын бала-шағаң!
Баласы Серікбайдың Әсенәлі,
Әсекең молдалығы жұртқа мәлім.
Мінген аты әйгілі бәйге Шұбар,
Жүретін шариғаттың айтып мәнін.
Ата жөнмен сөйледім баян қылып,
Оқысаң жазып қойдым даяр қылып.
Баласы Әсенәлі Нүсіпке кеп,
Ноқайды аяқтаттым тәмам қылып.
Өмір
1230. Баласы Жамбырзаның Өмір батыр,
Ата сөз ретімен келе жатыр.
Асынып қару-жарақ айқасқанда,
Батырдың жалғыз өзі жүзге татыр.
Қасына батырлардан жасақ алып,
Бойына Көк өзеннің тікті шатыр.
Қамданып бес қаруын қолына алып,
Аңдысқан жауға беттеп келе жатыр.
Айқасып күндіз-түні жауларымен,
Төндірді дұшпандарға заманақыр. 1240. Бір жолы көп адамның қоршауында,
Айқасып жалғыз өзі қалды батыр.
Жауларды қарсы келген қырып-жойып,
Әр жерге шала өлікті үйіп жатыр.
Көп рет осылайша ерлік жасап,
Аймаққа аты шыққан Өмір батыр.
Көп жылқы, түйе, мылтық олжа алып,
Ортаға сый тартқан екен батыр.
Өмірдің балалары – Боқан, Тайлақ,
Жылқыдан таңдап мінген өңкей саңлақ. 1250. Мал-басы осылардың қатар өсіп,
Жүріпті тамашалап күліп-ойнап.
Ал енді, біз келейік Боқан жаққа ,
Боқанның үлкен ұлы Итаяққа.
Боқанның тоқалынан төрт ұл туып,
Өркендеп қанат керді әр тарапқа.
Тоқсанбай, Сексенбай мен Жетпіс, Алпыс,
Ержетіп есе қосты Итаяққа.
Боқанның бес баласын таныстырып
Онан соң айналайын Тайлақ жаққа. 1260. Ал енді, айтар болса Итаяқты,
Құдайым Итаяққа берген бақты.
Қора, Шалғымбай, Сыбанқұл, Ыстанбек,
Қайырбек, Шұлғау сынды алты ұл тапты.
Қораның баласы Иманқұлдан –
Досым, Байжұма, Шалбарбек туылған.
Досымнан Сәрсебек, Сәрсенбай бар,
Байжұмадан – Мәден мен Кәден туған.
Шалбарбектің баласы Қуатқан-ды,
Малменен көшіп-қонып жүк артқан-ды. 1270. Жарылқасын, Қуаныш, Серік туып,
Шәкеңді немерелер қуантқан-ды.
Шалғымбайдан Жұртбас, Үйсінбай-ды,
Іргебай, кіші ұлы – Нілбай-ды.
Төрт ұлы Шалғымбайдың төрт ауыл боп,
Мекендеп алған екен Ілгідайды.
Жұртбастан Әбділбай, Әбеу, Әлиасқар,
Әліпбай – бірге туған бауырластар.
Нұрдан, Жексенбек, Еркінбек – немерелер,
Серкесі Әлиасқар көшін бастар. 1280. Әуелхан, Әбілхан, Кеуерхандар,
Баласы Үйсінбайдың міне, осылар.
Ажынұр, Оразхан, Тәлім, Нақи,
Мақаш немересі, міне, осылар.
Баласы Іргебайдың Мамырбай-ды,
Мамырбай бала кезден жалындайды.
Мамырбай жас болса да бас болады деп,
Ауылы қуанысып дабырлайды.
Мамырбай жас кезінде зәңгі болды,
Балалы, азын-аулақ малды болды.
1290. Қабылжан, Мұсахан, Ералы және
Анаят деп баласының атын қойды.
Мамырбай дана кісі, тілге шешен,
Талайды басып озған, өзі көсем.
Жетпістің мол ішіне келіп қалды,
Сияды әр мақтауға алай десем.
Айтайын Мамырбайдың тәмсіл сөзін,
Жамағат, құлақ салып, көңіл бөлсең.
Ол кісі мақалдатып сөз бастады,
“Мәке аға, кәнеки” деп қузай берсем. 1300. “Аттың бәрі бір емес, қазанаты бір бөлек
Жігіттің бәрі бір емес, азаматы бір бөлек.
Азаматтың жақсысы аз сөйлеп, көп ойлайды,
Арғымақтың жақсысы аз оттап, көп жусайды.
Аттан өгіз озбайды шапқанменен,
Жібек кілем жараспас жапқанменен.
Жөн білмейтін кісімен жолдас болсаң,
Арандатар әр жерде мақтанменен.
Тасқа қазық кірмейді қаққанменен,
Зарқұм жолдас болыпты аққанменен. 1310. Жөн білетін кісімен жолдас болсаң,
Ұшырады аққудай аспанменен”.
Осындай әңгіме айтар тәтті сөзбен,
Естиді барлық адам жылы жүзбен.
Мәкеңді мен орынсыз мақтамадым,
Бәрің де көріп жүрсің екі көзбен.
Шалғымбайдың кіші ұлы Нілбай молда,
Ән салған өлең қозғап шаршы тойда.
Белгіжан, Тілеужан, Жұмақадыр, Шәріп,
Айтайын төрт баласын бір-ақ жолда. 1320. Өлеңді өнерменен айтады екен,
Сұрауға жауап тауып қолма-қолда.
Басқарған бір мектепті меңгеруші,
Ағарту дарындысы шарияда.
Сыбанқұлдан Жортуыл мен Ажыбек,
Жортуылдан Жапар, Намазбек.
Одан кейін Сабақбек пен Қасымбек,
Жапардың баласы Нұрдан екен.
Намазбектен Мырзабай, Нұртаза,
Аманбай, тағы бірін дейд Қуатбек. 1330. Айтайын аз тоқталып Мырзабайды,
Хат жазса қалам алып жорғалайды.
Әскерде капитан, сақшыда начальник боп,
Жүргізді түзу жолға бірталайды.
Үйі бар Тоғызтарау қаласында,
Көшенің шығыстағы саласында.
Келін ап, қыз ұзатты думандатып,
Жарқылдап жүр жолдастар арасында.
Ажымбектің бар екен бес баласы,
Көлемді ауыл болды айналасы. 1340. Оқан, Дәулет, Байдәулет, Тұрсынқожа,
Ең үлкен ұлы екен Нұрсопасы.
Ажымбек өмірге зәңгі болып,
Ауылға қорған болған баспанасы.
Қораға қой, өріске жылқы салып,
Құрөзек орын тепкен сай-саласы.
Нұрсопадан Қален мен Әбуәли,
Оқаннан Әбеш пен Ерқали.
Дәулеттен бір бала бар аты Еркін,
Байдәулеттен Хатен, Ақан, Екпін. 1350. Баласы Итаяқтың дейді Ыстанбек,
Ыстанбек жігіт екен бір қаракөк.
Балалары Шойынбай, Шортанбай,
Сүгірші, Айт бір-біріне берген көмек.
Шойынбайдан Әбдуайыс, Ырысалы,
Айттың ұлы Ырыс пен Жүнісәлі.
Әбдуайыс шаруа, мал доғдыры,
Жазылмай қалған емес көрген малы.
Шұлғаудан Көпжан деген бар екен ұл,
Ажал бар, егер болсаң Аллаға құл. 1360. Дүние бірден өтіп, бірге қалар,
Екенін ауыспалы осыдан біл.
Көпжаннан Елеусіз, Шомахан қалған,
Береді кімге опа пәни жалған.
Мекендеп жүрген жері Қарабура,
Тұқым бар қанша түтін сол Шұлғаудан.
Қайырбектен Егеубай, Өсекбай-ды,
Тайпалмас жорға шығар мінген тайы.
Егеубайдан Отарбек, Несіпбектер,
Несіпбектің баласы Дәулетхан-ды. 1370. Өсекбайдан Нұралы, Жетібайы,
Құрманқазы бұлардың кенжетайы.
Осылай сөз аяғы доғарылды –
Айтылып Итаяқ ұлдарының мәні-жайы.
Боқанның тоқалынан төртеу туған,
Олар да қатардағы ауыл болған.
Тоқсан, Сексен, Жетпіс, Алпыс,
Әкеден өнеге алып, жолын қуған.
Жетпістен туған екен Кішітбайы,
Кішітбайдың баласы Шондабайы. 1380. Айтайын одан ары жалғастырып,
Баласы Шондабайдың – Әбілқазы.
Сексеннен Қоржын менен Құдакелді,
Жазайын ретімен бұларды енді.
Андабай, Ақатай, Арықпан, Шыбарай,
Қоржынның төрт баласы осы енді.
Байділдә, Күнболат, Нұрболат, Жақыпбек,
Баласы Андабайдың бұлар дейді.
Қарабақ, Ілгідайдың екі арасын,
Екі ауыл мекен етіп алған еді. 1390. Әлқазы, Асан, Үсен, Биқазылар,
Баласы Байділдәнің төртеу еді.
Әбдікерім, Мәткерім, Жұмағазы, –
Күнболаттың баласы бұлар енді.
Баласы Нұрболаттың Дәуітақын,
Алмайды жерде жатса адам қақын.
Сәйіпжан, Шәріпжан, Мәріпжан,
Әріпжан, Жақыптан тіпті жақын.
Шыбырайдан Мұқан, Дінән, Лақан, Манап,
Байшан, Тоқыш алтауын айттым санап. 1400. Серқазы, Нұғыман, Қыдырбай,
Шыбырай – немересі жаңа талап.
Ақатайдан Омар мен Омарханы,
Омардан Жансары мен Есімжаны.
Жансары жас кезінде дүние салып,
Артында орда басып Бөкен қалды.
Жәнетбек пен Жайырбек Омарханнан,
Жайылбай тағы ержетіп адам болған.
Жайылбай жар тасындай жарқылдайды,
Табады істің жөнін оң мен солдан. 1410. Әріпжаннан Мұқаметша, Жұмахан, Тоқтыбек,
Жұмахан жас шағында өлең қуған.
Мұқаметшадан Керімбек, Жаку сынды,
Осылай ат қойылған екі ұл туды.
Сексенбайдың бір ұлы Құдакелді,
Жазған соң ретімен бұ да келді.
Алыпты екі әйел Құдакелді,
Туыпты жеті ұл бұдан енді.
Далбанбай, Ысқақбай, Таласбай,
Ұдасбай, Талапбай мен Атбай келді. 1420. Кенже ұлы Жабықбай қосылғанда,
Ауылы атырапқа құлаш керді.
Далбанбай Омекеге имам болған,
Жасынан шариғаттың жолын қуған.
Қаһарман, Қармыс, Қалыбек, Мағазы,
Әлімқазы, Әлімсейіт – алтау туған.
Мәмет, Әлікен, Байбосындар,
Туылған балалары Қаһарманнан.
Қармыстан Дәулет, Жұмаш,
Жұмаш жақсы жігіт, ұлы думан. 1430. Баласы Далбанбайдың Қалыбегі,
Нағызы жуас екен ата тегі.
Әлімжан, Әлен, Дәуіт деп атайды,
Үшеуі Қалыбектің балалары.
Әлімқазыдан Бекбосын, Ұсыл, Шатан,
Барлығын осылардың жиып айтам.
Құдакелдінің баласы Таласбай ма,
Әркімнің Алла берсе бағы аспай ма?!
Бұл кісі екі әйел алған екен,
Он бір ұл одан туған ұнаспай ма?! 1440. Ең үлкен баласының аты Мұрат,
Ержетіп әкесіне болды қуат.
Қар кешіп, мұз жастанып намыс қуды,
Әскерде дұшпандардан елін қорғап.
Онан соң Мұрабіл әжі, Мұрабалы,
Айтайын барлығының атын құрап.
Інісі Қаналым мен Серәлімдер,
Оқыған көп талпынып жоғарылап.
Жаралым, Сейдалым, Байқызыр,
Нұрқызыр, Шалқар, Айтқызыр жиылып 1450. Бұлар бәрі сонда он бір.
Біз келдік енді аяңдап Талапбайға.
Айтбай, кіші ұлы Жабықбайға.
Талапбайдан Алдаберген, Дүйсенқазы,
Айтбайдан Бақдәулет, Құрманқажы,
Тіркеңіз оған қоса Бағашарды.
Алпыстан Бошабай, Қырықбай-ды,
Қосыңыз енді оған Тұрысбайды.
Алпыстың балалары осы үшеуі,
Бауырлас бір-бірінен суыспайды. 1460. Бошабайдан Рақыш пен Шектібай бар,
Әкімбек, Әкімхан және Еркінбек.
Бесеуі Бошабайдың бел баласы,
Бірінен бірі өткен өңшең зерек.
Еркінбектен Сағымбай, Пазылжан, Қайрат,
Мұны да жазып қойдым мен түгендеп.
Рақыштан Кекілбек пен Құрманғазы,
Әбділдә, Әбілоқап, Кәдірбай, Дәулет.
Қырықбайдан Мәтқасым, Қаламқаш, Қашай,
Оралбай, Қасым және Мұқаш, 1470. Алты ұлы Қырықбайдың, міне, осылар.
Мәтқасымның баласы Сәрсенбайы,
Кекілбектің үлкен ұлы Қыдырбайы.
Тұрысбайдан Ырысхан, Әділ екен,
Ырысхан елубасы болған екен.
Бар екен Ырысханның төрт баласы,
Әділден туылғаны екі ұл екен.
Үлкені Ырысханның Бейсен бастық,
Ойламас еш адамға жаман қастық.
Онан соң Шәйза, Шариза, Мұқамендер, 1480. Ұрпағы Тұрысбайдың осындай дер.
Шектібайдан Жайырбек, Дәулет, Несіпбек,
Көңілі барлығының қызыл жібек.
Тайлақтың балалары: Тұрды, Ұлтарақ,
Айтайын ұрпақтарын бірден санап.
Құдайым екі ұлды берген екен,
Шетінен сабаз өткен өңкей манап.
Ұлтарақтан Бегембай, Санжы туған,
Қазақтың салтанатты жолын қуған.
“Ата көрген оқ жонар” дегендейін, 1490. Қозғайын аз әңгіме Бегембайдан.
Көп жасап жүзге келген ер Бегембай,
Сайма-сай төр құбыласы ол деген бай.
Қызылды қой, құлалы жылқы айдап,
Жіберген разы қып шөлдегенді-ай.
Баласы Балабек, Нұрбек, Райымбек
Сыйынған Жаратқанға Құдайым деп.
Қайысып Көкқайқыда отыратын,
Баласы Бегембайдың үш қаракөк.
Балабектен Нұрдәулет, Нұржұмас, 1500. Шықпайтын берекеден бұлжымас.
Нұрбекте – Тоқмұқамет, Біләл екен,
Нұржұма, Тоқмұқамет құрбылас.
Төлепберген, Әбдіғалым, Әбдіқапар,
Баласы Тоқмұқамет осы жастар.
Нұрдәулеттің баласы Бақыт екен,
Біләлдің баласы екен Әбдіқадыр.
Нұржұмадан Кәдірбек туды қатар.
Баласы Райымбектің Мұқамәди,
Зерек оның Мұқаметқазысы да. 1510. Бір ұлы Ұлтарақтың Санжы молда,
Сөйлейді шариғатты – кітап қолда.
Санжыдан Адамбек пен Тәукен екен,
Адамбек аты шыққан оң мен солға.
Адекең өзі сопы, қазы болған,
Төрт түлік айтарлықтай малы болған.
Бөленіп заманының құрметіне,
Келгенде алпыс үшке дүние салған.
Ақтасын Көкжотаның етті мекен,
Жайлауы гүл-жазира көктем екен. 1520. Атақты Адакеңнің Ақтасында
Талай жан малын бағып кеткен екен.
Баласы – Уаны мен Бекмұқамет,
Туыпты Адамбектен қос қаракөк.
Нұрмұқамет, Ботан, Бекбосын, Әлбосындар,
Уанның балалары осылар дейд.
Баласы Бекмұқаметтің Бағашары,
Жалғызы – артындағы ізбасары.
Бағашар алты жаста жетім қалды,
Әкесі, дүние салды, жанашыры. 1530. Осылай баяндадым Ұлтарақты,
Келтіріп есімдерге бұл жинақты.
Атыңнан айналайын, қазақ бабам,
Қазақтан дүниеге жыр таратты.
Нұрдыдан Тоғанбай, Даржы, Бодиян-ды,
Тоғанбайдан Жақыбақын, Тоқтау еді.
Жақыбақыннан Бұлғынбай, Әбдіқалық,
Бұлғынбайдың бес ұлын енді айталық:
Зікірбай, Кірсия мен Асқар еді,
Құсайын, Болысбек інілері. 1540. Әбдіқалықтан Қасейін, Мұқаметәлі,
Қасейіннен Оспан мен Жолдыбай-ды.
Зікірбайдан Қожахан, Дәуітбегі,
Асқардан Тұрысбай, Ажакбары.
Тұрсынғали, Темірғали, Нұрданғали,
Асан, Үсен Құсайынның балалары.
Кірсиядан Нұртай мен Мәсіп еді,
Құрбыдан Бейісхан жүр асып енді.
Құсайын Бұлғынбайдың кіші ұлы,
Әскер боп асқар тауды асып еді. 1550. Бір ұлы Тоғанбайдың Тоқтау батыр,
Тоқтаудың ұрпақтары толып жатыр.
Бектұрған, Зәкен, Ермұқамет,
Адуын азаматтар, өзі батыл.
Тоқтаудың үлкен ұлы Бектұрған-ды,
Саңлаққа жарастырған ер-тұрманды.
Бекеңнің мал басы егіз өсіп,
Беделді ел адамы боп тұрған-ды.
Сансызбай, Қасым, Жомарт, Төлегені,
Әбіләшім ең үлкен – көбегені. 1560. Әбіләшім баласы Нұрман, Бекен,
Төлегеннен Ақай, Самалбек немерелі.
Рақымбек, Жаңабай, Ербол Сансызбайдан,
Тоқтауға болып келер шөберелі.
Зәкеңнің баласы ғой Қанатбегі,
Қанатбектің баласы – Дүйсенбегі.
Ермұқаметтің жетеу екен балалары.:
Базарбек, Нұрсалбек, Аятбекпен
Батырбек, Азамат, Әнуар, Асылбегі.
Даржыдан Насырақын, Жекейменен, 1570. Тердікбай, Арсамбек – төртеу еді.
Баласын Насырақын айтар болсам:
Тұрғанбек, Ерденбек, Тойшыбек –
Төкенмен қосылғанда төртеу еді,
Жасынан жақсыларды жанап еді.
Жұмабай, Тоқыш, Күзеубайлар –
Баласы Тұрғанбектің үшеу еді.
Сайлаубек, Рахберген Жұмабайдан,
Тоқыштан Жылқыайдар мен Қойшыбай-ды.
Бесенбай, Жұмәліптер Ерденбектен, 1580. Алматай, Садық екен Тойшыбектен.
Бұларды одан ары жалғастырсақ,
Төкеннің баласы Ермек екен.
Бар екен Ердікбайдың төрт баласы:
Ысқақ, Шиқара, Керімақын, Қыдырмаш,
Ысқақтан Жедімай, Ұнай,
Осылар – Тердікбайдың ауыл жасы.
Түсіпбай туған екен Жекей ерден,
Жеті ұл бар Түсіпбайдан көзім көрген.
Мағабіл, Сүлеймен, Кенжебек, 1590. Кенжесі Түсіпбайдың Оспанқазы,
Дүңгенбай көп оқыған өнерпазы.
Бар екен үш баласы Арсанбектен.
Әбілбек, Билібек, Қабылбек-ті.
Әрбірінің екі-үштен баласы бар,
Арсанбек немересі азды-көпті.
Бодиянның баласы Сайкен, Иісжан,
Ет бауыр, емшектестер бір туысқан.
Сайкеннен Баймыш, Шаймұрат,
Сұраса тауып алар жол қуысқан. 1600. Баласы Иісжанның Жұмабек бар,
Осылай сөз аяғы келіп тоқтар.
Өмірдің ата жөнін таныстырған,
Ақсақал Кеуерхан мен Мамырбайлар.
Еспенбет
Жамбырзаның баласы Еспенбет бай,
Көптеген бала берген Құдайым-ай.
Тіпті сансыз қара Еспенбетке
Бақ қонып, қызыр шалған япырым-ай!
Есекең атқа мінед ертең ерте,
Орғиды астындағы Жекей бөрте.
1610. Ойнатып көк төбеге шыға келіп,
Мал жатқан көз тастады төңірекке.
Қараса жылқы жатқан кең алапқа,
Жарқырап көл орнаған осы жаққа.
“Не сұмдық су бармайтын шөлейт еді?”
Деген ой келе кетті Еспенбетке.
“Білейін мұның жайын” деген оймен,
Бөрте атпен жүріп кетті екпіндете.
Кезікті сәлден кейін жылқышылар,
Күзетте олар болды түнделете. 1620. “Ассалаймағалейкум” деді олар,
“Уағалейкумассалам, қандай, балалар?”
Алакөл – қоңырқай жазық дала,
Келген бе өзен аунап, не жағдай бар?
“Байеке, есен-аман баққан малдар,
Ат, айғыр мінгіземіз қаңтармалар.
Түнімен құлындады мыңдай бие,
Шулары көл сияқты боп жарқырар”.
Бір күні алтыншы айда күн ысуы,
Қымызды бал татырар көп пісуі. 1630. Өзенін бұрған тастың кілт тоқтатты,
Жылқының қаптап келіп су ішуі.
Денелі, қызыл күрең бай пішіні,
Көруші еді бірдей үлкен-кішіні.
Таңданып өз малының көптігіне,
Болыпты осылайша көз түсуі.
Еспенбет алған екен екі қатын,
Бақ қонып, өсірген соң салауатын.
Бәйбішеден Сағындық, Жайық, Жайсаң,
Қойыпты балалардың өстіп атын. 1640. Тоқалдан туған екен Жалбы, Дондық,
Түйеге байдың жүгін артты қом қып.
Жазайын Еспенбеттің балаларын,
Жинақтап аты-жөнін бір-ақ том қып.
Жайықтан Жетпіс, Әз, Төребай,
Әз екен ішіндегі көрегені-ай.
Жайықтан бай баласы Манап өткен,
Кең пейіл адам екен берекелі-ай.
Апине, Серік, Ерекен, Мерекендер,
Жетпістен ұл боп туып ержеткендер. 1650. Апинеден Жақсыбек, Әділбай, Жұмабек,
Имамбек, Жүнісбек пен Сіләмбектер.
Баласы Әділбайдың бар Бейілбек,
Жақсыбектен Орымбек, Әнуарбек.
Әнуарбектен Тұрдаубек, Құттыбек,
Орымбектен Оспанбек, Нүптақын, Әбіш,
Бейілбектен Мақсұт, Төлеген,
Тарады Түсіпхан, Нұрпейіс боп.
Имамбектің баласы Барат екен,
Ұрпағы Апиненің тоқтайды кеп. 1660. Сербектен Қыңарбек, Тазабек,
Әлімжан, енді бірі сол Данабек.
Қыңырбектің баласы – Әбілқасым,
Данабектен Құрманбек пен Мұратбек.
Тұрсынжан, Сағат – Тұрсынақын,
Ал бұлар балалары Әлімжанның.
Сағаты мықты жігіт болған екен,
Ауданда бір саланы басқаратын.
Ерекеңнің баласы Иманбай-ды,
Тұйғындай тұғырдағы жылмыңдайды. 1670. Нұржұма, Барат, Нарат балалары,
Құрбымен күліп-ойнап сайрандайды.
Баласы Мерекенің Мағұлымбек,
Інісі Мағұлымбек Ердынысбек.
Екеуінің бар екен төрт баласы,
Айтар ек аты-жөнін толық білсек.
Жайықтың екінші ұлы Әз болады,
Сөйлескен әзіліне мәз болады.
Бар екен Әз атамның бес баласы,
Туыстың қайсысынан аз болады. 1680. Бұл Әздің үлкен ұлы аты – Жаман,
Құндақбай туған екен сол Жаманнан.
Сейілхан Құндақбайдың бел баласы,
Бар екен Төлегені Сейілханнан.
Екінші Әз баласы Тоңғақ екен,
Тоңғақтан туған бала Сенбай екен.
Баласы бұл Сенбайдың екеу екен,
Жүнісхан аға-інілі Мұратбекпен.
Еспенбеттің зәңгісі сол Жүнісхан,
Ешкімнен төмен емес бақ-ырыстан. 1690. Бар екен Жүнісханда екі бала,
Үлкені Оқас, кішісін дейді Орысхан.
Орысханның баласы Тоқай, Меллат,
Дәлелдер әр кәсіппен айналысқан.
Оқастан Қапар, Жағыпар, Нұрдын екен,
Шөбересі Ербол да бек толысқан.
Сенбайдың екінші ұлы Мұратбегім,
Біледі жөн-жосынды қаракөгім.
Айтады бұрын-соңды болған істі,
Көңілге әпергендей жаңа сезім. 1700. Баласы Мұратбектің Мағау, Сабаз,
Тарихты ғасырларға сақтар қағаз.
Өнері теміршілік көпке ортақ,
Бөленіп мол алғысқа жүр ғой сабаз.
Тоңғақтан кейінгісін дейді Бөлтек,
Айтады Бөлтек ұлы аты Әли деп.
Әлидің баласы екеу екен:
Ағасы – Тұрысбек, інісі – Нұрбек.
Нұрбектен қалған бала бір Нақысбек,
Нақаңды ел айтады ең жуас деп. 1710. Баласы Нақысбектің ағайынды,
Аныспен бірге туған Тоқтасын деп.
Басшықұл төртінші ұлы Әзден туған,
Бегім, Нәкей, Жұбайбек Басшықұлдан.
Атанған Тәкейұлы Жүнісақын,
Кезінде оза шыққан бір ауданнан.
Жүнісақынның баласы Бектұрсын-ды,
Байдаш пен ең кішісі Байтұрсын-ды.
Бұлар да төмен емес құрбысынан,
Балалар жасөспірім жылбурынды. 1720. Жас кеткен дүниеден сол Жұбайбек,
Баласы іште қалған бар Қуатбек.
Толымхан Қуатбекті қуат көріп,
Мызғымай жас келіншек жүрді берік.
Шешесінің тілеуі қабыл болып,
Ержетті Қуатбегі азамат боп.
Бар екен Қуатбектің үш баласы,
Аттары: Бірлік, Берік, Донайлар дейд.
Келеміз енді аяңдап Қосшықұлға,
Ол өзі Әзден туған кіші ұл да. 1730. Ырымбек, Исабек, Мысабектер –
Үш бала болған екен Қосшықұлда.
Туылған Ырымбектен үш бала бар,
Мал бағып тұрмыс қамдап, отын жағар.
Тұрдыбек, Базарбек, Назарбек, –
Баласы Ырымбектің, міне, осылар.
Бар екен Исабекте үш ұл бала,
Исабек сексен үшке келді жаңа.
Диқанбай, Рақымбай, Ақынбайлар,
Ержетіп әкесіне болды пана. 1740. Кіші ұлы Қосшықұлдың Мысабек-ті,
Жазайын ата өлең азды-көпті.
Айтайын Мысабектің екі ұлын,
Оразқан және бірі Бейсенбекті.
Оразхан жақсы жігіт инабатты,
Екі сөз сөйлемейтін парасатты.
Бар екен Оразханның балалары,
Бір туған Қайсар, Қабден, Әнсар атты.
Бұлардың балалары жастау екен,
Дегенмен болып қалды қолқанаты. 1750. Қыз ұзатып, келін алу – қызық думан,
Алдында үміті зор салтанатты.
Азырақ сөз басталық Төребайдан,
Болары не іс болса бір Құдайдан.
Баласы Төребайдың Қабыл екен,
Өсірген тәрбиелеп кішкентайдан.
Қабылдан Ажыбек пен Серікбай-ды,
Қыстауы сары иінді малға жайлы.
Рамазан, Әшкен, Бодауханмен,
Қалибек Ажыбектің балалары. 1760. Рамазан баласы Болысхан-ды,
Болысханнан Нұрасыл, Нәсілбегі.
Әшкені атқа мінген азаматы,
Басқарған ауылындағы бас пен малды.
Бодаухан, Қалибектен бірнеше ұл бар,
Болады немерелес, бауырмал-ды.
Серікбайдың баласы Керімбек,
Сәрсенбек, Нұрғали, Әлмерек-ті.
Нүсіп пен Мырзағали Керімбектен,
Керімбек дархан ұста болған өктем. 1770. Алатын көздің жауын күміс жабдық,
Мал жиған қора толы төңіректен.
Пәзілхан Әлмеректің баласы екен,
Көзінің ағы менен қарасы екен.
Жайықтың ата жөнін таныстырған,
Мұратбек – Сенбайдың баласы екен.
Жайсаң
Еспенбеттің бір ұлы Жайсаң екен,
Ол өзі дана кісі, тілге шешен.
Қарсақ, Марсақ, Өрбай, Бөрібай,
Малтабар, Қырғи, Шаулы, Дүзбай,
1780. Борсақ – Жайсаң атам баласы екен.
Мекені Өрібайбұлақ сай-саласы.
Жазайын әрбіреуін білгенімше,
Үлкендер айтып берген сөз данасын.
Марсақтан Кенебек, Бектас туған,
Күн туып, айы шығып маңдайшадан.
Кемеңгер туған ұлы Бектас екен,
Бөгейтін жаудың өртін ұлы қорған.
Кенеден Серікбай, Нүсіп, Ыбырай,
Боша, Нұрша, кішісі екен Төртбай. 1790. Кененің осы алты балаларын
Айтамыз біз саралап енді былай.
Үмбет, Омар, Әкімбек, Серікбайдан,
Есекең ауылына белді қорған.
Қыдырбек, Құрманбек, Оңдаш екен,
Үмбеттің балалары болып туған.
Қыдырбектің баласы бар Қыдырбай,
Құрманбектен Дүкенбай мен Диқанбай.
Оңдаш жас кезінде қайтыс болып,
Артында Үлкенбай мен қалды Ожай. 1800. Ойлаймын аз тоқталып Оңдаш десем,
Білімді жігіт еді, өзі көсем.
Үлкенбай – әкесіне тартқан ұлы,
Ақ көңіл, ашық мінез ойлап көрсем.
Омардан Нұрәлім, Анарбек, Әлайдар,
Шаруамен айналысып, малын бағар.
Анарбектен Жұман, Қаумен, Құлан,
Нұрәлімнен Алмабай мен Дәрубай.
Әлайдардың Бекбосын баласы екен,
Омардың ұрпақтары міне осылай. 1810. Шорманнан Дәуітхан мен Ісләм дейді,
Жақсылық шама келсе қылам дейді.
Әйтеуір, жан бағысқа мықты жігіт,
Келмейді еш жамандық бұдан дейді.
Биқат, Азанбек, Қанапия, Бабахан,
Нүсіпақын, Молдабек өңкей зерек.
Оразбай есенқұлға болыс болып,
Бір кезде билік құрған ер Азанбек.
Биқаттан Әділбек, Әбділбек, Қабылбек,
Баласы Биқат атам үш қаракөк. 1820. Әділбектен Дәулет, Нұрдан, Кәден,
Нұрдан ғой ең жақсысы туған ерек.
Әбілбектің баласы – Армия,
Қабылбектен – Әріп,
Дәулеттің Құдай берген төрт ұлы бар,
Қалмайтын бір-бірінен өңкей зерек.
Ұрпағы бұл Биқаттың тоғыз түтін,
Барлығы ибалы өскен шынар-терек.
Азанбектен Әбеу мен Серкеш, Мұса,
Атаға ұлы тартып жолын қуса. 1830. Жас кетіп дүниеден ел өкінді,
Ерекше туған еді қайран Мұса.
Төлеубек, Мұқан, Әуен, Мұратбегі,
Баққожа, кенже ұлы – Бақбергені.
Баласы Қанатбектің осы алтауы,
Бар екен Бабаханнан – Жұмаділі.
Сауытқаннан Жұмабай, Атанбай, Әуезбай,
Келеді қатар өсіп бала қаздай.
Сәдуақас, Оқас, Әбілоқас – Молдабектен,
Бұлар да қанат қақты тобын жазбай. 1840. Тарих бар айтатұғын Бектас десем,
Кісі екен тілі ділмәр, өзі көсем.
Орыстың генералы Колпаковскийдің,
Сөзбенен аузын буған екен шешен.
Колпаковский Бектасты сөзден түсіру үшін бір табақ ақ қағазға Бектастың жалаңбас рәсімін сызып, бір қолына нан, бір қолына астын, ұстатып қойып қағазды үйінің керегесіне жапсырып қойып, бір топ орыс, қазақ би-болыстарын үйіне шақырып келіп дастархан үстінде: – Бектас, анау кім? – деп сұрайды. Сонда Бектас іркілмей:
Ана тұрған Бектас-дүр,
Нанды жеймін деп ұстап тұр.
Шошқа-орыстың азығы деп,
Астыңғы қолымен нұсқап тұр!
– деп жауап берген. Колпаковский сөзден жеңе алмаған соң ойлады:
“Өлтіруге айла етсем,
Үйіне енді айналып бармас етсем”
1850. Үзеңгіден жасырын алмас жағып,
Бектасты отыз үште қайтыс етсем.
Бектастан Сыман, Рақым, Көпес екен,
Сыманнан Мезгілбай, Мекебай, Оспан,
Исабай ең кенже баласы екен.
Уәлбай, Молдахандар Мезгілбайдан,
Уәлбайдан Мүсілім, Мұқаш екен.
Баласы Молдаханның екеу екен,
Айтпасам ал оларды болмас па екен.
Молдахан қойдан қоңыр жуас адам, 1860. Баласы Жұмәліп пен Тоқан екен.
Рақымнан Қыдыр менен Әбілқайыр,
Атаның атын білсе о да тәуір.
Әйгілі Қыдыр батыр елге таныс,
Жасында қайтыс болды Әбілқайыр.
Қыдырдан Ысқали мен Зікірбай-ды,
Ысқали ашық ойлы, жұртқа жайлы.
Өзінде білім де бар, қайрат та бар,
Асауды қызыл тілмен қайырады.
Баласы Камал, Әлеш, бірі Шоған, 1870. Нұрғайып – ең кенжесі одан туған.
Шоғаны орта мектеп оқып жатыр,
Бейнесі әкесінің жолын қуған.
Көпестен Алалбай, Оралбай, Үсейінбай,
Алалбай аң аулады мүшелінде-ай.
Отыз жеті аю, жүз алты қасқыр соғып,
Аюмен арпалыста болды талай.
Шебері аң аулаудың Алалбай ер,
Аң қуып аралады бірталай жер.
Жеңіс, Нұрбосын, Ербосын мен 1880. Жаңанұр, кіші ұлы – Камалдын дер.
Марқастың бір баласы екен Кебек,
Кебектен Жұбат, Сүлеймен, Біркелек.
Жұбаттан Еңсебай, Бейсебай, Керімбай,
Сүлейменнен Мәди мен Жүнісхан дейд.
Мәдидің баласы еді ер Молдабай,
Молдабай сөзге ағып тұр боз жорғадай.
Молдабайдан Уәш, Қазы, Сұлтан, Нұрдан,
Ершат, – балалар ғой ер порымды-ай.
Орынбай, Ұйсофы, Құдабай, Еңсебайдан, 1890. Қамырбек, Тәлім, Әбдеш, Орынбайдан.
Әбдеш те атқа мінген ер азамат,
Қалғаны жас кезінде дүние салған.
Әбдештің баласы Қызырәлі,
Сөз туар зерделі ойдан мағыналы.
Сәламат – Әбдеш ердің немересі,
Қашап қой Құдабайдың өз баласы.
Қарсақтың баласы Маса деген,
Төлеміс Масаның баласы екен.
Ырысбек, Әділхан, Нәдірхан, 1900. Үшеуі туған екен Төлемістен.
Ырысбектен Оралхан, Оралы бар,
Өзіндік әрбірінің санасы бар.
Тұрдыбек, Тұрақымет, Тұрдалы,
Көктеубай екеуінен дәл осылар.
Әділханнан Құлындық, Зікірия,
Нәдірханнан Қазыбек, Тоқтарбек,
Кенжесі тағы да бар Тоқтарғазы.
Жайсаңға бір кезеңде имам болған,
Құрметті Әділханның бар бағасы. 1910. Ал енді, сөз басталық ұрпақтардан,
Орынбай мекен алған Құрсайдан.
Баласы Орынбайдың Бұшпақ екен,
Орынбай сұрап алған бір Құдайдан.
Бұшпақтан Бөтенбай, Күреңкей-ді,
Кішісі Көшекемен үшеу дейді.
Бөтенбайдан Тұрсын, Дамбалбай,
Бөтекең әрбір іске міселі еді.
Тұрсыннан Тоқтар, Мұхтар, Ісләмжаны,
Дамбалбайдың баласы екен Тұрды. 1920. Бірталай Бөтенбайдың немересі,
Тоқтары – ішіндегі Шолпандайы.
Баласы Күреңкейдің Бақтыбайы,
Одан соң Дүйсенбай мен Сұлтанбайы.
Әбдікерім Бақтыбай баласы екен,
Дүйсенбайдан бар екен Қадыржаны.
Сұлтанбайдан Еркін мен Ерғали бар,
Осындай Күреңкейдің ахуалы.
Ендігі айтар сөзім Малтабайдан,
Қосетер туған екен осы адамнан. 1930. Қашқынбай – Қосетердің бел баласы,
Бөкетай, Өкіш, Аталық, Мыңбай, Жамбай,
Туылған бұл бесеуі Қашқынбайдан.
Баласы Бекетайдың Шәкей, Ошақ,
Келеді заман жылдар жазбай қосақ.
Әбілмәжін, Әпен, Асылхан, Матайлар,
Тұрмай ма түр-тұлғасы Шәкейге ұқсап.
Әбілмәжіннің бар екен төрт баласы,
Қонысы Ұзынбайдың бір саласы.
Әпеннен Ақымет, Дүйсенбек, Ақылбек, 1940. Алдәулет, Келдәулет, Ердәулет.
Әлпештеп осыларды ер жеткізді,
Өнермен ағашшылық әкесі көп.
Бар екен Асылханның үш баласы,
Мал баққан тау жайлатып, сай-саласы.
Мақаш, Тоқтарбай, Сансызбайлар,
Асылханның осылар үш баласы.
Манайдың Жөкеш екен айнатасы,
Ошақтан Асанбек, Мұратбай, Сарымолда,
Ауылы Ошакемнің әрбір жайда. 1950. Жөкеш атты бір бала бар Манайда.
Асанбектен Алдаш, Қыдырбай, Қыдырия,
Мұратбайдан Зейнеш, Иса, Ожай,
Сарымолдадан Инаят, Ілбас, Сатай.
Сонымен бәрін тіркеп жиып келсем,
Ошақтың ұрпақтары осылар да.
Өкіштен Абиыр мен Әлі дейді,
Әліден Ақын, Ақсақ, Шанай дейді.
Ноғайбек Ақынның баласы екен,
Баласы Абиырдың Жақан дейді. 1960. Жақаннан Сіләмбек, Ісләмжан,
Құралжан, Ержан және Тұражан.
Жақанның ағашшылық өнері бар,
Еңбекпенен бір қора мал құраған.
Аталықтан Базарбай, Құйқалақ, Иман,
Базарбай софы адам нәпсі тыйған.
Тұрсынақын, Әлімақын, Қамбар, Жұман,
Әбдеш, Жабықбай деп алты ұл туған.
Тұрсынақын баласы – Тоқмұқамет,
Әлімақыннан Бекеш пен Тұрмұқамет. 1970. Қамбардың баласы – Разақ екен,
Әпештен Матай, Мағаділ, Нұрдәулет.
Жабықбайдан Зікірия, Жақия бар,
Базарбайдың әулеті, міне, осылар.
Иманнан Нұрақын мен Әділақындар.
Нұрымбек, Жұмаш, Дүйсенбек Нұрақыннан.
Кәдірбек баласы екен Әділақынның.
Баласы Құйқалақтың Жұмахан да,
Баға жоқ өлшем етер жақсы адамға.
Нұрсалбек Жұмаханның ұлы екен, 1980. Сияды қалай айтсам мақтауыма.
Мен жаздым Аталықтың үш баласын.
Қаламым, жазған сайын ұшталасың.
Амандық сақтау орнында басшы болған,
Қырағы Әлімақынды еске аларсың.
Бөрібайдың баласы Тердікбай-ды,
Туылған Тердікбайдан Егеубай-ды.
Бар екен Егеубайдан екі бала:
Баулыған Шаяқымет, Шаймардан-ды.
Егеубай ертеректе елден кетті, 1990. Мекені туып өскен жерден кетті.
Байырғы жұратына қара тартып,
Аяңдап көшіп жүріп Қасқа жетті.
Бар екен Шаяқыметтің төрт баласы,
Мекені Шырын тоғай – Қас жағасы.
Дүйсенбай, Жұмабек, Жұмәли,
Мусағали жүрген жер ел арасы.
Шаймарданнан Нүсіп пен Нүсіпжан бар,
Ұрпағы Бөрібайдың, міне, осылар.
Шет жайлап, қиыр қонған Егеубайдан, 2000. Атында Оразайдың сегіз үй бар.
Болайық қандай болса ел ішінде,
“У жесең руыңмен» деген сөз бар.
Торқалы той, топырақты өлім болса,
Өз елің – алтын бесік, мұны ойлаңдар.
Енді айтсам Қырғи, Шәулі, Дүзбай, Борсақ,
Жайсаңда тоғыз ұл бар жиып айтсақ.
Борсақтан Жыңсабай, Жығабай,
Толымбек, Жыңсабайдан бар ғой Ысқақ.
Ысқақтың ұл баласы Нәби туған, 2010. Нәби де жақсылардың жолын қуған.
Нәбидің баласы Тоқтасын да,
Құсайынның баласы – Мұқамия.
Мал бағуды өзіне кәсіп етіп,
Бас қатырып жүреді ылғи малға.
Жайсаңның балалары – Шәулі, Қырғи,
Қырғиға енді жеттік жылжи-жылжи.
Қырғидан Бекберген, Бейсеке екен,
Баласы Бекбергеннің Жүке деген.
Мұстапа бұл Жүкенің баласы екен, 2020. Туған жері Өзібай даласы екен.
Мұстападан Қалқыбек, Әбдіхалық,
Әпіз, Әлқан – Әбдіхалық баласы екен.
Бейсекеден Қымбат пен Адасбай-ды,
Жақсыға әркім келіп жанастайды.
Иманшар, Сыздықбек, Әусен,
Бежімбек туылыпты Адасбайдан.
Дүйсенхан, Тұрағасын Сыздықбектен,
Тағы бар Орнықбай мен Батан.
Әусеннен Жұмәліп, Нұрәліп, 2030. Нұртайлар болған екен жалғасты айтсам.
Анарбек, Молдабайдан сұрап алып,
Шежіренің мен жаздым бұл парасын.
Сағындықтан туылған алты бала,
Болады мұны айтпасақ көңіл шала.
Байсақал, Торғауыт, Дауылбай,
Дәубай, Машамбай тіркесер Оңқашарға.
Байсақалдан Боқбасар, Дәукен туды,
Боқбасардан Әби, Қасыбай, Мүсәпір-ді.
Әбиден Бекқожа мен Тоққожасы, 2040. Бар екен Бекқожаның бес баласы.
Сабыражы, Садыражы, Қыдыражы,
Онан соң Құламажы, Мұхтаражы.
Бес ұлы Бекқожаның дәл осылар,
Мекені Сарқамыста қысы-жазы.
Тоққожадан Болатбай, Қоңырхан, Тойғанбек,
Ержетті көкте қыран, сұңқардай боп.
Тойғанбектен Мұқай, Мұқамбек, Мұқанғали,
Сапағали, Жұмағали, Саятбек.
Қоңырханның бар екен үш баласы, 2050. Керім, Мұсахан, Мұсағали.
Сабыражының бар екен үш баласы,
Аттары: Қали, Қуатжан, Еркінбек.
Қыдыражыдан бар екен Шәріпханы,
Мұхтаражының баласы Әріпхан-ды.
Құламажыдан Кәдірбай, Қамза, Ермек,
Тағы да қосып ойла Мысажан деп.
Қасбайдың баласы екен Сейдақымет,
Жігіттің данасы еді туған зерек.
Сейдақыметтің бар екен екі ұлы, 2060. Төлеген, ағайынды Тоқмұқамет.
Мүсәпір баласы екен Тоқтасынның,
Тоқтасын ер жеткізді екі ұлын.
Нұрмұқамет, Манатбек ағайынды –
Осы екен немересі Мүсәпірдің.
Дәукеннің баласы ғой Жебен деген,
Әңкебай Жебен ұлы болады екен.
Нұрқожа, Алашбай, Балабек,
Әлімбектер Әңкебай баласы екен.
Әңкебай Тілеубердіге болыс болған, 2070. Болысқа көк жотасы қоныс болған.
Іленің сар жазығы қыстаулығы,
Ел іздеп келетұғын оң мен солдан.
Айдыны Әңкебайдың Алатаудай,
Туған соң аталы ауыл Оразайдай.
Мампаң, күнде, зәңгі, елубасы,
Болысқа аузын ашқан балапандай.
Нұрқожадан Мамырбек, Шинахан-ды,
Шинаханның баласы Дәуітханы.
Тәп-тәуір өсіп-өнген ауыл екен, 2080. Бұл ауыл толықсыған тамашалы.
Алашбайдан Тұрдықожа, Назарқожа,
Тұрдықожадан Қыдырбек туды оза.
Назарқожаның бар екен екі ұлы,
Аға-інілі Жайлаубай, Мағауия.
Балабектен Сұлтанмұрат, Нұрданмұрат,
Барады жаз жайлауға асып қырат.
Әбдіғани, Әбеуғани, Тұрғанжан,
Құрманжанның әкесі Сұлтанмұрат.
Әлімбектің баласы Тұрсынақын – 2090. Кіршіксіз жігіт екен ашық-жарқын.
Мақмұтахан, Ақыметхан балалары
Ұстаған ибалы сөз, ата салтын.
Торғауыттан: Мәлік, Қотан, Тұлым,
Демейді ешкім жаман туған ұлын.
Қотанның үш баласы деп айтады:
Бітімбай, Сымағұл, Ноқтауын.
Бітімбайдан Омарбек, Құралбек,
Атадан үлгі көрген қос қаракөк.
Омарбектің баласы ... 2100. Құралбектен Тұрсынбек, Батырбек.
Молдақымет туылған Сымағұлдан,
Ноқтаудың баласы екен Жұман.
Молдақыметте бір, Жұманда төрт бала бар,
Ата-анасы Құдайдан сұрап алған.
Толымның баласы еді ер Адахан,
Әдекең палуан еді бек орасан.
Жайырбек – Адаханның туған ұлы,
Бес ұл бар Жайырбектен жалындаған.
Мәліктен Шынарбек пен Тұмарбегі, 2110. Бұлардың Бұратала жүрген жері.
Болды екен қанша түтін, қанша адам?
Өтіпті заман жылдар көрмегелі.
Дауылбайдың баласы Етекбай-ды,
Ауылы Етекбайдың жанға жайлы.
Баласы Етекбайдың бесеу екен,
Айдыны Алакөлдей Орақбайы,
Орақбайдың інісі Имамберді,
Қожакелді, Арын һәм Қожаберді.
Осы екен Етекбайдың бес баласы, 2120. Байлықпен толықсыған өңкей сері.
Әбдіқасым, Тоқтасын, Құрманбай,
Кенжесі одан кейін Ыбырайым.
Төрт ұлы Орақбайдың дәл осылар,
Тыңдарман, білігң келсе мұның жайын.
Әбілқасым баласы Ясын-ды,
Бейнесі Ясынның ұя сынды.
Нүсіп, Бақыт, Нақып, Патық,
Бақи қуантты туған әке Ясынды.
Қанатбек те туғызды екі ұлды, 2130. Мен айтсам тұпа-тура расымды.
Тоқтасынның Жайырбек баласы екен,
Бір ұлы бар Жайырбекте жарасымды.
Бар екен екі бала Құрманбайда,
Құрманбай – базар ісі кең аулада.
Тағы бар екі бала Ыбырайымда,
Ей, жаран, тәубе келтір Құдайымға.
Ендігі айтар кісім Қожакелді.
Жазған соң кезегімен о да келді.
Бұл кісінің баласы екеу екен, 2140. Аттары Жұмабай мен Әңгел дейді.
Әңгелден Әбдіқайым, Әбілқайыр,
Жұмабайдан ...
Ерғали, Шаман, Мақай, Әбділәлім,
Әріннің төрт баласы елге мәлім.
Меди, Құрманақын, Сұлтанбек,
Дүйсенбек немересі алған тәлім.
Дәубайдың баласы Ботабай ма,
Ауылы Ботабайдың екен тауда.
Ботабайдан Қуатбек, Бапан екен, 2150. Алты ұл бар екеуінде осы маңда.
Оңқашардың баласы Әлімбай-ды,
Әлімбай бел асырып малын жайды.
Қанағат сексен төртке келіп қалды,
Божай, Шөже, Қадыр, Айыпхан,
Төртеуі туған екен Қанағаттан.
Мәжіктен Жұмабек пен Сембек,
Машамбай Мәлімбай, Аябек.
Аябектің баласы екен Дәуіт,
Аябек тұлпар еді бір қаракөк. 2160. Сағындықтың мән-жайын айтып берген,
Білесіздер Әлімбекұлы Тұрсынақын.
Жалбыдан Маңқыстай, Сатыбалды,
Төлеш, Шошқабай, Бабақ, Байқотан,
Бақбай, Бақай, Қойтөңірек – жеті ұл қалды.
Төлештің алты ұлы төменгілер:
Досымбек, Мейран, Досан, Әбдірей,
Әбдіқалық, Әбеусина-ай.
Досаннан Әбеухан, Жарқынбай –
Ер көңіл жігіт екен ол тартымды-ай. 2170. Жарқынбайдан Нұрәбіл, Сырапыл бар,
Әбеуханнан Сырапыл, Сымайылдар.
Әбдірейдің баласы екен Оспанбай,
Әбеусина баласы ер Жабықбай.
Бар екен Жабықбайдың үш баласы,
Төлештің жағдайы дәл осындай.
Шошқабайдан Ақкүшік, Байкүшік-ті,
Аң аулап жиған екен түлкі ішікті.
Ақкүшіктің Байтума баласы екен,
Байтумадан Әбжахан, Иманқазы. 2180. Бар дейді екеуінде бірден бала,
Нараттан мекен алып өніп-өсті.
Байкүшіктен Әлеуиман, Онихан, Ырысбай-ды,
Ағайын тату болса ұрыспайды.
Ырысбайдан Баратжан, Ысқақ екен,
Мекендеп Желжүзді қоныстанды.
Бажақтан Бектау менен Бурабай-ды,
Бектауы көзге атады құралайды.
Иманәлі, Абдолда Бектау ұлы,
Бажақтың немересі осылар-ды. 2190. Иманәлі баласы Қадыржан-ды,
Қадыржанда бала бар бірақ аз-ды.
Абдолдадан Әлімжан, Пазылжандар,
Пазылжан оққа ұшып дүние салды.
Түсіпхан, Ысқамбек, Оралбек – Әлімжаннан,
Әліхан, Қожақымет, Сейдақымет,
Шаймардан туылыпты Бурабайдан.
Әліханнан Әділжан, Жұман, Тұрсын,
Ұрпағы дәл осылар сол Бажақтан.
Мәтқұрман, Жүнісбек, Қасен Байқотаннан, 2200. Жақсылық туылыпты Мәтқұрманнан.
Бар екен Жақсылықтың бір баласы,
Ұлы боп Жүнісбектен Ясын туған.
Бақайдың баласы екен Тұрағасын,
Құдайым берді оған сұрағасын.
Мүбаракжан, Көбелекжан – екі ұлы,
Жаратқан өркендетті отағасын.
Ілияс, Сәрсенжан, Мағауия,
Әкесі Мүбаракжан бұларға ұя.
Бар екен Көбелекте алты бала, 2210. Осылай жазып қойдым сөзді жия.
Бүкшірдің басы екен Бақабайда,
Ауылы Бүкшір ата сулы сайда.
Бүкшірден Дәуітәлі туған екен,
Дәуітәліден Нұрдәулет туған бала.
Нұрдәулеттен Ілиясбек, Алтай, Құрманәлі,
Мырзабек, Мырзалбек пен Тілеужаны.
Жүріпті Моңғұлкүре көлемінде,
Ішінде бес жолболды бас пен малы.
Ендігі айтар кісім Қойқоңырек, 2220. Балалары Рақыш, Нұржақып, Ырысбек.
Жұмахан сол Рақыштың баласы екен,
Жасынан ел билеген болып зерек.
Абзал, Әбдіқали, Әбдібек, Әбдікерім,
Дейді екен Жұмаханның төрт ұлын.
Ырысбектің баласы бар Орымбай,
Орымбай әулетті ер порымды-ай.
Орымбайдың бар екен үш баласы,
Істейді жұмыстарын дәл орындай.
Ұрпағын жалпы атамның аяқтаттым, 2230. Жиырма бес үй бопты осы орында-ай.
Жастарын айтып берді Мүбаракжан,
Сөйледі білгеннен соң түк қорынбай.
Дондықтан Майшабай мен Қайшабай-ды,
Күн жауса ағаштан су тамшылайды.
Майшабайдың баласы Маштай-ды,
Өсірген өркендетіп талай жанды.
Майшабайдан Ыдырыс, Әбділхан, Кәржан, Иса,
Дүние жалған екен ойлап тұрса.
Ыдырыстың баласы Рақиядан, 2240. Бар екен төрт баласы жолын қуса.
Үлкені – Рақияның Әбдіқазы,
Онан соң Мәсіпқазы, Нұрғазы,
Қуандық кіші ұлы Рақияның,
Жүретін малын бағып қыс пен жазы.
Бар екен Әбдіқазының төрт баласы,
Аумақты ауыл болды айналасы.
Әлібек, Жұмабай, Оралбай,
Кәдірбай – Әбекемнің гауһар тасы.
Барлығы да айтулы азаматтар, 2250. Берген соң ықыласын ата-анасы.
Татитын жалғыз өзі бес балаға,
Ер Жомарт Жұмабайдың жалғыз басы.
Бар екен Мәсіпқазыда сегіз бала,
Айтайын оларды да көңілге ала.
Тергеусіз, Төлеген, Сансызбай,
Сұлтан, Еркін, Тұрысбек, Қасен.
Сегіз болды Құсайын қосылғанда,
Нұрғазыдан Сәрсенбай, Тұрды екен,
Қуандықтан Жаңанұр туған екен. 2260. Жоғарыда аталған он бес жігіт,
Зақаңа Құдай берген немере екен.
Исаның баласы екен Әбеубәкір,
Имам боп Әбеубәкір соқты зікір.
Әлжапар, Құрманқажы ұлдарына,
Қуанып, ата-анасы етті шүкір.
Әлжапардан Дәулет, Дәуленхан, Ақыметхан,
Бұлар да төмен емес құрбысынан.
Дәулетхан жастайынан атқа мініп,
Жанасып жақсыларға жолдас болған. 2270. Құрманқажыдан Күлімет, Мұқанғали,
Дәулеттен Мақаш, Барат, Оразғали.
Дәулетханнан Әнуар, Ақжол, Қайсар,
Ақыметханнан Серік пен Жеңісқали.
Әбілханның баласы Нұрақын-ды,
Нұрақын кісі екен жарасымды.
Бар екен Нұрақынның үш баласы,
Біркелкі барлығы да ұнасымды.
Қайшабайдан Қалқамбек, Сыдық туған,
Бұлар да жақсы атаның жолын қуған. 2280. Сыдықтан Дайырғазы, Әкпаражы,
Жігіттер ашық-жарқын, ұлы думан.
Дабырдан Әлеш, Мұқамбек, Боранбай-ды,
Боран соқса қымтанып оранбайды.
Жиенәлі, Қызайбек, Мұқанқали,
Әкпаражы ұлдары осылар-ды.
Темір
Жамбырзаның бір әйелі Темір деген,
Жамбырза осы әйелден бес ұл көрген.
Ақкісі, Байкісі, Шеңкібай,
Жондыбай, Байыс – “Бес темір” деген.
2290. Айтайын Бес темірдің ұрпақтарын,
Тармақтап әрқайсысын өзім білген.
Ақкісі алған екен екі қатын,
Құдайым екеуінен бес ұл берген.
Күншіктен Бесімбай, Қойтан туып,
Кенжеқыздан Қауен, Дәуен, Жантелі екен.
Бесімбайдан Өтеп, Өнген, Томан, Жұман,
Төртеуі аға-інілі бірге туған.
Бесімбайдың басқадан ұрпағы көп,
Күзетіп шекараны шепте тұрған.
2300. Майлақ, Манаяқ, Сараяқ –
Өтептің бел баласы осылар-ақ.
Баласы Сараяқтың Сартбай екен,
Әлқожа, Әбдіқадыр Сартбайдан нақ.
Мәді, Тігініш, Әбіш деген,
Баласы Сараяқтың сұрап білген.
Бар екен Өтегеннен жеті бала,
Жөн болар оларды да айта кетсем.
Жазай, Жазыбай, Сәттібай, Бердембек,
Бәкей, Қисық, Сектай келіп. 2310. Баласы Өтегеннің құралады,
Айтады мықты “темір” осылар деп.
Бар екен Сәттібайда он ұл бала,
Айтамын оларды да іле-шала.
Емілші, Бишәт, Емшібай, Бөкен,
Дамбал, Қамыр, Мамырбай, Танабек,
Мақайға қосылады Мамырбек кеп.
Емілшіден Тәттімолда, Шалымбек,
Бұларға қосылады және Имамбек.
Бишәттан Түгелбай, Аямбек, Нұрбек. 2320. Емшібайдан Қыңырбек жалғыз екен,
Бөкеннен Айдарбек пен Шаруденбек.
Дамбалдан Қайырбек, Сабырбай, Құрманхан,
Кенжесі Сабырбек екен Дамбалдан.
Қайырбектен Нүптебек, Нұрболат,
Бұлардан Әлімбек тіпті қалман.
Сабырбайдан Әлбатыр, Көкек, Бихан,
Анарбек – төрт ұл болды бәрін жисам.
Баласы Сабырбектің Әлімжан дейд,
Қамырдан Нұрқа, Қыдырхан, Сейтан, 2330. Бұлардан айтылмай Мұса қалған.
Қанатбектен – Мақсұт, Еркінбек,
Қалмасын қатарынан, ал, Жайырбек.
Мақайдан Иса, Әметхан, Балшабек,
Төртінші болып келер және Әбілбек.
Бердембектен Байқұл, Сақбай,
Сандыбай болған екен Ыбырайым.
Байқұлдан Қымшал жалғыз екен,
Жаратқан көмек етсін бір Құдайым.
Қымшалдан Сыдық, Дәулеткелді, 2340. Сектайдан Тұрдықожа, Қоңырат, Шойқұл.
Кенжесі Сектайдың болады Еңсе,
Еңседен Рақымжан, Сағатхан,
Ордахан, Кәтіптер айта берсе,
Шойқұлдан Қыдыр, Дәукен, Ғылажден бар,
Бәрі де бермейді екен сөзге есе.
Қисықтан Кәдірсіз, Өлең, Семей,
Семейдің сегіз ұлын сөйле көмей.
Әуелхан, Медел, Әбимолда, Әбзи,
Қожәлім, Бегәлім, Мәсіп, Әбей. 2350. Кәдірсіздің баласы Әбілахан,
Жасында бір кісідей болыпты сән.
Баласы Әбілаханның Байдәулет,
Талайдан асып түскен ең мықты жан.
Нұрдәулет Моңғұлкүреге әкім болған,
Істеді әкім болып ұзын заман.
Бұл дағы Өтегеннің шөбересі,
Әкесі айтып өткен Әбілахан.
Жарыбайдан – Мүдірбай, Күшікбай,
Сөйлейін біліп алсын көңілге алған. 2360. Демеу, Мошқабай, Сәрсенбі, Бұти,
Күнесбай – Бәкейдің осы екен бес баласы.
Мекені Бәкей батыр орын тепкен,
Шипаңзы, Қорғас, Қалжат шекарасы.
Бәкейдің үлкен ұлы Демеу батыр,
Батырдың аты шыққан ел арасы.
Демеудің бір өзінен тоғыз ұл бар
Болған соң басқалардың не шарасы?!
Сәрсенбай, Балабек, Нүсіпбай,
Әпенде, Әбілбек, Әріпжан, 2370. Әлібек, Сабдан менен Әлқожасы –
Барлығы бір Демеудің бел баласы.
Дәулет пен мәнсабы сайма-сай боп,
Еңіске беттемеген атқан тасы.
Бар екен Сәрсенбайдан алты бала,
Ата жөн таныстырдым әрбір жайда.
Болатбай, Әбдібай, Қыдырбек,
Дәулетбек, Құрмандәулет және Шорман.
Балабектен Сауытбек, Бөкен екен,
Алты ұлы туған екен Нүсіпбайдан. 2380. Тоқтарқожа, Қабылқожа, Мұратқожа,
Ертай, Әпсейіт, Дүйсенқожа.
Бәрі де бір-бірінен қалыспайды.
Кетеді бірі шапса бірі оза,
Төңкерісте әскер боп Тоқтарқожа,
Бара-бара өрледі қолын соза.
Генерал Ысқақбекке қорғаушы боп,
Басқарды бір полкті одан оза.
Мошқабайдан Манап, Сүптай, Оспан,
Сыдық, Ысқақ, Әбдірейім бір туысқан. 2390. Нүсіпбек қосылғанда жетеу болып,
Өзара көмектесіп ақыл қосқан.
Сәрсенбіден Әуелбек, Омарбек,
Мұхтарбек, Қанатбек, Кемелбек,
Бұларға тіркеледі және Әділбек.
Болтидан Имамбек, Жалменде,
Әлменде, кенжесі бар Әлмерек.
Күнесбайдан Имам, Мұқамет, Қасым,
Кенжесі Қаналхан мен төртеу болсын.
Манаптан Қожамберді, Қожабек, 2400. Қанағат, Орымбай Қожаханмен –
Барлығын санағанда бесеу болсын.
Сыпытайдан Дәулет пен Жандәулет бар,
Нүсіпбектен Үсейін, Рақымбай.
Кенжесі Нүсіпбайдың Рақымжан бар,
Оспаннан Әбдіуәлихан, Әкімші екен.
Сыдықтан, Сүлеймен, Сырдаш, Сырдалилар,
Ысқақтан Мүсәлім, Кәсілің, Мышай.
Одан соң төртінші ұлы – Құралбай,
Әбдірейімнің Бейсен деген бір ұлы бар. 2410. Бесекем – бас ауылым, туысқаным,
Жол бастап бұрынтыннан ту ұстадың.
Дидарласып, танысып келемін деп,
Дәм тартса ойымда бар жұмыстарым.
Ертерек аралассам болғаны екен,
Сонда да етегімнен бір ұстадым.
Бір нәрсе алып, бір нәрсе бермесек те,
Жүрелік хабарласып, суыспағын.
Қойтаннан Байбұға мен Тайбұға дейд,
Жадырас, Кәнти мен Бұғыбай дейд. 2420. Баюқаның баласы Жұрынтай-ды,
Жұрынтайдан Адамбек туған дейді.
Адамбектің баласы Жұбаш, Тоқаш,
Әліден балалар бар бұларды енді.
Жадыраның баласы бар Беделбай,
Көктеуі Беделбайдың Шетіксары,
Рамазан, Долдахан – Беделбайдан,
Білмедім балаларын, япырым-ай!
Сөз кезегі кеп жетті Бұғыбайға,
Жаратқан жалбарынам бір Құдайға. 2430. Бұғыбайдың бес ұлы – Орақ, Ошақ,
Шаған, Ботабай, Әбділдә.
Бәтихан деген қыз бар сол Орақтан,
Кәдірсіз келген екен керей жақтан.
Беріпті сол жігітке Бәтиханды,
Абдолла тілегені сонда жатқан.
Құдайым Абдоллаға бес ұл берген,
Бұлар да ел қатары өсіп-өнген.
Әбеш, Тәліп, Оқап, Құрманбай,
Құрманажы – Орақтың ұрпағы екен. 2440. Ошақтан Қайырақын, Қадақбай,
Ошақтың кенже ұлы Арымбай.
Баласы Қайрақбайдың Мұса, Иса,
Осылай жаза берсем, мен білер жай.
Ыбырайым, Ыдырыс, Ілияс Мұсабайдан,
Ыбырайымбек, Ісләм, Шайқысіләм.
Исадан туған екен Нұрсопас,
Өрбіпті мұның бәрі Қайрақбайдан.
Әбеубәкір, Мұқаматша, Ыбырайым ақын,
Үш бала туған екен Қадаубайдан. 2450. Әбеубәкірден Нұртаза, Серғазы бар,
Кәсіпті алған екен ағартудан.
Мұқаматшадан Оралбай, Құралбайы,
Құрысбай, Бұрымбай, Сәрсенбайы.
Барлығы да “алымды-шалымдылар”
Деседі білетіндер осыларды.
Ыбырайым ақыннан Нұртәліп, Нұрданбек,
Сұлтанбек басқалардан қалмайды көп.
Азырақ білгенімше жазып қойдым,
Ауылы Қадаубайдың осылай деп. 2460. Ошақтың кіші ұлы Арынбай-ды,
Арынбай сөйлегенде арындайды.
Мәжік, Жапар, Сымағұл, Жұмағұл,
Жапайыл, Жағыпар, Әбеу, Ғопыр бар-ды.
Мәжікті бұрын зәңгі еткен темір,
Басынан әр пенденің кеткен өмір.
Артына әр кісінің тарих қалар,
Тұрмайды бір қалыпта дүние құрғыр.
Мәжіктен Қанапия, Тоқтақын бар,
Қанапиядан Тұрсынақын, Нұрдалы. 2470. Кенжесі тағы да Тұрдақын бар,
Қабаңның қайраты мығым, үміті зор.
Тоқтақынның баласы Тұрдалы,
Жапардан Қаһар менен Инәпас.
Инәпастың баласы өте жуас,
Қаһардан Таңжарық, Бәкір, Зәкір,
Нұрғали барлығы да бір тұқымдас.
Сымағұлдан Бақкелді мен Сауыт екен,
Жұмағұлдың өзінен жеті ұл екен.
Жапайылдың баласы Тұрсын деген, 2480. Үрімжіде бір мектеп мұғалімі екен.
Әбеуде бес, Ғопырда бес бала бар,
Ошақтың ұрпақтары осы екен.
Шағанның балалары – Қаби, Жақып,
Қабидан Нұрақын мен Қонақбай-ды.
Жақыптың баласы Нұрмұқамет,
Қонақбайдың бар екен төрт баласы.
Нұрақынның баласы төртеу екен,
Нұрмұқаметтен Жұмабек туған екен.
Жұмабектің бар екен екі ұлы, 2490. Өмірге енді ғана қанат қаққан.
Иман, Ақылбек, Әуелбек, Әуелхандар,
Ботабайдан туылған дәл осылар.
Иманнан жалғыз бала еді Әкбар,
Әкбардан Әлпек пен Қанатбек бар.
Ақылбектен Дәулет, Төлепберген,
Екі ұлын Ақылбектің әркім көрген.
Әрбірінің төрт-бестен баласы бар.
Ақаңның немересі – Құдайберген,
Әуелбектің баласы бар Оралбек, 2500. Әуелханнан Дәулетбек, Рақыманбек.
Ұрпағын Ботабайдың таныстырып,
Тоқтады сөз аяғы осылай кеп.
Кәнтінің баласы екен Қуаныштай,
Әкесі асыраған бала құстай.
Жүнісхан мен Құсайын одан туса,
Тұра ма немересін сүйіп-құшпай.
Осылай Қойтан ауылын баяндадым,
Сұрап ап Қанапиядан осы қыста-ай.
Қауеннен Аймен, Бимен екі бала, 2510. Мен жаздым оларды да көңілге ала.
Айменнен – Отаршы, Битан туған,
Бимендеде бар екен екі бала.
Отаршыдан Сырайыл, Сейілхан-ды,
Артықша Белдайырдың қол қайыры.
Сырайылдың баласы Болат болса,
Болаттан Дәубай, Құрал, Мәтәй,
Тұралбек, бұдан өзге бар екі ұлы.
Бекайдардан азат, Күтеш, Бақкелді,
Кенжесі Бекайдардың Нұрқожа-дүр. 2520. Битаннан Мыса, Тұрсынбек және Қыдыр,
Береді кімге опа дүние құрғыр.
Мысадан Мақаматшан, Әлиасқар,
Қыдырсыз осы ауыл етпес қыбыр.
Баласы Мақаматшан Пәзіл деген,
Пәзілден Маралбай, Нұрдан, Сұлтан,
Төрт ұл бар Әлиасқарда ойнап-күлген.
Жүніс, Кажалбай, Құрманбай, Әуелбек,
Қыдырдан Жамалбектер өзім көрген.
Тұрсынбекте Тұрдыақын, Зікірия, Жәмия бар, 2530. Шапақтың алты ұлы бар аттай желген.
Именнен Мыңтай мен Тұрғанбай-ды,
Болған іс әуел бастан жоғалмайды.
Мыңтайдан Манақбек ұл туған екен,
Құдайым сүйген құлын өзі оңдайды.
Манақбайдан Мәнәп, Әлбатыр,
Ата жөн арт-артынан келіп жатыр.
Манаптан Бейсенбек пен Қали екен,
Бұлардың балалары толып жатыр.
Әлбатырдың өзінде жеті ұл бар, 2540. Дүние біреуге кең, біреуге тар.
Тілебалды, Сейсенбек, Кәнетхан мен
Дәукіш, Бағаш, Нұтай, Амантай бар.
Тоғанбайдың баласының аты Оспан,
Оспаннан Сыдық туып есе қосқан.
Сыдықтың баласы еді – Оразақын,
Бименді аяқтаттым осы тұстан.
Дәукеңнің бар екен ғой бес баласы,
Жайлауы көк жотамның биік басы.
Қарабек, Қоржынбай, Сұлтанажы, 2550. Майқұйрық, Шалқымбайлар бел баласы.
Бар екен Қарабекте сегіз бала,
Шойқы, Бәкі, Кәкі, Майқы, Тоқмолда,
Үшеуі Қарабектен төменгідей:
Көшербай, Майкөт пен Бекмолда.
Шойқыдан Қасымбай, Ақымет, Бекбала, Оспан,
Қасымбайдан Сымағұл, Ысқақ, Нәби, Русан.
Рақыметжан, Нүкежан алтауы бір туысқан,
Тұлпардай топтан шығып қатарласқан.
Баласы Сымағұлдың екен Нұрман, 2560. Нұрманның жүрген жері қызық-думан.
Аудандық су мекеме қызмет орны,
“Бажы” деп пұл жияды аққан судан.
Ысқақтан Оразалы, Жұман, Тәлім,
Нәбиден Бақтияр, Бақыт, Мүттәлім.
Рақымжаннан Құрманбек, Тиеке, Ағызан,
Бұл жастар ауылына берген сәнін.
Русанның баласы бар Биеке,
Нүкежаннан Күлеке, бар Нұреке,
Немере Қасымбайдан бесеу екен, 2570. Анықтап жазып қойдым жеке-жеке.
Бекбаланың баласы Әкби екен,
Әкбиден зәңгі болған мықты-мекем.
Дәулетханнан Болатхан, Еркінбек,
Кенжебек – балалары тең ержеткен.
Әбеухан, Мұхтар, Тұрдыбек,
Нұрдыбек, Сайрахан – Ақыметтен.
Оспаннан Синан, Жабықбай, Әлімбек, –
Барлығы немерелес туыс екен.
Бәкіден Елемес пен Жаңажан-ды, 2580. Елеместен Қожаш, Құрманақын,
Кенжебай мен Нұрқожа, Қадырақын,
Жаңылханның баласы Бейсен, Дүйсен,
Жан екен барлығы да малға жақын.
Кәкіден Молдабай мен Насыбай-ды.
Молдабайдан – Есімхан, Асылханы.
Насыбайдан Жұмабай, Асқарбай,
Біліп ал ата жөнді таныс дағы.
Нұрдықожа, Исақожа, Жылқыбек,
Бәкірлер туған екен Есімханнан, 2590. Тоқтарқожа бар екен Асылханнан.
Ажыхан, Болатбай, Баймұрат,
Шәкен, Керімбектер Жұмабайдан.
Баласы Есімханның Тұрдықожа,
Келбетті туған еді Нұрлықожа.
Жасынан атқа мініп ел басқарған,
Ішінен құрбылардың шығып оза.
Майқының баласы екен Шаймолда,
Шаймолда мал мен басқа бай молда.
Әбдіманап, Нұрсопа, Қалисақа, 2600. Нұрболды, Мырзакелді, ұласар
Ыбырайым мен Ісләмжан, Әлімжанға,
Болғанда біреу жалғыз, екеу егіз,
Баласы Шаймолданың осы сегіз.
Барлығы да тартымды жігіттер ғой,
Сөйтсе де, Ісләмжаннан ерек деңіз.
Тоқмолдадан Мұқамәди, Мұқаматша,
Нұрсейт, Жамали орнын басқан.
Мұқамәдиден Асқар, Албанбай, Әбілеш,
Нұрсейіттен Дәуітхан, Мұратхан, 2610. Ең кенжесі тағы да бар Жұратхан.
Жамалиден Оразхан, Мәметхан,
Екі ұлы бар: Сауытхан және Ісләм.
Құрманқажы, Қадыр, Дабырбек,
Сабырбек – Мұқаматшадан бірге туған.
Қуандық, Қуатбек, Нұркелді,
Нұр, Қалыпнұр Құрманқажы баласы екен.
Нарбопа, Байбота, Нұржұма,
Әділбай, Әбеутәліп емес бөтен,
Барлығы Бекмолданың баласы екен. 2620. Нарбопадан Ясын, Имыран, Атай.
Байботадан Әбіләшім, Әлімақын.
Нұржұмадан Ісләмқожа, Әнуар,
Қайыңбек кенжесі тіпті жақын.
Әбілбайдан Исабек пен Оралбек,
Әбеутәліптен Әбдіқайым, Әбдіғалан.
Үшінші бір баласы екен Әбдеш,
Осылай мен таратып бердім дерек.
Көшербайдан Нұрмахан, Мұқағали,
Нұрмұханның баласы Ісләмақын – 2630. Ұрпағы Қарабектің мұның бәрі,
Бауырмал бір-біріне өте жақын.
Майкөттен Тойымбай, Керімбай,
Қалғаны Толымбай және Дадай.
Тойымбай оразайға би болыпты,
Кесімді айтады екен дәл, орынды-ай!
Бір бітім үстінде азулы ақалақшы Тойымбайға: – “Тұлпар мініп, ту ұстаған қатыннан туады, ел бұзатын ебелек қанды бұт қар қатыннан туады” дегендей сөзді қайта-қайта бұзбай, тыныш отыр! – деп зекігенде, Тойымбай: – Ақалақшы, жақсы айттың. “Жарға тіккен жантақты жанынан кешкен нар жейді, ерге біткен қайратты құйқылжыған қар жейді” деген, өзіңді де ойлап көр! – деп аузын жапқан екен.
Базархан, Қалмырза, Ырыскелді,
Баймұхан Тойымбайдан бір туысқан.
Әбжәлен Базарханның үлкен ұлы,
Қолы да босамай жүр көп жұмыстан.
2640. Талайды жуасытып жөнге салған,
Содырға жарқылдатып қылышты енді.
Інісі Әбжәленнің Жұмақын, Төлеш,
Бұлар да бітіреді бір істі енді.
Мінәділ, Мінәсіл бар Керімбайдан,
Әділ менен Жанасыл Толымбайдан.
Баласы Мінәділдің Нүсіп екен,
Әкесі сұрап алды бір Құдайдан.
Нүсіптен Баһардын, Жанысбек,
Сейіт, Еркін, Еркінжан, Әбілқайыр. 2650. Мінәсілден Іскендір, Нұрдан, Қаһар,
Туыпты төртінші боп Қожа бауыр.
Әділден Ізтілеу, Мәдияр екі бала,
Жанасылдан Баттал, Әшім, Әбдіқали,
Жанасылдың кенжесі – Әбдікерім,
Өсірген жақсы жан қып баули-баули.
Дадайдан Сатылхан, Тоқтақын,
Кенжесіне Онақын деп ат қойыпты.
Осылай таныстырдым Қарабекті,
Болса да ауыс-күйіс азды-көпті. 2660. Мұқамия, Үсен, Асан Қоржынбайдан,
Мұқабек, Тұрабек екен Мұқамиядан.
Майқұйрықтан Мәжін, Сүлеймендер.
Бар екен Әбрірақпан Шалғымбайдан.
Сүлейменнен Ілмәш, Айтбек, Құрмаш,
Сақаба туған екен Әбдірақпаннан.
Мақаттан Сейілхан, Сейіптан бар,
Болыпты осыменен Дәуен тәмам.
Жантелібен Кәрібай, Ертіс екен,
Баласы Кәрібайдың Қайрат екен. 2670. Қайраттың жалғыз ұлы Керімқұл,
Керімқұлдан Мергенбай, Жүргенбай,
Боп келер бірден-бірден деректесем.
Әнуархан, Жұматай, Жұмакәрім,
Баласы Мергенбайдың осы дер ем.
Жүргенбайдан туылған екі ұл бар,
Аты ұйқас Мәткерім, Әбдікерім.
Ертістің баласы Бұқпан еді,
Талайды балуандықпен жыққан еді.
Жақыпбек, Ырыс деген екі бала, 2680. Бұқпанның дәл өзінен шыққан еді.
Айтқожа, Әкбар, Қалиәкбар,
Баласы Жақыпбектің жоғын жоқтар.
Ырыстан Айтбай мен Досымбай бар,
Бұқпанның немересі жанған шоқтар.
Қалиәкбардан Әділжан, Әлижандар,
Әкбардан Бәжінбай, Бек, Есбосын,
Иесі отауының Досбосын бар.
Айтқожаның баласы Бақи екен,
Ұрпағы Жантелі атам, міне, осылар. 2690. Жанұзақ, Дүйсен мен Сеңкібайдан,
Баласы Жанұзақтың Ақпан, Тоқпан.
Атақты Ақпан, Тоқпан батыр екен,
Алыпты менменсіген алып соққан.
Бар екен екі бала Тоқпанынан,
Қаракүшік, Көккүшік атын ұққам.
Баласы Көккүшіктің Жүніс жалғыз,
Кей іске бастан өткен армандамыз.
Жүністен Жұмахан, Әділ, Әбілақат,
Алланың не қыларын болжамаймыз. 2700. Баласы Қаракүшік Әбдікерім,
“Жаман” деп кім айтады туған елін.
Әбдікерім баласы екеу екен,
Аттарын Халық, Тұрған қойған екен.
Ақпаннан Есбосын, Досбосын-ды,
Серік боп бір-біріне күш қосылды.
Есбосынның баласы Әуелхан да,
Біледі жақсы-жаман, жол-жосынды.
Әуелханнан Дәуіт, Сүлеймен, Рамазан,
Ілияс кенжесі екен жолын қуған. 2710. Досбосыннан Қаһарман жалғыз туған,
Нұрәділ, Ереш деген екі бала,
Туылған баласы екен Қаһарманнан.
Дүйсеннен Мүлік пенен Құдайберген,
Шал тағы туған екен Тәңірберген.
Тәңірбергеннен Диқанбай, Көмекбай,
Жәментік, Тұрсынбек бар Диқанбайдан.
Көмекбайдан туған Мұқы, Нақысбек-ті,
Мұқаметжан Нақысбектің ұлы еді.
Мұқыдан жеті бала туған екен,
2720. Білетін істің жайын арғы-бергі
Оқап, Амет, Шаймардан, Шарылда,
Шерияздан, Әбләхан, Нұрзияда,
Мұқыға Құдай берген жеті ұлды,
Баулыған балапандар бір ұяда.
Жанкісі, Шомақ, Құлсары Жолдыбайдан,
Жолдыбай сұрап алды бір Құдайдан.
Жанкісіден Ақәже, Байторы, Бегалы,
Ақәжеден Көбелек дара туған.
Көбелектің баласы ер Семілбай, 2730. Шомақтан Ілебай мен Күндебай.
Күндебайдан Садық, Таласбай,
Әкесі Әпсеметтің сол Ілебай.
Әпсеметтен Әбілбек пен Таңжарық,
Соңынан туған екен Тұрсын барып.
Осылай сөз аяғы аяқтасын,
Ұрпағын Жолдыбайдың қойдым жазып.
Байкісінің баласы Көбентай-ды,
Келемін таныстырып білген жайды.
Көбентайдың баласы Бектас екен, 2740. Айталық Бектас ұлы Шүйіншібайды.
Шүйіншібайдан Байжұма, Дәуітбегі,
Одан кіші баласы Мамытбегі.
Байжұмадан Әбділхан туған екен,
Осындай болған екен етек-жеңі.
Әбділханнан Зәкіржан, Әкімжан,
Ажынұр кенжесі боп және туған.
Дәуітбектен бір бала жалғыз екен,
Азан айтып қойған аты Пернежан.
Мамытбектен Зиядан, Пәзілжан, 2750. Сәрсенбек пен Байкісі болар тәмам. Бір ауылдың бозбалалары өлеңші жеңгесіне: – Сен Бектасты бір жеңші! – деп Бектаспен тұйықсыз айтыстырған екен.
Сонда әйел:
– Айт дегенде, айтайын, ұры темір,
Жан арқаның жанында құры темір.
Жаз семірген биені қыс қоймайсың,
Тұқымыңнан түк қалмай құры, темір”, – депті.
Сонда Бектас:
Айт дегенде, айтайын елеу болып,
Тақыр жерге шөп шығар селеу болып.
Тұңғыш туған балаңды темір сойып,
Соныменен қалдың ба бедеу болып? – деген екен.
Бұл әйел бір ғана бала туып, ол баласы өліп, екінші қайтып бала көтермеген екен. Сонымен мұны естіген соң сөзге шыдай алмай жылапты. Тайырберді руынан Наурыз деген ақын адам бір үйде бір топ адаммен бірге отырғанда, біреу келе жатқан Бектасты көріп: – Наурыз ақын, сен өлеңмен жанынан тидіре амандас, не дер екен? – депті.
Сонда Наурыз:
Оқыр, шоқыр,
2760. Үлкен тайдың арқасын қарға шоқыр.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ассалаумағалейкум, Бектас соқыр! – депті.
Сонда Бектас:
Уағалейкумассалам, Наурыз ақсақ,
Қу сөзбенен қуарды сенің жасың.
Қатының өліп қаңғырып жүруші едің,
Мойтық өліп көрді ғой көзің жасын! – депті.
Мойтық – Наурызбайдың үлкен ағасы. Наурыз жеңгесін алған екен.
Қаракөз
Жамбырзаның бір әйелі Қаракөз бе?!
Қаракөз тоқтайды екен айтқан сөзге.
Қаракөзден Байқонды туған екен,
2770. Жамбырза болып-толып жүрген кезде.
Байқонды Жамбырзаның үшінші ұлы,
Байқондыдан бастаймыз енді сөзді.
Байқондыдан Елемес, Сұңқар туған,
Талықпас екеуі де тұлпар туған.
Елеместің бар екен үш баласы,
Сырлыбай, Қазымбек, Балқан туған.
Сырлыбайдың баласы Елубай-ды,
Ауғанбек туған екен Елубайдан.
Ауғанбектен Дәукен, Әбдіманап, 2780. Жамағат хабар тапсын осы жайдан.
Балқанның баласы Әйет, Бәйет.
Әкесі асырады болып бәйек.
Далабай Әпектің ұлы екен,
Ержетіп әкесіне болған көмек.
Далабайдан Баямбек, Айдарбек,
Қасымжан, Дүбдір, Әбділ.
Қазымбектің баласы Ихамбайдан,
Құрақбай, Қыпшақбай, Сырлыбай,
Қомшабай, кенжесі екен ал Мүсәпір. 2790. Мүсәпірден Садыбай, Зәкір екен,
Қыпшақбайдан Пәзілжан, Қасен екен.
Құрақбайдың баласы Қабылбегі,
Қабылбектен Өмірбай, Өмірұзақ,
Ырысбай – осы үшеуі туған екен.
Сұңқардан Манаке, Қайымбек,
Қайымбектің баласы бар Досымбек.
Досымбектен Шапақ болып үш бала бар,
Жұмахан, кенжесінің аты – Ақылбек.
Манакеден Сейбек, Тайжан, Баужан, 2800. Тайжанның бар өзінен он ұл туған.
Дадай, Асан, Үсен, Заманбек,
Балабек, Омар, Оспан, Әбеу, Сыдық,
Мәсүлім – ұрпақтары осы болған.
Ұлан
Жамбырзаның кіші әйелі аты – Ұлан,
Бошан деген баласы бұдан туған.
Боқтыкөт, Кәріп, Секежан,
Битбай Бошаннан бірге туған.
Боқтыкөттен Түндебай, Исабай,
Кенжесі Боқтыкөттің екен Дақай.
2810. Дақайдың баласы Салықбай,
Исабайдың баласы екен Бейсенбай,
Ершан екен туылған Салықбайдан,
Кәріптен Мұқаматша, Әбділдә бар.
Әбділдәнің Оразбай бір баласы,
Мұқаматшаның баласы еді Ақандар.
Ақан ұлы Оралбек, Қапжылмас,
Секежаннан Әбілхан туылыпты.
Әбілханның Тоқтасын, Сүлеймен,
Тоқтарбегі жол қуыпты.
Битбайдың Сымахан бір баласы,
Бес-алты үй Ұлан шешем айналасы.
Ұрпағын Жамбырза атам баяндадым,
Шамамның жеткені осы, аянбадым.
Ең болмаса ұрпақтар біліп қалсын,
2825. Деген оймен шежіре даярладым.
АСЫЛХАН МЫҢЖАСАР ШЕЖІРЕСІ
Пайғамбар мекен еткен Мединеден,
Олар да өтіп кетті бұл дүниеден.
Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,
Азырақ сөз сөйлейін шежіреден.
Айтысар той болғанда жігіт пен қыз,
Сөзімді менің айтқан тыңдасаңыз.
Алдыңа ақын болсаң сұрау қоям,
Қайсы екен пайғамбардан бергі атамыз?
Сыйынған бір Аллаға барша ғалам, 10. Ішінде пендесі жоқ бізден жаман.
Кітаптан осылай деп естуім бар,
Тарапты Әнес деген сахабадан.
Әнесті Құдай артық жаратыпты,
Өзіне көп адамды қаратыпты.
Әнестің баласы екен аты – Мәлік,
Сол атадан бері қарай таратыпты.
Мәліктің баласының аты – Жапар,
Молдадан білім алсаң шекер мен бал.
Білген бар, білмеген бар ата жөнін, 20. Білмегенің ескеріп, үйреніп ал.
Жапардың баласы екен Әбілезқаз,
Ата жөнін үйреніп, көңілге жаз.
Әр адам ата жөнін білген жақсы,
Білмесең ата жөнін, ақылың аз.
Баласы Әбілезқаздың аты – Сейіл,
Жақсы адамдар болады кішіпейіл.
Жан бар жерде қаза бар, азаматтар,
Өлмей тұрып Құдайға құлшылық қыл.
Сейілдің баласы екен Ақшолпан-ды, 30. Жаратқан жоқтан бар қып барша жанды.
Бірін дана, біреуін білімсіз қып,
Осылай жаратыпты әр адамды.
Баласы Ақшолпанның Қурай екен,
Бір Алла не қылса да оңай екен.
Әнестен бері қарай таралыппыз,
Ұғынсаң ата жөні былай екен.
Айтады Қудай ұлын Аламан деп,
Таралған жер жүзіне адамдар көп.
Бұларға опа қылмай өткен екен, 40. Адамға опа қылған заман да жоқ.
Баласы Аламанның Алаш екен,
Иманға дін мұсылман талас екен.
Сейілхан, Зейілханмен екі тұқым,
Алаш деген кісінің баласы екен.
Тараған Сейілханнан сегіз арыс,
Білмесең ата жөнін ол да намыс.
Атаның өзім білген бәрін айтсам,
Түрікпен – сегіз арыс кеткен алыс.
Баласы Зейілханның екен Бодан, 50. Айтады осылай деп ата қуған.
Атаны өзім білген жалғастырсам,
Өзбек Сүфианмен бірге туған.
Баласы Өзбектің Ноғай екен,
Үйренсең ата жөнін оңай екен.
Қалыпты там жастанып, қала салып,
Мәнісі бұл Ноғайдың солай екен.
Сүфиан бар малымен көшіп кеткен,
Айтысып Өзбекпенен сөзге жеткен.
Мал бағып сахарада жүреді екен, 60. Бітіпті байлық-дәулет құдіретпен.
Баласы Сүфианның – Қазақ, Созақ,
Алдында имансыздың тұрар тозақ.
Күнәйің бұл дүниеде ауыр болса,
Көресің қияметте сонда азап.
Созақтың Қарақалпақ баласы екен,
Арқаның жүрген жері даласы екен.
Жасаған сол заманда халықтардың
Ішінде біздің қазақ сарасы екен.
Келеді екі елуге ердің жасы, 70. Айтайын ата жөнін, ал, тыңдашы.
Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс боп,
Біліп ал бұл қазақтың үш баласы.
Баласы Ақарыстың Үйсін дейді,
Кей надан айтқан сөзді түсінбейді.
Момынды жазығы жоқ жылатқандар,
Барғанда ақыретке күйсін дейді.
Баласы Бекарыстың Арғын, Найман,
Жігіттер, істің бәрі бір Құдайдан.
Туысқан Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ, 80. Баласы Бекарыстың алтау болған.
Баласы Жанарыстың Алшын, Жаппас,
Өлеңім бір айтылса дамыл таппас.
Өлеңді білген адам айту керек,
Ешкімге өлең болмас мал менен бас.
Баласы Найман шалдың Қытай би-ді,
Болады жақсы кісі елге сыйлы.
Қатыны Қытай бидің жесір қалып,
Алланың ақырында нұры тиді.
Қатыны Қытай бидің жесір қалды, 90. Баласыз кім сыйлайды жалғыз шалды.
“Найманның жас келінін аламыз” деп,
Арғынның балалары бүлік салды.
Қарашы келіннің асыл затын,
Әперді атасына бір жас қатын.
Жас қатыннан бір еркек бала туып,
Қойыпты “Өкіреш” деп оның атын.
Өлеңге қызыл тілім аттай желді,
Бір бала кәртейгенде Құдай берді.
Бұл бала жасқа толып, ержеткенше, 100. Найман шал қаза жетіп ол да өлді.
Келіні бұл баланы асырады,
Ішіне әрбір істі жасырады.
Бала өсіп, балиғатқа жеткеннен соң,
Той жасап, некеленіп қосылады.
Өкіреш адам болды жетім қалып,
Сөзімді менің айтқан тыңда, халық.
Бір бала Өкірештен туған екен,
Қойыпты Сүгірші деп оның атын.
Қожбанбет кіші анадан жалғыз екен, 110. Жарболды малын баққан жалшы екен.
“Жарболды жалғызыма жар болсын” деп,
Шешесі Жарболдыға қыз ап берді.
Көкжарлы, Төлегетай, Терістаңбалы,
Туыпты Сүгіршіден мұның бәрі.
Саржомарт, Ергенекті, Тураменен,
Бәрінің кенжесі екен Бағаналы.
Туылған ағайынды жетеу екен,
Таралып ел болыпты баршалары.
Атамыз одан бергі Төлегетай, 120. Жазалық атасының атын атай.
Туылған бұл кісіден төртеу екен:
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Матайдың баласы екен Аталық-ты,
Қожадан ақ сәлделі бата алыпты.
Қаптағай, Кенжеменен үш ұл екен,
Осылай “үш матай” боп атаныпты.
Баласы Аталықтың Құттыболат,
Біреуі одан кейін Сүттіболат.
Бұлар да ағайынды үш ұл екен, 130. Сұрасаң енді бірі Тәттіболат.
Баласы Құттыболат – Құтым, Шағыр,
Білгенің ата жөнін ол да тәуір.
Қателік, күнә өткізсең пенделікпен,
Болады тастан қатты, таудан ауыр.
Шағыр ұлы Итемген, Меңіс екен,
Төрт Қызай төңірегі тегіс екен.
Шағыр өліп, Қызайды Қойшаға алып,
Бұдан туған Бегімбет, Дербіс екен.
Меңістен Тәңірберді, Тілеуберді, 140. Дүниеден біреу кетіп, біреу келді.
Кенжесі Тілеуқабыл шешесімен,
Ажал келіп, екеуі бірге өлді.
Айтқұрман Итемгеннің жалғыз ұлы,
Төрт қызайдың біреуі дейді мұны.
Намысқой, ер кеуделі адам екен,
Өлтірген Қойшағаны – үлкен міні.
Қойшаға шейіт болып қазаланды,
Күйініп Қызай анам назаланды.
“Итемген жүзге жетсең, күзге жетпе!” 150. Деген қарғыс анадан солай қалды.
Баласы Тілеуберді жалғыз болған,
Баланың Жатқабыл деп атын қойған.
Біреудің көп, біреудің аз болмағы,
Емес пе жаратушы бір Құдайдан.
Жатқабылдан Жолболды туған торғай,
Есіркеп, Жарылқаппен туған Жұбай.
Төртеуі төрт рулы ел боп өсті,
Ақыры жарылқады Патша Құдай.
Үйленді Тілеуқабыл қатын алып, 160. Сөзімді менің айтқан тыңда, халық.
Туылған ол кісіден екі ұл екен,
Осылай бұрынғылар айтқан анық.
Әр адамда болады әр түрлі арман,
Өтеді арманды қып дүние, жалған.
Есенқұл мен Оразай жетім қалып,
Әкесі көп жасамай дүние салған.
Бұл екеуін үйлейді Тілеуберді,
Өзінің баласымен бірдей көрді.
Екеуі екі үй болып бөлінгенмен, 170. Жүріс-тұрыс, қонысы бірге болды.
Бөлінген ерте бастан Тәңірберді,
Өз алдына бір үлкен ауыл болды.
Болыпты ол кісінің тоғыз ұлы,
Жетіліп мал мен басқа судай толды.
Адамға мұндай болмақ оңай емес,
Тек өсіп мал мен басқа судай толмақ.
Тоғыз ұл тоғыз рулы ел боп өсті,
Аталық балаларын бірден талдап.
Құттымбет, Құдайназар, Құттықадам,
Байназар, Сексен туған кіші анадан.
Қасаболат, Тоқсан мен Жанбай, Тынбай,
Тоғыз ұлы осылай болды тамам.
Жаратқан жан біткенді Құдірет Кәрім,
Есептеп айтып болмас сөздің бәрін.
Зерттепті бұрынғылар бұның бәрін,
186. Әр түрлі уақиғаның болған бәрін.
КЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІ
Үш жүз деп қазақ елі танылады,
Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп табылады.
Жалайыр, албан, суан, үйсін,
Ұлы жүз құрамына алынады.
Арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, керей, уақ,
Құралған орта жүзге бәрі бір-ақ.
Бұларға “алты арыс” деп ат қойылып,
Айтылған ел аузында бұрынырақ.
Жатады үш тайпа ел кіші жүзде, 10. Ертеден білінгені бүгін бізге.
Байұлы, әлімұлы, жетіру деп,
Анықтап көрсетейін оны сізге.
Атанға екі тап боп керей елі,
Абақ пен ашамайлы керей дейді.
Он екі абақ болып өсіп-өніп,
Толықсып жүрген күні мерей еді.
Жантекей, жәдік, молқы, ол қарақас,
Күнсадақ, шеруші мен тағы сарбас.
Ителі, шұбарайғыр, жастабан мен 20. Шимойын, меркітпенен және аралас.
Деп айтады он екі абақ осыларды,
Барлығы бір керей боп қосылады.
Керейдің жалпы ұраны “абақ” болып,
Тағы бар әрбір таптың өз ұраны.
Жантекей ұран салса «шақабайлап»,
“Жанат” деп жәдік шығар тағы айғайлап.
Молқы “машан”, сарбастар “сартоқайлап”,
Ителі “бұқарбайлап”, қарақас “қаптағайлап”.
Меркіт шықса ұрандап “құлсары” деп, 30. Жастабан “жобалайлап” шығады кеп.
Күнсадақ “жабалайлап” ұран салса,
Шимойын “алманбетке” салады тек.
Ұраны шұбарайғыр “қожаберген”,
Шеруші “байтайлақ” деп соза берген.
Жеңісте, төбелесте, бәсекеде,
Ұран боп қалыптасқан осы ежелден.
Жәнібек батыр шыққан бұл абақтан,
Жауына соққы беріп аты шыққан.
Сондықтан абақ керей жауға шапса, 40. “Жәнібек! Жәнібек!” деп ұрандатқан.
Бұл керей орта жүзден оза шыққан,
Мойынды Алтай тауға соза шыққан.
Жолына бөгет болған дұшпандарға,
Қайраты ерлігімен қоза шыққан.
Алтайды абақ керей мекен еткен,
Басынан толқымалы күндер өткен.
Мың жеті жүз жиырманшы жыл шамасында,
Алтайға абақ керей келіп жеткен.
Кең байтақ, елге жайлы Алтай жері, 50. Жартылай көшпенді еді керей елі.
Арпа, бидай, тары егіп, малын бағып,
Рахатты өмір өткізіп жүрген еді.
Баққаны қой мен түйе, сиыр, жылқы,
Түзелер аман болса ойын-күлкі.
Аң аулап, бүркіт салып саяхатпен,
Қуалап соққандары қасқыр, түлкі.
Ас беріп, ат шаптырып, мереке қып,
Жиналыс, той-томалақ береке қып.
Қызқуар, мүше, балуан, ойын-сауық 60. Жеңгені жеңілгенін келеке қып.
Отырып алты ай қыста ыстық үйде,
Отынын, шөбін жинап алған күйде.
Жаз жайлау, күз күзеуге көшіп-қонып,
Етті жеп, қымыз ішіп жүрген мүлде.
Жиналып абақ керей басын қосқан,
Жөнінде ұйымдасу ақылдасқан.
“Төресіз ел, төбесіз жер болмайды”,
Дегенді бәрі сонда мақұлдасқан.
Сондықтан төре іздеуге ақсүйектен, 70. Деп соған бағынайық ақ ниетпен.
Батыстағы отырықты қалған елден,
Келуге төре тауып елші кеткен.
Ұрпағы Әбілпейіз Абылайдың,
Осылай жөні болған бұл жағдайдың.
–Біз келдік алдыңызға, алдияр, – деп,
Елшілер жөнін айтқан келген жайдың.
– Керейге төре керек басқаратын,
Меңгеріп ісін жөндеп атқаратын.
Мақұлға жол көрсетіп, тыип тентек,
80. Әділ боп қара қылды қақ жаратын.
– Ханымы Әбілпейіз Тұмар деген,
Өзінің үш ұлы бар туған содан.
Көгедай, Жабағымен және Сәмен,
Сіздерге үшеуі де ұнар деген.
Үшеуін шешесімен алып келген,
Қарсы алған керей елі келген жерден.
Мерейге қуаныш пен той өткізіп,
Басына орда тігіп, сыйлық берген.
Сайлаған Көгедайды төре қылып,
90. Көтерген бастарына төбе қылып.
Керейден төрт орын деп, төрт би сайлап,
Қоғамды басқарыпты жора қылып.
Осылай абақ керей ұйымдасқан,
Аталған төрт би төре осы бастан.
Құлыбек, Көкен, Топан, Бейсенбі би,
Халыққа билік айтып жарлық шашқан.
Бір бейбіт осылайша заман болған,
Бірақ та жалпы халық надан болған.
Ел өсіп бара-бара мал көбейіп, 100. Бытырап қоныс іздеп көшіп-қонған.
Біраз ел өр Алтайға көшіп шыққан,
Жер бар деп малға жайлы ұққандықтан.
Арадан төрт кісіні бастық сайлап,
Аталған төрт үкірдай деп ол сондықтан.
Молқыда Құлы тәйжі аты шыққан,
Қарақас Қалел тәйжі тағы шыққан.
Сарбастан Бұратайдай тәйжі шығып,
Шақабай Жапар тәйжі даңқы шыққан.
Керейдің бір бөлігі Қобда кеткен,
Малына қоныс іздеп сонда кеткен.
Монғолияға бағынып тұрып қалды,
Сол күйі күні біткен барған беттен.
Уақ пенен найман бар бір аздаған,
Керейден олар әсте бір жазбаған.
Біраз ел екі рудан көшіп сіңіп,
116. Көпшілік мекенінен қозғалмаған.
ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ШЕЖІРЕ
Жазайын қолға қалам ап,
Мекен жерді аралап.
Кетпесем де Жұңгоның
Барлық жерін тамамдап.
Өзім тұрған өлкесін
Көрсетейін саралап.
Қазақ өскен ауылы,
Алтайымнан барандап.
Кей өзеннен секіріп, 10. Кей тауларын жағалап.
Кімнің барын айтайын,
Жасаған мұнда паналап.
Не кәсіппен тұрғанын,
Мал-басын қалай амандап.
Әр халықтың өзіндік
Қасиетін тарамдап.
Қарамекен делінер,
Қарт бабамның жері екен.
Сақ, үйсін, көк түріктер 20. Мұнда болған ел екен.
Сол қонған кешегі
Ерентаудың белі екен.
Қоныс шалған осыдан
Асан ата ер екен.
Сонан келіп қазекең
Ірге тепкен төр екен.
Орта жүздің баласы,
Арғын, найман ағасы,
Керей, уақ елімен 30. Қоңырат, қыпшақ тарады.
Абылай хан тұсында,
Үш жүзің саған қарады.
Абылай хан кеткен соң
Тозып кетіп барады.
Тозған елге қашан да
Әркім шеңгел салады.
Қай күштісі қайырып,
Бағындырып алады.
Ебін тапқан ептісі 40. Біріне кеп жағады.
Соның бәрі заманның
Адамға айтар амалы.
Амалы азы аптығып,
Арып-ашып қалады.
Амалдысы сытылып,
Күй табады шамалы.
Жәнібек пен Қабанбай
Елін бастап амалдай.
Алтай тауын көбелеп, 50. Тәңір тауын межелеп,
Көшіп кеп ірге қосыпты,
Осы өлкені жағалай.
Сонан бері ғасырдан
Үші өтіпті табандай.
Сол бір мекен жерімді,
Дария, өзен, көлімді.
Үлкен-кіші қаламды,
Биік тау, ойпат даламды.
Пақыр Ақыт жазуға 60. Қолға қалам алады.
Бұлғын, Шіңгіл бойлары
Өр Алтайдың жері екен.
Сартоғай мен Шәкүрті
Жуанғанның елі екен.
Өндірқара, Зағұба
Қара бұлғын, дүре екен.
Төре-қара қоныстас
Бәрінің жері сол екен.
Бітеу менен Сойылты, 70. Қарамағай дөң екен.
Жетіарал мен Көкағаш
Шұбап біткен ел екен.
Осы өзеннің аяғы
Үліңгір үлкен көл екен.
Неше керей қыстайды,
Жұтатып малды тастайды,
Қысылғанда амалсыз
Қыс Құбыны жастайды.
Құбы деген құм екен, 80. Панасы жоқ шөл екен,
Онан ары көз салсам
Боғда тауың тұр екен.
Арманты, Ебі жоғары,
Көдесі жоқ томарлы.
Көктемесе осы жер
Қысқы малға обал-ды.
Бұлғын, Бәйтік басыңда,
Қалқаң сол тұс қасыңда.
Ажы, Боғда, Алатау 90. Моңғұл тұрар осында.
Шіңгілдің бойын өрлесең,
Қобдаға барып асасың.
Мінер жаққа бұрылсаң,
Делуінді басасың.
Қобданың жері Делуін,
Тезекке елдің көнуін.
Қарекеті қашанғы
Мал соңынан еруің.
Ұланқұсы, Сақсайды 100. Желі соғып қақсайды.
Отыны жоқ, суы жоқ
Оны несін мақтайды.
Далакөл, Тұлба – екі көл,
Ортасында жалғыз бел.
Аралықта қаңғырып,
Сандалып жүр қайран ел.
Өскен деген жалғыз сай,
Шұбарайғыр қыстайды.
Кейде аман шығады, 110. Жұтатып кейде тастайды.
Қамалып сонда жүргені
Жақсы қоныс таппайды.
Жерімнен кет деп қоқилап,
Қорлығы жаудың өткені.
Сол қорлыққа шыдамай,
Бөкенің ұзап кеткені.
Бөке, кеттің алысқа,
Шыдай алмай намысқа.
Серікке ерттің қаманы 120. Бір тұратын қонысқа.
Жалпақ, Шіңгіл, Көктоғай,
Аталасың Өр Алтай.
Қазағыңды, тұрғыным,
Қоярмын қайтіп мақтамай.
Ертістің басын өрлесең,
Көктоғай, Шіңгіл жерлесең.
Күздігүні болғанда,
Үйрек-қазы сыңсыған,
Сән берген ерен елге есен. 130. Бір-бір атын мінген ел,
Мал аралап жүрген ел,
Тамашаға болып мас,
Тірлігін осы сүйген ел.
Қанатсыз ғана құс тектес
Тынымсыз көшіп жүрген ел.
Көшумен өткен өмірі
Көмбей әлі іргені ел.
Күзді қуып, қыс келер
Дегенді ойлап білмеді ел.
140. Тәуекелге білегін
Ат үстінде түрген ел.
Өлімнен басқа көргенін
Сайран деп қана білген ел.
Сонымен жұтап тарығып,
Сонымен тозып жүрген ел.
Біле тұрып тағдырын,
Осыған етек түрген ел.
Кетермісің осылай,
Атанып құстай жүрдек ел?! 150. Қашқырты, Құсты, Қайырты,
Жайлауы судың аралы.
Астаушадан асқан соң,
Тараған неше салалы.
Шағандара қиюлы
Аюды бар балалы.
Тамаша неткен мекенсің,
Жазғы салқын самалы.
Қаранор мен үш төгіс
Ертіске таман қарасаң, 160. Жүзіңді жұпар шалады.
Таусылмайтын санасам
Биігің мен аласаң.
Өсіп осы саяңда,
Қалам алып сайраған
Кім десеңдер, жарандар,
Пақыр Ақыт – балапан.
Қарашора, Секпілтай,
Шаңқан, Шіңгіл малға жай.
Шағанғол мен Күрмеуті
170. Шығысын орап Шіңгілдің,
Қалқаға тұрар жақындай.
Сарсүмбе Қабам, Жеменей
Жазатын келді кезегім.
Салбырты, Сауыр даласы
Ертіс жердің сарасы,
Он екі өзен қосылып,
Атанған Ертіс сабасы.
Жіңішке басы екі айыр
Ертіс деген өзеннің,
180. Бір басынан асуға
Қобдаға таман кезендім.
Қызығын көріп қызыл тіл,
Жел сөзді тізіп безендім.
Қайқайыста қыран бар,
Жері қандай сынаңдар.
Суының құмы сары алтын,
Балығы жүзіп бұраңдар.
Түстігінде Күрті бар,
Таралаң сайы, Сүпті бар. 190. Шеміршектің құйғаны,
Қыран бойы ну бәрі.
Қос өркешті ботадай
Балбағай тауы тұлғалы.
Баурайында сол таудың
Мешіт салған, медресе
Қазірет атаң жұрты бар.
Құлынсыз, Мөңке, Ақсала,
Өрмегейті, Ушілік.
Мекендеп оны Мәми жүр, 200. Өзгелер көшер қымсынып.
Құлынембес, Сарыгер
Мал шөп басын шалып жер.
Үштас, Арал жайлауын
Мекендеген қалың ел.
Буыршын, Қаба, қатарсың,
Бидайдың дәмін татарсың.
Күз болғанда егіннің
Қызығына батарсың.
Қаба деген бір өзен, 210. Басы жетеу шалқайған.
Жылғаларын жылыстап
Ағады бұлақ әр сайдан.
Жоғары өзен Буыршын,
Ағашы қалың тыныссың.
Ел ырысын тонайтын
Ұры-залым құрысын.
Қалутан, Шұңқыр, Үштасты
Суарған сол Буыршын.
Мекені еді аз елдің, 220. Айранындай жайлаудың
Берекесі ұйыйтын.
Қарамайлы, Қаптығым,
Ойпаты жоңғар жаттығым.
Раноты жайқалған
Мақтанышым шаттығым.
Жазығына Сауырдың,
Құты болған малыңның,
Қазақ-қалмақ қоныстас
Бірге тіккен ауылын.
230. Мұз сәлдесі алынбас
Сауыр сенің тауыңның.
Қостолағай, Орқы мен
Қарамайлы, Санбұлақ,
Даласында аң қуып,
Мергендер жүр салдырап.
Майлы, Барлық, Орқашар,
Тарбағатай таулары.
Еміл бойы қалың ну
Құлыстайдың аңғары.
240. Жайырда жүр жайылған
Қойымен бірге аңдары.
Тоқта – Барлық тоқтайды
Алакөлге барғалы.
Астыңда екен оң бетің
Ел ырысы арналы.
Егінің мен кендерің
Секілді соның тармағы.
Жазығыңның жалтаңы
Саясы кем жаздағы, 250. Болғанымен халқыңа,
Мол несібе арнайды.
Майтау, ырыс тауысың,
Жетсін саған дауысым.
Жың, Тақия жерінде
Тұздың кені ағылсын.
Тянь – Шанды сағалап,
Сайрам көлін жағалап,
Ілеге асып жетейін,
Алма-өрігін саялап. 260. Батысың Құлжа қаласы,
Іле дария сағасы.
Алма иісі аңқыған
Жеріңнің бар даласы.
Сүйдің, Қорғас, Шапшалың,
Алқаптасың шап-шағын.
Күредегі Жиаңжүнге
Бағынады бастарың.
Тоғызтарау, Нылқың бар,
Есепсіз қалың жылқың бар,
270. Текес, Күре, Күнесте
Жасаған көрші ұлтың бар.
Сібе, дағұр, торғауыт,
Ханзу, дүңген, ұйғыр бар,
Өзбек, ноғай, қазақтан
Бауырмалдық құлқың бар.
Бау-бақшалы мұң мекен
Астықа қамба, шырпың май.
Мал кіндігі боларлық
Тауларыңның тұрқы бар. 280. Сол тауларды сағалап,
Өзендерін жағалап,
Албан, қызай, жалайыр,
Қаңлы руы таралад.
Арасында аздаған
Керей, уақ саналад.
Қызылөзен, Сауан көл,
Шөбің шүйгін, суың мол.
Тасырқай, Манас, Ұлужан
Жазайын бәрін бір-ақ жол. 290. Құтыби, Санжы жанасты,
Үрімжіге қарасты.
Байырғы мекен Жемсары
Үш Фукаң, Сантай алапты.
Мори, Шонжы, Сандоба
Боғда бойын жанапты.
Сол екен Еренқабырға
Елге ырыс құйған сарапшы.
Сол өлкенің бәріне
Малшы қазақ тарапты. 300. Аратүрік, Құмылың,
Жағышын қалмақ Сұмының
Күн бетің Баркөл Пышансың,
Тауыпсың жердің тұғырын.
Тоқсұн мен Тұрпан егінші
Қоймаған судың түбірін.
Жер астынан жүлгелеп,
Жалғаған судың кіндігін.
Қара шәрі, Көкілік
Көрмеген жүр өкініп. 310. Өр Алтайдан кеткен соң,
Бөке барған бекініп.
Ұсақтал, Күміс, Көрлаң бар,
Дария үлкен арнаң бар.
Бүгір, Лоптың жазығы
Өсіріп малын сайрандар.
Онан ары Кұшарсың,
Байығаның ұшарсың.
Саудадан қатты сүрінсең,
Таза кебінді құшарсың. 320. Ақсу, Жаркент, Шая еді,
Түйелі базар Бай еді.
Ақ күрішің асықтай
Астық пен малға сай еді.
Маралбасы, Қағылық,
Қарашар, Мәкіт, Шақылық.
Жеті шімен делінер
Егін кесте сапыры.
Құмды алқап қияр Хотаным,
Ұлан байтақ Отаным.
330. Тарымның құмы астыңда
Бәріңнің бірдей қатарың.
Атұш, Ақши, Ақтауым,
Қажетсіз сені мақтауым.
Қорғаны болып жатырсың
Батыс-түстік жақтаудың.
Пәйзауат, Мекіт, Тасқорған
Тараған бәрі Қашқардан.
Соның бәрін Үрімжі
Бір орыннан басқарған. 340. Шыңжаң өлке жерің бар,
Тоғыз дәутай елің бар.
Бағраш, Баркөл, Үліңгір,
Сайрам атты көлің бар.
Жетпіс екі шәнің бар,
Жарасқан ұлттық сәнің бар.
Жаз, қыс, көктем, күзінде
Түрленіп тұрар тауың бар.
Қалуын, Қорқыс, Арасан
Науқасқа дауа қарасам.
350. Қасиетті бұлақтар
Алыссынбай бара алсаң.
Он үш ата ұлтың бар,
Әрбір дінде жұртың бар.
Мал өсірген, егін сап
Әр кәсіпке құнтың бар.
Он үш ата құтайдың
Хан болғаны қытайым.
Хан болмаса қытайым
Елдік кетіп жұтаймын. 360. Онан кейін дүңгенім,
Көбінде барсың жұңгоның.
Сауда қылып, егін сап
Бәріне де көнгенің.
Егін егер ұйғыр бар,
Алман берер салтың бар.
Қолөнер, саудаң қалмаған,
Жан бағарлық шартың бар.
Қайда жүрсің, қазағым,
Қоныстың тартқан азабын.
370. Көшуменен күнелткен
Қызығын көрмей қаланың.
Он төрт сұмын моңғұлың
Бәріне салған алманын.
Қазан алман, лау ат
Батырған елге салмағын.
Салмағыңды ойлаумен
Қысуда кетті бармағым.
Бір туысқан қырғызым,
Мекен қылған қыр жүзін.
380. Таңда тауда түрілген
Өзіңмен бір түндігім.
Сібе деген елің бар,
Шапшал деген жерің бар.
Келеміз бағып көтеріп
Шығыныңды сенің бар.
Дағұр деген бір елің
Мекендер Іле кең жерін.
Өзіңді билей алмадың
Сары уаң салып шеңберін. 390. Құла шегір орысым,
Алысқа тастап қонысын.
Келесің кеулеп қалаға
Таппақ боп дәулет сонысын.
Он сан дейтін ноғайым,
Орысқа бейім нобайың.
Сауда қыл әділ қашанда
Демесең елді тонайын.
Өзбек едің өз ағам,
Бытыраңқы жер шамаң. 400. Әрбір жерді мекендер
Кезікті сондай бір заман.
Тәжік, туыс қайдасың,
Мекендепсің тау басын.
Бүркіттің биін билеген,
Бүркіттей қыран болғасын.
Мәнжуге біткен ақсүйек,
Зарлатқан елді тақсыр деп.
Билеген елді кім айтқан
Жәбірлеп ылғи басқа ұр деп.
410. Бітірсең әділ жұмысты,
Ел көзін айтпан жас тұр деп.
Сенің де күйің тозады-ау
Төрелерің асты деп.
Шыңжаң өлке жерімді,
Жасаған мұнда елімді.
Өлең етіп аз ғана
Сыпырдым маңдай терімді.
Білмегенге айтайын
Ақыт пақыр жөнімді.
Жетпей қалған жеріне
Алмассың шешіп тонымды.
Жаңылып айтсам жалпыңа,
Тосамын өз жөнімді.
Аяқсыз-бассыз аз сөйлеп,
425. Тоқтатайын жырымды.
ШЫҢҒЫС ХАН ШЕЖІРЕСІ
Бастайын енді сөзді Шыңғыс ханнан,
Атағы дүниеде жерді жарған.
Тарихта талай хандар болса дағы,
Атағы асып түскен мың мен саннан.
Моңғұлдың бір тайпасы боржігіннің
Ясукей атты атақты ханы болған.
Моңғұлдар бөлінетін үш тайпаға,
Боржігін мен Дайшғұт, Жажыратқа.
Тарғұта Дайшғұттың тың ханы еді, 10. Жажырат қарайтұғын Жамұқаға.
Қошына шығыс жаққа татар да бар,
Оңғұт тайпа ұлы қорған маңында олар.
Хаңхан тауында жасайтын керей тайпа,
Бір жағында қоңырат тағы да бар.
Керейдің сол жағында меркіт болған,
Бәрі де қошыналас жақын болған.
Алтай тауын мекендеп найман елі,
Барлығы жеке-жеке бектік құрған.
Меркіт тайпа моңғұлдың қошынасы, 20. Бар еді қақтығыс пен тайталасы.
Дос еді керей ханы Торғұлымен
Ясукей боржігіннің патшасы.
Боржігіннің бір қызын Ұлұн атты
Меркіттік жиялату алып қашты.
Ясукей мұны естіп назаланып,
Шығарып қалың әскер тартып апты.
Ұлұнды жолдан тартып алып келді,
Қыздың сұлу сымбатын анық көрді.
Бұл қызды Ясукейдің өзі алады, 30. Кешікпестен Ұлұн да бір ұл туды.
Меркіттен бе, моңғұлдан ба кім біледі,
Білмейді шешесі де кімнен еді.
Темучин деп қойыпты оның атын,
Бір мың бір жүз алпыс екі жылы еді.
Кімнен болса болсыншы бір жас бөбек,
Хан ордада дүниеге жарық көрді.
Кемсітіп бұл баланы шетке қақпай,
Ясукей өз ұлындай жақсы көрді.
Және де Хасар, Хашұн, Темугеймен, 40. Бәйбішесі Ұлұннан төрт ұл көрді.
Тоқалынан Бектер мен Белгүдей боп,
Баласы Ясукейдің алтау болды.
Темучин келіп қалды тоғыз жасқа,
Өсіпті өзгелерден орны басқа.
Қоңырат Тай шешеннің қызы Бөрте,
Бұл дағы келген екен дәл он жасқа.
Темучинді Ясукей ертіп келді,
Сымбатты нағыз сұлу қызды көрді.
Жақтырып екі жағы бірлікке кеп, 50. Ясукей Тай шешенге құда болды.
Темучинді осында тастап кетті,
Қайындап күйеу бала үш жыл тұрды.
Ясукей төртінші жыл дүние сап,
Қайнындағы Темучинге хабар келді.
Хабарды естіп еліне қайтып барды,
Темучин он үш жаста жетім қалды.
Баласы Ясукейдің бәрі де жас,
Басқаратын Темучин болып қалды.
Бұрынғы ел қарамастан жетімдерге, 60. Жанына Дайшығұнның көшіп барды.
Бұрыннан іштей араз болып жүрген
Тарғұта барған елді күтіп алды.
Жетімдер көрді азапты жұртта қалып,
Қалмады маңайында ешбір халық.
Бұлар дағы өз жанын баға берді,
Ерғұна өзеніне көшіп барып.
Темучиннің тоңмойын құйы жаман,
Қарсы келген адамын аямаған.
Өз інісі Бектерді өлтіріпті, 70. Өзіне “сен меркітсің” деген заман.
Темучин он жетіге енді жетті,
Мұратына жете алмай көңіл дертті.
Бөртені іздеп қайынына қайта барып,
Көп жасаумен той жасап алып кепті.
Бөртеден бала көрмей бес жыл өтті,
Сонда дағы мәпелеп жақсы күтті.
Темучин інілерін жиып алды,
Бәрі де Темучинге берді сертті.
Әкесінің досы болған Тұғрылға 80. Қара бұлғын ішігін тарту етті.
Шеттеген адамдарды жиыстырып,
Құралып талай ауыл құрды шепті.
Інісінің мықтысы Жасар болды,
Бұлардың барған сайын қайраты өсті.
Темучин енді шықты жиырма үш жасқа,
Кенеттен бір қиын іс түсті басқа.
Меркіттерден көп адам басып келіп,
Ауылын ойрандады бекер босқа.
Бөртені басып кіріп алып кетті, 90. Меркіттер сертіне енді жетті.
Шілгір таудан қатын қыпты алып барып,
Ұлұнның есесіне алып кекті.
Темучин дертті болып күн өткізді,
Амалсыз осыменен бір жыл өтті.
Бір күні керей ханы Тұғырылдан
Темучин көмек сұрап барып жетті.
Талабын Тұғырыл да қабыл алды,
Тұғырыл Жамұқаға хат та жазды.
Екі жақтан отыздан алпыс мың қол 100. Жиылып меркіттерге ойран салды.
Түсірді меркіттерге заманақыр,
Елін қырып малдарын талап жатыр.
Бір жерден Бөртені де алып шықты,
Мұны алған Шілгір палуан өлді ақыр.
Тұғырыл Жамұқа хан олжа бөлді,
Бөртені алып Темучиннің көңілі толды.
Темучинге олжадан беріп еді,
Бұл жолы ешбір нәрсе алмай қойды.
Бөртеде осы сәтте босаныпты, 110. Олжасы меркіттерден бір ұл тапты.
Темучинге: Атын қой, – деді Бөрте,
Балбырап төсегінде бөбек жатты.
Жошы деп баланың атын қойды,
Бұрынғыдай ерлі-зайып қайта болды.
Қиялы неше түрге бөлінеді,
Бірақ та өз ұлындай жақсы көрді.
Мұны ойлап өзін еске түсіреді,
Айтылмай іште жүрген бір сыр еді.
Амалсыз болып өткен уақиға үшін 120. Өткен істің барлығын кешіреді.
Ел жиылып топтасты барған сайын,
Өз руы қайта келіп болды дайын.
Бір мың бір жүз сексен тоғыз жылдарында
Боржігіннің ханы боп кетті ылайым.
Темучин жиырма сегіз жасқа толды,
Жаңа түзім орнатып, әділ болды.
Мұны көріп Дайшұғыт өте келіп,
Тақтан түсіп Тарғұта Қайыл болды.
Бөртеден және тағы үш ұл туды, 130. Сүйікті ханым болып белін буды.
Темучин әскер жиып күндіз-түні,
Садақ атып сарбаздар машық қылды.
Бөртенің болған екен төрт баласы,
Бәрі де арыстандай ер данасы.
Жошы менен Шағатай, Өгедей боп,
Кенжесі Төле болған бір баласы.
Әскерін алты жылдай машық қылды,
Буыршы, Хасарларды бастық қылды.
Жажырат ханы Жамұқаға шабуылдап, 140. Халқын қырып табанға жастық қылды.
Үш жылдан соң татармен соғыс ашты,
Адамын қырып-жойып қанын шашты.
Ханын ұстап өлтіріп басын кесті,
Таланып қатындардың құты қашты.
Татардан бір қыз алды Құлан атты,
Адамнан артық туған сын-сымбаты.
Қасынан тастамауға серт береді,
Уәдесі екеуара болды қатты.
Төрт жылдан соң керейге қолын салды, 150. Адамын қырып, бұлап малын алды.
Жәрдем қылған адамға опасы сол
Тірі ұстап Тұғырылдың басын алды.
Онан соң наймандарға шеру тартты,
Қанышер Темучиннің діні қатты.
Бейғам жатқан халықты ойрандап,
Найман ханы Таянның басын шапты.
Таян ханның баласы Күшлік қашты,
Оңтүстік лиау патшалығына қадам басты.
Бұларды лиау патшасы қарсы алыпты, 160. Ақыры Күшлік оның орнын басты.
Найманды алып, екі жыл демін алды,
Түзімдерін бекемдеп іске салды.
Бір мың екі жүз алтыншы жыл
Онұн өзенге басшыларын жиып алды.
– Құрылтай осы жиын болсын, – деді,
Кім болса да сөзіме көнсін, – деді.
Ханның намын “Шыңғыс” деп жария етті,
– Бұл атты бүкіл әлем білсін, – деді.
Қырық төртке шыққан еді осы жылы, 170. Мұратқа жеткізді деп құрмет қылды.
Жиында “Шыңғыс хан” деп салт өткізіп,
Сайран сап неше алуан ойын құрды.
Орнатты және бекем тәртіптерді,
Тоқсан бес адамға атақ-мансап берді.
Көлемін енді сыртқа кеңейтуге,
Қолбасысын жиып ап қасам берді.
Келер жылы Харлүкке басып кірді,
Қырмандап бүкіл елін бағындырды.
Бір жылдан соң Жошыны аттандырып, 180. Қалың әскер ойрандап жүріс қылды.
Ойрат, Бурат, Парғұ, Ұрсұтпенен
Жанас, Хаңхас, Тобамен соғыс қылды.
Екі жылда жеті елді басып алып,
Жошы да абыройлы бір іс қылды.
Шыңғыс хан әскер күшін жиып алды,
Кезекті оңтүстікке назар салды.
Жұңгоның алтын ханын бетіне алып,
Қалың қолмен қаһарлы ұрыс салды.
Басып өткен елдерді қырып-жойды, 190. Ағызып қызыл қанға әбден тойды.
Ұдайы төрт жылдай соғыс салып,
Алтын патшалықты өзіне алып болды.
Бір мың екі жүз он сегіз жылы болды,
Баяғы қашқан Күшлік ойын бөлді.
Жебемен екі жүз мың қол шығарды,
Жер қайысып оң жаққа және жүрді.
Лиауды да басып кіріп қырмандады,
Есепсіз қаншама адам қырғындары.
Елін жеңіп, Күшлікті ұстап алып, 200. Оның да шыбын жанын қинап алды.
Мұнымен тағат қылып тоқтамады,
Басқалардың айтқанын құптамады.
Араны барған сайын арта түсіп,
Әлемді қаратуға сұқтанады.
Батысқа барған сайын жүріс қылды,
Кез келген қаласына ұрыс қылды.
Әлемнің бәрін тегіс қанға бояп,
Адамның жаны күйер бір іс қылды.
Ерлерін қырмандады барған жердің, 210. Басына түнек төнді әйелдердің.
Әскерге барған жерді бөліп беріп,
Қорланды қатын-қызы алған жердің.
Әскерін үш бағытқа бөліп салды,
Ең алды Жошы болып ойран салды.
Аяғы Иран, Ирак, Орта Азия,
Шыңғыс хан барлығын да қолына алды.
Бір мың екі жүз жиырма үш жыл болды,
Әскерге “тоқтасын” деп бұйрық қылды.
Күшін топтап оңтүстік жағындағы 220. Үндістанға бағыттап жүрмек болды.
Барлық жерге бастық қойды өз адамын,
Сенімді орнықтырды әр қадамын.
Екі жылдай әскері жиылмады,
Тықыршып уайымдап жеді қамын.
Жебе бастық үшінші жыл қайтып келген,
Ал Жошы қайтпады барған жерден.
Жошыға Шыңғыс хан тісін басты:
– Сен болдың бірінші рет сөзді бөлген.
Қалған қолын барынша жиып алды, 230. Жүріс қылып Үндістанды бетіне алды.
Қаншама айдай жол асты арып-шаршап,
Аң аулап кейбір жерге демін алды.
Ақыры Шеңгір таудан аса алмады,
Асса да алға қадам баса алмады.
Адамдары күйзеліп жапа шегіп,
Ешқандай ақыл-айла таба алмады.
Ауырып осы жолы Құлан өлді,
Айрылып серігінен қайғы толды.
Ақылшы талай жерде болған еді, 240. Бөртеге енді қайтып жетпек болды.
Бірер жыл демалып жатты дағы,
Еліне кеп ақыл-айла таппақ болды.
Шығысқа бетін түзеп жүріп кетті,
Үш жылда өз жеріне әрең жетті.
Жошы қалды қайрылмай қыпшақ жақта,
Ішкі жақтан мұның да дерті өтті.
Бөртеге әрең жетіп амандасты,
Жошыны айта алмастан жаман састы.
Жошыдан да “ауру” деп хабар келді, 250. Дертті боп жерге қойды ішкен асты.
Жошыдан тағы “өлді” деп хабар келді,
Қаза боп қырық бір жаста ол қоштасты.
Шыңғыс хан мұны естіп қайғыланды,
Қайратын қайта бойға жиып алды.
Алған жерін төрт ұлға бөліп беріп,
Бұйрық қып барлық жерге хабар салды.
Жошыға берген жері қыпшақ дала,
Көп жерді ішіне алған талай қала.
Қазақтың көп бөлімі осы жақта, 260. Жері көп ұлан байтақ кең сахара.
Жошы өліп, орнына Бату болды,
Бату хан басқалардан болды дана.
Шағатайға беріпті Іле жақты,
Қашқар мен Қарашары бәрін апты.
Аяғы Әму өзен бойына дейін
Хан болып Шағатай да мінген тақты.
Үгедей берген жері Тарбағатай,
Бұраталаны ішіне алған бәрі де бай.
Және бар Моңғұлия батыс жағы, 270. Таулы өңір төрт түлігі бойына сай.
Төлеге өз ұлысын мирас қылды,
Бұл жерде ойламаған бір іс қылды.
Жұңгоның Бейжің жағын ішіне апты,
Тарихта Шыңғыс мұны дұрыс қылды.
Шыңғыс хан тағы әскерін жиып алды,
Тибетке аттануды ойына алды.
Сол сәтте Бөрте ханым жетіп келіп,
Шыңғысқа ибаменен ақыл салды:
– Өзің барда төбе хан сайламасаң,
280. Билікке таласады барлық ұлың.
Адамның дүниеде бәрі тұрмас,
Өлімді ойламасаң тіпті болмас.
Тірлігіңде бекемде арт жағыңды,
Өлмеймін дегеніңмен ажал қоймас.
Екінші, барлық жерде төбе болсын,
Артыңды ойлайтұғын меже болсын.
Үшінші, кейінгі ұрпақ тұқымдарың
Бытырап әрбір елге төре болсын.
Мақұл десең өсиет қыл барлық жерге, 290. Ұқтырсын жарлық қылып бүкіл елге.
Атағың сонда сенің сақталады,
Өткен хандар намсыз кеткен барлық жерде.
Бұл істі Шыңғыс хан да қабылдады,
Шақырып жиып алып шонжарларды.
Үгедейді төбе хан деп атады,
Бұйрықты орындауға жарлық қылды.
Тибетті жүріп кетті бетіне алып,
Жүрген жерін қып-қызыл қанға малып.
Алпыс алты жасында дүние салды, 300. Таңғұтқа жеткенінде жараланып.
Бір мың екі жүз жиырма сегіз жылы еді,
Боларын осындайдың кім біледі.
Екі жылдай айтпады өлгендігін,
Ішінде шонжарлардың құпия еді.
Бітеді осыменен уақиғалық,
Тыныш болды бұл бармай қалған халық.
Таратып енді мұның ұрпақтарын,
Шаманың келгенінше тілге алалық.
Айтайын алдыменен шығыс жақтан, 310. Нұрболат мұны жазып ойға батқан.
Төленің ұрпақтары шығыс жақта,
Кенжесі Шыңғысханның ізін басқан.
Мөңке менен Құбылай, Хығилакү,
Арықбөкемен тарайды төрт ұрпақтан.
Құбылай хан болыпты Бейжің жаққа,
Отыз төрт жыл отырды алтын тақта.
Патшалығын “Иуан” деп ататыпты,
Құбылайдан Намыхан туған баққа.
Намыханның баласы Темір екен, 320. Он үш жылдай отырған бұл да тақта.
“Чыңзұң” деп атады ханның намын,
Талай жыл ел басқарып тұрды сапта.
Онан соң Хайшан хан боп “узоң” болған,
Баласы Балбия да “Рынзұң” құрған.
Балбиядан Шод бала туған екен,
Хан болып ол тағы да “Изұң” құрған.
Шод бала баласы екен Йесұн Темір,
“Тайыңды” ханның намын қойған Темір.
Темірден Асужия туған екен, 330. “Тианшұндей” бір жыл ғана сүрген өмір.
Асужияның артынан Хышла боп,
“Ныңзұң” ханы жарым жыл биледі өңір.
Хышладан Тутемір туған екен,
“Уынзұң” ханы үш жылдай тұрған екен.
Силынжыбан баласы Тохуан Темір,
Ханның намын “Сұнди" деп қойған екен.
Отыз бес жыл сұрапты мұның өзі,
Шыңғыстың соңғы ханы болған екен.
Осыдан Шыңғыс хан аударылды, 340. Бір мың үш жүз алпыс сегіз жылдар еді.
Артынан Жууиуанжаң хандық құрып,
“Миң” патша хан аты өзгертілді.
Хығилакү баласы бесеу екен,
Батысқа жүріс қылып қылды мекен.
Мыңготемір, Ешмұт һәм Абақа мен
Ахмет, Тарағаймен бесеу екен.
Анбажы Мыңго немереден жалғыз бала,
Ал Темірден Жұлқұнды туған дана.
Жұлқұндыдан Мұхамет жалғыз туып, 350. Хан емес болған екен жай бұқара.
Ешмұттан Сәнеке жалғыз туған,
Сәнекеден Мұқамет жолын қуған.
Сүлеймен Мұқаметтен жалғыз туып,
Ханзада өз әлінше серуен құрған.
Абақа хан болыпты ізін басып,
Абақадан екі ұлы туған асып.
Киқатұ, тағы бірі Арғын екен,
Арғын талай жерді алған басып.
Арғыннан Ғазан хан, Ұлжайту мен, 360. Екеуі де хан болған ізін басып.
Ғазан хан Тұран, Бағдат, Мысырменен,
Сұраған талай жерді көңілі тасып.
Киқатұдың баласы Алақырың,
Болыпты барған сайын тырым-тырым.
Алақырыңнан Жиһантемір жалғыз екен,
Өлтірер екеу туса бірі-бірін.
Онан соң Тарағайдан Байду туған,
Байдудан Мұса туып жолын қуған.
Мұсадан Ғалида жалғыз туған, 370. Ғалидадан Арпа туып хандық құрған.
Арпа хан бірталай жыл хан болыпты
Хандығы барған сайын быт-шыт болған.
Ақыры Жошы әулеті басып алды,
Тұқымын Хығыйлакұ бағындырды.
Шыңғыстың орнын басқан Үгедей еді,
Төбе хан боп басқарды оң мен солды.
Он екі жыл хан болып таққа мініп,
Бір мың екі жүз қырық бірінші жыл о да өлді.
Үгедейден Гұйұк, Готан туған екен, 380. Коже, Қаршар, Қасенмен бесеу екен.
Бұлардан Гұйұк хан боп таққа мініп,
Екі жыл үкім сүріп өлген екен.
Онан соң Құбылайға қосылыпты,
Үгедейдің ұрпағынан хандық бітті.
Қашеннен Хайду туған делінеді,
Хайдудан Данышменше жалғыз өтті.
Сеумұғатмыш Данышменшенің баласы екен,
Сеумұғатмыштан Махмұт туған екен.
Хандыққа таласып туысқандар, 390. Бір-бірін қырып-жойып тынған екен.
Түсемін енді келіп Шағатайға,
Хандығын жалғастырған талай жайға.
Бір мың екі жүз қырық бірінші жыл,
Өліпті, мәңгілік хан болу қайда?!
Мұтеген, Можы, Білдеуші Шағатайдан,
Жеті ұрпақ таралыпты осы жайдан.
Сәбен белке, Шарман мен Байдар болып,
Шүйменке – барлығы да бір атадан.
Байдардан Алғұ туып, хан болыпты, 400. Шағатайдың орнын басқан нар болыпты.
Шарманнан Бике өзі жалғыз туып,
Әдеттегі жай бұқара хан болыпты.
Мүтегеннен Қара белке, Бозай туған,
Ағайынды Есентаумен үшеу туған.
Қаралеке баласы Мүбарак, Шах,
Бозайдан да Құдағай жалғыз туған.
Құдайғайдан біреу екен Бұғатемір,
Бұғатемірден жалғыз туған Өзектемір.
Өзектемірдің баласы Ясұр болып, 410. Хандыққа қолы жетпей сүрген өмір.
Басұрдан Ғазан туып, хан болыпты,
Билеген өз алдына көп халықты.
Атағы зор талайға үкім қылған,
Әмірі сол заманда зор болыпты.
Есентаудан Барақ туып хандық құрған,
Талай ел қарайды екен енді бұған.
Барақтан екі бала тарайды енді,
Дұйшешен мен және де Дадауа хан.
Дадауа хан болыпты таққа мінген, 420. Құбылай кейінгі артын қосып алған.
Дұйшешеннен Дұйтемір, Көбек, Сорғы,
Елгіштай, Кенже, Әбікен бірге туды.
Тармашер, Есенбұқа ағайынды,
Баласы артта қалған сегіз болды.
Дұйтемірден Боранда жалғыз туды,
Сорғыдан Баянқұл нағыз туды.
Елгіштайдан туыпты Доржы жалғыз,
Доржыдан тағы жалғыз Қабыл туды.
Кенжеден Болат екен туған бала, 430. Болаттан Мұхамет туған дара.
Мұхаметте жалғыздап Әділ туған,
Тыңдаушым, құлағың сал, сөзге қара.
Әбікеннен Жанкіші, Есентемір,
Жанкіші хандық құрып сүрген өмір.
Тарихта кейбір іске қарап тұрсаң,
Тітіркеніп бойыңнан жаның шошыр.
Есентемір Жанкішіні өлтірмекші,
Хандығын өз қолына келтірмекші.
Мұны естіген шешесі Жанкішіге, 440. Астыртын хабар қылып сездіреді.
Есентемір Жанкішіні өлтірді ақыр,
Тұқымын тұздай құртып бітірді ақыр.
Шешесін хабар қылып қойдың сен деп,
Екі емшегін кесіп алып қылды пақыр.
Есентемір өлтірді өз ағасын,
Мұны естіген ұстады ел жағасын.
Өзі хан болды дағы таққа отырды,
Адам жоқ енді жасар бақталасын.
Есенбұқа бірінші хан болды онан кейін, 450. Осы хан әділдікке болды бейім.
Бір тайпа дулат руы қол астында,
Билігі басты орында ханнан кейін.
Осы кезде қиян-кескі соғыс болды,
Шабысып хандар ара қырқыс болды.
Есенбұқаны өлтірді ұстап алып,
Бала-шағасын түгелімен қырып болды.
Үш жастағы баласы Тулытемірді
Дулат биі Болатшы тығып қойды.
Болатшы Темірді одан асырады, 460. Қырылып Шағатай әулеті қалжырады.
Тулытемір он сегізге келген кезде,
Жария қып хандық таққа отырады.
Тулытемір мұсылман болды сонда,
Ислам дінін қабылдап алды қолға.
Ханның атын “Моңғұлстан” деп атады,
Барлық күшін арнады осы жолда.
Көп ханды ислам дінге кіргізеді,
Атағын дүниеге білгізеді.
Он жеті жыл хан болып таққа отырды, 470. Заң түзімді дін бойынша жүргізеді.
Тулытемірден Ілиясқожа, Қызырқожа
Туыпты бір өзінен екі бала.
Болатшы Тулытемірмен қайта өшікті,
Хан әділ болмады деп жапқан жала.
Болатшы Тулытемірді өлтіреді,
Тұқымын бәрін қырып бітіреді.
Үлкен ұлы Ілиясқожа ол да өлді,
Майданда көрген адам тітіреді.
Құдайдат Болатшының баласы еді, 480. Бұл дағы бақ-дәулетпен талас еді.
Қызырқожаны бес жасында тығып қойды,
Ханның тұқымын сақтап қалу шарасы еді.
Бір мың үш жүз алпыс үш жыл еді,
Тулытемір отыз беске келіп еді.
Ақыры мұны өлтірді бақталасы,
Не қылған қиян-кескі өмір еді.
Қызырқожа ержетті жылдан-жылға,
Жазу солай болған соң шара бар ма.
Бір мың үш жүз сексенінші жылдарында 490. Хандық таққа тағы отырып болды тұлға.
Қызырқожа хан болды он тоғыз жыл,
Ұаық дулат бегінде мұны да біл.
Моңғұлстан хандығын бекемдеді,
Шындықты шежіре етіп айтады тіл.
Қызырқожадан төрт бала туған екен,
Шаһижаһан, Мұқаммет, Ұғлан болған екен.
Шерғалы, Шаһижаһан ағайынды,
Төртеуі бір атадан туған екен.
Шаһижаһан уақытша хандық құрған, 500. Мақсаты орындалмай бекер болған.
Шерғали хан болып ақырында,
Таққа мініп бұл дағы он жыл тұрған.
Уайыс Шерғалидің баласы екен,
Талай жыл сұлтан болған данасы екен.
Сұлтан Уайыс тарихта аталады,
Кәнеки, кімдер бұған талас екен.
Бір мың төрт жүз он сегіз жылдар еді,
Шағатай әулетінің ұлдары еді.
Моңғұлстан ханы боп он жыл тұрды, 510. Толассыз соғыс болған жылдар еді.
Ойраттар жау болады жоңғар жақтан,
Сұлтан Уайыс қарсы оған соғыс ашқан.
Сатұқ ханмен соғысып жатқан кезде,
Маңында Ыстықкөлдің қаза тапқан.
Ілеге сүйегін алып келді,
Ортақ қала ол кезде Іле еді.
Сүйегін Борбосынға алып барып,
Мазарға сол орында қойған еді.
Уайыстен Есенбұқа, Жүнісәли, 520. Кімге опа қылады мына пәни.
Жиырма сегіз жыл хан болған Есенбұқа,
Әділ сұрап ақиқатты қылған жәри.
Жүнісәли хан болды онан кейін,
Бұл дағы ислам дінге болды бейім.
Досмұқамет Есенбұқа баласы еді,
Хандық таққа таласты бұл да кейін.
Бір мың төрт жүз алпыс сегіз жылы болды,
Досмұқамет таласпен жерін бөлді.
Қашқар жаққа хан болып бөлек кетті, 530. Екеуі жер бөлісіп бөлді қолды.
Сұлтан Ахмет Жүнісәли баласы екен,
Бұл дағы жиырма бес жыл таққа мінген.
Бір мың төрт жүз сексен жеті жылдарында,
Жүнісәли өліп Ахмет тәжін киген.
Жиырма бір жыл хан болып бұл сұрады,
Тағдыры біткен кезде кім тұрады.
Жойылды Моңғұлстан осыменен,
Бір жүз алпыс екі жыл ел сұрады.
Тұсында Қасым ханның қосып алды, 540. Барлығын қазақ ханның ішіне алды.
Бұрамыз енді сөзді Жошы жаққа,
Жазушы енді мұны есіне алды.
Шыңғыстың тұқымында Жошы мықты,
Адамын ерегескен бәрін жықты.
Жошының балалары жетеу болып,
Ұрпағы төртеуінің болды мықты.
Жошыдан Орда, Ежен, Бату, Бүрге,
Таныстырам ендеше бәрін сізге.
Тоқайтемір, Шайбан мен Жампай болып 550. Және бірі Берікжан дейді бізге.
Алтыншы ғасыр аяғында Алаш Орда,
Еділ бойына орнатып қылған қорда.
Бұл орынға Бату хан ие болып,
Орнатыпты хандығын Алтын орда.
Орда Ежен хандық құрды Алқакөлге,
Ханның намы Ақ орда деді елге.
Шайбан дағы Көк Орда ханын құрды,
Әмірін жүргізеді талай жерге.
Мыңгутемір туыпты Бату ханнан, 560. Бұл дағы хан болыпты ізін қуған.
Сертақ пенен Ұлақшы және Тоқан,
Артында төрт ұл болып ұрпақ қалған.
Мыңгутемір хан болған таққа мініп,
Ізін басты Тұғұрұл атты ұл туып.
Тұғұрұлдан Өзбек туып, хандық құрған,
Хан болды Өзбектен Жәнібек туып.
Жәнібектен Бердібек хан және туған,
Батудан жеті ұрпақ хандық құрған.
Ендігі арты үзілген соныменен, 570. Жошының басқа ұрпағы қосып алған.
Тоқайтемір Жошының бір баласы,
Тоқайдың болыпты енді төрт баласы.
Мыңгутемір, Тодамыңгу, Ұрантемір,
Өзтемірмен бәрі де ер данасы.
Мыңгутемірден Тоқтағу жалғыз туған,
Өзтемірдің баласы үшеу болған.
Қожа менен Сәреже, Абай болып,
Сәреже салтанатты хандық құрған.
Абайдан Туымқан туған екен, 580. Туымқаннан Құтлық туып жалғайда екен.
Құтлықдың баласы Темір сұлтан,
Махмұт Темір сұлтаннан қалған екен.
Мұхаметтен туыпты Шуақ жалғыз,
Жармұқамет Шуақтан ол да жалғыз.
Жармұқаметтен Дінмұқамет туған екен,
Дінмұқаметтен екі бала туған нағыз.
Нұрмұқамет біреуі Иманғали,
Бақ пен таққа таласты тұқымдары.
Ғадұлғазез, Жұсырақ, Сұнхан мен 590. Үш бала Нұрмұқаметтен туылады.
Сәрежеден Күншек пен Орыс туған,
Ал Орыс даналықпен хандық құрған.
Күншіктен Төлетемір, Тұтқұлы қожа,
Тұтқұлыдан Тойқожа жалғыз туған.
Тойқожадан туыпты Тоқтамыс хан,
Дүниеде болған емес осындай хан.
Көңіліне жақпаған бір жұмыстан,
Зұлымдықпен сан қыздың басын алған.
Күлсарықты алған соң іс оңалып, 600. Мың бір түн әңгіме айтып жаны қалған.
Содан шыққан мың бір түн әңгімесі,
Дастан болып артына мұра болған.
Сегіз бала туыпты Тоқтамыстан,
Жәлелден Жапар, Көпек бір туысқан.
Керімберді, Ескендір, Әбусағит,
Көшек, Қадыр белдерін бір буысқан.
Түлектемір баласы Жапен жалғыз,
Жапеннен Қасен туып қалды нағыз.
Мұқамет Қасеннен туған екен, 610. Мұқаметтен Таштемір және жалғыз.
Таштемірден Ғилсыден қалған екен,
Ғилсыденнен Қажыкерей болған екен.
Қажыкерей хан болып таққа мініп,
Қолын ол талай жерге созған екен.
Қажыкерейден туыпты сегіз бала,
Болыпты ақылы сай бәрі дана.
Дәулетияр, Нұрдәулет, Қыдыр, Келдеш,
Құтлұқзаман, Өзтемір болды және.
Жаңбыршы мен Меңдікерей және туған, 620. Хан болып Меңдікерей тағын құрған.
Бір мың төрт жүз жетпіс бес жылдарында,
Талайды атағымен табындырған.
Меңдікерей баласы Сақыпкерей,
Онан туған баласы Қазыкерей.
Қазыкерей баласы екеу екен,
Ғинаяткерей және де Патықкерей.
Ғинаяткерей баласы Баһадүркерей,
Баһадүрден туыпты Мұқаметкерей.
Мұқаметтен туыпты Мұраткерей, 630. Онан туған баласы Дәулеткерей.
Дәулеттен Қабыланкерей және туып,
Ұрпағы оның туған Сәлімкерей.
Осыдан соң Россия қосып алды,
Хандығы бәрініңде бекер қалды.
Біртұтас басқарыпты Шар патшасы,
Бұлтарып шығармады ешбір жанды.
Шайбан Жошы ханның бір баласы,
Болыпты сол кездегі ер данасы.
Көк Орда хандық құрып таққа мінген, 640. Он екі туған екен өз баласы.
Баһадүр, Байнал, Қадақ, Ялқа туған,
Серік, Налке, Құртқа, Аяшы бірге туған.
Сайылқан мен Биянжар, Қоншы менен
Он екінің және бірі Мижар болған.
Баһадүрдан туыпты Жошы Бұқа,
Екеу екен және бірі Құтлұқ Бұқа.
Хан болған Жошы Бұқа ізін басып,
Басқаларға берместен намыс жырта.
Жошы Бұқадан төрт бала туған екен, 650. Бадақұл мен Бектемір болған екен.
Нықшар менен Есбұқа ағайынды,
Бадақұл хан боп әмір қылған екен.
Бадақұлдан Меңтемір жалғыз туған,
Алты бала тарапты енді бұдан.
Елбек, Жанте, Шүйініш, бірі Болат,
Түген менен Бекқұнды туды бұдан.
Бекқұндының баласы Ғали екен,
Ғалидан Қажымұқамет жалғыз екен.
Қажымұқамет таққа мініп хандық құрған, 660. Қажымұқаметтен Мақмұт Қыған болған екен.
Мақмұткыған баласы екеу туған,
Мұртаза және бірі Абақ болған.
Мұртазадан Күшімбай хандық құрып,
Бірталай өз еліне сая болған.
Абақтың бір баласы Құлық болған,
Құлықтан Шәмей де жалғыз туған.
Шәмейден екінші боп Ораз туып,
Ораздан Баһадүр да жалғыз қалған.
Мыңтемірден Болат та хандық құрған, 670. Екі бала туыпты енді бұдан.
Ыбырайым, Арапшат ағайынды,
Арапшаттан Қажытолы жалғыз туған.
Қажытолыдан Теміршек жалғыз болып,
Бұл дағы талай жерге хан боп тұрған.
Моңғұлдар өлтіріпті Теміршекті,
Ядкархан тумастан іште қапты.
Ядкар кейін туып таққа мініп,
Бұл дағы көрген екен төрт перзентті.
Абулака, Аманака, Бака, Бүрге, 680. Бүргені Шайбани хан өлтіріпті.
Бүргеден Жәнібек бар Жолбарыспен,
Үшеу ғой және бірі Белбарыспен.
Жәнібектен Ескендір жалғыз туып,
Өткізді өз заманын алпарыспен.
Ескендірден Қабдолла жалғыз туған,
Бұл дағы өз еліне хандық құрған.
Қабдолладан туыпты Ғабдол мүмін,
Болған екен өмірден бәрі құрбан.
Жолбарыс хан болыпты таққа мінген, 690. Тарихты түсінесің ғой ақтарып кең.
Жолбарыстан үш бала туған екен,
Сұлтанғазы, Мұқаметқазы, Шерғазымен.
Сұлтанғазы баласы Ғұмырғазы,
Екеу екен біреуі Жұсырауғазы.
Аманака баласы алтау болып,
Соғысқа құрған екен әскер база.
Сапиян мен Божыға, Уаншы және
Халхан, Ақтай, Ағанай алтау екен.
Сапияннан Жүсіп, Жүніс, Ғали туған, 700. Ағыс пен Палуанқұл бесеу екен.
Божығадан Еш пен Дос, Бұрым туған,
Ал Ештен Шажығали Қайыр туған.
Уаныштан Дінмұқамет, Махмұт, Ғали,
Мұнан да осылайша үш ұл қалған.
Дінмұқамет баласы екеу болған,
Бабынде Мұқамет, Әбілмұқамет бірге туған.
Махмұттан Мұқамет пен Емен, Ғали,
Мұқамет Емін, Ғарап, Ақпаба алтау туған.
Ғалидан Ескендір мен Санжыр екен, 710. Ақатайдан алты бала туған екен.
Қажы Мұқамет, Махмұт, Болат, Темір,
Аллақұлы мен Сүлеймен болған екен.
Қажы Мұқаметтен туғаны екі бала,
Ғарапмұқамет, Сүйінішмұхамет болды дана.
Ғарапмұқаметтен және де алтау туып,
Спандияр, Хайлыш болған дара.
Шаріпмұқамет, Һоразылым, Апған болып,
Кенжесі Әбілғазы туған одан.
Бұлардан Әбілғазы хандық құрып, 720. Сұрады елін билеп дара-дара.
Болаттан Баба, Қамыза, Қореші мен
Палуанқұл ағайынды төртеу екен.
Темірден Мұқамет пен Қадырберді,
Әбілқайыр бір туған үшеу екен.
Ыбырайым хан болған тағын құрып,
Қызырхан, Дәулетшайық екі ұл туып.
Қызырхан таққа мінді талай жылдай,
Жеті жүз сексенінші жылдар тұрып.
Қызырханнан Темірқожа жалғыз туған, 730. Дәулетшайықтан Әбілқайыр бір ұл туған.
Қыпшаққа Әбілқайыр хан боп тұрды,
Заман еді ол заман соғыс қуған.
Хан болып Әбілқайыр болды зұлым,
Зұлымдықтан шашылды ел тарам-тарам.
Қазақтың көбі осының қол астында
Болып келген талай жыл мұнан бұрын.
Бөлініп қазақ кетті шығыс жаққа,
Арнаулы хандық құрып тастап жерін.
Қазақпенен соғысып ақырында, 740. Әбілқайыр қаза боп тапты тыным.
Қожамұқамет, Шахбұтақ екі бала,
Шахбұтақтан Мұқамет Шайбани туды және.
Шайбани өзбекке хандық құрып,
Әбілқайырдың мұрагері болып жаңа.
Өшігіп қазақпенен өмір бойы,
Отыз жылдай соғысқан бұл да және.
Бір мың бес жүз оныншы жылдарында
Ол дағы бір соғыста болды қаза.
Қазақпенен соғысып бәрі де өлді, 750. Қазақ ханы күшейген күндер келді.
Тұсында Қасым ханның қосып алды,
Шайбаниді осымен түгел жойды.
Жошының Ордаежен үлкен ұлы,
Тарамдап тарих сөйлер енді мұны.
Өзі әділ, мықты болған кейінгі арты,
Сырлыаяқтың қашанда кетпес сыны.
Ордаеженнен Қонишы туған екен,
Қонишыдан Баян хандық құрған екен.
Баянның баласы Сасыбұқа, 760. Бұл да хан боп талай жыл тұрған екен.
Сасыдан сұрасаңыз Ерзен туған,
Жиырма төрт жыл Ақ орда ханы болған.
Ерзеннен Мүбәрак хан және туып,
Шымтай хан Мүбәрактан және туған.
Шымтайдың баласы Арыс хан боп,
Ордада он тоғыз жыл тағын құрған.
Арыс ханның баласы Құйыршық хан,
Ол дағы аталардың жолын қуған.
Барақ хан Құйыршықтың баласы екен, 770. Қырқысқан ел хандыққа талас екен.
Барақ хан Ақ орданың ақырғысы,
Ол да ішкі соғыста қаза табады екен.
Өз арасы қырқыста Барақ өлді,
Ақ ордада соңғы хан осы болды.
Бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жыл
Әбілқайыр Ақ орданы басып алды.
Барақтан қалған екен екі бала,
Керей және Жәнібек туған дана.
Жәнібек атаныпты Әбусағит, 780. Бөлініп амалсыздан жүрген дара.
Бір мың төрт жүз елу алты жылы еді,
Қазақ ханы олардан бөлінеді.
Қаратты бір хандыққа босып жүрген
Керей менен Жәнібек елін енді.
Шетіне Моңғұлстан келіп кірді,
Жәнібек келе салып хандық құрды.
Қазақ ханын тұңғыш рет жария етіп,
Жиырма төрт жыл Жәнібек хан боп тұрды.
Қазақтар келіп жатты әр тараптан, 790. Кез еді бұл бас құрап, есін тапқан.
Әбілқайыр ұдайы соғыс бастап,
Өзі ақыры соғыстан қаза тапқан.
Осымен қазақ ханы күшейіпті,
Топтасып әрбір жақтан есейіпті.
Жан саны екі жүз мың болған екен,
Құралып барған сайын көбейіпті.
Бір мың төрт жүз сексенінші жылы еді,
Жәнібек хан осы жыл өліп еді.
Керейдің ұлы Мұрындық таққа отырып, 800. Отыз бір жыл ел сұрап тұрып еді.
Мұрындықтан жалғыз ұл Әлімқожа,
Самарқанның сұлтаны болған жаңа.
Көп жылдар Шайбанимен соғыс ашып,
Қырқысқан жер талас боп хандар ара.
Бір мың бес жүз төртінші жылы келді,
Шайбани хан Самарқанға басып кірді.
Әлімқожа сұлтанның басын кесті,
Үш ұлы жанын қорғап қашқын болды.
Толымқожа, Тоқтарқожа, Қызырқожа 810. Қолға түссе бәрі хақ, өлім – жаза.
Қазаққа жан сауғалап барады олар,
Қорғайтын адамдардан тілеп пана.
Толымқожа Байыс биді тапты барып,
Атақты адам еді елге қанық.
Тоқтарқожа барғаны Құттыболат,
Соныменен қуанды жаны қалып.
Құттыболатқа Тоқтарқожа іні болды,
Үй тігіп, қатын алып семья болды.
Жалғыз ұлы Нұржігіт туғаннан соң, 820. Тоқтарқожа оқыстан қаза болды.
Нұржігіт, міне, осылай қалды жетім,
Бірталай жетімдіктің тартты дертін.
Шағырдың малын бағып есейеді,
Атанды Қойшы аға боп, дүние, шіркін.
Ақыры Қызай анам қосылады,
Шағыр өліп қайнына беріп еркін.
Толымқожаға Байыс би қызын берген,
Жанжігіт, Байжігіт деп екі ұл көрген.
Кейін келе Түркістан тынышталып, 830. Қайрылып Толымқожа кеткен елден.
Жанжігітті Толымқожа алып кетті,
Байжігітті Мақта апайға беріп кетті.
Басында жақсы жар боп қосылса да,
Бұларды тағдыр ақыр бөліп кетті.
Байжігіт Байыс бидің бір баласы,
Болыпты өз кезінде ер данасы.
Қызырқожа ұлы жүзге паналаған,
Ол да болды Бәйдібектің бір баласы.
Жәнібектен туыпты тоғыз бала, 840. Еренше, Махмұт, Қасым бұған қара.
Әйтек, Жәніш, Қамбар мен Тытыш екен,
Өсек, Жәдік барлығы туған дана.
Бір мың бес жүз оныншы жылға келіп,
Қасым хан таққа мініп болды пана.
Бұлардан хан болғаны Қасым екен,
Әділетті артық туған асыл екен.
Қазақтың жарғысына заң шығарып,
Даңқы да басқалардан басым екен.
Заңменен басқарыпты барлық елді, 850. Кіргізді өз қолына талай жерді.
Әр жерден бөлінген ел келіп жатыр,
Бақыт құс абыройды өстіп берді.
Қазақтың ең күшейген кезі болды,
Құтылып теңсіздіктен көңілі толды.
Бір миллион жан саны болған екен,
Әскері үш жүз мыңға еркін толды.
Қасым хан дүние салды қаза болып,
Хандыққа қырқысты арты жақ-жақ болып.
Бір мың бес жүз жиырма үшінші жыл, 860. Дағдарысқа жолықты быт-шыт болып.
Қасымнан соң Таһир хан он жыл болды,
Бас-басына би болған бір жыл болды.
Бұйдаш хан да артынан бес жыл сұрап,
Қазақ ханы әлсіреген мезгіл болды.
Он бес жылдай дағдарыс қатты болды,
Пәле де басты келіп оң мен солды.
Халықтың отбасынан бірлік қашып,
Тірлігі де шайқалған заман болды.
Келеміз қайта айналып Есім ханға, 870. Хандардың ішіндегі зерек ханға.
Кейбір істі азырақ баяндайын,
Дұрыс болса оқырман тыңдарманға.
Есім ханнан Сұлтанбет, Жәңгір туған,
Есім хан да ауырып дүние салған.
Әкесінің орнына Жәңгір хан боп,
Елу екі жыл ел сұрап сайран салған.
Сұрасаң Сұлтанбеттен Орыс туған,
Баласы ол Орыстың Тәтен болған.
Ал Тәтеннен Ханғожа туған екен, 880. Ханғожадан Арғынғазы бір ұл туған.
Жәңгірден Тәуке, Уәли екі бала,
Хандыққа таласқанның көңілі ала.
Әз Тәуке хандық таққа отырған соң,
Нағашысына Уәлибақы кетті, қара.
Уәлибақыдан Абылай батыр жалғыз екен,
Абылайдан көркем Уәли туған екен.
Жоңғардан барлығы да қаза тауып,
Әбілмансұр тумай іште қалған екен.
Уәлиден Әбілмансұр жалғыз туған, 890. Ер жетіп елін іздеп белін буған.
Ата жауы жоңғардан өшін алмақ,
Жасаған жәрдем берген енді бұған.
Сол кезде қазақ-қалмақ қырғын соғыс,
Болады кейде өкініш, кейде жеңіс.
Әбілмансұр сол кезде қазақ үшін,
Басын тігіп ересен жасады ер іс.
Бір мың жеті жүз отыз бес жылдарында
Хан болып Әбілмансұр шықты орнына.
Атанды Әбілмансұр Абылай хан, 900. Талқандап жоңғар ханын ел алдында.
Абылай қырық жаста тұрмыстанды,
Көндіжау деген ханның қызын алды.
Туыпты Қасым атты жалғыз бала,
Қасым да жас кезінде өліп қалды.
Қасымнан жастай жетім төрт ұл қалды,
Саржан мен Есенкелді, Кенесары.
Наурызбай тоқалынан жалғыз екен,
Бәрі де жас кезінен жетім қалды.
Әз Тәуке өткен кезде таққа мініп, 910. Отыз сегіз жыл билепті хандық құрып.
Басынып жоңғар ханы қазақтарды,
Басып кіріп тоздырды неше қырып.
Ақтабан шұбырынды талай болды,
Халыққа қайғы түсіп шерлі болды.
Қырылып бірі жаудан, бірі шөлден,
Мал жұтап, аяғында аштан өлді.
Бұл ғасыр болып өткен неткен заман,
Халықтан нұрлы бақыт кеткен заман.
Бірінен-бірі айрылып ата, бала, 920. Басынан мұңлық-зарлық өткен заман.
Тәукеден Әбілқайыр, Болат туған,
Болат хан он екі жыл таққа отырған.
Бөлініп хан тұқымы өз ішінде,
Бас-басына би болып Құдай ұрған.
Әбілқайыр бөлінбек болды сонда,
Құйы бұзық жүріпті теріс жолға.
Орысқа ел болуға қасам беріп,
Ақыры қашқын болып барды сонда.
Болаттан туған екен екі бала, 930. Сәмеке, Әбілмәмбет туған дана.
Сәмекеден Құдайменде туған екен,
Құдайменда баласы Қоңырқожа.
Әбілмәмбет хан болып мінді таққа,
Ол кезде бірталай іс түсті басқа.
Ұйыстыру күші оның әлсіз болып,
Хан болып Абылай кеп шықты басқа.
Қырық екі жыл ел сұрады Абылай да,
Хандар өткен тарихта әрбір жайда.
Ер қорғауда жауынгер Абылайдай 940. Ер жүрек батыр хандар болу қайда?!
Айлакер, соғыс маман парасатты,
Ойы терең, болжаған болашақты.
Табанды қайсар болып дипломат,
Уысында ұстады бар қазақты.
Абылай елді түзеп жолға салды,
Жоңғардай жуан жауға тыйым салды.
Бір мың жеті жүз жетпіс жетінші жыл,
Ажал құрғыр қояр ма, дүние салды.
Құбайдолла хан болды онан кейін, 950. Бұл дағы парасатқа болды бейім.
Дәл екі жыл ел сұрап қаза тапты,
Уәли хан таққа мінді онан кейін.
Орта жүз айырым хандық құрып алды,
Үш жүзді үш жаққа бөліп алды.
Ұлы жүзге хан Қожа хандық құрып,
Кіші жүзді Нұралы қолына алды.
Қырық екі жыл Уәли хан таққа мінген,
Ел билеп орта жүзге билік берген.
Нұралы да қырық бес жыл ел сұрады, 960. Осы еді кіші жүздің елін бөлген.
Онан соң Шар Россия жерін алды,
Жұңгодан зорлықпенен бөліп алды.
Бір мың сегіз жүз жиырма төртінші жыл,
Хандық түзім жойылып бекер қалды.
Әбілмәмбеттен он үш ұл болған екен,
Әбілпейіз, Әділ, Тоқ, Құсұм екен.
Арық пен Құбайдұлла, Рүстем боп,
Тоғым, Соң, Әбділда, Шама туыс екен.
Уәли, Шыңғыс барлығы ағайынды, 970. Таралуы бәрінің бір кісі екен.
Әбілпейіз хан болған кіші жүзге,
Жиырма үш жыл биледі елін бірге.
Кейінгі ұрпақтарын бөлісіп ап,
Сыйлады төре қылып әрбір елге.
Әбілпейіз алыпты үш әйелді,
Үш әйелден сегіз ұл бала көрді.
Бәйбіше Айкүмістен үшеу туған,
Бопы менен Ағадай, Ғадай еді.
Бұларды қаракерей Сыбан алған, 980. Үшеуін алып барып төре қылған.
Тоқалдан Көгадай, Самен, Жабағы боп,
Бұлардың үшеуін де Керей алған.
Бір мың жеті жүз тоқсан жылы,
Көгадай Ежен ханнан пәтуа алған.
Көгадай гүң болған отыз бір жыл,
Көгадайдан бес бала мұны да біл.
Тышқанбай, Әжі менен Әдекелер,
Сұлтанғазы Тәтенмен туыпты бір.
Қырық төрт жыл гүң болған Әжі төре, 990. Елін жақсы сұраған жеміс бере.
Сейілқан мен Қасымқан екі бала,
Әжідей туған екен кейін келе.
Қасымхан гүң болған заманында,
Бұл істер кімдердің бар хабарында.
Бермеген сыртқы жауға жерін мүлде,
Жиырма үш жыл ел сұрап тұрғанында.
Қасымханнан үш бала болған екен,
Басшы боп елін сұрап тұрған екен.
Жеңісқан, Мұқаш, Бықыш ағайынды, 1000. Бәрі де бір кісіден туған екен.
Бұлардан Жеңісқан төре болып,
Бұрынғы ата жолын қуған екен.
Баласы Жеңісқанның бесеу екен,
Саду, Әлен, Шәріпқан болған екен.
Шаймардан мен Шайсұлтан және туған,
Дәулет, байлық соларға толған екен.
Бұлардан Әлен шығып уаң болып,
Талай жыл ел билеп тұрған екен.
Түсеміз енді қызай төресіне, 1010. Түсірейін бір-бірден ел есіне.
Әділ сұлтан баласы Саманы әкеп,
Көтерді қызай елі төбесіне.
Бір мың жеті жүз тоқсан үшінші жылы еді,
Қосет би бастап барып алып келді.
Он екі жасында елге алып келген,
Самадан туған бала төртеу болды.
Ерасыл, Нұрасыл мен Әбілпейіз,
Жақсылық пен жамандық болады егіз.
Және бірі ұлының Қуат болып, 1020. Бұлардан Әбілпейіз төре деңіз.
Ерасылдан Майлыаяқ жалғыз туған,
Майлыаяқтың баласы бесеу болған.
Басан, Тұсан, Бекбосын, Қайырқан мен
Және бірі Ордахан белін буған.
Нұрасылдан, Толажан, Ботан, Батбан,
Нұрмұқамет, Жанғазы, Шоңа, Мариан.
Қуаттан Сейітқан мен Ыбырайым,
Білесіз бе, ағайын, мұның жайын.
Әбділда, Мұстапамен төртеу болып, 1030. Туысқан барлығы да бір ағайын.
Әбілпейізден Әбетай, Жанасылмен,
Бөтеке, Бөтетуған, Бекасылмен.
Бұлардан Бөтеке төре болып,
Өтіпті елді билеп әр тәсілмен.
Бөтекеден бес бала туған екен,
Құдайменде, Байжұма, Боздақ екен,
Іскендір, Әбішпенен бір туысып,
Төресі Құдайменде болған екен.
Қоңырқұлжа, Рабат, Қоңырқанды, 1040. Тарихты ұқсаң, ой көзің ашылады.
Құдайменде баласы осы үшеуі,
Ішінде Рабат төре ел сұрады.
Әбілқайыр, Әблұқар Рабаттан,
Алыңыздар ұғынып жазған хаттан.
Ниязбек және Сұлтан төртеу екен,
Бәрі де кем болмапты бақ, атақтан.
Қоңырқұлжа жоңғардан жасында өлген,
Сонда да Қоңырқұлжа төрт ұл көрген.
Әуелқан, Қанапия, Жұмаділ мен
Және бірі Сақуа арттан ерген.
Шыңғыс ханның жазып өттім мәні-жайын,
Білгендер толықтаңыз қалғандарын.
Мен оқыған шежірем, міне, осылай, 1054. Халық екшер шыны мен жалғандарын.
АБАҚ КЕРЕЙ
Бір күнде он екі абақ төмен жүрген,
Малына берекелі Қызыр кірген.
Бұл керей он екі ауыл ауып келген,
“Торғайты, Тоқсан өзен” деген жерден.
Ордың қарағашын өрлей келген,
Бақытты ешкім алмас Құдай берген.
“Үш жүздің баласы боп тараймыз” деп,
Естуіміз осылай үлкендерден.
Кенжесі Керей мырза Дана бидің, 10. Тентек пен тебізге салған тыйым.
Уақ, Керей екеуі ағайынды,
Бөлініп енші алып кеткен үйін.
Ауылы екуінің екі бөлек,
Болыпты әрбір іске Керей зерек.
Бәйбішесі қызы екен ұлы үйсіннің,
Өзі таңдап, айттырып алса керек.
Әйелінің аты Абақ екен,
Жылқыны өсіретін жабағы екен.
Керей мырза айттырып алғаннан соң, 20. Бір ұлды күні жетіп табады екен.
Ат қойды баласына Ашамайлы,
Бала көріп көңілі болды жайлы.
Той қылып, ат шаптырып, елді жиды,
Балаға жүреді екен болып зарлы.
Ашамайлы бір, екі, үш жасқа жетті,
Құдайдың құдіреті қандай епті.
Бір күні науқас болып Керей мырза,
Алладан уақыт келіп ажал жетті.
Басына ақыретін жастаныпты, 30. Мекке мен Мәдинеге бас қойыпты.
Алладан уақыт келіп Керей өліп,
Атадан Ашамайлы жас қалыпты.
Атадан ашамайлы қалыпты жас,
Керейге ат шаптырып беріпті ас.
Келініне Уақ батыр кісі салды,
Алам деп Пайғамбардан қалған мирас.
Келін айтты: – Қайнағам берсін ықылас,
Адамға туғаннан соң өлім рас.
Тимеймін енді байға қызық көріп, 40. Көңілім бұл жалғаннан қалыпты тас.
Мұны естіп Уақ батыр өкпелейді,
Ауылына бұрынғыдай көп келмейді.
Бір тұл қалған қатынға не амал бар,
Зорлық қылып алуға еп келмейді.
Жақын жүрсе кетпес деп көңілімнен,
Қайнағасы келінге беттемейді.
Болмайды көрші отыру бұрынғыдай,
Ауылы Уақ батыр шеткерлейді.
Абақтың жан таң қалар сұлуына, 50. Жоқ екен мұндай сұлу сол руда.
Өзіне төрт түлік мал түгел бітіп,
Қоймапты бұрын бұқа сиырына.
Абақтың жұрттан асқан жиған малы,
Күйлепті жазғытұрым сиырлары.
Уақтың ауылына жіберіпті
“Бұқасын айдап кел” деп бір адамды.
– Бұқаны алмайсың, – деп бұл адамға, –
Тоқта, – деп Уақ батыр айғай салды.
Өзі сопы кісінің малы сопы,
60. – Бұқаны бермеймін – деп алып қалды.
Мұны естіп ашуланды Абақ енді,
Қапа боп ашылмайды қабағы енді.
“Қарасатын қайнағам мынау болса,
Жақсылық қайда барсам табам енді?!”
Қоймайды енді мынау еркімізге,
Ара түсер адам жоқ енді бізге.
Ісіне қайнағаның шыдай алмай,
Өкпелеп көшіп кетті төркініне.
Өкпелеп төркініне кетті көшіп, 70. Әркімге патша Құдай берсін нәсіп.
“Мен дағы адам болып жан сақтармын,
Жалғызым тірі жүріп ержетсе өсіп”.
Қасына төркінінің қонды барып,
Өкпелеп өз еліне, көңілі қалып.
Төркініне бір үлкен қожа келіп,
Балалар оқиды екен сабақ алып.
Шариғат қожаданАбақ сұрағанда:
– Ұрғашы ерге тисе халал болмақ,
Мирасы Пайғамбардың некеленбек. 80. Некесіз жан бұлақтан дәрет алса,
Су ішу сол бұлақтан харам болмақ.
Абақтың көңіліне уайым түсті,
Бұл сөзді естіген соң зәресі ұшты.
– Қор қылмай енді мені өзің ал, – деп,
Аяғын сол қожаның барып құшты.
Қожа айтты: – Мұныңыздың келмес жөні,
Бұл жерде қысамаңыз енді мені.
Ұстазым бар рұқсат сұрайтұғын,
Шариғат мен сұрайын, алсам сені. 90. Қожа барды өзінің ұстазына,
Оқуы артық екен бір басында.
– Бір жас қатын тием деп әуре қылды,
Пәле болып жабысты өз басыма.
Ұстазы мұны естіп кітап ашты:
– Қатынды алмағаның жарамас-ты.
Алмасаңыз қарызы сізде болар,
Алам десең, мен бердім ықыласты.
Сол қожаның сұрасаң, аты – Нәзір,
Абақты неке оқып алды қазір.
100. Екі жақсы қосылып көңілі тынды,
Аузынан шыққан лебіз балдай татыр.
Нәзірден бір ұл тапты Абақ қатын,
Қарақожа қойыпты оның атын.
Ержеткен соң ол дағы молла болып,
Жұртқа жайды өсиет шариғатын.
Қарақожа баласы Майқы би-ді,
Әділдік еткеннен соң жұртқа сыйлы.
Әділдікпен ел билеп жұртқа жақты,
Тентек пенен сотқардың бәрін тыйды. 110. Онан соңғы атамыз Силал екен,
Атадан асып туған бір жан екен.
Кім өлмейді, жалғаннан кім қалмайды,
Мүсәпір мен пақырға пайдалы екен.
Онан соңғы атамыз Ермен екен,
Құдайым соған тілек берген екен.
Қасиетті Қызырдың ізін басып,
Ұрпағы осыдан өскен екен.
Онан соңғы атамыз Изен екен,
Несібесі біреудің жүзден екен. 120. Қырық жыл өлімнен қашып құтыла алмай,
Жердің жүзін аралап кезген екен.
Онан соңғы атамыз Жабай екен,
Қарт бурадай қаңтарда жарайды екен.
Тыңдап отыр, жамағат, құлақ салып,
Он екі абақ осыдан тарайды екен.
Онан соңғы атамыз Аллаберді,
Жақсы мен жаманның бәрін көрді.
Ағайынды және де бір туысқан,
Біреуінің аты екен Құттыберді. 130. Ағайынды екуі парлас екен,
Ғалидың зұлпықары алмас екен.
Естуіміз осылай үлкендерден,
Құттыберді баласы Сарбас екен.
Адамға ақыл-айла жанға пайда,
Жан қадірін ойлайтын адам қайда.
Аллаберді баласы бір туысқан,
Ағайында Қойлау мен Байлау қайда?
Батыр болар жігіттің маңдайында,
Шешен болар жігіттің таңдайында. 140. Ағайынды Байлаудың жайлауынан
Меркіт пенен итеді тарамай ма.
Ана менен балаға ата қорған,
“Іні тастан болғанда, аға – бордан”.
Тұқымынан қаракөк үзілмеген,
Байлаудан бағаналы Жаппас туған.
Мінеді әділ патша алса тақты,
Құдайым жарылқайды көңілі ақты.
Бір Жаппастың баласы мына үш керей:
Молқы мен Қарақас, Күнсадақ-ты. 150. Төртеу екен баласы Бағаналы,
Молла оқиды кітапты мағаналы.
Елдай, Күлдай, Жиеншор, Бердішора,
Бір туысқан төртеуі ата-аналы.
Біреу құйрық болғанда, біреу – қанат,
Тақа тисе қайтпайды нағыз болат.
Он екі абақ баласы өсіп-өнген,
Бердішора ұрпағы Құлтайболат.
Ардақтап осылай деп таратамыз,
Елдайдан туады екен сүгір жалғыз. 160. Шеруші батырлықтың туы дейді,
Таралған тарихта болып аңыз.
Ертістің екі жағы құмдық екен,
Мылтықтың қара ағаш құндағы екен.
Өзі жалғыз Сүгірден бір ұл туып,
Осы күнгі Шеруші ұрпағы екен.
Көлдайдан жалғыз екен Жәдік батыр,
Туғызған дұшпанына заманақыр.
Жауынгер адам екен қайтпайтұғын,
Ерлігі, зейінімен бірдей татыр. 170. Жиеншора ұрпағы Жантекейдің,
Мал мен басты Құдайым тегіс бердің.
Қызыр дарып, бақ-дәулет қоса қонып,
Жұрағаты осынша өсіп-өнген.
Жәдік пен Жантекей немере екен,
Құдайым тілегенін берген екен.
Бәйбішесі Мәулім қыпшақ қызы,
Жәдік алып айттырып берген екен.
“Асылды асыл сақтайды” деген сөз бар,
Бірінің қадырін бірі көрген екен. 180. Қыстық үйдің жарығы пиала екен,
Бір шарапат жақсыдан тиеді екен.
Жастабанның баласы келіп сіңген,
Сары Ноғай Сарбастың жиені екен.
Жас қыран жарып шыққан ұшсам дейді,
Кей адамның ажалы оттан дейді.
Қыпшақ бәйіс баласын сұрасаңыз,
Одан туған Етікші, Шотпан дейді.
Осылай тарайды екен он екі абақ,
Берген екен Құдайым ерекше бақ. 190. Көгедай гүң билеген төре хан боп,
Қонған екен бойына өлген әруақ.
Одан кейін керейді моңғұл билеп,
Тарбағатай кеп амбыға тұрдық қарап.
Көкен, Топан, Құлбек Бежек марқұм
Қатар шыққан жарықтық өңшең манап.
Жан баспаған сары бел секілді-ақ,
Жау алған Қожамжарға бітіпті әруақ.
Көбеш ер соған жалғас атқа мініп,
Өз елін дұшпанынан сақтаған-ақ.
Аз ауыл арысты елмен тең болды нақ,
Керейді басқалар да мақтаған-ақ.
Жақсының ақылы көп, әрі толық,
Керейге ешбір адам келмейді шақ.
Қара қылды қақ жарған әділ болып,
Соларды артық жаратқан Құдай қалап.
Шашау шықпай керейден жалғыз ауыл,
207. Төрт биі мен төреге тұрды қарап.
АБАҚ КЕРЕЙДІҢ АТАҚТЫЛАРЫ
Қолыма бісмілла деп алдым қалам,
Сөзіне бұрынғының құлақ салам.
Жазылған еріккен соң ермек емес,
Оқи бер қолыңа алып, ей, бозбалам.
Қарасақ үлкендерден жауап тарар,
Айырым он екі боп абақ тарар.
Жантекей, жәдік пенен шерушілер
Ту ұстап бір әкеден жеке қалар.
Қарақас, молқы менен сарбас, меркіт, 10. Сөзімнен айта берсем соғар самал.
Көнсадақ, құлтайболат, жастабандар,
Айырым бұларды да тапқа санар.
Ителі бар керейдің ағасы екен,
Қосылып шұбарайғыр жақын жатар.
Сөзімнің нілін оқып есіне алсын,
Көзі өткір інілерім жанған панар.
Тап екен он екі абақ, керей елі,
Азияда Алтай, Ертіс – мекен жері.
Қолыма қалам алып хат қотарсам, 20. Көңілімнің тарқар ма екен қайғы-шері.
Ұрпағы Көгадайдың Әлен уаң,
Ұлығын он екінің бастаушы еді.
Шарыпхан дутұң болған кемеңгері,
Жолдасы ақыл-серік жол көрсеткен,
Жамылған дәрежесі уаң шені.
Алтайға Шақаң төре дутұң болып,
Аузынан алтын болып шыққан демі.
Қараған ұраңқай мен орыс, қазақ,
Бағынып жарлығына жұрттың дені. 30. Ағасы Әлен төре байлығы асқан,
Оның да оңай емес уаң шені.
Әркімнің нәсіліне бақыт керек,
Ақын деп көтерген жоқ ешкім мені.
Атасы Әділқаннан бері қарай
Керейге жас күнінен болған орда.
Аңғарсам атасынан абыройы асып,
Сан дұшпан айналып кеп түскен қолға.
Жаулары батына алмай қорғалаған,
Достары ақыл қосып оң мен солға. 40. Құдайым нәсіліне бақыт беріп,
Қай күні тәлім болған сондай зорға.
Бейсісі Құнапия орындағы,
Мәмеңнің үлкен ұлы соңындағы.
Төрт өрім толық бидің жұрағаты,
Жасынан әділдіктің жолындағы.
Айырылып алтыныңнан абақ керей,
Кетті ғой шамың сөніп қолыңдағы.
Інісі Мәңкей, Бұқат, Шамер мырза,
Бәрі де данышпандар порымдағы. 50. Керейде бейсі Мәмең ақылы асқан,
Баласы Жұртбай мырза толымдағы.
Мәмеңнің көз жіберсек жұрағаты,
Дәулеттің үкімі рас қолындағы.
Ер екен тәйжі Өміртай, елі – мәлік,
Күн көрген қол астында аш пен арық.
Керейде төрт орынның екіншісі,
Жол айтып әр бір елге шашқан жарлық.
Қанжыға, Дәукебай мен қос Қара би,
Бұлар да жүйрік туған сөзге қанық. 60. Бақыты Байғараның аспандап тұр,
Иншалла, жүгірістен қалмас танып.
Кәрі Оспан дұшпанынан алған намыс,
Дұшпанмен жағаласып болған шабыс.
Түзеткен қисайғанды тезге салып,
Болса да қыңыр-қисық қандай шалыс.
Түркістан, қажы Баттал балалары
Көрсе де тартынбаған өлім арыс.
Бұл күнде көп тараған жұрағаты
Тәйжі Какен, мампаң Ақарыс. 70. Тақуа, өзі молла Шақпақ залың,
Кісі екен тапқыр сөзді, көңілі ғалым.
Амбысы әз Халел мен зәңгі Анаштар,
Халқына уағыз айтып берген дәріс.
Тоқтамай көше қашып зәңгі Іркітбай,
Ақылмен қайла әр түрлі әдіс.
Күнәжан, Қанапия, Кенжебазар
Тигізген ұлығына көп қолғабыс.
Боқай – нұри, бай Қапас, Сымағұл бай,
Жасынан іздегені сөзден табыс. 80. Жаңқабай, Тоқтасын мен әм Сары би
Қадірлі өз ішінде жанаптары.
Дәлелқан шерушіде әм Зейнелқан,
Бір елдің қуат берген қанаттары.
Құдайым әр уақытта жәрдем әйла,
Құтты болсын жастардың талаптары.
Көкенай шұбарайғыр шыққан таптан,
Әкесі амбы Дәбі дәулеті асқан.
Ел екен бір ауызды берекешіл,
Көрмеген ешбір дау-шар, шалқып жатқан. 90. Көкенай тәйжі болып, бақыт қонып,
Құдайым дәулет беріп шырақ жаққан.
Айбарын айқындатып сыртқа шашып,
Бүркіттей таудан ұшып түлкі қаққан.
Жуанған, Ғазезбенен залың Әбет
Шыққан жоқ қалайсың деп ынтымақтан.
Нұржапар зәңгі менен Қабдуали
Көзі ашық хабары бар әрбір таптан.
Сүлеймен, Қажақымет, мұқамжарлар
Бас изеп берекеге қабақ қаққан. 100. Ақсақал Тайғара мен Тоқыралар
Еске алып ескі жолмен ақыл тапқан.
Меркіттен Жәке шыққан жүрісі асып,
Ағынды тау суындай тұрған тасып.
Аталып құлашы кең асқар белдей,
Атағын мәлім қылған жұртқа шашып.
Отырған нәсілінен Қабыл тәйжі,
Ол тұрған осы күнде орнын басып.
Інісі Ерематқабыл, Мырзамұқаш,
Жүріп жүр үкіметпен араласып. 110. Баймолла деген адам жүйрік туып,
Құдайым абыроймен берген нәсіп.
Дәмежан аға сұлтан, ұлық өткен,
Найманға Жайырдағы жарлық шашып.
Үркідей өрде Әділқан Сертжан ұғылы,
Жасынан момындықты қылған нәсіп.
Меркіттің бақыты өрлеп шалқып жатыр,
Тең болды толымды елмен жағаласып.
Бірлікпен осы күнде іс қылып тұр,
Ақыл мен күш-қуатын шамаласып. 120. Ақсақал ителіде қажы Жапар,
Бұл елде жүйрік өткен неше қатар.
Мал түгіл бақыт, мұрат бірдей бітіп,
Дүниеге Зуқа қажы қылған сапар.
Зуқаның үлкен ұлы Сұлтаншәріп,
Болып тұр әкесіне орынбасар.
Абақай асып тұрған батыр Тұрыш,
Тұрсында жан болмаған оған батар.
Тәйкешкен, зәңгі Уәли, Қалиолла,
Үйінде малын бағып жайын жатар. 130. Үкірдай Ибол, Қасен, зәңгі Мұқаш
Демейміз ауқаты жоқ, халі нашар.
Бұл күнде Қалел тәйжі қарақаста,
Ұлық боп атқа мінген бала жастан.
Иншалла, толымдымен тең болып тұр,
Қалған жоқ еш нәрсеге жарамастан.
Ағасы жас күнінде қорған болып,
Ақтеке жұрт сөзіне араласқан.
Мықты боп өз тұсында қазы Жылбай,
Дұшпанға қатал тұрып қарсыласқан. 140. Бір келмей жүрегіне басқа жұмыс,
Дәл молла ұлықпенен жағаласқан.
Залың мырза Сүлекең, зәңгі Қабай
Жоламай залымдықтан аулақ қашқан.
Бидабай, Дәулетбай мен әм Кешілбай
Бақыты басындағы судай тақан.
Амалсыз білмеген соң жаза алмадым,
Бар шығар нелер жүйрік жұрттан асқан.
Молқыда тәйжі Апше, мампаң Ғали,
Атағы екуінің жұртқа мәлім. 150. Әйгілі арғы атасы қажы Жуанған,
Бақ берген бабасына Құдірет Кәрім.
Мешіт сап, өз еліне дін таратып,
Қаратқан өз қолына жанның бәрін.
Атақты айтуғанда қазы Дәуен,
Әйтеуір бақты кісі малы қалың.
Сапар қып дүниеден қазы көшіп,
Есімқан орынбасар қалды залың.
Шепсі зәңгі, Бәкеңдер шешен кісі,
Айырым анық айтар сөздің дәлін. 160. Баянбай – ол молқының үкірдайы,
Әділдікпен белгілер жұрттың халін.
Білмедім мағлұматты бұдан ары,
Жайнаған Әкім батыр от боп жалын.
Бай кісі бұдан басқа толып жатыр,
Кәсіп қып дүниеден баққан малын.
Сөзіме қалам менің мүдірмесе,
Қуатым қазір Құдай Алла жарым.
Сарбаста тәйжі Қабдолла қазіргісі,
Буратай болған екен әділ кісі. 170. Жәрдемді өз тұсында істеп келген,
Көргем жоқ, естуім бар батыл кісі.
Үкірдай Қалқабай мен залың Жәкер,
Бұлар да бір-бір таптың қадірлісі.
Аз ауыл сартекенің санағы осы,
Басқаша білінбейді алымдысы.
Шақабай, тәйжі Назар дұғагөйлер,
Құдайым пенде десе рақым айлар.
Уақыты боп дүние салды Қазы амбы,
Керейге болған екен үлкен айдар. 180. Мұрындық Есімбек пен әм Жантайлақ,
Келіпті неше түрлі ғазиз жандар.
Атағын білмеген соң жаза алмадым,
Бар шығар ақылы бар неше жандар.
Ұлығы Қазыбектің Қибас зәңгі,
Әнуар ен сапты ғой өседі мал.
Жұмағұл, Әнуар, Алтынбек, Сүлеймендер,
Сөзіме менің айтқан құлағың сал.
Сауырдың қалған еді крент жағы,
Түркібай, Ботақара екі табы. 190. Бодам ел кіренседен аты шығып,
Жігіт жылбурынды өскен бағы.
Байқасаң Жама зәңгі момын кісі,
Бай Жүкең көп зәңгінің үшіншісі.
Зәңгілікті Қанапия бір бөліп жүр,
Үсіпбай ендігінің ұсқындысы.
Ағасы Рамазан пұлым дейді,
Бұйырып ол керейге толым дейді.
Артында Рамазан залың болып,
Ақылы Бөдекеңнің қолында енді. 200. Жолаушы өз тұсында болды Көкжал,
Қайтпайды еш, біреумен қылса жанжал.
Дүние ол бір біткен уақыт шығар,
Дөңгелек тегіс бітіп бас пенен мал.
Мұстапа, Мержекең де залың болған,
Бақыты әкесінен қалың болған.
Ескібай залың менен шын Мергенбай,
Маметолла жаңа заңға мәлім болған.
Меке, Жаке шығыпты Есенбайдан,
Көрмегенді айтамын тіпті қайдан. 210. Артындағы інілер өрлеп кетті,
Иен қалды Ертіс қыстау осындайдан.
Шаршаған, Ораз деген бір шетінен,
Теңгермес дейді адамды сөз бетінен.
Дүние ол бір біткен уақыт шығар,
Айрылды қолындағы дәулетінен.
Бұл күнде Аяпберген шыққан асып,
Исапбай тау суындай тұрған тасып.
Базарбай мен Асылбай екі мырза
Жүреді залымдықтан аулақ қашып. 220. Сәдіш те Есінбайдың бір баласы,
Бір зәңгілік келеді айналасы.
Барайын бұдан жаңа заңға бағынардай,
Заман жоқ бейпіл жүріп қағынғандай.
Тәртіпке жұрт бағынып, көңілі ағарып,
Ниет жоқ сары ғазы сағынғандай.
Ат жүрер шөп ішінде ерін алмай,
Шынжырлап аяғына кісен салмай.
Шөп шауып, түнемеде егін орып,
Жылқышы таң күзетіп көзі талмай. 230. Ұсталар бір кісенге алған бесті,
Аяғын жақсы аттардың кісен кесті.
Жүк қылып салдырлатып не қыламыз,
Қоймаға енді мұны қойсақ епті.
Мейірбек тәйжі деген бала екен ғой,
Кәртейген Бақшар зәңгі шал екен ғой.
“Ұрлық түбі – қорлық” деп жаратпайтын,
Жарықтық Оспан залың дана екен ғой.
Шығыпты Қарашиден зәңгі Тоқбай,
Жүруші ед қисайғанды көңілі соқпай.
Мейрамбай Торайғырмен екі ақсақал
Артық көп сөйлемейтін орын таппай.
Үкірдай Қалибек, Қасымбек, зәңгі Темке
Жыландай түспеуші еді тіпті шақпай.
Аяғын тоқтатайын жаза бермей,
Қиялым тұрса дағы маза бермей.
Ағалар, осыменен тамам еттім,
247. Құдайым ғұмыр берсін, қаза бермей.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
Қытайдағы қазақтардың зиялы қауым өкілдері – ақын, жазушылар, әдебиетші ғалымдар, тілші, аудармашы, баспагер мамандар соңғы жиырма неше жылдың ішінде (өткен ғасырдың 80.-жылдарынан бері қарай) Қытайдағы оң өзгерістердің нәтижесінде қазақ халық ауыз әдебиетінің ғасырлар бойы жинақталған бай мұраларын ел арасынан жинап, оларды жанрлары бойынша жүйелеп түрлі баспа орындарынан тек сол фольклорлық шығармалардың өзінен ғана 50 томға жуық жинақ шығарыпты. Солардың ішінен Бейжің “Ұлттар” баспасынан 1982 жылдан бастап жарық көрген 18 томдық “Қазақ қиссалары” жинағын, Үрімжі және Іле “Халық” баспасынан шыққан 7 томдық “Ғашықтық жырлар” жинағын, 4 томдық “Айтыс” жинағын, 2 томдық “Қазақ ертегілері” жинақтарын атап айтуға болады. Осылардың арасында шежіре жанры да шетт қалмапты. 1990 жылдан бастап Іле “Халық” баспасынан “Қазақ шежірелері” жинағының бірнеше томы жарық көрген. Бұдан басқа тағы бірнеше жергілікті орындардағы баспалардан шежіре жырларының көптеген жеке нұсқалары жарияланған болатын. Біз осы “Қазақ шежірелерінің” ел аузынан жазылған басқа жинақтарда жарық көрген шежірелердің ішінен жариялауға лайықты деген жыр-нұсқаларын іріктеп алып, “Бабалар сөзі” жүз томдық жинағына арнап, бір том әзірледік. Жинаққа енген бұл жырлардың жалпы мазмұны қазақ жүздері мен рулары туралы болғанымен жырлардың көлемі, мазмұны, айтылуы жағынан әркелкі болып келеді. Әр жырдың өзіне тән ерекшелігі бар. Алайда, бұлардың көпшілігі бұрын жарық көрген баспа нұсқалары болғандықтан, белгілі дәрежеде редакциялық жөндеуден өтіп, осы күнгі әдеби қалыпқа түсірілген. Сол себепті осы жағын ескере отырып, мәтіндік қалпын бұзбай, қысқаша түсініктер беріп отырмыз.
Қазақтың жалпы шежіресі Бұл жыр – Шыңжаң Алтай аймағындағы қазақтар арасына ауызша және жазбаша тараған нұсқалардың бірі. Жалпы мазмұны адамзатты Нұх пайғамбардан таратып қазақ халқына жеткізеді де одан әрі қарай қазақ руларын таратып әкетеді. Жырды қайта жырлап бүгінге дейін сақтап келген Кітапбай Ақмолла деген ақсақал. Оның айтуынша, бұл шежіре әкесі Ақмолладан қалса керек. Ақмолланың әкесі Берікбол, оның әкесі Мұрынбай деген адам екен. Бұлар Алтай өңірінде жасаған адамдар, керей оның ішінде Сарбас руынан. Жырды баспаға дайындаушы Кітапбай Ақмоллаұлы – Алтай аймағы, Шіңгіл ауданының тұрғыны. Жырдың толық мәтіні алғаш рет 1990 жылы Іле “Халық” баспасынан жарық көрген “Қазақ шежірелері” жинағының бірінші томында жарияланған. Томға осы нұсқа бойынша әзірленді.
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік
Ел арасында “Қазақ тарихы дастаны” деп те жырланады. Кім, қашан жырлағаны беймәлім. Жырдың осы нұсқасын Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін қаласының тұрғыны зейнеткер Беделбек Еженбекұлы 1990 жылы “Қазақ тарихи дастаны” деген тақырыппен жырлап, аудандық мәдениет үйіне қолжазба күйінде табыс еткен. Ол кісі әкелерінің айтуынан жаттаған екен. Іле “Халық” баспасынан 1992 жылы жарық көрген “Дөрбілжін ауданының қисса-дастандары” жинағында алғаш рет жарияланған. Жыр сюжеті қазақтың шыққан тегі, түбі, қазақ атауы туралы жазылған кейбір тарихи мағлұматтар негізінде құрылған. “Үлкендердің аузынан бұл шежірені Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған деген сөздерді естідім, бірақ анық-қанығын білмеймін” депті жыршы. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні Шыңжаңдық нұсқа (1992 ж.) бойынша әзірленді.
Қазақ шежіресі
Ел арасына “Ежелгі қазақ шежіресі” деген атпен де таралған. Ең алғаш кім, қашан жырлағаны белгісіз. Ел аузындағы нұсқалардан жинап алып сақтаған Тәлен дейтін кісі. Сол кісіден көшіріп алып сақтаған Әбдірахман Жәнібекұлы. Сол кісіден жазып алып, баспаға ұсынған Жомарт Төребайұлы. Іле “Халық” баспасынан 1990 жылы жарық көрген “Қазақ шежірелері” жинағында “Ежелгі қазақ шежіресі” деген атпен жарияланған. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған нұсқа бойынша әзірленіп “Қазақ шежіресі” деген атпен берілді. Жырдың ерекшелігі қазақтың ру-тайпаларын Сақтан таратады. Жыр көлемі шағын.
Қазақ тарихы туралы жыр
Қазақ туралы аңыздар негізінде жырланған шежіре-нұсқа. Алтай аймағында көбірек таралған. Жырдың бір нұсқасын жатша айтып берген Алтай аймағы, Қаба ауданы, Қараөзен қыстағының тұрғыны Қажыкен Өкпебайұлы (1904-1980). Ол кісіден 1981 жылы жазып алып, баспаға ұсынған Шәмен Исаұлы. Осы жыр мәтіні алғаш 1992 жылы Іле “Халық” баспасынан жарық көрген “Қаба ауданы қисса-дастандары” жинағының 1-кітабында жарияланған. Жыр нұсқалары зерттелмеген. Қазақстанда тұңғыш рет жарияланып отыр. Бұл томға аталған нұсқа бойынша әзірленді.
Жазуға шежірені алдым қалам
Бұл жыр діни аңыздар мен қазақ шежірелерінің негізінде жырланған. Мұнда қазақтардың арғы тегін сахабалардан таратады. Ел арасында “Қазақ тарихы” деген тақырыппен де жырланған нұсқалары кездеседі. Ел аузынан жинап, сақтап келген Дөрбілжін ауданы, Желағаш аулының тұрғыны, зейнеткер – Зейнелқан Қалиұлы. Сол кісінің баспаға ұсынуымен 1992 жылы “Дөрбілжін ауданының қисса-дастандары” жинағында тұңғыш рет жарияланған. Бұл томға осы аталған нұсқа бойынша әзірленіп, ұсынылды.
Айтыс шежіресі
Іле өңіріндегі ел арасына ауызша және жазба күйінде кең тараған шежірелердің шағын бір нұсқасы “Айтыс шежіресі” деп аталған. Жырда қазақтарды Әнес сахабадан таратады. Жыршысы – Іле аймағының тұрғыны, шежіреші, ақын Доспер Саурықұлы (1894-1972). Жыршының аузынан жазып алып баспаға ұсынған Жомарт Төребайұлы. 1990 жылы Іле “Халық” баспасынан жарық көрген “Қазақ шежірелері” жинағының бірінші томында алғаш рет жарық көрді. Қазақстанда бұрын-соңды зерттеліп, жарияланбаған. Бұл томға осы нұсқа басылым негізінде әзірленді.
Үш жүздің шежіресі
Ел арасына, әсіресе Іле аймағы аумағына ауызекі және қолжазба күйінде кең тараған қазақ шежіресінің өлеңмен жазылған көлемді бір нұсқасы. Жырды ел аузынан жинап, өзі оқыған тарихи кітаптардан пайдаланып, қайта жырлаған Іле аймағы, Тоғыз тарау ауданы, Жырғалаң аулының тұрғыны Нұрболат Оспанұлы. Жырды баспаға ұсынған жыршының өзі. Жырдың мазмұны бойынша қазақтың арғы тегін түріктен шығарып, алаштан таратады да үш жүзге бөліп, онан әрі қарай жүздерге жататын ру, тайпаларды таратады. Жыр 1990 жылы Іле “Халық” баспасынан шыққан “Қазақ шежірелері” жинағының бірінші томында тұңғыш рет жарық көрген. Томға аталған нұсқа берілді.
Орта жүз Найман шежіресі
Шежіре өлең түрінде және жазбаша күйде Қытайдағы Іле аймағына кең тараған. Жырдың мазмұны қазақтың тегін Әнес сахабадан таратып келіп, одан орта жүздің Найман тайпасынан тараған руларға көбірек тоқталады. Шежірені алғаш қағазға түсіруші – Тұрысбек Маманұлы. Ол кісіден 1903 жылы Сүлеймен Бердібекұлы көшіріп алып, қайта жаңғыртып жырлаған. Жаңғырған нұсқаны жазып алып сақтаған Іле аймағы Текес ауданының тұрғыны Өміржан Шаданұлы. Өміржаннан сол ауданның мәдениет үйінің қызметкері Дүйсенбек Тұрлықожаұлы көшіріп алып, баспаға ұсынған. 1990 жылы Іле “Халық” баспасынан жарық көрген “Қазақ шежірелері” жинағының бірінші томында алғаш баспа көрген.
Бұл томға осы нұсқа бойынша әзірленді.
Оразай руының Жамбырза шежіресі
Жырдың кейбір нұсқаларында “Жанмырза” деп аталған. Бұл Найман ішіндегі Қызай елінің ата шежіресі. Осы руға және көршілес қоныстанған руларға кеңінен таралған. Ел аузынан жинап, жырлаған Шаймұрат Әнәпияұлы. Бейжің “Ұлттар” баспасынан 1997 жылы басылып шыққан “Халық қазынасы” атты жинақтың бірінші бөлімінде жырлаушы атында жарық көрген. Бұл томға осы нұсқа бойынша әзірленді.
Асылхан Мыңжасар шежіресі
Бұл жәдігерді алғаш жырлаған адам – 1893-1918 жылдары өмір сүрген ақын Асылхан Мыңжасарұлы. Жыр діни сарындағы аңыздарға құрылған, қазақтарды Әнес сахабадан тарататын шежірелік үлгілердің шағын нұсқасы. Ел арасына “Шежіре” деген атпен таралған. Жатқа айтып сақтаған Әділхан Мыңжасарұлы. Ол кісіден жазып алып баспаға ұсынған – Дәулетбек Қаңбақов. Алғаш Бейжің “Ұлттар” баспасынан 1997 жылы басылып шыққан “Халық қазынасы” атты жинақтың бірінші бөлімінде жарық көрген. Бұл томға жыршының құрметіне “Асылхан Мыңжасар шежіресі” деген атпен берілді.
Керей шежіресі
Шежірені кім, қашан жырлағаны анық емес. Ел арасына, әсіресе Алтай аймағындағы қазақ арасына кең таралған керей руының шежіресі. Ел арасынан жинап, жүйелеп баспаға ұсынғандар Темірбай Смағұлұлы мен Уақит Қалелұлы. Іле “Халық” баспасынан 1990 жылы басылып шыққан “Қазақ шежірелері” жинағының бірінші кітабында жарық көрген.
Бұл томға аталған нұсқа бойынша әзірленіп, ұсынылды.
Туған жер туралы шежіре
Бұл – белгілі ақын Ақыт Үлімжіұлының жергілікті халық әңгімелерінің ізімен шежіре үлгісінде жырлаған нұсқа. Жыр туған жер туралы деп аталғанымен, сол жерлерді мекендеген қазақ халқының ру, тайпалары, белгілі адамдары туралы да шежіре таратады. Шығарма ел арасына “Шыңжаңның қаритасы”, “Шежіре өлең”, “Ақыттың туған жер туралы жыры” деген атпен жазба-көшірме жолымен тараған. Әр нұсқада азды-көпті өзгешеліктер бар. Үрімжі ауданы Шынар қыстағының тұрғындары Қасен Қорғалаңұлы мен Тұрсынғали Жотабайұлының ауызша айтып берген нұсқалары негізінде 1992 жылы “Үрімжі ауданының өлең-жырлары” жинағында “Шежіре өлең” деген атпен алғаш рет жарияланған. Бұл томға жырдың аталған басылымы бойынша әзірленіп, “Туған жер шежіресі” деген атпен берілді.
Шыңғыс хан шежіресі
Ел аузындағы аңыздар мен тарихи материалдар негізінде өлеңге түсірген Нұрболат Оспанұлы. Ел арасына ауызша да, жазба-көшірме күйінде де тараған. Жырдың мазмұны Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы, Жошы әулетінен тараған қазақ хандарының ұрпақтары туралы. Бұл нұсқа 1996 жылы Шыңжаң “Жастар-өрендер” баспасынан жарық көрген “Қазақ шежіресі” жинағының алғашқы томында жарияланған.
Томға осы нұсқа бойынша әзірленіп, ұсынылды.
Абақ керей
Алтай аймағындағы қазақ арасына кең тараған абақ керейлер туралы шағын шежіре-нұсқа. Жырдың мазмұны бойынша Абақ – әйелдің аты, ұлы жүз Үйсіннің қызы, Керейдің бәйбішесі дейді. Керей жастай өліп, Абақ Нәзір деген қожаға тиеді, одан Қарақожа туып, он екі абақ-керей содан тараған дейді. Жырды ауызша айтып елге таратушылар – Алтай аймағы, Қаба ауданының тұрғындары Сламбол Окманұлы (1928-1982), мен Қаппас Ашубайұлы. Жырдың бұл нұсқасын жазып алып салыстырып, жүйелеп 1983 жылы баспаға ұсынған белгілі ақын, аудандық мәдениет үйінің бастығы –Шәмен Исаұлы. Іле “Халық” баспасынан 1992 жылы жарық көрген “Қаба ауданы қисса-дастандары” жинағының 2 кітабында жарияланған.
Бұл томға аталған нұсқа бойынша әзірленді.
Абақ керейдің атақтылары
Алтай өңіріне ауызша тараған абақ-керейдің атақты адамдары туралы шағын шежіре-нұсқа. Жатқа айтушылар: Алтай аймағы, Қаба ауданы, Сарбұлақ аулының тұрғындары – Базарқан Оқтыбайұлы Жеңіс Тұрлыбекұлы, Орман Шәменұлы. Жазып алып баспаға ұсынған – Шәмен Исаұлы. Іле “Халық” баспасынан 1992 жылы жарық көрген “Қаба ауданы қисса-дастандары” жинағының 1-кітабында жарияланған.
Бұл томға осы нұсқа бойынша әзірленіп, ұсынылды.
М.Шафиғи,
С.Қосан
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР
Алла (Аллаһ) – ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: “Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес” . Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.] – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.
Адам ата – діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Әбубәкір – Мұхаммед [с.а.с.] қайтыс болғаннан кейін тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан, Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші болып мұсылман болды.
Әбубәкір – Расул Алланың “төрт сахаба” аты берілген сенімді серіктерінің бірі. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды.
Әжі Көгедайұлы – әкесі Көгедайдың “ғұң” мансабын мұрагерлік жолымен жалғастырып, 1824 жылдан 1868 жылға дейін 44 жыл Алтай керейлерін билеген төре тұқымы.
Әлен Жеңісқанұлы – “уаң” мансабын мұрагерлік жолымен 1911 жылдан 1945 жылға дейін жалғастырған адам. Көгедай төренің төртінші ұрпағы. Алтайда өмір сүрген. Өмірінің соңы Үрімжіде өткен.
Әли – Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті халиф. Хазірет Әли – Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның “зұлпықар”, “қамқам”, “самсам” деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына “Шаһимардан”, “Қайдар”, “Арыслан”, “Шері”, “Мұртаза” сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың нышанына айналған.
Бөке Жырғалаңұлы – Алтайдың Шіңгіл өңірін мекендеген керейдің молқы руынан шыққан. 1888-1908 жылдар аралығында Чиң өкіметінің ауыр езгісіне қарсы күресте ел бастаған адам. Чиң өкіметінің әскерлерімен талай шайқастарда ерлік көрсетіп Бөке батыр атанған. Күш тең болмағандықтан өзіне ілескен елді бастап Тибетке қарай ығысқан. 1908 жылы Тибетте қайтыс болған. Оның артынан қуып барған Чиң әскерлері Бөкені тірідей қолға түсіре алмағандықтан қабырдан оның сүйегін шығарып, басын кесіп алып, Үрімжіге әкеліп елді қорқыту үшін бірнеше күн көшеге іліп қойған. Ақыры елдің талап етуімен Бөкенің басын қайтарып алып туған жері Шіңгілге әкеліп жерлейді. Сөйтіп Бөкенің басы Алтайда қалса, денесі Тибетте қалады.
Дәлелқан Сүгірбайұлы (1906 – 1949) – Алтайға ертеде қоныстанған абақ керейдің шеруші руынан шыққан. Шыңжаңдағы 1944-1949 жылдары үш аймақта (Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтары) болған ұлт-азаттық төңкерісінің көрнекті басшыларының бірі. “Үш аймақ” өкіметі басшысының, бас қолбасының орынбасары, ұлттық армияның генерал-майор шенін алған адам. 1949-жылы тамызда өкімет басшылары делегациясының құрамымен Бейжіңге бара жатқан жолында ұшақ апатынан қаза болған.
Жәнібек Бердәулетұлы – Абылай хан тұсында жоңғар басқыншыларына қарсы күрестерде жасақбасы болып, қол бастаған атақты батыр. Ел бастаған көсем, билік айтқан шешен, ел атасы болған адам. Ол туралы ел арасында көптеген аңыз, жырлар таралған.
Жүсіп – Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар. Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.
Көгедай Әбілпейізұлы – қазақ орта жүзінің ханы Әбілмәмбеттің тұқымы Әбілпейіздің алтыншы ұлы. Әбілпейіздің екінші әйелі қырғыз қызы Тұмар ханымнан туған үш ұлдың үлкені екен. 1780 жылы Алтай керейлері Тауасар, Шегебай билер бастаған он жеті кісі елші жіберіп Әбілпейіз төреден сұрап әкеліп төре қойған. Қытайдың Чиң өкіметі Көгедайға 1790 жылы Бижіңде “ғұң” (төре) атағын берген. Көгедай “ғұң” мансабымен 1790 жылдан өмірінің соңы 1820 жылға дейін Алтай керейлерін билеген төре тұқымы. Көгедайдың “ғұңдік” мансабы мұрагерлік жолымен кейінгі ұрпақтарына жалғасып, XX ғасырдың 30-жылдарына дейін 130 жылға жетіп аяқтаған.
Қызай – шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай Үйсін елінің қызы (есімі – Күнбүбі, кейбір нұсқаларда Қарлығаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен. Ілебай соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауырына салып өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандықтан “қыз-ай”, “қызай” аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұрпағы Шағырай алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп, рулы ел болып ананың атымен “Қызай елі” атанады.
Мұхаммед – ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің негізін салушы. Мұхаммед [с.а.с.] 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін – исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы – “хижра”, яғни “қоныс аудару” деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың “Мұстафа” (таза, нұрлы, сипатты), “Расул” (елші), “Хабибулла” (Алланың сүйіктісі), “Сағидулла” (Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх – Құранда есімі аталатын пайғамбарлардың бірі. Інжілдегі Ной. Құран Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі “топан су оқиғасымен” байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі кемеге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман қалып, өмір қайта жалғасады.
Сүлеймен – Құранда есімі аталатын пайғамбарлардың бірі. Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға “отыз ұлға татитын” бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында “аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген” деп дәріптеледі.
СӨЗДІК
Ақалақшы – бұрынғы мансап аты; мыңбасы
Ақырет, ахырет /а/ – діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние, ақырзаман, дүниенің соңы.
Амбы /мәнжу/ – бұрынғы мансап аты
Асхаб /а/ – сахаба сөзінің көпше түрі; сахабалар
Әнбия /а/ – пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі]
Бисмилла, бісмілдә /а/ – Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды
Бұғалтыр – бугалтер, есепші
Жәм /а/ – жиыны, барлығы
Жаппар, Жаббар /а / – ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Залың – мыңбасының орынбасары
Заһар /а/ – у
Зәңгі /мәнжу/ – шен, билік атауы
Зәмзәм /а/ – Меккедегі қасиетті су
Қошына – көрші
Күнәй – күнә
Қасам /а/ – ант, серт
Мұрсал нәби /а/ – [мұрсал – жіберілген; нәби – пайғамбар] –діни ұғым бойынша, Алла Тағаланың пенделерді тура жолға қою үшін жіберген пайғамбары
Міскін /а/ – бейшара, қарапайым адам
Неках /а/ – неке
Нияз /п/ – керектік, қажеттік; өтініш, тілек; сый, тарту
Пара /п/ – бөлік; тарау
Пәруардигар /п/ – Жаратушы, Жасаған, Құдай
Ранот – өсімдік аты
Рахман /а/ – аса қамқор; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Рәсім /а/ – сурет
Семья /о/ – отбасы
Сүре – Құран Кәрімнің бір тарауы, бөлімі
Тағала /а/ – бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.
Тамам /а/ – соңы, аяғы
Тауарих /а/ – тарих сөзінің көпше түрі
Уахи /а/ – сендіру, сыр ашу; Мұхаммедке Жәбірейіл арқылы келген Алланың бұйрығы, жарлығы
Уәжіп/а/ – міндет, борыш, парыз
Ұрқы – тегі, тұқымы; ұрпағы
Үкірдай /мәнжу/ – болыс дәрежелі лауазым атауы
Үмбет /а/ – ел, қауым, жамағат
Хақ Тағала [Тағала /а/ – бәрінен жоғары, ұлық] – ең жоғары мәртебелі, Ұлық Алла; Алланың 99 есімінің бірі
Хараб /а/ – бұзылу, қирау, жойылу
Халал, алал/а/ – шариғат бойынша ұлықсат берілген; заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды
Харам /а/ – шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік 71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз
Хижра /а/ – мұсылманша жыл санауы, 622-жылы мұсылмандардың Меккеден Мәдинеге көшкен жылынан басталады
Хикмет/а/ – керемет, ғажайып; дана сөз
Шаһид, шейіт /а/ – ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды
Шәрі – қала
Інжіл, Зәбур, Тәурат, Құран – діни наным бойынша, Құдайдың әмірімен көктен түскен төрт кітап.
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Азия – жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі арқылы өтеді.
Алтай – терістік жағы Ресей, шығысы – Қытай, оңтүстік-шығысы – Қазақстандағы биік таулы аймақ. Ресейдің Алтай өлкесі Таулы Алтай автономиялық облысын қамтиды. Алтайдың терістігінде, Таулы Алтайда Катун, Чуй, Бум өзендері Обь өзеніне құйса, Бұқтырма өзені Шығыс Қазақстанға қарай ағады.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр.
Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Объ өзенінің сол саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады.
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауының батыс беткейінен басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосының тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Иран – Азияның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет.
Моңғолия – Орталық Азиядағы мемлекет. Ресеймен және Қытаймен шектеседі. Астанасы – Улан-Батор.
Орал – Орал облысының орталығы, қала. Негізі 1613 жылы қаланған. Жайық өзенінің жағасында, оған Шаған өзенінің құйған жеріне таяу орналасқан.
Пекин, Бейжің (қыт. Солтүстік астана деген сөз) – Қытай Халық Республикасының астанасы. Ұлы Қытай жазығында, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан.
Сыр – Сырдария өзені. Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып Арал теңізіне құяды.
Сібір – Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.
Тәшкен – қала, Өзбекстанның астанасы. Шыршық өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 440-480 метр биіктіктегі шұратта орналасқан.
Тибет – ҚХР құрамындағы автономиялы аудан. Солтүстігінде Шыңжаң- Ұйғыр автономиялы ауданымен, солтүстік шығысында Сычуань провинциясымен, оңтүстік батысында Непалмен, Оңтүстігінде Бирмамен шектеседі.
Тянь-Шань (қыт. Аспанмен тілдескен тау) – Орта және Орталық Азиядағы тау жүйесі. Тян-Шанның батыс бөлігі Қырғызстанда, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда, оңтүстік батыс сілемдері Өзбекстан мен Тәжікстанда, шығыс жағы Қытайда. Ұзындығы 2450 шақырым.
Үрімжі – Қытайдағы қала. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы. Үрімші шұратында орналасқан.
Шәуешек (Дачэн) – Қытайдағы қала. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында.
Іле – Қазақстан (Алматы облысы) мен Қытай жеріндегі өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне құяды.
ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Нұрболат Оспанұлы – 1928 жылы Шыңжаң өлкесінің Іле аймағы Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан сауатын ашады. Кейін жергілікті жаңаша мектептерде оқып, бастауыш сыныптарды бітіреді. Ескіше, жаңаша сауаттанған зерделі жас ендігі жерде ел арасындағы көкірегі алтын сандық, құймақұлақ көнекөздерден қисса, дастан, шежіре, аңыздарды тыңдап жаттап өседі. 1949 жылдан кейін қоғамдық-әлеуметтік қызметтерге араласқан. Сол жұмыстарында жүріп, өлең мен шежіре, қисса-дастандар құраумен айналысады. Фольклоршының соңғы жылдар ішінде “Қазақ ата шежіресі”, “Алаш шежіресі”, “Қазақ хандарының шежіресі және Абылай”, “Шыңғыс хан шежіресі” қатарлы онға тарта шежірелері мен өлеңдері, қисса-дастандары мерзімді басылымдарда жарияланған.
Бейсенғали Садықанұлы (1911 – 2000) – алғашында ауыл молдаларынан оқып араб тілінде сауат ашқан. Кейін, төте жазуда “Қараоба” орталау мектебін бітірген.
Фольклорлық қыруар материал жинап, оларды түрлі жолдармен жасырып сақтаған. Қытайдағы саяси жағдай оңалып, азаматтық құқығы қалпына келтірілгеннен кейін “Шалғын”, “Мұра” сияқты басылымдарда жиырмадан астам ауыз әдебиет шығармалары мен өзі жырлаған өлең-жырларын, өлеңмен жазған шежіре жырларын жариялаған. Туып-өскен ауданы Дөрбілжін аудандық мәдениет отауының мәдени мұра қорына мың шумаққа таяу өлең-жыр, неше ондаған аңыз, ертегі, 1836 тармақ мақал-мәтел табыс еткен.
Доспер Саурықұлы – 1894 жылы Іле аймағы Нылқы ауданы, Қарасу аулының Жалынқол қыстағында дүниеге келген. 1971 жылы өз мекенінде дүние салған. Жастайынан діни мектепте оқиды. Араб, парсы тілдерін үйренеді, ауылдық мешітке имам болады. Осы тұстан бастап ауыз әдебиеті мұралары мен ел тарихына ден қойған. Әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп ақындар айтысына қатынасады. Осы күнде ел арасына тараған “Доспер мен Алтынның айтысы”, “Сақау қыз”, “Алдар көсе”, “Есенгелді” (“Қызай тарихы”, “Қызай ауған” деп те аталады), “Садуақас – Жомарт” қатарлы оннан астам қисса-дастаны, жүзге жуық тәрбиелік өлең-толғаулары бар.
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов – 1868 жылы Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағы Көктоғай ауданының Қайырты деген жерінде дүниеге келген. 1939 жылы желтоқсанда сол кездегі қытай өкіметі тұтқындап, түрмедегі жантүршігерлік қинаудан 1940 жылы тамызда дүние салды. Бала кезінде немере ағасы Садық Жебенұлы мен ауыл молласы Ғұсманнан оқып сауатын ашады. Есейе келе Бұхарадан келген оқымысты Махбубулладан (Мырза Бақадан) араб, парсы тілдерін оқып үйреніп, түркі, шағатай араб, парсы тілдеріндегі шығыс әдебиетімен танысады. Оқи жүріп, ауыл арасында әзіл-қалжың, қағытпа, арнау өлеңдер шығарады. Бет ашып, ақындармен айтысқа түсіп, ақындық өнерін шыңдайды. Махмутжан деген білімді, ақынжанды адаммен танысып, соның тапсыруымен “Жиһанша” атты қисса шығарады. Оны 1891 жылы Қазан қаласында бастырады. Осыдан былай ол ауызша және жазбаша өлең шығаратын ақындық жолға беріледі. 1914 жылға дейін “Сәйпіл Мәлік – Бәдиғұл Жамал”, “Әбият ақидия”, “Сейтбаттал Ғазы”, “Керей ишаны Мұқамет момын” тектес шығармаларын жазады. 1915 жылдан кейін ақын көзі тірісінде ауызша және жазбаша шығарған шығармалары түгелдей басылым көрмеген. Ел ішінде қолжазба немесе ауызша күйінде тарайды. 1983 жылдан бастап Ақыт мұраларын жинау қолға алынып мерзімді баспа басылымдарда және кітап қып шығарыла бастады. Қазірге дейін “Ақыт Үлімжіұлы шығармалары” деген атпен 67 өлең-жырын, 20 толғауын, 26 қисса-дастанын қамтыған екі томдығы жұртшылықпен бет көрісті. Бұл томға “Туған жер туралы шежіре” еңбегі ұсынылды.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК – Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ – Қолжазба қоры
/а/ – араб
/қ/ – қытай
/моңғ./ – моңғол
/о/ – орыс
/п/ – парсы
/т/ – түркі
/солт./ – солтүстік
/ оңт./ – оңтүстік
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру