TELEGEI

Home

Баянғали Әлімжановтың шығармалары 2-том

Баянғали Әлімжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баянғали Әлімжановтың шығармалары 2-том

Баянғали Әлімжановтың мемлекеттік тапсырыспен шыққан бұл кітабының екінші томына бірқатары облыстық, республикалық театр сахнасында қойылып, талғамы биік көрерменнің ыстық ықыласына, қошеметіне бөленген, өнертанушылар тарапынан да жоғары бағаға ие болған таңдаулы пьесалары жинақталды. Шуағы да, қуаты да бар, өмір-тіршіліктен түйгені көп, тілі түсінікті әрі құнарлы туындылар өмірдің өзіндей сыр шер

Әлімжанов Б.
Шығармалары. Пьесалар. – Астана: Фолиант, 2015.

ІSBN 978-601-302-125-6

Т.2. Театр терезесіндегі сәуле. – 320 б.

ІSBN 978-601-302-127-0

Баянғали Әлімжановтың мемлекеттік тапсырыспен шыққан
бұл кітабының екінші томына бірқатары облыстық, республика­
лық театр сахнасында қойылып, талғамы биік көрерменнің
ыс­тық ықыласына, қошеметіне бөленген, өнертанушылар та­

ра­пынан да жоғары бағаға ие болған таңдаулы пьесалары жи­
нақталды.
Шуағы да, қуаты да бар, өмір-тіршіліктен түйгені көп, тілі
түсінікті әрі құнарлы туындылар өмірдің өзіндей сыр шертеді.

Кейде болмыс, тағдыр, кісілік жайлы ауыр ойға сүңгітіп алып,
азаматтық, адамгершілік, ғұмырлық мұрат жайлы толғанысқа
жетелейді.
Жинақ өнерсүйер, өмірсүйер оқырманға арналған.

ІSВN 978-601-302-125-6

© Әлімжанов Б., 2015
© «Фолиант» баспасы, 2015

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз) - 5

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5 Қаз) - 5

Ә 55

Ә 55

ІSВN 978-601-302-127-0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді

ҚҰДАЛЫҚ

(Тіршіліктің бір қызық-шыжығы)
Екі суретті, жеті көріністі комедия
Мұратбек пен Айжан Оспановтарға арнаймын

ҚАТЫСУШЫЛАР:

СҰРАМШАҚ – құда, қыздың әкесі, 50-де
ҚҰДАҒИ – қыздың шешесі, 48-де
ДӨКЕЙ – Сұрамшақтың інісі, 41-де
ЖЕҢГЕЙ – Дөкейдің әйелі, 36-да

СТАҚАН – құда, Сұрамшақтың туысы, 53-те
ҚҰДАША – Сұрамшақтың туысы, 25-те
ҚЫЗ – Сұрамшақтың қызы, 21-де
ЖІГІТ – Қырындағыштың баласы, 25-те

ҚЫРЫНДАҒЫШ – құда, жігіттің әкесі, 50-де
2-ҚҰДАҒИ – жігіттің шешесі, 46-да
ТАПАЛ – Қырындағыштың інісі, 40-та
ЛӨКТІР – стоматолог, Қырындағыштың балдызы, 40-та

ШОШАҚАЙ – құдаша, Қырындағыштың балдызы, 30-да

БІРІНШІ СУРЕТ Бірінші көрініс Орташа тұратын ауыл қазағы Сұрамшақтың төр үйі. Жеңгей мен қыз бір қызу әңгімені аяқтауға айналған. ЖЕҢГЕЙ: Сонымен солай де!... Бір-біріңді күшті сүйесіңдер ме? ҚЫЗ: Сонымен солай деп жаңа ғана айттым ғой... ЖЕҢГЕЙ: Тағы да айтшы! Айта түсші! Жақсы көреміз деген әншейін жалпақ сөз, тәптіштеп айтшы, қалай сүйесіңдер?! ҚЫЗ: Секрет фирмы! ЖЕҢГЕЙ: Секіреді дейді... секіртпей қоясың ба, сен сиқыр қыз! Әйтеуір, қазір сүюдің неше түрі шығып жатыр... видиктен көріп жүрміз... біз соның бірін де білмеппіз ғой... Әй, тағы қалай-қалай жақсы көресіңдер? ҚЫЗ: Ой, зәкөншік жеңешем-ай сол, не болды сонша? ЖЕҢГЕЙ: Шіркін! Жас болғанға, махаббатқа мас болғанға не жетсін! Жөн білетін қыз болсаң, кісіні жынды қылмай, айтпас па едің бәрін де! ҚЫЗ: Нені? ЖЕҢГЕЙ: Былай... былай... жақсы көреміз деп! ҚЫЗ: Осыныңды ағама айтып қойсам, көрер едің былай... былайды... ЖЕҢГЕЙ: Айта бер... Тезірек айтшы ағаңа... Былай... былайдан өлген әйелді көргем жоқ!.. Мен де айтайын ағаңа... Мына қыз бауыр­дан да бай қымбат деп бір-ақ тартқалы жатыр деп! Айтқандайын, баратын жерің қандай екен? ҚЫЗ: Қандайы несі? ЖЕҢГЕЙ: Әулеті мен сәулеті қандай, бәрінен бұрын дәулеті қан­дай екен деп сұрап тұрмын мен сенен! ҚЫЗ: Білмеймін... енді... әке-шешесі, туыстары бар көрінеді.Өзі­міз сияқты... Ауылда тұратын... оп-оңды кісілер... ЖЕҢГЕЙ: Түсінікті! (Өзіне-өзі) Сенің әке-шешең сияқты болса, жетіскен екенбіз! (Қызға) Қазіргінің қыздары «ақшасы көп, ақылы аздарды аулайтын қу болады» дейтіні қайда? Шалбарына емес дол­ларына қарайтын заман емес пе? Жөн білетін қыз болсаң, осы жағын ойлар едің ғой...

ҚЫЗ: Жеңеше! Не деп тұрсыз? Біз бір-бірімізді жақсы
көреміз, бітті! Басқа әңгіменің керегі жоқ!
ЖЕҢГЕЙ: Керегі болғанда қандай! Дүние тек екеуіңе ғана
тіреліп қалған жоқ! Әлі-ақ көзің жетеді! Тек өзіңдей кейбір

қыздардың кәмерсанттарға тиіп алып, шікірейіп шыға
келгенін көргенде, ішіміз қыз-қыз қайнайды. Сен солардан кем
бе едің... мұғалімге тиетіндей? Мүмкін, әлі де ойланарсың... ә?
ҚЫЗ: Өзім сүйген жарымды ақшаға да, басқаға да айырбас­

тамаймын! Жеңгем деп сырымды ашып, ақылдасып отырсам,
қайда­ғы-жайдағыны
айтып,
көңілімді

неге
алай-дүлей
қыласыз?
ЖЕҢГЕЙ: Жә, жә... Ойнап айтамын, ойнап айтсам да сенің

қа­мыңды ойлап айтамын. Піскен жемістің уағымен үзілгені
жақсы... әйтпесе... иә... Сонымен уәде қалай?
ҚЫЗ: Соның мәнісін сізден сұрағалы отырмын...
ЖЕҢГЕЙ: Сұрайтын несі бар? Ың-жыңсыз қашып кеткенің

дұрыс!
ҚЫЗ: Не дейсіз?
ЖЕҢГЕЙ: Фишт! Қаш та кет!
ҚЫЗ: Неге?

ЖЕҢГЕЙ: Қолдан ұзатқанның әлегі көп, қалқам! Заң
бойынша, әуелі құда түседі – ол бір расқот. Алып кетуге тағы
келеді топтанып – тағы расқот. Қыз ұзату тойының шығыны
шаш етектен... Заман болса мынау – кімнің шекесі қызып отыр

қазір? Тоқетері, әке-шешеңді аясаң, тып-тыныш тайып отыр!
ҚЫЗ: Айтпай кетіп қалсам, папам мен мамам ренжіп,
жыламай ма?
ЖЕҢГЕЙ: Неге жылайды, ей? Бойжеткен қыздың абырой­

мен те­ңін тапқанына дені сау адам қуанбаса, жылай ма екен?
ҚЫЗ: Қолымнан қызықтап ұзатар едім ғой деп өкпелесе ше?
ЖЕҢГЕЙ: Жоға! Ашып айта алмайды папа-мамаң, әйтпесе
әуре қылмай зытып отырғаныңды теріс көрмейді!

ҚЫЗ: Елден ұяттау болмай ма? Ешкімі жоқ адам құсап...
ЖЕҢГЕЙ: Сүюге ұялмағанда тиюге ұяласың ба? Сенен зорлар
да жігітінің етегінен мықтап ұстап алып, жердің түбі болса да
бір-ақ тартқан. Міне, өзіміз де келгенбіз... жаман ағаңның тар-

тар еткен екі аяқты матасекілінің артында талтайып отырып-
ақ... Ибай-ай десейші, тым болмаса көгала құрдас сияқты үш

аяқты матасекілдің лөлкесіне де мінгізіп әкелмеді-ау, лағанат!
Бірақ, шүкір, содан жаман болған жоқпыз. Әлгі екі аяқты
матасекіл құтты болып, әуелі егіз тауып жіберді ғой мына
жеңешеңіз!

ҚЫЗ: Үш аяқты матасекілмен қашқанда, үшеу болар ма еді?
ЖЕҢГЕЙ: Пай, шіркін! Инеліктей боп иномаркімен қашқан
сен­дердің төртеу тапқандарыңды көрермін!
ҚЫЗ: Бұйырғаны болар...

ЖЕҢГЕЙ: Болсын, болсын... Тезірек болсын десең, тезірек
қашып кет! Жігіттің жеңі қолға ілікті ме, айырылма! Ырғалып-
жырғалып, бұлданып жүргенде талай қыз байсыз қалған жоқ
па? Айтқандайын, әлгі мұғаліміңе иномаркі қайда-а! Тіпті

трәктірдің өзіне сәләркі табу оңай емес. Егер жөн білетін жігіт
болса, ат-арба, белесепет тапса да жарар...
ҚЫЗ: Жаяу болса да кетемін!
Қараңғы түседі.

Екінші көрініс
Сол үйдің іші. Сұрамшақ әйелімен, Қырындағыш әйелімен,
жеңгей бесеуі мәжіліс құрып отыр.
ҚҰДАҒИ: Ал құдағи, сөзді қойып, іске кірісейік. Барлығын

жіпке тізіп, бақайшағына дейін бұлдап, базарлап отыратын
баяғының уақыты емес. Заман басқа, заң басқа. Әйтсе де
атадан мирас жөн-жоба, жол-жоралғы бар. Көктегіні көгендеп,
жердегіні түгендеп бер демеймін... Бірақ әлпештеп, отырған

сәбиімді, бөбегімді әкетіп отырсың, өкпе-бауырымды суырып,
жүрегімді жұлып әкетіп отыр­сың...
2-ҚҰДАҒИ: О не дегеніңіз, құдағи... Сіздің де, біздің де бір
баламыз екеу боп жатқанда, мұныңыз қалай?

ҚҰДАҒИ: Әрине, алып отырған сізге рахат... Беріп отырған
ма­ған батады да... Айдалаға... ата-бабамыздың аяғы баспаған
«Сә­бет­скийге» кететіндей не әкетіп барады екен сонша? Сондай
бір қара бала осы елден де табылатын еді ғой...

2-ҚҰДАҒИ:

Құдағи!
Жетеді!
Қойыңыз
енді...

Менің
баламды неге қара бала деп қомсынасыз?Менің балам қаптаған
қара баланың бірі емес... Аппақ, әп-әдемі, особи бала... өзім

сияқты... Иә, біз де айтып жатырмыз... құлақ естісе де көз
көрмеген «Кәмөнезмнің» кердиген тәмпіш қызына несіне
қызықты екен деп... Өзіміздің«Сәбетскийде» де майысып
тұрған небір момын қыздар бар еді-ау, шіркін!

ҚҰДАҒИ: Сіздің балаңызды қара дегем жоқ... Қара бала
деген қазақы сөздің мәтелі емес пе?
2-ҚҰДАҒИ: Мәтел болса да кісінің көңіліне келеді...
ҚҰДАҒИ: Шамшылын қарай гөр! Балаң өзіңе тартса,

қызымның күні туған-ақ екен!
2-ҚҰДАҒИ: Саған тартса қызың да бізді қарық қылмас!
Мен шамшыл болсам, сендер заңшылсыңдар! Шамдандырып
отырған өздерің! Келгелі бір қабағыңды бермей, қырыңа

алатындай не қылдым? Құдай қосты, мен көндім деп, басымды
иіп, қолымды қусырып, ақ тілекпен алдыңа келгенде, құ­
шағыңды жаймасаң да, қиқуламай қарсы алсаң нең кетуші еді?
Екі сағат далада тік тұрғызып қойып, тергеп, жер-жебіріме

жетіп, жертесемді қазатындай не жаздым? Мың жылдық құда
болдық деп отырмыз, дәл осыныңды мың жылда ұмытпаспын!
ЖЕҢГЕЙ: Құдағи... Жөн білетін кісі болсаңыз, айтатын
сөзіңіз бұл емес. Немене, қызымызды даладан ұрлап әкеткеніңе

қуанып, алақайлап шығайық па?
ҚҰДАҒИ: Адам құсап алдымнан өтіп, қолымнан неге
алмайсың?
2-ҚҰДАҒИ: Мен үйреткем жоқ алып қаш деп... Осы күнгінің

жастары бізді тыңдай ма? Өздерінің келісіп істеп жүргендері...
ЖЕҢГЕЙ: Заң бойынша, қыз берген жақ басында біраз
бұлданып, құдаларды қысыңқырап, қуырыңқырап алатынын
білмейсіз бе?

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Дұрыс айтасыз, әбден дұрыс! Сіздерден
қыз алған бізге де сол керек! Қысыңыз... Қуырыңыз...
күйдіріп-жан­дырыңыз... айналайын ақ құдағиым! Мен бәріне
мақұлмын!

2-ҚҰДАҒИ: Сен жайыңа отыр. Жанғың кеп бара жатса, өзім-
ақ өртеп жіберейін қазір! (Құдағиларға) Заң-зәкөн дегенде
тақ-тақ етесіңдер, ал мен сендердің заңдарыңа бағынбаймын!
Алатын қызды балам алып алған! Енді бақырсаң да, шақырсаң

да күш менде! Алла тағала ұзағынан сүйіндіріп, балалар
бақытты, ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болсын!

Бәрі (қосарлана): Әмин!
2-ҚҰДАҒИ: Басқа шалтай-балтайыңды білмеймін! (Жең­
гейдің да­уысына салып) Жөн білетін кісі болсаңдар, бір шай
беретін кез­дерің баяғыда болды.

ЖЕҢГЕЙ: Шай қайда қашар дейсіз... бәрі де бола жатар...
Заң бойынша әуелі мәселені шешіп алайық!
ҚҰДАҒИ: Онда былай, құдалар...
СҰРАМШАҚ: Айтатыныңды мәймөңкелемей айт! Мәментті

пай­даланып, сұрайтыныңды сұрап қал! Күнде қыз беріп
жатқан жоқпыз!
ҚҰДАҒИ: Айтсам, ата жолымен қалыңның ырымын
жасайсың... Әкесіне ат, анасына алтын дегендей...

СҰРАМШАҚ:

«Жигулидің»
төрт
жаңа
доңғалағын

берсеңдер, ма­шина мінгендей көрер едім. Тағы бір ескеретін
нәрсе әкумуләтірім алқынып, кәрбирәтірім қақалып жүр...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Кенераторың қоңқылдап, мартизаторың
тоң­қылдаған жоқ па?

СҰРАМШАҚ: Оны да беруші ме ең? Қап, аузыма түспегенін
қа­рашы!
ҚҰДАҒИ: Темір-терсегіңді бойың үйренген соң түгендей
жата­сың ғой. Жолға қоспа оныңды! (2-құдағиға) Тоймал, оң

жақ, үш үйге ілу, екі жеңге қалта, тағы басқа да андай-мұндай
кәделерін түгендеп берерсің... Менің де дос-дұшпаным бар
дегендей...
2-ҚҰДАҒИ: Кәкүр-шүкірді көбейте бермей, жалпы сомасын

бірақ айтсаңыз болмай ма?
ЖЕҢГЕЙ: Кәкүр-шүкір деп халқымыздың салт-дәстүрін
келе­междемеңіз, тәбәріш құдағи! Біздің ел – «Кәмөнезм» елі
жөн-жобамен жүретін, атадан қалған жол-жоралғыны қатты

ұстайтын, қажетіне қарай қосып, дамытып отыратын текті ел.
Біз әр нәрсеге үлкен мән береміз, сәл нәрсеге баладай мәз болып,
достасып кетсек, сәл нәрсеге баладай бұртиып, қастасып та
кетеміз. Тіпті титтей нәрсенің өзін ырымдап, кәделеп, кәдірлеп

жүреміз. Бізбен дос болғыңыз келсе, құдағи, осы тәртібімізге
көнесіз. Жаңа ардақты абысыным, үлкен үйдегі ұлағатты кісі
сізге шет-жағасын ғана айтып, ар жағын әдейі маған қалдырып
отыр. Сол сенімін ақтап, мен кәнкіретні кірісейін!

СҰРАМШАҚ: Е, бәсе! Өзім де осыныңды тосып отыр едім!
Жанашырым емес пе, қайтсін!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ақ құдағиымның айтқанын түгел орын­
дауға әзірмін!

ЖЕҢГЕЙ: Олай болса, көрейік құданың қанша жерге же­
тетінін! Алдымен, заң бойынша, ұлы атамның жолына түйе,
кіші атамның жолына бие атап, бірін үлкен үйге, бірін кіші үйге
байлайсыздар. Құда, құдағиға көрімдік бересіздер, аман-есен

көргендеріңе қуан­ғандығыңның белгісі. Бас құданың астына
қалы кілем сала­сың­дар, құданы хан көтердік дегендерің.
Құдағиға палас, ханымға бала­ғандарың. Құданың ең жақын
інісінің үйіне кішірек кілем – керегеміз кеңіп, қанатымызды

жайдық дегенді білдіреді. Кіші құдағиға, яғни маған, алтын
сырға... тек жақсылық естиік деген­дерің...
2-ҚҰДАҒИ: Тұра-тұр... бір қағазға жазып алмасақ, үйге
барған­ша ұмытып та қалармыз!

ЖЕҢГЕЙ: Абыржымаңыз, құдағи, мен өзім бәрін де бір
дәптер ғып әдемілеп жазып беремін. Қазір мақұл десеңіз болды!
Иә, сонымен нені ұмыттым... тәк, тәк... ананы айттым, мынаны
айттым, тағы анау... анау... мынау бар... иә, айтқандайын

алғашқы дәм тату деген бір тамаша зәкөн бар!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Өй, айналайын, тезірек соған көшші өзі,
ше­гімізді шұрылдатпай...
ЖЕҢГЕЙ: О-о, құда, асықпаңыз, шегіңіздің іші-сыртын

май­лаймыз әлі! Құдаларға ең алғаш дәм татыруға ел болып
жиналамыз! Қолға су құйған балаға көктеп өсе бер деп көк
көйлек, бірінші нанды әпергенге ақ ниетті болайық деп ақ
көйлек кигізесіз. Шай құйған әйелге шәйі көйлек, кесеңізге

май салған кісіге сары көйлек, күріш бергенге пүліш,
қысқасы, айтқанымызды қыңқ етпей тыныш бересіз!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Түзге отырғанға түк алмайсыздар ма,
әйтеуір?

ЖЕҢГЕЙ: Оның да реті бар, құда. Қорықпаңыз, сізді түзге
өзім ертіп апарамын. Бас табаққа бес мың, төс табаққа төрт
мың тас­тайсыз... Бұл біздің жақта істейтіндерің. Ал тойды өз
жағыңда, өзде­ріңше өткізе бересіздер!

2-ҚҰДАҒИ: Біздің жақта той мен құдалықты бір-ақ өткізеді.
Қай­та-қайта әуре болғанша, сол дұрыс емес пе?

ҚҰДАҒИ: Дұрыс емес. Біздің зәкөн бойынша, қыз берген
жақтан тойға жастар ғана барады, Үлкендерді тойдан кейін
құдалыққа ша­қырасың. Қырық кісі боп барамыз. Бас-басына
кит бересің. Әйт­песе ырзалық жоқ!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Қырық кісің қалың қолмен бірдей.....
тым ауыр болады... заман болса мынау!
2-ҚҰДАҒИ: Құдағи! Бері қараңыз, мұныңыз тым нелеу...
Тала­быңызды кішкене азайтыңыз. Тіпті базардағы танымайтын

кәмер­сәнттар да сөйлесе-сөйлесе, келісіп, табарының бағасын
түсіріп бе­реді ғой!
ҚҰДАҒИ: Ибай, бетім-ай, немене, менің қызым табар ма
сонша! Саудаласпайық өйтіп!

2-ҚҰДАҒИ: Саудаласып отырған өзіңіз емес пе? Е-е, мейлі,
сау­далассақ несі бар, саудасыз тіршілік бола ма? Сауданың
ең дөкейі осы шығар... Жаңағы айтқаныңыздың жартысына
келісуге болады...

ҚҰДАҒИ: Қарай гөр мынаны! Жартысын кемітетін, немене,
менің қызым жарымес, жарымжан деп пе едің? Айтқаныма
көнбесең, айда бар, арзан қыз тауып ал! Далада жатқан қызым
жоқ!

2-ҚҰДАҒИ: Сабыр, сабыр құдағи! Ашумен артық кетпеңіз!
Балалар сізге де, бізге де ортақ, солардың берекесін ойлайық!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: (2-құдағиға) Жарайды дей берейік те!
Басын бапан, аяғын сапан қылармыз! (құдағиларға) Мақұл,

құдағи, не десеңіз де мақұл! Әлгі айтқаныңыздың бәрін де
біртіндеп беруге тырысамыз. Дәл қазір дайындығымыз жоқ,
кішкене мұрсат бер. Етек-жеңімізді жиып, қамданайық. Той­
ды өткізген соң, құдалыққа келгенде, шамамыз жеткенше

береміз бәрін де!
СҰРАМШАҚ: Беремін деген аузыңнан айналайын сол,
алтын құдам! Біз де мақұлмыз, ерте, кеш демейміз, берсең
болды... Бас аман болсын!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Иә, бас аман болсын, балалар аман бол­
сын! Қалған шаруаның бір жөні болар! (Бәрі: «Иә», «иә», «со­
лай» десіп, екін­ші құдағи әкелген қоржынды ашып, көріп жат­
қанда, шам сөнеді.)

Үшінші көрініс
Сұрамшақтың төр үйі. Жеңгей мен дөкей отыр.
ДӨКЕЙ: Иә... қалай, құдалар?!
ЖЕҢГЕЙ: Өй, өздері бір өңкей дүңгәнә! Жөн білмейді,

айтсаң ұқпайды. Таршылық дейді!... Қысқасы, бізге пар емес...
Дажы қал­таға ақ жүзікті көбірек тағуға шамалары жетпепті.
ДӨКЕЙ: Сәбеттің жиырма тиындық күмісінен соғылған ақ
жүзікке бола несіне сонша шала бүлінесің?

ЖЕҢГЕЙ: Әңгіме – ізінде! Жол-жоба бар емес пе? Жолымды
сый­ламағандары жүйкемді жұқартып-ақ тұр! Бәлем, көрермін!
Үй­ретермін әлі жөн-жобаға!
ДӨКЕЙ: Сенікі жөн, зәкөншігім!

ЖЕҢГЕЙ: Жөн болғанда қандай, дәкөйшігім! Қызды да мен
қашырып жібергенмін!
ДӨКЕЙ: А-а?!
ЖЕҢГЕЙ: Да-а! Егер қолдан ұзатса, салмақтың бәрі бізге

түспей ме? Сұрамшақ қайнағаның жайы белгілі. Осыларды
өрге сүйреймін деп-ақ жүдеп жүргенің жетер!
ДӨКЕЙ: Қатырған екенсің!
ЖЕҢГЕЙ: Құдалар келгенде жаным қалмай жөн-жоба көр­

сетіп-ақ бақтым. Сөйтіп жүрген маған ақ жүзік тимей қалды
деген не сұмдық! Сенің ана жеңгең жолдың бәрін өз туыстарына
таратып берді, алдымен абысыны – менің көңілімді таппай ма?
Бүкіл елдің алдында ақ жүзіктен құр қалып, ақ жүзімді төмен

салдым ғой!
ДӨКЕЙ: Тәк!
ЖЕҢГЕЙ: Ол мені ғана емес, дөкейшік, осы елдің асқар
тауы – мына сені сыйламағандары!

ДӨКЕЙ: Жарайды! Ап кел! (Жеңгей бір бөтелке арақ әке­
ліп, қыр­лы стақанға толтыра құяды. Дөкей қағып салып,
жұдырығын иіс­кейді). Көрерміз!

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Қырындағыш үйінің алды. Үлкен ақ киіз үй тігілген.
Жас жұбайлар шаруа қамымен жүр.
ҚЫЗ: Сен мені күшті жақсы көресің бе?

ЖІГІТ: Иә, мен сені күшті-і жақсы көремін!
ҚЫЗ: Тек мені ғана жақсы көресің ғой, иә?
ЖІГІТ: Тым эгоист болмасайшы!
ҚЫЗ: Ах, сонда менен де басқа жақсы көретіндерің бар ма?

Айт кәне, кім?
ЖІГІТ: Енді... ол кім... кім болушы еді? Әке-шешемді жақсы
кө­ремін!
ҚЫЗ: О-о, мен де папам мен мамамды күшті жақсы көремін!

Менің папам мен мамамдай ата-ана жоқ қой бұл ғаламда!
ЖІГІТ: Әркімнің ата-анасы өзіне ыстық. Бірақ енді біздің
екі ата-анамыз бар. Біз оларды бірдей жақсы көруіміз керек!
ҚЫЗ: Солайы солай-ау! Бірақ... білмеймін... бірте-бірте

жақсы көріп кетпесем... Біртүрлі папам мен мамамды сағына
беремін. Оның үстіне біздің жаққа келгелі апамның да қабағы
қатыңқы.
ЖІГІТ: О кісі де әзірге саған үйрене алмай жүрген шығар...

Әлі-ақ қызындай жақсы көріп кетеді...
ҚЫЗ: Қайдам... Әйтеуір, ана жолы барғандарында көп
нәрсеге келісе алмаған тәрізді. Папам мен маманың айтқан­
дарына көніп, көңілдерін аулай салса қайтеді екен? Келіп-

кеткендерден естідім... сөзге келіпті.
ЖІГІТ: Папам, мамам дегенде сондайсың, бір мезгіл менің
де әке- шешемді ойласаңшы.
ҚЫЗ: Ойлай жатармыз әлі! Әзірге мендей баласын алып

отырып, папам мен мамамды ренжіткендері жаныма қатты
батып жүр. Қал­таны да дұрыс апармапты, жеңгеме ақ жүзік
жетпей қалыпты!
ЖІГІТ: Ой, қойшы! Қайдағы бір қазақпайский мелочтар

үшін сонша таусылып...

ҚЫЗ: Ол ұсақ-түйек емес. Ол – жөн-жоба! Менің туыста­ рымды ренжіткендері – мені ренжіткендері! Соны неге ойла­ майды? Қалтаны, ілуді – бәрін де жөндеп бермей ме?! ЖІГІТ: Ілу-сілуді қайтеміз, сүюді білсек болмай ма?! (Құшақта­мақ бола бергенде, кісілер келіп қалады. Әңгімелері аяқталмай қалған жастар көпшілікпен араласып кетеді. Қырындағыш, 2-құда­ғи, лөктір, Тапал, Шошақай және басқа да тәуір киінген бір топ адам құдаларды күтіп, жол жаққа күн сала қарап тұр). ТАПАЛ: Урр-ря-әә! Құдалар келе жатыр! БӘРІ (қосарлана): Қане? Қане? Әне, әне! Алақай, Алақай! ЛӨКТІР: Алты сағат күттіріп, келді-ау ақыры. Е-е, уағымен жүрсе тағынан түсіп қалмай ма қазекем! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Қарасы қанша екен? ТАПАЛ: Білмеймін, әйтеуір, қаптап келеді! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Тайлы-таяғына дейін тік көтеріліп, бір­ жола көшіп келе жатқаннан сау ма? Жиырма бес кісіге зорға келісіп еді... ЛӨКТІР: Мейлі, енді не болса да қарсы алғаннан басқа амал жоқ... 2ҚҰДАҒИ: Арқан керіңдер! Арқан! ШОШАҚАЙ: Міне, міне, арқан! Құдалардың қалтасын бір қа­ғайық! (Бір құдашамен екеуі арқан кереді. Құдағи ақша бе­реді. Шо­шақай арқанды жібермейді, құдалар іркіліп тұра бе­реді). Ой, құдағидың бергені жүз-ақ теңге! Какой позор! Алар­сың атаңның басын деген осы шығар... Жақсы құдалар дол­лар береді деуші еді! ҚҰДАҒИ: Қайдан білейік... қайсысына берерімізді... Әр жерде бір арқан... ауылдың шетінде бір, көшенің ортасында бір тоқтатып... шекарадан өткеннен жаман. Дайындап әкел­ гендерімізді солар қағып алды... ШОШАҚАЙ: Немене, келмей жатып таусылып қалдыңыздар ма? ҚҰДАҒИ: Жә, тоқтат шырағым, тонағалы шақырып па едің? ШОШАҚАЙ: Қорықпаңыз, құдағи, қарақшы емеспіз. Бі­ рақ алты сағат бойы алаңдап, алдарыңнан аңқылдап, арқан керіп шыққанда атамның басын бергендеріңді өмір бойы

ұмытпаспын! Хи-хи-хи! Жұрттың бәріне жаямын... Құдалар
жадный, жарымаған деп...
ҚҰДАҒИ: Адырам қал! Жая бер... жамандай бер! Сендерге
жақсы атты боп, жағынайын деп келгем жоқ! Селтең-селтең

еткен сапалақ неме, сенің сөзің кім, өзің кім?! Әкет мынау
арқаныңды! (Құдашалар арқанды алады. Осы кезде қарсы
алушылар бері жақындайды. Келгендер ілгері басады. Абыр-
дабыр басталады. Қарсы алушылар жарыса, қосарланып:

«Құдалар қош келдіңіздер!», «Қадамдарың құтты болсын!»,
«Құдайым ұзағынан сүйіндіріп, екі жас бақытты болсын!»,
«Екі жағымызға да қайырлы болсын!» десіп, қол алысып,
құшақтасып, мәре-сәре, мәз-мәйрам болады).

ШОШАҚАЙ: Шашу! Шашу! (Құдағи кәмпит, тиын ша­
шады. Шошақай сұлы шашады).
БӘРІ (қосарлана): «Ал, ал», «Шашудан алыңдар!», «Той
тойға ұлас­сын!» (Кәмпит, тиынды бәрі теріп алады. Әлі де

құшақтасып, қыз бен жігітті ортаға алып, мәз боп жат­
қандар бар).
ҚҰДАША: (Еңкейе бере, қайта көтеріліп, жеңгейге) Ойбай,
кіріп кетті!

ЖЕҢГЕЙ: Не кіріп кетті? Қайда кіріп кетті?
ҚҰДАША: Арқама сұлы кіріп кетті!
ЖЕҢГЕЙ: Е-е, сұлы болса... арқаңа болса... ештеңе етпес...
Маған да бір уысы кіріп бара жатыр... Мүлде кіріп кетпей тұр­

ғанда, жүр, қа­ғынып келейік!
ҚҰДАША: Барымызды киіп, байлауымызды салып, мұн­
таздай боп жарқырап келгенде, сұлы шашқандары несі?!
ЖЕҢГЕЙ: Өй, бұларды қойшы... (Екеуін қыз ертіп кетеді.

Сәл уақыттан соң қайтып келеді.)
СҰРАМШАҚ: (Қырындағышқа) Уа, құда! Мыналар шап­
қалы келген екен деп шошымаңыз! Сіз жиырма бес кісі
дегенсіз, біз одан асырмасақ, еркелігіміз қайсы, көтермесеңіз,

сіздің серкелігіңіз қай­сы! Әлдекімдер құсап селдіремей, жетпіс
бес кісі боп келдік! Көңіл сыйса, бәрі сияды! Қызымыз да
бауырларын сағынған шығар, көрсін, білсін, жас құдалар да
танысып, аралассын деп келдік!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Дұрыс қой, дұрыс...
СҰРАМШАҚ: Атам қазақ тойға кісіні саусақпен санап
шақыр­маған, күллі далаға сауын айтып шақырған... Иә...

ЛӨКТІР: Бірақ қазір атам қазақтың заманы емес қой. Жағ­
дайға қарап, тәртіппен жүрген де дұрыс!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жә... Бір жөні болар... Үйге кіріңіздер...
(Та­палға) Жастар жағын отау үйлерге апарыңдыр... (Бәрі киіз

үйге кіреді).
Екінші көрініс
Он екі қанат киіз үйдің ішінде, дәмге толы дастархан
басында құдалар отыр. Жастар кіріп-шығып, қызмет

жасап жүр.
ТАПАЛ: Ал, қане, аса құрметті құда, құдағилар, құдашалар!
Ананың ақ тілегіне аппақ шіркінді аппақ қып ап қояйық!
(Жан-жағына қарап, стақан соғыстырады. Әйелдер жағын

Шошақай бас­қарады. Бәрі де бірден іше қоймай, бір-біріне қа­
рап, жымыңдап, тар­тыншақтайды).
ТАПАЛ: Ал, қане, алыңыздар... балалар үшін...
ШОШАҚАЙ: Қане, қане, құдағилар, құдашалар... Ананың

тілегі қабыл болсын десеңіздер, алыңыздар!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: (Сұрамшаққа) Қане, жастарға үлгі көр­
се­тіп, екі құда қосылып бір алайықшы! (Екеуі алып қояды).
Міне, құдам маладес екен, өзім сияқты екен!

ШОШАҚАЙ: Қане, құдалардан қалмайық!
ЖЕҢГЕЙ: Арақта тұрған не бар дейсің?!
ШОШАҚАЙ: Рас, әңгіме арақта емес... Әңгіме – көңілде...
Ал көңілді қалдырмау керек!

ТАПАЛ: Ал, дабай!
ШОШАҚАЙ: Ал, дабай!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ал, дабай! (Лөктірден басқасы алады).
ТАПАЛ: Е-е, бәсе! Бастау қиын ғой не нәрсені де! (Бәрі дәм

алады).
ҚҰДАША: Ойбай! (Жұрттың бәрі «Не болды?», «Не боп
қал­ды?» десіп жалт қарайды)
ҚҰДАША: Тісім! Тісім! Тісіме тас тиді!

ҚҰДАҒИ: Тасы несі?
ЖЕҢГЕЙ: Қайдағы тас?
ҚҰДАША: (Орамалмен аузынан бір күміс тиын алып шыға­
ды) Ух! Зәрем кетті ғой!..

ШОШАҚАЙ: Ой, құдалар-ай! Сонша қорқып не болды?
Біздің елдің зәкөні бойынша, құдаларға қалжыңдап кейбір
бүйрешкенің ішіне жүзік, моншақ, тиын тығамыз. Көбірек
жеңіздер, бәлкім, ал­тын сақина, яки сырға шығып қалар!

ЛӨКТІР: Білезік жоқ па, әйтеуір!
ҚҰДАҒИ: «Таспен ұрғанды аспен ұр» деуші еді атам қазақ.
Ас­тарыңа тас қосып беретіндей бастарыңа не күн туды, ә?
ЖЕҢГЕЙ: Итке ине бергендей...

ҚҰДАҒИ: Салт болмай адырам қалсын... Біреудің тамағына
тұрып қалса қайтесіңдер? Қайбір алтын, күміс дейсің, түкке
жарамайтын жылтырақтар да әншейін... Тіпті гауһар боп кетсе
де, малжаңдап ауыздан алып жатқанның несі қызық?

ТАПАЛ: Апырмай, құдағи-ай, тым қатты кетпеңіз! Әйтеуір,
тіс аман ғой, ә, әдемі құдашам! Ал, аман болса, сол үшін ап
қояйық. Ал, дабай! («Ал дабай» деседі қосылып).
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Тіс жағынан қам жемеңіздер, мына

құда­ла­рыңыз –(Лөктірді көрсетіп) біздің балдыз, күйеу
балаларыңыздың нағашысы – лөктір! Тістің бастығы!
СҰРАМШАҚ: Ой, айналып қана кетейін сол, көп жаса!
Міне, енді өз лөктіріміз бар. Құдай жеткізді деген осы! Тіс­

тен қорлық көріп жүргеннің бірі мен едім... Тіпті... мына
бүйрешкелеріңнен де жегем жоқ содан қорқып... Сендей құдам
тұрғанда енді ешкімге жалынбай-ақ қойдым! Мына тістерімнің
емдейтінін емдеп, жөндейтінін жөндеп, оған келмейтінін

қағып алып, орнына алтын, күмістен толтырып салып бер де,
ақ батамды ала ғой!
ЖЕҢГЕЙ: Лөктір құда, күйеу баланың нағашысы болған
соң, бізге нағашы құдасыз, тіпті нағашымыз десек те сыя береді

қазақ жолына... Мына менің де барлық тісімді, болмағанымен
жарты тісімді алтынға ауыстырып берсең... Шіркін... құдам
салып берді деп жарқыратып, жақсы атыңды жұртқа жайып
жүрер едім...

ҚҰДАША: Менің де әлгі тісім ыстық шай тисе қақсайтын
сияқ­ты.
ТАПАЛ: Сіздер немене, құдалыққа емес, кәпитальни ре­
монтқа кел­діңіздер ме?

ЖЕҢГЕЙ: Жоға! Лөктір құда құдаларын емдеуге бұлданса
өзі білсін... бір пайдасы тимесе, құда болып, туыс болып не
керек? Соны да қызғанасың ба?

ЛӨКТІР: Қысылмаңыздар, айналайын құда, құдағилар,
құда­шалар! Біз өзі үй ішімізбен дәрігерміз. Қолдан келгенді
сіздерден ая­маймыз! Жөндейтін, ауыстыратын, алып-салатын
тағы нелеріңіз бар? Біздің үйдегі құдағиларыңыз – гинеколог!

ЖЕҢГЕЙ: Көтек!
ТАПАЛ: Ал, дабай, сол үшін! (Бәрі «Ал, дабай!» деп ішеді.
Үлкен та­бақпен құйрық-бауыр әкеледі. Ырду-дырдудың ара­
сын­да қыз жігіт­ке сөйлеп қояды).

ҚЫЗ: Сенің әне бір жыртықай жеңгең... жадный, жары­
маған деп менің туыстарымды неге жамандайды, ә? Немене,
бауырларымның бір келгенін көтере алмай қалдыңдар ма?
Шошақай немеңе айт, қойсын ондайын...

ЖІГІТ: Ой, жаным... о не дегенің... (Екеуі де жүгіре басып
кетеді).
ТАПАЛ МЕН ШОШАҚАЙ: (Қосылып, әндете) Құда жолын
жа­са­йық, құйрық-бауыр асайық, құйрық пенен бауырға мың

тең­гелеп шашайық!
ТАПАЛ: Тәк (Білегін сыбанып, қолды табаққа салып жі­
беріп, құйрық-бауырды уысына толтыра шеңгелдеп алады.
Сұрамшаққа қарата) Қане, құда! (Сұрамшақ қолымен алмақ

болады. Оған бер­мейді.) Жо-жоқ! Қолмен алғанды қойыңыз,
әкеліңіз
ауызды!
Ата-бабамыз

құйрық-бауырды
осылай
тоғытып жібергенде, нағыз құ­далар толғамай жұтқан!
СТАҚАН: Ой, құда, немене, аузымызға тығайын деп жатыр­

мысың?
ТАПАЛ: Тыққанда қандай! Әсіресе дәл мына екеуіңнің
(Дөкейді нұсқайды) аузыңа былай... бұрап-бұрап тығамын!
(Жұрт «қайтеді?» десіп бір-біріне қарасады).

ЛӨКТІР: Қой, енді ұят болады! Құдалар өз еркімен алсын!
СТАҚАН: Иә, иә, біздің елде құйрық-бауырды табақпен
құдалар­дың алдына қояды да, әрқайсысы рет-ретімен алып
жейді!

ТАПАЛ: Ол дұрыс емес! Шаңыраққа қараңыз! Сіз «Кәмө­
незм» қалқозында емес, «Сәбетский» сапқозында отырсыз.
Біздің елде біз­дің заңға бағынасыз!
СҰРАМШАҚ: Кімнің заңы болса да, андағы май-май қо­

лыңнан асай алмаймын! Өз қолымызбен әдемілеп алып жесек
болмай ма?
2-0046

ТАПАЛ: Немене, жиіркенесіз бе қолымнан? Қорықпаңыз,
жұқ­палы ауруымыз жоқ... Лөктір қасымызда...
СҰРАМШАҚ: Сонда да кім біледі... аумалы-төкпелі
заман... не­ше түрлі пәле шығып жатқанда, біреудің қолын бі­

реудің аузына тықты деген не сұмдық!
ТАПАЛ: Мың жылдық құда болатынымыз рас болса, асайсыз
қо­лымнан! Қайтармаңыз қолымды! Бізге бір дені дұрыс құда да
кездеспеген екен!

ЛӨКТІР: Ойпырмай! Мән бермейтін нәрсеге мән беріп, сән
көр­мейтін нәрсені сән көріп, сәл нәрсеге бола дауласып, жау­
ласып қай мұратқа жетпекпіз? Қойсаңшы енді, берекені
кетірмей!

ТАПАЛ: Сендер қазақ емессіңдер! Нағыз қазақ, міне, мы­
надай бо­лады! ( Өзі бір-ақ асайды. Құдалар құйрық-бауырдан
бір-бірлеп алып, бір-бір стақан арақ ішеді. Таза табаққа әркім
әр түрлі ақша тастайды).

ТАПАЛ: Бұл не? Осы да ақша ма? (Жастар табақтарды
алып кетеді).
ЛӨКТІР: Қойсаңшы! Мәселе алған-бергенде ме екен?
СҰРАМШАҚ: Иә, иә, мәселе көңілде. Адам бір-бірінің

көңілін таба білу керек. Мысалы, менің көңілім мына кілемге
кетіп отыр... (төрде ілулі тұрған үлкен кілемді нұсқайды).
Түгі төрт елі, келіскен дүние екен. Құдамның бергені деп ауыл-
аймаққа ауыз толтырып айтып отырсам жарасады-ақ. Өзі

біздің залдың полына әдейі өлшеп жасалғандай... Сізден қа­
лауым осы, құда!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Уа, құда, бұл кілем ұлы атамыздың кө­
зіндей көріп отырған мұрамыз. Оны алғаның – көзімді ойып

алғаның...
СҰРАМШАҚ: Апырм-ай, бір бұрау я бір шыбықтарың шығын
болса, шыбын жандарың шыққандай шырылдайтындарың не
осы? Пәленім, шүленім деп сылтауратып бақсаң да, құдаңның

көңілін қалдыруың ретсіз!
ҚҰДАҒИ: Иә, құданың қалауын бермеді деген не сұмдық!
Жастар жаңа өмір бастап, жаңадан басымыз қосылып жат­
қанда, мұныңыз ырымға жаман!

ЖЕҢГЕЙ: Әгәрки, жөн білетін кісі болсаңыздар, құданың
қала­уын айтқызбай берер едіңдер!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Әйтеуір, аларға келгенде қалау-салау,
қол­қа-молқа, көңіл-мөңіл, ырым-жырым деп қаптатып, төн­
діріп жі­бересіңдер-ау өстіп! Ырымдап дегенің жырымдап
алудың сыл­тауы ғой, әншейін. Онымен қай тесігіңді бітеп,

қай жыртығыңды жамайсың? Ырым-жырымның аяғы ырың-
жырың! Алыс-беріс жүр­ген жерде ешқандай достық, бауырлық
болмайды. Мен сенен, сен менен түк те дәметпей, таза көңілмен
тату-тәтті болсақ қайтеді, ә, құдаларым?!

СТАҚАН: Дұрыс қой, таза көңіл, шын сыйластық дегенің
әбден дұрыс. Бірақ сол таза көңілдің көрінісі болмай ма?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Сонда сол көңілдің көрінісі неше теңге
тұра­ды екен, ә? Шын көңілдің құны қанша сіздің жақта?

ЛӨКТІР: Уа, құдалар, сіздің жақ, біздің жақ, сіздің зәкөн,
біздің зәкөн деп бөлінетін дәнеңе жоқ. Адамзат жиырма бі­
рінші ғасырға ұшып кіргелі тұрғанда, біздің болмашыға бет
жыртысып, кінәласып, өкпемізді сүйретіп, өз өмірімізді өзіміз

өксітіп жүргеніміз қалай? Бір-бірімізге сәл нәрсеге өкпелеп,
міндетсіп, ренжиміз, одан ашу-ыза, өшпенділік туады, ол
біздің қанымыз бен жанымызды улайды, біз айналамызды
улаймыз, сөйтіп дүние бүліне береді...

СТАҚАН: Сондықтан не істеу керек?
ЛӨКТІР: Сондықтан зәкөнсымақтардың бәрін тастау керек!
Са­намыз бен жанымызды жаман істердің, жаман ой-сезім­
дердің, жаман сөздердің уытынан тазартып, еркін өмір сүру

керек! Адам баласына ортақ бір ғана заң бар, ол – сыйластық
заңы, бақытты болу заңы! Әттең, жаман әдет ауру тіс емес қой,
жұлып алып тастайтын...
СТАҚАН: Кітап!

ТАПАЛ: Міне, данышпан! Сол үшін, ал, дабай! (Үш-төртеуі
қосылып «ал дабай» деседі. Дөкейде әлі үн жоқ, арақ пен та­
мақты сыпыра соғып отыр).
СТАҚАН: Ал, данышпан құда, сыйластық үшін сіз неге

бізбен бір алып қоймайсыз?
ЛӨКТІР: Мен мүлде ішпеуші едім...
СТАҚАН: А-а, денсаулық күзетшісі! Бірақ лөктірлер іш­
пегенде баяғы сәбеттің спирті қайда кетті, ә? Мен, Стақан,

қой бағып жүріп-ақ адам лөктірінің де, мал лөктірінің де та­
лайымен судай сіміргенмін спиртті! Жай бере ме, қой алуға
келгенде төгетін...

ТАПАЛ: Құда, Стақан деген кличкаңыз ба?
СТАҚАН: Жоқ, шын атым!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ә-ә, әкеңіз «ал, дабайдың» өзі ме еді?
Біржола бөтелке деп неге қоймаған?

СТАҚАН: Жоқ, ол кісі ішпейтін. Нағыз қызыл кәмөнестің
өзі еді жарықтық. Менің атымды әуелде Мэлс деп қойған!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Әп, бәрекелді!
СТАҚАН: Мэлспін деп мақтанып-ақ жүретінмін... Атың

жақсы деп, райком орден де әперген... Обалы не керек, рахмет
оларға, өзі Мэлс, өзі қой бағады деп дүрілдетті біраз жерге...
(Құдалар да, құдағи, құдашалар да «Иә», «Ал, содан» деседі)
СТАҚАН: Содан дүние астан-кестен болған жоқ па? Кешегі

мақтағанның барлығын, тіпті Маркс, Энгельс, Ленин, Сталинді
де тізіп қойып жабыла боқтаған жоқ па?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Иә, сөйтті ғой, бұлар...
СТАҚАН: Жұрттың бәрі жамандап жатқан соң, құрысын,

бір әдемі ат тауып алайын дедім...
ЛӨКТІР: Сондағыңыз Стақан ба? Төрт бірдей көсемді бір
стақанға сыйғызып қағып-ақ салғаныңыз ба?
СТАҚАН: Жоқ. Тапқан атым Стақан емес, Сөтөкан!

ЛӨКТІР: Сөтөкан?
СТАҚАН: Иә, иә, Сөтөкан. Каратэнің бір стилі!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Оһо! Қирататыныңыз бар ма? Әй, бай­
қаңдар мына құдадан!

СТАҚАН: Жоға! Қалқоздың қара жұмысынан қысы-жазы
қолы босамайтын бізге қайдағы спорт!
ЛӨКТІР: Әйтеуір, батыстан опа болмаған соң, шығыстан
бір-ақ шыққансыз ғой...

СТАҚАН: Және омыртқада жылқының жілігін жалаңаш
қолмен сындыратынымыз бар, Сөтөканды өзіме лайық көрдім.
Бір қойды сойып, елді жинадым. (Дөкейден басқа жұртшылық
«Иә, иә», «Уәй, ерің!» десіп, қолпаштап, қызыға тыңдайды).

СТАҚАН: Әуелі алыстағы жапонның әдемі сөзін маған
қимаған кейбір құрдастарым «Әй, каратэ сенің не теңің,
артыңды көтере алмай жүріп?», «Ертең ол да жаман сөз болып
жүрмесін!» десті. Ақырында семіз қойдың еті мен ақаңа тойған

соң ( тыңдаушылар: «ой, шіркін-ай!», «қайтсін!» деседі): «Е-е,
мейлі, Сөтөкан болсаң бола ғой... Көп ботақанның ішінде бір
сотақан жүрсе жүре берсін» деп, ризалықтарын берді.

ЛӨКТІР: Сотақаныңыз тәуір еді ғой... елдің еркелеткені сияқты... ҚЫРЫНДАҒЫШ: Иә, иә. Содан айырылып, қайтіп Стақан боп жүрсіз? СТАҚАН: Айт күндері бүкіл ауылды аралап, үй басы сайын құран оқып, садақасын бізбен бірге ішетін молдасымақ құрдасым: «Құлағыңа үш рет айқайламасам, заңды болмайды, ақысына пахмел бересің», – деп өзеуреп, дүйім жұрттың көзінше азан шақырып отырып алғаны... Амал жоқ, алдына жүгіндім... Сол иттің ісі... құ­лағыма: «Сенің атың Стақан, Стақан!» деп үш рет айқайлап жіберген. ҚЫРЫНДАҒЫШ: Қап! ТАПАЛ: Қатырған екен! ЛӨКТІР: Қазекең ойнағансып та істей береді қастығын! СТАҚАН: «Әй, жаңылысып кеттің, түзет» десем, «Жоқ, әумин деп қойдық, кеттің енді Стақан боп» деп жеңсік бермеді... ЛӨКТІР: Е-е, қазаққа Сөтөканнан гөрі Стақан жақын емес пе? СТАҚАН: Енді қайтеміз... әйтеуір, қанішер Сталиннен гөрі стақан тәуір шығар деп жүріп жатырмыз... ЛӨКТІР: Әй, қайдам! Сталин мен стақанның қайсысының құрбан­дығы көп екенін кім білсін!? ҚЫРЫНДАҒЫШ: Қой, құрсын, қайдағы-жайдағыны қоз­ ғамай... Одан да стақанды толтырып, Стақан құда үшін алып қояйық! СҰРАМШАҚ: Стахановшы құданы көрсе де, Стақан құданы көр­меген шығар деп әдейі әкелдім! ТАПАЛ: Ал, дабай! (Бәрі дуылдасып жатқанда, қыз бен жігіт оңаша сөйлеседі). ҚЫЗ (жігітке): Әкемнің сағын сындырмаса нетуші еді? Құдам деп еркелеп, көңілі ауған екен... Әйтпесе сендердің ескіқұсқылары­ңа қарап қалған жоқ, ондай кілемнің он шақтысы төр түгілі, ауыз үйде жатыр... ЖІГІТ: Ойпырмай... саған не болды? Үлкендердің сөзінде шаруа­мыз қанша? Аса көп сөз қуған жақсы емес... ҚЫЗ: Туыстарымды шын сыйласа, басын импыртный арақ­ тардан бастап, аяғында самопал құяр ма еді? Немене, ме­нің туыстарым көшенің алқаштары ма? Оларға самопал құятындай мен самопалмын ба?

ЖІГІТ: Жарайды енді... Өңкей қымбат араққа шама қайда?
Әдемі бөтелкеге құйып, сәндеп бергесін ештеңе етпес... сілтеп-
ақ жатыр ғой!
ҚЫЗ: Ах, солай ма? Тұра тұр, бәлем! (Кетеді).

ЖІГІТ: Қандай үлкен махаббатты өлтіреді ұсақ-түйек ки­
кілжің! (Кетеді).
ТАПАЛ (дөкейге): Алыңыз, құда, осы сіз алыңызшы. Сіз
бір оңды құда екенсіз. Үндемей томпиып отырғаныңыздың өзі

неге тұрады?
ДӨКЕЙ: Хе-хе-хе! Мен әуелі жақсылап тойып алайын,
содан кейін сөйлесермін сендермен деп отыр едім. Көптен
бері қаталап, шөлдеп жүр едім, жақсы болды! Алдымен мені

әдемілеп суардыңдар! Енді менен аман қалсаңдар, тағы бір
той жасап қуаныңдар! Ха-ха-ха! Әй, мына сен, тіл мен жағыңа
сүйенген тапал неме... тәштиіп алып менімен ойнағың келе ме?
Сен менің кім екенімді білесің бе, ей, ә?! Білмесең, біліп қой...

Мен – дөкеймін!
ТАПАЛ (сасқалақтап): Сол үшін алып қояйық. Ал, дабай!
ДӨКЕЙ (елең қылмастан): Ұқтың ба, ей, мен – дөкеймін!
Дөкей еместерді көзіме де ілмеймін! Өйтпесем, несіне дөкей

болып жүрмін, ә?! Мынау сияқты тапал пәкене... пәс... аласа...
қораш... қортық... мықыр... кісімшіктермен амал жоқ, құда
болған соң қатар отыруға тура кеп тұр... «Ал, дабай» дейді әй,
маған ұялмай... Менің кімдермен ішіп, кімдермен моншаға

түскенімді білсең, талып қалар едің... Бір күн орталарыңда
отырғанға теңесе қалған екенсіңдер!
ТАПАЛ: Әй, құда, өйтіп асқақтамаңыз! Жанымыз қалмай
жал­пақтап жатсақ, дөкейлігің үшін емес, құдалығың үшін!

Біз сенің құл-құтаның емеспіз! (Ызаланып, өкшесін көтеріп-
көтеріп қояды). Бойымыз кішкентай болғанмен, ойымыз биік!
Едірейіп жүрмесек те, ешкімнен кем емеспіз!
ДӨКЕЙ: Мәссаған! Тәкаппардың көңілі көкте деген осы екен-

ау, ә?! Әй, мен дүниені тіреп тұрмын! Өйткені мен – дөкеймін!
Дүние­нің тірегі – дөкейлер! Егер тіреуі дөкей болмаса, дүние
баяғыда құлап қалар еді ғой. Солай, тәпәйім, дүниенің қызығы

– дөкейлік. Дүрдигісі, дөкей болғысы келмейтін жан болмайды.

Керек десең, өмірдің мұраты дүрдию емей немене?
ТАПАЛ: Беу, шіркін! Сенің сабынның көбігіндей көпіргенің
кімге дәрі?

ДӨКЕЙ: Ә-ә, міне, біздің орнымызды да көре алмайды. Өздері
дүр­дие алмаған соң, үйде отырып дөкейлерді жамандайды.
Мейілдерің, сөйлей беріңдер... Өзіміз гүл-гүл жайнап, дүрдие
береміз. Жасасын дөкейлік! Сол үшін... Ап кел! (Қағып

салып, тапалдың төбесінен зәкөске сияқты иіскеп-иіскеп
қоя­ды). Таласқанды қайтесің, тәпәйім, әтәйіңнің зәкөскесіне
жарағаныңа да шүкіршілік қылсайшы!
ТАПАЛ: Қап, мынаның қылғанын-ай! Бәлем, тұра тұр!

ЛӨКТІР: Сабыр, сабыр, құдалар! Той үстінде тентек сөз не
керек?
ДӨКЕЙ: Ал маған не қыласыңдар, өттерің жарылып кетсе
де, беттеріңе айтайын, сендерден өзім де артықпын, атам да

артық!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Әй, құда, басқа-басқа, атаға тиіспе!
ДӨКЕЙ: Е-е, атаны айтпай қайтіп жасырамыз? Атамыз Көк­
темір батыр қол бастап, қазақтың даласын жаудан қорғаған!

Алып адам болыпты жарықтық. О кісіден Абылай ақыл сұрап,
Бөгенбай мен Қабанбай бетке ұстайды екен!
ЛӨКТІР: Ақылгөй ердің тұқымы екенің көрініп тұр!
ТАПАЛ: Әй, сенің атаң батыр болғанда, менің атам қатын

деп пе едің? Сен Көктемірдің ұрпағы болсаң, мен – Шораяқ
Бектемір батырдың ұрпағымын!
ДӨКЕЙ: А-а! Керең болғыр құлағым не естіді? Дәп мына
сенің атаң батыр болса, хе-хе-хе... қазақ әскерге жарыған екен!

ТАПАЛ: Атамыз шағын денелі, шымыр кісі болыпты. Өте
шапшаң, епті болған, Брюс Ли сияқты! Сен сияқты дөкейлер
атына мінгенше, жауды жапырып тастайды екен жарықтық!
ДӨКЕЙ: Паһ, шіркін! Қыз берген жақтың айтқандарының

жар­тысын да орындай алмай жатып, неменеге батырдың
тұқымымыз деп төс қағасыңдар? Ең аяғы қалтаға дұрыстап
ақ жүзік те таға алмаған кісілерді кімнің тұқымы дейміз, а-а,
тәпәйім!

ТАПАЛ: Оттапсың! (Бектемір жағының қаны қызып, еліре
бас­тайды).
ДӨКЕЙ: Өзің оттапсың! (Көктемір жағы да көтерілуге ың­
ғайланады).

ТАПАЛ: Аттан! Аттан! Бектемір! Бектемір!
ДӨКЕЙ: Көктемір! Көктемір! (Лөктірден басқасы өре тү­
ре­ге­ліп, «Бектемір! Бектемір!», «Көктемір! Көктемір!»
деп ұран салады).

ЛӨКТІР: Уа, құдалар, тоқтаңдар, ойбай, тоқтатыңдар!
(Бәрі ақы­рындап басылуға айналады). Қайдағы бір қаңылтыр
жү­зікке бола Бектемір мен Көктемірдің аруағын қозғап не
көрінді, ей, сендерге?! Консервінің қалбыры үшін көсемдерін

сойып жейтін каннибалдар емессіңдер ғой!
ТАПАЛ: Қап! Жап-жақсы төбелесті құртты-ау!
ЛӨКТІР: Құдалардың арасындағы әрбір қатты сөздің, әрбір
пыш-пыштың екі жасқа оқ болып тиетінін ойладыңдар ма?

Үлкендердің реніші, кесір мінездері мен теріс пиғылдарының
дүмпулері жас отау­дың іргетасын шайқалтып, жарықшақ
түсірмей ме? «Бала­лар үшін, балалар үшін» дегенде сон­
дайсыңдар, осыны неге ойла­майсыңдар? Мен сенен артықпын,

біздің жақ сіздің жақтан артық деп кеуде көтеріп, бір-біріңді
кемсітіп, кекетіп, мұқатып, жамандағанда не табасыңдар?
Ара­ларың ашылып, араздасқанда мұраттарыңа же­тесіңдер
ме? Әй, қай жақтікі болса да, ол да өзіңдей адам ғой! Адам­ды

адамша сыйлау керек қой!
ДӨКЕЙ: Бәрекелді, данышпаным, осының бәрі қай жеріңнен
шығады, ә? Ал, ендеше, айтқан сөзің рас болса, қосылып бір
алып қояйық! Ап кел!

ТАПАЛ (Лөктірге стақан береді): Ал, дабай, татулық үшін!
ЛӨКТІР: Рахмет!
ДӨКЕЙ: Рахметті ішкесін айтасың! Немене, ішкен біз жаман
да, ішпеген сен жақсы боласың ба? Маған бір өзім сияқты ішіп-

жейтін жақсы құданың да кездеспегенін қарашы! Дұрыстап
ішіп-жей алмайтын кісілерді жек көремін! Сондықтан, кел,
жастардың үбірлі-шүбірлі болуы үшін ап қояйық!
СТАҚАН: Ал, дабай!

СҰРАМШАҚ: Мынау бір жақсы тілек екен, ал дабай! Бал­
дардың бөбектері көп болуы үшін қалай алмайсыз?
ҚҰДАҒИ: Лөктір құда! Кім көшеде ішіп жүр дейсің...
осындай қызықта болмаса... Бәрі де балдар үшін... кәне, сә­

билер үшін кішкене алып қойыңыз! Екі құдағи қосылып,
(2-құдағи да келіп стақан соғыстырады) біз де алып қоямыз!
ДӨКЕЙ: Әй, басқа-басқа, сәбилер үшін... екі анамыз бірдей
өтініп тұр­ғанда ішпейтін не деген безбүйрексің, ә? Жоқ, сенің

ниетің жаман ғой өзі...

ЖЕҢГЕЙ: Жастардың болашақ әлдилері үшін алу керек,
лөктір құда. Қане, неше рөмке ішсек, сонша балалары болсын
деп тілеп ішейік! Ал, дабай!
ЛӨКТІР: Баланы арақ бермейді ғой...

ДӨКЕЙ: Иә, рас, арақта тұрған дәнеңе жоқ. Бірақ болашақ
сәби­лер үшін түк ішпеу ырымға жаман. Қайдағыны бастамай...
қа­ғып жібер... Осыдан жастардың бөпелері болмасын... тура
сенен көреміз!

ЖЕҢГЕЙ: Иә, обалы саған!
Лөктір: Апырай, ә... (Бәрі «ал, ал», «ал, дабай» деседі) Ба­
лалар үшін амал жоқ! (Ішеді).
ДӨКЕЙ: Біз шындасақ, құда түгілі құдайды да ішкіземіз!

ҚЫРЫНДАҒЫШ, ҚҰДАҒИЛАР, СТАҚАН: Астапыралла!
ТАПАЛ: Арақ аман болса, бәрін де істейміз...
ДӨКЕЙ: Ал мен өлең айтамын... домбыраны әпер...
(Домбыра тартады) Ахау! Ехеу! Әй, мына домбыраң менің

даусыма неге келмейді, ә?
ЛӨКТІР: Домбыра сау ғой... Әр мастың әуеніне төңкеріле
бере ме?
ДӨКЕЙ: Ә-ә, солай ма? Онда домбыраға да ішкіземіз!

(Домбыра шанағына бір стақан арақты құйып жібереді) Ал,
қане... ахау... е, бәсе, жаңа келістік... Ахау!
Қызығы дүниенің ішіп-жеген,
Дорақ қой ішіп-жеуді түсінбеген,

Бір қой мен бір жәшікті жалғыз тауысып,
Сонда да ышқырымды түсірмегем! Ахау!
Әй, болды, әнім қалай, ә!
ТАПАЛ: Әніңіз де өзіңіз сияқты дөкей екен!

ДӨКЕЙ: Онда сол үшін... ап кел! (Стақанды айналдыра
қарап) Әй, құда, берсең арағыңды жөндеп бер! Не мынау...
жұтықы стақа­ныңмен... қайта-қайта жылтыңдатып... өңештің
мазасын алып... Ап кел, ана ожаумен...

ТАПАЛ: Можит... шелекпен көрерсіз?
ДӨКЕЙ: Несі бар? Ішемін шелегімен... арағың жетсе...
артың шыдаса... Ап кел!

(Тапал жүгіре шығады. Жұрт тым-тырыс. Әрі шошың­қы­
рап, әрі таңырқап отыр. Бір кезде Тапал бір шелек арақты
талтаңдап көтеріп әкеліп, Дөкейдің алдына қояды).
ТАПАЛ: Бұдан үлкендеу ыдыстың ыңғайы болмады! Аз да

болса, көптей көріңіз! Ас болсын... Ал, дабай! Дөкей жұтып
жа­тыр, жұтып жатыр, бір кезде «ух» деп бос шелекті
даңғырлата домалатып жібереді де, тұтас жамбасты жұл­
малап жей бастайды. Жұрт «о-о», «оһо», «па, шіркін», «еркек»

деседі).
2-ҚҰДАҒИ (Шошақайға): Мынау бір жалмауыз ғой... Аса
толық та емес өзі...
ШОШАҚАЙ: (2-құдағиға) Ішінде жыланы бар шығар...

2-ҚҰДАҒИ: Аждаһа!
ТАПАЛ: Масқара екенсіз! Бір сиырдың құнын екі-ақ
ұрттадыңыз-ау!
ДӨКЕЙ: Хе-хе-хе! Тәпәйім, сол да бұйым боп па әтәйіңә!...

Түйені түгімен... түйең не... Камаздарды, поездарды жүгімен
жұтқанда жұмырыма жұқ болмаған... Хе-хе-хе... Иә, тағы
беретіндерің бар ма өзі? Ап кел!
ШОШАҚАЙ: Қане, құда, менің қолымнан бір дәм татыңыз!

(Ой­мақтай рюмкамен коньяк ұсынады).
ДӨКЕЙ: Бұл қай мазақтарың? Арақтарың бітсе айтыңдар.
Сатып-ақ алайық өзіміз!
ШОШАҚАЙ: Құда, сабыр етіңіз! Құдашаның қолынан

ішкен бір тамшы коньяк зәмзәм суындай емес пе? Ап қойыңыз!
ДӨКЕЙ: Жоға... Оймақтай нәрсеге аузымды былғап...
ТАПАЛ: Ап қойыңыз, құда... Құдашаның тілегін ер жігіт
жерге тастай ма екен? Әлде әлгі шелек шекеңізге тиіп қалды

ма? Іше алмаймын, біттім десеңіз зорлық жоқ...
ДӨКЕЙ: Е-е, ішпейтұғын несі бар? Тек зәкөскесіне оңдап
тұрып бір сүйгізесіз! (Екеуі қосылып, брудершафт жасап,
қағып салады да, Дөкей сүймек болып ұмтыла бергенде, дүрс

етіп құлайды. Қор-р ете түседі).
ТАПАЛ: Тәк! Бір құда капут! Следушши...
ЛӨКТІР: Сол үшін! Ал, дабай! (Дөкей сол жатқаннан
қозғалмай жатады).

СТАҚАН: Е-е, бәсе, Лөктір құда айналайын... қатарға өзің
қо­сылып, сәніміз жаңа кірді. Әйтпесе қасыңда біреу ішпей
отырса, бір­түрлі... Көрдік қой мұндайдың талайын.
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Иә, құда, әңгіме болсын... айтып

жіберіңіз соның біреуін...
(Еркек-әйел қосылып, «иә, иә», айтып жіберіңіз», «қызық
бол­сын» деп қыздырады).
СТАҚАН: Стақан емес, Мэлс кезім...

ТАПАЛ: Пошотный кезіңіз ғой. Хи-хи-хи!
СТАҚАН: Бір қонақтан шыққан соң Балотка деген беттехнек
тамырымыз қоярда-қоймай үйіне алып келді қолдан ашытқан
сыра ішеміз деп. Барғасын маржасына бақырып-шақырып

жүріп, бір пләг сыраны ортаға сүйреп әкелді де, тарс еткізіп
ашып жіберді!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Пах!
СҰРАМШАҚ: Мен қайдамын сонда? Әйтеуір, жұртқа тегін

дүние дайын тұрады...
СТАҚАН: Аспанға атты сыра! Есіміз шығып, әлек болдық.
Бізден маржа мықты екен, пләгтің аузын құйрығымен басып,
былай... отырды да алды. Құйрық қандай – пләг түгілі

сестерненің аузын артығымен жабатын түрі бар.
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Пау, шіркін-ай!
СТАҚАН: Ашып тұрған сыра да оңай ма, әлгіні аспанға
лақ­тырып жіберетіндей қопаңдатып-қопаңдатып қояды. «Ал,

маған неғыласың?» дегендей, маржа да былшия түседі.
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Өй, өзі де бір керемет маржа екен!
СТАҚАН: Сонда бар ғой, ақкөбік болған сары сыра маржаның
артқы жағынан да «пыш-ш», алдыңғы жағынан да «пыш-ш»

деп, атқылап-атқылап қояды...
ТАПАЛ: Апырм-ай!
СҰРАМШАҚ: Қап! Далаға кетті-ау! Бір шелекті тоса қой­
май...

СТАҚАН: Еден көл-көсір... Бірақ қашанғы атқылай берсін,
бір уақта басылды-ау! «Ал, мә, ішіңдер... тойғандарыңша» деп
үшеумізге үш летр кесені толтырып тұрып берді маржа, нән
құйрығы су-су боп жүріп...

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Айналып қана кетейін-ай, сол!

СТАҚАН: Балотка кесені басына бір-ақ көтеріп, «Уһ! Ма­
ладес, маржа!» деп, есінен тана тамсанып-тамсанып қояды.
Молдасымақ құрдасым көбікке мұртын малып қойып, үндемей
тартып жатыр.

ТАПАЛ: Сен ше? Сен қайттің?
СТАҚАН: Мен... ішпейін десем шөл қысып, сыраға
құмартып барамын, ішейін десем маржаның ән жерінен де
«пыш-ш», мін жерінен де «пыш-ш» еткені көзіме елестейді!

«Әй, тамыр, дабай, бол! Повторим!» деп, Балотка қысып барады
бір жақтан. Амал не, мұндай сыра күнде табылып жатқан жоқ
әрі Балоткадан да ұят, көзді жұмып тартып жібердім...
СҰРАМШАҚ: Шіркін-ай, маған бір аяғын берсе ғой!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Кімнің? Маржаның ба?
СҰРАМШАҚ: Жоға! Сыраның!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Е-е...
СТАҚАН: Содан таң атқанша сілтедік... «Ну, қалай екен...

біздің маржа?» деп қояды Балотка. «О-о, маржаң керемет екен,
тіпті сығып ішуге болады!» дейміз күліп. Несін айтасың, ол да
бір қызық дәурен екен ғой!
ЛӨКТІР: Кел, дабай, сол үшін алып қояйық!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Не үшін?
ЛӨКТІР: Маржа үшін!
ТАПАЛ: Жоқ, маржаның «ән жерінен де «пыш-ш», мін
жерінен де «пыш-ш» еткен сырасы үшін!

ҚҰДАҒИ: Ал, құдалар, құрметтеріңе рахмет! Сағат түнгі
төрт болды, төрт-бес үйдің асын іштік. Енді кішкене демалсақ
қайтеді? Шаршадық әбден...
ТАПАЛ: Жо-жоқ! Ұйқыны айтпаңыз. Немене ұйықтауға

келіп пе едіңдер? Құданы ұйықтатты деген не сұмдық? Қашан
құлап қалғандарыңша ұйықтатпаймыз!
СТАҚАН: Сонда да сәл үзіліс керек!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ал онда ас қайырайық. Иләһи әмин!

СҰРАМШАҚ (қолын жайып): Балдар өсе берсін. Біз өстіп
келе берейік! Сіздер бізге өстіп бере беріңдер! Сол үшін ап
қояйық! Ал дабай! (Бетін сипайды).
ҚҰДАҒИ: Ал дабай емес, аллам-ай десейші, қайыршы!

(Жұрт есік алдына шыға береді. Лөктір теңселіңкіреп
тұрып қалады. Стақан мен Тапал қолтықтай алады).

ЛӨКТІР: Сырттай бәрі тамаша! Ал ішіміз ше? Құйрық-бауыр
жестік, құда, құда дестік, бірақ шын дос, бауыр бола алдық па?
СТАҚАН (Тапалға): Тапеке, үндеме, сандырақтап тұр...
ТАПАЛ (Стақанға): Стеке, данышпан кісілер қияли

келеді, кішкене ішсе жынданып кетеді деуші еді... байқайық...
ЛӨКТІР: Кім біледі, кімнің жынды, кімнің сау екенін?
Сіздіңше, біздің істеп жүрген істеріміз сау адамның ісі ме? Біз
осы дұрыс өмір сүріп жүрміз бе? Асыл қасиеттеріміз қайда?

Алла-ай, не деген ұсақпыз!
ТАПАЛ: Құдайдың берген бойына сен де тиісейін дедің бе?
ЛӨКТІР: Кісінің размерінде тұрған не бар? Ниетіміз неге
бұзық, ой-арманымыз неге төмен, рухымыз неге күйкі деймін?!

СТАҚАН: Айналайын, лөктір құда, сізге... жо-жоқ, маған
емделу керек шығар. Сіздің айтқандарыңызды түсінейін-ақ
деп, басыма күш түсіріп көріп едім, замыкайт ете бастадым...
Бүгінше демал­шы, алтын құдам, таңертең бәрін түсінерсің,

жо-жоқ, түсіндірерсің дегенім ғой...
ЛӨКТІР: Даналық – Стақанда! (Екеуінің ыңғайына көніп,
Дөкейдің қасына құлайды).
СТАҚАН: Тәк! Екінші құда капут! Бір де бір!

ТАПАЛ: Следүшши...
СТАҚАН: Сен!
ТАПАЛ: Сен! Көрейік, қане! Ал, дабай! (Екеуі соғыстырады.
Стақан ішіп жатқанда, Тапал білдірмей жерге төгеді).

Үшінші көрініс
Үйдің алдында Сұрамшақ пен Қырындағыш сөйлесіп тұр.
Екеуі де қызу.
СҰРАМШАҚ: Құда, биыл жемнен қалайсың? Соғымның

жемі ша­малы боп тұр, бес-алты қап жем керек еді...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Керек болса қайтейін? Біз де ілініп-
салынып, әрең отырмыз...
СҰРАМШАҚ: Жарайды, онда! Әй, мына бөшкең оңды екен...

Бізге ыңғайлы сияқты...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Бізде су ішетін ауыз жоқ па?
СҰРАМШАҚ: Қап! Әлгі данышпан құда дұрыс айтады.

Осы күні адамдардың ниеті әбден бұзылған. Ешкім ештеме бермейді. Бұрын оңды еді, анау-мынауларын сұрамай-ақ жай бере салатын. Қазір жалынып сұрасаң да бермейді-ау, бермейді! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Неге сен сұрауың керек? Жұрт неге саған сұрағаныңды беруі керек? (Жігіт келеді). ЖІГІТ (Қырындағышқа): Сізді құдағи шақырады. (Күліп) Под көрпе дабай дейді! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ә-ә, құдағи? Под көрпе! Ал, кеттім (жү­ гіре ба­сып кетеді). СҰРАМШАҚ (жігітке): Иттерің босап кеткен бе? Шынжыры бос жатыр. Құдаларды қауып алмасын. ЖІГІТ: Ит өліп қалған... Бір айдай болды... СҰРАМШАҚ: Дөкей ит пе еді? ЖІГІТ: Иә, ата! Оны қайдан білдіңіз? СҰРАМШАҚ: Шынжыры керемет екен! Осы күні осындай мықты шынжырлар да таптырмайды. Иә, итіңнің мен келмей тұрып өліп қалғаны ақыл болған! ЖІГІТ: Неге, ата? СҰРАМШАҚ: Сол! Айналайын, балам... баламды алып отырған соң сен де баламсың ғой... ЖІГІТ: Иә, ата, балаңызбын! СҰРАМШАҚ: Ата деген даусыңнан айналайын сол! Балам екенің рас болса, анау шынжырды маған бер! ЖІГІТ: Базар жоқ! Алыңыз ата! (Шынжырды әкеліп береді). СҰРАМШАҚ: Рахмат, балам, рахмат! Қосағыңмен қоса ағар! ЖІГІТ: Әмин! СҰРАМШАҚ (Шынжырды созғылап, салдырлатып көреді): Та­маша! Енді ұйықтауға болады! Мұны енді аман-сауында машинаға апарып тығып тастайын! Үлкен құда көрсе, қайтып алып қойып жүрер! (Кетеді. Қырындағыш пен жеңгей шығады. Қызу. Қолдарың­да бөтелке, стақан). ҚЫРЫНДАҒЫШ: Екеумізден басқа жан жоқ! Айналайын, ақ құдағиым... Жөн білмейтін кісі емессің. Түнгі таза ауа қандай ға­жап... құдағи... белге шықсақ қайтеді? ЖЕҢГЕЙ: Әбеу, көтек! Бірден белден бастайды екенсіз?

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Сіз мені дұрыс түсініңіз... Далаға... анау
белдің ар жағына дейін қыдырып қайтсақ қайтеді дегенім ғой...
ЖЕҢГЕЙ: Анау белде... түн ішінде неміз бар?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жолды көрдік, енді жонды көрсек деп

едім...
ЖЕҢГЕЙ: Кімнің жонын айтып тұрсыз? Жымия қарасаң,
жоныңа қол жүгірткісі келетіні несі екен осылардың?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жоқ, ойбай, даладағы жонды айтамын!

ЖЕҢГЕЙ: Түн ішінде ішіп алған бөтен еркекпен жонға шы­
ғып жын қағып па мені? Ал шықтық дейік жонға? Ары қарай
не істейміз?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Айналайын, ақ құдағиым-ау сол, сізді

ептеп еротикалағым келіп тұр!
ЖЕҢГЕЙ: Не дейді? Уқалағым кеп тұр дейді?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Тойыс... еркелетіп сипалағым кеп тұр!
ЖЕҢГЕЙ: Ой, құда! Жөн білетін кісі болсаң өстіп қиқа­

лақтатып тұрар ма едің? Әкесі өлгенді де естіртеді, турасын
айтшы?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Құдағи, мына қырдың астына барып се­
кек­тетсек, тоқетерін айтқанда, секстетсек қайтеді?

ЖЕҢГЕЙ: А-а, секс захотел! Сөйдемейсің бе бағанадан бері...
босқа уақытты алғанша. Ал, кеттік! Хи-хи-хи! Балаңыздың
қызығының үстінде... құдағиыңызға һарамдық ойлағаныңыз
күпірлік емес пе?

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Нелеуі нелеу енді! Амал не, сізге қатты
қызығып тұрмын! Туған құдағиым болсаң, әңгіме жоқ... кіші
құдағисың ғой... ештеме етпес... Балдар аман болсын, олардың
өз қызығы өздерінде, біздің өз қызығымыз өзімізде дегендей...

Жастардың тойында жас­тық шақты еске алғанның өзі сауап
болмай ма?
ЖЕҢГЕЙ: Сауаптан садаға кеткір, құдағиға айтып, сорыңды
қайнатайын ба? Абыройыңды айрандай төгейін бе, осы?

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Оу, құдағи, бала боп кеттің бе? Өзің ғой
бас­таған... под көрпе дабай деп!
ЖЕҢГЕЙ: Хи-хих-хи! Мен ішейік дедім ғой, егінге түсейік
дегем жоқ!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Е-е, ішкесін болды ғой... әр жағы оңай
емес пе?

ЖЕҢГЕЙ: Жарайды, құда, шошыма, айтпаймын құдағиға...
Ма­ған ақ жүзік бере алмаған кісіні мен дос тұтпаймын! Былай
болсын... Сіз көзге түспей барып қырдың астында тосыңыз мені.
Біраздасын мен де барып қалармын. (Қырындағыш ұмтылып,

қолынан ұстай бергенде) Тоқта, тоқта! Біреу келе жатыр!
Ойбай, мынау Сұрамшақ қайнаға ғой! Мен үйге бара тұрайын,
сен оны киіз үйге кіргізіп, біржола ұйықтатып шығарсың! Тез!
(Кетеді. Сұрамшақ келеді).

СҰРАМШАҚ: О-о, оңды болды ғой, екі құда оңаша бір
тамаша жа­сайықшы!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Иә, оңды-ақ болды!
СҰРАМШАҚ: Жүр, құда, жүздетейік те демалайық! Ертең

де жұмыс бар дегендей... (Екеуі үйге кіреді).
Төртінші көрініс
Стақан мен Тапал сілтеп отыр. Үйге кірген екі құданы ұшып
тұрып қарсы алады.

ТАПАЛ: О, құдалар, келіңдер! Күнде басымыз қосылып
жатқан жоқ, бір шырқайықшы! Кел, дабай, бол дабай, ал
дабай, ала алмасаң құлап жатып қал, дабай! (Қосылып ішеді.
Тапал байқатпай жерге төгеді).

СТАҚАН (Қырындағышқа): Құда, сіздерге ризамын...
қарсы алып, сыйлап жатырсыздар... Ал енді ана данышпан
құданы тү­сінбедім... Бізге нағыл дейді? Мен өмір бойы қой
бақтым... адал еңбек еттім... бала-шаға өсірдім... адамға

зияным жоқ. Кейде өстіп... қызық-тойда, қонақта ап қоятыным
бар... басқа не бүлдірдім? Соны да көпсіне ме бізге? Енді қалай
өмір сүр дейді? Түгін түсінгем жоқ...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Өй, ол оттай береді! Оны өзіміз де

түсінбейміз!
СТАҚАН: Е-е, бәсе! Сол үшін! (Үшеуіне де зорлап ішкізеді).
Әйтпесе... немене, біз бәріміз жаман адамбыз ба? Жоқ, жа­
ман адам емеспіз... Рас, данышпан құда айтса айтқандай,

кішкене артық кететініміз бар... Мен айттым мына құдаңа...
(Сұрамшақты көр­сетеді) андай-мындай әңгіменің керегі
жоқ... тәртіппен барып ке­лейік деп. Көнбейді! Бәріміз де адам­

быз, құдамыз, бір-бірімізге жамандық ойлауға болмайды!
(Қырындағышқа). Мысалы, мына сенің ойыңда жамандық бар
ма, ә, құда?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жо-жо-жоқ!

СҰРАМШАҚ: Бәле болды! Бұған да ана лөктірден бірдеме
жұғайын депті... (Қырындағышқа) Мынау мыжып, миды
ашытпай тұрғанда... жата қалайық! (Екеуі оңашаланады).
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Сіз жата беріңіз. Мен кішкене далаға шы­

ғып, таза ауа жұтып...
СҰРАМШАҚ: Онда бірге жұтайық ауаны...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жо-жоқ, болмайды... сіз демалыңыз!
СҰРАМШАҚ: Немене, құда, ауылыңның ауасын да қимайсың

ба ма­ған?! Жүр кеттік!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Жо-жоқ... мейлі... сіздің айтқаныңыз
бол­сын... ұйықтайық...
СҰРАМШАҚ: Ой, рахмет, құда! Ақыры бір айтқанымды

істедің-ау! Кел, екі құда құшақтасып бір ұйықтайықшы,
әкесінің... (Екеуі жатады. Қырындағыш анда-санда басын
көтермек болады, оны Сұрамшақ құшақтап басып қояды).
СТАҚАН: Тағы екі құда капут!

ТАПАЛ: Следүшши...
СТАҚАН: Әй, Тапеке, іштік қой мұны талаймен... Бірақ
мені ешкім жығып көрген жоқ еді арақтан! Түбіме сен жеттің,
тәпекем! (Отырған жерінде қисайып, ұйықтап кетеді).

ТАПАЛ: Бітті! Бәрі капут! Жаудың бәрін қырып тастап,
майданда жалғыз қалған Бектемір атамдай өзім тұрмын
туым желбіреп! Хәйләйлім, хәйлім, хайләйлім! Қайта-қайта
бойыма тиісіп тұқырт­пақ болды-ау... Қайда әлгі төбемнен

иіскеген... (Cтақанын қолына алып, әр жерде ұйықтап
жатқан еркектерге асықпай қарайды, ақырындап Дөкейге
келіп, үстіне төніп тұрады). Дүниенің тірегі?! Ал, мен сенен
де биікпін! Сол үшін! (Ішеді).

ЖЕҢГЕЙ (мас, қисаңдап кіріп келіп): Әй!
ТАПАЛ: Әу!
ЖЕҢГЕЙ: Менің байымның үстінде неғып тұрсың?
ТАПАЛ: Б-б-б-б-бойым өссін деп тұрмын!

ЖЕҢГЕЙ: А-а, өс, өс, өсе бер! Өзім-ақ өсірер едім... кешір...
занитпын!
3-0046

ТАПАЛ: (жақынырақ келіп) Леви кетейін деп пе ең?!
ЖЕҢГЕЙ: Тс-с! (Қырындағышты тауып алады. Ол
Сұрамшақ­тың қолтығында қорылға басып жатыр.) Хи-хи-
хи! Кавалер хра­пит! Хи-хи-хи! Дөкейім жатыр... құдам жатыр!

ТАПАЛ: Тәпәйің тұр ғой іске татыр!
ЖЕҢГЕЙ: Ма-ла-дес, тапалчик! Сенімен даже экзотично!
ТАПАЛ: Сол үшін! Ал дабай!
ЖЕҢГЕЙ: Бол, дабай! (Екеуі төгіп-шашып ішеді). Ал, сен

ақырын барып, анау төбенің ар жағында күт! Бірге жүрсек
көзге түсіп, сөзге қаламыз. Артыңнан мен де жетемін!
ТАПАЛ: Төлке тез, құдағи! (жүгіріп кетеді).
ЖЕҢГЕЙ: Хи-хи-хи! Осы еркектерде ес жоқ, әй! Оп-оңай

төбенің астына апара қоятын кім дейді екен бізді?! Менің ойым
мен ойынымды қайдан білсін! Қырындағыш құда қорылдағыш
болмағанда, таң атқанша қыр басында қарауылда тұратын еді
мені тосып... Енді мына тәпәйім бойы өскенше тұрсын төбенің

басында! Өзім Дәкөйшігімді құшақтап, жатайын рахаттанып!
Хи-хи-хи! (Дөкейдің қасына, бір көрпені жамылып жатады...
Сәлден кейін Тапал кіреді).
ТАПАЛ: (Жеңгейді тауып алып). А-а құдағи! Қандай әп-

әдемі әйелсіз, қалай өтірік айтасыз, ә?!
ЖЕҢГЕЙ: (Басын көтеріп отырады). О, құда! Өтірік айтпай
өлеміз бе енді? Өзіңіз де шыншыл болсаңыз, уәделескен жерге
бармай, түзге шығуға қорыққан бала құсап үйдің бұрышында

тұрып-тұрып қайтып келер ме едіңіз?
ТАПАЛ: Хе-хе-хе! Әйелдің алдауына топ ете түсіп, түн
ішінде қаңғып кететін бозбала немесе қырқылжың кәрі деп пе
ең мені? Жә, қалжыңға уақыт жоқ, уәде қайда? Жаңа мына

данышпан айтқандай, бір-бірімізді алдамай, шын сыйласайық!
ЖЕҢГЕЙ: Сөзіңе құлдық, шын сыйласайық! Далаға кетейік
пе, жоқ татулықпен тарайық па? Қайсысын шын сыйластық деп
ой­ласың, ә?! Төрелігін өзің айт, Бектемір батырдың тұқымы!

ТАПАЛ: Қап! Құм құйдың-ау аузыма, құдағи! Батыр
бабаларымыз қандай еді?! Ал біз... Капут! (Стақанның қасына
құлайды).
ЖЕҢГЕЙ: Жарайсың, жайсаңым! Жөн білетін кісі екенсің!

(Шам сөнеді).

ҮШІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Киіз үйдің іші. Кешегі кісілер дастархан басында отыр.
Дөкей әлі жатыр. Кісілер көңілсіз. Бастары ауырып, қалжы­
рап «аһылап», «уһілеп» қояды.

ТАПАЛ: Кеше бәріміз де әжептәуір қоқырайып едік, бүгін
жа­пырайып қалыппыз ғой! Түнгі жорықтан қайтқан жауын­
гер­лердей...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ой, түндегіні қайтесің, бүгінгіні

айтсаңшы.
ЛӨКТІР: Баяғының ерлері ел үшін түн қатып, түстері
қашса, бү­гінгінің батырлары ішіп-жеудің соңында дамыл
таппай шаршап-шалдығып жатыр-дағы!

СҰРАМШАҚ: Кім не десе, о десін, құдалық – бір тамаша
дәстүр. Көре алмағандар тұз жаласын! Балаларды қызықтап,
дүниенің бәрін ұмытып, күні-түні ішіп-жеп, гүжілдесіп
жатқанның өзі бір рахат емес пе, шіркін!

ЛӨКТІР: Дұрыс айтасыз! Құдалық – ата-бабамыздан қалған
игі салтымыз, өмірдегі бір үлкен қызығымыз! Оған дау жоқ.
Бірақ соны шектен шығып бүлдірмей, дәмімен қызықтауға
болмай ма?! (Осы кезде бір табақ ет келеді. Бәрі қозғалақтап

жатыр).
СТАҚАН: Айналайын, Лөктірім, сен бір өте ақылды құда
екенсің! Бірақ шектен шығып не істедік? Азырақ артықтау
кетіппіз... ештеңе етпес... осындайда андай-мұндай болмаса,

несі қызық! Кішкентай кикілжіңге, ұсақ-түйек нәрсеге сонша
күйзеліп, шашыңды ағарта беріп қайтесің?!
ЛӨКТІР: Үлкен ұрыс-керістер көбінесе ұсақ-түйектен
басталады!

ТАПАЛ: Ау, құдалар, өзі мәңгіріп тұрған басқа күш тү­
сіріп қайтеміз! Осыған аман жеткеніміз үшін ақырын ғана
алып қояйық! (Кешегідей емес, ақырын ғана соғыстырады
стақандарын. Сол кезде Дөкей атып тұрады).

ДӨКЕЙ: Ух! Қалғып кетіппін ғой!.. Ап кел!
СТАҚАН: «Бұл арақты ішкен емес, бас жазған қызық»
деуші еді бір ағамыз жарықтық... ! (Ду күлкі. Тағы да ішу. Тағы
табақ ауыс­тырды, әйелдер де ішіп жатыр. Дастархандағы

етті бөліп-бөліп, орап алысады).

ТАПАЛ: Ау, құдалар, ал дабайымыз қайда кеткен?! (Бәрі
қосылып, «Ал, дабай», «ал, дабай» деп қағып-қағып салады).
ДӨКЕЙ: Әй, осы да құдалық, осы да қызық па екен, ә?
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Шүкір, жұрт қатарлы тойлап жатқан

жоқпыз ба?
ДӨКЕЙ: Жоқ, біздің құдалығымыз ерекше болуы керек қой!
Дұ­рыстап сыйласаңдаршы... былай... дүрілдетіп...
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Енді не істе дейсіз, құда? Асты-үстіңізге

түсіп, бәйек болып жатырмыз! Тоғызыншы үйдің тамағын ішіп
отырсыз осымен!
ДӨКЕЙ: Мендей кісіге тоғыз үй түгілі тоғыз ауылдың тамағы
да көптік қылмайды! Бірақ біртүрлі... көңілім қоңылтақсып,

бірдеме жетпей тұрған сияқты, құлазиды-ай келіп!
ТАПАЛ: Айтыңыз... жасырмай... қарастырып көрейік...
можит анау шығар?!
ДӨКЕЙ: Білмеймін... Не екенін өзім де білмеймін... Бірдеме

жетіспей тұр!
ЛӨКТІР: Мүмкін, ел жағдайы мазалап отырған шығар?
ДӨКЕЙ: Немене елді ойлайтын есуас деп пе ең мені? Әркім
өз қамын өзі ойласын!

ЛӨКТІР: Қарауыңыздағы халқыңыздың жағдайын сіз
ойлама­ғанда, кім ойлайды?
ДӨКЕЙ: Менің құлқыным – менің халқым! Мен ғана емес,
жұрт­тың бәрі де өз құлқыны үшін жанталасып жатқан жоқ па?!

Ну, енді артылып жатса... анда-санда елді де ойлап қойғанның
зияны жоқ, әрине!
ТАПАЛ: Иә, құда, ауылдағы елге ұн жетпей жатқанда, пәлен
тонна астық пен ет беріп, туалетный бумага алып, қойманы

толтырып қойғаның да елдің қамы шығар, ә? Саған қағаз да
шақ келмес...
ДӨКЕЙ: Естіп қойған екенсің, айтайын... Рас, ол қағаздың
қал­қозға түкке де керегі жоқ. Бірақ бізден де жоғары бастықтар

бар... ал дейді, амал жоқ, аламыз, бер дейді – береміз...
ТАПАЛ: Қағазы өтпей жатқан кәмерсанттар өңештеріңнен
май­лап-майлап өткізіп жіберді-ау, ә?!
ДӨКЕЙ: Енді... жайдан-жай істемейміз ғой...

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Дәттерің қалай барады, дәттерің?!
ЖЕҢГЕЙ: Ау, құдалар, басқасы қолдан келмеген соң,
шаруашы­лық мәселесін шешуге кірістіңіздер ме? Одан да бәрін
ұмытып, ой­нап-күлейік аянбай! Дүние екі айналып келмейді!

СТАҚАН: Сол үшін!
ТАПАЛ: Ал, дабай!
ДӨКЕЙ: Ап кел!
(Тағы дүрілдетеді. 2-құдағи, Шошақай, қыз, жігіт буда-

буда нәрсе көтеріп кіреді).
2-ҚҰДАҒИ: Ал, айналайын құдалар! Ежелден келе жатқан
жол-жоба, мына берген сыйымызды қомсынбай, аз да болса
көптей көріп қабыл алыңыздар! Бас құдаға – қаракөл жағалы

пальто! (Әдеппен иығына жабады). Құдағиға – алтын жүзік!
(Қолына тағады).
СҰРАМШАҚ: Ат қайда? Түйе берем дегенсің? Басқа да
уәделерің бар да!

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Сабыр ет... Екеуміз бір күндік емес, мың
жыл­дық құда емеспіз бе, ә?!
СҰРАМШАҚ: Иә, иә, солай!
ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ендеше мың жылға дейін бір аларсың!

Бас аман болсын!
2-ҚҰДАҒИ: Бас құданың інісі – дөкей құда, сізге импырт
плащ (Әдеппен иығына жаба бергенде, дөкей жұлып алады).
ДӨКЕЙ: Плащ? Ма-ған плащ? Әй, дендерің сау ма? Сендер

менің кім екенімді білесіңдер ме?
ТАПАЛ: Білеміз! «Кәмөнезм» қалқозының түгін қоймай
құртқан майтабан батырсыз!
ДӨКЕЙ: Жоқ, білмейсіңдер менің кім екенімді! Әй, мен

талай жерден ат мінген, орден алған аса құрметті адаммын! Ал
сендердің плащтарың не, ей, ә? Әй, менің жөнім бөлек, жолым
ерекше ғой, әй, мен дөкеймін ғой! Тым болмаса орнымды
сыйла­саңдаршы! (Плащты лақтырып жібереді). Кит дейді

ғой ишшо ұялмай!
СТАҚАН: Қой енді. Кит үшін ит болмайық! (2-құдағи қалған
нәрселерді – біреуге костюм, біреуге көйлек сияқты үлестіреді.
Құдалар жағы риза болмаса да үндемейді).

ЛӨКТІР: Стеке, дұрыс айтасыз! Өңкей бір атам заманнан
қалған, аннан келген, мыннан келген, сандықтың түбінде
сүрленіп, шіруге айналған, адам баласы кимейтін бірдемелерді
кит деп әлдеқандай ғып сыйлаймыз да, кигіздім, бердім деп

күпсінеміз. Қайдағы бір өтпей тұрған, жан баласының қа­
жетіне жарамайтын жылтырақ, қаудырлақ, үлбірек шүберек
атаулы қазақтың жол-жобасына жарай беретінін саудагерлер
де біліп алған, әдейі сондай нәрселерді қазақтың жаназа мен

құдалығына қымбат бағамен ысқыртады-ай келіп! Жарамсыз нәрсеге жабысып қалған жол-жоралғының өзінде жөн бар ма екен осы, ә?! Бір-бірімізді босқа шашып-төккенді, түкке тұрмайтын нәрселер үшін кінәлап сөккенді қоятын кезіміз болған жоқ па, ағайын?! (Бәрі бас изеп, «иә, иә», «дұрыс айтасыз», «босқа ренжіспейік», қояйық» дейді). ТАПАЛ: Ал, енді, айналайын, аппақ құдалар, аттанарда ақ тілек­пен аппақ қып ап қояйық! Андай-мұндай реніш болса осы жерде қалсын! Балалар бақытты болсын! Сол үшін! Кел, дабай, бол дабай! (Бәрі «ал, дабай», «ал, дабай» десіп ішеді. Дуылдасып далаға шығады. Плащ жерде қалады. Оны Сұрамшақ іліп алып, әйелінің қоржынына салады). СҰРАМШАҚ: О несі-ай? Берген нәрсені далаға тастай ма екен? Бәрібір басқа беретіндері жоқ! (Бәрі далада). ҚЫРЫНДАҒЫШ: Ал, құдаларым, жолдарың болсын! СТАҚАН: Сол үшін! Ал, дабай! ДӨКЕЙ: Жолаяқ, жолаяқ! Ап кел! (Хормен: Жолаяқ! Жолаяқ! ) ҚЫРЫНДАҒЫШ: Әй, әкеліңдер! Неғып тұрсыңдар?! 2-ҚҰДАҒИ (Қырындағышқа): Арақ бітті! Дым қалған жоқ! ҚЫРЫНДАҒЫШ (2-құдағиға): Қап! Енді қайттік! Кетер аяққа келгенде... ДӨКЕЙ: Неге бөгелдіңдер, құдаларым? Кетерлік қайда? А-а! Арақтарың біткенский?! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Енді... құда... жиырма бес кісіге дайындал­дық... жетпіс бес кісіні күттік... Оңай ма? ДӨКЕЙ: Онда менің жұмысым жоқ! А-ха-ха! Ә-ә, бәлем! Ақыры тауыстым ба арақтарыңды! Алақай! Алақай! (Өз жағының кісілерімен қол ұстасып, күліп, айнала билейді. Хормен: Бол, дабай! Бер, дабай! Бере алмасаң, ұяттан жерге кіріп өл, дабай! Бол, дабай! Бер, дабай! Бере алмасаң, ұяттан жерге кіріп өл, дабай! ) ҚЫРЫНДАҒЫШ (Тапалға): Әй, сенің ебің бар еді ғой! Ағаң асылып өлсін демесең, бірдеме тап! ТАПАЛ: Уаскінің үйінде самогон болуы керек! ҚЫРЫНДАҒЫШ: Уаскінің несі болса да ап кел! (Тапал зытады). ДӨКЕЙЛЕР (хормен): Жолаяқ! Жолаяқ! Бол, дабай, бер, дабай! Бере алмасаң, ұяттан жерге кіріп өл, дабай! Өл, дабай! (Талтаңдап бір шыны шөлмекті (бутыль) көтеріп Тапал ке­леді).

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Айналайын-ай, Тәпәйім-ай, бауырым-ай
сол! Қайтсін! Намысы бір ғой!
ТАПАЛ: Кел, дабай, ал, дабай! Тауысқанша осыны, бар кү­
шіңді сал, дабай! Тауыса алмасаң, серейіп, осы жерде қал,

дабай!
(Бәрі дуылдасып, «амандыққа, саулыққа», «жол болсын»,
«бәріміз де аман болайық» деп ішеді. Бір кезде шетінен, үн-
түнсіз, тұрған жерлерінде құлай береді. Тым-тырыс. Тірі жан

жоқ. Алған нәрселері әр жерде шашылып жатыр. Ортада дәу
шыны шөлмек сораяды. Біраздан соң қыз бен жігіт келеді).
ҚЫЗ: Апырм-ай, не боп қалды? Бұлар неге жатыр?
ЖІГІТ: Мас па? Ұйықтап жатыр ма?

ҚЫЗ: Талып қалды ма? Әлде... жоқ! (Екеуі жұрттың
тамырла­рын ұстайды).
ЖІГІТ: Түрлері жаман!
ҚЫЗ: Қозғалмайды!

ЖІГІТ: Әлгі самоганнан келді не келсе де! Уаскі самогонын
кү­шейту үшін тауықтың боғын қосады дейтін!
ҚЫЗ: Ойбай, уланып қалды-ау! Өліп қалмаса жарар еді! Ана
жылы газеттен оқып едім, бір құдалықта осылай самогон ішіп,

он алты кісі опат болды деп. О, құдай-ай, не жаздық? Сақтай
гөр! (Жігітке) Неғып тұрсың? Жүгір, лөктір, милиция шақыр!
ЖІГІТ: Түгел қырылып қалсаң да, лөктір мен милиция
таптыра ма қазір? Құдалар қашан самогон ішіп құлайды деп

тосып отырмайды ғой!
ҚЫЗ: О, жаратқан ием, жаббар хақ! Иа, рахман, иа, рахим!
Жылата көрме! Шулата көрме елімді! Аман қыла гөр!
ЖІГІТ: Әй... Әй... сүйінші! Қимылдайын деген сияқты. Иә,

иә, тірі! Тірі!
ҚЫЗ: Тірі, Тірі! О, алла!
ЖІГІТ: Құдай сақтады! Тірі! Бұлар уланған! (Кісілер
ақырын­дап, әрең-әрең тұра бастайды. «Уһ! Алла-ай!» деседі).

ҚЫРЫНДАҒЫШ: Құдай сақтады бір ажалдан!
ҚҰДАҒИ: Әзәзілге еріп, күпірлік қылғанда тапқанымыз
осы ма?
2-ҚҰДАҒИ: Соның бәрін тастап, тәубә қылайық!

СҰРАМШАҚ: Татуласып, балалардың бақытын тілейік!
(Бәрі де «Алла, тәубә!», «Бас аман болсын», «Балалар
бақытты болсын!», «Басқа әңгіме не керек?», «Бәрін де
кешіріп, тату-тәтті болайық!» десіп құшақтасады).

ҚЫЗ (Жігітке): Сен де кешір, жаным! (Екеуі құшақтасады).
ЖЕҢГЕЙ (Манадан үндемей, оқшау тұрған Дөкейге):
Дәкөйшік, тәуба де!
ДӨКЕЙ: Тәу-пи! Тәпи, тәпәйім, қайдасың?

ТАПАЛ: Мен мұндамын!
ДӨКЕЙ: Бірдемең жоқ па, ей? Ап кел!
ЖЕҢГЕЙ: Қойсаңшы енді! Бір өлімнен қалып тұрып...
бұның не?Амандықты ойлайық та!

ДӨКЕЙ: Какой амандық ей, ә? Кісінің басы быт-шыт боп,
өлейін деп тұрса... Одан да... ап кел!
ЖІГІТ: Ал, жүріңіздер, ауруханаға апарып, іштеріңізді,
қанда­ры­ңызды тазалау керек.

ЛӨКТІР: Біздің жанымызды тазалау керек!
ДӨКЕЙ: Ішкен-жегенімді, кешеден бері жиған-тергенімді
сумен шайғызып, айдалаға ағызып жіберетін суми деп пе
едіңдер мені?! Одан да бірдемелерің болса... ап кел!

ЖЕҢГЕЙ: Қой енді, қоя ғой, дәкөйшігім! (Қолтықтап
алады).
ДӨКЕЙ: Сенікі жөн, зәкөншігім! Ал, міне, мен де қойдым!
ЖІГІТ: «Ал, дабай», «ал, дабай» деп жүріп, бір ән салмаппыз

ғой! Ұят-ай! Қосылып бір ән салайықшы! (Бәрі қосылып «Ән
дабай», «Ән дабай» дейді күліп. Тапал бастап, бәрі қосылып ән
салады).
Балалар өсе берсін,

Бақытын тілейік те.
Адамның бәрі бауыр,
Қадірін білейік те,
Өмірді уландырмай

Жақсылап сүрейік те,
Сыйласып шын көңілмен
Жарқырап күлейік те,
Тазартып жанымызды

Жарасып жүрейік те!
Соңы.
1997 жыл

ҚОЖАНАСЫР Екі суретті, тоғыз көріністі комедия ҚАТЫСУШЫЛАР: ҚОЖАНАСЫР ӘЙЕЛІ ҚАЗЫ ҰРЫ БАЙ ХАН БАС УӘЗІР ТӨС УӘЗІР БІРІНШІ САУДАГЕР ЕКІНШІ САУДАГЕР ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛ ШАЙХАНАШЫ ӘЙЕЛ ЖАСАУЫЛ АУЫЛДАСТАР, ҚАЛАЛЫҚТАР, БАЗАРШЫЛАР Оқиға Қожанасыр заманында өтеді. БІРІНШІ СУРЕТ Бірінші көрініс Кеш. Қожанасырдың қоңыр үйі. Шам жанып тұр. Жұпыны киінген әйелі Қожанасырдың көнетоз, қырық жамау қор­ жынына оны-мұныларын жинастырып салып жатыр. Жоба­ сы – жол қамы. ӘЙЕЛІ: Әй, қайран Қожанасырым-ай, қайтейін сені! Ішер ас, киер киімге жарымай, мына жалғаннан жабырқап-ақ өтер ме екенбіз? Қайдам... Әйтеуір, оңып жатқан тірлік жоқ, бірақ соған қыңып жатқан Қожекем бе? Ойбай-ай, күйдіргі-ай десейші, күлкісі қай жерінен шығады екен? Бір жолы төркіндеп

келсем, ошақтың басында от жағып отыр. Бет аузы күйе-күйе.
Басына менің орамалымды орап-орап алыпты. «Қожеке не
болды? Әбден әбігерленіп, шат-шәлекейің шықты-ау!» деп,
бәйек болып жатсам, «Қанша әуреленсем де от жанбай қойды.

Сосын сенің орамалыңды салып кеп, үрлеп-үрлеп жіберіп едім,
лап ете түсті. Соған қарағанда, сенен от та қорқады білем!» деп,
күлгенін қайтерсің...
(Сырттан есектің ақырғаны естіледі. Үйге шапанын

сүйретіп Қожанасыр кіреді)
ӘЙЕЛІ: Иә, Қожеке, аман-есен келдің бе? Тоқта, Тоқта...
Шапа­ныңды ауыстырып алғанбысың?
ҚОЖАНАСЫР: О не дегенің, жаным? Кеше ғана бармағыңды

майыстырып отырып жамап-жасқап, жап-жаңа ғып берген
шапа­ныңды біреуге айырбастап, мені өле алмай жүр деп ең?
ӘЙЕЛІ: Қане, дұрыстап қарашы. Мынауың бөтен нәрсе.
Жұрт қонаққа барған жерінен біреудің тәуірін әдейі іліп кетуші

еді... Ал сенің өзіңдікінен де ескі бірдеңені киіп алғаныңа жол
болсын!
ҚОЖАНАСЫР: Ә-ә! Рас-әй... Жаңа ғана шапаным өзімдікі
сияқты еді...

ӘЙЕЛІ (жабықтан сығалап): Есегің де басқа ғой...
ҚОЖАНАСЫР (жабықтан сығалап): Қап! Ұят болды-ау!
Қалай байқамағам? Мен неге өстіп ылғи байқамай қалам, ә?!
(Сәл үндемей) Ойбай, сүйінші, қатын, сүйінші! Той жаса!

ӘЙЕЛІ: Не боп қалды? Тағы нені бүлдірдің?

ҚОЖАНАСЫР:

Шапанның
ішінде,
есектің
үстінде

болмағаным қандай абырой болды, ә?! Әйтпесе, өзім де
айырбасталып кетпес пе едім...
ӘЙЕЛІ: Әй, Қожеке-ай, Қожеке-ай! Бүйте берсең, байқамай
басқа әйелдерді де жақсы көріп қоярсың?

ҚОЖАНАСЫР: Жоға! Ондайды байқамайтын бала емеспіз...
Бас­қа әйелдерді былай... байқап, қарап жақсы көреміз дә!
ӘЙЕЛІ: Олай демеші, Қожеке! Тек мені ғана сүйем деші...
Тек мені ғана!

ҚОЖАНАСЫР: Иә, тек сені ғана, тек сені ғана! Сонда қалай,
сенен басқалар адам емес пе?
ӘЙЕЛІ: Мейлі! Тек мені ғана жақсы көрсең болды! Маған
деген махаббатың шексіз ғой, иә?

ҚОЖАНАСЫР: Шексіз болғанда қандай... шет-шегі жоқ...
ұлан-ғайыр дүние. Айтпақшы, сондай үлкен махаббат әлемінің
ішінде жалғызсырап қалмайсың ба?
ӘЙЕЛІ: Жоқ... жоқ... жоқ! Сен менен басқа ешкімді кіргізбе

жү­регіңе!
ҚОЖАНАСЫР: Жоға, жүрегіме кіргізіп жынды болыппын
ба? Оларға басқасы да жетеді...
ӘЙЕЛІ: Қойшы енді қылжақтамай! Менен басқа бір-р әйелге

қолыңнан, тіпті қолың түгілі балағыңнан да ұстатушы болма!
ҚОЖАНАСЫР: Ұстатпаймын, шалбарды бірден сыпырып
тастай саламын!
ӘЙЕЛІ: Әне! Қоймайсың! Ойнасаң да ойыңдағыны айтасың!

Сенен басқа ешкімге қарамаймын десең нең кетеді?
ҚОЖАНАСЫР: Енді... Өтірік айтайын ба? Өзің де білесің,
мен қайырымды адаммын. Жақшынақай қыздар «Қожеке,
Қожеке» деп қиылып, үздігіп тұрса, шіркіндердің көңілін

қалдырып, ренжітуге кәйтіп дәтім барады?
ӘЙЕЛІ: Әй, Қожеке-ай, бұлай демесең Қожекем боласың ба?
Бәрібір мен саған сенемін!
ҚОЖАНАСЫР: Маған сенсең де, анаған сенбе!

ӘЙЕЛІ: Әне, сен сүйтесің... Алыс жолға, қалаға жүргелі
тұрғанда, шаңырағыңды күзетіп, тілеуіңді тілеп... үйде қалып
бара жатқан маған айтар сөзің бе бұл?!
ҚОЖАНАСЫР: Ойбай, қойдым, қойдым... Ойнаймын.

Қалаға қай бір ерігіп, яки желігіп бара жатыр дейсің. Кәсіп
табылып, нәсіп бола ма деген үміт қой, әйтеуір... .Қойшы енді,
қоя ғой, қалада жұмыс істеп ақша тапсам, саған көп моншақ
әперем!

ӘЙЕЛІ: Иә, саған... Моншаққа алданатын мәжнүн деп пе
едің? Әперсең, әдемі көйлек әпер.
ҚОЖАНАСЫР: Мақұл, тақсыр, мақұл. Тек жылап зәремді
ал­машы.

ӘЙЕЛІ: Әуелі ақ көйлек, қызыл көйлек, жасыл көйлек, көк
көй­лек...
ҚОЖАНАСЫР: Сары көйлек керек жоқ па?
ӘЙЕЛІ: Жоқ, сарыдан гөрі, сарғылты жақсы. Одан соң кө­

гілдір, қызғылт, қан қызыл, сия көк, күлгін, шымқай қара
көйлектер болса қатып кетеді! Тағы да қоңыр, бозғылт... Қо­
жеке, неге бозарып барасың?

ҚОЖАНАСЫР: Ә, жәй әншейін, осынша көп көйлекті қалай сақ­таймыз деп қиналып тұрғаным! ӘЙЕЛІ: Рас-әй! Екеуміз байығанда үйімізге ұры түспей ме? ҚОЖАНАСЫР: Ой, сен де қайдағыны айтып. Кел, одан да ұйық­тайық. (Шамды сөндіреді. Қап қараңғы). ҚОЖАНАСЫР: Бері қарасайшы! Қайта айналып келгенше не за­ман! ӘЙЕЛІ: Ә, бәлем! Жақшынақай қыздарың қайда жаңағы? ҚОЖАНАСЫР: Қап! ӘЙЕЛІ (Сәлден кейін сыбырлап): Қожеке, Қожеке! ҚОЖАНАСЫР: Әу? ӘЙЕЛІ: Осы үйге ұры түскенін қалай білуге болады? ҚОЖАНАСЫР: Ұрылар аяқтарын киізбен орап алады. Сонда олар­дың дыбыстары естілмейді, тым-тырыс! ӘЙЕЛІ (сәлден кейін): Қожеке, Қожеке... ҚОЖАНАСЫР: Әу? ӘЙЕЛІ: Үйге ұры түскен сияқты... . ҚОЖАНАСЫР: Оны қайдан білдің? ӘЙЕЛІ: Бағанадан бері тың-тыңдап жаттым. Тып-тыныш! Тым-тырыс! Соған қарағанда ұрылар аяқтарына киіз орап алып, дыбыс­тарын шығармай жүрген тәрізді! ҚОЖАНАСЫР: Ой, сен де қайдағыны бастап! Одан да, не... Бері жатшы... (Бір кезде бірдеңе салдыр ете түседі. Әйелі ой­ байлап жібереді. Қожанасыр атып тұрып, шам жағады. Шам жарқырап жанғанша, қаракөлеңкеде біреу қараңдайды). ҚОЖАНАСЫР: Әй, әнәнәйін ұрылар, сендердің дендерің сау ма өзі? Мына үйден біз күн жарықта ештеңе таба алмаймыз, сендер қараңғыда бірдеме аламыз деп жүрсіңдер ме, ей? Шынымды айтсам, баукеспе бастарыңмен қуыс үйден құр шығатын болдыңдар-ау деп, өздеріңнен жаман ұялып тұрмын! (Көлеңке жарыққа шығады). ҰРЫ: Тым болмаса арқаныңды берші! ҚОЖАНАСЫР: Атай көрме! Арқанды төсеніп жатырмыз. ҰРЫ: Ойдойт! Ондай сандырағыңа жол болсын! Анадағыдай аппақ қатынның астына арқан төсеп жатады дегенге итім сене ме? ҚОЖАНАСЫР: Біреуге бергің келмегенде төсеніп те жатуға бо­лады.

ҰРЫ: Жарайды, онда есегіңді бер.
ҚОЖАНАСЫР: Есекті кеше біреу мініп кеткен! (Осы кезде
есек ақырады).
ҰРЫ: Ә, әне есегің! Қожеке, ұят емес пе? Қалай ғана өтірік

айта­сың?
ҚОЖАНАСЫР: Сен де қызық екенсің. Мен жоқ деген соң
бітті, есек жоқ. Маған сенбей, қайдағы бір ақымақ есекке
сенесің бе?

ҰРЫ: Сен жоқ дегенмен, есегің бармын деп бақырып тұр
ғой. Мен қазір барамын да аламын есекті.
ҚОЖАНАСЫР: Өй, өзің бір ұяты жоқ ұры екенсің! Мен сені
қазыға апара қояйын. (Қожанасыр жастықты ала сап, ұрыны

бастан переді. Екеуі алысып-жұлысады).
ҚОЖАНАСЫР: Өй, ақырын... өлтіремісің? Қолың те­
мірдей ғой өзі... Ертең бір жерім көгеріп қалса қайтесің?
(Ұры Қожанасырды алып соғады да, тұра қашпақ болады.

Қожанасыр жібермейді, ас­тында арпалысып жатып, айқайды
салады). Аттан! Аттан, қазақ! Ұста! Қама! Ойбай қате-нем,
қайдасың? Байла! Байла мынаны! Өй, нағып тұрсың сілейіп,
бай керек болса, пер басынан оқтаумен!

ӘЙЕЛІ: Әй, сен неге маған айқайлайсың сонша? Неге әмір
бересің, ә? Әлгі қашқынақай-машқынақай қыздарыңа айқайла!
Ал, тіліңді алмаймын, не қыласың? Оқтаумен ұр дейді, бір
жөні түзу оқтау істеп берген адам құсап... (Ұры Қожанасырды

қылқындыруға тырысады).
ҚОЖАНАСЫР: Бол енді! Мынаның астына өзің жатайын
демесең, мойнына арқанды сал да, орап-орап байлап таста!
ӘЙЕЛІ: Әбеу, көтек! Енді қайттім?

ҚОЖАНАСЫР: Ал арқанды!
ӘЙЕЛІ: Алдым!
ҚОЖАНАСЫР: Сал мойнына!
ӘЙЕЛІ: Салдым!

ҚОЖАНАСЫР: Тарт!
ӘЙЕЛІ: Қалай?
ҚОЖАНАСЫР: Есекті қалай тартушы едің, солай тарт!
(Әйелі тартып қалғанда, ұры шалқасынан түседі. Қожанасыр

қарғып тұрып, оның үстіне қона кетеді. Мықтап байлап
алады).

ҚОЖАНАСЫР: Ал, жарайды. Жауды жеңіп, жұмысты
бітіріп алғаннан кейін, атақ-даңқты бөлісе алмай, менің
ерлігім, сенің ерлігің деп дауласып, абыройдан жұрдай болған
әлдекімдер құсап жүрмейік. Қысқасы, маған да рахмет, саған

да рахмет!
ҰРЫ: Маған ше?
ҚОЖАНАСЫР: Сен сыбағаңды қазыдан аларсың! Әйдә,
кеттік! (Ұрыны бірі сүйрелеп, бірі итермелеп алып кетеді).

Екінші көрініс
Қазының алды. Қолы артына байланған ұры тізерлеп
отыр. Мойнындағы арқан шұбатылып жатыр. Қожанасыр
мен әйелі тү­регеп тұр. Қазы келеді.

ҚОЖАНАСЫР (Алға ұмсына беріп): Ассаламуғалейкүм!
(Қазы оның сәлемін алмастан қақиып таққа отырады. Қо­
жанасырдың созылып, ауаға асылып қалған қолын әйелі
ақырын ғана түсіріп қойды).

ЖАСАУЫЛ:

Уа, арыз айтушы жамағат,
Уа, айтқызушы азамат,
Қара қылды қақ жарған,
Хан жолынан азбаған,

Ала шапан, ақ сәлде,
Қазыналы қазымыр
Қадірменді қазыға
Иіліңдер де бүгіліңдер,

Тізерлеп тұрып жүгініңдер!
(Ұры етпеттеп жата қалады. Қожанасыр малдас құрады.
Әйелі қасына отырады).
ҚАЗЫ (Қожанасырға): Иә, сен немене... Малдас құрып

мар­дым­сып... Әкеңнің үйіне келгендей шіренесің?
ЖАСАУЫЛ: Тізерле! Бүкіл! Жығыл қазекеңе!
ҚОЖАНАСЫР: Құрметті қазы, алдыңызға келіп жалпамнан
тү­сіп, жата қалатындай еш жазығым жоқ. Мен ұры-қары

емеспін, ұры – мынау!
ҚАЗЫ: Һ-мм! Оны әлі дәлелдеу керек?

ҚОЖАНАСЫР: Нені дәлелдеу керек?
ҚАЗЫ: Кімнің ұры, кімнің ұры емес екенін дәлелдеу керек
дей­мін.
ҚОЖАНАСЫР: Дәлелдейтін дәнеңе жоқ. Түн ішінде

үйімізге түскені айдай анық, тайдай танық!
ҚАЗЫ: Ол сенің көзіңмен қарағанда солай. Ал заңның
көзімен қарайтын болсақ, олай емес. Біріншіден, заң бойынша,
заң алдында бәріміз де бірдейміз, Яғни мына екеуің теңсіңдер.

ҚОЖАНАСЫР: Ау, тақсыр-ау, үйіме түскен ұрымен мен
қалайша тең болмақпын?
ҚАЗЫ: Алдияр тақсыр ханымыз шығарған әділ де ақиқат
заң­ның 896-тармағының 461-шумағының 2984-бунағының

999-қар­мағы бойынша дәл осылай! Әлде сенің хан заңына
күмәнің бар ма? Заңға қарсы болсаң, қазір сені сол заңның
3946-тармағының 564-шумағының 655-бунағының 225-қарма­
ғымен іліп алып, он жылға зынданға тастай саламын.

ҚОЖАНАСЫР: Жо-жоқ! Қойдым, қойдым, қазеке! Заң
қатты, жан тәтті!
ҚАЗЫ: Жә! Екіншіден, бұның сіздің үйге неге барғанын
анық­тауымыз керек. Мүмкін, ол бірдеңе ұрлау үшін емес, жай

қыдырып, яки адасып барған шығар...
ҰРЫ: О, аузыңнан айналайын, аулаңа байланайын,
қасиетті қа­зы! Сіз мені көптен білесіз! Бейсауат жүретін кісің
мен емес! Осы жолы Қожекеңе сәлем бере барған едім!

ӘЙЕЛІ: Түн ішінде ме?
ҰРЫ: Қожекең сондай бір қадірлі, күлдіргі адам ғой, бір
күлдіре­йін деп әдейі түнде барып едім, шошып оянып, әйелі
екеуі бас салып сабап-сабап, осында алып келді.

ҚОЖАНАСЫР: Әй, мына иттің баласы не дейді?
ӘЙЕЛІ: Барып тұрған бетпақ қой өзі!
ҚАЗЫ: Бұларың болмаған екен. Өзіңді сыйлап, еркелеп
келген азамат ұрыға, ә-ә, жо-жоқ, арыстай азаматқа әйелің екеуің

жабыла кетіп, мойнына арқан салып, сүйреп, қорлағандарың тіпті
заңға том­пақ!
ҰРЫ: Айналайын қазеке-ау, өздері айтсыншы... Ұяты бар
кісі екенін көрейін қане... айтсыншы шындығын... Үйлеріңнен

ине сабақ жіптеріңді алдым ба? Айт, қане, құдайшылығыңды!
Алсам, арам қатайын осы жерде, зынданда шіріп өлейін!

ӘЙЕЛІ: Өрем қап, лағанат!
ҚОЖАНАСЫР: Алуын алған жоқ, бірақ...
ҚАЗЫ: Бірағыңды құлағыңа тық! Үйіңнен еш нәрсе алған
жоқ қой?

ҚОЖАНАСЫР: Алған жоқ.
ӘЙЕЛІ: Алуға үлгертпей, алып соққан жоқпыз ба
ҚАЗЫ: Ә-гә-рки, сенің үйіңнен еш нәрсе алмаса, ешкімді
өлтір­месе, бұл кісінің қылмысы бар ма? Дәлелдеші, қане.

ҚОЖАНАСЫР: Ойбай-ау, қазеке-ау, сонда дәлел үшін
үйімізді түк қоймай тонап әкеткенше, яки біреуімізді өлтіріп
тастағанша тырп етпей қарап тұрайық па? Түн ішінде біреудің
үйіне тегіннен-тегін түсті дегенге кім сенеді?

ҚАЗЫ: Ешкім де сенбейді. Мен де сенбеймін. Бірақ, заң
бойынша бәрі басқаша. Заңға батыр айғақ, бай шөгел керек!
ҚОЖАНАСЫР: Қап! Көзбен көріп қолмен ұстаған нәрсені...
ҚАЗЫ: Кім біледі?! Бәлкім, әйелің екеуің бұған жала жауып

тұр­ған шығарсыңдар? Айғағың кәне? Жоқ болса, жасауыл,
шеш қолын!
ҚОЖАНАСЫР: Қап, мыналарды-ай! (Жасауыл ұрының
қолын шешіп, мойнындағы арқанды алады).

ӘЙЕЛІ: Әкел арқанымды! (Жұлып алады). Мұндай да заң
болады екен-ау, ә!
ҚАЗЫ: Заң дегеніміз – бұйдалы түйе, қалай бұрсақ, солай
жүреді. Естеріңде болсын, заңның жолы адамгершілік жо­

лымен бір емес. Мына азамат ұры – менің әбден жақсы таны­
сым...
ҚОЖАНАСЫР: Ұрыны азамат дейтініңіз қызық екен...
ҚАЗЫ: Заң бойынша, сотталғандарды азамат дейміз. Ал

соттал­мағандар – жай адамдар. Егер азамат атанғың кеп бара
жатса, зын­данға бір тығып ала қояйын!
ҚОЖАНАСЫР: Рахмет, өйткен азаматтығың өзіңе!
ҚАЗЫ: Ықтиярың! Ал мынау – нағыз азамат! Түскен

жерін ойып жібереді. Өзін соттай-соттай жалықтым – бәрібір
түзелмейді.
ӘЙЕЛІ: Түзелмесе, түзеп әуре болмай, күзеп тастау керек!
ҚОЖАНАСЫР: Қытайлар сияқты, ұры-қарының қолын

бір-ақ шабу керек!

ҚАЗЫ: Өйтіп оңды-солды шаба берсек, көбіміз шолақ боп
қаламыз ғой!
ӘЙЕЛІ: Мейлі!
ҚАЗЫ: Жо-оқ! Ұры да адамның баласы. Оны да түсіну керек.

Ол еріккеннен ұрлық қылмайды, қарны ашқан соң ұрлық
қылады. Оның да бала-шағасы бар...
ҰРЫ: Айналайын қазеке, біздің өстіп үптеп-сүптеп, ептеп-
сеп­теп, ұрлап-жырлап, ырғап-жырғап жүріп жатқанымыз –

сіздердің арқаларыңыз.
ҚАЗЫ: Біз де сендердің арқаларыңда алшаңдап жүрміз,
ұры­тайым! Әділ де ақиқат заңның 605-тармағының 864-шу­
мағының 54-бунағының 901-қармағы бойынша ұры-қарыны

соттау да керек, 902-қармағы бойынша ақтау да керек, басқа
елдердің ұрыларынан артықсыңдар деп мақтау да керек! Олар
құрып кетсе, біз жұмыссыз қаламыз, сондықтан ұрыларды
көздің қарашығындай сақтау да керек!

ҚОЖАНАСЫР: Сот ұры жағында! Сонда бізді кім қорғайды?
ҚАЗЫ: Сақтансаң, сақтаймын деген! Өздеріңді өздерің
қорғай біліңдер! Ауыздарыңды ашып жүрсеңдер, мен күзетіп
отырмақпын ба сендерді?

ҰРЫ: Иә, күзетіп отырмайды... саспаңдар, әлі талай барып
тұрамын... сәлем беріп!
ҚОЖАНАСЫР: Келіп көр, әкеңнің аузын...
Ұры: Тақсыр қазы, жасауыл мырза, көрдіңіздер ғой, есті­

діңіздер ғой, нахақтан-нахақ мені қорлап, боқтағанын...
ЖАСАУЫЛ: Көрдік!
ҚАЗЫ: Естідік!
ЖАСАУЫЛ: Куәдүрміз, куәдүрміз!

Ұры: Әділ төрелігін айтыңыз, жазасын беріңіз, қазеке!
ҚАЗЫ: Біздің мәмләкәтіміздің әжептәуір азамат ұрысының
ар-намысына тиіп, балағаттағаны үшін Қожанасырға бес ділдә
айып салынсын!

ӘЙЕЛІ: Айып? Бұл қай мазағың? Көнбейміз!
ҚОЖАНАСЫР: Ханға шағым айтамыз!
ҚАЗЫ: Мен бұл үкімді күн сәулелі хан иемнің атынан, хан
иемнің заңы бойынша шығарып тұрмын! Жасауыл!

ЖАСАУЫЛ: Ләпбай, тақсыр!
ҚАЗЫ: Айыбын төлемесе, сал зынданға!
4-0046

ЖАСАУЫЛ: Құп болады! Ал Қожанасырым... қалай?
ӘЙЕЛІ: Ойбай, зынданы құрысын, төлеп құтылайық! Міне,
міне, он ділдә!
ҚАЗЫ: Сендерге қайтаратын бес ділдәні қайдан таптым

енді?
ҚОЖАНАСЫР: Қазеке, сонда заң бойынша бір боқтағаның
бес ділдә ма?
ҚАЗЫ: Әлбетте, солай!

ҚОЖАНАСЫР: Ендеше, сенің де тап әкеңнің аузын...
Андағы бес ділдәні енді өзің ала бер! (Әйелі екеуі шығып жүре
береді).
Үшінші көрініс

Ауыл сыртында Қожанасырды бір топ ауылдастары
шығарып салып тұр. Кезек-кезек құшақтап, қимай
қоштасуда.

– Ортадағы еркеміз ең!

– Жылағанды жұбатып, құлағанға қуат берген шуақты

күлкіміз ең!

– Қайда жүрсең де аман бол!

ӘЙЕЛІ (Бүктеулі қағазды Қожанасырдың қалтасына
салып жатып): Мен мында бір тиыныңа дейін қашан, қайда,
қалай жұм­сау керектігін тәптіштеп жазып қойдым. Қанбазарда
қайтеріңді білмей басың қатып бара жатса, қағазға қарап жібер

де, қажетіңді ала бер!
(Қожанасыр бәрімен қоштасады).
АУЫЛДАСТАРЫ: Жолың болсын!

– Қайда жүрсең де аман бол!

– Бізді ұмытпа!

– Аллаға тапсырдық!

ҚОЖАНАСЫР: Аман бол, елім! Аман бол! Алла жар болсын!
(Бәрімен қоштасып, есегіне мініп жөнеле береді).
АУЫЛДАСТАРЫ (Қолдарын бұлғап, кезектесіп, қосылып):
Туып өскен ауылыңды,

Ел-жұртыңды, бауырыңды,

Қасиетті топырақты,
Тереңдегі тамырыңды
Қиып кетіп барасың ба, Қожеке!
Арманың не көңілдегі?

Мұратың не өмірдегі?
Қаңыратып ауылдарды
Күңірентер жөнің бе еді?
Шерлі ауылдан шеру тартып, шаһар кезіп,

Бақ береке табасың ба, Қожеке?
Кіндік кесіп, бесігіңді тербетіп,
Өмір отын жүрегіңде маздатқан,
Самалынан саумал иісін аңқытып,

Көкейіңде көне сарын боздатқан
Сар даланы сағынғанда, Қожеке,
Дауысынан тұңғиық сыр сезініп
Қанатының суылынан сәлем ал

Құстар ұшып бара қалса біз жатқан!
Төртінші көрініс
Түнгі қала. Бос базарда, жалғыз оттың басында Қожанасыр
қал­ғып отыр.

ҚОЖАНАСЫР (түсінде): Жо-жоқ, алмаймын тоқсан
тоғызың­ды... Жүз ділдәға толтырып бермесең, қайтем оны?
(Қаракөлеңкеде біреу қараңдап, Қожанасырды торуылдап
жүреді).

ҚОЖАНАСЫР: Жоқ дедім ғой, жоқ деген соң жоқ! Берсең
бір­жолата жүз ғып бер! (Оянып кетеді). Ә-ә, түсім екен ғой!
Қап! Бұл­данбай ала бермеген екенмін! (Көзін жұма қойып,
қолын жаяды). Мейлі, тоқсан тоғыз ділдәға да келістім!

ҰРЫ (Қожанасырдың қолынан ұстай алып): О, ғиззатлу
уа һүр­мәтлу, Қожеке! Інжу, маржан, лағыл, гауһар, алмас,
жақұт, алтын, күміс, зүбәржат... сәуле шашып тұр сізге!
ҚОЖАНАСЫР (Көзін ашып): Ә-ә?! Өй, ұреке, өзіңбісің?

Түсім әлде өңімбісің?

ҰРЫ: Түсім десең – өңіңмін, өңім десең – түсіңмін! Ай­
налайын Қожеке, арманыңды түсіндім. Көзіңді жұм да тілей
бер, келіп тұр сенің қалтаңа жүз түгілі мың ділдәні түсіргім!
ҚОЖАНАСЫР: Міне, міне, жұмдым көзімді, жұмдым!

ҰРЫ: Таң атқанша ашылмайтындай мықтап жұм! Тапжыл­
май жатып тілей бер!
ҚОЖАНАСЫР: Міне, міне, жаттым, тәтті арманға баттым!
ҰРЫ: Айтпақшы, әйелің берген азын-аулақ тиын-тебеніңді

менің алақаныма салып қой! Олар менің алақанымда түнімен
балапандап, таңертең тұп-тура мың ділдә болып шыға келеді!
ҚОЖАНАСЫР: Алақаныңнан айналайын, балапаныңнан
айна­лайын!

(Қалтасынан
түйіншегін
алып,
ұрының

алақанына салады).
ҰРЫ: Айнал, айнал, айнала түс, Қожеке! Тек көзіңді ашушы
болма, балапандар үркіп кетуі мүмкін. Тәтті қиялға беріліп,
ішіңнен мыңға дейін санай бер. Үпит-сүпит, уһ, ухит-сухит, уһ!

Қымқыр-жымқыр, аһ, мылқит-сылқит, оһ! (Ақырын әндете
жылыстап, тайып оты­рады. Таң атады. Қожанасыр оянады.
Қаланың күмбездері, өрнекті тас үйлері, бос базар біртүрлі
үрейлі көрінеді).

ҚОЖАНАСЫР: А-а! Әй, әлгі алақан қайда, балапан қайда?
(Қал­таларын, қойны-қонышын ақтарады). Қап! Қағып-
ақ кеткені ме шынымен? Тоқта, тоқта, мында бірдеңе бар
сияқты. (Қалтасынан бүктеулі қағаз алып қарайды.) Ой,

әкеңнің... ақша екен десем, әйелімнің ақылы екен ғой! Бүйтіп
жұмса, үйтіп жұмса деп миды ашытып еді. Осының бәрі соның
қырсығы... Көсемсіген қатынның кесірі басынан асып, байына
тиеді. Ә-ә, таптым, таптым! Әй, әй, ақымақ ұры! Сен бәрібір

менен алған ақшаны пайдалана алмайсың... Өйткені (қағазды
ту ғып желбіретеді) әйелімнің ақылы мында қалды! Ақшаны
қалай жұмсарыңды білмей басың әбден қататын болды ма, ә,
кәззәп! Саған сол керек! Ал, енді мен қайттім?

Дүрілдеген дүние
Дірілдеген бейбаққа
Мойнын бұрып қарамаса, күйзеліп
Күйрей ме екен айбатты ер?

Тас қалада бір тиынсыз,
Аш-жалаңаш, жап-жалғыз,

Қаңғып қалған кезімде де сен маған,
Таяныш боп, қайран күлкім, қайрат бер!
(Күн шығып, базарға адамдар келіп, сауда басталады).
1-САУДАГЕР: Уа, жарандар, жарандар! Дүние-мүлік – тау-

теңіз. Шетінен таңдап қараңдар!
ШАЙХАНАШЫ ӘЙЕЛ: Ата-бабаң жек көрмеген,
Ал өздерің жеп көрмеген,
Татып алсаң талай уақыт

Таңдайыңнан дәм кетпеген
Неше түрлі тағам бар!
2-САУДАГЕР: Бұхар, Хиуа, Қаршыдан,
Түрік, ауған, парсыдан,

Балқан таудың басынан,
Алпаң таудың астынан
Келген нәрсе қаншама!
1-САУДАГЕР: Бергі жағы Хазардан,

Арғы жағы Мажардан...
ШАЙХАНАШЫ: Әлемге даңқын асырған,
Үнді мен Шын-Машыннан...
2-САУДАГЕР: Ұрым менен Қырымнан,

Бағдат, Мысыр, Шам жақтан...
1-САУДАГЕР: Тәшкен, Мәскеу, жан-жақтан
Келген нәрсе қаншама!
БӘРІ ҚОСЫЛЫП ЖАРАСЫП: Алың, алың, алыңыздар,

Барыңызды базарға
Салың, салың, салыңыздар!
(Қожанасыр базарды аралап, әр нәрсені бір қарап жүреді.
1-саудагерге келеді).

1-САУДАГЕР: О-о! Хош келдің! Алың, алың! Хоп! (Қожа­
насыр бас салып, оның жемістерінен жей бастайды).
1-САУДАГЕР: Ей, найсап, не істеп жатырсың?
ҚОЖАНАСЫР: Жеміс жеп жатырмын.

1-САУДАГЕР: Жеу үшін әуелі деу керек. Тиын, тәңгә-мәңгә,
өрік-мейіз, сәңгә!

ҚОЖАНАСЫР: Өзің ғой алың, алың деген. (Жей түседі. 1-саудагер Қожанасырды таяқтай бастайды. Қожанасыр оған қарамай асап-асап жіберіп, шегіншектей береді). ҚОЖАНАСЫР: Осы жұрт қызық-әй, жемісті де зорлап, ұрып жегізеді кісіге! (Жылыстап, базардың екінші шетіне келеді. 2-сау­дагерге қаһарланып). Әй, бері қара! Егер мені сыйламасаң, көк мұхиттың көкжиегінен бір көрініп, тескен таудың түбіне кіріп ке­тесің! 2-САУДАГЕР: Иә, сонда не істейсің маған? ҚОЖАНАСЫР: Ана жақтағыларға істегенімді істеймін! 2-САУДАГЕР: Апыр-ай, ә? Мынауың қиын болды-ау! ҚОЖАНАСЫР: Тиыныңды қимасаң, қиынның көкесін көресің қазір! 2-САУДАГЕР: Ләпбай! Алың, алың! ҚОЖАНАСЫР: Е-е, бәсе, «Ынтымақ бар жерде береке бар» деген... (Түрлі-түрлі жеміс-жидек, тәтті тағамдарды жеп, қоржынына салып алады). 2-САУДАГЕР (Кетуге айналған Қожанасырға): Тақсыр, Қап­тесер, ә-ә, ғафу етіңіз, жақтесер мырза, не болса да айтып кетіңіз... Ана жаққа не істедіңіз? ҚОЖАНАСЫР: Не істеуші едім? Түк бермегесін бұрылдым да, жайыма жүре бердім. 2-САУДАГЕР: А-а! Қап! Қарай гөр! Қап! (Бұрыла беріп). О-о! Байе­кең келе жатыр! ШАЙХАНАШЫ: Байекең келе жатыр! 1-САУДАГЕР: Естідіңдер ме? Байекең келе жатыр! (Бай келеді. Барлығы жарыса «Ассаламуғалейкүм! Амансыз ба, байеке!» деп сә­лем бередІ). БАЙ (Балпаңдап, базарды аралай бастайды): Иә, ахуалдарың қалай? САУДАГЕРЛЕР: Жақсы, жақсы, байеке! Бәрі тамаша! ҚОЖАНАСЫР (Байға қадала қарап тұрып): Өй, мынау біздің әлгі кім ғой... Пәленбай... О-о! Пәленбай бауырым! (Бас салып құшақтайды). Аманбысың? Бармысың? (Бай шырай бермейді). Оу, Пәленбай, мен Қожанасырмын ғой. Өзіңмен бір ауылда, бірге өскен досың! Кәдімгі Қожанасыр! БАЙ: Әй, ақырын, ақырын... Жұрттың көзінше жұлмаламай, аулақ­тау тұршы өзің. Шаһар тәртібінде жарбаңдап, бір-біріне жабы­сып жатқан ұят саналады. Ел бізді есуас деп қалмасын.

ҚОЖАНАСЫР: Тәртіп-сәртібің не, әй? Асық ойнап асыр
сап, ағайынды қоңыр қаздай қатар жүрген досыңды та­
нымайтындай немене, кеудеңе жел, көзіңе шел біткен бе?
БАЙ: Жә, сарнай бермей, сабыр ет! Шық былай! (Екеуі

базардың қалтарасына шығады). Ал енді былай, Қожа­
насырым! Баяғыда бір бұлақтан су ішіп, бір ауаны жұттық екен
деп, байдың балағына жармасқаның жөн емес!
ҚОЖАНАСЫР: Ау, Пәленбай-ау, бұл қай сөзің? Ішек-

қарнымызға дейін араласып кеткен дос емес пе едік?
БАЙ: Ондай өтірік ойға өзің де алданба, жұртты да алдама!
Адам­ның қаны бір болуы мүмкін, ал қарны қашанда бөлек.
Екіншіден, қара сирақ кезімізде қатар жүрсек те, қазір қатар

емеспіз.
ҚОЖАНАСЫР: Оу, сен өзің мені менсінбей тұрғаннан сау­
мысың?
БАЙ: Теңсінді, менсінді, теңсінбеді, менсінбеді деген мекер

сөзді қайтесің? Мен бар болғаны шындықты айтып тұрмын!
Өзіңе бір қара, маған бір қара.
Мен зіл батпан салмақ емеспін бе, сен жел айдаған қаңбақ
емессің бе?! Байдың аты – бай, кедейдің аты – кедей! Ақшасы

бардың басқасы да түгел! Пұлы жоқтың құны жоқ!
ҚОЖАНАСЫР: Апырм-ай, ә? Аузыңа алдымен адам­шы­
лықты емес, ақшаны алғаның не? Бұрын мұндай емес едің...
БАЙ: Ақшасы көптің адамшылығы жоқ деп кім айтты? Көк

тиын­сыз кедейдің кісілігі керемет болады дегенге кім сенеді?
ҚОЖАНАСЫР: Әй, қайдам... кім біледі?.. Адамгершілік
ақша­мен өлшенбейді. Кісілікке баға жетпейді!
БАЙ: Өйдөйт! Әрине, ақшаға қолдарың жетпеген соң, адам­

гер­шілікпен алданасыңдар. Әйтпесе... Жә, мыжи бергеннен
ештеңе өн­бес. Жағдайыңды айтпасаң да сезіп тұрмын, жұмысқа
кірісіп кетуге қалайсың? Қане, жүр бері. (Қожанасырды бір
сөренің қасына алып келеді. Ымдап қалғанда, базаршылар

бірнеше қапты көтеріп әкеледі).
БАЙ (Қаптарды нұсқап): Мұның бәрі – ту-у алыстан
апталап, ай­лап жүріп, әрең әкелінген, уақыты сәл асыңқырап,
аз-маз ашың­қырап кеткен нәрселер. Бірақ бұл жақта жеуге

жарай береді, енді былай, ептеп іштері өтуі мүмкін, басқа зияны
жоқ! Сен осының бәрін әдемілеп сатып жіберсең, жұмысқа

аламын, жағдайың жаман болмайды. Миыңа мәңгілік тоқып
ал: сауданың мақсаты – пайда, әдісі – алдау!
ҚОЖАНАСЫР: Е-е, бәсе, төртке бесті қоса алмайтын
Пәленбай көкем кәйтіп шонжар боп шыға келді десем...

БАЙ: Ойбай-ау, енді... Қазір қулық-сұмдықсыз, ұрлық-
қарлықсыз байимын деп ойлама... Әйтеуір, бірін алдап, бірін
біріне жалғап, аннан үзіп, мыннан жұлып, біріне жалынып,
біріне жағынып, жанталасып жүріп санатқа қосылдық қой

біз де. Е-е, Қожанасырым, оған басыңды ауыртып қайтесің,
сартылдатып сата бер! (Кетеді).
ҚОЖАНАСЫР (Сөрені дабыл қаққандай ырғақпен тақыл­
да­тып): Уа, халайық, халайық! Бермен қарай келіңдер!

(Базаршылар келіп, жемістерін көре бастайды. Бай бір
шетте жасырынып, тыңдап тұрады). Мынау алма алыстан
сендер үшін келген. Әуелде қып-қызыл еді, мұнда жеткенше
күреңітіп кетіпті! Алыңдар мына мейізден, ептеп қана езілген!

Мына жаңғаққа жер жаһанда жаңғақ жетпейді, сырты мықты,
іші құртты! Алыңдар, алыңдар! Жер түбінен жеткен таңсық
нәрселер! Күн ыстықта сәл-пәл бұзылыңқырап кетсе оқасы
жоқ! Өйткені одан аздап іштерің құрылдап, шұрылдағаннан

басқа жаманшылық көрмейсіңдер, қысқасы, осыны жегеннен
өлмейсіңдер! Дәп осыны жегеннен өлсеңдер, маған келіңдер!
Өй, өй, алыңдар, қайда қашып барасыңдар? (Жұрт ренжіп
тарап кеткен соң, қамшысын үйіріп бай келеді).

БАЙ: О, зәнталақ! Зәнталақ! Қайдан ғана кездесіп ең сорыма?
ҚОЖАНАСЫР (Қашқақтай): Ой, байеке, қой байеке! Өзің
емес пе... осындай, осындай деген.
БАЙ: Әй, ит-ау! Айтсам, саған айттым ғой, елге жай дегем

жоқ. Алдап-сулап сатып жіберудің орнына, омпитқаның не
оңбаған?!
ҚОЖАНАСЫР: Өмір деген бір қызық, адам деген бір жұмбақ!
Өтірік айтсаң – оңдысың, шыныңды айтсаң – жындысың!

БАЙ: Жыныңды қағып, жоныңды тіліп тұрып көрейін
тілмар­сығаныңды! Жасауыл!
ЖАСАУЫЛ: Аттан! (Алыстан «Аттан! Аттан! Ұста! Ұр!
Соқ!» деген айқай естіледі).

ҚОЖАНАСЫР: Құрыған жерім осы ма? Қайдасың қайран
есегім? Кел, кел, кәне, құтқара гөр Қожекеңді! (Есегіне мініп,
тұра қашады).
БАЙ: Жасауыл! Тарт атымды көлденең!

Жасауыл: Ләпбай! (Қолтықтап атына мінгізеді. Бай «әйт­
шу­леп» Қожанасырды қуады).
ҚОЖАНАСЫР: Ал, есегім, есегім! Ықы, ықы! Жүр, шап,
ықы, ықы. Қап! Қатын екеуіңнің қырсық мінездеріңнен-

ақ көрдім-ау көресіні! Бол енді, шап, жау кеп қалды! Қап,
бәлем, онда мен сенің артыңа тотияйын қыстыра қояйын!
(Қалтасынан кішкене құты алып, есегінің артына шыбықпен
тотияйын қыстырады). Ал, енді көрейін сендерді! (Айнала

қуған бай жете алмай қалып қояды).
БАЙ: Әй, Қожеке! Тізгініңді тарта тұршы! Тимеймін! Атқа
жеткіз­бейтін есекті кім көрген? Бұл не сиқыр? Ындыны құрып
өлсін демесең, жөніңді айтып кетші!

ҚОЖАНАСЫР: Мені қуып жетем десең, артыңа мүсәтір
қыстырып ал!
БАЙ: Қойшы, қайдағыны. Жөніңді айтпасаң, айтпа. Бірақ
мені жақсылап тыңдашы. Есегіңді маған сат! Бір үлкен жаңа

үй бере­мін! Өзіңді сол есектің бапкері етіп жұмысқа аламын!
Үш адамның жалақысын төлеймін! Мақұл ма?
ҚОЖАНАСЫР: Мақұл болғанда қандай есекесі... Ә-ә,
басекесі, мақұл! Тезірек үйіңізге қарай бастаңыз, мына

шіркіннің қораңызға кірмей тоқтайтын түрі жоқ!
БАЙ: Әп, бәрекелді! (Айналаға сұқ саусағын безеп). Бәлем,
бақталас боп жүрген байсымақтар, енді көрермін сендерді!
(Екеуі де кетеді). Әйт, шу!

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Хан сарайы. Тақта отырған ханның алдында бас уәзір мен
төс уәзір қол қусырып, бас иіп, қыбыр етпей тұр.
ХАН: Жә! Міндеттеріңе кірісіңдер! Күннің көзі, жердің

жүзінде, таудың басы, судың астында не жаңалық бар?!

БАС УӘЗІР: Алдияр, хан ием! Түлкінің уәзірі шырпының
уәзірі­мен шатақтасып қалыпты! Аралары қатты ушығып тұр
дейді.
ХАН: Жарастырыңдар!

БАС УӘЗІР: Ләпбай, тақсыр!
ТӨС УӘЗІР: Алдияр, хан ием! Түрпінің уәзірі жылқының
уәзірі­мен тым жақындасып, ауыз жаласып жүр дейді.
ХАН: Таластырыңдар!

ТӨС УӘЗІР: Ләпбай, тақсыр! Бірақ олар көнбесе ше?
ХАН: Мен қалай айтсам солай болады! Бітті! Жарас дегенім
жа­расады, талас дегенім таласады. Айтқанымды қылыңдар!
ТӨС УӘЗІР: Түлкінің уәзірі айлакер, қу ғой, құйрығын

ұстата қояр ма екен?
ХАН: Айтқандайын, әнеукүні маған соның күлкісі ұнамай
қалып еді, күлге аунатып, түлкі аулатып жіберейін бе?
ТӨС УӘЗІР: Ләпбай! Мүлдем күлмейтіндей ғып, аузын

қисайтып жібереміз...
БАС УӘЗІР: Уа, алдияр, хан ием, оның күлкісі жаман
болғанмен, түлкісі жаман емес екенін өзіңіз де, күн сәулелі
ханым да, ай сәулелі ханшалар да жақсы біледі ғой!

ХАН: Онысы тағы бар ма еді?
ТӨС УӘЗІР: Тақсыр, түлкі уәзірін орнынан алыңыз да,
шырық бұзғыш шырпы уәзірінің орнына қоя қойыңыз.
БАС УӘЗІР: Шырпы уәзірін жылқы уәзірі етіп қойыңыз да,

жыл­қы уәзірін...
ХАН: Кеше оның сәлемі жақпай қалды маған...
БАС УӘЗІР: Алдияр, оның сәлемі жақпағанымен, сәлем­
демесі жағады ғой... Қазы-қарта, жал-жаяны аяп қалған жері

жоқ!
ХАН: Рас, рас. Енді қайттік?
БАС УӘЗІР: Оны түрпі уәзірі етіп қойыңыз!
ТӨС УӘЗІР: Түлкінікін шырпыға, шырпыныкін жылқыға,

жыл­қыныкін түрпіге, түрпінікін түлкіге! Тамаша!
ХАН: Бірінің бүлдіргенін бірі жөндеп, бастары айналып,
бір-біріне байланып, бейтарап болып жүре берсін!
БАС УӘЗІР: Ләпбай тақсыр! Айтқаныңызды екі етпейміз!

ТӨС УӘЗІР: Сіз қалай айтсаңыз, солай болады қашанда!
ХАН: Тағы қандай қызықтарың бар?

БАС УӘЗІР: Түгенбай Теріскейге барғанда теріс сөйлепті!
ТӨС УӘЗІР: Бүйдеп айтады дейді...
ХАН: А-а...
БАС УӘЗІР: Сүйдеп айтады дейді...

ХАН: Қудалансын!
ТӨС УӘЗІР: Күленбай Күнгейге барғанда көп күліпті дейді!
ХАН: А-а? Қайдағы күлкі қазір?!
БАС УӘЗІР: Қайдам... Әйтеуір, сөйтіпті...

ТӨС УӘЗІР: Бүйтіпті...
ХАН: Неге үйтеді ол? Жазалансын!
БАС УӘЗІР: Шүленбай қазы бір жиында бетімен лағыпты...
ТӨС УӘЗІР: Бүйдейт дейді!

БАС УӘЗІР: Сүйдейт дейді!
ХАН: Әй, ол ылғи мені мақтай сөйлеуші еді...
БАС УӘЗІР: Ол әншейін бер жағы!
ТӨС УӘЗІР: Ар жағы таза емес!

ХАН: Апырм-ай, ә! Мақтағанда майын тамызушы еді.
БАС УӘЗІР: Осы жолы майы бітіп қалыпты.
ТӨС УӘЗІР: Мақтайтын жеріңізді мақтамай, мақтамайтын
же­ріңізді мақтапты. Ә-ә... иә!

ХАН: Солай ма?
БАС УӘЗІР: Солай!
ТӨС УӘЗІР: Бүйдепті!
БАС УӘЗІР: Сүйдепті!

ХАН: Неге үйдейді ол, ә? Айдалаға айдап жіберіңдер!
БАС УӘЗІР: Әміріңізге құлдық!
ТӨС УӘЗІР: Айтқаныңызды екі етпейміз!
ХАН: Екі етіп, я кекетіп көріңдер! Айттым, бітті, айтқаным

болады. Болуға тиісті!
БАС УӘЗІР: Ләпбай!
ТӨС УӘЗІР: Ләпбай!
ХАН: Тағы нелерің бар?

БАС УӘЗІР: Пәленбай бір ғаламат есек сатып алыпты.
ХАН: Есек?
ТӨС УӘЗІР: О, алдияр хан ием, есек болғанда да кәр-рәм-
мәттің нақ өзі!

БАС УӘЗІР: Кеше ғана Пәленбай есегін үш жүз атпен жа­
рысты­рып, бас бәйгені жеңіп алып, абыройын бір асырды,
алдияр!

ТӨС УӘЗІР: Небір сәйгүліктерден озып шыққан дүлдүл есек
мәм­ләкәтіміздің мақтанышы болуға әбден лайық!
ХАН: Шынымен-ақ тұлпардан есек озғаны ма? Алмауыт
азып, тарланбоз тозғаны ма?

БАС УӘЗІР: Алдияр, хан ием! Рас, кешегі бәйгеде Түген­
байдың тарланы, Шүленбайдың шабдары, Күленбайдың күреңі
бірінші ке­луін келді. Бірақ иелері анадай болған соң, оларға
кәйтіп береміз бас бәйгені?

ХАН: Сендерді де жұрт азаматымыз деп, әділқазылық қы­
лады деп, сеніп отыр-ау, ә?
БАС УӘЗІР: Ойбай-ау, тақсыр-ау, өзіңіз айтқандай, біз де
пенде емес­піз бе? Сіздің, біздің көңілімізді таппаған кісінің

бәйге алуының өзі күнә емес пе?
ТӨС УӘЗІР: Ал Пәленбайдың өзі де жақсы, сөзі де жақсы!
БАС УӘЗІР: Бәрі жақсы!
ТӨС УӘЗІР: Көңілімізді қалдырған, кесірленіп кері тартқан

жері жоқ.
БАС УӘЗІР: Есегі де өзіне тартқан өлермен екен... Әлгі
жүйрік­терден арқан бойы ғана кейін қалғаны болмаса, онша
көп ұтылған жоқ! «Есектің есектігін ескере отырып, тұлпардың

бәйгесін соған береміз» дегенімізде, ешкім қыңқ ете алмады!
ТӨС УӘЗІР: Есек басымен жылқымен жарысқанының өзі
неге тұрады? Мұндай аяулы есек ай-әлемде жоқ!
БАС УӘЗІР: Сондықтан Пәленбай бүкіләлемдік бәйге

өткізгелі отыр!
ТӨС УӘЗІР: Күллі ғалам қазір қаптап келсе де, бар шығынын
тік көтеріп, көріп алам деп отыр!
БАС УӘЗІР: Жер-жаһанға жар салып, жарыстырып

тұлпарлармен есегін, жеңіп алам деп отыр.
ХАН: А? Не дейді, әй? Ессіз байыса, есекке шашады, тексіз
байыса, өсек пен төсекке шашады, есті байыса, ел үшін есеппен
шашады!

БАС УӘЗІР: Айтқаныңыз ақиқат!
ТӨС УӘЗІР: Бұлжымайтын қағида!
ХАН: Пәленбай құтырған екен. Қалың ел өлмес күнін әрең
кө­ріп отырғанда, есекке бәйге тігіп, жер-жаһанды жинады

деген не сұмдық?! Байлықтың қызуы шыдатпай бара жатса,
халыққа берсін! Айдалаға шашқанша, айналасына жақсылық

жасамай ма? Есірген байды есінен кетпестей ғып жазалап, есегіне теріс қаратып мінгізіп жіберіңдер! БАС УӘЗІР: Ләпбай! ТӨС УӘЗІР: Айтсаңыз болды! БАС УӘЗІР: Сіз қалай десеңіз, солай болуы заң ғой, алдияр. Бірақ Пәленбай қазынаға үздіксіз үлес қосып келе жатқан қадірлі бай! ХАН: Батпан пұлы барлығын қайтейін оның, мысқалдай миы жоқ болса? ТӨС УӘЗІР: Пұл болса, ми табылады ғой, алдияр! БАС УӘЗІР: Ондай мисыз емес екен, хан ием! Өйткені осы бәйгені Сізге арнап, сіздің мерейіңіз үшін өткізгелі отыр! ТӨС УӘЗІР: Бәйгені өзіңіз бастап, өзіңіз аяқтаса екен деп тілек айтып отыр! БАС УӘЗІР: Бүкіл дүние жүзінің алдында есегіміз озып, айды аспанға бір-ақ шығарсақ, мәртебеміз бір көтеріліп қалмай ма? ТӨС УӘЗІР: Сіздің атақ-даңқыңыз бұрынғыдан да шарықтай түспей ме?! ХАН: Апырмай! Менен басқалардың да басы істейді екен-ау, ә? Бағанадан бері сөйдемейсіңдер ме? Онда әңгіме басқа! Менің атақ-даңқым үшін бәйгеге қоспақ түгілі, есектің етін жесеңдер де мейлі! Екінші көрініс Қараңғы. Керней, зурнай тартылып, дабыл қағылады. Аспан-жер­дің бәрі – айқай-сүрең, қиқу. Тұяқтардың дүрсілі жер жарады. Аттың кісінегені, есектің ақырғаны, «әйт, шу, хайхай, бас-бас» деген адам­дардың айқай-шуы құлақ тұндырады. Жанталасып, сатыр-сұтыр, тарс-тұрс, жарқ-жұрқ етіп жұлқынып жатқан дүние. Бір кезде қараңғыны қақ жарып Пәленбайдың дауысы естіледі. БАЙ: Бас, бас Қожанасыр! Аяма арам қатқырды! Масқара болсын демесең, бас, бас! ҚОЖАНАСЫР: Бары осы болса, басқанда қайтем! БАЙ: Сиқырың қайда әлгі? Барыңды сал, аяма! Бас, бас!

(Есектің қатты ақырғаны естіледі де, іле-шала үні өшеді.
Тұлпарлардың дүбірі алыстай береді. Сол кезде айнала жап-
жарық боп, далада сұлап жатқан есектің қасында Қожанасыр
отырады. Жүгіріп Пәленбай келеді).

БАЙ: Не боп қалды? Тұр десеңші, жүр десеңші!
ҚОЖАНАСЫР: Есекең мен басекең бір қисайса, қайтып
түзелуші ме еді? Енді есегіңмен жаһаннамда бір-ақ жолығасың.
БАЙ: Бай-бай-ай, бай-бай, бай-бай-бай-ай! Екеуің қылдың­

дар-ау қылмақшыны ханның алдында!
ҚОЖАНАСЫР: Оу, байеке, өзің ғой, аяма, бас, бас деген.
Содан бір қадақ тотияйынды бір-ақ тығып едім, арты ойылып,
зорығып кетті. Енді өзің шаппасаң, басқа амал жоқ.

БАЙ: Не дейді?
ҚОЖАНАСЫР (Қалтасынан құтыны алып көрсетеді):
Мында кішкене қалды, саған жетеді... ұрып жібер де бағыңды
сынап көр! Кім біледі, артың қызса, бағың жанып, бәрінен

озарсың. Әй, бірақ тотияйынмен алысқа бара алмайсың!
БАЙ: Абыройдан айырылып, масқара боп тұрсақ, мазақ
қыласың ғой ұялмай!
ҚОЖАНАСЫР: Есектің бәйгесіне байланған қандай абырой

ол, ә? Елдің намысы соған қарап қалып па? Шіркіндер-ай,
одан да қалың елдің қайыршылық халге жетіп, қолынан келер
қайраны болмай, қайраңдап қалғанына намыстансаңдар етті!
(Кетеді).

БАЙ: Қап, бәлем, Қожанасыр, сені ме! Жағаңды дал-дұл жыр­
тайын, жағаңды жығып, құртайын! Қайдасың қолшоқпарым,
ұры­тайым-ұртайым!
ҰРЫ (Жүгіріп келеді): Не бұйымтайыңыз бар? Біреуді

тонайын ба, артық-кемін жонайын ба, ақ кебінге орайын ба,
аппақ қардай бо­райын ба?
БАЙ: Қожанасырды есінен тандырып, әкесін танытып сабап
бер­сең, мың ділдә сенікі!

ҰРЫ: Екі мың ділдә берсең қайтем?
БАЙ: Хоп, майлы! Бірақ оңдырмай оқсат! (Ақша береді).
ҰРЫ: Ақша болса, бізге бәрібір. Екі мың күнге дейін ұмыт­
пайтын­дай қылармын!

Үшінші көрініс
Айдын шалқар көлдің жағасы. Біреулер шомылып, біреулер
балық аулап жүр. Есігі жартылай ашық шатырда 1-саудагер,
2-саудагер, шайханашы әйел, қазы дастархан басында мәз-

мәйрам болып отыр. Есікте жасауыл тұр.
ШАЙХАНАШЫ ӘЙЕЛ: Алыңыздар, алыңыздар! Ер-азамат
тоқ болса, бізде уайым жоқ болар.
ҚАЗЫ: Иә, иә, еркектер жеуге, әйелдер деуге жаралған ғой.

ШАЙХАНАШЫ: Е-е, шіркін, етке тойған еркектен артық не
бар дейсің?
1-САУДАГЕР: Әбден жақсы айтасыз. Етке тойған еркек не
есіреді, не есі кіреді.

2-САУДЕГЕР: Жасасын ет пен еркектер!
1-САУДАГЕР (Қазыға): Жоғары мәртебелі қазы! Қазы-
қартадан қарбыта түсіңізші. Сізді қазы деп атағанда, қазы-
қарта жесін деп атаған шығар?

2-САУДАГЕР: Иә, иә, біз жемесек те, сіз жеңізші. Осы сіздің
аузыңыз жеуге сондай ыңғайлы бір оңды ауыз!
(Қарқылдап күліп отырғанда, Қожанасыр келеді).
ЖАСАУЫЛ (Есік аузында): Әй, тоқта, тоқта! Өй, қайда

барасың шоқпыт-шоқпыт болып? Кет былай!
ҚОЖАНАСЫР: Мейман едік...
ЖАСАУЫЛ: Мейман едік деп маймаңдағанша, майлы ет
аңдыған сұғанақпын десеңші! Сұқпытына қарамай, сыбаға

сұрайды, әй, сұмырай неме?
ҚОЖАНАСЫР: Есік күзеткен сен сұмырай ма, емін-еркін ел
кез­ген мен сұмырай ма, оны бір құдай біледі.
ЖАСАУЫЛ: Тарт тіліңді! Төрде отырған тектілермен

терезеңді теңестіріп, табақтас болғың келе ме, не?
ҚОЖАНАСЫР: Е, болса ше? Бір тәңірім бәрімізді де адам
етіп, тең жаратқан!
ЖАСАУЫЛ: О, көркөкірек, өркөкірек неме! Сонда қалай,

ана бай- бағландармен бірдеймін деп тұрмысың? Оларға бір,
өзіңе бір қарашы, ұсқыныңды ғана ұрайын сол!
ШАЙХАНАШЫ: Бұл не шу, жәукемдегіш қайным?
ҚАЗЫ: Кім ол? Диуана ма, дүңгәнә ма өзі?

ЖАСАУЫЛ: Өй, мына біреу мейманмын деп мәймөңкелейді.
1-САУДАГЕР: Мейман? Ха-ха-ха! Андағың мейман ба,
маймыл ма?
2-САУДАГЕР: Құртшы... кісінің жүрегін айнытпай.

ЖАСАУЫЛ (Есікті жауып): Ал енді жөніңді тап! Қанымды
қайната берсең, жайратамын да тастаймын. (Қожекеңді итер­
ме­лейді).
ҚОЖАНАСЫР (Қолын қағып жібереді): Өй, қой енді! Сенің

көмегіңсіз-ақ жүріп тұра аламын. Сендерге жабысып қалған
ешкім жоқ. Өзіңмен қатар отырғысы келмеген адамдардан
аулақ жүргеннің өзі бір бақыт емес пе?! (Кетеді).
(Жағаға бас уәзір мен төс уәзір келеді).

ТӨС УӘЗІР: Қап, мына кещелерді-ай! Жұрт шомылып
жатқан жерге кісі қармақ сала ма екен?
БАС УӘЗІР: Е, салса несі бар?
ТӨС УӘЗІР: Адам жүрген жерге балық жолай ма екен?

БАС УӘЗІР: Неге? Бері қара! Балық жүрген жерде адам
жүреді ғой, ә?
ТӨС УӘЗІР: Иә!
БАС УӘЗІР: Ендеше, адам жүрген жерде балық та жүреді!

ТӨС УӘЗІР: Жоқ! Балық жүрген жерде адамның жүруі
қандай заңды болса, адам жүрген жерден балықтың қашуы да
сондай заңды!
БАС УӘЗІР: Қой енді! Мұның тіпті қисынға келмейтін,

ақыл-ойға қайшы, қисық қағида. Балық жүрген жерде адам
жүргенде, адам жүрген жерде балық неге жүрмейді, ә? Айтшы,
қәне?
ТӨС УӘЗІР: Айтатын дәнеңе жоқ! Балық жүрген жерде адам

жүр­се, балықты аулау үшін жүреді, адам жүрген жерде балық
жүрмесе, ауланбау үшін жүрмейді.
БАС УӘЗІР: Немене, немене дейді? Ми қата қылдың ғой
өзің. Мы­на қарашы, міне, балық (сол қолын көрсетеді), міне,

адам (оң қолын көрсетеді). Сонда мына балықтың қасында
мына адам жүргенде, балық қайда жүр? Адам жүрген жерде
жүрген жоқ па ол да!
ТӨС УӘЗІР: Ол жүрмейді ол жерде, қашып кетеді!

БАС УӘЗІР: Қап! (Қожанасыр өтіп бара жатады). Ә, мына
кісіге жүгінейік. Қане, мырза, бері қара, біздің дауымызға
төрелік бер. Балық жүрген жерде адам жүреді, ал адам жүрген
жерде балық жүре ме?

ҚОЖАНАСЫР: Ол адамына қарай. Жаман адам жүрген
жерде балық та, халық та жүрмейді.
БАС УӘЗІР: Не дейді?
ТӨС УӘЗІР: Әбден дұрыс! Нанбасаңыз, балықтардың қасына

ба­рып көріңіз!
БАС УӘЗІР: Көріп қана қоймай, сенің көзіңе шұқып тұрып
көр­сетермін! (Апыл-ғұпыл шешіне салып, суға қойып кетеді).
А-а, ах-ох, әй-әй!

ТӨС УӘЗІР: Иә, қалай? Жан-жағыңыз тола балық па екен?
Балықтың бас уәзірімен уәделесіп жатырсыз ба?
БАС УӘЗІР: А-а-а, әй-әй!
ТӨС УӘЗІР: Ойбай, мынау батып бара ма? (Жағаға жұрт

жина­лады. Ішінде Пәленбай бар). Бері, бері ұмтылыңыз!
Қолыңызды беріңіз. Әкеліңіз!
(Жұрт «Бол! Бол! Бер! Бер! Бер қолыңды, берсеңші!» деп
шулайды. Бас уәзір бір батып, бір шығып жатса да қолын

бермейді).
ҚОЖАНАСЫР (Төс уәзірге): Бұл кісі кім?
ТӨС УӘЗІР: Ханның бас уәзірі!
ҚОЖАНАСЫР: Е-е! Бәсе! Ол кісі өлсе де бермейді қолын!

Тіпті беру дегеннің не екенін де білмейтін шығар! Өйткені ол
өмір бойы алумен ғана келе жатқан жоқ па? Міне, қараңдар! Уа,
тақсыр, мә, алыңыз, мә! (Бас уәзір жалма-жан Қожанасырдың
қолын шап беріп ұстай алады. Қожекең оны жағаға сүйреп

шығарады)
ТӨС УӘЗІР: Тұншығып қалған жоқсыз ба, тақсыр? Суық
тиіп қалмасын!
БАЙ: Бағымыз бар екен. Сіз кетіп қалсаңыз біз қайтер едік?

ТӨС УӘЗІР: Бүкіл мемлекетіміз қара жамылып, күніміз
қараң болар еді ғой!
БАС УӘЗІР (Қақалып-шашалып, демін әрең алып): Бар
екен! Жүрді жанымда!

ТӨС УӘЗІР: Нені айтасыз?
БАС УӘЗІР: Балықты айтамын. Қалай енді... әлі де дауласа­
мы­сың? Суға түссе, қасында балық жүретін, жағаға шықса,
халық жү­ретін мен кіммен, ә?

ТӨС УӘЗІР: Ғаламатсыз!
БАЙ: Ғажапсыз!
БАС УӘЗІР: Солай ма?
5-0046

ТӨС УӘЗІР: Солай!
БАЙ: Солай!
БАС УӘЗІР: Олай болса, мына кісіге алғыс айтып, (Қо­
жанасырды көрсетеді) шапан жабайық!

Бай: Ләпбай! (Үстіндегі қымбат шапанын бас уәзірге ұс­
тата бе­реді.)
БАС УӘЗІР: Ал Қожанасырым, әзірге осыған риза бола тұ­
расың!

ҚОЖАНАСЫР: Тақсыр, Пәленбай да жалаңаш кетпей,
менің ша­панымды киіп кетсін.
БАЙ: Жо-жоқ, о не дегеніңіз!
БАС УӘЗІР: Киесің!

БАЙ: Ләпбай! (Қожанасыр екеуі шапан ауыстырып киеді.)
БАС УӘЗІР: (Төс уәзірге) Ал кеттік, достым. Балықтың
дауын бітірдік, енді халықтың қамын ойлайық! Дөдеңмен
дауласқан сенің де сыбағаң дайын! (Екі уәзір кетеді. Бай жа­

ғада қалады, шапаны жарқыраған Қожанасыр шатырға ке­
леді)
ЖАСАУЫЛ (Қожанасырға): Қош келдіңіз, байеке! Төр­
летіңіз! (Қожанасыр кіреді, шатырдағылар құрақ ұшып төрге

отырғызады).
1-САУДАГЕР: О, байеке! Хош келдіңіз!
2-САУДАГЕР: Дәм алыңыз!
ҚАЗЫ: Алыңыз, алыңыз! Сіздей алыстан келген аса мәр­

тебелі мейманмен дәмдес болудың өзі бір бақыт.
ШАЙХАНАШЫ: Алыңыз, алыңыз, неге алмай отырсыз?
ҚОЖАНАСЫР: (Табаққа шапанының жеңін малып: )
Же, ша­паным, же! Сендер адамды емес, шапанды сыйлайды

екенсіңдер! Сондықтан, же, шапаным, же! (Шатырдағылар «а-
а, ах» десіп Қожанасырға қарап қалады. Жасауыл есікті жаба
салады. Сол кезде шатырға Пәленбай келеді. Жасауыл оны
кіргізбей, аулаққа итермелейді. Пәленбай жұлқынып, кеудесін

соғып, өзінің кмі екенін дәлелдеп бағады. Жасауыл келемеж­
деп, шапанын көрсетіп, жұлмалап, қудалайды. Екеуінің
дауыстары естілмейді, бірақ қол­дарын сермеп, қызу дауласып
жатқаны көрініп тұр. Біраздан соң Жасауыл Пәленбайды

құйрықтан бір теуіп, жағаға қарай қуып тастайды да, өзі есік
алдына келіп тұрады. Жағада жалғыз қалған Пәленбай басын
шайқап, қолын сермеп, теңселіп, сенделіп жүреді. Сол кезде

бұқпантайлап ұры келеді де, келтекпен байды бастан переді.
Пәленбай құлайды. Ұры қуанып, күліп, секіріп билейді. Сол
кезде Қожанасыр келіп, оған қарап тұрады. Билеп жүрген ұры
бір кезде Қожанасырды көріп, бетін басып, тұрып қалады).

ЖАСАУЫЛ (Жүгіріп келіп): Хан жарлығы, хан жарлығы!
Қо­жанасыр қазы болып тағайындалсын! (Жасауыл Қожа­
насырға қол қусырады. Ұры сылқ ете түседі).
Төртінші көрініс

Қожанасыр – қазы. Оның алдында шайханашы әйел мен
жұпыны киінген жолаушы әйел жүгініп отыр.
ҚОЖАНАСЫР: Сөйлеңіздер!
ШАЙХАНАШЫ: Аса құрметті қазы! Мына отырған жо­

лаушы әйел менің шайханама кіріп, дорбасынан қатқан нанын
алды да, менің тамақтарымның бұрқыраған буына жібітіп,
тыңқиып тұрып тойып алды.
ҚОЖАНАСЫР: Ас болсын!

ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛ: Ра-ра-рахмет!
ШАЙХАНАШЫ: Жоқ, ас болмасын. Ақы-пұлын төлемей
ішкен ас арам емей немене?!
ҚОЖАНАСЫР: Сонда бұл кісі сіздің ақыңызды жеп кетті

ме? (Қожанасырдың әйелі кіріп, үндемей тыңдап тұрады).
ШАЙХАНАШЫ: Жегенде қандай!
ЖОЛАУШЫ: Ненің ақысын?
ШАЙХАНАШЫ: Әне, көрдіңіз бе, құрметті қазы, жұртты

алдап, әбден әдістеніп алған. Шайханамда жылынып, тамақ­
тарымның иісін жұтқаны өтірік пе, ей?
ЖОЛАУШЫ: Рас, рас! О, ыстық тамақтың иісі қандай
тамаша!

ҚОЖАНАСЫР: Шіркін-ай десейші...
ШАЙХАНАШЫ: Міне, көрдіңіз бе, құрметті қазы, өзі де
мойын­дады.
ҚОЖАНАСЫР: Сонда бұл кісі сіздің шайханадан ештеңе

ішкен де, жеген де жоқ па?
ЖОЛАУШЫ: Жоқ, ішкем де жоқ, жегем де жоқ!
ШАЙХАНАШЫ: Ойбай-ау! Тақсыр қазеке-ау! Ішіп жемесе
де тамақтарымның иісін жұтты ғой. Қандай тәтті иістерімнің

бәрін бүйтіп-бүйтіп жұтып тауысты емес пе? Соның ақысын
төлесін!
ЖОЛАУШЫ: О заман да бұ заман, тамақтың иісін сатты
дегенді кім естіген?

ШАЙХАНАШЫ: Естімесең, көресің! Төлейсің!
ЖОЛАУШЫ: Төлемеймін!
ҚОЖАНАСЫР: (Қалтасынан бір уыс тиын алып, шайха­
нашы әйелдің біресе оң құлағына, біресе сол құлағына, төбесіне

әбден шылдырлатады). Тамақтың иісін сатқан адам ақысына
ақшаның шылдырын ғана алуға тиіс!
ШАЙХАНАШЫ: Әбеу, көтек! (зытады.)
Жолаушы: Төрелігіңе құлдық! (кетеді. Қожанасырдың

әйелі Қо­жанасырға сүйсініп, бас бармағын көрсетеді).
ҚОЖАНАСЫР: Әйел үндемей тұрған кезде, қандай әдемі!
ӘЙЕЛІ: Немене, сөйлесек, сәніміз кетіп қала ма?
ҚОЖАНАСЫР: Жоға! Жәй, әншейін, әлгімен салыстырып

жат­қаным ғой. Сенің сондай болмағаныңа қатты қуанып тұр­
мын! Сен де маған тамақтың буын бұлдап отырсаң қайтер едім?
ӘЙЕЛІ: Қожеке, мен тұрғанда тамақ туралы ойлаудың өзі
күнә емес пе? Менің көркіме қарап отырып-ақ көңілің тоймай ма?

ҚОЖАНАСЫР: Көңілім тоюын тояды, бірақ қарным аша
береді. Жалпы, қазаны қайнап жатқан әйелдің ажары ашыла
түсетін сияқ­ты!
ӘЙЕЛІ: О, қараң қалғыр Қожанасыр! Мені пісіріп жемесең,

үйде тіске басар талшық қалған жоқ! Қаңғып-қаңғып, қазы
болып, қа­ра қылды қақ жарғанда, қарық қылғаның осы ма?
ҚОЖАНАСЫР: Апырмай-ә! Мені қойшы, қазының қарны
ашқа­ны ұят екен!

ӘЙЕЛІ: Өз қарнын тойдыра алмай, қатынын қаншырдай
қатыр­ған қазыдан не қайыр, не үміт? Сөйтіп тұрып күлесің
ұялмай, жылау­дың орнына. Осы сенікі не ырбаң? Неғылған
ыржың-ыржың күлкі шынында?

ҚОЖАНАСЫР: Күлмегенде, өлейік пе?
Тауқыметті тартсаң-дағы, торықпай,
Қиындық пен қиянаттан қорықпай,
Ауырды жеңілдетіп,

Айналаны көңілді етіп,
Ауруды емдеп,
Қисықты жөндеп,

Қараңғыны жарық қылып,
Күліп жүрген мың артық!
Әркіммен араздасып,
Пәле қуып, арыздасып,

Өзің түк бітірмей, бұрышқа тығылып,
Бірақ сырттай жұртқа таразы болып,
Өзіңнен басқаға наразы болып,
Қыңсылап үріп,

Қайдағыны бастап ұлып,
Күйкі тірліктен күйреп, құрып жүргеннен де,
Қайрат қылып, алға ұмтылып,
Күліп жүрген мың артық!

ӘЙЕЛІ: Ибай, адырам қал! Сенің күлкің кімге дәрі? Мен адам
құсап тәтті тамақ ішіп, әдемі киініп, жарқырап жүргім келеді.
Тойдым бүйткен тірлігіңе! (Қайқайып тартып отырады).
ҚОЖАНАСЫР: Е, бәсе... Қатын қайраттанды, бірдеме боп

қалар!
(2-саудагер келіп қол береді, екеуі әлденені сөйлесіп, әрі-бері
жүреді. Сол кезде Қожанасырдың әйелі мен 1-саудагер келеді.
Екі саудагер ала көзбен атысып, Қожекеңе жүгінеді.)

1-САУДАГЕР: Уа, тақсыр қазы! Пәленбайдың есегі тұлпар­
лармен жарысамын деп, тырқиып қалғанда, хан ием қатты
қаһарланып, сізді жазаламақ болыпты дейді...
2-САУДАГЕР: Сонда сіз: «Жүргіш есектен жолымыз бол­

мағанмен, білгіш есектен жолыңыз болады. Егер маған билік
берсеңіз, есегіңізді он жылда сөйлейтін етіп шығарамын», –
депсіз.
ҚОЖАНАСЫР: Деп жібердік!

1-САУДАГЕР: Біз соған дауласып келіп отырмыз. Мен:
«Есек ешқашанда адамша сөйлей алмайды!» – десем, мынау
көнбейді.
2-САУДАГЕР: Егер есек лайықты ұстазға жолықса, сөйлейді!

ҚОЖАНАСЫР: Сенікі дұрыс! (Қожанасырдың әйелі екі
сауда­гердің сыртында тұрып, қолымен 1-саудагерді көрсетеді,
ымдап, құбылып, одан бір нәрсе алғандығын сездіреді. Қожа­
насыр 2-сауда­герді нұсқап, бірдемелерді ымдайды).

1-САУДАГЕР: Құрметті қазы! Тіпті Апылатын мен Ана­
қарыс қо­сылып оқытса да, есек адамша сөйлей алмайтыны
ақи­қат қой!
ҚОЖАНАСЫР: Сенікі де дұрыс!

ӘЙЕЛІ: Ойбай-ау, Қожеке-ау, ананікі де дұрыс, мынанікі де
дұрыс бола ма екен?
ҚОЖАНАСЫР: Қатын, сенікі де дұрыс!
ӘЙЕЛІ: Қожеке, мұныңыз қалай?

ҚОЖАНАСЫР: Менікі де дұрыс! (Отырғандар «Ә-ә! А-а!
О-о!» де­седі).
ҚОЖАНАСЫР: Әр нәрсенің дұрысы да, бұрысы да бар. Әр
дұрыс­тың бұрысы, әр бұрыстың дұрысы болады!

ӘЙЕЛІ: Қожеке... не... былай ғой, оңаша шықшы! (Екеуі
оңаша­ланады). Қожеке, айналайын!... Қашанғы жалаңаш
жүреміз деп, ананың (1-саудагерді нұсқап) бір қалта ақшасын
қағып алып едім. Төрелікті соған бер!

ҚОЖАНАСЫР: Қатырған-ақ екенсің! Қашанғы аш жүреміз
деп (2-саудагерді нұсқап) мынаның бір қойына келісіп қойып
едім!
ӘЙЕЛІ: Көтек! Енді қайттік? Айтқанымды істе, ұятқа

қалдырмай. Менің де қатын деген атым бар!
ҚОЖАНАСЫР: Менің де еркек деген атым бар ғой. Тамақ
істедің бе өзі? Сен сол қазаныңды біл дағы, қалғанын маған
жібер. (Әйелі кетеді. Қожанасыр даугерлерге келіп) Уа, аса

қадірлі ақиқат аңсап, аяулы уақыттарын айтыс-тартысқа
арнаған данышпан даукес­тер! Біріңнің сөзіңді сөйлеп, бі­
ріңнің сағыңды сындырсам, менің кім болғаным? Сондықтан
дауларыңның жауабын он жылдан кейін, хан алдында, ғұлама

есектің өз аузынан естігенде, шындық қашан­да же­ңетініне
көздерің тағы да жетеді!
1-САУДАГЕР: Қалай? Біз жауапты есектен емес, сізден
естісек деп едік!

ҚОЖАНАСЫР: Мен есек үшін жауап бере алмаймын! Есек
сөйлей ме, жоқ па, сонда бір-ақ көресіңдер!
2-САУДАГЕР: Төрелігіңе құлдық!
1-САУДАГЕР: Көрсек көрерміз! (Екеуі кетеді).

ӘЙЕЛІ: Қайран Қожекем-ай, он жылдан кейін қайтер
екенсің?

ҚОЖАНАСЫР: Қайтушы ем? Он жылға дейін не хан, не мен, не есек – үшеуміздің біреуіміз өлетін шығармыз! ӘЙЕЛІ: Әй, Қожеке-ай, Қожеке-ай! ҚОЖАНАСЫР: Қожекеңді қоя тұр. Біз бүгін күнәһар болдық қой, соны ойладың ба? ӘЙЕЛІ: Астапыралла! Не істеп қойдық? ҚОЖАНАСЫР: Пара алдық қой біз, пара! ӘЙЕЛІ: Е, құдай, соны да сөз ғып! Жұрт түйені түгімен, биені бүгімен жұтып жатқанда... ҚОЖАНАСЫР: Жоқ, бәрібір жақсы емес. ӘЙЕЛІ: Енді қайт дейсің? Өстіп жүдеп-жадап жүре береміз бе? ҚОЖАНАСЫР: Былай болсын. Әлгі қойды сойып, құр­ малдық берейік. Сонда ана ақшаның күнәсін мына садақаның сауабы жуып жібермей ме, ә? ӘЙЕЛІ: Мақұл, Қожеке, алтын Қожеке! (Сол кезде «Хайхай!», «Көрерміз!», «Жүр! Жүр!» деген айқай, шу естіледі. Төс уәзір мен бұрынғы қазы бірін-бірі сүйрелей, алысып-жұлысып келеді). ТӨС УӘЗІР: Уа, тақсыр Қожанасыр! Мынау қазы боп тұр­ ғанда, заңды аяқасты қылды, қылмыскерлермен ауыз жаласты, параны желкесінен шыққанша жеді! ҚАЗЫ: Қадірлі Қожеке! Мынау төс уәзір боп тұрғанда талайға тісін тигізіп, тізесін батырады. Біреуді біреуге ша­ ғыстырып, хан иемді алдап, ала тайдай бүлдірді. Қазынаға қол сұғып, ел мүддесін сатып жіберді! ТӨС УӘЗІР: Әй, талай момынды нахақтан-нахақ соттап, нағыз баукеспе баскесерлерді ақтап жібергенің жалған ба? ҚАЗЫ: Нағыз өсетіндерді өшіріп, өңкей аузымен орақ орғандарды ақ ордада ордаңдатып қойғаның өтірік пе? ТӨС УӘЗІР: Сөзіңнің бәрі жала! Құрметті қазы! Осының барып тұрған оңбаған екені түрінен де көрініп тұр ғой. Ылғи пәле қуып үйренген. Қайдағы жамандық пен арамдыққа құ­ лағын түре берген соң, салпаң құлақ болып кеткен! ҚАЗЫ: Әркімді аңдып, әр тесіктен сығалай-сығалай, сен де сықи боп жүрген жоқсың ба? ТӨС УӘЗІР: Құлағыңды кесіп алып, кәуап қылайын ба осы? ҚАЗЫ: Қолқаңды суырып алып, қуырдақ қылайын ба қазір? (Екеуі жағаласады).

ҚОЖАНАСЫР: Тоқтатыңдар! Жасауыл!
Жасауыл (Жүгіріп келеді де, екеуін айырып, екі жаққа
отыр­ғы­зады): Тақсыр қазы, атайын ба, асайын ба? Әміріңізге
құлдық!

ҚОЖАНАСЫР: Оу, батырлар! Бір-біріңнің оңбаған екен­
діктеріңді білсеңдер, қолдарыңда билік, заң күші тұрғанда
неге тәртіпке сал­мадыңдар, ә?
ТӨС УӘЗІР: Енді... ол кезде оңды едік!

ҚАЗЫ: Ойымыз да, тойымыз да бір еді!
ҚОЖАНАСЫР: Солай ма! Билік қолдарында тұрғанда
қарынның қамымен ауыз жаласып, қолдарынан кеткен соң
әділдік пен шын­дыққа таласатыны несі екен адамдардың, ә?

Енді неғыл дейсіңдер?
ТӨС УӘЗІР: Жазалаңыз мына парақор арамзаны!
ҚАЗЫ: Сазайын тартқызыңыз мына жалақор, екіжүзді
алдам­шының!

ТӨС УӘЗІР: Аямаңыз, беріңіз сыбағасын!
ҚАЗЫ: Қалпағын қайырыңыз, талтағын айырыңыз!
ҚОЖАНАСЫР: Ал, мықты болсаң біліп көр, қайсысының
ақ, қай­сысының қара екенін? Жасауыл! Мынаған – жүз

қамшы, мынаған да жүз қамшы дүре соқ!
ЖАСАУЫЛ: Алақай, алақай! Арқаларына мініп соғамын,
құй­рықтарын түріп, қылталарын тіліп соғамын. Бұлар ба­
қырып жат­қанда, айызым қанып, күліп соғамын! (Екеуін екі

қолымен бүріп алып, байбайлатып сүйрей жөнеледі).
ҚОЖАНАСЫР: Мінеки, қылмыскер құтылған жоқ, жаза­
сын ал­ды деген осы! Әйтеуір, екеуінің біреуі кінәлі екені анық
қой. Тіпті осылардың қайсысы сау дейсің?! (Әлгі екеуінің

айқайы естіледі).
ТӨС УӘЗІР: Бәлем, Қожанасыр, тұра тұр! Ханға жеткізерміз!
ҚАЗЫ: Қабырғаңды сөккізерміз!
ТӨС УӘЗІР: Қағармыз әлі дабылды, улармыз сенің жаныңды!

ҚАЗЫ: Аямай шашсам малымды, хан төгеді қаныңды!
ҚОЖАНАСЫР: Көрсек көрерміз! Ханымыз қамқор ма екен,
қан­қор ма екен, көрерміз!
Бесінші көрініс

Хан ордасының алдындағы алаң. Хан әрлі-берлі адымдап
жүр. Екі жағында бас уәзір мен жасауыл қақиып тұр. Қа­

тысушылардың бәрі осында. Бір шетте арқаны салбыраған
дар ағашы. Дар түбінде Қожанасыр.
ХАН: Ал, Қожанасырым, күштінің көңілін тапсаң, тасың
өрге до­малайтын, таппасаң, басың көрге домалайтын мына

жалғанда та­лайға түрпідей тиетін не қылған күлкі сенікі?
Кімге, неге күлесің, сен, ә?!
ҚОЖАНАСЫР: Өзіме-өзім күлемін, алдияр! Өз кемшілігіне
кү­ле білген адам тазарып, күшейе түседі.

ХАН: Кемшілігі жоқ адам несіне күледі?
ҚОЖАНАСЫР: Адам деген тек қана кемшіліктерден тұ­
рады, ал­дияр!
ХАН: Мен де ме?

ҚОЖАНАСЫР: Сізде кемшілік жоқ қой. Сізде тек артық­
шылық­тар ғана бар.
ХАН: Бәрекелді!
ҚОЖАНАСЫР: Ал артықшылық дегеніміз – кемшіліктің

ас­қынған түрі, алдияр!
ХАН: А?! Сонда мен де күлейін бе өзіме-өзім?
ҚОЖАНАСЫР: Күлгенде сіз күліңіз, тақсыр! Тірідей тас
құдайға айналуға асықпай, бәріміз де күлгеніміз жақсы!

ХАН: Солай де, Қожанасырым! Ал мен өзіме-өзім күле алмай­
мын. Өйткені өзімде де, елімде де мін бар деп есептемеймін.
Мінезім сондай, қайтесің!
Мемлекет те мінезді болуы керек, мінсіз болуы шарт емес!

Мінез­бен өмір сүріп, мінезбен ел басқарған рахат қой. Бас
қатырып жат­пайсың, ойыңа келгенді істейсің! Онда екі-ақ нәрсе
бар – ұнайды не ұнамайды. Ұнағанды өсіреміз, ұнамағанды
өшіреміз, бітті!

БАС УӘЗІР: Хан иеме жақпай көр!
ЖАСАУЫЛ: Қас-қабағын бақпай көр!
ҚОЖАНАСЫР: Біреудің көңіл күйіне қарап күн көрген
елдің келешегі көмескі емес пе? Сіз елді мінезбен емес, ақылмен,

әділдік­пен басқаруға тиіссіз ғой. Өзінің мінезін ақылмен билей
алмаған адамның ел басқаруға хақысы бар ма?
ХАН: Ақыл, әділет, ақиқат, адамгершілік, адалдық...
айтуға ғана оңай. Өмірде бәрі басқаша. Ақыл туралы ақылды

сөз айтып тұр­ған мына сен де өзі отырған бұтақты өзі балталаған
атақты ақымақ емес пе едің? Әй, соның не? Қасақана істейсің
бе? Жоқ әлде шынымен сондай алаңғасарсың ба?

ҚОЖАНАСЫР: Адамзаттың ақыл-ойы қандай шексіз
болса, ақы­мақшылығы да сондай шексіз емес пе, алдияр? Өз
елін, өз жерін түк қоймай тонап, талан-таражға салып жатқан
обырларға мысал қылып істеген бір шаруа ғой...

ХАН: Қарай гөр мынаны! Бос күлкі екен десем, ар жағында
бір­деңе бар сияқты. Бірақ ғұлама данышпандар дүние – жалған,
өмір – өткінші, түбінде бәріміз де өлеміз, сондықтан өмірде
мән-мағына жоқ деп күңіреніп жатқанда, сенің күлкіңе жол

болсын!
ҚОЖАНАСЫР: Ақыр өледі екенбіз, өмірде мән жоқ деп
зарла­нып, өзің де ауру боп, әлемді де ауру қылып, жылап
өлгеннен де, жарық дүниеге шүкіршілік қылып, адамша өмір

сүріп, күліп өлген артық емес пе?! Күңіренгеннің бәрі кемеңгер
емес, күлгеннің бәрі кеңкелес емес, алдияр.
ХАН: Параға алған қойыңды сойып, садақа таратқаның
кеңкелес­тік емей немене?

ҚОЖАНАСЫР: Уа, алдияр! Оң қолымен опырып, сол
қолымен сы­пырып алып, саусағының ұшымен садақа беріп,
аңқау елді алдайтын сіздерге жету қайда?!
ХАН: А-а! Солай ма? Жұрттың бәрі Қожанасыр сүйтіпті,

Қожа­насыр бүйдепті деп аңыз қылып, неге сені жақсы көреді,
ә? Орта­ларына мен барсам, бәрі сып-сыпайы, сұп-суық, тәртіпті
бола қалып, сен барсаң шаттанып, думандатып жіберетіні несі?
ҚОЖАНАСЫР: Сіз елді қорқытып, бүлдіріп жүресіз, мен

қуан­тып, күлдіріп жүремін!
ХАН: Асыңдар дарға!
ЖАСАУЫЛ: Ләпбай! (Қожанасырды сүйреп дарға алып
барады).

ҚОЖАНАСЫР: Алдияр тақсыр, сіздей дана, ғаділ, ұлы
ханның қолынан жазықсыз қаза табудың өзі үлкен бақыт емес
пе білгенге! Тек қана әйелім қасымда тұрсыншы!
ХАН: Келсін!

ӘЙЕЛІ: Қожеке, қайран Қожеке!
ҚОЖАНАСЫР: Сен қасымда тұршы. Мүмкін, Әзірейілдің
көзі са­ған түсіп, менің жанымды алуды ұмытып кетер? (Хан
да, халайық та Қожанасырдың сөзіне күледі).

ӘЙЕЛІ: Ажалмен де әзілдейсің... Мен қайтем?
ҚОЖАНАСЫР: Арқа-басың кеңіп, қолың босайды... Әлде
сені де ала кетсем бе екен? О жақта да керегің боп қалар? «Мен

сені жа­нымдай жақсы көремін, сенсіз өмір сүре алмаймын»
деуші едің...
ӘЙЕЛІ: Балаларға кім қарайды?
ҚОЖАНАСЫР: Жарайды, қала бер. Маған ол жақтан да

біреу табылар...
ӘЙЕЛІ: Жоқ! Онда қалмаймын, бірге кетем сенімен!
ХАН: Иә, қалай Қожанасырым, қорқайын дедің бе?
ҚОЖАНАСЫР: Батыр болсаңыз, менің орныма тұрып

көріңіз. Әншейінде білмейді екенбіз, кісіге жан керек екен ғой.
ХАН: Сал арқанды! (Жасауыл салмақ болады. Қожанасыр
түгел салғызбай, жартылай ғана іліп тұрады).
ҚОЖАНАСЫР: Алдияр, ақтық тілегімді беріңіз!

ХАН: Айт!
ҚОЖАНАСЫР: Қыл арқан қытығымды келтіреді! Лажы
болса бас­қа арқан алдырыңыз.
ХАН: Болады. (Жасауыл басқа арқан әкеледі).

ҚОЖАНАСЫР: Жүн арқан жынымды келтіреді! (Жасауыл
бас­қа арқан әкеледі). Кендір арқан кеңірдегімді кесіп кетсе
қайтем? (Жасауыл басқа арқан әкеледі). Сусылдаған жібек
арқан сұп-суық, денемді түршіктіреді!

ХАН: Ау, саған енді қандай арқан керек? Өзің айтшы... Те­
зірек бітірейік шаруаңды.
ҚОЖАНАСЫР: Тілегімді екі етпейсіз бе?
ХАН: Бердім тілегіңді!

ҚОЖАНАСЫР: Мойныма жайлы, жұп-жұмсақ мамық ар­
қанға асы­ңыз!
ХАН: Болады! Әкеліңдер мамық арқанды!
БАС УӘЗІР: Дат, тақсыр! Мамық арқан болмайды!

ЖАСАУЫЛ: Мамықтан арқан есу мүмкін емес!
ХАН: Болады! Мен айтқасын бітті – болуы керек!
БАС УӘЗІР: Ләпбай!
ЖАСАУЫЛ: Ләпбай!

ХАН: Мен айтпан, айтқанымнан қайтпан! Босатыңдар!
Мамық арқан табылғанша жүре берсін жер бетінде жарқырап!
(Халайық Қожанасырды тік көтеріп алып, «Жаса, Қожеке!»,
«Мың жаса!» деп арлы-берлі жүреді. Барлығы қосылып, кезек­

тесіп, әндетеді).
Өтті жылдар,
Талай заман,

Ғасырлар,
Өтті өмірден
Асылдар мен тасырлар,
Шырай берген

Шыр айналған әлемге
Қожекеңде тұнып жатыр не сырлар?!
Қатпар-қатпар қазына
Көне дүние бүгіп тұр,

Кім біледі құпиясын
Ойды қайда бұрып тұр?
Пенделердің қылығына,
Астамсыған ұлығына,

Былығы мен шылығына
Қожекеңнің моласы да
Бір жағына қисайып ап
Күліп тұр!

Шерлі жалған,
Зарлы заман дауылы
Соққан сайын
Кең дүниеде тарықтық,

Тіршіліктің
Тауқыметін көп тартып,
Еркіндік пен
Теңдікке әбден зарықтық!

Сонда бізге
Сүйеу болды Қожекең
Күлкісімен
Қараңғыны жарық қып,

Әзілімен әспеттеген шындықты
Қожанасыр – өлмес күлкі халықтық.
Көз жасын да айналдырған күлкіге
Иманды бол, иманды бол, жарықтық!!!

Соңы.
1998 жыл

ҚАЙРАН КЕМПІР, ШАЛДАР-АЙ!

Екі суретті, жеті көріністі драма-комедия

ҚАТЫСУШЫЛАР:

АТА – соғыс ардагері, 72 жаста
АПА – атаның зайыбы, 70 жаста
ШЕГЕЙ – немересі, 23 жаста
АЙСӘУЛЕ – Шегейдің келіншегі, 18 жаста

СӘЛСӘБИЛА – көрші кемпір, 64 жаста
КҮЛШИРА – Сәлсәбиланың келіні, 40 жаста
ДАЙЫРМАН – соғыс ардагері, 66 жаста
АҚМАДИЯ – ауыл тентегі, 20 жаста

РЭКЕТИР – қала тентегі, 23 жаста
САНАТБЕК – ата мен апаның қаладағы ұлы, 52 жаста
МАЙКЕ – ата мен апаның қаладағы қызы, 46 жаста
КӨПШІЛІК – ауыл адамдары, қала жастары

Оқиға 1992 жылы өтеді.

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Ауылдағы кемпір-шалдың үйі. Ескілеу диванда тон жамылып,
бүк түсіп, теріс қарап шал ұйықтап жатыр. Күлшира кіреді.
КҮЛШИРА (Ақырын): Ата, ата! (Шал ұйықтай береді). Ата

дей­мін, ата! (Шал қозғалмайды. Үйге апа кіріп, аңдып тұрады).
Осындай уақта кісі ұйықтайды екен?! Қап! Таскереңнің төбесін
бұрғымен тессең де сөзің жетпес жетесіне! Енді қайттім? Ата,
әй, ата! (Шалдың санынан түрткілейді, жұлқылайды. Шал

шошып оянады).
АТА: А-а?!
КҮЛШИРА: Ата, мен сізге келдім. Дереу маған жүз сом
беріңіз!

АТА (Ұйқылы-ояу): Астапыралла!
КҮЛШИРА: Қарызға!
АТА: Қарыз? Қайдағы қарыз? Мен сенен ақша алып па
едім?!

КҮЛШИРА: Жоқ, ата, сіз маған беріңіз! Жүз сом... қарызға!
(Шал қалтасынан күмәжнегін алып, аша береді).
АПА: Тәйт! (Шал күмәжнегін құшақтап, тонның астына
кіріп кетеді).

КҮЛШИРА: Ә-ә... апа... сәлеметсіз бе?
АПА: Әй, сен неге менің шалымды түртесің, ә?
КҮЛШИРА: Түрткем жоқ... апа... жай ояттым...
АПА: О, суылдақ! Мені бір мақау деп тұрсың-ау, ә! Мына бада­

надай көзіммен көрдім ғой... андағы сабаудай саусағыңмен...
сояу­дай тырнағыңмен байғұс шалдың санынан... артынан...
аяусыз түрткілеп, тұрмасына қойдың ба?
КҮЛШИРА: Апа, апа, айналайын апа... Қайтейін енді,

ақшадан қысылғасын...
АПА: Е-е, немене, сүйкеп қалсаң сау ете түсетін менің
шалымның арты тола ақша деп пе едің? Өй, өңшең бейбастақ...
о заман да бұ заман... келіні атасын түртті деген не сұмдық?!

КҮЛШИРА: Апа-ау, енді қайтейін... айғайласам да оян­
байды!
АПА: Мәссаған! Түрткенде тұра қойғаны абзал болған екен,
әйтпесе мына түріңмен теуіп жіберуден де тайынбассың сен!

КҮЛШИРА: Апа-ау, енді... мұқтаждық неге мәжбүр етпейді?
Әйтпесе осы ауылдағы ең әдепті, маңдайалды келіндердің
мәйегі екеніміз елге аян. Бірталай қоғамдық ұйымдардың
мүшесі екеніміз де бесенеден белгілі!

АПА: Жә! Дүмбілездеу болсаң да, ділмарлығың доңайбатқа
жарар деп, мінбеге шығарған дүмшелердің далбасасы да
баяғы, әйтпесе тап мына сенің көсегемізді көгертуің неғайбыл!
Бақайшағыңа дейін бұлдап, батпансымай жөніңе көш, бұл не

зәрушілік сонша әбігер қылған?
КҮЛШИРА: Ой, апа, дүкенге көл-көсір дүние-мүлікті
төгіп тас­тады жаңа! Несиеге бермей мысымды құртып тұр ана
өлекшін! Өзіңіз ептеп жібермесеңіз... әбден мәжнүн болдым...

Жырым-жырым, жұлым-жұлым ескі-құсқыны жамап-жасқап,
жасырып-ақ бақтым, енді тамтығы қалған жоқ!

АПА: Апырмай, сай-сүйегімді сырқыраттың-ау! Әй, шал!
(Ата ба­сын көтеріп отырады). Әкел бермен жүз сомды! (Алып,
қолына ұс­тап тұрады). Айтқандайын, ол неткен әшекей өзі...
сонша ын­тықтырған?

КҮЛШИРА: Ой, апа, бір керемет бүзгәлтір!
АПА: Ә-ә? Бұғалтыр деген кісі емес пе?
КҮЛШИРА: Жоқ, апа. Бүз-гәл-тір! Қазақша емшек тарт­
қыш!

АПА: Көтек!
КҮЛШИРА: Сосын бір сусылдаған әдемі... мынандай... әлгі...
не...
АПА: Әй, қарағым, бас-аяғыңды сипаттамай, мә, мынаны

ал да, зытшы дүкеніңе!
КҮЛШИРА: А-а? Неге?!
АПА: Е-е, санаттағы саңлақтың сиқы осы болса, қатардағы
қоңыр­тө­белге не жорық?! Мә, мә, ал да, қараңды тез батыра

ғой...
КҮЛШИРА (ақшаны алып): Рахмет, апа! Бірақ... ну лад­но!
(Кетеді).
АПА: Паңда парасат, пақырда парық қалды ма бұл заманда?

Осын­дай көргенсізге артыңнан түрткізгенің аздай, ақша бере
жаз­дадың-ау, ә?!
АТА: Қайдан білейін... үрей-құтым ұшып кетті... мүңкір-
нәңкір екен деп...

АПА: Мүңкір-нәңкүрге дейін ұрғашы боп елестейді екен
сенің көзіңе...
АТА: Шошығанда жынысына қарайсың ба? Қарыз, қарыз
деп қысып бара жатқасын, менде қарызы кеткен біреу арыз

айтып, қылкөпірде қылтамды қырқады екен деп қалдым...
АПА: Қайдам... Ылайдан жаңа шыққан балық құсап, жан
бітіп, желбезегің желпілдейін деген сияқты ғой, ә, шалым?
Қутың-қутың етіп, қуып кететінің болушы еді... Байқа!

АТА: Қойшы енді... қайдағыны айтпай... (Үйге Шегей
кіреді).
АПА: Үндемей келдің ғой, құлыным! Гүрілдетіп, жер-көкті
діріл­детіп келуші едің...

ШЕГЕЙ: Трәктірімді ап қойды!
АТА: Кім?

ШЕГЕЙ: Біргәдір! АПА: Неге? ШЕГЕЙ: Таңертең балдармен бас жаздық... АТА: Ой, бас жазғанда атаңның басы қалып па еді, әй, бассыз неме! АПА: Енді қайтсін... ауырып баратқасын... ШЕГЕЙ: Содан кейін әй бір кірістім жұмысқа... Қансорпа боп екі-үш есе артығымен тындырдым... Кешке біргәдір кеп тұр бақырып... АТА: Е-е, есалаң неме! Екі-үш есе жұмыс істеген кісіге байбалам салғаны несі, әй? ШЕГЕЙ: Бақырғанда... аузынан көбігі бұрқырайды! Сөйтсем, қы­зулықпен «Торатөлгеннің» жерін жыртып тастаппын ғой... АТА: Қап! АПА: Садағаң кетейін-ай сол! ШЕГЕЙ: Ұяты ұят шынында! Бірақ бақырғаны жыныма тиіп кетті. «Немене баж-баж етесің, «Торатөлген» де бізге бөтен емес» дедім. Ой, ышқынды-ау! «Саған «Кеңащы» сов­ хозы түгілі, Еңбекшілдер ауданынан аттап өтіп, айдаладағы Уәлиханов ауданының жерін жыртуға кім праба берді, әй, ақымақ?» – дейді, бір ақылы көп адам құсап. «Басқа аудан болса қайтейін, бәрібір өзіміздің қазақтың жері емес пе?» – дедім. «Какой қазақтың жері, әй, маған атчот беру керек! Осыдан Уәлиханов бізден озып кетсін...» – деп, ал боқта, ал сықпырт! Әуелі шалдың дымын қоймады! АПА: Бұған сол керек! ШЕГЕЙ: Содан кейін саған ауысты! АПА: Мені боқтатып қойып, қарап тұрдың ба?! ШЕГЕЙ: Жоқ, пердім! АПА: Қолмен ұрдың ба, жоқ әлде кинодағыдай «киә» дедің бе? ШЕГЕЙ: Жоқ! Трәктірде отырғам. Түсуге еріндім... АТА: Қарағым-ау, сонда біргәдірді трәктірмен соқтың ба? ШЕГЕЙ: Ол машинада отырған... АПА: Ойбай, құлыным-ау, біргәдірді мәшинесімен қосып трәк­тір­мен басқаннан саумысың? ШЕГЕЙ: Кішкене жетпей қалдым, қашып кетті. Артқы бортын ғана быт-шыт қылып үлгердім!

АТА: Құдай сақтаған екен!
АПА: Алла, тәубә!
АТА: Оның не, балам-ау! Бізді неге ойламайсың? Жазатайым
майып болса қайтесің?

ШЕГЕЙ: Е-е, неге боқтайды ол? Адамды боқтауға, қорлауға
еш­кімнің прабасы жоқ!
АТА: Трәктіріңді сыпырып алса, жұмыссыз қалдым десейші!
ШЕГЕЙ: Е-е, екі қолға бір жұмыс! Көкшетауға кетемін...

жұрт құсап...
АПА: Жә! Қасымызда... көз алдымызда жүрші... Біздің
пенсиямыз жетеді саған. Осы құлыным бағады бізді деп, бір
өзіңе сеніп жүрген жоқпыз ба? Бағасың ғой бізді, иә құлыным?!

ШЕГЕЙ: Оны келетін қатын біледі!
АТА: Пай, шіркін-ай! Бұйырғаны болар!
АПА: Тезірек талаптанып, бір шүйкебасты дөңгелетіп
қоятын уақытың болды ғой, балам!

ШЕГЕЙ: Мақұл, апа, қазір-ақ ап келейін!
АПА: Қорадағы қозыдан оңай көресің ғой өзің!
ШЕГЕЙ: Е-е, несі бар, жігітке қыз – пішен, шекесінен
шертіп-шер­тіп, мұрнынан тізіп қояйын қаласаң!

АПА: О, құлыным-ау сол, түзулеп түтін түтете алмасаң,
төбеңнен шыққан бу түндігіңді желпілдеткеннен не пайда?
ШЕГЕЙ: Не пайда... не пайда? Өстіп діңкені құртасың ылғи!
АПА: Жә, көздегенің бар ма өзі?

ШЕГЕЙ: Майраны алсам...
АПА: Астапыралла! Оныңды қой... Оның әкесі бір жетімек
сорлы... өзі шопыр... Құда болып, қатар отыратын сиқы жоқ...
ШЕГЕЙ: Сайра қалай?

АПА: Әрі әкет, әрі... Оның шешесі жарымаған жерден шық­
қан... қашан барсаң кеуіп отырады...
ШЕГЕЙ: Зайра ше?
АПА: Ә-ә? Сол жобаға келетін сияқты... Жо-жоқ, оның әкесі

бая­ғыда бұзау ұрлап, сотталып келген...
ШЕГЕЙ: Жайна жарап қалар ма екен?
АПА: Өй, оның ағаларының бәрі пияншік!
ШЕГЕЙ: Анау анандай, мынау мынандай... Енді саған қан­

дай келін, қандай құда керек?
6-0046

АПА: Қандай, қандай?! Кім болса да негізіне тартпай қой­
майды, аса керемет болмағанымен, түп-тегі тәуір, аталы жердің
қызы болса деймін-дағы...
АТА: Біздікі жай сөз... әйтеуір, жақсы болсын деген

ақыл... Бір жөні болар. Келіннен бұрын мына жұмысыңды бір
жайлы қыл! Абыр-дабыр басылып, сабасына түскенше қалаға
жылыстап, бой тасалай тұрғаның да теріс болмас!
АПА: Барамын десең байлап ұстаймыз ба? Әйтеуір, ұш­

қалақта­нып, ұшқары бірдемеге ұрынып қалмай, абайлап жү­
рерсің! Маңдай­ға жазғанын көрерміз! Бір Аллаға тапсырдық!
Екінші көрініс
Қаладағы дискотека. Даңғыр-дұңғыр музыка, жарқ-жұрқ

жарық, сатыр-сұтыр би. Жастардың қиқуы жер жарады.
Ортада сәнді киінген Шегей мен Айсәуле сылқылдатып
билеп жүр. Ырғақтары­нан, көзқарас, қимылдарынан бір-
біріне бейтарап еместігі байқа­лады. Бір кезде араларына

рэкетир килігеді. Айсәулені қақпайлап, бөліп әкетпек болады,
би ырғағымен Шегей қайтадан Айсәулені икемдеп әкетеді.
Рэкетир қоймастан тағы араласады. Шегей бой бермейді. Би
тілі көп нәрсені аңғартады. Шегей мен рэкетир Айсәулені

бі­рінен-бірі қызғанып, үнсіз таласады. Айсәуле сүйсініп, екі
жігіттің қылығын қызықтап, рахаттана билейді. Көп
мағыналы, қан қыздыратын жұмбақ би аяқтала бергенде,
Айсәуле сытылып кетіп, Шегей мен рэкетир бетпе-бет

қалады.
РЭКЕТИР: Ну, фраер, кәләкәйтті қой да, кәлләнді аман
алып, канай отсюда!
ШЕГЕЙ: Пау, дегенің! Бөспенің бопсасына бола топсасы

босап қалатын солқылдағың мен емес! Сен сияқты шатыры
шайқалған шарамыгалардың талайын шайкасымен қосып,
щыңғыртып тұрып сойғанмын!
РЭКЕТИР: Аһ, ты гусегон! Замочу... только так! (Шегейді

секіріп тебеді... Шегей дарытпай ырғып кетеді. Екеуі аңдысып,
тебісіп, жұдырықтасып біраз төбелеседі. Жастар жиналып
қалады. Рэки­тердің жақтастары Шегейге жабылуға ыңғай­
ланады. Бір-екеуін Шегей ұрып жығады).

РЭКЕТИР: Тоқтаңдар! Жабылмаңдар! Жекпе-жек! (Жі­
гіт­тер екеуін еркін жіберіп, қарап тұрады). Өзім-ақ жай­
ғастырамын бұны!
ШЕГЕЙ: Бәрекелді... ер екенсің!

РЭКЕТИР: Еще как! Менің атам батыр болған! Мен де ба­
тырмын!
ШЕГЕЙ: Батыр боп не қираттың, әй?
РЭКЕТИР: А-а, мен р-р-рэкет! Менен бәрі қорқады!

ШЕГЕЙ: Е-е, қарақшымын десеңші... кіреуке киген сырт­
танның күртке киген сынығы...
РЭКЕТИР: Қысқарт... сүйегімді сындырмай... Батырдың
тұқымы банды болмайды!

ШЕГЕЙ: Неге болмайды... міне, болып тұрсың ғой... Е-е,
біржола жүнжіп кетпей, тонаушылыққа жарағаныңа да шүкір!
РЭКЕТИР: Әй, жырқылыңды тыймасаң, шиқылыңды шы­
ғармын! (Шақ еткізіп кнопкалы пышағын ашады). Мен сені

тонайын деп тұрған жоқпын! Мен жігіттік намысым үшін
соғысып тұрмын!
ШЕГЕЙ: Жарықтық аталарымыз ел намысы үшін алдаспан
сер­меп, ақберен атса, солардың тұқым-тұяқтары болмашыға

бола бір-бірін боршалауға көшкені ме? Жарайды... сендей
басбұзар, бас­кесердің басын кесіп алудың өзі сауап! (Үлкен
бәкісін жарқ еткізіп ашады). Жалақтатып алармын, сағақтата
салармын!

РЭКЕТИР: Ни фига себе! Андағы толарсақ мүжитін салдаман
бә­кің кімге дәрі?
ШЕГЕЙ: Тас болсаң да турап тастаймын! (Екеуі шындап
пышақ­тасуға ыңғайланады. Сол кезде сыңғырлай күліп,

қыздар жүгіріп келеді. Екеуін көріп қалт тұрып қалады.
Қыздар Айсәулеге әлдене деп сыбырлайды).
АЙСӘУЛЕ: Из-за меня ?! Это же здорово?! Эй, джигиты, а
ну-ка поближе сюда... деритесь здесь... чтобы нам хорошо

было видно! (Рэкетир мен Шегей абдырап қалады). Ну, что
растерялись! Давайте смелее... Посмотрим...
РЭКЕТИР (Шегейге): Әй, мына қыз бізден өткен шермәш
қой! Осы үшін қырылысамыз ба екеуміз?!

ШЕГЕЙ: Мен дайын!

РЭКЕТИР: Да брось ты на фиг! Шетелде жұрт мұрын бұзғанға
миллиондап доллар алады... Ал біздікі не... бесплатны бет-
аузы­мызды быт-шыт қылып... А из-за этой дуры вообще не хочу
кого-то пальцем трогать! Ала бер... саған бердім... батырлар

джентльмен бол­ған! Айда, кеттік! (Жолдастарын ертіп,
кетеді. Қыздар да тарап, Айсәуле мен Шегей оңаша қалады.
Нәзік сырлы музыка ойнайды. Шегей мен Айсәуле билеп жүріп
сөйлейді).

АЙСӘУЛЕ: И ты был готов за меня сражаться до конца?
ШЕГЕЙ: Да!
АЙСӘУЛЕ: И готов был отдать жизнь?!
ШЕГЕЙ: Я был готов победить ради тебя!

АЙСӘУЛЕ: О, ты мой рыцарь!
ШЕГЕЙ: А ты моя дама сердца!
АЙСӘУЛЕ: А как тебя зовут?
ШЕГЕЙ: Шегей.

АЙСӘУЛЕ: Шэгей, Шэгей, Шэгейчик! Мен – Айсәуле! Лун­
ный свет!
ШЕГЕЙ: А я твой лунатик!... (Екеуі билеп жүр. Әсерлі
музыка, әде­мі би. Махаббат биі. Әлемде екеуі ғана).

Үшінші көрініс
Ауылдағы кемпір-шалдың үйі. Шал мен кемпір.
АПА: Туған ай тураған етпен бірдей деп, күн артынан күн
өтіп барады, әлгі баладан хабар-ошар жоқ. Ұшынып тұрған

уақыт... ұзынқұлақтың ызыңына қарағанда, қалаға барған
жастардың дені кәсіпсіз, бос жүр дейді... Бір түсініксіз,
тұңғиық заманға тап келдік, әйтеуір. Алла-ау, балдарды аман
қыла гөр!

АТА: Әмин, айтқаның келсін! Құдай бір жөнін берер... сары­
уайымға салына бермей, әліптің артын бағайық...
АПА: Әй, қашанғы бағасың? Бағып болған жоқсың ба?
Жатсам-тұрсам ойымнан шықпайды, түн баласы тыныш ұйқы

жоқ, дөңбек­шіп, күрсінумен боламын... Көзім ілініп кетсе,
неше түрлі түс көре­мін! Сенің онда шаруаң жоқ, қорылдайсың
келіп таң атқанша! Түс те көрмейтін шығарсың сен тасбаш!

АТА: Е-е, пәшестің снәрәті тесіп өте алмаған басымыз
бетоннан да мықты! Қараптан-қарап таусылып, уайымға жем
болғанша, серпіліп, сергек жүрсеңші!
АПА: Оқ өтпеген саған сөз де өтпес! Уайымдама дейсің...

Өмір бойы көргенім қайғы, жегенім уайым болса қайтейін...
Бүкіл ғұмырым сендерге алаңдаумен өтті емес пе? Енді, міне,
немеренің жолына тел­міріп отырмыз.
АТА: Мүжіле бермесеңші енді... Кімге керек ол үрей? Ойлай

бер­сең, сөйлей берсең босқа ауырып қаласың. Бәрін де Аллаға
тапсырып, тынышталсаңшы кішкене!
АПА: Айтуға оңай... Балаларды ойламай, оларға алаңдамай
қай­тіп жүресің? Ауырады жүрегім... Бір хабары боп қалар ма

екен? Бисмилләһи! (Құмалақ салады). Ақ сөйле, құмалағым!
Е-е, бәсе... (өзімен-өзі күбірлеп). Маңдайы ашық... құйысқаны
қопаңдап... ептеп екі бүйірі қысылып тұр, үзеңгісі ұзарып...
қанжығасы қызарып... төрт құбыласы тең... босағаға оралып...

жастығы үйде... Иншалла, кеп қалар құлыным! (Бетін сипап,
орамалын жинайды).
АТА: Пау дегенің, өстіп тәуір сөйлеген аузыңнан аймалайын!
АПА: Аймалайын деген сенен де айналайын!

ШЕГЕЙ (Ұшып кіреді): Апа! Ата! Апа-ау!
АТА: Әу, әу ботам!
АПА: Ой, құлыным-ай сол! (Екеуі жарыса, кезек-кезек
құшақ­тайды).

ШЕГЕЙ: Ата! Апа! Ап келдім!
АПА: Нені ап келдің?
ШЕГЕЙ: Келінді!
АТА: Қайдағы келін?

АПА: Кімнің келіні?
ШЕГЕЙ: Сенің келінің!
АПА: Үйбай-ау, не дейді?
АТА: Сақтай гөр!

ШЕГЕЙ: Енді өздерің қоймағасын... бардық та біреуін алып
жібердік!
АТА: Рас па? Қап!
АПА: Көтек-ау... енді қайттік? Қайда өзі?

ШЕГЕЙ: Есік алдында...
АПА: Не дейді, әй?! Иә Алла, жаратқан ием жар бола гөр!
Әй, шал, неғып тұрсың сілейіп? Бол, тез!

АТА: Болғанда... не істеймін?
АПА: Не істегені несі... Келінді қарсы алмаймыз ба?

АТА:

Тақиям
қайда...
тақиям?
(Әбігерленіп

іздейді.
Төсектің бас жағынан тауып киеді).
АПА: Өй, тақияң бар болсын сенің, бар болғыр!
АТА: Иә, келін өзі қай жердікі?

ШЕГЕЙ: Көкшетаудыкі!
АПА: Әке-шешесі бар ма?
ШЕГЕЙ: Жоқ! Детдомда өскен...
АПА: Ойбай, бетім-ай, енді қайтейін?

АТА: Масқара қылдың-ау!
ШЕГЕЙ: Не масқара? Қайта бастарың қатпайды... құдалық-
мұдалық, қалың мал, кит-мит деп...
АПА: Әй, өзі қазақ па?

ШЕГЕЙ: Қазақ болғанда настоящий қазақ!
АТА: Шоқынды емес пе, әйтеуір?!
ШЕГЕЙ: Соны білмеппін! Жарайды, қиратқанда крещенный
немесе кришнайт болар... жөндеп алармыз!

АТА: Астапыралла! Әй, жындысүрей, құрттың-ау бізді
мүлде!
АПА: О, алла, өзің сақтай гөр! Асылық қылсам, кеше гөр!
ШЕГЕЙ: Жарайды, ойнаймын, анық мұсылман! Әлі-ақ

өздеріңмен бірге ораза ұстап, намаз оқиды!
АТА: Е-е, бәсе! Бұған да шүкір!
АПА: Садағаң кетейін-ай сол! Ал не тұрыс, келін кірсін үйге!
АТА: Тұра тұр! Әуелі елді жинап... келін-кепшік, қатын-

қалашты алдырып, былай, шашу шашып дегендей...
АПА: Қоя тұршы-әй, тамадылар құсамай... Әуелі бисмилләһи
деп түсіріп алайық өзіміз. Ар жағын көре жатармыз! Әй,
құлыным, босағадан оң аяғымен аттасын! (Шегей кетеді. Шал

мен кемпір келінді қарсы алуға даярланып, «иә, алла, қайырлы,
құтты қыла гөр!», «ұзағынан сүйіндіре гөр!» десіп, әбігерленіп,
бір отырып, бір тұрады. Шегей мен Айсәуле кіреді).
ШЕГЕЙ: Ал, мә, келін!

АЙСӘУЛЕ: (Жеңсіз жеңіл кофта, шортик киген. Кемпір-
шалдың көзі атыздай болады). Ой, апашка, привет! Салют,
аташка!
АПА: Сәлөті несі? Сәлем еттім дегені ме екен?

АТА: Мені, Совет Армиясының сержантын соғыс ардагері
деп сыйлағаны шығар!
АПА: Сәлем, сәлем, құлыным! (Құшақтап, маңдайынан
иіскеп, бетінен сүйеді). Қадамың құтты болсын! Қосағыңмен

қоса ағарып, бақытты ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болыңдар!
Алланың нұры жаусын!
АТА: Әмин! Босағаларың берік, шаңырақтарың биік болсын!
(Бәрі «Әмин» дейді).

АЙСӘУЛЕ: Какая красивая апашка! Какой симпатичный
дед! Я думала, развалюхи! Апашка, вы вообще прелесть! Вы
гениально добрая, милая! Когда вы меня обняли, вы показались
мне моей мамой! Меня никто никогда так не ласкала!

АПА: Аузыңа май құлыным! (Айсәулені құшақтайды).
Құлыным! Атаң кім сенің – білмеймін, анаң кім сенің –
білмеймін! Бірақ жүре­гім елжірейді саған! Құдай салды –
мен көндім, құдай берді – мен алдым! Кел, кел, өз отауың, өз

босағаң, өз үйің, кел, құлыным!
Төртінші көрініс
Ауыл сыртындағы төбе басында Дайырман мен Сәлсәбила
мал қарап тұр. Күн сала, тесіле қарайды алысқа.

СӘЛСӘБИЛА: Қараң-құраң көріне ме?
ДАЙЫРМАН: Қайдам... қиырдың бәрі құбылып, қолға
түспей кететін әдеті емес пе? Қасымдағы сені қарақтай тұр­
масам...

СӘЛСӘБИЛА: Аулақ әрі... қодыраңдамай! Қартайғанда...
Ұял­сайшы балдардан...
ДАЙЫРМАН: Қайдағы кәрілік? Мені жастар «стиләгі,
сәбременни шал» деп қатты сыйлайды. Қарта ойнағанда

іштеріне алып, жүз грамм да тартқызып жібереді. Тәк што,
қатардан қалғамыз жоқ, бір қағарымыз бар әлі!
СӘЛСӘБИЛА: Е-е, сабырлы болар шағыңда, сабындай
бұзылып не көрінді сонша?

ДАЙЫРМАН: Қойшы сен де, қашқақтап қайда барасың?
Сипаң­дасуға үйреніскен сары сүйек жақсы емес пе? Қылжақты
қойып, екі жарты бір бүтін болсақ қайтеді, ә, Сәлсәбила?!

СӘЛСӘБИЛА: Бетім-ай, мына көксоққан не дейді?
ДАЙЫРМАН: Немене бет моншағың үзіле қалды? Кісі
үздігіп тұрса... Сен де жалғыз, мен де жалғыз, балдар өз жөн­
дерін тапты... қарайлайтын не бар? Келіннің қас-қабағына қа­

рап, жалтақтап... жау­таңдап жүргенше, бір шайды бірге ішіп,
күңкіл-шүңкіл шүйір­келесіп отырсақ бір ғанибет емес пе?
СӘЛСӘБИЛА: Қарай гөр мынаны! (Мал қарап, айналып
кетеді).

ДАЙЫРМАН (өзіне- өзі): Әп, бәлем! Қанды басың
бері тарт! Әу де­­сем көнейін деп тұр... бер жағымен бет
бақтырмағансиды... ар жағы кет әрі емес! Ал, шалым, салымың
бар еді ғой, шыдап бақ! Қырындауды ұмытпасаң, ақ кемпірді

қанкөбелек ойнатып, қолыңа қондыра ғой! Менің атым
Дайырман, табаны қызған түлкіні, терісінен айырған! (Мал
қарағансып кемпірдің соңынан жетеді). Табын көрінбейді
әлі! Әдейі келіскендей ерте келген екенбіз... Істің сәті түсерде

өстеді, иә... менің ойымды көптен білесің, өлшеп-пі­шіп жүрген
шығарсың, кесімді жауабыңды беретін кезің жетті, Сәлсәбила!
СӘЛСӘБИЛА: Ал, жарайды, мақұл!
ДАЙЫРМАН: Б-б-бәрекелді!

СӘЛСӘБИЛА: Бірақ саған қоятын шартым бар!
ДАЙЫРМАН: Қыздың шартын мәрт көтерер!
СӘЛСӘБИЛА: «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу
болмайды «деген сөз милығыңа талай тиіп, мишығыңа қонған

шығар? Тоқете­рі – жеті балама жеті «Волга» әпересің!
ДАЙЫРМАН: Пай-пай-пай, шіркін! Қыз күніңде алмаған
«Вол­ганы» кемпір кезіңде кім береді саған?!
СӘЛСӘБИЛА: Шомшымай жатып, шоршығаның қалай,

шор­таным? Жақсы кемпір әрмәнский кәниәк сияқты – тұрған
сайын күшейе береді!
ДАЙЫРМАН: Қой, қарағым! Бір кәпитәлис негірге тиіп
алмасаң, қазақта қазір жеті «Волгаға» жағдайы келетін шал

жоқ! Ал, енді Әмерикә асып кетсең, рахаттың көкесі! Әлгі
негіріңмен жалаңаш киноға түсерсің, бәлкім!
СӘЛСӘБИЛА: Астапыралла! Өзің ала алмағасын... лақпа,
бетің­мен!

ДАЙЫРМАН: Жарайды, ендеше сөзің жерде қалмасын...
көк биені байлайын босағаңа!

СӘЛСӘБИЛА: Алабайды қосып бер!
ДАЙЫРМАН: Жоқ, оны келін қимас! Қарабайды берейін,
оның да сүті Алабайдан кем емес!
СӘЛСӘБИЛА: Жәрәйт!

ДАЙЫРМАН: Онда уәдеміз ертең болсын!
СӘЛСӘБИЛА: Болса болсын! Бірақ қазірден басын ашып
алайық, мен сондай ерке кемпірмін! Алақаныңда ұстайсың!
Біреудің кір-қоңын жуатын жайым жоқ, өзіңнің көйлегіңе

қосып, менің де көйлегімді жуып отырасың! Пенсияңды сап
тұрасың қалтама! Қыс­қасы, маған кірпік қақпай бағынасың!
«Менің атым Дайырман, пә­шестің қолын қайырған» дейтін
дойырлығыңды қоясың!

ДАЙЫРМАН: мал қарағансып, сырт айнала беріп, өзіне
өзі: Мәссаған безгелдектің бездіріп тұрғанын қарашы! Жә,
алдап-сулап бұл кемпірді алып алайын, басыбайлы болған
соң байбаламы кімге дәрі! (Сәлсәбилаға) Мақұл, жаным, мен

көндім бәріне де!
СӘЛСӘБИЛА: Қатқаныңды көндің! Мүләйім бола қалуын
қара­шы, ей! Саған тиіп, мысқалдап жинаған абыройымды
батпандап төге салмақпын ба? Отыз жыл отырдым жалғыз,

балдарды жеткіздім, құдайға шүкір! Енді біреудің есігіне
барып еңкейе алмаспын!
ДАЙЫРМАН: Әй, бүйтерің бар, бағанадан бері несіне әуре-
сар­саңға салып тұрсың кісіні?

СӘЛСӘБИЛА: Ойын-күлкі битәмин дейді ғой балдар...
Көңіл көтеріп, бір жасап қалдық – бұл да бір қызық. Әйтпесе
мені алғанда не береке табам деп отырсың? Заң бойынша,
шалдар кемпірлерден бұрын кетеді, ертең артында қалып,

балаларыңа масыл болсам қайтесің? Өмірдің түйіні не болады,
соны ойлайық та! (Жүгіріп Ақмадия келеді).
АҚМАДИЯ: О, ата мен апаны қара! Сиырды сылтау қылып,
сып­сыңдасып, сбидания құрып тұрған!

СӘЛСӘБИЛА: Өй, есалаң неме, есірме! (Сырт айналады).
АҚМАДИЯ (Дайырманға): Ну? Қалай?
ДАЙЫРМАН: Жүрекке жүрек қабыспай тұр!
АҚМАДИЯ: Да... онда қиын! Уот егер қабысса... еш нәрсеге

қарамас еді! Анау Шегей алып келді ғой әне бір шалақазақты!
(Күл­шира келеді).

ДАЙЫРМАН: Әй, рас, шалақазақ! КҮЛШИРА: Ибай-ай, бетім-ай, селтиіп шортикпен келіпті, жырқ-жырқ етіп... СӘЛСӘБИЛА: Е-е, бұл бейбақ босаға аттаудың бүге-шігесін қайдан білсін... Бір көргенге әп-әдемі-ақ бала енді. Желек астында желігі басылып, жерік болғаннан кейін жобаға келіп қалар, қайтер дейсің. КҮЛШИРА: Қуыршақ құсап жылтырап тұрғасын, алданып қалған ғой байғұс бала. Әйтпесе әйел боп жарытпас анау! ДАЙЫРМАН: Ойбай, қызық екен... Әнеугүні сол үйге барсам, селтеңдеп шыға келді. «Салям алейкум» деп қарап тұр... әйел «Ас­салау» дегенді кім көрген, сасқанымнан тұра қаштым! СӘЛСӘБИЛА: Келіннен сонша үрейлерің ұшады, кермәнді қайтіп жеңдіңдер? ДАЙЫРМАН: Қазіргінің келіндері кермәннан әрмән кәрәмәт емес пе? КҮЛШИРА: Тура айтасыз, атеке! Әлгі жас келіннің қолынан шай ішеміз деп қатын-қалаш, абысын-ажын жиналып бармаймыз ба бір күні. Шашы үрпиіп, ерні шүртиіп алып, шүмектен шүрілдетіп, шынаяқты шүпілдетіп шікірейіп қарап отыр. Өзінше бірдеме деп еді, түсінбеген болып, шырай бермедік. «Әй, шүлдір-шүлдір етпей, қазақша сөйле!» деп едік, безірейе қалды. Шайының шай сияғы жоқ, өлген қойдың өкпесіндей бозарған бірдеңе. Шыдай алмай, «жөндеп құй!» деп едім, қап-қара ғып берді. «Мынауың не, чифер ғой» десем, тесірейе қарады. Көзі құрсын – тура сілеусін! «Тогда наливайте сами!» деп, тұрды да жүре берді. Ләм-мим дей алмай қала бердік. Мен қатын болғалы мұндай қорлық көргем жоқ! ДАЙЫРМАН: Асықпа, бұл шақар келін шайқор шал мен шайпау кемпірдің төбесіне шай қайнатады әлі! СӘЛСӘБИЛА: Бірақ жас қой, көндігер... КҮЛШИРА: Ой, апа, сіздер-ақ осы... еміреніп... Ана көршіңіз де сол, тыйым салудың орнына өбектеп отыр! «Басына неге орамал салғызбайсыз?!» – десек: «Жас қой... жаркы дейді. Е-е, мейлі, салса салар, салмаса қояр, орамалда тұрған не бар дейсің? Шын жүрегімен сыйласа болды», – деп қарап отыр.

СӘЛСӘБИЛА: Енді қайтсін, сағынып көрген қызығы...
КҮЛШИРА: Ойбай-ау, апа-ау, атадан қалған жол бар
емес пе? Жөн-жоба, салт-дәстүрімізді сыйламасақ, қайтіп ел
боламыз? Үлкенді сыйлау, әдеп қайда?

СӘЛСӘБИЛА: Иә, иә, бұның рас, енді...
ДАЙЫРМАН: Ата жолынан жаңылған соң жастар оңа ма?
Әй, әңгіме бұзау емізер (Мал қарап, төбені сырт айналып
кетеді).

КҮЛШИРА: Апа десе... Әй, Ақмадия қайным, сен де тыңда,
қызық... Мына пияншік ата (Дайырман жақты нұсқайды)
бір күні сүйінші сұрап барыпты... апамның сиыры бұзаулап...
Содан, қайтсін, сәбременни шалың әйтіп-бүйтіп, балдырлап-

шәлдүрлеп, әупірімдеп әлгіге түсіндіріпті сиыр бұзаулағанын...
Ана бетпақ сүйіншінің не екенін біле ме, тұр дейді шыны құсап
жылтырап...
АҚМАДИЯ: Шіркін, апамды айтсайшы... дұрыстап сәлем

берсең, бөтелкесін ала жүгіретін...
КҮЛШИРА: Төзімі таусылған пияншік ата ары-беріден соң
«жуу керек!» дейді. Келін ұқпайды. Қайтсін, келінге кеңірдегін
шерте ме, пияншекең прәмі перевод қылады. «Эті... телеңкі...

стирәть нәді... а то плохы» дейді. « А-а, ладны» деп, келін,
жүгіріп кетеді.
АҚМАДИЯ: Әй, көргенсіз-ай, үп-үлкен қадірлі кісі сақалды
ба­сымен кеп тұрғанда, жүз грамды айтқызбай құятын жөні бар

емес пе?
КҮЛШИРА: Содан пияншекең келін бірдеме әкеледі екен
деп күтіп-күтіп, болмағасын далаға шықса... Келін қораның
ішінде жаңа туған бұзауды кәритаға салып қойып, бұрқыратып

жуып жатыр дейді... Несін айтасың, болды қызық. Сол кезде
апам да кеп қалып, әйтеуір, бұзауды үйге кіргізіп, аман ап
қалыпты.
АҚМАДИЯ: Апырмай, обал-ай... Әне, бұл шалақазағың

жаудан жаман!
КҮЛШИРА: Апаның «Ариелі» бар екен, кірпияз, таза кісі
ғой, әдейі тығып жүрген, соны салып ысқылаған көрінеді
бұзауды...

СӘЛСӘБИЛА: Көтек! Ана кемпір берген шығар сыбағасын!
Ашуы­нан ағаш шулап, қаһарынан қаңбақ қашқан адуын, ақ­
перінің өзі еді!

КҮЛШИРА: Жоға! «Өй, құлыным-ау сол... өзіме тартқан,
түбі малсақ болар!» деп, сылқ-сылқ күліп, пияншекеңе жуған
көрінеді.
АҚМАДИЯ: Бұ шалақазақтың істемегені жоқ қой. Өткенде

атамыз жыларман боп жүр...
ДАЙЫРМАН (келіп қап): Е-е!
АҚМАДИЯ: Сөйтсе, Айсәуле жеңешем кемпір-шалдың кір-
қоңын жумақ болған. Енді, шалдарды білесің, тері сіңген ескі-

құсқыларын қимай, ілдебайлап жүре береді ғой...
КҮЛШИРА: Қанағатшыл ғой, жарықтықтар, әулие ғой...
АҚМАДИЯ: Иә, десейші... Ал мынау сол әулиедей атасының
көйлек-көншегін жуып, тазалауға, жыртығын жамауға ерініп,

не істегенін білесің бе?
КҮЛШИРА: Апырм-ай, ә?
АҚМАДИЯ: Алыпты да түгелімен пешке тығып жіберіпті!
СӘЛСӘБИЛА: Астапыралла! Шығар, шығар бұл замана­

қырдың балаларынан!
КҮЛШИРА: Шалдың тері сіңген дүниесі... құты емес пе,
қасиеті емес пе?
АҚМАДИЯ: Е-е, оны білсе шалақазақ бола ма?

КҮЛШИРА: Апа өкірткен шығар?!
АҚМАДИЯ: Жоға! Мәз дейді... бәлем шалға сол керек, иіс-
қоңысы кетсін деп.
«Мә, мыналарды да құртшы», – деп, тағы бір буда киімін өз

қолымен беріпті.
«Өзіме тартқан, тазалықты жақсы көреді», – деп еміреніп
отыр...
СӘЛСӘБИЛА: Бетім-ай!

КҮЛШИРА: Жоқ, мұны аяқсыз қалдыруға болмайды! Әй,
бұл деген барып тұрған көргенсіздік, жүгенсіздік қой! Мына
келін – ке­лін емес...
СӘЛСӘБИЛА: Келі сап!

ДАЙЫРМАН: Кесапат!
КҮЛШИРА: Бұл – нағыз мәңгүрт!
АҚМАДИЯ: Тошны, мәңгүрт!
КҮЛШИРА: Ал мәңгүрттер ата жауыңнан да жаман деп

айтып жатыр, жазып жатыр жақсы кісілер! Аруағыңнан
айна­лайын ата-бабаларымыз ұлан-байтақ даланы жаудан

қорғағанда не үшін қанын төкті екен? Кім үшін? Ұрпағым ұмытсын, жат болсын деген жоқ... Атаның діні мен ділін, ананың тілін білмейтін мәңгүрттер аруақ аттаған сатқын емес пе? ДАЙЫРМАН: Өз халқынан безген безбүйрек немелер кімге опа беріп, кімді оңдырады?! СӘЛСӘБИЛА: Ертең бұлардан тараған ұрпақ қандай болады? Ел не болады? КҮЛШИРА: Мұндайлардың барынан жоғы! Аласталсын арамыз­дан, кетсін аулақ! Аттан! Аттан халқым... мәңгүрттерге қарсы аттан! АҚМАДИЯ: Аттан! ДАЙЫРМАН: Аттан! СӘЛСӘБИЛА: Аттан! (Жүгіріп Айсәуле келеді). АЙСӘУЛЕ: Что за шум? Пожар что ли? КҮЛШИРА: А-а, пажар, пажар... саған позор! Пошла вон! Жоғал! Долой! АҚМАДИЯ: Жоғал, жоғал! Өшір қараңды! ДАЙЫРМАН: Уағымен сылып тастамасаң, ноғала көздің түбіне жетпей ме? СӘЛСӘБИЛА: Иә, бұлардан не қайыр, не үміт... АҚМАДИЯ: Далой! Жоғал! Потеряйся! АЙСӘУЛЕ: Что я вам сделала? Почему вы все ненавидите меня? Почему изгоняете? Почему? КҮЛШИРА: Әй, ысылушай... бродягы... без роду без племени... Ты не знаешь родной язык, обычаи предков! Ты оскорбила нас! Ты и тебе подобные предали свой народ! Ты манкурт! АЙСӘУЛЕ: Аһ, вон она что! Куда махнули... А что мы вам плохого сделали, а? Конкретно – когда, где, кому мы продали свой народ?! КҮЛШИРА: Не болтай! Вы нам чужие – хуже врага! Так говорят, так пишут... АҚМАДИЯ: Дұрыс айтасыз, Күлшира жеңгей... Эті Күл­ шира жеңгей – многы шитайыт, ушеный... Кто не знәйіт радной язик, эті плохы... прапащый шалабек. Предәтіл! АЙСӘУЛЕ: Аһ, так! Это не мы, а вы предатели! Где вы были, когда нас отрывали от родной почвы, а? Это вы что ли патриоты

нации? Говорите такие мудреные слова, хотите казаться ги­
гантами, а на самом деле – мелочь... Да вы же готовы за кусок
жирной колбасы, за блестящий зарубежный медальчик предать
страну вместе с предками!

ДАЙЫРМАН: Тек!
СӘЛСӘБИЛА: Уыттысын қарай гөр өзінің!
АЙСӘУЛЕ: И не надо меня упрекать, что я детдомовская! Я
это не выбирала! Если хотите знать, если разобраться поглубже,

то весь Казахстан был детдомом! Все мы детдомовские! Вот
так! А почему вы так любите лезть своими грязными руками
в чужие судьбы? Так я плевать хотела на ваши слова, на ваши
больные мнения! Я не хочу породниться с такими, как вы!

И уйду! Мне большая дорога в мире, а вы оставайтесь в своем
омуте, задыхайтесь, и сгнивайте в своих сплетнях!
КҮЛШИРА: Кетсең кет! Мотай отсюда! Алды-артыңа бір уыс
топырақ!

АҚМАДИЯ: Аулақ! Жоғал! Матыби!
АЙСӘУЛЕ: И уйду! (Бұрылып кете береді. Жиналғандар:
«Кет­сең кет! Кеткеніңнен келме! Жоғал, жоғал! «Матыби»!

– деп даурығады. Сол кезде апа келеді).

АПА: Тоқта! Тоқтаңдар! (Айсәуле тоқтайды. Бәрі аңта­
рылып тұрады). Бұл не сұмдықтарың? Ас көрмеген обырдай,
бас білмеген тобырдай... жер-көкті шулатып не көрінді
сендерге? Біреудің үй ішінде жұмыстарың қанша?

СӘЛСӘБИЛА: Е-е, бершімекті безбендеп, ерсілікті сөз
қылып, тезге салатын ел-жұрт емеспіз бе?
АПА: Елден садаға кетіңдер! Біреудің тағдырын сөз
қылғанша, өздеріңді жөндеп алсаңдар етті! Жұртпыз дейді-

ау... Сендер жұрт емес, қыртсыңдар! Әй, өзгеше өсті екен деп,
қай халық өзін-өзі өзек­ке теуіп, екіге жарылып жатыр? Руға,
жерге бөлінгені аздай, енді байғұс қазақ екі ұлт болып бөлініп
кетпек пе? Қазақша білмейді екен деп, өз баламыздан, өз

қанымыздан беземіз бе?
СӘЛСӘБИЛА: Дұрыс қой, бірақ «сендер орыс боп кет­
кенсіңдер» деп, басқа жақтар бізді мазақтайды ылғи...
АПА: Е-е, байғұс қазақ байыбына бармай, бірін-бірі мұ­

қатқанға мәз емес пе? Әйтпесе сендер деп тұрғаны өздері, өз
бауыры екенін ұғар еді ғой... Отаршылдықтың отына балқы­

тып, өз қалыбына құйып бақты емес пе қазақ баласын?! Қайта,
түбірімізбен оталып, түбімізбен қопарылып, құрып кетпей,
тамыр қалғанына шүкір дейік те!.. Ал, қане, елеуреген ерлерім,
айта қойыңдаршы, мұндай жағдай қайсыңда жоқ екен?!

Біріңнің немерең, біріңнің жиенің, біріңнің бөлең, біріңнің
құдаң... әйтеуір, орысша өскен жақындарың жоқ па, немене?
Солардан безіп қай ұшпаққа шығам дейсіңдер? Әй, біз азбыз
ғой, бәріміз бір атаның баласымыз ғой, бізге бөлінуге болмайды

ғой... Озбырлық құрбандығы болып, саяқтаған ұрпақты сыртқа
теппей, құшағыңды жай, бауырыңа тарт, аялап үйіріне қос!
Үйренеді, келеді қалпына... Ойбай-ау, сендер – мәңгүрт, сендер
пәлен-түген деп, көзге шұқып, кеудеге нұқи берсеңдер ерегеседі

де, алыстай береді... Кеткенде, қайырылмай кетеді! Соны неге
ойламайсыңдар? Мейлі, қай тілде сөйлесе де, бұлар қазақ
баласы, біздің нәсіліміз, біздің ұрпағымыз, біздің қанымыз...
Мен бұлардан безе алмаймын... Мен – анамын. Мен – елмін!

(Айсәулеге) Құлыным... Көзіміз бірдей... сөзіміз басқа...
Өңіміз бірдей... жөніміз бөлек.. Қанымыз бір... жанымыз
бөтен... Бірақ қимаймын... қия алмаймын сені... О, дүние-ай,
о, тағдыр-ай!... Бір қазақтың баласы бір-біріне жат болып, қақ

бөлініп кете бармақ па?! Жо-оқ! Кеткенде қайда барасыңдар?!
Кімге сыясыңдар сендер, қазақтан басқа кімге керексіңдер?!
Сендер ие болмағанда шаңыраққа кім ие болмақ?! Елдің ертеңі
не болмақ?! Соны ойладыңдар ма? Ойласаңдар, өз өрісіңе

оралыңдар, өз үйіріңе қосылыңдар... өз үйлеріңе ие болыңдар...
Орал, құлыным, кетпе, кетпеші құлыным! (Құшағын жаяды).
АЙСӘУЛЕ: Апа!!!(Апасын құшақтай алады. Жұрт үнсіз
тұрып қалады).

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Кемпір-шалдың үйі. Радиодан мұңды, әсерлі шертпе күй
төгіліп тұр. Айсәуле беріле тыңдап, ойға шомады.
АЙСӘУЛЕ (өзіне-өзі): Странно... до боли странно... эти

древние звуки берут за душу... Что-то... вот здесь (кеуде тұсын
басады) щемит... разрывается... Все родное, близкое... в то же

время далекое, непонятное... Почему мне так тоскливо? Почему
мне так хочется плакать? Кто я?.. Откуда... Куда я иду? Моя
душа как будто заколдована... ей тесно в этих чуждых рамках...
она хочет освободиться... и не может! (Күй аяқталады. Апа

кіреді).
АПА: Е-е, құлыным... жол басында сен мұңлық, аяғында
мен мұңлық... Пенденің мұңы таусылған ба жалғанда?!
Бұрынғылар «Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің,

тәуекел түбі – желқайық, кешесің де өтесің» деп біліп айтқан...
Қайрат пен сабыр – қорғаның, онсыз күнің қараң! Пойныл да?!
АЙСӘУЛЕ: Пойныл! Апа, әйәй!
АПА: Пойнылыңнан айналайын сол!

АЙСӘУЛЕ: А-па жаксы!.. Я люблю апа! Мен... а-па-ны...
тәтті көрем!
АПА: Тәтті көрем дейді! Өй, құлыным-ау сол! Тілің қандай
тәтті еді! Жаның қандай жақсы еді! Ішіме сыйған бір бала

сыртыма да сыяр... Жұрттың ызыңын қайтейін... «Жетім қозы
тасбауыр, түңілер де отығар...» бұл кетпес, кетпес... бір кетсе
қайырылмай кетер.. Балама қосып баға берейін... Түбі жаман
болмас... иншалла, ақыры бір қайыры болар! Біреуді өсек

қылу – бейшаралардың ісі, оларға амал бар ма, оттай берсін.
Бір кезде өзім де анау мынандай, мынау сүйткен, бүйткен деп
ойланбай сүйреңдей беруші едім... Міне, алдымнан шықты,
келді басыма... Тәубә, тәубә, түсінбегесін, білмегесін айтқан

екенбіз-ау! Міне, енді ұқтым, тоқтадым, тәубә қылдым... Бұған
да шүкір, аман жеттік, көрдік. Пойныл?
АЙСӘУЛЕ: Не очень... Но вы многое повидали на своем
веку, это я поняла! Апашка, расскажи о себе... .

АПА: Е-е, құлыным, өмір тарихымды қозғасам, қиыр-қиыр
дү­ние, қилы-қилы шежіре... Әуелі... әлпештеулі кезімізде
кәмпескені көр­дік... Жақсының бәрін айдап әкетті... малын
сыпырып алып... бітті, кәнес! Одан ақсирақ болған ел титықтап,

аштыққа ұрынды, қырылғаны қырылып, аман қалғаны ілініп-
салынып шықты, әй­теуір... Тұқым қалғанына шүкір де!
Кәмпеске, голыд... Пойныл, да?!
АЙСӘУЛЕ: Пойныл, апашка!

АПА: Е-е, қарағым, қайран бас не көрмеді?! Отыз жетіде
үндемес деген шықты. Елде зәре жоқ... айнала үрей... страш­

ны... Нахақтан-нахақ кетті талай боздақ... халық жауы ата­
нып. Брак народы, знайыш?
АЙСӘУЛЕ: А-а, репрессия... Знаю!
АПА: Білсең сол, құлыным! Елдің бетке ұстарының бәрін

баудай түсірді... Ес жиғанша соғыс... байна басталды. Біздің
тұқымнан ер-азамат түгелге жуық кетті... (Ата келіп, тыңдап
тұрады. Бұлар оны байқамайды). Содан аман оралғаны некен-
саяқ... Атаң да бастан-аяқ қатысып, үш рет жараланып... көз

жасымызға аман келді, әйтеуір! Уот, біз таскабайт еттік!
АЙСӘУЛЕ: Ой, апашка, оказывается ты так любишь аташку!
АПА: Лубішіңді қайдам, әйтеуір, жаман болса да аман болса
екен деп, күндіз-түні тілеуін тілеп, зарығып жүргеніміз рас

енді! (Ата жымыңдап тұрып, түшкіріп жібереді).
АТА: Жә-жә, жәрәкімалла!
АЙСӘУЛЕ: Ой, аташка... я чуть в окошко не выпрыгнула!
Думала, из пушки!

АПА: Өй, қайыршы... ары кетші өзің, көрқап құсап үңірейіп,
балдардың зәресін алмай...
АТА: Пау дегенің! (Кетеді).
АПА: Әне, сол кәдірімді біле ме бұл қазір?!

АЙСӘУЛЕ: Не пойныл!
АПА: Мейлі, кемпір болғанда паймөш! Соғыстан кейін енді
ес жия бергенде тың игеру – селена басталды...
АЙСӘУЛЕ: А-а, целина... да!

АПА: Селенадан кейін бәрін орысшаға көшірді... үшкөл,
детсат, кантор – бәрі орысша... Дінді айтпаңдар... құдай жоқ
деді, астапы­ралла! Түбі бәрі бір-ақ ел болады, қазақ, орыс деген
болмайды, сондықтан орысша оқып, орысша сөйлеңдер деді...

Обалы не керек, айналайын үкімет пен партия қарық қылды, ел
тойынды... Бірақ осы жері дұрыс болмады, құдайда, халықтың
тілінде несі бар десейші! Амал нешік, ақырын ғана... үйде...
ешкімге білдірмей балдарға бисмилләні үйретіп отырдық,

әйтеуір... Сенің ана жынды байың... е-е, Алла, құлынымды
аман сақтай гөр... үшкөлде бірдемеге уәде берсе: «Шешнәй
пиәнерскәй, ленінски – стәлінски!» деп, оған да нанбаса:
«Оллаһи-билләһи!» дейтін. Ой, есалаң, қайтсін енді... Ақы­ры,

міне... бәрі адырам қалып... құдайға шүкір, дініміз, тіліміз же­
ңіп шыққан жоқ па? Пойныл?!
7-0046

АЙСӘУЛЕ: Пойныл!
АПА: Пойныл болсаң, сол қарағым!
АЙСӘУЛЕ: Ой, апашка, ты настоящий герой! Столько
пережила! Все знаете, все понимаете... А я вот хожу – покоя нет

на душе... Вроде все свое, родное, в то же время чужое...
АПА: Е-е, құлыным, ақылың көп... әлі-ақ үйренесің...
(Күлшира кіріп, тасаланып, тыңдап тұрады).
АЙСӘУЛЕ: Знаешь, апашка, в последнее время мне часто

снится какой-то дед. Такой высокий, с большой, белой, как
сияющий снег вершины, бородой, в чистом, белом чапане...
такой добрый, благородный, глаза лучистые, что-то говорит...
голос приятный... так мягко, ласково говорит... я слушаю

его внимательно... и не могу понять... Он долго говорит...
не то назидание... не то напутствие... или тайну вековую
открывает... Я не понимаю своего деда! Я мучаюсь... плачу... он
тоже мучается... утешает меня... и исчезает! Лучше бы ругал,

кричал, угрожал... и я бы охладела, махнула рукой! Нет же,
он такой добрый, такой родной, близкий... Что-то хочет мне
обьяснить... и мучается. И я мучаюсь!
АПА: Е-е, жарықтық ата-бабаларыңның аруағы саған жар

болып, желеп-жебеп жүреді екен-дағы! Және саған бір аманат
айтқысы келіп, айта алмай, айтса түсіндіре алмай қиналып
жүр ме екен, кім біледі?! Е-е, дүние-ай, өз атасын ұға алмайтын
ұрпағым-ай, қайтейін сендерді?! Сендерді әбден жадылап,

дуалап тастаған ғой... үзіңдер шырмауды... бұзыңдар құр­
сауды... Басқа амал жоқ. Әйтпесе кеткендерің жат болып. Ата-
бабаларыңды түсінгілерің келсе... енді оларға орысша үйрете
алмайсыңдар ғой... өздерің қазақша үйреніңдер! Пойныл,

құлыным!
АЙСӘУЛЕ: Да, да, да! Апашка, не переживай, мы никуда не
уйдем... мы вернемся в родной очаг! Мне кажется, что мы тоже
виноваты в том, что отдалились от своих корней. Но я никогда

не чувствовала себя другой... я всегда была и буду казашкой!
АПА: Бөду дегеніңнен айналайын, ботақаным! Иншал­
ла, түсің жақсы екен... Алла тағала оңына бастай гөр! Ата-
бабаларымыз же­леп-жебеп, ақ ниетпен жақсылық тілеп

жүрген шығар, жарықтықтар! (Қолын жайып) Жүсіптің көруі
болсын, Жақыптың жоруы болсын, әумин! Аллаһуәкбар!

АЙСӘУЛЕ: Әмин!
КҮЛШИРА (жақындап): О, өздеріңше шүйіркелескен боп
жатыр­сыңдар ма?
АПА: Сен қайдан сап ете қалдың?

КҮЛШИРА: Баяғы жүз сомыңызды әкеліп едім... (Береді).
АПА: Ә, жарайсың Күлшира... сіңіріп кетпегеніңе де рахмет!
Әлгіге бере қояйын. (Кетеді).
КҮЛШИРА: Ой, Айсәуле, светик мой... хал қалай?

АЙСӘУЛЕ: Жақсы-ы!
КҮЛШИРА: Ну ты маладес... көндігіп кетесің өстіп-өстіп...
Қа­лай, күйеу хат жаза ма?
АЙСӘУЛЕ: Да он скоро приедет!

КҮЛШИРА: Сағындың ба оны... тоскуешь? Плохы спишь
наверны... Сны видишь, да?
АЙСӘУЛЕ: Ой, нет... все нормально!
КҮЛШИРА: Ты не скрывай от меня... Уот, недавны... в

городе... одна такая, как ты... долго мучилась... Ей все время
дед снился... А дед, оказывается, в древности был большой
бақсы... шаман, знайыш... И вот он ей все время снился...
что-то говорил, хотел учить, а она казакша ни бельмеса! Дед

расстроился, стал яростно преследовать ее по пятам... и не
только во сне, но и наяву. Она везде видит его, боится... ужас
как страшны... говорит родителям, те не верят – им не видно,
а ей видно... Говорят, что дух деда избрал ее, хотел вселиться

в нее... ол қызға бақсылық, емшілік қонайын деген ғой... но
она не понимает своего деда... Корочы... вот так мучилась,
мучилась... и бросилась под поезд! Вот такая жуткая история,
қарағым! Так што эти деды во сне очень опасны! Не к добру все

это!
АЙСӘУЛЕ: Но... Апа сказала... что все хорошо будет!
КҮЛШИРА: А че еще скажет она? Апа, хоть и хулиганка, но
добрая! Она просто не хочет тебя пугать! Сен менен сұра... эті

очен сериезны! Я в этом толк знаю... немалы повидала...
АЙСӘУЛЕ: И что же теперь делать?!
КҮЛШИРА: А ничего! Тут ничего не поделаешь... Раз давно
умершие деды являются во сне и терзают тебя, то ясно, что

они хотят забрать к себе! Так што, думай не думай, от них не
убежишь! Ладны, көп қайғыра берме, мое золотце! Ойбай,

кеттім, апам іздеп қалған шығар... әй, осы бір қараң қалғыр
кемпірлерден-ақ көрдік-ау көресіні... басқан ізіңді аңдып,
таңның атысы, күннің батысы қақсайды да отырады! (Кетеді.
Айсәуле оңаша ойға батып, қала береді. Шертпе күй жүрек

тербейді).
Екінші көрініс
Сәлсәбиланың есік алдында Күлшира бұрқыратып кір жуып
жатыр. Ақмадия ақырын келіп, мықынынан мытып алады.

КҮЛШИРА: Ойбай, көтек! Е-е, сен екенсің ғой, әңгі қайным!
АҚМАДИЯ: Хе-хе-хе! Күлеке, Күлеке, жеңешетай! Ә,
жеңеше­тай... Сізді көрсем жаным кіреді... сай жаққа барып,
гүл теріп кел­сек қайтеді?!

КҮЛШИРА: Әй, Ақмадия! Айтақ! Арда баспақ секілді
әукеңді көтеріп алып, көрінгеннің артына бір түртінектей
бергенше, теңіңді тапсаң етті...
АҚМАДИЯ: Хи-хи-хи, жеңеше-ай! Қоқаңдаған қайныңа

қо­паңдарың жоқ болса, талғажу қыла тұратын бірдеме қа­
рас­­тырсайшы! Құрығанда, жеңгетайлыққа жарайтын-ақ шы­
ғарсың?!
КҮЛШИРА: О, көгала көпірік! Бізді қайтесің... бұраң

белдерді баурасаңшы! Әнеки, жаңадан түскен жас жеңгең келе
жатыр сылаңдап. Тентегін күте-күте талықсып, өз буына шыдай
алмай бұлықсып-ақ жүрген шығар... Ал, қане, бұлғақтаған
бұланым, бит­пыл басып бір байқа! (Айсәуле келе бергенде кір

жаюға кетеді. Аулақтау жерде тасаланып, тыңдап тұрады).
АҚМАДИЯ (Айсәулеге): Айсәуле, знәйіш... эті... ти женә
старшый браты... моя.
АЙСӘУЛЕ: Ну...

АҚМАДИЯ: Ти моя женге!
АЙСӘУЛЕ: Да?!
АҚМАДИЯ: А я тбая... қайын!
АЙСӘУЛЕ: Как... как?!

АҚМАДИЯ: Қайны, қайын!
АЙСӘУЛЕ: Каин... Береза что ли?!
АҚМАДИЯ: Нет... Березы – қайың... Ң, ң! А я тбая қайын – Н!

Кайн, кайн... өй, қанымды қайнаттың-ау қайқаңдаған көк­
құтан! Әй, мен сенің қайныңмын! Қайны...
АЙСӘУЛЕ: Ну в общем поняла... Ты – каин...
АҚМАДИЯ: Эті младшый брат мужы.

АЙСӘУЛЕ: Но у моего мужа нет младшего брата...
АҚМАДИЯ: Эті... знәйіш... да, радной нету. Но ми псе...
радня, далекы-далекы... но әден род, әден ауыл...
АЙСӘУЛЕ: Да, поняла!

АҚМАДИЯ: Маладес, если пойнала... Тәк, знәшит ес у нас
кароши зәкөн. Ти нәш зәкөн убажайыш?
АЙСӘУЛЕ: Да, да! Апашка сказала... не обижать вас, ува­
жать обычаи и традиций. Только я многое не знаю, но стараюсь,

учусь. Поэтому ты прости меня, если что не так!
АҚМАДИЯ: Ошын қарошо! Тәк эті зәкөн тәкөй ес... кәк
скәзәйт... Обшым, жеңгенің бір бұты байынікі, бір бұты қай­
нынікі!

АЙСӘУЛЕ: А что такое бут?
АҚМАДИЯ: Эті... знәйіш... ну, аяқ... нәгә. Знәшит, тбая
әднә нәгә бая, әднә нәгә мая!
АЙСӘУЛЕ: А почему одна нога твоя? По моему оба бая!

АҚМАДИЯ: Нет... тәкөй зәкөн... абышай... дәстүр. Ти
должен әднә нәгә минә!
АЙСӘУЛЕ: Я никому не должна, кроме своего бая!
АҚМАДИЯ: Нет... я тбая каин! Я брат тбой муж... Знәшит,

тәк паложыны... Дабай минә әднә нәгә! (Ұмтылып, қол
жүгіртуге айналады).
АЙСӘУЛЕ: Аһ, так! Жены брата захотел! Подлец! На тебе
нога! Киай! (Секіріп, іштен бір-ақ тебеді. Ақмадия шат­

қаяқтап барып ұшып түседі).
АҚМАДИЯ: Ойбай, мына мәңгүрт қатын көрсетті-ау
көрешегімді! Ойнағанды білмейді... осыдан қарным жарыл­
сын... атама айтам... (Кетеді).

КҮЛШИРА (жүгіріп келіп): Не боп қалды, ей? Білдей бір
азаматты ішке теуіп, қарай гөр... Ты что, мужчину пинаешь?
Это очень плохо... Че, крыша поехала?
АЙСӘУЛЕ: А что, я должна позволить ему издеваться?

КҮЛШИРА: Какой издеваться... это просто поговорка та­
кая...

АЙСӘУЛЕ: Идиотская поговорка! А руки распускать – тоже
поговорка?
КҮЛШИРА: Ну, это шутка... ойын... соған бірдемең кетіп
қала­тындай... Әй, атаңа нәлет мәңгүрт-ай, сенен-ақ көрдік-ау

көре­сіні! Мәңгүрт болғасын жүрсің ғой... аталарың түсіңе кірсе
де мыңқ етпей... а то давно повесилась бы!
АЙСӘУЛЕ: Что вы говорите? Почему я должна вешаться?!
КҮЛШИРА: Да потому... Ұяты бар кісілер, әне, дед снился,

и... пойызға түсіп өлді. А ты ходишь хоть бы хны! Мучаешь
нас, мучаешь деда... и ходишь, ходишь тут. Ишшо пинаешься!
АЙСӘУЛЕ: Вы это серьезно?!
КҮЛШИРА: Әбсәлөтнө!

АЙСӘУЛЕ: И что же... по вашему я должна умереть?!
КҮЛШИРА: Так тошны! Раз давно умерший дед снился,
знашит, так нады!
АЙСӘУЛЕ: А нет, наоборот. Апашка сказала, что дед под­

держивает меня! Заботится, помогает мне! И не надо меня
пугать! Я не боюсь своего деда! Я уважаю, я люблю его! И,
назло вам я буду жить! Умирать, тем более покончить собой я
не собираюсь! Убивают себя слабые! Убегают только трусы! А я

буду жить, сражаться до конца... я стану настоящим человеком
и сделаю больше добрых дел, чем вы!
КҮЛШИРА: Потому что ты бесчувственная... бессовестная
манкуртка!

АЙСӘУЛЕ: Это я манкуртка? А ты сама кто? Ты еще хуже!
Какой прок оттого, что ты сплетничаешь по-казахский? Это
еще не значит, что ты патриотка нации!
КҮЛШИРА: Жап аузыңды! Мәңгүрт! Миғұла! Падла! Зараза!

(Айсәулеге бас салады. Екеуі жұлысады. Айсәуле Күлшираның
қолын қайырып, желкесінен бүріп алады да, басын легендегі
суға тығып-тығып алады).
АЙСӘУЛЕ: Аһ, ты гадюка! Ты хочешь отравлять жизнь

людей своими гадкими словами? Но ничего не выйдет! На,
задыхайся своим смрадом, валяйся в собственной грязи! (Ке­
теді).
КҮЛШИРА: Ойбай! Өлдім! Апа! (Үйіне кіріп кетеді. Жүгіріп

Сәлсәбила шығады. Мына жақтан Апа келіп қалады).
СӘЛСӘБИЛА: Ойбай... ойбай... енді қайтейін-ай, қайтейін!
Қор болдым-ау, күйдім-ау...

АПА: Әй, Сәлсәбила, не боп қалды сонша маңырап?
СӘЛСӘБИЛА: Сенің ана шалақазақ, мәңгүрт келінің бүйі
тигендей қылған жоқ па бәрімізді! Қараң қалғыр, қаңғып
келген жетімек, қарашы-ей, тыныш жатқан ауылға от тастап...

АПА: Жә, корочы!...
СӘЛСӘБИЛА: Әлгі сенің мәңгүртің алтындай Күлширамның
әзиз басын... легендегі кірдің суына тығып-тығып алды, ойбай!
АПА: Ә-ә! Біздің асықтай келін сенің ана дөйпәс келініңді

шы­нымен сүйтті ме?
СӘЛСӘБИЛА: Иә, иә, сөйтті ғой, ойбай...
АПА: Жә, қой енді, ещтеңе етпес. Баяғыда осы сенің өзіңді
Улыкөлге батырып-батырып алғаным есіңде ме?

СӘЛСӘБИЛА: Ә-ә... жынды едің ғой сен...
АПА: Жазығың болған... жыбырламай жай жүруші ме ең
сен! «Келін ененің топырағынан» деген, айналайын құлыным
сол! Суға тықса, өзіңе тартқан өсекші келініңе сол керек...

Дымы шықпай жүрсін, бәлем!
СӘЛСӘБИЛА: Қарай гөр мынаның қыршаңқысын! Енде­
ше... мен сенің басыңа әңгіртаяқ ойнатайын. Әй, Күлшира,
Дайырман, Ақма­дия! Қайдасыңдар, қазақтың қаны қайнап

жүрген қайраткерлері... қаптаңдар қара бұлттай! (Дайырман,
Ақмадия, Күлшира, тағы біраз ауыл адамдары еліріп жүгіріп
келеді). Көрейік сенің әуселеңді! Көпшілік қауым ата жолынан
азған, ана тілінен безген мәңгүрттерге жаппай майдан ашып,

алапестей аластап жатқанда, елден аққұла сенікі не қылған
мейірбандылық?! Жат болып кеткен бұл ұрпақ бір шіріген
жұмыртқа емес пе, соны шайқап, балапан шығарамын деп
жүрмісің?! Жоқ, оның бола қоймас! Болдырмаймыз! Келмейді

олар қайтадан... келтірмейміз! Осы кеткені кеткен...
ДАЙЫРМАН: Кеткенде... мүлде құрдымға кетсін, атаңа
нәлеттер! Мен – Дайырман, пәшестің қолын қайырғам! Бұларды
кердеңдетіп, төбемізге ойнатып қоя алмаймын! О заман да бұ

заман, еркекті қатын тепті деген не сұмдық?! (Жиналғандар
«Сұмдық! Сұмдық! Кімді басынады?!» деп шулайды).
КҮЛШИРА: Ақ жаулықты апамыз деп, сіз үшін төзіп-
ақ бақтық. Болды, бітті, істік ұшына шықты... кең терінің

тырысып, көн терінің жыртылар уағы жетті!
(Жиналғандар: «Иә. Иә! Жөн айтасың!» – деседі).

СӘЛСӘБИЛА: Осының бәрі сенің кесірің... сенің қырсығың!
Әуелден тыйым салудың орнына, тайраңдатып қойған сенсің!
Ешкіммен санаспай, ойыңа келгенді істеп омыраулайтын қай
жөнің бар? Құлағыңды түк, жүрегіңді мүк басқан екен, бір

тазартып берейін! Саған бүкіл ел болып күліп отыр!
АПА: Иә, мен не жазыппын елге?!
СӘЛСӘБИЛА: Күлмегенде ше! Екі кісінің басы қосылса,
сөздің мисалы – сендер. Ана мәңгүрт келініңнің оспадар қы­

лықтары әзіл-оспақ, мәтел боп елге тарап кетті! (Жиналғандар:
«О-хо-хо! Ха-ха-ха! Хи-хи-хи!» – деп қосыла күледі).
ДАЙЫРМАН: Соған еріп, сен де мәңгүрт болып бара жатсың!
АҚМАДИЯ: Дабно!

ДАЙЫРМАН: Ал шалың... баяғыдан мәжнүн... шекесіне
снәрәт тиген кісі кінәратсіз болушы ма еді?! (Жиналғандар
дарақылана күледі).
СӘЛСӘБИЛА: Ұл-қызыңның жібі түзу болса... ар жағында

жылты болса... төрінен көрі жақын кемпір-шалды шошаладай
шым үйде шошайтып қалдырар ма еді?!
АПА: Әй, менің балаларымды сөз қылғанша, өз балала­
рыңның амандығын тілесеңдерші! Балалар өз өрістерін тапса,

ризашы­лы­ғымызды
бердік...
Құдайға
шүкір,

қолқанат,
таянышымыз бар қа­сымызда!
СӘЛСӘБИЛА: Таяныш деп отырғаның ана пияншігің бе?
Оның әңгүдік екені бүкіл елге әйгілі емес пе?! (Жиналғандар

ду күледі).
АПА: Тоқтаңдар! Біреуге күлгенше, өздеріңді жөндеп алың­
дар! Сендер ме, сендер... осындай сөздеріңмен кісі өлтіретін шы­
ғарсыңдар?! Әй, айналайындар-ау, сендерге сонша не болған?!

(Бір­тіндеп шөге береді де, жер таянып барып құлап, ес-түссіз
жатып қалады. Жиналғандар абдырап тұрғанда, жанұшырып
Айсәуле ке­леді).
АЙСӘУЛЕ: Апа! Апа, апашка! Не помирай! Пожалуйста,

апа, не помирай! Не оставляй меня одного! Апатай, мен сені
тәтті көрем! Апа, апашка, ты мне как мама! Не оставляй
меня второй раз сиро­той! Не помирай апа! Ты же герой... ты
пережиила голод, репрессию... ты победила войну... и теперь

что, будешь помирать из за сплетни, из за бреда этих людишек?!
Не помирай, апа, не оставляй нас... ведь мы только начали

жить! Апашка, айналайын апатай... Апа-а-а!!!(Апа қимылсыз
жатыр. Жұртта үн жоқ).
Үшінші көрініс
Кемпір-шалдың үйі. Ата, Дайырман, Сәлсәбила, Күлшира,

Санат­бек, Майке үнсіз отыр. Төрде төсекте Апа ес-түссіз
жатыр. Қасын­да Шегей мен Айсәуле.
ДАЙЫРМАН: Да... бұл бір оқыс жағдай болды. Ойда
жоқта... төбемізден жай түскендей... есеңгіредік те қалдық.

Енді көнгеннен басқа амал жоқ... Ес жиып, қам жасау керек...
Ақылдасайық!
СӘЛСӘБИЛА: Әйбәт кісі еді... ажалға қимайтын...
ДАЙЫРМАН: Несін айтасың... алтын еді ғой, жарықтық!

МАЙКЕ: Ой, мама! Шынымен кеткенің бе бізді тастап?!
СӘЛСӘБИЛА: Е-е, айналайын Майкежан-ай! Сені әбден
сағынып жүрді... Майке, Майке деп ауызынан тастамайтын.
Келе қоймадың-ау уағында... нұр сипатын көре алмадың-ау.

Бір ауыз тілдесіп, мұң-шерін тарқатып, қолыңнан сусын бере
алмадың-ау! Қайтейін... мауқын баса алмай, зарығып, арманда
кетті-ау... қайтейін!...
МАЙКЕ (одан әрмен өксіп): Ой, мама, кешір бізді... ылғи

бір бітпейтін жұмыс, тіршілік деп жүріп...
САНАТБЕК: Иә, міне, бәрін тастап келдік қой... Әйтпесе бір
неу­добный уақытта болғанын қарашы! Өте маңызды мәселелер
бар еді... қалды бәрі...

АТА: Алла-ау, өзің сақтай гөр!
СӘЛСӘБИЛА: Жаман айтпай жақсы жоқ деген... Алда-
жалда бір жағдай болып кетсе, тірлікті ойлайық... Соятын мал
бар шығар?

АТА: Ту бие бар...
ДАЙЫРМАН: Бір бие аздық етеді. Қазір халық жиын десе
қаптап кететін болды ғой...
КҮЛШИРА: Иә, тайлы-таяғына дейін қалмайды. Сырттан

келе­тіндер қаншама, енді тайшы атың болмаса да, қойшы атың
бар дегендей...

СӘЛСӘБИЛА: Екі жылқы сою керек, сондық еңбегі жоқ па
бұл кісінің?!
АТА: Иә, бұл кісіден немді аяймын, қара байтал күйлі, соны
қоса сойыңдар.

ДАЙЫРМАН: Жә, малы табылса, орамал, барқытын түген­
деп қою керек.
СӘЛСӘБИЛА: Жыртысты қаба беріңдер... ертең сөз бол­
масын.

КҮЛШИРА: Пүліштен жырту керек... Орамалға елу сомнан
түйген жөн. Аяп қалды демесін, дос-дұшпан бар. Зират басында
көрнекті кісілерге кілем, палас үлестірсе, тіпті қатып кетеді!
ДАЙЫРМАН: Басқа ауылдарға үлгі болады! «Шіркін,

бұлардың кендігі-ай!» деп, таңдай қағып жүрсін, бәлемдер!
МАЙКЕ: Аямаймыз! Береміз!
САНАТБЕК: Сіздер іркілмей жөн-жобасын айта беріңіздер!
Біз бәрін де жасаймыз! (Атаға). Шал, сен қысылма, ақша

жетеді!
ДАЙЫРМАН: Онда.. бір кілемді өзіміздің «Кеңащының»
мол­дасына, біреуін Степняктың, Бұлақбасының молдасына
берейік! Тассу мен Нөлүштің молдасына палас та жарай береді!

СӘЛСӘБИЛА: Әй, Дайырман, осы сен қоя тұршы дорбимай!
Бәрін өзіңе бұрып отырсың! Әлгілерің ылғи алып жүр,
мүйіздері шықса, қанеки! Әрбірдесін ынсап жоқ соларыңда!
Әне біреуің өткенде Бірсуатта берген барқытты місе тұтпай,

бетіне лақтырып кетіпті... зират басында... көптің көзінше...
Оған кілем түгілі қыржан да жоқ! Одан да абырой керек болса,
алыстан келгендерге, анау Мамай мен Қараталдың, Сәуле мен
Құдықағаштың молдаларына беру керек!

ДАЙЫРМАН: Өй, шіркін-ай! Төркініңе тартып тұрсың ғой
ші­мі­рікпестен! Сенің айтып тұрған молдаларың молда емес...
өң­шең дүмше! Дауыстары да жоқ, міңгір-міңгір етіп, кісінің
ішін пыстырады!

СӘЛСӘБИЛА: Адырам қал, адырайған атаңа ғана нәлет!
Сенің молдаларың оңып тұр ма? Адамды ми қата қылады!
Олардың қасында біздің молдалар ағып тұрған бұлақ емес пе?
ДАЙЫРМАН: Сендердікі бұлақ болса, біздікі – дария!

Сәлсәбила, Сәлсәбила деген сайын солқ-солқ етесің ғой
өзің! Менің атым – Дайырман, сендер түгілі пәшестің қо­

лын қайырғам! Менің айтқаным болады – бітті. Ал анау
молдаларыңа өзің өлгенде бергізерсің... қолыңнан келсе!
СӘЛСӘБИЛА: О, жағыңа жылан жұмыртқаласын, зар­
жақ! Өзіңе көрінсін! «Менің атым Дайырман, пәшестің қо­

лын қайырғам» деп кеудеңді соққанда сондайсың, осы сен
дұрыстап соғыстың ба екен әуелі? Соғыс бітерде бір-екі ай
барып келгеніңе бұлданып, жұртты қырып жібере жаздайсың,
ана кісі құсап (атаны көрсетеді) басынан аяғына дейін

қатысып, үш рет жараланып, пәлен ордін-медәл алып келсең
қайтер едің?! Жараланбақ түгілі, теріңе сызат түскен жоқ қой!
Лағанат, саған пәшестің бір оғы бұйырмаған екен!
ДАЙЫРМАН: Жап аузыңды! Бір-екі ай емес, бақандай

бес ай соғысқанмын! Мен бармағанда соғыс бітпейтін еді!
Тәк штө, мен – Дайырманмын, пәшеске қосып сендердің де
қалпақтарыңды қа­йырамын!
СӘЛСӘБИЛА: Өз қалпағыңды байқа!

АТА: Жә, жә, сабыр етіңдер... көп сөз не керек осы?! Мол­
даны пәлен деп қайтесіңдер? Олардың жазығы жаназаңды
шығарып, білгенінше құран оқығаны ма? Берген садақаңды сөз
қылмаңдар, сендерді ешкім зорлап бергізген жоқ. Берсеңдер –

ризашылықпен беріңдер!
МАЙКЕ: Келе берсін... Молда көп болғаны оңды. Жетеді
бәріне де!
САНАТБЕК: Айтқандарыңның бәрін береміз! Ақмолаға

әдейі кісі жіберіп, алдырамыз керек-жарағын!
КҮЛШИРА: Иә, иә, бергендерің жөн, шешелерінен ештеңе
аяған жоқ деп, ертең ел-жұрт риза болып, аңыз қылады. Енді,
салт-дәстүріміз емес пе?!

ШЕГЕЙ (Ұшып тұрып): Қайдағы салт дәстүр? Кісісі өлген
қаралы үйдің түгін қоймай шашып-төккенді де салт-дәстүр деп
ақтайсыңдар ма? Зират басын базарға айналдырып, қызыл-
жасыл дүние-мүлік таратып, азан-қазан, ырду-дырду, дау-

дамай қылғандарың қай жобаға сыйып, қай жолға жатады
екен?! Осының бірде-бірі не шариғатта, не қазақ жолында
жоқ! Тегін дүниеге тойынғаннан кейін, өздеріңнің ойлап
шығарғандарың! Өлік жөнелтуді де бәсекеге айналдырып не

көрінді сендерге?!

КҮЛШИРА: Ойбай, елден ұят емес пе? Ертең осыны істемей
көр... шешелерін жөндеп жөнелтпеді, перзенттік парыздарын
атқармады деп бүкіл ел сөз қылмай ма?
ШЕГЕЙ: Е-е, жұрт сөз қылады деп, өмір бойы жалтақтап,

жұлы­нумен келесіңдер ғой, әйтеуір!
ДАЙЫРМАН: Жә, доғар, шырағым, бояушы, бояушы де­
генге са­қалыңды боямай! Ақсақал, мынауыңды тыйсаңшы!
АТА: Сабыр, сабыр, құлыным! Не нәрсеге де сабырлылық

керек! Дүниенің асылы – сабырлылық, өмірдің кілті де сабырда!
Қайтесің... «өнбейтін дауды өспейтін ұл қуар» деген... апаңның
амандығын тілейік! (Шегей апаның қасына барады. Ата өзіне-
өзі): Келінім ақыл­ды екен... Шегейге ештеңе айтпағаны дұрыс

болған. Әйтпесе, мына тентек қыран жапқандай қылатын еді
бәрін! Уһ, несін айтасың, байғұс пендені тайталастырып, адас­
тырып қойған қым-қиғаш дүние-ай!
СӘЛСӘБИЛА (Күлшираға): Қайтсін-ай, күрсінбегенде, кү­

ңірен­бегенде...
КҮЛШИРА: Оңай ма? Ертең жалғыз қалса, бір жетім шал
болып, әркімге бір жаутаңдап күні өтеді-ау! Ана жынды мен
мына мәңгүрт бұл шалды қайтсін... кетеді қалаға.

СӘЛСӘБИЛА: Иә, мына оқыған балалардан қайран жоқ...
Әрқайсының өрісі бөлек.
КҮЛШИРА: Оны айтасыз... мына кісі сал болып жатып
қалса қай­теді?!

МАЙКЕ: Ә-ә? Апамды бірдеме дедіңіздер ме?
САНАТБЕК: Иә, не хал?
СӘЛСӘБИЛА: Жоқ, жай, біздікі долбар, болжал ғой...
Баяғы, апаларың жатып қалса... хал нешік деген ғой...

САНАТБЕК: Ә-ә? Апырмай, ол жағы қаперіме кірмепті-ау,
ә? Шынында ойланатын жағдай екен?
МАЙКЕ: Ойлан, ойланба, одан ештеңе өзгермейді. Ұлдар
мен келін­дер, бірің аласыңдар қолға, бағасыңдар...

САНАТБЕК: Е-е, иә, әрине, анамыздан безбейміз... Алармыз
біріміз...
ДАЙЫРМАН: Әй, шырағым, алғанда... бұларды трәктірмен
сүйресең бармайды қалаңа. Біреуің көшіп келмесеңдер...

САНАТБЕК: Қайда? Ауылға ма? Ауызға оңай-ау, шіркін!
Қаланы, қызметті қайда тастаймыз?!

АТА: Әй, балапандарым-ай сол... қайтейін... Жазмыштан
озмыш жоқ... Әйтпесе біз мұнда, сендер онда аман болып, жүре
берсек қой! Жә, қиналмаңдар біз үшін. Бір жөні болар. Өмірдің
соңы осылай болса қайтейін! Қол ұстасып, қатар жүрген қайран

кемпірім-ай!
АЙСӘУЛЕ (ұшып тұрып): Не плачь, аташка! Мен күтемін
апамды!
ШЕГЕЙ (Айсәуле екеуі атаның қасына жүгіріп келеді): Біз

бармыз, ата!
ДАЙЫРМАН: Әй, ақсақал, балдар байыбына бармай бай-
байлай береді... Күні ертең сендердің бейнетіңе байланып отыра
ма, кетеді бытырап... Бұларға қараған күнің күн бола ма? Одан

да мына ақ кемпірді (Сәлсәбиланы нұсқайды) кіргіз де ал!
АПА (атып тұрып): Тәйт! Не тантып тұрсың, әй! Ақ
майымды аузыңнан ағызып едім талай, соны ақтағаның ба?!
(Бәрі аңтарылып тұрып қалады. Шегей мен Айсәуле «Апа»,

«Апашка» десіп, құшақ­тай алады).
ДАЙЫРМАН: Өй, ой-ой-ойнап айтып ем... естіп қойдың ба?!
АПА: Е, ойының осылғыр, естімегенде... Оп-оңай өле са­
латын, оп-оңды осырақ шалымды біреуге бере салатын мен немене

сонша?! . Қай­тер екен десем... терең қазып, тепкілеп көмгенше
асығып жүр екенсің­дер ғой... Қара байтал захотели! Ал, ендеше,
сендерге ерегескенде өлмей қояйын! (Жиналғандар «Аман
бол!», «Көп жасаңыз!», «Аман болыңыз!» десіп, құшақтайды).

МАЙКЕ: Мама! Маматай!
САНАТБЕК: Мамочка!
АПА: Балапандарым! Бізді қойшы, алдымен сендер аман
болыңдар! Алдынан ақсағанның оқасы жоқ деген... сен­

дердің алдарында, ешкімге масыл болмай, сабытымызды сал­
май, аяңдап кете барсақ, арман бар ма? Өсірдік, өндірдік,
мойындарыңа қарыз емес... тек жақсы болыңдар! Кісі қар­
тайғанда қамкөңіл, анда-санда ауылға бір қарайлап қойсаңдар,

соған да ризамыз! Көрші-қолаң, ауылдас ағайын! Жақсылығың
да бар, жаманшылығың да аз емес, бірақ маған ыстықсыңдар!
Қимаймын сендерді! Аман болыңдар, бәрі де кешу болсын,
ризашылық, шүкірлік керек! (Сәлсәбила, Дайырман, Күлшира

қосарланып: «Иә, иә кешу болсын!», «Ризашылық, татулық
болсын!» деседі). Тек, әйтеуір, бір-біріңді аялап, сыйлап

жүргенге не жетсін! Біреуге жаман сөз айтқаның – оқ атқанмен
бірдей! Өзіңдей адам баласының жанын жаралап, назасына
қалма, түбі айналып өзіңді соғады! Соны ойласаңдар болғаны!
Қара шалым, қайыспа! Жарты ғасыр жарасып келдік, енді

Қозы Көрпеш – Баяндай, Сейпіл-Мәлік – Жамалдай бір молада
жатуға жазсын!
АТА: Сен артымда қал! Сенен бұрын мен кетейін!
АПА: Өй, асықпа! Жаңа кемпір алайын деп жатыр ең ғой!

АТА: Жоға! Қойшы қайдағыны...
АПА: Жә, шалым, дәм-тұзымыз біткенше біз істейтін
іс, біз айтатын сөз бар екен! Біз керек екенбіз әлі мына
қылтиып жаңа көктеген екі балаусаға! (Шегей мен Айсәулені

құшақтайды). Мен – анамын! Адасып, жат болып бара
жатқан ұрпақты бауырыма тар­тып... ізгі жолға салып...
аналық айналайынымды айтуға тиіс­пін! Бұлардың бөпелерін
бесікке бөлеп, «әлди-әлди ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем!»

деп бесік жырын айтып, жүректеріне мейірім ұялатуым керек!
Алла жазса, сол үшін өмір сүремін, атадан қалған аманатты
тапсырамын қолдарына!!!
Соңы.

2000 жыл

ЖАС ҚАЗАҚ Екі суретті, алты көріністі драма Ұлы Отан соғысында құрбан болған боздақтардың аруағына арнаймын ҚАТЫСУШЫЛАР: Соғыс кезінде РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ – жауынгер, композитор ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ – жауынгер ЖҰМАЖАН БАТТАЛОВ – жауынгер МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН – аға лейтенант, рота политругі АЛЕКСАНДР СОЛОВЬЕВ – аға лейтенант, рота командирі ФОН ОФФЕНБАХ – неміс майоры, тұтқын СОВЕТ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ, ӨНЕРПАЗДАР, НЕМІС ӘСКЕР­ ЛЕРІ Қазіргі кезде (2005 жыл) ЖӘМАШ – қарт мұғалім БАСТЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ӨКІЛ – бастықтың өкілі, заңгер қыз АЙГҮЛ – жас әнші БОНЗИК – жас музыкант МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ӘНШІЛЕР, МУЗЫКАНТ­ ТАР

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Бастық кеңсесінде мәдениет сарайының директорымен
сөйлесіп отыр.
БАСТЫҚ: Осы ветеран дегендер бір бәле болды. Жай

жүрмейді, әр нәрсеге кіріседі де жүреді. Қит етсе қып-қызыл
айқай!
ДИРЕКТОР: Ақсақалдардың әктип болғандары жаман ба?
Ақыл-кеңес, өмір-тәжірибе, өсиет-өнеге – бәрі де ағаларда деп

өзіңіз де айтушы едіңіз жиналыстарда... тост көтергенде...
БАСТЫҚ: Енді... жиналыстарда, банкеттерде кісі не демейді?
Бізді қолдап, әп-әдемі ата боп тұрса бір сәрі. Бастамашыл
боп, бұра тартқысы кеп тұрады кейде. Алдап-сулап бірінен

құтылсаң, тағы бірдемені шығара қояды. Енді, міне, Рамазан
Елебаев дегенді тауып алыпты. Ойбай, бұл керемет композитор,
соғыста қаза болған батыр, мына мәдениет сарайына соның
атын бере қояйық деп хат жазыпты жоғарыға. Ал керек болса!

ДИРЕКТОР: Осы күні өз атасының, яки жерлесінің атын
беру моды болып кетті ғой.
БАСТЫҚ: Айтпа! Ондай композиторды білмеймін, тіпті
естігем де жоқ десем, өзімді кеп кінәлайды бір ШАЛ: «Жас

қазақ» деген әні соғыста гимн болған, оны білмеуің ұят емес
пе дейді сақалы дір-дір етіп. Мен не сонша, оны білуге
міндеттімін бе? «Жас қазақ?» Сен білесің бе?
ДИРЕКТОР: Басекең білмегенді біз қайдан білеміз? Не көп –

ән көп, қайсыбірі есте қала береді? «Жас қазақ»?
БАСТЫҚ: Баяғыда сондай бір ұлтшылдық ұйым болыпты
деп еміс-еміс естігенім бар сияқты. Әнді естімеппін. Ол үшін
өзімді кінәлі сезінбеймін бірақ. Маған мән үйреткілері келеді,

ал егер де ол шынымен керемет болса, мен оны бұрыннан
білер едім ғой. Ал білмеймін, ал білгім де келмейді! Ал
маған неғыласыңдар?! Далада жатқан мәдениет сарайы жоқ.
Берілмейді оған! Айттым, бітті! Менен аттап өтіп атағандарын

көрейін, кәне! Сені шақырған себебім де сол – ана шалдарға
тойтарыс беру үшін алдымен сенің коллективіңнің пікірі

керек. Оларға түсіндіріп айт, пікір біреу-ақ – никакой Рамазан
Елебаев!
ДИРЕКТОР: Айтсаңыз болды, орындаймыз. Бірақ...
БАСТЫҚ: Не бірақ?

ДИРЕКТОР: Бәлкім, коллективті дүрліктірмей-ақ өздеріңіз
шеше берерсіздер?!
БАСТЫҚ: Жоқ! Онда бізге сөз келеді! Керек болғасын айтып
тұрмын! Керек кезінде керек нәрсені көпшілік талқысына

сала қоямыз да, қалаған жағымызға бұра қоямыз! Қарапайым
нәрсені әлі күнге білмей жүргендей, аңқауси қалмаңдаршы
өстіп. Бар да түсіндір, адамдарыңды дайында!
ДИРЕКТОР: Мен ойлап едім... Өздеріңіз шешім шығарып,

керек болса біз қол қойып берейік деп. Өйткені үгіт-насихат оңай
емес, өнер адамдары дау-дамайдан аулағырақ жүргенді жақсы
көреді. Сондықтан бізді бұндайға араластырмасаңыздар...
БАСТЫҚ: Өй, сен өзің езіп кеттің ғой... Өнер адамдары!

Не өнер адамдары особыйсыңдар ма сонша? Солқылдамаңдар
өйтіп! Сен директор болған күні-ақ араласқансың мұндайға!
Пәледен қашып, ауыздарыңмен орақты орып қойып, әп-әдемі,
аппақ боп көкте ұшып жүргілерің келеді. Өйтіп өздеріңді де,

өзгені де алдамаңдар. Мына жердегі жұмысты кім істейді, ә?
Кім шешеді мына қаптаған қоғамдық мәселелерді? Сондықтан
мәймөңкені қойып, бар да дайындал, ертең ана ат қойғыштар
келіп, өздеріне бұрып кетпесін. Мен де өз өкілімді жіберермін

керек болса! Олардың айтқаны емес, біздің айтқанымыз
болады. Көздеген кісіміз бар, соның атын береміз!
ДИРЕКТОР: А-а?!
БАСТЫҚ: Әзірше құпия, уағында бір-ақ білерсің. Бұл –

жоға­рыдағылардың ұйғарымы! Ұқтың ба? Ұқсаң, дымыңды
шығармай, бар да шаруаны тыңдыра бер!
ДИРЕКТОР: Жа-жа-жақұл! (Кетеді).
Екінші көрініс

Майдан даласы. 1942 жыл. Өнерпаздар бригадасы – жиырма
жігіт. Үш баян, екі аккордеон, алты гармонь, төрт домбыра,
бес балалайка – қазақ, орыс, татар, украин, белорус, ұйғыр,
қырғыз аралас-шоқ ағаштың ішінде шашырай отырған,

8-0046

жантайып жат­қан жауынгерлерге концерт қойып тұр.
Басқарушысы, ди­рижері – Рамазан. «Священная война» әні
шырқалады. Ән аяқталғаннан ке­йін жауынгерлер серпіліп, қол
соғады. Қазақтың ән-күйі орындалады. Жұрт өнерпаздарға

алғыстарын жаудырады.
МӘЛІК: Рахмет, жолдастар! Жауынгерлер бір жасап қалды!
Қан кешіп жүрсек те адамдықтан қалмаппыз! Ысқырған оқ,
гүрсілдеген бомбадан кейін ән тыңдаған қандай рахат!

СОЛОВЬЕВ: Керемет өмір сүргің келеді!
ТӨЛЕГЕН: Біздің ән-күйімізді естіп, фашистердің үрей-
құты ұша түссін! Мен әлі оларға мынамен (автоматын
көтереді) ән салып беремін! Ахау, бикем, жар, жар...

(Кетеді. Өнерпаздар да оған қосыла әндетіп, тарай береді.
Соловьев пен Мәлік қалады).
СОЛОВЬЕВ (Мәлікке): Сырнай, домбыра, балалайка қалай
үйлеседі, ә?!

МӘЛІК: Өнерде жаттық жоқ деген...
СОЛОВЬЕВ: Осының бәрін үндестірген Елебаевқа әбден
ризамыз!
МӘЛІК: Мен бұл кісіні соғысқа дейін сырттай білетінмін. Ән­

дерін шырқайтынбыз, Москвада, театр институтының компо­
зиторлар дайындайтын бөлімінде оқыған, өсіп келе жатқан
талант деп ести­тінбіз. Өмір мен өлімнің ортасында жолығамыз
деп кім ойлаған!

СОЛОВЬЕВ: Өнер адамының өрт ішінде жүргені қандай
өкінішті! Бұның өзі бір сирек жағдай-ау!
МӘЛІК: Әскерден босатылған рұқсатына қарамай өз еркімен
сұранып келіпті майданға. Полк командирінің орынбасары

Бауыр­жан Момышұлы композитордың өнерін орайын тауып,
орнымен пайдалануға кеңес берді. Баукең Рамазан Елебаевтың
атына қанық екен, тіпті оның «Жолдастар» деген әнін ыңылдап
айтып та берді.

СОЛОВЬЕВ: О-о! Өте жақсы! Енді біздің жауынгерлердің
ерлігі туралы жаңа әндер жазып, әскери рухын көтереді,
атақ-даңқын аспандатады деп сенейік. Бірақ ол әндерін
қазақша шығарса, оны біз, орыстар, қалай түсініп, қалай

орындаймыз?

МӘЛІК: Жақсы ән ұлтқа, шекараға қарамайды. Орыстың әңдерін біз қалай шырқап жүрсек, қазақтың әндерін сіз де солай шырқап кете бересіз. Тіпті күні ертең сіз туралы да бір тамаша ән туып қалуы мүмкін ғой. СОЛОВЬЕВ: О-о, онда мен өте қуанар едім! Қатардағы рота командирі әннің қаһарманына айналса, қанат бітіп, көкке ұшып кетіп жүрмесін! О-һо! Ал, енді шынына келсек, мен өзім әнді жақсы көремін, ептеп қызыңқырап қалғаңда өңешімді созыңқырап-созыңқырап алатыным да бар. Ондайда өзгелерден озыңқырап та кетіп, өзімді-өзім кезексіз конкурстардың лауреаты деп есіңкіреп... былай, маржалардың алдында бөсіңкіреп те кетемін. Ех, шіркін, қандай ғажап сәттер, ә?! Біздің қарлығуды білмейтін керзовый дауыс та қыздардың жанына жағып-ақ кетуші еді. Бірақ ән қалай туады – ол арасы мен үшін бір қызық кұпия?! Композиторға келгелі тапсырманы беріп те жатырмыз – полкымыздың маршын жазып бер деп. Алайда әзірге ән туа қойған жоқ. МӘЛІК: Әрине, ән оп-оңай, аяқ астынан шыға салмайды, ән үлкен ой-толғаныстан туады. Байқауымша, ол қазір ән шығара алмай қиналып жүрген сияқты. Оңай ма, нәзік жанды өнер адамына қанды қасап, қырғынды көру. Құлағынан бомбаның үні ұрғылап, жүрегін оқтың үні тілгілеп, күн сайын қан кешіп жүргенде, әннің мөлдір бұлағы бітеліп қалуы да мүмкін! СОЛОВЬЕВ: Дегенмен ер екен өзі де! Әнеугүні алғарақ кеткен бір жаралы жауынгерді жауған оқтың астынан алып шыға бергенде, екі фашист тасадан дүрсе қоя берді. Шамасы, тұтқынға алмақ! Таяп келе бергенде композиторымыз автоматтан оқты төгіп-төгіп жіберіп, әлгі екеуін қалпақтай түсірді. Жан сауғаламай, жанталасып жүріп жаралы жауынгерді алып шықты. Менің білуімше, аз ғана уақыттың ішінде алпыстан аса жаралы жауынгерді ұрыс даласынан аман алып шығыпты. Оған «Қызыл Ту» ордені сол үшін берілген. МӘЛІК: Сезімтал, зиялы жанның мұндай қаһармандыкқа баруы – қатал соғыстың заңы. Бұл да ән – соғыс әні! Ал оның басшылықтың тапсырмасын тиянақты орындап, концерт бригадасын құрғанының өзі бір төбе емес пе! СОЛОВЬЕВ: Несін айтасың! Тіпті жауынгерлер Елебаевтың бұл концерт бригадасын филармония деп атап кетті!

(Рамазан, Тө­леген мен Жұмажан келеді). Міне, өзі де келді!
Жолдас Елебаев, от ішіндегі өнеріңізге өте ризамыз!

МӘЛІК:

Жауынгерлердің
жігерін
жанып,
намысын

қайраға­ныңыз үшін сізге мың да бір рахмет! (Соловьев екеуі
кетеді. Рамазан, Төлеген мен Жұмажан үшеуі жайланып
әңгімеге кіріседі).
ТӨЛЕГЕН: Домбырамды ала келмеппін деп өкініп жүруші

едім. Рамазан аға, сіз майданды ән мен күйге толтырып
жібердіңіз ғой! Қапшығыңыз тоқ па, қалай өзі?
РАМАЗАН: Мен алты тілді гармонымды ала келгенмін!
(Томпиып тұрған қапшығынан гармонын шығарады).

ЖҰМАЖАН: Беу, құрдасым, солдаттың сірі қапшығынан
сүр қазы-қарта дәметіп отырсың ба? Әлде апамның кұрт-
майын сағынайын дедің бе? Қарның ашып қалмасын деп бәйек
болғанына қарамай, қыздарға қарай қайқайып кетуші едің.

РАМАЗАН: Сар даланың самалын, сұлу қыз бен сар
қымызын сағынбаған солдат бар ма екен қазір?!
ТӨЛЕГЕН: Раха, сағыныш сазын шертетін бір ән шығарып
берсеңізші, ыңылдап айтып жүрейік!

РАМАЗАН: Бірауыз сөзіңнен садаға, Төлешжан! Бірақ
не болға­нын білмеймін, жарты жыл болды, жарты ауыз
ән шығарған емеспін! Полктің маршын жазып бер деп ко­
мандирлер мен комиссарлар да тапсырғалы не заман, бірақ

ән жоқ! Тіпті жаным қиналып кетті, өзімді-өзім қамшылаймын
келіп, қайраймын күн-түні – ән жоқ! Байланып, бірдеңе буып
тастаған сияқты!
ЖҰМАЖАН: Майданға, жаңа жағдайға көндіге алмай

жүрген шығарсыз...
РАМАЗАН: Білмеймін! Бұл жердің ауасына дейін басқа,
әуесі бөлек! Жер-көктің бәрі өшпенділікке толып тұр! Еңсеңді
езіп тұрған бір белгісіз сұмдық салмақ бар. Өшпенділіктен өнер

тумайды! Ән сұлулықтан туады. Өнер сұлулықты жырлайды.
Жауыздық пен сұлулық үйлеспейді. Ән адамның жан сырын,
жүрек қылын шертеді. Сұмдықтан жан жиіркенеді, ән безеді.
Қазір, міне, қараңдаршы, қан майдан, қақтығыста жауыздық

сұлулықты темір табанымен таптап, сазға тығып келеді. Бірақ
бәрібір түбі сұлулық жеңеді, ол сұмдықтың қолы жетпес биікке
шырқап кетеді!

ЖҰМАЖАН: Сұлулықтан ән туатыны рас болса, Рамазан
аға, мына Төлегеннің самырсындай самсаған, сұқсырдай
сұңқылдаған сұлуларына арнап ән шығарып беріңізші!
ТӨЛЕГЕН: Шіркін, бұлбұлдар көзден бұл-бұл ұшқан заман-

ай! Енді бір көрінсе көзіме... тіпті сонау қырдың басынан,
алыстан бір көрініп, қолын бұлғап, орамалын желбіретіп өте
шықса да, арманы­ма жеткендей болар едім!
ЖҰМАЖАН: О, сабаздың сызыла қалуын! Қиядан көзің

шалса, шепті тастай жөнелерсің соңдарынан!
ТӨЛЕГЕН: Қой-қой, шептен кетуге болмайды!
ЖҰМАЖАН: Білеміз, батыр, сенің еңбек тәртібіне берік
стаха­новшы екеніңді! Бірақ сұлуларға да стахановшылығың

бар екенін мойындап жеңіле қоймасаң, мен Мәкеңе айтып
қоярмын!
ТӨЛЕГЕН: Ойбай, қойдым, қойдым, әкеңе айтсаң да, Мәкеңе
айта көрме!

ЖҰМАЖАН: Солай ма!
РАМАЗАН: Әне, Мәкеңнің өзі де келе жатыр! (Мәлік
екпіндей басып келеді).
МӘЛІК: Жігіттер, аттан! Автоматшылар, тез жиналыңдар. Бо­

родиноның солтүстігін орай бір топ неміс әскері бұқпантайлап
келе жатыр! (Жауынгерлер жиналып жатқанда, Төлеген
жүгіріп кетіп қалады. Мәлік бір бөлімше автоматшыны алып,
село шетіне шыға бергенде сақылдаған автомат үні естіледі).

ЖҰМАЖАН: Ананы қараңдар, ананы қараңдар!
МӘЛІК: Әй, мынау біздің автоматтың үні ғой! Алға,
жігіттер! (Жауынгерлер автоматтан оқ жаудырады. Атыс
лезде аяқталады. Сайда қырылып жатқан немістер. Жүгіріп

Төлеген келеді).
МӘЛІК: Өй, бауырым, амансың ба? Қобыланды батыр
секілді қалың жауға жалғыз шапқан жолбарысым, жарайсың!
Қырық немістің отыз алтысын жайратып салыпсың. Бізге

жарытымды ештеме қалдырмадың деп Жұмажан құрдасың
бұртиып қалмасын!
ТӨЛЕГЕН: Бұрынырақ барып өлтірем десе, оған да неміс
жетеді ғой!

ЖҰМАЖАН: Әне, қаптап келеді! (Атыс. Зеңбірек даусы
есті-­ леді). Тасада танк тұр! Солқылдатып жатқан сол!

Мәлік аға, рұқсат етіңіз, мен ту сыртынан айналып барып,
көзін жояйын біржола!
МӘЛІК: Рұқсат! Аман барып сау қайт! (Жұмажан кетеді.
Жауын­герлер шашырай орналасып, жаумен атыса береді.

Бір кезде Жұ­мажан қайтып келіп, жаумен атысып жатқан
Төлегенге жо­лығады).
ТӨЛЕГЕН: Өй, неге қайтып келдің жауды жоймай? Әне, ана
танк гүрсілдетіп әкетіп барады!

ЖҰМАЖАН: Әлгі стой дегеннің немісшесі қалай еді?
ТӨЛЕГЕН: Соған бола келдің бе? Қазақша енесін ұра
бермедің бе? Қорықсаң бар да, шыныңды айт Мәкеңе!
ЖҰМАЖАН: Ойбай, Мәкеңе айтқанша танкімен бірге

жанып кеткенім артық. Сенен ақырын ғана сұрап ала қояйын
десем...
ТӨЛЕГЕН: Жарайды, бар, тоқта дегенді немісше хальт
дейді!

ЖҰМАЖАН: Халт? Халт? Апырмай, жеткенше ұмытып
қалмасам жарар еді...
ТӨЛЕГЕН: Халт, халт деп қалтырап тұрсың ғой өзің әлден,
қалт-қалт етіп. Хальт дегенің қазақтың қалт дегені сияқгы.

Қалт етпе, қалт тұра қал, қатқаныңды ұрайын қақпас деп, қақ
басынан тартып кеп жіберсең, қандай фашист болса да сеспей
қатады! Қас қарая қызды ауылды торуылдап, қалқатайдың
қас-қабағы келіссе, қас қағымда қораның төбесінен қаймықпай

түсіп барып қыз отына суарылған шарболатым, қас дұшпанның
доты мен дзотынан шайлықтың ба?
ЖҰМАЖАН: Қап, бәлем, қалтты көрсетейін бұларға!
Қызығыма қарап тұр, құрдас! (Жұмажан кетеді. Сәлден кейін

гүрс еткен дауыс естіледі. Зеңбіректің үні өшеді. Жауынгерлер
әрлі-берлі жүгіріп, атысып, жауды тықсыра қуып кетеді.
Төлеген мен Рамазанның жанына Жұмажан келеді).
ТӨЛЕГЕН: Жарайсың, Жұмажаным!

ЖҰМАЖАН: Әй, Төлеш, бағанағы қалтың қатып кетті!
Қойқаңдап келе жатқан үш пәшеске автоматымды кезеп,
«қалт» деп қатты ақырып кеп қалып едім, қақиып қатты да
қалды. Қуыршақтай қуалап әкеліп, барлаушыларға тапсырып

кеттім.

ТӨЛЕГЕН: Жарайсың, құрдасым! Бір жолы мен де қара
басып, «көтер қолыңды» дегенді ұмытып қалып қызық болған.
Бір топ неміс тепеңдеп келе жатыр екен, тосқауылда тосып
отырған біздің жауынгерлер тұтқиылдан тарсылдатып тас-

талқанын шығарды. Өлгені өліп, қалғандары сай-сайдың
ара-арасына шілдің боғындай шашырай қашты. Соңынан
дырылдатып қуа жөнелдік. Бір кезде алдымнан біреуі ұшыраса
кетсін. Мына қызықты қара – бір сайдың қылтасында состиып

неміс тұр. Сұп-сұр! Сұрқыңды ұрайынды сылқита салайын
десем, автоматымның оғы бітіп қалыпты. Атыстың қызуымен
байқамаппын. Ол да автоматын кезеніп тұр. «Көтер
қолыңды» дегеннің немісшесі тарс есімнен шығып кетіпті.

Қазақша айтсам – қақпайды, орысша айтсам – ұқпайды.
Күлкім келді. Амал жоқ, ымдадым! Қақпайды, әй, қатқаныңды
ұрайын! Қайтейін, «әй, қолыңды көтер» деп екі қолымды
көтеріп көрсеттім. Менің күліп, қолымды көтергеніме немістің

қуанғанын көрсең! «О, йа, йа» деп ма­ған қарай таяп келе
жатыр. Ол мені қолын көтеріп тұтқынға беріліп тұр деп ойласа
керек. Қозғалсам атып жіберуі мүмкін. Жон арқам шымырлап,
мұздай тер бұрқ ете түсті. Қаншама қанды қырғында ерлерше

қаза болмай, бір сайдың қуысында қайдағы бір қашып-пысып,
қаусаған саппастың қолынан қорлықпен өлетін болдым-ау»
деген ұры ойлар сумаң-сумаң етіп, жүрегімді осқылап жатыр.
«Қап, бәлем, не де болса жақындасын, жастығымды ала

өлейін» деп тосып тұрмын. Келе бергенде, қолым қанжарыма
қарай еріксіз барып қалды. Неміс тоқтап, автоматын кезеніп,
бұлғап-бұлғап қой­ды – иттің шүңірейген көзі қандай суық,
автоматының үңірейген аузы қандай суық. «Хеңде хох!» деді.

Ой, әкеңнің, есіме сарт ете түсті, әлгі мен ұмытып қалған сөз
осы. «Хенде хох!» дедім жалма-жан. «О, йа, йа!» дейді. Біздің
қазақтың иәсін қайдан алды екен? Иәні көрсетейін саған, кесіп
же қия, әкеңнің деп, автоматымды кезеп, ақыра ұмтылып

едім, собалаңдаған неме қалбалақтап, қаруына ие бола алмай
қолы қалтылдап «Арбайт, арбайт!» деп безек-безек ете қалды.
«Атаңның басы арбайт, жұмысшы басқа елдің жеріне қару
ұстап барбайт, менің бір тартқанымнан сен түгілі Гитлерің де

аман қалбайт!» деп қанжарымды тамағынан сағақтата салып
кеп жібердім. Қорқырап кете барды жәһаннамға! «Уһ» деп

демімді алып қарасам, автоматы тола оқ! Шүріппесін басып
көрсем – сақылдап тұр. Неғып атпағанына әлі күнге аң-таңмын!
РАМАЗАН: Айбарың асып, аруағың басып, жаудың құты
қашып кеткен ғой!

ЖҰМАЖАН: Рас айтасыз, Рамазан аға! Құрдас болғасын,
көңіл көтеру үшін бұра сөйлей береміз. Әйтпесе біздің Төлеген
арыстандай ақыра ұмтылғанда, Алтайдың қорбаңдаған аюы
арғы бетке өтіп кететін! Батыр, батыр біздің құрдас, хас батыр!

Батыр болмасаң, көзі бақырайып, бақырып тұрған кісіні
бауыздап жіберу оңай ма?!
ТӨЛЕГЕН: Е-е, бауыздап жібермегенде, бауырыма басайын
ба?!

РАМАЗАН: Беу, адамды адам аяусыз сойған жалған
дүние-ай, дым болмағандай дөңгелеп қайда барасың?!
ТӨЛЕГЕН: Неге сонша күңірендіңіз, Раха? Ол фашист
адам ба екен? Жоқ, адам емес, жазықсыз елді қанға бөктірген

жыртқыш аң! Біздің қыршын кеткен жауынгерлердің кегін біз
алмай кім алады?
РАМАЗАН: Иә, қаншама боздақ қыршынынан қиылды. Он
екіде бір гүлі ашылмай арманда кетті. Тумай жатып тұқым

құрыды, ұрпақ үзілді. Бір кісі қаза болған сайын халқымыз
азайып барады-ау деп қабырғам қайысады. Сонда адамзат
осылай жер-көкке сыйыса алмай, көктей солып, қынадай
қырыла бермек пе? Біз бұларды, олар бізді, ертең тағы солай,

адам баласы бір-бірін бұл жалғанда жалмай бермек пе? Бүкіл
тарих қырып-жоюдың, бір елдің жерін екінші бір ел басып
алудың тарихы сияқты болып көрінеді кейде маған. Неге адам
баласы бірін-бірі езіп-жаншуға, бағындыруға, қырып жоюға

құмар болды екен? Әр ел өз жерінде тып-тыныш, бақытты
өмір сүре алмай ма? Бір-бірімен терезесі тең, дос болып, тату-
тәтті тұрса қайтеді? Мысалы, мына немістер басып кірмесе
біз барып соқтықпас едік, мұнша қан төгілмес еді. Немене, өз

жеріне сыймады ма?
ТӨЛЕГЕН: Менің білетінім, мен фашисті өлтірмесем, ол
мені өлтіреді. Сондықтан қолымнан келгенінше қыра бергім
келеді. Менің қазіргі мақсатым да, кәсібім де – осы. Неғұрлым

көбірек қырған сайын көңілім жай табады. Біреу болса да
дұшпан азая берсін деп, әр оғымды қадап атамын. Кім біледі,

ертең олай-бұлай боп кетсем, өкінбестей болайын. Жай
жатпай, жастығыңды ала жат деген аталарымыз. Өз кегімді
өзім қазірден бастап ала бергенім жақсы!
ЖҰМАЖАН: Мен тұрғанда саспа, құрдасым! Сенің кегіңді

жібермеспін ешкімге!
ТӨЛЕГЕН: Ойыныңа болайын! Бірақ оны мен көрмеймін,
біл­меймін, сондықтан оған онша көңілім көншімейді! Мен
оған риза емеспін! Айызыңды қандырып, өз өшіңді өзің алып,

жауды армансыз қырғанға не жетсін!
ЖҰМАЖАН: Менің де ойым осы.
РАМАЗАН: Әрине, дәл қазіргі жағдайда бұдан бөтен ой
болуы да мүмкін емес. Бізде басқа жол жоқ – не өмір, не өлім!

Мен де сендермен бірге жауды жеңу үшін келдім майданға!
Бірақ менің жанымды қинайтыны – осылай кете бермек пе, бір-
бірін қырып-жоя бермек пе адамзат? Бүкіл ғаламның, жалпы
адамзаттың тағдыры өлім мен өмірдің таразысына тартылып,

тығырықка тіреле беретіні несі? Неліктен бұның бәрі? Не үшін?
Мына қараңдаршы, адамзат ықылым заманнан бері қаншама
ақыл-ой, өнер тудырды. Қаншама ғажайып ән, өлең бар.
Бірақ соның бәрі бір-ақ нәрсені – қарапайым ғана нәрсені, ей,

адамның баласы, бір-біріңді өлтірмеңдер дегенді үйрете алмай-
ақ қойды емес пе? Бәлкім, менің бұл ойларым аңғал көрінер.
Ақкөңіл қазақ баласымыз ғой... Бірақ осы бір қарапайым ғана
ақиқатты өскен елдердің қалайша түсінбейтіні менің ақылыма

сыймайды. Мен кейде ғаламдағы ең үлкен трибунаға, ең биік
таудың басына шығып алып, бар әлемге, бүкіл дүниежүзіне:
«Ей, айналайын адамдар, бір-біріңді өлтірмеңдер!» деп
айқай салғым келеді. Атпаңдар, аялаңдар адамды деп, бүкіл

адамзатқа, жер шарына, ай-әлемге арнап әдемі ән шығарғым
келеді!
ТӨЛЕГЕН: Сіз жер-жаһанға жар сала беріңіз, ал мен жауды
жапыра соғып, жайрата беремін! Жеткен жерде желкесін

үземін, қылтасын қиямын. Өйткені мен бір жауды тірі жіберсем,
ертең ол біздің бірнеше жолдасымызды өлтіруі мүмкін.
ЖҰМАЖАН: Дұрыс айтасың, Төлеш, жаумен жауша соғысу
керек! «Жауды аяған жаралы» деген аталарымыз! Бірақ өлім

жайын айтқың да келмейді, айтпай тағы отыра алмайсың.
Алғаш соғысқа кіргенде қорыққаным есіме түссе, ұяттан

өртеніп кете жаздаймын! Кейіннен етіміз өліп, жүрегіміз
қатайып кетті ме, білмеймін, снаряд, оқ ысқырып өтіп жатса
да селт етпей, тамағымызды ішіп отыра беретін болдық! Ал
сен, Төлеген, темірден жаралған бір бәлесің бе, немене, қорқу-

үрку дегенді білмек түгілі сезбейсің де.
ТӨЛЕГЕН: Неге? Ет пен сүйектен жаралған адам болған
соң, оған басқа сезімдер сияқты қорқу да тән. Әңгіме сол
қорқынышты жеңіп шығуда. Бойындағы қорқынышын жеңген

адам бәрін де жеңеді. Ешкімнің де өлгісі келмейді. Менің
тіпті де өлгім келмейді. Көр де тұр, мен өлмеймін, мен көп
жасаймын! Өлмеу үшін өршіл бол, үрейленіп үрікпе, қорқып
қысылма. Өлімге тік қадала қара, сонда өлім сенен қашады,

сен өлімді жеңесің, мұратыңа жетесің!
РАМАЗАН: Адам алғаш соғысқа кіргенде бір қорқады,
жарала­нып, госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіргенде бір
қорқады. Қалған уақытта қорқу дегенді ойға онша ала бермейді.

Қашанғы қорқа берсін! Соғыса- соғыса, қорқақтардың өзі
батырларға ұқсап кетеді екен.
ТӨЛЕГЕН: Сіз тіпті әндетіп жүріп соғысатын сияқтысыз!
Кей-кейде өз-өзіңізден ыңылдайсыз да жүресіз!

РАМАЗАН: Менің туған жерім Көкшетау – хан ордасы, ән
ордасы атанған жер шоқтығы емес пе! Аталарым Біржан сал,
Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлардың ән бесігінде
тербеліп өстік. Әндетіп жүрсең, сұм соғыстың салмағы

жеңілдегендей болады. Амандық болса, Көкшетауға барып бір
сайрандаймыз әлі!
ТӨЛЕГЕН: Біз де сізді өр Алтайға қонаққа шақырамыз! О-о,
Алтайдың табиғаты ерекше!

ЖҰМАЖАН: Бөлек қой, бөлек жаратылысы!
ТӨЛЕГЕН: Сізді самырсын арасында демалдырып,
Мұзтауға шығарып, шаңқылдаған мұзбалақтардың зеңгір
көкте қалықтаға­нын көрсетіп, Марқакөлге шомылдырып,

маралдардың маңып бара жатқанын тамашалатса, жаныңыз
бір жаңғырып, жаңа әндерді жаңбырдай төгер едіңіз.
Әлемге арнап ән салғыңыз келсе, тұп-тура Алтайдың басынан
шырқаңыз!

ЖҰМАЖАН: Шіркін, тым болмаса бір үш күнге барып
қайтар ма еді елге!

ТӨЛЕГЕН: Е-е, шіркін Алтай, шіркін Көкше! (Ыңылдап,
әндетіп):
Туған жер, Қазақстан қалдың шалғай,
Мен жүрмін көптен бері хабар алмай.

Арттағы туған-туыс, бауырларға
Жазылған ақ қағазға хатым барғай! (Үшеуі қосылып ай­
тады).
Үшінші көрініс

Қақаған қыс. Бородиноның бір шетіндегі бір жақ қабырғасын
снаряд жұлып кеткен кішкене үйде май шамның жарығымен
Мәлік Ғабдуллин қағаз жазып отыр. Үйдің жұлынған
қабырғасын сабанмен, палаткамен қалқалап қойған. Күзетке

баратын жігіт­тер ұйықтап жатыр. Сырттан Төлеген кіреді.
МӘЛІК: А, батыр, күн аяз ғой, жеңілтек жүргенің қалай?
Байқа, суық тиіп қалмасын!
ТӨЛЕГЕН: Өй, тәйірі-ай, осы да қыс па екен? Қыс деп біздің

Алтайдың қысын айтсаңызшы! Қалың киініп алсақ қорбаңдап
соғыса алмаспыз. Тоңып-жаурап, адиалға оранып қаусап
тұрған фрицтер қорбаңдап қозғалғанша, шыңылтыр аязда
шаңғы теуіп шыныққан шымыр жігіттер лашындай желкесін

үзбей ме?
МӘЛІК: Бүкіл Германияның үгіт-насихаты орыстың қаһар­
лы қысы болмағанда Москваны баяғыда басып алар едік деп
қарғап-сілеп жатқанда, сен тіпті сақ-сақ күлесің ғой!

ТӨЛЕГЕН: Шіркін, әлгі не болса соны оттай беретін Геб­
бельсті Алтайға алып барып, бір самырсынның түбіне бір
сөтке байлап қояр ма еді? Көрер едім қалай сайрағанын!
Аяздың қандай екенін білер еді бәлем! (Әндетіп) Өр Алтай,

асқақ Алтай...
МӘЛІК: Өй, батыр, ақырын... қоя ғой. Жігіттерді оятасың!
Мына бір тығыз жұмыстарды жазып тастайын. Сен тамағыңды
іш те, демал! (Төлеген тамағын ішіп, автоматын тазалайды.

Сүйсініп, қағып-қағып қояды).

ТӨЛЕГЕН: Шіркін-ай, көңілді қалдырмайтын, ойлаған
жерден шы­ғатын қарусың-ау! Бұрынғының батырларының
қаруы да сен­дей-ақ болған шығар!
Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам дем тартар
Сусыным қанға қанар деп,
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар.

Арқа мен қосым қалар деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп!

(Үнсіз, томсарыңқырап отырып қалады. Мәлік те үнсіз
жазуын жаза береді). Ағай, не жазып отырсыз? Үйге хат жазып
отырған жоқсыз ба? Мен де шешеме хат жазсам жақсы болар
еді!

МӘЛІК: Мен наградаға ұсынылған жігіттерге материал
жазып отырмын. Ал сен отыр да шешеңе хат жаз. Мә, қағаз,
конверт!
ТӨЛЕГЕН: Е-е, бұл жақсы болды! Кәрі шешеме хат жазып,

амандық білдірген қандай жақсы! (Мәліктің қасына келіп
отырады. Хат жазады. Мәлікке дауыстап оқып береді).
«Апа! Мен аман-саумын. Майданда жүрмін. Денім сау, көңіл
шат, іс оңды. Заводта нормамды орындап стахановшы болсам,

бұл жерде де сондай болуға тырысамын. Тағы хат жазамын.
Сізге менің жол­дас­тарымнан сәлем. Хош-сау болыңыз. Балаң
Төлеген. 8. ІІ. 42 ж».
МӘЛІК: Бар жазғаның осы ма? Қалай соғысқаныңды, батыр

атанғаныңды неге жазбадың?
ТӨЛЕГЕН: Жазамын ғой тағы! Тірі болсам, елге барғанда
әңгімеге кәрі құлағының құрышын әбден қандырармын!
МӘЛІК: Ал, ендеше, тынығып ал!

ТӨЛЕГЕН: Неге екенін білмеймін, ұйқым келер емес!
МӘЛІК: Менің де ұйқым келмей отыр! (Сол кезде гүрс-гүрс
жа­рылыс, сартылдаған атыс басталады). Ал, жігіттер,
аттан! (Жігіттер орындарынан атып тұрып, далаға

шығып, жаумен соғыса жөнеледі. Қырғын соғыс. Атыс. Гүрсгүрс жарылыс. Ала­шапқын. От-жалынға оранған майдан даласы. От ішінде, әр жерде арпалысқан біздің жауынгерлер мен немістер көрініп қалады). ТӨЛЕГЕН (автоматын сақылдатып, оқты төгіптөгіп жі­беріп, Жұмажанға): Әй, Жұмажан, жұмыр жерге жабысып, жа­ныңды бағып жұмарланып жатырсың ба, жауды жусатып, жайпап жатырсың ба? ЖҰМАЖАН: Қараң еткенін тыраң еткізіп жатырмын! ТӨЛЕГЕН: Жарайсың, құрдасым, жайрат шетінен. Бір шырқап қалайық! Фашистер екі құрдас қазақ келіп, қал­ жыңдасып жүріп-ақ сыбағамызды беріп, сазайымызды тартқызды, тірідей берілмесек болмас деп Гитлеріне айта барсын! Мә, мә, әкеңнің... сеңдерді мұнда айдап әкелген ненің соры десем, осы екен ғой! Мә, мә, әкеңнің... (Арғы жақта қараң-құраң еткен бір топ жау топырлап құлайды). ЖҰМАЖАН: Пәлі, Төлеш, пәлі! Осылай пергілей берсең, ка­путиләтсаға қол қоятын неміс таппай қалармыз әлі! ТӨЛЕГЕН: Капутиләтса дегенің қатып кетті, әй! Капитуляцияның қазақшасы шынында да сол капут емес пе баяғы! Мұныңды естісе, Геббельстің өңеші жыртылып кетер! Шіркін, рейхстагтың төбесіне капутты қазық қып қағар ма еді! Мә, мә, әкеңнің... қыршын кеткен боздақтар үшін, қансыраған жер үшін, қан жылаған ел үшін! Мә, мә, әкеңнің! (Бүйірден бір неміс офицері оқ жаудырып шыға келеді. Төлеген шалт қимылдап, оны атып салады. Автоматы бір-ақ рет атылып тоқтайды. Аяғынан жараланған офицер құлайды да, еңбектеп қаша береді). Қап, оғым бітіп қалды! Жұмажан, әй, Жұмажан, маған оқ бер! Анау иттің баласы құтылып кетпесін! ЖҰМАЖАН: Сенің алты дискің біткенде, менің үш дискім бітпейді деп пе едің? Менде де оқ жоқ! Кейін қайт! ТӨЛЕГЕН: Ой, бар болғыр құрдасым! Түп қалтаңды қақсаң да тап! Біреу-ақ, бір ғана оқ керек! (Жаралы офицер бұрылып, авто­матынан оқ жаудырады. Оқ Төлегеннің ішінен тиеді. Ақ қар қызыл қанға боялады. Төлеген «аһ» деп қиналып, сәлден кейін «Әуп!» деп орнынан ұшып тұрып, автоматын көтеріп алға ұмтылады).

ЖҰМАЖАН: Төлеген, тоқта, кейін қайт! (Төлеген теңселіп барып, атқылап жатқан фашист офицерін қақ басынан авто­матының дүмімен салып жібереді. Басы қанға боялып, миы шашырап кеткен фашист тіл тартпай құлайды. Сол кезде ірі калибрлі пулеметтің дүкілдеген үні естіліп, Төлегеннің кеудесіне бірнеше оқ тиеді. Төлеген еңсесін тіктеп, теңселіп барып, офицерді бүркіттей бүре құлайды, «Отан үшін! Төлеген үшін!» деп ұрандаған Мәлік Ғабдуллин бастаған жауынгерлер оқ жаудыра «уралап» алға ұмтылады. Жау қырғын тауып, жөңкіле қашады. Біздің жауынгерлер жауды қуып кетеді. Майдан даласында дұшпанын жаншыған Төлегеннің денесі қалады. Дүниені түн басады. Ай сәулесі әлемге «Жас қазақ» әні боп төгіліп, мұңды әуен жерді тербеп тұрғандай). ЕКІНШІ СУРЕТ Бірінші көрініс Көктем. Шоқ ағаштың ішінде Рамазан жүр. Кеудесінде екі Қызыл Ту ордені. Анадайда бір жуан қарағайдың түбінде гармоны тұр. Композитор тұңғиық ой үстінде. Біресе қарағайдың түбіне барып отыра қалып, гармонын созып, сыңсытып, ыңылдап қояды. «Жас қазақтыңт әуені. Үзік-үзік, үздіктіріп, булығып шығады. РАМАЗАН (өзімен-өзі күңіреніп): А-а, дүние жалған! Жалған деп аталарымыз қалай дәл тауып айтқан! Бірақ асарын асап, жасарын жасап өтсе, арманың бар ма? Қыршын кеткен жас өркен өртейді ғой өзегіңді. Айнала ажал... Аранын ашып, жас өмірді жалмағысы келетін тажалдар қаптап кеткен... Жер мен көк жанталасып жатыр... Алды-артың бірдей өлім мен өмір арпалысы! Қайран Төлеген! Қайран боздақтар! Қайтейін! Қолымнан келер не шара? Сендерге берерім де, қояр ескерткішім де ән ғана, осы бір ән... (Гармоньға қосылып ыңылдайды. Мәлік келіп, сыртынан тыңдап тұрады. Кеудесін­де – Батырдың «Алтын Жұлдызы». Сәлден кейін Рамазан бұрылып, Мәлікті көреді). О-о, Мәлік бауырым! (Құшақтай алады).

МӘЛІК: Иә, Раха, мына әуеніңіз бір тың дүние секілді ме,
қалай?! Жан толғағыңыз жетіп, жаңа ән дүниеге келген сияқты-
ау! Жүректі тербеп, мұңды ойға батырып барып, жанынды
сілкіндіріп, күш-қуат беретіндей! Тұла бойым шымырлап,

көзімнен жас шығып кетті ғой, тіпті!
РАМАЗАН: Апырмай, Мәлік інім, мен де сондай күйде едім,
сен тіпті кітап оқығандай дөп бастың-ау! Бұл расында да жаңа
ән! Кешегі аяулы бауырымыз Төлегенге арналған ән!

МӘЛІК: Тіпті ғажап болды! Шіркін Төлеген! Қандай әнге де,
құр­метке де лайық, атадан асып туған ер еді ғой! Қимаймын
ажалға, сенгім келмейді!
РАМАЗАН: Төлеген қаза болғалы мына дүние қаңырап

қалған сияқты.
МӘЛІК: Несін айтасыз, Раха! Төлегеннің қазасы барша
жауынгер­лер мен командирлерге қатты батты. Баяғы батыр
бабаларымыз­дың жалғасы, аңызға бергісіз ер Төлеген,

қаһарман қазақ Совет Одағының Батыры атанды. Төлегеннің
атақ-даңқын естіген генерал Чистяков Бородиноға келгенде
саптың алдында әдейілеп танысып: «Өзің кішкентай ғана жігіт
екенсің ғой, мен сені бір дәу екен десем» деп, ризашылығын

білдірген. Қаршығадай қазақтың қара баласы дөкей-дөкей
фашистерді дөңбектей домалатып, жер жастандырғанын
бүкіл майдан жігіттері мақтаныш етеді! Сөйткен Төлеген,
дүниені дүрілдетіп, дұшпанды дірілдеткен өр Алтайдың

ақиығы орыстың даңқты Бородино жерінде қалып барады.
Қайран Төлеген, көзсіз ер еді, қызық еді мінезі. Бір күні бір
шайқастан кейін қарасақ, жиырма үш фашисті топырлатып
қырып тастапты. Басқа автоматшыларда екі-үш оқталған

дискі болса, Төлегенде бес-алтауы жүреді. Оқтан, оттан қорқу,
тайсалу деген жоқ, қойып кетеді де қыра береді шетінен.
Жойған жауларының есебінен жаңылдық аяғында. «Әй,
Төлеш-ай, жауды қыруға құмарсың-ау, құмарсың! Бірақ

арасында тірідей тұтқынға алуды да ұмытпа!» – дедім бірде.
«Аға, оны қайтесіз? Ботқаға байлап, бордақылайсыз ба?» –
дейді маған еркелеп. «Тұтқын керек бізге, ол тіл емес пе?» –
дедім. «Ырымға, базарлық сияқты ма? Айтсаңыз болды, аға,

алдыңызға тізерлетіп, тізіп қояйын!» – деген күліп. Келесі күні
жалғыз өзі жеті немісті айдап келіп тұр. Бізге тапсыра салды да,

тағы жүгіріп кеткен. Бір кезде дедектетіп бір дөкей офицерді
алып кепті. «Аға, әлгі жетеуін айдап келе жатқанымда, бір
сарайға жасырынғанын көзім шалып қалып еді, мінекейіңіз,
сізге байладым!» – деп қарап тұр!

РАМАЗАН: Мен Төлегеннің Бородинодағы зиратының
басына бардым. Кең дүниеге сыймаған арыстан інім бір
кішкене қабірге сыйып жатыр дегенге нанғым келмейді. Көп
ойға баттым, жүрегім қан жылады. Төлегеннің денесі қара

жер қойнында жатқанымен, оның ер рухы көкте ұшып жүр!
Оны жеңетін күш жоқ деген ойға бекідім. Содан бері толғатқан
жаным бүгін жай тапқаңдай, Мәке! Әннің атын «Жас қабір»
деп атадым.

МӘЛІК: Раха, бұл әніңіз – жалғыз Төлегенге ғана емес,
Ұлы Отан соғысында ел үшін ерлікпен шайқасқан барлық
боздақтарға қойылған тамаша бір рухани ескерткіш. Өнер нәзік
болғанымен, оны ешбір дүлей күш жеңе алмайды. Жылдар

өтер, ал бұл ән жас ұрпақпен бірге жасарып, елімізбен бірге
жасай беретініне сенімім кәміл. Тек қана «Жас қабір» дегеннен
гөрі, «Жас қазақ» деп атаған жөн сияқты. Түбінде бүкіл жас
қазақтардың соғыстағы ерлігінің, қасіретті де қаһарман

тағдырының гимні болатындай!
РАМАЗАН: Аузыңа май, Мәлік бауырым, мынауың тіпті
тамаша! Ақ тілегіңе, қалтқысыз дархан жүрегіңе рахмет!
МӘЛІК: Ал, Раха, бұл әнді майданнан елге аманат-сәлем

ретінде жолдау керек деп ойлаймын!
РАМАЗАН: Шынында да солай-ау! Жан толғауым жетсе
екен елге! Қалса екен артымда ұрпаққа мұра болып! Білсе екен
халқым! Ән – сәлем, ән – аманат... аман-сау жете гөр елге, ақ

қанат көгершінім, ақ тілеу қарлығашым! (Ыңылдап, Мәлік
екеуі қосылып, «Жас қазақты» айтып кете береді).
Екінші көрініс
Қақаған қыс. Алыс канонада талып естіледі. Жертөленің

ішін­де Рамазан мен тұтқын неміс майоры фон Оффенбах
отыр. Тұт­қынның қолы байлаулы, Рамазанның автоматы
жанында.

ФОН ОФФЕНБАХ: Мен сенің әніңді тыңдадым! Өте жақсы
ән! Таңғалмаңыз, неміс барлауы абвердің білмейтіні жоқ. Жер
астын­дағыны да білетін барлаушыларға жер бетінде күнде
шырқалып жатқан әнді білмей не бопты?! Артында сіздей

жоқтаушысы бар досың қандай бақытты!
РАМАЗАН: Оны сендер өлтірдіңдер!
ФОН ОФФЕНБАХ: Амал қанша... соғыс! Егер соғыс болмаса,
сіздің симфонияларыңызды біздің оркестр ойнар ма еді, кім

білсін?
РАМАЗАН: Ал қазір соғыс оркестрі ажал әнін ойнап тұр.
Әлем серенаданың орнына канонада тыңдауға мәжбүр. Оған
алдымен мына сендер кінәлісіңдер!

ФОН ОФФЕНБАХ: Саясатты қайтеміз, біз өнер адамымыз!
Мен, Вольфганг Себастьян фон Оффенбах, неміс музыканты,
жазмыштың пәрменімен әскери барлау-абвердің майоры болып
жүрсем де, жан дүниеммен музыкант, өнер адамы болып қала

беремін. Бәлкім, мұндай жағдайда сізбен кездесуім де тегін
болмас. Пианинода ой­найтын сүйріктей саусақтарға пулемет
ұстап, қанға боялған жа­распайды.
РАМАЗАН: Қантөгісті бастаған да, кісі өлтіруге мәжбүр

еткен де сіздерсіздер!
ФОН ОФФЕНБАХ: Екеуміз де солдатпыз. Жаумыз. Бірақ
жаратылысымыздан жау емеспіз! Бәріміз де адам екенімізді
бір сәт еске алайықшы. Жау қылып қойған жазмышқа не

шара? Біздің көсеміміз бұйрық берді – біз басып кірдік.
Сіздің көсеміңіз бұйрық берді – сіздер қарсы тұрдыңыздар. Екі
жағымыз да қырылып жатырмыз. Қара жердің қанға тоятын
кезі болды баяғыда. Бірақ саясаткерлер мен генералдар

қанға да, байлыққа да, билікке де тоймайды. Ал өнердің
жолы бөлек. Өлім мен өмірдің ортасында не бар арпалысып?
Өнер – мәңгілік, ол ұлтқа, шекараға, саясатқа қарамайды, ол
адамзатқа, әлемге ортақ! Құдай сенің кеудеңе сондай дарын

берген. Сенің «Жас қазақ» әнің – еуропалық үлгіде, әлемдік
деңгейде жазылған ән. Бір ғана әніңнен ар жағыңдағы сұрапыл
күш, телегей теңіз дарын анық танылып тұр. Соғыс сенің
жұмысың емес. Сен ән жазуың керек, музыка шығарып, бүкіл

әлемді сиқырлы үнмен ұйытып, әдемі әуенмен арбап алуың
керек. Ол үшін сен өлмеуің керек. Жүр, кеттік менімен! Анау
9-0046

махорка сасыған сары орысты атып тастап, босат мені! Мен сені соғыстың сұмдығы түгілі, күнделікті тіршіліктің күйбеңіне де кірістірмеймін. Еуропаның ең таңдаулы, талантты музыканттарымен таныстырамын. Өсесің! Сенің музыкаң Берлиннің, Париждің, Римнің, Венаның, барша әлемнің концерт залдарын жаулап алады. Қандай оркестр, қандай зал! Еуропаның ең таңдаулы, талғампаз тыңдаушыларының таңдайын қақтырасың, тәж бен тақ өзі-ақ табады сені! Бүкіл ғаламдық даңққа бөленесің! Түсінсеңші, музыкаға тілдің де, тілмаштың да қажеті жоқ. Ғажайып үнмен жұрттың жүрегін жаулап аласың. Монархтар, президенттер, министрлер саған қол соғады, арулар жанарымен аймалап, бір сүйгенін бақытқа балайды. Алтын, күміс табаныңа төселіп, алты құрлық қабағыңа қарайды! Сенің симфонияларың, операларың ең ұлы композиторлардың туындыларымен қатар орындалып, есімің солардың санатына жазылады. Ойлан, тез шешімге кел! Аязда, айдалада, қайдағы бір орыстар үшін арам қатқанда мұратыңа жетесің бе? Өзіңді қисаң да, кеудеңдегі қазынаңды қалай қиясың? Сенің парызың сызды окопта өлу емес, өнеріңді адамзатқа беріп кету емес пе?! Орыстар сенің талантыңды сыйласа, болашақты ойласа, сені соғысқа жібермес еді, аман сақтап қалуға тырысар еді. Мылтық ататын мұжықтары бітіп қалып па, не? РАМАЗАН: Мен өз еркіммен сұранып келдім майданға! Отанымды қорғау үшін! ФОН ОФФЕНБАХ: Отан деген – общий сөз, өзіңді ойла! Әркім өзін ойлайды! Әннің атын «Жас қазақ» деп қойғаныңыз Совет үкіметіне онша ұнай қоймаған шығар деп ойлаймын. Одан да «Совет солдаты» десең, жандарына жағып, жер жүзіне жар салар еді. Қазақ сөзінен ұлтшылдықтың иісі аңқып тұр деп жазғырып, чекистер өзіңді Ала­шорданың артынан аттандырып жібермесін! Ал, егер қазір менімен кетіп қалсаң, саған қолдары жетпейді. Ертең әндерің Европаны жаулап алса, НКВД-ның қара түнек тас қабырғаларын тесіп өтеді. Әлемге даңқың жайылса, халқың қайда барады – амал­сыз мақтан тұтады. Жүр, кеттік болашаққа, атақ-даңққа! Мұндай мүмкіндік мыңнан бірде ғана кездеседі. Міне, қол созым-ақ жер-майдан шебінен ары өтсек бітті – біздікілер!

РАМАЗАН: Жарайды! Мен келістім!
ФОН ОФФЕНБАХ: Браво! Тегін адам дарынды бола ма?
Талантқа толық ақыл тән! Ал, кеттік!
РАМАЗАН: Бірақ қоятын шартым бар!

ФОН ОФФЕНБАХ: Айт, кідірме! Вермахтың қолынан
келмейтін не бар дейсің?!
РАМАЗАН: Тоқетері, осы сәттен бастап бүкіл соғысты
тоқтатып, басып алған жерлердің бәрін заңды иелеріне

қайтарып, барлық әскерлеріңді өз жеріңе алып кетесіңдер.
Мен де бірге кетіп, әлгінде өзіңіз айтқандай, өнерімді күллі
әлемге беремін!
ФОН ОФФЕНБАХ: Ол мүмкін емес!

РАМАЗАН: Неге мүмкін емес? Өзге жұрттың жерін басып
алып, қанға бөктіріп, билеп-төстеу мүмкін болғанда, басып
алған жеріңе бостандық беріп, өз еркіңмен кете қоюдың несі
қиын?!

ФОН ОФФЕНБАХ: Бұныңыз құрғақ қиял! «Данышпандар
қияли, жынды шатыс болады» деген Ломброзоның сөзі рас
екен-ау!
РАМАЗАН: Кім білсін... Басқа елді басып алып, билеп-

төстеу жын­дылық па, жоқ әлде өзгелерге азаттық бер деген
менікі жынды­лық па? Қан төгіп, жаулап алып бақытқа
жетпейді ешкім де! Өзің азат, бақытты болғың келсе, өзгелердің
де азаттығын сыйла! Басқа елдерді баса-көктеп бағындыруға,

билеуге кім право берді сендерге, а?! Айтшы маған осыны,
түсіндірші қане?! А-а, үнің шықпайды... айтарың жоқ, істеп
отырғандарыңның қып-қызыл қиянат екенін ар жағың сезеді.
Ұғып ал, ізгі өнердің жолы бөлек жауыздықтан!

ФОН ОФФЕНБАХ: Браво, брависсимо. Бірақ тым шырқап
кетті­ңіз! Жерге түсейік. Біздің саяси жолымызға қосыл­
ма­саңыз да, өнерімізге қосылыңыз! Біздің өнер бар өнерден
үстем өнер, басқаларға ықпал, билігін жүргізетін өнер! Соған

қосылсаңыз, аспанға ұшасыз!
РАМАЗАН: Жо-жоқ, нағыз өнерде өктемдік, үстемдік
болмайды. Жақсы өнердің бәрі – өнер, бір-біріне жаттығы,
жаулығы жоқ. Жер-жаһанға ізгілік нұрын таратады. Тілі

басқа, түрі бөлек, ұлты басқа, діні бөлек адамдардың жүрегі
өнер арқылы үндеседі, ізгі ой-сезімі үйлеседі. Бір елдің өнері

екінші бір елдің өнерін билеп-төстеп, жоймайды, қайта бір-
бірімен үндесіп, байи түседі.
ФОН ОФФЕНБАХ: Ал біз бізден басқаның өнері біздің өнерге
бағынуға, бойсұнуға, тәуелді болуға тиіс деп санаймыз.

Сон­дықтан сол өнерге қосылғаныңыз жөн. Үлкен халықтың
өнері де үлкен, өктем болады. Өкіметтің өкіметке өктемдігі
бір басқа, өнердің өнерге өктемдігі тіпті қиын. Аз халықтың
кішкентай өнерін көп халықтың үлкен өнері өз иіріміне

түсіріп, тұншықтырып, түбінде жұтып тынады. Өнері, рухы
жұтылған соң елдің өзі де жұтылды деген сөз. Сондықтан, бізге
қосылғаныңыз жөн. Сен ойлама, мен сенің тұтқының деп... Сен
менің тұтқынымсың! Бұл жердің бәрі біздің әскердің қолында,

ертең бәрің де қырыласың! Сызды окопта, қар үстінде қанға
боялып, көмусіз қалғың келмесе, жүр, кеттік!
РАМАЗАН: Жоқ! Оның бола қоймас! Менің жаным да,
қаным да, әнім де сатылмайды! Біз үшін Отаннан ыстық,

Отаннан қасиетті, Отаннан биік ешнәрсе де жоқ! Біздің
жанымыз да, әніміз де Отан үшін! Отанына опасыздық жасаған
адамнан не қайыр, не үміт? Опасыздан өнер тумайды. Отансыз
өнер тамырсыз қаңбақ секілді. Қаншалықты қиын, ауыр

болса да мен өз өмірімді де, өнерімді де Отанымның бақыты
үшін, азаттығы үшін қиюға бармын! Біздің жанымыз, біздің
әніміз жерге, суға, ауаға, әлемге, ғарышқа тарап кетеді. Ал
сендер төгілген нахақ қанға тұншығып, өздерің бықсытқан

қоқыстарыңда қала бересіңдер!
ФОН ОФФЕНБАХ: Өкінішті, өте өкінішті! Қандай дарын
советтік идеологиямен әбден уланған! Ал өлдің де қалдың...
«Отан үшін!» Ер­тең не, елің саған ескерткіш қояды деп

отырсың ба? Әніңді шырқап, атыңды әспеттейді деп отырсың
ба? Темір ғасыр нәзік гүлдей әніңді тапап өтіп, өз тәртібін
орнатады әлі! Сонда, сенің атыңды да, әніңді де жат жұрттар
жадында сақтамақ түгілі, кірпідей жиырылып, маңына да

жолатпайтыны айдан-анық! Тіпті күні ертең өз ұрпағың,
өзіңнің жас қазақтарың безеді сенен! Әніңді айтуға арланады,
атыңды атауға қорланады, ұмытады сені! Ел үшін, біз үшін
жанын қиды екен деп, ардақтағандарын көрермін!

СОЛОВЬЕВ (қасында екі жауынгері бар, ақырып кіріп
келеді): Қысқарт, иттің баласы! Біздің әнімізге баға беріп,

болашағымызға үкім айтатын сен емес! Үкімді біз шығарамыз саған! Шынжыр табан, темір қанат құбыжығың да, нөсерлеген оқтарың да, бықсыған отта­рың да біздің жанымызды да, әнімізді де жеңе алмайды! Түтіндерің жетпес биікте шырқалады біздің әніміз! Әкетіңдер де тікелей штабқа апарыңдар! Өнер жайында оттап болсаң, енді біздің барлаушыларға нағыз өнерің жайында да осылай бір ақтарылып көр! Тырп етсе, атып тастаңдар! (Екі жауынгер тұтқынды жұлқылап, ала жөнеледі. Соловьев пен Рамазан екеуі қалады). СОЛОВЬЕВ: Мен бәрін де естідім, Рамазанка! Неге кетіп қалмадың? Әбден азғырып-ақ бақты-ау, әзәзіл әпесер! Сен молодец, патриотсың! Шыныңды айтшы, өлімнен қорқасың ба? РАМАЗАН: Өлімнен бәрі де қорқады. Өлгім келмейді! Амал қанша, басқа жол жоқ бізде – не өлім, не жеңіс! СОЛОВЬЕВ: Бірақ соғыста жас адамдар өлген қандай страшно! Әсіресе сен өлсең, обидно! Мен сияқты қатардағы командирлер, солдаттар толып жатыр, ал сен сияқты талантты композитор жастай қаза болса, нағыз қасірет сол! Қаншама музыка тумай жатып өледі! Страшно обидно сен үшін! РАМАЗАН: Олай демеңіз! Әр адамның өз орны бар, әр адам – қай­таланбас құбылыс! Менің жаным не сонша, қыршын кеткен боз­дақтардан артық па?! СОЛОВЬЕВ: Бәрібір сен үшін особенно обидно! Сенің «Жас қаза­ғың»... Аспан, жер, соғыс... өлім мен өмір... ерлік пен қимастық, қасірет пен үміт... апырмау, қаншама ой мен сезім қалай сыйып кеткен бір әнге! За душу берет! Осы әнді шығарғаныңа мың да бір рахмет! Бұл әнсіз біздің соғыс шежіреміз толмай тұрар еді-ау! РАМАЗАН: Өткенде майданға келіп кеткен біздің қазақ өнерпаздары аманат әнімді елге жеткізіпті. Ғабиден Мұстафин өле­ңін жазып, Жүсіпбек Елебеков ағамыз радиодан күнде шырқап жүр екен! СОЛОВЬЕВ: Шырқайды дала... шырқайды ел. Ұрпақтан ұрпаққа жалғайды. Бұл ән – өмір мен өлімнің арпалысында от-жалынға суарылып туған ән. Оның бойында ел үшін қаза болған боздақтардың қаны тулап тұр, жүрегі соғып тұр! Миллиондардың жаны бар бұл әнде! Біздің мына қарлы далада,

қақаған аязда қаһарлы жаумен қалай алысып, келешек үшін
қалай құрбан болғанымызды ендігі жас ұрпақ сенің осы «Жас
қазағың» арқылы білетін болады! Түу, мен де болтайттап
кеттім білем, өнердің шалығы тиейін дегеннен саумын ба

өзі? «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген, әйтпесе біз өлуге
тиіс емеспіз. Осынша қырғыннан аман-сау келе жатырмыз,
жеңіске де жетерміз! Айтпақшы, Рамазанка, аңызға айналған
жиырма се­гіз батыр панфиловшы туралы әнің қандай әсерлі

болып еді. Еңді «Же­ңіс маршын» дайындай бер! Бәріміз бірге
Берлиннің көшесінде шыр­қаймыз әлі!
РАМАЗАН: Аузыңызға май, жолдас командир! Бұл бір ұлы
арман ғой! Ондай атты күн туса, аямай алыңыздар менен әнді!

Тіпті кейбір сарындары ызыңдап келетін де сияқты құлағыма!
СОЛОВЬЕВ: Сіз кейде өз-өзіңізден ыңылдап, әндетіп
жүресіз. Жігіттер әзілдейді, ән буып, елес қуып жүр деп...
РАМАЗАН: Әр әзілде аздаған шындық бар демей ме! Кей-

кейде бір жұмбақ күш кеудеме бітіп, белгісіз бір әлемге еніп
кеткендей боламын. Небір сиқырлы әуендер құйылып келеді-
ау, шіркін! Қан­дай сұлу, сыршыл әуендер... Көкейіме тоқып
қалғандарым да бар, ұйтқыған құйындай ұшты-күйлі ғайып

болып кеткендері де қаншама! Бірталай сазды, сырлы дүниелер
жазылып та қалған сияқты!
СОЛОВЬЕВ: Жарайсың, батыр! Қай кезде, қай окоптың
түбінде жазып үлгеріп жүрсің? Бірнеше том болған шығар, ә!?

РАМАЗАН: Жазғанда... қағазға жазғам жоқ, әрине.
Жүрегімде, жанымда сайрап тұр! Шіркін, бір қырық күн,
қырық-ақ күн бейбіт өмірім болса, бәрін де нотаға түсіріп
үлгерер едім! Әттең, дүние, дариға жалған-ай!

СОЛОВЬЕВ: Мен қайтейін енді, қолдан келер қайран жоқ!
(Снаряд ысқырып, сақылдап оқ атылады. Ұрыс басталып
кетеді. Рамазан мен Соловьев біздің жауынгерлермен бірге
шайқасқа кірісіп кетеді. Алма-кезек атысып, өрт-жалынға

оранған дүние. Біреуді біреу біліп жатқан жоқ. Бір кезде
Соловьев жараланады. Рамазан оны оқтың астынан алып
шыға бергенде, жаудың шабуылы үдеп, фашистер қаптап
кетеді).

СОЛОВЬЕВ: Рамазанка, таста мені! Кет жылдам, біздікілерге
жетуге тырыс! Мен бәрібір енді адам болмаймын! Шамам

жеткенше, бұларды тоқтатып, бірталайын жер қаптырмай,
оңайлықпен өлмей­мін! Сен бара бер! Рахмет, достым, боры­
шыңды адал өтедің! Енді жө­нел! Тез!
РАМАЗАН: Жолдас аға лейтенант, олай демеңіз. Әлі

үміт бар! Қазір санчастьқа жетіп алсақ, жараңызды емдейді,
жазыласыз. Әлі сіз бен біз жеңіс маршын бірге шырқамаймыз
ба?! (Атыс күшейе түседі, екеуі автоматтарынан оқ
жаудырып, біраз жауды құлатып, бетін қайтарып тастайды.

Рамазан да жараланады).
СОЛОВЬЕВ: Ох, Рамазан, Рамазан! (Сүйемелдейді). Саған
атылған оққа кеудемді тосуға дайын едім. Амал қанша, қолдан
келмеді! Сен қаншама жаралы жауынгерді оқ астынан алып

шығып едің. Біз бәрі­міз жабылып сені алып шыға алмағанымыз
ба?! Эх, гады! Жауыздар! Әнді өлтірмексіңдер-ау! Жо-жоқ!
Болмайды оларың! Сұлулық өлмейді! Ән үзілмейді! (Атып-
атып жібереді де, әлсіреп құлайды. Рамазан басын көтеріп,

қанға боялған Соловьевті сүйемелдеп ілгері, біздің шепке
қарай жылжи береді. Жау жақындап, «Хенде хох!» «Руссо,
руссо, хальт, сдабайс, сдабайс!» деп айқайлайды. Рамазан мен
Соловьев ақтық күштерін жинап атысады).

СОЛОВЬЕВ: Орыстар ешқашан да берілмейді!
РАМАЗАН: Қазақтар өлсе де жеңілмейді! (Қасқайып,
қатар тұрып, бір-бірін сүйеп тұрып, атысады. Жаудың
біразы топырлап құлайды. Бірақ қалғандары қаптап кетеді.

Сол кезде гүрс-гүрс етіп, мина жарылып, бәрі де қып-қызыл
жалынға оранып, жоқ болып кетеді. От-жалынның
арасынан «Жас қазақтың» әуені жарып шығып, аспанға ұшып
кете барады).

Үшінші көрініс
2005 жыл. Мәдениет сарайында жиналыс өтіп жатыр.
Директор, бастықтың заңгер өкілі, жас музыкант Бонзик,
жас әнші Айгүл, Жәмаш және басқа да мәдениет қызметкерлері

қатысады.
ДИРЕКТОР: Ал, құрметті коллектив мүшелері, біз бүгін
қоғам өкілдерінің талап етуімен... ә-ә... жоқ-жоқ, өтініші

бойынша, жұмыстың бәрін тастап, кезектен тыс бас қосуға
мәжбүр болып отырмыз. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, қазір
енді демократия дейміз... қысқасы, жұртшылықтың тілегін
жек көрсек те жерге тастай алмаймыз. Сондықтан күн

тәртібінде өздеріңізге бұрын хабарланғанындай, жаңа мәдениет
сарайына Рамазан Елебаев деген майдангер-композитордың
есімін беру мәселесі тұр. Шынын айтқанда, соғыста қаза
болғандарды қашанда құрметтейміз, бірақ жай құрметтеу

бір басқа да, мәдениет сарайының атын беру бір басқа. Бұл
тұрғыдан келгенде, біз де, сіздер де Рамазан Елебаевтың өмірі
мен творчествосын жөнді білмейміз. Тіпті көпшілігіміз ондай
композиторды мүлде естімеген де болып шықтық. Жоғарыдағы

бастықтар да онша біліңкіремейді екен! Соған қарамастан,
бір топ қоғам өкілдері жоғарыға хат жазып, жаңа мәдениет
сарайының атын Рамазан Елебаевқа беруді өтініпті. Осы
жөнінде сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді, өйткені қазір

заң бойынша, бір жерге біреудің есімін беру үшін алдымен сол
коллективтің ризашылығы керек деген бір тамаша тәртіп бар
екен. Ал, қане, кімде қандай пікір бар?!
БОНЗИК: Қандай пікір болушы еді? Пікір біреу-ақ: біз

білмейтін кісінің атын біздің сарайымызға қалай бермекпіз?
ЖӘМАШ: Әй, айналайындар-ау, жас өскін өнерпаздарым-ау,
деректір қарағым-ау, не айтып тұрсыңдар? Рамазан Елебаевты,
оның «Жас қазақ» әнін бүкіл Қазақстан, барлық майдангер ел

біледі! Оны білмегендерің өздеріңе ұят емес пе? Мұны бізден
бөтен ешкім естімесін. Осы жерде қалсын, айналайындар. Күні
ертең бір жерге концертпен бара қалсаңдар, беттеріңе басып,
сырттарыңнан күліп жүрер жұрт!

БОНЗИК: Кешіріңіз, ақсақал, неге бетімізге басып,
сыртымыз­дан күлуге тиіс, ә? Ал, рас, білмейміз, онда тұрған
не бар? Бізді қой­шы, басекеңдер білмеген соң, онша бағалы
болмағаны да!

ЖӘМАШ: Не дейді, әй, мынау? Өнердің бағасы оны бас­
тықтың білу-білмеуімен өлшенбейтін шығар-ау. «Жас қазақ»
әні – соғыс туралы әндердің ең асқақ, биік шыңдарының
бірегейі. Міне, алпыс жыл үздіксіз шырқалып, халқымыздың

рухани қазынасына айналып кеткелі қашан!

ӨКІЛ: Сіз ондай биік сөздермен бекерге шала бүлініп
тұрсыз. Мен де қазақ қызымын, бірақ Төлеубаевтың атын
да, әнін де білмеймін. От этого плохо себя не чувствую! Оны
білмеген кісілер жаман ба, немене? Мен бастықтың өкілімін,

заңгермін, заң бойынша, бір мекеменің жиналысына
көлденең адамның қатысуына жол берілмейді. Ұйымның
қаңдай шешімге келгенін білуге де, қабылдаған хатын оқуға да
сіздердің хақыларыңыз жоқ!

ЖӘМАШ: Әй, қарағым, сен не деп тұрсың өзі? Көлденең
адамың мен бе? Жоқ, мен көшеден келген көлденең көк атты
емеспін. Мен қырық жыл қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ
берген ұстазбын! Өмір бойы жаңағы сенің тілің есімін дұрыс

атауға да келмей тұрған Рамазан Елебаевтың өмірі мен өнерін
зерттеп, ауыл мектебінде музей ашып, Құдықағаш қазақ орта
мектебіне атын бергізу жолында тер төккен кісімін!
БОНЗИК: Берді ме атын мектепке?

ЖӘМАШ: Бергенде қандай! Ауыл балалары батыр, ком­
позитор аталарының атын мақтанышпен атайды!
БОНЗИК: Ендеше сол да жетпей ме ол кісіге? Біз енді, қанша
айт­қанмен, үлкен мәдениет орталығымыз. Бізге ондай белгісіз

есім­нен гөрі ұлы есімдер жарасады!
ДИРЕКТОР: Біздің мировой атты алғымыз келеді! Ал
Елебаевтың тіпті дипломы да жоқ екен. Москвада театр
институтының актерлік бөлімінде оқығанымен, профессионал

композитор да емес!
ЖӘМАШ: Әй, шырағым, не деп тұрсың? Сендер мына
түрлеріңмен кісіні инфаркт қыларсыңдар. Актерлық емес,
композиторлық оқуды бітірген Москвадан, дипломын алып

үлгірмеген... соғыс басталып кетіп! Ол оның кінәсі емес. Ал
тереңірек үңілсек, шын өнер бір жапырақ қағазға – дипломға
қарай ма екен? Феллинидің де режиссер деген дипломы жоқ
деп естиміз!

ДИРЕКТОР: Жарайды, енді ауылдасыңыз, атаңыз болған
соң ақ тер, көк тер боп кірісуіңіз заңды. Бірақ, тіпті әлгі әнді
бүкіл халық білген күнде де, бір-ақ әні бар кісіні керемет
композитор деп тани алмаймыз... кешіріп қойыңыз!

ЖӘМАШ:

Біріншіден,
Рамазан
Елебаевтың
басқа

да бірқатар шығармалары бар. Москваға оқуға түсерде,

«Біржан – Сара» деген пьеса жазған, түбінде үлкен опера
жазбақ ойы болған. Ол арманын жаудың оғы қиып кетсе,
оған Елебаев кінәлі емес. Көптеген әндерін жаза алмай кетсе,
оған да Елебаев кінәлі емес! Бірақ қыршын кеткен талантқа

тағдыр осы бір бүкіл халықтың қазынасына айналған әнді
бұйыртыпты. Жас өмірінің өтеуі, ашылмай кеткен өнер
қазынасы­ның інжу-маржаны секілді. Бұл ән, бір ғана ән
көптеген шығармалар­дан асқақ, дара тұрған жоқ па? Бір ғана

шығарманың классика болып қалғаны аз ба? Огинскийдің
«Полонезі», «Марсельеза» мысалы. Мен сіздермен жүздесуге
сұранған себебім, ағайыншылықпен сұхбат­тасып, әлдебір
себептермен білмей, түсінбей жүрген жастардың ойына қозғау

салмақ ниетте едім. Ал сіздердің жау келгендей бұ­ларың қалай?
Сіздер, әншілер, неге үндемей отырсыздар? «Жас қазақты»
әлде сіздер де білмейсіздер ме шынымен?
ӨКІЛ: Сіз өйтіп коллектив арасына жік салмаңыз! Ала­

ламаңыз олай! Бұныңыз шағыстыру, от жағу болып табылады...
заң бойынша!
ЖӘМАШ: Әкеңдей кісінің бетінен алған неге жатады заң
бойын­ша, ә?

БОНЗИК: О-о, ағай, сіз өйтіп саудаға сақалыңызды сал­
маңыз! Қартайып аласыңдар да, қит етсе кәріліктеріңді бұл­
дап, жастардың бетінен жасқайсыздар! Ну что, соғыста өлсе...
өмірде льгота бол­ға­нымен, өнерде льгота жоқ! Менің де атам

соғыста өлген! Соғыста өлді екен деп шетінен атын бере береміз
бе, не?
ЖӘМАШ: Әй, шырағым, ілгөтың не, әй, айтып тұрған!
Іл­гөтіңді қоя тұрып, өз бетіңді ойла... ертең елге қайтіп қа­

райсыңдар? Мен ауылдасым, атам болғандығын мақтаныш
тұ­тамын, бірақ әңгіме жершілдікте емес, ол Рамазан Еле­
баев – бүкілхалықтық құбылыс! Қадірін білмей жүрген біз
өзіміз! Республикадан «Жас қазақты» күнде шырқап жатыр.

Со­нау соғыстан бермен қарай үздіксіз шырқалып келеді. Бұл
классика, шедевр деп небір зиялы, көрнекті азаматтар айтып-
жазған, небір дүлділ әншілер шырқаған!
БОНЗИК: Шырқай берсін, айта берсін, біздің қарсы­лы­

ғымыз жоқ! Бірақ біз білмейміз! Біз білмегесін бітті!

АЙГҮЛ: Неге білмейміз? Білеміз! Мектепте де, кейін де
айтып жүрдік. Ата-әжелеріміз де, әке-шешеміз де айтқан... біз
де айтамыз! Енді қалай, «Жас қазақты» біздер, жас қазақтар
айтпағанда, кім айтады?

ДИРЕКТОР: Өй, айналып кетейін Айгүлжан, өзің бір өрелі,
өсетін бала екенсің. Бірақ бастықтың білмейтін нәрсесін, білгісі
келмейтін нәрсесін біліп нең бар?
АЙГҮЛ: Ағай, кешіріңіз, әңгіме өнер, ән тағдыры туралы

боп жатқанда, үндемей қалуға ар-ұятым жібермейді!
ДИРЕКТОР: А-а, солай ма? Сонда ар-намыс сенде ғана бар
да, бізде жоқ па, немене? Сен ғана елді ойлайсың да, біз тек
қарақан басымызды күйттеп жүрміз бе, а-а?!

АЙГҮЛ: Жо-жоқ, кешіріңіз... мен тіпті де олай деп тұрғам
жоқ... Мен... енді, әйтеуір, жақсы болсын деп...
ДИРЕКТОР: Әй, Айгүл, бос сөзді доғар! Ойлап сөйле,
ойнақтаған от басар деген. Қараптан-қарап жүріп концерттен

қағыларсың! Тізімнен сызылып қаларсың. Бізді жаман десеңдер
де, аға болған соң сендерді сақтандырып отыру парызымыз!
Ұқтың ба? (Айгүл үндемей, назаланып, орнына отырады). Е-е,
бәсе, міне, жаңа дұрыс болды! Дұрыс қой, бірен-саран адамдар,

әншілер білуі де мүмкін. Бір кезде көпшілік те білуі мүмкін.
Бірақ оның бәрі өтті, кетті. Қазір басқа уақыт. Басқа адамдар...
Басқа әндер шырқалып жатыр. Сондықтан бүгінгі ұрпақты
бас салып кінәлай беруге болмайды ғой... бұрынғының әнін

білмедің деп. Білмесек, біздің жазығымыз емес!
ЖӘМАШ: Сен білмеген нәрсенің бәрі жаман ба, немене,
сон­да? Шырағым-ау, біз білмейтін дүние толып жатыр, бірақ
соның бәрі мәнсіз емес қой!

БОНЗИК: Сіз өйтіп бізді кемсітпеңіз! Біз қазақша жөнді
білмесек те, дүние жүзі мәдениетін, әлем музыкасын білеміз!
Қазір жиырма бірінші ғасыр! Әлем музыкасы биігінен қарау
керек қой... әлгі... как его... младо қазақтарға!

ЖӘМАШ: Өй, өйткен әлеміңмен қосылып... қай биігіңнен
қарасаң да «Жас қазақ» жауап беріп тұр. Өртенген өнер
тағдыры бұл! Қыршын өрендердің тағдыры бар онда! Ол өте
қымбат ән, оның құны төленген. Боздақтардың ел үшін төккен

қанымен төленген!

ӨКІЛ: Сіз немене, жас қазақ, жас қазақ деп қайта-қайта
құла­ғымызға ұрғылай бересіз? Не, қазақтан басқалар соғыспап
па? Жас қазақ дегеніңнен ұлтшылдықтың иісі аңқып тұр!
ЖӘМАШ: Апырмай, сендерге дауа болмас! «Жас қазақ»

әні орыс жерінде туып, алғаш орыс аспаны астында шырқал­
ған. Жауын­герлер хормен шырқаған. Басқа ұлттың балалары
да оны тыңдаған­да тебіреніп, көздеріне жас алғанын Совет
Одағының Батыры, акаде­мик, жазушы Мәлік Ғабдуллин тол­

ғана жазады! Біз «Жас қазақты» жырласақ, мақтан етсек,
басқа жақты кемсіткендік емес қой! Әр ұлттың мақтан ететін
өз әні бар емес пе?
ӨКІЛ: Сіз бүйтіп ұлттардың арасына жік салмаңыз! Ой­

намаңыз ұлттармен! Заң жүзінде бұны разжигание розни дейді!
БОНЗИК: Сіз националиссіз!
ЖӘМАШ: Шырағым, сенің атың кім?
БОНЗИК: Менің атым – Бонзик!

ЖӘМАШ: Астапыралла! Аюдың қонжығы, жолбарыстың
шөнжігі дегенді естіп едік, адамның Бонзигі болады дегенді кім
естіген!
БОНЗИК: Жоқ енді... туғанда атымды Бөгенбай қойған.

Енді... біздің заманға Бөгенбай деген біртүрлі ғой... содан,
Бонзик боп алдым! Бонием, Джексон деген сияқты! Звучит,
правда?!
ЖӘМАШ: Е-е, Бөгенбай батырдың қадірін білсең, бұндай

боласың ба? Сен Бонзик емес, Борзиксің!
БОНЗИК: Әне, айттым ғой, бұл псих шал националист деп!
ЖӘМАШ: Сендердей интернационалист болғанша, осындай
националист болғаным артық!

ӨКІЛ: Көрдіңіздер ғой, естідіңіздер ғой бәріңіз де! Міне,
ертең куә боласыздар!
ЖӘМАШ: Пәлеңнен аулақ! Маған дегенің өзіңе! Кісіні
жаламен күйдіргендерің үшін сендерді жазалау керек алдымен!

ДИРЕКТОР: Ау, ағайындар, сабыр, сабыр етіңдер! Кісіге
бұлай күйе жағып, қаралай салуға болмайды! Екінші
айтарым, Рамазан Елебаевты біз, әрине, Ұлы Отан соғысының
құрбаны ретінде құр­меттейміз. Бірақ енді дәл қазір атын бере

қоюға коллектив әлі дайын емес. Өзіңіз де көріп тұрсыз ғой,
Жәмаш аға!

ЖӘМАШ: Не дайындық керек, ниет түзу болса... Алпыс
жыл дайындалып келген жоқпыз ба? Енді, міне, ұлы Жеңістің
алпыс жылдығы құрметіне ер есімін ардақтап жатсақ, қандай
орынды! Бұл біздің барлық майдангерлерге деген құрметіміз,

тарихи ескерткішіміз болар еді! Ұрпақ ұмытпас еді!
БОНЗИК: Жарайды, жақсы айттыңыз ақсақал! Біз қарсы
емеспіз! Бір клуб, бірдеңе жоқ па екен ауылда? Бере са­
латын... ал енді мынандай жап-жаңа, зәулім ғимаратты калай

қия салмақпыз?! Тіпті біз ешкімнің де атын алғымыз келмесе
ше? Мәдениет сарайы деп атанып тұра береміз! Қандай әдемі,
шұбалтпай, просто мәдениет сарайы деген! Картошканы бас­
қаша атағаннан картошканың дәмі өзгермейді!

ЖӘМАШ: Картошка деп өзіңді-өзің қорлама! Әңгіме атында
емес, затында екенін біз де білеміз! Бірақ ат беру, ескерткіш
қою, есте қалдырудың мәні тіпті бөлек! Ол – тарих, ол – тәрбие,
ол – өнеге!

ӨКІЛ: Сіз өйтіп өз пікіріңізді күштеп таңбаңыз бізге! Заң
бойын­ша мұндай мәселелерде жүрттың ойына ықпал етіп, өз
соңынан ертуге тырысушылық қоғамға қауіпті әрекет ретінде
бағаланып, жазаға тартылады! Ал, сіздерге, коллективке

айтарым, егер де Елебаевтың есімін беретін болсаңдар, документ
өзгертуге өкіртіп ақша төлейсің­дер – бір, мөрге, бланкіге
тағы төлейсіндер – екі! Жаңа атауды тіркегенше әбден әлек
боласыңдар – үш. Тағы-тағы қитұрқылары біткенше, корочы,

үш-төрт ай жалақы ала алмай жүресіңдер. Мен сендердің
қағаздарыңды тіркеуге, түзетуге ылғи көмектесіп жүрмін ғой,
ал бұл жолы көмектесе алмаймын! Так што, ойланыңдар!
БОНЗИК: Ойланатын дәнеңе жоқ! Бізге жалақы, ақша берсе

болды. Кімнің атын қойса да бәрібір!
ДИРЕКТОР: Олай болса, көп сөзді қоздатып, ерегесе
бергеннен түк те ұтпаймыз! Қане, дауысқа сала қояйық:
жаңа мәдениет сарайына Рамазан Елебаевтың аты берілсін

дегендерің қол көтеріңдер! (Жәмаш екі қолын көтереді). Сіз
бізде істемейсіз, сондықтан сіздің даусыңыз жүрмейді. Қане,
кім бар екен, көрейік? (Ешкім көтермейді). Ал ендеше кім
қарсы? (Өкіл, өзі, Бонзик, көпшілігі қол көтереді. Түсір­мей

тұрады). Көріңіз, Жәмаш ақсақал, көзіңізбен! Көпшілік
пікірі осы! Көпке топырақ шаша алмайсыздар!

ЖӘМАШ (самсаған қолдарға қарап тұрып... ): Әй, бауыр­
ларым-ай, балдарым-ай, кеше Рамазан Елебаев осы көпшілік
үшін, сендер үшін, Отан үшін жас өмірін де, өнерін де қиып еді.
Сендер оны бүгін тағы да өлтіріп тұрсыңдар-ау, қайтейін!

АЙГҮЛ: Жоқ, Жәмаш аға! Біз барда, жас қазақтар барда,
«Жас қазақ» өлмейді! (Алға шығып, мұңды, ақырын «Жас
қазақты» бастайды. Жәмаш, басқа да әншілер біртіндеп
қосыла бастайды. Кешегі жауынгерлер де қосылып тұрғандай,

ән шарықтап, биікке көтеріліп кете береді).
Соңы.
2005 жыл

ҚАПТАН ШЫҚҚАН ҚАРА ҚЫЗ

Екі актілі, он алты көріністі комедия

ҚАТЫСУШЫЛАР:

СЕРКЕН – облыстағы Н. мекемесінің менеджері, 25 жаста
МЕҢСҰЛУ – мұғалима, 21 жаста
АЙБАТША – аудан кәсіпкері, 35-те
ҚАРАҒЫЗ – мұғалима, 27-де

ШАЛ – облыстағы Н. мекемесінің бөлім бастығы, 65 жаста
ДОҢҒАЛ – аудан тұрғыны, жұмыссыз, бұзақылау, 27 жаста
АҢҒАЛ – бұл да 27 жаста
САҢҒАЛ – бұл да 27 жаста

АПА – зейнеткер, 65 жаста
ЖЕҢГЕЙ – жұмыссыз, 40 жаста
Оқиға 2012 жылдың жазында Түпқарағай ауданының
орталығы Шоққайың кентінде өтеді.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс
Бастық шал мен Серкен кеңседе сөйлесіп отыр.
ШАЛ: Иә, бала, қалай, қызметке үйренейін дедің бе?
Серкен: Рахмет, аға, ептеп-ептеп дөңгелетіп келемін.

ШАЛ: Қайдам, шырағым, дөңгелегіңді көріп тұрғам жоқ.
(Серкен таңдана қарайды). Көзіңді дөңгелетпей-ақ қой... дым
білмейтін дүңгәнә құсап. Сені осы жұмысқа тұрғызған кім?
СЕРКЕН: Сіз, ағасы.

ШАЛ: Біз болсақ, оған не деу керек?
СЕРКЕН: Рахмет, рахмет, ағасы!
ШАЛ: О, шіркін-ай, шіркін-ай! Қалай оп-оңай, ә? Ал сені
жұмысқа алғызу үшін менің қаншама күш-қуат жұмсағанымды

кім біліп, кім бағалап жатыр? Талайдың көңілін тауып, үлкен
бастықтың өзіне дейін барып, сонша әуре болғанда тапқаным
сенің андағы оттаубай аузыңнан әрең шыққан (Серкеннің
даусын салып) «рахмет, рахмет» деген оқтаудай сөзің бе?

«Құрғақ қасық ауыз жыртады» дегендей, қазір ағаң да ақшасыз
арқаңнан қақпайды, тәтең де тегін жақсы көрмейді, көкең
де кәдесіз қолын бермейді. Ал сен қашан менің қа­ғанағымды
қарқ, сағанағымды сарқ қыласың, ә?

СЕРКЕН: Ләпбай, көке, айтсаңыз болды ғой!
ШАЛ: Әлде отырсаң опақ, тұрсаң сопақ қылайын ба?
СЕРКЕН: О не дегеніңіз, көке, о не дегеніңіз! Сізге осыны
өзім айтуға ағалық ақ көңіліңізге қаяу түсіріп аламын ба деп

бата алмай, пұшайман болып жүр едім. Сөзіңізге құлдық!
ШАЛ: Онда былай етейік. Ертең демалысқа сіздің ауданға
бара­йық, аунап-қунап, анау-мынау дегендей, біраз демалып
қайтайық. Ұқтың ба? Қалғанын барған соң айтамын!

СЕРКЕН (ұшып тұрып, шалдың қолын алып, қуана құп­
таған кейіп танытады): О-о, тамаша, керемет! Әбден жақсы
болды, ағасы, әбден жақсы!
Екінші көрініс

Кәсіпкер Айбатшаның үйі.
АЙБАТША (Қолында журнал. Мұқабаның бірінші бетіндегі
қыз­дың суретіне тесіле қарап, сүйсініп, өзінен-өзі сөйлеп жүр).
Мә-ә-ә! Қыз деп осыны айт! Мен бұл қызды қалайда іздеп тауып,

үйле­нуім керек, бітті! Мен сияқты асыл тұқым мен мынадай
сұлулық қосылса, одан тараған ұрпақ керемет болмай ма, ә!
Миллионерден жаралған мистерлер! Сұлудан туған суперлер!
(Редакцияға телефон соғады). Әлө, редакция? (Қатқыл,

тәкаппар). Маған мына журнал­дарыңыздың бірінші бетіне
суреті басылған облыс аруы байқауының жеңімпазы Меңсұлу
Меңдібаеваның телефоны керек! Не-е? Ешкімге бермейміз?
Ешкімге бермесең берме, бірақ маған бересің. Мен аламын

дегесін, бітті, аламын, алмай қоймаймын!..А-а, мен бе... Мен
Ай-й-батша Бай-й-батшаевпын, енді ұқтың ба?... Не-ме-не?
Ондайды білмеймін дейсің бе? Әй, Ай-й-бат-ша Бай-й-бат-

шаевты білмейтін сен қай батшасың, ә, бәтшағар?.. Не дейсің?
Мен сені есті қыз екен деп тұрсам, сен барып тұрған ешкі қыз
екенсің ғой! Тоқта, тоқта, ана бастығыңа айт, маған збандасын,
әй... (Гук-гук) Қап, мынаны-ай! (Ойланып қалады да, тағы

телефон соға бастайды. Ыңылдап әндетеді).
Қайтсем де сені табамын,
Қалтаңа доллар саламын,
Көңіліңді ерітіп,

Тоқал қылып аламын!
Үшінші көрініс
Серкен үйінің ауласы. Бастығы – қонақ, Серкен сыйлап
жатыр.

СЕРКЕН (ептеп қызу): Ағасы, ата-бабаларымыздың дәс­
түрі бо­йын­ша, сізге ат мінгізіп, шапан жабамын. Сол үшін ап
қояйық!
ШАЛ (қатты қызу): А-а, ат дейсің бе? Қандай ат ол өзі?

Тұқымы қандай, арғымақ па, сәйгүлік пе? Арабы ма, ағылшын
ба? Ақалтеке ме, текежәуміт пе? Қарабайыр ма, қазанат па?
Жабы ма, жорға ма? Тұлпар ма, тұғыр ма? Алмауыт па, будан
ба? Орловский рысак па, жоқ әлде горловский гусак па, ә?

Тойыс, аты бар да заты жоқ боп жүрмесін дегенім ғой, ха-ха-ха!
СЕРКЕН: Жоқ, енді, жай былай жаман емес... Ақ көңілден
атаған малымыз ғой сізге...
ШАЛ: Жә, былай жасы нешеде?

СЕРКЕН: Енді, оның жасын кім санапты? Әйтеуір, менен
үлкен, сізден кіші дегендей... кәдімгідей, сақа жылқы.
ШАЛ: Ірі болса жарады. Ал өзі арық па, семіз бе? Мінілген,
же­гіл­ген, ақсаған, тоқсаған, сақау, маңқа, жауыр-мауыр,

жамандат­қыр емес пе?
СЕРКЕН: Жоқ, далада бос жүрген жануар ғой. Күйі жаман
болмас.
ШАЛ: Еркек пе әлде ұрғашы ма? Маған аттан гөрі, байтал

көбірек ұнайды, байтал-л-л!
СЕРКЕН: Бұйырғаны болар, енді.
10-0046

ШАЛ: Иә, бұйырсын де. Әйтпесе көріп жүрміз осы күні
көзбояу, өтірік аттарды. Көпшіліктің алдында аталады да,
артынан жоғалып кетеді көбісі. Жарайды, соғым кезінде өзің
дұрыстап алып келерсің. Сол үшін! (Екеуі ішеді) Бірақ есіңде

болсын, мен малдың да, адам­ның да ұрғашыларын ұнатамын.
Ұрғашы малдың еті тәтті, ұрғашы адамның... (Бөгеліп)...
беті тәтті! (Ерсілеу күледі. Ішеді. Серкенге шекесінен шекшие
қарайды). Әй, отырамыз ба осылай? Дұрыстап күтпейсіңдер

ме... былай... кісіні...
СЕРКЕН: Күтіп жатырмыз ғой. Енді қайт дейсіз?
ШАЛ: Не қарық қылдым деп отырсыңдар? Сендерге ет
жеуге келді деп пе едіңдер? Күтіңдер дұрыстап... по полной

программе! Саунаға апарыңдар... сабындайтын сұлу тауып
беріңдер! (Қалтасынан журнал суырып алып, мұқабасынан
Меңсұлудың суретін көр­се­теді). Міне, маған мынау керек!
(Самбырлатып оқиды): Облыс аруы Меңсұлу Меңдібаева,

Түпқарағай ауданы Шоққайың орта мек­тебінің мұғалімі. Бұл
сенің ауданың емес пе?
СЕРКЕН: Иә. Түпқарағай ауданының орталығы Шоққайың
кен­тінің төрінде көсіліп отырсыз, көкесі!

ШАЛ: Ендеше осыны тауып әкеп бер! Құй, қане, толтыра!
(Серкен құяды). Басқа сый-құрметіңнің бәрін қайтып алсаң
да мейлі! Бірақ осы қызды әкеліп берсең, саған өмір бойы ырза
болып, алақаныма салып, бар қолымнан келген жақсылығымды

жасауға мына заһар тола стақанмен салтанатты түрде ант-су
ішемін!
СЕРКЕН: Айтқаныңызға құлдық, ағасы! Бірауыз сөзіңіздің
сада­ғасы! (Екеуі масайрап, ішеді).

ШАЛ: Айтпақшы, сен бұл қызды танисың ба?
СЕРКЕН: Жоқ. Бұл институт бітіргесін, мектепке мұғалім
болып сырттан келген қыз шығар, сірә! Тіпті жақсы, танымасақ
танысуға барып келеміз, тілін тауып, алдыңызға алып келеміз!

ШАЛ (қалбалақтап): Ап кел! (Үздігіп). Көндіріп ап кел,
жарай ма? (Серкен кетеді). Иә, сәт! Қартам айналып, балтам
майланып, қалқашты үйіріп, шақшаны шиырып бір атар ма
екенмін?! (Қал­тасынан әйелдердің қол айнасын алып шығып,

қарана бас­тайды). Бр-р-р! Көзім бозарып, мұрным қызарып,
бетім сазарып, не боп кеткенмін өзі, ә? Шашым селдіреп,

әжімдерім көлдіреп кеткені несі, әй? Аузым арбайып, тісім
сарғайып, ішім дарбайып, кепкен тораңғыдай тарбайыппын
да қалыппын. Мұндай емес, тәуірлеу сияқты едім ғой! У-у-
уһ! (Ақсаңдап, арлы-берлі жүреді. Бетін шапалақтап, санын

шапаттап, өзін-өзі үкілеп-сүкілеп, керіліп-созылып, секеңдеп
әлек болады). Қандай едім, а, қандай едім! Қайран жастық,
қас қағымға бір қайырылып келсең ғой, әй, қайтейін енді,
қайтейін... Әттең, дүние, әй! Бұрылсам буындарым ғытыр-

ғытыр-р-р етеді, сүйектерім сықыр-сықыр-р-р етеді... Соңыра...
сұлу қыз құшағына қысқан кезде, сарайдағы ескі-құсқы
сайманнан құрап-сұрап жиналған салдаман самасыбал құсап,
сау етіп шашылып қалмасам жарар еді! Ха-ха-ха! (Өзіне-өзі

күліп алып, терең-терең тыныстап, жұлқынып) Жо-о-қ! Мен
әлі қаусап тұрғам жоқ, мен ән сап тұрмын, махаббатты аңсап
тұрмын!
Әй, әй, сұлу, Меңсұлу,

Әлемдегі ең сұлу,
Әуре қылмай сен мені,
Дегеніме көн сұлу, көн сұлу!
Төртінші көрініс

Меңсұлудың пәтерінің алды. Серкен мектептен келе жат­
қан Меңсұлуды іздеп келіп, әдейі күтіп алып жолығады.
СЕРКЕН (Меңсұлуды көргенде құбылып, ойнап-гулеп
кетеді): Сә­ле­метсіз бе, сұлу қыз?

МЕҢСҰЛУ: Сәлем, сылқым жігіт!
СЕРКЕН: Мен сізді білетін сияқтымын.
МЕҢСҰЛУ (Серкенді әжуалап): Ал мен сізді мүлде
білмейтін сияқтымын.

СЕРКЕН: Ал мен сізді білгім келетін сияқты.
МЕҢСҰЛУ: Ал мен сізді білгім келмейтін сияқты.
СЕРКЕН: Аяулы облыс аруы Меңсұлу Меңдібаева! Сіздің
есімі­ңіз Гиннестің рекордтар кітабына жазуға әбден лайық!

(Меңсұлу таңдана қарайды). Ал Гиннестің кітабына жазылу
үшін бұрын-соңды адам баласының қолы жетпеген рекорд

жасау керек! Мен сізге сондай рекорд жасауға шындап кө­ мектесуге дайынмын. МЕҢСҰЛУ: Ол үшін не істеу керек? СЕРКЕН: Ол үшін екеуміз үйленуіміз керек! Осы қазір! Бөгелмес­тен! Өйткені әрбір секунд қымбат! Неге десеңіз, біз әлемдегі таныса салып, ең тез үйленген жұбайлар ретінде енуіміз керек тарихқа! Бол, тез әкел қолыңды! (Қыз қолын бермей шегіншектейді). Бол, бол енді, уақыт өтіп барады. Танысқанымызға екі минут болып қалды! МЕҢСҰЛУ: Әлі танысқан да жоқпыз ғой! СЕРКЕН: Онда танысайық. Менің атым – менеджер Серкен. МЕҢСҰЛУ: Меңсұлу СЕРКЕН: Міне, болды. Кеттік ЗАГС-ке! (Иығынан құ­ шақтап, жүруге икемдей бастайды). МЕҢСҰЛУ (Серкеннің қолын ақырын қайтарып): Сабыр етіңіз, менеджер Серкен. Ойнасаңыз да, ойланып алыңыз. СЕРКЕН (тағы да қызды айналып, толғанып, үйіре, екпіндете сөйлейді. Еліге қоймаса да, қыз да әлдебір жұмбақ күйге ене баста­ғандай болады). Ойлануға мұрша жоқ. Махаббат – от-жалын, оған ойланудың керегі жоқ, көзді жұмып, қойып кету керек! Не күйіп кетесің, не мұратыңа жетесің! МЕҢСҰЛУ (ыңылдап): Махаббаттардың түбіне, ойланбау жеткен қашанда! СЕРКЕН: Жоқ, олай емес. Махаббаттардың түбіне көп ой­ лану жеткен! Ойланып, толғанып жүргенде, талайлар сыңарсыз қалған. Жүріңіз, тәуекел, ең жылдам жарасқан жұбайлар ретінде рекордтар тарихына кіріп кетейік! МЕҢСҰЛУ: Ал егер қосыла салып, ең жылдам ажырасқан жұп ретінде рекордтар тарихына жазылып қалсақ, ұят болмай ма? СЕРКЕН: Әуелі үйленіп алайық та. Қалғанын көре жатар­ мыз! МЕҢСҰЛУ (әдемі күліп): Әзіліңіз әдемі екен, көңілімді көтер­геніңізге рахмет! Чао! Сау болыңыз! СЕРКЕН: Чао, чао, сао! Сәл бөгеліңіз! Сізге қатысты өте маңызды әңгіме бар! (Меңсұлу әуестеніп, тыңдауға ыңғайлана береді). Сізді республикадан келген атақты телережиссер, продюсер ағай іздетіп жатыр! «Облыс аруы – Меңсұлу» атты

арнайы хабар түсіреміз, киноға таңдаймыз, жұлдыз қыламыз
дей ме, әйтеуір, жер-көкті шаңдатып, шулатып жатыр. Сізді
жарты аудан болып жабыла іздеп, көше кезіп, қырға шығып
кетті ғой. Өзіңізді бірінші тауып, жақсы хабарды жеткізгеніме

өте қуаныштымын! (Меңсұлу қуанышын жасыра ал­май, «о-
о!» деп шаттана дауыстап жібереді). Сүйіншіге... сүйін­
шіге... кәне, бетті әкел! (Меңсұлу бетін тоса береді, Серкен
ұзағырақ иіскеп, сүйіп алады. Бір-біріне аздап толқып, сүйсіне

қарайды).
МЕҢСҰЛУ (өзін-өзі тез қолға алып): Мен қазір... (Үйге
кіріп ке­теді. Серкен сан ойлармен арпалысып, екі алақанын
сартылдатып, арлы-берлі жүреді).

Бесінші көрініс
Шал мас. Қисалаңдап, ыңылдап отыр. Серкен Меңсұлуды
ертіп келеді де, өзі тасада жасырына қалып, бәрін бақылап
тұрады. Сот­каға түсіре береді.

МЕҢСҰЛУ: Сәлеметсіз бе! (Қызды көргенде шал өзінше
бойын түзеген болып, сиқырлана бастайды. Күлкілі қимылдар
жасайды. Шашын саусақтарымен салалап, бет-аузын сылап-
сипалайды. Қыз әуелде таңданып, үп-үлкен кісінің көзге

өрескел қылықтарына аздаған әуестікпен күле қарайды. Оны
өзінше жорыған шал кеудесін керіп, қарнын ішіне тартып,
шалбарының ышқырын жоғары кө­теріп, белбеуін қыса тартып
тастайды. Балағы балтырына шығып кетеді. Шайқалақтап,

өкшесін көтеріп-көтеріп қояды). Мен облыс аруы Меңсұлу
Меңдібаевамын. Сіз шақырды дегесін кеп тұрмын.
ШАЛ (құрақ ұшып): Қош келдіңіз, өте-мөте қош келдіңіз,
облыс аруы Меңсұлу Меңдібаева! Сіз облыс қана емес, бүкіл

еліміздің, бар әлемнің аруы атануға әбден лайықсыз! Мен
бұған қол қоямын!.. А-а, сізге Серкен мәселенің мән-жайын
түсіндіріп айтты ма?
МЕҢСҰЛУ: Иә, айтты.

ШАЛ: Қалай, келісесіз бе?
МЕҢСҰЛУ: Келіспесем келемін бе? Мені таңдағаныңызға
өте қуаныштымын!

ШАЛ (секеңдеп): Өте қуаныштымын дейді, әй! Өте
қуанышты! Мен де өте қуаныштымын! Келші бермен, құшақ­
тап, бір сүйейін бе­тіңнен! (Құшағын жайып, қызға қарай
жақындайды).

МЕҢСҰЛУ (шегіншектеп, жуытпай): Ал сіздің түсіру
тобыңыз, камераларыңыз қайда? Серкен маған киноға түсіреді
деген...
ШАЛ: А-а, иә, түсіреміз... түсіп жатырмыз киноға. Образ

шынайы болып шығу үшін, түсіру тобы көрінбей жасырын
камераға түсі­ріп алады. (Серкен тасада тұрып басын шайқап,
соткаға түсіре бе­реді). Міне, камера... мотор... сцена сүйіс...
кадр один, дубль один! Поехали! (Қызды құшақтамақ болады).

МЕҢСҰЛУ(ұстатпай): Киноңыз бұзық кино сияқты ғой!
ШАЛ: Қызық болғанда қандай! Нағыз бум... сенсация!
(Қыздың қолынан ұстап, екеуі ақырын тартысып тұрады).
Қазіргі көрер­меннің өліп-өшіп іздеп жүріп көретін киносы

болады! Кел, кел, жаным, маған жабысып, ыңғайыма көне
берсең болды, рөлді қалай ойнауды өзім үйретемін! Ертең-
ақ киножұлдыз боп шыға келесің! Түрлі-түсті журналдар
жартылай жалаңаш денеңді мұқабасына басып, киоскілерге

жарқыратып іліп қояды! Телеэкраннан сенің ашық-шашық
сирағың... саның... құйрығың... белің... кіндігің... қолтығың...
емшегің елді есінен тандырып, бақталас қыздардың ішін
күйдіріп, күн сайын бірнеше рет көрсетіледі де тұрады,

көрсетіледі де тұрады! Атағын шығарып, ақша тапқысы
келген аруға бұдан артық не керек!? Армандарың сол емес пе
сендердің, а? Кел, жаным! (Беліне қол жүгірте бастайды).
МЕҢСҰЛУ (ебін тауып сытылып шығады): Қойыңыз енді,

ұят болады!
ШАЛ (қобалжыңқырап): Несі ұят? Былай ғой... өзің де
түсінесің ғой, жаным. Жігіт қызды жайдан-жай шақырушы
ма еді?

МЕҢСҰЛУ (ойнақыланып, екі иығын қиқаң еткізіп, іштей
мыс­қылдап күледі. Аңқаусып). Түк түсінсем бұйырмасын, ата!
ШАЛ: Ата деме, ойбай, ата деме!
МЕҢСҰЛУ: Жарайды, атя ! Ат-тя!

ШАЛ: Ата деме, бота де!
МЕҢСҰЛУ: Ботя, бутя, бутик-мутик!

ШАЛ: Болды енді, әй! Ботик деме, котик де!
МЕҢСҰЛУ: Котикке келіңкіремейсіз! Одан да шал десем
қайтеді, ә?
ШАЛ: Қайдағы шал, әй! Мен шал емеспін, шалғымын!

Шалғыныңа салып көр! (Қисалаңдап, өрескел қимылдап,
билейді. Оны қызық көрген Серкен тасадан сығалап тұрып
музыка қосады. Ордаңдап билеген шал қызды биге шақырады.
Қыз «ал қайтер екенсің» дегендей бұрала билейді. Шал

жарасымсыз билей келіп, қызды бас салып құшақтамақ бола
бергенде, қыз бір жаққа бұлт етіп шығып кетеді. Ауа қармаған
шал омақаса құлайды. Жерде, еңбектеп, төрт аяқтап тұрып
өкіреді). А-а-а! Ө-ө-ө! (Кетуге ыңғайланған қызға қолын

созып). Бо-бо-ботя, тойыс, тотя, тотяжан, тоқта. Тоқетері,
маған тоқал болсаң, топайыңды топалға, бақайыңды бақалға
малып, құлағыңа құйма алтын, тырнағыңа түйме алтын
тағып, тойотаға мінгізіп, топ алдында жүргізіп, коттеджге

кіргізіп, бұл өмірдің рахатын білгізер едім! (Мастығы жеңіп,
қылжиюға айналады).Мең-мең-сұлу, ең сұлу, сұлашы менің
жаныма! Мен-мен-мең-зең! (Үні өшіп, жатып қалады).

МЕҢСҰЛУ

(мысқылдай
күліп):
Міне,
нағыз

комик
киножұлдыз болдыңыз, аташка! (Кетеді. Серкен оның соңынан
зытады).
Алтыншы көрініс

Серкен Меңсұлуды пәтер үйінің алдында қуып жетеді.
СЕРКЕН: Меңсұлу, Меңсұлу! Тоқташы! (Меңсұлу тоқ­
тамайды. Серкен алдына шығып бөгейді). Тоқташы, Меңсұлу,
саған айтар сөзім бар! Тыңдашы, түсінші менің жан сырымды!

МЕҢСҰЛУ (ызалы): Сендерге шеттеріңнен бірдеме көрінген
шы­ғар. Шалың бар, шауқаның бар, масың бар, жасың бар,
бәріңді тың­дау керек, түсіну керек. Менің неше құлағым бар,
әй, бәріңді бірдей тыңдай беретін? (Ерлердің даусын салып,

мазақтап). Менің жаным қандай нәзік, таза, бірақ оны ешкім
түсінбейді! Сіздің көзіңізде бір мұң бар екен, сондықтан менің
жан сырымды сіз ғана түсінесіз-ау деп тізіліп келіп үздігіп,
сүзіліп біттіңдер ғой. Немене, мен сендерді түсінуге міндеттімін

бе? Әркімнің жанын түсінемін деп жүріп, өз жанымды
жоғалтып алмаймын ба?! Ал сенің жалғаншы жаның маған
неменеге керек, супер сутенер Серкешка?! Өзің ұят-аяттан, ар-
намыстан әбден жұрдай сорлы екенсің!

СЕРКЕН: Жоқ, сен олай тым артық кетпей, алды-артын
ойлап, әдеппен сөйле, ару мұғалима!
МЕҢСҰЛУ: Артық кетпе? Әй, қайдағы әдеп саған? Арқасы
құ­нысқан, қаңқасы құрысқан, терісі бырысып-тырысқан

кәрі зи­нақордың көңілін табу үшін жеңгетай, сутенер болып
жүргеніңе қорланбайсың ба тіпті?
СЕРКЕН: Тоқтай тұршы, Меңсұлу! Мұнда бір құйтырқы
нюанс бар!

МЕҢСҰЛУ: Бола берсін. Бірақ оны тыңдауға менің уақытым
да, зауқым да жоқ! (Ызаға булығып кете береді).
СЕРКЕН: Тым болмаса телефон нөміріңді беріп кетші! Мен
бәрін де түсіндіремін саған!

МЕҢСҰЛУ (ызадан өксігендей кетіп бара жатып, бөліп-
бөліп сөйлейді): Керегі жоқ... Жеті жүз бір... Кеше көңілімді
сонша көтергенге... төрт жүз қырық үш... оңбаған... жиырма
бес... кісіні өстіп алдауға бола ма екен... тоқсан үш... көрінбе

көзіме! (Пәтеріне кіріп кетеді).
СЕРКЕН: (Соткасына жазып алады). Е-е, бәсе... Өзім де
сезіп едім...
Жетінші көрініс

Таңертең. Серкеннің ауласы. Серкен мен шал сөйлесіп отыр.
ШАЛ (аһылап-үһілеп): Әй, кеше не болды өзі?
СЕРКЕН: Не болушы еді? Қызды көрген соң, екі сөзге келмей
емпеңдеп ұмтылдыңыз. Тура бар ғой, төрт аяқтап шаптыңыз.

Сізді үлкен зиялы адам ғой, сөзіңізді тыңдайын деп келген
байғұс қыз есі шығып, бұрышқа тығылды.
ШАЛ: Сосын?
СЕРКЕН: Не сосын? Төрт аяқтап тұрып, аспанға шапшып кі­

сіне­діңіз келіп... Кісінегенде де кісінің түсінігіне сыймайтын,
түсіне де кірмейтін кісәпір дауыспен күлдір-күлдір еттіңіз-ау!
ШАЛ: Сосын?

СЕРКЕН: Не сосын? Сізге қосылып бүкіл ауылдың кем­
пірлері... ә-ә, тойыс, биелері кісінеді!
ШАЛ: Әй, кісінегенімді өзім де білемін! Сосын?
СЕРКЕН: Сосын сол!

ШАЛ: Солдан кейін не?
СЕРКЕН: Не-е... ?
ШАЛ: Әлгі... қызды... былай... қысып, сүйдім бе?
СЕРКЕН (күледі): Оны мен қайдан білейін?

ШАЛ: Білесің! Сен бәрін де білесің!
СЕРКЕН: Қазір видикті қарай қояйын.
ШАЛ: Не? Қайдағы видик?
СЕРКЕН: Кәдімгі видик. (Соткасын көрсетеді). Сапасы

жақсы. Жеңгейге көрсетуге жарап жатыр. Тіпті интернетке
сап қойсам, қатып кетпей ме?
ШАЛ: Әй, найсап, не оттап тұрсың?
СЕРКЕН: Оттап тұрғам жоқ, шоттап тұрмын! Болашақты

хоттап тұрмын, өзегіңе от сап тұрмын! (Шал шақыраяды).
Ойнаймын, ағасы, ойнасам да күні-түні сізді қалай сыйлауды
ойлаймын, ағасы!
ШАЛ: Маған сыйдың керегі жоқ! Мені сүю керек!

СЕРКЕН: Сүйеміз сізді, ағасы, сүйгенде қандай сүйеміз!
ШАЛ: Сүйгендерің сол ма? Сұлатып салып, сілейтіп тастап
кетіпсіңдер.
СЕРКЕН: Ағасы, өзіңіз де қызықсыз... Сүйгеннің жөні

осы деп бір көргеннен сүліктей жабыса кетпейді ғой дені сау
қыз. Басында бұлданып, түлкібұлаңға салып, жігітті әуре-
сарсаң етпей ме біраз? Әлде арудың әзіліне ә дегеннен әлсіреп
қалдыңыз ба? Бастамай жа­тып болдырып қалсаңыз, бармай-ақ

қойыңыз! (Шал оқыранып, еңсесін тіктеп, басын кегжитеді).
Е, бәсе, онда бүгін кешке Меңсұлу сізді өз пәтерінде күтеді!
ШАЛ (толқып): Рас па, Серкенжан? Тек ойнадым демеші,
рас деші!

СЕРКЕН: Рас, рас айтамын ағасы.
ШАЛ: Ал оның пәтерін қайдан табамын?
СЕРКЕН: Қам жемеңіз, ағасы, өзім жеткізіп тастаймын. Тек
бір кішкене кілтипан болып тұрғаны...

ШАЛ: Күлбілтелемей, айт, қане! Кез келген кілтипанның
кілтін табуға дайынмын!

СЕРКЕН: Қыздың көңілін аулау үшін өте бағалы сыйлық
керек!
ШАЛ: Болсын. Өзің айта ғой, не бергенім жөн болады?
Серкен: Бергенде...

ШАЛ: Әлде алтын сырға салайын ба?
СЕРКЕН: Асқар таудай басыңыз бар, ақсақалды жасыңыз
бар, Алашқа аян атыңыз бар... Ұсақ-түйек сырға-мырға,
жүзік-мүзік сізге жараспайды. Қызды бірден есінен тандырып,

талдырып түсу үшін »Тойота» тарту етіңіз!

ШАЛ:

Тай,
тай...
тойыс,
Тойота?!

(Шыр
айналып,
шайқалаңдап). Хай-хай-хай! Тойотаң тым көптеу емес пе?
Тайраңдаған тоқалға тай да жарап жатыр ғой!

СЕРКЕН: Онда арзандауын тауып аларсыз. Ал бұл облыс
аруы! Бүкіл бір елдің ең сұлуы Меңсұлу! Мұндай қыздардың
көңілін табу үшін тіпті жас дөкейлердің өзі үй береді... күй
береді.

ШАЛ: Ойбай, менде ондай күй жоқ қой. Сен бірдеме ғып
үйлестіріп жіберсеңші. Бүйтсек қайтеді... Ана сенің маған
берген атыңды осы қыздың жолына атасам, қатып кетпей ме?
СЕРКЕН (кекесін аралас күліп): Кер-ре-мет! Не деген

тапқырлық! Бірақ ол қыз бір атқа алдана қойса...
ШАЛ: Үстіне бір айлық жалақымды қосып берейін!
СЕРКЕН: Уо! Онда, бәлкім, оң жамбасқа кеп қалар.
ШАЛ: Ақшаны бірден қолына ұстата салайын ба, кетерде

қалдырып кетейін бе?
СЕРКЕН: Былай болсын, ағасы. Әуелі мен сіздің атыңыздан
алдын ала кешегінің ат-шапан айыбын атап қояйын. Жол
ашып, жобаға келтіріп дегендей. Онда сіз менен кейін ештеме

дәметпейтін болыңыз! Келістік пе?
ШАЛ: Иә, уәде! (Екеуі қол алысады).
СЕРКЕН: Ал ақшаны... өзіңіз... ептеп ретін келтірерсіз!
ШАЛ: Ма-ма-мақұл!

СЕРКЕН: Келіңіз, сол үшін ап қояйық. Мұзға барсаң, бұзып
бар, қызға барсаң, қызып бар! (Шал қалбалақтап, қағып
салады).

Сегізінші көрініс Меңсұлу пәтерінде оқушылардың дәптерлерін тексеріп отыр. Айбатша келеді. АЙБАТША: Сәлеметсіз бе? МЕҢСҰЛУ (таңдана): Сәлеметсіз. (Айбатша қолындағы үлкен гүл шоғын ерекше бір сәнді қимылмен, шетелдіктер сияқты реверанс жасап қызға ұсынады. Меңсұлу оны қазақы сабырмен жымиып қабыл ала­ ды). АЙБАТША (французша прононсқа еліктеп, ептеп мұр­ нынан сөй­леп): О-о, мадьмазель... мисс... Мең-ң-сұлу Мең-ңдыбаева! Сізбен кездесу мен үшін аса биік мәртебе! Танысып қоялық, мен мистер планеты, мировой миллионер Ай-й-батша Бай-й-батшаевпын! Сіздің арулық атақ-даңқыңызды естіп, суретіңізді көріп, сұлулығыңызға естен тана ғашық болған бейбақтардың бірі һәм бірегейімін! А-а, бірақ сіз мен күткеннен де асып түстіңіз! Сіз өмірде суреттегіден де сұлу екенсіз, өйткені сіздің жан шуағыңыз айналаңызды нұрланды­рып, жылылық беріп тұрады екен! Менің ет-жүрегім елжіреп, бойым балқып, сіздің алдыңызға бүкіл бар-болмысыммен, бар бай­лығыммен, мыңғырған малыммен, миллиондарыммен құладым! Қа­был алыңыз, амалы құрыған құрбандығыңызды! (Театрально тізерлеп, басын төмен салып, үнсіз қатып қалады. Меңсұлу мұның бәрін қызық көріп, күле қарайды. Біраз күтіп, дыбыс болмаған соң Айбатша ақырын басын көтереді). Байғұс ғашығыңызды басынан сипап, тірілтіп алсаңыз да, бетінен қағып, өлтіре салсаңыз да еркіңіз! МЕҢСҰЛУ: Босқа әуре болмаңыз, ағай. Менің сүйген жігітім бар! АЙБАТША (атып тұрып): Болса қайтейік? Кім ол менің жа­нымда? Түк те емес! Оны сүйкеп жіберсек, мүлдем сүймейтін боп кетеді! (Арлы-берлі адымдап жүріп). Көрсетші менің көзіме, қал­тасын көк қағазға толтырып, Колымаға көшіріп жіберейін! МЕҢСҰЛУ: Қолыңыздан келсе, Колымаға екеумізді қосып жібе­ріңіз! Махаббатқа Магадан да, Мадагаскар да мадақ айтады!

АЙБАТША: Жә! Шалықтамай жерге түсейік! Қазіргі қыздардың арманы не? Қане, білсең айта қойшы? МЕҢСҰЛУ: Адамда, әсіресе қыздарда арман көп қой... АЙБАТША: Сіз өйтіп жалтармаңыз! Ал мен білемін қыздардың арманын... Қыздардың басты арманы – ақшасы көп жақсы байға тию! Ал жақсы бай дегеніміз – мына біз сияқты асыл тұқым, мықты жігіттер! Сіз сияқты сұлу қыздар біз сияқты мықты жігіттерге тиіп, асыл текті балаларды көптеп тауып, халқымыздың санын кө­бейтіп, сапасын көтеруге міндетті! Сондықтан айтқаныма көніңіз, қолыңызды беріңіз, етегімнен қа-а-тып ұстап, соңымнан еріңіз, тоқетері, маған тоқал болыңыз! МЕҢСҰЛУ: Кешіріңіз, ағай, көлденең көк аттыға еріп кете беретін мені кім деп тұрсыз? Қыздың жаны – құпия, оның жүрек кілтін таппасаңыз, күшпен аша алмайсыз! АЙБАТША: Дұрыс айтасыз... Қыз жүрегінің кілтін табу керек дегеніңіз өте дұрыс. Ал «кеудесі жақсылардың алтын сандық» емес пе? Демек алтын сандықты ашу үшін ал-л-тыынн кілт керек екен! Міне, сол алтын кілтіңіз алдыңызда... жожоқ, қолыңызда тұр! МЕҢСҰЛУ: Таппадыңыз! Қыз жүрегінің кілті ақша да емес, басқа да емес, махаббат! Тек қана махаббат! АЙБАТША: Жасасын махаббат! Ал миллионердің махаббаты басқалардың махаббатынан миллион есе артық! Сол махаббатым жүрегіме сыймаған соң, өзіңізді іздеп келіп, ешкімге иілмейтін басымды иіп, алдыңызда кіріптар пенде болып тұрған жоқпын ба? МЕҢСҰЛУ: Ағай, сізде бізге деген махаббат болғанымен, бізде сізге деген махаббат жоқ! АЙБАТША: Ақша болса, махаббат қайда кетер дейсің... Жата-жастана бола береді ғой... МЕҢСҰЛУ: Ғашықтық пен ақша – екі басқа нәрсе. Көбінесе үйлесім таппай, бір-біріне қайшы келіп жатады! АЙБАТША: Бірақ бәрібір ақшасыз махаббат – махаббат емес, мазақ қой, көрген күні азап қой! МЕҢСҰЛУ: Қателесесіз! Сүйген жармен қоңыр үйде кешкен ғұ­мыр ғажап қой, махаббатсыз алтын сарай да тозақ қой!

АЙБАТША: Жә, ділмарсыма дегдар қыз! Тоқетері, маған
тисең, жағдайыңды жүз есе жақсартып, ен байлықтың
айдынында жүз­діремін!
МЕҢСҰЛУ: Ниетіңізге рахмет, ағай. Бірақ бұл өмірде

сатылмай­тын да нәрселер бар екенін білетін шығарсыз?
АЙБАТША: Жоқ, білмеймін! Білгім де келмейді! Тек бағасы
ғана әр түрлі демесеңіз...
МЕҢСҰЛУ (шамданып, қатқыл): Ағай, ар-намысын

бәрінен де жоғары қоятын қыздар әлі де бар! Есіңізде болсын,
адамның шын пейілін ешқашан сатып та, тартып та ала
алмайсыз!
АЙБАТША: Алғанда қандай... еще как аламыз... асықпа,

қал­қам...
МЕҢСҰЛУ: Кешіріңіз, ал жақсы, сау болыңыз! Қазір менің
бірге тұратын құрбым келіп қалса, ыңғайсыз болады!

АЙБАТША:

Құрбым-сұрбым,
ырбың-дырдың!..
Міне,
менің визиткам! (Визиткасын береді). Үш сағаттың ішінде

маған збандап, құдаларды қайда жіберетінімді айтатын бол!
Әйтпесе... (Түсін суыта беріп, жымиып). Сені маған алып
келеді... иә... жақсылықпен көріскенше! (Кетеді. Меңсұлу
басын шайқап қала береді).

Тоғызыншы көрініс
Айбатша бір қалтарыста Доңғал, Аңғал, Саңғалмен
кездеседі.
АЙБАТША: Жігіттер, кездесуге келгендеріңе рахмет! Әуелі

та­нысып қояйық. Мен – мистер планеты, мировой миллионер
Айбатша Байбатшаевпын!
ДОҢҒАЛ (еңсесін тіктеп, кеудесін кере ортаға шығып):
Менің атым – Доңғал! Доғалаң батырдың ұрпағымын! Ғылым

жүзінде айтқанда, асыл тұқымбыз! Мына жігіттер де оңай емес
(Екі қолын екі жаққа кезек-кезек кең жазып, құрметпен).
Аңғал, Саңғал! Бұлардың да аталары менің атам Доғалаң
батырдың үзеңгілес серігі болған. Аңғалдың атасы менің

атамның атын баптаған! Саңғалдың атасы найзасын саптаған!
АЙБАТША: Әй, ер Доңғал, ер Доңғал, бізді де байқап көр,
Доңғал! Аңғалдың атасы ат баптаған, Саңғалдың атасы найза
саптаған, Доңғалдың атасы жауды таптаған! Солай ма?

ДОҢҒАЛ: Солай!
САҢҒАЛ: Әрине, солай!
АҢҒАЛ: Солай болмағанда қалай?!
АЙБАТША: Ал сонда Айбатшаның атасы ай қараған ба, ә?

Ал білсеңдер айтыңдаршы, қане, қайда болған менің атам?
(Үшеуі үндей алмай, бөгеліп қалады). Білмесеңдер, бетімен
сөйлемеңдер. Менің атам сендердің аталарыңды алға бастаған!
Сондықтан нағыз асыл тұқым – мына менмін!

ДОҢҒАЛ: Немене? Сонда біз кімбіз, ә?
АЙБАТША: Кім болсаң о бол, менің жұмысым жоқ. Бірақ
мен тұрғанда асыл тұқыммын деп айтушы болма, ұят болады.
ДОҢҒАЛ: Әй, қарынбай, не оттап тұрсың өзің? Даусынан

дүрбіт үркіп, жоңғар сасқан, торғауыт толқып, қалмақ қашқан
дулығалы Доғалаң батырдың дойман тұқымы Доңғал палуан
тұрғанда, саған қайдағы асылдық?
АЙБАТША: Жарайды, осы ауылдың, тіпті аймақтың асылы

сен бола ғой. Ал мен бүкіл адамзаттың ішіндегі ең... ең... ең
асыл тұқыммын! Ұқтың ба?
ДОҢҒАЛ: Әй, жақсылықпен доғар енді! Доғармасаң, мен,
До­ғалаң батырдың тұқымы Доңғал палуан, дал-дал қыламын

сендей далбайды! Айтпақшы, асыл тұқымдардың қаны көк
болады деуші еді ғой, қорқыратып ағызып, қолымды малып
көрейін бе әлде? (Айбатшаның қарынан ұстап, мытып-
мытып қояды).

АЙБАТША (ауырсынса да, қалжыңға бұрып): Жә, жә,
батыр, әзіл ғой, ойнап айтам. Бәріміздің де аталарымыз осал
емес екен, ендеше, ойынды қойып, іске көшейік! (Журналды
алып шығып, Меңсұлудың суретін көрсетеді). Батырдың

тұқымы екендерің рас болса, маған мына қызды алып қашып
беріңдер! Алып қашып берсеңдер, жер жүзіне жар саламын.
Аталарыңды да, өздеріңді де жарнамалап, осындай ерлер
даламызда әлі де бар екенін айдай әлемге әйгілеймін!

АҢҒАЛ: Айтсаңыз болды!
САҢҒАЛ: Аламыз да қашамыз!
ДОҢҒАЛ: Қызбен уағдаңыз бар ма еді?
АЙБАТША: Қандай уағда?

ДОҢҒАЛ: Енді былай... алысқан қол, айтылған серт...
САҢҒАЛ: Жүрек сезімі дегендей...

АҢҒАЛ: Қазіргіше айтқанда, киска-миска, котик-мотик...
АЙБАТША: Жоқ! Тіпті мен ол қызбен жаңа ғана таныстым!
(Жігіттер жарыса «а-а!» деседі).
ДОҢҒАЛ: Онда қалай алып қашпақсың?

АЙБАТША:

Кәдімгідей!
Ата-бабаларымыздың
салты
бойынша!

ДОҢҒАЛ. Ата салты дегенің жақсы, әрине. Бірақ жаңа
танысқан қызды алып қашу обал емес пе?
АЙБАТША: Байсыз жүрген қызға бай болсақ, оның несі
обал? Қайта сауап емес пе?

АҢҒАЛ: Алда-жалда оңбаған қыз болып шықса, опық жеп
қал­майсың ба?
АЙБАТША: Да ну... Әзер болса, тастай саламыз.Сендер
алып қа­шып берсеңдер болды, ар жағын өзім білем.

САҢҒАЛ: Бірақ еріксіз қыз алып қашу – заңға томпақ.
АЙБАТША: Міне, сендерге заң! (Бір уыс доллар алып
шығады). Мен аламын деген соң, бітті, аламын. Сатып аламын,
тартып ала­мын, әйтеуір, аламын. Алғым келген нәрсені

алмай қоймаймын! Мә, мынау бес мың доллар! Бұл аванс!
Баланс кейін болады! (Бір уыс долларды шашып кеп жібереді.
Жігіттер жер бауырлап, естері шығып, тере бастайды.
Айбатша кете береді). Асыл тұқымдар... тасыр тұқымдар...

жасыл тұқымдар...
Оныншы көрініс
Серкен шалды алып келіп, Меңсұлудың пәтерін нұсқап
қоя бе­реді. Шал қисалаңдап, бұқпантайлап үйге келеді.

Толқып тұрады. Тәуекелге басады. Қараңғыда үйге кіреді.
«Меңсұлу! Меңсұлу­жан!» – дейді үздігіп. Жауап жоқ. Қыздың
төсегін сипалайды. Ешкім жоқ. Қыздың төсегіне отырады.
Төсекті қолымен сипап, қисайып жатып, жастығын иіскейді.

ШАЛ: У-уһ! А-а-а! Апырмай, қайда жүр екен? Жас
жігіттермен қыдырып кетті-ау, ә! Ешкімге сүйгізіп қоймаса
жарар еді! Әй, әй, әттең-ай, әттең, ішім күйіп барады, ішім
күйіп! Қап, қайтейін енді! (Қыздың жастығын жұмарлай

құшақтаған күйі ұйықтап қалады).

Он бірінші көрініс
Айлы түн. Серкен мен Меңсұлу қыдырып, сырласып жүр.
СЕРКЕН: Сен менің смс-терімді алдың ба? Бәрін түсіндіріп
жазып едім...

МЕҢСҰЛУ: Оқымасам, мұнда келмес едім ғой.
СЕРКЕН: Онда түсіндің бе, кешірдің бе мені?
МЕҢСҰЛУ: Ептеп түсінуге келетін епті логикаңыз бар екен...
Түсінгенде де, түсінбегенде де не шара, қазір Қозы Көрпештер

ғайып болып, тарих сахнасына Тазы Серкештер шыққан жоқ
па?!
СЕРКЕН: Рас айтасың, қазір Қозылардың емес, тазылардың
заманы! Ақылыңа айлаң сай болмаса, айдалада қаласың...

(Жа­қындап, қолынан ұстап). Маған әлі бұртиып жүрсің бе,
облыс аруы?
МЕҢСҰЛУ: Айтпашы үйдеп... (ақырын алыстайды).
СЕРКЕН: Не деп?

МЕҢСҰЛУ: Облыс аруы деп... Қайдан барып едім сол
конкурсқа? Бәлеге қалдым әбден. Тіпті дамыл бермейді.
СЕРКЕН: Кім?
МЕҢСҰЛУ: Кім болушы еді... Еркектер дағы. Анау да

збандайды, мынау да збандайды. Жұмысқа, үйге іздеп келеді.
Танитыны бар, танымайтыны бар, жасы бар, жасамысы бар,
суретке түсеміз, интервью аламыз, кездесуге шақырамыз
деп сылтауратып бағады. Бетіне күле қарасаң болды, жабыса

кете жаздайды. «Сұлулық – халықтыкі, сондықтан сен біздің
бәрімізге тиесілісің» дейді бі­реуі тіпті беті бүлк етпей! Әбден
шаршап біттім! Әуелде қызық көрініп еді, енді ойлағым да
келмейді. Қайтып алса ризамын. Атам қазақтың салтында

жоқ сондай конкурстарды кім ойлап шығарды екен? Қыз
байғұстардың соры ғой! Әуелі, сол атаққа жетсем екен деп
жанталасады. Жеткені жеңдім деп масаттанса, қалғандары
оны көре алмай іштері күйіп бітеді. Тып-тыныш елді

дүрліктіріп, тату-тәтті құрбыларды дүрдараз қылған алдамшы
атақта не мән, мағына бар?! Әр адам, әсіресе әйел заты өзінше
қайталанбас сұлу, өз орнында әдемі емес пе?!
СЕРКЕН (сүйсініп): Өзің керемет философ екенсің ғой!

МЕҢСҰЛУ: Бірақ өмір оған қарайтын емес. Ал жеттің
(кекесін­мен) Мең-ң сұ-ұ-лу – Ме-еңсұ-ұ-лу деген атаққа! Қане,
шыққан мүйізің?! Көздің құрты болып, көрінгеннің көңілін
бұзғанда мұратың ғасыл болды ма? Әйелдердің өзі, танитыны

бар, танымайтыны бар, облыс аруы десе бітті, көздерімен ішіп-
жеп, бір жеріңнен мін та­уып, (кекесінді кексе дауыспен) «әй,
ару деп жүргендерің мынау ма, адырам қалғыр? Ән жері әндәй
екен, мін жері міндәй екен... қуыр­шақ құсап қылтиған, мойны

қылқиған, бұты тылтиған неменің нәрмәлни қыздардан несі
артық?» деп, жайдан-жай нервіңе ойнап, сан-саққа жүгіртіп,
жаныңды жеп қояды.
СЕРКЕН: Е-е, көре алмағасын айта береді. Қарап жүргенше,

жұрттың ішін күйдіріп жүрген жақсы емес пе?
МЕҢСҰЛУ: Несі жақсы дейсің? Сол өртке шарпылып,
жаның жай таппай, күйіп-жана берсең, күндердің күнінде
күлге айналып кетуің оп-оңай емес пе? (Жеңіл күрсініп). Тіпті

біреулер тіке шабуылға шығып, бір түнде алып қашамыз деп
жүр. Содан зәрем жоқ!
СЕРКЕН: Саспа, мен айласын табамын олардың! Тек қана
ма­ған бәрін айтып берсең болды, махаббат жолында екеуміз

бірге май­дандасып көрейік!
(Меңсұлудың қолынан ұстап ақырын әдеппен иығына
қолын салады. Қыз оған ойлана қарайды. Сол кезде әлденені
арқалаған үш көлеңке анадайдан өте береді. Екеуі сақтанып,

бұқпантайлап, соңдарынан аңдып кетеді).
Он екінші көрініс
Доңғал, Аңғал, Саңғал үшеуі екі қаптан қосып жасаған
үлкен қапты көтеріп, Айбатшаның үйіне алып келеді.

Айбатша есі шы­ғып, қапқа біресе жақындап, біресе алыстап,
толқып жүреді. Қапта үн жоқ, тырп етпейді. Жігіттер
әуестене қарап тұр. Айбатша дірілдеп, ақырын қапты ашады.
Дыбыс жоқ. Аңғал мен Саңғал қапты түп жағынан ұстап,

көтере сілкіп қалғанда, шал домалап түседі. Барлығы аң-таң.
Бұлар шошынып тұрғанда ұйқыдағы масаң шал оянып, басын
көтереді. Тізерлеп отырады.
11-0046

АҢҒАЛ (қос қолын беріп): Ассалаумағалейкүм, ата.
ШАЛ: Әлікс... (Қолын ұстап тұрып). Мен қайдамын,
қарағым?
АҢҒАЛ: Сіз атақты кәсіпкер Айбатша Байбатшаевтың

үйіндесіз.(Айбатша Аңғалға «қап, айтпа» дегендей белгі
беріп, безек-безек етеді).
ШАЛ: Мен мұнда неғып жүрмін?
АҢҒАЛ (Айбатшаға бір, шалға бір қарап ыржыңдап): Мына

Айбатшаға қатын керек болып... сізді алып қашып келдік!
(Шалдың көзі бақырайып, дымы шықпай қалады. Басқалары
да сілейіп қал­ған).
ШАЛ: Әй, шырағым, байекең мені қайтеді шандыр-шандыр

ғып? Жасырақ біреуді тауып алмай ма? (Мастығынан әлі
айықпаған шал шынымен қорқып, тізесімен жылжып, жалына
бастайды). Әй, мен ондайға жоқпын, обалыма қалмаңдар!
АҢҒАЛ: Жоқ, сіз түсінбей қалдыңыз. Біз шатасып, сізді

қыз екен деп, байқамай, қапқа бір-ақ тығып алып қашыппыз
ғой!
ШАЛ: О, сорлы басым, шерлі басым!
АЙБАТША: Ата, зарламаңызшы, пажалыста. Ың-шыңсыз

алған жерімізге қайта апарып тастайық. (Аңғалға). Мынаны
қайдан әкеп жүрсіңдер? Қыз қайда?
АҢҒАЛ: Қайда екенін қайдам... Кеткен шығар тентіреп бір
тен­текпен... Түнде бардық қыздың қойнына... ә-ә, не... үйіне.

Төсегінде жатыр екен, бас салдық та, қапқа тығып жіберіп, бір-
ақ тарттық! Қыңқ етуге шамасы келген жоқ! Сөйтсек қыздың
орнында жатқан мынау екен!
ДОҢҒАЛ (шалға): Әй, аташка-әтешка, ана қыздың үйінде

қайдан жүрсіз? Төсегінде жатқаныңыз қалай?
Саңғал. Ах, бәлем! Аруға барған ардагер!
ШАЛ: Ойбай, атай көрме, барғам жоқ, барғам жоқ ол қызға...
Шатасып... адасып жүрмін-дағы!

АЙБАТША: А-а, солай ма? Тоқта, тоқта, шал! Сен менің
қалың­дығымның төсегінде не істеп жүрсің? Айт, қане, жаның
барында! (Жағасынан алып, қылқындырып қояды).
ШАЛ: Ойбай, дым да істегем жоқ! Қызды көрсем көртышқан

боп кетейін! Күте-күте көзім талды. Жастығын иіскеп жатып,
қылжиып ұйықтап қалыппын.

АЙБАТША: А-а! Жап-жас қыздың жастығында не әкеңнің
құ­ны бар, әй, кәрі ит? Неге иіскейсің оны мына сасық
мұрныңмен? (Шалдың мұрнын бұрай ұстап, арлы-берлі
сүйрелеп жүреді. Шал тізесімен жылжиды). Меңсұлудың...

менің меншігімнің жұпарын жұтуға кім рұқсат берді саған,
ә! Танауыңды кестіріп, шалбарыңды шештіріп, жалаңбұт
жіберейін бе, осы?
ШАЛ: Ойбай, жаздым, жаңылдым, бір жолға кешіріңдер!

Осыдан аман кетсем, кемпіріме жетсем, қайтіп қыздың
маңынан жүрмеуге мына ала қаппен ант етемін! Әгәрки,
ендігәрі өзі түгілі, басқан ізіне жолап кетсем, қалған ғұмырым
осы қаптың ішінде өтсін!

ДОҢҒАЛ: Ха-ха-ха! Қалай, қалай қарғанады-әй мына
қарабет! Ақыл­гөй ата, ардагер ақсақал, абыройлы асқар
тауымыз болып төрде отырудың орнына, қараңғыда қатын
іздеп қаңғырып, қапқа түс­кеніңізге қорланбайсыз ба? Бал­

дарыңыздан ұялмайсыз ба?
ШАЛ: Ұяты ұят енді. Бірақ мені де түсінуге тырысып
көріңдерші бір!
ДОҢҒАЛ: Түсінетін түк те жоқ. (Тізерлеп отырған шалдың

ту сыртына шығып, сол қолымен мойнын орай қысып
алады. Айбатша­ға көзін қысып қалып). Басеке, балансын
тураласаңыз, турап-турап, туалетке ағызып жіберемін қазір...
кәрі азбандай азынаған бұл азғынды!

АЙБАТША: Баланс болады! (Доңғал қалтасынан үлкен
бәкісін алып шығып, жарқ еткізіп ашып, шалдың кеңірдегіне
тақайды. Зәресі зәр түбіне кеткен шал көзін жұмып, бет-
аузын жыбырлата береді. Есіктің қоңырауы шырылдайды.

Бәрі елең етіп, бір-біріне қарайды).
АҢҒАЛ: Саспаңдар! Мен есікті әбден бекітіп жапқанмын!
(Есік ашылып, жүгіре басып Серкен кіріп келеді). Ой-буй,
аңқау басым, жаптым деп қайта ашып қойған екенмін ғой!

СЕРКЕН: Сауға, сауға Доңғал батыр! (Қолынан ұстайды
ақырын.Доңғал шалдың кеңірдегіне бәкісінің сырт жағын
батыра түседі. Шалда тырп етуге шама жоқ). Атаң Доғалаң
жауға да сауға берген дархан еді, ағамыздың ат-шапан айыбын

ал да, қасық қанын қи!

ДОҢҒАЛ: Атамның атын аузыңа алғасын, амал жоқ, бердім
саған! (Шалды босатып, бәкісін бүктеп, қалтасына салады).
Қаң­қасы қаусап, маңқасы саулаған осырақ шалға қасиетті
қолымды былғамай-ақ қойдым! (Шалды Серкенге қарай

желкесінен итере салып, бұрыла бергенде, ызаға булыққан,
бір жағы Серкенді арқа­ланған шал орнынан сүйретіле тұрып,
Доңғалды құйрықтан қай­қайтып тұрып бір тебеді. Бар
денесімен солқ ете қалған Доңғал әуелде не болғанын ұқпай,

сол теріс қараған қалпы қозғалмай біраз тұрады. Жұрт
та тым-тырыс, сілейіп қалған. Не болғаны жетесі­не енді
жеткен Доңғал долданып, шалға тұра ұмтылып, Серкеннің
тасасына тығыла берген шалды жауырынынан шап беріп

жұлып алып, құйрықтан қаһарлана бір тепкенде, шал анадай
жерге домалап кетеді. Онда да ашуы басылмаған Доңғал оның
қасына жетіп барып, жағасынан жұлқып, жерден суырып ала
бергенде, «араша, батыр, араша!» деп Серкен ортасына түсіп,

шалды айырып алуға тырысады. «Арашаңмен қоса әрмен
кет, әрі!» деп Доңғал Сер­кенді итеріп жіберіп, екеуі ұстасып
қалады. Босап шыққан шал бір бұрышқа бүрісіп тығылады.
Айбатша, Аңғал мен Саңғал жабыла араға түсіп, Доңғал мен

Серкенді зорға айырып жіберіп, «Өй, қойыңдар! Қой, қой!»
десіп, «Жібер! Көрсетем, әкеңнің... !» деп долданған Доңғалды
ұстап тұрады).
СЕРКЕН (секеңдеп-секеңдеп қояды): Жіберсең жібер! (Екі

қолы­мен ауаны ұрып). Ои дзукимен ойып түсірейін, гияку
дзукимен сойып түсірейін! Келсең кел, кәне! (Айнала жүріп,
аяғымен ауаны теуіп).
Қайдасың иоко гери кекомиым,

Бір тепсем шайқалады, көке, миың.
Бірақ та Доңғалдарда ми болмайды,
Ондайды ойландыру өте қиын!
(Доңғалға тиер-тиместей ғып аяқпен теуіп-теуіп қояды).

Ап чаги! Йоп чаги! (Тұра қалып, көзіне көзін қадап). Син-вадза-
тай! Аруақ! (Доңғал арқырап, «Доғалаң! Доғалаң! Доғалаң!»
деп ұран­дап, жабысып алып, жібермей жанталасқан Айбатша,
Аңғал мен Саңғалды сүйреп кете жаздайды. Серкен «кел, кел,

кма, кма!» деп, қолымен ымдап, мазақтай түседі).

АЙБАТША (безектеп): Әй, айналайын, сен қойшы тым болмаса! Ақылың бар ғой сенің! Ана ақсақалды ал да, жөнелші аманыңда! ШАЛ (жүгіріп келіп, Серкенді қолынан сүйрелеп): Жүр, жүр, Серкенжан, кеттік ойбай! Мені мына масқарадан құтқара гөр, қарағым, дереу тәксиге шығарып сал! Қайтіп бұл елге көрінбей қарамды батырайын! СЕРКЕН (қарсыласпай кете беріп): Әй, ер Доңғал, ер Доңғал! Ба­қырсаң да, шақырсаң да Доғалаң батырдың аруағы сені қолдамайды! Өйткені сен оны айырбастап жібергенсің! Сатып жібергенсің! (Кетеді. Доңғал үнсіз, сұлқ түсіп тұрып қалады. Бәрі де үнсіз). ЕКІНШІ АКТ Бірінші көрініс Түн. Меңсұлудың пәтерін үш көлеңке торуылдап жүреді. Тасыр-тұсыр, сарт-сұрт. Қыздың «ой-й» деген нәзік үні шыға беріп, өше қалады. Үш көлеңке біреуді қапқа тығып жіберіп, апыр-топыр ала қашады. Екінші көрініс Доңғал, Аңғал, Саңғал қапты Айбатшаның үйіне алып келеді. Айбатша қуанып қарсы алады. Қапты ортаға до­ малата салады. Қап қимылсыз жатады. АЙБАТША (сәл толқып): Әй, аңғал-саңғал батырларым, бұ жолы жаңылған жоқсыңдар ма? Анықтап көріп әкелдіңдер ме? АҢҒАЛ: Көргенде қандай! Сауыры мен бауырын сипалап, емшегін уқалап тұрып көрдім! Уо! Анық ұрғашы! АЙБАТША (Аңғалға ұнатыңқырамай бір қарап): Қолыңды неге жүгіртесің, әй, сумаңдатып? Жә, ешкім көріп, біліп қойған жоқ па, әйтеуір? САҢҒАЛ: Көрсе көрген шығар... Көрмей қоюшы ма еді қаптаған көз...

АҢҒАЛ: Көре берсін... неғылар дейсің.
ДОҢҒАЛ: Бірақ ешкім ештеңе білген жоқ. Білсе де ың-ң
демейді, ала бер! (Айбатша қапқа ақырын-ақырын жақындап,
тікейтіп қоя­ды).

ҚАРАҒЫЗ (қаптың ішінен сөйлейді): Ағатайлар-ай, сүйген
жігітім бар еді! (Жігіттер дар-дар күледі). Сіздердің де мендей
қарындастарыңыз бар шығар. Оларды біреу өстіп еріксіз алып
қашса қайтер едіңіздер?

ДОҢҒАЛ: Әй, қыз, қысқарт сай-сүйегімізді сырқыратпай! Қыз
алып қашу – ата дәстүріміз!
САҢҒАЛ: Әлде сен ата дәстүріне қарсымысың?
ҚАРАҒЫЗ: Біреудің әлпештеп өсірген баласын жылатуға

қалай дәттеріңіз барады? Бүлдіршіндей қызды қорла, жылат
деген де дәстүр бар ма еді ?
АЙБАТША: Жаным! Қойшы енді, жаным! Мен сені сүйемін!
(Қапты құшақтап, сипай бергенде, қап шоршып түседі.

Айбатша шошыңқырап, тағы ұстай бергенде, қап орғып-орғып
қашады. Бәрі жабыла қуады. Ұстай бергенде, қап бұлқынып,
қағып жібереді, Айбатша мен Аңғал домалап түседі. Бір-
біріне бөгет жасап, қабат­тасып, босқа далбақтап жүргенде,

самбырлап бір кемпір мен бір жеңгей кіріп келеді. Қолдарында
кәмпит-сәмпит салынған табақ. Жігіттер де, қап та тынши
қалады).
КЕМПІР: Ал құсың құтты болсын!

ЖЕҢГЕЙ: Қадамыңа гүл бітсін!
КЕМПІР: Ұзағынан сүйіндірсін! Шашу, шашу!
ЖЕҢГЕЙ: Бақытты болыңдар! Шашу, шашу! (Шашу
шашады. Жігіттер «о, шашу, шашу!» десіп, шашу тереді).

ҚАРАҒЫЗ: Қайдағы шашу? Шашу емес, бұл зорлап алып
қашу! Әпкетайлар-ай, әйелсіздер ғой, анасыздар ғой, мені
аяңыздаршы! Түсініңіздерші! Мен өз еркіммен келгем жоқ!
Мен бұл кісілерді мүлде танымаймын да! (Айбатша әйелдерге

дем беріп, бірдеме десеңдерші дегендей ымдайды. Жігіттер
үнсіз тыңдайды).
ЖЕҢГЕЙ: Ештеңе етпейді, айналайын. Танымасаң, жата-
жастана танысасың. Қайта қызық емес пе? Қандай романтика!

КЕМПІР: Е-е, шырағым, баяғыда бізден ешкім сұраған да
жоқ, байға тигің келе ме деп... Өмірі көрмеген кісіге берді де

жіберді. Үлкендер келісіп, солай ұйғарған соң, ың-ң демей
көне бердік. Күйеуіміздің түр-түсін бірнеше күннен кейін ғана
дұрыстап көруге шамамыз келді. Бірақ содан жаман болған
жоқпыз, шырағым, он екі бала сүйдік, немерелер өсіп келеді.

Әне, солай!
ЖЕҢГЕЙ: Басында тулайтын әдетіміз ғой бәріміздің де.
Келе-келе көндігіп кетесің. Күлім қағасың әлі!
ҚАРАҒЫЗ: Сіз не деп тұрсыз? Мен көнбеймін! Көне

алмаймын! Жақсылықпен босатпасаңдар, сотқа беремін!
КЕМПІР: Қой, айналайын, сот деген бәлені айта көрме.
Білдей бір азаматты соттатып қойып, қарап отырады деп пе
едің мынау елді? Бүкіл елге қарабет болып, жер басып жүремін

деп отырмысың әлде? Үй, атаңа нәлет қайыршы, сен қайдан
шыққан кәр-рәматсың өзің, ә?
ҚАРАҒЫЗ: Мейлі, не десеңіз о деңіз, мен бәрібір көнбеймін!
Кетемін!

КЕМПІР: Кетіп көр осыдан!
ҚАРАҒЫЗ: Кетемін дегесін кетемін! (Қап орғып-орғып,
есікке беттейді. Жігіттер қалбалақтап, жолын бөгеп,
алдынан тосады. Кемпір олардан бұрын қапты қолымен тіреп

тұра қалады).
КЕМПІР: Көрейін сені, кәне, келін емес, кесапат боп кетсең
де! Менің өлігімді... өлігімді аттап қана кетесің осы үйден,
білдің бе? Ал, мә, аттап өтіп көр осыдан! Қарғыс аламын, екі

дүниеде оңбаймын десең, аппақ шашымды таптап, ақ батамнан
аттап, қарғып өте бер! (Кемпір ышқына сөйлеп, қаптың
алдына көлденең жатып алады). Осы байға тимесең, қу тізеңді
құшақтап, сопиып жалғыз қаласың өмір бойы... Қапқа түскен

қайыршы, қай бетіңмен шығамын деп тұрсың?!
ҚАРАҒЫЗ: Қарғысың қара басыңа болсын! Мен не жаздым
соншалықты қарғап-сілейтіндей? Өзім білмейтін, сүймейтін
кісіге тимейтінім үшін кінәлімін бе? Бөгемеңіз мені, жолымнан

былай тұрыңыз! (Көлденең жатқан кемпірге тақалады). Мен
жіберіңдер үйіме!
ЖЕҢГЕЙ (жеңіл кекесінмен): Үйіме дейсің бе? Қайдағы үй
саған енді? Қайтып келген қызды кім сағынып отыр дейсің?

Одан да ойлан! Енді сенің үйің – осы үй! «Кіммен қарайсаң,
сонымен ағар» деген...

ҚАРАҒЫЗ: Сіз не деп тұрсыз өзі? Қарайған, ағарғаныңыз
не? Мен тіпті бұл жігіттің түрін де көрген емеспін!
ЖЕҢГЕЙ: Әй, қалқажан, бері қара да, енді мені тыңда.
Біріншіден, бұл жігітті танымаймын дегеніңе кім сенеді,

ә? Босаға аттап, қайтып келген деген атқа қаласың өмір
бойы! Екіншіден, сен бұл жігітті танымаймын деп тұрсың.
Танымағасын әлдеқандай боп тұрсың! Танысаң, жабыса кетер
едің де, айырылмай қояр едің. Өйткені сені алып қашқан –

ауданымыздың ең бетке ұстар азаматы Айбатша Байбатшаевтың
өзі! Миллионер! Бүкіл облыс қыздарының арманы! (Қаптың
басы қалтаңдап, кейін шегінеді де, сәл иілгендей болады). Е-е,
бәсе, біліп едім-ау өзім де! (Лып еткізіп қаптың басына орамал

сала қояды да, бір жағынан қолтықтай құшақтайды). Ал,
келген жерің құтты болсын, бағың жансын! (Кемпір де атып
тұрып қыздың бір қолтығынан демеп тұра қалады. Айбатша
ақырындап қаптың аузын шешіп, ептеп басып, шегініп,

телміре күтіп тұрады. Қап сыпырылып түседі де, қыз шыға
келеді. Орамал қыздың басында қалады. Қарағыз! Жігіттер
аң-таң. Естерінен танғандай үнсіз, қызға бір, бір-біріне бір
қарап, сілейіп қалады. Кемпір мен жеңгей қызды шолп-шолп

сүйіп: «Үлкендердің сөзін жерге тастамаған қарағым-ай,
қадамың құтты болсын!», «Бізді жерге қаратпаған қарағым-
ай, қосағыңмен қоса ағар!» деп мәз боп жүр. Қыз жан-жағына
керіле қарайды).

АҢҒАЛ: Әй, сен кімсің?
ҚАРАҒЫЗ: Көріп тұрсыз ғой, Қарағызбын!
САҢҒАЛ: Меңсұлу қайда?
ДОҢҒАЛ: Бізге Меңсұлу керек!

АҢҒАЛ: Қара қыз керегі жоқ!
ҚАРАҒЫЗ: Мен қапқа Меңсұлу боп түсіп, қара қыз боп
шықтым! Мені қара қыз қылған сендерсіңдер!
ДОҢҒАЛ: Жә, жүріңіз, алған жерімізге ың-жыңсыз қайтып

апарып тастайық!
КЕМПІР: Кө-ө-тек!
ЖЕҢГЕЙ: Ибәй-әй, бетім-ай!
ҚАРАҒЫЗ: Иә, сонда қалай... мен сіздерге қуыршақпын ба,

қала­саң әкеле салатын, қаламасаң апарып лақтыра салатын!?
Босаға аттап, басына орамал салынған қыз масқара болмай ма?

АҢҒАЛ: Біз ешкімге айтпаймыз!
САҢҒАЛ: Ешкім ештеңе білмесе, сөзге де қалмайсыз!
ҚАРАҒЫЗ: Апаларымыздың ақ батасын қайтеміз? Аттап
кете береміз бе?

АҢҒАЛ: Өй, оларды қойшы, аузына келгенін айта береді...
ДОҢҒАЛ: О кісілер басқа біреу екен деп шатасып қалды ғой.
Қажет болса қайтып ала салады да! Солай ма, апа?
КЕМПІР (күмілжіп): Енді... былай... не ғой... әлгі... өй, бар

болғыр болбықтар сол!
ЖЕҢГЕЙ (жүні жығылып): Апырай, дұрыс қой, бәрі өмір
ғой... иә, өмірде не болмайды...
ҚАРАҒЫЗ: Жарайды, кетсем кетейін. Бірақ апам көлденең

жатып алып, қарғап-сілесе қайтемін!?
САҢҒАЛ: Жоға, өйтпейді! Апамыздың ақылы бар!
АҢҒАЛ: Кемпір де біледі өз есебін!
КЕМПІР: Иә, рұқсат, қарағым. Жүремін деген кісіге жол

ашық қой қазір!
ЖЕҢГЕЙ: Жер шарының қай тарабына қарай тартсаң да
жолың болсын!
КЕМПІР: Қайда жүрсең де аман жүр!

ҚАРАҒЫЗ: Жә, бірақ мына орамал (жөндеп, мықтап
байлап қояды) маған арнап салынған екен, енді оны қайтіп
лақтырып тастай салмақпын?
ЖЕҢГЕЙ: Бір жапырақ шүберекте не тұр дейсің?

ҚАРАҒЫЗ: Бірақ маған сондай жарасатын сияқты!
АЙБАТША (Қарағызға жақын келіп): Сіз кім боласыз өзі?
ҚАРАҒЫЗ: Біз біз боламыз! Мұғаліммін. Меңсұлумен бірге
бір мектепте істеймін, бір пәтерде тұрамын!

АЙБАТША: Түсінікті. Сіз кешіріңіз... жігіттер жаңылып,
басқа біреудің орнына сізді алып қашыпты. Ат-шапан айып
бізден!
ҚАРАҒЫЗ: Неге жаңылады? Неге басқа біреудің орнына

алып қашасыңдар? Менің өзімді неге алып қашпайсыңдар, ә!
АҢҒАЛ: Кешіріңіз! Келесі жолы есте болсын!
ҚАРАҒЫЗ: Кешірмеймін! Ерегескенде, бұл үйден шық­
паймын! (Жан-жағына жақсылап қарап шығып). Тамаша! Бұл

үй маған сондай ұнайды!

АҢҒАЛ: Әй, Айбатша, байбатша екенің рас болса, кеп тұрған
қызды құр қайтармай, ала салсайшы. Әзер болса, артынан
ажыраса саласың.
САҢҒАЛ: Ана қызды да көп кешіктірмей әкеп береміз. Тіпті

жарты ақшасына да дайынбыз.
ДОҢҒАЛ: Әй, Саңғал, саудаласып, құнын түсіретіндей ол
саған құнажын емес, қыз ғой!
АЙБАТША: Жә, ол жағын кейін көре жатармыз. Қазір мына

мәселені шешіп алайықшы. Әй, қыз, сенің денің сау ма өзі?
Мүлде танымайтын еркекке қайтіп, қай бетіңмен тимексің?
ҚАРАҒЫЗ: Несі бар? Сендер мүлде танымайтын қызды
алып қашып жатқанда, біз неге тимеске? Оның үстіне, ақшасы

көптеу, ақылы аздау аз-заматқа кезіккен зам-матта көзді
жұмып, қойып кетуге әрқашан дайынбыз. (Әндетіп):
Әй, әй батша, Айбатша,
Сендей болмақ қай батша?

Қаптан шыққан қалыңдық,
Көңіліңді лайлатса,
Басың дауға қалмасын,
Күн тұтылып, ай батса,

Жақсылықпен жол тауып,
Бола ғой маған бай, батша!
Әйтпесе қазір үсті-басымды дал-дал қылып, бет-аузымды
қан-қан қылып, жер-көкті айғай қылып, төртеуіңді бай-

бай қылып, түрмеге қойдай айдап тоғытамын да жіберемін!
(Айбатшаға қарай айбат шегіп, ақырын-ақырын жақындай
түседі).
АЙБАТША (шошынып, шегіншектей береді): Бәрібір сені

ал­маймын!
ҚАРАҒЫЗ: Жоқ, байеке, енді сен мені емес, мен сені аламын!
АЙБАТША: Жүрекке әмір... махаббатқа зорлық жүрмейді!
ҚАРАҒЫЗ: Жүргенде қандай! Жүгіріп жүресің әлі-ақ!

АЙБАТША (кемпір мен жеңгейге жалынып): Апырмай,
апа­тайлар-ау, мынаған бірдеме десеңіздерші!
КЕМПІР: Не ғой, қарағым, бері қарашы... «Тең теңімен,
төсек қа­бымен» дегендей... баяғы заман емес, әйелдің өз еркі

өзінде ғой қа­зір, біреуге күшпен таңылып, малға сатылып қор
болатын уақыт емес.
ЖЕҢГЕЙ: «Махаббатсыз өмір тұл» дегендей... Танымайтын,
зорлап алып қашқан жексұрын еркекпен қалай бірге тұрмақсың

өмір бойы? Заң бар, зәкөн бар дегендей...
ҚАРАҒЫЗ: Саспаңдар, зәкөн бәріңе де табылады! Ал оған
дейін менің зәкөніме бағынасыңдар! (Қарағыз лып етіп
ванныйға кіріп, бекініп алады да, телефон соға бастайды.

«Әлө, полиция полковнигі Қоспановты қосыңызшы. Бұл –
жиені Қарағыз! Қашан келеді? Нағашыма айтыңызшы,
маған шұғыл хабарлассын!» Қыздан құтылу қиындап, іс
насырға шаба бастағанын сезген топтың ұнжырғасы түсуге

айналады).
ДОҢҒАЛ: Әй, байбатша, сенің алдыңда екі жол тұр. Не мына
қызды алып тынасың...
САҢҒАЛ: Не түрмеден бір-ақ шығасың!

АҢҒАЛ: Саспаңыз, сізді ұмытпаймыз. Тамақ апарып
тұрамыз... Калбаса-малбаса, шай-май, шылым-мылым, анау-
мынау... Мен білемін не керек екенін, кезінде біраз отырып
шыққанмын, жылқы ұрлап...

САҢҒАЛ: Қайдағы жылқы-әй! Жұрттың адасып кеткен
бұзау, торпағын ұрлап сатып сотталып едің ғой!
АҢҒАЛ: Сен де қырық жылғыны ұмытпайды екенсің!
ДОҢҒАЛ: Әй, жігіттер, осымен бәрін доғарайық та, зытайық

аман-сауымызда! Әйда, кеттік! (Жігіттер кетеді. Әйелдер де
«әбеу, көтек» деп, жөнеледі).
ҚАРАҒЫЗДЫҢ ДАУСЫ: Әлө, жеңеше! Мені алып қашты!..
Бәлкім,

білетін
шығарсыз,
Айбатша
Байбатшаев

деген
ауданның ең бай кәсіпкері... Жоқ, інісіне емес, өзі аламын деп
отыр... Е-е, кім біліпті оның неше әйелі бар екенін... Қысқасы,
таңертең түгел жетіңдер... Екі вариантқа да дайын болыңдар...

Иә, яки-яки... О, кей!
АЙБАТША (арлы-берлі сенделіп жүріп-жүріп): Әй, Меңдіғыз...
м-мм, мадьмазель... Пардон, өз туалетіме кіруге болар ма екен?
ҚАРАҒЫЗ: Болады, бірақ тиісетін болсаң, сенің де, өзімнің

де көзіме қайшы тығып аламын! (Ванна, туалеттің есігін
ашады. Қайшысын көтере кезеніп, бір қырындап шыға береді.
Айбатша бір қырындап кіре береді. Қайшының өткір жүзі

Айбатшаның көз алдында ойнайды. Әрең демалып, ішке кіреді.
Қыз сыртқа шығып, есікті сыртынан кілттеп тастайды.
«Уһ!» деп, төсекке отырып, жан-жағына қарайды. Сәлден
кейін Айбатша есікті жұлқылап қаға бастайды. Қарағыз

ашпайды. Соткасымен смс жібереді).
АЙБАТША: Әй, қыз, аш енді, болды!
ҚАРАҒЫЗ: Ашпаймын, мырза! Егер де қиратып шықсаң,
ертең

сотта
айғақ
болады!
Туысқандарым

полициямен
келгенше, осылай отыра тұр! Ештеме етпейді, қаптан гөрі
кеңірек шығар! Тұншығып кетпессің! Әңгімелесуге рұқсат,
әсіресе мынадай роман-н-тиш-ш-ний түнде махаббат туралы

сыр шертсең, тіпті тамаша болар еді!
АЙБАТША: Қап, сені ме! Әй, қыз... (Есіктің қоңырауы
шарыл­дайды. Айбатшаның үні өшеді).
ҚАРАҒЫЗ: Бұл кім?

ДАУЫС: Ашыңыз, полиция! (Қарағыз ашады. Бетін қара
шү­берекпен перделеп алған Серкен кіреді). Маған Қарағыз
керек!
ҚАРАҒЫЗ: Мен Қарағыз! (Қолымен ванна жақты көр­

сетеді).

СЕРКЕН

(түсінгенін
білдіріп,
басын
изеп,

қатты
дауыстап): Мені полковник Қоспанов жіберді! Жиенім
Қарағыздың жағдайын біліп кел, егер де көмек керек болса, таң
ата он машина ОМОН-мен келіп, ойран-ботқасын шығарамын

деді!
ҚАРАҒЫЗ: Рахмет, бірақ әзірше бәрі дұрыс сияқты. На­
ғашы­ма сәлем айтыңыз, таңертең өзім збандаймын. Алда-
жалда менен хабар болмаса, таңғы тоғызда төбесінен түссін де,

түгін қалдырмай талқандай берсін! КНБ-дағы көкеме, соттағы
тәтеме, әкімдіктегі әпкеме, теледегі бөлеме де ескертіп, бәрі
жиылып бір-ақ келсін!
СЕРКЕН: Құп болады! (Кетеді).

ҚАРАҒЫЗ: Көріскенше күн жақсы! (Есікті жабады). Ал
Айбат­ша Байбатшаев, таң атқанша ойланып-толғанып алыңыз!
Бүгінгі таң не біздің жұбайлық өміріміздің алғашқы жарқын
таңы болып атады, не сенің бостандықтағы өміріңнің ақырғы

таңы болып атады! Тағдырыңды өзің таңда!
АЙБАТША: Оны көрерміз әлі!

ҚАРАҒЫЗ: Көрсек көрерміз! (Төсекке шалқасынан түсіп
жата­ды).
АЙБАТША (сәлден кейін ваннадан дауыстап): Әй,
Қарағыз, кел бері... келісейік!

ҚАРАҒЫЗ: Өзің кел керек болса!
АЙБАТША: Жарайды, мен сені тоқалдыққа алсам ала
салайын! (Қарағыз басын көтеріп отырады). Тек айқай-
шудың керегі жоқ!

ҚАРАҒЫЗ: Жа-а-рай-ды! (Жымыңдап билей басып барып,
ванна­ның есігін аша береді).
Үшінші көрініс
Арада бірнеше ай өткен. Серкен мен Меңсұлу қосылған.

Олардың шағын пәтерлеріне Қарағыз келеді. Малынып киінген,
алтын, күміс, гауһарларды жарқыратып, салпылдатып тағып
алған. Мүлде өзгерген. Баяғы мұғалима емес, нағыз бай келіншек
болған. Шұр­қырасып амандасады.

ҚАРАҒЫЗ: Сә-ле-м бердік бүгінгі мөлдір махаббат мекеніне!
СЕРКЕН, МЕҢСҰЛУ (жарыса, шаттанып): О-о, сәлем!
Жоғары шық! Халың қалай, Қарағыз?
ҚАРАҒЫЗ: Халды көріп тұрсыңдар ғой... (Жеңіл, әсем

қимылмен, мода көрсеткендей өзінің үсті-басын бір көрсетіп
шығады). Айт­пақшы, мен қазір Қарағыз емес, Каролинамын!
О-о, менің Каро­линам, менің королевам деп, Айбатшаның
қойып жүрген аты ғой! Бәтшағардың шығармайтыны жоқ!

СЕРКЕН: Мә-ә, күштісіңдер ғой!
ҚАРАҒЫЗ: Күшті болғанда қандай!
СЕРКЕН: Тоқал деп тұқыртпаса жараған екен!
ҚАРАҒЫЗ: Мен оған бірден айттым, егер де тоқал, токалка

деген түрпідей тиетін тақұл-тұқыл тықыр сөзбен төбемді
тесіп отыратын болсаң, бір күні түскі тамағыңа бірдеме қосып
жіберіп, тырапай асырамын дедім.
СЕРКЕН: Пах! (Меңсұлу ықыластана тыңдап, жымиып

күледі).
ҚАРАҒЫЗ: Содан токалина дейтін болды!
СЕРКЕН: Токалина!? Мынауың тіпті тамаша ғой! Міне,
қараң­даршы қандай әуезді то-ка-ли-на-а!!!Бұл жиырма бірінші

ғасырда, нанотехнология заманына сай туған жаңа сөз! Иә,
содан...
ҚАРАҒЫЗ: Әуелде, өздерің білесіңдер, менімен амалсыз
некеге тұрғасын, күйініп, біраз тулап жүрді. Мен де ауыздығын

бірден қатты тартсам, үзіп кетер деп, жіберіп тартып, жіберіп
тартып, жібітіп отырып жөнге салдым ғой!
СЕРКЕН: Пах, шіркін!
ҚАРАҒЫЗ: Алғашқыда майдалап, «маңайыңда саған

жететін кісі жоқ» деп мақтай бастап едім, онша місе тұта
қоймады. «Бұл аймақтың қаймағысың» дедім үстемелеп. Одан
іле-шала бұл елде «сенен асатын адам жоқ, сен еліміздегі нөмір
бірінші жігітсің! Сен ерекше жаралған жансың, нағыз асыл

тұқымсың!» дегенімде, майдай ерігені сондай-й... у-уһ... көкке
ұшып кете жаздады ғой! Содан бері есін жиғызбай: «Сен әлі
бүкіл әлемнің алды боласың. Шындап таразылайтын болсақ,
жер жүзінде сенімен ешкім теңесе алмайды! Басқа планетадан

табылмаса, бұл планетада сендей адам жоқ! Бұрын да болмаған,
қазір де жоқ, болашақта да бола қоюы екіталай!» – деп, қайта-
қайта күмпілдетіп мақтап-мақтап, миын майландырып, басын
айналдырамын да отырамын, айналдырамын да отырамын!

Тіпті менің мақтауыма иланғаны сондай, көзін жұмып алып,
жұта береді не айтсам да! Жұмыстан шыға сала үйге шабатын
болды... менің жанына майдай жағатын жылы сөздерімді есту
үшін. Мен де қарап қалмай, жаңадан қалай мақтасам екен

деп ізденіп, телевизор қарап, газет ақтаратын болдым. Әбден
төселіп алғаным сондай, мақтағанда сай-сүйегін балқытып
жіберемін. Қазір Айбатша үшін менен сүйікті адам жоқ!
СЕРКЕН: Сонда... соның бәріне... сене бере ме?

ҚАРАҒЫЗ: Сенгенде де көзсіз сенеді. Кейде қайтер екен
деп әдейі мақтамай қоямын. Мақтасам да аузымның ұшымен,
жауыр
болған

жеңіл-желпі
штамп
сөздермен
жүрдім-

бардымдау, мардымсыздау бірдеме дей саламын. Бітті! Құрақ
ұшып, асты-үстіме түсіп бағады. «Не боп қалды? Мазаң жоқ
қой! Бір жерің ауырып жүр ме? Курортқа, шетелге апарайын
ба?!» – деп бәйек болады. Болды, қалағанымды алғызып,

ойлаған жағыма бұрғызамын. Шетелде жүргенде де: «Мақтап
жүрген шетелдерің осы ма?» – деймін қасақана. «О не, ұнамай
ма, Каро? Керемет қой енді!» – дейді. «Жоқ, жалпы ұнайды,

адамдары да тамаша. Бірақ сен тұрғанда бұлар кім? Сенің
жаныңда керемет деген кісілерінің өзі көмескі тартып қалады
екен! Мына шетелге шырай кіргізіп тұрған сенсің! Әттең,
елдеріне қандай киелі адамның келіп, жерлеріне қандай

қасиетті табанның тигенін сезбейді-ау! Ештеңе емес, тарих
бәрін орнына қояды әлі-ақ! Сендей ұлы адамның басқан ізіне
тәу етіп, тілек тілеп, түнейтін болады бар адамзат!» – деймін.
Ө-өліп түседі!

СЕРКЕН: Пах, шіркін, тусаң ту!
ҚАРАҒЫЗ: Саған ризамын, Серкен! Бәрін жан-жақты
ойлас­тырып, сол күні Меңсұлудың кереуетіне ауысып жат
деп кеңес бергенің қандай керемет болды! Айтар алғысымда

шек жоқ! Егер, қарсы болмасаңдар, мына пәтерлеріңнің бүкіл
ипотекалық кредитін жауып берейін деп едім.

СЕРКЕН:

Мә-әссаған!
Неге
қарсы
болайық,

рұқсат,
Каролина!
МЕҢСҰЛУ: Рахмет, Қарағыз! Сен нағыз доссың! Бірақ мен
сенен бір тиын да ала алмаймын!

ҚАРАҒЫЗ: Апырай, не болды сонша?
СЕРКЕН: Сенің денің сау ма... жа-а-ане-ем?!
МЕҢСҰЛУ: Сау, сау, саспа, Серкеш, сап-сау! Ал мына сен­
дердің дендерің сау болмауы әбден мүмкін!

СЕРКЕШ. Әй, айналайын, айтып өлтірші жұмбақтамай...
МЕҢСҰЛУ: Мен ол кісінің көк тиынын да көргім келмейді!
Рах­мет, Қарағыз, ренжіме!
СЕРКЕН: Әй, оның бұл жерге қатысы қанша? Ақшаны беріп

тұр­ған Қарағыз ғой! Және, саған емес, маған беріп тұр!
ҚАРАҒЫЗ: Айбатша ештеңе де білмейді. Бұл менің
карманный, ұсақ-түйекке жұмсайтын ақшаларым !
МЕҢСҰЛУ: Жоқ дегесін, жоқ! Бітті! Менің жанымды

қинамаңдар! Кел, одан да студент кезіміздегідей арқа-жарқа
отырып бір шай ішейік!
ҚАРАҒЫЗ: Жарайсың, Меңсұлу! (Шын ықыласымен
құшақ­тай­ды). Шынымды айтсам, мен кейде сендерге қатты

қызығамын! (Сер­кен мен Меңсұлу таңдана қарайды. Қарағыз
жеңіл күрсінеді). Шын сүйгенге, шынайы сыйласқанға не
жетсін! (Бұрылып кетіп, бір айналып шығады. Меңсұлу
шайдың қамымен ас үйге кетеді. Серкен Қарағызбен бетпе-бет

келіп, қолымен белгі береді «әкел!» дегендей. Қарағыз қуанып,
күліп, сөмкесінен банк чегін алып береді. Серкен қалтасына
салып алады. Екеуі мәз болады).
Төртінші көрініс

Серкен үйге самбырлап жүгіріп келеді.
СЕРКЕН: Меңсұлу деген ең сұлу,
Сен сұлу әлде мен сұлу!?
МЕҢСҰЛУ: (күліп): Келесі конкурсқа сені жіберетін

шығармыз! (Құшақтасады).
СЕРКЕН (құшақтап тұрып): Ал мен бармай-ақ ұтып
алдым!
МЕҢСҰЛУ: Нені ұтып алдың?

СЕРКЕН: Кө-ө-п ақша ұтып алдым!
МЕҢСҰЛУ (қуанып, сәл шегініп, екі қолымен Серкеннің екі
қо­лының ұшынан ұстап тұрып): Ақша ұтып алдым?! Қайдан
ұтып алдың!?

СЕРКЕН:

Банктен!
Депозиттердің
есепшот
номерлері

бойынша ойналатын жүлделердің бес жылда бір-ақ рет
ойналатын бас жүлдесі биыл маған шығыпты!
МЕҢСҰЛУ: О-о! Қанша!
СЕРКЕН: Елу мың!

МЕҢСҰЛУ: . Жақсы болды ғой!
СЕРКЕН (ақырын): Меңсұлу, елу мың... доллар!
МЕҢСҰЛУ (сыбырлап): Елу мың доллар?! Алақай!

СЕРКЕН:

Алақайдың
бересі-ай!
(Айналдыра
билеп)

Меңсұлуым, менің сұлуым, әлемдегі ең сұлуым, Қыз Жібегім,
Баян сұлуым...
МЕҢСҰЛУ: Серкенжаным, ерке жаным, Төлегенім – кредит
төлегенім, Қозы Көрпешім – Тазы Серкешім!

(Екеуі жанға жайлы музыка ырғағымен рахаттана билеп
кете береді).
Соңы.
2012 жыл

СУИЦИД АЛАҢЫНАН РЕПОРТАЖ

Екі суретті, алты көріністі комедия
УЫЛДЫРЫҚ – студент
БЕКІРЕШ – студент қыз
ТЫҚЫР – студент

ЭКРАН – тележурналист қыз, студент-әртіс
МАЙТАБАН – студент
ФАЙЛ – студент қыз
СЕРВЕР – декан

АЙФОН – оқытушы

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Студенттер жатақханасындағы қыздың бөлмесі. Есік
тық-тық қағылады. Жауап жоқ. Есіктен ұрлана басып жігіт
кіреді. Ақырын қараса, ешкім жоқ. Столда бір стакан қара

уылдырық тұр екен. Бір қасықты толтырып алып, аузына
сала бергенде, қыз кіріп келеді. Жігіттің есі шығады. Аузында

– уылдырық тола қасық. Не жұтып жібере алмай, не қасықты

аузынан алып тастай алмай, көзі бақырайып, қызға қараған
күйі қалшиып қалады. Бөлмесінде бейтаныс жігітті көрген
қыз да шошиды әуелде.
БЕКІРЕШ: Сіз-з... кімсіз ? Мұнда неғып жүрсіз?

УЫЛДЫРЫҚ: У-у-у...
БЕКІРЕШ: Ә-ә?
УЫЛДЫРЫҚ: У-у-удырық...
БЕКІРЕШ: Удырық?!

УЫЛДЫРЫҚ: У-у-удырық!
(Қыз батылданып, жігітке жақындап келіп, аузындағы
қасығын жұлып алмақ болып, екі саусағының ұшымен
тартады. Жігіт ернін жымқырып алып жібермейді. Қыз

күштеп тартқан сайын жігіт емпеңдеп оған қарай жақындай
12-0046

түседі. Ақыры қыз қасықты жұлып алғанда, уылдырықтың
бәрі жігіттің аузында қалады. Қыз қасықты көтеріп айбат
шегеді).
БЕКІРЕШ: Сіз кімсіз деймін? Біздің бөлмеге рұқсатсыз неге

кіре­сіз? Тез жауап бермесеңіз, полиция шақырамын қазір!
УЫЛДЫРЫҚ (қыздың алдына тізерлеп отыра кетеді):
У-уды­рық!
БЕКІРЕШ: Тіліңіз бар ма өзі? (Жігіт толып тұрған аузын

көр­сетеді ымдап). Құдай үшін, жұтып қойыңызшы! (Жігіт
жалма-жан аузындағыны жеп қояды). Ал сөйлеңіз...
УЫЛДЫРЫҚ: Уылдырық!
БЕКІРЕШ: Не уылдырық? Ұрлық қыла келдіңіз бе сонда?

(Сотка­сын алып, звондауға оқтала береді).
УЫЛДЫРЫҚ (театрально бір тізесін бүгіп, бір қолын
қызға қарай созып):
Уызы бекіренің уылдырық

Ұрлыққа жүрген жұртты ұрындырып,
Амалсыздан әкелді алдыңызға
Айыпты ғып, тіземді бүгілдіріп,
Жаныңа жағар ма екен, жағдайымды

Бағайын жалпақ тілмен ұғындырып,
Тек қана сабыр етші бір азырақ,
Ашуыңды ақылға жүгіндіріп,
Атыңды ардақтаған ауызыма

Кигізуге асықпай тұмылдырық!
БЕКІРЕШ: Ал сайраңыз, Уылдырық жігіт!
УЫЛДЫРЫҚ: Сайрағанда... уылдырықты күш-жігерімізді
жұ­мылдырып, бұдан былай бірге жеп тұрсақ қайтеді, Бекіреш

қыз!
БЕКІРЕШ: Қазір жейсің... (Соткасын алып, звондауға
оқтала береді).
УЫЛДЫРЫҚ(аптығып):

Тоқташы, тоқтай тұршы, Бекіре қыз,
Тыңдашы, соңғы сөзді, өтінеміз,
Содан соң су түбіне кет десең де
Разы боп, өзіміз-ақ секіреміз!

(Қыз соткасын сөндіріп, бөгеледі. Жігіт көзін жұмып алып,
сарнай жөнеледі). Жаным Бекіреш! Мен Қыз Жібекке ғашық
бола алмадым... Баян сұлуға сөз айта алмадым... Джульеттаға
қолым жеткен жоқ... Петрарка сияқты Лаураға жыр арнай

алмадым... Ләйліге үздігіп Мәжнүн болып кетпедім... Бірақ
бүгін тағдыр маған солардың есесін бір-ақ қайтарайын деп
тұрған сияқты! Өйткені мен сізбен кездесіп тұрмын! Мен сізді
сүйемін, Бекіреш!

БЕКІРЕШ (сәл толқып барып, қатайып): Паһ, шіркін!
(Бір қа­сық уылдырықты алып): Сенің іздегенің мен емес,
мынау ғой! (Уылдырықты жігітке асатып жібереді). Осы
тойғаныңмен

аман-сауыңда
қайқай,
қане...
(Уылдырық

уылдырықты асап жіберіп, ба­сын шұлғи-шұлғи зытады. Қыз
күліп, басын шайқап қала береді).
Екінші көрініс
Студенттер жатақханасындағы Уылдырық пен Ты­

қырдың бөлмесі. Майтабан үшеуі емтиханға дайындалып
отыр. Ақтарып отырған буда-буда қағаз, қалың-қалың кі­
таптарды жаба салып, Майтабан кереуетке шалқасынан
құлай кетеді.

МАЙТАБАН: Өй, қойшы, ми ашып кетті! Шар-ша-ды-ым
бәрінен!
ТЫҚЫР: Не деген жалқаусың, әй!
МАЙТАБАН: Мен жалқау емеспін. Мен нағыз қазақпын! Ал

қазақтар жалқау болмаған. Тек қана ерінген! Андай-мұндай
шаруа­лармен айналысуға да, маңызды мәселелерге кірісуге
де, тіпті соғысуға да ерініп, үйінде тыныш жата берген. Сол
еріншектігі көп жағдайда жанын сақтап қалған. Беталды

шапқылай берсе, бірдемеге ұшырап қалар ма еді, кім білсін?
ТЫҚЫР: Ертең емтиханда көресің... ерінгеннің есесін!
МАЙТАБАН: Менің пайым түгел! Өз есебім бар!
УЫЛДЫРЫҚ: Бізге де айтшы... есебіңді!

МАЙТАБАН (Екеуін жұмбақ кейіпте қолымен ымдап,
жанына шақырып алады. Құшақтай ұстап, құлақтарын
түйістіріп тұрып, зор құпия ретінде сыбырлайды. Екеуі өліп-

өшіп тыңдайды. Майтабан екеуін босатып): Міне, менің
есебім!
ТЫҚЫР: Е-е, осы ма сонша құпиялап тұрғаның? Оны
жұрттың бәрі біледі ғой!

УЫЛДЫРЫҚ: Байдың ұлы Майтабан
Пай түгендеп қайтадан,
Баяғы бақай есепті
Қалай жаңа байқаған?!

ТЫҚЫР (күмілжіңкіреп қалған Майтабанға болысып): Әй-
тәй-тәй, әп-әйбәт Әйпөннің әйтетінін Мәйтекем көйітпегенде,
кәйтетін еді-ік!? Мен қосыламын!
УЫЛДЫРЫҚ: Мен де қостар едім... бірақ жағдай жоқ!

ТЫҚЫР: Қарыз ала тұрсайшы!
УЫЛДЫРЫҚ: Онсыз да жағалай қарызбын!
ТЫҚЫР (Майтабанға): Табаны майлы, көңілі жайлы
деген атың бар, құтқар досыңды!

МАЙТАБАН: Былтырғы қарызын әлі қайтарған жоқ маған.
Одан да өзің неге бермейсің? Әлде қытыр-қытыр етіп, қатарыңа
түк татырмайтын болғасын Тықыр атанып па едің?
ТЫҚЫР (күледі): Жоға! Тықыр деп тасқайрақтай ысылған,

су жұқ­пайтын мықты болғасын атап кеткен ғой! Басыңды
айналдырып, яки небір ғажайыптармен алдандырып, лезде
иландырып әкететін, лепіртіп, іліктіріп, меніңді жойып, аз­
дыратын нағыз осындай вам­пир заманда тықыр болмасаң,

жытқыр қоғам бытыр-бытыр үзіп, ғытыр-ғытыр шайнап,
жұтқынына бір-ақ зытырады! Жә, мен беремін Уылдырық
үшін!
УЫЛДЫРЫҚ: Жоқ, рахмет, қажеті жоқ! Мен өз күшіммен

ты­рысып көремін!
ТЫҚЫР: Сөзді қой! Ертең тізімде болмасақ, Әйпөн екеумізді
ай­далаға жіберер!
МАЙТАБАН: Айпон емес, бұл нағыз майпон! Екі беті

бұлтиып, қып-қызыл боп жүреді ылғи... Біздің ақшамызды
жеп-жеп тойған­дықтан шығар...
УЫЛДЫРЫҚ: Жоқ, ұяттан қызарып жүруі мүмкін!
МАЙТАБАН: Мейлі, енді, амал жоқ, мен Файлды шақыра

қояйын. (Соткамен СМС жібереді).

УЫЛДЫРЫҚ: Әй, осы сендер ақшаны қайдан аласыңдар? Менің қолымнан келмей-ақ қойды пайда табу! ТЫҚЫР (Майтабан екеуі қолдарын көкке көтеріп, ша­ паттап, масайрап қалады). Қаланың тірлігі үйретті ғой талай нәрсені! МАЙТАБАН: Мен оқуға түсерде әкем бір жамағайын қызметкер­­дің үйіне алып келді. «Осыны бірдеме ғып шығар. Оқуы онша емес, бірақ, тоқуы күшті, өлмес күнін көре алатын айла-амалы бар. Оқу­ға түсір, грантқа кіргіз, өрге сүйре, әйтеуір, алып шық. Мынау – мінгізген атым, мынау – келіннің жолжоралғысы. Оқуға түсті де­сең, сүйіншің дайын. Оған қоса, жыл сайынғы соғымың менен! Ал өзіңе аманат!» – деп үйіп-төгіп, кесіп-пішіп, ауылға бір-ақ тартты. Жамағайынымыз жүгіріп жүріп грантқа түсірді. Алғаш келген күннен бастап үйінен шықпай қойдым. «Әкемнің қалдырған жерінен қозғалмаймын!» – деп, жатып алдым. Сабаққа анда-санда бір барамын. Әбден ығыр қылдым. «Әй, мынадан мені құтқарыңдаршы!» – деп зар еңірейді кейде! Сол кезде семіз соғым, әкемнің сәлемі мен сәлемдемесі кеп қалады да, жайланып жата береміз. УЫЛДЫРЫҚ: Күштісің, әй, күштісің! ТЫҚЫР: Ал мен неше түрлі айламен, арасында тиіпқашып бір­демелер істеп, күн көріп жүр едім, бір күні қызық болды. Көшеде әндетіп келе жатқанмын. Кішкентай ғана тыптыныш көше... Қиылыстан өте бергенімде, шиқ-шиқ, бипбип... сарт-сұрт ете қалды... Не болғанын білмеймін... ұштым да кеттім... Бір қарасам... шалқамнан жатырмын... Бетіме бір ыстық тамшылар тырс-тырс тамады келіп, тырс-тырс тамады! Тамаша... Жылы жаңбыр жауып тұр екен десем... бір әп-әдемі келіншек... басымды сүйеп, жылап отыр... соның көз жасы екен бетіме тамып тұрған. «Пажалыста, өлмеші... өтінемін сенен... тек өле көрмеші», – деп егіледі. Әлгі егілген сайын жаным кіріп, жата бергім келіп... көзімді бір ашып, бір жұмып... ақырын жан-жағыма қарасам... басқа ешкім жоқ. Есім жиылды. Тірі екеніме көзім жеткен соң, тілге келдім. «Сен бе мені қағып кеткен?» «Иә, мен, байқамай... кешіріңіз, мен өзім бәрін реттеймін», – деді алқынып. «Байың бар ма?» – дедім. «Баймын, баймын», – деді сасқалақтап. «Байың бар ма деймін? Эті... мужы... ес?» – деп, орысша туралап қойдым.

«Жоқ!» – деді. «Өте жақсы! Онда үйіңе апар!» – дедім.» «Ә-ә?»

– деді есі шыққан әйел. «Полиция, дәрігерлер келіп қалмай

тұрғанда тез кетейік бұл жерден. Заңға берейін бе? Әлде өзің
реттейсің бе бәрін?» – дедім. Әйел қуанып кетті. «Әрине,
әрине, әңгіме жоқ... өзіміз-ақ реттейік. Рахмет, рахмет сізге,
жүріңіз...» – деп, сүйемелдеп алып кетті.Содан сан етім сөгіліп

кеткен екен... айыбын тартып, ақысын төлеп, мені ұза-ақ
емдеді! Әлі емдеп келе жатыр! Менің де тез жазылып кеткім
келмейді... оқуым біткенше ауыра тұрсам ба деймін амалдап...
дәрі-дәрмектің, ем-домның ақшасын алып...

УЫЛДЫРЫҚ: Аяғың сап-сау ғой!
ТЫҚЫР: Ол сендерге солай! Ал емделетін кезде сіңірі
тартылып қалады!
МАЙТАБАН: Паһ, шіркін, тусаң ту!

УЫЛДЫРЫҚ: Ал менің қолымнан ондай қулық келмей-ақ
қойды!
ТЫҚЫР: Сонда қалай күн көрмексің?
УЫЛДЫРЫҚ: Мен тіпті күнкөріс жайын онша ойлай

бермеймін.
ТЫҚЫР: Мә, мынауың керемет екен! Сонда нені ойлайсың?
УЫЛДЫРЫҚ: Мен бе... мен... елім үшін үлкен істер
атқарып, адал еңбек етіп, халқымның азаматы болсам, асқар

биіктерге жетсем деймін!
ТЫҚЫР: Мәссаған! Кітап пен экранның бас кейіпкерлері
құсап, тым шырқап кеттің ғой! Қандай күлкілі!
МАЙТАБАН: Бұдан шығады... қиялилау, қуғынбай ғой!

Бірақ, меніңше, жанталасып жардан құлағанша, жан бағып
жантайып жатқан артық!
УЫЛДЫРЫҚ: Ал мені «бұ дүниеге не үшін келдік?» не үшін
жаралдық, не үшін, қалай өмір сүру керек, өмірдің мәні неде?»

деген сауалдар мазалайды!
ТЫҚЫР: Не үшін өмір сүргені несі, әй? Адам сияқты күн
көру үшін өмір сүреміз-дағы! Алдымен диплом алу керек! Сосын
жалақысы жоғары, жаның қиналмайтын жақсы жұмысқа тұру

керек! Үшінші, үй алу керек те, жақсы қызға үйлену керек!
Бірақ осының ішінде оңайы диплом алу ғана! Қалғанына біраз
бас қатырып, қайрат-күшің мен қаржы-қаражатыңды сарп
етуге тура келеді!

УЫЛДЫРЫҚ: Дұрыс қой, оның бәрі тіршіліктің қажетті
мәсе­лелері. Оны қоя тұршы. Ал мен бір керемет ерліктер
жасап, әлемді өзі­ме қаратқым келеді!
МАЙТАБАН: Дұрыс-ақ дейік! Негізі, ерлік жасау менің де

қолымнан келеді. Бірақ ерінемін! Және де ерлік жасау қауіпті
ғой!
ТЫҚЫР: Ал менің қылмыс жасағым келеді!
МАЙТАБАН: А-а?

УЫЛДЫРЫҚ: Не деп тұрсың, әй?
ТЫҚЫР: Қылмыс болғанда да ұсақ-түйек ұрлық-қарлық
емес, кәдімгі нағыз үлкен қылмыс жасағым келеді! Қылмыс
жасасаң, телеэкраннан түспейсің. Міне, атақ-даңқ та сонда!

Мемлекет тегін бағып-қағады!
УЫЛДЫРЫҚ: Бірақ бәрібір қылмыстың аты – қылмыс!
ТЫҚЫР: Бекірештің бөлмесіне баса-көктеп кіріп барып,
уыл­дырық ұрлап жегенің қылмысқа жатпай ма? (Үшеуі ду

күледі). Содан Уылдырық атанып кеткен жоқсың ба?
МАЙТАБАН: Негізі біздің Уылдырық адал адам болғасын,
кішкентай ұрлықтың өзі жақпай қалды, көрдің бе? Ал жарты
әлемді жалмап жұтып жатқандар ұсталмайды!

ТЫҚЫР: Бірақ қылмыстың аты – қылмыс, ұрлықтың аты

– ұр­лық! О заманда бұ заман, қыздың уылдырығын ұрлағанды

кім көрген?
УЫЛДЫРЫҚ: Жоқ, ол онша ұрлық емес енді... Мен ол
қызды көптен бағып жүрдім... Көрші заң факультетінде оқиды,
тәп-тәуір қыз. Байқауымша, сол қызға ылғи жәшік-жәшік

уылдырық пен балық кеп тұрады! Шіркін, соған бір тұмсығым
тисе ғой деп қызығып жүретінмін...
ТЫҚЫР: Тұмсығың... неменеге тисе дедің? Қызға ма,
уылды­рық­қа ма?

МАЙТАБАН: Бәрібір ғой... екеуі де жаман емес... Негізі,
уыл­дырықтан бастаған дұрыс!
УЫЛДЫРЫҚ: Солай енді... екеуін де жақсы көргесін,
жаңағы өздерің айтқан күнкөріс пен келешекті ойлап, екі

мәселені бір-ақ шешпекші болып, уылдырығы көп қызбен
танысайын деп барып едім... сол жұртқа жайылып кетті ғой...
ТЫҚЫР: Кейін не болды? (Есік қағылады). Кіріңіз!
(Қолында қызыл файлы бар Файл кіреді.(

ФАЙЛ: Сәлем, жігіттер! (Жігіттер «сәлем, сәлем» деседі).
МАЙТАБАН: Файлжан, мына Тықыр мен Уылдырық та
қораға кіреміз дейді. Тізімге енгізсең, кешігіп қалған жоқ па?
ФАЙЛ: Алыс-берісте ешқашан кештік болмайды... «Ештен

кеш жақ­сы» деп осындайды айтқан аталарымыз. Тәк, тізімге
жазамыз. (Файлдан тізім жазылған қағазды алып) Ты-қыр,
тә-әк, Ты-қыр! У-ыл-ды-рық! (Қағазды дұрыстап қарайды).
Уылдырық! Дұрыс, міне, бітті! Емтиханнан бес алуларыңмен...

(саусағының ұшымен ымдап) бес мың бес жүзден, екеуіңнен
он бір мың!
ТЫҚЫР (Ақшасын ыңғайлай бастап): Неге бес мың
бес жүз? Бестіктің құны бес мың емес пе еді? (Майтабан

әуестеніп, Уылды­рық ыңғайсызданып отыр).
ФАЙЛ: Инфляция... девальвация... сервис!
ТЫҚЫР: Тықырды да тақырлап қырқатын қыз бар екен-ау!
(Күліп, басын шайқап, ақшаны береді. Файл ақшаны қызыл

файлға салып алып, «сау болыңдар!» дегендей ойнақылана
қолын бұлғап, зулап кетеді. Жігіттер әрі-сәрі күйде қалады).
УЫЛДЫРЫҚ (арлы-берлі орғи басып): Ой, жігіттер-ай! Беу,
қыз­дар-ай! Осының бәрі қандай жиіркенішті!

ТЫҚЫР: Се-ля-ви!
МАЙТАБАН: Дұшпан не десе о десін, бұл біздің өміріміз!
Және маған майдай жағады! Қолы майлының – жолы майлы,
табаны майлының – амалы майлы!

Үшінші көрініс
Аудитория. Емтихан. Айфон мен Уылдырық қызылкеңірдек
болып дауласып отыр.
УЫЛДЫРЫҚ: Жо-жо-жоқ! Кешіріп қойыңыз, бірақ мен

мұндай өтірікпен келісе алмаймын. Маған шындық керек! Кез
келген адамның арғы ата-тегі көне замандарға барып тіреледі.
Тіпті ең тереңге дейін, Адам ата-Хауа анаға дейін барады!
АЙФОН: Тарих ғылымы ешқандай Адам Ата – Хауа

Ананы білмейді! Ол әншейін діни аңыз ғана! Ешқандай
нақты деректермен дәлелденбеген! Ал ғылым тек қана тарихи
фактілерге арқа сүйейді. Дарвиннің эволюция теориясы бо­
йынша, адамзат маймылдан пайда болған!

УЫЛДЫРЫҚ: Жарайды, солай-ақ болсын дейік! Бірақ
сіздің маймыл атаңыз біздің маймыл атамыздан бұрын пайда
болды дегенге мен бәрібір келісе алмаймын! Тоқтай қалыңыз,
сіздің жүзінші, бәлкім, мыңыншы атаңыз бір тамаша сәтте

маймылдан адамға айна­ла қойды дейік. Ал сонда менің атам
немене, ағаштың басында жалаңбұт жапырақ жеп отыра берген
бе… адамға айналмай...
АЙФОН: Жоқ, былай болған... бәрінен бұрын менің атам

маймыл­дан адамға айналған да, содан кейін сендердің аталарың
сол кісіден тараған...
УЫЛДЫРЫҚ: Қалай, қалай? Сонда менің атам сіздің
атаңыздан тараса, онда сол сіздің атаңыз менің де атам болып

шықпай ма? Онда біз бәріміз бір атаның баласы емеспіз бе?
Тіпті сіздің атаңыз біздің атамыздан тараған десек жөн шы­
ғар, ә?
АЙФОН: Ол жағына онша көп бас қатырудың керегі жоқ!

Нақты ғылыми дәлелденген ақиқат мынау – менің атам сенің
атаңнан үлкен!
УЫЛДЫРЫҚ: Мен мұндай рулық, ұлттық, нәсілдік
кемсітушілік көзқарастармен келісе алмаймын! Тарихта көне

халықтар, жас халықтар деп жазады. Осыны түсінбей-ақ
қойдым. Мәселен, үлкен халықтардың ата-тегі пәленбай мың
жылға дейін кеткенде, біз не­мене, кеше пайда болыппыз ба?
Көктен түсе қалыппыз ба? Мысалы, жеті атаның ар жағында

жетпіс жеті, жеті жүз жетпіс жеті, тіпті, керек десеңіз, жеті
мың жеті жүз жетпіс жеті ата жатқан жоқ па? Оның ар жағы
тағы солай кете бермей ме? Кез келген елдің атасы ең арғы
түпке дейін бармай ма? Ал сіздер пәлен халық пәлен ғасырда

тарих сахнасына шықты деп қарап отырасыздар. Оның ар
жағында тамыр, тарих, тағдыр жоқ сияқты!
АЙФОН (даусын көтеріп): Студент Уылдырық! Бас жаққа
барыспайық!

УЫЛДЫРЫҚ (қызбаланып, тоқтай алмай): Сөйтіп, мына
халық бас халық, мына халық жас халық деп, менің атам
артық, сенің атаң кем деп, алалап тарих жазасыздар! Ол аздай,
үлкен халықтардың аз халықтарды қырып-жойып, отарлап

басып алып, бұтарлап басынғандығын ашып айтпайсыздар!
Мен мұндай теңсіздікті насихаттайтын тарихқа көнбеймін!

Қабылдамаймын! Қиянат... тарихқа қиянат жасап отырсыздар
сіздер!
АЙФОН (қатты айқайлап): Жә, жетті! Доғар енді!
Айдалаға лағып барасың! Емтихан сұрағына көш!

УЫЛДЫРЫҚ: Емтихан сұрағы – өтірік! Қолдан жасалған
өтірікті де тарих деп кімді алдайсыздар? Ол кімге керек? Өтірік
тарихпен тәрбиеленген ұрпақ қандай болмақ ертең?!
(Сервер кіріп келеді. Жобасы, айқайды естіп келген. Түсі

суық).
АЙФОН: Мына көргенсіз... қайдағы-жайдағыны қопарып...
біз­дің бәрімізді өтірікшісіңдер деп айыптап отыр! Оқытып
жатқан тарихтарың өтірік дейді!

СЕРВЕР (зілді): Әй, шырағым, не бықсытып отырсың?
Сонда мы­на сен шындыққұмарсың да, біз бәріміз өтірікшіміз
бе, немене?
УЫЛДЫРЫҚ: Мен олай дегем жоқ! Мен бар болғаны

әлемдік тарих ғылымындағы өрескел бұрмалаушылықтармен
келіспейтіндігімді айттым!
АЙФОН: Біздің атамызды маймыл дейді!
СЕРВЕР: А-а, не дейді? Әй, қайталап айтшы, қане, кімнің

атасы маймыл, ә?
УЫЛДЫРЫҚ: Жоқ, апай айтады... менің атам маймылдан
адамға сенің атаңнан бұрын айналған, сондықтан біз артықпыз
дейді. Мен сіздің атаңыз тараған жерден біздің атамыз да

тараған шығар десем, көнбейді. Бұдан шығатын қорытынды,
бұл кісінің маймыл атасы маймылдың ішіндегі бір пысықай,
жемқоры болғаны-ау... жұрттан бұрын адам деген атты
жекеменшіктеп алған!

СЕРВЕР: Әй, не оттап тұрсың өзің? Қайдағы пысықай май­
мыл, қайдағы жемқор? Мүмкін, мен де маймыл шығармын,
ә? Жемқор деп бізді меңзеп тұрғаннан саумысың? Мен саған
көрсетемін май­мылды!

УЫЛДЫРЫҚ: Ағай десе, мұны айтып тұрған мен емес,
тарих қой!
СЕРВЕР: Айтса несі бар, ол – ғылым! Көне дәуір деректеріне,
археологтар тапқан ежелгі адамдардың сүйектеріне қарап

айтады да!
УЫЛДЫРЫҚ: Мен археологияның маңызын түсінемін,
бірақ көне бейіттерді қопарып, аруақтарды мазалағандарына

қарсымын! (Сервер мен Айфон есі шығып, бір-біріне қарайды).
Расында, былай ғой, ағай, бес ғасырдан кейін сіздің сүйегіңізді
қазып алып, саудыр­латып қапқа салып, музейге апарып
шалқаңыздан жатқызып, тырайтып шашып тастаса, жақсы

көресіз бе? (Сервердің көзі аларып, қаны қайнап кетеді). Жоқ,
ағай, саспаңыз, сіздің сүйегіңіз кімге керек... жатасыз бір
машина кірпіштің астында... қияметке дейін!
СЕРВЕР: Жап аузыңды! Кет көзіме көрінбей! Енді бірдеңе

дейтін болсаң, оқудан қудыртамын! Бар, жоғал, сендейдің
барынан жоғы артық! (Сервер қаһарланып, есікті нұсқайды.
Уылдырық басынан біреу «дүңк» еткізіп ұрғандай, қос қолымен
басын қыса ұстап, теңселіп жүреді. Айфон Уылдырықты

шығарып жібереді).
Төртінші көрініс
Жатақханның сыртында Уылдырық Бекірешті күтіп
тұр. Манағы жанжалдан кейін, сабасына түсе алмай, маза­

сызданып, сағатына қарай береді. Файл келеді. Ренішті.
УЫЛДЫРЫҚ: Файл? Сен мұнда қайдан жүрсің?
ФАЙЛ: Тықырға сен үшін төлеген ақшасын қайтарып
берейін деп бара жатырмын. Түу, Уылдырық, сен қандай

жынды едің! Бәрін бүлдірдің ғой! (Уылдырық үнсіз қарайды).
Айфон апай маған жаман ұрысты, сен кімді тізімге кіргізгенсің
деп. Тіпті бағамды қоймай жі­бере жаздады. Уылдырық дегенді
білмеймін, өзің әкелдің, өзің құтыл деді. Түу, сонша ақымақ

болармысың... амалдап бағаңды қойдырып, стипендияңды
алып, оқи бермейсің бе?
УЫЛДЫРЫҚ: Жоқ, мен өтірікке көне алмаймын! (Бекіреш
келіп, бір шеттен бақылап тұрады. Аң-таң, түсінбей, ептеп

қызғанып қалғандай).
ФАЙЛ: Көнбесең қағынып кет! Бірақ жұртқа кесіріңді
тигізбе! (Кетуге оқталады).
УЫЛДЫРЫҚ (оны қолынан тартып): Тоқта, тоқташы,

Файл, Файлжан! Мен саған бәрін де түсіндіремін!
ФАЙЛ (қолын босатуға тырысып): Керегі жоқ! Сенің өзіңді
де, сөзіңді де кім керек қылсын енді!? Сендей қиялилардың

барынан жоғы! (Жұлқынып шығып, қайырылмай кетеді.
Уылдырық басынан біреу «дүңк» еткізіп ұрғандай күйде
теңселіп тұрып қалады. Ақы­рын басып, тістеніңкіреп,
Бекіреш келеді. Уылдырық оған қолын соза бергенде, Бекіреш

қолын артына жасырады).
БЕКІРЕШ: Ой, жаным, қой жаным, Файлжаның қай жаның?
УЫЛДЫРЫҚ: Ол әншейін бірге оқитын қыз ғой! Мен
қазір, жаным... бәрін айтып түсіндіремін саған... (Бекірешке

біресе жақындап, біресе алыстап, айналып жүріп болған
жағдайларды, жан сырын ақтарады. Қолдарын сермеп,
қызбалана сөйлейді. Қыз оған бірде иланып, ойлана қараса,
бірде кекесінмен күле қарайды. Барлығын айтып болғасын

Уылдырық сәл байыз тауып, Бекіреш­тің алдына келіп
тоқтайды). Қысқасы, маған қазір сен керексің! Менің
сүйенішім де, қамал-қорғаным да, барым да, байлығым да,
бағым да тек қана сенсің!

БЕКІРЕШ: Өзің жатақханадан қуылып, оқудан шығайын
деп жатсаң... өмірге бейімің, тіршілікке түк ебің жоқ болса...
онда мені несіне мазалайсың? Қайтіп маған қамқор, пана
болмақсың? Сендей жігітке кім сеніп тапсырады тағдырын?

УЫЛДЫРЫҚ: Бекіреш, оның бәрі түк те емес. Ең бастысы,
мен сені шын сүйемін! Кел, екеуміз қосылайық! Қалғанын қол
ұстасып жүріп көріп алармыз!
БЕКІРЕШ (мазақтап): Бір басыңды баға алмай жүріп,

шаңы­рағыңды қайтіп көтермексің? Іргеңді немен бекітіп,
керегеңді қалай кеңітіп, терезеңді қайтіп жұртпен теңемексің?
Осының бәрін ойлайтын ақылың жоқ, мені алақанға салардай
ақы-пұлың жоқ, қай бетіңмен сөз салып тұрсың? Сен бар

ғой... сен барып тұрған бейшара, ақымақ екенсің ғой! Сенің
бұл өмірдегі орның қане, жүретін жолың қайда?! (Уылдырық
үнсіз булығып қалады). Жауабың, жауабың? Жас жігіт...
үндей алмайсың, ә?! Олай болса, сенің бұл дүниеде барың не,

жоғың не, бәрібір емес пе!? (Кетеді. Уылдырықтың басына
тағы бір соққы «дүңк» еткендей болып, есі ауыңқырап қала
береді).

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Уылдырықтың бөлмесі. Уылдырық ауыр ой үстінде оңаша
отыр. Өте ренішті. Тықыр келеді.
ТЫҚЫР: Мә, өзің терезеге қарап, бір терең ойға батып

отырсың ғой!
УЫЛДЫРЫҚ: Секірейін деп отырмын!
ТЫҚЫР: Не болды әй, сонша?
УЫЛДЫРЫҚ: Лақтырып кетті!

ТЫҚЫР: Лақтырып?! Кім, қайда?
УЫЛДЫРЫҚ: Қыз лақтырып кетті!
ТЫҚЫР: Е-е, қыз ба!..
УЫЛДЫРЫҚ: Қыз отказ! Мен құрыдым... біттім... Енді

өмір сүргім келмейді! Онсыз маған бақыт жоқ!
ТЫҚЫР: Өй кет, қайдағыны айтпай! Дүние бір қызға
байланып қалып па сонша, басың аман болса, қыз табылады
әлі...

УЫЛДЫРЫҚ: Сен ділмарсымай қоя тұршы осы... Әңгіме
жалғыз онда емес... Мені өмір лақтырып кеткен сияқты! Сен
түсінесің бе, ұғасың ба мұндай халді... Мен өзім де түсінбеймін
неге екенін, бірақ сұмдық өлгім келеді! Мүлде құлқым да,

құштарлығым да жоқ өмір сүруге... Тойып біттім, түңілдім
әбден қу тірліктен... Өзімді өзім қайрап та көрдім... бірақ
көңілімде бір құлазу бар... шет-шегі жоқ, бітпейтін бір
торығу бар... мен нағыз өмірден адасып, артта қалып қойған

сияқтымын... белгісіз бірдеме менің еңсемді езіп, жанымды
жегідей жеп, әлдеқайда шақырады да тұрады... не екенін өзім
де түсінбеймін... бірақ, өзегімді суыра тартады бір жаққа... мен
үшін түк қызық, мағына қалған жоқ мына жалған дүниеде...

сондықтан ешкімге зиянымды тигізбей, тып-тыныш кетуге бел
байладым!
ТЫҚЫР: Қой, өйтіп басты қатырма! Ата-анаңды ойла, бола­
шағыңды ойла...

УЫЛДЫРЫҚ: Жә, қысқарт енді! Осы ақыл айтқандарыңды
қойыңдаршы! Қайдағы болашақ айтып тұрғаның? Ертең

итшілеп жүріп, әр мұғалімге пара беріп жүріп оқу бітірген
соң, одан да өткен ит тірлік басталмай ма? Жұмыс жоқ, бола
қалса жарытымды жалақы жоқ, үй жоқ, күй жоқ, жартылай
қаңғыбас, жартылай қайыршы болып өлмес күн көруге менің

жүйкем шыдамайды. Мен өлмес күн көруге разы емеспін! Мен
жақсылап өмір сүргім келеді! Ұғасың ба сен? Ұқпасаң, жайыңа
кет! Мен ертең бүлік шығарып, бірдеңені бүлдірсін, біреуді
өлтірсін демесең, бөгеме жолымды! Тыныш өмір сүргізбеп

едіңдер, тым болмаса тыныш өлуге рұқсат етіңдер!
ТЫҚЫР (үндей алмай, еңсесі түсіп, ойға батып отырып):
Шы­нын айтқанда, сенің мұндай сұрақтарыңа менің жауабым
жоқ. Қалай өмір сүру керектігін өмір өзі көрсете жатар. Бірақ

менің саған айтар бір-ақ анық сөзім бар. Қандай жағдай болса
да, ешқашан да өлуге асықпа, өзіңді өзің өлтірме! Аман-сау
болсақ, басқасының бәрін бірдеме қылармыз!
УЫЛДЫРЫҚ (сәл жұмсарып): Жә, мұның бәрі жауыр

болған жаттанды сөз! Маған түк те әсер етпейді, өйткені мен
ол шектен өтіп кеттім! Енді босқа әуре болма! Дос екенің рас
болса, ақтық тілегім – сен маған қиналмай аттанып кетуге
көмектес! Бір-ақ сәт... ойлап қарасаң, бұ дүниеден о дүниеге

өте салу онша қиын шаруа емес-ау... ешқайда бармай-ақ,
алашапқын болмай-ақ, тіпті орныңнан қозғалмай-ақ қас
қағымда ана жаққа өте салуға болады екен ғой шынында!
ТЫҚЫР (Уылдырықтың сөзін ден қоя тыңдап, жүзіне

зер сала қарап, шын екеніне көзі жеткен соң, бір шешімге
келгендей ши­рығып): Жарайды онда! (Орнынан тұрып,
офицерлерше сым­дай тартылып, салтанатты, салмақты
үнмен кесіп-пішіп) Піре­кеңнің Ілекеңі, мен сенің ең соңғы

тілегіңді орындау бақытына ие болғаныма өте қуаныштымын!
Досым деп маған мұндай сенім көрсеткеніңе ризашылығымды
білдіремін! Мен барлық күш-қайрат, жігерімді сарп етіп, сені
жақсылап аттандырып жіберуге дайынмын! Бірақ сен де менің

бір тілегімді бер! (Уылдырық таңданыңқырап, үнсіз қарайды).
Жоқ, ол соншалықты қиын нәрсе емес, осы сенің суицидіңе
байланысты! Иә десең болды, ар жағын өзім жігін білдірмей
жымдастырып жіберемін!

УЫЛДЫРЫҚ: Жақсы! Ал, айта ғой...
ТЫҚЫР: Айтсам... Ақыры өлетін болған соң адам құсап
дұрыстап өл! (Уылдырық таңдана қарайды). Ол үшін менің

айтқанымды істесең болды! (Уылдырық селқостау басын
изейді). Онда кел. (Ты­қыр екі алақанын ысқылап, құлшына
кіріседі). Екі дос әуелі оңашада ақылдасып, әбден пісіріп
алайық... істің ретін! Иә, алдымен басын ашып алатын нәрсе,

қашан, қалай өлмекке бел будың?
УЫЛДЫРЫҚ: Осы қазір терезеден секіріп кетсем бе деп
отыр­мын...
ТЫҚЫР: Секіріп?.. Болмайды, әй, болмайды! Өзің ойланып

қарашы... Біріншіден, бесінші этаждан секіріп ешкімді
таңғалдыра алмайсың. Екіншіден... бірден мүрдем кете қойсаң
жақсы, ал тізеңмен түссең, ой, қандай жаман... қан қақсап,
жаныңды көзіңе көрсетеді. Арқаңмен түссең тіпті қиын...

омыртқаң сынып, өмір бойы сал болып, төсекке таңылып
азап тартасың! Үшіншіден, сеспей қату үшін тас жолға тура
баспен түсу керек! Бірақ жан-жаққа қаның шашырап, миың
бырқырап... бр-рр... шашылып жатқанның несі жақсы?! Көзіңе

елестетіп көрші өзің... сен жатасың қан-қан болып... Жұрт
жиылып тұрады тамашалап... Полиция, дәрігерлер абыр-
сабыр... Бір жақта ата-анаң, бауыр-туыстарың зарлап жылап
жатыр... Барлығын жерге қаратып кеткен қарабет әкеңнің

аузын... деп, бүкіл жұрт сені боқтап қояды арасында. Сенің
денеңді жиып-теріп жүргенде қаныңды... әсіресе миыңды
аяқтарына былш-былш басып кетеді... Ә-ә?! Қандай жаман!
Сондықтан секірмей-ақ қойсаң қайтеді?!

УЫЛДЫРЫҚ: Жақсы! Бір айтқаның болсын... секірмей-ақ
қояйын! Бірақ мен өлемін деген соң бәрібір өлемін! Сен маған
жан қинамай өлудің оңай жолын айт!
ТЫҚЫР (кеңірдегін екі қолымен ымдап, асылғанды

көрсетеді): Қалай болар екен?
УЫЛДЫРЫҚ: Буынып өлуге арқан таппай отырмын...
ТЫҚЫР: Иә, мәселе... мәселенки... Қой, Пірекеңнің
Ілекеңі кір жаятын жіпке ілініп өліпті деген аты да жаман

ғой! (Қабырғаларға, төбеге қарап жіберіп): Және, дұрыстап
асылатын да ештеме жоқ екен. Шіркін, бір мықты темір
күршек болғанда ғой төбеде... Әй, бірақ қазіргі қабырғалар
мен төбеге дұрыс күршек те іле алмайсың, түртіп қалсаң сау

ете түсейін деп тұр... Құрылысшылар да қызық... үй салғанда
осының бәрін ойластырып, мықты қылып салмай ма? (Басын

шайқап, ойланып отырады. Уылдырықтың да ұнжырғасы
түсіп кетеді. Тықыр бір кезде айқайлап атып тұрады).
Таптым! Сеппуку! Харакири! Самурайларша өзіңді-өзің жарып
жіберсең, өлімнің төресі осы! Жер-жаһанға жапондардан кем

емес екенімізді жария қылып, бізден де бір көзсіз батыр шықты
деп жарнамалауға да жақсы!
УЫЛДЫРЫҚ: Жарнама?!
ТЫҚЫР: Иә, жар-на-ма! Қазіргі даңғаза заманда жарнамасыз

жанжалға да жарымайсың! Сондықтан сенің самурайлардың
ерлігіне пара-пар батырлық ажалыңды ғажайып оқиға ретінде
жапан дала мен жапонға, тіпті жер-жаһанға жарнамалау керек!
Енді сен үн-түнсіз, елеусіз өле салатын сумұрын сұмырай

емессің ғой! Сенің суицидіңді әлемге әйгілеп, адамзатқа үлгі
қылуымыз керек! Беделді телеарналардың бірін шақырып,
тікелей хабар таратуымыз керек! Репортажды жүргізуге
тележұлдыздармен бірге мен өзім де қызу атсалысамын! О-о,

елге танымал боп кетсем, рейтингім көтеріліп, келешекте
тойларға шығып, асаба болып, ақшаның астында қалар едім!
Солай, достым, сен жай кетпей, бізге пайдаңды тигізіп кет!
Өзің де бұл өмірде бір із қалдырып, өлеріңде атақ-даңққа

бөленгенің дұрыс! (Уылдырықтың есі ауып, көзі алара
қарайды). Жо-жоқ, сен ештеңеге де алаң болма, тек айнып
қалмай, менің айтқанымды істеп, уағда бойынша уағыңмен
өлуіңді білсең болды! Қалғанын өзім қатырамын! Келістік пе?!

(Уылдырық бейжай қалыпта қолын бір-ақ сілтеп, кереуетке
етпетінен түсіп жатып қалады). Сен үлкен сынақтың
алдында сәл тынығып ал, мен қазір бар шаруаны реттестіре
қояйын! (Тықыр телефонын жүре терген күйінде, «әлө, әлө!»

деп, шығып кетеді).
Екінші көрініс

Уылдырықтың бөлмесіне ентігіп Майтабан келеді. Аппақ
көй­лек киіп алған Уылдырық оған назар аудармай, бір нүктеге
қадалған күйі, үнсіз отыра береді.
МАЙТАБАН: Өй, әрең келдім-әй... Тамаққа тойып алып,

қисайып жата қалып едім... көзім ілініп кетіпті... енді рахат­

танып қалың ұйқыға кіре бергенде... Тықыр телефон соғып
оятып жіберді... Амал жоқ шықтым... Суицид дегесін... онда
да сен болған соң... Басқа біреу болса қозғалмай жата беруші
едім... қырқына дейін бір барармын деп... (Майтабан сөйлей

жүріп, кереуетке отырады, бірте-бірте қисайып жатады).
Жарайды, Тықырдың еті тірі, пысықтау ғой, көзге түскенді
де жақсы көреді... басқара берсін... мен қолдаушы, тілеулес
болып отырайын... (Сөзін аяқтай беріп, қор ете түседі).

УЫЛДЫРЫҚ (шыдай алмай, түртіп оятып жібереді): Әй,
сені де досымыз бар деп жүрміз-ау! Тіпті селт етпейсің ғой...
кісі өлейін деп жатса...
МАЙТАБАН (басын көтеріп): Ә-ә? Немене, біреу өлгісі

келді екен деп, ұйқымызды бұзамыз ба енді? Әуелі өліп
алсайшы. Оған дейін мен біраз тынығып алайын. Әлі қайда,
әуре-сарсаң жетеді... сенің денеңді анда-мында тасу керек...
моргке, полицияға апарып, қаншама қағаз алу керек... сені

кескілейді... экспертиза... анализ... Сондықтан асықпа, менің
достық қызметімді өлгеннен кейін көресің... көмгенде де көп
кешікпей келуге уәде беремін!
УЫЛДЫРЫҚ: Туһ, саппас! Не деген ит едің!

МАЙТАБАН: Он екіде бір гүлі ашылмай жатып, өз-өзіне қол
салып, көктей солайын деп отырған сен ит пе, жоқ, тыңқиып
тойып алып, тыныш жатқан мен ит пе? (Есінеп, жата кетеді).
Сен өлді екен деп ешкімнің де қылы қисаймайды, көр де тұр!

Бір қуысқа тыға салады – бітті, капут!
(Уылдырықтың бөлмесіне қолында балтасы бар Тықыр
келеді. Ол балтасын былай қойып, жерге аппақ төсеніш
төсеп, аппақ көйлек киген Уылдырықты тізерлетіп, теріс

қаратып отырғызады. Қойнынан аппақ орамалға оралған
бір нәрсені бабымен алып, орауын жазып, аппақ пышақты
алыстан жарқыратып көрсетіп, жылдам қайта орап,
қойнына тығады).

ТЫҚЫР: Мынау нағыз құрыш болаттан жасалған алмас
пышақ, ұстарадай қылпып тұр, салып жіберсең білінбей
кетеді. Ең соңғы сәт туғанда ғана алдыңа қоямын, сонда асып-
саспай, самурайларша салтанатты сабырмен алып, салмақпен

есіп жіберсең, ар жағыңа дейін лып етіп өте шығады! (Орауды
қойнына тығып, балтаның жүзін бармағымен тексеріп көріп,
салмақтап біраз тұрады. Уылдырық таңдана қарайды).
13-0046

УЫЛДЫРЫҚ: Балтаның керегі не?
ТЫҚЫР: Енді... егер де сен харакири жасағанда бірден
өле қоймасаң... қан-қан болып, қорқырап, қиналып жатсаң,
саған көмектесіп, басыңды қағып жібермеймін бе? Самурайлар

сөйтеді екен ғой... және харакири жасаған батырдың басын
шауып тастау екеуіне де, яғни шапқанға да, шабылғанға да
зор құрмет болып саналады екен! (Майтабан басын көтеріп
отырады).

УЫЛДЫРЫҚ: Олар шапса өткір семсермен әдемілеп,
ауыртпай, бір тартқанда қиып түсірген. Ал сен немене, мені
балтамен отын сияқты бұтарлап, жаңқалайын деп тұрмысың?
Ауырады ғой!

ТЫҚЫР: Ауырмағанда... өзіңді-өзің өлтіру оңай деп пе
едің? Ауырса да шыдайсың енді, елдің бәрі құлақтанып қалды,
хабарыңды күтіп отыр... шегінетін жер жоқ! Дабай, дайындал!
(Балтаны салмақтап-салмақтап, бұрышқа сүйеп қояды).

Уәдеңде тұратын бол! Мен қашан дабай дегенше сен ешқандай
әрекет-қимылға бармайсың! Қандай жағдай болып жатса да
кіріспейсің! Өз ойыңмен өзің болып, селт етпей, теріс қарап
отыра бер!

(Жүгіре басып, үрейленген Бекіреш пен Файл кіреді. Бөл­
медегі көріністен одан сайын зәрелері ұшып, сөйлей алмай
қалады).
МАЙТАБАН: Бекіреш бикеш, қуаныштан секіре беруіңе

болады! Осының бәрі сенің кесірің!
БЕКІРЕШ: Менің?
МАЙТАБАН: Иә, сенің күйігіңнен... мінеки! (Орнынан
атып тұрып): Әй, нең кетеді, тие салсайшы!

БЕКІРЕШ: Қалай тие сал?
МАЙТАБАН: Кәдімгідей... тие сал!
ФАЙЛ: Не деген тас жүрексің! Білдей бір азамат бауыздалып
өлейін деп жатса...

БЕКІРЕШ: Ойбай, сендер қандай қызықсыңдар? Мен оны
сүймесем қайтіп тиемін?
ФАЙЛ: Міне, сен сүймегесін өлейін деп жатыр. Сүйсең,
өлмес еді! Мұны аман алып қалу үшін сен оны сүюің керек!

БЕКІРЕШ: Қайтіп сүйем? Жүрегім қаламаса...

МАЙТАБАН: Қайдағы жүрек, әй? Ертең... мынау шынымен
неғып кетсе... ата-анасына неңді айтасың? Елге қай бетіңмен
қарайсың, әй?
БЕКІРЕШ: Шынымен мен кінәлімін бе сонша?

ФАЙЛ: Әрине! Тіпті кінәлі болсаң да, болмасаң да сенен
көреді ертең бәрі!
БЕКІРЕШ: Ал, ендеше, ерегескенде... он рет өлсе де мен
оны сүймеймін де, тимеймін де! (Бұрылып, шығып кетуге

оқталады. Манадан бері әңгімені жіті бақылап, сыр бермей
тұрған Тықыр оның қасына жетіп барады).
ТЫҚЫР (Бекірешті оңашалап): Бекіреш, Бекірешжан,
бері қарашы! Уылдырық өлген соң да өмір бар ғой! Ендігі

уылдырығың болуға мен дайынмын! Иә десең болды жаным,
жетегіңде жүре беремін!
БЕКІРЕШ: Ах, ұятсыз, оңбаған! Досыңның топырағы
суымай жатып... ә-ә, кешіре гөр, құдайым... досың әлі өлмей

жатып, оның ғашығына сөз салуға қайтіп дәтің барады, ә?
ТЫҚЫР: Енді, жасыратын не бар, мен саған көптен бері
қызығып жүруші едім. Бірақ Уылдырық тұрғанда достықтан
аттамайын деп, жаныңа жуыған жоқпын! Ал енді ол бүгін ана

жаққа аттанып кетемін десе, жолы болсын. Алды өзіне жарық,
арты бізге қайырлы болсын! Біз бәріміз оның артынан асығып
тұра шаппаймыз ғой, тіршілігімізді істейміз! Біреу қағып
кетпей тұрғанда, сендей алтын балық қызға қармағымды

салсам, несі айып? Уылдырық қара жер­дің суық қойнында
қақиып жатқанда, мен сендей сұлудың ыстық құшағында
балқып жатпаймын ба?! (Уылдырық күйіп кете жаздап,
қозғалақтап, әрең шыдайды. Осы сәтте Сервер мен Айфон

кіріп келеді).
АЙФОН (ойбайлап Уылдырыққа жақындап келіп, бата
алмай бөгеліп): Ойбай, ойбай, бұл не сұмдығың айдың-күннің
аманында? Тоқта, айналайын! Алтыным, жаным, тоқташы,

өлмеші! Сен бізге... деканатқа керексің! Ректоратқа керексің!
(Уылдырық оған селт етпей отыра береді). Әй, өзің аман-
есен оқуыңды бітір де, кетші ауылыңа! Бәлеңнен аулақ! Үйіңе
барғасын үйтіліп қалсаң да мейлің! Тек әзірше тұра тұршы бізді

масқараламай! Айтқаныңды істейік, не жетпейді саған... ашып
айтшы. Қолдан келгеннің бәрін де жасайық! Өлемін дегеніңді
қойсаң, мен саған қалаған бағаңды қойып берейін!

СЕРВЕР (сазарып тұрған қалпы): Жоқ, ол болмайды! Біреу
өлемін деп қорқытады екен, соған бола мемлекеттік емтихан
бағасын қалай өзгертеміз? Біздің бағамыз немене, ойыншық
па? Ертең мұны естіген студенттердің бәрі оқуды қойып,

емтихан сайын мойнына қыл арқан салып, тізіліп тұрмасына
кім кепіл?
АЙФОН: Кешіріңіз... мен қайбір жетіскеннен айтып тұр
дейсіз... Шынымен неғып кете ме деп...

СЕРВЕР: Әлі тірі ғой... өлсе, әңгіме басқаша... онда бәрін
де береміз! (Студенттерге бұрылып, өктем үнмен): Сендер
неғып жүрсіңдер мұнда топырлап? Суицидтен шоу жасайтын
дәнеме жоқ!

ФАЙЛ: Ой, біз киноға барамыз деп едік!
МАЙТАБАН: Қандай кино?
ФАЙЛ: Шетелдікі. Қорқынышты кино! Қырғын...
МАЙТАБАН: Иә, күшті екен! Қызықтырып жібердің ғой...

менің де барғым келіп кетті...
ФАЙЛ: Мынаны қайтеміз? Кетіп қалсақ ыңғайсыз-ау...
МАЙТАБАН: Өй, бұл да бір... өлетін уақытты тапқан екен!
(Осы кезде видеокамерасын көтеріп, тележурналист

Экран кіріп келеді. Оқытушылар, студенттер алқа-қотан
жайғасқан
күйде
ыңғайсызданып

қалып,
телекамераға
түсуге еріксіз дайындала бастайды. Сервер шашын тарамақ
болғанда, Айфон оған қол айнасын тоса қояды. Өзі де бет-

аузына пудра-далабын жағып, қозғалақтап қалады. Қыздар
да бір-бірінің шаштарын жөндеп, сәнденіп жатыр. Уылдырық
бұрышта, ақ көйлек киген, теріс қарап, тізерлеп, бір нүктеге
қадалған күйі селт етпей отыр. Тықыр Экранды қарсы алып,

қолымен бұрышты ымдап көрсетеді).
ЭКРАН (Тықырға бәрі естісін дегендей таңқылдап):
Жақсы, жақсы, біз бәрін түсіреміз... таптырмайтын тамаша
материал... жұрт қызыға көретініне күмән жоқ. Тек сізден

өтініш, өтірік болмасын, иә, иә, анық болатын болсын. Біз
аппаратымызды арқалап әуре боп келдік... ал ол өлмей қалса...
ұят болады! (Сөйлей жүріп, ыңғайлы жер таңдап, камерасын
дайындап,

түсіре
бастайды).
Қайырлы
күн,

құрметті
телекөрермендер! Міне, біз суицид алаңынан тікелей репортаж
жүргізіп отырмыз... Біздің бас кейіпкеріміз Уылдырық қазір

қызу дайындық үстінде... Бұрын-соңды бүкіл әлемдегі бірде-
бір елде болып көрмеген мұндай репортажды тікелей эфирден
жүргізу – біздің арнаның жаһандық жаңалығы. Бізді қазір жер
шарының жүзден астам мемлекеті көріп отыр!

МАЙТАБАН (Уылдырыққа): Әнеки... кеттің телеканалға!
Енді шегінетін жер жоқ! Бүкіл әлем сенің қарның қашан
жарылады деп асыға күтуде!
БЕКІРЕШ: Күткенімізге де біраз боп қалды. Ал, енді не

болар екен?
ФАЙЛ: Тезірек бір жағына шықса екен не болса да! Менің
қарным ашты.Түскі тамаққа да бара алмай қалдық қой...
осыны аңдимыз деп жүріп...

МАЙТАБАН (Уылдырыққа): Сенің де қарның ашқан
шығар, ә? Кішкене айран ішіп аласың ба? Күте тұрсаң, мен
айран мен бөлішке алып келер едім?
СЕРВЕР: Қысқартыңдар, қане! Қайдағы айран мен бөлішке...

жарылайын деп отырған қарынға зиян емес пе... жер-көкті
былық­тырып!
МАЙТАБАН: Жо-жоқ, мен жай айтамын... Әйтпесе өзім де
ерініп отырмын далаға шығуға!

ТЫҚЫР (Экранға): Мен өзім бірге жүргізейін репортажды!
Біздің де атымыз шықсын, елге танылып қалайық!
ЭКРАН: Мақұл, қатыса беріңіз... атақ-даңқ бәрімізге де
жетеді... тек өлетін сәтін жіберіп алмайық... әдемілеп түсіріп,

әсірелеп жүргізу керек! (Тықырды эфирге дайындап, үсті-
басын, шашын жөн­деген болады).
АЙФОН: (Серверге бәрі естісін дегендей: ( Мына Тықырың
құ­тырып алыпты ғой өзі !

СЕРВЕР: Енді ше... бір досыңнан құтылу дегенің аз олжа
ма? Егер менің де кейбір достарым өстіп кете қойса – мен тай
сойып, той жасар едім!
ТЫҚЫР (Камераға ойнап): Құрметті телекөрермендер,

менің атым – Тықыр! Мен бүгінгі бас кейіпкеріміз Уылдырықпен
бірге оқимын, бір бөлмеде тұрамын! Шынын айтқанда, менің
досым шатыры шайқалған, жүйкесі жұқа, күйгелек, өзін-өзі
жеңе алмай­тын әлсіз, нашар жігіт болып шықты. Тіршіліктің

түйткілдеріне төзе алмай, күйіп-пісіп, ажалынан бұрын арам
өлгелі отыр. Қой деп қанша айтсақ та тыңдайтын емес! Сірә,
әбден түңіліп, ашынса керек!

ЭКРАН: Иә, өмірде адамды ашындырып, осындай халге
жеткізетін әр түрлі жағдайлар да болады. Ақырындап
сұрастырып көргенімізде, бұған деканнан бастап, мұға­
лімдердің біразы кінәлі деп шулап отыр жұрт! Мәселен,

Айфон деген мұғалім әр емтихан сайын студенттерден ақша
алып
отырған!
(Камераны

Айфонға
бұрады).
Тарихтан
емтихан тапсыру кезінде Уылдырық онымен шындық пен

өтірік жөнінде пікір таластырып қалған екен, Айфон оған
төмен баға қойған. (Камераны Серверге бұрады). Факультет
деканы Сервер оны стипендиядан алып тастап, жатақханадан
қуып шықпақ болған! (Камерадан қашқақтап, қолдарымен

беттерін көлегейлеген Сервер мен Айфонды алқымдап) Сіздер
немене, өзіндік пікірі үшін осынша қудалайсыздар ма адамды?
Өтірікті өтірік деп айтқанның несі айып? Шындық үшін
шырылдаған жас адамды жабыла жазалап жатқандарыңыз

адам деген аттарыңызға жараса ма? Обал емес пе бұларыңыз,
обал! (Сервер мен Айфон камерадан қашқақтап, жүздерін
жасыруға тырысады).
СЕРВЕР: Әй, шырағым, сөндір андағы камераңды! Біз

ешкімді де бұл дүниеден о дүниеге қудалап аттандырып жатқан
жоқпыз! Мен бұл мәселе жөнінде телеарнаға сұхбат беруден бас
тартамын!
АЙФОН: Адамның өзі келісім бермесе, оны камераға түсіріп,

экраннан көрсетуге хақыларың жоқ! Осыдан бізді қаралап
көрсетеді екенсіңдер, мен адам правосын қорғау жөніндегі
халықаралық ұйымға арыз беремін! Сотқа беремін сендерді...
бүкіл арналарыңмен қосып!

ЭКРАН: Негізінде, жұрттың айтуына қарағанда, Уылды­
рық – шыншыл жігіт. Өтірікке қарсы шығып, сол үшін күйіп
кеткен...
СЕРВЕР: Ол үшін күйетін дәнеңе жоқ. Тарих талай көр­

сеткен-үлкен ұрандардың тасасында ұялы өтіріктер айтылып,
ұйымды ұрлықтар жасала береді. Айқай-шулы даңғазаның
арасында жа­салған арамдықтар байқалмай кетеді! Сол үшін
өзіне өзі қол сала берсе, жер бетінде адам қалмас еді!

ТЫҚЫР: Супер құрметті Сервер ағай, сіздің сөзіңіздің бәрі
дұрыс. Рас болса да рас, өтірік болса да рас. Қисық болса да
түзу, түзу болса да қисық! Түу, не деп кеттім өзі! Тек қана сіз
плюс қоюдың орнына минус қойып отырсыз.

СЕРВЕР: Қалайша?
ТЫҚЫР: Былайша айтқанда, сізді қазір сыртыңыздан
бәріміз айыптаймыз... өтірік алдадыңыз, өтірік оқыттыңыз
деп. Бірақ сіз сол өзіңіз өтірік екенін білетін нәрсені шындық

деп бізді қинамай-ақ, өтірік екенін айта салсаңыз, мұндай
реніш болмас еді.
СЕРВЕР: Әй, Тықыр, не деп тықылдап кеттің, ә? Дым
түсінсем бұйырмасын.

ТЫҚЫР: Несі бар түсінбейтін, Сервер ағай-ау! Мынау
өтірік, бі­рақ, амал жоқ, бұны сендер шын деп ойлауға тиіссіңдер,
осыған се­нуге тырысыңдар десеңіз, сіз теңдесі жоқ адал ұстаз
болып, абыройға бөленер едіңіз! Ал қазір сіздің шындық деп

оқытып жатқаныңыздың өтірік екенін білетін студенттердің
бәрі Сервер ағайымызға вирус жұққан деп сыртыңыздан күліп
жүреді. Егер де өтіріктің өтірік екенін әуелден білсе, бұл
антивирус болар еді. Оқу бітірген соң, өмір шындығымен бетпе-

бет келгенде, жандары ауырмас еді, жынданбас еді!
СЕРВЕР: Біреу өтірік айтты екен деп өле қаласыңдар ма
сонша? Одан жұрттың несі кетеді, өтірігін айтып, өтірік күліп
жүре береді!

АЙФОН: Біз түгілі бүкіл дүние толған өтірік!
СЕРВЕР: Әңгіме өтірікте емес! Әңгіме сол өтірікке сенуде!
Егер де сіз өтірікті шын деп ойласаңыз, өтірікке илансаңыз
бітті, ноу проблем!

АЙФОН: Күйдіргі шындықтан да жанға жағымды өтіріктің
өзі артық! Өмір бойы осы өтіріктің ішінде жүрсек те, келеміз
ғой, міне, аман-есен! Шындық өлімнен де өтірік болса да өмір
жақсы!

СЕРВЕР: Мен сендерді, осы күнгі жастарды түсінбеймін.
Бесіктен белдерің шықпай жатып, өлім туралы ойлайтындай
алжастыңдар ма, әй? Айтқан әндеріңе дейін, жазған өлеңдеріңе
дейін, сөйлеген сөздеріңе дейін «сұм жалған, бес күндік

баянсыз өмір, қамшының сабындай қысқа ғұмыр, дүние алдап
кетер сағым, алдымызда ажал» деген сияқты зар болып келеді.
Әй, естерің дұрыс па, әй, өмір жолын бастамай жатып, өлімді
ойлап, қайғыдан қан жұтып не көрінді сендерге? Құдайдың

берген ғұмырын сүріп алсаңдаршы әуелі!

ЭКРАН (Тықырға жұрттың бәрі естісін дегендей айқайлап):
Сен ана досыңмен сөйлесіп көрші, мына кісілерден көрген
жәбір-жапасын айтып, мүмкін, біздің арнаға бұл өмірдегі ең
соңғы сұхбатын берер, ә? Ойлап көріңдерші, шынында керемет

қой... Жан сырын ақтарып, бәрімен қоштасып болып, менің
өліміме осылар кінәлі деп тікелей эфирде өзін-өзі бауыздап
жіберсе... қанын камерға шашыратып... мә-ә, бүкіл дүние
жүзінің тарихында ондай кадр болып көрмеген! Барлық елдер,

күллі адамзат қалай қызығып көрер еді ондай репортажды!
ТЫҚЫР: Жақсы, мен айтып көрейін қазір! (Теріс қарап
отырған Уылдырыққа бірдеңе деп сыбырлайды. Уылдырық
басын шайқаған­дай болады).

ЭКРАН: Тек байқап, майдалап айт, айнып кетіп масқара
қылмасын бізді!

ТЫҚЫР

(Экранға
жақындап
келіп,
камераға

және
жиналғандарға қарап ерекше шабытпен): Сонымен, құрметті
халайық, салтанатты соңғы сәт те туды! (Уылдырықты
жұртқа қаратып отырғызады). Міне, қазір Уылдырық өзіне-

өзі харакири, қазақша айтқанда жаракири жасайды, яғни
өзінің ішін өзі жарып жіберіп, ішек-қар­нын жарқыратып
ақтарып тастайды! (Жұрт сілтідей тынған. Экранға ымдап,
қалай түсіруді көрсетеді).

ЭКРАН (камерасын ыңғайлап, Уылдырықтың бетіне,
қарнына қарата қойып): Рахмет, рахмет, осы ракурстан...
средний планнан бастап... жарған кезде наездбен крупный
план... қан-жынға акцент... жаны шыққандағы соңғы демі –

деталь... керемет! Бүкіл әлем аузын ашатын болды!
ТЫҚЫР (Уылдырық төбеге қарап, сабырлы салмақпен
дайындала бастайды). Міне, ол баяғы батыр бабалары сияқты
ажалды лайықты қарсы алуға бекініп, көк аспанға көңіл

бұрып, жер-жаһанға, күллі ғаламға, екі бірдей дүниеге ой
жүгіртіп өтті. Ал, аяулы Уылдырық, сен үлкен айдындарда кит
балық болып жүзуің керек еді, оның орнына ит балық болып
арам өлейін деп отырсың! Амал не, өзің осылай ұйғардың,

қош бол! Мен саған берген достық антымды адал атқарып,
ақтық тілегіңді орындауға дайынмын! (Қойнынан ақ орауды
алып, Уылдырықтың алдына қояды. Жіңішке ақ шүберекпен
салтанатты түрде Уылдырықтың екі көзін байлайды.

Бұрыштағы балтаны алып, шабуға дайындалып тұрады.

Уылдырық ақ орауды жазып, ақ пышақты жарқыратып шығарады. Жұртта үн жоқ, қорқыныштан қатып қалған. Уылдырық пышақты оң қолымен қыса ұстаған күйі ақырын ішіне тақап тұрып, есіп кеп жібереді де, бүк түскен қалпы дыбыссыз отырып қалады. Жұрт «үһ-һ!» дегендей болады. Сол мезетте Тықыр қатты қиқырып, қолындағы балта­сын құлаштай сермеп, Уылдырықтың басынан қағып жіберердей көрініп, тигізбей жоғары көтеріп әкетеді. Жұрттың зәресі кетіп, көзін жұмады. Уылдырықтың басы қалтаң ете қалады. Тықыр сол екпінімен бір айналып келіп, театрально, кинодағы самурайлар құсап, балтасын көтерген күйі қатып тұра қалады. Не болғанын әлі онша түсіне қоймаған Уылдырық көзіндегі байлауды жұлып тастап, тағы бірнеше рет пышақпен ұрғылап, кескілейді өзін). СЕРВЕР (қайтер екен дегендей, қалтасынан өткір бәкісін алып, ашып береді). Әй, айналайын, кемиек кемпірлер құсап езгілемей... шынымен өлетін болсаң, мә, еркектерше мынамен өл! ТЫҚЫР (жанұшыра араларына түсіп, Уылдырық алмақшы бола бергенде, Сервердің бәкілі қолын қағып жібереді). Жоқ, онымен өлмейді, мынамен өледі! (Алғашқы ақ пышақты қайта қыстырады қолына. Уылдырық өтпейтін пышақпен ішін тағы да ұрып-ұрып жіберіп, бір кезде ашуға булығып, пышақты лақтырып тастап айқайлап атып тұрады орнынан). УЫЛДЫРЫҚ: О-о, Тықыр ит, Тықыр ит! (Не істерін білмей, сөйлей алмай, алқынып, қолдарын сермеп, басын шайқап, арлыберлі сенделіп жүреді. Жұрт есін жия алмай, үнсіз отырып қалған. Тықыр балтасын бұрышқа қойып, Майтабанның тасасына тығылады). ЭКРАН: Сүйінші, құрметті халайық, әйтеуір, бәрі жақсы аяқ­талды... ең бастысы, адам өлімі болған жоқ! УЫЛДЫРЫҚ (камераға жетіп келіп, ышқынып): Жоқ, өлім болды! Және қандай адамдар өлді десеңдерші! Менің достарым, аса көрнекті айлакер Тықыр мен мәңгілік маубас Майтабан өлді бүгін! Барлық маскалары сыпырылып, масқара боп өлді! Олардың тірі жүр деген аты ғана! Олар рухани өліктер! Мен үшін олар енді жоқ! Мен соларға ерегескенде енді

ешқашан, ешқашан өлмеуге тырысамын! Соларға ерегескенде
жақсы өмір сүруге және керемет істер атқарып, айтулы азамат
болуға ұмтыламын! (Жиналғандар қол соғады).
ТЫҚЫР: Ал біздің досымыз Уылдырық тірі қалды! Жо-жоқ,

ол өліп қайта тірілді! Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы осы!
ЭКРАН: Браво, маэстро, браво! Керемет спектакль! Бірақ
бистің керегі жоқ!
УЫЛДЫРЫҚ: Спектакль?! Әй, адамның трагедиясын шоуға

айналдырған шошақай тақылдақ, не деп тұрсың, ә ? Осы сендер
неге өсек-аяңға соншалықты құмарсыңдар, ә? Неге жұртқа
тыныштық бермей, адамдардың өміріне, жеке басының ісіне
тұмсықтарыңды тықпалай бересіңдер, ә?

ЭКРАН: Иә, спектакль! Суицид туралы комедия-экспромт!
Бас режиссері – біздің досымыз Тықыр! (Уылдырық қолдарын
сарт еткізіп, енді түсінгендей күйініп, өкініп, отырып қалады.
Жұрт аң-таң. Тықырға бұрылып) Мен қалай шықтым? Жақсы

ойнадым ба рөлімді?
ТЫҚЫР: Керемет! Тіпті мен өзім де нанып қалдым! (Жинал­
ғандарға)
Танысып

қойыңыздар,
өнер
академиясының
студенті, болашақ сахна жұлдызы – Экран! (Жұрт қол соғады).

ЭКРАН (қысылыңқырап): Рахмет!
ТЫҚЫР: Саған рахмет! Мен үшін осынша әуре болғаныңды
түсініп тұрмын...
ЭКРАН: Бір жағынан, менің өзіме де қызық болды... Қорқып

та жүрдім... шынымен пышақталып қала ма деп...
ТЫҚЫР: Жоқ, мен бәрін ойластырып қойғам. Байқасаң,
оны те­резеден алыс отырғызып қойдым, бір! Асылып өлуге
үлгірмейтін еді және арқан да жоқ! Ал менің алмас пышақ деп

әкелгенім әншейін нанға май жағып жеуге ғана жарайтын,
ештемеге өтпейтін добал бас жылтырақ темір ғана!
БЕКІРЕШ: Сонда мұның бәрін не үшін істеп жүрсің?
МАЙТАБАН: Райынан қайтсын деп жүр-дағы! Қайтсем

Уылды­рықты аман алып қаламын деп, мені де қайдағы жоққа
көндіріп қойған осы Тықыр!
ЭКРАН: Азаматсың! Сен нағыз доссың!
ТЫҚЫР: Нағыз дос сенсің! Кел, үйленейік!

ЭКРАН: Апырай, ә! Күтпеген жерден...

ТЫҚЫР: Махаббат пойыз емес қой... кестемен, күттіріп келетін... Ол от емес пе, осылай ойда жоқта тұтанбаса, несі махаббат оның?! ЭКРАН: Сонда да... не дерімді білмей тұрғаным... ТЫҚЫР: Немене, тағы да қыз отказ ба? Харакири жасаймын көнбесең... ЭКРАН: Жоқ, не ғой... көнбегенде... көнгенде... Жо-жоқ... иә! СЕРВЕР (қатқыл дауыспен): Әй, шырақтарым, сонда манадан бергі репортаждарың тікелей эфирден көрсетілген жоқ па? ЭКРАН: Әрине, жоқ! СЕРВЕР (қуанып): Онда жақсы болған екен! АЙФОН (қуанып): Бұған да рахмет! СЕРВЕР: Ал мына түсіріп алған материалды не істемексің? ЭКРАН (сәл ойнақыланып): Ғаламторға, ютубқа сап қоямын... естелік үшін... ел көрсін, білсін... Міне, қандай қайталанбас кадрлар! (Кассетаны сәл кері айналдырып, қарап жіберіп) Мәс­саған, Тықыр, сен мынаған қандай кассета салғансың... ештеңе жазылмапты ғой... ТЫҚЫР: Досыңның бір әлсіздік танытқан сәтін әйгілеп керегі не? Жалпы, әр нәрсені жазып алып, жұртқа көрсете берген жақсы емес! (Уылдырық басын шайқап, шекесін саусағымен тоқылдатады. Жұрттың бәрі қуанып қалады. Бекіреш ақырын кетуге айналады. Уылдырық ән бастайды. Бәрі қосылып әндетеді) Аяулың болса армандай Айың мен күнің теңелер, Ғашыққа ғашық жолықса Дүние нұрға бөленер. Қайырмасы: Жүрекке жүрек үйлесіп Шын сүйген жанның бағы бар, Сүймесең сүйме... қайтейін Сүйетін адам табылар!

Жалынып тапқан бақыттың
Жалғандық жайы тағы бар,
Алдаумен жеткен мұраттың
Алдайтын және шағы бар.

Қайырмасы:
Шуақты таза көңілмен
Мөп-мөлдір сезім аңсадым,
Үндестік іздеп өмірден

Үмітім үзбей ән салдым!
Қайырмасы.
(Бекіреш тоқтайды. Баяу бұрылып, ақырын басып Уыл­
дырық­тың жанына келеді. Екеуі қол ұстасады. Ән қалықтап,

достар құшақтасып, бәрі билейді).
Соңы.
2013 жыл

ОЙРАН

(Сектаның сорқұдығы)
Екі актілі, он бір көріністі драма

ҚАТЫСУШЫЛАР:

ЕЛТАЙ – бұрынғы зоотехник, қазіргі тәксист, жасы 45-терде
ШЕКЕР – әйелі, жасы 40-тарда
АРМАН – ұлы, жасы 20-ларда
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ – алаяқ, 35-терде

КҮЛЗИПА – жұмыссыз әйел, 40-тарда
ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ – 35-терде
ЖҰМБАҚ СЕКТАНТ – сұр жамылғылы сиқыршы
ӘДЕМІ ҚЫЗ – жасы 20-ларда

КӨПШІЛІК, СЕКТАНТТАР, ТЕЛЕФОНДАҒЫ, САНА­ДА­

ҒЫ ДА­УЫСТАР

Оқиға осы заманда, үлкен қалалардың бірінде өтеді.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс
Елтайдың пәтері. Елтай сөзжұмбақ шешіп, қисайып
жатыр. Шекер бір нүктеге тесірейе қарап, қозғалмай отыр.
ЕЛТАЙ (Бір сөзге тіреліп қалғандай): Ә-ә? Апырай, бұл

не болды екен, ә? Шекер, ә, Шекер! Шекержан! Мына бір сөзді
қарашы... (Ше­кер құлықсыздау бұрылады Елтайға) Бес-ақ
әріп! Міне... Лже-ре-ли-гиозная ячейка дейді... Өтірік діни
ұяшық, яғни... Үшінші әрпі к, бесінші әрпі а!

ШЕКЕР (күбірлеп): Лжерелигиозная ячейка?! К, а?
ЕЛТАЙ: Ә, міне, бірінші әрпі де табылды. С, с...
ШЕКЕР: С, с?
ЕЛТАЙ: Секта! Мәссаған! Сонда орыстардың өзі лже-

өтірік деп атайды екен ғой. Әлгі біздегі заңдымыз деп жүрген
сектаның бәрі діннің атын жамылған көзбояушылар екен ғой!

Масқара! (Шекер үндемей, томсарып, кейін шегінеді. Ішкі
бөлмеден асығыс Арман шығады. Жобасы бір жаққа кетпекші).
ЕЛТАЙ: Балам, қайда барасың? Кеш боп қалды, түнде көп
жүре берме!

АРМАН: Жай... бір жұмыстармен...
ЕЛТАЙ: Ол неғылған жұмыс апақ-сапақта!
АРМАН: Ну... Жұмыс дегесін жұмыс. Дела, встречи! Пока
мам! (Шешесі екеуі біртүрлі, жұмбақ қарайды бір-біріне. Үнсіз

түсінгендей... )
ЕЛТАЙ (орнынан тұрып, Арманды бір қолымен иығынан
құ­шақтап, бөгеуге ыңғайланады.) Бір мезгіл үйде демалсаң
қайтеді? Шапқылауың көбейіп кетті. Стресс, депресс деген бәле

бар. Саған қазір көп мазасыздануға болмайды ғой, құлыным!
АРМАН (салқын). Да ну... Ладно! (Шығып кетеді).
ЕЛТАЙ (Шекерге): Осы бала біртүрлі боп бара жатыр соңғы
кезде...

ШЕКЕР (селқос): Ештеңе етпес... жас қой.
ЕЛТАЙ: Жоқ! Жастықтың желігі емес. Басқа бірдеме
бұныкі, басқа! Сөзімді құлағына да қыстырмайды, шығып
жүре береді.

ШЕКЕР: Е-е, жүрмегенде... Қамалып төрт қабырғаға қарап
отыруы керек пе сеніңше? Жүріп-тұратын кезі...
ЕЛТАЙ: Әй, сонда да бір мезгіл әкені тыңдай салса қайтеді?
ШЕКЕР: Тыңдайтын қайбір жөнді сөзің бар еді сенің?

Күнкөріс... Тиын-тебен... Таксиіңе мінген жұрттың өсегі...
Одан қалса баяғыда заттехник болып жүргенде сапқоздың
семіз қойларын қалай жеген­деріңді айтып, аузыңның суы
құриды... Ойлап қарашы, мағыналы бірдеме айтып көрдің

бе өзің? Ал жастарға қазір басқа сөз керек! Өмірдің мәні...
мәңгілік ақиқат... шынайы бақыт... нағыз жол тура­лы жанға
жағатын, ой салатын әңгімелер керек!
ЕЛТАЙ: Оу, тоқта, тоқта, қатеке, қатты кетпе! Маған неғыл

дейсің? Жазығым – күні-түні арқа етім арша, борбай етім
борша болып, тапқан-таянғанымды ауыздарыңа тосқаным ба?
Жиырма жыл жарасып келген сөзіміз енді жақпай қалды ма?
А-а! Әй, осы сен де соңғы кезде біртүрлі өзгеріп барасың. Айтып

өлтірші, қане, не болды сонша сендерге?

ШЕКЕР (тік қарай алмай, жалтарып): Өй, қойшы қа­
далмай, түк те болған жоқ! Жай, әншейін... Анда-санда құйын
заман құбылтпай қоя ма? Әр нәрсені ойлап, мұңаятынымыз
болмаса, бәрі орнында, бүлінген дәнеңе жоқ.

ЕЛТАЙ: Жоқ, сендер менен бірдемені жасырып жүрсіңдер...
Өтім жарылып кетсе де, шыныңды айт, қане!
ШЕКЕР: Қойшы енді, Елтай. Өзіңді де, мені де босқа
қинамай. Одан да тамағыңды ішіп, жұмысыңа бара ғой! (Асүйге

қарай кетеді. Елтай ойланып, басын шайқап қалады).
Екінші көрініс
Елтай аялдамада «таксовать» етіп тұр. Ескілеу «Жи­
гулиін» ептеп әшекейлеп алған. Ырғақпен айқайлап қояды.

«Тәкси, тәкси, тә-әк-сии! Тәкси, тәкси, тә-әк-сии!» Сып етіп
Күлзипа келе қалады.
КҮЛЗИПА: Ал, кеттік ендеше... (Машинаға мінеді).
ЕЛТАЙ (жүреді): Әдіріс?..

КҮЛЗИПА: Не?
ЕЛТАЙ: Әдіріс, әдіріс?
КҮЛЗИПА: Ә-ә, әдіріс пе? Әдіріс көп менде. Әуелі бағзалдың
қа­сына тоқта да, кішкене тоса тұр. Мен тез кіріп шыға қояйын.

ЕЛТАЙ (қуақыланып): Қайда?
КҮЛЗИПА: Сектаға! (Елтай таңдана қарайды). Өй, түк
көрме­гендей не болды соншама көзіңді бақырайтып. Ал мейлің,
секіріп кетсең де – мен сектантпын!

ЕЛТАЙ: Өй, сектаң не әй айтып тұрған? Біз мұсылман қазақ
ба­ласы емеспіз бе?
КҮЛЗИПА: Иә, бір жағынан мұсылманбыз. А бірақ, екінші
жа­ғынан, сектантпыз!

ЕЛТАЙ: Астапыралла!
КҮЛЗИПА: Тақуасыма өйтіп! Тәксиіңе ие бол! Бұл сектадан
шыққан соң базардың түбіндегі сектаға апарасың. Одан кейін
мектеп пен балабақшаның ортасындағы сектаға апарасың.

Ең соңында, мәдениет сарайының артындағы сектаға түсіріп
кетесің, бітті!
ЕЛТАЙ: Ойпырмай, өзің де бір... нағыздың өзі екенсің...
Сонда нешеу болды әй, сенің әлгі секталарың?

КҮЛЗИПА: Төрт сектаның мүшесімін. Бұл түк емес. Байым
бес сектаға, баламыз алты сектаға мүше! (Елтай аузын
ашып қалған). Әй, аңқимай жолыңа қара, рөліңді біл! Қайбір
жетіскеннен жүр дейсің? Олар келген сайын бізге ақша төлейді.

ЕЛТАЙ: Сонда... қандай дін?
КҮЛЗИПА: Итім білсін! Ақиқат іздеушілер дей ме... шын
бақытқа барушылар дей ме... жалаңаш шындық жолы дей ме...
әйтеуір, қияли бірдеме. Миыма да кірмейді. Оған бас қатырып

жатқан мен де жоқ. Ақшасын берсе болды маған...
ЕЛТАЙ: Сонда не істейсіңдер сектада?
КҮЛЗИПА: Біреуінде еңкілдеп шоқынамыз, біреуінде
селкілдеп отырамыз, біреуінде шешініп тастап, жұлқынып,

жынданып би­лейміз.
ЕЛТАЙ: Азғындап кетемін деп қорықпайсың ба?
КҮЛЗИПА: Кім... мен бе азғындайтын? Менің алтыншы
атам бақсы болған... бұлардың шайтанын қағып аламын

жыным ұстап кетсе! Оп-оңай арбала салатын мен немене, ап-
арзан, ақымақ қатын деп пе едің! Мың жерден шырмап бақса
да қазақ деген қанымды, мұсылман деген жанымды ешкімге,
ешнәрсеге, ешқашан да сатқан да емеспін, сатпаймын да! А

бірақ бер жағыммен бәрін де алдап соғамын – күнім үшін әлди,
баяғы. Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген. Мен бұлардың
бізге жат, тіпті жау екенін жақсы білемін. Сондықтан бұлар
бізді алдап, арбауға келген екен, біз неге олардың қапысын

тауып, енесін ұрмаймыз, ә! Солай! Секталарына кірген болып,
ақшаларын алып жүріп жатырмын!
ЕЛТАЙ: Бұл бәлеге қайдан ұрынып жүрсің?
КҮЛЗИПА: Бір күні бір бөтен әйел... көшеде кездесіп,

сөйлесіп, жабыса кетті. Әртүрлі діни кітаптар берді. Уағыз
айтып, үйге келді артынан. Сектаға шақырды. Көзіне тік қарап
едім, түсіне қойдым, арбап тұр екен. Жанары өткірленіп,
өңменімнен өтіп барады. Жаңа айттым ғой, атам бақсы болған

деп. Бармаймын дедім. Жалынуға айналды. «Сені ертіп
апарсам, жүз доллар алушы едім. Енді сенің кесіріңнен қып-
қызыл ақшадан айырылатын болдым», – деп жылады аяғында.
«Жартысын берсең, барайын», – дедім. Келістік, сөйтіп

басталып кетті...
ЕЛТАЙ: Қисының қисын-ақ екен! Бірақ әр діннің басын бір
ша­лып жүргенің өзіңе былай... нелеу емес пе?

КҮЛЗИПА: Е-е, несі бар? Қазір тәлерәнт бол деп жатқан
жоқ па? Ал біз баяғыдан тәлерәнтпіз. Ауылда бір орыстармен
көрші тұрдық. Айт күні олар бізге айттап келетін. Ертең
сөз қылмасыншы, мақтап кетсінші деп ақ араққа тойғызып

жіберетінбіз. Қызыл жұмыртқада біз оларға барып, қып-
қызыл мас болып қайтатынбыз. Әне саған тәлерәнт! Бұрын
сол екі дінді ғана білуші едік. Ал қазір не көп, дін көп.
Қаптап кетті. Қайсынікі дұрыс, қайсынікі теріс – тауып көр.

Миың айналады! Әйтеуір, бір құдай бары рас. Қалғанына
бас қатырмай, бәрін де ренжітпей, шетінен аралап жүрмін.
Міне, саған тәлерәнт! Тоқта, келдік. Әй қызық болсын, бірге
барсақ қайтеді? (Елтай ежірейеді). Жоқ, шошымай-ақ қой,

шошқаның басын жегізбейді саған ешкім де. Мен мынаны алып
келдім, жаңадан деп, жүз доллар қағамын олардан. Жартысы
сенікі... шыққасын!
ЕЛТАЙ (қобалжып): Апырай, ә? Қалай болар екен?

КҮЛЗИПА: Не қалайы бар? Бұлардың пиғылы арам, ниеті
жаман болғанмен, ақшасы жаман емес. Бақандай жүз доллар
далада жатыр ма?
ЕЛТАЙ: Қап, қоймадың ғой... Алдыңғы доңғалақтарым да

ты­қылдап жүр еді...
КҮЛЗИПА: Ендеше не тұрыс? Жүр, кеттік. Дініңе берік жігіт
сияқтысың, бір кіріп шыққаннан бұзылып кете қоймассың...
ЕЛТАЙ: А-а, менің иманым кәміл! Тек көріп шығайын

демесем... қызық үшін!
(Екеуі кетеді).
Үшінші көрініс
Елтай мен Күлзипа сектаның жиынына келеді. Бір буалдыр,

күңгірт, үлкен зал. Кейбірі жамылғы жамылған, кейбірі
жартылай жалаңаш, ашық-шашық біраз адам жиналып,
мүлгіп отыр. Бас кесетін жендеттер сияқты ұзын киіммен
бастан аяқ тұмшала­нып алған, жалт-жұлт еткен көзі ғана

көрінетін бір жұмбақ кісі отырғандарды аралап, арбап жүр.
Қолдарын сермеп, үшкіріп-үшкіріп қояды. Әрқайсысына таяп
келіп, беттеріне сұқ саусағын қадайтындай сілтеп-сілтеп
қойып, көзімен ішіп-жеп, тесірейіп, үнсіз дуалап бағады. Әлдебір

14-0046

сиқырлы музыка біресе ақырын ойнап, күңіренген қорқынышты
әуенмен жадылап, біресе шапшаң, тарс-тұрс даңғырлап,
құтыртып,
жындандырып

жатқандай.
Сектанттар
кейде шыдай алмай, ыңырсып, ыңқылдап, изеңдеп, изеңдеп,
қолдарын ербеңдетіп, ербеңдетіп қояды. «Ақиқат! Ақи­қат!»,

«Мәңгілік өмір!», «Шынайы бақыт-жалаңаш шындық!», «Жұ­
маққа! Жұмаққа барғым келеді!» деп ышқынып, ащы, зарлы
айқайға басады. Күлзипа аңтарылып тұрып қалған Елтайды
ортаға қарай тартып, отыра қалады. Елтай да отырады.

Сәлден кейін өзіне-өзі келіп, жан-жағындағы жынданып
жатқандарға анықтап қарай бастайды. Күлзипа көпшілікке
қосылып, селкілдеп отыр. Елтай бір кезде бұрылып қасындағы
кісіге қарай беріп, айқайлап жібереді.

ЕЛТАЙ: Арман! Әй сен шынымен Армансың ба? А-а?
(Арманның жамылғысын жұлып алады. Музыка сап тыйылады.
Сектанттар да оқыс айқайдан шошынып, тына қалады).
Сен мұнда неғып жүрсің?! (Елтай баласын, қиқаңдағанына

қарамай, қолынан сүйрей тартып сыртқа алып шықпақшы
болады. Арман бұлқынып, қарсыласады. Жендет сияқты
кісі ара түсіп, Арманды жібермей алып қалуға тырысады,
Елтаймен ұстасып, алыса кетеді. Сектанттар, Ар­ман­ның

қасында отырған жартылай жалаңаш бір әдемі қыз үрей­леніп,
бір уыс боп бүрісіп отыра береді. Анадайдан, бір шеттен ашық-
шашық киінген, суық жүзді сұлу әйел шыға келіп, міз бақпай
бәрін бақылап, суретке түсіре бастайды. Қаһарына мінген

Елтай аруақтанып: «Ой, әкеңнің... Қарай гөр бұларды... Әбден
тайраңдап, құтырған екенсіңдер. Көрсетейін мен сендерге!
Уа, аруақ!» – деп, әлгі жендет сияқты кісіні үйіріп-үйіріп,
лақтырып жібереді. Домалап түскен анау ыңқылдап, тұра

алмай қалады. Қайраттанған Елтай бүгежектеген баласын
сүйреп алып шығып кетеді. Әлгі әйел суық жанарынан ызғар
атқан күйі оның соңынан қадала қарап қалады. Сектанттар
оған ұрлана қарап, тырп етуге қорқып, бастарын шұлғып,

мүлгіп отыра береді).

Төртінші көрініс Елтайдың үйі. Бұрышта Арман бүрісіп отыр. Елтай жаралы жолбарыстай арлы-берлі сенделіп жүр. Шекер оны жақтырмай, баласына жаны ашып, болысуға дайын тұр. ЕЛТАЙ: Әй, бұл не сұмдық? Масқара қылдың ғой. Басқасы басқа, сектаға қайдан ұрынып жүрсің? ШЕКЕР: Жә, болды! Онсыз да басы қатып жүрген балаға беталды бақыра берме! ЕЛТАЙ: Е-е, бақырмағанда... батамды берейін бе? Буынып өлейін бе? Ел ел болғалы, жер жер болғалы мұндай сұмдық болды ма екен қазақта? Ата-бабаның дінінен безіп, азғындайтындай не күн туды басыңа, әй, иттің ғана баласы? Өз қолымнан... өз қолымнан атып тастайын ба осы? ШЕКЕР (ашумен): Атып көрші, қане! Мені қосып ат! Ал, қайтесің... Ата алмайсың! Мылтығың да жоқ! Қолдарыңнан түк те келмейді сендердің! (Жуасып, жыламсырап). Әкірең-әкірең еткенше, әкелік ақылыңды айтып, басын ашып сөйлеспейсің бе балаңмен! ЕЛТАЙ (басылып): Енді ол... сөйлескенде... өзі ғой... Не сөз тың­дамайды, не жөнін айтпайды! АРМАН: Ой, па-а! Сіз менімен бір сырласып, тыңдап көрдіңіз бе? Менің жаралы жанымды, зарлы ойымды түсінсеңіз ғой, паа! ЕЛТАЙ: Не па? Не па? Ал айтшы, қане, айтарыңды? Ненің зары сені әкетіп бара жатқан? АРМАН: Сен білесің бе, па, сегіз миллион жылдан кейін не болады? ЕЛТАЙ: Астапыралла! (Шекер үнсіз сазара түседі.) АРМАН: Жоқ, шынымен ойланып көрейікші... Сегіз мил­ лион жылдан кейін мен де, сен де, ел де, жер де жоқ болатын шығар. А-а! Қандай қорқынышты! Ал онда не үшін өмір сүреміз? Жоқ болып кету үшін бе? Шетсіз, шексіз ғаламға, көкке, жұлдыздарға бір қарашы ойланып. Олардың жанында адам деген бір түйір тозаң емес пе? Уақыт желі үп еткенде ұшып кетіп, ұшты-күйлі жоғалмай ма абсурдтық хаоста?! Сонда бұл өмірдің мәні неде? Айтшы маған, әке? Тауып берші, ұстатшы менің қолыма!

ЕЛТАЙ (есі шығып): Ой, сен өзі не сандырақтап кеттің, балам? Есің дұрыс па? Оны мен қайдан білейін? Сабырға кел! Ата дінімізден табасың барлық жауапты! АРМАН: Әне! Бар жеткен жерлерің осы. Ал менің тереңірек білгім келеді! Жаңаша түсінгім келеді. Сегіз миллион ғана емес, сексен сегіз миллион, миллиард жылдан кейін де ізтозсыз жоғалып кеткім келмейді. Менің жаным мәңгі өмір сүргісі келеді. Ал маған мәңгілікке барар жолды кім көрсетеді? А-а? Сен бе, әке? Әлде сен бе, шеше? Жоқ, үндерің шықпайды! Миларың жетпейді. Ойлағыларың да келмейді. Төмен қарап алып, тыпың-тыпың етіп, қу тірліктеріңе алданып, тамақ тауып жегендеріңе мәзсіңдер! Ал ізгі адамдар менің көзімді ашты. Кітаптарын оқытты. Киноларын берді. Мәңгілік өмірдің абсолюттік мәніне апаратын ақиқат жолын көрсетті маған! Әне, олар мені шақырып тұр! (Кетуге ыңғайланады. Елтай оны күшпен бөгеп, жібермейді.) ЕЛТАЙ: Қой енді, болды! Есіңді жи! Бармайсың ешқайда! Ұқтың ба? Ата-бабамыздан бері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан үлгі-өнеге, өсиет, ілім-білімде дүниенің даналығы тұнып тұр ғой... теріп ала білсең... Өмірге келген адамның алдында екі жол тұр. Бірі – құдайға сену жолы. Екіншісі – сенбеу жолы. Құдайға сенгендердің өзі бірнеше дінге бөлінеді. Ал, біз, мұсылман қазақ баласы екі дүниенің жаратушы иесі бір аллаға сенеміз. Жан – алланың аманаты! Оның қайда баратынын, мәңгілік өмір-бақиды тек қана бір алла біледі, ал, адам баласының міндеті – осы берілген өмірді адам құсап сүре білу! Қанша уақыт ғұмыр берілсе, соған ризашылық, тәуба қылып, тіршіліктің барлық дәмін татып, өз тағдырыңның жүгін көтеріп, өз жолыңмен жүріп өту керек! Қалғанына басыңды ауырту күпірлік болады! Бар, балам, бара ғой, тыныш жатып дем алып, есіңді жиғаның жөн болар! (Бөлмесіне қарай итеріңкіреп жібереді. Ызаға булықса да, әкесінен аса алмаған Арман қолын сермеп, бұрылып, бөлмесіне кіріп кетеді. Елтай мен Шекер үнсіз, бір-біріне қарап тұрады). ЕЛТАЙ: Бұл пәле қашан басталған өзі? Сен бірдеңе білдің бе? ШЕКЕР: Жоға! Мен қайдан білейін! ЕЛТАЙ: Әй, сен анасың ғой. Бірдемені сезбеуің мүмкін емес.

ШЕКЕР (күмілжіп): Сезгенде... Білгенде... Енді былай,
біртүрлі болып жүргеніне біраз болды. Ақырын сөйлесіп
көріп едім, «бәрі жақ­сы» деді де қойды. Қазбалап, мазалай
беруге дәтім бармады. Он­сыз да не оқуға түсе алмай, не әскерге

денсаулығы жарамай, не бір жақсы жұмысқа тұра алмай
жұқарып жүргенде, жанын ауыртып алармын деп қорықтым.
Қайтейін... қайтейін енді... (Жыламсырайды).
ЕЛТАЙ: Өстіп құртасыңдар ғой сендер... Жә, болды...

(Шекердің иы­ғынан құшақтап, арқасынан қағады). Көтер
басыңды. Енді не іс­тейміз, соны ойлайық...
(Есіктің қоңырауы оқыс, қатты шар-шар ете қалады.
Бұлар шошынып, өз-өздерінен қуыстанып, үрпиіп тұрғанда,

құлақты жара тағы шарылдайды. Шекер есік ашады. Қатал
әйел кіреді. Шекерге үнсіз тесірейе қарайды. Шекер өз-өзінен
сипақтап, Арманның бөлмесіне шегініп кетеді).
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ (Елтайға бұрылып): Арман Елтаевич осында

тұра ма?
ЕЛТАЙ: Иә, осында.
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Мен адам правосын қорғау жөніндегі ха­
лықаралық ұйымның мүшесімін. Арман Елтаевичтің пра­

восын қорғауға келдім!
ЕЛТАЙ: Иә, сонда кімнен қорғамақсыз?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Әкесінен!
ЕЛТАЙ: Ал, менмін әкесі!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Тіпті жақсы. Демек, сізден қорғаймын.
ЕЛТАЙ: Менен?! Мынауыңыз ғажап екен? Тәк, сонда қандай
правосын қорғамақшысыз?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Ар-ождан бостандығын! Діни сенім, наным

бостандығын! Сіз Арман Елтаевичті қалаған сектасына
жібермей, оның діни сенім бостандығын өрескел түрде аяқасты
етіп отырсыз. Тіпті зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы жасап
қорлап отырсыз!

ЕЛТАЙ: Мәссаған! Оны қай кигіз кітабыңнан оқып алдың?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Кәдімгі СМС! (Соткасын көрсетеді: ) Міне,
Арман бізге арыз хат жолдаған! Осылай да осылай, әкем
жібермей жатыр деп! Сондықтан сізді біз сотқа береміз. Отыра

қалыңыз да түсініктеме жазыңыз!

ЕЛТАЙ (кекетіп): Иә, не деп жазайын? Кімге жазайын?
Бәлкім, кешірім сұрауым керек шығар, ә? Міне, керемет! Тып-
тыныш, ешкімге тиіспей, өз үйінде отырып-ақ кінәлі бола
береді екен-ау кісі!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Жоқ сіз тыныш отырған жоқсыз – адам
правосын бұзып отырсыз!
ЕЛТАЙ: Қызық екен! Өз баламды қайда, қашан жіберуді
мен өзім білетін шығармын?

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Жоқ, оны сіз білмейсіз. Балаңыздың өзі
біледі! Ал біз оның осындай еріктілігін қорғаймыз.
ЕЛТАЙ: Өй-дөйт! Біреудің үйіне келіп мән үйретуге сендерге
кім право берді, ә?

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: А-а, біз халықаралық, бүкілдүниежүзілік
ұйым­быз. Әлем бойынша адам правосын бақылаймыз. Біздің
ұғым бо­йын­ша, әр адам өзіне дін таңдауға ерікті! Ал оған
кедергі жасау – қылмыспен бірдей.

ЕЛТАЙ: Ах, солай де! Ал біздің ұғым бойынша, мұсылман
қазақтың баласы – мұсылман қазақ болады. Бітті! Өзінің
ұлтынан, дінінен безіп шығу – азғындық болып саналады!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Мұныңыз енді артта қалғандық! Қараңғылық!

Ұлтшылдық! Діни экстремизм!
ЕЛТАЙ: Қайдағы ұлтшылдық?!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Нағыз ұлтшылдық! Сіз ұлтшыл ретінде
сотқа тартыласыз!

ЕЛТАЙ: Мәссаған! Сонда, өз дінін, өз тілін қорғап, сақтағысы
кел­ген адамның бәрі ұлтшыл ма сізше? Әй, осы мен де адам
шығармын, ә? Егер де адам болсам, өз ұрпағымды өзімше
тәрбиелеуге правом бар ма, жоқ па? Оларды азғырып, жолдан

аздырып жатқан әзәзілдерге қарсы шығып, тойтарыс беруге
правом бар ма, жоқ па?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Ал мынауыңыз – ұлт араздығын қоздыру!
ЕЛТАЙ: Жоқ! Жала жаппаңыз бұлай! Сонда мен өз тілімді,

өз дінімді, өзімнің ұлттық қасиеттерімді сақтап қалғым
келгені үшін жазықтымын ба? Мен өзге ұлттарды кемсітпесем,
олармен тең сыйласып тұрсам, қалайша ұлтшыл болмақпын,
ә? Бар болғаны, мен өз баламның өз халқының жолымен

жүргенін қалаймын!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Міне, сіздің қателігіңіз де осында. Өз
халқымның жолы деген жол жоқ! Жалпы адамзаттық жол
деген ғана бар! Біз үшін ұлт деген, жұрт деген ұғым жоқ!
Мемлекет, шекара дегенді де білмейміз. Біз ғарыштық

тұрғыдан қараймыз адамзаттың өмі­ріне! Біз үшін отбасылық,
материалдық мәселелер деген жоқ. Мәң­гілік мәселелер ғана
бар! Ақиқат жолы ғана бар! Қазіргі жастар, оның ішінде сіздің
Арман да, осыны өте жақсы түсінгендіктен бізге қосылып

жатыр. Міне, міне, (Арман бөлмесінен шығып оған жақындай
береді). Арманчик, Армандос, Арманелло, Армагеддон! Кел,
келе ғой! (Арман қатал әйелге ілесіп кетуге ыңғайланады.)
ЕЛТАЙ (ақырып): Тәйт! Тұр былай қане! (Баласын жұлып

алып, бөлмесіне қарай итеріп жібереді. Қатал әйелге: )
Барыңыз! Жақсылықпен кете қойыңыз біздің үйден!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Сіз әлі бұл үшін жауап бересіз! (Айбат шегіп,
кетеді).

ЕКІНШІ АКТ

Бірінші көрініс
Елтайдың үйі. Телефон шырылдайды. Елтай трубканы
көтереді.
ЖУАН ДАУЫС: Әлө! Бізге Арман керек!

ЕЛТАЙ: Ал сіз кімсіз?
ЖУАН ДАУЫС: Біз – бізбіз! Бізге Арман керек!
ЕЛТАЙ: А-а, Арман... Арман бара алмайды қазір.
ЖУАН ДАУЫС: Неге?

ЕЛТАЙ: Ол бос емес.
ЖУАН ДАУЫС: Солай ма? Онда Арман тезірек сізден босап,
ақиқат жолына түссін!
ЕЛТАЙ: Не дейсің әй, сен?

ЖУАН ДАУЫС: Ха-ха-ха! Сенің Арманыңды біз алып
қойғанбыз. Баяғыда! Ха-ха-ха! Пока, паханчик! (Гук-гук.
Елтай трубканы қойып, есін жиғанша, қайта шырылдайды.
Елтай трубканы алып, бірдеңе деуге жасқанып, үнсіз

тыңдайды).

НӘЗІК ӘЙЕЛ ДАУЫСЫ (сиқырланып, сыбырлап): Әлө-ө,
Арма-а-нн!
ЕЛТАЙ: Ол үйде жоқ.
НӘЗІК ДАУЫС: Әлө-ө, бұл сіз бе, Арманның пәпәтәйі? Оған

сәлем айтыңыз... тезірек келсін!
ЕЛТАЙ: Ал сіз кім боласыз?
НӘЗІК ДАУЫС (құбылып): Өй, пәпәтәй! Хи-хи-хи! Біз –
бізбіз, пәпәтәй! Мен Арманның жәкәтәйімін! Арман тезірек

жетсін жәкәтәйіне! Хи-хи-хи! Пәпәтәй, сіздер құлқынның
қамымен жүргенде, біздер армандарыңызды ұрлап алып
қойғанбыз, хи-хи-хи! (Гук-гук. Телефонды қойып, сенделіп
қалған Елтайдың құлағына: «Арман – біздікі! Арман – біздікі!»

деген әлгі екеуінің дауысы күңгірлеп естілгендей болды.
Шошынған Елтай: «Иа, Алла! Иа Алла! Сақтай гөр, өзің!
Лә илаһә илла аллаһ!» – деп сыбырлағанда, сап тыйылады.
Сөйтіп тұрғанда бөлмесінен Арман жүгіре шығады).

АРМАН (аласұрып): Мен кеттім! Шақырып жатыр... мен
баруым керек! ! (Жүгіре басып Шекер келеді).
ЕЛТАЙ (Арманның жолын бөгеп, құшағын жайып):
Балам-ау, құлыным-ау, саған не болды! Әбден басың айналып,

азғындап кететіндей не көрінді сонша?!
АРМАН: Кімнің азғын екенін кім біледі? Әке! Бұлар біздің
басымызды айналдырып, аздырып жатыр дейсің... Ал сонда
сен қай­да болдың? Қайда қарадың сен? Неге арашалап алып

қалмадың, әке?!
ЕЛТАЙ: Ойбай-ау, мынау не дейді, әй? Мен біліппін бе...
көріппін бе... бұлай боларын. Тіпті қарайтын мұрша да жоқ
қой менде. Жұмыс, жұмыс деп шауып жүрген жоқпын ба күн-

түні...
ШЕКЕР: Өй, өңшең көрсоқыр!
АРМАН: Мама! (Құшақтай алып, сыбырлайды) Мама, мен
ке­туім керек! Мені шақырып жатыр. Мама, мама, маматай!

Сен ғана түсінесің ғой менің жанымды! Айтшы папама, мені
жіберсін! Олар бізді аздырып жатқан жоқ... олар бізді шынайы
бақытқа, жан мен тән рахатына бөлейтін жол іздеп жатыр!
ШЕКЕР (Арманды басынан сипап, мейірленіп): Құлыным-

ай, сол! Садағаң кетейін! Не болды саған сонша... өз жаныңды
өзің жеп? Сабыр етші, сабыр!

АРМАН: Қайдағы сабыр? Бір тыным жоқ. Миым тола идея... Қаптаған дін. Құйын соғатын сияқты кейде басымда. Мыңдаған ауыр сұрақтар... Жауабын таба алмай жынданатын болдым. Құлағым шуылдап, басымның іші гуілдеп зәремді алады. Даңғырлаған дауыстар естимін... Бұйрықтар естимін... Белгісіз бір үрей буады өн бойымды. Айдалаға безіп көрдім... Тауға да, тасқа да бардым... Көкке ұштым... Көлге түстім... Теңізге жүзіп, мұхит астым... Иесіз аралдағы иір-қиыр үңгірге де тығылдым... Бірақ, бәрібір басымның ішіндегі дүңгірлеген, күңіренген дыбыстардан құтыла алмадым! (Арман беріле, егіле сөйлеген сайын елтіген Шекер басын шұлғи береді. Елтай тастүйін бекіне түседі). Сен мені жақсы көресің ғой, мама! Аяшы мені, құтқаршы! Айтшы папама, мені жіберсін! Соларға барсам ғана жаным жай табады! ШЕКЕР (Елтайға жақындап): Жібер, қане! Жібер деймін, ба­ланың жанын қинамай! ЕЛТАЙ: Жоқ! АРМАН: Жібер мені, әке! Жақсылықпен жібере ғой! Енді шыдай алар емеспін! Міне... міне... міне... (Өзінің басын, шекесін, төбесін саусағымен нұқып-нұқып, ашына сөйлейді). Біресе азан-қазан, даң­ғаза... шулап жатыр, шақырып жатыр... біресе сыбырлап, үздігіп... жанымды суырып әкетіп барады! Жібер, әке! Мен баруым керек, соларға! ЕЛТАЙ: Жоқ! Бармайсың ешқайда! Тоқта, тәубаға кел! Алла де! АРМАН: Демеймін! Менің құдайым басқа! Жібер! (Әкесін жолынан итеріп тастауға ыңғайланады. Екеуі алысыпжұлысуға айналады. Арман біраздасын Елтайды ығыстырып, еңсере бастайды. Үрейі ұшқан Шекерде үн жоқ). ЕЛТАЙ: Тәйт! Тоқта, иттің ғана баласы! Тоқта деймін! (Арман қапысын тауып, әкесін етпетінен түсіреді. Елтай есіктің алдына жатып алады.) АРМАН: Жібер, әке! Бөгеме жолымды, кет былай! ЕЛТАЙ: Бармайсың! Жібермеймін! Өлігімді... менің өлігімді ат­тап қана кетерсің! (Арман қос қолымен өз басын қыса ұстап, үрейлі шуылмен алыс­қандай теңселіп, қиналып тұрады да, бір кезде көлденең жатқан әкесінен аттап өтіп жүре береді. Елтай серейіп, жер

бауырлап жа­тып қалады. Шекер сілейіп, бетін басып тұрып
қалады. Ауыр үнсіздік... )
Екінші көрініс
Кешкі

бақ.
Тыныштық.
Арман
өзін

күтіп
тұрған
жамылғылы жұмбақ адаммен кездеседі. Жұмбақ адам оны
қолтықтап, айналып-толғанып сәл жүреді де, әдемі қызды

шақырып алады. Жартылай ашық-шашық киінген қызбен
екеуін оңаша қалдырып кетеді. Екеуі сырласып отырады.
АРМАН: Міне, сөйтіп мен бәрінен де аттап өттім! Енді менде
шегінетін жер қалған жоқ.

Қыз: Сен қандай кереметсің! Ескіліктен біржола қол үзіп,
азаттыққа шығу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік!
Ал сен сондай үлкен іске тәуекел етіп бардың! Великолепно!
АРМАН: Бірақ ата-анамды да қимайтын сияқтымын...

ҚЫЗ: Өкінесің бе, не?
АРМАН: Білмеймін... Өзім де түсінбеймін... Белгісіз бір
нәрсе жанымды жеп, жүрегімді тырналайтын сияқты! Сенесің
бе, мен әбден шаршадым! Жүйкем де тозып бітті!

ҚЫЗ: Ештеңе етпейді, уақыт бәрін де емдейді. Жүрміз ғой,
міне, біз де, бәрімен қош айтысып. Ертең-ақ мәңгілік ақиқат
жолында жаның жай тауып, өзіңді керемет бақытты сезінесің!
Мәңгілік ақиқаттың жанында ата-ана, туған-туыс деген не,

тәйірі? Сен не, шынымен өзіңді ата-анаңа тиесілі нәрсемін,
солардың меншігімін деп ойлайсың ба? Жо-оқ! Олар тек сенің
өмірге келуіңе себепкерлер ғана! Ал, шын мәнінде, сен –
мәңгілік ақиқаттың бөлшегісің! Сен тек соған ғана тиесілісің,

тек сол жолда ғана болуың керек! Есіңде ме, ең алғаш кездескен
кезіміз?! Айлы жаздың кеші емес пе еді?! Сол кезде мен де
сен сияқты екі дай көңіл күйде арпалысып, азап тартып жүр
едім ғой. Көп қиналдым... Ақыры, тәуекел еттім! Лақтырдым

перде атаулының барлығын! Жалаңаш шындықтың ләззатын
таттым! Қоғамның жалған, шартты ұғымдарын сыпырып
тастап, нағыз азаттыққа жеттім!
АРМАН: Шіркін, мен қашан азат болар екенмін? Өзіңнен-

өзің азат бола алмау қандай азап білгенге? Өмір бойы... ес

білгелі бір белгісіз нәрсе... бұлдыр сезім, ауыр ой еңсемді езіп,
өзегімді өртейді де тұрады. Жанымды жегідей жеп, бір тыным
бермей, уландырып бітті...
ҚЫЗ: Ол не ой? Ашып айтып, ақтарып таста! Сонда жеңілдеп

қаласың...
АРМАН: Айтқанда... Өзім де анық түсінбеймін... Қисынға
кел­мейтін, қалыпқа сыймайтын, қағидаға бағынбайтын бір
қиын бірдеме. Құйын сияқты ана жақтан бір соғып, мына

жақтан бір соғып, жынды ғып бітірді әбден. Қайда барсам да,
қандай бір әрекет етіп, жұмыс істесем де, ойын-тойда, думанды
топта дүрілдетіп жүрсем де, қыр соңымнан қалмайтын бір
сұрақ... Осының бәрі өткінші, алдамшы нәрсе ғой, ертең бәрі

өтеді де кетеді, белгісіздікке айналып, өшіп жоғалады, олай
болса опасыз өмірді сүріп не керек? Неге, не үшін байғұс адам
баласы тырбанып, таласып-тартысып, бір-бірімен ұстасып,
алысып-жұлысып әлек болады? Ертең жоқ болатынын біліп

тұрса да, алданыш үшін бе? Бұл өмір – сұм жалғанның мәні
бар ма? Болса, ол неде? Мәңгілік өмір, мәңгілік жан рахаты
қайда?!
ҚЫЗ: Міне, міне, мен де тура осылай жан азабын тартқан­мын

бұрын. Ал қазір мәңгілік ақиқат жолына түскелі, жан рахатын
таптым. Опасыз дүниенің бәрін осы жолға құрбан етіп, тұрмыс-
тіршіліктің барлық тұсау-шідерінен құтылып, арылғаннан
кейін ғана мен мәңгілік ақиқат мәнін ұғындым! Сен де осы

жолға қадам басқан екенсің, енді артқа қайырылма! Алға басқан
сайын ақиқат сыры ашыла түседі! Әлі керемет көңіл күйлерге
бөленетін боласың! (Арманға еркелей қылымсып, иығына
басын сүйейді. Арман оны иығынан құшақтап, жұбанғандай

болады).
Үшінші көрініс
Шекер Арманды іздеп сектаға келеді. Буалдыр, бұлыңғыр
жерде мәңгіріп, мүлгіп отырған сектанттарға үрейленіп,

жау­таңдап қарайды. «Арман? Арман? Қайдасың менің Ар­
маным?!» деп үздіге сыбырлайды. Шыдай алмай, жамыл­
ғыларын ашып, бір-бірлеп қарай бастайды. Неше түрлі
құбылған жүздерді көреді. Ақыры, әдемі қыздың жанында

отырған Арманды табады.

ШЕКЕР: Арман! Құлыным! Бұл мен ғой, мамаңмын! АРМАН (селт етпей, бақырайып қарайды. Балдырлап): Ма-ма? Ол не... мама деген?! ШЕКЕР (есі шығып, қиналып): Анаң... анаңмын ғой мен. Ең жақын адамың! АРМАН: А-а! Мәңгілік ақиқат жолында менің жанымда боласың ба енді? (Әдемі қыз оның қолынан ұстап, өзіне тартады). ШЕКЕР: Иә, иә... әрқашан мен сенің жаныңдамын ғой. Жүр, жүре ғой үйге, құлыным! АРМАН: Жоқ! Мен ешқайда бармаймын! Менің үйім де, мәңгілік мекенім де осында! (Әдемі қызды құшақтайды). Сен менімен бірге қаласың... анам болсаң... ең жақыным болсаң! ШЕКЕР: Апырмай, ә?! (Қиналып, толқып, өз-өзінен күбірлеп, әрлі-берлі жүреді). Енді қайттім? Арманмен бірге кітаптарын оқып, киноларын көргенмін... Балама ұнаған нәрсе менің де көкейіме қонады. Бірақ... бірақ... Қайтейін... қайтейін-ай, сорлы басым! (Ше­кер егіліп тұрғанда, ақырын басып қатал әйел келеді. Ол Ше­кердің сөзін тыңдап, жан толғанысын бақылап тұрады. Саусағымен Арман мен қызды шақырады. Екеуі лып етіп, қасына келеді. Бір қолымен Арманның қолынан ұстап тұрып, бір қолын Шекерге қарай соза беріп, жақындай түседі). ҚАТАЛ ӘЙЕЛ (жадырап, жәдігөйленіп): Сіз бұлай жабырқама­ңыз! Жәбір көріп, жараланған жаныңызға шипа іздесеңіз, бізге келіңіз, бірге болайық! Біз сізді түсінеміз! Біз сізді жақсы көреміз! (Ол құбылып, жанары өткірленіп, жақындай түседі. Шекер оның тәтті сөзіне, әуезді үніне арбалып, елтіп, еміне береді). Мына сұмдық, лас өмірден құтылып, мәңгілік бақытқа, ақиқатқа, жан рахатына бөленгіңіз келмей ме? Әрине, келеді! Оған апаратын жаңа жолды біздің ұстазымыз ғана адаспай тапты. Одан үлгі-өнеге алған біз ғана білеміз қазір өмірдің мағынасын! Тіршіліктің бүкіл тауқыметінен, жаныңды жегідей жеп, жүйкеңді тоздырған түйткілдердің бәрінен арылып, тыныш рахатқа батқың келсе, жүр бізбен бірге! Жаңа өмірге, шынайы бақытқа өзіңді сыйлайтын, түсінетін жақсы адамдармен бірге аттан! Жүр, жүр, бізбен бірге, жүре ғой, жаным! (Екі қолын созып, трансқа кірген Шекерді құшағына ала береді).

Төртінші көрініс
Күлзипа сектада жалғыз жүр. Әлдекімді іздеп жүрген
сияқты. Кенет келе жатқан кісілердің дауысын естіп,
жамылғысын жа­мылып, мүлгіп отыра қалады. Қатал әйел

мен Шекер келеді).
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Сен әлі бізге онша үйрене алмай жүрсің бе,
неге көңілсізсің? Өзіңмен-өзің бұйығып, оқшаулана бермей,
топқа қосылып, жан-тәніңмен біздің қауыммен араласып

кетсең, ешқандай қайғы-мұң сені ала алмайды!
ШЕКЕР: Сіз мені кешіріңіз! Бірақ әлі де артыма қарайлай
беремін.
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ (жәдігөйлене жымиып): Қарайлайтын

ештеңе жоқ!
ШЕКЕР: Сонда да, біртүрлі күйеуім, үйім есіме түсе береді.
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Бұл сенің әлі де өткеннен қол үзе
алмағандығың, артта қалғандығың... Әйтпесе күйеу деген не?

Жаратылыстың жі­берген бір қателігі сондай бір күйкі нәрсе
емес пе? Оның қоластында тұрып, айтқанын істеп жүре беру
қорлық қой. Сондай құлдықтан, міне, азаттыққа шықтың! Бұл
сенің жеңісің! Ал үй дегенді тіпті ойламай-ақ қой, мәңгілік

ақиқат жолындағылар үшін үй деген ұғым мүлде жоқ! Дүние-
мүлік дегенің мүлде қажетсіз, қол-аяғыңды байлап-матап
қойған бұғау емес пе?!
ШЕКЕР: Сонда да ағайын-туыстарды ойласам, біртүрлі

ұялып, күйзеліп кетемін... Ел-жұрт не дейді?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: (қомданып, қолдарын сермеп, кесіп-пішіп
сөйлей бастайды. Оның әр сөзі миына шеге боп қадалып
жатқандай, Шекер шөгіп, бас шұлғып, көзін сүртіп, бойсұна

береді). Қайбір оңған жұр­тың бар еді сенің? Әр қадамыңды
аңдып, өсектеп отырған, іші тар, көре алмайтын өңкей
қырттарды жұртым дейсің бе? Олардың барынан жоғы! Жұрт
түгілі, бізде тіпті ұлт деген жоқ! Бізде жалпы адамзат деген

бір-ақ ұлы ұғым бар! Біз космос қызметшілеріміз! Жалпы
жаһандық жандармыз! Біз отбасы, отан дегенді білмейміз!
Оның бәрі өтірік! Адамның космостық жолындағы бөгеттер,
артық жүк­тер. Мәңгілік ақиқат жолындағылар үшін мына

тіршілікте еш­қан­дай мағына жоқ! Біз бір ғана тұңғиық, шексіз
хаосты білеміз! Қал­ғанының барлығы жалған! Сондықтан сен
алаңдайтындай ар­тыңда қасиетті ештеңе де жоқ! Тіршіліктегі
нәрселердің бәрі алдам­шы, өткінші. Айтпақшы, сұм жалған

деп аталарың да текке айтпаған ғой!
ШЕКЕР (қорқыңқырап): Дұрыс қой, бәрі дұрыс. Бірақ
бауыр­ларымды ойласам, біртүрлі бауырым езіліп кетердей
болады...

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Таста, лақтыр ондай ойдың бәрін аулаққа!
Бізде бауыр деген жоқ! Ол не бауыр деген? Басыңа бәле, жүйкеңе
жүк... бітпейтін бір проблема... бір туғандығын бұлдап, бірдеме
дәметіп, бар болсаң көре алмай, жоқ болсаң бере алмай өкпесін

сүйретіп жүрген бозөкпелерден аман-сауыңда құтылғаныңа
қуан!
ШЕКЕР: Иә, иә, сөзіңіздің бәрі шын. Алайда түп-тамырымыз
бір ғой, бөлініп кету қиын екен...

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Бізде тамыр деген жоқ! Сондықтан үз
барлығын бытырлатып! Тамырыңнан құтылсаң, заман
желімен кең дүниені емін-еркін кезіп кете бересің! Міне,
қарашы өзің, қазір ешкімге міндетті емессің. Алтын

уақытыңды кетіріп, ешкімнің үйіне ба­рудың қажеті жоқ.
Жанталасып, жүйкеңді жеп, қонақ күтудің де қажеті жоқ.
Ешкіммен араласып, әңгіме айтуға, біреудің көңілін аулауға
міндетті емессің. Ешнәрсеге басың қатпайды. Мүлдем

еріктісің! Шыныңды айтшы, Шекержан, бала бағып, үй
шаруасымен айналысып, төрт қабырғаға қамалып отырған
кезіңде дүниені емін-еркін аралап, сайран салғың келген
шығар-ау!? Ал, ендеше, міне, саған еркіндік – қалағаныңша

қиял әлемінде қалықта, көңілің соққан кісіңмен қыдыр,
сал сауық-сайранды, жүр еркіңше! Мәңгілік ақиқат жолына
түссең, сен еш нәрсеге тәуелді болмайсың, бәрі-бәрі сенің
еркіңде болады! Солай, жаным, қарайлама артыңа, алға баса

бер! Сені алдыңда шексіз космос, мәңгілік ақиқат күтіп тұр!
(Жадылап, дуалағандай қолымен шеңберлер жасап, Шекерді
шыр ай­нала жүріп, жүріп, ақырын, ақырын алыстап,
шығып кетеді. Күл­зипа сәл бақылап, тың тыңдап алады

да, мәңгіріп отырған Шекер­дің жанына келеді. Иығынан
сілкілейді. Шекер оған шошына қарайды).

КҮЛЗИПА: Әй, есің дұрыс па, біреудің сандырағына еріп,
отбасыңды ойрандап жүргенің не? Есің барда елің тап! Қайт
үйіңе! Балаңды ал да, қайқай байыңа! Осынша басың айналып,
жат жұртқа жан-тәніңмен беріліп кетердей не көрінді, әй,

сен қайыршыға? (Ше­кер сасқалақтап, ұялыңқырап төмен
қарайды. Күлзипа екпі­нін үдете сөйлейді). Ибәй-әй, бетім-
ай! Енді қайтейін? Әзәзілдің аз­ғырғанына алданып, азып-
тоза қалатындай осыншалықты ақымақ, имансыз ба едің, әй,

зәнталақ! Біреу айтты екен деп, жастайыңнан отасқан байыңнан
безіп, өз отыңды өзің өшірердей не көрінді саған? Тіпті
баяғы қып-қызыл кәмөнезм, құдайсыздардың заманында да
дінімізден безіп, айкәпір атанбап едік. Доңыздың етін жегізіп,

шайтанның сусынын ішкізсе де, ішімізден иманымызды
бермеп едік. Тіпті бір ақкөңіл атамыз жарықтық, көрші
орыстар берген тәтті бөлішкеге қызығып, жейін деп жатса,
бетінде креші бар екен. Әлгі, Айса пайғамбарға арнап пісірген

нандары көрінеді. Жарықтық атамыз қайтсін, нанды далаға
лақтыра ма, крешін қасықпен ойып алып тастап, бісміллә
деп соғып алыпты. Әне, саған тәлерәнт! Ал осы күнгі ақсақал-
қарасақалдардың көпшілігі жас кезінде аузын арақпен ашып,

колбасамен сүрткендер екені өтірік пе? Қазір солардың біразы
молда болып, қажы болып жүрсе, несі жаман? Тоқтады, тәуба
қылды, тура жолға түсті, ниеті қабыл болсын! Мен де жүрмін,
өзге діндерді құрметтеп, күнкөрісімді айырып! Бірақ иманым

кәміл! Міне, саған тәлерәнт! Құдай сен құсап иманынан азып,
туғанынан безіп, жат ағымның қолтығына кіріп кеткеннен
сақтасын! Лағанат, қайыршы! Таста бәрін, жүр, қане, кеттік
үйге! (Шекердің қолынан ұстап, сүйрелеуге айналады. Шекер

тыртысыңқырап, қарсыласып, сәлден кейін икемге келіп,
Күлзипаның сүйрелеуімен есікке дейін барып қалады да, сіресіп
тұрып алады).
ШЕКЕР: Тоқта, тоқташы! Баламды, Арманжанымды қайтіп

тастап кетемін?!
КҮЛЗИПА (тоқтап): Қайткені несі? Оны да қалдырмай
ала кетейік!
ШЕКЕР: Ол оңайлықпен кете қоймас! Әбден басы айналып,

ана қызға байланып қалған жоқ па!
КҮЛЗИПА: Әне бір әдемі боялған ойыншық сияқты жыл­
тырақ қызды айтасың ба? (Шекер басын изейді). Е-е!

ШЕКЕР: Бәленің бәрі осы қыздан басталды ғой. Біздің
Арман – әсершіл, әр нәрсеге көзсіз сене беретін жаны таза бала.
Мектеп бі­тіретін жылы бірге оқитын бір қызға қатты ғашық
болды. Ертелі-кеш әңгімесі сол қыз, есіл-дерті сонда. Бала

махаббаты ғой, басылар деп мән бермедік. Қыз да бұны жан-
тәнімен жақсы көреді екен сөйтсек. Өзі керемет әнші екен.
Оның айтқан әндерін, әсіресе мына әнді Арман керемет жақсы
көретін.(Ыңылдап, махаббат туралы әндетеді). Әттең,

дүние, амал не! (Күлзипа беріле тыңдап, үнсіз бас изей береді).
Бір күні кешке мектептен қайтып келе жатқанда бір топ
қараниет қаныпезерлер қапысын тауып, әлгі қызды құлаған
ескі үйлердің подвалына апарып зорлап, өлтіріп кетіпті!

КҮЛЗИПА: А-аһ!
ШЕКЕР (күрсініп): Ой, несін айтасың, жаман болдық!
Бүкіл мек­теп қайғыдан қан жұтып қала берді. Әсіресе Арман
есін жия алмай, сенделіп қалды! Көпке дейін қорқып жүрдік...

жынданып кете ме деп!
КҮЛЗИПА: Әлгі иттерді ұстады ма?
ШЕКЕР: Ұстағаннан не пайда? Бес-он жылға соттады... Одан
сайын жанымыз күйзелді.

КҮЛЗИПА: Ондай азғындарды аяусыз атса ғой, шіркін!
ШЕКЕР: Несін айтасың... Содан, әп-әдемі баламыз адам таны­
мас­тай боп өзгере берді, өзгере берді... Оқуға да түсе алмады,
әскерге де жарамады... Жүйкесі жұқарып, сөз көтермейтін,

ақыл тыңдамайтын болып кетті. Ымырт үйіріле көкке, ай-
жұлдыздарға тесіле қарап, ыңылдап әндетіп отыратынды
шығарды. Мәңгілік өмір, ақиқат дегенді тауып алды. Мен сонда
сүйгеніммен жолығамын деп, зәрені алады кейде. Басылар,

түзелер деп жүрдік әуелде. Біраздан соң, кеш түссе болды,
зытып жоғалатын болды. Қайда баратынын, не істеп жүргенін
айтпайды, қазбалай бастасаң, ренжіп, мүлде сөйлеспей қояды.
Кейін білдік, осы жылтырақ қызбен кездесіп, әңгімелесіп жүр

екен. Оның сектант екенін кім біліпті, жарайды, жан жарасына
ем болар, тіпті жан жары болар деп ойладық. Кім баласының
қызбен не сөйлесіп жүргенін тергейді дейсің? Сөйтсек, ана
жәдігөй қыз бұны ашық-машық болғансып, әбден алдап, арбап,

жадылап әкетіпті ғой!
КҮЛЗИПА: Ал сенің мына жүрісің не? Саған не болды?

ШЕКЕР: Білмеймін... Еркімнен тыс бір күш мені матап
ұстап тұрған сияқты. Бар білетінім, мен – анамын, мен
баламның қасында болуым керек! (Күлзипа «жоқ, сонда да...»
дей бергенде, қатал әйел мен қара жамылғылы жұмбақ кісі

бастаған сектанттар кеп қалады. Күлзипа мен Шекер мүлгіп
отыра қалады).
Бесінші көрініс
Елтай сектаға келеді. Түсі суық, сақал-мұрты үрпиіп,

жағы суалған. Мәңгіріп отырған сектанттарды аралап,
әрқай­сысының жамылғысын ашып, қарайды.
ЕЛТАЙ: Арман? Шекер? Қайдасыңдар? (Жамылғыларын
жұлып-жұлып алғанда, Арман мен Шекер, әдемі қыз атып

тұрып, қол ұстасып, бұрышқа тығылады. Ауыр үнсіздіктен
кейін Елтай құшағын жайып, ақырын басып жақындайды.
Күбірлеп) Арман! Шекер! Жандарым-ау, не болды сендерге?
Келіңдер бері! Үйге қайтайық! (Арман мен Шекер бөтен адам

құсап безірейіп тұра береді. Елтай Шекерді сілкілеп) Не болды
саған? Түсіндірші...
ШЕКЕР: Түсіндіре алмаймын... Өзім де түсінбеймін. Мне
хорошо здесь! (Сол кезде қатал әйел мен жұмбақ сиқыршы

келіп қалады).
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Аһ! Тағы да келдіңіз бе бізге?
ЕЛТАЙ: Мен сізге келгем жоқ! Бала-шағамды алып кетуге
келдім!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Солай ма? Бұл сіздің правоңыз! Алып кетемін
десеңіз, рұқсат! Біз сізге бөгет жасамаймыз. Пажалыста! Егер
де, олардың сізбен кеткілері келсе, жол ашық! (Елтай оның
кекесінді сөзіне қарамай, Арман мен Шекерге жақын келіп,

қолдарынан тартады. Олар қарсыласып, қолдарын тартып
алып, қашып барып қатал әйелдің артына тығылады).
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Міне, көрдіңіз бе? Сізбен кеткілері жоқ!
Өз ерік­терімен бізді қалап тұр ғой! Енді қандай дауыңыз

бар? Айтарыңыз жоқ болса, аман-сауыңызда қайқайыңыз
бұл жерден. Әйтпесе жаман болады. Мен полиция шақырып
қойдым.
15-0046

(Ашу-ызаға булыққан Елтай: «Қап, бәлем!» – деп далаға
жүгіріп кетеді. Сектанттар қатал әйелдің айналасына
үйіріліп, шыр айналып жүреді. Іле-шала ақырып Елтай қайтып
келеді. Қолында – баклашка бөтелке).

ЕЛТАЙ (қаһарланып): Аһ, әкеңнің... алдамшы аярлар!
Жәді­гөйлер! Сендермен басқаша сөйлесу керек! Басқаша!
(Сөйлеп жүріп, баклашканың ішіндегісін бұлардың бәрінің
үстіне, айналасына шашып-шашып жібереді. Бензиннің өткір

иісі шығады. Үрей буған сектанттар қалшиып, беттерін
қолдарымен бүркемелеп, қатып қалады. Елтай қалтасынан
зажигалкасын алып, енді жағуға оқтала бергенде, даладан
жүгіріп кірген полиция капитаны оқша атылып, зажигалканы

бас салып тартып алып, Елтайды жерге алып соғады. Қолына
кісен салады. Сектанттар да, Шекер мен Арман да сазарып
қарап тұра береді. Күлзипа бірдеңе деуге оқтала беріп, өзінің
аузын өзі басып, әдейі бой тасалап тұрады).

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Бұл ісіңізге заң алдында жауап бересіз! Міне,
көрдіңіз бе, өшпенділік жолы орға жығады!
ЕЛТАЙ: Өшпенділік?! Ол қайдан келді екен? Кім тұтатты
екен әуелде, ә? Мен де ақ адал еңбегімен күн көрген көп

момынның бірі едім. Тып-тыныш жатқан отбасыма от тастап,
ойран салдыңдар. Содан кейін де сендерді жақсы көруім
керек пе? Неге, неге сендер бізге маза бермейсіңдер, ә? Неге
сонша ашындырасыңдар адамды? Біздің жанымызды улап,

ұрпағымызды аздыруға неге құмарсыңдар? Жоқ, оларың
болмайды. Өз уларың өздеріңді табады түбінде!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Мұндай экстремистік, саяси арандатушылық
сөздеріңіз үшін заң алдыңда жауап бересіз. Капитан мырза,

мен халықаралық ұйымның мүшесі ретінде осының бәрін
протоколдап, сотқа табыстауыңызды талап етемін!
ЕЛТАЙ: Бір құдай төреші бәріне! Көрерміз әлі! Тек қана
бір нәрсені түсінбей кетіп бара жатырмын... Әлгі әлемдік

адам правосы туралы заң бойынша, сендердің бізді азғыруға,
аздыруға праволарың болғанда, менің оған қарсы тұруға,
қорғануға правом жоқ па?!
КАПИТАН: Жә, жетті! Доғарыңыз енді! Қалған сөздеріңізді

сотта айтарсыз!

ЕЛТАЙ: Ал, ендеше апар да қама! Тоғыта бер түрмеңе!
Абақтының араны толғанша аяма алашыңды! Зытыр зынданға!
Қолдарыңнан келетіні – өз бауырларыңды сорлату ғана! Түптеп
келгенде, бәріне кінәлі сендерсіңдер! Өңкей қорқауды, жын-

шайтанды қаптатып, «мә, мына момын, аңқау елді аздырып-
тоздырыңдар, білгендеріңді істеңдер!» – деп еркіне қоя
бергендерің не, әй? Мықты болсаңдар, соларды неге тәртіпке
шақырып, жөнге салмайсыңдар?!

КАПИТАН: (резіңке келтегін білеп-білеп): Болды, жабы­
ңыз аузы­ңызды оттай бермей! Мұндай арандатушылық сөз­
деріңіз үшін тағы бірер жыл қосып алмай тұрғанда, түсіңіз
алға! (Айдап әкете береді, сектанттардың арасында қалып

бара жатқан Арман мен Шекер бөтен адам құсап бедірейіп
тұр. Елтай ышқынып, жұлқынып, соларға қарай жүгіреді.
Капитан күшпен бөгеп, жібермейді.)
ЕЛТАЙ: Арман! Құлыным! Шекер! Жаным! Не болды

сендерге?
КАПИТАН: Жұртқа мән үйреткенше, қатын-балаңызға
уағында ие боп алмайсыз ба? Ендігінің бәрі бос сөз! (Сүйрелеп,
әкете береді.) Жүріңіз, кәні!

ЕЛТАЙ (кетіп бара жатып, ышқынып): Қош! Қош бо­
лыңдар, ме­нің адасқан жандарым!
Алтыншы көрініс
Капитан Елтайды алдына сап айдап әкеле жатыр.

Бір жерге тоқтайды.
КАПИТАН: Ал, ағасы, бері қара! Бетіңмен адыраңдай бер­
мей, айтқан ақылды сабырмен тыңдап, мықтап тоқып ал!
ЕЛТАЙ: Қайдағы ақыл? Қайдағы сабыр? Енді мені еш­

теңемен де қорқыта алмайсың...
КАПИТАН: Мен сараптамаға мына бөтелкедегі бензинді
жай са­ры сумен ауыстырып апарамын. Өртейтін ойым болған
жоқ, жаным күйгесін жай қорқыттым деңіз. Осы сөзден

танушы болмаңыз. Қор­қыту үшін суға иісін шығарып аздап
бензин қостым дейсіз. Ұқтыңыз ба? Қаныңыз қызып, шындық
дәлелдеймін деп шырылдаудың қа­жеті жоқ. «У дурака ум на

сердце» деген сөз бар. Эмоциямен, сезіммен әрекет қылатын әсершіл адамдар туралы айтылған. Сотқа сезім жүр­мейді! Тіпті ішіңізді тесіп бара жатса, идеяларыңызды таластыра беріңіз, бірақ өртеймін деген сөз шығушы болмасын аузыңыздан. Өтірік қорқыттым, жай сумен деп, қатып қалыңыз... ұқтыңыз ба?! Қане, қайталап көріңізші... ЕЛТАЙ: Сен неге маған сонша жанашыр бола қалдың? Алдап-сулап арандатып тұрған шығарсың... бір қулық ойлап. Әлде, осы­лармен жемтіктесіп, жең ұшынан жалғасып жүрсің бе? Білеміз ғой сендерді... Қазір ешкім де сенбейді сендерге... Жердің түбіне тығып жіберсең де көріп алдым! КАПИТАН: Әй, не деген ақымақсың, ә? Мейлің! Бірақ мен айтқанымды істеймін! Мына бензинді... заттай айғақты жоямын! Айғақ жоқ болса, қылмыс та жоқ! Менің бар қолымнан келетіні осы. Ар жағын өзің біл! ЕЛТАЙ (сәл жүргесін, тоқтап): Капитан қарағым, ағаң артық кетсе, ренжіме. Менде қайбір ақыл қалды дейсің? Құр әншейін тірі отыр демесең, мен өлдім ғой, біттім ғой, бауырым! КАПИТАН: Аға, үмітсіз шайтан деген... Менің де зығырданым қайнайды, бірақ амал жоқ. Ішіңіз білсін! Заңның аты – заң, бірақ менде де қан бар! Өкінішке орай, біз оларға тыйым сала алмаймыз. Қолдарында заңды құжаттары бар. ЕЛТАЙ: Қарағым-ау, сонда аннан келген, мыннан келген өті­рік діннің бәрін мына аңқау, момын елді азғырып, аздырыптоз­дырыңдар, ауыздарыңа келгенді айтып, ойларыңа келгенді іс­теңдер деп бетімен қоя беріп, қарап отырмақсыңдар ма? КАПИТАН: Аға, бұл – өте күрделі, қиын мәселе. Бұл сұрақты маған қоймаңыз! Мен оған жауап бере алмаймын. Менің қолымнан келе­тіні – сіздің ісіңізді жеңілдету ғана! Әлгі айтқанымнан айнымасаңыз болды, сізді ешкім де соттай алмайды! (Елтай күрсініп, басын изейді. Екеуі үнсіз, ілби басып кете береді). Жетінші көрініс Елтай аялдамада жолаушы тосып, «тәкси, тәкси» деп тұр. Бірақ бұрынғыдай даусы жарқын емес, бәсең. Күлзипа келеді. Машинаға отырып, жүреді.

ЕЛТАЙ: Қайда?
КҮЛЗИПА: Қайда болушы еді, сектаға! Иә, бас терің
салбырап кетіпті ғой...
ЕЛТАЙ: Е-е, қайбір оңған тірлік дейсің... Әйтеуір, әлгі

полицай бауырым сөзінде тұрып, бөтелкедегі бензинді сумен
алмастырып апарды. Тергеуші әрі тартты, бері тартты, бірақ
айғай-шу болғаны­мен, айғақ жоқ деп, мені босатып жіберді.
Шығуын шықтым-ау, ал менің бала-шағамды кім қайтарады?

Ойран болған отбасымның обалы кімге?! Әлемдік мәселелер
тұрғанда, сенің отбасың кімге дәрі деп, сектант әйел өзімді мазақ
қылады. Ойбай-ау, отбасың ойран болып жатса, нағыз қасірет
сол емес пе? Әй, әттең дүние-ай, қайтейін енді, қайтейін... Бұл

артта қалған өте надан адам! Бұның көзқарастары дүниежүзілік
стандарттарға сай келмейді дейді әлгі сектант әйел. Сонда, сол
стандарттарға бізді зорлап келтірмек пе? Менің өзімше ойлауға,
өз жерімде өз жолыммен өмір сүруге правом бар ма, жоқ па?

Әркім аузына келгенін айтып, ойына келгенін істей берсе не
болады? Көрінгеннің сандырағына еліге берсек, ере берсек
не боламыз? Әркім жаңадан құдай ойлап тауып, жаңадан дін
шығара берсе, біз соларға ерік беріп қойып қарап отыруымыз

керек пе? Білмеймін... Миым айналып жынды болатын
болдым... Айтпақшы, мына «ғарыштық, жалпы адамзаттық»
сектаңыз «мәңгілік ақиқат үшін» менің үйімді, дүние-мүлкімді
өз атына аударып алмақшы болып, менімен соттасқалы жатыр.

Әйелім мен балам соларға сыйладық деп жазып беріпті.
Апырмай, сонша не болды бізге?.. Біздің Армандарымыздың
болашағы не болады!? Білмеймін. Түсінбеймін. Не істеу керек?!
КҮЛЗИПА: Ой, шіркін-ай, күңіренгенде алдарыңа жан

сал­майсыңдар, қолдарыңнан түк те келмейді! Сендерді әлем
әйелдерінің ойбай жарысына жіберсе, шеттеріңнен жүлдегер
боп келер едіңдер! Жә, жетті, басыңды көтер, мін атқа! Уды
умен қайтарады! Дуаға қарсы дұға қылдым! Зәбірге зауал

келеді! Кәміл иман, қайсар рух бәрін де жеңеді! Бұлардың өз
ниеттері өздерін тауып, өз арттарын өздері ашады, көр де тұр!
Сегізінші көрініс
Буалдыр, алакөлеңке сектада Арман, Шекер, әдемі қыз

мүлгіп отыр. Қатал әйел мен қара жамылғылы жұмбақ адам

келеді. Сиқырлы әуенді қосып, билей басып, отырғандарды
бір айналып қарап шығып, екеуі құшақтасып, жабысып,
аймаласа бастайды. Әдемі қыз «ыһ!» деп сүйсіне дауыстап
жібереді. Қатал әйел оны қолымен ымдап шақырады. Әдемі қыз

қымсынбастан жұмбақ адамды құшақтап, қара жамылғының
ішіне кіреді.
Үшеуі аймаласып тұрғанда, мүлгіп отырған Арман
шошынып: «Тоқта! Тоқтат!» деп, қатты айқайлап, орнынан

ұшып тұрады. Әдемі қызды қара жамылғыдан жұлып алады.
Жартылай жалаңаш қыз қымсынбастан Арманның мойнына
асыла кетеді. Арман оны итеріп жіберіп, екі қолын жайып:
«Бұның не? Бұл не масқара, әй, менің махаббатым!?» дейді

ышқынып. Әдемі қыз бұраңдап, майысып-қайысады. Шекер
қорқа-қорқа орнынан ақырын тұрып, Арманның қасына келеді.
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ (қарқылдап күледі). Бұл – мәңгілік ақиқат!
Шынайы махаббат, жалаңаш шындық жолы осы! Оған

таңданатын да, жынданатын да ештеңе жоқ! Оған сүйсіну
керек, рахаттану керек! Кел, келіңдер, қане, топтасып батайық
ләззатқа! (Құшағын жайып, Арманды аймалауға кіріседі.
Арман жиіркеніп, алысып, құтылуға тырысады. Әдемі қыз

жәдігөйленіп, Арманды топтасып сүйісуге шақырады. Қатал
әйел Шекерді жамылғылы адамға қарай бейімдей бастайды.
Жұмбақ адам Шекерді өзіне икемдей тартып, аймалауға
тырысады. Сол кезде екпіндеп Күлзипа кіріп келеді).

КҮЛЗИПА: Тәйт! Тоқтат қане, өңкей азғын, қара бет,
лағанат, малғұн! Тұр былай! (Айбаттанып, Арман мен
Шекерді қолдарынан жұлқып-жұлқып, өз жағына шығарып
алады). Бұл не сұмдықтарың?

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ (сиқырланып): Бұл ешқандай да сұмдық
емес! Бұл – бүкіл әлемдік жаңа эстетика! Өнер! Бұл – табиғи
нәрсе!
КҮЛЗИПА: Дәретке отыру да табиғи нәрсе! Табиғи екен деп,

әйгілей беру керек пе?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Табиғи нәрсенің бәрі тамаша!
КҮЛЗИПА: Біз мұсылман қазақ еліміз! Бізде бұл жөнінде
ашық айту ұят, масқара боп саналады!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Ұят-мият... Фу, қандай артта қалған, надан
едіңдер!

КҮЛЗИПА: Сонда мынандай жартылай жалаңаш жүргені­
ңіз де сіздің бізден озып кеткеніңізді көрсете ме?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Е-е, несі бар? Әуелде адам баласы жалаңаш
жара­тылған. Жалаңаш дене – ақиқат дене. Ал киім дегеніміз –

жасан­дылық. Ақиқатты тұмшалаушы перде. Яғни киімшең
адам – маска киген адам, ақиқатты жасырушы адам, екіжүзді
адам!
КҮЛЗИПА: Мәссаған! Сонда шыншыл боламыз деп тыр

жалаңаш жүрейік пе бәріміз?
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Қазіргі заманда еркектің де, әйелдің де
жалаңаш тәніне деген табиғи әуестік әлемді билеп тұр !
КҮЛЗИПА: Жетіскен екенсіңдер! Ол сіздің ұғымыңыз.

Ал біздің ұғымымыз бойынша, қазір әйелдерді әбден қорлап
бітірдіңдер! Оларды экрандарда тыр жалаңаш шешіндіріп,
миллиондаған адам­дардың көз алдында тоңқайтып та,
шалқайтып та көрсетіп, масқа­ралап жатырсыңдар!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Эротика дегеніміз – эстетика!
КҮЛЗИПА: Ол сіздіңше. Ал біз мұсылман қазақпыз,
біздің ұғы­мы­мызда ондай нәрселер өте өрескел, ұят, масқара
саналады. Қан­дай әдемі сөздермен көмкерсең де, ұятсыздықтың

аты – ұятсыздық! Сондықтан ондай ұятсыздықтарды өз еліңізде
жасаңыз, ал біз ондай жария жалаңаштыққа үзілді-кесілді
қарсымыз!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Бірақ бәрің де эротиканы жақсы көресіңдер

ғой!
КҮЛЗИПА: Бәріміз де махаббаттан жаралғанбыз. Махаббат
барша адамға тән. Бірақ ол өзінің құпиялығымен қасиетті! Оны
әйгілеу – арсыздық!

ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Дегенмен жалаңаш әйел денесінен сұлу не
бар? Ондай табиғи сұлулықты неге жасырамыз? Неге жасанды
сұлулық­пен алмастырамыз?
КҮЛЗИПА: Сұлулық – сырлы дүние. Сұлулық жөні осы

екен деп, көрінген жерде шешіне бересіздер ме, не? Ұяты жоқ
әйелдің несі әйел?!
ҚАТАЛ ӘЙЕЛ: Несі бар? Шешінеміз... Ол ұят емес, ол
мақтаныш, ол қуаныш... тіршілік қуанышы... Сондықтан

біз бүкіл әлемнің әйелдерін жалған ұят пердесін лақтырып
тастап,
ашық-шашық
жүруге

шақырамыз!
Шешініңдер!
Шешіндіреміз! Әлі түгел жалаңаш жүретін боласыңдар, ха-ха-
ха! Ал не қыласың, қане... Біз сендерді шешіндіріп бітірдік.

Ар-ұяттан жұрдай қылдық. Ақсақалдарыңа дейін дүйім
жұрттың алдында үлкен отыр, кіші отыр демей, ауыз­дарының
суы құрып, жалаңаш әйелдерді сипаттап, тоқал деп өліп-өшіп
отыратындары өтірік пе?! Ал азған елді айтқаныңа көндіріп,

айдауыңа жүргізу оп-оңай, ха-ха-ха! Енді тек бәріңе мәңгілік
ақиқат, жалаңаш шындық жолына түсіп, түп-түгел тыр
жалаңаш жүріп, топтасып махаббат ләззатын тату ғана қалды!
Біз (қара жамылғы, әдемі қыз үшеуі бір-біріне рахаттана

қарап қояды) ондай рахат­қа баяғыдан батып келе жатырмыз.
Кел, келіңдер, қане, мәңгілік ақиқат, шынайы бақыт, жалаңаш
шындық жолына! (Қатал әйел Күлзипаға тік қарап, қадалып,
қолдарын тарбитып, дуалауға кіріседі). Қосыл тобырға!

Тобырға қосыл да, табиғи махаббат­тың құшағына құлай бер,
құлай бер, құлай бер! (Арман мен Шекер бір­түрлі бүрісіп,
қатал әйелге бойсұнып қалады).
КҮЛЗИПА (қатал әйелдің өткір көздеріне отты жанарын

қадап, қасқайып тұрып, даусын одан да асыра, айбынданып,
аруақтанып сөйлейді. Қолдарын сермеп, аластап): Айтақ,
айтақ, айтағым! Адырам қал, бүйткен ақиқатыңды артыңа
тық! Сектаңмен қоса селмен кет, жынойнағыңмен қоса желмен

кет, оттан шыққан күлмен кет, көбелек болып көлден кет,
ебелек болып елден кет, киелі туған жерден кет, қайтып келмей
мүлдем кет! Алас, алас, алас! Жоғал, жоғал, жоғалыңдар
албастылар!

(Елтай кіріп келеді. Қатал әйел, жұмбақ адам, әдемі
қыз үшеуі шегіншектей береді. Күлзипа мен Елтай оларды
қуалайды. Олар қашқалақтап, айналсоқтап жүріп алады.
Екі жақ аңдысып, іш­тей тартысып, тіресіп тұрады. Күлзи­па

қолын көкке жайып, тілек тілейді. Елтай бірге қолын жаяды.
(Лә иләһа илла аллаһ! Иа, алла, сақтай көр жын-періден
елімді! Адастыра көрме, қор қыла көрме, иманымызды кәміл
қыла көр, аман қыла көр! (Қатал әйел, жамылғылы адам,

әдемі қыз кәдімгідей жүндері жығылып, шөгіп, шегіншектесе
де, торуылдап жүреді. Арман мен Шекер ортада арлы-берлі
сенделіп, естерін жиюға айналғандай, бір қиналысты күй
кешіп тұрады. Күлзипа Арманға қадала қарап, көзі от шашып,

баяғы қыздың сүйікті әнін айта бастайды. Елтай қосылады.
Ән көтерілген сайын, Арман мен Шекер толқып, сілкініп,
өзгере береді).
Соңы.

2011-2013 жж.

БІРЖАН САЛДЫҢ ШІДЕРІ

Екі актілі, алты көріністі лирикалық пьеса
Марал Қажыкенқызына арнаймын

ҚАТЫСУШЫЛАР:

БІРЖАН САЛ – әнші-композитор, ақын, 35-40 шамасында
ЛӘЙЛІМ – дала қызы, 17-де
КӨЛБАЙ – қыр қазағы, Ләйлімнің ағасы, 35-40 шамасында
ЖЕҢГЕЙ – Көлбайдың әйелі, 30-дарда

БАЛУАН ШОЛАҚ – балуан, әнші-композитор, ақын,
20-ларда
ӘЗІЛКЕШ – сал-серілердің жолын қуған есерлеу жас,
20-ларда

ШАБАРМАН – 30-дарда
ҚАЙНАҒА – 30-дарда
ЕСЕРЛЕУ ЖІГІТ – 20-да
АУЫЛ ҚЫЗЫ – 17-де

ЖІГІТТЕР, ҚЫЗДАР, АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ

Оқиға XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы
алыс ауылдардың бірінде өтеді.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

ӘЗІЛКЕШТІҢ ӘЗІЛСЫМАҒЫ

Көлбай, Жанбайдың ауылы. Әзілкеш келеді алқынып.
Алыстан арып-ашып келе жатқаны байқалады.
ӘЗІЛКЕШ: Уа, сөйлес! Сөйлес! (Ешкім жауап бермеген соң
қыз­балана бастайды). Әй, кім барсың, әй? Сөйлес деп тұрмын

ғой мен сендерге! (Жауап жоқ. Тым-тырыс). Сұмырай келсе, су
құриды, сал-сері келсе, сұлу құриды! Мына ауылдың адамдары
бір жаққа қо­парыла көшіп кеткеннен сау ма өзі?

(Ақырын басып Ләйлім келеді).
ӘЗІЛКЕШ (оны көріп екіленіп): Армысың, бикеш!
ЛӘЙЛІМ: Бармысыз!
ӘЗІЛКЕШ: Бұл қай ауыл?

ЛӘЙЛІМ: Бұл Көлбай, Жанбайдың ауылы!
ӘЗІЛКЕШ: Аһа! Солай ма? Ендеше Көлбай, Жанбай
екендерің рас болса, әннің әулиесі, ақынның асқағы, салдың
төресі Біржан ағамыз бен жас та болса атақ-даңқы жер жарған

Балуан Шолақ келе жатыр осында!
(Ләйлім үнсіз. Қуанып қалғаны байқалса да, Әзілкешке
сабырмен сынай қарайды).
ӘЗІЛКЕШ: Әй, аспандағы аққуға үнін қосқан Біржан сал

келіп тұрғанда, тіпті қозғалатын емессіңдер ғой! Қуанбайсыңдар
ма былай...
ЛӘЙЛІМ: Қуанғанда... қайтейік, көкке ұшып кетейік пе?
ӘЗІЛКЕШ: Сал-серінің алдынан шығып, атынан түсіріп

алмай­сыңдар ма... жөн-жоба білсеңдар!
ЛӘЙЛІМ (есерсоқтау жігіттің кесірлеу сөзіне жыны ұстап
қалып): Атынан түсіріп алғаны несі? Олар немене, өздігінен
атынан түсе алмайтын мешел ме, жоқ әлде кекірт, кесір кесел

ме, яки сен сияқты есер ме?
ӘЗІЛКЕШ: Өй, сен өзің бір көшпенділердің салт-дәстүрінен
мүл­дем мақрұм қалған қараңғы қыз екенсің ғой барып тұрған!
Ата дәстүріміз бойынша, сал-серілерді ауылдың сыртынан

қыз-келіншек әндете қарсы алып, аттарының тізгінін ұстап,
қолтықтап аттан түсіріп алады. Сонда кейбір ерке сал-серілер
атынан түсуге ерініп, бұлданып, қыздардың мойнына... міне,
былай... мініп алады... (Ләйлімге көрсетпек болып асыла

кетпекші болады. Ләйлім жуытпай, бұлт етіп қолынан шығып
кетіп, аулақтау тұрады. Қапы кеткен Әзілкеш ұялыңқырап
қалса да, бетпақтанып, сөйлей береді). Жөн білетін жақсы
қыздар сонда бүйтіп шоршып кетпей, ауылға дейін көтеріп

алып келеді сал-серіні! Сонда әлгі сал-сері былай... қопаңдап-
қопаңдап қойып... екі емшекке теуіп-теуіп қой­ғанда... әлгі
жөн білетін жақсы қыз «саулы інгендей ыңқылдап, күшігендей
сұңқылдап» тепеңдеп тарта береді!

ЛӘЙЛІМ: Мұндай салтсымақты естісем, керең болайын!
Бұныңыз
баяғы
«Алпамыс

батыр»
жырындағы
тазша

Кейқуаттың қиястығы сияқты бірдеме ғой! Сал-серіні ардақтап
хан көтеруге бармыз, бірақ мойнымызға мінгізіп, кеудемізге
тепкізіп, құл-құтаны бола алмайтын шығармыз! Біржан
салды исі қазақ біледі, ол кісі ондай әумесерлікке бара қоймас,

сірә! Бар бәлені шығарып жүрген мына сіз сияқтылар-ау деп
қорқамын! Айтпақшы, сіз кім боласыз? Сал-серісіз бе сіз де?
ӘЗІЛКЕШ: А-а, мен бе... Мен Біржан салдың соңына ерген,
жо­лында жүрген жас перілердің бірімін!

ЛӘЙЛІМ: Түсінікті!
ӘЗІЛКЕШ: Не түсінікті?
ЛӘЙЛІМ: Серісымақ, салсымақпын десеңші... Иә, иә,
сал-сері деп Біржанды айтады. Ал сендейлерді салсымақ

десек, тура! Қапа болма, ондай атқа да жете алмай құса болып
жүргендер қаншама!
ӘЗІЛКЕШ: Хе-хе-хе! Қатырдың, бикеш! Мен ол кісілердің
әрі шәкіртімін, әрі жанын жадыратып, көңілін көтеріп,

күлдіріп жүретін әзілкешімін! Ал сен кім боласың?
ЛӘЙЛІМ: Мен – Көлбай, Жанбайдың қарындасымын!
Есімім – Ләйлім!
ӘЗІЛКЕШ: О-о, Ләйлім, Ләйлім, өзіңді бір көргеннен

көркіңе мас болып, ішпей-жемей ләйлідім! Жанарыңнан
жылылық сезді­ріп, жалт етіп бір қарасаң – бітті, қолма-қол
Мәж-мәж-мәжнүн бо­лып кетуге дайынмын! (Даусын өзгертіп)
Түнде ақсүйек ойнауға қалайсың?

ЛӘЙЛІМ: Танымайтын елде ақсүйек ойнаймын деп жүріп,
ақсөңке боп қаларсың бір сайда!
ӘЗІЛКЕШ: Немене басың бос емес пе?
ЛӘЙЛІМ: Жұрттың басын қайтесің, өз басыңды ойлағаның

жөн болар!
ӘЗІЛКЕШ: Өй, болды, ойнап айтамын...
ЛӘЙЛІМ: Қазақ ойындағы арамдығын да ойнаған болып
жасай береді! Ойдағысы болмай қалса, ойынға айналдырып,

құтылып кетеді өстіп!
ӘЗІЛКЕШ: Қойшы енді, замандас... Қаталап келеміз,
сусының бар ма өзі?
ЛӘЙЛІМ: Аспандағы аққулар қоңыр үйді қомсынбаса,

қолымызды қорсынбаса, сусын табылады ғой!
ӘЗІЛКЕШ: Сал-серілердің не ішіп, не жейтінін білесің бе
өзі?

ЛӘЙЛІМ: Енді... Олар да адамның баласы емес пе? Көктен
түскен жоқ шығар...
ӘЗІЛКЕШ: Олар алтын аяқтан ас ішеді, күміс кеседен
қымыз ішеді! Құстың сүтін, қасқалдақтың қанын табыңдар!

Судың тұнығын, қыздың сұлуын жақсы көреді!
ЛӘЙЛІМ: Ойпырмай, ә!
ӘЗІЛКЕШ: Әне, солай! Олардың өңештері де өзгеше!
Өзгелерге өткен нәрсе оларға өте бермейді...

ЛӘЙЛІМ: Ішек-қарындары да ерекше ме сонша?!
ӘЗІЛКЕШ: Ерекше болғанда қандай! Жай адамның жейтін
тамағы оларға жарамайды! Тіпті... (сыбырлаған болып) түзге
де отырмайды-ау деймін осылар!

ЛӘЙЛІМ:

Жарайды,
келсін,
қарсы
алармыз

қолдан
келгенінше! (Әзілкеш кетеді. Ләйлім оңаша, толқыңқырап)
Біржан сал! Біржан сал! Біздің ауылға келеді деп кім ойлаған!
Бір көруді, бір әнін тыңдауды арман қылып жүрген асыл

адамды құдай айдап әкелді-ау, ә!? (Ойланып, қуланып) Сал-
сері!? Көктегі жұлдыз... Жердегі бір қыз... Көрерміз...

Екінші көрініс

КЕРБЕЗДІҢ КӨЖЕСІ

Біржан сал, Балуан Шолақ, Әзілкеш қараша үйде дастархан
басында отыр. Ләйлім оларға бір-бір ағаш аяқ сусын – бидай
көже береді. Бұлар бір-біріне, алдарындағы ыдысқа, қызға бір-
бір қарасып, аң-таң болып, не істерін білмей үнсіз томсарып

қалады.
ЛӘЙЛІМ: Алыңыздар, алыңыздар, шөл басуға қара көжеден
артық сусын бар ма, сірә!? Алыңыздар, қысылмаңыздар!
ӘЗІЛКЕШ (аяқты қолына алып, аяққа бір, жан-жағына

бір қарап қойып, тамағын кенеп, қоқиланып, өлеңдетіп қоя
береді):
Кербез сұлу серіге көже берді,
Бұ да бір дүниенің кезегі енді,

Тыныш берсе бір сәрі, алыңдар деп
Көжесін көзге тіреп өзеуреді!

ЛӘЙЛІМ: Серіге кербез сұлу көже берді, Ойлы кісі ар жағын сезер еді. Шөлден өлмей көжеге аман жеткен Жігіт неге малтасын езеді енді?! Үш жүзді әнмен қырған уа, Біржан сал, Жүзіп іштің қымызды қосылған бал, Сал болсаң да емессің дәмнен үлкен, Бісміллә деп көжеме ерніңді мал! БІРЖАН САЛ (кеңкілдеп, рахаттана күледі. Балуан Шолақ, Әзілкеш таңдана қарайды оған. Біржан салмақпен әр сөзін шегедей қағып өлеңдетеді): Патшаға бас ұрмаған мен бір сері, Күнде той, күнде думан жүрген жері. Барады сөзің өтіп, Ләйлім шырақ, Көжеңді басып-басып әкел бері! (Ләйлім сүйсініп, жанары жалт етіп, аяқты қолына ала берген Біржанға бір қарайды. Біржан да оны көз отымен шапшаң шарпып өтіп, аяқты басына бір-ақ көтереді. Балуан Шолақ та қағып салады. Әзілкеш амалсыздан сыздықтата іше бастап, ақырында сарқып қояды. Сол кезде сырттан Көлбай кіріп келеді). КӨЛБАЙ (көже құйылған аяқты қолына ала беріп, Ләйлімге сәл ренішпен): Қалқам-ау, саба тола қымыз тұрғанда, Біржан сал ағаңа көже бергенің не? Күні ертең бүкіл дуанға даңғаза қылып, жалпақ керейге көже берген Көлбай атандырайын деп пе едің!? ӘЗІЛКЕШ: Ха-ха-ха! Көже берген Көлбай! КӨЛБАЙ: Мейлі, енді болары болды... шөл басуға таптырмайтын сусын негізі! (Қағып салады). Біржан салмен бірге ішкен көженің өзі балдай тәтті емес пе! БІРЖАН САЛ: Көңіліңе алма, Көлбайым! Көктегі көңіл киіз үйдің көжесін ұмытса, көнесін де ұмытар! Әуеге көтерілген ән

кісіні еліктіріп әкеткенімен қоймай, кеудені де керетіні өтірік
емес. Соны сезіп-білген Ләйлім сұлу сал-серіні осылай бір
сынап, тәубасына түсіріп қояйын деген-ақ шығар!
ӘЗІЛКЕШ: Сынағыш болса, басқаша сынамай ма? Бүгінгі

берген көжесі кеңірдегіме көлденең тұрып қалды – бітті! Енді
сұлу қыздың өзі аузымнан үрлеп ары өткізіп жібермесе, осы
қалғаны – қалған!
БІРЖАН САЛ: Әй, Әзілкешім-ай, әзіл әдемі болғанмен,

ә-зіл, яғни ар жағы зіл деген сөз! Көп қылжақтай берген жақсы
емес! Көлбайдың көжесін сөз қылғанша, көңілінің көкжиегіне
неге көз жібермейсің! Көкшетауды жатқа бермей, аман алып
қалғанын неге айтпайсың, а-а?! (Балуан Шолаққа бұрылып).

Бері қара, балуан інім, жер десе, аруақтанып кетуші едің ғой!
Ақ патша Абылай ханның ақ ордасы қонған Бурабайдағы
көк жайлауына дуан салатын болып, жарлығын шығарып,
жабдығын сайлап, айбарлы әтірәтін аттандырмай ма бір күні!

Сонда Көкшетауды жатқа қимай, бермеуге шама-шарқы
қалмаған ел қатты қиналып тұрғанда, әпесерлердің алдынан
күліп шығып, әдейі адастырып апарып, Көкшетауың осы деп,
Бұқпаның етегіне, Қопаның жағасына құлата салған ағайынды

қос батыр – Көлбай мен Жанбай деп жұрт аңыз қылады!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Паһ, шіркін! Тусаң ту!
ӘЗІЛКЕШ: Ә, солай ма еді! Оны кім білген!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Шіркін, несін айтасың, ақыл-айланың

орны бөлек-ау! Қалың қол болып қарсы шықса да, от қарулы
әскерге төтеп бере алмас еді! Ал, ақылға салып, амалын тауып,
айласын келтіріп еді, әнеки!
КӨЛБАЙ (Балуан Шолаққа риза болып қарайды): Жас

та болсаң, жөн білетін жігіт екенің көрініп тұр! Жарайсың,
айналайын, атыңды естіп, сыртыңнан сүйініп жүруші едім...
БІРЖАН САЛ: Е-е, сүйінгенде бүкіл ел сүйініп, үлкен үміт
артып отыр бұл азаматқа! Паң Нұрмағамбет қажы ағамыз

Нұрмағамбет жиеннің күшіне разы болып, батасын беріп,
атың Балуан Шолақ болсын деген екен. Балуан Шолақтың
өнері көп, ән-өлеңді өзі шығарып, өзі айтады. Қазақтың
жаңадан жарқырап шығып келе жатқан серісі! Өткен базарда

орыс-қазақ жиылып, тамаша қылып, күшін сынамақ болды.
Базардағы кір тастың барлығын жиып әкеліп, мықты болсаң,

көтерші қане дегенде, қыңқ етпестен жерден суырып алып,
алшаң басып жүріп кетті ғой ерің! Өлшеп кеп жіберсе – елу бір
пұт! Бақандай үш өгіздің салмағы! Байқауымша, біздің жиен
одан да артық көтеретін түрі бар, бірақ бүкіл базардағы кірдің

тасын жиып әкелгендегісі сол-ақ екен!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Жомартсыз ғой, Біржан аға, рахмет!
КӨЛБАЙ: Жарайсың, ерім! Ал енді елге хош келдіңдер,
аунап-қунап, ойын-сауыққа, өлең мен өнерге бір кенелтіп,

көңілдің кем-кетігін бір толтырып беріңдерші, бауырларым!
Үшінші көрініс

АЛТЫБАҚАН. ӘН-ДУМАН

Ауыл сыртында, қыр басында алтыбақан. Ауылдың үлкен-
кішісі сонда. Сауық-сайранның қызған кезі. Ән-думан.
Ықшам, әсем қамзол мен жеңіл, сәнді, биік қалпақ киген
Біржан сал мен Ләйлім алтыбақан тебеді. Біржан ырғалып

отырып ән салады.
Оның салған әні кең даланы кернеп, алты қырдан асып кетіп
барады. Ләйлім ұйып тыңдайды. Біржанға ұрлана, мейірлене,
сүйсіне қарай береді. Қанша жасыруға тырысып, өзін сабырлы

ұстауға тырысса да, жан толғанысы, Біржан салға ғашық боп
қалғаны сезіліп тұр. Көпшілік Біржан әнін үлкен ықыласпен
тыңдап тұрып, екеуінің жарасымына сүйсінгендей...

АҚЖОРҒАЖАН

Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды.
Қара тас ұйқың келсе, мамық болар,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.

Қайырмасы:
Ахай, Ақжорғажан,
Ақжорғажан,
Басыңды құрбың күтсе,

Қалмайды арман,
Сәулем, қалмайды арман.

Қарағым, төмен қарап назданасың,
Кім білсін қуаныштың аз ғанасын.
Қосылса екі ғашық бір жерге егер,
Жүректің бітірмей ме сан жарасын.

Қайырмасы.
КӨПШІЛІК: Паһ, шіркін! Жарайсың!
ЖЕҢГЕЙ: Не деген дауыс! Не деген ән!
КӨЛБАЙ: Көктен түсіп, жерді жаңғыртып, қайтадан көкке

өрлеп кете береді, кете береді... Пенде шіркін көңілі алабұртып,
қиялымен біраз жерге дейін ілесіп барып, тамсанып қала
береді, қала береді...
(Ләйлім сәл толқыңқырап отырып, ән бастайды).

КӨКЕК

Аты жоқ құс болады көкек деген
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің
Айрылып сені, сәулем, кетед деген.

Қайырмасы:
Ей, ат жоқ көкек,
Ей, ат жоқ көкек.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,

Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын.
Қайырмасы:

Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
«Көк-ек» деп бос жүргенше секең қағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.

(Ләйлімнің әнін жұрт: «Ой, жарайсың!» «Пау, шіркін!»
десіп, ерекше қошеметтейді. Біржан сал да жұртпен бірге
ықылас білдіре отырып, айрықша сүйсіне қарайды қызға. Ән
аяқталған соң Біржан сал мен Ләйлім алтыбақаннан түсіп,

жұртқа кезек береді. Бір есерлеу ауыл жігіті алтыбақанға
отырмақ болған Балуан Шолақпен таласа-тармаса: «Өй,
былай тұр! Ендігі кезек біздікі!» – деп, итеріңкіреп жіберіп,
алтыбақанға отырып алады. Ол итеріп қалғанда, шегініп

барып, шойындай қата қалып, ақырын бұрылып, күш сынаспақ
болып, ерегесуге айналған Балуанға Біржан: «Жігітке ақыл –
пана, сабыр – қорған!» дейді. Қаны қыза бастаған Балуан басын
изеп, сабасына түсіп, «келсең кел!» дегендей еліріп отырған

жігітке жақындап келеді. Сол қолын көтеріп, жағасынан
алатын сияқты болады. Жігіт алтыбақанда отырып, екі
қолымен Балуанның бір қолын ұстай алып, бұрамақ болып
қанша күшеніп, тыпырлап бақса да, қозғай алмай әлектеніп

жатқанда, Балуан оң қолының бармағымен оның бақайынан
сығымдай қысады. Анау ойбайлап, алтыбақаннан ауып түсіп,
көпшіліктің арасына тығылады. Балуан Шолақ алтыбақанға
ырғып мініп, манадан бері шошыңқырап отырған ауыл қызын

тербей жөнеледі).
ӘЗІЛКЕШ (саңқылдап сөйлей келіп, жұртты үйіріп,
алтыбақан­ға қарай жақындап келеді. Қолындағы домбыра
мен алты құлаш қыл арқанды айналдыра үйіріп-үйіріп қояды).

Ал, келіңдер, қане! Ауылдың күші тасып жүрген аусарлары,
қайдасыңдар? Балуан Шолақ күнде қолға түсе бермейді,
осындайда күшін бір сынап қалыңдар! Мың рет естігеннен бір
рет көзбен көрген артық деген! Келіңдер бермен, алыңдар ортаға!

Салыңдар мойнына арқанды! (Оның сөзін күле тыңдаған
Балуан Шолақ қолын созып, домбыра сұрайды. Әзілкеш оның
домбырасын ұстата қояды). Ертең айта жүрулеріңе жақсы! Өй,
келіңдер, жақындаңдар, қане, қорықпаңдар, бұл кісі жемейді!

(Үш жігіт батылданып қасына келеді. Әзілкеш қыл арқанды
Балуан Шолақтың мойнына салып, өзі бас болып, төрт жігіт
екі-екіден екі жаққа тартуға тиіс екенін көрсетеді). Ойынның
шарты былай – біз құр аттың құйрығынан есілген қыл арқанмен

16-0046

Балуан Шолақты буындыруға тырысып, бар күшімізді
салып, екі жаққа табандап тұрып тартамыз! Сол кезде Балуан
Шолақ домбырасын тартып, ән салып, алтыбақанда қызбен
бірге тербеліп отыруға тиіс! Сонда оның жеңгені! Егер біздің

қылғындырғанымызға шыдамай қиқырып яки қырылдап,
сырылдап қалса немесе дом­бырасының жорғағынан жаңылса,
я болмаса алтыбақанның ырғағын бұзса, онда балуанның
жеңілгені! Келістік пе!?

ЖІГІТТЕР: Келістік!
(Балуан
Шолақ
қаһарланып,

күшін
жинап,
терең
тыныстап алады да, домбырасын күмбірлете тарта жөнеледі.

Ләйлім алты­бақанды тербеп тұрады. Қасында – жеңгей.
Алтыбақанда ауылдың бір қызы. Төрт жігіт Балуанның
мойнындағы қыл арқанды әуелі ақырындап, батылдары
бармай тарта бастайды да, бірте-бірте делебелері қозып,

шындап тартуға айналады. Тіпті болмаған соң, қиқулап,
«һауп, һауп! Ал, ал, қане!» десіп, бар күштерін салып, екі
жаққа табандап тартқанда, Балуан Шолақ алтыбақанда
тербеліп отырып, домбырасын күмбірлете тартып, күлімдеп

Біржан салдың «Бурылтай» әнін шырқай береді).

БУРЫЛТАЙ

Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау, бикем, жар-жар,
Алма мойын ақ сұңқар,
Қош, есен бол, құрбым-ай,

Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау айдай, жариям айдай,
Жардың көңілін қалдырма,
Қыз қалқатай.

(Табандап тарта-тарта тыпырлауға айналған төртеуі ән аяқтала бергенде, сылқ ете түседі. Балуан Шолақ түк болмағандай әнін аяқтап, алтыбақаннан қарғып түседі. Шырық бұзып, салып ұрып шабарман келеді). ШАБАРМАН (даңғырлап): Уа, Біржан сал! Жанбота болыс сізді жер-көктен іздетіп, жанталасып жатқалы біраз болды! БІРЖАН САЛ: Тыныштық па, әйтеуір!? ШАБАРМАН: Қайдағы тыныштық? Біреуге бодан болған елде тыныштық болушы ма еді? Жандарал келетін болыпты елге! Соның мәжілісіне бармақшы болыс! БАЛУАН ШОЛАҚ: Барса, болыс барады дағы! Оған салдың қан­дай қатысы бар!? ШАБАРМАН: Ол жағын мен білмеймін ғой! Оны болысекең бі­леді ғой! Маған тез Біржанды тауып, шақырып әкел деді – бітті! Мен таптым, айттым – бітті! БІРЖАН САЛ: Пау, шіркін! Тауып әкелетін мен болыстың ба­сыбайлы затымын ба ? Шақырып алатын байлаулы итімін бе? Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияны жоқ жүрген жанмын, Сен түгіл патшаға да бас ұрмаймын, Өзім сал, өзім сері кімге зармын! БАЛУАН ШОЛАҚ: Пау, дегенің! Сөздің төресі ғой! (Шабарманға төніңкіреп келіп) Осы тойғаныңмен қайта берсең қайтеді... елдің шырқын бұзбай... ШАБАРМАН: Ол жағын мен білмеймін ғой! Оны сіздер білесіз­дер ғой! Бірақ болыс шақырса барасыздар ғой! Бармағанда қайда бара­сыздар!? БАЛУАН ШОЛАҚ: Әй, сен өзі Біржан ағамызға қалай-қалай сөй­лейсің? Местей ғып сабап, атыңа теріс қаратып мінгізіп қоя берейін бе осы?! ШАБАРМАН: Байқа, балуаным! Маған әлің жеткенмен, Жан­бота­ға шамаң келмес! Жанботаны жеңсең де, жандаралды жеңе алмассың! Жандарал, жандарал, жынына тисең, жанды алар! Оның ар жағында ақ патша тұрған жоқ па! Кенесары, Наурызбай кет­кен соң, біржола бодандыққа бойсұнып,

қайтсек аман қаламыз деп, қарақан бастың қамын күйттеп
кеткен жоқ па қазақбайдың баласы. Өз еркі өзінде жоқ,
шідерлеулі елдің еркелері мен серкелері, сендердікі не желік
осы?

БАЛУАН ШОЛАҚ: Жандарал мен ақ патшаға қолым жетпес-
ау, бірақ мына сендей жетесізді желкесінен басып тұрып жөнге
салу қолымнан келеді!
(Шабарман тіксініп, шегіншектеп тұрады. Біржан салдан

көз алмай, сүйсініп тұрған Ләйлімді көріп, бір-екі басып
жақындап қоя­ды).
БІРЖАН САЛ: Жә, сабыр, балуан! Бір-біріміздің желкемізді
қиып, сағымызды сындырғанда қай мұратқа жетпекпіз? Есіріп

айтса да, сөзінде шындық бар, амал қанша! Жандарал келеді,
мәжілісінде бірге болып, ән салып бер деп талай мәрте айтқан
Жанбота! Бармасақ, ұят болар! Аттанамыз ертең! (Сәл үнсіз
қалып, жан-жағына қарайды. Жұрт үнсіз бас изейді. Көлбай

мен Ләйлім біртүрлі мұңайып қа­лады). Ендігі біздің қолдан
келері, қазақтың әнін жоғалтпай, шырқай беру ғана! (Сөз
аяғын Ләйлімге қарап тұрып, жалындап, рухтанып айтады.
Ләйлім де толқулы. Шабарман екеуіне шап­шаң көз жүгіртіп

өтеді). Хандығымызды билетсек те, жанымызды билетпейік,
малымызды берсек те, әнімізді бермейік деп жүрген жоқпыз
ба? Серілікпен білдірмей жүргенімізді ұғатын адам ұғар,
ұқпағанға не дауа?!

КӨЛБАЙ: Бірақ Жанбота да, жандарал да... ешкім де әнді
ші­дерлей алмайды! Ән асқақ, ән азат, еркін! Жеті қат жердің
астына тығып қойсаң да, жарып шығып, аспанға өрлей береді
нағыз ән! Өз әні бар елдің аруағы биік, күшті болады! Қазақтың

әнін аспанда қалықтатып, еңсемізді көтердің, саған сол үшін
рахмет, Біржан досым!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Серілердің серісі Ақан ағамыздың
өзі де: «Жердегі әнімен аспандағы құсты атып түсіретін сал

Біржанның даусына пара-пар дауыс табылар ма екен» деген
екен! Мұндай дауыс, мұндай асқақ, әуезді үн бір тәңірімнің
аямай берген сыйы ғой бізге!
(Біржан сәл толқып, домбырасын шертіп, ән сала бас­

тайды).

АДАСҚАҚ

1-түрі
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Жиылысы жандаралдың болады деп,

Жанбота тынышымды алды ала жаздай.
Жұрт ұйып тыңдап тұрғанда, Ләйлім еріксіз бір-екі
басып, оған қарай жақындай беріп тоқтайды. Әлденені ойға
алғандай, әлденеге бекінгендей. Бәрін қалт жібермей бағып

тұрған шабарман да әлдене­ні енді ұққандай, есіне түсіргендей,
сұқ қолымен өз шекесін бұрғылай шерте-шерте оңашаланып,
шеттей беріп, Біржанның әнін тыңдап, ұйып тұрған
көпшілікке бұрыла бір көз тастап, байқатпай тайып тұрады.

Жаздың жанға жайлы жұмсақ түнінде Біржан әні әлемді
әлдилеп тұрғандай сезіледі.

ЕКІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

ЖОҒАЛҒАН ШІДЕР

Таңертеңгі
ауыл
тыныштығын
кенеттен

шыққан
Әзілкештің айғайы бұзады.
ӘЗІЛКЕШ (жүгіре басып, жанұшырып келіп): Бай-бай-ай!
Бай-бай-ай, бай-бай-бай-бай-ай! Аттан, аттан! Шауып кетті,

алып кетті, қағып кетті!
(Көлбай, Жеңгей, қыз, есерлеу жігіт, ауыл жұрты дүрлігіп,
өре түрегеледі).
ЖЕҢГЕЙ: Не болды әй, сонша? Не боп қалды?!

ӘЗІЛКЕШ: Жоғалды! Бітті! Құрыды, ойбай! Жау шапты!
Ұрлап кетті, тонап кетті! Бай-бай-ай, бай-бай-бай!
(Ауыл абыр-сабыр болып, әуре-сарсаңға түседі де қалады).
ЖЕҢГЕЙ: Әй, Әзілкеш! Сайқымазақ көгала! Қатын құсап

ойбай­ламай, еркек құсап кесіп айтшы-әй, не боп қалды
соншама? Не жоғалды?

ӘЗІЛКЕШ: Біржан салдың шідері жоқ!
ҚЫЗ: Ойбай, ұят-ай! Ауылда зат жоғалды деген не сұмдық?
ЕСЕРЛЕУ ЖІГІТ: Әсіресе Біржандай қадірлі қонақтың заты
жоғалғаны нағыз масқара емес пе!

ЖЕҢГЕЙ: Өй, қойыңдаршы-әй, қара аспанды төндірмей!
Мен бір құн жетпейтін керемет бірдеме екен деп, зәрем зәр
түбіне кетті ғой! Бір шідерде не тұр соншама? Табылар...
Табылмаса, өтеуін берерміз! Тек бай-байламашы, айналайын,

байынан таяқ жеген көкайыл келіндер құсап!
ӘЗІЛКЕШ: Бай-байламағаныңды көрер едім менің орнымда
бол­саң... Әй, естерің дұрыс па, ол жай кісінің шідері емес,
Біржан салдың шідері ғой! Ол кісінің заттарының бәрі асыл,

бәрі қымбат! Және өз заттарын қадірлеп ұстайды! Бір жолы
Біржан салды Жанбота болыс қолқалап, ту алыстағы бір
елдің тойына апара жатпай ма! Жолда келе жатып, үшінші
күні таңертең Біржан ағамыз аяқ астынан кері қайтамын деп

қиғылық салыпты. Естері шыққан жұрт сұрастыра келсе, ол
кісі: «Домбырамның тиегі үйде қалып қойыпты» деп қарап
отыр дейді. Жанботаның жүрегі орнына түсіп: «Түһ! Соны да
сөз деп! Қанша тиек керек болса, жаңадан жондырып берейін!»

депті. «Жоқ, ол болмайды! Мен ол тиекті Көкшетаудың
қайыңынан таңдап жүріп кесіп әкеліп, үш жыл үйдің төбесінде
сақтап, әбден кептіріп барып, өз қолымнан домбырама шақтап
тұрып жасаған едім. Ол тиекпен домбыраның үні де ерекше

шығатын! Сондықтан онсыз тартқан домбыраның үні – үн емес,
онсыз айтқан ән ән емес!» деген екен Біржан ағамыз. Содан,
жаны қысылған Жанбота қос жүйрік атпен шабарман жіберіп,
Біржан салдың үйде қалған тиегін алдыртқан екен! Әнеки,

серінің тиегі де сері, жүгені де сері, шідері де сері!
ЕСЕРЛЕУ ЖІГІТ: Шіркін-ай десейші!
ЖЕҢГЕЙ: Қап, мына қырсықты қарашы!
(Біржан келеді).

КӨЛБАЙ (оның алдынан шығып): Жә, сабыр! Бір нәрсе
жоғалса, артынан табылып жатпаушы ма еді! Байқаусызда
түсіп қалған шығар бір жерде. Табылар, іздеп көрейік! Алда-
жалда табылмай жатса, (әзілге сайып) қу шідерде тұрған не бар

дейсің, тәйірі! Бір-екі құлаш жіп тауып берерміз. Елміз ғой, не

бопты... Тіпті бағасын айтыңдаршы, сатып алған болайық өзі…
тыныштықпен...
(Біржан Көлбайға бір қарап қойып әндете жөнеледі).

ШІДЕР

Көлбай, Жанбай дегенде, Көлбай, Жанбай,
Шідерімді кім алды қыздар алмай?
Шідерімнің бағасы атыммен тең,
Ақырында қоймаймын сенен алмай.

А-ха-ей, шіркін-ай, сенен алмай.
Шідеріме сен, Көлбай, қылма зорлық,
Шідерсіз ат тұрмайды, о да қорлық,
Ат-көліксіз қалам ба, шідерім жоқ,

Шідер үшін сіздермен араз болдық.
Өзі жалғыз, өзі асау күрең төбел,
Жексем арба, мінсем құс, жүрер жедел,
Сатпаймын да бермеймін еш адамға,

Қолқа қылсаң, басқаны ал, шідерді бер.
ЖЕҢГЕЙ: Мәссаған! Масқара болдық! Шынымен бізден
көріп тұрғаннан саумысың, Біржан-ау?!
ӘЗІЛКЕШ: Енді кімнен көреміз?

ЖЕҢГЕЙ: Өйтіп көпке жала жауып, бүкіл елге бәле
қылмаңдар! Күмән, күдіктерің болса, күлбілтелемей, кесіп
айтыңдар!
(Біржан сал домбырасын қағып-қағып жіберіп ән салады).

КӨЛБАЙ, ЖАНБАЙ

Ар жақта отыратын Көлбай, Жанбай,
Шідерімді кім алды Ләйлім алмай?
Бұтағы шідерімнің алтын еді,
Асығыстан барамын сұрай алмай.

Көлбай, Жанбай, тыңдашы, асыл тасым,
Біте қайнап, бірге өскен замандасым,
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған – өзіңнің қарындасың.

Дегенде Көлбай, Жанбай, асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп,
Порымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек.

КӨЛБАЙ: Аһ, не дейсің? Нені естідің екі құлағым? Нені
көрмексің екі көзім? Ләйлім дей ме шынымен?!
ЖЕҢГЕЙ: Иә, иә, жүр енді жылдам! (Көлбайды қолтықтай,
сүйрелеп әкетіп бара жатып): Қыздың өзінен сұрайық! Ойбай-

ай, шын болса, тас масқара болдық-ау! Сақтай гөр, құдайым!
Екінші көрініс

ТАБЫЛҒАН ШІДЕР Киіз үйде Ләйлім жалғыз отыр. Ой үстінде, ыңылдап әндетіп қояды. Екпіндеп Көлбай мен жеңгей кіріп келеді. ЖЕҢГЕЙ: Ой-буй, жаным-ай сол, мынаның қаперіне түк кіріп шығатын емес қой! Өзімен өзі ыңылдап отыр... ой, рахатай! КӨЛБАЙ: Шідерімді Ләйлім алды деп ана жақта Біржан досым қақсап отыр әндетіп! Сүйекке таңба салдырмай, ойнап алсаң, қайтып бере ғой, қалқам! (Ләйлім үндемей теріс айналып кетіп, қақиып тұра береді. Көлбай кәріне мініп, өзіне сұраулы жүзбен қадала қараған әйеліне қолын сермеп белгі береді. Жеңгей жүктің арасын ақтара бастайды. Бір кезде шідерді тауып алады). ЖЕҢГЕЙ (шідерді айналдыра қарайды. Айтса айтқандай, әсем зат екен). Ойбай, енді қайттік! КӨЛБАЙ (Шідерді қолына алып): Мұның не, қарындасымау, алтыным-ау! Масқара, масқара! Тірідей өлтірдің ғой! Қазақ

қазақ болғалы қонағының дүниесін ұрлаған сұмдықты көрмек
түгілі, естімеп едік! Ал сылқым қызы суық қолды, сұқ көзді
болып шықса, аруақ ұрғаны емей немене? (Жеңгей шыдай
алмай, жүгіре басып барып, Ләйлімді құшақтай алады).

ЖЕҢГЕЙ: Жаным-ау, Ләйлім шырақ-ау... бұл неткенің?!
ЛӘЙЛІМ: Сабыр, сабыр, Көлбай аға! Салдың шідерін ұрлап,
ба­қалшыға саудалап, бақырашын жамайды деп пе едіңіз?
Мойныма тағар едім, аяғыма салар едім, әттең, бос емес!

Жөргекте жатқан мені бір жаққа қашып кететіндей бесік құда
болып, бекітіп тастаған жоқсыздар ма?
КӨЛБАЙ: Ата-бабаның жолымен жүргеніміз үшін бізді
кінәлама! Баратын жерің ешкімнен кем емес! Ақ босағадан

аттап, аталы жердің келіні атанғалы отырғанда, қадірлі
қонақтың шідерін ұрлады деген атқа қалғаның неғылғаның,
қалқам-ау!
ЛӘЙЛІМ (жеңгесіне қарата): Біржанның әнін қимадым,

жеңе­ше! Кетпесе екен, тағы бірер күн бөгеліп, ән сала түссе
екен дедім! Жібергім келмеді, бірақ ашып айта алмадым!
Қыздың жолы жіңішке, сондықтан құдайым күнәға жазбасын,
шідерін алып, тығып қойдым. Соным тіпті дұрыс болған екен

– алтын ауыз, күміс көмей ағамыз күмбірлеген кеудесінен

жаңа әндер тудырған жоқ па?! Үйірлеп жылқы айдатып,
келелеп түйе байлатсаң да мұндай ән шығармас! Ертең бүкіл
далаға жайылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл әндер
менің жанымның жарасына ем болып, өмір бақи жүрегімді

жылытып, сүйеніш, алданышым болып қала берер-ау!
КӨЛБАЙ (жұмсарып): Бәрібір біреудің ала жібін аттау жөн
емес! Ел-жұрт не дейді ертең?
ЛӘЙЛІМ: Бұл ұрлық емес қой, аға! Қыздың еркелігі деп

біліңіздер! Кетерінде ретін тауып, өзім қайтарып беремін.
Сіздерге сөз келмейді! Біржан сал менің бұл әзілімді ендігі
түсініп те қалды білем, өйткені өлеңінің сарыны солай...
түсінген адамға...

(Ләйлім еркелей басып, шығып жүре береді. Көлбай
қарындасына дәнеңе демей, шідерді тағы бір қарап, қойнына
тыға салып, жеңгей екеуі бірге шығады соңынан).

Үшінші көрініс

МАХАББАТ ӘНІ

Біржан сал мен жұртшылықтың алдына жүгіре басып келе
берген Ләйлім әлденеден қысылғандай болып, бір шетте үрпиіп
тұра қалады. «Ләйлім! Ләйлім келді!» деседі көпшілік. Біржан
сал баяу бұрылып, Ләйлімге жақын келіп, сынай қарайды.

Ләйлім де оның көзіне кірпік қақпай қарап, шыдап бағады.
Көлбай мен жеңгей де жетеді сол кезде.
ЖЕҢГЕЙ: Ал, Біржан, бізді қырып кете жаздап едің, келді
міне, айыпкерің... Ләйлім қыз алдыңда тұр! Айтарыңды өзіне

ашып айт­шы қане!
(Біржан айналасына бір қарап алып, Ләйлімді айнала жүріп
барып, баяу әндете бастайды. Бірте-бірте даусы көтеріліп,
домбы­расын қаға түсіп, еркін шырқайды).

ЛӘЙЛІМ ШЫРАҚ

1-түрі
Деген соң Ләйлім шырақ, Ләйлім шырақ,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ,
Бұтағы шідерімнің алтын еді,

Бергенім жоқ сонда да қыздар сұрап.
Ой, кідіг-ай, қызық-ай, қыздар-ай.
Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Мен де өзіңдей жас едім жаңа талап.

Біреуге Тәшкен барған алдырып ем,
Қызыл жібек, қырмызы, пұт бес қадақ.
Рас, рас айтады! Бір өтірігі жоқ! Талай сұлулар қиылып,
ескерт­кішке сұрағанда да қимай кеткен!

ЛӘЙЛІМ (өзін-өзі қолға алып, жорта өкпелегенсіп):
Біржан аға, соншалық төндіретіндей бір шідерге қарап қалған
жоқ шығарсыз! Қанша әсірелеп мақтасаңыз да, екі елі қайыс,

әйтпесе екі құлаш жіп шығар! Жоғалса, тапқан алар, сал Біржан
ағамыздан бұл елге бір белгі боп қалар! Табылмаса, жерде
шіріп жата берер! Сол үшін аспандағы жұлдыздай жарқыраған
алтын басыңызбен мөлдіреген көзімізге бояу жағып, елжіреген

көңілімізге қаяу салатындай не көрінді!?
(Біржан оқыс серпіліп, күрт өзгеріп, қыран бүркіттей
сілкініп, әндете жөнеледі).

ЛӘЙЛІМ ШЫРАҚ

2-түрі
Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ, сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек,

Шідерімнің бағасы қырық қысырақ.
Ай, қалқатай, а-ай,
Қырық қысырақ!

Өзіме бер, шідерім тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да өзіме бер,
Шыбын жаным қиналсын бітім алсам.

Ай, қалқатай, а-ай,
Қырық қысырақ!
ЕСЕРЛЕУ ЖІГІТ: Қырық қысырақ... Қырық қысырақ! Әй,
кімді ақымақ қылады мынау! Қырық қысыраққа татитын ол

неғылған шідер соншама?
ЖЕҢГЕЙ: Жә, тоқтат! Сөз ұқпасаң, өрекпімей тыныш отыр!
Біржанның көздеп отырғаны шідер емес! Шідерін қырық
қысыраққа бағалап, Ләйлім шырақтың қалыңына атап отыр

ғой!
ҚЫЗ: Міне, сөз деген қайда жатыр!
КӨЛБАЙ: Ой, әттеген-ай...
(Ләйлім бір жағы ұялып, бір жағы қуанып, Біржан салға

жалт етіп бір қарап, бір шетке қарай ығысып тұрады).

ЖЕҢГЕЙ: Біржандай азамат қай қыздың да қол жетпейтін арманы емес пе, шіркін! КӨЛБАЙ: Амал не, бата бұза алмаймыз! Оның арты бітпейтін егес, алашапқын болып кететіні айдан анық! ЖЕҢГЕЙ: Қойшы сен де... қара бұлтты төндіріп, күңірене бермей! Оның не қиындығы бар сонша? Біржанға бір қызды кім қимайды! Қайтер дейсің, тулап-тулап басылар! Араға мәміле жүрсе, бітімге келмес дейсің бе? Қалыңмалын қайтарып беріп, айыбын қоса тартса, нетер дейсің? Байламаңдар бағын қалқажанның! Біржанмен бірге бүгін кетем десе, жолына бөгет болмаңдар! (Көлбай бастаған жұртшылық үнсіз мақұлдағандай, ойланып қалады. Сол кезде ат дүбірі естіледі. «Қайда? Қайда деймін қалыңдық! Қайда әлгі жын-перілер!» деп қиқулаған дауыстар үдей түседі. Ауыл жұрты үрпиіп, жан-жағына қарап тұрғанда, Ләйлімді айттырған елдің кісілері сау ете түседі. Оларды бастап келген шабарман бір шетте, бір қырындап тұрады). ҚАЙНАҒА (ат ойнатып): Уа, ағайын! Мен сендердің бауыздау құдаларың – Ләйлімнің қайнағасы боламын! Ағайынды қос батыр – Көлбай, Жанбаймен анттасып, қалыңмалын матап беріп, атастырып қойған қалыңдығымызға қайдағы бір қаңғып жүрген мәлдубастар ән дей ме, мән дей ме, әйтеуір, бірдеме айтып, басын айналдырып жатыр деген хабар құлағымызға тиген соң, намысқа шауып келіп тұрмыз! Аруақ шақырып тұрмыз! ЖІГІТТЕРІ: Аруақ! Аруақ! КӨЛБАЙ: Уа, құда! Құдай десіп, құйрық-бауыр жесіп, ақсарбасты бауыздап тұрып баталасып едік! Айдың-күннің аманында ауылыма ат ойнатардай бүлініп қалған ештеңе жоқ! ҚАЙНАҒА: Бүлінбесе, бүлінеді! Бұлар (қамшысының сабымен Біржандарды жағалай нұсқап қояды). Жүрген жердің бәрі бүлік пен былық емей немене!? БАЛУАН ШОЛАҚ: Сіз тіліңізді тарта сөйлеңіз! Елдің сәні мен әні болған сал-серілерге күйе жақпаңыз бүйтіп! ҚАЙНАҒА: Ой-буй, бұлар сал, бұлар сері, бұлар керемет! Сонда не, сал дегенге сала бересіңдер ме, көздерің түскен қыз біткенді ала бересіңдер ме? Біреудің ақ баталы қалыңдығын

қағып кету ақ некелі әйелін алып кеткенмен бірдей екенін
білмеуші ме еңдер әлде? Онда үйретуіміз оп-оңай!
ӘЗІЛКЕШ: Біржандай асыл адамға бір қызды қимайсыңдар
ма сонша? Тіпті бұл кісіге бар қазақтың қыздары ғашық болса

да артық емес! Оның несі айып, несі күнә?
ҚАЙНАҒА: Әй, есалаң, мақұлық! Осыны да сөз деп айтып
тұр­мысың!?
Берсең, өз қызыңды берерсің! Ал біз намысымызды аяққа

таптатып, басындырып қоя алмаймыз! Бата бұзған оңбайды екі
дүниеде! Уа, Біржан, атақ-даңқыңа малданып, әніңді айтып,
әуейі боп жүре бер өле-өлгенше – шаруамыз жоқ! Жын боласың
ба, пері боласың ба, сұм боласың ба, сері боласың ба, мейлің!

Бірақ біздің ісімізге араласпа! Араластың екен, өз обалың өзіңе!
Біржан салсың ба, қыржан шалсың ба, бізге бәрібір! Ақ адал
келінімізді, қалыңмалын матап берген басыбайлы келінімізді
саған ашына қылып, басындырып қоя алмаймыз! Алдыңнан

өтіп тұрмын, ақылға кел де, жөніңді тап! Әйтпесе ақ білектің
күшіне, ақ найзаның ұшына тапсырармыз қалғанын!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Тапсырсақ, тапсырайық! Тұрысатын
жеріңді айт!

ҚАЙНАҒА (арлы-берлі ат ойнатып): Әй, шырағым, сенде
жұмысымыз жоқ! Аман-сауыңда табаныңды жалтыратқаның
жөн болар! Иә, иә, бара ғой үйіңе жайыңмен... байғұс бала!
ӘЗІЛКЕШ: Әй-йәй-йәй, қайнаға, топан сумен ойнама!

Майып боп кетерсің бостан-босқа! Бұл – кәдімгі Балуан Шолақ!
ҚАЙНАҒА: Не дейсің, әй, сайқымазақ? Балуан Шолақ?!
Ондайды естімеппін абырой болғанда! Аттың шолағын, иттің
шолағын білуші едік... Балуанның шолағы деген де болады

екен-ау! Әй, Біржан-ай, саған балуанның бүтіні де бұйырмағаны
ма?! Ха-ха-ха! (Қайнаға ат ойнатып арлы-берлі жүре бергенде,
Балуан Шолақ шап беріп атының құйрығынан бір қолымен
тұтамдап ұстай алады. Ат бір-екі ырғып, тарта алмай,

орнында тұрып қалады. Қайнаға қайран қалып, артына
бұрыла қарап, қамшымен аттың сауырынан тартып-
тартып жібереді. Ат шыңғыра кісінеп, алға тырмысқанымен,
тырп ете алмайды. Жұрт дем ала алмай, сілтідей тынған.

Балуан Шолақ бір кезде атты ақырын босатады. Қаһарланған
қайнаға аттың басын бұрып, қамшысын үйіре ауаны тілгілей
сілтеп-сілтеп жібереді).

ҚАЙНАҒА (қаны қайнап, қаталданып): Әй, Біржан,
сен ер бол­саң, мына шолағыңның дүлей күшін арқаланып,
қалқаланба! Еркек болсаң өзің шық, қане, менімен күреске!
Мені жықсаң, Ләйлім сенікі! Жығылсаң, жер бауырлап

жылжып кет жұртыңа қарай! Ха-ха-ха!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Жап аузыңды, жалмауыз! Сенің жаман
қо­лың­ды Біржандай асыл ағамыздың жағасына тигізіп қойып
қарап тұрады деп пе едің бізді! Белдесердей сен кімсің, Біржан

ағамыз кім!
ҚАЙНАҒА: Жекпе-жектен қашқан кісі кім болушы еді?
Қатын дағы сенің Біржан ағаң!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Тарт тіліңді! Қышынып бара жатсаң,

кел, менімен шық!
ҚАЙНАҒА: Сенімен шығатындай сен менің құныкерім
емессің! Аулақ жүр араласпай!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Біржан аға, рұқсат етіңізші, мына

оттаубайды оқтаудай қылайын әп-сәтте!
БІРЖАН САЛ: Жә, сабыр ет, айналайын! Мұның қалағаны
мен болсам, көріп-ақ алайын осыдан келген керді!
(Біржан сал сәнді қамзолы мен қалпағын шешіп, Әзілкешке

ұс­тата салып, көйлекшең ортаға шығады. Қайнағамен ұстаса
кетеді. Екі жақ қиқулап қоя береді. Біраз ырғасып, алысып-
жұлысқаннан кейін Біржан әлгіні қапсыра тік көтеріп алып,
жерге құйрығымен бір-ақ ұрады. Анау орнынан қозғала алмай

жатып қалады. Жол­дастары көтеріп алып кете береді).
ҚАЙНАҒА (басын көтеріп, бұрылып): Жеңдім деп мәз
болмаң­дар! Ләйлімді мен бергенмен, ел берген жоқ! Ертең түске
дейін осы ауылдан аттанып кетпесеңдер, өз обалдарың өздеріңе!

Қалың қол боп қаптап келіп, таптап өтеміз! Балуан Шолақ,
бұла күшіңді бұлдама! Құрама мылтықтың қой боғындай
қорғасыны жалынсың! (Кетеді).
ӘЗІЛКЕШ (күрес алаңын айнала жүріп): Мә-с-са-ған!

Мынаны қараңдар! Әлгінің жамбасы тиген жер ойылып кетіпті
ғой!
БАЛУАН ШОЛАҚ: Рас, әй! Біржан аға, талай күресті көріп
едім, бірақ алысқанның артын жерге тығып жібергенді бірінші

рет көріп тұрмын! Ха-ха-ха!

ӘЗІЛКЕШ: Ақыр бастан қан шыққан соң, не тұрыс, Біржан аға! Күрескенде бәс тіккен өздері, ерегескенде қызды қазір алып жүре беру керек! БІРЖАН САЛ: Е-е, бұл күрестің жөні бөлек, жолы басқа ғой! Амалың қайсы! Әттең, дүние-ай! БАЛУАН ШОЛАҚ: Біржан аға, ендігісін құдай, аруаққа тапсы­рып, атқа қонып, атойлап бір шықсақ қайтеді! Аттан десеңіз, Керей­дің көкжалдарын дүрк көтеріп, қамалқорғаның болуға дайынмын! Сүйгеніңді ала алмасаң, ел еркесі болғаныңнан не пайда?! Шын махаббаттың жолында мал да, жан да құрбан емес пе! Ғашығыңмен қол ұстасып, елден алысқа кетпек түгілі, ғарышқа ұшып кетсең де, нағыз бақыт емес пе! Айтыңыз, аттан деңіз, Біржан аға! Исі қазақ басына көтерген әншісінің бір еркелігін көтеріп, Ләйлімдей аяулы арудың бас еркін бермес дейсіз бе!? Аттан деңізші, аттан! (Біржан сал үнсіз. Ой үстінде. Оның көңіл күйін байқаған көп­шілік ақырындап тарауға айналады. Бір шетте бүрісіп тұрған Ләй­лім оған қарай жақындай береді. Аға жауабын күтіп, тықыршып тұрған Балуан Шолаққа Әзілкеш қолымен «кеттік» деп ымдайды. Ол екеуі кеткен соң, Біржан мен Ләйлім бір-біріне құшақ жая ұмтыла бергенде, Көлбай қайтып келіп, алыстан сермеген қолымен екі арасын бөліп тұра қалады). КӨЛБАЙ (күңіреніп): Елге бүлік саламын десең, еркің білсін! Мен көндім, бердім саған! Билігін өзің айт, төрелігін өзің шығар! (Қойнынан шідерді алып шығып, ортаға ұзынынан тастайды). Бұл сенің шідерің, Біржан сал! Біз оны тығып қойғанда, сені жібергіміз келмей, бірер күн думандатсын, ауылды әнге бөлесін деп едік. Әнге де қандырдың, бәлеге де қалдырдың! Енді осынау ала жіптен аттап кете алсаң, қайтейін, маған-ақ түсер салмағы! Тәуекел, көріп-ақ алдым! Бірақ мені ойламасаң да, елді ойла, бата бұзғанның ақыры – қарғыс, бүлік болатынын білмейтін көркеуде емессің ғой! Ұзақ-сонар даудамайға айналып, аяғы жүгініске тіреліп, айып-ажын, малмен бітсе жақсы, ал егер ерегеске ұласып, төбелеске жалғасып, қантөгіске кетсе, онда мені мен сен ғана емес, бүкіл ел арылмайтын бәлеге қалды дей бер! Елдің берекесін, ынтымағын, бірлігін ойлайды деген сен екеуміз онсыз да маңдайдан соры

арылмаған қазақтың арасына от тастап күйдірер болсақ, не
болғаны!? Өзің біл де, өзің шеш тағдырдың түйінін!
(Көлбай кетеді. Біржан мен Ләйлім – ала жіп – шідердің
екі жа­ғында айнала жүреді, үнсіз отырады, бір-біріне ынтыға

қол со­зады, бірақ аттамайды, аттай алмайды. Алыстан
аттаныстың, дабылдың үні төніп келе жатқандай... )

БІРЖАН САЛ:

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ...
мөлдір бұлақ...

ЛӘЙЛІМ:

Дариға, дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жаманның соңына ердім.
Сене алмай, сендім дерге дос таба алмай,
Екенін өмір фәни енді білдім!

БІРЖАН САЛ:

Қарағым, айналайын, көз көргенім,
Жоқ сенен көңілімде өзге менің,
Сөзің бал, тісің меруерт, беу, қарағым,
Есімде мен сендік деп сөз бергенің.

ЛӘЙЛІМ:

Ғашығым, тағат, сабыр ете алмаған,
Мұратқа көп ізденіп жете алмаған,
Қайырса қара қарға қаз алмайды,
Жібекті жүн қылады түте алмаған!

БІРЖАН САЛ:

Асылға әркім көзін салатұғын,
Жамандар ескерусіз қалатұғын,
«Жақсының шарапаты» деген сөз бар
Құрбысын панасына алатұғын,

Жалт етіп бұлттан шыққан ай секілді
Көзіңді көрген естен танатұғын!

ЛӘЙЛІМ:

Қара су есік алды ылайланды
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай келте пішкен дөңгелентіп
Шіркін дүние, қайтейін, шыр айналды!

БІРЖАН САЛ:

Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң,
Қара нар жүк көтермес саздаған соң,
Жете алмай мұратыма болдым қапа
Әуелден тағдырыма жазбаған соң!

Ләйлім, Ләйлім, Ләйлім шырақ! Халқымызға бүлік
келмесін! Лаң қалмасын артымызда! Арман қалсын, ән қалсын
бізден, Ләйлім, Ләйлім, Ләйлім шырақ!
ЛӘЙЛІМ: Біржан аға! Біржан сал!

(Біржан бұрылып кете береді. Әндетіп кетеді. Ләйлім оны
қия алмай, аласұрып, шідерден аттай алмай қала береді).

АЙБОЗЫМ

Айбозым, айхай бозым, даңғыл бозым,
Ел шалғай, жете алмадым жалғыз өзім.
Сүйікті сүйіскенде сағынғаннан
Талады қарай-қарай екі көзім.

Өзіңмен теңдес құрбым болмаған соң,
Өтеді енді кімге айтқан сөзім!?
Ән қалықтап тұр...
Ләйлім ақырын басып келіп, шідерді қолына ұстап,

тізерлеп, ойланып отырады. Ақырындап мойнына салып,
шідердің екі ұшын екі қолымен ұстаған күйі қатып қалады.
Ән биіктей береді...
2013 жыл

17-0046

АЛТЫН НОҚТА (Балаларға арналған пьеса) ҚАТЫСУШЫЛАР: БАЛАҚАЙ ҚҰЛЫНШАҚ БОТА БҰЗАУ ҚОЗЫ ЛАҚ МЫСЫҚ ИТ ТҮЛКІ ҚАСҚЫР БІРІНШІ СУРЕТ Бірінші көрініс Ауыл сыртында құлыншақ, бота, бұзау, қозы, лақ жайылып, ойнақ­тап жүр. Балақай келеді. БАЛАҚАЙ (Әрбір төлдің қасына келіп, құшақтап, сипап, ерке­летеді): Құлыншағым, құлыным, Қуанышқа тудың. Орғып-орғып, құйғыт, Сәні болып қырдың! Қошақаным, қозым, Қандай қызық көзің, Тығыршықтай болып, Бұп-бұйрасың өзің!

Ылаққаным, лағым,
Бір тынбайды жағың,
Тастан-тасқа секіріп,
Ойнақтайтын шағың!

Бұзауқаным, бұзау,
Ойың – шелек жалау,
Танауыңды көкке
Көтергің кеп тұр-ау!

Ботақаным, ботам,
Таудай биік жотаң.
Сен тілазар болма,
Көнбіс еді атаң!

(Жүгіріп ит келеді, балақай оған):
Күшім, күшім, күшім,
Көп қой сенің күшің,
Сақылдайды жарқ-жұрқ,

Кездіктей боп тісің!
(Лып етіп мысық келіп, итті еркелетіп отырған балақайға
жабысып жата кетеді. Балақай оған):
Пырыл, пырыл мысық,

Кепсің арқаң қышып,
Пеш түбінде жатшы,
Көздеріңді қысып!
(Барлығы ду күліп, мысықты айнала билеп, әндетеді):

Өмір өтер зырылдап,
Құс ұшады шырылдап,
Біз шабамыз зуылдап,
Жұмысы жоқ уақытта

Мәңгі өзгермес маубасың
Мысық ұйықтар пырылдап!

МЫСЫҚ: Өй, өңкей есалаң! Сендердің маған күлуге
хақыларың жоқ!
ТӨЛДЕР (қосыла): Өй-дөйт!
ИТ: Пырылдап ұйықтағаннан, мияулап сүт жалағаннан

басқа пайдаң жоқ, саған күлуге хақымыз неге болмайды, ә?!
МЫСЫҚ: Өйткені менің ата-бабам сендердің ата-баба­
ларыңды топан су қаптаған заманда тура келген ажалдан
аман алып қалған! Біз, мысық баласы, Алланың әмірімен

жолбарыстың тұмсығынан түстік. Жолбарыстың!!!Содан кейін
кемені тескен тышқанның бәрін құртып, Нұх пайғамбардан
жауырының жерге тимесін, аузың арам болмасын деген бата
алғанбыз!

ИТ: Әу, солай ма еді!
БАЛАҚАЙ: Дәп солай! Атам жарықтық айтып отыратын
аңыз ғып. Мысықты ренжітпеңдер дейтін...
МЫСЫҚ: Әне... білетін баланың сөзі! Мен адамзатқа

бәріңнен де қадірлі, бәріңнен де жақынмын! Сендер сияқты
қараңғы қорада бүрсеңдеп тұрмай, қожайынның қолтығында
пырылдап жатамын, ол да кәйіп, мен де кәйіп! Сондықтан
маған көз алартқандарыңды қойыңдар, итім құсап!

ИТ: Әй, немене... итім құсап деп намысқа тиесің?! Мысық
құсап десем қайтер едің?
МЫСЫҚ: Дей бер... дей түс... Бәрібір оныңнан түк шық­
пайды!

ИТ: Неге?
МЫСЫҚ: Адамзаттан ақылды емес шығасың! Адамдар
біреуді жек көргенде, жамандағанда итім құсап дейді, өй, өзі
де бір итім дейді... мысығым демейді.

ТӨЛДЕР (жарыса): Иә, иә! Иттің етінен жек көремін дейді!
МЫСЫҚ: Ал біреуді мақтағанда мысық сияқты таза, мысық
сияқты епті, шапшаң деп мақтайды. Тіпті осы күнгі жастар да
бір-бірін «оһ, ты моя киска, мой милый котик!» деп өліп-өшіп

жатпай ма? Менің итім, сәбәшкім демейді!
ТӨЛДЕР: Ха-ха-ха! Хе-хе -хе!
ИТ: Арр-р, ендеше сол адамзат «Ит – жеті қазынаның бірі»
деген ғой! Жақсы болса мысықты неге қоспаған қазынаға, ә?!

МЫСЫҚ: Адамдар сені алдай салған ғой... гүмп-гүмп
етіп үріп тұрсын деп. Ал бізді қоспағаны... бізді өзіндей

көреді... яғни біз, мысық баласы, қазынаның қисабында емес,
адамзаттың миса­лын­дамыз, мияу, мияу, әй, милау!!!
ТӨЛДЕР: Ха-ха-ха! Хе-хе-хе!
ИТ: Әй, қойыңдар енді оттамай! Бәлем, ертең қасқыр

келгенде көрермін күлгендеріңді!
БАЛАҚАЙ: Қойыңдар енді, қоя қойыңдар! Бір-біріңді ма­
зақ­тамаңдар, «бөлінгенді бөрі жейді» деген бабаларымыз!
БОТА: Әбден дұрыс айтқан!

ҚОЗЫ: Дауы құрсын, тыныштық керек! (Бұлар дуылдасып
жат­қанда, қасқыр мен түлкі жасырынып, алыстан то­
руылдап жүреді).
БҰЗАУ: Тату-тәтті болсақ, күйісіміз... мө-ө-ө, күйіміз жа­

ман болмайды!
ЛАҚ: Мә-мә, тау-тастан тұяғымыз мұқалмаса, о дағы
татулықтың арқасы! Сондықтан шырық бұзбаңдар! Үп-үлкен
ит басыңызбен титтей нәрсеге бола иттей болғаныңыз ұят емес

пе-е-е?!
БҰЗАУ: Иә, бостан-босқа итше үргеніңіз масқара!
ИТ: Ыр-р!

БОТА:

Майлы
сүйекке
таласып,
ырылдаса

кететін
ұяластарың емес, текті төрт түлік тұқымдарының ортасында
жүргеніңді ұмытпа, әй, итім!
МЫСЫҚ: Мияу, мияу!

ЛАҚ: Сен де бет-аузыңды жаланып, мүләйімси берме, мы­
сығым!
БҰЗАУ: Иә, итекеңе сүйкене бермей, тып-тыныш тыш­
қаныңды аулап, жайыңа жүрсеңші! Мысықтілеуленіп, пыс ете

қалатын пәлебасы сенсің!
МЫСЫҚ: Ыр-р!
ҚҰЛЫН: Жә, болды енді, қойыңдар! Бәрің де сау сиырдың
боғы емессіңдер! Біреуге ақыл айтқанша, алдымен өздеріңді

жөндеп алмайсыңдар ма?!
БҰЗАУ: Мө-ө! Не дейді, әй, мынау? Немене, біз сау
болмағанда, сен өзіңше кереметпін деп жүрсің бе?!
БОТА: Бәрімізді бірдемеге теңедің бе осы?

БАЛАҚАЙ: Жә, доғарыңдар! Ол әншейін сөздің мәтелі!
БҰЗАУ: Мәтел ме, бәле-бәтер ме, кім біліпті? Әйтеуір
жылқы баласының желкөрік кеудесін керіп, бізді менсінбей

келе жатқаны өтірік пе? Осылардың-ақ ызасы өтті! Ал, кәне, кімсің сен сонша? Сен де біз сияқты малсың! ҚҰЛЫН: Охо-хо-хо! Мен жай мал емеспін! Мен жылқымын желден ұшқыр! Еркін даланың еркесімін! Ер қанаты тұлпармын! БҰЗАУ: Өзіңше ерекшемін деп мақтанып тұрсың ғой! ҚҰЛЫН: Мақтанып тұрғам жоқ, мен бар болғаны шындықты айтып тұрмын! БҰЗАУ: Мақтандың, мақтандың! Ылғи мақтанасың! Бізге айт­пасаң да, ішіңнен мақтанасың! БОТА: Иә, иә, әрі шауып бір мақтанасың, бері шауып бір мақ­танасың! ЛАҚ: Мө-өө-өңкіп бір мақтанасың, аунап бір мақтанасың! ҚОЗЫ: Жал-құйрығыңды суылдатып бір мақтанасың... БҰЗАУ: Тұяғыңды зуылдатып бір мақтанасың! Мақтаншақсың, мақтаншақсың! ҚҰЛЫН: Өтірік соқпаңдар, ей, қашан мақтандым?! ҚОЗЫ: Мақтаншақ, мақтаншақ! ЛАҚ: Мақтаншақ, мақтаншақ! ҚҰЛЫН: Қойсаңдаршы, ей, жайдан-жай күйдірмей! Бостанбосқа танауын таңқитып, болмашыға мақтана салатын мен бұзау емеспін ғой! БҰЗАУ: Біреуді қағытпасаң ішің кебе ме? ҚҰЛЫН: Қағытып тұрғам жоқ, шындықты айтып тұрмын! Бұл дүниеде бұзау болмағаныма сондай қуанамын! БҰЗАУ: Әй, немене сонда, жылқы болу зорлық та, сиыр болу қорлық па? Көрер едім сиырсыз күн көргендеріңді... Мен де мінгі, жегінді жылқы болмағаныма ризамын! ҚҰЛЫН: Қысқарт енді! Бір теуіп танауыңды жапырайтып, аузыңды опырайтып тастармын, әйтпесе! БҰЗАУ: Келсең кел! Кеудеңді тесік, қабырғаңды есік қылып іреп берейін! (Екеуі жеңіл-желпі қағысып алып, шындап тіресіп кетеді). МЫСЫҚ: Қай жеңгенің менікі! ИТ: Осы батырлықтарың қасқыр келгенде қайда қалар екен?! ЛАҚ: Тамаша, тамаша! ҚОЗЫ: Араша, араша!

БАЛАҚАЙ (құлын мен бұзауды зорға айырып): Жә, болды!
Бәрің де оңды-ақсыңдар!.. Тастаңдар араздықты! Ерегескенде,
бір-біріңді мұқатқанда мұратқа жетесіңдер ме? Қане, топтасып
қайтайық ауылға, сендердің жарасып келе жатқандарыңды

көрсе, енелеріңнің емшегі иіп қоя береді!
ТӨЛДЕР (қосылып): Алақай! Алақай! Көп жаса, балақай!
(Топ­танып, шапқылап кетеді. Олар кетісімен қасқыр мен
түлкі та­садан шығады).

ТҮЛКІ: Ой, батырекесі, жолымыз болатын сыңайы бар!
Мына мақұлықтар әлдеріне қарамай дүрдеараз көрінеді!
Іштерінен ірткі шығып жатқанда жеке-жеке жайғастыру оп-
оңай емес пе?!

ҚАСҚЫР: Иә, иә, тек сөзіңді көбейтпей, тезірек жай­
ғайықшы! Қарным қабырғама қабысып, ішегім ішегіме
жабысып қалды! Бол, тез айт, қайсын жейміз?!
ТҮЛКІ: Тоқта, тоқта батырым, аптықпа! Бұзау еті жыл­

бысқы, ботаның еті сіңірлі!
ҚАСҚЫР: Лақтың еті шуаш-шуаш, қылшық-қылшық! Өзі
тамағыңнан өткенше бақырып зәреңді алады... тіпті біразға
дейін қарныңда да бақырып жатады! Шіркін, уыздай қозы­

ның еті-ай, уылжып тұрады-ау! Сүйегіне дейін... сілекейіңді
ағызады, кемік майының дәмі аузыңнан кетпейді!
ТҮЛКІ: Өй, ол немене, бітти-ақ! Оны сен жейсің бе, мен
жеймін бе?

ҚАСҚЫР: Ар-р, енді қайт дейсің?
ТҮЛКІ: Жылқы етінен артығы жоқ, қазақтар бірдеңе біледі
осы! Ана құлыншақайды соғып алсақ, қазақ болмағанмен,
ғажап болар едік!

ҚАСҚЫР: Ой, оның әуресі көп! Жылқыны ұстап жығу –
қиынның қиыны!
ТҮЛКІ: Басқасы оңай деп кім айтты? Анау бақташылары,
әсіресе бөрібасар жүргенде ешқайсысына да жолай алмайсың!

Ал аңқау құлыншақты алдап-сулап, еліктіріп әкетуге болады!
ҚАСҚЫР: Қа-қа-қалай? Ыр-р, қарр-рным ашып барады,
қар-р­ным ашып...
ТҮЛКІ: Қақылдама... жұртта қарын жоқтай... Тырс етпе!

Кезі келгенде қанжардай азуларыңмен аңқау құлынның нәп-
нәзік терісін дал-дұл айыруды біл!

ҚАСҚЫР: Ма-ма-мақұрр-р! Бір-рақ жылдамырақ, жыл­
дамырақ!
ТҮЛКІ (әндете билеп): Аңқау-аңқау төлдерді,
Аңқитамыз, алдаймыз,

Жылы-жылы сөздермен
Жүректерін жаулаймыз!
Хи-хи-хи!
ҚАСҚЫР: Қарш-қарш еткен тістерді,

Қорқ-қорқ етіп қандаймыз,
Жылы-жұмсақ жас етін
Жұлмалаймыз, жалмаймыз!
Ха-ха-ха!

ТҮЛКІ: Хе-хе-хе! Хи-хи-хи!
ҚАСҚЫР: Арманымыз өмірдегі
Мыңдап малды сою ғой,
Күш жеткенін бүктеп жығып,

Тыңқиып тұрып тою ғой!
Ха-ха-ха!
ТҮЛКІ: Милау қылып шеттерінен,
Малай етіп қою ғой,

Малайлыққа көнбеген
Момындарды біржола
Жер бетінен жою ғой!
Хи-хи-хи!

ҚАСҚЫР: Ха-ха-ха-рр! (Екеуі қойқаңдап, жауыздық биін
билеп кетеді).
Екінші көрініс
Қырда құлын ойнақтап жүр. Түлкі келеді.

ТҮЛКІ (құлынға ептеп, бұлғаңдап таялып): Ой, құ­
лынчик... құлыншақай! Сен қандай әдемісің! Құйрық-жалы
бұйра алтын, тұяқтары құйма алтын, шекелігі түйме алтын,
сауыр еті сары алтын, бауыр еті бәрі алтын ертегінің тұлпар

тайлары да сендей-ақ болған шығар-ау, ә! Паһ, паһ, паһ, пай,
пай, пай! Тұрысыңа болайын, тумысыңнан айналайын!!!
ҚҰЛЫН: Ой... рахмет сізге! Сіз кім боласыз?

ТҮЛКІ: Мен – түлкі тәтеймін! Мен сұлулықты сүйемін,
өзің сияқты әдемі жаралғандарға көңілім құлап, дос болып
жүремін. Өзім сондай сенгішпін, кейде тіпті тауықтың
балапандарынан да алданып, айы­рылып қалған кездерім

болды... түу, не деп кеттім өзі... олар менің сенімімді аяққа
басты дегенім ғой. Сен, әрине, көң шоқыған шібидің шөжесі
емес, текті тұлпардың тұяғысың ғой, мені ренжітіп алмассың
деп сенемін!

ҚҰЛЫН: О не дегеніңіз, түлкі тәтей! Сізді өкпелетсем есек
болып кетейін!
ТҮЛКІ: О, өзің қандай сымбатты, сөзің қандай инабатты
едің! Сыпайылыққа, сыйластыққа не жетсін жалғанда! Бірақ

айналаңа қарашы – бәрі дөкір, надан! Бақырып, тамақтарын
қырнап, жүрегіңді тырнап, жүйкеңе тиіп сөйлейді!
ҚҰЛЫН: Дөп түстіңіз, түлкі тәтей!
ТҮЛКІ: Олар сені көре алмайды! Сенің сұлулығыңды, тұлпар­

лығыңды қызғанады, іштері ғыз-ғыз қайнайды! Амалдары
жоқ, әйтпесе көзіңді жояр еді! Сүрінгеніңді аңдып, табалауға
дайын жүрген жоқ па топастар!
ҚҰЛЫН: Тұп-тура төбесінен басып тұрсыз!

ТҮЛКІ: Үйбай-ай десейші... сенің қасыңда ербиіп жүр­
гендерін көргенде құрысып-тырыса қаламын осы! Әне біреу лақ
деген бар ғой... бақ- бақ еткен қайыршы, шуаш-шуаш кебенек,
өзінше о да әжептәуір, ә, бір тал құйрығыңнан садаға кеткір!

Ал, енді қозы дегенің барып тұрған ақымақ емес пе? Әйтеуір,
тонға жарайтын терісі, бөстек болатын жүні демесең, оны
жауып қой біржолата! Бұзауың анау, аузы көкке тисе болды,
танауын таңқитып алып, төбеге шығып тайраңдап, ешкімді

танымай кетеді тантып! Бота деген... имек-имек, қиқы-жиқы,
арбиған-тарбиған, рабайсыз ербиген бірдеңенің несін жақсы
көреді екен адамдар? Осы ма сенің ортаң? Осы ма сенің қаны бір
бауырың, жаны бір қауымың? Жоға, бәрі де бөтен, жат саған!

Сенің орның бөлек бұлардан! Сен биіксің, сен кереметсің, сен
ғажапсың!
ҚҰЛЫН: Рахмет, рахмет, түлкі тәтей! Бірақ қайтемін
енді?!

ТҮЛКІ: Қайткені несі? Мұндай жаман-жәутіктің арасында
саған не бар? Сенің ортаң, сенің орның бұл емес! Кең дүние сенің

еншің! Көсіл емін-еркін, құйғыт құмарыңнан шыққанша! Мен
саған әлемді таныстырайын, жүр менімен бірге! Еркіндікке,
кеңдікке, көкжиекке!!! Маған ерсең өкінбейсің – керемет
сыйлықтарға да кенелесің, көр де тұр!

ҚҰЛЫН: Апырай, ә! Кетіп қалсам... балақай ұрыспай ма?
Рен­жімей ме маған?!
ТҮЛКІ: Оның ренжігені кімге дәрі? Ол неге саған ұрсуы
керек, ә? Желдей ұшқыр, еркін жылқы баласы шаңына да

ілесе алмайтын екі аяқты жануарсымаққа неге бағынуға
тиісті, ә? Сен осыны ойладың ба? (Құлын басын шайқайды).
Ә-ә, ойламасаң ойла! Аяр адамзатқа кіріптар болу қорлық емес
пе хас тұлпарға! (Құлын басын шұлғиды). Тарттық ендеше...

тарпаңдар жортқан жапан түзге !!!
(Түлкі құйрығын бұлғап-бұлғап жіберіп, жөнеле береді,
құлын сөлбірейіп ере береді. Сол кезде төлдер келіп қалады).
БОТА: Өй, өй, құлын, құлыншақай, қайда барасың бізді

тастап? Қу түлкінің құлқыны құрдым – құртпай тынбайды!
Қайт кейін, қосыл өз үйіріңе!
ҚҰЛЫН: Ол қу емес, ол түлкі тәтей! Ол сондай жақсы! Ол
маған көп – көп, әдемі сыйлықтар берем деді! Ал сендер бірге

жүріп-тұрсаңдар да түк берген жоқсыңдар!
ТҮЛКІ: Мен мұндай тілалғыш тұлпар құлыннан түгімді де
ая­маймын!
БОТА: Әй, құлыншақай, сен ақымақ болма, ол сені алдайды

жылтырақтармен, бәрібір саған бізден жақын болмайды!
ҚҰЛЫН: Неге болмайды, болғанда қандай! Көре салып,
жаны қалмай, жылы сөздерін аямай үйіп-төгіп жатыр... сендер
маған мақтау сөздеріңді де қимайсыңдар!!! Қайта кекеп-мұқап,

шым­шылап, ыза қыласыңдар!!!
ҚОЗЫ: Қой, құлыншағым, қоя ғой! Ойнағанға сонша
өкпелеп не болды? Қайт кейін!
ЛАҚ: Қайта ғой, құлыншақ!

БҰЗАУ: Өй, қойыңдаршы соны, сонша өбектеп, әлдеқандай
ғып! Бізді менсінбей, кеудесін көтергенде тапқаны қу түлкі ме,
қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болғанын көрерміз әлі-ақ! О несі
ей, сонша бұлданып... жалынып туыс болмаймыз, кетем десе

кетсін, арманына жетсін!!!
ҚҰЛЫН: Ал, кетемін, неғыласың! Осы саған ерегескенде
кетемін түлкі тәтеммен! Кеземін кең дүниені, көремін бүкіл
әлемді!

(Түлкі екеуі орғып-орғып, айнала құйғытып кете барады.
Төлдер абдырап қала береді).

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
Иен дала. Аулақта шоқ-шоқ қайың, алыста – жалтыраған
көл. Құлын көсіле, айнала шауып, біресе алыстап, біресе
жақындап, ой­нақтап жүр. Түлкі мен қасқыр келеді.

ТҮЛКІ (қасқырға): Қарашы, қандай әдемі құлын! Осынау
сұлу­лықты қан-жыны сорғалаған жемтікке айналдырып,
асқазанға аттандырып жіберуге көз қия ма?!
ҚАСҚЫР: Қой ондайыңды! Жұтқынға жылымық сөз

жүрмейді! Тезірек жайғап алайық күн жарықта...
ТҮЛКІ: Тиме! Қазір оны жейсің де қоясың, одан не пайда?
Ал мен бұл құлынның жанын билеп алғым келеді! Егер ол
барлық қандастарынан безініп, маған жан-тәнімен құлай

беріліп, құдайдай табынса, міне, жеңіс деп соны айт! Сол
сәтте, маған иланып, ұйыған сәтте жеп қойсақ, онда жылқы
атаулы болашақта бізге бас шұлғып, бойсұнып тұрар еді!
Қалаған уақытта араныңа үйірімен үйіріліп, қарныңа тобымен

томпылдап құлар еді! Солай, қасқырым, әзірше тимейік, мен
мұның миын біржолата айналдырып алайын!
ҚАСҚЫР: Байқа, біреудің миын айналдырамын деп жүріп,
өзіңнің қайда айналып кеткеніңді білмей қалып жүрме! Одан

да орайы кеп тұрған олжаны оп-оңай соғып алып, керіліп
жатқанымыз артық шығар-р-р!
ТҮЛКІ: Қу құлқынның қамынан басқаны білуші ме едің,
батырым! Жалғыз бұл құлыншақай ғана емес, бүкіл әлемнің

барлық төлдері­нің жанын жаулап алсақ, олар бізге мойынсұнса,
қандай ғажап болар еді!
ҚАСҚЫР: Жа-жа-жар-райды! Бір-рақ жаман болып барамын!
Жар­тысын жеп алып, қалғанын жаулап алсақ болмай ма?!

ТҮЛКІ: Ой, кеще, дүндік!
ҚАСҚЫР: Мейлі, не десең о де, мен мұны жеп қоямын!
ТҮЛКІ: Құлын, құлыншақ, құлынтай! (Құлын таяп келеді).

Көріп, біліп ал, түлкі тәтең болмаса, мынау сені сойдақ
тістерімен соймақ болды емес пе?!
ҚҰЛЫН: Ой, түлкі тәтей, рахмет!
ҚАСҚЫР: Өй, мен неғып тұрмын ыржиып? Қасқырды түлкі

тоқ­татты деген не сұмдық! Жыныма тие берсе, құлынға қосып
жәдігөй неменің өзін де соғып алармын! Ар-рр! (Атылып
құлынға бас салады, құлын орғып кетеді).
ТҮЛКІ: Ойбай, қаш, қаш, құлынтай! (Құлын құйғыта

жөнеледі, қасқыр қуып кетеді. Түлкі бұлаң етіп, бұтаға
зып береді. Дүбір-дүбір шабыс, сатыр-сұтыр қуғын. Бір кезде
қасқырды адастырып кеткен құлын келеді алқынып. Түлкі
алдынан шығады).

ТҮЛКІ (құлынға): Ой, құлыншақ, тұяғыңнан айналайын
от шашқан! Әлгі жауызды жел қаптырып кеттің бе? Ол
қаныпезердің аштықтан басы айналып айналаға лағып кеткен
шығар! Кел, кел бері, менің тілімді алсаң, жаман болмайсың!

Сені дүниежүзілік көрмеге апарып, бүкіл әлемге көрсеткім
келіп тұр! Сенің жал-құйрығың қанаттай, тұяғың болаттай!
Сенің тынысың даладай кең! Сендей ерке, еркін құлынды бүкіл
әлем білмеуі обал, ұят, масқара! Міне, қарашы өзің дұрыстап...

Қазір сені кім біліп жатыр? Бір қалтарыс, қуыста қапа болып,
қор болып, қуарып қала бермексің бе осылай?! Айналаңдағылар
сенің қадіріңді біле ме? Пішту! Бағаламақ түгілі бақастанып,
өздерін сенен артық санайтындарын қайтерсің?

ҚҰЛЫН: Иә, иә, түлкі тәтей! Солардың менімен бірдей
саналып, тайраңдағандары-ақ жыныма тиіп, жанымды жеп
бітті!
ТҮЛКІ: Е-е, асылдың қадірін жасық қайдан білсін! Ендеше...

соларға ерегескенде, әлемдегі ең сұлу құлын деген атақты жеңіп
алуың керек! Жеңіп алсаң... Ой-ой-ой! Бүкіл газет, телерадио
сенің артыңда жүрер еді. Барлық жерде сенің суретің! Жұрт
сенімен суретке түсу үшін уыстап ақша шашар еді! Сен керіліп,

аяқты сілтеп тастап, ортаға орғып шыға келгенде... барша
жұрт жерді жара қиқулап, тебініп, алақандарын сартылдата
соққанда, аспан асты, жер беті жаңғырар еді! Міне, бәлем
бәсекелес бұзаусымақтарды сонда көрсе ғой! Сенің маңайыңа

жолай алмай, қатты ұялып, бірер апта оттаудан қалар еді! Ал
сен атақ-даңқтың асқар шыңына шығып, қошеметшіл қалың

топтың ортасында арлы-берлі, арлы-берлі ойнақтап жүргенде,
ең алдымен кімді ойлауға тиіссің?!
ҚҰЛЫН: Ондай атты күн туса... әрине, ең алдымен туған ел,
кең даламды...

ТҮЛКІ: Ой, ой, ой! Сені сондай дәрежеге жеткізіп, атақ-
даңққа бөлеген кім?!
ҚҰЛЫН: Сіз, тек қана сіз, түлкі тәтей!
ТҮЛКІ: Олай болса, сен тек қана мені ойлауға тиіссің!

Міндеттісің! Мақта, мадақта түлкі тәтеңді! Мақтағаның –
еңбегімді ақтағаның!
ҚҰЛЫН: Ой, түлкі тәтей, сіз сондай мақтаншақсыз ба,
немене?!

ТҮЛКІ: Иә, құлыншақайым, мақтаншақпын! Мақтаншақ
бол­ғанда,
анау-мынау
можантомпай

бөспе
емес,
нағыз
мақтаншақтың өзімін! Есіңде болсын, жан-жануар да, әсіресе

адамзат та жылы сөзді, мақтағанды жақсы көреді! Жұмыстың
бәрін де мақтан үшін істейді! Өзің ойлашы, мақтанбасаң,
жұрт сені мақтамаса, тіршіліктің керегі не?! Өмірдің мәні

– мақтануда! Шыныңды айтшы, сен де мақтағанды жақсы

көресің ғой, ә?!
ҚҰЛЫН: Әрине, түлкі тәтей! Әсіресе әлемнің ең әсем
құлыны деген атақты жеңіп алған соң, әлгі жаман-жәутіктерге
шекемнен бір қарасам... Жұрттың бәрі менің маңыма үйіріліп,

жалбақтап жатқанда, олар елеусіз, ескерусіз бір шетте
үрпиіп тұрса, бәлем! Мен мұрнымды шүйіріп өте шықсам...
Байғұстардың іштері күйіп, шерменде болса, шіркін! Ойдойт,
әне, өмір деп соны айт!

ТҮЛКІ: Өте дұрыс айтасың! Міне, өмірдің құнын жаңа
түсініп, өзім сияқты боп келе жатсың! Иә, біреулерден артық
болмасаң, кеудеңді соғып, күмпілдеп тұрмасаң, біреулерді
кем тұтып, кекеп-мұқап жүрмесең, өмірде не қызық бар?!

Ал ендеше мақтануға дайындала бер! Бұрынғың бұрынғы ма,
нағыз мақтаныш алда! Тек қана сол биікке түлік боп емес,
түлкі боп жеткеніңді ұмытпа!!!
ҚҰЛЫН: Айтқаныңа құлдық, тәтей! Бәрі сіздің арқаңыз,

тәтей!
ТҮЛКІ: Тіліңнен сол тәтелеген... Сен төрт түліктің бірісің...
мен түлкімін... Бірақ қандай бөтендігіміз бар? Түлік деген

сөздің қайдан шыққанын білесің бе? Түлкіден шыққан! Яғни
түлкі мен түліктің түбі бір деген сөз! Демек, сен екеуміздің
қанымыз да, жанымыз да бір! Ендеше, жан-жануар мен
жыртқыш деп бөлетін дәнеңе жоқ – бәріміз де бір хайуанаттан

тараймыз! Олай болса, сен, төрт түлік баласы, түлкіні түп атам
деп танысаң, тәңірідей табынсаң, мол бақытқа кенеліп, шын
мұратқа жетер едің! Сен негізінде түлік емес, түлкі атануың
керек!!!Солай ма, солай емес пе, құлыншағым?!

ҚҰЛЫН: Солайы солай сияқты...
ТҮЛКІ: Күмәнің болмасын! Жаралама жүрегімді! Өзің-ақ
айтшы, көрдің ғой көзіңмен, ішінде жүрдің ғой, төрт түліктің
бірі болған жақсы ма, түлкі болған жақсы ма? Мәймөңкелемей

кесіп-пішіп бір-ақ айт... осыдан қателессем осы жерде сеспей
қата қалайын!
ҚҰЛЫН: Әрине, түлкі болған артық!
ТҮЛКІ: Ой, айналып қана кетейін сол! Тура жолды енді

таптың! Бәріміздің түбіміз бір түлкі! Сондықтан бас-басымызға
би, бет-бетімізге үй болғанды қою керек! Қозы-лағың маңырап,
бұзауың мөңіреп, азан-қазан, у-шу болатын дәнеңе жоқ, тәп-
тәтті түлкінің тілімен сөйлесеңдер, бір-бірімізді қиналмай ұғар

едік! Жер ортақ, ауа ортақ, су ортақ, ай мен күн ортақ! Олай
болса, тіл де ортақ, тілек те ортақ болу керек қой! Түлкі тілмен
сөйлеп, түлкі тілекпен өмір сүретін жаңа кезең келген жоқ па,
құлынтайым... тойыс түлкітайым!

ҚҰЛЫН: Келгенде қандай!
ТҮЛКІ: Кел, кел қосылып бір шырқайықшы шыркөбелек
айна­лып... шырқ үйіріп дүниені... Жасасын түлкілік!
ҚҰЛЫН: Жасасын түлкілік!

ТҮЛКІ: Бөлінетін дәнеңе жоқ! Түп атамыз бір түлкі!
ҚҰЛЫН: Түп атамыз бір түлкі!
ТҮЛКІ: Түлік емес, түлкіміз! Түлік емес, түлкіміз!
ҚҰЛЫН: Түлік емес, түлкіміз! Түлік емес, түлкіміз!

ТҮЛКІ: Мен түлкімін, түлкімін... Кереметтің кілтімін, Түп
атасы мен болам, Жан-жануар жұртының!
ҚҰЛЫН: Мен түлкімін, түлкімін!
ТҮЛКІ: Мен түлкімін, түлкімін... Келші, келші бермен...

күні ертең барша әлемге жарқырап көрінші! Мен саған
сірі
қайыстан
жасалған,

алтынмен
апталған,
күміспен
күптелген керемет ноқта сыйлаймын! (Бір қуыстан суырып

алып, құлынға алтын ноқта салады. Ноқтаның шылбыры
шұбатылып, сүйретіліп жүреді). Міне, сәнің жаңа келді!
Осылай жарқырап жүріп, дүние жүзіне түгел түлкі тұқымын
танытшы бір! Жасасын түлкілік! Мен түлкімін, түлкімін!

Кереметтің кілтімін!
ҚҰЛЫН: Мен түлкімін, түлкімін!
ТҮЛКІ: Кереметтің кілтімін! Түп атасы мен болам, Жан-
жануар жұртының! Мен түлкімін, түлкімін!!!(Құлын екеуі

қосыла әндетіп, билей басып кетіп барады).
Екінші көрініс
Таулы, тасты жер, сирек тоғайдың арасы. Балақай мен ит
құ­лынды іздеп жүр.

БАЛАҚАЙ: Құлыншағым, ботақаным,
Қозы-лағым, бұзауқаным,
Мен сендермен егіздеймін,
Сендер барда мен күштімін,

Таусылмайтын теңіздеймін,
Елге қорған бола алмайтын
Нашар бала дегізбеймін,
Мал-жанға ие бола алмасам,

Бұл дүниеден нені іздеймін,
Сүп-сүйкімді төлдерімді
Жауыздарға жегізбеймін!!!
ИТ: Қарап тұрып қиямыз ба

Адалдықты арамыға,
Құлыншақты бере алмаймыз
Аш қасқырдың аранына,
Ит екенім рас болса

Елдің шетін бастырмаймын
Залымдардың табанына!
БАЛАҚАЙ: Қайдасың, сен құлыншағым?
Бота тірсек, күпшек саным,

Сен жоғалсаң боз даланың
Болашағы – бұлдыр сағым,
Қайт ауылға, құлыншағым?!

(Ит екеуі құлынды іздеп кетеді. Іле-шала бота, бұзау, қозы,
лақ, мысық келеді).
БҰЗАУ: Қайдағы бір есі жоқ құлын үшін несіне мұнша әуре
бо­ламыз? Кеткен өзі... Керек болса өзі қайтып келсін!

БОТА: Олай деме! Басына іс түскенде достарды құтқарып
алу парыз!
БҰЗАУ: Е-е, құтқарып алатындай оның басына не күн
туыпты? Өзі емес пе тілеп алған... Көрсін енді... рахатын! Сол

үшін сардалада сандалып, тау асып, тоғай кезгеніміз жетер!
БОТА: Ойбай-ау, сонда құлыншақайды қорқауларға қор
қылып қоймақпыз ба? Тапсаңшы бір амалын мысықекесі!

МЫСЫҚ:

Жә-ә,
абыржымаңдар!
Алды-артын
ойлап

алмай, асы­ғып жасаған әрекет жарға жығады! Тас қараңғыда
тышқанның тысыр еткенін қалт жібермей, көзді ашып-
жұмғанша қағып түсетін жолбарыстай жылдамдығым ал­
дамаса, өне бойыммен сезіп тұрмын, аңқау құлын алданып,

адасып жүр! Оны айлакер түлкінің арбауынан арашалап,
айықтырып алуымыз керек! Әйтпесе болашақта бүкіл түлік
атаулы түлкіге тәуелді болып қалуы мүмкін! (Әндетіп):
Құлан жортқан құба жондар,

Марал ішкен қақтың суы
Жапан түзде ащы жусан
Қыр астының қызғалдағы,
Құтқар, құтқар құлыныңды!

ҚОЗЫ: Қасиетті Қамбар Ата,
Шопан Ата, Зеңгі Баба,
Сексек Ата, Ойсылқара,
Жанды-жансыз бар ғаламды,

Жаратушы Хақ тағала!
ТӨЛДЕР (қосылып): Құтқар, құтқар құлыныңды!
БОТА: Атыраудың кең айдыны,
Өр Алтайдың ер айбыны,

Алатаудың атырабы,
Қаратаудың топырағы!
ЛАҚ: Ұлытаудың ұлылығы,
Көкшетаудың сұлулығы,

Маңғыстаудың берендігі,
Дарияның тереңдігі!

БҰЗАУ: Түркістанның түмен бабы, Сарыарқаның ақ самалы Жел тараған ақ селеуі, Ен даланың қуат күші! ТӨЛДЕР (қосылып): Құтқар, құтқар құлыныңды! МЫСЫҚ: Айдың нұры сүттей саулап, Күннің нұры оттай лаулап, Пәлекетті аластай көр Жастың жанын алған жаулап! ТӨЛДЕР (қосылып): Құтқар, құтқар құлыныңды! Құтқар, құтқар құлыныңды!!! (Алтын ноқтасын сүйретіп, құлын келеді). ҚҰЛЫН: Өй, сендер кімді құтқарып жатсыңдар? Алдымен өздерің құтылып алсаңдаршы. Мен үшін бастарың қатпай-ақ қойсын! Менің жағдайым жақсы! Енді біраздан соң түлкі тәтей мені бүкіләлемдік көрмеге апарады! Мен онда бүкіл түлкі баласының намысын қорғап, даңқын шығарамын! БҰЗАУ: Мө-өө, сен жылқы атыңды түлкі атына ауыстырып ал­ғансың ба? ҚҰЛЫН: Түлкі деп, түлік деп бөлінетін дәнеңе жоқ. Бәріміздің түбіміз бір хайуанат! Мен енді түлкі болып тәтті тіршілік кешіп, думанды дәурен сүремін! МЫСЫҚ: Түлкі емессің, түліксің! ҚОЗЫ: Түлкі емессің, түліксің! ҚҰЛЫН: Оны өзім де білемін! Бірақ түліктен гөрі, түлкі боп жүр­ген артық екенін енді түсіндім! МЫСЫҚ: Сен түлкі болсаң, мен ит болып кетейін! Атағыңды түлкі боп шығарамын деп күлкі болма! Жылқы боп шығар атыңды! БОТА: Түлкі емессің, жылқысың! ЛАҚ: Жыртқыш емес, момынсың! БҰЗАУ: Қорқау емес, құлынсың! ҚҰЛЫН: Мейілдерің... Мен бәрібір алған бетімнен қайтпаймын! (Балақай келіп, құлынды құшақтай алады). БАЛАҚАЙ: Құлыншағым, құлыным! Таста бәрін! Өкпереніш мұратқа жеткізбейді. Татуласып, жарасып елге 18-0046

қайтайық! (Төл­дерге): Сендер де құлынды кінәләмаңдар...
мақтандың деп. Одан сендердің түктерің кетіп, қылдарың
қисая ма?! Қайта, бір достарың өзін керемет санаса, сендер оған
іштарлық қылмай, қуаныңдар! Бейшарамын деп, сүмірейіп

тұрса қайтер едіңдер?! Бәріміздің де мақтануға хақымыз бар –
әркім өз орнында тамаша, өзінше керемет!!!
БҰЗАУ: Кереметпін мен-дағы,
Кереметсің сен-дағы,

Кеуде қағып өзгені
Кемсітпесең болғаны!
БАЛАҚАЙ: Тура айтасың, бұзауқаным! Біреуді кекеп-
мұқамай-ақ өздеріңше керемет бола берсеңдер, дәнеме пәле

жоқ!
ҚҰЛЫН: Бірақ мені қатар жүргенде қадірлемедіңдер...
Бағала­мадыңдар!
МЫСЫҚ: Ой, ой, құлын, ой, құлын, ондайыңды қой, құлын!

Әркім өзінше жайылып жүрген жоқ па?! Басқалар бұл дүниеге
сені бағалау үшін, сені мадақтау үшін, сенің әуеніңе төңкерілу
үшін жаралып па? Сен өзің кімді бағалап қарық қылдың,
ә? Сондықтан бір-біріміз­ге бұлданбай, өкпелеспей, бекерге

кінәласпай, әрқайсысымыз өз орнымызда, өз міндетімізді
абыроймен атқарып, көп мақтана бермей, кішіпейіл болсақ, ең
кереметі сол шығар, ә, мияу, мияу?!
БАЛАҚАЙ: Өте дұрыс, данышпан мысық! Бірақ бір-біріңнің

қадіріңді білген де жақсы!
(Балақай құлынды құшақтай бергенде, сып етіп, түлкі
келеді. Құлын абдырып қалады).
ТҮЛКІ: Немене сонша дүрлігіп бәрің... Жүйріктің жолын

кескелі жүрсіңдер ме? Жоқ оған тоқтамаймыз... жарқыраймыз
жұлдыз болып жалғанда!!!
МЫСЫҚ: Жап аузыңды, жәдігөй неме! Түп-тұқиянымызды
ту-талақай ғып, түп атамызды түлкіден таратып, төрт түлікті

түлкі ғып жібер деген кім саған?!
ТҮЛКІ: Ойбай, тақсыр мысеке, мен жамандық ойлайды
дейсің бе? Іздегенім – ізгілік, жоқтайтыным – жақсылық,
аңсағаным – адалдық пен әділдік! Татулық – тіршіліктің тірегі!

Мен төрткүл дүниенің тұтастығын, туысқандығын ойлаймын.

Быт-шыт болып бөлінбей, тұтас түлкі қауымы болып тәтті өмір
сүрген қандай тамаша!
МЫСЫҚ: Тілің майда, ойың қайда! Сол үшін бәріміз түлкі
болмай, түлік болсақ қайтеді, ә?!

ТҮЛКІ: Жо-жоқ, мен түлік болғым келмейді! Мен – түлкімін,
түлкі болып қала беремін!
БАЛАҚАЙ: Ә, сонда немене, түлкі болу жақсы да, түлік
болу жаман ба? Сенің туысқандығың мен теңдігіңнің тамыры

белгілі болды!
МЫСЫҚ: Ең дұрысы, Хақ тағала қалай жаратса, солай
қала берейік те! Қолдан қауым жасайтын сен құдай емессің
ғой! Әркім өз орнында, өз қалпында жүріп-ақ, бір-біріне тіл

тигізбей, ноқта кигізбей, тең дәрежелі дос болғанға не жетсін!
БАЛАҚАЙ: Көрдің бе, құлыншағым?! Арманыңа түлкі боп
емес, тұлпар болып жетесің әлі-ақ! Қосыл үйірге, тарт алға!
ТҮЛКІ: Тимеңдер оған! (Құлынға): Алданба надандардың

сөзіне! Ұмытпа түлкі тәтеңді! Тастама алтын ноқтаңды! Алтын
ноқта! Айрықша артықшылық белгісі! Бұларда жоқ! Өздерінде
жоқ болған соң саған да қимайды! Сен жай құлыншақ емессің!
Сен алтын ноқталы ерекше құлыншақсың! (Құлын әрі-сәрі

болып, толқып тұр).
МЫСЫҚ: Азат басыңды қор қылма! Қайыс болсын, шынжыр
бол­сын, алтын-күміс болсын, бәрібір ноқтаның аты – ноқта!
Жылтыраққа алданып жұртыңнан безе көрме!

ТҮЛКІ: Олай емес! Жұрттың қолы жетпей жүрген алтын
әшекей – әсем байлық өзі келіп басыңа қонып тұрғанда, үркітіп
ақымақ болма! Жүр кеттік, менімен бірге!
БОТА: Босат басыңды алдамшыдан! («Таста!», «Кеттік!»

деп, бұлар у-шу болып жатқанда, құлын алтын ноқтаны
жарқыратып, желіп-желіп жүреді. Біресе төлдерге, біресе
түлкіге жақындап, екі жағын қимай, іштей арпалысып,
қиналады. Бәрі де құлынды өзіне тартып, ықылас білдіреді.

Сол кезде жан түршіктіре «ар-р!» етіп қасқыр атылып
шығады. Бәрінің зәресі ұшып жан-жаққа бытырай қашады.
Қасқыр құлынды қуа жөнеледі. Апыр-топыр, сарт-сұрт,
жарқ-жұрқ. Құлын шыңғыра кісінейді, қасқыр айбаттана

ырыл­дайды. Шапшаң, епті құлынды ұстай алмай, әбден әуре
болады. Бір кезде алтын ноқта сүйретілген шылбыры бір

түбіртекке ілінеді де қалады. Қасқыр шылбырдан ұстай алып,
табандап тартып, жақындай бастайды. Төлдер күйініп,
түлкі шаттанады, құлын аспанға шапшып әлек болады ).
ҚАСҚЫР: Ап-п, бәрекелді, алтын ноқта! Алтын ноқта!

Ажал болып оратылдың, талай-талай миы жоққа! Е-е, аңқау
құлыншағым, жылтыраққа құмар едің... жылтырайсың
қазір... Жалтыратамын мен сені! Жарқыратамын күллі
әлемге... жарып салып! Жар сал, кәне, жалғанға, мен керемет,

көркем құлынмын деп... Мақтан, мақтана ғой... мақтанға
әуес едің, мақтаймын мен сені! Жал-жаясы қандай жұмсақ,
балдай тәтті, қазы-қартасы тіл үйіреді... таңдайыңнан дәмі
кетпейді деп мақтаймын мен сені! (Ашынған төлдер, мысық,

балақай қасқырға қорқа-қорқа жақындап, жабыла кетеді,
төмпештеген болады. Қасқыр «ар-р!» деп бұлқынғанда бәрі
жан-жаққа ұшып кетеді де, қозғалмай жатып қалады.
Қасқыр ырылдап, түлкі қутыңдап құлынға қарай жақындай

береді. Шырқыраған құлынды енді жарады-ау дегенде оқша
атылып ит келеді де, қасқырды қағып кеп жібереді. Қаңқ
етіп домалап кеткен қасқыр қайта ұмтылып, итпен біраз
шайқасады. Мысық түлкімен алысып-жұлысып кетеді.

Төлдер қиқулап «бас, бас!», «алып соқ!», «алақай, алақай!»
деседі. Сол кезде құлын алтын ноқтаны басынан сыпырып
алып: «Ноқталарың да өздеріңе, мақтағандарың да өздеріңе!»
деп, түлкі мен қасқырға қарай лақтырып жібереді. Әлі де

болса қарсыласып тұрған түлкі мен қасқырға алтын ноқта
оратылып қалып, екеуі оны шұбатқан күйі собалаңдап
қаша жөнеледі. Төлдер: «Бізге дегендерің өздеріңе! Өздеріңе!
Жасасын азаттық! Жасасын нағыз теңдік! Жасасын шынайы

достық!!!» деп, қиқулап шығарып салады! Балақай бастап,
барлығы қол ұстасып, татулық, туысқандық, теңдік,
азаттық рухындағы дала биін билейді).
Соңы.

2002 жыл

ЖАЛМАУЫЗДЫ ЖЕҢГЕН БАЛА

Екі актілі ертегі

ҚАТЫСУШЫЛАР:

АСАН – оқушы бала
МАМА – Асанның анасы
ЖАЛМАУЫЗ – кемпір
САМҰРЫҚ – ертегілер әлемінің падишасы

ТАУСОҒАР – мейірімді алып
ЖОЙБЕК – жауынгер капитан
СОЯМБИКЕ – жауынгер қыз

ЕЛІК

ЕЛІКТІҢ ЛАҒЫ

ЕРКЕШ – кішкентай қазақ қызы
МАША – орыс қызы
БАРБАРА – поляк қызы

НИНДЗЯ

Әр ұлттың балалары мен қыздары, жан-жануарлар,
аң-құстар, құбыжықтар, ертегі әлемінің кейіпкерлері.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

ПӘТЕРДЕ

Ерте, ерте, ертеде емес, бүгінде, қаладағы пәтерлердің
бірінде тоғыз жасар Асан деген бала тұрады. Ол компьютерге
өте құмар. Құмарлығы сондай, күні-түні соғыс киноларды,
атыс-шабыс, қыр­ғын төбелес ойындарды көреді де отырады.

Тіпті өзі де сол ойын­шық­тарға еліктеп, бірге жүргендей
сезінеді.
Бір күні компьютердің экранына бір жауынгер жігіт пен
қыз шыға келді. Мұздай қаруланған, түстері суық, қаһарлы.

Қаланың ортасында талтайып тұрып, жігіт жұртқа айқай
салды.

ЖОЙБЕК: Я капитан Джойбек, то есть капитан уничтожай!
А эта симпотная Соямбике – чемпионка по сою – дзюцу!
(Алақанының қырымен тамағын қиып көрсетті. Жа­
уынгерлерше киінген, бұлшық еттері бұлт-бұлт еткен Соям­

бике сарт-сұрт соғып, секіріп теуіп, қарсы келгендерді ұшырып
түсірді).
ЖОЙБЕК: Сою – дзюцу – Соямбике – мисс зарежу! Когда мы
вмес­те – всем хана! Капут! Вылезайте из вашей дыры или мы

уничтожим всех! Сожжем ваши дома! Потопим в крови вашу
землю! Так что пока целы, приползайте на четвереньках! Ах,
так! Вы гордые?! Хотите жить свободно? На, на вам свобода и
равенство! На, на, получайте!

(Жойбек пен Соямбике қаруларынан оқ жаудырып,
қаланы гүрс-гүрс жара бастады. От-жалынға оранған қала
қанға батып, жан­түршігерлік дауыстар шықты. Асан
құлай беріліп, қимылда­рын қай­талап, елтіп отырғанда,

даладан мамасы кіріп келді).
МАМА (ренжіп): Әй, Асан, айналайын, болды ғой енді!
Бір мезгіл демалып, далада ойнап келсеңші. Күні-түні
компьютердің ішіне кіріп кете жаздайсың да отырасың!

(Асан анасының сөзін құлағына да ілмей, ойынын құмарта
жалғастыра берді. Кино кейіпкерлеріне қосылып, «пух, пах»,
«кы, кх» деп, бет-аузына дейін қисаңдап, құбылып ойнады).
МАМА: Асан деймін, Асан! Қашан тіл алып, дұрыс адам

боласың, әй, сен? Андағы компьютер дегенің денсаулыққа
зиянды! Сарылып көп отыра берсең, ауырасың да қаласың!
Бет-аузың
қисаңдап,

тілің
салақтап,
көзің
алақтап,

басың қалтылдап, иығың селкілдеп, қол-аяғың дірілдеп,
жындыханадан бір-ақ шығарсың бір күні!
АСАН: Ал, бірақ бәрібір компьютерсіз күн жоқ қазір!
МАМА: Дұрыс қой, құлыным, бірақ әр нәрсе дәмімен

деген. Шектен тыс құмар болған жақсы емес. Миың айналып,
суми, көкми, зомби боп қаласың! Өстік қой осы, ешқандай
компьютерсіз-ақ адам болып!
АСАН: Ой, мама, сендер сондай артта қалғансыңдар! Тіпті

кісінің күлкісі келеді!

МАМА: Сендер керемет болып, қарық қылсаңдар көрерміз
әлі! Одан да бар, нан алып кел! Мың жерден мақтасаң да
андағың тамақ болмайды адамға!
(Асан еріне, амалсыз қозғалып, шығып кете барды).

Екінші көрініс

АУЛАДА

Аулада бір топ бала ойнап жүр екен, Асан біреуін түртіп,
біреуін қағып, ойнап жүрген доптарын әдейі айдалаға теуіп
жіберді.
Кішкентай қара қыз – Еркештің балмұздағын тартып

алды. Қызға болысқан бір дәу баланы құйрығынан күмп
еткізіп бір тепті. Анау төбелеспек болып ұмтыла бергенде,
Асан қалтасынан бабочка пышағын суырып алды.
АСАН: Убью! Уничтожу всех!

ЕРКЕШ (оған ұрсып): Қой қане! Таста пышағыңды! Мұндай
жаман бала болма! Мен саған қой дедім ғой!
(Асан сәл бөгеліп тұрды да, қолындағы балмұздағын қара
қыздың аузы-мұрнына баттитып жаға салды. Балалар

шошып, қыздар шыңғырып жіберді. Айқай-шуға жүгіріп келген
мамасы Асанды қолынан ұстап алды).
МАМА: Ах, оңбаған, кішкентай қарақшы! (Асанның бұлқын­
ға­нына қарамай, сүйреп алып кетті. Үй алдында Асанға): Мен

сені айдалаға, орманға апарып тастайын!
АСАН: Онда компьютерімді ала баруға бола ма?
МАМА: Жоқ! Онда аң-құстардың арасында жүретін боласың!
(Асан әлденені ойына алғандай үндемей қалды).

Үшінші көрініс

ОРМАНДА

Мамасы машинамен Асанды орманға алып келе жатқанда,
да­лада жайылып жүрген малдарды көріп, Асан қатты қызықты.
АСАН: О-о! Мама! Қарашы, қаншама ет пен тері! Мыналар­
дың бәрін сойып тастап, базарға сатсақ, у-у, қанша ақша болар

еді! (Мамасы жұдырығын түйіп, тыйып тастады).

(Орманға, көл жағасына, таудың баурайына келген соң,
Асан асыр салып жүгіріп тау-тасқа секіріп ойнап кетті.
Мамасы табиғатты тамашалап, кейіндеу қалды. Асан бірер
аң-құстарды көріп, тас лақтырды, ұстамақ болып қуалады.

Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін, суырдың інін бұзды.
Біраздан соң ұрлана басып машинаға келді. Багажнигін ашып,
ораулы мылтықты алып, қайтадан аң-құс аулауға кірісті.
Бір кезде бір еліктің лағын көріп, аңди бастады. Көздеп

тұрып, атып жіберді. Мылтық даусы тып-тыныш төңіректі
сілкіндірді. Орманда жүрген мамасы шошынып, жан-жағына
қарады да, тұра жүгірді. Асан құлаған аңның қасына келді.
Шалажансар, қансырап жатқан аңның көзі жаутаңдап,

аянышты көрінсе де, Асан оған соншалық бір қатыгездікпен
қарап тұрды).
АСАН: Алақай! Алақай! Өлтірдім! Мен өлтірдім! Урря!
Өлтірдім мен!

(Ол есерлене айқайлап, билей бастады. Сол кезде жер
ойылып кетіп, бұл шұңқырға түсіп кетті. Тесіктің жиегіне,
шөптерге жармасып, тырмысып жатқанда, жүгіріп келген
мамасы қолын соза берді. Бірақ үлгере алмады. Асан тереңге

құлап кете барды.
Сол ұшқан күйінде өкіріп, ұзақ уақыт шыр айналып,
зуылдап кеткен Асан бір кезде бір жұмбақ, күңгірт әлемге топ
ете түсті. Бұл жердің түрі де, дыбысы да өзгеше екен. Тым-

тырыс тыныштық үрейін ұшырды).
Төртінші көрініс

ҚҰБЫЖЫҚТАР ҚОЛЫНДА

Әлгі жерде бір алып Таусоғар орман тазалап жүр екен.
Ол ақырын Асанды бақылай бастады. Сол кезде қиқулап,
сақылдап күлген дауыстар естілді. Кенет орманнан шыға
келген бір құтырған құбыжықтар баланы бас салып, қол-

аяғын байлап, сырыққа асып айдалаға ала жөнелді.

– Қанішер! Жауыз! – деді қолдары тарбиған, тістері

ақсиған, тырнағы сояудай маймыл бет жезтырнақ.

– Жалмауыз! Қорқау! – деді алақандай қорқынышты

көздері алақ-жұлақ, жарқ-жұрқ еткен, локатор құлақты,
антенна мүйізді киборг-робот.

– Қолға түстің бе, бәлем!? Буындырып өлтіріп, бітеудей

жұтып қояйын ба!? – деді семсер тісті жолбарыс аранын ашып.

– Терісін тірідей сыпырып, шикідей жеу керек! – деді басы

арыстан, денесі аю, аяғы мен құйрығы динозавр сияқты
құбыжық.

– Жоқ! Отқа қақтап, шыжғырып, үйтіп жеу керек! – деді

басы марсиан, денесі адам, аяғы кенгуру сияқты құбыжық.

– О-о! Табылған ақыл! – десіп, шу ете түскен басқа да

неше түрлі қорқынышты құбыжықтар сақ-сақ күліп, билеп
ала жөнелді. Бір алаңқайда отты лаулата жағып жіберіп,
Асанның ойбайына қарамастан, қақтауға кірісті. Бет-аузы
күйелеш-күйелеш болып, түтіндей бастаған Асанға: «Қалай

екен жазықсыз аңды өлтірген? Енді өзің де өліп көр! – деп,
айналдырып-айналдырып қояды сырық ағашты.
Асан басы айналып, дыбысы өшіп, есінен тануға айналды.
Құбыжықтар ашқарақтанып, оның піскеніне шыдамай,

тырнақ­тарымен әр жерінен жұлмалап жегілері келіп, та­
ласа-тармаса тартып-тартып қояды. Сол уақытта алып
Таусоғар ақырып келіп, әлгі құбыжық-қорқауларды жан-
жаққа лақтырып, шашып тастады. Асанды бір-ақ жұлқып

босатып алып, аспандата лақтырып жіберді. Естерін жиған
құбыжықтар Таусоғарға жабыла кетіп, қырғын шайқас
басталды.
Бесінші көрініс

КАРНАВАЛДА

Шырқырап ұшып кеткен Асан қазіргі заманғы үлкен
сарайға, тұп-тура карнавалдың үстіне топ ете түсті. Әр
түрлі халықтардың ұлттық киімдерін киген әдемі қыздар мен
балалар, жан-жануар­лар сондай жарасып, билеп, думандатып

жүр. Асан жан-жағына таңдана қарады.
Қазақтың әдемі ұлттық киімін киіп алған баяғы қара қыз
Еркеш алдынан шықты.
ЕРКЕШ: О-о! Кел, кел, кел, бізге қосыл! Қане, бір ән салып

жіберші!

(Асан төмен қарады. Шетелдік бір ырғақты салған болды.
Барлығы оны мазақтап ду күлді).
МАША (орыстың ұлттық киімін киген): Әй, балақай,
мұндай ән бізге таңсық емес! Сен бізге өз халқыңның бір әнін

айтып бер!
АСАН: Мен ән білмеймін!
БАРБАРА (поляктың ұлттық киімін киген): Тоқта, сен
өзің кімсің?

АСАН: Мен Асанмын!
БАРБАРА: Жоқ, сенің ұлтың кім?!
АСАН: Ә, ә, мен қазақпын!
МАША: Қазақ болсаң, қазақтың бір әнін айтып бер!

АСАН: Мен қазақша ән білмеймін?!
ҚЫЗДАР: Ұят-ай! Ұят-ай! Өз елінің әнін білмейтін де кісі
болады екен-ау? Масқара!
МАША: Ал, жарайды, сонда не білесің?!

АСАН: Мен компьютер білемін. Одан ылғи ойын, кино
көремін... музыка тыңдаймын!
БАРБАРА: Қане, қандай өнерің бар? Көрсет бізге!
АСАН: Міне!

(Асан атыс-жарылыстың дыбысын салып, жауынгерлерше
қимылдап көрсетті).
ҚЫЗДАР (ренжіп): Қойшы, қанішерлер құсамай!..
ЕРКЕШ (ашуланып): Ал, бұл бала – шынымен қанішер! Ол

еліктің лағын атып тастады
(Бәрі теріс айналды).
МАША: Мен мұндай жауыз баламен дос болғым келмейді!
БАРБАРА: Ал мен оның қасында тұрып, бір ауаны жұтуға

да жиіркенемін!
(«Мұндай әсем әлемде жауыз балаға орын жоқ!» деп,
карнавалға жи­налғандар Асанды қол-аяғынан ұстап, шайқап-
шайқап, лақ­тырып жіберді).

Алтыншы көрініс

ЖАН АЗАБЫ

Қайтадан шырқап ұшқан Асан Таусоғармен ұстасып,
қаһарлана құлашын жазып тұрған арыстан басты, аю денелі,

динозавр аяқты құбыжықтың құшағына топ ете түсті.
Енді өлді-ау дегенде, Таусоғар оны жұлып алып, қаша жөнелді.
Қорқаулар шуылдап тұра қуды. Бір кезде алдарындағы бір
үлкен көлдің жағасына тоқтады. Құбыжықтар жақындап,

енді ұстайды-ау дегенде Таусоғар көлді бір-екі сораптап,
ұрттап қойды. Асанды алып өтіп кеткен соң, қайтадан суды
орнына құя салды. Құбыжықтар суда малтақтап қалып
қойды.

Былай шығып естерін жиып, шөлдеп, шаршап келе жатып,
бір ағын суға кез болды. Сөйтсе, бұл Асан атқан еліктің мекені
екен. Жаралы лақ сұлқ жатыр. Елік қайғыға батып, лақтың
аман қалуын тілеп, жылап-сықтап отыр.

ЕЛІК (сұраулы жүзбен қараған Таусоғарға): Бір бала атып
кетіпті!
(Асан ұяттан қып-қызыл боп, қайда тығыларын білмей
жаман састы. Ананың мұңына ортақтасып, ол тұңғыш рет

өз ісіне өкініп, бірге қайғырып, жаралы аң тірі қалса екен деп
тіледі. Таусоғар да мұңайып отырғанда, әлдеқайдан Еркеш
сап ете түсті).
ЕРКЕШ (Асанға тап-тап беріп): Міне, міне, қанішер!

Жазықсыз аңды атқан бала осы! Жауыз! Жалмауыз!
АСАН (жалтарып): Жоқ! Өтірік! Мен емес!
(Таусоғар екеуін арашалап, айырып алды).
(Лақ көзін ашып, Асанға мұңая қарады).

ЕЛІК (баяу, ақырын өксіп): Сен бе?! Неге, неге аттың менің
балақайымды? Қалай ғана қолың барды? Қайтіп қана көзің
қиды?!
(Асан жылап жіберді).

ТАУСОҒАР: Әй, балақан, рас па? Шынымен сен аттың ба?
(Асан жыламсырап, міңгірлеп, ештеңе дей алмады. Таусоғар
бұрылып кетіп қалды. Асан көзінде жас мөлдіреп, ауыр қайғыға
батқан елікке, шалажансар лаққа қарай алмай, қашып

шығып, беті ауған жаққа қаңғи берді. Қаңғып келе жатып
өксіп-өксіп жылады, өз басын өзі тоқпақтап, ағаштарға, тау-
тасқа ұрды. Күйініп, жерге домалады. Домалап келе жатып,
бір керзі етікке тірелді).

Жетінші көрініс

ҚОРҚАУЛАР ҚОРШАҒАНДА

Бұл капитан Жойбек еді. Қасында Соямбике, спецназ,
ниндзя, робот, қарақшылар сияқты киінген, автомат,
гранатомет, садақ, найза, қылышпен қаруланған бір топ
адамы бар. Капитан Жойбек домалап жатқан Асанды жерден

көтеріп алып, ауада салақтатып біраз тұрады. Жерге
түсіреді.
ЖОЙБЕК: Әй, Ассан, Асана, Асанчик! Қорықпа! Қайғырма
да мұңайма! Мүжілме де түңілме! Қардай болып сөгілме, бордай

болып үгілме! Мұздай болып еріме, қыздай болып егілме!
Қаһарыңа мін, қайратыңа сен! (Автомат, граната, қанжар
ұсынады) Қара орманды қан сасытып, бірін қоймай қырып
сал! Сені ұялтып, орталарынан қуған екен, көрсет оларға!

Ұяттарымен қосып өртеп жібер барлығын!
(Асан алғысы келмей қашқақтайды).
ЖОЙБЕК: Әй, бала, балашка! Біздің саған жанымыз ашып
тұр! Бізге қосылмасаң, жалғыз қаңғып қаласың! Мейлің!

Қазір жан-жануарлардың бәрін өзіміз-ақ қырып тастаймыз
да, жаласын саған жаба саламыз! Содан кейін барлық халық
сені қанішерлердің қатарына қосады. Атыңды мәңгілікке қара
тақтаға қарғап-сілеп жазып қойса, жақсы бола ма?!

АСАН: Жоқ!
ЖОЙБЕК: Олай болса бізге қосыл! Ерліктер жаса! Батыр
атанып, атақ-даңққа бөленгің келе ме өзі?
АСАН: Иә!

ЖОЙБЕК: Онда не тұрыс, мә! (Қаруды тықпалайды). Ат та
таста!
АСАН: Жоқ! Мен енді тірі жанды өлтіргім келмейді!
ЖОЙБЕК: Ах, солай ма? Сонда мына біз қорқау екенбіз ғой,

сеніңше! Жарайды! Қорқаудың қандай болатынын көрсетейін
мен саған!
(Қолымен нұсқап, белгі береді. Жауынгерлер әп-сәтте
баланы қаумалап, қолдан-қолға қақпақылдап, жуан зәулім

қарағайға керіп байлап тастайды).

ЖОЙБЕК: Ал, қалай екен көздеп атқан? Батыр болсаң, тік
қарап көр!
(Соямбике садағын көтеріп, көздейді. Асан тыпырлап,
көзін жұмып, басын қисаңдатып, жанталасады. Ысқырған

жебе тура төбесінен екі елі жоғары, қарағайға қадалады. Жан-
жағына қа­да­лады. Асан қорқып, шыңғырады, бұлқынады.
Капитан Жойбек Соям­бике бастап бәрі мазақтап күледі.
Капитан

Жойбек
пистоле­тін
саусағында
айналдыра

ойнатып-ойнатып, көздемей тез-тез атып-атып жібереді.
Баланы байлаған арқанды қиып түсіреді. Соямбике енді
қанжар, найза лақтыруға дайындалып, көздеп тұрып,
жіберіп қалғанда, Асан бір жағына аунап кетеді. Бағанадан

бері бұларды бақылап жүрген Таусоғар оны іліп ап қашады.
Қарақшылар қуып жетіп, қоршап алады. Таусоғарды атпақ
болып қаруларын кезей бастайды.
Сол кезде қатты дауыл соғып, төңірек қап-қараңғы болып

кетті. Әлгілердің бәрін үрей буып, қимылдай алмай қалды.
Дауыл басылып, күн ашылғанда бәйтеректің басына алып
самұрық құс келіп қонды.Саңқылдап, қанатымен ауаны
кескілеп, суылдатып бір-екі сипап, барлығын алдына жинап

алады).
САМҰРЫҚ: Біздің ертегілер әлемінде қантөгіске, жауыз­
дыққа, арамдыққа, өшпенділікке, қулық-сұмдыққа, былық-
шылыққа орын жоқ! Ертегілер әлемі – қайырымдылық, адал­

дық, сұлулық, әділдік әлемі! Қан төккен, өтірік айтқан, біреуге
қиянат, зорлық-зомбылық жасаған адамдар бұл әлемге лайық
емес! Ондай оңбағандардың ор­ны – қоқыстар мен қорқаулардың
арасында! Жоғалыңдар бұл арадан!

Самұрық қанатын қомдап, қағуға ыңғайлана бергенде,
капитан Жойбек алға шығады.
ЖОЙБЕК: Уа, ертегілер патшасы, дат!
САМҰРЫҚ: Датың болса, айт!

ЖОЙБЕК: Мен, капитан Жойбек, қаншама қырғын соғысты
көрдім! Қырдым-жойдым! Өйткені амалым болған жоқ –
соғыстың аты соғыс! Мен жауды өлтірмесем, жау мені өлтіреді.
Соны ескерсеңіз екен, әділ патша!

САМҰРЫҚ: Капитан Жойбек! Атың өшкір! Соғыссаң – не
үшін соғыстың? Біреудің жерін тартып алу үшін, билеп-төстеу

үшін со­ғыстың! Біреуге жалданып, ақша үшін соғыстың! Жұрт­
тың үйіне барып, ойран салдың! Сондықтан саған кешірім жоқ!
ЖОЙБЕК: Олай болса, мына балаға неге ара түсесіздер?
Жазық­сыз, қорғанышсыз еліктің лағын атып тастаған оның

кінәсі бізден кем емес! Әділ болсаңыз, мұның да жазасын
беріңіз!
САМҰРЫҚ: Бұл кішкентай қанішердің де орны сендермен
бірге! Кетсін аулақ!

(Бағанадан бері үрпиіп-үрпиіп тұрған топ енді балаға
қарады. Капитан Жойбек Таусоғардың қасында тұрған
Асанды іліп әкет­пекке оқтала бергенде, Таусоғар оның қолын
қағып жібереді).

ТАУСОҒАР: О-о, ертегілер әлемінің падишаһы! Дат!
(Самұрық назар аударады).
ТАУСОҒАР: Асанның күнәсі үлкен, қылмысы ауыр. Бірақ
бұл енді-енді өз қатесін түсініп, қатты өкініп жүр! Жойбек

берген қаруды алған жоқ! Мен сенемін Асанға! Біз оған
көмектесейік! Мүмкіндік берейік!
(Самұрық ойланып, қанатын сипай қағып қалғанда, әлгі
жа­уынгер топ ғайып болып кетеді. Тек Асан мен Таусоғар ғана

қалады. Орманнан аң-құстар ақырын басып, сақтана жинала
бастайды. Елік те келеді).
АҢДАР (жамырап): Мына кішкентай қанішердің жазасын
беру керек! Сазайын тартсын!

(Орманды ауыр үнсіздік басады. Асан алға шығып, елік-
анаға қа­рап, тізерлеп, басын иіп отырады. Көзіне жас тұнған.
Самұрық, елік-ана, жаралы лақ, аң-құстар, Таусоғар – бәрі де
мұңайып, ойға батып кетеді).

САМҰРЫҚ: Жаралы лақтан әлі де үміт бар! Өлі су мен тірі
суды әкеліп берсе, жазылып кетер еді! Бірақ ол су жалмауыз
кемпірдің қолында! Оның қоластындағы сиқырлы атырапқа
біздің бірде-біріміз бара алмаймыз! Оған тек адамзаттың баласы

ғана бара алады!
АСАН: Мен барып әкеліп берейін!
САМҰРЫҚ: Бірақ бұл сапар өте қауіпті! Ол жаққа
барғандардың бірде-бірі аман қайтқан жоқ!

АСАН: Еліктің лағы өлсе, маған да өмір жоқ! Рұқсат болса
мен барайын, ұлы падишаһ!

САМҰРЫҚ: Сен шынымен өкініп, қайғырып жүрсің бе?
АСАН: Иә!
САМҰРЫҚ: Егер шынымен қайғырсаң, онда мүмкіндік
бар! Шын жылаған адамға жалмауыздың жаны ашуы мүмкін!

Бірақ байқа! Өкінгенің өтірік болып шықса, жалмауыздың
жанындағы жәдігөй, сиқыршылары ар жағыңдағы ниетіңді
жазбай таниды. Онда өмірмен қоштаса бер, я қаныңды ішеді,
я бір мылқау құбыжыққа айналдырып, мәңгілік қарауылға

тұрғызып қояды!
АСАН: Жоқ! Шыным! Нар тәуекел!
(Самұрық құптап, қанатын сермеді).

ЕКІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

ЖАЛМАУЫЗ АПА

Жалмауыздың жері ұшы-қиыры жоқ, тау-тасы, орман-
тоғайы аралас жазық екен. Неше күн, неше түн жол жүріп,
арып-ашып келе жатқан Асанды кенеттен бір топ жәдігөй,
сиқыршылар бас салып, байлап алады.

АСАН (ышқынып): Соңғы тілегімді беріңдерші! Ақырғы
тілегім!
(Асанды қара тасқа айналдыруға оқтала берген жалмауыз
бен сиқыршылар тоқтай қалды).

ЖАЛМАУЫЗ: Ал, айт ақтық тілегіңді! Тек қана ішімізді
пыстырып, көп мыжып кетпе!
АСАН: Тілегім сол – менің сөзімді тыңдасаңыздар екен!
ЖАЛМАУЫЗ (жалба-жұлба шашын сілкіп-сілкіп жіберіп):

Жа­райды! Жәдігөйлерім, сиқыршыларым, аярларым менің!
Тың­даңдар түгел! Аузын бағыңдар да сынаңдар! Сөзінде
мінәндәй (шына­шағының тырнағын көрсетеді) өтірік болса,
белуарынан қара тасқа айналдырып, желдің өтінде, күннің

көзінде мәңгі бақи қара далбағай жамылып, қара қарғаларды
бағып, қарабет атанып, қарауыл қарап тұратындай ғып
қатырып тастаңдар! Ал, егер де шынын айтса, шырай беріп,
шырағын жандырыңдар! Ал, қане, сайра, балақай!

(Асан ақтарылып, барлық оқиғаны бастан-аяқ айтып
береді. Сиқыршылар үнсіз тыңдайды).
АСАН (әңгімесін аяқтап): Егер де еліктің лағы өлсе, маған
да өмір жоқ! Ондай ауыр күнәні арқалап, өмір бойы жан азабын

тартқанша, не өліп кетейін, не тірі суды сұрап алып, лақты да,
өзімді де аман алып қалайын деп келдім!
СИҚЫРШЫЛАР: Рас! Рас айтады! Сөзінің бәрі шындық!
(Сол кезде жалмауыз жалба-жұлба шашын сілкіп-сілкіп

жіберіп, сақылдап тұрып күлді. Сояудай тырнақтарын
тарбитып, Асанның бетіне тақап, көзіне үңіліп, зәресін
ұшырды. Қалшылдап билеп, қатты айғайлап жіберді).
ЖАЛМАУЫЗ: Өтірік! Өтірік айтасың! Мен сенің бірде-бір

сөзіңе сенбеймін! Ойың басқада!
(Жәдігөйлердің зәресі кетіп, жапа-тармағай жапырылып,
жал­мауыздың аяғына жығылды).
СИҚЫРШЫЛАР: Дұрыс айтасыз! Сіздікі жөн! Бірақ бұл

бала шынын айтып тұр! Біз соны сезіп тұрмыз!
ЖАЛМАУЫЗ: Адамзат өтірік айтуға әбден төселіп алған!
Шыны қайсы, жалғаны қайсы, тіпті өздері де айыра алмайды!
АСАН (күйіп-пісіп): Мен бе өтірік айтып тұрған?! Мен

ешқашан да өтірік айтқан емеспін! Ешқашан да! Үйде де,
көшеде де, мектепте де! Неге сенбейсіңдер маған!
ЖАЛМАУЫЗ (мысқылдап): Ой-дойт! Шыншыл баланы
қара! Көріп алыңдар өтірік айтпайтын кісіні! Е-ей, есалаң!

Ойланбастан кісіні сойып салатын сендей оңбаған балаға өтірік
айту бұйым болып па?!

АСАН

(ышқынып):
Жо-жоқ,
жалмауыз
апа,

өйтіп
күйдірмеңіз мені! Онсыз да күйіп біттім! Жаным қиналып
кетті! Не істе дейсіздер маған?!
ЖАЛМАУЫЗ: Оны әу баста қолыңа мылтық алып, тірі

жанды атарда ойлауың керек еді! Ол да өзіңдей жан иесі, оның
да өмір сүргісі келеді. Өзіңді біреу атса, жақсы көресің бе?
АСАН: Мен көрген киноларда ешкім де ойланып жатпайды!
Адамдарды топтап қырып тастап, таптап кете береді! Жауап та

бермейді, жандары да қиналмайды! Сөйтсем... кісі өлтіру кино­
дағыдай емес екен! Кинодағыдай емес екен!
ЖАЛМАУЫЗ: Жә! Қан төгу, жауыздық жасау жағынан
адамдар бізден әлдеқайда озып кетті! Соларды көріп, біз

соғысуды, жамандық істеуді қойғалы не заман! Тек адамдар
ғана әлі күнге тоймай, бір-бірін қырып-жойып келе жатыр! Сен
де болашақта дап-дайын қанішер болайын-ақ деп тұр екенсің!
Бетіңнен жарылқасын! Бар да шетінен қыра бер!

АСАН: Жоқ, Жалмауыз апа! Осыдан еліктің лағы тірі қалса,
ешқашан да ешкімге қол көтермес едім! Оқ атпас едім!
ЖАЛМАУЫЗ: Солай де? Жаны қысылса, пенде шіркін
Жал­ма­уызды да апа дейді екен-ау, ә? Мен жақсылықпен

жағаласып, адам­затқа жамандық жасап жүрген кезімде
Жалмауыз кемпір едім. Әлі күнге сол атым қалмай келе
жатыр. Әйтпесе мойнымда нахақ қан жоқ! Мына қара тасқа
айналғандар үшін өзімді кінәлі санамаймын! Өздері кінәлі!

Мәңгілік өмір – тірі суды іздеп келіп, мәңгілік орындарын
тапты! Ал сен аздап өкінген бола салып, оп-оңай жуа саламын
дейсің бе нахақ қанды?! Жоқ! Бәріне де жауап беретін кез
келеді! Бір гүлді жұлсаң да, бір шыбықты сындырсаң да есебі

бар! Ендеше, сен де тарт жазаңды!
(Кет дегендей екі қолын серпіп қалғанда, Асан домалап, бір
қапасқа түсіп кетеді).
Екінші көрініс

ҚҰТЫЛУ

Асан қараңғы, терең зынданда зарығып бірнеше күн
отырады. Бір күні оны құтқаруға капитан Жойбек пен
Соямбике бұқпантайлап, еңбектеп келеді. Жойбек қарауылға
қанжар лақтырады. Қанжары тасқа тигендей серпіліп ұшып

кетеді. Соямбике бір-ақ ырғып секіріп, қарауылды иектің
астынан ұрып, сұлатып салады. Қамауда жат­қан Асанға
салбыратып арқан тастайды.
ЖОЙБЕК: Асан! Асана, Асанато! Біз сені құтқаруға келдік!

Көрдің бе, біз достарымызды жауға тастамаймыз! Енді сен
бізбен бірге боласың! Біздің бармайтын жеріміз, алмайтын
қамалымыз жоқ!
(Асанды қапастан алып шығады).

ЖОЙБЕК: Жүр, қазір ана кемпір мен қарауылдардың бәрін
бауыздап тастап, керегіңді алып кете береміз!
19-0046

(Асан басын шайқап, көнбейді. Соямбике оны құшақтап,
түсін­гендей арқасынан қағып, басынан сипайды).
ЖОЙБЕК (қаһарланып): Онда өзіміз-ақ жайғаймыз!
Олар арнайы операцияға кірісе бергенде, Жалмауыз апа кеп

қалады. Капитан Жойбек тасадан бас салып, ұрып жықпақшы
бо­лады. Жалмауыз апа шыр айналып, бір қарауылды үш­
кіріп жіберіп, спецназ – ниндзяға айналдыра қояды. Ниндзя
Жойбекпен шайқаса кетеді. Біраздан соң Жалмауыз ол екеуін

де, Соямбикені де, бүкіл жолдастарын да тас қарауылға
айналдырып қояды.

ЖАЛМАУЫЗ: Бейбіт елдерге бүлік салғанда сондай едіңдер,
енді тыныштықты күзетіп, тұрыңдар осылай мәңгілік! (Асанға
қарап): Мені жалмауыз дейсіңдер. Ал мен кімді жалмадым?
Кімге іздеп барып жауыздық жасадым? Міне, мыналардың

бәрі де (тас мүсіндерді көрсетіп) осында байлық пен билік
іздеп келгендер! Және шексіз билікке құмар! Тойымсыз! Тірі
суды ішіп, мәңгі өлмей билік құрғысы келеді! Ал мен бар
болғаны ашкөз, жауыз пенделерге тірі суды бермей қалдым.

Жойбек сияқты қанішерлер мәңгі өмір сүрсе, не болар еді?!
Олар ештемеден тайынбайтын жүзіқаралар! Мен оларды қара
тасқа айналдырдым! Жоқ! Жалмауыз мен емес! Жалмауыз
мына сендерсіңдер! Мына сенің, сенің, сенің ішіңде жалмауыз!

(нұсқап, нұсқап көрсетеді). Сол іштегі жалмауыздарыңды
жеңіп алыңдар! Сонда ғана нағыз адам боласыңдар! (Жалмауыз
сілкініп, әп-әдемі апа болып шыға келеді). Асан балам, мен
мыңдаған жылдардың ішінде жеке басының пайдасы үшін

емес, жаралы жанды аман алып қалу үшін басын қатерге
тігіп келген бірінші адам – сені көріп тұрмын. Сен шыныңды
айттың, дүниедегі ең үлкен керемет – ол шындық! Сен мені апа
дедің! Қандай жақсы апа болған! Мен сен ұялмайтындай жақсы

апа болуға тырысайын! Сен де мен ұялмайтындай жақсы бала
болуға тырыс! Ала ғой қасиетті суды!
(Апа мейірленіп, Асанды құшақтап, басынан сипайды. Өлі
су мен тірі су құйылған өрнекті құтыны береді. Асан кетуге

оқтала беріп, толқып тұрады).
АСАН: Рахмет, апа, көп рахмет сізге! Тағы бір ауыз сөз бола ма?

ЖАЛМАУЫЗ: Айта ғой, балам!
АСАН: Мына кісілерді де босатсаңыз...
ЖАЛМАУЫЗ: Жауыздық жасаған адамға жанашыр болу –
жа­уыздықты қолдағанмен бірдей. Қаншама адамның қанын

жүктеген қанішерлерге кешірім жоқ!
АСАН: Олар өз қателіктерін түсініп, өкініп тұр! Түзеліп,
жақсы адам болып кетер, бәлкім?! Түрлері қандай! Тұлғалары
қандай! Қа­ра тасқа қалай қияды көзіңіз?

ЖАЛМАУЫЗ (ойланып, басын шайқап, бәрін де босатады).
Арам ой, жаман істің бәрін тастап, жақсы адам болыңдар!
(Барлығы қаруларын тастап, апаға бастарын иіп, қош­
тасып жолға шығады).

Үшінші сурет

ЖАНТАЛАС

Жалмауыз апаның мекенінен ұзап шыққаннан кейін, қара
киімді ниндзя бұларға ештеңе айтпай, аяқ астынан ғайып
болып кетеді. Біраз жүрген соң капитан Жойбек ағаштан
сойыл жасап алады. Ол Асанға біртүрлі қарай бастайды. Бір

кезде бас салып, құтыны тартып алады. Соямбике Жойбекті
қағып жіберіп, құтыны Асанға қайтарып береді. Асан қаша
жөнеледі. Капитан Жойбек оны қуып жетіп, сойылмен ұра
бергенде, Соямбике секіріп келіп, Асанды құ­шақтай құлайды.

Сойыл оның басына тиеді. Сол жерде Соямбике қаза болады.
Асан орман ішінде ағаш-ағаштың тасасына тығылып, қаша
береді. Жойбек қуады. Кенет бағанағы жоғалып кеткен ниндзя
ағаштың тасасынан бас салып, Асанды алып соғып, құтыны

тартып алмақшы болады. Жойбек жетіп келіп: «Мә, саған,
мәңгілік өмір!» – деп, ниндзяны бастан ұрады. Екеуі алысып-
жұлысып, әбден шайқасып, арпалыста бірін-бірі өлтіреді. Асан
құтыны алып, жүгіре басып жөнеледі.

Төртінші сурет

АРЫЛУ

Асан күміс құтыны алып келгенде аңдардың бәрі дабдырлап,
қуана қарсы алады. Ол құтыны самұрыққа береді. Самұрық

жаралы лақтың аузына тірі суды тамызады – түк әсері жоқ! Аңдардың бәрі аңтарылып тұрады. Елік мұңаяды. САМҰРЫҚ (күрсініп басын шайқайды): Бұл судың сиқырлы сан­дықта сақтаулы тұрғанына да мыңдаған жылдар болған шығар! Сан­дықта жатып-жатып жай су болып қалған сияқты! (Бәрінің ұнжырғасы түсіп кетеді. Асан күйінгеннен жылап жібереді. Самұрық құтыны тоса қойып, Асанның көз жасын қосып алады). САМҰРЫҚ: Егер де тірі суға шынайы көз жасын қосса, бастапқы қасиеті қайта келеді деп бала кезімде әжемнен естіп едім. Оған да қанша мың жыл өтті! (Суды лақтың аузына тамызады. Лақ сілкініп, орнынан тұрады. Бірақ сылбыр! ) САМҰРЫҚ: Көз жасына шынайы таза күлкі қосу керек! Асан бет-аузын тыржыңдатып, ішін басып, селкілдеп, қиқылдап, қарқылдап күлген болады. Әсері жоқ! САМҰРЫҚ: Жә! Босқа әуре болма! Қолы қанды, жаны таза емес адамның күлкісі де таза бола алмайды! Амал не? Қош бол, Асан! Өкініш сабағын ұмытпа, жақсы адам бол! Самұрық қанатымен бір сипап қалғанда, Асан жер бетіне шыға келеді. Шықса, мамасы тесіктің аузында қайғырып отыр екен. Асанды көріп, қуанғаннан есі шығып, бір жылап, бір күледі. Ананың шын қуанған күлкісі бүкіл орманды жаңғыртады. Сол қуанышты күлкіге бір кезде көп күлкі қосылады, сөйтсе барлық жан-жануарлар жер бетіне шығып, қосыла шаттанып тұр екен. Жаралы еліктің лағы секіріп, ойнақтап, Асанды достық ықыласпен тұмсығымен түртеді. Асан қуана күліп жібереді. Таза сәби күлкісі! Адамдар мен аңқұстар, Асан мен Еркеш табиғат аясында қол ұстаса әндетіп, билеп, жақсылық жырын жырлап, дүниені шаттыққа бөлейді. Соңы. 2008 жыл

ДАРИҒА ҚЫЗ

Екі актілі, тоғыз көріністі трагедия

ҚАТЫСУШЫЛАР:

ДАРИҒА – 17-де
ҚАСЫМ – 17-де
ӘЖЕ – 70-те
ҚАПТАЛ – Дариғаның ағасы, полиция сержанты, 25-те

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс
Жаз. Айлы түн. Өзен жағасы. Қос ғашық – Қасым мен
Дариға оңаша кездесіп тұр. Ай сәулесі жастардың алаулаған
жүзінде ойнайды.

ҚАСЫМ (Дариғаға үздіге тіл қатып):
Өзіңмен қалсам кезігіп,
Ғажайып бір күй туатын –
Екеуміз ғана сезініп,

Екеуміз ғана ұғатын!
Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау, мені қинамай,

Айтқызбай білсең болмай ма?!
ДАРИҒА (толқығанын сездірмеуге тырысып, сабырлы
тебіреніспен):
Үлгілі жырың болмаса,

Үндемей қалған көп жақсы.

Айқайлап жатқан әлемде
Айтылмай қалған сөз жақсы!
ҚАСЫМ: Алаулап нұрың жүзіңде,
Ботадай көзің мөлдіреп,

Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным елжіреп!

Наздана күлсең сыңғырлай,
Жадырар жаным жаңарып.
Жаңбырдан соңғы қырлардай
Дүние кетер тазарып!

ДАРИҒА: Өмірдің әні – махаббат,
Өртіне қалай шыдарсың?!
Жабырқап жүр ме жас жаның,
Жаңбырға неге құмарсың!?

ҚАСЫМ: Жауынға тоссам кеудемді,
Құйылғандай көктен нұр.
Жаныңа шипа болғандай
Тамшысы қандай мөп-мөлдір!

ДАРИҒА: Аппақ тамшы,
Кіршігі жоқ,
Қай сәуледен жаралдың?
Тозып кеткен

Тіршілікке
Мөлдірлік боп таралдың.
Кейде, жаным,
Ұшып кеткің

Келмей ме осы ғарышқа?!
Содан кейін
Аппақ нұр боп
Жерге қайта оралғың?!

ҚАСЫМ: Күннен шуақ аламыз, жерден қуат,
Тасқа қына бітеді, көлге құрақ.
Жаратылып жан біткен жақсылықтан,
Жан сарайын ашады мөлдір бұлақ...

ДАРИҒА (іліп әкетіп):
...Жамандық у жаяды неге бірақ?
(Сәл бөгеліп, айнала жүріп)
Өзенді бойлап, өлкені кезгім келеді,

Мекен ғып біраз қауырсын қанат кемені.
Ақша бұлттарға орана кетіп кей-кейде,
Мұхитқа барып мұңымды шаққым келеді!

ҚАСЫМ: Сүйгенінен үміт күткен күн-түнде,
Ғашық болған түсінеді кім-кім де.
Бұл өмірде махаббатын тапқан жан
Өзге жұртты жек көруі мүмкін бе?!

Шолпандай боп туған аппақ таңдарда,
Қандай ғажап мынау әлем сен барда?!
Бақыт деген немене деп ойлаушы ем,
Бақыт деген сен екенсің жалғанда!

ДАРИҒА: Мәңгі бірге жалын болып жанамыз,
Бақыт атты бай әлемге барамыз.
Жер мен көктің арасында айналған
Дүниеде тек екеуміз ғанамыз!

Тек екеуміз ғанамыз!

ҚАСЫМ: Айдай балқып айдынға кеп қонатын,
Аққудай боп келші жайған қанатын.
Пәктігіне бұл пәнидің қызығып,
Кірпік қақпай қарасыншы қара түн!

Ай нұрына бөленген екі аққудай бір-біріне ақырын-ақырын
жақындай береді...

Екінші көрініс
Әжесі мен Қасым өз үйлерінде отыр.
ӘЖЕ (айран құйғалы жүріп, немересін мейірлене иіскеп
қояды): Өй, құлыным-ау сол! Әжесінің баласы! Әжесінің

баласы! (Айран құйып беріп) Әжесінің баласы-ау, соңғы кезде
ылғи түн ортасы ауа келетін боп жүрсің...Бүгін тіпті кешігіп
келдің ғой... Түнімен көз ілгем жоқ... сені уайымдап...
ҚАСЫМ: Ә-ә, кітапханада отырып қалып...

ӘЖЕ (қуақыланып): Сондай қызық кітап па екен?
ҚАСЫМ: Иә, тіпті уақыттың қалай өткенін байқамай
қалыппын...
ӘЖЕ: Кітапхана түнімен жұмыс істейтін болған ба қазір?

ҚАСЫМ: Ә-ә... не... иә... жоқ! Кітапханадан шыққан соң
жатақханаға барып, жолдастармен бірге тағы оқыдым...
ӘЖЕ: О-о, кітапқұмар құлыным сол! Айтпақшы, бұл қызық
кітабың не туралы екен?

ҚАСЫМ: Енді... әр нәрсе туралы ғой...
ӘЖЕ: Дұрыс-ақ! Ақыл-ой, білім-ғылым кітапта! Ал, бірақ,
түнгі сағат он бірден кейін жатақханадан бөгде адамдарды
үйлеріне қарай аттандырып жіберетін тәртіп бар емес пе еді?

ҚАСЫМ: Ә-ә, иә... жатақханадан кейін өзен жағалап,
серуендеп жүрдім біраз...
ӘЖЕ: Өй, ақылыңнан айналып қана кетейін сол, әжесінің
баласы! Сарылып сабақ оқи бергенше, бір мезгіл бой сергітіп

алғаның қандай жақсы! Бірақ серуендегеннің жөні осы екен
деп, жалғыз өзің жын қаққан адам құсап, жағада арлы-берлі,
арлы-берлі таң атқанша сенделіп жүре бердің бе?
ҚАСЫМ: Ә-ә, иә, жоқ... енді, жалғыз өзім жүре бергем

жоқ... ә-ә, иә, жағалауда ойға шомып отырдым!
ӘЖЕ: Сонда таңға дейін жападан-жалғыз жар басында ойға
батып, айға қарап отырдың ба, құлыным?
ҚАСЫМ: Иә, енді қиялдап... ай-жұлдызбен сырласып...

ӘЖЕ: Ай-жұлдызға қарап, жападан-жалғыз шоқиып отыра
беретін ит-құс болып кеттің бе, ботам?!
ҚАСЫМ: Судың сылдыры да тамаша екен!

ӘЖЕ: О, несін айтасың! Сонда судан бір сұлу шолп етіп шыға
келер ме екен деп телміріп отырған шығарсың, ә, шолпан
туғанша?
ҚАСЫМ: Ой, әже... Хе-хе-хе! (Қысыла күліп, айранын іше

береді).
ӘЖЕ (босаған кесені қайтып ала беріп): Оның аты кім?
ҚАСЫМ: Дариға!
ӘЖЕ: Дариға! О, Дариға! Аты әйбат екен!

ҚАСЫМ: Ой, әже... мен байқамай айтып қойдым-ау! Түу-у,
сен тура кы-гы-былар сияқтысың...
ӘЖЕ: Е-е, құлыным-ау сол, кемпірлердің быды-быдысының
жанында кы-гы-бы деген не, тәйірі! Бұл әлгі сенен кітап аламын

деп сылтауратып кеп жүрген бадырақ қыз ба?
ҚАСЫМ: Бадырақ емес, бота көз ғой!
ӘЖЕ: Иә, иә, ботадай, ботадай... Келе-келе түйедей болып
кетер... Ал енді оны маған қашан әкеп бересің?

ҚАСЫМ: Бүгін!
ӘЖЕ: Әбеу, көтек!
ҚАСЫМ: Жарайды онда, ертең яки арғы күні... қашан әкел
десеңіз, сонда алып келейін!

ӘЖЕ: Әй, тоқта, тоқта, сабыр ет! Саған тіпті бәрі оп-оңай боп
кетті ғой! Бір апта тоса тұр, тым болмаса. Пенсиямды алып,
оны-мұны әкеп қояйын. Дұрыстап қарсы алайық... әйтпесе
әлгі бадырағың... жоқ, ойбай, ботагөзің танысамын деп келіп,

талып қап жүрмесін... бір жарымаған жалмауыз... қурап
отырған... қаусаған кемпір екен деп!
ҚАСЫМ: Әже, әй, әжетайым менің! Қыздан бұрын өзің
талып қалма! Келінді алдын ала әкеліп таныстыратын мен

орыс емеспін ғой! Мен оны біржола алып келемін!
ӘЖЕ: Ә-ә?! Не дейсің, әй?!
ҚАСЫМ: Келін әкеп беремін деймін!
ӘЖЕ: Келіні несі, әй? Былай... кішкене... бірер жыл дос

болып жүре тұрмайсың ба?
ҚАСЫМ: Жүре тұруға болмай қалды! Бірер жыл күтіп
тұратын емес!
ӘЖЕ: Е-е, онда бірер жыл күте алмайтын, күтпейтін қызды

алып не керек... жалынышты адам құсап...
ҚАСЫМ: Әже, қалай түсіне қоймайсың? Қыз күтуін күтеді
ғой! Сенің тентек шөберең күтетін емес деймін!

ӘЖЕ: Астапыралла! Не дейсің? Шөбере дейсің бе? О, құдая,
тәуба! Ол қайда енді?
ҚАСЫМ: Қайдасы несі? Келе жатыр аяңдап... жыл аяғына
дейін жетіп те қалар жаныңа...

ӘЖЕ (әрі қуанып, әрі қорқып, әрең-әрең): О, Алла! Рас естідің
бе, құлағым?! Өшкенім жанып, өлгенім тірілді ме шынымен?!
Ерте кеткен қос мұңлығым қайтып келер ме еді бүгін, көрер
ме еді бұл қуанышты... (Күрсініп, ерте қайтқан баласы мен

келінін еске алып, көзін сүртеді. Серпіліп) Әлі ертерек емес пе,
әжесінің баласы?! Он жетіге де толған жоқсың!

ҚАСЫМ

(жорта
бұртиып):
Болмайды!
Үйленбесем

болмайды, әжетай! Егер осы қызды қазір алып бермесең, мүлде
үйленбей қоямын!
ӘЖЕ: Өй, құлыным-ау сол, ала ғой енді, ала бер!
ҚАСЫМ (еркелеп, құшақтап): Әжетайым менің! Әжетайым!

ӘЖЕ: Құлыным менің, әжесінің баласы, күнім менің!
ҚАСЫМ (шығуға ыңғайланып): Мен барып Дариғаны
қуантып келейін... әжем рұқсат берді деп... (Шыға береді).
ӘЖЕ: Байқап жүрші, қалада маза жоқ. Дүрбелең көбейіп

тұр! Құдай сақтасын! (Қасым жүре тыңдап, шығып кетеді. Әже
оңаша қалып, күрсінеді). О, Алла, бергеніңе шүкір! Дариға,
Дариға! (Күрсініп) Дариға сол қыз!
Күркіреп күндей

Өтті ғой соғыс...
Қайда екен, қайда
Дариға сол қыз?!
Үшінші көрініс

Ереуілге шыққан жұрттың айқай-шуы алыстан жаңғы­
рығып естіледі. Алаңнан алыстау бір көшеде Қасым теле­
фонмен сөйлесіп келе жатыр.

ҚАСЫМ: Әлө! Дариға! Дариға жаным! Әжетайым рұқсат
берді ғой!
ДАРИҒА (телефоннан): О-о! Шын айтасың ба, Қасым?!

«Аттан! Аттан! Алға! Алға!» және «Тоқтаңдар! Тоқта­
тыңдар!» деген дауыстар күшейе келе, топырлаған аяқ

дыбысы, сынған шыны, даңғырлаған, күңгірлеген, азан-қазан
үрейлі үндер кернеп кетеді жер көкті.
Кенет дыбыс күшейткіштен қатал бұйрық естіледі:
«Атыңдар!»

Атыс басталады.
Алаңнан шыңғырған адамдар дауысы естіліп қалып
жатыр...
Қасым атыс даусына бір елең етеді де, мән бермей, сөйлей

береді.

ҚАСЫМ: Шын болғанда қандай! Менің әжем керемет,
ғажайып кісі! Әлі көресің өзің де... Мен саған жеткенше
асығып келемін! Сені қуантып, сені бір сүйгенше жанұшырып
келемін...

ДАРИҒА: Ақырын, ақырын, әжесінің баласы-ай, ұят емес
пе?!
ҚАСЫМ: О, Дариға, Дариға-а... (Ол сөзін аяқтай алмады...
Ысқырған оқтың үнін естіген де жоқ, не болғанын сезген де

жоқ. Қаңғыған оқ аузынан кіріп, көк желкесінен бір-ақ шықты.
Жерге ұшып түскен Қасымның телефонынан: «Жаным!
Жаным, саған не болды? Неге үндемей қалдың, әжесінің баласы-
ау?!» – деп жанұшырған қыз даусын ессіз шуға бөленген дүлей

дүние шімірікпей жұтып қойды...
Төртінші көрініс
Дариға бөлмесінде оңаша отыр. Аяғы ауыр. Ой үстінде,
өзімен-өзі. У ішкелі даярлана бастайды. Сол кезде есік

қағылады. Ақырын, үрейлене барып ашады. Құп-қу жүзді әже
кіреді. Дариғаны құшақтап, үнсіз тұрады.
ДАРИҒА: Әже, әжетай! Қасымнан айырылғалы мына
дүниеде мән де, мағына да қалған жоқ! Қызық та, бақыт та

жоқ! Ата-анама, ел бетіне қарайтын бетім де жоқ! Енді маған
қалғаны бір-ақ жол – Қасымға жету! Махаббаттың жолында
өлген қыздардан менің жаным артық па?!
ӘЖЕ: Қой, Дариғажан, олай деме! Сабыр, қайрат қыл,

үмітсіз шайтан деген!

ДАРИҒА: Қасым түсіме кіріп, құшағын жайып, шақыра
береді! Сірә, мен көпке ұзамай, соңынан баратын шығармын!
(Үнсіз шегініп кетеді. Шетке барып отырады. Түсі суық,
сазарып, әженің сөзіне селт етер емес. Белін бекем буып, бетін

теріске бұрғандай).
ӘЖЕ: Өле салу оп-оңай, қарағым! Өмір сүру қиын адамға!
Бірақ адам екенің шын болса, өлуге асықпа, өмірді ойла
қашанда!

Дариға у құйылған құтыны айналдыра, аялай қарап отыра
береді.
ӘЖЕ: Өлемін деп бекемденсең,
Буып бел,

Қай кезде де кіргізеді
Суық көр,
Өлтірме тек
Ішіңдегі өмірді,

Шөберемді
Құдай үшін
Туып бер!

Таба қылмай
Талқысы көп қауымға,
Әкетемін
Басып сені бауырға.

Тау бойлаған
Ну орманның ішінде
Жасырынған
Шағын,

Шалғай ауылға!
Кім біледі...
Өзіңе өзің келерсің,
Жан азабын

Жылап жүріп жеңерсің.
Сәби келсе,
Ақ сүтіңнен нәр беріп,

Үміттеніп,
Келешекке сенерсің!
(Басын шайқап,
Егілді кеп ерке қыз,

Әзиз әже
Қоса егілді...
Не десін!?
Сәлден кейін сабырға кеп,

Түйді сөз):
Амал қанша,
Өлем десең өлерсің!
Адамзаттың

Болашағы
Бала дер,
Бір баладан
Өсіп қанша тарады ел.

Немеремді
Сүйгендігің шын болса,
Бұл сөзіме
Шындап құлақ сала гөр.

Шөберемді туып бер де,
Алаңсыз,
Ажалыңа
Қалауыңша

Бара бер!
Тұрсаң-дағы
Қу тағдырдың торында,
Адамсың ғой,

Тілегімді орында.
Бір әулеттің,
Бір тұқымның тағдыры
Мына сенің құрсағыңда,

Қолыңда!

Рахман құдай
Қарайды ғой пейілге,
Сен де,
Мен де

Зар боп қалдық мейірге.
Тоқта, балам,
Сабыр қыл да,
Ойланып,

Өліміңді
Қалдыра тұр кейінге!
ДАРИҒА: Мақұл!
Жақсы!

Сөзің қабыл болды, ана!
Бірақ кейін
Тірі қал деп зорлама.
Ант-су ішіп,

Серттесейік осыған,
Ақ шашыңмен
Ертең мені алдама!
Екеуі осыған серттесіп, қол алысып,құшақтасады.

ЕКІНШІ АКТ

Бірінші көрініс
Ай астында шалғай, шағын ауыл... Сыртта боран құбыла,
ышқына соғып, кейде тіпті үйдің іргесін де солқылдатып
қояды. Әже пешке бір құшақ ағаш салады. Қос мұңлық ұзақ

түннің бір уағына дейін сырласады.

ӘЖЕ (қолын отқа қақтап отырып): Баяғыда... бала
күнімізде, о-о, одан бері де алпыс жылдай уақыт өте шығыпты-
ау, өтіп бара жатқан өмір-ай десеңші... Иә, бала күнімізде,
ақпанның осындай ақтүтек боранды кештерінде қара тонға

оранып алып, әжеміздің ертегілерін тыңдаушы едік!

ДАРИҒА: О-о, қандай қызық! Көзіме елестеткім келеді,
бірақ елестете алмаймын!
ӘЖЕ: Несі қызық, ә, Дариғажан?
ДАРИҒА: Сіздің бала боп ертегі тыңдап отырғаныңызды

айтамын дағы!
ӘЖЕ: Е-е, немене, біз бала болмаппыз ба? Әлде, осылай,
кепкен кемпір боп көктен түсе қалды деп пе едің?! Немесе ақ
шашы шудаланып, беті шалбар-шалбар болып, сойдақ тісі

ақсиып, қауақ басы қақшиып, жалмауыз кемпір құсап жеті
қат жер астынан шықты дейсің бе?! Е-е, шырағым, біз де
бала күнімізде атамыз бен әжеміздің алдында еркелеп жата­
тынбыз...

Ең алғаш Әзірет Әлімен күрескен Дариға қыз туралы аңыз­
ды да сонда естіп едік! «Екеуінен Мәди туады, ол ақырзаман
болғанда жерді жарып шығып, адамзатты дажалдан құтқарады
екен» деуші еді әжеміз жарықтық! Шіркін, несін айтасың,

аузымыздың суы құритын ертегі-аңызға!
Жалғыз қыстау,
Ну орманның бауырында,
Қырау басып,

Бөркін Мақпал таудың да.
Әңгімені ағытатын әжеміз,
Немересін
Тербеп қойып алдында.

Елтіп әбден ертегінің сөзіне,
Бәрі елестеп менің бала көзіме,
Айналатын әжей жұмбақ әлемге,
Ертегіден келгендей боп өзі де.

Кәрәсін шам саман үйде құбылып,
Көлеңкелер әрлі-берлі жүгіріп,
Аңыздағы аждаһа мен диюлар
Бұрыштардан қарайтындай тығылып.

Жүрек жаурап, діріл қақса тылсымнан
Әжеміздің әжімінен жылынып.

Батырлармен
Бірге қағып қанатын,
Бала қиял
Жер түбіне баратын.

Қайда, шіркін,
Сол ғажайып мөлдір шақ,
Ертегіге
Естен танып нанатын?!

Бұл өмірде
Емес шығар жол тегін,
Кезеді адам
Арман іздеп жер, көгін.

Бір белестен
Бір белеске асады,
Бүгінгіден
Қызық-ау деп ертеңім.

Бірақ маған
Ыстық кейде бәрінен
Боранды кеш...
Ескі қыстау...

Ертегім!

ДАРИҒА: О-о, әже, қандай керемет, ғажайып күй! Сонда сіз
де Қасым сияқты әжеңіздің бауырында өстіңіз бе?
ӘЖЕ: Е-е, әжемнің бауырында өспегенде, қайда барамын,
қарағым-ау?! Бізді қанды қырғын соғыс ата-анамыздан ерте

айырып, жастай сорлатқан жоқ па?! (Мұңайып, қайтадан
қайраттанып)
Армандары
Көп болса да ойға алған,

Шет қала ма
Елге келген ойраннан?
Курскінің
Доғасында дот жарып,

Қайтпай қалды
Қайран әкем майданнан!

Қиын тағдыр
Соғып өтіп құйындай,
Жар қызығы,
Жан рахаты бұйырмай,

Жанбай жатып
Сөнді қанша махаббат,
Ақ желегі
Ашылмай да жиылмай.

Ауыл тола
Жесір әйел,
Жетім қыз,
Ел зарлаған,

Қанды жасы тиылмай...
(Әже ауыр күрсініп, сәл мұңайып отырып)
Қай жобаға сыйғызамын
Ал сені

Жесір қалған
Некесі де қиылмай!..
Жастықпенен
Сүйгендерің бекер ме,

Шын махаббат
Ізсіз-тозсыз кете ме?!
Қолында ғой
Рахымы мол құдайдың,

Кешем десе,
Қосам десе некеге!
ДАРИҒА: Еркің білсін,
Түсін мейлі, түсінбе,

Жастық – мастық,
Артық-кем көп ісінде.
Күнаһар боп
Күйем неге мен бірақ,

Шын жүректен
Сүйгендігім үшін бе?..
20-0046

Куә болған
Кең дүние,
Айлы аспан,
Сүйгенім шын

Махаббатқа тоймастан.
Түсінбейді
Бірақ оны ешкім де,
Бала тапқан

Деп табалар
Ойнастан!
ӘЖЕ: Олай деме...
Ойлап, назар салсаңыз,

Опасызда
Кісілік жоқ, нансаңыз.
Құрсағынан қырсық көріп,
Қан жұтып,

Қара бет боп
Қала берді қанша қыз!
Жаның күйіп,
Жүрегіңнен жас тама,

Қиналсаң да,
Қайдағыны бастама.
Сенің жөнің мүлдем бөлек,
Шырағым,

Күдер үзбе,
Менің ойым басқада!
Әже орнынан тұрып, отты көсеуге ыңғайлана береді.
Дариға лып етіп барып, оның қолынан көсеуді алып, отты

көсей бастайды. Әже толқып, қарап тұрады.

Екінші көрініс

Ауылдағы үй. Көктем келген. Жылаған сәбидің үні естіледі.
Дариға қолына көтерген күйі әрлі-берлі жүріп: «Баю-баю-баю-
бай, бай-бай-ай, бай-бай-ай!» – деп әлдилейді. Бала жылауын
қоймайды. Әже келеді.

ӘЖЕ: Жә, болды, байың жаңа өлгендей бай-байламай!
Кәне, бері әкел! (Қолына алып, кеудесіне басып)
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке бөлейін.

Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Көгала иттің құйрығын
Көлеңке қылып берейін!

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген аппағым!

(Бөпе жылағанын қойып, ұйықтап қалады. Әжесі оны
төсегіне жатқызады).
ДАРИҒА: О, ғажап! Мен қанша әндетсем де, жылай береді!
Ал сіз қолыңызға алып, бауырыңызға басып, «әлди, әлди»

десеңіз болды, рахаттанып ұйықтап қалады!
Әже: Сендердің әндерің де, сәндерің де бөтен ғой, баланы
шошытпаса, жұбатпас! Сәби – періште, сезеді әжесінің
мейірімін! Е-е, дүние-ай, Қасымтайыма жетер ме еді менің осы

мейір, сағынышым!.. Қайтіп жалғыз жатыр екен, әжесінің
баласы!..
ДАРИҒА: Әжетай! Бұрын Қасым менің түсіме жиі кіріп,
қырға қызғалдақ теруге шақыра беруші еді, ал кеше баланың

жанында бол деп, қалдырып кетті!
ӘЖЕ: Е, жарайды, қал десе, қал! Аруақтың айтқанын екі
етпе!
ДАРИҒА: Білмеймін...

ӘЖЕ: Ал өзі қайтті?!
ДАРИҒА: Өзі ме... өзі... сізге қарай кете барды! Сол кезде
оянып кеттім!
ӘЖЕ: Е-е, құлыным-ау сол, әбден мені сағынып, зарығып

жүрген шығар! (Бөпе жылайды. Дариға қолына алып, ыңылдап:
«Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем!» – деп әндетіп,
жұбатып, мейірлене иіскеп, бауырына басады).
ӘЖЕ (оған сынай қарап, басын изеп, қуанып қалады.

Іле бойын жиып, жорта қызғанып): Жә, болды, әжесінің

балдарына жабыса бермей, әкел бері! (Қолына алып, құшақ­
тап,тербеп жүреді). Шөберетайым, шөжетайым менің! (Кенет
әже жүрегі қысып, ақырын отырып қалады. «Әже, әже!» деп
қорқып кеткен Дариға дәрі береді. Әже дәріні аузына сала

беріп, ес-түссіз төсекке құлай кетеді).
ДАРИҒА (әженің қолын уқалап, жанұшырып): Әже,
әжетай! Кетпеңіз, кетпеңізші! Кішкентай Зарлық екеумізді
кімге тастап кетесіз зарлатып?! Сіз үшін жүрдім ғой осынша

уақыт! Қырқынан шығарып бер де, бара бер дедіңіз... Одан
кейін кішкене емізе тұр, ет алғанша дедіңіз... Енді мүлде қал
деп отырсыз! Жарайды, мен кетпеймін, қаламын, бірақ сіз де
кетпеңіз, біздің жанымызда болыңыз! Әже, сен мейірбанды,

қайырымды едің ғой... Өмір бойы қиындықтың бәрін жеңген
батыр едің ғой... Бізді жылатып тастап кетпеші, әжетай,
кетпеші!
ӘЖЕ (ақырын көзін ашып): Шынымен, кетпейсің бе?!

ДАРИҒА: Кетпеймін, әже, кетпеймін! Енді Зарлықты, сізді
тастап ешқайда кетпеймін! Сіз де кетпеңіз!
ӘЖЕ (әлсірегенін сездірмеуге тырысып): Өй, балапаным,
Қасымтайымның жан жары, Зарлығымның анасы, Дари­

ғажаным! Келші, бетіңнен сүйейін! (Басын көтеріп, Дариғаны
құшақтап, мейірлене иіскейді. Қайраттанып отырады
төсекте). Кетпеймін, құлыным, қорықпа, өлейін деп жатқан
мен жоқ! Сені сынайын деп, еркелеп жатқаным ғой әншейін!

Әне, бәрі жақсы болған жоқ па? Е-е, солай, қарағым, бір
кемпірдің қырық қызды алдайтын қулығы болады! (Дариға
күліп жібереді. Әже де бір күліп алады. Күрсініп) Дегенмен,
жаман айтпай жақсы жоқ, айтқаннан кісі өліп қалмайды.

Адамның жаны – Алланың аманаты, қай кезде аламын десе де
өзі біледі хақ тағала. Мұсылман кез келген уақытта о дүниеге
аттанып кетуге дайын болуы керек. Көп жылаудың да қажеті
жоқ, сұм ажал, өткінші жалған деп ренжу де ретсіз. Алланың

жазғанына ризашылық керек! Ана сөмкеде аздаған ақша бар,
бауырларымның әдірісі, тлипоны бар! Соларға хабарлассаң
болды, өздері бәрін атқарады. Қасымтайымның жанынан
орын алып қойғанмын, сонда апарып қойсын! Біздің қаладағы

ескі үйімізді Зарлықжанның атына түсіріп, саған берсін!
Көз қиы­ғын сала жүрсін! Оның бәрін қағазға жазып қойғам,

қолдары­на берерсің! Өзіңе айтарым, отымызды өшірмей,
шөберетайымды аман-есен ел қатарына қос! Аманат, аманат
саған! Өркенің өссін, балам! Солай, жарығым, жай айтып
жатқаным ғой, уайымдама! Зарлықжанды бөлмесіне апарып

жатқыза ғой! (Дариға бөпені әкете бергенде) Әкелші...
бетінен бір иіскейін! (Емірене бір иіскейді). Шөберетайым,
Қасымтайымның құлынтайы, құдай ғұмыр берсін саған! (Бара
ғой дегендей ишара жасайды. Дариға бөпені алып, келесі бөлмеге

кетеді. Әже ыңғайланып жатады төсекке). Қасымтайым,
құлыным, әжесінің баласы, сағындым ғой сені, зарықтым
әбден... Лә иләһа илла Аллаһ! (Әже өмірден озады).
Дариға қайта келіп, оны көріп: «Әже-е-е!» – деп бір ышқына

айқайлап жіберіп, жанында бүк түсіп, үнсіз отырып қалады.
Үшінші көрініс
Дариға әженің үйінде. Жалғыз өзі үй жинастырып жүр.
Қаптал келеді.

ҚАПТАЛ: Дариға! Дариғажан!
ДАРИҒА: Қаптал?! Шынымен сенбісің?
ҚАПТАЛ (құшақтап): Менмін, менмін, қарындасым!
ДАРИҒА (құшақтап): Ой, ағатай, ағажан!

ҚАПТАЛ (арлы-берлі жүріп): Ойпырмай, аман-есен таптым-
ау ақыры! Осынша уақыт... міне, жарты жылдан асты, ат ізін
салмай кетті, бір іздеп неге бармайсың деп әке-шешеміз де
миды жеп бітті!

ДАРИҒА: Несіне уайымдай береді, телефонмен сөйлесіп,
амандық білдіріп жүрмін ғой!
ҚАПТАЛ: Е-е, дұрыс қой, дұрыс, бірақ ата-ананың аты ата-
ана. Көзімен көріп тұрмаса, көңілі бір көншімейді! Әсіресе,

«барып білші, сол қыз бір бәлеге ұшырап қалмасын, сол көзім
тарта береді, түсімнен де шошып жүрмін» деп шешеміз қатты
уайымдап жүр! Ал, айтшы, неғып көрінбей кеттің? Қайда
жоғалып кеттің?!

ДАРИҒА: Енді... оқу... тіршілік... дегендей... (Бөпенің
жылаған даусы шығады. Дариға жүгіре басып кетеді. Қаптал
аң-таң. Дариға іле құндақтаулы сәбиді көтеріп, «Әлди, әлди,

ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем!» деп, тербей әлдилеп келеді. Сәби тынышталады). ҚАПТАЛ (бір сұмдықты сезгендей, секемденіп): Мынау не? ДАРИҒА (шамырқанып, ширығып): Көріп тұрсыз ғой... Бөпе! ҚАПТАЛ: Кімдікі? ДАРИҒА: Менікі! ҚАПТАЛ: Әкесі бар ма өзінің? ДАРИҒА: Әкесіз бала болушы ма еді? ҚАПТАЛ: Болғанда қандай! Осы күнде баланы қайсынан тапқанын білмей де қалатын қыздар аз емес! ДАРИҒА: Жоқ, қорықпаңыз, мен бір-ақ адамнан таптым! ҚАПТАЛ: Олай болса, қайда әкесі?! ДАРИҒА: Ол жоқ... ҚАПТАЛ: А-а, солай де! Түсінікті! (Қаны қайнап, арлыберлі аласұра жүре бастайды) Жоқ болып... жоғалып кетеді жігітсымақтар... Аңқау, сенгіш, мақұлық қыздарды алдапсулап, билеп, күйлеп, илеп, буаз қылады ды, тайып тұрады! Әне, атаңа ғана нәлет айуан, азғындар! Қыздың тағдырын ойына да алмайды! Масқара ғып, жылатып кете береді иттер! Әнеки, қыздарды бұзатын өзіміз! Бұзылған деп қорлайтын да өзіміз! Бұларды ма, бұларды... әй, оңдырмай жазалайтын болса ғой, шіркін! (Шырылдап сәби жылайды). Әй, өздері де оңбасау, оңбас, қыздың көз жасы жібермес! ДАРИҒА (бөпені уатып): Әлди, әлди, ақ бөпем, әлди, әлди... ҚАПТАЛ: Әлдилеме... әкесінің аузын... Оған керегі жоқ бала саған керек пе? Қараңғы түссін... апарып қоқысқа лақтыра сал... яки, бір кемпір-шалдың есігінің алдына тастап кет те, қайқайып жүре бер! Сенің бұл масқараңды менен басқа тірі жан білмейді! Сыланып-сипанып, басқа қалаға кет те, қалаған байыңа түк білмегендей тиіп ал! Ал, ана оңбағанның... сені алдап кеткен иттің... аты-жөнін, пәмиләсін, әдірісін әкел бері! Мен сөйлесейін онымен! Күшіктей қыңсылатып тұрып мойнына қарғыбау тағып әкеліп, босағаңа байлап қоймасам, ағаң болмай кетейін! Байлауға көнбесе, қол-аяғын кісендеп, түрменің түбінде шірітейін! Оның да сәті түспесе, қараңғы

түн мен қой боғындай қорғасын жалынсын... жоқтауын бір-ақ
асырайын!
ДАРИҒА: Олай демеңіз ол туралы! Оның еш жазығы жоқ!
Біз...

ҚАПТАЛ (сөзін бөліп): Жазығы жоқ! Оның жазығы жоқ!
Олай болса, бәріне кінәлі өзің екенсің ғой! Е-е, қарап тұрған
жігітке қыз асылған заман... «Құнажын көзін сүзбесе,
буыршын бұйдасын үзбейді» деген атам қазақ! Өліп-өшіп өзің

жабысқан екенсің ғой... Қаншық! Бізден қашып жүргенің де
сол екен ғой! Енді түсінікті болды бәрі де! Бүйтіп көзге күйік
болғанша, қаңғып неге кетпедің, қаншық?! Ел-жұртқа масқара
ғып, бәрімізді жерге қаратқанша, арам неге өлмедің, қаншық?!

Өмір бойы мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеген, ұлағатты ұстаз,
үлгілі отбасы атанған ана әке-шешеңді тірідей өлтірдің ғой!
Енді олар қайтіп мектепте сабақ береді? Қайтіп жұрттың
баласын жақсылыққа тәрбиелейді, ә?! (Дариға бөпесін ішкі

бөлмеге алып кетеді. Қаптал жалғыз қалып, сабасына түсіп,
сабырмен күңіренеді). Кешегі аяулы Дариға, қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, әлпештеп өсірген мөп-
мөлдір Дариға, арман Дариға, ән Дариға, бүгінде көйлегінің

етегін кім көрінгенге ашқан арсыз жәлеп болса, амалың қайсы,
а, дариға! Өз қолыммен басыңды бірақ шабар ма едім, әттең,
дүние-ай... дәтім бармайды!
ДАРИҒА (бөпесін ішкі бөлмеде қалдырып, қайтып келіп,

Қапталдың сөзін бөлуге неше оқталып, сең соққандай сенделіп
барып, ең соңында шыдай алмай ышқынып): Жоқ! Жоқ! Олай
емес, күйдірме мені, Қаптал! Сөз тыңда! Біз Қасым екеуміз бір-
бірімізді шын сүйіп едік! Ата-анамыздың ақ батасын алып,

қосыламыз деп едік! Амал не, ол қапыда атылған оқтан қаза
болды! (Күрсініп, үнсіз егіліп, отырып қалады).
ҚАПТАЛ (сәл сабырға кеп): Ә-ә, солай ма?! Иә, осы күні
бұзық көбейіп кетті ғой! Екі сөзге келмей, бір-біріне қару ала

жүгіретін боп кетті жастар! Бұл бір сұмдық болды! Адамдар
өмір сүргісі келіп, бақытты болашаққа ұмтылып, тырысып
келе жатады... Сол кезде бір қаныпезер... әдейі немесе мүлде
кездейсоқ, әйтеуір, қару жұмсап, жайратады да салады! Сөйтіп,

бірер жыл отырып шығып, тайраңдап жүреді тағы да! Ал бір
жас өмір өшіп, артында қанша адам зарлап қала береді! Мына

қарашы, сені де сорлатқан жоқ па?! Бақытты жас отау болып
өркендеудің орнына, елге қарабет болып, балаң екеуің қайда
барарыңды білмей, бір қуыста тығылып отырсыңдар! Ал, не
болады ертең!? Осыны ойлай ма екен бұл иттер?! Әй, қоятын

кездері болды ғой бір-бірін қойдай сойғанды! (Дариғаға)
Айтшы, қалқам, кім сені бұлай зарлатқан?! Кегіңді алып
берейін!
ДАРИҒА (сыбырлап, әрең, әрең): Ол полицайлардың оғынан

қаза болды!

ҚАПТАЛ

(қапелімде
сасқалақтап):
Полицейлердің?!
Қой... мүмкін емес... қалайша? Әлде, өзі бұзық болды ма?

ДАРИҒА (сыбырлай, ащы өксігін әзер тежеп): Жоқ!
Дүрбелең кезінде!
ҚАПТАЛ (үндемей қалып, сәлден кейін): Бүлікші ме еді?
ДАРИҒА: Жоқ! Түк те қатысы жоқ! Он жетіге де толмаған...

Өз бетімен келе жатқанда... Қаңғыған оқ тиген!
ҚАПТАЛ (ышқынып): Қаңғыған оқ?! Қалайша?
ДАРИҒА: Қайдан білейін? Алаңнан алыс, басқа бір қиыстау
көшеде келе жатқан өз бетімен. Қаңғыған оқ тура аузынан

тиген!
Қапталдың көңілі бұзылады. Құлағы шулап, басы айналып,
көз алдында от жарқылдап, айналасын көк түтін басқандай
болады. Ол екі қолымен құлағын басып, көзін тарс жұмып,

бүк түсіп отыра кетеді. Сол күйі өткен күннің елесіне еніп
кеткендей болады...

Төртінші көрініс
Елес. Қапталдың еске алуы
...Қаланың орталығында сержант Қаптал тосқауылда
тұр.

Ереуілге
шыққан
жұрттың
айқай-шуы

құлақ
тұндырады. «Аттан! Аттан! Алға! Алға!» және «Тоқтаңдар!
Тоқтатыңдар!» деген дауыстар күшейе келе, топырлаған аяқ
дыбысы, сынған шыны, даңғырлаған, күңгірлеген, азан-қазан

үрейлі үндер кернеп кетеді жер-көкті.
Кенет дыбыс күшейткіштен қатал бұйрық жаңғырығып,
үрейлі естіледі: «Атыңдар! Атыңдар!».

Атыс басталады.
Алаңнан шыңғырған адамдар дауысы естіліп жатыр...
ҚАПТАЛ (автоматын неше мәрте кезей беріп, ата алмай
қайта түсіріп): Ат дейді? Шынымен ат дей ме? Масқара, бұл

бұйрық па сонда?! (Санасында жаңғырығып, өлең естіледі).

САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ:

Бұйрық – бұйрық,
Орындалмақ қалайда,
Бұлжымайтын
Темір тәртіп солай ма?

Біреуді ат деп
Бұйрық берсе бастығың,
Қылмыскер боп
Қанға бату жарай ма?

Ол да өзіңдей
Ата-ананың баласы,
Көздеп тұрып
Бұйрықтан да ары ойла...

Тоқта, солдат,
Мылтығыңды түсір де,
Нысанаңда
Кім тұрғанын абайла!

Атаңды да
Атасың ба ат десе,
Отанды да
Сатасың ба сат десе,

Ажал оғын
Аямастан елге атып,
Қырып тастап,
Күнәға әбден бат десе?!

Болам деме
Уақыт өтіп, таза адам,
Арылмайсың
Нақақ қаннан, назадан.

«Біз бұйрықты
Орындадық тек қана!»
Деген сөзің
Құтқара алмас жазадан!

ҚАПТАЛ: О, сұмдық-ай, енді қайттім? Қайтіп атамын?
Атпасам, тағы болмайды! Бұйрықты орындамай көр... Ертең
оқ атылмаған ұңғыны тексеріп, тауып алса, өзімді жұмыстан
қуып, тіпті соттап та жіберуі мүмкін-ау! Ал, бірақ, кісінің қанын

қалай жүктеймін?! Онда былай... ешкімге тигізбей... жоғары
қарай... бір қиырға қарай атып құтылайын! (Автоматын бір
қиырға қаратып, жоғарылау атқылай береді. Ысқыра жауған
оқ ауаны тілгілеп, қаланы кезіп кетеді).

Бесінші көрініс
Әженің үйінде. Қаптал есін жияды. Үнсіз отырады біраз.
Дариға оған таңдана, секемдене қарайды.
ҚАПТАЛ: Жоқ! Жоқ! Мүмкін емес!

ДАРИҒА: Саған не болды, Қаптал?!
ҚАПТАЛ: Сол күні алаңда мен де болып едім ғой!
ДАРИҒА: Не дейсің?! Қалай?
ҚАПТАЛ: Не қалайы бар? Бұзықтарды тәртіпке салу үшін

бізді бір-ақ сәтте осында алып келген!
ДАРИҒА: Сонда... сен де оқ аттың ба адамдарға?!
ҚАПТАЛ: Жо-жоқ... мен тікелей кісілерге атқан жоқпын...
жоғары қарай... айдалаға аттым!

ДАРИҒА: Ал менің Қасымжаным айдалаға қаңғырған
оқтан қаза тапқан! (Қапталға қадалып) Ол оқтың сенің оғың
емесіне кім кепіл?!. Қалаға, халыққа қарата оңды-солды оқ
жаудырғандарың ешбір жөн-жобаға сыймайды ғой тіпті!?

ҚАПТАЛ: Тоқтат, қайдағы жоқты айтпай! Мен әдейі кісілер
жүрмейтін қиыстау жаққа атқанмын... Менің оғым ешкімге де
тиюі мүмкін емес!
ДАРИҒА: Қасым да кісілер жүрмеген қиыстау көшемен

келе жатқан!
ҚАПТАЛ: Не дейсің? Жоқ, мүмкін емес! Соншама жұрттың
ішінде... менің оғым қаңғып барып жалғыз қарындасымның

сүйген жігіті, болашақ күйеу баламды мерт қылуы мүмкін
емес! (Сәлден кейін ес жиып, сабырмен) Анықтап алайықшы,
ол оқиға қай жерде, қай көшеде болып еді?!
ДАРИҒА: Алаңнан екі көше ары қарай, көлденең... Абыл

мен Қашаған көшелерінің қиылысында...
ҚАПТАЛ: Абыл мен Қашаған?! Мен ол жерде болған жоқ­
пын!
ДАРИҒА: Сен болмасаң да, сенің оғың болды! Менің

жүрегім сезеді... сенің қолыңнан қанның иісі шығады... менің
Қасымжанымның қаны!
ҚАПТАЛ: Қоя ондайыңды! Айғақсыз жаламен күйдірме!
Қазір мен (ұялы телефонымен смс жаза бастайды) тергеуші

досыма хат жазып, анығын біліп, бұл күмәнді айыптың ақтық
нүктесін бір-ақ қоямын! Мінеки! Қазір-ақ келеді жауабы!
ДАРИҒА: Сенің қолың таза болса екен, бауырым! (Екеуі екі
бұрышта үнсіз күтіп отырады. «Зың-ң» етіп смс келеді).

ҚАПТАЛ (асып-сасып ашып қарап, «ух» деп, дауыстап оқи
жөнеледі): Міне, тыңда! «Жасөспірім шығыстан батысқа қарай
кетіп бара жатқан. Оқ қарсы алдынан, яғни батыс жақтан
келіп тиген!» Міне! Менің оғым емес! (Ұшып тұрып, қуанып,

Дариғаны құшақтап, айналдыра билеп) Менің оғым болуы
мүмкін емес! Өйткені мен оңтүстік жақтан батысқа қарай
атқанмын! Ал Қасымға оқ батыс жақтан келіп тиген! Яғни,
батысқа қарай атылған оқтың батысқа қарай кетіп бара жатқан

кісінің аузынан тиюі мүлдем-м мүм-кін-н емес-с!!! Көрдің бе,
міне... көзің жетті ме енді?!
ДАРИҒА: Неменеңе мәз боласың, Қаптал!? Бәрібір сендердің
оқтарың... (Бала жылайды. Дариға ішкі бөлмеге барып, алып

келеді). Әлди, әлди, ақ бөпем, әлди, әлди, әлди-ай, әлди-ай...
ҚАПТАЛ: Мәз болмағанда ше... («Зың-ң» етіп тағы смс
келеді. Әрі үміттене, әрі күдіктене оқи бастайды). «Бір
қызық жағдай... Жасөспірімге оқ тіке келіп тимеген! Айналып

келіп тиген! Рикошет! Яғни, батысқа қарай атылған оқ бетон
қабырғаға соғылып, шығысқа қарай қайырыла ұшып келіп,
балаға тура аузынан тиген!»
ДАРИҒА (үнсіз шөгіп қалған Қапталға төніп келіп):

Сол... анық сол сенің оғың болды ғой! (Әлі құрығандай, сылқ
етіп отыра кетеді).

ҚАПТАЛ (ауыр үнсіздіктен кейін): Бірақ, әлі де анық
айғақ, айқын дәлел жоқ қой! Біздікі әншейін долбар ғана!
Жә! Дариға, Дариғажан, айналайын! Басыңды көтер, беліңді
бу! Болар іс болды! Өкінсек те, өртенсек те өткен қайтып

оралмайды! Болашақты ойлайық! Сен бұл балаңды маған
бер! (Дариға көзі шарасынан шыға қарайды оған). Иә, маған
бер! Сенің мұндай халге ұшырағаныңды менен басқа ешкім
білмейді! Мен бұл баланы менің балам деп, елге алып барамын!

Бауырыма салып, бағып-қағып өсіремін! Ал сен алаңсыз
тірлігіңді жасай бер! (Дариға түсініксіз күйде, дел-сал болып
тұрғанда, Қаптал оның қолынан баланы алып, құшақтайды.
Бөпе шырқырап жылап қоя береді. Қаптал жанұшырып, әрлі-

берлі тербеп: «Әлди, әлди, әлди-ай», – деп әлек болады. Бөпе
одан сайын шырқырай түседі).
Дариға баланы Қапталдың қолынан алып, ақырын ғана:
«Жылама, бөпем, жылама, жілік шағып берейін, әлди, әлди, ақ

бөпем, ақ бесікке бөлейін, әлди,әлди, әлди-ай!» – деп сызылта
әндеткенде, сәби тынышталады.
ҚАПТАЛ: Дариға, Дариғажан! Қандасым, бірге туған
қарындасым, сен түсінсеңші менің жанымды! Мен әдейі істеген

жоқпын ғой! Ол оқ менің өз жүрегімді тілгілеп жатыр! Мен
енді қайтіп өмір сүрмекпін!? Бер маған баланы! Жанымның
жарасына ем болар ма екен?! Әкел, әкелші маған, бетінен
бір сүйейін! Жүрші, кетейікші үйге! (Ұмтылып, баланы

алмақ болады. Дариға бермей, жалтарып кетеді. Қаптал өз
екпінімен құлап барып, қолын тіреп, тізерлеген күйі теріс
қарап отырып қалады).
ДАРИҒА: Жо-оқ! Мен осы үйдің, осы шаңырақтың келінімін!

Әжем, әжетайым ақ батасын беріп, аманаттап тапсырып
кеткен! (Бөпесін көтеріп жүреді әрлі-берлі).
Бауырымсың,
Айтсаң да сөз өтімді,

Ойламаймын
Мен бұл үйден кетуді.

Өз қолыңмен
Атып тастап әкесін,
Жарылқаймын
Дейсің бе енді жетімді?!

Аға, сенің,
Бөлек еді қадірің,
Қазып бердің
Бақытымның қабірін.

Ойланбастан
Атқан оғың сын сәтте
Қиып түсті
Бір әулеттің тамырын!

Күллі арманым
Құрбандыққа шалынып,
Кең жалғанда
Барар жерім тарылып,

Шыр-шыр етіп
Басталғанда бір өмір,
Бір ғұмырдың шамы сөнген
Зарығып!..

Әжетайым...
Арман еткен шарана,
Шарана үшін
Шырылдаған бар ана.

Бір әулеттің
Болашағы,
Тағдыры
Тіреліп тұр

Құйтақандай балама!

Қарғыс алып
Қоғамнан да,
Отаннан,
Аласталып,

Шығып қалған қатардан,

Дүниеде
Мендей сорлы бар ма екен,
Байға тимей
Жесір қатын атанған?!

Қиянатқа
Қияметтік куәміз,
Жердің бетін
Көз жасымен жуамыз.

Мұңлық, Зарлық,
Жетім бала...
Жесір қыз...
Жылап алып,

Белді бекем буамыз!
Қасымжаным,
Қас қыраным,
Алмасым,

Ошағыңның
Оты сөніп қалмасын.
Жеткіземін
Сәбиіңді, бұйырса,

Бір әулеттің
Үміті мен жалғасын!
Бізге мейлі
Арналмасын өлеңдер,

Бетімізге
Басса – бассын берендер.
Мен келемін
Сәбиімді көтеріп,

Ей, Адамдар,
Не десеңдер о деңдер!
Қаптал сол теріс қарап, тізерлеген күйі қимылсыз қала
береді. Дариға баланы көтеріп, ілгерілей береді.

Соңы.

МАЗМҰНЫ Құдалық......................................................................... 3 Қожанасыр....................................................................41 Қайран кемпір, шалдар-ай! ..............................................77 Жас қазақ.................................................................... 111 Қаптан шыққан қара қыз............................................... 143 Суицид алаңынан репортаж........................................... 177 Ойран.......................................................................... 205 Біржан салдың шідері................................................... 233 Алтын ноқта................................................................ 258 Жалмауызды жеңген бала.............................................. 277 Дариға қыз.................................................................. 293

Баянғали Әлімжанов

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Театр терезесіндегі сәуле
ІІ том
Пьесалар
Редакторы Ботагөз Мұхиден

Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Аяужан Рысқұлқызы
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Басуға 21.04.15 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 20,0.
Тапсырыс №0046. Таралымы 1000 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙