Жоғалған қыз
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Елеусіз Мұқамадиұлы
«СІЛІМТІР» Бүгін де күн қабағы ашылған жоқ. Аспанды торлаған бұлт пердесі жер танабын қуырып, тынысын тарылта түскендей бөктерлей соққан үскірік тіршілік кетеуін кетіріп тұр. Арық қой айдаған қойшы таяғын қолтығына қысып, екі қолын құшынып алған. Мезі болдырып, титықтатқан көктемгі толассыз боран кешқұрым сəл баяулағанымен зəрлі суық еттен өтіп сүйегіне жеткендей. Күні бойы далада нəр татпай, аш жүрген адамның қуаты кетіп, қоңылтақси береді. Тысы жыртылып, бидайы ыдыраған, сырмалы төбе киізі түтеленіп, елтірісі қырылған қазақы тымағын милықтай басып, бауын байлап алған. Қалдырлаған ескі тоны да, сірі шақайы да, құрым байпағы да иесін үсіктен сақтағанымен жаураған денеге жылу беріп тұрған жоқ. Шұбырған қоралы қой ауылға таяған сайын жіті басып, ұмтыла түседі, бірақ, мимырт жүрісі өндімейді. Оты таусылған өрісті тоқырай алмай сырғақсып, дала кезумен тұяғы жұқарып, табандап, күн сайын азып, əлжуаз тартқан арық қой алдынан қарсы маңыраған қозыларына емес, жадағай болса да, көні бар қораға ықтап, бірінебірі сығылысып, бүйірін жылыту үшін асығады. Шоқы тастың ығында отырған ауыл екі-ақ үй. Қысыжазы баспана болып, қалқиып тұрудан өзгеріп көрмеген, осы сиқынан жалыққандай кетеуі кетіп, енді өзі де панасын тілегендей іргесі бүрісіп, кеудесі итиіп кеткен құрым туырлықты қараша үйлер өзге ел-жұрттан адасып қалғандай оқшау көрінеді. Түндігі сəл ғана ашылған төбеден көкке көтерілмек болған көк түтінді көлбей соққан ұйытқыма жел шаңырақ астына қайта тығады немесе додалап ала қашады. Бұл – Малтабар ауылы. Күн батыс жақтағы Ашмойнақта көрінген мола да, осы ауыл – əулетінікі. Ең соңғы жаңа қабір Малтабардың шешесі. Ол əкесінің қайда екенін білмейді. Сонда да кебін киген өлік емес, кебенек киген пенде ғой, дəм тартса түбінде бір оралар деп үміттенеді. Бейшара əкесі молда кісі еді. Құдай жолындағы ниетінің тазалығы үшін қазіреттен бата алған десетін. Əйтеуір, осы өлкеде сол кісіден асқан молда бар дегенді Малтабар естіген де, көрген де жоқ-ты. Сол əкеден тірі айырылды. Есірку деген атпен жалғыз түнде ұсталып кеткен. Сонан бері де бірталай уақыт өткенімен қайда екені беймəлім. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-44 М 83 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Мұқамадиұлы Е. Жоғалған қыз. Роман. Елеусіз Мұқамадиұлы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауым дастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014. – 256 бет. ISBN 978-601-7023-73-7
Талайлы тағдыр қазақтың төзімін қай қиырларда сынап көрмеген десеңізші?! Моңғолдар ортасында жүріп, өмір теперішін көп көрген Ертай бейнесі Елеусіз Мұқамадиұлының «Жоғалған қыз» романында Баян-өлгей қазақтарының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде көрінеді. Сан өткелектен, өмір тезінен өткен басты кейіпкер қиындықтармен күресудің үлгісі ретінде көкейге жылы ұялайды. Ғұмырының бар қызығы, жалғыз үміті – кішкентай Бағила-Байгалмасынан тірідей айырылып, сан тарау тағдыр соқпағы қаншама рет түйісіп тұрса да қызымен кездесе алмауы романда тартымды баяндалады. «Жоғалған қыз» романы шытырман окиғаларымен ғана емес, адами мінездерге бай, жанды кейіпкерлерімен де, тартысқа толы, шыншыл өмір суреттерімен де құнды.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-44 ISBN 978-601-7023-73-7 © Мұқамадиұлы Е., 2014 ©Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2014
М 83
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Оны іздеп, хабар аларлықтай Малтабарда дəрмен жоқ. Əлдекімнен сұраудан жасқанады. Мұның өзін есірку деп жала жабуы мүмкін ғой. Құдай оның бетін əрі қылсын! «Қаншама əкесі болғанымен сол бір өлмелі шалдың ендігі қамқорлығы қанша?» деп ойлайды Малтабар. «Əйтеуір, қорамдағы ақтылы қойым, өрістегі алалы жылқым аман болсын! Менің ендігі əкем де, шешем де тек малым. Өлсем осының соныңда өлермін, бірақ бір тұяғын шетінетпесін». Малтабар Ертайды мал соңына салғалы да талай жыл өтті. Екеуі ағайынды екі кісінің баласы, немере болғанымен Ертай ағасы Малтабардың малайына ұқсайды. Өз əке-шешесі ерте дүние салған соң осында паналап қалды. Ол кезде бұл жас еді де əкеден қалған дəулетке ие бола алмады. Молда атасы мен ағасының уысына түскен мал біртіндеп солардың үлесіне өтті де, Ертай еншісіз қалды. Бірақ, осы малдың өсуіне, Малтабардың баюына өмірін сарп етіп келеді... Суықтан жаурап, жаяушылықтан шаршаған Ертай атамекен қонысының қоңторғай сиқына самарқау көз салады. Осы бір сүреңсіз тірлік бүкіл өмір атаулыдан оқшау қалғандай. Қазіргі мұның жабырқаған, қажыған көңілі Шоқы тас қора маңынан өзге кеңбайтақ жер бетінде адамзат қоғамы бар дегенге тіпті сенбейтін сияқты. Шынында да күллі жер-жаһан бүгін жалғыз тарының қауызына сиып кеткендей. Арықтап, буыны қалтыраған, аяғын əзер басып қораға зорға жеткен кəрі саулықтарды, ықтасыңға қауымдаған қойшы үй артында байлаулы тұрған құла биені көрді де, тоқтай қалды. Үскірікке артын беріп ықтаған биенің бауырында бүрісіп жас құлын жатыр. Осы сəтті күткендей-ақ Ертайдың қасына ағасы да келе қалды. – Шаршап жүрмін деген соң сені аяп, аяқлау болдыра тұратын көлік іздеп жылқыға барып едім ыңғайлысы болмады. Құр аттар сілімтір қойшы сенің ырқыңа көнетін емес, арынды, шəргез ғой ылғи, жуастауының ішінде осы құла биеден қоңдысы жоқ екен. Əзірше міне тұрарсың. – Құлыны табандап қалмаса,– деді Ертай іштей ағасын құптай қоймағанымен, сырттай сыр бергісі келмей. Бұл бие мініске жарай қалыпты. – Сілімтір, қайдасың-ей! Жаңа ғана қой артында келе жатқан сияқты еді ғой, жер жұтып кетті ме,- деген ащы, байбалам дауыс естілді. – Мұндамын, жеңеше! – Байланып қалдың ба, жүр бері! Ана қораның құлаған тасын жина! Кебенек келгір, ешкі ойнақтап құлатып кетті тағы да. – Бол жылдам, жай болып кетеді!-деп енді Малтабар да асықтырды, – «Сілімтір» десе «сілімтірсің» ғой. Сенен басқа кісі болса құлаған тасты айдың жарығымен түнде де жинай салмай ма!» Бұл қора «Ата мекен» саналғанымен ата-бабалары да, мына Малтабар да өз қолдарымен жалғыз кесек жимаған, əрі жалтаң, əрі жадағай болатын. Шоқы тастың екі босағасына Ертай ғана екі қанат тартқан-ды. Бірақ төңірегі ылғи малтатас болғандықтан тізеден ғана жиналғанның өзінде саудырап құлай беретін, бүгін де солай екен. «Сілімтір» – Ертайға жеңгесінің қойған аты. Оған қайнысы шамданбайтын, тіпті, құлағы үйренгені сонша, «Сілімтір» десе айналайын дегендей сезілетін. Міне, сол «Сілімтір» қойдан келген қалпы қора жинауға барды. Тегінде əуе ашық, жер жарықта дауыс шақырым қашықтықтан өзі арқалап əкелген қазандай домалақ тастар қазір мұның ырқына көнер емес. Тас ауырлап кеткен бе, əлде жігіт қаруы қайта бастаған ба? – Көтерсеңші! Сілімтірленбей! – Зілдей ғой тіпті. – Бұрын өзің əкелген тас емес пе! – Сонда да. – Ниетің кетіп тұр ғой, əйтпесе...– деді Малтабар да қадай сөйлеп. – Əуп! Ертай толғай сілтеп малтатасты көтеріп-ақ алды. Енді орнына қоюға ұмтыла бергенде сүріне барып аласа қанатқа етпеттей жығылды, тас екпінімен ішке қарай асып түсіп, ықтап жатқан көтерем саулықты жанши басып көңге көміле, күрс етті. Қой ұмтылып еді тұра алмады. Бұл қимылды қадағалай бағып тұрған Малтабардың тілі мен қолы қатар жұмсалды. – Өй, əкеңнің... Қырдың ғой малды! – Ол қолындағы өрмелі қамшымен Ертайды бастан тартып жіберді – Алла!– деп жігіт теріс айнала беріп бүк түсіп отыра кетті. Көзінің оты бір жалт етіп еді, лезде беті дызылдап, ыстық темір басқандай дуылдап кетті.
Жоғалған қыз «САЛПЫАЯҚ» – Салпыаяқ қатын қайда əлгі! Бұл немелердің бірінен соң бірін іздеумен күнім өтті-ау, құдай! Кішкентай киіз есікті жұлқи ашқан бəйбіше – Малтабардың əйелі Зейнеп, табалдырықтан аттаған жоқ. – Жеңеше, қазір барам. Бала жылаған соң, емізе қояйын деп кідіріп едім. – Өй, балаңның бауыры түссін! «Кедейдің құдайындай» кергуін! Қоралы мал шуылдап тұрса дəті қалай шыдайды екен. Сол қызыңның қалың малы ғой сенің күтіп отырғаның! Абысын сөзіне онша шамырқана қоймаған Нұрғайып тысқа тез шыға да алмады. Бесіктегі Бағила күндегісінен көбірек жылап жатыр. Омырауды да қомағайлана сормай, тек таусағандай болады. Денесінің қызуы да бар ма қалай? – Қане, ұйықтай қойшы? – Нұрғайып бесікті тербете бас тады. Кішкентай сəбимен сөйлескені – өзін-өзі жұбатқаны сияқты да. Тыста қайнағасының байбалам, балағат сөздері, абысынының қарғап-сілеп шаптыққан үні, шуылдаған төл дауысы, ұйытқыған желдің жабықты жұлқыған зəрлі уілі ұласады. Алакөлеңке үй іші де ахарсыз. От та сөніп қалған. Үнемі маздатып жаға беруге отын да аз. Жылдағыдай емес биыл өзі етекбасты боп шаруаға еркін араласа алмады. Қыстай қой соңында жүрсе де Ертайдың иығынан қап түскен жоқ. Қайдан болса да тышқаншылап тасымалдаған тезегі жас баласы мен келіншегін тоңдырмай, ас суын дайындауға жетіп келген-ді. Бірақ, соңғы кезде жұтаңқы тартқан күн қабағы Ертайды титықтатып жіберді. Былтыр жаңбыр аз жауып көктемей қалған өріс, оты қашқақтап, мал аузына ілігер көлденең шөп кезігуі мұң бола бастады. Тышқақ лақ өлтірмесем екен деген үміт енді оны үй тіршілігіне қолғабыс көрсетуден қалдырды. Тезек тере келетін мұршасы жоқ. Нұрғайыптың өзі де қарап отырмайды. Екі уақыт малмен айналыса жүріп, аяқ жетер жерден екі үйге қар тасып, бір жағым болса да, отын тереді. Бірақ, бірыңғай қарайтын мұрса жоқ. Өз шешесі: «Жас бала жаман əйелдің екі қолын, жақсы əйелдің бір қолын байлайды» деуші еді, сол рас екен, əйтеуір кішкентай Бағила мұның етегіне оралғы. Сəл ұзап кетіп, кешігіп келсе жылап қалады. Оған қол ұшын берер деп абысынынан қайыр күтпейді. Тіпті Ертайдың жазда ойып, жинаған қиы, күзде тасып берген тезегі əлі де жал боп тұрғанымен одан жалғыз түйір ұстауға Нұрғайыптың дəті жетпейді. Ол келін боп түскен алғашқы кезде осы екі үйдің небір дүниесі ортақ деп ойлайтын. Таласып, тармасып жатқан көп бас емес. Екі үйдегі екі еркек, екі əйелден өзге ешкім жоқ. Жарықтық үлкен апасы (Малтабардың шешесін солай атайтын) жақсы кісі еді. «Екі үйде төртеуің ғана, ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп. Берекелеріңді бұзбаңдар!» деуші еді, енді ол кісі жоқ. Иманды болғыр, Нұрғайыпты туған қызынан кем көрмейтін. Міне сол кісі өткеннен бері əлі жылға толмаса да абысынды екеуінің арасында бір жік пайда болғандай сезіле береді. Бұл өзі отбасы, ошақ қасы бірдеңе сияқты болғанымен зілі, салмағы ауырлап келеді. Бұрыңғыдай емес қайнағасының да «Қарағым, шырағымы» азайып барады. Ат үстіндегі адам болған соң екі үйдің сырттан кірер қажетін реттейтін-ді. Алаша, қап, сырмақ сияқты дүниелерін саудагерлерге беріп, басқа аймақтан: Улаангомнан, Ховададан түкті арпа, бұршақ алдырып, дөрелеп, көзірлеп шай тауып, оны дəлдеп екі үйге бөлетін. Бірде сұмынға барған жолында өз үйіне бір пұт, Ертайдікіне бес кіл ұн да əкелген. Ал қазір соның бірі де жоқ. Қайнаға сұмынға, бақтын агентіне жиі барып жүргенімен бұрынғыдай емес бөктеріншегін шешкенде келінін ескермейді. Несі болса да адуын Зейнеп қымқырып жатыр. Мұндай мінез ол екеуіне Нұрғайыптарға кішкентай нəресте дүниеге келгеннен бері пайда болғанға ұқсайды. – Мал дəулетке кенде емессіңдер. Бірақ жастарың болса ұлғайып барады. Ендігі бір тілек балалы болу ғой. Отасқандарыңа он неше жыл өтсе де бұл үміт орындала қойған жоқ. Ал мына Нұрғайып келіннің аяғы ауыр екен, аманшылық болса соның баласын алсақ қайтеді, өздерің ақылдасып көріңдерші,– деген шешесінің өтінішіне Малтабар: – Алжыған сорлы! Мен түгіл ата-бабам құрметтеген шанырақты қайдағы бір сілімтірдің нəрестесіне билетіп, қасықтап жинаған малымды шөміштеп төктірмексің ғой. Ұрпақсыз өтсем де өз тізгінімді ешкімге ұстатпаймын!– деп
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ сөз аяғын томырық ашуға ұластырған. Ал Зейнеп қой, байынан бетер байбалам салып: – Қақпас, өле алмай отырып мені бедеу қатын атандырмақсың ғой, арам пиғылын қарашы!- деп долдана еңіреп, шүйкедей кемпірді жүндей түтуге таяған. Сол күннен бастап бұл сөз қайта өрбіген жоқ, бірақ бітеу жарадай сыздап, үш адамға үш түрлі əсер қалдырды. Қарт əже ұлы мен келінінің көрсоқырлығынан түңілді. Малтабар ғой болашақта мыңғырған малына өзге біреудің ие болуынан шошынды. Зейнепті абысындық, күншілдік билеп, өзінен бұрын «салпы аяқ» Нұрғайыптың адамның анасы атанып, бала сүюін қызғанды. Оның шикі өкпе, жанды шаранасын асырап алудан арланды. Өйтпегендеші? Зейнеп бұрын шабарман болып, ат үстінде жүрген Құсайынның қарындасынан туған, Нұрғайып болса қазанына қан жұқпаған кедей Құттыбайдың қызы. Қазір де Малтабар бай, Ертай кедей. Қалай теңеседі екеуі?! Олардың түңілуіне, шошынуына, қызғанышына уақыт шіркін қараған жоқ. Кемпір қайтыс болды. Нұрғайып босанды, дүниеге бір адам, сəби Бағила келді... Бесікті көрпе сыртынан тері тонмен қымтай жауып, орынынан енді тұра берген Нұрғайып абысынының үйді айналып бара жатып: ̶ Бейшара күң, əкесі Құттыбайды құдайдың жылан жалағандай қуартып қойғаны осынысынан ғой! Мал көрмеген тексіз неме, тегіңе... – дегенін естіп қалт тұрып қалды, « Өзіме, балама, күйеуіме соқтыға берсе де жетпей ме, тегіме, ата-бабама неге тіл тигізеді?» Осындай ой келгенде Нұрғайып бір сəт ашулана бастады да лезде сабырлы сабасына түсті. «Ит үреді, керуен көшеді», соның сөзін қойшы! «Салпыаяқ, салаба» дегенге үйрендім емес пе... Осы кезде үйге кірген Ертай: – От жақшы, ̶ деді қалтыраңқы, əлсіз үнмен. «ДҮРДЕАРАЗ» Аспан тынысы кеңейіп, жер кіндігі жазылған шақ. Қыста қар тоқтаған жыра-жылға, болдырған ат қолтығындай бусанып жатыр. Ашық күн аймалаған атырапта енді ғана қылтанақтап, жаппай көріне бастаған шөп көк иек жігіттің қырма сақалындай тұтаса тебіндеп келеді. Бірақ мал əлі тоя қоймаған соң ауылдар да аққа жарыған жоқ. Кейде жұт жеті ағайынды дегенге иланып та қаласың. Жазғытұрым ойылған жұт жұрттың толысын төгіп, ортасын шайқап кеткеніне қосыла басқа жайттар да қабаттасып жатты. Осындай қарбалас күндердің бірінде Ертайдың отауына Құттыбай келді, ол күйеу баласының көңілін сұрауға енді ғана мұрса тапқан-ды. Иə, көптеген бері Ертай ауру болатын. Оның сырқаты Малтабардың қамшысының ұшынан жабысқан-ды. Ағасының ашу үстінде сілтеген қолы мұны есеңгіретіп тастады. Сонсоң сүйретіле басып үйге келген оның сиқын көрген келіншегі қатты абыржып қалды. Күйеуінің сол жақ көзі жұмылып кеткен, қабағынан жылыстап қан ағып, беті көгеріп, қамшының осылған табы білеуленіп тұр. Жігіт бұл жарасын онша ауырсынып тұрған жоқ, бірақ əлі кұрығандай буындары қалтырап, аяғы басуға келмейді. Отбасына салынған тулаққа əкеліп, киімін шешіндірген соң биік жастық жастап сүйей отырғызған Нұрғайып су жылытып, бетінің қанын жуды да, жарасын орап қойды. Ертай үнсіз қалпы, бір шыны қайнаған суды зорға ішті. – Уайымдама! – деді Нұрғайып күйеуінің жайына қамыққан соң. «Ағасы ұрады, інісі көтереді». Бала кезімде талай соққыға жығылдым дейтінің қайда, бірақ, мен осында келгелі мұндай бола қойған жоқ еді». Келіншегінің сөзі ұғылмай, құлақ ішінде дүбірлеген кенедей еміс-еміс естіледі. Көзін жұмса аспан кұлап келе жатқандай, ауыр бір салмақ зілдей баса қалатындай зəресін ұшырады. Ол көпке дейін тыныстай алмай жатты. Тер қысып тұрған болар деп жорамалдаған əйелі оны төсегіне орап жатқызды да, ескі тондармен, иленген терімен жылылап
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз бастырып тастады. Бірақ, ол онша əсер ете қойған жоқ. Баяғы бір қиналыс, күйіп жану, тынышсыздық. Ол тіпті осылай ауырып көрмеген-ді. Сондығынан болымсыз тымауды көтере алмай, осалдық көрсетіп жатыр ма, əлде тосыннан жабысқан күшті дертке барынша төзімділікпен қарсыласқаны ма, бұл жағын айыру қиын. Жылаған бала мен ауру жігіт күтіп, түні бойы бел шешпеген Нұрғайып таң алдында ғана сəл тынышталғандай болған Ертайға: – Құла бие əлі байлаулы тұр. Құлыны үсіп кетеді ғой, қайтер екем?! – деді торығыңқы үнмен. – Ноқтасын сыпырып ал да, қоя бер!. Өзге істер айла жоқ-ты. Ыққа байлап, шөпке тойғызу қайда! Сонсоң босанған құлынды бие жел өтіне қырындай желе жортып барады. Оның соңынан тесіле қарап тұрған Нұрғайыптың қос жанарына жас үйіріле қалды. Өзінің басына түскен уақытша ғаріпшілікті енді ғана сезінгендей. «Екі босаға аман болсын!» – деген рас-ау-деп ойлады ол-əйелдің еркелігі де, уайымсыз бейғамдығы да, ажаркөркі де күйеуінің амандығына байланысты екен ғой, сірə! Сол сырқат созылып кетті де, Ертай төсек тартып жатып алды. Алғаш жығылған кезде дəрігер шақыратын басы артық адам табылмады. Дегенмен, бір мың тоғыз жүз қырық нешінші жылдардың өзінде бір сұмында бір ғана дəрігер болатын да, оның жалғыз іліктілігінен кез келген ауру адам жəрдем ала бермейтін, əрі дəрігерге қаралу соншалықты машыққа айнала да қоймаған-ды. Түнімен Нұрғайып та көз ілген жоқ. Таң ата жылы киініп, малға шықты. Онда да көңілі енжар тартып, құлықсыз жүрді. Борпылдақ көңді бұрқылдата, көн етігін сүйрей басады. Бүгін нағыз «салпыаяқ» қалпына келгендей. Бірері өліп қалған, кетеуі кетіп, тұра алмай жатқан қойларға самарқау қарайды. Қабағы қарс түйілген Малтабар қора шетінде тұр. – Аға, Ертай ауырып жатыр. – Жатқанынан тұрмасын, əкеңнің... – Қойды кім жаяды? – Көрінбе көзіме! Аулақ... Осылай басталған қойшылық кəсіп Малтабарды əбден тұралатты. Айналасы бір айдай уақыт ішінде бұрынғы сабадай іркілдеген семіз адам сабаудай боп ысылды да, сирақтары шидиген арық-тұрақ мал өрісте де, қорада да өліп жатты. Мал ашуы-жан ашуы ғой. «Менің өзімсініп сілтеген жалғыз қамшымды кек көріп, əдейі жатып алды», деп ағасы інісін кінəлəса, осындай ұзаққа созылған дертке қалай шалдыққанына таңданып, айықпас жұт кезінде ағасына ауыртпалық келтіргені үшін, інісі өзіне мін тағады. Əйтеуір, дүрдараз халдегі екі үйлі жан сырттай біріненбірі көз таса болуды ойлайды. Ертайдың көңілін сұрамақ түгіл соған кектенген Зейнеп енді қора ішіне Нұрғайыпты жолатқанды қойды. Бірақ оның істейтінінің бір де бірін өзі тындыра алмады. Сырттай қараған адам нағыз «салпыаяқ» осы Зейнептің өзі дейтіңдей... Міне, енді ілгері салым уақыт та болды. Басы жерде қалмаған соң адам да, мал да еркін көсіліп, тіршілік қаракетіне құшырлана талпынады, «Ел елге, етек жеңге» қосылар сəт те таяп келеді. Құттыбайдың Ертай үйіне келіп түскені ердің де, елдің де басынан осындай жайлар өткеннен кейінгі бір жаймашуақ кез еді. – Қатты жүдепсің ғой, балам. – Несін айтасыз. – «Өлмеген алтын аяқтан су ішеді» деген осы да? – Əйтеуір, жан аман болса. – Солай, балам, қоралы малды, қордалы бай болмасам да биылғы жұт азабын мен де көп тарттым. «Тастақты» меденіне ауқаттылар атын, асын апарды, мен қара басымды апардым. Екі ай лаушы болдым. Биылғы жүрісте төтенше көп. Ат та, азық та шақ келмеді. Алман адамы бар-жоғына қарай ма, келеді де жан алқымға алады. Бір тəуірі бұрынғы шабармандарша қырып-жойып, күш көрсетпейді. Сонда да қара өзек шақта күйзелтіп жіберді. Жаңа Мизам жақсарып келеді ғой, Бірақ осы ат өртеңнен құтылатын қайланы қашан табар екен. Бұл жер бетіндегі патшалықтың бəрінде болатын алман-ау тегі. Өзіміз де осы күнде Сесерге талай сəйгүлікті тарту етіп жатырмыз. Соны мініп Германға
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз қарсы соғысқа шығады дейді, бұл да өртеңнің бір түрі ғой. – Көке, сол Сесерге биені алмайды дейтіні рас па?-деді Нұрғайып та сөзге араласып. – Алмайды, балам. – Онда біздің құла биені қалай алды екен? – Жоқ сендердің жылқыларыңды Малтабар құда қайынына беріп, орнына ат алып, соны Сесерге жіберіпті деп естідім ғой. – Құлынымен бе? – Жас құлынды айырады дейсің бе, оның үстіне бірім екеу болсын деген адамға көп олжа емес пе? – Ертай, өзі сенің қанша малың бар? – Көзге көрінгені сары інген мен құла бие еді. Енді ештеңе қалмады ғой. – Бөле жарып қайтеміз. Екі үйге ортақ мал ғой, бір-ақ кісінің атында тұра берсін, менікі-сенікі, алығы жоқ емес пе, – деген-ді. – Менің төркінімнен келген бие мен түйені де екі үйге ортақ деп көзін жойған екен ғой ағаң – деді Нұрғайып. – Олай деме. Қатқылдан ұн, шай, пұл тасиды деп түйелі үйдің бəріне кіреге түйе беретін міндет түсті емес пе!. Сұмыннан кеткен 150 түйеден 40-ақ түйе тірі келді. Сары інген сонда өлді. Үш айлық жол оңай ма, тізеден қар, жұтым жоқ болған соң... – Сонда ағаңның бір қора түйесінен неге бермейді кіреге? – Кезегі келмей жатқан да. – Құла биеге де кезек алдымен келген екен ғой? – Жə, қойшы! Шайыңды қамда. – Бізде шай бар ма еді? Аға-жеңгең қарайлауды қойғалы қашан. – Балам-ай, мал да болса бие мен түйенің біреуден біреуге ауысуы, өліп-жітеуі бұйрықша кезікті ғой, өздерің аман жүрсеңдер мал табылар. Қатқыл мен Бейскейге кіре тарту күйзелтіп-ақ тұр. Мен былтыр сол Бейскейге кіре тартып барғанда əлгі бір шишан дегенді көрдім, орыс жағы машина дейді. Мұндай күшті болар ма, кішігірім төбедей жүкті үйіп алып кете берді. Соның біреуі жүз түйенің жүгін көтерер жылдамдығына көз ілеспейді. Өзін жалғыз ғана осы Ертайдай орыс жігіті жүргізіп кетеді екен. Орыстың қайласы-ай, шіркін! Жеткен-ақ патшалық қой. – Сонысынан бізге де келтірсеші,-деді Ертай. – Бұл жерде орыс тұрған жоқ, кім жүргізеді оны, – деп Нұрғайып таңырқап отыр. – Біз ат-көлікті Сесер германды тез жеңсін деп көмекке беріп жатырмыз. Орыс жеңсе машинесін де берер. Біз де елміз ғой, адамнан адам артық деймісің, үйреніп алса мына Ертай да жүргізіп кетеді. Бірақ соны үйрену үшін орыстың тілін білу керек болар, тіл үйренетін адам хатқа жүйрік болса жақсы дейді. – Біздің Ертай орыс тілін қойып, əлі хат та танымайды,– деп күлді Нұрғайып. – Малдан қолым тимей жүр емес пе,– деді Ертай ұяла кібіртіктеп... Осылай өрбіген əңгіме аяқталып, дастарқан жиналған соң Құттыбай аттанып кетті.
Жоғалған қыз МҮЛДЕАРАЗ Ертай күндегіден ерте оянды. Жеңіл жамылғандықтан қоңылтақсып қалыпты. Үй іші əлі ала көлеңке екен. Мұнша алаң-елеңде тұрғанда қайда бармақ. Ол сол жағына аунап түсті. Нұрғайыптың шымылдығы түсірулі тұр. Дəл ортасына қадаған екі шоқ үкісі таңғы сəулемен бозамықтанып көрінеді. Жас жұбайлар соңғы кезде бөлек жататын. Кішкентай Бағила бесіктен шығып алды да шешесінің қойынын босатпайды. Түнімен еміп, кейде жылап мазалай береді. Сондықтан қазақтың қайқыбас, ағаш төсегі үш адамға тарлық еткен соң Ертай ығысып кеткен. Мезгіл жаз ортасына жаңа жеткенімен биік жотадағы жайлауда түнде салқын болады. Сынаптай тұнық ауа ежелден елгезек Ертайды тіпті сергек күйге түсірген. Қазіргідей тұла бойы сəл тоңазымағанның өзінде таңертеңгі тыныштықты пайдаланып оймен жұмыс істеуді машық етіп алды. Оның мұнысы өзгеге ерсі көрінгенімен өзіне таптырмайтын ақыл сияқты. Өйтпегенде ше! Кейбіреу молда, ұстаз алдында бірнеше жыл отырса да ұқпайтын харыпты небəрі он бес күнде жаттап алу оңай ма. Ол енді сөз құрап жазып, көргенін харыптап оқи бастаған-ды. Оның үстіне осы үшінші бақта орнаған сауатсыздар мұғаліміне бүгін сын береді. Егер сүрінбей өтсе өзгелермен бірге сарылып сабақ оқып отырмайды. Бұл да бір абройлы міндет қой. Қалай жаттап, қайтіп ұғар екем харыпті деп жүрексінгенімен ауылдастары мұны зерек екен деп мадақтайтын болған. Бір кемшілігі жазуы қиқышойқы, иі қанбаған қайыстай қоқиып икемге келе бермейді. Сонда да төр алдына көлденең етпеттеп жатып алып, қара сиялы қарындашты тілімен жалап қойып жазудан жалықпайды. Кейде өзіне де ерсі сезілген жазуын, қисық боп өшірген əрпін Нұрғайып көріп қалса одан барынша жасқанып, терлеп кетеді. Күйеуінің мұндай балалық мінезін қызықтаған өзі əліпті таяқ деп білмесе де «анауың теріс, мынауың нашар» екен деп жорта сынап жатады. Қазір де ояна сала намазы қаза кететіндей күбірлеп əріптерді іштей бірер айтып шықты да ойша мысал құрай бастады. «Е-Ертай, Н-Нұрғайып, Б-Бағила, Қ-Құттыбай...» Осылайша мүдірмей келе жатып кенет мəліш құйрық «Щ» əрпінен басталатын орыстың атын ұмытты да қалды, қаншама ойланса да есіне түсіре алмады. Ендігі амал-кешегі жазуынан қарау. Онысын түнде ұстап отырып, Нұрғайыптың төсегінің жанына тыға салып еді-ау. Осы ой келгенде орынынан лезде түрегелген Ертай киім жамылмаған қалпы əйелінің төсегіне барды. Нұрғайыптың көрпеден шығып, созылып жатқан қолы абайсызда санына тиіп кеткенде селк ете түсті. Ұйқылы көзін аша алмаған Нұрғайып ірге жақта жатқан баласына қарай жиырылып, от жағынан орын босата берді. – Мен кінағымды іздеп едім. – Түн ішінде ме? – Таң атып келеді. – Табылды ма кінағаң? – Табылды, – деді ол əйелінің ыстық құшағын қиып кете алмай, тесіле қарап... Ертай сынды жақсы беріп, хат таниды деген куəлік алды. Бұрын алынбас қамалдай көрінетін сауатсыздықты лезде аударып тастағанына іштей мəз болып жүр. Осындай күндердің бірінде бақ халқының үлкен жиыны болды. Аймақтан келген бір бастық өзінің аты жөні жарияланған соң киіз үйден шыға келгенде оның айтылуы бойынша шапалақ қағылды. Соңсоң үлкен келіні орындық болдырып, төңкерді де, өзі соған отырып, тізесіне қойылған былғары сөмкесінен жұқа, түбі қырқылған дəптер, жыртылған газет алып, көпке дейін үңіліп отырды да сөзін бастады. - Нам, засық бізге том далғыбыр беріп отыр. Ажылшын əңгі өсу керек,-деп бастаған сөзін бақырға құрғақ қуырған бидайдай бытырлатып, ырғалып, теңселіп, қасын керіп, мұрынын шүйіріп тұрып зорға аяқтады. Адамдар ол кісінің өзінен, тіпті, бір-бірінен сұрап жүріп ұққандары мынау. Астана Уланбатарда орнаған кəсіпорынына жұмысшы керек. Соған салт азаматтар, ерлі-зайыптылар баруға болады, ондай адамдарды үкімет өз көлігімен жеткізеді. Тұрақты жұмыс істеп, істегеніне жарай ақы алады екен. Бұл күні ешкім де табанды уəде бере алмады. Бəрі де өзімен өзгелермен ақылдасып, жауабын ертең бермек. Қайда
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз барса да екі қолға бір жұмыс болса, одан бас тартудың жөні қалай? – дегенге тірелген ойын Ертай да келіншегіне, қайын атасы мен енесіне айтып, ақыл сұрады. – Өзің тəуекел етсең біз бөгет болмаймыз ғой. Бірақ, «ағайынның азары болса да, безері болмайды», Малтабар ағаңмен де сөйлес, – деді олар. Бірақ Малтабар былтыр Ертайдың үйін қалай жұртқа тастап кетсе, бұл жолы да дəл солай ызбар көрсетіп, есігінен де енгізбей қайтарды. – Енді бөгелерім жоқ, шүбəлəнса Нұрғайып қалсын. Салт барып көрейін, қолайлы болып орналасып алсам соңынан алдырармын,– деген Ертайды Құттыбай жақаған жоқ. – Қайда жүрсеңдер де екі босағаның бөлінбегені жақсы. Біріңе-бірің сүйеусіз жан сақтау оңай болмайды. Балашағасымен баратындар да көп екен ғой. Солармен бірге көрерсіңдер, қатты мен тəттіні, –деген. – Онда алыс сапарда етегімізге оралғы болмай, сіздерге ермек болсын, Бағиланы алып қалыңыздар, – деді Ертай келіншегінің алда да бала көтерерін іштей медеу тұтып. Аналық жүрегі елжіреп, қайын енесі қуанғаннан ағынан жарылды. Ол кісі «Бағиланы Ертай өте жақсы көреді, жас басынан сондай балажан жігіт бір, түбінде қолқаласам сол бермей кетеді» деп ойлайтын-ды. Енді ненің бөгеті бар, қыздан туғанның қиығы жоқ, өз баласы ғой кішкентай Бағиласы. Кенжесі есейіп кеткен кемпірдің онан өзге тілегі не? Осы бір əңгіме кезінде Бағиланы апасы көтеріп жүрген-ді. Бала қазір бір жастан асты. Сондай қагілез еді, аяғын тоғыз айда басты, тілі де шығып келеді. Сонымен жол дайындығы бітіп, жолаушылар аттануға айналды. Үнсіз күйбеңмен қолы босамаған Нұрғайып кенет өзгеріп, қанын ішіне тартып, сұрлана қалды. Сөйтті де əлдене есіне түскендей Бағиланы қолына алды да, жылдам киіндіріп үлгерді. Алғашында оған ешкім мəн бере қойған жоқ-ты. Бірақ жөпелдемеге келгенде мүлде басқаша қылық танытты. – Нұрғайып, баланы қоя бер, апасы өзі киіндіріп алады емес пе? – Өзім киіндіргенде не тұр? – Сен мұнан былай қасында болмайсың ғой. – Жоқ. Мен емес апасы... – Ол не дегенің? – Өзім алып кетем. Сен балаңды тастап Садақ тұқымын молайтпай-ақ қой. Ертайға жалт қараған оның өткір жанарынан қайтпас қайсарлықтың нышаны сезіліп тұр. Мұрынын қаттырақ бір тартып, алдында қалшиып тұрған баланың белін буа отырып нұқи айландырып қалды. Енді сол қимылмен-ақ пенделік бірбеткей мінезге бекінгенін танытуда. Оған қарсы ешкім тіл қата алған жоқ. – Кемпір, құртты балалардың қоржынына сал. Көршілердің жақсы ырымға əкелген дəні ғой, – дегенде ғана кенет зілдей басып, еңсесін езген ойдан серпілгендей: – Е, сен де ауыз тисін дегенім де,– деп өз аңғалдығынан ақталып кетті. Ертай үнсіз, əрі таңданған, əрі өзін кінəлаған кейіпте отыр. Кінəсі – неге мен Бағиланы қалдырып кету жөнінде Нұрғайыппен алдын-ала ақылдаспадым, кенет баласынан айыру анаға оңай тие қоймас, қимай отыр ма дегендік еді. Ал таңдануы бірнеше жыл отасқанда əйелінен дəл мұндай мінез кезіктірмегендігі болатын. Шіркін-ау, əр қашанда жайдары қалпынан аумайтын, алакөңіл бөлек мінез байқатпаған адамның морт сынар кезі де болды деп, сірə, ойлаған ба?! Бұрын өзі отбасы, ошақ қасынан ұзамаған, қойдан өзге көргені жоқ жігіт, Малтабар ағасынан бөлінгеннен бері ел аралап, жер танып, əжептəуір ысылып қалған-ды. Егер сол бір қой соңындағы кезі болса мұндай алыс сапарға аттануға көңілі дауаламас та еді. Хат танып, қатарға қосыла бастаған сайын бай ағасының уысынан, жеңгенің шеңгелінен құтқарған тағдырына риза болатын. Бірақ, Малтабар мен Зейнепке қояр кінəсы да аз емес-ті. Олардан өктемдік көріп, өгейлік халге түскен сəттерінде жас жанын жасытпай пана болған, екі қарттың көңілін аулар ендігі дəнекері не болмақ. Ата-енесі бұдан дүние, мүлік дəметпейді. Сондай ізгі жандардың көңіліне қаяу түсірген мына жан-жарына қандай мін тағады? Нұрғайып ата-анасымен салқын қоштасты. Қарт əке сыр білдірмегенімен, абзал анасының іштей құлазып, нəзік көңілінің алабұртуы айқын сезіліп тұрды. Ал жас келіншек
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ қызын балажандықпен алып бара жатқан жоқ. Ертайға Қау анадай көрінген Балқияға қызы Нұрғайып та іштей өкпелі болатын. Бүгінгі көңілге енжарлық тудырған осы сəбидің дүниеге келуін асыға күткендердің бірі ең алдымен Балқия еді. Екіқабат қызының аман-есен қол-аяғын бауырына алуын тілесе, екіншіден, нəрестесін шаранадан шайқап алып кетпек ниетін қызынан жасырмай, оны иландырып та қойған-ды. Бірақ шешесінің көңілі сабындай бұзылып, баланы алғанды қойып, айтып сояр ақсарбасына да аялдамай, аттанып кеткен-ді. Ол да себепсіз емес еді. Балқия діншіл болмағанымен ырымшыл адам. Бір көрген түсін өзінше жорып, қызының ұл табатынына сенген-ді. Бірақ «түс-түлкінің ...» деген рас па қалай, Нұрғайыптан ұл емес қыз туып, Балқия алданып қалды. Соңсоң ол баланы алмай кеткен-ді. Міне, енді сол сəби қарақұлақ болғанда қайта қалап отыр. Нұрғайыптың көңілінен сондағы өкпе сызы кетпеген екен. О, Тоба! Кейде періштедей көрінген пенделердің адам ұшығына жете алмайтын талай қат-қабат мінезі бар-ау, дүниеде! БІР КӨРГЕН БІЛІС – Япыр-ау, – деп ойлады Нұрғайып, «Осы жігітті қайда көрдім?!» Бірақ жігіт ешкімге жеке назар аудармай, жолаушылардың барлығына ортақ бірдеңелерді айтып жүр. Қой соңында жүргенде урианхай балаларынан ұққан тілі Ертайға аз да болса септігін тигізіп келеді. Өзі сонша жатық қайыра алмаса да, моңғолдардың айтқанын толық болмаса да ұзын-ырғасын ұғып қалады. Міне, мына шофер де моңғолша сөйлеп, машинаға жүкті қалай артуды, отыратын орынды қай жерден шығаруды ұқтырып, кейбір кебеже, жəшіктерді өзі орналастырады. Бірақ, оның айтқанын адамдардың барлығы түсініп жүрген жоқ. Тіпті, кейбір жігіттер əлден-ақ жасып, жүдеп қалыпты. Олар моңғолша сөйлеген шофер түгілі оның сөзін нобайлап, кейбіреуін ыммен жобалап айтып тұрған Ертайдың қазақшасының өзіне меңірейе қарайды. Бір машинаға отыруға бөлінген аз адамның аудандысы алғашында бұл сапарға өз еркімен мойынұсынғандар. Жаңадан ірге көтерген өндіріске қажетті жұмысшыны əр аймақтан, көрсетілген бөліс бойынша, бірақ, адамдардың өз ықтиярымен ілестіру жөніндегі үкімет шешімі астанадан қашықтаған сайын мазмұнын өзгерте келіп, орнағанына онша көп уақыт бола қоймаған БаянӨлгей аймағы өлкесіне жеткенде ұзын сонар жария сыпатына көшкен-ді. Ертай сынды бірер азаматтар болмаса ауқатты ағайын есігінде жүргендердің өзі жат жерден табыс табуға үрке қарады. Кейбіреулер «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала», – дегенді көлденең тартты. Сонда да осы сапарға аттануға біртіндеп ниет білдірушілер табылып жатты. Ертайдың мұнан былайғы серіктері осындай балаң, бойкүйез жандар еді. Астанадан жұмысшы алуға келген жігіт əлі де бірер ай кешеуілдеп, жұмысшылардың алды-артын жинап қайтатын болды да, мыналарды жүргізіп жібермек болған. Ол аймақ бастығының кеңсесіне енгізіп, жиналыс ашты, бастықтар ақыл айтты. Жолаушылардың басшысына Ертайды сайлады, жол қаражатын шофёрге жауаптандырды. Өзі бір ізгі адам екен, ортадағы балалы əйел Нұрғайыпты кабинаға отырғызуға тапсырды. Міне, алғашқы аттану қарбаласы осылай басталған-ды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Ертайды кузовтың оң жақ алдындағы бұрышына орналастырған шофёр өзгелерді де мұқият отырғызған соң машинасын оталдырды. Сонан соң кабина есігін ашқан ол Нұрғайыпқа енді ғана назар аударғандай тесіле қарап қалды. «Мен бұл əйелді қайдан көрдім?» Машина баяу қозғалып, біртіндеп жылдамдата жүріп кетті. Бір-біріне жалтақтай көз қиығын салған жігіт пен келіншек онан əрі таңданудың артық екенін түсінгендей. Кейде жанарлары шарпысып қалса, жайдары жымиып қояды. Ол күні жолаушылар ұшқыш кілемге ме, əлде алып тұлпарға ма, əйтеуір, ғажайып көлікке мінгендей сезінді. Барлап қараса талай жерді артқа тастап, сиыр түс кезінде Өлгейден шықса да қасқарая Бурят сайының аузына жетіп қонды. Машина кебежесін таңған арқаннан мықтап ұстап алған жігіттер, біртіндеп ырғаққа үйренген бүркіттей қалғи бастады. - Бұл биік асу. Күндіздің өзінде тым абайламаса қауіп-қатерге ұшырап қалуымыз ықтимал. Оның үстінде міне аспан да түнеріп келеді. Түн жаңбырлы болса биік жотаға қар түседі де, күндіз де асырмайды. Енді осы жерге түнейік, айдың бетін бұлт жаппай тұрып, тезірек тезек тере қойыңдар, – деді шофёр. Жігіттер жерге түсе бастады, бірақ, жұмсақ қолайлы орында отырып келсе де денелері мылжаланғандай буындары дірілдеп, бастары зеңіп қалыпты. Кейбіреулері лақылдап құсып жіберді, бойын билей алмай тəлтіректеп, сүрініп, жығылып, сол бойы жатып қалғандар да бар. Бұлардың сиқын көрген соң уақытты өткізіп алмауды ойлаған шофёр қап ұстап, тезек теруге кірісті, оған өзін-өзі зорлағандай Ертай ғана ілесті. Олар қайтып келгенше Бағиланы құшақтаған Нұрғайып та қолына іліккен киімдерін жамылып, жантая кетті. Ертайдың да асқа зауқы жоғын аңғарған шофёр шелектегі суық шайды алып келді. – Ертай, келіншегің мен балаң шөлдеген болар, сусын ішкіз. Нұрғайып басын көтеріп бір кесе суық шайды жұтып жібергеннен кейін ғана қаны кеуіп, шөлдеп қалғанын сезгендей болды. – Бағила əлгінде сүт ішкен – деді ол, соңсоң қайта жату қамымен күйбеңдей беріп: – Ертай, осы кісінің аты кім? – деді. – Очирбат. Өз есімін естіп қалған шофёр жалт қарады. – Немене, бірдеңе дедің бе? – Жоқ, менің əйелім сіздің атыңызды сұраған соң. – Біз тіл білмегендіктен күні бойы бір кабинада келсек те ештеңе сөйлесе алғамыз жоқ. Оның аты кім? – Нұрғайып. «Солай – деді Нұрғайып өзіне өзі, – Мен бұл кісіні жақсы білемін». – Ертай, ана жігіттер шай ішетін болса қайнатып берейік, сұрашы – деп Очирбат орнынан тұрды. Бөденедей бұғып жатқан олар тегіс ояу екен, енді ғана сəл серігіп, өзара тіл қатыса бастағанмен ешқайсысының ас ішуге құлқы жоқ. – Осылар ат үстінде апта бойы жүрсе де қырт етпейтін сарбаздар ғой, бірақ, алғаш рет мінген машина мазаларын алып жіберді, дегенмен біртіндеп үйреніп те қалды. Ертең дəл бүгінгідей халге түсе қоймас,– деді Очирбат, – Сен де зорға отырсың жат, тынық. Ертай көрпе əкеліп Нұрғайыпты қымтап қойды да, өзі оның қасына қисая беріп еді, Нұрғайып: – Мен мына кісіні жақсы білем, танимын,– деді. – Қайда жүріп танысқансың, жаңылып басқа біреумен ауыстырып жатырсың ғой. – Рас, ертең айтайын қалай таныс екенімді. – Қызық екенсің! Ертай ояу жатыр. Түн салқын болғанымен тоңған жоқ. Ай батып кеткен екен. Кешқұрым түнеріп, жаңбыр əкелетіндей құрсанған бұлт сейіліп, көк жүзі айығыпты. Моншақтай шашылған жұлдызды аспан айнала қоршаған биік жоталардың төңкеріле жабылған қақпағына ұқсайды. Түн мөлшеріне қарағанда таң да таяған тəрізді, ұйқы да қаныпты. Ол қасындағы əйелі мен баласына қарай аунап түсіп, сырғып, ауып қалған көрпесін дұрыстап жапты. Тегі Нұрғайып та ояу болу керек, қозғалып жөтеліп қояды. Нұрғайып алғашқы бір қатты ұйқыдан кейін мүлде оянып алған. Шаршағаны басылып, денесі серги бастапты. Тек машинаның дүрілдеген дыбысы ғана əлі құлағынан кетпей тұрған секілді. Машина демекші, ол енді Очирбат тура-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ лы көрген-білгенін сабақтап есіне түсірді. Онымен танысуы онша ұзаққа созыла қоймаған, əрі қызықты оқиға болатын. Нұрғайыптың бойжеткен қыз кезіндегі бір жаз түнінде əкесі екі адамды ертіп келіп тамақтандырды да есік алдына жиналған тезектің астын қуыстап орын шығарып, оларды жасырып тастады. Екеуі сол жерде бір аптадай болды, күндіз қозғалмайды, түнде үйге келіп тамақ ішеді. Бірі жігіт, бірі қыз. Жігіті осы Очирбат, қыздың аты Тогтох еді. Жергілікті бір бай урианхайдың əйелі өлген соң айттырған кедей қызы Тогтохты алып қашқан Очирбат өз əулетінен қорқып, əдейі ата жолдасы, əкесінің тамыры осы Құттыбайды паналаған. Расында да өшіге іздеген байлар қазақ ауылына тығылады деп ойламаған. Сөйтіп дүрбелең басылған соң Құттыбай бұларды лаулап, Қобда өзеннен өткізіп, Улаангомға жеткізіп салған. Міне сондағы Очирбат осы. Бірақ, сол күннің өзінде қазақ тілін білмейтін, енді қайдан ұға қойсын. Төңкеріс заманы болғанымен бұлардың артында қалған кедей əке-шешесін байлар ұрып-соғып азаптап, ақыры əкесі содан өліпті десетін... Таң ата түрегелген Очирбат от жақты. Ертай екеуі ағаш мосыға іліп, шай қайнатып отыр. Таңертеңгі салқында маздай жанған отқа қызықтай қарап, жылынып отыру қандай рахат! Кішкентай Бағиланың өзі «жалын-жалын» деп лаулаған отпен ойнайды. Түндегі жатқан орындарынан сиыршылап үздік-создық тұрған өзге жігіттер тоңбаса да құшынып, тұқыра бүгежектеп, тырпылдай жақындап, жалпақ тасқа жайылған дастарханға таяу келіп дүрс етіп тізерлеп отыра бастады. Оларға Очирбат шай үлестірді, кейбіреуі жолда ас ішетін ыдысының қайда қалғанын да білмей мөлиеді. – Ертай, сұрашы, мына кісінің келіншегі Тогтох емес пе екен? – Солай, – деді Очирбат, – Мен осы баланы қайда көрдім, əрі өзі бізді қалай таниды?! Ертай тілмаш боп келіншегінің айтқанын жеткізу үшін білгенін аяған жоқ. – Бауырым, сондағы бізді күзетіп, кесте тіккен болып, қасымызда отыратын сен екенсің ғой,– деп Нұрғайыптың əңгімесін Ертайдың жалғау, жұрнағы аз, түбір сөзі көп аудармасынан ұққан Очирбат ұмтылып келіп, келіншектің маңдайынан иіскеп, ағалық ілтипат білдірді. Мұны көрген қазақ жігіттері біріне-бірі таңдана қарап, үдірейісіп қалды. ҚАШҚЫНДАР Қаншама жон жер болғанымен күн көтерілген соң-ақ шыжый бастады. Ауыр тон, күпі киген жігіттер терлеп, пысынап келеді. Тек машина үстіндегілер ғана емес, Нұрғайып та жаяулап, Бағиланы көтеріп алған. Кеше жазық жолда тұлпардай зымырап, жер танабын тарылтқан машина бүгін биікке қайқайған сайын жаяулардан онша жырақтап кете алмай, жөтел қысқан көксаудай булыға күркілдеп, жиі бөгеледі. Ол тоқтаған сайын Ертай бастаған үш жігіт доңғалақтың артына тас қойып əуреленеді. Алғашында сылбыр қимылдаған біреуі өзі жаншылып қала жаздағанымен қысылшаң сəтте жан қорғауды, абай болуды ұғып та үлгерді. Олар ауыр киімдерін шешіп, машина үстіне тастап, жеңілтектеніп алған. Бірақ, машина кідірген, кез келген жерден кесек тас табыла бермейді. Енді доңғалаққа тіреу боларлықтай тасты көтеріп ала жүруге мəжбүр етті. Ал біртіндеп Ертайдың қолынан шелек түсуді қойды. Радиатор деген бірдеңесіне құйылған су сорғалап ағып лезде орталайды да, қалған сарқыны қайнап шыға келеді. Оған қажетті су кейде көлденең белегірдің арғы астындағы жылғадан табылады. Осылайша итке қос артқандай итініп жүріп, бесін кезінде кезең үстіне де шықты олар. Əйтеуір, өз жандарын сақтап алдыңғылардың соңынан келгендер машинаға ұмтылып еді, оларды Очирбат шақырып алды. Бұлақ жағасына құрғақ тамақ қойыпты. – Қарындарың ашса тоя жеп, су жұтып алыңдар. Бұл жерге аялдап, от жаға алмаймыз, күн кешкіріп кетеді. Осы таудың күн шығыс баурайында өзен бар, соған жетіп бір-ақ тоқтаймыз, – деді. Жігіттер тағы да таңертеңгідей иқуатсыз қимылдап, тізерлеп «шөге» беріп еді, тұнық суға жуынып, шашын тарап тұрған Нұрғайыпты көрген Очирбат айқайлап сөйлеп, əлгілерді зекіп қалды. – Тұрыңдар! Үстеріңдегі зілдей киімді шешіп, салтақтанған беттеріңді жуыңдар! Оның оқыс шыққан үнінен секем алып, аңырып қалғандарға Ертай жағдайды түсіндірді. Əлгілер сонда да сыл-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз быр қимылдап бұлаққа барғанымен шешінбей, қолдарының ұшымен ғана беттерін шылап қайтты. Очирбаттың иіс сабынын алып, салқын суға көпіршіте езіп, еркін жуынған Нұрғайып бұрынғысынан да ажарлана түскендей. Ол шашын өре жүріп жолдастарының қасына келгенде жұпар иісі аңқыған одан Ертай мен Очирбаттан өзге тер мен қолаңса сасыған бөгде жігіттер бейіштен қордың қызын көргендей жасқанып қалды. Бұл кезде қазақ əйелдерінің егдесін қойып, жастарының өзі де əлі де кимешек, шұлауыш киетін ұлттық салттан шыға қоймаған-ды. Əйткенімен Ертайлар осылай аттануды ниет ете бастаған кезде: – Үлкен шаhарға барғанда жас адамның жаулық сүйреп жүруі ерсі болар, осы күнде кім жалаңбастанбай жатыр, қызыңның кимешек, шұлауышын алдырып таста,– деген Құттыбайдың сөзін Балқия да құптап, бұлжытпай орындаған болатын... Аспан астын тіреп, ақкүміс мұз құрсанған биік заңғарға таңырқай қараған Нұрғайып бұл таудың аты не екенін Ертайдан сұрағанымен жауапты күйеуі арқылы Очирбат ағасынан алды. – Біздің осы батыс өлкеде бес ұлы тау бар. Соны «Алтайн таван Богд» деп атайды. Олар: Үш богда Цэнгэл Хайрхан, Мөнх хайрхан, Цайр, Цамбагарав, Біз міне Цайрдың иығында отырмыз». Басқа жігіттер бұл сөзге мəн берген жоқ, тіпті естіген нышан танытпайды. Тамақты мандытып жемеді, əрі суды да тым құныға жұтпады. Түнерген жүздерінен жасықтық байқалады. - Бұл жерге небəрі жарты сағат аялдаған олар жол-жөнекей Сухайт өлөдтерінен бір семіз қой сатып алды да, Хашаатны құлдай жүріп, кешқұрым сай тағанындағы көлденең су жағасына келіп түсті. – Бүгін осы жерге түнейміз. Тезірек отын жинап шай қайнатайық. Сонсоң бəріміздің ортақ ақшамызға алынған азық – мына қойды сойып, етін түгел пісірейік те тойғанымызша жеп, қалғанын тоңазытып, алып жүрейік. Аманшылық болса, ертең Қобда аймағына ертерек жетіп, ерулейміз,– деді Очирбат. Жігіттер бұл сөзге ешбір жауап қайтармағанымен кешегідей қаусап жата кеткен жоқ, бірақ, қаракет істеуге ұмтыла да қоймады. Машинаға артып жүрген отынды түсіріп Очирбат от жағып, шай қайната бастап еді, Ертай қойды лезде сойып, жəркемдеп тастады. Ішек-қарынды Нұрғайып та жылдам аршып, тазалап үлгерді. Шай ішілді, екі жерге жер ошақ орнатылып асылған ет те бабымен пісті. Бір табаққа қолдары сыймайтын болған соң, ет екі табаққа жасалып, обырланған жігіттер тойғанынша жеді. Семіз қойдың сорпасы мұндай дəмді болар ма, тіпті, кішкентай Бағила да іңірде біраз ұйықтап оянған соң жас сорпадан бір шыны ішті. Жолаушылар сəл жадырап енді қамсыз ұйқыға кірісті. Дегенмен Өлгейден шыққалы бірге отырып, түнде қатар жатып жүрген сыбайластар тез ұйықтай қоймай, өзара тіл қатысып сəл сөйлесіп жатты. Ертеңгі күн тағы да жадырай атып, күн күлімдеп шықты. Өзгелерден бұрын тұрған Ертай шай қайнатқан соң жолдастарын оятып, дастарханға шақырды. Бірақ, Томпақты сұмынан келе жатқан Далабай мен Самат дейтін екі жігіт жоқ болып шықты.
Жоғалған қыз ДАҒДАРЫС Қай жағына қарасаң да көз жеткізсіз кең дала, құлашын кере шалқайған буалдырланған, мұнартқан жазық. Аспан айық кездерде күн де, ай да іргеден шығып, енді батарда көз алдыңа таяп кеп, сол ен атыраптың жарығына түсіп бара жатқандай сезіледі. Арқан бойы көтеріле қызған күн түс кезінде тіпті май шыжғырғандай күйдіріп, көлеңкенің өзі пана болмай кетеді. Мұндайда адамдардың үймелейтіні кəрі бураның қаңқасындай арбиған машинаның төңірегі. Бірақ, соның көлеңкесі де қасақана қысқарып, өз астына тығылғандай бұға түседі. Күндізгі күн алауы сəл салқындай бастаса əнші маса қаулап кетеді. Бүркенсең тұншығасың, ашылсаң масаға тұтыласың, бұл неткен қиын өлке, шіркін! – Шаргын говь деген осы, барып тұрған сұмпайы жер. Біздің дəл осында қалғанымызды қарашы! – дейді Очирбат өкіне тіл қатып. Ешкім оған жауап қатпайды. Əйтеуір, далада қалған соң бəрі бір сияқты оларға. Ыстықта солықтап, салқында шыбындап жатқан бір тірлік. Бұлар Өлгейден шыққалы он үш күн, он екі түн өтті. Тек осында қамалғалы төртінші тəулік. Азық та, сусын да таусылған. Кішкентай Бағила мен Нұрғайып жол азабын азаматтармен бірдей көтеріп келеді. Қазіргі қиындық тамақтың азайғандығы емес, сусынның жоқтығында. Қаншама сақтық ойлап ыдыс атаулыны толтырып, ескі камергеде құйып алған су қалай үнемдегенмен сарқылдап кетті. Енді тұяқтан хал кеткенше ана мен баланы қаталатпауды ойлаған Очирбат, ең соңғы аз судан жігіттерге тарттыруды мүлде қойды. Машина қозғалатын мүмкіндік жоқ. Тозығы жеткен ескі карвюратор біткен жанармайды «ішіп» тауысты. Елді өлкеге жету үшін бұзылмаған машинаға бір түстік, жарымжан мынадай көлікке бүтін күндік жол жүру керек. Мұндай қашықтыққа онсыз да титықтаған адамдар жаяу бара алады деу түске де кірмейтін сандырақ. Ал осынша сарыла күткенде бірде-бір бөгде жолаушы келмей қойды. Жол үсті даңғыл керуен делінгенімен машина тым сирек жүретін сияқты. Сонда да үміт үзуге қайдан болсын. Очирбат пен Ертай жігіттерді кезекпен қарауылға шығарып жол тостырып жүр. Бірақ күдік күшейіп, дағдарыс үдеп барады. Кезекшілер айналаны жіті шолып, жергілікті тұрғындар пайдаланған құдық, бұлақ болар деп іздегенімен дəл осы маңда күзде, көктемде ауыл отырған нышан байқалмай-ақ тұр. Қайда барып, қалай қарасаң да түйіртпек томарлы, шөбі селдір, бұйра құмнан өзге ештеңе білінбейді. – Ертай, – деді Очирбат, – Ана шолғыншы Далабай тым ұзап кетті. Бұлдырап алыстап, көзден тасаланып барады. Қайта айналып жете алмай шөлдеп дымы құрып қалуы да мүмкін ғой, енді не істемекпіз? – Онсыз да қырылатын болдық емес пе, оның қайда өлгеніңде не тұр,– деді Самат Ертайдан бұрын қияс жауап қатып. Иə, бұлар қашқын атанған Далабай мен Самат еді. Олардың қайта табылуы да тосын болған-ды. Айналаны мұқият қарап, мүлде жоғына көзі жеткен соң Очирбат пен Ертай əуелі қалай іздеу, неден бастау тəсілін келісті. Əрдайым осындай ұзақ сапарда жүретіндіктен Очирбат құр қол болмайтын. Ол айқастырып орап, кабинадағы орындығының арқалығына таңып тастаған екі мылтықты алып шығып шеше бастады. Бірі бес атар, бірі сол кезде «кəлебір» деп аталып кеткен кішірек қару екен. – Қашқындар табыла қалған күнде де өздігінен еріп келе қоймайды. Сондықтан оларды атып жаралап өлтіріп жібермесек те айбармен құқайлау керек. Мынаны сүртіптазалап сен ұста,-деді Очирбат. – Өзің мылтық ата білесің бе? – Білем, оғы қайда? – Мұнда. Біз екі бөлейік. Бір тобымыз өзіміз келген жолды, қалғанымыз, басқа жақты тінтіп сүзіп шығайық. Уақыт ұтқызуға болмайды, қай жағына барасың? – Жоқ, дəл қазір маған басқа бір ой келіп тұр. – Иə. – Апығып алысқа жүгірмес бұрын із шолайық. Əлгі Саматтың етігінің нəлісі бар еді ғой. – Рас айтасың, – деп Очирбат Ертайға разы боп қалды. Із арқылы бағыттарын болжап алу дұрыс ақыл.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Сөйтіп олар жерден іздеген балаларша үңіле еңкейіп, тесіле қарап бытырай бастады. Кішкентай Бағила да із дегеннің не екенін ұқпаса да қолын сермеп, əлде бірдеңелерді қызықтап күле сөйлеп жүр. Жер тастақ кейде шымды боп кететіндіктен із оңай көріне қоятын емес. Сонда да Очирбат, Ертай, Нұрғайыптар шұқшия қарағанымен өзге жігіттер бəрібір бойкүйез қалпынан айнымаған сияқты. Уақыт өтіп барады, неше сағат кезі екенін дəл айту да қиын, өйткені Очирбаттың сағаты бұралмай тоқтап қалғандықтан нобайлап жүргізе салған-ды. Бала көтеріп ұзай алмай су жағасында жүрген Нұрғайып бір кезде Ертайды шақырды. Елең еткен Очирбат та жүгіріп келді. Ана жігіттер үдірейе қарап тұр. Өздері тобын жазбай бірінің жүріп өткен жерін екіншісі қайталай береді. Із судан өткен жалаң аяқ адамдыкі екен. Құмайт жерге оқыс басылған жалғыз табанның саусағы тиген жерін жағаға ұрылған судың əлсіз толқыны шайып өтіп тұр. Бірақ із бұзылмаған, табаны жұқалау тигенімен өкшесі батыңқырап кетіпті. Ал су тізеден жоғары шығатындай терең, асты тастақ екен. Ар жақ жағасы шымды болғандықтан ештеңе ажыратылатын емес, əрі сəл жүрген соң-ақ тік беткей басталды да түйе қорым, сырғыма, ақпа құм, тастақ жалғасып кетеді. Алыстан қарауытып көрінген үңгірлердің өзі қаншама. Сəл ойлана қалған Очирбат адамдарды кері шақырып, машинаның қасына жинап алды. – Жігіттер! – деді ол, бірақ Ертай мен Нұрғайыпқа қарап сөйлеп отыр. – Бұл кеткен екеуі ең момын, нағыз қой аузынан шөп алмастар сияқты көрінуші еді, міне енді, бəрімізді алдап соқты. Қашу тəсілі де сұмдық. Кері бет алып немесе ана адырларға шықса оңай ұсталады. Өйткені бос борпылдақ топыраққа іздері айқын түсіп, мен мұндалап тұрмай ма. Ал мына шағыл шың, қорымды қия беттің қай жерінен іздей аламыз. Бір ай осында жатсақ та, тіпті қарулы əскер əкеп салсақ та із-түзі шықпайды. Енді уақыт өткізбейік, тезірек кету керек. – Қашқындар қалсын ба? – Ол үшін қазір бəріміз жаяулап кешегі келген жолды біраз тектейміз. Із шаламыз. Сонсоң аялдамаймыз. Ал қане бытырай жүріп ана көлденең тұмсыққа дейін барып қайтамыз. Ертай, сен екеуіміз мына шоқпар тасты жанасалай жүрейік,– деген Очирбаттың ақылы бойынша бəрі де «Із кесуге» кірісіп кетті. Очирбат біраз құрғақ тамақ, шелекке құйылған су, мақталы шапан ала жүрді. Шоқпар тас дегені жаңқашты, кенере, иек артпасы, бірер кісі сыйып кететіндей үңгірлеу қолтығы бар төбешік екен. Оның үстіне қашқындар шыққан биікке қарсы қарап тұр. Ана бетте қозғалған жанды нəрсе айқын көрінетін. – Ертай, сен маған мықты көмекші бол. Өзіңнен өзгеге сене алмай тұрмын. Сеніп тапсырған аз адамға ие бола алмай барсам үкімет менің маңдайымнан сипамас, əрі мыналардың көрсеткен бұл қорлығы жігіттік намысыма таңба емес пе. Сондықтан бұларды оңай ұстау тəсілін біз де табайық. Сен осы тас арасында қал. Менің мына үлкен мылтығымды ал. Тамақ, киімді əдейі ала келдім. Мүмкін бірер күн аялдарсың. Ал мен басқаларды алып кете берейін. Аналар сөйтіп ойласын. Əдейі теріс жақтан із қаратуым да алдау. Біз Улаанбаатар жолымен кетіп қалған соң денесіне дарытпай бастарынан асыра атып ұстап ал да, айдап кел. Біз қозы көш жерде ғана тосып жатамыз,– деді. Ертай Очирбаттың тапқырлығына əрі таңданып, əрі мұндай қызық іске өзінің де кірісетін болғанына қуанып қалды. – Сақ бол! Олар түнде өтіп кетуі де, əлде бірер күн бұққан қалпы жата түсуі де ықтимал. Ары кетсе үш тəуліктен аспас. – Шыдаймын. Түнде өтпек болса да ай жарық нобайы білінсе айырыла қоймаспын. Əйтеуір, олардың кетуіне басқа жақта жол жоқ, сонысы абзал-деп Ертай ең қолайлы орынды таңдап алып қала берді де, Очирбаттар онша аялдамай жолға түсті. Ол күні қашқындар ешбір белгі берген жоқ. Ертай онша абыржымай тынығып, ұйқысын да қандырып алды. Түн де тыныш өтті. Таң атқан соң мұқият қарауға тура келді. Өйткені бір күн, бір түн ашыққан, шөлдеген жігіттер енді қозғалуы мүмкін. Бірақ, кешке дейін тағы да сілтідей тұнған, зілдей ауыр тыныштық басты. Ертай əрі зерігіп, əрі маужырап жата берді, суын тым үнемдеп ішіп, құрғақ тағамды да онша құныға жей қоймады. Бір жаманы тесіле қарай берген соң көзі талып, жиі жыпылықтап, тіпті жас ағып, қарайғанның бəрі кісіге ұқсап, қозғалған, жүре бастаған сияқты болып елегізіте берді. Сөйтіп жылдай ұзақ
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз сезіліп, сарылтқан күн тағы батты. Ертайға алғашында тым қызық көрінген жұмыс енді мазасын кетіре бастады. Кенет қарсы беттен бір кішірек тас домалап кеп сай тағанына түсті, бірақ, адам не аң көрінген жоқ. Қайтадан өлі тыныштық орнады. Бұл қалай, тас өзінен-өзі құлай ма? Оқтаулы мылтығын оңтайлы ұстаған Ертай түнгі салқында əдейі жылы киім жамылған жоқ. Маужырамай ширақ отырғысы келді. Қалайда осы бір шешуші түнді қапыда өткізіп алмай қадағалау керек қой. Түн ортасы ауып ай батып, тау далдасына тасалана берген кезде қарсы беттен естілген сыбдыр ұлғайып, біреудің жүргені анық білінді, бірақ ештеңені көруге мүмкіндік болмады. Ертай енді тасадан шығып кенере тасты жабыттап əзір отыр. Оның ендігі сенгені екі құлағы. Көз шіркін əзірше естілген дыбыс иесін көре алмай тұр. Су шылпылдады, тіпті, сөйлеген адам үні айқын естілді. Сөйтті де жұлдызды аспан сəулесімен елбеңдеп екі бейне де көрінді. – Тоқта! Ақыра шыққан дауыспен қосыла аспанға атылған мылтық үні гүрс етті. Тыныш əлем найзағай түскендей есеңгіреп барып қайтадан қалпына келді... Екі қашқынды алдына салып айдаған Ертай даңғыл жолмен құлдай жүріп таң ата жолдастарына жеткен-ді. Сөйтіп күндіз жолға сəл ғана аялдағаны болмаса түнді ылғи жүріспен алып келе жатқан Очирбаттың сапары осы бір меңіреу құм ортасында қырсықты. Бірақ енді жігіттер қашса да тірі құтылмасын сезіп, кездесер қатер атаулыға мойынсұнғандай болып еді. Əсіресе, қашқын атанған екі жігіттің бірі Далабай ұяттан өртеніп, Саматқа ілесіп масқара болған айыбын жуып-шаярдай сылтау таппай мазасызданады. Оның көргені аз болғанымен көкірегі бітеу пенде емес сияқты. Əне сол жігіт бұйра құмды, буалдыр жазық ортасында көзге ноқаттай ғана боп көрінеді. Ол қазір осында келіп қамалғалы жігіттер жетіп үлгірмеген алыста, əрі тосын жақта жүр. Машинадан недəуір қашықтаған соң ескі де болса бір сүрлеу кезіге кетті. Соны сабақтап кезіп жүрсе құдық ұшыраса ма деген үмітпен ілгерлей берді. Үстінен күн, табанынан құм қызуы өткен сайын кеудесі кеңіп, іштей салқын самал ескендей өзін сергек сезіне бастады. Жүрісі де жылдамдап, қарсы алдынан мөлдір бұлақ елес беріп, ілгері жетелейді. Енді біраз жүрген соң кенет шұқанақ көл, оның жағасында отырған киіз үйлер көрінгендей болды. – Я сəт!– деп айқайлап жіберген ол өзінің қырылдаған əлсіз дыбысынан шошып, селк етті де, жаңағының бəрі елес екенін сезгендей жаны түршігіп кетті. Сөйтті де етпетінен құлап түсті. Уақыт кешкірген сайын Очирбат пен Ертай мазасыздана бастады. Шөлден, аштықтан тіпті күнге күйіп өлсе де барлығы бір жерде болғаны жақсы ғой. Бірақ Далабай қайта орала қоймады. Тым ұзап кеткен, ол түнде қайдан табады бұларды. Оның үстіне жаңбыр жауа қоймағанымен көк жүзін бұлт торлап, айдың жарығын далдалап алды. Бұл өлкенің масасы осындай бұлыңғыр кезде тіпті үдеп кетеді екен. – Ол мына қараңғы түнде қорқып өлетін болды-ау!-деп қырыс Самат та бір анайы сөзді дүңк еткізді. – Адасып кетуі мүмкін, онда тіпті титығы құриды. Қарап отырғанша от жағып, белгі берсеңдерші,-деді Нұрғайып. Бұл бір оп-оңай, əрі тиімді əдіс болғанымен табанда өзге ешкімнің есіне түсе де қоймапты. От мол, əрі үзбей жағылды. Бірақ Далабай жоқ. Жолаушылардың бəрі де үмітсіз, мең-зең қалыпта бір тұрып, бір жүріп, ұзақ ойға батады. Алтай тауының биік адырында туып өскен, мұндай ыстық пен шыбынды көрмеген бірер жігіттің еріні дүрдиіп ісіп, көзі жұмылып кетіпті. Жайшылықта күн мен түннің алмасуын ғана біліп, уақыттың қалай тез өткеніне танданатын бұларды қазіргі бір сағаттың өзі жылдай сарылтады. Мына қамалған бейшаралардың мүшкіл халін ойлап Очирбат қатты налып отыр. Ол өзіне əр қилы кінə тағады. Бензинді жеткілікті алып жүрмегеніне, бірақ мөлшерден артық жалмауыздай жалмаған машинасына кейіп, тіпті осында алғаш тоқтай қалған соң адамдардың тың кезінде ілгері, елге қарай жаяулатып қоя бермегеніне өкінеді. Олай-бұлай жүрген жол машина кезігіп қалар деген үмітпен уақыт өткізіп алғанын парықсыздыққа санайды. Сөйтіп не ойлап, нені болжаса да оның ақыры баяғы бір дағдарысқа тіреледі, міне тағы да дағдарыс.
Жоғалған қыз КІСІКИІК Теріскенді түбірімен жұлып ап, отқа лақтырып отырған Ертай, Очирбаттың əңгімесін ден қоя тыңдайды. Кабинаның ашық есігін, жыртық тесігін бітеп, Бағиланы жатқызып қойған Нұрғайып бет орамалымен масаны үркіте түсіп Ертайдың аузын аңдиды. Онысы Очирбат пен Тогтохтың өздерінен кеткеннен кейінгі бастан кешкендерін мұқият есту. – Анталаған іздеушілер бізді Қобда жағына кетті деп, сол жақты тінтіп жатты. Алғашқы атойлаған дүрлігу сəл басылған соң енді көп аялдамай жүріп кетуді жөн көрдік те мына Нұрғайыптың əкесінің көмегімен, Тогтохты алмақ болған байдың жылқысынан екі ат ұстатып алып, аса бір жаңбырлы, қараңғы түнде жылыстап жүріп кеттік. Қобда өзеннен өткен соң онша қорқа қойғамыз жоқ. Бізді Улаангомға жеткізіп салмай, Құттыекең де қайтқысы келмеді. – Жапа шеккен жастарға өзімше бір жақсылық істеген екем, енді оны жол ортада үзбейін. Болмағанда белгілі бір жерге тұрақтатайын-деп шын ниетімен еріп жүрді. Екеумізге де қазақ киім кигізіп алды. «Мұнысы сақтықта қорлық жоқ» дегені ғой. Сөйтіп Улаангомға барған соң біз жұмыс іздеп келген кедейдің қалпына түсіп, ауыл аралап жүргенде Құттыбай ағай екі атты сатып, біраз пұл жинап берді де онан əрі аялдай алмай өзі қайтып кетті. Бізге бір бай лама дөрветтен жұмыс табылды, бірақ баянсыз болды. Мен оның арбашысы, Тогтох үй қызметшісі болып жан сақтай бастағанда əлгі Ламамыз ұсталып кетті де біз иесіз қалдық. Енді жақын сұмындардың біріне барып мал бағуды ойладық, сөйтіп Толгойт сұмынына келсек Хатгалга жүргізгелі жатқан кіреге баруға соншалықты іргелі, жұмыссыз елден кісі табылмай отыр екен, ақыры екеуміз де соған жалданып, алыс сапарға кете бардық. Бізден басқа кіре бастығы жəне бірнеше адам болды. Бірақ олар бізді шет қақпай етіп, онымұны ауыр жұмыстарды маған, от жағып, тамақ дайындауды Тогтохқа міндеттеп тастады. Өздері түзу ғана жол жүріп келеді де, жатып алады. Жол ұзақ, күн суық, əсіресе, түйенің жайылуы машақат. Бос жіберсең жоғалады, аяғын тұсап арқандау одан қиын. Сондай күндердің бірінде кіре бастығының əлпештеп келе жатқан сары атаны жоғалып кетті. Ерулеп жатып бірнеше күн қарап таба алмадық. Ақыры олар мені айыптады. – Күзеткен сен. Жоғалған түйе үшін екеуіңнің осы сапардағы еңбек ақыларыңды бермейміз-десті. Онымен де қоймай Тогтох екеумізді жаяу айдап, біздің кезектеп мініп келе жатқан түйемізді де тартып алды. Бұрын мұндай алыс жолға жаяу жүріп көрмегесін табанымыз ойылып, онан əрі баса алмайтын халге ұшырады. Менің де жағдайым келісіп тұрған жоқ-ты. Бұл кезде Хатгалға недəуір таяп қалған тəріздіміз. Енді бір жарым күндік жол жүрілетіні айтыла бастады. Үйдейүйдей жүк артқан машиналар шұбырып жиі кезігеді. Олар Улаанбаатарға барып-келіп жатады екен. Ал тіпті Улаанбаатардан арғы аймақтан келген кірешілер де кезігіп қалады. Осындай тоғыз жолдың торабына кеп бір күн ерулеп, кірешілер ел қыдырып, соңында əр түрлі бұйым, арақ сатып əкеп тойғандарынша сіміре бастады. Мен түйе жайып, Тогтох ас пісіріп, кірешілерді алаңсыз еркіндеттік. Өздері бір өңшең маскүнемдер екен, масайып мазаны кетіріп, соңында жығылып тынды. Осы кезде түйе қайырып жүрген маған бір топ кіреші кезікті. Говь аймағынан келіпті. Кеңесе келе сататын түйе сұрады. Сол жерде мені кенет бір жаман ой билеп ала қойды. Сонсоң екі əдемі атанды онша бұлдамай орта бағамен тек ақшаға сатып жібердім. Бұл менің ашуланған кезім еді. Кешке жолдасым сенделектеп тұрып жығылып жүре бастап еді, қалған арақтарынан тағы да жұтқыздым. Олар қайта жусады. Енді қауіпсіз болдық. Аздаған азық алып, Тогтохты ертіп, түн ішінде қашып шықтым. Сəтіне айналғанда Улаанбаатарға жүк алып бара жатқан бір егделеу орыс кезіге кетті. Кабинасы бос болған соң соған отырып, астанаға жүріп бердік. Əлгі шофер моңғол тіліне жетік екен, жақсы таныса келе ол мені өзіне серік, көмекші етіп алды. Өзі біздің елге біраз жыл жұмыстауға келіпті. Ақыры шофер болдым. Қазір Тогтох жұмыста, шешемді кейінірек
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз келіп алып қайтқам, қолымызда, міне біздің жағдай осындай. Аманшылық болып Улаанбаатарға жетсем Ертай сені өзім көмекшіге алып, машина ұстауды үйретер едім. Сонда сен қазақтан шыққан ең алғашқы шофер болар едің, – деп аяқтады ол əңгімесін. Бұл кезде түн ортасы ауып кеткен-ді. Адамдар ұйқылыояу, есеңгірегендей маужырап жатыр. Ертай отты сөндірмей тағы да жағып қоймақ болды. Қызуы басылған ыстық күлді қозғап түрткілеп, қызарған шоқты жиыстырды да, үлпілдек шашақты теріскенді үстіне салып үрлеп еді, от лап етіп тамып кетті де, алаулаған жалын қораның аймағындай жерді жарық қып, түн кепешін көтеріп, қою қараңғылықты төңкерген қазандай төндіре қойды. Сол-ақ екен, жарық шетінде елбеңдеген бірдеңені Ертайдың көзі шалғандай болды. Тесіле қарай берді де төбеге ұрғандай сілейіп қалды. Алтай тауының талай қалтарысында ен дала, қараңғы түнде ай, апта бойы жалғыз жүргенде жүрегі селт етіп, қорқып көрмеген жігіттің зəресі ұшты. Тізерлеп отырған қалпы кірпік қозғар дəрмені қалмағандай. Əйтсе де бірдеңе ойлай қойып, қаракет қамына кірісті. Қол ұсыным жерде ұйқысыз, ояу жатқан Очирбатты аяғынан тартып үлгерді. Алғашқы сəтте ештеңе түсінбеген шофер екінші жамбасына аунап түсті де, Ертайға көз қиығын сала беріп оның үрейлі жүзін көріп, басын көтерді. Тіл қата алмаған Ертай қол ұшымен маздаған оттың ар жағындағы кеңістікті нұсқады. Очирбат енді аңғарды. О, ғажап! Ол да таңданудан бір сəт сілейіп қалды. Шашы дудыраған, арыстан басты екі адам тұр. Бірақ үстінде киім болмағанымен жаңа туған ботаның терісіндей тақыр денесі кəдімгі жалаңаш адамнан аумайды. Бірі омырауын, бірі бұтын қолымен қалқалайды. Өздері маздай жанған оттың сəулесіне телміріп, жарыққа шағылысқан жанарын тайдыра алмай үркектеп жіпсіз байланып тұр. Қараңғы түнде, жалын алаулаған аядай ортада тұрғандықтан ба, кім білсін, əйтеуір, бойлары адамнан ұзын, əрі тырдай қалпының өзінде сырықтай көрінеді. - Бұл не пəле?– деді Ертай сыбырлай тіл қатып өзіне-өзі «сайтан ба, пері ме?» Піссімілла! Очирбат мылтығын іздеп екі қолымен жан-жағын сипалап отыр. Егер жанарын тайдырса аналар үстіне міне түсетіндей немесе жаны бойынан ғайып болатындай сезінеді. Екі жігіт күндізгі шаруадан, дымы құрыған шөлден, тіпті өзегі талған аштықтан мүлде ада болғандай. Бұрынғы батылдық қалпына келе алмаған Ертайдың есіне «жан алғыш» дейтін тосын ой сап ете қалды. Дəл осы сəтте теріскеннің лапылдаған жусан шашағы жанып таусылды да, əлгілер тұрған жерге жарық жетпей күңгірттене берді. Ертай отты қағыстырып қалды, бірақ жалын қайта көтерілгенмен бөгде «адамдар» орнында жоқ боп шықты. Екі жігіт, естерін жиып, енді ғана бағанадан бүкіл кең аспан астында ауа жетпегендей тұншыққан кеуделерін кере еркін тыныстап, қозғала берді. – Не көрдік біз? – деді Ертай таңданып. – Өмірде кездестірмеген едім мұндайды. – Сонда қалай, сайтан ба? – Ертай,– деді Очирбат, – Менен де сен жүректі екенсің? Япыр-ай, жонымнан тер шығып кетті, тіпті сасқалақтағанда қасымда жатқан мылтығымды таба алмадым ғой, ал сен абыржымай ұстамдылық жасап мені тұрғызып, үлгердің. Кенет көргенде шошып, айқайлап, немесе естен танып қалмағаның мықтылығың болды! Ал енді былай істейік, – деді Очирбат мылтығын кезей ұстап орнынан тұрды. –Отты молырақ жақ, əлгілердің тұрған жеріне барайық. Егер олар сайтан болса ізі қалмайды. Үлкендер солай дейтін. Ертай отты маздатып жақты да машина жаққа бір қарап қойды. Шыбынсыз салқын кабинада жатқан əйелі мен баласы үнсіз, ұйқылы-ояуы белгісіз. – Қай жерде тұрып еді? – деп сұрады Очирбат, – дəл таппасақ ізін өзіміз өшіріп аламыз ғой. – Ана үрпиген қос теріскеннің қасында сияқты еді, дегенмен абайлап басайық аяқты. Олар жерге үңіліп тұр. Көз алдарында жұмсақ шандаққа түскен іздер жатыр. Саусағының, табанының, өкшесінің табы жалаң аяқ адам ізімен айна қатесіз бірдей, ал тырнақтары бүгіле өскен бе, недəуір батыңқы шұңқыр
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ қалдырыпты. Бірақ іздің жалпы көлемі жай адамның табанына ұқсайды. – Бұл «алмас» екен,– деді Очирбат. Онысын Ертай түсінбенген соң – Кісі, далада жүретін осындай адам болады, – деді. Сонда ғана Ертай өзінше ой түиіп, «кісі киік» дейтін жабайы адам туралы ауыл үлкендерінен бұрыңғы естігендерін есіне түсірді. Алтайдың арғы бетіндегі Құбының құмында осындай бірдеңенің болатыны туралы жылқышылар көп айтушы еді дегенді əркім аңыз ететін. Соны енді бұлар өз көзімен көрді. – Бəрі де солай-ақ болсын,– деді Ертай, – Ұзақ кеңесе келе, – Сонда бұлар біздің қасымыздан не іздеп жүр? – Менің естуімше кісі киік баранға тартады. Кейде тіпті далада шөгіп жатқан түйенің қасында да із береді екен дейтін. Сол əдетімен бізге жақындап келді де, кенет от жарқ ете түскенде сəуледен шыға алмай қалды ғой, басқа не сыры барын кім білсін? – Ғажап! – Мұндай ғажайыптар біздің елімізде көп деседі. Мен керқұлан, түйе киік дегендер туралы да талай талай қызық естігем. ОЛ ДҰРЫС АЙТТЫ «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген ғой, кісі киікке алдашылдай сезілген түнгі от құм ішінде адасқандарға жол көрсетуші болды. Байтаг заставына кетіп бара жатқан бірнеше адамы бар жүк машина шофёрі бағытынан жаңылып жолдан шығып кетіп, қараңғыда шиырлап, ақыры сол маңға түнеп жатқанда кенет жанған отты көріп екі жігітті жіберген екен олар кісі киік боп əдейі үрейлендіріп кетіпті. Міне енді солар келіп қосылды. Алып жүрген су да, тамақ та бар екен, бірақ, адамдар судан өзгені қерек қылған жоқ. Ең жақсысы, ілгері елге жетерліктей бензин берді. Неше күндей титығы құрыған жігіттер еңсесін көтеріп, елпілдеп кетті. Таң ата асығыс аттанған Очирбаттар ең алдымен Далабайды іздеуге бет алды, да онша қиналмай-ақ тура барып құм арасында серейіп жатқан жерінен тауып алды. Əйтеуір, тірі екен. Аузына сусын тамызып есін жиғызды, бірақ өздігінен жүріп, аяқ басардай халі қалмапты. Сусыны қанған соң да əл жинай алмағандықтан машинаға көтеріп шығарып, жатқызып қойды. Очирбат ол күні аялдамай ұзақ жүрді. Күн салқын, су қайнаған жоқ. Сөйтіп кіші бесін кезінде Алтай қаласына келді. Орталық көшелерден оңашарақ тігілген екі киіз үйдің ортасына орнатылған бағанаға «Говь-Алтай аймағының мейманханасы» деп жазылған тақтайша қағылыпты. Оның бірі асхана, екіншісі қонақ үй екен. Үй іші недəуір кең болғанымен небəрі екі ғана төсек тұр. Оның өзі олақтау қолмен шала қиюластырып шегелей салған жатаған тақтай екен. Бір жақсысы үй ішінен іргесіне айналдыра киіз төсеп тастапты. Жасқаншақтай қарап, аяқтарын биік табалдырыққа оқыс соғып алып сүріне кірген жігіттер үркектей иіріліп тұрып қалып еді, Очирбатпен ілесе келген бір шал мейманхана тəртібін түсіндіріп, мына екі ағаш төсекке Улаанбаатардан келген үкімет адамдары жататынын, өзге қонақтар өз көрпе жастықтарымен, киімдерімен киіздің үстіне орналасатынын айтып берді. Қатарласып керегеге сүйене отыра бастаған жігіттерге мұнан асқан жайлы орын, салтанатты сарай сірə, болмастай сезілді. Сол күні қуырылған бұршақ болмай қалып, жолаушылар құр шай ішті.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ̶ Біздің асханаға ұн берілмейді. Сондықтан бауырсақ, нан дегенді білмейміз. Ішкі жақта егілген қара бұршақ келіп тұрады. Еттен өзге тамағымыз сол, ̶ деп аспаз шал сөйлей жүріп, үлкен ағаш астауға құйып көже əкелді. Қонақтар созалаңдай ұмтылып, ыдыстарын шығара бастады. Семіз қой етінен турап істелген майлы көже иісі ашыққан жандардың аранын аша түскендей. Онымен де қоймай төре табақ піскен ет те келді. Бəрін де Очирбат реттеген, ақшаны аямай төлеп, ашыққан, шаршаған адамдар тойып, тыңайып алсын деп жүр. Ең абзалы асханада ет мол екен, онан өзгені аңсайтын кім бар? Очирбат пен Ертай алдымен етке сұғынды. Бірақ тым семіз, майлы етті онша ойсыратып жей алған жоқ. Ертеңінде қонақтарға мүлде шайы да, сүті де жоқ қайнаған су берілді. Түнде асылған еттен қалғанды жапырақтап үлестіргенде Саматтан басқасы қомағайлана асап, тойып алды. Олар Алтай қаласынан сəл ұзаған соң-ақ жаңбыр құйып кетті. Барған сайын бұлт тұтасып, көк жүзін құрсап, кең даланы тарылтып, адамдардың апшысын қуыра түсті. Жайшылықта борпылдап жататын өлі топырақ біртіндеп той батпаққа айнала, машина жүрісін мандытпай келеді. Очирбаттың айтуына қарағанда бұл да бір елсіз дала екен. Бүгінгі құйып алған бензин жеткілікті, бірақ ендігі қырсық жолдың лайсаңынан бола бастады. Машина батпаққа жиі бөгелді. Бір басталып алса жуырда айықпайтын жылауық жаңбыр астында ұзақ жүрген олар қатты жаурады. Малмандай су боп құрғақ киім қалмады. Шаршаса да үстеріндегі ылпасы су бола қоймаған Нұрғайып пен Бағила ғана. Жаңбыр айғыздап, буалдыр тартқан кабина əйнегінен ештеңе көрінбесе де соған қараудан өзге ермегі жоқ келіншек ұйқыдағы баласын алдына көлденең салып бір қолымен бауырына тарта құшақтап, бір қолымен алдыңғы тұтқадан саусақтарын қарыстыра ұстап ұзақ ойда отырды. Адам баласының ойында, қиялында шек бар ма екен дүниеде! Осы жасына, қазіргі карекетіне дейін не ойламады ол. Балалық шағы өз алдына, ал өз тағдырының əйел затынан екенін, болашақ бір еркекпен бірігіп баз кешетінін сезіне білген кезінен бастап талай тəтті қиял құшағында елтіді емес пе. Оның тұрмыс нарқы мүлде жадағай, жайдақ болып қалыптасты. Махаббат, сүйген жар, ғашықтық дейтіндердің бəрінің тірелген жері мұның күйеуге тиіп балалы болуымен аяқталды. Қиялындағы нұрлы, жүзі жайнаған əсем жігіті ауылдағы қара табан қойшы сырттай домбырауын, кейде дөрекі сөйлеп, əлденені дүңк еткізіп боқтай салатын Ертай боп шықты. Бірақ, өмірдің өзіне тартқан осындай сыйы үшін ол өкініп көрген пенде емес, керісінше, соның соңынан еріп, қиялындағы асыл мұратты енді екеуі бірігіп іздеп келеді. Бұл үмітінен қара тұяғынан хал кеткенше бас тартпайтыны аян... Машина жолдан бұрылып қатты шайқалып кеткенде кабина есігіне шекесін соғып алған Нұрғайып ойдан сергіп түзеліп алды, бірақ дүрілі құлақ тұндырып келе жатқан мотор қақалып, шашалғандай гүжілдеп, пысынап барып үнсіз қалды. Очирбат оған бір қарады да: ̶ Осы жерге аялдаймыз, ̶ деп кабинасын ашып, сыртқа шықты. Нұрғайып бала салмағымен жаншылып, ұйып қалған аяғын көсіліп, тек ашық есіктен көк жүзіне көз салды. Манағы бір əзірде тұтасып, жер еңсесін езіп тұрған салдама бұлт көтеріліп кей тұсы сүзілген жабағыдай ыдырап, аспанның алыс жиегі көгере бастапты. Жаңбыр толастаған.Тек машина тоқтаған жер тоғайлы екен, есек құлағындай салпиған терек маржандай домалақ тамшылар үзіліп кетіп тұр. Өзгеден бұрын жерге түскен Ертай ұйқыдағы баланы өзінің су киіміне жұғыстырмай қолының ұшымен алды да келіншегі тысқа шығып, кабина ішін жайлап қайта жатқызғанша ұстап тұрды. Сонсоң омалып ұзақ отырудан денесі салдырап, бойын билей алмай қуатсыз қозғалып кузовқа асылып жатқандардың түсуіне көмектесіп, кейбіреуін тіпті көтеріп алып жүр. Бұл кезде ежелден қурап, қаусап қалған, бірақ қазір жаңбыр тиіп, сəрсем тартқан бұта шөмшектерін үйіп үлгерген Очирбат оған резина шлангмен сорып жіберіп бензин септі де, сіріңке жағып лақтырып қалды. От біртіндеп лаулап жанды. Бірнеше тəулік бойы мұндай от көрмей қалжыраған жігіттер айнала тұра қалып алдымен алақандарын жалынға аластай бастады. Аздан соң жылу тиген тері тон, күпінің шуаш иісі мүңкіп кетті.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ̶ Жігіттер, енді Саматты көтеріп əкеп от басына жатқызып, бойын жылытыңдар, ̶ деді Очирбат. Отқа қаншама жылытып, киімін кептіргенмен Саматтың халі жақсармады. Аузынан аққан сілекейін де жинай алмай қалыпты. ̶ Ашығып, өзегірей бастаған екен, бұған қазір тамақ тауып беру де, алып жүру де қиын. Өйткені мұндай жерде жазда ел отырмайды. Шыбыны, ыстығы жан таптырмай кетеді де ауылдар салқын жайлауға тартады. ̶ Бұл өзі үлкен өзен ғой. ̶ Иə, Байдраг өзені деген осы. Олар Говь-Алтай асханасынан астыртып алған етті недəуір талшық еткен-ді. Бірақ ол жерден тірі қой таба алмаған. Ал «қырсық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей, Самат қияс ниетінен қайтпай қойды, өзі тіпті төзімді неме екен, жастайынан құлағына сіңген ислам дінінің уағызына мықтап-ақ иланса керек, еттен татпайақ қойған. Міне, енді ажалдан бұрын өлгелі жатыр. «Сүйек қайнатып, сорпасын аузына құяйық»,– деді біреуі.
ӨЗЕКТІ ЖЕРДЕ ӨЛІМ БАР Уақыт желмаядай желме де, лезде өте шығады. Сонау бір жол азабын бастан кешіре жүріп астанаға келгеннен бері де қаншама шытырман оқиғалы күндер өтпеді дейсің. Очирбат Ертайды өзіне серік етіп алды. Олар жұмыс істейтін база бұларға уақытша киіз үй берді. Оны Очирбаттың ауласына тігіп, өз алдына түтін түтетіп, ел қатарлы тыныш тіршілік кеше бастады. Құттыбай қартпен ата жолдас болған Буянжав шешей де, сол кісінің өздеріне істеген жақсылығын ұмытпаған Тогтох та бұл екеуін туысындай қарсы алды. Очирбат пен Тогтохтан өзге айналышы бола қоймаған Буянжав əжейге Бағила жаңа бір ермек болып жолықты. Екі үйлі жанның ортасындағы жалғыз бала еркелікті де, есеюді де басынан тез кешіріп келеді. Міне, ол төрт жасқа да шықты. Қазақшаға да, моңғол тілге де жатық. Тіпті Нұрғайыптан ұғымтал. Бірақ ұзақ жолдан шаршағанның əсері деп алғашында елемей жүрген Нұрғайыптың сырқаты айықпай қойды. Тіпті күніне жетпей босанып, туған ұлы көп тұрмаған-ды. – Жас кісінің баласы өлмейді дейтін, балам Ертай, өкінбендер, сəбиің шафағатшы болсын! – деп Буянжав шешей ақыл айтты. – Сенен несін жасырайын, мына біздің балалар əлі нəрестесіз келеді. Соған қарағанда қолдарың бос емес. Бағилаң аман жүрсе болды. Бірақ өзіміз оңаша кеңесіп Нұрғайып аман-есен босанса қырқынан шығып шираған соң бөбегін алайық деуші едік, амал не, алла оны бізге көпсінді». Дүниеде ана мейіріміне тең келетін ештеңе болсашы! Моңғолхан деген ат қойылып, небəрі жалғыз апта тұрған шарана ұл-ғайыптың құсының соңынан Буянжав əжей егіле жылап еді. Көрінген соң аман тұрғаны жақсы еді, енді өтіп кеткеннен кейін шарасы болмаған Ертай іштей қиналғанымен сырт көзге онша ойсырай қойған жоқ-ты. Бірақ жігері жасып, жан-жарасын қара нардай көтеретін де, қайсар қабырғасының қайысар шағы да алда екенін ол қайдан білсін. Мұндай оқиға оның басына былайша тап болды. Батыста Германия, шығыста Жапония жеңіліп Совет елінің екінші дүние жүзілік соғыста жеңіп шыққан ерлігін
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз естігенде бір аулада отырған Очирбат, Ертай семьялары ғана емес қала мен қырда қуанбаған жүрек, елең етпеген құлақ, естиярлар ортасында, əй, некен саяқ-ақ кезіккен шығар. Осы кезде, əсіресе, шоферлер үшін тыным болған жоқ, жұмыс бұрынғыдан да қыза түсті. Кейде үйге оралмай, апталап кететін кезі жиі болады. Алыс жолға екі жігіт бірге шығады, Очирбаттың өзі ескі, машинасы жаңа, Ертайдың өзі жаңа, машинасы ескі. Оған шоферлік куəлік тапсырғанда база бастығы: - Біздегі келешегі бар, өсетін ыждағатты жігіт,– деп сенім жүктеген еді. Əзірше сол ақтап келеді. Бүгін де Говь аймақтарына жүк жеткізетін болып, жолға шығар алдында үйге оралған Ертай төсекте бүркеніп жатқан Нұрғайыптың бетін ашты. Дауасы табылмаған сырқат соңғы кезде тіпті меңдетіп тастаған-ды. Нұрлы жүзінен ажар, жанарынан ұшқын тайғалы, жігері жасып, қуаты қайтқалы да біраз уақыт өтіп еді, енді тіпті төмендеп қалыпты. Сонда да орнынан тұрып, тысқа шығып келді. Ауруханада көп жатып, жалыққан ол қазір үйде болатын. - Сен қатты ауырып тұрсаң, мен жолға шықпай-ақ қояйын. - Барып кел. Менің күндегі халім осы ғой, қашанғы қарайлайсың. Дəрігерлер жер-су жақпаған дейді. Аманшылық болса келесі жылы елге барсам жазылып кетемін ғой,– дегенді. Ертай сол кеткеннен тез орала алмай бір аптадан астам жүріп қалды. Оның үстіне тағы бір тосын кедергі тап болды. Улаанбаатарға қайта бет алған соң толассыз жүріп келе жатқан ол бір күні кешке таман жол үстінде тұрған екі адамға тап болды. Иен далада кезіккен бейсауат əлдекімдерге тоқтай берудің өзі қолайсыз сезілгенімен бұл жерде күдіктене қоюдың да орны жоқ сияқты. Өйткені екі адамның бірі еркек, екіншісі əйел екен. Екпіндеген қалпы оза барып тоқтаған Ертай артына қарап еді, əлгілер де жүгіріп келді. - Ала кетіңізші? - Қайда барасыңдар? - Алдағы сұмынға. - Отырыңдар!– деді Ертай. Сөйтіп еркегі кабинаға, əйелі үстіне орналасты. Дауыс шақырым жер жүрген соң əлгі кісі Ертайды жұлқа тартып қалды. Жалт қараған шофер өзіне төнген мылтықтың үңірейген аузын көрді. Табанда ештеңе ойлап үлгірмегенімен жауап күткендей дұшпанның бетіне қарады. - Бұр машинаны, андағы жолдан! - Неге? - Жан керек болса орында айтқанды, неге екенінде қақың болмасын! - Қалай жүрем? - Оңтүстікке, шекараға тарт! - Бензин аз, далада қаламыз ғой! - Қалғанға дейін жүре бер. Жазық дала, көзге шалынар бейсауат ештеңе жоқ. Машина зырлап келеді. Ертай абыржи қоймады. Бірақ сан алуан ой шырмап, қалай құтылудың тəсілін таппай мазасызданады. Оның үстіне мыналардың жөн-жосығы да белгісіз. Қайткенмен де тек бұған ғана емес тіпті бүкіл елге достығы шамалы қарақшылар сияқты. - Сіздер қайдан жүрсіздер? - Сөйлеме! Бізді шекарадан асырмай жауап күтпе! - Мейлі. Түн түнеріп қара көрпесін бүркеніп алды. Машина жарығы ғана елбеңдеген бұта басын шалып, бұйра құмды тіміскілеп келеді. Алғашқыдай емес машина жүрісі баяулап, ойышұңқырға түсіп шыққан донғалақ еркімен ырғалып-теңсеулі көбейе берді. «Шамасы жиырмадай шақырым бұрыс жүрген болармын» деп ойлады Ертай. Енді осы жылдамдықпен жүре беру болмас, қалай да бір амалын табу керек. Өйтпесе шекараға дейін əлі недəуір жол жүріп, оған жетпей бензин таусылса шынында да жау қолынан далада қаза табар. Сондықтан машина аман, өзім халді кезімде тəуекел етіп қалайын. - Біз адасып, теріс кеткен жоқпыз ба? - Шофер адаспауға тиіс, əрі жан керек болса! Жолсыз жер, оның үстіне аспан бұлт, айсыз қараңғы. - Онда менің шаруам жоқ! Машина шоршақтап, қатты шайқалып кетті. Соны сылтау еткен Ертай газды босатып жіберіп еді, мотор үні өшті де қалды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ - Жүргіз? Жау мылтығын кезеніп, шоферге төне түсті. – Атам! - Мен əдейі тоқтағам жоқ, машина бұзылып қалды, көрдің ғой өзің. - Жөнде! - Сыртқа шығып, моторын көру керек. - Шық ендеше! Мылтық аузы үңірейіп ажал сəтін таятып тұрса да, Ертай моторды ашып жіберіп, бірдеңесің шұқылаған болды. Сөйте жүріп жіңішке мыс жіп алып, келіп бір ұшын аккумляторға жалғады да, екінші ұшын «мынаны тартып тұрыңызшы» деп жанындағыға ұстата қойды. Қас қағымда бойына жүгіріп өткен токтан тітіркенген оның қолындағы мылтығы ұшып кетті. Осы сəтті пайдаланып үлгерген Ертай оның алқымына жармаса кетті. Екеуі бірін-бірі жеңе алмай жағаласып жатқанда кенет мылтық үні тарс ете түсті де, соған ілесе əлдекімнің өктем үні естілді. - Көтер қолыңды, тапжылма! - Тұр. Ертай қолын көтере түрегелді. Келгендер шекара сақшылары еді. Ал Ертайды бұрып əкелген əлгі ішкі моңғолиядан осылай жасырын өткен тыңшы болып шықты. Бірақ машина үстіндегі əйелді ешкім таба алмады, əлда қашан зытып берген. Бұлардың екеуі де осыдан біраз жыл бұрын шетелге қашқан оңтүстік Моңғолия ламаларының əулеті екен. Осындай жол шытырманына жолыға жүріп Улаанбаатарға жеткен Ертай əйелінің кірпігі ғана қимылдап жатқан кезіне ілінді. Сырқат қайтып оңалмады. Бірер тəуліктен соң мəңгі көз жұмды. ДОСТЫҚ АҚЫЛ «Екі босаға аман болсын!» дейтін ұлы сөздің шындығын Ертай енді ғана ұққандай. Нұрғайыптың жетісі өткен соң сарылып үйде отыра алмай жұмысқа шыққан ол кабина ішінде ұзақ толғанып, аяулы жарын аңсаған жалғыздыққа да көндігіп келеді. «Азаматтың алтын басы жерде қалмасын, əйел табылады» дейтін ескі сөз Ертай үшін айтылмаған сияқты. Қалай ойланып толғанса да Нұрғайыптай жарынан айырылған соң өзін шын бақытсыз санайды. Адамға ақыл серік болатын да, бір сəтке қайғы-қасіретіңді ұмыттырып, топ ортаға бейімдейтін де жұмыста бірге жүрген жолдастарың екен. Кішкентай Бағила көбінде Очирбаттың үйінде, Буянжав шешейдің қолында қалды. Киімі жыртық, тамағы аш болмағанымен анасы қайтыс болғаннан бері бір түрлі сағы сынып еркеліктен де, елгезектіктен де алшақтап барады. Ешкім шет қақпай етпесе де Тогтохқа да, Очирбатқа да тосын қабақ танытып отырады. Көп жылай бермейді, ондай қайсарлығы тағы бар. Бірақ ұйықтап жатып іштей өксиді немесе ояу отырып-ақ үлкен адамдарша күрсінеді. Əкесі алыс жолдан келген күні ғана қамсыз ұйықтайды. Дегенмен тағдыр тартқызған шеше қайғысын сəби жүрегімеи бағдарлап, өзін де сол опасыз өмірдің өгей перзентіңдей сезінетін сияқты. Ертайдың қайғысы тек марқұм жары туралы ғана емес мына кішкентай сəбидің болашағы, осының ендігі өміріне де ұштасады. Бұрынғыдай емес Буянжав шешейге де салқын қарай бастауы шын жетімдігін білген қасірет нышанын аңғартады. - Шіркін-ай,– деп өкінеді, – Ертай ой ұшығына жете алмай қасірет құшағында отырып, – Жарықтық Нұрғайып балажандық істемей-ақ осыны қазіргідей ес білмейтін кішірек кезінде Балқияға тастап кетсе мұндай қайғы-қасіретке душар болмай, тыныш өмір сүретін еді ғой. Міне енді... - Əке қырға тағы кетесің бе? - Кетем ғой, балам. - Мен де барам. - Əзір күн суық, машина бұзылып далада қалсақ, тоңасың ғой, қарының да ашады. Онан да Буянжав əжеңнің қасында үйде жүр, жарай ма? - Жə! Маған ойыншық əкеп бер.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз - Болсын, қандайы керек? - Əдемісі, – Бағила əкесінің мойынына асылды. - Əке, сен білесің бе, Тогтох эгчде бала жоқ па? Ал менде ээжээ жоқ. - Қой балам, өйтіп айтпа. - Менің тарағым жоқ. - Қайда қойып едің? - Тауып берші! Олар тарақ іздеп кебеже-қобдиды ақтарып, əуреленіп жүріп тауып алды. Бірақ Бағила енді сақасын, онысы табылған соң бір түймесін, тағы бірдеңелерін іздеумен əр нəрсені бір сылтауратып жүрді де, соңында өзінен-өзі жылап, уанбай, ақыры сілесі қатып ұйықтап қалды. Оны жатқызып қойып, іштей өкінген, өкінішке толы сағыныш торлаған жүзіне тесіле қарап отырып Ертай да оңашада көз жасына ерік берді. Тегі сырттай қарасаң көз жасы да мөлдір суға ұқсас, бірақ ол қанша жыласаң, сонша ағылып, көкірегіңді өртеген жалынды бір сəт азайтып, бойыңды жеңілдетер құдіретті күшке де ие. Əйтеуір, іштегі алаулаған жалын көз жасына айналып сыртқа төгіледі де жатады. Сонда да қасырет-қайғы мүлде ұмыт бола қоймады. Көкіректі кернеген мұң-наласы да, жүрек жарды қуаныш та тек уақыт əуенімен біртіндеп алыстап, ескіре бастайды екен; Мүлде ұмыт болу дегеннің, мүмкін, хайуанаттарда ғана кезігер. Əй, адам баласы өткенін ұмытса онда адамзат қоғамы да, жеке адам да болмас-ау... Үлкен бесін кезінде жолдан келіп, кішкентайымен екеуі ғана оңаша қалған Ертай соңында ұзақ жылап қалды. Ол осылай қанша уақыт өткенін білген жоқ, тек біреу келіп бетін ашқанда ғана үй ішінің қараңғы боп кеткенін көрді. Қасында Очирбат тұр. – Жалғыз жатқаның не? Түрегел, мен де жолдан əлгінде ғана келдім. Тогтох əлі жұмыста екен, шешем ас-суын дайындап болды. - Бағила ұйықтап жатыр, шошиды ғой деп қасына жатып ем! – Осы кезде үйге кірген Буянжав шешей сіреңке жағып, шам тамызды да: - Очирбат, сен тез жуынып кел. Ертай да тұрсын, мен тамақты осында əкеле қояйын... Тогтох та келіп қалар,– деп пешке отын салып, қоздандырды да, шығып кетті. «Қандай абзал адам» еді,– деп ойлады Ертай, – Өз анамның мейірімді құшағын көре алмаған маған қайын енем екі мінезділеу болып жолығып еді, енді мынандай қат-қабат өлімдіжітімді болған кезімде кезіккен осы бір абзал ана қарызын өтеу түбінде маған парыз ғой. «Аналық қамқорлық» деген осы да. Нұрғайып қайтыс болғаннан бері соның жоғын білдірмей бəрі де осында жиналып, бір де күн шоғын өшірген жоқ. Қаншама шаршап-шалдығып келсе де төсегі салулы, оты жағулы сол баяғы қалпында тұрады. Кішкентай Бағиланың күтімі де сол кісінің мойнында. Кірін жуып, жүдетпей, ырқына жүгіретін де бəрі өзі. Ал өзінің ұлы мен келінін де осы Бағиладай кішкентай санап, алақанда мəпелейді. Тіпті екі үйдің тіршілігін, барлық қарекетін бір өзі атқаруға қалай уақыт шығарып, қайтіп үлгеретініне таң қаласың! Ананың абзал жүрегі бүкіл əлемдей кең, күндей мейірімді-ақ қой. Осындай аналар жүрегіне қаяу түспесе екен, шіркін! Əйелсіз үй тұл, еркектін күні қараң ғой қашанда. Оның денесі талдырмаш болғанымен күш-қуаты шексіз, үні нəзік болса да, айдай əлемге аян. Əйелдей сыршыл жанды еркек, анадай мейірімді əке болады дегенге Ертайдың көңілі илана қоймайды. Өзі де еркек, əрі əке ғой, сөйте тұрса жастық жалыны да, жүрек нəрі де Нұрғайып марқұмның сүйген жарға деген ілтипатына, ұрпаққа көрсетер мейірбандығына теңеліп көрген емес-ті. Еркек пен əйелдің мұндай сыпаттарын дəлме-дəл өлшей қоятын салмақ таразысын əзірге кезіктіре алмағанымен Ертай оның бəрін өзінің пайымдауынан əлдеқашан өткізіп үлгеріп еді. Көкірегін кернеген мұң-шер үстінде де өзінше ой түйіп, от басындағы бұйығы тіршіліктегі еркек пен əйелді дəл бағаламақ боп Ертай да бір сəт іштей толғанды. О, адамның қиялы-ай! Сен қаншама ұшқыр болсаң да, қарапайым өмірден қатты, тəтті бірдеңені көрмей, көз жеткізбей дəлме-дəл пайымдауға тым олақсың. Сен көбінде өз басынан кешіргенді ғана сарапқа салуға бейім тұрасың. Артық айтсам айыпқа бұйыра көрме, əйтеуір, əйелсіз еркектің күні қараң деп егілген Ертай еркегі дүние салған жесір əйел туралы бір де рет ойға қалған жоқ. Өйткені, ол ондай өмірді басынан өткерген емес, ол əйел болып көрген жоқ қой. Сондықтан оның ұшқыр қиялы əйелі қаза болған күллі еркектер өмірін пайымдауға арналса да, жесір
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ əйел затының қасіретін тап басып, жеріне жеткізе түсіне алмайды, бірақ, сырттай жобалауын тағы қоймайды. Ал сүйіспеншілік дегенді өмірінің қай тұсынан басталса да ақырына дейін жеткізе білу де əйел затының үлесі. Кез келген еркекке көз сүзетін əйел сирек болады да, басы қаралы жесір əйел көбінде қайта өрге шығуды ойлай қоймайды. Бірақ, үйінен қалған еркектің жөні басқа. Сондықтан Нұрғайыптың бет топырағы жасырылмай жатып жігіттер Ертайдың төсек жаңғыртуын қалап, ақыл айтады. - Үйленгенің дұрыс, түтініңді өшірме. Бұрынғылар «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» дейді екен ғой, сен де солардың бірісің. Кімді қалайсың, соны алып берейік, алдымен өзің айт, таңдағаныңды,– деді Далабай Нұрғайыптың қырқы өткеннен кейінгі бір кезіккенде. Ертай не десін оған. Оның айтып отырғаны достық ниетінен туған шын қамқорлығы. Япырай, адам баласына тағар кінəның өзі кейде дəл құнына татымайды-ау, шіркін, мынаның жанашырлық көрсеткен сиқы тек осы ғой. Құдай-ау, бұлар еркекті қораз, əйелді мекиен деп ойлай ма, анасы болмаса, мынасын ермек ету деген қандай пəтуасыздық. Тіпті түптеп келгенде жан жарасы жазылмай жатып, тəн лəззатын іздеуге қандай пенденің көңілі селт етеді. Біреуге осылай көрінген өмір ауыртпалығы, кез келген адамға қасірет боп сезілмейді ғой, тегі... Олардың пікірінше Ертайға əйел табылуы оңай, бұрынғыдай құда түсіп, мал айдап əуре болмайды, біреуді өзі ұнатса бітті көптеп көмектеп, азғырса да ебін тауып əкеледі де, дайын үйге енгізе салады. Шын жанашырлық көрсеткен жолдастары мұны істейтіні күмəнсіз. Сөйтіп, Ертайға əйел табылады дейік, сонда ол жар бола ала ма? Бір төсекте жатқан еркек пен əйелдің бəрі жайы келіскен жұбайлар болғанымен жаны жарасқан жандар дей алмайсың. Бірақ, сырттай жылтыраған ажар көрікпен өзін-өзі алдап, ғұмырдың соның тұтқыны етіп жүрген ерлі-зайыптылардың барлығы бақытты пенделер еді деу де асығыстық болмай ма? Кеудені керіп, жүрек сыздатқан қайғы бұлты қабақтан ырылмай жатып көрінген нəпсі құмар күлкінің көк жиегінде қандай береке болсын! Бұл Ертай үшін жат қылық, достық ақыл осы ма? ҚАРАҒАЙДЫ ТАЛҒА ЖАЛҒАП... Жер лайсаң. Қыстайғы ақ көрпеге оранған өлке біртіндеп ала теңбілдене бастапты. Оның үстіне аспан тұнжырап, ери жауған қар жол үстін мидай былжыратып жіберген. Алыстан мен мұндалап, күн сəулесіне шағылысып, ақ қағаздай жарқырап тұратын Отгон тэнгэрдің үшкір шыңдарын торлаған бұлт көтерем нардай шөгіп қалған. Төңіректі қоршаған аласа адырлардың өзі үртіс себезгілеген жаңбыр мен дымқыл тұманнан белі талғандай қайқалақтайды. - Жаңбыр толастап, аспан айықпаса бүгін де осында ерулемей болмайды,– деді Очирбат – Мына кезеңнің бергі бетінен ар жағы қиын. Шоферлер үнсіз отыр. Бəрі де қалжыраған, қажыған кейіпте. Улаанбаатардан шыққалы жарты айдан астам уақыт өтсе де біріне-бірі қарайлаған мимырт жүріспен шұбырған бір топ машина Ширээ сұмынына кеше ғана жеткен. Бірақ болжамды жерге əлі бара алған жоқ. Жол бастаушы да, бұл келе жатқан топтың ақылшысы да Очирбаттың өзі. Ол мұнда бұрын да келген, осы жолмен екінші рет жүруі. - Мына өзенді «Ширээ гол» дейді, сұмыны да осының атымен аталған. Əйгілі Хатанбаатар Магсаржавтың Ванданов дейтін бурят тонаушының тобын құртып, Улиастайды азат еткен жері де осы. Енді осы өзен бойын сəл өрлеп барып əлгі-«Жалғыз кезең» дегенге шығамыз. Аржағында Завхан аймағының орталығы Улиастай көрініп тұр, бірақ, қия бет, ылди жер, бұралаң жол тым қатерлі. Бұрын атты кісі ғана асатын асу жөнделгенімен онша жақсы болмапты. Сонда да келіп алып, жетпей қайта кететін емес, нар тəуекел. Ертай машинаның жақтауында отыр. Жолдастарына бағдарлай көз салып, əңгімеге араласудан гөрі осы сапарлары жайлы көбірек ойланды. Бұл жолға шығу үшін бір аптадан астам уақыт зая кетті. База көлеміндегі елудей машинаның алыс жолға жарайтыны бесеу-ақ екен, яғни əр оннан бірі ғана: Соның өзінде мүлде ақаусызы жоқ. ...База бастығы Даваажав қызық кісі. Өзі жұмысқа өзгелерден бұрын келіп, соң қайтады, оның мұндай əдетін көрген бөгде адам асқан еңбекқұмар болу керек деп ойлауы
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ықтимал, бірақ, ол кеңседе отырып жазумен шұғылданбайды, тіпті, столында жататын борпылдақ қағазды дəптердің беті ашылмағалы үш жыл болды. Сөйте тұра қонышында жүретін көк сиялы қарындашын жоғалтпайды. Ал кейде күні бойы кеңсесіне кірмей, база ауласында шоферлермен əңгімелесіп отырып уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Жас мөлшері елулерді алқымдаған Даваажавтын көргені де көп. Төңкеріс жылдарында жасааның малын бағып жүріп бір тоқтыны ұрлап сойып, далаға тығып қойып, қақтап жеп жүрген жерінен ұсталып, таяққа жығылғанын, соның ызасымен бір қора қойды ақтарға бере салып, жақсы аттанып, сыйлыққа мылтық алғанын, олардан тапсырма алып, халық жасағына тыңшылық істеп жүріп қолға түсіп Сүхбаатардың алдына барып, ол кісінің ақылымен жасаққа қосылып əскер болғанын, сонында бір байдың тоқалын алып қашып, Да хүрээге келіп паналағанын ұзақ сонар əңгіме болдырып айтады. Бір күні кеңсесінен қатты абыржып шыға келді. - Не болды сізге, Дааяа? - Əбден бүлдірдім. Сайдқа тілім тиді. - Қалайша, неғып? - Мына телефон дегенді бір жерге жалғатып ем, ар жағынан. «Бар ғой, мен Чойжилмын» дегені, шошып кеттім де «Үхсэн хойнноо» деп жібергенім. - Е, Сайдқа неге өйтіп айтасыз? - Телефонды балағаттағаным да... Əйтеуір, оның сөзіне күлмейтін шофер болмайды, бəрі де дабырлап, қарқылдап жатады. Сол кісі Завхан аймағына бір топ машина жүргіз деген бұйрық алған соң шоферлерді жинап механикті де, диспетчерді де ерте жүріп, əр машинаны мұқият тексеріп көріп, бірінде жетіспейтін запас бөлшектерін, екіншісінен ауыстырып салумен болды. Ақырында бес-алты машина жолға шығатындай шала-шарпы бүтінделіп еді, мүшелері үлестірілген кей машинаның қаңқиған «қу сүйегі» ғана қалды. Завхан өлкесі солтүстік шығысына қарай Хангай зонасына жалғасатын болғанымен қысы қатты, көктемі қара қатқақтанып, кей жылдары жазғытұрым қара боран ойылған жұтқа ұласып кететін. Биыл да сондай белгі бар. Қыста қар төтенше қалың жауды да аяз күшейіп, жеке Чигистей алқабын ғана емес Буянт, Идэр, Тэлмэн жағалауын мекендейтін сиырлардың құйрығы оқтаудай серейіп қатып, сынып түсіп қалды. Əрі қатал табиғат қысып, əрі қоңторғай тұрмыс жүдеткен халық үкіметтен жəрдем сұрапты. Сол үшін қолданылған шара-осы бес машина жүк. Астанадан мың шақырым қашықтықтағы Завхан аймағы солтүстігінен шекаралас жатқан Хөвсгөлдің Хатгал базасынан жүк алуға əлденеше рет кіре түйе жібергенімен базаның өзінен бір қалақ ұн, бір қайнатым шай таба алмаған-ды. Ал осынша шалғай, күдір жолға жарайтын машина, сенімді шофер де оңай табыла бермейді. Сонда да үлкен жердің тапсырмасы аяқсыз қалсын ба, алғашқы қадам осылай басталады. Түс ауа тұман жедел көшіп, аспан əр жерден көріне бастады. Бұл кезде жаңбыр да толастап, енді өкпек жел тұрып, ызғырықтап кетті. Шоферлер машиналарына от алдырмақ боп қарбаластанып жүр. Көпшілігі-ақ от жағып, мұздап қалған маторды қыздырса, бірер ғана шофер ұқыптылық жасап орап тастаған перезентін ашып, радиоторға ыстық су құйып жатыр. Кенет «Өрт, өрт» – деген айқай шықты, – Өрт! Жасы Ертайлар шамалас бірақ олардан бұрын осы базаға шофер болып орналасқан Дэмбэрэлдің машинасы түтінге қақала бастаған. Адамдар жүгіріп кеп ақыл тапқанша кабина ішін, моторға жалғасқан шырмауық жіптерді жалын жалап, ештеңе қалдырмай күйгізіп кеттті. Өрт сөнді, бірақ машина істен шықты. – Ақымақсың,– деді жігіттер Дэмбэрэлге – Машина астына «үйген отынға бензин құя ма екен!» Ежелден ұрт тілді, қыңыр міңезді, жолдастарымен ылғи ерегесіп жүретін ол бұл жолы да кемшілігін құп алған жоқ. Дым тартып, жасаңғыраған ағаш жана қоймаған соң ызаға булыққан ол шөмшекке орта шелек бензинді құйып жіберіп, сіріңке шағып тастай салған болатын. – Өлгенің... Бір көк темір өртеңгенге мен де өліп кетейін бе? – деп жігіттерге кіжіне қарады да, тепсініп келіп, бір түкіріп жіберіп, төбесінен ашық от түтіні будақтаған, өзгеден оқшау отырған еден үйге қарай жүре берді. Оның сыры белгілі
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз енді қайта айланбайды. Өртенген машинаның да, оған тиелген жүктің қалғаны осы. Не істеу керек? – Көре тұра қоғам дəулетін қалай тастап кетеміз? Өзге машиналарға бөліп тиеп алайық,– деді жас шофер ГанжуурОчирбат аға, сіздің Улиастайдан қайтып кеп аламыз дегеніңіз дұрыс қой, бірақ оған тағы да бір-екі күн зая кетеді, оның үстіне иен қалған жүктін қолды болуы ықтимал. – Бір ауылдың қасына сүйреп апарып қояйық. –Жоқ, онда Дэмбэрэлдің өзі-ақ бүлдіреді. Сөйтіп, бес машинаның жүгін енді төрт машинаға бөліп артқан олар сол күн бесін кезінде жалғыз кезең обасына шықты-ау, əйтеуір! Бəрі де жерге түсті. Алыста жым-жырт боп Улиастай қаласының ескі тамдары көрінеді. Асу асты апандай қарауытып тұр. Көлденең маңдайша қабақ кенереленіп, төменгі сай ішін болжатпайды. Күндізгідей емес боран күшейіп, дауылға айналып кетті. – Рессор сынып қалыпты, – деді Ганжуур, – запас ештеңе жоқ, қайтеміз енді!? – Япыр-ай, – деп Ертай да дағдарды. Кейін қалған машинаның запастарын шешіп алу керек еді, есімізге келмегенің қарашы! Қазір қайта баруға мүмкіндік жоқ, жүгі ауыр машина шықпай қойса тағы əлекке түсеміз. Не де болса осы жерде жөндейік. Мен де қайыңнан қақтап шауып, кептіріп алған бір «рессор» бар, соны салайық. – Өзіңнің ойлап таппайтының жоқ-ау! Енді шойын, темір орнына ағаш пайдалануды қарашы! –деп Очирбат та танданып, темірдей қатқан, шертіп қалсаң дығырлаған дыбыс шығатын тақтайларды көре бастады. – Қайтеміз енді «амалдап қарағайды талға жалғап» дегендей жүре бермесе болмайды ғой, – деді Ертай. АҚТЫҚ ҚҰШАҚ Ұйтқи соққан дауыл ызғары еттен өтіп, сүйекке жеткендей. Аспан енді тулаған теңіздей астаң-кестен боп, жоғарыдан басталған жел қою тұманды тау басынан додалай қуып жүр. Күн ұясына қонақтауға таяған шақ. Тезірек қимылдамаса көз байланып кетеді де, кезеңнен түсу оңайға соқпайды. Төрт шофер Ганжуурдың машинасын зорға жөндеп үлгерді. Мұндай ызғарлы суықта темір ұстаған қызыл қолдар көгеріп, шымырлап, сəл жылынса дызылдап кетеді. Сол тұрыстың өзінде əркім өз машинасына жүгіріп, тамызып, қыздырып қойып жүр. Енді жаппай қозғалуға тура келді, бірақ, жас шофер Ганжуур мына ылдидан машинамен түскенді қойып, қараудың өзінен қорқатынын айтып, кабинаға отырудан мүлде бас тартты. Мұндайда ұзақ сонар сөзден де, самарқау ойдан да пайда жоқ, тек жедел тəсіл табу керек. Сондай ниетпен тəуекелге бел байлаған Очирбат Ганжуурға бұйыра сөйлеп: – Сен менің машинамның суын қатырмай тамызып отыр, өздігіңнен қозғалма. Мен сенің машинаңды жаттықа түсіріп тастап келейін,– деді де Ганжуурдың машинасын оталдырып, қозғала беріп,– Ертай, сен менің артымнан жүр! – деп айқайлады. Ертай кабинаға отырып, моторға от алдырды да, рулін сəл бұрып түзеп алып, есігін қатты жапты. Сонсоң жайлап қозғалды да, Очирбаттың соңынан ерді. Бірден-ақ машина мойыны тұқырып, ылдидан ыра төмен құдия бастады. Рульге мықшия жабыса түскен ол тормызды сірестіре басып келеді. Сонда да машина доңғалағы айналып келе жатпаған сияқты, сырғып, батпақты ілгері итеріп, түре береді. Алдыңғы машинаның халі бұдан да мүшкіл көрінеді. Оның тормызы зорға ғана өрелей ұстайды екен де, ұршығы сылқылдап, құрт болған жылқыша бос қалған тормызсыз дөңгелектері бейберекет айналып, жолдың ылди жағындағы құлама топырақтан асып кете жаздап лоқылдап, машинаның артын бұрай береді. «Өз машинам да өстіп келеді-ау» – деп ойлаған Ертай алдына қараудан жасқанып, тек жолдан шығып кетпеуді
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ғана қадағалап отыр. Бұлар төмендеген сайын мидай былжыраған топырақ доңғалақтың бұжыр табанына батталып, толып алды да, сыртына сабын езіп жаққандай жылпылдатып жіберді. Енді тормыздың да септігі азайып бара жатқан сияқты. Алдыңғы машинаның сырғанауы басымдап кетті. Соның өзінде тізгінге жабысып, қарысып қалған адам қолы, дүлей күшті өз ырқына көндіріп, арпалысыпақ келеді. Кенет Ертайдың көз алды шымылдықтанып, жанарын бір нəрсе көлегелей берді. Ол көзін түйілген жұдырығына үйкеді де, маңдайынан сорғалаған тер екенін біліп, тұла бойының малшынып кеткенін сезді. Ойпыр-ай, мұндай да жол болады екен-ау! Жаңа ғана кезең үстінде үсіп өлуге таяған адам лезде осынша терлеуі ненің күші екен, шіркін! Кенет алдыңғы машинаның еңіс жағындағы артқы доңғалағы сүйретіле барып, жолдың астына түсіп кетті де, өр жағының қос аяғы қазандай биік тастың үстіне шыға келді. Машина өн бойымен теңселіп, биік жүк еңіске қарай бейімдей берді. Тіпті құлап бара жатқан секілді. «Ойбай» Өз дауысын өзі естіп үлгермеген Ертай көзін жұма қойды. Бұл қауіпті дəл сəтінде аңғарып үлгерген Очирбат та лезде əккі тəсіл тауып, тізгінді еңіске қарай бұрып қалды. Сол кезде аударылуға айналған ауыр жүк күшінің тіреу салмағы алдыңғы екі доңғалаққа түсіп, лықсып барып, түзеліп кетті. Ертайдың алдында орнықты жерге төрт тағандап тең басқан машина тұра қалды. Бұл қия беттің етегіне жеткен ең соңғы табалдырық еді. Кабинадан түсе жүгірген ол есігін баппен ашып, жайлап шығып келе жатқан Очирбатты құшақтай алды. Екеуі де үнтүнсіз, құшақтары қоян-қолтық айқасқан бойы дымқыл жерге сұлай кетті. – Ертай,– деді Очирбат біраз жатқан соң, алдымен тіл қатып, – Біз де əзірше бет алған мақсаттан қайтпай келеміз. Талай сын сағаттарда сен де маған азаматтық серік болдың осы достығыңды немен ақтар екем! Жаңа құлап қалуға таядым, бірақ, аман құтылғаныма менің өзімнен, сен артық қуандың. Ганжуур бала ғой, оған қол ұшын бермей болмайды, еліміздің өзіміздей жас жұмысшы табы да əлі сол сияқты балаң-қабырғасы қатып, бұғанасы бекіген жоқ.Маған Совет азаматы мамандық үйретсе мен шамашарқымша жастарға жəрдем етуді мұрат тұтамын. Ал мен тауға өрмелейін. Барғанша біраз уақыт кетеді ғой, əйтпесе, өз машинам сыры өзіме белгілі, қорықпай жүре алам, тез келіп қалармын. – Дегенмен жол жаман, абайларсың. – Абыржыма Ертай, о жағын маған қалтыр... Аспан жиегінен үзілген жұлдыздардай қозғалған екі сəуле биіктен түсіп келеді. Бұл екпінмен құлдилаған Очирбат машинасының қос жарығы, ілгері кейінді жолдастарының басын қосып, ел орынға отырмай Улиастайға жеткізіп, тамақтандырып, тынықтыруды ойлаған-ды. Өрге қарай жылдам жүрем деп қатты терлеп, алқынып кетті. Сонда да аялдамаған от тырмысқан қалпы кейде тізесіне сүйене басып кезеңге шықты. Бұл жерде боран əлі толастамаған. Қарсы келген адамның етегін жұлқылап, кеудеден итеріп, маңдайға сабалайды. Машина от алып тұр. Оның үнін ұйтқыған жел ықтатып ала қашып, естіртпейді. Ганжуур тоңып, бүрісіп отыр. Əйтеуір, радиатордың суын қатырмапты. – Мен жаяу жүгіріп, жылынбасам болар емес, қатты жаурап барам, жер еңіс қой машинадан қалмаймын. – Сөйте ғой, бірақ машина жолымен иректеп, көлбемей тура кетсең де болады,– деп Очирбат қозғала беріп тормозды, жылдамдық тетіктерін асығыс тексеріп көрді де, баяу жылжып жолға түсті. Расында да əркімнің қолы үйренген дүниесі өзіне қандай қолайлы. Əлгіндігімен салыстырғанда мына машинаның барлық тетігі жатық, саусақтың ұшымен қозғалып, елпілдеп тұр. Тормозы қандай сенімді, төрт аяғын тең жұмсайды. Ол манағындай емес жылдамдықты қоса түсті. Машина ыңырана жылжып, жортақтай ұмтылған сайын кейде жиі шоршақтап келеді. Қос жарығы тынымсыз жыпылықтап, бірде машина астына кіріп кетердей иек астын тінтісе, кенет алыс адырды шарлап, кезіп барып оралады. Очирбаттың кабинасында спидометр жоқ-ты. Тіпті
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ол кезде ондай төрт түлігі сай машина бір базаны қойып, Улаанбаатар көлемінде тым сирек кезігетін. Сондықтан жылдамдық мөлшерін қара дүрсін қағып жобалаған ол онша қатты жүріп келем деп ойламады. Ал, недəуір еркінсітіп, тежегішті босатыңқыраған соң доңғалақтар үйкелісі азайып, сырғанаудан гөрі айналысы жиілей түсті. «Япыр-ау! – деп танданды Очирбат, – Əлгінде тым ақырын жүргендіктен аңғармай қалдым ба, қалай өзі ойлы-шұңқыр неткен көп еді?» Ол жылдамдықты азайтып үлгергенше алдынан қарауытқан шұқанақ кезігіп қалды. Абыржымай қимылдап газды тартып, тормозды қаттырақ баса қойып еді, ылди жағынан алдыңғы доңғалағы қазан шұңқырға дəл киіліп, қызықтай қадала қалды да, артқы доңғалақтар екпінінен тежеуге дес бермей сырғанаған бойы жолдан асып түсті де, биік жүк теңсей бұраған машина аударылып бара жатты. Очирбат бұл апатты дер кезінде сезгенімен құтылып үлгіре алмады. Соның өзінде көз ілеспес жылдамдықпен кабинаның оң жақ есігіне жармаса берді. Өйткені машина шофер жағына төңкере бастаған-ды. Қатты түскен түбінді күшіне шыдамай бастырған арқан үзіліп қалған машина тағы бір аунап тоқтады. Осы əрекеттің бəрі қас қағым сəтте аяқталды. Төмендегі жолдастары жүгіріп жеткенше қабысқан кабенадан шоферді шығара алмаған Гонжуур еңіреп жылап, өз басын тоқпақтаумен болды, бірақ, есіл ер Очирбат əлдеқашан бұл дүниеден өтіп кеткен болатын. ЖАТЫП ЖАСТЫҚ Біріне-бірі ұқсас қаралы күндер өтіп жатыр. Очирбат қайтыс болған сəтсіз сапардан оралғалы Ертай күндік жолдан ұзаққа жүрген жоқ. Міне, сонан бері де жадыраған жаз өтіп, мезгіл қоңыр күзге айналып барады. Мүмкін, жазды өзгелер қызықтап өткізген болар, бірақ дəл мына екі үйлі жан таңның атып, күннің батқанын сезінбей, бірыңғай түн-түнегінде тірлік кешкендей халде еді. Жалғыз ұлынан айырылған Буянжав шешей қатты жүдеп, салдырап кетті. Бірақ талайды бастан кешірген көне көз қария ғой, сырттай қайсарлық жасап, сүйекке қарысып-ақ жүр. Аяулы жары дүние салған Тогтохта өзгеше бір мінез пайда болды, онысын өзге түгіл өзі де түсінбейді. Жұмыс кезінде көптің ортасында ылғи томаға тұйық, үнсіз жүреді де, қолы босай қалса ешкімге жұғыспай жеке дара, тіпті жеке дара болуды қалайды. Расында да қабағына қаяу түсіп, көкірегіне мұң ұялаған пенденің көптен оқшау, өзімен өзі сырласып, ұзақ толғануы да бір медет-ау, сірə! Мұндай оңашалықты Ертай да бастан өткеріп жүр. Очирбаттың өлімі бұған да оңай тиген жоқ. Ондай жайсаң адам мұның өмірінде енді кезіге қоймайтын секілді. Күн өткен сайын орны үңірейіп, айқындала түскендей. Иə, ол бір абзал адам еді ғой, оны жеке бұлар ғана емес, кəсіптес қауымы да өгейлей бастады. Бірге жүрген шоферлерді қойып, база бастығы Даваажавтың өзі екі сөзінің бірінде: – Очирбат бар болса сөйтер еді, бүйтер еді, ол сондайды əлде қашан реттеп тастайтын-ды – деп жұмыс жайында нендей бір дау-шар, күрделі іс бола қалса ылғи есіне алып отыратын. Міне, сондай күндердің бірінде шығыс аймақтарына барып қайтатын тығыз-таяң жұмыс шықты да енді Ертай бастаған бір топ шоферге міндет жүктелді. – Ертай, осы сапарға өзің басшы болып барып кел. Бұрынғыдай сенімді бастаушы Очирбат та, қазан бұзар Дэмбэрэл сияқтылар да қастарыңда болмайды. Өздеріңе ұқыпты, бір-біріңе серік болыңдар! – деген Даваажавтың бұйрығынан жалтарар сылтауы болмаған Ертай еріксіз жолға шығуға мəжбүр болған. Бұл сапарда олар ауа райының кедергісіне де, қиын-кедір
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз кезеңге де ұрынбай, тек жазық даланың бөгетсіз алыс жолын тамамдап, аптадан астам уақыт жүріп оралды. Кішкентай Бағиланы сағынған Ертай соңғы кезде күнді түнге жалғап суыт жүріп еді, Ганжуур да, өзге шоферлер де қалыспай шұбырып онша шаршап-шалдықпай-ақ астанаға жетіп үлгерді. Ертай мұндай сапардан қайтқанда тек өз баласына ғана емес, басы қаралы, жаны жаралы Буянжав пен Тогтохқа да лайықты сəлем-сауқат ала жүруді машық еткен-ді. Бұл жолы Чойбалсан аймағындағы Совет мамандарының дүкенінен велосипед сатып алды. Бағилаға табылмайтын ермек мұндайды кішкентай қызы Ертайдың өзі де бұрын-соңды кезіктірмеген аса ұнамды бір дүние. Сөйтіп, Улаанбаатарға таяған сайын баласына сол ойыншығын тез жеткізуге асыққан ол машина жылдамдығын қоса түспек болды. Алабұртқан көңілі алып ұшқан əке салып ұрып ауылына жетіп келгенде аулада тұрған бір топ адамға көзі түсті. Даваажав бастаған базаның басшылары екен. Бұлар мұнда не іздеп жүр? Машинасын сөндіріп, кабинадан шығып үлгергенше секемшіл көңіл əлдебір сұмдықты күткендей қобалжып, жүрегі дүрс-дүрс соғып кетті. Тегін емес-ау, сірə! Адамдар өз ара сөйлесіп, жайбарақат сөйлесіп тұрған сияқты көрінуге тырысқанымен өрт сөндіргендей реңі қашқан жүздерінен бір сұмдықтың лебі есіп қоя берді. Бұрыңғы ұшқын атып тұратын өткір жанарлар да, ежелден еңсесі түсіңкі бастарға қонақтаған өлгек, сығырайған жасық көздер де бұған тура қараудан жасқанып, жалтарып қалады. Ауланың есігінен төрінде отырған екі киіз үйге дейін небəрі жиырма қадамдай-ақ жер болғанмен бұл бір жапан даладай кең, аяқ жетпестей алыс сияқты көрініп кетті Ертайға. Жүрек дүрсілінің күші енді буындырып, дірілдетіп, аяқтары жерден алынбай, бүкіл денесін көтере алмай майысып, атан жілік азаматтың шыны сүйектері бор кеміктеніп, сығылып, қаусап бара жатқандай, көз алды шымылдықтанып, жарық əлем сөніп, айналаны сұрапыл түнек торлап кеткендей рухы өшіп ештеңе ойлауға мұрсасы жетпей қалды. Иқуатсыз бос ербеңдеген қолындағы қосақтаулы кілттерді қоярға жер таппай біресе қалтасына сұғып жіберді де, лезде қайтадан суырып алып, алақанына умаждап, қысқан болады, бірақ, ондай шама қалмағанын да сезер емес. Ол жүріп келеді, алдындағы түстері суық көрінген адамдарға таяп қалды. Осыған дейінгі өте шыққан бірнеше секундтың өзі оған мəңгілік, түпсіз уақыттай көрініп кетті. Енді өзге қамқаракеті таусылған соң басындағы тымағын оң қолымен жұлып алды да, сол қолына ұстап бір айналдырып қайта киді де, ыржиып күлген болды, бірақ, бұл қылығы тым ерсі, əрі парықсыз далбасалық еді. – Сайн байна уу, Ертай гуай! – Даваажавтың сəлемдесуі өзгелерге рух бітіргендей жапа тармағай амандасып жатыр. Тап бір ең аяулысындай бəрі де жанашырлықпен ілтипат білдіріп жүр. – Бұл не тұрыс?– деді Ертай, амандасып аяқтаған топ тағы да іркіліп қалған соң. Оның сөзінің екінші мағанасы əдейі түсінбегенсіп: – Расында да үйге кірейік, деп Даваажав есікке бет алды. Тогтох қазан жақта түрегеп тұр. Белін буынбаған, шапаны көлбіреп қолтығының түймесі ағытылып кеткен. Төсек алдында отырған Буянжав шешей еңіреп жылап, орнынан түрегеле берді. – Шеше, неге жылайсыз, Бағила қайда? – Айырылып қалдым ғой, мен бейбақ! – Əй, бір сұмдықтың болғанын біліп ем-ау, құдай-ай, енді қайтейін?! Қасындағылыр дабырлап кетті, бірақ, онсыз да жүйкесі жаншылып ештенеңі ұқпаған Ертайда онан əрі сөйлеуге де, ойланып-толғануға да дəрмен қалмады, тынысы тарылып, сірескен қалпы отқа қарай құлап бара жатты. Оның қас-қабағын бағып отырған жолдастары қарбаластана ұмтылып кеп сүйеп, кейін тартып алды. Төсекке əкеп жатқызып, киімінің түймелерін ағытып, тыныстатпақ боп əбігерленген олардың қамқорлығын білетіндей ес қалмай талықсып, тісін қайрап арпалысқан оның аузынан ақ көбік шыға бастады. Басын сүйеп отырған Даваажав бірер адамды дəрігерге жіберді. Өзі де көз жасын тия алмаған Тогтох жылай жүріп кеп Очирбаттың орамалымен Ертайдың бет-аузын сүртті.
Жоғалған қыз ИІЛІП ТӨСЕК Дəрігер көп күттірген жоқ. Ес жиғызатын емін де ала келіпті. Бірақ тосын сырқатқа ұшырамағанымен жұқарған жүйке əлсіреуі оп-оңай оңала қоятын емес. Сондықтан ауруханаға жеткізу керек. Жігіттер қолдасып, көтеріп тысқа алып шықты да Ертайдың машинасының үстін жайлап, соған шығарды да сұлап жатқан аптал азаматты тізелерімен сүйеп, алақандарына салып, шайқалтпай ұстап отырды. Оны қолмақол орналастырып, мүмкін болса сусын ішкізіп қайту үшін Тогтох да кетті. Ауылда жалғыз қалған Буянжав шешей ұзақ ойда отыр. Кішкентай Бағиланың кенет жоғалу тағдырына тек өзін ғана кінəлі санайды. Расында да солай емес пе. Оқиға былай болған-ды. Бағила төрт жасқа шықса да əлі бойы нəзік, тіпті, сырттай көргендер оны екі немесе үш жасар ғана дейтіндей. Ал оның есесіне тым пысық, құлдыраңдап қолды-аяққа тұрмайды. Балғын жүзінің шырайы шешесіне тартқан қыр мұрынды, алқызыл реңді, екі бетінің ұшына кейде қан ойнап шыға келеді. Жас бала болғанымен кірпіктері ұзын, жанары: ұшқынды, меруеттей мөп-мөлдір, қарақаттай қап-қара. Оң көзінің қарашығының артындағы қағаздай аппақ шелінде иненің жасуындай қоңыр қалы, тағы да оң жақ ұртында тырнақтын көлеміндей шұңқыр бар. Қазақша да, моңғолша да тілі тықылдап, жақсы үйреніп келе жатыр еді, жиі-жиі өлімге душар болған қаралы, жылауы көп, күлуі аз ауыл оның да қабағына қаяу түсіріп, көбінде үнсіз, ұзақ ойда жүретіндей тұңғиық мінезге итермелегендей еді. Сондай сарылған ұзақ ой соңында жүріп кейде өзінен өзі жылап та қалатын. Ондайда алдауға көніп уана қоймайтын. Мұндай əдетін əкесі жоқта да шығарып, бауыр басып қалған Буянжав шешесінің алдында да көрсете беретін. Дегенмен қарт ананың ұзақ, əрі мұңды əлдиін тыңдап жатып, тыныш ұйықтап та қалушы еді. Оның өз шешесінен айырылғаннан кейінгі біраз уақыт бойы осы екі əйелге, əсіресе, Тогтохқа онша жұғыса қоймай сырғақсып жүргені де бар. Бірақ, Очирбат қайтыс болған соң қасірет шеккен Тогтохты сəби жүрегімен аяй ма кім білсін, əйтуір лезде табысып кетті. Сондай күндердің бірінде Тогтох жұмыстан сырқаттанып келді. Алып-жұлып бара жатқан орасан ауруы болмағанымен басы көтертпей, зеңіп асқазаны топталып, еңсесі түсе берді де, іске зауқы болмады. Сонсоң үйге келе жатып қалды. Ертеңінде де салғырт сырқаттан айыға алмаған ол күні бойы төсектен тұрған жоқ. Буянжав шешей үй ішінің қарекетімен шұқыланып қолы босай қоймаған кезде Бағила түске дейін Тогтохты жағалап, жұқа бас орауышына ойыншығын түйіп ойнап жүрді. Бір сəт келіншектің салалап өрген ұзын бұрымын білегіне орап тұрғанын көріп, Тогтох оны жерден көтеріп алды да, киімін шешіп қойып, кеудесіне қысып еркелете бастап еді, жылы көрпе ішінде, мейірімді құшақта жатып, маужырап, ұйықтап қалды. Кешқұрым ғана шапанын желбегей жамылып тысқа шыққан Тогтохқа ілесіп жүгіріп жүрген балаға онша назар аудара қоймай, келініне баптап шай қайнатып беру күйбеңімен болған əжесі оны бір сəт ұмыта қалды. – Ыстық шай іш, балам. Басыңның қаны тарқайды. Өзіңде жұмысты тынымсыз істейсің ғой, шаршап, зорығып кеттің бе, кім біледі. Сырқаттансаң дəрігерге де бармай қоятының бар. Жылы қымтанып отыршы, кішкене жіпсіп, терлер ме екенсің. Алла, менің де көк желкем ұйып, ашып кетеді. Сонда да жатқым келмейді. Очирбаттың артында қалған ит жанды не қылам ардақтап! – Апа, өзіңіз де ішсеңізші. Таң атқалы мейіріңіз қанып ештеңе ішкен жоқсыз ғой. – Ей балам-ай, мені қойшы, «өлсе ит терісі, өлмесе қой терісі» бір бейбақпын, онан да сен ауырып сырқамашы, жассың ғой, бақытың алдыңда. Біздей жетім-жесір қалған сорлыларға пана боп отырған үкіметке пайдаңды тигіз. Бұрын мұндай қайда, жан ашырынан айырылған біз сияқты талайлар айдалада тентіреп жүріп аштан өліп, ит пен құстың жемі болушы еді, қазір ондай емес, өлгенді тірілтіп жібермесе де, артында қалғандарын асыраусыз тастамай, керек-жарағыңды
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз əкеп тұрады. Жақсылыққа жақсылық көрсету керек. Тірі өзімізге қол ұшын бергенін былай қойып, өлген Очирбатымды мақтап, оны естерінен шығармай, өзгеге үлгі болдырып айтып жүргеніне риза боп, мен де жұмысқа кіріп, бірдеңесіне септігімді тигізуді ойлаймын, бірақ, əнгек шамам кетіңкіреп қалыпты. Содан жасқанам, өзгелерге масыл болам ғой. – Иə, апа! Оныңыз жөн. Дегенмен сіз де қарап отырған жоқсыз. Маған да, Ертайға да күтуші боп, ас-су дайындап бересіз. Осы да сіз үшін жеткілікті еңбек. Уһ! Қайтеміз енді, өстіп партия мен үкімет арқылы аштан өліп, көштен қалмай жүре береміз де. -Солай, балам! Өзіңе-өзің берік болмасаң, жас адамның қайғысы оңайға соқпайды. Очирбатыңды мүлде ұмытып кетпесең де үнемі күйреп, қайғыра берме! Қайратты, төзімділік керек, өтер іс өткен соң амал не!... Олар осылай шүңкілдесіп недəуір отырып қалды. Бұл кезде аздап жаңбыр жауып, оның үстіне қас қарайып кеткен-ді. – Апа, бала қайда? – Ие, оны ұмытып отыр екем-ау, ойнап жүр ме, əлде өз үйіне барды ма? Бағила, қайдасың, балам, үйге кел! Кемпір жер таяна сүйретіліп зорға түрегелді де, тізесінің сары суы бар аяғын сылти басып-сыртқа шықты. Оның Бағиланы еркелете шақырған даусы біртіндеп жиілей түсіп, соңында үрейлі үнге ұласты. Ертайдың үйі құлыптаулы тұр, кілті Буянжавтың өзінде. Ал бала зым-зия жоқ. Аула ішінде ақтарылып, қаралмаған қалтарыс қалмады. Сəл жіпсіп, өне-бойы жадырай бастаған Тогтох та енесіне қолқабыс жасап көршілерге де кіріп-шығуға мəжбүр болды. Ешкім көрмепті. Сөйтіп жүргенде бұлт торлаған аспан мүлде тұмшаланып, іңір қараңғылығы қоюлана түсті. Абыржыған Буянжав жылай бастады да, енді жоқ қарауға бірер көршілер де қосылды. Уақыт өткен сайын екі əйел ботасынан айырылған ару анадай аңырады. Түннің бір талайы өтіп, бала бүгін табылудан кеткен соң көршілер от басына жиналып алып, енесі мен келінге тоқтау айтып, əр түрлі жорамал жасай бастады. – Ертең табылады ғой, жаман ырымға жорып, жыламаңдар! – Аула сыртында ойнап жүріп жаңбырдан қорғалап отырып ұйықтап қалған болар. – Ел емес пе, біреу паналатар да, ертең жариялап айтар. – Томпаңдаған жүргіш бала еді, бірдемені қызықтап ұзап барып, қайтарда үйді таба алмай адасып кетті ғой. – Сонда қайтеміз? – Қазір ел ұйқыда жатқанда көшелерді аралап дыбыс тыңдау керек. Барған, паналаған үйінің адамдарын жатырқап жылап, ояу отыруы мүмкін. – Жоқ. Ол ендігі ояу емес, көп жылаған баланың сілесі қатып ұйықтап қалады. – Таң атсын! Күткен таң жай уақыттағыдай емес ұзақ сарылтып барып зорға атқандай болды-ау, əйтеуір. Бірақ түске дейін ешқандай дерек білінбеді. Енді көршілер де абыржып, əр кім өзінше қол ұшын бере бастады. Біреулер радиомен жариялатуға, екіншісі милицияға, тіпті, Ертай жұмыстайтын базаға хабарлап, уақыт өткізбей жедел шара қолданып бақты. Осылай басталған қарбалас бірнеше күнге созылып, бірақ бəрі де нəтижесіз болды. Ақыры жоғалған баладан Буянжав, Тогтох қана емес көршілер де, милиция да, автобаза қауымы да күдер үзді. Біртіндеп қарау да аяқсыды. Ендігі қолдан келері мұндай сəтсіз жағдайды Ертайға ебін тауып жайымен естірту. Сөйтіп, дəл келетін күні оны жолдастары күтіп тұрған-ды.
Жоғалған қыз БАҒИЛА-БАЙГАЛМАА Бағила аула сыртына шықты. Онша құйып кетпей себезгілей бастаған жаңбырға қолын тосып ойнап жүр. Сəл жел лебі тиген жауын талшықтары бала қолынан қиғаштап, көлбей береді. Ұстап алмақ болып қуалаған сайын алыстап, мұны қызықтырып еліктіреді. Өзі аспаннан түсіп келе жатқанда қатты бірдеңе сияқты болғанымен алақанына тигендерінің орнына болымсыз су ғана қалады. Сонда жаңбыр дейтіні су ғой, бірақ оны кім шашып жүр? Осынша көп суды жерге себуге өте үлкен ожау керек болар. Буянжав апасының сүзгі шөміші сияқты үлкен кісі ғана көтергендей, ыдыспен төгіп тұрған кім екен? Ол осылай ойлап тұрғанда кенет жаңбыр құйып кетті. Қалай бет алса да, қай жағына бұрылса да сабалаған күшті жаңбыр мазасын алып барады. Алдында ойнап жүріп үйден қаншалықты қашықтап кеткенін де айыра алмайды, бірақ, енді желдете жауған жаңбыр бағытын оңап, бірыңғай сабалай бастағанда Бағила да екі қолымен басын басқан бойы ықтап, үйіне тез баратындай көрінді оған. Желді жаңбыр айдаған ол ентігіп, шаршап қалды, сонсоң сəл аялдай беріп еді, əлдене қағып ұшырып жіберді. – Ойбай, шал! Бір баланы басып кеттің,– Кемпірінің ащы дауысы құлағынан өткен Минчин аласұрған атының тізгінін тежеп, тоқтатты да, арбадан секіріп түсіп, жаңбырға қарсы адымдай басып, арт жақта, жол жиегінде жатқан қарайғанға барды. Онысы шынында да бала екен, тым кішкентай, өлмеген сияқты, өкпесі қыбырлайды. Сонсоң көп аялдамай, құшақтаған бойы арбаға келді. – Тірі ме? – Жаны бар. – Енді қайтеміз? Өліп қалса кеселі тиеді ғой. – Тезірек алып кетейік. Байғұстың ажалы бізден болып өліп кетсе, амал қанша. Өз əке-шешесіндей жайғастырармыз, егер өлмесе иесі табылар. – Өле қоймас, дəл арбаның өзі тиген жоқ, мына қаптағы жұмсақ нəрселер соғып, жығып кеткендей болды. Айда, тұрма енді! Жол жөнекей ешкім көрмесін деп кемпір баланы ішіне тығып алды. Шал атын қуалай айдап, сар желдіріп келеді. Жаңбыр тез айықты, бірақ аспанды торлаған бұлт қалыңдай түсті, əрі кеш боп та қалды. Бұл кезде Улаанбаатар бұрынғы Да Хүрээден əлдеқайда өзгеріп ұлғайып, Амгалан мен Толгойт арасы ат шаптырымдай алыс көрінетін. Темір жол жаңадан қайта ұлғайтылып, «МНР ТОЛГОЙТ» деп жазылған үлкен жəшіктерді тиеген вагондар біртіндеп келе бастаған-ды. Ал қала ішінде жұрт машинамен де, жаяу да қайшалысып жүріп жатады. Бірақ негізгі тұрғындар, қала шетін сағалаған адамдар көбінде өз көлігі-ат арбамен жүретін. Минчин де, бəйбішесі Дашийма да Говь-Алтайдан көшіп кеп осында қоныстанғалы Толгойт базасында жүкші болып істейтін-ді. Бүгін күн жексенбі болған соң əдейі қалаға барып, базар аралап, кешірек қайтқан жолында мына балаға тап болды. Ең абзалы жаңбыр тұр ғой дауылда толассыз жүріп жататын тұрғыны мол көше емес, шеткергі оқшау ауылдар болғандықтан көзбе-көз ешкім жолыға қойған жоқ. Алғаш жығылғанда қатты есеңгіреп қалған бала біраз жүрген соң есін жиып, қыбырлап кемпірдің бүйірін тырмалай, қайда келе жатқанын білмесе де қыңқылдап жылай бастады. Жаңбырда ширығып, екпіндеген ат еркімен келе жатып, кісі өліміне ұрынбаса екен деп шалының тілеуін тілеген кемпірі баланың қыбырына қуанып қалды. Адам деген қызық қой! Кемпір бүйірінен өткен бала қызуына кəдімгідей кəдімгідей-ақ жадырап, аналық мейрімі түсіп, балаға деген жүрегі елжірей бастады. Өйтпегенде ше! Ұзақ жылдардан бері оның-қойнына қызуы бəсеңдеп, тартқан сыралғы шалынан өзге мұндай жас бала жатып көрген жоқ-ты. Міне, енді ойламаған жерден тап болған сəби ананың бойына ғана емес, жанына да жылылық əкелгендей. Енді ол балаға басқа қырынан қарап, «егер осы қалпы жазылып кетсе иесіне бермей сіңіріп алса қайтер еді?» деген ойға шырмала бастады. Ойхой, дүние-ай! Дашимаа баладан күдер үзгелі қашан! Жастық шағын ауылда өткізген ол есейіп, бой жеткен соң осы Минчиннің етегінен ұстап, екеуі де ел қатарлы ерлі-зайыпты боп, басына үй тігіп, баурына
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз қазан асты. Асып-тасыған байлығы болмаса да өзіндік ешкілағы үзілген жоқ. Сөйтіп жүргенде үбірлі-шүбірлі кезге де жетіп, үш төрт бала да көрінді. Несін айтасың, «балалы үй – базар» деген рас екен-ау, мұндай қызыққа кім тояттайды. Бірақ, ондай қуаныштың алды-арты жалғыз тұтам қайыстай баянсыздығын танытып, баладан да, мал дəулеттен де ада боп шыға келді. Ол кезде бұлар Говь-Алтай аймағының оңтүстік батысын мекендейтін. Сол бір отызыншы жылдар шалғай өлкедегі кім-кімге де естен қалғысыз қасірет əкелді ғой. Бейуаз елге қытай жағынан тонаушылар жиі келіп тұрды... Минчин мен Дашиймааның ұрпағына балта шапқандар көбінде Құмыл деп аталатын Қытай жағының қаласында тұратын Жолбарыс сылынның бастауында өтетін. Фанисламды желеу еткен ол Райс молданың көмегімен Шығыс Түркістан шекарасын мекендейтін қазақ тайпасының шабандоз пысықтарын қанқұйлы жауыздыққа баулып жатты. Олар гоминданға қарсы шыққан гуншаньданды да іргелі ел революциялық Моңғолияны да таныған жоқ. Сондықтан «Мухар толгой» елі деп Моңғол ауылдарына аяусыз зəбір көрсетті. Байтаг, Хавтаг даласын кесіп өтіп, Ажбогда тауына бой тасалайтын тонаушылар ұзақ уақыт бойы шекарашыларға маза бермеді, əрі бейуаз ауылдардың малын, дүниесін тартып алып қана қоймай, еркегін қырды, əйелдерін қорлады. Сондай шапқыншылық кезінде Минчин мен Дашиймааның үш баласын да найзаға шаншып кетті. Сол бір айуандық əрекет жанын жаралағаннан кейін Дашиймааның аналық мейрімі селт етпей кеткен-ді. Міне, енді ет жүрегі елжіреп, қойынынан басқан сəбидің қимылына елігіп түр-түсі əлдеқашан көмескі тартқан, бірақ, қылығы, қызығы көз алдынан кетпейтін өз балаларын еске алып, көкірек кере күрсініп қояды. Алғашында атын тықсыра айдаған Минчин қаладан ұзап, оқшау шыққан соң текіректі де, желісті де тастап, аяңға ауысты. Алды артындағы бірен саран жүргіншілерден оңаша келе жатса да өз-өзінен күдіктеніп, тіпті, кемпіріне қараудан да жасқанады. Анда-санда сыбырлап. - Жаны бар ма, халі қалай?– деп сұрап қояды. - Қозғалып жатыр. - Иə, сəт! Өзің жар бол, жасаған! Бір бейшараны зарлатып, баласын өлтірте көрме, мен сияқты күнəһар пеңдеңе!... Дуалдың қақпасын тез ашып, арбасын ішке енгізген соң шал қайтадан мықтап бекітті де, өздерінің таңертең кетерінде босатып жіберген, күні бойы жалғыз қалып үй күзеткен итінің қолын жалап, басына шапшып, еркелегеніне қарамастан, киіз үйінің есігін ашып, шам жақты. Бөтен үйге қалай келгенін анғармай қалған Бағила ұйқылы ояу болса да қасындағыларға таңырқай қарады. Кемпір мен шал бəйек болып жүр. Киімін шешіндірді. Тəттінің де, тағамның да түр-түрін əкеп қойды. Сүйегі сау, сынғанмертіккен ештеңе білінбейді. Тек маңдайы сəл көгеріпті де, оң жақ тізесін жер сүріп кетіпті. Бағанадан абыржыған екі қарт енді қуана бастады. Əйтеуір, бала өлімнен аман қалды. Əрі өзі бөгде адамдарды жатырқамайтын сияқты, əлі жылаған жоқ. Енді ғана ес жиып абыржуы басылған шал оның атын сұрады. – Бағила, – деді бала тосаңси тіл қатып. – Кемпір, Байгалмаа екен мынаның аты!
Жоғалған қыз АЙТЫП ҚОЙҒАН СОҢҒЫЛЫҚҚА ЖАҚСЫ Балалық əуесқойлығы жеңіп, бірер кəмпитті қолына ұстағанымен жей қоймаған Байгалмаа бір кесе салқын сүт ішіп жатқан соң ұйқысы ашылып кетті де, киімдерін іздей бастады. – Үйге қайтам. – Отыра ғой, əлі уақыт ерте. – Əкем келеді. – Кім еді əкең? – Ол жолооч. – Солай ма? Онда өзі келіп алып кетеді. Шешең кім? – ... Мичин мен Дашиймаа түн ортасына дейін əбігерге түсті. Уақыт өткен сайын мазасызданып, жат адамдарға үрейлене қараған бала алдауға көнбей жылап, соңында өксіп жатып, ұйықтап кетті. Дегенмен онша мазасыз емес екен, таң атқанша қайта жылаған жоқ, екі қарт кезекпен күзетіп шықты. ̶ Кемпір, балаға ие бол. Мен жұмысқа барып, рұқсат алып келейін, сонсоң қалаға түсіп, үйіне жеткізерміз. Байгалмаа күндегісінше сергек оянды. Күн сəулесі түсіп тұрған шаңыраққа қарап біраз жатты. Үй-іші тым-тырыс, тіпті күрсілдетіп-дүрсілдетіп, жер солқылдата қатты қозғалатын ауыл төңірегіндегі машиналар да жым-жырт. Əкесі келмепті, əйтпесе, ол мұның қасында жатар еді. Тогтох əпкесі жұмысқа кеткен сияқты, əдетте өзін оянған соң төсегінен көтеріп алатын Буянжав шешесі сыртта жүр ме, қайда екен? Ол от жаққа қарай аунап түсті. Міне, қызық үй жиһазы қалай өзгеріп кеткен? Мұның оянғанын сезгендей дəл қасынан біреудің қозғалғаны білінді. – Апа! – Ау, құлыным! Мұндамын мен!... Байгалмаа селк ете түсті, бұрын естілмеген, құлағына жат дауыс қой. Ол басын көтерді. Бет əлпеті барысқан шүперектей, көзі жалпылдаған, самай шашы көк ала, мұрны үлкен, белі бүкір, шапанының етегі көлбіреген, белін буынбаған бір кемпір күлімсірей ұмтылып, өзіне төніп келеді. Дашийманың түр-түсін ажыратып, пайымдап қарай алмағанымен кішкентай Байгалмааның өткір жанары қараңғыда жылт етіп сөне қалған сəулеге ұқсап, көз алдындағы адамның бүкіл сиқын қаз-қалпынша шолып өтті. Тағы да бөтен кісіден үркектей жасқанып, өзі жатып тұрған төсектен пана іздегендей көрпеге оралып қалған аяғын нəзік саусақтарымен сипай берген... оны əлгі кемпір əулетті қолымен көтеріп алды. Бала жүрегі сол сəтте өзі бөгде болғанымен Буянжав сияқты мұның да аймалаған алақанының жұмсақ екенін сезіп қалды. – Балақайым, менің! Келе ғой, асылшы анаңның мойнына! –деп толассыз еркелеткен үні де, бетінен, мандайынан, білегінен қайта-қайта сүйген сілекейлі еріндері де жайлы сезілді. Дашиймааға ойда-жоқта кезіккен мына кішкентай қыз кешегіден де сүйкімді көрініп, осы бір сəбиді аймалаған сайын ана жаны рақат тауып пейлі кеңіп, қарт жүрегі қайта жасарғандай елжірей түседі. Буындары қалтырап, аяғын тəлтіректей басып, əр нəрсені соғып, қағып кетіп жүргенін аңғармайды. Өшкін тартқан жанарына шалынған күйкі дүние, ескі-құсқы бұйымдардың бəрі жарқырап, жаңарып өзгеріп бара жатқандай əсер етеді. Ол енді Байгалмааны киіндірмей, қойнына тыққан қалпы тамақтандырды. Егер киім кигізсе, тіпті, қыса құшақтаған кеудесінен ажыратса одан мүлде айырылып қалатындай күдіктенеді. Жер бетінде баз кешкен жарты ғасырлық ғұмырының барлық нəрі тек осы бөтен балада тұрғандай өзіне-өзі таңданады. «Япыр-ау, мұндай да бауырмалық болады екен ғой! Неге осынша аңсарым ауып қалды, қаншама сүйіп аймалаған сайын мейрімім қанбағаны несі?! Жабыққан көңіл, жасыған жігер қалай тез оянды?!... Қайтейін енді бір сағат болса да мауқымды басайын, əлі де аймалай берейінші! Құдай дес бергенде, əлгі шал кешіге түссеші! Мен де ана боп, бала сүйіп едім ғой, сол кездегі жан тебіренісім дəл қазіргідей болды ма екен! Ай білмеймін-ау, «алтынның қолда барда қадірі жоқ», көзден бұлбұлдай ұшқан қайран ұрпақтарым-ай! Міне, енді сонан бері сыздап, қатқан жүрек мұзы еритін, тас мүсін боп бекіген мұнлық көңілдің жібір сəті осылай жетті ме? Талайдан дым шықпай кеберсіп кеткен көзі құрғыр да аршылған қайнардай мөлдір бұлаққа ие бола алмай қалды-ау!...
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Дашиймаа жылап тұр. Бірақ, көз жасын Байгалмаадан жасырып, теріс қарай береді. Егілген сайын жаны толғанып, ет жүрегі езіліп бара жатқандай сезінеді өзін. Ойхой, дүние-ай, адам дегенің сырды ішке сақтап жүре береді екен ғой!... Қазір келем деген Минчин түстен кейін ғана оралды. Аулаға кіре абыр-сабыр боп арба шегуге кірісті. Байгалмааны көтере шыққан кемпірі ентелей басып кеп шалын үйге шақырды, айтар сыры бар тəрізді. – Немене? Айтсаңшы осылай да. Уақыт өткізіп отырамыз ба? – Сонда да жүрші өзің! Кемпірінің əжімді жүзінде төтенше бір өзгеріс барын көне көз шалы абайлап қалды. Əлденеге қатты абыржып тұрған сияқты. Мұнысы қалай?-деп таңданған Минчин қолындағы қамытты тастай салып, үйге кірді. Олар шай іше отырып ұзақ кеңесті. – Жас баланы қатты сағынған екем. Өмір бойы дəл мұндай қолқа салып көрмеген едім ғой, бір жолғы тілегімді орында! – деп Дашиймаа соңында еңіреп жылап жіберді. Ерлі-зайыпты екі адам екі түрлі ойда отыр. Рас, əйелінің бала жөніндегі өтініші орынсыз емес. Бірақ тағдыр өз ұрпағын баянсыз еткен соң өзгеге өмешегін үзуі қалай? Болсын-ақ, оның тілегі, сонда екінші біреуді аңыратып қоюы не? Сөйтіп, Мичин екі оттың ортасында қалды. Ақыры үн-түнсіз үйден шықты да сəл ойланып барып, атын салт ерттеді. – Кемпір,– деді үйге қайта кеп. Мен қалаға түсіп, тың тыңдап келейін, кімнің баласы екен, алдымен соны білейін. Көптің бірі боп, ата-анасының қолы құр қалмайтын болса сенің, айтқанына көнейін. Бірақ, осыған өзің тіпті бүгінше ие бола аласың ба? Үйін сағынған сайын біртіндеп қиғылық салмасына кім кепіл? – Бұл көнеді, мен көндірем, күдіктенбе, шал?... Расында да түс ауып, кешкіре бастаған соң Байгалмаа кетемнен өзге ештеңе айтпай жылауды үдетті. Ойыншыққа да, тамаққа да, тіпті, күндіз уыстап алып жүрген тəттіге де алданбай қойды. Дашиймаа көз жасын төге жүріп, уатудан жалықпады. Күні бойы баланы көтерген қалпы бір кіріп, бір шығумен де есікке де əмір бермеді, өзі де əбден діңкелеп шаршады. Сонда да ана жүрегі зəредей де шайлығып, жігері жасыған жоқ. Бұл күні үй карекетіне қол тигізер мұрса болмады. Сиыр мөңіреп, бұзау жамырап жатты. Ақыры қарысқан баланы қайсар ана жеңіп шықты. Ел орынға отырған кезде Байгалмаа кемпірдің құшағында ұйықтап қалды. Оны сол аймалаған бойы оянып кетер деп күдіктеніп, қараңғы үйге шам да жаға алмай, төсекке киімшең құлай кетті. Бала шашына тұмсығын тыға жатқан Дашиймаа да біртіндеп жас иіске маужырап ұйықтап қалды. Қаладан кештетіп қайтқан Минчин үй қаракетімен айналысып жүріп, келелі кеңеске орнығып отырған соң, түнделетіп кірісті. Милициядағы бір танысы барлық жайды жайып салыпты. Төрт жасар баланың шешесі өлген, кемпірдің қасында қалдырады екен, сол оқыста жоғалып кетіпті. – Минчин гуай, сіз ондай бала тауып алған адамды көрсеңіз дереу хабарлаңыз,-депті жігіт. – Құдай мені алдамаған екен, іздейтін шешесі жоқ, бермеймін құлынымды ешкімге!-деді Дашиймаа, тіпті, қуанғанынан жылап жіберді де, пысылдап ұйықтап жатқан Байгалмааны тебірене сүйіп алды. – Тəуекел, қайтарып бермей-ақ қой. Осы күнде менімен бірге де қазақтар жұмыс істейді, өздері еңбеккер, алғыр, бауырмал халық. Өйтсе бұл нағыз досыңның баласы. – Тіпті жақсы. Мұны асырап адам болдырам. – Əрине бірақ өгейлік көрсетпей, өзіңнен туған баладай мəпелейтін бол. Өйтуге шамаң келмейтін болса, обалына қалма. – Отыз жыл отасқанда менің сырыма қанықтың емес пе, екі түрлі мінезім бар ма еді?! – Жоға! Бірақ, «айтып қойған соңғылыққа жақсы» дегенім ғой.
Жоғалған қыз КІМ ЖАЗЫҚТЫ? Астана аспаны төңкеріле төмендеп, аумағы кішірейіп кеткен сияқты. Ышқына ұйытқыған боран нысапсыз дөрекілікпен көшеде келе жатқан əйелдің етегін түріп, омырауын тырмалайды. Ықтасынға орай ұшқан жапалақ қар келіншектің бетіне соғылғанда сүйкімсіз еркектің ерні тигендей тітіркендіріп жіберді. Шеткергі көшелер түгелдей түнерген қараңғылық құшағына еніпті. Анда-санда жарқ етіп қалып тайғанап кетіп, түкпір-түкпірді тінте жөнелген машина жарығы лезде көзден ғайып болады. Тегіс жердің өзінде, күндізгі таныс жолда абайлап жүрмесе əлденеге дереу қақтығады. Орталық көшеге жақындаған сайын жел тербеген жарықтың дірілдеген сəулесі көз алдын жылтыратып, адымды тұсап, кібіртіктете береді. Сонда да тынымсыз ілгері басқан əйел бірде сəт кідірген жоқ. Кең алаңды күндізгідей жарық етіп тұрған аспа лампаның түбіне тоқтаған ол қолындағы түйіншегін, ыдыстарын тағы бір мұқият қарап алды. Бұл Тогтох еді, ауруханадағы Ертайға келе жатқан беті. Күздегідей емес қазір қыс маусымы болғандықтан күн қысқа, жұмыс жай тарайды, күндіз мүлде қол тимейді. Аспан ашық, жер жарық кезде Буянжав та келіп қайтатын, бірақ Ертай ол кісіні аяп, суықта жаурап жүре бермеңіз деп əдейі өзі тыйым салған-ды. Тіпті демалыс күндері болмаса басқа уақытта Тогтохтың да мүмкіндігі жоғын қаншама ескерткенімен ол ондай қамқорлыққа құлақ аспай, енесінің қамдап қойған ас-суын алып, кештетіп келіп қайтады. «Сүйген жарынан, сүйікті баласынан айырылған азамат не халде болмақ. Кімі бар оның көңілін сұрап, көмек беретін. Мен жеткізген тағаммен қабырғасын жаппаса да, адал ниетімізді ұғып, іштей құлазып жалғызсырамай жатсын»деп ойлайды Тогтох. Ертайға хабарласып, келіп тұратын базадағы кəсіптес жолдастары үнемі қалада бола бермейді. Тіпті бастық Даваажавтың өзі де аптасына кемінде бір рет тілдеспей қоймайды, бірақ ол да қырға жиі шығады. Ал Ертайдың інісіндей боп кеткен Ганжуурдың өзі жоқта келіншегі Мэндэй келіп тұрады. Дегенмен оларға қарағанда Тогтохтың жөні басқа ғой. Ол аурухананың күтушілер бөлмесіне келгенде таныс боп қалған кезекшілер кəдімгідей сəлемдеседі де, өзге жұртқа қоятын сауалын бір айтып қалады. - Кімге келіп едіңіз? - Ертайға. Сезім аурулары бөлімшесі, он сегізінші палатасында. Осы сұрау, жауап күздің басынан қыстың аяғына дейін қайталанып келеді. Алғашқы аптада сырқаттың сырын аша алмай, əр түрлі жорамал жасалғанымен Совет дəрігері Галина өз қарауына алып зерттеп, ақыры «жүйке шаршаған» деген диагноз қойып ұзақ емдеуге тура келген-ді. Кіріп-шыққандардың ешқайсысына назар аудармай бұрыштағы орыңдықтың қасында тұрған құмырысқа бел келіншек өзіне қарсы келе жатқан, аурухананың бір үлгіде тігілген, ұқсас өңді орама жағалы шапанын, бұтына көлкілдеген ақ сəлдебоз кең балақсым, аяғына башмақ киген бурыл шашты, бойы ортадан биіктеу, бірақ сом тұлғалы кісіге қарсы жүрді. Бұлардың да амандасуы, сырқаттың сұрауы, үйдегілердің жайына танысуы-бəрі де жаттанды, қазқалпында шықты. Орындыққа кеп отырған Ертай көптен жұмыс істемей, күнге күйіп, тотықпай, қаны қашып, ағарыңқы тартқан салалы саусақтарымен бурыл шашын бір сипап қойды. – «Жаман қой ісегінде кəртейеді» дегендей бір аптада шашы ағарған сені көрдім. Сірə, нəсілсіз жігіт боларсың! – деп Даваажав əдейі əзілдеген де болатын. Бірақ, ол «Ертайдың орнында өзім болсам мұнан əрі жасып кетер едім, қандай қайратты азамат еді!» деп іштей таңдана отырып, сыр білдірмей кеткен-ді. - Мені бүгін Галина доктордың өзі тағы көрді. «Ертең қайта зерттеу жасаймын. Негізінен сауығып қалыпсың. Кешікпей шығасың» деді. Əйтеуір, мені өзіне тəуелді еткен осы бір төрт қабырғадан құтылып, кең далада бір шарлайтын уақыт таяған сияқты,– деген Ертайдың көңілі бүгін недəуір тетік көрінеді, бірақ Тогтохтың назары сыныңқы екенін аңғарып қалды да, мұнысы қалай?– деп сəл таңырқап, онан əрі сөйлеуден іркіле берді. Ал «Менің ауруханадан шығатынымды мынау онша жақамай тұр деп ойлады-ау» деп күдіктенген Тогтох оған жа-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз уап берудің орнына қасына отырды да, нəзік саусақтарымен бетін басып, жылап жіберді. Ертай оның шашынан, арқасынан сипап жұбата бастады. – Көпшіліктің көзінше жылама, мұның не? – жігіт келіншекті өзіне қарай құшақтай бейімдеп, жасын сүртіп, шешілген шəлісін басына тартып берді. Тогтох сəл өксіп барып, уанып, түзеліп отырды. Қойнынан орамалын алып бетін, кірпігін жастан тазартты. Сонсоң: – Ол мені мазалады,– деді бəсең, бірақ жігерлі үнмен, – Панасыз көріп басынады, сенің шығатының жақсы болды-ау! – Тағы да Дэмбэрэл ме? Қорықпа одан, көрерміз оның шамасын! – Қорықпаймын ғой, дегенмен, – Тогтох сəл күмілжіп отырды да: – Жанжал шығып қалды,– деді. Ертай елең ете түсті. – Қалай, не болды? Келіншек тəтпіштеп айтып берді. Кеше сиыр түс əлетінде жұмыста отырған Тогтохты біреу кенет шақырады. Ондай келе қоятын ешкімі жоқ болғанымен кім де болса тілдесейін деп тысқа шықты. Екі адам тосып тұр екен, бірі Дэмбэрэл, қасындағысы бөтен біреу. Тегінде Очирбатпен бірге жұмыс тап жүріп, түс таныс болған ол соңғы кезде жесір Тогтохқа қырындайтынды шығарды. Оның үш балалы əйелінен ажырасқанына да көп уақыт бола қоймаған. Ондай қылығын Тогтохқа бірде Ганжуур айтқан-ды. Өйткені Дэмбэрэлдің өзі сол жігіт арқылы жалғаспақ болып, «Очирбаттың қатынын алғым келеді-деп ішкі ниетін сездіріп қойып еді. Сондықтан Гонжуур Тогтохқа достық пейіл білдіріп, «ұнатсаң өз еркің, егер жақтырмасаң қапы қалма, ол не істеуден де тайынбайтын тұрпайы пенде» деп ескерткен-ді. Бірақ, Дэмбэрэл көп кідірмей ашықтанашық Тогтохты мазалап, қыр соңынан қалмай жүрген болатын. Міне, сол адам енді жұмыс үстінде де шақырғанды шығарғаны ма? – Мына жігіт сенің жерлесің екен, қырдан келіпті, хат, сəлемдемесі де бар, – деп Дэмбэрэл алқа-салқа болып қаңқиып тұрған ескі «ЗИС» машинаға қарай жөнеле берді. – Бері келіңіз, – деп бөгде кісі Тогтохтың алдына түсіп, ол да машина жаққа беттеді. Олардың соңынан самарқау ерген келіншек өзіне бейтаныс жерлесінің кім екенін есіне түсіре алмаса да іркілген жоқ. Бұл келгенде машина тасасынан тағы бір алып, аузын басып əулетті біреуі кабинаға сүйрей енгізіп кетті. Барқыраған «ЗИС» көшені даңғаза етіп, салдыр-күлдір жалбаңдап келеді. Тогтох айқайлай алмағанымен есінен танған жоқ. Өзінің осындай тал түсте абайсызда қолға түскеніне өкінсе де абыржымай ақыл табуды көздеп отыр. Бірақ ола ұзап жүрмеді. Бұралаң көшелерді аралап келіп, тоқтады да келіншекті дуал ішіндегі киіз үйлердің біріне алып кірді. Жиһазы мол, сегіз қанат үлкен үй Дэмбэрэлдікі екен. Дастарқан түріліп тұр, арақтың да неше түрі қойылған. Киімдері жылы болғанымен қыс маусымында – дауыс шақырым жерге дейін машина үстіне отырғандар қоңылтақсып кеткен бе, қалай, бірден-ақ ішіп үлгірді. Бұлар түгелдей Дэмбэрэлдің жекжаттары екен. Кешеден осында бас қосыпты. Өз орталарынан шыққан шоферді пір тұтып, байлығына, салтанатына разы болғанымен əйелсіз үй азынаған моладай көрініп, қатын алып береміз дегенге келгенде Дэмбэрэл өзі өтініш айтып, «пəленбай дегенді көндіріп, қойныма салсаңдар мына шичаным қолда тұрғанда не істесендер де дəрменім жетеді» деп төсін қағыпты. Сонсоң «сайдың тасындай бір топ жігіттен жалғыз қатын құтылып көрсін кəне!» деп күндіз-ақ жорыққа аттанғаны сол екен. Олар Тогтохты азғырып, жарасқан жұбайлар болуға əрбіреулерден гөрі Дэмбэрэлдің байлығымен көзін байлап, дүниемен «жаулап алуға» көбірек күш салды. Осындай жалғанды жалпағынан басып отырған еркекке келмей жұмыс істеп, саусағының көбесін ине тескен əйелдерде обал жоқ деседі. Уақыт кешкірген сайын Тогтохтың мазасы кете бастады. Еңгезердей екі жігіт етегінен басып, тырп еткізбей ұстап отыр. Айтып сөз, жалынып өтініш өтер емес. Түбегейлі осында қалмағанымен жолы бөтен, жүрісі сұйық топтың қолында бір түнеудің өзі ізгі, арлы əйел үшін намысына арылмас күйе жағылу емес пе. Бұл шіркіндер қорлаудан да, зорлаудан да тайына қоймайтын сияқты.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Хаупің неден болса-қатерің сонан ғой, ақыры күткен жексұрын сəт те келіп жетті. Ел орынға отырып, жұрт аяғы басылған соң панасыз əйелге ашық шабуылға шықты олар. Итаршы екеуі Тогтохтың екі білегінен ұстап сыртқа шығарып қайта əкелді де Дэмбэрэлдің қойнына жатқызбақ болып əуреленеді. Өзі түгілі өзгенің мұндай мазаққа ұшырамауын тілейтін əйелдің ең қимылдар, өліспей беріспес кезі де осы еді, бірақ, бұлар да əккі сұмдар қаншама арақпен сусынын қандырып отырса да ештеңені оңайға қалдырмапты. Тогтох келгелі бірде-бір пышақ, оқтау, тіпті көсеу де таба алмады. Япыр-ай не істеу керек? Кенет төсектің бас жағында, керегеде ілулі тұрған қынапты қанжарды көзі шалып қалды. Əттең соған қолы бір ілінсе! Енді тəуекел! ...Ол кезде жұмыста түскі шай, үзіліс дейтін болмайтын. Əр мекемедегі қалыпты жұмыстың өзі бұрынғы соғысқа бейімделіп, ұйымдастырылған қалпынан өзгере қойған жоқ-ты. Тогтох ісін ұқыпты тыңдырып, сегіз сағаттық жұмыс уақытын тиімді өткізуді ойлайтын. Дегенмен жеке бастың тағдыры қажытқан жас əйел алаңсыз да емес қой. Түн тыныштығында аунақшып, ұзақ уақыт сарылған ой-соңында болады да, кейде талыққан дене таңертең тынши қалады. Бүгін де келінінің тəтті ұйқысын қиып, оята алмаған Буянжав шайын дайындап қойып, өзі тұруын күте-күте уақытының өткенін білмей қалды да Тогтох асығып, шай іше алмай кеткен-ді. «Байқұс бала күні бойы қалай шыдар екен» деген мазасызданған енесі шалқар түс кезінде шекпен дорбасын көтеріп, өндіріске жөнелді. Мұнан бұрын да талай рет келініне түскі тамақ жеткізген оған күннің суықтығынан өзге кедергі жоқ-ты. Бірақ бүгінгі жүрісі сəтсіз болды, жер қозғалмаса жылжымайтын, келіні жұмыс орнында жоқ боп шықты. Қанша сұрастырғанмен «екі кісі келіп сыртқа шақырып кеткен, сонан қайтып оралған жоқ» дегеннен өзге дерек таппады. Келіп қалар деп тосқауылдаған үміті де зая кетті. Бүгінгі күнгі жұмыс аяқтап жұмысшылар тарай бастады. Буянжав шешей асыға басып үйіне қайтты. Бірақ келіні келмепті. Ол жападан-жалғыз отырып, біраз жылап алды да, есігін бекітіп, бейуақытта тағы жөнелді. Ахылап-үһілеп мазасызданған анаға нендей көмек берерін білмей абыржыған Мэндэй күйеуінің кешіккеніне өкінсе де, бір жөні болар деген оймен киіне бастады. Дес бергенде, олар үйден шыққанша алыс жолдан шаршапшалдыққан Ганжуур да жетті. Беті-қолын асығыс жуып, қыстың күні болса да бір шөміш суық шайды түрегеп тұрған қалпында жұта салған жігіт Буянжавты өз үйіне қайтарды да, келіншегін ертіп жоқ қарауға аттанды. Алдымен базаға барып, бірден-ақ Дэмбэрэлді сұрастырды. Оның қырдан келгеніне бір апта болғанымен қайта жолға шықпапты, машинасы үйінің қасында екен. – Соңғы кезде Тогтохты тым төңіректеп кетіп еді, үйге де жиі келетін. Бірақ, оған келінім оң қабақ танытпай қойған. Түсі суық, ниеті нашар адам сияқты сезіліп еді, өзім қатты күдіктенгем. Алдымен солай барып жөнін біліңдер,– деген Буянжавтың сөзі рас болар деп жорамалдаған Ганжуур машина жарығын жақпай, қиялау жерден сырғып кеп биік дуалдың далдасына жаналасып тұра қалды. – Машинаны алыс қояйық. Шынында да Тогтох апай сол үйге зорлықпен кеткен болса олар бізді жолатпайды, сезік алдырмай барған дұрыс. – Боран күшті тұр ғой, ықтай жүріп, жақындайық,– деп Ганжуур машина жарығын жақпай, қиялау жерден сырғып кеп биік дуалдың далдасына жаналасып тұра қалды. Қақпа берік, ішінен бекітулі екен. Кішкентай күнінен шабандоз атанып, ат құлағында ойнап, асау үйретіп дағдыланған Мэндэй əлі жас жігіттерден жылдам, көлеңкесінен қорқатын үркек əйелдердей емес, батыл болатын. Сондай əдеті бойынша бұл жолы да ерекше ықшам киініп шыққан-ды. Есіктің оңай ашыла қоймайтынын білген соң ағаш басына өрмелеген тиынша тырмысып, биік, сырғауыл дуалдан асып түсті. Дəл соны күткендей-ақ киіз үйден дабырлай сөйлеп бір топ адам тысқа шықты. Қабырғаға жабысып тұра қалған оны ешкім абайлаған жоқ. Олар қайта кіріп кеткен соң жүгіріп барып маңдайшадан сығалаған ол əлгілердің Тогтохты шешіндіре бастағанын көрді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Қайта шегінген Мэндэй Ганжуурды аулаға енгізді. Ойланып, толғанар кешігіп-аялдар уақыт жоқ. Қолына оқтаудай темір ұстаған күйеуінің соңынан осы үйдің отын жаратын балтасын ала, Мэндэй де сып етіп кіріп келді. Мас па, əдейі істегені ме, кім білсін бірнеше жігіт киімшең қалпында төр алдында сұлап жатыр. Дэмбэрэл де төсекте екен, ал «мықты» екеуі ғана Тогтохқа енді өздері сұқтана қарап, мұндай сұлу əйелді үй иесінен қызғанып, ондай ниеттерін бір-бірінен жасырып тұрған сыңайы бар. Сырттан күтер қауіптің жоғына дандайсыған олар тым бейғам, əрі күштеріне сенген еді. Бірақ: - Доғар, иттер! – деп ақыра ұмтылған бөгде адамдардан қапелімде жасқанып қалды. Ал, басқалардан бұрын жаралы жыртқыштай атылған Дэмбэрэл ырылдап кеп Ганжуурға жармаса беріп еді, бұл оны тымақтай көтеріп алып, төсегіне қарай лақтырып жіберді. Керегенің көгіне соғылып, жараланған Дэмбэрэлдің бақырған даусымен жатқандар да өре түрегелді. Бұл сəтте Тогтохты қоя беріп ана екеуі де Ганжуурға ұмтылды, бірақ қатты соққыдан бірінің мұрны қанап, екіншісінің есі ауып отырып қалды. Енді өзге ешкім қарсылық көрсеткен жоқ. Тогтохты киіндіріп алған іздеушілер ауылға қайтып оралды. Бірақ ертеңінде Ганжуурды милиция тұтқындап, түрмеге жауып тастады. Ол мекемеде де Дэмбэрэлдің жақтастары бар еді... АСҚАНҒА ТОСҚАН Ертай от жағына аунап түсті. Жігіт салмағына жаншылған төсек шабағы мияулаған мысықша сызылта шиқылдап барып басылды, жазғы таң саз бере бастаған сияқты. Иненің жасуындай сығырайған бозамық сəуле түсіп тұр. Сол жақтағы төсекте жатқан Буянжав жөтелді, оң жақта Тогтох күрсінді, бір үйдегі үш адамның қайсы да қамсыз ұйықтай алмайды. Қарт ананың қайғысы бір басына да жетерлік. Ал жас əйелдің жүрегін сыздатқан адамдар арасындағы əділетсіздік. Əсіресе, өз басының Ганжуур қасіретіне себепші болуы мұны үртіс мазалайды. – Бұлар көптен бері осылай бір үйде тұрады. Өткен қыста Ертай ауруханадан шыққанда ұзақ уақыт төсек тартып жатып, көп емделген əлі аз адам əлі де біраз күтініп, тыңаюы қажет етілгенде Буянжавтың шамасы екі үйдің отын-суына жетіспейтін болған соң Тогтохтың ықыласымен Ертайдың төсегі осында тасылып салынған. Оған енесі қуанбаса, жуанған жоқ. Ал, Ертай қарсылықсыз құптаған, күні-түні сарылып бір үйде жалғыз қалай жатады, оның үстіне мынандай алты қанат үлкен үйге сыймайтын қанша адам? Бəрінен де пенденің пиғылы тарылмасын, əйтпесе, аз ғұмырға кең дүниеде орын көп қой. Сонан бері де бірталай уақыт өтті, бірақ, бір-біріне ақыл серік боп, паналап қалған олар бөлініп жарылып, екі үйде тұруды лайық көрмеді. Бұл жағдай алыс жолдан талығып келгенде Ертайға да қолайлы болды. Ол бүгін де асығыс жолға шықпақ. Тағы да кешегі барып келген аймаққа жүк тасиды. Жолы жатық, бөгеті аз екен, бірақ, сол сапарында кезіккен мына жағдай есінен кетер емес. Бір аялдамадан ерте аттанған ол түс ауғанша тынымсыз жүрді. Айық аспанда төбеден төнген күн адам түгіл машинаның мазасын алып, шөлдетіп, жиі бөгейді. Оның аймақ орталығына апарған жүгін шалғайдағы бір сұмынға жеткізуді өзіне бұйрық еткен. Амал не, міндетті жұмысы болған соң бас тарта алмады. Осындай мимырт жүріспен келе жатып жолдан сəл бұрыстау жатқан қоралы қойды көрді, қасында үй ме, əлде қос па бірдеңе қараяды. Егер ол жерде құдық болса салқын су жұтып, машинаға да құйып алмақ болып солай бұрылды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Құмырсқаның илеуіндей құжынаған ақ мəліштер үйездеп тұр. Қара борша күркеде бір кемпір, бір шал отыр. Сұрастыра келе бұл қой да, мына белегірдің ар жағында жатқан ірі қара табындары да Ертайдың өзімен кəсіптес Дэмбэрэлдікі боп шықты. Мыналар оның бақташылары екен. Дэмбэрэл мал сатып əкеп қоса береді, аймақта ламадан қарапайым болып өзгерген ағасы бар, ол жоғары лауазымда қызмет істейді екен. – Япыр-ай,– деп ойлады Ертай, – Халық революциясының шарапатын көре алмай жүрген бейшара малшылар, «ай дейтін ажасыз кеткен, сірі жанды озбырлар əлі де бар екен-ау!»... Ертай жолдама алғалы автобазаға келсе мұндағылар дүрлігіп жүр. Кіші Хурал Басқармаларының биылғы жылғы 2-айдағы «Мемлекеттік жəне бұқаралық, кооперативтік ұйымдардың дəулетін қорғау туралы» қарарын жүзеге асыруға байланысты осы автобазаға жүрілген тексеру қортындысы айтылатындықтан дəл қазір шоферлерді алыс жолға жүргізбей жатыр дейді. Жиналыс ұзаққа созылды. Естір құлаққа ерсі талай сорақылықтар бар екен. Əсіресе, Дэмбэрэл жыл бойындағы тасымалдаған жүктің үштен бір есесін өзі пайдаланған. Оған байланысты жолдастарынан сын да көп шықты. Тіпті Ертай да сөйлеп көргенін, естігенін, айтқанда жиын түршігіп кетті. Бұл ортада ешкім оның ондай əрекетіне сенбейді екен. Анкетасында жетім, мал-дəулеті жоқ деп жазылған. Сөйтіп, мемлекет дəулетін таран-таражы еткені үшін Дэмбэрэлді сотқа өткеру туралы қабылдаған жиын тарқар кезге таяғанда əлгінде ғана отырған ол зым-зия жоқ болып шықты. Қаншама сұрау салып іздегенмен сол күні тұрмақ, онан кейін де табылмай қойды. Енді тек осы база адамдарына ғана емес, бүкіл қала халқына үрей туғызды. Расында да əр жерден тонаушылық, кісі өлімі, өрт, басқа да қылмыстар жиі шыға бастады. Сүйеушісі күшті болған оның өтінішімен тұтқындалып, «заңсыз іс істеп, кісі сабап, бұзақылық жасады» деген айып тағылып, сотталып кеткен Ганжуурды алғашында ақтай алмай бұғып қалған база колективі енді жоқшы болып шықты. Даваажав бастаған топ арыз алып кіші хуралға кірді. Ал жазықсыз жəбірленген Тогтох пен Мэндэй Янжамаа сайдқа дейін барды. Сөйтіп, мезгіл күзге айналған кезде Ганжуур босап кеп өзінің бұрыңғы ортасын тапты. Отан заңы əділдігін осылай көрсетеді. ҚОЛЫН БІР-АҚ СІЛТЕДІ Су сіңген зілдей ауыр бұлт көтерем нардай тау басында шөгіп жатыр. Жол лайсаң, жаңбыр толастағанымен көкіректі бір қатал құрсау қысқандай. Бүгін ғана ұзатылып бара жатқан қыздай бұратылған гүл шоғында мөлтілдеген жас тамшысы тұнып тұр. Ертай алдын бағып тесіле қарайды. Доңғалаққа қамырдай жабысқан тандыр батпақ жүрісін өндітпейді. Қаншама су толып, ернеуіне дейін көлкілдеп тұрса да мидай былжыраған тың жерден гөрі ескі тақылдақ жол сенімдірек көрінеді. Бірақ, кейбір шұқанаққа былш етіп түсе қалған машина доңғалағынан шашыраған су кабинаны да, мотор үстін де, алдыңғы əйнекті де шайып өтеді. Ондайда жайшылықтағыдай байыппен жүріп, секіргенді, шоршығанды басатын мүмкіндік жоқ, газды сəл азайтсаң-ақ жүгі ауыр машина жерге қағылған қазықтай батып, тұра қалады, сонсоң қалай жағалассаң да орныға береді. Осындай мимырт, машақаты көп жүріспен ұзақ арпалысқан Ертай бір ауылдың тұсына келгенде қол көтеріп, көлденеңдей жүгірген бірнеше адамды көрді. Бір кішкентай дөңестеу қағыр жерге тоқтаған оның қасына келген қартаңдау адам өзін ала кетуді өтінді. ̶ Кімсіз, қайда барасыз? ̶ Атым Минчин, Толгойт базасында жұмыс істеймін, үйім де сонда. ̶ Отырыңыз! ̶ деп Ертай ұмтылып оң жақ кабина есігін аша беріп еді, əлгі кісі: ̶ Шаршап келесің ғой, ауылға жүр, тамақтанып ал,– деді. «Асыққан шайтан ісі» деп ойлады Ертай «қайнаған шайға аялдап, қарт сөзіне құлақ ас» ̶ дегенді моңғолдар тегін айтпаған ғой, бірер сағат тынығып алсам, қалған жолда талыға қоймаспын!»... Минчиннің қапқа салған бөлек-салақ дүниелерін бір əйел мен бір жігіт көтеріп келді. Қарт өзі баланың кішкентай велосипедін алып жүр. Осы бір оқиға жаңа ғана ауыл адамдарымен əңгімелесіп, тоя тамақтанып отырған Ертайдың жайдары көңілінің жарасын тырнап алғандай болды. Баланың
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз велосипеді мұның көзіне оттай басылып, жүрегіне инедей қадалды. Кішкентай Бағиласына бұйырмаған осындай бірдеңе тұлдағандай өз үйінде де ілулі тұр. Жігіт машина үстіне шығып, қаптарды шандып бастырды. ̶ Қане, андағы арбаңызды əкеліңіз! ̶ Үстіне бастырғанмен сынып, бүлініп қала ма деп қорқып тұрмын, ішіне алып отырсам, сияр ма екен?– деп қарт Ертайға қарап рұқсат сұрағандай міңгірлеп қалды. ̶ Кішкене балаңыз бар ма еді? ̶ Бар ғой, баласыз қайдан болсын. Осы сəтте қолына ұстаған түйіншегін ұсына берген бір кемпір: ̶ Байгалмааға беріңізші,-деді Минчинге. Ертай елең ете қалды. ̶ Кімге дейді? ̶ Байгалмаа деген менің қызым ғой соған... ̶ Е-е,– деді Ертай, сонсоң машинасына от алдыра бастап, іштей «Байгалмаа – Бағила» қандай ұқсас еді!» деп ойлады... Машина зырлап келеді. Ендігі жол недəуір тобарсып сорғып қалыпты. Көз алдын мұқият бағдарлап тізген шеңберін əлуетті қолдарымен толғай айландырып отырған Ертай ұзақ ой ұшына жете алмай дал болады. Қолдан қойған Нұрғайыптан да, жас нəресте Моңғолханнан да, жаны жарасқан досы Очирбаттан да үміт жоқ, қара жердің суытпайтын көңілі бар ма, бəріне де көніп-ақ келеді. Бірақ, өлігін көрмеген кішкентай Бағиласынан күдер үзу мүмкін емес. Уақыт озған сайын жанын жеген сағыныш жаңара түскендей болады. Оны өлі деуге қимайды, ал тірі болса жоғалған ізін суытпай-ақ басталған іздеу əлі аяқталған жоқ, сонда да неге бір дерегі білінбейді? Өздігінен үй табар дəрмені жоқ баланы, əлде кім жасырды екен, қандай адамды аямас тасбауыр пенде өйте алады? Өте бір қатігез жан мұның сорына кез болмасына кім кепіл? Құдай-ау, оның тап болған адамы қандай жан екен, шіркін! Өз баласындай мəпелеп отырғанын білдірсе тіпті оларға алғыстан өзге ештеңе айтпас еді-ау! Тек Бағиласының жер бетінде тірі екеніне көз жеткізсе арманы болмас еді, мына сорлы əкесінің. Бірақ... бірақ... Қабағын қарсы түйіп, көңілсіз келе жатқан шоферге тесіле қарап отырған Минчинге кенет бір жат ой сап ете қалды. «Мынау өзі батыс моңғол жағының жігіті емес пе екен, өйткені, сөзінде дыбыстық өзгешелік білініп тұр ғой. Тіпті, қазақ болуы мүмкін». Ол өз еркінен тыс бірер сұрау беріп те қалды. – Жігітім сен сен қай аймақтансың? – Баян-өлгейлікпін, қазір астаналық. – Атың кім? – Ертай. «Дəл өзі, милициядағылар солай деген. Менің Байгалмаамның əкесі осы. Бірақ, сыр білдіруге болмайды, өзіңе-өзің берік бол, Минчин»– деп ойлаған қарт іштей абыржығанын сездірмес үшін шофёрге тесіле қараудан қаймығып, қырындай бұрылып отырды. Тізесіне сүйей ұстаған велосипедті өзіне тарта түсіп, екіұдай ойға шомған Минчин ұзақ уақыт үнсіз қалды. «Мынандай абзал азаматты туған баласынан айырып, құсаландырып қоюым менің адамдық атыма ұнаса ма? Өзімдікі емес өзгенің қуанышын тартып алып, сонымен көңіл аулағаным нағыз қылмыс ғой. Бұл да ұрлықтың бір түрі. Жасымнан адамның ала жібін аттамай өскен адалдығыма өстіп те нұқсан келтіруіме қандай себеп болды? Ұрлықтың да содан болған күнəнің де үлкен кішісі жоқ емес пе? Сондықтан қартайған кезде ақ жүрегіме дақ түсірген бұл əрекеттен айығуым керек. Айтайын ақиқатын, берейін баласын, азар болса заңмен шара қолданар, одан нем кетеді? Кім жаңсақ баспай жатыр, тəуекел Минчин! Енді іркілме!» деп қарт барлық шындықты ақтарар бір қолайлы сəтті күтті. Уланбаатарға жақындаған сайын ерсілі-қарсылы шұ бырған машина легі молайып, Ертай сақтықты күшейте түсті. Ұзақ ойдан серпіліп, сəл бүгінгі жүрісінде, күйкі өмір тірлігіне енді ғана ауысқандай. Ол Минчиннің көрсетуімен топ ауыл шетін аралап кеп бір биік қақпаның алдына тоқтады. Аспан қайта түнеріп, көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде ашылған киіз үй есігінен далаға үркектей басып екі адам шықты. Қызының қолынан жетелеген Дашиймаа қақпаға таяй берді де Минчиннің дауысын ести сала:
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ̶ Байгалмаа, əкең келді! – деп есікті аша бастады. Машина үстіндегі жүгін түсіріп жүрген қарт өзінің іштей бекінген соңғы шешімін орындау үшін шоферді үйіне шақырды. ̶ Рахмет! Менде аялдайтын уақыт жоқ. Ертең тағы жолға шығам, тезірек барып жолдамамды алайын. – Не қылған асығыс жұмыс сонша? Күндіз-түні тынымсыз қалай жүресіңдер шаршамай? ̶ Партияның ХІ съезі басталуға аз-ақ тəулік қалды. Сол съездің құрметіне бір талай күннің жұмысын артық тындыруға міндет алғам. ̶ Дегенмен сəл тізе бүгіп шықса... Қарт сөзін аяқтап үлерген жоқ. Шашы желкілдеген кішкентай қыз жүгіріп кеп оны бас салды, ̶ Минчин де қатты сағынған екен, баласының тамағына, қоңқақ танауын көміп жіберді. Қыз шалдың мойнынан құшақтап алды. Бала қылығы ет жүрегін елжіреткен ол қалтқысыз шындық туралы ойынан шошына жалтарып, Байгалмаадан айырылып қалмайын деген сақтықпен Ертайға жүре бер деп қолын бірақ сілтеді. Машина дүр етті. ЖАС ЖІГІТ ҰЯЛЫП ҚАЛДЫ ̶ Тыңдаңыздар, жолдастар! ̶ деді Даваажав маңдайын алақанымен бір сипап қойып. Енді осы жиналыста қаралатын мəселенің тоғызыншысына көшейік. Біздің бірер шофёрлерге сыйлық берілді. Біріншіде, Ганжуур бар ма? ̶ Бар. Мұндамын. ̶ Бері кел. Бұл жолдас автобазамыздан тұңғыш реткі «Мекеме ударнигі» атанды. ̶ Ол не тындырыпты, мықтағаны кісі сабап сотталғаны ма?– деп айқайлайды біреу. ̶ Теріс түсінуге болмайды,– деді Даважаав тершіген бетін бір сүртіп, Ганжуур тіпті, жаңсақ жазаланған. Онысынан ақталып шықты. Ал өзі елімізде өріс ала бастаған революциялық жарыста ылғи алда келеді. ̶ Бəрімізден артық жүрген Ертай неге ударник болмайды? – Ол соңғы бір айлық жоспарын орындамағандықтан Ганжуурға жете алмай қалды. ̶ Оның өзі əдейі орындамай қойған жоқ, сол Ганжуурдың қастығынан болған. Адамдар бейберекет дауылдасып біреуді-біреу ұқпай, күлкі де молайып кетті. Жиналыс ұзаққа созылғандықтан жылы үйде қалың киіммен отырған шоферлер маужырап, кейбіреуі есінеп, ұйқы ашарға темекі де тарта бастады. Алғашқы кезде тар бөлменің ауасын бұзып, кеңсірікті кернеген керосин иісіне, енді шегілген шылымның кермек түтіні араласты. Басқарма столына таяп кеп тоқтаған Ганжуур абыржып қалды. Ыстықтап кетсе де терлей қоймаған ол оң қолына жұмырлай ұстаған тымағымен шашын жуықта ғана алдырған тақыр басын сипай берді. ̶ Ганжуур маған кедергі жасаған жоқ. Жала жаппаңдар, оның озғаны рас,– деп айқайлады артқы орындықтың бірінде отырған Ертай... Оқиға былай болған еді. Кенет басталған қарлы дауыл бір тəулік бойы басылмай қойды. Ілгері жылжитын жол сорабы түгіл оң мен солыңды айыру қиын. Кеше кешқұрым тоқтаған екі машина айдаладағы моладай боп табиғат каһарына қарсы шыға алмай мелшиіп тұр. Аядай боп құнысқан өлкені қатты
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз бір сілкіндіріп, анда-санда дүр етіп қалады, бірақ машина үнін, азынаған жел ала қашып, кабинада отырған шоферге де естіртпей кетеді. Жел өтіне артын төсеп, бұғып тұрған ЗИС-тің өн бойын жансызданып үсігендей тоңазый береді де радиатор суы лезде қата бастайды, сондықтан жиі тамызуға тура келеді. ̶ Ганжуур,– деді Ертай, ұйқылы-ояу, қалжырап-шаршаған, суық өтіп жаураған кейіпте рульге маңдайын сүйеп отырған, жігітке сырттан дауыстап. Ол ести қоймаған соң кабина əйнегін тықылдатты. Ганжуур оң жақ есігін ішінен ашып, Ертайды енгізіп алды. ̶ Дауылдың күші бəсеңдеп, буырқанған құм бұлты сейілді. Күн де шықты, енді қозғалып көрейік. Мен бұрын осылай келіп, таныс болмағандықтан жолдың сырын білмеймін ғой. Сен алға түс, бірақ арамыз қашықтамасын,– деген Ертайдың сөзін құптаған Ганжуур бағытын, мөлшерлеп, алды да, баяу қозғалып жүріп кетті. Жол сорабы білінбейді. Ойлы шұңқыр тегістеліп, қар аралас құммен нығалып қалыпты. Манағы əзірде шынында да сəл толастаған боран қайта күшейіп алды. Аспан мен жер арасының жігі ашылмай биікке көтерілген түйе өркеш топырақ тозаңымен жалғасып, бір-ақ уыс болып тұр. Ертай алдыңғы машинаның доңғалағы тырнаған жерден ұйтқи бұрқыраған құйынның соңынан ілесіп келеді. Осындай ауыр жолда ұзақ ой қажытатыны тағы бар. Өлгендер қайтып келмейді ғой, бірақ жалғанда тірі айырылғандай өкінішті өмір болмас, сірə! Дəл мұндай сұрапыл табиғат құшағында келе жатып-ақ əке жүрегі өз халін ұмытып, киіктің лағындай із-тозсыз ғайып болған жетімегін іздейді. Бөтен үйде аш-жалаңаш күйсіз күй кешіп жүр-ау деген ой Ертайды жегідей жейді. Ауа райы оңалып, күн қабағы ашылса Бағилам қайда жүрсе де үсіп өле қоймас деп іштей жұбанып қалады. Біреудің баласы күлсе Бағиласы күлгендей жадырап, бөтен бала жыласа соры қайнаған бақытсыз қызы шырылдағандай жабырқап қалады... Машина кенет шарқ ете түсті. Кеудесінен қатты тиген рульдің соққысы өндіршегін үзіп жібергендей болды. Ауырсынғанына қарамай сүйретіле қимылдап тысқа шықты. Жел тіпті күшейіп алған, ашылған есікпен қоса өзін де жұлқи тартып, ұшырып жіберді. Алдыңғы екі доңғалақ терең жыраға кептеліпті де ЗИС-тің доғал тұмсығы кенере қабақты сүзе тоқтапты. Радиатор мыжылып, бұзылған кежеуірдей пұшырайып тұр, сорғалаған ыстық су буы бұрқырап топыраққа сіңіп жатыр... Бұл сəтсіздікке қалай душар болғанына таңданған Ертай кабинаға қайта кіріп, маңдайын рульге сүйеп, көзін жұмды. Оған бір нəрсе ғана айқын еді, онысы Ганжуур кеткен бағыттан ауытқығаны, өйтпесе мұндай оқиғаға ұшырамас еді ғой. Болары болды, енді не істеу керек? Бір машина жүкті иесіз тастап кете ала ма? Онда да жаяу, жалғыз қайда барады. Мына долы табиғат, шайнамай-ақ жұта салмай ма? Біртіндеп айналасының тіпті түнере түскеніне қарағанда тек топырақ қана борап тұрған жоқ, қас қарая бастаған да сияқты. Ілгері озып кеткен Ганжуурдан еш хабар болмады. Ол мұны қайта іздеп келе қойған жоқ, мүмкін Ертай адасып жолдан шығып кеткен болар. Ал жолдасын жолда қалтырмас үшін кері айналғанның өзінде əлгінде ғана жүріп өткен өз ізін тура тауып келе алады деу де орындалар үміт емес. Осылай басталған қырсық Ертайды екі түн, бір күн ұстады. Аштық пен шөлдің талайын бастан кешірген ол, суыққа төзе алмады. Жай ғана қыс күндерінде тоңдырмайтын жылы киімдері бұл жолы пана болудан қалды. Кабина ішінде бүрісіп отыра бергендіктен тоңазыған дене қимылдауға да икемсіз тартыпты. Үсінген адам тоңғанын сезбейді дегенді еске алған кезде үрейі ұшып, қалтырап кетті. От жағып жылыну керек қой, бірақ отын қайда? Сонда ай далада қарекетсіз өлуге бола ма? Ақыры бір ой сап ете түсті. Шіркін, адам ақылының таппайтыны болсашы! Ұйытқыған боранмен жағаласа жүріп, жүк үстіне бастырған сыңар доңғалақты жерге түсірді де машинадан сəл қашықтау апарып жыраға жықты. Көнетоз күртесіне бензин құйып жіберіп доңғалақтың ортасына тығып от қойды. Бұл оның бірден-бір дұрыс істеген тапқырлығы еді. Ұзақ жанған доңғалақ жалыны, шоғы, қоламтасы əбден суық күлге айналғанға дейін жылытты, серік болды, уақыт өткізді. Сонсон жалғыз қалғанына екінші түн ортасы кезінде кабинаға кіріп, орнына жатып қалды. Міне ғажап! «Табиғат жаманшылығы кетеді, адамның
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз жаманшылығы өмір бойы өтеді» деген рас-ау тегі! Аштықтан қуаты кетіп, суықтан жаураған дене жылынып, қол-аяғы жылынып, тамырына қан еркін жүгірген Ертай қатты ұйықтапты да, ояна келсе таң атып, күн шығып қойыпты. Кешегі əлемнің апшысын қуырған дауылдың ізі де жоқ, аспан айығып, көк жиекпен астасқан кең дала арудай керіліп жатыр.Ертайдың көңілі сергіп, ширақ түрегелді. Машина тұрған жер бір жатаған адырдың бөктері екен де, жол өтетін деңгей бұл жерден бұрыстау қалған сыңайы бар. Тегі мұның өзі абайламай алғашқы бағыттан рулін ауытқытып алған сияқты. Ол қасындағы бір төбеге шығып бара жатып кенет тұра қалды, үйткені оның құлағына əлдеқандай тосын үн шалынғандай болған. Сəл тыңдап еді, үрген иттің дауысы анық естілді. Төбенің үстіне шыққан Ертай небəрі дауыс шақырым жерде, күнгей қорада отырған үш үйді көріп солай жүрді. «Көрмеген жердің ойлы-шұңқыры көп» деген осы-ау, ауылдың қасында жатып ажалдың аузына түсуге таяп қалғанымды қарашы!» деп ойлады ол. Ал дауылға бір қырын қарап жөнелген Ганжуур өзінің соңынан еріп келе жатқан Ертайдың енді жанасалай тартқанын көрген соң газды басыңқырап, жылдамдықты қоса түсті. Бірақ біртіндеп одан қала бастады. Сонда да фарын жағып қойып, алдыңғы машинадан қара үзбеу үшін жанасалап келеді. Боран күшті, топырақ бұлты көшіп жатса да жер жазық болған соң тезірек елге жетуді ойлады ма, кім білсін, əйтеуір Ертай Ганжуурдың алдына түскен қалпы алпыс шақырым жерді бөгетсіз алып жіберді. Таңға жақын ғана белгілі бетке жетіп, тоқтаған кезде Ганжуур өзінің алданғанын білді. Еріп келгені Ертай емес, кабинасында екі кісісі бар бөтен бір шофёр екен. Олардың жолы осылай айырылған болатын. Жолдасын бір түн тосқанымен қайта іздеуге мүмкіндігі болмаған Ганжуур Улаанбаатарға тура тартты да, келе аялдамай жолдама алып тағы да сол бағытқа жүріп кетті. Ертай машинасы мен жүгін өзі барған ауылға тапсырып тастап, олардан ат мініп, жақындағы сұмынға жетіп, одан кезіккен машинамен Улаанбаатарға келіп, запас алып қайта барып машинасын əкелгенше арада он күн өтіп кетті. Соның кесірінен айлық жоспары үзілген-ді. Міне, енді сол оқиғаны кейбіреу тілге тиек етіп, Ганжуурды кінəлап отыр. Бірақ, оның бөтен ойы болмағанын өзгеден бұрын Ертай түсінген еді. ̶ Ударник атағын сонда да Ертайға беру керек! деді бір жас жігіт. – Оның Ганжуурдан жасы үлкен. Біздің халықта аға адамдарды сыйлайтын дəстүр бар емес пе ежелден, соны қалай ұмытамыз!» Даваажав асығып-аптығып орнынан түрегелді де «Не деп айтайын» дегендей қасында отырған партия ұясының хатшысы Лувсанцэрэнге қарады. Сонсоң оның сөзін ести қоймай еңкейіп құлағын тосты. Хатшы оған қысқа ғана жауап қайырды. Бастықтар енді басқарманың қасына келіп тұрған Ганжуурға куəлігін, заттай сыйлығын беріп жатты. – Мен бір жылда, екі жылдың жұмысын істеймін, ̶ деп міндет алды Ганжуур. Осы сəтте Даваажав дауысын көтере айқайлап: ̶ Жасы үлкен деп озып шыққан кісінің сыйлығын басқаға беруге болмайды, бұл ескінің қалдығы!– деп еді отырғандар ду күлді. Жас жігіт ұялып қалды.
Жоғалған қыз ТҮНДЕ ТҰРҒАН КЕЛІНШЕК Жаймашуақ жаз түндерінің бірі. Ай қалықтап төбеден ауып барады. Батыстан баяу ескен самал лебімен жасыл өңірден көк балауса иісі аңқиды. Айнала тыныштық құшағында. Андасанда алыстан машина дүрілі, жақыннан үрген иттің даусы естіліп қалады. Ашық аспан астында қалғыған ақбоз үйлердің бірінің есігі сықыр етіп ашылды да, киімін басына бүркенген жас əйел тысқа шықты. Бұл Тогтох еді. Ол аула босағасына орнатылған орындыққа кеп отырды да, аспан жиегінде мұнаратқан көгілдір тауларға ұзақ қарады. Сонсоң кеудесін кере күрсініп қойды. Соңғы кезде бұрыңғыдай жиі қайғыра беруден сырттай алшақтағандай сыңай танытып, жұртпен бірге күліп те жүргенімен оңаша қалғанда, əсіресе, жан иесі атаулыға, соның ішінде күндізгі қаракеттен талыққан адам баласына тыныштық əкелген түнгі уақытта қатты жалғызсырап өзін қоярға жер таппағандай, немесе осынау баспана, аялы аулаға, тіпті, кең əлемге сыймағандай толғанар сəттері аз болмайтын. Қазір де сондай мазасыз ойлар мен ұйқы қашқан сергектік əлегімен жылы төсектен сытылып шыққан беті осы. Етігін қоңылтаяқ сұға салып, іш көйлектің ғана сыртынан жеңіл шапан жамыла салғандықтан денесі лезде қоңылтақсып, сергіп қалды, бірақ кеудедегі тулаған жүрек, тамырды кернеген қан жанын қысаған көмескі сезім жай таптырар емес. Бұл не ғажап! Осынша мазасызданған əйел нені армандап, қандай үміт күтеді алдан? Ол мұндай сауалға жауап іздеп отырған жоқ. Қазіргі ойлағаны тезірек тынышталып, сəл тынығып, аз да болса ұйықтап түрегелу. Əйтпесе ертеңгі жұмысқа нұқсан келеді. Иə, еңбек! Дүниеде сенен асқан ақылшы, өзіңдей мейрімді ештеңе жоқ-ау, сірə! Тогтохтың басына түскен барлық қасіретті жеңілдетіп, уақыт озған сайын өткенді алыстатып, өзін көптің ішінде көріктендіріп келе жатқан тек толассыз еңбек қой. Кəсіптес қауым ортасында отыра қалып, іске шұқшия бір кірісіп кеткенде өзге ештеңеге алаңдатпай самарқау ғана табан аударатын уақыттың өзін ит қуған қояндай лезде қырқадан асырып тастайды. Еңбек дегенің адам өмірінің де нəрі ғой. Тамақсыз, киімсіз, басқа қаракетсіз тірлік бола ма? Өз қолымен істеген еңбегінің ырыздығын өзің көруге не жетсін! Жолдастарыңмен бірге кезекке тұрып, олардың дуылдаған пəтуасыз үніне құлақ түріп, енді тізімге қол қойып, алған ақшаңды жүре санап бірдеңе есіне түскендей сəл тұра қалып ойланып, сонсоң қалтаңа тыға салсаң көңілің əлде неге масаттанғандай еңсең көтеріліп қалады. Тогтох тынымсыз еңбегінің мұнан да құдіретті бір күшіне куəгер болды. Бірақ соның өзі де оп-оңай келе қалған жоқ. Ол апталық, айлық жоспарын ылғи асыра орындайтын. Шындығында өзгеден озайын деген ойы жоқ-ты. Тек норманы үзбеу үшін құлыншынып жүрді. Дегенмен өңдіріс мүмкіндігі онша жақсы емес. Əсіресе тігіншілер бөлмесі тым тар. Əйелдер сыналасып отырады да, нағыз ине шаншар ашық жер қалмайды. Тігілген бұйымды, шикі бұлдарын қоятын орын таппай «ары тарттың» астында бірін-бірі түрткілеп жатады. Ол да онша емес-ау, бəрінен де қиыны екі əйелдің жалғыз машинаға мінгесуі. Бұл тəсіл алғашында кім-кімнің де қолын жөнелтпейді. Қай бұрын машина алғаны екінші тігіншіге жуырда бере қоймай ұрыс-керіс шығып, кейде машина бүлініп, онсыз екеуі де қарап қалады. Тогтохтың əріптесі Рэнцэн күні бойы ауыз жаппайды. Біреумен тістеспей отыратын кезі жоқ. Ол əсіресе, шебермен, бөлімше бастығымен жиі сөзге келіп қалады. «Жұмыс істейтін сайманың жетіспесе осынша көп қатынды неге жинап аласыңдар?»– дейді. «Шырағым-ау, көп əйелді біз əкелдік пе? Жұмысшы санын мойлату керек деген үкімет нұсқауын орындағанның жөні осы деп өзіміздің өндіріс комбинатымыздың бастықтары емес пе, бізді сендермен жағаластырып қойған» десе анау: « Менің онда жұмысым не? Бар біліп тұрғаным екі əйелге жалғыз машина болмайды! » деп безектейді. Бірақ, оның өзі шын пейілмен онша қадағалап отырмайды. Машинаны көбінде Тогтохқа тастап, сүйреңдеп сөйлеумен, өндірісті кезумен күн өткізеді. Анда-санда: ̶ Сен жұмысты көп істе, жесірсің, саған ақша керек. Мені қойшы, байым дардай қызыметкер, малымыз
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз бар,– деп ащы да болса шындықты айтып, сөзбен істеген қамқорлықсымағының Тогтохқа қандай əсер ететінін сезбейтін. Кейде мұндай мінезі кенет өзгеріп: ̶ Байсыз қатын – баусыз оймақ. Не бар осынша қадалып отыратын! Онанда жөні түзу жігіт тауып ал, кімің аштан өліп барады. Мен де осы өңдірістің жұмысшысымын, қарап жүрейін бе! ̶ деп машинаны тартып алатын. Дегенмен ол райынан тез қайтып, бірдеңені добалай салып кетіп қалатын. Əйтеуір, күңдік жұмыс уақытының үштен екісінде тігін машинасы Тогтохта болады да, қалған аздаған мерзімде пішетін, қолмен көктейтін жөрмейтін, қабитын істерін тындырып үлгереді. Енді бір қызығы олар осылай таласқан жалғыз машинаға келесі кезектегі екі əйел тағы мінгесіп отырады. Əр қолдан өткен машина темір болғанымен жиі бұзылады. Кейде қалыңды, кейде жұқа тігісті айдамай, немесе аттамалап, көктеп, астына жіп ілмей, үзіп жатады. Мұндайда қолына сайман салған дорбасын ұстаған механик əйел əзір тұрады, ұлты орыс болғанымен тігіншілермен ымдаса жүріп моңғол тілін тез үйреніп алды. Тогтохтың өндірістегі осы қаракетінің өзі оған талай тəсіл ұқтырып, көптеген көмек көрсетіп, көкірек көзін аша түскендей. Сөйтіп, жыл аяғындағы есеп бойынша жұмсақ тігін бөлімшесінде алға шықты. «Тогтохтың үздік болуы менің арқам, машинасына таласпай тек соған беріп қоятынмын, ̶ деп Рэнцэн де жоғарытөмен жүгіріп-ақ жүр. Бірақ, серігі ауырып, немесе кетіп қалғандар біріңғай қарағанның өзінде оның көрсеткішіне жете алмағаны мұның қаперіне де келген жоқ. ̶ Басқасын қойшы, ̶ деп тепсінеді Рэнцэн, ̶ Жесір қатынды желкілдетіп қолпаштап жүрген біздің еркек бастықтардың қорлығы өтті, тіпті! Олар Тогтохты үлкен басшылардың қабылдауына шақырылған бүкіл еліміз озаттарының қатарына қосты емес пе? Ол ұялмай-қызармай өкімет бастығының қолын ұстап, сыйлық алыпты!... Аулада отырғанда жұмыс жайлы осындай оқиғаларды көз алдына елестеткен Тогтох: «Қызым мұнанда зор табыс шығару керек» деген Маршалдың тапсырмасын да еске алады. «Өзгелер ол кісіні күллі Моңғолияның ең үлкен бастығы дейді, əйтеуір маған əкемдей мейірімді адам сияқты көрінді» деп ойлады бір сəт. Осы кезде аяққы көше бұрышынан бұрылған машина тура бері қарай тартты. Тогтох орынынан ұшып түрегелді, «Ертай!» ол өз даусынан селк ете түсті. «Неге сонша абыржи қалды? Көрмей жүрген Ертай ма еді, кеше жолға шыққан, бүгін келетін күні. Сонда да Ертайдың орны бөлек-ау, бұл үшін. Оның достық көңілі, адамгершілігі қандай? Ол келгенде сүреңсіз үй толып, жабырқау көңіл жадырап кеткендей болады. Сондықтан Буянжав шешей жолына қарап келер күнін санап жүреді. Тогтох та жиі сағынады. Бірақ, заты əйел емес пе, ішкі сырын онша ақтара қоймайды. Тіпті мұның түн жамылып далада отыруының өзі осы Ертайдың жоқтығынан. Шынында соңғы кезде ол үйде барда Тогтох мазасыз ойдан аулақ боп, алаңсыз ұйықтайтын əдет тауып жүр. Дегенмен дəл оны қазір түн ішінде далада тосып алуды қолайсыз көрген келіншек үйге кіріп, жата қалды.
Жоғалған қыз ОЛАР КӨШІП КЕТТІ Байгалмаа күндегісінен ерте оянды. Үйде жалғыз екен, тез киініп тысқа шықты. Дашиймаа аулада жүр. Əкесі ат қорадан шығып келеді. Бала Минчинге қарай жүгірді. ̶ Əке! Шал жетелеп келе жатқан атының шылбырын тастай беріп қанатын қомдаған қара құстай далпылдай ұмытылды. ̶ Ары жүр, балам, тарпаң ат оқыс болдырады, жақындама! Танауы делдиіп, шашы желбіреп, жетіп келген қызын құшақтай алды. ̶ Əке! Сіз жұмысқа бармайсыз ба? ̶ Кеше қырдан келдім, бүгін демалыс қой. ̶ Атты неге шығарасыз? ̶ Базарға барып қайтайын деп. ̶ Жоқ, кетпеңіз! Ешқайда жібермеймің! ̶ деп бала əкесінің мойынынан құшақтай алып, еркелеп екі аяғын тыпырлата бастады. ̶ Жоқ, балам! Мен тез ораламын, үйден шықпай отыруға болмайды ғой. ̶ Шықпаңыз! ̶ Тұра тұршы, өзің! Мен атымды суарып келейін, – деп шал баласын жерге түсіріп, маңдайынан иіскегелі еңкейе беріп, оның көзіндегі мөлтілдеген жасты көрді. Сол екі тамшы Минчиннің қарт жүрегіне балқыған қорғасын тамызғандай сезіліп, жүйе-жүйесін босатып жіберді. Буындары дірілдеп, қолы қалтыраған шал иегі кемсеңдеп қайта ұмтыла берді. «Япыр-ай,– деп ойлады ол, ̶ Мұндай да əке, жанды бала болады екен-ау! Бұл мейрімі күшті құдайдың маған қартайған шағымда берген бақыт құсы ма екен, шіркін! Ол Байгаалманы қайтадан көтеріп алды да, шелектеп су əкеле жатқан Дашиймааға қарай жүрді. Бала кішкентай жұдырығымен екі көзін кезектеп бір-бір нұқып қойды да, əке құшағына жабыса түсті. Уақыт өткен сайын оның сəби есіндегі бұрынғы деректер көмескі тартып, елестей боп алыстап барады. Буянжав шешей мен Тогтохтың ғана емес, өз əкесінің де бет-бейнесі ұмтыла бастады. Əйтеуір, өрмекшідей арбиған үлкен машинасы бар екені белгілі. Ал мұның көкірегіне орнаған бір шындық – солардан қапыда айырылып запыс болғандығы. Енді осынша бауыр басып кеткен мына ата-анасынан тағы да көз жазып қалам ба деп қорқады. Дегенмен əлі əкесінің атын ұмыта қойған жоқ. Кейде ойнап отырғанда Ертай деген сөз оқыстан ауызына түсіп кетеді. Ал осында келген алғашқы айларда машина дүріліне қатты елеңдеп, тіпті жүгіріп сыртқа шыға жөнелетін-ді. Бірақ, əке-шешесі тежей келе ондай əдетін қойды, тек қолына не түссе соны машина болдырып ойнайды. Ол осы қарттарды жанындай жақсы көреді. Ешқайсысынан көз таса болғысы келмейді. Бұлардың соншалықты мейірімді адамдар екенін бала жүрегі қалтқысыз сезеді. Дегенмен шешесінің мына ауылға келген адамдарға жолатпай, əсіресе жақын маңайға тоқтаған машинаны көрсетпей, далдалай беруінің мəнін ұға алмайды. Ондайда əр нəрсеге еліктегіш, қызыққұмар елгезек көңілі тойтарылып, томсарып қалады. Бірақ, қияпарлығы болғанымен қайсар бала жылап, байбалам салмайды. ̶ Апа! ̶ деді ол шелегін жерге қойған Дашиймааға мақтана қарап, ̶ Əкем бүгін кетпеймін, үйде боламын дейді. Солай ма, əке! Оның ұшқын атқан жанарына, оң көзінің ақ шелінің артын ала біткен кішкентай қоңыр меңі жарасып тұр. Сөйлегенде оң жақ ұртындағы шұңқыр сүйкімді жүзіне төтенше бір ажар бітіргендей. ̶ Менің қызым үлкейгенде сұлу болады! ̶ деп қуанды Дашиймаа. Расында да Дашиймаа бойжеткен шағында көрікті қыз атанып еді-ау. Оның ұялы ұзын кірпіктері қоршаған қоңырқай жанары сұлулықтан гөрі мейрімділікке бейім тұратын. Ортадан сəл биіктеу бойы, оғаш міні жоқ құлың мүшесі талай бозбаланың көзін қызықтырған еді. Тағдыр оны осы Минчинге арнап жаратыпты ғой. Минчин де талай сұлу ұрлана көз салған əсем жігіт еді. Екеуі алғаш қосылған кезінде, үбірлішүбірлі болған соңғы жылдарында да өздерін ел ішіндегі бақытты семьялардың қатарына қосатын. Я, содан бері не кешпеді бастарынан. Міне, енді сол бір жастық шақтары,
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз кейінгі бақытты кезеңдері қайта оралып, көңілде кірбің, қабақта қаяу қалмағандай. Байгалмаа əке құшағынан түсе жүгіріп үйге кіріп кетті де, түндегі үш аяқты велосипед-арбасын алып шықты да, міне салып екі қартты айнала шапқылады. Осындай ойыншық əкеп берген əкесіне кішкентай қызы қандай разы болса, өшпестей бақытты еткен сəбиге ата-анасы да соншалықты шексіз мейіріммен қызыға қарайды. ̶ Шал, онша асығыс жұмысың жоқ қой, қалаға бармайақ қойшы. Баймалгааға берген уəдеңді орында, кетіп қалып сағын сындыра көрме. Күнделікті жұмыста жүргеніңді түсінеді, келгеніңше көп іздей қоймайды, бірақ, осының алдындағыдай ұзаққа кетсең, іздеп қатты алаңдайды. Кейде тіпті тамақ та ішпей қояды. Бүгін сен үйде болам дегенге қуанышы қойынына сыймай, ойыны көбейіп жүр. Қарашы өзің, жүзі жайнап тұрғанын,– деп Дашиймаа орнынан көтеріле беріп еді, кенет бір машина кеп қақпа алдына тоқтай қалды. Абыржып қалған ол асыға басып Байгалмааны жетелей жөнелді. Минчин қақпаға қарай кетіп бара жатып артына жалтақтап қарай береді. Əйелі мен баласы көзден таса болған соң ғана қақпаның жалғыз кісілік есігін ашып өзіне қарсы келе жатқан шофердің алдынан қарсы барды. ̶ Сəлеметсіз бе? ̶ Аманшылық, ̶ деп Минчин тым сүлесоқ тіл қатты. Кешегі алып келген жігіт, бұл тағы не іздеп жүр? Бірақ сыр бермеуге тырысты. Ертай оның жүзіндегі үрейді абайлаған жоқ. ̶ Мынау сіздікі емес пе? ̶ деді бағасы он қаралық қымбат шақшаны алақанында ойнатып. ̶ Кəне, балам, көрейінші! – деп таяп келіп үңіле беріп. – Рас менікі екен! Қараңғыда қойнымнан түсіп қалғанын абайламағаным ғой. ̶ Алыңыз онда. ̶ Рақмет! Екі шақша салып жүріп бірін жоқтамаппын да! ̶ Шофёр кері бұрылды. Шал қалбалақтап соңынан жүгірді. ̶ Ақысын ал! ̶ деп ол қойынына қолын тығып қапшығын алып шықты. ̶ Керегі жоқ, мен ештеңе алмаймын. ̶ Сонда да, сүйіншісі емес пе. ̶ Оқасы жоқ, абыржымаңыз!– деп Ертай қозғала берді. «Дəм ауыз ти» деудің орнына бірден ақша ұсынғаным ерсі болды-ау, ̶ деп өкіне тұрып қалған Минчин кетіп бара жатқан машинаның қабырғасындағы « 37 ̶ 36 » деген цифрды көріп қалды да, əлде не есіне түскендей үйіне қарай асығып бара жатты.Үйге кірген бойы ешкімге тіл қатпастан бетіне қос арыстанның суреті салынған кебежесінің бірін ақтарып, көк хадагқа оралған, тивет тілінде, тасқа басылған бір кітапшаны алып шықты да, арасындағы бір жіңішке қағазға үңіліп тұрып қалды. Онда Ертай қазақ, машинасының номері «37-36» деген ескі моңғолша жазу бар. Мұны Байгалмааны іздестірген милиционер күнінде керек болар деп əдейі тығып қойып еді, енді жаңағы шоферді анықтай түсу үшін қайта көргені сол. – Шақшам кеше кабинасында кетіпті, соны əкеліпті,– деді Минчин. – Адал азамат екен ғой,– деп Дашиймаа тысқа шықты. «Бір көрген – біліс, екі көрген – таныс» деп ойлайды Минчин,– тағы бірде жетіп кеп Байгалмаадан айырылып қалмайын». Осы ой оны түршіктіріп жіберді. Сонсоң ондай қатерден құтылудың амалы жол үстінде отырмай қоныс аудару деп түйді. Сөйтіп асығыс жер шалған ол ертеңінде басқа жаққа тасынып, көшіп кетті.
Жоғалған қыз ҚАСТАНДЫҚ Мылтығын құшақтаған қалпы қисайып жатқан күзетші бірден ояна қоймай, екінші жамбасына аунап түсті. Жалаңдаған жалын тілінің өткір сəулесі оны айқын көрсетіп тұр. Сырт еткен дыбысты сезіп қалатын жас балалы əйелдей сергек, құс ұйқылы шал жүзін шарпыған жарықты сезіп қалды да, бетін сəл тыржитып, көзін ашты, бірақ нендей құбылыс екенін табанда түсіне алмады. Бүкіл əлем қып-қызыл, тегі бұл жалғанның əрекеті емес, о дүниедегі тозақтың оты осы болар. Ол асығып-аптығып қозғалғанымен етегіне сүрініп жер таянып зорға түрегелді. Буындары қалтырап, аяғын баса алмай сəл тұрды да, үстіндегі ешкі терісі тонын сүйрете ілгері ұмтылып кеп, айқай салды. ̶ Ойбай, өрт!... Қаншама бар дəрменімен айқайлағанымен сыбырлаған дауысын өзі де ести алған жоқ. Сонда да қырылдап кеберсіген тамағын мұжиған, малтақ саусақтарымен тырналай жүріп, ауыз жаппай байбалам салып бақты. Қарағай дуалдың бір кісілік есігіне жеткенше əлде неше рет сүрінді де, үстінен тоны сыпырылып түскенде ғана жүрісі өңдігендей болды. Соның өзінде де жүкті сиырдай кимелей жүріп, ілгекті зорға ағытып сыртқа шықты да, сасқалақтаған қалпы көршілес тұратын екінші күзетшіге жөнелді. Ол ояу болғанымен ықтап отырып, ештеңені абайламапты. ̶ Сүйретіліп бері жүгіргенше мылтық неге атпайсың?! ̶ Шошып кеттім... Есіме келмепті, қосарлана едел-жедел атылған бесатар үні түн тыныштығын дүр сілкіндірді. Бірақ онан-мұнан адамдар жиналып келгенінше өрт əбден күшейіп, жалғыз қабат тамның төбесі күйреп ортасына түсе бастады. Онсыз да іс машинасы жетіспейтін жұмсақ тігін мен аяқ киім бөлімшелері осылай типыл болды. Бұл іргесі орныға қоймаған, дегенмен болашаққа меңзеп, зор үміт арқалап отырған өндіріс комбинаты үшін тым мол шығын еді. Қыстың ұзақ таңы əлі ата қояр емес. Үркер жамбасқа құдиып жеті қарақшы Темірқазықтың үстіне енді ғана көтеріліп барады. Жиналған жұрт өртті сөндіріп үлге ргенімен «анадан-мынадан болды» деген жорамалды сол өрттей қаулатып, бірақ ештеңенің байыбына бара алмай, ақыры əлгінде ғана милицияға жөнелтілген күзетшіні кінəлап тарай бастады. ̶ Мылтықты мен бастап аттым, ̶ деп даурығады манағы күзетші мақтана сөйлеп – өйтпесем, ешкім келмейтін еді! ̶ Сенің соның дұрыс болған, бірақ не пайда түсті одан?... Көптен оқшау тұрып, ешкіммен тіл қатыспай кері қайтқан біреу ұзын жеңі салақтаған түлеме қой терісінен тігілген жылы тонын ауырлағандай екі қолын артына ұстап, самарқау аяңдап келеді. Белі бүкірейіп, басы тұқырайып кеткенімен қабағы жадыраңқы, көңілі сергек, тамағының астына жасырылған ешкі құйрық сақалы шолтаңдап басын қалтақтатып қозғай береді. Танауынан тыныстап үйренбеген ежелгі əдеті бойынша судан шыққан ит балықтай аузын ашып алқына демігеді. Қасқа тісі түгел таусылған қызыл иегіне тиянақтай алмай жылтыңдаған былтығыр тілі, көнтиген еріндерін жалай береді. Бұл аспаз Лю да рин еді. Оның жеке меншік асханасының тамағы аса дəмді, əрі басқаларға қарағанда жомарт, қолы ашық, тағамды өлшепталғамай мол береді деп адамдар осында көбірек келетін. Оның мұнда қашаннан тұратынын ешкім білмейді. Үлкендердің айтуына қарағанда Да Хүрээ заманында да осы кəсіппен шұғылданатыны, ұлтының Қытай екені ғана белгілі, ал қай елдің азаматы болып тіркелгені де мəлім емес, кім паспортын тексертіп жатыр дейсің. Лю бір тар көшені бойлап келе жатты да алды-артына сезіктене қарап, өзінен өзге ешкім жоғын абайлаған соң дəл қасындағы биік дуалдың қабырғасынан сіңіп кетті. Оның тым сақтануға тура келгенде пайдаланатын құпия есік-тесіктердің бірі осы бөренелер арқылы жалғасатын. Ал оған көп бөлмелі там үйінің есігін де ешкім ашып беріп, əуре болып жатпайтын. Бірақ ондай сырын ешкімге, тіпті əйелі мен баласына да сездіріп көрмеген-ді. Ол келгенде сығырайған көмескі шам сəулесінде бір төсекте құшақтасып жатқан екі адамның бірі үрейлене түрегелді де, екіншісі от жаққа қарай аунап түсті. Елтірі ішігін көлбірете жамылған əйел Людің қарсы алдынан тайсақтап бұрыла берді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ̶ Құттықтаймын, өте жақсы орындадың тапсырманы! ̶ деді Лю, сырт киімін шешіп жатып. Жайпиған ағаш төсек сықырлап ондағы адам да басын көтеріп, жастыққа шынтақтап отырды. ̶ Мен Рэнцэнді осындай батылдығы үшін сүйемін! ̶ деді ол. ̶ Кел, Дэмбэрэл! Сенің осы өжет қатыныңның ерлігі үшін ішейік! ̶ деп Лю тостағандарға толтыра құйылған арақты қалтылдаған қолымен мөлтілдетіп ұсына береді. Төтенше бір ниеттері орындалған соң соның құрметіне деген тостыдан ешкім бас тартқан жоқ. Арақ əйелдің өзегін өрттей шарпыды. Аузын басып, көзі жасаурап, танауы делдиіп отырып қалды. Осы сəтте соңғы кездегі əрекеттері шумақталып кеп есіне түсіп, елестей ғайып болды. Елге қашқын атанған Дэмбэрэлді өз байынан кем көрмейді ол. «Қолыңнан келсе, қонышынан бас» демей ме, еркектері жаман да болса қожайын еді де, төмен етектілерде бас бостандық болмайтын. Қазір төңкеріс орнады, жаңа мизам бойынша əйелдерге ерік тиді. Рэнцэн сияқты пысық əйелдердің екі байы барын кім біліп еді. Біреуі үйде, біреуі түзде болсын. Үй иесі күйеуі жоғарғы қызметкер, əйелін еркелетіп сылап-сипап отыруға уақыты жетпейді. Жас қыз, жаңа түскен келіншек емес кемеліне келген, еркектердің ерекшелігін аңдый білетін əккі əйел үшін ондай саясатшыл қызметкердің онша қызуы бола қоймайтын сияқты. Осындай бір нəпсі құмарлығы асқына бастаған кезде кезіккен Дэмбэрэл «Іздегенге-сұраған» болып жолықты. Үздіксіз ішкен шарап пен шалқыған көңіл нысапсыз нəпсіні қоздыра түсті. Қалтықсыз сүйіспеншілікті алаңсыз өткізу үшін жұмыстан шығып алмақ болған Рэнцэннің ниетін Дэмбэрэл мен Лю қостамай қойды. ̶ Дұшпаннан түк тартқан да олжа. Мені осынша қудалағаны үшін жаңа үкіметке риза емеспін. Егер шынымен жақсы көретін болсаң маған арнап бір ерлік істе. Онан кейін бар байлығым сенікі деп біл. Сонсоң осы елдегі алтынға апталған, күміске күптелген əйел сен ғана болмақсың! ̶ деген Дэмбэрэлдің ұзақ уақыт бойы жалынышпен өтінген тілегін өзінің алдағы сəнсалтанатына жаратуды көздеген əйел тəуекелге бел байлап, уəдесін берген-ді. «Саусағын ине тескен жұмысшы, оның үстіне жоспар орындай алмаған деген қаңқу сөз де кегін қоздырды. Міне, енді ашынасының ақылы көкейіне қона кетті де, өндірісті өртеудің тəсілін үшеулеп ойластырды. Ақыры бүгін кешке жұмыстан қайтарда өз орнына от тастап кетіп еді. Соның сəтті болғаны үшін ішпеске не шара. Бірақ əлгінде еркектер сөйлегенде бұл іштей «Я, сəт! Маған Дэмбэрэлдің барлық байлығын аударып бере көр!» деп ішті. Өйтпегенде ше, үкіметтің құрығы ұзын. Қашқан адам қашанда ұсталады. Сондықтан ертерек қымқырмаса қыруар қазынадан айырылып қалмай ма? Ол күнде Дэмбэрэлдей еркек табылар, бірақ мұндай тегін дəулет қолға түспес... Қасындағы Рэнцэнге тыжырына қараған Дэмбэрэл осы қаладан кеткенше мына еркек жанды, əрі дүние құмар əйелді қатындыққа да, қастандыққа да пайдалана тұру жөнінде ақыл айтқан, көпті көрген, көнекөз, қытай ұрпағы, қазіргі қорғаушысы Люге шын ниетпен риза болды. Өзін үйіне жасырып қойып, бұрын жазылған деген сылтаумен жалған мəлімет жасап алып, мұның алыс-жуықтағы ақтылы қой, алалы жылқысын сыпыра сатқызып, ақшасын астыртын қаттатып жатқан Қытай досын құдайдай пана тұтады... Бұларға назар аудармай тұқыржыңдап төмен қарай беретін Людің араққа ашырқанғаны да, түшіркенгені де белгісіз отыр. Əйтеубір, əпербаққан еркек пен тұрақсыз əйелді қол шоқпар етіп, өз мақсатын орындай бергісі келеді. Бұл екеуін əлі талай пайдасына жаратар, бірақ олар үшін зəредей де жақсылық істемес, əрі белгілі нысанға жеткенде көздерін жоя салу опоңай емес пе. Күні кеше де Пекиннен тың тапсырма жетті. Бүкіл Жунго өзіне сенім жүктеуде. Ойхой, дүние-ай, алда талай асулар күтіп тұр-ау! Əттең...
Жоғалған қыз НАНЫМСЫЗ ШЫНДЫҚ Машина зырлап келеді. Тақтайдай тегіс, таспадай түзу жол жолаушыны өзі жетелеп алға тарту үшін созылып жатқандай. Күн төбеден ауған. Көз ұшында көрінген көк жиекке кө лбеп барады. Алыстан мұнартқан көгілдір таулар кеңбайтақ Моңғолия даласының мұхитта жүзген қайығындай бұлдырлайды. Қарсы беттен баяу ғана желпінген салқын самал машина екпінімен ескек желге айналып, сəл тесіле қарасаң жанарыңнан жас парлатады. Сонда да жейдешең отырған шофер əйнегі түсірілген кабина есігіне қолтығымен сүйеніп алып, басын сыртқы шығарып, жол сорабына тесіле түсіп, рульді толғап қана айналдырады. Жасыл өңірде жайқалған құрақ ортасында алуан түрлі бəйшешектер қалып барады. Қызыл, сары, ақ гүл үстінде өрнек қанат көбелектер тынымсыз ұшады. Дарылдақ қоңыр шегірткелер машина жанай қалықтап, кейбіреуі шофердің бетіне келіп соғылады. Сыпылдақ күйкентайдың бір тап сарыала торғайдың тозтозын шығарып жүргенімен ісі жоқ тышқан аңдыған тоғысай ін аузында маужырап отыр. Мотор бірқалыпты дүрілдеп, машина жылдамдығынан танбай заулайды. Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі-ай.... Бүгінгі жүрісте əннің талайы басталды, бірақ толық аяқталғаны жоқ. Əр əн ерекше шабытпен ойға оралады да, бірде бірі шалқыған көңіл тебіренісіне қонақтай алмай, тайқып кете береді. Қара тау кейде қарлы, кейде қарсыз. Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз.... Осындай шалқыған нақышты əуен кенет: Талын таван толгоойдо Таана мянганын ургамалтая хө боп өзгереді де, келесі əнге ауысып кетеді. Бірақ қай ұлттың, қай тілдегі, қандай əндерін айтса да оның қаншалықты сүйкімді шыққанына орындаушы мəн бере қойған жоқ, əйтеуір жалғыз шапқан ат сияқты бəйгенің алды да, арты да өзі болып келе жатқандай. Дегенмен бір нəрсе айдан-анық, бұл шофердің əн салғысы келетіні. Көкірегін кернеген құпия бір күш шаттық болып сезіліп, өлеңге ұласып шырқалып кетіп жатыр. Жолаушы машина ішінде жалғыз отырған Ертай. Оның бүгінгі жан толғанысы тым тосын. Тордан босап, азаттық алған қыран қанатын жазып көк жүзіне қандай самғаса, бұл да байтақ дала төсін сонша шарлап, көкірек кере көсіліп келеді. Ойхой, туған елім, осынша кең қолтық, кір жуып кіндік кескен далам мұндай кең екеніңді жаңа сезіндім ғой!... Ол рас айтады. Отан – анаға да, шетсіз-шексіз ен далаға да балалық іңкəрлікпен, азаматтық ақиқат тұрғысынан қарай алатын мұрсасы болмады оның. Ауылда өткен пəтуасыз, күйкі тіршілік балғын балалық шағын, есіл жастық кезін жалмап қойды. Сондай бір өмір белесінде серпіле бастаған алғашқы сапары екі ұдай өтіп жатты. Қия басса қасіреттің қақпанына түсіп, тағдырдың аямас тауқыметіне талай ұрынды. Асыл жардан, адал достан, аяулы баладан айрылған жылдар Ертайдың еңсесін езіп-ақ тастады. Сонда да етігімен су кешіп, басына күн туған қаралы жалған біртіндеп жырақтай берді де жүкті нар, қайғыны ер көтерер кезге жетті. Кішкентай Бағиласынан күдер үзбегенімен көзінен таса болғаннан бері бір неше жыл өтіп кетті. Барлық жан жарасын уақыт емдеді, қайғыдан айықтырды, қатарға қосты. Бірақ бұл өмірінде бір ғана қауымға, өзінің кəсіптеріне ғұмыр бойы қарыздар екенін көкірегіне имандай сақтап келеді. Сол үшін соңғы кезде. ... Көтере алмай жатқанда көтеріскен. Ата-анадан жаксы екен құрбы-құрдас,– деген өлеңді жиі айтады. Бүгін де шаттық құшағында, шырқатып əн салып келе жатуына мекемелік достарының ілтипаты аз болған жоқ. Кеше ғана мұның омырауына мемлекеттик «Еңбек медалі» тағылды. Оны үкімет Ертайдың еңбегіне берді ғой, бірақ соған бүкіл автобаза адамдары шын жүректен қуанды. Тойды-тойға ұластырып, думандатып тастады емес пе! Аздап ішіп алған Даваажавтың өзі бастықпын демей-ақ мұны туған інісіндей көріп, бетінен сүйді. Бір жылда екі жылдың жұмысын тындырғанын даурығысып мақтайды бəрі. Ганжуур ғой ағалап кер мойнына асылып жылап жүр. Ұзақ уақыт бойы жаны жаралы, басы қаралы болған азаматтарының силығын көпке балайды. Ертай өзінің бұларға осынша қадірлі екенін
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз енді түсініп отыр. «Адам басына бақтың қонғанын білмейді» деген рас-ау, мұндай бақытты бұрын бағалай қоймағаны да рас қой. Е, тəңірім, бергеніңді алсаң да, береріңді алма!... Сондай жайсаң жандардың ортасынан тағы да жолға шыққан ол енді қайта оралуға асығып, үйірсек жылқыдай үздігіп келеді. Уақыт кешкіріп, күндізгі қапырықтан сейілген даланың ауасы тазарған сайын жігіт жаны масайрап, көңілі əлденеге алабұрта береді. Жүйелі жүйесіз айтылған əн де сиреп, енді ауық-ауық тұңғиық бір сезім бойын билеп алады. Суыт жүрістен жалықпағанымен біраз аялдап сусын ішуді ойлаған ол жол жиегіне кеп тоқтай қалды да, жерге түсті. Сырттай қарағанда жансыз темір саналатын машина да дəл қазір жарыса шауып келген сəйгүлікше ентігіп тұр. Ертай таңданып сəл қарады да, доңғалақты бір теуіп қалып көгалға аунай кетті. Ширек сағаттай үнсіз жатқан соң біртіндеп шаршағаны сезіле бастап еді, кенет бойы бір ысып-бір суып, көз алдына əлдене елестегендей, керіліп-созылып аунақши берді, көзі жасаурап есінегенімен бұл халіне алғашында онша мəн бере қоймаған жігіт өзінің еркек екенін еске алған сайын көмескі жат құштарлық билеп бара жатты. Дəл сондай сəтте «əйел» деген бір оғаш ой орала кетіп еді, ұялғанынан өзіненөзі үріккендей орнынан ұшып түрегелді, «Япыр-ау»,– деп ойлады Ертай, – маған мұндай сезім қайдан пайда бола қалды? «Тегі, ораза намаз – тоқтықта» дегендей, еркектің əйел туралы құмартуының өзі көкірегі қайғысыз, көңілі шат кезіне байланысты екен ғой. Нұрғайып қайтыс болған сонау жылдардан кейін əйел затына деген ынтызарлық күй кешпегелі қашан. Міне енді... Дегенмен өз жанына рухани достық көрсеткен кəсіптестері соңғы кезде тағы бір қырынан танылып, енді «басыңа үй тігіп, бауырыңа қазан ас»дейтінді жиі құлаққағыс етіп жүр. Расында да осы қалпы өтпейді ғой, бірақ, кіммен, қашан түтін түтетері өзге түгіл, өзіне де жұмбақ емес пе. Табанда ондай талапқа не дей қоймақ. Ертайға көбірек қамқорситын жастардың бірі Мэндэй болып алды. Ер мінезді, əр дайым жабырқауды білмейтін ол əйелдер жағына икемсіз болғанымен еркектермен оп-оңай жұғысып, тіл табыса кететін. Бұған үйленуді жиі айтып, «кімді қалайсыз, əлде лайықты адамды өзім тауып берейін бе?– деп қолқалап жүретін күндердің бірінде кездескен мына бір оқиға дəл қазір Ертайдың есіне түсті. ...Көктемнің алғашқы айы орталай бастағанымен əлі жадырай қоймаған, ауа райы жиі құбылып тұрған-ды. Хэнтий аймағына жүк апарып жүріп дамылсыз соққан қарлы бұрқасында бір сұмын орталығына кеп паналаған Ертай сол жылы ғана салынған екі бөлмелі қонақ үйден жалғыз кісілік орынды зорға тапты. Жолаушылар көп, төсек аз екен. Машинасының суын төгіп тастап күзетшіге тапсырған соң келген кеткендерге көрсетілген қызметі жұпыны болғанымен отты мол жаққан, бірақ жылына қоймайтын, əйтеуір баспана, там үйде қамсыз жатып қалған ол лезде ұйықтап кетті. Қанша уақыт өткені белгісіз, əйтеуір əлдекімдердің дабырынан оянып кетті. Біреу сіріңке шағып кескен шөркенің үстінде тұрған, тоң майға малынған білтені тамызды. Əлсіз сəулемен колеңкелері арбиған бірнеше адам кіріп келді. Бəрінің де үсті аққырау, қатты тоңып, сиықтары қашқан. Тымақ сыртынан бастарын қалың орамалмен байлаған, бірақ денесі сіресіп үсінуге таяған бірнеше əйел де бар көрінеді. Ертайға көптен таныс болып қалған осы сұмынның бастығы да жетті. Ол он неше қадам жердегі жылы үйінен шыққандықтан ішігін желбегей кисе де бусанып, қызара бөртіп тұр, əрі кекіргенде жаңа ғана жеген сарымсақты мəнтінің аңқыған иісі даладан келгендердің кеңсірігін кернеп кетті. ̶ Солай ма?! Астанадан шыққан үгіт бригадасы екенсіздер ғой. Партияның ХI съезінің шешімдерін, алғашқы бес жылдық жоспардың маңызын насихаттайтын бір топ адам келеді деп, партия ұясының хатшысы айтқан еді. Бірақ шишанмен жүр деген соң меден атын отқа қоя бертіп едім, даяр көлік болмай қалғаны, оның үстіне дайындаған шөп əбден таусылып қалды, күзде елуалпыс түйе пішен жиналып еді, қорасы осал боп сиыр түсіп, таптап кетіпті. Барлығын болмаса да меден атының бірнешеуін байлап қойса осындайда пайдасы тиеді ғой. Ендігі жылы шөп қораны басқа жерге салып, мықты күзетші қойғалы отырмыз. Осында жапон соғысына барып, бір аяғы мертігіп келген бір кісі бар. Соны алсақ пішенге мал түсірмес, өзі пысық жігіт еді,– деп ұзақ соңар əңгімеге бастық қыза сөйлеп тұрганда екі жігіт біреуді қолтықтап əкеп Ертайдың төсегіне отырғызды. Көрпе
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ішіндегі аяғын іргеге қарай тартып алып, бүкіл денесімен ығыса түскен Ертай онсызда нұрлы жүзі алабұртып, қатты жаураған Мэндэйді көргенде қапелімде аңтарылып қалды. Ал өзі кеп отырған төсекте жатқан адамның Ертай екенін таныған Мэндэй де оны құшақтай алды, бірақ сүйегінен өткен суық келіншектің тұла бойын сірестіріп тастапты. ̶ Осы шишаның да күні қараң-ақ екен. Бұдан ат артық қой. Қарашы, міне сұмынға таяғанда жатаған мойнақтан аса алмай, жазық жол іздетіп қымқиғаш жүргізуін. Енді ештеңе етпейді, қазір жылынып кетесіңдер! ̶ Бас-еке, қалай жылынамыз? Мына үйіңіз де аңырап тұр ғой. ̶ Күзде жай салынып, жақсы салынбай қалып еді, сонда да отынның күшімен қыстан шығып келеміз. ̶ Күзетші қайда отын əкеп берсінші, өзіміз-ақ жағып жіберейік. ̶ Ол байқұс мыны суықта далада отыра алмайды ғой, үйіне кетіп қалады, қазір жоқ болу керек. Оны іздемейік, енді ауруханаға барайық, бағана көргем сырқаттанған екі-ақ адам бар, жалғыз бөлме болғанымен іші кең, орын жетеді, сіздер нешеу едіңіздер? ̶ Содан кейін шұбыртып санап шықты да; ̶ Екі-үш кісі симай қалуы мүмкін, бара көрейік, ̶ деп сыртқа беттеді. ̶ Ол үй жылы ма? ̶ Дəл осы бөлмедей ғана салқын. ̶ Онда мен бармаймын. Ағайымның қасында болам, ̶ деді Мэндэй. Оның сөзі тосын естілгенімен таңданып тұруға ешкімнің мұрсасы болған жоқ. Спорттан да, өнерден де хабары бар жастарды үгіт бригадасына жинағанда өндіріс комбинатынан ілестірілген ол қасында жүрген мына жолдастарына қадірлі болатын. Əрі оның бірбеткейлігін білетін олар бұл жерде сөз таластырып жатуды лайық көрген жоқ. Өзгелердің бөлмеден шыққанын көрмей-ақ мұздаған саусақтарын əлсіз қозғап шешіне бастады. Ертай орнынан тұрмақ болып еді, Мэндэй: ̶ Жата беріңіз, аға! Мен жерге қисая кетемін ғой, ̶ деді. Бірақ, Ертай өз төсегін Мэндэйге босатып берді де, төсеніш салып, жылы оранып, еденсіз жылы топырақты жерге жатты. Келіншек көпке дейін жылына алмады. Көрпе сыртынан да қалың киім жамылғанымен мейілінше жаураған дене анда-санда дірілдеп қояды. Дегенмен тоңу мен шаршау жеңгендіктен маужыраған əйел біраздан кейін пысылдап ұйықтап кетті. Ал үртіс жол үстінде болып, машинаның күтіміне, болжалды жетуіне күндіз-түні болжалды алаңдаумен жүргендіктен құс ұйқыға дағдыланып шофер ұзақ уақыт ояу жатты. Ол өзінен қол созымдай ғана жерде, төсекте жатқан қамсыз арудың тыныштығын бұзбас үшін тіпті аунап түсуден де қымсынады. Бір кезде кішкентай Бағиласын оятып алмайын деп осылай жататын еді-ау! Ой хой, дүние-ай, егер сол сəбиі тірі жүргенде казір дəл мына қарындасындай боп үлкейіп кетпегенімен ол да тұлымы желбіреген қыз бола бастаған шығар. Ертай енді Мэндэйдің діні, салты, ұлты бөлек əрі нағыз кемеліне келген əйел деп санамай, ары – жаны қарындасына, тіпті жоғалған қызына балап соның елесіндей көрген сайын жүрегінде шаттық мейірім туындап, өзін рухани рахатқа кенелгендей сезінеді... ̶ Аға! ̶ деді ертеңінде таң алдында оянған соң, ̶ сіз қандай абзал адам едіңіз! Əйелдің сөзінен нысапсыз нəпсінің нышанын емес, керісінше қаны бір қарындастың еркелігін түсінген Ертай өзінің осындай пəк жанды жаралайтын ниетке бой ұрмай, адалдыққа адамшылық көрсеткеніне іштей масайрап қуанып қалды. Осы оқиғадан кейін Мэндэй мұны бірге туған ағасынан кем көрмей, ең жақын қамқоршысы болып алды. Бірақ ел ішінде кімдер жоқ, кейбіреулер бұл жағдайды сұмдыққа жорып, тіпті Ганжуурға да жеткізіп үлгерді. Өз басы достыққа шексіз адалдықпен қарайтын Ганжуур Ертай мен келіншегінің кінəсіз, ақтығына сенбей-ақ қойды. Ал бұл екеуінде өздерінің ешқандай оғаштық істемегеніне өзгенің көзін жеткізіп, көңіл иландырарлықтай құр сөзден өзге дəлелі болмады. Ақыры «нанымсыз шындықтан, нанымды өтірік өтімді» болып, бұрынғы ақжарқын Ганжуур бітеу жарадай сыздап, томсырайып, сырт беріп кетті. Міне, енді күні бойы көңіл көншіткен шаттық пен кеуде керген ұшқыр қиял соңында еске түскен осы бір болмашы ойлар жігіттің сыршыл жанына аз да болса толғаныс енгізбей қалған жоқ. « Япыр-ау, ̶ деп торығады Ертай, – адамның ең бір əлсіздігі өзінің адалдығына өзгені сендіре алмағандығы екен ғой».
Жоғалған қыз АЙТ ТА СЕРТІҢЕ ЖЕТ... Қабырғалары жартылай құлап, күйік шалған бөренелер асқақтап қалып, төбесі ортасына түскен құрылысты көргенде, өз үйінің шаңырағы шағылғандай қабырғасы қайысқан Тогтох булығып жылап жіберді. Құдай-ау неткен сұмдық еді бұл! ̶ Жылама, қойыныңдағы байдан айрылғанда да өлген жоқсың, не тұр сен кейитін, өртенген өндіріс өкіметтік! ̶ деп оны жұбатпақ болған Рэнцэннің сөзіне құлақ асқан жоқ. Монғолияның батысынан арып-шаршап келгенде баспана болған, өзегі талғанда нəр болған, қасірет шеккен кезде панасы болған қайран ғимаратай десеңші! Неліктен мұндай күйге душар болды екен! Оқыс па, əлде əдейі істелген қастандық па?! ̶ Бұған қор қылған қайран көз жасы! Жүр бері, ана жаққа барып қызық көрейік. Əнебіреулері темірі де еріп кетіпті дейді, өрт қызуы күшті болады екен-ау!– деп дамылсыз сөйлеп қасынан өткендерді тілдей жүріп мұның жеңінен ұстап, айрылмай келе жатқан Рэнцэнді Тогтох итеріп қалды. ̶ Аулақ нең бар осы менде! ̶ Қара мына салабаны. Енді маған күш жұмсауын, көрсетейін саған кім екенімді!» Ол қолына іліккен жеңді білектей ағашпен Тогтохты көк желкеден періп жіберді. Көзі жасқа толып ештеңені абайламай тұрған келіншек кенет тиген соққыдан селт ете қап «Ойбай!» дегеннен өзгеге тілі келмей, айнала беріп құлап түсті. Адамдар назары енді өртенген өндірісті қоя салып, əйелдер төбелесіне ауысты. Бірнеше əйел Тогтохтың басын сүйеп, есін жиғызды да, көрші құрылысқа алып кетті. ̶ Бекер ұрдың! ̶ деді Лю, оңашалана беріп, Рэнцэнге, ̶ Мұндай ашық қияпырлықтың қажеті шамалы еді. ̶ Өзімнің не істегенімді көзбен көргенде жүрегім көтеріліп, шыдай алмай кеттім де, əдейі жанжал шығардым. УҺ, нендей күйге ұшырағанмын мен! Сұмдық-ай! Түнгі өрттің адамдарға күндіз қандай əсер ететінін бақылау үшін таңертең тағы да келген Лю сұмпайы əйелдің мына əрекетін ұната қойған жоқ. Бірақ онымен тəжікелесіп, салғыласуға əлі келмеген Рэнцэн жаңағы күйелі ағашын көлденең ұстап жүгіре басып топ ортаға барды да, кеңесіп тұрған бірнеше милиционерлерге жармаса кетті. ̶ Мен қылмысты адаммын! Мұнан да үлкенге ұшыратамын енді, өтінемін сендерден! ̶ деп біртіндеп жүрегі қысылып, тынысы тарая бастады. Серектеп, жығылып бара жатқан оны адамдар сүйеп қалды. ̶ Соққыға жығылған əйел есін жиғанша мынаған ие бола тұрыңдар! ̶ деді орталық милиция бөлімшесінің бастығы. Бірнеше жігіт бұйрықты дереу орындауға кірісті. Бұл əрекетті сырттай бақылап тұрған Людің зəресі ұшып, үйіне қарай қалай оп-оңай жөнеле бергенін сезбей қалды. «Əбден бүлдірді мынау...» Өрт жөніндегі өрекпіген жұрт пəтуасыз даурығып, орынды-орынсыз жорамал жасап, көбіне бейшара күзетшіні кінəлап тарамай жүр. Таңертең кеңсеге жиналып недəуір шара белгілеп үлгерген өндіріс басшылығы түстен кейін жұмысшыларды жинап маслихат өткізді. Кенеттен шыққан апат салдарынан қанша дəулет ысырап болып, жеке жұмысшылардың шеккен зияны туралы жасаған бастықтың хабарламасын естігенде адамдардың сай сүйегі сырқырап, əйелдердің көпшілігі жылап жіберді. ̶ Өз жерімізде, елімізде бар қолдан келетін дүниелерді жасап аламыз ғой, ең қиыны машина, сайман болып тұр. Сонымен бірге осындай іс əрекеттің түп тамыры неде, əдейі істелген қастандық па, оқыс оқиға ма? ̶ дегенге осы көпшілік мұқият зер салу керек, ̶ деді партия ұясының хатшысы. Жұрт сілтідей тынып қалды. ̶ Біз бюрода былай келістік,– деді ол сөзін жалғап жаңаға айтылған қыруар дүниені түгелдей қайта сатып алуға тым мол қаржы қажет. Онан да осынша шығынға батырмай жарым – жартылап өз күшімізбен табайық. Ол үшін біраз ақысыз еңбек істеуге тура келеді. Мұндай жұмысты сенбілік дейтіні бəрімізге белгілі ғой. Бұған қалай қарайсыздар? Əркім өз ойын ортаға салсын. Ол отыра бергенде əр жерден көтерілген дауыстар жапатармағай кеулеп кетті. «Мен жиырма сом берем». «Мен қырық сом». «Елу сом», «Жүз...». Мэндэй қол көтерді – сөйлеуге бола ма? - Тш-ш! Шуылдамаңыздар! Қане, сөз тыңдайық. - Естіп те, оқып та жүрміз ғой сенбілікті Совет елінде тұңғыш рет Ленин көсемінің өзі бастаған. Бірақ ешкімнен қолма-қол жылу жинамаған. Хатшы дұрыс айтады. Денелей
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ істеген жұмыстың құны ғана соған сыйысады. Сондықтан бір – бір күн ақысыз еңбек етуге дайын болайық». Оның сөзін аяқтатпай Тогтох кимелеп кетті. Ол таңертең таяққа жығылғаннан жараланған басын таңып алыпты, бірақ үні жігерлі екен. ̶ Жалғыз күнде не бітеді, Мэндэй мұның тым аз. Алтын ордамыздай болған өндірісіміз бен бүгінгі көрген қорлығым үшін мен бір ай ақысыз жұмыстауға əзірмін! Тек не істейтінімізді белгілеп беріңіздер!» Енді жұрт біліп айтты деген сыңаймен даяр ақшасын емес, жұмыс істейтін күннің мөлшерін айта бастады. Сөйтіп жиналыс: «Өртенген өндіріс жұмысшылары əкімшілік кеңселеріне сыйысып еңбектене берсін, бірақ, тігіннің бəрі қолмен атқарылады. Бұл жағдай тіпті ұзаққа созылуы мүмкін, өйткені шет елден іс машиналарын сатып ала қою бүгін-ертеңнің шаруасы емес. Ал күн жылынып, адамдар тоңбайтын болған кезде сенбілікпен жаңа құрылыс салынады» деген тоқтамға келді. Моңғолша сөйлеспелі сөзге ғана болмаса күрделі тілге тереңдеп бара алмайтын тігіншілердің ақылшысы, Совет маманы Мария тілмаш арқылы барлық жайға қанығып отырған еді, ең соңында өз ұсынысын айтты. ̶ Мұндай сəтсіздікке қайғыра бермей, қайрат көрсету керек. Сіздердің көсемдеріңіз Сұхэбаатар «Батылдық – жеңіс мұраты» деген екен ғой. Біздің СССР халқы фашистерді тек қажырлылықтың арқасында жеңіп шықты. Оған қарағанда мына отырған топ, бір өндірістің қираған ғимаратын қайта қалпына келтіре салмайтын не тұр! Ал өзім Совет пен Монғолия арасындағы қатынас мүмкіндіктерін пайдаланып, сіздерге іс машинасын əкеліп берейін. Он дана келсе азырқанбай, отыз болса көпсінбей қабылдарсыздар! Мен күні ертең-ақ соның соңынан түсемін деді. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан ұшып тұрды. Мэндэй бастап, өзгелер қостап Марияны қаумалап əкетті. Бірақ ол дəл қазір осыдан бірнеше ай өткеннен кейін жұмысшылар қолымен еңсе көтерген жаңа өндіріске қойылған көгендеген қозыдай тізілген машинаны көріп қуанған тігіншілер мұның өзін аспанға қалай көтеретінін ойлай қоймап еді. Ақыры ондай күнге де жетіп, берген уəдесін орындап үлгерген ол достар алақанында асықтай ойнады. КҮДІК
– Шал-ау!– деді Дашиймаа бір күні кешке жұмыстан келген Минчинге шай құйып отырып,– біздің Байгалмаа көрші үйдің оқудағы кішкене қызынан əріп үйреніп жүр екен ғой, неғып аңғармағанбыз. – Ой, айналайын, менің балам қандай зерек деші! Кішкентай күнінен ұғымтал емес пе еді. Қазір алты жаста болғанымен елдің он жасар баласынан кем түспейді. Енді өзіне əліппе əкеп берейінші, қазірден бастап көзі қанықсын. Биыл хат танып алса ендігі жылы мектепке жібереміз,– деп шал жадырай сөйлеп, іші қалайы, сырты мыс белдеумен қырсауланған, қайқы ерін қасқаршадағы күрең шайды құйып ұзақ сораптап отырды. Ол жасынан шайқұмар адам болатын. Бір жақсысы, қазір заман өзгерді, бұрынғыдай қытайдың тас шайы таңсық емес, орыстың күрең шайы мол келіп тұр. Өзі бір сүйкімді сусын. Минчин шөлін қандыра ішті де, қою асқа онша ұмтыла қоймады. Міне, бүгін де күндегі əдетінше мейірі қанған соң маңдай терін сүртіп тастап арыстан суретті, гауhардан үнді шеберлері жасаған шақшасының меруерт тығынын суырып алып, тастың майындай илектенген қарақоқшыл насыбайын құшырлана иіскеді. Осы кезде асыға жүгіріп, дүбірлете, асыр сап үйге кірген Байгалмаа табалдырықтан аттай бере бөгелместен төрге қарай бірақ секірді. Малдасын құрып, жалпиып отырған əкесі құшағын жайып үлгергенше баласы оның алдына кеп дүрс етіп қона кетті де, мойынынан құшақтай алды. Олардың күндегі əдеті осы. Минчин таңертең асығып жүрсе де кетерде қамсыз ұйықтап жатқан қызын емірене бір иіскеп, көрпесін еппен қайта қымтап қояды. Сөйтіп күндіз бірі жұмыста, бірі ойын соңында болады да, кешқұрым осылай табысады. Шіркін, балалы үй базар деген рас қой. Бұдан бірнеше жыл ғана бұрын қабағы қуарған, тамыры суалған түбірдей мүжіліп кəртейіп кеткен ерлі-зайыптылар енді бұтағы жанданып жапырағы көгерген бəйтеректей сындарлы сыпатқа ие бола бастаған. Байгалмаа бұл үйге жаңа тірлік əкелгендей. Бұрын ылғи өзімен-өзі болып, қабағы қатыңқы, көңілі жабыққан, тіпті көптен езу тартып əжімді маңдайы керіліп-жиырылып, қарқылдап күлгенде жыпсиған бітік көзінен жас ағып, төбесіндегі өрме айдары да арқасында аунақшып кетеді. Міне, Байгалмаа тағы да «өктемдік» көрсетіп, əкесін шалқақтата
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз жықты да, кеудесіне мініп алып, қытықтай жөнелді. Сол-ақ екен, шалдың ішек-сілесі қатып, баласына өзі де мəз боп күліп жатыр. Кешкі астың қамында отырған Дашиймаа əкелі-балалы, кəрі мен жастың ойынына емірене қарап, іштей шүкіршілік етіп, күбірлеп қояды. Үйелеген түйеше аяқ-қолы сораңдап тыпырлаған шалының шаттық кернеген, уайымсыз сəттері ұзақ жыл отасқанда кездестірмеген тосын, əрі жағымды мінез сияқты. Адам қандай қызық! Бұрын шұқынып үй тірлігінен қолы босамайтын Минчин біртіндеп сол қаракетінен алшақтап барады. Күндіз мекеме жұмысында жүріп келгеннен кейінгі ермегі Байгалмаа болып алды. Сөйтіп, оны-мұны күйбең түгелдей Дашиймааға қарап қалғанымен абзал ана ол үшін қабақ шытып жатқан жоқ, қандай ауыртпалықтың бəрін де көрсетуге əзір, тек қартайған шағында шалы осы бір шат көңіл, жайдары мінез қалпында қала берсе болғаны. Байгалмааның соңғы кездегі тірлігі бұрынғы өмірін перделеп, көмескілендіріп барады. Көрген түстей жырақтай бастаған, ес біліңкіремеген сəттері енді көмескі тартты. Дегенмен сəби көңілін алаңдатып, пəк жүрегін анда-санда қатты сыздатып жіберетін бір сыры бар. Бірақ оның не екенін толық пайымдай алмайды, əрі көкірек кере күрсініп қалып, кенет əлде неге жаңғалақтанудан өзге жанына жайсыз сезім біліне де қоймады. Ондай кезде тіпті бірталай уақыт үн-түнсіз отырып алады. Алдыңғы жылдарда тым жасқаншақ, əрі кінəмшіл еді, енді ондай əдеті мүлде тиылып, тек бірбеткей, өз дегенін қалайда орындатпай қоймайтын қайсар болып өсуде. Ал бала атаулыға тəн ата-анасын сүю құштарлығы өзгеден шексіз-ақ, олардан шығарда жаны басқа. Күндіз өз төсегіне ұйықтайды да, түнде əкесі мен шешесінің қойынына кезек жатып шығады. Ол екеуінің жұмыстан шаршап келген, нендей бір нəрсеге шытынай қалған сəттерінде жайдары мінезімен үй ішін жадыратып, көңілдерін көншітіп үлгереді. Міне, қазір де əкесіне еркелеп, осынау шағын семьяның от басын думандатып жіберді. Дəл осы кезде киіз үйдің есігі ақырын ашылды да көрші үйдің оқудағы кішкентай қызы кіріп келді. Баламен ойнап жатқанын əбес көргендей абыржып қалған Минчин апалақтап басын көтерді. - Балам, оқу құралыңды алып келші! Біздің Байгалмаа сенен не үйренді екенін көрейік,– деді Дашиймаа оған шай тақтайдың тартпасынан бір кесек қант алып ұсына беріп. Сол кезде саудаға жиі келетін, илектелген қардай аппақ, бірақ, өте қатты шекерді еппен басып кеп алған қыз тілімен бір жалап жіберіп шыға жөнелді де, шүберектен істелген сөмкесін мықындай көтеріп лезде қайта оралды. Минчин екі баланың ортасында жүгіне отырып алып, шынтағымен шөккен түйенің тізесіндей бүгілген санын нығарлай түсіп, тегінде ноқта жүгенді көп түйген, қазір арбашы болған соң қамыт жамауға лайық боп кеткен, қағаз, қаламға икемсіз саусақтарына түкіріп алып əліппенің беттерін топ-тобымен аударып, ашып жатыр. Сонсоң жеке тұрған əріптердің, өзі де зорға ажыратқандарын Байгалмаадан сұрай бастады. Өйткені ел көлемінде сауатсыздықты жоюға байланысты жүрілген науқан кезінде көне моңғол жазуын білетіндігі үшін онша талапқа ұрына қоймаған ол соңғы кездерде орыс алфавитіне көшіріліп, жаңа оқу жүйесі басталғалы бір талай уақыт өтсе де бұл жұмыс мектептерден өзге жұрт ортасында онша өріс ала қоймағаны сөз болып, ақыры осы мекемеге қарасты адамдарына жаңа хат оқыта бастаған-ды. Бір қызығы Минчин өзге əріптен гөрі цифрды тез ұқты да сандарды, еркін танып, белгілей білетін болды. Сөйтіп атасының сұрағанына ешбір жауап қайтара алмаған Байгалмаа намыстанып қалды, шал шынында балам бірдеме ұғып жүр деп ойласа керек, енді оның əлі əріп танымағанына өзі кінəлі адамдай күмілжи берді. Сонсоң бірінші кластың есеп кітабын ашып, екі орынды сандарға үңіле бастап еді, Байгалмаа кенет масайрап кетті. – Мен білемін, əке! – Нені? – Андағы кітаптың сөзін. – Балам-ау, мұндағы тек сан емес пе? Бұл сауалға Минчин қапелімде бөгеліп қалды. Сонда да соңынан – Кітапқа баспайтын нəрсе жоқ, қызым. Қане көрсетші, нені білесің сен?– деді. Байгалмаа ұмтылып кеп сəл үңіліп тұрды да, бірнеше цифрды нəзік саусағымен дəл басып нұқып қалды. – Дұрыс! – деп қуанып кетті əкесі. Бəсе, менің балам
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ қалайда əріпті ажыратуға тиіс. Енді осылардың атын айтшы, нешенің цифрлары? – Мен жазамын, əке! – Со-о-лай-маа, қызық екен, мə, жаза ғой. Ол мылтықтың жезіне тығындап қарындаштың тұқылы мен борпылдақ қағаз ұсынды. Байгалмаа қолына тиген дүниелерді қастерлей ұстап, төр алдына етпеттеп, теріс қарап жатып бірдеңелерді жазған болды да, əкесіне қарай сырғыта салды. Өзі мақтана еркелеп мұрнын тартып, бір аунап түсті де, жезді аузына салып, тісіне тоқылдатты. Əкесі қағазды алып бетіндегі арбиған, қыңыр қисық таңбаларға парықсыз жымия қарап отыр. Көз алдында қызының қолымен жазылған екі-екіден төрт сан, «екіден төрт сан, «37-36». Бұларды іштей əлденеше қайталап, тек осы екі пар санды қалай біліп алды екен деп ойлана келе үріккен жылқыдай қорбаңдап, орнынан тұра берді. Буындары дірілдеп, көзі алайып, жүзінен үрей көрінді. Оның кенет өзгерген сұрқынан шошынған Байгалмаа аузын ашып, таңданып қалды. Өзінің жазғаны əкесіне бұлай əсер ететін ол білген жоқ-ты: Бұнысы бір кезде майысқан нəзік саусағын қызық көріп, қарындаш, қағаз ұстатып машина суретін салдырып, қабырғасына номер шимайлататын Ертайдан үйренген ұзақ уақыт көзі қанып, ойында жатталып қалған бірдеңе еді. Соны қайтып ұмытпай келгеніне өзі де кепілдік бере алмайды. Шындығында бұл оның ертерек кезіндегі көп көріп, бет алдынан тасалана қалса тағатсыз іздейтін, кешіге түссе сарыла күтетін, көк бояудың үстіне сырмен айшықталған өрнек машина номері болатын. Ондай машинаны тек Ертай ғана ұстайтын еді ғой. Сол бір мұнан да кішкентай шағында алдандыру үшін Тогтох та қағазға жазып, Байгалмааның өзі топыраққа сызып, көз алдына елестетіп, өзгеден ажыратып жүретін-ді. Сондықтан зерек бала оның таңбасын əлі күнге дейін есінен шығармай келіпті. Ал «37-36» Минчинге бөтен сан емес, Жазғаны кебежесінде, жаттағаны есінде. Бірақ, соңғы жылдарда осындай номерлі машина қайтып көрінбей кеткен-ді. «Əлде өз əкесі астыртын келіп, жалғасып жүрген жоқ па екен!» деген үрейлі күдік пайда болды жайдары Минчинге кенеттен.
БƏРІ ДЕ ЫҚТИМАЛ – Жолдастар, бір жылда екі жылдың жоспарын орындауға міндет алып, уəдеге жеткен шофер Ганжуурдың тəжірбиесін өз аузынан тыңдаңыздар, енді анығырақ білгісі келгендер сұрау беруге болады,– деді жиынды басқарып отырған Даваажав. Осыдан бірер ай бұрын Мемлекеттік авто транспорт министрі бұл кісіні шақырып алып, өзіңіздің қарамағыңыздағы автобазадан еліміз көлеміне əйгілі үздіктер шыққанына біз де қуаныштымыз дегенді айтып олардың тəжірбиесін өзге шоферлерге үйрету керек деп тапсырма берген-ді. Сол мəслихаттың сəті бүгін түсті. Астанадағы үлкенді-кішілі толып жатқан базаның басшылары, шоферлерінің бірталайы бас қосып отырғаны Даваажав үшін үлкен абырой сияқты. Міне, ол столды тірей шалқайып, тамағын кеней жөтелді де, арқалығының түбінен өрмекші торы салақтап тұрған аласа төбеге бір қарап қойды. Жұрттың назары тек өзіне ғана ілігіп, өзгелердің мұның сөзін қалт жібермей тыңдауы мəртебесін асыра түскендей. Бұрын да талай жиын өткізіп, кейде күні бойы айтысып, даурыққанда шаршамайтын Даваажав бұл жолы не бəрі бір сағаттан астам ғана уақыт отырса да ежелден жұмыс басты болып шаршап, қажыған, көптің тауқыметін бір өзі жүктеген адам екендігін танытып қалғысы келгендей. Бірақ жиынның ілтипаты озаттарға арналып жатқанын іштей сезген сайын оның бəрін де табысының құрметі деп санайды. Алғашында үнсіз қалған шоферлер біртіндеп сұрауды ағыта бастағанда Даважаав та қабағын шыта құлақ түріп еді. – Ганжуур, сіздің машинаңыздың жол үстінде онша көп бұзыла қоймайтын себебі не? – Алдын-ала байқауды жақсы істеудің нəтижесі. – Бұл күтіп ұстау деген сөз. Ерінбей қадағаламаса, темір де түкке тұрмайды. Біз ата-бабамыздан ат баптап үйренген елміз, машина да сол жанды көлікпен бірдей. – Осы жөнінде сізге ақылшы болған кім, ұстазыңыз бар ма? – Бар,– деді Ганжуур, маңдай терін жалпақ алақанымен бір сипап қойып, добырайған саусағының көбесіне тоқтап қалған қара май дағын тырнағымен шұқылап тұрып,– алғашында осында істейтін орыс шоферге үш айдай ілесіп, көмекші бол-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз дым. Онан кейін автобазамыздағы қазіргі механик – Совет маманы тағы бір орыс жігітінен көп нəрсе үйрендім. Бірақ, əлі де бүкіл тетікті біліп үлгергем жоқ, күн сайын білмейтін жаңа бір нəрсе кезігіп қалады. Дегенмен машинаны жақсы игерудің басты себебі білінген ақауға істелген жөндеуді ұмытпау керек деп ойламаймын. – Ендігі мақсатыңыз не? – Күрделі жөндеусіз жүз мың шақырым жол жүру. Шоферлер дуылдап кетті. Əркім əр түрлі жорамал айтады. «Өркендеген Совет елінде болмаса, бізде мүмкін емес», «Ежелден техникамен жағаласып өскен орыстармен теңесу қайда!». «Советте машина жолы түгел асфальтталған дейді ғой». «Шіркін-ай, тақтайдай тегіс жолмен зымырап жүрген соларда арман бар ма екен!» «Олар тіпті бес жүз мыңға дейін жүреді демей ме». «Сен де өлшемей-ақ соқтың, ондай ұзақ жолға адамның ғұмыры жете ме!». ̶ Жолдастар, сөз тыңдаңыздар!– деп Даваажав ұзын сапты найының артымен қызыл одеял жабылған бір аяғы ақсақ төрт бұрыш столды тоқылдатты. ̶ Ганжуур, осы айтқан сертіңе жете аласың ба? ̶ Жетемін. Біздің аға шоферлердің бірі Ертай сексен мың жүрді. Мен одан жиырма мың шақырым асырамын. Болғаны осы. Ол терезе жақтауына сүйеніп, өзіне ойлы көзбен тесіле қарап отырған Ертайды көрді. Сөйтті де енді не айтқысы келгенін ұмытқандай жаңғалақтанып қалды да, бір өңіріндегі кислота тамып ойып түскен тесікке басбармағын сұғып, қайта суырып шұқылана берді. Ол көптен бері Ертаймен іштей араздасып жүргенде кездескен мына оқиғаны еске алды. Жазғытұрым күндерінің бірі. Таңертең автобазаға келген оған бірден жолдама берілді. Тағы да Говь аймақтарына жүк жеткізуге бөлініпті. Бұрынғыдай емес дəл бүгін көңілі тым енжар болатын. Түнімен тыныш ұйықтай алмай, өз үйіне өзі сыймай,қатты мазасызданған-ды. Бəріне де «кінəлі» аяулы жары Мэндэй. Оның Ертаймен көңілі жуық екенін де оңаша шыққан соңы ойындағысын жасырмай жат жүріске барғанын да естігенде ежелгі сабырлы қалпынан айнымай «əліптің артын баққан-ды». Бірақ, жамандық жатқан ба, құлағынан кірген суық сөз жүрегіне барып мұз боп қатып қалды. Періштедей пəк көрінетін Мэндэй де, абзал азамат санайтын Ертай да бұған жат болып, жырақтай берді. О, Тоба! Сенген жары, сенімді досы мұның көзіне шөп салғанда, дұшпанынан не күтпек. Сонда да əлі де ақылдан адаспай осындай жат сыбыс туралы құлаққағыс еткенде «бір үйде жатқанымыз шын» деп келіншегінің өзі бұдан сүйінші сұрап, мақтағандай масайрады емес пе! «Онда не тұр, бірақ!» дей беріп еді, онан əріге төзімі жетпеген жігіт қатты зекіп, тиып тастаған-ды. Мұнан өзге əйел болса күйеуінің аяғына жығылып кешірім өтінер еді-ау! Бұл əбден асқынғандық та. Шіркін-ай! Жар төсегін ластауға дəті қалай барды екен! Кейбір еркекті қойшы,жақсы-жаманды талғап əуре болмайды ғой, отқа ұмтылған сайтан көбелекпен бірдей. Дегенмен мұның өзі де еркек емес пе, сөйте тұра Мэндэйінен өзгеге көз сүзіп көрген жоқ. Əйтеуір, «мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген осы екен де. Қойнындағы жарымен тіл табыса алмай тұңғыш рет кінəласқаннан кейін Ертайдан да жырақтап, қарда ізіне, қарада бойына кезікпеу үшін қашқалақтап жүретін болған. Сонан бері де талай уақыт артта қалған сияқты, қыс өтіп көктем де туа бастады. Бұл ылғи жолға шығып, тынымсыз еңбек соңына түсіп алды. Өйтпейінше жан жарасының аузы тырналана беретіндей. Бұрын жар құшағын қия алмай шығандап алысқа кетуді қаламайтын жас жігіт, енді өз қағынан жеріген кұландай шөл кезіп ұзақ жүріп, жыл құсындай ғана анда-санда бір оралатын болып алды. Оның жоспарын асыра орындауына үй-ішіндегі күрең қабақ жағдайдың да əсері тимей қоймаған сияқты. Бірақ оның есесіне қатты жүдеп кетті. Күнделікті тірлік осылай жалғаса берсе еңбекте табысқа жету былай тұрсын, жер бетінде өмір сүрудің өзі екіталай болатын түрі бар. Осындай күндердің бірінде күтпеген жайға да тап болды. Оған кінəлі де, құтқарушысы да Ертай деп санайды бұл. Сонымен авто базадан тезірек жүріп кетуді ойлаған ол жолдасының кім екенін де білген жоқ-ты. Жүк тиейтін жерге келгенде алдынан Ертай шықты. - Ганжуур, тезірек барып кезекке тұра қал, əзір машина көбейе қойған жоқ. Бірақ бізге бөлінген жүк тым аз екен. Мен
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз бірінші, сен үшінші болып іліндің құр қала қоймаспыз,– деп мотор дүрілінен даусын асыра айқайлады да, өзі арт жаққа қарай асығып жөнеле берді. «Қамқорсуын мұның, сенсіз де өз жөнімді табармын» – деп ойлаған Ганжуур сазарған қалпы лəм деместен газды басып-басып жіберді. Сонсоң конусты əдейі кенет қоя бере сап, машинасын секіртіп, лоқ еткізді де, елпек аттың тізгінін тартқандай тежеп қайтадан баяу жүріп кетті. Ганжуур кезекке тұрып, жүгін тиетіп алып, қақпа сыртына шыққан кезде тағы да Ертайға тап болды. Ол жүгін орнықтырып жатықтап артып арқанмен тартып, бастырып жүр екен. Ганжуурдың жүгі биік болғанымен бөлек-салағы жоқ тегіс артылған сонысына сенді ме, əлде тағы Ертайдан тайсақтағысы келді ме белгісіз, əйтеуір, ешқайда бұрылмай үлкен жолға түсіп оңтүстікке қарай тура тарта жөнелді. Ал алыс сапарға бірге шыққан жолдасынан бөлініп қалуды лайық көрмеген Ертай да оның соңынан кетті. Олар осылай басталған жол шеруімен тынымсыз ұзақ жүрді. Кемінде екі-үш шақырым алда кетіп бара жатқан Ганжуур кей жерге тоқтап сəл бөгелгенімен соңынан келіп қалған машинаның баранын көреді де қашады. Ежелден қатты жүрмей, қарап тұрмай машинасын күтіп дағдыланған Ертай өзінің сол тəсілін үйренген шəкірті Ганжуурдың мына қылығына таңданса да оны қуып жете алмады. Бұл екеуі күні-түні жүргенде бас қосып кезіккенді қойып, тіпті жарытып сусын ішпеді, əрі көз шырымын да алмады. Əйтеуір, қай-қайсысының да машинасы бұзылып, бүлінбегені ғанибет болды. Соның арқасында бір-бірінен қара үзіп қалмай келеді. Сөйтіп, ертеңінде түске дейін де ит қуды, қоян қашты сарпалдаңнан мезі болған Ертай Ганжуурды басып озып тоқтатпақ оймен газды қосыңқырап жылдамдықты үдете түсті. Бүкіл тетігі сақадайсай болмағанымен мимырт жүріске шыдап келе жатқан машинаны тəуекелмен өкіртіп-бақыртып, секіртіп, шоршытып аяусыз жүргізді. Бұл кезде доңғалақтар бұйра құмды бетінен ғана осып өтіп, тереңдеп тіле алмай тек өлі топырағын бұрқылдатып келе жатқан-ды. Бұрынғысынша əлі де алыста кетіп барамын деген оймен бейғам отырған Ганжуур өзімен жанасалай беріп, сигнал басқан Ертайды кенет көре салып ақсүйек алып жүгірген баладай жанталасып құйын-перең оза жөнелді. Бірден көтерілген қою шаң артқы машинаны борай тұмшалап жылдамдығын азайта беруге мəжбүр етті. Осы кезде жердің де түйе тайлы боп қисайып, жолдың да бұралаң бұрылысы көбейе қалған күдірі тап бола кетті. Сонда да пəтуасыз ашу жетегіне ерген жігіт газды шегіне жеткізе басып, рульді оңды-солды жұлқына сілтеп жібергенде жүктің салмағы теңсей аударған машина бойын билей алмай ылди жағына қарай қопарылып бара жатты. «Өлдім!» деген сұмдық ой сол сəтте санасына жарқ ете түскен Ганжуур өзінің ары кешпес қатеге ұрынғанын өкінішпен түсініп қана үлгерді. Ол енді бəрі-бір кеш қалды, жүгімен тұрғанда үйдей үлкен көрінетін мына «алты аяқтың» сонша тез құлайтынын сірə, басынан кешпеген шофер біле қоймас. Бірақ табиғат құбылыстары қаншама жылдам болғанымен адам санасының сезу қабылеті одан əлде қайда ұшқыр екеніне кім шүбə келтірмек!.. Очирбат өлгеннен екінші рет кезіккен мына авария алғашында Ертайды естен тандырып-ақ тастады. Өз машинасын қашан, қалай тоқтатып, жерге қайтып түскенін ойлап үлгермеген ол ойбайлай жүгіріп жетіп келіп, төрт аяғы өрге қарап жатқан машинаны бір айналып шықты да енді ғана есі кіргендей кабинаға жармасты. Шофер жағы астына қарап жамбастай жығылғанымен қайта бір аунап түсуге жүк тіреп тиянақ болған сияқты. Ертай сыртқы тұтқаны бұрай тартып, есікті айқара ашып жіберді де ішке ұмтылды. Күшті соққы əсерімен рульдің астындағы қуысқа кептеліп қалған жігіттің ыңырсыған үнін естіген соң сəл ес жиғандай боп, аздап ақылға келіп, қалай шығарудың қамына кірісті. Дегенмен уақыт өткізіп тұруға да бола ма! Адамның қатты қорыққанында, не қуанғанда қуаты артып кетеді деген рас-ау, тегі! Бұл да сондай қайрат жұмсап, əншейіндегі еңгезердей жігітті кабинадан көтере суырып, сыртқа шығарды. Ұлпа құмның үстінде жатқан Ганжуурдың шекесінен жылжи аққан қара қоңыр қанды сүртіп тастап, өз күртесінің жыртығынан суырып алған мақтаны жараның аузына жапсыра қойды да,кеңірек тыныстату үшін қолын соза тартып, сілкілей бастады. Қатты темірге өз еркінен тыс аяусыз
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз соғылған денесі талаурап, есеңгіреп қалған Ганжуур недəуір жатқан соң ғана басын көтерді. Ертайдың сүйемелдеуімен түрегеп жүріп көріп еді, əйтеуір сынған жері жоқ, сүйегі сау екен. Бірақ, ұйқысы да қанбағандықтан еңсесі көтертпеген соң біржолата тынықпақ болып жатып қалды. Ертай от жағып, шай қайнатты, тамақ істеді. Өзі де аздап ұйықтап тұрды да, құлаған машинаның жүгін тасып, алыстатып қалай тұрғызу жағын қарастырды. Олар бұл жұмысты Ганжуур тұрғаннан кейін де екеулеп істеп, ол күні кешкіріп кеткендіктен машинаны ертең тұрғызбақ болып келісті. Моңғолия даласының көк жиегін көмкеріп алған ашық аспан жер бетіне тым жақындап төне түскендей. Жұлдыз біткен дамылсыз жымыңдап, бірінен-бірі сəулесімен тіл қатып тұрғандай. Кейде арудың жанарынан шашыраған ұшқындай жалт ете қалған ұшқыр оттар бозбала жүрегін тіліп өткендей көк жүзінде ғайып болады. Тұнық ауа таяу тербеліп, шөл селеуінің кекілін сипап қояды. Түн көркі көңілді тербеген екі жігіт те ұйқысыз жатыр. Ганжуур өзінің осындай ішкі тайталасы асқынып тұрған кезінде Ертай алдында дəрменсіздікке ұшырап, тағы да оның қамқорлығын алуға еріксіз душар болғанына, сөйтіп «дұшпанының» мəртебесі арта түскеніне өкінеді. Ал Ертай ғой бұдан аз ғана бұрынғы жан тең келмес жайдары жігіттің ақ пен қараны ажыратуды ойламайтын, тым өзімшіл, осынша томырық мінезіне таңданумен қоса өзінің адалдығын ұқпаған адамға соншалықты жалынышпен, үлкен басын кішірейткеніне налиды. Сөйте тұра, мынадай тосын оқиғаға тап болып, айдалада аңтарылып жатқан жігітті мүсіркеп, оның өзі жөніндегі дөрекіліктеріне кешіріммен қарап, қолдан келген жақсылығын одан аямауды жолдастық қақым деп ойлайды. Таң алдыңда сəл мызғып кеткен Ертай ояна келсе күн шығып қойыпты. Ганжуур от жағып, шай қайнатып отыр. Іштей арбасқан, сырттай сыпайылық сақтаған екі адам осынау байтақ дала төсіне сыймағандай қысылып, ауа жетпей тынысы тарылғандай ентіге сораптап, шайды тез ішкенімен бір-біріне əлі де лəм дескен жоқ. Тек құлаған машинаны тұрғызу төңірегіндегі жұмыс қолға алынғанда ғана анда-санда тіл қатысады, құптаған сөздер аңдыз-аңдыз, əрі тым сирек айтыла бастады. Бұл кезде шоферлердің бəрінде бірдей темір трос бола бермейтін. Дегенмен Ертай мен Ганжуур екеуі ұқыптылық жасап, əсте дайындықсыз жолға шықпайтын. Бірақ өлшей келе темір тростар қысқалық еткен соң кендір арқандарды қабаттап ірку шығармай жұмырлауға келісті. Енді сол жақ қабырғасымен жатқан машинаның астында қалған алдыңғы жəне артқы доңғалақтарына байланған арқандардың екінші ұштары Ертайдың машинасына тағылды. Бірден тұрғыза қоямыз деп сену қиын еді. Өйткені жамбастап жатқан машина тарту күші сəйкессе алдымен шалқалап, төрт аяғы көктен келіп түседі. Онда қалайда жер тіреген кабина мотордың салмағымен шаншылап, жұмсақ темір шелпек болып, қабысып қалады. Сондықтан кузовтың алдыңғы қырының астына кабина биіктігінен кем болмайтындай мүйет қойылды. Тілсіз техника бұл сатыдан бүлінбей өтсе, енді оң қабырғасына жантаяды. Үшінші кезекте ғана дік етіп түрегелуге тиіс. Осындай əрекеттер жасалып, дайындық біткен соң машинасына ерік берген Ертай тəуекел деп қозғалып іркусіз тарта жөнелді. Ол жаңағы келісілгендей бір аунатып, бір тоқтап жүруді қолайсыз көрді. Өйтетін болса соңғы кезегінде күш алынбай əрекет сəтсіздікке ұшырауы ықтимал ғой. Ақыры Ертайдың тəсілі дұрыс болды да, бос машинаны жүкті машина дөңгелек айналдырып тұрғызып жіберді. Сөйтіп, машинаның еш тетігі бүлінбегеніне қуанған олар шашылған жүкті асықпай артып, тоя тамақтанып алған соң кешке таман жолға түсті. Енді Ертай ылғи алдында жүріп отырды. Сонымен Ганжуурдың оған деген əйелі жөніндегі қызғанышы тарқамағанымен өзіне істеген жақсылығына, ұстаздық жол көрген, үлкендік көмегіне риза болды. Сол үшін оның табысын осы жиналыста əдейі айтып тұр. Бірақ, Ертайдың ақылынсыз оп-оңай жүз мың жүре қоюға шүбəлі екендігін сездірмеуге тырысады... Ұзаққа созылған сұрау, жауап аяқталған соң автобаза партия ұясының хатшысы Лувсанцэрэн қортынды сөз сөйлеп, еліміз көлемінде алғаш рет жүз мыңдық болуға уəде берген Ганжуурдың талабын партия батыл қолдайтындығын, мұнан өзге де шоферлердің қол қусырып қарап қалмауы керек екендігін түсіндірді. Бұл жиында көпшіліктің өзінен де хатшының сөзіне ден қоя бастағанын жақамаған Даваажав қақырынып, орнынан алқына түрегеп, ырғала басып шығып кетті.
Жоғалған қыз ЖАЙЛАУДА Хангай таулы өлкесінің аса бір шұрайлы жайлауына қоныстанған бір бақтың ауылдары түгелдей Даваажавқа туыс, жегжат болатын. Биылғы жаз жылдағыдан да жайлы боп басталды да қала сағалаған қызмет адамдары шалғайдағы ағайындарын аңсап демалысқа асығып аттанып жатқан-ды. Сондай күндердің бірінде астанадан екі машинамен көшіп шыққан Даваажавтың туып өскен ауылының шетіне кеп ірге көтергеніне бір апта болды. Бұрынғы хан ордасындай сегіз қанат киіз үйдің сырланған еден тақтайының өзін бір машинаға тиеп əкеп түсіргенде жерлестері мұндай салтанатқа қызығып та, қызғанып та қарап еді. – Шіркін, өкімет адамы деген осы-ау, жиһазды да жинаған-ақ екен!– деседі əйелдер жағы. Ал осы үйдің адамдарына туыстық байланысы бар қызметші кемпір мен жас жігітке бұл жердегі бай ауылдардың малын бағып, отын-суын тасып, күні-бойы сарылып ыстыққа қақталып, жаңбырда жаурап жүретін малшылар таңданысып, «егер бізде Даваажавтай кісінің есігінде жүрсек армансыз болар едік қой» деп қиялдайтын. Бірақ ежелден пешенесіне жазылмаған ондай «бақыттан» дəметпейтін. Асылында, Даваажав жол көрген сауатты адам болғандықтан ауылдағы малқор байларша қызметші ұстауды жек көреді. Ал мына бір жүргендер көптен осы үйде болып, өз адамдарындай табысып кеткен қолғанаттар ғана. Олар келгелі дəл бір аптадай уақыт өтсе де, бастығы Ертай мен Ганжуурды əлі қайтарған жоқ. Алғашқы кештен бастап ұласқан қонаққа шақыру, наурыздағыдай айтшылау түріне ұласып, мастықтан ес жиюға мұрша бермеді. Осы ауылдың өзінен шыққан мұндай перзенті жыл құсындай жылында бір оралғанда отыз күн ойын болмаса елдіктің сəні қайсы?! Ойхой, дүние-ай, азаматтың кəдірі осындайда білінеді екен ғой. Шұқынып бірдеңе істемесе екі қолын қоярға жер таппай іші пысатын Ганжуур кілт-сайманын шашып тастап, жасаңда тұрған машинаның астында жатыр. Əлі техника үні тосын естілетін шалғайда ауылдар үшін бастықтан кем саналмай құрметтелетін шоферлерге көрсетілген қошамет, сый-сияпат жалықтырып, бойкүйез халге түсірген соң, Ертай жалғыз өзі бұлақ жағасында отыр. Көгілдір аспан көсіліп, көк жиекке дейін көлбеп,манаурап жатыр. Бесін ауған шақ. Күндізгі қапырық ыстық қайтып бəйшешектің хош иісі аңқыған баяу самал есіп тұр. Сауыны келген биелер ауыл сыртындағы бие бауға қайта беттеп барады. Көрші ауылдан шыға шауып «Шалдаз баахан шарганы» шырқамақ болып қарлыққан үні қырылдап, аттың екі жағына ауытқып теңселген үш кісінің екеуі төменгі ауылға қарай өтіп кетті де, біреуі Даваажавтың қосалқы үйінің қасына түсіп атын қаңтарып, шылбырын бос тастай салды да, үйге соғыла аяғына тырпылдай адымдап кеп, екі босағаға сүйене есік керіп тұра қалды. ̶ Даваажав, бармысың-ей! ̶ Мен мұндамын, кіріңіз! ̶ Жоқ, асығыспын. Сендерді шақыра келіп ем. Үйде де қонақтарым бар. ̶ Сонда да тізе бүгіп, дəм ауыз тиетін салт бар емес пе! – Солай-солай! ̶ ол табалдырыққа бір сүрініп кетті де, тақтай еденді сықырлата басып төрге оза қоймай оң жаққа жалпия отырып, ұзын сапты қоңыр-ала таяғын суырып алып қайқыбас етігінің тұмсығына бір ұрып қалды. ̶ Сонымен қандай жаңалық айтасың? ̶ деді Даваажав арақ пен ұйқыдан ісінген бетін түйе табан алақанымен бір сипап қойып, добалдай былтығыр саусақ̶тарымен көзінің былшығын аршыды. ̶ Үкіметке ризамын! Байдың баласысың деп малымды сыпырып алар ма екен деп қорқып жүр едім, тіпті мадақтап мал өсірдің деп сыйлық берді. Ай-ай, төңкеріс-ай, жақсылығыңды ұмытпаспын! Лама деп əкемді əкеткенімен, үйім, дəулетім бөлек маған тиіскен жоқ. – Бəрі де құдайдың бұйрығымен болады ғой, əкең екеуіңнің тағдырың екі басқа жаралған соң... ̶ Сонда да мен өкіметті, өздеріңдей қызмет адамын жақсы көремін, ̶ деп кеңкілдеп жылап жіберген оның көз жасы мұртына дейін домалап барды да, қолындағы арақ құйылған тостағанға тамып кетті. Даваажва: ̶ Маршал бізбен жиі амандасады. Мал өсіруде бəріміз осындай тоқтамға тірелдік қой ақыры! ̶ деп қолындағы күміс ернеулі тостағанды дастарханға қойды да, жер қырсаулы сары
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ала қасқаршадан арақ құйды. Осындай əңгіме төңірегінде біраз отырып қалған олар тысқа шыққанда кіші бесін таяп келе жатқан-ды... Кешкі ауыл көркіне еліккен Ертай айналадан əлі де көз алмай қарайды. Ылдидан ойнақтай жосыған топ-топ сарлықтың алдынан қорқылдай жүгірген бұзауды қуалаған қыз-келіншектер, балалар, ұлардай шулап жүр. Көл бетіне тұтасқан шағаладай аппақ қора-қора қой ауылдарға тұс-тұстан жақындап келеді. Кешкі ауыл адамдары тегіс далада, сиыр мөңірейді, қой маңырайды. Соңынан қалмай үре қуалаған иттерді жасқап тайраңдаған сарылықтың кішігірім үйден тоқал бұқасы айбат көрсетіп, құнажындардың соңынан кетіп барады. Сирақты мылтық асынған, бөктеріншегі бар, бірнеше суыр қанжығалған екі қатты кісі ауыл сыртында отырған шалмен сөйлесіп тұр. Жаздық жеңіл сулықты желбегей тастап, төңірегі дағарадай дөңгеленген шляпаны шалқайта киген көнетоз костюмының дорбаланған балағы етігінің қонышына асып жатқан Даваажав шалқая шардаңдап, қамыт аяғын жас ботадай маймаңдата басқан қалпы Ганжуурдың қасына келді. ̶ Дайында машинаны! ̶ Неге? ̶ Ауылға барамын. ̶ Бара беріңіз! ̶ Ей, не деп тантып тұрсың сен! Үйімнің қасындағы екі үлкен машинаны тастап автобаза бастығы мен өзім жаяу жүрейін бе? Олардың қасына келген Ертай екеуіне де таңдана қарап қалыпты. Даваажавты қойып диспетчердің бетіне қарсы келмейтін Ганжуур қатты ашуланып, сазарып алыпты. Ал Ертай алғаш танысып, оның қол астына жұмыстай бастаған, өз басына күн туған кезде қамқоршы болған, ақылшы аға, іскер бастық көрінетін Даваажавтан қазір адасып қалғандай. Бұл енді ашушаң, байбалам, қаншама теріс болса да айтқанынан қайтпайтын, өркөкірек, мансапқор біреу боп өзгеріп барады. Мұндай мінін өзара күңкілдесіп, өзі жоқ жерде тілге тиек етіп жүретін жігіттер əлі бетпе-бет сынға бара алған жоқ-ты. «Оның сүйеушісі күшті, басқа түгілі Маршалмен де түстаныс екен» дейтін қауесет те шығып жүр. Жуықта ғана өзімен сөз таластырып қалған бас механикті жұмыстан қуып жіберіп еді, ол бейшара талай төреге барып, төбеге шыққанымен ештеңе өндіре алмай, жайына кетті. Бұл əрекеттің өзі база қауымына Даваажавтың беделін көтере түскен-ді. Сонан бері де сан қилы мінез танытып жүргені Ертайға да аян болатын. Міне, енді Ганжуур онымен сөзге келіп тұр. ̶ Екі бірдей машинаны жолдан қалдырып, жоспар орындауға нұқсан келтіріп отырсыз. ̶ Автобаза бастығы мен бе, əлде сен бе?! Егер əзір орнымда екенім рас болса жоспарды қалай орындатуды тек өзім білемін! Ол үшін мазаң кетпей-ақ қойсын. ̶ Сонда менің жүз мыңдық болатын уəдем текке қалсын ба? ̶ Ганжуур, сен ақымақ екенсің! Бүкіл база ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда тұрғанда сенің жүлдегерлігің менің жалғыз рет басып бере салатын таңбама байланысты дегенді неге ұқпайсың! Осындай сар жайлауда демалып жата бер де, кейін жүргені рас дегізіп, менен анықтама ал да кет! ̶ Мен жалған кепілдік алмаймын. Бізге істеген жақсылығыңыз сол болсын, енді бөгемей қайтарыңыз! ̶ Қайтпайсың! ̶ Мейлі сізден сұрап, жалынбаспын да! ̶ деп, Ганжуур онымұны нəрсесін жинап, қапшыққа салды да, моторға от алдырып жіберіп, қозғала берді. Сонсоң Даваажав пен Ертайға ешбір тіл қатпастан жылдамдықты үдеткен қалпы үлкен жолға түсіп Улаан-Баатарға қарай тарта жөнелді. Беделін түсірген томырық шоферге ашуланған Даваажав шақырған ауылға бармай, өз үйіне кеп жатып қалған сол түнде Ертай да астанаға қайтып кетті.
Жоғалған қыз АЖАЛ Өртенген құрылыс қасынан сəл ұзаған соң Рэнцэннің есі кіріп еді. Өзінің не істегенін енді түсінгендей ертіп бара жатқан милиционерлерге бажырая қарап, ентігіп тоқтай қалды да: – Бауырлар, алқынып кеттім ғой, біраз тыныстайыншы!– деп өтінді. ̶ Өзіңіз біліңіз,тіпті күні бойы осында тұрам десеңіз де еркіңіз!– десті жігіттер, – кенет жанжал шығарған соң көптің ортасынан алып шығу ғой біздің міндетіміз. ̶ Кешіріңдер! ̶ деді əйел мүлəйімси тіл қатып. ̶ Бұрын мұндай бұзақылығым жоқ еді, тек өзімнің жұмыс істейтін өндірісімнің сиқын көргенде шыдай алмай ызаға булығып, жаңағы əйелге қолым тиіп кеткені. Ойпыр-ай, қандай күйге душар болдым! ̶ Қапаланбаңыз, апай! Ешқандай оғаш кеселге ұрынған жоқсыз. Қаласаңыз өз жөніңізбен жүре беріңіз, біз бөгет болмаймыз. Бірақ енді қайтып жиынға бармаңыз. ̶ Ой, рахмет, азаматтар! Милиционерлер өз алдына кетті. Олардан бөлініп қалған Рэнцэн ала құйын боп мазасын алған ішкі жалынын басу үшін осы қазір бір жұтым арақ керек деген ойға келді де, ең жақын тұрған дүкендердің біріне көз салып еді, тым ерте болғандықтан ашыла қоймаған екен, сонсоң кідірместен өзіне таныс көшемен өрлей жөнелді. Сонда ғана оны бағанадан бақылап келе жатқан Лю де көкірегін кере тыныстап, жүрісін баяулатып, өзінің ежелгі мүлəйім қалпына ауыса қойды. Əйел тура кетіп барады. Енді ешкімге жолықтырмау керек. Оның осы жолғы зəрені алғаны да жетер, мұнан былай сақтанбаса болмас. Бірақ, «қырсыққанда қымыран іриді», дегендей Рэнцэннің алдынан əлде кімдер шыға келді де, ол енді ғана дəл алдына жеткен есікті қағуға бата алмай, көлденең бұрышты айналып, көзден тасалана берді. Өзгемен ісі жоқ бейуаз жандай иегін-ішіне тығып, құшынған Лю өз қақпасына кірген соң да əйелді ұзақ күтті. Бөгде пендеге белгісіз, құпия бөлмеде Дэмбэрэл қамсыз ұйықтап жатыр. Қасында жиналмаған ыдысаяқ, арақ-шарап толып тұр. Оның көптен бергі күндізгі панасы осы. Түнде ғана Лю, Рэнцэн үшеуі өзге үйде бас қосады. Бір қызығы, Лю оған кілт бермейді. Түрме сақшысындай боп өзі ғана белгілі уақытта шығарып, қайта құлыптап тастайды. Онысына Дэмбэрэл де риза. Өйткені екеуі бірігіп ойластырған ниеттері орындалып үлгергенше бас сауғалауға мұнан қолайлы орын ешқайдан да табылмайтыны белгілі. Асханасын күндегіден кешірек аштырған Лю қызметшілеріне қатал бұйырып, əр қайсысының атқарған міндетінен қалай да бір мін тауып, тым ызбарлы жүрді. Іштей қатты мазасызданып, кіріп-шыққандарға жиі қарайды. Ас үйдегі жалындаған май, ащы сарымсақ иісі, қайнаған қазаннан көтерілген бу, қарылған еттің шыжылдаған дыбысы көпшілік тамақтанатын бөлмеге өтіп, аса бір қолайсыздық сездіріп тұр. Моңғолдың семіз малының етін қия жапырақтап, аспа төк астықтан молшылықпен істелген тағамдарға «хуйван», «цуйван», «мантуу», «хуй цай», «люза хуй» деген сияқты қытайша ат қойып, айдар тағыпты. Астаналықтар, əсіресе студенттер, оқушылар, балалар қоғамдық асханалардан гөрі қаланың əрбір ұрымтал жеріне орналасқан осындайлардың тағамы дəмді, мол тиеді деп жиі сағалайды. Шындығында əлі егіншілікпен жете айналыспаған моңғолдар үшін қытай келімсектерінің жергілікті кедей-кепшікті жалдап құнарлы жерге егіп шығарған бицай, жуцай, хуйцай дейтін көкөніс, жуа, сарымсақ түрлері таңсық та сезілетін. Бірақ, Лю ештеңені қымбатқа алып, арзанға сатып көрген жоқ. Бірінің артылғанын екіншісінің кемімен ойластыра білетіндіктен əрдайым қыруар пайда табылып жататын. Басқа күндерде сондай түсім көзі – тамақ саудасын өзгеге сенбей ылғи өзі істейтін, Лю бүгінгі ісін көмекші аспазға тапсырып қойып, тұрақтай алмай жүрсе де «Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта» – дегендей сырттай бəріне де зымияндықпен қарап үлгереді. Дегенмен, əншейінде өте шығатын уақыт бүгін өгіз арбадай шабан. Тіпті басқа күндерде ағылып кеп, таласатармаса тамақ алатындар да саябыр. Осының бəрі Людің жүйкесін құртып барады. Əсіресе, «жолына жуа біткір» əлгі қатынның қайта оралмауы мазасын қашырды, тілдесу керек еді. Таңертеңгі милициялар мен Рэнцэннің арасында не сөз болғанын білу, əрі ондай жеңілтек, өсекші албастыны өзгемен
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз кездестірмеу керек еді, бірақ, не шара, өтер іс өтіп кеткен соң. Ақыры күн батып, лезде қас қарайып кетті. Асхананың сыртқы есігін жаптырып, бүгіннен қалған тамақты ертең сату үшін сақтап қойғандықтан таңертеңге онша көп дайындық қажет емес, ертерек кететіндер деп жұмысшыларды қайтарып жіберіп, Людің енді не істерін білмей дағдарып қалған сəтін күткендей-ақ сып етіп Рэнцэн де жетіп келді. Іштерінде ит ұлып жатса да, сырттай сыр алдырмаған олар бұрынғысынша жайраңдап табысты, бірақ, екеуі де сақтық ойлағандай тым ақырын сөйлейді. ̶ Олар менің соңымнан түсіп жүр,– деді əйел сыбырлап. – Əдейі көз алдарында үйге бардым да, күні бойы төсектен тұрмай жатып алдым. Жаңа қараңғы түскен соң ғана шықтым. Бəрібір мені бүгін болмаса да, ертең қолдарына түсіреді. Сол кезде не айтатынымды ақылдасайық деп келдім. ̶ Сен шыныңды айтқан жоқсың ба? ̶ Тогтох дейтін қатынға қолым тигені рас,– дедім. Лю сəл ойланып қалды да: ̶ Біз де сақтық ойладық та, Дэмбэрэлдің бұл үйден кете тұруын жөн көрдік,– деп Рэнцэнге тостаған толы арақты ұсына берді. ̶ Ол кетіп қалды ма? – деді өңешін өртеген отты алауын баспақ боп бір жұтым суық шайды қылқ еткізген Рэнцэн тыжырына тіл қатып. ̶ Сөйтті. Бірақ саған айт деген сөзі бар. ̶ Я, не деді. ̶ Тиш-ш!-Лю үндеме дегендей сұқ саусағын шошайтты. Сонсоң – сен отыра тұр, мен қазір қайта кеп айтамын,– деп есікті сыртынан бекітті де, Дэмбэрэл жатқан бөлмеге келді. ̶ Жағдай онша емес. Рэнцэн əлі жоқ. Тұтқындалды ма, əлде Советке кеткен байы келіп қойды ма, кім білсін. Ал біздің жаққа да бірер сезікті адамдар бой көрсетіп кетті. Сондықтан сен бүгінше шықпа, мен ешқандай қысылыпқымтырылмай-ақ есік, терезені ашық тастап, əдейі бейғам отырайын,– деп оның ас-суын молайтып қойды да кетіп қалды. Мастықтан пəңгіріп жатқан Дэмбэрэлге мұнан артық жалғанның рахаты, Люден асқан данышпан бұл жаһанда жоқтай-ақ сезілді. Жайбасар Люді күтпей-ақ тағы бір тостаған арақ сіміріп алған Рэнцэннің де тұла бойы жіпсіп, көңілі жадырай бастады. Мойынын қатырғы жаға мен галстук бунап, бар уақытын кеңседе өткізетін өкіметшіл, ысқаяқ күйеуден де мыналар сияқты жағасы жайлау, етегі күзеу біреумен баз кешпегеніне іштей налып та отыр. Лю бағанағыдай емес енді сəнденбек болып тыраштанып, жейдесін ауыстырып, мұртын басып келіпті, бірақ улы пияз сасып жүретін ежелгі сүйкімсіз иісі қалпында мүңкіп тұр. Ол есікті бекітіп, өз орнына жете бере ділмарси сөйлеп,ең алдымен Дэмбэрэлді онан соң Рэнцэннің өзін мақтап, сендерге арналған менің достық ниетімде шек жоқ дегенге дейін барып, тостыны жиі-жиі көтертіп жіберді. Өзі де ішті, бірак əйелдің недəуір масая бастағанына көзі жеткен соң оның қасына кеп отырып, еркектік күнаһар сезіммен аймалай бастады. Шарап көңілді желіктіріп, нəпсіні қоздырады ғой, Рэнцэн де қасында оңаша отырған еркектің шарапатына елігіп, өз шабытын жани түсті. Есіріктің есіндей ауысып қалып отырған санасы мына адамды бір сəт шынбайлы күйеуіне, кейде Дэмбэрэлге, тіпті Люге тұрақтата алмай, шатастыра берді. Бірақ, кім болса да мейлі, əйтеуір əлеуетті еркек емес пе!... Қанша уақыт өткені белгісіз, ол ұйқыдан оянғандай есін жинаған кезде тырдай жалаңаш денесінің бөтен біреудің қойынында жатқанын білді. Бірақ оның кім екенін ойлап үлгергенше Лю əйелдің қасынан түрегеп киіне бастады. «Болды. Бұл қатында менің ұпайым кеткен жоқ. Ал оны бұдан əрі тайтаңдатуға болмайды. Жүрісі тұрақсыз, аузы жеңіл əйел опық жегізуі мүмкін! » деп түйген ол жаңа ғана сол əйел үшін жанын пида қылуға əзір тұрған нəпсіқұмар еркек ниетінен лезде өзгеріп, енді өз қамы үшін өзгені құрбан етіп машықтанған əккі дұшыманды сыпытына ауыса қалды. Мастық жеңіп, масқара қылыққа ұрынғанымен жалаңаш сиқын еркектен тасалап дағдыланған ежелгі əйелдік əдептен аспаған Рэнцэн алқам-салқам боп киінді де, жіпсиген көзін сығырайтып, үй иесіне қылымси қарады. Бірақ Лю оған назар аударған жоқ. Екі тостағанға арақ құйды да, қалтасындағы құтыны төңкеріп үшінші ыдыстағы салқын шайға кішкентай
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ насыбай тектес бірдеңені қағып түсіріп, алдымен əйелге арақты, оны жұтқан соң əлгіні ұсынды. Қаны кеуіп, қатты шөлдеген бейбақ күміс ернеулі үлкен тостаған толы сусынды тауысып ішті. Ойхой, Дүние-ай! Жер бетіне талайды талғамсыз əкеп, пəтуасыз тірлік кештірдің ғой! Адамды жаратуға мейірбан болғаныңмен оны жолдан тайдыруға қатігезсің, сен өмір! Аспан астында шектеулі ғұмыр кешкен бір бейшараның жанын жаһанамға жіберу борышын жүктеген Лю өз қолымен көпе-көрнеу жасап үлгерген ажалды көрген осы сəтте ғана тостағандағы арағын тауыса сімірді. Ал қатты бір ышқынып қалып, сіресе барып ұшып түскен əйел Людің уақытын онша зая кетірген жоқ, бірнеше минуттан кейін жансыз дене сұлқ жатты. Егер сырттай көз салған жан болса əншейіндегі сүлкіні түскен Лю да риннің мұндай күшті, осынша епті екеніне таңданбай қоймас еді. Өзінен əлуетті бір адамның өлігін арқалай салып, қараңғы түнде дуалдардың іргесімен жүгіре басқанда аңшының тазы итіндей сыпылдайды. Бірақ ертеңінде көшеде өліп жатқан əйелді көріп жиналған жұрт ішінде онан мүсəпір пенде байқалған емес.
АТ АЙНАЛЫП ҚАЗЫҒЫН ТАБАДЫ Ол сыртқа шыққанда таң жана ғана құлан иектеп ата бастаған еді. Əлгінде себезгілеп өткен жаңбыр лебі ауаға тарап, ылғал иісі сезіліп тұр. Құрғақ топырақ дымқылданып, жер қыртысы бусанып жатыр. Көк жүзінде тоқымдай да бұлт жоқ. Аспанның шығысынан үріккен жұлдыздар батысқа қарай дүркіреп бара жатқандай. Бүкіл дүние жаратылғаннан бері бір орнынан жылысып көрмеген Темір қазық жұлдызына арқандалған əйгілі жеті қарақшы да шырқау биікке көтеріліп алған. Аспанның түнгі тыныштығы біртіндеп сейіліп, машина дүрілі, адамдар дабыры ұлғайып, радио үні ап-айқын естіле бастады. Керіліп-созылып, денесінің құрыс-тырысын жазып жүрген Ган куурдың жүрегі қолға түскен көжектей тулап кеудесін дүрсілдетіп, тынымсыз аласұрады. Көңілі де алабұртып, жан дүниесін тербеген шаттық сезім əлде қайда жетелеп, қиял қанатына мінгізгендей. Қызық-ау, өзі! Ол мұндай күйге ғұмыр бойы кезігем деп ойлады ма екен! Қабағы қарс түйіліп, жауар бұлттай түнеріп, сырт көзге ызғар танытып, іштей жабырқап жүргені кеше ғана емес пе еді. Өмірдің өгей ұлындай тіршілікке жатырқай қарап, сүйген жарын кінəлап, сеніскен досынан күдер үзіп, болашағынан түңіліп, запырандай сарғайған сəттері аз болмағаны аян. Бірақ пенденің қайғыруы да, қуануы да алмағайып нəрсе екенін бұрын онша пайымдай қоймаған-ды. Міне, енді жалғыз түннің ішінде мүлде өзгеріп, жаңарып шыға келді. Бұл қуаныштың басталуы да тым тосын болды. «Ел жатса да – енекем жатпайды» дегендей өзгелер тыныш отырған демалыс сəттерінде шоферлер тыным алған ба? Сондай бір алыс жолға шығып, ұзақ жүрген Ганжуур бұл сапарынан да недəуір шаршап қайтты. Əсіресе, титығына жеткені ауыр жүкпен тасты, күдір жермен жүргендіктен ескі доңғалақтардың қайта-қайта жарылуы еді. Запас деген жеке Ганжуурды қойып, тіпті автобазаның өзінде жоқ. Сондықтан əлдеқашан нормасы бітіп, қасқаланған ескі шиналарды шоферлер тастамай, кейбіреуін қабаттап, астарлап, жұлықтап, лекерлеп пайдаланған болып күнелтеді, бірақ ондай ескі-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз құсқының баяны да аз. Жолға үнемі кедергі келтіріп, жалпияды да қалады. Аса бір ұқыпты жігіттер болмаса шофер атаулыда түгелдей желім де болмайды. Ал Ганжуур мен Ертай дайындықсыз жүргенімен жамап – жасқауға уақыт көп ұтылады. Мұндай мұқтаждық тек шина мен камерде тұрған жоқ, машина тетігі қанша болса, сонша нəрсе жетіспейді де жалқау жігіттер аз жүріп, көп тоқтайды. Соның салдарынан соңғы кезде автобаза жоспары толық орындалып көрген жоқ. Осындай машақаты мол сапардан өткен түнде кеш оралған Ганжуур машинасын аулаға қоя салды да үйге кірді. Оның келгенін біліп жатқан Мэндэй басын көтеріп шам жақты, бірақ бойы байсал тартып, тез тұрып кете алмады. Сонда да күйеуінің сырттағы күйбеңі біткенше төсектен түсіп, шапанын желбегей жамылды да, от жағып, тамағын жөндей бастады. Май, топырақ сіңген күртесін шешіп босағада тұрған тақтайдың үстіне тастай салған Ганжуур от басына кеп отыра кетті де жұтатын су сұрап еді, келіншегі оған күндізден дайындап қойған суық шай ұсынды. Қатты шөлдеген кезде қымыз, айран ішпейтін жігіт сол ежелгі əдетімен шара толы шайды құныға жұтты да, тер сорғалап тұрмаса да маңдайын бір сүртті. Мэндэй оны жаңа көргендей телміре қарап отыр. Жігіттің бетіне қара май жұғып, баттасып шаң – тозаңмен араласып салтақтатып кеткен. Көптен алынбаған сақал-мұрты кірпінің түгіндей қылтанақтанып, тікірейіп тұр. Əншейінде инеліктің тірсегіндей майысқақ кірпіктеріне былшық па, топырақ па, бірдеңе байланып қалыпты. Сырықтай сымбатты денесі шөгіп, екі иіні қушия түскендей. Салалы саусақтарының буын терісінің қатпарына, тырнақтарының көбесіне сіңген майлы күйе ап-айқын көрініп тұр. Таралмай ұйпалақтанып, жабағыға айналған шашын жиі сипайды. Жанарында жалын атқан ұшқын да бəсең. Əйтеур, қазіргі кейпі өзінен мүшел жас үлкен адамға ұқсайды. Мэндэй күйеуінің осынша жүдеу сиқына таңдана отырып, қатты аяп кетті. ̶ Жылы су бар ма, жуынатын? ̶ Даяр тұр. Қалбырдағы сары дөнсені газетке орап тамызған жігіт қою түтінді будақтата жиі-жиі сорып жіберді де, сиыршылап орнынан тұрды. ̶ Шешініп жуын, кір киімдеріңді ауыстыр. Сабын ал. Суды мен құйып берейін. Үн-түнсіз шешінген Ганжуур əйелінің əміріне қарсы келмей, ұзақ жуынды. Термен баттасқан кірден тазарып, іш киімдерін ауыстырғаннан кейін денесі сергіп, біртіндеп бейжайлықтан арылғандай болды. Шашын тарап, сақалмұртын қырған соң Мэндэйдің көзіне де жүзі жылы көріне бастады. Қатты шаршаған адам аштыққа да төзімді боладыау, тегі – Ганжуур асықпай отырып бір шəйнек шəйді тауысып ішкенімен тамаққа зауқы болған жоқ, оның үстіне маужырап ұйқы да атой беріп келеді. ̶ Төсек салшы, – деді Ганжуур өтінгендей бəсең үнмен. Ол келіншегімен ренжіскеннен бері бұрынғыдай жалындап, жарқын қабақ танытпағанымен осындай бір ерлі-зайыпты адамдар арасындағы сыпайы қарым-қатынасты əдет етіп алған-ды. Шай тақтайдың үстіндегі ыдыс-аяқты суырмаға қойған соң, орнынан тұра берген Мэндэй кенет лып етіп қайта отырып қалды да, киім сыртынан бүйірін баса қойды. Ақ құбаша реңіне лезде қан ойнап шыға келді де, «ұялған тек тұрмайды» дегендей күйеуінің тесіле қалған жанарынан жасқанып, жүзін бұрып əкетті. ̶ Не болды, бір жерің ауырды ма? Əлде кім қытықтағандай құрсағының бүлік-бүлік ете түсуі өз басынан бұрын да кешірген, бірақ, аса бір қуанышты хал еді. Алғашында қаперсіздіктен абдырап қалып, онан кейін жан дүниесін шарпыған қуаныш сезіміне елігіп қарсы алдыңда отырған еркек адамға жалт қарағанының өзін де əбестік санағандай. Ол мұның күйеуі болғанымен қазіргі жайы тек əйел затына тəн ерекшелік емес пе. Дəл мұндай жаны жайсаң тартып, тұла бойы қорғасындай балқып, жіпсіп кеткен сəтінде, сірə, бұл дүниеде ештеңені теңеу мүмкін еместей сезілді. Көңілі жадырап, қабағы ашылып, жанарынан ұшқын атылып, жұқалаң ернінен жайдары күлкі нышаны біліне қалыпты. Оның кенеттен құбыла қалған мына бір жұмбақ кейпі Ганжуурға əнтек бұрынырақ өтіп кеткен, қанша іздесе де табылмайтын, егер тағы бір жалт етіп елестетер сəті туар болса дəл сондағы қалпына теңесе алмай-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз тын сұлулық кейпін көрсетіп қалды. Иə, алғашқы махаббат лəззəті жігіт жүрегіне сондай бір өшпес із тастап еді-ау! Бірақ сол жарқын, аяулы бейненің сəулесі ғана санасында сақталып, ақиқат келбет көмескі тартқалы қашан. Мэндэйдей əйелдің мінсіз сұлулығы ерлі-зайыптылар арасына дүрдеараздық белең алғаннан кейін тіпті жырақтап кеткен-ді. Бұл көңіліне кірбең түскен Ганжуурдың көзімен қарағанда ғана солай екенін оның өзі аңғарып жүрген жоқ, əйтпесе күйеуінің енжар көңіліне бола келіншегінің ежелгі көркі өзгере қояр деймісің, тəйірай, аш адамға алтын аяқтың сəні білінер ме! Міне, енді аяулы жарының сондағы жарқын жүзі көз алдында тұр. Дегенмен бұл құбылыс жұмыстан шаршаған іштей қажыған еркекке онша сиқырлы əсер ете алмады, сондықтан оны басқаша жорып, кемеліне келген əйелдің ер адамды аңсаған нəпсіқұмар аярлығы деп түсінді. ̶ Несіне қылымсисың, жаңа қосылғандай! – деді зілсіз ғана тіл қатып. Оның мұндай парықсыз сауалы Мэндэйдің лүпілдеген жүрегіне шөгірдей қадала кетті. ̶ Байсырап отырғам жоқ, балам қимылдап еді, сенің сөгеріңді білмей соны қызықтап қалып ем! – деп иегі кемсеңдеп, екі танауы қусырылып, жанарына үйіріле берген жасты көрсетпейін дегендей алақанымен бетін баса қойды, сонсоң өксіп жылап та жіберді. Бұл сезімі қуаныш кернеген шаттық па, əлде шамырқанған көңілдің кірбеңі ме, қандай сиқырлы күш екенін өзі де аңғара алмай қалды. Бір сəт аңтарылып, не естігенін пайымдап үлгергенше Ганжуурдың алқынған жүрегі тоқырап, ойы күңгірттеніп бара жатқандай болды. Ояу отырса да көз алды тұманданып, ештеңені көрмегендей жанары көмескі бір ноқатқа қадалып, кірпігі қимылсыз тұр. Қасындағы өкси жылаған адам үні тым алыстан талып қана жеткендей. «Бала» деген ең ардақты сөз құлағына мың жыл бұрын шалынғандай сезіледі. Дəл осы сəтте таусыла жанып, тұғылына дейін еріген шамның білтесі қисайып майға батып кетті де, үй ішін лып етіп жинағандай болған жігіт қарманып, сіріңке шағып, жарық жақты, шырпы басында дірілдеген əлсіз сəуле жаңағы қараңғылық пердесін жұлқып өшіріп тастады да, көлеңкелерді қалтарыстарға қуып тықты. Осындай ұшқыр ой Ганжуурдың санасына да найзағайдай жалт ете қалды да, орнынан ұшып тұрып, əйелінің жанына жетіп барды. Бірақ қапелімде аузына сөз түспей тұтыға берді. Сонда да кеудені кернеген қуаныш құдыреті алды еркіне қойған жоқ. Іштей кінəласқан жұбайлар осылай табысты. Отасқалы бірер жыл өткен соң туған тұңғыш ұлынан кейін құрсағына біткен шаранасын қимылдағанға дейін күйеуіне сездірмей келген Мэндэй содан бері сабыр сақтап, оны қуантпағаны үшін өзін кінəлі адамдай санағанымен, мұндай аяулы жар көңілін қалдырып, өспес елдің баласынша өнімсіз дау қуған қылығына өкінген жігіт, бəйек болып келіншегінен кешірім сұраумен болды. Жазықсыз жала жапқанына ыза болып құрсағымдағы өзіңнің болашақ ұрпағыңды түсіріп тастағым келіп-ақ еді, бірақ, сəбидің қанын жүктеп, өмірге ұмтылған бір адамның шырағын өшіруге батылым бармады – дейді əйел жігіттің көрпе ішіндегі жалаңаш кеудесін күміс жүзікті саусақтарымен сипай аймалап. Мэндэйдің əр сөзі Ганжуурға жалғандағы ең адал жар үкіміндей əсер етеді. Əйтеуір, ол енді осы шаңырақтың құлы болуға əзір, бірақ өзіне тағы ұрпақ сыйлар, болашақ көп балалы ана атанар əйелінің жанын жараламауға іштей ант етіп жатыр. Өйтпегенде ше! Келіншегі аман-есен босанып, от басына екінші перзенті келер болса онан өткен қызық кезігер ме, сірə! «Япыр-ау – деп ойлады Ганжуур. Мен өзім тым балажан екенмін ғой, əлі көзін ашып өмірге келмеген нəрестеге осынша қуанғаным əнтек ертелік етпей ме, тіпті! Дегенмен мен түгілі хайуанат та баласын беталды тастамайды, өсіреді, сол арқылы тұқымын өшірмейді. Оған қарағанда біз саналы адамзат əулетінен жаралдық ғой. Шіркін, көп балалы əке болу тілегіме жетуге таяған сияқтымын. Сол күнде де дос жарандарым қандай қуанар екен! Əсіресе, автобазадағы жолдастар, Ертай... Ол бұл ойынан кенет селт ете түскендей болды. Ертайға таққан орынсыз кінəсы көңілін алаңдата бастады. «Кішілік істеп, кешірім өтінсем кешер ме, қатемді? Кім білсін сену де қиын, күдер үзуге де болмас. Бірақ, абзал адам ғой, мүмкін кек сақтай қоймас. Əй, осы шырт етпе, ойпыл-тойпыл мінезім-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ай! Талай ұятқа қалдырдың-ау! Бүкіл семьясынан айырылып, қамкөңіл боп жүрген адамға оның қарындасындай сыйлайтын өз əйелімді қосуым ақылсыздығым емес пе. Екеуінің бір үйде жатуында не тұр. Ертай ағалық пиғылмен туысындай жан тартқан болар, тіпті тірідей жоғалған қызын сағынған əке жүрегі Мэндэйді өз баласындай көріп мауқын баспады деуге дəтің қалай жетті. Мен оны сырттай дұшпан санап жүріп, жан жарасын аямай тырнай беріппін ғой. Сонда да маған деген қамқорлығы, ағалық ниеті інілік адамдық көмегім қайсы. Шоферлікке төселдірген сол ғой, өйтсе қай моңғол нəсілі ұстазын сыйламай өтіп еді? Мен мұндай қателігімді қалай да мойындауым керек, əрі өзімді кіршіксіз таза адам ету үшін қалай да Ертайдың бақытты болуына көмектесемін, оған жақсылық көрсетуден аянып қалмаспын! – деген ой келгенде талайдан бергі көңіл кірбеңінен айыққандай кеудесін кере бір дем алды да, əйеліне қарай аунап түсіп, оның судыраған қолаң шашына тұмсығын тыққан қалпы маужырап мызғып кеткен-ді. Міне енді аз жатса да ұйқысын қандырып үлгерген ол таңмен таласып тыста жүр. Осы кезде алдыңғы көшені бойлай өрлеп бара жатқан машинаға көзі түскен Ганжуур оның Ертай екенін тани қалды. Бұл көрініс жігіт көңіліне тағы да дақ салғандай болды. Бірақ, ендігі оны шырмаған ой Ертай сынды азаматты аяғандықтан туған ізгі ниет еді. Расында да өзіндік от басы, ошақ қасы жоқ жігіттің күйі келе бере ме. Тогтох пен Мэндэйдің жылы шырайы, Буянжав шешейдің аялаған алақаны əлпештеген ол сырттай мұқтаждық көрмеген сыңай танытушы еді, енді ғой бұл үйге бұрылмайтын болып алды. Осы ой келгенде Ганжуур тағат тауып тұра алмай, ауыр жүк тиеп, ыңырана жүйіткіген машинаның соңынан жүгірді. Кабинасында келген біреуді түсіріп, қайта айналған Ертай Ганжуурды көріп тоқтай қалды, кабинасын аша беріп еді, жанарын жас шылаған жігіт сырт киімімен отырған кісіні қапсыра құшақтап, мойынына асыла кетті. Оның сөзінен Ертайдың аңғарғаныінілікпен кішілік етіп, кешірім сұрағаны, тек Ганжуурдың білместігінен болып достар арасынан алшақтап кетуі ықтимал деген сияқты үздік-создық өтініш еді... Таңертеңгі дастархан басында Бағиланың əлі күнге дейін дерегі білінбегені сөз бола кеп, аманшылық болса осы шаңырақ астына ендігі келер бөбекті Ертайға бергісі келетіндерін айтып ерлі-зайыпты екеуі ағаларын қуантып қойды. ̶ Ат тұяғын тай басар дегендей ондай сəбилі болсам жоғалған баламды үнемі сарғая сағынбай-ақ бірауық мауқымды басып, алданыш етер едім, айтуларына қарағанда ондай күн алыс бола қоймас, бірақ, мен баламды өздеріңе асыратып, тағы бір ауыртпалық келтіремін ғой,– деген Ертай сөзінің астарын аңғарып қалған Мэндэй күйеуінен бұрын тіл қатты: ̶ Жоқ. ̶ Бізде «пышағыңды шынымен бер, шынымен берсең қынымен бер» деген мəтел бар еді. Біз сізге біржолата өткереміз ғой, сол кезге дейін баланың шешесін дайындап, үйін тігіп үлгеретін болайық,– деді. Ертай сəл ойланып қалды. Бұл – орынды талап. Түбінде өздерінің екінші рет көрген перзентіне жармаспаса да ниеттеріне риза бола отырып: ̶ Жығылған үйді қайта тігу, жар төсегін жаңғырту – бəріміздің ақылдасуымызбен шешілетін іс қой, қайқайсысымыз да кеңірек ойланайық,– деді. Сөйтіп, олар бір кабинада отырып жұмысқа кетіп бара жатты. Бірінің де көңілінде кірбің жоқ, бүгінгі ауа райындай қабақтары шырайлы еді.
Жоғалған қыз ҚЫРЫҚ КІСІ БІР ЖАҚ, ҚЫҢЫР КІСІ БІР ЖАҚ Даваажав партия ұясының кеңсесіне сөйлей кірді. «Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі» деген осы да. Жағдайына қарап, тіршілігін жақсартқан сайын шетінен асқынып алды. Егер басына қиыншылық кездесе қалса, көрер ем кімнің қандай əуенге басарын!» Ол алқынып кеп дүрс етіп отыра кеткенде шегенің орны қажалған ескі орындық сықырлап-шиқылдап барып тоқтады. ̶ Даа дарга, сəлеметсіз бе? Ашулысыз ғой өзі? – Лувсанцэрэн бастыққа жымия қарады, - Əуелі амандасып алайық та. ̶ Иə, есен-саумыз, амандық сұрасу қайда қашар дейсің, ең бастысы жұмыс болып тұр. Айдың аяғы болды міне, жоспардың жартысы да орындалған жоқ. Шоферлер тіл алуды қойды, жолға шығудан бас тартады. ̶ Неге? ̶ Əлгібір сүмелекті жұмыстан қуатын болсаң, бəріміз де кетеміз дейді. ̶ Орынды талап. ̶ Сонда бұл жұмыс тастау болғаны ма, біздің елде сонау жиырма бірінші жылы төңкеріс жеңгенін қайда қоямыз? Қазір тіпті социализм орнатып жатыр емеспіз бе? ̶ Мұндай үлкен саясатты жүзеге асыру үшін жұмыс тəсілін кішкентайдан бастау керек қой. Сіздің Ганжуурды жұмыстан қуғаныңыз жұртшылықтан ұят болды. ̶ Немене, сонда оның кесірі маған аз тиді ме? Жайлауда отырған шырыштай ел ішінде мені жұртқа қаратып кеткенде ұят болмады ма? Мен бастығымын, беделімді неге ойламайды? Енді ондай опасыздардың сазайын тартқызғаным үшін мен кінəлі бола қалыппын-ау! ̶ Базадағы ең мол пайда келтіріп тұрған екі машинаны демалысқа мініп барып, жолдан қалтырғаныңыз теріс болған, ал сол жерде Ганжуур дұрыс істеген. ̶ Ей, шырағым! Осы автобазаға мен сондық маңдай терімді төккен жоқпын ба? Тіпті төңкеріске де қатыстым. Халх моңғол шайқасында да еліме еңбегіммен үлес қостым, дүние жүзілік екінші соғыс кезінде жарғақ құлағым жастыққа тимей, Совет жеңсін деп талай жыл ыстыққа күйіп, суыққа тоңдым. Мен он жылдан астам басқарған бұл базаның қазір өзгелерден кем түсіп көрмегені көпке аян. Сөйткен Даваажав бүгін бір есіріктің мазағы болыпты, сол да ендігі жастардың білгірлігі ме? Сондықтан өзгеге жол болып кетпесін деген оймен оны қудым да тастадым. «Ат құлағынан ақсамайды», автобаза бір кісіден кемімейді. ̶ О, қайда! Айлық жоспар орындалмаса шоферлер үш күн бойы жолға шықпаса, автобаза жұмысына нұқсан келмеді дей аласыз ба? Бұған төзуге болмайды. ̶ Рас айтасыз. Мен енді ешкімді де есіртіп, басқа шығармаймын. ̶ Аптықпай ақылмен істеген жөн болар. Білек күшінің күні өткелі қашан! ̶ Сонда мен үлкен басымды кішірейтіп, қол астымдағы тобырдың аяғына жығылайын ба? ̶ Өйтудің қажеті қанша? Бірақ көпті ренжітпеңіз. Ол үшін Ганжуурды жұмыстан шығармаңыз. Əрі олар тобыр емес, жұмысшы табы екенін есте ұстаған жөн. ̶ Е, е, сол бір немеден болып ел алдында екінші рет ұятқа қал дейсің ғой. Олар мені табаласын сон-соң. ̶ Өзгенің бізде несі бар? Тек өзіміздің жұмысшыларға жағдайды мен-ақ түсіндіріп айтайын, сізді ешкім мазақтамайды. ̶ Болмайды, қуғаным рас, екі сөйлей алмаймын. ̶ Ойланыңыз, əйтеуір, Ганжуур бұл автобазадан кетпейді. ̶ Осы базаның бастығы кім өзі, сен бе, мен бе? ̶ Бастық, əрине, – сіз, мен партия ұясының хатшысымын, жағдайды білетін шығарсыз. ̶ Онда сен менің билігімен таласпай-ақ, сол үгіт, насихатыңмен бол! – деді де Даваажав орнынан тұрды. Лувсанцэрэн оған телміре қарап, ойланып отырып қалды. Адам жылқы мінезді деген рас-ау, қандай көнбіс, жуас жылқы жалданған сайын тарпаң боп, бас асауси береді. Бірақ ол хайуандығынан сөйтетін болар, ал адамның жөні мүлде басқа ғой. Соның өзінде қыран тұғырындай биікке көтеріле бастаған кейбіреулер асып-тасып аптыға қалады. Мына Даваажав та соңғы кезде топтан жырақтап
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз «бізі» азайып, «мені» көбейіп барады. Соның салдарынан бір емес əлденеше сүрінгенін, түрегеп алып қыңыр жүгіргенін сезер емес. Оның мұндай мінезі белең алып келе жатқанын біле тұра, дер кезінде жөн сілтеп қоймағаны үшін бұл өзін де кінəламай қала алмайды. Оған нағыз партиялық тұрғысынан емес, жолдастық, көңіл жықпас ымырашылдықпен қарағаны рас. Бірақ кейінгі айларда Лувсанцэрэн Совет елінде жедел курсте болды да мекеме билігі Даваажавтың қолында қалып, біртіндеп сыңар жақ менмендік белең алып кетіпті. Бұл автобаза көлемінде басталған бірер сəтті істер аяқсыз қалған. Партияның ХI съезі шешімін жүзеге асыруға байланысты жасалған жоспар ұмытылып, ұйымдасқан жұмыс ыдырай түскен. Ел көлемінде алғашқы жүз мыңдыққа міндеттеген Ганжуур уəдесін орындауға мүмкіндік таппай, соңында жұмыстан шығарылып тынған. Ал автобазадағы беделді, ықпалды шофер Ертайға Ганжуурдың артынан кеткені үшін қатаң сөгіс берілген. Тіпті оны да автобазадан қуғысы келгенімен, дəл сол күні қылмыстың бастаушысы емес, əрі жарым көңіл болып тағдырдан таяқ жегенін ескеріп, Даваажав аяушылық жасапты. «Бұл өзі мүлде қатал, бітеубас пенде емес екен,– деп ойлады Лувсанцэрэн, – Ертайға көрсеткен жеңілдігі соның айғағы. Осылай басталған автобаза дүрлігуі недəуір шығандап кетті. Партия ұясының хатшысы да, бюросы да Даваанжавпен жалықпай ұзақ жұмыс істеуге мəжбүр болды. Ол да көпті көрген, көнекөз əккілігіне басып, өз кемшілігін мойындаудан талай жалтарып бақты. Бірақ, «тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кіреді» – дейтін əпербақан райынан сəл жұмсарып, Ганжуурды жұмысқа қайта алғанымен дара билік тізгінінен айырылмай автобаза тағдырына елеуі нұқсан келтіріп те жіберді. Дегенмен өзі басқарған мекемеге зəредей де зиян келтірейін деген ойда болмады. Сондай күндердің бірінде кенет мынадай оқиға сап ете қалды. ̶ Жұмысшылар айлық еңбек ақысын сұрайды, берейін десем біздің кірісімізден шығысымыз асып кетіпті. Дансада қызыл тиын ақша жоқ,– деді бір жиында бас есепші. ̶ Ақша қайда? ̶ Жұмсалып біткен. ̶ Қалайша? ̶ Шоферлерді жолға шығару үшін көптен бері оларға революциялық жарыс сыйлығы ретінде ылғи артық төленіп отырған. ̶ Сен неге ақшаны заңсыз шашасың? – Бастықтың бұйрығынсыз бірде-бір сом шығарған емеспін. ̶ Енді не ойлап тұрсың? ̶ Мемлекеттен қарыз сұрау керек. ̶ Иə, солай,– деді Лувсанцэрэн. – Үкімет қарыз бермес бұрын қатаң тексеріс жасайтын болады. Бұл идеологиядан тыс жұмыс екен демеңдер, жанаспай кетпейді. Сондықтан бəріміз жауап жүктеуге тиіспіз. Социализмде мұндай есепқисапсыз, бейберекет шаруашылық болмау керек. ̶ Сол партияның ХI шешімінде адамдардың əлауқатын жақсарту ерекше көрсетті. Мен соны орындадым. Шоферлердің өз еңбегімен табылғанды бұрынғының байларынша сараңдықпен сақтап қоя алмаймын. Айтыңдаршы қане, алғандарың теріс болды ма? – деген Даваанжавтың өктем сұрауына өздері кінəлі болғандай ешкім тіл қатпай, үнсіз отырып қалды. Жиынның мұндай тартынақтаған халін аңғарған Лувсанцэрэн іле сөйлеп кетті. ̶ Жолдастар, əйтеуір ақшамыз таусылып, құр алақан қалған екенбіз – енді отырайық па, қол қусырып, əлде жеделдетіп жолға шығып қор жинайық па? Ұлы адамдардың осы социализм дегеннің өзі «қолы ойнағанның – аузы ойнайды» деген сөз. Олай болса бүгін тапқанды ертең жеу үшін қимылдау керек. Келісейік пе осыған? ̶ Келіспейік деп отырғамыз жоқ. Бірақ сол ақшасыз қалудың салдарынан машиналарға запас бөлшек алып салу мүмкіндігі болмай тұр. Өзіміз амалдап көп жүрдік. Басқадан сұрап та, сатып та тауып келіп ек, енді мүлде титықтадық. Осы жағынан əкімшілік қол ұшын берсе екен? – Ертай басқамызды қойғанның өзінде ең үлкен міндет жүктеген Ганжуурдың өзі бензин алатын талонсыз отыр. Оның сөзін өзгелер де қостады. ̶ Талон, бензин керек
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ̶ Запас бөлшек қажет. – Беталды қайда барамыз, мекемелер заказ келтіру жөн. ̶ Ақша болса бəрі жөнделеді, ең алдымен ақша тауып алған дұрыс. Жаңа ғана не дерін білмей аңтарылып қалған топ енді кезексіз жарыса сөйлеп, араның ұясынша дуылдап кетті. Оларды тыныштандырған соң хатшы сөзін əкімшілікке арнап, жедел шара қолдануды талап етіп, міндет беріп еді, ұтымды сөйлеген Лувсанцэрэннің тіліне көбірек ерген, соны құптаған, ал қамқоршы боп, осылар үшін талай еңбегін сарп етіп келе жатқан бастығына «жандары ашымай» сырт тарта бастаған қол астындағы мына адамдарға манадан бері ренжіп отырған Даваанжав хатшысының мұны жұмысшылар ортасында зеки сөйлеп, «беделін түсіргеніне» шамданып, бір уыс кілт алып Лувсанцэрэннің алдына тастады. ̶ Таласқаның осы болса ал да, ойлағаныңды істей бер! – деп қамыт аяғын талтаңдай басып шығып кетті. ШАҒЫМ МЕН ШАРАПАТ Дəлізде арлы-берлі жүрген адамдардың сықырлауық тақтай еденді тағалы аттай тарсылдата күл тарпыған түйедей тарпылдата басқан дыбыстары молайып кетті. Көрші бөлмелердің құлыбын ашып жатқанда темірмен қапталған есікке тиген топты кілт салдыры айқын естіліп тұр. Таңертең алаңелеңде тысқа шығып келгеннен кейін сақшы бір қолтығымен мылтығына коса кілт пен құлыпты ұстап тұрды да, жартылай ашып ішке атақты аспазын енгізді. Ол иіні қушиып, сүлкіні түскен, жиегі қызарған бітік көзін жерден алмайтын, сырттай тым мүсəпір, бірақ баукеспе ұры, ғұмырының ауданы уақытын осында өткізіп келе жатқан адам еді. Қолындағы қабысқан темір шелектегі тұзсыз, əрі шай нілі де шықпаған жылы, қайнаған судан майысқан ескі аяққа шайқалақтатып құйды да, бір керткен қара нанды бүрісіп отырған Тогтохтың тізесіне қоя салды. Сонсоң қалай жымсып кірсе, солай сыбырсыз шығып кетті. Сақшы есікті қатты жауып құлыптады. Тұтқын осының бəріне самарқау қарайды. Бұлай басталған бүгінгі харекет талайдан жалғасып келе жатқан, абақты тіршілігінің айнымас дағдысының жалғасы, бұрын да осылай өтетін, əлі де сол қалпынан өзгере қоймайтын сияқты. Бөлме іші сыз, шірік, күлімсі иісі жүрек айнытардай, жиіркенішті, əрі тымырсық суық, төбесі аласа қабырғаларын ыс басқан, аумағы тар. Бір кісі қырынан зорға сиятындай екі ғана тақтайдан шөркеге орната салған төсексымақтан өзге от жаға бастасаң түтін бұрқылдап, көк мөр болып кететін кернайы жарық, өзі жыртық кішкентай темір пеш бар. Тогтохтың мұнда отырғанына бірталай уақыт болды. Қазір күндегідей шаршап, денесі салдырап, ақыл-ойы да енжар күйге түскен. Ол ештеңе ойлай қойған жоқ, тек осында келгеніне бүгін отыз бір күн болды ма, əлде айдың отыз бірі ме? Осы екеуін ажырата алмай біраз бөгелді.Шындығында ол оның қамауда өткізген күндерінің саны, ал айдың бүгін он үші. Алғаш осы босағаны аттағаннан бергі басынан кешкендері көз алдынан еміс-еміс елестеп өтіп жатыр. Бірталай уақыт бос сұрақта жүрген соң бір күні еріксіз айдалып осында келген-ді. Ақтығына, қылмысының жоқ, тіпті ондай сұмдыққа ешқандай
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз байланысы болмағанына тергеушілерді иландыра алмай-ақ қойды. Рэнцэннің өліміне Тогтохтың қалай да қатысы бар екені, сондай іспен шұғылданатын заң адамдары түгілі сырт көзге де шүбəлі емес. Өйткені өрт шыққан күні ондай пəледен шошынған жеңілтек мінезді Рэнцэн кенет есінен адасуға таяп аласатып жүріп, қасындағы жолдасын оқыс ұрып жіберді. Соған ыза боп, кек сақтаған Тогтох жылпос жігіттерді пайдаланып, оны өлтіре салды. Осы күнде жас, сұлу, жесір қатынның тілін алмайтын еркек бар ма? Жұрт солай жориды, тергеушілер де, қылмыстың ізіне дəл осы жолмен түсіп жүр. Ал мезгілсіз қаза тапқан марқұмның күйеуі жоғары лауазымды, беделді адам болғандықтан айыптыны бұлай еркінсітуге наразы болып, адам тағдырына селқос қарауды доғармасаңдар өзгені қойып, Маршалдың өзіне шағынып, ақыр заман орнатам деп кіжінді... Сөйтіп, абақты сақшысы есікті ашып қалғанда ғана жүрегі тітіркеніп кеткен əйел аузы, мұрнын басып тұрып қалды. Үрейі ұшып, алма бетінен шырай тайып, жүзі қуқылдана қалған оны бөлмеге итеріп кіргізген адам тілсіз немедей үн қатпастан салдырлатып жүріп есікті құлыптады да жайына кетті. Торға түскен еліктей елеңдеген келіншек жүгіріп барып есікке жармасып, итерді, тепкіледі, ұрды. Іші сыртымен темірмен қапталған тақтай міз баққан жоқ. Келіншек енді терезеге ұмтылды. Бірақ оның да жəрдемі аз еді. Биіктігі мен көлденеңі бір-бір қарыстан аспайтын тік төрт бұрыш терезе қол ұсыным биікте екен де, бер жағына жалпақтығы екі елідей темірден үш қатар тор орнатылыпты. Оның өзі осы там салғанда бірге жасалған сияқты, ешбір жігі білінбейді. Тіпті бөлменің қабырғалары да соған жалғасқан темір тəрізді. Ал далада тал түс болғанымен мұнда ымырт жабылып кеткендей ала көлеңке күңгірт. Бөлме ішіне «танысып», көзі үйір бола келе өз басының тұтқын халіне біртіндеп мойынұсынып сылқ етіп отыра кеткен Тогтох өксіп жылап жіберді. Əйтеуір оңаша қалған оны ешкім мазалаған жоқ. Өйткені тұтқындардың күндік тамағының нормасы таңертең алынып қояды екен де күндіз «қабылдағандарға» ертеңге дейін «қонақасы» берілмейді. Ал келе қап қал-жағдай сұрайтын ешкім болмайды да. «Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді» деген рас екен, біріненбірінің айырмашылығы жоқ абақты күндеріне Тогтох та көндігіп алды. Сұраққа жиі шақырмайды, бара қалғанның өзінде қойылатын сауал, берілетін жауап жаттанды. Оның «қылмысына» байланысты талай адамнан сұранды, бірақ ыңғай еш пəлендей күдікті із білінген жоқ. Келіні кенет келмей қалған түнді кірпік ілмей, от басында отырып өткізген Буянжав таңертең ерте Ганжуурдың үйіне келді. Күйеуі үйде жоқ, шалғай сапарда, əрі күн жексенбі болған соң əлі тұра қоймай, маужырап жатқан Мэндэй есік ашқанда кемпір үйге сөйлей кірді. Келіншек киінгенше пешке ұмтылған ол отты лезде жағып, ертеңгі шайды қайната бастады. Қаңылтыр темір ішінде маздаған қарағай жаңқа алауы үй ішіне шырай беріп, көңілге мейірбандық əкелгендей болды. Пеш алдында отырған Буянжавқа Мэндэй бір қырынан қарап, əңгімесін үнсіз тыңдады. Жасынан бергі өз басынан өткерген сан алуан шытырман тағдыры оның еңсесін түсіре алмағандай. Тек кəрілік шіркіннің төңіректеп, тори бастағаны сырт көзге бірден шалынды. Көрер таңды көзбен атырып келсе де, жігері мұқалмаған, бірақ недəуір шаршап, қажығаны қабағынан сезіліп тұр. Ол Мэндэй мазалап, асықтырайын деген ниетте емес, əйтеуір Тогтох жайын құлағына тигізсем онан арғысын өзі білер деп ойлайды. Бірақ ұзаққа аялдауға Мэндэйдің төзімі жетпеді. Шайды тезірек ішіп, сыртқа шыққан екі əйел тура милиция орнына бет алды. Өйткені Тогтохтың сұрақта жүргені көптен аян, олардың қатерін тігіп отырғаны да белгілі. ̶ Еркегі жоқ үйді кім-көрінген басынады екен ғой, тіпті заң ұстаған сіздер де панасыз бір əйелді тұтқындап тастап, хабарын бермей қойдыңыздар – деп ренжіп, өкпесін айта бастаған Мэндэйді кезекші жігіт тезірек шығарып жіберді. ̶ Япыр-ай! ̶ деп өкінді Буянжав, ̶ Ертай мен Ганжуурдың біреуінің де болмағанын қарашы! Олар сөйлесе мыналар бүйтіп тайсақтамас еді! Осы заң бойынша еркек пен əйелдің еркі бірдей дейді, бірақ кейбіреулер ала көреді ғой. ̶ Ондайлардың əлі де бары рас. Бірақ біртіндеп жойылатын болды. Ал сен ше, енді тəуекел! Тогтох əпкемнің іздеушісі де, сүйеушісі де өзім болам. Партия жазықсыз жапа шектірмес, ̶ деді Мэндэй.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Осылай басталған арашашылар тобы көбейіп кетті. Тогтохтың кəсіптес серіктестері арыз алып талай мекеменің есігін қақты. Сөйлескен білікті басшылардан тиімді жауап болмады. Айтатындары «Тексерілгесін, заң бойынша көрейік», «Ондай қылмысты адамдарға ара түсүге болмайды, өздерің кеселге ұрынасыңдар», «біз қайдан білейік» ̶ деген шығарып салма – мəйексіз жауап. Дегенмен ара түсушілер үлкендерге, үкімет басшыларына кіруге əзірше тартыныңқырап жүр. Себебі Тогтохтың қандай жауап беріп жатқаны белгісіз, қиындыққа төзбеуден, қорыққаннан, немесе боспаға шыдамай жалған бірдеңеге қол қойса онда бұлар масқара болмай ма. Қазір нақақтан жапа шегіп, ақ қарасы ашаланып, тексерілмей сотталып кетіп жатқандар аз ба. Ескінің қалдығы, төңкерістің жауы ̶ деген ат қойылып, айдар тағылғандырға жаза да қолданылады. Тогтох та сондай саяси қылмысқа тартылатын тармаққа сəйкес жатыр. Сондықтан ендігі бір тəсіл оның беріп жатқан жауабын тектеу. Қасарысқан тергеушіден бір дерек ұстау қажет болды, бірақ оған лайықты адам табыла қоймай, недəуір уақыт өткізіп алды. Сонда да Мэндэйдің жалықпай ізденуі арқылы оған да мүмкіндік туды. Алыс аймақтардың бірінде жүрген Ганжуурдың айлығын алғалы автобазаға барған Мэндэй əдейі Даваажавқа жолықты. ̶ Сізді іздеп келдім, ̶ деді ол. Бір кездегі маңдай алды адамымыз болған Очирбаттың əйелі жалалы боп, ісі қиындап кетті. «Осыған сіздің ғана əліңіз жетеді, қол ұшын беріңіз». Болған жайды жете тыңдаған Даваажав сəл ойланып қалды. Мынаның айтып отырған тергеушісі эсэргүү заманынан бері Даваажавқа ісі түсіп, құлша бағынған, ламадан қарапайым адам боп өзгерген адамның баласы еді. Сондықтан одан келіншекті босатып алу оп-оңай. Егер өйтер болса соңғы кезде өзімен жиі шектесіп қап жүрген Ганжуур Ертайлармен де, басқалармен де тіл табысуға, сөйтіп өктемсіген Лувсанцэрэннің алдында төгілген беделін қайта көтеруге қолайлы сəт табар еді. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» ̶ деген осы. Əйтеуір Тогтох өздігінен ештеңе мойындалмаған болсын да. ̶ Жағдай ауыр, ̶ деді ол орындықты сықырлата шалқайып – қолымнан келе қояды деп айта алмаймын, дегенмен үміт үзбеңдер. Осы қазірден бастап кірісемін. Əзір бақ қайтпаса, менің баяғыдан бергі өкіметке сіңірген еңбегім, Маршалға дейін білетін атым бір адамды құтқаруға жарар. Əйтпесе Маршалдың өзіне барудан тайынам ба. Менің ол кісіге тікелей кіретін куəлігім бар! ̶ деп соңғы екі сөйлемді артық қосып жібергенін өзі де абайламай қалды. Нендей шара қолдансаңыз да еркіңіз, тек көмегіңізді аямасаңыз екен, бұл істің жөнін сіз ғана табасыз, мен өзіміздің жұмысшыларға қуанышты хабар апаратын болдым, ̶ деп Мэндэй де көпшік қоя сөйлеп сенім жүктетіп кетті. Өзі тұтқында жатқан Тогтох, ешкімнен хабар ала - алмай, сырттағылардың не істеп, қандай əрекет жасағанынан бейхабар еді. Адам жайшылықта бостандықтың қадірін біле бермейтін көрінеді. Шама-шарқынша қимылдап, көптің ішінде немесе үйде еңбек істеп жүргенде шаршадым, шалдықтым деу астамшылық екен. Күні-түні төрт қабырғаға телміріп, тізеңді құшақтап сарылып отыру, ұшы-қиыры жоқ ой соңында сарғаюдан өткен қиындық болмайтын сияқты. Тогтох біртіндеп жүдеп бара жатқанын сезген жоқ. Күн тиіп, жел қақты болмағанға реңі де қуқылдап, нұры тая бастаған. Тек қана тау көліндей тұңғиық, айнадай мөлдір, мойылдай қап-қара жанары ұшқындап, əйелге лайық, нəзіктеу болса да батпандай берік, батыл жігерін танытқандай. Алғашқы кезде өз тағдырының осынша шытырман болғанына налып, мына қапастан қалай құтылуды жиі ойлайтын еді, енді ондай мінезден айығып, бейшара болған қарт енесі мен Ертайдың қазіргі халі туралы толғанады. Буянжав байғұсты ол тергеуге бара жатқан жолында үнемі көреді. Қолында түйіншегі бар, бүкшеңдеп ұмытылып, талай рет таяп келгенде сақшылар зекіп жолатпаған-ды. Кейде Тогтохтың өзі дауыстап: – Апа, мен кешікпей шығамын, қылмысым жоқ, қорықпаңыз мұнда келе бермеңіз! ̶ деп тіл қататын. ̶ Қарғам-ай, жарығым-ай! ̶ деп еңірей жүгірген оның кеудесінен итерген сақшылар меселдесін қайтарып тастайтын. Аналық жүрегі сонда да шайлықпай келесі күндері мұндай жағдай тағы да қайталанып жатады. Иə, бұл кезде
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз заң да, оны ұстайтындар да қатал-ақ боп тұр. Ал Тогтох үшін Ертайдың жөні басқа ғой. Ол Буянжавтай қаусаған кəрі емес, қайратты, талайды бастан кешірген азамат. Бір рет ебін тауып, хат та келтіріп үлгерді. Айтқан ақылы қандай, шіркін! Сол хат мұның серігі болып алды. Бір өзіңнен өзге уайымым жоқ депті. Япыр-ау, ол сонда өз тағдырын мүлде ойламайтын болғаны ма? Жоқ, бұл жеке басының қайғысынан достықты артық көргені ғой. «Менің бұл сиқым оған ең ауыр соққы боп тиді-ау» – деп налыды тұтқын əйел, сонсоң өзін емес, Ертайды аяп іштей егіліп кетті. Еңсесін езген қапасты ұмытып, жанына батқан осындай қамкөңіл сезімнен арыла алмай ұзақ отырып қалды да, дəлізде сыбдырлаған кілт дыбысынан селт етіп, ұйып қалған аяғын көсіліп қалғанда тізесінде тұрған нан домалап жерге түсті. Түшіркеніп жей қоймаса да, нанды аяқ асты етуге дəті шыдамай қайта алып бағанағы суға тастай салды. Сол сəтте оның бөлмесінің есігі мезгілсіз ашылып мылтықты сақшы табалдырықтан аттап, ішке кірді. ̶ Шығыңыз! ̶ деді ол ыржия күліп. Олардан мұндай ілтипатты бұрын көрмеген келіншек таңырқап қалды. ̶ Біржолата босадыңыз, құттықтаймын! ̶ деді ол қолын ұсынып. ̶ Рақмет! ̶ Тогтох қолын бермей орнынан тұрды. ̶ Қаталдық істеген болсақ кешіріңіз! ̶ деді жігіт өзінің аса сыйлы қонағымен қоштасып жатқандай қолын ала жүгіргеніне ыңғайсызданып. «Бізде тəртіп солай, оны орындамай болмайды». «Дегенмен ұяты бар жігіт екен» – деп ойлады Тогтох. Оның құтылуы туралы соңынан əртүрлі жорамал айтылып жатты. «Тұтқыннан өзіміз шығарып алдық, егер арыз алып мемлекеттік əйелдер кеңесіне бармасақ əлі де көп жататын еді, немесе, мойындаса да сотталып кетуі мүмкін ғой» деп Мэндэй бастаған кəсіптес жолдастары қуанып жүрді. Ал «социалистік заң жолымен, бейуаз адамды əділ төрелікпен ағына жетіп босаттым» ̶ деп тергеуші өз ісіне риза болса, «ежелгі таныстығымды бұлдап өзім құтқарып, беделімді асырдым» ̶ деп Даваажав мардамсиды. « Əйелдік осалдық көрсетпей өзімді-өзім қорғай білдім » дегенді Тогтох та ойламай қойған жоқ. Мейлі, кімнің шарапаты тисе де бостандық алған Тогтох абақты ауласынан шыққанда өзін күтіп тұрған адамдар ішінен Буянжав, Ертай, Ганжуур, Мэндэй төртеуін ең алдымен ажырата бергенде жанарына жас толып, көз алды бұлдырап кетті. Өзгеден бұрын жеткен Мэндэй құшақтап алмағанда құлап кеткендей еді. Бұл топқа арлы-берлі өткен талай адам таңырқады, бірақ, өзгеден ерекше шұқшия қараған біреу болды. Ол Люин еді. Оған ешкім назар аударған жоқ, əрі қайдан келе жатқаны да белгісіз болатын.
«ТОНДЫ БАЛА» Буянжав шешей бүгін күндегіден де ерте тұрды. Тіпті ол түнімен ұйықтамай шықты да мажаурап, ояу жатқан келініне де маза бермей, асықтырып жүр. – Сəтті болайын дегенде күннің бүгін жексенбіге сəйкесуін қарашы! Ертерек дайындық жасап қояйық. Олар келе қалғанда қарбалас болып кетеді, ̶ дейді Буянжав. Оның сөзін құптап Тогтох та əлденелерді айта отырып, киіне бастады. Екеуі де өз бастарынан кешірген қасыретін, көңілдегі көмескі мұңын ұмытқандай аса бір қуанышты сəтті асыға күтуде. Өйтпегенде ше, əлдеқашан із-тозсыз жоғалған Бағиладай перзентінің дерегі білінген соң іздеп кеткен Ертайдың оралатын уақыты болды. Енді бұл үйдегі осы үш адам үшін мұнан асқан қуаныш болсын ба? Енесі мен келіні таңертең шайларын іше отырып Бағила туралы сан алуан жорамал жасады. «Есейіп қалған шығар, шешесіне тартса бойы да өсе бастаған болар, Нұрғайып марқұм сымбатты адам емес пе еді», «Бота көзі жаудырап жетіп келеді-ау, айналайын». «Бізді ұмытты ма екен?» «Зерек ұғымтал еді ғой, кім білсін», «Ақыл тоқтатпай, тым кішкентай кезінде кеткен сəбидің есінде не сақтала қойсын. Дегенмен жас бала əке-шешесін өзгеден артық таниды деуші еді бұрынғылар, мүмкін басқамызды қойғанда əкесін жатырқай қалмас». ̶ Апа,– деді Тогтох, ̶ сіз мол ғып дастарқан жасай беріңіз. Мен дүкенге барып, Бағилаға кигізетін киім-кешек əкелейін, ойнайтын да бірдеңе керек бола ма? ̶ Өзің біл, бірақ бұрыңғыдай кішкентай нəресте емес ойыншыққа алдана ма, онан да тана-моншақ сияқты нəрсе алғаның дұрыс, сондайды тез қызықтар. Ішпек-жемек қажетін осы көшеден азық-түлік дүкенінен ғана алып тұратын Буянжав қала орталығына ірі сауда орындарына бара бермейтін еді де, қайда не сатылатынынан бейхабар болатын. Ал қайсы бір «жел аяқ» əйелдерше кезбелігі жоқ Тогтох та дүкен қыдыруды машық етпеген-ді. Міне, енді үйден асыға шығып, өкшесі жерге тимей дедектей жөнелді. Сөйтіп жеті жасар қызға ұнайтын етік, ботинка, шалбар, жейде, польто, тымақ тағы басқа киім түрлерімен қоса бірталай заттар сатып алған соң үйіне асығыс қайтқанымен əлі Ертайлар келе бермепті. Əкелгендерін өздері тамашалап кейбіреуін қайта ауыстыруға мəжбүр боп Тогтох көшеге тағы жүгірді. Сонсоң бұларды көрнеуге ілген дұрыс па, əлде арыстан суреті бар кебежеге сала тұрамыз ба деген жайды көп сөйлесті. Ақыры ашық тұрған бұйымның ажары түседі, əрі біреу-міреу сын тағып ескі тұрған екен немесе тұлдап қойғаны қалай деп сөге ме деген оймен ілмейтін болды, ал кебежеге қалтыруды да лайық таппады. Көп адам отырғанда жүк қопару ерсі ғой, əлі киімін салып жүруіне сол баланың өзіне қашанда керек болғандықтан кішірек чемодан əкелу үшін Тогтох үшінші рет дүкенге кетті. Бірақ чемодан тек орыс дүкендерінде ғана сатылатындықтан келіншек енді ударник куəлігі мен пропускісін ала жүрді. ̶ Дүниеде біреуді сарыла күткендей қиын нəрсе жоқ екен ғой өзі, ̶ деп түңіле тіл қатты Тогтох, кешқұрым ел орынға отырған кезде. ̶ Асықпа, балам! Аман-есен болса келіп қалар! ̶ деді Буянжав келіннің көңілін тоқыратпақ ниетпен, ал өзі одан бетер алағызып отырғанын сездірмеуге тырысты. Олар күні бойы дайындық істеумен шұғылданып, машина үні естіле қалса елеңдеумен болып, тіпті жайланып, тамақтанған да жоқ-ты. Ақыры күте-күте жалыққан екеуі де түн ортасы кезінде төсектеріне киімшең жантайды. Онысы Ертай мен Бағила кенет жетіп келсе киініп үлгермей қалармыз деген күдіктен туған сақтық еді. Сонымен қанша өзін-өзі зорлап, аздап ұйықтамақ болған əрекетінен ештеңе шығара алмаған Тогтохты таң алдында ғана мызғып кеткен сəтінде енесі оятып жіберді. – Тұр балам, əлгілер келіп қойды! Екі əйел қатар ұмытылып таласа-тармаса есіктен шыға бергенде Ертай да кабинадан түсіп кеп қарсы ұшыраса кетті. Ол бұдан бірнеше күн бұрын əдейілеп осы жолға аттанған-ды. Шалғай сұмындарда аралаған сапарынан жуықта ғана оралған Даваажав тосын хабар əкелген болатын. ̶ Мен, ̶̶ деген ол, ̶ сұмынның бастықтарын ертіп қалдырып жүр едім. Бір бай кісі қонаққа шақырды. Барған соң дереу еркек қой сойып, арақ-шарапты аямай құйып, керемет күтті. Сол күні көрші ауылдан жүрген бір шалға кезіктім. Өзі онша бай болмағанымен
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз төңірегіндегілерге сыйлы адам сияқты, бəрі қошаметтеп жатты, ол қасына бір қыз бала ертіп алыпты. Отырғандар сол баланы еркелетіп бəйек болысады. Сөз арасында «Тонды бала» дейді. «Бұл неге солай аталған?» десем... «Əкесі көшеден тауып алыпты» деп жауап береді. Сонсоң есіме Ертайдың жоғалған баласы түсе кетті де, ептеп сұрауды мен де үдеттім. ̶ Неше жаста? ̶ Алтыда. Менің бұл сауалыма жұрт ду күлді. Бастық қыз бен ұлды ажырата алмай мас боп отыр, ̶ десті. ̶ Міне, ̶ деп əкесі баласының тымағын жұлып алды. ̶ Өзіңіз көріңіз! ̶ Мұнда келгеніне көп болды ма? ̶ Жоқ. ̶ Қыз бала ма өзі? – Шашы əдемі екен дедім мен, салалап өрген қос бұрымына таңдана қарап. Сол сəтте жалт ете қалған жанарынан өзіме таныс біреудің көзқарасы елестегендей болды. Оны да есіме түсіріп үлгердім. Дəл Бағиланың өзі. Көзіндегі қалы да ап-айқын тұр, күлкісі де ұқсас, тек бойы сұңғақтап ұзара бастағанымен, əлде маған солай сезілді ме, білмеймін денесі қатпалап қалыпты. – Сөйтпей қайтушы еді, қолдан-қолға өтіп, қаршадайынан əркімге бір тентіреген соң онда не күй-күтім болмақ, жарығым-ай, өлмей тірі жүр екен ғой, ̶ деп Даваажавтың сөзін бөліп, кимелеп кеткен Буянжав жылап жіберді. Тогтохтың берген сауалына қайтарған Даваажавтың жауабын ден қоя тыңдаған Ертай үнсіз отыр. ̶ Қалы қай көзінде екен? ̶ Дəл оң жақ, жоқ ие ̶ сол жағында еді ғой, əйтеуір, барында бар болатын. ̶ Ұртының шұңқырын байқай алмадыңыз ба? ̶ Онысы есіме келмепті. Ертай сол баланың жасы нешеде еді? ̶ Биыл жетіге шығады. ̶ Əкесі алтыда дегенді жорамалдап қана айтады ғой, əйтпесе оған кім куəлік берді дейсің. ̶ Ертай,– деді Даваажав сөзінің соңын түйіндегендей, ̶ Мен саған бастық тұрғыда міндет беріп отырғам жоқ, жолдастық көмегім болсын, енді бөгелмей алып кел. Ол сенің балаң, ешбір күдігі жоқ. ̶ Иемденіп алған кісі оп-оңай бере ме? – Мен оның ниетін білдім. «Өз əкесі болмаса өзгеге бастырмаймын» депті. Дегенмен сені құр қол жіберуге болмас, баланың белгісі, жоғалғаны рас деген кепілдеме алып келейін, сол үшін милицияға кəзір барам,– деп орнынан қозғала берген Даваажавты үй адамдары тамақтанып аттануға сəл аялдатты. Қылмыссыз болса да ақталып, нақақтан сотталып кетуге таяған Тогтохты құтқарып осы шаңыраққа мұнан бұрын істеген жақсылығын енді Ертайға көрсетіп үлгерсе өз есімінің тіпті əйгілене түсеріне шүбəсіз сенген ол күдіксіз отыр. «Ертайдың жоғалған баласын автобаза бастығы Даваажав тауып беріпті» деген сөз жайылар болса бақталас боп жүрген Лувсанцэрэннің алдында мəртебесі бір өсіп қалмай ма? Осындай шырғалаң хабардың соңына түскен Ертай айналасы бір тəулік ішінде жол дайындығын, машинасын, түрлі мөр басылған анықтама қағаздарын сайлап алып, жөнелгенде кейінгілер «сəт-сапар» тілеп аттандырған еді. Ауыр жүк тиелген машина өндіре жүріп кетуге ырық бермегенімен бір қалыпты «бұлаң құйрық» жүрістен танбай алыс жолдың апшысын қуырып, танабын тарылта берді. Сөйтіп күнді-түнге жалғаған шофер болжалды жерге де жетіп үлгерді. Өзгелер қанша асықтырып, жанашырлық көрсеткенімен бұл сапарда тым байсалды бола қалған Ертай тіпті асығыпаптығар емес. Өмірінде кездестірген жалғызы, бауыр еті, көз нұры болған перзентін іздеуден жалықпаса да дəл қазір оны кездестіре қоямын дегенге көңілі дауаламайды, тіпті баласын ұзақ уақыт бойы сарғая сағынған əке жүрегі селт етпей келеді. ̶ Япыр-ау! ̶ деп ойлайды ол, көзбен көріп, жыға таныдым деген Даваажавқа неге сенбеймін мен. Осы жолы сəтіне айналып Бағилам алдымнан шыға келсе ғұмыр бойы армансыз боп өтер едім-ау! Əй, қайда, ондай күн жырақта ғой. Дегенмен казіргі енжарлығым бұдан бұрын да үмітім үзіліп, меселдемнің қайтқандығынан шығар. Бірақ сəуегей болмасам да күндіз өңімде, түнде түсімде бір елес неге білінбейді? Əлде менің сана сезімім өзгелерден төмен бе? Олай деуге де дəлелі шамалы. Өйткені Нұрғайып өлердің алдында үйін жел құлатып, Бағила жоғалмас бұрын тісі түсіп ылғи қорқынышты түс көріп жүрмеп пе еді, сонда бұл жамандықты ғана алдын-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ала сезетін болғаны ма? Мейлі, бүгін ертеңді қойып, жуық арада қуанышқа кенеле алмасы тек өзіне ғана аян сияқты... Ертай «Тоңды баласы» бар үйге бесін əлетінде келді. Бұл ел сұмын орталығынан бірнеше шақырым қашықтықтағы «Томпақ саз» дейтін жерді мекендейтін еді. Даваажав айтқан жөн-жосық бойынша сұрастыра жүріп кеп тоқтаған оны ең алдымен ауыл сыртында ойнап жүрген бір топ бала қарсы алды. Бəрінің де жас мөлшері шамалас, ылғи қара домалақ ұлдар қастарында қала үлгісімен киінген жалғыз қыз бар. Əнтек қысқарақ киінгенімен ұқыптырақ өрген қос бұрымы шолақ қамшының өріміндей аунақшып, жауырынында селтеңдейді. Өзі тетелес қыздар үйлерінің қасынан ұзамай, үркектеп тұрғанда мұның еркінсіп, ентелей жүгіруі олардан нендей бір артықшылығын аңғартқандай. Ертай екеуі бір-біріне тесіле қарағанымен қай-қайсысы да жыға тани алған жоқ. – Үйіңде кім бар? ̶ деді шофер қызға тіл қатып. ̶ Ешкім жоқ. ̶ Əке, шешең қайда? ̶ Сұмыға кеткен. ̶ Қашан келеді? ̶ Білмеймін, ̶ деді қыз, жат кісіден тайсақтағандай жүре жауап беріп. Ертай аңтарылып қалды. Баланы бас салып ұстай алудың реті жоқ, ал үйі иен болса олай барғаннан пайда не? Қыздың танитын белгілерін ажырату үшін оны қасына келтіру керек. Енді сондай бір тəсіл қолданбақ болып тұрғанда құпия сыр кенет ашылды да қалды. Балалар сықылықтай күлген соң жалт қараған шофер машина доңғалағына шырылдатып тұрған əлгі «қызды» көрді. «Міне саған безгелдек! ̶ деді Ертай өз еркінен тыс жымия күлімсіреп. ̶ Мынауың біреудің қызынша киіндіріп еркелеткен ұлы ғой!» Онан əрі аялдаудың қажеті жоғына көзі жеткен ол баласы табылмаса да, мына машақаттан тез құтылғанына разы болғандай, кабинаға келіп отыра берді. Буянжав пен Тогтохты Ертайдан артық əбігерлендірген «Тонды бала» хикаясы осылай аяқталған-ды. ТЕМІР ТҰЛПАР ТАҒДЫРЫ Бұл бір аласапыран кез еді. Қалада əр түрлі қылмыс шығып, айыптылар қолға көп түспей, милиционерлер тынымсыз жұмыс істеп, бейуаз тұрғындар үрейленіп, əйелдер мен балалар көлеңкесінен қорқып, түнде жалғыз жүрмейтін болған-ды. «Гэсэр сүм», «Гандан», «Цагаан хорин» көшелері, Сэлбэ көпірі, Консуль дөңі жағында бұзақылық қылмыстар шыға бастады. Сондай күндердің бірінде ертең алыс жолға аттанбақ боп дайындалып келіп, автобаза алдына тоқтай қалған Ертайды кеңсеге шақырды. Ол сыртта тұрған оншақты машинаның бəрі де əлгінде ғана ұзақ сапардан оралғанын біліп, өзге шоферлердің де бірталайы осында болар деп ойлады да, ішке кірді. Бастықтың шағын бөлмесінде жиналыс өтіп жатыр екен, орындық жетпеген шоферлер бір-біріне сүйеніп, түрегеп тұр. Бір айлық жұмыс қортылыпты. Жоспарын екі есе бұрын орындаған Ганжуур бірінші, Ертай өзі бесінші орын иеленіпті. Көптен үзіліп келе жатқан автобазаның жоспары да орындалыпты. Сондығынан болар, бастықтар да көңілді отыр. Тек Даваажавтың ғана қабағы қатыңқы, жоспарын үзген біреулерге ажыраңдай тіл қатып, ақыра ұрсып қояды. Запас бөлшек сұрағандарға да оңды жауап беріп жарытқан жоқ. Ертеңгі бір кикілжіңнен кейін жұмысшылар ашықтанашық Лувсанцэрэнді қамқоршы санап, өтініш сол хатшыға білдіретін болып алған-ды. Бұл жолы да əркім өзіне, машинасына байланысты мұқтаждығын бастықтардың назарына жеткізу үшін тағы да «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңданың» сыңайын танытып тұр. Осылай ұзаққа созылған жиналыс тым кеш аяқталды. Аспан түнере, қараңғылық қоюланып алған. Қорғалаған ай əлі тумапты. Машиналарды қоятын жағдай дуалдың қақпасына ілінген сығырайған əлсіз фонарь ажарсыз жылтырап тұр. Жолдастарымен əңгімелесе жүріп, сыртқа шыққан Ертай қапелімде машинасын таба алмай қалды. Тегі, əлгінде қалтырған орынымнан жаңылған екем ғой, бірақ сап түзеп арбиып қатар тұрған машиналардың ешқайсысы «37 – 36» болмай шықты. Əркім өз көлігін оталдырып, кейбіреулері ашық қақпадан ішке кіріп, үйіне
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз жаяу барғысы келмегендер бағыттас шоферлерді аялдатып, сыйғанынша кабинаға, онан асқаны кузовқа жармасып жүр. Ертай аң-таң, қозғалған машиналардың дүрілі құлақ тұндырып, жарығы көз қарықтырардай. Бұл не ғажап? Машинасының жоғына көзі жете бастаған ол енді дуал қақпасының алдында отырытын, қарайласа қоятын ешкімі болмаған соң жан сақтасын деген Даваажавтың қамқорлығымен, жеңіл жұмыс осыған деп тағайындаған, түнде түгіл күндіздің өзінде қара мен қоңырды ажырата алмайтын жанары тайған, қаттырақ айтпаса естімейтін құлағының қақасы бар, кəрілік жеңген дəрменсіз күзетші шалды іздеді. Мүмкін өзіміздің жігіттердің бірі соған айта салып көшеге мініп кеткен болар. Күзетші үйшігінің есігі аңырайып ашық қапты, іші қараңғы. Өзі шылым шекпесе де сіреңкесіз жүрмейтін Ертай шырпы шағып дірілдеген сəуле арқылы қанға малшынып жатқан таныс адамды көрді. Сасқалақтап сүріне жығыла қайта жүгірген ол кеңседен енді ғана шыққан бастықтарға ұшырасты. Сөйтіп автобазада тосын дүрбелең басталды да кетті. Шал өлмепті, бірақ, есін оңай да жия қоймады. Аузынан, мұрнынан аққан қан ұйып, топыраққа араласып жатыр. Оның қарсы алдынан бетпе-бет күшті соққы тигені сырт көзге де айқын тұр. Күзетшіні ұрып жыққан адам Ертайдың машинасын мініп қашты дегенге ешкім шүбəланбады. Енді милиционерлер аяғынан тік тұрды. Қала торабы арқылы радиомен жария беріліп, сондай номерлі машина көрген адам дереу милиция бөлімшелерінің біріне білдірсін делінді. Ал, осы хабар жұрт құлағына жеткеннен соң көптен кейін милицияға Ганжуур келді. Ол Дрорноговь аймағынан келе жатқан Ертайдың машинасына Төв аймағы өлкесінде кезігіпті. Бірақ, тоқтатып сөйлесіп үлгермепті. Ертайдың мұнша қатты жүргенін бұрын көрмеген Ганжуур таңданып қана қала берген. Сөйтіп бағыты белгіленген милиция адамдарына Даваажав пен Ертай да ілесіп, іле-шала қуғыншылар да аттанды. Олар қанша жылдам жүріп, уақытты ұта түскенімен жете алмайақ келеді, əрі ондай машинаны жол жөнекей жолықтырған ешкім ұшыраса қоймады. Ұқыпты шофердің күтімді машинасы қашқындарға пайдалы болды. Анда-санда қайнаған суды салқындатып, кейде машина кузовындағы бочкадан бензин құйып алу үшін сəл аялдағаны болмаса, түні бойы тіпті ертеңінде де суыт жүрді. Дегенмен олардың техникаға жаны ашып, аялап жүрген жоқ, тек бүлініп қалса болжалды жерге жете алмаймыз деп қауіптенді. Сөйте тұра ел көзіне түсуден тайсақтап ылғи жолсызбен кетіпті. Ізге түскен топ рульге отырған адамның маманды шофер, əрі жер ыңғайына жете таныс біреу екенін біліп келеді. Кім болды екен?... Бұйра құмнан көтерілген күн қалықтап, биіктеп, шалқар түс бола бастаған кезде ғана өткір дүрбі арқылы қуғыншылардың көзіне ноқаттай жалғыз қара шалынды да, біртіндеп ара қашықтығы қысқарған сайын жүйіткіген жүк машина артында бұрқырап, шұбатылған шаң арасында кетіп бара жатты. «Бұл ешбір хабар-ошарсыз жоғалып, табылмай қойған Дэмбэрэл болу керек,– деп ойлайды Ертай. Менің машинамның сырын ол да жақсы білуші еді». – Жігіттер, дұшпанды осал санамай сақтаныңдар, абайсызда арандалып қалмаңдар. Біз сендердей кезімізде революция үшін талай жаумен шайқастық қой. Казіргі жастар қаншама милиционер, қаруы сай болғанымен аңғал, албырт емес пе! Əйтеуір өзім сендердей балаларға сенбеймін. Осы заманда өкімет дəулетінен жалғыз шеге жоғалса да көп шығын саналады, оның қасында үйдей бір машинаның кісі қолында кетуі оңай ма! Сондықтан жан тыныш, қарап отыруға дəтім шыдамай, əрі өздеріңе ақылшы болайын деген оймен өзім ере шықтым. Лувсанцэрэн хатшы да « сіз бармай-ақ қойыңыз!» ̶ деді, «неге, мен əлі жаудан жасқанатын жасқа жеткен жоқпын, қорқақтар ғана бұғып жата берсін» ̶ дедім де, кете бардым! ̶ деп Даваажав жұмсақ орындықты нығарлай езіп, ырғала түсті. Артқы топтағы бұлардан өзге милиционерлердің бірі капитан, екіншісі лейтенант, үшіншісі жуықта əскер қатарынан қайтқан жігіт болатын. Соңынан келіп қалған қуғыншыларды көрген қашқындар жылдамдықты үдете түсті. Олар енді машина тұр ғой өз жандарын аямас халге жетті. Ойлы – шұңқырдан секірген доңғалақтар онда-мұнда бір тиіп, оппа құмды боратып, иректеп барады. Кабинада неше адам отырғаны белгісіз,
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз əйтеуір кузовта да біреулер бүркеніп жатқан сияқты. Бірақ қалай дегенмен де салпақтап артынан ере беруде мəн жоғын ұққан Даваажавтар алыстан орағытып озып шығып, алдынан тоспақ болды. Олардың бұл тəсілін аңғарған қашқындар жанасалап ілгері бастырмай жанталасты. Осылай қараталасып недəуір сайысқаннан кейін жеңіл машинаға жете алмай қала бастаған жүк машина төбеге ұрғандай тұрды да қалды. Оның нендей күйге ұшырағаны сырт көзге тосын болғанымен қашқындарды жер соқтырып тастады. Бірнеше сағат бойы тынымсыз шапқылаған соң радиатордың суы қайнап, дірілдеген ине ұшы жүз градустан асып түсіп сіресіп, қозғалмай қойды да, кенет мотор үні өшті. Дəл осы сəттен бастап өмір мен өлім белдесті. Қашқындар бірнеше жерден атқылап, қуғыншыларды жолатпай соғы сып, жанкештілік əрекетке басты. Ал қуғыншылар қанша адам екенін білдірмей, кешкі қараңғылық түсуін күтті де, ақшам сөне бастаған кезде жігіттер жедел қимылдап, қашқындарды қоршап алуға кетті. Машинада шофер мен Даваажав қана қалды. Олардың мұндай тəсілін сезіп, бəрібір қоршаудан құтылмасын білген біреу жербауырлай жылжып, тура соларға қарай бет алды. Бұл Ертайдың ойлағанындай расында да Дэмбэрэл еді. Ұзақ уақыт жасырынып жүрген ол бірталай адамның қанына ортақ боп, кек қайтара жүріп, қашу дайындығын да бітірген болатын. Бесатар мен жел мылтығын қатар ұстаған, екі шынтағын күш салып недəуір тырбанды, бірақ, тез шаршады. Маңдайынан сорғалаған тер жіпсиген жаралы көзіне құйылып, ашыта берген соң жеңімен бет-аузынан сүртініп, сəл аялдап қалды. Ол осы қас-қағым бөгелістің өзінде соңғы кезде нендей əрекет істегенін көз алдынан өткізіп шықты. Ал қазір өліспей, беріспес емес. Дəл осы кезде оның арт жағынан жалын бұрқ ете түсті. Дэмбэрэлдің тапсырмасы бойынша қашқындардың бірі өздері мініп келген машинаға от қоя салып, шегіне қашқанымен қоршаудан құтыла алмады. Еңбектей ұмтылған біреуді өрт жағында көре қойған Ертай көлденең жағынан атып жіберді. Əлгі адам айқайлай түрегеп, мылтығын алдыңғыларға қаратып көздемей бір атып қалды да, шалқалап құлап түсті. Көз алдында науат боп бара жатқан машинаны шығынға қимай аюша барбаңдай ұмытылған Даваажав əлгі өліктің қасынан өте бергенде тарс еткен мылтық үні естілді. Зəресі ұшқан ол оқ тимесе де шіріген теректей қопарыла құлап, маңдайымен жер сүре жығылды. Бұл кезде тым батыл қимылдаған милиционерлер əлгі адамды тұтқындап үлгеріпті, тек біреуі ғана аянбай қарсылық көрсетіп жүргенде оққа ұшыпты да, тілге келмей өліпті. Қашқындардың басшысы Дэмбэрэл. Өзгесі соның бұрынғы лама жүрген туыстары, кейбіреуі малшы, жалшылары. Дэмбэрэл жараланып, өлмей қалды, əрі оперативтік топ оның жарасын таңып, қанын уақытша тиятын шара қолданды. Жай уақытта жолдастарына айтқан ағалық ақылы мен мəнсапшыл байсалдылығынан ұшқалақтылығы асып түскен Даваажав та өлімнен аман-ды. ̶ Сорлыға сойыл бұрын тиеді деген осы-ау! ̶ деп кейиді Ертай. Қаншама жансыз темір десек те талайдан бері қолайыма жағып, талықсысам – тамағым, жалықсам – серігім, жалғызсырасам – жолдасым болып еді бұл машина. Ақыры тұлпардай баптаған мұның да тағдыры осылай бітті. Япыр-ау, қырсық шіркін менен, сірə арылмас-ақ! Жолдастары оның көңілін аулап, «адам аман болса жансыз дүние қолдан келеді ғой, қапаланба» дескенімен машинаны құтқарып қала алмағандарына өздері өкінді. Дэмбэрэл кейін берген бір жауабында : ̶ Ертайда өш-қасым жоқ-ты. Бірақ, жай ұрылар да аттың таңдаулысын мінеді ғой, мен де Ганжуур мен Ертайды торып ем, қолыма бұрын түскені осы болды,– депті.
Жоғалған қыз САДАҚА Көпке дейін ұзақ ойда болды, енді ғана мызғып кеткен Ертайды біреу жұлқа тартып, оятып жібереді. Ол екінші жамбасына қарай аунап түсті де мажаураған қалпы өзінің қайда екенін есіне түсіре бастады. Я, осы ауылға бұдан үш күн бұрын келіп еді-ау. Қасында Даваажав бар болатын. Киіз үйдің төрін бір өзі иемденіп, мазасыз қорылдаған сол бастығы ғой, қашанда осылай қоңқақ мұрыны шұрылдап, бітіп қалған танауынан дем ала алмай, көріктің желіндей өкпесінен сығылған күшті екпінімен ашылып-жабылған еріндері салпиып, «пыфпыф» етіп жататын кісі. Əркім ауру мен семіз денені сұрап алмайды, бірақ Ертай сырқат, мүгедек адамды қаншама аяса да, осы бір өзіне-өзі ауыртпалық түсірген семіз денелерді тіпті жек көреді. Ондайлар, əсіресе жылы жерде терлеп, кейде шуаш, қолаңса исі мүңкіп отырады. Өздері алдына келген жұтымды диюша жалмайды. Сонсоң ұйықтаған сиқы мынау. «Ал ол малша тойынуды аурудан да болады деседі, солай-ақ шығар, дегенмен əрбір жеті семіздің бесеуі шөп басын сындырмайтын жалқаулардан шығатыны да аян» дейді Ертай жолдастарына. «Бұрынғыдай арам тамақ байлар жоқ, Даваажав сияқты жаңа заман бастықтарын олай санау қате, олар қызметті миымен атқарады емес пе» дегендерге де Ертай дау айтып: «Олардың басы қаншама данышпан болғанымен қолымен харекет істемегендердің түбі тоғышарлық» деп айтқанынан қайтпайтын. Міне енді үлпершегін май басып кеткендіктен тізесінен тұсалған адамдай тəлтіректеп, аяғын зорға басатын Даваажав осы сапарға Ертаймен аттанған-ды. Негізгі шаруасы – мал санағын өткізу. Партияның ХІ съезінен кейін жеке адамдар малын өсіру ұраны өріс алғанымен, астанаға жақын мекендейтін ел ішінде «малды əбден көбейттіріп болған соң қоғамдық болдырып, тартып алады екен» деген лақап тартып, жеке меншіктілер малын орынсыз қырып, сата бастағаны білініп, үкімет дереу өкіл шығартып үгіт айту, қайта санақ жүргізу жұмысын қолға алған болатын. Мұндай əрекет асқынып, бүкіл елге кесірін тигізуі ықтимал, сондықтан дүрліккен əр ауылға Даважаавтай лауазымды бастықтар əдейі жіберілген-ді. Бірақ, моңғолдар ежелден қошаметшіл, қонақжай халық қой, сол əдетін автобаза бастығына да көрсеткен ауыл əлі оның ресми қызметін атқаруына мұрса берген жоқ. Кімде – кім сыйлағанның құлы емес пе, олардың көңілін жыққысы келмеген Даваажав əзір асыға қоймады. «Адамы үйде, малы қорада, бітпей қалатын не жұмыс бар» дейді ол Ертайға, Өкімет арқылы «бірнеше күн сайрандап қайтайық та». Бастығының мұндай бойкүйгездігіне жалыққанымен Ертай оған билік айтуға тиіс емес. Жолдастық пікір, ақыл-кеңес дегенді, əсіресе, оңаша шыққан соң Даваажав мүлде қабыл көрмейді. Ондай мінезі база адамдарына тосын көрінбейді де. Сондықтан Ертай оның айтқанына көніп, айдағанына жүгіріп келеді... Үй іші алакөлеңке екен. Əлдекімдердің сөйлесіп тұрған дыбысын естіген Ертай сыртқа шықты. Есік алдында екі əйел отыр. – Шырағым,– деді амандық сұрасқан соң орнына жер таянып түрегелген кемпір. – Біз бұл ауылға жолаушылап келіп едік, жеті жасар қызым кенет сырқаттана қалғаны. Бақтың дəрігері көрді де «тезірек үлкен жерге жеткізіңіздер, кешіксеңдер қауіпті, арбамен де, атпен де жүруге болмайды»,– дейді. Жан дегенде жалғызым еді, сенің де балаң бар шығар, жəрдем ет! Машинаға түстік қана жер ғой, қалаға жеткіз! Ақысына бұзаулы сиыр, бес еркек қой ал, бəрі де осы қорада дап-даяр, қазір ұстап берейік,– деді жыламсырай. Оның өтінішін үй иесі əйел де қостай жөнелді. – Байгалмаа тым қатты ауырып тұр, қызуы мол, əрі құсып, домаланып жатыр. Қазір əкесі қасында отыр. Сіз танымайсыз ғой, мына Дашиймааның күйеуі, Минчинді айтам. Ол кісі жалғызынан мал түгіл жанын да аямайды,– деді. – Мен машинамды аямаймын, ақысына мал да алмаймын, тек балаңа жəрдем етсем болды. Бірақ, машинаны да, мені де бастығым біледі. Осы, кісінің алдынан бір өтіңдер, – деді. Əйелдер енді Даваажавқа жармасты. «Бұл кезде техника тізгінінде отыратындар елге ерекше сыйлы болатын да, ондай адамдардың жай бір қойшы, қолаңшыларға тіл алуы оңайға соқпайтын. Сондықтан алдымен Ертайды «қолға қондырған» əйелдер енді оның бастығын тайсалмай-ақ жұлқылай бастаған
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз еді, бірақ Даваажавтың оянып тіл қатуы қандай машақат болса, машинасын рұқсаттауы да сондай қымбатқа соқты. – Маршал маған астыңдағы шишаны көрінгеннің ермегіне бер деген жоқ, мазамды алмаңдар! – деп қолын бір-ақ сілтеді де, басын бүркеп, аунап кетіп, лезде қайта қорылға бастады. Бағанадан күткен үміті ақталмаған Дашиймаа жылай жөнелгенде сырттай қарап тұрған Ертай моторға жылдам от алдырды да, оның соңынан жетіп барды. Түндігі ашылмаған киіз үйдің ортасына орнатылған шарбақ ошаққа қаланған тезектің жалыны бəсеңдеп, қызыл шоғының жалқын алауынан айналасына күңгірт сəуле түсіп тұр. Бұл жылдарда ел ішіне тезекті шарбақ ошаққа жағудан қол үзе қоймаған-ды. Ашық от жарығында отырған адам ыстығы көбейіп, сандырақтаған баласын өзінің жалаңаш қарнына басып, құшақтап алыпты. Сырқаттың ыстығын сау кісінің салқын денесі тартып алады дейтін тəсіл кейде септігін тигізетіні де бар-ды. – Қуыс үйден құр шықпа! – деп үй иесі ұсынған тостағанға қырсаулы қасқаршадан шай құйып алып табақтағы шүйірмектен ауыз тиген Ертай сыртқа өзгелерден соң шықты. Асыға жүріп, қолапайсыз қимылдаса да, бала көтерген еркек кабинаға кіріп үлгеріпті. Оның оң жағына Дашиймаа кемпірді отырғызған шофер есікті қатты жапты. Машина зырлап келеді. Торғай шырылдап, дала құстары елбеңдеп, ерсілі-қарсы ұша бастады. Біртіндеп кабина іші жарықтап, адамдардың түр-түсі танылған кезде осынша елпектік көрсетіп, қол ұшын берген шоферге тіктеп бір көз салған бөгде кісі кенет селк ете түсті. Сол-ақ екен, оған мотор гүрлі дəл төбесінен күннің күркірегеніндей тым қорқынышты сезіліп кетті. Енді бір сəт қатты аурудан қиналып жатқан құшағындағы баласына төнген қатер өз қасында отырғандай əсер етті. – Тəңір жарылқасын! Егер сен кезікпегенде біз əлі аттанып та үлгермейтін едік. Құдай жеткізсе қалаға таяп та қалдық қой. Өзің бір елгезек жігіт екенсің, баламызға істеген жəрдемің қабыл болып, аман-есен жаны қалса жақсылығыңды ұмытпаспыз, дегенмен осы келе жатқан жол ақыңды онсыз да жемейміз. Машина үстіндегі қойлардан таңдағаныңды алып, сойып же, ақша алам десең де аямаймыз, тіпті қазірақ береміз, солай емес пе, шал, сен неге үндемейсің,– деген кемпірінің сөзі де құлағына тікендей қадалған Минчин машинадан түсіп қалудың ретін таппай, бітеу жарадай сыздап отыр. Əйтеуір, қазірше қолынан келгені онсыз да қызуы көбейіп, қатты демігіп жатқан баласының бетін онан əрі тұмшалай жауып, оның жүзін шофердің көріп қалуынан сақтайын дегендей қымтай беру болды. Ол осылай күйбеңдеп, өзі де ешкімге назар аудармай бұға түсті. «Япыр-ау,– деп ойлады ол іштей, – Осы жігіт маған неге тап бола береді? Мені сырттай торып, əдейі істеп жүрген жоқ па мұндай қамқорлықты? Ана бір жолы екі рет кезіктірген соң қоныс аударып көшіп ем, міне қысылтаяң сəтте тағы жолықтым. Енді не де болса тəуекел! Əзірше сыр алдырмай ауруханаға жетіп алайын, мүмкін бұл жігіттің шарапаты тиіп, бəлкім жазылып кетер де. Онан қызғанғаным теріс те шығар кім білсін, мұным алланың құлағына шалынып жүрмесе екен, əйтеуір перзентім жер бетінде жүрсе одан асқан олжа бар ма? Жасаған ажалдан сақтасын, қызым əзер болса əкесін табар, бірақ, онысы өлімнен мың есе артық. Қалың ораудан қапалап, тұншыққан бала тырманып, бетін ашпақ болып дыбыстай бастағанда ғана ойдан селт еткен Минчин қазірдің өзінде есейіп, бойы ұзарып қалған Байгаалманы өбектеп, алдына сыйғыза алмаған соң оның екі аяғын Дашиймааның тізесінің үстіне созып жіберді. Соның өзінде де шоферге көрсетпей көлегейлеп, бетін сəл ашып тыныс алдыра бастап еді, ауру жанына батқан баланың деміккен ыңқылы Ертайды да елең еткізді. «Байғұс бала қатты-ақ қиналып келеді екен, тезірек жүріп, көп кешіктірмей жеткізбесем болмас. Мына екі қарттың жалғыз перзенті деді емес пе. Бала шіркін қандай ыстық еді адамға, өздері ауырғаннан бетер жандарын қоярға жер таппай отыр. Тіпті тілектері қабылданар болса осы қазір-ақ сол үшін жанын пида етпек. Бұл ғаламда ұрпағынан шыбын жанын аяйтын тірлік иесі жоқ-ау, сірə! Егер осы баланың орнында Бағилам болса өзім қайтер едім! Япыр-ау, дəл қазір қандай пенденің үйінде ұйықтап жатыр екен құлыным! Дені сау, көлденең кеселден аман болса өлмес күнін көрер-ау!» – деп тағы да сарыла ойға батқан Ертай бұл кез-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ге дейін недəуір есейіп қалған баласын кенет жоғалар сəтіндегі кішкентай қалпымен ғана көз алдына елестетеді. «Үмітсіздік – шайтан ісі» деп ырымдайтын ол Бағилаға қашанда бір кезігермін деген сенімнен айныған емес. Сондықтан оны өлді деген суық сөзге тіпті бармайды да. Ғажап! Ертай кейде өзінен-өзі таңырқайтын бір мінез тауып жүр. Бұрын да кісі көңілін жығып, тілін қалтыруды жек көретін ол енді мүлде елпек боп алды. Біреуге көмек көрсетуге əзір тұрады. Əсіресе балалар үшін барын салады. Нендей сəтте болмасын əлде кімге қол ұшын бергенді Бағилаға істеген жақсылығым деп санайды. Сөйтіп əлдеқашан із-түссіз жоғалған баласына сырттай қамқорлық жасап жүреді. Міне осы жолы да мына екі қарттың тілегінен машина майын, өзінің мезгілсіз жүрісін қойып, қажет болса жанын да аямайтын сыңай танытуда. Шалдың алдындағы баланың ыңылдаған үнін естіген сайын аяқ-қолы жедел қимылдап, жанары алдына жіті тесілді. Жолдың ойлы-шұңқырына да бұралаң, бұлтарысына да қарамай жылдамдықты қосып-ақ келеді. Асыққанда əншейінде жап – жақын жердің алыстап кететіні несі екен! Жоқ! Тез жетсек деген өзінің алып ұшқан көңілі болмаса екі ара қашықтығын кім созып жіберді,– дейсің! Соның өзінде Ертайлар астананың орталық ауруханасына жеткенде күн таяқ бойы ғана көтерілген еді. Қабылдау бөлмесінде қарсы алған дəрігер сырқат баланы ауруханаға жатқызамыз, əрі нендей ауру екенін анықтау керек, онсыз тұтқиылдан емдеуге болмайды – деген соң Дашийма оның қасында қала тұратын болды да, Минчин қайта шығып кабинада отырған Ертайға келді. Екеуі қала шетіне шыға шал өз үйіне барудан жалтарып, бір танысына бұрылып машинадағы жүгін, қойларын түсірмек болды. – Екі жұмыс шығармай неге үйіңізге жетіп алмайсыз. Мен қайта əкеп тастаймын ғой. – Рақмет! Осында-ақ қона салайын. Минчин тұқыраңдаған қалпы, ашық жауап қатпай, Ертайдан жүзін жалтара берді. Іштей «Бұған өз үйімді көрсетпейін. Бірде қаңғалақтап жүріп жетіп кеп төбемнен жай түсіргендей етер» деп күдіктенді. – Мына бір қойыңыз қалып барады ғой,– деді Ертай аулаға жүгін тасып жүрген Минчинге. – Ол сенікі. – Неге? Маған қажеті жоқ. – Баламды жеткізіп келген ақың. – Алдымен жазылсын да балаңыз. Сонсоң алатын күн қашпас. – Ол кезде тағы аларсың, қазір де бір қойдың шығындығы жоқ. Онсыз да бірікпеге тартып алғалы жатыр ғой,– деді де Минчин осыдан тез құтылайын дегендей айналып жылы шырай білдірместен қора төріндегі үлкен үйге кіріп кетті. Рульге қайта кеп отырған Ертай өзі артып келген қойларға қарады. Таңертең онша мəн бермеп еді – енді көрсе мал иесі он неше еркек қойды бірақ əкеліпті. «Тегі – деп ойлады Ертай» өзінің қоспа малын əкелген ғой. Қазір қырда санақ жүріп жатқанда əркімнің онды – бестісі өз қолында болғаны дұрыс емес пе». Моторға от алдырмас бұрын табалдырыққа шығып үңіле қараған ол үстіндегі жалғыз қойдың жуан кендір арқанмен байланғанын көрді де оны түсіріп кетпек боп өз үйіне қарай жүре берді. Енді көп аялдамай Даваажавқа қайтып оралмақ үшін қала іші екеніне қарамай жылдамдықты үдете түсті. Недəуір жүргеннен кейін əлдекім мұны соңынан қуалап, сигнал басқандай дыбыс естілді де кенет бір кішкене машина теріс жағынан жанасалай ағып өтіп, жол үстіне тұра қалды. Қасына келіп Ертай да тоқтады. – Мұның не, жігітім,– деді егде шофер. Жағдайға енді түсінген Ертай машинасының қабырғасында салақтап тұрған қойға жүгірді. Асау мəліш жүгіріп кетпек болғанда аспақталып өліп қалыпты. «Баланың садақасы ғой, ол тез жазылады екен» – деп ырымдады ол, – Етін жемей-ақ қояйын.
Жоғалған қыз ЖИЫРМА ҮШ ̶ СЕКСЕН ЕКІ Төрт қанат үйдің шағын төріне қойылған екі үлкен кебеже үстіне орналасқан бурханның алдында тостаған, шырақ бірер ескі мұқабалы, ұлтарақтай, əрі қағазы шіріген киіздей опырылған Тибет тілінде тасқа басылған кітаптар тұр. Сол жақ босағадағы ыдыс-аяқ сөресінен жоғары салынған жер төсекте отырған балгер қолындағы ташмиғын саусағымен сырғытқан сайын іштей күбірлеп, тəңірмен тілдескендей сыңай байқатады. Бірақ, ешкімге тіктеп қарамай, орама жағалы сары шапанының қаусырған өңіріне тесіле түскендей. Жалаң аяғын етегімен қымтап, молдасын құрған қалпы тас мүсіндей серейіп қозғалмайды. Оң жақ босағадағы қоқыс салынған ескі жəшіктің сəл өр жағына кеп тізе бүккен Минчин айтарын айтып болған соң жауап күтіп, балгер ламаға жалтақтай береді. Бұл кісі ертерек кездегі Хархориндағы Эрдэнэ зу маңын сағалап жүріп, революция жеңгеннен кейінгі ойпыл-тойпыл кезіндегі Цэрэлэг Мандал Хүрээсінде күн кешіп, Архангайда болған ламалар көтерілісіне қатысып, соңында ебін тауып қашып құтылған еді. Сонан бірталай уақыт бойы «Діні үшін емес, күні үшін» лама кейпінен өзгеріп, сырттай халық қатарында жүре келіп, ірі ламалар тап ретінде жойылып, үкімет дін жөнінде парасатты саясат ұстана бастаған соң ол астана Хүрээні қоныстанып, Гандан Тэгшлэн Гибадатханасында уағызшы болып алды. Қазір ол үйінде балгерлікпен шұғылданып, қазіреттің тапсырмасымен қоса өз олжасын да ұмытпайтын дəрежеге жеткен-ді. Астаналық шеткергі тұрғындар арасында оның «білгір, тəуіп, қолы шипалы» деген атағы жайылып, бейуаз жұртшылық, əсіресе егде адамдар көбірек қолпаштайтын еді. Бұрын ерлі-зайыпты екеуі онша ауырып-сырқай бермейтіндіктен Минчин бұл балгерді сырттай естігені болмаса, өгдеп іздемеген. Əрі оның білгірлігіне өз басы сене де қоймайтын. Бірақ, енді бүгін сол кісіге ісі түсіп, алдына кеп отыр. От пен суға түсіретін бала ғой, шіркін! Байгалмаасы ауырғаннан бері ежелден дінге өгейлікпен қарайтын, құдайға құлшылық дегенді ескере бермейтін, ол енді тəңіріне сыйынып, балгерге бас ұрып жүр. Дəрігерлерге сенуші-ақ еді, бірақ, олардың жауабы тым созылып, əрі ішін жаратын болды да, баласының жазылатын уақыты ұзарып кетті. Сондықтан тезірек шипа болатын дəрі-дəрмекті, ламалар оқитын дұғаны, балгерлер айтатын сəуегейлікті іздеп келген. Дəл осында телміріп, жаңа түскен келіндей ибағат сақтап, бір тізерлеген оның төзімі таусылып барады. Ал уағызшы мұны мүлде ұмытып кеткендей, тіпті осы үйге ешкім кірмегендей, өзі ұйықтап отырғандай сыңай танытады. – Лам гуай! – деді ақыры Минчин жасқана тіл қатып. Оның дауысын естігенімен басын көтеріп, жауап бермеді. Тек қана салпыншақ жеңнен жұдырығын көрсетпеген қалпы оң қолын баяу көтерді де қайта түсірді. Мұнысы əлі де аялдай тұр деген ишарат екенін түсінген қарт өзінің асығыстық істеп, құдай өкілін мазалап алғанына өкінгендей тағы да үнсіз қалды. Минчин мен Дашиймаа көп ойланып, ақылдаса кеп осылай бет алатын болған соң біраз əуреленіп, балгер ламаға ұсынатын хадагтың оның үстіне қойылатын бұйым алтын ба, күміс пе, ақша ма, егер алтын немесе күміс болса жамбы ма, тайтұяқ па əлде мысқал ма, ал ақша болса қанша сом, кілең ондық, жиырма бес, елу, жүз теңгелік пе дегенге дейін сарапқа салды. Несі болсын, мейлі, шал мен кемпір қаршадай сəбилерінің жаны үшін аянып қалмақ емес. Бəрі де құдай үшін берілетін садақа болғандықтан ең аяулы деген сүтті сиыр, жүйрік атын да əзірлеп қойды. Бірақ, Минчин əдеп сақтап əзірше көк шұға хадагқа орап, тайтұяқ күміс əкеп ұсынған-ды. Жанды мал жайлы балгердің өзімен ақылдаспақ ниеті бар-ды. Енді ламекеңнің де өз құнын арттыра түсу үшін бəлсінуі де осы отырған бейтаныс адамның садақаға жомарттығы. Бұдан бұрын талайлар келіп, дұға оқытып, бал аштыратын, бірақ, алдын ала дəл мынандай мелжемді тартумен бастағаны болмаған. Сондықтан ламекең бір жағынан іштей қуанып, тағы да мол дүние түсіруді ойласа, сонымен қатар бұл кісіге шынында да тиімдірек бірдеңе айтуы керек деп түйген-ді. Сол үшін манадан бері бұрынғы тəсілдерін, өзгелерді алдарқататын жаттанды сəуегейлігін еске түсіріп, дəл
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз қайсысын қалай бұрмалап көрегендік жасаудың ығын таппай отыр. Ақыры бір тоқтамға келе алмай ендігі сөзді екеуара өтетін əңгіме ыңғайына қарай жүйелемек болды. Үнемі бір орында отыра беруден пісусіз сабадай көлкілдеп іркілдей, бастаған денесіне сай балбырап, ісінген бет-бейнесіне сіңіп бара жатқандай көрінетін сығырайған бітік көзін Минчин жаққа бір тастап, қайтадан жер сүзе телмірген қалпы ыңырана дыбыстап, қораздана тіл қатты. – Балаңыз қыз ба, ұл ма? – Қыз еді. – Не-ше-е – жа-ас-та-а? – Алты, иə жеті жасарда – Қазір қаа-й-й-даа? – Ауруханада жатыр. – Үкі-ме-еттік дəрі-геер-леердің шарапа-ты-ы тий-мее-ді мее? – Олар соқыр ішек дейді. Онысы өзімізше кірне сияқты. Олай болғанда ішін жарады. Соны естіген соң ауруханадан түйіліп кеп отырмын. Кім біледі, сондай жағдайда баламнан айырылып қалам ба деп қорқам. Дəл осы сөз құлағына тиюіне күткендей балгер тағы да іштей масаттанып, сырттай менменсіп кейкие қалды. Ол осы кезде Улаанбаатарда іш сүзегі етек алып, бірер адамның қайтыс болғанын да естіген. Ал, сондай сырқатқа ерте заманнан бері қолданып келген халықтық дəрі-дəрмекті, оның қандай өсімдіктен алынатынын жақсы біледі, бірақ ешкімге сырын ашқан да емес. Енді істің сəті түсіп тұр. Ауруханадағы баланы шығартып алып емдеп жазса үкіметтік дəрігерлерден өз беделі асып түспек. Ондай атақ жаман емес қой. Егделеген шағында ел қадірлісіне айналу неге қажет болмасын. Осындай ойға мегзеген балгер жаңағыдай емес сөзін жылдам, пікірін батыл айтты. – Шоқыншылардың қолында жатқан сырқатқа менің балым жүрмейді, солар емдесін. Бірақ, түбі жақсы бола қояр ма екен! – Жазылмайды дегеніңіз бе? – Иə! – Онда алып шығайын. Өз қолыңызбен емдеңіз. Жалғыз баламнан аярым жоқ, дəулетім жетеді, ақыңызды аямаспын!... Екіұдай болған дəрігерлер Байгалмааның сырқатына табанда не істерін білмей қалды. – Менің азды-көпті тəжірбием бар адаммын ғой, бұл жайлап ұстайтын соқыр ішек, операция жасауға да, жасамай-ақ еммен тарқатуға да болады деген жас жағынан бəрінен үлкені, орта маманды дəрігердің пікіріне жуықта ғана мектеп бітіріп келген, осындағылардың ең жасы, бірақ жоғары маманды дəрігер қарсы болып: – Қара дүрсін жорамал жасамайық, дау-дамайдың қажеті қанша, бұл іш сүзек деп диагноз қойды. Екеуі де өзгелерден қолдаусыз қалған жоқ. Ақыры осындағы Совет мамандарына жүгінуге тура келді. Ол ауру адамды ұзақ жəне əлде неше рет қарап шыққан соң: – Əрі сары ауру, əрі соқырішек екеуі де қатар ұстапты,– деп батыл тұжырым жасады. Сөйтіп кішкентай бала екі түрлі сырқатқа душар болды. Мұндай болжамды білген соң Минчиннің мазасы кете бастады. Естуінше екеуі де қатерлі дерт. Сырттай дəрі-дəрмекпен емделсе тағы бір жөні болар еді, бірақ, соқырішегіне операция жасайтын көрінеді. Бұған нəзік дене қалай төзер екен. Дашиймаамен ақылдаса келіп баланы алып қашып кетпек болды. Тəуекел, ажалға қайда да аратұрар пенде жоқ, ата-бабасынан бері қай моңғол ішін жарғызып, кескілетіп жазылып еді. Ежелден құдайдай табынып келген бақсы, балгердің қасиеті кете қоймаған шығар. Осы ойға бекінген қарт сол күні түнде баласын алып зытып берді. Ертеңінде дəрігерлер əбігерге түсті. Əсіресе сол күнгі кезекшілерге көлденең кесел жабысты. Екі түрлі күрделі дертке шалдыққан баланы ұрлап кету қандай ақылсыздық болса, оны іздеу де бір сергелдең боп басталды. Аурудың тарихында бар болғаны. «М. Байгалмаа, жеті жаста, қыз» деген ғана белгі бар. Тіпті қай көше, нешінші есік екені де белгісіз. Ондай жөн-жосығын тəптіштеуді тізімшілер ескерусіз қалдырған сияқты. Бұл оқиға сырт көзге онша қомақты көрінбегенімен кейбір жоамалшылардың айтуынша аурауханадан сырқатты ұрлап əкету революциялық медицинаға мүлде қарсы жаулық əрекет боп та саналуда. Операциясыз-ақ жазғалы жүрген орыс дəрігерінің мəселдесін қайтару Моңғол – Совет халықтарының достығына нұқсан келтіруі ықтимал дегендер де табылып жатты.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Осылай басталған «жоқ» қарау жұмысы бір тəулікке созылса да, нəтижесіз қала берді. Жергілікті дəрігерлердің жорамалы, олардың іздеу тəсілі Советтік дəрігер келіншекті қанағаттандыра алмады. – Баланы алғаш алып келген машинаның номерін білем, – деді ол. – Олар бұрыштағы бір екпе ағашты сындырып, көгалды баса кеп тоқтағанда теріс жолға түсіп мұндай бассыздық істеп жүрген кім екен! – деп терезеден таңырқай қарап тұрдым да қабырғасындағы «УБ 23 – 82» деген цифрын белгілеуіме түрте салып ем. Бірақ, ауырған баланың халін көрген соң шоферлердің сасқалақтап жүріп жасаған ағаттығын бетіне баспай қоя бергем. Іздеу бағыты оңалды. Ең алдымен ондай номерлі машинаның қай базада екенін анықтау керек, сонсоң өздері бірін – бірі табады. Ал ең төте жол милицияны көмекке шақыру болатын. Бірақ, онсызда осындай бөгенайлы машинаның қырдан оралып келуін өздері-ақ күтіп отырған милиция бөлімі аурухана тарапынан түскен өтінішке таңырқай қойған жоқ. «Бұдан үлкен қылмыс жасауға дейін барған, ондай шофер үшін ауруханадан кісі ұрлау оп-оңай бірдеңе саналатын болар» десті екі қолдары алдында сыймай іші пысқандықтан ежелден бая-шая есікті бақырта ашып, қайта-қайта сыртқа шығып сабылатын, ортасына сызат түскен кішкентай төрт бұрыш айнаға таласа қарап жағасын, омырауын түзеп сəндене беретін жас милиционерлер. Ал, ауылдағы жұмысы аяқталған соң асығып-аптықпай қыдыра жүріп астанаға оралуды ойлаған Даваажав рұқсатсыз кетіп қап, өз білермендігімен онда-мұнда кезіп келген Ертайға мүлде қырын қарап қалды. Оның үстіне «бастығы ұйғармаса да адамдарға қол ұшын беруден бас тартпайтын жігіт екен» деген қолпаштау сөз де оның қытығына тиіп-ақ болды. Сондықтан, Даваажав енді аялдамауды ойлады. БАСҚА ПƏЛЕ – ТІЛДЕН – Сізбен бірге кімдер жүрді? – Аймақ өкілі, сұмынның бастығы жəне бақтың агенті болды. – Жарайды, ал өзіңіз өкімет атынан бара тұра, мал жасырушыларды əшкерелеудің орнына, ұрлық істеуіңіз қалай? – Мен зəредей де қылмыс жасағам жоқ, албаты қараламай сөйлеңіз,– деп Даваажав алқына тіл қатып, омырауын ашып, сəл желпініп алды, – Мен сізді емес, революциялық заңды құрметтегендіктен осында келіп отырмын. Менің орным да бұл жер емес, – Ол айыпкерлерге арналған бір кісілік орындықтан түрегеп тергеушінің қасына барды. – Оның үстіне мен санаққа тіленіп барғам жоқ, Маршалдың тапсырмасы бойынша шықтым. Сондықтан орынсыз жала жаппауыңызды өтінемін! – Маршалдың? Рас айтасыз ба? – Енді өтірікші де дегің келе ме? – Дəл сол кезде Маршал Чойбалсан Советке кетіп еді, əлі оралған жоқ қой. – Өзі болмағанмен, сөзі жоқ дей аласың ба? – Мейлі! Бірақ сіз Маршалға адал емес екенсіз. – Дəлелің бе? – Біріншіде, үлкен машина мініп барыпсыз, бұл қылмыстың бастамасы, екіншіде, сол машинаға толтыра еркек қой артып, түнделетіп осылай жібергенсіз. Үшіншіде, Маршал Чойбалсанды тілге тиек еттіңіз,– деп түсін суыта сырт берген тергеуші есікті моңғолша жазған манадан бергі сұрақ, жауап қағазын Даваажавқа ұсына берді де – Қол қойыңыз! – деді бұйыра сөйлеп. Даваажав болған оқиға жайын бірталай тəптіштей айтып, ең соңында Маршалға жала жабу ойында болмағанын ұғындырып бақты, бірақ талайды көрген əккі тергеуші, енді қайта жылы шырай танытқан жоқ. Айыпкер саналған адамның жауабынан белгіленбей кем жазылғандарын шалашарпы қосты да, тəртіп бойынша қол қойдырды. Мəселе мұнымен тынған жоқ-ты. Қой тасығаны жөніндегі Ертайдың парықсыздығын, мансабын пайдаланған Даваажавтың ықпалынан деп көріп, шофердің аңғалдығы үшін
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз үкіметтік əділ заңның кешірімі жасалды да, оған ауруханадан алып қашқан баланы қалайда тауып əкелу тапсырылды. Осы бір жылдарда Ішкі Істер министрлігіне қарасты жергілікті милиция бөлімшелері өз тізгінін ешкімге ұстатпайтын. Отанды іш пен шет ел дұшпандарынан қорғау міндетін жүктеген олар революция жауларының қалдығын бірден танитын. Сондықтан мекеме бастығы Даваажавқа сенім сіздікпен қарады. Өйтпей қайтсін, кімнің ішіне кіріп шығыпты. Сонау ерте кездің кейбір адамдарының сырты жылтырап, іші қалтырап тұрмай ма? Осылар-ақ мына Ертайдай бейуаздарды қол-аяқ етіп ала қояды. Енді бұлардың күні өтті. Тек халықтан аулақтата беру ғана қажет. Осындай тұжырым жасаған жігіт өзінен жоғары байланысты бастықтарына бұл оқиғаны қысқа баяндады да, Даваажавты қамауға алып, Ертайды біраз ақшамен штрафтап, қателігін бетіне басқан болды да, босатып жіберді. Мұндай қоқан лоқының талайын бастан кешіріп келген Даваажав алғашында ығыса қоймады. Айғақтың да талайын айтып, өзінде зəредей де кінə жоқ екенін дəлелдеуге барын салды, бірақ, «басқа пəле тілден», «аңғармай сөйлеген – ауырмай өледі» – дейтін ұлағатты сөз алды-артын орап алды. Ал тергеуші өзінің ескі досы Дэмбэрэлдің кегін алу үшін Даваажавтың қылмысын ұлғайта берді. – Қарапайым адамдарды алдап-арбап, əртүрлі айла-шарғы қолданып, бір машина қой арттырғаның айдан-анық, оны тəптіштеп жатпаймыз, ең соңында шофердің бір қойды тығып үлгере алмай қалып, құлатып өлтіргеніне біздің адамдар куə. Бұл – елдің мал басын отыз бір миллионға жеткізу жөніндегі алғашқы бес жылдық жоспарға зəредей болса да зиян келтірудің жолы. Ондай əрекет революцияның алаң-елең шағында бас министр тұрған Данзаннан, Бодоон, соңында өзге феодалдардан, ал отызыншы жылдардың аяғында Гэндэн мен Дэмидтен белең алған. Бірақ халық үкіметінің қорғанысы осал, біздің мекеме нығая қоймаған кездің өзінде ештеңе өндіріп үлгермеген жаулар біз кемелденіп, қазіргідей дəрежеге жетіп отырғанда өз тамырына өзі балта шабады. Соның бірі мына сізсіз,– деді тергеуші талайлармен алысып, қажыған, сонда да дұшпанға мейірім жасап көрмеген табанды революционер қалпынан танбаған сыңай таныта сөйлеп. Сонсоң орнынан байыппен түрегеп, жылтырата майланған етігінің күрең сірі ұлтанын еденге сықырлата, нығарлай басып, терезенің алдына барып, ұзақ тұрды. Айыпкердің орындығында отырған Даваажав əлі екі апта ғана қамауда болғанның өзінде жасып, жүдеп қалыпты. Бұрынғы менменсінген, тəкаппар мінезі онша байқалмайды. Жаңа мизам қызметіне қолы іліккеннен бері дəл осындай ауыртпалық көрмеген асқақ көңіл құсы жылан арбап қанаты талған торғайша, шырылдап кеп топ ете түскендей. Ал толған сабадай іркілдеп, шайқалақтап жататын түйе қарыны босаған местей боп қабысып, құрыса бастапты. Автобаза бастығының кеңсесінде отырғанда бір қабырғаның алдын тұтас иемденіп, түрегелгенде төбесі аласа тамның арқалығын тірейтіндей сезілуші еді, қазір ондай сырт айбардан ада болып, иіні түсіп кетіпті. Енді нақтап абайлаған адам оның ежелден-ақ онша тұлғалы кісі болмағанына көз жеткізетіндей. Қол астындағы адамдарға тура қарағанда ту сыртынан өткендей, ал əйел жүрегін дір еткізетін ұшқынды жанары арықтаған текенің көзіндей бозарыңқы тартыпты. Əйтеуір, тұла бойында өзгермеген бір-ақ мүше етегі делдиген қоңқақ мұрыны. Сырт бейнесінің осынша өзгере қалуымен қоса көңілі де құлазыңқы. Əсіресе, тосыннан жабылған жалаға қарсы жұмсар дəлелі қауқарсыз тартқан сайын аман құтылу жөніндегі үміті де көмескіленіп барады. Қой пəлесіне қоса көсемді қаралағанынан бұлтара алмайтын сияқты. Онысы үшін бөтен ешкімді кінəламақ емес, айтылған сөз – атылған оқ. «Дарақы ит айға үреді» – дегендей екі сөзінің бірінде Маршалды атаушы еді, ақыры тиді басына. «Чойбалсаншыл болған не теңім еді? Дегенмен ол кісіні жек көргендіктен емес еді ғой ниетім. Тек алдырар күні – жаздырып, дəл өзінің жоқ сəтіне ұрынғаным-ай!» – деп ұзақ уақыт бойы сарыла өкінеді. Ал алғашқы ашу үстінде « Маршалды қаралағаным жоқ, бірақ ол туралы өтірік айтқанымды жасырмаймын!» – деп қолхат беріп тастаған-ды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Енді ғой көсем жөнінде айтылған өтірік пен қасақана жапқан жаланың айырмашылығы жоқ – екеуі де көсем атына кір келтіру. Бұл сол арқылы үкіметке, төңкеріске қарсы жаулық əрекет жүргізу» – деген қорытындыдан жалтара алмай қалды. Тергеуші де əккі адам ғой, ниеті жат пенденің ұтылар жерін дəл басады. Сондай тəсіл қолданбайынша негізгі бағыттан таймай өту мүмкін емес. Революциялық саясат тек осындай қырағылықта бол! – деп үйретеді. Бұл соны қолшоқпар етуді, осы лауазымын пайдаланып қалуды ойлайды. Дей тұрғанмен адам тағдыры ойыншық емес қой, бұл да мына Даваажавтың қылмысы туралы талай рет ойға қалып, толғанғаны бар. Не істеу керек? Қолынан келер күші жоқ, түсі қашып, мүлəйімсіген осы кісіні аяп, босатып жіберуге болмай ма? Оның да қоғам алдында сіңірген еңбегі, өз орны бар, тіпті арғысы бір үлкен автобазаны бастап келе жатқан мəнсабы, бергісі бала – шаға өсіріп отырған бір үйдің басы емес пе? Көкейіне оралған мұндай көрікті ойды өшпенділік таразысының екінші басы аударып кетеді. - Кім мекеме бастығы, семья басы болмапты. Онан жоғарылар да талай əрекет жүргізген. Солардың кейбіреуіне жеңіл қараймын деп жүріп, мұның өзі орға жығылуға таяды емес пе бір кезде. Енді Даваажавтай адамдардан есе қайырмауға болмайды. Дұшпанның бəрі бірдей, олардың «мен мұндалап» келетіні жоқ, көлгірсіп сырттай мүсəпір, іштей мүсəтір болып тұрады. Аяушылық білдіріп, кешірім жасау бүкіл сыбайластарына қастық істеу ғой. Сондықтан ел көзіне: жаңа ғана қабырғасы қатып, бұғанасы беки бастаған ел тағдырына қамқоршы болған сыңай көрсетіп, бұлаң құйрыққа салу керек. Оның үстіне жауларымыз жалғыз емес. Ұшар қанаты, қонар құйрығы бар. Қазір өзіммен бірге істейтін əлгі бір тергеуші осының алдында Тогтохты босатып жіберді, бұдан бұрын мен соттатқан Ганжуур дейтінді шығаруға көмектеседі. Түбінде содан сақтанбай болмас. Осындай көмескі ниетпен қаншама күш жұмсағанымен Даваажавтан мардамды жауап ала алмайды. Сондықтан басқа істерін бұрмалап қана қоймай, Маршалға байланысты жауабын қасақана тілге тиек етіп алды. Дұшпанға рахым жасау кешірілмес күнə. Айтқанына көнбесе аюға намаз үйреткен таяқ екенін де ұмытпағанының артықтығы болмайды – деп үртіс ақыл айтатын бұларға көнекөз сенімді бір ұстазы, қазіргі бастықтарының бірі... Тергеуші Даваажавтың қарсы алдына кеп шабынғандай тұра қалды да, мезі болған сұрақты тағы да көлденең тартты. – Сыбайластарыңды əшкерелесең, өз жазаң жеңілдейді, мүмкін құтылып та кетерсің?! ̶ Өзге түгіл өз басым ешқандай айыпты емеспін. ̶ Қасарысқан адам қатаң жазаға душар болмақ. ̶ Мұнан өткен азап революциялық заңға мінəсіп емес. ̶ Рас, бірақ біздің өкімет өз жауына əрдайым қатал боп келген, əлі де сондай. ̶ Мейлі, онда жазаларыңды қолдана бер, мен дайын – Тергеуші қоңырау соғып, сақшыны шақырып, Даваажавты айдатып жіберді де, абақты бастығына телефонмен өзі сөйлесті. Даваажавтың есіне: «Даваажав Сіз қаншама төңкерісшіл болғаныңызбен жағдаймен санасуды естен шығармағаныңыз дұрыс қой. Бізде отызыншы жылдарда белең алған солшылдар сарқыны əлі де байқалып жүр емес пе, кейде солардың мүйізіне ілініп кетіп жапа шеккендер кезігіп қалады» деген Лувсанцэрэннің сөзі есіне түсті. Бұл оған қарқылдап күліп еді. Сонсоң: «Өзің партия қызметкерісің, сөйте тұра төңкеріске жат ағымынан бой тасалайсың. Мұның азаматтық, партиялық табандылыққа жата ма? Жоқ, өйтуге болмайды. Жаудан жасырынып өмір сүру маған мінəсіп емес. Дұшпанға аяусыз соққы беру керек! – деген-ді. ̶ Қолма-қол соғысқа шыға қоятын оп-оңай ашық жау да кезіге қоймас, əйтеуір от алып, қопаға түсе бермеген жөн болар, – деп хатшы бұл жайында қайтып ештеме демей қойғанды. Сонан бері бірталай уақыт өтіп, əлдеқашан ұмыт болған осы бір əңгіме Даваажавтың есіне енді түсіп отыр. Өзі айтқандай, қазір соғыса қоятын қаруы да, Лувсанцэрэн айтқандай ашықтан-ашық ұшырасқан жау да көрінбейді. Бір
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз қарағанда тұтқындағы Даваажав та, тергеушілер де революция үшін күресіп жүрген партияның жауынгерлері секілді. Сонда бұлардың бір-біріне сенбейтіні қалай? Қанша сарқыла ойлағанымен ештеңенің байыбына бара алмаған ол іштей мүжіліп, күн өткен сайын торыға берді. Осынша уақыт бойында үй жайынан ешкімге тілдестірмеген қаталдық та жанын жегідей жейді. Алғашқы қамалған кездегідей емес тар бөлменің иіс – қоңысына да, аштыққа да үйреніп кеткендей. Тек мазасыз уайым жігерін жасытса аядай қуыс еңсесін түсіре береді. Оның үстіне бірнеше күннен бері екі қабырғасы қысып, тынысы тарайып жиі демігіп, булыға жөтелетін болып алды. Осы орынға салынғаннан бері биіктегі сығырайған терезесі мен есігінен күн түсіп көрмеген еденсіз бөлменің дымқыл сызы түнде астынан, күндіз табанынан өтіп, тұла бойын салқын ызғар қармап жүрген-ді. Саяси тұтқындарға қолданылатын қамау тəртібі бойынша Даваажавтың да етік, байпақ киюіне рұқсат етілмегендіктен жалаң аяқ жататын. Ол бұрында жарытып ұйықтай алмай жүр еді, бүгін тіпті көрер таңды көзімен атырды. Қай-қай жағымен қырындап та, шалқалап та жата алмаған соң киіміне оранған боп басын көтеріп құнысып отырды. Абақты əкімшілігі жылы киім алуды ұйғармайды, сондықтан мұнда болғандағы көрпесі де, төсеніші де тіпті бір киері де жұқа шапан, жалаңқабат жейде болатын. Кеудесі көріктей томпиып, танауы желбіреп екі иінінен дем алып, арпалысады. Кенет жөтел қысып кеткенде тынысы тарайып, іштегі лықсыған ауа кеңірдегіне кептеліп, ұзақ булығып қалады. Ондайда күшпен ұмтылып, екі қолымен жер тіреп, жанталаса бастайды да, сорайған аяқтары созылып, ербеңдеген бақайы там іргесін түрткілеп жатады. Сөйтіп, недəуір арпалысқан соң демін ішке тартып тыныстай бере түкіріп тастайды. Бірақ, сол бір күшпен түскен қақырықтың жылымшы дəмі сезіліп қалады, əрі өкпеден келген жабысқан көбіктей емес жылмағайланып, жыпжылдам түкіріледі. Дені сау адамның қамауда отыруы да бір сапар екен ғой, сірə! Ондайда жаның ауырса да тəнің тыныш болады. Ал мезі еткен ой мен асқынған ауру біріккен соң жайшылықтағы қажыр-қайрат, батырлық, байлықтан не қайран! Дүниеде адам қиялынан ұшқыр не бар екен! Осы отырысымен-ақ Даваажав ойша талай əлемді шарлап шығады. Қазіргі сəтіне шейінгі кешкен ғұмырының қалтарысы бүге-шігесіне дейін айқындалып, көз алдынан өтіп жатады. Бірақ көрген соншалықты рахаты мен мехнатының бірде-бірі дəл бүгінгі тас бауыр тағдырын сейілтуге зəредей де септігін тигізетін емес. Сондықтан «суға кеткен тал қармайды» дегендей кейде есінде қалған, ұлағатты сөздерге оралып, соны медеу еткен болды. Жас кезінде бір Тивет ғұламадан естіген «Субашил» өсиетін іштей күбірлейді. Əсіресе: Гэм, эрдмийг өөрөө ялгаж мэдэх боловч, Гэмгүй учрыг нөхөдтэйгээ зөвлөн хэлэлц. Гэнэнээр үйлдсэн хэрэг буруу болбол, Гэмшлийг үнээр худалдаж авсан мэт болдох дегенді өз баласының қазіргі халіне икемді деседі. Сонсоң тағы да өзіне байланысты сөздерге ауысып: Аргат хуурамч хүн бичиг үг хэлэхэд Анхнаас гэнэдэлгүй шинжлэн санаж байтугай. Алдаж хууртсан хойноо би шудрага болье Ашид бие магтавч ер юун тус – деп «Субашидтан» ойында қалғанын қайталайды да өкінеді, өзегі өртенгендей өксиді, қызуы көтеріліп, денесі дірілдейді, қыстығады зорға тыныстайды. Жылдай ұзақ көрініп, сарылтқан түн пердесі түріліп, таң да атты бір кезде. Əлгіндегі бір булыққан арпалыстан соң недəуір тынышталған ол талыққан көзін жұмып, ұйықтамаса да кірпігін айқастырып, тізесін құшақтап бірталай отырып қалды да, келесі бір қақырық тастарда, жасаураған көз қиығына шалынған түні бойғы түкірігінен үркіп, селк ете түсті. Оның алдында бір уыстай шоқиған қанды көбік жатыр еді. «Бұл жаман» деп ойлады ол, – мынадай халдегі адамның дерттен жазыла қоюы екіталай!... Өздігінен жүре алатын шамасы болмаған оны біраз мазалап, шын сырқат екеніне көз жеткізген сақшы таңертеңнен түске дейін қайтып есік ашқан жоқ. Абақты аспазы сəскелікке əкеп
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ қойып кеткен темір аяқтағы суық қара шайды қызуы көбейіп, қаталаған Даваажав əлдеқашан жұтып тауысқан. Бірақ ондай мардымсыз сусын шөлін қандырып та жарытпады. Ал күндік олжаға берілген бір тілім нан, қатықсыз көже қасында тұр, оған тəбеті тартар емес. Енді түндегідей мазасын кетірген жөтел азайды да кеудесі сырылдап, белгісіз бір ауыр салмақ тұла бойын нығарлай басып, езе түскендей болады. Біртіндеп дірілдеп қалтырағаны да, сүйегінің шаққаны да онша білінбей барады. Тоңуды да ұмытып, қолаяғын еркін жазып бүрісіп қымтанбай, ашық-шашық жатыр. Дəл осындай тыныштықты ол ұзақ аңсап, енді ғана мұратына жеткендей сезінеді. Бұрынғыдай үрейлі ой кеселі де, тіршіліктің пəтуəсіз үміт-тілегі де, тіпті алдағы күнде бастан кешірер жақсы-жаман өмір харекеті де көңілін қобалжытпайды. Бір ғана асау жүрек аласатып, тынымсыз тулайды. Қаншама шарықтап, өмір мен өлімді көз алдына елестетуден бір сəт жалықпаған ұшқыр қиял да ауқымды ештеңені пайымдай алмай қалды. Көктегі кереметтен де күшті көрінетін адам миы қанаты талған бұлдырықтай əлсіреп, болжалды жеріне жеткізе толғана алмай жаңыла береді. Енді көзін ашып, кірпігін қимылдатуға да ерінгендей сұлық жатқан Даваажавтың көсілген аяғы біртіндеп салқындай бастады да кеудесі қысылып, жүйкесі жаншылып, кенет барша ғалам мұның үстіне шөге қалып, нығарлап жібергендей болды. Мұндай хал тым тез шарпып өтті де, оның денесі босап усынып кетті. Сол-ақ екен санасы өшкіндеп, белгісіз бір тұңғиық тыныштық баурап ала жөнелді. Осылай əлдеқашан серейіп қалған өлікті сақшылар ымыртта ғана көріп, бөлмеден сүйреп алып шықты. СƏТІ БОЛМАДЫ Үй қасына кеп тоқтаған машина гүріліне елең еткен Минчин қорбаңдай, ебедейсіз қимылдап, есіктен шыға бергенде оң аяғындағы кең қонышты қоңылтаяқ етігі табалдырыққа соғылып, етбеттей жығылды. Осы жасына дейін ғұмыр кешкен өз үйінен кездестірген бұл жағдайды лезде жаман ырымға жорып үлгерген ол қайта түрегелмек боп ұмтылғанда желбегей киген шапанының етегін сол жақ аяғымен басып қапқа тағы сүрініп кетті. Оны əдейі іздеп келе жатқан бөгде адамдар демеп тұрғызып жіберді. Бірақ түн айсыз қараңғы болған соң шал олардың кім екенін ажырата алмады, əрі мұндай суыт, келімсектерді жақай да қойған жоқ. Үйге кірген соң ғана сарала түймелі милиционерге, тағы бір бөтен жігітке сығырая қарады. – Шал ауырып жатқан баланы алып шығыңыз, өзіңіз де киініңіз! – Қайда барамыз түн ішінде? – Балаңыз ауруханаға, өзіңіз заң орнына барасыз. – Не дейді тағы,– Дашиймааның үрейі ұшып кетті. Минчин аңырып тұр. Осылай басталған қарбалас жағдай Минчин үйінің берекесін кетіріп жіберді. Кемпір жылады, шал күрсінді, ауру бала ыңқылдап, сандырақтады. Келгендер шылым шекті, бірақ, алып сыртқа шыққан Дашиймаа артына қайырылмаған бойы Минчиннің соңынан кетіп бара жатыр еді, дəрігер жігіт шамды сөндіртіп, есікті құлыптатты. Олар машинаға келіп отырған кезде моторға от алдыра алмай күйбеңдеп жүрген шофер фардың жарығына кеп əлде нені бастады. Сол сəтте абайсызда қарап қалған Минчин Ертайды тани қойды да оған деген ыза-кегі көкірегін кернеп, тынысын тарылтып ала жөнелді. «Неге осы сүмелек менің соңымнан қалмайды. Істелген жақсылығына қоса менің сары ізіме шөп салып, соңыма түсіп алғаны қалай?! Бұл жүрісі тегін емес. Жасырынып жатқан үйімнен тауып берген де, өзімді сотқа, баламды ауруханаға айдатып отырған да сол. Мені заң аямайды, бір кеткен соң қайта айналып мұны кездестіруім екі талай. Ал балам өлсе өлді, өлмесе түбінде осының шеңгелінен
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз құтылмас. Сондықтан қазір өшімді алып үлгерейін – деген ой жетегінде күйбеңдеген ол машина кузовында жатқан ұзындығы бір кездей, жалпақтығы төрт елі шойынды қолына ұстай бергенде шофер де ұмтылып темір бочкадан бензин сорғызбақ боп, бұрама тығынды айналдыра бастады. Дəл осы сəтті пайдаланып қалмақ болған Минчин əлгі темірді көтере сілтеген кезде оны абайламағанымен жерден түтік алу үшін басқыштан секіріп түскен Ертайдың басы шегініп кетті де, ауыр соққы кузовтың қырынан ұстаған саусақтарын жаншып өтті. – Ойбай, өлдім! Бір қолымен екінші қолын ұстай алған Ертай безектеп шыр айналып кеп жүрелеп отыра қалды. – Не болды, ей? Дəрігер оның қасына жүгіріп келді. Минчинмен бірге машинаға мініп, бұрышта темекі орап отырған милиционер шалға жармаса түсті. – Мына кəрі ит ұрып жіберді! Ертайды жетелеген дəрігер машина жарығына тосып, оның қолын асығыс қарап жатыр. Оң жақ сұқ саусағы мен ортаң қолының сыртқы терісі қиылып ырсиып тұр екен, енді ғана қаны сорғалай бастады. Өзгелері жай көгеріп, талаурап қалыпты. Ауыр темір шет жағына күштірек түскен сияқты, сұқ саусағының сүйегі де сынып кетіпті, ет пен теріге ілініп қалғандай. Ешқандай қаперсіз жағдайда жараланып, соққы жеген Ертай қатты қапаланды. Бірақ, ешкімге тіл қатпастан іштей тынып, түнеріп алды да, сыңар қолдап жүріп машинасын тамызып, кабинаға келіп кірді. Сырқаты жанына батып, қиналған баласын құшақтап, үнсіз егіліп, көз жасы бетін жуып отырған Дашиймааның жан күйзелісінен өзінің сыртқы тəн жарасы əлдеқайда жеңіл сияқты сезілді. Ал кемпір Ертайдың қазіргі халін, Минчин шалының əрекетін білген жоқ-ты. Оның бар тілегі кішкентай Байгалмааның шыбын жаны. Алғаш ауырғаннан бергі үштөрт тəулік бұл үшін бір ғасырдай көрініп отыр. Осы аралықта қырдан əкелді, ауруханадан сүйрелеп бақсы-балгерге де апарды, құдайға жалбарынды, бірақ, жанға батқан сырқатқа табанда шипа болған ештеңе жоқ. Енді ғой апарады да операция жасайды деген ой келгенде зəресі ұшады. Дегенмен заты əйел, ана екенін айтып жалынса дəрігерлер өтінішін орындап, баласын жай емдеп бермес пе екен деген үміттен де күдер үзбей келеді. Оларды ауруханаға жеткізген Ертай жарақатының ауырғанын енді ғана күштірек сезгендей рульге маңдайын сүйеп, сəл отырып қалды. Жол-жөнекей Минчинді ертіп машинадан түсіп қалған милиционер бұған ақыл айтып, қасындағы дəрігердің көмегімен мұхият қаралып, акт алып келуін, сөйтіп он екі мүшесінің біріне зақым келтірген мына шалдан кек алу керек екенін ерекше тапсырған-ды. Бірақ Ертай дəл қазір бөгде біреуден кек қайтара қоюға асығатын емес. Самарқау, мең-зең бір халде үнсіз отыр. Біреу кабина əйнегін қақты. Тыныштығын бұзған адамды онша жақтырмай енжар түрде көз салды. Өзімен бірге келген жаңағы жігіт екен, шақырып тұр. – Жүр, жараңды емдетіп, дұрыстап оратып ал. Кешіге берсең асқынып, азап шегесің. Ертай оның соңынан ерді. Үртіс далада жүріп əдеттенген ол аурухана табалдырығын аттай бере-ақ дəрі-дəрмектің өткір иісі мұрынына келгенде түшкіріп жіберді. Сонсоң электр жарығы күндізгідей нұрландырған дəлізді бойлап бірнеше палата есігіндегі адресін оқи жүріп «Аға дəрігер» деген бөлме алдына аялдап, бұрын өзі осында жатқанда талай ұстаған тұтқаны тартып ішке кірді. Баласы мен Дашиймаа кемпір де осында екен. Түс таныс орыс дəрігері халатының жеңін мұқият байлап тұрып Ертаймен жайдары сəлемдесті де, бірден-ақ оның таңулы қолына ұмтылды. Ол соңғы кезде моңғол тіліне де жаттығып алыпты. – Сайхан байн уу, гарь иасан? (Қалың қалай, қолың жақсы ма?) – деп қан болған кір орамалды шешіп алды. Сонсоң қасында тұрған моңғол сестраның қимылын күтпей-ақ, икемге келмей қалған қолды өзі тазартып жуып жіберді. Терісі жалбыраған жерге су тигенде онша ауыра қоймаған жараның орнына, ем жаққан кезде керемет ашыды. Бəрінен қиыны сынықтың қиюын дəл тауып, орнына келтіріп таңу екен. Адам сүйегінің сынығының үлкен-кішісі болмайды-ау тегі. Саусақ қана мертіккенмен Ертайдың жаны да сол жерде тұрғандай сезілді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Біздің елде сынықты алдымен сəуледен өткізіп, суретін түсіреді. Сонсоң гипс дегенмен орап тастайды. Ондай ғылыми дайындық əзір мұнда жоқ. Сондықтан мен халықтың қара дүрсін оташылығын қолданайын. Бұл да талай заман қолданылып келген тəсіл. Тек орнын таба білу, арасына ет қыстырмау керек, – деп сөйлей жүріп, дəрігер бұл шаруаны лезде тындырып, кісі ұрып мертіктірген деген актсын жаздырып бере салып, енді кішкентай Байгаалманы қарауға кірісті. Ауру бала бұрыштағы ағаш төсекте жатыр. Шешесі жылаған қалпы қасында тұр. Мертіккен қолын мойнына асып алған Ертай екінші қабырға жақтағы орындыққа отырды да, сəл аялдамақ болды. Дəрігерлер сырқатты жалаңаштап көре бастады. Бірақ онша күттірместен болжамын айтты. – Соқырішек екен, ішіне жарылып кеткен сияқты. Кішкентай баланың бұл сырқатқа шалдығуы тым сирек кездесетін жағдай. Енді уақыт өткізбей операция жасау керек. Өйтпейінше баладан айрылып қалуымыз ықтимал. Мұндай сөз Дашиймаа үшін ең қатерлі шешім еді. Баласын бажылдап кеп бассалған оның тынысы тарайып, демі шықпай талықсып кетті. Доктор аурудың бетін жаба салды да, қасындағылардың көмегімен кемпірді қолтықтап, сүйемелдеп Ертайдың қасындағы орындыққа жатқызды да, ес жиғызатын дəрі иіскетті. Дашиймаа сəл тыныстап, дем ала бастағанымен толық сергіп, басын көтере қоймады. Анда-санда ықылық атып жата берді. Енді оны Ертайдың қарауына қалтырған дəрігерлер операция сайманын əзірлеп, онсыз да əл үстіндегі баланы басқа бір бөлмеге енгізіп əкетті. Алғашқы сəтте онымұны іздеп, кіріп-шыққан сестра, дəрігерлер біртіндеп келуді сиретті де, соңында мүлде көрінбей қойды. Ертай сарылып ұзақ отырды. Бөлме ішінде шыбынның ызыңынан өзге ешбір дыбыс жоқ. Тек шалқасынан жатқан кемпір ғана анда-санда бір өксіп қалады. Оған елең етіп қарай берген Ертай ана жүрегінің ұрпаққа деген осыншалықты шексіз мейіріміне таңдана түсіп, енді оның баласының амандығын өзі де тілей бастады. Бірақ, ол мұндай игі тілектің жоғалған қызын аңсаған əке жүрегінің сағнышынан туған ниет екенін аңғарған жоқ. Дегенмен дəл қазір кішкентай Бағиласын мына Байгалмааға теңестіре ойлап, осындай бала атаулының қайда да аман жүруін армандайды. Сөйте тұра есін жия алмай жатқан Дашиймааны өзінен бақытты санап, баласының өлімін болса да көзбен көретін оған қызғаныш жасап, ұрпағынан тірідей айырылған өз басын жер бетіндегі ең сорлы əкеге жориды. Бірдеңені сарыла күткен адам ғана уақыттың шабандығын біледі екен. Жиі-жиі сағатқа қараған Ертай үшін бір минуттың өзі ұзақ көрінеді. Осы отырысына оның еңсесін езген зілдей ауыртпалық əлгі баланың өлімін естимін-ау деген сұмпайы ой еді. Осылай салдырап отырғалы небəрі отыз минуттай ғана өткен мезетте Дашиймаа басын көтерді. Сонсоң жан-жағына қарап, алаңдап баласын іздей бастады. – Байгалмаа қайда, өліп қалды ма? – Жоқ, дəрігерлер емдеп жатыр. – Сізге сəл күте тұрсын деді. – Өтірік айтып отырған жоқсың ба? Олар оны кескілеп тастамай ма? – Өйтіп адам тағдырымен ойнай қоймас. Дашиймаа біртіндеп қатулана түскендей болды. Босаған белбеуін тартып буынып, көкірегін қысқан жалынды үрлеп сыртқа шығарып отыр. Бірақ ол да баласынан күдер үзген сыңайын ашық білдірмесе де жасыра алмады. Сонсоң: – Егер менің балам өлетін болса, онда өзім де тірі қалмаймын. Байгалмаадан кейінгі өмірдің қажеті жоқ қой, солай емес пе? – деп жайбарақат кеңесіп отырған адамша салиқалы сөз қозғап келе жатты да қонышынан кездік пышақ суырып алды. Менің ендігі тірлігім осының түзінде тұр. Аңыраған моладай иен қалған үйге шіріген томардай боп жападан-жалғыз қайта кірмеймін деп мұны бағана əдейі ала шығып едім. Ертай ештеңе дей қоймады. Кемпірдің қолындағы пышаққа тесіле қараған қалпы ұзақ сонар ой тұңғиығына батқандай. Манадан бері ана қасіретіне шынайы көз жет кізген ол енді оған ақыл айтып, əуре болғысы келмегендей. Əйтеуір, оның қасіретін өз қайғысындай сезініп, іштей күйреп, құлап-ақ отыр. Бірақ жаман ат хабар құлағына тигенде не өзін, не өзгені мерт қылуы ықтимал, сыңар қолдап болса да ондай əрекетіне тосқауыл жасау да ойында бар.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Бала операцияға кіргеннен бері бір сағат он бес минут өткен кезде дəрігерлер қайтып оралды. Олар есікті аша бергенде орнынан сүйретіле түрегелген Дашиймаа кездікті кездей ұстап тұрып қалды. Ертай да оның қимылын қалтықсыз бағып, келгендердің жеткізер хабарын күтті. – Хорошо! Сайхан! – деді доктор күле сөйлеп. Сонсоң басбармағын шошайтып «өте жақсы» болды деп қосты. Оның не деп тұрғанын қапелімде түсіне қоймаса да жайдары жүзінен жақсылық нышанын сезген ана ештеңе деп тіл қатуға шамасы келмегендей аңтарылып тұрып қалды. Бірақ қатты абыржыған Дашиймааның бұл халін түсініп үлгерген доктор оны шегіндіріп, орындыққа отырғызды да, баласының амандығымен құттықтады. – Балам тірі ме өзі? – Тірі. Операция күрделі, бірақ, сəтті болды. Соқыр ішегі ішіне жарылып кеткен екен, əрең тазарттық. Халықтың бір жаман əдеті кімде-кімнің іші ауыра қалса ештеңеге көз жеткізбестен шаншу, жел қармаған деп ыстық қоламта немесе орамал қыздырып баса қояды. Қызық-ау өзі! Тіпті солар соқыр ішекті кірне деп атайды да оның ыстықтан жарылып кететінін білмейді. Сіз балаңызға сондай қара дүрсін ем істепсіз ғой,– деген дəрігерге таңдана қараған Дашиймаа ұрлық үстінде ұсталған балаша қуыстанып, қалайда мойындамаса болмас дегендей «рас-рас» - деп басын изей берді. Сонымен бірге баласына бұдан бірер сағат бұрын операция жасап, қаталдық істейтін əзірейілдей көрінген докторға енді аналық мейіріммен қарай бастады. Бірақ, əлі де көңілінде тұрған күдігін жасырмай ашыққа шығарды. – Доктор, балам шын тірі болса көрсетші көзіме?! – А-а-й! Жаңа ғана операция жасаған адамға бөгде кісі жіберуге болмайды емес пе! – Өтірік айтып отыр екенсің ғой! – деп Дашиймаа жұлқына түрегелді, – Баламды сен қайда жібердің? Өзіме көрсетуден жалтарма! Оның дəрігерге оқтаған пышағын сыңар қолдап Ертай ұстай алды, дəрігер онша қорықпағанымен сəл жасқанып қалды. – Жарайды! – деді ақыры мына кісіден оңай құтылмасын білген сыңай танытып. – Бізге сенбей тұр екенсіз ғой, балаңызды өз көзіңізбен көріңіз. Бірақ, келісіп алайық, ол өзі бірнеше тəулік бойы қатты ауырып қиналған бала, қазір тыныстап жатыр. Сіз сөйлеп, жылап, құшақтап мазасын кетіруші болмаңыз. Дəрігердің айтқанына көніп, айдағанына жүретін болып келісімге келген Дашиймааны өзі ертіп барып келді. – Байгалмаа маған қарап күлімсіреп, езу тартты – деді Дашиймаа, қуанышын қойнына сыйғыза алмағандай масайрап. Шофер, сен де барып көрші өзің, құлынымның жаны қалған екен! Ұрпағы үшін бір жылап, бір күлген абзал ана мейіріне ортақтас болып, кіріп-шыққысы келген Ертайдың өтінішін доктор орындай алмады. Онысы үшін қиыла кешірім сұрап, бəйек боп қалды. Сондықтан Ертай да қайта мазалап, ретсіз тілек айтуды орынсыз санады. Сөйтіп, Ертайға Бағила – Байгалмааны көрудің тағы да сəті болған жоқ.
Жоғалған қыз КУƏГЕРЛЕР Аядай ғана тар төрт бұрыш бөлме. Оң жақ босағада қабысқан ескі пеш, төр алдында абажадай үлкен, əрі олақ қолдан шыққан сандықша стол артында тергеуші, оның екі қапталында Совет маманы, дəрігер, астаналықтар «Доктор» деп атап кеткен орыс азаматы мен шофер Ертай отыр. Бақырауық атандай бая боп, ызыңдай беретін ауыр есікті айқара ашқан милиция сақшысы жалаңбас, белбеусіз, желбегей Минчинді айдап кеп кіргізіп жіберді де өзі шегініп, шыға жөнелді. Онсыз да жүдеп, құты қашқан шал екі жеңін салбыратқан қалпы, түс таныс адамдарды алдашыдай санап, сескеніп, былшық басқан кірпіктерін жыпылықтатып, мүлəйімсіп, төмен қарай береді. Оған сол жақ босаға бұрышына бекітілген айыпкер орындығы ұсынылды. Қағазы ажарсыз, борпылдап кең сызықты оқушы дəптерінің бір бетіне əрбір əрпін сегіз аяқты өрмекшідей арбитып жаза бастаған тергеуші əлі ешкімге назар аудара қоятын емес. Осы бір үнсіздікті өзге үш адам үш түрлі ой үстінде өткізуде. Əсіресе Ертай үшін бұл келісімнің жөні көмескілеу. «Ат құлағынан ақсамас» дегендей, жалғыз саусақтың жарасын жеңіл санағанымен біраз күн тынығып, үйде жатқан оны автобаза тығыз таяң шақыра қалған соң таңертең сонда барып, өзінің ол жерге емес, осында қажет екенін білгеннен кейін асыға қоймай, шоферлер арасында біраз аялдап қалып, олардан сұмдықтың үлкенін естіді. Жуықта ғана тұтқындалған Даваажав қамауда жатып қайтыс болыпты. Сол марқұмға тағылған айып үшін де бір рет жауапқа шақырылған Ертай болған шындықтың қаншама тəптіштеп айтып көрсе де заң адамын иландыра алмаған. Мұның жауабына немқұрайлы қарап, тіпті, белгілеп те жарытпаған тергеуші соңында: - Cіз оқымаған, сауатсыз адамсыз. Қаншама техника тілін үйренгеніңізбен, біз білген революциялық заң жағдайынан құр алақансыз. Сондықтан Даваажавтай бастықтардың қолжаулығы болудан аулақ жүріңіз. Өзін айыпты санап, бастықтарын қызғыштай қорғаған адамдар мұнан бұрын да талай кезіккен, сіз де сондайлардың бірісіз. Оған біздің көзіміз жетіп отыр. Сіздер иесі үшін өлетін бұрынғының малайы емессіздер. Даваажав сияқтылар мекеме бастығы атын жамылған солшылдардың қалдығы. Ендігіде мұндай əрекетке ұрынбаңыз, бара беріңіз,– деп қайтарып жіберген-ді. Бұл жолы Ертай екі ұдай ойда кеткен-ді. Біреуге қол ұшын берем деп жазықсыз бастығымды қылмысқа ұрындырдым ба? – деген сауалға, «жоқ», менің араласқан ісім онша шешуші нəрсе емес, тергеуші айтқандай Даваажавтың бұдан үлкен кінəсы бар шығар, мен надандықпен білмей жүрген болармын – деп өзіне-өзі жауап беріп, кірбең көңілін алдартқандай болатын. Міне, сол адам дүние салыпты. Бірақ, неліктен, қалай болғанын ешкім анық айтпайды. Кейбір сырлас жолдастардың өзі аузын бағып жүр. Дегенмен ел іші емес пе, «бастығымызды жазықсыз тұтқындап, қасақана өлтірді». «Құнын жоқтап жоғары орындарға арыз беріп, айтысайық» дейтіндер де болғанымен өзгелерден қолдау таппай, бұғып қала берген сыңай байқалады. Үкімет ісінің қыр-сырына араласып нелерің бар. Ажал жетсе кім өлмейді. Ноқталы басқа бір өлім. Өйтіп топтанып, арыз алып жүріп бірдеңеге ұрынып қалмасаңдар! – деп ақылгөйлер де етектен тартып жатты. Бірақ, неге екенін белгісіз, осының бəрі аса сақтықпен айтылатын еді. Əйтеуір, адамдар сыбырға көшкендей. «Расында да əр кімнің өз амандығы керек қой. Жағдаймен санаспай болмас. Бұрынғыдай феодализм заманы жоқ, əділетті заң ақ, қараны айырады емес пе» деп түйді Ертай да. Сырттай дүрліге қоятын ештеңе байқалмағанымен Даваажавтың өлімі автобаза адамдарына іштей күдік туғызған үрейлі хабар ретінде тарап, кейбір ақаусыз көңілге дақ түсіріп кетті. Осындай енжар ойда келген Ертай мұнда да тергеуші мен айыпкердің үстінен шықты. Ол Минчинді іштей аяп отыр. Бейшара ауруханадан баласының шыбын жаны үшін ұрлай қашты ғой. Қайда барып, қандай сауап іздерін, оның нəресте сырқатына қалай шипа боларын пайымдай алмай аласұрды емес пе. Ақыры онысы өз басына соққы боп тиді, бейне баласын қорғап өз денесін оққа тосқан киік сияқты. «Өз түйең жоғалса қайдан қарар едің» дегендей Минчиннің орнында өзі, баласының орнында Бағиласы болса қайтер еді?! Мүмкін, бұдан да асып
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз түспесіне көзі жете ме. Əттең дүние-ай! Қайран перзентімнен қапыда айырылып қалдым ғой. Əйтпесе соның жолына өз басын құрбан етуден тайынар ма еді! Ашынған арыстандай бет келгенді құтқарар ма? Мына шүйкедей шал күшігін қорғап апанда жатқан арланша үйіне тығылып отырған үстіне бастап келген адамды бір бөксермей қалай қалмақ. Айлакер, тапқыш кісімсімей аулақ жүрсе Ертайда мұның несі бар еді? Басы сотқа, баласы отқа түсіп бара жатқанда бір серпілмесе адамдығы қайсы оның. Сондай оймен ұрды, бірақ, бата тимей, қата тиіп, өлтіре алған жоқ, тек айыбын мойнына қоюға жарарлықтай жаралап, таңба түсірді. Бұдан Ертайдың ештеңесі кетпейді, əйтеуір, байқұс шалдың қылмысы молайып, жазасы көбейері даусыз. Мейлі, қолмен істегенін мойнымен көтереді де. Оның ойын тергеушінің тосын сұрағы бөліп кетті. – Айыпкер Минчин, сіз ғылыми ауруханадан балаңызды алып қашқаныңыз рас па? – Рас. – Не үшін? – Орыс доктор ішін жаратын болған соң, балам өліп қалады ғой деп. – Бұл əрекетіңіз Моңғол – Совет елдерінің достығына нұқсан болатынын білесіз бе? – Алғашында ойыма келмеп еді, енді түсіндім. – Екіншіде жасырынып жатқан үйіңізге бастап барған шоферді, біздің милицияның көзінше жаралағаныңыз рас па? – Өтірік емес. – Олай болса,– деді тергеуші, – Азамат Ертай. Денеңізге түскен жараны куəландырған дəрігердің актысын жəне Минчинді жазалап бер деген өз өтінішіңізді беріңіз маған! – Ондай акт де, арыз да жоқ менде. – Неге? Əлі күнге дейін акт алып үлгермедіңіз бе, арызды қазір-ақ жазып беруіңізге болады. – Ол мені ұрған жоқ. Бочканың үстінде тұрған темірді абайсызда құлатып алған. Сұраңызшы өзінен? – Айтшы кəне, қасақана ұрдың ба, əлде оқыс болды ма? – Денесіне жара түскен соң бəрібір мен кінəлімін ғой деп ойлап едім, əдейі ұрғам жоқ,– деді. Минчин Ертайдың шын ниетін түсіне қоймаса да, жанашырлық сөзіне іштей разы боп: – Сонда қалай айыпкердің сізге байланысты қылмысын қуатсыз етеміз бе, – деді тергеуші Ертайға жымия қарап. – Əрине бейуаз біреудің обалына қалуға болмайды ғой,– деп Ертай да батылдана түсті. Іштей «Түсі жылыдан түңілме» деген. Бұл бір иман жүзді жігіт екен – дейді өзіне-өзі. – Ендігі сөз сізден, доктор жолдас? – Менде айта қоятындай ерекше ештеңе жоқ, тек шақырды деген соң келгенім ғой. – Неге жоқ болады? Мына Минчин ауру баланы алып қашып, сіздің беделіңізді түсірді. Мамандығыңызға сенімсіздік жасады. Өзіңіз басқа елдің азаматысыз, беріңіз өтінішіңізді, арызыңызды аяқсыз қалдырмай, қалайда орындап, айыпкерді жазалаймыз. – Біз адам жанының арашашысымыз. Əке де баласына қастық ойламайды. Бірақ, бұл кісі білместік жасады да қателікке ұрынды. Кемшілік шығармайтын адам сирек қой, тек сонысын түсіне білгені жөн. Егер сол бойы табылмай кешігіп кетіп, бала мерт болса сонда ғана мен бұл кісіге кінə тағар едім. Əйтеуір, баласының жаны қалды. Ендігі менің өтінішім сол – осы кісіні бұл жөнінен айыптамасаңыздар екен! Қызы жазылып, бүгін үйіне кетті, сондай қуанышында көңіліне дақ салуды өз басым қаламай отырмын. ... Бөлме іші тым-тырыс. Доктордың сөзінен кейін орнынан түрегеп, терезе алдына барған тергеуші сыртқа көз жіберіп бірнеше минут ойлана тұрып қалды. Сонсоң сақшыны шақырып келіп, тұтқынды ертіп қоя берді де орнына кеп отырды. Əлі де үнсіз қалпы темекі орап тамызды да, құшырлана бір сорып, түтінін үрлеп тастап, кеуде кере тыныстап күрсініп қойды. Арқасынан ауыр жүк түсіп, денесі жеңілдеген қара нарға ұқсап еңсесін езген тағы бір мезі ойдан құтылған ол екі куəгерге жолдастық ілтипатпен тіл қатты. – Біздің кəсіп осы. Кейде бүгінгіше шым-шытырық оқиғаға ойламаған жерден тап боламыз. – Заң қызметкері болу оңай емес қой. – Даяр заңды жүзеге асырудың ешқандай қиындығы жоқ. Бар түйін адам тағдырын шешуде – деп тергеуші қыза сөйлеп кетті. Доктор жолдас, сіз адамдарды сырқаттан қалай араша-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ лауды қаласаңыз, біз қылмыстан солай қорғауды ойлаймыз. Бірден жасалған ашық қылмысты ақтауға бола қоймас. – Рас айтасыз. Бірақ, айыбы үшін жүз адамды соттаудан, жазықсыз жапа шеккен бір адамды құтқару əлдеқайда қиын. Бүгін дəл сондай оқиғаға тап болып отырмын. Шындығында сіздерге рахмет айтқым келеді. Əлгі шалды дұрыс қорғадыңыздар. Баласының амандығын ойлап, от алып, қопаға түскен біреуді жазалата салуда не мағына бар? Керісінше, арашалап қалу – азаматтық абырой саналмақ. Оны соттап, мұқатқаннан гөрі, босатып жіберу ықпалды болмақ. Жаңағы Минчин жаза жүктемей қайтса сіздерге де, заңға да алғыс айтпай қояр ма? Əрі ендігіде мұндай жаңсақтықтан аулақ жүреді. Заң жағынан қарап қалайда қылмысты адам етіп көрсеткің келсе оның құтылар ешқандай дəлел таба алмайтыны белгілі. Бірақ заң да адамгершіліктен тыс нəрсе емес. Заң талабы осы деп тырнақ астынан кір іздей берсек талайдың обалына қалар едік. Сондықтан əр қылмыстың қоғамдық, жеке бастық зардабына, айыпкер саналған адамның ой-санасына, дəл төрелік жасаған жөн ғой. Дегенмен бізде «шаш ал десе, бас алатындар» анда-санда кезігіп қалатынына өзіміз де қынжыламыз. Оның үстіне біздің халық та əлі қойдан қоңыр, жылқыдан торы дегендей тым бейуаз, заң жөніндегі білімдері таяз. Соның салдарынан көзсіз көбелекше қалтаңдап, қадамын көбіне жаңсақ басады да, күтпеген жазаға ұрынып жатады. Ондайлардың бəрін айыптай берсең кінəсіз пенде де, заңда бедел де қалмайды ғой. Тергеуші шоғы сөнген шылымын қайта тұтата бастады. Оның əңгімесін ұйып тыңдаған Ертай: – Сонда Минчиннің тағдыры қалай шешіледі? – деді тергеушінің көкейіндегісін анықтай түскісі келгендей. – Бастықтарға таныстырып босатып жібермекпін. Көп болса аздаған штраф төлер... Олар қол ұстасып, қоштасып тарасты. «Япыр-ау»,– деп ойлады Ертай, – Менің заң адамдарының бəрі қатаң болады дейтінім, ағат пікір екен ғой. ҚЫЗҒАНЫШ Алыс жолдан түнделетіп оралған Ертай есік қақты. Күндізгі күйбең шаршатқан Баянжав шешей қаншама қағылез, құсұйқылы ояу жатқанымен, бірден тұрып кете алмады. Сонсоң босағадан қолын жүгіртіп, есіктің ілгегін ағытып жіберген Ертай үйге кіріп, шам жақты. Міне, қызық! Тогтохтың төсегі бос тұр. Ал сол жақтағы төсегінде жатқан шешей отқа қарай аунап түсті де, ежелгі əдеті бойынша: – Ертаймысың, балам, аман келдің бе? – деді еті қашқан саусақтарымен көзін уқалап. – Сəлеметсіз бе апа, Тогтох қайда? – Жиналысқа кетіп еді, əлі тарайтын болған жоқ па білмеймін, келетін уақыты өтіп бара ма, неше сағат болды? – Түнгі он екі. – Он бірде келем деп еді, жалғыз жүруден қорқып ұйымдығында отырып қалды-ау, шешін тамағың əзір тұр! Ертай мейірін қандыра сусын жұтты да, сыртқа бет алды. – Мен Тогтохты іздеп келейін. – Алдымен жұмыс орнына бар. – Есікті сыртынан бекітіп кетейін. – Сөйте ғой, алаңдатпай өзің де тезірек орал. Машинасын қайта тамызып, ауладан асығыс шыққан Ертай Тогтох жұмыстайтын өндіріске лезде жетіп келді. Сырттай сəл абайлаған ол қызыл бұрыштың да, басқа бөлмелер терезесінен де ешқандай жарық көре алмады да, күзетшіге жолықпақ боп оның есігін тартып еді, ол да қайтып ұйықтап қалған екен, зорға оянды. Бірақ, одан мардымды жауап ести қойған жоқ. – Тогтох бағана он сағат кезінде шығып кеткен. – Жалғыз ба еді? – Жоқ, қасында бригадир бар болатын. Бұл жауап Ертайдың жүрегіне шаншудай қадала кетті. Бригадир дейтіні салт басты, сабау қамшылы жігіт, бір үйде жалғыз тұрады деп Тогтохтың өзі айтқан-ды. Əрі көптен бері маған қырындап, сөз салып жүр дегенді де жасырмаған-ды. Міне, енді ақыры сол сүмелек ырқына көндіріп алған екен ғой деген ой келгенде Ертайдың көңілі алабұртып сала берді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Сүйретіле басып кабинаға кірген ол рульге маңдайын сүйеп бірталай уақыт отырып қалды. Басына ешқандай ой да оралар емес. Осылай таң атырудың жөні де жоқ. Үйге қайту ма? Болмайды, əншейінде құтты мешін ұядай елестеп, шалғай кетсе сағындырып, жеткенше асықтыратын баспана қазір бұл үшін ешқандай қызығы, көңіл аулар жылуы жоқ сиыр қорадай, бір түрлі жат, суық бауыр тартқандай елестеген соң дереу қайта оралуға батылы жетпеді. Сонсоң машинасын тамызып алып бет алдында кезіккен бір жолға түсіп тарта жөнелді. Біраз жүрген соң қаладан жырақ шығып, жападан-жалғыз өзі Туул өзенінің жағасына кеп бір-ақ тоқтады. Енжар көңілі ештеңеге дауаламай, не істеу керек екендігіне жіп таға алмапты. Кенет тиген рухани соққы шаршаған денені онан əрі салдырлатып тастады. Ақыры кабина көпшіктерін төсеніп жата тұрмақ боп ақтармалай бастағанда, қолына бұрыннан жатқан бір шөлмек арақ іліне кетті. Ежелден мұндай сусынмен əуестігі болмағанымен, дəл қазір аса бір қажетті, жеңсік астай көрініп, араны ашыла берді. Əлде қандай сезімнің күшімен мұқият қимылдап алдыңғы қораптан жол кесесін суырып алып, толтыра құйды да, суық су жұтқандай дəмін де алмастан тарта салды. Бірақ сонша əсер ете қоймаған сияқты сезілген соң қалғанын тағы жұтып, түгел тауысты да, төсегін жайғастырып алып, жата кетті. Ол ертеңінде сиыр түс кезінде оянды. Таңдайы кеберсіп, шөлдеп басы жанқыштанып, лықылдап, ауырып қалған екен, жуынып, суық су ішіп, аяғын зорға басып жүретіндей халге келді. – Не жабысты маған? – дейді ол өзіне-өзі. Қалайша мен оны өзге еркектен қызғанам, өйтетіндей хақым бар ма? Ол менің кімім еді? Оның үстіне арақ ішетінді қайдан таптым?! Осындай шым-шытырық сауалға жауап таппай дағдарған Ертай бұл қылығын жөн-жосықсыз далбасалық деп санады. Сондықтан мұндай əрекетті ендігіде қайталамас үшін іштей ант етіп, ауылға бет алды. Бірақ, біртіндеп жегідей жеген əзəзіл ой тағы да мазалап, қаншама ұстамды болғысы келсе де еркіне қоймай өзегін өртей берді. Сонда да сүйекке қарысқандай кейіпте өзін-өзі күштеп, ауылға келіп есік алдында тоқтаған кезде Тогтох үйден жүгіре шықты. Түймелері ағытылып, киімдері шаң болған, бурыл шашы ұйпалақтанып, жүзі өрт сөндіргендей түксиіп кеткен Ертайды көргенде келіншек абыржып қалды. Бірақ, жігіт оған тура қарамай, тұнжыраған бойы үйге бет алды. «Мұнысы несі?» – деп ойлады Тогтох. Түнімен ішкен адамдай сиқы кетіп тұрғаны қалай? Өзі қайда қонып келді екен?! – Қайда жүр деп алаңдап, ұйықтай алмадық. Əсіресе, Тогтохтың мазасы қатты кетті. Аманшылық па өзі! Мен ас қамдай қояйын, – деген Буянжавтың қамқорлық сөздерін тек құлағымен ғана қармай жүріп, сырт киімін шешініп, жуынбақ болып сыртқа шыққан оған көмектесуге келген Тогтох жылы суды құйып бере бастады. – Қайда барып келдің, Ертай? – Басымды жуайын, суық су əкелші? Шөміштеп құйылған құдық суының ызғары мəңгіріп тұрған бастың сүйегінен өтіп, миына жетті. Араққа уланып қалған алпыс екі тамыр шымырлап, ширай түскен сəтте жігіт тəлтіректеп дірілдеп кетті. - Ертай, сен арақ ішкенсің бе? – Орамал қайда? Тогтохтың сұрауларын ылғи жауапсыз қалдырған ол əлі де оның жүзіне тура қарамай, күйбеңді молайтып тұр. – Ертай,– деді Тогтох, түннен бері оған айтып жеткізбек болған қуанышты хабарын естіртуге асыққандай, ерекше бір жайдары үнмен тіл қатып, – Құттықта мені! Онсыз да кешеден бері пəтуасыз ой жүйесін жаншып, сіркесі су көтермей тұрған жігіт: – Қосағыңмен қоса ағар! Некелерің құтты болсын! – деп түйеден түскендей аузына келгенін былш еткізді. – Ой, не деп тұрсың, сен? Тогтох оның сөзіне қапелімде түсіне алмай қалды. – Жаңа жұбайың құтты болсын деймін! – Қайдағы жұбай? Мені күйеуге тиді деп пе едің? – Менен несін жасырасың. Бір үйде тұрмадық демесең
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз екеуің екі елі айырылмайтын болыпсыңдар ғой. Кеше де соның жетегінде кеткеніңді біліп отырмын. – Е-е! Сенің де жеткен жерің осы екен-ау! Тогтох соны айтты да, қолындағы шөмішін тастай беріп, үй айналып кетті. Əлгінде ғана шаттық кернеген көңілі су сепкендей басылды, жасып қалды. Ол дəл қазір өз өмірінің сансапалақ, шытырман тағдырына налып, қай-қайдағы өкінішті ойларға шырмалып қалғандай. Өмірде бір сəті келіп, оңына басқан қуанышты қадамын Ертайдың құттықтамағанына, тіпті ойда жоқ сылтаумен мазақтағанына балаша өкпелеген ол қора төрінде жинаулы тұрған бөренелердің үстіне барып отырды. Тогтох күн жексенбі болған соң, бүгін ғана өндіріске барған жоқ. Əйтпесе жұмыс уақытында бір де сағат бұрыла алмайтын. Соңғы кезде Совет маманының үйретуімен бір бригадада тігін мастері қызметін атқарып жүр. – Өзің білмесең өзгеге үйрете алмайсың. Сондықтан көп іздену керек. Ол үшін ең алдымен біліміңді де, шеберлігіңді де шыңдай түс деген Марияның жолдастық кеңесі көкейіне берік ұялаған. Ал мастермін деп қол қусырып қарап отыратын мүмкіндік жоқ. Өзіңе жүктелген нормалы жұмысын ақсатуға болмайды. Оның үстіне өндіріс жанындағы əйелдер ұйымының бастығына да сайланған-ды. Үлгере алмайтынын айтып байқап еді, партия, əкімшілік басшылары өтінішін орындамады. «Жалпы əйелдер бір дауыспен бекіткен іске килігетін жол жоқ» десті олар, көпшілік жүктеткен тауқыметті атқару азаматтық борышың. Осылайша біріне-бірі қабаттасқан жұмыс оның қолын босатпайтын болды. Дегенмен кейде күнді-түнге жалғап, сарылып ұзақ отырады. Бəрінен қиыны əйелдер ортасына ұйымдастырылатын жаңа жұмыстар. Əсіресе, жұмысшылар сауатын арттыруға кедергі көбейді. Бос уақытында ешкім мекемеге жиналмайды. Бұрын өзі солардың ішінде көптің бірі боп жүре беріпті де, олардың сырына онша үңіле қоймаған екен. Енді қараса хат білмейтіндер де, білімге талпынбайтын да, кері тартпа да, белсенділер де жоқ емес көрінеді. Алғашқы бір жиналыстан-ақ бəрі де өз сыңайын танытып қалған-ды. Ол есік алдында жүрген Ертайдың күйбеңіне көз сала отырып, сол бір жиналыс сиқын еске алды... – Сайланатын басқарма үшеу, кімде ұсыныс бар? Тым-тырыс, Тогтох отырғандарға жасқана қарайды. Жіпсиген, сығырайған, алайған, бадырайған жанары ұшқын атқан, от шашқан сан алуан көздер өзіне тесіле түседі. Қаншама бастық болып, мəртебең асса да көппен арбасуға жалғыз əйелдің батылы жете бермейтін сияқты. Мүмкін ондай жүрегі шайлықпайтын өжет жандар да бар шығар. Соның бірі Янжмаа ғой. Жұбайы Сұхбаатармен бірге төңкеріс орнатысқан адам оңай болсын ба. Моңғолия əйелдерінің кезекті съезіне жиналған осынша көп əйелдің алдында тайсалмай сөз сөйлеп тұр. Өзі мұндай шешен болар ма, тіпті қағазға да қарамайды. Бір мекеме атынан еңбегімен сыналып өкіл болып келіп, сол съездің басқармасына сайланып, онымен тізелесе отырған Тогтох Янжмаамен салыстыра қарайды да, өзін бақытты, əрі тым төменшік санайды. «Мен сияқты байсыз, баласыз жесір əйелдер бір кезде əлділердің қолжаулығына ұшырап ғұмыры қор боп өтуші еді. Міне енді сондай көптің бірі ғана болған, небəрі тіршілік үшін тырбанған шүйкедей менің азғантай еңбегімді көзге іліп, елеп – ескеріп, мұнша үлкен жиынның бастығы болуға дейін көтермелеген партия мен үкіметке кездестірген заман, бұл, маңдайыма біткен шексіз бақытым ғой» – деген ой оны шаттандыра түседі. Бірақ, Янжмаа сияқты білімді, сөзге шежіре, үкімет басшыларының бірі, əрі ұрпақ өсірген ана, жар сүйген ару əйелдің қасында, өзінің сонша қораш екендігін іштей түсінбей де қойған жоқ. Сөйтіп осы жолы көргені, естігені Тогтохты жаңа бір дүниеге жетелеп əкелгендей із қалдырған-ды. Сол бір мəңгіліктей көрінген əсерлер көмескі тарта қоймаған кезде мекемелік əйелдерге басшылық ете бастаған сəті осы. – Мен айтайын,– деді де, үнемі жұмыстан кешігіп жүретін, бірақ ауыз жаппайтын сөзшең бір əйел отырған қалпы айқай салды – Цэцгээ, Бадам, Туяа үшеуі сайлансын. – Дұрыс па? Өзге кімде пікір бар? – Дұрыс емес,– деді Бадам, бес биенің сабасындай іркілдеген семіз болғанымен, кескен шөркедей аласа бойын көрсетіп қалғысы келгендей сөйлей түрегеп Туяаның керегі жоқ оның орнына Тогтохтың өзі болсын.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Туяа неге болмайды? – Негізгі бастық Тогтох емес пе, оны басқармаға сайлау ұят, – деді Бадам дұрыс пікірін теріс тұжырып. Онымен енді «Хор қызы атанған талшыбықтай бұралып тұратын, қыпша бел, қиғаш қас осындағылар тұрмақ, көшеге шыға қалса астананың кейбір жігіттері сұқтанып, əйелдері қызғана қарайтын сұлу Туяаның өзі байланыса кетті. – Менің еркімді сен білесің бе? Өзіңді ешкім елемеген соң ішің күйіп тұр ғой. Месгей жарылып кетсең де мен басқарма боламын! – Адыра қал! Бастықтардың орнына отыратын сен кімсің?! Жылтыраған бетің болмаса көшенің жезөкшесі емессің бе? – деген Бадам сөзі етінен өтіп, сүйегіне жеткен Туяа ештеңе дей алмай ашуға булығып қолына ерік берді де Бадамның шашына жармаса кетті. Сөйтіп күтпеген жерден ерегес шығып əйелдер екі ұдай боп айқай шу көтерді. Осылай басталған жанжалды зорға тоқтатып, əйтеуір, жиналысты ашып үлгерген Тогтох сын ұсыныс кезінде де қалжырап мазасы кетті. – Ондай ұсақ-түйек өсек-аяңнан гөрі үзілген жоспарды орындауға, мəдени тəрбие жұмысын жақсартуға неге назар аудармайсыңдар! – Тогтох рас айтады біздің əйелдер ең алдымен бірін-бірін күндеуді қойсын! – Сен де жағымпазданбай өз жөніңе жүр. Өзің жоспар орындай алмайсың да, бастықпен əмек басшылық жасап, ылғи озат атанатыныңды бəріміз білеміз. – Е-е, байының көзіне шөп салатын сенен сақтасын! – Тарт тіліңді! Неше жерден ұстап алып едің?! – Əріп ұқтырып, хат танытам деп бригадир сені жалғыз алып қалатыны қайда? Міне, əлі ештеңе үйреткен жоқ. Əліпті таяқ ғұрлы танымайсың. Олай болса не істейтінің белгілі,– рас. Осында жұмыстағалы бірнеше жыл болғанымен, əйтеуір сауатымды аша алмай-ақ қойдым. Бұл менің көк милығым-ақ болсын, бірақ ... » – ол мүдіріп қалғанда өзгелер ду күлді. Сонда да арым таза, ал жұмысты тіпті сендерден артық істеймін деп жыламсырап отыра кеткен келіншекті Тогтох қатты аяп еді... Алғашқы кезде осы тұрпатынан айный қоймаған əйелдер жұмысына біртіндеп өзгеріс енді. Жиналыстың бас-аяғы қымталып, бір арнаға түсе бастағандай. Əй, бірақ!... мұның басшылығы Янжмаа сайдқа, үркердей аз əйелдер тобы өткен съезде болған қауымға қайдан жетсін. Дегенмен осы өндірістегі партия ұясының хатшысы бір абзал адам. Тогтохқа барынша ағалық ақылшы, əділ көмекші болып келеді. Ал ойлап отырса бұл не түрлі жақсылықтың бəрі тек партиядан көрген екен де, өзі сол партияның қатарына өтпеді. Ендеше бұл жағына да көңіл бөлген дұрыс емес пе? Осылай ұзақ толғанған ол өз пікірін ұя хатшысына имене, сыпайылап, құлақ қағыс етіп еді. Ол кісі құптады да, қалай дайындық жасау жөнінде де бірталай кеңес берді. Соныменен Тогтох тағы да қосалқы жүк тапты. Əйтеуір бəріне де көндігіп қат-қабат жұмысты шама шарқынша атқарып жүргенде партия қатарына ілесер мерзімге жетіп, толып жатқан сатылардан сүрінбей өтсе де, комитет бюроларының алдына барғанда болжаусыз сұрақтар бұршақтай жауды. Ақыры бюролардың көбінің пікірі қосылып, партияға кандидат болып ілесті де, қызметтік көп деген тапсырма алып шықты. Оның Ертайға айтпақ болған асығыс қуанышы осы болатын, бірақ ол басқаша ұқты. Соның өзінде ойда жоқ бірдеңені қозғап, бұған қырын қарауы қалай? Бұл ниеті достығы ма, əлде дұшпандығы ма, кім білсін?! Талайдан жалғасып, өмірдің ыстығы мен суығында қайнасқан екеуінің адамгершілік достығы дəл қазір қақырай қоюы мүмкін бе? Ондай оғаш мінез көрсетіп, Ертайдың көңілін қалдырған сəті болған жоқ-ақ еді, неге ол шойындай шорт сынып тұр? Бригадирмен ергенім үшін, екінші біреудің бүлінуі лайық па? Тіпті, мен оны бір жерге жұмсап жүрген соң сырттай жай жолдас деп қарағаным болмаса іштей ұнатып жүрген емеспін. Енді ғой, Ертай мені соған қосады. Мейлі, мен сонымен некелесіп кетсем де бұған келер зиян не? Жоқ, одан Ертай өміріне нендей бір нұқсан келмейді деуім теріс. Əрине, ол мені бригадирден қызғанады. Дəл осы сəтте Тогтохты тағы бір ой найзағайдай шарпып өтті. «Ертай мұны барлық еркек атаулыдан қызғанып жүрген жоқ па?».
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Ол орнынан ұшып тұрды да, жинаулы бөренелерді жинап басуға мұршасы болмағандай қосаяқтап па, əлде қолымен сүйеніп пе, əйтеуір жерге секіріп түсті. Бірақ, ілгері басуға дəрмені келмеді ме, əлде батылы жетпеді ме, сілейіп тұрып қалды. Оның көзіне ең алдымен шалынған көк жиекпен астасқан Богд тауының төбесінде қалықтаған күн шары еді. Жалт қараған наркез жанарға құйылып кеткендей болған, өткір сəулелер келіншектің көзін жасқандырып жіберді де, белгісіз бір сағымдар үздік – үздік бұлдырап, дерексіз қиял оттары алыстаған сайын жалтырап бара жатты. ДАРИҒА – ДАРИЙМАА «Біздің жердің табиғаты-ай, шіркін! Кейде ап-ашық аспан лезде қабағын түйіп түксиіп бұлттап, буырқанып шыға келеді. Малтабар ағасының əйелі Зейнептің мінезі сияқты,– деп ойлады Ертай күн райы бұзыла бастағанын көрген соң газды қоса түсіп. Бірақ машина мөлшерлі жылдамдығын онша екпіндетер де емес. Жол нашар, жер күдір. Сонда да болжалды күн таяп барады. Қыруар адамды белгілі мерзімде жеткізбесе өзіне берілген тапсырманы орындамағаны-мен қоймай, өзгенің өнімді ісіне кедергі жасайды емес пе. Сондықтан астанаға жиналыс басталмай ілінсем деген үміт аты елпілдеп-ақ келеді, тек көңілдегі көксегенің өмірдегідей бола берген бе?! Жүрісті өндітпейтін тағы бір себеп бар. Ол машинаға тиелген адамдардың жайсыздығы. Бұл жолы төтенше ұқсас пенделер əдейі іріктеліп табысқандай. Шуылдап, айқайлап, кабинаны төбелеп мазалайды. Тездетіп, жылдамдықты қоса бастаса, «қырасың, баяулат!» деп, орта немесе төменгі жылдамдыққа түсе қалса «машина түйе емес, іш пысырдың» деп байбалам салады. Əйтеуір өздері « Ертайды қатты жүрсе шаңды аяқ, ақырын жүрсе салпы аяқ » атандырған малайдай көріп келеді. Осындай ойда, əрі қарсы алдында телмірумен көзі талып, ит қырқа белгілерді тауыса алмай, ырғақтаумен қолы қарысып отырған шофер бірақ мойнаққа жете бергенде қапалақтап қар жауып кетті де айналаны ақ жорға борап, тұмшалап алды. Аспанға бұлт ілінсе, алдыға тұман түсетін Хангай өлкесінің табиғаты бүгін де сол əдетінен жаңыла қоймағандай. Ендігі көзсіздіктің мəні жоғын білген Ертай еріксіз аялдауға мəжбүр болды. Машинаны сəл қырындата беріп еді, қырылдық деп үстіндегілер шу ете түсті. – Сіз, – деді Ертай қасында отырған қайырма жең, қасқыр ішікке оранған қауқар тымақты, екі қабат əйелдердей іркілдеген өгіз қарын, таңқы танау, жіпсік көз, қаба сақалды кісіге. – Жерге түсіңіз де, доңғалақтардың артына тас қоя салыңызшы, мен тежегішті жібермей тұрайын, əйтпесе машина шегініп кететін сияқты. Əлгі кісі ажырая бір қарады да қабағын шытып, мелшиген
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз қалпы отыра берді. Ертай екінші, үшінші рет өтініш айтты, бірақ ол құлақ асқан жоқ. Сонсоң кабинадан басын шығарып, енді үстіндегілерге айқайлады. – Біреуің түсе қалып доңғалаққа тиянақ қойыңдаршы! – Жер қия, құлап өлмейміз бе, тастай алмай жүрген жанымыз жоқ. – Сенің малайың біз емес, керісінше біз саған бұйрық беруге тиіспіз. Ертай қасындағы кісіге қарады. Ол да үстіндегілердің сөзін естіп отыр екен, əлгіндегісінен гөрі мардамсыз, миығынан күліп, өзіңе сол керек дегендей жөткіріп қалды. Қолымен аяғын қатар жұмсап, көз ілеспес жылдамдықпен қимылдап, машинаны қырындатқан қалпы жол жиегіндегі қазан шұңқырға түсіріп жіберді. Қатты ойнақшыған шайқалыста біріне-бірі соғылған жолаушылар ұлардай шулап, құдай мен аруаққа сыйынып жатты. Ертай кабинадан шықты да өр жаққа барып отыра кетті. Машина үстіндегілер дуылдап сөйлеп, үйелеген тайыншадай қорбаңдап, қозғала бастағанымен жерге түскен жоқ. Тек қана кабинадағы қамсыз кісі есікті ашып жерге түспек боп былтығыр саусақтарымен тұтқаны сығымдай ұстап ырғала берді. Ертай онымен осы сапарда ғана ұшырасқан-ды. Дунд Хангай аймағының Хашаат сұмынында тұратын əйгілі бай Даш осы екен. Бір ғана қой түлігінің өзі он мыңға жететін, оны жерлестері қойлы дегенге ұйқастырып «Хонин Даш» атандырған. Өзін кішігірім жылқы көтеріп жүре алмайды, бұрын бірнеше тұлпар сынды егей аттары болған, көші-қонда кейде солардың бірін мінеді екен, қазір ондай сəйгүліктері үнемі құр шығып, тарпаңсып кеткендіктен өз маңайына да жоламайды, өзгеге де мінгізбейтін болыпты. Ендігі көлігі өгіз арба ғана дейді жұрт. – Ғажап,– деп таңданады Ертай. Өз бетімен шөп басын сындыруға дəрмені жоқ, соншама малшы ұстап, малын бақтырып, отын жақтырып отырған мешеу байды да мал өсірдің деп мемлекеттік жиналысқа шақырады екенау! Ертайдың ойынша, партияның ХІ съезі дұрыс шешім қабылдап, жеке меншіктің малын өсірткені бірден-бір оңды шара. Олардың озғандарының басын қосып, мəслихат істегенінің де оғаштығы жоқ. Бірақ сол малды қолма-қол бағып-қақпай, салқын үй, салулы төсекке ғана ие болған байлардың құрмет көруі теріс сияқты. Ол осындай сауалдың байыбына бара алмайды да, жастық шағында өз басынан кешірген кедейлік кездерін еске ала отырып ауылдағы шаруалардың əлі де мүшкіл тұрмыстан құтыла алмауына себеп таппайды. Сонсоң мұнда мен жете ұғына алмайтын терең бір мəн бар шығар. Бұл Ертай секілді май-май шофердің ісі емес «Аяз əліңді біл, құмырысқа жолыңды біл», Ертай тізгінінде отыр,– деген тұжырымға келді де, орнынан тұрды. Қар қапалақтап тұр. Енді кешіге берсе ел шетіне жете алмауы ықтимал. Ал мына мойнақтан машина тайғанап шықпайды. Сондықтан отыздан астам шақырым бұрыстығы бар екінші жолмен жаттықтап жөнелмек болды. Сонсоң жолаушыларды түсірді де: – Мен қазір жағаласып көремін. Егер сəті боп шықса əнебір көрінген түйе тасқа дейін тоқтамай кетем, онда барлығың жаяу келесіңдер. Өйткені онан бергі жерде машина тұрақтайтын жер жоқ. Ал мына шұңқырдан шығара алмасам сіздер осында қаласыздар да мен өзім Улаанбаатарға жаяу кетемін, ергенің ересің, ермегеніңе қолқа жоқ,– деді. Табанда ешкім тіл қата қоймады. Машина шықса да, шықпаса да шарт ауыр. Сонау көз ұшындағы түйе тасқа жаяу жету де, осы жерде құлазып жату да оңай емес. Кейбіреулер рас айтама дегендей Ертайға күдіктене қараса, Хонин Даш тектес бірнеше адам малшыларына кіжінгендей сес көрсетіп отыр. Ақыры шофер айтқанына жетті. Моторын дүрілдетіп, өкіртіп-бақыртып ілгерінді-кейінді бірер рет лоқылдатты да секіріп шығып, төңкерген қазандай тастардан ыршып-шоршып қармен иленген топырақты жентектей бүркіп-бүркіп жіберіп кете барды да, ұшарға қанаты, атарға оғы жоқ отыздай адам ошарылып тұрып қалды. Жазықтағы түйе тасқа жеткен Ертай енді түнделетіп жүретін болғандықтын көз шырымын алу үшін кабинадағы төсеніш көпшігіне сұлап жата кетті. Тұманды күні алыста боп көрінген бұл тас оншалықты қашық емес екен. Сондықтан Ертай екі түрлі есептен əдейі асыға қоймады, бірінші ойы –
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз аспан сəл ашылып, жолдың еркін көрінгенін күту, екінші себеп – өздерін-өздері қошеметтеп менменсіген малқорлардың ащы терін бір шығару. Оның көзі ілініп етіп еді, қанша ұйықтағаны белгісіз, қайта түрегелді. Əлдекімдер машинаны шарқылдатып, асылып, кузовқа жармаса бастады. - Шофер! – деді сыртқа шыққан Ертайдың қасына келген екі-үш малшы жарыса сөйлеп, – бізден бір білместік кетті, ортамыздағы жасы үлкен, малы көп байлардың ығында болып, саған қол ұшын бермей келгеніміз шын. Өзіміз кедейлікпен күн кешкен, енді ғана аздаған айран-шалаптық мал құрастырып, соның бірін екеу болдырғанымыз үшін Астанаға бет алған, бұрын əйелімізден өзгені танымаған, ерден биікке шығып көрмеген пенделер едік. Кінəмізді жаңа ғана жаяу келе жатқан жолда түсіністік. Енді өкпеңді кешір де, бізді тезірек жеткіз. Үкімет шақырған жиналыстан байлар қалса қалсын, біз қалмайық. Маршал бастаған адамдарды көзімізбен көріп, сөзін тыңдайық. Бұл да сол партия мен үкімет берген қуанышты сапарымыз ғой,– десті ағынан жарылғандай. - Солай, – деп қуанып қалды Ертай да,– Үкімет жақсы малшылардың үшінші кеңесіне тек байларды ғана шақырмаған екен ғой, жарайды ана бір тоғышарлар үшін сіздерге кедергі жасамай-ақ қозғалайын. - Кейінгілерді тоспайсыз ба? – деп айғайлады біреу машина оталған соң кабина төбесін төпештеп. - Қалсын, артынан асықпай келер, – деп Ертай есігін сарт еткізіп жауып алды да, келген ізімен қайта бұрыла жүріп, қоя аяқ тышқандай қорбаңдаған, тізесінен тұсалағандай кібіртіктеген кісілерді жиып-теріп алды. Хонин Даш та дауыс шақырымдай-ақ жер жүрген екен, соның өзінде түтігіп қалыпты, кабинаға бірнеше жігіт зорға отырғызды. Жолда келе жатқан шоферлер үшін күн мен түнгі жүрістің айырмашылығы шамалы. Əсіресе, жиналыстан малшыларды қалтырмау ниетіне өзінің кішкентай қызын сағынған асығыстығы қамшы болған Ертай даңғыл жолмен тартып келеді. Күндізгі тұнжыраған, ақ жорғалап, қар бораған аспан біртіндеп айығып, жылтыраған жұлдыздар бұлт арасынан танадай боп көрінеді. Жол сорабына телміре қарап, рульді баяу айналдырып, сол жақ жанбасына салмақ салып, қисая отырған Ертай əсіресе жарылған камердей пысылдап, кейде бауыздалған түйенің кеңірдегіндей қорқырап, өз үйінен бе, əлде машина дүрілінен бе, – əйтеуір жиі-жиі оянып кетіп, қайта ұйықтап келе жатқан Хонин Дашқа анда-санда көз тастап қояды. «Адам қандай қызық!»,– дейді ол өзіне-өзі əлде кімді сағынса да, кездесуге асықса да алыста жүргенде онша мазасыздана бермейді. Ал жол аяғы қысқарып, досыңмен дидарласып, жарыңмен қауышар сəт жақындаған сайын ұшқыр көңіл елпілдеп, асау жүрек аттай тулап, алып ұшатыны несі екен?! Расында да кейде сағатына сексен шақырымдық жылдамдықпен жүйткісе де сыралғы машинасы тым шабандап келе жатқандай сезіледі. «Аузы күйген үрлеп ішеді» - дегендей бір кезде кішкентай Бағиласынан айырылып, аңырап қалған ол енді Дариғамнан көз жазып қалармын деп зəресі ұшады. Иə, жөргекте жатқан Дариға оның ендігі жұбанышы, айналар алданышы емес пе. Оған қойылған Дариға деген есімнің өзі де Ертайдың есіне ғайыптан пайда болғандай. Бұл бір көз алдынан кетпейтін, төтенше қуаныш кезінде туған оқиға еді. Осы күнде Ертаймен бірге жұмыстайтын шоферлердің кейбірінің əзілқой келіншектері «Бақсыны байым бар, бұқаны малым бар деме» дейді екен бұрын, сол сияқты қазір біз «шоферді байым бар демейміз» – деп қалжыңдайтын. Расында да шофер шіркіндердің бел шешіп, отының басында əйелінің қасында болар шағы тым сирек-ау! Сондай қауымнан саналатын, аймалар əйелі, аялар баласы жоқ Ертай да бір алыс сапарынан Астанаға оралуды аңсап, асығыс жетсе мұны Тогтох пен Буянжав шешей абыржи күтіп отыр екен. – Мэндэй босанды, сүйінші! Олар баланы Ертай ағамызға бермек боп бұрын келісіп қойғамыз дейді. Жүр енді шілдехана істейміз бүгін! – деп Ертайдан артық қуанып, қолды-аяққа тұрғызбай, киімін де шала-шарпы ауыстыртып, Ганжуурдың үйіне ертіп келді. Сөйтіп сыбайластар бас қосқан, дүниеге жаңа келген сəбиге ақ тілек айтып, ат қою рəсімі – шілдехана қызу баста-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз лып кетті. Бірінші тостыны ең алдымен көтерген Ганжуур: – Біз кішкентай нəрестемізді Ертай ағайға бердік, атын да өзі қойсын, емшек еміп, сəл ширасын, оған дейін Мэндэй асырай тұрсын. Сонымен ағамыздың баласының жасы ұзақ, əкесі бақытты болуына тілектестік білдіріп, осы тостыны көтеруге рұқсат етіңіздер! – дегенде жұрт ду қол шапалақтап, батаның қабыл болуын тілеп, əкелі-балалы екі адамға қошемет көрсетті. Екінші ретте сөз алған Ертай Ганжуурдай абзал інісіне, Мэндэйдей аяулы келініне ризашылық білдіріп, көгілдір хадаг (мата) ұсынып екеуінің маңдайынан сүйген сəтте өлгені тіріліп, өшкені тамғандай тебіреніп жанарынан мөлдір тамшы домалап түсіп, жөргектегі балаға ұмтылды. – Ойхой дариға-ай,– деді қазақша сөйлеп,– Ғұмырлы бол, қарағым! Ол құндақтаулы бөбекті ұзақ иіскеп, кеудесін кере тыныстады. – Ертай, сен əлгінде балаңды қолыңа ала бергенде «Дариға» дедің ғой, қазақта сондай есімді қыздар болады емес пе, қойған атың сол ма? – деді Ертай жүрегінің əр қалтарысын, қан тамыры соғысының əр лүпілін тамыршыдай сезінетін Тогтох. Жүрегін қуаныш кернеген əке бұл сауалға дереу жауап қайтармай, алдымен Тогтохтың сезімтілдығына таңдана отырып, сəл ойланып қалды. «Расында да осы бір тосын сөз аузыма қалай түсті? Қыз балаға лайық есім. Өзі тіпті Бағила дегенге ұйқасып тұр. Бағила – Дариға. Қандай жарасымды! «Əуелгі сөз – рахым» деп үлкендер тегін айтпаған болар, – деп түйді ол. – Тогтох, сен дұрыс аңғарыпсың. Мен қызымның атын Дариға қойдым, бола ма осы есім? – Дарийма дейсің бе? – деді сəл қақас естіген Буянжав шешей. Елеңдеп, құлағын түріп отырған тойшылардың кейбіреуі күліп те жіберді. Енді бұл есім екінші қырынан танылып, ажарлана түскендей. Бағила – Дариға – Дариймаа. Ақыры алғашқы пікір көп аузында əлденеше рет қайталанып, жаппай ұйғарылған соң осы есімнің баянды болуына арналған тостты тағы көтеріп қалды. Сөйтіп Ертайдың өміріне тосын қуаныш əкелген Дариға – Дариймаа дүниеге осылай келіп еді. Адам кейде ой жетегіне кеткенде ояу жүріп те, ұйқы құшағына енгендей түйсіксіз, бірде ұйықтап жатып та ояудай сезімтал болады емес пе. Дəл сондай көрер көзі алда, көкірек көзі алыста отырған Ертай көлденең жыраға жетіп келгенін жедел абайлап тормозды кенет басып қалды. Қаншама ескіргенімен көптен бері ұқыпты шофердің қолында сəйгүліктей бапталған машинаның төрт аяғы бірдей тежеліп, жер қыртысын сыдыра кеп, қас қағымда лық етіп тоқтап үлгерді. Бұл асығыстықтың сырын бұйығып, ұйқылыояу мең-зең боп ұйлыққан кузовтағы жолаушылар онша аңғара қоймағанымен қия жердің көшінде түйеге байланған баспақша ырғалып келе жатқан Хонин Даштың басы алдындағы көлденең темірге сарт ете түсті. Ол оянып та кетті, бірақ бірақ соққының қатты болғаны сонша « Ойбайдан » өзге тіл қата алмай есеңгіреп бара жатты. Өзге шоферлер сияқты Ертай да шағын ем дəрісін тастамай жүретін-ді. Дереу кісіні шалқалата жатқызды да, темір іліп, ырсиып тұрған маңдай терісін сипап біріне-бірін қосып жіберіп иод жаға қойды. Сонсоң алдыңғы қобдишақта тұрған майлы матаны жыртып, жараны таңып тастады. Əйтеуір өкпе, жүрегі соғып, қыстыға дем алып жатқан адам сəл ыңырана қозғалып есін жия бастап еді, шұрылдаған танауынан қан сорғалап кетті. Ертай онысына тағы да май жағып, тобат баттасқан екінші бір шүберекті тосты. Таза мен ласты онша талғай қоймайтын Домбырауын бай жұмсақ бұлды жұмарлай ұстап танауына таята бергенде қан ағып тұрған таңқы танауын өрлей жөнелген бензин иісі кеңсірігін жарып жібергендей түшкірді. Шофер жарақаттанған байды тезірек ауруханаға жеткізуге, сонсоң Дариға – Дариймаасына баруға асықты.
Жоғалған қыз ТАНЫС АДАМ Үзбей бірнеше күн жауған ақ жаңбыр бүгіндер ғана сəл тоқтай бере оның орнын дымқыл тұман басты. Асқар тау түгіл, адырға да саналмайтын жатаған дөңестерге қонақтаған соқыр тұман ішінде келе жатқан арбалы көш жақындап барғанда ғана болмаса тосын көзге шалынар емес. Төрт өгізді екі-екіден қосарлап жеккен арбаның шиқылынан өзге дыбыс та естілмейді. Алдыңғы марқай аяңдап, тізеден өскен өлең ұшындағы мөлтілдеген меруерттей тамшыларды шашырата басып келеді. Бұрынғы жалғыз аяқ жол сорабы тым көмескі тартып, ескі-жаңасы араласқан, киіздей тұтасқан шөп артына қашып кірген жыландай жеткізбей-ақ барады. Бас білгі өгіздер өзінің ежелгі сабырлы қалпын сақтап асықпайды да іркіліп, тартынбайды. Алдыңғы арбаның жүгі жаттық, əдейі жайғап салған жылы орнында отырған бала, бұлтты аспанға, бұлыңғыр тұманға тесіле қарап, өзі ес білгеннен бері көрген табиғат құбылыстарының сырын ұға алмай таңырқап келеді. Ол бұлтты ылғи көкте болады деп ойлайтын, енді ғой жерде де көшіп жүр. Сонда осы екеуінде қандай айырма бар? Өзі тұман қайдан шығады екен? Құдай жарата ма, құдайды кім жасайды? Құдай дегеннің өзі кісі ме? Олай болса менің əкем сияқты сақалды болар. Өгізді де, еркекті де, əйелді де – тіпті көзге көрінгеннің бəрін жасауға жалғыз құдайдың шамасы жетер ме? Осындай ойлардың ұшығынан шыға алмай, əрі дымқыл ауадан сəл бұйыға түскен ол мажаурап қалғып кетті.көш соңында онша қара үзіп қалып қоймай ертоқымды екі атты қосарлап жетелеген қартаң кісі бір топ сиырды жая айдап келеді. Сырттай қараған адам бұларға таңырқамай қоймайтын сияқты. Аттары бола тұра көш алдындағы кемпірінің де, соңындағы өзінің де жаяуы қалай? Бірақ мұнда тұрған ерекше ештеңе жоқ, тек жаңбырлы салқында тоңазыған денесін аздап жылытып алудың амалы ғана. Иə, бұл кісі Минчин, ана кетіп бара жатқан Дашиймаа, ал арбадағы Байгалмаа еді. Бұлардың мезгілсіз осылай көшуінің үлкен себебі болды. Күн артынан күн өтіп, орыс дəрігердің шипагер қолының арқасында Байгалмаа бір ажалдан қалып, жазылып шықты да, Минчиннің өз айыбынан жазасыз құтылуы. Сондай қуанышты жағдай қайта оралғанымен Минчиннің көңілі орнықпай қойды. Ол əрдайым əлденеден күдіктеніп, көлеңкесінен де үрейленетін болып алды. Көбіне өзіне əлденеше рет жақсылық істеген, тіпті осы жуықта оны оттан суырып алғандай болған əлгі бір шоферге сенімсіздікпен қарай бастады. Балам сырқатынан, өзім пəледен шын құтылдым ба, жоқ па деген оймен бал аштырмақ боп балгерге келген-ді. Сонда ол жұлдызнамаға қарап отырып: – Əлі де жаладан айыға қоймапсың, балаға да, өзіңе де кəтерін тіккен біреу бар. Садақаны көбірек бер. Дұшпаныңның періштесі саған айналып, саған қастық істей алмайтын болады, – деген. – Сонымен түскен еркек адам ба? – Иə! – Орта бойлы ма екен? – Дəл солай! Мұндай сəуегейлікті естіген соң ламаға садақаны мол-ақ берді. Есесіне шофер туралы күдігі үдей түсті. Орта бойлы еркек сол ғой. Осындай пəтуасыз ой соңында жүрген Минчинге тағы бір тосын оқиға түрткі болды. Бір күні кешқұрым ауыл балаларымен ойнап отырған Байгалмаа, əлденеге бұртиып, қабағын түйіп келді: – Біреу тиісті ме? – Қарының ашты ма? – Ауырып қалған жоқсың ба? – Тəтті жейсің бе? – Ұйқың келді ме? Жарытып жауап бере қоймаған бала, бір уыс тəтті ұстаған қалпы жатып қалды. Шыбын жаны соның үстінде тұратындай көрінетін екі қарт бұл түні кешкі астарын жарытып іше алмады, ол жатар уақыт өткеннен кейін де алаңдап, ұйықтай қоймай, шам жағып бірталай отырды. Біріне-бірі сұраулы көзбен қарап, кішкентай Байгалмаасының бүгінгі сыныңқы ажарының мəнін біле алмай дағдарды. Ол бұрынғыша дағдылы уақытында жатып қалған алғашында сəл ояу жатқанымен біраздан кейін
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз ұйықтап кеткен-ді. Тағы да нендей бір сырқатқа шалдықты ма деп күдіктенген екі қарт та себепсіз отырыстан жалығып, енді ғана мызғи бергенде ұйқысырап оянған Байгалмааның жүзі күреңітіп, екі беті албырап, қызуы көтеріліп қалыпты. Онсыз да мазасы кетіп, тынышсызданған ата-ана енді мүлде қысылып кетті. Балгерге де, дəрігерге де жүгірудің реті жоқ. Түн ортасы əлдеқашан ауып кеткен, ел ұйқыда. Енді кезектеп жөргектегі бөбектей аймалап, көрер таңды көзімен атырудан өзге амал қалған жоқ. Ақыры солай болды да. Қайғы, уайымсыз адамға қыстың ұзақ таңы да лезде атып кеткендей көрінеді, ал бас ауырып, балтыр сыздаса, немесе ой толғағына ұрынсаң қандай қысқа таң да жылдай сарылтып, қараңғы түн масыл болып жатып алады. Бүгін де сондай абыржыған Минчин мен Дашиймаа үшін аса бір қолайсыз түн болды. Сөйтіп, таңертеңгі алаң – елең шақта асығыс киініп, дəрігерден бұрын балгерге жетуді жөн көрген Минчин қайта оралып келгенше кішкентай Байгалмаа тыным тауып, тəтті ұйқы құшағында жатты. Болған жəйға əбден қаныққан лама ағынан жарылып, сасқалақтаған əкеге «жан ашырлық істеп» достық ақыл айтты. – Мен сенен екі рет садақа алып, құдай сөзін ұқтырдым. Бірақ, өзің маған келуді əншейін парыздай ғана көреді екенсің. Егер мен болмасам тағы орыс емшіге жүгіруден тайынбайтын түрің бар. Өйтіп шын жүрегімен мінəжат етіп садақасын адал ниетімен шығармаған адамға тəңірдің ықыласы тимейді. Сондықтан сен балаңның ішін жарған орыспен бол. Орыстың бұл əрекеті жалған, алдамшы, тəңір ісі – мəңгілік. Екеуінің біреуін таңда. Екі кеме құйрығынан ұстаған суға кетеді. Сен орыс қолы дуалы, орыс сөзі уəлі дейсің ғой, соның бəрі баянсыз бояма. Көрдің бе, міне? Балаңа шалық тие бастапты. Мұны мен оп-оңай жазар едім, ана орыстың кесірі бөгет болып тұр. Енді тіл алсаң соған бір қастық жаса. Сонда ғана мал-басың аман қалады. Менің айтарым осы! – деген балгерлама сөзін ұйып тыңдаған Минчин ұзақ ойланып қалды. Бəрінде бір баланың қамы үшін сағалап жүр ғой. Мына кісі дұрыс айтады, белгермен бе, дəрігермен бе, екеуінің бірі. Сонсоң қаттырақ айқайлай орнынан тұрды. – Мен қателесіппін, кінəлімін! – Солай құдай алдында кешірілер қателігің, бұдан былай тайма жолдан, – деп балгер-лама да мұны қостай кетті. – Жоқ, мен дінім үшін емес, күнім үшін орыспен болам. Сенің қолыңдағы андағы киіз кітабың, мен берген садақам жаза алмаған ауруды табанға кірген шөгірден де оп-оңай алып тастаған адамға қалай ғана қастық істе дейсің? «Достыққа дұшпандық көрсет!» осы ма маған нұсқаған құдай жолың? Ол есікті айқара қатты ашып тастап, шыға жөнелді. Сол екпінімен дəрігерге жөнелмек боп тұрды да, жолда баласының халін біле кеткелі үйіне келді. Қамсыз ұйқыда жатқан Байгалмааны, ертеңгі қою шайды алаңсыз ұрттатып отырған Дашиймааны көргенде күдік те, қорқыныш та, ашу да ада болғандай сабырлы қалпына түсті. – Кемпір,– деді ол сөз арасында. – Осы менің діншіл емес екенімді білесің ғой. Ғылымнан мақұрым, жарытып хат та танымаймын, сонда да жаңа мизамға, дəрігер ісіне құдайдай сенетін болдым. Оның жақсылығын талай көрдім де. Сөйтсе де кейде өзім жақамайтын балгерге, ламаға барып, бал аштырып, уағыз тыңдағым келді де, тұра жүгірем. Тіпті садақа да бергішпін, бірақ, соны шын ниетіммен істемеймін, не қоя да алмаймын, бұған не дейсің? – Ежелден тастай алмай жүрген əдетің емес пе, мұнан былай бармай-ақ қой, сені ешкім күшпен жетелемес. – Тастадым сол əдетті. Садақа шығарған талай дүнием сонымен кетсін. Өзім де қайта бармастай боп қайттым,– деді Минчин. Сонсоң көңілдегі күдігінен біржолата айығу үшін тапқан амалын айтты. Байгалмаа бір күні əкесін тауып кете ме деп қорқам. Ол жігіт те менімен үйір-шүйір боп алды. Бала бізге келгелі бірнеше жыл өтті ғой тым жас кезіндегісін ұмытып болған шығар. Бірақ, əкесінің көзіне түссе сірə қойсын ба, сондықтан тасалана тұрайық. Бұл жерден жалтарып, машина бара алмайтын «Шугуйтға» кетейік. Байгалмаа да жайлаудың тұнық ауасында денсаулығын жақсартсын. – Қашан көшпексің сонда? – Ертеңгі күннің сəтінде. – Тым асығыс қой оның, біраз күн ерулеп жиылып – терілмей, мына ақ жаңбырдың айығуын күтпей бола ма?
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Жоқ. Мұнан əрі, тіпті төзе алар емеспін. Етек басты боп отырып бір шатаққа ұшырасам өкініші мəңгі естен кетпес. Өрістегі жылқыны, жоғалған бұқаны қайта айналып кеп тауып алам. Əзірше үйді жеткізу қамын ойлайық. – Өзің біл,– деді Дашиймаа отыз жыл отасқан жұбайының бір алған бетінен қайтпайтынын білетіндіктен сөз таластырып жатпай-ақ. Міне, бүгінгі қарбалас осындай сан-сапалақ күдікті ойлардан туындап еді. Ал көлікті көштің əр қимылына дейін қызықтай қарап, соңында мажаурап ұйықтап кеткен Байгалмааны мазалаған тосын оқиғадан мына екі қарт мүлде хабарсыз болатын. Ауруханадан сауығып шыққан ол балалық көңілдің тағы бір бейкүнə сəтін бастан кешіріп, талай күндерін қызықпен өткізіп жүрді. Алғашқы кезде жиі сақтандырып, «ішінің жарасы асқынады, көп жүрме, тігісі сөгіледі, қатты секірме» – деп қадағалағанымен ата – анасы біртіндеп ондай ескертуді босаңсыта бастады. Ойын баласына қойылатын талаптың орындалуы жартастың жаңғырығындай лезде көмескі тарта береді екен. Бірақ, Байгалмаа қайталап ауыра қойған жоқ, жарасы бітіп, күн сайын оңала берді. Тегі, жас баланың уыздай еті бір-біріне желімдей жабысып, тез бірігіп кетеді. Уақыт өтіп жатты. Көктем маусымы аяқтап, жылауық жаз да бет бұра бастады. Ал шаруамды реттеймін, қыс дайындығын қамтамасыз етейін дейтін ойдан аулақ балалар үшін жылдың төрт мезгілінде ешқандай айырмашылық жоқ қой. Əйтеуір ұйқысы қанып тұрса болды, қырдағы балалардай емес, қала сағалағандар ат боп асыр салмайды, тастан үй тікпейді, керісінше машина боп дүрілдеп, ойнайды. Байгалмаа да көршілердің өзі теңдес балаларымен, əсіресе тұлымшағы желкілдеген кішкентай қыздармен жиі бас қосатын. Сыбайлас үйлердің бірнеше осындай балалары бүгін де күндегі əдетімен ат арба, машина боп ілгерінді-кейінді жүгіріп, бірін-бірі сүйреп жүрген. Мұндайда көбінде қыздар масаттанып, отырып алады да арбаға ұлдар жегіледі. Осылардың ортасында болғандай Байгалмааның қолынан қағаз, қарындаш кетпейді де, ол оқушы болып көрмесе де, құрбыларын жинап ауланың бір бұрышына, үй іргесіне отырғызып қойып, өзі мұғалім, өзгелерді шəкірт болдырып сабақ үйрететін. Қазір де «ұстаз» жұмысын енді бастай бергенде аула сыртына кеп тоқтаған машина дүрілін естуі-ақ сылтау екен, «оқушылар» тұра жүгіріп, тіпті ұлдар қақпаның есігінен шығып кетті. Қасында бір-екі кішкентай қыз бар Байгалмаа да елеңдеп, дуалға ұсталған биік, əрі жуантық сырғауылардың арасынан сығалай қалды. Машина жіңішке көшенің азғантай алаңын толтырып, екі жағына тым таяп кептеле келіп тоқтапты. Кабинадан шыққан жігіт кузовтағы біреудің көмегімен ауыр бірдеңені түсіре бастады. Сонсоң: «Ертай», – деді біреу əлдекімді шақырып, есігін ашса қасындағы қабырғаға тірелетін болған соң əйнегін түсіріп жіберіп, басын шығарып, үстіндегілерге əлденелерді айта берген шоферді көргенде Байгалмаа селк ете түсті. Көз алдында көмескі тартқан бір бейне тұр. Тесіле қараған сайын əлгі адамның бет əлпеті ежелгі бір танысындай сезіліп барады. «Сол... Дəл ғой... Бұл менің бұрынғы... Соның өзі » деген ой келгенде буындары қалтырап, көз алды шымылдықтанып, басы айналып кеткендей болды. «Əке! Мен мұндамын!» – деді ол бар даусымен айқалап. Бірақ, оның бұл үні өзге түгіл өзіне де естілген жоқ. Ол мұндай батылдықты іштей ғана айтып еді. Өйткені, ұзақ уақыт зарыға күткен осы бір адам дəл қазір оған қаншалықты жақын тұрса да, тосырқаған көңілге соншалықты алыс сияқты көрініп бара жатты. Сол сəтте мотор үні күшті бір дүр етті де, машина қозғала берді.
Жоғалған қыз ЖАҢАЛЫҚ «Қарды қылау өсіреді» деген рас екен, соңғы кезде онша көп қар жауа қоймағанымен үртіс қылаулап, тұнжыраған айнала бүркеліп күн көзін айқын көрсетпей тұр. Айнаға түскен сəуле сағымындай үп еткен жел де соқпағалы бір аптадай болып қалды. Бұл ежелден бері ауа райын бақылаудың моңғолша бір есебі «тоғыз – тоғыз» амалының төртіншісі өтіп бесіншісі орталап қалған кез болатын. – «Қыстың басы қатты болса, аяғы тəтті болады» – дейді үлкендер. Əйтеуір, наурыз туа басталған биылғы жаңа жыл былтырғы созылған жұтқа қарағанда недəуір қатал тұр. Аяз да күшті-ақ. Нағыз түкірік жерге түспейтін суық осы болса керек. Жер тоң, тайғақ. Жылы маусымдарда бусанып жататын шымды жерге енді болат шеге қақсаң да қайырылып қалатындай. Даңғыл керуенмен машина түгілі ат арба да тайғанап, кейде жаяу кісі де шалқайып жатады. Осындай жол кедергісіне бағынғандай баяу ғана жылжыған екі машина тіркелген түйедей тым жақындамай араларын алшақ ұстап келеді. Көк тайғақ мұз бап қалған жолға тиер үйкеліс жоқтай. Басқа маусымдарда борпылдақ топырақ боратып, сəл белегір кезіксе белі талғандай қайқаңдап күңірене жүйткіген кезде немесе ойлы-шұңқырға, сазбатпаққа тап болғанда жер ананың апшысын қуырып дүрілдейтін мотор үні де баяу сырылдаған бір əуен тауып алған. Таң атса кеш батады, қысқа күннің ымыртқа айналғаны да айналаның қарабарқын тартуынан білінеді. Сондықтан күндіз жол ұта алмайтын шоферлер түнгі жүрісті олжа көреді. Осындай оймен қараңғы түскелі де екі өртең қашықтықты еңсеріп тастаған жігіттер түн ортасына таянған кезде келіп жеткен өртеңге аялдап сəл тынықпақ еді. Əрі өздері де осы бекетті өгдеп-ақ жеткен болатын. Олар кеден үйдің алдында кеп тоқтағанда сыртқа шыққан біреу аздаған сəулені айдалаға шашып жібергендей жарық еткізді де, есікті жаба салды. Шоферлер кабинадан түсіп, əлгі кісіге жақындады. - Сəлеметсіз бе? - Амансыз! – деп кеденші сүле тіл қатты. Олар түн ішінде мезгілсіз келген қонақты онша жақай бермейтін. Əрі өлшеуші ғана азық-түлікпен жатады да, жолаушыларға тамақ сатпайтын. Əсіресе, өз бетімен жүретін шоферлер кеден үйден тек машинаға құятын жылы су дəметсін де, мүмкіндік болса отқа жылынып кетуді ойлайтын. - Біз сіздердің бір жолаушыларыңызды алып келдік. Ана машинада отыр, түсіріп алыңыздар. – Кім ол? Батысқа да, шығысқа да кісі жеткізіп кеткендер бар еді. Ұйықтап жатқанын тұрғызып, ояу отырғанын тысқа шығарып, кеденшілер қарбаластанып қалды. Кабинадан түсірген біреуді екі жағынан қолтықтап, дуылдай жүріп, алып кетті. Шоферлер машиналарын ықтата қойып, тұмсығын орап, радиатордың суын төгіп, жайланған соң ғана үйге кірді. Аядай төр алдында əлгі жігітті отырғызып, өзгелері киімін шешіп, əуре боп жатыр. Үсіген аяғы күмпиіп, етігіне кептеліп қалған бейшара тістеніп, қаншама қайрат қылайын десе де қиналып, ойбайлап жіберді. – Етігінің қонышын тіліңдер! – Албаты жерін бүлдірмей тігісінен сөккендерің дұрыс болар. – Ойбай-ай! Киіз байпақты, кең қоныш, қайқыбас етіктің ішінен шыққан аяқ талаурап, домығып тұр. Тізеден төмен жан жоқ сияқты, саусақтары қозғалмайды. – Тек қатты шаршап тұрмын. Үсінген жерім жоқ деп еді бізге, – деді Ганжуур. Неге жасырды екен? – Үсінген адам тоңғанын білмейді. Жылы жүргендей көрінеді екен ғой. Сіздер өзі мұны қайдан тауып алдыңыздар? – деп сұрады меденшілердің үлкені, бір байсалды қарт адам. – Біз Астанадан келеміз, шыққалы бірнеше күн болды. Жер қар, тоңғалақ, қатты жүруге болмайды. Батыс аймақтарына жүк жеткізбек едік, мына жігітті жол-жөнекей тауып алдық. Бізге қалай кездескенін өзі айтады ғой. Осындай қатты аязда да, дымы құрып шөлден қалған екен, ол алдымен бір сапты аяқ суық суды сіміре жұтып алды да, кеберсіген ернін жалап қойып үзіп-үзіп сөйлей бастады. Оқиға былай болыпты: Аймақтан тығыз, əрі құпия хабар
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз алып шыққан бір қызметкер өртеңнен-өртеңге жалғасып, тізгін ұшымен келіп, өткен түнде осында жеткен болатын. Бірақ, жолаушы көп жүріп жарамды ат қалмаған еді де, олардың оралуын əлгі кісі күте алмады. Қолда тұрған артық құнан мен бір кəрі айғырды ғана аяқ лау етіп шыққан олар алдағы өртеңге жетіп үлгермеді. Тоя жеген жем – шөбі жоқ, суықтан жаураған құнан қаншама елпек болғанымен жуан сіңір айғырға ілесуге жарамады. Ақыры төбеге ұрғандай тұрып алды. Басқа істер амалы болмаған меденші жүргіншіні ілгері қоя берді де, өзі аяғымен теуіп, қолымен аршып, үзеңгісімен тырналап қар астынан шөп шығарып, жеткізбек болғанымен қорадан алғаш шыққан соң желіңкіреп кеткен жүрісте сəл бусанған жылқы тер қатып, жаурап өлең шөпті шайнай алмай дірілдей берді. Иесі оны далаға тастап кетуге қасқыр жеп қояр деп қорықты да, біраз жерге жетелеп көрді, бірақ құнан енді табан аудармай мүлде қалды. «Мал көзі – ыстық» деген ғой, өзінің екі-үш дөңгелек тұяқтысының ішіндегі жүйрік болар деп дəмеленген жалғыз жылқысын, тірі тастай алмай қасында ұзақ отырды. Жануардың өзі де тұлпар сынды мал еді, былтыр тайында, биыл жазда құнанында бірнеше рет бəйгеге қосылып, əсіресе мемлекеттік тойда сұмында ылғи алдымен келіп тұрған-ды. «Өзің кедей адамсың. Жүйріктен гөрі тіршілігіңді ойла, мұны сатып жібер» деген ағайын сөзіне құлақ аспай қойған. Жүйрік ат – азамат қызығы, ер – қанаты емес пе. Кедейліктен өлмеспін. Қалай қиып сатам! – деп ешкімнің тіліне ермеген. Шынында да бестен – он қара ұсынғандар да болып еді. – Бере сал. Сенің бұл мəстегің ертедегі «Сулин хэрдэн» артық емес қой. Ондай сəйгүліктердің талайы босқа кеткен. – Шырағым-ау, осының топ жарып бір келгенін өзі он қараға бергісіз қуаныш. Ата-бабаңнан бері белдеуіңе байланбаған жалғыз жүйрікті сатпа! – деп ақыл айтқандар да болды. Сонымен жаздай бəйгеге қосылған көзбен құнанға айырылмастай құрық түсті. Əр үй сайын салынатын кеден салығын өтей қоятындай өзге қырпулы көлігі болмаған жігіт қимас жылқысын жетелей келіп, өзі лаушы болып жалданды. Ара-тұра, жақын жерге аяқ лау болдыра жүріп, недəуір күткен болды, бірақ, қыс ішінде дəл мұндай мініс көрмеген, əрі жұтымға жарымаған жас малдың кетеуі кетіп бара жатты. Ақыры жеткен жері осы. Уақыт кешіккен сайын иесі де жабырқай берді. Күртік қарға құлап түскен жылқыны орнынан тұрғызбақ боп қанша əуреленсе де ештеңе өндіре алмады. Сонсоң айылын ағытып, ішпегін, тоқымын жазып жабулаған болды. Жануар көзі жылтырап, кірпігі дірілдеп көп жатты. Өзі де жануарға жаны ашыған жігіт оның қасынан ұзаған жоқ. Сол жығылған бойы қимылсыз жатқан жылқы ертеңінде мүлде сіресіп, мұз боп қатып қалды. Сонда ғана күдер үзген иесі ерін арқалап, ілгері өртеңге бет алды. Бірақ, ашыққан ұйқысыз, əрі аяз етінен өтіп, сүйегіне жеткен адамның жүрісі өндімей қойды. Жиі-жиі тоқтап, дем алып келе жатты да, бір жердің қарын қазып, ер тоқымын көміп тастады, айғырды мініп қайтқан жолында бөктеріп алмақ. Сонсоң тағы да бір шақырым жол жүрді де сəл ұйықтап, тыңайып тұрмақ боп қар жастанып қисая кетті. Бірақ түннен бері бұл жолмен ешкім жүрмей, жұрт аяғы тиылып қалды. Сондықтан көлденең ешкім мазаламай қамсыз ұйықтап жатқан оған Ганжуур мен Ертай жолығып, оятып алған-ды. Жігітті орап, жылы қымтаған соң жаңағы кеденші қарт өз ойын айтты. – Үсігі ұлғаусар. Тезірек амал қолданайық. Бұндайда тек жаңа сойылған малдың жыны керек. Сен отырма, қазір аттан. Давааттағы ауылда менің бір тоқтым бар, соны алып кел. Келесі жазда баламның шашын алғанда сояйын деп едім. Енді мына бейшараны көре отыра өлтіреміз бе? Аман-есен жазылса азаматтың маған бергені сол. Жалғыз асым ет тұр ғой, жұртқа əйгілі болған сəйгүлігінен де айырылып соның қасында қалшиып отырам деп қара басынан айырылуға таяпты емес пе? – деді батыс лауынан жаңа ғана оралған, əлгінде сыртқа ең алдымен шыққан жігітке бұйыра сөйлеп. Қарт тапсырмасы екі болған жоқ. Аты келіссе ақпанда да жаурамайтын моңғол жігіті лезде тоңғалақ жерді дүрсілдетіп, кете беріп еді шал: – Абайлап жүр. Ол жақта жер иен ғой, əуелі мына Маньбазар сұмынына кетіп бара жатқан біреуді күндіз даңғыл керуен үстінде қасқыр қамап, атын тартып жеп кетіпті. Өзін басқа
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз бір жүргіншілер құтқарыпты. Мылтығыңды алдың ба? – деп дауыстады. – Алдым. – Тезірек келуді ойла! – Ат шыдаса кешікпеспін. – Ол желе жөнелді. Тыныш далада түнде жүрген жалғыз аттың дүбірі көпке дейін естіліп тұрды. «Сұрайқы» тезек қаланған пеш қызып тұр. Шал құйып берген бір-бір тостаған ыстық шайды ұрттай отырып жігіттер ұзақ сонар əңгімеге түсті. – Мен,– дейді шал найының күлін етігінің тұмсығына қағып түсіріп, толтыра темекі салып, қайта бір құныға сорған соң булыға жөтеліп алды да: – Жетпіс жылдық өмірімнің алпыстан астамында отырғаным бүгінгі өлген жүйрік құнан, үсінген мына жігіт ғана емес. Кісі өліміне талай жолықтым. Жүйрік жорға – бұл əншейін ғана, азамат жанының садақасындай сезіледі. Осы өртең жұмысы баяғы Шыңғыс хан тұқымы Өгөөдейден бері жалғасқан дейді ғой шежіреде, шын болса сегіз жүзден астам жыл бұрын шыққан екен. Сонан бері бұған жұмсалған малды тірі қоя берсе, сірə, жер бетіне сыймайақ кетер еді-ау деп ойлаймын. Төңкерістен бұрын тіпті қиын болды. Ат мініп, азық алғанымен қоймай қытайлар халықты таяққа жығып, қырып жойып, тонап тұрды ғой. Əлгі қолбасшы Сухбаатардың өзі де лаушы боп жүріп өзін сабаған қытайларды далаға тастап кетіпті дегенді бір естіп ем. Ал қазір түзелді, қызмет адамдары зорлық көрсетпейді, бірақ жарамды көліктің жоғына қарамай қыспақтап жібереді. Оларға да сын жоқ, үкімет қызметі оңай ма, біз баяғы қыршылыққа бағынып, кеденді де жарытып ұстай алмаймыз. Соған тіпті халықтың күші жетпей қалды. Немене өзі, үлкен жерден келесіңдер ғой, ат өртең жойылады деген рас па? Осы жерден өткендер сондай бір шалаңғыр өсектер айтады. Мен тіпті соған сенгенім жоқ. Ондай қайда, өртеңсіз үкімет жұмысы қайтіп істеледі? Тығыз хабарды қарғаның құйрығынан байлайды ма? Ептеп өстіп отырамыз, өркендеген елде, ана Сесерде, Англия, Америкаларда ат өртен жоқ, ылғи шишан жүреді екен ғой, бізде басы артық не бар? Бұл дəл менің тірі кезімде жоқ нəрсе. Онан кейінгі ұрпақтар көрсе-көрер. Ата-бабамыз естімеген осындай шишан айырпылан дегендерді енді өзіміз де көре бастадық емес пе? Мұның бəрі елдің дамығанының арқасы ғой. Биыл біздің аймаққа радио дегенді, əлгі бір өзі сөйлейтін табақты орнатып жатыр. Сонда да өртен əлі жойыла қоймас,– деп қарт күдіктене сөйледі. Бір үлкен жиналыс болған дей ме, қалай өзі? – Болған,– деді Ертай – Мемлекеттік ІХ съезд жуықта ғана өтті. Сол жиналыста ат өртең жойылады депті. Қарт мүкіс құлағын таята Ертайға қарай бейімдей отырды. – Иə, бұл шындық дейсің бе? Съезден шықса онда Маршалдың өзі айтқан сөзі ғой, Япыр-ай, ол кісі не ойлады екен, а? – Маршал бастаған, өзгелер қостаған шешім. Сол съезіңізге қатысып, ат өртен енді жойылсын деп қол көтерген кісінің бірі мына жігіт. – Қарайгөр! – деп шал енді жиегі қызарған бітік көзін сығырайта қарап, Ганжуурға тесілді. – Кім еді бұл бала? – Озат шофер, есімі Ганжуур. – Солай де, əңгіме сенде екен ғой. Съезге қатыстың ғой, сонда өзің Маршалды көрдің бе? – Көрдім, ақсақал. – Өртең жойылсын деп сол кісінің өзі айтты ма? – Айтты. – Япыр-ай! Сонымен?… Жоқ тоқтай тұр. Балам, отқа жақынырақ отыршы, тоңдың ғой. Шал түндігі жабулы тұрған шаңыраққа қарады. Əлі таң ата қоятын болған жоқ, мен қазанға біраз ет салып қояйын. Қарындарың ашқан секілді. Жол адамы тойып жүрмесе жұмысы өңдімейді. – Қария, əуре болмай-ақ қойыңыз. Өзімізде піскен ет бар, соны жібітіп жейік бəріміз. – Моңғол жұрты қонағынан тамақ сұрамайды. Шал əлі де ширақ адам екен, лезде далаға шыға жөнеліп, жіліктеп қатырған бір қол алып келді. Мен балаларыма ыстық сорпа істеп жіберейін. Ол пешке тезекті қалады да, төрт құлақты кішкентай шойын қазанды асып жіберіп, су құйып, ет салды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Съезге қатысқан Ганжуурдың арқасында мен сорпа ішетін болдым, – деп күлді Ертай. Денесі жылынған, үсіп жансызданған аяғы сыздап, мазасын кетіре бастаған жігіт енді жиі-жиі ыңқылдап, селк етіп шошып жатты. Қарт кеденші оған сəл үңіле қарап тұрды да, уықтың қарынындағы кішкентай түйіншекті шешіп, үгіткен аршаны алып тұтатты да əлгі ораулы жігіттің қасына қойды. Тағы да найын толтыра темекі нығап, арша шоғымен тамызып алды. – Иə, балам. Айтшы, Маршал өртенді неге өзгертеміз деді? – Сен əңгімеңді айта бер, Ганжуур. Мен сəл мызғып алайын,– деп Ертай тонының бір жеңін жастанып, екінші жеңімен бетін көлегейлей қисая кетті. – Съезд керемет болды, көп адам жиналыпты. Бірнеше мəселе талқыланды. Соның бірі ат өртенді жойып, халықты одан ұлықсаттау еді. Əлгінде сіз айтқандай бүкіл елді қатты шығындатып тұрыпты ғой. Бір жылдың өзінде он сегіз мың адам меден ұстап, сан мыңдаған ат көлік мініліп, бір жүз елу мың қой-ешкі сойылып, он милионнан астам сомның дүниесі жұмсалып келіпті. Сондықтан үкімет өртеңді жойып, оған машина қолданса пайдалы болады екен деп көрді ғой. Бұл сандарды естігенде шалдың зəресі ұшты. – Сондай болар деп өзім де ойлап едім, рас! Өйтпесе Моңғолияның малы жерге сиятын ба еді? Біз осы алғашқы бес жылдықта ғана отыз бір миллионға жеткізгелі отырмыз. Егер ат өртең болмаса Маршалдың мал өсір деген өсиеті əлде қашан орындалып қоятын еді ғой. Ел меден ұстамайтын болса, мал басы отыз бір немесе алпыс екі миллионға жетуі ықтимал! – деп лепіре сөйлеп бара жатқан қарт өзінің жалғыз тоқтысына қатер төнгені есіне түсіп кетті де, - «Ақша тиыннан – жылқы құлыннан өседі» емес пе. Менің тоқтым ұрғашы болатын, қоя берсе көбейіп-ақ кетер еді, бірақ, адам жанынан артық деймісің? Сонда ат өртенді қашан тоқтатамыз деді Маршал? – Осы жылға сиыстырып аяқтайтын сияқты. – Олай болса мен күзде тағы бір рет келуге тиіс едім. Сойылатын екі малым өзімде қалады-ау тегі! Біреуін сатып кемпіріме қызыл лəмбіктен шапан алып берейінші,– деп шал сəл ойланғандай үнсіз отырып қалып, əлде неге жымың етіп күліп жіберді де, қышқашын алып от көсей бастады. Ертай ұйқысын ашып келмек болып сыртқа шыққанда үркер жамбасқа ауып, шолпан маңдайға келіпті. Күндегідей бүркелген ақ қылау сейіліп, батыстан жел лебі білініп тұр екен. Жаңа ұйықтап кеткенде түсіне енген Бағиласын сағына бір еске алды да, кішкентай Дариғасына тез оралуға асыққандай үйге кірді. – Бұл бір орасан зор жаңалық болды ғой, өртеңді жою,– деді шал қазанының қақпағын ала беріп.
Жоғалған қыз ƏДЕМІ ЖАЗУ Күн төбеден ауып барады. Көктемнің салқын самалы баяу есіп, жас құрақтың хош иісін аңқытып тұр. Бет алдында көрінген телегей теңіз сынаптай толқып, жер мен аспан жиегін жалғастырып, ортасында малынған бейнелер биіктеп барып, кенет аласарып, кейде кеңейіп кетеді. Бұл көктемнің көркі, дала сағымы еді. Моңғолия даласы қаншалықты кең байтақ, оның үстіне соншалықты таңғайжайып емес пе! Кілегейдей кілкіген дария ортасы дөңестеніп баяу жылжиды. Ит тұмсығы өтпейтін бітік тоғай жиегін жағалап кеп жалғыз аяқ жолмен шұбырып суға ұмтылған жылқы кетік қабаққа сиыспай биік жардан құлап, иірімге күмп етіп түседі де, шұрылдап – пысынап жүзе жөнеледі. Аяғы жерге тиіп, таязға шыққан соң үйіріне қарап қойып салқын суды сіміре бастайды. Енді ғана көтеріліп келе жатқан тасқынмен өрлеген балықтар су астымен көз ілестірмей зымырайды. Өз əулетінен өзгеге күдіктене қарайтын гагарлар, барылдауық үйректер қырқылдап, жоғары-төмен сымпылдай ұшады. Жар түбін паналаған қасқалдақтар су астына сүңгіп кетеді де, сонадай жерден барып шығады. Тоғай ортасындағы сазды алаңқайда жорғалай жайылған сарыала қаз күні бұрын қаңқылдап, əлденеден жасқанып ұшуға бейімделіп, қанатын қомдай бастайды. Ал шырқау биікке самғай көтерілген қос тырна айнала қалықтап үздік-создық тыраулап қояды. Жер қыртысын тереңдеп қаулай өскен балауса шөп тамырын жемек болып жас шымды түрткілеп жүрген қабыландар сытыр еткен бұта сыбдырынан үркіп, орман ішін сылдарлата қашып барып тоқтай қалып, дыбыс тыңдайды. Өзеннің осындай бір ұрымтал тұсына таяп келіп тоқтаған оншақты машина дүрілі айық аспан мен манаураған дала танабын тарылтып жібергендей болды. Жер бетінде қозғалатын мұндай алып сиқырды бұрын-соңды көрмеген талай жанжануардың зəресі ұшқандай үрейленуде. Кішкентай көкше қоян да бет алды зытып барады. Тығыз-таяң тасымалға əдейі ілегімен шыққан машиналардың ең алдыңғысы, қазіргі тұрған қатардың біріншісінің кабинасындағы əшекейлі жазулар күн сəу лесімен шағылысып, айнадай жарқырап көрінеді. Үздік-создық кеп тоқтаған шоферлер бірден-бірден жинала келіп алқа қотан отыра бастады. Бəрі де жаңа байқағандай ең бергі машина кабинасының сыртындағы жазуды бір рет оқып шығуды парыз санағандай алдымен соған көз салады. Тіпті бейнелеу өнерінің шеберлерін ертіп келіп, өзі басы-қасында болып жөндескен Ертай да сол бір алтын сырлы, сиқырлы бояуға жиі қарайды. Қазір де бірер шоферлер дауыстап: «МХР-дың тұңғыш реткі жүз мыңдық шофері Хоньчин ұлы Ганжуур» деп оқып отыр. Осы жалғыз ауыз сөз көрген пенденің көңілін тартпай қоймайтын еді. Адамға өмірдегі ең қымбат нəрсе дүниеге келген тұңғыш жаңалық болмақ екен ғой. Бұл тек осы отырған топ пен база қауымына ғана емес бүкіл елге тосын саналды. Əсіресе қыз-келіншектер осындай даңқы жайылған шоферді көргілері келіп, ұрлана қарасады да: «Кəдімгідей-ақ қарапайым жігіт қой, өзі. Мұндай даңққа қалай жетті екен!»– деп таңқалады. Ганжуурдың атағы шыға келгеннен бері бірге жұмыстайтын əйелдер Мэндэйді де құрметтейтін болып алды. Кейде жігіттің құрбылары: – Бəріміз де жүріп-ақ келеміз ғой, сонда да саған жеткен емеспіз. Айтшы, кəне, не сиқырың бар? – деп таңданатын. – Сендерден асып тұрған онша ештемем жоқ сияқты, бірақ өздеріңнің маған неге жете алмайтындарыңа мен де таңданамын,– дейтін ол, əсіресе, ұстаған машинаға мініс атындай бап керек. – О не дегенің? Біз бапсыз болсақ осында қалай жетер едік? Машина алда қашан шарқыш болып қалмай ма? – Ерінбей еңбектенген дұрыс. – Мен еріншек болсам айлық жоспарымды асыра орындар ма едім? – Əр сағат, күн, ай, жыл нормаларын біркелкі артығымен артылып отырмаса өткеннің орнын толтыру оңайға соқпайды. – Жоспар үзген айым болған емес. – Əр қадамыңа мұқият есеп жаса. – Жанармайды үнемде. Ол су емес қой, тіпті «судың да сұрауы бар!» – Өзің ше? – Əр тонна километрге жұмсалатын жүз грамм бензин-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз нен 3-5 грамм үнемдей жүріп, жүз мың шақырым сапарымда үш мың литр бензинді мемлекет пайдасына қостым. Ал доңғалақтарды нормасынан үш есе артық жүрдім. – Расында да мен не тындырдым осы? – дейді, өзіне-өзі сауал қойып. Ел қатарлы еңбек істедім, жалақысын алып, өз игілігіме жұмсадым. Сонда үкіметке бергенім қайсы? Дегенмен Ганжуурдың бір ерекшелігі – шоферлік кəсіпке барынша құштарлықпен қарайды. Нендей қиын тапсырма алса да соны орындауға тырысатын, əрі автобазаны өз үйіндей көріп, оның қандай ісін болса да адал атқарып, шын ниетпен тындыратын. Əлдекімдерше «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» күнелтіп, көптің көлеңкесінде жүрмейді. Шофер шіркіндердің түн қатпай жүретін кезі сирек қой. Бірде ұйқысы шала болса, кейде ашығып, шөлдеп-шаршап, сонда да болжалды жерге ілінсем деп өгдеп келе жатады. Сондай сапарының бірінде Ганжуур тағы да жалғыз жүргенді. Мезгіл күздің соңғы айы. Аспан қабағы ылғи түнеріп, биіктегі дауыл айдаған бұрқасын жөңкіліп шығысқа қарай аударылып жатыр. Кешеден тамақ ішпегендіктен асқазаны жалаңсығанымен қоймай қаны кеуіп, таңдайы кеберсіп, шөлдеп келеді. Ел шеті алыс. Кемінде алпыстай шақырым жер жатыр. Жылдамдықты қосыңқырап кетуді ойлағанымен жер күдір, ойлы – шұңқыр, əрі жүк ауыр, биік артылғандықтан бұлтарысқа келгенде теңселіп, бір жағына бұрап, аударып кетердей қатер төндіреді. Осындай мимырт жүрістен жалықса да, жапанда жалғыз жатудың өзі үрейлі сезіледі. Фарды жағып, жол үстіне жарық түсіргенімен екі қапталын тұмшалаған қою қараңғылық үңірейіп бір түрлі үрейлі сезіледі. Бет алдын бірдеңені елестетіп, елеңдете береді. Мұндайда адам қиялына не келмейді. Өзі ес білгелі естіп келе жатқан, бірақ ешқашан көрмеген, бар дегенге көңілі иланбайтын шайтан да, өлгендердің аруағы да, ертегіде айтылатын жеті басты айдаһар мен дию, пері де, тіпті, қазірдің өзінде анда-санда кезігіп қалатын қашқын, қарақшыларын да, үйіккен қасқыр тобы да ойына орала кетеді. Қамсыз өз үйінде жатқан пендеге түңгі тыныштықтан асқан рахат қайда! Ал мынандай беймезгіл сапар шеккен адам үшін сол тыныштықтан жаманы жоқ. Бір аш мойнақтан асып түсіп сірікті болмағанымен кедергілі құмы да жоқ тақтақ ойпаңымен ылдилай жөнеле беріп, кенет шыққан оқыс пəлені көзі шалғанда қатты айқайлап жіберген Ганжуур машинасын төбеге ұрғандай кілт тоқтатты. «Өрт!» Бағанадан қиялын торлаған үрейлі құбыжықтар туралы ойы ғайып бола қалып, екінші бір тілсіз жаумен бетпе-бет айқас басталды да кетті. Жанталаса жүгіріп келіп капотты ашып жібергенде сумаңдаған жалын тілдері жел екпінінен жасқанып, бұға шалқып, біріне-бірі қосылып бара жатты. Ойланып-толғанатын мұрса жоқ. Үстіндегі мақталы күртесінің түймесін ағытуға да үлгермей етегінен айқара тартып, қас қағымда шешіп алды да тұтасқан жалынды сабалай жөнелді. Бірақ, өршімесе өшер емес. Мотор төңірегіндегі өрмекшінің торындай айқыш-ұйқыш жіптердің сыртындағы қоғадай майда, жұп-жұмыр резинкалар майша жанып, қоздана берді. Сонда да қалай да өрттің күшін қайтармақ болып жағаласқан оның қолындағы киімінің əр жері тұтанып, лапылдай бастады. Енді одан пайда жоқ. Сəл кешіксе машина да, жүк те типыл болары шүбəсіз. Қайран дүние! Мұндайда адам амандығы керек қой, бірақ, қара басының қамын ойлар уақыт қайсы?! Ол енді кузовқа ұмтылды. Бензин құйған бочканың қасына қойған күрек суырылар емес, қысылып қалыпты. Өртке қарай қайта жүгірген Ганжуур жер бетін тырналай жөнелді. Машина көп жүріп топырағы тозаңға айналып, қыртысы тақтайдай қатайып кеткендіктен уысына мелжемді ештеңе іліне қоймады. Сонда да жол жиегіндегі дымқыл шымды жұлып лақтырып, оның астындағы қиыршық тас аралас қалың топырақты қазып, үңгіп арпалысты. Бұл да оңай шаруа емес. Кейде бірер секунд бойы мардымды бірдеңе ұстай алмай құр сипалап бос қарманып қалады. Өзге ештеңе ойлап үлгермей бар ынтасы өртті сөндіріп, қазына дəулетін қорғап қалсам деген ниетке ауған. Топырақтың ызғарлы екенін, алаулаған жалын тілін жасқап қана қоймай, біртіндеп тұншықтыруға айналғанын көргенде өзіне тың күш біткендей жігерленген Ганжуур жер қыртысын аюша қопарып, додалай берді. Тілінген саусақтарының ұшынан, тұяқтарының сөгілген көбесінен біртіндеп шып-шып етіп шыға бастаған қан топыраққа жұғып жатыр. Енді бір сəтте оның көзіне қуыстан өткен жіп қыртысы арқылы жалғасқан
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз жалын тілі кабина ішіне сəуле түсіре бастағаны шалына кетті. Ол соған ұмтылып, жайшылықта бір тұтамдайына дейін аялап, қиылғанын жалғап, жалбырағанын жапсырып жүретін қажетті жіптерді бытырлата үзіп, жұлып, ұйпа-тұйпа болдырды. Бұл кезде алдыңғы жанған резиналардан қайтадан иненің жасуындай шоқтар көрініп қызара бастаған-ды. Сондықтан Ганжуур қайтадан жер тырмалап, тағы да саусағына ілінгеннің бəрін лақтыра берді. Таң атты. Бұлты ыдыраған көк жиекті қызыл жалқын реңмен көмкеріп күн де шығып келеді. Желбірегі жымырлаған кəрі атандай маңдай алды таңырайып, ұлы денесі қаңқиған машина тұр. Кабинаның сыртқы басқышында отырған Ганжуур жағын таянып, мең-зең халде өзі тырналаған жерге қарайды. Шамасы ширек сағатқа да жетпейтіндей мерзімде қыртысы тақыр, шымы қатты жол жиегін қорыс-қопа болдырып тастапты. Түнде ет қызуымен білмеген екен, басбармақтан өзге сегіз саусақтың көбесі сөгіліп, терісі сыдырылып, қызыл еті күлтілдеп тұр. Сүйектері зырылдап, жараның орны ашып барады. Отырған орнынан үш ұмтылып, зорға тұрған жігіт сенделіп, аяғын басуға дəрмені жетпей машинаға сүйене берді. Мотор үстіне үйілген, қуысқа тығылған шымды топырақ қоян жоңданып қалыпты. «Ел көшеді деп отыныңды тауыспа, жау келеді деп азығыңды тауыспа» деген мақал есіне түскенде Ганжуур өзінөзі кінəлап, бармағын шайнайды. Бүгін кешке елді, сулы жерге жетермін деп ойлаған ол кеше түстен кейін кезіккен бұлақтан радиаторға құя салған еді. Міне, енді жоғында жалғыз ғана салқын тамшының өзі көзден бұлбұлдай ұшып, арықтаған қара арғымақтай сілейген машинаға қарға адым жер мұң болды. Ол бұл сапарға жалғыз шыққан-ды. Тағы бір аймақта асыранды бала бар екен дегенді естіп Бағиласын іздеп кеткен Ертайдың оралуын болмағанда бір түс күтпей, ал өзге жолдастың жөні келмей серіксіз шығып еді. Ақыры айдалада аңырап қалғаны мынау. Енді қандай тəсіл табарын білмей дағдарып отыр. Көк жиекке көз сүзе ойланып қалған оның көңіліне аспаннан бір жəрдем болатындай көрінді. Бұлт төмендеп жауа бастаған батыс жақтағы қар кешікпей осында да жететін сыңайы бар. Алдымен сусындап алса соңындағысын тағы көрмей ме. Бірақ оның тағдыры мүлдем басқаша жағдайда шешілді. Аспаннан күткен қардан бұрын жер зерттеп жүрген бір топ жолаушы жол-жөнекей кез бола кетті. Көліктері жүк машина, моңғол, орысы аралас оншақты адам екен. Жаурап, шаршап қалған жігіттің сусынын қандырып, тамақтандырып, əл жиғызғанша моңғолдар машинаны топырақтан аршып, орыстар жіп құрастырып, əзірше лекер жасады. «Сөйтіп бір ажалдан қалдым»,– деді Ганжуур тілшіге айтқан əңгімесін қасында отырған жолдастарына баяндап. Алтын сырмен əшекейленген жүз мыңдық машина кабинасы күнге шағылысып, тіпті жарқырай түсті.
Жоғалған қыз АҚШАМДА Дариғаны алдына алып, аймалап отырған Ертай есіктен сөйлей кірген Мэндэйге қарады. – Аға, Ганжуурды күтпей-ақ тамақтана берейік. Мүмкін ол жолдастарының бірі кезігіп, сонда аялдап қалған болар. Сізге де кеш боп барады. Тогтох апай түнгі жұмыста, Буянжав шешей жалғызсырап отырған ғой. – Ол кісі шынында да сөйтеді. Мен жолға шықпаған кезде көзінен таса болдырмайды. Дегенмен əлі ертерек қой, Ганжуурды күтейік, онша кешіге қалмас. Дариймааның ұйқысы келіп тұрған сияқты, бөлей қойшы, айналайын. Баланы қолына алған Мэндэй даяр бесікті төсек үстінен жерге түсірді де, көрпесін жартылай ашып, арқалығын түзеп, шумақталған қол бауын жазды да, қағаз жыртып, шүмек бүктеді. – Аға, мен бесікке бала бөлеуді үйреніп алдым. Мұнан былай өз балаларымды ылғи осылай асырайтын болам, бұл бір аса қолайлы төсек екен əрі жылы, əрі таза. Түбегінің өзі өте қызық жасалған деді, Мэндэй, енді оңжақ омырауын ағытып, Дариймааны емізбек боп: – Баланы бөлегеннен кейін бесік үстінен емізсең тез ұйықтап қалуына жақсы. – Мен ылғи алдымен емізіп алып, сонсоң бөлеп жүр едім, олай болса сіздің айтқаныңызбен бір көрейінші. Сол дұрыс сияқты. Бесік. Осы бір қазақы бұйымдарды бұл ауылға тұңғыш рет Ертай көрсетті. Олар қырда жүргенде Бағилаға арнап бұл бесікті Құттыбай істеген еді, сонан бері сақтаулы тұратын. Баланың бесігін, үйдің шаңырағын отқа жақпайтын қазақ салтымен əдейі бұзбаған Ертай кейде Бағиланы сағынғанда сол ағаштың өзін медеу тұтып, «Бағиланың көп жатқан бесігі» деп, жөргегін иіскейтін. Дүние тозбайды екен ғой. Осы бесік «Қайыңдының» талынан кесіліп, қашалғалы Ертай басынан қаншама оқиға өтпеді. Кімдер өлмеді, бұл не көрмеді? Сондай өмір аласапыранынан бейхабар осы бесік қана сияқты. Алғашқы иесінің жоғалғаны, соңғысының мезгілсіз өлгені бұған зəредей де əсер етпеген. Əйтеуір, халық ежелден бесіктің тілеуі жақсы болады деп ырымдайды. Мейлі үмітсіз шайтан ісі деген емес пе, жансыз ағаш тілек тілейді дегенге сене қоймаса да Ертай оны жаңағыдай себептермен сақтап келген-ді. Ақыры сол ниеті дұрыс боп, көптен қаңсып тұрған бесік бүгін қажетке жарады. Дариға туғаннан кейінгі бір отырыста Буянжав шешей оның жөргегін жуып-тазалап жүріп, осы бесік туралы жастардың есіне салған-ды. – Ертай, сен сол бесікті алып келші. Мен елде жүргенде қазақ ауылдардан жиі көретін едім. Осында болған алғашқы жылдарда Нұрғайып марқұмның баласын көбінде мен бөлеуші едім... Енді сол бесікке Дариғаң жатсын. Қарашы міне, бітеу құндақтан денесіне зəрі жайылып, құйрығын қызартып тастапты – деген. Оның бұл сөзіне Ертай екі ұшты жауап берді. – Сөйтсе де болар еді. Ол ойланып қалды. Сол бесікке бөленген алғашқы балалар баянсыз болғанда ендігісін тағы соған жатқызу дұрыс па? Өз басы ондай ырым-сырымды көп елеп-ескере бермесе де салты, ойламы басқа-басқа мына жастар күдіктеніп жүрсе қиын ғой. Бұл жерде де Буянжав шешей ақылшы болды. – Мен ырымшыл адам емеспін. Бірақ, жаратушы бір Аллаға жүрегім түзу. Сондықтан не болса да тəңірдің ісі деп көрем. Сенің алдыңғы екі балаң құдайдың құдыретімен сондай күйге ұшыраған шығар. Оған кімнің көзі жетеді. Енді ғой тағы да тəңір ием медет етіп сол бесікке мына бөбегіңді жатқыз деп тұрмасын қайдан білесің? – деген пікірін Тогтох, Ганжуур, Мэндэй үшеуі де қостады, əсіресе, осы үйдің иелері ерлі-зайыпты екі жас ондай тосын нəрсені тамашалап, асыға қызықтаған-ды. Міне, сол бесікке Дариға бөленіп келеді, «Бесік баласы – бес түлейді» деген рас қой. Ертайдың кішкентай қызы қырқынан шығып, ширап қалды. Оның күтіміне Буянжав шешей де жиі араласып тұрады. Бірақ, өз үйі бөлек жерде болған соң үнемі қадағалай алмайды. Ал, Мэндэй қағылез, пысық келіншек қой. Жылбысқа Дариғаны кексе аналардан кем асырап отырған жоқ... Ганжуур машинасын гаражға қойып келем деп кеткен
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз кезде үйде қалған Ертай мен Мэндэйдің оңашадағы оқшау ермегі қарыны тойған соң қамсыз ұйықтап бара жатқан Дариға – Дариймаа еді. Балалы үй – базар емес пе. Əлі талпынып, құйрығын басып та үлгермеген Дариға жылаған, іңгалаған үнімен жеке Ертайды емес, екі үйлі жанды мəз болдырып тастайды. Тіпті, ол көлденең дыбысты айыратын да халге жеткен жоқ қой. Бірақ, мұрны пысылдап ұйықтап кетсе оны оятып алмайық деп үлкендердің өзара сыбырлай ақырын сөйлескендері де қызық-ақ! Дариға ұйықтап қалған соң Ертай үйіне кетті. Ганжуурдың келуін күткен Мэндэй алағызып ұзақ сарылды. Тырс еткен дыбысқа елеңдеп, ұйқылы ояу жатумен ақыры таң атырды. Сонсоң əлде неден күдіктеніп ерте тұрды да баласын емізіп, қайта ұйықтатып тастап Тогтохтарға жөнелді. Буянжав шешей де түндік ашып, от жағып үлгерген екен, түнде мезгілімен жатып, ұйқысы қанған Ертай да, таңға жақын жұмыстан кеп əлгінде ғана тəтті ұйқыға бата бастаған Тогтох та тез тұрып, бəрі де даяр шайды ішті де, Ганжуурды іздеу қамына кірісті. Ертай автобазаға жөнелді, Тогтох жақын маңдағы таныс шоферлердің үйінен іздемек болды, ал Мэндэй бесіктегі балаға бола үйіне қайтты. – Жасаған-ай, пəле-жаладан аман болса екен! – деп күбірлей сөйлеген Буянжав шешей есігін құлыптады да, қисаңдай басып Мэндэйдің соңынан ерді. Өстіп басталған жоқ қарау қарбаласының ақыры сол күні түс кезінде ауруханадан бір-ақ шықты. – Ганжуур дейтін жігіт осында түсіпті деп естіп келдім, – деді Ертай кезекші сестраға. – Қай Ганжуур? – Жүз мыңдық шофер. – Бетіне жазылған қалың цифр жоқ, əйтеуір Ганжуур деген біреу жатыр, – деп əлгі кексе əйел кегжие жауап берді. – Осындай атақты адамды бүкіл ел біліп отырғанда сіздің естімегеніңіз мына аядай тамнан өзге көргеніңіздің жоқтығы-ау, тегі – деді Ертай, Сестра сөзіне шамдана жауап қайтарып. Сонсоң сəл ашуын басқандай болды да өзіне – өзі, - Мен бұған несін өкпелеймін, бес – алты емнің атын дұрыс жаттай алмайтын байғұс кімді тани қояды. Оның үстіне өзі айтқандай, Ганжуурдың маңдайына санмен салынған таңбасы жоқ қой. Ол сөздің соңын өтінішпен аяқтады. – Мен сол кісіге тілдесейін деп едім. – Дəрігер қозғалтуға болмайды деген. – Онда өзім кіріп шығайын. – Болмайды, – деді де əйел кері айнала беріп, əлде не есіне түскендей артына қайта қарады. – Рас айтасыз ба, əлгі атақты Ганжуур осы кісі ме? – Алдап тұр ғой дейсіз бе? – Жап-жас жігіт екен ғой өзі,– деді сестра жымия тіл қатып. – Жарайды тез кіріп шығыңыз, дəрігер көрсе ұрсады. Мен халат əкеліп берейін. «Қозғалтуға болмайды» деген суық сөзден зəресі ұшқан Ертай еденді аяғының ұшымен ептеп басып, оншақты төсек салынған бөлмеге кірді де, Ганжуур қайсы екенін ажырата алмай сəл іркіліп қалды. – Аға! – деді ең шеткі төсектегі біреу қозғала беріп. – Ганжуур, інішек! – деп Ертай да жақындады. Басын ақ дəкемен таңған Ганжуур күліп, сəл аударылып түсті. Мұны көрген Ертай қуанып кетті. «Иə, сəт, онша көп жараланбаған екен!». Ол тұғырға қонған бүркіттей боп бір кісілік тоқал орындыққа қаздиып отыра берді. Кабина көпшігінде шалжиып шалқайып, еркіндікке үйренген Ертай осындай жерде орындыққа отыруға тым олақ болатын. Сондықтан, құлап кетпестей боп жайғасқан соң ғана Ганжуурдың сөзін мұқият тыңдай бастады... Қақпадан шығып машинасына келген Ганжуур ең алдымен фарды жақты да сағатына қарады. Недəуір жай боп кетіпті. Толған ай жарық болғанымен анда-санда шүйке бұлттар көлеңке түсіріп өтеді. Тезірек қайта оралуды ойлаған шофер моторды стартермен тамызып енді қозғала бергенде қарсы алдынан екі əйел шыға келді де, өткір жарықтан тайсақтағанымен бұрылып кетпей, тура шофердің сол жағына жанасалап келді. – Ағай! – деді біреуі. – Қалай жүргелі тұрсыз? – Автобазаға барамын. – Бізді отырғыза кетіңізші, киноға бармақшы едік, жолда түсіп қалайық.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Отырыңдар! – деп Ганжуур оң жағына ұмтылып, кабина есігін аша берді. Əйелдер енді машинаның арт жағынан айналып, сəл кідірді де, кабинаға кеп кірді. Алдымен келген келіншек сөзшең екен. – Кинодан кешігіп қалатын едік, сағат өтіп барады. Оның үстіне жолдағы көшелер қараңғы, кісі қорқады тіпті! – деді ол шофер жігітке өзімсіне, наздана тіл қатып. «Бір көрмеге ажарлы, сұлу сылқым ғой өзі» əсіресе, мөлдіреп, ұшқын атқан бота көзі қандай əдемі, жанары өткір екен! – деп ойлаған Ганжуур бейтаныс əйелге кезіккен сəтте өзінше бағалап, сымбатты қыз-келіншектерге сұқтана бір қарап үлгеретін еркек атаулыға тəн құпия оймен. Екінші əйел үлкен шəлісімен бетін тұмшалай орап алғандықтан жүзін көрсете қойған жоқ, тек есікті жаппақ боп сырт айнала бергенде Ганжуур оның салалап өрген бұрымын көріп қалды, шашы ұзын екен. Шофер өз есігін де қатты жапты да, кабина ішіндегі жарықты өшіріп, жылжи жүріп кетті. Жаратқан сəйгүліктей бабында тұрған машина екпіндей жөнеліп, үлкен жолға шығатын бұрышты айнала бергенде, Ганжуурға таяу отырған əйел кенет: – Тоқта! – деп бұйырды өктем үнмен. «Бұл жерге түспек болғаны қалай?» деп ойлаған Ганжуур газды азайта кеп баяулап кідіре тоқтады. Ол өте бір қысылтаяң жағдайда болмаса тежегішті кенет қатты басып қап машинаны лоқылдатуды жақамайтын. Ондайда қақырап жүрген ескі шиналар ыдырай түседі, əрі ұлы денедегі бұранда байлаулар қажалады, үзіледі – əйтеуір зияны көп. – Жарықты тамыз. – Не болды? Мен жеткізіп салатын едім ғой, – деп шофер түймені сырт еткізіп қалғанда кабина іші жарқырап кетті. Əйелдерге жалт қараған ол өзіне кезеніп тұрған жең мылтықтың аузын көрді. – Қозғалма да, үн шығарушы болма! Тек біздің бұйрықты орындай бер. Мүмкін, сонда ғана жаның қалуы ықтимал! – деді бағанадан тіл қатпаған екінші əйел гүжілдеген жуан дауыспен. Оның əйелше киінген еркек екенін Ганжуур енді ғана білді. Абайсызда басына қатер төнгенін сезе қойған жігітте бұдан құтылатын да, оны ойлай қоятын да мұрса болған жоқ. Жалтаруға да қаратар емес, қарақшылар кімді аясын! Тəуекел! Əзірше айтқанына көніп, əрекетінің артын күту керек деген ойға келді. Бірақ онда қорқып, үрейін ұшырған жоқ. Əрі ақылсыздық істеп сасқалақтаудың да пайдасыз екенін түсінді. – Айда жылдам! Машина зырлап келеді. Ал Ганжуурдың ұшқыр қиялы онан да жылдамдықпен алып ұшып, тынымсыз шарқ ұрады. Сырттан ешқандай жəрдем жоғы белгілі. Амалын тауып құтылса да, осы бойы тұтылса да өзінің алғыр ойы, қажыр-қайраты ғана шешеді бұл істі. Сол үшін тым жиі, əрі қас-қағым сайын бір тың тəсіл ойлап үлгеруі керек. Қалай? Қалай? Қалай? «Бұлар тым шалғайға алып кетпек екен, сонда мені қайтпекші? Сірə, өзім емес, машинам қажет қой. Соны пайдаланып əлдекімдерден, мүмкін милициядан қашып құтылмақ қой. Мылтық ұстаған еркектің жөні басқа, олардан ондай сұмдықтың талайын көруге болады, ал мына сырттай хор қызындай көрінген ару əйелге не керек екен шіркін? Сыртқы қан қызыл болғаны мен іші құрт жеген алмадай əзəзілдің аярлығына абайламай қапыда кеттім бе шынымен?». Ганжуур біртіндеп тəсілге көшті. Астананың ең үлкен көшелерін жалғастырған асфалтьпен зырлаған ол төрт жолдың түйілісінде тұратын милиционерлердің көзіне оғаш көріну үшін əдейі көше қозғалысы тəртібін бұзып өте бастады. Үш нүктедегі жол басқарушыдан бірде-біреуі назар аударған жоқ. Тек қана уақыт өткізіп, тапсырма орындау үшін ғана келген түйсіксіз бейшараларға ызасы келген шофер шеткері орналасқан милиция бөлімшесінің алдынан көлденеңдей өтіп, жеңіл машина қасында тұрған бір топ милиционерлердің оң жағындағы жол кенересіне жеткенде тежегішті бар пəрменімен басып қалды. Бүгін ғана жөндеп ретке келтірген төрт доңғалақ тас жолдың өзінде шегеше қадалған кезде екі жаққа жалтақтай қарап, бейғам отырған əйел қалпақтай ұшып, əйнекке соғылып мылтықтың аузын қалқалай берді. Мұндай қас-қағым сəтті асқан жылдамдықпен пайдаланған Ганжуур есікті ашып жіберді де, отырған қалпы домалап кетті. Оның əрекетін қалтықсыз бағып келе жатқан мылтықты «əйел» де атып үлгерді. Екпінімен қатты құлағанда басымен шаншыла түскен шофердің есі ауып кетті. Күндізгідей жарқыраған электрлі көшеде ереже бұзылып,
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ мылтық атылып, авария болып жатқанын көзбе-көз көріп тұрған милиционерлер тұра жүгірді. Енді бас сауғаламақ боп кабинадан секіріп түскен əйел өзіне қарсы келіп қалған ең алдыңғы жігітті тым жақыннан атып ұшырып жіберді де, машинаны айнала қашты, бірақ екінші рет атып та, құтылып та үлгере алмады. Ойда жоқта мұндай оқиғаға тап болған милиционерлер кабинада қалған жаралы əйелді алып шықты. Қасындағы серігінің шоферге арнаған оғы шұбатылып, оралғы болған əйелдің оң жақ білегін тесіп өтіпті. Ал əлгіндегі оқ тиген милиция жігіті табанда жан тапсырыпты. Тас жол сүріп, терісін жалбыратып кеткен қабағынан жылжи аққан қан бетін жуып кеткен Ганжуур есін жия бастағанымен, əзір тілге келе алмады. Көз алды тұманданып, басы зеңіп, дүние шыр көбелек айналып бара жатқандай. Ал əйелдің сүйегі сау, тек бұлшық етінен аққан қан жеңінен сорғалап тұр. Ганжуурды жедел ауруханаға жөнелтіп, өзгелері жөнінде қажетті шара қолдана бастаған милиция бастығының телефоны шыр ете түсті. - Иə, тыңдап тұрмын. Ммм... Жоқ, ондай қарақшыларды іздей алмаймыз. Себебі сол екеуі де əйел киімді дейсіз бе? Біреуі еркек. Олар міне біздің қолымызда отыр. Қалай дейтіні жоқ, əлгі жүз мыңдық Ганжуур əкеліп тапсырды. Өкінішке орай, бір жігітімізді өлтіріп алдық, Ганжуурдың өзі де жаралы, ауруханаға жібердік. - Ақымақтар! – деді милиция майоры телефон трубкасын шарқ еткізіп тастай беріп. Ондай жаулар шықты дегенді біле тұра алдын ала неге хабарламайды? Бейуаз азаматымыздан айырылып қалдық. Екінті мен ақшамның арасында осындай шытырман оқиғаны бастан кешіріп үлгерген Ганжуур ауруханадан тез шықты. Ал оған кезіккен əйел баяғыдағы Дэмбэрэлдің қарындасы, əйелше киінген еркек Даваажавтың өліміне себепші болған тергеуші, аспаз Лю Дариннің жақтасы екен. Зымиян Қытайдың тыңшылық қылмысы əшкереленіп тұтқындалған соң мыналардан қашып құтылмақ, əрі əдейі іздеп тауып, Ганжуурға қастық істемек болған əрекеті осымен аяқталыпты. АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ Күз аяғы жылдағыдай емес биыл аса бір жайлы сезіледі. Бұрын тым ерте қар астында қалатын биік жоталар қазір қартаң тартып, жоны қазылып, реңі қашып, жүні қуқылдаған құлжадай сұрғылттанып көрінеді. Ал Богда тауының сай-саласындағы бітік самырсын тоғайы күн сəулесімен төтенше бір бояу тапқандай алыстан алтындай түрленіп, ерекше көз тартады. Қала ортасын қақ жарып жататын əйгілі Туул өзені де, солтүстік бүйірден құлдай ағып кеп өзінен үлкен дарияға сəлемдесіп, серіктесіп кететін Сэлбэ де əлі қата қойған жоқ. Бұл күндері тек шеті ғана түнде қаймақшығанымен күндіз еріп кетеді. Ал осындай ерекшелігіне қарап ескіше де, мизамша да ай ауысып кетті ме деп күдіктенетіндер де жоқ емес. Расында да қаншама күз айы делінгенімен кей жылдары қыс маусымына пара-пар суытатын ауа райы май тоңғысыз жылы болып тұр. Ертеректе біраз күн недəуір суыта бастап, адамдар жапатармағай қыс қамын реттеп үлгерген-ді. Сөйтсек онысы табиғаттың өзі жөнге келтіріп қойған «құстың жайы» болып шықты. Осы бір «құстың жайы» дегенді Ертай ұқпай-ақ келеді. Жер бетінде, өзен-көлдерге ұшып қонған жыл құстары сонау көз жеткісіз көк аспанды жайлатып, ауа райын бұзатындығына сенбейді. Сонсоң осыны құс өзгертпейді, керісінше күз маусымында кездесетін аспан құбылысын бағдарлап жүріп, қайтатын жыл құстары соны пайдаланатын болар деп ойлайды. Міне, енді сол біраз уақыт ғана қатайған күн райы соңғы кезде жадырап, күншуақ болып тұр. Бүгінде сəті түсіп қосылған сыбайластар дастархан басында да осы ауа райын тілге тиек етіп отыр. Ал қазіргі əр үйдегі жиынның өзіндік сыры, белгілі мəні бар. Бүгінгі Ұлы Октябрь мерекесінің жеңіс күні. Адамдар мұндай қуаныш-қызығы мол тойды тойға ұластыруға құштар. Жастар осы кезде үйленеді, туған баланың шілдеханасы істеліп, есімі Октябрь деп қойылады. Сонымен сиыр түс кезінде Сухбаатар алаңында болған парадтан келіп, Дариғаны
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз шешіп алып, дастархан думанына кіріскен екі үйдің адамдарын Тогтох асықтыра бастады. – Үйдегі ойын-сауық қайда қашады. Көшеге шығып, серуендеп қайтайық. Мына өзімізге жақын тұрған мектепте оқушылар ойыны бар, соны тамашалайық, – деп өтінген соң бəрі де солай бармақ боп тысқа шықты. Астана бүгін тіпті көркейіп кеткендей, мерекелік безендірілу əр адамның көңілін сергітіп, іштей төтенше бір шаттық сезімге бөлегендей. Бəрінен де балалар мəз. Қолдарына қызыл, көк жалау, ағашқа қағылған көсем суреттерін ұстаған оқушылар қайшалысады. Мектеп қызыл бұрышы кең болғанымен тамашаға жиналғандар лық толып алыпты да, орын жетіспегендер иін тіресіп, түрегеп тұр. Балағы қанардай кең, əрі қайырмасы төрт еліге таяу, қыры түспеген көнетоз костюм мен жеңі қырқылған пиджак киген бір мұғалім оқушыларды тұрғызып түрегеп тұрған үлкендерге орын алып беріп жүр. Ертай, Ганжуур, Тогтох, Мэндэй төртеуі көптің ортасында тұра берді де, Буянжав шешейді бір орындыққа отырғызды. Концерт жүріп жатыр. Балалар əн шырқап, тақпақ айтады, билейді. Кейбіреулері жақсы орындап, қошемет көрсе, бірер бала жаңылып қалып, күлкі болып та жатыр. Концерттің орта кезінде жариялаушы: – «Пионерлер əні», орындайтын бірінші класс оқушысы Минчин əкелі Байгалмаа, – деді. Сахнаға бір кішкентай қыз шықты. Бойына қарағанда екі салалап өрген шашы ұзын, көмірдей қап-қара екен. Өзінен ересек, жоғары класс оқушысы ойнаған гармон үніне қосылып, сызылта шырқай жөнелді. Алғашында сəл қорғалап, дауысы дірілдеңкіреп шығып еді, соңында кəдімгідей төселген əншілерше еркін тұрып, байыппен айта бастады. Ол əнін аяқтап, кері бұрыла бергенде ду қол шапалақтап баланы қайта шақырды. Əсіресе, көрермендердің алдын ала отырған балалар еденді тепкілей екіленгенде құрғақ тозаң көтеріліп, қапырық ауамен араласып, қолқаға кіріп жөтелтіп те жатыр. Бұрын мұндай көптің алдында үнемі əн орындамағанымен күзде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап оқушыларға өлең айтып бере жүріп недəуір төселіп қалған Байгалмаа енді қайсы əнді бастарын ойлап сəл тұрып қалды. Иə, Байгалмаа ғой бұл! Жаңбырлы көктемде қырға бет алған арбалы көште қалғып бара жатқаны кеше ғана сияқты еді. Міне, енді əліппе ашып, сабақта отыр, əн айтуға талпынып сахнада жүр. Минчин қарт сол жаз бойы ну орманды, сары жайлауда отырды. Онда да жападан-жалғыз үй емес, өзі құралыптас бірнеше малшылар бірге болды. Таудан аққан тас бұлағы сынаптай тұнық, масатыдай құлпырған көк майсалы өңір, сыңсыған тоғай адам көңілі түгіл, малдың өзін кенелткендей. «Адамнан адам тəлім алады, ағаштан ағаш мəуе алады» емес пе, осы ауылдың балалары іздесе таптырмайтын əдепті жандар екен. Мұнан бұрынғы жылдарда Байгалмаа тым жас болды, əрі Астанада отырғандықтан ата-анасы көзден таса болдырмай қадағалап ұстады. Ал бұл жерге келген соң жағдай мүлде өзгерді. Қарттардың көңілі күдіктен сейіліп, кішкентай Байгалмааға еркін ойнайтын мүмкіндік туды. Əсіресе, осындай балаларға əн ұқтырып, жұмбақ жаттатып, шағын ертегі айтып беретін бір қағылез қария бар екен. Сол кісі Байгалмааны сынап көріп, əнші болады екенсің деп көңілдендіріп, недəуір баулыды. – Минчин, Дашиймаа! Мына балаларың үлкейгенде əнші болады. Қазірден бастап жақсы тəрбиелеу керек, деп жиі ескертетін. Ал мұндай мақтауға Байгалмаа да елігіп, əн айтуға машықтана бастаған-ды. Оның мұндай сəбилік талабына қуанған екі қарттың төбесі көкке жеткендей мəз боп жүрді. – Менің ұлы атам Хошуун төресінің əншісі болған екен, енді қызым сол бабасына тартыпты, – деп Минчин қарт ауылдастарына мақтанып та қоятын. – Сол да сөз бе? Менің шешем жасында қандай əнші еді, марқұм! Тіпті сенің өзің маған əншілігім үшін ғашық болып едің ғой. Байгалмаа өзіме тартқан, - деп Дашиймаа шалына қарсы дау айтатын. – Мен де сенен қалыспаймын, «Уртын дууды» (халық əні) талай шырқағам. – Сен цагаан сарда ( наурыз ) немесе басқа той – томалақта самогонға тойған кезде ғана барқырайтынсың.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Ерлі-зайыпты екеуі қаншама дауласса да бірін-бірі мұқатуды емес, Байгалмааның балғын талабын қызықтап, əншілікке төселдіре беруді ойлайтын. Үй адамдары оңаша отырыстарында баласының үнін тыңдап қарттар жүрегі елжіреп, бір жасап қалғандай шаттанатын. Байгалмааның үні ашық, тынысты, əрі сүйкімді еді, бірақ, жаттығатын мүмкіндігі аз болатын. Өйткені, ол əн сөзін жаттап көрмеген еді. Сондықтан ата-анасы ұстаз, қарт пен ауыл балалары да оны қызықтап, əр түрлі əннің сөздерін жаттатып, əдейі үйретіп жүрді. Ал, Байгалмаа зерек, ұғымталдығымен де көзге көрініп, өзі теңдес кішкентайлардан оза бастады. Жарқын жаз, сары жайлау қызығы біртіндеп өте шықты да, ел күзеуге еңкейе көшті. Қысқы мекен жайы Улаанбаатардан болған соң өзге жерді мекендей қоюдың ретін таппаған Минчин қария қыстауына қайтып оралды. Бұл кезде оқу да басталып, балалар мектепке кетіп жатқан-ды. Оларға қызыға қараған Байгалмаа бір күні жаңа əуен шығарды. – Əке! – деді Минчин қарттың мойнына асыла беріп, мені мектепке кіргізіңізші, сабақ оқығым келеді. Ауылдың балаларының бəрі барып жүр ғой. – Балам, – сен əлі жас, кішкентайсың, оқи аласың ба биыл? Келесі жылы өзім той істеп, бірінші класқа кіргіземін. – Кішкене емеспін, міне, бойым ұзын, үлкен баладай ғой, оқи алам. Қазір жиырма бір əріпті білемін. Бірден тоғызға дейін сандарды да жаза аламын. Ə-əке! Иə, дей салыңызшы? – деп əкесін аймалап, сақалын сипап, алдап еркелей бастады. Байгалмааның ерке қылығы жүрегін елжіретіп, қарт жанын тебірентіп жіберді де, қызының тілегін орындаудан басқа жөн таппай қалды. – Кемпір!– деді ол алдымен Дашиймааны шақырып. – Бері келші? – Немене? – Менің қызым мектепке барамын дейді. Дайындық жаса, бүгін той істейміз. – Дұрыс! Кішкентай перзентіңнің талабын қайтарма. Өзі тіленгенді қойып, бармаймын деп қасарысса қайтер едің? Енді өзің де отырмасаңшы, қой əкел! – деп қуана ұмтылған Дашиймааға қарсы жүгірген Байгалмаа шешесінің мойнына асыла кетті де, секіріп арқасына мініп алды. – Ой, ерке тентегім-ай! – деп Дашиймаа ырғала басып, есікке беттеді. – Иə, тəңірім! Біздің үйден де оқуға бала баратын күн болады екен-ау! Тəуба, жасаған! Баянды ете көр екі кəрінің бір қуанышын...! Осылай басталған қарбалас тілеу дастарханына жиналған адамдар ортасында көкірегін қуаныш кернеген Минчин мен Дашиймаа бір күліп, бір жылап Байгалмааға батасын беріп, ертеңінде осы мектепке екеуі де ертіп келді. – Бір үйдің үш адамын түгел қабылдай алмаймын,– деп əзілдеді мектеп меңгерушісі. – Қане ең жақсы оқимын деген біреуің қалыңдар? Байгалмаа ұяла күліп, бетін шешесінің артына тасалай берді. Дереу класс мұғалімі шақырылып, жаңа оқушы тізімге алынған соң, қойнынан түйіншек алып шыққан Минчин көгілдір матаның үстіне қойылған тайтұяқ күмісті меңгерушіге ұсына берді. – Ғұлама ұстазым менің, арнайы əкелген мына бір кішкентай тілашарымды қабыл алыңыз! – деп отырған орындығынан түрегеле берді де тағзым етіп, екі қолын ізетпен ілгері созды. Дашиймаа да орнынан тұрды. Байгалмаа оның жеңінен нəзік саусақтарымен қапсыра ұстап алыпты. Класс жетекшісі журнал бетін ашқан қалпы таңырқай қарайды. – Ой, ой! – деп мектеп меңгерушісі бір аяғы ақсақ столына қақтығып, орындығын сықырлата тұрып, Минчиннің қасына жетіп келді. – Ағай мұныңыз не? Қажеті жоқ! – Ол шалдың екі білегін астынан демеп, мата мен күмісті кері итерді. Біз пара алмаймыз. Бұрынғының ламасы емеспіз, бұл ұят. – Білемін, бірақ əдейі əкеліп тұрмын. Баламның мектеп табалдырығын аттаған шашуы, пара деп ойламаңыз! – Минчин де қиыла түсті. – Жарайды, меселдеңіз қайтпасын, мен тек матаны алайын. Күмісіңіз өзіңізде қалсын,– деп көк матаны қолына ұстап, маңдайына жақындатып, дəстүр бойынша ізет етті де, тайтұяқты Минчиннің қойынына қарай сүңгітіп жіберді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Ниетіңізге рахмет! – Япыр-ай! – деп күмісті киімінің сыртынан алақанымен басып тұрған қарт, енді екінші өтінішін айта бастады: – Байгалмаа, мына баламды айтамын, кемпір екеуміздің қартайғанда көрген жалғызымыз еді, көзден таса болдырғымыз келмейді. Сондықтан сабағына ертіп əкеп, кешке алып қайтуыма бөгет жасамаңыздар екен! – Міне, мұныңыз өте дұрыс, кішкентай балалар дағдыланғанша ондай қамқорлық əбден қажет, қуана құп таймыз... Минчин қарт сол күннен бастап жалғыз аптаның ішінде бұл мектептің барша қауымына əйгілі болды. Түстен кейінгі кезекте оқитын кішкентай қызын ертіп кеп, класына кіргізіп жібереді де, қоңырау соғылып, сабақ басталғаннан соң есік алдында отырған сақшы мен кезекші мұғалімдермен, кейде тазалаушы əйелдермен кеңесіп уақыт өткізеді. Егер ондай əңгімелесер адамның жөні болмай қалса əр кластың терезесінен қарап, іштегі қаракетті тамашалап жүреді. Бірде жабылған есіктің жапсарынан сығалап тұрғанда мұғалім шыға келіп, шалдың маңдайына есіктің қыры тақ ете түсті. Мұғалімдер «күйгелек», деп оқушылар «кеселді мұғалім» атандырған тарих пəнін үйрететін егде əйел ашуланып, мектеп меңгерушісіне шағым білдірді. – Осы бір қаңғыбас шалды жетім қозыша түндірмей айдап неге салмайсыз? – деген-ді. Минчиннің үнемі осында жүретінін жақсы білетін меңгеруші бір сəт ойланып қалды. Сонсоң оны шақырып келуге əлгі «Күйгелектің» өзін жұмсады. – Қалай, Минчин гуай, балаңыз жақсы оқып жүр ме? – Жақсы, неге жаман болсын! – деп қораздана жауап берді, өзгелердей емес, баласын көзден таса болдырмай оқытып жүргеніне массаттанғандай. – Дұрыс, өзіңіз хат танисыз ба? – Ескіше ептеп оқи аламын, жазуымды өзімнен басқа ешкім танымайды. – Олай болғанда сауатыңыз осал емес екен, – деп күлді меңгеруші. – Қандай өнеріңіз бар? – Мыналар сияқты əйелдермен жанжалдасудан ерініп көргем жоқ,– деді əдейі «күйгелекті» кекей сөйлеп. – Ақымақ шал!– деді əйел тыжырынып, меңгерушісі оған бажырая бір қарап қойды. Тегі үлкен кісіні тілдегенін жақтырмаған тəрізді. «Ұялған тек тұрмайды» дегендей əйел біраз қипақтап тұрды да, отыра қалып сумкасынан айнасын суырып алып, жүзін көрместен қайта тығып салды. – Қолыңыздан не келеді? – Аздап ағашпен айналысқан едім ертеректе, қазір ептеп арба жасаумен шұғылданам. – Арба айдауға икеміңіз қалай? – Өзімде ат арба бар. – Жарайды! Мен сізді осы мектепке жұмысқа алғым кеп отыр. Оған не айтасыз? – Не жұмыс бар мен істей алатын? – Бізде үш арба, алты пар ат тұр. Бір ғана арбашының күші жететін емес, екі адам керек, əрі арба жөндейтін шеберлігіңіз де пайдалы. – Қалай болар екен! – Шал сəл үнсіз отырып қалды. – Ағай, сіз балаңыз үшін ылғи осында жүресіз. Өйтіп бос сенделгенше өзіңіз бізге келіп алыңыз. – Мұныңыз өте орынды ақыл екен. Бірақ... арба айдап үнемі сыртта жүрсем балама көз қырын салуға мұрсам жетпей қалады ғой. Сол жері қиын тимесе. – Олай десеңіз, күзетші болыңыз. Бір жастау жігіт бар еді, арбашыға соны ауыстырайын. Бұл сөз Минчиннің көкейіне қона кетті. Күндіз баласын, түнде оның мектебін күзетсе ендігі іздегені не? – Дұрыс мен күзетке тұрайын. Арба бүлінсе өзім жөндеп берем. – Келістік олай болса. Бүгін бұйрық шығарайын, ертеңнен бастап біздің адамдардың бірі боп саналасыз. Минчиннің Байгалмааның мектепке кіргеннен кейінгі қуанышы осы болды. «Мектеп меңгерушісі жақсы кісі екен» деп іштей оған білген алғысын жаудырып келе жатты. Енді күндегідей жат ауылдың сиырынша олар маған үдірейе қарауды қояды. Мен осы мектептің өз адамымын. Расында да Минчин кешікпей мектеп қауымының сыйлы бір қызметшісі ретінде көзге түсе бастады. Сөйтіп, Байгалмаа екеуі үйде де, түзде де бір-бірінен көз жазбайтын болды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Міне, бүгін де сахнаның шымылдық тасалаған бір қалтарысында малдасын құрып, жайғасқан Минчин оқушылар концертін өзі басқарып жүргізіп тұрғандай масаттанып отыр. Байгалмаа екінші рет өзге бір əн орындады. Ызбаланған жіңішке үні көрермендердің құлағына еркін жетіп тұрғанымен шымылдық көлеңкесі далдалап, тұп-тұнық өткір жанарынан нұрлана ұшқын атқан, иненің жасуындай ғана көрінетін оң көзінің меңі, оң жақ ұртының болымсыз шұңқыры сонау кейінгі адамдарға байқалар емес. Бірақ, арасы қанша алыс болғанымен кішкентай қыздың сүйкімді үні Ертайдай перзентін сағынған əке жүрегін елжіретпей қойған жоқ. «Жер бетінде тірі жүрсе менің Бағилам дəл осы баладай есейіп, бірінші класқа кіретін жасқа толған шығар-ау! Ол да биыл жетіден сегізге шығады емес пе. Құдай-ау! Қандай бақытты əкенің баласы бүйтіп топ жарып тұрады екен, шіркін! Өзі бір қутыңдаған сүйкімді қыз ғой, тіпті əнді тайсалмай айтуын!– деп ойлаған Ертайдың жанары шымылдықтанып, Бағиланы аңсаған шын сағыныштан ба, əлде əлгінде ғана ішкен арақтың əсері ме, кім білсін, əйтеуір елжіреген көңілі тоқырамай, кірпігі жыпылықтап, көзінен бірнеше мөлдір жас тамшылары домалап кетті. Жұрт ду қол шапалақтаған кезде есін жинағандай болған ол сахнада жүгіріп бара жатқан əнші қызды сырттай тағы бір көріп қалды. ШЕШІЛГЕН ТҮЙІН Шырт ұйқыда жатқан Ертай кенет оянып кетті. Жолда жүргенде қаншама құс ұйқылы болғанымен үйде еруленген күндерінде маужырап бейғам жата беретін. Кейде таңертең Буянжав шешей оятатын-ды. Соңғы кезде өзін бұрынғыдай мазасыз ой шырмауынан недəуір сейіліп қалғандай сезіне бастаған болатын. Уақыт өткен сайын бастан кешірген ауыртпалығы көмескі тартып, ұмыт болмаса да жырақтап бара жатқандай. Əсіресе, Дариғаның дүниеге келуі оның өміріне тосын өзгеріс əкелді. Енді айлап болмаса да апталап кеткен сапарында кішкентай Дариғасын сағынып, Астанаға қайта оралғанша асығады. Шіркін бала! Ауыр ойдан қаншама қапаланып келсе жабырқаған əке көңілін жадыратып, жан дүниесін шаттыққа кенелдіріп жіберетін сəбиінің күнəсіз күшіне жалғанда не жетсін? Үй ішінде бірдеңе салдырлағандай болды. От жаққа қарай аунап түскен Ертай дыбысқа құлақ түрді. Ұйқысы мүлде ашылып кетті. Біраз ұйықтап тыныққан ол өзін тым сергек сезінді. Күндізгі аптап ыстық бəсеңдегенімен жалаң қабат көрпе жамылса да сəл жіпсіп терлеп қалған екен, кеудесін ашып тастап шірене көсіліп керілді. Екі жақтағы төсектің біреуі сықырлап əлдекім қозғалды. Қайсысы бұл? Жоқ, Буянжав шешей емес, Тогтох қой, ол төсегінен түсті де, сипалап барып есіктің ілгегін ағытып, сыртқа шығып кетті. Болымсыз ғана көрінген бозамық сəуле əлі таң ата қоймағанын білдіргендей. «Ол неге жалғыз шықты?» деп ойлады Ертай. Бір жері ауырды ма? Əрі өзгелерді мазаламайын дегені ме, қалай, жарық жақпағаны несі? Тогтохтың қайта келуін күтіп есік жаққа қарап жатқан Ертайдың қиялы біртіндеп шартарапты шарлай бастады. Оның есіне ең алдымен Дариғасы түсіп, дəл қазір кішкентай танауы пысылдап ұйықтап жатыр-ау деп елжірей ойлады да, баласының мұндай халіне шүкірлік еткендей іштей масаттана бір жымиып қойды. Сонсоң оның сол дыбысын тыңдағысы келгендей елеңдей бастаған көкірегіне мəңгі ұялаған Бағиласы көз алдында сағымдай елестеп кетті.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Ертайдың қиялы қызық. Ол Бағиласын сонау жоғалған кездегісіндей кішкене қалпында іздейді. Мүмкін, бұдан ширек ғасыр өткен соң да сол баяғы кейпінде деп ойлайтын сияқты. Өйткені, аяғын апыл – тапыл басып, тілі шығып, еркін сөйлей бастаған аққудың көгілдіріндей сүйкімді Бағиланы ғана көрген əке көңілі оны қаншама есейіп, үлкейді деп ойлағанымен баласын іздеуден жалығатын түрі жоқ. Сондықтан тағы бір сарпалдаң жүрістен кеше ғана оралып еді. Бұл жолы Мэндэй естіген бір қауесет Ертай мен Ганжуурды іздеуге итермелеген болатын. – Менің қайын ағам Хатгалга кіре тартып барған сапарында кірешілер қонатын үйде жүрген əке-шешесі жоқ бір жетім қызды көріпті. Бойының сұңғақтығы болмаса жасы жеті сегізден аспаған бала сияқты. Иесі табылмай отыр, бөгетсіз табыс етер едім,– депті оны қазіргі асырап отырған кісі – деген бір əйелдің сөзін мұқият тыңдаған Мэндэйдің тосын хабарын біраз тектегенімен мардымды дерек таба алмаған соң Хатгалдан жүк тасуға жол алған Ертай асығыс кете барған-ды. Бірақ сəті болмады, Ертай Хатгалға жетуден бірер күн бұрын əлгі қызды басқа аймақтардың бірінен келген кірешілер алып кетіпті. – Өзің көрмеген соң көңіліңнен күдік кетпейді ғой, машиналы адамсың, түйелі керуен қанша ұзай қояды, қусаң бүгін-ақ жетесің, барып кел,– деп шал жөн сілтеген соң Ертай іркілген жоқ-ты. Ақыры машинамен түстік жер жүріп кеп кірешілерді қуып жетті. Күндізгі қапырық ыстық қайтып, ауа райы салқын тарта бастаған. Кіші бесін кезінде дамылдаған жұртынан тағы көше бастаған кірешілер тым қарбалас екен. Сонда да жоқ қараған адамға мойын бұрып, жөнін айтуға мұрса тапқан қыз əкесі бір шай қайнатым уақыт аялдап, Ертайға ғажап бір оқиғаны баяндап берді. – Мен ежелден мал соңында болып мешіт медреседен шалғай көшіп-қонып жүретін едім. Өзім лама, тəуіп болмасам да дінге сенетінмін. Əрі барлық он сегіз мың ғаламды жаратушы бір Алланың жердегі уағызшылары молда-қожалар разы болса екен деп ламаларға төленетін пітір садақаны аямайтын əдетім бар-ды. Кемпірім де өзім сияқты діншіл кісі. Екеуміз бірігіп алып бір шаңырақ астында құлшылық атаулының бəрін атқарып келдік. Төңкеріс орнағаннан бері елде орыс моңғол аралас емші-дəрігерлер, оқушы, мұғалімдер, партия, жастар мүшелері дейтін дінсіздер көбейіп кетті де сапты аяққа ас құйып, сабына қарауыл қоя бастады. Сөйтіп жүргенде кенеттен екі ұлым ауыра қалды. Жақын маңдайда бақсы-балгер, көзқарақты лама болмай қалды да бір дəрігерге көрсетіп ем, оның дəрісі дəру болмай екеуі де дүние салды,– деп шал керуен соңынан бұйдасын сүйретіп ере жөнелген тоқым тартқан түйесін ұстауға баласын жұмсады. Төрт адамның əрқайсысы 15 түйе алып келіп, бастыра жүк тиеп қайтып барады. Олар өздерінің немесе жақынжекжаттарының түйесін ылғи алдында жетектейді. Өйткені, алдыңғы түйе соза аяңдап келе жатқанда соңғы түйе желіп отыратынын Ертай талай көрген-ді. Мұндайда кірешілер ең артқы түйеге қоңырау тағып қояды. Үлкендігі қос жұдырықтай қола қоңырау түйе қалып қоймастың бірден-бір сенімді хабаршысы. Бұл əсіресе, түнгі жүріске қажет-ақ. Осындай мол түйелі керуеннің күндізгі салтанаты да қызықты. Ауыл тұсынан өткенде балалар түгіл үлкендердің өзі тамашаламай қала алмайды. – Бір ғана адамға он бес түйе тым мол емес пе? – деп сұрады Ертай, - Сұмыныңда жігіт аз ба? – Азаматтар бұрынғыдай мешітке жиналып, сопылық құратын заман жоқ, ауылда еркек көп, бірақ, қаншама саусылдап бос жүрсе де солар осы шаруаға шыға қоймайды, қиынсынады, сонсоң аз да болса пайда тауып, үйреніп қалған бірнеше адам қайталап жүре береді. Ой, əттеген! Ана шелектің балаға ұстатпауын! – деп кішкене қыз жақындай бергенде желе жөнелген түйені бір сипап жіберіп, сөнбей жатқан тезек шоғына майын тамызып алып, құшырлана сорды. – Балаңызды шақырыңыз, кеңес біткен соң мен машинамен жеткізіп салайын. – Иə, сөйтсең де болады екен ғой, бері кел, балам! – деп дыбыстап, артына жалт қараған қызға қолын бұлғап шақырды да, үзілген əңгімесін қайта жалғамақ болғанымен əлгінде не деп тоқтағанын есіне түсіре алмай қалды. – Қалай еді? – Екі балам да қайтыс болды дегенсіз.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз – Иə, сол жылы өзге ауылдардан да үлкенді-кішілі көп адам қайтыс болдырып, Да хүрээден көп кісі келіп, кеселді дертті тоқтатты десті. Ақыры осы жағдайға кезіктім. Бір күні мына қызым кенет қатты ауыра қалды, өздігінен жазылар емес. Сонсоң қос атпен күншілік жердегі Номтон хүрээсіне шаптым. Бірақ менімен үйір-шүйір болып жүрген таныс лама жолаушы кетіпті де, жиырма екінші жылғы ламалар көтерілісінен бері бізбен араз боп жүрген басқа бір ламаны ертіп қайттым. Оның кектенетін де жөні бар-ды. Ереуілге шыққандар халық өкіметінен жеңілген кезде қашып кеткен лама ағасын мен ұстатып жібергенмін. Ал бұл қашқынды дəл көрсетуші осы деп маған сұғын қадамаса да іштей күдіктенетін сияқты еді. Дегенмен онан бері бір талай жыл өтті ғой, мұның ызыты əлдеқашан тарқады емес пе? – деген оймен ешбір күдіксіз үйге келдік. Балам қатты алқынып, сандырақтап жатыр екен. Лама да жұлдыздамасын ашып, емдей бастады. Бізді тысқа шығарып жіберді де оңаша қалып, дұға жазып, сырқатқа ішкізбек болып еді, баланың икемі келмеген соң аузына құйды. Мен сығалап тұрмын. – Бірақ,– деді ол мені шақырып алып, Тəңірге жасаған қарсылығың бар екен, балаң жазылмауы мүмкін. Егер бұл өлсе сенің о дүниеге барғанда қарығың ашылады. Не де болса ымыртқа дейін күтелік, деген ламаның суық сөзінен шошып жүрегім тас төбеме шыққандай болды. Өйтпегенде ше! Мен де пендемін ғой, тозақ отына қалай күйем, ал одан қорқып баламды өлімге қайтып қиямын! Жасаған-ай, мұндайды кім көрген. Іштей мазасыз оймен мүжіліп, таусылып отыра беріп ем, ақыры іңір қараңғысы түсе балам тынышталып қалды. Бетін сəл ашып қараған лама, иман айтып, күбірлей бастады. – Қызыңыз бұл дүниеден кетті! – деді. Мен ойбайлап, басымды тоқпақтадым, əйелім шашын жұлып еңіреп, баланың үстіне құлап түсті. Көз жасымыз көл болған бізге лама ақыл айтты: – Өлікті түнетуге де, көрге көмуге де болмайды. Осы қазір айдалаға апарып тастау керек, мүрдесін ит-құс неғұрлым тез жесе сонда бала шəйт болады, сен күнəдан айырыласың! – деп айтқанын дереу орындатты. Бұл біздің діннің ежелгі салты. Енді қайтып ол жерге аяқ баспа! – деген болатын маған. Сөйткен балам талықсып жатқанда иттің үрген дауысын естіп, үй бар екен деп келген кірешілер тауып алыпты да аузына сусын тамызып, есін жиған соң олар Хадгалға алып барыпты. Оны біздің ауылдан барғандар танып кеп өзіме хабарласты. Міне сол баламды алып келе жатқаным осы. – Баланың ит ерткені қалай? – Күшігінен өзі асыраған еді, иесі далада жалғыз қалған соң ит те болса тастап кете алмаған сияқты. – Қызық екен! – Иə, ламадан ит артық болғаны ғой. – Япыр-ай! – деп таңданды Ертай. Осы лама сұмпайының құритын кезі қашан келер екен! – Сонымен жаман ағаң алдамшы ламадан түңіліп қайтты,– деп шал орнынан тұрды. Ал бұл қыздың Бағила емес екендігіне Ертайдың да көзі жетті. Осындай ойлар жетегінде жатып кішкентай баланы ауру үстіне меңдуанамен улатып өлтірмек болған ламаны бір сыбап алды да, тыста кешігіңкіреп қалған Тогтохты іздеп сыртқа шыққан Ертай, жамылған шапанының өңірін қаусыра ұстап сəл бөгеліңкіреді. Таң əлі рауандай қоймапты. Аспаннан төне түскен тым қою жұлдыз сəулесі жер бетіне бозамықтанып зорға жетіп тұрғандай. Құс жолы оңтүстік батыстан жалғасып тұманды жолақ боп көк жүзін белдеулеп жатыр. Жеті қарақшы көк жиекке қарай көлбей түсіпті. Ал өрмекшідей арбиған Қарақұрт жұлдызы биіктеп барады. Таң хабаршысы Шолпан тұр ғой, əлі Үшарқар таразы да, Үркер де тумапты. Тыныш ұйқыда мүлгіген қала тыныштығын анда-санда дүр еткен машина үні селт еткізгендей болады. Орталық алаңнан желілене самсаған электр шамдар жердегі жұлдыздардай жымыңдайды. Үп еткен жел жоқ, тұнық ауа көкіректі кеңейте түскендей. Түнгі дала тынысымен желпініп, айналаға жанарын жаттықтырған соң Тогтохты іздеп аулаға көз жүгірте бастаған жігіт оны қора төрінен тапты. Биіктеліп жиналған бөрене үстінде отырған келіншек үйден шыққан адамды көріп, орны-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз нан тұрды. Денесінің салқындап, ширай түскенін сонда ғана сезгендей. Бағана төсекте аунақшып, тынысы тарылғандай алқынып, ыстықтағандай қапалап жата алмаған ол біраз бой жазу үшін тұрып кеткен-ді. Бірақ, өзінің сыртқа шыққанын ешкім білген жоқ деп ойлады да, далада недəуір отырып қалғанын абайламап еді. Күндізгі, кейде түнгі кезектегі тынымсыз жұмыстан қаншама шаршап жүрсе де ұшқыр қиялы бір сəт те шабандаған емес. Оның ойы тым алғыр еді. Қайдағы бірдеңені іздеп табатын. Сонысы үшін кейбір кəсіптестері оған қырын қарап, сырттай кекетіп, «қоғамшыл» деп жақтырмай жүргенде ол тағы бір соңы «бейнет» əкелді. Бұрын күресінге төгіле беретін шүберек қиқымы енді ондай «сапардан» қалды. Совет елінен келген маман Мария еліне қайтып, орнына мастер болған Тогтох қиқым құрайтын əуен тапты. Тілдей шүберектерді біріктіріп, төсеніш, маяуза, көрпе тысы сияқты бұйымдар өндіре бастады. Соның өзінен өндіріске бірқатар пайда келтірді, əрі онысы арзан бағамен сатылса да алушылардың кəдесіне жарап жатты. Бірақ, ондай қол болмайтын іске уақыт керек қой. Сондықтан Тогтох жұмыс сағатын қатаң ұстап, əркімнің күндік нормасын дəл есептеп бере жүріп, қазіргі істеліп жүрген жалпы жұмыс мөлшерінің тігіншілер қабілетінен төмен екендігіне көз жеткізді. Бұл туралы əкімшілікке өз пікірін айтып та көрді, бірақ, қолдау таба қойған жоқ. - Бұл,– десті олар, – Еліміз көлемінде қолданылып келе жатқан мөлшер. Талай жылдан бері қалыптасқан норма. Үкімет көрмей-білмей отырған жоқ. Оған жаңалық енгізбексің бе? Мұның албырттық қой. Шындығында сен кімсің өзі, жоғары жақта талай оқымыстылар отыр емес пе? – деп соңында тіс қаққандық көрсетіп, мұның өзіне ақыл айтып қайтарған. «Шіркін-ай!» – деп өкінді Тогтох. Өз ойыңды дəлелдеп берерліктей білімің болмағаны қорлық-ақ екен! Əттең бір оқуға түсетін күн туса. Осындай арман жетегінде кеткен ол райынан қайтқан жоқ. Өз ойының дұрыстығын қара дүрсін түрде болса да айқын көрсету үшін жұмысшылардың нормасын тындырғаннан кейінгі артылған уақытын науат етпей, қиық құрауға жұмсап жүрді. «Ерінбеген етікші» демей ме, бұрын ылғи кездеме, қаттама бұлдан пішілген дүниені ғана тігіп үйренген əйелдерге мына жұмыс шынында да «бейнет» болып көрінді. – Қой, шырағым! Мені енді мазалама! – Бұдан да бір мая шөп ішінен ине қараған оңай. – Басқаларың өздерің біл, əйтеуір мен сығыраңдай алмаймын. – Еріккеннің ермегі де. Біз сияқты үйінде бай-баласы тұрған жоқ, салт басты, сабау қамшылы қатынның несі кетіп барады. – Бастықтарға жағудың амалы ғой. – Иə, көрінгенге қолжаулық болғанша тұрақты бір бай тауып алсашы,– деген ормауыз əйелдердің пыш-пышын Тогтохтың өзі де талай естіп жүрсе де көңіліне күдік келтірген жоқ. Өйткені жұмысшылардың көпшілігі бұл істі қолдап, қызық көріп, беріле еңбек етіп жатқан-ды. Дегенмен, мұның жеке басына айтылып жүрген жалған өсек-аяң таза арына инедей қадалатын-ды. Əйел адамның бір осалдығы өзінің адалдығына өзгені сендіре алмағандығында болса керек. Мен пəкпін деп қайда барып жар салады, кімнің аузына қақпақ болады. Құдай-ау, бет алды біреуге ат қойып, айдар таққыш пенделер қайдан жаратылады осы! Сондай мінезінен табатын пайдасы қанша, шіркіндердің. Ал олардың жабар жаласы жалған болғанмен тауы жалаң емес қой. Аймалар жары, аялар баласы жоқ екені рас. Тіпті ғұмырын осы қалпы өткізбейтіні де рас. Қартайып тұрған жоқ, жас əйел дəм тартқан күні біреуге иық сүйейтіні белгілі. Бірақ, ондай тұрмыс туралы нақтап толғана қойды ма? Бұл жағынан əлі күнге дейін ешкімге тіс жарып, сыр ашқан жоқ-ты. Иə, сырт көзге солай көрінгенімен іштей тайталасқан ойлар жан дүниесін тулаған теңіздей астаң-кестең еткелі қашан?! Жар құшағын неге аңсамасын, өйткені бұл да періште емес адам, əрі əйел ғой. Əйел еркектің қамқорлығында өмір сүруді қалайды. Сүйген жардың кеңпейіл мейірбандығы əйелді жаңбыр соңындағы гүлдей жайнатады. Бірақ, кімнің болмасын бейкүнə жүрегі гүлдей жұлынып, мезгілсіз қуаруды қаламайтыны ақиқат. Көңіліне күншуақ сезіліп, көптен қалаған бір бейне мұны жиі алаңдататын болып алды.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Сонда да атам заманнан салтқа айналып қалыптасқан əйелдік инабаттылық махаббаттың шырайлы үнін ең алдымен еркектен естуді қалайды. Сондықтан Тогтох та сондай бір емеуірінді сарыла, ұзақ күтіп келеді. Міне дəл қазіргі отырысында да сондай қиял жетегінде шарықтап барып оралғандай болып еді. Кенет үйден шыққан біреуді көргенде ұрлығы ұсталып қалған баладай селк етіп, қарсы жүрді. - Ертай, сен де ояу ма едің? - Далада неге көп жүрдің? – Ол сұрауға жауап беріп үлгермей Тогтохтың қасына келді. – Өзің жұқа киіммен екенсің ғой. Салқын тиіп қалмасын. - Тоңғаным жоқ,– деді тек іш көйлекпен ғана тұрған келіншек денесінің салқындап, сəл тітіркене бастағанын білдіргісі келмегендей. Бірақ, Ертай онысына сенген жоқ, өз табиғатында бұрын-соңды кезіктіріп көрмеген төтенше бір батылдықпен Тогтохтың оқтаудай жұмыр, мамықтай жұмсақ білегін добалдай саусағымен сипай ұстап: - Кане, келші бері, өзім жылытайын! – деп шапанының өңірін оның ту сыртынан орай жауып, қапсыра құшақтай алды. Келіншекте ешқандай қарсылық болған жоқ. Өмір түйінінің түбінде осылай шешілеріне көптен көзі жеткен əйел еркектің жып-жылы денесіне жабыса берді... Осы түннен кейін бір апта өткенде олардың үйлену тойы болды. ӨРТӨӨ (ЛАУ), 25 – 84 Қоңыр күз. Түгін тартса майы шыққан шұрайлы Хангай жоталары манаурап жатыр. Биік жондардың сырт бейнесі сартал тартыпты. Жаз маусымындағыдай жасыл реңінен өзгергенімен ойпат, өзенді жерлердің буыны қата бастаған судырлақ өлеңі тізеден сипап, жайқалып тұр. Сынаптай көлкіген тұнық өзен алыстан айнадай жарқырап, мен мұндалап жатқандай. Тау бөктерінде өрістеген қоралы қой, төгілген ақ бидайдай айқын көрінеді. Күн төбеден ауған кез. Аптап алауымен қыздыра алмағанымен жанға жайлы шуағын аямай төгіп тұр. Су жағалай бітік өскен орман алаңқасында алқа-қотан отырған бір топ адам өзге дүние тірлігінен оқшауланып, төтенше бір шаттық құшағына кенелгендей. Олардың қызу əңгімесін, қызықты күлкісін тыңдап, маздай жанған от жалынына андасанда бір қарап қойып машинасының əр жерін шұқылап, жөндеп жүрген Ертай недəуір шаршап қалғанын енді ғана сезгендей болды. Оның жаңа машина ұстап алыс жолға шыққаны бүгін ғана емес қой, бірақ өзі ат жалын тартып мінгелі, əсіресе, техника тізгінін ұстанғаннан бергі ең бір таңғажайып сапары осы боп тұр. Сондықтан соңғы күндерде ұзақ толғанып, түн ұйқысын төрт бөлген ойдан айыға алмай келеді. Оны мұндай ойға қалдырған аса бір тосын оқиға болды. Тағы да шаршап алыс жолдан оралған Ертай бүгін автобазаға күндегіден кешігіп келді. Диспетчерге бара беріп еді, ондағылар аман-сəлемнен кейін-ақ: – База басшылары шақырып жатыр. Тезірек баршы,– десті. – Не қажетім болды екен? – Білмедік. «Бұлай асығыс шақыра қоятын орны жоқ сияқты еді» деп таңданған Ертай «База бастығы» деген адресі бар есік алдына кеп тұтқасын тартты. Бұдан біраз бұрын автобаза бастығына тағайындалған Лувсанцэрэн шоферлерімен тіл табысу жағынан көзге түсе бастаған-ды. – Даважаав сияқты емес сыпайы, əрі орынсыз талап қоймайды, тіпті, бастықпын деп шекшимей, кейде шофер-
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз лерге көмектесіп, май құйған шелек көтеріп, доңғалақ айдап жүреді,– деп кеңеседі адамдар. Əйтеуір, олардың болымсыз мақтауы жаңа бастықтың бүкіл қызметіне жасалған дəл қорытынды болмаса да, мінез-құлқының бірер ерекшелігін дəлелдейтін. Лувсанцэрэн орнына отырып, мансабына ие болудан бұрын Даваажавтың тосын өліміне таңданып, соған біраз жоқшы болды. Бірақ мардымды ештеңе өндіре алмады. «Айыпты деп көрген адамды тексеру заң орнының міндеті, ал аурудан өлгені үшін ешкім кінəлі емес» деген сылтаудан өзге өндіргені аз ол марқұмның əйелі, бала-шағасының атынан арыз жазып, жоғары сот бастығының өзіне жолдаған еді, əлі жауап келген жоқ. Бұл екі арада бұрын да хатшылық жұмыспен айналысып база өмірімен таныс болған, əрі партиялық тапсырманы табысты атқарып келген беделді кадр деп министрлік оны автобаза бастығына тағайындады. Ол Ертайды жылы шыраймен қарсы алып, дереу министрлікке ертіп жүрді. Онда барған соң ғана жағдайға қаныққан Ертай бірден қабылданып қойған шешімге разы да, наразы да болған кейпін танытпай кете барған-ды. – Ертай асқа кел! – деп айқалады Ганжуур. Тамақ əзір болды. Оның дауысын естіп, тал ішінен Мэндэй мен Тогтох та шыға келді. Олардың артынан кішкентай Дариғаны көтерген Буянжав шешей де көрінді. Басқа жолаушылар да жиналып кеп дастархан басына отырды. Бұлардың Астанадан аттанғанына бүгін үшінші күн. Енді жол екі айырылуға тиіс. Ертайдың тобын шығарып салу үшін Ганжуур əдейі осылай жол алғанда Мэндэй де ере жүргенді. Сондықтан бүгін осы жерге əдейі аялдап, қой сойылып, қазан асылды. Міне, екі машинадағы адамдардың қазіргі бас қосуының негізгі сылтауы осы болатын. Ертай етті тым аз жеді де, оның есесін жібермейін дегендей күзгі қымыздан мейілінше ішті. – Осы кезде малдың сүті азайып, майлығы молая түседі ғой, желі басындағы бие семіріп, сүті қойылғанын қарашы, – деді Мэндэй шарадағы қымызын шайқай ұрттап отырып. – Жоқ, – деді Буянжав шешей оған күле жауап қатып, - Олай деме, балам, күз маусымында өзге малдың сүті қойылатыны рас, бірақ, бие сүті сұйылып кетеді. Сондықтан қымыздың сапасы жайлаудағыдай болмайды. - Сөйтеді. Сенің айтып отырғаның қымыздың қойылғаны емес, жақсы пісілмегендіктен іріктелген түн басы емес пе,– деп Ганжуур Мэндэйдің қолындағы аяққа үңілді. - Жарықтық! Не дегенмен де биылғы жылдың соңғы қымызы ғой, өзі де бабында екен! – деп дастархан басындағылардың дəл ортасында отырған, таяуда ғана Астанаға келіп, енді қайтып бара жатқан Баян – Өлгейлік сыйлы қонақтың бірі, қара мұртты, қазақ жігіті шарадағы қымызды сіміре түсті. Ал осы жолы кезекті демалысқа шығып, əдейі ауылына келе жатқан баяғыдағы Далабай мен Самат та осы дастархан дəмін татып отыр. Ежелден ащы сусынға зауқы аз Тогтохтың алдында, дастархан шетінде тұрған қымызды Дариға тартып қалып лақ еткізіп төгіп тастады. – Тынышсызың-ай, сенің! – деп Тогтох оны жерден көтере берді де, піскен алмадай торсиған бетінен сүйді. – Ақ дəмнің төгілгені жақсы, ақ жолтай болады екенбіз, – деп ырымдады Буянжав шешей. Бұл харекеттің бəріне самарқау қарап отырған Ертай талпынған Дариғасын шешесінің қолынан алып тізесіне қондырып, ойната бастады. Оның əлі де екі түрлі аты аталады. Ертай Дариға десе, өзгелер Дариймаа дейді. Əкесі оны еркелете отырып кебін киіп «Даландавхардың» қабірінде қалып бара жатқан бұрынғы əйелін, кішкентай ұлын, ешбір дерексіз жоғалған Бағиласын толғана еске алып көкірек кере бір күрсінді. Оның жабырқаған көңіл күйін тамыршыдай танитын Ганжуур тостағанда тұрған арақты Ертайға ұсынып, сəт-сапар тіледі. Басқа жерге бас қосқанда ішімдікке онша белсенділік көрсете алмайтын ол бұл жолы бір де рет бас тартқан жоқ. Жұрттың бəрі де қызып, біртіндеп дауырықпа сөз, өлең өрбіп, күлкі молая бастаған кезде Ертайдың да көз алды кіреукеленіп, жер көшкендей бұлдырап, теңселіп кетті. Сол мезетте қолымен таяна орнынан зорға түрегелген ол Ганжуурды қапсыра құшақтай алып, сүйіп, сонсоң кеңкілдеп жылап жіберді.
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ Жоғалған қыз Бұл – өмір шырғалаңында табыстырған жүктердің бірінбірі қимастық іңкəрлігінен туындаған адал достық жасы еді. Осындайда шараптың да ақкөңілдерді одан əрі жіпсітіп, нəзік жандарды қорғасындай балқытып жіберетін қуаты да атойлап шыға келетіні бар емес пе, сол əдеті Ганжуурдың да, онша ішпеген Мэндэй мен Тогтохтың да, əншейінде көңілі бос адам Буянжав шешейдің де көз жасын бір-бір төктіріп алды. Тіпті жаңа ғана өлең айтпақ боп, домбырасын күйге келтіріп отырған ақынның да жанары жылапты. Піскен ермен иісі аңқыған шөп үстіне жайылған дастархан басында осылай ұласқан бейғамдықты бұзып, адамдарды өзіне қайта жинаған күш əлгі жігіттің домбырасымен сүйемелдеп шырқай жөнелген əні еді. Суық сумен басын жуып, сəл серпіліп қалған Ертай да кеп басқалармен бірге əн тыңдауға отырды. Қасқа маңдайы күнге қыза жалтырап, домбыраның үніне дауысын дəл сəйкестірген əнші мүлгіген орманды да ұйқысынан ырғап оятқандай болды. Ол қазақтың, урианхайдың осы сапарында үлгерген халық əндерін де орындай келіп, соңында жаңа бір қырынан көрініп қалды. - Он бірінші тарихи ұлы съезд-ай! Болашағын болжайтын ірі съезд,– деп партияның да ең маңызды маслихатын мадақтап өтсе, енді бірде алғашқы бесжылдықты, ондағы негізгі нысананы сөз етіп: Өсірейік мал басын, Отыз бір миллион болғызып,– дейді. Мұндай өлеңдерді іркес-тіркес айта кеп кенет мүлде тосын бір əнді шырқай жөнелді: Үкімет ат өртеңнен азат етіп, Ат орнына мінгізді автомашин,– дегенде тыңдағандар ду қол шапалақтап жіберді. Ертай, Ганжуур мен Мэндэйге өлең мəнін ұғындырмақ болып əуреленуде. Ақынның тапқырлығына олар да мəз. Дəл айтып отыр. Биылғы жыл басында болған мемлекеттік IX съезд шешімі бойынша ат өртең жойылып, барлық аймаққа авто өртең орнатып жатыр. Міне, енді Баян-Өлгейде алғашқы машинасын алып барып, əрі шофер, əрі механик болып сол жерде жұмыстайсың деген министрдің тапсырмасымен Ертайдың да келе жатқаны осы ғой. Сырттай қарағанда оның өмірге кеткен ұпайы жоқ сияқты. Бір кезде əйелі Нұрғайып, баласы Бағила үшеуі келсе, бүгін келіншегі Тогтох пен кішкентай Дариғасы қасында, тіпті, Буянжавтай мейірімді абзал анасы бар. Алғашқы сапарында икемсіз одырайып, машина маңына жолаудан жасқанатын болса, енді сол сиқырлы темірді өзі жүргізіп келеді. «Бірақ» – оның ойы тағы да астаң-кестең болып кетті. Уақыт кешке айналды. Қыздырған мыс табақтай сарғайған күн шары төмендеп, көк жиекке көлбей жатқан тау арқасына артыла бастаған кезде адамдар тегіс отырып, орындарына жайғасқан соң қатар от алған екі машина үні бұйыққан самарқау өлкені үркітіп оятқандай дүр сілкіндіріп жіберді. Бұл санғасырлар бойы еңсесін езген ат өртең ауыртпалығынан құтылған халық мұратының айдынындай сезіліп еді. Тағы да құшақтасып, кірпіктерін мөлдір тамшымен жылап айырылысқан екі шофер жол айрығынан бөлініп, екі жаққа жөнеле берді. Моңғолияның батысына бет алған бүйірінде «Өртөө 25-84 » (Лау 25-84), деген айшықты жазуы бар машина екпіндей зырлаған кезде жүздерін самал жел өпкен жолаушылар кеуделерін кере тыныстап: Өкімет ат өртеңнен азат етіп, Ат орнына мінгізді автомашин, – деп бəрі бірігіп шырқай бастады. Бұл 1949 жылы күзде болған оқиға еді. І-кітаптың соңы
Баян-өлгей. 1981-1983 жылдар.
МАЗМҰНЫ Сілімтір ....................................................................................... 3 Салпыаяқ......................................................................................6 Дүрдеараз.....................................................................................9 Мүлдеараз..................................................................................14 Бір көрген біліс..........................................................................19 Қашқындар................................................................................23 Дағдарыс....................................................................................26 Кісікиік.....................................................................................32 Ол дұрыс айтты.........................................................................37 Өзекті жерде өлім бар...............................................................41 Достық ақыл..............................................................................46 Қарағайды талға жалғап..........................................................49 Ақтық құшақ.............................................................................53 Жатып жастық...........................................................................57 Иіліп төсек................................................................................60 Бағила – Байгалмаа...................................................................64 Айтып қойған соңғылыққа жақсы...........................................68 Кім жазықты?.............................................................................72 Асқанға тосқан...........................................................................79 Қолын бір-ақ сілтеді.................................................................81 Жас жігіт ұялып қалды.............................................................85 Түнде тұрған келіншек..............................................................90 Олар көшіп кетті........................................................................94 Қастандық.............................................................................98 Нанымсыз шындық................................................................102 Айт та сертіңе жет...................................................................108 Күдік.........................................................................................111 Бəрі де ықтимал.......................................................................115 Жайлауда..................................................................................122 Ажал.........................................................................................126 Ат айналып қазығын табады..................................................131 Қырық кісі бір жақ, Қыңыр қісі бір жақ..................................................................138 Шағым мен шарапат................................................................143 Тонды бала...............................................................................150 Темір тұлпар тағдыры.............................................................165 Садақа.......................................................................................160 Жиырма үш ̶ сексен екі.........................................................166 Басқа пəле – тілден...................................................................171 Сəті болмады............................................................................179 Куəгерлер.................................................................................186 Қызғаныш................................................................................191 Дариға – Дариймаа..................................................................199 Таныс адам...............................................................................206 Жаңалық..................................................................................212 Əдемі жазу...............................................................................220 Ақшамда ..................................................................................226 Алғашқы қадам........................................................................233 Шешілген түйін......................................................................241 Өртөө, 25 – 84............................................................................249
Елеусіз МҰҚАМАДИҰЛЫ ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗ Роман Редакторы Серік РƏСІЛОВ Корректоры Жанар Жанапиянова Мұқабасын көркемдеген Бейсен Серікбай Беттеген Айнагүл Ауанова Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспасы 050016, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі 43А Тел/факс: 2 733244., 2 739997 Басуға 08.09.2014 ж. қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times». Пішіні 84х108 1/32. Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы 13. Есептік баспа табағы 16. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс ЖШС «Курсив» Алматы қаласы, Восточная көшесі, 2
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру