Винни және оның достары
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тамаша ертегіші Уолт Диснейдің есімі елге мәлім. Оның таңқаларлық мультфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өріліп, елітіп әкетеді. “Алтын классика” сериялық кітаптар тамаша оқиғаларымен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады. Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып, таңғажайып құпияларды ашады.
Жо ғал ып кеткен қ ұ й рық
Баяғыда Кристофор Робин атты бір бала
болыпты. Ол орманда тұратын аңдарды
жақсы көреді екен. Әсіресе Винни есімді
қонжықты жанынан тастамайтын көрінеді.
Мінекей, олар! Мамық жүнді көңілді аңдар.
Олар бір емес, екі емес, көптеген қызықты
сәттерді бастан кешіріп жүреді. Дәл осы
орманда!
Ертегілер орманында өсіп тұрған кәрі еменді Винни
есімді қонжық мекен етіпті. Ол балды өте жақсы көреді
екен, кейде оны ұмытып кеткенімен, шұрылдаған қарны
балды қайта-қайта есіне түсіреді. Мұндай кезде тезірек
бал жеу керек.
Қонжық киініп бал туралы ән салады, оны шұрылдаған
қарны қайталап әндетеді.
Винни енді бал іздеуге кірісті. Төсектің астындағы,
шкаф сөрелеріндегі құмыралардың бәрін қарап
шықты, бұл жолы ешқайсысынан бал таба алмады.
Бір кезде жоғарыға қол созып, қолы бір ауыр құтыға тигендей болды. Ала беріп еді, құмыра үстіне төңкеріліп, өзі омақаса жерге құлап гүрс ете түсті. Г ү р с !
Енді тек бір ғана жол – орманға бару керек деп шешті. Ол әлдеқайдан ызыңдаған дыбыстарды естіді. Қонжық бір сәт демін ішіне тартып тұра қалды да, дыбыс шыққан жаққа құлақ түрді. «Бұл не ызың болды екен? Дәу де болса, бұл араның дауысы болар. Алақай! Егер жақын маңда араның бары рас болса демек, ол жерде бал да бар деген сөз. Ал, бал не үшін қажет? Әрине, жеу үшін!»- деп қуана езу тартты. Бірақ олардың жылы шырай танытып қарсы алмасын білді. Ж - ж - ж Ж - ж - ж Ж - ж - ж
Винни қулық ойлап тапты. Аралардың көзіне көрінбеу үшін, ағаштың бұталы жапырағын сын дырып алып, оны бетіне көлегейлеп аралар ұясына жақындады. Ж - ж - ж Ж - ж - ж Ж - ж - ж
Осылайша Винни қолын ағаш қуысына салды. Жж жж ж ж ж ж ж ж ж
Ұядан қаһарына мінген бір жауынгер ара ызыңдап шыға келді. Винни аралардан құтылу қиын екенін білген соң, ойына тағы бір қулық жасау түсе қалды. Ж ж ж жж
Ж - ж - ж Ж - ж - ж Ж - ж - ж Араларда н әрең қа шып үлгерген ол доста ры н ың
үйіне б армақ болды. Мүмкін біреуін ің үйінен бал таб ылып қ ал ар . Бірақ ол қулығы да і ск е а сп ады .
Винни Салпаңқұлақ есектің үйіне келді. Бұл кезде
ол досы көңілсіз күйде шөп күйсеп жатыр еді.
- Сәлем бердік, Салпаңқұлақ! Сенен аз да болса
бал табыла ма?
Оның жауабын күтпестен, Винни есектің қорасына
кіріп шықты. Еш жерде бал жоқ. Шұрылдаған қарны үйдің
артынан қарауға кеңес берді.
Ештеңе таба алмаған Винни
Салпаңқұлақтың жанына келді. Ол енді
ғана досына бағдарлап қарады.
- Достым, құйрығыңа не болған? –
деп сұрады Винни.
- Не бопты? – деді есек мән бер
мей.
- Ол орнында жоқ қой?
- Ал, ендеше, оның орнында не тұр екен?
- Ештеңе!
- Енді не істеймін ә?
- Жарайды, уайымдама. Құйрығыңды мен тауып бе
рем. Тауып алған соң, екеуміз бал іздеуге бірге барайық,
- деп Виини есекке уәде берді.
Винни көмекке Филин есімді үкіні шақырып алды.
- Жағдайды сөзбе-сөз жаз! – деп бұйыра сөйледі Фи
лин. - Бұл әдеттегі жағдай.
- Бұл не сонда? – деп сұрады Винни.
- Бұл дегеніміз – не істеу керектігін түгелдей жазып
алуымыз керек... әбшщуу...
- Сау бол!
- Ғафу өтінем! – деді Филин.
- Сен түшкірген соң, мен саған саулық тіледім,-
деп түсіндірді Винни.
- Ешқандай да түшкірген жоқпын. Қысқасы
есектің құйрығының орнына келер затты табуы
мыз керек. Ол үлкен әрі жақсы зат болуы ке
рек. Бізге Кристофор көмектеседі. Жарнама
қағаздарын жан-жаққа ілуіміз керек.
Ол осылай деді де Кристофор
дан көмек сұрау үшін қалаға
қарай ұшты.
Кристофор Робин тез іске кірісіп кетті. Ол бірнеше
қағаздарға «Өте маңызды іс» деп жазып жатты. Ормандағы
аңдардың ешқайсысы хат танымайтындықтан, қағаздағы
бірді-екілі грамматикалық қателерді ешкім байқай
қоймады.
Винни барлық
қағаздарды орманға іліп
шықты.
Ол енді бір ағашқа
қағазды іле берем деп
жақындап еді, бір бөтен ды
бысты естіді.
Бұл сен бе? – деп сұрады
қарнынан.
Одан жауап ала алмаған Винни қағазды ағашқа іліп болып кері бұрыла беріп еді, қайдан екені белгісіз ау ада қалықтап ұшып келе жатқан шарды көрді. Винни оны «Өте маңызды іске» қөмектесуге шақырмақ болған. Осы кезде қалың бұта арасынан атып шыға келген жолбарыс шардың үстіне секіріп мінді. - Жолың болды ғой, сенің Винни дос! Мына оңбаған сені жұтып қоятын еді мен болмағанда! Шар жолбарыстың тырнағынан құтылып кеткісі келіп тырысқанымен, ештеңе өнбеді. Екеуі ары алысты, бері алысты. Шар да мықты болып шықты.
- Сен қорықпа, барысым, - деді Винни. – Бұл бар болғаны
шар ғой.
Жолбарыс өзінің қорықпағанын, жай солай түр көрсеткенін
айтып ақтала бастады.
- Шар алдымнан шыға келді. Мен қалайда оған шабуыл
жасауым керек қой. Содан кейін мен де атылдым. Орманның
қаһарманы мен болам! Қайрат пен күш тек менде ғана тасып
жатыр. Менен басқа кім бола алады, айтшы?
Ол мақтана осылай секіре сөйледі де орманға қарай бет
алды.
Кристофор Робин «өте маңызды істі» талқылау үшін
бәрінің басын қосатын үлкен жиында аңдарды күтіп
тұрды. Ол келген тобырға Сапаңқұлақтың құйрықсыз
қалғанын көрсетіп:
- Салпаңқұлаққа жақсы құйрық табу сайысын жа
риялаймын! – деді. Филин оның сөзін бөліп, құйрықты
тапқанға сый беру керектігін ескертті және сый ор
нына не берілуі керек деген әңгіме олардың арасында
өзара талқыланып жатты.
Винни Кристофорға құтыдағы бал салынған
суретті берді.
- Таптырмас ақыл! – деді жымиып Кристофор.
– Сый орнына бал беретін боламыз!
Ең үздік қ ұ йр ық т аб у са йыс ы
Винни үйден қабырғаға ілініп тұрған сағатты
алып кеп, құйрық орнына қойды.
- Рахмет, Винни! - деп алғысын айтты
Салпаңқұлақ. Достары қонжықты сайыстың
жеңімпазы деп тапты. Қарны шұрылдаған
Виннидің қолы әрең дегенде балға жететін
болды-ау...
Винни балды енді ғана аузына сала беріп еді,
Салпаңқұлақ отыра берем деп сағатты сындырып алды.
Соның арасынша Филин қонжықтың қолынан құтыны
жұлып алды. Винни мұңайып сала берді.
- Шарды байлап көрейікші, - деді
шошқа.
Бала шарды Салпаңқұлақтың
құйрық орнына байлады.
Салпаңқұлақ шармен бірге қимылдай алмайтынын,
мұның өте ыңғайсыз екенін сезінді. Шар қайда барса, өзі
де сонда баратынын біліп жайсыздық танытты.
Достар
құйрық ор
нына нелер
жалғамады
дейсіз?
Қолшатыр
Флюгер
Жіпке байланған доп
Сайқымазақтың
қалпағын
Бұғының басын
Гармонды
Бұдан басқа олар
ештеңе ойластыра
алмады.
-Жарайды,
болды,- деп күрсінді
Салпаңқұлақ.
– Құйрықсыз да
бірдеңе қып өмір
сүрермін.
Мұңайған есекке жаны ашып кеткен Кенгуру:
- Менде бір нәрсе бар. Сол дұрыс болатын шығар, -
деді де мойын орағышты ұсынды.
- Кенга, сен жеңдің! – деп айқайлап жіберді Кристо
фор.
Филин құтыдағы балды кенгуруға табыс етпек болды
Балдан қағылған Винни Кристофордың үйіне келген
еді. Бала үйде жоқ болатын. Бірақ есікке қыстырылған
бір хат тұр екен. Хат танымайтын қонжық оны Филинге
алып келді.
Кенгуруға достары балды табыс етпек болып
жатқан кезде, қонжық та үлгеріп жетті.
- Қане, әкел, оқиық, мен оқи алмайтын жазу әлі
кездескен жоқ, - деп Филин хатты қолына алды. Ол
қолындағы құтыны сөренің үстіне қойды.
Бұл жерде: «Мен жұмыспен кеттім. Қазорр!» деп жа
зылыпты, - деді Филин.
– Түсінікті! Біздің досымыз Кристофорды «Қазорр»
атты жауыз ұрлап әкетіпті!
Достары қатты уайымдай бастады.
- Ол өте қорқынышты әрі қауіпті. Мен оны
жақында суреттен көргем.
Филин сөйлеп тұрған сәтте, қонжық Винни кітаптарды
бірінің үстіне бірін қойып, сөре үстінде тұрған балға
жақындамақ болды. Ал, Филин болса «Қаззорр» деген
жауызды табу үшін, кітаптарды бір-бірден алып ақтара
бастады. Қонжықтың еңбегі еш кетті.
- Ол қайда кеткен? – деп мазалана бастады Филин.
- Оның суретін өзің салып көрсеңші, - деп қолқа салды
қоян Филинге борды ұсынып.
Филин қорқынышты үсті- басы жүн-жүн, басында
мүйізі бар, мұрнында сақинасы бар құбыжықтың суретін
салды.
Қазоррдің
кейпін таныған до
стар оның жалпы не
істейтінін білгісі келіп
қызықтады.
Филин бұл
құбыжықтың
кітапханада сурет
салып отыратынын
айтты.
Сүтті шашып,
сағатты тоқтатады.
Шұлықтарды кеміріп жыртады.
Осы кезде қоян бір айла ойлап тапты.
- Қазоррдің жақсы көретін заттарын жинап үйіп
қояйық. Ол келген кезде ор қазулы тұрады. Оны осы орға
түсіреміз. Осылайша Кристофорды құтқарамыз.
Құтқарушы топ жолға шықты. Осы кезде
әрқайсысы Филинге « Қазір келем!» деп
орманға қарай кетіп жатты. Кенеттен
Филин ойланып қалды. «Қазір келем»
деген сөз «қазорр» деген сөзге
ұқсайды екен иә? Қызық... Қандай
сәйкестік? – деп ойланып қалды
да, әй жарайды маңызды
емес деп қолын бір-ақ
сілтеді.
Достар заттарды алып келуге әркім өз
алдына кетті. Винни мен шошқа қолдарына
күрек алып орманға қарай бет алды.
Олар орманнан ыңғайлы жер
тауып алды да, жұмысқа кірісіп
кетті. Шошқа орды терең қып
қазды. Оның бетіне жұқа дастар
хан жауып, төрт жағын төрт ауыр
таспен бастырып тастады.
- Айтпақшы мен бір нәрсені ұмытып кетіппін ғой, - деді
шошқа. Ол құтыдағы балды қойып жатып:
- Оны осы балмен де алдап түсіреміз, – деді.
- Иә, сендер мені, менің қарнымды да алдағансыңдар,
- деді қонжық бұртиып.
Осы уақытта құбыжықша киініп алған жолба
рыс есекке құбыжықтан қалай қорғану керектігін
үйретпекші болып оны іздеп жүрген.
Есекті таба алмаған соң, құйрық орнына
жапсырмақ болған бұранданы іздеді. Бұл кәдеге
жарап қалар деп ойлады ол.
Та бы лған бақ ыт
Қоян қатты қуанды. Оның құбыжықты орға түсіріп ба
ланы құтқарып қалу жоспары іске аспақ. Енді тек әлгі
құбыжықтың қашан келіп орға түсетін сәтін күту ғана
қалды.
- Қоянжан, осы жерден тоқтайықшы. Түскі ас ішіп
алайықшы а...- деп қиылды қонжық.
- Болмайды! Кристофорды тапқанша тамақ ішпейміз!
– деді қоян. – Балды ойлағанша досыңның жайын
ойлауға тырыс!
- Жарайды, тырысып көрейін, - деп қонжық бал ту
ралы ойламауға бар күшін салып тырысып бақты.
- Осы кезде бір қызық оқиға болды. Қонжықтың
көлеңкесі бал толы құтыға ұқсап кетті.
Одан ары таңғажайып оқиғалар болып жатты. Достары
бірдеңелер айтып тұрды, бірақ қонжық «бал, бал, бал»
деген сөздерді ғана естіп жатты. Бір кезде қонжықтың
айналасындағылардың бәрі балға айналып сала берді.
Мұхитта жүзгендей толқындатып еркін жүзген қонжық
балды ақпалы-төкпелі жеп, мәре-сәре болды. Бақыттан
басы айналып, бал туралы ән айтып, би де биледі. Өмір
деген қандай ғажап!
Бір кезде «Пуф!» етіп тәтті арманы демде сейілді. Бал
мұхитында жүзіп жүрдім деген қонжық бір батпаққа түсіп
кетіпті. Винни шалшыққа басымен бір-ақ кірген екен.
Бұл түске сенген бәрінен бұрын қарынға обал
болды.
Қонжық үсті-басын қағып алға жүрді. Бірнеше қадам
аттаған соң, далада дастархан үстінде тұрған құтыны
байқады. Қуаныштан әлгі құтыға қарай жүгірді. Бірақ ол
шошқа екеуі Қазоррға жасаған орға түсіру айласы екенін
ұмытып кетті.
Винни ә дегенше шұңқырға құлады. Құты үстіне
төңкерілді, өкінішке орай құтыда ешқандай да бал жоқ
еді.
Шұңқырға біреудің түскенін аңғарған достары ордың
қасына жетіп келді.
- Ой, қандай жақсы болды! Құбыжықты ұстадық! – деп
айқайлады қоян.
Бірақ олар шұңқырдың ішінен құбыжық орнына
Винниді көріп таңқалды.
Салпаңқұлақ қонжықты шұңқырдан алып шығу үшін
өзінің жаңа құйрығын күшке салмақ болды. Бұл арқан!
- Табылған ақыл! Біз енді Винниді құтқара аламыз! –
деп қоян арқанды тереңге тастады.
Қонжық сондай ауыр болды, достарының бәрін
сүйреп әкетті. Виннидің басындағы құты да қирап қалды.
Сыртта тек далаға ұшқан шошқа ғана қалып қойды.
- Әй тоқтаңдар! Мен де сендермен барам! – деп айқай
салып жүгірді шошқа құбыжыққа жем болып қалам ба
деп қорқып.
- Жоқ, секірме! Сен бізге көмектесе аласың!
Бізді шығарып алу үшін бір нәрсе ойлап
тап! – деп қоян айқай
салды.
Шошқа бір кезде шұңқырға гүл алып келді. Ол өте
қысқа болғандықтан, іске жарамай қалды.
Содан кейін ол үлкен кітапты әкелді.
- Дүниедегі ең ұзын затты әкепсің ғой тегі, - деп
ренжіді қоян.
- Филин маған осы кітапты оқып бергенде, ең ұзын
және ең үлкен нәрсе осы деп ойлағам, -
деп жымиды шошқа.
Үшінші күні шошқа шұңқырға арқан жіп әкелді. Бірақ
бұл жерде жатқан алты досына деп жіпті алты жерден
қиып әкеліпті. Жіпті тереңге тастап:
- Ал, енді шығыңдар! – деді маңғазданып.
Бірақ жіп үзіктері оларды шығарып алуға жарамай
да қалды.
Осы кезде Рудың есіне Кристофордың секірме жібі
түсе кетті. Ол шошқаны тез арада сол секірмені алып ке
луге жұмсады.
Филин шұңқырдан жоғарыға ұшты. Ол шошқаға
сенім ұялатып, шығарып салды да қайтып келді. Оған
сыртқа шығуға көмек керек емес екен, бірақ мұны ешкім
байқамай қалды.
Қорқыныштан бойы қалшылдаған шошқа
қалың орманда жападан жалғыз келе жатты. Бір
кезде бір нәрсе ағаштың артына тығылғандай
болды. Селк ете түскен шошқа жалт қарады,
бұл ауада қалықтап ұшып жүрген шар екен.
Ол артына бұрылып еді, құбыжықпен бетпе-
бет келді.
- Қазорр! - деп айқайлап үрейі ұшқан
шошқа аяғы-аяғына тимей жүгіре жөнелді.
Бірақ бұл құбыжықтың киімін киіп алған жол
барыс болатын.
Енді жолбарыс та артынан құбыжық қуып келе жатыр
екен деп ойлап, ол да шошқаның артынан ілесіп қаша
жөнелді.
- Шошқа! - деді жолбарыс.
- Ол менің тіпті атымды біледі екен. Көмектесіңдер! –
деп бақырды шошқа. Шар шошқаны көкке көтеріп әкетті.
Ол тезірек шұңқырдағы достарына жеткісі келді. Бір
кезде ол құбыжық кейпіндегі жолбарысқа соқтығысып
қалды.
Күшті екпінмен
соқтыққан үшеу
шұңқырға құлап түсті.
Құбыжықтың жолбарыс екенін білген достардың
жүрегі орнына түсті. Жолбарыс болса достарымен қайта
қауышқанына мәз.
Бір кезде жолбарыс шошқаның үстіне отырып алғанын енді сезіп: - Кешір, балақай! -деп кешірім сұрады. Шошқаның қолынан босаты лып жоғарыға шар ұша жөнелді. - Сен кетпеші! Бізді сен ғана құтқара аласың! – деп айқайлады қоян.
Филин ғана сабырлы кейіпте отырды. Ол достарының көңілін ау лау үшін, қайдағы бір ұзақ әңгімелерді айтып отырған еді. Осы сәтте қонжық жоғарыдан жолбарыс әкелген құтыны байқап қалды. Қонжық сыртқа шығу үшін, әріптерден баспалдақ құрай бастады.
Қонжық лақтырған құты Филиннің басына киіліп қалды. Сыртқа шыққан ол құтыны қарап еді, бос екен. Қатты ызаланып құтыны иығынан асырып лақтырып жіберді. Филин осы кезде әңгімесін әлі айтып отырған еді. Басына тарс етіп бір нәрсе құлады. Ал, төменде не болып жатыр? Т А Р С !
Бір кезде қоян қонжықтың әріптерден құраған
баспалдақты көрді.
- Біз құтқарылдық! – деп айқайлады ол қуанып.
Олар шұңқырдан бір-бірлеп шығып жатты. Бір кезде
олар қалың бұталар жақтан бір дыбысты естіп құбыжық
шығар деп ойлап қатты үрікті.
- Бұл құбыжық! – деп айқайлады олар.
Бірақ бұл Кристофор еді. Мына шар оны осы жерге
алып келіпті.
- Сен қалай Қазоррдан құтылдың? – деп сұрады
қоян.
- Қандай тағы Қазорр? – деп
таңқалды бала.
- Сені ұрлап әкеткен
жер бетіндегі ең жауыз
құбыжықтан... – деп
қабағын түйді Филин.
- Сендер мені Қазорр алып кетті қалай
ойлап жүрсіңдер? – деп таңқала сұрады
Кристофор түкке түсінбей.
Филин оған хатты ұсынды.
- Бұл жерде «Қазорр» деп жазылған
сөз қазір дегенді білдіреді. Түсінбестік
болған ғой, - деді ол.
Үйге кетерде қоян осы бір қиын сәтте
бізге көмек қолын созған шардың арқасы
деп оған құтыдағы балды берді.
Винни мен оның шұрылдаған қарны
жылап жібере жаздады.
Қонжық енді Филиннің үйіне қонаққа
келді. Қатты қарны ашқан ол бар күшімен
есік қоңырауын сылдырлатты. Оған бұл
қоңырау баулығы таныс көрінді.
Филин қонжықты үйіне кіргізіп, қонақжайлылық таны
тып, бал ұсынды. Филин әдеттегідей қолына бір кітапты
алып, өзінің осыдан бірнеше күн бұрын орманда ешкімге
керек емес бір баулықты тауып алғаны жөнінде жазған
оқиғасын оқи бастады.
- Жоқ, Филин, ол бау біреуге керек. Ол үнемі осы баумен жүретін. Ол Салпаңқұлақтікі ғой, - деді қонжық. - А осы ма есектің құйрығы? Оны мен керек болар деп сақтап қойғам, - деді Филин таңқалып. Балын толық жеп үлгермеген қонжық іштей қимай тұрса да, досына тез арада құйрығын апарып бе руге асықты.
Винни құйрықты әуелі Кристофорға жеткізді. Бала
есектің құйрығын аса ұқыптылықпен жалғап берді.
- Ал, қалай? – деп сұрады Кристофор.
Салпаңқұлақ өзінің ескі құйрығына мұқият қарап
алды да:
- Енді бәрі өз орнында. Күлгін бантик те жарасып тұр.
Қозғалуға да ыңғайлы! – деп қуанды.
Кристофор риза болды.
- Ал, басты сыйлықты алып келіңдер!- деді ол.
- Көп рахмет! Ризамын!- деп қатты қуанған қонжық
құтыға қарай ұмтылды. Құты толған балды тамсанып
ұзақ жеді. Мінекей, ақырында оның тәтті арманы орын
далды!
Қонжықтың бұл ісіне Кристофор
ризашылығын білдіріп:
- Сен алдымен қарныңның қамын
емес, досыңның жағдайын ойлағаның
жақсы болды. Саған ризамын! – деді.
- Рахмет! – деді Винни күлімсіреп.
Осы кезде қонжықтың қарны шұр ете
қалды.
- Әй, ақымақ қонжығым-ай! – деп
күліп жіберді Кристофор.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру