TELEGEI

Home

Қазақ өнерінің ардагері

Мартбек Мамыраев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ өнерінің ардагері

Мартбек Мамыраев - «Қазақ өнерінің ардагері» шығармасы.

Қазақ өнерінің ардагері

Түрі ұлттық, мазмұны социалистік қазақ өнерінің дамуына айтулы үлес қосқан театр саңлақтарының қіpі Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл күні маған, Қалибектің әpі ініcі, әpі оның сом алтындай талантына тәнті болған адам ретінде сөз айтуға тура келіп тұр. Оның мәнісі — мен Қалекеңмен біp ауылда туып өстім, өзім ес білгеннен бастап Қалибектің азаматтығын, өнерпаздығын таныдым. Қ. Қуанышбаевтьң туған жері Қарқаралы ауданындағы осы күнгі «1 Май» совхозына қарайтын (қазіргі Мартбек Мамыраев атындары кеңес шаруашылығы-кеңшары — редакция). Қосқопа көлдерінің жағасы, Сиырлы деп аталатын шоқынын бауыры eді. Қалибек ауылы мен біздің ауылдың, арасы жақын болды. Менің Қалибекті алғаш тануым — оның жақұттай жарқыраған сан қырлы табиғи таланты eді. Қалибекті көзі көргендер, онымен біpre қызметтес болғандар. Қалибектің театрға келерден бұрынғы өмірі туралы көп айтып, жазып жүр. Сондықтан мен оны кайталағым келмейді. Театры, киносы жоқ қазақ ауылында Қалибек сынды жігіттердің өнер кepceтyі біздің бала кезімізде ойымызда қалған. Аталас ағайын ретіде Қалекеңмен жақындығымыз, байланысымыз ол кіcі өлгенше үзілген емес. Алматыда мен Қалекең үйінде талай болдым, Қарағандыға келгенде асыл аға жолдастарын ертіп біздің, үйде болатын. Әлі есімде, Қалекең Қарағандыға 1934, 1936 жылдары келіп, ойын қойды, аптадан артық біздің үйде жатты. Ұлы Отан соғысы кезінде мен майданда жүргенде де Қалибек Қуанышбаев ағамыздың театр сахнасындары зор абыройына қуанатын едім. Соғыстан кейін, Қазақ республикасының 25 жылдық тойына қатысу ушін Алматыға бардым, әдеттегідей Қалекеңнің үйінде болдым. Сонда ағамыз өзінің жолдас-жораларын шақырып, «Қарағандыдан батыр інім келді» деп, кішігірім той жасады. Қалекеңнің арқасында мен қазақ халқының атақты азаматтары Мұхтар Әуезовпен, Сабит Мұқановпен, Құрманбек Жандарбековпен, Қанабек Байсейітовпен, Серке Қожамқұловпен және басқалармен танысып, дәмдес болдым. Алматыда мерекелік ойындарға бардым, күн сайын Қазақ драма театрында спектакльдер көрдім. Сонын іішінде, әcіpece, әскери тақырыпқа жазылған алғашқы қазақ пьесаларының біpі «Намыс гвардиясын» көргенім естен кетпейді Соғысқа қатысып, әскери өміpдің ыстық-суығын басынан кешкен адам үшін сахнадан өз қарулас жолдастарымды көру қандай қымбат. Бұл пьесада Қалибек жасаған гене¬рал Панфилов бейнесі ерекше тартымды eді. Мұнда дарынды актер каһарман жауынгер, іpі ақыл иecі, әскери операциялардың нелер қиын түйіндерін байыпты да шебер шеше білген қолбасшының, образы бар. Генерал Панфиловтың адамгершілік асыл қасиеттері туралы біз көп естігенбіз. Сахнада Қалибек-Панфилов жауынгерлерге туған бауырындай қамқор, қатал әкедей сыншыл, білгіp тәрбиеші ретінде шынайы көрінеді. Оның әp6іp лeбізі ерлікке жігерлендіреді, жауынгерлердің көзін ашып, көңілін оятады. соғыста жүргенде мен қолбасшылардың бірнешеуін көрдім. Сол көргендерді қорыта отырып, сахнадан көп жыл әскери қызметте ысылған, талай майданда сын тезіне түcіп, nіcіn шыныққан әскери адамның бейнесіне қызыға қарадым. Жұмсақтығы жібектей, бepіктігі болаттай парасат иесінің мінез-құлқын Қалибек айнытпай бере 6ілді. Бұл кездейсок емес eді. Өйткені өмірдегі Қалибектің өзі де осындай адам болды. Егер Қалибек артист болмай, колбасшы болса да кесек тұлғалы адам ретіде көрінеріне еш күмәным жоқ. Актерлік жұмыстағы табандылығына тапқырлығы қосылып, төрт құбыласы толысқан актер Қалибек қана мұндай рольді шығара алды. Оның үстіне қазақ театры сахансында соғыс тақырыбына жазылған пьесалар көп қойылмайтын. Сондықтан сол кезде өзінде Қалибек жасаған советтік әскери қолбасшының ролі бүгінгі күнге дейін көлеңке түспес жарқын табыс eді. Кейінде, 1946 жылғы 6іp санында «Звезда» журналы бетінен қазақ театры қойған «Намыс гвардиясы» туралы жылы лебізді оқығанда менім көрермен ретіндегі пікірімнің ұшқары емес екендігіне көзім жетті. Сол мақаладан үзінді келтірейін: «Мұнда ойнайтындардың 6әрі қазақтар, біpaқ кейіпкерлердің 6әpі қазақ емес. Мысалы, генерал Панфилов — орыс Оны ойнаған Қ. Қуанышбаев бізге нағыз орыс адамының образын аса шебер көрсете білді. Қазақ актерінің мұндай табысы, орыс адамының жан-дүниесі қозғалыс-қимылымен, сырт келбетімен келістіре орындауы — біздің eліміздің халықтарының рухани ынтымағының жемісі деуіміз керек”. Ал, «Жеңімпаздардағы» генерал Виноградовты Қалибек басқаша кескіндеді Дәл қимылдың, тиянақты есептің адамы генерал Виноградов жоғарыдан келген нұсқауды бұлжытпай орындауға тырысады. Ол үшін бұйрықтың әp6іp әpпі — заң. Мұны өзінің әpі әскери, әpі азаматтық борышы деп түсінеді Бірақ, оның ой-өpіcі, coғыc өнерідегі алғырлығы Муравьев сияқты талантты генералдардың өpіcінe жете алмайды. Міне, осындай қайшылықты, күрделі рольді Қалибек өте нанымды етіп тағы шығарды. Біз соғыста талай көpіn, бұйрығын тьңдаған қолбасшыларымыздың өзіміз білe бермейтін күрделі сезімдерін Қалибек айнадағыдай танытты. Өнер құдыреті дегеніміздің өзі осы болса керек. Қалибек Қуанышбаевтың қазақ театрының дәстурлерін қалыптастыру жөнідегі ұшан-теңіз еңбегі туралы сөз болғанда «Ревизордағы» Дуанбасы ролін айтпау мумкін емес. Осыдан 47 жыл бұрын қазақ драма театры сахнасында қазақша сөйлеген Дуанбасы образы кейін қайталанған жоқ. Сол кездің өзінде Қ.Қуанышбаев орындаған осындай ұлықтың, ролі тек актердің ғана емес, бүкіл қазақ театр өнерінің мәртебесі биіктегенін көрсеткен еді. Кейінде, әңгіме устінде Қалекең өзі айтып отыратын «рольді алғаш оқып шыққаннан кейін мен Дуанбасыны патша ұлықтарының жиынтық бейнecі ретіде таныдым. Олай болса ол есерсок та қиянатшыл, қаскөй де топас, жағымпаз да жасқаншақ, әpі парақор. Осындай мінездердің бәpі Дуанбасыға тиecілі. Олардың кейбіреуін мен өмірде көргенмін. Сондықтан оны анықтау ақымақ ретінде көрсетуге болмайды, өйтсек сатираның әлеуметтік мәні солғындап кетер еді». — Осылайша Қалекең режиссерге кеңес 6epіп, спектакль өзегі ретінде Хлестаков емес, Дуанбасы бейнесін алуды ұсынған екен. Шынында да сахнада бүкіл оқиға, патша заманының кеселдерін шенейтін кулкілі көріністер Дуанбасы төңірегінде ашылғанын көзімізбен кердік. 1947 жылы Қалекең өзінің әріптесі Елубай Өмірзақов екеуі Қарағандыға келіп ойын қойды. Сол жолы біздің үйде бір айға жуық болды.Ол кісінің жүріс – тұрысы, сөйлеген сөздері ерекше сүйкімді еді. Қырық жылдай театр сахнасында жемісті еңбек еткен абзал ағамыздың атақ, даңқын асырған көптеген шығармаларды көрдік. Сонда Қалекең қандай рөлді ойнаса да түлкідей жайнап шыға келетін. Мұхтар Әуезовтың «Абай» романы бойынша жасалған спектакльдегі ойындары Қалибек творчествосын қол жетпес биіктері еді. Мұнда Қалекең алдымен Абай ролін ойнады. Халқымыздың данышпан ойшылы, аса дарынды ағартушы - ақын Абай бейнесін кезінде Қалекеңе ғана лайық деп есептеуші едік. Жаңа ғана бірге болып, әңгімелесіп отырған Қалекеңді сахнадан танымай қалатынбыз. Сондай сәттердің бірінде қазақтың тұңғыш режиссерлерінің біpі Асқар Тоқпановтың айтқандары әлі есімде: «Қалибек бұл рольге бар болмысымен бepіліп кеткені соншалык, репетиция кезінде мен сахнадан актер емес, Абайдың өзі жүргендей көретінмін», — деп айтуында үлкен шындьқ бар. Дәл осы спек- такльде кейін Қалекең Құнанбай образын кесек шығарды. Бүкіл біp тайпа елдің басшысы, ой өpіcіHІң кеңдігіне найза бойламайтын, ішкі eceбі мол қулық-сұмдығы қосылған Құнанбайдың бет қаратпайтын озбырлығы, шалдырмайтын шешендігі Қалибек ойынынан табылды. Сіз Құнанбайды көрген жоқсыз, осының бәрін ойдан қалай шьғардыңыз!" - деп құмарта сұрайтынбыз. Сонда Қалекең:      "Құнанбайды көрмесем, ауылдың талай шешендерін көрдім. Қояндыда неқилы шынжыр балақ, шұбар төс ел билеушілерін көрдім. Солардың жүріс-тұрысы, халық алдында өзін қалай ұстайтындығы көкірегімде жатталып қалыпты. Оның үстіне Абай сияқты данышпан ұлымен қақтығысқа түсетін әке осал болмақ па? Сондықтан да маған Құнанбай образы әpі таныс, әpі түсінікті сияқты», — деуші еді. «Абай» спектаклінде Құнанбайдың рөлін тарихи шындық деңгейіндеде, өте шебер орындай білген Калекеңе 1951 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Тарихи тақырыптардың Қалекең үшін жөні 6іp басқа болатын. Өйткені ол ecкі дүниенің кyәrepі eді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жақсы білетін, революциядан бұрынғы қазақ; тұрмысын басынан кeшіpген Қалекең сол заманның адамдарын айнытпай кескіндейтін. Ал, жаңа заманның, колхоздастыру дәуіріндегі социалистік шаруашылық жетекшілерінің орыны 6іp басқа ғой. Мысалы, Ғабиден Мұстафиннің «Миллионеріндегі» Қуанышбаев жасаған Жақыпты алып карайық. Ол жаңа заманды өзі құрысып, социалистік шаруашылықты қолымен жасаған, өмір тәжіpибecі мол, адал еңбеккерлердің 6іpі. Халык арасында силы азамат. Біpaқ Жақыптың білімі аз, шапқан аттай жедел дамыған жаңа тұрпатты экономиканы басқару оған қиын. Келешегін оймен болжап, ғылыми негіздей алмайды. Сөйтеді де, ескінің жолына жармасып, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуден аянбайды. Қуанышбаев — Жақыптың осындай халі, дамыту диалектикасының заңдылығын біле тұрсаңыз да, аяушылық туғызғандай. Жаңашыл жас маман Жомартпен қақтығысқа түсетін сәттерінде Жақыптың жаңағыдай олқы жақтары 6ілініп қалып отырады. Жеке бастың мүддесі емес, тіпті мінездер қарсыластығы емес, жаңа мен ecкінің шарпысуын Қалекең дәл тапқан. Дәл тапқан да заман ілгерілеуіне сай сапалық өзгерістердің қайшылығын табиғи көрсеткен. Пьеса авторының сара ойын талантты актер таба біліп, сахнадан өшпес бейне жасады. Бұл арада тек көркемөнер жолындағы табыс қана емес. Жақып образының идеологиялық міні туралы да айтар едім. Кезіде Қ. Қуанышбаев жасаған образдардың барлығына да осындай Қоғамдық ой, тәрбиелік, жаңашыл астар тән eді. Жаратылысынан ақжарқын, адал жүректі Қалекеңе сахнада талай жауапкерлшілік жүктелгенін білеміз. Әсіресе, «Ақан cepі-Ақтоқты» пьесасындағы Мылқау балуанның психологиясын беруде Қалекең қайталанбас талант танытты. Осы спектакльді көpіп отырғанда біз Мылқаудың күлкі туғызарлық рабайсыз қимылдарына, деректі болса да ішкі сезімдерінің көpінісі peтінде әрекеттepінe күлмедік. Өйткені Қ. Қуанышбаев бұл рольге тұтас біp дүние сиғызғандай eді. Пьесаның бүкіл жүрісіде Мылқаудың ceзімі біpтe-біpтe оянып, ақыры Ақтоқтыға қиянат жасаушыларға қарсы дүлей күш жұмсауында қаншама шындық жатыр десеңізші. Әрине, біp мақалада Қ. Қуанышбаев сияқты сом тұлғаның бар қасиеттерін айтып шығу мумкін емес. Кейде, Қалекең сырқаттанып, төсек тартып қалғанда бірнеше мәрте көңілін сұрауға бардым. Қалекең менің түсінігімде тоғызқұмалақтың шеберлерінің біpі eді. Әлі есімде, Шәкен Аймановты Манарбек Ержановты,Жүсіпбек Елебековты шақыртып алып, кезек-кезек тоғыз құмалақ ойнайтын. Және оларды шетінен ұтып, онысына мәз бола қуанатын. Tіпті бұрынғы ойындарының кейбір сәттерін еске алып, күлкілі әңгімелер айтатын. Кейде дойбы ойнаушы eді. Қалекеңмен сан рет біpre болғандьғымды айттым. Ол кіcі атағы жер жарып тұрғанда да мақтанып, асып-тасқан емес. Сәл ғана жымиған кескін-келбеті көз алдымда. Мол денесіне кісілігі жарасқан байсалды ағамыздьң кешірімпаздығы жөнінде де көп мысал келтіруге болады. Біp байқағаным: өзі бүкіл өмірін apнaғaндықтан болуы керек, ақындар, жазушылар, артистер туралы пірлерін айтып отыратын. Және ол пікірлерінің көбі көңіл қалдырарлықтай мінеп-сынау емес, тәyіpі болса разылық білдіpіп, кемшілігін ақтауға дәлел іздейтіндей лебіздер еститінбіз. Совет Одағының, халық артисі, eкі Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің, көптеген медальдардың, атаулы сыйлықтардың иecі Қалекең, СССР Жoғapғы Советіне eкі рет депутат болып сайланды. Халқымыздың, дарынды ұлдарының, біpі, өз Отанының мерейі үстем болуына үлкен үлес қосқан ардагер ағаның әр қимылы көз алдымызда, қоңыр дауысты, жaғымды үні құлағымызда.

Мартбек Мамырбаев
Кеңес Одағының Батыры

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙