Ақпарат және байланыс
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ақпарат және байланыс
Ақпарат жəне байланыс Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын! ДЕҢГЕЙ svyaz_cover.іndd 1 svyaz_cover.іndd 1 21.10.11 18:27 21.10.11 18:27
Мəскеу
«Махаон»
Ақпарат жəне
байланыс
svyaz_block.іndd 1
svyaz_block.іndd 1
21.10.11 18:27
21.10.11 18:27
Мазмұны
Жануарлардың тілі . . . . . . . . . . . . . 4
Ауызша сөйлеу . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Иероглифтер . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
Жазу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Хаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Алғашқы телефон . . . . . . . . . . . . . 14
Қазіргі телефондар . . . . . . . . . . . . 16
Факс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Радио . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Теледидар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
Компьютерлер . . . . . . . . . . . . . . . . 24
Ғарыштық байланыс . . . . . . . . . . . 26
Радиолокатор . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Сөздікше . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
svyaz_block.іndd 2
svyaz_block.іndd 2
21.10.11 18:27
21.10.11 18:27
Адам өзінің сезімдерін жəне ақпаратты дауыстың, ишараттың жəне ымның көмегімен айта алады. Жануарлар да осыған уқас нəрсеге қабілетті. Бірақ, адамдардың жануарлардан айырмашылығы, бір-бірінен алыс кашықтықта бола отырып, байланыс жасап,ақпарат алмасуға үйренгендігі. . svyaz_block.іndd 3 svyaz_block.іndd 3 21.10.11 18:27 21.10.11 18:27
Қасқыр үйірі осы аумақ
бос емес екендігі
туралы бөтендерін
ескерту үшін ұлиды.
Жануарлардың
тілі
Қасқырлардың ұлығаны өте
алыстан естіле алады. Ұлу
қасқырлардың байланыс
құралы болып қызмет
жасайды. Жалқы қасқыр
үйірі оның қайда екенін
білсін деп ұлиды.
Қасқырлар жалғыз өзі
жеңе алмайтын, ірі
жануарларды бірге
аулау үшін үйір болып
бірігеді.
svyaz_block.іndd 4
svyaz_block.іndd 4
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
svyaz_block.іndd 5
svyaz_block.іndd 5
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Ауызша
сөйлеу
Жануарлардың көпшілігі өзара тілдесуі
мүмкін, бірақ адам дарша сөйлесе
алмайды. Сөздердің көмегімен біз
көргенімізді, білгенімізді немесе істеген
ісімізді дəл суреттей аламыз.
Жазу болмаған халықтар ақпаратты
ауыздан ауызға таратқан:
əңгімелеушінің сөздерін есте
сақтап, сонан соң басқа
адамдарға баяндаған.
Үндіс əңгімешісі өз хикая-
ларын көп рет қайталаған.
Бұл тыңдаушылардың
ақпаратты жақсылап
есте сақтауына
көмектеседі.
Бұл қызық
Америка үндістерінің кейбір
аңыздарында мамонт-
тардың шапқыншылығы
туралы баяндалады. Ал
мамонттар шамамен 12000
жыл бұрын құрып кеткен.
svyaz_block.іndd 6
svyaz_block.іndd 6
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
svyaz_block.іndd 7
svyaz_block.іndd 7
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Иероглифтермен жазуға
үйрену өте қиын болатын.
Баланың көшіріп жазушы бо-
луы үшін көп жыл үйренуіне
тура келген.
Бұл қызық
Табылған иероглифтық
жазбалардың ең көнесі
шамамен 5300 жыл бұрын
жасалған. Бұл перғауынға
сыйға тартылған заттардың
тізімі еді.
Иероглифтер
Ежелгі Египетте айрықша жазба
белгілер – иероглифтерді қолданған.
Бір иероглифтер жеке дыбыстарды,
басқалары – буындарды, үшіншілері
– тұтас сөздерді суреттеген. Иеро-
глифтермен ғылыми шығармаларды
да, ертегілерді де, перғауындардың
ерліктері туралы əңгімелер де жазуға
болатын. Египеттік ғибадат-
ханалардың қабырғалары мен
бағандары құдайлар мен о дүние ту-
ралы айтылатын жазбаларға толы.
svyaz_block.іndd 8
svyaz_block.іndd 8
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Ауыз (немесе «р» дыбысы) Су (немесе «н» дыбысы) Қол (немесе «ха» буыны) Нан Қамыс (немесе «и» дыбысы) Себет (немесе «к» дыбысы) Жапалақ (немесе «м» дыбысы) Адам
Жіп svyaz_block.іndd 9 svyaz_block.іndd 9 21.10.11 18:28 21.10.11 18:28
Қытай иероглифтері Қытай жазуында он мыңнан аса иероглифтер бар деп есептеледі, ал күнделікті өмірде тек оның үш-төрт мыңы ғана қолданылады. Ай Күн Ауыз Билеуші Жазу Жазу Ежелгі Қытайда 3000 жыл бұрын пайда болған. Бұл жерде де иероглифтермен жазған. Ең көне жазбалар таста немесе бамбук тақтайшаларда ойылған, сонан соң жібекке немесе қағазға тушьпен жазуды үйренген. Жібек те, тушь та, қағаз да Қытайда ойлап табылған. svyaz_block.іndd 10 svyaz_block.іndd 10 21.10.11 18:28 21.10.11 18:28
Ежелгі Қытайда
бамбук таяқшасы
мен жылқы қылы-
нан жасалған
қылқаламмен
жазған.
svyaz_block.іndd 11
svyaz_block.іndd 11
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Хаттар
Жазылған ақпаратты алыс қашықтыққа қалай
жіберуге болады? Ертеде жолдаулар-
ды жаяу немесе салт атты,
күймеде немесе кемеде
жеткізген. Бұл саяхаттар
өте қауіпті болатын,
сондықтан хат оны
алушыға əрқашан
жете бермейтін.
Африка
Оңтүстік Америка
Австралия
Ішінде жазбаха-
ты бар бөтелке
Оңтүстік Америка-
ның жағасында
мұхитқа таста-
лынған болатын.
svyaz_block.іndd 12
svyaz_block.іndd 12
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Ішінде жазбахаты бар
бөтелке мұхитпен ұзақ са-
парлауы мүмкін. Бірақ оның
қай жерден шығатынын
ерте бастан дөп басып
айту мүмкін емес.
Гавай
аралдары
Үш жылдан соң
толқындар бөтелкені
Пасхи аралының
жағасына тастады.
svyaz_block.іndd 13
svyaz_block.іndd 13
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Құлаққалқан
Нөмірді
теруге
арналған диск
Микрофон
Сымды таратқыш
Екі қаңылтыр банка-
ны сыммен байланысты-
рып, дыбысты бір банка-
дан екіншісіне жіберуге бо-
лады. Бос таратқыш банкіге
айғайласа – сым дірілдейді.
Қабылдағыш банкаға жеткен
соң, діріл қайта
дыбысқа
айналады.
Алғашқы
телефон
1876 жылы американ инженері
Александер Грэм Белл қашықтыққа
дыбыс жеткізуге арналған аппаратты ой-
лап тапты. Бұл аппаратты телефон деп
атады. Ол сыммен берілетін дыбысты
электр сигналына түрлендіріп, сосын қайта
дыбысқа аударады.
svyaz_block.іndd 14
svyaz_block.іndd 14
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Ертеде станциялардағы
операторлар телефон
желілерін қолмен
біріктірген.
svyaz_block.іndd 15
svyaz_block.іndd 15
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Бұл қызық
Дүниедегі ең бірінші
ұтқыр телефонарқылы
бірінші рет оны ойлап
тапқан Мартин Купер
алғаш хабарласты.
Бұл 1973 жылдың
сəуірінде болды. Купер
телефонының салмағы
1 кг жуық болды.
Қазіргі
телефондар
Қазіргі телефон байланысы үшін қолмен
сымдарды ауыстырып қосатын
операторлардың керегі жоқ: барлық
телефон станциялары автоматты
жұмыс істейді. Ұтқыр телефонмен
хабарласқанда радиодабылдар
шақырылатын абонент телефоны-
на бағытталатын биік антеннаға
барады. Сондықтан, ұтқыр
телефонды осындай
антенналар бар жерде
қолдануға болады.
svyaz_block.іndd 16
svyaz_block.іndd 16
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Қазіргі тұрақты телефондардың қажетті нөмірді тезірек тергізетін сандық пернетақтасы бар Ұтқыр телефонмен тек сөйлесіп қана қоймай,суретке түсіруге, фотосуреттерді басқаға жіберуге жəне Интернетке шығуға болады. svyaz_block.іndd 17 svyaz_block.іndd 17 21.10.11 18:28 21.10.11 18:28
Факс жазба ақпарат пен
бейнелерді телефон
қоңырауының жылдам-
дығымен жібере алады.
Бейнені
танушы
Пернетақта
Факс
Бұл - факсимильдік байланыс аппаратының
қысқартылған атауы. Ол телефон желісі
бойынша мəтіндер мен бейнелерді жібере
алады. Факс ақпаратты қағаздан салыстырып
оқып, оны электр белгілерге түрлендіріп,
жібереді. Алушының аппаратындағы
белгілер – жіберілгеннің дəл
көшірмесі болып қайта
бейнеге айналады.
svyaz_block.іndd 18
svyaz_block.іndd 18
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Факсимильдік
көшірме
Қағаз
svyaz_block.іndd 19
svyaz_block.іndd 19
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Радио
Он тоғызыншы ғасырдың аяғында дүниенің
əр түрлі елдерінің бірнеше ғалымдары мен
инженерлері қатарынан радиотолқындардың
көмегімен сымсыз қашықтыққа дыбысты
жібере алды. Алайда, бірінші ұдайы радио-
станция Голландияда тек 1920 жылы
ғана жұмыс істей бастады. Бірнеше жыл
ішінде радиоқабылдағыштар əр үйде дерлік
болды. Радиодан жаңалықтар, музыка мен
көңіл көтеретін хабарлар берілді.
Қазіргі радиостудиялар жоғары сапалы микро-
фондар мен, құлаққалқандармен жабдықталған.
Шағын радиоқабылдағыштар
1950 жылдары батарейка-
мен жұмыс істейтін шағын
радиоқабылдағыштар
пайда болды. Олар жеңіл
əрі шағын, саяхатқа не-
месе серуенге шыққанда
алып жүруге ыңғайлы еді.
svyaz_block.іndd 20
svyaz_block.іndd 20
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
svyaz_block.іndd 21
svyaz_block.іndd 21
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Теледидар
Телевизиялық станциялар радиотолқындарды
дыбысты ғана емес, сонымен бірге бейнені беру
үшін қолданады. Теледидардың көмегімен біз
дүниенің кез келген бұрышында дерлік не болып
жатқанын көре аламыз.Кейбір станциялар
өздерінің бағдарламаларын арнаулы сым – ка-
бель бойынша жібереді. Бұл кабельді теледи-
дар.
Бұл қызық
Алғашқы теле-
визиялық хабарлар
1930 жылдары пай-
да болды. Түрлі-
түсті теледидарды
жиырма жыл өткен
соң ойлап тапты.
svyaz_block.іndd 22
svyaz_block.іndd 22
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Жиырмасыншы
ғасырдың
елуінші жыл-
дарына дейін
теледидар
тек кейбір
пəтерлерде
ғана болды.
Плазмалық панельдер
Плазмалық панель-
дер өте үлкен болуы
мүмкін. Олардың
əсерлі бейнеленуі
соншалық тіпті ең
ұсақ бөлшектерді
көрсете алады.
Бірақ, бұл аспаптар
кəдімгі теледидарға
қарағанда электрді
артық тұтынады.
svyaz_block.іndd 23
svyaz_block.іndd 23
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Жазық монитор
Компьютерлер
Интернетті қолдана отырып,
компьютерлер дүниенің кез келген
нүктесіне ақпараттың орасан зор
санын: жазба хабарламалар, дыбыс,
фотографиялар жəне бейненің түр-түрін
қас қағымда жіберуге қабілетті.
Интернетке қосылу үшін арнаулы
кабельдер немесе телефон желілері
қолданылады.
svyaz_block.іndd 24
svyaz_block.іndd 24
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
1940 жылдары пайда болған алғашқы
компьютерлер үйдей орасан зор машиналар
болатын. Қазіргі компьютерлер қалтаға сыйып
кетеді, болашақта онан да кішірейеді.
Тышқан
Пернетақта
Жүйелік блогы
svyaz_block.іndd 25
svyaz_block.іndd 25
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Кейбір серіктер секундына
8 шақырым жылдамдықпен
ұшып, ұдайы қозғалыста
болады. Ал басқалары Жердің
тек бір ауданының үстінде
орналасады.
Ғарыштық
байланыс
Ғарыш кеңістігіндегі Жердің
үстінен жүздеген серіктер ұшып
жүр. Олардың біреулері радио
жəне телевизиялық
байланысты, басқалары
Жерге ауа райы туралы
ақпарат жібереді, ал
үшіншілерін ғылыми
зерттеулер немесе
əскери мақсаттарға
қолданады.
svyaz_block.іndd 26
svyaz_block.іndd 26
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
svyaz_block.іndd 27
svyaz_block.іndd 27
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Радиолокатордың
экранында үш объект
көрінді.
Радиолокатор
Бұл аспап радиотолқындар шығарады, егер
олардың жолында қандай да бір зат болса,
толқындардың бөлігі онан сəулеленіп,
қайтып келеді. Осы түскен сəуледен ол
заттың не жəне қандай қашықтықта
екенін білуге болады. Радиолокаторлар
өте алыс қашықтықтағы ұшақты немесе
кемені таба алады.
svyaz_block.іndd 28
svyaz_block.іndd 28
24.10.11 15:03
24.10.11 15:03
Радиотелескоптар ғарыш кеңістігін үздіксіз зондылап, серіктер мен алыс жұлдыздардан келетін дабылдарды қабылдайды. . svyaz_block.іndd 29 svyaz_block.іndd 29 21.10.11 18:28 21.10.11 18:28
Ойлан!
Əріптерден сөздерді құрастырып, оларға
суреттерді таңдап ал.
РСКЕІ
ОИДРА
ЛЕТЕНОФ
РЕТРОФГЕИЛИ
svyaz_block.іndd 30
svyaz_block.іndd 30
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Сөздікше
Абонент – телефонды пайдаланушы жəне жеке теле-
фон нөмірі берілген адам.
Адресат – хат немесе хабарлама жіберілген адам.
Интернет – дүниежүзілік ақпараттық орта, компьютерлік
желілердің біріккен жүйесі.
Көшіріп жазушы – оқып жəне жаза алатын, өміріне
кітаптар мен құжаттарды көшіріп жазумен ақша табатын
ежелдегі адам.
Оператор – техникалық құрылғыларға қызмет
көрсетуші маман.
Перғауын – Ежелгі Египеттің патшасы. Ол египеттік
«пер-о» - «сарай» деген сөзінен туындауы əбден
мүмкін.
Тушь – күйеден дайындалған арнаулы қара бояу.
Ежелгі Қытайда ойлап табылған. Біздің заманымызда
кейде түрлі-түсті тушты де қолданады.
30-б. жауаптары: иероглифтер, телефон, радио, серік.
svyaz_block.іndd 31
svyaz_block.іndd 31
21.10.11 18:28
21.10.11 18:28
Бастауш сынып жасындағы балаларға Для старшего дошкольного возраста АҚПАРАТ ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС Авторы Роберт Коуп GETTІNG ІN TOUCH Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ІSBN 978-5-389-03016-9 (каз.) ІSBN 978-5-389-00354-5 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-maіl: sales@attіcus-group.ru; іnfo@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.attіcus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 32 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды». УДК 372.416.2 ББК 74.200.585.00 И74 svyaz_block.іndd 32 svyaz_block.іndd 32 21.10.11 18:28 21.10.11 18:28
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру