TELEGEI

Home

Пікір айту қабілетіне сын

Иммануил Кант

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Пікір айту қабілетіне сын

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары. "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы: Құл - Мұхаммед Мұхтар, төраға Досжан Ардақ, төрағаның орынбасары Асқаров Әлібек, жауапты хатшы Қоғамдық кеңестің мүшелері: Абдрахманов Сауытбек Аяған Б...

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

И.КАНТ

Аударған Қ. Әбішев

І. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗІН ҚҰРАЙТЫН ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР ЖӨНІНДЕ

Егер философияны емес, біздің ұғымдар ең жоғарғы қабілеттер арқылы априорлық тану қабілеттеріміз, яғни ойлау қабілеттеріміз (таза андаудың жолдары ескерілмейтін) жағынан таза зерденің сынағын жіктесек, онда ойлау қабілеттерін жүйелі түрде баяндау үш бөлімнен тұрады, атап айтқанда: (біріншісі жалпылықты (ережелерді) тану қабілеті — пайым, екіншісі, ерекшелігі жалпылықтың ауқымына келтіру — пікір түзу қабілеті, үшіншіден, ерекшелікті жалпылық арқылы анықтау (принциптерді шығару қабілеті), яғни зерде. Қандай да болмасын априорлық танымның шығатын көздерін (соның ішінде андауға қатыстылары да) қарауға арналған таза теориялық зердеге сынақ табиғаттың, ал практикалық зердеге сынақ - еркіндіктің заңдарын ашты, сөйтіп барлық философияның априорлық принциптері қазір сиді түгелімен баяндалған сияқты. Бірақ, егер пайым a prіorі табиғат заңдарын, ал зерде — еркіндік заңдарын беретін болса, онда пікір түзу қабілеті де алғашқы екі қабілеттердің байланысын іске асыра отырып, солар сияқты өзі де өзіне тән ерекше априорлық принциптерін беруін, сөйтіп философияның өзгеше бір бөлігін құру мүмкіндігін күтуге болар еді. Сонда да болса, соңғысы жүйе ретінде тек екі бөлімнен тұра алады. Дегенмен пікір түзу қабілеті аса өзгеше бола отырып, тіпті де дербес қабілет емес, өйткені ол пайымнан өзгеше не нәрсе туралы болса да ұғымдар, ал зердеден өзгеше идеялар бермейді. Оның себебі ол өзі бермеген ұғымдардың ауқымына келтіретін ғана қабілет. Олай болса, егер пікір түзу қабілеті арқылы белгілі бір ұғым немесе ереже пайда болған десек, онда олар табиғат қаншалықты біздің пікір түзу қабілетімізбен үйлесе алса, соншалықты ол табиғат заттары туралы ұғымдар бола алады. Ендеше олар бізге берілмеген жалпы заңдардың ауқымына белгілі бір жеке заңдылықтарды бағындыру қабілетімізге табиғаттың бір қасиетінің қалай үйлесуіне байланысты. Басқаша айтқанда біздің табиғатты тану қабілетіміз үшін мақсатты тәрізділік ұғымы болуы тиіс болар еді...

ІІ. АДАМ ЖАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ

Адам жанының барлық қабілеттерін біз танымдық жарату мен жаратпау сезімі және тілеу қабілетін үшке бөле аламыз. Рас, ойлау үрдісінің байсалдылығы қандай да болмасын мақтауға лайық философтар осы айырмашылықты жалған деп қарап, барлық қабілеттерді танымдық қабілеттерге жатқызды. Әйтсе де біраз уақыттан бері қабілеттердің алуан түрлеріне шын философиялық рухта жасалса да біркелкілік беру әрекеттері тұйыққа тірелетін жол екендігін түсіну басталған сияқты. Іс жүзінде танымға жататын, тек объектілерге қатынасының және оны санада қабылдаудың бірлігін көрсететін елестердің, объектінің болуының себебі ретінде қаралатын және тілеу қабілетіне жатқызылатын объективтік қатынастар мен олардың жарату сезімімен сәйкестікте қаралатын, субъектіде өмір кешуге негіз бола алатын қатынасының арасында барлық уақытта үлкен айырмашылық бар танымды анықтаушы негіз деп қарауы мүмкін болса да, бұл сезім, сөз жоқ, таным емес және танымды бере алмайды.

И. Кант. Критика способности суждения. Сочинения в шести томах.

Т. 5. М. 1996. С. 107-108, 110-111.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙