Әл-Фарабидің философиялық мұрасынан. Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері
Әбунасыр әл-Фараби
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасыныңкітап сериялары Бас редакциясының алқасы Тасмағамбетов И.Н., бас редактор Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары Жанаханов Қ.Қ, жауапты хатшы Әбділдин Ж.М, Әуезов М.М., Байпақов К.М., Зиманов С.З., Кәлетаев Д.А., Қасқабасов С.А., Кекілбаев Ә., Кенжеғозин М....
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
MEMЛEКETTІK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫНАН
(Аударған Ә.Әлімжанова)
Бірінші бөлім
(103-бет) Әбу Насыр әл-Фарабидің "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері" /2/ деген кітабы. Бұлар — қалаларды қалай басқару керектігі туралы, олардың көркеюіне, ондағы тұрғындар тұрмысының жақсаруына көмектесу, сөйтіп оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан көптеген негізгі қағидаларды қамтитын бөлектенген нақыл сөздер. 1. Тән сияқты жанда да /3/ өзіне тиесілі денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол: оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол: оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады. Тәннің саулығы сонда, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы сондай бір халде болады, мұның әсерінен жан өзінің әрекеттерін барынша толық, барынша мінсіз жасайды; олар тән және оның бөлшектері жасайтын әрекеттердің жақсы немесе жаман болуына қарамай жүзеге асады. Ал тән науқастығы сонда, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы сондай нашар халде болады, мұның әсерінен жан тәннің немесе оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асыруға тиісті әрекеттерін ойдағыдай жасай алмайды немесе өзіне тән емес қасиетпен өзіне қатысты ғана түрде жасайды. 2. Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері — ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары — сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады. 3. (104-бет) Тәнді емдеуші — дәрігер, ал жанды емдеуші — әмірші деп аталатын мемлекеттік қайраткер. Бірақ дәрігердің көздейтін мақсаты — тәндерді емдеу жолымен оларды жанға игілікті немесе оңбағандық әрекеттер істеуге көмектесетін халге келтіруде емес. Оның бір ғана ниеті — тәндерді емдегенде, және оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асырылатын жан әрекеттері барынша мінсіз болатындай етіп емдеу — бүл әрекеттер жаман немесе жақсы бола ма, оған қарамай мінсіз болып шығатындай етіп емдеу. Мысалы, қолды емдейтін дәрігер ол қолдың ұстау әрекеттері өте жақсы болуын ғана көздейді, ал ол жақсы ұстау әрекеттерінің көмегімен игілікті немесе жауыздық істер істеле ме, жоқ па, мұнда дәрігердің ісі болмайды, ал көзді емдейтін дәрігер көз жанарының мінсіз жақсы көретіндей болып шығуын көздейді, бірақ бұл жанар орыңды жеріне және жақсы пайдаланыла ма, немесе орынсыз жеріне және сорақы пайдаланыла ма, онда дәрігердің ісі жоқ. Сондықтан жанның саулығына немесе науқастығына бүл тұрғыдан қарау дәрігердің міндетіне жатпайды, мемлекет қайраткерінің жөне әміршінің міндетіне жатады /4/. Мемлекет қайраткері мемлекетті басқару өнері арқылы, әмірші, ел билеу өнері арқылы (бұл өнерді) қай жерде және кімге қолдану немесе қолданбау керектігін және тәнге денсаулықтың қандай түрін қамтамасыз ету керектігін анықтайды. Сондықтан әмірші мен мемлекет қайраткерінің енер жайы, қалаларда (бар) басқа өнерлермен салыстырғанда, құрылысшылар басшысының барлық басқа құрылысшыларға қарағандағы жайына ұқсайды, өйткені қалаларда (бар) басқа өнерлер олардың көмегімен мемлекетті басқару өнерінің және ел билеу өнерінің көздеген мақсатына жету үшін іске қосылып, пайдаланылады, олар құрылысшылардың, басқа өнерлерінің бас (сәулет) өнерін мақсатына жету үшін пайдаланылатыны сияқты. 4. (105-бет) Адамдар тәнін емдейтін дәрігер бүкіл тәнді, оның бөлшектерін, бұлардың тұтас денеге қатынасын білуі керек: тәнді, оның бөлшектерінің әрқайсысын ауыртатын науқастарды олардың қайдан және қаншама көп себептерден пайда болатынын білуі керек; оларды қалай емдеу керектігін және тәнде болатын әрекеттер тәннің және оның бөлшектерінің қаңдай күйінде мінсіз және толық болып шығатынын білуі керек. Дәл сол сияқты, жанды емдейтін мемлекет қайраткері немесе әмірші бүкіл жанды, оның бөлшектерін, жанға және оның әрбір бөлшегіне зақым келтіретін кемшіліктер мен кеселдерді, олардың қайдан және қаншама себептерден туатынын білуі керек; адамның игілікті істер істегендегі жай-күйлерін, бұлардың қанша екенін, қала тұрғындарының кемшіліктерін қалай жоюды, қала тұрғындарының жан жүйесіне біткен қайырымдылықтарды қалай нығайтуды, оларды (бұл қайырымдылықтарды) қалай сақтауды, сөйтіп, олардың жойылуына жол бермеуді білуі керек. Дәрігерлерге тән туралы, балташыға ағаш туралы, ұстаға темір туралы өздерінің өнері үшін қанша керек болса, тек сонша білу керек болатыны сияқты, ол да жан туралы білгенде, өзінің өнері үшін қанша керек болса, тек сонша білуі керек. 5. Денелер жасанды және табиғи болады. Мысалы, жасандыға — төсек, семсер, әйнек және тағы сондайлар, табиғатқа — адам және басқа жанды жәндіктер жатады. Олардың (денелердің) әрқайсысы екі заттан: материядан және материя формасынан құралады. Материя дегеніміз, мысалы, төсектегі ағаш: форма дегеніміз, мысалы, төсектің пішіні, атап айтқанда, (106-бет) шаршы, дөңгелек және басқа пішінді болып келуі. Материя дегеніміз — потенциалдық төсек, форманың арқасында ол шындықтағы төсекке айналады. 6. Жанның басты бөлшектері мен күштері бесеу: нәрленетін, түйсінетін, сезетін, ұтатын және ақыл-парасатты. Нәрлендіру (күші) тұтас алғанда — бұл аспен бірге немесе сол ас арқылы әйтеуір бір эсер ететін күш /5/. Аc үш түрлі болады: алғашқы, аралық және соңғы. Алғашқыға жататындары, мәселен, нан, ет және әлі қорытыла бастамағандарының бәрі. Соңғыға жататыны — толық қорытылып болған, сонымен қоректенетін мүшеге ұқсайтын ас: егер мұндай мүше ет болса, ол ас етке ұқсап, егер сүйек болса, сүйекке ұқсап қорытылады. Аралық (ас) екі түрлі болады: 1) одан қан (пайда болғандай) дәрежеде қарын мен ішекте қорытылған ас және 2) қанның (өзі). Нәрлендіруші (күшке) ас қорыту күші, тудырушы, өзіне тартушы, ұстаушы, ажыратушы және айдаушы болып табылатын осу күші жатады. Нәрлендіруші (күш) деп, әрбір жеке мүшеде пайда болатын қанды сол мүшеге ұқсағанға дейін пісіп-жетілу дәрежесіне жеткізетін күшті атаған әділетті болады. Ac қорытушы (күш) — бүл алдыңғы асты қарын мен ішекте одан қан (пайда болатын) дәрежеге дейін пісіріп жетілдіретін, ал онан кейін (бұған даяр затты), мәселен, бауырда қанға айналғанға дейін қорытатын күш. Өсу (күші) — бүл ас арқылы дене мүшесінің үлкендігін оның дамуына қарай барлық бағытта, ол әрбір мүше үшін мүмкін болған көлемнің шегіне жеткенге дейін, ұлғайта беретін күш. Тудырушы (күш) — бүл қанның қасиеттеріне жақындай үйлесетін астың артығынан, сол артық асты сіңіруден қалдырған тәнге түрі жағынан ұқсас, басқа тәнді туғызатын күш. Бұл (күш) екі түрлі болады: 1) жаңа туған нәрестеге материя беретін күш — ұрғашы (күш) сондай; 2) оған форма беретін күш — еркек (күші) сондай. Бүл екеуінен (107-бет) түрі соларға ұқсайтын басқа жануар пайда болады. Өзіне тартушы (күш) асты бір орыннан екінші орынға, ол өзі қоректендіретін тәнге жетіл, онымен қабысып, араласқанға дейін тарта береді. Ұстаушы күш — тәннен келген асты дененің тамырларында сақтайтын күш. Ажыратушы (күш) өрбір мүшеге жіберу үшін оларды бір-бірінен айыратын, астың артығын ажырататын күш. Айдаушы (күш) астың өр түрлі артық түрлерін бір орыннан екінші орынға айдайтын күш.
Сезінуші күш — жалпыға мәлім бес сезімнің бірімен қабылдайтын күш. Қиялдаушы (күш) — сезім арқылы қабылданатын заттардың бейнелерін, олар енді сезім арқылы тікелей қабылданбайтын болғаннан кейін, есте сақтайтын, бір-бірімен әр түрлі қиюластыра қосатын және толып жатқан амалдар арқылы бір-бірінен айыратын күш; бүл қосылған бейнелердің кейбіреулері ақиқат, ал басқалары жалған (бейнелерді) береді. Мұның өзі өңде де, түсте де (болады). Бұл және нәрлендіруші (күштердің) басқа күштерден айырмашылығы сол, бұлар ұйқы кезінде де әрекет ете алады. Ұмтылушы күш — ұмтылудың арқасында жануардың бір нәрсеге талпынуын, бір нәрсені қалауын немесе жақтырмауын, іздеуін және қашуын, ұнатуын және жиренуін, ашулануын және ләззат алуын, қорқуын және батылдығын, үрейленуін, қаталдығы мен аяушылығын, сүйініші мен жек көруін, құмарлығын, шабыттануын және басқа жан құбылыстарын тудыратын күш. Бүл күштің құралдары — тәннің барлық мүшелерінің және тұтас дене қозғалысын, мәселен, қолдың ұстау, аяқтың жүру қабілетін және басқаларын туғызатын құралдар. Ақыл-парасат күші — адам ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына (108-бет) және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Бүл күш практикалық және теориялық болып екіге бөлінеді. Практикалық күш кәсіптік және ойлаушылық болып бөлінеді. Теориялық күш адамның дүниеде бар және қасиеті жағынан біздің жасауымызға немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып-білуіне көмектесетін күш. Мәселен, үш — тақ сан, торт — жұп сан, біз шаршы пішінді ағашты дөңгелек етіп өзгерте алатынымыздай, сонда да ол мұның екеуінде де ағаш кесіндісі болып қала беретіндей етіп, үшті ол жұп етіп, әрі үш болып қала беретіндей етіп өзгерте алмаймыз, немесе, төртті тақ жасап, бірақ сонымен бірге торт болып қала беретіңдей етіп өзгерте алмаймыз, практикалық күштің арқасында біз жасай алатын жөне бір қалыптан екінші қалыпқа келтіріп өзгерте алатын заттар бір-бірінен айырылып, танылады. Кәсіптік немесе шеберлік күш — кәсіпті меңгеруге, мәселен, балташы, егіншілік, медицина, теңізде жүзу өнерін үйренуге көмектесетін күш. Ойлау күші — біз бір затты жасағымыз келгенде, оны жасауға бола ма, жоқ па, егер жасауға болса, бүл істі қалай орындауға тиісті болатынымызды білуімізге, оны ойша елестетуімізге көмектесетін күш. 7. Игіліктер /6/ екі түрлі болады: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық — (жанның) ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық ізгіліктер — бұлар (жанның) ұмтылуы жағына жататын ізгіліктер, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарт ық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. 8. Этикалық ізгіліктер мен жаман қылықтар адам жанында кісілік (сападан) туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына коп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды (109-бет). Дәл өнердегі сияқты мұнда да ізгілікті әрекеттер қайырымдылыққа, теріс әрекеттер жаман қылықтарға бастайды, мәселен, жазу өнерінде осылай болады, біз жазумен (байланысты) әрекеттерді сан рет қайталап, оған дағдылансақ, мұнан бізде жазу өнері пайда болып, тұрақтайды, егер қайталау арқылы өзімізде дағдыға айналдырған бүл әрекеттер жаман болып шықса, біз жаман жазып дағдыланамыз, жақсы болып шықса, жақсы жазып дағдыланамыз. 9. Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, ізгілік пен жаман қылық та адамға әуел бастан, жаратылысынан дарымайды. Бірақ ізгіліктер немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Дәл сол сияқты, ол жазумен немесе қандай да болсын басқа өнермен байланысты әрекеттерге бейім болуы мүмкін, сонда ол қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі әрекеттерді оңайырақ орындайды. Сонымен, оны қандай да болсын сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке бет қояды. Тоқыма жұмысына жаратылысынан бейімділіктің тоқымашылық болып саналмайтыны сияқты, жаратылысынан өзіне оңай келетін әрекетке бейімділік те ізгілік болып саналмайды. Бірақ жаратылысынан біткен бейімділік қайырымдылық әрекеттерге бағытталса және бұл әрекеттер қайталана келе адам жанында сол әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дәрежеде әдетке әдет түрінде нығайып бекісе (110-бет), әдетпен орныққан бүл күй ізгілік деп саналады. Табиғи күйден солар сияқты әрекеттер туғызса да оны қайырымдылық деп те, кемшілік деп те атамайды. Табиғи күйдің атауы болмайды, ал егер әлдекім оны қайырымдылық немесе кемшілік деп атаса, бүл олардың біреуінің мағынасы екіншісінікімен үйлесімді келуінен емес, тек екеуінің атының ортақтығынан болады. Адамды әдеттердің салдарынан туған (күй) үшін сөгеді немесе мақтайды. Оны басқа (күйлер) үшін мақтамайды да, сөкпейді де. 10. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа — бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мүмкін емес. Бүл жағдайлардың екеуі де мүмкін емес. Көбінесе әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге, не болмаса белгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп, біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді. 11. Жаратылыстан біткен ізгілікке немесе кемістікке деген жаратылысынан бар күй мен бейімділікке соларға ұқсас адамгершілік сапалары қосылып, олар әдет түрінде орнықса, онда ол адам сол бағытта жетіледі және жақсы болсын, жаман болсын, онда орныққан ондай күйлердің жойылуы қиын. Егер жаратылысынан ізгіліктің барлығына бірдей бейім және бұл ізгіліктер кейіннен оның әдетіне айналған адам бір кезде табуға болатын болса (111-бет), онда ондай адамның ізгіліктері адамдардың көпшілігінің ізгіліктерінен әлдеқайда асып түсіп, оның өзі адамға бітетін ізгіліктер (шеңберінен) шығып кеткендей, сөйтіп адамнан гөрі жоғары қатарға шыққандай болар еді. Ерте замандағылар мұндай адамды Құдай деп атап, ал оған қарама-қарсы, барлық жаманшылық қылықтарға бейім, ол қылықтар оның бойына орныққан әдетке айналған адамды адамға тән жамандықтың (шеңберінен) шығарып, одан да жаманның деңгейіне дейін (төмендеткен). Ондайды бұлар, шектен асқан жауыздығы үшін (белгілі) ерекше атпен атамаған, олар кейде оңдайды (аң) деп немесе сондай басқа бірдеме деп атаған /7/. Шегіне жеткен мұндай екі қарама-қарсылық адамдар арасында сирек кездеседі. Біріншісі (кейіптес) (адам) кездескенде, ол бұлардың ұғымында қалаларға қызмет ететін (жай) мемлекеттік қайраткер болудан жоғары тұрған және ол нағыз әмірші ретінде барлық қалаларды басқаруға тиісті болған. Ал екіншісі (кейіптес) (адам) табыла қалса, ол қаланы тіпті де басқармаған, оған қызмет етпеген, ол қалалардың бәрінен қуылған. 12. Ізгілікке немесе кемістікке деген күйлердің және жаратылысынан біткен бейімділіктердің біреулерін әдеттің көмегімен жоққа шығаруға немесе біржолата өзгертуге, сөйтіп оларды қарама-қарсы күймен ауыстыруға болады. Басқа біреулерін бұзуға, әлсіретуге болады, бірақ олар біржолата жойылып кетпейді. Үшінші біреулерін жоққа шығаруға, өзгертуге, олардың қуатын кемітуге болмайды, бірақ оларға табандылықтың көмегімен ол күйлер мен жаратылыстан біткен бейімділіктерге тән әрекеттерден бас тартудың көмегімен қарсы тұруға болады (112-бет), яғни адам қашанда ол әрекеттерге қарсы қимыл жасайды. Сол сияқты адам жанында әдет түрінде орныққан теріс адамгершілік сапалар жөнінде де дәл солай істеуге болады. Олар да сондай топтарға бөлінеді. 13. Ұстамдылық пен ізгіліктің арасында айырмашылық бар. Оның мәнісі мынада — ұстамды адам жақсы істер істеп, қайырымдылық жасай тұрса да, дегенмен, ол теріс әрекеттерге тартпай тұрмайды, сөйтіп өзінің ниеттерімен күреседі. Ол бүл әрекетінде өзінің күйі мен тілегінің талабына қарама-қарсы келеді. Жақсы істер істей тұрса да, ол дегенмен сол жақсылық істегені үшін күйінеді. Ал ізгі адам өзінің әрекеттеріңде өз күйі мен тілегінің талабымен жүріп, жақсы қылықтарды ұнатып, ынтамен істейді, сөйтіп одан іштей азап шекпейді, қайта ләззат алады. Бұл айырмашылық өзінің ауруынан қатты азап шегетін адам мен азап шекпейтін, тәнінің ауырғанын сезбейтін адам арасындағы айырмашылық сияқты. Таза ниетті адам мен ұстамды адам (арасындағы айырмашылық) та дәл сондай. Таза адам ішіп-жеуде, жыныс қатынасында заңның ұйғарғанын ғана істеп, сол заңның ұйғарғанынан тыс еш нәрсені тілемейді, оған ұмтылмайды. Ал ұстамды адам бұл істерге заңның ұйғарғанындай емес, шамадан тыс ұмтылады. Ол заңның талабын орындайды, бірақ өз қалауына қарсы келіп орындайды. Алайда ұстамды көп ретте қайырымды адаммен бірдей жағдайда болады. 14. Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар ұстамды болғанда қалаларда теріс қылықтар жойылады. Қайсыбір адамнан таралатын жауыздықты оның жанынан берік орын алған қайырымдылықпен де, ұстамдылықпен де жоюға болмаған жағдайда, оны қалалардан аластайды (113-бет). 15. Белгілі бір әрекеттер жасауға туысынан бейім және мұндай әрекеттерге қарама-қарсы әрекеттер жасауға қабілетсіз адамның болуы мүмкін емес. Ізгілікке немесе жамандық істерге жаратылысынан бейім кез келген адам қарама-қарсы бейімділіктен туатын әрекетке қарсы тұра алады және ондай әрекетті жасай алады, алайда, әдет арқылы жеңілдік туғанда, сөйтіп оңай орындалатын болғанға дейін мұны істеу оған қиынға соғады. Әдетке айналғаннан бас тартуға және оған қарама-қарсы әрекет істеуге болады, бірақ жоғарыда айтқанымыздай, бұған қарсы әрекет істеуге болады, бірақ жоғарыда айтқанымыздай, мұның өзі адамның әдетіне айналғанға дейін қиынға соғады. 16. Игілікті болып табылатын әрекеттер — екі қарама-қарсы шектің арасындағы бірқалыпты істер, ал ол екі шектің екеуі де жаман әрекеттер. Олардың бірі — молшылық, екіншісі — тапшылық. Дәл сол сияқты, ізгілік те — екі түрлі күйдің арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер, ол екі шеткі күйдің екеуі де теріс жағдай. Біреуі — ысырапшылық, екіншісі — тапшылық. Мәселен, пәктік — құмарлық пен ләззат сезімінің жоқтығының аралығы, бұл екеуінің бірі — құмарлық — артықшылық, екіншісі — тапшылық /8/. Мырзалық — сараңдық пен ысырапшылықтың аралығы. Ерлік — ессіздік пен қорқақтықтың аралығы. Қалжыңдағы, сауықтағы және басқа сондайдағы тапқырлық — бір жағынан, бейпіл ауыздылықтың, бұзылғандықтың және екінші жағынан, топастықтың аралығы. Қарапайымдылық қасиет — бір жағынан тәкаппарлықтың және, екінші жағынан, ұялшақтықтың аралығындағы кісілік қасиет. Ізгілік — бір жағынан, мақтаншақтықтың, менмендіктің, атаққұмарлықтың жөне екінші жағынан, мүсәпірліктің аралығы. Мейірбандық — шексіз ашу мен (адамның) мүдде еш нәрсеге ашуланбайтын (күйінің) аралығы. Ұялшақтық — бір жағынан ұятсыздықтың (114-бен) және екінші жағынан, жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы. Достық көңіл — жек көрушілік пен жарамсақтықтың аралығы. Басқа (қайырымдылықтардың) бәрінде де істің жайы осындай. 17. "Аралық" пен "орташалық" туралы екі (мағынада) айтылады. 1) аралықтың өзі туралы және 2) басқа бір нәрсемен салыстыру және ара қатынас ретінде. Аралықтың өзі туралы он мен екі аралығында (сан) мысал бола алады, өйткені алты екіден қанша коп болса, оннан соншама аз. Бұл — өзімен өзін алғандағы екі шек аралығы. Кез келген басқа сан жөніндегі мәселе жайы осындай. Бұл аралық коп немесе аз болмайды, өйткені он мен екі сандарының аралығы еш уақытта алтыдан басқа ешнәрсе болмайды. Ал салыстырмалы аралық өзінің қатысы бар заттарға байланысты және әр уақытта көп және аз болады. Мәселен, ересек балаға берген тамақтың шамасы мен жұмысты көп істейтін үлкен адамға берген тамақтың шамасы арасында олардың тән айырмашылықтарына қарай айырмашылық болады. Олардың біреуіндегі аралықтан шама көлемі мен саны, қаттылығы мен жұмсақтығы, ауырлығы мен жеңілдігі, жалпы айтқанда, саны мен сапасы жағынан өзгеше болады. Дәл сол сияқты ауаның орташа (температурасы) жөнінде де істің жайы сондай, өйткені ол тәндермен салыстырыла анықталады. Дәл сол сияқты, ас пен дәрі-дәрмектегі орташа шама мен аралық жөнінде де осыны айтуға болады, өйткені олармен емделетін тәндерге сәйкес, (ауру адамның) оның алдындағы әдетіне сәйкес, жыл мезгіліне және дәрінің өзінің қуатына қарай ол саны мен сапасы жағынан көп және аз болады. Демек, белгілі бір науқас адамға берілетін белгілі бір дәрі жылдың белгілі бір маусымына қарай саны жағынан әр түрлі болады (115-бет). Дәл осы (салыстырмалы) аралық /9/ әрекеттерде және адамгершілік сапаларында пайдаланылады, өйткені әрекеттердің мөлшеріне және көптігіне қарай, ал сапаны жасалатын қуаттылығына және әлсіздігіне қарай, оның кімге жұмсалуына, не үшін қолданылуына қарай өлшеген жөн, мұнымен бірге оның уақыты мен орнын есепке алу керек болады. Мәселен, ашудың шамасы сол ашуға душар болған адамның жағдайына, ашудың туған уақытына немесе орнына байланысты болады. Дәл сол сияқты ұрып-соғу және (басқа) жазалардың саны мен сапасы (мәселен), кімнің кімді соғатынына қарай, ұрып соғу жазасын беруге себеп болған қылмысқа жөне жаза бергенде ұрылатын құралға сәйкес белгіленеді. Басқа әрекеттер жөнінде де істің жайы дәл осындай. Әрбір әрекеттегі орташа шама айналадағы жағдайға қарай айқындалатын нәрсе. Әр түрлі әрекеттерді салыстыра шамалағанда, бағалағанда есепке алынатын жағдайлар қайсыбір жеке әрекетте бірдей болмайды, (бір) әрекет, мәселен, бес жағдайға, екіншісі бестен кем немесе көп жағдайға байланысты өлшенеді. 18. Ас пен дәрідегі орташа шама бірде адамдардың көпшілігі үшін, кейде көбінесе, белгілі бір уақытқа және бір топ үшін, бірде әрбір жеке тән үшін және жеке мерзім, ұзақ немесе қысқа мерзім ішіндегі орташа шама, аралық болатыны сияқты, (116-бет) дәл сондай әрекеттегі орташа шама және аралық барлық адамдар немесе адамдардың көпшілігі үшін, көбінесе немесе әрдайым, не болмаса жеке бір топ үшін және белгілі бір уақыт ішіндегі орташа шама бола алады. 19. Белгілі бір амалмен астағы және дәрідегі орташа шаманы және аралықты табатын, белгілейтін адам — дәрігер, ол осы (орташа шаманы) тапқанда қолданатын өнер — медицина. Адамгершілік сапалары мен әрекеттерде орташа шама мен аралықты белгілейтін адам —қала басшысы мен әкім болады, бүл (орташа шаманы) белгілегенде қолданылатын өнер — мемлекеттік басқару өнері және әкімшілік өнері болады. 20. Ертедегі адамдар "қала" және "үй" деп тек қана мекенді түсінген емес, сондай-ақ адамдар тұратын баспананы және баспананы күтетін адамдарды да, қандай болса да, неден (салынса да), қайда — жер астында немесе жер үстінде болса да, ағаштан немесе балшықтан, киізден, қылдан немесе адамдар тұратын үйді жасайтын басқа сондай бір нәрседен салынатын мекенді де түсінген. 21. Үй белгілі бір бөлшектерден және бірлестіктерден құралады, солардың арқасында көркейеді (117-бет). Бұлар саны жағынан төртеу, ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы, мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бүл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кімде-кім оларды бір-бірімен біріктіріп, сөйтіп олар өр түрлі әрекетке қатысып, бір мақсатқа жету үшін, үйді өр түрлі игілікпен толтырса, кімде-кім бүл игілікті сақтау үшін, бір-біріне көмектесуі үшін олардың бәрінің арасында байланыс орнатса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны қожайын деп атайды, қалада қала әкімі қандай болса, ол үйде сондай болады /10/. 22. Қаланы да, үйді де адам тәнімен теңеуге болады /11/. Тән жоғарғы және төменгі қатарға жататын белгілі бір мөлшерлі әр түрлі мүшелерден құралады, олар бір-бірімен белгілі тәртіппен қабысып, әрқайсысы жеке бір қызмет атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі тәндегі мақсатқа жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Дәл осы сияқты, қала мен үй де жоғары және төменгі қатарға жататын белгілі мөлшерлі әр түрлі бөлшектерден құралады, олар әр түрлі сатыда бола тұрып, белгілі тәртіп бойынша бір-бірімен қабысады, әрқайсысы өз бетінше тиісті қызмет атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі қаладағы немесе үйдегі мақсатқа жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Алайда үй — қаланың бір бөлігі, ал үйлер қалада орналасқан, демек, олардың мақсаттары әр түрлі. Солай бола тұрса да, бүл өр түрлі мақсаттарға қол жеткенде және олар ұштасқанда, олар қаланың мақсатына жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Мұны да тәнмен теңеуге болады, өйткені қала үйлерінің қалаға қатынасы қандай болса, бастың, кеуденің, қарынның, арқаның, қол мен аяқтың да тәнге қатынасы сондай (118-бет). Тәннің басты-басты мүшелерінің әрқайсысының қызметі басқа мүшенің қызметінен өзгеше, ал бүл мүшелердің әрқайсысының бөлшектері тәндегі сол бас мүшенің мақсатына жету үшін, өздерінің алуан түрлі қызметімен бір-біріне көмектеседі. Одан кейін басты-басты мүшелердің әр түрлі мақсаттары бір-бірімен ұштасқанда, олардың әр алуан қызметтері бүкіл тәннің мақсатына жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Үй бөлшектерінің үйлерге қатынасы қандай болса, үйлердің қалаға қатынасы да сондай, сөйтіп тән мүшелері қалай біріксе, қаланың барлық бөлшектері бірге қосыла келе қалаға пайда келтіреді және өздерінің (игілігін) өзара бірлесіп сақтау үшін де пайдалы болады. 23. Дәрігердің әрбір ауру мүшені жеке алып, тек бүкіл тәнмен және оған қабысатын, онымен байланысты басқа мүшелермен ұштастыра, мұның өзі мүшені сауықтыратындай, бүкіл тән және (ауру мүшеге) жапсарлас, онымен байланысты мүшелер оның сауығуынан пайда табатындай етіп емдейтіні сияқты, қаланың әкімі де қаланың әрбір бөлігінің істерін, ол жеке адамдай кішкене немесе жеке үйдей болса да, солай басқаруға, оны емдеп, оған бүкіл қаламен және оның басқа бөліктерінің әрқайсысымен байланысты игілік келтіруге, бүкіл қалаға немесе қалған бөлшектерінің біреуіне игілік, қалаға пайдалылық дәрежесіне сай бүкіл қалата және оның бөлшектерінің әрқайсысына пайдалы болатындай игілік келтіруге тиіс. (119-бет). Дәрігер мұны орындамаса және белгілі бір мүшенің сауығуын қамтамасыз етуге тырысып, оны емдегенде, сол мүшеге жапсарлас мүшелердің жайына көңіл бөлмей емдесе немесе басқа барлық мүшелерге зиян келтіру есебінен оны сауықтыратындай етіп емдесе, сөйтіп, ол мүше бүкіл денеге және оған жапсарлас, онымен байланысты мүшелерге пайдасыз болып шықса, онда бүл мүше, онымен байланысты басқа мүшелер сияқты, әлсізденеді, сөйтіп ауру бүкіл тәнге таралғанға дейін, мұның зияны одан басқа мүшелерге таралады. Қала жөнінде де іс дәл сондай. 24. Әрекеттер мен әдепте тек өзі жөнінде орташа шаманы таба алатын адамның болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ адамдар да тек өзі ғана жейтін, ішетін тағамда да орташа шама мен ұстамдылықты табу қабілеті болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Оның бүл (соңғы) әрекеті дәрігерлік әрекет болып табылады және ол дәрігерлік өнердің белгілі бір бөлігін істеуге қабілетті болады. Әдептілік пен әрекетте тек бір өзі үшін ұстамдылық табатын адамның солай ету себебі сол — өйткені ол мемлекетті басқару өнерінің бір бөлігін атқаруға қабілетті. Алайда өзінің мүшелерінің бірі үшін ұстамдылық таба алатын болса да, мұның тәндегі басқа мүшелерге зиян келтірер-келтірмесін және оның бүкіл тән мен оның мүшелеріне пайдалы болар-болмасын ойланбаған адамның бұл қабілетті жүзеге асыруы зиянды дәрігерлік өнердің бір бөлігі болып шытады. Дәл сол сияқты, мәселен, мәдениеттілік пен әрекетте (120-бет) өзі үшін ұстамдылық табу қабілеті бола тұрып, білсе де, білмесе де, қаланың, оның басқа бөлшектерінің қамын ойламаған адамның ол қабілетті жүзеге асыруы мемлекетті басқарудың зиянды өнерінің бір бөлігі болып шығады. 25. Қаланың қажетті болуы да, ізгі болуы да мүмкін. Қажетті дейтініміз — адамның күн көруі, тамақтануы және өмірін сақтауы үшін әр түрлі бөлшектері бір-біріне көмектесіп отыратын қала. Ізгі дейтініміз — бүл адамның шын болмысына, оның өмір сүруіне, тамақтануына, өмірін сақтауына байланысты ең үздік табыстарға жету үшін, оз тұрғындары бір-біріне көмектесіп отыратын қала. Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп есептейді. Енді біреулері байлықты бақыт деп санайды. Үшінші біреулер бақытты — сол екеуінің ұштасуы деп біледі. Сократты, Платонды және Аристотельді алатын болсақ, олар адамның екі өмірі бар деп есептеді. Біріншісі тамақтануға және біздің өмір сүруіміз үшін бүгінгі таңда керек болатын басқа да сыртқы заттарға байланысты. Бұл біздің бірінші өміріміз. Екіншісі — өзінің өмір сүруі үшін өзінен тыс заттардың болуын керек етпейтін, өзінің болмысы үшін өзіне өзі жеткілікті өмір. Бұл — о дүние. Адамға екі кәмелеттік — бірінші және соңғы кәмелеттік тән. Соңғысына бүл дүниеде емес, тек о дүниеде жетеміз, оның алдында біздің осы өмірімізде бірінші кәмелеттілік болады. Бірінші кәмелеттілік — бұл қашан адамның барлық ізгіліктен (туатын) әрекеттерді жасайтын өмірі кезінде болады. Ол (мұнан туатын) әрекеттерді (121-бет) жасамайынша, ізгілікке жай жүріп ие болмайды, (адамның) кәмелеттілігі әрекеттің жасалуына септесетін қасиеттерді үйренуінде емес, сол әрекетті жасауында. Мәселен, хатшының кәмелеттілігі жазу өнерін үйренуінде емес, сол жазуға (байланысты) әрекеттерді орындауында, дәрігердің кәмелеттілігі де емдеу өнерін үйренуінде ғана емес, емдеуге (байланысты) әрекеттерді орындауында. Қандай да болсын басқа өнер жөнінде де осыны айтуға болады. Бұл кәмелеттілік бізді соңғы кәмелеттілікке жеткізеді, ал бүл соңғы — ең зор бақыт, яғни ең жоғарғы игілік болып табылады. Бұл — соның өзі үшін артықша саналатын және тілеулі болатын игілік, ол еш уақытта басқа бір нәрсе үшін артықша саналмайды. Басқаның бері бақытқа жету үшін пайдалы болғанда ғана артықша саналады. Қандай да болсын бір зат бақытқа жету үшін пайдалы болғанда ғана игілік болады, ол оған қалай да болса бөгет жасаса, ол жауыздық болады. Ізгі қала, осыған сәйкес, өзінің тұрғындары сол соңғы кәмелеттілікке, яғни ең зор бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесіп отыратын қала болады. Сондықтан оның тұрғындары басқа қалалардың (тұрғындарымен) салыстырғанда, ең ізгі болып келеді, өйткені тұрғындары байлыққа жетуде, ләззат алуда бір-біріне көмектесуге тырысатын қаланың адамдары өздерінің мақсатына жету үшін ізгіліктің бәріне бірдей ділгір болмайды, тіпті ол ізгіліктердің бір де біреуіне ділгір болмауы мүмкін. Сондықтан да олар оз арасында пайдалана алатын жарастылық пен әділеттілік болып табылады, ол — әділеттілік емес, әділеттілікке ұқсайтын бір нәрсе. Дәл сол сияқты, олардың арасында пайдаланылатын, қайырымдылыққа ұқсайтын барлық басқа әрекеттер жөнінде де осыны айтуға болады. 26. Өздерімен сабақтас төңіректегі жағдаймен салыстырып өлшеуге келетін ұстамды, орта шамалас әрекеттер (122-бет) басқа жағдайлардың бәрінде де бақытқа жету үшін пайдалы болуға тиіс, сонда ондай әрекет жасаушылар бақытты — өздерінің өмірінің мақсаты деп білуге тиіс. Мұнан кейін ол бүл әрекеттер қаланың барлық тұрғындарының немесе олардың әрқайсысының бақытқа жетуіне пайдалы болуы үшін оларды (әрекеттерді) қалай бағалауды ойластыруы керек. Мысалы, дәрігер тәнді емдегенде қолданылатын тағам мен дәрідегі тартымдылықты табуға тырысқанда, денсаулықты өз өмірінің мақсаты етіп алға қояды. 27. Шын билеуші /12/ — қалаларды басқарғанда өзі қолданатын өнерде өзі үшін және қаланың басқа тұрғындары үшін басқару өнерінің шегі жеке мақсаты болып табылатын бақыт орнатуды өзінің талабының мақсаты және өмірлік ісі етіп алға қоюшы адам. Ізгі қалалар билеушісінің ең бақытты адам болуға тиістілігі логикалық қажеттілік болып табылады, өйткені қала тұрғындарының бақытқа жетуіне оның өзі себепші болады. 28. Кейбір (билеушілер) қалаларды басқарудағы мақсат — ұлылық, құрметтеу және тыйым салу, бағындыру, сыйлау және даңқын асыру болу керек деп ойлайды. Құрметті қалағанда, олар өздеріне соған жетуге көмектесетін басқа бірдемелер үшін емес, өздерінің сол көздеген мақсаты үшін қалайды. Қалаларды басқарғанда өздері жасайтын әрекеттерді олар соның көмегімен осы мақсатқа жетудің құралы етіп пайдаланады. Қаланың заңдарын олар сол заңдардың көмегімен қаланың тұрғындарынан сол мақсатты жүзеге асырту үшін пайдаланады. Олардың кейбіреулері осылайша бұл мақсатқа жеткенде, қала тұрғындарына қайырымдылық, қамқорлық жасай отырып, оларды, бұл қала тұрғындарының пікірінше, (шын) игілік болып табылатын игіліктерге ие болуға бағыттай отырып, бұл игіліктерді солар үшін сақтай отырып, бүл игіліктерді соларға ғана бере отырып жетеді. Осындай жолмен олар ұлы құрметке ие болады. Бұлар — құрметті өкімдер және әкімдердің ішіндегі ең абзалдары (123-бет). Солардың кейбіреулері құрметке байлығымыз арқасында ие боламыз деп ойлайды. Олар құрметке ие болу үшін қала тұрғындары арасында бәрінен де байлығы асқан адамдар болуға тырысады. Енді біреулері құрмет тек ата тегіне қарай көрсетіледі деп ойлайды. Басқа біреулер құрметке қала тұрғындарына зорлық-зомбылық жасау, оларды бағындыру, қорлау, қорқыту жолымен жетпек болады. Ал басқа бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат — баю деп ойлайды. Басқарғанда қолданатын әрекеттерді олар солардың көмегімен байлық табуға пайдаланады, қала тұрғындары үшін (шығарылатын) заңдарды олар сол қала тұрғындарынан байлық табуға көмектесетін заңдарға айналдырады, ал егер олар қандай да болсын бір игілік іс жасауды орынды көрсе, оны тек сол байлық табу үшін жасайды. Байлықты тапқанда оны өзін құрметке бөлеу үшін тапқысы келетін адам мен құрметті және өзіне бағындыруды қалағанда байлық табу үшін қалайтын адам арасында зор айырмашылық бар екені мәлім. Бүл соңғыларын пасық әкімдер деп атайды. Енді бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат — ләззат алу деп ойлайды. Басқа біреулері мақсат сол үш заттың үшеуіне де жету — құрметке бөленуде, байлық табуда және ләззат алуда деп есептейді, сондықтан олар қала тұрғындарын ләззат алудың, байлық табудың құралына айналдырып, сол мақсаттарға озбырлық әрекеттермен жетеді. Ерте замандардағы адамдар олардың бірде-біреуін билеуші деп атамаған. 29. Билеуші билеуші болуы керек, өйткені ол ел билеу өнерін және қалаларды басқару өнерін біледі, сөйтіп өзінің өнерімен оның даңқы шықты ма, немесе шықпады ма, өзіне қолайлы құралды тапты ма әлде таппады ма, өзінің айтқанын екі етпейтін адамдарды тапты ма әлде таппады ма, бүл адам¬дар оған бағына ма әлде бағынбай ма, бұларға қарамастан (124-бет), ол өзіне қаланы басқаруға тура келген уақытта бүл өнерін әрдайым қолдануға қабілетті болады. Мәселен, дәрігер өзінің дәрігерлігімен адамдар арасында мәлім бе әлде мәлімсіз бе, (дәрігерлік) өнер құралдары оған үйлесе ме әлде үйлеспей ме, өзінің бұйрықтарын орындайтын қызметші адамдарды тауып алды ма әлде алмады ма, оның сөзін тыңдайтын аурулар оған кездесті ме әлде кездеспеді ме, оған қарамастан ол дәрігерлік мамандығы болғаны үшін дәрігер болады, егер онда бүл (белгілердің) бірде-бірі болмағанымен, одан оның дәрігерлік өнеріне зиян келмейтіні сияқты әкім де адамдарға билігін жүргізе ме, әлде жүргізбей ме, адамдар оны құрметтей ме әлде құрметтемей ме, оның өзі бай ма немесе кедей ме, бұларға қарамастан ол өзінің кәсібі және (бүл) өнерді қолдана білуі арқасында билеуші болады. Кейбіреулер жұртты өзіне бағындыра алмаған, құрметті бола алмаған адамда басқару өнері бола тұрса да, оны әкім деп атауға болмайды деп ойлайды. Енді біреулер басқару өнеріне қоса байлығы болу керек деп есептейді, үшінші біреулер бұған тағы да билікті, зорлауды, қорлауды қосу керек деп есептейді. Бұлардың ешқайсысы билеуші кәсібінің атрибутына жатпайды. Бүл қасиеттер әкім үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ осының бәрін басқарудың мәнін құрады деу босқа алданғандық болады. 30. (Жанның) ақыл-парасатты теориялық бөлігінің де, ақыл-парасатты ойлау бөлігінің де өздеріне сәйкес ізгілігі болады. Теориялық бөлігінің ізгілігі — теориялық ақыл-парасат, білім және даналық. Ойлау бөлігінің ізгілігі — практикалық ақыл-парасат, естілік, зеректік, көзқарастың артықшылығы және пікірдің дұрыстығы (125-бет). 31. Теориялық ақыл-парасат /13/ — зерттеу немесе силлогизм жолымен емес, табиғаттың өзінен білімнің бастамалары болып табылатын жалпы қажетті алғы шарттар арқылы алынатын күш. Мәселен, тұтас бөлшектен үлкен, белгілі бір шамаға тең келетін шамалар өзара тең деген және басқа осындай алғышарттар туралы біздің біліміміз, міне, сондай. Адам нақ осыдан бастап, қалған дерексіз мәндерді танып білуге көшеді,ал бүл мәндердің қасиеті сондай, олар өздерінің болмысында адам шығармашылығына ділгір емес. Ол бастамалар оның өзінде жоқ кезде, бүл ақыл-парасат ішкі мүмкіншілігіңде — потенциясында болады. Бірақ бүл бастамалар оның өзінде пайда болғанда, ол актуалды ақыл-парасатқа ұласады, сонда оның бейімділігі оның өзіне алдын ала белгіленгенді жарыққа шығара алады. Бүл күш оның өзінде пайда болғандар жайында қателесе алмайды, оның (қабілеті жеткен) білімдердің бәрі ақиқат, анық болады, басқаша болуы мүмкін емес. 32. Білім деген сөз көп заттарға қолданылады, бірақ теориялық жағынан белгілі бір ізгілік болатын, ол білім — болмысы мен өмір сүруі адам шығармашылығына мүлдем тәуелсіз болатын заттардың болмысы жөнінде жанда пайда болатын 217-12 анық білім, бұл білім — ол заттардың әрқайсысы не жаратылысында ақыл-парасатқа мәлім бастапқы, ақиқат, қажетті жөне жалпы (алғышарттардан) құралған дәлелдемелер бойынша қандай болып шығатыны жайындағы білім. Бүл білім екі түрлі болады: 1) заттың бар екендігі, оның бар екендігінің себебі туралы және заттың өзі де, оның себебі де ешқандай жағдайда басқаша бола алмайтыны туралы анық білім және 2)заттың бар болуы туралы және оның бар болуының себебін білмейінше оның басқаша болуының мүмкін еместігі туралы анық білім (126-бет). 33. Шын білім — кейде емес, әрдайым ақиқат, анық болатын білім, (бүл) белгілі бір уақытта болатын білім және кейіннен болмауы да мүмкін білім емес, өйткені, егер біз (тек) қазір ғана бар, бірақ уақыт өте келе оның болмауы мүмкін нәрсені білсек, онда біз оның бар не жоқ екенін біле алмаймыз, сөйтіп біздің сеніміміз күмәнға және жалғанға айналуы мүмкін. Ал (мұндай) аңғару білім де, анық мәлімет те бола алмайды. Сондықтан ерте заман ғалымдары, мәселен, кейіннен тұрып кетуі мүмкін мына адамның қазір отырғанын білетініміз сияқты, бір нәрсенің бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеруі мүмкіндігін аңғарғандықты білім деп есептемеген. Олар білімді — өзгере алмайтын заттың болмысы туралы білімді, мәселен үш тақ сан болып табылатыны, өйткені үштің тақтығы (саны) өзгермейтіні, себебі ешқандай жағдайда болса да жұп, ал төрт тақ бола алмайтыны сияқты білімді, анық (білім) деп таныған. Етер соңғыны (білім) немесе (анық білім) деп атасақ, тек салыстырмалы мағынада ғана атауға болады. 34. Даналық дегеніміз — қалған басқа заттардың болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және себептері бар заттардың таяу себептерін білу. Бұған олардың болмысын анық білу, олар не және қандай екенін, бүл себептер қаншама көп болса да, белгілі тәртіппен бір болмысқа құятынын білу, бұл бір болмыс шын мәнінде бірінші екенін және оның барлығы басқа бір нәрсенің барлығына байланысты емес, өзінен өзі бар екенін, басқа ешнәрседен алынбайтынын білу аркасында жетеміз (127-бет). Ол басқа бір нәрседен бар болмайды және ешқандай жағдайда дене немесе денеде бола алмайды. Оның болмысы дүниеде бар басқа заттардың болмысынан өзгеше, маңызы жағынан олардың бірде-біреумен ұқсастығы жоқ, ал егер кейбір ұқсастығы болса, тек аталуы жағынан болады, бірақ сол ат білдіретін маңызы жағынан болмайды. Ол тек бір тана бола алады, ол шынында да бір ғана. Қалған бар заттарға бірлік беретін де нақ Сол, мұның арқасында біз қандай бар затты болса да, бір деп атай аламыз. Ол — бірінші ақиқат. Ол басқа заттарға ақиқаттылық беретін нәрсе, оның ақиқаттылығы басқа бір нәрседен алынбайды, өзінен өзі туады. Оның жетілгендігінен ондай мінсіздіктің барлыты туралы айтпағанның өзінде жоғары жетілгендік бар деп, оның болмысынан әлдеқайда жетілген болмыс бар деп, оның ақиқаттығынан асқан ақиқаттылық бар деп, оның бірлігінен асқан бірлік бар деп ойлау мүмкін емес. Мұнымен бірге біз қалған бар заттардың болмысты, ақиқаттықты және бірлікті одан қалай алғанын, олардың әрқайсысының болмыстағы, ақиқаттықтағы және бірліктегі алатын үлесі қандай екенін, қалған заттар өздерінің затының одан қалай алғанын білеміз. Біз бар заттардың барлық қатарларын білеміз, олардың арасында әуелгісі, ортаңғысы және соңғысы бар екенін білеміз, соңғыларында себептер бар екенін, бірақ олар әздерінен төменгі бір нәрсеге себеп болмайтынын, оның қасында ортадағыларда өздерінен жоғары себеп болатынын және олар өздерінен төменгі заттарға себеп болатынын, Бірінші өзінен төменгіге себеп болатынын, өзінде онан жоғары ешқандай себеп болмайтынын білеміз. Сонымен бірге біз соңғылары қалай орта қатарға ұмтылмайтынын (128-бет), ал орталар қалай Біріншіге жеткенше бір-біріне өрлейтінін, мұнан кейін басқару Біріншіден басталатынын және әрбір зат арқылы соңғыларға жеткенше белгілі тәртіппен барлық заттарға ауыса беретінін білеміз. Шын даналық осындай. Бұл атау кейде салыстырмалы мағынада қолданылады, мәселен, өнер ісінде мінсіз шебер және жетілген адамдарды "дана" деп атайды. 35. Практикалық ақыл-парасат — адамға (әр түрлі) заттармен жасалатын мол тәжірибе, сезіммен қабылданатын заттарды ұзақ уақыт байқау арқасында алғышарт болатын деректер алуға, мұның көмегімен бізге эсер ететін заттардың әрқайсысында нені неден артық көруге, неден сақтануға көмектесетін күш /13/. Алғышарттардың біреулері жалпы болады, олардың әрқайсысы жеке-дара алғанды қалайтын және сақтанатын заттарды білдіретін болады, енді біреулері жекеше және ішінара болады, бұлар адам көрмесе де, білгісі келетін заттардың мысалдарын пайдаланады. Бұл ақыл-парасат әзірше әлі тәжірибеге ие болмаған потенциялық ақыл-парасат болып табылады. Ал тәжірибеде алынып, сақталғанда (бұл ақыл-парасат) актуалды парасат болады. Актуалды ақыл-парасат адам өміріндегінің бәрінде тәжірибенің өсуіне қарай өсе береді. 36. Ұғымталдық /14/ дегеніміз — адамның шын мәніндегі ұлы игілікке (129-бет) ие болуы үшін неғұрлым қолайлы да дұрыс заттарды мінсіз ұғыну және ашу қабілеті, ал оның бүл жолдағы ардақты, тамаша мақсаты — бақытқа немесе соған апаратын ең қажетті белеске жетуі. Көрегендік дегеніміз — кейбір маңызы кем игіліктерге жету үшін не нәрсенің неғұрлым жақсы және лайықты болатынын мінсіз аша білу қабілеті. Тапқырлық дегеніміз — онан зор бір нәрсеге, игілік деп танылатын байлыққа, рақатқа немесе құрметке жету үшін ненің неғұрлым жақсы және лайықты болатынын анықтаған кезде дұрыс пайымдау қабілеті. Алдау, айла және екі жүзділік дегеніміз — игілік сияқты болып көрінетін пасықтық әрекеттер істеу, пасықтықпен пайда табу немесе пасықтықпен ләззат алу үшін ненің қолайлы және дұрыс келетінін мінсіз ашу. Ал бұл заттардың бәрі тек мақсатқа бастайды, бірақ өздері мақсат болып табылмайды. Пайымдаудың кез келгені туралы осыны айтуға болады. Адам өзі тілеген және өз ойының объектісі ретінде талпынатын мақсатты тек алға қояды, мұнан ол бүл мақсатқа жетуге көмектесетін заттарды: мұндай заттар қанша және олар қандай екенін ойластырады. 37. Тән сырқатына душар болып, сезімдік қабылдауы бұзылғанда, тәтті зат ащы, ащы зат тәтті, белгілі бір түрдегі қолайсыз нәрсе қолайлы болып көрінетіні сияқты, жан сырқатына душар болған жауыз және бұзық адамдарға жауыздық істер ізгі, ал ізгі істер жауыздық болып көрінеді (130-бет). Этикалық қайырымдылығы бар ізгілікті адам әрдайым шын мәнінде игілікті болып табылатын мақсаттарға ұмтылады, соны көксейді, соған құштарланады. Жауыз адам әрдайым шын мәнінде жауыздық болып табылатын, бірақ өзінің сырқаты зардабынан оған қайырымдылық болып көрінетін мақсаттарға ұмтылады. Қу және өтірікші адам жауыз және қатыгез болады. Ақылға салатын адам (логика бойынша) этикалық ізгіліктері бар болғандықтан ізгілікті болуы керек, сөйтіп, өз бойына біткен қайырымдылықтың көмегімен өз мақсатының дұрыстығын дәлелдейтін, бүл мақсатқа бастайтын істің дұрыстығын өзінің тамаша пайымдауы арқылы дәлелдейтін болуы керек. Тапқырлық жөнінде де соны айтуға болады. 38. Ұғымталдықтың түрі көп болады. Үйдің істерін басқару тәсілдері жөніндегі тамаша пайымдау — бұл отбасындағы пайымдағыштық. Қалаларды басқарудың неғұрлым қолайлы тәсілдері туралы тамаша пайымдау — бұл мемлекеттік пайымдағыштық. Бақытқа жетудегі пайдалылығына және қажеттілігіне қарай байлық, ұлылық және басқа сондайлар сияқты адамзат игіліктерін табу жолымен жақсы тұрмысқа жетуде ненің қолайлы, лайықты болатыны жайындағы тамаша пайымдау. Кеңесумен байланысты болатын, атап айтқанда, адам өзінің пайдалануы үшін емес, үйді, қаланы немесе тағы сондайды басқару ісінде басқаларға кеңес беру үшін табатын ақыл да сондай. Ерекше (қабілет), атап айтқанда, жауға немесе жалпы бақталасқа қарсылық көрсету және оны тойтару тәсілдері жөнінде дұрыс, жақсы көзқарасты тандап ала білу қабілеті де сондай. Сірә, адамға өзіне қатысты барлық істе әйтеуір азды-көпті пайымдағыштық қажет болса керек (131-бет). Бүл адамның өзі шұғылданатын іске байланысты: іс зор немесе үлкен болса, оған анағұрлым күшті және жетік пайымдағыштық керек болады, ал егер іс кішкене немесе маңызсыз болса, оған болмашы пайымдағыштық та жеткілікті. Пайымдағыштықты қатардағы қарапайым адамдар ақыл деп атайды. Егер адамға осындай күш тән болса, жұрт оны ақылды деп атайды. 39. Пікірі дұрыс болатын адам әрдайым затты қарастырған сайын бұл заттың басқаша емес, тек сондай болуы тиіс екендігі жайында дұрыс пікір айтады. 40. Тапқырлық дегеніміз — пікір алалығын туғызатын мәселеде дұрыс пікір табу қабілеті және айтқаны дұрыс болып шығу қабілеті. Мұның өзі түрлі пікірлердегі дұрысын табудың тамаша көрінісі. Демек (тапқырлық) — пайымдағыштықтың бір түрі. 41. Көзқарастың басымдылығы мынада: адам беделді болғанда немесе көзқарасы басым болғанда, атап айтсақ, ол өзінің қылықтарында жақсы, қайырымды болғанда, мұнымен бірге беделді болғанда, ал оның сан рет тексеріліп, ақылға қонымды, дұрыс деп танылған пікірлері, көзқарастары, кеңестері қолданылған күнде адамды мақтарлық нәтижелерге жеткізгенде, сол себепті жұрт оның сөздеріне құлақ қоятын, яғни оның айтқандарының дұрыстығы сан рет дәлелденгенде, сондықтан оның жұртқа жақсы мәлім қайырымдылығы, әділ пікірлері мен кеңестері соның өзінде жеткілікті дәлелге айналып, ол өзінің айтқан пікірлерінде, кеңестерінде дәлелдер мен дәлелдеулерді енді керек етпегенде — оның көзқарасының басымдылығы, міне, осыларда көрінеді. (132 Ост). Адам дұрыс көзқарасты қабыл алып, бұл көзқарастың ақиқаттығын түсіндіргенде, ол тек өзінің пайымдағыштығының арқасында осылай ететіні анық. Демек, бұл пайымдағыштықтың бір түрі. 42. Ойлы адам өзі ойлаған затты зерттегенде сүйенетін екі алғашқы бастама болады: 1) адамдардың барлығы немесе көпшілігі қабылдаған, жалпы жұртқа мәлім қағидалар және 2) тәжірибе мен байқау арқылы алынатын қағидалар мен заттар. 43. Ысылмаған адам дегеніміз — жалпы жұртқа мәлім нәрсе туралы дұрыс түсінігі бар және оны қабылдайтын немесе аулақ болатын адам. Алайда тәжірибе арқылы танып білетін практикалық заттар жөнінде оның тәжірибесі болмайды. Кейде адам заттардың бір түріне келгенде ысылмаған болса, екінші түрінде тәжірибелі болып келеді. 44. Абыржулы адам дегеніміз — нені қалау жөне неден аулақ болу керектігін шешкенде оны жалпы жұртқа мәлім заттар мен әдет-ғүрыпқа қарама-қарсы тұрғандай көретін адам. Оның үстіне мұндай адамға кейде сезім арқылы қабылданатын басқа көп заттар жөнінде де жалпы жұртқа мәлім нәрсеге қарама-қарсы тұрған бірдеме бардай көрінеді. 45. Адам жалпы жұртқа мәлім заттар туралы алған тәжірибесі, өзі жеткісі келетін және құштар мақсаттар туралы дұрыс түсінігі бола тұрып, бірақ пайымдауы (дұрыс болмаса) және осындай теріс пайымдаудың салдарынан оған мақсатқа бастамайтын нәрсе бастайтындай (133-бет), ал мақсатқа бастайтын нәрсе бастамайтындай көрінсе, бұл — ақымақтық болады. Сондықтан оның қылықтары мен кеңестері оған өзінің зиянды пайымдауы қалай көрсетсе, соған сәйкес көрінеді. С ол себепті ақымақ адам сырттай қарағанда талабы дұрыс, ақылды адам сияқты көрінеді, бірақ оның пайымдауы көбінесе оны өзі қаламайтын нәтижеге әкеліп ұрындыра береді. 46. Зеректік дегеніміз — бір нәрсені тез, уақыт өткізбей тамаша, жақсы аңғару (қабілеті) 47. Пайымдағыштық сияқты, көрегендікте адамға жаратылысынан біткен қасиет болуды керек етеді. Адам туасынан мінсіз пайымдағыштыққа бейім болса, ал уақыт өте келе ол теріс қылықтарға үйренсе, онда ол бір қалыптан екінші қалыпқа ауысады, өзгереді, соның нәтижесінде пайымдағыштықтың орнына айлашылдық, екі жүзділік және алдау пайда болады. 48. Кейбіреулер пайымдағыш адамдарды дана деп атайды. (Бірақ) даналық дүниеде бар үздік заттар туралы үздік білім. Етер пайымдағыштықпен тек адамдық заттарды ғана танып білуге болатын болса, онда дүниедегі бардың ең үздігі, (барлық) бар заттардың ең үздігі адам болмаса, оған даналық болу міндет емес. Бірақ адам ондай болмағандықтан, пайымдағыштықты тек салыстырмалы аллегориялық мағынада ғана (даналық) деп атауға болады. 49. Егер даналықтың ерекшелігі — әрбір ең түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және (егер) адамның өмір сүргендегі ең түпкі мақсаты (134-бет) бақыт болса, ал мақсат сол себептердің бірі болса, онда, демек, даналық дегеніміз шын бақыт болып табылатын зат туралы білімнің бізге беретіні болып шығады. Тағы да, даналық бір ғана жалғыздың, Біріншінің өзінде болып, бар дүниенің бәрі қайырымдылық пен мінсіздікті сонан алатыны, әрбір зат мұның бәрін онан қалай алатыны, әрқайсысы өз сыбағасына қаншама алатыны соған мәлім, ал адам мінсіздікті Жалғыздан, Біріншіден алатын бар заттардың бірі болғандықтан, адам Әуелгіден алатын теңдесі жоқ мінсіздік, атап айтқанда, бақыт та даналыққа мәлім. Демек, даналық дегеніміз — шын бақыт туралы білім беретін нәрсе, ал пайымдағыштық — бақытқа жету үшін орындау керек болатын әрекеттер туралы білімнің беретін нәрсесі. Бұлардың екеуі бірлесе адамның жетілуіне көмектеседі, көмектескенде даналық түпкі мақсаты көрсетеді, ал пайымдағыштық сол мақсатқа жеткізетін жолды көрсетеді. 50. Риторика — әңгіме жүргізу қабілеті; оның көмегі арқасында қалауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке мүмкін заттар жөнінде (әңгімелесушіні) сендіру шеберлігі қалыптасады. Алайда мұндай қабілеті барлардың ішінде қайырымды адам бұл қабілетті игі істер үшін, пайымдағыштар игі істер үшін де, теріс істер үшін де, ал сұмдар пасықтық істер үшін пайдаланады. 51. Қиял да өте жақсы елестету (қабілетімен) бірдей емес. Олардың арасындағы айырмашылық (135-бет) мынада: өте жақсы сендіру (қабілеті) арқылы тыңдаушының шындыққа көзі жеткеннен кейін, ол бір нәрсе істеуіне сенеді, ал қиялда өте жақсы елестету (қабілеті) арқылы тыңдаушының жанын қиялға келтіретін затты іздеуге немесе онан аулақтауға, шындыққа көзі жетпесе де, оны сүюге немесе жексұрын көруге ұмтылдыруға тырысады. Мысалы, адам көзге шынында да жек көрінішті көрінгенге ұқсайтын нәрсені жек көрсе, тіпті оны емес, басқа бір нәрсені көретініне көзі жетіп отырса да, соны жек көреді. Қиялда жақсы елестету (қабілетін) пайдаланушылар оны наразылық пен разылық, қорқыныш пен сенім туғызу, жанды жұмсартатын немесе оны қатуландыратын басқа да жан сезімдерін туғызу үшін пайдаланады. Бұл қабілетті (пайдалана) отырып, адамды бір нәрсені істеуге ниеттендіруге, бұған ұмтылдыруға болады: оның бүл туралы білімі оның қиялдауына қарама-қарсы нәрсені керек ете тұрса да, осылай етуге болады. Коп адамдар бір нәрсені сүйеді, жек көреді, бір нәрсені қалайды, онан бойын аулақ салады, сонда тек қиялдауы бойынша осылай етеді, әйтпесе байыбына бармайды, өйткені оларда байыбына барып, пайымдау (қабілеті) жоқ немесе өздерінің істерінде ондай байыбына барып жатудан бас тартқан болады. 52. Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу үшін ғана шығарылған. Олар алты түрлі: бұлардың ішінен үшеуі мақтарлық, ал үшеуі кінәраттауға тұрарлық. Мақтарлық үш түрдің біреуі арқылы адамдар ақылға қонымды күшті жақсартып, оның әрекеттері мен ойларын бақытқа, қасиетті және игілікті заттарды қиялдауға, оның ішінде қайырымдылық істерді жақсы елестетуге, олардың көркемдігін ашуға, жауыздық пен бұзықтық істердің оңбағандығын және пасықтығын бейнелеуге талпынады. Екінші (түрі) арқылы күшке ұласатын жан аффектілерін (толқуларын) жақсартып (136-бет), бәсеңдетуге тырысады. Бұл аффектілер бәсеңдеп, аласұрудан тоқталғанға дейін, оларды өзгерте береді. Мұндай аффектілерге, мәселен, ашу, тәкаппарлық, қаталдық, арсыздық, атақ құмарлық, мансапқорлық, сараңдық және басқалары жатады. Мұндай (сапалары) бар адамдарды (поэзияның бұл түрі) оларды жамандық істерді емес, жақсы істерді пайдалануға бағыттайды. Үшінші түрі арқылы құмарлық, азғындық, ләззат, өтірікшілік, көнбістік, аяушылық, қорқу, үрейлену, уайымдау, ұялу, нәзіктік, көнгіштік және басқа сондай босандық пен жұмсақтыққа ұқсайтын жан аффектілерін жақсартуға, ұстамды етуге талпынады, бұларды асып кетпейтін, бір қалыпты болуға, жаман істерге емес, игілікті істерге пайдалануға тырысады. Кінәраттауға тұратын (поэзияның үш түрі) мақтауға тұратын үш (түрге) қарама-қарсы болады: соңғылары түзететін болса, ал алғашқылары қиратып, ұстамды қалыптан төтенше қызу қалыпқа келтіреді. Күйлер мен әндердің (әр қилы) түрлері поэзиялық шығармалардың әр қилы түрлеріне сәйкес келеді. Алғашқыларының да, соңғыларының да қатарлары бірдей. 53. Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады, Олардан кейін діни қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. (137-бет). Өлшеушілер дегеніміз — есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз — жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз — қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер және басқа сондайлар. 54. Бұл қаланың басшылары мен билеушілері төрт түрлі болады /16/. 1. Нағыз әкім. Ол — бірінші басшы, сондықтан оның бойында ұштасқан алты қасиет болу керек: даналық, асқан пайымдағыштық, қалтқысыз сендіру (қабілеті), өте жақсы қиялдау (қабілеті), қасиетті (ғазауат) соғысты өзі бас болып жүргізу қабілеті және оның тәнінде қасиетті соғыспен байланысты істерді жүргізуге бөгет жасайтын еш нәрсенің болмауы. Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық іс-әрекеттерде кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам өзінің дұрыс деп тапқанынша, өзінің қалауынша басқара алады. 2. Мұның бәрін оз бойында ұштастыратын адам болмаса, бірақ бұл (қасиеттер) бір топ (адамдардың) арасында жеке-дара дарыған болса, мәселен, ол адамдардың біреуі мақсатты көрсете білсе, екіншісі мақсатқа бастайтын жолды көрсетсе, үшіншісінде көз жеткізе сендіру, қиялмен өте жақсы елестету қабілеті болса, төртіншісінде қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болса, сонда бүл топтың мүшелері бірлесе отырып, билеушінің орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар жөне қадірлі адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы ең қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады. 3. Мұндай адамдар да болмаса, имамдардың алғашқы ұрпақтары енгізген және қаланы басқарғанда өздері қолданған ертедегі заңдар мен қағидаларды ұштастыра білетін адам қала бастығы болады; мұның үстіне ондай адам бүл заңдар бұрынғы ұрпақтар көздеген мақсатқа сәйкес қандай жерде, қандай жағдайда пайдаланылуға тиіс екенін өте жақсы айыра білуге тиіс; ертедегі ауызекі және жазба заңдарда нелердің көрсетілмегенін, ертедегі заңдарда нелерді көрсетуге мүмкіндік болғанын таба білуге тиіс; қаланың көркеюінің сақталуына себепкер боларлық ертедегі заңдарда көрсетілуі мүмкін болмаған белгілі бір оқиғаларды айыруға және мұнда пайымдағыштық көрсетуге қабілетті болуы тиіс; шешендік өнерде, сендіруге және қиялдауға келгенде айрықша болуы тиіс. Мұнымен бірге онда қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болу керек. Мұндай адам заңға лайық билеуші /17/ деп, ал оның басқаруы заңды басқару деп аталады. 54. Бұл (қасиеттердің) бәрін жалғыз өзінің бойына жинаған адам болмаса, бірақ ондай қасиеттер бір топ (адамдарға) жеке-дара тән болса, онда олардың бәрі әкімнің орнына заң бойынша бірлесе не болады. Адамдардың бұл тобы заң бойынша қойылған басшылар деп аталады. 55. Қаланың әрбір бөлігінің басшысы бар, бүл бірлестікке қараған адамдар арасында онан жоғары басшы жоқ, сонан соң бағынышты адам бар, олар басқа біреулерге тіпті де басшы болмайды, өзінен төмен тұрғандарға басшы, өзінен жоғары тұрғандарға бағынышты адам да болады. 56. Ізгі қалада (адамдардың) түрлі топтары әр түрлі қарым-қатынаста бір-бірінен озық-қалыс болып келеді. Белгілі бір адам қайсыбір мақсатқа жету үшін бір әрекет жасаса, бірақ (139-бет) ол басқа адам атқаратын басқа әрекеттің мақсаты болып табылатынды пайдаланса, онда біріншісі басшы болып, қалада екіншісінің алдына шытады. Мұның өзі атпен жүру өнеріне ұқсайды. Оның мақсаты — құралды тамаша пайдалану. Оны атқа мінген адам (пайдаланады), ол (соңдай-ақ) жүгенші жасаған жүген мен ер-тұрманды да пайдаланады. Сондықтан ол басшы болады, ол атты үйретушіден жоғары тұрған сияқты, жүген жасаушыдан да жоғары тұрады. Басқа кәсіптер мен өнерлер жөнінде де осыны айтуға болады. Екі адам бір мақсатты көздегенде, олардың біреуі бұл мақсатты толығырақ қиялдап елестетеді, өзін оған неғұрлым лайық санайды, терең ойлайды, мұның арқасында өзін осы мақсатқа жеткізетіннің бәрін анықтап біліп, бүл мақсатқа жету жолында екіншісін дұрыс пайдалана алады, сөйтіп ол әлгідей (қасиеттері) жоқ екіншісіне басшы болып шығады. Бұл мақсатты өзі қиялдап, өзіне елестететін, бірақ бұл мақсатқа жету жолындағының бәрін аяқтап шығарлық пайымы жоқ адам біріншісінен төмен тұрады. Солай бола тұрса да, істелуге тиістінің ішінен кейбір нәрселерді суреттеп, оның пайымдауынша негіз жасап берсе, ол өзіне суреттеп бергендерге сәйкес қалғанын өзі табады. Өз қиялында мақсатты елестете алмайтын, өз пайымдау қабілеті жоқ адам одан төмен тұрады. Ал егер оның қиялына мақсат салып беріп, одан кейін пайымдауға негіз берілсе, ол қалған жағында өзіне суреттелгенге еліктеп, жұмысқа кіріседі немесе бүл жұмысқа басқа біреуді пайдаланады. Қиялында мақсатты елестете алмайтын (140- бет), оз пайымдауы жоқ және оның пайымдауына негіз салып бергеннің өзінде оны қалғандарына қолдана алмайтын адам одан төмен тұрады. Егер оған белгілі мақсатқа жету үшін істелуге тиісті жұмысты тапсырса, ол бүл тапсырманы жанында сақтайды, әрдайым тіл алып, бағыныштылық білдіреді, өзіне тапсырылғанның бәрін орындайды, өзінің әрекеті қандай мақсатқа жеткізетінін тіпті білмесе де орындайды, өзіне тапсырылғанды орындауға жақсы бейімделеді. Мұндай адам әрдайым қалада қызметші болады; ол жаратылысында басшы болмайды, құл болады, ал басқалары бағынышты да, басшы да болады. Құл мен қызметші орындауға шебер болған істің бәрінде басшы басқаларды пайдалануға шебер болуға тиіс Үшінші (мысал): екі адам әрекет жасайды, үшінші адам олардың әрекетін белгілі бір мақсатқа жету үшін пайдаланады, алайда, алғашқы екеудің біреуі үшінші адамның оз мақсатына жетуі үшін неғұрлым ізгі және неғұрлым қажетті іс істейді. Неғұрлым ізгі және қажетті жұмыс істеген адам, оз дәрежесіне қарай, бұл мақсат үшін төмендеу, қажеті кемдеу жұмысты істеген адамнан жоғары тұруы керек. 57. Қаланың бөліктері мен бұл бөліктерінің қатарлары оз ара сүйіспеншілік арқылы бірігіп, байланысты болады: олар әділеттілік пен одан туатын әрекеттер арқылы топтасып сақталады. Сүйіспеншілік ата-ананың баласын сүюі сияқты, табиғи сүйіспеншілік және сүйіспеншілікті туғызатын заттарға сүйенетін ерікке негізделген (141-бет) сүйіспеншілік болады. Ерікке негізделген сүйіспеншілік үш түрлі болады: 1) қайырымдылыққа қатысы бойынша, 2) пайда табу үшін және 3) ләззат алу үшін. Әділеттілік сүйіспеншіліктен туады. Бұл қалада сүйіспеншілік әуелі қайырымдылыққа қатысы болуынан туады. Мұндай қатыстылық көзқарастан және іс-әрекеттен көрінеді. (Азаматтардың) қатысы болатын көзқарастар үш түрлі: бастамасы жөнінде, соңы жөнінде жөне олардың арасы жөнінде. Бастамасы жөніндегі көзқарастардың үйлесуі — теңдесі жоқ Алла Тағала туралы және рухани тектер туралы, өнеге болатын ізгілер туралы, әлемнің және оның бөліктерінің қалай пайда болуы, адамның қалай пайда болуы туралы, онан кейін әлемнің бөліктерінің қатарлары туралы, олардың өзара қатысы туралы, олардың тәңірі мен рухани тектер жөнінде алатын орны туралы, мұнан кейін адамның тәңірі мен рухани тектер жөнінде алатын орны туралы көзқарастардың үйлесуі болады. Бастама, міне, осындай. Соңы дегеніміз — бақыт. Олардың арасында тұрған нәрсе — бақытқа жеткізетін әрекеттер. Қала тұрғындарының бұл заттар жөніндегі көзқарастары үйлескен кезде және бүл оз ара бақытқа жеткізетін әрекеттермен аяқталса, мұның соңынан қажетті түрде өзара сүйіспеншілік туады. Бұлардан кейін, адамдар бір жерде көршілес тұратындықтан, олардың біреулері екіншілерінің көмегіне ділгір болады және біреулері екіншілеріне пайда келтіреді, осыдан енді пайда келтіретін сүйіспеншілік туады. Мұнан кейін, олардың қайырымдылыққа қатысы болуына байланысты және олардың біреулері екіншілеріне пайдалы болатындықтан, ал бұлардың біреулері екіншілерінен рақат табатындықтан, мұнда да рақат, ләззат беретін сүйіспеншілік қатарласа жүреді, сөйтіп олар өзара ынтымақты және өзара байланысты болады. 58. Әділеттілік /18/ дегеніміз — бұл ең алдымен қаланың барлық тұрғындарының үлесіне тиетін ортақ игіліктердің бөлінуі және бұдан кейін олардың арасына бөлінген сол игіліктердің сақталуы. Бұл игіліктер — аман-саулық, байлық, қадір-құрмет, алатын орын және олардың қатысы болуы мүмкін басқа сондай игіліктер. Өйткені қала тұрғындарының әрқайсысы бүл игіліктерден өзінің еңбегіне тең үлесін алуға тиіс, сонда бүл үлес аз немесе коп болып шықса, мұның өзі әділетсіздік болады: аз болса, ол үшін әділетсіздік, коп болса, қала тұрғындары үшін әділетсіздік жасалғаны; ал егер оның үлесі аз болып шықса, мұнын өзі де қала тұрғындары үшін әділетсіздік болуы мүмкін. Игіліктер бөлініп, әркімнің сыбағасы белгіленгенде, бүл сыбаға ол үшін былайынша сақталады: не ол оз сыбағасын қолынан шығармайды немесе сыбағасын қолынан шығара қалса, мұның өзі оған да, қалата да зиян келтірмейтіндей етіп шығарады. Егер адамның игіліктен алатын сыбағасы оның қолынан келетін болса, ол не өзінің еркімен кетеді, мәселен сатады, біреуге сыйлайды, төлем төлейді, не еріксіз кетеді, мәселен біреу ұрлап әкетеді немесе тартып алады. Мұның екеуінде де бүл игіліктер қала тұрғындарының қолында сақталатындай жағдай болу керек. Бұл жағдайда қала тұрғынының қолынан оның өз еркімен немесе еріксіз кеткеннің төлеуі қайтарылатын болу керек, сонда қайтарылған игіліктердің бағасы одан кеткен игілікпен парапар (игіліктердің) сол түріне (143-бет) немесе басқа бір түріне жататын болуы керек. Қайтарылатын игілік оның өзіне немесе қала тұрғындарына қайтарылады. Бұл екеуінің қайсысында болса да қала тұрғынына бағасы бірдей игілік қайтарылады, әділеттіліктің өзі, міне осында болады, мұның арқасында бір кезде бөлінген игіліктер қала тұрғындарының қарамағында сақталады. Адамның игіліктерден алатын сыбағасына бағасы бірдей төлем оған немесе қала тұрғындарына қайтарылмай оның қолынан кетсе, мұның өзі әділетсіздік болады. Мұнан кейін, адамның өзіне қайтарылған төлеу, не қалаға пайдалы болуға немесе оған зиян келтірмеуге тиіс. Егер адам әзінің игіліктерден алған сыбағасын өз қолынан немесе басқа біреудің қолынан берсе және мұның өзі қалаға зиян келтірсе, ол әділетсіз болып, оның бұлай етуіне тыйым салынады. Тыйым салу көп болып кетсе, жаза қолдану, айып алу керек болады. Жаза мен әрбір әділетсіздік жазаға тартылатындай етіп белгіленуге тиіс. Әділетсіздік жасаушы оған (жауап) ретінде оған пара-пар жаза алса, бүл әділеттілік болады, егер асып кетсе, оның өз басына әділетсіздік болады, егер кем болса, қала тұрғындарына әділетсіздік болады, егер парапарлықтан асып кетсе де қала тұрғындарына әділетсіздік жасағандық болады. 59. Кейбір қала билеушілері қалада кездесетін әрбір әділетсіздікті қала тұрғындарына жасалған әділетсіздік деп ойлайды. Енді бір әкімдер әділетсіздік кімге жасалса, оның тек соған қатысы бар деп ойлайды. Кейбіреулері әділетсіздікті екі категорияға бөледі: жеке адамдарға қатысы бар, бірақ онымен бірге қала тұрғындарына да қатысы бар әділетсіздік (144-бет) және тек қана жеке адамдарға қатысы бар, бірақ олар арқылы қала тұрғындарына зардабын тигізбейтін әділетсіздік. Сондықтан кейбір қала әкімдері зәбір көрген адам кешірім жасағанымен, айыптының кінәсін кешірмеу керек деп есептейді, енді біреулері зәбір көрген адам кешірсе, айыптының кінәсі кешірілуге тиіс деп есептейді. Кейбіреулер ондайлардың біреулерін кешіру, басқаларын кешірмеу керек деп есептейді. Айыпты жағына лайықты жазаны қала тұрғындары емес, зәбір көрушінің өз басы беруге тиіс деп танылса, онда, егер зәбір көруші зәбір көрсетушіні кешірсе, басқа ешкім жазалауды талап ете алмайды, ал егер жазаны қала тұрғындары, барлық адамдар беруге тиіс деп саналса, зәбір көргендердің кешіруі есепке алынбайды. 60. "Әділеттілік" деген сөз кейде басқа, неғұрлым жалпы мағынада, атап айтқанда, бір адам басқа адамдар жөнінде қандай да болсын бір қайырымдылық ниеттен туатын іс істегенде (соны көрсету үшін) қолданылады. Табысты бөлудегі әділеттілік және бөлінгенді сақтаудағы әділеттілік неғұрлым жалпы әділеттіліктің бір түрі болып табылады, ал неғұрлым жекелеген әділеттілік неғұрлым жалпы (әділеттіліктің) атымен аталады. 61. Ізгі қалада әрбір адамға тек оның өзі ғана шұғылданатын бір кәсіп және ол қызметшілік дәрежесінде немесе басшы дәрежесінде орындайтын, бірақ одан асып кетпейтіндей бір жұмыс белгіленуге тиіс /19/. Олардың ешқайсысын көп жұмыстармен немесе бір кәсіптен артық кәсіппен айналысуға ықтиярсыз көндіре алмайды, мұның үш түрлі себебі бар: 1) әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке жарамды бола бермейді және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол бір жұмысқа жақсырақ жарамды болады; 2) бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір адам бүл жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарып, бұл жұмыста білгір және шебер болып шығады, өйткені ол өзін жұмысқа арнап, басқаға емес, осы жұмысқа жастайынан үйренеді; 3) көп жұмыстардың белгілі мерзімдері болады, сондықтан бүл жұмыстарды кейінге ысырғанда, олар орындалмай қалады: кейде екі жұмысты бір мезгілде атқару керек болады, сонда адам бұл жұмыстардың бірімен шұғылданғанда, екінші жұмысқа оның уақыты қалмайды, сөйтіп ол бұл жұмысқа уақытында кірісе алмайды. Сондықтан да жұмыстардың әрқайсысы мезгілінде орындалуы және орындалмай қалмауы үшін, әрбір адамға екі жұмыстың бірі ғана белгіленуі тиіс.
Екінші бөлім 62. Қаланың сақтық қоры дегеніміз — қаражат таппайтын адамдар үшін жинайтын затың бәрі. Барлық қала әкімдерінің пікірінше, сақтық қоры ең алдымен дәл сол адамдар үшін жинап сақталуға тиіс. Діни қызметшілер, хатшылар және басқалары сияқты қаражат жинауды мақсат етпейтін ол адамдар қаланың ең маңызды топтары қатарына жатады және олар қаражатқа мұқтаж (141-бет). Кейбір қала әкімдерінің пікірінше, мұндай адамдардың қатарына сондай-ақ мүгедектер мен қаражат таба алмайтындарды да жатқызу керек. Билеушілердің енді біреулері қалада бірде-бір мүгедек және қандай да болсын пайдалы жұмыс атқара алмайтын ешбір адам қалдырылмауды керек деп есептейді. Кейбір қала өкімдері қалада екі түрлі қор жасалуы керек деп ойлайды: бірі — қаражат табу бірінші кезектегі міндеті болмайтын адамдар үшін, екіншісі — мүгедектер және басқа сондайлар үшін. Бұл қаражат қайдан және қандай жолмен алынатынын қарастыру қажет. 63. Соғыстар не қалаға сырттан басып кірген жауды тойтару үшін; не басқалардың қолында тұрған, қалаға тиесілі мал-мүлікті тартып алу үшін; не болмаса ең жақсы, ең пайдалы деп танылатын дүние, өздері оның қадірін білмейтін және қадірін білгендерге және олардың сөзбен айтқанына көнбейтін басқалардыкі нақ олардыкі екеніне сендіру үшін жасалатыны мәлім; сондай-ақ өздерінің дүниеден алатын орнына қарай құл болу өздері үшін ең жақсы және ең пайдалы (шабуыл жасаушы жақтың пікірінше) болатын адамдар қатарындағы құлдыққа, қызметші болуға көнбейтіндерге қарсы немесе қаланы билеуге құқығы болса да, мұны қабылдамайтын немесе (қала тұрғындарының санатына жататын адамдарға) қарсы соғыс жүргізген жон деп саналады. Мұнда (соғыста) бірден екі мақсат көзделеді: бірі — қала үшін мал-мүлік алу, екіншісі — заңдылық пен осы әділеттілік орнату мақсаттары. Мұның өздерінің белгілі бір қылықтары үшін жазалануға тиістілерге қарсы, олардың енді мұны істемеуі үшін, басқалардың қалаға қарсы шығуға батылы бармауы, олжаға қызықпауы үшін жүргізілетін соғысқа да қатысы бар; сол сияқты мұның қала тұрғындарына қандай да болсын игілік әперу, олардың кеткен өз үлесін қайтару, олар үшін ең жақсысы (әділеттілік) және жауды күшпен тойтару үшін жүргізілетін соғысқа да қатысы бар. Жаудың одан әрі өмір сүруі қала тұрғындарына зиян келтіретін (147-бет) болғанда, ол (жауларды) қалдырмай қырып-жою мақсатымен жүргізілетін соғыс та қала тұрғындарының игілігін көздейтін соғысқа саналады. Билеуші қандай адамдармен болса да соғыс жүргізгенде, олардың өзіне беріліп, бағынуы үшін, оның бұйрықтарының бәрін орындау үшін, оның өзінше басшылық етіп, басқаруына көнуі үшін, оның талабының бәрін қабылдап, өмірін орындап отыруы үшін жүргізсе, бұл — әділетсіздік соғыс болады. Дәл сол сияқты, егер ол соғысты бір ғана мақсатпен — (кімге болса да) үстемдік жасау үшін жүргізсе, бұл да әділетсіздік соғыс. Егер ол басқа еш нәрсе үшін емес, тек ашуын қайтару үшін немесе жеңістен рақат табу үшін жүргізсе немесе адамдарды өлтірсе, бүл да әділетсіздік. Дәл сондай-ақ егер ол адамдар мұны өздерінің әділетсіздігімен ашуландырса, ал оларға әділетсіздігі үшін берілген (жаза) соғыс, адамдарды өлтіру арқылы берілген жазадан кем болса, онда соғыс пен адамдарды өлтіру (бүл ретте), соз жоқ, әділетсіздік болады. Ашу кернеген адамдар коп уақытта адамдарды өлтіру арқылы ашуын қайтаруға тырысып, өздерін ашуландырғандарды емес, бұған қатысы жоқтарды өлтіреді. 64. (Өмірде олардың) бастапқы үш бөлегі болады: бірі — өмір сүрмеуі мүмкін емес нәрсе; енді бірі — мүлде өмір сүре алмайтын нәрсе; тағы біреуі өмір сүруі де, сүрмеуі де мүмкін нәрсе. Алғашқы екеуі қиыр шектер. Үшіншісі сол екеуінің аралығы; бүл — екі шекке қайшы келетін жиынтық. Өмір сүруші заттардың бәрі (өмірде бардың) осы үш бөлігінің екеуіне жатады, өйткені өмір сүруші заттардың біреулері өмір сүрмейінше тұра алмайды, басқалары өмір сүре де алады, сүре де алмайды. 65. Өмір сүруі мүмкін емес нәрсе өзінің мәні мен жаратылысында сондай; сол сияқты өмір сүре де алатын, сүре де алмайтын нәрсе де өзінің мәні мен жаратылысыңда сондай, өйткені (148-бет) өмір сүрмей тұра алмайтындар көрінбей қала алмайды, ал оның мұндай болатын себебі тек сол — оның мәні мен жаратылысы басқаша емес және мұндай болуы кездейсоқ. Өмір сүре алатын және сүре алмайтындар жөнінде де осыны айтуға болады. Өмір сүруші заттардың үш тегі бар: материядан жасалғандары; аспан денелері; рухани денелер. Өмір сүрмей тұра алмайтындардың екі түрі болады: бірі өзінің жаратылысы мен мәнінде сондай — ол басқаша емес, белгілі бір уақытта өмір сүреді, екіншісі — қандай уақытта болса да мүлдем өмір сүрмей тұра алмайды. Рухани (денелерге) екінші түрі — өмір сүрмей тұра алмайтыны, аспан (денелеріне) бірінші түрі жатады. Материялық (денелерге) (бар дүниенің) бір бөлігі — өмір сүре алатыны және өмір сүре алмайтыны жатады. Дүние үшеу: рухани, аспандық және материялық дүниелер. 66. (Өмірде бардың) төрт бастапқы бөлегі бар: бірі — мүлдем өмір сүрмей тұра алмайтыны; екіншісі — мүлдем өмір сүре алмайтыны; үшіншісі — белгілі бір уақытта өмір сүрмей тұра алмайтыны; төртіншісі — өмір сүре де алатын жөне өмір сүре алмайтыны. Сонымен, алғашқы екі бөлегі — қарама-қарсы екі шет және белгілі бір уақытта өмір сүре ;шатын және өмір сүре алмайтыны... Өмір сүруші заттар осы үш бөлікшеге жатады: өмір сүрмейінше мүлдем тұра алмайтыны; өмір сүре алатыны және сүре алмайтыны; бір уақыт ішінде өмір сүрмей тұра алмайтыны, бірақ басқа уақытта өмір сүре алатыны. Олардың ішіндегі ең ардақтысы, ең ізгісі және ең жетілгені — өмір сүрмей мүлдем тұра алмайтындары. Олардың ішінде ең төменгісі және неғұрлым жетілмегендері өмір сүруі мүмкін, немесе өмір сүре алмауы мүмкіндері. Белгілі уақыттың ішінде ғана өмір сүрмей тұра алмайтындары — олардың аралығы, (149-бет) өйткені ол біріншісіне қарағанда әлдеқайда кем жетілген, үшіншісіне қарағанда әлдеқайда жетілген. Өмір сүре де алатыны және өмір сүре де алмайтыны үш түрлі болады: жиірек (пайдалы болатыны); бірдей дәрежеде (мүмкін пайда болатыны және пайда болмайтыны). Мұның ішінде неғұрлым ардақтысы — жиі пайда болатыны, ең төменгісі — сирек пайда болатыны, ал бірдей дәрежеде (пайда бола алатыны және пайда бола алмайтыны) олардың аралығы болып табылады. 67. Егер нәрсеге бей болмыс тән болмаса, бұл — оның өмірдегі жетілмегендігі. Егер бұл нәрсе өзінің өмір сүруінде басқа бір нәрсеге ділгір болса, бүл да оның өмір сүруіндегі жетілмегендік. Нәрсенің оз түрінде (оған) ұқсастардың бәрі өмір сүруіндегі мынадай мағынадан жетілмегендік болады: мұндай болмыс бір индивидте бола алмайды және өзінің болмысы жалғыз онымен сарқылмайды, оз болмысының бір бөлегін ғана онымен сарқиды, сондай-ақ адамда болатындай өз тегінің мәнін онымен көрсете алмайды. Адамның болмысы бір (индивидпен) жүзеге аса алмайтын болғандықтан, ол бір уақытта бірден көп индивидпен жүзеге асады. Демек, бір нәрсенің өзімен аяқталуы үшін (тек өзімен) қанағаттанатынның бәрі басқа бір нәрсені керек етпейді, егер зат өзінің болмысын, маңызын, мәнін аяқтап шығу үшін өзіне-өзі жеткілікті болса, оның зат түріне басқа еш нәрсенің қатысы болмауы керек, ал егер осының бәрін оның әрекеті ретінде қарасақ, оның әрекетіне өзінен басқа еш нәрсенің қатысы болмас еді. 68. Қарама-қарсылығы бардың бәрі өзінің өмір сүруінде жетілмеген, себебі қарама-қарсылығы бардың бәрінде болмыссыздық та бар, өйткені қарама-қарсылықтардың мәнісі нақ осында, яғни олардың екеуі кездескенде немесе біріккенде біреуі екіншісін жоққа шығарады, өйткені (қарама-қарсылықтардың әрқайсысы) өзінің өмір сүруінде қарсы жақтың болмысының тоқтауын талап етеді. Сонымен қатар оның өмір сүруіне бөгет бар, демек оның өмір сүруі бір өзінің еркінде емес. Бей болмысы жоқтың (150-бет) қарама-қарсылығы да жоқ, өзінен басқа еш нәрсеге ділгір еместің де қарама-қарсылығы болмаса, ол да сондай. 69. Бұл дүниелерде еш нәрсе де және жалпы еш нәрсе де жауыздық тіпті болмайды, оның болуы адамның еркіне мүлдем байланысты емес, бүл (дүниелердің) бәрі игілік болып табылады. Өйткені жауыздық екі түрлі болады: 1) бақытқа қарама-қарсы бақытсыздық және 2) бақытсыздыққа ұшыратарлық қасиеті бардың бәрі. Бақытсыздықтың белгілі бір шек мағынасындағы жауыздық, оның ар жағында бақытсыздық әкелетін жауыздық жоқ. Екінші (жауыздық) бақытсыздыққа ұшырататын, ерікке негізделген қылықтар. Сондай-ақ бүл екі жауыздыққа қарама-қарсы екі игілік бар, оның бірі — белгілі шек мағынасында алынатын, оның ар жағында бақытқа ұмтылдырарлық екінші шек қалдырмайтын бақыт. Екінші игілік — бақытқа жету жолында қандай да болсын бір пайда келтіретіннің бәрі. Бүл — (жауыздыққа) қарама-қарсы тұратын игілік. Бұлардың екеуінің табиғаты, міне, осындай. Жауыздықтың біз жаңа ғана айтқаннан басқа ешқандай табиғаты жоқ. Жауыздықтың екі (түрі де), демек, ерікке негізделген болып шығады, оларға қарама-қарсы тұратын игіліктің екі (түрі) жөнінде де соны айтуға болады. Дүниелердегі игіліктерді алатын болсақ, ол — бастапқы себеп, содан туатынның бәрі; болмысы бастапқы себептен туғаннан туатын туынды, одан әрі соңғы (бір нәрседен) туатын қандай да болсын заттарға дейін кете береді, өйткені мұның бәрі орынды үйлесіл, әділетті орын алады, ал орынды, әділетті болғандар — игілік. Кейбіреулер қандай да болмыс — игілік деп, ал қандай да болмыссыздық — жауыздық деп ойлайды. Олар өздері игілік деп санайтын болмыс (түрлерін) және өздері жауыздық деп санайтын болмыссыздық (түрлерін) қиялында суреттейді. Енді біреулер кез келген рақат — игілік, кез келген азап, әсіресе дене сезімімен байланысты азап — жауыздық деп ойлайды. Олардың бәрі де адасады, өйткені болмыс — орынды болып келгенде ғана игілік (151-бет). Рақат пен азап жөнінде де сондай. Орынсыз өмір сүретінді және орынсыз өмір сүрмейтінді алатын болсақ, бұлар — жауыздық. Бүл заттардың бірде-біреуі рухани дүниелерде бір жерде өмір сүрмейді, өйткені, табиғи болуы себепті орынсыз пайда болатын мүмкін табиғи заттар сияқты, рухани және аспан (әлемдерінде) бір нәрсе орынсыз пайда болады деп ешкім ойламайды. Олар орынды сақталған кезде, олардан ерікке негізделген орындылықты ешкім іздемейді, өйткені мүмкін табиғи орындылық не формамен, не материямен байланысты. Әрбір заттың не жиі, не сирек болуы, не болмаса тең дәрежеде (болуы не болмауы), оның бұдан табатыны бүл (дәрежелерден) тысқары шығады. Демек, мұның бәрі — игілік. Сонымен игіліктің екі түрі болады: жауыздық оның мүлдем қарама-қарсылығы болмайтын игілік; жауыздықтың әрқилы түрі оның қарама-қарсылығы болатын игілік. Осы сияқты, ерікке негізделген әрекеттен бастама алатын әрбір табиғи зат бірде игілік, бірде жауыздық болуы мүмкін. Бүл арада әңгіме ненің таза табиғи таза екендігінде және ерікке негізделген бір нәрсенің еш нәрсеге қатысы жоқ екендігінде болып отыр. 70. Кейбіреулер жанның аффектілерінің бәрі, атап айтқанда, жанның алас ұруынан туатынның бәрі жауыздық деп ойлайды. Енді біреулер қызулық пен ашу күші ғана жауыздық деп санайды, тағы біреулер қызғаныш, қаталдық, сараңдық, атаққұмарлық және басқа солар сияқты жан күйлерін туғызатын басқа күштер туралы солай ойлайды. Олар да адасады, өйткені игілікте де, жамандықта да пайдалануға болатындар игілік те емес, жауыздық та емес, өйткені ол біріне қаншама жарамды болса, екіншісіне де соншама жарамды болады (немесе игілік те, жауыздық та бола алады, не болмаса мұның бірі де болмайды). Бәрінен де ол бақытсыздыққа бастайтын іске қолданылса, бақытсыздық болады, ал бақыттылыққа бастайтын іске қолданылса, жауыздық емес, зор игілік болып табылады. 71. Кейбіреулер былай дейді: бақыт дегеніміз — (бақытқа жету жолыңда жасалатын әрекет үшін берілетін сыйлық емес); ол сондай-ақ бас тартқан және бақытқа жету жолында қолдануға келмейтін (152-бет) әрекеттер үшін берілетін сыйлық та емес, оқумен табылатын даналық қандай болса, сондай, адам оқымай, онан бас тартса, одан еңбектенуді артық көрсе, ол сонда рақат табатын демалыс үшін берілетін сыйлық та емес. Сондай-ақ оқумен алған біліммен қатарласа келетін рақат та оқу үшін берілетін сыйлық [емес], [адам] оқуға беріліп, демалудан бас тартқанда жасайтын еңбегі, көретін тынышсыздығы, азабы үшін берілетін сыйлық емес, сөйтіп, бүл рақат — сол екінші рақатпен қамтамасыз етілуі үшін адам тастап кеткен басқа рақат үшін берілетін сыбата болуы тиіс. Ең дұрысы, бақыт — оқығанда, сабақ алғанда білімді игеру, әр түрлі өнерлерді үйренгенде оларды игеру, [оларға сәйкес] жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат. Сол сияқты, бақытсыздық дегеніміз — игілікті әрекеттер жасаудан бас тартқаны үшін берілетін жаза емес, сондай-ақ бұзықтық әрекет үшін қайтарылатын есе емес. Сондықтан, етер біреу мұны өзінің бас тартқанымен бірдей келетін өзіне берілген бақыт деп санаса, оның қайырымдылық істері бұзықтық істерге жақ тұрады. Мәселен, сезімдік ләззаттың бәрінен немесе біреулерінен бас тартатын қарапайым адам мұны тек қана оған өзі айырылған рақат есесіне басқа өзі алмаған [рақаттан] зор [рақат] берілуі үшін істесе, сөйтіп [нақ] құлқын құмарлық және өзі көретін рақатты ұлғайтуға тырысу оны сол өзі қабылдамай қалдырған рақатты қалдыруға ұмтылдырса, осылай болады. Мұнымен бірге, ол өзі қалдырған рақат өзінікі еді, ол оны тастағанда, тек дәл сондай [рақат] табу және мұнан келетін пайданы көбейту үшін істедім деп есептеуі тиіс. Әйтпесе ол өзінде болмағаның есесін қалай келтірмек? Адамның байлықты алмай, оны қалдырғандағы көрсеткен әділеттілігі жөнінде де соны айтуға болады. Бұл да сондай құлқын құмарлық, бүл байлықты қалдырғанда оның есесін басқамен қайтаруға ұмтылғандық. Ол бұлай еткенде өзі қалдырған байлықтың есесін одан анағүрлым көп қайтарып, пайда түсіру үшін істейді. Ол өзінің және басқалардың барлық байлығын өзінікі санағандай болады, бірақ ол [бүл байлықтарды] өзі берген адамдардан қайтып алып, есесімен қоса екі есе көбейте алатын болса, (153-бет) байлықты сол адамдарға қалдырады. Ал, мұның өзі [қала әкімдерінің] істейтініндей. Олай болса, ол әділеттікке жөне қарапайымдылыққа ие болмайды, өйткені олардың өзі өздігінше игілік болып табылады және жауыздық, бұзықтық жасаудан тартынбайды, өйткені бүл [әрекеттердің] өзі өздігінше сорақы және ол үшін жексұрын. Өзі өткінші өмірге осы рақаттар үшін сусағанда, өзін сол рақаттардан айырам деп санайтын, мұның есесіне сондай, олардан анағұрлым зор рақаттар сыбағасына тиюін тілейтін адамның, өзі жек көретін жауыздыққа, онан да зор жауыздықтан қорыққаннан баратын адамның батырлығы жөнінде де осындай. Ол өлімге бару — жауыздық деп есептейді, алайда ол мұнан да зор жауыздықтан қорқады. Сондықтан, өздеріңіз көріп отырсыздар, олардың қайырымдылық деп есептегендері қайырымдылықтан гөрі бұзақылық, пасықтық қылықтарға жақын болып шығады. Өйткені олардың мәні, табиғаты шын қайырымдылық істердің табиғаты болып табылмайды және оған жақындамайды; ол-ол ма, бұлар ["қайырымдылықтар"] бұзықтық және пасықтық саналар тегіне жатады. 72. Ізгі адам өзі өлгеннен кейін де, бақытты молайта беретін әрекеттерді көп жасау [мүмкіндігінен] өлгеннен кейін ғана айырылады. Сондықтан оның өлімнен қорқуы — өзім өлгенде зор жауыздыққа ұшыраймын деп ойлайтын адамның қорқынышы емес және өлгеннен кейін тіршілікте өзім жинаған, енді өз қолымнан кетіп бара жатқан мол дәулеттен айырылам деп ойлайтын, ол түгіл, өзім өлгеннен кейін жауыздыққа кездеспеймін деп ойлайтын, өйткені өлім үстінде келген бақытты өзіммен бірге болады, ажал оны менен бөліп әкетпейді деп санайтын адамның да қорқынышы емес. Ал шындығында оның мазасыздануы мына жаймен байланысты: ол өзінің мүмкіндіктен айырылуын өзінің жақындаған ұтысы деп есептейді, ал ол бүл ұтысын алғанда, мұның өзі оның жинаған дәулетіне дәулет қосқандық болады. Ол өзінің айырылғанын капитал емес, өзі алмақ болған және алуына сенген пайда деп мазасызданады. Сонымен ол (ізгі адам) тіпті де (өлімнен) қорықпайды, қайта мұнан да көп дәулет жинап, соның арқасында өз бақытын молайта беруі үшін өмірдің жалғаса беруін тілейді. 73. Ізгі адам ажалды жақындатуға ұмтылмауы тиіс, қайта өмірді ұзартуға барынша тырысуы керек, өмір ұзара берсе, мұның өзі оған бақытты ететін істерді көбірек істеуге мүмкіндік туғызады; [ол мұны бұлайша істегенде], ол өзінің қайырымдылығымен келтіріп отырған пайдадан қала тұрғындары (154-бет) махрұм қалмауы үшін де істеуі керек. Ол адам өлімге бой ұсынғанда тек мынадай ретте ғана — оның өлімі арқылы қала тұрғындарына ол одан әрі өмір сүргендегіден гөрі көбірек пайда келтіретін болғанда ғана ұсынуы тиіс. Егер отан ажал еріксіз келсе, онда ол мұнан қорықпай, абыроймен өтуі тиіс. Ол ажалдан тіпті де қорықпайды; өлім оны абыржытарлық дәрежеде қорқыта алмайды. Өлім тек надан қалалардың тұрғындары мен бұзық адамдарды ғана қорқытады. Надан қалалардың тұрғындары өздері өлгеннен кейін, өздері тастап кететін сыбағалы дүниенің игілігінен — рақаттан, байлықтан, құрметтен және басқа игіліктерден айырыламыз деп қорқады, ал бұзық адам өзінің артында қалатын тіршіліктегі [игіліктерден] айырылудан қорқады, өзім өлгеннен кейін бақыттан айырыламын деген ойдан қорқады. Бұзық адам мұнан надан қаланың тұрғындарынан да көбірек азап шегеді, өйткені олар өлгеннен кейінгі бақыт туралы еш нәрсе білмейді, сондықтан онан айырыламын ғой деп қынжылмайды, ал бұзық адамдар мұны біледі, өлімнің жақындауымен бірге оларда қорқыныш, өздерінше енді бұл дүниеден айырыламыз ғой деген қынжылу пайда болады, бұрын өздерінің өмірінде істегендеріне қатты өкінеді. Сондықтан олар көп нәрселер туралы қамығып өледі. 74. Қайырымды жауынгер тәуекелге бел байлап ұрысқа кіріскенде, мұның арқасында аман қаламын деп ойлағандықтан кіріспейді, өйткені мұның өзі ақымақтық болар еді. Дәл сол сияқты ол не өлемін, не тірі қаламын деп те ойламайды, өйткені мұның өзі ұшқалақтық болар еді. Ең дұрысы, ол өлмеймін, аман қаламын деп үміттенеді. Ол өлімнен қорықпайды, өлім келе қалған күнде де ол қорықпайды. Өзінің іздегенін тәуекелсіз алатынын білсе немесе аламын деп есептесе, ол тәуекелге бармайды. Ол тәуекелге бел байласа, өзінің іздегенінен айырылатынын, оны ала алмайтынын біліп, егер осылай етсем, іздегенімді, мүмкін, алармын деп шамаласа, не болмаса, өлсем де немесе тірі қалсам да қаланың тұрғындары оның тәуекелі қасында ол іздегенді алар деп ойласа, егер өзі аман қалса, қала тұрғындары мұны онымен бөлісер, ;іл егер өлсе (155-бет), олар мұны алады, ал ол бұрынғы қайырымдылығы үшін және қазір өзін құрбандық еткені үшін бақытқа жетеді деп ойласа, ол сонда тәуекелге бел байлайды. 75. Қайырымды адам өлгенде немесе оны жау өлтіргенде оны жоқтамай, ол адам қалада қаншама керек болған дәрежеде қала тұрғындарын жұбату керек және ол адамның жеткен бақытына қызығу керек. Онымен бірге бүл — соғыста өлтірілген жауынгердің қала тұрғындарының игілігіне өзін құрбан еткені үшін құрметтелуі — оның ерекше ардақтылығы. 76. Кейбір адамдар: дана емес адам жаны тәнінен бөлінгенде, тәні жансыз қалғанда, яғни өлгенде ғана дана болады деп есептейді, ал егер ол бұрын дана болса, мұнан оның даналығы өсе түседі, толық және жетілген даналық болады немесе неғұрлым жетілген және үздік даналық болады деп есептейді. Сондықтан олар өлу — жетілгендік, ал жанның тәннен бөлектенуі қажеттілік деп есептейді. Енді біреулер: жауыз адам жанның тәнмен сондай бір ұштасып келуімен ғана болады, ал жаны тәнінен бөлінгеннен кейін, ол қайырымды болады деп есептейді. Бірақ [солай болғанда] бүл адамдарға [қисыны солай] өздерін өздері өлтіруге, жанын өлтіруге тура келер еді, сондықтан олар мынадай сөздермен құтылмақ болады: "Біздерді жаратқан Алла, періштелер, пайғамбар билейді, ал жанның [тәнмен] ұштасуы немесе [одан] бөлектенуі біздің еркімізде емес /20/. Біз оның бөлектенуін оларды біріктірушіден күтуге тиістіміз, оның бөлектенуін оз міндетімізге алуымыз керек, өйткені біздерді басқарушылар біздер үшін ненің жақсы екенін көбірек біледі". Енді біреулер былайша ойлайды: жанның тәннен бөлектенуі кеңістікте бөлектену немесе идеяда бөлектену емес; ол тән өледі, жан қалады немесе жан өледі, жансыз тән қалады деген мағынаны білдірмейді. Жанның бөлектенуінің мәні, абзалы, мынада: жан өзінің өмір сүруінде тәннің ол үшін материя болуын қажет етпейді және өзінің әрекеттерінің бірде біреуінде тәнді құрал ретінде пайдалануға ділгір емес, тәндегі қандай да болсын бір күшті (156-бет) пайдалануға тіпті де ділгір емес, өйткені жан бұл заттардың қандай да болсын біреуін керек етіп отырғанда [тәннен] бөлектенбейді. Бұл [бөлектену] адамға ғана тән, атап айтқанда, теориялық ақыл-ойға тән жанда болады, өйткені жан мұндай күйге жеткенде, ол тәннен бөлектенеді; бөлектенгенде, бүл тән қоректенетін және түйсінетін тірі жандыкі ме, әлде тәннің оны қоректендіретін өзі қызметін тоқтатты ма, бұл жағына қарамайды. бұдан былай өзінің әрекеттерінің ешқандайына: қабылдауға да, қиялдауға да ділгір болмаса, бұл енді жанның о дүниеге жеткендігін [білдіреді], сонда оның бастапқы негіздің мәні туралы түсінігі неғұрлым жетілген болады, өйткені ақыл-ой Оның мәнін қамти отырып, Оны түсіну үшін салыстыруды немесе мысал келтіруді керек етпейді. Жан бұған оған дейін оз әрекеттерін жүзеге асыру үшін денелік күшті және оның әрекеттерін пайдалану арқылы ғана жетеді. Бұл енді — ақырет, онда адам өзінің Тәңірісін көреді және оны көргенде қорықпайтын болады. 77. Өзінің болмысы қандай қатынаста болмасын, ұштасудан және қосылудан құралатынның бәрі болмысы жайынан мына мағынада жетілмеген болады: саны, материясы, формасы жағынан ұштасса да, басқа түрде ұштасса да өзі құралатын заттарға ділгір болады. 78. Егер бір зат екінші затты туғызса, мұның өзі екіншінің қажеттілікпен сол заттан туатынын, ал екінші заттың тууы, оның сол заттан тууы қажет болғанын көрсетеді. Зат екінші бір заттың онан тууындағы жаратушысы, ал затты жаратушы — ол затты қажеттілікпен тудырушы. Екінші затты тудырушы зат қозғалысқа келмейінше екінші затты тудыра алмайды. Бұл өзінің қозғалысында тек өзі әрекет жасайтын немесе заттың бұрын иемденуіне қосылатын қалыпты туғызатынның бәрін [қамтиды]. Екі күйдің қосылуы нәтижесінде (157-бет) басқа бір зат пайда болады. Бастапқыда оз бойында жетілмегендік болған, сол себепті өзінің әрекетінде басқа бір нәрсені қосуды керек еткен зат сондай халге ұшырайды. Қозғалыс арқылы пайда болатын заттың күйі де аяқталмаған және өзінің мәні жағынан аяқталмаған, сондықтан оның қажетті салдары болатын екінші заттың тууы үшін ол жеткіліксіз болды. Онда [бірінші затта] одан туатынның жасалуы үшін қажеттінің бәрі де бар деп есептеледі. Керісінше, өзінің мәні мен болмысы жағынан екінші заттың жасалуына жеткіліксіздіктің бәрі шын мәнісінде өзі жасайтынды жасамайды және онан қажеттіліктен туатындай көрінетін оның қозғалысы арқасында тумайды. 79. Қандай да болсын бір затты жасаушының кез келгені өзінің бұл затты белгілі бір уақытта жасауы неғұрлым қолайлы немесе жақсы болатынын, не болмаса оншама қолайлы болмайтынын немесе нашар болатынын біледі. Ол затты жасауға бөгет болатын нәрсе оның әрекетін бөгейді. Егер ол бұл затты дәл қазіргі уақытта жасаса, мұнан сәтсіздік туатынын жөне мұның өзі оны жасауға бөгет болатынын ол көреді де, біледі де. Қазіргі уақытта сәтсіздікке ұшыраудың себебі қандай екенін және кейіннен табысты болудың себебі қандай екенін ол білуге тиіс. Егер сәтсіздіктің себебі болмаса, оның болмауы оның болуынан жақсы емес, [бірақ онда мынадай сұрақ туады]: ол қалайша болмады? Мұнымен бірге тағы да бір сұрақ туады: жасаушы қазіргі уақытта өзінің әрекетінде болған сәтсіздікті жоя ала ма, әлде жоқ па? Егер жоя алса, онда [сәтсіздіктің] пайда болуының ықтималдығы оның пайда болуының ықтималдығынан кемірек болады және [заттың] белгілі бір уақытта пайда болуы оның жасаушысы үшін де мүмкін емес. Бірақ оның бұл сәтсіздікті болдырмауға шамасы келмесе, онда сәтсіздіктің себебі күштірек болғаны, сөйтіп бұл затты түгелдей өзінікі етуге жасаушының толық қабілеті болмайды және мұнымен бірге оның әрекетіне қарсы әрекет бөгет болады. Демек, қаңдай болғанда да бұл әрекетті жүзеге асыруда басымдылық болмайды, бірақ [мұның үшін] сәтсіздіктің себебінің жойылуы және табыс себебінің бар болуы қажет, өйткені табысқа жетудің бірден-бір себебі оның өзі болса, онда әрекеттің табысты болуы (158-бет) уақыт жағынан кешікпеуге тиісті болар еді және оның екеуі де бір мезгілде пайда болар еді. Сондықтан жасаушы өзінен бір нәрсе шығуы үшін өзін-өзі билейтін болғанда, бұл заттың болмысы оны жасаушының болмысынан кейін қалып қоймайтын болуы керек. 80. Адамның ақыл-парасаты туралы сөз қылғанда, ол өзінде мынадай екі зат ұштасып келгенде ақыл-парасатты бола біледі дейді: 1) ол қолайлы немесе қолайсыз болатын әрекеттерді өте жақсы айырады және 2) ол айыра білетін тамаша [қабілеттің] арқасында өзі танығанның ішінен ең үздігін пайдаланады, өйткені айыра білетін тамаша қабілеті болғанда [өзінің зерттеуінде және бақылауында ол нашар және төмен әрекет еткенде], ол туралы қалжыңбас немесе алдаушы, не болмаса бұзық деп атайды. Кейде біз "Ол өзінің көңіл аудармағанын еске алды" деудің орнына, "Пәленшенің енді есі кірді" деген сөйлемді пайдаланамыз, мұның өзі "Ол өзіне көз тастаған адамның ишарамен білдіргенін ұғынды" немесе: "Ол өзінің жадында қалдырды" деудің орнына қолданылады. Кейде біз оның түсінігі бойынша оның ұғымдары пайда болып, жадында қалды дейміз, сонда біз ол туралы: ол ақылды болып алды дейміз, мұны былайша түсінеміз: оның жан жүйесінде ұғымдар пайда болды, яғни ол бұларды біледі дейміз, өйткені мұнсыз "ол ұғынады" және "ол біледі", "ақылды" және "біледі", "ұғым" жөне "білім" деген сөздердің арасында айырмашылық болмас еді. Пайымдаушы дегеніміз — Аристотельдің пікірінше, ізгіліктен [туатын], мұның өзі этикалық ізгілік болғанда сонан туатын, қорытынды жасауға келгенде, мінсіз пайымдауға жетік адам. Диалектиктердің өздерінің "мұны ақыл-ой қажетті санайды" немесе "мұны ақыл-ой теріске шығарады" дейтін пайымдауларына беретін мағынаны алатын болсақ, бүл әуел бастан баршаға мәлім мағынамен пара-пар, өйткені олар "ақыл" деп алғаш көз жүгірткенде барлық адам немесе көпшілік қостайтынды айтады. 81. Кейбір адамдар Бастапқы себеп жөнінде былай дейді: ол ақылмен пайымдалмайтын және ол өзінен басқа еш нәрсені білмейді. Басқа біреулер: жалпы ұғымдардың бәрі оған бірден берілген және Ол бәрін бірге уақыттан тыс біледі және ақылмен пайымдайды, бәрі де Оның өзінде жинақталған (159- бет), Оған бәрі айқын, үнемі мәлім болып тұрады, оның бастамасы да, ақыры да болмайды дейді. Енді біреулер: Оған ұғымдар берілуімен катар ол сезім арқылы қабылданатын барлық индивидтерді біледі, оларды елестетеді, олар Оның өзінде бейнеленген, Ол қазір жоқ, бірақ келешекте болатынды, өткен уақытта болғанды, қазір ғайып болғанды, қазіргі барды елестетеді және біледі дейді. Осының негізінде олар былай деп тұжырымдауға тиісті еді: ақиқат та, жалған да жөне бір-біріне қайшы келетін сенімдер де оның барлық ұғымдарына қарағанда бірінен соң бірі келіп отырады, Оның ұғымдарының ұшы-қиыры жоқ, олардың ішінде терістеушілері басқа уақытта қостаушыға айналғаны сияқты, қостаушылары терістеушіге айналады, Ол өткен уақытқа шексіз заттарды білетін еді, оның ішінде қазір барлары қандай болса, болашақта да сондай болатындарын біледі, олар қалай пайда болғанын, одан кейін "қазіргіге" дейін шексіз уақыт бойы өмір сүргенін, яғни мөлшерленген уақытқа дейін, онан соң уақыттың ұшы-қиырсыз кезеңдері бойына өмір сүргенін біледі, Ол бүл заттарды басқа уақытта білгендігінен енді басқаша біледі. Егер белгілі бір мысалға сүйенсең, сен мұны дәл және анық [түсінесің]. Мысал үшін Герместің немесе Александрдың (Ескендірдің,—ред.) заманын ал. Қазіргі уақытта, "ендігіге" жақындағанда өмір сүріп отырған затты Ол Александр заманында-ақ білді, Ол заттың кейінірек, басқа уақытта өмір сүретінін одан сан ғасыр бұрын-ақ білді. Ол бүл заттың болып өткенін де біледі. Демек, Ол бүл нәрсенің Александр заманында бір кезде болғанын, білімдегі үш қалыпта, үш уақытта болғанын біледі: Ол бүл нәрсені Александрдың заманына дейін-ақ оның "болатынын" біледі, Александрдың өз заманында, "жүзбе-жүз бар" нәрсе түрінде біледі және оны "болып өткен, біткен, кеткен" нәрсе ретінде одан кейін де біледі. Уақыттың жеке үзінділері: жылдар, айлар немесе күндер, олардың саны, әр түрлі жай-жапсары қаншама көп болса да, бұлар жөнінде істің жайы қандай екенін қарастырсақ, мұны да сондай [сен түсінесің]. Адамдардың алатын орны және олардың әрқайсысының басында болатын (160-бет) сан алуан өзгерістер жайында да соны айтуға болады. Осылайша [Бастапқы себеп] Зейдті — ол Құдайдың сүйген құлы болғанын, оның пенделеріне пайдалы болғанын, дегенінен шықпағанын біледі, содан кейін оның Тәңіріге жау болып, оған қарсы тұрғанын және оның пенделеріне зиян келтіргенін біледі. Денелердің кеңістік әлеміндегі орындары, қозғалыстары олардың біреулерінің екіншілеріне айналуы туралы да соны айтуға болады. Осындай көзқараста болатындар өрескел, оңбаған тәсілдер [пайымдаулар] қолданса, мұнан орасан зор зұлымдықтардың себебі болатын теріс көзқарастар туады, ал бұлардың сиықсыздығы, онан білетін адамның жанында қандай өзгерістер туатыны және басқалары туралы мәселе оз алдына басқа әңгіме. 82. Көп адамдар бәрінен де жоғары тұрған Тәңірінің өзі жаратқан пенделеріне жасайтын қамқорлығы жөнінде өр түрлі түсінікте болады. Кейбіреулер, әкім өзінің бағыныштыларына және олардың игілігіне қандай қамқорлық жасаса, Ол да өзі жаратқан пенделеріне сондай қамқорлық жасайды деп біледі, ал әкім өзіне бағыныштыларға қамқорлық жасағанда, бұлардың ең болмағанда біреуінің де істеріне араласпайды, онымен сыбайластары немесе қатыны арасында дәлел болмайды, істің шешімін шығаруды басқа біреуге тапсырады, ол істі қолына алып, мұның үшін ақиқат пен әділеттіліктің талап еткенін істейді. Енді біреулер Ол (өзі жаратқан пенделерінің әрқайсысының әрбір әрекеттерін басқаруды, оларды дұрыс жолға бағыттауды, өзінің пенделерінің бірде-біреуін басқалардың қамқорлығына бермеуді өз міндетіне алғанша) жоғарыда айтылғандар әлі жеткіліксіз деп санайды. Әйтпесе олар Оның әрекеттері және оның [өзінің] жаратқандарын басқарудағы көмекшілері болар еді, ал Ол әрекеттестер мен көмекшілер қажет етуден жоғары тұрады. Бұдан мынадай қажетті қорытынды шығады: Ол көптеген жазғырарлық теріс және сорақы қылықтар үшін, адасқанның қателері үшін, жиренішті сөздер мен әрекеттер үшін жауапты, Оның жаратқандарының қайсы біреулері наразылық білдіру жолымен ақиқатты бекерге шығармақ болып, оның пенделеріне қарсы шықпақ болса, нақ оның өзі соның көмекшісі болар еді, сондықтан оны дұрыс жолға бағыттауға, оған басшылық етуге жауапты болады, оны азғындықтан, кісі өлтіруден және ұрлық қылудан, балалардың, маскүнемдердің, жындылардың ақылсыз қылықтарынан, жаман істер істеуден сақтандыруы тиіс. Егер олар оның бұларға бағыт көрсетіп, көмектесуі керектігін бекерге шығаратын болса, онда оларға бәрін бекерге шығаруға тура келер еді. Теріс көзқарастардың негіздері және жиреніштері теріс білімдердің себептері, міне, осындай. (161-бет) 83. Полития — абсолюттік мағынасында политияның барлық түрлерінің тегі емес, осы текке жататын, бірақ мәні мен табиғаты бойынша әр түрге бөлінетін заттардың жалпы атауы болып табылады. Ізгі полития мен надандық политияның барлық типтері арасында ешқандай ұқсастық жоқ. 84. Ізгі полития дегеніміз — өкім қайырымдылыққа жеткенде басқаша жолмен емес, дәл сол политияның көмегімен жетеді; бүл адамзаттың қолы жететін ізгіліктердің ең ұлысы. Басқарылатындар [ізгі полития] арқылы тана жетуге болатын ізгіліктерге бүл дүние мен о дүниелік өмірде жетеді. Бүл дүниелік өмірде олардың денесі әрқайсысының жаратылысына сәйкес мүмкін болған дәрежеде тамаша сындарлы келеді, ал олардың жаны сол жандардың әрқайсысының жаратылысына және олардың ол дүниедегі рақат өмірінің себебі болатын қайырымдылыққа жету қабілетіне қарай мүмкін болған дәрежеде тамаша, жақсы қалпында болады. Олардың өмірі — қандай да болсын басқа өмірден, басқа адамдардың өмірінен әлдеқайда жақсы өмір. 85. Надан [қала] басшыларының бірінің надандық политияның қандай да болсын бір түрін басқа түрлерінің қоспасы жоқ таза түрін белгілеуі шындыққа келмейтін қисынсыз нәрсе, өйткені ол басшылардың әрқайсысының іс-әрекеттері оның білімінен, тапқан өнерінен тумайды, оның көзқарасынан, пікірінен, оның жан сезімінен туады. Сол себепті қазіргі политиялар — осы надандық политияларды немесе олардың көпшілігін араластырған полития болып келеді. 86. Ертедегілер заңдары тек осы надандық политиялары үшін шығаратын болған, өйткені білім жалпы заңдарды ғана қамтып, соларды анықтап береді, ал қазіргі надандық политиялар көбінесе аралас политиялар болып табылады, өйткені жеке политиялардың табиғатын таныған адам көздеген нысанаға дәл тигізіп, сол кездегі политияны, оның неден құралатынын біле алады, оның құрылымында кездестіргеніне қарай (162-бет) және [политияның] қарапайым жеке түрлерінің табиғаты туралы білгеніне қарай, оған баға бере алады. Білім мен практикаға жататын нәрселердің бәрі жөнінде де дәл ашып айтуға болады (мысалы, риторика, софистика, диалектика мен поэзия өнерінің мәселелері дәл осындай, өйткені бұл мәселелермен шұғылданушы адам) оларды білмесе де, олардың дәлдемесін пайдаланамын деп жорамалдайды және солай деп есептейді, бірақ көп жағдайда ол оны әр түрде араластыра пайдаланатын болып шығады. 87. Надандық полития түрлерінің әрқайсысы сан алуан және бір-бірінен зор айырмашылығы бар түрлерді қамтиды; олардың кейбіреулері аса нашар, ал енді біреулері болмашы зиян келтіргенімен, жеке адамдарға коп пайда келтіреді, өйткені политиялардың күйі және олардың жан атаулыға қатынасы жыл мезгілдерінің күйін және олардың темпераменттері түрліше денелерге қатынасын еске түсіреді. Бір денелер темпераменті мен күйі жағынан күздігүні, екіншілері жаздыгүні сау болады, үшіншілері өздері үшін ең жақсы және неғұрлым қолайлы [жыл мезгілі] ретінде қыс уақытын қалайды, ал төртіншілері үшін жылдың ең жақсы мезгілі - көктем. Жан күйі және оның политияларға қатынасы жөнінде де дәл соны айтуға болады. Алайда политиялар мен өмір бейнелерінің негіздеріне қарағанда, денелер пайда болатын негіздердің өрісі анағұрлым тар болуы мүмкін. Өйткені политиялар мен өмір бейнелері кез келген және табиғи заттардан құралады, ал олар ұшы-қиырсыз деуге болады, олардың кейбіреулері кездейсоқ келеді, сондықтан өмір жағдайы әр түрлі болатын адамдар бақытсыз екенін байқамайды да, мұның қасыңда ауру адамдар және нашар темперамент адамдар да, олардың жайын зерттеушілер сияқты, мұны байқамайтын болса керек. 88. Жазу өнері ол қолданылатын тиісті өнерлерге және оларды пайдаланатын адамдарға сәйкес айырылатыны сияқты, тәжірибе өзінің жасалған орнына және өзі байланысты өнерге, сондай-ақ оны кім қолданатынына байланысты болады. Тәжірибенің екі бірдей жатын қайырымды қалаларды басқару үшін қолданудың (164-бет) ерекше зор маңызы бар. Пайымдаушы адам тәжірибені өзінің жетілуі үшін және бірінші басшы алдында өзінің қызметі үшін, қайырымдылық политияда өзін жаттықтырған кезде, пайдаланады, сөйтіп мұның нәтижесінде ол қайырымды политияда пайдалы болғанан аса ізгі қабілетке ие болды және қайырымды басқару өнері жаратылысына бітіп, жетілгенге дейін оған ие болып, басқарудың шыңына жетті. Жазу өнерінің ең ізгі түрі — бірінші басшыға және қайырымды әкімге қызмет етуге пайдаланылады, бірақ ізгілігі мен құндылығы жағынан ол бірінші басшы пайдаланатын тәжірибеден төмен барлық жағынан ізгі адам, егер оның тәжірибесі мол болса, жазу өнеріндегі ізгі адамнан гөрі ізгірек болады. Надандық политиялардың ең төменгісіне, атап айтқанда, билік құмар политтияда пайдаланылатын қабілет басқа орындардың бәрінде пайдаланылатын қабілеттердің бәрінен төмен және нашар болады, дәл сол сияқты билік құмарлық тұрмыс қалпында пайдаланатын жазу басқа политиялар мен өнерлерде пайдаланатын жазудың басқа түрлерінің бәрінен төмен және нашар, ал қара халық пайдаланатын жазу билік - құмарлық қызметте пайдаланатын жазуға қарағанда құндырақ болады. Ізгі әкімнің қызметінде және қайырымды басқару ісінде пайдаланылатын басқа түрлі жазулардан артығырақ болатыны сияқты, билік құмарлық қызметте пайдаланылатын жазу басқа жазу түрлерінен анағүрлым төмен, зиянды болады және басқаларға қарағанда пәлеге көбірек ұшырайды. Пайымдағыш адам мен бірінші басшы пайдаланатын қабілет ол пайдаланатын жазудан артығырақ болатын сияқты, адам билік құмарлық мақсатпен пайдаланатын қабілет оның өзі пайдаланатын жазудан төмен. Жалпы алғанда әрбір [неғұрлым жоғары тұратын] ізгілік басқаруға пайдаланылған кезде өзінен төменгіден асып түседі, бірақ билік құмарлық политияда пайдаланғанда төмен және зиянды болып, төменділігі (164-бет) және зияндылығы жағынан басқа түрлердің бәрінен асып түседі. Қайырымды адамдарда жақсылықтың бәріне себеп болатын, ізгілік пен тамаша қасиетті болатын, ал жауыз адамдар әр түрлі жауыздық пен бұзықтыққа себеп болатын өзгешелік және онымен байланысты [қабілеттер] сиқты, жанның қалған басқа күштері жөнінде де дәл сондай болады. Бұл [күштер] билік құмар әкімде кездескенде басшы емес адамдарға жасалатын жауыздықтың көбеюіне себеп болды. Сондықтан [ертедегілер] жауыздық мақсатқа жету үшін пайдалы болатын ой қабілетін "Ойшылдық қайырымдылық'' деп атамай, оны басқаша атаған, мысалы "алдау", "айлакерлік", "қаскүнемдік" деген. Ерікке негізделген игіліктер мен өнерге негізделген адамдық [қылықтар] билік құмар қалада жаман қылықтар немесе бәлекеттердің жөне дүниеде болып жатқан бәлекеттердің себептері болуы мүмкін. Сондықтан қайырымды адамға кеселді, бұзықтық политияларында қалуға болмайды, оз заманында қайырымды қалалар болса, ол соларға барып орналасуға тиіс. Егер сондай қалалар болса, қайырымды адам бүл дүниеде жат адам болып, бейшаралықпен күнделтеді, ол үшін тіршіліктен өлім артық болады. 89. Философияның теориялық бөлігінің артықшылықтары туралы және оның практикалық жағы үшін кейбір реттерде қажеттігі туады. Біріншісі — адам ізгілік болмаса да, соған тең есептелетін ізгіліктің не екенін айыра біліп, өзін шын қайырымдылық жасауға үйреткенде, сөйтіп белгілі бір қалып және лайықты қасиет оның бойына дарығанда, ол бұлардың әрқайсысына лайықта баға бергенде, болмыс қатарларына оларға тиісті баға беріп (165-бет), жарамсыздарынан аулақтарында ғана, тек сонда ғана әрекет дұрыс және қайырымдылық болып шығады. Бұл — тек тәжірибе, жетік білім, дәлелдеме, жаратылыстану ғылымдарын жете зерттеу нәтижесінде ғана, сондай-ақ белгілі тәртіпте және сипатта олармен бірге және оларға ере жүретіндердің ақыр соңында, шын бақыт болып табылатын бақытты, атап айтқанда басқа бірдеңе үшін емес, дәл соның үшін жетуге ұмтылатын бақытты танып білу нәтижесінде ғана қолы жететін және жетілетін күй. Теориялық және ойшылдық ізгіліктер және практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлердің себебі және негізі болады. Мұның бәрі тек дәйектілікпен пайымдағанда, бір стадиядан екінші стадияға, бір сатыдан екінші сатыға көшкенде ғана туады. Басқаша болуы мүмкін де емес, өйткені теориялық философияны оқып үйренгісі келген адам сандардан бастайды, онан кейін шамаларға, онан соң сол сандар мен шамаларға байланысты басқа заттарға көшеді; мысалы, мүмкіндіктерден, аспан денелері сияқты қозғалушы шамалардан және музыкадан [мұнан кейін ол] салмақтар мен шеберлік тәсілдерге қарай өрлейді. Бұл заттар материясыз ұғынылып, елестетіледі. Мұнан кейін ол бірте-бірте түсіну және елестету үшін материяны керек ететін заттарға көшеді, сөйтіп, аспан денелеріне жеткенге дейін осылай өте береді. Мұнан кейін ол "Бұл не?", "Неден?", "Бұл қалай?" деген бастамадан басқа бастамаларды енгізуге жетеді; мұның өзі оған қиындылықпен ұғынылатын немесе материясыз [ұғынуға] келмейтін заттарды пайдалануға көмектеседі. Кейінірек ол болмыс мәнінен басқа болмыс бастамалары жоқ тек және түр-түрлі бастамасы бар тек арасында [тұратын салаға] өтеді. Ол табиғи бастамаларды алып, табиғатта бар заттарда және оларға жататын математикада (166-бет) бастамаларын зерттейді, сөйтіп болмыстың бастамасына жеткенше солай ете береді. Оның болмыс бастамаларынан алатыны ол үшін ілімнің сатылары мен бастамалары, ал ол меңгеретін болмыс бастамалары екі зат жөніндегі ілімнің бірден-бір бастамалары болады. Мұнан кейін ол табиғи денелердің өмір сүруінің себептері туралы ғылымдарға және олардың мәнін, субстанцияларын, себептерін зерттеуге көшеді. Ол аспан денелеріне, ақыл-парасатты жанға және әрекетті ақыл-парасатқа жеткенде таты бір саты жоғарлайды, мұнда олардың болмысының бастамаларын қарауды, онан табиғи емес бастамаларды зерттеуі керек еді. Бұл үшін сатыда оның болмыс бастамаларынан меңгергені, екінші жағынан алғанда табиғиден гөрі болмыста неғұрлым жетілген осы бір заттарды зерттеудің бастамасы болады. Бүл жолы зерттеудің ретіне қарай ол екі ғылым: физика мен метафизика арасында [тұрған салаға] көшеді. Ол сондай-ақ бүл ғылымдарға өмір, мақсат, кәмелет берген адамға өмір берген ол ғылымдардың бастамаларын зерттейді. Ол адамның бойындағы жан дүниедегі табиғи бастамалар адамның өмір сүруіндегі мақсатына лайық жетілуі үшін жеткіліксіз екенін, мұның үшін адамға интеллектуалдық бастамалар керек екенін, бұлардың көмегімен адам сондай жетілуге ұмтылатынын біледі. Сонымен, адам теориялық білім дәрежесі мен сатысына жетуге қазірдің өзінде жуықтаған болып шығады, мұның арқасында ол бақытқа жетеді. Жаратқанға жеткенге дейін екі бағытта бірдей пайымдауға жуықтайды, ал ол бүл бастамалардың ешқайсысы да емес, ол жоғарыда айтылған барлық бар заттар үшін Бастапқы жаратушы және Бастапқы бастама. Ол сол — барлық заттар соның арқасында, содан бастап, соның үшін, зиянсыз (167-бет), ең жетілген әдістер бойынша өмір сүреді, соның арқасында зат өмір сүруші заттардың бастамасы болып шығады. Неғұрлым алыс себептері бар өмір сүруші заттар жайлы білім соған әкеліп соғады, сөйтіп, бұл өмір сүруші заттардың бәріне қасиетті көзқарас болып табылады. Мұнымен бірге ол адамға өмір сүргендегі мақсаты туралы, атап айтқанда, адамның түпкілікті жетілуі туралы, адамның мұндай жетілуіне көмектесетін барлық заттар туралы үнемі ойланады. Міне, сонда ол өмірдің практикалық жағынан жетіп, өзі істеуге тиісті қызметті атқаруға кірісе алатын болады. Екінші — [философиялық] практикалық білім кімге болса аян арқылы беріліп, ол бүл адамды нені ардақтауға және неден аулақ болуға бағыттайды. "Білім" деген сөз физиканың білгірі үшін де, жаралу мүмкіндігі бар заттарды хабарлаушы дін иесі үшін де ортақ атау. Өйткені дін иесінде дараланған, мүмкіндігі бар заттардың бәрін танып білу қабілеті болмайды, себебі мүмкіндігі бар индивидтердің ұшы-қиыры жоқ, ал ұшы қиырсыздың бәрін қамту мүмкін емес. Ол мүмкіндігі бардан кездейсоқ оның ойына немесе бүл туралы онан сұраған адамның ойына келетінді біле алады. Мүмкіндігі бардан туатын білім, мүмкіндігі бар табиғатқа қайшы білім болып табылатындықтан, дін иесі мүмкіндігі бар табиғатты білмейді; бүл білімді физика білгірі ғана меңгереді /21/. Сондықтан ол екеуінің білімі Бір субстанциядан тумайтын, қарама-қарсылықтар болып табылады. Теориялық тылымды жете зерттеуші жөнінде де, қалалар немесе бір қала тұрғындарының әрекеттеріне айқын баға берілгендер жөнінде де, теориялық ғылымнан ешқандай білімі жоқтар жөнінде де дәл соны айтуға болады. Ал аян берілген және теориялық тылымнан езі хабардар адам мен аян берілген және теориялық ғылымнан хабардар емес адамның арасында шындығында байланыс та, үйлесім де жоқ; үйлесім [мұнда] тек атау ғана. (168-бет) 90. Ойшылдық ізгілік — [бірнеше] халыққа, бір халыққа немесе қалаға ортақ пайдалы оқиғалар болғанда, адамға қайырымды мақсат үшін неғұрлым пайдалы болатынды жақсы ашуға көмектесетін ізгілік. Оның бір түрі арқылы қысқа мерзімдер ішінде өзгеретіндерді ашады, мұның өзі [бірнеше] халықтың, бір халықтың басында немесе бір қалада бірінен соң бірі жүзеге асқан заттар болғанда жекеше, уақытша басқарудың белгілі бір түріне қабілеттілік деп аталады. Жауыздыққа соқтыратын мақсатқа жету үшін неғұрлым пайдалы болатын нәрсені ашуға көмектесетін ой күшін алатын болсақ, ол ақыл-ой қайырымдылығы болып табылмайды 91. Тәндердің қатарында денсаулықтың барлық түрлері бола бермейтін тәндер бар; мұның өзі олардың темпераментінен, құрылысынан, әдетінен, ғұрпынан, олардың өздеріне тән күйінен [адамдардың] күн көру үшін қаражат табудағы өнерінен және басқаларынан туады — тәндердің көпшілігінің күйі осындай. Тұрғындары денсаулықтың аз ғана түрлеріне тана ие болатын жерлер де бар; жан жөнінде де мәселе дәл сондай, өйткені жанда оның үшін [барлық] ізгіліктерді немесе олардың көпшілігін итеруге мүмкіндік қалдырмайтын бір нәрсе бар, сондықтан жан азды тана меңгере алады. Ізгі әкім және бірінші басшы табиғатында және жанының бітісінде қайырымдылықты қабылдамайтын адамның ізгіліктерін жетілдіру ісімен шұғылдануға міндетті емес. Оның мақсаты тек ондай жандарды сондай-ақ [ізгіліктерге] үйрету, сөйтіп, олар ізгіліктерге ол қаланың тұрғындарына пайдалы көлемде ие болатын етуде болу керек. Дәл сол сияқты қайырымды дәрігерге денсаулық жайы біздің жоғарыда сипаттағанымыздай болатын тәндерді денсаулықтың жетік саласына және неғұрлым жоғары стадиясына жеткізу міндет емес; ол тек бүл тәндерді олардың табиғаты мен мәні мүмкіндік беретін дәрежеде, сондай-ақ жанның әрекеттеріне сәйкес денсаулық қалпына келтіруге тиіс, өйткені дене жан үшін [өмір сүреді], ал жан мінсіз жетілгендік үшін, яғни қайырымдылық болып табылатын бақыт үшін өмір сүреді, демек, даналық пен қайырымдылық үшін [өмір сүреді]. (169-бет) 92. Әуел бастан жаратылысында жетіліп туған, кемшіліктері мүлдем болмайтын, тұрмыс қалпы және адамгершілік қасиеттері әділеттілікпен, адалдықпен толық үйлес келетін, бірде-бір шектен аспайтын немесе бірде-бір қарама-қарсылықты екіншісінен асырмайтын адам өмір сүре ала қояр ма екен, өйткені туа бірге біткен мінез-құлық қарама-қарсылықтардан құралады, олар біріккенде лажсыздан бірігеді; егер олардың табиғи [қасиеттер] бөлек-бөлек бола тұрып, теңелсе, олардың ұқсастығының алшақтығы, олардың айырмашылығының кендігі себепті үйлесімділік болмас еді; бірақ олардың амалсыздан бірігуіне қарамастан, [қарама-қарсылықтар] мінез-құлықта үйлесімділіктің жоқтығына себеп боларлық кішкене немесе үлкен үйлеспеушіліктен сақтамайды. Мінез-құлық элементтері арасында үйлеспеушілік неғұрлым аз болса, ол соғұрлым теңдестікке жақын болады, мұның керісінше, үйлеспеушілік неғұрлым үлкен болса, ол теңдестіктен соғұрлым алыс жатады, сөйтіп, [табиғи] мінез-құлық табиғи [сапалардағы] үйлеспеушілік пен теңдестіктің тең ара салмақты болуына байланысты. 93. Екі адамды мысалға алайық: олардың біреуі Аристотельдің барлық физика, логика, метафизика,саяси және математика кітаптарында жазылғанның бәрін біледі, ал оның әрекеттерінің бәрі немесе көпшілігі жалпы қабылдаған пікірде тамаша жақсы деп танылғанға қайшы келеді, ал екінші адам бірінші адам білетін ғылымдарды білмесе де, оның әрекеттері жалпы қабылдаған пікірде өте жақсы деп танылғанға үйлеседі. Демек, әрекеттерінің бәрі жалпы қабылданған жұртшылық пікірінде өте жақсы деп танылғанға қайшы келетін бірінші адамға қарағанда, бүл екінші адам философ болуға жақын тұрады, (170-бет) және ол біріншінің екіншіден асыра істегенінен гөрі біріншіден артық асыра істей алады. Философия дегеніміз, — жалпы жұрт пікірінде де, шындығында да, теориялық ғылымдар адамына теңелу және оның барлық әрекетінің жалпы жұрт пікірінде және шындықта өте жақсы деп танылған ережелерге үйлесу. Егер адам өзінің әрекеттерің жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылғанға үйлестірмей, тек теориялық ғылымдармен шектелсе, оның берік орныққан әдеті оның жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылған істер істеуіне бөгет жасайды. Сондықтан оның әдеті өзінің әрекеттерінің шындыққа өте жақсы деп танылғанға сәйкес болуына бөгет жасайды. Кімде-кімнің әдетке айналған әрекеттері жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылғанға үйлессе, оның әдеті теориялық ғылымдарды оқып үйренуге және сондай-ақ оның әрекеттерін шындығында өте жақсы деп қабылданғанға үйлестіруге бөгет болмайды, өйткені жалпы жұрт пікірі оны шындығында тамаша жақсы нәрсені істеуге, оның [осыған сәйкес] істеп жүргенінен, жалпы жұрт пікіріне тексерілмегеннен жақсы істеуге ұмтылдырады. Шындығында пікір деп танылатын тексерілген, тексеруден кейін түзетілген пікір. Жалпы жұрттың тануынша, тексерілген пікір жалпы қабылданғаннан дұрысырақ болуға тиіс. 94. Ізгілік жағынан бір ауыздылық бөтенсінуге және ала ауыздықтың тууына жол қалдырмайды, өйткені ізгіліктің мақсаты бір: ол — игілік, оны адамдар басқа бір нәрсе үшін емес, соның өзі үшін тілейтін игілік. Екі [адамның] тілегі және олардың ниеті игіліктің өзі болып танылатын, олардың бұған жеткізетін жолы да бір, бұған деген сүйіспеншілігі де бір. Осындай мақсаты бір болып тұрғанда, олардың арасында еш уақытта ала ауыздық болмайды. Ала ауыздық тек тілектің әр түрлі болуынан және мақсаттың өзгешілігінен туады. Мұндайда өзімшілдік туады, ал өзімшілдік тұсында ауыз бірлік болмайды, өйткені әрқайсысында (171-бет) басқа мақсат, басқа жол болады. [Бүл мақсаттар мен жолдар] ақиқатты іздеу, білімге, бақытқа, мінсіз заттарға сүйіспеншілік жолындағы бірінші мақсат, бірінші келісім сияқты игілікке емес, жауыздыққа бастауы мүмкін. Екінші келісу сауда мен келісімдерде пайда табу және серіктесу үшін келісу, өйткені келісім мен серіктесуге қатысушылардың әрқайсысы екіншісінен оның сыбағасын алып қойып, баюға тырысады. Дәл сондай, екіншісі де онан соны алуға тырысады және оның да [мұнан] соны алтысы келетініне көзі жетеді. Міне, сонда алалық туады. Алғашқы екеуі өздерінен басқа еш нәрсе үшін емес, [біреуіне] екіншісінен бір нәрсе керек болғаны үшін келіспейді, олардың келісімі [мақсаттан] тыс бір нәрсе үшін жасалмайды. Өздерінің мақсаты бір болып тұрғанда, олардың арасында ешқандай алалық тумайды, дәл сол сияқты ол екеуінің арасында мақсаттары алшақ болып тұрғанда, ешқандай бірлік те болмайды. Ақиқат — игілік пен ізгілік сияқты, барлық істегі көкейтесті мақсат. Ақиқатты іздеуші екі адам өздерінің мақсатын түсінеді, оны біледі, сондықтан ол мақсат жөніндегі [көзқарастарында] алалық тумайды. Ақиқат пен ізгіліктен ауытқыған жолмен жүруге болмайды, өйткені адам ондай жолмен жүрсе, ол адасып, абыржиды. Ал екеуі өздерінің алдында тұрған мақсатты түсінбеген [кезде], олар өздерінің мақсаттарының әр түрлі болуы себепті алауыздыққа ұшырайды, олар өздерінің іздегеніне бастамайтын жолға түседі, олар бүл жолды білмеуі де мүмкін, өйткені жанның шамасы келмесе де, ол ақиқатты іздемей тұра алмайды. Егер сен бүл екеуінің әрқайсысын ақиқат пен білімнің асыл қасиетін жетілдіруге үндесең, ол өзінің білімінің жеткіліксіздігі және басқадай қосымша себептері бола тұра, ондай қасиетін білмесе де, сипаттап беретіні айқын емес. 95. Бейқамның және бейқамсынған адамның үлесі бір, өйткені бейқамдық бейқамды сәтсіздікке бастайтыны сияқты, бейқамсызданған адамды өтірік бейқамдығы сәтсіздікке бастайды. Бейқамсызданған адам өзінің не жөнінде бейқамсыздануын білгенімен, бірақ бұған нені пайдалануы керек екенін білмесе (172-бет), бүл білгені оған көмектеспейді; сондай-ақ бейқамның бір істі тиісті түрде орындау керектігін білмеуі оған зиянын тигізбейді, сондықтан олардың екеуінің де ара қатынасы жағынан бірдей және білуі, білмеуі жағынан айырмашылығы болады.
Аль-Фараби. Социально-этические трактаты.
Алма-Ата: Наука, 1973. — С. 171/274.
Түсініктеме
Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері
1. Түп нұсқада бұл шығарма "Фусул әл-мадани" — "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері" деп аталған. Фусул (жекеше фасл) — дәл мағынасында "бөлімдер". Фусул формасында жазылған еңбектерді араб әдебиетінде әл-Фарабиге дейінгі дәуірде де, онан кейінгі дәуірде де табуға болады. Мұндай еңбектердің неғұрлым көрнектілері — Мүхаммад б. Зақарийа ар-Разидің (925 ж. өлді) "Медицина жөніндегі нақыл сөздері", "Фусул фи—т—тибб"прт шығармасы және Маймонидтің (Муса б. Маймун әл-Куртуби, 1139—1204) дәл солай деп аталған еңбегі. Бүл еңбектердің бәрінің негізі — Гиппократқа таңылатын нақыл сөздер. Бүл нақыл сөздерді Хунайн б. Исхақ аударған. Өзінің " Платонның "Мемлекетіне" парафраза" деген еңбегінде Ибн Рушд және өзінің "Нақыл сөздеріне..." кіріспесінде Маймонид әл -Фарабидің "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздеріне" сүйенеді. Нақыл сөздер белгілі бір пәнді түгел қамтымайды, ол неғұрлым маңызды пункттерді түсіндіру құралы болады. "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері", сірә, әл - Фарабидің саясат саласындағы соңғы шығармаларының бірі болса керек. Оған дейінгі еңбектерге сілтеулер де, данышпан ойшылдың басқа саяси трактаттарында кездеспейтін, өз басынан шыққан соны ойлары да, жанама түрде болса да, өзінің өмірбаянынан алынған фактілер де осыны дәлелдейді. Әл-Фарабидің басқа саяси трактаттарынан гөрі осы шығармасында Платонның "Политик" шығармасының және Аристотельдің "Никомахтың этикасының" әсері көбірек сезіледі. 2. Мадани "азамат", "саясатшы", "мемлекеттік адам" деген мағыналарды бірдей білдіреді. Біз контекстке сәйкес "Мемлекеттік қайраткер" деп аударуды неғұрлым дұрыс көрдік, өйткені әл-Фарабиге илһам берген Платон өзінің "Политикасында" мемлекет басшысын да SOeeajs немесе 60eeofі0s "мемлекеттік адам", "саясатшы" деп атайды. Данлоп бұл терминді statesman деген ағылшын сөзімен" — "мемлекеттік қайраткер" деп аударады. 3. Нафс — "жан" 05х$. Жан, әл - Фарабидің білуінше, тірі организмге тән қызметтердің жиынтығы. Әл-Фараби жанның қабілеттеріне көп көңіл бөледі. Ол қабілеттердің әрқайсысын егжей-тегжейлі сипаттап, олардың таным процесіндегі маңызын атап көрсетеді. Жанның құрылымы қандай екенін бір шығарма негізінде білу киын. Ұлы ойшылдың ор түрлі шығармаларын салыстырғанда ғана жанның тамаша сипатталған құрылымын меңзеуге болады. Адам жанының құрылымы мәселесінде әл -Фараби Аристотельдің күшті ықпалында болғаны даусыз. Солай бола тұрса да, данышпан ойшылдың мұндағы сіңірген еңбегі араби тілдес халықтар мекендеген Шығыста адам жанының сындарлы жүйесін баяндап, психология терминдерін жасағандығында. Әл-Фарабидің "Философиялық трактаттар" деген кітабындағы "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа" 13-ескертуді қараңыз. 4. Әл-мадани уә-л-малик — "мемлекеттік қайраткер және екім" Платонның "саясатшысына" және "патшасына" сәйкес келеді. (Қараңыз. Платон. Политик, М., 1972, 3 том, 2 бөлім, 266 б, 24-бет). 5. Аристотельмен салыстырыңыз (Жан туралы, 2 кітап, 416 б, 49- бет); "Біз үш нәрсені айырамыз: 1) қоректенуші, 2) [ол] немен қоректенетіні және 3) ненің қоректендіретіні; қоректендіруші — бірінші жан, қоректенуші — жаны бар дене, [дене] немен қоректенетіні — тағам". 6. Фадила — "ізгі", "қайырымды", "мінсіз". Ізгілік әл - Фарабидің этикасында аса коп орын алады. Өйткені адам ізгіліктің не екенін білсе, ол ең үлкен бақытқа жете алады ғой. Аристотель сияқты әл-Фараби де ізгіліктің интеллектуалдық (дианоэтикалық) — фада 'ил нуткийа, грекше aeaoі'goeіі'S жөне "этикалық" — фада'ил хулкийа, грекше feeіі'S, деп екіге бөледі. Дианоэтикалыққа жататындар: хикма — "даналық", грекше акл — "парасаттылық", грекше оіоёа; кайс — "саналық", грекше ooaoeS. Этикалық қайырымдылыққа жататындар: саха" — "жомарттық", грекше JeSoeSneіo^S және басқалары. Салыстырыңыз: Аристотель. Никомахтың этикасы, І - кітап, § 13, 22-бет. 7. Аристотельмен салыстырыңыз ("Никомахтың этикасы", VІІ кітап, §1, 122-бет). "Егер молшылық адамдарды, айталық, тәңірі дәрежесіне жеткізсе, онда жауыздыққа қарама-қарсы жанның жүре-келе дарыған сапалары нақ сондай болуға тиіс екені анық емес пен. Бұл сөздер Ибн Баджиде де, оның "Тадбир әл-мутауаххид" кітабында кездеседі. 8. Аристотельмен салыстырыңыз (Никомахтың этикасы, ІІ-кітап, § 5, 31-бет): "Сонымен, ізгілік — белгілі бір аралық, өйткені ол аралық болуға ұмтылады", ... "сондықтан молшылық пен тапшылық кемшілікке жатса, аралық — ізгілікке жатады". 9. Мутауассит— "аралық"; муатадил — "шама", "тартымдылық", грекше біібйі0019. Аралық пен шаманың үлгісі, Аристотель сияқты, әл-Фараби үшін де этикалық және эстетикалық норма болды. Бірақ Аристотель сияқты, әл - Фараби де бәрін теңейтін, барлық адам үшін ортақ арифметикалық орташаны алмайды, "біз жөніндегін орташаны алады. 10. Манзил —"үй", "баспана", "семья", грекше ібіёа. Бұл жерде әл - Фараби шаруашылық қызметтің дұрыс типін — үйдің немесе отбасының, қоғам мен мемлекеттің бастапқы ұясының шаруашылық қажеттерін ақылға қонымды етуді мақсат ететін "экономиканы" алып қарастырады. Әл-Фараби, сірә, Аристотель шығарған теорияны — мемлекеттің отбасыдан пайда болу теориясын қостайтын болса керек. Отбасы, Аристотельдің ойынша, мемлекетті құрайтын бастапқы ұя болып табылады. Бірнеше отбасының ауыл болып бірігуін ол отбасыдан мемлекетке өту формасы деп есептейді. 11. Өзінің әлеуметтік - этикалық тракттарының бәрінде әл - Фараби қала мен адам тәні арасында аналогия жүргізеді. Тән мүшелерінің иерархиясы мемлекеттің иерархиясына сәйкес келеді. Бұл ойды әл - Фараби Платонның "Теэтет" және "Мемлекет" деген шығармаларынан алған. Біздің заманымызда (төн мен қоғамдық құрылыс арасындағы) мұндай аналогияны органикалық теорияны жақтаушылар келтіріп отырады. Мемлекеттің мұндай ерекше ұғымы: ол өзінің заңдары бойынша өмір сүретін, ерекше ақыл-парасаты, жаны және мүшелері бар, органикалық дамудан пайда болған механизм деген жалған түсінікке әкеліп соқтырады. 12. Әл-малик ала-л-хакика — "нағыз әкім" — бұл "ізгі қаланың" бастығы. Мұны әл -Фараби "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта" және "Азаматтық саясатта" ар-ра 'ис әл-аууал — "бірінші бастық" деп атайды. Ізгі қала бастығының сапасы туралы әл-Фарабидің "Философиялық трактаттар" деген кітабындағы "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа" берілген ескертулерін қараңыз. 13. Әл-Фараби "парасат" ұғымын жіктейді. Ол мұны "теориялық парасатқа" — 'акл назари (31 нақыл сөз) жөне "практикалық парасатқа" — 'акл амали (35 нақыл соз) бөледі. Практикалық парасат "не істеу керектігін зерттейді, жақсыны жаманнан айырып, лайықтысын тандап алады", "Теориялық парасат" адамның таным қабілеті болып табылады. Араб тілдес халықтар мекендеген Шығыста "теориялық" және "практикалық парасат" терминдерін алғаш әл-Фараби енгізді. Аристотельдің "Никомахтың этикасын" салыстырыңыз, (VІ кітап, § 2, 108-бет). Мұнда жанның парасатты бөлегі "ғылыми" (парасатты) afleooіjііoeno және "пайымдылық" біеіаёобёіТб болып бөлінеді. Алайда әл-Фараби мен Аристотель арасындағы ұқсастық "Политикте" неғұрлым жақынырақ. Мұнда "парасат" біёіаібахіб "теориялық" — eaunfoeіі's және "практикалық" — 6naіeі'іs болып бөлінеді. 14. Мут'аккил — "терең ойлы", "пайымдағыш адам" деген сөз. Сол түбірден шыққан та'аккул терминді — сөзбе-сөз "түсіну", "ұғымталдық", "интеллекциялық акт" деген сияқты терминдерді өл-Фараби араб тідцес Шығыста алғаш рет философиялық сөздікке енгізді. Бүл екі сөздің мәнінің талдауы әл-Фарабидің "Философиялық трактаттар" деген кітабында "Екінші ұстаз әл-Фарабидің интеллект [сөзінің] мәні жайлы пайымдамасына" ескертулерде берілген. 15. Мукаддирун — "өлшеушілер". Өлшеушілер деп әл-Фараби есепшілерді, геометрлерді, дәрігерлерді, астрологтарды және басқа сондайларды түсінген. Платонның (Политик, 286 б, 49-6.) "өлшеу өнері" мен "өлшем өнерін" салыстырыңыз. 62-нақылда әл -Фараби бұл тақырыпты онан әрі жалғастырады. Ол діни қызметкерлер мен хатшылар туралы соз қылады, бұларды ол ізгі қаланың класына қосады. Салыстырыңыз: Платон. Политик, 2902 а—е, 53— 54-беттер. Өзінің басқа саяси трактаттарыңда әл-Фараби ізгі мемлекеттің кластары туралы еш нәрсе айтпайды. Бұл тақырыпта Платонның әсері айқын көрініп түр. 16. Әл-Фараби теократиялық құрылысты жақтайды, сөйте тұрса да, ол ізгі қалада біріге басқару мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұның өзі мұсылмандардың жұртшылық пікірі үшін жаңалық болып табылады. Бұл көзқарасқа сол уақыттағы қоғамдық өмірдің ықпалы тиген болуы мүмкін: рухани өкімет Бағдадта тұратын халифаның қолында болды, ал азаматтық өкімет халифаттың әр түрлі бөліктерінде ел билейтін, тәуелсіздік статусын алған әмірлер мен сұлтандардың қолында болады. 17. Малик ас-сунна — "заң бойынша билеуші". Бұл — ізгі басшы болмаған кезде ел билеуге тиісті басшы. Әл-Фараби оған "...тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта" екінші басшыға — ар-ра'ис ас-саниге қойылған алты талапқа сай келетін сипаттамалар береді. "Заң бойынша билеуші" деген атау Платонның "Политика" шығармасынан (301 а—б, 68-бет) алынған болса керек, өйткені мұнда "білімді басшылыққа ала отырып, бір өзі билейтін туралы және "бір өзі билейтін, бірақ жұрттың пікірі мен заңдарды басшылыққа алатын" патша туралы айтылады. 18. Адал — "әділеттілік, грекше аоіабіобі, джаур — "әділетсіздік", грекше ааёіёа. Аристотельмен салыстырыңыз (Никомахтың этикасы, V- кітабы, § 9, 93-бет); "... әділетті әрекет қалпы әділетсіздік жасау және оны сынау аралығында болады, әділеттілік "ортада тұрады, ал әділетсіздік шетке шығып кетеді. Әділеттіліктің мақсаты — мадақтау мен жазалауды қала тұрғындары арасында дұрыс болу. "Мадақтау" — сауаб, грекше іanaі's "жазалау" — 'укуба, грекше s?іea әділеттіліктің екі кезеңі болып табылады. 19. Өзінің басқа саяси трактаттарында әл-Фараби қоғамның әр түрлі топтары арасында еңбекті болу туралы еш нәрсе жазбайды. Бүл тақырып Платоннан көшкені айқын көрініп түр, ал Платонша "егер белгілі бір жұмысты өзіңнің табиғи қабілеттеріңе сәйкес,онымен бірге, басқа жұмыстарға алаңдамай, кесімді уақытында атқарып отырсаң, берін де коп мөлшерде, жақсы және оңай істеуге болады" (Мемлекет, М., 1971, 3 том, 1 бөлім, 370 с., 146-бет). 20. Мукарана-н-нафс әл - бадан — "жанның тәнмен қосылуы"; "муфарака-н-әл-бадан" — "жанның тәннен бөлектенуі", "Жанның тәнмен қосылуы" туралы мәселеде әл-Фараби Аристотель мен Платон аралығындағы көзқараста. Аристотельдің ізінше, жанның денемен бірге пайда болатынын мойындай тұрып, ол да Платон сияқты: жан денемен бірге өлмейді, ол мәңгілікке ұшып кетеді, онда басқа жандармен қосылып, ешуақытта қайта түрге түспейді деп ойлайды. Айта кететін бір жәйт, "...тұрғындардың көзқарастары туралы трактатта" әл-Фараби елеулі түзету жасап: білімді адамдардың жандары ғана мәңгілік, ал басқалардың жандары өледі деп ескертеді. 21. Ислам бүтіндей тек өзі үстемдік жүргізген дәуірде әл-Фараби дінге ашықтан-ашық қарсы шыға алмады, сондықтан ол өзінің трактаттарында ақиқаттың екі жақтылығы туралы, яғни белгілі бір құбылысқа, оның философиялық немесе діни тұрғыдан қаралуына қарай, әр түрлі баға беруге тура келетіні туралы пікірлерін аса сақтықпен баяндайды. Сондықтан да Әл-Фараби өзінің еңбектерін білімсіздер үшін емес, өз пікірлестерінің шағын тобы үшін жазатынын атап көрсетеді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру