Жұматай Жақыпбаев 1 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жұматай Жақыпбаев
Өлеңдер балладалар аудармалар Шығармалары Өлеңдер, балладалар, аудармалар УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 Ж 21 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ІSBN 978-601-7337-38-4 (Т.1) ІSBN 978-601-7337-37-7 (общ.) Жақыпбаев Ж. Ж 21 Шығармалары (Құраст. З.Елғондинова). – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013.
Т.1.: Өлеңдер, балладалар, аудармалар. – 320 б. ІSBN 978-601-7337-38-4 Қазақтың біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаевтың көзі тірісінде «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» деген үш жинағы жарық көрді. Кейін ол дүниеден өткен соң «Көктемгі хаттар», «Ләйлә», «Кенежирен» деген жыр жинақтары әртүрлі баспалардан шықты. Жұматайдың бұл кітабына таңдаулы жырлары енгізілді. Махаббат сезімі мен табиғат бояуын келістіре жырлаған ғажайып Жұматай -жүректің арман-мұраты жаңа оқырманының жанын оятып, сезіміне сәуле түсіріп, халқымен бірге жасайтынына кәміл сенеміз. © Жақыпбаев Ж., 2013 © «Ан Арыс» баспасы, 2013 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
А қ ынның қ ара көз арма ны... АҚЫННЫҢ ҚАРАКӨЗ АРМАНЫ...
(Алғысөз орнына) ығыс пен батыстың інжу-маржандарын бойы на сіңірген қазақтың аса талантты ақындары ның бірі Жұматай Жақыпбаев поэзияға үлкен дайындықпен келді. Жасөспірім шағында үш рет көрген алғашқы махаббаты ару Ләйләға арнаған ғажайып жырларын бірінші бөлімге, яғни, «Ләйләға» топтастырдық. Жұматайдың қысқа ғұмырында отыз ойланып, қырық толғанып жазған Ләйләға арнаған өміршең өлеңдері, сонау XIII-XIV ғасырда өмір сүрген Италияның ұлы ақындары Данте мен Петрарканың тағдырын еске түсіреді. Дантенің Беатричесі, Петрарканың Лаурасы, Жұматайдың Ләйләсі өте ұқсас. Әр ғасырда өмір сүрген әр халықтың таңдаулы ақындарының ең сүйікті бейнелерінің ұқсас болуы қайталау ма? Әрине, жоқ. Поэзия атты ұлы құдіреттің тудырған тамаша туындысы деп түсінген жөн. Жүректеріне бальзам болған аруларды өмір бойы жырлап, бүкіл ғұмырын соған арнаған Данте мен Петраркаға тарих өз орындарын берді. Жұматайға да сол орынды, сол құрметті туған халқы берер деген үміттеміз. Ал, «Көктемгі хаттар» деген бөлімде ақын Жұматай туған жері нің жер-суын, гүлін, шөбін, тау-тасын тамаша зергердің қолынан шыққан асыл бұйымдай етіп суреттейді. Бұл бөлімді оқып отыр ғанда, Жұматай туған Жетісу жерінің хош иісті жұпар ауасымен демалғандай боласыз. «Шұғынық гүл төркіні», «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде» деген бөлімдерде кешегі Ләйләға ғашық, туған жерінің табиғатына ғашық балаң жігіттің азаматтық дауысын естиміз. Ендеше, осы таңдама лысы арқылы болмысы бекзат Жұматай Жақыпбаев қазақтың жыр көгіне көксіл қырандай самғап, тәуелсіз елінің өмірімен біте қайна сады деп сенеміз. Бұл таңдамалысына «көк аспан оқалы жіп төкті» деп өзі жырлағанындай, Жұматайдың ғарыштың деміндей жұпары аңқыған, алыс жұлдыздардай жұмбақ, ақынның асау тағдырын арқалаған ең таңдаулы жырлары топтастырылды. Туған табиғатына тартқан көктем мінезді, көгілдір жүректі, мәң гілік ғашықтық ғұмыр кешкен Жұматай Жақыпбаев жыр мәйегін былай деп төгеді:
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қара алмас көзді қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп қалып ең қалай паң Ләйлә?! Ақын жырлары шығыс пен батыстың ортасындағы алтын көпір дей. Сондай-ақ, Жұматай шығыс поэзиясындағы ғасырлар бойы жырланған мәжнүндік ғашықтықтың өлмес үлгісін де қазақы тілдің қанық бояуымен қазақ поэзиясына именбей алып кірді. Ғажайып Жұматай-жүректің Ләйләға деген ынтазарлығын бүгінгі жастар жатсынған жоқ. Іздеп жүріп оқиды, жатқа айтады. Бұл классикалық шығыс поэзиясының Жұматай жырларымен кіріккендігінің белгісі. «Қай гүлін сөздің төкпедім», – деген қара өлеңнің хас шебері Жұматай дәстүрлі қазақ поэзиясындағы ұлы Абай атамыз жырлаған, дүлдүл ақын Ілияс жырлаған тұлпар бейнесін өзіндік үнімен жалғастырды. Ақынның «Кенежирені» соның айғағындай: Жирен тұлпар – іштен туа қасқа бас, Молда мінсе, дұғасынан тастамас. Бермейтін-ақ атым еді, қайтейін, Бес моторлы самолетке баспа-бас. Қасиетті қазақ әдебиетіне, поэзияға бекзаттық үнімен, болмысы бөлек ғажайып жырларымен, сауырына қамшы салдыртпас Кенежи рендей жүйріктігімен, Ақан серідей сері-салдығымен, шығыс шайырлары ғасырлар бойы жырлаған мәжнүндік махаббатымен алшаңдай басып енген Жұматайдың өзі де сұлу сымбатына асқақ көркі құп жарасқан жігіттің сұлтаны еді. Азаматтың азаматы еді. Қысқа ғұмырында әдебиетке адал болған Жұматай Жақыпбаевтың өз ортасында көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналды . Жұматай (Жұмағұл-Шора) Жақыпбаев Алматы облысы (бұрын ғы Талдықорған облысы), қазіргі Ескелді ауданы, Жетісу ауылын да 1945 жылдың 30 қаңтарында дүниеге келеді. Сол кездегі Қазақ Мемлекеттік (С.М.Киров атындағы) университетінің филология бөліміне оқуға түседі. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газе тінде, облыстық радиода жұмыс істейді. Алматы қаласына қоныс аударған жылдары «Жалын» баспасында, «Жалын» альманағында, Қазақстан Жазушылар одағында еңбек етеді. Кенежиренін жетектеп, Ләйләсін ертіп, «Көктемгі хаттарын» халқына аманаттап, ақынның дүниеден өткеніне де жиырмадан астам жыл болды. Қазақ халқы, өз ортасы ақынын ұмытқан жоқ. Жұматай жырлары халқымен бірге жасасып, жиырма бірінші ғасырға да жетті! Іншалла... Зайда ЕЛҒОНДИНОВА, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Ләйлә Бойы дәл, маған жасы дәл, Дастаннан алған атты да, Қап-қара көзі, шашы бар, Ән көріп едім аққұба.
ЛӘЙЛӘ
«О, Ләйлә, мұңсызбын демеспін, Қайғырса, қанатсыз емес кім?! Бірақ та жынданып кететін Мен саған Мәжнүн емеспін!» Бала күнгі өлеңнен Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа ал қызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап. Қарадың солай, қарадың солай, обал не, Қарамадың ба, жоқ әлде? Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан көп... Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп, Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа, Батырлығым басыма пәле болар деп. Ойладым солай, ойладым солай, обал не, Қате ойладым ба, жоқ әлде? Қуаныштан күліп, ойым бар шалқып билемек, Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп. Қап-қара шашты бала ақын болып тұр екем, Қабырғадағы айнаны көрсем үйге кеп. Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не, Болмайын ба, жоқ әлде? Бірінші бөлім
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Тынып ем, тұнайын деп тыныппын ғой, Сен мені көрмеген соң ұмыттың ғой. Жанымда мұң бар еді мың бәлелі, Мен соған түсе-түсе құнықтым ғой. Мен қазір көз салмаймын айналаға, Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана. Елден ерек бұл не бұл? Тәкаппар ұл көп ойлап, қиялиға айнала ма? Бұл мінез ұят болды. Ұят болса, Мен енді қашайын ба айдалаға? Бозбала ақын қай жөнді ес білемін, Бір арман көкейімді тесті менің! Көрінгеннен сұрадым – көрінбедің, Эфирлерден жыладым – естімедің. *** Ханшадай өзін ұстаған, Қара алмас көзді, бал ерін, Басынан құс та ұшпаған, Бұла өскен асқақ жан едің. Қара оқа құсап бұрымың, Жалтылдап әрбір талы да, Жарасып барлық қылығың, Жараспай пенде жаныңа. Көңілің балқып тәтті әнмен, Кірпігің, қасың дірілдеп, Өтуші ең жасыл бақтармен, Өтуші ең шалқи күлімдеп. Жадымда қалды жатталып, Бек әсем қызыл көйлегің, Күлуге сол сәт шақ қалып, Қасыңды керіп сөйлеуің. Жыр болсын басқан ізің де, Аңыз боп атың әдемі.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Тәкаппар аппақ жүзіңде, Тарыдай бір мең бар еді. Жаныма бір мұң жетті де, Жабығып өтті уақытым. Тарыдай меңде кетті ме, Таба алмай қойған бақытым?! *** Қиялым едің қаршадай кезден жастанған, Көретін болдым өмірден енді түрлі сын. Сүюден сені жоқ еді менде басқа арман, Қылыққа сол бір қызығып, күліп жүрмісің? Күле ғой, жаным, күрсініп шыққан өр үнге, Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең. О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде, Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем. Арманшыл жанның бәрі де қиял мол шақта, Жандарын өртеп, түсетін шығар отты ізге. Махаббат даңқын шығарар ақын болсақ та, Өмірде, мүмкін, сүюден опа жоқ бізге?! Дегенмен, кейде телміртіп әрбір асылға, Жаныңды жұлып, жадағай үміт тонайды-ақ. Басымды сипап басқа бір қыздың қасында, Далаға қарап отырам сосын сені ойлап. *** Айыбым болса, кеше жүр, Асқақтау жердің маралы. Жырладым сені неше жыл, Жындантып неше қаланы. Траптан түссең алға аттап, Тәкаппар, асқақ түрменен. Қалың ел сені ардақтап, Қарсы алса деп ем гүлменен.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Дүние діні, тілі көп, Дүрліге жылда той қамдап. Ләйләның туған күні деп, Ләйлісе деп ем мейрамдап. Жетпеспін сонау арманға, Жеткенмен менде құдірет. Ақынның тілін алған ба, Ақымақ әлем бір рет?! *** Көк орман, орман айнала, Тек алтын, алтын аңсары. Талай күн қаңғып тайгада, Талапты ер әбден шаршады. Шықты алдан тайга бұлағы, Жүк түсті зілдей арқадан. Іздеуші келе құлады, Оқ тиген жандай шалқадан. Қызыл тас бақ та, бақыт та, Сол тасты іздеп келеді. Дем алып, шаршап жатып та, Бұлаққа қарай береді. Мөп-мөлдір – үңіл, үңілме, Бұлақ та жатыр жасырмай. Төмпешік, әне, түбінде, Тұп-тура қолдың басындай. Тұнба мен батпақ бүркепті, Алмады тастан жүзін бұл. Бір сәтте судан жылт етті, Жылт етті ғажап қызыл нұр. Жанына сол бір нұры ұнап, Лезде қозып сайтаны, Батпақтан тасты жұлып ап, Бар күшпен суға шайқады.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Жатыпты-ау мұның жолында, Жарқ етті жүзін жасырмай. Сары алтын тұрды қолында, Тұп-тура бақтың басындай. Сан ғасыр бұлақ аққанмен, Көрінбей жұртқа алтын да, Батпақта, суда жатқанмен, Қалыпты қымбат қалпында. Ешкімге сенен бұрылмай, Мен сенің нәзік өңіңнен, Алтынның құйттай нұрындай, Ғажайып бір нұр көріп ем. Жыр жазып саған шарқ ұрдым, О, Ләйлә, сен де асыл ең, Шайғандай жүзін алтынның, Су емес көздің жасымен. *** Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең, Қарадық та қызығына тоймадық. Бір көргеннен – жалт қарастық, сол сәттен Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадық. Жаңа мінез – жастық өбіп түнімен, Жарық таңда жан боп туып үлгілі, Шақырымнан қара көздің нұрымен «Сенікімін» деп сөйледік бір күні. Көңіл босап, аяулы боп түріміз, Көрейінші деген оймен бір анық, Қарыс жерден бірімізге біріміз Жете алмайтын жандардай боп жыладық. Жан толқытып тік керілген қас пенен Ерініңнен үлбіретіп күлкіңді Тұрғаныңда тіл жеткісіз асқақ ең, Асқақ едің сұлулықпен біртүрлі.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сол бір сәтті қаншама рет ойладым, Қаншама рет айттым оны отты үнмен?! Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадым, Одан артық қызық көрген жоқпын мен. *** Екеуіміз екі дай жолды өттік, Өрлерге жетелеп от кеуде. Көп жанға дарыған сергектік, О, Ләйлә, емге де жоқ менде. Сонда да сен үшін көнем де, Бұл басқа қилы бір бақ қонса. Мен жылап жазған бір өлеңге, Күлді жұрт ішегі қатқанша. Күлді жұрт. Қосыла күлдім мен, Еріген секілді жеке мұң. Сол жолы күлдім мен, білдім мен, Қайғың да қуаныш екенін. *** Кермиығым, мен сені кеш аңсадым, Қаншама рет тоқтады десеңші әнім, Ен дәулеттен айырылған сияқтанам, Еске түссе ессіз күн, есер шағым. Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің, Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің. Кербез күшпен келдің де, билеп алдың Келбетіңмен кеудемнің жанды жерін. Бейнең сенің өңге бір, түске бір кеп, Диуаналық жолдарға түскемін көп. Таусылған соң амалым, тұрам ылғи, Тағы да бір қиғылық істегім кеп. Іздегенім сен болсаң, таптым қайғы, Ондай жанға байыздап бақ тұрмайды. Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол, Бақыт үшін күреске таптырмайды.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м *** Көк аспан оқалы жіп төкті, Құйылтып көгілдір бақтарға. Алаңда билер де бітпепті, Көп қызық сол күні жатты алда. Тек сырлар кеудеге тұрды енбей, Уақытша аулақтап іргеміз. Ат барда жаяулап жүргендей, Сөйлестік басқа бір тілде біз. Қысылып тұрдым мен, оттар көп Жүзімді жандырды, лаулатты. Жастықта бәйге деп, көкпар деп, Еш бимен жұмысым болмапты. ...Көп өтті содан соң билеп күн, Есейдім, жалынды күйге ендім. Сен маған сүюді үйреттің, Билеуді өзім-ақ үйрендім. *** Алдымнан менің жасыл тау, қызыл таң күлген, Өспірім күнім, тәуелсіз тентек шағымда Қаратал жақта бетпе-бет келіп қалдым мен, Биқасап киген бетінде мең бар сағымға. Жанымда қалды жанары күндей сол өңі, Ұмытқан жоқпын ернін де, екі-үш сөзін де. Тектілік, шаттық, өрліктен басқа жоқ еді, Меңі бар жүзі менмендеу қара көзінде. Аспанға шықты-ау асқақтап бала көңіл де, Арнап ол маған аузынан гүлдер төгісін! Аспанға, Жерге, Ауаға, Баққа, Өмірге, Ақындық күшпен жаудырдым алғыс сол үшін. Алдияр, Өмір! Сағыныш күйін төгіп кіл, Сарғайған кезім, саяқ та сартап шағымда Қайтадан бір сәт, бір сәтке ғана жолықтыр, Ақ жүзді, меңді, атынан сұлу сағымға!
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Таңдай қызыл, құмдай сары, шымдай көк – Сан бояулар садақ сапша сынбай кеп, Жерге иілді – романтик ақынның, Қиялының траекториясындай боп – Кемпірқосақ – аспан төлі көктемгі, Меңзеді де мекенім деп көк белді, Көзімді арбап, көкірегімді қуантқан, Лезден соң, ізім-қайым жоқ болды... Ғайып болды жаңбыр соңы – салқын да, Таңдай таза таңғажайып қалпында. Елесі бар, денесі жоқ, енді өзі көрінбесе, көре алмайсың алтынға. Сен де сондай көз қуантар жан едің, Бір көріндің, көріндің де, әдемім, ғайып болдың, ғашық жүрек сандалып, Талып іздеп таба алмай жүр әлі емін... Көк сиқырын, бүгін бір сәт аймағым көрсеткен соң, ұмыттым да қайғы әнін. Кемпірқосақ тұрған тұсты нұсқадым, «Анау тұрған әпкесі, – деп, – Ләйләның». *** Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім, Күн мінез Ләйлә, күлімдеп кезіккен едің... Ерке жүректі, ер кеуде, ессіз құсыңның Естімедің бе: «Ләй-лә», – деп ежіктегенін?! Ойламай жүріп жан бар деп жалғанда керім, Әлемнен мынау көңілім қалғанда менің Өзіңді көріп өспірім, көзіңді көріп, «Ақын болсам, – деп, – атақты», – армандап едім. Жанымды жаншып жылатқан өкшең де... керім... Басқаны көңілім бас алмай көксер ме менің?!
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Арманым, саған атың мен затыңа лайық Мәжнүн болып көрнекті, жетсем деп едім. Тағдырға маған оңай бақ әперме деуші ем, Ойлаушы ем жұрттың бәрін де әкем деп өңшең... ... Гүл іздеп жүріп күнінен айрылып қалған, Әпенде көрсең, сәлем айт, әпенде көрсең! *** «– Ләйләң қайда?» – деді маған күліп күн, «– Ләйләң қайда?» – деді маған күліп түн. Дүниенің көріп жүрген күллі елін, Көрдім маған күннің қатты күлгенін. Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп: «Сені тосып жүре ме ол, – деп, – үлбіреп?!» Құшағы бар аялайтын аялы, Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды. Аяды кеп, аялады, күлмеді, Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені: «Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп, Күлкілі боп жүрісің де бақыт», – деп. Аямайтын күн болып кел – бәрібір, Аялайтын түн болып кел – бәрібір. Сені, Ләйлә, қара көзді киелім, Қайыспайтын қара жерше сүйемін. *** Джоконда туралы енді кештерде, Ғайбат сөзін айта алмайды еш пенде. Сөздерден де ол, көздерден де ол жоғары, Жоғары енді ол – ақылдан да, естен де. Оның сонау сүттей аппақ жамалын, Жаңа ұрпаққа көрсетеді жаңа күн.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Джоконда миығында – жымиыс, Қарайды енді ол басқа арулар заманын. Ой түсірген Суретшіге, Ләйлә, ана, Джоконда – Джоконда қайда да, Бірақ енді ол сен секілді қуанып, Енді ешқашан қаранбайды айнаға. Жаным, Ләйлә, мендегі осы жыр үшін, Әзір аман, әзір саусың, тірісің. Артық одан – сенің қасың, көзің де, Артық одан – жымиысың, күлісің. Сен – артықсың! Болдым бірақ мен сорлы. Сол сорлылық көтертпейді еңсемді. Суретші боп жаралмадым, бейнеңді жазар едім дәрменіммен ең соңғы! Сен – артықсың! Оған мына таң куә, Бірақ басқа амал сенде қалды ма?! Сенің ұлы Суретшің жоқ, сондықтан барарсың бір фотограф алдына. Ауып саған фотограф көңілі, «Дайындал» деп көрсеткенде қолы, ымы, Білмейді ғой суретші боп тұрғанын, Суретші боп тұрғандығын ең ұлы! *** Бастан өткен ғажайып сәт көбі ұмыт!.. Жан кіретін кез қайда екен бақтарға. Ауызыңнан алқызыл гүл төгіліп, Анадайдан өзің келе жатқанда?! Өмір – ғажап! Сұлу болсын мұнан да, Келісімнен тұрады оның күйі ішкі, Жүректердің билеушісі туарда, Оны иілтер жан тууға тиісті.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Туар, туар талай ғажап ұл да әлі, Көш жолымен шайырлар да жиі өтпек. Жұлдызымен қоса туған тұлғаны Әкете алмас ешбір шайтан иектеп. Он жетімде сен жайнаттың көзімді, Үйрендім мен қарауды өстіп гүлге де. Нағыз адам санаймын мен өзімді, Сондықтан да қалай болған күнде де. Өзі өскенмен суара алмас гүл өзін, Оны әлпештер туған жердің құшағы. Аққуларға тартты менің мінезім, Ол да ұнамды қасиеттің нышаны. Мен қазақтың аққуынша сөйлермін, Гүлдесін деп болашақтың жас елі. Бәрі-бәрі сенің сұлу бейнеңнің Тіл жеткісіз, айтып болмас әсері. Мен өркен боп жайнаған жер құнарлы, Ол жайында бере алмаспын жазып түк. Жер астының суы өсірсе шынарды, Мені өсірді елімдегі нәзіктік. Әңгіме өсер менің әрбір ізіме, Соны көрем мен көре алмас көп күннен. Қара көзің және нұрлы жүзіңе, Мәңгі-бақи борышты боп кеттім мен. *** Жанға айтпай жақсы ұрының бір өзі үптер, Сезілмес ауырлығы міне, жүктер: Ішінде шыны жайма, қызыл барқыт, Сары алтын: сақина, алқа, білезіктер. (Ұрының өз басына өз қастығы.) Тігілді төбеден кеп көз, қас, міні. Ішінен исі металл оны оздырған – Жарқылы, жақсы өлеңдей тозбастығы.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жаймаға кимелеуге ел жалыққан ба?! Топтанып қалды лезде халық маңға. Қараймын мен де алтынға, көз салғандай Аквариум ішіндегі балықтарға. Жұпардың сарайды ашып жақсы лебі, Ерге әйел: «Маған сырға тақшы!» – деді... Бұйымдар жатыр құйттай балықтардай, Оны енді ақыл емес, ақша іледі. Ешқашан жеткізе алмас кейпін де тіл, Мен оны «сол ғана асыл», – дейтін кепіл. Әлемде жан қуантар жалғыз асыл – Ол менің кеңсемдегі сейфімде тұр. Тәттірек оған айтар сөзім балдан, Сөзім – бал, билегенде өзімді арман. ...О,сенің кіп-кішкентай суретің-ай, Құр ғана бақырайып көзің қалған. *** Буыны мысқал мұңнан босай қалар, Шақырып құдіретімді осы айда бар, Берейін дастан жазып – оқығанның, Ғашығын сүйген жанша басы айналар – Сүйер ме екенсің сен мені, Сүйер ме екенсің сен мені?! Шақырып дос болатын жау да өш тегі, Қайыра даттамайтын зәуде еш мені, Пернені төбе бише сөйлететін, Болайын күйшінің де дәулескері – Сүйер ме екенсің сен мені, Сүйер ме екенсің сен мені?! Содан соң көрмеу үшін жаманшылық, Ақ жолмен ақталар боп жаралса үміт,
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Өзіңе айналайын, ми, денеммен, Кетейін болмысыммен саған сіңіп – Сүйетін болсаң сен мені, Сүйетін болсаң сен мені! *** Қара алмас көзді, қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп қалып ең қалай паң Ләйлә?! Жүрегім бүйтіп бүлінбес еді, Кетпес те еді ес-түсім. Хиссадан шыққан күніңде сені Көрдім мен биде кешкісін. Жарқылдап жүзің, жайнады өңің, Қарасам – қайта жоқ бопсың. Өлеңнен келген Ләйләны менің Өлеңім қалай тоқтатсын?! *** Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым, Күш те жоқ сыр бүгіп қап, жымиятын. Жаным, сен – ақ кітапсың екі мың жыл, Толғанып тудыра алған Дүние – ақын. Түрім жоқ мағынаңа, сірә, қанар, Тек сені төбесіне шығарады ар. Кітапсың, бастан-аяқ жаттай алсам, Мені де кемеңгер ғып шығара алар. Көрді өмір кейітіп те, сорлатып та, Қойыным көзден ағар толды ақыққа. Мен қашан мұқабаңды ашам сенің, Мен қашан кенелемін сол бақытқа?!!
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Өзі жайлы ойланғасын туғалы , Өлең жолы болғандықтан қуғаны, Өмір жайлы ойламайтын ақын аз, Ойламайтын өлімі де туралы. Армансыз жан көгере ме, көктей ме? Көз алдында жүрген мынау көп бейне, Ақынымыз, ардағымыз кетті деп, Ойланады жылар ма екен деп кейде – Сапарына аттанғанда ақырғы, Жоғалттық деп қайта тумас ақынды. Қабіріме қандай белгі қояды ел, Қай көшеге береді деп атымды? Қайтқамын жоқ қайда жүрсем бір беттен, Жоқ мені өмір дөкей де еткен, дүр де еткен. Дәме етпеймін мен ешқандай жоқтаудан, Дәме етпеймін мен ешқандай құрметтен. Кетер күнім... Келер, келер ол-дағы, Бір қаралы шеру шығар жолға әлі. Сол бір кезде жан баласы жыламай, Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны. *** «Айтамын жанның басқа әнін, – дедім де, – үміт жоқ енді», – Ыза боп отқа тастадым, Өзіңе жазған өлеңді. Қағазды баурап алды да, Жалын кеп шеттен қармады. Қалғаны түгел жанды да, Бес әріп бар тұс жанбады. Сарғыштау дақ бар бетінде, Сол үшін өртпен дүрдараз, Ошақтың қалды шетінде «Ләйлә» деп құйттай бір қағаз.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Жұлып кеп алдым ойланбай, Аз болар бұл сәт ой да тым. Жүректен өшпей қойғандай, Отқа да жанбай қойды атың. ** Көмкеріп маусым біткенде қырқаны гүлмен, Көк суы – қымыз көп ішіп, жұрт әрі кірген. Сарноқай тауда той болды – жиренім менің, Кермеде тұрды қалмақтың Бурханы мінген Сетері құсап, көзге ілмей жердегі майда, Ит пенен құсты. Қайтейін, көрмедің, Ләйлә. Айғайдан зеңгіп ақ бұлттар күнде өткен аспан, Ат қайтты-ай, шіркін! Бұрқ етіп бір беттен ақ шаң. Заулады бері, заулады жалғыз ат шаңы Тұтанған бикфорд шнурының жүрдек те шапшаң Түтіні құсап, көрсетпей жердегі майда Қозғалыстарды. Қайтейін, көрмедің, Ләйлә! Аршалы таудан естіді самалды далам, Құшақтап сүйді осынау хабарды ғалам! Алаяқ жирен бәйгеден алдымен келді, Өткен ғасырдан жолдаған бабамның маған Сәлемі құсап, елетпей жердегі майда Күңкіл-шүңкілді. Қайтейін, көрмедің, Ләйлә! Аспаннан сүйіп жүрсе егер қырқаны қыран, Оны да сонау атамның ұрпағы қылам. Ақшамда келіп, аулыма атыңды айтып, Киіз туырлықты қазақтың шырқадым бір ән Ақаны құсап, елемей жердегі майда Поп-музыкаларды. Қайтейін, көрмедің, Ләйлә! * Сетер-қалмақтардың құдайы – Бурхан мінеді деп, үстіне шыбын қондырмай, құр ұстайтын қастерлі ат.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Жуғам жоқ ащы жаңбырмен Жасыған, мұңды жанарды. Шашым да шәркез тағдырмен Шатыраш ойнап ағарды. Дүние сыртын бергенде, Мырс еттім бейбіт көңілмен, Боз жусан өскен белдерде Бозторғай үні төгілген. Төресі қару-жарақтың Төңкере алмас тақ көрдім. Орынын қара шанақтың Ойыма келді ап бергім. «Жазмыштан» бірақ озбай тұр, Жанары тауға қараған Тарлан бір ашқан боздай тіл, Бауырынан күнде жараған. Қай гүлін сөздің төкпедім Жолыңа сенің шын ұлы! Алқара шашты көктемім, Арманның жалғыз құлыны Секілді ең, кеттің ұстатпай... *** Бақыт шығар бір ғажайып ол-дағы, Басқа қонып, түспеген бір қолға әлі; Надан өсіп – адам болып кеткелі, Адам өсіп – композитор болғалы. Бақыт шығар күтіп жүрген тек мені, Маған жетіп, мені тербеп кеткені. Мына адамзат естімеген, білмеген, Тас құралдан ракетаға жеткелі. Бар еді онда сәулелі азап, есті мұң, Ондай әсер бере алмайды ешбір үн.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Бұл тіршілік жаралғалы тірі жан Естімеген бір музыка естідім. О, Құдай-ай! Қандай бақыт, қандай мұң – Оны есіту! Сейілді ғой бар қайғым. Өмір кештім өң мен түстей бір халде, Енді өлсе де арманы жоқ жандаймын. Сол музыка ғажаптығын растап, Менің барлық қабілетім гүл ашпақ: Ешқашан да түспейтұғын нотаға, Қайталай да алмайтұғын бір аспап. Көкейімді көптен тескен бір арман, Көз жасымды шыңыраудан шығарған. Анда-санда даусыңды естіп тұрайын, Өңшең алтын дыбыстардан құралған. *** Еріді жер бетінің қанша қары, Көгерді жас балауса, арша кәрі. Басынан Сарноқайдың тоқымдай қар: «Мен ғана қалдым ғой», – деп жар салады. Сайлардан жылға-жылға су шұбалып, Қосылып бұлақтарға сыңсып ағып, Басқа қар аспанға ұшты, жерге кетті, «Көрсек, – деп, – жер астынан гүл шығарып». Қызуы бет-жүзіңе тез білінген, Күн де ыстық, сурет те ыстық көзге ілінген. Басында Сарноқайдың бір қар жатыр, Жұмысы, шаруасы жоқ мезгіліңмен. Асқақтап әрнемені ойларға алмай, Жүрсем де ат жүгіртіп, тойдан қалмай. Басымнан бір суық мұң кетпей қойды-ау, Күннің де күші жетпей қойған қардай.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Көк түлкіше бұлғаңдаған көйлегі, Ұлы оқиға – бір тіл қатып сөйлеуі. Керік қас қыз, құм сағат бел, кермиық... Анау бақтан көруші едім кейде оны. Жас күйшілер жабыла іздер көп мұңды Еңсеме күн екі нар қып шөктірді. Көк көз такси апарды да вокзалға, Вокзал оған: «Жолың болсын», – деп күлді. Ғайып болды бір керік қас киелі, Бақыт, баққа басынан сол ие еді. Талдықала қаңырады, қаңырап Қалды үйлердің темір-бетон сүйегі. Анау бақтан көруші едім кейде оны... Көкей күнде көксейтұғын бейнені. Сағынғанда, Луврдайын жап-жарық Жадым, жаным, күңгірт үнмен сөйледі. Ресторандар шимпанзелі бау сынды, Естіртпейді өзіңе өз даусыңды. Алқа-салқа, түтік емген қыздарға, «Тфулеуден» түкірігім таусылды. Мұзша ерітіп мидағы ойдың көлемін, Тарқап кетті түмен-түмен өлеңім. Кеше Енесай тастарына жазылған, Шежіредей жымиысқа толы едім. Бай шаһардан шыға келіп бір кедей, Жүрген жерім күңгірттенді түрмедей. Өрлігімді селебеше сындырды ел, Меңіреуше кете бердім үндемей. Бағым бастан: «Ей, меңіреу», – деп көшті, Шекем іші құла түзбен шектесті. Бейшорамын, кеше ғана Шора едім, Бақытсыз жан болмайды екен текті, есті... Ессіз-түссіз...Кездерімде көп мұңым, Андағайлап шартарапқа кетті үнім. ...Қанша ғажап азап шектім: «Ләйлә», – деп, Менен артық бақытты адам жоқ, Күнім...
Ләй лә Бірі нш і бөл і м *** Ұстамды ұлыға тән қылығыңды-ай, Оқырсың ұнатпасаң мұны қыңбай. Арусың, түсін, құсым, мүсіндісің, Арда емген ахалтеке құлынындай. Жатақтың шамы жаңа танығандай, Фотоңа жарқырады жаны қалмай. Көздерің үлкейіпті, арықтапсың, Жағыңа бұйда пышақ жанығандай. Әлпетін жүрек жаспен жуса егер де, Кінә жоқ күнәһар боп туса өлеңге. Көзіме көрсеткенсің көріктіңді, Көңіліме сен деп жанған су себерге. Содан соң ес жимағам мен бір апта, Талайсыз жетпейді деп ер мұратқа. Жүрегің көрінетін аузыңды ашсаң, Жоқ екем жүрегіңде мен бірақ та. Кеткен-ді, кетіп қалған шыныңда ырқым, Білмеймін айыға ма мұңым бір күн. Құй әкеп Мұзды мұхит суын түгел, Көңілім сонда ғана суыр мүмкін. *** Әуен қуған ессіз бе едім, есті ме ем, Құлағымды ән сөзіне кеш тігем, «Сағыныштан сарғайдым», – деп жылаған, Бала кезде бір мұңды әуез естіп ем. Жоқ болатын сонау мұңды әнде айып, Соны тыңдап қалатұғын жан байып. Қараушы едім сары адамға көз алмай, «Кеткен-ау» деп сағыныштан сарғайып. Кейде аяп, кейде ішімнен күліп мен, Күйеуі жоқ, күлмейтін бір жігітке, – Қараушы едім мұғалима апайдың Сарғалдақтай жүзіне де күдікпен. Осындай бір қызық қалды ол күннен, Әуен қалды жүрегімде ел білген.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Он жетімде сені көрдім, көрдім де, Көрмей сені тұра алмайтын болдым мен. Сені көрсе, көңіл алып-ұшады, Кеңейеді дүниенің құшағы. Керік қасты, ақ жүзіңде ойнайтын, Тіл жеткісіз асқақтықтың нышаны. Қалдың есте сол бір нұрлы қалпыңмен, «Ләйлә» деген бала кезгі даңқыңмен. Қарайтынмын алаулаған жүзіңе, Қара көзің сөйлесе асқақ жарқылмен. Ғашық бағы ғажайыптан жана ма, Нұрлы сезім құйылған сәт санама, Ләйләсі бар дүниеден ажырап, Қалдым бір күн Ләйләсі жоқ қалада. Содан бері әлемдегі бар қайғы, Шарпып өтті біздің сорлы маңдайды. ...Сағыныштан өлең жаздым қаншама, Қағаз екеш қағаз да одан сарғайды. *** Шығармай жүрдім бір де естен, Ұмытып ұйқы-күлкіні. Бір рет қана тілдескен Бейнеңді сенің күн-түні. Қай жұмыс мейлі істесем, Қуат боп жүрдің көңілге. Көзіме менің түспесең, Не көрдім дер ем өмірде?! Тәңірім талай түске енген, Тентек те қылдың, ақылды. Ақындық жолға түскен де ем, Жыр қылып сұлу атыңды. Сұлулық – талант, жанымның Қонған-ды саған дарыны. Өспірім менің шағымның, Өшпеген жалғыз жалыны.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м *** Қаншама арман болса елде, Соншама маған өптіргін. Қай күні, қашан келсең де, Күтіп жүр мені деп білгін. Түсінбес жәйім әлі бұл, Жүректің жықпыл орманы. Сұлусың маған бәрібір, Сүйегің келсе болғаны. Жаныма кенет жеткен бақ, Жалғыз-ақ сені көргенде. Жанарың бір жалт еткенде-ақ, Жалғызсың дегем сен менде. *** (Антиэлегия) «Қатал бақыт» хан қызы ең, Қас кермедің: «Ар ма?» – деп. Сүйеуі жоқ жалғыз ем, Сүйегінде таңба көп. Басым істі дертті ойдан, Мұңды көзге ілмеспін. Инелі нан жеп қойған Иттей болып күн кештім. Көзімді ойып бір қарға, Ойлаймын жеп кетсін деп. Мысық тілеу мұндар да Мұратына жетсін деп. Бұлт таппадым бүркеуге, Шаймады жұрт шарабы. Бетімдегі шіркеу де Бес елі боп барады. Қыбырлайды жан әзер, Қара тартты ақ көңіл. Өлмегенге – қара жер, Өтіп бара жатты өмір.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Өтіп бара жатты өмір Өзендейін тасыған. Өтіп бара жатты өмір Өлексемнің қасынан. Бүйтіп көрген бар күнім Өлім екен деймін мен. Бұл көргеннің барлығы Өңім екен деймін мен. Кірер жандай ұрысқа, Қажимын да шамданам. Қол созғандай қылышқа, Жан-жағымды қарманам. Іздеймін бір жоғымды, Іздеймін кеп сенделіп. Қарманған сол қолымды Алады бір қол келіп. Бетімдегі бүркеуді Жұлады сол қол келіп. Бетімдегі шіркеуді Сырады сол қол келіп. Тапқаныма асылды Тәубе етемін өңденіп. Сансыраған басымды Сүйейді сол қол келіп. Табылған бұл жоғымнан Төбем көкке жетеді. Сол нәзік қол...қолымнан Сусиды да кетеді. Кірер жандай ұрысқа, Қажимын да шамданам. Қол созғандай қылышқа, Жан-жағымды қарманам. «Жаңағы қол қайда?» – деп, Оянамын сенделіп. ...Қалар ма екен Ләйлә кеп, Қалар ма екен сол келіп?!
Ләй лә Бірі нш і бөл і м ** «Где-то в этих степях придумали ноту» Виктор Шкловскийдің Қазақстан туралы телехабарда сөйлеген сөзінен. Ел ескерер ерлігім жоқ не түрлі, Сондықтан да, Ләйлә, саған жақпадым. Уәйс сұлтан Жалаири секілді Мен, әрине, нотаны ойлап таппадым. Есесіне, саған жазған өлеңім Түспесін деп тоқ қасаңдық жолына: Соны бейне, соны ой таптым деп едім, Қарап жүрмей, қағып кетті ел оны да. Жауға бұрып көк темірдей бетімді, Ат тебініп аламандар даңқы үшін, Сыба, Сартақ, Мұқа ноян секілді, Билегем жоқ дүниенің жартысын. Тақ түгілі, жақсы орындық тимеген Бұл өмірге келдім, Ләйлә, не біліп?! Бір бөлімді бес-алты жыл билеп ем, Кетіп қалдым бір кещеден жеңіліп. Годуновқа боярлардай өтімді, Хан көтерген Мәскеудегі әз қауым, Қадырғали Жалаири секілді, Жамиғаттың тауариғын жазбадым. Бабамның тек өткір, тентек назымен, Әлем қазақ санасын деп бұл мені, Қаңғып жүріп екі-үш жинақ жазып ем, Ол жөнінде мелитса да білмеді. Мақтаныш жоқ, Ләйлә, мұңды көзімде, Өтті күнім шырқармын деп, әй, кейін. Бір ескерткіш қойдым тірі кезіңде, Ол да саған ұқсамады, қайтейін. * Сыба, Сартақ, Мұқа – Шыңғысханға Қытайды, Манчжурияны, Тибетті, Кореяны жаулап алып берген XIII ғасырдағы Жалайыр тайпасының қолбасшылары.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Ешкімге мұндай мінез берілмеген, Күнім ең көптен бері көрінбеген. Ойымда ештеме жоқ, домбыра ойнап Жатыр ем нағашымның төрінде мен. Үстіне артылған соң дара білек, Шанақта бір оқшау күй барады үдеп. Төр. Бөлме. Бір кездері әжем кірді Бесінім қаза болып барады деп. Мұратқа соныменен жетті ме екен, Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен. Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем: «Ләйлә, илло-алла»... деп тұр екен. Онсыз да жойылса да саны аз күнә, Сүреге ұйи қалды сабаз мына. ... Өлең не? Ішінде атың бар болған соң, Оқығым кеп жүр менің намазды да. *** Жолдар ғой көңіліңді табатын, Қиялдай жерге де апарған. Жоңғардың кенжесі – бала ақын, Оралам мың түрлі сапардан. Сол шақта Назымша із кесіп, Шыға кеп үй толы бір беттен, Бір ару сызыла жүздесіп, Қарайды шәлкестеу құрметпен. Ілкіде Ләйләны жырлап ем, Қиындық дегенді жүк көрмей. Содан ба, қарайды бұл маған Тағы бір хикая күткендей. Ақынның басынан бағы ұшпақ, Көмейге келмесе күй түрлі. Осы бір жүрекке бағыштап, Бір құйын жолдар ем сиқырлы.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Амал не, қиналып өр кеудем, Бәрібір, қанша күш салмадым. Құдірет көрмеген жерден мен Құдірет көрсете алмадым. *** Мен ішсем де табылам ғой ертеңнен, Сері болдым сезінгеннен мұны ішім. Екі күнде бір шығады желкемнен Жұрт құрметі. Бүйткен арақ құрысын. Қайран күндер!.. Қазан аузы жоғары. Жан-жағымнан кетпегенмен гүл қаптап. Жоңғарда да мендей ақын жоқ әлі, Құлжабайдай бақташы да жүр мақтап. Пікіріне түкірмеймін мен елдің, Күйші болып шалқи алам әр үйде. Орысша өлең жазуға да шебермін, Орысша сәл әндеткен соң, әрине. Жыр байытып қазақта бар мұрамен, Жаңа арманға қол созармын таң атса. Мысырдың да қыздарына ұнар ем, Ләйләға сөз айта алмадым арабша. НҰРЛЫ БАҚ (Поэмадан үзінді) «Мен оған дос немесе жар болмадым, Ізімен жүре бердім бар болғаны». Михаил Светлов Жүреді баяғыдан, Жүреді тасып өлең, – Біреулер аяғымен, Біреулер басыменен. Жаныма жүре кірген, Нұрыңнан таралды арай. Жер бастым жүрегіммен, Жүрді ол саған қарай.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Жүйрік ем, шынайы едім, Тасытты күшім мені. Сен болсаң құдайы едің, Қыздардың ішіндегі. Тағдырға күліп өстік, Торын ол жая қашты. Көрместен бұрын естіп, Кезіктік аяқ асты. Ойласам алабұртам, Еске кеп нала түрлі. Бұл менен сәл-ақ үлкен Қасыңда бала тұрды. Көзінен құрбыңды ұғып, Бала қыз, бала Ләйлә, Қас керіп, тұрдың күліп, Сен сонда анадайда. Күледі қу жаңағы, – Серігің гүл бақтағы. Ішімді у жалады, Көзіме мұң қаптады. Түйіп ап қабағымды, Кеттім сан белесті өтіп. Қауіпті жанарыңды Көзіме елестетіп. Жанымды көктеп өтті, Ем болар назың кәні?! Талай жаз, көктем өтті, Сол өкпе жазылмады... *** Залдарда жыр қалатын, Сенімен егескім кеп: «Мен саған жынданатын Мәжнүн емеспін», – деп. Жоңғардың алғыр ұлы, Айтатын азап көрген:
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Сол жырдың жаңғырығы, Қайтатын газеттерден. Ақын боп дарқан өстік, Дым жоқ боп күдікті ойдан. Сол жырды Арқа да естіп, Алтай да біліп қойған. Әлемнің ажары едің, Кідірсең аздаған жыл – Мен саған жазар едім, Адамзат жазбаған жыр. Әндерге кенеледі, Жанымның құмары артып. Қолынан не келеді, Тағдырдың бұдан артық?!
*** Қос шыңның аралығы Қойдай боп тоғысты әні. Жұрт деген қара құрым, Жүргендей соғысқалы. Сақпандай заулайын ба, Қамшымен тіліп көкті?! Сары атан зауза айында, Додаға кіріп кеттім. Жорық бұл қол тасыған, Жүр алып бесті мені. Сол шудың ортасынан, Бір күлкі естіледі. Сол үннен ес кіреді, Жаныма жарасып ән. Бір күлкі естіледі, Топ қыздың арасынан. Көңілді өрлетем көп, Өзіңсің ерікті алған, Қарадым сен бе екен деп, Бір жақтан келіп қалған.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қалғандай жұлдыз бұғып, Басылды бастағы үдеу. Тұр сөйтсем бір қыз күліп, – Басқа қыз, басқа біреу. Уһ дедім. Артық па әлгім? Білмеймін, бас та қатты. Ыза боп тартып қалдым, Қамшымен астағы атты. *** Ешкімді сүймей қашты, Сөз де оған түк өтпеген. Өзіңмен түйдей жасты, Қыз болды Жібек деген. Өр еді ол қасымдағы Алатау құздарындай. Алтыншы ғасырдағы, Арабтың қыздарындай. Самалдай жүреді есіп, Еріне қадам басып. Шалдар да профессор Жалбақтап амандасып... Ақынның тәңірі кең, Жырдан кім үркіп еді! «Құданың әмірімен», Сол маған ынтық еді. Қоймайтын тақсырласаң, Қыл көпір өтетіндей, Бір зачет тапсырмасам, Жау шауып кететіндей... Қандай жан! Таң қаламын, Ондай боу қайда маған?! Мендегі сәл ғана мұң, - Теңіздей қайғы еді оған. Мінімді кешті демде, Тек сол қыз келісті, абат.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Сен жайлы ән естігенде, Қалатын теріс қарап. Қалап ем жалғыз бақты, Оған да жар болмадым. Екі-үш пұт балмұздақты, Бір жедік бар болғаны... *** Өр едің, ұрынғыш ең, Көзге ілмей гүлді бөтен. Құбылып құлын мүшең, Қай жерде жүрдің екен? Қанатын биыл жаймақ, Мөлдір саз төккен құсым. Шет қонып, қиыр жайлап, Тағы да кеткенбісің?! Естіген таңдана ма? Есінен ауған бұ да, – Барғамын сан қалаға, басқанмын тауларды да. Сәлемді беремін де, Сол жерден өкпемді айтып. Сені ойлап келемін де, Сені ойлап кеткем қайтып... Өзіме кездескенге, Мен сені жыр қыламын. Басыма енді еш кезде, Қонбайтын Нұрлы Бағым! *** Түгел боп тұр төрт құбылам қай менің, Тосар ма екен тауқыметтер тағы алдан? Соны елетпей сағындырған Ләйлә едің, Таңдану мен табынуға жаралған. Жегідей жеп бітті білем мұң-нала, У төгеді, төге алмады тілім бал.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жаным, енді өзім туған шыңға да, Бүйте берсем жараспайтын түрім бар. Тоз-тоз болдым. Енді кімге илігем? Өз халіме өкінішпен көп күлем. Атығайдың құласынан жүйрік ем, Адайлардың қылышындай өткір ем. Мұңлы басты енді кімге қосамын, Тәу еткізген теңдесі жоқ бақ, қайғым? Қара шашты қол жетпеген қосағым, Мен өзіңсіз табытқа да жатпаймын! *** Безенбесе, безенер үйі өрнекпен, Сол шаһарға басымды ием көптен. Жұпар аңқып – мамырда, ақшам туса, Жайнайтын неонды отпен. Жан-жағыма қарауға үлгермей көп, Өз босағам, өзімнің іргем ғой деп. Асқақ келе жатушы ем, жермен емес, Аспанмен жүргендей боп. Көше бойлап қаз-қатар өріктері, Тауса алмайтын гүлдерін төгіп, тегі. Қазірде ол ғажайып, бір заманда Мұнан да көрікті еді. Жүгіртемін мен оны енді әр саққа, Түтінінен сейілтер желді аңсап та Өркендеді, қанша өсті, әсемдігі, Жетпеді сен бар шаққа. *** Нөсер қылған қой көздің шөкім мұңын, Қозы мінез бір лирик отыр, күнім. Отыр, күнім, алдымда, мен айтайын, Ақынның шопырлығын. Күрмелмеген, күмілжіп бір сәт тілі, Күлімсіреп алдынан тұрса ақ күні.
Ләй лә Бірі нш і бөл і м Қолын артқан рульден берілгендей Автоға жұмсақтығы. Терезеден желемік самал өпсе, Самал өпсе – сергітер амал етсе, Зуылдайды сұр «Волга» асфальтпен, Жатаған самолетше. Айналамды автодан шолам келіп, (Зуласа ағаш – көк жасыл боран делік) Әкем менің әкеткен мейірімді Жүрмін-ау содан көріп. Имандай шын – жыршыңның осы айтқаны, Осы айтқаны секілді дос айтқаны... Анадайдан үш кемпір көрінді де, Қолдарын шошайтпады. Үш кемпірдің тұсына бірақ әлгі, Сусылдаған сұр «Волга» тұра қалды. – Апа, мін, – деп ашылды айқара есік, Қалды есте бұ да мәңгі. Жарып өтіп Жетісу нуын-дағы, Сұр бедеуше автосы зуылдады. – Қол көтеріп неліктен тұрмайсыздар?.. Диалог туындады. – Қол құрғырды «Уолга» деп көтермедік, Көтерсек те көкиіп өтер дедік. Қамшы сабы тірлікте аналарды, Ардақтап өтер ме едік. Басқамызға сол сөзге кейін күлген, Сабақтады басқаша, ол ойын мүлдем. – Барлық ана сиятын авто болса, Шофер боп өтуге де бейілмін мен. Телеэкран көзімен жайлы әлемге, Қарай-қарай өзіме айнамен де, Байқағаным – ұқсастық сол ағаммен, Бар екен, Ләйлә, менде.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл, Мерзімі бар сақталар бейнеңнің де әр. Күнде естесің – меңің бар ақ жүзіңде, Биқасап көйлегің бар. Жадым жақсы, жағымды қинамайын, Ибасы да асқақтау илан, айым; Көзді жұмсам, шығады бір көрініс, Ғажайып кинодайын. Адам қатар өсірген айламенен, Айнала – ағаш, жап-жасыл айнала – емен. Көлеңкеден шығасың...Басталады, Бір фильм «Ләйлә» деген. Ғажап фильм осынау өңірдегі ең, Соны көріп мұңаям, көңілденем. Жазып, қойып, шығарған режиссері Бар оның Өмір деген. АҚҚҰБА ӘН Бойы дәл, маған жасы дәл, Дастаннан алған атты да, Қап-қара көзі, шашы бар, Ән көріп едім аққұба. Арманда кеткем, не дейін, Ауылын жайлап құсаның. Толсын деп әнге көмейім, Толсын деп әнге құшағым. Бағы бар жанға жолығар, Жарылқап маған жатты да, Басы бар, аяқ-қолы бар, Ән көрдіңдер ме аққұба?!
Сеңсеңі жасыл, көрпеші гүлді беткей, шың, Көп болды көлбеп көзімнен бір сәт кетпейсің. Көкекке мініп, италақазды жетекке ап, Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің.
МАМЫРЫМ МЕНІҢ... Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген, Мал өріс қырға масаты тыстап үлгірген, Мамырым менің, жер бетін түгел көгерткен, Үйренем сенің үлгіңнен! Тыңдарға әні, түрі бар таңдай қағарға, Аспаннан түсіп Алакөлдегі аралға, Аққуларыңның алды-арты келіп болды ма, Ат-көліктері аман ба? Көделі жазық, жусаны қалың бозы бар, Қазақтың жері көгерген сайын созылар. Көктеулеріңе бетеге шығып көкқасқа, Толды ма тойған қозылар? Албырап жүзі, ақсиған тісі пәк күліп, Бойжеткен қыздар біреуін көрсе аптығып, Сабағы жұмсақ сарғалдақ сайдан терді ме, Арқаға бұрым лақтырып? Мейірімге толып мейрамдап жүрген кезімде, Қаратал құсап тасиды қара сөзім де. Қызыл гүл тауда, қызыл күн сенде, мамырым, Қызықтың бәрі өзіңде. Жұпары молым, жұлдызы көбім, жарығым, Аспандататын адамның алуан дарынын, Жер бетін түгел көгерткен, жөні бөлегім, Мамырым менің, мамырым... Екінші бөлім
Жұ матай Ж а қ ы пбаев КӨКТЕМГЕ ХАТ Сеңсеңі жасыл, көрпеші гүлді беткей, шың, Көп болды көлбеп көзімнен бір сәт кетпейсің. Көкекке мініп, италақазды жетекке ап, Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің. Қарайған шақта қар жабу жапқан құба бел, Тоң болып жатқан топырақтардан тұра көр. Көктемім менің, жеті қат жердің астынан Ит жуа болып, бәйшешек болып шыға кел! Сақалын көкке боясын аппақ серкелер, Отарын көкке жаятын болсың ертең ел. Темірден1 қашып тентіреп кеткен цыгандай, Қаңғып та кеткен құстардың бәрін ерте кел. Мамырың келіп, мамыражай күн орнасын, Көбелек боп кетсін еңсемді басқан қорғасын. Бәйімбет атам бақшасына жетіп мыңсайрам, Бақытты жерде бәйіт пен дастан толғасын. Жараған кезде жарысар тұлпар іздеген, Жирен атыма ат күші бітсін жүздеген. Ақ таңда тұрып аттанып тауға кетейін, Қасыңнан сенің қалмаймын дейтін қызбенен. Көп күтіп сені, көз сүзе берем далаға, Ұқсап та жүрмін әпкесін күткен балаға. Көктемім менің, көкекке мініп жеткейсің, Мен дейтін болсаң календарьға да қарама. Жасылдан желек жамылтып талға қыз мүсін, Түлетіп бәрін, түгендеп берген түз құсын. Көктемім менің, мейірімділермен мақсаттас, Елжірей сүйген елімдей менің ізгісің. Қаршадай кезден қайралып біткен бар қырым, Өткір де болсам, өте ме саған жарлығым?! Құлаққа құйып, жадыңа, жаным, тоқып ал, Өзіңе айтар өтінішімнің барлығын. 1 Темір – Ақсақ Темір, Әмір.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Мамырың келсе, маңырап қозы жарысқан, Майсалы белден құс екеш құс та сақ ұшқан. Жер аяғы кеңіген күні жалпақ ел, Шапқыншы тосып, шабуыл күткен алыстан. «Еркек тоқты құрбандық» дейтін шақтарда, Дауылпаз тартып, қарауыл дабыл қаққанда, Алты арыс елден шашақты найза оздырып, Алдымен солар аруақтап жауға шапқан да. Қырылған елден қауласа ұлдар алсындай, Түтігіп түрі, тұлпары қатып қаншырдай, Қол бастауын қоймаған ерлер солар ғой, Қан тұмсық жебе қадалып жатса шаншудай. Даладан тауға көшіріп барлық ұрысты, Даңққа бөлеп алдаспан ауыр қылышты, Қанқұйлы жаудан босатқан ерлер солар ғой, Ақжайықтан Алтайға жетер ұлысты. Көктемім менің, бүгінгі түрім қалай деп, – Қызыл тәжденсе қылтиып шыққан талай көк, Қабанбай менен Бөгенбай батыр басына, Мен қоймай жүрген бір құшақ гүлді қадай кет. ЖАЗ КҮЙІ О, жаса, жаз айының жайсаң күні, Жоңғардың, ән сал, қыры һәм шалғыны! Жұнттай түгі жылтыр, тұрқы ұнаған, Жотадан жөңкілдіріп жылқыны ағаң. Жағасын айырды әні тыныштықтың, Бие, айғыр саксофонша шұрқыраған. Сездіріп көмейінен көп үрейді, Созғанда үзілердей, тегі, мойны, – Өрістен қайтқан сиыр бұзауына, Өзбектің кернейінше мөңірейді. Ал сонау Қараталдың нуы ырғайлы, Толқыса, топан суша шуылдайды. О, жаса, жаз айының жайсаң күні, Жоңғардың, ән сал, қыры һәм шалғыны.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев ОЙСАЗДА Алакөлең аршалы таудың қабағы, Аспанмен жөңкіп сұр бауыр аппақ жабағы, Бұйра шыңдардың бетімен қара көлеңке Сорғышқа құйған сияша жылжып барады. Жарыса көкпен жабағы жөңкіп не түрлі, Жердегі жарық жердегі нұрды кетірді. Көлеңке түскен көркем беткейлер алыстан, Қара түр басқан көкжасыл киіз секілді. Жарау атпенен жақыннан қусаң жетпейсің, Көлеңке зулап, қарайып әні кетті ой, шың. Күн түсіп тұрған жер ғана алтын алаңдай, Жарықты аңсап, жаурасаң солай беттейсің. Қабағым менің – аршалы таудың қабағы, Наланың бұлты бір соқпай қалай қалады. Азайып кетпей, ашылар деймін қайтадан Күн түсіп тұрған басымның алтын алаңы. Жез тастар жатқан желегі қалың көк белге, Екі үйір жылқы еміне сүңгіп кеткенде, Балқаштан бері жолаушы шыққан кемебұлт, Трюмін ашып, төбеден бұршақ төккенде. Сулығым киіп, белдеуде тұрған қара атпен, Желе шоқытып, тайғанақ жасыл қабақпен Автоклубты іздеп ауылыңа келіп тұрғанда, Жүзіңді бұрып, «жігіт-ау» деп бір қарап па ең?! Жүздеген тұлпар жұлқына төмен шапқанда, Тұяғын аттың табанда тастар қаққанда, Қара аттың мойны астына келе жығылып, Сонда да болса көкпарды бермей жатқанда, Шылбырын ұстап қара аттың жұлқа үріккен, Домалап тұрып, додада жаяу жүріп мен, Көзбенен сені іздеген кезде қас керіп, Қабақта тұрып көзіңе мені іліп пе ең?!
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Ат емес, енді автоны тіреп белдеуге, Жілігім толып, жігіт боп, жын боп өр кеуде, Ат жетер жерден ақ көңіл нөкер жиып ап, Аулыңа сенің алшаңдай басып келгенде, Қас кере күліп, қырындай бұрып бетіңді, Қиылып тұрсың қылықпен әсем не түрлі. Кеш көрдің мені. Өлетін науқас сауығып кеткенде келген кесірлі тәуіп секілді. Құзардың ерні – ұяның ұшар жиегі, Қыранға тамақ қисынсыз жерден тиеді. Қызылдар еді қидасын кәрі жіліктің, Ал қызыл еттен де ада боп шықты сүйегі. Ешкімнің мұнда естілмек емес ентігі, Етегі қорым еңлікті құздың ең тігі Ер жүрек құстың ұясы еді, етекте Ат көпір сүйек – арқар мен елік жемтігі. Бала құс таңнан талтаңдай басып тұрғалы, Төсеніш бүріп, тасқа да батып тырнағы, Төбеден қарап төменде жүзген ақ бұлтқа, Шарасы мұнар шатқалдың шуын тыңдады. Күлімдеп шығып, қыздырып батар отты күн, Шыжғырып жатса шыршалы шыңның шоқтығын, Қылтылдап мойны, күн бойы көріп байқады, Қыранға қазір қыдыртар жердің жоқтығын. Күн батқан кезде құбылаға сіңіп асыл нұр, Қара көк мамық қанатқа тықты басын бұл. Оралмай әке, ораза ашпай талайдан, Қанатын қағып, құса ғып бітті тас үңгір. Ақиық жетім, аңқыған шақта қыр гүлі, Шыдамы бітіп, шер буған кезде бір күні, Саңғырық тамбас сар тастан құйрық көтеріп, Сабамай қанат, санасыз төмен ырғыды. Қуыстан шығып төбесін таспен бүркеген, Құлдырай құлап, шыңырауға кетті бір терең.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Құзардың жүзі аспанға қоңыр суша ақты, Қанатын жазбай құлаған шақта бұл төмен. Шоқыдан сонау шоқиып шыққан шынарға, Тоқтамай келіп, топшысын, байғұс, ұрарда. Қалбаңдап жүріп, қанатын тездеп қаққыштап, Қаттырақ ағып, айналды тастан қыранға. Қанаты мұны, қаттырақ қақса – қолдады, Ақиық жолы әуемен тартты ол-дағы. Тауықша қыран талтаңдар ма еді, кім білсін, Туғалы басқа жүретін жолы болмады. Айлағы бұлттың Арқадан бері асығар, Баурайы – арша, балағы – пішен, басы – қар. Бейқам даланың биіктеп кеткен жалғасы – Мәуелі таудың міні жоқ жұрттан жасырар. Қалқа боп тұрған қалбасы сонау қалаға, Фон болған таулар фон болып қана қала ма?! Жазира жолы тауларға қарай тартады, Таулардан бұлақ егіліп, жылап далаға. Жығылып үйлер, шешіліп желі, көген де, Маусымда құмға масаның бұлты шөгерде, Бабамыз көшкен жаны үшін жазда биікке, Бабамыз көшкен малы үшін күзде төменге. Биікте бәрі – бүгінім және көнем де, Өмір де, ой да, намыс та, күй де, өлең де. Жаным бар мені шығарар шырқау биікке, Малым жоқ бірақ түсірер мені төменге. *** Шақылдақ зытып, көз таса болған заматта, Қыналы қойтас қисайған жасыл қабақта, Аршаны кешіп, аршыңдап келе жатқанмын, Шыбынсыз жазда шырмалып гүлдер балаққа. Қолымда жүген, қой салған сүрлеу ізбенен, Ала аяқ атты алқына басып іздегем.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Кестелі өңір. Келісті, көркем төккені-ай, Табиғат ісмер сиқыры күшті бізбенен! Атымыз қашқан, аяңдап жүрер жай бар ма, Түскемін талай түптері сынап сайларға. Алдымнан шелек сылдыры шыққан, сылаңдап, Сылтыңдай басып, су іліп жаттың қайнарда. Қос шелек беті үйіріліп барып тынғасын, Құбақан құлын мүшеңді бері бұрғасың. Кекілді түртіп, ал қара шашты жөндеп сап, Ендігі күнім не болар деп те тұрғасың. Көркіңе тоймай, көгілдір қудай құлпырған, Қолымнан жүген, шылымым түсіп ұртымнан, Қара алмас көзден «қарағым» дегенді оқып қап, Алтайы көрген шөгелдей төте ұмтылғам. Жүректі басып, тоқтатып екі өкпемді, Мейірімімді сол сәт жаңбырша саған төккем-ді. Ғашық жандардың әдеті ғой деп көктемгі, Сарғалдақ сонда қып-қызыл болып кеткен-ді. *** Желкілдек дөңге, жайқалған гүлге ондағы, Жылтылдап оты, киіз үй келіп қонғалы. Шалғынды бес күн ақ көлшік отар жөргек қып, Қотанның түсі қоңырқай тартты қордалы. Кең төсі – салқы, артынан алды қысқарақ, Кенежиренді тірсектен арқан ұстап ап, Шіркейді қуып жібектей жеңіл құйрықпен, Беткейде жатыр бетеге шөпке тіс қадап. Сәйгүлігімнің сүйкімді барлық қылығы, Сауыры, саны, қидасын кәрі жілігі. Жабуын қағып, ерін де қойдым дайындап, Алтынша шайып астауға сары сұлыны. Қияға қаптап, құлдилап сазды ойына, Ата-бабамның арғымағы да, қойы да Тіс қадап жеген биіктің шөбі – бетеге, Бақ болып дары бәйгі аттың бапты бойына.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев ТОЙ. САРЫЖАЙЛАУ «...Той қылған көпке інінің ерлігі дұрыс, Көмектеп, көптеп көрсетер елдігін де ұлыс. Риясыз думан өткізу ендігі бір іс»,– Осыны ойлап сақалы, белдігі күміс – Жол жорға мініп, келеді жазулы хаттар – Тәкаппар, шешен, бөрідей азулы қарттар баяғы... Атшабар бала, оны да ел келісіп апты, Зар күйі осы, бұл тойға келісі бапты. Құндыз түктеніп, құлпырмай терісі қапты, – Шапқан ат жетпес, екпінді, желісі қатты. Кекілін түйген, қаншырдай, жанары жайнап, Шеки де басып кермеге барады бәйге ат
баяғы... «...Атасы өстіп той қылса, күйлері келсе, Көкпар да берсе күніге, үй болып елше», – Арманы жалғыз – арманға үйленіп өлсе... Бастарын гүлше шайқайтын сүйгенін көрсе, Ультра күлгін сәуледен жарылып кеткен Беттерін басып, қыздар жүр сағынып көптен баяғы... (Киношы бейғам мұндағы – шыңдағы жайдан, Қырғыздар құсап тау даңқын кім, кәні, жайған?!) Атағы шығар көкпарда – ұлдары жайраң, Алты ауыл бүгін шалғынға сырмағын жайған. Мәскеудей тасып, қанжайлау Арбатша қайнап, Аңғарға атты ел сыйғызды қалмақша байлап баяғы...
«Сөреге тарттап!» кісіден айдала қайнап, Қалады қазір бұзылмай шайда да қаймақ. Қаптайды дүсір, желкілдеп айнала – байрақ, Аршалы жаққа тобымен айдалар бәйгі ат. Күй болар еді келісті – аттың кеткені, Сарыжайлауға жетпей тұр Тәттімбет қолы баяғы...
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м КЕНЕЖИРЕН Алдынан сөре, артынан қиқу таялса, Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша, Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша, Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша. Арқасы қозса, ылди ма, өр ме, елемей, Зымырар еді сындарлы сырлы жебедей, Ауаны тесіп аспанда ұшқан кемедей, Немесе безіп түрмеден шыққан немедей. Зырқырар еді, сүрінем деп те қорықпай, Тоқтатар оны кедергілер де жолықпай. Сөрені бетке ап, үш күндік жерден зорықпай, Құйындар еді құланын көрген қодықтай. Ән болып біткен Құлагер әлгі күліктей Бәйгеден келсе, кернейшілер де ілікпей, Алшаңдар еді ала аяқтары бірікпей, Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей... БАТЫРДЫҢ СӨЗІ Қара аспаныңнан қайғының бұлтын ығыстыр, Қазақтың кегі түп-түгел қайтар ұрыс бұл. Қатын-ай, әпер, қара сандықта – кіреуке, Адал бақанда алты алашқа адал қылыш тұр. Жау шапса алдан, жауырыншы жөнді бал ашып, Жебесі төстен көрмеген еді адасып, – Адырнасында алпыс бақсының күйі бар, Серпіні қатты сірі немені де ала шық! Алатау кімге? – Алдаспан айтар төрелік, Ноянның артын найзамен ашып көрелік. Тазқара құстың тамағы биыл таусылмас, Тапталып атқа талқаны біткен көп өлік. Құдайға шүкір, қу мойын жирен бапты екен, Құланы да ұстат, қунақ көрінеді, ап кетем. Қоналқылық жерге қос ат мінгізіп қойғаны-ай, Шешем жарықтық несіне дәу қып тапты екен?!
Жұ матай Ж а қ ы пбаев КЕНЕЖИРЕНДІ ШОРА САТЫП ЖІБЕРГЕНДЕ Жирен тұлпар – іштен туа қасқа бас, Молда мінсе, дұғасынан тастамас. Бермейтін-ақ атым еді, қайтейін, Бес моторлы самолетке баспа-бас. Таңда өзі ашып тақтай қақпа есігін, Шыбынға да тигізбейтін кесірін. Жабағыдай жатағандау болғасын, Кенежирен қойып едім есімін. Шоңайнаның мөрін жалға басып ап, Бақша кірсе, қумайтын ел тасын ап. Қорықшы да қамамай-ақ жүретін, Өзін өзі беделімен асырап. Митыңдатып мінгенім бе енді есек?! Бүйтер болсақ, бұл өмірге келмес ек. Жұбымызды неге жаздың, бауырым, Екеуміз де бәйгемізде теңдес ек. Жер бетімен жирен жұлдыз ағарда, Жұрт жаутаңдап иесіне қарар ма? Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқай, Енді мені есті жігіт санар ма? Құбыладан қайтқан атты тосарда, Қуаныштан көңіл енді босар ма? Аламанға ат қосқанда жігіттер, Жиренім жоқ, қара итті енді қосам ба?
Көрмегенің жұрттан қалған мал білем, Жиренім жоқ, енді менің қалды нем? Жұрт ағасын айырбастай бастаса, Шөке, сені өткізер ем алдымен.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м КӨҢІЛІМ МЕНІҢ, КӨҢІЛІМ (Сүгір күйінің әсері) Жандарға дос та, дұшпан да болған, Құмар да болған, құштар да болған. Көзімнен бұлбұл ұшқанда арман, Иттен де қалған, құстан да қалған, Көңілім менің, көңілім! Кетсем де кейде күйіктен қаңғып, Үміткер едің биіктен барлық. Жақсылық айтар адамға құрбан, Жомарт та қылған, сараң да қылған, Көңілім менің, көңілім! Құлазып барып қайта гүлдеген, Жайыңды сенің айта білмеп ем. Күндердің қолы қалай құтқарған, Қаршадай кезден талай дық қалған, Көңілім менің, көңілім! МЕРГЕН МӘРМӘР Баяғыда бір нақұрыс адамшылықтан да аттап, Шоқанның құлпытасынан қол диірмен жасамақ болған. Онысынан... көзі шыққан. Құлпытастан ұшқан тас түйіршік бетіне емес, қас астынан тиген. Қазір Шоқан құлпытасы зор, қызыл монументтен. Қара да жоқ қазір енді бұл тауда, Төре де жоқ, төлеңгіт те, сұлтан да. Егінжайда еңкілдейді комбайн, Ақ самолет гүрілдейді шырқауда. Шаңқанайдан ұзаған соң шамалы, Маңдайымыз Матай жаққа қарады. Дүниеде асфальт көп, ал мынау, Ұнағанда ұлы адамға барады. Шаттықты да іздемейтін кеуделеп, Шақырмаса шаң көрсетпес елге көп.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Тұла бойым ток соққандай дірілдеп, Тұрмын, міне, Шоқан сіңген жерге кеп. Кителінде жалт-жұлт еткен түймелер, Кілт тоқтатып күлдірлеген күймені ол, Түскен келіп Тезек төре аулына, Мерке жақта мейірімсіздікке күйген ер. Ат қойып кеп жоғарғы ел мен төменгі ел, Судай қаптап «сұлтаным-ай!» дегендер, Кер төбеге кетпен тиді кешікпей – Кетті қайтып келмейтұғын кемеңгер. Көзбен көріп Бопау менен Жылкелді, Қайынына қамқор болған күндерді, Тыным тауып, тығырыққа тіреліп, Тауда қалды тақиядай бір белгі. Ер төресі ең кемеңгер, ең адал, Елін ойлап дем біткен соң демалар. Ерлігі үшін, өрлігі үшін басына, Ақ мәрмәр тас қойған сары генерал. Құлпытасын нұрландырып күн кешке, Кім жатқанын білдіретін білмеске. Кемеңгерге көп көргендей сол тасты, Қыркүйекте ұрлап кеткен бір кеще. Ақиқаттың баласы ғой әр аңыз, Күн ашықта күреңітпей қараңыз. Жыланша иір, жалпақтығы екі елі – Тағылықтан тасқа түскен жараңыз. Көкке өрлетер күш бұққанда әр дәнге, Таңғажайып таста да ашу бар ма әлде? Қол диірмен бола жаздап болмаған, Қараймын мен көз ағызған мәрмәрге. Өзгеліктен өз басына өзі үлгі, Өміріне өзек еткен төзімді, Ер сайынын көре алмасаң, көрмесең, Тас екеш тас шығарады көзіңді!
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м МЕНІҢ ТӨЛЕҢГІТТЕРІМ «И войско песен поведу». В.Хлебников «Горами вверенное слово, Веду в сердца набег». Р.Гамзатов Қазақта бар ғой төр деген, Несіне мәнсап таңдаймын. Өмірге келіп көрмеген, Ниеті жақсы хандаймын. Қиялға кетсем бір қалың, Қаратпай жерге түк мені. Тыңдайды мені жырларым – Жанымның төлеңгіттері. Кермиық сұлу жүз барда, Бермеппін бұйрық, әттең, көп. Асқақ та сұлу қыздарға Абырой-атақ ап кел деп. Су кешіп, тауды айналған, Келеді қолым жер біліп. Жылқы ұрлап емес, жайлаудан, Шопанды көңілдендіріп. Зекетті қойып ескірген, Зерделі өңшең батырым, Ештеме алмай ешкімнен, Береді барлық ақылын. Шекара жақтан енді ме, Шерігім менің тұра алмай, – Ең күшті деген елді де Алады бір оқ шығармай. «Жаулаушы» деп те бұл маған, Тақпасын айып бір дұшпан. Есугей емес, үлгі алам Айтматұлы Шыңғыстан. Апарса тарту салтта әйгі, Достарға түріп білекті,
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жауының басын тартпайды, Тартады мына жүректі. Сан ғасыр сынап көр мейлі, Өмірден өзім кеткенде. Оқтан да олар өлмейді, Өлмейді ешбір дерттен де. Тек қана бақыт шапағын, Тек қана достық аңсаған. Қолымның сонау қатарын, Көбейту үшін жан салам. Ұлы істер ғана істейтін, Қалдырам саған, мықты елім, Ешқашан аттан түспейтін, Жанымның төлеңгіттерін. Батырлық атпен жасты, елім, Ерліктер жасап сан түрлі. Көңілді менің әскерім, Көбейтсе болды даңқыңды! МАХАМБЕТ ӘНІ (Монолог) Сауық та сын, ойлар да, сайран да сын, Ауызекі дәріпке айналмасым. Қажып, талып барасың төменшіктеп, Ханға сәлем бермейтін, қайран басым. Адас тағы... Амалсыз жанасқалы, Арманыңмен кей арам санаспады. Қаншама рет сыртыңнан күйе жақты, Қаншама рет алдады, аластады?! Қайран басым, қайғысы, сесі де ерен, Өзгелердің өзіңді есі көрем. Қолға түссең, ең биік дарға асылып, Қыл мойыннан қиялай кесілер ең.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Керім едің, керімнің өрі де едің, Шулайтындай қой-қойлап төңірегім. Кең далада кесілген басымды ұстап, Келе жатқан адамдай көрінемін. Атағы, әлі, әр түрлі аталары, Аталары әр елдің, сақалары. Әркім басын көтеріп өмірінде, Әлі жеткен жеріне апарады. РУЛАР Өткенге өкінемін оны ұққалы, Бір жерге тоғыспаған толық бәрі. Ұраны, тұрағы бар өз алдына, Рулар – көшпенді елдің полктары. Құрымдай суға тиіп күнде іріген, Кесіскен ат құйрығын бір-бірімен. Шабысып сайға бола, тайға бола, Құйқаны шымырлатқан қырғынымен. Қырқысып, жетпейтіндей жарық ғалам, Полктар азған, тозған, арықтаған. Алты арыс алауыз боп ақырында, Үш жүзің үш майдан боп жарытпаған. Жаулығы жазираға жоғалмаған, Алыстан қалмақ, шүршіт соны аңдаған. Алты арыс алауыз боп ақырында, Үш хандық бір мемлекет бола алмаған. Халқымның қателігі түзелсе өткен, Салмағын сахараға жүз өлшеткен. Қазақтың бар тайпасын өз қолыммен, Даңқтың кітабына тізем шеттен. Қарулы қолын байтақ гүлді іргенің, (Бірлікке, ынтымаққа ділгірде елім!) Білемін, заманында бітпейтұғын, «Біз күшті!», «Жоқ, біз күшті!» бүлдіргенін. Шығарған әр ғасырда даңқын да ерек, Қоямын мен олардың нарқын бөлек. Рулар – көшпенді елдің полктары, Ал маған «полкым» емес, халқым керек.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев УӘЛІБАЙ МЕШІТІ Аптапқа қақталғанмен төбесі ұзақ, Түсірсін мезгіл оған неге сызат! Жаркент ғимараты – Уәлібайдың, Мешітін салыпты ұста шегесіз-ақ. Халықтың көз жауын ап көне өнері, Бас шайқап бүгінгінің көреді елі: Сәулеттің ақ өлеңі, әуелеуі – Қиюы құйылғандай бөренені. Қонған-ау өнерпазға азапты бақ, Өнер тұр өзі де өр қазаққа ұнап. Жердегі жеті ғажап бірі емес бұл, Санатта жоқ, ғаламда ғажап бірақ. Қажырлы, қайтпас дарын әр елде көп, Әркімде әдіс басқа, мәнер бөлек. Шеберлер, шегемен бе, шегесіз бе, Әсемдік әл-қуатын дәлелдемек. Ақылын жақыны алмай, жат тыңдаған, Хас шебер алтын саусақ тапқыр да адам. Шегені лақтырған ғой өрлігінен, Әйтпесе, қаға алмаудан лақтырмаған. Ғажапты ел құлағы елеңдерлік, Естісек, көрсек, біз де кемелдендік. Қолынан өнер келген ұл бір бақыт, Тілеу де шеберге өрлік – кемеңгерлік. КЕЛ, БАУЫРЫМ! Қырғыз ақындары Жоңғарға келгенде Алатаудан келдің бе: «Көр, – деп, – мені!» Әуе, жерді ырыңмен тербеткелі? Көкетайдың асына жетпесе де, Той жасайын, кәнеки, төрлет бері. Қазақ салты ұнамас қай туғанға, Қонағына әндетпей қайту бар ма?! Қызығыңа қарайын кешкітұрым, Қылышындай Манастың ай туғанда.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Алатауды атамыз еншіледі, Жұт келсе де екі елге тең сын еді. Мәулен басты шыңдардың ұшарындай, Ақ қалпақты бауырым, келші бері. Сені көріп, кірпігін күн қақты әне, Жамбылдың да өзіңсің сымбатты әні. Саяқбай қарт санамен сақтап қалған, Миллион жол «Манастан» тыңдат, кәне. Сағынышпен ашайын саған құшақ, Менше өпсін жүзіңді самал бұ сәт. Қомызыңды естиін мейірленіп, Көңілі бос, күй десе, ағаң құсап. Мұзбалаққа – ұқсайтын шың құсына, Оған тәнті мұндағы тұрғысы да. Барлық құрлық ақыры басын иді, Монғол емес, қырғыздың Шыңғысына. Таңдайына татитын түбінде елдің, Менің жырым қырғызға білінген күн, Алтын дәннен ашытқан бозаңды ішіп, Темір пештің отындай дүрілдермін. ТУҒАН ЖЕРГЕ Туған жерім, сені ғана түсінем, Судың емес, қайнарысың күшті әннің. Жабайы алма, жасыл шетен ішінен, Тамылжиды таңғы арманы құстардың. Аршалыдан алты қанат үйлер кеп, Бас үйткен де, шақырған ба көп елді? Үнді үйреткен әбжыландай иреңдеп, Ақ түтіндер көк түбіне жөнелді. Аралайтын ағаштардың мың түрін, Жас сұлудай көп болатын селтеңі, – Қусақ суы аспабындай күлкінің, Бір сәбидің сықылығын шертеді. Туған жерім, әлемдегі ел түрлі, Таңдай қаға қарауы үшін мың сан күн, Әспеттеуге, бейнелеуге көркіңді, Тілімнің бар акварелін жұмсармын.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев БОЗТОРҒАЙҒА ОДА Көкте өзі, жерді кезген қиялы кіл, Көмейден туындысын құяды бұл – Жадырап жаңбырдан соң сала берсе, Жусанды, жуалы да миялы қыр. Тоғытқан тоқсан тоғыз тараулы үнін, Іш тартқан дала әншісі жарау бүгін. Қанатын қимылдатпай құйқылжитын, Бұлбұлмен бәсекесі бар-ау мұның. Жақындар...алыстығын кім ұғынар? Олардың екі бөлек ғұмырын ал: Биіктен сайрау керек, бұлбұл құстың Тоғайда тоқсан түрлі тұғыры бар. Бозторғай жазирада тосылмай көп, Астынан сүйемей-ақ еш ырғай көк, Сайрайды көкте тұрып өз күшімен, Оның да тұрған тұсы осындай деп. Тік шығып түу биікке жырадан көк, Мың түрлі тақырыбы бір-ақ ән боп, Сайрайды ол, бейнетті де қоса атқарып, «Мен көкте сүйеусіз де тұра алам», – деп. Көрініп тұрғанымен көзге ана шың, Оны ешкім осы арадан қозғамасын. Орманды ойша жасап, дәріптейді ол Қанаты талғанынша боз даласын. Талайсыз тағдырына күрсінбелік, Апыр-ай, ашылмаған бұл сыр не қып?! ...Бұлбұлың мықты болса, бірер сағат, Бозторғай орынына тұрсын көріп. КӨЗБЕН ЖАЛҒЫЗ КҮЙ ШЕРТЕР Ойынды қойып, ойбайлап жылап бар бала, Қатындар қарғап, қарайып кетті сар дала. Сарыарқа күшін танытқан сарын иесін Алпауыт Ақбай байлатып жатты арбаға. «Өзекті жанға бір өлім» дейтін кезі дәл, Өспірім көңіл өсірген ана өзі ұғар.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Жүрерде арба көзбенен жалғыз күй шертті: «Аман бол, шешем, аман бол», – деген сөзі бар. Қараңғы жерден қайтарар қайсы, қай күлік?! Жығылып жығам, жүрегім қатты шайлығып, Ажалға бермей, араша болар дәрмен жоқ, Әл-қуат, әнім – әкемнен қалдым айрылып. Хал-жайын ойлап, қалтырап жүрген кезі дәл, Өспірім көңіл өсірген ана өзі ұғар. Күніге енді көзбенен жалғыз күй шертем: «Аман бол, шешем, аман бол», – деген сөзі бар. Торлама әжім түсірсе күндер ажарға, Тосқауыл бар ма араны жаман ажалға? Өсіріп ұрпақ, өткеріп барлық міндетін, Өтеді ана, кетеді ана мазарға. Ұлдар да туар атадан асар өзі нар, Қартайса ана қадірін сонда тез ұғар. Олар да кейін көзбенен жалғыз күй шертер: «Аман бол, шешем, аман бол», – деген сөзі бар. КӨКСУ Аспанға бұрқылдатқан ақ көбігін, Аман ба, асау өзен, ат-көлігің?! Ашылды, кеп кір, міне, көк тұрғыны Ақынның қасиетті дәптерінің. Жолыңды жартас біткен тұрса бөгеп, Әрине, танытпассың жұмсақ әдеп. Асауым, автоқалам сиясындай, Апырай, қалай болдың мұншама көк?! Жасылым жамбасына тас төсеген, Жаңбыр жоқ, арының да пәс кешеден. Құлагер – ат ішінде, ал өзеннің, Ішінде сен жүйрік деп бәстесер ем. Жүйріктен жүйрік озар кезегімен, Мақтауға, даттауға да төзе білем, Тарпаңым, таудан сені жарыстырып, Ағынды Ілияс ағам өзенімен.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Дүбірге дарқан дала тосар құлақ, Емессің екеуің де осал бұлақ. Ал, жүйткиді, Ақсу, Көксу тауда туған, Біреуі тақ, біреуі қос арғымақ. ЖЕТІ ПЕРІ (курстастарға) Жыланшық шөбі хиппидің шашынан қалың, Күзеп бітірдік көл жақтың жасыл аңғарын. Есмағамбет шал тіркеуші жеті қызды да, Арқадан қағып, сипады басынан бәрін. Жұмыстан қайтқан қыздардың қоңыр әні көп, Күлдірлейді-ау бір құлынның қоңырауы боп, Су құмар жетеу толқынды «Аһпішулетіп», Ернін көгертіп, күміске шомылады кеп. Судан шықса олар ақ көлдің арнасы кеміп, Қайтадан кірсе, толқындар жар басын өбіп, Сиыр айдаған ақсақ шал жерге түкіреді, Сұлу қыздардың шыт қаптан алмасын көріп. Шалпылдатады, ақ көлді тасырлатады, Су да шашады, құм айдап, тасын да атады. Жынды боташа құтырған жеті періге, Бригадирліктен биліксіз басым қатады. Мен бір жақтан қап алтын ап келетіндей, Қаумажалайды, қауышқанымды бақ көретіндей. Әрқайсысы да ойда жоқ оңаша қалсаң, Ойлана қалады гроссмейстрге шах беретіндей. Ертеңгі трико кешкісін ала сәтен боп, Жүз құбылғанда жетеуін тамаша етем көп. Біреу ұрысса, бәрі кеп маған тығылады, Ақымақтықты асқақтық сабаса екен деп. Жеті перінің айтатын әні көп еді, Бәрі де айтады, әйтпесе, бәрі «көреді». Неше жыл өткен соң жан-жақтан «Басекелеген», Жеті сол дауыс құлаққа әлі келеді.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Қиқулап өтсе қаздардың азаны аспанда, Қараша келіп, қонаққа қазан асқанда, Жеті пері қыз жүр ме екен «Басекемайлап», Жастарын сүртіп, жарлары жаза басқанда? Мас етер өмір, көркімен мас етер аймақ, Жылыстап, жылжып, көрікті ұрлап, жас өтер айлап. «Басекемайлап» күліңдер қайда жүрсеңдер де, Жеті періште, жылама «Басекемайлап». УНИВЕРСИТЕТТЕ Тағы да сол залмен келем бе, Бір түйін тіреліп алқымға? Көнетоз паркетті еден де Баяғы шаңдауыт қалпында. Мен болып күлімдей баққаны, Ұялып қалса да басында, Күңгірттеу терезе жақтағы, Сұр жасыл жылытқыш қасында. Жусанды, миялы ұлыстан, Болардай мен ертең ұлы ақын, Бір сұлу ана бір бұрыштан, Көз алмай күлімдеп тұратын. Айтылмай арада сөз деген, Алыстан көңілді ой кешіп. Жарқылы бөлекше көзбенен, Көп уақыт тұрушы ек сөйлесіп. Мұңайтып сол нәзік құрбыны, Ертеңгі күнді ойлап қайғырмай, Қоңырлау бұл залға бір күні, Кеткенмін мүлдем мен қайрылмай... Сан жылдар өткен-ді арада, Ұмыттым көп жақсы арманды. Болдым мен қаншама қалада, Көрдім мен қаншама жандарды.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жүрдім мен көгілдір аулымда, Тағдырға, өмірге аз өкпем. Қойды да бақтым мен тау, құмда, Ойды да бақтым мен газетте. Аз-ау тек таба алған олжам да, Мінезім көп бірақ жоғалған. Күндіз де күңгірттеу сол залға, Енді мен қайтадан оралғам. Тағы да сол залмен келем бе, Бір түйін тіреліп алқымға? Көнетоз паркетті еден де, Баяғы шаңдауыт қалпында. Жусанды, миялы ұлыстан, Болардай мен жалғыз ұлы ақын, Бір сұлу анау бір бұрыштан, Көз алмай күлімдеп тұратын. Жүректі тағы да сулатты-ау, Тағы да бұл нендей әлегі? Сонау бір қыздан да сұңғақтау, Сонау бір қыздан да әдемі, – Бір қора қыздардан ұрлана, Сөйлесе жуырда тынбаған, Тана көз, бұрымды бір бала, Тағы да көз қадап тұр маған. Жарқырап жаздағы таңша абат, Ерекше үлбіреп нұрлы өңі, Мені бір ғажайып жан санап, Көзімен аялап тұр мені. Көп уақыт менен көз алмаған, Артық жан санаған өзгеден, Мен осы қалқамды алдаман, Мен енді біржола өзгерем. Арманға бой ұрып не түрлі, Ежелгі батырлар жұртынан, Мамырдың шынары секілді, Қайтадан жаңаша құлпырам.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м КЕРЕГЕМ НЕГЕ КӨГІЛДІР Соңыма қалам алып түскен інім, Түйе отыр мына сырды ішке бүгін: Жүйкеге, жүрекке де әсері бар, Әр түрлі бояу-нақыш түстерінің. Мәрмәрдан залға орнатып қилы мүсін, Ғимарат салдырғанда күйлі кісің, Әр түрге құбылтқанмен, еш заманда, Қарамен боятпаған үйдің ішін. Жүргізген суретшінің жүзін жалға, Бір патша қияли да, қызу қан да Боятып жасатқан ғой сарайынан, Ақ зал да, сары зал да, қызыл зал да. Ізденсе дизайнның маманы әлі, Табылар үй сәндеудің сан амалы. Ол айтса, сары түс пен көгілдір түс, Бояудың көңілдісі саналады. Ой толғап оранғанда өңір гүлге, Өссін, – деп оны көрген көңіл күнде. Ордамның алты қанат керегесін, Бояймын сондықтан мен көгілдірге. Көзіме Мыңбұлақта түскені бар, Көгілдір ақшам түгіл, түсте мұнар. Адамзат қадым шақтан, әлімсақтан, Осы бір орны бөлек түске құмар. Ауыртпас алғырлықтан хатқа басын, Айтар сөз ақыны да таппағасын. Аққудың көгілдірі депті ақыры, Көлдегі киелінің ақ баласын. Адамның шарықтатар көңіл, есін, Ғажайып көлі де шын, шөлі де шын.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қазақтың қайран жері, ақпанда да, Сен маған көгілдір боп көрінесің. Тоғайда – томар, тамыры қалып тереңде, Тұрғыластары тақтай боп кеткен еденге. Жас бүршік жарар, көктемім, өзің келгесін, Жамбастап жатқан қабығы шірік емен де. Күркіреп күнің, күлгін жіп бері беттетер, Асыр да салар мақпалдай тықыр көкке төл. Миялы қырға, көделі бозға сен барсаң, Қара кесіртке қиярша жасыл боп кетер. Шәйі мұнарлы шығарсың барлық шығанға, Байқайсың, көктем, бағыңды шындап сынарда. Әсемдіктің де әсері шексіз болмайды, Көгілдір бояу жұқпайды жұқсыз жыланға.
ҚҰСТАР, ҚҰСТАР Құба арнаға құйылғанда қыс кәрі, Сайрайды кеп біздің ауыл құстары. Гангыға да, Нілге де олар белгілі, Жерлерге де елімізден тысқары. Айдындарды жарық қылар күлкісі, Жас ғалымды мас қылатын түр-түсі, Гаваядан қонбай ұшып жетеді, Қол басындай қоңыр қанат жылқышы. Ағаштарға қол соқтырса тасты көл, Береді олар шіркей жеп-ақ гастроль. Миуа бақта мыңсайрам-ақ ойнайды, Ол жақта да, бұл жақта да басты роль. Сарғалдақты түріп айдап самала, Жылқы түгі жылтыраған шамада, Ебі соғар ен далаға жетеді, Ернар тапқан руда жоқ шағала. Ернар Әуезов – белгілі ориентолог.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Ағаш іші, жекен іші мол үнді, Христиан жұмағынан көңілді. Күй төккенде, жазған басым жаңылам, Қанат па деп қаға жаздап қолымды. Құба арнаға құйылғанда қыс кәрі, Сайрайды кеп біздің ауыл құстары. Гангыға да, Нілге де олар белгілі, Жерлерге де елімізден тысқары. Кеуде төсеп қарашаның желіне, Қиқу салып, қанат бұлғап еліме, Жиһан кезіп кетпегенмен, бір күні, Біраз ауыл іздейді ғой мені де. Тарап кетіп таңдайымнан талай үн, Менен де әуен күтеді әзір маңайым... Көкейкесті күй төгетін күніге, Құстар маған, мен құстарға ағайын. Құс байғұсқа қанат жимай бола ма? Қарлығаштар алакөлең қораға, Ауызымен үй салғанда, қиналам Болғаныма осыншама қолаба. Басқа жерге тұз төксе де ұшпаймын, Аман жүрсем, Алатауды қыстаймын. Қос топшысы қоналқада салбырар, Ұя-жайдан ұяттылау құстаймын. САЗДАУЫТ Қара үзіп жеке жөнелдім, Қарыштай зулап атым да, Көз құрты болған көп елдің, Серкені басып тақымға. Жұлындай қылып жаратқан, Қамшыны басып қара атқа, Қорым тас қоңыр қабақтан, Құладым жасыл қолатқа. Ағады тізгін жіберсек, Атыңа сенсең, аз қауіп.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қорсылдап кірер тілерсек, Қолаттың түбі саздауыт. Абайлап келем қиырдан, Ар жаққа өтсем, аңдушы аз. Ат жетер жерден жиылған, Артымда – қуғын, алдым – саз. Айылын жияр күдік те, Ат үсті желік қосқасын. Тізгінін тартқан жігіт пе, Қиямет қандай тоспасын?! Қуғын да жетті қиқулап, Қарғыттым атты жартастан Еңбектей жұмсақ, былқылдақ, Балшықты, шымды балқашқа. Балшығы құрсын қолаттың, Болмайды батып көр деуге. Етігі болса қара аттың, Қалатын еді сол жерде. Қолтықтан кіріп, күш қылып, Қорқылдақ сазға, шалшыққа, Әзерге шықты-ау ышқынып, Бауырын былғап балшыққа. Аяздай батып арқама, Атымды былғап алғаным, Бауырын жуып қалқада, Уыстап суды қармадым. Созылған оған қол қанша, Қаруын қардың сынасып. Атымды жуып болғанша, Көкпар да кетті қыр асып. Долырып тағы бір бетте, Додаға кіріп үлгірген. Оп-оңай озған дүрмекке, Опына қарап тұрдым мен...
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Шаппай да желмей соңынан, Олжасын баққа барабар Бақытсыз жігіт қолынан Балшық та тартып ала алар. Бақытың болар сақтығың, Ғұмыры тынбас додада. Балшыққа қарай шаппа, інім, Балшықтай жанға жолама. *** Көл беті – көкорайда жоқ өсімдік, Ақ гүлін тұңғиықтан тебе сырғып, Қалқыған жапырағын кие-жара, Су сызды құс біткеннің төресі ілбіп. «Ағалап» бала әкелген арнап мана, Қарамай қара жіпті қармаққа да, Су түбін көк балдырлы, көлеңкелі, Жатырмын жағажайдан барлап қана. Көремін көп қызығын су сығалап, Бұлтылдап ит балықтар тыншымады-ақ. Су іші ала көлең, қорқынышты, Кәнеки, батыр болсаң, түрші балақ. Ұмтылған ұрымталдан ұрыдай нақ, Балдырдан балықтарды түріп айдап, Ажалдың жазуындай сүйреңдеген, Жіңішке қоңыр жылан зымырайды-ақ. Жылп етіп тар ұңғыдай бос үңгірден, Зуылдап су түбіне тосын кірген Ажалдың сол жазуын тас атқылап, Ақыры біржолата өшірдім мен. Келгенмен мәңгі-бақи өсіп-өнгің, Көшірер жұмыр жердің төсінен күн. Адамның атын кезек сумаңдатқан, Ажалдың бар жазуын өшірер кім?!
Жұ матай Ж а қ ы пбаев ШАЛА БАЛА Ілеспесін сезеді көшке өлеңі, Құм беттеніп, күн көрмей өскен өңі, – Шала өлеңші болады – шала сыншы, Шала емеске сол шала өш келеді. Мүттаһам-ау, пысық-ау қилы іске ұсақ, Шаһқар жырдың өзіне минусты сап, Былай ғана: (көрері лай ғана) Қолқа, өкпесіз, кірге әуес вирус құсап. Арай емес ол үшін арай-дағы, Қарайтуға арайды жарай ма әлі?! Жарайтындай қарайса тас жүрегі, (Жүрегі жоқ, қате айтам, қан айдары.) «Міней ғойға» – «Ләббай» – кетеді ерсіп, Іштей мәз боп, парызын өтегенсіп. Бір өлең жоқ өзінде ел білетін, Бір теңеу жоқ өзінде жеке меншік. Құптай қалса қылығын сүйер ері, Бала ақынға бүйідей тиер еді. Қозыларды тамақтап ауызданбақ, Қой терісін таба алса шиебөрі. Бітіре алмас бастаса айында «жыр», Құрай да алмас құрдасқа қайырма әзіл. «Жалғыз көздік – бақ» деген цитат көрсе ол, Ағызуға қос көзін дайын қазір. Бала болар деді ғой басқа реңі... Жеркенетін жиырылып жастар елі. Шала өлеңші туарын сезбеді ғой, Мамасы аборт жасатып тастар еді. Жас басымен сөзге үйір қысыр, кексе, Жоқ беделін ант етіп түсірмеске. ...Шала өлеңші, бар болғыр, шала сыншы, Шауып алғын мені енді күшің жетсе.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м СҰЛУЛЫҚ ТӘҢІРІ Тайғанап құлап, тағы да қумай бола ма, Әжетке жарап, әжеңнің қара ешкісін? – Едені қорда езілген соқпа қорада, «Қотшылап» қойып, қой сауып жатса ел кешкісін. Тікенек кірген мүйіздей табан іріңдеп, Ақсаңдай басып жүгіруші едік жабыла – Ақшаңдақ жолмен ат арба өтсе дүрілдеп, Өгіз арбаны өкірте көміп шаңына. Қырық күн шілде – арық пен атыз кешеміз, Қоңыр, лай судан рақат басқа тілемей. Қашсаң да болмай жатарда жуып шешеміз, Жарылған қолға жағатын еді кілегей. Бесінде мүлде бақ тілеулері басқа боп, Боқ мұрын бізді ортақ та етпей назына. Қыз, жігіт біткен ойнайтын еді қашпа доп, Аржағы пішен Алмабай атаң сазына. Құлашы ұзын бір мерген жігіт жоқ па әлі, Ойыны қанбас осынау топтың ішінде. Гүлбаршын қызға тимейтін еді доп-тағы, Тимей ме жүн доп көйлегі жібек мүсінге?! Бәрінен қымбат, бәрінен артық сол адам, Көзіме жас кеп, бетімнен сүйсе ол «Күнім» деп, Сыз өтіп кешке салқындау саздан мен оған, Қараушы ем талмай, қас қарайғанша күлімдеп. Өтті көп күндер – өңім бе әлде түсім бе, Табылмай қойды тоқтатар бірақ мұны күш. Болып бір жатты болмысыменен ішімде, - Балапан жанда бағасы бөлек құбылыс. «Жүкәләй-а-аулап» шақырып шешем жатса да, Табылып ғажап көлеңке, жайлы бір арық, «Гүл-бар-шын» деп мен күнбағыс өскен бақшада, Жаттым-ау бір күн жұртта жоқ сөздер шығарып. Көңілді әкем, көреген бе әлде дана ма, Ойнай да күліп сыр тартқан кезде ол менен:
Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Алмабайдың қызын әперем, – десе, – балама», Күлегеш аузын жабушы ем екі қолменен. Лап ете қалар махаббаты бар жаныңның, Әлі де сәби әскере тентек сол ақын. О, менің алғаш сұлулық тәңірін тануым, Қағаздан қара танудан бұрын болатын. *** Өлкемде өсімдіктің ырғыны – гүл, Мамырда қаптатады қыр мұны кіл... Балалық...бұлдырайды гүл ішінен, Тұрғандай теріс ұстап дүрбіні бір. Жайқалса көрінбейді төбең гүлден, Жоғалған гүл ішінде өлеңмін мен. Аты емес, өзі ғана көрінеді, Алыстан ағаңның да дөнен мінген. Шыршаға жетсем дейтін шөбі ышқынып, Шалғыны керегедей жон үсті құт. Көбелек қуамын да...ұшып түсем, Жалаңаш башпайымнан жоңышқа іліп. Біледі көріп өссе кім де нарқын, Көгісте көркі бөлек бүлде бар-тын. Бүлденің бетіндегі алқадай-ау, Сары бас жоңышқаның гүлдері алтын. Зорықсаң күні бойғы жүгірістен, Иіскеші, қалампырдың гүлі күшті ем. Жатамын өзім де мас, ара да мас, Сары бас жоңышқадан шырын ішкен. Таусылған мыңсайрамның әні қашан, Көзімді гүл ішінен тағы да ашам. ...Сонау бір гүл исінен, нұр исінен, Ақ кемік бота көңіл әлі масаң. Өлкемде өсімдіктің ырғыны – гүл, Мамырда қаптатады қыр мұны кіл. Балалық...бұлдырайды гүл ішінен, Тұрғандай теріс ұстап дүрбіні бір.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м *** Бағының бишікештеу кербезінше, Шіреніп жүрмегенмен ел көзінше, Бес-алты жас ақынға осындағы, Байсалды ақсақалмын мен де өзімше. Бәрінде уайым басқа, тілек бөлек, Қоя ма тілділеуі мінеп те көп: Айтады арыз-уәжін жан-жағымнан, Мен келсем, біреуіне бірі өкпелеп. Оларда түрлі жағдай, түрлі намыс, Тілерім бәріне де шын қуаныш. Кезінде кикілжіңін түзетер ем, Олардан ордам шалғай, жүрдім алыс. Келсе де үнсіз қалғым кейде менің, Ұят деп ақсақал боп сөйлемеуім, Қапыда қазы болған Қожекеңше, Бәріне: «Сенікі жөн», – дей беремін. Жасытпай абайсызда даңқы кемін, Бар шыным, күндіз-түнгі бар тілеуім: Бәрі де уайым-мұңсыз, еш алаңсыз, Жырласа деймін байтақ халқын, елін. Көшеден мені бірі тауып еріп, Жүргенде жанымызға дауыл егіп, Оның бір бақталасы көріп қалса, Қалады мені де бір жауы көріп. Ондайда жеке қалам жетімсіреп, Бәріне сырттай: «Өсші, жетілші», – деп. Осыдан соң балалар татуласса, Ақсақал болмаспын-ау екінші рет. АҒА БЕЙНЕСІ Шаруам жоқ өңмен де, түспен де, Өмірге келмеген бала екем, Белград маңында түскенде, Суретке қадірлі ағакем. Окопта жау үшін қазылған, Түндегі сәл ғана жарықпен,
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сыртында сөздер бар жазылған, Асығыс, латынша әріппен. Өшіре жаздаған күн мүлде, Сөздерге үңілем кейде осы: «Белград. Капитан бұл күнде, Мақажан Жақыпбай кенжесі». Бір мін жоқ түрі мен түсінде, Эренбург сөздерін растап, Сержант, солдаттар ішінде, Ағакем ортада тұр асқақ. Суретте жаумай тұр қорғасын, Дегенмен, қауіп көп оларға. Фотоға түсіп ол болғасын, Қайта енген ажалды боранға. Рейхстаг бетіне бір белгі, Қалдырып қашаудан ерінбей, Берлинге ол жеңіспен кірген-ді, Қазақтың жігіті өрімдей. Қоя сап бір майдан нүктесін, Поезға мініп ап ақ таңнан, Рейхтің шаруасы біткесін, Шығысқа, Жапонға аттанған. Ауылға аман-сау келгенмен, Бейбіт те күндері демалмай, Қайтқан-ды ол, жауларды жеңгенмен, Жарақат зардабын жеңе алмай. Сымбатты, бойы тік, нұр өңді, Ғашық-ақ болатын талай қыз. Әкеміз екеуміз, міне, енді, Ағакем суретін қараймыз. Бір мін жоқ түрі мен түсінде, Эренбург сөздерін растап. Сержант, солдаттар ішінде, Ағакем ортада тұр асқақ.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м БАМБУК (Алматыға келген Азия-Африка елдерінің ақындарына) Алыстан лайнерлермен самғап ұшып, Жазының келбетіне таң қалысып, Әуеден түстіңдер ме, Алатауда жатқанда жүзім, жиде, алма пісіп? Сендерді, бөтен елдің жақсы ұлдары, Жасыл ну, жайылма өзен жатсынбады. Бұралып арулар да алдарыңнан, Шықты ғой гүл шоқтарын тапсырғалы. Қауышып соны шабыт, бұла күшпен, Шайырлар, жеттіңдер ме қуанышпен? Гиндзада, Каир жақта жыр шалқытып, Ява деп шалқып-тасып туак ішкен?! Ғұмырды падишадан кем сүрмейтін, Бомбейдің келістірген сенсің кейпін. Келдің бе, синг ақын, жүзі қоңыр, Магараджа байлығын менсінбейтін?! Халықпен ұлы тойды бірге көрген, Шайырлар нұрлы жүзін күнге берген, Жолаушы шықтыңдар ма, босанып бір, Құшақтан, қызметтен, түрмелерден?! Жуықтау тұрушы еңдер қатерге елі, Қадірлі туыстарым жат елдегі – Қап-қара континенттің Сәбиттері, Сап-сары континенттің Сәкендері. Адамзат тарағанмен түрлі атадан, Шайыр ғой барлық елге қымбат адам. Жоңғарда жырларыңды қазақшалап, Газетке облыстық күнде апарам. Қашықтап жүрегіме жайлы қырдан, Джунгли ойларға ма, қайда ұрынғам? Туак – Индонезия ішімдігі.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жаным бір күйзелді ғой өздеріңнің, Жырларың жайып салған қайғы-мұңнан. Құрлықта білімі олқы, ажары кем, Айтулы ақын болу жаза білем?! Жүрегім шаншиды ғой көл көрмеген, Ақынның филиппиндік азабымен. Қай күні түзелер деп ғұмырға алаң, Ұсынды үшінші әлем жырын маған: Джонкалар, лашықтардан аш-жалаңаш, Сәбидің бет-бейнесін шырылдаған. Сыртынан бақыт тілер бөтен елге – Мінезге қасиеттер жете ме өңге?! Ойыма оралады жасыл бамбук, Сіздердің саулық үшін көтерерде. Орман боп өссе бамбук жол бойлаған, О, онда ашықпайды, тоңбайды адам. Бір күнде найза бойы көкке өрлейтін, Өскелең өсімдік те болмайды одан. Солқылдақ діңі ғажап, сесі көркем, Ойласаң өспесін деп есіл өркен, Тұқымын бүгін көм де, үстіне жат, Шығады денеңді ол тесіп ертең. Адамды шошытатын қабақ, сұры, Жанынан айырарда ғажап сірі. Бамбуктың дәні егілген топыраққа, Тастаған байлап-матап қарақшыны. Бар ғасыр естір, көрер, елер мұңын, Шайырдың жерде қалмас көне ерлігін. О, сіздер өркенсіздер күнді аңсаған, Шығарар жаназасын кедергінің. БҰЛБҰЛДАР КЕЛГЕНДЕ Қар жатқан кезде тау, құзда, Қазақтың отты назымен, Көңілсіз сонау наурызда, Көктемге бір хат жазып ем.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Жауынгер ерше сыналық, Жырдың да өзін сонымен. Газетке оны шығарып, Эфирден оқып беріп ем. Сол хатта шөпті, гүлді де, Сағынып бірге елменен, Қаңғырып кеткен үндіге, Құстарға қайтып кел дегем. Еримін әнге, содан ба, Естір деп алыс, жақын маң, Мыңсайрам бұлбұл, оған да, Ауылға кел деп шақырғам. Жұмбақ сыр бар ғой көптеген, Жырымыз сол бір, обал не, Жеткен бе биотокпенен, Жеткен бе көкпен, жоқ әлде... Шомылып жылы жауынға, Шулаған кезде бақ тағы, Мен туған жасыл ауылға, Мыңсайрам бұлбұл қаптады. Айтқанға сенбес әдетпен, Ауылға біздің келгенде, Сұраңдар ауыл советтен, Сұраңдар сәбилерден де. Бұлбұлдар бақтан іңірде, Тербейтін қылын жанының. Бұлбұлға толы бүгінде, Үй басы менің ауылым. Қазақтың нұрлы тілімен, Қызыққа жұртты батырып, Бұл жаққа жердің түбінен, Бұлбұлдар бердім шақырып. Жақсы іске арнап жаңа үнді, Жазайын бір хат күн сөне, Құстар да ұққан жанымды, Кейбіреу ұқпай жүрсе де.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев СҮЙЕНІШ Көреді де жабырқаңқы бұл мені, Жанкүйерлер сөзге қоспай өтпейді. – Бұл баланың бастық болмай жүргені, Жебейтұғын сүйеніші жоқ, – дейді. Биік менің жеткенімнен жетпегім, Сол пәк қалпы бала күнгі өлеңім. Бекер бәрі: сүйенішім көп менің, Құдайлардай құдіретті көбі оның. Солар күнде мен деп бәйек болады, Тумысынан албырт, асқақ жанды ұғып. Мансаптары болмағанмен жоғары, Бәрінің де орындары мәңгілік. Қарыздар боп қалмайын да мен енді, Ақындықтың ақтайын да борышын. Олар мені қаншама рет демеді, Қаншама рет берді маған қол ұшын! Бала кезде шуылдатып құлағын, Одан артық жан тумасын түсініп, Қара көзді Ләйләны айтып жыладым, Бірде өрепкіп, бірде жұрттан қысылып. Ақымақтар сындырады сағыңды, Алаулап та бір намыстан күйеді іш. Балық қанды пақырлар да табылды, Таптым сонда Римнен де сүйеніш. «– Балаң болсын өлеңіңнің жолдары, Сол бейнеден көз жазба, – деп, – киелі». Мені Данте Алигьери қолдады, Франческа Петрарка сүйеді. Қаңғып жүрдім, бір досым жоқ жанымда, Өзіме де, өзгеге де өкпелі. Сонда Исаакян: «Мен де өспірім шағымда көрмеген бір хикметім жоқ», – деді. Арамызда ғасырлар бар демеді, Кішіге үлкен ақыл айтпай не десін, Ұлы ақындар күнде мені жебеді, Ұлы ақындар аяған жоқ кеңесін.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Биік менің жеткенімнен жетпегім, Сол пәк қалпы бала күнгі өлеңім. Бәрі бекер. Сүйенішім көп менің, Құдайлардай құдіретті көбі оның. Жыр оқыған күбірлетіп бал ернін, Москва ма, Римде ме, тауда ма, Мен де кейін бір баланы демермін, Таба қылмай досына да, жауға да. МЕНІҢ АТЫМ Жұмағұл-Шора – азан сап қойылғаны, Мейірімін шешем қосып ойындағы, «Жұматай» деп атады. Кейін қыздар осы атты керемет деп мойындады. Көшеде жүйрік шыбық алып қашып, Мектепте күс-күс қолмен әліппе ашып, Қара жол, бау-бақшада шықтым содан, Көрнекті сотанақ боп қалыптасып. Добың не, кернейді де мықты үрлейім, Қай бетпен шатақтан да бұқтым дейін. Осы атпен бас бұзардан боксшы боп, Ақ шаршы рингке де шықтым кейін. Спорттың құшағынан босап мәңгі, Көргенде, бар қызығым осы-ақ мәнді. Аңдамай ғашық болып, сол атыма, Бір сұлу қыздың да аты қосақталды. Жасыл тау жадыраған күн өтінде, Осы атым – жұрт аузында жүретін де Ат бапкер, алаяқ ат иесі боп, Жас пері, жаңа күйші ретінде. Жиреннің қай күліктен атағы кем, Көкпарда көзсіз болу қата білем. Үш қабат үйдей тастан ат секіртіп, «Жұматай – Ажалсыз» да атанып ем. Алғанда тәңірінен азар сұрап, Өшпейтін дәріптеусіз, назарсыз-ақ, Кемедей еш теңізге батпайтұғын, Апамның қойған аты – Ажалсыз ат.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев ДОСҚА СЫР (Жәукенге) Шетендер сыбдырлы үн барда, Тұратын бір ашық мұңды ән сап. Есіңде болар-ау шыңдарда, Рауғаш, қымыздық жұлған шақ. Сол шақта ішімнен төктім ән, Соңыра жүретін жолды ұғып. Тоқым сап біз мінген көк құнан, Қалатын аздан соң болдырып. Мизам кеп, ойындар қанбады, Қуратып алса да гүлін күз. Сонда да жабайы алманы, Қағушы ек аюдан бұрын біз. Жан досым, қадірін аз ұқтық, Туған жер – киелі гүлді аймақ. Сол мені жасымнан нәзік қып, Өлеңге кетіпті ыңғайлап. Көп естіп сол жерде күйді өрден, Кеудеме күнде бір өлең кеп, Қозыны көгендеп үйренгенКеттім мен сөздерді көгендеп. Күте тұр. Күн өтер өрлеумен, Бұл күндер бақытын берген көп. Дүние талайды көргенмен, Жаңа бір жыршысын көрген жоқ, Көрмесе, бір күні көреді! *** Саратан айы. Сарала тауда. Салқын қыр, Сарала тауға жұғып тұр кешкі жалқын нұр. Жалқын нұр жұққан ақ үйдің жаны. Аузына жаулығын бүркеп, жаутаңдай қарап жарқын жүр. Жаутаң көз ару құбақан құлын мүшелі, Өспірім ұлдың өңінде көрген түсі еді. Сөзіме менің сылқылдай қатса ішегі, Аузынан лекіп алқызыл гүлдер түседі.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м *** Гүлі ұқсас алқызыл бір еріндерге, Көз сүзем кербез белең, керім белге. Көк пішен, ала бас гүл, шұбар шөптің, Жүзіне жаудай тиіп жел үргенде. Аспанмен бұлттар шұбап қара күлгін, Түнерді түңлік жауып дала бір күн, Сел жүріп, табан жақта су көбейіп, Шуылы арта түсті анағұрлым. Сорғалап шырша инесі, ырғай бүрі, Талдағы тамшының да тынбайды үні. – Түу, тоңып кетіпсің ғой, – дейтін қыздан Айналып кетесің ғой мұндай күні! АТ ТУРАЛЫ Суық тер төккізетін, Тау жаман қияметтен. Аттар бар өткізетін Қорым тас қия беттен. Жол барда ор табылар, Тұяққа жүгіретін. Аттың да қорқағы бар, Сақсынып сүрінетін. Қиқулап жар салдың ба, Тағдырдай даралайтын – Аттар бар қарсы алдында, Құз тұрса қарамайтын... Жыр елі, күй еліне Ат болған алғаш арман. Мұсаның сүйегіне, Жаяулық таңба салған. Барына ат алдырған Атама мұрагермін. Ақанды Ақан қылған, Тағдыры Құлагердің. Тайында жыр қып түге, Мәпелеп жастан баққан. Атының жүйріктігі, Жігітті аспандатқан. Айтамын жақындарша, Тұрса да дәтім бармай. Тұлпардай ақын болса, Тұлпар бар ақындардай.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев КӨКТОРҒЫН ШАЛҒЫН КӨК ГҮЛМЕН ТҰР-АУ ШҰБАРТЫП Төменнен шығып төбетше самал үргенде, Төбеде шалғын-толқындар ұйытқып бір демде, Көгілдір оттай, көкпеңбек көздей қалампыр Жанасар еді уыздай сары гүлдерге. Жасыл тебенге жапсырған сары оймақтай, Сап-сары гүлдер самал тоқтаса қойды ақпай, Көбелек сонда, жан біткен гүлдей кенеттен, Шашырап ұшып жөнелер еді ойнақтай. Жап-жасыл күйі жататын жонды сан апта, Бітпейді жаздай бұршақ пен жаңбыр сабап та. Бір қарыс енді бес-алты кер жол кескілеп, Бөледі және белбеудей неше танапқа. Ұйқым да қашып, үйдегі қымыз ішілмей, Отырмын қазір Роден салған мүсіндей, Құйқалы жерге қырсығып шыққан сүйелдей Қыналы таста Еш нәрсеге де түсінбей. *** Күнбатыстың нұры жалап құзарды, Қыраңдағы қыз жүзіндей қызарды, Қияңдағы қарағайдан сұлаған, Қара қою көлеңкелер ұзарды. Соқыр жауын басылғанда сытырлап, Шаңқан үйден шұбатылған түтін де ақ. Қадам бассаң шашырайды шегіртке, Қуырылған бидайдайын пытырлап. Жел тұрды да, көк теңгесі саудырап, Күн жаумады, бұйра басты жауды бақ. Көкорайдың орайындай ат аунап, Тапап кеткен тірілді-ай бір қау құрақ. Көкемарал, қалампырдың көк гүлін, Көргенімде көмейіме жетті үнім. Барған сайын Сүлеймен боп барамын, Білетұғын құстың тілін, шөп тілін.
Көктемге х аттар Ек і нш і бөл і м Көк тоғайдан сәлем жолдап бір ыстық, Мыңсайрамдар көрсетті-ай кеп туыстық – Мөлдіреуден мен су ішіп тұрғанда, Қарандыздың жапырағын ыдыс қып. Жиегіне жез бір тастар ұстаған, Қайнарға мен жақын едім үш табан. Судан көрсем суретімді – аумаймын, Атасына тартып туған ұстадан. Жазы-қысы жұпар аңқып тұрса да, Жасқа кепті жасыл күйі мұншама. Жоңғарлардай құдай дейтін аршаны, Жазы-қысы табынармын шыршаға. КӨШ ЖОЛЫ ҚАЙНАР Астаудай ақжем, арнадай шұңғыл бұралаң. Арғымақ күшін, атанның белін сынаған. Аққұмақ жолдың айылдай ғана енімен, Алалы жылқы, ақтылы қойлар шұбаған. Ала бас таудың құймышағындай құзынан, Атамыз тартқан маршруттарға қызығам. Топырлап өткен, тасырлап соққан тұяқтар, Тауларды кертіп, тастарды үгіп мұжыған. Көзайым болып, шықтым ба көш жол құмардан, Көзімнің алды буалдыр шексіз мұнардан. Қамшымен нұсқап, қылышпен салып бұ жолды Көшпенді бабам биікке жұртын шығарған. Ақ көңіл самал аңқылдай сөйлеп сайларда, Алдынан жайлау астарсыз кілем жайғанда. Белбеуін шешіп бесінде кімдер түспеді, Бекбауда жатқан белгісіз мына қайнарға. Тұлпары жарау тарпынып тұрып таң да асқан, Саптама етігін салпылдай соғып алдаспан, Балпаңдай басқан батыр да бұған еңкейді-ау, Таңдайы жібіп, тамсана жұтып қанбастан. Ала бұлт аспан. Тотыдай бетке гүл тұнып, Уылжып шалғын, уқорғасын тұрса құлпырып,
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мен тұрған жерден мына шатқалға көз тікті-ау, Дулыға батқан маңдайын жеңмен сүртініп. Күміспен сықап қыпша белінің олқысын, Қас кере күліп, қылымси шайып қол, тісін, Сұлулар судан суретін көріп сұқтанды-ау, Қайнарға малып алғанын білмей шолпысын. Итмұрын шауып, иектен тері тамшылап, Қарауыз иті құйрығын бұлғай қарсылап, Отынын теңдеп жалшы да келген бұл суға, Имиіп кеткен ит мініп, ирек қамшылап. Маңыраманы маңына қарай айдатып, Жолаушылардың аттарын тасқа байлатып, Сиқырлы қазан секілді жатыр бұл қайнар, Алтын кебектей ақ сары құмды қайнатып. Бұрқылдап жатыр басына жастап шырқау қыр, Бабаларымның бабасын көрген бір тал нұр. Бел омыртқасы темір пенде де бас исін, Әулие болсаң мөлдірлігіңе іңкәр қыл. ТҮНГІ АҢЫЗ Мен естігем: күлкісі де, мұңы да Елге мәлім – жұлдыздардай жыры көп – Бақтыбайдың домбырасы жылына, Үн шығарып тұрады деп бір рет; Ілінгенмен мәңгі тұрар орнына, Ішін кернеп баратқандай жүз ырғақ. Өз иесін жоқтағандай домбыра, Өз-өзінен тұрады деп ызыңдап. Қаралы үйдің мылқау, зарлы келіні, Секілденіп, сөйлете алмай тілін көп, Ол кеткен түн қос ішекті серігі, Өксігендей болады екен уілдеп. Шанағынан мөлдір бұлақ орғыған, Ою, нәшпен көмкерілген жиегі – Мен кеткенде жоқтар ма екен домбырам? Ол да сондай болар ма екен киелі?
Құнардан өссе жер түгі, Құлпырмай қалмас тау көгі. Шұғынық гүлдің төркіні, Шөбіңмін сенің сәулелі.
ШҰҒЫНЫҚ ГҮЛ ТӨРКІНІ I Шұғынық гүл төркіні – шыршалы тау, шың іші – Көкшіл мұнар құйылған көркемдіктің ыдысы. Текенің де мекені болған дейді ел, өтпейтін Маңдайында қос бірдей қорғаныстың қылышы. Келте кекіл, кішкентай, кері аты бар бір ақын, Қараиректен тізгігінін Сарноқайға бұратын. Шора батыр тұғылы – Қалмаққорым тұсында, Шулы қазан, айғайшыл сиырлы ауыл тұратын. Бірде вирус түмені табындарға тап беріп, Аусыл болды сиырлар аузы-басы ақ көбік. Шаңырақтай мүйізі шалғын сүзіп, теңкиіп, Швед нәсіл, үнділік «әулиелер» жатты өліп. Амал-айла таппады андастың да бар шалы, Шайқалатын болды енді біраз ердің мансабы. Карантин де жасалды, шаралар да басқадай, Акт жазып, спиртшіл малдәрігер шаршады. Аспан ашық. Жайқалған «ауқау» үшін гүл, міне... Тыңдамады күндізді, тыңдамады түнді де. Бақташының бақанын көңілге алған секілді, Кетіп жатты сиырлар кеткендей боп Үндіге. Алашапқын бастықтың басылмады солығы, Аудан-ауыл арасын ақ шаң қылды жорығы. Үшінші бөлім
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Тоқтамады сол індет тоқтады кеп сол кезде, Темірғали ақынның қызыл-жасыл шоғыры. Сарноқайдың қазағы саусылдады, жиылды, Сабалардан күпілдек сары қымыз құйылды. Сусындары қанғасын, сақал сипап болғасын, Сары тісті, ақ қасты сұңғылалар қиылды. Сағанақтан соққан жел ызыңдатып өпкен-ді, Ешкі сойып, епті қол жуан ызған ішектерді. Төрде отырған Темекең – мыңсайрамы адамның, Төбе бише сөйлетіп ішектерді кеткен-ді. Балпық бабаң тұсында болып өткен шыңдағы, Айқастарды жырлады, таң атқанша тынбады. Таң атқанша ел тыңдады, аусылдан да қыңбады, Таң атқанда ұйықтап, тал түсте де тұрмады. Орнады бір тыныштық індет келген тау-шыңға, Ие бар ма сөзінде, кие бар ма даусында?! Темірғали шоғыры аттанған соң ілгері, Тыйылды ауыл озаны, бәсеңдеді аусыл да. Аңызға да күлмеймін, аңғалға да күлмеймін, Ауылдағы атамның барлығымен бірдеймін. Аусылынан айықты айыр тұяқ, қос мүйіз, Әнінен бе, білмеймін?! Дәріден бе , білмеймін?! Екі езуі құлақта, екіндіге күн кетті, Сауыншылар қайтадан орамалын гүлдетті. ...Қалай болсын, әйтеуір, қасиетті өлең-жыр, Індетуге, жоюға індетті де міндетті. Кең далаға суымен көркемдігін жайған шың, Ақ тілеуі бұрқылдап аңыз шығар қайнарсың. Алты ауылды қазақтың ақыны кеп қалса егер, Құрмет табар белдеуге құдіреті байлансын. II Көшпенді жұртты көресі тағдыр ер етті, Көзсіз ер қашан көр-жердің бәрін елепті?! Күндердің күні қағанның түркі нояны, Күн Шығыс жақты қырына алса керек-ті.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Жорыққа малын, соғысқа барын ап кірген, Тұқымы бөлек тұяғы құйма ат мінген. Көктей де басып өтіпті Ұлы Қорғаннан, Таусылмас түмен... бір білсе санын хақ білген. Атадан туа аруақтан ғана именген, Жағасы жайлау шар болат сауыт кигеннен. Ашылмас қақпа, алынбас қамал көрмеген, Құзырына қаптаған түмен тигеннен. Жалайыр Мұқа жауларын шауып алғанда, Тебініп атын теңізге дейін барғанда, Шұғынық гүлдің төркіні, сені сағынып, Өзіңе жетпей өтіпті дейді арманда. Арша өртей қалсаң жұпары шалып әуені, Аюы қаққан жабайы, қалың мәуені, Бетіне пенде келмеген бектің Қан толы, Көзінен жасын парлатқан мына тау еді! Суы мен нуы-ай, сұлудан бетер әсері, Осында ғана ит-құсыңыздың да әсемі, Ала қаппенен атанға алтын қомдатқан, Мұқаға керек мына бір тарғыл тас еді! Ноянмын мен де, шыбынға да жоқ зияным, Қаршыға құстай, қаршадай ғана сияғым. Шұғынық гүлдің төркіні, бірақ сенікі, Қаруым барлық: арманым, ойым, қиялым! III Сараңға малын алдырған, Сөзбенен құртып сүрегін, Шөлде де шөлін қандырған, Жыңғылға тартқан ұл едім. Озбырлар алса бетімнен, Жымию болды мұратым. Ол кезде шырша секілді ем, Қыста да көктеп тұратын. Жалайыр Мұқа – Шыңғысханның атақты қолбасшыларының бірі.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мойныма оны алайын, Монтия күлген бір маған . Шыбықтай қыздың талайын, Құлмақша орап, шырмағам. Бокста көзін ісіріп, Қойғанда достың не түрлі, Бетіне бастым қысылып, Жапырақ қылып бетімді. Қалмадым қарыз-құрызға, Қыздырып тойын досымның. Кезімде шыққан «қымызға», Күшәла болып қосылдым. Қататын кезде әзерге үн, Қаладан келіп айына. Қаймақтай аппақ әжемнің, Қалампыр болдым шайына. Ай төккен сүттей жарықта, Аулақтау кетіп топырдан, Жылтырап аққан арықта, Жалбызың құсап отырғам. Құнардан өссе жер түгі, Құлпырмай қалмас тау көгі. Шұғынық гүлдің төркіні, Шөбіңмін сенің сәулелі. IV Сіркіреп жауын, секпіл беттеніп жол үсті, Үйтастардағы қуысқа құстар қонысты. Жапырақтарға көшпелі гауһар іркілді, Шұғынық гүлдер алқызыл рюмка болысты. Шала мас шалғын. Сұлады өлең шөп тағы, Беймәлім оған өмірде мынау жоқ -бары. Ақ жардың жүзі жылаған диірменшідей боп, Ағызды Қусақ шатқалда ойран-ботқаны. Құй, аспан, тағы құйғандай досым шишаны ап, Шұғынық гүлге – шекесі қызыл, ши сағақ, Көйлегінің толқыны тоғыз вал ару, Көзімен кеше білдірді нәзік ишарат.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Сарноқай жақта сімірдім қымыз мен кеше, Құдайша бастап, қызыққа құлап пендеше. Қараңғы түнде қауышқан қыздың бедері, Саусаққа , шіркін, тиеді-ау соңғы пернеше. Түнгі әннің соңы болар деп қалай, именбей, Басыма менің туса да келіп күй нендей, «Алдияр» – дермін асқақ та сұлу қызыңа, Шұғынық гүлдің төркіні, сені сүйгендей. ОЛЕСЬЕДЕГІ БОГДАН ХМЕЛЬНИЦКИЙДІҢ ҚАМАЛЫ Келеміз аламанша жорықтағы, Қамалдың тас дуалды жолы ықтағы – Қаланған қара, жылтыр, домалақ тас Жүгері дәндерінше собықтағы. Маңына кімдер бізді жолатпасын, Қалдырып сол қалпында болат, тасын. Жамырап қамалды алдық
алдын ала Шампаннан екі-үш дүркін оқ атқасын. Имейтін сәжде, икона, пұтқа басын, Ақындар тапқандай мәз мықты ағасын. Отырмыз иемденіп әсем елдің, Жаужүрек гетманының құтханасын. О, Муза! Алар емес о да тыным. Жарқылда сапыдайын болат үнім! Әлемде шаңырақтың жаманы жоқ, Ішінде жыр оқуға болатұғын. Жатқанда ел шалқып-тасып, шулап-ойнап, Кеттім мен кеткендей боп суға бойлап, – Санаған сан қамалды заманында Нояндар Сыба, Сартақ туралы ойлап. Кем емес патшалар да даңқы Алладан, Алдында қояндардай жалтаңдаған Нояндар сын көтермес сарайлардың, Талайын тас ошақша талқандаған.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Басында дулығадай мұнара бар, Сүйсініп көрген пенде тұра қалар. Қаһарлы нояндардың өзіне де, Оллаһи, ұнар еді мына қамал. Суреттей көк сағымға көлбей ілген, Қамалды неге жырлап бермейін мен. Жоғары ол Эмпайр стейд Билдингтен, Жоғары ол сұрықсыздық деңгейінен. Желдігі желпілдейтін самал ессе, Және ашық таң ертеңнен қара кешке. Киізден мұнарасы заңғардағы, Атамның түсті бүгін қамалы еске! Төбесі тиіп Айдың орағына, Бақылап қотанды да, қораны да, Тұрады ол сараңдықтың деңгейі мен жамандық деңгейінен жоғарыда. Сонымен тұрады ғой күшейіп қыр, Тойының дәл үстінен түсейік кіл. Жақсылық қамалдары үшін енді, Гетманның сусынынан ішейік бір. ӨКІНІШ. МАНГУ АҒАШЫ «Бенаресте Будданың храмына бара жатқан жолда біз сол мангу ағашының аллеясымен барғанбыз.Мангу ағашы қазір де қалыңдап, молайып келеді. Бұл аса зор, бұтақ-тармағы көп, көлеңкесі өзгеше мол, бір өзі жарым кварталдай орын алып, жайылып тұратын ағаш. Өзі көп жасайды. Мен біздің тілімізде «ұзақ заман» жайын «мәңгі» деп атайтын сөзді осы ағаштың атынан тумады ма екен деп ойладым». Мұхтар Әуезов, «Индия очерктері». Алдаспан бермек айқаста дәріптеп ерді, Бастаспақ Бабыр бақилық даңқпен енді – Жалайыр менен Дулаттың «Кеу-кеулеп» шапқан Жауынгерлері киелі Гангке келді! Ақыл да жеңіс, әскери амал да бақыт, Қарасұр батыр мырс етті самалдап жатып – АҚШ-тағы ең зәулім үй.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м (Ахилге ұқсас боп шықты соғыскер пілдер) Өкіртті ол кеше нешеуін табаннан атып?! «Бас иген елді бақытты, көрікті қылам», – Дейтұғын барлас жас Бабыр – бөрікті қыран! Үндіге қамқа үйдей піл еңкілдеп желген, Үріккен қойдай дүркіреп бөрікті бұдан. Тұлпарға мінсең, болмайды жолды алыс деуге, Құтылу одан жоқ екен қорғаныспен де. Будданың көзін ақитты қайшылығымен, Сфинкс Бабыр – басы ақын, жолбарыс кеуде. Артында қалып асқақ тау, сабырлы дала, Көбейтті Бабыр әзірге қабірді ғана... Ауғандық шахты айдарлы аламан басып, Аспандап түтін – өртенді, шабылды қала. Маймылды жыныс – храмның бағына мұңды, Құдайсыз батыр қызыл көз қағына кірді. Тас құдайлардың күрзімен мұрынын бет қып, Барластан шыққан Сфинкс тағына мінді. Шива мен Кришна жарытпай үндіні демеп, Бұзылды неше құдайдың бірлігі кенет. Джунгли жырға эпостан батырлар кірді, Кірді олар енді әлемге тірлігі бөлек – Пальманы, шайды, папайя, пахтаны көрді, Жылқы айдап салар жайлауды таппады оңды. Бананмен жемдеп бақтырды, амалы құрып, Бадана киген батырлар аттарын енді. Жылқы жоқ жүрген теңіздей даланы кешіп, Жат-жұрттықтан бұйырып тәбәрік-несіп, Шортанбай жырау жек көрген үндінің шайын, Төрт ғасыр бұрын тартты олар, амалы нешік?! Шырмауықтанып тартатын гүл-гүлі желі, Сарайлар қанша нәші үлгі, үлгілі зері?! Көн шалбар киген көзсіз ер көшпенді жұртқа, Ақсаңнан дамбал кигізді үндінің жері.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Хиссалар қалды, ел жайлы әңгіме қалды, Бишілер сазы көрінді әрлі де, нәрлі. Перідей қыздар арбаған бектермен бірге Бәңгілер мұнда мангудей мәңгіге қалды. Дәріптеп, даттап осынау мұңды ғасырды, Қиқулап тоты, көбейтіп бұлбұл да шуды. Маймылды, пілді джунгли қоршаған елде Қарасұр топан сел келіп, құрдымға сіңді. Үйренді тілін тыңдаумен тоты құстарды, Көбейтіп бектер жорық жоқ отырыстарды, – Үндіге сіңбей үйсіннің біразы қайтты, Біразы қалды. Мангудей өкініш қалды. Қытайлар көрген үйсінді үнді де көрді, Үнсіз тұр олар қалдырған бұл күнде белгі... Кластас досым Аманбол, бәйбішең сенің, Наргиске неге ұқсайды, білдің бе енді?! Тартады көшін жетектеп ілгері уақыт, Күнде бір шығып тұрса күн, күнде бір батып. Ашоканың ақылын қабыл ап әлем, Ел-елмен дос боп, есен-сау жүргені – Бақыт! ГАНГ. КӨЗ ЖАСЫ Ғұмыр сүрсең ғұмыр бойы пендеше, Тозақ жақта тоз-тоз болғың келмесе, Жағасында дәлізі бар жұмақтың Жан тәсілім қыларыңда, ендеше, Гангке тарт! Жұмақ – алда, тарт алға! Жалпақ жолда көстеңде, иә балпаңда. Одан артық сызық жоқ қой көгілдір, О, Индия, сенің көне картаңда. Әнші, күйші, ұста, не бір әз дана, Өлгеннен соң, қойылады аз ғана Гангтегі сөрелерге, – қиқулап, Қонады оған тықыр мойын тазқара.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Алдыңда тұр, ненің еті, жем нендей, Қарамайды даяшы әкеп бергендей, Шоқып-шоқып, паң бұрады мойынын, Рейхтың гербісінен келгендей. Жұмақты ойлап, өлдің, біттің, кетті есің, Рас бірақ, аралайсың көк төсін – Қылша мойын тойса әзерге ұшатын, Тазқараның жемсауына жеткесін. Сопы қарттар саудыраған сүйегі, Суын көрсе, кемсеңдейтін иегі. Ганг неге бар өзеннен әулие, Ганг суы не себептен киелі?! Көк нөсерге малшынғанда бір ай бақ, Сел жүрсе де балшық айдап, құм айдап. Ешқашан да Ганг түсін бұзбайды, Ештеме оны кете алмайды лайлап. Біледі үнді егін салған, еккен гүл, Жерден – ағаш, көріп тұр ғой көктен – нұр. Ұлы өзеннің мөлдір емес кезі жоқ, Ұлы Ганг мәңгі-бақи мөп-мөлдір. Ашокадан аумайтұғын көз-қасы, Ешбір жұртқа тиіспеген өз басы. Ұлы Ганг лайланбас ешқашан, Индия атты ұлы ақынның көз жасы. Ер көрсетем деген оймен ез басын, Болады деп енді біздің сөз басым, Лайлауға тырысқандар болған-ды, Гангке ұқсас Пушкин, Абай көз жасын. Жер бетінде сенен гөрі даңқты, Жырлаған соң даңқты, ұлы халықты, Ұлы ақынның көз жасына тиіспе, Лайлауға тырыспағын Гангті! Ашока – қан төгуге, соғысқа қарсы болған ерте дүниедегі Индияның ұлы патшасы.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев БОМБЕЙЛІК КОМПОЗИТОР. ҚҰЙЫН Бақытсыздай көрінетін ол кейде ең, Маңдайында қызыл бүлдіргендей мең. Үнді күйші тағдырына өкпелі, Хат жолдады жолдасына Бомбейден: «Білдіргем жоқ мұңымды мен, бүлінгім , Келмеген соң, көктен де енді түңілдім. Ай мен Күннің аманында анада, Айнадайын асфальтке сүріндім. Соққы алғандай солақай бір жігіттен, Оңбай түстім, оңбасымды біліп пе ем?! Қағаздарым ұшты менің жан-жаққа, Ақ қаздардай ат-арбадан үріккен. Сол бір сәтте құйын тұрып кетті де, Ұйтқи соғып, жерден бәрін өтті іле – Соңғы жазған симфониям беттерін, Тумай жатып түскен талай тепкіге. Қапелімде құйын тұрды бір өзге, Қызықтым мен алақұйын мінезге. Үндістанның хош иісі аңқыған, Партитурам көкке шықты лезде. Иі жұмсақ иесіне тәуелді: Мүлде өзгерген леймотиві әуелгі. Құйын көкке көрсеткісі кеп еді, Мөлдірлігі көкке лайық әуенді. Ғұмырының бір сәттігін білгендей, Соқты құйын қалам ба деп үлгермей. Ол әкеткен қағаз көкте көп тұрды, Целлофанға оралған ақ гүлдердей. Құйын күші мәңгі емес қой ол-дағы, Басылды тез, ә дегенше, болмады. Ақ қағаздар жерге түсті бозарып, Көрмеді оны Шива, Кришна ондағы.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Осы ғой деп ойлар түскен қырманым, Қанымменен таңбалап ем ырғағын. Жерге түсіп, жатты жерде тапталып, Меңді қыздай менің сұлу мұңдарым. Болып шықты аспан мені сүймеген, Жетер емен жер кіндігі – үйге мен. Мырза төрт жүз жиырма жігіт сияқты, Келем қаңғып үйсіз-күйсіз күйде мен. Көркем үнде көрсеткем жоқ аз үлгі, Көкке өрлеттім көз жасы мен әзілді. Мен аспанның селқостығын кешірдім, Ол кешірсе менің өкпе-назымды». – Үнді күйші хат жолдады қиырға, Қиырға өстіп сөз жеткізу қиын ба?! Содан кейін музыкаға берілді, Берілгендей сонау ізгі құйынға. ӨЗІН ТІРІДЕЙ КӨМДІРІП, ҚАЙЫР СҰРАЙТЫН ЙОГ ТУРАЛЫ ҮНДІ АҚЫНЫНЫҢ АЙТҚАНЫ: – Шек болмайды ақыл менен өнерде, Көз керек қой оны бірақ көрерге. Йогтардың біткеніне сенгейсің, О, Индия, құммен оны көмерде. Раджаша өспегенмен шіреніп, Күндер кешкен күн жүзінен нұр еміп. Йог – халық рухының бейнесі, Озбырлықтан болады ол да тірі өлік. Қайта тұрып кете алмайды өліктер, Қайта туып бола алмайды көріпкел. Йог өнері – тірі өліктер өнері, Мықты болсаң тірі өлікті көміп көр. Жер астында жер астынан жерінем, Үндінің де ала алмайтын ері дем.
Жұ матай Ж а қ ы пбаев Йог өзін көмдірген соң тірідей, Алақанын шығарады көрінен. Қызықтайтын тірі өлгенін таңда кеп, Созады йог алақанын жанға көп: «Мен тірідей өліп бара жатырмын, Мейірім менен шапағатың бар ма?» – деп. Шықпағанмен жұрттың азан-озаны, Жұмылғанмен, ақпаған соң көзі әлі. Қайыршыша көшеде йог қол жаймай, Тірі өлік боп көрден қолын созады. Сәби көңіл, сәуледе бар пиғылмен, Ғұмырымды мейірім үшін қидым мен. Адамзатқа ақын айтқан сөздерді, Йог біткен қайталайды қимылмен. Мәз емес қой жай-күйімді көрсе адам, Бақыт маған татыра ма өлсе дәм. Құмға емес, мұңға мен де көміліп, Көрдей мұңнан қол созамын мен саған, О, Индия! МУЗЫКА Корольден құтылды орман, құтылды аң да, Орнады қоңыр өмір бүкіл маңға. Ақырын көкжиекке алқызыл күн, Жұмыртқа сарысынша жұтылғанда. Делбеші лакей басып намысына, Күймені ұшырды аттар жан ұшыра. Тағадан тастақ көше шаңқылдады, Көкбетше тіл-жағынан шаңы шыға. Король ма ауыр ойға жолай қоймақ?! Саясат істеріне оңай бойлап. Қарайды готикалық соборларға, Үйітіліп, буға піскен торайды ойлап.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Өзі айтса, сүйкімі де бар еліне, Ол өлсе боздардай-ақ бәрі егіле. (Табақша тартылған ғой «данышпандық» Даңқты Пруссия короліне). Фанфардың қыжыңдатпай есер үнін, Ығында болат найза нөсерінің Қарайды король сонау халифаша, Сығалап күйме ішінен көше өмірін. Лайық ол да мынау заманға әдет: Кезбе өңшең музыканттар алаңға кеп, Күй шалып, би билеуде...король іштей, Сұрланды бейбас мұнша адамға көп. Көрсеткен оркестрге кеше де өнер, Қошемет жасағанда көшедегі ел; «Көбейту керек, – деді ол, – музыканы, Тек құлдар өсіремін десең егер». Жұмсамақ бір мақсатқа есін кісі, Король боп толғанда әбден кесірге іші, Ол мынау өз елінен «құлдар» емес, Келген-ді «билеушілер» өсіргісі. Жанына скрипка сазы ұнаған, Табатын ғашығының назынан ән. Жазықсыз жау деп кімді өлтіре алсын, Өзі де музыкадай нәзік адам?! «Пруссак! Тумайды әсте ондай батыр!» Кірісті іске король қалмай қапыл – (Алтындап тәжді қалай қондырсаң да, Ақымақ басқа ешқашан қонбайды ақыл). Есіңде, ей, адамзат, мұны ұстап қал! Қанша рет алды штабтар ұрыста ақпар; Жерленді қаншама рет музыкасыз, Жерлеген музыканы пруссактар... Ашуы аз, одан көрі мұңға бейім, Туар деп сенді Шуберт ұл да кейін.
100 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Үстем боп келгендей-тін король сөзі, Фашистер шегінетін жылға дейін. Көзі – жас, көкірекке толы шері, Жазды онда қаһарлы әнін орыс елі, Бұл соғыс музыканы сүйген елдің, Музыка сүйместермен соғысы еді. Тапталса қарға талай шиебөрі... Әлемді таңдандырған жиі өнері. Біз жақта соғысты ұлы данышпандарЕң нәзік сезімдердің иелері. Жосадай қанға батып текке жері, Солдаттар толған кезде кекке өзегі, «Алғалап!» шабуылдап, жүріп жатты, Шуберт пен Гитлердің жекпе-жегі. Парижден майлап алған көн етігін, Ел алмай, алсын аңдар неге тыным?! Пруссия королі ұға алмапты, Давидтің Голиафты жеңетінін. ...Құрбының құр жіберсін сөзін мейлі, Жүретін думан-тойдың өзінде ойлы Менің де ақылымның билеушісі, Шубертті бір тыңдамай көз ілмейді. Алға озып маңдайынан иегі елі, Жақ таяп, сәл мұңайып киелі өңі, Шубертті тыңдағанда жаны елжіреп, Сыртынан мен де елжіреп сүйем оны. Табиғи тазалық бар көркінде шын, Елжіреп, билей алмай еркімді есім, Сүйемін сол бір қызды білгендіктен, Жанымның шыбынын да өлтірмесін. Соңында айша жайнар даңқы қалып, Жанының жұлдыздан да артығы анық. ...Аймалап отырамын, біреу оның, Шубертін қоятындай тартып алып.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м МАМЫР ӘУЕНДЕРІ I Оқалы жіптер төгілді көктен тағы да, Ойларым күлгін тұманнан мүлдем айықты. Он жетім менің оралды қайта бағына, Ол үшін кеше біз өткен жерлер айыпты.
Сұлулық түстес, жейдеме туыс көйлегі, Мейірімі түсіп, ұстатып нәзік белінен, Алқоңыр шашты іңкәрім маған сөйледі, Мамырдың кешкі жұпары аңқып демінен. Санама менің бақыттың нұры құйылды, Ғашықтық қана сөйлейді мейірім тілінде. Алатау ата, мамырың үшін биылғы, Алтыннан бөрік кигізем саған түбінде. Ресторан жақта саксофон жатса кісінеп, Жапырақтардың күшейсе кеште шулы әні. Мінбе қып тауды, жұлдызға жуық кісі боп, Шаһарға дәріс оқимын бақыт туралы. Қамбасы толы қашан да алтын, күміске, Біледі бәрін қазына кешкен бұла ақын; Бақыттың белі, қасы да өте жіңішке, Кірпігін қақса бетіңе тиіп тұратын. II Кідірген керуен шеруін қайта сәнді етіп, Қара көз сөздің тартады көші ілгері. Бәлекей қызша кетеді Күн де әндетіп, Мен сені көріп бұлаңдап жүрген күндері. Басымды шайқап, қайран қап күле қараймын, Бұл қала – ақын, қиялы қандай қуатты! Театр жақта өзіңе лайық сарайдың, Күмбезін еске салады дөңес суатқы. Трамвай түгіл таксиде келе жатсам да, Ғимараттардың басына құстай тізілген.
102 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Анардың қызыл дәніндей шамдар ақшамда, Сен жайлы өлең оқиды мұңды ызыңмен. Қас қағым сәтте қиялға батып не түрлі, Есіме түсіп елде жоқ сұлу қылығың. Сағынсам сені самалға тосам бетімді, Самалдай жұмсақ, самалдай ізгі ғұмырым. Кідірген керуен шеруін қайта сәнді етіп, Қара көз сөздің тартпайды көші ілгері. Бәлекей қызша кетпейді Күн де әндетіп, Мен сені көрмей мұңайып жүрген күндері. III Тұрпайыға жарты сөзін қимаған, Туа дегдар қас серінің төрінен Ұлы Ғабит өз қолымен сыйлаған, Абылайдың сапысын кеп көріп ем; Арабша хат үйреткен жоқ әліппем, Меккеде де жекжатым жоқ бұл менің. Жүзіне оның алтындаған әріппен, Сәлделі ұста не жазғанын білмедім. Сабын сипап сұлтанша бой түзедім, Ұстаған да шығар-ау деп хан былай. Қылыштайын қайқы да емес жүзі оның, Имек екен шөп шабатын шалғыдай. Хан қаруын ұстап, көріп күнімен, Бөлме ішінде жүріп құйттай аумағы, Қабырғаға көлденеңнен іліп ем, Сол қасыңның нобайынан аумады. Сүле-сапа түр-тұлғаңмен ерікті ап, Мен байғұсқа әл-дәрмені құрыған Жалт қарасаң сол қасыңды керіп қап, Сол сапымен шабылардай бұғынам. Не ойлайсың сонша сұлу басыңмен, Не табасың жасытқанда, қылықтым, Абылайдың сапысындай қасыңмен Абылайдай атағы бар жігітті?!
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м IV Қалқам, саған құмарта қызыға да, Қарайтұғын жігіт көп жүзі қара. Кремльге ұмтылған Шуйскийдей, Қызғаныштан ұмтылдым құжыраңа. Дөңгелек көз төрт кептер тегіс мені Жаратпауы жау көріп, келіспеді. Менен бұрын қанатты құс тауыпты, Парасатты, мейірімді періштені. Кебін киген кептердің перілерше, Құрқылдайды қуанып, сені көрсе. Қабат-қабат үйлерге қарамайды, Қарамайды басқаның жеміне өлсе. Есік баққан дәлізде қу кемпірмен, Дауласам деп бөлмеңе шу келтірген, Меніменен құстарың дүрдараз боп, Мен араз боп отырдым Шубертіңмен. Шуберт төккен ауыр да әдемі үнге, Көп елтисің: «Күш көп, -деп, – кәне, кімде?!» Менің күйім жоқтығы батып-ақ тұр, Сен сүйетін музыка әлемінде. Төрт кептерді танисың түстерінен, Жем бересің перде ашып ішкеріден. Қос қарғаға бәстесіп бұғы алдырған, Уәли-Шора батырдай құсбегі ме ең?! Ғашық болса сүйетін тек беріле, Әлек салдым, әдемім, кеп төріңе. Отырған да жоқпысың енді келсем, Шұқытқың кеп көзімді кептеріңе?! ...Қараңғыда жүрегім тартып төмен, Қала ішінде қалбақтап қалқып келем: Қай кезде де өзіңді көре алатын, Төрт кептердің жағдайы артық менен. Тәжім бастан ауғандай, қаусап тағым, Ақылымды аңғардым жау шапқанын:
104 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Маған керек бақыттың тұтқасы еді, Сусып кеткен қолымнан саусақтарың. Дала кезген дауылша дамылдамай, Дауымды да қойып ең қабылдамай. Төсегіңнен тұрдың ба, жатырмысың, Төрт кептердің тәтесі, халың қалай?! V Қалаған қалқам фәниден, Қашумен қылды қарсылық. Есті жел басын сан иген, Емен боп кетті тал шыбық. Ұятты жанмын бұл маңға, Ұлы бір намыс ол да өлді. Алты алаш қарап тұрғанда, Айта алмас сөзім сол болды. Бәлекей ол да қыз әлі, Бүгінгі даңқы алға асқан. Көңілімді менің бұзады, Көсеу боп кетсе алдаспан. Көктен де күдер үзіппін, Көңілім – дауыл кей күнде. «Ұртына түскен сызықтың, Ұяты кімде?» – деймін де. Ұнжырғам түсті, дұрыс па? Өлем бе үнсіз, япырмай, Қан кешіп жүріп ұрыста, Қылышы сынған батырдай. Айтқалы бері мен өлең, Ағызған жоқ ем көбікті. Айды да қызыл демеп ем, Алқызыл асыл жолықты. Жүрекке бір ем табылар, Жүйкеге таман бармайық. Күннің де біраз дағы бар, Күнікей қызда бар ма айып?!
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Бір мін жоқ менің күнімде, Жалғызды жалғыз дейік те. Сол ғана келер түбінде, Жұлдыздай биік бейітке. КЕНЕЖИРЕН. ТҮН Аспаннан Ай құлақ сап күміс үнге, Сай, бұлақ сөйлегенде түн ішінде Той тарқап, Сарноқайдан ойға қайтқам, Бәйгеден басқа істерде жұмысым не?! Той болса біз есетін, бөсетін де, Әндетіп, көз ілмеп ем кеше түнде. Бекбаудан былай шыға көз кілгірді, Көрпе жоқ айдалада төсетуге. Заңғардың құйма тұяқ күлігімен, Түн ауа Үшбұлаққа ілігіп ем. Жігітті ат үстінен ұйқы алатын, Маусымның маубас қылар түні білем. Күйетін талтүс емес бетім күннен, Қорықпай «убәй» даусы секілді үннен. Батырша барымташы ер жастанып, Түнеуге құла түзге бекіндім мен. (Өлсем де ұмытпаспын оны, сірә). Жиренді Үшбұлақтың сонысына Бұдыр жоқ, шылбырына айыл жалғап, Арқандап жата кеткем қонышыма. Алғандай кеттім ұйықтап рұқсатын, Не дейсіз, осылайша тынықса ақын?! Қара көп қалбаңдаған тау ішінде, Секем ап, бір нәрседен үріксе атым... «Ләйлә» деп, жырға қосып тотымды әсем, Қайта үрлеп жүрегімнің отын бәсең, Онда мен Алматыда жүрмес едім, Онда мен альманахта отырмас ем. Қайранмын жүйрік деген құдіретке, Айтуым керек еді мұны көпке.
106 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Тартынбай, от та қумай ұзақ түнде, Ол мені оятқан жоқ бір рет те. Жеткенде көк сеңгірден хабаршы аппақ, Жаныма келгендей ол адамша аттап, Қарады адамша ұзақ бет-жүзіме, «Бұл түннен қалдым ба, – деп, – аман сақтап?!» Бір мектеп – жақсылықты үйрену кей, Жан салып үйренудей күйді ерінбей. ...Жігіттер, жолдастарың адал болсын, Баяғы Жұматайдың жиреніндей. ТУҒАН АУЫЛДА Ауылым көп үйлі нұрлы бақ, Көшелер торғынға оранған. Мен мұнда қиялым бұлдырап, Сан кетіп, сан рет оралғам. Плащты қарыма іліп ап, Жап-жасыл қақпаңнан кіргенде, Жүрегім балаша зымырап, Жарыла жаздаймын күлгенде. Басымнан сейіліп бар тұман, Салған шақ бір ғажап тау іші ән, Түтінмен қалампыр аңқыған, ап-жасыл бақытпен қауышам. Мен келіп дүкенге ел толғанда, Ақсақал айтады азулы, Қайткенде ең үлкен «жорналға» Битайдың кер атын жазуды. Тар жолда тақылдап біз өкше, Сымбатын барынша түзеткен, Сулығы сусылдап қыз өтсе, Бас изеп бір түрлі ізетпен. Дей ме екен оңаша естісін, Жан сырын естіртпей топқа көп, Налиды жымиып кешкісін, «Ләйләдан сұлу қыз жоқ па?» деп.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Ал үйде жүздері күлімдеп, Дауыстар басылмай үш таңға, Хисап жоқ түнімен дүрілдеп, Жігіттер беретін нұсқауда. Сыншылар ат кетер шамада, Бәйгеден қайтсе де келетін. Жүйрік пен шабатын балаға, Осылай тапсырма беретін. АРМАН СӨРЕСІ Сауыққой жұрттың тұрағы, Сарноқай деген тауың да. Ай сайын той боп тұрады, Аспандап кеткен ауылда. Күн төгер нұрын шашуға, Көркінен жазбай бастапқы. Той қылған жастар жасында, Жемеген болса қаспақты. Қу бас та тойға барады, Қутыңдап шыққан қарт, әне. Жүйрігі бәйге шабады, Жігіті көкпар тартады. Жеткізер жүйткіп ақ табан, Жылтырап тері сауырда. Ақ киіз үйлер қаптаған, Ақ көңіл тойлы ауылға. Айтысып жолай бұлтпенен, Асулар асып ақ қарлы Қаптайды тойға жұрт деген, Қалмақша байлап аттарды. Келіп те болса ел алқалы, Кермеде тұрса күліктер, Салт атпен табақ тартады, Сәйгүлік мінген жігіттер. Сусаған жандар қызынып, Бусанған кезде ерлер де,
108 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сан марқа басы мүжіліп, Сарала қымыз келгенде, Сан аңыз жұртқа тыңдатқан, Сарқылған бірақ шыдамы, Алдымен жайлы сырмақтан Ақсақал қарттар тұрады. Өзгеше келбет, сеспен де, Өміршең биік тілеуі, Қарттар кеп атын шешкенде, Қалған ел атқа мінеді. Бір ұрып бұтқа шолақты, Бишікеш бірі сөйлейді: – Орақты бар ма, Орақты, Бастасын, – дейді, – тойды енді. Сақтасын еске естіген, Сақалсыз қазір даңқы бар. Сарноқай таудың ескіден, Сақталған қызық салты бар. Бар ма әлде жоқ па атағы, Бар болсын бірақ руы, Орақты деген атаның, Бастайды тойды бір ұлы. Бастасын тойдың бұл көшін, Бір ұрып бұтқа жорғаны. Өлеңді білсін, білмесін, Орақты болса – болғаны. Толықсып өткен мың неше, Тойларда бұдан көлемді. Домбыра тарта білмесе, Оқтаумен айтсын өлеңді. Қайтпайды тойдан құры ауыз, Қазақ па мұны сезбеген. Білмесе жел сөз бір ауыз, Бастасын қара сөзбенен. Бұл салттың жөнін білмеген, Толғанып тойлар хақында,
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Атама айтқам бірде мен: – Бастатқан жөн, – деп, – ақынға. – Түйсігім бар, – деп, – әй, балам, Тентек боп бүйтсең өтерсің, Жүзіңді көрген айнадан, Басыңды көрер ме екенсің. Орақты батыр өтті, ұлым, Отау да таппай тігерге. Өзіңдей мына боқ мұрын Көбейсін деп те бұл елде. Атамыз солай тұра кеп, Бүліне тарқап құмардан, Атадан қалған мұра боп, Аңыздың шетін шығарған. Асылдан жинап жігітті, Қазақтың жыртып жыртысын, Ой-қырда басын тігіпті, Орақты батыр жұрты үшін. Болдыртып күнде қос атын, Бұрылмай қызға назы артық, Жайлауын жаудан босатып, Қыстауын қастан тазартып. Кірсем деп бұрын көрге елден, Болсын деп жыр да, мал да аман, Еліне күшін бергенмен, Ала жіп жұрттан алмаған. Жүйрігін мініп жылқының, Жүзіктен жебе өткізіп, Төмендеп кеткен жұртының, Төбесін көкке жеткізіп. Шауып ап шың мен қолатты, Шекара таппай тоқтауға, Шығандап шыққан Орақты, Шығарған жұртын көк тауға. Жеткенде жұрты арманға, Жайнаған шақта малды бел,
110 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жантайып батыр қалғанда, Жаяулап келген алдына ел: – Жауынгер туған жалғызым, Жұртыңды мына кейітпе. Әперейік пе хан қызын, Балдызын әперейік пе?! Елім деп соқты жүрегің, Ежелден бір сын жеткелі. Батыр-ау, қандай тілегің, Бар еді бізден? – депті елі. Қазына малдан не түрлі, Қыздан да сыны артық бір Бойлауық жылқы секілді, Бой бермей басын тартыпты. Бас қасып батыр ойланса, Бағыпты сөзін жұрты оның: – Осынау тауда той болса, Бастасын, – депті, – ұрпағым. Ардақтап ердің жүрегін, Алаудай көкке көтерер. Орақты батыр тілегін, Орындап келеді екен ел. Құлаққа сол сөз жеткен-ді, Қарт сөзін еске мың алдым. Шығарғым келді көкке елді, Биікке келді шығарғым. Кінәм да емес бұл менің, Кірген де жоқпын ұрысқа. Қарыма қалқан ілмедім, Ұстаған жоқпын қылыш та. Өтті жаз, өтті қыс та сан, Өрекпіп жаным күлікше. Егер де қалам ұстасам, Ұстағым келді жігітше. Дірілдеп жап-жас жүрегім, Сәттерде жалғыз егілген.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Өлеңде менің ұлы елім, Биіктей түссін дедім мен. Шапса егер атша жүрегім, Сүресің ғұмыр сол ерше. Ұлы елім: – Қандай тілегің, Бар, ұлым, енді?! – дегенше. САРНОҚАЙҒА СӘЛЕМДЕМЕ I Ауа, суы...боялған бәрі көкке. Бәрі шаһқар дегенім дәлірек пе?! Менің атам жайлаған суреттердің, Абыройы аспаннан әріректе. Шыңдарында шынар да, қыран да көп, Жер жүзінде көркі бар тұрар бөлек. Аристотель: «Адам да, табиғат та, – айтып кеткен, – көркем бір шығарма», – деп. Көбейсе егер көңілді күні алдағы, Ерке жүрек жыршының бір арманы – Бұзбай, жармай көрсету дүниеге, Қой, жылқылы көгілдір шығарманы. II Бебеулеген кеудемде күйіме сен. Жүрмін сені сыртыңнан сүйіп есен. Жұрт жаңартып, бұл жақта екі-үш айда, Жақсы қойшы секілді жиі көшем. «Көш-көлікті, тәуба, – деп, – мұнысына», – Жүк артатын көк таудың күні шыға Қойшылардың, қалатын сары жұртта, Сайман, қамшы, су жақта ыдысы да. Бағым күнде жаңаша жанды дедім. Жаным көшіп, тағы бір алды демін. Шаһқар –(пар.) шедевр.
112 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бір жұртымда жоғалып серілігім, Бір жұртымда өрлігім қалды менің. Құмы қалып, соңында тауы қалып, Ескі жұртқа жолыққан ауық-ауық, Біздің ізбен көшкендер бір қуансын, Менен қалған мұратты тауып алып. III Ақ тастары кем емес сұлтандардың тағынан, Салт аттылар қаптаған сауық, тойын сағынам. ..Айдарбектің ақ жары – бабаң өнер көрсеткен Колизейі көшпенді, көзсіз елдің бағыдан. Тізе қосқан – жау шапса, көкпар тартса – селбескен, Сеңгір таудай өр кеуде, сенде туып, сенде өскен Найза ұстаған батырлар ақырып кеп сайысқан, «Әупірімдеп!» әупілдеп, атайы ерлер белдескен. Айдарбектің ақ жары – бетеге өніп, гүл өскен, Биік, жарық қашанда бар шоқы, бар күнестен. Төмен етек, шашы ұзын қыздардың да Олимпі, Садақ тартып жігітше, балуанша күрескен. Көк ала бас шыңдар да қарағайлы өлкеде, Қызғаныштан қызарып, қарайтұғын өртене. Мың сан тұлпар атағын аспандатқан ақынша, Айдарбектің ақ жары – бәйге төбе, өр төбе. Айтып, жырлап, суреттеп әлің жетсе бер, ақын, Айдарбектің ақ жары – жырдай қылған болатын Жәнәбілдің шұбарын, Далабайдың қызылын, Тасжиренін Қойбектің, Битайдың да кер атын. Айдарбекте кекілін алғаш рет түйгемін, Жалғыз қара келгенде жалын сипап, сүйгемін. Жәукен тойға жаратқан жаны мөлдір ақындар, Жырға қосқан ай маңдай Жұматайдың жиренін. Әлімсақтан жайлаған сері елдің бір арысы, Қайнай берсін мәңгіге шулы қазан – жар іші. Биіктетсін бұдан да Айдарбектің ақ жарын, Жігіттердің намысы, жүйріктердің шабысы.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м АҚЫНҒА Тұманбай Молдағалиевке Сіз туған күн...Екі қайта тумайсыз... Айтар сөз бе: «Ондайсыз бен мұндайсыз»? Мәртөбедей мәртебеден ыңғайсыз; Жанды ерітер сөзі түгіл, демі де – ән, Мұқтардан соң мақтап сізді не қылам?! Шақырымды көрмейтұғын бір қадам, Текірексіз терін алмай зырлаған «Волгаңызбен» шапқылаңыз күнде аман, Қамарғы ғып қақпайсыз ғой тегі де аң, «Жағы түкті» ат мінгізіп не қылам?! Барға барсам, батам күнде зиянға, «Бай болсам», – деп батқанымдай қиялға. Үстімдегім кеудеңізге сияр ма, «Көке-ау, мұның не?» – демей ме көп ұлан, Шаруам – шағын, шапан жауып не қылам?! Жақсы ақынның жоқ құдайдан кемшіні, Ол жымиса, жан да ериді ең сірі. Жеңгеміздің жастай жеке меншігі, Бетіңізге көлеңкем де түспесін, Өппеймін ғой өртейтіннен ішкесін. Ағаш атқа мінгізуге лайық, Жүнім – қызыл, тұзым – жеңіл. (Бұл – айып!) Кеткім келген кезде аулыма мұңайып, Жұбаттыңыз «серім-ай, – деп, – серігі ән» – Жақсылыққа жауабым жоқ не қылам?! Тоқтамайтын топты көрсе алқалы, Шаң жұтпаған шаппайбердей арқалы, Ақынға ақын мазмұнымен тартады. Әлдиледі, сан биледі мені де ән, Сізге тартсам, ермей сізге не қылам?! Кей түндері кірпігімді ілмеймін, Миым мынау – сары жұрты мұңды ойдың, Дәл соныма қарамастан білмеймін Сізсіз, аға, Алматыда не қылам? Сізсіз, аға, Алатауды не қылам?!
114 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Тамсанып таңдайдың суын жұт, Жеміске толы бұл гүлді іргем, Алқызыл таңқурай уылжып, Белінен талып тұр бүлдірген. Қанбайтын көзбенен көңіл түк, Желекті жерде бұл жел өпкен. Көгілдір көйлегін төгілтіп, Қыздар жүр табақпен, шелекпен. Тұмсығын гүл менен шөп қағып, Тайпалып мен мінген сұр жорға ат. Соңында үй тасты бір жон қап, Сол сұлу қыздарға жетті ағып. Тіл қатып, жауабын тыңдап ем, Саңқылдап сан дауыс шығады. Біреуі: «Әй, бала, мұнда кел», Біреуі: «Әй, жігіт, құры әрі». ЕР КЕЛЕДІ Жерден –ақын, аспаннан –қыран ғашық, Заңғар күні осылай тұрар ма ашық? Көк шәйідей аспанның бұлты аз көгі, Шайқалады шалғында гүл тәждері. Тауға беттеп аюы, қонжығы бар, Қанжығада шашақты қоржыны бар Атпал жігіт бетінен таңбасы анық, Ақ көлшіктей отарын алға салып, Матастырып қосалқы ат шылбырларын, Қағады ерге қой айдап сылдырмағын. Ауыл көрсе жүйрігі елегізіп, Ауыздықпен шөп басын келеді үзіп, Тамашасыз, думансыз таудан аспай, Түзу мылтық, ит үшін саудаласпай, Көш-жөнекей кей жерге жүрмей қонып, Бір шай берген жеңгейге бір қой беріп, Қымыз ішсе, ән салса жаны балқып, Сандыққа сап орденін нарына артып, Жақсы сөзді тыңдайтын қанып ұйып,
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Бар қазақтан базарлы жаны биік, Қайраты бар қарында қара нардың, Қазанына ет салған қалалардың, Кербез белде ойнақтап кер дөнені, Атасының жолымен ер келеді. ТАУ АЙТАДЫ I Шалдыққың келсе – мені өлше, Шаншылтып көкке жолыңды. Құзарды құзар дегенше, Қиямет деген орынды. Ұғып ал оны бүгін сен, Күтерің алдан қандай сын? Құзарда жүріп сүрінсең, Қайтадан сүріне алмайсың. Жақындап қалған аспанмен, Жанарың ерте алданар. Аяқты аңдап басқанмен, Көзсіз деп сені ел таңданар. Азамат болсаң белсенер, Аяңда бері, ендеше. Шыңға шық – өлгің келсе егер, Шыңға шық – өлгің келмесе. II Естідің кеше қандай үн, Көрдің бе таудан ақынды, Талқандап тастың маңдайын, Жазды кеп сенің атыңды. Биікте суық жел өпкен, Тер төкті жігіт қаншама, Балғамен ауыр кенеттен, Бармағын соғып алса да. Өрімдей жігіт бүлдіршін, Қашаумен тасқа сан қырлы,
116 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қаншама жылға, кім білсін, Атыңды сенің қалдырды. Сұлу қыз, сонау ақынды, Қуала бірақ төменге, Жазбады ол сенің атыңды, Тастан да берік өлеңге. III Географ мұзда дірдектеп, Биіктен ашып кеңсені, Картаға сызып құрметтеп, Бойымды менің өлшеді. Жайлауға келіп жазғы ұшпақ, Айнала шолып басымды, Тарихшы мені қазғыштап, Анықтап кетті жасымды. Кейіннен жазып томдар көп, Мақтауды олар төкті кеп – Тарихшы: «Мықты болған», – деп, Географ: «Биік бопты», – деп. Мәз болып қалдым соған да, Бәрі де дұрыс, шын еді, Бұдан да биік болам ба? Оны енді ақын біледі. АТ ЖАРАТҚАНДА Талай ұшып жүрген жер, Қалай ғана тоқтасын. Қос танаудан үрген жел Жапырады шөп басын! Ойдан өтіп жүзді өрге, Жайтаңдатып қабағын. Қос тізгінін сүзгенде, Қопаңдап-ақ қаламын. Мінезі де адуын, Алда не бар білгелі,
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Арша қағып жабуын, Аршындайды ілгері. Тілеп алдан бір ағын, Көрген елді жымитып, Кенежирен құлағын, Иісшіл итше қыдитып, Келе жатыр, тасыңды Батырып су, сазға да, «Жібермесең басымды, Билетші, – деп, – аз ғана». Жүйрік болып туғанмен, Егескен не жалақтап?! Талай төбет қуғанмен, Қалды тілі салақтап. Ауылдардан мол шулы, Ағып өтсең көлденең, «Ат бәйгелі болсын-ды» Айтады ел хорменен. Өркеш-өркеш жатқан бел, Өрін кімнен аяпты, Омыраудан аққан тер, Табанына таяпты. Елпең-елпең желеді, Елден бөлек жан қинап! Кенежирен дегенің – Тұлпарлыққа кандидат. МАМЫРДАҒЫ ОЙ Сұлулыққа жерік пенде, Жасыл бақтан көріп келді, Алма ағаш пен өріктер де, Ақ гүлдермен көбіктенді. Қарап қойып көктегі айға, Айтады ғой тізіп бәрін, Қараторғай көк тоғайға, Үнді елінің қызықтарын.
118 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Тауда гүлдің көрмесі де, Құмартқан соң қыза теріп, Қойды ма екен бөлмесіне, Шуындықты қыз әкеліп. Шуындықты көргім келді, Көргім келді дала нұрын, Қолыма алсам сол гүлдерді, Түседі еске балалығым. Сол бір шақты айтайық көп, Еске түссе күліп берсем, Көкке шығып қайтайық деп, Құрбыларды үгіттесең. Ортасында көп құрбының, Асығушы ек жырақ қалмай, Ар жағында Екпіндінің, Жұрт көрмеген жұмақ бардай. Қанбайтұғын сөзге шөлім, Түрі бөлек, назы керім, Онда мұнан өзгеше едім, Онда мұнан нәзік едім! Қайта оралтты дала гүлді, Гүлдер жапты төбелерді, Қасиетті бала күнгі Қайта оралту керек енді. Келетұғын көк тірегім, Шынарша озып терегіңнен, Онда мұнан өткір едім, Онда мұнан өр едім мен. Ой кешсем де мұншама күн, Емтиханнан бекер құлап, Табиғаттың бір сабағын Оқымаған екем бірақ. Оқырмын мен өзге әлібін, Ал, мынаны ұғу бөлек, Адам жаны өз мамырын Қайта оралтып тұру керек.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м ТАБЫНШЫ Төбеден күн қыздырса тандырдайын леппен, Талған кезде ат үсті қалғыр дәйім бұл еппен. Жеке меншік атымен жеке бағып жүреді, Мал бір қайғы ол үшін, мал бір уайым жүдеткен. Құбылаға кетсе аспан жай дөңгелеп шырағы, Торламаның тілімі – Ай да өрмелеп шығады. Ақшаңдаудан жазбады ақшам келіп жеткенше, Аптапқа да шыдады, сәйгелге де шыдады. Қайтсін жота шөбінің биыл бәрі қуарса, Бұйырмайды өрістің бұйырғаны сұралса, Бұрқылдайды әйелдер, бұл тыңдайды мақұлдап, Құнажыны қысыр қап, сиырлары суалса. Пысық пұлдан бір іспен өтегенсіп құтылар, Дау-дамайға бармайды, кетеді өршіп, тұтылар. Желіндері жер сызса алғыс айтар кім бұған, Жеке меншік сиырдың жеке меншік сүті бар. Қыстай күткен жұмысын жаз өткенде тастайды, Саяқ жүрсе сайда ылғи мәз еткен бе бас қайғы. Фототілші келмейді, «жеке тұршы», –демейді, Журналға да жазбайда, газетке де баспайды. Жолым түсіп жетсе егер халайыққа сөз бүгін, Табайық та амалын, табайық та мезгілін, Саяқ жүрген адамға ауылы үшін, ел үшін Салайық та назарды, салайық та көз қырын. МЕНІҢ АУЫЛЫМ Алсын қаулап, сайдағы су суынан, Аспан басқан алаулаған шырағын. Бақшабауда торғайлардың шуынан, Бас мәңгіріп, бітеді қос құлағың. Күнбағарлар ерте айырылды басынан, Қына тықыр күнгейдегі қыр гүлі. Түн жамылып кебу пішен тасыған Ұйықтатпайды арбалардың зіркілі.
120 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Апорт алма ұялғаннан қызарды, Төгіліп те жатыр жерге тәтті бақ, Тентектер жүр шөпке келген бұзауды, Таспен емес, алмаменен атқылап. Бұл ауылды көрсең, кірер түсіңе, Мәрт табиғат төккен барлық жасылын, Көгілдір бақ, көк тоғайлар ішіне, Аппақ үйлер салынғандай жасырын. Жан-жағына зәулім терек қадалған, Жапырағы сыр шертетін бір терең, Біздің үйдің шатырын да ағарған, Жасыл шашпен бір топ шынар бүркеген. Жасыл желек судырлайды жібектей, Жел ісі ме, өздері ме мазасыз, Қонаққа да төбеңізден күн өтпей, Жасыл туннель ішіменен барасыз. Менің ауылым секілді бір күшті өлең, Танысқанның қалмай да жүр тіпті есі, Жөбішенді бір картаға түспеген Жер шарының ең ғажайып нүктесі. Басқа жастап жатыр заңғар тауды да, Көк те бұдан аямайды жаңбырын, Қазақтардың ең сүйікті ауылына, Айналсамау деген де ойы бар мұның. Сыр шерткенде жазды күні құраққа, Дастандарды тудырғанда үнемі, Ауылым менің жетсін деймін мұратқа, Қабыл болсын деймін барлық тілеуі. ТӨБЕГЕ ШЫҚ Салқын түскен. Сарноқайда – екінді, Сарноқайда ғажаптар бар не түрлі. Төмендегі Қаратал да, тоғай да, Қала, ауыл да макеттегі секілді. Жасыл шақпақ –егінжайлар жолағы Көз таспадай, ішектей де жол әні.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Темір жолмен бір эшалон қозғалса, Жауын құрты жылжығандай болады. Бәрі-бәрі кішігірім көлемде, Кіші-кіші ауылдарды көрем де, Алақанға салғандай боп биіктен, Қосқым келіп тұрады асқақ өлеңге. Қызығы көп аспандағы бұл қырдың, Айғай салып екі шыңды күлдірдім, Мен сүйткенде құбыладан тоқымдай, Тауға қарай бұлт жылжыды бір күлгін. Күлгін бұлттың етек жағы сетінеп, Келе жатыр, сызып сұлу бетін от. Ол кеп бірақ Сарноқайға жеткенше, Бие сауып үлгереді ел екі рет. –Биікке шық! –ақын басқа не десін, – Иемденіп өлкеңнің бір төбесін. Тым құрыса құбыланың қабағын Елден бұрын және ертерек көресің! ЖҰМЫС (Аға ақылынан ұққаным) Қол соғар тамшылаған терге дәуір, Жеңіл іс атқармаймын мен де, бауыр. Домбыра, қалам жеңіл зат болғанмен, Ақынның әлімсақтан еңбегі ауыр. Бесіктен қиыр шолған алыс қарап, Бол мейлі іштен туған данышпан-ақ. Еңбексіз екі қадам жылжымайсың, Өмірде іскер ғана қарыштамақ. Ішіне майдай жағып бұрынғы леп, Оқып та, жаттап та алған жырымды көп. Оқушым, кінә қойма «ақынымыз Бұ жолы прозаға ұрынды» деп. Солай, дос, қарап алсаң бір бетті шын, Етік тік, иә сурет сал түрлеп түсін.
122 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Еңбексіз олақтан да аса алмайсың, Күні-түн еңбектенсең, құрметтісің, Әнші де қауышатын даусы алыспен, Ісмер де босамайтын саусағы істен Еңбектің арқасында жұрттан озып, Елінің сабасынан кәусар ішкен. БАЙСАЛДЫ НҰР Мұхтар Әуезов туралы Саңлау тапса саулаған нұр кекілдім, Судай тасып келмепті-ау секіргің. Абайсызда жанасса бір күні езбен, Ер қып ерттеп, еңселі қырды кезген. Жеңілуді білмеген қайсар момын, Жел мінезді өшірмес нұр мінезбен. Жиырмада да түстің сен қырықта да, Нұр боп түстің көк өркен шыбыққа да. Жүйкеге де, жүрекке, тілекке де, Құлыққа да, ұлық пен рухқа да. Нұр түскесін жаһанның хош реңі, Тоң жібітіп судан сең көшіреді. Жылытады, жайната көрсетеді, Әр төбеге мәртебе өсіреді. Менің ойым тағы да қырды кезді: «Ұлы бар ма екен, – деп – нұр мінезді». БҰРШАҚ Бейнелеп құсты, батырды, қойды, айғырды, Бұзды да бәрін суреткер бұлтым қайғырды. Тозығы жеткен құрымдай жүні ыдырап, Амеба құсап көбею үшін айрылды. Ыдырап жүріп арасын бұлтым ашқанда, Көгілдір судай көрініп жүрді аспан да.
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Сегіз аяқтай біріне-бірі ұмтылып, Тарамдап келіп қайтадан тоқайласқанда. Күрілдеп барып шарт ете қалды бұлт іші, Селк етті жартас, бұзылды таудың түр-түсі. Арумен бірге соқпақпен қашты үй жаққа, Ақ шелек толы өзеннің соңғы күлкісі. Сай ішін кеулеп, суылдап самал өткенде, Қап-қара бояу жүгіре шықты көк белге, Таңқылдап қазан, даңғырлап сыртта шелектер, Таянды тықыр тігінен тұрған шөптерге. Ит тұрмас болды, иттің де жасыл төсегі, Жалп етіп жалын, ошақ та енді өшеді. Бүрсеңдеп күрең мамағашты екі айналып, Құйрығын жымып, пәлеге сауыр төседі. ЕРТЕ ЖАЗ Аспан мен желге құмартып, Ала бас тоғай шуласа, Майсасы биік гүл аңқып, Мұхиты шөптің туласа, Қанатын ұрып көдеге, Құлаққа сыбдыр жеткенде, Бытбылдық әнді бөдене, Бидайға сүңгіп кеткенде, Жеткізіп жерге аспан бал, Желіні бұлттың игенде, Сәйгүлік аттай асқарлар, Сар жасыл доға кигенде, Өркеші нардай кезеңді, Бүргенде бұлттар бүркітше, Мұраптар асау өзенді, Арпаға қарай үркітсе, Шуындық қаптап қырларға, Шымшықтар талға бұққанда,
124 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Шопанның аты шыңдарға, Шешенше билеп шыққанда. Балықшы шабақ сүзбеген, Балдырлы судан Айды іле, Шилі өзен жақта қызбенен, Шүрегей түссе бәйгіге. Жанымды нұрға бөлеген, Жазымды оймен тербетіп, Қияға қарай жөнелем, Қиялдың атын терлетіп. Қол бұлғап көктен шынары, Қос тыныс беріп гүлдері. Биікке жалпы шығады, Қазақтар жазғы күндері. ҮШ ЖҰЛДЫЗ Олар енді пысқырмайды өлімге, Құлақ салмай төмендегі көп үнге. Құрдас, мұңдас жұлдыздар тұр Ажалсыз Қара шашты қазақ сөзі көгінде. Тау-төбе боп, құмға айналып тас кетпек, Бірақ олар тұра берген жас боп тек. Ең сұлуын ең момыны ардақтап, Ең жайсаңы екеуін де әспеттеп. Жерде жүрген, елде жүрген кезіндей, Бір-бірінен ажырамай, безінбей. Жұлдыздар тұр жерге қарап мейріммен, Мәңгі жасар ер халықтың көзіндей: «Бір халыққа бір қуаныш әкелмей, Бір халыққа бір абырой әпермей», Ұл данышпан, қыз кемеңгер болмайды, Бейімбеттей, Ілиястай, Сәкендей. Намыссызға жүрек қайда, ми қайда, Миы болса өз еліне қимай ма?
Шұ ғынық г үл төрк і н і Үш і нш і бөл і м Ақша алғанмен ел жүрегін ала алмас, Дарынсыздар суық, сұрсыз шимайға. Қурай шіріп топырақ боп, гүл өнбек, Жердегі өмір бір қиырға тірелмек. Халық ұлын көме алмайды ешқашан, Халық ұлын жұлдыз қылып жібермек. Ойында жоқ елге керек жыр өрнек, Қу, мүттаһам, күншіл, пасық, жүгермек, Өзгелерге ор қазайын деп жүріп, Өзін өзі көрге тығып жібермек. Көрген қызық, азы не оның, көбі не, Шыққаннан соң қазақ сөзі көгіне. Нұрымызды төгіп тұрмыз барынша, Дос төріне, кешегі қас көріне. Қулар ойын жүгірткенмен сан-саққа, Жүгірткенмен уһілеп те, шаршап та, Мына көкке жеткізбейді машина, Мына көкке жеткізбейді мансап та. Көкке мәңгі болғың келсе бел бала, Күш жоқ мұнда көтеретін Жерде ана – Миллиондап саналатын теңге емес, Миллиондап саналатын ел ғана. *** Жат елден жанын жалдап жер шегінен, Заңғарға заржақ құстар келсе кілең. Қонады қойны жылы жас тоғайға, Жұпарды жұтып жасыл сеңсеңінен. Топырлап тоғайларды танып енген, Көктем де көшіп-қонды әбігермен. Жер үсті, аспан асты қонақтары, Жасыл тау жайлауыма тағы келген. Жартастан сыздықтатқан құз асылы, Жайлаудың жағасы шым сызашығы,
126 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сылқылдап күлуші еді: «Көк-көк», – деумен, Жат бауыр жаман құстың ұзаса үні. Соқпаққа жалғыз аяқ ере білген, Бөкенше жас тоғайға желе кірген. Сұйық жал сұлу атпен құс базары қызығын барлай қарап келемін мен. Заңғардың желі тыныш күнінде ашық, Бастарын шайқағанда гүл ырғасып. Жатты-ай бір екі торғай ен тоғайдың ені жоқ бұтағы үшін шырылдасып. Жайлаудың баяу ескен жылы лебі, Ғажайып, ғажап одан шыңы, көгі. Қыран жай қалықтайды, көлеңкесі жерменен қой үркітіп жүгіреді. Жас шырша, қырқа шөбі, қыраң гүлі, Сан ғасыр сынай қарап тұрар мұны. Қалмайды торғайдың да торғайлығы, Ақиық қыранның да қырандығы. Адамның жанған бірақ өте бағы, Өзінше өзгеруге жетеді әлі. Тоғайдың торғайындай ұсақтап та, Қыранша ірі боп та кете алады. Бір басқа барлық бақыт тиіп пе бір, Бәрібір жер ғажайып сүйікті өңір. Қашанда ұсақтықтан жоғары бол, Көтеріл, биіктей түс, биік көңіл!
Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде, Көп кещеге қай бетіммен кектенем? Бізге өлімнің қолы, сірә, жетер ме, Мұқағали, Төлегенге жетпеген?!
*** «Я помню чудное...» А.Пушкин Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде, Көп кещеге қай бетіммен кектенем? Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме, Мұқағали, Төлегенге жетпеген? Байлық менің тие алмайды жыныма, Құдайсызға керегі не пітірдің? Мені егер де көзге ілмесе құбыла, Онда мен де құбылаға түкірдім. Менің жаным мейірімге құмар тым, Достарым көп шалқар көңіл, сайын үн. Жез шығатын жерден шыққан бір алтын Жымиысын жиямын деп байыдым. Биік әнді сүйе алмайды өзге ерін, Мұндай бақты тұра алады кім ұстап? Мен бір гүлдің гауһар мінез сөздерін, Жүрегіме құйып жүрмін уыстап. Соны көрем өңімде һәм түсімде, Әлемге үлгі көрсетеді ол әлі. Ол өкімет орнатқан бақ ішінде, Әкімдіктен ақындық шен жоғары. Төртінші бөлім
130 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде, Көп кещеге қай бетіммен кектенем? Бізге өлімнің қолы, сірә, жетер ме, Мұқағали, Төлегенге жетпеген?! ҚАЗАНҒАПТЫҢ ҚҰРДАСЫ АЙТЫПТЫ ДЕГЕН СӨЗ Сабасы қылды наланың замана мұны, Шаппайбер шықты шанақта жараған мұңы. Арқауы ауыр тұмандай туады бір күй, Әйелі ерге, ер жерге қараған күні. Ми қосар сазды сақтайтын, әрине, халық, Әрине, халық күйге елтіп, нар игені анық. Кемпірқосақтай көңілінің бір тіні – баран, Көрінбей тұрса, үн тыңда қара үйден барып. Жесірін тартып алғандай құдайдың ер ұл, Жабырқап өсті жас ғұмыр шырайлы небір. Жер кене қырттар жабылса жетесіз, ессіз, Атылған құстай аспаннан құлайды көңіл. Жарықсыз өтер жақсыны көрместің күні, Хан тағына да көңілін берместің мұңы – Қазанғап күйі сананың қайрағы емес пе? Қайраққа қылыш өтпейді – өлместің бірі! Көкейді тескен тірліктің білгенге мәні, Көп емес пе еді? Көк мидың бір демде бәрі: «Өрісте малы, өкімі, билігі жоқтың, Сүйегіндегі жүйріктік кімдерге дәрі? «Қазанғап кімге шікірә?» – дегенге шықты, Арнадан асты, намысым кемерден шықты. Қақ тұрмас жерге қасарып жалғыз өспесе, Әулие деп неге байлаймыз еменге шытты? Қайраным аз ба? Бар менің мұныңа таңым, Біріңе мінез жетпейді, біріңе тәлім.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Құл менен күңше күңкілдеп күн кешпес үшін, Әулие ағаш секілді ұлыңа табын. Тоқымы кеппес ұры әлде ұрдажық па еді? Аққа құн кессе, бағыда би жазықты еді. Күйеудей кішік күйшіңнің көргені түрткі, Атаңның көрін ақжүрек күй қазып па еді? Әспеттеп күйін жүрдің бе, құрметтеп әнін, Бір бетке жасың жиылып, бір бетке кәрің? Ебіңнің бәрін еңсесін езуге жұмсап, Қоңторғай аттай су жал қып мінбек пе ең бәрің? Бас қосар сазды сақтайтын, әрине, халық, Әрине, халық күйге елтіп, нар игені анық. Кемпірқосақтай көңілінің бір тіні – баран, Көрінбей тұрса, үн тыңда қара үйден барып. Несі адамдар – не қылар келгенде қырын, Жер таба алмас күйлерін көмгенге мұның. ...Ауруға басын көтерткен, аруға – қасын, Домбыра көрге түспейді сендерден бұрын! БОЗЖІГІТТІҢ ЖЕҢЕШЕСІНЕ АЙТҚАНЫ Тартылса көкке тарқатар жүрегі шерін, Қайырған құстай қайта ұшсам түлегіш едім... Қара Ертіске қаншама самолет келді, Ішінде мен жоқ боламын үнемі соның. Кем құрбыма да кей кезде ел теңесе дедім, Теңдік жоқ жерде келмейді егесе бергім. Қара да кетті Ертіске, сары да кетті, «Бозжігіт» қайның жоқ онда, жеңешем менің. Жылқышы жинап Жидебай бауырына гүлін, Сайды да бүгін той алар, тауды да бүгін. Барғызбасым бар екен, барғызбай қалды, Бармаған едім Ақынның ауылына бұрын. Бекерден бекер бола ма адам өкпелі, Алқалы топпен жөн еді ел ала кеткені...
132 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мінім мен мұңым көп еді, ат, айғыр емес, Көтере алмас болған ғой самолет мені. Торығу күтер той-жиын сағынған ерді, Жеңеше, менше ешкімге жалынба енді. Не күтпек, қайдам, қайтарып сапының жүзін, Бұйда пышақ беліне тағынған елді?! Өкпе-наз өлең ауылында кездесе берер, Өлтірмек мұндай сынына төзбесең Өнер. ...Жеңеше, Абай қажыға жетер-ақ еді, Мекені Меке боларын сезбесе егер. АРЫСҚА БАРҒАНДА (Зуфарға) Бір ғажап сурет көрдім деп ертең мақтанам, Бөгеннің жері бөлектеп маған сақтаған. Ер Қыпшақ Еділ Европадан да көрмеген, Жалайыр Мұқылай таңғұттардан да таппаған. Аптабы тандыр лебінен артық өңір бұл, Арысқа келіп аңырып қалған жерім бір. Инелік көрдім шұғынық гүлдей қып-қызыл, Инелік көрдім тоты құстардай көгілдір. Алысқа емес, Арысқа келіп жетіп ем, Адамы түгіл, жәндігі ғажап шетінен. Көгілдір, қызыл бояуша олар ұшады, Лимонад түстес саржасыл судың бетімен. «Түлендей жылтыр балықшы достар жанықты, Көрдім мен сонда қап-қара лақа балықты. Ақынның көзі түспеген білем бұған да, Лақадан қазір кез келген бақа даңқты». Арысым – әкем, әкемдей бағып-күтті енді, Арқалап қайттым Бөгеннен нәзік жүктерді. Атаңнан қалған алты Арыс жері болмаса, ...Көрерсің қайдан көгілдір инеліктерді?!
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ҒҰНДАРДЫҢ ЖҮРЕГІ «Замолкни и вслушайся в топот табунный, По стертым дорогам, по травам сырым, В разорванных шкурах бездомные гунны, Степной саранчой пролетают на Рим...» Павел Васильев Вокзалға қарай бұл елді кім бөріктірді? Көрікті елдің құшағын гүл көміп тұрды. Бақтияр, Еділ киетін сусар бөрікпен, Күржістанға керік қас ғұн келіп кірді. Арналды ғұнға күржінің әуені, үні, Артынан сөзі жетті Оған, әуелі гүлі. Мың ауызбенен атағын аспанға атты, Құрсағын қанжар сәндеген тау елі мұны. Өткендей болды біржола мұңды әннің шағы, Кіргендей болды мәулен бас шыңдардың сәні. Орыстық ұлы Ордадан осында келген, Шәйірді қайран қалдырды ғұндардың шалы. Көкжанар ақын көрмеген жыр, әні кеміп, Тоқсанға келген, жаны жас бұланы көріп, Бұланың бұлттай мұңданып дірілдегенін, Қасында жүріп көрді де, жылады келіп... Суалтты бір дерт жыр, әні суалмас ұртын, Мәжнүнді мұндай ешқандай туа алмас ұлтың. Айкүмістерді алты орап алатын сұлу – Күржінің қызы-ай, ондай жан туар ма, шіркін! Дірілдер бір сәт туды кеп бұл ерінге де, Өлген жоқ, тірі. Үзеді күдерін неге? Қыза келгенде: «Қызыңды... Сталин...» – деген, Бөркімен кірген еді-ау ол Кремльге де. Басталды қайта біржола мұңды әннің шағы, Шулардың мәні қалмады, шыңдардың сәні. Ғашық боп қалды, аруды алғысы келді, Тоқсанға келген екейлік ғұндардың шалы. ...Ару, ақ таңым. Мен бүгін жаралы ғұның, Қобыз кеуденің зарлатқан саналы қылын.
134 Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Әкемдей жансыз...бір түрлі...сүйемін» дейсіз... Сол сөзің мені өлтіріп барады, Күнім. Өлмедім, қалдым өзіңді көргенде мана, Көктен де қара көзіме, жерден де қара. «Сүйемін» дейді отымен, нұрымен барлық... Ғұн, қалқам, ғашық болмайды өлгенде ғана. АҒА (О.Сүлейменовке) «Қалай, – деп, – ағам?» –қарадым аспанға кілең, Бағасын жұлдыз көрсетті бас бармағымен. Қасоққа әкеп береді балық пен суын, Іле өзені Қытайдан басталғанымен. Ағам да сондай. Алысты жақынға балап, Қақтырған біздің намыс пен ақылға қанат. Дешті – Қыпшақтан кеп, Игорьге орысша сөйлеген Тұрғандай болам сауытсыз батырға қарап. Әр елдің өзін өзіне білгізер ері, Бағыда туса, қуанып мұңды жыр елі, Байбақты Сырым батыр да батасын беріп, Кенеағаң күрең арғымақ мінгізер еді. Сонымен биік, өр сұлу, фәниге қара, Ол барда тілсіз болмайды, әрине, дала. Көше көп жаңа, тек биік қасоқтың атын, Бергендей емшек береді ел сәбиге ғана. Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең, Марғұлан айтса ақылы, сабыры кенен, Богдыхан қызын беретін Үйсіндер кеше Елге таң, ірі ұланын Тәңірі деген. Ер, көне тайпа дәстүрі оралса кері, Қасоқтың және қасоққа жоғалса-ау кегі. ...Тәңірің сенің көбейсін, тәкаппар елім, Алдымен сені жарылқар, сонан соң мені. Қасоқ – қазақ сөзінің түп-төркіні (автор).
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ҚАСОҚ ҒАЗАЛДАРЫ Қиырдан шыққан қырғынға үлгіре білген, Аламан қолы атына дүрліге мінген Жалайыр Бала нояндай Мәлік хан менен Жалаләддинді қуам деп Үндіге кірген. Шаңдатқан ішін сан қала, қалашықтардың, Көз жазып жаудан, жаурынмен бал ашып та әр күн, Жаутаңдап қалған нояндай Сені ойлап жүріп, Бар мақсат, арман-мүддемнен адасып қалдым. Көзіме келіп тигендей жасынның ұшы, Ашылды сырым, қайсардың басылды мысы. Қыңсылап үрген, ұлыған үндерге толды, Ию да қию иткерке – басымның іші... Ғашықтық тәмәм, болды ма еркелік тәмәм? Қарардай әлем Сен құсап жеркеніп маған. Намыс пен мұңнан Мысырға халифа болған, Ұбақ Қыпшақтай ызадан өртеніп барам. Тағдырға мынау. Таусылды ақылым, демім, Ақырым қорлық болды ма, ақырым өлім? Тәуіптей емдеп, тәңірдей жарылқа мені, Ару ақ Күнім, – жұлдыздай жақыным менің. Жаз өтті бастан, қыс қалды дедім,
жерідің менен мүлде Сен. Ғұмырым бірден қысқарды менің, не үшін, не деп күн кешем? Кеудемде мейірім, ар-намыс барын көрермін-дағы сорымнан. Сұр өмір сараң алданыштарын сыпырып алды қолымнан. 136 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Көкірегіме шер толып, Тектім, айта алмай аузым мұңды әнді, Өкініштен Мен өртеніп кеттім, ішімде сұп-сұр күл қалды. Ішімді сұп-сұр өртеңдей, міне, жайлады өңі өзге мұң. Ыс иісіменен жиіркендірмей ме
күлде өскен гүлдей сөздерім? Көріп, тыңдап қанығам, Көңіліме гүл қаптап. Сенің мәнің-мағынаң, Сәуле сынды мүлде аппақ. Табылмас ем, дауа да, Бұл сезімге мұңды, отты. Жер не, сені ауа да, Көтеруге міндетті. Шипалы бал – өң, үнің, Гүлдікіндей беделің. Сәл жымисаң, көңілім, Көктеп шыға келеді. Адам түгіл, тасқа ауыр, Азабыңнан езілгем. Жаны мөлдір жас тәңір, Жарылқай гөр көзіңмен. Сүт иісің бұрқырап, Жүлгеше ерке жүр кейін. Жүрегімді жыртып ап, Кебісіңді сүртейін. Кешіре гөр, жыры үлгі, Күйші ғұнның арманы, Міндерімді бұрынғы, Және сосын алдағы!
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Сезімдерге бөленгенде ең керім, Жүзімізге, көзімізге нұр ұйып, Гүл мен мұнар, кемпірқосақ еңбегін, Бағалаймыз махаббаттан жымиып. Біраз бақыт сыйлап еді жомарт күн, Жаным, тәнім жабырқаудан тағы азды. Ең ғажайып қазынамды жоғалттым – Сенің күлкің бейнеленген қағазды. Жаман ырым екен деп ем біртүрлі, Ұрлады ма білмейтін жан обалды? Мені көрсе, жарқ ететін күлкіңнің, Ізі де жоқ, ол да кейін жоғалды. Қара бақыр пұты, бұты өзгенің, Қайқы десем, тайқы ма еді маңдайым? Мені көрсе күрсінеді көздерің, «Мосфильмнен» мезі болған жандайын. Көк сеңгірдей көркем, сұлу ойларым, Ұсақталды, шашылды әрі тарыдай. Күлкіңе де қанбадым, не тоймадым, Кетем білем қуанышқа жарымай. Сезімдерге бөленгенде ең керім, Жүзімізге, көзімізге нұр ұйып, Мұнар мен гүл, кемпірқосақ еңбегін, Бағалаймыз жылай жаздап жымиып.
138 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бір бақыттан хабар берген есті үнмен, Тәңірімнің дауысы ма естілген? Маңдайына тиген қолдан ес жиған, Жаралының жаңа халін кештім мен. Жүрексініп айтып тұрмын мұны мен, Мылқаулардың мида сөйлер тілімен. Тәңірім деп табынып ем, Тәңірім, Оң көзіңмен қарайсың ба шынымен?! Есіркей ме, соқпай ма енді көк мені? Қанша заман іштей бір зар төккелі. «Ақ тәніңе ауа тисе, сол ауа, Сорлы ерінім жетпегенге жеткені. Үмітсіздік ішкенімді у қылды, Қуалайтын күн бар ма екен қу мұңды? Боз биенің сүтіндей бет, ерінім, Бола алмай ма хлоры бар су құрлы?!» ТВОРЧЕСТВО ҮЙІ – 87.ТАМЫЗ І Қазақы бақтан аспанға қарадым анық, Қылаңнан ада тек қана бараны қалып, Алауыздық пен Хо Үрлік түбіне жеткен, Маңғыттардай ала бұлт барады маңып... Қарағай тулы тау айтты: «Алысқа қара, Жел айдаған қаңбақпен жарысқан ана Жақындарыңды жанастыр, тірліктің мәні, Ұлылық көзі бірлік пен намыста ғана. Қос ғасыр оқып, түсініп болдық па мұны? Қараулыққа төзбейтін, қорлыққа бірі – Ақынның жоғын жоқтаған
жоқтығын Оның, Өрдегі көсем, қайыңды ел сондықтан ұлы». Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ІІ Қала да демеп жарытпай, дала да демеп, Қайтқан-ды. Ол кеше бере алмай дана да көмек... Кемедей екен келісті мына бір отау, Мұқағали ағама керек. Жолықтың, інім. Бұл кеште торықтым, ұғын, Жалғыздық сезіп, жабырқап молықты мұңым. Матростардай маңмаңгер ақынсыз қалып, Кемедей отау баржадай болып тұр бүгін. Көңілі көбең, көтермес сіркесі суды, Кісікиіктей күнсізден іркесің сырды. Кеудесі қаптай жазғыштың ниеті жаман, Жазбаханасы етікші күркесі сынды.
Жұрт түгел, оның құлындай құлағы кесік, Адырайған қордікі мына бір есік. Машайықтарша қызылкөз пәледен қашқан, Көрші боп қалған...көш жерге тынады көшіп. «Залал да менде, ендеше, заман да менде,» – Деп келген кеще үңгірлік адамнан кем бе? «Жаман айғыр – тайға қас»,
Қит етсе бір жас, Табанда көрге тықпақшы, жамандап елге. Ақындар кеткен заман ба, өлеңші келіп, Осынша сұп-сұр боламыз неден шіреніп?.. Қадамын санап басқандар қай жерден шыққан, Біз, қазақ, ақын халықпыз демеуші ме едік?! Арамды да адам деп адастым бір уақ, Ей, өлең, маған досыңнан қарастыр қымбат. Сопымсып отыр, молдамсып мына бір сұр бет, Шамасы келсе, Алатауды да монастырь қылмақ. Түспейтін шығар адамның сорлысы көктен, Неліктен қырттар болады өр, пысық, өктем?.. Келер де кетер талай жас, Мұқағали да, Қорғансыз сәби ақынның соңғысы деп пе ең?!
140 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ақындар кеткен заман ба, өлеңші келіп, Осынша сұп-сұр боламыз неден шіреніп?.. Қадамын жұрттың баққандар қай жерден шыққан, Біз, қазақ, ақын халықпыз демеуші ме едік?! Қуат боп, күш боп даритын жыр-әні қанға, Суда да бар ғой, дарынның сұрауы бар ма? ...Өлді деп тұлпар, қай кезде өкірді есек? Қайтты деп қыран, қай кезде жылады қарға? P.S. Қайтты деп қыран, ешқашан жыламас қарға, Қарғалар ие сондықтан мына ағаштарға. ГҮЛ. ҚАСИДА Бір музыка жетелейді күнде өрге, Өрде бардай мен қойылар бір көрме. Рахмет, жанарымнан тамған дән, Сол бір дәнмен ділі туыс гүлдерге... Шықтай жаннан шықпайды бір кекесін, Шықты – бітті, шыңырауға кетесің. Аламандай атқа мінер тап қазір, Байлап-таңып жүреді ол шекесін. Ер сайыны бола алсаңыз мына сіз, Мен айтпай-ақ, бір көргеннен ұғасыз. Ол бір шыны сүтке салған суреттей, Ол бір құшақ музыкадай күнәсіз. Топты ұйытып: «Тоқиық, деп, қардан бөз», Киімсізге жаны ашымас жаннан без. Күн көзіндей жыланды да жылытқан, Тап осындай мөлдір бейіл, аңғал көз. Адамнан тек шығады әсем диуана, Диуанаға жетпейтін мал – күй ғана.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Жынды дейтін ондай жанды Арқада, Шәйір дейтін ондай жанды Хиуада. Той болса деп жүрген жері, тұрағы, Ойлағанмен, оқсатпадым бір әлі. ...Байлық жоқта балаларға шашатын, Қобыз тартқым келеді де тұрады. *** Өмір де бір өткен-кеткен ойындай, Шегінбейтін шешендердің тойындай, Шаттық арты қасіретке соғады, Мені арбасаң көздеріңмен мойылдай, Бәрі қызық, бәрі өзгеше болады. Көйлектерің – шешпеген бір жұмбағым, Ал, өзіңе арылмаған мұңдарым. Ақылды боп шығуға енді талпынам. Қылығыңмен қырық қақпан құрғаным, Мәрем сен ең – жеткенімше алқынам.
*** Кілт басталып, сап тыйылар күлкің де, Қырық түске арқау болды бір түнде. Ақырында өлер болдым құмартып. Мойныңдағы түгі майлы түлкің де, Мен сияқты аш бөріден мың артық. Даусыңды естіп, соқыр сені ұнатар, Мылқау көріп, естімей-ақ гүл атар. Сені көрсе, жер де, көк те түрленген. Қабырғалы, қара көзді құба тал, Майыстырып құшар ма екем бір қолмен?! Бақ жанданар сен күлімдеп шыққанда, Сенің сөзің даналық қой ұққанға. Үнемі естіп жүрер ме екем үніңді! Жанар жұмып жұтынғанда, жұтқанда, Қоса жұтып қояр ма екем тілімді?!
142 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мен жоқ болсам, атымды айтып күбірле, Мен өлмесем, жақсылықтан түңілме, Ардақтайын жер бетінен өткенше. Мені көрсең, шақырымнан күлімде, Қуаныштан жер баспайын жеткенше!
*** Басында тәж, алтын қамқа кигені, Қаны қара қатал еді не деген! – Азияны Ақсақ Темір биледі, Тірісінде ешкім ақсақ демеген. Сары шөлде, далада өтіп сан күні, Ғазал жазған, жаны сірі не деген! – Азияда Сағди шәйір қаңғыды, Тірісінде ешкім ұлы демеген. Жұмыр жерге кімдер келіп, қайтпаған, Сөзі жетпей қалған жоқ қой теңесе. Шындықты жұрт қорыққаннан айтпаған, Мүлде тіпті білмеген соң немесе. Қалың қаудай ақ шалғымен шабылған, Өліп бітті ақырында әскері. Неше ғасыр бізден бұрын салынған, Сол күйінде Гүр-Әмірдің нәштері. Түк қалмады әмір мен бек, қазыңнан, Бірге кетті қазынаға жиғаны. Неше ғасыр бізден бұрын жазылған, Сол күйінде Әлішердің жинағы. Содан бері ізденістер көп, тегі, Бас қатырды талай жылдар жас-кәрі. Жаңа бояу ежелгіге жетпеді, Жаңа жырлар ежелгіден аспады.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Қуаныш пен қайғы дәмін татарсың, Шебер, сенің жанарыңда жанады от. Жаңа дүниең ежелгі боп аталсын, Тұрсын бірақ мәңгі-бақи жаңа боп. КҮЗГІ АУЫЛДА Май қатар болды барлық күн, Байқатар құс жоқ ізгі үнді. Табиғат атты хандықтың, Тағына кәзір күз мінді. Жер жырту ұнап тобырға, Желпіне ұшып ызғарда, Соқаның әрбір соңында, Тіркеліп жүр-ау жүз қарға. Аңызға – бидай жұртына, Автолар кеше таптаған Ақтылы қой да, жылқы да, Андыздай өріп, қаптаған. Сұр бұлттан моншақ тамшылап, Созылса сулы жібі де, Кеусенін жиған саршұнақ, Кетеді сіңіп ініне. Лай да жаздай қоса аққан, Егісті кешкен желкілдеп. Мұраптар басын босатқан, Өзендер тұнды мөлтілдеп. Аспани аппақ жабағы, Бояуды басқа таба алмай, Шыңдардың әппақ қабағы, Соғысты көрген адамдай. Ақ күміс жерге жалатса, Асықты дей бер алға күн. Білтелеп қана таң атса, Білмейсің кеш боп қалғанын.
144 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Көшенің аппақ шаңынан, Жасқана басып кеш кірсе, Мазасыз клуб маңынан, Музыка даусы естілсе, Амал жоқ, әйтеу төзесің, Бағатын сені жүз барда. Асыға ұрттап көжесін, Асықты інім қыздарға. Жүрмейсің ызғып сен түнде, Жұлдыздар сәуле құйғанда? Қосылып шал мен кемпірге, Қарайсың теледидарға. Қобдидың көкшіл отына, Қарайсың оймен бір қалың, Өзіңмен бірге оқыған, Жігіттің не деп тұрғанын. Самсайды көзге отты үй көп, Сәулелер жұғып бар маңға. Айырмен жұпар шөп түйреп, Алаяқ атқа салғанда, Самалды жұтып ұйқы ашам, Ашылса түннің құшағы. Атыңды келіп сипасаң, Жап-жасыл ұшқын ұшады. Шылымға қанып алғасын, Қарайсың оймен көк көлге. Арыққа соғып арбасын, Жөтеліп біреу өткенде; Ғашық боп осы далаға, Басына мұңды түрлі ой кеп, Бір досың сонау қалада, Трамвай күтіп тұр ғой деп; У-шулы жерді мекендеп, Сағыныш буса бір керім.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Жағдайы қалай екен деп, Жәйіңді ойлап жүргенін: Әуелеп шырқап әнді үздік, Жүретін, досым, біл сен де: Ақын деген – жалғыздық, Бәрібір қайда жүрсең де. Өтпес-ау көктем, бекер күз, Тақпасын деп те саған мін, Бейнесін беріп кетерміз, Біздерді көрген заманның. *** Қурайдың ызыңдайды-ау тілі сымдай, Бораннан бірі сынған, бірі сынбай. Ағарып бұта басы, қар ұшқындап, Жол үсті жылтылдайды күміс ұндай. Шоланға басы болған реніштің, Қар борап, біте алмады ел күреп үш күн. Сайрайды суық таңнан шана іздері, Қардағы жобасындай рельстің. Түгі ұзын тікірейген қос құлағы, Айтақтап тентек итін қос тұрады. Құйрығын өрге шаншып күрт-күрт желген, Соғым ат өз-өзінен осқырады. Шошынып күнде шауып жүрген жерден, Қар қашар танауынан үрген желден. Сықады сары аязда терезені, Ақпанда өзі ғана білген зермен.
146 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ҚАЛАЛАР МЕН БАТЫРЛАР «Самарқанда ымыраттар тым ғажап, Көкке өрлейді мұнаралар іргелі, Талай жаудың мойнын бұрған бұл қазақ, Мұнараның мойнын соза білмеді. Ерде тудық, құранды ерден әрі өстік, Ат дегенде қалмайды түк әкемде ес. Біздің елде жаяу жүру әбестік, Есек мінсең, ол да әбиір әпермес. Салтанаты, сәні қандай қаланың, Өз көзіммен көрмей мұны біліп пе ем? Кірпіш өріп, қалай қала саламын, Ойнақтаған тұлпар мініп тұрып мен?!» – Асу асып, талай жолмен шаң басқан, Ақ шаһарға тап болғанда бай нағыз, Бір қас батыр, бұтын соққан алдаспан, Осылайша қиналыпты дейді аңыз. Басқа батыр Герат барып, Шам барып, Тар көшенің қысымында бір ай боп, Үзеңгісін дуал қақса шамданып, Ер үстінде уайымдапты былай деп: «Бір жас батыр Шам қызына үйленіп, Ұрын барып, сарайларды көп көрсе, Бір шеберден кірпіш өру үйреніп, Қала салар күш-қайраты жеткенше. Осы өнерге ғұмыр арнап ер есіл, Қалдырмас-ау көкпар тартар алаң да. Бір жас батыр қала сапты дегесін, Қалған қазақ қарап қана қалар ма?»
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Сол пәлеге жасап қарсы дайындық, Өледі деп қаладан қыз әкелген, Мал жияр жер тарылар деп уайым ғып, Қыз алуға тыйым сапты жат елден. Ал бір батыр нөкер ерткен жанына, Шаһарларда байқап елдің көп ісін, Самарқанның тәнті болып бағына, Әбден қатты бағалапты жемісін. Қатты өзіне аударғанда назарын, Аса мақтап әшекейлі нәштерін, Гур-Әмірдің көкке өрлеген мазарын Нұсқап тұрып, кідіртіпті әскерін. САЗДА Желек, ну жібермейді желіңді кей, Ауаға жұпар ағыс емінді ме, ей?! Жалқаулау желпілдейді шөп шуласа, Атқұлақ жапырағы тебінгідей. Безді, әне құмырсқалар үй көшіріп, Бұйрабас цыгандарша биле, шілік! Оң қолды үнді құдай – қарандыздың, Қалған ба басына алтын түйме шығып? Бетке алып кетті шымшық құбыланы, Осы иттің өзгермей ме ғұмыры әні? Жә, қойшы...Погондардың оқасындай, Сары бас жоңышқалар құбылады. Аспаннан түсе алмай тұр тамызып ән, Соны ұқтым бозторғайдың арызынан. Әлде ана қалың қоға арасынан, Хал-жайын сұрап тұр ма әбіжылан? Жап-жасыл теңгесі айтып бірдемені, Сәмбі тал көрсеткен жоқ күнге мені. Сәйгел көп ызыңдайды айналшықтап, Сақбайдың бұзауы деп жүр ме мені?
148 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ШАЖАНЫҢ СУЫ Арынды суға қадала қалшы шеттен кеп, Сиқырмен суға айналып кеткен көктем боп. Көктей боп сұйық ағады таудың өзені, Тотияйын құйып тұрғандай біреу көкпеңбек. Жүрісі шапшаң, ағыны қандай тез еді, Ырғиды соғып, шіліктің ішін кезеді. Байқаусыз түскен аттың да қара тезегі, Шошаңдай қарғып, ит қуған аңдай безеді. Сумақтай зарлап, көмекейіне зіл үн кеп, Ұлардай шулап, барысша зілді гүрілдеп, Қаһарлы өзен жаман мінезін сездірсе, Қалтырап шетен, қайың да тұрар дірілдеп. Иірім қылмай, бөгесіндерге алданбай, Шашырап суы, жағаның шөбі малмандай. Шашасын малған, бақайын сұққан жығылар, Шайтан кеп суға шалп етіп, қырда қалғандай. Жеткенде тауға, жіберіп жырдың кісенін, Жағада жатып, Шажаның суын ішемін. Көгілдір бояу сіңді ме екен қаныма, Көкпеңбек болып кеткен жоқ па екен ішегім? Мінезі шатақ, көгілдір бірақ ажары, Табаны мөлдір тастардың жайма базары. Шажаның суын жыққысы келсе бір жақта ел, Ол орды келіп өзі де қоса қазады. Шажаның суын мақтайды келіп бар дана, Салдырлап жүріп кетсе де ұқсап арбаға. Ор қазса біреу оңтайлы жерден түсет те, Оны да сосын айналдырады арнаға.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м СҰЛУТӨБЕДЕГІ КӨКПАР Адуын қайсар мінез, темір білек, Шыдамай кей жігіттер шайқас тілеп. Додаға тайсақтамай тез кірсін деп, Ысқыртып атты бұтқа алды білеп. Қағысып астындағы жылқы малы, Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады. Тақымға орай басып тартқан кезде, Көк еті көк серкенің жыртылады. Жұлқынып пырақтар да күш қылады, Келгендей ту аспанға ұшқылары. Сатырлап сауырынан қамшы тисе, Тұлпарлар тұяқ тіреп ышқынады. Жігіт пе атқа топты жарғызбаған, Әнеки, көкпар кетті андыздаған. Дүркіреп тартып берді қуып соны, Қала ма мұндай кезде қан қызбаған. Жайлаудың айқай басып ойы, көгін, Бұл көкпар алып кетті той ілегін. Жығылып жатсын адам қарамаған, О, көкпар, өр халқымның ойыны едің. Дода боп әдет жанды қысты ма екен, Қасиет қанға сіңген ыстық екен. ...Көкпарда қазақ өзін сынайтұғын, Әйтпесе, көк серкеңіз ныспы ма екен?! КӨК ЖОРҒА Сен үшін өкпеңді айтар сан, Жанымнан шашылған жыр-әндер. Көк жорғам, күлтілдеп жайпалсаң, Жарқылдап барады құранды ер. Ертеңгі қызықты біл бүгін, Біз жәйлі сонау бір сырттағы ән.
150 Жұ матай Ж а қ ы пбаев О, менің шәлкестеу дүлдүлім, Ұрттаса, мен құсап ұрттаған! Қамшылар жағыңа, жел жаққа, Қарайсың, көзіңе толып мұң. Жем бермей қойды ма мен жоқта, Жоқ әлде орынсыз зорықтың? Жаныңа салып бір мол қайғы, Көрсеткен екен ғой сый маған. Айттым ғой, бұл түге оңбайды, Ақырғы тұлпарды қинаған. Пырағым, ай тұяқ, ақ табан, Көрдің сен Жоңғарда сан жарыс. Сынасса жокейлер баптаған, Чемпион көп бие қалды алыс. Бостан-бос кетер ме мол күшің, Соңыңнан жете алмай ерді жел. Әлемдік жарыс жоқ жорға үшін, ...Бәйгеңді шаппай-ақ бергізем. ХАН СУРЕТІ Ұмытқан шығар ел, тегі, Өйткені өте ерте еді. Баяғыда өткен бұл жайды, Шежіре былай шертеді: Өбетін таңның арайы, Оранған түгел жасылға. Қарахан ханның сарайы Аршалы таудың басында. Жендетпен бірге қаптаған, Түлендей оның ебі көп. Елі жоқ оның шаппаған, Бармаған және жері жоқ. Хандығы оның шап-шағын, Үркітіп жатты жырақты.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Қызы бір алыс патшаның, Суретін ханның сұрапты. Суретші пенде біткенге, Тудырып «заманақырды», Қалдырмай бірін, тіпті, елде, Барлығын түгел шақырды. Жақпады ешкім мәнері, Келмепті ешбір қолдан да. Оң қолы жарым хан еді, Сол көзі соқыр болғанда. Суретке сол мін түсті ме – Қанжармен мойнын оратын. Қарахан, оның үстіне, Шұбар бет, ақсақ болатын. Бәріне қарап күн күтті, Ордаға жендет алып кеп. Біреуі салып шындықты, Біреуі салды дәріптеп. Ондайды ханың күйретті, Бояумен бірге тасқа ұрды. Біреуін атқа сүйретті, Біреуін дарға астырды. Ешбірі бабын таппады, Бәрінің басы шабылды. Еш сурет ханға жақпады, Қыл қалам қара жамылды. Атпады таң да, арай да, Жылады халық мұңдана. Сол кезде кепті сарайға, Он төртке толған бір бала. Ойнайтын сол бір нұр көзде, Шабытпен қиял келгесін. Салды да кетті бір кезде, Қарахан ханның бейнесін.
152 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бала да болса қажырлы ер, Көз ашқан әсем еңбекпен. – Өледі-ау, – деді уәзірлер, – Өледі-ау, – деді жендеттер. Шабытпен бала алысып, Бітірді бір кез суретті. Нұрымен күннің табысып, Біраздан кейін сыр кепті. Алтынмен аптап жалатқан, Сарайдың қасы. Ту бетте, Қар жауған күні аң атқан, Қарахан тұрды суретте. Суреттен танып тұрды өзін, Қарахан ханда түс қалмай. Соқыр боп біткен бір көзін, Көздеген кезде қысқандай. Мініп тұр шұбар хан атты, Көрініп аттың теңбілі. Тартып тұр оң қол садақты, Білінбей қалған кемдігі. Құлауға ханың шақ қалды, Таппасты бала тауыпты. Беттегі шешек дақтарды, Түйіршік ақ қар жауыпты. Қосқан соң көктің нұрынан, Суреті көркем айтардай. Тұрған соң аты қырынан, Кем аяқ қапты байқалмай. Күтпеген мұндай сұмдықты, Қалмады ханың сыр бермей. Айтулы елге шындықты, Айтыпты бала білдірмей. Балапан бала өрімдей, Қойыпты бәрін әдіптеп.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Міні тұр ханның көрінбей, Тұрған жоқ бірақ дәріптеп. Қуанып сонда хан тұрды, Сан ойдың баспай салмағы. Бостандық пенен алтынды, Беруден басқа қалмады. Аттанар үйге күні кеп, Мінді бұл бала атқа ырғып. Өлімді жеңген құдірет – Өнерге біткен тапқырлық. Ол жайлы небір өлең де, Шежіре жырау толғапты. Ерен боп туған өренге, Өткізбес асу болмапты. Жаңа сыр жаққан тәрізді, Жаңғыртты соны қайта жыр. Естісең осы аңызды, Білмеген жанға айта жүр. ТАҢБАЛЫ ТАМШЫ Қалбаңдап ұшты-ау, не керек, Қарашы жөндеп жоғары. Аспанда туған көбелек – Аймақтың аппақ қонағы. Шегірткеден де көп түге, Шетінен көрсең керемет. Ерніме тиіп кетті де, Еріді құйттай көбелек. Ақ будан сулы жіп өрген, Аспанда сиқыр түрі көп. Тамшыны бүйтіп жіберген, Табиғат дейтін құдірет. Қай жерден көкке жібердің, Қайтадан қар ғып басыма?
154 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Буланып кеткен біреудің, Бір тамшы тері, жасы ма? Бұлт деген тамшы бір табын, Білгенмен мұны, түрінде. Тамшының, будың, ұлпаның, Таңба жоқ, ен жоқ бірінде. Біздердің жұмыс – балғалап, Біртіндеп бәрін қарсы алу. Бір тамшы терді таңбалап, Бір тамшы жасқа ен салу.
*** Үні ғажап, түрі бөлек, күшті әні, Сайрайды кеп біздің ауыл құстары. Гангада да, Нілде де олар боп келген, Белгілі олар елімізден тысқары. Күн ашық па, әлде жаңбыр жауа ма, Сарғайса да, көгерсе де тау ана. Сайрайды олар, мыңсайрамның әндері, Сіңген біздің жұпары көп ауаға. Сол құстардың құйқылжыған сөздерін, Қайталап та көрмегенмен өзге ерін. Жұпар ауа жұтқан шақта ән сіңген, Құстай жеңіл сезінеді өздерін. Елестей ме бір сұлудың гүл өңі, Мен де жолда өлең айтам үнемі. Ойларым ба, мұңдарым ба – барлығы, Біздің ауыл ауасына сіңеді.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м НАМАЗШАМ Жүгі бардай жүзуге ауыр, Кете алмастай құла күнсіз. Кешкі бұлттар қызыл бауыр, Құбылада тұрады үнсіз. Аспан үстін торлап ақпай, Суреттері туып айқын. Балқытылған сом болаттай, Жуық арада суымайтын. Қызыл түсті жиыпты іңір, Көзден бояу таса қылмай. Қып-қызыл көк сүйіп бір ұл, Жүзі өртенген жас арудай. Қарайсың-ау жаның қалмай, Жалтылдаған тал-қайыңға. Қызыл опа жағылғандай, Ақ үйдің де маңдайына. Қызыл көбік ақ айдының, Жағаны ұрса тербетіле. Алтын тілмен жалайды күн, Жарқыраған көл бетін де. Тез батпайды күн бағыңа, Төмен жылжыр бетін беріп. Көкжиектің зынданына, Мүлде кеткен секілденіп. Қайта оранып жөргегіне, Көз қаратпас туады асыл. Өп-өтірік өлгеніне, Шын көңілмен қуанасың.
156 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Кешемін жасыл мәуіт, көк шұғаны, Алдымда жарық күннің от шуағы. Көрдің бе көкорайды? Қалай екен? Мен жүрген жерге ғана шөп шығады. Әнеу бір бұйра тоғай көгіне енсек, Ақ өзен, одан әрі көрінер шеп. Қайтайық жәй адыммен, екеумізге, Атамның беріп кеткен жерін өлшеп. Ерейік гүл айдаған бір самалға, Сенікі – мұнша құс та, мұнша мал да. Қызыл түс, сиыр бүйрек үй тастар да, Көк тоңды, көлеңкелі шыршалар да. Жүйіткіп жирен атпен күліп өткен, Таниды мені таудың гүлі көптен. Қызартты құбыла да шоқтай жүзін, Құрымдай қара бұлтын түріп еппен. Қарамас енді маған мұңайып күн, Мен сені жақсы біліп, шынайы ұқтым. Жүр бері гүл төселген соқпақтармен, Биікке тумысынан лайықтым.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ҚИЯЛ Аспанға бел бала нұр, бері қара бір, Гүлдеттің...солады ғой енді ана гүл. Осылай бүр жарғызып солдыратын, Содан соң ұйықтататын кең дала бұл. Туғасын қайың-талды құрық етіп, Бабамның бірі келген, бірі кетіп. Өзгерер дүние ғой, мұны ойласаң, Қалады төбе құйқаң шымыр етіп. Жо-жо-жоқ, кешір мені, оны ойламан, Дегенмен солай екен, солай, далам. Ешқашан жаралмапты мәңгі жасар, Осынау табиғатқа қолайлы адам. Қауіпті ой ешкімді де жүдетпесін, Күш қайда тоқтатуға шірет, көшін. Әлемнен сонда-дағы бір сығалап, Кетер ме ек екі жүздей жыл өткесін?! Жоғалған шылбырыңа оралған мұң, Біздерге қызметші болар бар күн. Туған ел, алтын бесік, толғантады, Бүгінгің, ертеңгің мен одан да арғың. Жүйткіген жазда киік, қыста құлан, Желпіген кеудеңді күй, күшті ағын ән. Кәзірде ғарыш жаққа кісі ұшады, Қыпшақтың ежелгі бір қыстауынан. Кіреуке киген батыр күрең байлар, Теңіз боп кетті бүгін бірер қайнар. Тамаша өзгерістің көптігінен, Ақындар нені айтарын біле алмай дал. Жүрміз бе, жоқпыз ба әлде барынша ұнап, Оларға жеткізді ме дарын шын-ақ? Қайтар ма ек неше жүздей жыл өткен соң, Қазақша қазақ тілі халын сұрап!
158 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Ала аяқтарға құранды ер, жабу салдырып, Гүлді пішенді ауыздықпенен шалдырып, Бел будық тойға асабаларға қосыла, Жүгірер деп сеніп бойында өнер бар күлік. Жүйрікке міну – жігіттік ата салтында, Жабулап күндіз, суытып қоңыр салқында, Жаратушы едік қасқабас сонау қос атты, Жал-құйрықтарын малынтып кешкі алтынға. Артында талай асу да асу жар қалып, Тілеуін тілеп тұрғанда қос қыз зарланып, Құла қасқа атың құйқылжып жалғыз келгенде, Қуанғаннан құнан өгізін де алмадық. Ат жетер жерден аңқылдап топтар келгенде, Аттарын байлап мама ағаш, тасқа, белдеуге, Құтты болсын деп қол қысты келіп, біздерді, Миықтан күліп, мысқылдап жүрген ерлер де. Құйрығын майла дегендер үйге күнде кеп, Түнімен темір пеш отындай да гүрлеп ек. Желекті жермен жирен жұлдызша заулайтын, Жирен қасқаның абыройы да бір бөлек. Қос күлік тері үгілмей түнде таң асса, Ән қосушы едік әкеден қалған ағашқа. Сар тісті шалдар сусар бөркін шалқайтса, Саумал ішкендей жұтынды қатын-қалаш та.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ХАНЗАДА (ертегіден) Адамды адам неге сүйемесін, Адамға ақ бесікте тиеді есім. Жалғаннан жас басыңмен баз кешердей, Жазығың жоқ еді ғой күйелешім. Күйелі кешегісі, ертеңі – нөл, Жайың жоқ жайтаң қағып ерке күлер. Күйелеш ханым бекер айтылмаған, Дегенмен соңы нұрлы ертегілер. Қош айтып жақсылыққа, күлкіге әбден, Айрылып қалуың хақ бір күні әннен. Зымыстан өгей шеше Тағдырың да Кейпімен келуі де мүмкін әбден. Қысқа өмір қамшы сабы келте күнде, Әлемге мейірімді бол, ерке күл де. Ертегі бізді таққа отырғызған, Өмір сүр сондықтан да ертегіңде. Сорлатса өгей шеше – сорлау да ерек, Тәж сенің-ақ басыңа қонды-ау бөлек. Шегі жоқ зұлымдықтың, олай болса, Шегі де жақсылықтың болмау керек.
160 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ЛИРИКАЛЫҚ МИКРОПОЭМА Құс жолы – түнгі дөдеге, Тал түсте құстар легі. Қаптады жасыл төбеге, Қызғалдақ гүлдің түмені. Күркіреп бұлтша күй төккен, Қарадық көкке тіпті өңге. Ақ бұйра түтін сүйреткен, Метали инеліктерге. Тастамақ түйін сан бақтар, Төгеді гүлін әдемі. Ерінге біткен шәрбаттар, Ериін деген шақ еді. Жинауды қойдық гербарий, Тұмадан термей тастар да. Байқап қап қыпша бел барын, Кәдімгі шүйкебастарда. «Кетші» деп айтар ұл едім, Шаруасы болса бұл менде. Қыздарға мұздай жүрегім, Енді-енді жібіп жүргенде. «Жоспарды» айтып досқа ашық, Жүргенде өжет жансынып, Ньютон да бізбен қоштасып, Вином да қалды таусылып. Жарлықты соқпай күніге, Көрсеткен жоқпын күшті де. Кедымды сыйлап ініме, Бутсымды бердім үстіне. Бұрылды өрге ат басы, Қызығы доптың шамалы. Қаңырап темір қақпасы, Қалды артта футбол алаңы.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Көргем жоқ шаршап, әлсіреп, Қақпаға доптар жауған күн. Қорғадым жан сап қанша рет, Намысын біздің ауданның?! Гол соққан күні дос күліп, Шығарып алып шеткері, Мақтайтын еді бөстіріп: «Раймонд Копа», – деп күліп. Атымды өстіп жайғанда, Қайтушы ем үйге құтырып, Жуынып мөлдір қайнарға, Ет болса қидай сыпырып. Медаль жоқ, әкем естіген, Ұрыспас білем мұны мен. Аттестат болса «бес» түгел, Бір «төрт» бар неміс тілінен. Қимадым уақыт бір апта, Алатын едім «күміс» те. Өкпем жоқ менің бірақ та, Рейнгард Юлисовичке. Ерліктер алда мен жетер, Шыңдарға сонау көз қадап, Ұлы ақын болсам, немістер, Аударып алар өздері-ақ.
162 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ЖАБАЙЫ КЕПТЕРЛЕР Арман жолынан ауылда жүріп кешіктім, Қалаға көштім. Бір нәрсе біліп көшіппін. ...Мөлдір Қусақтың сары топырақты,
ат жақты жары, Жүз снаряд тигендей шұрық тесік-тін. Жаласа жерді бұлттардың күлгін тілдері, Қуанышымыз өлшеусіз бұл бір күндері. Жабайы кептер қонатын жалпылдап ұшып, Қонатын жарға құстардай «Мың бір түндегі». Құс кебін киген көк жасыл перілер-сынды, Алу үшін жүргендей менің есімді. Ағаш қылышпен шауып мен сарыбас мияны, Жағалаушы едім малтасы көрінер суды. Жарқылдайтұғын қанаты көгілдір отпен, қонса олар жарға қонатын көңілге көктем. ...Көк жасыл құстар – жабайы көгершіндер-ай, Түсетін еді тікелей өмірге көктен. Ақ малта қойын көк қойнау тағы да ақтарды, қарсы алды Қусақ, қарсы алды ел жамырап малды. Жабайы кептер жоқ қазір. Сары жар байғұс, Жеңілген Берлин секілді қаңырап қалды. Шұбырып алдан жүздеген баспанам өтті, Көрдім мен содан көзімді жасқаған отты. Жүрейін деген сүрлеуім жүрекке тиіп, Сүрейін деген ғұмырым басқаға кетті. Шет елге кеткен сол құстар келердей жасып, Соларды жаздым – жырымды көрердей ашып. Қаңтардың қарын жолдас қып, аптабын жаздың, Табиғатқа болдым мен өлердей ғашық. Асқан соң таудан бері қарай арайы беттер, Талайы солар шөптердің, талайы көктер. Бір ішегі жоқ шанақтай мүсәпірленем, Есіме түссе көгілдір, жабайы кептер.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м АЙДАРБЕКТЕ. САУАЛ (А.Сүлейменовке) Талайсыздың шағылар тауы тағы, Тәуба айтпастар тәуір-ақ қағытады. Көз алдыма көлбеңдеп өркешті жон, Бекбаудағы бәйге жол шаңытады. Аталы күй баурайды жан-денені, Айғайламақ боласың әлденені. Самолеттің ақ түтін құйрығындай, Сабау жолмен зуылдап шаң келеді. Пайдасынан жылқының пайда өте ме, Жүйрігіңнен жақын ба қайын ата, ене?! Құдай өзі жасаған Колизейдей, Айдарбектің ақ жары – бәйге төбе. Арқасынан жайлы емес төсек деген, Битайкердің есінен ес өтпеген. Ылди көрсе зымырар – бобслей, Өрге келсе ерінер есеппенен. Қажырымен қарыштай жол шегеріп, Кетейін деп осыдан өлсем өліп, Біздің жирен жылқының кеңкелесі, Өрді көрсе кететін өршеленіп... Жалғыз атты жадау күй жарлы кешкен! Аңсағаным атамнан арғы кештен – Жарқ еткенде жиреннің маңдай шамы, Нокдаунға кеткендей таңдым естен. Мінім, мұңым мінегіш досқа мәлім, Қостағанын білмеймін, қоштағанын. Біреу жатыр бетімді сілемейлеп, Біреу жатыр тықпыштап тостағанын...
164 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Байыды біреу, семірді десе, Көрдіңдер үлгі ұдайы мұны. Софизм болып көрінді кеше, Мұқағалидың да шынайы мұңы. Кешегі Жантық айласын көрмей, Болар ма ертең адамдар дана? Конформизмнің...пайдасы көлдей, Қоғамға емес, наданға ғана. Прагматиктерге еңіреп ерді, Конформистердің бәрі лас кеуде. Биіктей берді, семіре берді, «Ләббай, тақсыр, ол рас!»деумен. Егілген жеміс піспейді деп пе ең, Өзіне қажет шуағын еміп? Конформизм де түспейді көктен, Догматизмнен туады келіп. Ішпеуге онда тырысар едім, Етер ем, шіркін бұл үйді көркем. Конформизм құрыса бүгін, Алкоголизм де құриды ертең. Түйілер сосын әдемі қасы, (Шарықтап айтыс, жыр қызып жатыр) «Науқанның құлы – пәленің басы, Әсіре пысық – инквизатор». *** Қиял мен кек, қиял тек басты ермегім, Жанқиярлық намысты қастерледім. Байлық деген қамалдан басын тартты, Батырлығы бағасыз әскерлерім.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м АЛБАСТЫЛАР Талай көріп, танымай жүр жұрт әлі, «Албасты жоқ!» деген жандар қыртады. Түгі азайған, түрі бізден аумайды, – Көбеймесе, азайған жоқ ұрпағы. Адамдардан аумайды ғой еш жері, Тамақ жеуі, киім киіп, шешкені. Сондықтан да алданады ел адам деп, Албастының атасындай кещені. Қолымызға ол да бізше су құйды, Ол да бізше думандатты шулы үйді. Сондықтан да алданамыз адам деп, Албастының ағасындай сумиды. Аумайды ғой біздікінен қолы, үні, Бас-сирағы, тізесі мен тобығы. Сондықтан да алданады ел адам деп, Албастының апасындай долыны. Мен адамдар арасында өстім де, Еш қиянат жасамадым өскінге. Албасты да адам болар еді ғой, Жаманшылық жасамаса ешкімге. Көсемситін көпті көрген кәрідей, Жақсы адамдай әрі жұмсақ, әрі дөй. Жала жауып жазығы жоқ басыма, Жазыпты-ай кеп хат танитын әруей. Албастылар адамдардан жігерлі, Біріксе олар қоймайды екен бір ерді. Анау жылы үш албасты қосылып, Жұмысымнан шығарды да жіберді. Көріп жүрмін, біліп жүрмін үнемі, Түктілердің түк бітірмес түлегі. Албастыны танымайтын адамды, «Албастым» деп айналсоқтап жүреді.
166 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Біліп алды бірлікті һәм тірлікті. Бұл өмірде кімдер ноян, кім мықты, – Әдісім деп алдау менен арбауды, Ақылым деп қулық пенен сұмдықты. Қулығына ақыл ғой деп құлаған, Сол қулықпен біраз жерге ұнаған. Тауға, тасқа басын соғып жүр дейді, Бір албасты боламын деп ұлы адам. Тегін болмай, сатылса бір оттегі, Бір жұтымын қоймас еді көктегі. Қай замандар сіңіп олар қоғамға, Мидай сіңіп, араласып кеткелі?! Бір көргеннен көп қойғанмен көпшікті, Менің бүгін бет-жүзімнен от шықты: Бір демалыс орынының бастығы, Албастының албастысы боп шықты. Демалатын сары үй тұрған төбеге, Адам байғұс айтысам деп келе ме? Көрмей, білмей бәле жаққан пәлекет, Екі аяқты албасты емей немене?! Біз білгенді олардың да бәрі ұқты, Көп нәрсеге қанықты һәм дәнікті. Албастының айырмасы адамнан – Тек таяқ деп біледі екен әліпті. Олардың да жұтатыны оттегі, Іше алатын албасты да көп, тегі. Судай сіңіп, балдай батып ауамен, Олар қайда араласып кеткелі?! Сіз де біздей жаңалыққа құмарсыз, Көрсететін жыпылықсыз, мұнарсыз – Теледидар үйіңізде бар болса, Анау күні сіз де көрген шығарсыз. Кеше экран соны хабар беріпті, Бір суретші албастыны көріпті.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Суретін де салып берді айнытпай, Үсті жүн-жүн ...маймылдан да көрікті. Жақ-жақ болып бөлініп жүр жұрт әлі, «Бізде албасты жоқ!» дегендер қыртады. Түгі азайған, түрі бізден аумайды, Көбеймесе, азайған жоқ ұрпағы. ЖАЗЫҚСЫЗ «Болды, жетті, жүрем енді, – деп, – таудағы есті ортаға», Жаңа туған бір өлеңді, Сала салғам төс қалтама. О, қуаты жеткенше аттың, Жайсаң достар қарауындаТойға бардым, көкпар шаптым, Қонақ болдым әр ауылға! Киіз үйде түн ауғанша, Татып тартқан бастан дәмді, Шопандарға жырауларша, Айттым жаңа дастандарды. Күнге күйген қара бала, Қыркүйектің күні шыға, Қайттым таудан қалаға да, Кірістім кеп жұмысыма. Бір жыл өтті, қара бақтың, Шықты ішіне шөп те міне. Қалтама тек қарамаппын, Қол салмаппын шекпеніме. Бүгін қатты сасқандаймын, Қағазымды түгендей кеп. Қоймасында қашқан байдың, Іріп кеткен кілемдей боп. Қоян ес хан сынаған боп, Зынданға сап жанға көнбей,
168 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ертең қайта шығарам деп, Сонда мәңгі қалған ердей. Айтылмайтын жатқа назы, Қалған сонау сәні көштен. Жүн боп кеткен ақ қағазы, Жазуының бәрі де өшкен, Өз ішімді жалап бір мұң, Туғаны енді білінбейтін Өлеңіме қарап тұрмын, Енді қайта тірілмейтін. АРМАН (Қойшығара Салғаринге) Тарих деген тумайды екен,
тумайды екен долбардан, Долбары жоқ кітаптарды қолға алғам. Қарайтушы көбейген соң халықты, Амалсыздан ағартушы болды арман. Анық тамтық қалдырмаған бұл елден, «Шешеңді!»...деп шежіреге түнерген. Қасоқтарды үшке бөліп мәңгіге, Қағанын да арабы ғып жіберген. Қағазы бар жұрттың бәрі көріпкел, Көріпкелдің кещелігін сөгіп көр. Сәлделілер өтірікті соққанда, Жіп есе алмай қалады екен бөрікті ел. «Бірге, шіркін, қоса алсам-ау екіні», - Осы арманнан будырады кекілі. ...Тарихсыз үй әкесіз үй секілді, Жерге сыймай қандасатын жетімі.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Жер жұтпайды, ұшырмайды оны Ебі, Ғұмыры ұзақ қол жетпейтін мәуенің. Ертең қызыл жемістерін төгеді, Менің кеше гүлдеп біткен әуенім. Көрінгеннің көңілін күнде баурар ма үн?! Ақылы жоқ «Абылға» да «беу!» дер ме?! Көктем келсе мас болатын таулардың, Мінезі бар менің нәзік кеудемде. Нәзік үндер, тас жауса да үзілме, Көңіл жуар көп сызашық, сарқылма! Жас қалады күйшілердің ізінде, Тас қалғандай сәулетшінің артында. Сауырынан су төгілмес жорғадай, Мұхиттарды шайқалтпайтын жануар – Жер ғұмыры ұзақ болса болғаны, Шер тарқатар күй де бізден табылар. 17 апрель, 1985 ж. САРНОҚАЙ САЗДАРЫ Бұлақтары мөлдір, бірақ жігерлі, Сарноқайдың тасы момын, шөбі ізгі. Екі-үш күнде майталман ғып жіберді, Майданектен келгендей бір өгізді. Қайран Қусақ, келген досым қиырдан, Эрмитажда жүргендей боп алқынды. Мезозойдың қиялымен құйылған, Үйтастардың маңызы да әртүрлі. Үйтастар ғой мызғымастай тақырып, Сезімдерге шомдыратын мың түрлі. Бірі мұңды өкінішке батырып, Бірі тіптен келтіреді күлкіңді.
170 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ана бір тас шала піскен құймақтан Айнымаса, мына үйтастың қабағы Мұқлай го-уан басқа елдерде қиратқан, Қалалардың халын еске салады. Сан рет мен оны да ойлап қиналдым, Құла ат түкті Сарноқайдың бауырында. Не бар еді үйін өртеп Иранның, Не бар еді таңғұттардың ауылында?! Мамыражай жақсы уақыт туды шын, Қараталға, Керуленге, Ононға. Қаза бермей бабамыздың қылмысын, Жүр, інішек, күй тартайық одан да. Арша ішінде көк қалампыр гүл ашқан, Тас жастанып, бетегеге жантайып. Мына жылқы, мына шалғын, мына аспан, Мәңгі осылай тұруы үшін тартайық. Күй тартайық, күйде біздің қолдағы үн, Сарноқай ғой шығысым һәм батысым. Жақсы болды менің ақын болғаным, Мына бір шөп, мына бір боз ат үшін.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м АТАМЕКЕН Сыр шерткен өзен, тауы таныс үнмен, Бабамның тері тамып, қаны сіңген. Тарихы домбырамен айтылатын, Өлкемнің шығарсам-ау дабысын мен. Пай-пай-пай, тау-тасың да тегіс кілем, Бұрын да дәл осындай келісті ме ең? Көз жазсам суреті паң, сері таудан, Сандалсам таба алам ба жер үстінен?! Күтуге кемел сыйды көне ме ірге, Жолаушы, байғазыңды төле бірге. Сен қазір келіп тұрсың қасиетті, Ерлік пен шежіреге толы өңірге. Бір көру болса жастай саған арман, Тербетер тепсең жерде самалы алдан. Шарайна көлдер мынау пайда болған, Жерді оя жүйткіп өткен тағалардан. Қойнына құт-береке, ырыс енген, Тауларды теңеуге енді кірісем мен: Олар түк айнымайды дулығадан, Және де қасы биік күміс ерден. Өзені өлең айтқан таныс үнмен, Бабамның тері тамып, қаны сіңген. Түбінде әр тасының айқас өткен, Өлкемнің шығарсам-ау дабысын мен.
172 Жұ матай Ж а қ ы пбаев АБАЙҒА Жыршының ару ертіп, гүл кешкені – ләзім, Істі қойып бір кештегі. Жанымды нұрға малып, бұ заманнан, Мен сізге келдім бір сәт тілдескелі. Бұ кезде кесте-гүлмен шекулі өңір, Ғажайып ән-әуенмен өтуде өмір. Сыр жайлы, басқа жайлы өзіңізбен, Келіп ем сұхбаттасып кетуге бір. Өттіңіз, жаныңызды дерт кеулеген, Әр биікті Абайша ерттеуменен. Ал, мұнда ғалым болып жатырмыз біз, Сіздің басқан әр ізді зерттеуменен. Жалындап жыр жазғандар сан аруға – Бұл жақта әлі бала саналуда. Қиыннан қиыстыру – қиын емес, Қиыны – сіздей болып жаралуда.
Көніп кеп ыстықтар мен суықтарға, Бір дана шапағатты туып таңда, Сіздің қалың еліңіз – қазағыңыз, Жұлдыздарға жетуге жуықтауда. Сіздің туған күндерді тойлаудамыз, Тойлаудамыз, ән-күйге бойлаудамыз. «Ондай болмақ қайда» деп ойламай біз, «Ондай қалай болсам» деп ойлаудамыз.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Өзгелер мәнсап-жолмен жөнелсе өрге, Қалдың сен бұл аймақта не көрсең де... Жақұтпен сырғанаған мына судың, Ныспысын Алтынарық деген сен бе?! Өзеннің толықтырып бойын көне, Майшамша жылтылдайды шойын дене. Зулудың көсеміндей алжапқышпен, Тік тұрып, өзге жұрттың ойын бөле: «Мен ғана, – дедің, – мұнда Күннен кейін...» Жоқ шығар бөстіруге тілден бейім. Күлдірлеп жартас, бұлақ алды біраз, Жалаңаш сәбиіне күлгендейін... Ауада жүр андыздап бірбет шіркей, Су жатыр қарсы алдыда гулеп шілдей. Күн болса, бағанаға шығып алған, Төбеңнен түсіретін суретшіңдей. Салқын жел, сары ала маң – күз білініп, Шолады ақ қыранша түзді бұлт. Су бойы жүлгелерден емтихан ап, Тұрсың сен бір минутта жүз құбылып. Гүлді аймақ жайған шақта көктен кілем, Көңіліңді арбағанда өткен бір өң. Жалғанды жалпағынан басқың келген... Сол қиял тізгін бермей кеткен білем.
ҒҰНСТАН – КОЛЕЙДОСКОП Дахлияның суы ащы, шұбаты балдай, Жорыққа мінсең жалтарғыш құр аты қандай. Қылышы өткір ұлыстың қызы да өткір, Сүймейді сені алдымен жылатып алмай. Абағы балық, аулары суларда қалып, Жиналған кезде жырауын тыңдауға халық.
174 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Айдары таудан құлаған көкпаршылардай, Сайрандап, шіркін, келсек қой Жужанға барып. Қыдырып, қырға дарыпты Қыдыр Ту бәрі, Көрмек пен білмек ол жақта ғұмырдың мәні. Кітаби сурет секілді Қызылбас салған, Дешті қыпшақтың, пай-пай-пай, гүлі ырғын бағы. Көңілі болса көктемдік күнгейдің гүлі, Алмату жақта дулулар білмейді бірі. Алтанхан қызын беретін жүрсін деп тыныш, Оқымыстылар оларда ғұн дейді мұны. ӨЗБЕК ӘУЕНІНЕН I Хиуа жақта бәрі-дағы ізгі әннің, Махаббаттың әуеніне құралған. Өз елімде мен де асқақ қыздардың, Бала күнде-ақ атақ, даңқын шығарғам. О, Гүлбүбіш, бәкәсәмға бөленген, Өзің барда көзге ілмеспін гүлді өңге. Мені Жоңғар шыңдарында көрер ме ең, Ай маңдайлы жирен атқа мінгенде. Байтақ жердің нұры бар бұл келбетте, Жұлдыздарға жете алады құрығым. Рузбехан сыйғыза алмай жер-көкке, Дәріптеген қазақтардың ұлымын. Жалт-жұлт етіп қолыңдағы жүзіктер, Жаутаңдайсың жолығысар сәт тілеп. Бағыңдағы жүзіміңнен үзіп бер, Ауызымнан шықсын десең тәтті леп. Жақын маңнан естілсін де тәтті үнің, Жақындашы о,Гүлбүбіш, қинама. Мен сияқты мейірімді жан жоқ бүгін, Сендей сұлу жоқ болса егер Хиуада.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Қара алмастай жарқылдайды-ау жанарың, Есте мәңгі қалуы үшін түр-түсің. Мен де саған Тәжі –Маһал саламын, Сом алтындай жырмен өріп кірпішін. II Сейілге шық, «Гүлбүбіш» деп жыр арнап, Жасыл тілмен сөйлегенде салқын бақ. Тұт ағашы арасынан бұлаңдап, Райхан гүлі арасынан жарқылдап. Бір сен үшін құба талдай иілген, Танытқым кеп шеберлікпен тегімді. Устолардай пілләдан жіп иірген, Жаным, ойым бір қиялға берілді. О, Гүлбүбіш, аузынан гүл төгілген, Мен де есімнен Науаиша жаңылам, Ғұмыр бойы , көк шай ішер едім мен, Бір татырсаң ерініңнің балынан. Отырғандай алты қанат үйімде, Көз алмадым жанарыңнан сүзілген. Құба талдай бір-ақ рет иіл де, Шәрбат ішкіз үлбіреген жүзіңнен. Ұмытар ем асқақ жердің маралын, Қанша сұлу болса-дағы гүл өңі. Бәкәсәммен бүркеп қойған анарың, Оң қолыма тола қалса үнемі. III «Бір меңіңе Бұхара мен Самарқанды берер ем».
Хафиз Домбырада неше түрлі күй білем, Бәйгеге де басты содан көп тігем. Атығайдың құласындай жүйрік ем, Адайлардың қылышындай өткір ем, Қара көз бен түбіме бір жетті мең.
176 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бір мең үшін екі шаһар төлеген, Хафизше енді жомарт болсам жарады. Мен де саған Шымкентті берер ем, Әлібек дос қоса кетіп қалады. Онан да енді қара көзді мұратым, Біз кезгенде Шүһраттың гүл бағын, Шын бағасы жиырма шаһар тұратын, Өзіңе айтар ақылымды тыңдағын: Мен өпкенде, сен де қарап тұрмағын. *** Тамсанармын, өңім түгіл, түсімде, Түскенде еске үлбіреген гүл ерін. Тал мүсінің бәкәсәмнің ішінде, Алма астында таңғажайып жүрегің. Сол жүрекке бағышталған жыр өлмес, Жатқа алғандар ғұмыр кешер мәңгі мас. Кетем десең, Хиуа жері жібермес, Жоңғардың жас шәйірімен қаңғыбас. Жоғарғы үнмен әндететін құс түнде, Гүр-Әмірше құбылғанда айлы шың. Той боп жатыр қазір Жоңғар үстінде, Кенежирен шаппай ма оның бәйгесін? Нәркес көздің әр шуағын мың үн қып, Отты елесің оңашада сүйейін. Ақ жібек бер өз қолыңмен ырым қып, Кенежирен кекіліне түйейін.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** «Аһларым урсын синә, Уһларым урсын синә»
Ә.Науаи Шәрбәт емес, енді міне мұңайып, Арақ іштім атағыма лайық. Ол – бір күміс, Алтын болып көрінді, О, Гүлбүбіш, өтті менен бір айып! Қызды қарғау?! Дәл осынысы үшін мен, Әлішерге қарсы едім ғой ішімнен. Бүгін, міне, жалғыз қазақ шығармын, Ұлы өзбекті бір өзбектей түсінген. Қараталдың шыбығындай жіңішке, Қас-қабақпен жетелеп ең ұлы іске. Сары алтын ең, қас қағымда бұралып, Айналдың да жүре бердің күміске. Қазанаттай қабілетім ай барда, Үкі қадап шығушы еді қайдан да. Жоңғарға енді не бетіммен барамын, Қайтіп барам Жалайыр мен Найманға?! Сорлы басым, құрыдың ғой, құрыдың, Бір жұлдызға жетпей қойды құрығым. Өксігенше өлгенім-ақ жақсы еді, Тұзақ қылып бір сұлудың бұрымын! Сөз шылбырын есе алатын сан құлаш, Мен шайыр ем қарсы алатын таңды мас. Мәулен басты тау ұлының ішінде, Мен болдым ба қыз сүймейтін қаңғыбас. Мына әлемге жұлдыздардай көптеген, Көк төсінен қарайын ба өкпемен?! Көзің құрсын, сөзің құрсын дедің бе, Өзге түгіл, өз еліңе өтпеген? Қызды әспеттеу еді барлық арманым, Саған жастай өмірді де арнадым.
178 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Айнам, сені, Әлішерді түсініп, Айнам, сені алғаш рет қарғадым: Қарғадым мен, қосыла алмай теңіңе, Пенде қолы тимей қыпша беліңе, Айнам деген жігітіңнің барлығы, Айдалада қалдырсын деп сені де! КӘШІМІРДІҢ ШӘЛІСІ Ару білер көз арбаудың әдісін, Сүрме тартса әр береді шырайға. Құрбың салса Кәшімірдің шәлісін, Менде жоқ деп нәзіктікпен мұңайма. Көз қарасын тек қас сұлу бұлдайды, Жанарыңды бері қарат жалынды. Тұт ағашын жеген құрттай бір қайғы, Жегідей жеп кетті-ау менің жанымды. Көрсетші бір күлетінін күн қалай, Жымимасаң ақ нұр кетер азайып. Жібек құрты шығаратын пілләдай, Менен қайғы үн шығарар ғажайып. Сені көріп құба талдай иілген, Танытқым кеп шеберлік пен тегімді. Хас устодай пілләдан жіп иірген, Жаным, ойым бір қиялға берілді. Ол да сенің сұлулығың арқасы, Көңіліме көшкен байлық оралар. Алтын басың аман болса, тартасың, Жібек үннен тоқылған бір орамал. Усто – өзбек тілінде шебер деген сөз.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** (Сапарға себепші Әлібекке) I Уа, кернейші, әуе мен жер түрленіп, Сілтідей боп тына қалсын төңірек. Самарқанға салтанатты үн беріп, Кернейіңді көк өгіздей мөңірет. Өзі нәзік, бірақ нұрлы дауысы өр, Сан ғасырда кім өлмесе – сол ақын. Байқараның уәзірі емес Әлішер, Ол да әлемнің билеушісі болатын. Мен де жастай талай шалқып үлгергем, Сан кезігіп мың жасайтын отты үнмен. Құрдастарым хан көтеріп жүргенмен, Сұлтандарша елді бұзған жоқпын мен. Тәуба дейтін не десе де ел мейлі, Тауға кетіп қалатұғын сасқанда, – Шәйірлердің құрметі үшін кернейді, Боздатшы бір алқаракөк аспанға. Бір тізерлеп, ұсынам деп еліме, Жер бетінен сөз іздеген ең керім, – Керней айтсын Самарқанның жеріне, Жұматай әл-Қазаһидің келгенін. Жұқты маған: бағым ба әлде сорым ба, Кербез шақта күн кешсем де мұны ұқпай, Көп шәйірлер өлеңінің соңында, Өз есімін айтады екен ұмытпай. II Рубаб дауысы сыңғырлаған күміс пе, – Сыр шертеді жүрегіңді жүз іліп. Биші қыздың белі неткен жіңішке, Мен ұстасам, кетпес пе екен үзіліп?
180 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Әр сұлуға арнар едім жеке өлең, Тыңдайтұғын адам түгіл, тау балқып. Өзбек тілін білмеймін-ау, кетер ем, Бұқара мен Самарқанды таңдантып. Хауыз бақта қолдарына гүл алған, Жыр қадірін бізден жақсы білетін Қас арулар сүрме тартып сыланған: «Қазақтың жас шәйірі-ай», – деп жүретін! Аһ, дүние, жанға батты сол арман, Ей, Бұқара, алармысың мені еске? Өзбек жері көк торғынға оранған, Жұмақтың да төр жағындай емес пе?! III Дана барда шындық жерде жатар ма, Соғыстарын көзбен көрген көптеген. Рузбехан тарихында: «Жаһанда Қазақтардан батыр халық жоқ», – деген. Шәйір барда шындық жерде жатар ма, О, Гүлбүбіш, қасидам да көп менің. Ең алғашқы диванымда: «Жаһанда Өзбектерден сұлу халық жоқ», – дедім. *** Аршалы тау бояуы өңге, әрі өңге, Бай еді ғой жан тербетер әуенге. Биікте өстім, биікте өстім, білмей мен, Аласалық бар екенін әлемде. Бай еді ғой, бай еді әкем ұлысы, Кең еді ғой кербез әлем тынысы. Сүйіп-құшып еркелеткен бір ұлдың, Жоқ болатын сүйкімсізбен жұмысы. «Ұл болады, – дейтін ауыл, – текті, отты», Сол бір мақтау құдіреттей боп кетті:
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Қуандырдым күнде әке-шешемді, Қуандырдым мені оқытқан мектепті. Қалмайын деп мынау өмір көшінен, Жастай зерек ғажайып күй кешіп ем. Жан адамнан жасқанбай һәм жасымай, Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем. Гүлді көрдім, нұрды көрдім күнгейден, Кең дүние ұланғайыр жыр ғой кең. Жақсы тауда жайсаң болып өсіп ем, Жамандардың бар екенін білмей мен. Алда еді ғой алам дейтін арманым, Алда еді ғой жанам дейтін бар бағым. Мен білмеппін, балалықпен білмеппін, Табынуды керек етер жан барын. Табынуды керек етер нән барын, Бұғанаңа батыратын салмағын. Қаншама рет аңқау ұлың опық жеп, Қаншама рет тістеді ұлың бармағын?! Жайсаң елім, биік елім, ер елім, Тек сен айтқан даналыққа сенемін. Иілгенге иіл деген сен едің, Шалқайғанға шалқай деген сен едің. *** Таба болман табыспайтын қасыма, Біраз қылау қосқанымен шашыма, Қанша қайғы, қанша қорлық көрсем де, Қарағам жоқ бәтеңкемнің басына. Түзу жүрдім, түзу ғұмыр кештім де, Биік болдым,биік тауда өстім де. Жапондардың даяшысы секілді, Мен иіліп-бүгілгем жоқ ешкімге. Мен біреуді даттағам жоқ асығып, Мен біреуді мақтағам жоқ асырып.
182 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мен ешкімді басындыра алмадым, Мен де ешкімді көргенім жоқ басынып. Қай баланы беделіммен жасқаппын, Қай баланы назардан тыс тастаппын? Сәкен жайлы Ұлы Мұқтар айтқандай, Асқақ болсам, мен еліммен асқақпын! ЛЬВОВТАҒЫ ПОЭЗИЯ ФЕСТИВАЛІ 1. Көшеде Львовқа үлгіргем жоқ қонып та әлі, Келемін шәйірлермен жолыққалы. Қаланған қара тастар тар көшеде, Жүгері дәндеріндей собықтағы. Мәртебең жерде тұрмақ жыр өзі ілген, Жөн ғой жөн, өзіне көз тіге жүрген. Мен мұнда ұстаз да емес, шәкірт те емес, Кеп түстім жайбарақат мінезіммен. Жігітпін жоқ ешкімнің даңқында өші, Әйтеуір жыр ақынның алтын көші. Мен мұнда үйретпеймін, билетпеймін, Кеп түстім балпаң басқан қалпымда осы. Ойланып өзім жайлы қалдым, інім, Жымиып сені есіме алдым бүгін. Жаным-ау, мен де жақсы қазақпын ба, Менің де бар ма, апырмау, Жамбылдығым? Кеп түстік. Болады әзір не деуіме, Уақыт бар бізді де елдің елеуіне. Толқысам, Шапырашты темекісі – Қол салам қалтамдағы «Медеуіме».
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м 2. Лудмила (Молдаванның ақын қызы Лудмила Скобецкиге) Алыс жерден сүйдім сені ақынша, Көген көзге жетер ме екен сол үлгім? Сені көріп, Түрік қағанатынша, Атпай, шаппай мен екіге бөліндім. Лудмила! Ләйлә үшін де азаптап, Қаттасым да алды мені қыспаққа. Хақназардың тұсындағы қазақтай, Жалғыз басым бөлініп тұр үш тапқа. Орта ғасыр...өткендей-ақ аз-ақ күн Қол ұсыным көрінеді ол маған. Евразия құрлығында қазақтың, Бір кездері жақсы атағы болмаған. Лудмила! Сенсің жалғыз тәтті арман, Қоқандықша қоңқылдасын жауларым. Судан құрып, шыға алмаған шатқалдан, Мен бұл шақта Кенеханнан аумадым.
МҰСАНЫҢ КҮНІНДЕЙ Қажалып қызыл асығы, Қырсыққан жерде он құлап, Саптама етік, мәсілі, Сай құлдап, қарға омбылап, Жаратқан аттай арытып, Жабуын тағдыр тон қылып, Аязға бетін қарытып – Ақшамда жүзі домбығып,
184 Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Домбыққан бетке жағарға Даладан сақар табар ма?! Түзде өлсе, жүзін жабарға, Қар кетпей пенде табар ма?!» Санаса, кегі келелі, Сансырай бермей мұндар боп. Мұңаймай ақын келеді, Мұсаға туар күн бар деп. Ойдай деп қырды білмеген, Ойнақтар еді құладай. Бабасы жаяу жүрмеген, Басарға балтыр шыдамай. Қапсағай, қайсар денелі, Қар кешіп неше шақырым, Құлазып ақын келеді, Құдайдан күтіп ақырын. Ызыңды қырға көделі, Із тастап неше шақырым, Құлазып ақын келеді, Құдайдан күтіп ақырын. Қораға жетпей балағын Қорашыл төбет жыртқан-ды. Қазаққа бітпес тамағын, Қытықшыл жөтел құртқан-ды. Атқанда күнде таң аппақ, Аллаға бір тай мінгіз деп, Алашты жүрді адақтап, Ақынға туар күнді іздеп. Ақпады теріс су-дағы, Арыз да жазды күнде елше. Мұсаның күні тумады, Мұстафа көрге кіргенше...
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Оқалы биік қымтанған, Озбырды ізгі қуғандаАрайы қызыл бір таңнан, Ақынның күні туғанда. Арамды адал қуғанда, Алдымен момын көгерді. Мұсаның күні туғанда, Мұстафа көрге жөнелді. Жылытып жерді шуағы, Жан берер кезде ес кетіп, Ақынның күні туады, Туады-ау, әттең, кештетіп. *** Тууы да ән Моцарттың, құруы да ән, Татып көрсең ол ішкен бір уынан. Сальери дарынсыздар тайпасының, Ең ит жанды, ең надан руынан. Мына өмірден Моцарттың кеткені ме, Күндіз-түні қызмет етпеді ме?! Сальеридің жасы не, кәрісі не, Сальеридің шені не, шекпені не?! Мені де бір көріңдер адамша ұғып, Ақ пен қара біткен жоқ әлі аршылып. Мен Моцартқа үргем жоқ, кіжінгем жоқ, Мен Моцарттан көргем жоқ жаманшылық. Жел өтінде жүргеміз білмей ықты, (Қысқа күнде құбылған мың кейіпті.) Азап шектім, аз жаздым, көп қаңғыдым, Сенің арқаң, Сальери жын кейіпті! Нұрлы мұңмен ежелгі жолдастаймын, Туа қоймас басыма болмастай күн. Моцарт туған ауданға басымды иіп, Моцарт түскен ауылды қорғаштаймын.
186 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Көкпеңбек өрттің жылуы, Буланып жатты көк ойда. Шымшықтың қырық руы, Бас қосты бүгін тоғайда. Келтірер емес ұйқыны, Мазалап бітті кісіні. Басылар емес шиқылы, Толастар емес құс үні. Жібермей сөйлей есені, Суытып кейде түстерін, Шымшықтың барлық шешені, Босатқан шығар іштерін. Жиналды ма екен бір-бірін, Жақсырақ көріп-білуге. Көк тоғай сөйлеп тұр бүгін, Құстардың ана тілінде. Қаншама дауыл, санашы, Кезікпес бұлай күнде дау. Жапанда бұлар, шамасы, Жарыла жаздап жүрген-ау. Қағып та сұлу қанатын, Қалбаңдай ұшар асыға. Шырылдап біраз алатын, Шымшықтың мүшәйрасы ма?! Көмейін бостау жіберіп, Бой бермей қайғы, ақылға, Бұлардың әлде бірі өліп, Шырылдап соған жатыр ма?!
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м МҰҚАҒАЛИ «Любовная лодка разбилось о быт...» В. Маяковский Қырбай қабақ қызмет, тұрмыстағы, Шабытыңды шаужайдан күнде ұстады. Табаныңда қалмады тіпті бедер, Тасқа өрмелеп...жұлдызға шықты деді ел. Қорек үшін сен үзген көк алманы, Май кекірік мисыздар көре алмады. Бар жазығың қазақ ең көп арманы, Ал арамдар арманды бола алмады. Ай, күн куә, куәгер айдын мына, Көре алмады мұңыңды, қайғыңды да. Көре алмады сендегі дарын мәнін, Мұң туғызған музыка сарындарын. Сен елермей, емендей теңселер күн, Едені ойбай салатын кеңселердің. Өлекселер қашатын тірілерше, Өксіп жүрген өлеңнің пілі келсе. Адамды да таңдайды, түстейді өлең, Алатаудың аузынан түскендей ең. Гулливерді өзіне тең демейді, Мансап мінген рухани ергежейлі. Көбейеді, көз көрмес болады әлі, Қаукөкірек қырттардың молалары. Сен ертеңге жөнелдің, Алжан қалып, Көз жасымен мейірімнің бальзамдалып. Адам келіп қазақ пен қырғызыңнан, Анау бір шың сен үшін тұрғызылған. Көзден көзге ауысар, миға мидан, Мұқа, сенің көгілдір пирамидаң.
188 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ПОЭЗИЯ Сен барсың, бар болса егер Жерде күнгей, Күнгейдің гүлдерінің еңбегіндей. Барсың сен: Сенем саған филиппиндік Химмерге аурулардың сенгеніндей. Өрлікті патшалықтан ірі шендей, Музаның дәріптеп пе бірі Сендей?! Жарқылдап жүріп-жүріп, Жоқ та болдың, Кеше әжем көшке мінген күміс ердей. Сені де ысқаяқтар сөз демей ме, Өмірде қызық бар деп өзгедей де?! Манастың қылышындай жауға шапқан, Көкті де көрсетпейсің көзге кейде. Өзіңді күйелеп пе мына томда? Шын ғасыл болған екен мұраты онда. Ақынсыз мемлекет көп. Бақытты ма? Айтса ғой біреу барып Платонға. Күн кешкен сөзін ұғар елсіз де Абай, Ал арай – шөлсіз де арай, көлсіз де арай. Ақындар құрып кетсін...Бірақ әлем, Білмеймін күн кешеді Сенсіз қалай?! Мен саған бас қоямын таңда өзі арай, Шам жағып, қиса азабын маңғаз Абай. Бейшора бей қазақтар оқ атқанда, Намазын үзбей өлген Жанғожадай. Қаламын жылжытқанда менше ілгері, Ақындар көзбен сені ел көрсін деді. Ана бір мөлдір көзден сені әкетсе, Мәңкүр-нүңкір әкете берсін мені. Жанғожа – Қоқан хандығының озбырлығына қарсы соғысқан XIXғасырдағы кішкене Шектінің батыры.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** «Ішірткісін өздері беріп алып...» Мұқағали Талайды оқып, талайды көріп, Өскенмен, пай-пай, оңбайды жеңгем, – баласын кейде сабайды келіп, Мао-Цзедундай торғайды жеңген. Қайтпаса беттен жарады дер ем, Ісіне барлық кісі еді берік. Ағамның арақ-шарабыменен Айқасқа сосын түседі келіп. Қайтарар жауап, жаңа күшпенен Жасардай ағам бір атақты ерлік: «Адольф Гитлер арақ ішпеген, – Ал содан қандай рақат көрдік?!» Сөйлейді жеңгем: «Түбінде сендер, Өз түптеріңе де жетесіңдер ғой. Бір-екі күндей сімірмесеңдер, Гитлер болып кетесіңдер ме, ей?!» «Адасқандарды қорғайды қулық, – Айтайын деп ем ерлерге сыр қып: Шындық бар жерде болмайды мұңдық, Ішпеймін, – дейді ол, – жеңгенде шындық. Талайды сұмдар түсіртті көрге, Шындықтың өзін жырласа да оңды». «Ішпесең ішпе! Ішірткі берме, Ешкімді ішкіш қылмасаң болды!» Дәме етіп жұрттан міндетті құрмет, Кісімсіп, ерсіп көреген, ойлы: «Алкоголизмді...бір дертті бір дерт, Неврастения жеңе ме? – дейді. – Ақылдың шыңы – қиранды ғана! Оздырған қару-жарақпен ойын, –
190 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Біз аяп келдік...тиранды ғана, Тұз-дәмі біткен сағатқа дейін». Түйілер сосын әдемі қасы: (Шарықтап айтыс, жыр қызып жатыр) «Науқанның құлы – пәленің басы, Пысықтың бәрі – инквизатор. Қайныңа – анау қонағыңа да аян, Бір ой бар бүйір таянған қолдай. Омарға сенген – болады Хаям, Сенбеген кетпек Хаям да болмай!» Көрінді сонау қиғылық та ерлік, Ағама бір сөз берейік пе әлі? «Қасқырдың миын ми қылып келдік, өлтірмей жеңіп көрейік-тағы!» ТЕМІР ИТ Ауаның теңізін кешіп оқ, Тұп-тура ұшты да тескелі, Мен сені құлаттым неше рет, Тирдегі темір ит, кеш мені. Тарылып тыныс та, өлең де, Мұң-нала оралса маған көп, Біреудің иттігін көрем де, Өшімді аламын сенен кеп. Ойыншық мылтықты сындырып, Оқ салып жылына мың атам. Құласаң, тиршіге тұрғызып, Қайтадан жаңа оқпен сұлатам. Азапты адаммен тең шегем, Ақындық – аяулы өр міндет. Үйлерден, көшеден, кеңседен, Иттерді көрдім-ау, көрдім көп.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Солар ғой таялтар моламды, Көрмейді, білмейді неге ешкім? Ататын оғым жоқ оларды, Және бір мерген де емеспін. АРАСАН Киелі қаһарының балшығы да, Шипалы құяң менен шаншуыңа. Бұлағы Арасанның Ойсаздағы Құяды зуылдаған қар суына. Жағаның таппай жүріп ел құрағын, Көзімен ұзатады сел бұлағын – Көк талды арқыраған Шажа өзенге, Сіңгенде бір бүйірден мөлдір ағын. Біледі, біледі ғой бәрі даңқын, Тапқандай үймелейтін халық алтын. Суында шикі піскен жұмыртқаның, Ауыздан кетпейтұғын дәмі бар-тын. Сіңумен тарпаң суға құты, дәмі, Арасан Шажаға кеп жұтылады. Шажаға балдай батып, судай сіңіп, Жоғалып кішкентай су ұтылады. Біреуі қара барқын жерге керек, Бірінің қажеті бар елге бөлек. Арасан асқар таудан бері келсе, Алыста жатып біз де емделер ек. Біз емес құбыр тартып, пайда қылар, Жай да жоқ отыруға айла қылар. Намысың – ғажап бұлақ жағалауы, Жарисың – басында өшпес қайнары бар.
192 Жұ матай Ж а қ ы пбаев НҰРЛЫ БАҚТА Салқын бақта гүл сөйлейді көк үнмен, Ақ көбелек жайында әсем сыр айтып. Жасыл шашы кеудесіне төгілген, Жалғыз аяқ ақ қайыңды мұңайтып. Құрымдайын құбыланың бұлты ұнап, Шөлдеген шөп өлең айтты не түрлі. Хош иістер кетті лезде бұрқырап, Көрінбейтін сұлу өткен секілді. Ара байғұс гүлге мінген өлі мас, Вертолеттей сынып қалған жүр әлі. Жалт-жұлт етіп жоңышқалар әлі жас, Алтын гүлін жалбызға кеп ұрады. Саусағымен бірнеше жүз гүл іліп, Күйлер шертіп нәзік қана дірілмен, Көк шалғынмен самал өтті жүгіріп, Сүлеймендей су бетімен жүгірген. Осы кезде тіл ұғатын құс керек, Құс байғұсты жұмсайтын жер бар әлі. Ақын жатыр бір тал шөпті тістелеп, Жүрегі де жүз жерінен жаралы. Күн еңкейді, көлеңке де ұзарды, Көк торғыны қоюланған тоғай –бақ. Жыланшықта бірге болған қыз әлгі, Жақсы кеуде жатыр қазір сені ойлап. Ауылыңа барар едім баппенен, Адамдар бар алыстан-ақ танитын. «Сағындым» деп айтармын-ау, әттеген, Үргізем-ау бір аймақтың бар итін.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Жолдай да алмай қор болдым-ау бір сәлем, Жұрт естиді, айтар едім асыл ән. Тіл ұғатын құс болса ғой – жұмсар ем, Қанатыңмен сипап кел деп шашынан. ҚҰРМАНҒАЗЫ Ақшалы байды, жеңе алмай патшалы ханды, Батырлар өтті... Бар малын жат шауып алды: Молаларындай намыстың төбелер қалды, Обаларындай обалдың ақ шағыл қалды. Жырмыштап жыра бөлгенде жалаңаш қырды, Тоқтатар жарды болмай ма қарағаш құрлы. Атырауды әкеп құйды да Сарыарқасына, Алатауды әкеп Аралға араластырды. Кептіріп миды кек пен мұң, ағартар шашты, Жігер мен серпін жасартар, жаңартар басты. Ол барған жерге Алатау, Сарыарқа барды, Ол қашқан жаққа Алатау, Сарыарқа қашты. Ақылды жанға бола ма батыр боп өлмей, «Кішкентай» қалды Исатай сапын да көрмей. Алғидың құба дөңінде арқалы бала, Шақырды күйді, аруағын шақырған ердей. Теперіш ешбір ете алмас тектіні керең, Қайралған жұрттың қайтады кекті ұлы неден? ... «Ақбайға» қарай шаптық біз – ақтарға қарай, Алаулы жылда «Адайдың» екпініменен.
194 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ТАҢДА Сан ғасыр сенсіз мақталған, Көрсін деп кербез көркімді. Қабағы жасыл шатқалдан, Көк шәйі мұнар серпілді. Ұйысып, қайта бөлініп, Бәрі де солай тартады. Бұлттарға қызық көрініп, Қарлы шың қырғыз қалпағы. Бұлттарға порттай тауыңның, Үстіне кеме келгенде. Ғажайып сұлу жауынның, Суреті қалсын кеудеңде. Малшынбай қалған гүл қалмай, Сөндірсе тамшы ошақты. – Қолыңмен ұстап тұрғандай, Суретте кемпірқосақты. Бақытың сенің жетпей ме, Бір жұлып шөпті, үш қарап – Бәйгі атың жатыр беткейде, Бетеге шөпке тіс қадап. Жұпарын ертіп қасына, Түгендеп жүрген тау сәнін. Самал да сенің шашыңа, Сүйкетіп өтті саусағын.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ҚОРЛЫҚ Жеткенсіңдер желпінгенде мәуе тік, Жел өкпеге желбіреген ауа өтіп. Жеті бабам басқан таудың тұсына, Жасыл туннель көшелерге тәу етіп. Мұрын тершіп, үрлеп қойып кекілді, Зерттеушілер, келгенсіңдер, не түрлі – Табамыз деп ауылымнан диалект, Тақыр жерден шөп іздеген секілді. Табу керек, түсінем ғой, түсінем, Сөйлескен жөн сөз іздесең кісімен. Сонда сені көріп едім ақ нұрым, Самбырлаған топ адамның ішінен. Жаралмаған жан екен деп жас боп тек, Жыр жазғым кеп сұлулығыңды әспеттеп. Жүргенімде, түсірдің-ау жынымды, Тар көшеде бәйге атымды мәстек деп. Көк жайлауда гүл кештірген атымды, Талай қызды мінгестірген атымды; Тауда жаяу жүрмес қылған атымды, Бәйгелерде мың бөстірген атымды, Жайлау жаздай сөз қылатын атымды, Жарысқаннан оздыратын атымды; Той-думанға кез қылатын атымды, Көкпар шықса, тез қуатын атымды, Тасқа тұяқ қақпайтұғын атымды, Қысы-жазы баптайтұғын атымды; Жеген жемін ақтайтұғын атымды, Қарт сыншылар мақтайтұғын атымды, Бау-бақшаны бүлдіретін атымды, Таңда өзі кеп үлгіретін атымды; Қылығымен күлдіретін атымды, Кәдімгідей тіл білетін атымды,
196 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Баурына өт – теппейтұғын атымды, Бос қойсаң да кетпейтұғын атымды, Айтқанды екі етпейтұғын атымды, Жалына қол жетпейтұғын атымды, Темекіңнен жегіз дейтін атымды, Жілік майын, тегі, үзбейтін атымды; Қара жаяу дегізбейтін атымды, Оқыранып мен іздейтін атымды – Қорладың-ау қасқа атымды мәстек деп, Шайтаныма жыр жазам ба әспеттеп?! Қорладың-ау терлеп тұрған атымды, Жабыққанда ермек қылған атымды! Сөйлеттің-ау сөйлемейтін ақынды, Әй, дегенмен, қыз екенсің ақылды. Жирен аттың жер бастырмай бір ізін, Жыр қылушы ем жабыққаннан күн ұзын. Отқа түсіп кете жаздап отырдым, Ойсыратып Отарбайдың қымызын. Мен көргем жоқ мұндай ыстық жазды әлі, Тамыз деген тамызықша маздады. Күн нұрына сенің нұрың қосылып, Біздің ауыл жанып кете жаздады.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ШЫҢДА Сырнайға ән құйған сыр қайда, Мұндайда тұрмай ма есіп үн? Үкілер қонып жүр ырғайға, Жел шайқап солқылдақ бесігін. Үйтасты оюмен торлап ап, Жас арша жаяды құлашын. Аядай аспаннан сорғалап, Лып етіп қайқайды лашын. Көк шыңдар онсыз да көп шығар, Шымшық мәз мадақтап шоқ талды. Аршалы жондардай көк шұбар, Бір елік үш қарғып жоқ болды... Жүз елдің суына жүзермін, Шың сайын көк өзен гүрлеген. Қой, енді өрлейін...үзеңгім, Сүйіссін кез келген гүлменен. ЖОҢҒАР Жол барда аяулы Жоңғарға, Жоңғарға шыңдары тірескен, Жетемін көк шұбар жондарға, Шақтарда қисапсыз гүл өскен. Сайыңды өтетін аттап-ақ, Бұл жерде танауы түріліп, Көсіліп көкпарға шапқан ат, Жатады молаға сүрініп. Ол жайлы мынадай жыр түгіл, Бақтыбай дастандар сарнатқан. Әйтеуір, атамның жұрты бұл, Қалса да жоңғарлық қалмақтан. Сондықтан аңыз көп Жоңғарда, Ізіндей сұрапыл елестің. Арғы атам хас батыр болғанға, Мен тіптен кінәлі емеспін.
198 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Жүйкеге тиер жүзім жоқ мұнда, жоқ алша, Меңсіз ақ тастар арасы түгел көк арша. Адамнан емес, аюдан келген пәле де, Шың жаққа түсіп бір-екі сиыр жоғалса. Шақылдақ ұстап шапқылап жүрген мәз бала, Аңсаған жүзін аспанға бұрар аз ғана – Тамаққа шапқан тазыдай таумен зулатып, Көлеңке сұлба жүгіртсе жермен тазқара. Шалғысын жанып, шаппайды таудың шөбін ел, Көкпардан басқа жерде жоқ терім төгілер. Кемпірқосақтың да бір басы түссе ошаққа, Екінші басы желі қасынан көрінер. Жүректің тұсын оң қолмен басып әуелде, Риясыз келіп берілер, досым, сәлем де. Ауырмақ түгіл, түшкіріп жүрген адам жоқ, Зұлымдық, сұмдық болмаған сынды әлемде. Қалаға келіп көрсем де қырттар қыспағын, Өзімді тауда жүргендей жайсаң ұстадым. Көгілдір орда, көзіңнің қарашығымын, Қарағай тулы кешегі Моғолстаным.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ДАРАБОЗ ҚАБАНБАЙ БАТЫР (Жекпе-жек алдында) Тынығып тұлпар, таң асып, таза суысын, Таңертең қылыш сабына толып уысым, Тағы да шығам тарылған қазақ жерінің, Бір уыс көде, бір ұрттам жылтыр суы үшін. Ескі тақ мінсе – есірік, басы айналар, Қоңтайшыға қылыштай өткір қайда бар? Төрде емес, көрде хор қызының төсегі, Жамбасы жерге тиген соң көңілі жайланар. Шалғыны қанға шылқамай болар жайлауға, Қаттасып қазақ әскері қанат жайғанда, Мылтықты мерген, садақты сарбаз аңдыған, Шыбын да шықпас ортасы мидай майданға. Бозамық көкке бозторғай шығар шырылдап, Мойнында бұршақ молдалар жылар ыңылдап. Желп етпей тулар, жер жүзі тынар сілтідей, Тізгінін сүзбей тұлпарлар тұрар шыбындап. Тентек те туар жыны бар неше бақсылық, Жаббарға жылап жұртына тілеп жақсылық. Жекпе-жек күтер жеріне жеткен екі қол, Жұртының бетін жеке туғанына тапсырып. Бағымдай ауыр басыма қонған жыға бар, Тебінсем атты – темір бет жауым қуарар. Атамның атын алдырып маған шақыртып, Ныспымның даңқын намысым алға шығарар. Қалмақ та болса атына жылдам қонбай ма ер, Бүгінгідей біздерге туыс болмайды ел. Дарабозға бір жауды екі шаптырма, Алты алаштың аруағы, түгел қолдай көр! 8 март, 1977 жыл.
200 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ҚЫРТ Көгертсем деп көктем қандас ән-әуен, Көтерсе де жүре алмадым әуемен. Көріксізбін көпестердей көк сақал, Құрбашыдай қызыл көзбін және мен. Қызғаншақпын, қылт-сылты көп, сабырсыз, Қарамайға шомылғандай сабынсыз – Албасты боп шыға келдім лезде, Қалыбайдың қара итінен қадірсіз. Құдай сүйер қылығы жоқ пендемін, Текке кетті-ау теңдесі жоқ еңбегің. Бекер болды бет таба алмас мені іздеп, Лиро-эпос заманынан келгенің. Асыранды қаздыкіндей қанатым, Бола ала ма қанаты жоқ жан ақын? Бір құшақ гүл сыйласа жұрт, Кещемін Көк сиырға көктей бере салатын. Ол аздай-ақ, алашта жоқ бөспемін, Бөспеліктен әрі жер жоқ...өспедім. Бір ісімнің аяғы жоқ, Көріп пе ең, Аяғы жоқ түйемен ел көшкенін? Ақыл-ойсыз қылды мені бір мінез, Абыройсыз қылды мені бір мінез. Домбыра да тарта алмайтын добалмын, Хәм шикімін бөлке нандай дүмбілез. Өлеңім де құмдай құнсыз, тастай көп, Бір дөкейге көрсетіп ем басты, әйбат. Бас асаудай мөңкіп-мөңкіп баспада, Базар жаққа тағын тастап қашты-ай кеп. Айтқан сөзі: «Жұматайдың өлеңін, Шығарғанша саудагер боп өлемін», Мен оған тек: «Көзге ілмесе құбыла, Құбылаға түкірдім мен!» – деп едім.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Қырттық маған, мен қырттыққа асықтым, Қыр мен сырын ерте біліп, жас ұқтым. Соншама қырт, сонша кеще басыммен, Ең ғажайып жанға ғана ғашықпын. Соны көрсем екі көзі танадай, Алшаңдаймын апасы көп баладай. Соныменен салыстырса қырт-ақпын, Сүйем соны қырттығыма қарамай. Дымы ішінде, шығармай-ақ сыртқа үнін, Көп жазуда көрейік деп жұрт күнін. Ал мен болсам екі көзім сен жақта, Өзің жақта ол да болса қырттығым. Бірге шыққан кетті жұрттың көбі ұзап, Маған құдай берген өгіз – өгіз-ақ. Өгіз мінген ғашық қойшы секілді, Жүргенім-ақ не қырсығып, не жылап. Көздеріңді көрсем бітті танадай, Арсаңдаймын апасы көп баладай. ...Қырттығымды біле тұра сүйемін, Сүйем сені қырттығыма қарамай. ДҮРЕГЕЙ СӨЗ. ҚАБЫЛХАН Аяқ асты...күтті дейсің кім мұны, Орысша өлең төктім-ай кеп бір күні – Блаженный соборының үнімен, Сайрағандай Бурабайдың бұлбұлы. Орысша өлең төктірді-ай кеп бір шабыт. Жүре берді ой дегенің суша ағып. Жан қиналмай қазақша өлең жазғандай, Жаздым-ай кеп буырқанып, бұрсанып. Білімі де, білігі де көп еді, Көңілі түссе, көл-көсір-тін көмегі,
202 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жанайдаров Орынбайға көрсеттім, «Орысша, – деп, – досыңның бұл өлеңі». Бір тереңге сүңгігендей телегей, Оқи-оқи мені, жұртты елемей: «Сен жаздың ба?» – деп сұрады, күлдім мен: «Пушкин ғой деп ойлайсың ба, мен емей?!» Таңданғаннан абдырап бір ойлы өңі, Аудармашым-ақын досым сөйледі: – Сен орысша дәл осылай жаза алсаң, Шын ақылым – қазақшаңды қой, – деді. Бір пікірдің дегеніне көнем бе, Көп жолдасқа көрсеткенмін мен өңге. Састым-ай кеп, ақын орыс достарым, Бас шайқасып, «Гениальный» дегенде. Ұлы Отанның бітер жері, шеті деп, Бір күндері шекараға жетіп ек. Шашкова айтты: «Жігіттерге жауынгер, Сен орысша жазғаныңды оқы», – деп. Оны жұртқа әспеттеуге бейіл боп, Жанарынан төкті Люба мейрімді от: «Осы ерекше өлеңдерің туралы Хабар жазам радиоға кейін», – деп. Атылып бір кеткені ме тоғанның, Шікірасы мендей бұл-ақ қоғамның. Орыс көрсем, қошеметтен дәметіп, Орысша өлең заулататын боп алдым. Дүйсенбек, мен және Ұлықбек тұрғанда, Қазақшаға аударылмас жыр бар ма?! Сол өлеңді қазақшалап бір күні, Бастырдым бір тиражы көп журналға. Редактордан асқан бізде қор бар ма, – Жылан ба деп қарайтын кей жолдарға. «Құримыз ғой» деген сөзден сескеніп, Сәл кішірді сары ұл қара болғанда.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Жоғарыда айтқанымдай, сыры көп, Айтар ойы сүйектілеу, ірірек, Түп нұсқасы басқа тілдік өлеңім, Бес қазақша өлеңімнің бірі боп Шыққан кезде қасымнан бір ер өтсе, Сөз дәметтім сол жыр жайлы ерекше – Айта ма деп орыстардың айтқанын, Тіпті бірі тіс жармады, керексе. Ұл асырап алғандай-ақ бір өгей, Пікір, пікір, одан басқа тілемей. Өтіп жатқан қандасымның бәрінен, Пікір күттім өлеңіме «дүрегей». Сол қорлық сәт түсті дейсіз неге еске, Неге құмар болды дейсіз кеңеске? Ана өлең мен басқа өлеңнің арасы, Рок пенен шертпе күйдей емес пе?! Неше түрлі кәрі дарын, жас дарын, Кезек изеп шашты, шашсыз бастарын, Соны білмей, білмеген боп білсе де, Өте берді селқос қаламдастарым. ...Тек Қабылхан бұрын көрмей жүргендей, Бас салды-ай кеп: «Анау өлең...бұл нендей?!» – Деген кезде орнықты-ай кеп көңілім, Орыстардың ортасына кіргендей. Өкпелемес шаруа басты көп құрбым, Осындай бір қызық кешіп тек бір күн: «Орыстар мен Қабылханның өлеңге, Махаббаты ерекше екен», – деп күлдім.
204 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ҚҰРДАСҚА ҚҰРДАС ТУРАЛЫ Біздей бай, біздей кедей де бар ма, Мұң менен шаттық жолдасы? Құрдасым...Бақыткерей, мен (Алла!) – АҚШ-тың атом бомбасы! Бір ойды қолға ұстатып санам, Күтеді бір сөз байтағым. Бақыткерей Ысқақов, саған, Құрдасың жайлы айтамын. Адамға көктен қауіп төнгесін, Билейді үрей денеңді. Оның да жылы тауық болғасын, Құрдасың емей, нең енді?! Түбінде біздер түсінбек мұңның, Көзге оты ерте шалынды. Тумай-ақ жатып, ішің кепкірдің, Іші де ерте жарылды. Жапондар туған жерінен қашты, Өртеніп жүріп бұл күні. Хиросимада онымен жасты, Бала жоқ, бәрін қылғыды. Сенің де мендей жолдасың өлең, Ақынбыз, қарап тұрмаспыз. Құрдаспыз атом бомбасыменен, Ажал шіркінмен құрдаспыз. Біздей бай, біздей кедей де бар ма, Мұң менен шаттық жолдасы. Құрдасым Бақыткерей, мен – әлгі, АҚШ-тың атом бомбасы. Түбінде біздер түсінбек мұңның, Көзге оты ерте шалынды. Тумай-ақ жатып, ішің кепкірдің, Іші де ерте жарылды.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Бір ойды қолға ұстатып санам, Күтеді бір сөз байтағым. Бақыткерей Ысқақов, саған, Құрдасың жайлы айтамын. Шапқылап жүріп, жорғаға балап, Ат кесіп алып тоғайдан, Ер жеттік біздер бомбаға қарап, Бомбаға күші зорайған. Адамға төнген қауіп те оңбасын, Түршіктіретін денеңді. Оның да жылы тауық болғасын, Құрдасың емей, нең енді?! Өмірге бір сәт қадам да бастық, Көрмедік тойдан құр қалып. Ойлаған жоқпыз адамға қастық, Қысастық жұртқа қылмадық. Серілік талай қылыққа бастық, Боламыз деп те ел көркі. Қалжыңдап жүріп қырықтан астық, Қырықтан астық бомба ертіп. Адамның ішкі әлемін айттық, Қылсын деп бізді жұрт ақын. Қарғам-ау, сонау пәлені қайттік, Пәлені қайтіп құртасың? Қайтадан енді тұрмас дарынға, Отыз ед жазған дәуірі. Дүниеге, барлық құрдастарыңа, Жар салшы, батыр бауырым.
206 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Тепкенде темір үзер қара күші, Аспанның жалғыз меңі – ана құсы. Құтты бір қонысына ұсай ма әлгі, Құзарды аспан зәулім үш айналды. Аспаннан сол құзардың қарап маңын, Барлады жайып жүріп қанаттарын. Әне бір аңшы үйін бе қабақтағы, Білмеймін, қай көршісін жаратпады? Құзарға тырнақ басу – сол арманы, Қанша рет оқталғанмен қона алмады. Жайып ап бақытым да қанаттарын, Басымның барлап жүр-ау қарап бәрін. 16 ноябрь *** Қарлығып даусың, әлсіреп мүлде күшті үнің, Бозарып өңің, бұзылып кетті түс-түрің. Кеберсіп ернің, кермек татып та таңдайың, Көңілсіз жүрсің көтерілгесін ыстығың. Күйіп тұр бетің күнде қап оңған шұғадай, Жасаурап көзің, жүрсең де күліп, жыламай. Батпандап кіріп, мысқалдап шығып бітпеді, Мысыңды құртты сырқатпен өткен бір-ақ ай! Жамалың солғын, жадаулау тартып реңің, Қалтырап қолың, қан-сөлсізденіп білегің, От болып жанып шығасың қысқа түндерде, Балалар тартқан барабанша соғып жүрегің. Сырқат та болсаң суыртпақтататын назың көп, Ең соңғы күшпен ерлік қыласың әзілдеп,
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Тентектігімді де, еркектігімді де ұмытып, Дұға айтқандай боп отырам іштей: «жазыл» деп. Аяп та сені аурумын қоса көптен мен, Амалым қайсы азап та бірге шеккенмен, Жазар ем сені, дәрі қайнатуға болмайды-ау, Өлеңдерімнің ішіндегі ғажап шөптерден. ҚАРЛЫҒАШ Жүгіріп апаң жаңадан түскен келінше, Текемет жауып, теріскей жақтан жел үрсе, Тезегін қымтар, теректің басы тербеліп, Тырсылдай тамып тақырға тамшы себілсе. Қанаты сурет көбелек аңдып қаңғыбас, Аспанда ісі, аулақта жүрген қарлығаш Ауадан дымқыл сезгенде қайта асығар, Аяқ-қанатсыз алтындарына қарны да аш. Әуеден қағып, әулекі жемін шалт іліп, Жаңбырдан озып жүйтки де ұйтқи алқынып, Жүзімдей бұжыр, жүректей жылы ұяға, Жалтарып жалт-жұлт жетеді-ау байғұс шарқ ұрып. Сары ауыз бастар селк етіп ашып ұйқыны, Шығады-ау сонда шаттықтың бұйра шиқылы. Шырылдап жүрген қарлығаш жанын сондағы, Жеткізе алмас шанақтың аузы, күй тілі. Жусанын жуып, жасартып жаңбыр даланы, Ашылған кезде аспанның шайдай қабағы. Жүзімдей бұжыр, жүректей жылы ұядан, Қарлығаш шығып, құйқылжып әнге салады. Қарлығаш әні – тіршілік әні, күй әні, Көркейтсем дейтін көңіліндей көркем ұяны. Хас сұлу жанды қайран да шеше– Қарлығаш, Жүзеге ассын, жүз миллион болсын қиялы.
208 Жұ матай Ж а қ ы пбаев МҰРАТ Жол берсе ортасынан тең жарыла, Қызыққа қарамақ боп ел жабыла. Шеруке* қобызымен үй көшірген, Іленің ар жағынан бер жағына.
Жоғалтпай белде сиқыр, шөлде жынын, Боздатқан боз інгенше жолда өз үнін. Шеруке бәйгеден де келтіріпті, Төрт түгіл бір аяқсыз сол қобызын. Көзіме көркі ұнаған, көші ұнаған, Жиылса туған жердің төсіне адам. Қозғалтпай елімді мен орынынан, Абырой жайлауына көшіре алам. «Осынша бөсуі-ай, – деп, – шіркін ердің», Сенбеуі мынаған да мүмкін елдің. Ел даңқы шығатұғын бәйгелерден, Келтірем қос жүйріктей Күлкі мен Мұң. ҚАРА ҚАЛАМ Білетін жастайымнан жатқа мені, Досымның тапқаны еді, қап-қара еді. Жанымды еліктіріп, беріп тұрып, «Бетінен енді мұны қақпа», – деді. Қылығың қазақтыққа қиыс келді, Жүрсе де жігерлентіп жиі іске ерді. Атына ер жігіттің мінбейді әйел, Қарағым, қаламыма тиіспе енді. Көңілімді көгерт деумен, гүлдет деумен, Танбаймын толғаныста бір беттен мен. Әйелдер тектілігін білдіреді, Жігіттің жау-жарағын құрметтеумен. * Шеруке – Жетісу өңіріне аты әйгілі қобызшы.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м АҚЫНДАР Мен білмеймін момын ба еді, өр ме еді, Нәзік пе еді, алып па еді кеуделі, – Адамзаттың ең алғашқы ақыны, Ең алғашқы жырды жазған жердегі? Әлденеден әуенденіп сыр, мұңы, Аяқ асты тарғылданып нұрлы үні. Адамзатқа ең алғашқы жырды айтқан, Қай ендіктің, қай құрлықтың тұрғыны? Өзге жұрттан көрінді ме ол бөтен, Бақыт тілеп, шаттық тілеп елге тең? Мұз ба, тас па, қола ма әлде дәуірі, Алғашқы ақын қай дәуірлік болды екен? Туса да ол қандай кезде, қай елде, Болса да оның жағдайы өзге, жайы өзге. Адамзаттың ең алғашқы ақыны, Тұңғыш жырын жазған шығар әйелге. Планетаның көші-қоны түзеліп, Жүректердің тоңы жібіп, мұзы еріп, Жер бетінде күндердің бір күнінде, Дүниеде біткен кезде біз өліп, Адам біткен уайым-қайғысыз жатса ойнап, Олар-дағы ақылды алып, жақсы ойды ап, Машиналар осы біздің өлеңнен, Әлдеқайда артық өнер тапса ойлап, Жырдың өзін азап қой деп жан шегер, Осы өнерден аулақ қашса барша ел, Жер бетінде күндердің бір күнінде, Ақын адам керек болмай қалса егер, Ұмытып та бара жатқан ол да атын, Қаламын да жиі алмайтын қолға тым, Сол кезде де жер бетінде қалса егер, Қалса егер де жалғыз ақын, соңғы ақын,
210 Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Керегі жоқ, керегі жоқ» дегенмен, Сол қоштасып бара жатып өлеңмен, Сол соңғы ақын ең соңғы сол өлеңін, Әйелдерге арнарына сенем мен. МҰҢ. БІР ТҮН... «Мен – моншақпын», – дейді екен ғой бүлдірген, Әсемдікте әзіл барын кім білген. Жұтқым келіп қызылына қызығып, Жұрт білмеді, жұтындым да жүрдім мен». Көзәйнекпен көркемделген жиегі, Бір кітаптан – «Мұқтасардан» киелі, Осындай бір сөз оқыды Нәнкеще – Күйші сұлтан, тарихшы бек жиені. Ақтентегін атса, батпас таңдай деп, Айналсоқтап көріп жүрген сан бейнет Нәнкещені, түсіп сол сәт Нәнжіктен, Әзірейіл алқымынан алды-ай кеп: Аспандағы Аллаһу да түнерді, Мына сені, «Көзін құрт, – деп, – мына ерді, – Бір махаббат жіберіп ем, қызығын, Көре алмады, жанын ал», – деп жіберді. Ақтентекке мінәжат қып әр кеште, Дұға оқыған көп күндерін алды еске... «Ажал тақсыр, тұра тұр», – деп қағазға, Мынадай бір бәйіт төкті Нәнкеще: «Таусылды ғой, таусылғандай азығым, Баста миым, аузымдағы әзілім. Адам емес, аң көргендей шошисың, Жазығым не? Сүйгенім бе жазығым?! Нәнжік – жұлдыз аты.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Ділдес ек қой бірге туған бауырдай, Тіндес ек қой жаңбыр менен жауындай. Арамыздан ауа өтпестей болмадық, Не бір тәулік, не бір бие сауымдай. Кетер болды келмеске енді ар, үнім, Кесірлі елге керегі жоқ дарыным. Арамыздан ауа өтпестей болғанда, Ажал мені алмас еді, жарығым. Аяулысын сүйген кісі азар ма, Қасидадан түстім мұңды ғазалға. Ақтентек-ай, қиғаның ба өлімге?! Ақтентек-ай, бергенің бе ажалға?!» *** Көздері өткір, көңілінің күші ересен, Бозбастау шебер, боксшы еді демесең, Мен сенің меңді жүзіңді алғаш көргенде, Премьер де, президент те емес ем. Жанары жарық, жағасы жайлау, жаны әсем, Ең ізгі елдің ерке жүректі баласы ем. Әуесі ашық, әулеті сұлу қалада, Екеумізді көргендер, жаным, әлі есен. Маңайы баурар мамыр есімді сән айда, Мен сені көріп, лезде және қалайда, – Жүрегім шалқып жетсем-ау дедім Ақанға, Жүрегім шалқып жетсем-ау дедім Абайға. Бұзақы біткен бас иіп жүрген қоғадай, Кішкентай ғана күлімдеп жүрген Толағай, Бапкердің бәрін, қатты ердің бәрін өкінтіп, Ақшаршыға кеттім мен содан жоламай. Ұмытып мен де, ұмытып достар қалса да, Мен саған, жаным, өлеңдер жаздым қаншама. Өзіңді көріп, өзгеден артылтамын деп, Өспірім мені өртеніп жүрген жан сана.
212 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Журналмен жарар... жіберіп жырлар бақтым көп, Бақытқа жетер бір ғана жолды таптым деп. Өлеңдер саған ұнамай қойды, мен сосын, Болайын дедім отызға келіп Тәттімбет. Ғашық та болар ғажайып, еркін екпінмен, Әшкере сырмен, әуелі бізден көп білген. Қай жерге жетем, өзіме, қалқам, белгісіз, Тірлікте жалғыз саған жетсем деп кеттім мен. *** Халім нашар, көрдің бе, көрдің бе, әнім, Аққұба әнім, айта алмай қор қылмағым. Көмейімнен шықпасты, шыға алмасты, – Жеткізе алар ерніңе ернім бәрін. Ернім айтар көзіңе шөпілменен, Қызарғанын қысылып бетім неден. Кездеспедің кезімде жалаң қылыш, Өткір жүзі майрылып кетілмеген. Ернім айтар жүзіңе шөпілменен, Қызарғанын қысылып бетім неден. Жалаң қылыш кезімнің өткендігін, Өткір жүзі майрылып кетілмеген. Сынбақ едім, ғұмырың тынбақ еді, Мен көрмеген сан айқас сын қап еді. Тасқа тиіп маңдайым, сан кетілдім, Суар қайта, қайтадан шыңда мені.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м ҚАЙРАН ШЕШЕМ Ару көп қасы керік, жүзі балғын, Көңілді жүрсе де олар бұзып әр күн. «Апалап» саған жақсы қарасын деп, Көксудың көңілі бос қызын алдым. Ғасырдың алпыс қысын, жазын көріп, Қасыңнан қашты сенің әзіл, көрік. Бет-аузың бір-ақ уыс боп барады, Қайтейін, кішміштей әжімденіп. «Мұң-қайғы мойытпады әсте мені», Дейтұғын ұлың да бір хас төре еді. Әкем жоқ, сен аурусың, соны ойласам, Көзіме екі тарам жас келеді. Бір жұртым сырт айналды жат елдерше, Тіріліп, қайтер еді, әкем келсе? Құрысын көмір жағып, су алмайтын, Қолыма алар ем-ау пәтер берсе. Артылмай жақсылығым бір өзімнен, Кезім бұл жүз егіліп, мың езілген. Таланыма табысым пар келмеуін, Табам-ау баяғы тік мінезімнен. *** Бұл тұрақ мастығымды кеше қарап, Былғаған кеше балақ көшеде қап, Шығар-ау қыранша ұшып шаңырағым, Зертасты ғимаратқа неше қабат. Білмеймін қай жақсыға не бересі, Әзірше босаға осы, кенере осы. Шешемнің келіні де алыста жүр, Одан да алыста жүр немересі. Білмеймін дәріптеуді қай тілде мен, Кішкентай ботақанды Айкүн деген Сағынып қылығын да, құлынымдап, Күн кешем достарыма айтуменен.
214 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ӘКӨЛЕККЕ Әкөлегім, сен он жасқа толғасын, Шешең ақын, әкең әкім болғасын, Шапқыларсың ертіп алып ініңді, Ат қыларсың бір мекеме «Волгасын». *** Айттап кеп көлдегі тал, құмға, Жағаға жантайды күн бүгін. Жан-жаққа қаранып алдың да, Көк сұйық күміске сүңгідің. Серпеді толқындар гүлді аулақ, «Жыланшық»аяулы көл, тегі. Жүздің сен шалқалап, бұлғаңдап, Тәніңді аударып, төңкеріп. Ауаны жұпартып тұрды иісің, Сол иіс таралды суға да. Тағы да сырғанай сүңгисің, Содан соң күлесің қулана. Күлгенде денеңмен, қасыңмен, Қызуын тежеуді қойды аптап. Жүрсің сен, ақ бота, жас інген, Көзімнің алдында ойнақтап. Қорқамын. Айтқан сөз өтпейді, Жаным-ау, жүзуің бітпеді. Бұл көлде су жылан көп дейді, Ойпыр-ай, шық енді, шық бері.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Ақ таңда елік жусап бір қапталда, Сары ауыз бақбақ сусап гүл атқанда. Ырғайлар сөйлеп ырғалған табанда, Мойныңнан түсіп жұмсақ бір қақпанға. Естіртпей сөйлеп сөзіңді асқарға, Шалқытып бұла сезімді аспанға. Шашыңа іліккен бір тал шөпті алып, Танадай жәудір көзіңді ашқанда. Сырнайша тербеп нұрлы үнің көк перде, Басымнан ұшып бір мұңым кеткенде. Бұлақты көрген ботадай жұтынып, Ерніңе қызғылт ындыным кепкенде. Көк іліп күндіз жүзікті бір дөңге, Төсіңнен сұлу сызықты көргенде. Әуені қаталдау әпкеңнің дауысы, Әуелеп тұрған қызықты бөлгенде – Алаяқ жүйрікпен тоғайға киліккем. *** Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де, Таптатты ма екен табынын жинай келгенде, Асыққан малшы атынан түспей терген бе? Тоғайдай қалың таңқурай жатыр тапталып, Тұғылда мынау тұяқтар басып, қатталып. Жапырақ ашсаң, – жаутаңдай қарап дірілмен, Алқызыл жақұт ауызға жұмсақ білінген. Сәулеңнен ішкен сілекейше ішке жүгірген, Қор қызының бұтаққа шыққан ерніндей, Тұғылда тұрып таңқурай жұтып көрдің бе, ей?! 1976 ж.
216 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Бұлт айыпты ағаң аттан түспесе, Су көбейсе ылди-төмен жол шегер. Тауда әйелдер қанша тамақ істесе, Ауа райы көрсетеді сонша өнер. Міне, тағы ақ бұршағы секірді, Боз ат кетті бүгежектеп күміс түк. Таудың бұлты қорашыл ит секілді, Қотандарды жүреді ылғи тіміскіп. Төмендегі шатқалға кеп тығылған, Ана бұлттан тұрғаныңдай жоғары. Інішегім, әмсе өзіңнің мұңыңнан, Осылайша биік тұрсаң жарады. Көлденеңнен тартса сынын күн алдан, Қара түнде табу ләзім аппақ ән. Бұлт та – тұман, мұң да – тұман, тұманнан, Ешкім рақат, ешкім опа таппаған. *** Ондай ару Алла келіп санаса аз, Көрген жанның күйдіреді отша ішін. Әкесі – эпос, шешесі оның – жаңа саз, Адал елдің арманының жоқшысы. Мамыр мінез көк аршадай сүйегі, Көктемгі әнді сүйетіні тағы рас. Бірер сәтке көзіменен киелі, Әлпештелген бейбақ көңіл әлі мас. Тәңір берсе сол тілегін пенденің, Шақырымнан жүрмін оны жиі өбіп. ...Лиро-эпос заманынан келгенін, Жасырады шынтағына сүйеніп.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Жұмыртқаның сарысындай Ай әні, Ажыраған әуелдегі ағынан. Сарноқайға кеш түскенде баяғы, Жұмыр белді жұмағымды сағынам. Көйлек керіп дүрсілімен құс кеудең, Бір әпкеңді ел жатарда мың алдап, Ай жарығы үйтастарға түскенде, Ақбоз үйден шығатынсың сылаңдап. Бір тұлға боп екі ғашық жартыдан, Бастар қайтсін түйіскенде айналмай, – Ауа қандай сенің исің аңқыған, Сен екеуміз сүңгитұғын сай қандай! Жас тентектің жұмыр белді құштары, Тыным бермес күндіз-түні жаныма. Бетті соғып кірпігіңнің ұштары, Әсем құйын қосатұғын қаныма. Сол киіз үй, сол көнетоз кереге, Мен шыққанмен жоқсың енді далада. Өкінгенмен өткен қайтып келе ме?! Бір жоғалтқан жүрек жоғын таба ма?! *** Өргек шақта мұнша көлік, мұнша мал, Бізді көктен күннен басқа кім санар?! Жүзімдік пен мақталықтың шатыры – Жетісайдың аспанына бір сауал. – Құранды ерді қылп еткізбес шоқтығы, Құр жүрсек те білінбейтін тоқтығы. Жалы артық, қомдағайлы қолтығы, Жирен аттан басқа досым жоқ күні. Дерт жаппаса – жас адамға шерменде, Өлең беті бері қарай бергенде, Суық тиіп өкпе, қолқа, басыма, Алматыдан сүйретіліп келгенде.
218 Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Ол – ақын!» деп дауласқанда түрегеп, – Жазған жыры жас шайырдың міне, – деп, – Жер бетінде осындай да жан бар», – деп, Іздеп еді одан басқа кім елеп?! Хаттар жазып әлемдегі бас қалам, Ішіндегі газет-журнал баспаған. Мұңымды елеп іздеп еді кім мені, Елеп пе еді Әлібектен басқа адам?! *** «Жайықтың арғы жағы, бергі жағы...» Мұхиттың әнінен Ана жақта: банк, парк, баспа бар, Ерек үй бар елтөбелер жасқанар. Мына жақта: жаман дүкен, көк арақ, Барақ үйлер, бар және бір Жас Марал. Ана жақта: ел мен «Еділ» тасқыны, Театр бар, дала, қала бастығы. Мына жақта: ескі автобус, тар көше, Бар және бір текті әуеннің Жас Күні. Ана жақта: артистердің бақ, мұңы, Кісінеген саксофондар шаттығы. Мына жақта: қора-қопсы, ақ күшік, Бар және бір ақыл естің Ақ Гүлі. Ана жақта тәртіп те өзге, сөз де өзге, Ми, күш керек мына жақты кезгенде. Ана жақ пен мына жақты тартып ем, Жебірей шал дәрі өлшейтін безбенге: Мына жақтың басы жерге соғылды, Ал ана жақ солаң етті соғұрлы. Бар байлықтан бәсі басым қазынам, Бетіңді әкел, әкелші аппақ қолыңды, Сүйейін...
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** «Сорлы Көкбай жылайды...»
Абай Бейнелеген сияқты ем ағыңды ақпен, Аз жаққам ғой қағазға жанымды ап мен. «Мені айна қып, түріңе қарашы өзің» - Кейін және осылай жалынбап па ем? Портретін көрмейді кісі күнде, Болады оны ұғуға, түсінуге, - «Суретімді салды, – деп, – бір суретші», Бір қуаныш ойнап жүр пішінінде. Өле өбуге оңтайлап бір бетіңді, Бір көргеннен білдіріп құрметімді, Кірпігімнің ұшымен кеңістікке, Қаншама рет салмадым суретіңді?! Портретің ...Ұқсайды түрі кімге? Мен де сондай шимайпаз бірімін бе? Сенің бейнең миымда, жүрегімде, Тамырымның, қолымның дірілінде. Білмейтұғын жан екен ұятты анық, Жүрісін-ай күшіктің мият тауып, – Христостың мойынын қисайтатын, Христиан иконшы сияқтанып. Жетістірер. Айт сонау желөкпеге: «Әуреленбе, дедектеп, өбектеме. Мен шыбықтай нәп-нәзік ақ құдаймын, Түспейтұғын қағазға, кенепке де!» Қоя ғой де әлемнің Ақылды Үні, кристалы рухтың, нәті үлгілі. Адамзаттың жетеді аяулысын, ардақтауға жіберген кәпірлігі. Ақ қағазды шарпыса аз-кем демім, Әспеттелер әуелеп сазбен де өңің. ...Сенің бейнең – менікі, менің бейнем, Сәуле төккен кішкентай Сәждем менің!
220 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Бірімізді біріміз көреміз де, Жолыққандай Жерде жоқ төремізге, Жымиямыз... Жымимай...мынау өмір, күл түсіндей күлгін деп өлеміз бе?! Мән бермеймін жеміссіз қуға, мұңға, Шу да, мұң да санамнан булануда. Мына өмірге қаңтарда бір келіп ем, Қарашада қайтадан туғаным ба? Қар жауып тұр. Көр, күнім, далаға шық, Көк түтінмен аспанда араласып. Ақтығыңа жете алмай жатыр әні, Алматының ақ қарын қара басып. Қаймана елдің қайтемін қара сөзін, Әлдилейді әндей бір дана сезім. ...Қазақ халқы құдайдың шәкірті ғой, Мені айна ғып, түріңе қарашы өзің. *** «Одан аздап өлең қалды, күй қалды, Жан беру де оңай емес. Қиналды. Сенің бала көңіліңнің жыршысы, Өліп қалды. Болсын байғұс иманды». Осыны айтып қуанышсыз, зар-мұңсыз, Тірі өлікше кешіп едім қарды үнсіз... ...Сенсіз өмір – елсіз өңір екен ғой, Жан толқытар жақсылығы мардымсыз. Құдай дана қиыстырған қиыннан, Сен бір әнсің қасы-көзі қиылған. Аппағым-ай, саған айтар сөздерім, Аузыма бір түспей қойды-ау миымнан. Сенде де бар, менде де бар бір өкпе, (Өмір-еке, оны ешқашан жүдетпе)
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Сені көрсем, көзге айналдым тойымсыз, Тұла бойым айналады жүрекке. Бірталайы жоқ демесең тісінің, Құдай ақы, Ромеодан кішімін. Қызғаныштан қырт боп кетті демесең, Сол баяғы саған ғашық кісімін. Мәжнүн боп кетпейді деп сау адам, Саған мені қимай қойды Хауа-Анам. Сүйсем бе екен өліп-өшіп күн-түні, Сенен артық қыз жасап ап ауадан?! Ұшып жетер – келші десең болғаны, Ондағыдай мені аймалар қол кәні? Ауадан қыз жасар едім, қорқамын, Сенен аумай шығады-ау деп ол-дағы. Енді маған несіменен кім ұнар, Таңғы шығым, тал мүсінім тілі бал. Саған деген махаббатым, Мың жерден, Мен өлсем де өлмейтұғын түрі бар. ҚАЛАМПЫРҒА Жер ылғал, алдымда жол, төбемде нұр, Қоштассам, енді қайтып көрем бе бір? Алдымнан аңқып шыққан көк көзділер, Кәнеки, үйіріңмен өлеңге кір. Жолы бар тұрудың да мұншама аңқып, Сезбесін ана тұрған шыршалар түк. Гүл тәжі шүпірлеген шөпжелкелер, Жерлер бар гербарийден мың сан артық. Шөлдетер мектептегі мүйіс те шын, Ертеңнің мал-жаны да тиіспесін. Кәнеки, өлеңге кір, докторлықтан, Дәмесі бар балалар иіскесін. 1975 ж.
222 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Анасынан туа асқар, Абыройдай көрікті, Торыдайын жуас та, Тобылғыдай берік-ті. Арбап, шағып, аздырды, Жылан ауыз кіл ездер. Жанасқанын жаз қылды, Жасыл бояу мінезді ер. Әуен тоқып күн көрдің, Әлпеш көрдің түсіңде. Еңбегіндей гүлдердің, Еленбеді ісің де. *** Топты жарып әлеміш жаяу қалың, Жарты арысқа атағы аян, мәлім. Жирен атты жетелеп ері қалың, Етектегі отауға аяңдадым. Бетегелі беткейде келем еппен, Жалт қарасқан жандар көп, елең еткен. Қарақұрым жекендей кісі ішінде, Қазақ болмай қалды ғой менен өткен. Ақылға жоқ, ай туа амалға бай, Зар күйінде зәу-атқа алаңдамай, Қарашығын жасынша жарқылдатып, Қылықтының құныға қадалғаны-ай! «– Алдырайын, жоқ болса, үйден ақша, – Құрдасым жүр деуменен, – биле, патша!» – ...Қашан ғана қуантам ел – иемді, Жарты мысқал миы жоқ жирен атша? А, Асеке?
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Жетсем деумен күн кештім қадіріңе, Сәл ауырсаң, хабарлап бар ініме, Аман қыл деп жалындым, алла рақым, Тәуір қыл деп түркінің тәңіріне. Көзіңе егер көрінсе гүл көсемдей, Ғажап адам жоқ шығар мүлде сендей. Көргім келіп сағынам, тағы аттанам, Күнде көрген көзіме күнде сенбей. Енді енжілді еш сөзбен лайламан, Құдіретсің, құдіретсіз...құлай ма адам? Мәңгі рақат, мәңгі азап кешсінші деп, Бір махаббат сыйлады құдай маған. *** Қылығыңның бәрі ғажап, бәрі әсем, Қадырыңды сұрасын да ел менен. Әнші әкенің ерке жүрек баласы ең, Мерекеңе өзің едің кел деген. Қызыл кілем – қызыл бөлме ішінде, Көктем желі терезеден еседі. Шалқып жүрдік. Өңім бе әлде түсім бе? Неткен жандар, неткен сұлу кеш еді! Ақ құба өңге қалқып шықты қыр гүлі, Қиял бізді жетелейді жыраққа. Күй күмбірі, бокалдардың сыңғыры, Үзік-үзік сөз келеді құлаққа. Көше тынған. Күлімдейді ай әлі, Мен үнсізбін, тақап саған бетімді. Саусақтарың, алақаның аялы, Аспан жаққа жетелейтін секілді. «Жүрегіме жақынсыз, – деп, – мына сіз», Пәк көңілмен құлай сонда сүйіп ең. Сен сол күні сәби едің күнәсіз, Сен сол күні жан біткеннен биік ең.
224 Жұ матай Ж а қ ы пбаев АҚЫН ӨЛТІРУ ОЙЫНЫ (Гарсиа Лорканың сөзі) Ойнайды мұны күштілер, Ойнайды мұны тістілер. Жұмсалмағанмен күш түгел, Жеңісті арам іш тілер. Аяқталса той ұлы – Ақын өлтіру ойыны! Ер білексіз байғұсты, Зеңбірексіз байғұсты, Қу арақ тойда, мұнда да, Қуалап ойға, қырға да, Ойнайды заман сойылы – Ақын өлтіру ойыны! Заңын да салып соңына, Жарын да салып соңына, Қоймайды жанын, үндеме, Ойнайды күндіз, түнде де. Қамшы бас, заман сойылы, Ақын өлтіру ойыны! Көріне даусын жеткізбей, Еліне даусын жеткізбей, Аузы мен мұрнын тығындап, Сыртынан сұмдар сыбырлап, Ойнайды келіп той ұлы, Ақын өлтіру ойыны! Жас бала демей қарбытып, Баспана бермей қаңғытып, Тойласын соңғы жеңісін, Солардың жері кеңісін. Өлтірмей құдай жөнімен, Ойнап жүр енді менімен. 30 август, Талдықорған.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м КӨКТЕУДЕГІ КӨРІНІСТЕР: СҰР ТҰСАҚ, ҚОЙШЫ БАЛА ЖӘНЕ ГАРСИА ЛОРКА (Патетикалық баллада) Көкек айда көктеуге көмекке кеп, Көптеу жауған жаңбырға ел өкпелеп, Бетегеге көк қасқа қозы жайып, Көпшілік боп көп төлге өбектеп ек. Көк қуалап, жапырлап тоқтамаған, Жалқы төлді саулықтан топтама алғам, Отыз-қырық қозының қолы жеңіл Тәрбиеші-тәуібі боп та қалғам. Қажытса да жүгіріс қара сан ғып, Мейірім көрсек мал-жанға жарасарлық, Қуанамыз елжіреп: мекіреніп, Шаранасын жаласа мама саулық. Сонша үзілген, не деген өзек еді?! Шөлдегендей шәрбатқа көзедегі – Қошақанын құшақтап қораға әкет, Мама саулық маңырап өзі ереді. Немкеттілік жоқ онда ешкідегі, Қой баласы ешкіден есті ме еді?! Мама саулық даусынан – маңыраудан: «Құлдығым-ай!» – деген сөз естіледі. Қоспажеммен қас-көзім «сүрмеленген», Сақал өсіп, сапсияр түрге келген. Шірік сабан, қи мен жем иісі аңқыған, Алагөлең қораға кірген ем мен. Торсығынан сүт беріп, таңын ашып, Қой мен қозы жатады жамырасып... Мынау – сұмдық! Ақырдым: «Әй-әй!» деп мен, Қошақанға құйтымдай жаным ашып.
226 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Кегі кеткен секілді жеңіліп көп, Тастағанын елемей оны бүктеп. Сыңар емшек, сұр тұсақ өз қозысын, Тағы ұмтылды сүзуге шегініп кеп. Күл боп кеткен жаздағы жапырағы, Жоңышқа да тең-тең боп жатыр әні... Қора ішіне қарадым – бітеу шамдал, Сөйлете алмай сәулесін аһ ұрады. Ойыны ма бұл иттің, шыны ма деп, Ашуы көп бұл жолғы, мұңы да көп, Шам жалыны – шарасыз, шайқатылып, Өзі ұрады өз басын шыныға кеп. Қорқыныш жоқ қошақан қаперінде, Қаперінде жоқ оның қатерің де. «Қой баласын қоңыр», – деп ойлаушы едім, Не істерге білмедім қапелімде. Жаңа түскен жылбысқы шарананы, Тұра қашып тұмса ене жаламады. Одырайып, ол аздай шегіншектеп, Сұмдығына оқталды бағанағы. Туа сала енесі қырсық қылды, Шарананың көзіне бір шық тұнды. Төбе шашым тік тұрды, тітіркеніп, Зәуі сайтан жанымды түршіктірді. Мұндай сұмдық көргем жоқ ер жетіп мен, Мал сырына, қойшы ұлы, сен жетік пе ең?! Көре сала айғай сап, жүгіріп кеп, Тептің келіп тұсақты керзі етікпен. Керзі етікпен өкпеден бір тебілген, Шағын шарбақ ұяға үрке кірген. Сұр тұсақтың аямай жағын ашып, Ауыздықтап, кердің де сым темірмен Тағы тиді бүйірден тепкің келіп, Балағатты бората төктің келіп...
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м «Саулық қойға мұны, аға, теліңіз», – деп, Қошақанды қолыма кеттің беріп. Шықсақ-тағы шарықтап сапарға мың, Жүргенін де білмейміз қатарда кім. Алғыс айтып, мен саған қарап қаппын, Ақтылы қой жаятын қаһарманым!.. Жасай алсам мен оның мына ерлігін, Жаутаңдаумен жауызға тұрар ма едім?! Жан түршігер сұмдықтан сол сәттегі, Біраз шашым бозарған шығар менің. Қимылым да шираған, жүрісім де, Құм ішінде, үйге ендім түн ішінде. Теледидар жыпықтап тоқтамай тұр, Кірісеміз, қол жуып, міне, сүрге! Біздің елдің ежелгі екі ермегі – Қой мен өлең: қойшы боп өтер ме еді?! Ет туралып, енді біз оқталғанда, Саулығы үшін мал-бастың көтергелі, Көтергелі жатқанда қонақтары, Зуылдаған экран жолақтары Сап тыйылып, ешкімнің қолы тимей, Өз орнына суреті қонақтады. – Ойбай, әке, тұра тұр, мынаң қара, Қара сен де, қарашы, қыран дала! Талдау жасап жатыр ғой телеэкран, Лорка жазған лағылдай шығармаға! Адамзатқа ән – ортақ, ортақ – өлең, Жердің жүзін бізге ортақ орта көрем?! – Шет елдік ең сүйікті шайырыңыз? Ол сұраққа ойланбай: – Лорка! – дер ем. Аңыз қылған жастай-ақ төңірегі, Қандай ғажап басталған өмір еді!
228 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бала Лорка қозыдай сүйкімді еді-ау, Дана Лорка қозыдай қоңыр еді. Пиренейлік Ақан ол жаны сері, Сол-тын және испанның Әлішері. Отызыншы жылдағы Отанының, Ең алғашқы, ең биік табысы еді... Пиренейге Лоркадан келген кейін, Ұлы ақын жоқ, мен неге шерленбейін?! Сұлу ақын білетін испан тілін – Гауһар сырын білетін зергердейін. Сұлу еді-ау! Ақынның оңдысы – өңді, Жауһар жырмен жаулайтын сол кісі елді. Тіл маржанын тереңнен сүзіп алып, Театрда шашатын оңды-солды. Пиренейдің аспанға ғашық ұлы, Аспандар ма қайтадан ашық үні?! Франкистік «Отаны» опат қылды, Заузаға да залалсыз жас ұлыны. Қайда өлді екен оны атқан қара бет, сұм? «Рақатын» лақатқа ала кетсін! Осы ойларға батқанда, қайтып қана, Өңешіңнен тамақ пен шарап өтсін. Жерге қойдым кесені шарабы бар, Мұңға баттым, мұңымды бала да ұғар. Елестеді көзіме жүзі қара, Елестеді көзіме жаңағы мал. Елестеттім көзіме сұм бейнесін, Сәбиінен тағы алып жүрмей ме өшін?! Бір жығылып, бір тұрған кішкентайдың, Өз қозысы екенін білмей ме шын?! Баса-көктеп сүзгендей балаңды өндір, Тырнады ма туа сап жараңды ол бір?! Франкистей сен-дағы фашиспісің, Арам өлгір, ақ тонды қараң келгір?!
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Гүл лақтырған айғайлап төңірегі, Қандай ғана ғажайып өмір еді! Бала Лорка қозыдай сүйкімді еді-ау, Дана Лорка қозыдай қоңыр еді. Ізгі болу мейірім мен ұяттан-ды, Жазалаған жауызды тұяқты әлгі, Қойшы бала, аттанған Мадридке, Эрнест Хемингуэй сияқтанды. Пиренейге Лоркадан келген кейін Ұлы ақын жоқ, мен неге шерленбейін?! Сұлу ақын білетін испан тілін, Гауһар сырын білетін зергердейін. Сұлу еді-ау! Шайырдың өңдісі оңды, Жауһар жырмен жаулайтын сол кісі елді. Тіл маржанын тереңнен сүзіп алып, Театрда шашатын оңды-солды. Пиренейдің аспанға ғашық ұлы, Аспандар ма қайтадан ашық үні?! Франкистік «енесі» опат қылды, Заузаға да залалсыз жас ұлыны. Тұрмағанмен фашистер күш ап бүгін, Қайтпайды енді, Пиреней, құшаққа ұлың! Отан емес! – Фашистік Испания – Өз қозысын өлтірген тұсақтұғын! Жендеттердің қарасын батырып күн, Жіберген соң, Мадрид, ақыры ұқтың: Отан емес! – Фашистік Испания – Өзі өлтірген өз төлін мақұлық-тын! Ұрандарға мыңдаған тақырып қып, Адамзат боп алысып, ақыры ұттық: Фашистердің болмасын мемлекеті, Мемлекет боп кетпесін мақұлықтық!
230 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Жаныма серік боп сыршыл мұң, Шығармын жерімнен діттеген. Болашақ, мен сенің жыршыңмын, Бар сырын әлі айтып бітпеген. Бұл басқа биік ой мол тұнып, Қазына тудырып кеудемнен. Барлық бос көңілді толтырып, Қуантып кетуге келгем мен. Сиқырлы нұр келсе жанарға, Мен барлық қиялдың ұшынан, – Кез келген мейірімді адамға, Жанымның жұпарын ұсынам. Апарса біздің бұл ән алға, Сұлулар ұғынар көп-көрім: Сонау бір ғажайып заманда, Ғажайып бір қазақ өткенін. Бір жігіт кермиық жүз барда, Маңайын өзіне қаратып, Мені оқыр басқа бір қыздарға, Космос ішінде баратып. Мың сәлем, жұлдыздай асылдар! Уақа емес көрмесек бүгінде. Мен әлі сандаған ғасырлар, Сөйлермін қазақтың тілінде.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Жүретұғын кезінде жиі өңінен өпкізіп, Көрсетсем деп қиялдап киеліме тек қызық, Көк тұманда көп жүрдім, көк тайғақтың суығын, Сіңірімнен өткізіп, сүйегіме жеткізіп. Жаяу жүріп, аязбен жағаласып тоңдым мен, Аяулымның қыр-сырын араласып көрдім мен. Одан артық құдайдан не тілеймін, жаутаңкөз, Жүрегі бар, есі жоқ бала ғашық болдым мен! Аптыққанмын дірілдеп, асыққанмын барғанша, Өзімді-өзім құм етіп, жасытқанмын хандарша. Үш қыс, төрт жаз тентіреп, ұйықтамадым, күлмедім, ...Шашы үшін де шайқасам қасық қаным қалғанша. Аямай-ақ басқан-ды аптығымды түрлі сәт, Күндізгі аймен жүреді ол, ақтығы бір нұрға ұсап. Қалай қиям өзгеге, өзіме-өзім қимаған, Өзегімдей қалқамды – шаттығымды бір құшақ?!
232 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ҚОЛ БҰЛҒАР Жас данаға жаны құмар жан аз ба, Жақсы өнердің жаңа туған Үркері, Кесте төкші қара сөзбен қағазға, Қиялыңмен тоқышы бір шілтері. Ару болшы тәкаппар да, ұяң да, Алқызыл бір гүлдер төксін күнде ернің. Күйкі істерден кіргеніңше қиялға, Қоңыр шашты ақ қудай қып үлгергін. Тек шарапат күтсін сенен ізгі елің, Ең киелі борышыңды орында! Қалдырмайтын саусағының іздерін, Табиғаттың қолы болсын қолың да. Шолақ байтал құйрығындай өмір бұл, Сырттай енді қиял қылар күнімсің. Бақыт деген жайлау болса көгілдір, Ақ отауың соған барып тігілсін. Менің дертім шаншу да емес қадалған, Біле алмадым, керек пе оны сөз қылу? Шын қасірет – бақытқа ұқсас адамнан, – Ит жейдені сәл ертерек тоздыру.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Қадырым қашты. Шер құштым. Шет қақпай көрдім, Кешілмесімді келмейді тақпақтай бергім. «Үріп ауызға салғандай». Оны айтар. Менше: «Үп десең, ұшып кететін бақбақтай», -дер кім? Қылышқа мойын ұсынып, қазыны күткен, Наз үні біткен, бейбақпын әзілі біткен. Мәжнүндіктен имеп ем басымды саған, Бақытсыз болып кеттім мен мәжнүндіктен. «Ұйқасты сөзге батты да сорлады ерің, Деміме қосар сәтті ойлап ол-дағы демін. Бақытсыз болды, жазығы – байғұстың беті, Жеңімпаз беттей сәл қалың болмады», – дегін. Онсыз да барлық қылығың жазылды миға, Сүймесең, қорлап, санама сазыңды құйма. ...Ниеті түзу құлыңды тірідей көмбе, Қай иыққа артсаң да тәжіңді бұйра. ДОСҚА Қызық-қызық сөз тұр-ау қызыл тілдің ұшында, Қыпылдамай айт, досым, өкпелер деп қысылма. Оңған түрі осы деп, олқы санап жүрмісің, «Ой, пәлі-ай» деп қойғанға ойын-тойдың тұсында? Сан ғасырға кетер-ау сәбиіңмен жасты еңбек, Әуреленсек ойменен, әуреленбей шашпен көп. Жүйке құртқан арудың жүзін мүлде көре алмай, Жүретін де кездер бар жүректі емес, басты емдеп. Тек өзіне белгілі тер төккенде жеткені, Не құрымай біржола, не шарықтап кетпеді. Дабырадан қашқанға даңқсыз деп жүрмісің, Доп тебетін жігіттей дабысы жоқ деп мені? Кебенекпен жүргенді керексізге жорыма, Айтқаныңды қосайын ақыл-естің қорына. Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей, Ақындарға абырой оралады соңыра.
234 Жұ матай Ж а қ ы пбаев БЕСІНШІ МИКРОАУДАНДА Осылайша ұмтылады асуға, Осылайша жабылады шашуға. ...Жез денеден майы шығып жігіттер, Сексен үйге төсек-орын тасуда. Машинаға қой-қозыша жамырап, Барлығына барлығы ұнап, бәрі ұнап. Кіріп жатыр төсек – шәйнек, кілем боп, Құтты орынға сексен бірдей шаңырақ. Әр жәшікте кітап та көп, көп шеге, Күш түседі мойын, қолға, өкшеге. Қабырғасы қайыспайды ешкімнің, Жығылмайды шалынысып кетсе де. Ас үйінде өз жарына жабысып, Шаршап, күліп, шарабыңнан тағы ішіп. Сүйектері қуаныштан буланып, Буланғандар бір-бірімен танысып... Елден келсең, енді үйіне келіп көр, Қарсы алады жары күліп, күліп төр. Ауылынан ала келген мінезбен, Айғайлайды ақ көңілден жігіттер. Бір өзі енді билейді бар бөлмені, Қарайды кеп қарағандай көрмені. Қабырғасы ақ керпіштен қаланған, Балконында текеметтің өрнегі. Қос түзелді – көркейеді енді өмір, Қара, қара ең ғажайып көрме бұл. ...Аз ба, көп пе, сегіз жылдай тосып ем, Пәтер тойын тойлар ма екем мен де бір?!
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Ол өлердей – қона қалса маған бақ, Аузы жеткен әруақтарға жамандап, Қысқа күнде қырық рет қынжылтып, Кеше алдаған, күліп кетті және алдап. Шауып алған жоқ едім мен қонысын, Арамызда қыз дауы да жоғы шын. Оған қиын шаруа маған оңай-тын, Еңсемді бір көтертпейді сол үшін. Мен сүрінсем мекіреніп, күш кіріп, «Шоқ, шоқ» деуін отырса да іш біліп, «Әй, ит-ай», деп қайтамын мен үйіме, Әлемдегі ең мұңды әнді ысқырып. Екі түрлі құсқа айналсақ түбінде, Кірер еді өзі ұнатқан бір інге. Айтар еді: «Арамдықты қояйын, Ағатай», – деп ақкөт торғай тілінде. *** Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара, Құшағым менің, ерлігін жердің қайтала. Торғайды атып, топырағына тигізген, Беймергендердің берекесіздігін де байқама! Күледі ел маған, «Күледі жақсы соң күлген», Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен. Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның, Археологы да, геологы да болдым мен. Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр, (Шарапатың мені де келіп шарпығыр). Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп, Сені іздеп жүрмін, сері мінезді алтын ұл!
236 Жұ матай Ж а қ ы пбаев БІР ЖІГІТ АЙТЫПТЫ Сөз табармын адамзатты құптарға, Кетпейтін дақ, жойылмайтын дық бар ма? Жұртым мені той алдында ұмытып, Шақырады дау-жанжалы шыққанда. Қызық тойдың қызық емес жеріне «Әке, көке» апарады мені де. «Қой, батырым» деген сөздің әсері, Байланысты айтатұғын еріне. Әр қазақтың жүйрік аты өзіне, Күйдірмесе мән бермес ем сөзіне. Жәй күндері «тұрқы кіші, қораш» деп, Тұлпарымды ілмейді жұрт көзіне. Жау шапқанда сулығынан жетектеп, «Бір жетсе, енді сенің атың жетед» деп, Тұлпарымды тартады жұрт алдыма, Баласындай әлпештеп жұрт малды да... Мені көрмей ұйықтап тұрсаң, оян, ел, Өзің болсаң, жолыңды бер, ноян-ер. Жұрттың аты жетпегенде – қоя бер, Жұрттың сөзі өтпегенде – қоя бер!
*** Жүрегіме жанарыңмен үңілдім, Мен өзімнен сөйтіп те бір түңілдім. Қанша қыздың білегінен ұстадым, Қанша кеште қызық іздеп жүгірдім. Кіршіксіз ем, күнәсіз ем ақ қардай, Өзге түгіл, өз сенімім ақталмай. Қанша түнде жат төсекте ояндым, Ояндым бір табытымда жатқандай. Жаңа ғана жатқан қызды күнім деп, Жаңа ғана құшқан қызды күлімдеп,
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Мойынымнан ақ білегін итердім, Итердім мен сен де өзіңнен түңіл деп. Қылмысымыз емес шығар бір біздің, Жанарымнан жарық түнде мұңды үздім. Денесінің керектігі арқылы, Мен ол қыздың керексізін білгіздім. Өзіңе арнап жазғаныммен жыр-ән мың, Өстіп талай биіктіктен құлармын. Мен өзіңе ғашық болдым, бірақ та, Неге екенін, басқаға да құмармын. Адам емес, тіпті кейде аңдай боп, Қанша қызды жұмарладым қалмай көп – Өз жерінен бақыт таппай, жат жерді, Тонап жатқан жат ниетті жаудай боп.
*** Сонау жасық, сонау отты кезімнен, Күнім бар ма сені ойламай көз ілген? Соным үшін шошындым мен басқадан, Соным үшін шошындым мен өзімнен. Бұл өмірде үлгірмеген, үлгірген, Қызықтардан осыны ұғып үлгіргем. Барлық әйел бір-ақ әйел болса егер, Онда несін ақын болып жүрмін мен?! Жолын таппай жаралап бір сыңар қыз, Оны да біз алдарқатқан шығармыз. Біз сүймесек, сүйісеміз неліктен, Біз неліктен ғашық емес, құмармыз?! Сүймей тұрып сүйеміз деп былжырап, Қасақана өп-өтірік тұнжырап, Қанша адамды алдаймыз бір өмірде, Қанша сәби сондықтан да жүр жылап.
238 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Дүниенің қызығына, ойынына, Бір түкіріп, бұршақ салып мойныма, Кетер едім бір пендені көзге ілмей, Көзге ілмеуге ғұмыр мені қойды ма?! *** Бәрін біліп көргенмен хақ тағалам, Керек болар демеді бақ та маған. Оңды-солды сол бақты үлестіріп, Бір мысқалын мен үшін сақтамаған. Отан берді ғажайып, өң де берді, Көндірсін деп күш берді көнбегенді. Әкімдіктің беделін бұйыртпады, Ақындықтан алар деп ол беделді. Қырсығынан мен соның келем ішіп, Шекем қызбай, қызғанмен денем ысып. Осылайша бөлшектер бермейтұғын, Жаман завхоз жақсы ермен ерегісіп. Бақсыз, бапсыз, біртектес күн шұбалды, Бақсыз күндер баланың тыншын алды. «Бақ» деген не, апыр-ау, «құдайы» не? Елестетем оны айтар сыншыларды. Түсіндірер жоқ оның қиын түгі, (Ұғысармыз олармен биыл түбі) Бақ дегенің өңкей бір естіліктің, Келісімдей судырар жиынтығы. Түсіндіріп берейін – тірлік есте, Ғұмырымды ойлаған мұңды кеште. Жақсы атыңыз, мысалы, той күнінде, Сындырса егер аяғын індікеште.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Көрер киноң, ішетұғын бар асың, Тар бөлмеге қамаласың, қаласың. Қаласың да кезесің де жүресің, Тоңазытқыш, теледидар арасын. Шам көретін сипасаң да шашынан, Бір пәле ойлар кетпейтұғын басынан, Мына ғасыр өз әйелің секілді, Орта ғасыр секілді бір ашынаң. Не боп кетті, жердің жүзі өсе кеп? Орта ғасыр, сені аңсаймыз кеше деп. Орта ғасыр Қожанәсір секілді, Көрсететін дарға асарда қошемет. Өзгешелеу қаһары мен мейірімі, Абай ол шақ адамдары дейді ірі. Бұрайсың кеп теледидар құлағын, Орта ғасыр, қайдасың деп кей күні. Орта ғасыр таныс біраз маған да, Көп салынған сарайлар да, қамал да. Орта ғасыр көрсететін қошемет, Ақырында дарға асылар адамға. Орта ғасыр, сені айтамыз кеше деп, Романдар жазамыз да неше бет. Орта ғасыр өлетұғын адамға, Көрсететін шын жүректен қошемет. ШІЛДЕ Ілезде ыдысыңның жартысы кем, Жігіттің өтіп жатыр бал тісінен. Көңілімді таппақ болып жүрсің, жаным, Көршінің шұбат тасып банкісімен. Ұн әкеп, қол батырып тағы нанға, Түрің жоқ ренжірге, шағынарға.
240 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Әніңді қоса созып ащы ішекше, Шұбалтып кірістің бе лағманға? Қала ғой, қара, олар қайда мұнда, – Жоқ бүгін жас бауырсақ, қаймағың да. Астан соң қосылып бір күле ішетін, Ойлайсың қызыл күрең шай қамын да. Қойдың сен бақ аралап гүл көруді, Бас мешкей тойғыза алмай күнде қуды. Жиналса аяқ-табақ, сөз ойлайсың, Газетке жазу жазып үлгеруді. *** Миымдағы қиялымның қолымен, Санам кәзір шерте алады күй түрлі. Кеше ғана дөрекі едім, содыр ем, Ғашық болдым – адам болдым сүйкімді. Көңіліңнің ауанымен жөнедім, Секілденіп желге басын иген шөп. Кеше ғана асқақ едім, өр едім, Ғашық болдым – адам болдым именшек. *** «Көктегі елдің абыройын төкпеңіз, Бар ма десе, жоқ болса да көп!» -деңіз. Осы ақылды ешкім айтпай жаттадым, Өтірікке жүйрік болсақ, сөкпеңіз. Төктік, төктік, керегі тек ода ма? Одада жоқ жосық түгіл, жоба да. Өтірікті көп айтқандар бәйге алды, Шындықты айттық қарап тұрып молаға.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** Адамдар балаларды сан алдады, Белгілі ағза ісінің маған бәрі. Негізі жаратылыс өлгеніңше, Арманнан шығатын сүт тағамдары. Біз жақта сүт бар дейсің, – қайдағы оңған, Аулымыз төбеге емес, сайға қонған. Жел де жоқ, күн де ыссы, сондықтан мен, Арманның айранынан пайда болғам. Айран не...Өзінше бір дара туған, Безетін естіп қойса бала артынан. Есләм Зікібаев дегенменен, Арманның іркітінен жаратылған. Түсесің арманды ойлап отқа қайсың, Ірімшік, ежігейін жоқтамайсың. Арманның құртын тістеп қырт еткізсең, Сол қыртыл...ғұмыр бойы тоқтамайсың. Базардан алып келдім міне бұршақ, Осыны ексеңдерші, түге, бір сәт. Алатау сиырындай ағызар еді, Арманға силос берсе, жүгері сап. Айнаға қарайыншы...Ес жоқ өзі, Тұрады адыраңдап «еще» көзі. Арманның сүтіменен ұрықтанса-ау, Саулықтар мыңғыртар ед кеще қозы. *** Ен-таңбасыз екі тәулік бірге өлді, Дүйсенбі кеп дүн-дүние түрленді. Мен сенбі мен жексенбіні жек көрем, – Сені маған көрсетпейтін күндерді. Бақыт? Жоқ қой! Жоқ нәрсеге жылама, Сәрсенбіні қосақ қылмас жұмаға. Бейсенбідей арамыз бар. Не шара, Ирандықтар атын қойған Құдаға?
242 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Құда, яки алашша айтсақ, Құдайдың, Құрметінен құр қалғанға жылаймын. Сен әулие бұлақтайын мөлдірсің, Қақтан таяз, шалшық түбі – лаймын. Жымиып-ақ жұмақ қылар төріңді, Жүзі сүттей, жұқа, қызыл ерінді. Көкем менің, көңілде өлген сәулені, Білмей далмын қалай тірілтерімді. «Оңайын-ай» сені өзгеге қиюдың, Жынданбассың миды шақса бүйі у мұң. Жазығым жоқ есім ауса, жас Тәңір, Мен – маскүнем, сорлы, ғашық диюмын. Дүн-дүние төңкеріліп баратты, Өрттің бәрі өңешімнен әрі ақты. Мұң көтермес көке жасық миғұла, Мұңды кезде көтере алмас арақты. Көзімнің де көбейіпті ақ шелі, Мен қайтейін, сорлы тіл мен жақ, сені. Қарғысыңды күйі ескіден сатып ап, Оқығанмын...Өлгенім-ақ жақсы еді. Жалпылдақша бара жатыр жүз жанып, Арамызда перде қалып, сыз қалып... Не қылсаң да мызғымаспын енді мен, Қуанбасам, мұңданбаспын қызғанып. Мылқау болған жіпсіз байлап бай тілін, Арттыра алман жаман Жұматай құнын. Ақ Тәңірдің өзі ғана біледі, Кімді жасқап, кімді жарылқайтынын. Бір күлгенде-ақ жұмақ қылар төріңді, Жүзі сүттей жұқа, қызыл ерінді, Көкем менің, көңіліңде өлген сәулені, Білмей далмын қалай тірілтерімді. Ақ кемедей сен отырған кеңсе нақ, Мұхит кезіп кетердей-ақ ел санап... Көрмей сені тұра алмаймын, аптығам... Мылқау мұңға айналамын көрсем-ақ...
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Кеше, арғы күн сәуле, нұрсыз бірге өлді, Дүйсенбі кеп дүн-дүние түрленді. Тек сенбі мен жексенбіні жек көрем, Сені маған көрсетпейтін күндерді. АЛАТАУҒА Жауыннан шөгіп қалмадың, жасыннан өліп, Ұшарың сүттей, бауырың жасылға бөгіп. Үлегі-ай жердің, қарайсың үшен шалдардай, Туажаттарынан бейтаныс ғасырға келіп. Халық жоқ барлық халықтың халқынан ұлы... Әйгі етсең де болады жалпыға мұны: Атырау – Алтай арасы-ай! Аумағы-ай жердің! Алтыдан бірдің – біздің жер – алтыдан бірі! Зымырар ма еді конькидің байлап ап бірін, Сүрініп кетіп бабы жоқ жайрамақ па ұлың? Айтып жүр әлем газеті Медеудің мұзы, Тайғанақ мұздың бәрінен тайғанақтығын.
ҚОЛДАН КЕЛМЕЙ ҚЫЗҒАНЫШТАН БАСҚА ЕРЛІК Қайда ақылым, қайда күшім, Жеп бітіпті қиял, мұңым. Сен жұпардай пайдалысың, Мен арақтай зияндымын. «Ғашықтардың» өткірі мен, – Деуші ем бұрын бұла өнерлі. Мәжнүнге көп күліп ем, Ол мені аяп жылар енді. Көрді талай күйіп те ішім, Күйген ішім езбін дейді. Сен әлемге сүйіктісің, Ал мені ит те көзге ілмейді.
244 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Біраз тілді үйренгем жоқ тегіннен, Бір кісідей білем барлық мұраны. Шоң кеңсеге ертең барар едім мен, Сені көргім келеді де тұрады. Сағыныштың күш-қайраты неге осы, Мақсатыңды жерге алып ұрады? Сен жүрген жер секілді бір жер осі, Сені көргім келеді де тұрады. Мен таппаған, мен айтпаған сөз қалмай, Көбейсін деп қазекеңнің жыр-әні. Дастандарды төгер едім қозғалмай, Сені көргім келеді де тұрады. Салыңқырап кеттім білем, сірә, мен, Арақтың да көп қой кесір, лаңы. Әр нәрсенің басын шатып жылар ем, Сені көргім келеді де тұрады. Мен нәзікпін, мызғымастай ер емен, Құлағыма кірмейді елдің ұраны. Баяғыда-ақ мен атылып өлер ем, Сені көргім келеді де тұрады. Таудан көшкін көше ме екен еңселі, Ерір ме екен ағаштардың сеңсеңі. Сенің қолың деген қол бар, мен соны, Соны білгім келеді де тұрады. *** Туғызбап еді Ақынға ол ақырет нендей, Оның да күні, апыр-ай, ақыры өткен бе, ей? Жұрт жұтты мұның қақала мақалаларын, Брезенттен жасалған котлеттердей. Конформизм тұрғанда сезіп те өлмесін, Лауазымдары жан-жаққа безіп бермесін:
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м «Құлагерді» құрдымға жіберіп, малғұн, Берия түстес есектен озып келгесін. Тәртедей түзу. Тәртіпті, төкпеген мұңын, Өлеңшілердің әлі күн сөкпеген бірін. Ақындарға мін қылды қажетті кезде, Жүгеріге айналып кетпегендігін. Ортасын бермей отырды-ау шіреніп төрдің, Абыройы енді аузына тіреліп көрдің, Сөйлейді баяу, бұл күнде жүреді баяу, Лауазымына ие боп тірі өліктердің. *** Оны айтудан ұялмаймын, Мен жаманмын деп келгесін. Сені өзіме қия алмаймын, Өзімді-өзім жек көргесін. Сәбиісің ізгі ананың, Жаны-тәні ақ қардай-ақ. Анаңнан да қызғанамын, Өзім ойлап тапқандай-ақ. *** Қиялдардай қызықтар да көп алда, Сынақ туса, сілтеп жібер мені алға. Саулығыңды сайран салып тойладым, Саған көйлек көгалда. Мен бұл күні сұлу төзім сабырмын, Ақсақтан да асып кеткен әмірмін. Мерекенің мерекесі басы емес, Ортасында мамырдың. Жұматай ма? Керек емес мұны аяу, Жүрегінде намысы ояу. Жыры ояу. Сенің барың, сенің бұлай туғаның, Қандай ғажап, құдай-ау!
246 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Біздің ғұмыр алды қиын, арты бақ, Даналықтың шарабынан тартып ап. Менің елу килограмм алтыным, Дүниені жарқырат. Бір сырласып, басым менің айналды, Айналды да, алмас тілім байланды. Сүйіп, сүртіп, жарқыратып қойсаңшы, Сөйлейтұғын айнаңды. *** Ақ бетіңді бір өпкенім ас еді, Сол қоректің айтып болмас әсері. Алпыс екі тамырымды қуалап, Жүгіретін бар сезімнің әсемі. Сол сезімнен бір музыка туатын, Санам, жаным, сарайымды жуатын. Енді, міне, әл-дәрмен жоқ, ән түгіл, Күрсінуге жетер емес қуатым. Қайран басым, Майменедей айбарлы, Қайран басым, Майсарадай айдарлы! «Сүйем сені» деп жылаған үздіксіз, Жалғыз сөздің қайнарына айналды. Ақ бетіңнен бір өпкен күн өр едім, Бейшораның күнін қалай көремін? Қайрылмай, қайда кетіп барасың, Қара көзбен ішіп-жеген қорегім?! *** Діндарша өтірікке ерік бермен, Жан емен шындықтан да жеріп көрген. Құдайды көргенім жоқ, көрдім бірақ, Кісіні құдайды да көріп келген. Күніге құлағымда ақылды үні, Жаңа өлең содан туып жатыр, міне.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м Ол жанның әкімдігі менен биік, Және де биік менен ақындығы. Басымнан алуан-алуан әлем көшіп, Түн ауа ашып жүрмін әзерге есік. Әйтпесе, құдайақы, қарсы емеспін, Қайтуға құдаймен бір сәлемдесіп.
Табанын тасқа құлдар тіле жүре, Жүз тонна қола әкелген бір өзіне... Металлдан жаралғасын еттен емес, Салмақты көрінеді мінезі де. Ниетін, мақсатын да теріс ұғып, Мұхиттан арсы-гүрсі бері шығып, Құдайдың баспанасын әкетіпті, Атеист тайфун дейтін жел ұшырып. Ақылы бізге әкелген нелер өлең, Атамыз асқақ бол деп шегелеген. Құрметті жапондықтар, сондықтан мен, Иіліп, бүгілуге шебер емен. Жақсы ғой аспанды да көрсе түнгі, Оңайлау туристер де келсе түрлі. Сондықтан қола құдай төбесіне, Баспана орнатпау да жөн секілді. БЕЙСУАТ СӨЗ Мен ұмыттым арабтардан қашуды, Білмейтұғын рыцардай ашулы Неміс тілін... Рингті...бәйгені, Сен ұмыттың маған амандасуды. Өңешімнен тамақ өтпей, шай батпай, Жаным елсіз кемесі жоқ айлақтай. Екі күнде етім түсті сылынып, Қалғи берем қаңтарулы бәйгі аттай.
248 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Шекесіне жебе тиген жандайын, Шағып тұрып солқылдайды маңдайым. Апиыны ада болған бәңгідей, Миым мең-зең, дәм сезбейді таңдайым. Қапқа салып арқаласаң – құм да жүк, Мұң да сондай, бірақ байғұс жырға азық. Көпестей боп көріндім бе көксақал, Құрбашыдай көріндім бе ұр да жық? Мен тозақта ғұмыр кештім бір апта, Сен рақат көрудесің жырақта. Тозаққа сап күйдіргендер бұл мені, Шығады деп естіп пе едің жұмаққа?! *** Желтоқсанда қар ғайып боп, жер гүлдеп, Таңданыстан жатқандай-ақ ел гулеп. Қашқан күлкім езуіме қайта кеп, Атпай-шаппай болғандаймын мен бір бек. Қалмағандай өміріме өкпе бір, Соны айтқандай жерде – адамзат, көкте – нұр. Желке жапқан қара шашым шаш емес, Жаға болып шыға келді көк темір. Көп соққыдан басқа нәрсе тиіп пе, Күл дорбадай толы еді ғой күйіккеҚайран басым, кетіп қалды бір демде, Құдайдың да қолы жетпес биікке! Жұрттың бәрі үн қатады әзілдей, Сенен бұйрық алған көсем уәзірдей. ...Қара шашың көрінеді көзіме, Жақсылықтың патшасының тәжіндей.
Қ асоқ ға за л дары Төрті нш і бөл і м *** «Қайран басым, хан тұтып, Жұрт төбесіне көтерген!»
Зейнолла Шүкіров Сонша саған не қылдым? Менің Иран-бағымның алмасын да, гүлін де, айдың аман күнінде желге ұшырдың – ұрлаттың, Не жазып ем, қымбаттым? Сонша саған не қылдым? Менің сарайларымның ұстындарын сындырттың, гүлзарларын жұлдырттың, Зар жылайды көрсе адам, Не жазып ем мен саған? Сонша саған не қылдым? Менің алтын тағымның ою-нәшін өшірттің, орындыққа көшірттің, және балталадың-ау... Не жазып ем, жаным-ау? Сонша саған не қылдым? Менің алдаспанымның жүзін тасқа шаптырттың, алтын қынын лақтырттың, жерде жатыр ол да әні... Мақсатың не сондағы? Соны білсем – болғаны! Соны білсем – болғаны!
250 Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Құтыршақ қыз құтырады жыласам, Ондай жарық бере алмайды мына шам. Ол туралы отынынан орыстың, Жасалынған жас қағазға сыр ашам. Көкем болды оны туып бұл ғалам, Дос көңілім тек сол үшін күнде алаң. Ақын емес, әкім бол деп ұрсады, Құлына ұлы үнсіз-түнсіз тыңдаған. Мұхит жаққа асығады әр өзен, Сол бір ойы және қымбат, және жөн. Мен Жалайыр Мұқылайдан артықпын, Қият нәсіл қағанмен тең дәрежем. Көсемдікке келіп те тұр форымым, Әрі нәзік, әрі қатал қол, үнім. Мен қалқамды жадыратар едім-ау, Бес-алты айға берсе Колбин орынын. «Мен – шөппін» деп ойлай ма өзін гүл кейде, Олай емес деп отырмыз күнгейде. ...Біз байғұстың суретін жұрт көкке ілсе, Ғұмыр бойы түспейтінін білмей ме?! *** Ызу-шулы, ащы, қаңғыр әуендер, Шолтаңдатқан еркектің де бұрымын. Құбыланың қабағына тәуелді, Бұдырсыздау, бүрсіз табан ғұмырым. Жартастардың бетін қызыл жас жуды, Ербеңдейді шолақ қолы түбірдің. Атам асы боп көрмеген ащы уды, Ащы ойлардан аумағасын сімірдім. Жүрегімнің көзін талай жас жуды, Ойсыраған орманындай түбірдің. Атам асы боп көрмеген сусынды, Мен де ақымақ шығармын деп сімірдім.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру