TELEGEI

Home

Слесарлық істің жалпы курсы

Б.С. Покровский

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Слесарлық істің жалпы курсы

Оқу құралында сілесірлерді даярлауға арналған білікті амал-тәсілдерді пайдалану ұсынылады. Сілесір жұмысында қолданылатын құрылымдық және аспапты материалдар, жабдықтар және құралдар қарастырылған. Машина бөлшектерiнің сапаларын бақылаудың техникалық құралдары мен әдістері сипатталған. Слесарлық ...

Б. С. ПОКРОВСКИЙ Н. А. ЕВСТИГНЕЕВ

Contents

Б. С. ПОКРОВСКИЙ Н. А. ЕВСТИГНЕЕВ

1

Оқырманның назарын 1. Кесудің негізгі теориялары 2. өлшемді слесарлық

өңдеу 3. Слесарлық өңдеуді қиюластыру операциялары 4. Металл кесетін білдектерде өңдеу

Бақылау сұрақтары
Мазмұны

Б. С. ПОКРОВСКИЙ Н. А. ЕВСТИГНЕЕВ

Ұсыныс соңғы бетте Бастапқы кәсіби білім және кәсіби даярлық бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелері үшін оқу құралы ретінде Сарапшы кеңесі жіберген

9-басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы

2017

ӨӘЖ683.3(075.9)

КБЖ 34.671 П487

«Үздіксіз кәсіби білім» сериясы

П і к і р б е р у ш і л е р :

«Мәскеу үйлестірмелі – жонғыш білдектер зауыты» ААҚ бас директорының орынбасары - Білдек өнімдерін өндіру бойынша цехтың бастығы– А. В.Курицын; Мытищи қ. №2 кәсіби лицей БКБ МБМ-ның оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары,Ресей Федерациясының Еңбегі сіңген оқытушысы – М.П. Юкляев

Б.С. Покровский

П487. Слесарлық істің жалпы курсы: оқу құралы/Б. С. Покровский, Н.А.Евстигнеев. — 9- басылым, стер. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2017. — 80 б. — (Сілесір).

ІSBN978-5-4468-3898-1

Оқу құралында сілесірлерді даярлауға арналған білікті амал-тәсілдерді пайдалану ұсынылады.

Сілесір жұмысында қолданылатын құрылымдық және аспапты материалдар, жабдықтар және құралдар қарастырылған. Машина бөлшектерінің сапаларын бақылаудың техникалық құралдары мен әдістері сипатталған. Слесарлық өңдеудің негізгі операциялары, кесетін білдектердегі өңдеу, олардың орындауларының үлгідегі технологиялық процестері көрсетілген.

Оқу құралы «Сілесір»мамандығы бойынша «Сілесір және жинақтау жұмыстарының негізі» БП.05 және «Автомеханик» мамандығы бойынша КМ.01 кәсіби модулі «Слесарлық іс және техникалық өлшемдер» ПАК.01.01 игеруде пайдаланылады.

Жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруға арналған. Орта кәсіби білім беру мекемелерінде пайдаланылады.

өө 683.3(075.9)

КБЖ 34.671

Оқу басылымы

Покровский Борис Семѐнович, Евстигнеев Николай Александрович. Слесарлық істің жалпы курсы.

Оқу құралы

9-басылым, стереотиптік

Редактор З.Г.Галушкина.Серия дизайны: К.А.Крюков. Компьютерлік беттеу: Е.Ю.Матвеева. КорректорларыС.Ю.Свиридова, Т.Н.Морозова

№ 109109782 басыл. 30.08.2016. басып шығаруға қол қойылды.60 х 90/16 форматы. «Миньон» гарнитуры. Офсеттік баспа. Кеңсе қағазы. № 1.

Шартты. басыл. л. 5,0. Тиражы 1000 дана. Заказ №

ААҚ «Академия баспа орталығы». www.academіa-moscow.ru 129085, Мәскеу, Мир даңғ. 101В, 1 бет.

Тел./факс: (495) 648-05-07, 616-00-29.

31.05.2016№ РОСС RU.ПЩ01.H00695 Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды. Баспахананың электрондық тасушылары арқылы терілді.

«Тверьполиграфиялық комбинаты» ААҚ, 170024, Тверь қ. Ленин даңғылы, 5. Телефон: (4822) 44-52-03, 44-50-34. Телефон/факс: (4822) 44-42-15.

Басты электрондық бет— www.tverpk.ru Электрондық пошта(E-maіl) — sales@tverpk.ru

Осы басылымның тұпнұсқа-макеті «Академия» басылым орталығының меншігі болып табылады, құқық меншігінің рұқсатынсыз оны кез келген түрде қайта басып шығаруға тиым салынады.

ІSBN978-5-4468-3898-1

© Б.С. Покровский, Н.А.Евстигнеев, 2007

© «Академия» оқу-басылым орталығы, 2007

© Әрлеуші. «Академия» баспа орталығы», 2007

Оқырманның назарын

Сілесір ісінің көпғасырлық тарихы бар, өйткені көне заманнан бері адамдар металлдардан еңбек құралын, тұрмыстық заттар, қару және т.б. жасады. Бүгінде сілесір жұмыстарын өндірістің алуан түрлерінде қолданады. Сілесір мамандығы жетекші, маңызды және қызықты кәсіптердің бірі, сонымен қатар, жұмыскерлерден біліктілікті, теориялық білім мен тәжірибелік біліктіліктерді талап етеді.

Оқу құралының арқасында, сіз:

металлдарды кесу процесінің ерекшеліктерін;

өлшемді слесарлық өңдеулерді орындаудың ережелері мен дәйектілігін (өлшеп белгілеу, шабу, түзету, майыстыру, егеу, бұрғылау, үңгілеу, жазу, сыртқы және ішкі бұранданы кесу);

бір бөлшекті басқа бөлшекке қатыстырып біріктіруге байланысты шараларды жүргізу тәртібін;

металл кесуші білдектердің құрылғысын (токарлық, фрезерлік, жалпақ ажарлағыш және сүргілеуіш), олардың басқару механизмдерінің ережесін және білдіктерді әдеттегі дәнекерлеу шараларының орнына пайдалану мүмкіндігін білетін боласыз.

Оқу құралының арқасында сіз:

белгілеуді (жазықтық және кеңістіктік), сұрыпты жұқартылған темірді, жалпақ материалды шабуды, жалпақ материалды және профильді прокатты майыстыру, жазық және фасондық беттерді егеу, саңылауды өңдеп, оларға бұранда жасау, сыртқы қабаттарда бұранда кесуді және т.б.;

жанасатын бөлшектерді егеп, қиюластыруды, тегіс беттерді қыру, жанасатын бөлшектерді үйкеу, бөлшектерді қойылған геомертриялық өлшемдер мен пішіндерге жеткізуді;

металл кескіш білектерде қарапайым бөлшектердің өңдеуін (токарлық, фрезерлік, ажарына келтіру және сүргілеуді) жасай аласыз.

1

Кесудің негізгі теориялары

1.1. Кесу процесі туралы негізгі мағлұматтар

Металдарды кесу – дайындамаға берілген өлшемдер мен пішіндер беру үшін және бет қабатыныңсапасын белгілі технологиямен қамтамасыз ету үшін жоңқаларын алу арқылы металдарды өңдеу.

Металдарды кесуді қолмен немесе кескіш құралдың көмегімен (кескіш, бұрғы, жонғыш және т.б.) металл кесетін білдекте жүзеге асырады.

Жұмыс бөлігінде сынаның пішіні бар кескіш құралдың қаттылығы өңделетін дайындама материалдың қаттылығынан жоғары болуы тиіс. Кесіп өңдеудің негізгі түрлері қайрау, сүргілеу, бұрғылау, қыру және ажарлау болып табылады.

Кесу процесінде кесетін сына 2 Р күшінің әсерімен өңделетін материалға енгізіліп, Аγ алдыңғы беткі қабатымен қысады (1.1.-сурет). Сынаның қозғалуына қарай металдың деформациясы өседі. Кесілетін қабат а қалыңдықпен кесуші сынаның беткі қабатына ілгерілеуші жоңқаға айналады.

1.1.-сурет. Кесу процесінің сызбасы:

1 — жоңқа; 2 — кесетін сына; a— кесетін қабаттың қалыңдығы; ас — жоңқа қалыңдығы; Aγ - кесетін сынаның бергі беті; γ — алдыңғы бұрыш; α — артқы бұрыш; φ — жоңқа жасам бұрышы; OMLO— жоңқа жасам аймағы; Р — кесу күші; DS— дайындама қозғалысының бағыты

Металдың негізгі деформациясы OMLO-да, жоңқа жасам аймағы деп аталатын аймақта болады. Жоңқа жасам аймағы басының жағдайы проекциясы O әрпімен белгіленген кесілетін жиек жағдайымен анықталады. Кесіп өңдеудің нәтижесінде дайындама материалы беткі қабатының физикалық-механикалық қасиеттері тиісті бастапқы материалдың өзіне тән қасиеттерінен өзгешеленетін болады. Дайындама және құралдың салыстырмалы жылжуын анықтайтын параметр кесудің элементтері деп аталады.

1.2. Кесу элементтері

Дайындама және құралдың салыстырмалы жылжуы екі қозғалыстан болады: кесу жылдамдығын анықтайтын (кесу қозғалысы) негізгі қозғалыс, және көмекші - (1.2-ші сурет) кесу процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін әперу қозғалысы. Кесудің элементтеріне, сондай-ақ, кесудің тереңдігі жатады. Жиынтықта кесу тәртібі деп аталатын, бұл кесудің элементтері не болып табылатынын егжей-тегжейлі қарастырып өтейік.

Кесу тереңдігі – бұл құрал немесе дайындама кескіш жиегінің қаралатын нүктесінің айналу өсінен ең алыс орналасқан сызықтық жылдамдығы. Кесу жылдамдығы өңдеудің барлық түрінде метр минутынамен (м/мин), ал қырнау жағдайында метр секундынамен (м/с) өлшенеді. Кесу жылдамдығының көлемі құралдың немесе дайындаманың айналыс жиілігімен және оның диаметрымен тығыз байланысты. Кесу жылдамдығын υ = πDn/1 000 формуласымен анықтайды, бұл жерде: π — 3,14ке тең тұрақты шама; D — өңделіп жатқан дайындаманың немесе кескіш құралдың диаметрі, мм; n — құралдың немесе дайындаманың айналыс жиілігі, мин-1; 1 000 — кесу жылдамдығы метр секундына немесе минутына өлшенетін болғандықтан, құралдың немесе дайындаманың диаметрі метрларда өлшенетін милиметрлердің аударымын қамтама- сыз ететін тұрақты шама.

1.2.-сурет. Кесу элементтері:

D— өңделетін дайындаманың диаметрі; d— өңдлеген бөлшектің диаметрі; Dr— кесу қозғалысының бағыты; φ және φ1 — сәйкесінше сызбадағы басты және қосалқы бұрыштар; t— кесу тереңдігі;

а және b— кесетін қабаттың сәйкесінше қалыңдығы мен ені; S— беру; DS— беру қозғалысының бағыты D — өңделіп жатқан дайындама немесе кесу құралының диаметрі, мм; n— дайындама немесе құралдың айналыс жиілігі, мин-1; 1 000 — тұрақты шама, ол дайындама немесе құралдың өлшенетін метрін миллиметрлерге шағуды қамтиды, себебі, кесу жылдамдығы метр секундына немесе метр минутына өлшенеді.

Беру - дайындама немесе құралдың қарастырылатын нүктесі өткен қашықтықтың басқа қозғалыстың тиісті циклдері санына немесе белгілі үлестегі циклдеріне қатынасы. Қозғалыс циклы деп кескіш құралдың немесе дайындаманың толық айналымы, жүрісі немесе қос жүрісін айтады. Әперуді S әрпімен белгілейді.өңдеудің технологиялық әдістеріне байланысты оны мм/айн өлшейді(айналымға миллиметрмен беру —Sоб ) -егеу, бұрғылау, фрезерлеуде; мм/жүріс (жүріске миллиметрмен беру - Sx) - ажарлауда; мм/2х (екі еселік жүріске миллиметрмен беру— S2x) — сүргілеуде; мм/тіс (тіске миллиметрмен беру — Sзуб) — фрезерлеуде; мм/мин (минутқа миллиметрмен беру — Sмин) — фрезерлеуде. Беру қозғалысы өңделініп жатқан дайындама осінен бойлай жүретін бойлық болады — Sпр және осы оське перпендикуляр бағытта көлденең де болады— Sпоп

1.3. Кесілетін қабаттың элементтері

Кесу процесінде дайындамадан келесі элементтерді сипаттайтын материалдың белгілі бір бөлігін кеседі: Кесілетін қабаттың а қалыңдығы мен b жалпақтығының арасында, t тереңдігі мен S берудің арасында мынадай қатынастар бар: a= S sіnφ; b= t sіnφ, мұнда, φ — жоспардағы басты бұрыш болып табылады.

2

өлшемді слесарлық

өңдеу

2.1. Жұмыс орнын ұйымдастыру

Жұмыс орны – бұл ауысымдық жұмыстың жағдайында белгілі жұмыскер немесе жұмыскерлердің атына бекітілген цех, бөлімше немесе шеберхананың өндірістік аудан бөлігі. Ол белгілі жұмыс түрі үшін жабдықтармен, тетіктермен, құралдар және материалдармен жасақталуы керек.

Сілесірдің жұмыс орнының негізгі жабдығы шебер үстел болып табылады (2.1.-сурет). Слесарлық шебер үстел мықты және орнықты болуы керек, ал оның биіктігі жұмысшының бойына сәйкес болуы тиіс.

Шебер үстел ағаштан және қалыңдығы 1-2 мм жалпақ болатпен жабылған үстіңгі жақтауы бар болат қаңқадан жасалған. Периметр бойынша үстелдің үстіңгі жақтауы болат бұрыштың белдемесімен 7 жиектеген. Үстел үсті жақтауының астында құрал-сайман, майда заттар және техникалық құжаттаманы сақтауға арналған жәшік 2 бар. Жұмыста қолайлылықты қамтамасыз ету үшін үстелде жұмыс құралдары бар планшет 6 жайғастырылған және өлшегіш аспаптарға арналған аспапты сөре 4 бар.

Арнайы үстел верстакта (әрі қарай – үстел) орналасқан сыққыштардың (3) биіктігін жұмысшының бойына сәйкес сабы (8) арқылы айналмалы қозғалысқа келтірілетін бұрамамен (1) реттеуге болады. Үстелдің жанындағы еденге жанасып тұратын ағаш шарбақ қояды. Жоңқалардың пайда болуымен байланысты операцияларды орындағанда жазатайым оқиғадан сақтану үшін үстелге алмалы-салмалы тордан немесе органикалық шыныдан жасалған қорғаныс экранын (5) бекітеді.

Үстелге құралдарды орналастыру кезінде құралға оңай, қолжетімді жағдайда болатындай етіп өңдеу процесінде оларды қолданудың жиілігін ескеру қажет.

2.1.-сурет. Бір орындық слесарлық үстел:

а — жалпы көрініс: 1 — реттелетін қысқыштарды көтерме және түсірме бұрамасы; 2 — құралға арналған жәшік; 3 — тегіспараллельді қысқыштар; 4 — құрал сөресі; 5 — қорғаныс экран; 6 — құралдардарға планшет; 7 — болат бұрыштан жасалған белдеме; 8 — тік жайғасқан қысқыш жетегінің сабы; б — құралдардың слесарлық шеберүстелге жайғасымы.

2.2. Слесарлық өңдеудің дайындық операциялары

Өлшеп белгілеу — дайындама бетіне дайындалатын бөлшектердің контурын анықтайтын жолақтарды (сызбалар) жүргізу жөніндегі операция. Белгілеу жұмыстары әдетте бақыланбайды, сондықтан оларды орындаған кезде жіберілген қателіктер көбінесе дайын бөлшектерде білініп жатады. Технологиялық процестерге байланысты жазықтық және кеңістіктік белгілеулер болып ерекшеленеді.

Жазықтық белгіні тілімді жұқа материал мен профильді прокатты өңдеу кезінде, сондай-ақ, сызбалары бір жазықтықта жүргізілетін дайындамаларда қолданады.

Кеңістіктік белгі — орналасу жағынан өзара байланысқан дайындамалардың бетіне белгі сызбаларды жүргізу.

Дайындама бетіне контур жүргізу әдістеріне байланысты көбі жазықтық та, кеңістіктік те белгілер үшін әр түрлі құралдар қолданылады. Белгілеуге арналған негізгі құралдар сызғыш, рейсмас, штангенрейсмас, белгілеуге арналған циркуль мен штангенциркульдер, кернер.

Сызғыш — жұмыс істеу жағы 15-20° бұрышта ұшталған У10А немесе У11А маркалы көміртектік болаттан жасалған металл өзегі бар дайындама бетіне сызбаларды жүргізуге арналған құрал. Сызбаларды жүргізу кезінде масштабты (өлшегіш) сызғыш, шаблон немесе үлгі қолданылады.

Рейсмас (2.2-сурет) және штангенрейсмасты (2.3-сурет) дайындамалардың тік беттеріне сызбалар жүргізу үшін қолданылады. Рейсмасты шеттегі ұзындықты өлшейтін блок немесе тік масштабты сызғыш (1) көмегі арқылы берілген өлшемге қояды.

Белгілеу циркульдері (2.4-сурет) немесе белгілеу штангенциркульдері

(2.5-сурет) шеңбер доғаларын жүргізу және кесінділер мен бұрыштарды тең бөліктерге бөлу үшін қолданылады.

Кернер — жұмыс істеу жағы белгі сызбаларды (кертіктерді) тереңдету үшін қолданылатын, шыңдалған және 60° бұрышта ұшталған У7А маркалы көміртектік болаттан жасалған металл өзек.

Кернов жүргізуге арналған құрал слесарлық балға болып табылады. Талап етілген кернов тереңдікке байланысты оның массасы 50-ден 200 г. дейін болады.

Кеңістіктік белгі үшін белгі қойылатын дайындаманы белгілі жағдайға қоюға мүмкіндік беретін аспаптарды қолдану және белгілеу процесінде оны жиектеу (аудару ) қажет. Бұл жағдайда келесі аспаптар қолданылады:белгілеу плиталары, призмалар, жәшіктер және сыналар, сөрелі бұрыштық және домкраттар.

Белгілеу плиталарының жоғары дәлдікпен өңделген жұмыс беті бар. Бұл беттің үлкен ауданы жағдайында оған бетті шағын бөліктерге бөлетіндей етіп ұзындығын бойлай және көлденең канавкалар жасалынады.

Ірі белгі плиталарын құралдың сақтауға арналған жәшіктері бар арнайы бағаналарға, ал, ықшамдау плиталарды тек үстелге орнатады. Плитаның жұмыс беті жазықтықтан ауытқымау керек.

Белгілеу призмалары (2.6-сурет) біліктерді белгілеуге арналған.

Белгілеу жәшіктері (2.7-сурет) күрделі формалы дайындамаларды қажетті қалыпқа қойып, бекіту үшін қолданылады.

Слесарлық өңдеудің дайындық операциялары11

2.2. сурет. Штангенрейсмас:

1 — жақтау дөңесі; 2, 4 — алмастырғыш аяқтар; 3 — өлшегіш аяқтардың ұстағышы; 5 — нониус; 6 — жақтау; 7 — штанга; 8 — негіз; b— өлшеуіш ауыздардың қалыңдығы; h— өлшенетін саңылаудың тереңдігі немесе кертпеш биіктігі

2.4.-сурет. Белгілейтін циркуль:

а - қарапайым; б - пружиналы

2.5.-сурет. Белгілейтін штангенциркуль:

1 — штанга; 2 — өлшеу және белгілеуге арналған ауыздар; 3 — жақтау; 4 — жақтауды қалыпта ұстайтын бұрама; 5 — нониус; 6 — жақтауды дәл жылжытатын құрылғы; b— өлшеуіш ауыздардың қалыңдығы

Белгі сыналарды тік жазықтықта санаулы шектерде белгі қойылған дайындаманы реттеу қажет болған жағдайларда ғана қолданады.

Сөрелі үшбұрышты сызғышты кеңістіктік белгі үшін де, жазықтық белгі үшін қолданылады. Бұрыштың сөресі кеңістіктік белгілеу кезінде белгілеу плитасына бекіту немесе жазықтық белгілеу кезінде дайындаманың өңделген жағын ұстап тұру үшін қызмет етеді.

2.6. сурет. Белгілеу жәшігі:

а — жалпы түрі; б — қолдану үлгісі

Домкраттарды егер дайындама массасы әжептәуір үлкен болса және тік жазықтықта бірқатар жылжымалы қондыруды талап етсе, белгілеу сыналары сияқты мақсатта пайдаланады.

Белгі сызбалар белгілеуші бетте анық көріну үшін оны алдын ала бояу қажет. Бояу дайындама материалы және оның бетінің жағдайына байланысты таңдалынады. Белгілеу кезінде өңделмеген беттерді бояу үшін бордың судағы ерітіндісін, ал қара металдардан өңделген дайындама беттері үшін – тотяйынды пайдаланады. Тез кебетін бояулар және эмальдар қара және түсті металдардан жасалған өңделген дайындамалардың беттерін бояу үшін қолданылады. Белгілеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын азайту және олардың орындалуының сапасын арттыру үшін координаттық-белгілемелік машиналар қолданылады.

2.1. Тәжірибелік жұмыс

Ара білдек жұқа тақтайшасының дайындамасын белгілеу

Жұмыстың мақсаты: Дайындама бетіне бөлшектердің контурларын жүргізу.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Бетті белгілеуге шақтап дайындау

1. Ара білдек жұқа тақтайшасын белгілеуге қажетті өлшемдерді анықтаңыз (2.8-сурет).

2.7. сурет. Ара білдектің жұқа тақтайшысы

2. Дайындама бетін мыс немесе болат сымдардың қалдықтарынан жасалған карцевалдық шөткенің көмегімен кірден және темір қағының іздерінен, сондай-ақ шүберекпен шаң-тозаң мен майдан тазартыңыз. 3. Дайындама бетінен майлы қабыршақты уайт спиртімен алып тастаңыз. 4. Бояйтын қоспаны алып, дайындаманың бетіне жағыңыз.

№ 2 нұсқамалық карта. Ара білдек жұқа тақтайшасын белгілеу

1. Белгілеуге қажетті құралдарды таңдаңыз. 2. Дайындама бетіне симметриялық жолақтар жүргізіңіз. 3. Дайындама бетіне симметрия жолақтарға параллель және оған сәйкесінше 4,5 және 24,5 мм қашықта қалып отыратын жолақтар жүргізіңіз. 4. Дайындама шетінен 200 мм қашықта симметрия жолақтарына перпендикуляр жолақ жүргізіңіз және оның үстіне симметрия жолағымен қилысу нүктесінен бастап ұзындығы 32 мм болатын екі кесінді сызыңыз. Осы жолақтардың нүктелері арқылы симметрияға параллель жолақтар жүргізіңіз 5. Радиустық шаблонды пайдаланып, симметрия жолақтарына параллель және перпендикуляр жүргізілген жолақтарға жанасатындай етіп, радиусы 8мм болатын шеңбер доғаларын жүргізіңіз. 6. Симметрия жолақтарына 30° бұрышта орналасатын, доғаға жанасатын радиусы 8мм шеңбер жүргізіңіз. 7. Симметрия жолақтарына перпендикуляр және радиусы 8 мм шеңберлерге жанасатын жолақ жүргізіңіз. 8. Симметрия жолағымен бірге жасалған жолақтың қилысу нүктесінен симметрия жолағына перпендикуляр етіп, 11 мм кесінді сызыңыз. 9. Симметрия жолағына параллель және одан 4,5 мм қалыс қалған соңғы жолақ арқылы доғаға жанасатын радиусы 8 мм болатын шеңбер жүргізіңіз. 10. Радиустық шаблонды қолданып, ара білдек планкалары контурының қиылысатын жолақтарын радиустары 2 және 3 мм болатын доғалармен түйісуін жүргізіңіз. 11. Белгіленетін дайындама контурының жолақтарына керндік тереңдіктерді жүргізіңіз. 12. Белгіленген бөлшек контурының сызбаға сәйкестігін тексеріңіз.

№3 нұсқамалық карта. Шаблондарды қолдана отырып, корпустың бөлшек дайындамасын белгілеу

1. Белгілеуші плитаға оның беті 1 плитаның бетіне перпендикуляр болатын корпустық бөлшекті (2.9-сурет) орнатыңыз. Орнату кезінде сыналарды қолданыңыз. 2. Белгілеуші сыналарды қолдана отырып, беттің (1) барлық нүктелері белгілеме плитасының бетінен бірдей қашықта болатындай етіп корпустық бөлшекті қойыңыз. 3. Белгілеу үшін материалдар, құралдар мен аспаптарды таңдаңыз. 4. Бетті белгілеуге дайындаңыз. 5. Бетке (1) №1 шаблонды оның сыртқы контурлары беттің контурларымен сәйкес келетіндей етіп қойыңыз. өлшемдердегі айырмашылықтарды беттің (1) ұзындығы мен жалпақтығы бойынша бөліңіз.

2.8. сурет. Корпусты шаблон бойынша өлшеу:

1 — корпус беті; 2, 3 — приливтер; І — І, ІІ — ІІ, ІІІ — ІІІ — белгілеуіш сызбалар; К, М шаблон кесіктері; Кг, Мг — шаблон кесігінің тоқтату нүктелері; № 1, № 2, № 3- шаблондар 6. Бұрандаларға шақтап саңылаулардың орталарын №1 шаблон бойынша белгілеңіз. 7. Корпус негізі жазықтығынан берілген қашықтықта І — І орталық сызбасын приливтерге жүргізіңіз.

8. № 2 шаблонын І — І орталық сызбасына бекітіп, оны К және М шаблондары кесілген жерлерінің приливтің 2 К1 және Мх сызбаларына сәйкескенге дейін сызба бойымен апарыңыз.

9. №2 шаблоныбойынша бұрандалар саңылауларының ортасын белгілеңіз. 10. Приливке (3) ІІ — ІІ және ІІІ — ІІІ орталық сызбаларын жүргізіңіз. 11. №3 шаблонын прилив (3) бетіне орталық сызбалар шаблонының кесілген жерлерімен дәл түсетіндей етіп бекітіңіз. 12. Бұрандалар саңылауларының орталықтарын №3 шаблоны бойынша белгілеңіз.

Шабу — дайындама бетінен балғаның көмегі арқылы кесуші құралмен материал қабатын алып тастау, сондай-ақ металды бөліктерге бөлу операциясы (2.10-сурет).

Бұл өңдеу әдісін дайындама металл кесетін білдектерде өңделінбейтін жағдайларда ғана қолданады. Шабу арқылы келесі жұмыстарды жүргізуге болады:

Құралды қайрау бұрышын өңдеу материалына қарай таңдайды:

Орындалатын жұмыстың сипатына байланысты шабу кезінде темірқашауды (2.10-сурет), крейцмейселдерді (2.10, б-сурет), канавочниктерді (2.10-сурет, в) және балғаларды қолданады.

Зубило материалды бөліктерге бөлу, жұқа материалдағы контурларды шабу, кең беттердегі материалдың қабатынша бу үшін қолданады.

Крейцмейселдерді тар беттердегі материалдың қабатын шабу, жазық беттердегі тік канаваларды ою үшін қолданады.

Канавочниктерді қисық беттегі (майысқан және кедір-бұдыр) профильді канаваларды ою үшін қолданады.

2.9. сурет. Шабуға арналған құралдар:

а — темірқашау;
б — крейцмейсель;
в — жырашық

Балғаны шабу кезінде кесіп түсу күшін арттыру үшін қолданады. Балғаның соққы беру жағы төртбұрышты немесе домалақ пішінді болып келеді. Қажетті күштің шамасына байланысты балғаның түрлі массадағы, мысалы 0,5 кг және одан жоғары салмақты түрлерін қолданады.

Кесуші құралдың қайрауы қайрағыш білектерде жүзеге асырылады (2.11- сурет, а). Құралды тірекке (3) бекітеді және ақырын басу арқылы ажарлау шеңберінің бойынан көшіреді, ара-тұра оны суда салқындатады. Құралдың жұмыс істеу бөлігін кезекпен бір жағынан және екінші жағынан алмастырып қайрайды. Қайрау процесінде ажарлау шеңбері қаптамамен (2) жабық болуы тиіс. Абразивті шаңның көзге түсуінен қорғану үшін арнайы экран (1) немесе қорғаныс көзілдірігін қолданады. Қайрау бұрышын арнайы шаблон арқылы бақылап отырады (2.11-сурет, б).

Тірек пен шеңбердің арасындағы саңылау 2…4 мм құрауы тиіс.

2.2. тәжірибелік жұмыс.

Шабу дағдыларын бекіту

Жұмыстың мақсаты: Берілген өлшемдер мен пішіннің дайындамасын алу.

2.11.-сурет. Қайрау білдегі:

а — білдектің қайрау торабы: 1 — қорғаныс экраны; 2 — қабықша; 3 — қол сап; б — қайрау бұрыштарын бақылау шаблоны

№1 нұсқамалық карта. Қысқыш аузының деңгейі бойынша материалды кесу

1. Үстелге қорғаныс торын немесе экранды орнатыңыз және қысқышқа дайындаманы белгіленген сызбалар ауыздың үстіңгі жазықтығымен сәйкес келетіндей етіп бекітіңіз. 2. Темірқашауды сол қолыңызға алып, тік жазықтықта 30° және көлденең жазықтықта 45° бұрышқа бүгіп оны иіңіз. 3. Дайындаманың алдыға шығып тұрған бөлігін қысқыштың аузында қозғалтып темірқашауды балғамен ұрып, кесіп тастаңыз.

№ 2 нұсқамалық карта. Материалды плитада кесу

1. Плитаға ара білдек жұқа тақтайшасының дайындамасын оятын жұқа табақтарды қойып шығыңыз (2.8-суретті қараңыз). 2. Кесетін жиекке доға пішінін келтіріп, зубилоның кесетін жағын 60° бұрышқа қайраңыз. 3. Темірқашауды табақты тесетіндей күшпен балғамен соққылай отырып, белгілеу сызбаларынан 0,5- 1 мм қашықта бекітіңіз, келесі өңдеуге (егеуге) жіберуге дайындама контурын кесе отырып, темірқашауды белгіленген сызбалардың бойымен қозғалтыңыз.

№ 3 нұсқамалық карта. Канавкаларды ою

1. Қысқышқа шойын плита орнатыңыз. 2. Крейцмейселді 60° бұрышта қайраңыз. 3. Шойын плитаның екі жағындағы жүздерін ойып тесіңіз. 4. Оятын канавкалардың тереңдіктерін бақылай отырып, плитаның бар ұзындығы бойынша канавкаларды 2 мм тереңдікте ойыңыз.

Түзету— материалдың жеткілікті түрде иілгіш болуы жағдайында ғана майысқан немесе қисайған материалды түзету операциясы. Түзету дұрыс плиталарда беттің, материал және дайындама өлшемдеріне байланысты болып келетін балғаның түрлі типтерінің көмегімен жүргізіледі:

Дайындаманың материалы мен өлшемдеріне байланысты түзету бүгу, тарту, жазу және тегістеу арқылы іске асырылады.

Бүгумен әжептәуір үлкен қимасы бар домалақ және профильді прокатты түзетеді. Бүкпелерді түзете отырып, соққыны бұл жағдайда шығыңқы жерлерге жұмсайды.

Тартумен дөңес немесе кедір-бұдыры бар табақ прокатты түзетеді. Соққыларды дөңес тұстардан бастап дайындама шеттеріне қарай жұмсайды. Металл бұл жағдайда тартылып, дөңестік түзетіледі.

Жазумен қатпар жазғышты пайдалана отырып, қалың емес жуандығы бар дайындамаларды түзетеді. Ұру күшін түз емес жерлерден бастап дайындама шетіне қарай жүргізеді. Материал бұл жағдайда тартылып, түзетіледі.

Тегістеумен арнайы тегістеуіш балғаларды пайдаланып, термикалық өңделген (шыныққан) дайындамаларды түзетеді.

2.3. Тәжірибелік жұмыс

Түзету дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: Дайындаманың бастапқы формасын қалпына келтіру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Жолақты материал немесе профильді прокатты түзету

1. Жолақта немесе профильді прокаттан бүгілген жерлерді белгілеңіз және дайындаманы дұрыс плитаға бүгілмесін жоғары қаратып қойыңыз. 2. Жұмсалатын күшті бәсеңдете отырып, басынан шеттеріне қарай бүгілген жерлерге соққы жасаңыз. 3. Түзелген жолақты немесе профильді прокатты көзбен тексеріңіз

№ 2 нұсқамалық карта. Табақ материалды түзету

1. Бүгілу шекараларына бормен сызық жүргізіп, дайындаманы плитаға қойыңыз. 2. Жұмсалатын күшті бәсеңдете отырып, бормен сызылған бүгілменің шетінен бастап дайындаманың шетіне қарай балғамен соққы жасаңыз. 3. Түзетудің сапасын көзбен тексеріңіз.

№ 3 нұсқамалық карта. Домалақ прокат немесе өңделген білгекті қол пресінде түзету

Майыстыру— материалдың сыртқы қабаттарын созу және ішкілерін қысу нәтижесінде дайындаманың берілген өлшемдер мен формаларды қабылдау операциясы. Дайындама ұзындығының есептемесі өңделу процесі кезінде қандай да бір деформацияны қабылдамайтын орта жолақтар бойынша жүргізіледі. Майыстыруды текше және домалақ тоқпақ балғалармен, жұмсақ кірістірілген балғалармен немесе ағаш балғалармен (киянка), сондай-ақ домалақ атауыздың және кемпірауыз көмегімен жүргізеді.

Балғаларды қолдану кезінде майыстыруды, формасы дайын бөлшектің формасына сәйкес келуі тиіс жақтауды қолдана отырып, қысқыштың ішінде жүзеге асырады. Кемпірауыз бен домалақ атауызды қалыңдығы 0,5 мм жоғары профильді прокат және сыммен жұмыс істегенде қолданады. Ең күрделі операция - құбырды майыстыру болып табылады, оны суық күйде де, ыстық күйде де (құбырды қыздыру арқылы) жасайды. Құбырдың ішкі қуысының деформациялануынан сақтану үшін майыстыру кезінде төтеп бере алатын арнайы қуыс толтырушыларды қолданады (құм немесе канифоль). Құбырларды майыстыру құралдарын қолдану кезінде толтырғышсыз суық күйде жүзеге асыруға болады. Майыстыру жұмыстарын механизацияландыру үшін табақ темірлерді майыстырғыш машиналар мен валецтерді және престерді қолданады.

2.4. Тәжірибелік жұмыс

Дайындаманы майыстыру арқылы дайындау дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: дайындамаға берілген пішін беру

Жұмысты орындау тәртібі

№1 нұсқамалық карта. Темір табақ материалының жиектерін майыстыру

№2 нұсқамалық карта. Жолақтық материалды қабырғасынан майыстыру

№ 3 нұсқамалық карта. Профильді прокаттан жасалған шығыршықты майыстыру

2.12-сурет. Ара білдек жақтауларын майыстыруға арналған құрал: а, б — құралды қолдану сызбалары; в — дайын жақтау; 1 — иінтірек; 2 — ролик; 3 — жолақтар; 4 — жақтауша; А и Б — сәйкесінше иінтіректің үстіңгі және төменгі жағы

№ 4 нұсқамалық карта. Толтырғышы бар құбырды суық күйінде майыстыру

Кесу - қол ара төсемі, қайшы немесе құбыр кескіш көмегімен материалдарды бөліктерге бөлуге қатысты операция. Таңдалған құралға байланысты операцияны жоңқаны алумен немесе алусыз жүзеге асыруға болады. Материалдарды кесуде слесарь қол араларды және қайшыны кең пайдаланады.

Слесарлық қол ара (2.13-сур.) - сұрыпталған және профилді прокатты қолмен кесу үшін, сонымен бірге, қалың табақтар мен жолақтарды, бұрандалардың басындағы паздар мен шлицтерді ою, дайындамаларды контур бойынша кесуге арналған.

Сур. 2.13. Сілесарлық қол ара:

1 — жылжымалы ара білдек; 2 — ара кенеп Слесарь қол арасының негізгі түйіні көміртегі немесе легир құралдық болаттан жасалған қол ара төсемін (2) бекітетін ара білдек1 (тұтас немесе жазылмалы) болып табылады. Қол ара төсемін бекіту кезінде, тісінің ұшы жұмыс қозғалысының жағына бағытталуын қадағалау керек. Қалтқысыз жұмысты қамтамасыз ету үшін қол ара төсеміндеформацияланудан сақтап, бұзылудан аулақ болу үшін тым қатты керілмейтіндей етіп тарту керек. Төсемнің керілісі құлақты бұрандалы гайканың көмегімен жүзеге асырылады.

Қол қайшылар (2.14-сурет) оң және сол жақты болып келеді. Оң қайшыларда, қос жүздің қиғаштылығы оң жақта болса, ал сол қайшыларда сол жағында болады.

2.15. сурет. Үстел иінтірек қай- шылар:

1 — негіз; 2 — сап; 3 —пышақ; 4 — үстел-пышақ

2.16. сурет. Құбыр кескіштер:

а — шығыршық: 1 — қыспақ; 2 — бұрама; 3 — бұрама иінтірек; 4 — қапсырма;
5 — кесуші шығыршық; 6 — каретка; 7 — құбыр; б — қамытты; в — шынжырлы;
г — кескіш: 1 — қысқыш бұрамасы; 2 — кесінді кескіш; 3 — бұрама

Қол қайшылар 0, 7 мм-ге дейінгі қалыңдықтағы жабын темірдің болат табағын кесуге мүмкіншілік берсе, жабындық темірдің - 1 мм, ал түсті металдардың 1,5 мм-ге дейінгі табағын кесуге мүмкіндік береді. Қол қайшылар үш түрде болады: түзу - түзу сызық бойымен немесе үлкен шеңбердің доғасындай материалды кесуге арналған; қисықтығы аз радиусты болып келетін қисық сызықты контурларды кесуге арналған– қисық сызықты жүздері бар және бармақты. Жуандығы үлкен жапырақ материалды кесу үшін қалыңдығы 4 мм болат жапырақты және қалыңдығы – 6 мм-ге дейін болатын түсті металдар мен балқытпалардың жұқа материалдарын кесуге мүмкіндік беретін үстел рычакты қайшыларды қолданады (2.15-сурет).

Трубо кесуші (2.16-сурет) — трубаларды кесуге арналған арнайы құрал. Диаметрі үлкен трубаларды кесу үшін қамыт шынжыр трубо кесуші құралдарды қолданады.

2.5 тәжірибелік жұмыс

Дайындаманы кесу дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: профильді прокат және құбырлардан берілген ұзындықты дайындаманы кесіп алу және табақ материалдан профильді дайындамаларды кесу.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Металды қоларамен кесу

№ 2 нұсқамалық карта. Металды қол қайшылармен қию

№ 3 нұсқамалық карта. Құбырларды құбыр кескішпен кесу

№ 4 нұсқамалық карта. Материалды иінтірек қайшыларымен кесу

Пышақты көтеріңіз, кесілетін табақты өзіңізден жылжытып, қайтадан пышақты төмен түсіріңіз және осы іс-әрекеттерді табақ толық кесілгенге дейін қайталаңыз.

2.3. Бетті егеу

Егеп кесу— дайындамаға берілген өлшемдерді, пішінді және беттің кедір- бұдырлығын беру мақсатында кескіш құралдың (егеу) көмегімен дайындаманың бетінен материал қабатын алып тастау операциясы. Егеп кесуді жазық және қисық сызықты беттерді өңдеу үшін қолданады.

2.17-сурет. Егеуіштер мен өңделетін беттердің көлденең қималарының формалары:

а, б — тегіс; в — текше; г — үшқырлы; д — домалақ; е — жартылай домалақ; ж — ромб тәрізді; з — ножовкалық

Егеу дайындаманың бетінен үлкен болмайтын материал қабатын алып тастауды қамтамасыз ететін, жұмыс беттерінде тістері бар көп кертулерден тұратын болат кесек құрал болып табылады. Егеудің кертігі (қара металдардың өңдеуі үшін) - қосарлы, (түсті металдардың және қорытпалар өңдеуі үшін) - дара және (металл емес материалдарды өңдеу үшін) рашпилді болып келеді. Егеудің ұзындық бірлігінде неғұрлым кертулері көп болса, оның тістері соғұрлым уағырақ болып, өңделген беттің кедір- бұдырларының аз болуын қамтамасыз етеді.

Тістерінің шамасына қарай егеудің тұрпайы (№ 0 және 1), жеке (№ 2 және 3) және барқыт (№ 4 және 5) түрлерін ажыратуға болады. өңделетін пішінге және олардың өзара орналасуына байланысты әр түрлі формадағы көлденең кесікті егеулер қолданылады (2.17-сур.). Егеудің жұмыс бөлігінің ұзындығы 100 мм-ден 400 мм-ге дейін түрленіп, өңделетін беттің ұзындығына қарай таңдалады. Қолмен егеудің еңбек көлемі күрделі және шаршататын түрі кейбір жағдайларда фрезерлеу, сүргілеу, ажарлау немесе арнайы егеу сияқты аспаптарды қолданумен алмастырылады.

2.6 тәжірибелі жұмыс

Дайындамаларды егеу дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: дайындамаға берілген өлшемдер, формалар және бет кедір-бұдырлығын беру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Жазық тегіс беттерді егеу

№2 нұсқамалық карта. Тегіс параллельді беттерді егеу

№ 3 нұсқамалық карта. Бұрышқа жанасатын тегіс беттерді егеу

№ 4 нұсқамалық карта. Бүгілген бетті егеу

2.4. Саңылауларды өңдеу

Саңылауларды өңдеу кезінде үш түрлі операцияны: бұрғылау, зенкерлеу, жазу, сондай-ақ олардың түрленген формаларын қолданады, олар - бұрғылап кеңейту, үңгіштеу және шен жоңғылау.

Бұрғылау- кескіш құрал, яғни, бұрғымен орындалатын тұтас материалда саңылаулы және тұйық тесіктерді жасау операциясы. Бұрғылауды қол, пневматикалық және электр бұрғылайтын құрылғыларды (дрелдер) қолдану арқылы қолмен немесе әр түрлі (үстел үсті, тік және радиалды) бұрғылау білдектерінде механикалық жолмен орындауға болады. Қол бұрғылайтын құрылғыларды шағын және орта қаттылығы бар материалдарда (илемді массалар, түсті металл және қорытпа, құрылымдық болаттарда) диаметрді 12 м-ге дейінгі тесіктерді алу үшін пайдаланады, ал бұрғылау білдектерінде кез келген қаттылығы бар материалдардағы диаметрі 80 м-ге дейінгі саңылаулар өңделеді.

Бұрғы тұтас материалдағы тесіктерді, сонымен бірге, алдын ала бұрғыланған тесіктерді өңдеу үшін қолданылады. Бұл мақсатта көбінесе жылдам кескіш болат спиральдан жасалған бұрғыларды пайдаланады. Қатты материалдарды өңдеу кезінде бұрғының кесетін жүзі қатты балқытпа пластиналарымен жасақталуы мүмкін, бұл бұрғылауда жылдамдылықты үлкейтуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

2.18-сурет. Спиральді бұрғы

2.19-сур.. Бұрғылаушы патрон:

а — үш жұдырықты; б — екі жұдырықты

2.20.-сурет. Тік-бұрғылы білдек:

1 — іргетас плитасы; 2 — үстел; 3 — шпиндель; 4 — беру жәшігі; 5 — жылдамдық жәшігі; 6 — электр қозғалтқыш; 7 — бұрғылауыш бас; 8 — тұтқа; 9 — колонна Спиральді бұрғы (2.18-сурет) үш бөліктен тұрады: жұмыс бөлігі, артқы жағы және мойын тұсы. Спиральді бұрғылардың артқы бөлігінің екі типін шығарады — цилиндрлік және конустық. Цилиндрлік артқы бөлігі барын арнайы бұрғы партрондарды пайдалану арқылы бекітеді (2.19-сурет). Бұрғыны тесу қасиеттерінен айрылуына байланысты қайрау білдектерінде қайрайды. Қол құралдарын қолдану арқылы саңылауларды өңдеу кезінде дайындаманы қысқыштарға орнатады.

2.21-сурет. Дайындамаларды бекітуге арналған аспаптар:

а — тұтқыштар: 1 — дайындама; б — призмалар;1 — дайындама; в — бұрыштықтар: 1 — қатты; 2 — реттеуіш; г — машиналық қысқыштар: 1 — бұрама 2, 3 — сәйкесінше жылжымалы және жылжымайтын ауыздар; 4 — негіз; 5 — тұтқы Егер өңдеуді бұрғылағыш білдекте жүзеге асырса (2.20-сурет), онда дайындамаларды бекіту үшін ұстағыш пен призмаларды, бұрыштық пен машиналық қысқыштарды қолданады (2.21-сурет).

Өңделетін материалға байланысты бұрғының биіктіктегі қайрау бұрышы құрайды:

Бұрғылау кезіндегі кесу режимдерін — кесу жылдамдығын және беруді — анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, дайындама материалы мен құралға байланысты таңдайды.

2.7 тәжірибелік жұмыс

Бұрғылағыш білдекті баптау дағдыларын пысықтау және тұтас материалдағы саңылауды өңдеу

Жұмыстың мақсаты: тұтас материалдың саңылауларын алу.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Білдекті жұмысқа дайындау

№ 2 нұсқамалық карта. Бұрғылау білдегіндегі шпиндельге құралды орнату

№ 3 нұсқамалық карта. Тікелей білдек үстеліне призматикалық ірі габаритті дайындаманы орнату

№ 4 нұсқамалық карта. Бұрғылау және саңылауларды бұрғымен кеңейту

№ 5 нұсқамалық карта. Тұйық саңылауды бұрғылау

№6 нұсқамалық карта. Саңылауларды қолмен жасалатын механизацияланған құралмен бұрғылау

Үңгілеу — анағұрлым дұрысырақ геометриялық пішін беру үшін алдын ала бұрғыланған, штампталған, құйылған немесе басқа тәсілмен алынған саңылаулармен байланысты операция. Үңгілеуді ұңғуыш құралы арқылы үстел үсті немесе стационарлық (іргетасқа орнатылған) бұрғылау білдектерінде жүзеге асырады (2.22-сурет). Үңгілеу – үңгіштеу және шенжоңғылау түрлерімен ерекшеленеді.

Үңгілеу үшін қолмен механизацияланған құралды қолдануға болмайды.

2.22-сурет. Зенкер

Үңгіштеу — бұрандалар мен тойтарма шегелер бастарының астындағы цилиндр және конус тәріздес тереңдіктерді өңдеу болып табылады.

Шенжоңғылау — арнайы құрал – шенжоңғыштың көмегімен жасалатын тығырық, сомын, тоқтатқыш шеңберлер дөңесшесін өңдеу кезіндегі жан- жақтағы беттерді тазалау жөніндегі оперция.

Тәжірибелік жұмыс 2.8

Алдын ала өңделген саңылау беттерінің дәлдігін жоғарылату

Жұмыстың мақсаты: ертеден алынған саңылаулардың формалары мен өлшемдерінің дәлдігін жоғарылатып, олардың кедір-бұдырлығын азайту.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. үңгілеу

2.23-сурет. Жазу:

2φ — алынып тасталынатын бөліктің үшкірленетін бұрышы

Жазу — жоғары дәлдік деңгейі бар және аз бұдырланған беті бар саңылауларды өңдеу операциясы. Жазумен өңдеу алдын ала бұрғылау немесе арнайы құрал – қашауышпен үңгілеуден кейін орындалады (2.23- сурет).

2.9 тәжірибелік жұмыс. Бетті әрлеп өңдеу

Жұмыстың мақсаты: ертеден алынған саңылаулардың формалары мен өлшемлерінің дәлдігін жоғарылатып, олардың кедір-бұдырлығын азайту.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Саңылауларды қолмен жазу

2.24-сурет. Жылжымалы айналтұтқа:

1 — жақтау; 2 — муфта; 3 — сабы; 4, 5 — сәйкесінше жылжымалы және жылжымайтын сухарлар; а — текше саңылаудың жақтары 6. Бастапқы жазуды бітіргеннен кейін, сағат тілі бойымен айналдыруды тоқтатпастан жазғышты саңылаудан шығарыңыз. 7. Бастапқы жазуды орындау үшін нұсқаулық картаның 3-6 тт-да көрсетілген жұмыстарын қайталаңыз. 8. Жазу сапасын калибр-сынағышпен және көзбен тексеріңіз.

№ 2 нұсқамалық карта. Саңылауларды машинамен жазу.

2.5. Бұранданы ою

Бұранды бет дайындаманың цилиндрлік бетінен сол бетке жүргізілген бұрама жолақтарға жағалай жырашық ою нәтижесінде құралады. Бұрыш, цилиндрдің бетімен көтерілген бұрама сызықтың үстіндегі бұрыш бұрама жолақтың көтерілу бұрышы деп аталады. Дайындаманың бетін ойып шыққан бұрандалы жырашық бұранданың ойпаңы деп аталады, ал цилиндрдің бір айналымы бойы жырашықтың ойылу нәтижесінде түзілетін бұрандалы томпақтық орам немесе бұранда жібі деп аталады.

Ойылған бұранда жырашығының формасына байланысты бұранданың бірнеше профилі болады (2.25-сурет). Әр бұранда қадам, профиль биіктігі, профиль бұрышы, сыртқы, ішкі және орта диаметрлер сияқты параметрлермен сипатталады.

Р бұрандасының қадамы — бұл бұранда осіне параллель бағытта өлшенген екі көршілес орамдар биіктіктерінің миллиметрмен өлшенген қашықтығы.

2.25.-сурет.Профильдер және бұранданың элементтері:

а — үшбұрышты; б — тікбұрышты; в — трапеция тәріздес; г — трапециялы тіремелі; д — домалақ; t— профиль биіктігі; а — профиль бұрышы; P— кесу қадамы; d— бұранданың сыртқы диаметрі; d1— бұранданың ішкі диаметрі; d2— бұранданың орта диаметрі

t профиль биіктігі — бұранда осіне перпендикуляр бағытта өлшенген бұранда биіктігінен оның негізіне дейінгі қашықтық.

Бұранда негізі — бұранданың оның осінен ең қысқа қашықтықта жатқан профиль бөлігі.

α профиль бұрышы — бұранда профилі тараптарының түзу сызықты бөліктерінің арасындағы бұрыш.

d бұранданың сыртқы диаметрі — оның осіне перпендикуляр бағытта бұранда биіктігі бойынша өлшенген ең үлкен диаметр.

d1 бұранданың ішкі диаметрі— оның осіне перпендикуляр өлшенген бұрандалардың қарама-қарсы ойпаңдарының арасындағы қашықтық.

d2 бұранданың орта диаметрі — ойпаң түбінің (бұранданың негізі) арасы мен оның осіне перпендикуляр өлшенген томпақтықтың биіктігі арасынан, бұранда профилінің ортасынан жүргізілген шартты қоршауының диаметрі.

Бұранда беттерін өңдеу өңделуге берілген беттен материал қабатын қолмен немесе бұранда ою жабдығының көмегімен алып тастау (құрылғыны жөндеу, жинақтау және монтаждауда) арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі бұранданы ою қолмен де, механизацияланған құрал-жабдықтарды пайдаланумен де орындалады. Бұл процесс арнайы құрал – бұранойғыш арқылы жүзеге асады.

Бұранойғыш (2.26-сурет) құралдың кесу жиектерін құрайтын бірнеше түзу немесе бұрама жырашықтары бар қыздырылған бұраманы айтады. Олар, сонымен қатар, кесу процесінде пайда болатын жоңқалардың орналасуын және кесу аймағынан оның шығарылуын қамтамасыз етеді.

Бұранойғыш екі бөліктен тұрады - жұмыс және соңында текшелі шығыңқысы бар құйрық бөлік (қол бұранойғыштарда). Бұранойғыштың жұмыс бөлігі негізгі әдіпті өңдеу үшін сылынылатын (кесетін) және бұранданың соң өңдеуін жүзеге асыратын калибрлеуші бөліктерден тұрады. Бұранойғыштың құйрық бөлігі (бұранда қолмен оюда) оны айналтұтқа немесе патронда (механикаланған құралды пайдалануда) орнықтыру үшін қызмет етеді.

2.27-сурет. Бұранда кескіштер:

а — домалақ: 1, 2 — сәйкесінше калибрленуші және алынушы бөлік; 3 — жоңқалы жырашық; б — текше (итермелі): 1 — бұранда кескіш тұтқа;2 — бұранда кескіштің жартысы Бұранойғыштарды жинақ түрінде 2-3 данадан қолданады. Бұранойғыштарды айыру үшін олардың құйрық бөлігіне бұранда өлшемімен қатар домалақ сызбалар жүргізеді: бір - бастапқы; екі –орта; үш – соңғы бұранойғыш үшін.

Сыртқы бұранданы тілуді арнайы құрал – бұранда кескіш арқылы жүзеге асырады. Ол кесуші қырлар жасайтын, ойылған жырашықтары бар сомын болып табылады.

Бұранда кескіштің (2.27-сурет) жұмыс бөлігі екі бөліктен — алынатын және калибрлеуші бөліктерден тұрады. Алынатын бөлік — бұранда кескіштің екі жағына орналасқан конус тәрізді (40-60° бұрышта) болады, ұзындығы 1,5 — 2 орамды құрайды. Калибрлеуші бөлігі бұранда кескіштің ортасында орналасып, ал, ұзындығы – 3-5 орамды құрайды.

Сыртқы бұрандаларды қолмен кесу үшін домалақ, текше (жылжытпалы) және арнайы (құбырлардағы бұрандаларды кесу үшін) бұранда кескіштері қолданылады. Домалақ бұранда кескіштерді (2.27, а сурет) бүтін және ортадиаметрлі бұранданың шамасын реттеуге мүмкіндік беретін тілікті (пружина тектес) етіп шығарады. Бұранда кескішті бұранда кесу кезінде бұранда кескіш орналасқан арнайы айналтұтқа арқылы айналдырады, ол айналып кетпес үшін, винттер арқылы ұсталып тұрған және бұранда кескіш орналасқан қырылған жері бар домалақ жақтау болып табылады. Жақтауды оған бұрап қатайтылған екі тұтқа арқылы айналдырады.

Жылжымалы бұранда кескіш (2.27, б сурет) екі жартыдан (2) тұрады. Оларды арнайы тұтқалары бар екі жақтауға- клуппада (1) бекітеді.

2.28-сурет. Құбырлы бұранданы кесуге арналған клупп:

1 — корпус; 2 — тұтқалары; 3 — бұрамдықты беріліс; 4 — бұранда кескішті жылжыту тұтқасы; 5 — бұранда тұтқалар

Құбырлардағы бұрандаларды кесу жылжымалы бұранда (5) (2.28-сурет) корпус (1) ішінде ауыса жүріп, бір уақытта орталыққа жақындай да, одан алыстай да алатын жылжымалы бұранда кескіші бар клуптың көмегімен жүзеге асырылады. Ауысу тұтқаны (4) қозғалтқан уақытта бұрамдықты берілістің (3) көмегімен жүзеге асырылады. Бұранда кескіштерді клупп корпусында болатын лимб өлшемдері бойынша қояды. Құбырдағы бұранданы кесу кезінде клупты тұтқалар (2) артына айналдырады.

Бұранданы кесу алдында өзектер мен саңылаулардың диаметрін кесу процесіне ықпал ететін барлық факторлар ескерілген анықтамалық кестелер бойынша анықтайды. Іс жүзінде бұранда шығатын саңылау диаметрін қадам шамасына азайтылған оның номиналды диаметріне тең етіп алады. Бұранда кесетін өзектің диаметрін анықтау кезінде оның өлшемін бұранда номиналды диаметріне қарағанда 0,1-0,2 мм-ге кішірейтеді.

Бұранда сапасын бақылау келесі элементтер арқылы жүзеге асады: сыртқы диаметр — микрометр немесе штангенциркульмен, ішкі диаметр — штангенциркульмен, орта диаметр — арнаулы бұранда микрометрмен; қадамы — арнайы бұранда шаблонымен.

2.10 тәжірибелік жұмыс. Бұрандалы беттерді өңдеу

Жұмыстың мақсаты: саңылаулар мен өзектерде бұрандалы беттерді алу.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Саңылауларда бұранда кесу

№ 2 нұсқамалық карта. Сыртқы бұранданы кесу

3

Слесарлық өңдеуді қиюластыру операциялары

3.1. Егеу және тығыз қиюластыру

Егеу – кескін бойымен бұрғылаумен, артынша саңылаулар арасындағы жалғастырғышты үзу арқылы немесе қол арамен, штамп жасаушымен не болмаса басқа тәсілдермен алынған, кейін берілген өлшемдер мен формаларды жасау үшін егеуіштің көмегімен саңылау немесе ойықты өңдеу операциясы.

Арамен кесуге жататын кескіннің пішініне байланысты (егеуіш немесе надфиль) құралдың пішінін, сонымен бірге сәйкес аспаптар және бақылаушы-өлшеуші құралдарды таңдайды. Арамен кесумен салыстырғанда егеудің ерекшелігі өңдеудің сапасы (өлшем және пішін) әмбебап бақылаушы-өлшеуші аспаптарды қолданумен қатар, арнаулы сынау құралдарымен бақылайды.

Тығыз қиюластыру — екі түйіндескен бөлшектерді арамен кесудің тәсілдерімен өзара қиюластыру слесарлық операция. Тығыз қиюластыру бөлшектерінің кескіндерін тұйықталған (саңылау) және тұйықталмаған (ойықтар) деп бөледі. Тесік немесе ойығы бар тығыз қиюластыру бөлшектерін - ойма, ал оймаға кіруші бөлшек- қосымша деп аталады.

3.1 Тәжірибелік жұмыс

Тұйықталған және тұйықталмаған контурларды арамен кесу дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: саңылаулар мен оймалардың беттеріне берілген өлшемдер мен формалар беру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Текше саңылауды егеп кесу

Дайындаманың бетін абразивті таспамен тазалап тастаңыз.

Тесіктің кескінін белгілеңіз.

Тесіктердің орталықтарын оның кескініне дейін 0,2-0,3 мм жетпейтіндей етіп, ал оның арасындағы тұйықтағышты 1 мм-ден аспайтындай етіп белгілеңіз.

Бұрғылау, бұрғылап тесу үшін дайындама кескінінің белгі сыз- балары және тесіктердің орталықтарына тасбағанды тереңдетулер жасаңыз және сол саңылауларды бұрғылаңыз.

Тесіктердің арасындағы тұйықтағышты үзіңіз.

Қыспақтардағы дайындаманы бекітіңіз.

Үш қырлы (№ 0 немесе 1) егеуішпен бұрышты, ал текшелі егеуішпен белгі сызыққа шамамен 0, 5 мм жетпейтіндей етіп барлық жақты егеңіз.

Жеке егеуішпен (№ 2 немесе 3) қарсы жақтың параллелдіктен ауытқуын тексере отырып, белгі сызық бойынша текше саңылаудың барлық жақтарын егеңіз.

№ 2 нұсқамалық карта. Ашық контурды арамен кесу (сомын кілтінің ауыздары)

Ойманың бүйір тұсын тегіс егеуішпен алдын ала егеп алыңыз.

Сомын кілтінің аузының қисық сызықты бетін домалақ немесе жартылай домалақ егеуішпен алдын ала егеп алыңыз.

Кілт ауызының бетін біржолата жеке тегіс, домалақ немесе жартылай домалақ егеуішпен егеңіз.

Кілт аузының өлшемдері мен формаларын шаблонмен тек- серіңіз.

3.2. Қыру

Қыру - арнайы құрал – қырғыштың көмегімен дайындаманың бетінен жұп- жұқа қабатты материалды алу операциясы. Қыру өңделетін беттің кедір- бұдыры өте аз мөлшерде алынатын кезде ғана қолданылады.

3.1-сурет. Қырғыштар:

а — тіксызықты кесетін жиегі бар, біржақты; б — екіжақты; в — бүгілген; г — үшжақты Ережеге сәйкес бірімен бірі қатынаста жылжығыш болатын, ұштасатын беттерді (қажалатын беттерді) қыруға қалдырады. Қыру осы беттердің тығыз жанасып тұруын, майлануды мықты ұстап тұруды, сонымен бірге өңделген бөлшектердің дәл өлшемдерін қамтамасыз етеді.

Қырғыштың бүйір жақ бетін (3.1-сурет) өңделетін материал қаттылығына тәуелді болып келетін бұрышта (90-100° - шойын және қола, 75-90° - болат, 35-40°-жұмсақ металдар мен балқытпалар үшін) қайрайды.

Қырғыштың кесу жиегінің ұзындығы мен оның дөңгелену радиусын өңделген беттің берілген кедір-бұдырлығына байланысты таңдайды. Қырғыштың кесу жиегінің ені бастапқы өңдеу үшін -20-30 мм, қосалқы өңдеу үшін 15-20 мм және ажарлатып өңдеу үшін 5-12 мм құрайды. Шаберді алдын ала қайрағыш білдектерде ұштайды, бірақ көбінесе қайрайтын шеңбердің түрпілі түйіндерінің іздері қалып жатады, сондықтан бұл ретте ұштаудан кейін қалған іздерді жұмыс бетінен тазарта отырып, қайраудан кейін шаберді түрпітасты кесектерге салып қояды. Шаберді дайындап қойғаннан кейін, машина майымен араласқан түрпілі түйіршікті ұнтақтарды қолданып, шойын тақтада дайындығын жетілдіреді. Қыруға кіріспес бұрын сылынатын бөлік немесе тозудың іздерін алып тастау және келесі кезекте бояу үшін бетті механикалық өңдеу қажет. Егер сызбаүлгілік сызғышты қойғанда саңылау 0,05 мм-ден аспаса (саңылауды сүңгімен тексереді), онда беттің механикалық өңдеуі біткен болып саналады. Қырудың алдында өткір жиектер майда егеу арқылы мұқалтылуы керек.

Қырудың алдындағы бетті бояуды сынау тақтасында оған жұқа қабатта бояу жағу арқылы жүзеге асырады. Дайындаманың бетін бояудың алдында мұқият тазартып жуады және құрғақ етіп сүртеді. Дайындалған дайындаманы тақта бойымен тексеретін бет жағымен жылжытады. Дайындаманың беттеріндегі боялған жерлер қыру процесінде алып тасталынады. Қыру кезінде машина майының көкшіл сыр, жоса немесе ультрамарин (синькамен) қосындысын бояу ретінде қолданады.

Егер бояуды бақылау кезінде тексеру құралдарын (тақта немесе сызғыш) пайдалану арқылы беттің белгілі ауданына тура келетін өңделген беттегі түйіспелі дақтардың санымен анықталатын берілген дәлдікке қол жеткен болса, қыру процесі біткен болып есептеледі. Аудан бірлігі ретінде жан- жағы 25х25 мм текше қабылданады. Бұл бетте неғұрлым дақтар көп болып және неғұрлым олар біртекті жайғастырылса, соғұрлым қырудың сапасы жоғары болып саналады. Бір аудан бірлігіне келетін дақтар санын есептеу үшін терезесінің алдын ала көрсетілген өлшемдері бар, арнайы жақтауды пайдаланады. Дақтарды есептеу өңделген беттің бірнеше жерінде жүзеге асады, бұл бақылаудың дәлдігін айтарлықтай жоғарылатады. Қолмен қырудың күрделі еңбек сыйымдылығын ескере отырып, көбінесе оны мүмкіндігінше механикаландыруға немесе өңдеудің тиісті сапасын қамтамасыз ететін баламалы тәсілдермен алмастыруға тысырады. Қыру процесін механикаландыру үшін электрлік немесе пневматикалық жетекті құралдар қолданылады, ал өңдеудің баламалы тәсілдері ретінде ажарлату, жұқа фрезерлеу және жұқа сүргілеу қолданылады

3.2. Тәжірибе жұмысы

Бетті әрлеп өңдеу дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: өңделетін дайындама бетіне оның аз кедір-бұдыр- лық жағдайында дәл геомертиялық өлшемдер мен формалар беру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Бетті қыруға дайындау

№ 2 нұсқамалық карта. Тегіс беттерді қыру

№ 3 нұсқамалық карта. Қисық сызықты беттерді қыру

№ 4 нұсқамалық карта. Шаберді қайрау

3.3. Ысқылау және жетілдіру

Ысқылау және жетілдіру - ұштасатын бөлшектердің жанасуының жоғары тығыздығын және геометриялық өлшемдер пішіндердің жоғарғы дәлдігінде олардың бетінің біраз кедір-бұдырлығын алу үшін түйірлі, түрпілі материалдардың көмегімен дайындаманы өңдеуге қатысты операция.

Ысқылау екі бөліктің тығыз (тығыз) қосылуын қамтамасыз етеді. Олардың арасында тікелей қолданылатын майда түйіршікті абразивті материалдармен бір мезгілде өңдеуге болатын бөлшектерді өңдеу арқылы тегістеуді орындаңыз. Бұл операция көбінесе конустық крандар мен газ тарату механизмдерінің клапандары бар крандардың бір өндірісі жағдайында өңдеу үшін қолданылады. Операция - түпкілікті кесу, бөлшектерді өңдеу, майдалау, майдалау немесе орналастыру арқылы орындалады. өңдеуге арналған резерв 0.05 мм-ден, өңделген беттің кедір- бұдыры – Ra 0.63 мм-ден аспауы керек. Ысқылау термиялық өңделген және термикалық өңделмеген преформаларға ұшырайды. Ысқылау геометриялық өлшемдердің 0,005 мм-ге дейінгі дәлдікке және Ra 0.008 мм бетінің кедіріне жетеді. Жетілдірудің ысқылаудан айырмашылығы пішіннің жоғарғы дәлдігін және төменгі дәрежедегі беттің кедір-бұдырлығын алу ғана емес, сондай-ақ жоғары сызықтық және бұрыштық дәлдікті қамтамасыз ету. Бұл операциялар үшін қатты (қатайтылған болаттан жасалған қатты қаттылық) және жұмсақ (қатты болаттан жасалған қаттылықтан) абразивтік материалдар пайдаланылады, бұл өңделетін материалға және өңделетін беттердің өңделуінің дұрыстығы мен кедір-бұдырына қойылатын талаптарға байланысты болады. өңдеу процесінде бір-бірімен жанасатын бөліктер ретінде қызмет атқаратындықтан, жетілдіруді ысқылағыш деген атауға ие болған арнайы құралдармен жасайды. Ысқылағыштар (притирлер) жылжитын және жылжымайтын болады. өңдеу үрдісіндегі жылжымалы притирлер жылжиды, ал дайындама қозғалыссыз қалады. Жылжымайтын притирді қолданған кезде қозғалыс дайындамаға жіберіледі. Притир пішіні өңделетін беттің пішініне сәйкес келуі керек. Притирлер тегіс, цилиндрлік, конустық және фасондық болуы мүмкін. өңделетін бөлшектердің өңделуіне қатысты дұрыс өзара жағдайды қамтамасыз ету үшін әр түрлі аспаптарды - стандартты (қысқыштар, параллельдер, бұрыштықтар) немесе конструкциялары нақты өңделетін бөлшекке сәйкес келетін арнайы аспаптарды қолданады. Арнайы құрылғылар, әдетте сериялық және жаппай өндіріс жағдайында қолданылады. өңдеуден бұрынғы ысқылау талапқа сәйкес дайындалуы керек. Дайындықты екі тәсілмен жүзеге асырады: абразивтік материалдың түйіршіктерін ысқылау бетіне түсіреді (дәл келтіреді); дәл келтірмей қаптаудың бетін абразивтік материалмеен қаптайды, бұл ретте өңдеуді бос абразивпен (майлаушы емес) жүзеге асырады. Ысқылау және жетілдіру операцияларын қолмен механикаландырылған құралды (электрлі бұрғылау) немесе стационарлық жабдықты (лаптау машиналарын) пайдалану арқылы механизациялауға болады.

3.3. Тәжірибе жұмысы

Қиыстыру операцияларын орындау дағдыларын пысықтау

Жұмыстың мақсаты: геометриялық өлшемдері мен формасы, өте кіші- гірім бетінің кедір-бұдыры немесе герметикалық түйіндері бар бөлшектерді алу.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Жазық бетті жетілдіру

№ 2 нұсқамалық карта. Сыртқы цилиндірлік бетті жетілдіру

№ 3 нұсқамалық карта. Конус тәрізді беттерді (тығынды кранды) ысқылау

4

Металл кесетін білдектерде өңдеу

4.1. Токарьлық білдектер және онда орындалатын жұмыстар

Машина жасауда ең көп таралған білдек 16K20 модульді (4.1-сурет) токарьлық-бұрама кескіш білдектер болып табылады. Бұл білдектің барлық түйіндері тұғырда орнатылады. Тұғырдың сол жағында шпиндельдің 3 айналу жиілігінің өзгеруін қамтамасыз ететін көп сатылы тісті редукторы бар, жылдамдық жәшігі орнатылған алдыңғы қысқыш 2 бекітіледі.

4.1-сурет. Токарьлық-бұрама кесетін білдектің 16К20 моделі: 1 — электршкаф; 2 — алдыңғы қысқыш; 3 — шпиндель; 4 — жүріс бұрама; 5 — жүріс вал; 6 — суппорт; 7 — кескі ұстағыш; 8 — қорғаныс экраны; 9 — артқы қысқыш; 10,11 — беру жәшігін баптайтын сап; 12 — ауыспалы тісті дөңгелектердің гитарасы; 13, 14 — шпиндельдің айналу жиігілігін баптау сабы

Конусты пішіні бар шпиндельдің бұранды шетінің бергі бөлігінде және оның тесігіне өңдеудің процесінде дайындамаларды орнықтыру үшін әр түрлі тетіктер жайғастырылуы мүмкін. Бағыттайтын станиналардың оң жағында осы бағыттауыштар бойымен орын ауыстыруға және бекітуге болатын артқы тұғыр (9) орналасқан. Артқы тұғырға корпуста әрекет жасайтын және кескіш құралдарды (бұрғы, ұңғуыш, жазғыш) немесе тетіктерді орнату үшін конус тәрізді саңылауы бар пиноль бекітілген. Шпиндель мен пинольдің артқы тұғыры саңылауларының осьтері орталық жолағы деп аталатын жолақта болуы керек. Бағыттайтын станиналардан бастап осы жолаққа дейінгі қашықтық өңделетін дайындаманың ең ұзын болатын диаметрін анықтайтын білдектің негізгі технологиялық сипаттамасы болып табылады (білдек үшін 16К20-400 мм). Қысқыштың бүйір жағына, яғни сол жағына шығыс элементтері және жүріс білік 5, жүріс бұрама болып табылатын көп сатылы редукторлы беру қорабын бекітеді. Беру қорабы тісті беру құрылымы бар шпиндельмен байланыстырылған. Қысқышты бағыттауыштарда алдыңғы және артқы қысқыш арасында ортаңғы сызық бойымен (бойлап беру) қозғала алатын құралкүймешік 6 орналасқан. Орталық сызығына перпендикуляр жылжи алатын (көлденең беру), бағыттауыштармен жабдықталған құралкүймешіктің үстіңгі бетінде, яғни күймешеде жылжымалар орнатылған. Жылжымалардың үстінде тік ось айналасында айналдыруға және осы берілген қалыпта бекітуге болатын жоғарғы құралкүймешік бекітілген. Ол екі бөліктен тұрады, олардың біреуін жоғарғы құралкүймешіктің айналу бұрышына тәуелді бұрыш деңгейінде орталықтың сызығына қатынаспен екіншісіне жылжытуға болады. Жоғарғы құралкүймешікте құралдарды ұстап тұру және оларды дәйекті түрде пайдалану, сондай-ақ оны төрт таңдалған қалыптың бірінде бекіту үшін төрт позициялы кескі ұстағыш 7 орнатылған. Құралкүймешікке қозғалыс оған бекітіліп, онымен бірге қозғалатын жүріс білік немесе жүріс бұрама және белдемше (тісті-төрткілдеш редуктор) арқылы беріледі. Білдектің жұмысын басқару алдыңғы және артқы қысқыш пен белдемшеде жайғасқан тұтқалар арқылы жүзеге асырылады. Шпиндельдің айналу жиілігін кестеге сәйкес білдектің алдыңғы қысқышында орналасқан 13 және 14 –ші тұтқалар арқылы орнатады. 13-ші тұтқа арқылы шпиндельдің айналу жиілігінің төрт диапазонының біріне қояды, ал таңдалған диапазондағы қажетті жиілікті соңында алты алынған қалыптардың біріне қозғалатын 14-ші тұтқаға орналастырады. Беру шамасын 10 және 11 тұтқалармен бекітеді. Тұтқалардың әрқайсысы римдік сандармен (10-тұтқа) және латын әріптерімен (11-тұтқа) көрсетілген төрт тұрақты позицияға ие. Беру шамасы және оларға сәйкес тұтқалардың қалыптары білдектің алдыңғы қысқышында орналасқан кестеде көрсетілген. Білдекті күйге келтіру кезінде көлденең беру бойлай беру тетігінің жартысын құрайтынын ескеру қажет. Токарьлық өңдеуге арналған аспаптар білдекке құралдар мен бөлшектерді бекіту үшін қолданылады. Көбіне шпиндельдің бұрандалы ұшына орнатылатын өздігінен орталықтандырылатын үш жұдырықшалы қысқы, сондай-ақ қатты немесе айналмалы орталықтар қолданылады.

Құрал-саймандарды (кескіштер, бұрғылар, зенкерлер, жазғыштар, белгілеуіштер) өтпе төлкелер мен бұрғылау қысқыларын қолдана отырып, кескі ұстағыш білдегіне немесе артқы қысқыш күпшесіне орнатады. өзекті кескіш құрал-саймандардың конструкциялары бұрын қарасты- рылғандықтан, бұл бөлімде әртүрлі беттерді өңдейтін кескіштер сипатталмақ.

4.2-сурет. Токарьлық кескіш

4.3-сурет. Токарьлық бұрандалардың концонструкциялары:

а, б, в — өтпелі бүгілген, сәйкесінше тік және берік; г — ойылған (тесілген); д — фасондық Кескіш (4.2-сурет) жұмыс бөлігі болып табылатын бастиектен және кескішті кескіұстағышта ұстап тұруға көмектесетін өзектен тұрады. Бетті кесу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кескіштің жұмыс бөлігін шектеушілер белгілі бір бұрыштарда орналасуы керек: алдыңғы беті көлденеңінен 1-2° бұрышта; негізгі және қосалқы артқы беттер тиісінше 12- 15° және 7-10° бұрыштарда. Токарьлық кескіштің конструкциясы (4.3- сурет.) орындалатын жұмыстың сипатына байланысты болып табылады.

Қайрау кезіндегі өңдеу режимдері кесу жылдамдығы (v), беру (S) және кесу тереңдігімен (t ) сипатталады.

Кесу жылдамдығы - айналдыру осінен анағұрлым алыс қашықтықтағы дайындаманың бетіндегі жолақтың жылдамдығы, минутына метрмен өлшенеді (м/мин) және υ ₌ πDn/1000 формуласымен анықталады, мұндағы π – тұрақты шама, ол 3,14-ке тең болады; D - дайындаманың диаметрі, мм; n - шпиндельді айналу жиілігі, мин-1; 1000 - дайындамалардың диаметрлері өлшенетін миллиметрлерді метрге айналдыруды қамтамасыз ететін тұрақты шама, өтйкені, мұндағы кесу жылдамдығы секундына немесе минутына метрмен өлшенгенеді.

Беруді – дайындаманың бір айналымындағы жылжу шамасын – шпин- дельдің бір айналымына шаққандағы миллиметрмен өлшейді (мм/айн).

Кесудің тереңдігі - құралдың бір жүрісінде дайындама бетінен түсетін материал қабатының қалыңдығын – миллиметрмен өлшейді (мм).

4.1. Тәжірибе жұмысы

Токарьлық білдекті ретке келтіру, сыртқы және ішкі беттерді өңдеу

Жұмыстың мақсаты: қайрау әдісімен берліген өлшемдер мен формалары бар бөлшектерді алу.

Жұмысты орындау тәртібі

№1 нұсқамалық карта. Білдекті жұмысқа дайындау

1. Дайындаманы үшжұдырықшалы қысқыға бекітіңіз: 2. Кескішті кескі ұстағышқа орнатыңыз: 3. Білдекті берілген өңдеу режимдеріне қойыңыз:

№ 2 нұсқамалық карта. Сыртқы беттерді өңдеу

1. Құрылғыны орнатыңыз: 2. Бүйірін кесіңкіреңіз: 3. Тегіс цилиндрлік бетті өңдеңіз: 4. Жырашықты тіліңіз де, дайындаманы шыбықтан кесіңіз:

№ 3 нұсқамалық карта. Ішкі бетті өңдеу

1. Саңылауларды орталықтандыруды жүргізіңіз: 2. Тесіктерді бұрғылаңыз:

№ 4 нұсқамалық карта. Сыртқы бұранданы бұранойғышпен кесу

№ 5 нұсқамалық карта. Ішкі бұранданы кесу

4.2. Консолдық-фрезерлік білдектер және оларда жасалатын жұмыстар

Жылжымалы-фрезерлік білдектер көлденең және тік болып бөлінеді. Цилиндрлік, бүйірлік, дискілік және ұштық фрезерді (4.4-сур.) қолдану арқылы фрезерлеу жұмыстарын орындауға арналған бұл білдіктер негізінен жеке-дара өндіріс жағдайында қолданылады. Оларда әр түрлі кеңістіктік орындары, науашалары, жырашықтары және керпештері бар тегіс беттерді өңдеуге болады.

Консолдық көлденең-фрезерлік білдекті (4.5-сурет) МСС үшін резервуар және оны беруге арналған сорғышы бар электрқозғалтқыш орналасқан А негізінде жөндейді.

Негізінің ішінде жылдамдық жәшігі 1, негізгі қозғалыстың электр жетегі және шпиндель торабы бар Б тұғыры орнатылған. Қалып жағдайын гайкамен 3 бекітетін оның жоғарғы көлденең бағыттауыштарында В тұмсығы орналасқан. Тұмсығын жұмыс қалыпқа бұрамамен 2 келтіреді. Тұмсығында қосымша тірек – «сырға» 4 орнатылуы мүмкін. Тұғырдың тік бағыттауыштарында оның бойымен сапты 8 айналдыру кезінде тік бағытта жылжитын Е консолы орнатылған. Консолдың жоғарғы бөлігінде сермермен 7 қозғалысқа келтірілетін бұрама беріліс көмегімен көлденең бағытта консол бағыттауышының бойымен жылжитын жылжымалар Д орналасқан. Жылжымалардың жұмыс жағдайы 10-шы және 11-ші саптармен тұрақтандырылады. Жылжымада сермерден 6 қозғалғышы бар бағыттағыш бағытымен бойлай орын ауыстыратын үстел орнатылған. Консол корпусында білдіктің атқарушы тораптарының автоматты ауысуының жылдамдығы өзгерісін қамтамасыз ететін беру қорабы құрастырылған. Беру қорабы тез ауысулар тетіктерімен жабдықталған. Консол мен білдек үстелінің алдыңғы бетінде басқару тетіктері жайғасқан. Беру консолында орналасқан лимб 9 арқылы тұтқамен алмастырып қосады. Жарықты қосу, МСС беру, шпиндель айналысы бағытын өзгертуді тұғырда орналасқан білдекті басқарудың 12-14 сөндіргіштерін бұру арқылы жүзеге асырады.

Консолды тік-фрезерлік білдек – арнайы аспаптарсыз көлбеу және иілгіш беттерді өңдеуге мүмкіндік беретін тік жазықтықта 40° бұрышқа дейін бір бағытқа немесе басқа да жаққа бұруға болатын шпиндельдің басы тік жағдайдайындағы білдек. Станок консолды тік-жеке түйіндер және тетік тиісті түйіндерден принципті өзгешеліктері және көлденең жоңғылайтын станоктың тетіктері болмайды. Жеке-дара тораптар мен тетіктердің көлденең-фрезерлік білдектің тиісті тораптары мен тетіктерінен түбегейлі ерекшеліктері болмайды.

Дайындамаларды орнатуға арналған аспаптарды олардың білдек үстелінде өңделетін құралға және оның жағдайына қатысты бағдарлану үшін қолданады. Білдек үстелінде дайындамаларды орнату және бекіту үшін негізінен бастырық, тірек және бұрыштықтар мен дайындама конфигурациясы бағынышты болып келетін конструкцияларды қолданады. Бірқатар жағдайларда дайындамаларды (машиналық қысқыштар) әмбебап аспаптарға немесе (нақты дайындамалар үшін) арнаулы тетіктерге бекіту талап етіледі.

4.4-сурет. Фрезердің негізгі түрлері:

а — бүйірлік; б — цилиндрлік; в, г — ұштық; д — дискілік; е — Т-тәріздес; ж — «қарлығаш құйрығы»; з — фасондық; t—фрезерлеу тереңдігі; В —фрезерлеу ені Құралды орнықтыру аспабы оның білдек шпинделінің конус тәрізді саңылауында орналасуын және бекітілуін қамтамасыз етеді. Цилиндрлік және дискілі фрездерді цилиндрлік (4.6-шы сурет), ал бүйір фрезерді - (4.7- ші сурет) конус тәрізді жақтаулардың көмегімен қояды. Шеткі фрезерді білдек шпенделінің конус тәрізді саңылауына өтпелі төлке немесе патрондарды пайдалана отырып орнатады. Фрезерлеу кезіндегі кесу режимі (υ) кесу жылдамдылығы, (S) беру және (t) кесу тереңдігімен сипатталады.

4.5-сурет. Консолдық тік-фрезерлі білдек:

1 — жылдамдық қорабы; 2 — бұрама; 3 — гайка; 4 — сырға; 5 — шпиндель; 6, 7 — маховтер; 8, 10, 11 — саптары; 9 — лимб; 12—14 — өшіргіштер; А — негіз; Б — тұғыр; В — тұмсықтар; Г — үстел; Д — жылжымалар; Е — консол

4.6-сурет. Цилиндрлік және дискілік фрездерді орнатуға арналған жақтау:

1 — тұмсық; 2, 4, 10,13 — гайкалар; 3 — шомпол; 5 — шпиндель; 6 — паз; 7 — фреза; 8 — жақтау; 9 — сақина; 11 — төлке; 12 — сырға

Кесу жылдамдылығы - айналдыру осінен анағұрлым алыс құралдың кесу жиегіндегі нүктенің сызықтық ауысу жылдамдығын – минутына метрмен өлшейді (м/мин).

Фрезерлеу кезіндегі беру - өңдейтін құралға қатысты үстелдің орын ауыстыру жылдамдығы – минутына метрмен өлшенеді (м/мина). Фрезерлеу кезінде беру жетегі дербес электр қозғалтқыштан іске қосылады, сондықтан білдекті нақ осы минуттық беруге баптайды.

Фрезерлеудің үш түрі болады: минутына метрмен (м/мин) өлшенетін минуттық (Sмин); айналымына миллиметрлермен (мм/айн) өлшенетін (Sайн) фрездің бір айналымында үстелдің ауысу шамасына тең кескіш құралдың (фрездер) бір айналымындағы беру; құралдың фрез тістерінің санымен бірдей бұрышта айналымдағы уақытта миллиметрмен өлшенетін, үстелде ауысу шамасына тең тіске беру (Sзуб). Барлық есептеулерді осы берумен есептейді. Бұл берулердің арасында төмендегідей тәуелділік болады:

Sмин = Sайнn = Sзубzn,
Мұнда, z— фрез тістерінің саны; n— шпинделдің айналу жиілігі мин-1.

Кесу тереңдігі – фрез осіне перпендикуляр бағытта өңделуші және өңделген беттердің арасындағы қашықтық, миллиметрлермен (мм) өлшенеді.

Фрезерлеу кезіндегі кесу режимін анықтамалық кесте бойынша өңделетін материал, құралдың өзіне тән қасиеттеріне байланысты, сонымен бірге өңдеудің және кедір-бұдырлықтың дәлдігіне қойылатын талаптарға байланысты таңдайды.

4.2. Тәжірибе жұмысы

Фрезерлік білдекті баптау және тегіс беттерді өңдеу

Жұмыстың мақсаты: дайындамаға белгіленген фрезерлік геометриялық өлшемдер мен формалар беру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Дайындаманы білдеккке бекіту

№2 нұсқамалық карта. Құралды көлденең-фрезерлік білдекке бекіту

№ 3 нұсқамалық карта. Бүйір фрезерді бекіту

№ 4 нұсқамалық карта. Білдекті берілген өңдеу режиміне баптау. Тегіс беттерді өңдеу

4.3. Жазық ажарлағыш білдектердегі өңдеу

Жазық ажарлағыш білдек (4.8-сурет) үстелде әр түрлі аспаптардың көмегімен орнатылған дайындамалардың жазық беттерін домалақтың перифериясымен өңдеуге арналған.

Білдектің негізгі торабы бағаналарды бағыттауыштарға 10 орналасқан домалағы 8 бар, ажарлағыш қысқышты тік беріп отыру тетігі тұратын бағана бекітілетін тұғыр 2 болып табылады. Ажарлауыш домалақта қоршалған зат (қаптама ) 9 және кесудің аймағына аппараттан МСС беруге арналған құрылғы 1 бар. Тұғырға 2 өзара - перпендикуляр бағыттардағы құралкүймешікті 5 құрады. Білдектің жұмыс бетінің қызметін үш Т образды паздар орындалған үстел 7 атқарады. Үстелді қолымен бойлай беру сермерінің 6 көмегімен бағыттауыштарға қарай жылжытады. Үстелдің автоматты беруін жылдамдық пневматикалық жетекті реттейді. Беру механизмі 3 үстелдің автоматты көлденең беруін, қолдың көлденең беруін, үстелдің тездетілген беруін, үстелдің әрбір бойлай жүрісіне ажарлағыш қысқыштың автоматты тік беруін, сонымен бірге ажарлауыш домалақтың тез жылжыуын қамтамасыз етеді. Үстелдің көлденең жылжуын автоматты немесе қолмен реверстеуді көлденең реверстің тетігімен, ал үстелдің бойлық реверсін механизммен 4 жүзеге асырады. Үстелдің пазында үстел жүрісінің ұзындығын реттей отырып жылжытуға болатын тіреулер орнатылған.

4.8-сурет. Жазық ажарлауыш білдек:

1 - СОЖ беруге арналған құрылғы; 2 - тұғыр; 3 - беру механизмі; 4 – бойлай беру тетігі; 5 - құралкүймешік; 6 - бойлай берудің сермері; 7 - үстел; 8 - ажарлауыш домалақ; 9 - қаптама; 10 - бағана Дайындамаларды орнықтыру және бекіту негізінен (магниттік материалдар үшін) магниттік және (магнитсіз материалдар үшін) вакуумдық тақталардың көмегімен жүзеге асады. Ажарлау кезіндегі кесу режимдері ажарлауыш шарықтың жылдамдығымен (υкр), дайындаманың орын ауыстыру жылдамдығымен (υзаг), беру (S) және кесу тереңдігімен (t) сипатталады.

Ажарлауыш домалақтың жылдамдығы оның диаметріне және білдектің мүмкіндіктеріне (шпиндельдің айналыс жиілігі) байланысты болады, секундына метрмен өлшенеді (м/с) (ажарлау кезінде домалақтың жылдамдығы өзгермейді).

Дайындаманың жылжу жылдамдығы үстелдің бойлай ауысуының жылдамдығымен сәйкеседі. Аталған жылдамдықтың көбеюімен өңдеудің өнімділігі де артады.

Беру көбейсе де өңдеудің өнімділігі жоғарылайды, бірақ мұнымен бірге өңделетін беттің кедір-бұдырлығы және домалақтың тозуы артады.

Кесу тереңдігін өңделетін беттің кедір-бұдырлығына қойылатын талаптарға байланысты таңдайды. Сондай-ақ ол да домалақтың түрпілі материалының түйіршіктілігіне және негізгі қозғалыстың жетегіне байланысты болады.

4.3. Тәжірибе жұмысы Ажарлауыш білдекті баптау

Жұмыстың мақсаты: дайындамаға ажарлау әдісімен өңделуші бетке берілетін геометриялық өлшемдерді, пішінді және кедір-бұдырлылықты беру

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Дайындамаларды бекіту

№ 2 нұсқамалық карта. Тегіс беттерді өңдеу

1. Дайындаманы білдектің үстеліне орнатыңыз және бекітіңіз. 2. Гидравликалық жетекті және бойлай беруді қосыңыз, тіректерді жылжыта отырып, жүрістің ұзындығын үстелдің шеткі сол және оң қалыптарында домалақ өңделуші дайындаманың сыртынан 20-30 мм шығып тұратындай етіп реттеңіз. 3. Білдекті көлденең беру үшін баптаңыз: 4. Тік беру лимбісінің бойымен қажетті кесу тереңдігін қойыңыз және шпиндельдің айналуын және автоматты түрдегі бойлай және көлденең беруді қосып, жазық бетті ажарлатыңыз. 5. Көлденең және бойлай беруді, шпиндельдің айналуын және магниттік тақтаның қуат көзін өшіріңіз. 6. Дайындаманы шешіп алып, өңдеудің сапасын тексеріңіз.

4.4. Көлденең сүргілеу білдектерінде өңдеу

Көлденең сүргілеу білдегі (4.9-сурет) ықшамдалған дайындамаларды өңдеуге арналған. Білдектің негізгі торабы құралкүймешігі 8 бар, жоғарғы көлбеу бағыттауышта сырғақ 13 қозғалып, жылжитын тұғыр болып табылады. Тұғырдың тік бағыттауыштары бойымен сырғаққа қатысты оңға және солға жылжи алатын үстел 5 орналасқан, көлбеу бағыттауыштары бар маңдайша 6 жүреді.

4.9 -сурет. Көлденең-сүргілеу білдегі:

1, 3, 4, 9 —12, 16 — басқару тұтқалары; 2 — сырғақ жүрісінің ұзындығын реттеу білігі; 5 —үстел; 6 — арқалық; 7 — кескі ұстағыш; 8 — құралкүймешік 13 — сырғақ; 14 — негізгі қозғалыс жетегі; 15 — басқару пульті; 17 — тұғыр Қаттылықты арттыру үшін үстелді діңгек ұстап тұрады. Үстелдің тік және көлбеу беттеріне технологиялық жарақ немесе дайындамаларды орнатып, бекіту үшін қызмет ететін Т-тәрізді паздар қойылған. Сүргілеу кескішті (4.10-сурет) қосымша аспаптарсыз білдектің кескі ұстағышына бекітеді. Дайындамаларды бекітуге арналған аспаптарды көлденең-сүргілеу білдектерінде дайындамалар үстелдің бетіне бекітіле алмаған жағдайларда қолданады. Әдетте ережеге сай стандартты аспаптар - машиналы қысқыш, магниттік немесе вакуумдық тақталарды қолданады. Сүргілеу кезіндегі кесу режимдері кесу жылдамдығы (υ), беру (S2x) және кесу тереңдігімен анықталады.

Кесу жылдамдығы минутына метрмен өлшенеді (м/мин). Білдектіңбаптауыкесу жылдамдығымен емес, минутына қос қадам жасау санымен жүзеге асырылады және өңделетін материалдың қаттылығы, құрал материалының беріктілігі және білдек – аспап – құрал – дайындама өңделуші жүйесінің қатаңдығымен шектеледі.

Беру үстелдің бір қос қадамына миллиметрмен(мм/2х) анықталады. Оның шамасы өңделетін дайын-даманың материалына, құрал материалына және өңдеу сапасына қойылатын талаптарға тәуелді болады.

Кесу тереңдігі білдектің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырылып таңдалады, бастапқы өңдеу үшін – 1-2 мм шегінде, ал қосымша өңдеу үшін 0,1 - 0, 2 мм шегінде.

Кесу режімдерінен басқа кесу шамасын (кері жүрісінде кескіш дайындамадан шегінетін қашықтық) және жүріп өту шамасын (жұмыстық жүрістің соңында өңделетін дайындаманың сыртына кескіштің шығу қашықтығы) дұрыс таңдау өте маңызды. Кесу және жүріп өту шамасы кескіш бастиегінің 2/3 биіктігінен аспауы тиіс.

4.4. Тәжірибе жұмысы

Көлденең-сүргілеу білдегін баптау

Жұмыстың мақсаты: сүргілеу әдісі арқылы дайындамаға таңдалған гео- метриялық өлшемдер мен пішіндерді беру.

Жұмысты орындау тәртібі

№ 1 нұсқамалық карта. Тегіс беттерді өңдеу

1. Дайындаманы тура білдек үстеліне немесе аспапқа орнатыңыз. 2. Кескішті кескі ұстағышқа бекітіңіз. 3. Сырғақты бастапқы қалыпқа келтіріңіз (4.9-суретті қараңыз): 4. «Қосу» түймесін басып, білдектің электр қозғалтқышын қосыңыз. 5. Білікті 2 айналдыра отырып, сырғақтың жүріс ұзындығын реттеңіз. 6. Тұтқаны 1 айналдырып, сырғақтың қос жүрісінің таңдалған жиілігін баптаңыз және 16-тұтқамен үстелдің көлденең беруін қойыңыз. 7. Білдекті таңдалған кесу тереңдігіне баптаңыз: 8. Білдектің басты жетегін қосыңыз және дайындама бетінің сүргілеуін жасаңыз. 9. Дайындаманы үстелден түсіріп, өңдеудің сапасын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары

Құрал немесе дайындаманың бірдей айналдыру жиілігінде дайындама немесе құрал диаметрі өзгергенде кесу жылдамдығы неге өзгереді? Кесу жылдамдығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін олардың диаметрін кішірейту және үлкейту кезінде дайындама немесе құралдың айналыс жиілігі қалай өзгеруі керек? Егер кесу жылдамдығы 25м/мин құраса, бұрғының диаметрі 20м цилиндрлік тесікті бұрғымен өңдеу кезінде шпиндельдің айналыс жиілігі қандай болуы керек? Егер шпинделдің айналу жиілігі 630 мин-1 болса, онда диаметрі 40 мм цилиндрлік дайындаманы қайрау кезінде оның жылдамдығы қандай?

Белгілеу кезінде дайындаманың орналасу жері неге байланысты болады? Белгілеу кезінде қандай жағдайда координаттық-белгілеме машина- ларын қолданады?

Белгілеу кезінде бояу құрамы неге байланысты болып келеді?
Беттік белгіге қалай дайындайды?

Неліктен құралды қайрау бұрышы өңделетін материалдың қаттылығы жоғарылаған сайын үлкейеді?

Неліктен шабуға арналған құралдың бөлігін термоөңдеуге жібереді? Плитада табақ материалды шабу кезінде неліктен құралдың кесетін жиегін радиус бойынша орындау қажет? Түзету кезінде неліктен текше шаппалы емес, домалақ басты шаппалы балғаны қолдану керек?

Қандай жағдайларда жұмсақ кірдірмесі бар балғаларды қолданады? өңделген бөлшектерді түзету кезінде неліктен жұмсақ төсеніштерді жұмсақ материалдардан қолдану керек?

Қандай жағдайларда рихтолық балғаларды қолданады?

Майыстыру үшін қандай құралдарды қолданады және олардың конструкциясы неге байланысты?

Майыстыру кезінде кесуге қалай күш түсіреді?

Неліктен қол араны қолдану кезінде кесу процесінде кем дегенде үш тісшенің қолданылғанын қадағалау қажет? Құбырды құбыркескішпен кесу кезінде кесу аймағына жүргізетін май қандай рөл атқарады?

Жылжымалы ара білдектің бүтін білдектен қандай айырмашылығы бар?
Егеуішті таңдауда өңделетін дайындаманың қандай шамаларын ескеру қажет?
өңделген беттің сапасы егеуіш кертігінің нөміріне қалай тәуелді?
Бүгілген беттерді өңдеуде егеуішті қалай таңдайды?

Бұрғының қайрау бұрыштарын таңдау неге байланысты?

Неліктен саңылауларды қолмен жазуды жазғышты сағат тілі бойынша айналдыру арқылы жүзеге асырады? Саңылауларды өңдеу кезінде стационарлық құрылғыны қолданудың қол аспаптарын қолданудан қандай артықшылықтары бар?

Саңылауларды өңдеу кезінде кесу жылдамдығы неге тәуелді болады?
Бұранда кесу құралының жиегі қалай түзіледі?

Бұранданы кесу кезінде ЖСС-ны қандай мақсатта қолданады және оны таңдау неге байланысты?

Арамен кесудің аса қиюластырудан негізгі айырмашылығы қандай?
Неге аса қиюластыру кезінде бірінші ойманы, сосын қосымшасын өңдейді?
Қыруды қандай мақсаттарда қолданады?
Шабердің конструкциясын таңдау неге байланысты болады?

Беттік қыруға қалай дайындайды?
Қандай тәсілдер қыруды анықтауға мүмкіндік береді?
Ысқылаудан жетілдірудің айырмашылығы қандай?

Ысқылау мен жетілдіру үшін түйірлі түрпітасты материалды таңдау неге байланысты болады?

Ысқылау және жетілдіру кезінде неге майды қолдану қажет?

Ысқылау және жетілдіруге арналған түрпітасты материалды таңдау немен байланысты?

Орталықтардың жолақтарына қатынаста бұранда биіктігі қалай орналасуы қажет?
Баспалдақты цилиндрлік бетті қандай дәйектілікте өңдеу қажет?
Сыртқы конус тәрізді бетті қалай өңдейді?
Токарьлық білдекте бұранданы қалай кеседі?

Токарьлық білдекте саңылауды қалай бұрғылайды?

Неге токарьлық өңдеуде беруді айналымына миллиметрмен (мм/айн), ал фрезерлеуде минутына метрмен (м/мин) өлшейді? Фрезерлік білдектерде өңдеу кезінде қандай жағдайларда көлденең беруді пайдаланбайды?

Минутты беру фрездің айналу жиілігіне қандай қатысы бар?

Неге түйірлі түрпітасты материалдың ұлғаюымен өңделген беттің кедір-бұдырлығы артып, өңдеу дәлдігі төмендейді? Неліктен ажарлау білдегінің үстеліне магнитті плитаны орнатқаннан кейін оны ажарлау қажет?

Ажарлау кезінде өңдеу режимдерін таңдауға қандай факторлар әсерін тигізеді?
Неліктен басы бүгілген сүргілеу бұрандаларын қолдану анағұрлым тиімді?

Оның жұмыс бөлігіне сүргілеу бұрандасы мен материалдың конструк- циясын таңдауда қандай факторлар әсерін тигізеді?

Қандай слесарьлық өңдеу түрлерін сүргілеумен алмастыруға болады?

Мазмұны

Оқырманға…………………………………………………………….3

1-тарау. Кесу теориясының негізі……………………….……..4

1.1. Кесу процесі туралы негізгі мағлұматтар…………………..4

1.2. Кесу элементтері………………………………………………..5

1.3. Кесілетін қабаттың элементтері……………………………...6

2-тарау. Өлшемдік слесарьлық өңдеу…………………………7

2.1. Жұмыс орнын ұйымдастыру………………………………….7

2.2. Слесарьлық өңдеудің дайындық жұмыстары……………..9

2.3. Беттерді егеу……………………………………………………27

2.4. Саңылауларды өңдеу………………………………………….31

2.5. Бұранданы ою………………………………………………….39

3-тарау. Слесарьлық өңдеудің қиюластыру операциялары……………………………………………………..45

3.1. Егеу және тығыз қиюластыру………………………………..45

3.2. Қыру……………………………………………………………..46

3.3. Ысқылау және жетілдіру……………………………………..51

4-тарау. Металл кесетін білдектерде өңдеу………………..55

4.1. Токарьлық білдектер және онда орындалатын жұмыстар……………………………………………………………55

4.2. Консолдық-фрезерлік білдектер және оларда жасалатын жұмыстар…………………………………………………………….63

4.3 Жазық ажарлауыш білдектерде өңдеу……………………..70

4.4. Көлденең сүргілеу білдектерінде өңдеу……………………73

Бақылау сұрақтары………………………………………………...77

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙