TELEGEI

Home

Үш қу

Ертегілер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Үш қу

Ескі заманнан ауызша айтылып, ауызша тарап бізге жеткен тұрмыс-салт ертегілерінде соңғы кезге дейінгі халық тұрмысының әр алуан қыры, дүниетанымы, көзқарасы, арман-мүддесі қоспасыз, бояусыз, таза қалпында бейнеленеді. Әр дәуір жағдайларына қарай өзгертіп, шыңдалып жетілдіріліп отырған тұрмыс-салт...

Үш қу Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп бәс қояды. Қайсымыз уәде бұзсак, ат-тонымыз олжа болсын дейді. «Мақұл» десіп жүріп кетеді. Бір жерге келгенде көзі ауырған шыдамайды, бір қулық ойлайды. Жолдастарына айтады: «Мен жасымнан мерген едім, оң жағымнан келсе де, сол жағымнан келсе де атып түсіруші ем», – деп бір қолын кезеп, бір қолымен көзін сипап-сипап алыпты. Мұны көріп таз айтады: «Мен де жас шағымда әбден мырза едім, ауылдың мына жағына келсем бөркімді былай киюші ем, ана жағына келсем былай киюші ем», – деп еркінше басын екі қайта қасып алыпты. Сонда тұрып жалақ айтады: «Екеуіңдікі де өтірік», – деп ернін еркінше жалап алыпты. Бірінікін-бірі білмейді, өздерінің қулықтарын өздері біліп кете берген екен дейді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙