Арғымаққа оқ тиді
Доспамбет жырау
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
20 px
1.85
0.30 px
0.95 em
Доспамбет жырау - «Арғымаққа оқ тиді»
Арғымаққа оқ тиді
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние – ай!
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Мен ақ сұңқардан туған қудаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тигенде,
Шаппай не ғып шыдаймын
Түбін қазған мен бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру