Бабалар сөзі 93 том
Әлбеков Тоқтар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 93-томына магиялық фольклордың бәдік, бақсы сарыны, алғыс, қарғыс, бата, тыйым, арбау, жалбарыну, құрт көшіру, жын шақыру сияқты жанрлық түрлері енді.
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
4УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Алпысбаева Қ., Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Тойшанұлы А. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Оралбек А. Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013. Т. 93: Магиялық фольклор.—432 бет. ІSBN 978-601-292-742-9 «Бабалар сөзі» сериясының 93-томына магиялық фольклордың бәдік, бақсы сарыны, алғыс, қарғыс, бата, тыйым, арбау, жалбарыну, құрт кө шіру, жын шақыру сияқты жанрлық түрлері енді. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-742-9 (т. 93) © Әдебиет және өнер институты, 2013 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан бір
томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді
саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен
мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арналды.
Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни
дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,
«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес то
мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольк
лордың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк
лорының»,
«Қазақ
мифтерінің»,
«Моңғолиядағы
қазақ
фольклорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың»,
«Аңыздық шежірелердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік
және мысалдардың»—бір-бір томы баспаға дайындалып, ба
сылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы
қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольк
лорлық мұралары қамтылды.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен, сана-сенімімен,
болмыс-тіршілігімен, рухани табиғатымен бірге жасап, біте
қайнасып, тек ХХ ғасырдың екінші ширегінен біртіндеп ұмы
тыла бастаған көне жанрлардың бірі—магиялық фольклор.
Халықтың магиялық сипаттағы бұл туындылары—халық
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
құндылықтарының аса қызғылықты, танымдық, тәрбиелік
маңызы өте зор бөлігі. Оларды өзіндік саз-әуені, поэтикалық
формасы мен көркемдік сипаты, мазмұндық ерекшеліктеріне
қарай алғыс, қарғыс, бата, түс жору, тыйым, дұға оқу, арбау,
жалбарыну, бақсы сарыны, дуалау, бал ашу, ұшықтау, аластау,
құрт көшіру, жын шақыру т.б. деп жүйелеуге болады.
Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына
табынып, оны жұмбақ дүние ретінде сезінетін халықтың на
ным-сенімінен туындаған өлең, жырлар кеңестік кедергілерге
қарамастан көптеп сақталған. Адам мен малдың көбеюі,
олардың ауруға шалдығуы мен ауырғандар мен соғыс кезінде
жараланғандарды емдеу нәтижесінде практикалық емдеу ісі
пайда болды. Мәселен, бақсылар сарынының негізгі мақса
ты—түрлі сырқаттарды дауалау, емдеу. Қобыз сазы мен сөз
құдіретінің үндесуі—бақсының емдеу құралы болып саналса,
арбауда сөз бен іс-әрекеттің арақатынасы зор рөл атқарады. Ал
көшпелі қазақтың сан ғасырлық емшілік кәсібінен туындаған
бәдік жырларының ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіне дейінгі
өмірлік мәні өте зор болғаны баршаға мәлім.
«Бабалар сөзі» жүз томдық сериясының кезекті 93-томына
халық арасына жиналған, сондай-ақ түрлі жинақтарда, басы
лымдар беттерінде жарияланған 30-ға жуық бәдік өлеңдердің,
56 арбау жырларының, 46 бақсы сарындарының, 260-тан астам
бата мен алғыс, 156 қарғыс, 590-ға жуық тыйым сөздердің мә
тіндері мен олардың нұсқалары енгізілді. Олардың басым көп
шілігі ҚР БҒМ ОҒК мен ӘӨИ-дің сирек қорларында сақтал
ған қолжазба мұралардың негізінде дайындалды. Сондай-ақ
Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан көлемінде ұйымдас
тырылған фольклорлық-этнографиялық экспедициялардың
барысында жиналған материалдар қамтылды. Атап айтқанда,
профессорлар
Қ.Саттаров,
Б.Рахымов
жетекшілік
еткен
Низами атындағы Ташкенттің Халықтар Достығы Орденді
Мемлекеттік педагогика институты мен Е.Букетов Қараған
ды мемлекеттік университеті ұйымдастырған экспедициялар
мүшелерінің ел ішінен жинаған, жазып алған мәтіндері том
ның дайындалуына септігін тигізді. Сонымен бірге томда
қамтылған мәтіндер В.В.Радлов, Н.Н.Пантусов, Ә.Диваев,
І.Жансүгіров, М.Тілеужанов, М.Ғұмарова, Т.Сыдықов, Е.Тұр
сынов т.б. ғалымдардың әр жылдары ел арасынан жинап,
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
хатқа түсірген материалдарынан, сонымен бірге М. Хакімжа
нова, Б. Жақыпбаев Ф. Ғабитова, С. Жақыпов, Е. Құлпейісов,
Б. Шертаев, С. Қолшабеков сияқты ондаған жинаушылар тап
сырған қолжазбалардан алынды. Томды баспаға дайындау
барысында Ә. Диваевтың «Тарту» (1923), Ж. Дәуренбеков пен
Е. Тұрсыновтың «Қазақ бақсы-балгерлері» (1993), Б.Абыл
қасымовтың «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004),
ҚХР-дың ШУАР өлкесінде жарық көрген «Текес ауданы
ның халық өлең-жырлары» (1992) жинақтарында, Қазан төң
керісіне дейін жарық көрген «Образцы. Киргизской народной
литературы» (1909), «Демонологические рассказы киргизов.
Записки Императорского русского географического общества по
отделению этнографии. (1888), «Известия общества археологии,
истории и этнографии при Казанском университете» (1899)
басылымдарында жарияланған мәтіндер пайдаланылды. Осы
көрсетілген басылымдарда жарияланған туындылардың сирек
қорларда қолжазба нұсқалары сақталған жағдайда, мәтіндер
өзара салыстырылып, алғашқы нұсқасы басылымға жіберілді.
Өкінішке орай, ант, дуалау, ұшықтау, аластау, бал ашу т.б.
жанрлық түрлердің қолжазба мәтіндері сақталмағандықтан,
оларды түгел қамту мүмкін болмады.
Көптомдықтың принциптеріне сай беріліп отырған мәтін
дер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим
санымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмірлен
ді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді жа
зып алушылар мен жариялаушылар және басылымдар, рулар
туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсінік
теме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тари
хи тұлғалар мен діни есімдер туралы деректер, пайдаланыл
ған әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде
жазылған түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
Халқымыздың балқаймақ, інжу-маржан сөз өнері—батыр
лық жырлары мен дастандары, ертегілері мен аңыздары,
шешендік және ғұрыптық жәдігерліктері, мақалдары мен
мәтелдері, жұмбақтары мен нақылдары, өлеңдері мен толғау
лары—ғасырдан ғасырға ұласып, атадан балаға мирас болып,
бүгінге жетті. Қара тасты да мүжіп, ерітіп жіберетін уақыт
пен кеңістік атты мәңгілік өлшемдер бұдан да жүз жыл, мың
жыл бұрынғы өнер дүниесін де қырық құбылтып, тоқсан түр
лентіп әкелуі хақ. Сондықтан да қолына қалам ұстап, ата
мұраға үңілмек болған әрбір талапкер кешегі мен бүгінгіні
сабақтастыратын да, айыратын да алып меже барын бір сәт
естен шығармауы керек. Ол не? Ол—тарихилық принципі.
Қазақ магиялық фольклорына қатысты поэзия жанрлары
халықтың қарапайым тіршілігінің, күнделікті күйбеңінің,
өмір үшін күресінің тынысын ашады. Мұнда әлеуметтік тарих
тан гөрі халықтық тұрмыс пен халықтық сананың суреті әл
деқайда басым.
Көне наным-сенімдерге қатысты қазақ поэзиясының бол
мысқа қатысын білу үшін оның ішкі сыры мен сыртқы тұр
патына зер салу қажет, жанрлар табиғатына үңіле отырып,
мұндағы заңдылықтардың бағыт-бағдарын айқындау керек,
бір сөзбен айтқанда, көне наным-сенімдерге қатысты поэзия
ауқымын анықтайтын сұрақтарға жауап іздеу міндет.
Арбау. Арбау тарихи тұрғыдан алғанда магияға жатады.
Магия дегеніміз—адамға, жануарға, затқа немесе бір құбы
лысқа т.б. дүниеге әсер ету үшін қолданылатын ғұрыптар мен
сөздердің құдіретіне сену.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Магия да—болмыстан тысқары күшке сенудің бір түрі, бірақ діни сенімдерден айырмашылығы—белгілі бір ғұрыптарды орындау арқылы жанды-жансыз заттарға, құбылысқа адамның өз күшімен-ақ тікелей әсер етуге болады деп табылады. Осы типологиялық әмбебап заңдылық қазақ тұрмысынан да анық көрінеді. Халық арбау сөзін үнемі қолдана бермеген. Тіс еміне жүре тін арбаулар кейде жай ғана құрт шақыру деп аталған. Ахмет Байтұрсыновтың қалып сөзіне қосатын «құрт шақыруың да осы құрт шақыру, яки тіс еміне қолданатын арбау. Сол сияқты «сөз» термині де арбау орнында жүре берген. Тісті құрт жейді деген ұғым дүниежүзі халықтарының көбінде-ақ кездеседі1. Құртты орналасқан жерінен шақырып алса, қуып түссе, не өлтірсе, тіс жазылып кетеді деген сенім арбаудың магиялық күшін үстемелей түскен. Арбаушылар улы жәндіктерді әртүрлі шөп аттарымен (ады распан, алабота, жалбыз, кекіре т.б.) де, мал аттарымен (қой, қозы, түйе, сиыр т.б.) де үрейлендіреді. Жалпы, ғұрыптық фольклорда, соның ішінде арбау құры лымында «түсініксіз сөздер» үлкен рөл атқарады. Б.Уахатов «түсініксіз, жұмбақ сөздерді неғұрлым көбірек қолданса, жы лан, шаянның есін солғұрлым тез алып, тез өлтіруге болады»,— деген халық сенімін айта келіп: Мары, мары, мары жылан, Ұзын, ұзын, ұзын жылан. Ұзын шашы келте жылан Марқары, сарқары,— дегендегі «мары» сөзі бүкіл Шығыс елдеріне белгілі болған жылан патшасы Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды2. Жоқ, Шах-Маран емес. Мары—парсы тілінде жылан деген сөз. Дауысты дыбыстарға толы түсініксіз сөз араласқан, сондықтан да естір құлаққа әсерлі, сазды «Мары, мары, мары жылан» тіркесі қазақ тілінде «Жылан, жылан, жылан, жылан» болып қана шығар еді. 1 Ветухов А. Заговоры, заклинания, обереги и др. виды народного врачева ния, основанные на веру в силу слова.—Варшава, 1907. Вып. 2. —С. 253-254. 2 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері.—Алматы, 1974. —158-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Толып жатқан сөздерді айтып отырғанда, бірі әлгі жылан ның аты болып шықса, жылан жеңіліп, уыты өзіне жайылып, өледі. Шағылған адам, яки мал оңалады деп сенген. Бұл жыр лар қысқа-қысқа тақпақ тәрізді болады. Ұзақ болса, ылғи «жат» сөздерден құралған жырды жатқа алу, жатқа қайта-қайта оқу қиын болар еді3. Бұған не қосуға болады? Біріншіден, «жат сөздер» улы жәндіктерге қатысты ғана емес, жалпы арбау атаулыға, оның ішінде өзге халықтардың арбауына да тән әрі техникалық, әрі көркем әдіс. Екіншіден, арбаулар ылғи ғана жат сөзден құралмайды. Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің өзі жариялаған «Бүйі шаққандағы арбауда» бірде-бір түсініксіз сөз жоқ. Тағы бірнеше мәселе туындайды: арбау айтыла ма, әлде оқыла ма? Арбаудың көлемі қысқа-қысқа тақпақ тәрізді ғана бола ма? Арбауды айту, әлде оқу кезінде қандай іс-әрекеттер қатар жүреді? Орыс фольклорында арбаудың айтылатын (ауызша) да, оқылатын (жазбаша) да түрлері болған4. Бұл күнге дейінгі тас қа басылған деректерде қазақ арбауларының жазба түрі жөнін де мәлімет жоқ. Арбаудың ауызша туып, ауызша өмір сүргені, ауызша тарағаны анық. Арбаудағы сөз бен іс-әрекеттің арақатысына келгенде, Н.Познанскийден аттап өтуге болмас. Әйгілі зерттеушінің пі кірінше, арбаудың түптамыры ғұрыптан бастау алады, бі рақ уақыт өте келе сөз өзінің ғұрыптық негізінен ажырап, магиялық күшке ие болады5. «Н.Познанскийдің көзқарасына қарамастан,—дейді жиырмасыншы жылдардағы еңбек авторы В.П.Петров,—сөз бен іс-әрекеттің белгілі бір практикалық мақсатқа жетудің әдісі ретіндегі қызметтері бірдей әрі тепетең»6. В.Петров пікірінің жаны бар. Араға жарты ғасырдан астам уақыт салып жазылған арнайы мақалада да осыған ұқсас қорытынды жасалған: «Таза, бірыңғай «сөзден» ғана тұратын 3 Сейфуллин С. Шығармалары.—Алматы, 1964. 6-т. —172-б. 4 Власова З.Н. К изучению поэтики устных заговоров // Русский фольк лор.—Л., 1972. Вып. XІІІ. —С. 194-201. 5 Познанский Н. Заговоры.—Пг., 1917. —С. 158. 6 Петров В. Заговоры // Из истории русской советской фольклористики.—Л., 1981. —С. 85.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР арбау болмайды, әдетте «сөз» белгілі бір магиялық іс-әрекетпен қабыса жүреді»7. Расында да, сөз бен іс-әрекеттің бөлуге келмейтін синкретті құбылыс екенін, екеуінің магиялық күші егіз қолданылаты нын қазақ арбауларынан да байқаймыз. Жетісу қазақтары жылан шаққан адамды былай емдеген: алдымен жылан уыты тиген жерді сары, қызыл, жасыл түсті жіптермен байлаған, сосын тостағанға су құйып, оған қойдың құмалағын қосып араластыратын да, арбауды айта жүріп, әлгі суды киіз үйді айнала шашатын8. Азды-көпті деректердің өзінен арбаудың жалаң сөз түрінде емес, белгілі бір іс-әрекет, қимылмен сабақтаса, жұптаса орындалатыны айқын аңғарылады. Арбаудың нақтылы шарт тары орындалмаса, оның күші дарымайды деп саналады: «Әрбір буынды оқығанда дем алу шарт. Егерде буынның арасында, яғни бір буынды оқығанда дем алып қойса, зәр қайтпайды»9. Арбауды неше мәрте қайталау керектігі де шарт етіп қойылады: қырық бір, жеті, үш т.б. Бірер сөз арбаудың композициялық бітімі туралы. Ол жөнінде жалғыз Б.Уахатов қана пікір білдірген. «Біздіңше,— дейді ғалым,—бұл тектес өлеңдердің құрылысы төрт бөлімнен тұрады деп шамалау қажет. Бірінші—кіріспе, екінші—мақтау, жалынып жалбарыну, үшінші—зеку-қорқыту, төртінші—улы жәндіктердің атын атап, «шық, Тәңірден парман келді» деп, бұйырумен аяқтау»10. Біздіңше, мақтау, қорқыту, бұйыру, өтіну, жалыну, жал барыну дегендеріміздің барлығы да сарынға (мотивке) жатады. Арбау ішінде олардың үнемі қатарласа жүруі міндет емес, бірі болса, екіншісінің қалыс қалуы әбден ықтимал. Арбау құрт шақыру, жылан, шаян уларын қайтарумен ғана шектелмейді. Арбау табиғат құбылыстарына әсер ету мақса тында да қолданылады. Мәселен, күн жайлату, бұлт шақыру, жаңбыр шақыру, жел шақыру дегендеріміздің барлығы да арбауға жатады. 7 Дмитриева С.И. Слово и обряд в Мезенских заговорах // Обряды и обрядо вый фольклор.—М., 1982. С. 37. 8 Краснов А.Н. Очерк быта семиреченских киргиз // Известия Императорско го русского географического общества.—СПб., 1887. Т. XXІІІ. Вып. 4. –С. 467. 9 ОҒК қолжазба қоры. 1092-бума, 11-дәптер. 10 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері.—Алматы, 1974. –155-156-бб.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Жауын шақыру—дүние жүзіне кең тараған магиялық ғұрыптың бірі. Ол терімшілік, аңшылық, балықшылық, бақ ташылық, диқаншылық сияқты шаруашылық түрлерімен ай налысқан тайпалар мен халықтардың арғы-бергі тарихында көп кездеседі. Өйткені адам тіршілігінің ертеңі мен болашағы көп жағдайда тікелей жауын-шашын мөлшеріне тәуелді бол ған. Бұлт пенен жаңбырдың қыратты, жоталы, таулы өңір лерге үйір келетінін адамдар ерте бастан-ақ байқаған, сондай жерлердегі қайнарларды, бұлақтарды, көлшіктерді қадірле ген, қасиет тұтқан, қайсыбір жұрттар киелі санап, табынған. Күн жайлаушылар, нажағай ойнатушылар, жайшылар, яки ауа райына магиялық бақылау жасаушылар да көбінше биік төбелерді мекендеуге тырысатын, сол арадан ауа райына тіке лей әсер ету қолайлырақ деп білген. Ауа райын магиялық әдістермен басқарудың қоғамдық өмірдегі маңыздылығы соншалық—кейбір елдерде, мәселен, Тибетте әрбір ауылдың, қаланың, шіркеудің «маманданған» өз бұршақ тоқтатушысы (сэргагпа), өз жауын шақырушылары (лхава) болған11. Қайнардың көзін аршыса, жауын жауады деп ойлау— гомеопатиялық магияға тән әдет. Қазақтар да өзге жұрттар секілді жауын шақыру ғұрпын өзен-судың бойында өткере тін. Славяндар құдыққа түрлі тағамдарды немесе заттарды тастаса, жауын тез жауады деп білген12. Кавказдық әйелдер соқаға жегіліп, өзеннің кеуіп қалған арнасын жыртқан13. Бұл мысалдарда жердегі су арқылы көктегі бұлтқа әсер ету ниеті айқын сезіледі. Жауын шақыру тілегімен әйелдердің жалаңаштануы, суға шомылуы сияқты әдеттер де кездеседі. Әйел менен жаңбырды байланыстыру—әлем халықтарында кең тараған түсінік. Су дың тәңірі-иесін әйел бейнесінде тану да сол негізде шығуы мүм кін. Оның түп-төркінінде имитациялық магияға тән наным-се німдер жатыр. Қайнардың көзін аршу, құдыққа түрлі нәрселер тастау, өзен маңынан жер жырту салттарынан символикалық белгілер де бой көрсетеді. 11 Календарные обычаи и обряды народов Восточной Азии.—М., 1989. —С. 275. 12 Толстые Н.И. и С.М. Заметки по славянскому язычеству // Славянский и балканский фольклор.—М., 1978. —С. 102. 13 Чурсин Г.Ф. Магия в борьбе с засухой у кавказских народов // Бюллетень Кавказского историко-археологического института в Тифлисе. 1930. № 6. —С. 17.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да типоло гиялық жағынан өте ұқсас: бір топ адам (кейде әйелдер, кейде қыздар, ал кейде әйелдер тобына ер кісілер мен ұл балалар да қатысады) үй-үйді аралап, жауын шақыру өлеңін айтады, әр үйден тиесілі кәдесін, сыйлығын алады (көбінше дәм-тұз, тағам тартылады). Мұндағы ортақ жора және ең негізгі жора—су шашу (қуыршаққа, әйел киіміндегі еркекке). Қазақта жауын ның мол болуын тілеп, танаптан қайтқан егіншілердің үстіне су құятын әдет болған. Ондай рәсімді, негізінен, орта жастағы әйелдер мен жас келіншектер атқаратын14. Сөйтіп, көптеген халықтардың түсінігінде шашылған су менен жаңбыр арасын да магиялық байланыс бар деп есептеледі. Ал қолға қуыршақ (күрек, сыпырғыш) ұстау салтына келетін болсақ, әу баста бұл рөлді тірі адам, адам болғанда әйел адам (қолдағы затқа әйел киімін жабу немесе күрекке әйел бейнесін салу мысалдарын еске түсірелік) атқарғанына күмән жоқ. Қысқасы, ерте замандарда жауын шақыру ғұрпын орын дау кезінде әйел жынысты адамдар құрбандыққа шалынған деп айтуға толық негіз бар. Бұл рәсім әйел мен жаңбырды байланыстыру сенімінің (әйел—өмірдің бастауы, су—жалпы тіршілік бастауы, әйел—жаңбыр) ең соңғы нүктесі немесе ең жоғарғы магиялық шарасы болып табылады. Сөйтіп, біз жауын шақыру ғұрып кешеніндегі құрбандық шалу жорасының орны, мән-мағынасы қандай деген мәселеге келіп тірелдік. Қазақта құрбандыққа адам шалу рәсімінің ізі қалмаса да, тасаттық беріп, мал шалу әдеті күні бүгінге дейін сақталып отыр. Тасаттыққа15 қатысу, оны неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрде өткізу көпшілік тілегінен туындайтын ортақ мүддені білдіреді. Әдетте, оған жас-кәрі, еркек-әйел деп бөлінбей, түгел жиналуға тырысады. Тасаттық құрғақшы лық жылдары беріледі. Құрбандық, әдетте, өзен-сулы жерде 14 Қараңыз: Кармышева Дж. Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования и культы народов Средней Азии.—М., 1986. –С. 61. 15 «Тасаддака» дейтін араб сөзі (қайыр беру) // Қараңыз: Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік.—Алматы, 1984. 1-т. 78-б. Тілімізде со дан туындайтын «садақа» сөзі де бар, бірақ оның қолданылу реті басқаша. Лезгиндерде «садаха» тасаттық беру мағынасында пайдаланылады. Қараңыз: Ганиева А.М. Общность и национальное многообразие дагестанских календар но-обрядовых песен (зимне-весенний цикл) // Календарно-обрядовая поэзия народов Северного Кавказа.—Махачкала, 1988. —С. 21.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР шалынады. Оның себебі аталған рәсімнің су иесіне (су тәңірі не) арналатындығынан болса керек. Малды бауыздау қаны қолма-қол суға ағызылуы (адамды суға ағызу мысалымен салыстырыңыз)—су тәңіріне жасалған аса ірі ілтипат белгісі. Тасаттық зират маңында да беріледі. Ол аруақтар культімен байланысты. Жалпы, құрбандық шалу дәстүрінің шығу тегі адамның еркінен тыс күштерге қатысты екендігі анық байқалады. Көне түркілердің «жер-су» тәңіріне бағыштап, тайы беруі мен бүгін гі қазақтың тасаттығында кейбір пішіндік айырмашылықтар болғанмен, олардың мазмұны біреу-ақ—адам мен табиғаттың үстінен қарайтын күшті разы қылу, сөйтіп, алға қойылған мақсатқа жету. Тасаттық—жауын шақыру ғұрпының ұжымды түрде орындалатын түрі. Қазақ қоғамының өмірінде «арнайы ма мандардың қатысымен жасалатын магиялық жоралар да үл кен орын алып келеді. Ш.Уәлиханов түркілердің жауын ша қыратын яда немесе жада тасы туралы Абылғазы деректерін келтіре отырып, бұл тасты қазақтар жай тасы деп атайтынын, жай тасы арқылы жауын-шашын шақыра алатын қабілеті бар адамдардың ел ішінде көп екенін жазады16. Тасты суға малу немесе тасқа су шашу арқылы жауын ша қыру ғұрпы Еуропа жұрттарында да болғандығы Дж. Фрэзер, Ж.Тэрнер, Л.Штернберг еңбектерінен белгілі. Тасқа су шашу немесе оны суға малудың астарында да гомеопатиялық магия принциптері жатқаны аңғарылады. Бұлт, жаңбыр шақырудағы қайталаулар магиялық жүк арқалап қана қоймайды, сонымен бірге мәтіннің өлеңдік құ рылымына да елеулі түрде араласып, белгілі мөлшерде әсерін тигізеді. Жауын шақырған сөз үлгілері үнемі тирада пішінді келеді, 7-8 буынды жыр өлшеміне құрылады, кейде буын санының асып кету, кем қалу реті де кезігеді. Осы соңғы ерекшелік және синтаксистік параллелизмнің мол қолданылуы жауын шақыру сөздерінің көнелік белгілерін танытады. Құрт шақыру, жылан, бүйі арбауларындағыдай, мұнда да «түсініксіз сөздер» поэти касы елеулі рөл атқарады. Мәселен: 16 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.—Алма-Ата, 1985. Т.4. —С. 59. Бұл туралы кеңірек қараңыз: Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ербек-сербек бай атай,
Еркек қана күрең тай,
Тері тоқым мар тұрғай,
Қай тұрғай17,—
дегеннің лексикалық тұрғыдан жауын шақыруға пәлендей
қатысы болмағанмен, арбаушы (жауын шақырушы) оған ма
гиялық мән береді, бүкіл мәтіннің әсер етушілік күші осы «тү
сініксіз сөздерге» келіп тіреледі. Суға салынған жай тасына
әлгі сөздердің жұмбақ сыры қосылып, аспанға бұлт қаптатып,
нажағай ойнауы керек.
Сонымен, қазақтағы арбау сөздерін айту арқылы жауын
шақыру ғұрпы екі түрлі орындалады:
а) Тасаттық беру арқылы (ұжымды түрде);
ә) Жай тасын қолдану арқылы (дара түрде).
Этнографиялық терминология бойынша табиғаттан тыс
қары күштердің рақымын түсіру ниетінде орындалатын ғұ
рыптар жиынтығы пропицация немесе мейірімдендіру культі
(умилостивительный культ) деп атайды. Тасаттық беру салты
да осы культке қатысты. Оның түпкі негізі мұсылмандықтан
да, шамандықтан да арғы дәуірлердегі анимистік түсініктер
ге алып барады. Ал жай тасы арқылы жауын шақыру магия
лық ғұрыпқа жатады. Қай әдет-ғұрып болса да, бізге өзінің
әу бастағы қалпын сақтап жетпеген. Сондықтан да қазақтың
жауын шақыратын әдет-ғұрып кешенінде көп жағдайда ма
гиялық, анимистік, шамандық және исламдық салттар бас
қосып, қабысып кеткен.
Жалбарыну. Қазақ фольклорында арғы тегі сөз қуатына
сенуден туындағанымен, мақсат-міндеті арбаудан (заговор)
алшақ жатқан бір топ сөз үлгілері бар...
«Қазақ халқы ерте заманда ескі дін бойынша әрбір жан-
жануардың, әр түрлі жақсылық-жамандықтың «иесі» бар деп
қандай сенген болса, ол «иелердің қызыл тілмен алуан-алуан
әсерлі, сырлы сөзбен көндіруге, зиянсыз етуге, тек зиянсыз
етіп қоймай, мейірімді, пайдалы етуге болады деп те сенген.
Бұлардың кейбіреуін ойын-күлкімен, әзіл, тәлкек сөзбен,
кейбіреуін зеку, күш айту жөнімен, енді біреулерін жалыну,
17 Сонда. 80-81-бб.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР тілену жөнімен, көндіруге болады деп сенген»18,—деп жазады ғалым Б.Кенжебаев. Өзінің «Тәңір» атты еңбегінде Шоқан Уәлиханов қазақтар дың жаңа туған айға, ата-бабаның аруағына сыйынып, жа лынатыны туралы былай дейді: «Жаңа туған айды көргенде үш рет тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп, мінажат етеді де, сол мінажат еткен жерден шөп жұлып алып, жанып жатқан отқа тастайды. Аруақ—ата-баба рухы, басқа қиын-қыстау күн түскенде, жан қиналғанда: «Аруақ қолдай гөр, қолтығымнан жебей гөр!»—деп айтады. Аруақтың рухына арнап: ай мүйізді, аша тұяқты сиырды, бозқасқа яки ақсарыбас, бауырсақ тәрізді қос құлағы, екі тісі бар немесе қардай аппақ, қасқа қойды және тұмса малды садақаға сояды»19. Күні бүгінге дейін егде адамдар жаңа туған айды көрсе, соған қарап «Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа!»—деп, еңкейіп, жалынады. ...Тегінде, қазақ фольклортану ғылымында жалбарыну деген термин бұрын болған. Б.Кенжебаев20, М.С.Сильченко21, М.Ғабдуллиндер22 қолданған. Мысалы: бұлт шақыру, күн жайлату, құйынды үйден аулақ қуу кезінде айтатын сөздерді М.Ғабдуллин жалбарынуға жатқызған. Х.Арғынбаев дарым шының жыланды арбауын жалбарыну23 деп атаған. Кейінгі кезде Б.Абылқасымов бұндай сөздерді арбау жанрына енгізген. Алайда, қолда бар мәтіндерге қарағанда, біздің фольклордың құрамында арбаудан басқа жанр бар екені анықталып отыр. Өзінің мазмұны мен айтылу ситуациясына қарай ондай сөздерді жалбарыну деп атауға болады. Сонымен, қарапайым шаруа қандай бір әдет-рәсім, еңбеккәсіп, табиғат құбылысы кезінде соның адамға деген тиімді лігін, шарапатын молайтып, кесапатты аластату мақсатында айтатын магиялық сенімге негізделген ғұрыптық сөз үлгілерін жалбарыну деп атаймыз. 18 Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор.—Алматы, 1948. 1-т. —43-б. 19 Уәлиханов Ш. Таңдамалы.—Алматы, 1985. —154-155-бб. 20 Сонда. 44-б. 21 Қазақ әдебиетінің тарихы.—Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. —105-б. 22 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алматы, 1958. —55-б. 23 Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк.—Алматы, 1969. 167-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Жалбарыну ырымға негізделіп, ғұрыптық іс-әрекет, ар найы әуен-ырғақ, символикалық киелі затпен сүйемелденіп орындалады. Б.Абылқасымов қазақтағы арбау жанрына сырқат пен сиқырлы күштерді аластау, күн жайлату, бұлт шақыру, жаң быр шақыру, жел шақыру рәсімінде айтылатын сөздерді топтаған24. Бажайлап қарасақ, жалбарыну арбау жанрынан мүлде алшақ тұрғаны көрініп тұр. Енді ол екеуінің айырмасына тоқталайық: Ең алдымен айтатын нәрсе: арбау басқа бір объектіге (адам, мал, жәндік т.б.) жұмсала айтылады, ал жалбарынуда адам өзіне мейірім тілеп, өтініш жасайды. Осы ерекшелігі жалбарынуды батадан да бөлектеп тұрады. Сондай-ақ арбауды бақсы, арбаушы, дарымшы, яғни кәсіби мамандар айтады. Ал жалбарынуды аңшы, малшы, диқан, шебер, яғни кез кел ген қарапайым еңбек адамдары айта береді. Ғалымдардың пікірінше, арбауды айтудың арнайы шарты бар. Оны белгілі бір мекенде (мысалы, төрт жолдың торабында), белгілі мезгілде, белгілі бір себепке байланысты ғана айтады. Ал жалбарынуда мұндай арнайы шарт жоқ, оны кез келген қарапайым адам тек өзі атқарғалы жатқан әдет-рәсімді, іс-әрекетті нәтижелі ету немесе адам өз басына жақсылық жасау үшін айтады. Арбау дың діни нанымдық негізі күшті, оны арбаушы арғы әлеммен тілдесу құралы ретінде айтатындықтан, қарапайым адам түсін бейтін құпия сөздері мол, ал, керісінше, жалбарынудың барлық сөздері көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонымен бірге ар бау мен жалбарынудың ұқсас жері екі жанр да магияға сену ден пайда болған, екеуінің де мақсаты игілікке—табысқа жету, яғни құтты молайту, бұл жолдан кесапатты аластау. Жалбарынуды айтушы атқарылғалы жатқан істі ұдайы жаратушының құдіретімен, яки табиғаттың тылсым күшімен байланыстыратыны байқалады. Сондықтан да оның сөзі сырлы, сиқырлы. Жүзеге асқан немесе атқарылғалы жатқан шаруаны тіл-көзден жасырып, басқа рәміздермен алмастырып, далда лау, тасалау, сол арқылы кесірлі рух-иелерді адастыру, алдар қату сарыны бар. Мысал келтірсек, қазақ «мал соймаймыз ба?» 24 Абылқасымов Б. Телқоңыр. Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры.—Алматы, 1993. —54, 58, 69-бб. 2-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР дегенді «тышқан мұрнын қанатпаймыз ба?» деген эвфемизм мен айтады. ...Шаруа тылсым рух-иелерден қорқатындықтан, қойдың атын да атамай, «ай мүйізді, аша тұяқты, жұпар иісті, бауырсақ құлақты» деген әдемі мадақ сөздермен алмастырып, алдарқатады. «Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп, Шопан атадан кешірім сұрап, емеурінмен тілдесіп, мәмілеге келу, өз әрекетінің әділ екендігін, ақ екендігін түсіндіру, ұқтыруға ниет етеді. Сол арқылы мал иесінің қаһарын тоқтатып, ты ныштандырып, рахымына бөленуді көздейді. Одан кейін қой дың басын үйтіп болған соң, жағын айырарда, пышақпен кесу үшін көмейіне қу шөп салып, содан «сені кескен жоқпын, қу шөпті кестім» деген сөзді айтады. Бұлай істегенде пышақтың жүзі алдымен қу шөпке тиеді де, содан кейін көмейді кеседі. Демек, қойдың көмейіне тура пышақ сілтеуден тайсалып, өз ісін бүркемелеп, жасырып, тағы да ие-киелерді алдау, алдарқату, сол арқылы қорғану, нәтижесінде құтты қашырмаудың ама лын жасайды. Тегінде, ежелгі қазақ малдың әрбір мүшесінің жеке жаны бар деп ұққан. Мысалы, қойды бауыздаған кісі оның жүрегін жаруға тиіс емес. Егер бұлай істесе, ол адам екі қойдың қанын мойнына қабат жүктеп, ауыртпалыққа қаладымыс. Көмей болса, малдың маңыраған үнін шығаратын қасиет ті мүшесінің бірі. Демек, оған пышақ жұмсау малдың дауысын өшірумен тең болғандықтан, бақташы кесірден сескеніп, ырым арқылы сақтық амалын жасайды. Моңғолдар ұрғашы қойды сойып жатқанда оның үйін (жатырын) пышақпен кесерде тура біз айтып отырған ырымды орындайды25. Кейде жалбарынудың сөздері қарғысқа да ұқсайды. Мәсе лен, түрік-моңғол халықтары мал далаға түнеп қалса, «қасқыр дың жағын байлау» рәсімін жасайды26. Ол үшін егер үйде бар болса, бөрінің жақ сүйегін, ол болмаса, көбінесе қайшының аузын, кейде тымақтың, немесе дамбалдың сол жақ бауын, баланың жейдесінің жеңін, әйтпегенде, түндіктің алдыңғы бауын шорт байлап: «Түнемедегі маңыраманы аман сақта, Құдайым, ұлыманың аузын будым!»27—деген сөздерді айтатын болған. Бұндай сөздердің басқадай да үлгілері бар. 25 Сампилдэндэв Х. Шившлэг // Монгол ардын аман зохиол.—Ұланбатыр, 1988. —72-б. 26 Сонда. —73, 74-бб. 27 Айтып берген 10.09.1944 жылы туған Тошынбай ұста Қаңбақұлы.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Жалбарыну көбінде тақпақ түрінде болғанымен, кейде драмалық пішіндегі диалог түрінде де кездеседі. Мәселен, ба ланың тіліне теріскен шыққанда екі бала алма-кезек жауап тасып, бірін-бірі емдейді. Тіліне теріскен шыққан бала алдымен «Тіліме теріскен шықты» деп жеті рет айтып, қандай ем керек екендігін сау баладан сұраған сыңай танытады. Ал сау бала жеті рет жиіркенішті жаман заттардың атын зырылдатып айтып, соны жалап емделу керектігін сөз етеді. Мысалы: Сырқат бала:—Тіліме теріскен шықты. Емші бала:—Иттің боғын жала! Сырқат бала:—Тіліме теріскен шықты. Емші бала:—Сиырдың сідігін жала!— деп диалог жалғаса береді де, лас заттардың саны жетіге толғанда, өзі де жиіркеніп, лоқсыған бала «Бұл тілім қайтсем жазылады?» дегенде келесі бала «Жан-жағыңа қарағанша, қарғаның боғын жалағанша» дейді. Сонда сырқат бала «Түй, түй, қайран тілім боқ болды, ұшы қиыры жоқ болды!» деп түкіріп тастайды. Расында, осы ем-домды жасаған соң балалар жазылып кететін-ді.28 Ежелгі түсінік бойынша, теріскен ауруының да иесі бар, демек, ол бұл сөздерде айтылған лас заттардан жиіркеніп, баланың тілінен қашып кетеді деген наным домдауға негіз болған. Емдеу кезінде екі бала жедел жауаптасып, науқас бала шын сескенгенше лас заттарды тізіп, үдетіп, өршітіп, екпіндете айтады. Мұнда заты түгіл аты естілгенде жүректі айнытып, тітіркендіретін жөн-жосықсыз харам нәрселер әдейі термеленеді. Себебі бұндай сұмдықты естісімен тілге шыққан теріскен зәресі ұшып, безіп, жоғалуы керек. Сонымен бірге домдауда баланы қасақана сескендіріп, психологиялық тұрғыдан емдеу шарасы да жатқаны айқын. Жалбарыну кейде осылайша халық емшілігімен ұштасып та жатады. Мәселен, әйелдің толғағы ауыр болғанда шипагер әже «Менің қолым емес, Бибі Бәтима,Ұмай ана қолы. Қой толғағың ды емес, оң толғағыңды бер!» деп айтып, ананың қарынына ағаш табақты төңкеріп, оңнан солға қарай айналдырып домдайды29. 28 20.04.2003 жылы 1927 жылы туған Оразхан Бітеубайқызынан жазып алдық. 29 2005 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Моңғолия қазақтары арасында жүргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясын да 1928 жылы туған Қафуза Болатқызы айтып берген мәлімет. Экспедиция мүшелері: Ә. Нұрбаев пен А. Тойшанұлы.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Бұнда жалбарыну ырыми әрекет, символикалық киелі затпен сүйемелденгенін байқаймыз. Талай рет ақсарбастың басы мен жамбасы тартылып, дастарқанның құтына айналған ағаш та бақты бекершілікте төңкеруге тыйым салынады. Емдеу кезін де оны төңкеріп отыр. Себебі төңкерілген табақтың ішіндегі ас төгілетіндей нәрестенің де сыртқа ақтарылып, тез шығуына ишара жасалады. «Қой толғағыңды емес, оң толғағыңды бер» деген сөздің мәнісін айтсақ, малдың ішінде қойдың толғағы ең ауыр болады да, жылқынікі тез екен. Сондықтан қазақ осы сөздерді айтып, толғатқан әйел екі қолымен ұстап, аспақталу үшін оң жаққа аттың шылбырын керіп, жүгенін іліп қоятын болған. Жылқыны пішкенде де айтылатын сөздер емдеу-домдау мақсатында қолданылады. Халық «жылқыны пішеміз» деп айтуға тыйым салып, оны «сұлулаймыз» деген сөзбен алмас тырып атайды. Жылқыны жығардың алдында пішпеші «Мамықтан жеңіл, оқтан жүйрік бол»30 деп, мінәжат етеді. Ал пішіп болған соң аяғын әбден босатып, басындағы ноқтажүгенін түгелдей шешіп ап (пішілген жылқының денесінде жіп-арқан тақілетті нәрселерден ештеңе қалуы тиіс емес) тұрғызғанда көпшілік «Тезекте кезек жоқ, тезекте кезек жоқ, жүйрік бол!» деп, артынан аттың құмалағымен атқылайды31. Бұл рәсімде де жалбарыну рәміздік затпен, ырыми әрекетпен сабақтасқаны байқалады. Жалбарыну үнемі осылайша қандай бір істің сәтімен жүзеге асуына қосалқы көмек шарасы ретінде орындалады. Кейде жалбарыну табиғат құбылыстарына бағышталады. Мысалы, күн алғаш күркірегенде, отанасы шөмішке сүт құйып береді де, балалар үйді айнала жүгіріп: «Сүт көп, көмір аз» деп, дөдегені қағады. Моңғолдар да алғаш нажағай ойнағанда осыған ұқсас ырым жасап, үйде отырған жандар ыдыста қал ған сүтті бөлісіп, ауыз тиетін болған32. Тувалықтар үйді күннің бағытымен үш рет айналып: 30 Моңғолдар осы сөзді қозы-лақты пішкенде айтады. Қараңыз: Сампилдэн дэв Х. Шившлэг // Монгол ардын аман зохиол.—Ұланбатыр, 1988. —69-б. 31 Шабдан А. Қазақтың ата малды пішу, қозы-лақты тарту дәстүрлі әдістері.— Өлгий, 1995. Қолжазба. 15-16-б. 32 Содном Б. Монголын шившлэг // Аман зохиол судлал.—Ұланбатыр, 1967. —57-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жыл басы келді, хайыракан,
Жылан басы түледі, хайыракан.
Ақ тағам мол болсын, хайыракан,
Ақ сүт бозасы дәмді болсын, хайыракан.—
дейтін33.
Қыстан қысылып шыққан бақташы халық көктемнің келуін
жақсылыққа балаған. Ал алғашқы күннің күркіреуі жайда
ры жаздың белгісі саналады. Сондықтан мал көкке тойып, сүт
мол болсын деген ниетпен үйді айналдыра ақ шашып, тылсым
иелерден мейір тілейді. «Сүт көп» деген сөз осындай ишараны
меңзесе, «көмір аз» дегені—найзағайдың зауалынан қорғануы.
Халық найзағайды Тәңірдің сайтанды ататын оғы деп түсінеді.
Күн күркірегенде сайтан қашып келіп, адамға паналайды
да, содан бейкүнә жанға жай түседі деседі. Мінеки, осындай
себептерге байланысты алдын ала жайдың отынан сақтанып,
«көмір аз» деп, мінәжат етеді.
Қолдағы бар материалдарды саралағанда, жалбарыну (зак
линание) қарапайым тілек (приговорки) пен күрделі арбаудың
(заговор) ортасында тұрған жанр екендігі аңғарылады. Онда
сөз іс-әрекетпен, магиялық затпен, драмалық талас-тартыс
пен ұштасып орындалады екен. Тілек-батаны немесе арбауды
орындаушы өз сөздерін басқа жандарға қарата бағыштап, арнап-
сарнап айтатын болса, жалбарынуды қандай бір еңбек-кәсіп,
әдет-рәсім, емдеу-домдау кезінде орындаушы адам өз ісінің
нәтижелі болуын тілеп, өз әрекетіне бағыштап, өзі айтады екен.
Жалбарынудың ең қысқа үлгілері төлдегелі жатқан қозы-лақты
суырғанда айтатын «шым-шым» деген сөзбен қырсық шалған
бүркітті домдағанда айтатын «сырық-сырық» деген магиялық
сөз деген түйін жасаймыз.
Әдетте, жалбарыну емдеу-домдау мақсатында қолданыл
ғанда қызметі арбауға жанасады. Мысалы, толғатқан анаға, ті
ліне теріскен шыққан балаға, жылқыны пішкенде айтылатын
сөздер арбауға ұқсас. Тіпті, кейде қарапайым тілек те жалба
рынуға айналып кететін сәттер бар. Бұның себебі фольклорда
жанрлар арасындағы жалғасу мен алмасулар тұрақты болып
тұратын құбылыс екендігінен.
33 Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары.—Кызыл, 2002.
—295-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жалбарыну сөз магиясына сенуден тамыр тартып, дамыға
ны күмәнсіз. Оны айтушы кейде іс-әрекетпен, кейде символ
дық затпен (су, күл, тезек, шөп, қайшы т.б) сүйемелдейді.
Кейде құр сөзді ғана айтады. Жалбарынудың атқаратын функ
циясына байланысты оның ішкі мәні мен сыртқы түр-тұр
паты қалыптасатыны айқын. Мағынасы қарапайым, көлемі
недәуір қысқа болуы—оның қандай бір төтенше жағдайдағы
әдет-рәсім, еңбек-кәсіп кезінде шұғыл қолдануға бейімделген
жанрлық ерекшелігінен туса керек. Мазмұны қарапайым
болғанымен көркемдік жүйесі әжептәуір күрделі екендігін
байқаймыз. Құрылымынан қайталау, теңеу, эпитет, әсірелеу,
шендестіру сияқты бейнелеу құралдарын табамыз. Осындай
көркемдік құралдарды сәтті пайдаланғандықтан, жалбарыну
астарлы, сырлы, тылсым сияқты әсер қалдырып, адамның
есіне тез түсіп, жадында жатталуға өте қолайлы. Ұғымдарды
бір-біріне қарама-қарсы қою, шендестіру, алмастыру тәсілдері
мол қолданылады. Мысалы, от жаққалы шоқты үрлегенде
«қоян шабан, от жүйрік» деген сөз айтылады. Шын мәнісінде,
қоян—аса жүйрік хайуан. Бұнда «шабан-жүйрік» деген
ұғым өзара шендестірілген. Ежелгі адам анимистік наным
бойынша отты тірі деп елестететіндіктен, онымен тілдескенде
«жүйрік» деп мақтап-мадақтап, ал қоянды әдейі «шабан» деп
төменшіктетеді. Өйткені бұл мадақты естіген от иесі қоянмен
бәйгеге түсіп, бәсекелесіп, тез жанады деп иланған. Әйел іске
кіріскенде айтатын «істің басы ілгері, шайтанның басы кейін,
қолыма жел байла, көтіме тас байла» деген жалбарынуда «іс-
шайтан», «ілгері-кейін» «тас-жел» деген кереғар түсініктер
шендестірілген. Тағы бір мысал, қолы шипалы жандар мал мен
адамды емдеу-домдау мақсатында іске кіріскенде «Бисмилла,
менің қолым емес—пайғамбардың қолы» деген сияқты сөз
дерді айту әдетке айналған. Бұл жалбарыну «адамның қолы—
пайғамбардың қолы» деген ұғымдарды өзара шендестіру,
алмастыру арқылы жасалғанын байқаймыз. Осындай сөзді
айту арқылы емдеу-домдауға кіріскен бүгінгі қарапайым адам
ежелгі замандағы қасиетті ілкі-бабаның атынан әрекет жасау
ға мирасқорлық етеді. Басқаша айтқанда, бұндай дуалы сөз
дер айтылған сәтте тарихи уақыт пен мифтік уақыт түйілісіп,
тоғысатынын аңдаймыз34.
34 Мелетинский Е.М. Поэтика мифа.—М., 1976. —С. 174.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Жалбарынудың көбінің көлемі өте қысқа, ол бір-екі жол өлең немесе ырғақты қара сөзден құралады. Бұнда айтылатын аз сөздің өзі тұрақты, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Тіп ті, қазақ пен моңғол халқының кейбір жалбарынуларын өзара салыстырғанда, олардың бір-бірінен айырмасы мүлде аз екен дігі байқалады. Мысалы, бүркіт аң алмай «қырсық шалса», оттың үстіне тұз шашып, пытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, «сырық-сырық, сырық-сырық!» деп жалбарыну айтып, домдайтын салт бар. Кейде бұл сөз «шырықшырық» деп те айтылады35. Ал, моңғол емшісі ауырған бала ны домдағанда осыған ұқсас «ширэг-ширэг» дейтін магия лық сөзді айтады36. Әлбетте, мұндай бір қалыпқа соғылғандай ұқсастық, үндестік, бірсыдырғы, қасаң сипатта болу жалба рыну жанрының көшпелі халықтар арасында ежелгі дәуірде қалыптасқандығынан хабар береді. Қазақ фольклорында жалбарыну жанрының мөлшері де көп емес екендігін айтқымыз келеді. Әйткенмен, бұл мәтіндер халық шығармашылығының ұлы денесіндегі шағын болса да, жанды, нәрлі, сөлді бөлшегі болуымен құнды. Алғыс (бата). Көне түркі тілінде «алкыш» сөзінің болуы ның өзі—оның өте ерте заманда қолданылғанын айғақтай ды. Мысалы, «Көне түркі сөздігінде» былай деп жазылған: «Алкыш—1. хвала, благословение, прославление; 2. рел. мо литвенно-хвалебное песнопение, моление, молитва, гимн»37. Демек, алғыс дегеніміз: 1) мақтау, тілек, даңқтау болса, 2) діни мазмұндағы жалбарына мадақтау өлеңі, жалыну, жалбарыну екен. Түркі халықтарының фольклорында алғыстың осы екі мағынасы да сақталған, рас, әрқайсысында сәл-пәл айырма шылық бар. Алдымен, сөздің айтылу түрі мынадай: алтай лықтар «алғыш» немесе «алкыш», татарлар «алкыш», ұй 35 2005 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Моңғолия қазақтары арасында жүргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы кезінде бұл мәліметтерді айтып бергендер: 15.11.1954 жылы туған Жанат хан Түркістанұлы; 1924 жылы туған Құмархан Ысқақұлы; 15.03.1935 жылы туған Бәйтей Бабиұлы. Экспедиция мүшелері: Ә. Нұрбаев пен А. Тойшанұлы. Бүркітті «сырықтау» рәсімі туралы тағы да оқуыңызға болады: Мыңжанұлы Н. Қазақтың мифтік аңыздары.—Үрімжі, 1996. –79-б. 36 Монгол ес заншлын их тайлбар толь.—Ұланбатыр, 1992. – 475-б.; Дула мын Бум-очир. Монголын бөөгийн зан үйл.—Ұланбатыр, 2002. 129-б. 37 Древнетюркский словарь.—Л., 1969. –С.38.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР ғырлар «алкиш», тувалар «алгыш» немесе «алгыж»38, якуттар (сахалар) «алгыс»39 дейді. Ал енді осы сөзге қандай анықтама берілген, соған көңіл бөлейік. Алтай тұрғындары «игі тілек, өтіну, жалбарыну» десе, татарларда «ізгі тілек» делінеді. Ұйғырлар алғыс деп сәлемдесуді, қол соғуды айтады. Сахалар алғыс деп әртүрлі рух-иелерге арналған мақтау өлеңдерін, соларға бағышталған жалыну, жалбарыну сөздерін, адамдарға арналған жақсы тілектерді түсінеді. Осы аталған халықтар дың бәрінде алғыс үлкен мерекеде, үйлену тойында, тағы басқа қуанышты басқосуларда айтылады екен. Олай болса, алғыс—бірнеше халықтың фольклорында кездесетін көне жанр ғана емес, ол сонымен қатар бойына әлденеше жанрдың белгісін сіңірген синкретті жанр екенін көреміз. Сондықтан ерте замандарда алғыс әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, әрі тілек рөлдерін атқарған. Мұны әсіресе ислам дінін қа былдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Сондықтан ерте замандарда түркі халықтарының бәрі алғысты әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, әрі тілек ретінде қолданғаны белгілі40. Мұны, әсіресе, ислам дінін қабылдама ған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Мысалға алтайлықтар аңға шыққанда отқа табынып айтатын мына алкышты оқып көрейік: Алас, алас, Отыз басты от ене, Қырық басты қыз ене, Шикі болса пысырған, Тоңды болса еріткен, Ата болып айланып түс, Ене болып иіліп түс! 41 38 Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары.—Кызыл, 2002. 177, 295-бб. 39 Қараңыз: Русско-алтайский словарь.—М., 1964. б.31.; Каташ С.Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чте ния.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.63-77; Уйгуро-русский словарь.—М., 1968. –С.48; Татар фольклоры жанрлары.—Казан, 1978. –94-б. 40 Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы.—Алматы, 1983. –79-81-бб. 41 Каташ С. Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.70.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Аңшы биік таулардың асуынан асқан сайын тоқтап, сол таудың рух-иесіне бағыштап арша тұтатып, киелі ағашқа ақ тық байлап, тағы да алкыш айтқан: Ал тайга асуын берсін, Ағын су кешуін берсін, Алтайым аңын аттырсын, Жорық жеңіл болсын!42. Әрине, бұл алкыштарда аңшы от пен таудың иесіне жал барынып, арнайы ырым жасағаны көрініс тапқан. Енді алтай лықтардың отбасылық-тұрмыстық алкышында келінге айты латын ізгі тілегін көрейік: Алдыңғы етегін бала бассын, Артқы етегін мал бассын, Жақтыға айттырма, Иықтыға бастырма, Ішкен асың ас болсын, Ішер жерің көп болсын, Жүйірік атқа мін, Атың болса, терлемесін, Қолың-арқаң ауырмасын, Қолтығың сыздамасын!43. Бұл алкыш біздегі батаға ұқсайды. Демек, алтай алкышын да біздегі жеке жанрлар—тілек, жалбарыну, бата, тіпті бақсы сарыны44 да араласып тұрғандығы көрінеді. Ал енді біздегі алғыс қалай? «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «алғыс» сөзіне мы надай түсінік берілген: 1. Ізгі ниет, ықылас. 2. Үздік еңбегі үшін айтылатын ресми құрмет45. Алайда қазақтағы «алғыс» 42 Каташ С.Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. – С.70-71. 43 Каташ С.Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.76. 44 Бақсы сарынын алтайлықтар алкыш деп те атаған. Бақсы алкыштары төмендегі еңбекте жарияланған: Анохин А.В. Материалы по шаманству у Ал тайцев.—Ленинград, 1924. –С.66, 131-134, 136-137. 45 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.—Алматы. 1974. 1-т. –211-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
сөзінің мағынасы осымен ғана шектелмейді. Оның этика
лық, этнографиялық, фольклорлық мәнісі кең. Рас, қазақтың
«алғысы» көнелікке тән синкретті емес, бірақ ол тек «ізгі
ниетті» ғана білдірмейді. Бұл—бір ғана сипаты. Кең мағынада
қарайтын болсақ, біз «алғыс» қай кезде қандай жағдайда
айтылады және оны кім айтады, соған көңіл бөлейік.
Біздегі «алғыс» сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып
біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға
жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қа
зақтағы «алғыс» ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге не
месе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ «ал
ғысы»—ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген
ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үл
кеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста
жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап
түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қара
ғым, ғұмырлы бол!» деп, өзінің рахметін айтады. Немесе үйде
жағалай отырған адамдардың қолына жылы су құйып, орамал
беріп, жастар қызмет етеді, ал үлкендер қолын сүртіп, жастарға
«Көп жаса, шырағым!» деп, ризашылық сезімін білдіреді. Сол
сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға
ізет көрсетіп, сәлем етеді, оған «Қалқам, өркенің өссін!» деп,
үлкен кісі өзінің риза болғанын көрсетеді. Я болмаса жас
адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде
ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген
сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. Міне,
қазақ фольклорындағы алғыс жанры тұрмыспен, ғұрыппен
тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын,
өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданылатын болған.
Оның басты мақсаты—жақсылық істеген адамға ризашы
лық білдіру, сол себепті алғыс ерте замандағыдай іс-әрекетті
бастаудың алдында емес, сол шаруа атқарылған соң айтылады
және ол рух-иеге немесе бір құдіретке жалынып, оны жұмсарту
үшін айтылмайды.
Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол
екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Алғысты
риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, сондықтан
бізде сахалардағыдай арнайы алғысшылар болмайды. Саха
ларда үлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бұрын
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР алғысшылар әртүрлі рух-иелерге, құдіретке қарата көлемді алғыс айтатын болған. Ондай алғыстардың құрылымы да біршама күрделі: бірталай рух-иені, кереметтерді мадақтаған кіріспеден, содан соң соларға бағышталған тоғыз түрлі жалы ну, жалбарынудан, одан кейін қорытынды өтініштен тұрады. Алғыс айтылған соң сол құдіреттерге арнап қымыз шашады46. Мұндай көнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ фольклорында алғыс жанры өзінің байырғы мән-мағынасын, әлеуметтік-тұрмыстық қызметін жоғалтумен бірге, жеке бір жанр ретінде де өмір сүруден қала бастаған болу керек. Оның себебі көп. Біріншіден, ислам дінін ертерек қабылдаған қа зақ халқы бұрынғы «алғыс» сөзін «бата» сөзімен алмасты рып, «бата» сөзіне «алғыстың» мән-мағынасын көшірген, сөй тіп, күнделікті өмірде «алғыс айтудың» орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «батаңызды беріңіз!»—деп сұрап алады. Екіншіден, «алғыс» сөзі кейінгі уақыттарда ресми сипат алған. Яғни мекеме басшысы, я болмаса басқа лауа зым иесі белгілі бір істі атқарып, еңбек сіңірген адамға алғыс жариялайтын болған. Мұнда алғыстың ризашылық белгісі сақталған, бірақ екі жақ таза ресми қатынаста болып, бұрынғы жеке адамның ішкі, шынайы сезімі көрініс бермейді. Сонымен, қазақ тұрмысы мен фольклорында алғыстың орнын бата басқаны көрініп тұр. Рас, алғыс әлі де үлкендер тарапынан жастарға бағытталып айтылып жатады, бірақ ол өмірде ерте замандардағыдай үстем емес және дәстүрлі фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дөп басып, дәл ажырату оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты белгісі—сөздің қай кезде, неге байланысты айтылатындығы және кім айтатыны әрі ол сөзін кімге арнайтындығы. Міне, осы тұрғыдан келгенде, мәселен, алғыстың айтылуы мен батаның берілуі екі бөлек. Алғысты үлкен адам біткен істің соңында жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің басталар алдында, я болмаса кейде аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға шығарда, немесе үлкен бір іске кірісерде, малды құрбандық қа шалар сәтте, ас ішердің алдында, кейде тамақ ішіп болған 46 Эргис Г.У. Очерки по якутскому фольклору.—М., 1974. –С.159 и след.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР соң т.б. Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата деу шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Әдетте, бұдан кейін дұға (Құраннан) оқылады. Атқарылатын іс-әрекеттің түріне және айтылу ситуациясына қарай батаның бірнеше түрі болады: жолға шығардағы бата, дастарқан батасы, шай батасы, үйленген екі жасқа бата, тұсаукесер батасы, бесікке салу ба тасы, келінге бата, Наурыз батасы т.б.47 Осыған байланысты батаның тақырыбы мен мазмұны әркелкі болып келеді. Ерте заманда батаны көптің алдында да, жеке адамға да айтатын болған. Топ алдындағы батаны көбінесе елге сыйлы, жасы үлкен ақсақал айтқан, ол жиналған көпшіліктің атынан үй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген, сонымен бірге бата сын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал жеке жер дегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсылық айтылған. Мұндай батаны көп жағдайды әкесі баласына берген. Оның мысалын эпостық жырлардан көруге болады. Бата берудің өз жоралғысы бар. Бата беру өте құрметті іс деп саналады, өйткені бата—қасиетті сөз деп есептеледі. Сондық тан бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол кезде ақсақал әуезді үнмен мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп, бата береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан қуаттап, «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жүзеге асқалы отырған рәсімді заңдастырып, куәландырады деуге болады. Батаның қасиетті саналатыны—оның атауы Құранның бі рінші сүресі «Фатихадан» туындаған48. Мұны баталардың мә тінінен де көруге мүмкіндік бар: Менің берген фатихам, Жаман қатынды алмаңыз деп, Өтінемін, асылан49. 47 Қараңыз: Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. Хресто матия.—Алматы, 2004. –146-179-бб. 48 Негимов С. Бата сөз туралы // Ақ бата: Бата сөздер. Құраст.: Негимов С., Қазиұлы Т.—Алматы, 1992. – 5-б; Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құраст.: Ахметов З., Шаңбаев Т.—Алматы, 1998. –101-б.; Үмбеталина З. Қазақ ауыз әдебиетіндегі бата сөз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 2001. –21-б. 49 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз». —Оренбург, 1905. –С.22.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР …Аллаң жар болсын, Фатихам қабыл болсын. Кеткенің келіп, Кемтігің толсын50. Бата да жанр ретінде әу баста сөз магиясына сенуге байла нысты пайда болғандықтан, онда әдемі сөздермен құт-ырыз дықты шақыру, Тәңір иелерден шарапат сұрау, тілеу, кесіркесапаттан сақтану, қорғану сарындары айтылады. Батагөй көпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге, әулиеәнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата сияқты көптеген киелі бейнелерге сөзін арнап, бата сұраушыға тілек білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым иелерді жалғастырушы, дәнекерші қызметін атқарады. Батагөй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей үн қатып, қалың қауымды үміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай орындалатынына кепілдік бере сөйлейді: Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай, Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай...51 Жарылқа, Құдай, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет. Жарылқайын деп келеді, Кішкене ғана сабыр ет!52 …Менің берген батам емес, Бұрынғы пайғамбардың берген батасы: Оның болмас қатасы!53 Демек, уақыт тұрғысынан алып қарағанда, батагөй осын дай керемет сөздері арқылы алақан жайып отырған бүгінгі қарапайым халықты ежелгі мифтік қасиетті дәуірдің өкіл 50 Бата-тілектер. Құраст.: Н.Уәлиұлы.—Алматы, 2005. – 34-б. 51 Васильев А. В. Образцы киргизской народной словесности: XІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз». ХІІ.—Оренбург, 1905. – С.17. 52 Сонда. – 11-б. 53 Сонда. – 12-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР дерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі саналып, өзі де дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді. Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі—Қыдыр ата. Қыдыр ата халық түсінігінде ақ киімді ақсақал немесе кезбе кедей, дәруіш кейпінде бейнеленеді. Ол адамдарға өңінде кез деспесе, түсінде аян арқылы көрінуі мүмкін деген наным бар. Кей аңызда оның көзі соқыр, ол жарыққа құштар, сондықтан ел Қыдырмен жолығу үшін шырақ жағып, ырым жасайтын болған. Ол мәңгілік жасайды, себебі өліп, қайта тірілген немесе Ескендірмен бірге өлместің суын іздеу сапарында киелі суды тауып ішкендіктен ажалсыз қаһарманға айналған деседі. Халық көбінде Қыдырды жанарсыз кейіпте елестетеді54. Әйт кенмен, кей сюжетте, керісінше, Бақтың көзін ұзын қасы басқандықтан, ол Қыдырмен жетектесіп жүретін соқыр деген ұғым бар. Мысалы, мынадай аңыз бар: «Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бөктерінде келе жатқанын көрген жетім-жесір, ғаріп-кәсір, бай-манаптардың барлығы ол екеуінің алдын орап, шапағат сұрапты»,—дейді ел аңызы.— «Көзін жабағы қасы жапқан Бақ тұқырайып тұрып, қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, тау басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына алып, жылап тұрған қызға қарата бір нұсқап қалыпты да, екеуі де көзден ғайып болыпты. Көп өтпей, әлгі қыз сауығып, күйеу ге шығып, үйлі-баранды болып, басына дәулет дарып, барша мұратына жетіпті. «Бақ қараса—Қыдыр дариды» деген тәмсіл осыдан қалған екен-мыс»55. Әлбетте, батадағы «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген сөздің түп төркіні осындай ежелгі түсініктерге саяды. Бақ тың көзі магиялық сипатқа ие болса, Зеңгі баба жанары да дәл сондай киелі екендігі батада көрініс табады: Шаруаның төрт пірі—Зеңгі баба, Мал беруге ойың болса, маған қара!56— деп дәмеленіп, өтіне сөйлейді батагөй. Өйткені, сиыр түлігінің жебеушісі Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара 54 Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка.—Алма-Ата, 1972. – С. 166-170. 55 Қазақ аңыз-ертегілері.—Бейжін, 2002. – 23-24-бб. 56 Диваев Ә. Тарту.—Алматы, 1992. – 145-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР бермейтін болған. Егер оның жанары түссе, сол жанға қисапсыз сиыр бітеді деген наным болған57. Бата осылайша көне танымға табан тіреп тұрғандықтан, ол арбаумен, тіпті, қарғыспен жанасатын тұсы бар. Мәселен, оны өте қадірлі тұлға батагөйдің айтуы, одан кейін Тәңір, әулие-әнбие, аруақтарды жиі жәрдемге шақыруы—арбаумен тоқайласып тұр. Батаның ежелгі анық аты алғыс екендігі белгілі. Демек, әу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған неме се екеуі қабаттасып өмір сүрген кезең болған. Бұған батадағы мына сөздер дәлел: Е, Жылқышы ата—Қамбар, Төртеуіңнің ынтымағың бір болса, Қарғайтын кім бар?!58 Қастық қылған адамың Мұратына жетпесін. Айтса—қарғыс, тисе—көз, Дарымасын, өтпесін!59 Осылайша, кейде бата қарғысқа тура қарсы бағытталады. Ал кейбір мәтіндерінде қарғыстың сөздері де жүреді. Мысалы: Бермейтұғын сараңның Екі қолы байлансын, Сөйтіп, соры қайнасын. Бермегеннің жаманын Көр ішінде ойласын60… Алайда батада, негізінен, көшпелі халықтың бай да бақыт ты шат-шадыман өмір-тірлік туралы түсінігі, керемет келешек туралы арман-аңсары, ақ тілегі айтылады. Бір сөзбен айтқанда, тамаша болашақ туралы ел қиялы, халық утопиясы көрініс табады. Мысалы: 57 Казахские сказки.—Алма-Ата, 1964. Т.3. – С.70. 58 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз». ХІІ.—Оренбург, 1905. – С. 2-3. 59 Ақ бата: Бата сөздер. Құраст.: Негимов С., Қазиұлы Т.—Алматы, 1992. – 69-б. 60 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз». —Оренбург, 1905. – С. 8-9.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Әумин десең маған, Бата берейін саған. Алтыннан болсын жағаң, Күмістен болсын тағаң. Күрпілдесін сабаң…61 Жасың жетсін жүзге, Желің кетсін құла түзге...62 Батада әсірелеу тәсілі орасан мол қолданылатындығы ғылымда анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш уақытта күмістен соқпайды, бірақ «күмістен болсын тағаң» деу батаның поэтикасы үшін жарасымды. Сондай-ақ мал мен басы өсіп-өніп, асқаралы тауларға сыймай қалу—жеке бір адамның емес, жалпақ елдің ғана атқара алатын шаруасы екендігі хақ. Бірақ батада әрдайым осылайша халықтың асқақ арманы, шексіз қиялы, мұқалмайтын жігері бейнеле неді. Сонымен бірге «қырық, сексен, сегіз, жүз, мың» сияқты символикалық сандар да батада жиі қолданылып, әсірелеуді күшейтіп тұрады63. Батада халықтың адамгершілік, ізгілік, ар-ұждан туралы ғасырлар бойы жинақталған өсиеті дәріптеліп, тәлім-тәрбие беріледі. Мәселен, батаның төмендегі шумақтары нақылға айналып кеткен деуге болады: Жүзге жетсін түйеңіз, Үш жүз болсын биеңіз. Әлдеріңнен келгенше Жығылғанды көтеріп, Сүрінгенді сүйеңіз…64 61 Сонда.– 40-б. 62 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: ХІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз».—Оренбург, 1905. – С. 1. 63 Үмбеталина З. Қазақ ауыз әдебиетіндегі бата сөз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссер тация.—Алматы, 2001. – 102-б. 64 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: ХІІ молитвен ных благожеланий «Бата соз». .—Оренбург, 1905. – С. 6.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақ бөкендей қойлы бол,
Ор қояндай көзді бол,
Адам таппас сөзді бол,
Патсадай ұлды бол!65
Түйіндеп айтқанда, түпкі төркіні сөз магиясына барып ті
релетін алғыстың көне жанры кейін келе ислам дінінің әсеріне
ұшырап, «бата» атанып, өзгеше өрнек тауып, өріс алған. Ша
мандықты ығыстырған әлемдік дін бата жанрын өз мүддесіне
ілкімді пайдаланған. Сірә, осы жанрдың жаңа қарқынмен
дамып бүгінге жетуіне батагөй тұлғаның қосқан үлесі аз
болмаса керек. Дарынды батагөй, шын мәнісінде, ежелгі үлгіні
тотыдай қайталаушы емес, ол ескі дәстүрге шабытты шағында
ыстық қан құйып, жан бітіруші. Бұған ежелгі жыраулардың,
би-шешендердің айтып кеткен баталары куә. Мәселен, Жамбыл
ақынның С.Мұқановқа берген:
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тілдерін дұшпандардың буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерінді сары ұлды туа берсін66,—
деген батасы осы жанрдың нағыз поэтикасын әбден меңгерген
майталмандықтың бір үлгісі. Демек, бата жанры жаңаша тү
леп отыр. Шын батагөй алқалы топтың атынан ежелгі сарын
дарды сарнап айтқанымен, ол көкейіне келген сәулелі ойды
қиюластырып, көне үлгіге қосып жіберетіндігін де ескерген
жөн. Сонымен, батаны фольклор мен ауыз әдебиетін тоғыс
тырып тұрған ерекше өміршең жанр деуге болады. Ол әсіресе
тәуелсіздік алғалы бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде.
Қарғыс. Қазақ фольклорында бүгінге дейін толық жинал
май да зерттелмей келген жанрдың бірі—қарғыс. Мәселенің
бұлай болуының бірнеше өзіндік себептері бар. Жалпы,
халық жайшылықта қарғыс айтуға қатаң тыйым салады.
Ертеде қарғысты екі адамның бірі айта бермеген, оны арнайы
айтатын адамдар болған, ал ондай қарғысшылар сөзін өтімді
65 Сонда. 14-б.
66 Бата-тілектер. Құраст.: Уәлиұлы Н.—Алматы, 2005. 40-б.
3-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР болдыру үшін беталбаты жұмсай бермей, қажетті сәтке дейін құпия сақтайтын. Қарғыс қастандық жасауға бағытталып, адамгершілікке жат саналғандықтан да, ұлттық фольклортану ғылымының негізін салушылар оған мән бере қоймаса керек. Ал бертін келе бұл жанрдың қызметі қоғамдық өмірден ығыс қандықтан, оның мәтіндері біртіндеп ұмытыла бастаған. Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмұхамедұлы. Ол «Бата мен алғысқа қарама-қарсы түр—қарғыс. Қарғысты дұш панына, әкесі—көңілі әбден қалған ұлы мен қызына, молла— діннен безгендерге айтатындығын ұғамыз. Кейбір зерттеушілер қазақтың ашуланғанда күнделікті айтып әдеттенген «албасты басқыр», «тұқымың құрғыр», «желкең қиылғыр», «шешек келгір» сияқты т.б. балағат сөздерін қарғысқа жатқызады67. Біздің ойымызша, бұл сөздердің арғы тегі ежелгі замандарда қарғысқа қатысты болғанымен, уақыт өте келе көбінің мәні өзгеріске ұшырап, бүгіндері, әсіресе әйелдердің жақтырмаған жандарды сыбайтын сөзіне айналып кеткен тәрізді. Ендеше басқа адамға қастандық жасау мақсатында сөз кие сіне сеніп, арнайы шартпен айтатын магиялық өлеңнің шағын түрін қарғыс деп атаймыз. Қарғыс екі түрлі болады: ашық қарғыс, астарлы қарғыс. Ашық қарғыста сөздің ызыты, айбаты бірден айқын сезіледі. Ал астарлы қарғыстың сыртқы тұрпаты батаға ұқсап келеді де, оны айтушы кекету әдісін (әдемі сөздер арқылы) шебер пайда ланып, арғы ойын жымысқылықпен тұспалдап жеткізеді68. Ашық қарғыс үлгісін келтірейік: Қысы-жазы үйіңді сүзек жайлап, Шөліңді күндіз-түні қандырмасын. Бойыңа құлғананың құрты кіріп, Денеңнен тамтық қоймай тандырласын. Сүйегіңді артуға көлік шықпай, 67 Қараңыз: Пантусов Н.Н. Образцы киргизской народной литературы.— Казань, 1909. – С.44-46; Төлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.—Алматы, 1974; Оспа нова Б. Магические жанры казахского фольклора. Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук.—Алматы, 2002. 68 Мөнх Ц. Ардын яруу найргийн тухай.—Ұланбатыр, 1964. –87-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Апарып көк есекке шандырасын. Жаназаңды оқуға молда шықпай, Тұсыңнан орыс келіп былдырласын69. Келесі бір қарғыс былай: Шиден шымылдығың болсын, Тастан молаң болсын. Шөлдеуік деген дерт келсін, Бір көлдің суы ішкеніңе жетпесін70. Бұл екі қарғыста айтушының мақсаты ап-анық. Сүзек, құлғана, шөлдеуік деген дерттерді шақыру арқылы кесапат келуін тілейді. Қарғыстың көбінде осылайша жұқпалы ауру лар термеленіп, соның күшімен апат төндіру көзделеді. Өйт кені ежелгі қазақ «адам баласына достық қылатын «иелер мен жарыса қастық қылатын «иелер» бар деп білетін... Жұт «жеті ағайынды» деп аңыз қылатын және малдың түрлі індет «иеле рің мәлік, ақшелек, топалаң, бәдік бар деп білетін»71. Бір сөзбен айтқанда, қарғысты айтушы табиғаттағы тыл сым күштерге иек артып, неше түрлі мифологиялық зияндас кейіпкерлерді қару етіп, дөңайбат жасап, сес қылады. Көшпелі халықтың ар-ұждан құндылықтарына ашық тіл тигізіліп, шабуыл жасалады. Біз келтірген мәтіндерде аурудан азап тар тып өлу, о дүниеге жаназасыз кету, сүйегі шандырланып, көк есекке тиелу, мүрдесі тас молада қалу сияқты жамандықтар шақырылған. Бұлар қазақтың жанын жаралап, сай сүйегін сырқырататын келеңсіздіктер екендігі белгілі. Енді астарлы қарғыстан мысал келтірейік: Шалғының басылмасын, Күлің шашылмасын, Түңлігің ашылмасын72. 69 Сәнік З. Баспай туралы әңгіме-жырлар.—Бежин, 2006. – 223-224-бб. Қарғысты айтушы Ауған Жақсылықұлы. 70 Ақ бата: бата сөздер. Құраст.: Негимов С., Қазиұлы Т.—Алматы, 1992. – 192-б. 71 Сейфуллин С. Шығармалар.—Алматы, 1964. 6-т. –187-б. 72 Мұра.—Үрімжі, 1991. № 3. –93-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Немесе: Ұлың—Ұрымға, Қызың Қырымға кетсін73. Бұлар бір қарағанда, бата секілді, ал астарына үңілсе ңіз, қарғыстың ең жаман түрі екендігін білесіз. «Шалғының басылмасын» дегені—жайылатын малың тұтас қырылып қап, содан үйіңнің маңына көк шөп жайқалып өсіп кетсін дегені. «Күлің шашылмасын!» дегені—«үйіңде от жағатын адам қалмай, бәрі өлсін, содан отың өшсін, сөнсін» дегені. «Түңлігің ашылмасын» дегені—баспанаңнан сыртқа шығар тірі жан қалмасын, иен үйің қаңырап, бос қалсын деген ишара. «Ұлың—Ұрымға, қызың Қырымға кетсін!» деген сөздің мә нісіне келсек, ұрпағың жат елге шашырап, бірін-бірі көрмей, тозып кетсін, қаңғырып қалсын дегенге саяды. Туысқан алтай халқында «Келетін жолыңа кесіртке ойнасын, баратын жолы ңа бақа ойнасын»74 деген қарғыс бар. Бұл астарлы қарғыста жауласқан адамның соқпағы құрып, жоғалып, оның үсті бақа мен кесіртке ойнақ салатын батпақ пен шөлге айналсын де ген теріс ниет тұспалданған. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «ойнасың» деген етістікті жамылғы ету арқылы жасырын ажал шақырылған. Сонымен астарлы қарғысты айтушы ойының арғы ниетін әдемі сөзбен далдалау, бүркемелеу арқылы уытты тіл жебе сін нысанаға дәл көздеуді мақсат етеді. Себебі дұшпан одан сақтанып, қорғана алмай, бейғам жүріп, шын кесапатқа ұрынуын көксейді. Қарғысты кез келген адам айта бермейді дедік. Оны орын даушылар әртүрлі ырымдар жасап, символикалық заттармен сүйемелдейтіні де белгілі болып отыр. Мысалы, моңғолдар қарғысшының тіліне май жақса, оның сөзі дөп тиеді деп илан ған. Тіпті, олардың ежелгі қарғысшылары құтырған сиырдың мүйізінен арнайы магиялық сайман жасап, сонымен жаулас қан жаққа кезеп-кезеп қоятын болған75. Қалмақтар қарғысты 73 Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина.—Алма-Ата, 1972. –С.186. 74 Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып. 1.—Горно-Алтайск, 1979. –С. 101. 75 Сампилдэндэв Х. Хараал зүхэл // Монгол ардын аман зохиол.—Ұланбатыр, 1988. –81-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР таңсәріде алақанын шапалақтап айтып, қарғысшының оң шы нашағын күйемен бояған76. Ал алтай қарғысшылары қызыл іңірде айтылған қарғыс өтімді деп сенген. Олар «Тилим соолду эди, тандайым тишту эди...Тилим жедер, тизен чогор»77 («Тілім сүйелді еді, таңдайым тісті еді... Тілім жетер, тізең шөгер») деп айбат жасаған. Тува бақсысы «қарғыш» айтқанда қара тонын, қара бөрігін киіп, қара даңғырасын, қара шоқасымен ұрып ойнаған78. Ал қазақтар қарғысты тілінде қара дағы бар қара тілді, бір көзі шегір нысаналы адам айтса, яғни Тәңірі керемет сипатта жаратқан жандар айтса, орындалады деп нанған. Қарғысты айтқанда дұшпанының артынан топырақ шашатын, алақа нын теріс жаятын. Сол себептен кейде оны теріс бата деп ата ған. Мәселен, Базарбай Төлегенге ерем деушілерге «тұзға қосып, теріс бата берем»79 деп, сес көрсеткен. Егер жерден көк шөпті жұлып ап, «Көктей орыл!» деп қарғаса, ең ауыр болады деседі. Әйел адам сүтін көкке сауып, қарғаса, киесі оңдырмай атады деген де ұғым бар. Бұдан біз қарғысты тұз, топырақ, шөп, сиырдың мүйізі сияқты рәміздік заттармен ұштастырып, ғұрыптық әрекеттер жасап орындайтындығын да білдік. Бұрынғы заманда қарғысшыларды соғысқа да пайдаланатын болған. Шыңғыс хан жорықта жүргенде алдынан жаудың әйгілі бір қарғысшыл кемпірі қарғап, содан көп бөгет жасалады. Оны бақсылар білген соң мерген Қасырға сол кемпірді атқызған де седі. Кемпірге оқ тиіп, құлап бара жатып, қасындағы қаңбақты ұстап, тұрмақ болғанда, ол жұлынып кетеді. Содан кемпір көз жұмарда «Қасырдың тұқымы құрысын, қаңбақтың тамыры үзілсін!» деген екен. Сол себептен Шыңғыстың інісі Қасырдың ұрпағы көп өспеген, қаңбақтың тамыры келте болған деседі.80 Қазақта «атаның қарғысы—оқ, ананың қарғысы—боқ» деген сөз бар. Бұдан біз қарғыс жанрына кейінгі дәуірде үстем дік еткен атаеркі қоғамының ықпалы тиіп, ер адамды киелі 76 Борджанова Т.Г. Магическая поэзия калмыков.—Элиста, 1999. –С. 49. 77 Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып 1.—Горно-Алтайск, 1979. С.99, 102. 78 Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары.—Кызыл, 2002. –122-б. 79 Козы-Корпеш и Баян-сулу. Кыз-Жибек: Казахский романический эпос.— Москва, 2003. –С. 121. 80 Эзэн богд Чингис хааны домог оршвой.—Ұланбатыр, 1992. –46-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР санаудың жоралғылары да өз өрнегін салғанын байқаймыз. Сондықтан да қазақтың кейбір мифтерінде астамшыл мінезі нің салдарынан ата қарғысына ұшыраған қыз-келіншектер тау-тасқа айналғандығы суреттеледі81. Әлбетте, ақ батаны да ақсақалды қария береді. Яғни қарғыс пен бата жанрының салмағының арта түсуіне еркекті пір тұтатын ел әдеті де елеулі әсерін тигізіп тұр. Қарғыста көшпелілердің ең бір киелі нысандары термеле ніп, соған сойыл сілтеу көзделеді дедік. Сол себептен де оның сөзі қатерлі де үрейлі болып елестеп, тыңдаушыға психология лық ауыр соққы береді. Мысалы: Саған қас қылған кісінің, Базарға барып, аты өлсін! Ерте кетіп, қайтқанда, Үйіне келсе, қатыны өлсін... Шаңырағы шартылдап, Шандырына қадалсын! Босағасы бортылдап, Борбайына қадалсын! Күлдіреуіші күрт сынып, Көтіне қадалсын!82 Немесе: Қия жолда атың туласын, Жарым түнде үйің шуласын. Еңісте тартпа айылың үзілсін, Өрге шыққанда артқы айылың үзілсін. Жете бергенде желкең үзілсін, Таяй бергенде тақымың қиылсын83. Бұл қарғыстарда қазақтың тұрмыс-тіршілігінде ең маңыз ды қызмет атқаратын, өмірінің қажетіне айналған практика 81 Қараңыз: Досжанов Д. Келіншектаудағы тас түйелер.—Алматы, 1979. –7-б.; Азанұр жайлы әңгіме // Қазақтың мифтік әңгімелері.—Алматы, 2002. –99-б. 82 Радлов В. В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи. Часть ІІІ. Киргизское наречие.—СПб., 1870. – С.6. 83 Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мұра.—Үрімжі, 1991. № 3. –67-68-бб.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР лық-қолданбалы сипатқа ие қасиетті заттарына жаманшылық тіленген. Олар: шаңырақ, босаға, күлдіреуіш, ат, ер-тұрманның айылдары. Қарғыс, шынтуайтында, жалпақ көпшілікке емес, ар-ұят тан безген елдің нақтылы бір жауына арналады. Қазақ халқы үшін сондай дұшпандардың бірі—малдың ұрылары. Оны бы лайша қарғап-сілеген: Менің ақ байталымнан жеген етің—қан болсын, Үйіңді құйын құлатып, аузы-басың шаң болсын. Ел ет жесе, сен дерт же, Ел жал шайнаса, сен тал шайна. Ел жілік жесе, сен бүлік же. Ел мойын жесе, сен сойыл же. Ел айран ішсе, сен ойран іш84. Қарғыс магияның бір түрі екендігі анық. Нақтырақ айтқанда, ол—қатерлі магия. Оның мақсаты—бағытталған нысанына қастық жасау. Бұл тұрғыдан келгенде оның кейбір сипаттары арбаумен ұштасып жатыр. Бірақ арбаудан елеулі айырмашылығы да бар. Алдымен арбауда түсініксіз сөздер мол болса, қарғыстың тілі халыққа түсінікті анық тіл. Арбау зиянкес жәндіктерді қууға, уын қайтаруға немесе табиғат құбылыстарын басқаруға, меңгеруге бағышталып айтылса, қарғыс, негізінен, адамдарға арналады. Әйткенмен, арбау мен қарғыстың арасында белгілі дәрежеде байланыс та бар. Мәсе лен, тістің құртын арбаудағы «жайлауыңды жау алды, қыс тауыңды өрт алды» деген сөздер бұйрық рай түрінде қарғыста да жиі қолданылады. Демек, арбаудағы жекіру, ұрсу, бұйыру, дөңайбат жасау сарындары кейіннен тасымалданып, қарғыс жанрының қалыптасуына да қажетінше ұйытқы болған. Одан кейін батаның құрамында да қарғыстың шумақтары жүргенін байқаймыз. Мысалы: Құдайым, малды қыл, Тең-құрбының алды қыл. 84 Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мұра.—Үрімжі, 1991. № 3. –67-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Қас сағынған кісіні Қасқа шұнақ жарлы қыл85. Тіпті, «бұл дүниеде жиғаның болсын, о дүниеде иманың болсын», «көсегең көгерсін, көрпең ұлғайсын» деген сияқты алғыстар кейде кері мағынаға түсіп, қарғыс пішінінде де айтылады. Халық шығармасында жанрлар арасында ауыстүйістер, байланыстар, тоғысулар жиі болып тұратындығының бір мысалы, міне, осы. Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр тіл. Батаны тілдің балы десек, қарғысты уы деуге болады. Оның поэтикалық өрнегі кестелі. Әсірелеу, астарлау, ишаралау, кекету тәсілдерін мол қолданғандықтан сырлы да сиқырлы болып елестейді. Бұл жанр қоғамдық өмірден әлдеқашан ығысқанымен, оның мәтіндері тіліміздің байлығы мен шешендік қуатын байқататын, ұлтымыздың төл дүниетанымынан, психологиясынан дерек беретін құнды тарихи-рухани ескерткішке айналып отыр. Ант. Анттасу, яғни анда болу—көшпелі халықтардың ежелгі салттарының бірі. Мәселен, грек қаламгерлері Геродот86 пен Лукиан87 скифтердегі осы салт туралы қызғылықты де ректер жазып қалдырған. Лукиан өзінің «Токсарис және дос тық» деген шығармасында скиф Токсаристің айтуы бойынша былай деп жазады: «Біреуді дос болуға таңдағанда одақтасып өмір сүруге және керек болса бір-бірі үшін жан қиюға асқақ ант береді. Мұны былай жасайды: саусақтарын тіліп, қанын ке сеге ағызып қосады да, семсерлерінің ұшын матырып, содан кейін құшақтасып, әлгі қанды ішеді. Осыдан кейін оларды ажырататын ешбір күш болмайды, себебі бұл адамдар қандасты»88. Осы көне салт қазақ халқының өмірінде де әртүрлі жағдайға бейімделіп, жалғасын тапқан. Анда рәсімі кейінірек екі дос тың арасында ғана емес, қоғамдық кең ауқымды мәнге ие боп, жеке тұлға тарабынан ел үшін немесе ұлыс әміршісі хан үшін ант беру рәсіміне ұласып, далалық заңның бір түріне айналып 85 Сонда. –19-б. 86 Геродот. История в девяти книгах.—Л., 1972. –С. 204. 87 Лукиан из Самосаты. Избранное.—М., 1962. –С. 275. 88 Хазанов А. М. Обычай побратимства у скифов // Советская археология.— М., 1972. № 3. –С.69.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР кеткен. Кейде бұны серт беру деп те атайды. Ант беру салтының кешенінен ырыми әрекетті, сөз магиясына илануды, сондай-ақ қасиетті затпен сүйемелдеу шарттарын байқаймыз. Осындай рәсімдерде адамның бас бармағы үлкен заңи міндет атқара тыны белгілі. Осы салтты және оған қатысты басқа да жайт тарды түсіндіре түсу үшін кеңірек талдау жасап, мәселенің арғы төркініне барлау жасайық. Моңғол, алтай, тува халықтарында кездесетін атқан оғы жерге түспейтін сұрмергеннің аты—Эрхий мерген. Ол, тіпті, аспанда жанып тұрған үш күнді (кейде жеті күнді) атпақ бо лып анттасқан космостық жойқын мерген. Аспандағы үш күнді атқалы бәстесіп, «Егер оғым мүлт кетсе, тұнық су ішпейтін, тұқыл тамыр жейтін, қапас інде өмір сүретін хайуанға ай налайын!» деп серт береді. Мерген екі күнді жойып, енді үшінші күнді ата бергенде қарлығаш кедергі келтіреді де, жебесі оған тигендіктен, құстың құйрығы айыр болады. Аспанда амансау қалған ақырғы күн жылысып, таудан асып, батып кетеді. Бұрын күн аспанда шақырайып жанып, аптап төндіреді екенмыс. Содан бері күн бататын болып құбылыпты. Антына жете алмаған қапалы мерген бас бармағын кесіп тастап, інге кіріп, «тұнық су ішпейтін, тұқыл тамыр жейтін» суырға айналып кетеді. Сол себептен суырды қарасаң, адамға ұқсас кейіпте, бірақ оның саусағы—төртеу89. Аңыздағы мергеннің антына жете алмаған соң өзін-өзі жазалап, бас бармағын кесуінде үл кен тарихи мән бар. Эрхий мерген, яғни бұл «Бармақ мерген» деген мағынаны білдіреді. Бұл есімнің пайда болу себебі мен жалпы бас бармақ тың дәстүрлі мәдениетте атқаратын рәміздік мәнін түсіндіруге талпыныс жасайық. Ежелгі дәуірде садақ тарту үшін адамның бас бармағы маңызды міндет атқарған. Түрік-моңғол халық тары салбурынға шыққанда алғашқы аңды атқан бала мерген нің бас бармағына май жағып, арнайы ырым жасаған. Мыса лы, Шыңғыс қаған сүйікті немересі—Құбылайдың бармағын майлап, бата берген көрінеді90. Аңшылық-жауынгерлік тұр мыста балуан бармақ осындай зор міндет атқарғандықтан, ол 89 Эрхэ-мэргэнь / Потанин Г.Н. Монгольские сказки и предания.—Семипа латинск, 1919. –С.17; Эрхий мэргэний домог-үлгэрийн учир / Гаадамба Ш. Мон голын нууц товчооны судлалын зарим асуудал.—Ұланбатыр, 1990. –229-233-б. 90 Монгол ес заншлын их тайлбар толь.—Ұланбатыр, 1992. –569-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
туралы ерте заманда әртүрлі ырым-сырымдар пайда болған.
Мәселен, түрік-моңғол халықтарының дені адамның жаны бас
бармағында деп түсінсе, алтайлықтар, тіпті, бас бармақ беде
рінің шеңберленген сызығының дәл ортасында «жүрек бар» деп
ұққан91. Ал австралиялық байырғы тайпалар жауды өлтірген
соң, оның оң қолының бас бармағын кесіп алатын, себебі аруақ
арғы әлемде қаһарланып, садақ атып, қаскөйлік әрекет жасай
алмайтын болады деген92. Бір сөзбен айтқанда, ежелгі ұғымда
адамның жан қуаты бас бармақта, сондықтан бас бармақ басқа
ағзаға толық уәкілдік ете алады деп сенген. Сол себептен де ерте
дәуірде ерлер ант берісіп, «анда болу» рәсімін жасағанда бас
бармақтарынан қан шығарып, оны ыдысқа құйып, өзара бөлісіп
ішкен немесе екі батыр бармағының ұшын тіліп, қан шығарған
соң, бірінің саусағын бірі сорған. Бұл салттың көрінісі моң
ғол эпостарында этнографиялық аса дәлдікпен бейнеленеді.
Біз «Тентек қара ер кекіл» батырлық жырынан еркін аударма
жасап, ұсынсақ былай:
Тентек қара кекіл ер
Құрыш қара батырдың
Көзінің шаңын жеті рет,
Жүзінің шаңын бір рет
Алақанымен сүртеді,
Төс қағысып, құдірет.
Екі батыр осылай,
Аға-бауыр дос ұдай
Болайық деп келісіп,
Алдыңғыны айтып жыласып,
Кейінгіні айтып күлісіп,
Тентек қара кекіл ер
Жан ағасы болады.
Иықтарын тіресіп,
Тәңірден медет тілесіп,
«Анда болдық» десісіп,
Бас бармағын тесісіп,
91 Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири.—Новосибирск,
1989. –С.62-63.
92 Тайлор Э.Б. Первобытная культура.—М., 1989. –С.225.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Қанды саусақ сорысып, Қандас бауыр болысып. Қос тұлпарды қосады, Құйрық-жалын байласып. Асты-үстінен өтеді, Екі батыр айқасып93. Кейінгі заманда бұл көне салт қоғамдық өмірден ептеп ығыса бастайды да, ендігі қазақ батырлары жауға аттанғалы серттескенде Құран оқып, қара қой сойып, соның қанына най заларының ұшын, көп жағдайда бас бармақтарын батырып, оны маңдайына жағып: «Серттен таятын болсақ, қара қойдың қаны ұрсын» дейтін болған. Әйткенмен, қазақта бас бармаққа табыну салтының белгілері тарихи аңызда кездеседі. Мысалы, қаптаған қалың жауды бөгей соғысып, тірі қалмайтынына көзі жеткен Бәйеш батыр қалған азаматтарға өзінің сол қолының бас бармағын кесіп беріп: «Елге осы бармағымды апарып, Бәйеш деп жерлеңдер» деп аманат еткен деседі. Сол бас бармақ жерленген тау Бәйеш атанып кетіпті94. Ант беру салты заман өткен сайын көне қалпынан алшақтап, кейінгі қоғамның талабына икемделіп, түрлене бергені хақ. Мәселен, кейде батырлар семсерін немесе садағының адыр насын сүйіп ант берген, тіпті, кейбір адамдар моланың тасын бастарына көтеріп, қабірді айналып: «Антымыздан қайтсақ, қара тас бассын» деп серттескендігі жөнінде дерек бар. Кейінгі кезеңдегі ант берудің мақсаты да, орындалу шарты да алуан түрлі екендігін байқаймыз. Яғни ежелгі анда болу салты кейінірек жекеменшік ұлғайып, рулық қоғам ыдырай бастаған тұста екі адамның дәрежесінен әлдеқашан асып, әлеуметтік-саяси мәнге ие боп, жаңа сипаттағы анттасу деген мәмілегерлік кәдеге айналған. Мәселен, «Моңғолдың құпия шежіресінде» бейнеленген андалар—Керей Уаңхан мен Есукей батыр немесе Тэмүжин мен Жамуха арасындағы «андалық» саяси ірі одақтастық дәрежеге жетіп95, билік пен байлықты 93 Катуу Б. Монгол тууль дахь эрхий хурууны шүтлэгийн учир холбогдол // Монгол тууль судлалын зарим асуудал.—Ховд, 1999. –101-б. 94 Қазақтың мифтік әңгімелері.—Алматы, 2002.– 112-113-б. 95 «Анд хүний амь нэг» гэдэг үгийн учир / Гаадамба Ш. Монголын нууц тов чооны судлалын зарим асуудал.—Ұланбатыр, 1990. –118-119-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
бөлісудің құралына айналғандығы анық. Бұндай мағынадағы
анттасулар мемлекеттің болашақ тағдырын шешетін ірі саяси
тетікке айналған. Мысалы, ХІІІ ғасырда мажар халқының жеті
үлкен тайпасының көсемдері Алмошты хандық билікке сай
лап, ант беру салтын өткізіп, оны қанымен бекіткен. Бұндай
салт Еуразия көшпелілерінің арасында ортақ сипатта кең та
ралған. Мажар археологтары Замарди деген жердегі аварлар
дың моласынан бір белдік тапқан. Сол белдікте руна жазуында
анттың мәтіні жазылған екен. Ғалымдардың оқуынша, онда
«ант» деген сөз осы тұлғада бәдізделген. Кейбір жағдайда екі
батыр ант беріскенде белдіктерін де ауысып, рәсім жасаған, бұл
археологиялық олжа сол көне салттың көрінісін айғақтайды96.
Әйткенмен, анттасу ұдайы саяси мақсатта бола бермейтіні
белгілі. Біз анттың адам мен адамның немесе жеке тұлға мен
қауымның арасында болатын негізгі түрлеріне тоқталдық.
Кейде ант жорық алдында батырдың өз қару-жарағымен серт
тесу түрінде де болатыны белгілі. Бұның алдыңғы анттан
басты ерекшелігі-адам мен заттың арасында аталмыш рәсім
өтетіндігінде болып отыр. Қазіргі біздің түсінігімізде зат өлі
деп саналғанымен ежелгі анимистік таным бойынша қасиетті
бұйымдар керісінше, тірі нысан болып саналған. Сол себептен
батырлар бес қаруымен кәдімгі «досындай» сырласып, берік
серт береді:
...Толғамалы ақ сүңгім,
Шанша алмасам, маған серт,
Қанға тойсаң, саған серт.
Бұлғары садақ, бұқар жай,
Тарта алмасам, маған серт.
Бел күшіме шыдамай,
Беліңнен сынсаң, саған серт.
Алтын құндақ ақ берен,
Ата алмасам, маған серт,
От алмасаң, саған серт!97
96 Обрушански Борбала. Кома ба анд. Қолжазба. Мажар зерттеушісінің 2003 жылы ілтипатпен ұсынған бұл еңбегі автордың жеке қорында сақтаулы. 97 Нұрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр».— Алматы, 2003. – 63, 408-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұнда батыр өзінің және қару-жарағының намысын қай
рап, қитығына тигені, бес қаруының беріктігін, өткірлігін өз
күш-қуатына қарама-қарсы қойып, шендестіріп, жекпе-жекке
әзірлегені көрініс тапқан. Бұл рәсім кең мағынада ант берудің
бір түрі болғанымен, оны мәтіннің өзінде айтылғандай серт
деп атасақ, рәсімнің дәлме-дәл мәні ашылады деп ойлаймыз.
Осыған ұқсас халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен
үйлесіп жатқан ант берудің (дәлірек айтқанда, серттің) қара
пайым түрлерін де көруге болады. Мәселен, аңшы құрал-
сайманына, қолөнер шебері бұйымына серт айтқан. Ғашық
жандар, дос-жарандар, рулас ағайындар өзара серт айтысып,
соны мүлтіксіз орындаған. Бір сөзбен айтқанда, ежелгі анттың
бұндай қарабайыр шағын түрлері көне салттағыдай қанмен
бекітілмесе де, адамның ар-ұждан тазалығына сенім артып,
қоғамдық өмірде кең өріс алып, басқаша айтқанда, уәде-аманат
деген құндылықтарға айналған.
Енді осы мәселелерге байланысты бірнеше мысал келтіріп
көрейік. Мәселен, балықшы өзенге қармақ лақтырғанда бы
лайша серттеседі:
Қабан балық, қарт балық,
Қармағымды тарт, балық.
Қаба алмасаң, саған серт,
Тарта алмасам, маған серт!
Қырғыз әйелдері тері илеп, тон тікпек болғанда «Тон шық»
деген арнайы жырды айтуы шарт. Жырдың соңында ісмер
иленіп жатқан теріге былай деп серттеседі:
Тап менен тузуң салдырдым,
Чык терим, тон тонума.
Калдыр-күлдүр етпестен,
Түше койгун жонума.
Ийлебесем маа жазык,
Кылдырасаң саа жазык,
Тон чык... Тон чык! 98.
98 Кыргыз элинин оозеки чыгармачылык тарыхынын очерки.—Фрунзе,
1973. – 49-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Сонымен, ежелгі күрделі ант салтының кейбір тармақтары заманға икемделіп, қарапайым түрлерге ауысып, бүгін де басқаша сипатта өмір сүріп жатқанын байқаймыз. Қорыта айтқанда, алғашқы қауымдық қоғамда қалыптас қан ежелгі ант беру салтында негізгі қызмет атқаратын мате риалдық айғақ—қан, рухани айғақ сөз екенін аңғардық. Әрине, бұл рәсімде айтылатын сөз толық орындалатын заңдық күшке ие. Демек, анттың қос қанатының бірі—ғұрып кезінде арнайы айтылатын магиялық формулалы сөз. Ал осында айтылатын қалыпқа түскен мәтінді фольклордың қандай түріне жатқызу ға болады? Ол қандай жанрға жақын? Мәтіннің поэтикалық ерекшелігі неде? Толып жатқан осындай мәселелерге жауап беру үшін үлгілер келтіріп, салыстырулар жасап, талдайық. Мәселен, артық күнді ататын Бармақ мерген—Эрхий мерген былайша анттасады: Атқан оғым мүлт кетсе, Бас бармағымды кесейін, Адам болмай кетейін. Тұнық су ішпейтін, Тұқыл тамыр жейтін, Қамалып қапас інде, Хайуан болайын мүлде!99 Көне анттың бір үлгісі ассирия жазуында сақталып қалған. Бұл антты ассирия патшасы Ашур-нирариға Бит-агуси елінің көсемі Мати-илу берген екен. Оның мәтіні былай: «Бұл серке Иштар құдайдың құрметіне құрбандық шалуға немесе азық үшін сойысқа, әйтпегенде, ауру тиген себепті үйірінен оңаша бөлініп, мұнда әкелінген жоқ. Бұл серкені Мати-илу Асси рия патшасы Ашур-нирариға адалдықпен ант беру салтына орай мойнынан ұстап әкелді. Егер Мати-илу антты бұзса, үйірінен қапелімде маңырап айырылып, оны қайтадан бастай алмайтын халге жеткен осы серкедей ол да өз атамекенінен, ұлқыздарынан, ел-жұртынан аластатылады және оларды басқара алмайтын болады. Бұл бас серкенікі емес, ол—Мати-илудың, оның ұл-қыздарының, бекзадаларының, қара орман халқының 99 Цэрэнсодном Д. Монгол ардын домог үлгэр.—Ұланбатыр, 1989. –47-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР басы. Егер Мати-илу антты бұзса, бұл серкенің басы қалай кесілсе, оның да басы солай кесіледі. Серкенің алдыңғы оң аяғы бұл да Мати-илудың, оның ұл-қыздарының, бекзадаларының, қара орман халқының оң қолымен тең. Егер Мати-илу антты бұзса, бұл серкенің сирағы қалай кесілді, Мати-илудың, оның ұл-қыздарының, бекзадаларының, Отанындағы халқының да оң қолы солай кесілетін болады100». Ал қазақ жауынгерлері Ұлы Отан соғысы кезінде былайша ант берген екен: Бір адым кейін шегінсем, Тілерсегім кесілсін. Көздегенім мүлт кетсе, Шықсын көзім, тесілсін! Қалтырап қолым қорықсам, Қарғысы атсын ананың. Халқым менен жиіркеніп, Көз жасы ұрсын ананың!101. Әлбетте, бұл мәтіндерден байқайтынымыз—ежелгі және жаңа замандағы ант берушілер егер сертіне жетпеген жағдай да өзіне неше түрлі жамандықтар тілеп, сол кесапаттардың айна-қатесіз орындалуын тілеген. Демек, басқаша айтқанда, анттасушы белгілі дәрежеде арнайы шартпен өзін-өзі қарғапсілеп отырғанға ұқсайды. Мәселен, бүгінгі қазақ бір жағдай ға куәлік етерде сөзіне жұртты нандыру үшін «Көрсем—көзім шықсын, естісем—құлағым керең болсын!» деп күнделікті тірлікте ант берісіп жатады. Бұл да белгілі дәрежеде анттың қарабайыр бір түрі және бұнда айтылған сөз де қарғыспен қабысып жатыр. Уәдеде тұрмайтын пәтуасыз жандарды ха лық «антұрған» деп атайды немесе ондайларды «Ант ұрсын!» деп қарғап та жататындығы тегін емес. Бір сөзбен айтқанда, анттың мәтіні қарғыс жанрымен қапталдас екенін аңғарамыз. Себебі, антта айтылатын сөз—бұлжымай орындалатын, жүзеге 100 Фрэзер Дж. Фольклор в Ветхом завете.—М., 1989. – С.192-193. 101 Төлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер. Фи лология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 1974. –93-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР асатын қанмен бекітілген қатал заң, демек, оны бұзған тарап тардың да ауыр жазасы мәтінде көрсетілген, ол қарғыс102 түрін де кестеленген. Сонымен ант дегеніміз не? Түйіндеп айтар болсақ, қандай бір қысылтаяң елеулі оқиға кезінде екі адам бірі-бірі үшін неме се жеке адам (кейде бір топ мүдделес жандармен одақтасып) қауымның игілігі үшін өз басын шын ниетпен құрбандыққа шалуға бел буып, магиялық ережелі сөздерді айтып, егер антты бұзса, осындағы шартқа сай қатаң жазалануды қалап, арнайы ғұрыптық рәсімді атқаруды ант салты деп атаймыз. Ант салтында айтылатын фольклорлық үлгілер халқымыз дың сөз киесіне сенген «айтқан сөз—атқан оқ» болған ежелгі заманындағы танымынан айқын хабар беріп, көшпелі қоғам дағы заңның қалыптасу тарихын зерттеуге де құнды айғақ бола алады. Бәдік. Фольклор туралы еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда қолданылады екен: а) мал ауруының аты ретінде; ә) өлең (айтыс) түрі ретінде. Сондай-ақ бәдік қызметі жөнінде үш түрлі көзқарас қалып тасқаны байқалады: 1. Бәдікпен малды емдеген; 2. Бәдікпен адамды емдеген; 3. Бәдікпен малды да, адамды да емдеген. Бәдік «көшіру» салты кезінде орындалған. Көшіру—көп тайпаларға, көп халықтарға ортақ көне магиялық ғұрып. Қазақ бәдіктеріндегі көшіру объектісі (бәдік) әдетте жанды нәрсе ретінде бейнеленеді: Бәдік кетіп барады шатқа таман, Бәдік кетіп барады өзекпенен, Бәдік кетіп барады таудан асып, т.с.с. Кейде оны ұстап алып, күш қолдануға да болатын сияқты: Бәдік болсаң, мен сені білер едім, Ернін тесіп, терекке ілер едім. Ернін тесіп, терекке іліп қойып, Бір уақ тамашаға күлер едім... 102 Ант пен қарғыс-жазаның өзара тығыз қарым-қатынаста екендігі жөнінде төмендегі еңбекте жеткілікті дәрежеде талданған. Қараңыз: Фрэзер Дж. Фоль клор в Ветхом завете.—М., 1989. –С.188-191.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Оған өтініш білдіруге де болатын көрінеді:
Бұрма бәдік дегенде, бұрма бәдік,
Бұралып босағамда тұрма, бәдік.
Бұралып босағамда тұрсаң, бәдік,
Көңліне иесінің келер кәдік.
Сәті түссе, оны жойып жіберуге де болатын көрінеді:
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Тебелеп өлтірейік бәдікті біз.
Алайда келтірілген жолдарда бәдіктің нақты не нәрсе
екендігі әлі де анық емес. Осы күңгірт, көмескі бейне «Бәдік
туралы әңгіме» деп аталатын қолжазбада былайша ашылады:
«Бәдіктің» шешуі жын деген сөз (жинаған Алпысов Шаймар
дан, тапсырған—Мәдиев Жұматай)103. Расында да, бәдікті
жын-шайтан бейнесінде тану бәдік мәтіндерінің өз ішінде де
кездеседі:
Айтайын мен бәдікті бұрынғыдан,
Сайтанның қу бәдік те ізін қуған.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айтамыз.
Шайтанды көшірелік айдауменен.
Бәдік бастан, жаным-ау, бәдік бастан,
Жын-шайтан, неше айтамын аулақ қаш деп.
Бәдік бейнесінің жын-шайтанмен байланыстырылуы бекер
емес. Өйткені жын-шайтан дегеніміз қаскөй күшке жатады. Әу
баста бәдік сөзі жалпы қаскөй күш ұғымын білдіргенмен, бір
те-бірте албасты, марту, пері сияқты белгілі бір ауруларды ғана
дарытушы, қоздырушы күш ретінде ұғынылуы мүмкін. Көне
магиялық сенім бойынша, қаскөй күштерді қорқытып, үркі
туде шудың ғұрыптық әсері мол саналған. «Шайтанның көш
песіне қоймаймыз ба, Жабылып жан-жағынан шулай берсек»
деген жолдардан айқын көрінетін ескілікті магиялық салт көп
теген халықтардың басынан өткен.
103 ӘӨИ қолжазба қоры. 301-бума, 10-дәптер.
4-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ауру, індеттің тарқауы қаскөй күштердің әсерінен деп біл ген Жаңа Британия тұрғындары қолдарына ағаштың бұтағын немесе келдек ұстап, айлы түнде далаға жапа-тармағай лап қой ған, жан-жағын, маңайын түгел ұрғылап, таң атқанша шулас қан. Батыс Африкадағы Алтын жағалау тұрғындары жұқпалы аурулар эпидемиясы кезінде шоқпар, сойылмен қаруланып, түн ішінде құлақ тұндырған шуменен үйлерді сабалаған. Ниас аралының жұрты қолына қылыш алып, оңды-солды сермеген, дамылсыз дабыл қағып, қатты айғай-шу шығарған104. Орыстың опахивание деп аталатын ғұрпын орындау кезінде де қаскөй күштерді шошытып, мал індетінің бетін қайтару ниетімен түн қараңғылығы кезінде қартамыс әйелдер, қыздар жиылып, деревняны азан-қазан шу қылған105. Келтірілген мысалдарда қаскөй күштерді қуу, көшіру ғұрпының көбіне түн жамыла өткізілетіні және оған дүйім жұрт қатысқаны байқалады. Бәдік өткеру салтында да осы типологиялық заңдылық сақталады. Ертеде бәдік іңір қараң ғысында басталатын болған да, кейде түні бойы айтылып, ертеңіне жалғасқан. «Жеті күнге жеткізе айт бәдікті» деп келетін бәдік мәтініндегі өлең жолына қарағанда оның бір неше күнге созылуы да ықтимал болған. Көшіру ғұрпын (обряд переселения духов) түнгі уақытта өткізудің мәнісі жыншайтандар қараңғы үйіріле жиналады деген сенімнен туса керек. Бақсылардың ойыны да іңірде басталатыны сондықтан. Жоғарыдағы мысалдарда қолға қару (бұтақ, келдек, сойыл, шоқпар) ұстап, оларды әрі-бері сермеудің, шапқан, ұрған, сабаған болып қорқытудың да мәні үлкен екендігі көрінеді. Бәдікті біздер ұстап табайық та, Таба алмасақ, аямастан сабайық та,— деген немесе: Бәдігімді ұстап бер қамаласып, Шығайын сер құмардан сабаласып,— деген жолдарда көне ғұрып іздері айқын сезіледі. Бірақ бәдік тің кейінгі даму сатысында бұл ғұрып біртіндеп ұмытылған. 104 Фрэзер Дж. Золотая ветвь.—М., 1986. –С. 513-515. 105 К вопросу об опахивании // Этнографическое обозрение. 1910. №3-4.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қолға қанжар, қылыш ұстап, оңды-солды сермеу, дабыл қағу,
қамшымен сабау әдеттері біртіндеп бақсылыққа ауысқан. Сабау
жорасының бізге көрші халықтардың көшіру салтында кейінгі
кезеңдерге дейін сақталғаны байқалады. Бұл әдет көбінше
сырқаттың үстіне мата жабу жорасымен қатарласа жүрген.
Қазақтың бәдік өткеру салты кезіндегі шулау, сабалау,
мата жабу, өлеңді орындау жораларының барлығын да жеке
орындаушылар емес, топ, ұжым жүргізген. Бұл—бәдік өткізу
ғұрпының көне замандардан, яки профессионал тұлғалар әлі
бөлініп шықпай тұрған кезеңдерден қалған құбылыс екенінің
жарқын белгісі.
Көшіру ғұрпының әлемдік фольклорда кездесуі: басқа адам
ға көшіру, жан-жануарға көшіру, жансыз заттарға көшіру
түрінде жолықса, бәдікте соның үшеуі де көрініс тапқан.
Басқаға көшіру әдеті «Бар дағы, тезден жабыс қу қыздарға»,
«Бар да жабыс осы қыздың бүйрегіне», «Бар да жабыс жігіт
тің таңдайына», «Жігіттің еңкейетін беліне көш», «Қыздар
дың кесте тіккен қолына көш», «Жігіттің сайрап тұрған тіліне
көш», «Ұрысқақ бәйбіше мен тоқалға көш», «молдаға көш»,
«байларға көш», «ұстаға көш» болып кете барады.
Жан-жануарға көшіру «бөріге көш», «текеге көш», «нарға
көш», «жыланға көш», «марқаға көш», «тұсаққа көш»,
«інгенге көш», «ұры итке көш» түрінде келсе, жансыз заттарға
көшіру «бұлаққа көш», «келіге көш», «Мекеге көш», «аршаға
көш», «жидекке көш», «Арқаға көш», «тауларға көш», «инеге
көш», «қияға көш», «мияға көш», «бауларға көш», «айнаға
көш», «бүргенге көш», «сазға көш», «жұлдызға көш» деп
жалғасады. Бәдікті басқа жанрлардан оқшаулайтын да, өзіндік
бет-пердесін ашатын да әлгі көп «көш-көш». Бұларды көп
жағдайда магиялық жораның өзі деп емес, содан қалған белгі
деп ұққан абзал. Келтірілген мысалдарда әзіл-оспақ басымдау
жататын сиық та бар. Дегенмен, олардың астарына да ой көзін
жіберген жөн. Мәселен, бәдіктегі қыз бен жігіттің әзілі деп
бағаланып жүрген:
Қаратауым дегенде, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге
Қаптап көшіп келеді біздің ауыл,—
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР деген шумақта тарих шаңына көміліп, ұмыт боп бара жатқан ескі ғұрып іздері сайрап жатыр. «Қаптап көшудің» алдында бәдік өткеру салтына шақыру рәсімі жүрген. Оның дәлелі: Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар, Хабар салып тұрмасаң, Құдай табар,— деген сөздер. Жан-жаққа хабар салып, ел жию әдеті өзге халықтардағы қаскөй күштерді қууға арналған қалың қауым қатысатын салтанатты шеруге өте ұқсас. Қара нөпір адам жиылып, қаскөй күштерді қуу салты Американың, Африка ның, Азияның жергілікті тайпалары арасында жиі кездесетін құбылыс екенін Джеймс Фрэзер әдемі сипаттап жазған. Қалыптасқан түсінік бойынша бәдік кеші жастардың бас қосатын ойын-сауығына, соның жасалуы үшін керекті сылтаудың біріне кейінгі кездері ғана айналған106. Біздіңше, оның тамыры тым тереңде, адам баласының белгілі бір даму сатысына тән қаскөй күштерді анда-санда қуып тұру рәсімінде жатыр. Бәдік өткеру ғұрпында сол ескі салттың жұрнақтары ғана сақталған деу шындыққа әлдеқайда жақын болар. Қаскөй күштерді қуып қана қоймай, одан қаша жөнелу әдеті де арғы-бергі халықтар өмірінде көп кездеседі. Дерт көшірудің бұл түрін қазақ бақсылары да қолданған. Бәдікте өтіну, сұрау, қорқыту, үркіту, шошыту сықылды дерт көшіруге тән жалпы сарындар болғанмен, қаскөй күштерден тұра қашу арқылы құтылу жорасы мүлде байқалмайды. Бәдік болмысы «көшіру» ғұрпымен тікелей байланысты. Дерт көшіру қаскөй күштерден құтылудың жалпы амалы бол са, бәдік—емдік магияның жалқы әдістерінің бірі. Фольклор тану тұрғысынан келгенде бәдікті вербальді магия үлгісіне жатқызуға тура келеді. Бұл жағынан оған ең жақын, етене туыс болып табылатын жанрлар—бақсы сарындары мен арбау. Алайда олардың спецификалық ерекшеліктері, жанрлық айы рым белгілері ап-айқын көрініп тұрады. Бақсы сарындарында бәдіктегідей емдік шаралар негізгі қызметті атқарғанмен, олар адам сырқатынан айықтыру үшін, 106 Қазақ әдебиетінің тарихы.—Алматы, 1948. –43-б.; Қазақ әдебиетінің та рихы.—Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. –110-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
онда да негізінен жүйке ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Арбауда ем-домнан өзге де қызметтер бар (мысалы: жауын
шақыру, күн жайлату т.б., яки арбау метеорологиялық магия
құрамына да енеді). Бұл—бір. Екіншіден, бақсы сарындары
мен арбаудың алабөтен орындалу ерекшеліктері бар. Бәдікті
қауым болып өткерсе, бақсы сарыны мен арбауды профессио
нал орындаушылар атқарады (бақсы, арбаушы). Арбау бәдік
сияқты өлеңдетілмейді, оқылады, т.с.с. Үшіншіден, олардың
өлең өлшемінде, ұйқас, ырғақ түзілістерінде маңызды айыр
машылық бар: бақсы сарыны мен арбау, негізінен, жыр үлгі
сінде шығарылады. Төртіншіден, бәдіктің стильдік өрнегі мен
ондағы образ табиғаты да бақсы сарыны мен арбаудан оқшау
тұр т.с.с.
Бәдіктің диалогқа құрылған мәтіндерінде айтыстағыдай
қыз, жігіттің есімі аталмайды, сол арқылы ол айтыстан ерек
шеленеді де. Бәдіктегі қыз бен жігіт өнер жарыстыратын тұл
ғалар емес, дәстүрлі ғұрыпты орындаушылар ғана. Олардың
аузынан шығатын сөз де ақындардікіндей қолма-қол ойдан
шығарылатын, суырып салынатын өнер дүниесі емес, көбін
ше даяр үлгілер, бұрыннан қалыптасқан шумақтар болады.
Магиялы саналатындықтан жұртқа белгілі бәдік сөздерін
бүтіндей өзгертіп жіберуге жол жоқ, керісінше, әртүрлі дайын
сұлбалар мен сораптарға мол орын беріледі.
Бір айтқанды қайта-қайта айта беру—сырт көзге ғана іш
пыстыратын, мезі қылатын әрекет, негізінде ол магиялық
ғұрыпты орындаудың талабынан туындайтын басты заңды
лықтардың бірі. Тибеттің магиялық кітабындағы: «Қажетті
жалбарыну сөзін 100 мың рет қайтала»107,—деген шарт тегіннен
тегін қойылмаса керек. Қазақтың бәдігінде де белгілі бір сөзді,
сөз тіркесін, сөйлемді, сөйлемдер тобын, шумақты, бүкіл
мәтінді неғұрлым көп қайталаса, зиянкес күшке солғұрлым
қатты әсер етуге болады деген сенім жатыр. Қарастырылып
отырған жанрда ең көп қолданылатын сөз—«бәдік», содан
соң жиі қайталанатын сөз—«көш». Оның шумақ, тармақ
ішіне орналасуы да белгілі бір ырғақ, ұйқас заңдылықтарына
бағынады. «Көш» сөзі, әдетте, бірінші, екінші және төртінші
тармақтарда қайталанады. Қандай да бір затты немесе
107 Токарев С.А. Ранние формы религии.—М., 1964. –С. 93.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
құбылысты екінші зат пен құбылыстан айыратын ондаған,
жүздеген белгілер бар. Ол белгілер кейде арнайы тексерусіз де
«мен мұндалап» тұрады. Бірақ тым қарапайым болуы себепті
біз оларға кейде тиісінше мән бере қоймаймыз. Сондай қара
пайым, әрі жанрдың бет-пердесін айқындайтын басты белгі деп
бәдік мәтінінің кез келген шумағында «бәдік» сөзінің жүруін
атар едік. Екінші белгі—оның «көш» сөзімен тоқайласа, тоқым
қағыстыра ірге қонатындығы. Бүкіл бәдік көшіру ғұрпының
тоқетер түйіні де аталған екі сөздің төбе түйістіруіне келіп
тіреледі. Алайда жетекшілік міндетті «бәдік» сөзі атқарады.
Кейбір бәдік өлеңдерінде «көш» сөзі мүлде қолданылмауы
мүмкін. Бірақ «бәдік» сөзінің қатысынсыз бәдік мәтіні болуы
мүмкін емес. Бұл—бұзылмайтын, бұлжымайтын поэтикалық
заңдылық.
Әдетте, бәдік мәтіндеріндегі өлең тармақтарының ұйымда
суы шумақ түрінде болады. Оны жоғарыдағы мысалдар да
айқын аңғартады. Өлеңдердегі шумақ саны әртүрлі келеді. Бізге
белгілі бәдіктер көлемі 4 шумақтан 46 шумаққа дейін жетеді.
Бәдіктегі шумақтар бір-біріне композициялық жағынан
болсын, сюжеттік желі жағынан болсын онша тәуелді бола
бермейді, мүмкіндігінше автономиялы өмір сүруге бейім тұра
ды. Сондықтан да кейбір өлең шумақтары бір бәдік мәтінінен
екіншісіне, одан үшіншісіне оп-оңай ауысып кете барады.
Әрине, олардың жолма-жол, айнадай теп-тегіс қайталануы
өте сирек. Ауызша поэзияның жалпы даму заңдылықтарына
сәйкес, бәдік өлеңдеріндегі шумақтар да вариацияға ұшырап
отырады.
Бәдік мәтіндерінде сөздердің, негізінен, зат есімге ұйқа
сатыны айқын аңғарылады. Оның себебі көшіру ғұрпына
тікелей байланысты. Бәдік өткеру салты кезінде ауру, немесе
қаскөй күш, не жанды (адам, мал, жәндік), не жансыз заттарға
көшіріледі. Сондықтан да ұйқасқа енетін сөздердің зат есімге
бітуі әбден заңды. Өзге сөз таптары бәдік ұйқасының құрамын
да екінші қатарлы ғана рөл атқарады.
Бақсы сарыны. Қазақтың «бақсылық» ұғымына әлемдік
этнография мен фольклортануда әбден қалыптасып, бекіген
«шаманство» термині сәйкес келеді. Бұл терминнің әсіресе мол
қолданылған кезі—XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы.
Одан кейінгі уақытта «шаманизм» атауы үстем бола бастайды,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
бірақ «шаманство» да қатардан қалмайды. Бертін келе екеуінің
аражігін ашып, жеке-жеке ұғымда қолданайық дейтін пікірлер
де туады. Біз де осы соңғы көзқарас жағындамыз.
Бақсылық. Бақсылар да ақын, жырау, сал-серілер сияқты
фольклор жасаушылардың байырғы өкілдерінен саналады.
Бірақ бақсының аталған тұлғалардан алабөтен айырмашылы
ғы бар. Оның негізгі міндеті көркем шығармашылықпен айна
лысу емес, белгілі бір дүниетанымға негізделген діни культті
атқару болып табылады. Бұл ретте бақсының профессионал
дық бітімі ақын, жырау, сал-серіден гөрі, молдаға, ламаға,
пасторға, раввинге жақын. Молда, лама, пастор, священ
ник, раввин жалғыз құдайға сенушілік (монотеистік) түсінік
терді уағыздап, Құдай мен адам арасына дәнекершілік етсе,
бақсы жасаған иелерге, аруаққа, жынға табынатын көзқарас
тардың уағызшысы, солардың негізінде қалыптасқан жора
ларды, ғұрыптарды атқарушы. Сондықтан да бақсыны профес
сионалдық тұлғасынан бөліп алып, жеке қарастыру мүмкін
емес.
Сөз жоқ, бақсы—шаман дініндегі басты тұлға, діни культті
атқарушы. Бірақ кез келген басқа құбылыстар сықылды,
шаман діні де бір орында қатып қалған нәрсе емес, оның да туу,
қалыптасу, даму, жоғалу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсының
қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де және ол жөніндегі
түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін.
В.Г.Богораз-Тан шамандық дамудың төрт түрлі кезеңін
атайды: бірінші және ең ерте кезеңі—үй ішіндегі бақсылық
(семейное шаманство). Бұл—шамандықтың рулық қоғамға
дейінгі сатысы. Екінші кезең мамандалған бақсылар (шаманы-
специалисты) пайда болады. Дегенмен, бұл кезеңде олар өз
алдына бөлініп шыққан әлеуметтік топқа айнала қоймаған.
Тұқым қуалаушылық жолына да бақсылық әлі түспеген.
Бақсылардың арнайы тігілген ғұрыптық киімдері жоқ, да
былдарында арнайы нышандық белгілері жоқ, күнделікті тұр
мыста қолданылатын дабылмен бірдей. Бақсылық дамудың бұл
кезеңі эксимостар мен чукшаларда сақталған. Үшінші кезең
рулық қоғаммен байланысты (мысалы, тұңғыстар, ненецтер,
нивхлар). Бақсының көмекшісі болады. Бақсылардың әлеу
меттік және экономикалық ықпалы бұрынғыдан әлдеқайда
күшті. Ол енді өндіріске және өнімді бөлуге жетекшілік етеді.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ерекше бақсылық киімі, ерекше дайындалған дабылы болады. Бұл кезең тайпалық қоғамға немесе ерте таптық қоғамға ұласады (сахалар, буряттар). Бақсы қоғамдық мерекелер мен құрбандықтарды өткізуде белгілі бір қызметтерді атқарады. Төртінші кезең—дамыған тайпалық және таптық қоғамда— бақсылық ыдырап, іріп-шіриді. Бақсылықтың бұл типі шор ларға, әсіресе қазақтарға тән108. Бізге мәлім жазбаша бақылауларға қарағанда, XVІІІ ға сырдың соңы мен XІX ғасырдың басындағы қазақ бақсылығы ның аясы емдеу, болашақты болжау, жоғалғанды іздеу сияқты қызметтермен шектелетінін аңғарамыз. Сонау жоғарғы палеолит, неолит дәуірлерінде туып, ұзақ ғасырлар бойы дамыған шаман діні аталған кезеңге өзінің көп қасиеттерін, белгілерін жоғалтып жеткен. Соған орай бақсы ның да ырыми қызметтері, атрибуттары, реквизиті жоғарыда В.Богораз-Тан айқындаған соңғы кезеңге сәйкестене бастаған болатын. Бақсылардың әлеуметтік өмірдегі орны XІX ғасырдың со ңына қарай тіптен тарыла түседі. Оның бір себебі 1868 жылы қазақ даласын билеудің жаңа ережелеріне сәйкес бақсылыққа заң жүзінде тыйым салынуынан, екіншіден, мұсылманшы лықтың өршуінен (молдалар жын шақыру шариғатқа қарсы келеді, сондықтан бақсыдан көмек сұрау күнә болады деп уағыз жүргізеді), үшіншіден, қазақ даласына етек жая бастаған орыс медицинасы да бақсылыққа өре-тұра қарсы болады109. Қазақ бақсылығының кейінге дейін қаймағы бұзылмай сақталған негізгі қызметі—емшілік. Шамандық сенім бойынша адам екі түрлі жолмен ауырады: 1. Зиянкес (злые духи) тәнді жайлап алады; 2. Зиянкес тәннен жанды ұрлап алады. Бақсылық емі де, негізінен, осы екі зиянкестік әрекетке қарсы бағытталады, яки бақсының емшілік қызметі мынадай: 1. Тәннен зиянкесті қуу; 2. Ұрланған жанды тәнге қайтару. Қазақ демонологиясы мен шаманизмдегі адамға қас, зиянкес күштер мыналар: дию, жын, пері, албасты, марту, үббе, обыр, жезтырнақ, сөрел, көнаяқ т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіне 108 Богораз-Тан В.Г. Религия как тормоз соцстроительства среди малых на родностей Севера // Советский Север. 1932. № 1-2. – С. 153-154. 109 Отчет члена-сотрудника С.Рыбакова о поездке к киргизам летом 1896 г. по поручению ИРГО // Живая старина. 1897. Вып. 2. – С. 207.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР тән қастандық жасау жолдары бар. Соған орай зиянкестермен күресудің тәсілдері де алуан-алуан. Халықтың түсінігінде жын-шайтандар өз бет-бейнесімен көзге көрінбейді, тек шыбын-шіркей, өрмекші, бақа, кесіртке, жылан, түлкі, мысық, ешкі т.б. түрде елестеуі мүмкін. Қай бейнеге енсе де, олар антропоморфтық қасиеттерінен айырыл майды. Бақсылар, негізінен, жүйке ауруына ұшырағанда, есі ауысқандарға, ауыр толғақ қысқан әйелдерге, сарып, сал ау руымен ауырғандарға ем жасаған. Халқымыздың шаманистік түсінігінде мұндай аурулар жын-шайтанның әсерінен болады. «Жынды», «жын соққан», «перінің салқыны тиген», «албасты басқан» деп ат қою да сондай түсініктерден шыққан. «Қоян шық» та осы қатарға қосылады. Аталған сырқат түрлерінің көбін бақсылар психотерапиялық әдіспен (бақсының ойыны арқылы) емдеген, алайда олар қажет кезінде аллопатиялық, гомеопатиялық, хирургиялық әдістерді де қолданған. Мәсе лен, мерезді қызылмия мен тамыр-дәрінің және басқа шөптер дің қосындысы арқылы емдеген110. Қайсыбір бақсылар үлкен ісіктерді кесіп алып тастайтын, іріңді жараларды жарып, қызған темірмен күйдіретін111, жіліншікті тесіп, шіріген ма йын ағызып жіберетін112, т.с.с. Бақсылардың негізгі ырыми қызметтерінің бірі—бол жаушылық. Қазақ бақсылары болашақты әртүрлі әдістермен болжаған. Бұлардың ең бастысы, әрине, жындардың көмегіне сүйену. Бақсы кез келген уақытта жындармен араласа алмай ды, ойын үстінде ғана тілдеседі. Ал бақсының ойыны біреудің тілегімен, өтінішімен ғана өткерілетіні белгілі. Бақсылар жал пылама сәуегейлік жасамайды, нақты адамдардың тағдырталайына, денсаулығына, ісіне қатысты болжамдар жасайды. Біздің ойымызша, бақсының болжаушылық қызметі кейіннен пайда болған дейтін пікір жаңсақ. Себебі мамандалу процесі әрқашанда жалпыдан жалқыға қарай дамитыны белгілі. Әу баста бақсыға тән көп қызметтер кейіннен арнайы 110 Альфонс Я. Киргиз-кайсацские степи и их жители.—СПб., 1845. –С. 64. 111 Тронов В. Д. Материалы по антропологии и этнологии киргиз // Записки ИРГО по отделению этнографии.—СПб., 1891. Т.XVІІ. Вып.2. –С. 62. 112 Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.— Алматы, 1976. –57-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
мамандарға көше бастайды. Соның бірі—болжаушылық мін
дет. Қазақта ол бірте-бірте жауырыншыға, ырымшыға, бал
герге ауысқан. Келтірілген мысалдар бақсы бойындағы бол
жаушылық қызметтің реликтілік сипаттарын айқындайды.
Бұл—бір. Екіншіден, бақсының басты қызметі емшілікке
келетін болсақ, бақсы сырқатты емдеп қана қоймайды, оның
өткені мен болашағына міндетті түрде болжам жасайды:
Науқастанып, қария,
Кез болыпсың аранға.
Жалғыз жатып ұйықтапсың
Күздігүні сабанға.
Балаңменен екеуің
Бидай қаптап алғанда,
Ашық қалып бетіңіз
Кірбіңдеп содан қалыпсыз.
Тамақ жұқпай бойыңа,
Етің кетіп, арыпсың.
Бола ма деп бір себеп
Әр тәуіпке барыпсың.
Дүниеде жан—тәтті,
Өлемін деп налыпсың.
Мен айтайын дауасын,
Ақала, можын, мүсәтір
Талқандап, бәрін аласың,
Бір қойыңды соясың,
Басқа тамақ қоясың,
Дәріменен боласың.
Өлемін деп қорықпа,
Айтып отыр жындарым:
Сексен беске барасың,—
дейді. Болжам магиялық тәсілдерді қолданумен ғана шектел
мейді. Бақсылар көбінше тамырдың бүлкіліне қарап-ақ ауру
дың себебі неден болғанын және неге апаратынын айырады.
Сөйтіп, болжаушылық—бақсы атқаратын негізгі ырыми
міндеттердің бірі болып табылады. Бақсыларға тән тағы бір
қызмет—жоғалған малды не затты жындардың көмегі арқылы
іздеу, анықтау.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Міне, жоғарыда аталған қызметтер жымдаса келіп, бақсының ерекше тұлғасын жасайды. Бәрінің басын қосып, ұйытқы болып тұрған—тәңірі-иелерге деген нық сенім. Бақсы—иелермен тіл қатысып, сөйлесе алатын, айтқанын істете алатын жалғыз өкіл. «Бақсы болу үшін адамға мың сан жын қонуы шарт. Бақсылықтың күші де шайтандардың көме гіне байланысты»113. Бұл әңгімелерден байқайтынымыз: тұқымында бақсылық бар кісі «мен бақсы боламын» деп болмайды, бұған оны жындар мәжбүр етеді, еріксіз бақсы болады. Қарсы келгендер жындардың қаһарына ұшырайды. Еріксіз бақсы болу сарыны бақсының жырында: Аспандағы менің бес перім, Қырық пышақ салдырып, Қырық ине маған түрітіп, Төбеме айдар қойдырып, Жынға мойын қойдырып, Көнбегенге көндірген, Қу ағашқа төндірген, Ақсақалдан бата алдырған, Ақ сарыбас қойды сойдырған,— деп суреттеледі114. Жалпы, «бақсы ауруын» инициацияға қатысты алып қарау дұрыс сияқты. Өйткені бақсы дегеніміз қатардағы, жай адам емес, «қайта туған адам», яки пірлер, жындар дүниесімен араласуға лайықталып, «қайта жасалған» адам. Бақсы атағын алу үшін неше түрлі ауыртпалықтарға көнуге тура келеді. Бақсылық ғұрыпты атқарушылар—аруақтар, жындар дүниесінің өкілдері. Олар былайғы жұрттың көзіне шалынбайды, болашақ бақсыға ғана көрінеді. Мұның жылдар бойы азап шегуі, арпалысуы—жоғары күш иелерімен арала суға дайындық белгісі, жай адамнан ерекше қасиет иесіне ай налу процесі, яки инициациялық ғұрыпты атқару кезеңі. 113 Живая старина. 1897. Вып.2. –С. 207. 114 Радлов В. В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи.—СПб., 1870. Ч. ІІІ. –С. 48. Бұл жайында кеңірек қараңыз: Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Осынау аса қиын өтпелі шақ, адамға тән қызық, қуаныш тардан айырылып, бөтен, тылсым дүниеге бейімделудің шыр ғалаңды ауыр жолы бақсы сарынында: —Уай, уай, айналайын, Құдайым, Бір өзіңе жылайын. Алды-артымды байқасам, Қараңғы тұман—уайым. Қанатымнан қайрылып, Табанымнан тайрылтып, Жасыған жездей майрылтып, Туысқан, туған бауырдан Тірідей мені айрылтып, Көнбес бір іске көндіріп, Қу ағашқа төндіріп, Жаратқан ие, неңді алдым?!— деп суреттеледі. Бақсылық—жындардың бере салған оңай олжасы емес, еріксіз мойынсұнудан туған тер төгіс, қиын міндет, ауыр жүк. Оның үстіне жындардың болашақ бақсыны таңдауы бала күннен, тіпті жөргектен-ақ басталуы мүмкін. Бірақ жабысу мен табысудың арасында белгілі бір уақыт өтетін көрінеді. Ол—«бақсылық ауруы» кезеңі. Кесімді мөлшері жоқ: бес жыл (Диваев), он жыл (Ұзақбай бақсы), он бір жыл (Радлов), он төрт жыл (Бала бақсы), яки әртүрлі115. Шамандық наным-сенім бойынша, айналадағы жанды-жан сыз заттардың немесе құбылыс атаулының бәрінің иесі бар. Бақсы—солардың тілін білетін, қыбын табатын адам. Иелері өздері таңдап алғандықтан да, бақсы—алабөтен қасиетке ие, жоғарғы күштер мен адамдар арасын жалғастырушы дәнекер. «Бақсылық ауру» осы сенімді одан әрі тереңдете түсу үшін өтемөте қажет. 115 Сағайлықтардың нанымы бойынша, болашақ бақсы туғаннан-ақ дімкес, сырқат болады, бірақ естен тануы бақсы болардың алдында күшейе түседі. Е.Қызыласов дегеннің айтуынша, ол 23 жасында ауруға ұшырап, 30 жасқа келгенде бақсылық қонған. Шорлардың сенімінде «бақсылық ауру» бір жыл дан үш жылға дейін созылады деп есептелген. Тубалар арасында «бақсылық аурумен» сырқаттанудың басы 10 жас пен 37 аралығында болатын, т.с.— Қараңыз: Алексеев Н. А. Шаманизм тюркоязычных народов Сибири.—Ново сибирск, 1984. – С. 112-115.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Бақсының синкретті өнерінің бір саласы—күйшілік, аспа бы—қобыз, ал одан да бұрын—даңғыра, дабыл. Даңғыра, дабыл тарихы көк түрік дәуірінен әрі асып, гун кезеңіне тіре леді. Сібір шамандығында даңғырадан өзге музыкалық аспап мүлде қолданылмайды. Сахалар мен тубалар оны дүңгір десе, алтайлар түңгір дейді. Шамандық салттарды атқаруда даңғыраның ырыми қызметтері орасан зор болған. Қазақтың бақсылары даңғыра, дабылдан қашан қол үзе бастағанын дәл айту қиын116. Даңғыра XVІІІ ғасырда да қол данылғанымен117, бақсының негізгі аспабы бұл кезде қобызға айналып болғанға ұқсайды. Бақсы ойыны. Бақсының ойыны белгілі бір ғұрыптарды атқару үшін өткерілген. Ең негізгі себеп—әрине, сырқат адам ды емдеу. Бақсы ешқашанда өздігінен жүріп, не сұранып, кісі емдемейді, үйінде сырқат бар адамның өтінішімен ғана келеді. Әрбір ақын-жыраудың өзіндік ерекшелігі болатыны сы қылды, әр бақсының да өзіне тән ойын өрнектері, емдеу тәсіл дері болған. Бірақ, сонымен бірге ойын өткерудің де, кісі емдеу дің де жалпыға ортақ нақты ғұрыптарға негізделген тәртібі бар. Бақсы ойынына басы бүтін сахналық шығарма, немесе қойы лым ретінде қарайтын болсақ, кез келген басқа өнер дүниесі секілді, оның да белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, өрбитін сюжеттік желісі мен композициясы болатынын көрмеу мүмкін емес. Бақсының ойыны, әдетте, тұрақты канондардан тұрады. Ойын кезінде атқарылатын рәсімдер мен жоралар белгілі бір ғұрыптар төңірегіне шоғырланған. Ол ғұрыптар қалай болса, солай атқарылмайды, бірінен соң бірі келетін арнайы тәртібі, ауқымы, мөлшері бар. Сол тәртіп, сол ауқым, сол мөлшерді негізге ала отырып, әр бақсы «дарын мүмкіндігіне, актерлік қабілетіне, психикалық ерекшелігіне, қиял байлығына қарай»118 бұрын 116 Орталық Қазақстандағы Жаңғабыл өзені маңынан табылған көне түркі дәуіріне жататын балбал таста арқасына дабыл, бүйіріне қобыз асынған адам ның суреті қашалған. Қараңыз: Шулембаев К. Маги, боги и действитель ность.—Алма-Ата, 1975. – С. 45. Тәрізі, ол кездегі бақсылар аталған екі аспап ты қатар қолданғанға ұқсайды. 117 Георги. Описание всех обитающих в Российском государстве народов.— СПб., 1776. – С. 140. 118 Новик Е. С. Обряд и фольклор в Сибирском шаманизме (Опыт составления структур).—М., 1984. – С. 60.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР нан қалыптасқан, дәстүрлі канондарға болар-болмас вариация лар жасап отырады. Қаламының ебі бар бақылаушылар мұны ерте бастан-ақ байқап, «Бақсылық ойын процесінің вариант тары онша көп болмайды»119, «Бақсыға емделгісі келетіндер көп және әрбір ем сайын аздаған айырмашылықтар болмаса, бәзбір рәсімдер қайталана береді»120 деп жазған. Егер мұны қарапайым тілмен айтар болсақ, бақсы атаулының ойынында ортақ желі бар және ұқсас іс-әрекеттер үнемі қайталанып отырады деген сөз. Ендеше, қол жеткен деректерді тиісінше пайдалана отырып, бақсы ойынының реконструкциясын біршама толық жасауға әбден болады. Бақсының ойыны міндетті түрде үй ішінде өткерілетін (далада, ашық аспан астында ойын өткізілгені жөніндегі дерек кездеспейді). Ойынды көруге үлкен-кіші, ұрғашы-еркек деп бөлінбей, түгел қатыса беретін. Бірақ ол үшін балиғатқа толған жастар мен үлкендер жағы тазаланып келуі шарт121. Бақсы біліп қояд деп, Дәретін жөндеп алады122. «Дәрет алу» шамандықтың мұсылмандықпен астасқан бір қыры екендігі даусыз. Мұсылмандық жетпеген Сібір шамандығында мұндай рәсім болмаған. Көрермендер үй ішін шыр айнала отыратын. Сыймағандар жабықтан сығалап, қы зықтайтын. Бақсының ойыны өзінің атынан да көрініп тұр ғандай, кішігірім театрдың немесе цирктің қызметін атқа ратындықтан, оған қатысушылар бақсыға болысып, жын қуу үшін ғана келмейді, барды-жоқты жақсысын киініп, көңіл көтеру үшін де жиналған. Мұнда әртүрлі эротикалық қимылдар да көрсетілетіндіктен (айталық, кейбір бақсы жолбарыс болып арқырап, әйелдердің үстіне асылатын немесе олардың ұятты жеріне қол жүгіртетін), бай-мырзалар ондай жерге бойжеткен 119 Ястребов М. Киргизские шаманы (Отрывок из записной книжки) // Моск витянин. 1851. Кн. І. № 7. – С. 309. 120 Новолинеец А. Чары шамана в киргизском ауле // Оренбургские губерн ские ведомости. 1848. № 25. 121 Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун (этнографический очерк) // Известия общества археологии, истории и этногра фии.—Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. – С. 315. 122 ОҒК қолжазба қоры. 1081-бума, 7-дәптер.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР қыздарын жібермеуге тырысатын. Ойын, әдетте, кешқұрым басталатын. Оған дейін бақсы арнайы даярланған дәмге отырады. Бақсы ойынының іңірге қарата өткерілуінің себебі мынада: жындар өмірі адамзат өміріне қарама-қайшы бағытта дамиды деп саналған. Адамның тіршілігі, қарекеті жарық дүниеге қатысты болса, жындардікі, керісінше, қараңғылық әлеміне байланысты. Жындар кешке қарай қимыл-қозғалысқа түсіп, адамдарға деген қастандық әрекетін көбінесе түнгі уақытта іске асырады. Яғни шаманизмге тән жалпы сенім бойынша, жындар түнде жортып, күндіз тынығады. Сондықтан Азияның, Африканың, Австралияның, Солтүстік Американың байырғы халықтарындағы бақсы (шаман) атаулы жындармен негізінен түнге қарай алысады. Бақсы ойыны өткеріліп жатқан үйде ошақта жанып жатқан оттан ғана көмескі сәуле шашырайды123. Ошаққа қазан көтерілсе, астындағы отқа кетпен, күрек немесе басқадай темір заттар тасталып қыздырылатын. Жын келгенде күркіреп, Қызып тұрсын дайын деп, Отқа темір салады,— деген өлең жолдарында да отқа темір салу рәсімі анық көрінеді. Қыздырылған темір әлтаман бақсы ойыны кезінде қажет. Одан басқа нәрселер де даярланатын. Бақсы ойынына жұрт жиналып болған соң есік жабылып, тұтқасы жіппенен байланып тасталатын. Оның себебі—бақсы ны жындары қысқан кезде қаскөй зиянкестер сырқаттың жа нын есіктен ала қашуы мүмкін деп саналған124. 123 Басқа кейбір халықтарда бақсы ойынын тас қараңғы үй ішінде өткізетін де салт болған. Қараңыз: Алексеенко Е. А. Шаманство у кетов // Проблемы исто рии общественного сознания аборигенов Сибири.—Л., 1981. С. 119; Прокофье ва Е. Д. Материалы по шаманству селькупов.—Сонда. – С. 67-68. 124 Қараңыз: А. Н. Баксы // Иллюстрированный семейный листок. 1860. № 99-100. С. 388. Ойын кезінде есікті жауып тастап, ешкімді кіргізбейтін және шығармайтын сахалар әдеті туралы мына еңбекпен танысыңыз: Виташев ский Н. А. Из наблюдений над якутскими шаманскими действиями // Сбор ник Музея антропологии и этнографии.—СПб., 1918. Т.V. Вып. І. – С. 165.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ауырған адам, әдетте, ортада аяқ жағын отқа қарата жататын125, не отыратын. Бақсы 2-2,5 қадам мөлшерінде оған қарама-қарсы отырады. Астына кілем төселеді (жоқ болса: сырмақ, көрпе). Сырқаттың үстіне мата жауып қоятын126. Мата жабу салты Орта Азия шаманизмінде кең өріс алғаны белгілі127. Бақсы сарыны. «Сарын» терминін ғылыми әдебиетте тұң ғыш қолданған Шоқан Уәлиханов болатын. Ол бақсының ойы ны кезінде қобыздың сүйемелімен орындалатын өлеңді «са рын» дейтінін 1854-1855 жылдар шамасында жазған128. Алайда «сарын» сөзі халықтық терминологияда бақсыға қатыссыз да қолданыла беретінін ескерген жөн. Айталық, осы термин үйлену салтына қатысты фольклор құрамында да129, ақындар поэзиясында130 да кездеседі, бүгінгі фольклортану ғылымында «мотивтің» баламасы ретінде де пайдаланылады. Бақсы сарындарын дін салтына қатысты десек те, нанымсенімдерге қатысты десек те айырмашылығы жоқ: екеуі бір ұғымды білдіреді. Егер нақтылай айтсақ, бақсы сарыны шама нистік салттардың құрамына енетін поэтикалық пішін болып табылады. Бақсының сарындары ертегі, батырлық жыр немесе мақалмәтел сықылды кез келген сәтте орындала бермейді, бел гілі бір ғұрыпты атқару кезінде ғана орындалады және оны орындайтын кісі—бақсы ғана. Бақсы сарыны бақсы ойыны ның үстінде орындалады, сондықтан ол бақсы ойынының ажы рамас бөлігі болып табылады. Бұл бөлік басқа бөліктермен 125 Щетинин Д. Врачевания у киргиз // Тургайская газета. 1895. № 45; Рыба ков С. Баксы (киргизские кудесники) // Оренбургский листок. 1897. № 24. 126 Савва Большой көрген ауру келіншектің үстіне бірінші күні жұп-жұқа аппақ жібек, шыт жабылса, үшінші күні ақ кенеп жабылған. Қараңыз: Боль шой С. Записки о приключениях в плену у киргиз-кайсаков в 1803 и 1804 го дах // Сын Отечества. СПб., 1822. Ч. 78. С. 62. Старшина Айбасовтың қызы ауырғанда бақсы оның үстіне жарқыраған, түрлі-түсті мата жапқан: Оренбург ский листок. 1889. № 25. т.с.с. 127 Қараңыз: Малов С. Е. Шаманство у сартов Восточного Туркестана // Сб. МАИЭ. Пг., 1918. Т.5. Вып. 1; Троицкая А. Л. Лечение больных изгнанием злых духов среди оседлого населения Туркестана // Бюллетень Среднеази атского госуниверситета.—Ташкент, 1925. Вып. 10; Муродов О. Некоторые фольклорные жанры связанные с древними верованиями таджиков // Фольк лор и этнография.—Л., 1977. 128 Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. В пяти томах.—Алма-Ата, 1984. Т.1. С. 212. 129 Қараңыз: Қазақтың музыкалық фольклоры.—Алматы, 1982. 193-194-б. 130 Сонда. 204-206-б.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
бірлікте, байланыста болғанда ғана басы бүтін құбылыс туады.
Ол құбылысты бақсы ойыны дейміз. Бақсы ойыны дәстүрлі
ғұрыптар жиынтығынан тұратын сеанс болса, оны өткеруші
орталық тұлға—әрине, бақсы.
Ал бақсының сарындары дегеніміз өзге діндердегі дұға
ның, мінәжаттың міндетін атқарады. Алайда дұға алдын ала
жазылып қойылған діни сенімдер жиынтығының эталоны
саналатын қасиетті кітаптардан үзінді түрінде оқылса, бақсы
ның сарыны әдетте импровизацияға негізделеді.
Ойын алдындағы дайындық рәсімдері толық атқарылып
болған соң, бақсы қолына қобызын алып, ойынын бастайды.
Алдымен қобыз күйлері орындалады. Күй ырғағына беріліп,
біраз қызып алғаннан кейін бақсы қобыз үніне өзінің мұңлы,
зарлы дауысын қосады. «Бақсы,—дейді А.Левшин,—қобы
зын ойнап, сарнап, ақырын теңселе бастады. Сосын оның
денесі музыка ырғағына сай қимыл-қозғалысқа түсті. Дауысы
біртіндеп күшейген сайын, оның теңселуі де күшейді»131.
Бақсы, әдетте, өзінің сарынын әулие-әнбиелерге сыйынудан
бастаған. Ол мына сияқты болады:
Мағруптағы әулие,
Машруптағы әулие,
Түркістанда Түмен баб,
Сіздерден медет тілеймін.
Сайрамдағы сансыз баб,
Отырарда отыз баб,
Ең үлкені—Арыстан баб,
Ең кішісі—Алаша қап,
Сіздерден медет тілеймін.
Бақсы бұрын-соңды естіп-білген әулие-әнбиелерінен еш
кімді қалдырмай түгел атап, ақырында:
Жер жүзіндегі әулие,
Күн көзіндегі әулие,
131 Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и
степей.—СПб., 1832. С. 62.
5-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ал сыйындым сіздерге, Жәрдем бергей біздерге,— деп бір-ақ түйеді. Тәңірі, Құдай, Алла және де Мұхаммед пайғамбардан бастап, Омар, Оспанға дейінгі сахабалар—бәрі аталады. «Мен оның сөзінен түк те ұққаным жоқ,—дейді А.Янушкевич,—бірақ әртүрлі құдайлардың, әулиелердің ішінде Ысырайыл мен Жебірейіл де болды»132. Бақсы әулиеәнбиелерге сыйынып болдым-ау деген кезде сарынын аз-кем тоқтатып, отырғандарға: «Ля алла иль алла» (Алладан басқа Алла жоқ) деңдер,—дейді, қатысушылар мұны бір ауыздан қайталайды133. Бұдан кейін ол аруақтарды шақыруға кіріседі. Аруақтарды шақырудың бірнеше типі бар. 1. Бұрын-соңды өткен атақты хандардың, батырлардың, бай-мырзалардың аруағын шақыру. Мысалы: Уақ атасы Ер Көкше, Ерлігінің белгісі— Садағына келген сан кісі, Мылтығына келген мың кісі. Сарыбай, Сарыш, Өтеулі, Үш жүзге сексен ат Бәйгеге қосқан Көрпебай. Арғы атасы Қарақожа, Ханда—Абылай, Қарада—Қазыбек, Төрт ұлды Торайғыр, Жағалбайлы Түнғат, Қаракерей Қабанбай, Қу дауысты Қазыбек, Қаракерей Мұрында—Қандыбай, Шақшақұлы Жәнібек, Тобықтыда—Дөненбай, Ішіндегі Доғалбай, 132 Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям.— Алматы, 2005. – С. 199. 133 Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун (этнографический очерк) // Известия общества археологии, истории и этногра фии.—Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. – С. 317.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өте шықты заманында—Құнанбай,
Таздың арғы атасы—Шойынқара,
Қара, Сары, Қондыбай...
2. Тікелей өз ата-бабаларының аруағын шақыру. 3. Атақты бақсылардың аруағын шақыру.
Әулие-әнбиелер мен аруаққа сыйыну көбінше іркес-тіркес
келеді, кейде араласып та кетеді. Бұлардың бәрі (әулие-ән
биелер, аруақтар) бақсының жебеуші пірлеріне жатады.
Пірлерге сыйыну рәсіміне бақсы сарындарының компози
циялық бастауы ретінде қараған жөн. Бұдан кейін бақсы өзінің
көмекші жындарын шақыра бастайды. Олардың әрқайсы
сына тән номенклатуралық қызмет болады. Сондықтан да
бақсы жындарды қалай болса солай емес, белгілі бір тәртіппен
шақырады. Әрине, алдымен болжаушы жындар шақырылуға
тиіс. Бақсы сарынының бұл бөлігіндегі негізгі мақсат—ауру
себептерін іздеу. Бақсы оларды былайша шақырады, ақыл-
кеңес сұрайды:
Ал шақырдым, жын-дағы,
Жынды қылған Құдайым,
Кел бермен, жын мұндары,
Сенімен кеңес құрайын,
Атаңның аузын ұрайын.
Шақырайын көк Қабан,
Басқан жері он табан,
Ал шақырдым, Шойтабан.
Қара қасқа ат мінген,
Жал-құйрығын шарт түйген.
Ал шақырдым, Темірқан,
Болжа деймін сендерге!
Бұл уақта «жуан ішектерді бойлап, ысқы үздіксіз жүгі
реді, біртіндеп бақсының дауысы құлақ жаратын дәрежеге
жетеді»134. Бақсы жындарына «әділ сөйле», «өтірік сөйлеме»
дегенді қайта-қайта айтады, өйткені ол аурудың диагнозын
соған қарап қояды:
134 Москвитянин. 1851. Кн. І. № 7. – С. 309.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
...Әділ сөйле, ер Қабылан,
Ақмарал атты еріміз,
Әділ сөйлеп келіңіз,
Сырдың бойы сырғақ-ты,
Ашамайлы күн қақты,
Байқай сөйле аруақты.
Өтірік сөйлеп, ерлерім,
Сындырмағай белімді.
Өтірік енді сөйлесең,
Шақырып сені не етейін?
Әділ бір сөйле, кел бері,
Байқап сөйле, сен бері,
Өтірік енді сөйлесең,
Ал қараңды көрмеймін,
Жөніңе түсіп жүрмеймін!
«Әділ сөйле», «байқап сөйле», «өтірік сөйлеме» дегендерді
бастырмалата, үсті-үстіне қайталау арқылы ол біртіндеп ауру
дың сеніміне кіреді. Бақсының:
Жын үлкені, Ер Шойлан,
Кідірмей бермен кел, Шойлан,
Өтірік айтпа, жын, ойлан.
Басыңды баудай қағармын,
Қаныңды судай шашармын,—
деген қаһарлы әмірін өз құлағымен естіп отырған сырқаттың
жабыраңқы көңілі көтеріліп қалады, бақсының шексіз күшіне
иланбасқа шарасы қалмайды. Сөйтіп, шамандық диагноз қоюға
дейін-ақ дерт қуудың алғашқы психологиялық дайындықтары
жасалады. «Арасында,—дейді Құдабай Қостанайұлы,—бақсы
ауыр-ауыр күрсінеді. Қобыз үні бірте-бірте тыныштала береді.
Міне, бақсы үнсіз қалады. Кенет ол селк ете түсіп, қолдарын
ербеңдете жөнелді. Қобыз шанағына ілінген сылдырмақтар
сыңғыр қақты. Бақсы сол сылдыр-сылдыр, сыңғыр-сыңғыр
үнге құлағын тосады, аракідік көзін бір ашып, бір жұмып, бет-
аузын қисаңдатады. Осы күйде ол бірнеше минут отырады.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Көрермендердің айтуынша, бақсы бұл кезде сырқаттың тағ дыры туралы жындардан жөн сұрап жатады»135. Сылдырмақтардың сыңғыр қағуы, бақсы қолдарының ер беңдеуі мен бет-аузының қисаюы жындардың келгенінен хабар береді. Бақсының сырт көзге мүлде жат, түсініксіз қимылдар жасауында, яғни өзімен-өзі арпалысып, шыр айналып, ке ріліп-созылып, еңкейіп-жантайып, бұлқан-талқан болуында елеулі мағына бар. Олар—жындардың жиылып, бақсының бойын қыса бастағанын білдіретін пантомималар. Ал экстаз дәрежесіне жеткенде бақсының аузынан ақ көбік ағып, талып қалуы—оның жындар әлеміне баруын, сонда болуын білдіреді. Тұрып, есін жинаған соң, бақсы ол жақта өзінің не көріп, не білгенін әңгімелейді, сырқаттың не себепті ауырғанын, қан шаға созылатын, не дауа болатынын айтады. Осымен, бақсы ойынының бір бөлімі аяқталады. Әрі қарай емдеу процесі басталады. Бақсы емі жоғарыдағы болжам нәтижесіне тікелей байланысты: не ол дәрі-дәрмектерді пай даланады, не әртүрлі магиялық шараларды қолданады, не си қырлы сарынын одан әрі жалғастырып, дертке дауа табатын көмекші жындарын шақырады. Қалай болғанда да, бақсы ойынының сырқатқа ғана емес, оған қатысып отырған көрермендерге де әсер ететіні күмән сіз. Бақсы—өзін де, өзгені де трансқа түсіре алатын қабілет иесі. Ол сырқаттың жан-дүниесін көз байлау (гипноз) арқылы да басқарады. Сөйтіп, ерекше психологиялық ем қолданады. Сендіру—бақсы ойынының басты міндеті. Бақсының емі жүй ке және жан дүниесінің ауруына ұшырағандарға көбірек дауа болатыны да сондықтан. Қобыздың күңіренген үні, бақсының зар илеп, жындарын шақыруы, нанбасқа нандыратын неше түрлі фокустар, мың құбылған пантомималар, міне, мұның қай-қайсысы да нар көтерер сенім жүгін арқалайды. Әрине, бар сенімнің ішіндегі тірегі, темірқазығы—шаманистік сенім: аурудың иесі болады деп білу. Оған бақсы қалай әсер етеді— мәселе сонда. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп, әрі әлуетті. 135 Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинско го уездов.—Ташкент, 1894.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Шамандық түсінік бойынша, жындар әлемі екі үлкен
лагерьден тұрады: мейірімді жындар (добрые духи) және зиян
кес жындар (злые духи). Бақсыға бағынатындары, әрине,
мейірімді жындар. Жалпы аты солай болғанмен, олардың өзі
іштей жіктеледі екен (пері, жын, шайтан). Бақсы сарындарында
жын қатарында пері де, шайтан да атала бергенмен, кейбір
бақсылар оларға жеке-жеке мән берген. Қорғанбай бақсының:
Өтірік басқа—шын басқа,
Шайтан басқа—жын басқа.
Пері басқа—жын басқа,
Әрқайсысы бір басқа,—
деуі де сондықтан.
Бақсылар керегіне қарай жындарын кезек-кезегімен шақы
рады:
Ақтұйғыным, бопам-ай,
Томағаң сенің күмістен,
Аяқ бауың жібектен.
Екі де бірдей баршын құс,
Күйту-күйту, Сары құс!
Жеген жемің бәрін құс!
Темір қанат Қара құс,
Сексен сегіз құмарлым,
Тоқсан тоғыз тұмарлым!
Сол иығың—үкілім!
Қызыл да жирен ат мінген,
Жал-құйрығын шарт түйген.
Екі найза түйіскен.
Айқайлап жауға тиіскен,
Екі бірдей торы атым,
Құйысқанды Құла атым,
Қызыл шұбар айдаһар.
Әрқайсысына мақтаулы сөз, әсерлі теңеу табуға тырысады.
Жындарын жеке-жеке атап, шақырған кезде бақсы даңғы
ра, дабыл қағады, асатаяқпен жерді ұрады. Бақсының ащы
дауысына түрлі дүңгір, түрлі сыңғыр қосылып, азан-қазан
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
болады. Әне, жындар да мұны естіді, суыт хабар жеткен соң,
бес қаруын сайланып, алдағы қызу ұрысқа апыр-топыр жинала
бастайды. Дауыс жетпеген алыс жерлерге шабарға ат, хабарға
ителгі жіберіледі. Бақсының шақыруын естіген жындардың
қай-қайсысы да жолға шығуы керек. Бірақ олардың ішінде де
елгезегі, еріншегі бар.
…Сөйтіп, бақсы бірде-бір бос қимыл жасамайды: әрбір әре
кетінде астар бар, әрбір қимылында қатаң қалыпқа, өрнек
ті өлшемге түскен пантомималық мазмұн бар. Бұдан бақсы
сарынындағы сөз бен бақсы ойынындағы іс-әрекет арасындағы
ерекше байланыс болатыны анық көрінеді.
Бақсылық ем сеанстары кезінде бақсы өзін-өзі ойнайды,
жын болып ойнайды, фокус көрсетіп ойнайды т.б. Мұның
барлығы да актерлік өнермен тікелей байланысты. Бақсының
ем-дом ретінде қолданатын ғұрыптық іс-әрекеттері жиынтық
түрде ойын деп аталуы да нақ осыған қатысты. Алайда актер
дің ойыны эстетикалық сұранымдарды қанағаттандыруға ға
на бағытталса, бақсы ойынының қызметі мүлде басқа—емдеу,
жору. Сондықтан да бақсы ойыны актерлік ойыннан түбірімен
ерекшеленеді.
Бақсылардың денеге пышақ (қанжар, қылыш) сұғу фоку
сын жеке алып қарасақ, әрине, ол иллюзион өнеріне жатады.
Бірақ иллюзион өнерін жете меңгеруіне қарамастан, бақсыны
иллюзионшы дей алмаймыз. Иллюзионшы өзінің фокусына
адамның ақыл-айласы туғызған өнер дүниесі ретінде қараса,
бақсы мұны жындары дарытқан күш, ауруға демеу болатын
тәсіл деп біледі.
Бақсының негізгі психотерапиялық әдісі гипноз (сендіру,
ұйыту) болса, әлгідей фокустар бақсының гипноздық әре
кеттерін күшейте түсу үшін қажет. Бақсы неғұрлым өнерлі,
неғұрлым дарынды болған сайын оның гипноздық әрекетте
рінің де науқасқа әсері соғұрлым күшті. Бақсының жын
шақыру кезінде сырқат та, көрермендер де біртіндеп трансқа
түседі. Ұйытушы—әрине, бақсы. Жұрттың сеніміне әбден
кіріп болған уақытта ол құдіреті күшті дирижерға айналады.
Отырғандар бақсы не айтса, соны істейді, не қимыл көрсетсе,
соны қайталайды. Бақсымен бірге теңселеді, бақсымен бірге
оның жырына да қосылып кетеді. Бақсының ойыны мен сары
ны әсіресе науқасқа қатты әсер етеді.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бақсы ойыны мен сарыны бірнеше бөліктен тұратыны
белгілі. Айталық, кіріспе (рәсімді дайындау), жын шақыру,
жындардың шайқасы. Ал бақсылар ойыны мен бақсылар са
рынының соңғы бөлімі жын қайтару деп аталады. Бақсы жын
қайтарар алдында «саф болды» дейтін. Бұл—көмекші жын
дар мен зиянкес жындар арасындағы соғыс бітті дегені. Содан
соң бақсы қобызын тағы да күңірентіп, жын қайтару рәсіміне
кірісетін. Онда былай дейтін:
Айналайын, дәулерім,
Айналайын, беклерім.
Бәрекелде, дәулерім.
Айдашы, Қара, айдап қайт,
Қол-аяғын байлап қайт.
Шашау шығып қалмасын,
Бәрін алып, жинап қайт.
Үлкен-кіші аға бар,
Бесікте жатқан бала бар,
Жан-жағыңа бармай, қайт.
Түндігі ашық бейбақ бар,
Назар көзін салмай, қайт,
Әскеріңді аралап,
Жаралы бір қалмасын,
Тастамай бәрін алып қайт!
Иә, мұнда бақсының разылық сезімі бар, ауыр ұрыстан
соңғы майдан картинасы бар. Және де мұнда жындардың
антропоморфты қасиеттері айқын көрінеді. Бәрі біткен соң
бақсы:
Қой, қош аман болыңыз,—
Пір Қожамның бес ұлы,
Ер Қожамның үш ұлы,
Алға келдің бас ұрып,
Қайратыңды асырып,
Алдымдағы мейманның
Үстінен дертін қашырып,
Дауа салдың мейманға.
Разы бол, жын мұндар,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Басыңды қосып, жиғанға.
Мұнан қоймай хабар айт,
Ертеңгі күн қалмасын,
Келуінен танбасын,
Тоқсан тоғай толғаны,—
деп, өзі де разы болып, жындарының разылығын сұрап, соңғы
тапсырмаларын беретін. Сөйтіп, жындарын түгелдей мекеніне
қайтаратын.
Сонымен, бақсы ойыны мен сарындарында жүйелілік, бі
різділік болатынын көрдік. Ойын бақсылық ғұрыптар негі
зінде өткеріледі: бақсының айтар сөзі де, атқарар іс-әрекеті
де дәстүрлі ғұрыптарға қатаң бағынады. Сондықтан да бақсы
ойынындағы сөз бен әрекетті бөле-жаруға болмайды, олар бір
медальдің екі жағы сияқты. Бақсы ойынын бірнеше актіден
тұратын трагикомедиялық спектакль десе де болады. Мұнда да
театрдағы сахна, партер, көрермен, актер (бақсы, бақсыға қо
са кейде оның көмекшісі), бақсылық реквизит т.б.) бар. Бақсы
сарыны, түптеп келгенде, импровизацияға негізделген көркем
шығарма. Түйдек-түйдегімен ағытылған жыр ырғағы науқас
пен көрерменді ғана емес, жындарды да тербеуі керек. Бақсы
ның жан алып, жан берген, жын шақырған ащы дауысы, қо
быздың бірде ұлып, бірде ышқынған әуені, қоңыраудың сыл
дыр қаққан сылқым үні бір оркестр құрады. Бұған бақсының
әртүрлі оқыс қимылдары, түрлі-түрлі жын бейнесіне енгендегі
өрескел қылықтары, көз байлап, көңіл аулайтын сиқырлы
фокусы қосылғанда отырғандардың бейтарап қалуы екіталай
болар. Сондықтан бақсы менен науқас, бақсы менен көрермен
дер арасында магниттің өрісіндей тартатын ерекше жанды,
ерекше ауқымды байланыс орнайды. Біраздан соң отырғандар
бақсы ойынының құрғақ тамашалаушылары болудан қалып,
оны бірге өткеруші, бірге орындаушы әрекет иелеріне айнала
бастайды. Сөйтіп, бақсының психотерапиялық сеанстарын
ұжым болып атқарысады. Ал бұл—көне өнердің белгісі.
Әрине, ойынның режиссері де, басты орындаушысы да—
бақсының өзі. Сан-салалы өнердің басын түйістіретін, көген
дейтін ортақ желі—бақсының сарыны. Бақсы ойынын бейнелі
түрде опералық спектакль десек, бақсы сарыны либретто
қызметін атқарады, яки сала-сала, тарам-тарам сюжеттік оқи
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
ғалардан тұратын күрделі эпикалық шығарма болып табыла
ды. Ғұрыптық әрекеттердің орналасу ретіне қарай жүйелеген
де бақсы сарындары мынадай сюжеттік қабаттардан тұратын
болып шықты:
І. Пірлерге сыйыну—бақсы сарындарының кіріспе бөлімі;
екі саладан тұрады: әулие-әнбиелерге сыйыну, аруақтарға
сыйыну. Әулие-әнбиелерге сыйыну типтері—пайғамбарлар
мен мұсылмандық әулиелерге мінәжат ету, қазаққа немесе
қазақ ішіндегі белгілі бір аймаққа тән баба-әулиелерге сыйыну.
Аруақ шақыру типтері: атақты хан, батыр, би, байлардың аруа
ғын шақыру, тікелей ата-баба аруағын шақыру, бақсылардың
аруағын шақыру.
ІІ. Жын шақыру—бақсы сарындарының негізгі бөлігі қос
салалы: барлаушы, кеңесші жындарды шақыру, сырқатқа
дауа табар көмекші, қызметші жындарды шақыру. Магия
лық ем рәсімдері жын шақыру жорасына байланыстырыла
атқарылады.
ІІІ. Жын қайтару—бақсы сарындарының қорытынды бө
лімі.
Міне, осы қалың қатпарлар түгел қордаланып, тұтас
сүлделенгенде ғана бақсы сарындарының басы бүтін тұлғасы
бар болмысымен көрінбек.
Ғұрып фольклорының жанрлары да белгілі бір заңды
лықтарға бағынады, белгілі бір заңдылықтар аясында дами
ды. Алайда мұндағы сөз үлгілері, тіпті де эстетикалық та
лап-тілектерді қанағаттандыру үшін емес, утилитарлық,
практикалық қажеттіліктерді атқару үшін қолданылатынын
естен шығармауымыз керек. Ғұрыптық сөз үлгілері ғұрып
тық іс-әрекетпен тығыз байланысты. Сондықтан да ғұрыптық
фольклор жанрларын зерттеу үстінде ғұрыптық сөз үлгілерін
ғұрыптық әрекеттен бөлек алып, жеке қарастыру мүмкін емес.
Б. Абылқасымов ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
А. Тойшанұлы,
филология ғылымдарының кандидаты
1. БӘДІК ӨЛЕҢДЕР
1. БӘДІК
Бұл бәдік деген сөз—бұрынғы қазақ болғаннан бері қарай
келе жатқан бір әдет. Біреу көш бәдік деп аузына не түссе, соны
айта салады. Сол адамды «көш бәдік» дейді. Бұрынғы атам за
манда біреудің бір малы құтырса, яки аты делбе болса, яки бір
малына жылан, қара-құрт тисе, бәдік айтады екен. Ол бәдік
айтқан реті мынадай болады, мәселен, әлгідей малы құтырған
ауыл маңайындағы ауылдарға хабар айтады: «біздің ауылға
келіңдер, кішкене той қыламыз» деп. Кешке қыз, келін, жігіт,
бала жиылып келеді. Екі жігіт бір отырып, екі қыз, яки келін
бір отырып өлең айтады. Кемпір-шал болса да жиылған адам
ның бәрі аузына түскенін айта береді. Сондағы айтатындары:
—Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,
Қара мақпал тоным барша әдіпті.
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене бір кәдікті.
Ай, көш!
Бәдік кетіп барады шатқа таман,
Жүген ала жүгірдім атқа таман.
Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Итере сал кәпірді отқа таман.
Ай, көш!
І. Бәдік
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдік бәдік деседі,
Бәдік желдей еседі.
Асқар-асқар тауларға,
Ағыны қатты суларға,
Айнала соққан құйынға,
Ай, көш десе көшеді.
Ай, көш!
Көшер болсаң, ай, бәдік, Мекеге көш,
Кемпір миын мүжіген шекеге көш.
Көш айласын білмесең, мен айтайын,
Қойдан қойға жүгірген текеге көш.
Ай, көш!
Көшер болсаң, ай, бәдік, Арқаға көш,
Қарағайды қақ жарған жаңқаға көш.
Көш айласын білмесең, мен айтайын,
Қойдан-қойға жүгірген марқаға көш.
Ай көш!
Көшер болсаң, ай, бәдік, жыланға көш,
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құланға көш.
Көш айласын білмесең, мен айтайын,
Жердің жүзін қаптаған тұманға көш.
Ай, көш!
Жұрқаға көш! Ай, бәдік, жұрқаға көш,
Құлан, киік жайылған қырқаға көш.
Көш айласын білмесең, мен айтайын,
Күресіннен күл шашқан бұқаға көш.
Ай, көш!
Осындай қылып әлде неше рет айтып болған соң қайтарында
етек-жеңдерін сілкіп, «біз де көштік, сен де көш» деп етектері
мен ұшықтап қайта береді.
2. БӘДІК
Ай, бәдік, енді көшсең, Арысқа көш,
Арыс емес, ар жағы алысқа көш.
БӘДІК
Кемпір сырын айтпайды теппесіне,
Қоймайды аудармалап кетпесіне.
Ай, бәдік, енді көшсең, айнаға көш,
Айнаны маған десең, айнала көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осы бір арамға байлана көш.
Ай, бәдік, көк дегенде айға көш,
Жұмалап Атбасындай сайға көш.
Айтпайды кемпір сырын шал байына,
Айтпайды шалдар сырын шалғайына.
3. [БӘДІК САМАР ЖАҚСЫ БИЕ АРҒЫМАҚ
ҚҰЛЫН ТАБАР...]
Бәдік самар, жақсы бие арғымақ құлын табар,
Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар.
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар,
Бәдік өркеш, наршалардан туады айыр өркеш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Осының тілін күрмеп, қолына көш.
Бір бәдігім бар еді алыс деген,
Шақырсам да келмейді қамыс деген.
Тезек сырын айтпайды теппесіне,
Аудармалап қоймайды кеппесіне.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Осының барып жабыс шекесіне.
Енді көшсең, әй, бәдік, долыға көш,
Даңғыраған Ташкенттің жолына көш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Мақта терген осының қолына көш.
Енді көшсең, әй, бәдік, ылаңға көш,
Шұбарала ысқырған жыланға көш.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Қасы-көзі қиылған бұраңға көш.
Ауылымда бар екен төрт күн бәдік,
Сүтке салған тарыдай бөртсін бәдік.
Төсек салып береді жайластырып,
Аманбайдың үйіне көшсін бәдік.
4. БӘДІК
Бұрма бәдік,
Босағада бұралып тұрма, бәдік.
Босағада бұралып тұрсаң, бәдік,
Иесінің көңіліне келер, бәдік.
Бәдік қақшаң,
Бәдік десе біз келдік тақияшаң.
Бысмылда деп бәдікті біздер айтсақ,
Бәдігің өзі-ақ кетер дереу шапшаң.
Бұқпа бәдік,
Күндіз-түні жегені жұқпа бәдік.
Екеуінің ішіне кіріп кетіп,
«Ойбай өлдім» десе де
Шықпа, бәдік.
5. БӘДІК
Бәдік-ау, бәдік құрғыр, бәдік қасқыр,
Қасқырдан қан тамызған қан басқыр.
Жолыңа мен садақа, Құдайым-ау,
Бәдікті темір торға салып, тас қыл.
Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,
Сайлардағы малы көп байларға көш.
Парша тон, зер жағалы ішік киіп,
Ханның қызы отырған жайларға көш.
Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,
Жау жасырынып жатырған тауларға көш.
БӘДІК
Таудан орын таппасаң, мен айтайын,
Тауларға бие жайған байларға көш.
Көш, бәдік, көше ғойса, бәдік құрғыр,
Қайеріңде тұрады кәдік құрғыр.
Ұшырайын дегенде алма құрғыр,
Қуырдаққа жығылып мойны сынғыр.
Қу бәдік, ойға айдаймын, қырға айдаймын,
Жиде, талқан жесін деп сырға айдаймын.
Қу бәдік, жалғызбын деп қамықпағын,
Екі жігіт қосақтап бірге айдаймын.
Бәдік кетіп барады Мекесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Қыздардың да барып жабыс жүрегіне,
Үйіне жылап барсын шешесіне.
Бәдік самар, бәдік самар,
Арғымақ жақсы бие құлын табар.
Аулыңда тойдан қызық бәдігің бар,
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан ары бұлтпенен араласып.
Құдай оңлап бәдікті қолға берсе,
Шер-құмардан шығар ек сабаласып.
6. БӘДІК
Бәдік кетер дегенде, бәдік кетер,
Мың теңгелі қаракөк жылқы жетер.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Алды-артына қарамай өзі-ақ кетер.
Бәдік десең, біз келдік нарттай болып,
Тау жайлаған қаракөк аттай болып.
6-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Өзі-ақ кетер жауыраған сарттай болып.
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан асып бұлтпенен араласып.
Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Шер-құмарлар шығар ек сабаласып.
7. БӘДІК
Бәдік самар, ендеше, бәдік самар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар.
Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар,
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Ей, жігіт, бәдігімді ұстап берсең,
Шын құмардан шығар ем сабаласып.
Бұқпа бәдік, ендеше, бұқпа бәдік,
Жүрген жерің сенің де жұқпа бәдік.
Жаман бала ішіне кіріп алып,
«Ойбай өлдім» дегенше шықпа, бәдік.
Бәдік кетіп барады Сусамырға,
Жолда жатыр қайқайып қу қабырға.
Жатса жатсын қайқайып қу қабырға,
Алып барып тастайық бір адырға.
Сарттар сейіліп келеді үйегіне,
Үйім бар деп келеді түйегіне.
Тілімді алып жөніңе жүрсең, бәдік,
Бар да жабыс сұлу қыз білегіне.
Темір бәдік, ендеше, темір бәдік,
Балалардың шекесін кемір, бәдік.
БӘДІК
Кемір-кемір дегенге көп кемірме,
Бүйрек майын жегін де семір, бәдік.
Бәдік құрғыр тау-тауда тырқырайды,
Тауда жүріп түтіні бұрқырайды.
Бұрқыраған жеріне жетіп барсаң,
Жіліншігі сынғандай сырқырайды.
Бұрша бәдік, ендеше, бұрша бәдік,
Босағада бұралып тұрма, бәдік.
Босағада бұралып тұрсаң, бәдік,
Егесінің көңіліне келер, бәдік.
Есігінің алдында бір топ қамыс,
Арғы атасы бәдіктің бізбен таныс.
Егер менің тілімді алсаң, бәдік,
Бәдік айтқан жеңгеме бар да жабыс.
Есігіңнің алдында бір топ қоға,
Арғы атасы бәдіктің бізбен құда.
Тілімді алып бізбен жүрсең, бәдік,
Айтқан бәдік жеңгеме бар да құла.
Бәдік десе, біз келдік нарттай болып,
Жаз жайнаған қаракөк аттай болып.
Бес-алтауымыз қосылып бәдік айтсақ,
Өзі-ақ кетер жаураған сарттай болып.
Бәдік, бәдік дегенде бастай келдік,
Барша шапан астына жастай келдік.
Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,
Етін алып, сүйегін тастай келдік.
Бір бәдігім бар еді, айда да жүр,
Ісін істеп орыстың пайдада жүр.
Сөйтіп менің тілімді алсаң, жігіт,
Алдыңа сап бәдікті айда да жүр.
Бәдік басын, ендеше, бәдік басын,
Бозша торғай басады жұмыртқасын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сүлейменнің үйіне кіріп кетіп,
Шоқпар қылып алып шық омыртқасын.
Бәдік кетіп барады айға таман,
Жүген ала жүгірдім тайға таман.
Сізде айтыңыз бәдікті, біз де айтайық,
Итерейік кәпірді сайға таман.
Бәдік кетіп барады Мекесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Сіздер айтқан бәдікті мен де айтып,
Қондырайын жездемнің шекесіне.
Енді көшсең, ай, бәдік, айыңа көш,
Қысыр емген биенің тайына көш.
Егер менің тілімді алсаң, бәдік,
Мен сүйген жігіттің жайына көш.
Енді көшсең, ай, бәдік, айнаңа көш,
Маған десең айладан айнала көш.
Сөйтіп менің жөніме жүрсең, бәдік,
Бұл жездемнің мойнына байлана көш.
Ешкі сырын айтпайды лағына,
Қойлар түсіп су ішер бұлағына.
Бәдік айтып отырған тап мына мен
Қондырармын жездемнің құлағына.
Енді көшсең, ей, бәдік, тауларға көш,
Тау үстінде қызарған бауларға көш.
Сөйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Ата-ана тілін алмаған жауларға көш.
Енді көшсең, әй, бәдік, раңға көш,
Жер бауырлап сусыған жыланға көш.
Енді менің тілімді алсаң, бәдік,
Шәйі көйлек киетін бұраңға көш.
Бәдік кетіп баратыр жер жазыққа,
Жеті бидай алайын жол азыққа.
БӘДІК
Жеті бидай біреуі жерге түссе,
Басын байлап кетейін қу қазыққа.
Көшер болсаң, әй, бәдік, осы ауыл қартына көш,
Шүлдірмеген Жизақтың сартына көш.
8. БӘДІК
Алғашқы айтқан бәдікті не деп айтар,
Қаршығаның қанаты бедер болар.
Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ,
Алды-артына қарамай жөнеп кетер.
Алғашқы айтқан бәдікті не деуші еді,
Қолдан сүйеп, қолтықтан демеуші еді.
Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ,
Алды-артына қарамай жөнеуші еді.
Бәдік салар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар.
Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.
9. БӘДІК
Айт дегенде, айтамын ау, бәдікті,
Қара мақпал тоным бар әдіпті.
От оттамай, жата берсе су ішпей,
Бәдік емей немене бір кәдікті.
Көш! Көш! Көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,
Таппасаң одан жайлы, мен айтайын,
Тең түскен төрт құбыласы байларға көш.
Көш! Көш! Көш!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
10. БӘДІК ( ГҮЛӘП)
Бәдікті баста десең, бастай келдік,
Басына барма шапан тастай келдік.
Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайық,
Сүйегін етін алып тастай келдік.
Ай, гүләп, көшер болсаң, аспанға-ай көш, көш,
Аяғын әсіре тастап басқанға-ай көш, көш.
Ай, гүләп, көшер болсаң Арқа жаққа,
Құлақтары қамыстай арғымаққа көш, көш!
Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайын,
Бермеген елдің шетін жау қалмаққа.
Ай, гүләп, көшер болсаң, ойларға-ай көш,
Шалқыған ай астында бауларға көш!
Таппасаң онан жайлау,
Шалқыған ай астында байларға көш.
Таппасаң онан жайлау, және айтайын,
Байлардың есігінде-ей күңіне көш, көш!
Ай, гүләп, көшер болсаң, пышаққа-ай көш.
Таппасаң онан жайлау,
Қойға жүгірген және айтайын,
Бермеген елдің шетін қыпшаққа-ай көш!
Ай, гүләп, көшер болсаң, итке-ай көш,
Онан жайлау таппасаң, және айтайын,
Сылаған шидей бойын жігітке көш.
Ай, гүләп, көшер болсаң, аққанға көш,
Ақ теңге айдарына таққанға көш!
Жаңылсаң жайлауыңды, және айтайын,
Қолға алып қу домбыра қаққанға-ай көш.
Ай, гүләп, көшер болсаң, жүзгенге-ай көш,
Қабағын-қасын керіп сүзгенге-ай көш!
Астында гүләпшаның сары кері,
Гүләптің біз бір жүрген дәрігері.
БӘДІК
Гүләптің көшпей тұрған бір жайы бар,
Көк лақ көшірмеге бере қойсаң,
Жарылқайын деп тұрған Құдайы бар.
11. БӘДІК
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан асып бұлтпен араласып.
Бәдікті ұстап бір қалмайсың,
Шер-құмардан шығайық сабаласып.
12. БӘДІК
Тағы боп бәдік самар, бәдік самар,
Арғымақ жақсы бие құлын табар.
Ауылыңда тойдан кейін бәдік табар,
Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.
Бәдік десе, біз келдік тақияшаң,
Бәдік түгіл қоймаймын кәдесін де.
Баланы бәдік болған, шығар шапшаң,
Бәдік кетіп барады аңғар бойлап,
Аңғардың екі жағы даңғыл қойдақ.
Қылмасам сен бәдікті қос масқара,
Мойныма тозып қалған шанаш байлап.
Бәдік кетіп барады кесекке айдап,
Кесетің екі жағы төсекке айдап.
Қылмасам сен бәдікті қас масқара,
Мойныңа салып кеткін сенек байлап.
Бар еді бәдігім, қамыста тұр,
Шақырсам да келмейді, алыста тұр.
Сұлуханды суға барған жерінде
Ұстап алып, таң атқанша
Жібермей алыста тұр.
Бәдіктің мен айтамын бір парасын,
Қыз тағар басына қарқарасын.
Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,
Бәдікті Сұлухан арқаласын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
13. БӘДІК
Көш-көш бәдік, көшкін бәдік,
Біздің елге қайдан келдің, сен, бәдік?
Өлеңменен зырлап өзіңді көшіремін,
Бұл балада нең бар сенің, бәдік?
Бәдік солар дегенге, бәдік солар,
Бәдік болған ауылда күнде базар.
Тойдан қызық ауылында бәдігім бар.
Бәдігім келмесе, Құдай табар.
14. БӘДІК
Әйел сырын айтпайды теппесіне,
Аудармалап қоймайды кеппесіне.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Пәленшенің бар да жабыс өкпесіне.
Бәдік самар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар.
Бәдік десе, біз келдік нарттай болып,
Алғашқы бәдікті не деп айтар?
Қаршығаның қанаты бедер болар.
15. БӘДІК
Әу, бәдік, кетер болсаң, тауларға көш,
Қызарған тау ішінде бауларға көш.
Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,
Ат мініп арқыраған жауларға көш.
Әу, бәдік, көшер болсаң, қияға көш,
Қайымсыз қирап жатқан маяға көш.
Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,
Жартасқа жалғыз салған ұяға көш.
БӘДІК
Әу, бәдік, көшпек болсаң, жүргенге көш,
Жорытқан жорық іздеп сүргінге көш.
Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,
Бүлінген бүлдіргенсіз бүлгінге көш!
Әу, бәдік, көшер болсаң, алысқа көш,
Жан баспас құлан жартас алысқа көш.
Таппасаң көшер жерді, мен айтайын,
От жаққан ормандағы қашқынға көш!
Әу, бәдік, көшер болсаң, көшерге көш,
Көпірген аузы-басы есерге көш.
Таппасаң көшер жерді, мен айтайын,
Қақтыққан қалың қалмақ бес елге көш!
Әу, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,
Мұқтажсыз, мұғдарсыз байларға көш.
Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,
Қиғаш қас, қылымсыған қыздарға көш!
16. БӘДІК
Бәдікті баста десең, мен бастайын,
Түбіне шоқ айнаның із тастайын.
Бәдігі бұл баланың қай жерінде,
Суырып ақ тікендей алып тастайын.
Бәдік пісте,
Бәдікті көшірермін шаңқай түсте.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, тілін тісте.
Бір бәдігім бар еді, қоныста жүр,
Қоныс ойнап, олына пұл ұстап жүр.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Осымен күні-түні жұлыс та жүр!
Бір бәдігім бар еді қамыста жүр,
Шақырсам да келмейді, алыста жүр.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Сұлу қыздың мойнына жабыс та жүр!
Бәдік самар, тағы да бәдік самар,
Орамалға су құйсаң бір-бір тамар.
Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,
Хабар салып тұрмасаң, Құдай табар.
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Бәдігімді ұстап бер қамаласып,
Шер-құмардан шығайық сабаласып.
17. [БОЛҒАНДА ҮЙДЕ БӘДІК, ШИДЕ БӘДІК…]
Болғанда үйде бәдік, шиде бәдік,
Болғанда болыс бәдік, би де бәдік.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Осыны сұлу керге сүйре, бәдік.
Бір бәдігім бар еді, қияқта жүр,
Шақырсам да келмейді, ұяқта жүр.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Күні-түні осыны ұялт та жүр!
Қатқыл бәдік, қатқыл бәдік,
Кесектен ұстап алсаң, атқыл, бәдік.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Құшақтасып осымен жатқын, бәдік.
Әй, бәдік, енді көшсең, ұранға көш,
Жер бауырлап сусыған жыланға көш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Ақ көйлекке сыймаған бұраңға көш!
Әй, бәдік, енді көшсең, инеге көш,
Жапырағы жайқалған жидеге көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Осының оң қолына түйрелей көш!
БӘДІК
Әй, бәдік, енді көшсең, айнаға көш,
Маған десең, айнаны айнала көш.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Белбеуіне осының байлана көш!
18. [ӘЙ, БӘДІК, КӨШЕР БОЛСАҢ, АРҚАҒА КӨШ…]
Әй, бәдік, көшер болсаң, Арқаға көш,
Жүгірген қойдан қойға марқаға көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Ағаштың жуан-жуан қартына көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, ұсаққа көш,
Жүгірген қойдан қойға тұсаққа көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Бермеген елдің шетін қыпшаққа көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, Ақанға көш,
Тірелген ақ отауда бақанға көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Ұрысқан бәйбіше мен тоқалға көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, қартына көш,
Боз үйдің көлеңкелі артына көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Бұқар мен Үргеніштің сартына көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, басына көш,
Боз үйдің көлеңкелі қасына көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Алатау мен Қаратау қасына көш!
Әй, бәдік, көшер болсаң, әліпке көш,
Әліптен ноқат-ноқат әріпке көш.
Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,
Бермеген елдің шетін әлімге көш!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
19. [БІЗ КЕЛДІК БӘДІК ДЕСЕ ШАУЫП ОЗА…]
Біз келдік бәдік десе, шауып оза,
Сарайда сарттың қызы терер қоза.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Бәдігің өзі-ақ кетер жындай тоза.
Бәдікті алғашқы айтқан не деуші еді,
Қолтықтан, қолдан алып демеуші еді.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Қарамай алды-артына жөнеуші еді.
Әй, бәдік, енді көшсең, ыраңға көш,
Жүгірген жер бауырлап жыланға көш.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Алмаған ата тілін анаған көш!
Айтпайды бидай сырын қылтығына,
Айтпайды сырбаз сырын мылтығына.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс мықынына.
Айтпайды бидай сырын сабанына,
Айтпайды шошқа сырын қабанына.
Үйіне жете алмастай жаман болсын,
Осының бар да жабыс табанына.
Келеді сарттар мініп есегіне,
Келеді үйім бар деп кесегіне.
Барғанда аунай түсіп жата алмасын,
Осының бар да жабыс төсегіне.
Бәдік көрме,
Сайрамның орысы көп, түнде жүрме.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, тілін күрме.
Бәдік бастап,
Алманың ағын жеймін, көгін тастап.
Бәдіктің алғашқысын біліп тастап,
Қоямын кейінгісін қайырып тастап.
БӘДІК
20. [БӘДІКТІ АЛҒАШҚЫ АЙТҚАН
КӨШ ДЕЙТҰҒЫН…]
Бәдікті алғашқы айтқан көш дейтұғын,
Ауылы қойы бардың дос дейтұғын.
Бәдікті бас жағынан біздер айтсақ,
Бәдігің сенің нағып көшпейтұғын.
Шошқа сырын айтпайды қабанына,
Бидай сырын айтпайды сабанына.
Тілімді алғашқыдай алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс табанына.
Әй, бәдік, енді көшсең, долыға көш,
Ташкеннің даңғыраған жолына көш.
Егер менің тілімді алсаң, бәдік,
Орақ орған осының қолына көш.
Бар екен ауылыңда төрт күн, бәдік,
Сүтке салған тарыдай бөріткен, бәдік.
Жоғарғының үйіне атты байлап,
Төменгінің үйіне кеткін, бәдік.
21. [МЕРГЕН БОЛСАҢ,
ӘУЕЛІ ТОРҒАЙДЫ АТШЫ…]
Мерген болсаң, әуелі торғайды атшы,
Атып торғайды борбайлатшы.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осыны екі бүктеп ойбайлатшы.
Болғанда қоржын бәдік, қапта бәдік,
Қылады қарақалпақ апта бәдік.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осыны қара жерге тапта, бәдік.
Арасынан Бадамның шетіне көш,
Өгіздің арам өлген етіне көш.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Oсының жылтыраған бетіне көш!
Бадамның арасынан кезіне көш,
Үйінің сықырлаған тезіне көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жылтыраған көзіне көш.
Бәдік үрме,
Сайрамның ұрысы көп, түнде жүрме.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, тілін күрме.
Бір бәдігім бар еді, алыста жүр,
Шақырсам да келмейді, қамыста жүр.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Күні-түні осымен алыс та жүр.
22. [БӘДІК БАСТАП…]
Бәдік бастап,
Ағын жеймін алманың, көгін тастап.
Құдай оңдап сол жауды қолға берсе,
Екеуіңе беремін «піскен бас» деп.
Енді көшсең, ей, бәдік, інгенге көш,
Жылқыны тоқым салып мінгенге көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қараңғыда қарбалап жүргенге көш!
Жайсаң бәдік,
Жайлауыңды жау алды, нансаң, бәдік.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Жай табасың осыған барсаң, бәдік.
Бәдік кетіп Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қондыралық осының шекесіне.
БӘДІК
Енді көшсең, ей, бәдік, айына көш,
Қысыр емген биенің тайына көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қойнындағы осының жарына көш.
Сарттар сырын айтпайды түнегіне,
Бура сырын айтпайды үлегіне.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қондыралық осының білегіне.
Бәдік ала,
Дертке шипа бере гөр, Алла Tағла.
Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,
Көшірейік деп келдік екі бала.
Ей, бәдік, енді көшсең, бүргенге көш,
Қараңғыда қарбаңдап жүргенге көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Ана тілін алмаған малғұнға көш!
Темір бәдік,
Қу шекесін осының кемір бәдік.
«Кемір, кемір» дегенге көп кемірме,
Селкілдетіп қой дағы семір, бәдік.
Бәдік самаp,
Жақсы бие қазанат құлын табар.
Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.
Бәдік құрғыр,
Жол үстінде шоңқайып оппа тұрғыр.
Алдыңда белдей болып бәдік жатыр,
Күтіп айтсаң болмай ма, Бабат ұрғыр.
Дүлдүл көкше,
Көк етікке жарасқан биік өкше.
Бәдігіңді қой дағы өлеңіңді айт,
Енді бәдік айтқанға шықсын көкше.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Базардан алып келген мірілері,
Жанымда тұр мірінің ірілері.
Бәдігіңді қой дағы өлеңіңді айт,
Бәдік деген өлеңнің інілері.
2. БӘДІК АЙТЫСТАР
23. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Қаратауым дегенге, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.
Қыз:
—Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,
Таудан арғы бұлтпенен араласып.
Енді екеуміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығалық сабаласып.
Жігіт:
—Жемір бәдік дегенге, жемір бәдік,
Қу қыздардың шекесін кемір, бәдік,
Ішіне семіз қыздың кіріп кетіп,
Же дағы бүйрек майын, семір, бәдік.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп Мекесіне,
Білдірмес ешкі арығын текесіне.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттім, бар да жабыс шекесіне.
Жігіт:
—Кей бәдік Қаратаудан асып кеткін,
Қыздарды аулақ жерде басып кеткін.
БӘДІК
Бір табақ етегіне топырақ салып,
Көзіне көрген қыздың шашып кеткін.
Қыз:
—Көш, бәдік, үлкен таудың тасына көш,
Қаламдай сұлу жігіт қасына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің шүйдесі үлкен басына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, ыстық үйдің пешіне көш,
Жұманың айт күнгі кешіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың сұлу-сұлу шашына көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, тон кигеннің қойнына көш,
Кішкене балалардың ойнына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің жұдырығы зор мойнына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, қашқан қыздың соңына көш,
Қыздардың түнде жүрген жолына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Нәзік бел сұлу қыздың қолына көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, бозбаланың ағына көш,
Орыстың абат қылған бауына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Кер ауыз жігітердің жағына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, ақын қыздың тіліне көш,
Сарттардың бауда ашылған гүліне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың баратұғын жеріне көш!
7-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыз:
—Барады бәдік кетіп жер жазыққа,
Алыпты жеті бидай жол азыққа.
Сол жауды Құдай қолға берер болса,
Кетейік басын байлап қу қазаққа.
Жігіт:
—Сарттардың енді, бәдік, бөзіне көш,
Қыздардың өлең қылған сөзіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың сұлусынған көзіне көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, бай ауылдың құртына көш,
Әр жерде көшіп кеткен жұртына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Ұрысқан батырлардың мұртына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, қалың шөптің құрағына,
Қыздардың бар да жабыс құлағына.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың барып түскін тұрағына...
Қыз:
—Көш, бәдік, үлкен, кәрі кісіге көш,
Жігіттің ақ меруерттей тісіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің жаңа өспірім ішіне көш!
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп сусамырға,
Қайқайып жолда жатыр қу қабырға.
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Кетейік басын байлап бір тамырға.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп шатқа таман,
Тағы жүрдім мінгелі атқа таман.
БӘДІК
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Кәпірді итерелік отқа таман.
Жігіт:
—Бар екен бұрын заман бұқпа бәдік,
Жегені күндіз-түнде жұқпа бәдік.
Ішіне үлкен қыздың кіріп кетіп,
Десе де «ойбай өлдім» шықпа, бәдік.
Қыз:
—Бәдік шабар дегенге, бәдік шабар,
Арғымақ жақсы бие құлын табар.
Аулыңда тойдан қызық бәдігің бар,
Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.
Жігіт:
—Көш, бәдік, енді көшсең, сазыға көш,
Ораулы жаздыкүнгі қазыға көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қабаған қыз аулында тазыға көш!
Қыз:
—Барушы ек бәдік десе, шаба-шаба,
Суға салса, жібиді қатқан саба.
«Бәдігің көшпейтұғын қайдасың?» деп,
Келгенім көшіруге Құдай тоба.
24. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Бәдікке «бісмілдә» деп дүкен құрдым,
Бәдіктің бір сабағын сізге бұрдым.
Бәдігім бәдігіңе сай келмесе,
Шамы жоқ, айыбы жоқ жайға тұрдым.
Қыз:
—Ұстасаң, өлтіріңіз бәдікті сіз,
Біз дағы қу бәдікке кәдіктіміз.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Тебелеп өлтірейік бәдікті біз.
Жігіт:
—Тезек пе, не алма ма қапта тұрған,
Сарт па екен, не қазақ па қақпан құрған?
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Бәдікті итере сал отқа таман.
Қыз:
—Айтайын мен бәдікі бұрынғыдан,
Сайтанның қу бәдік те жолын қуған.
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Бәдікті итере сал суға таман.
Жігіт:
—Бәдікті біздер іздеп табайық та,
Таба алсақ аямастан сабайық та.
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Келместей қып ағашқа таңайық та.
Жігіт:
—Айтпай ма батыр сырын елегіне,
Айтпайды батыр сырын білегіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Бар да жабыс осы қыздың біреуіне.
Қыз:
—Қазақ жарлы келеді мал жағына,
Өзбек епті келеді тал жағына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Бар да жабыс жігіттің таңдайына.
Жігіт:
Ей, бәдік, енді көшсең, тарыға көш,
Е, болмаса төбенің басына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың кесте тіккен қолына көш!
БӘДІК
Қыз:
—Әй, бәдік, енді көшсең, ерінбей көш,
Тәшкеннің даңғыраған жолына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің еңкейетін беліне көш!
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бөріге көш,
Е, болмаса тұз түйген келіге көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың сүрме қойған көзіне көш!
Қыз:
—Әй, бәдік, енді көшсең, келіге көш,
Жігіттің жататұғын жеріне көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің сайрап тұрған тіліне көш!
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, Меккеге көш,
Жүгірген қойдан қойға текеге көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осы қыздың біреуін жетелей көш!
25. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп таудан асып,
Бұлтпенен таудан асқан араласып.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бір келші екі қызбен сабаласып.
Қыз:
—Мен сені, бәдік болсам, тосар едім,
Көк итті көлеңкеден қосар едім.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Екі көзін екеуінің ояр едім.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бұлаққа көш,
Алмаған ата тілін қу жаққа көш.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы екі қызды оят та, көш!
Қыз:
—Барады бәдік кетіп бұлағына,
Білдірмейд ешкі арығын лағына.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Барып жабыс балардың құлағына.
Жігіт:
—Ендеше, көк тандықты, көк тандықты,
Аламын көк тандықтан көк сандықты.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Алып кел жауырынан ұлтандықты.
Қыз:
—Бұл бәдік көшер ме екен бидай берсем,
Бидайды табақ-табақ сыйлай берсем.
Бәдікті бекерге айтып әуре болмай,
Бәдікті екеуіңе көшірмесем.
Жігіт:
—Барады бәдік көшіп сусамырға,
Қайқайып жолда жатыр қу қабырға.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы тезірек жабыс қу қыздарға.
Қыз:
—Барады бәдік көшіп айға таман,
Жүгірдім жүген алып тайға таман.
Реті бұл бәдіктің сіздердікі,
Жабыссын өздеріңе есен-аман.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, қыздарға көш,
Хал-жайын екі қыздың бір біліп, көш.
БӘДІК
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы екеуінің шекесін тес!
26. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Біз келдік бәдік десе, тұра шауып,
Ауылдың жүргізбеді иті қауып.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Кәпірді көшірейік ебін тауып.
Қыз:
—Бәдік самар,
Қазанат жақсы бие құлын табар.
Ауылымда тойдан қызық бәдігім бар,
Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.
Жігіт:
—Бәдік ала,
Бере көр-дертке шипа, Құдай Тала.
Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,
Көшірейік деп келдік екі бала.
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Сіз де айтыңыз бәдікті, біз де айталық,
Шер-құмардан шығалық сабаласып.
Жігіт:
—Бәдік кетіп барады сайға таман,
Жүген ала жүгірдім тайға таман.
Сіз де айтыңыз бәдікті, біз де айталық,
Итере сал кәпірді сайға таман.
Қыз:
—Бәдік құрғыр,
Тасбақадан жығылып мойның сынғыр.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жардай болып алдыңда бәдік жатыр,
Көш деп айтсақ болмай ма жетең құрғыр.
Жігіт:
—Арыс бәдік болғанда, қамыс бәдік,
Жиде бәдік болғанда, үй де бәдік.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Ақ тікенге қыздарды иле, бәдік.
Қыз:
—Темір бәдік,
Жігіттердің шекесін кемір, бәдік.
«Кемір-кемір» дегенге, көп кемірме,
Бүйрек майын же дағы семір, бәдік.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, айына көш,
Биенің қысыр емген тайына көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қыздардың жататұғын жайына көш!
Қыз:
—Бұқпа бәдік,
Жегенің күні-түні жұқпа бәдік.
Екеуінің ішіне кіріп кетіп,
«Ойбай, өлдім» десе де, шықпа, бәдік.
Жігіт:
—Бәдік кетіп баратыр Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Қыздардың бар да жабыс шекесіне.
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр бұлағына,
Ешкі арығын білдірмес лағына.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Жігіттің бар да жабыс құлағына.
БӘДІК
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, аршаға көш,
Кілем жауып жүк артқан наршаға көш.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Ана тілін алмаған қалшаға көш!
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Осының бар да жабыс шекесіне,
Жылап барсын үйіне, шешесіне.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, ыраңға көш,
Жер бауырлап жүгірген жыланға көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Ана тілін алмаған бұраңға көш.
Қыз:
—Көш, көш бәдік, көш бәдік, көш райға,
Ер-тұрманы жарасқан тұрымтайға.
Екі жастың тілеуін берсе Құдай,
Жолығармыз, шырақ-ау, келесі айға.
27. [ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ]
Жігіт:
—Бәдікті баста десең, мен бастайын,
Түбіне шоғайнаның із тастайын.
Бәдігі бұл баланың қай жерінде,
Суырып ақ тікендей ап тастайын.
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік «оным» деген,
Бәдігі бұл баланың қолында екен.
Бәдікті көшірейік басқа жаққа,
Ауылым алыс емес, жолында екен.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жігіт:
—Бәдігі бұл баланың дізесінде,
Түседі, бәдік айтсам, қыз есіме.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айтайық,
Балажан бәдік болған тізесінде.
Қыз:
—Біз келдік бәдік десе қоқандай боп,
Суырға қырман жайда топандай боп.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жаураған ұзақ кетер тоқалдай боп.
Жігіт:
—Бәдік десе біз келдік шатырдай боп,
Қан тамған қылышынан батырдай боп.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жоғалар аяғынан қатындай боп.
Қыз:
—Тағы да нелер болар, нелер болар,
Қанаты қаршығаның бедер болар.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Қарамай алды-артына жөнер болар.
Жігіт:
—Бәдік самар, ендеше, бәдік самар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар.
Ауылымда тойдан қызық бәдігім бар,
Келемесең бұл бәдікке, Құдай табар.
Қыз:
—Не болды бұл бәдікке жасыл жауып,
Біреуін біреуінен артық жауып.
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Арғынның толып жатқан масын жауып.
Жігіт:
—Не болды бұл бәдікке қызыл жауып,
Біреуін біреуінен ұзын жауып.
БӘДІК
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Арғынның толып жатқан қызын жауып.
Қыз:
—Бәдік десе, біз келдік шауып оза,
Сарттың қызы шарбақта терер қоза.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жоғалар аяғынан жындай тоза.
Жігіт:
—Тағы да қызыл анар, қызыл анар,
Су құйсаң орамалға, бір-бір тамар.
Қызы көптің ауылына барсаң, бәдік,
Мойныңа қалампырлап моншақ тағар.
Қыз:
—Бар екен осы ауылда он күн бәдік,
Үстіңе киген тоның он тілдәлік.
Ауылында бұл арғынның нең бар, бәдік,
Ауылына қара мұрттың кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Астында бәдікшінің сұр тайы бар,
Бәдіктің көшпей жүрген бір жайы бар.
Бәдікті айдалаға көшіргенше,
Бәдіктің көшетұғын сізге ойы бар.
Қыз:
—Айтпайды ұста сырын күрегіне,
Айтпайды түйе сырын үлегіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс жүрегіне.
Жігіт:
—Айтпайды сарттар сырын палауына,
Айтпайды палау сырын алауына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс танауына.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыз:
—Тағы да зуаласын, зуаласын,
Қақсатар қарақалпақ дуанасын.
Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,
Сирағы ұзын мыналар қуаласын.
Жігіт:
—Бәдіктің мен айтамын бір парасын,
Қыз шаншар ел көшкенде қарқарасын.
Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,
Мойыны жуан мына қыз арқаласын.
Қыз:
—Енді көшсең, ей, бәдік, долыға көш,
Тәшкеннің дағыраған жолына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің кетпен шапқан қолына көш!
Жігіт:
—Енді көшсең, әй, бәдік, айына көш,
Қысыр емген жылқының тайына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың жататұғын жайына көш!
Қыз:
—Бар еді бір бәдігім, қамыста жүр,
Келмейді шақырсам да, алыста жүр.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осымен күні-түні алыс та жүр.
Жігіт:
—Бар еді бір бәдігім құлыста жүр,
Қолына құлыс ойнап пұл ұстап жүр.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осымен күні-түні жұлыс та жүр.
Қыз:
—Мен сені, бәдік болсам, бағар едім,
Шошқаның баласымен қағар едім.
БӘДІК
Көзіме бәдік болып бір көрінсең,
Төбеңе жаңғақ қойып шағар едім.
Жігіт:
—Енді көшсең, ей, бәдік, ентелей көш,
Басын созып, аяғын келтелей көш.
Мойнына жоғарғының мініп алып,
Төменгіні, әй, бәдік, жетелей көш!
Қыз:
—Бәдік кетіп барады Көкшесіне,
Торының кежім жаптым бөксесіне.
Ақсаңдап ауылына жете алмасын,
Осының бар да жабыс өкшесіне.
Жігіт:
—Бәдік күрме, тағы да бәдік күрме,
Ұрысы көп Сайрамның түнде жүрме.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, тілін күрме.
Қыз:
—Бәдік өзің, тағы да бәдік өзің,
Есіттің бе мынаның айтқан сөзін.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының шығарып кет екі көзін.
28. [ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ]
Қыз:
—Бәдік кетіп барады өзекпенен,
Ұрасың өзің тастап тезекпенен.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Бәдікті көшірейік кезекпенен.
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп сайлауменен,
Бекілер ауған түйе байлауменен.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Шайтанды көшірелік айдауменен.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп қабақпенен,
Ұрасың өзің тастап табақпенен.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Бәдікті көшірелік сабақпенен.
Жігіт:
—Қу бәдік көшер ме екен тары берсек,
Тарының табақ-табақ бәрін берсек.
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Шуылдап жан-жағынан дари берсек.
Қыз:
—Бұл бәдік көшер ме екен бидай берсек,
Бидайды табақ-табақ жинай берсек.
Шайтанның көшпесіне қоямыз ба,
Жабылып жан-жағынан шулай берсек.
Жігіт:
—Біз келдік бәдік десе, шыға шауып,
Көшенің жүргізбейді иті қауып.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Бәдігің өзі-ақ көшер шипа тауып.
Қыз:
—Бәдік қақшаң,
Бәдік десе, жүгірдік тақияшаң.
Кешегі айтқан бәдіктің біреуі жоқ,
Сен жасырып қоймасаң, шығар шапшаң!
Жігіт:
—Айтқаным менің бәдік жасымда еді,
Бәдігі бұл баланың басында еді.
Бәдікті көптеп айтып көшірелік,
Ауылымыз алыс емес, қасында еді.
БӘДІК
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік елімде еді,
Бәдігі бұл баланың белінде еді.
Шайтанды ептеп-ептеп көшірелік,
Ауылымыз алыс емес, шенінде еді.
Жігіт:
—Айтқаным менің бәдік баяғыда,
Бәдігі бұл баланың аяғында.
Кәпірді көмектесіп көшірейік,
Ауылым алыс емес, бұ жағында.
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік жетімде еді,
Бәдігі бұл баланың бетінде еді.
Шайтанды бірлікпенен көшірелік,
Ауылым алыс емес, шетінде еді.
Жігіт.
—Бәдік кетіп тас қабаққа,
Қыздар әуес болады жас балаға.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Шайтанды көшірелік басқа жаққа.
Қыз:
—Бар екен бұл ауылда екі күн бәдік,
Болады екі күннен соң көп күн бәдік.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Ауылына қызы көптің кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Ағаштың қатты-қатты қартына көш,
Боз үйдің көлеңкелі артына көш.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Жалғандық, жамандық сартына көш!
Қыз:
—Таудағы қатты десең, аршаға көш,
Жүк артып, кілем жапқан наршаға көш.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ес білмейтін балада нең бар, бәдік,
Ана тілін алмаған қалшаға көш!
Жігіт:
—Таудағы қатты десең, андызға көш,
Ойдағы жұмсақ десең, жалбызға көш.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Ата тілін алмаған жалғызға көш!
Қыз:
—Осы ауылда бар екен үш күн бәдік,
Үстіңдегі шапаның үш ділдәліқ.
Балада ес білмейтін нең бар, бәдік,
Жігіті көптің ауылына кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Жайсаң бәдік,
Жайлауыңды жау алды нансаң, бәдік.
Адамдай Мекке барған жай табасың,
Ауылына қызды ауылдың барсаң, бәдік.
Қыз:
—Келеді сарттар мініп есегіне,
Үйім бар деп келеді кесегіне.
Адамдай Мекке барған жай табасың,
Осының бар да жабыс төсегіне.
Жігіт.
—Ұқпа бәдік,
Күні-түні жегенің жұқпа, бәдік.
Қояды үкі тағып, қалампырлап,
Айналып бұл қыздардан шықпа, бәдік.
Қыз:
—Келеді сарттар мініп үлегіне,
Үйім бар деп келеді түнегіне.
Кетпенін шаба алмастан болсын қарып,
Осының бар да жабыс білегіне.
БӘДІК
Жігіт:
—Мынаның есіттің бе сөзін, бәдік,
Бүйте берсең, боласың өзің бәдік.
Үйіне қаріп болып жете алмасын,
Мынаның шығарып кет көзін, бәдік.
Қыз:
—Бәдік алма,
Бәдік кетіп барады шынар тауға.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Бағын байлап, осының тілін жалма.
Жігіт:
—Көк қой бәдік,
Өз айтқаның өзіңе еп қой, бәдік.
Мақаудай жолда отырған болып қалсын,
Осының желбезегін жеп қой, бәдік.
Қыз:
—Бәдік-ай, көш,
Нармаядан туады биік өркеш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, көмейін тес.
Жігіт:
—Әй, бәдік, көшер болсаң, шетіне көш,
Арам өлген өгіздің етіне көш.
Адамға қарай алмай болсын мақау,
Осының жылтыраған бетіне көш!
Қыз:
—Әй, бәдік, көшер болсаң, басына көш,
Басын қой да, балғадай тасына көш.
Тып-тықыр үрген местей болып қалсын,
Осының қиғаш қара қасына көш.
Жігіт:
—Бәдік бассын,
Торғай басып жатады жұмыртқасын.
8-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ішіне бұл қыздардың кіріп кетіп,
Алып шық шоқпар қылып омыртқасын.
Қыз:
—Айтпайды бидай сырын сабанына,
Айтпайды шошқа сырын қабанына.
Үйіне ақсай басып жете алмасын,
Осының бар да жабыс табанына.
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп бұлағына,
Ешкі арығын білдірмес лағына.
Үйіне, жылап барсын шырағына,
Осының бар да жабыс құлағына.
Қыз:
—Айтпады қатын сырын теппесіне,
Қоймайды аудармалап кеппесіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс өкпесіне.
Жігіт:
—Айтпайды кемпір сырын шал байына,
Айтпайды шапан сырын шалғайына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың бар да жабыс таңдайына.
Қыз:
—Бәдік кетіп барады жар басына,
Сарттар сырын айтпайды арбасына.
Үйінде аунай түсіп жата алмасын,
Осының бар да жабыс жамбасына.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті еңгілге айдап,
Еңгілдің екі жағы дөңгілге айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тозып қалған зембіл байлап.
БӘДІК
Құртпасам бұл бәдікті ысқаға айдап,
Ысқаның екі жағы қысқаға айдап.
Қылмасақ бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тырбаңдатып тышқан байлап.
Бұл бәдікті құртпасам егіске айдап,
Екі жағы егістің тегіске айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тозып қалған кебіс байлап.
Қыз:
—Құртпасам бұл бәдікті ыстыққа айдап,
Ысықтың екі жағы қысыққа айдап.
Қылмасам бұл екеуін қас масқара,
Мойнына қыңсылатып күшік байлап.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті аңғалға айдап,
Аңғалдың екі жағы даңғалға айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнында тозып қалған дамбал байлап.
Қыз:
—Құртпасам бұл бәдікті сасыққа айдап,
Сасықтың екі жағы тасыққа айдап.
Қылмасам бұл екеуін қас масқара,
Мойнына дырылдатып қаншық байлап.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті егетке айдап,
Егеттің екі жағы бөгетке айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына әупілдетіп төбет байлап.
Осымен бәдікті бітіріп, бір ауыз өлеңмен орнын біреуге беріп
тұрып кетеді.
Ол айтқан өлеңі мынау:
—Мінемін кежім жауып шыбық керге,
Құралып бітер дәулет үмітті ерге.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Күтіп тұр сіз бен бізді әлдеқашан,
Берейік тұрып орын жігіттерге.
29. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Бәдікке «біссімілда» деп дүкен құрдым,
Бәдіктің бір сабағын сізге бұрдым.
Бәдігім бәдігіңе сай келмесе,
Шамы жоқ, айыбы жоқ жайға тұрдым.
Қыз:
—Ұстасаң, өлтіріңіз бәдікті сіз,
Біз дағы қу бәдікке кәріктіміз.
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Төбелеп өлтірейік бәдікті біз.
Жігіт:
—Тезек пе, алма ма қапта тұрған,
Сарт па екен, не қазақ па қақпан құрған?
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Бәдікті итере сал отқа таман.
Қыз:
—Қазақ шаруа келеді мал жағына,
Өзбек епті келеді тал жағына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Бар да жабыс жігіттің таңдайына.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, тарыға көш,
Е, болмаса, түйенің нарына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың кесте тіккен қолына көш!
Қыз:
—Әй, бәдік, енді көшсең, ерінбе, көш,
Ташкеннің даңғыраған жолына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің еңкейетін беліне көш!
БӘДІК
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бөріге көш,
Е, болмаса, тұз түйген келіге көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың сорма құйған көзіне көш!
Қыз.
—Әй, бәдік, енді көшсең, келіге көш,
Жігіттің жататұғын жеріне көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің сайрап тұрған тіліне көш!
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, Меккеге көш,
Жүгірген қойдан қойға текеге көш.
Тілімді алсаң, бәдік,
Осы қыздың біреуін жетелей көш!
30. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Бәдік бастап, жаным-ау, бәдік бастап,
Жын-шайтан, неше айтамын «аулақ қаш» деп.
Ауылыңда тойдан қызық бәдігің бар,
Бермесе ерте хабар, Құдай табар.
Қыз:
—Бәдік кетіп барады таудан асып,
Бұлтпенен таудан асқан араласып.
Бәдігімді ұстап бер қамаласып,
Шығайық шер-құмардан сабаласып.
Жігіт:
—Бәдік кетіп барады жер жазыққа,
Аламын жеті бидай жол азыққа.
Жеті бидай біреуі жерге кіріп,
Кетемін басын байлап қу қазыққа.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыз:
—Бәдік кетіп барады сусамырға,
Жолда жатыр қайқайып қу қабырға.
Жатса, жатсын қайқайып қу қабырға,
Тастайын алып барып бір тамырға.
Жігіт:
—Бұқпа бәдік, ендеше, бұқпа бәдік,
Күні-түні жегенім жұқпа, бәдік.
Екеуінің ішіне кіріп кетіп,
«Ойбай, өлдім» дегенше шықпа бәдік.
Қыз:
—Темір бәдік,
Екеуінің шекесін кемір, бәдік.
«Кемір-кемір» дегенге көп кемірме,
Бүйрек майын же дағы семір, бәдік.
Жігіт:
—Бәдік кетіп барады айға таман,
Жүгін ала жүгірдім тайға таман.
Бәдікті кезекпенен айтып-айтып,
Кәпірді итерелік сайға таман.
Қыз:
—Бәдік кетіп барады өзекпенен,
Өзің бастап ұрасың тезекпенен.
Құдай оңдап сол жауды қолға берсе,
Бәдікті айтысалық кезекпенен.
Жігіт:
—Енді көшсең, әй, бәдік, аршаға көш,
Кілем жауып жауып жүк артқан наршаға көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Алмаған ата тілін қалшаға көш!
Қыз:
—Бұрма бәдік, алжар-ау, бұрма бәдік,
Бұралып босағада тұрма, бәдік.
БӘДІК
Бұралып босағада тұрсаң, бәдік,
Көңіліне егесінің келер кәдік.
Жігіт:
—Бәдік болсын жаным-ау, бәдік болсын,
Бекер-ау бір момынға жолықпасын.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Топқа қосқан өгіздей солықтасын.
Қыз:
—Бәдік болсаң, сені мен білер едім,
Ернің тесіп терекке ілер едім.
Ернің тесіп терекке іліп қойып,
Бір ауық тамашаңа күлер едім.
Жігіт:
—Бәдік кетіп Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Бар да жабыс осының шекесіне.
Қыз:
—Шапан сырын айтады шалғайына,
Кемпір сырын айтады шал байына.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Бар да жабыс осының таңдайына.
1. ҚҰРТ АРБАУ
—Саламин иланухин пил,
Аламин инкагиз алака.
На изим мус нихи уннһу,
Мин ибад инал мин.
Мух ленни,
Тақ Сүлеймен пайғамбар
Деміменен шық айы.
Байлау:
—Ва иннакуль яки дуна,
Кайдан вакту қайда.
Фима клыл қайрунина,
Амулқуль,
Жетіден он төрт ала жіп.
Шешуі:
—Я иннаһу әмки луким,
Руайдан.
2. ҚҰРТ АРБАУ
—Ала құмда, бала құмда, зер құмда,
Зебер құмда, зеберлерің келгенше,
Неге тұрдың мұнша құмда?
Буын-буын құмалақ, құмалақ-ай,
ІІ. Арбау
АРБАУ
Жұмалап тақ
Сүлеймен пайғамбар.
Деміменен гүл шықты.
Келең, келең, келеңгір,
Бауыры шұбар келеңгір.
Орманда қара суларға
Шатыр тіккен келеңгір.
Шатырыңды бұзайын,
Танауыңды тілейін.
Алмас қылыш алайын,
Басын баудай кесейін,
Қанын судай шашайын.
Мары, мары қылмасам,
Зары, зары қылмасам,
Менің атым—Аймандай.
Кәпірстан болсаң да,
Сеніменен болмасам,
Тұла бойың үш тоғыз
Тұрам-тұрам қылмасам.
Бүйі-бүйі, бүйі, шық,
Бүйі келсе жиі шық.
Қамбар келсе қалмай шық,
Заһарыңды жаймай шық.
Гүл сыпыра арбаулы
Үш қайтара айтайын,
Көшім, жылдам арман шық.
Қой келді, қозы келді,
Сиыр келді, сыпа келді,
Дегеніңнің өзі келді.
Пышақта қыты келді,
Қылышта жыты келді,
Сеніменен болмаса.
Байлауы:
—Айда меге, жайда меге, сәнді меге,
Егер байла мегер бақа, шаян,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құрт, қоңыз
Байлан, байлан.
Мәнт-мәнт байлан!
Ерке сарай, құм сарай,
Асты-үсті
Жөкеттен біз байлаймыз.
Өте алмайсың бөгеттен,
Ары жат,
Бері жат,
Орал, шырмал бәнт-бәнт.
Мұхаммет, гүнт гәрден!
Шешуі:
—Ижнику, яки дінә қайдан уахи-ти
Қәйдән нома илни хайрухә
Әминдгәки
Руайдан.
3. ҚҰРТТЫ БАЙЛАУ
—Ла илаһа-иллаһу кәрдәм,
Мухаммаду рәсуалла құнт кәрдәм.
Құл ағуз бираби ку алу ақырап,
Уа ғинда уа һия—еннаһум, әкидунә.
Кәйдан уа әкиду уа кәйдан
Ялмаһу—кулли кәпиринә—әм һул һум.
Бәнт-бәнт байладым
Ту қара бүйінің аяғынан,
Ту қара сиырдың сирағынан.
Мен де жаттым, сен де жат,
Қыбырлама, қара құрт,
Жыбырлама, қара құрт.
Ертең ерте тұрғанша,
Беті-қолым жуғанша,
Қойшы қойға барғанша,
Түйе мойнын салғанша,
Бәнт- бәнт байладым!
АРБАУ
Құртты шешу
Ла—илаһа иллаһу басайыш,
Уа ба һақ Мұхаммаду рәсулалла күшайыш.
Сен шешілсең, мен шештім—жер-жеріңе,
жекен суыңа
Топырақтай тоз, құмалақтай бүлін,—
деп бір уыс топырақты шашып жібереді. Құрт кетеді.
Екінші рет дем салғанда оқылады:
—Бүйі-бүйі деседі,
Бүйі базар әулие
Нарын-нарын деседі.
Нарын базар әулие
Қара құртпен қас болған.
Қара қотан әулие.
Арбаушының атасы—
Сайым серкеш әулие.
Жер біткенде су біткен,
Баба Сейіт әулие.
Тақ Сүлеймен әулие
Демібірлән күп шық!
Кел бүйі, кет бүйі,
Керегеден өт бүйі.
Бұзау басты мұз тептім,
Мұзды суға жібердім.
Он екі бұзау, жүз
Тақ Сүлеймен пайғамбар
Демібірлән күп шық!
Қой келді, қозы келді,
Сиыр келді, сыпы келді.
Жігіт келді, жыны келді,
Пышақ келді, қыны келді,
«Шықсын» деген
Тақ Сүлейменнен қабар келді.
Шықпасаң, ту қара бүйіні
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Турап жемесем, тойман-ды.
Шынымменен оқысам,
Сені бұ жерге қойман-ды.
Тақ Сүлеймен пайғамбар
Демібірлән күп шық!
Бау-бау бәлекейін,
Тиген жерің сілекейің.
Өкпе менен бауырдан,
Шеке менен тамырдан
Буын-буын аралап,
Сирағыңнан домалап,
Тас төбеңнен таймай шық,
Өз зәріңді жаймай шық!
Тақ Сүлеймен пайғамбар
Демібірлән күп шық!
Ер шығанды керуенді,
Саһил мәкіру шәнді.
Ақ қонда, қара қонда,
Кәди-мәди мәршұғында
Баба тары быжы-бұжы талам бұжы.
Камар камандар бұжы,
Сабыр саманда бұжы.
Бартану бұжы,
От меңіреу бұжы.
Мүкі үкім мүкім,
Он-онан үкім.
Қон-қонда мүкім,
Саһилы бар қазанда
Тақ Сүлеймен Пайғамбар
Бұжы олан күп шықтым!
4. АРБАУ
—Келдім, келдім, келдім би,
Керегенің көзі би, Таутым би.
Таулықанның өзі би, қой келді,
АРБАУ
Қозы келді, су келді, Суан келді.
Шықсын деп Мұса келді,
Мұса тілін алмасаң,
Дайыр тақсыр, Пайғамбардың өзі келді.
Қара қойдан қалмай шық,
Сары қойдан салмай шық.
Тұрылтайдай тура шық,
Жанған таудан шоғал шық.
Жан-жағыңа қоймай шық,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
Шық!
5. [БАСТАН, БАСТАН, БАСТАН КЕЛДІ…]
—Бастан, бастан, бастан келді,
Бастан өтіп қастан келді.
Хақия темір қырған келді,
Қырған менен бұрқан келді.
Кәпір келді, жәһүт келді,
Арбау келді, қира келді.
Онда келді, мұнда келді,
Ол да келді, бұл да келді.
Бастан-бастан, бастан-ды,
Басты қара қастанды.
Кез мегер,
Ашындау, пушундау,
Дарындау, мирандау,
Килюки, Килю сасыр,
Бары була, бары тула.
Исиндау, фишиндау,
Имандау, шимандау.
Шыны-шыны, шыны би,
Шыны қожа, Тыны би.
Құдай бастан,
Мен жастан,
Шыға берсін бір бастан.
Еңкіл-еңкіл, еңкіл құрт,
Еңкіл басты қара құрт.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыр мергері құрт,
Қыран басты сары құрт.
Шығар болсаң, жылдам шық,
Шықпас болсаң,
Қайта өргін, қара құрт.
Талақ-талақ, талақ құрт,
Талағы айрылған шолақ құрт.
Арсыны, күрсіні,
Мұртыны, шұртыны,
Қырғаны, қыртыны.
Шуя, шуя,
Шыға, шыға,
Бара, бара,
Дауа, дауа.
6. [БҮЙІ, БҮЙІ ДЕДІ…]
—Бүйі, бүйі деді,
Бүйі базар әулие
Дарын-дарын деседі.
Дарын базар әулие
Тайым ұлы секірген.
Сайымшайх әулие,
Мағрұпта әулие,
Машрихта әулие.
Баймұр ұлы берімен
Мақмурза ұлы әулие,
Хақ Сүлеймен пайғамбар,
Тақ Сүлеймен пайғамбар,
Енді Дәуіт пайғамбар,
Ұста Дәуіт пайғамбар.
Бүйі-бүйі, бүйі, шық,
Бүйі егес, Қамбар, шық,
Қамбар болсаң, қалмай шық,
Тас төбеден таймай шық,
Май табаннан қалмай шық!
Атқан оқтан жылдам құрт,
Ағын судан қатты құрт.
Айыр құйрығын аша шық,
АРБАУ
Алақаннан аумай шық.
Мен де келдім, сен де шық,
Менің атым онан шық,
Онан келді, мұнан шық!
Бүйі-бүйі бүйімін,
Менің бүйінің үйімін.
Қара құрттың қанымын,
Қаса құрбас өзімін.
Өзі берген дертімін,
Шық Сүлеймен демімен.
Бүйі-бүйі, бүйімін,
Мен бүйінің кенімін.
Алмас қылыш жүзімін,
Айтулының өзімін.
Ақыраспан жүзімін,
Алабота гүлімін,
Өткір пышақ ұшымын.
Тұрымтай келді, тұрмай шық,
Захәріңді жаймай шық.
Әй, келеңгір, келеңгір,
Бабаң назар келеңгір.
Шатырыңды бұзайын,
Танауыңды тілейін,
Тәңірі ұрғандай қылайын.
Аққан суға салайын,
Тірі ғаріп қылайын,
Сеніменен болайын.
Қу пыраққа тоймаған,
Тоқсан би қоймаған
Ай, келіңкір, келіңкір,
Ала қонды, бәле қонды,
Яуры шұбар қонды.
Ала мекер,
Қара мекер,
Шала мекер,
Шайша мекер,
Тола мекер,
Толшы мекер,
Сен мекер,
Семек мекер,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Шығар болсаң, жылдам шық!
Шықпасаң, көкірегіңді бұзар мекер.
Шыңғыл оты жылаулар,
Кекіре мен миялар.
Жаным деген жалбыздар
Және де қоймай шабарлар.
7. ҰШЫҚТАУ
—Ұшық, ұшық, ұшық,
Дауасын бере гөр, пайғамбар Жүсіп!
Ұшық, ұшық, ұшық,
Ұшықтаған біз емес,
Алдай қара бақсы пұшық.
Ұшық, ұшық, ұшық,
Ұшық, ұшық, ұшық!
8. [АРЫСНЫ, ҚУРЫСНЫ…]
—Арысны, құрысны,
Мұртыны, чұртыны,
Кырганы, кирцканы,
Чуя, чуя,
Чига, чига,
Бара, бара,
Дава, дава.
Ашиндау, бұшиндау,
Дариндау, мирандау.
Килюки,
Килю сасыр,
Бары-бұла, бары-бұла.
Исиндау, фишиндау,
Имандау, шимандау.
Чны, чны, чны би,
Чны қожа, тны би.
Құдай бастан,
Мен жастан,
Шыға берсін бір бастан!
АРБАУ
9. [ТҰЙҒЫН-ТҰЙҒЫН, КӨЙТ-КӨЙТ…]
—Тұйғын-тұйғын, көйт-көйт,
Басар-басар, көйт-көйт.
Басар болсаң, басып кел,
Балқан таудан асып кел.
Алты бидай азығың,
Жеті бидай жемісің,
Жерге салып келе гөр.
Меңдуана бүйісің,
Ешкі майы жемесең.
Жар жағалай жүгірген,
Қызыл иек кемірген.
10. [АЛА ҚҰРТ, БАЛА ҚҰРТ…]
—Ала құрт, бала құрт,
Он екі басты қара құрт.
Тоғыз жолдың торабына кез келіп,
Келер болсаң, кел, құрт,
Кетер болсаң, кет, құрт!
Шүкіра құрт, шын құрт,
Шүкіра басты қара құрт.
Атқан оқтан жүйрік құрт,
Ағын судан рауан құрт.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың
Демібірлән түс, құрт!
Мәсбай мәсиқ құрт,
Тұр әлі кетік құрт.
Мастікалам масті құрт,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың
Демібірлән
Сені қара басты, құрт!
Көшетін жерің осы ғой,
Хақ Сүлеймен пайғамбар
Хауа адам осы ғой!
9-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
11. ЗИЯНДАС АЙНАЛДЫРҒАНДА
—Бірден, бірден бірге шабар,
Шабар тілі шапты қарлық.
Қарлық тілі—қамшы батыс,
Батыс тілі мама туған.
Туған тілі тоқтамалық,
Малық тілі бес ағаш.
Ағаш тілі—алма құдық,
Құдық тілі—қу талқы.
Талқы тілі—дардан өгіз,
Өгіз тілі—өрме қайыс.
Қайыс тілі—қара желім,
Желім тілі жеті құлаш.
Құлаш тілі—қу томат,
Балпаң, балпаң кім баспас.
Сары тонын жамылған,
Әй, зияндас,
Мен де келдім, сен де қаш!
12. ҚҰРТ ШАҚЫРУ
—Қара бас, қара бас,
Күйт, күйт!
Ақбас, ақбас,
Күйт-күйт!
Жыбыр, жыбыр, жыбыр құрт,
Жыбырласа түсер құрт,
Күйт-күйт!
Жайлауыңды өрт алды,
Қыстауыңды жау алды,
Күйт-күйт!
Жыбыр-жыбыр, жыбырла,
Сұр жыландай қыбырла,
Күйт-күйт!
Барар жерің қалмады,
Басар тау қалмады.
Түспеген енді нең қалды?!
Күйт-күйт!
АРБАУ
13. ҚАРА ҚҰРТТЫ СӨЗБЕН ОҚУ
—Абдаду қазатей,
Уа, карбанды,
Шашбанды, мүсабанды.
Лейбайлы қашар қанды,
Бихи апай қанды.
Апай акуй, какуй,
Келу куй.
Жалақ ташмақа,
Ташар қонда,
Дерсизде,
Арсизде.
Келең, келең, келеңгір,
Бауыры шұбар келеңгір.
Шатыр-шұтыр келеңгір,
Шатырыңды бұзайын,
Танауыңды тілейін.
Тәңірі ұрғандай қылайын,
Сүйтіп кегімді алайын.
Бүйі-бүйі, бүйі, шық,
Бүйі шықсаң, жиі шық.
Атқан оқтай жіті шық,
Аққан судан жылдам шық.
Солқылдаған бүйректен,
Сомса қара жүректен
Бір зәредей қалмай шық!
Ақ Сүлеймен пайғамбар,
Тақ Сүлеймен пайғамбар,
Демде, Дәуіт пайғамбар,
Қолда, Дәуіт пайғамбар,
Өзіңізден сұраймын,
Өзіңізден тілеймін,
Өзің медет бергейсің,
Өзің қуат бергейсің?!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бісмілла мәрмәр,
Бісмілла зәрзәр.
Бісміллахи құтан кеш,
Бісміллахи сұлтан кеш.
Сұлтан Сәбит саю,
Деркөметкә барсаң, гаухар бар.
Ақ қонда, қара қонда,
Зер қонда, зәмін қонда.
Әгар сен шықпасаң,
Тышты армыс мені мұнда.
14. ҚАРА ҚҰРТ ШАҚҚАНДАҒЫ АРБАУ
—Ай, қай мекері, қай мекері,
Жылан мекері, шаян мекері.
Күллі, күллі, күллі мекен,
Күллі ер мұрт,
Әзкер, мүзкер,
Жия-жия, пара-пара,
Сытырғында, секерқында,
Ғылабұз күле настан.
Қара келді, қой келді,
Аман келді, күн келді,
Күмән келді, шықсын,
Сүлейменнен медет келді.
Бибібі-бибісі,
Тілепжи, кілебжи,
Ала қомды, бала қомды,
Әрі сана, бері сана,
Әй, мекері, қойма мекері,
Шаян мекері, дем мекері,
Алба маңыра, өлтір мені,
Шише маңыра, өлтір мені.
Жытыр мені, шәкір жолдас болармын,
Шық, Тәңіріден пармен келді!
АРБАУ
15. БӘЛЕҢГІ ШАҚҚАНДАҒЫ АРБАУ
—Бау-бау, бәлеңгі!
Бауры шұбар бәлеңгі.
Қой келді, қозы келді,
Сары тонды үрпек бастың
Өзі келді.
Әуезден боз ала торғай келді,
Жерден сары ала байтал келді,
Шық, Тәңіріден парман келді!
Келең, келең келеңгір,
Үсті шұбар келеңгір,
Тас төбеңнен түсермін,
Тау ұрғандай қылармын.
Танауыңды тілермін,
Шатты-бұтты қылармын!
16. [ТОЙҒЫН-ТОЙҒЫН, ТҮЙЕ КЕЛ…]
—Тойғын-тойғын, түйе кел,
Төңірегін жия кел.
Ақ желегін сала кел,
Ағайыныңды ала кел!
Сар бас тұйғын, көйт-көйт,
Қара бас тұйғын, көйт-көйт!
Жайлаған жерді жау алды,
Қыстаған жерді өрт алды.
Жайлаған жерден көшіп кел,
Жайпаған жауды басып кел,
Қыстаған жерден қашып кел!
Жетер-жетер, көйт-көйт,
Басар-басар, көйт-көйт!
17. ЖЫЛАН ШАҚҚАНДА УЫН ҚАЙТАРУ АРБАУЫ
—Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бір жылан бар—сұм жылан,
Бір жылан бар—сұр жылан.
Бір жылан бар—жеті жылғы ту жылан.
Құралай таудың басынан
Қуып келген қу жылан.
Пайғамбардың демінен
Дегелек келді, шық жылдам.
Ақ жылан, аты жылан,
Кіші жылан, мышы жылан,
Сары жылан, сары бас жылан,
Көр жылан, көбер жылан,
Шық, Тәңірден парман келді,
Парманнан қатты жарлық келді!
Мары-мары, мары жылан,
Ұзын-ұзын, ұзын жылан,
Ұзын шашы келте жылан,
Марқары, сарқары
Қылдыр-шылдыр болған түннің басынан
Лек-лек келді, шық жылан!
Ат жылан, қат жылан,
Ыс жылан, қара жылан,
Отыз бес көзді,
Қырық жүзді,
Орман түнінің басынан
Лек-лек келді, шық, жылан!
18. БҮЙІ ШАҚҚАНДАҒЫ АРБАУ
—Бүйі, бүйі, бүйі шық,
Бүйі келді, Қамбар шық,
Заһарыңды жаймай шық!
Отыз омыртқадан шық,
Қырық қабырғадан шық!
Менің атым—Найман-ды,
Ту биенің етін
Турап берсең тойман-ды.
Енді сені қойман-ды!
АРБАУ
19. ТҮЙЕНІ ШАҚҚАНДАҒЫ АРБАУ
—Дау-дау, дауың бар ма түйемде?
Дауың болса түйемде,
Жүрші былай біреуге.
Құдай Тағала бақ берсе,
Төре тиер біздерге.
Орман таудың басында
Дегелек тұр сақылдап,
Монтаны тұр тақылдап,
Қара тұяқ басына
Шығайын деп жақындап.
Шық, Тәңірден қатты парман келді!
20. [АРҚАДАҒЫ АЛТЫ ҚҰРТ…]
—Арқадағы алты құрт,
Арқаласып келер құрт.
Желкедегі жеті құрт,
Желкелесіп келер құрт.
Ауылдағы алты құрт,
Азуласып келер құрт.
Басар-басар, кә-кә!
Басып келер, кә-кә!
Жетер-жетер, кә-кә!
Тұйғын -тұйғын, кә-кә!
Түйінсеп келер, кә-кә!
21. БАЙЛАУ СӨЗДЕРІ
—Бастан-бастан, бар бастан,
Құм құрайда, құптан нұрайда.
Шикі зенде шиметі керез,
Ағаштай байлап, тастай қат!
Абыр-абыр, абырлама,
Мен тұрғанша жыбырлама.
Қой қорадан өрген жоқ,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бала-шаға тұрған жоқ.
Мерт байладым, шарт байладым,
Тура жыланның аузын байладым!
22. ЖЫЛАН, ҚАРАҚҰРТ ШАҚҚАНДА ОҚУ
—Быжы-быжы, быжы, келе быжы,
Ала құмды, бала құмды
Әрі сана, бері сана.
Әй, мәкір, әйме мәкір,
Шаян мәкір, дән мәкір.
Алба маңыра, қойша маңыра, маңыра!
Өлтір мені, жітір мені,
Қара бақсы болармын.
Шық, Тәңіріден пәрмен келді,
Пәрменнен қатты жарлық келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
Көй-көй-ау, шық!
23. [БАУ-БАУ БӘЛЕҢГІР…]
—Бау-бау бәлеңгір, бауыры шұбар бәлеңгір,
Қой келді, қозы келді,
Сары тонды үрпек бас өзі келді.
Әуезден боз ала торғай келді,
Жерден сары ала байтал келді.
Шық, Тәңіріден пәрмен келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Көй-көй-ау, шық!
24. [ӘТИ ЖЫЛАН, МӘТИ ЖЫЛАН…]
—Әти жылан, мәти жылан,
Кіші жылан, мәти жылан.
Сары жылан, сарбас жылан,
АРБАУ
Көл жылан, көлбер жылан.
Шық, Тәңірден пәрмен келді,
Пәрменнен қатты жарлық келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Көй-көй-ау, шық!
25. [КЕРЕГЕ БОЙЛЫ КЕР ЖЫЛАН…]
—Кереге бойлы кер жылан,
Кердеңдемей, кел жылдам!
Босаға бойлы боз жылан,
Бұраңдамай, бол жылдам.
Бір жылан бар—сұм жылан
Бір жылан бар—сұр жылан,
Бір жылан бар—жеті жылғы ту жылан.
Құралай таудың басынан
Қуылып келген қу жылан.
Пайғамбардың деміменен
Дегелек келді, шық жылдам!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Көй-көй-ау, шық!
26. [ДАҚ, ДАУ, ДАУЫҢ БАР МА ТҮЙЕМДЕ…]
—Дақ, дау, дауың бар ма түйемде,
Дауың болса түйемде,
Жүр, барайық біреуге.
Құдай Тағала бақ берсе,
Билік тиер біздерге.
Орман таудың басында
Дегелек тұр қақылдап,
Монтаны тұр тақылдап,
Қара тұяқ басына
Шығайын деп жақындап.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Көй-көй-ау, шық!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
27. [БҮЙІ, БҮЙІ, БҮЙІ ШЫҚ…]
—Бүйі, бүйі, бүйі шық,
Бүйі келді әнде шық,
Айыр құйрық аса шық,
Тұрымтайдан түріле шық,
Дүрқара бүйі аяғынан шық!
Қой келді, қозы келді,
Сиыр келді, Сүлеймен келді.
Шықпасаң, бір Құдайдан парман келді,
Күп, шық!
28. [СЕН, СЕН МЕКЕР, СЕН МЕКЕР…]
—Сен, сен мекер, сен мекер,
Сенен бетер мен мекер,
Аталы мекер, ай мекер.
Кай көмем төре-шөре,
Баһақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Күп шық!
29. [КІНЕТ, КІНЕТ, КЕР ЖЫЛАН…]
—Кінет, кінет, кер жылан,
Кереге бойлы бір жылан.
Өмендегі бір жылан,
Шөпендегі бір жылан,
Манара таудың басында
Дегелек келді, шық, жылан!
Шығар болсаң, жылдам шық,
Шықпасаң, қайта оқимын.
Көспеңді қой, келді,
Күп, шық!
АРБАУ
30. [АЛА ҚАНДА, ҚАРА ҚАНДА…]
—Ала қанда, қара қанда,
Қайылғанда, жайылғанда,
Толған қанда, анда қанда
Кім келді?
Сүлеймен пайғамбар келді,
Деміменен көспенді.
Күп, шық!
31. [ҚАМБАР, ҚАМБАР, ҚАМБАР ШЫҚ…]
—Қамбар, Қамбар, Қамбар шық,
Қамбар болсаң, қалмай шық.
У заһаріңді жаймай шық!
Менің демім емес,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демі.
32. [КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢГЕР…]
—Келең, келең, келеңгер,
Бауыры шұбар келеңгер,
Үсті шұбар келеңгер,
Тас төбеңнен түсермін,
Таң ұрғандай қылармын.
Танауыңды тілермін,
Шатты, бұтты қылармын!
33. [ӘЙ, МӘКІР, ӘРІ МӘКІР…]
Әй, мәкір, әрі мәкір,
Келді мәкір, кезенді мәкір.
Үт түйлі, мүт түйлі,
Ігір-мігір, шытынай мәкір,
Зыңғылдай шық!
Мысық келді,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
34. [ӘЙ, МӘКІР, АЛА МӘКІР…]
—Әй, мәкір, ала мәкір!
Алмас, келмес,
Аттап өтпес.
Апы-күпі
Сар жаулы мысық келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
35. [ЖЫЛАН БОЛСАҢ ЖЫЛЫП КЕЛ…]
—Жылан болсаң, жылып кел,
Жылдырған басын қиып кел.
Қара жерді қазып кел,
Қара топырағын шашып кел!
Жеті қабат жер астында
Түн түсті қара жылан,
Сенің арбауыңнан
Қара мақпал тон кеткен.
Айда, залым, суырылып шық!
36. [ҚАРАҒАЙ ОҚАЙ СУ ҚАЙТТЫ…]
—Қарағай оқай су қайтты,
Тілім оңай су қайтты.
Айдап келген алты құдірет,
Ай алдына барған құдірет,
Ханнан келген қара құдірет,
Хан алдына барған құдірет!
Хан алдында не дейді,
Қатты демді сал дейді.
Құдірет болсаң, қыдыр сыйқат,
Жара болсаң, жабы сыйқат.
Таң атқанша, күн шыққанша
Бақты баят деміменен шық,
Бір Құдайдың жарлығымен шық.
Пайғамбардың өкімімен шық,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
АРБАУ
37. [АЙ, МЕКЕР, АНПАР МЕКЕР, КЕР МЕКЕР…]
—Ай, мекер, Анпар мекер, кер мекер,
Құдіреті құдірет!
Айып келді, қайып келді, дау келді,
Ас тарат, үс тарат.
Мар құнда, қара құнда, сейкәр құнда,
Келдім-келдім қар бастым,
Келдім-келдім жар бастым.
Мұқамбет құлыйып, Мұқамбет байыз,
Мұқамбет тайыз.
Нар дәрі,
Теген жерің сардар.
Жеті қара молданың,
Демімен Тақ Сүлеймен
Үф-күф, шық!
38. [КЕЛДІМ, КЕЛДІМ, КЕЛДІМ БИ…]
—Келдім, келдім, келдім би,
Керегенің көзі би.
Таулым би, таулықанның өзі би.
Қой келді, қозы келді,
Су келді, субан келді,
«Шықсын» деп Мұса келді.
Мұса тілін алмасаң,
Дайыр тақсыр, пайғамбардың өзі келді.
Қара қойдан қалмай шық,
Сары қойдан салмай шық,
Тұрымтайдай тура шық,
Жағалтайдай жандап шық,
Жан-жағыңа қоймай шық!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
39. [АЙ, МЕКЕР…]
—Ай, мекер,
Ақар мекер, кер мекер,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кемер мекер,
Үнді мекер, үнсіз мекер,
Келді кесіртке,
Шанышар шаян.
Қара қой келді,
Қара шұнақ қошқар келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
40. [КІЛЕҢКІР…]
Кілеңкір,
Әукір баба,
Назыр кілеңкір,
Шатыр-бұтыр, кілеңкір,
Шатырыңды бұзбасам,
Ташкір ұрғандай қылмасам,
Білім-білім қылмасам,
Тілім-тілім қылмасам,
Тәңір ұрғандай қылмасам,
Менен емес, Құдайдан!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
41. [БҮЙІ, БҮЙІ, БҮЙІ МЕН…]
—Бүйі-бүйі, бүйімен,
Алабота дәмімен,
Жыңғыл оты күлімен,
Өткір пышақ ұшымен,
Өтпес пышақ дүзімен.
Алмас қылыш қолымда,
Өлсем сенің жолында!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
42. [АЙДЫҢ АЛА ҚҰРТЫ…]
—Айдың ала құрты,
Күннің күміс құрты,
Өр Алатаудың басынан
АРБАУ
Дегелек келді қасынан.
Үрпек бас өзі келді,
Бізге бұйырды.
Қара қойдан қалмай шық,
Сары қойдан салмай шық.
Тұрымтайдай тура шық,
Жағалтайдай аңдап шық,
Жан-жағыңа қоймай шық.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
43. [АРЫ БАР, БЕРІ БАР…]
—Ары бар, бері бар,
Кекіре мен миялар.
Дүйім жалбыздай
Жан қинамай, үзіп шық,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
44. [ТАМАМ ТАЗДЫҢ АТАСЫ…]
—Тамам таздың атасы—
Нарым базар әулие
Нарым базарға жол берген.
Қарақожа әулие
Сайым сойдым десе де,
Сары секет әулие
Ақырып та бақырып,
Мың бір ауыз әулие,
Байдың ұлы Тілеуке,
Теліқара әулие
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
45. [АРЫСТАН, АРЫСТАН, ҚҰШТАЙЛЫҚ…]
—Арыстан, Арыстан, құштайлық,
Қылта таба мекірет
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Дүние тілкер.
Адыр-мадыр
Төтекен су қатыр.
Алеке мамыр,
Қой көшек,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
46. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]
—Бастан, бастан, бар бастан,
Құм құрайда,
Құтпан парайда
Теген зенде тіміті керез.
Ағаштай байладым,
Тастай қат!
47. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРЛАМА…]
—Ыбыр, ыбыр, ыбырлама,
Мен тұрғанша қыбырлама.
Қой қорадан өрген жақ,
Бала-шаға тұрған жақ.
Морт байладым,
Шарт байладым,
Тура жыланның аузын байладым.
48. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРАМА…]
—Ыбыр, ыбыр, ыбырама,
Қыбыр, қыбыр, қыбырама.
Матаудан түйе өргенше,
Қорадан қой өргенше.
Өзімнен бұйрық келгенше,
Мент түйдім,
Жеті қабат мент түйдім.
Мүхәмәт рәсүлолла,
Тура қара, құрттың аузын байладым.
АРБАУ
49. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]
—Бастан, бастан, бар бастан,
Бәлікейлер мұнда бар,
Арма-шырма жер табар.
Қотанды қой елді маңыратып,
Оны көрген Ыбыт—мен.
Берік байладым,
Шарт байладым,
Соңымнан жет керден!
50. [ОРМАН ТАУДЫҢ БАСЫНДА…]
—Орман таудың басында
Дегелек келді қасынан,
Сен де келдің, мен де келдім.
Ақ боран, тілім ойран,
Өзен-судың басынан
Шаңлаттым да арбадым.
Тәтті бүйе, кетті бүйе,
Кесмұран қара бүйе.
Тақ Сүлеймен пайғамбар,
Деміңді ал да, қуып шық!
51. [ТЕМІР, ТЕМІР, ТЕМІР ЖАН…]
—Темір, темір, теміржан,
Темірдің ұлы қауғажан.
Тасырқасаң, тас жаудыр,
Қаһарлансаң, қар жаудыр.
Буырқансаң, мұз жаудыр,
Мұздай темір құрсандыр.
Кел, кел, кел, бұлт,
Екі енеге тел, бұлт.
Ағысы қатты сулардан
Аса соғып кел, бұлт.
Шырай соғып, кел, бұлт.
10-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Шөптің басын аймалай,
Жүгіре соғып, кел, бұлт!
Қайың басын айыра соқ,
Арша басын айыра соқ.
Тобылғы басын толғай соқ,
Атан түйені жыға соқ.
Ат бауырынан өте соқ,
Үзеңгіні үзе соқ,
Тебінгіні тебе соқ,
Мәңкі байды баса соқ,
Қошқарбайды қоса соқ!
Түрлі таудан тау қойма!
Ақ атыма мінейін,
Алладан сені тілейін.
Көк атыма мінейін,
Көктен сені тілейін.
Оныменен көк жирен,
Көк Сүлеймен пайғамбардың деміменен
Тасымнан медет тілейін!
Ербек-ербек бай атай,
Еркек қана күрең тай.
Шиын қара, шиын қара,
Құлан-бұлан тай,
Тартай, мартай,
Түрлен, қара бұлтым.
Дария шор, дария шор!
52. КҮН ЖАЙЛАТУ
—Тақ Сүлеймен, Сүлеймен,
Сенен медет тілеймін,
Алла, сенен тілеймін!
Қой басындай көк бұлт,
Қожам, сенен тілеймін!
Қоғалы көлдер құрыды,
Құба жондар шөлдеді,
Қолдан қара жауын бер?!
АРБАУ
Қара сабам қаусады,
Сары аяғым саусады.
Қасымнан қараң-құраң кетті ғой,
Маңдайымнан ащы шуақ өтті ғой.
Жандай досым, ақ бұлт,
Омыраудан соқ, бұлт!
Топай-топай ақ бұлт,
Омыраудан соқ, бұлт!
Есек желді сұр бұлт,
Зеріктірмей жете көр!
Мен тасымды торлайын,
Торсыққа салып қорлайын,
Тәңірі өзің берсең зорлайын.
Тұңғиық қара көлдерден
Шөп алайық, ақ бұлт,
Омыраудан соқ, бұлт!
Ербек-сербек бай атай,
Еркек қана күрең тай.
Шеп қара, шеп қара,
Құлан, жылан, бұлан тай,
Тартай, мартай,
Тері тоқым мар тұрғай,
Қай тұрғай.
Түрлен, қара бұлтым,
Мен де сенің ұлтың.
Дария шор!
Дария шор!
53. КӨКШЕНІ АРБАУ
Көкше десем көкшесің,
Ақша десем ақшасың.
Қонар жерге қонбапсың,
Қонбас жерге қоныпсың.
Қонақ қайтты, сен де қайт,
Бала бүркіт тырнағы.
Куф...Шық!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
54. ТЕМІРЕТКЕНІ АРБАУ
—Темір, темір, теміреткі,
Пайғамбарым егін екті.
Егіні судан құрыды,
Сен де құры.
Теміреткі темірден
Тәзғұнә, тәкули, тәрһәкуһа
Қатирә, Куф... Шық!
55. БАЛАНЫҢ ИТ АУРУЫН АРБАУ
—Иттің аты елеуіт,
Елеуіттен телеуіт.
Бері бақпа, ары бақ,
Арба толы телеуіт.
Мұрнын қанатып, тісін қақ.
Куф...Шық!
56. [АЛСҰР, АЛСҰР, КҮЙТ-КҮЙТ…]
—Алсұр, алсұр, күйт-күйт,
Тұйғын, тұйғын, күйт-күйт.
Сұңқар, сұңқар, күйт-күйт,
Лашын, лашын, күйт-күйт.
Жетір, жетір, күйт-күйт,
Басар, басар, күйт-күйт.
Алақұс, алақұс, күйт-күйт,
Алаша тайдан ауып түс.
Ауыздағы отыз тіс,
Бірің шығып қалмай түс!
1. [БАҚСЫ…]
Бақсы жын шақырғанда белін байлап, жігіттерді сайлап,
қай-қайдағы сұмдықты ойлап, есінеп, аузын ашып, түсі қашып,
киімін тастап, белін байлап, отқа май салып, өзін-өзі аптап,
жындарын жаттап, түсі құбылып, шарт жүгініп, қамшыны сай
лап, желбауды байлап, пышағын қайрап, талтайып тұрады.
Дәретсіз келгенді ұрады, ойнағанда күліп қойсаң, «үйден
шық» деп қуады. Аузына жұрт қараған соң өз білгенін қылады.
Қобызын қолына алып, әл-мүнәжат сұрайды.
Қобызын қолына алады,
Қабағын түйіп қарады.
Қобызының қылына
Қарағайдың шайырын
Әдейілеп жағады.
Ышқынып тартып ішегін,
Сонда бір әнге салады.
Күрілдеген дауысы
Талай жерге барады.
Бақсы ойнап жатыр,
«Қайда?» деп,
Естіген соң дауысын.
Көңіліндегі мұңы бар,
Баласы жоқ, кірі бар.
«Зікірін түсір» деп,
Әркім оған барады.
Шанағына қобыздың
Тентек күйді салады.
ІІІ. Бақсы сарындары
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
«Ақ сөйле,—деп,—жарықтық»,
Құлағына қобыздың
Бір топ үкі тағады.
Шанаққа түскен ақшаны
Жолдасы барып алады.
«Бақсы біліп қояд» деп,
Дәретін жөндеп алады.
Жын келгенде күркіреп,
«Қызып тұрсын дайын» деп,
Отқа темір салады.
Жын атасы—Жирентай:
«Айдаушы, бермен айда» деп,
Қобызын бунап шалады.
Қыз-келіншек, жігіттер
Айыбымызды табар деп,
Қымсынып іші қалады.
Барлық жынын шақырып,
Айғайын сонда салады:
—Жын атасы Жирентай,
Талай бақсы мінген тай.
Ұятқа мені қалдырма,
Айналайын, Құрмантай!
Ішінде азық болып ең,
Тоқшылықта туғаным,
Кешікпегін, Сұрмантай!
Шақырдым сені Қарабас,
Еріншек едің сарамас.
Қанша жұрт қарап тұрғанда,
Кешіккенің жарамас.
Жолдасыңнан қалмай кел,
Көрінгенді айдай кел.
Зияндыны байлай кел,
Жан жолдасым Алабас!
Әй, қобызым, қобызым,
Әбден болжа доңызым.
Осы жолы келмесең,
Жөнін айтып бермесең,
Жылап жатқан науқасқа
Себеп тауып бермесең,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Бір сен үшін мен сорлы
Жаным шығып тірілсем,
Өмірімде көрмеспін.
Осы жолы келмесең,
Айтқаныма көнбесең,
Шашыңнан алып сабармын,
Тірі болып өлмесем.
Қобызын тартып шабынып,
Пірлеріне жалынып,
Тері шығып бақсының,
Өзін өзі қағынып:
—Жандай досым Қаратас,
Сырласым едің Алатай.
Алпыс қойдың терісі
Ау болмаған Алатай.
Жетпіс қойдың терісі
Жең болмаған Алатай.
Барлық жыным жабылса,
Тең болмаған Алатай.
Қатарыңның ішінде
Кем болмаған Алатай.
Құлағың сенің қалқандай,
Мұрыныңа қарасам,
Сығымдаған талқандай.
Үміт еткен қанша жұрт,
Ойдағысын айта алмай.
Бал ашып беріңіз,
Талабын жұрттың қайтармай?!
Әй, Нұрманбай, Нұрманбай,
Мұрның сенің құмғандай.
Жер жүзіне сыймастан,
Қойқапқа кеттің, қу маңдай.
Менен көңілің қалды ма,
Шақырғанда келуші ең,
Оқ жыландай жел маңдай.
Қаһарлы едің қарымды,
Кетірме менің арымды,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұл науқасқа дауа қыл!
Аямағын мен үшін,
Жан досым, қолда барыңды.
Қобызымды қолыма ап,
Салып тұрмын сарынды.
Әй, Бияшбай, Бияшбай,
Бойың сенің құлаштай.
Атқа мінсең, кісідейсің,
Жер түссең, жалмауыздың тісіндейсің.
Өз айтқаныңа болмаса,
Басқа жанның сөзіне түсінбейсің.
Әлімбет-ау, Әлімбет,
Жер-жаһанға мәлім бе ед.
Зиянкесті өлтірген,
Басына қаза келтірген,
Кап тауына мәлім бе ед?
Мына көптің көңілі үшін
Кеселіне дауа ет!
Баласы жоқ пәндаға
Көзіңнің қырын сала кет!
Зияндыны ала бер,
Мына жатқан кеселді
Себебін тауып, дұға бер!
Айтқаныңнан шықпайды
Тау менен тас, қара жер.
Қобызымды қолға алып,
Болып тұрмын қара тер.
Дәретін алып, сыйынып,
Таза киім киініп,
Жолыңды тосып отыр ғой,
Дауасын сұрап мынау ел.
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Мағрыптағы әулие,
Машрыптағы әулие—
Соның бәрін айдағын,
Жаратушы бір Ие.
Осы кесел жазылса,
Алатыным бір бие.
Баласы жоқ ұл тапса,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Иә болмаса қыз тапса,
Батамды беріп аламын,
Түйіншегін бір түйіп.
Қобызын тартып тағы да,
Жан-жағына қарайды.
Жын қабады білініп,
Қызып тұрған темірді
Тіліменен жалайды,
«Дақ салма» деп айтқын деп.
Ауырып жатқан кісіні
Бауырдақты қамшымен
Тарсылдатып сабайды.
Бақсы сонда ашынып,
Қанын тартып ішіне,
Түсін жаман қашырып,
«Жынның келер уақыты» деп,
Көтеріліп басылып,
«Айдашы, бермен, айда» деп,
Желбауға барып асылып,
«Көк перім көкке тартар» деп,
Жаны қалмай асығып,
Шаңыраққа мінеді,
Кісіміз болып шашылып.
Әулиені шақырды,
Атын айтып бас ұрып.
Сайранда жатқан сансыз бап,
Отырарда жатқан отыз бап
Кіші Мекең дер еді.
Қазіретті Қаратау
Әулиенің кебі еді.
Түркістанда Түмен бап,
Ең үлкені Арыстан бап—
Бәрі де мұның жын еді.
Құл Қожа Ахмет Яссауи
Әулиенің пірі еді.
Шаңыраққа мінеді,
Жындарынан тіледі.
«Айдаушы, бермен айда» деп,
Енді қайта жүреді.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қарабура келді деп,
Бүкең-бүкең желеді.
«Тамақ бер» деп талтайып,
Тізесін бүріп шөгеді.
Дайындаған шөбі бар,
«Мінеки,—деп,—жолдасы»,
Құрмет етіп бақсыға,
Ауызына береді.
Күртілдетіп шайнайды.
Тұрып-тұрып азырақ,
«Бұқ» деп жынын төгеді.
Шықырлап тісін қайрайды,
Қара бура шабынып,
Аузынан көбік қайнайды.
Екі көзі жалтырап,
Жанып тұрып қалтырап,
Үйдің ішін бүлдіріп,
Бура болып аунайды.
«Нысаппен,—деп,—нысаппен»,
Елдің бәрі шулайды.
«Жирентайым келді деп,
Тілеуді Құдай берді» деп,
Аспанға қарғып тулайды.
Пысқырып тұрып қорсылдап,
Жер тарпынып тұрмайды.
«Ақ басып кетер» деп,
Жүрегі қорқып суылдайды.
«Су ішер,—деп,—бұл Жирен»,
Бақыр алып бір адам,
«Моһо-моһо» деп зырлайды.
Ауырып жатқан кісіні
Бақсы барып тебеді.
Су ішкелі Жирені
Құрылдап жақын келеді.
«Так, жануар, так-так» деп,
Бақсыға суды береді.
Тұмсығымен бір түртіп,
Бақырда суды төгеді.
«Дақ салма,—деп,—жануар»,
Ел жауабын береді.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Осы түрлі өнермен
Жирентай қайтып кетеді.
Өз әлінше науқасқа
Біраз себеп етеді.
Қобызды қолға алғанда,
Болмағын деп арманда,
Жолбарыс жыны жетеді.
Жолбарыс болып шабынып,
Түрі қашып қабынып,
«Дақ салма» деп шуылдап,
Бақсыны байлар жабылып,
Ыңыранып, қыңырсып,
Әркімді қабар қағынып.
Үйді барып жол қылып,
Күрілдеп тұрар шабынып.
«Сап-сап» дейді нысаппен,
Елдің бәрі жалынып.
Үйді барып қозғайды,
Шаршамайды шалығып.
Бір қатынды бас салар,
Ашулы болып мауығып.
Бір әйелге асылып,
Күрілдеп тегін болмайды.
Жолбарыс келіп шөккен соң,
«Таптым» деп бала ойлайды.
Бақсы барып шөкпесін,
Осындай ерім етпесін.
Ойлағаны зайыбы,
Мақсаты қабыл болмайды.
Онан кейін бақсыекем
Қобызын алып қолына,
Қаратып елді жолына,
Тағы да біраз толғайды.
Қобызды тастап бақсекем,
Есікке қадам басады.
«Абжыланым келді» деп,
Құрметтеп есік ашады.
Елге қарап ысқырып,
Жалақтап тілі пысқырып,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Отта жатқан темірді
Өз тіліне басады.
«Үй ішінде жау бар» деп,
Ақтарып жүріп шашады.
Үйдің ішін қарайды,
Ауырып жатқан кісіні
Тіліменен жалайды.
«Құйрығым» деп белбеуді
Ширатып алып қолына,
Елдің бәрін сабайды.
Ысқырғанда ширығып,
Халықтың есі қалмайды.
«Зиянды нарың бар ғой» деп,
Әр қатынды жанайды.
Абжыланын «ап-ап» деп,
Пышақтың жүзін жалайды.
Қобызын алып қолына,
Тағы жынды шақырар.
«Алып Қара, келгін» деп,
Ойдағысын сапырар.
«Жан серігім сен едің,
Қай жынымнан кем едің,
Кешікпе!» деп бақырар.
«Мұнысы қандай екен?» деп,
Қайран боп жұрты отырар.
—Алып Қара шақырдым,
Келе қойғын, шырағым.
Қабыл еткін бұл елдің
Ойындағы сұрағын.
Басқа жанға бітпейді
Салпиған сенің құлағың.
Азуың сенің ошақтай,
Мұрыныңа қарасам,
Ойып қойған шошақтай.
Ауру халін көріңіз,
Себебін айтып беріңіз.
Нағып тұрсың ерініп,
Нашарды жаудан босатпай.
Танауыңа қарасам,
Үңірейіп кетіпті,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Тәуіп барған қос аттай.
Аларып бақсы қарады,
Отырған жұрт нанады.
«Алып Қара келді» деп,
Келсапты қолға алады.
«Дақ салма» деп айтқын деп,
Өзін-өзі сабады.
«Алып Қара келді» деп,
Ауруға барады.
Ламекенге барам деп,
Арқалап оны алады.
«Дақ салма» деп шуылдап,
Ел дабырды салады.
Түскенін аударып,
Басқа жерге салады.
Алып Қара сонымен
Енді қайтып келеді.
Шақырғанда, қобызбен
Айдаушы Қара жетеді.
Барлығын айтып біртіндеп,
Содан үміт етеді.
«Келіп қалды кісім» деп,
Жұлқына бастап өтеді.
«Дақ салма» деп айдайды,
Беліне арқан байлайды.
Құшырланып, шабынып,
Ауруды шайнайды.
Керегені ұстап ап,
Үйді жұлқып ойнайды.
Қамшыны қолға алады,
Бір әңгіме болады.
«Зікірге бәрің отыр» деп,
Қирата елді сабады.
Елдің бәрі жүгініп,
Дөп-дөңгелек болады.
Қамшыны бақсы алып тұр,
Зікірді «ә» деп салып тұр.
Кімдер адал, кім арам
Ішін бәрін танып тұр.
Салдырлатып шығыршық,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Асасын жерге қағып тұр.
Науқастанған кісіні
Ортасына алып тұр.
Бала табар-таппасын,
Әйелдерге назарын
Шын ақиқат салып тұр.
Қасына бақсы бармаған,
Назарын тауып салмаған
Әйелдер үні налып тұр.
«Дәретсіз мұнда келдің,—деп,—
Нитәніңді бөлдің»,—деп,
Қалжыңбастау жігітке
Жаласын тағы жауып тұр.
Қорыққаннан жігіттер
Бірін-бірі кимелеп,
Зікір салып зіркілдеп,
Үсті-үстіне үймелеп,
Шетке шыққан адамды
Ортаға салар сүйрелеп.
Қара терге түседі,
Мешбетін кең түймелеп.
Бәз біреулер желігіп,
Айғайлап сонда кетеді,
Бақсымен біргелеп.
«Дақ салма» деп тұрады,
Қобызын шалып сөйлейді,
Тағы бір асқан жын келед.
—Айдаушы бермен, төрт бөрі,
Төртеуі де көк бөрі.
Жаным қалмай шақырдым,
Болып па ең маған өкпелі?!
Сыйынбасқа нәрім жоқ,
Сенсіз менің сәнім жоқ.
Тілегіңді тіледім,
Жаным бар да, тәнім жоқ,
Сұп-сұр болдым қуарып,
Етім бар да, қаным жоқ.
Зияндыны байлай кел,
Пайдалыны айдай кел.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Саған қарап отыр ғой,
Үміт етіп мына көп.
Төртеуіңді шақырдым,
Сабыр етіп бірден кел.
Біреуіңіз тесіктен,
Біреуіңіз көлден кел.
Біреуіңіз жабықтан,
Біреуіңіз судан кел!
Мал сұраған біреу бар,
Жан сұраған біреу бар,
Мұдағасын айтып бер.
Қолдарыңнан келеді!
Сені басар жыным жоқ,
Асып туған сендер ер.
Отты сонда сабады,
Жыны келіп қалады.
«Бірінші бөрі келді» деп,
Шоқты тістеп алады.
Бір уыс күлді қолына ап,
«Түпай-түпай» ұшықтап,
Ауырып жатқан кісіге
Демін сөйтіп салады.
«Екінші, енді, келгін» деп,
Жабыққа сонда қарады.
«Келіп қалды» деп айтар
Екінші бөрі жабықтан.
—Аямағын жанымды,
Мына отырған халықтан
Біреуіңе мал керек,
Біреуіңе жан керек.
Сені күтіп көпшілік,
Жолыңды бағып тарыққан.
Жабықты жүрді жағалап,
Үйдің ішін аралап.
Қолына алып қамшысын,
«Айда-айда» деп сабалап,
Жүгінің бәрін ақтарды,
Қалмасын деп паналап.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әйелдерді сабады
«Бұзықтықпен жүрдің» деп,
*..................... ақ жағалап.
«Үшінші бөрі келгін» деді,
Ақырындап тесіктен.
—Сенен үміт етеді,
Атағын біліп естіген.
Осы үйдегі зиянды
Қаһарыңмен қалдырмай,
Адамдарды шалдырмай,
Айдап шыққын есіктен!
«Зияндыны шығар» деп,
Есікті ашып тұрады.
Үйдің ішін аралап,
Қамшыменен ұрады.
Жастау келген әйелді
«Жүрегің жаман екен» деп,
Арт жағында зіркілдеп,
Аяқпен басып тұрады.
«Бақсыекем тауып айтты» деп,
Отырған қанша халайық
Көңілін шындап бұрады.
Өзінен басқа мықты жоқ,
Өз білімін қылады.
«Дауасын айтып бердің» деп,
Кеселдің халін сұрады.
«Дақ сал,—деп,—бақсыекем»,
Ауру мен сау қатын
Сыпыра жүріп ұрады.
—Төртінші, келгін,—деп айтты,—
Айналайын, Су бөрі,
Білесің бәрін қу бөрі.
Осы жерде қинадың,
Жақсылап кел, сен, бермен,
Жолыңда сенің жүрмін мен.
Қуат етіп бір сені,
* Түпнұсқада түсіп қалған.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Қобыз алып қоқаңдап,
Кезіп жүрмін дүнияны.
«Көк бөрі келді» деді де,
Отыра қалды шоңқайып.
Екі көзін алартып,
Құлағын тігіп қалқайып.
Бір-екі ұлып әупілдеп,
Ауырып жатқан адамның
Қасына барды тоңқайып.
Тұмсығын тығып бұтына,
Жатты барып томпайып.
Түре келіп аздан кейін,
Үйдің ішін қарады.
Ауру-сауды аралап,
Әркімді бір жалады.
Отырғандыр ойлайды:
«Білгіш екен бұл бөрі,
Ойымызды табады».
«Зиянды иең бар-ды» деп,
Баз бір еркек, әйелді
Бас салып сонда талады.
«Жүрістері жаман ед»,
«Тапты» деп жұрт налады.
Әркімге істеп ем-домын,
Андан соң кетіп қалады.
Андан соң бақсы шақырды:
«Бұл жаушы Қара келсін» деп.
«Мына отырған халықтың
Балын ашып бергін»,—деп.
Бұл жаушы Қара келеді,
Балын ашып береді.
Алғашында науқастың
Жөнін айта көреді.
«Жындарым айтып отыр» деп,
Бақсы жауап береді.
Қанша отырған халықтың
Ойын айтып береді.
Қобызын алып қолына,
11-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ал, енді, сөзді төгеді:
—Бұл науқастың кеселі
Даладан,—дейді,—жабысқан.
Керіліп бір келін жатқан-ды,
Ішіне жел қарысқан.
Төсегінен болған жоқ,
Кез болыпты алыстан.
Ішін жаңа бір түртіп,
Кетіп еді арыстан.
Ішін ұстап басында,
Денесіне жайылған.
Жауырыны тұтасып,
Бар денесі ауырған.
Күннен-күнге ұлғайып,
Қабырға басы жабысып,
Ауырып содан қорынған.
Және бір тәуір болғанда,
Ескермеген абайлап,
Суық суға шомылған.
Дауасын тағы айтамын,
Қорықпағын мұныңнан.
Өмір жасың тіпті ұзақ,
Қорықпағын, әй, шырақ.
Айтпасыма қоймай тұр,
Кісілерім шымшылап.
Жалқы туған басында
Бар екен қойда қара лақ.
Соныменен көшірем,
Боласың сау тып-тым-ақ.
Ауруға мұны айтып,
Сау адамға барады.
Дені-қарны оның сау,
Арманы оның бала-ды.
Бір қатынға бақсыекем
Аларып сонда қарады.
«Ойнасымды айтар» деп,
Жерге кіріп барады.
—Арманың сенің бала ма,
Боз бастыға қарама.
Таза жүрсе жас әйел,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Баласыз тегі қала ма?
Мен айтпай-ақ, шырағым,
Өзің айтшы ұялмай.
Кешікпей-ақ табарсың,
Түс көріпсің анада.
Күйеуіңмен қандай ең,
Тіліңді сенің ала ма?
Бір екі күн дем салғыз
Қара қасқа танаға.
Андан кейін бақсыекем
Бір жігітке қарады.
Тігілініп көздері
Қасына жетіп барады.
«Сайтанның бәрі сендей» деп,
Қамшыменен сабады.
—Арманың шіркін бар екен,
Көптен бері жабырқап,
Көңілің оты сол екен,
Кешікпей ет садақа.
Жаға-жеңі кірлеген
Бір шапаның бар екен.
Пайда бермес өзіңе,
Өз денеңе тар екен.
Құдайы ғып шапанды,
Батасын оның аласың.
Қырсығынан ажырап,
Жұрт қатарлы боласың.
Не тілегің әзір боп,
Адам болып қаласың.
Басын иді бір қатын,
«Бақсыеке, мені қара»,—деп.—
Көтермедім ешқандай,
Келгелі мұнда бала», деп.
Қабыл алып бір сөзін,
Қарады тәуіп және кеп.
—Келінім, бала табасың,
Жасың ұзақ, шырағым,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Нақ жетпіске барасың.
Өсек айтып жолығыпсың
Екі ауылдың арасын.
Сүйреңдеме, ей, шырағым,
Содан зиян табасың.
Талығыңа қарадым,
Екі бала табасың.
Аласа бойлы қатыннан
Көз тиіп, содан қағасың.
Ебін тауып білінбей,
Сол қатынның шашынан
Аздап қиып аласың.
Шашын алсаң қатынның,
Алып маған келесің.
Тілімді алсаң, келінім,
Бір жақсылық көресің.
Үйіңде бар бір баспақ,
Зиянды екен сол саған.
Кешіктірмей баспақты
Бір адамға бересің.
Оны қойып сонымен,
Бір қатынға қарады.
«Түсіңнен шошып қапсың» деп,
Оған жапты жаланы.
—Сары қызың бар екен
Өзіңе қатты зиянды.
Аса зарын таппасаң,
Таппассың, келін, баланы.
Үш күн ойнат бақсыны,
Бес күн оқыт молдаға.
«Сонда болса, болар» деп,
Көңілім саған еріп тұр.
Ол әйелдің мұдасын
Осылай айтып беріпті.
«Науқастанып жүрмін» деп,
Бір еркек сонда келіпті.
«Жүрегіңнен таптың» деп,
Көк желкеден теуіпті.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
«Дауасы болар енді» деп,
Тепкенін жақсы көріпті.
Кесел болу себебін
Бастан айтып беріпті.
Әулие деп бақсыны,
Барлығы бұған сиынды.
—Көп болыпты бұл кесел
Жабысқалы өзіңе-ей.
Көрсеткенін айтайын,
Құлағың сал сөзіме-ей!
Бар сүйегің сырқырап,
Көрінер жаның көзіңе-ей!
Екі саның бастырмай,
Салмақ түсер беліңе.
Абайламай кез бопсың
Жынның жатқан жеріне.
Анда-санда, шырағым,
Басың қатты шағады.
Майға қосып құрт ішсең,
Бұныңа аздап жағады.
Суық тисе денеңе,
Тырысып мойның қалады.
Ескермесең бұрыннан,
Ұлғайып күнде барады.
Оған дәрі айтайын,
Боз бұға мен сер бұға
«Зәптір» деген дәрі бар.
Анар менен жұм-жұма,
Үкіл-мәлік он сегіз,
Қырық болсын күшала.
Осының бәрін дайындап,
Соғымға сой бір тана.
Өз қолымнан естимін,
Барамын бір күн мен жана.
Бір қойменен көшірем,
Ақысыз болсын мың қара.
Онан кейін бақсыекем
Бір кемпірге жетіпті.
Жалғыз ұлы кемпірдің
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алғалы қатын кетіпті.
Көптен бері кешігіп,
Арада бір ай өтіпті.
«Амандығын айтқын» деп,
Бақсыдан үміт етіпті.
—Алдай қақ,—депті—сөз басы,
Қобызым, енді, қозғалшы.
Қайныңа бала кетіпті,
Қасында бар жолдасы.
Талығына қарасаң,
Жаман болмас бір басы.
Түнде жалғыз жатпайды,
Қасында бар ұрғашы.
Сай жағалап жүреді,
Болмас оған қыр басы.
«Осыдан үйге қайтсам,—деп,—
Әжем қандай боп жүр» деп,
Бір өзіңді сағынып,
Тыйылмайды көз жасы.
Балаң онда барыпты,
Құшақтап қызды жатыпты.
Құдай ұрып құдаңды,
Қайталап мал салыпты.
Берейін десе, малы жоқ,
Бермейін десе, жары жоқ,
Қайғыда сондай қалыпты.
Құдаңның құрысын бәйбішесі,
Жолдасы мен балаңның
Аударып атын алыпты.
Осы жаққа жете алмай,
Жарын тастап кете алмай,
Сол жақта жаяу қалыпты.
Аударып атын алған соң,
Қыз беретін ойы жоқ.
Тойға сояр салыпты,
Құдаң сондай тар екен.
Көңілі жақын өзіңмен
Сол тараптың бәйбішесі
Бір жекжатың бар екен.
Тойға сояр ол күні
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Арықтау ғана тана екен.
Қиылған соң балаңыз,
Сол жекжатыңа барыпты.
Бастан аяқ жай айтып,
Жекжатыңа налыпты.
«Ақия банда пірім» деп,
Құйрығы шолақ, өзі ақсақ,
Қой, қозыға көп мінген
Бір кер тана алыпты.
Балаң бұған қуанып,
Жолдасымен екеуі
Бірі бастап, бірі айдап,
Енді қайта салыпты.
Шыққан күні жете алмай,
Жолға қонып қалыпты.
Шаршап келген жаяулап,
Бұлар ұйықтап қалыпты.
Сыпырып тастап бұйдасын,
Тана кетіп қалыпты.
Қайда барса оңалмай,
Балаң сөйтіп тарықты.
Ауру болған балаңыз
Жаяу іздеп тананы.
Жаныңда жаман жүрісің,
Кесірің тиіпті бұл күнде.
Әй, кемпірім, балаға
Бір лағың бар екен,
Меңсіз өзі ақ екен.
Үйден тамақ бермейтін,
Пейілің осы тар екен.
Ұрлап алып есіпсің,
Әр адамның үйінде
Ұсталмаған өмірде
Бір ала арқан бар екен.
Арқанды байла лаққа,
Балаңды салма тұзаққа.
Құдайы ғып кетіргін,
Бермеген саған бірақ та,
Айтып отыр жындарым
Ақырындап құлаққа.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Иіліп сәлем етеді
Жастау келген бір қатын.
Оқ жыландай жылмаңдап,
Порымдаған сымбатын
«Талығымды қара» деп,
Бақсыға айтты ол қатын.
Қобызын алып қодаңдап,
«Тауып бер,—деп,—ол жағын»,
Бақсы айтты қатынға:
—Екі бала тауыпсың,
Тоқтап қалған себебің
Пиғылыңнан тауыпсың.
Көңілдесіп жігітпен,
Бір орамал алыпсың.
Бей уақта, шырағым,
Өзен-суға барыпсың,
Сонымен тоқтап қалыпсың.
Қиын емес, шырағым,
Айтқаныма көнесің,
Бұл сөзіме сенесің.
Жігіттен алған орамал
Өзіне қайтып бересің.
Бір-екі күн түкірсем,
Түнде-түнде келесің.
Ақ көйлегің бар екен,
Құдайы ғып бересің.
Батасын алсаң бақсының,
Кешікпей-ақ баланы
Үсті-үстіне төгесің.
Аққұбаша жігіт-ті
Көптен бергі сырласың,
Оны жақсы көресің.
Ол пиғылды тастағын,
Осы менің кеңесім.
Осыменен халықтың
Балын ашып береді.
Қуанғаннан халайық
Енді қайтып жөнеді.
«Білгіш жақсы екен» деп,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Мақұлдасып келеді.
Ойынға барған әйелі
Үйде жатқан еріне
Мақұлдата береді.
«Олай болса бақсыға
Қарта қой» деп күйеуі,
Көңілін қимай әйелдің,
Ризалығын береді.
Демін алып бақсыекем,
Басқа сөзге келеді.
Көшірем деп әйелді,
Бір бас тауып алады.
Қарала ғып бояуды,
Әлгі басқа жағады.
Қуыршақты істетіп,
Әр жеріне тығады.
Қатын менен бақсыекем
Жеті жолдың айрылған
Жеріне таман барады.
Бір жерінде ағы жоқ,
Қара қойды алады.
«Түпа, түпа!» ұшықтап,
Қамшыменен сабады.
«Қарама,—деп,—артыңа»,
Қатынға жауап қылады.
Мақұл көріп ол әйел,
Жеткенше үйге шабады.
Қойды өңгеріп бақсыекем,
Өз үйіне барады.
Бұл ойынның аяғы
Осыменен тынады.
2. БАҚСЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
—Сөздің басы бісіміллә,
Бісмілләсіз іс қылма.
Бісміллә десең, Құдай бар,
Жын, бір шайтан көрінсе,
Сыртымнан әрі қуа-ай бер.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жер жүзіндегі әулие,
Күн көзіндегі әулие,
Мәшроптегі әулие,
Мағріптегі әулие,
Мекедегі әулие,
Мединедегі әулие,
Әулие біткен қолдай көр,
Мұдуар болсаң, жебей көр!
Жер жүзіндегі аруақ,
Күн көзіндегі аруақ,
Бұқардағы аруақ,
Аруақ болсаң, қолдай көр,
Модуар болсаң, жебей көр!
Ұлықпан әкім, оңдай көр,
Оң жолына бастай көр!
Жасаған сен жан Ие,
Өзің қолда, әулие.
Самарқанда бар дейді
Сайыбір деген әулие.
Бабаларым дәм берген,
Өздеріңе қол берген.
Үлкен ата, ер аруақ
Талай жерден жол көрген.
Әулиеге дем берген,
Айтар сөзге ем берген,
Жеті өлікке жан берген,
Жеті пірге қол берген.
Ақшора бабам, қолдай көр!
Жын атасы—Барлыбай,
Шақырғанға келдің бе-ей?
Жын атасы—ер Қойқап,
Шақырғанда, кел, сойқап!
Қойқап тауын өрлеген
Қаптың тауын жерлеген,
Арқадан шайтан айдаған,
Жын-шайтанды байлаған,
Енді артыңа қарама!
Енді артыңа қарасаң,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Қаптаған қара бұлттай,
Қайнап біткен бұлақтай,
Сайдан шыққан құла аттай,
Жеңсіз берен киінген,
Лашын құстай түйілген,
Қас қабағы бүрілген,
Жараған бүкір, мықынды,
Қара бұлттай кекілді,
Айдаһардай айды Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ,
Қайдан келдің жауды орап?!
Жауланбай-ақ келіңіз,
Мына ауруды көріңіз,
Етер бұған ем бар ма?
Салар бұған дем бар ма?
Айтатұғын мал бар ма?
Шығатұғын жан бар ма?
Төңіректі болжаңыз,
Ақылменен толғаңыз.
Әуелі, Құдай, елді оңда,
Елді оңдасаң, ерді оңда.
Мұхамбеттей пайғамбар,
Айналайын, сен де оңда!
Кәләм шәриф мойныңда,
Дұғаларың қойныңда,
Төңірекке көзің сал,
Әлеумет отыр үйінде,
Санап жұлдыз батырған,
Сарғайтып таңды атырған.
Мың кісіге барабар
Ақ сақалды бабаңыз,
Біздер сіздің балаңыз.
Сәукеле қара сақалдым,
Патсайы шапан жамылған,
Қырға шықсам «қызым» деп,
Өрге шықсам «ұлым» деп,
Құралай көзі қызарған,
Қудай боп шашы ағарған.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақсақалды бабамыз,
Біздер сіздің балаңыз.
Алпыс отау қара жын,
Қайда кеттің, мұнда кел.
Атты келме, жаяу кел,
Қатты келме, баяу кел!
Енді сөйле, бәлгер,
Анықтап сөйле, дәрігер.
Үлкен жүзді білгішім,
Кіші жүзді жарғышым,
Болжай отыр, байғұсым!
Қайдан келдің сабылып,
Мінгендей атың шабылып.
Батырым, алып келіпсіз
Жетпіс те батпан темірді.
Жалғыз өзің жамылып,
Балалы қаздай ыңыранып,
Бәйтеректей бұралып,
Батыр терек, сен сөйле!
Түлкілі қара серігім,
Осындайға керегім.
Жасы кіші ауды алған,
Өжет кісі жауды алған.
Сөйлеші, енді, құлдық бас!
Сөйлемесең, байғұсым,
Болады саған жаман іс.
Ақ тұйғыным, бопам-ай,
Томағаң сенің күмістен,
Аяқ бауың жібектен.
Екі де бірдей баршын құс,
Бауырың шұбар аршын құс,
Құйту-құйту сары құс,
Жеген жемің бәрін құс,
Темір қанат қара құс!
Сексен сегіз құмарлым,
Тоқсан тоғыз тұмарлым.
Сол иығың сәукелем,
Оң иығың үкілім.
Қызыл да жирен ат мінген,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Жал құйрығын шарт түйген.
Екі найза түйіскен,
Айқайлап жауға тиіскен.
Қызыл қалпақ киісіп,
Құйын жауға тиіскен.
Екі бірдей торы атым,
Құйысқанды құла атым,
Қызыл шұбар айдаһар,
Қара шұбар жолбарыс,
Маңдайыңның қалы бар,
Арқаңыздың жалы бар,
Өзі бір ерке болмаса,
Бой бермейтін жануар.
Бір мүйізің жер тіреп,
Бір мүйізің көк тіреп,
Соғу жерге барабар.
Балақ шудаң балқылдап,
Желке шудаң желкілдеп,
Азу бір тісін сақылдап,
Арқа басын тақылдап,
Айналайын, қарт бура,
Келші бермен жақындап!
Ай қожа мен күн қожа,
Сыйынған пірім, сен қожа.
Сыйынған қожа пірлері-ай,
Тентек қара ерлер-ай,
Буыны жоқ былқылдап,
Қайдан келдің сылқылдап?
Сары майдай толықсып,
Суытқан аттай бұлықсып,
Сол-сол, сол-сол-сол жатыр,
Жағасында соның қол жатыр.
Сонша қолдың ішінде
Шойын құлақ деген алып жатыр.
Аспандағы көп пері,
Көп перінің ішінде
Аты жақсы дәу пері.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Су ішінде су пері,
Сұмырайға ұқсаған қу пері.
Жын ішінде жын пері,
Жынданбай-ақ жүр, пері.
Ай астында ақ пері,
Жеті пері келер ме,
Толықсып туған айдай боп?
Жеті ләскер жатыр ма
Өз алдына дардай боп?
Құдай досты Мұхамбет
Шаһариардың досы екен.
Шайтан менен әзірейіл
Бәндеңізге қас екен,
Қастығы мұның осы екен.
Бісміллә десе дуа бар,
Жын-шайтанды қуа бар.
Аспандағы төрт атты,
Төрт аттының ішінде
Қайраты артық бөрте атты.
Енді, сөйле, тор тайлым,
Әр нәрсеге оңтайлым.
Жан ағама жан жолдас,
Жан жолдасым жан қимас.
Қабырғаға қан қатса,
Қайрылар күнің қайда бар?!
Тұмсығыңа мұз қатса,
Бұрылар күнің қайда бар?!
Жан-жағына қараған,
Құлаштап шашын тараған,
Жауған қардай боратып,
Пердемен дүзін қараған,
Өркеші жоқ нар ма екен.
Судан шыққан сүйрік пе,
Суырылып озған жүйрік пе?
Топтан шыққан тұлпарым,
Аздан шыққан сұңқарым,
Жануарым, сөйлеші!
Кәріп жанды қамшылап,
Сілекейің тамшылап,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Аспандағы көп пері,
Көп перінің ішінде
Аты шулы көк пері.
Қаражал жазған қасқырым,
Таси берші, тасқыным!
Енді сөйле, елші қыз,
Елге хабар берші, қыз.
Ақбоз атқа мінші, қыз,
Үкілі балақ, сексен шоқ,
Бармағың бар, өкшең шоқ.
Енді сөйле, сұр тайлым,
Әр нәрсеге оңтайлым.
Базар кеткен бар таяқ,
Бұқар кеткен жексаяқ.
Отыз тісің тізіліп,
Аш белің сенің үзіліп,
Қайдан келдің жазған-ай,
Сен сөйлеші азғана-ай!
Кереге бойы кер жылан,
Керілмей-ақ кел, жылан.
Үй айнала сұр жылан,
Сумаңдамай жүр, жылан!
Алты жылан ат етіп,
Екі жылан қамшы етіп,
Алты құлаш ақ жылан,
Белдемеден соқ жылан!
Белдемеден сен соқсаң,
Сені алар жау жоқ жылан.
Екі құлаш үш жылан,
От орнындай ордалым,
Қырық мың саны найзалым,
Осындайға пайдалым,
Арбаң-арбаң жүр екен.
Адам жерді қуырған,
Адамыңнан қуылды,
Табаныңнан суырылды.
Шылатпай тұман ашылмас,
Жығылмай жүйрік басылмас.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
3. БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Әуелі Алла, бісміллә,
Қолтықтай көр біздерді.
Алтын сандық шағыр ат,
Біздерге де бер мәдет.
Айналайын, Құдірет,
Ысламға пана Мұқамбет,
Сыйындым сізден бір мәдет.
Су басында Сүлеймен,
Жұмыла әулие қолдасаң,
Жүйрік аттай-ау деймін.
Сайрамда бар сансыз бап,
Ең үлкені—Арыстан бап.
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Машырақта әулие,
Мағирипте әулие,
Тауда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие,
Жаратқан Жаппар егемсің,
Тайғақ кешу тар жолда
Сиынғанда сіздерге,
Әбүйір бер әр жолда!
Жаңа келді Шарабас,
Алпыс қойдың терісінен
Бөрік шықпаған Шарабас.
Жетпіс қойдың терісінен
Жең шықпаған Шарабас.
Тоқсан қойдың терісінен
Тон шықпаған Шарабас.
Жаңа келді дәу пері,
Жаңа келді су пері,
Жаңа келді ай пері.
Жаңа келді күн қожа,
Жаңа келді құлан шаш,
Екі иінімнен мықтап бас.
Жаңа келді теңге тай,
Ойдан келген он қожа,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Қырдан келген қырық қожа.
Айналайын, Нұрқожа,
Сол қожалар ішінде,
Әсіресе, бір қожа,
Жаңа келді Жирентай,
Әулие, пірлер бәрі де
Астына бір-бір мінген тай.
Шақырғанда осынша,
Келмеймін деп қорқытып,
Көп шаршаттың пірлер-ай!
4. [ІСТІҢ БАСЫ БІСМІЛЛА…]
—Істің басы бісмілла,
Құранның басы бісмілла.
Өңкей көрген есімде
Жаратқан Жаббар бір Алла.
Айналайын, ей, Алла,
Сен қолдасаң, мен мұнда.
Әуеден көмір түсірген,
От жақпай темір пісірген.
Қау күрегі бақылдап,
Балға төсі шақылдап,
Ер Дәуіт пірім, сен қолда,
Сен қолдасаң, мен мұнда.
Тақ Сүлеймен, қолдай көр,
Сұнақ ата, оңдай көр,
Ата пірім емес пе ең.
Ер Мұқам, енді, сен, қолда,
Сен қолдасаң, мен мұнда.
Су аяғы—ер Қорқыт,
Пәлектті сен қорқыт.
Бақсы пірі емес пе ең,
Көзіңді сал, қолым тұт!
Бақсы баба, сен, қолда,
Мен сыйындым сіздерге,
Медет бергін біздерге.
Бере көргін бағымды-ай,
Құдай, медет бере гөр,
Ойнап тұрған шағымда-ай!
12-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
5. [ҚОЙҚАПТА ЖАТҚАН ПЕРІЛЕР…]
—Қойқапта жатқан перілер
Мен шақырдым, келіңдер.
Бәрекелде, ерлерім,
Тілеуімді беріңдер!
Әскері тұтар Қарабас,
Үйіліп қонар аралас.
Қобызыңды көтеріп,
Қойқаптан келші, Шарабас,
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Шарабас,
Сексен қойдың терісі
Бөрік шықпаған Шарабас!
Тіпті қиын іс болды,
Кідіргенің жарамас.
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Көкаман,
Сексен қойдың терісі
Жең шықпаған Көкаман,
Келші бері, Көкаман,
Заһарыңнан қорқамын!
Тоқсан тоғай қыдырған,
Балағын жеңіл сыдырған,
Келші бермен, жолбарысым,
Жан аямас жолдасым!
Жазылмай қалса бағиым,
Келмей ме менің намысым.
Арқадан келген, боз үлек,
Мойныңды сөз, үлек.
Есіктің алды құба тал,
Қайырып басын суға сал.
Атаңа нәлет Тілкөрнек,
Алдыма келіп ойын сал.
Көкенай деген жын келді,
Айқайлап бәрін алға сал!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
6. [ЖЫННЫҢ БАСЫ ДОСЫБАЙ…]
—Жынның басы Досыбай,
Жын шақырдым осындай.
Жын әулие келе ме,
Бір-біріне қосылмай.
Дауысым да саған не болды,
Қобызыма қосылмай?
Қарағай қобыз қолға алдым,
Абжыландай толғандым.
Бұ қобызым сынбады,
Ғаріп жаным тынбады.
Он бесімде жабысты,
Жиырмада табысты.
Көнбес іске көндірді,
Қу ағашқа төндірді.
Төбеге шыққан төрт атым,
Көк киімді бөрте атым.
Алты құлаш ала атым,
Ойбай, менің боз атым.
Yйде де бар он қожам,
Қырда да бар қырық қожам.
Әсіресе, жас қожам,
Толпы деген мыс қожам.
Кел Толпы, кел Толпы!
7. [ЖЫННЫҢ АТЫ—ҚАРАМАН…]
—Жынның аты—Қараман,
Енді қайда барамын.
Атамнан қалған Қараман,
Сеніменен боламын.
Үлгісіз көйлек пішпеймін,
«Алдалап» жолға түспеймін.
Айтқанымды қылмасаң,
Алдыңа, сірә, түспеймін.
Жын атасы—Жирентай,
Қолыңа жасыл ту алдың,
Найзаңды қанға суғардың.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Дертті көріп қуандың,
Ақсақ қойдай маңыранып,
Соқыр қойдай жамыранып,
Зияндасты қатыннан
Бар Құдайым ажыратып,
Жын келеді, айдап ал,
Аяқ-қолын байлап ал!
Жын атасы—Жирентай,
Жал құйрығын түйген тай.
Айналайын, пірім-ай,
Қара сақал балталым,
Құй мақпалдан қалталым,
Зияндасым алмасаң,
Бір ай да болса жатқаным.
Ел емес едің, ер Дәу-ай,
Ерінбесең кел, Дәу-ай!
Қатты қайырым іс болды,
Көрсетші күшің енді-ай!
Арқадан келген Ақтөбет
Айлана үрген сақ төбет.
Төбетім үріп қашырған,
Жайына кетсін пәлекет.
Екі бетің албырап,
Қызыл тілің салбырап,
Сауулы інгендей ыңқылдап,
Өзінің сөзін мақұлдап,
Сарықыз келді жақындап.
Шақырдым, келгін, Сарықыз,
Келмегенге барыңыз.
Көмегіңді көп қылып,
Бәлені байлап алыңыз!
8. [ЖОЛ, ЖОЛ ЖАТЫР, ЖОЛ ЖАТЫР…]
—Жол, жол жатыр, жол жатыр,
Жол жағалай қол жатыр.
Сол қолдардың ішінде
Саразбан деген ер жатыр.
Саразбанда сиық жоқ,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Көкшолақта кекіл жоқ.
Арқадағы ауылдай,
Қырға біткен қауындай,
Бәрекелде, ерлерім,
Келіп ұршы дауылдай.
Егінші киген шекпендей,
Базардағы кетпендей,
Жаңа келді Дауылбай.
Қарсы алдынан қарасам,
Тұжырып қойған таяқтай.
Ту сыртынан қарасам,
Қырғиға қойған аяқтай.
Бүйірінен қарасам,
Белге асқан садақтай.
Толғанып жатқан жыландай,
Келіншек таққан қырандай.
Қара шұбар қабыланым
Абжыланды ат еткен,
Су жыланды сүт еткен.
Жәдігөйім, жарғышым,
Тінтуші қара байғызым,
Түйе басты шара көз,
Айналайын, жарғышым,
Қанға тоймас байғызым!
9. [ЖАЛҒЫЗ ШЫҚҚАН ТОБЫЛҒЫ…]
—Жалғыз шыққан тобылғы
Жай шық болған қобызым.
Желмаяның терісі
Шарайна болған қобызым.
Жүйрік аттың қылынан
Жайшық қылған қобызым!
Жеті кенттің мақпалын
Тұмар қылған қобызым!
Айналайын, дәулерім,
Дулығалы су перім,
Бәрекелде, беклерім,
Тартшы бермен, дәулерім!
Баймөңке келді осында,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Малайы бар басында.
Қырық жігіт қасында,
Айдаһары астында,
Айда бермен, шұбарым!
Нар күмістен тұмарың,
Шұбарым менің келмесе,
Тарқамайды құмарым.
Айда бермен, сексен шоқ,
Бармағың бар, өкшең жоқ.
Сірә, уайым қылмаймын,
Қуалар деп көңілім тоқ.
Айдаушы Қара, айдап кел,
Жүрмегенін байлап кел.
Шашау шығып қалмасын,
Бәрін алып жинап кел!
Баймөңкемдей ер қайда,
Ер Баймөңкем келгенде,
Зәлімдерге күн қайда?!
Айда бермен, Қарамыс,
Қарамыстың аузын шеш.
Мен шақырдым сіздерді,
Кісілердің атын шеш!
Айда бермен, Боқбасар,
Хайқайласа жау қашар.
Қырық байталды Құлашар,
Айдашы бермен, Құлашар!
Алпыс атты ауғаным,
Атын байлап сауғаным.
Араласып алып қал,
Аямайын жау малын.
Ауадағы ала атым,
Торып жүрген тор атым,
Шабуылшы сары атым,
Айда бермен, қара атым.
Аруақ қоймай тербеттім,
Бәрекелде, Күрбеттім!
Қиядан ұшқан сұңқардай,
Жүгіріп жүрген тұлпардай,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Бәрекелде, Жирентай,
Келдіңіз бе теңдерім!
Жын келеді жиылып,
Аруаққа тігіліп.
Байлағалы келгенде,
Аяқ-қолы қалар бүгіліп.
10. [ҚҰДАЙ, АБЫРОЙЫН БЕРЕ ГӨР…]
—Құдай, абыройын бере гөр,
Көзімнің жасын көре гөр.
Сенен медет тілеймін!
Сайрамда бар сансыз бап,
Сізден медет тілеймін!
Түркістанда Түмен баб,
Сізден медет тілеймін!
Отырарда отыз баб,
Сізден медет тілеймін!
Ең үлкені—Арыстан баб,
Сізден медет тілеймін!
Сунақ ата әулие,
Сізден медет тілеймін!
Қорқыт ата, әулие,
Сізден медет тілеймін!
Әулие ата Бүзірік,
Сізден медет тілеймін!
Шақпақ ата әулие,
Сізден медет тілеймін!
Тоқсан тоғыз машайық,
Сіздерден медет тілеймін!
Мынау шөңгең қадалды,
«Босатқын,—деп,—жанымды».
11. [АЙНАЛАЙЫН, ДӘУЛЕРІМ…]
—Айналайын, дәулерім,
Айналайын, беклерім,
Бәрекелді дәулерім,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәрекелді билерім,
Айдаушы Қара, айдап қайт,
Қол-аяғын байлап қайт!
Шашау шығып қалмасын,
Бәрін алып жинап қайт!
Үлкен-кіші аға бар,
Бесікте жатқан бала бар,
Жан-жағыңа бармай қайт!
Түндігі ашық бейбақ бар,
Назар көзің салмай қайт.
Әскеріңді аралап,
Жаралы бір қалмасын,
Тастамай бәрін алып қайт!
12. [ЕЙ, АЙНАЛАЙЫН ҚҰДАЙЫМ-ЕЙ…]
—Ей, айналайын, Құдайым-ей,
Пәндәңе берме уайым-ей,
Медет бер деп сұраймын-ей…
Елші-ай, боз-ай, елші-ай, боз,
Ел шетіне келші-ай, боз.
Алар болсаң, алып кел,
Жердің жүзін шалып кел,
Көрер болсаң, көріп кел!
13. БІР БАҚСЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНА
ЖАЛЫНҒАН ЖАЙЫ
—Қарағайдың басынан
Қайырып алған қобызым.
Қызыл қыршын тобылғы
Шашақ қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Қапшық қылған қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Жүйрік аттың қылынан
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Ішек қылған қобызым.
Тасқа шыққан ырғайдан
Құлақ қылған қобызым!
Осы бойы келмесе,
Көтеріп жерге ұрайын.
Мен жайыма тұрайын,
Өз алдыма тұрайын.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен кімдерден кем едім.
Бар құрбымнан кем болдым,
Қара жермен тең болдым.
Қаным қалды бір қасық,
Етім қалды көк сасып,
Ғарыпта жаным қу асып!
14. [ДӘУЛЕРІМ ЕКІ БІРДЕЙ, АЙДА…]
—Дәулерім екі бірдей, айда!—деймін,—
Қан ішер келмей Көбен қайда?—деймін.
Әлгі менің жарғышым,
Іштегі дертті алғышым,
Мен шақырдым сіздерді.
Келсе де бермен, жарғышым!
Көкеманым көкте ойнар,
Көлеңкесі жерде ойнар.
Алпыс қойдың терісі
Ау шықпаған Қорабай,
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған Қорабай!
Мен шақырдым сіздерді,
Келші бермен, жараңдар!
15. БАҚСЫНЫҢ ӨЛЕҢІ
—Әй, шайтан, сенің нең бар аулақ жүрмей,
Жүр ме едің әлі күнге мені білмей?
Сазайыңды енді сенің тарттырайын,
Тұрсаң да «не қылады» деп сен күлімсірей.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әй, шайтандар, шайтандар,
Мынау өкпені алыңыздар!
Бұл қатынды өлтірме,
Бұған зиян келтірме,
Қатыны мұның біреу-ақ.
Үзеленіп қоймайсың,
Жалғыз көзді сен бейбақ!
Тілімді менің алмасаң,
Мекенге жылдам бармасаң,
Ізіңе сенің түсер-ақ
Атадан қалған көп аруақ.
Жылдамырақ мұнан кетпесең,
Көзімнен менің кетпесең,
Үйтермін сенің шашыңды,
Кесермін, залым, басыңды!
Қой өкпесі сендерге жарамай ма,
Ол өкпені өкпеге санамай ма?
Өкпені алып жайыңа сен кетпесең,
Мен дағы тек тұрмаспын қарап жайға.
Қынаптан қылыш алармын,
Күркіреген көп дәумен
Үстіңе төніп қалармын,
Басыңды сүйтіп жоярмын.
16. [СӨЗДІҢ БАСЫ ПІСМІЛЛА…]
—Сөздің басы пісмілла,
Пісмілласыз іс қылма!
Пісмілла деген Құдай бір,
Жын, бір шайтан көрінсе,
Бір табан әрі қуады.
Жер жүзіндегі әулие,
Күн көзіндегі әулие,
Шам, Құдыстағы әулие,
Мысырдағы әулие,
Мекедегі әулие,
Мәдинедегі әулие,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Әулие болғаның қолдай гөр,
Мүдүар болсаң жебей гөр!
Жер жүзіндегі аруақ,
Күн көзіндегі аруақ,
Бұқарадағы аруақ,
Аруақ, аруақ болсаң, қолдай гөр,
Бар болсаң, жебей гөр!
Үлкен-кіші өткендер,
Өз жолыңа бастай гөр!
Жасаған жан Ие,
Өзің қолда, әулие!
Самарқанда бар дейді
Саюм бір деген әулие.
Бабаларым барып,
Бір өзің қол берген.
Үлкен атам ер аруақ
Талай жерден жол көрген.
Әулиелер дем берген,
Айтар сөзге ем берген.
Жеті әулиеге жан берген,
Жеті періге қол берген
Ашүре баб, қолдай гөр!
Жын атасы—Бөрілібай,
Шақырғанда келдің бе-ей?
Жын атасы—ер Қойқап
Шақырғанда келмей ғап,
Қойқап тауын өрлеген,
Қаптың тауын жерлеген.
Айдаһардай айды Орақ,
Айбалтаңыз қанды Орақ,
Қайдан келдің жауды орап?
Жауланбай-ақ келіңіз,
Мына бір сырқат көріңіз.
Етер бұған дем бар ма,
Салар бұған дем бар ма?
Айтатұғын мал бар ма,
Шығатұғын жан бар ма?
Төңіректі болжаңыз,
Ақылменен толғаңыз.
Әуелі, Құдай, елді оңда,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Елді оңдасаң, ерді оңда!
Мұқаметтей пайғамбар,
Айналайын, сен, оңда!
Кәлам шәріп мойныңда,
Дұғаларың қойныңда.
Төңірекке көзің сал,
Жұрт жиылып отыр оңға.
Санама жұлдыз батырған,
Сарғайып таңды атырған,
Мың кісіге парапар,
Ақсақалды бабамыз,
Біздер сіздің балаңыз.
Сәукеле қара сақалды,
Батшайы шапан жамылған,
Қырға түссем, «қызым» деп,
Өрге шықсам, «белім» деп,
Құралай көзі қызарған,
Қудай боп шашы ағарған,
Ақсақалды бабамыз,
Біздер сіздің балаңыз.
Алпыс отау қара жын,
Қайда барсаң, мұнда кел!
Атты келме, жаяу кел,
Қатты келме, баяу кел!..
Сөйлемесең, байғұс-ай,
Сізге болар ұят-ты.
Ақ тұйғын менің бөпем-ай,
Томағаң күмістен,
Аяқ бауың күмістен...
Қызыл шұбар айдаһар,
Қара шұбар жолбарыс,
Маңдайыңның қалы бар,
Арқасының жалы бар,
Бір мүйізің көк тіреп,
Бір мүйізің жер тіреп,
Айналайын, қарт бура,
Келші бермен жақындап!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Айқожа мен Күнқожа,
Сыйынған пірім сен қожа.
Сана бір қожа пірлер-ай,
Тентек қара ерлері.
Буыны жоқ былқылдақ,
Қайдан келдің сылқылдап?
Сары майдай толықсып,
Суытқан аттай бұлықсып,
Сол, сол, сол жатыр,
Сол жағында қол жатыр.
Сонша қолдың ішінде
Шойынқұлақ деген алып жатыр.
Аспандағы көк пері,
Көк перінің ішінде
Аты жақсы дәу пері.
Су ішінде су пері,
Сұмырайға ұқсаған қу пері,
Жындаспай-ақ жүр, пері!
Ай астында ақ пері,
Күн астында көп пері,
Айда бермен, дәу пері!
Жеті пері келер ме,
Толықсып туған айдай боп.
Жеті ләскер жатыр ма,
Өз алдына дардай боп.
Құдай досты Мұқамбет,
Шадияр оның досы екен...
Айдаһар мен диюжан,
Шақырып келген жан.
Бес айнадан білгіздім
Үш ғадет аралығын...
Енді сөйле, тортайлым,
Әр нәрсеге оңтайлым.
Жан апама жан жолдас...
Табаны жалпақ піл ме екен
Судан шыққан су перім,
Суырылып озған жүйрігім...
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сексен сегіз қосарлым,
Тоқсан тоғыз тұмарлым.
Сол иығымда сәукелем
Оң иығыңда сенің үкілім.
Қызыл жирен ат мінген,
Жал құйрығын шарт түйген,
Екі найза түйіскен,
Айғайласып жауға тиіскен.
Екі бірдей тор атым,
Құйысқан жетпес құла атым,
Аспандағы төрт атым,
Қанжығадағы қара перім,
Сен сөйле!
Сен сөйлесең, мен сөйлейін,
Кәріп жанды қамшылатып,
Сілекейін тамшылатып.
Атым шулы көк пері.
Қара жазған қасқырым,
Таси берші тасқыным.
Енді сөйле, елші қыз,
Елге хабар берші, қыз.
Ақ боз атқа мінші, қыз,
Енді сөйле, сары қыз,
Айтқан сөзің дәрі, қыз!
Үкілі балақ сексен шоқ,
Бармағың бар, өкшең жоқ.
Енді сөйле, сұртайлым,
Әр нәрсеге оңтайлым!
Базар кеткен бар таяқ,
Бұқар кеткен мың саяқ.
17. БАҚСЫНЫҢ СӨЗІ
—Әуелі, Құдай, сен оңда,
Сен оңдасаң, біз мында.
Тілеген тілек және бер,
Қас бедеуге бала бер!
Жақсы Құдай, жай Құдай,
Мырза Құдай, би Құдай!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Әуелі Құдайым көк жасаған,
Онан кейін жер жасаған.
Сыйынайын бірінші, Құдай,
Екінші, сыйынайын Мұқамбет!
Біріңе біз құл болдық,
Біріңе үмбет болдық.
Үшінші, Тәңірім,
Төртінші, төрт жар,
Сексен сегіз машайық,
Жүз жиырма төрт пайғамбар,
Меккеде әулие,
Мединеде әулие,
Хан Шыңғыста әулие.
Қызыл таудың басында
Қыз әулие,
Өгіз таудың басында
Өгіз әулие,
Қошқар таздың басында
Қоңырбас әулие,
Таудағы бұланың,
Іштен шыққан айдаһар әулие.
Бекбау ата—Бек Әзіл
Өлі десем, өлі емес,
Тірі десем, тірі емес.
Ата Қорқыт әулие,
Уақ атасы—Ер Көкше,
Ерлігінің белгісі—
Садағына келген сан кісі,
Мылтығына келген мың кісі.
Сарыбай, Сарыш, Өтеулі,
Үш жүз сексен ат
Бәйгеге қосқан Көрпебай.
Арғын атасы—Қарақожа,
Ханда—Абылай, қарада—Қазыбек.
Жалаңаяқ Әзіз,
Дуана жырық,
Төрт ұлды Торайғыр,
Нағашы Тұрдыбек,
Өзім нағашы атам—
Жағалбайлы Тұңғат,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қаракерей Қабанбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара керей мұрында Қандыбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Тобықтыда Дөненбай,
Ішіндегі Доғалбай.
Өте шықты Құнанбай заманында,
Таздың арғы атасы—Шойынқара.
Қара, Сары, Қондыбай
Әулие қасиетті өткен.
Терістен бала,
Арғы атасы Кетбұға,
Көкей Көшек
Өте шықты ішінде—
Аманқұл бақсы.
Бәсентиін арғы атасы—Барлыбай,
Ішінде Тасыбай.
Тұрлыбек дуан басында.
Әуелі Құдай жын жасаған,
Бірінен бірін мол жасаған.
Жынның арғы атасы—Кетбұға,
Жын атасы—Сары Азбан,
Әуре қылма сен, Азбан!
Жын атасы—Бердібай
Жын ұраны «екеу, екеу!»
Аспандағы менің бес перім,
Қырық пышақ салдырып,
Қырық ине маған түйретіп,
Төбеме айдар қойдырып,
Жынға мойын қойдырып,
Көнбегенге көндірген,
Қу ағашқа төндірген.
Ақсақалдыдан бата алдырған,
Ақ сарыбас қойды сойдырған.
Бес бала, бес асау тай үйге кіргізген,
Ерегіскен жерге дерт салған.
Жын болып байланған,
Кірне болып айналған.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Ойдан келген он қожа,
Қырдан келген қырық қожа,
Ол қожаның ішінде
Әзірет Қожа
Жат өлікке жан берген,
Жамағат жанды тең көрген.
Белсізге бел берген,
Перзентін тең берген.
Оң қолымды ораймын,
Сол қолымды сұраймын.
Шежіреге басын сүйенген,
Күнге шашын тараған.
Ата қадірін білмеген,
Ана сүтін ембеген.
Жерден жеті қоян айдаған,
Дұғаменен байлаған.
Жеті кетпен шот басқандай болдым,
Жеті қазанға түскендей болдым.
Он екі ақбоз ат
Ойнағандай күн қайда?
Жын шақырдым Қамбардан,
Қияда жатқан жандардан.
Теміржанға сәлем де,
Хабар бер!
Ауыр қол жисын,
Темірден тон тіксін.
Ойдан келген он бөрі,
Со бөрінің ішінде
Алты ауызды көк бөрі.
Көк жендет Қондыбай елінде
Жұмабайдың баласы
Қосыр Құда көк қабан,
Жын ішінде сен жаман.
Маңдай терісі құрысып,
Жын біткенмен ұрысып,
Жөргегімде жабысып,
Он бір жаста табысып,
Қаракерей Мұрыннан келген
Жиенім туған жиен бар—
13-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тоғыз ұлдың кенжесі.
Мырзабай Қабыл
Сары ала қамқа тон киген,
Сары арғымақ ат мінген,
Қылышын қынға қынаған.
Келдің бе бұл жылда
Қисан қатынның ағасы,
Қаралып жатқан шаңырақ басында?
Тоқымы жоқ кісіде
Тобықтыдан келді
Қара жігіт Қойқап.
Алтайдан келген алтауым—
Шабдар атты Кемеңгер.
Елден келген екеу,
Желден келген жетеу,
Елден келген екі Азыл.
Шаңдуы басынан келген Шаңдаяқ,
Қайдан келген ентелеп,
Бәйге атындай ентелеп.
Көк ала сақал Көзімбет,
Алпыс атты қырық жаяу
Меңрай Жүзей,
Сен, жарқыным, жолдасы!
Жоғарыдан келген төрт ат,
Төменнен келген бөрте ат,
Кейінде айыл жетпес сары ат.
Адым-адым басқан,
Адымы жерді қуырған,
Тұяғы құмды суырған.
Тозаң-тозаң жүгірген,
Тозаңды жерге суырған.
Жол-жол, жол жатыр,
Жол жағалай қол жатыр.
Сонша қолдың ішінде
Қарабек атты сұлтан жатыр.
Хан Тілеуберді сұлтаным,
Арымқазы ұлтаным,
Ойдан кірген ойпатым,
Қырдан келген бекзатым,
Дәуіт пайғамбар, ер Дәуіт!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
18. БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Арқасында алты көз,
Желкесінде жеті көз,
Маңдайында жалғыз көз
Жын келеді ауақтап,
Қызыл тілі салақтап.
19. БАҚСЫ САРЫНЫ
—Дүркін де дүркін, дүркін де,
Дүрсіл де айттым бір күнде.
Құмнан қашқан қояндай
Қасқайтайын шіркінді!
Әуелі, Құдай, пайғамбар,
Екінші, Алла шадияр,
Үшінші, Алла жар медет.
Жар бола гөр құдірет,
Ал сабазым дөңгелет!..
Қызыл тіл, қызыл бір тілім,
Жылқы сал үлкен еңіске.
Күтер, Алла, сал,
Абай, Жолдыбай,
Иә, кәрі аруақ,
Көтере гөр,
Арғы атасын білмеймін.
Неше атам сұрасаң,
Өтеген Орсай болады.
Онан былай сұрасам,
Ерің бір Назыр болады.
Дөненбайдың баласы
Баспақ Шыныбай болады.
Онан былай сұрасам,
Кәрі Құтбай нағашы атам болады.
Иә, аруақ, қолдай гөр!
Он үшімде жабысқан,
Екпінді болып табысқан.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жағалтайым жел құсым,
Айдашы бермен, байғұсым!
Айдашы бермен, Көкайыл,
Көк айылдың қасында бар телқоңыр.
Көтере көр құлынды, иә, аруақ
Бабам-ай!
Телқоңыр деген жын келгенде,
Бақсылар балғамен көкірегіне ұрады.
Көкайыл деген жын келгенде,
Аузына қызыл шоқ салады.
Жыл құсы келгенде,
Тақыр жерде ащы шөп жейді.
Қара құс келгенде,
Қанатын жайып дәретке ұмтылады.
Жағалтай келгенде,
Ауру адамдай дерт қарайды,
Ішінен кіріп, сыртынан шығады.
Дерт қашса, қуады,
Шамасы келсе, ұстайды.
Шамасы келмесе,
Қайда кеткенін айтады.
Қуаты торғайдай-ақ болады,
Оның артынан Көкайыл қуады.
Шамасы келсе, Алып келеді.
Ол алып келмесе,
Телқоңыр үйде отырып ақырады,
Ашуын жаман шақырады.
Қорыққан соң аурулары келеді,
Құдай жақсылық берсе,
Сонан дерт жазылып кетеді,
Құдай қабыл етпесе, жазылмайды.
Катта бір жерде қатын
Бала таба алмай,
Марту басып жатса,
Бақсы барады.
Қолға жуан қамшы алады,
Астына көк шағыр ат мінеді.
Мартудың қарасын көретін болса,
Қуалап қашырады.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Жалғыз көзді болса,
Шын қазаға келсе, қашпайды.
Онан қатын да өледі,
Әм бақсы да қорқады.
20. [ЕЙ, ЕР ДОМБАЙ, ЕР ДОМБАЙ…]
—Ей, Ер Домбай, Ер Домбай,
Шақырғанда кел, Домбай!
Келмей қалсаң, саған серт,
Шақырмасам, маған серт!
Жын атасы—Ер Қойқап,
Шақырғанға кел, Қойқап!
Қойқап тауын өрлеген,
Қастың тауын жерлеген.
Арқандап шайтан айдаған,
Жын-шайтанды байлаған.
21. [ӘУЕЛІ АЛЛА БІСМІЛЛА …]
—Әуелі, Алла, бісмілла,
Қолтықтай гөр біздерді.
Алтын сандық, шағыр ат,
Біздерге де бер мәдет!
Айналайын, Құдірет,
Ісламға пана Мұхамбет,
Сыйындым сізден бір медет!
Су басында Сүлеймен,
Жұмлә әулие қолдасаң,
Жүйрік аттай үдеймін.
Сайрамда бар сансыз бап,
Ең үлкені—Арыстан бап.
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Мәшіріптегі әулие,
Мағрыптағы әулие,
Таңда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Көлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие,
Жаратқан жандар келіпсің!
Тайғақ кешу тар жолда
Сыйынғанда сіздерге,
Абырой берер жолда.
Жаңа келді Шарабас,
Алпыс қойдың терісінен
Бөрік шықпаған Шарабас.
Жетпіс қойдың терісінен
Жең шықпаған Шарабас.
Тоқсан қойдың терісінен
Тон шықпаған Шарабас!
Жаңа келді дәу пері,
Жаңа келді су пері,
Жаңа келді ай пері,
Жаңа келді Күнқожа,
Жаңа келді қолаң шаш,
Екі иінімнен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай,
Ойдан келді он қожа,
Қырдан келді қырық қожа.
Сол қожалар ішінде,
Әсіресе бір қожа
Жаңа келді Жирентай.
Әулие берер бәрін де
Астына мінген бір-бір тай.
Шақырғанда осынша,
Келмеймін деп қорқытып,
Арып-шаршаттың пірлер-ай!
22. [ГЕ-ГЕ, ГЕ-ГИ...]
—Ге-ге, ге-ги-ге-ге , ге-ги-ге-ге,
Ге-ге, ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-гу.
Әкемді-ау ақбоз атқа мінгізгесің,
Қолына-ау, қылыш алып жүргізгесің.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
«Ақ» десе ауруға-ау, шипа болып,
Атағын алты алашқа білгізгесің.
Ге-ги-ге-ге-ге , ге-ги-ге , ге-ги-ге-у,
Ге-ге-ге, ге-ги-ге, ге-ги-ге-ге.
Әкемнің-ау зұлпықарын қайрап-қайрап,
Кесуге-ау, дерттің басын келдім сайлап.
Толыбек, Қарақожа, Қарабура,
Қайдасың, дерт анасын алмай байлап?
Ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге-ги-ге-у,
Ге-ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге.
А-ги-ги-ги-ги-гай, а-ги-ги-ги-ги-гай,
А-ге-ги-ге-ге, ге-ги-ге-ге-ге-ги-ге-ай!
Көктемде жылқы ойнар,
Көбікті қарда түлкі ойнар.
Қу шөппенен бөрі ойнар,
Құдаша мен құда ойнар.
Құйынды жерде жын ойнар,
Толыбек сайтан көрінсе,
Толыбек жазған сонда ойнар!
Ге-ги-ге-ге-ге, ге-ги-ге-ге, ге-ге-ге-ай.
Шығыстың бір асуы Досболай-ды,
Шақырдым жын ағасы Бостанайды.
Аруағы Нысан абыз жәрдемші боп,
Әр жерде мені жауға тастамайды.
А-ги-ги-ги-ги-ги, а-ги, ги-ги-ги-ау,
Ге-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ге-ге, ге-ге-ге-геу.
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Толыбек.
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған Толыбек.
Алпыс қойдың терісі
Ау шықпаған Толыбек!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Албастымен сырласқан,
Ақ мартумен мұңдасқан,
Періштемен тыңдасқан,
Пері атасы—Толыбек!
Ә-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ге,
Ә-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ге.
Қазулы тұрған көр бар ма?
Қайғылы тұрған ер бар ма?
Қамығып жылар ел бар ма?
Тебінгіде тер бар ма?
Терістен соғар жел бар ма?
Бүгіліп тұрған бел бар ма?
Білгеніңді айтып бер,
Көкке шық та қайтып кел!
Кел, кел менің пірлерім!
Ақ сөйле!
А-ті-ті-гі-дің, а-ті-ті-гі-дің, ті-гі-дің!
Ге-ге-ге, ге-ге-ге-ги-ге, ге-гі-гі-гі-ге.
Ге-ге-гі-ге, ге-ге-ге-ге,—ге-ге-гі-ге,—ги
Ге-ге-ге-ге,—ге-ге-ге-ге,—ге-ге-ге-ге,
А! А! Не дейсің? Дәл айт! Дәл айт!
Ге-ге-ге-ге-ге, а-ди-ги-ди-ди-ди,
А-ди-ги-ди-диди
Дәл айт! Дәл айт!
Ге-ге-ге-ге-ге, ге-ге-ги-ге, ге-ге-ги-ги.
23. БАҚСЫ САРЫНЫ
—Я, Алла, я, Алла, я,Алла,
Жаратушы бір Алла.
Көп ішінде қарқылмай,
Тілегімді бер, Алла!
Төрт шахариар қолдай көр,
Әулиелер болжай көр.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Алатаудағы ақ перім,
Аспандағы көк перім,
Маған серік бола көр?!
Қызай мен қыпшақ аруағы-ай,
Үйсін мен найман аруағы-ай!
Албаннан шыққан әулие
Райымбек аруағы-ай!
Қаракерей Қабанбай,
Есенкелді бабам-ай.
Сұлтанкелді мырзасы
Жолымбеттің қабаны-ай.
Алысқа кеттің көрінбей,
Іздесем қайдан табам-ай?!
Ой, Аллаху, Аллаху,
Бұлғын аяқ Мұсырбай,
Шоқша сақал Қиялбай,
Сұрағаным жоқ еді,
Тілегенім жоқ еді,
Ақжолтай қыл, ей, Алла-ай!
Мына ғайып сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Оқы намаз, ағалар,
Дініңді күт, аналар!
Қормал болшы бабалар,
Имандыға Құдай жақ,
Имансызға Құдай жоқ.
Ой, Аллаху, Аллаху,
Қазаның сенің қайнамай,
Қызыл шоғы жайнамай,
Иман күтіп таза жүр,
Көрінгенмен ойнамай».
Кереге бойы кер бұғым,
Тілегімді бер, бұғым.
Зарықтырмай пендеңді,
Шақырғанда кел, бұғым.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кереге басы кер жылан,
Екі енеге тел жылан.
Зарықтырмай пендеңді,
Шақырғанда кел, жылан!
Кереге басы кер бура,
Басқалардан өр бура.
Зарықтырмай пендеңді,
Шақырғанда кел, бура!
Айдаушы ием,
айдап кел,
Нажағайдай жайнап кел.
Жүрмесіне қоймай кел,
Қол-аяғын байлап кел!
Ой, Аллаху, Аллаху,
Аққудың терісін кигіздің,
Ақбоз атқа мінгіздің.
Аса қолға алғыздың,
Жүрмеске қоймай жүргіздің.
Арапат тауын асып ел,
Өзен-судай тасып кел.
Жамандықты қуып кел,
Жақсылықты шашып кел!
Шайқы, бұрқы, диуана,
Жын-шайтанды қуала.
Сұрағаным жоқ еді,
Тілегенім жоқ еді,
Ақжолтай қыл, ей, Алла!
Ой, Аллаху, Аллаху,
Кетсін пәле басыңнан,
Ауылыңның қасынан.
Бір Алланың жолына
Дініңді күт, мұсылман!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
24. ШҰҢҚЫР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Үзеңгісі үзбе алтын-ау,
Үзіле шапқан Жайсаң қыз-ау.
Құйысқаны құйма алтын-ау,
Құйыла шапқан Жайсаң қыз-ау!
Ей, угай!
У, гай-ау-ой,
У, гай, у, гай-ай!
25. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Үйеңкінің түбінен
Ойып алған қобызым,
Жалғыз біткен ағаштан
Тиек қылған қобызым,
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған қобызым,
Желмаяның терісін
Қапшық қылған қобызым!
Әй, қобызым, қобызым,
Дұрыс сөйле, доңызым!
26. ЕШМҰХАМЕД БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Әуелі, Алла, ал оңғар,
Айтатұғын сөзім бар.
Дүниеге жайылған
Шақырамын, ал жындар.
Жын шақырсам, келгендер,
Жүгіре басып жүріңдер.
Тобыңды жазба Сарым сер,
Дертке дауа беріңдер.
Жынның басы—Жирентай,
Жын келеді, алақай!
Жоғарғы ерні жер тіреп,
Төменгі ерні көк тіреп,
Келе жатыр Қорабай.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тас бұршақтай ойнаған,
Найзағадай қайнаған...
Дертін ұстап байлаған.
Маған шаппа, дертке шап,
Дауа болар жөнін тап!
Есен де менің алмай кел,
Аузыңды шалмай кел.
Түркістанда тоқсан ер,
Бұқардағы сексен ер,
Бірің қалма, бәрің кел!
Ақ сәлдең бар басыңда,
Аса таяқ қолында,
Бір Алланың жолына
Келер алды дауылдай.
Балқия мен Наркүміс,
Шақырамын сендерді.
Шығатұғын мал бар ма,
Өлетұғын жан бар ма,
Аузын ашқан көр бар ма?
Білгеніңді рас айт,
Өтірік айтып сандалма!
Жын үлкені—ер Шойлан,
Кідірмей бері кел, Шойлан,
Өтірік айтпа, жын, ойлан!
Басыңды баудай қағармын,
Қаныңды судай шашармын.
Аспандағы айдаһар,
Ұзындығың мың құлаш,
Жуандығың он құлаш.
Дегенін де істеген,
Аузына салған алмасты
Шықырлатып тістеген.
Айда бермен, Қара нар,
Жібектен ескен бұйдаң бар,
Желпілдеген шудаң бар.
Қара нарым келгенде,
Абайлаңдар, бозбала,
Шайнайтұғын адам бар.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Алдымдағы миманның
Захмет жеңін байлаңдар.
Қысылып отыр хан иең,
Шыбын жанын қиналтпа,
Өтірік айтып ұялтпа.
Үйде отырған, бозбала,
Көнесіз жынды шайнама!
Аспанда екі қара тас,
Екі иінін мықтап бас.
Есімді менің алмай кел,
Азуымды шалмай кел!
Ишандарға қол берген,
Үлкендерге жол берген
Айда бермен, ер Көбен.
Білгеніңді дұрыс айт,
Сөз сұраймын мен сенен.
Осы ауру дауасы
Болады екен, ал, неден?
Өтірік айтпа, шыныңды айт,
Дауа болар жөнін айт!
Мұнан жылдам елге қайт,
Жылқуанға хабар айт!
Дүние кезіп шарласын,
Дертінің жөнін барласын,
Не боларын ойласын.
Жын үлкені—Дәу перім,
Жын ішінде бір серім.
Ұзындығы тоқсан қар,
Көлденеңі сексен қар.
Жалғыз көзді, бермен кел,
Талай жерге еттің ем,
Бізден сізге фарман бар.
Бол, аяғың жиыл де,
Дауасын дерттің ойлаңдар.
Ортаға алып қамаңдар,
Дерт иесін байлаңдар.
Жасырынып қалмаңыз,
Іздеп, тінтіп қараңдар.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Аспандағы ақ ауыз,
Жердегі біздің көк ауыз,
Бәрің бірдей абайла.
Не жақсылық, не жауыз
Секілденген асылым,
Ақ жұмыртқа сары уыз.
Жын күйіне қосылшы,
Екі ішекті ал қобыз.
Біздер бақсы болғалы,
Алдымнан миман кеткен жоқ.
Менен бақсы өткен жоқ,
Бізге бақсы жеткен жоқ.
Қарағай қобыз алған соң,
Оңды-солды шалған соң,
Мұнарланған шаң шықты.
Шаң астына қарасам,
Тоқсан жерден ту шықты.
Ту астына қарасам,
Тоқсан бөлек қол шықты.
Қол ішіне қарасам,
Сансыз әскер жын шықты.
Меке, Мысыр жайлаған
Қолдың басы—Көгаман,
Нөкерімен сол шықты.
Үйсін Қоңыр қыстаған,
Самарқан, Бұқар ұстаған.
Талай жерді аралап,
Қолын бастап шамалап,
Жынның басы—Жоламан
Салбырап ту сол шықты.
Қытайдың жерін ұстаған,
Әскер қойып қыстаған,
Жылдық жолды түсте алған,
Сарала түйе салбырап,
Темір Шойын ер шықты.
Қараңғы түнде күн шықты,
Жетемін деп жындар ынтықты.
Сырдың бойын жайлаған,
Жағалай бие байлаған,
Қорқыт баба демеген,
Әзірет сұлтан сүйеген,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Сараман мен Қараман
Он екі жерден ту ұстап,
Сексен мыңдай бел ұстап,
Тамашамен сол шықты.
Еділ, Жайық—екі су,
Күн батыстан шықты бу.
Кереметпен көп перім,
Келе жатыр қырық ту.
Дүние жүзін шаң басты,
Істен бақсың адасты.
«Байлап дертті алам» деп,
Пері мен жындар таласты.
Ал байлаңдар, алыңдар,
Дертке дауа салыңдар.
Дүниені қаптаған
Неше миллион саның бар.
Әрқайсыңның, перілер,
Жүз кісілік әлің бар.
Он арыстандай әрбірің,
Топтанып шаң шығарған.
Айда бермен, үйірлеп,
Ойылды мен Қиылдым,
Жын шіркіндер жиылдың,
Дертке дауа бере гөр!
Хан иеңіз сыйынды
Тау мен тасты қиратқан.
Бүйрегімде ұнатқан
Дерт шарасын беретін
Келдің бе бүгін, Танатқан?
Сабыр суың себе бер,
Хан-Генде демей гөр.
Келмей қалған жын бар ма,
Келгендерге сын бар ма?
Ретсіз жерге сыналма,
Сынға қалып сандалма.
Дерт дауасын беріңдер,
Жалап-жұқтап қойыңдар.
Неше бөлек үйің бар,
Дертке көзің салыңдар,
Бөтен осы, қойыңдар.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қарақай біздің келер ме,
Келіп хабар берер ме?
Атын атап шақырсам,
Қояндай шауып жүрер ме?
Маңдайында жалғыз көз,
Екі айтпайтын жалғыз сөз.
Он бесімде жабыстың,
Жиырма бесте табыстың.
Бірге қатар шабыстың,
Жауға болмай қарыстың.
Дәу перімен алыстың,
Қайратпенен қарыстың.
Қарсыласқан дұшпанға
Жібермедің намысты.
Буырқанып, бұрсансаң,
Мұздай темір құрсансаң,
Жақын еттің алысты.
Пір қожамның бес ұлы,
Ер қожамның үш ұлы
Алға келдің бас ұрып.
Қайратыңды асырып,
Алдымдағы миманның
Үстінен дертін қашырып,
Дауа салдың миманға.
Разы бол, жын мұндар,
Басыңды қосып жиғанға.
Мұнан қоймай хабар айт,
Ертең күні қалмасын,
Келуінен танбасын
Тоқсан тоғай толғана.
27. СЫБАНБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Сыйынғаным Құдірет
Және бір де сыйындым.
Айналайын, Мұхаммед,
Түркістанда Әзірет,
Сыйынғанда себеп ет!
Мыңнан шыққан байқай гөр,
Дауылбай атлы Есдәулет.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Қобыз шалдым «Алла» деп,
Негіз шалдым «барлы» деп,
«Әділ сөйле, аңды» деп.
Ары-бері толғайын,
Өтірікші болмайын,
Ал, сөзіңді аңдайын.
Әділ бір енді сөйлесең,
Шақыруды қоймайын.
Малғұн шайтан кез болса,
Айқай салып байлайын.
Айтуға енді ерінбей,
Тірі бір жанға көрінбей,
Басқандарың білінбей,
Қарасы көзге көрінбей,
Дауылбай атты Ер Көбен
Кері төбел ат мінген,
Жал құйрығын шарт түйген.
Әділ сөзді сөйлейтін,
Міне, кісі кез келген.
Жетісуды жайлаған,
Аруақ болса айдаған,
Малғұн болса байлаған,
Әділ сөйле, Ер Қабылан!
Ақмарал атты еріміз,
Әділ сөйлеп келіңіз.
Сырдың бойы сыр қақты,
Ашамайлы күн қақты,
Байқап сөйле аруақты.
Алтын қылыш белінде,
Жақсылықтың жөнінде,
Аралаймын елін де.
Өтірік сөйлеп, ерлерім,
Сындырмағай белімді.
Үйдеріңде жандар бар,
Түзде жүрген малдар бар.
Тегісімен көзің сал,
Әділ сөйлеп болжай қал!
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп,
14-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тоқсан беске келген Кемпірбай,
Кішкене қана көзің бар,
Әділ бір ғана сөзің бар.
Екі ұртың суалған,
Көттің жүні қуарған.
................. ене ... бер,
Жауабын айтып кете бер!
Шақырмай енді келген-ай,
Ақылымды білген-ай,
Әр нәрсені көрген-ай!
Байқап сөйлеп келіңдер,
Енді қайтып жүре бер!
Әнеки, менің қырық қожам,
Қырық қожаның ішінде
Әділ сөзді бір қожам.
Ақ сәлделі ол қожа,
Көк асылы—ол қожа,
Әділ сөйлеп сен болжа!
Басқан жерің бармақтай,
Түскен жерің оймақтай.
Ашамайлы күнқақтай,
Байқап сөйле аруақтай.
Албыраған атты алған,
Қаны тамған бетті алған.
Алпыс екі тамырдан
Аралап жүріп дерт алған,
Байқап сөйле, қарт бабам!
Айқайлап енді өтейін,
Көзіңе салып кетейін.
Өтірік енді сөйлесең,
Шақырып сені не етейін.
Атамнан келген он аруақ,
Алшаңдамай, кел бері.
Әділ бір сөйле, кел бері,
Байқап сөйле, сен, бері.
Өтірік енді сөйлесең,
Ал қараңды көрмейін,
Жөніңе түсіп жүрмейін!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
28. ҰЗАҚБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Жақсының басы—бісмілла,
Құранның басы—бісмілла,
Алхамның басы—бісмілла.
Бісмілла деп тәу етсек,
Сіз—Мұқамбет, біз—үмбет,
Үмбетіңе жәрдем ет!
Қарағай қобыз мен алдым,
Оңды-солды мың шалдым.
Бес саусақты қыл кескен,
Көкіректі жын кескен.
Өкпе менен жүректен,
Бүлкілдеген бүйректен
Ат жібердім шабарға,
Шарымтай мен қабырға.
Мінгені Көрекенің маржан жал-ды,
Көрекен Балқияға хабар салды.
Қой көзді әсіре жайсаң
Қыз Балқия талықсып,
Ертемен хабар салды.
Маңдайында сексен шоқ,
Табаным бар да, өкшем жоқ.
Көтім бар да, бөксем жоқ.
Алпыс қойдың терісі
Ау шықпаған Көроба.
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған Көроба.
Жоғары жақта бар дейді
Ер Тотай әулие.
Төменгі жақта бар дейді
Зілғара деген әулие.
Ал сыйындым сендерге,
Жәрдем бергей біздерге?!
Әлгі менің Пишугам,
Анда менің Пишугам.
Ақылымды алмай кел,
Ауруыңды шалмай кел,
Сыпайдың үйінде
Ойран ботқа салмай кел!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Айда біздің сары орыс,
Сүймендерін сүйреткен,
*... түйреткен,
Көзі шегір сары орыс.
Жын атасы—Жирентай,
Жын келеді апалай...
Үйдегі мен қырдағы,
Құбан менен Сырдағы
Арқаны сары жүндіге
Нағашылы-жиенді,
Келіп бізге хабар сал!
Ат жібердім шабарға
Ителгі мұндар, бермен кел!
Шақырайын жындарды,
Топалаң келген мұндарды.
Ташкен кеткен Жалғабай,
Бұхар кеткен Жалбағай.
«Жалбағай» деп шақырсам,
Жынның бәрі қалмағай.
Қатар да қатар қара нар,
Шын жібектен бұйдам бар.
Желкілдеген шудаң бар,
Ақыл білмес адам бар,
Шайнайтұғын адам бар.
Әлгі менің шұбарым,
Әшекейлі тұмар бар.
Шұбарым менің келгенде,
Тарқамайды құмарым.
Жер жүзінде әулие,
Күн көзінде әулие,
Машайықта әулие,
Мағрыптағы әулие,
Ал сыйындым сендерге,
Жәрдем бергей біздерге?!
Жәдігөйім, жарғышым,
Жарып бір ауруды алғышым.
* Түпнұсқада түсіп қалған.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Айда бермен, Ағалмас,
Ағалмастан дем қалмас.
Ағалмастан қалған жын
Қараса да мал болмас.
Дүйсенбі бақсы атанған,
Үлкен бақсы бата алған.
Аузы қисық демесең,
Үлкен де бақсы атанған.
Көндірмеске көндірген,
Қу ағашқа төндірген.
Айда біздің қара жын!
Ел шетінде жау бар ма,
Сүйреңдеген тіл бар ма?
Қазулы тұрған көр бар ма?
Бес жасымнан қағынған,
Он бесінде табылған.
Ұзын жолдың үстінде
Тапа бір түсте жабысқан.
29. БЕРКӘЛІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ойдан келген он қожам,
Қырдан келген қырық қожам.
Аруана туар бұйдалы,
Арғымақ тұлпар кеуделі
Разы қылған бендені.
Айналайын, Көлмекем,
Сенсің менің бабакем.
Ауру болған адамға
Қожекем менің жар екен.
Мына бір мүскін адамның
Мұқтажы сізде бар екен?
Тарлау жерде табысқан,
Ауру болған жабысқан.
Науқас жанын білетін
Ардақтарым данышпан.
Жеңді қара жарғышым,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тінтуші қара байғұсым!
Айып менен майыптан,
Зияндасқа зайыптан.
Қоймай қарап дерт алған,
Бұ байғұсқа өрт алған.
Қанжарларым темірден,
Мойыны шынжырлым.
Келер күні бұ күнде
Бұ күннен соның қиын-ды.
Тарықтырмай жауап бер,
Мына бір мүскін сыйынды.
Салдым саған бұйымды,
Пайғамбарлар әулие,
Әулие мен әмбие,
Сыйынамын сендерге!
Қазалы болған мал бар ма,
Ренжитұғын жан бар ма?
Төгілетұғын қан бар ма,
Адамға түсетұғын төр бар ма?
Хабар берген түсімде,
Әгар болсам есен де.
Қожадан сұрап бал аштым,
Жөн білмесем адастым.
Садақа айттым жолыңа,
Аруақпенен жарастым.
Ауруды саған тапсырдым,
Рахым етсең дос қылдым,
Қарамасаң, бос қылдым.
Бұл мүскінге жәрдем қыл,
Қожекем, саған тапсырдым.
Жәрдемдес мүскін бендеңе,
Бенденің өзі де білмей ме.
Адам ұлы қимылдақ
Құдіретпенен жүргені.
Құдіреттің біреуге
Қаза жетіп өлгені.
Бұ мүскінге жәрдем ет,
Дертіңе жақсы пәрмен ет!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
30. ДҮЙСЕНБІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Әуелі құдай, Әзірет,
Ал сыйындым құдірет.
Бір дегенде жар болғай,
Бабай өмір Ер Қорқыт.
Түркістанда Қожахмет,
Мединеде Мұхамбет,
Сіз—Мұхамбет, біз—үмбет,
Үмбетіңе дәрмен ет!
Екі қолға ерік салмай,
Қу ағашқа салсам зар,
Аруақтар қаптап өт.
Әуелі Алла—бісмілла,
Құранның басы—бісмілла.
Бісмілласыз іс бар ма?
Ал қызыл тілім сөйлеп қал,
Таба қылмай дұшпанға.
Бір Аллаға жад етіп,
Мен сыйынып көрейін
Әбубәкір Сыдық пен
Омар менен Оспанға.
Тарттым қобыз «Алла» деп,
«Алла, ісін оңда» деп.
Қу ағашты мен тартып,
Ертеңді кеш зарлаймын.
«Бұрынғы өткен әулие—
Бәрі бірден қолда» деп.
Ал шақырдым жындарды,
Топалаң тигір мұндарды.
Үйдегі мен қырдағы
Құбан менен Сырдағы,
Арқасы сары жүн дағы,
Ал шақырдым жын тағы.
Жынды қылған Құдайым,
Кел бермен, жын мұндар!
Сенімен кеңес құрайын,
Кеңесіп ондан айтпаса,
Атаңның аузын ұрайын!
Шақырайын көк Қабан,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Басқан жері он табан,
Көлденеңі күл табан.
Ал шақырдым Шойтабан,
Бармағым бар, өкшем жоқ,
Шақырайын сексен шоқ.
Алтын айдар ................*
Қудың аты сықылдым,
Қара қасқа ат мінген,
Жал-құйрығын шарт түйген.
Ал шақырдым, Темірқан,
Болжа деймін сендерге,
Ақ сөйлесең, керек де.
Қара басты қабақтым,
Лақа шортан тамақтым.
Ал шақырдым, Қараман,
Бұл ауруға ем қылғын.
Дүйсенбі отыр сағынған,
Абайлай кір дерттері.
Қатар-қатар қара нар,
Қайырылып келіп хабар сал!
Екі бірдей алпамыш—
Әже қурай, Дауылбай.
Темірден кісен тағынған,
Даусын да сағынған.
Ішіндегі бүйрек деп,
Кеудедегі жүрек деп,
Өкпе менен бауырдан
Қай жерінен ауырған,
Қарашы аңдап, Тәңір ұрған.
Он екі түрлі: Балқия,
Шақырайын Наркүміс.
Алма мойын Ақшұбар
Әлгі менің атбегім.
Тінтуші қара Жіпбике,
Болжа бір деймін сендерге.
Ақ сөйлесең, керек де,
Ана тұрған біздерге.
* Қолжазбада өшіп қалған.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Шақырайын Көбенім,
Ілме қара именім.
Көзіңді сал, Көбен-ау,
Мына бір тұрған ауруға.
Бөтен емес, өз інім,
Дәуғара екі бірдей.
Айда деймін, қан ішер,
Келмей, Көбен, байла деймін,
Шұбар көл әсіре жайсаң.
Ақ Балқия былықсып,
Астыменен ойна деймін!
Арқада айдын сары,
Айдан астым.
Көлденең көк Жайықты
Жайлағаным миясын.
Құмырсқа бел Наркүміс,
Ақшұбарым былықсып,
Екі бірдей ойнағаны
Қатарда қан ішердей,
Қаным деймін қатарлап.
Және келді Нарым деймін,
Қолға алып ақ сүңгіні.
Сегіз аршын Көбенім,
Астыменен ойын сал.
Ал шақырдым Байғашты,
Салайық дертке қиғашты.
Сегіз аршын Көбенім,
Мұнда келіп хабар бер!
Дүйсенбі пенде бал ашты.
Шақырайын Құбарлан,
Дертке қарай жұмарлан.
Дерт мұңдарға көзің сал,
Алдында ауру бұларға.
Шақырғаным Көбелек,
Мойны ұзын, көзі көк.
Мұрындығы күмістен,
Бұйдасы бар шын жібек.
Асқар-асқар көрінген
Қатар-қатар қара нар.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Нар алдына қарасам,
Найзадай қара жарты екен.
Алдындағы қара нар
Шудасына жабысқан
Топырақ па екен,
Қар ма екен?
Көзің салшы ауруға,
Дауасы мұның бар ма екен?
Өңі жүнді сары ала,
Алпыс екі тамырдан
Жүз жиырма буулым
Өрен бойда жолықтым.
Бірін де қоймай арала,
Тас төбеден қыр ойна!
Көк жолынан тұр ойна,
Май табаннан шын ойна!
Жын атасын айтайын,
Былықсып астыменен,
Қамбармен ойна деймін!
Көбенім сегіз аршын, өзі жалғыз
Және келші шұбырта.
Алма мойын хабар берші,
Дерт келді енді біздің алдымызда.
Былықсып-ақ, Балқия,
Және келші екі елі.
Ердің жасы белде деймін,
Қарашаш Қамбарменен
Келді деймін.
Тартып тұр атының басын,
Көбенім-ай, қарашы!
Алпыс үйлі арабым,
Тоқсан үйлі торабым.
Есепсіз жүрген сан араб,
Санаусыз жүрген нән тораб,
Сан аруақ саппен кел!
Сан арабтың басы едім,
Мойны жуан қара сарт,
Сан аруақ санай берсең,
Саным көп саппен кел!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Он арабтың ішінде
Сексен үйлі тобырым,
Берсе қата тоймаған.
Дерт қарасын көргенде,
Ерік алдына қоймаған.
Жалмауыз қара Обырым—
Аузындағы бұлбұлым.
Желкедегі жеті адам—
Жетеуі бірдей дүлдүлім.
Омырауы төскейдей,
Ал шақырып көрейін,
Кілең қабылан манатым,
Тастан қайтпас бұлағым.
Кереге бойлы Кержылан,
Алты басты Абжылан,
Айдаһар түсті Саржылан,
Айдаһарым, тарт, жылан!
Буын-буын аралап,
Дерт бар болса, қуалап,
Ат жібердім шабарға,
Ер Шойлан хабарға.
Әлгі менің Ер Шойлан,
Шақырғанда кел, Шойлан!
Асқардан асқар қол шықты,
Қол ішіне қарсам,
Шұбар ала ту шықты.
Ту түбіне қарасам,
Қазандай қара бөрік бар,
Әлгі менің Ер Шойлан,
Шойланым батыр сол шықты.
Айда бермен, Шойланым,
Тас төбеден қыр ойна!
Дерт иесін қуалап,
Мықтап байлап алғайсың,
Құла атқа салғайсың.
Қайынды, күйеулі,
Нағашылы, жиенді
Қашып кетіп жүрмесін.
Мен кеткен соң дерттері
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қайтып келіп тұрмасын.
Алпыс екі ала аттың,
Тоқсан тоғыз торы аттың,
Өңкей қара көк аттың,
Кекілі кер аттың
Мен шақырып көрейін.
Дерт көретін Мешкей де,
Босаға бойлы Бозжылан.
Шақырайын ал, пері,
Ал көзіңді сал, пері!
Сексен қожа ішінде
Сексен бесте бір қожа.
Қаралық мұндар жын бике,
Даусың бір жетсе, айғайла,
Көзің жетсе, қол бұлға.
Шақырамын сендерді,
Мына дертті сен болжа.
Өзен бір суды жағалап,
Боз жорға атын тапалап,
Сенің бір інің мен деймін.
Шақырамын сендерді,
Жақынырақ кел деймін.
Жазылмаса не дейін,
Серуен сексен көзді.
Ақ, Балқия, алдымнан
Шұбалаңдап бір өтсейші!
Келгенде әсем Бөшиім,
Көсеу салған Дүйсембі,
Сен өзің қу ағашты
Еңіретсейші...
Жын да болса сырласым-ай,
Өзімнің сырлас болған мұңдасым-ай,
Келдің бе аман-есен,
Толықсып құрдасым-ай!
Азулығы екі елі,
Қашқан қоян шекелі.
Шұбарым келсе дүрсілдеп,
Әулиедей көрсем деп.
Әлгі менің Шұбарым—
Мойындағы тұмарым.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Мен шақырсам Шұбарды,
Қасқыр деген жау бар де,
Жеп қоймасын бұларды.
Алдына сал қарауыл,
Артына сал шыңдауыл.
Алдына-артына қарай бар,
Дерт баққаным осы ауыл.
Қой, қош-аман болыңыз!
31. АЯПБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ
ЖЫН ШАҚЫРУЫ
—Бала бақсы атандым,
Үлкендерден бата алдым.
Қарағай қобыз алғаным,
Айқай сүрең салғаным.
Жын атасы—Қойлыбай,
Дертке шипа бере гөр,
Жаратқан Алла бір Құдай!
Есік алды майдан тал,
Майдан талға қосым сал.
Шақырғанда сал, Жүзей,
Бөгелмей тез келіп қал!
Ал, Қарамес, Қарамес,
Алпыс қойдың терісі
Ат болмаған Қарамес.
Жетпіс қойдың терісі
Жел шықпаған Қарамес.
Ақылымды алмай кел,
Шақырғанда, қалмай кел!
Сағым желдей сал, Жүзей,
Келе алмасаң, қал, Жүзей.
Су атасы Сүлеймен,
Мәдет сұрап тілеймін!
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Жиырма сегіз машайық,
Қырық шілтен қолдай гөр,
Бәріңізден тілеймін!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
32. ТІЛЕУІМБЕК БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Бекбау ата, бек Ағынай,
Бек сиындым сен ағағай.
Самарқанда сансыз бап,
Түркістанда Түмен бап,
Ең үлкені—Арыстан бап.
Бабалар бабы Арыстан бап,
Қожахмет Яыссауи,
Көк тонды ата әулие,
Сыйындым сізге,
Бер медет!
Уай, уай!
Қаратаудың төсінде,
Жаңылмаймын есімде.
Көріп едім жасымда
Қотыр бұлақ басында
Сыйындым сізге, Зәңгі бап.
Сырда жатқан әулие,
Қырда жатқан әулие,
Қаратаудың қаптаған,
Тілеуін бермей жатпаған,
Бабай түкті Шашты Әзіз,
Ыбырайым ата Ысқақ бап,
Сыйындым сізге бер медет!
Уай, уай!
Әбдіжәлел әулие баптың
Тектісінің бірі сен едің.
Жалбарынып өзіңе,
Сыйынушы мен едім.
Әулие ата бабамыз,
Болғай да қабыл тобамыз!
Заты шәріп ғазизлер,
Сыйынбай қайтіп жатамыз.
Қармақтағы әулие,
Талай шал мен кемпірлер
Тілек тілеп сіздерден,
Зарлап барды әулие.
Береріне келгенде,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Көзінің жасын көргенде,
Өзі түсін білгізбей,
Барлатпаған әулие.
Уай, уай!
Көлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие,
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие!
Қамбар ата бабамыз,
Қырық шілтенге қосылған,
Дұшпаны талай тосылған,
Медет бер деп тіледім,
Қырық шілтен пірлерім,
Көтерген көңіл кірлерін.
Аруағыңды шақырып,
Қиналып қатты терледім.
Уай, уай!
Албай Шоқан әулие,
Жалаңаяқ әулие,
Алауқан ишан пірлерім,
Біз сияқты ғаріпке
Медет берер күндерің.
Қарабура ата аруағы,
Ал, Байқозы аруағы,
Ал, Жидебай аруағы,
Ал ,Сеңгібай аруағы,
Жарылқап батыр аруағы,
Домалақ ене анамыз,
Дулат қожа бабамыз,
Орын алған ортадан
Арғын бабам аруағы.
Үлкен үйде қалып ең,
Жоғары салық салып ең,
Найман атам аруағы.
Уай, уай!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
33. БАЛА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Уай, уай, айналайын, Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Алды-артымды байқасам,
Қараңғы тұман уайым.
Қанатымнан қайырылтып,
Табанымнан тайрылтып,
Жасыған жездей майрылтып,
Туысқан, туған бауырдан
Тірідей мені айрылтып,
Көнбес бір іске көндіріп,
Қу ағашқа төндіріп,
Жаратқан Ие, неңді алдым?!
Уай, уай!
Болат, Бөкес аруағы,
Шәуетей тәуіп аруағы,
Қорқыттың күйі қобыздан
Күй шығарған бармағы.
Жасынан өткен іс еді,
Келгендей көріп кісі еді.
Ишан абыз бақсының
Бәрінен өткен салмағы.
Кейбіреумен егескен,
Кейбіреумен теңескен.
Бала бақсы атанып,
Талай түскен қармағы.
Уай, уай!
34. ҮЙСІН БАЛЫҚБЕК БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Уай, Телбұшық, Телбұшық,
Шақырғанда кел, Бұшық!
Тоқсан қойдың терісі
Тон болмаған Телбұшық.
Сексен қойдың терісі
Жең шықпаған Телбұшық.
Жан-жағыңды шайқамай,
Алды-артыңды байқамай,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Бейқам келме, сен Бұшық!
Уай, уай!
Ай, ер Домбай, ер Домбай,
Шақырғанда, кел, Домбай!
Мұңлы менен шерлінің
Ырымын шегіп бер, Домбай!
Сынық ине көрінсе,
Алтын дейсің антұрған!
Айтқаның келмей жаңылсаң,
Ұялып жүрме енді оңбай!
Уай, уай!
Біз сияқты сұмдарға
Осылардан жол қалды.
Аруағына сыйынып,
Қобызымды қолға алдым.
Жасынан көрген михнат,
Аллаға қылған мінажат.
Қара қыпшақ Қобыланды,
Медет бер деп тіледім,
Сыйындым сізге, сол қалды.
Иелі кесел сөз келіп,
Дауасы болмай кешігіп,
Біздей қаріп сандалды.
Уай, уай!
Қобызын қосқан бәйгеге,
Халыққа болмай әйгілі,
Болат, Бөкес жындары
Көріпкел деп атанған,
Ғайып ереннен бата алған.
Бала бақсы тәуіпке
Халықтың берген сындары.
Айқай салдым, ақырдым,
Аруағыңды шақырдым.
Хабарсыз көңілім тынбады.
Жын атасы—Жирентай
Шақырғанда келмесе,
Сенімді хабар бермесе,
Сағымның осы сынғаны.
Уай, уай!
15-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
35. ҚАРА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ал, кел бері, кел бері,
Желден жүйрік жел пері.
Жолбарыстай айбаттым,
Жолды аяқтай қайраттым!
Жолың болсын, кел бері!
Аю мінез аңғыртым,
Алып мінез салғыртым,
Әңгүдігім, шалғыртым,
Бұқа мойын қабаным,
Қарынды, жалпақ табаным,
Көк жұлыным, қырсауым,
Көк есегім, мылқауым,
Керт басыңды ойламай,
Кежегеңді кекшитпей.
Келелі жауға кез болдым,
Келер болсаң, кел бері,
Жылан көзді Сымсығым!
Ұлдан туған ұлшығым,
Арбауығым, алдашым,
Жалмауыздай жалмашым!
Жеті жыл бойға жел берген,
Жеті өлікке дем берген,
Жолыңда тұрған кеселдер
Кезбас болып сенделген.
Жаңа перім Жанпозым,
Жаңа шыққан қамқорым,
Лек-легіңмен кел бері!
Жалғыз көзді Жымрайым,
Жалғыз аяқ сұмырайым,
Адам кеуде, аң бастым,
Ақ сайтаным, албастым,
Бірің қалмай, кел бері!
Сендер едің, сен едің
Иеңнің жалғыз сенгені.
Сергелдеңді сырқатты
Сескендіре сермейін,
Семсерімді бер бері!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Асу да асу бел еді,
Аса бір соққан жел еді.
Анау жатқан үлкені
Өрлей қонған ел еді,
Өлкенің суы сел еді.
Белдеуде тұрған кербесті
Екі енеге тел еді.
Осынау жатқан Көшербай,
Тәңірдің берген бағыңда,
Болып бір тұрған шағыңда,
Қай қасқаңнан кем еді?!
Ақылы мол кен еді,
Етек-жеңі кең еді.
Аузынан шыққан лебізі
Ағайынға ем еді.
Арту елмен кездессе,
Терезесі тең еді.
Ер дұспанмен белдессе,
Елінің қамын жер еді.
Жатқа намыс жібермес,
Екпінді туған ер еді.
* * *
Атаңа нәлет су пері,
Ерімді қор еткендей,
Өңменімнен өткендей,
Жебіріме жеткендей,
Жеті атама кеткендей,
Аузына дәм салғызбай,
Қолына қыран алғызбай,
Жауына қарсы барғызбай,
Құлдыққа бола туғандай,
Тұншықтырып буғандай,
Өркенімді өсірмей,
Өрісімді тарылтып,
Жүрісімнен жаңылтып,
Бақ-дәулеттен арылтып,
Не ақың бар ед ерімде?!
Осынша мазақ ететін,
Жетпіс жеті әкеңнің
Басы бар ма ед жерімде?!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
* * *
Атаңа нәлет, су пері,
Сумаңдаған қу пері,
Қол-аяқты улаған
Тиген жері у, пері!
Жаның барда кет, пері,
Жер түбіне жет, пері!
Жындарым қаптап келеді,
Көрсетейін тепкіні!
Басыма шауып, сен жауыз,
Түбіме кеп пе ең жеткелі?
Жетпек болсаң түбіме,
Жеті бүзірік, қырық шілтен,
Ерлерден медет сұрайын!
Көрде жатқан әкемнің
Қу басымен ұрайын!
Жаныңды қылдай қылайын,
Қыл бұраумен бұрайын!
Сақалыңды бір талдап,
Шыңғыртып тұрып жұлайын!
—Ій-яу... ықық-ым... Ій-яу-ау!
Отырғанда көп жалқау,
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Қалғып, шұлғып жабырқау,
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Не боп кетті ойпырмау!
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Бұзды-ау шырқын ій қалқау!
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Қос пікірді ій-яу-ау!
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Жазып алсақ есен-сау!
Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!
Болар сонда той тарқау!
Ій-яу... ықық-ым... Ій-яу-ау!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
36. ТІНЕЙДІҢ ЖЫН ШАҚЫРУЫ:
—Әуелі, Құдай, пана-ай бер,
Ер тілеуін жанай бер!
Шәйт—Аббай Алаш,
Шәйт—Аббай Алаш,
Лә—ләлә!
Жер жүзіндегі әулие-ай,
Күн көзіндегі әулие-ай,
Мағрұптағы, машруптағы әулие-ай!
Жүз жиырма төрт мың мың пайғамбар,
Отыз үш мың мың сахаба,
Сексен сегіз серуер,
Тоқсан тоғыз машайық,
Бәріңнен медет тіледім!
Қойқаптағы әулие,
Бабай түкті Шашты Әзіз,
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген,
Алтайыдан бөркі бар,
Әрне қылса еркі бар.
Алпыс екі нөкерім,
Бермен қарап төңкеріл!
Көз бен белім—көзелім,
Шәмбіл белден су ішіп,
Қойқаптан әрі жерлерің,
Жатырмысың, ерлерім?!
37. НОҒАЙБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—О-о-о-ой!
Құмырсқаны қой қылып,
Құмға баққан бар ма екен?
Тасбақаны жарбитып,
Жолға мінген бар ма екен?
Құмырсқаны қой қылып,
Құмға баққан Мұхаммет,
Тасбақаны мінген Мұхаммет!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
38. ШАҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Жалтаңдамай, жасқанбай,
Әбден де сөйле, доңызым!
Анық сөйле, ақ сөйле,
Дертті қуып денеден,
Арам тамақ қоңызым!
Ке-ге-ге, желігім,
Гекку-Гекку терегім,
Әрқашанда кезегім.
Тағы да досым Бостанай,
Қалма сен де қостамай!
«О, о, оқо-қой, оқо-қой!»—дейді екен.
39. БАЛБИКЕ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Айдатұғын күн болды,
Байлайтұғын түн болды.
Аққан бір сумен айдаймын,
Қараңғы түнде байлаймын.
Жын атасы—Жирентай,
Жал құйрығын түйді тай.
Су атасы—Сүлеймен,
Сүлеймен, сенен тілеймін!
Қарабурам, қарт Бурам,
Міншіл қара әулием,
Ақ буралы ат әулие!
Кереге бойы кер жылан,
Керілмей ішті арала!
Босаға бойы көп жылан,
Былқылдамай кетіңдер!
Парасатты әулие,
Буын-буын аралап,
Сегіз көзді түгендеп,
Тапсырамын аманат!
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Әр пәлеңнен қорғап жат,
Жынға жынды саламын.
Періні пері алады,
Дию да пері болады...
40. ШАЛҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ай, ай, терегім,
Бір күйіме керегім.
Бейбақтың оты жанбайды,
Бейшараның үйіне,
Шақырса, қонақ қонбайды.
Арам ойлы жігіттің,
Жүрсе, жолы болмайды.
Арық атқа қамшы үйір,
Көбік қарда түлкі ойнар,
Қаулап көкте жылқы ойнар.
Аталы ұлдың қолы ойнар,
Атасыз ұлдың көзі ойнар.
Шешесі өлген жетім қыз
Ойбай, сорлы оның басында
Сірке менен бит ойнар.
Мен Жаманның ұлы Шалқармын,
Көпті көрген мақармын.
Ойбай да терек, аусай терек,
Маған бір бәле тақалдың.
41. БЕКБАЙ САРЫНЫ
—Ал періңмін, періңмін,
Періленген серіңмін.
Қалың бір Әйтек ішінде
Аз ауыл Бекең болсам да,
Таңдап бір қонған жеріңмін.
Өзін бір деген кісіге
Өзегімді беремін.
Егескен жауым кез болса,
Ауызы бір қанды
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қой жейтұғын бөріңмін!
Кекіліктей жорғалап,
Қара бір қаным сорғалап,
Алладан әмір келгенде,
Өстіп бір жүріп,
Мен бейбақ өлермін!
42. ЖАМАН САРТ САРЫНЫ
—Болат бір пышақ жанға қас,
Қып-қызыл талға қонса,
Ер жалғыз үй қонбайды.
Жүр ме едің әлі күнге мені білмей,
Сазаңды енді сенің тарттырайын,
Тұрсаң да сен,
«Не қылады» деп күлімсірей.
Ей, шайтандар, шайтандар,
Мынау өкпені алыңыздар,
Осымен барыңыздар!
Бұл қатынды өлтірме,
Қатыны мұның біреу-ақ.
Өзеленіп қоймайсың,
Жалғыз көзді сен бейбақ!
Тілімді менің алмайсың,
Мекенге жылдам бармасаң,
Ізіңе сенің түсер-ақ,
Атадан қалған көп аруақ.
Жылдамырақ мұнан кетпесең,
Көзімнен менің зытпасаң,
Үйтермін сенің шашыңды,
Кесермін, залым, басыңды!
43. МЕҢСЕБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Жер үстіндегі әулие,
Көк үстіндегі әулие,
Мағриптағы әулие,
Машрыптағы әулие,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Хабар бер өзің қадыр Ие!
Ай не болар күннен соң,
Күн не болар айдан соң.
Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Бәйбіше киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң.
Қатынның сәні келмейді,
Қойныңда жатқан байдан соң.
Келіншек сәні келмейді,
Емізулі ұлдан соң.
Қыздың сәні келмейді,
Қызыл киім, малдан соң.
Жігіттің сәні келмейді,
Ақсақалды шалдан соң.
Өзеннің сәні келмейді,
Сайда біткен талдан соң.
Көлдің сәні келмейді,
Ішіне қонған елден соң.
Елдің бір сәні келмейді,
Айдап жүрген малдан соң,
Үкі тағар қолдан соң.
Қобыздың сәні келмейді,
Екі тағым қылдан соң.
Қылдың сәні келмейді,
Кіші жаман жыннан соң.
Жын шіркінді аңыраттым,
Жынның бәрін шақырттым.
Қарт бөрідей бақырттым,
Аруағым деп шақырдым.
Арғындағы Қазекем,
Қысылған жерде қолда деп,
Аруақтың бірі деп,
Қара да болса төредей,
Әулиенің біріндей,
Қысылғанда қолдайтын,
Арғы атасын сұрасаң,
Қара палуан Жанайкем.
Есілде отыр, елде отыр
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қысылған жерде бір көтер!
Мен қысылдым жындардан,
Жын қаққан, шіркін, мұндардан.
Арыстанда алты бап,
Самарқанда сансыз бап,
Түркістанда түгел бап,
Қожа баурын қолдап бақ!
Қайып ерен қырық шілтен,
Қысылған жерде қолдап жат!
Және бірден сыйынсам,
Сексен сегіз машайық,
Жүз жиырма төрт пайғамбар,
Осындайда қолдап бақ!
Және бірден сыйынсам,
Тобылдың қасында,
Сартөбенің басында,
Мыңбай ата, қолдай гөр!
Және бірден сыйынсам,
Сазанбайдың қасында,
Сексеуілі басында
Тілеу ата, қолдай гөр!
Және бірден сыйынсам,
Тегененің қасында,
Жыңғылдының басында,
Қостөбенің үстінде,
Рақбан ата, қолдай гөр!
Және бірден сыйынсам,
Ақмешіттің басында,
Сары обаның үстінде,
Сәркем ата, қолдай гөр!
Және бірден сыйынсам,
Жыланшықтың басында,
Шығырлының қасында,
Мыңбұлақтың төсінде,
Төртқұдықтың ылдиында,
Қара бір судың бойында,
Қолдыбай ата, қолдай гөр!
Және бір сыйынсам,
Наурызымның қасында,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Қоғалы көлдің басында,
Жәңгір ата, қолдай гөр!
Және бірден сыйынсам,
Бағаналы Барлыбай,
Алашада Исатай,
«...» бар Қойлыбай,
Қызылтазда Сандыбай,
Ол да болса Терібай.
Тері бір күнің сұрасаң,
Жын қаққанды қоймайды.
Сонан келген Балабай
Көрмегенің, кәнеки!
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Құрсанып ерлер келгенде,
Ақылымнан адастым.
Қобызыма қосылды,
Дауысым енді ашылды.
Қырық бір жынды көргенім,
Мәндібайдан келген жындай.
Сол жолы көрдім жындарды,
Толып бір жатқан мұндарды.
Істік мұрын сары екен,
Шегірлігін сұрасаң,
Нұржабайдай бар екен.
Қабырға, Торғай қайран жер,
Арғын, Қыпшақ қайран ел.
Жол мінгеспей сұрасаң,
Жын айдаған саудагер.
Ішсем бір суға тоймаймын,
Жын қаққанды қоймаймын.
Елу бесте жасым бар,
Бұрынғыдай болмаймын,
Жиырма бестің күніндей.
Су менен шөпті шайнатты
Алып келіп қазақтар.
Жын қаққанға ойнатты
Он екі қарыс қазанды.
Қызартып мен аламын
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алып келіп жын ұрғанды
Сол қазанға саламын.
Екі қылыш қолға алып,
Екі бүйірден саламын.
Сол қазанның ішіне
Сағат жарым болғанша,
Жатқызып соған аламын.
Буырқанған, бұрсанған,
Мұздай темір құрсанған
Қара бір марту жындарым,
Қаптап келді мұңдарым.
Сөткесіне жеткізбей,
Жын ұрғанды жазып алдым.
Қары бір жынның мықтысын,
Сол жолы көрдім баршасын.
Елу беске келгенде,
Мілісбайдың кетті нешесі.
Тоқсан түрлі жындардың
Бәрі келді сол шақта.
Жиырма бес жасымда
Тал түсте келіп жабысты
Айдалада бір лақ,
Бір елі екен мүйізі.
Лаққа таман бардым мен,
Алдымызға алдым мен.
Оң бұтын ұстасам,
Маған айтты сол лақ:
«Ақаң Доқаңдай бар ма екен?»
Айғай салып жоқ болды,
Бір сағатқа жетпей-ақ.
Астында бар боз аты,
Басындағы ақ сәлдесі.
«Әй, балам, сен қорықпа!» деп,
Өте шықты қасымнан,
«Залалы жоқ дәуіт» деп.
Астындағы сары ала ат
Көрінбей кетті көзіме.
«Бүгін түнде келет,—деп,—
Аты-жөнімді айтар» деп,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Батасын беріп жөнелді.
Келер түнде ұйықтасам,
Астында бар боз аты,
Басында бар сәлдесі.
Аузы толған иман-ай,
Қойны толған құран-ай!
«Қорықпа, ұлым, қорықпа,—деп,—
Нағашы атаңның аруағы,—деп,—
Қарның ашқан жерлерде
Тамақ болар аруаққа».
«Кел, балам, сен, қолың жай!»
Оған қолым жайдым-ай.
«Өле-өлгенше қарның ашпас,
Жетпіс жеті жасыңда
Өзіңе келер бір қатер.
Менің жөнім сұрасаң,
Сыйынып жүрген атаңмын.
Өзің қорқып зарыққан соң,
Күн өтемен көріндім.
Айғай салып ақырсаң,
Аруақты енді шақырсаң,
Жан жаратқан Құдайым
Алдымен жад айт, балам-ай!
Жер үстіндегі әулие
Баршасына сыйынып болған соң,
Менің де атымды сұрасаң,
Қарадан туған төредей,
Әулиелер көп еді-ай!
Қобызыңды қойғанда,
Дұға қылып қойғайсың
Жәнібек атты бабаңа-ай!»
Ғайып болып жоқ болды.
Басымды көтеріп қарасам,
Түндегі жатқан орным-ай!
Тал түс болып қалыпты,
Көтеріп алсам басымды.
Жылап отыр қасымда,
Әжем байғұс басымда.
Дәуіт келді қасыма,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақсарбас қойды алып-ай!
Шалып тағы жіберді
Ер Жәнекем аруағына-ай!
Ұйықтадым десем, талыппын,
Ертең түсте тұрыппын,
Бір күн талыппын, жатыппын.
Баршасын көрдім сол жолы,
Іздейін деп едім сол жолы.
Әулиенің жөнін білмедім,
Шыбын жаннан қорыққан соң.
Келіп қондым молаға,
Бір моланы білмедім.
Қараңғы түннің ішінде
Жаяу бастым, шаршадым,
Көрінген елге бармадым.
«Тек емессің» деп түнедім
Үлкен салған қызыл тамға.
Жастана келіп жатып ем,
Үстінде бар ақ киімі,
Бидай өңді ақ кісі
Жетіп келді қасыма.
«Балам, неге қысылдың?» деп,
Сөз айтты енді өзіме.
Көргендерім баршасын
Баян еттім сол жерде.
«Қорықпа, балам, қорықпа!» деп,
Елу алты жасында
Өзі қайтар сол күнде.
«Қорықпа, балам, менен» деп,
Күбірлеп айтты өзіме.
«Қорықпайын, атеке,
Есіміңді сұраймын
Ғайып етпе, атеке!
«Менің есімімді сұрасаң,
Қонақ болсаң бұл түнде.
Менің әсілім—сұрасаң,
Баймырқа атаң мен деймін.
Намазыңның артынан
Дұға қылып жүр деймін.
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Балам, енді таң атты»,—
Сырт қарап енді жөнелді.
Таң көтеріліп қалыпты,
Түрегеліп жөнелдім,
Дұға қылып мен кеттім.
Онан тұрып елге келдім,
Елге келіп тұрсам-ай,
Бақсының шықты дауысы.
Жүгіріп жетіп мен келсем,
Қарадағы Сүйіндік
Ағыбайдың қарындасын
Кержібек атты сұлу қыз
Оны қарап жатыр екен.
Мен барған соң ол бақсы
Жығылып қалды ол үйде.
Айғай салып ақырдым,
Қобызын алып шақырдым.
Жолбарыс атты жындарым
Келіп бір қалды кәпірің.
Енейін дейді сол үйге,
Сыймады енді денесі.
Үш күн қараған қыздары
Кәлимаға тілін келтірді.
Қобызымнан тәуеп қылып,
Қасыма келіп отырды.
Айғай салып ақырдым,
Аруақ жынды шақырдым.
Талып қалған бақсыны
Түрекеліп тұрғызды.
Бақсы келіп түре келіп,
Шапан жапты арқама.
Бұрынғыдан қалған мирас жол,
Батамды беріп жөнелттім.
Маған келген жын емес,
Ондағы көрген атаның
Қолдайтұғын аруағы.
Толып жатқан жын ұрған
Қарадым мен сол күні.
Елу бес жасымда
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қайбіреуін айтайын,
Қатын менен баланың
Зияндастай ауруын
Көп қарадым сол күнде.
Аруақтар болды тамағым,
Жын жолынан бұрылып,
Ұста болған бұл шағым.
Қиын болып барады
Енді қобыз шалғаным.
44. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Үйеңкінің түбінен
Ойып алған қобызым,
Жалғыз біткен ағаштан
Тиек қылған қобызым,
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған қобызым,
Желмаяның терісін
Қапшық қылған қобызым.
Әй, қобызым, қобызым,
Дұрыс сөйле, доңызым!
45. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫНЫН
ШАҚЫРҒАНЫ
—Ай, ақбурам, ақбурам,
Екі өркешің аспанда,
Жер солқылдар басқанда.
Қара асаукер, асаукер,
Бұлғақтамай, жылдам кел!
Жер жүзіндегі әулие-ай,
Күн көзіндегі әулие-ай,
Мәшрүптегі әулие-ай,
Мағырыптағы әулие-ай,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,
БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
Сексен сегіз серуер
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген.
Алтайыдан бөркі бар,
Әрне қылса еркі бар.
Алпыс екі нөкерім,
Бермен қарай төңкеріл!
Көз бен белім—көзелім,
Бөтен емес, өз елім.
Тоқсан тоғыз машайық,
Бәрінен медет тіледім!
Қойқаптағы әулие,
Баба-ай Түкті шашты Әзиз
Шәмбіл белден су ішіп,
Қойқаптан әрі жерлерің
Жатырмысың, ерлерім!
Мекедегі әулие,
Мәдинедегі әулие,
Хан Шыңғыс та әулие,
Өгіз таудың басында Өгіз әулие,
Қошқар таудың басында Қошқар әулие,
Таудағы бұланың,
Іштен шыққан айдаһар жыланың.
Ойдан келген он бөрі,
Сол бөрінің ішінде
Алты ауызды көк бөрі,
Көкжендет көлінде, бай елінде,
Қызыл таудың басында қыз әулие,
Баянауыл басында Қоңыр әулие,
Жұмабайдың баласы
Кесер кеуде Көк қабан,
Жын ішінде, сен жаман!
Алтайдан келген алтауым,
Шабдар атты кемеңгер,
Елден келген екеуім,
Желден келген жетеуім,
Елден келген Ақәзіл,
Шаңдатпастан келген Шаңдыаяқ!
16-0139
1. [КЕЛ ЖІГІТ, КЕЛ ЖІГІТ…]
—Кел, жігіт, кел, жігіт,
Бұған бата бер, жігіт!
Ауылыңның қонғаны
Жылға-жылға сай болсын.
Ұл баланың мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Атаның көңілі жай болсын!
Қара ешкінің мүйізі
Ербегей де сербегей.
Саған келген пәлекет
Өзен суды өрлегей!
Менің атым—Сарыбай,
Сақалыма сары май.
Татам мезгілі болғанда,
Төсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан,
Бақ-дәулет келіп дарығай!
2. [АЛА АТ, ҚҰЛА АТ…]
—Ала ат, құла ат,
Жеңешемді домалат.
Ұл таппасын, қыз тапсын,
Бәрімізге қолқанат!
Үйіңізге құт-береке енсін,
ІV. Баталар
БАТАЛАР
Қораңызға мал тола берсін!
Аумин!
3. [ҚОНАҚТАСЫН БЕРЕКЕТ…]
—Қонақтасын берекет,
Қаша берсін пәлекет!
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Ақыретке барғанда,
Қыл көпірден аман өт!
4. [БАТА БЕР ДЕДІҢ ЛАҚҚА…]
Жидебайдың Сауытбек байдың үйіне қонаққа келгенде
лаққа берген батасы:
—Бата бер дедің лаққа,
Дауысы кетті жыраққа.
Ащы екен үні бейшараның,
Түрпідей тиді құлаққа.
О дүниеге барғанда,
Алмасын Алла сұраққа.
Қой болса, қой сой,
Бейшараны жылатпа!
5. [ЖЫЛҚЫШЫ АТА ҚАМБАР…]
—Жылқышы ата Қамбар,
Мінгенің жирен шабдар.
Мыңды айдатып,
Жүзды байлатса,
Сенен басқа нем бар?
Желің ұзын болсын,
Ішкенің қымыз болсын.
Сойғаның құлын болсын,
Жегенің қазы болсын!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
6. [Я, ҚҰДАЙ, БЕРГЕЙСІҢ…]
Жаяуғали деген бай дүниеқоңыз, сараң адам болыпты.
Өзінің қойын өгізге мініп бағады екен. Бір малы өлсе, бір адам
өлгендей қайғырады екен. Бір жылы қатты жел үйін жығып
кетсе, қатынын сабап, әркімдерді тілдейді және күзеулік жерін
дегі қорасының қи-тезегін жапсарлас отырған Жантас деген ел
ден көріп, билер тобына арыз береді. Осы мәселені қарамақ бо
лып бай кісінің ауылында жиналыс болады. Сойылатын малға
Тоқтаған деген шешен адам бата жасайды. Сорпасын тие ішсе
де, қаты кейіс етеді екен. Сондағы айтқаны:
—Я, Құдай, бергейсің,
Көзінің жасын көргейсің!
Қали ғана тілегім,
Тілемеймін өзгесін.
Өсіре бер көбейтіп,
Аман сақтап мал-басын!
Басындағы ордасын,
Қи мен тезек қордасын
Алғызбасын Жантасқа.
Ұзарта көрме өмірін,
Ұзын қылып өз жасын.
Ергеншегі мықты боп,
Ит ішпесін сорпасын.
7. [БИСИМИЛЛА-И РАХМАН-И РАХИМ…]
Бисимилла-и рахман-и рахим!
Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол,
Бозторғайдай түршіл бол,
Адам таппайтын сөзшіл бол!
Бұрама темір, сом алтын
Суға салса батпасын.
Тәңірім берген дәулетің
Тепкілесе кетпесін!
Қораң қойлы,
Шараң майлы болсын.
Қазаның қаспақты,
БАТАЛАР
Сиырың баспақты болсын!
Ұл-қызың үбірлі-шүбірлі болсын,
Ғұмыр жасың ұзақ болсын.
Періште әумин десін!
8. [АЯҢДА, АЯҢДАСАҢ, ҚАРА КЕРДЕЙ...]
—Аяңда, аяңдасаң, қаракердей,
Сөз таптық қапияда қайлалы ердей.
Той бастап жолдық енді алғаннан соң,
Біз сонда кетеміз бе бата бермей!
Әуелі бір Құдайым басын берсін,
Екі елі ұзақ ғұмыр жасын берсін.
Дұғамыз мүшәуратта қабыл болып,
Шын күміс, алтын аяқ тасын берсін!
Онан соң бір Құдайым бақыт берсін,
Дәрәжә, өзіңізге тахит берсін.
Дұғамыз мүштәрәкта қабыл болып,
Он жігіт күзетшіге сахит тұрсын!
Онан соң бір Құдайым миды берсін,
Үстіңе ақ күмбездей үйді берсін.
Үстіңде ақ күмбездей үйің болып,
Ішіне лайақаттап күйді берсін!
Жиһазың ақ ордаңда толып тұрсын,
Үйіңе қонақ-қопсың қонып тұрсын.
Терісін бес биенің саба қылып,
Қымызың жүз кісіге болып тұрсын!
Самаурын төрт-бес жерден қайнап тұрсын,
Бұлбұл құс тұғырымда сайрап тұрсын.
Үстінде түркпен кілем жабуменен,
Белдеуде төрт бедеуің ойнап тұрсын!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,
Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.
Мүстәжәп менің батам қабыл болса,
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын!
Қара су мал жериді лайынан,
Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан.
Мал-басың дәулетіңмен бірдей өсіп,
Бір Құдай айырмасын жұбайыңнан!
Шырағым, қадірлі екен қара басың,
Ауызға бал татиды берген асың.
Мүстәжәп менің батам қабыл болса,
Алдыңнан ақ күн туып, жарылқасын!
9. [ИӘ, ҚҰДАЙ, ТІЛЕГІМДІ ҚАБЫЛ ЕТ...]
—Иә, Құдай, тілегімді қабыл ет,
Тозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Парақордан, соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Көк долы қатыннан сақта,
Колхозды жеген бастықтан сақта,
Адамды қадірлемеген елерден сақта,
Жанды басқан перісінен сақта,
Кеудесін кергеннен сақта,
Мерзімсіз келген өлімнен сақта!
Татымсыз тұздықтан сақта,
Қайырымсыз тілек, жоқтан сақта,
Жалқау бала, тексізден сақта,
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта!
Жастарда әдеп жоқ,
Үлкеніңде бәтуа жоқ,
Құр айғай, шақ-шәлекей даңнан сақта!
БАТАЛАР
10. [ТІЛЕК ТІЛЕП ЖАЛҒЫЗ ХАҚҚА...]
—Тілек тілеп жалғыз Хаққа,
Бата берген шаңыраққа.
Адал еңбек, ақ ниет басшы болар,
От басына қызықты келер баққа.
Бір Алла ақ пейілге пана болар,
Туған ел қорған болар пейілі аққа.
Бақыт тілеу—бата басы,
Қыдыр болсын бас жолдасы,
Әр уақытта аман болып,
Ұзақ болсын ғұмыр жасы!
Бір Алланың құлысың,
Ата-ананың ұлысың.
Адал болсаң айнымай,
Оңға басар бар ісің.
Айнымас ақыл қазығың,
Жолдасың еңбек—қазығың.
Адам болсаң ақпейіл,
Ешкімге болмас жазығың.
Ырзығың берер жалғыз Хақ,
Сұраншақ болма сұғанақ.
Басқа адамды күндеме,
Еңбек етіп табыс тап!
Адалдық жолын қуғанға
Өзі келер мал мен бақ.
Ұйымшыл болса семьяң,
Отыңның басы алтын тақ.
Адалдықты аттама,
Арамдықты жоқтама,
Қызық көрер осы шақ!
11. [БЕС БИЕНІҢ ТЕРІСІ…]
—Бес биенің терісі
Бес күндіктік сабаңыз.
Тәңір алдына барғанда,
Терезе тапсын жаныңыз.
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Көтере көр бабаңыз!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
12. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]
—Әуелі Құдай оңдасын,
Қыдыр ата қолдасын.
Бай дәулетін берсін,
Пайғамбар берекесін берсін!
13. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]
—Әуелі Құдай оңдасын,
Күллі әулие қолдасын.
Сексен түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.
Он мың биең құлындап,
Мың бес жүз қойың қоздасын!
14. [ОСЫ БАТАМ КЕЛІСІ…]
—Осы батам келісі—
Жібектен болсын желісі.
Алтыннан болсын қазығы,
Күмістен болсын тоқпағы.
Үйге келген мейманның
Қазылып жатсын соқпағы!
15. [БАЛ ДӘМІ КІРСІН АСЫҢА…]
—Бал дәмі кірсін асыңа,
Береке берсін басыңа.
Томашадай қорғалап,
Дәулетің келсін қасыңа!
16. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]
—Әуелі Құдай оңдасын,
Қыдыр болсын жолдасың.
БАТАЛАР Көпке беріп береке, Ердің басы қорғалсын! 17. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ СЕН ЖАРЛЫҚ…] —Әуелі, Құдай, сен жарлық, Сүйгеніңмен тең жарлық. Айдан аман сақта, Жылдан есен сақта! Бай қыл, төрт түлігін сай қыл, Жан-жақты қыл, Малды, бақты қыл! 18. [ЕКІ ҚОЛДЫ ЖАЙЫП…] —Екі қолды жайып, ләһһи амин! Я, Алла, пәлеңнен сақта, Жалаңнан сақта, Қауіп-қатеріңнен сақта! Алла, екі дүниенің абыройын бер, Алла, өліктерге иман бер, Тіріге саламаттылық, шаттық бер. Бала-шағама ғұмыр бер, Өзіме иман бер! Алла, жарылқа, Пайғамбарға шапағат бер! Аллау акбар! 19. [ХАЛЫҚҚА ЖАҒАМ ДЕСЕҢ, ӘДІЛ БОЛ…] —Халыққа жағам десең, әділ бол, Судан таза, жерден ауыр бол! Аузыңнан шыққан сөзің Естіген халыққа қуат болсын, Айналаң ашық суат болсын!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
20. [ИӘ, ҚҰДАЙ, ОҢҒАРА КӨР…]
—Иә, Құдай, оңғара көр,
Бәлеңнен қорғай көр,
Аруақ, қолдай көр!
Несібeң үйден болсын,
Әбиір дүзден болсын.
Қызықты көңіл болсын,
Бақытты өмір болсын!
Әумин, Аллауакпар!
21. [ТІЛЕГІМІЗДІ ҚАБЫЛ ЕТ…]
—Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Тозақтағы аттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Парақор соттан сақта!
Кірлі су мен ыдыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта.
Қара жүрек батылдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта!
Адамды қадірлемес бастықтан сақта,
Нанды қадірлемес кісіден сақта.
Менменсінген жесірден сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта!
Татымсыз тұзыңнан сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта,
Қайырымсыз жекжаттан сақта,
Білімсіз бекзаттан сақта!
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз соққан шаңнан сақта,
Шәқ-шәлекей лаңнан сақта!
Өмір берсең, жайлығын бергін,
Дәулет берсең, сыйлығын бергін.
Әйел берсең, әдепті, жайлығын бергін,
Келін берсең, келісті сыйлығын бергін!
Ағаш ексең, жемісті ғып берсін,
БАТАЛАР
Тұлпар мінсең, шабысты ғып берсін,
Еңбек етсең, табысты ғып берсін!
Еңбегіміз өрісті болсын,
Қамбамыз астыққа толсын.
Көсегеміз көгеріп, өрісіміз
Мыңғырған малға толсын!
Ақ жүрек болсын жолдасың,
Адалдық әр кез қолдасын.
Жақсылық үшін тірессең,
Жаныңды арың қолдасын!
Арынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың!
Ұққан жанға осының
Біле білсең—бәрі сын.
Қиындыққа мұқалма,
Ауырлыққа жұқарма.
Қамқоршы бол кісіге,
Үлкенді үлгі тұт алға!
Е, пәруардігер,
Осы айтқанымның бәрін
Үйіп-төгіп бір-ақ бер де,
Тілегімізді қабыл ет!
Аллаһуакпар!
22. [ҮЙ ҚОЖАСЫ СІЗДЕРГЕ…]
—Үй қожасы сіздерге!
Я, Құдайым оңдасын,
Қуаныштан жазбасын.
Осы үйдің болса дұшпаны
Ақыры оның оңбасын!
Сен ұшырған көгершін
Биіктеп ұшып самғасын,
Қанаты оның талмасын!
Ұлғая берсін мал-басың,
Дастарханың мол болсын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Күлкіден езу жыймасын,
Дос-жараның, қимасың,
Замандасың, құрдасың
Тура жолдан таймасын!
Кем-кетікті ойласын,
Еңбектен ешбір тынбасын!
Әбүйір алып еңбектен,
Жарысқанда қалмасын.
Партия оны қолдасын,
Адалдықтан таймасын,
Сенің қымбат жолдасың.
Екеуінен шыққан ұрпақтар
Ғұмырлы, болсын бақытты,
Тырнағы да сынбасын!
23. [БҮЛШІЛ, БҮЛШІЛ, БҮЛШІЛ БОЛ…]
—Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол,
Бозторғайдай төршіл бол!
Бұрама темір, сом алтын
Отқа салсаң, күймесін,
Суға салсаң, батпасын!
Балдарыңның мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Байдың көңілі жай болсын.
Айдағаның қой болсын,
Шайнағаның май болсын!
Аллаху акбар!
24. [АҒАЙЫННЫҢ АЛДЫ БОЛ…]
—Ағайынның алды бол,
Отыз ұлды орда бол,
Әман жұрттың басы бол!
Лұқпандай мың жаса,
Береке дарысын басыңа,
Дұға тисін асыңа!
БАТАЛАР
25. [СҰРАСАҢ, БАТА БЕРЕЙІН…]
—Сұрасаң, бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанатты көрініп.
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!
Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын!
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмас сағыңды.
Балаңыздың сәні өссін,
Толған айдай тағы өссін,
Абыройы тағы өссін!
Қорған болғын халқыңа,
Ел сүйінсін даңқыңа.
Талдырмай білегіңді,
Қалаған тілеуіңді
Басып жүрген жерден берсін,
Ағайының қолдай берсін,
Дос-жараның қорғай берсін!
Көліңде балық қайраңдасын,
Ел-жұрттың жайраңдасын!
Әумин!
26. [Е, ҚҰДАЙЫМ, БАЛА БЕР…]
—Е, Құдайым, бала бер,
Бала берсең, дана бер.
Тал таяғы қолында,
Талтайып тұрған бала бер!
Онан берсең, мұны бер,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақ, қара май қойдан бер,
Жирен ала тайдан бер!
Е, Құдайым, оңдасын,
Әулиелер қолдасын.
Ата-бабаңның аруағы
Қысылған жерде қолдасын!
Қыдыр болсын жолдасың,
Бес жүз қойың қоздасын.
Сексен түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Жегенің адал ас болсын,
Өзіңнен туған балаңыз
Ел-жұртыңа бас болсын!
Айдағаның қой болсын,
Шайнағаның май болсын.
Мінгенің жорға болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Уайымсыз, көңлің той болсын!
Қазаның қаспақты,
Сиырың баспақты,
Қызың моншақты,
Ұлың он шақты болсын!
Аумин!
Аумин десең бізге,
Құдай берсін сізге!
Есірке де жанды қылсын,
Жарылқа да малды қылсын,
Қатарыңның алды қылсын!
Сауарыңа бие берсін,
Мінеріңе түйе берсін.
Жанды-жақты қылсын,
Дәметкен аруақтарға тие берсін!
27. [БҰРАМА ТЕМІР, СOМ ТЕМІР…]
—Бұрама темір, сoм темір
Отқа салса, жанбасын,
Суға салса, батпасын!
БАТАЛАР
Бұл жақтан келсін бес жүз қой,
О жақтан келсін бес жүз қой,
Бәрі жиылып мың болсын!
Балдарыңның мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Көңілдерің жай болсын!
28. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…]
—Құдай жарылқасын,
Бай қылсын,
Бақ дарысын!
Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін!
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін.
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе, қайырлы,
Берекетімен берсін,
Бас берсе, азық—
Несібесімен берсін!
29. [БҮЛСІЛ, БҮЛСІЛ БАЙ…]
—Бүлсіл, бүлсіл, бай,
Бозторғайдай төлшіл, бай.
Орама темір, сом темір,
Отқа салса, күймесін,
Суға салса, батпасын!
Сізден байлық кетпесін,
Сізден байлық кеткенде,
Мұратына жетпесін.
Ала биең құлындап,
Айдалаға сыймасын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құла биең құлындап,
Құла далаға сыймасын!
Балаңыздың мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Көңіліңіз жай болсын!
Ауадан түскен қорғасын,
Сізді Құдай оңласын!
Алалатсын, бұлалатсын,
Бұл жеңешемді балалатсын!
Ұл да тапсын,
Қыз да тапсын,
Бәрімізге қолқанат болсын!
Әумин!
30. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
Е, Құдайым оңдасын,
Малымыз бен жанымызға,
Еш жамандық болмасын!
Жортқанда жолымыз болсын,
Қыдыр ата жолдасымыз болсын!
Жалындаған оттан сақта,
Сарқыраған судан сақта.
Бәле-жаладан сақта,
Алланың кәрінен сақта!
Түн жүріп, түсі қашқаннан сақта,
Дос болып жүріп,
Қас болғаннан сақта!
Құдай Тағала!
Жайған дастархандарың жайыла берсін,
Бауырсақтарың шашыла берсін!
31. [АҚ БАТА БЕРЕЙІНШІ ЖАСТАРЫМА…]
—Ақ бата берейінші жастарыма,
Құдайым бақыт берсін бастарыңа!
Алдарыңнан күн тусын,
БАТАЛАР
Арттарыңнан ай тусын!
Табалдырықтарың биік болсын,
Шаңырақтарың кең болсын!
32. [ЖАРЫЛҚАСЫН, БАЙ ҚЫЛСЫН…]
—Жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын.
Бала-шаға өрбіп, өсіп,
Ата-ана көңілін жай қылсын.
Қуаныштан айырмай,
Күнде-күнде той қылсын!
33. [БАҚ-ДӘУЛЕТ БЕРСІН БАСТАРЫҢА…]
—Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа.
Пәле-жала, жын шайтан
Жоламасын қастарыңа!
34. [ӘУМИН ДЕСЕҢ, МІНЕ, БАТА…]
—Әумин десең, міне, бата,
Дарысын Қыдыр ата!
Я, Шопан ата,
Беретін малыңның атын ата.
Баратын кісінің орайы жоқ,
Өзің әкеп мата!
Я, Құдай, сиыр бер,
Сиыр берсең, биыл бер.
Одан кейін түйе бер,
Түйе берсең, тимей бер.
Одан кейін жылқы бер,
Ойын менен күлкі бер.
Жирен аттай жолды қыл,
Өзен-судай талды қыл.
Жаңа үйленген екі баламды,
Өз құрбысының алды қыл!
17-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
35. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…]
—Құдай жарылқасын,
Бай қылсын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын,
Әулие дарысын,
Аруақ жебесін!
Дастарқанға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін.
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін!
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе,
Қайырлы, берекетімен берсін,
Бас берсе,
Азық-несібесімен берсін.
Берсе, бек тиіп берсін,
Бермесе, сақтап берсін!
Қалмаққа қан жаусын,
Ортасына ойран тисін!
Босып, қаңғып, қыдырсын,
Етегін шеңгел сиырсын.
Дөңгелек жүзді қара сарт,
Қара жерді мойныңа арт!
Біздің қазақ қой берді,
Тілегенін өзіне ет.
Ә, бар Құдая, құлым де,
Мұхамбет үмбетім де!
Құдайға құл болсаң,
Отыз күн ораза тұт!
Бес уақыт намаз оқы,
Құдайға қылған қызметің.
Мұнан соң мал,
Армансыз қылып ал.
Ошақтың үш бұтынан жалқарып,
Қазанға өзің әкеп сал!
Мұнан соң бас,
БАТАЛАР
Жақсыменен жақындай,
Қыдырменен бол жолдас!
Қыдырдың жолдасы болсаң,
Жолың болмай қалмас.
Мың сан бәле қылсаң да,
Ажалың жетпей алмас.
Шаруаның төрт пірі—
Шопан, қойға келтірме топан,
Қойға толтыр қорасын!
Осы бір байдың сыртынан сақта,
Қатты соққан борасын.
Атың жақсы, Құдайым,
Мен бір тілек сұрайын.
Сұрағанда бергеніңді білейін,
Малды берсең, қойды бер,
Ұлды берсең, бойлы бер,
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы артық ойлы бер!
Шаруаның төрт пірі—
Жылқышы ата,
Шын бергенің білейін,
Арқанды әкеп мата!
Кісінеуге айғыр бер,
Желісіне бие бер,
Сауған сайын ие бер!
Жезден болсын желісі,
Осы сөздің келісі.
Алтыннан болсын тоқпағың,
Ашыла берсін соқпағың.
Дұрыстап айтайын, тоқта,
Жібектен болсын ноқта!
Шаруаның төрт пірі—
Ойсыл қара,
Жарылқасын ол пана.
Дұспанмен қыла көрме
Екеуара!
Боталатып өстіріп,
Салтанатпен көштіріп,
Барғанша аман сақтап,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Аудармай барып тыныштырып,
Дауыл қылмай үй тіктіріп,
Шаруаның төрт пірі—
Зеңгі баба,
Мал беруге ойың болса, маған қара!
Ұрғашы болса қосқа жарайтұғын
Үлкен қара өгіз бер!
Бұзау, торпақ, тайынша,
Ала көбеден жайынша.
Ханнан қаһар келтірме,
Биден мейір кетірме!
Шынымен Астағыпыралла десең,
Алдыңнан шайтан өтер ме?!
Шыныңмен Құдайға тәубе десең,
Дұспанның қарғысы өтер ме?
Патшасын, сұлтанын
Патша қылған Сұғбаным.
Падишадай бақты бол,
Алтыннан астың тақты бол!
Тақтынан айырма,
Бұқара тапты бұл Алаш,
Бір жарлығын қайырма!
Айдан аман сақта,
Желден есен сақта.
Мың бір бәледен сақта,
Жүз бір қатерден сақта.
Аузы қанды бөріден сақта,
Қолы қанды ұрыдан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта!
Ізет, абиыр, бақ, дәулет,
Ырыс, несібең кем болмасын!
Алла әкпәр!
36. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ, МҰНЫҢ ЖОЛЫН
АШЫҚ ҚЫЛ…]
Ей, Құдайым, мұның жолын ашық қыл,
Дұшпаныңнан қашық қыл!
БАТАЛАР
Ей, Құдайым, мұны астыр, тастыр,
Жұлдызбен жалғастыр!
Жамандардан адастыр,
Жақсылармен жолдас қыл!
Ей, Құдайым, мұны көп ет,
Көлдей мамыр ет,
Тілегенін қабыл ет!
Қарағанда көзің жіті болсын,
Қармағыңда қолың ұзын болсын.
Құдайдан не тілесің, соны берсін,
Алдың базар, артың шаһар болсын!
Ей, Құдайым, бұған жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер.
Ей, Құдайым, бұған күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Ей, Құдайым, бұған қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер!
Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,
Кең пейіл берсін, кетпес дәулет берсін,
Алхам беллахи, алхамның берекетін берсін!
Аллакбәр!
37. [АҚ САҚАЛДЫ, САРЫ ТІСТІ…]
—Ақ сақалды, сары тісті,
Жасың ұзын болсын.
Үбірінді-шүбірінді,
Жағың түспей жамандық көрме!
38. [ЕЛЕУЛІ БОЛ ЕЛІҢЕ...]
—Елеулі бол еліңе,
Қалаулы бол халқыңа.
Кешірімді кең болшы,
Келтірме атақ атыңа!
Құлағыңды сал батаға,
Кешірім сұра қатаңа.
Кешірімді, кең болшы,
Келтірме атақ атаңа!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Атаңа жақсаң, қарағым,
Ерте тұрып малын бақ.
Енеңе жақ, жарығым,
Ерте тұрып отын жақ!
Қайнатып шайын, дайындап,
Күйеуіңнің бабын тап.
Қайнаға, қайын сіңліңнің
Атама атын, жайын тап!
39. [ЖАРЫЛҚАСЫН ҚҰДАЙЫМ…]
—Жарылқасын Құдайым,
Тартқызбасын уайым.
Байдың дәулетін берсін,
Пайғамбардың берекесін берсін!
Бастарың аманда болсын,
Дұшпандарың табанда болсын!
Отанға тыныштық берсін!
40. [ИӘ, ӨМІР ҚЫЗЫҒЫН БЕРЕ БЕРСІН…]
—Иә, өмір қызығын бере берсін,
Не бергеннің қайырын берсін!
Еңбектерің жемісті болсын,
Тұрмыстары келісті болсын,
Бақ қарасын, Қыдыр дарысын.
Дененің саулығын берсін,
Дастарханның байлығын берсін!
Берген дәмің бал болсын,
Өріс-қонысың бар болсын.
Осы үйге қастық қылған
Дұшпаның дал болсын,
Өміріңе Жасаған Тәңір жар болсын!
Ел басына туған ер бол,
Ақылың дария көл бол.
Көпке бірдей күн бол,
Халық аузында жыр бол,
Халқыңа лайықты ұл бол!
БАТАЛАР
41. [Е, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…]
—Е, Құдайым, жарылқа,
Жарылқасаң, малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл!
Бұған қастық жасағанның
Малын алып, жарлы қыл!
Аллаху акбар!
42. [Е, ҚҰДАЙЫМ, БАЛА БЕРСІН…]
—Е, Құдайым бала берсін,
Мал мен басты жана берсін.
Саған қастық қылған дұспанды
Табаныңның астына сала берсін!
43. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
—Е, Құдайым оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін, қоңыраттың түйесін берсін.
Біткен аруақ бәріңе тие берсін!
44. [ҚҰДАЙЫМ ЖАРЫЛҚАСЫН,
БАЙ ҚЫЛСЫН…]
—Құдайым жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігіңді сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін,
Кең пейіл берсін!
Құрмалдығың қабыл болсын,
Тілегің дұрыс болсын.
Мұратың асыл болсын,
Тілеген тілегіңізді берсін!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
45. [ҚҰДАЙДЫҢ ӨЗІ ОҢДАСЫН…]
—Құдайдың өзі оңдасын,
Бес жүз саулық қоздасын.
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Айдап келген жылқыңнан
Алпыс айғыр азнасын.
Жиып келген түйеңнен
Жетпіс інген боздасын.
Өзіңнен байлық озбасын,
Ағайынның жарлысы
Бөтен жақта тозбасын!
Сол малыңа ие берсін,
Ата-бабаңа тие берсін!
46. [ҚҰДАЙЫМ, ЖАЗДАЙ БЕР…]
—Құдайым, жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер.
Құдайым, күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Құдайым, қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер!
47. [АЙДАҒЫСЫЗ МАЛДЫ БОЛ…]
Айдағысыз малды бол,
Ағайынның алды бол.
Отыз ұлды орда бол,
Орман жұрттың басы бол!
Лұқпандай мың жаса,
Береке дарысын басыңа,
Дуа тисін асыңа.
Әркез шайтан келмесін,
Өлгеніңше қасыңа!
БАТАЛАР
48. [ТҮНДЕ ЖҮРГЕН ҰРЫДАН САҚТА…]
—Түнде жүрген ұрыдан сақта,
Жатаңдағы бөріден сақта!
Жаз-жайлауды жаусыз ет,
Қыс-қыстауды қарсыз ет,
Ұл мен қызды мұңсыз ет!
Шыққанның есесін бер,
Кіргеннің берекесін бер!
49. [КҮЛЕ КІРІП, КҮҢІРЕНЕ
ШЫҚҚАННАН САҚТА…]
—Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Түнде жүріп, түс қашқаннан сақта!
Өзімді малды қыл,
Дұспанымды жарлы қыл!
Пәле-жаладан сақта,
Қауіп-қатерден сақта,
Шайтанның шерінен сақта,
Патшаның қаһарынан сақта!
50. [АУ, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…]
—Ау, Құдайым, жарылқа,
Жарылқағанның ішінде ет.
Екі аяғын есен ет,
Төрт аяғын түгел ет!
Сақтағайсың сәлемет,
Құлың саған аманат!
Қараңғыда көшірме,
Ұлы дария кештірме.
Кешкі тілеуін кешіктірме,
Ертеңгі тілеуін еріктірме!
Аузы қанды бөріңнен,
Аясы қанды ұрыңнан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Төрде отырып риямен мекірегеннен сақта!
Отының басын ойнақ ет,
Желінің басын шаңдық ет.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Байлық пен бақыт беріп,
Құрбысынан оңдақ ет!
Бұл дүниеде жиғаның болсын,
Ол дүниеде иманың болсын!
Түйе атасы—Ойсыл қара,
Сиыр атасы—Зеңгі баба,
Қой атасы—Шопан ата
Жылқы атасы—Жылқышы ата,
Көл ет, көп ет,
Көлді мамыр ет!
Тәңіріне тілегенін әзір етер,
Досты құдай бездірме,
Сүйікті көңілін үздірме.
Араға шайтан от жағып,
Дүние үшін қызығып,
Кінә қылып тіздірме.
Тілектің алды Құдайдан,
Біреуге көзім сүздірме!
51. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ, БҰЛ ХАНЫМНЫҢ…]
—Ей, Құдайым, бұл ханымның
Жасын жүзге жеткіз.
Жарлығын тастан еткен
Қылығын, Құдайым, жаққыз.
Аузына халқын баққыз,
Есігінің алдынан
Алтынды жылғалы сулар аққыз!
Балаларын ойната гөр,
Бақ, бақшалы теректі
Алдына еңкейте көр.
Алтын басты еркекке
Атын байлата гөр
Алтын бағанды терекке!
52. [ӘЙ, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…]
—Әй, Құдайым, жарылқа,
Жарылқасаң, малды қыл,
БАТАЛАР
Біткен жұрттың алды қыл.
Бұған қас жасағанның
Малын алып, жарлы қыл!
Әй, Құдайым, бала берсін,
Мал мен басты жана берсін.
Саған қас қылған дұспанға
Табаныңның астына сала берсін!
Әй, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сексен түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін, қоңыраттың түйесін берсін,
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Құдайым жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігің сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін,
Кең пейіл берсін.
Құрмалдығың қабыл болсын,
Тілеуің дұрыс болсын.
Мұратың хасил болсын,
Тілеген тілегіңізді берсін!
53. [ЖАЗДАЙ ЖАРЫЛҒАСЫН…]
Жаздай жарылғасын,
Жазбай жарылғасын.
Күздей жарылғасын,
Күдерін үзбей жарылғасын,
Қыстай жарылғасын!
Жарылқа, жанды қыл,
Есіркеп малды қыл,
Тең құрбымның алды қыл!
«Әумин» десең маған,
Екінші бата берем саған.
Үшінші бата беремін
Үш түрлі көйлек кимеске.
Төртінші бата беремін
Түбек тақтай таймасқа.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бесінші бата беремін,
Белгілі жерден айрылып,
...............................*
Алтыншы бата беремін,
Жалғаның сая болмасқа.
Жетінші бата беремін,
Кіндік жерден оқ тиіп,
Жер таянып қалмасқа.
Сегізінші бата беремін
Сергелдең жолға түспеске.
Тоғызыншы бата беремін,
Тоқсанға келген бабаңдай
Тоңқайып өліп қалмасқа!
54. [АУЫЛДЫҢ АҚСАЛЫ ӘКІМ АТА…]
—Ауылдың ақсалы Әкім ата
Берейін, қолыңды жай, мен бір бата.
Осындай берген батам қабыл болса,
Бір жылды қысарықты қырықтан мата!
Бергені бір Алланың кең болғай,
Саууға екі жүзден биең болғай.
Артуға алпыс атан ордаң болғай,
Мінуге қырық шақты жорғаң болғай!
Қораңда мыңнан саулық қоздасын-ай,
Желіңде жетпіс інген боздасын-ай.
Бағуға жылқы малың қиын дейді,
Жылқың жеті жүзден озбасын-ай!
Ауылың ертеменен көше берсін,
Сыпырауық бауын шеше берсін.
Құлдарың көң артуға әзір тұрып,
Ауылың ерте тұрып көше берсін!
Қар жаумай, жаңбыр жаумай, қылауласын,
Бір ұлың он екі атпен лауласын.
* Түпнұсқада бір өлең жолы өшіп қалған.
БАТАЛАР
Басыңа көп тисем, бейнет болар,
Бір жазда тоқсан қашар бұзауласын!
Астыма атым мінген арындасын,
Дәулетің жылдан жылға арылмасын!
Көлдерде жатқан сусар үйрек едің,
Аспаннан іліп кетші, қара лашын.
Батаның көбінен де азы жақсы,
Осыған риза бол, қарындасым!
55. [БІСІМІЛЛА, РАҚЫМАН, РАҚЫМАН…]
—Бісімілла, рақыман, рақыман!
Ия, Құдай оңдай гөр,
Әулиелер қолдай гөр.
Байсалды қоныс бере гөр,
Байтақ ырыс бере гөр!
Тілеген әр тілекті де дұрыс бере гөр,
Өсетін мал бере гөр,
Көп жасайтын жаннан бере гөр!
Мал берсең, құрарыменен бере гөр,
Бас берсең, тұрарымен бере гөр,
Әр нәрсенің де баяныменен бере гөр,
Екі дүнияның абыройын бере гөр!
Алхамдуллах раббіл,
Ғаламның алхамын ақ,
Берекетінен бере гөр!
Жай қолыңды, аллах акбар!
56. [БЕРЕЙІН МЕН БІР БАТА, ҚОЛЫҢДЫ ЖАЙ…]
—Берейін мен бір бата, қолыңды жай,
Батамды қабыл етіп, болғайсың бай.
Ақылың ат жүзетін көлге қонып,
Үйірін қысырақтан қырықтан мат-ай!
Барғанда екінші елге бағың болсын,
Сүлеймен патшадай тағың болсын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұл сөзді періштелер салған шығар,
Құдайым пірім етіп, қабыл қылсын!
Барғанда анау елге балаң болсын,
Жинаған ауыр дәулет қараң болсын.
Балаңның ең үлкені батыр болсын,
Біреуі жұрттан озған ақын болсын!
Біреуі үш жасында Қызыр болсын,
Әр затқа іштен жақын болсын!
Біреуі қақпан құрып аң ауласын,
Біреуі болыс болып дау дауласын.
Біреуі ел қондырып, қоныс қонып,
Кең қоныс, тұщы суды пайдалансын!
Басқадай соныңменен бірге қонсын,
Балаңның ең кенжесі басын бақсын,
Дәулеті арылмайтын тасып жатсын!
Алты қыз, он екі ұлдың анасы бол,
Атаңның жақсы көрген баласы бол!
Ақ жүзді «әмин» деп бетің сыйпа,
Аллаху акбар!
57. [ЖАЙ ҚОЛЫҢДЫ, ӘЛЕУМЕТ]
—Жай қолыңды, әлеумет,
Мен берейін батамды,
Етек-жеңің кең болсын
Асау менен Барақтай,
Ақпа менен Лабақтай,
Сасықбай мен Жантайдай,
Құлжан менен Алтайдай,
Жамандық көрме, жарқыным,
Жағың бір түспей, қартаймай!
Жаз болғанда тіккенің
Алты қанат үй болсын.
Қыс болғанда жаққаның
Ағаштан сары қи болсын!
Жорға болсын мінгенің,
Қамқа болсын кигенің.
БАТАЛАР
Бес жүз жылқы, мың саулық
Аздық етсе, көп олжа,
Мынау болды білгенім.
58. [О, ҚҰДАЙЫМ, ОҢДА…]
—О, Құдайым, оңда,
Оң жолына баста,
Қыдыр ата!
Қыдыр ата қырық болып,
Қыдырдың өзі дарысын!
Жылқышы ата Қамбар,
Жарылқасаң, өзінен басқа кім бар?
Шірендіріп жатқыз,
Көсілдіріп жүргіз!
Жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қарсыз ет.
Дүниеде мұңсыз ет,
Толғатқанын ұл ет,
Тамызғанын май ет!
Бәледен сақта,
Жәледен сақта.
Қауіптен сақта,
Қазерден сақта!
Түн қатып тұсына шыққаннан сақта,
Ашыққан-ды, бөріден сақта.
Аузы қар-ды, ұрыдан сақта,
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта!
Әзіретті қадір ет,
Шыққан тауын биік ет.
Кімді жарылқасаң,
Соның қасында ет!
59. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…]
—Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйді, түзді,
Мал, басты
Аман қылсын!
60. [МІНГЕНІҢ ПЫРАҚ БОЛСЫН…]
—Мінгенің пырақ болсын,
Жүзден ақ болсын.
Дұшпаның алыс болсын,
Дәулетің жақын болсын!
Екі иығыңдағы екі періште
Жамандығын жазбасын,
Жақсылығын жазсын.
Хазірет Жақыптың көзі ашылсын,
Хазірет Юсуф Мысыр жерінде
Патша болып масаулы болсын!
Табаның жазық болсын,
Дұшпан сөзі аяқ астында қалсын!
Өнерің күннен күнге ассын,
Бейнетің қашық болсын.
Дәулетің зинада болсын,
Дұшпаның пинада болсын!
61. [ЖАЗДАЙ БЕРСЕҢ, ЖАЗБАЙ БЕР…]
Жаздай берсең, жазбай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер.
Күздей берсең, үзбей бер,
Тобыменен жазбай бер!
Қазаныңнан ас кетпесін,
Үйіңнен қонақ кетпесін!
Қазаның майлы болсын,
Келген қонағың жайлы болсын!
Алда абырой берсін,
Дүнияда жиғаның бұйырсын,
Ақыретте иманың бұйырсын!
БАТАЛАР
Мінген атың жалды болсын,
Қараңыз малды болсын.
Сатқаныңыз бұлды болсын,
Келін ұлды болсын,
Ұзақ ғұмырлы қызметкер болсын!
Біздей келген қонақтың
Дұғасы қабыл болсын.
Барған жерде жолың болсын,
Қызыр Ильяс жолдасың болсын!
62. [ ЫРЫСЫҢ КӨП БОЛСЫН…]
—Ырысың көп болсын,
Иманың көп болсын.
Дауың жоқ болсын,
Перзентің көп болсын!
Басың көп болсын,
Асың көп болсын.
Жасың көп болсын,
Досың көп болсын!
Қырманың қырдай болсын,
Жүзің нұрдай болсын.
Құрсағың жуан, дырдай болсын,
Бала-шағаң көбейіп,
Отбасың пырдай болсын!
Саған қастық еткен дұшпанның
Үйінің сырты сырдай болсын!
Әумин, аллахуакбәр!
63. [Я, ҚҰДАЙЫМ, ЗАЛЫМНАН САҚТА…]
—Я, Құдайым, залымнан сақта,
Азғырылған алымнан сақта.
Уақытсыз келген жалыннан сақта,
Орала жауған қарыңнан сақта.
Жабулы жатқан торыңнан сақта,
Қазулы жатқан орыңнан сақта.
Айтқан сөзді тыңдамайтын
Дым сауатсыз сорыңнан сақта!
18-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
64. [А, ҚҰДАЙЫМ, ЖАЗ ЖАРЫЛҚАСЫН…]
—А, Құдайым, жаз жарылқасын,
Жазбай жарылқасын.
Күз жарылқасын,
Үзбей жарылқасын.
Қыс жарылқасын,
Қыспай жарылқасын!
Тасқа тары шыққандай жарылқасын,
Мұзға бидай шыққандай жарылқасын!
Мал сегіздеп өссін,
Басы ұл мен қыздан
Егіздеп өссін.
Қиямет таңы атқанша жарылқасын,
Ұжымаққа кіріп жатқанша жарылқасын!
Абыройы аса берсін,
Дұшпанын баса берсін!
Аллахуакбәр!
65. [ӘУМИН ДЕСЕҢ БІЗГЕ…]
—Әумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Жасың келсін жүзге,
Желің кетсін құла түзге!
Мал мен басты,
Иман мен жасты
Қабат бермеді екен деп,
Тәңірден күдер үзбе!
66. [ҚҰДАЙ-АЙ ТОБА…]
—Құдай-ай, тоба,
Таубасын қабыл ет,
Дұғасын мұстажап ет.
Мәдинада Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмед!
Е, Мұхаммед, болғайсың,
БАТАЛАР
Мына үмбетіңе жар, медет!
Бұ дүниеде жиғанды ет,
Ақыретте иманды ет!
67. [ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН БЕРСІН…]
—Екі дүниенің абыройын берсін,
Төрт түлік малға жарытсын.
Алғаныңмен қоса қартайсын!
Төрт түлік малыңа берсін,
Ата-бабаңа тие берсін!
Әуелі бір Құдай жарылқасын,
Екінші, Мұхаммед пайғамбарың жарылқсын!
Үшінші, төрт мұхаррип періште жарылқасын,
Төртінші, төрт шарияр жарылқасын!
Бесінші, Қараман қатибин періште жарылқасын,
Алтыншы, Хазірет Біләл палуан ата жарылқасын!
Е, жылқышы ата—Қамбар,
Төртеуіңнің ынтымағың бір болса,
Қорлайтын кім бар?!
Жетінші, жердің жүзіндегі,
Күннің көзіндегі,
Мекке, Мединадағы әулиелер жарылқасын!
68. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЕСІҢЕ АЛ…]
—Е, патша Құдай, есіңе ал,
Өзің жарылқасаң, былайғының несі бар?!
Е, патша Құдай, әуелі өз кәріңнен сақта,
Шайтанның шерінен сақта.
Патшаның кәрінен сақта,
Қадамы қаттыдан сақта!
Дос болып, қас болғаннан сақта,
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта.
Жиылған нудан сақта,
Тасқан судан сақта!
Үйіткіп жанған өрттен сақта,
Ыңыранып жатқан дерттен сақта!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
69. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЖАРЫЛҚАҒАНМЕН…]
—Е, патша Құдай,
Жарылқағанмен жандас ет,
Ораздымен оттас ет,
Кімді жарылқасаң, соның қасында ет!
Алдағым азық, шүкір, нәубет,
Асыр-тасыр,
Үзілістірмей ұластыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
Дәулетің зияда болсын,
Дұспаның пияда болсын.
Құдайым тілегіңді беріп,
Тұсауыңды алсын!
Ерлердің дұғасы,
Жарандардың батасы,
Болмағай менің бұл батамның қатасы!
Тағы да бір Құдайым жарылқасын,
Басыңа Қыдыр дарысын.
Иманың мен жасыңа Қыдыр дарысын,
Ішіп-жеген асыңа Қыдыр дарысын!
70. [ҚҰДАЙЫҢ ӨЗІ СҮЙТІП ОҢДАСЫН…]
—Құдайың өзі сүйтіп оңдасын,
Бес жүз саулық қоздасын.
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын.
Айдап келген жылқыңнан
Алпыс айғыр азынасын.
Жиып келген түйеңнен
Жетпіс інген боздасын!
Өзіңнен байлық озбасын,
Ағайынның жарлысы
Бөтен жаққа тозбасын!
Жанкүшіктің биесін берсін,
Жансүгірдің түйесін берсін.
Нұржанның қойын берсін,
БАТАЛАР
Кім жақсы болса, соның ойын берсін!
Сол малыңа ие берсін,
Арғы өткен ата-бабаңа тие берсін!
71. [ШЫРАҒЫМ, МЫРЗАЛЫҒЫҢА…]
—Шырағым, мырзалығыңа,
Момындығыңа халқың бақсын,
Аллаға қылығың жақсын!
Таңда махшардың күнінде
Алдыңнан бұлақ ақсын.
Періштелер маңдайыңнан сипап,
Жаурыныңнан қақсын!
Қаршығадай қайқайып,
Ителгідей талпынып,
Жүруші едің, мырзажан!
Көкірегің ақ болса,
Алтын басты әулием,
Алтыннан болсын тұмарың!
72. [АҚЫРЕТТІ БОЛЖАМАЙМЫН…]
—Ақыретті болжамаймын,
Бұ дүниеде жоқ-ты сенің арманың.
Құдай жарылқасын,
Әулие қолдасын,
Басшы бастасын,
Қыдыр дарысын!
Хақ Тағала қабыл еткей
Менің бұл батамның бәрісін!
73. [БІР ЖАСАҒАН—ҚҰДАЙЫМ…]
—Бір Жасаған—Құдайым,
Бермесін басқа уайым!
Тең құрбыңның ішінде
Үстем болсын талабың.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Үйіңе мейман келгенде,
Ашық болсын шырайың!
Қолдарың жайып тілей бер,
Айрандай болып ұйыған
Бір өзіңе қылайын!
74. [ЖҮЗГЕ ЖЕТСІН ТҮЙЕҢІЗ…]
—Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз.
Әлдеріңнің келгенше,
Жығылғанды көтеріп,
Сүрінгенді сүйеңіз.
Тарығып келген адамға
Бермесек, отқа күйеміз.
Бергенде тым-ақ сүйеміз.
Жомарттық қылық қолдансаң,
Әрбір жерде жар болсын
Бір Жасаған—Иеміз!
75. [МЫҢҒА ЖЕТСІН ҚОЙЫҢЫЗ…]
—Мыңға жетсін қойыңыз,
Мыңға жетсе қойыңыз,
Сараңдықты қойыңыз,
Күніне бірін сойыңыз!
Үйіңізден кетпесін
Мереке мен тойыңыз.
Малда болса көзіңіз,
Аллада болса ойыңыз,
Өзінің берген дәулетін
Өз жолына жойыңыз!
76. [ПІРӘДАР БОЛСЫН ДОСТАСЫҢ…]
—Пірәдар болсын достасың,
Мұхаммед болсын қостасың.
БАТАЛАР
Қыдыр болсын жолдасың,
Лұқпан болсын құрдасың!
Сүрініп кеткен жеріңде,
Жеті әулие, жеті пір
Кереметпенен қолдасын!
Төбеңізде торласын,
Көңіліңе алған талабыңды
Бір жасаған Құдайым
Құдіретіменен оңдасын!
Үлкендерді сыйласаң,
Бола берсін болмасың,
Тола берсін толмасың.
Таңда махшар күніңде
Пырақ болсын мінгенің.
Халла болсын кигенің,
Хорлар болсын сүйгенің!
Сол уақытта білерсің
Бұл күнде берген асыңның
Пайдасының тигенін.
Малыңның көр пайдасын,
Басыңнан бағың таймасын.
Тарлықатқа кіргенде,
Төбеңде торлап ойнасын!
Мәңкір-нәнкүр келгенде,
Бұлбұлдай тілің сайрасын.
Ұжымақта келген тағамдар
Осы бізге берген асыңдай,
Алдыңызда жайнасын!
Бермейтұғын сараңның
Екі қолы байлансын,
Сүйтіп соры қайнасын!
Бермегеннің жаманын
Көр ішінде ойласын!
Ұзақ етсін жасыңды,
Берекелі, берік қылсын
Малың менен басыңды.
Таңда махшар күніңде,
Шарап етіп қайтарсын
Бізге берген асыңды!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өзің жүзге келгенде,
Тоқсанға жетсін алғаның.
Кемпір-шал болып қалғаның,
Шайыхпаны болғаның.
Сол жастарға келгенде,
Құмған болсын қолыңда,
Бола көр Хақтың жолында!
Он бес ұл мен он бес қыз
Еріп жүрсін соңыңда.
Бала менен бақ берсін,
Мұның бәрін сіздерге
Баянды етіп Хақ берсін!
Түрегеп түзде жүрсеңіз,
Қыдыр ата тап келсін.
Алла болсын панаңыз,
Қатар өссін, шырағым,
Малың менен балаңыз!
Нағылып бата бермелік,
Үйіңізге келгенде
Бір-бір тойып қаламыз.
Е, Құдайым, оңда,
Оң жолына баста!
Қыдыр дары,
Қыдыр ата қырық болар,
Қыдырдың өзі дарысын!
Жылқышы ата Қамбар,
Жарылқасаң, өзіңнен басқа кім бар?
Шірендіріп жатқыз,
Көсілдіріп тұрғыз!
Жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қaрсыз ет.
Дүниеде мұңсыз ет,
Толғатқанын ұл ет,
Тамырғанын май ет!
Бәледен сақта, жәледен сақта,
Қауіптен сақта, қатерден сақта!
Түн қатып келіп,
Күңірене шыққаннан сақта.
Ашыққан-ды, ұрыдан сақта,
Ауызы қар-ды, ұрыдан сақта!
БАТАЛАР
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта!
Әзіреті қазір ет,
Шыққан тауын биік ет,
Кімді жарылқасаң, соның қасында ет!
77. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…]
Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жарылқайын деп келеді,
Кішкене ғана сабыр ет!
Бақ бер, бәледен сақта,
Қауіптен, қатерден сақта!
Әумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Әуелі, Құдай, жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер.
Әуелі, Құдай, күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Әуелі, Құдай, қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер!
Бұл үйдің бізге берген дәмі тары екен,
О да өзінің бары екен.
Бұл үйге қас қылған адамды
Көтеріп тұрған жер ұрсын,
Аспандағы көк ұрсын!
Менің берген батам емес,
Бұрынғы Пайғамбардың берген батасы,
Оның болмас қатасы!..
78. [ҚАБЫЛ БОЛСЫН МҰСТАЖАП…]
—Қабыл болсын мұстажап,
Осы Құдайы жолыңыз.
Малың мен басың тең өсіп,
Халықтың алды болыңыз!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
79. [ШАЛҚАР КӨЛДЕЙ КӨП БОЛСЫН…]
—Шалқар көлдей көп болсын
Қымыз бенен айраның.
Атағың мен атыңнан
Жұртқа тисін қайраның!
Айдағызсыз малды бол,
Ағайынның алды бол.
Отыз ұлды орда бол,
Ұдайы жұрттың басы бол!
80. [ЛҰҚПАНДАЙ МЫҢ ЖАСА…]
—Лұқпандай мың жаса,
Береке дарысын жасыңа,
Дуа тисін асыңа.
Әркез шайтан келмесін,
Өлгеніңше қасыңа!
81. [БАҒА АЛМАСТАЙ МАЛДЫ БОЛ…]
—Баға алмастай малды бол!
Жалшы менен құлыңа,
Әбиір берсін қызыңа,
Дәулет берсін ұлыңа!
82. [ЖҰРТ ЖИНАЛЫП ТОЙЫҢА…]
—Жұрт жиналып тойыңа,
Қаны болсын майыңа.
Ақіретке барғанда,
Гауһар атты бейіште
Жаның тұрсын жайына!
83. [КӨЗ ЖЕТПЕСІН ТҮЙЕҢЕ…]
—Көз жетпесін түйеңе,
Көз сүрінсін биеңе.
БАТАЛАР
Соның бәрін берген соң,
Разы бол Иеңе!
84. [ТАСЫҢ ӨРГЕ ДОМАЛАП…]
—Тасың өрге домалап,
Өсе берсін ырысың.
Саған қас қылған дұспанның
Өз руы құрысын!
85. [ЖАЙЫЛЫП ШЫҚҚАН МАЛЫҢНЫҢ…]
—Жайылып шыққан малыңның
Көз жетпесін шетіне.
Жаман киім тимесін
Бұл дүниеде етіңе.
Досың менен дұспаның
Қарамасын бетіңе!
86. [АҚБӨКЕНДЕЙ ҚОЙЛЫ БОЛ…]
—Ақбөкендей қойлы бол,
Орқояндай көзді бол.
Адам таппас сөзді бол,
Патшадай ұлды бол!
87. [ОСЫ ҚЫЛҒАН ҚҰДАЙ ЖОЛЫҢЫЗ…]
—Осы қылған Құдай жолыңыз,
Халықтың алды болыңыз.
Халық жиылсын тойыңа,
Қаны болсын майыңа.
Ұяласын періште
Сақалың мен мұртыңа.
Сегіз жұмақ сарайда
Жаның тұрсын жайына.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Хандай болсын қадірің
Халық, қарындас, жұртыңа!
88. [САҚАЛЫҢ АЛТЫН, МҰРТЫҢ ЖЕЗ…]
—Сақалың алтын, мұртың жез,
Дәулетіңе болдым кез.
Екі бірдей ақбозат
Бірін мін де, бірін сал!
Айдап барып жылқыңды,
Көкорайға бұрын сал.
Қызыл мақпал түбетей
Бір шекеңе қырын сал.
Екі бірдей ақбозат
Былғарыдан шідерді
Толарсақтан өре сал!
Жүмілә әулие қолтықтап,
Тие берсін рухыңа!
89. [АЛАДАН АЛПЫС БИЕҢ ҚҰЛЫНДАП…]
—Аладан алпыс биең құлындап,
Алқалап ұлың байласын.
Желіден жетпіс інген боталап,
Қыз-келіншек қызығымен қомдасын!
Қарабасың хан болып,
Ұяласын періште
Сақалың мен мұртыңа.
Ораздыны көшіріп,
Намаздымен қонысып,
Отыңның басы
Перзентке толсын.
Сізге қас сағынғанның
Аузына қара қан толсын!
Әр елге әр перзентің патша болсын,
Батамыз біздің берген
Қабыл болсын!
БАТАЛАР
90. [ЕСКЕНДІР ЗҰЛХАРНАЙЫНДАЙ…]
—Ескендір Зұлхарнайындай бақытты қылғай,
Ал Хакім Сүлеймендей тақты қылғай,
Арынғазыдай даңқты қылғай!
Ақтылы қой, сарылы түйеңе қораң толғай,
Өңшең асыл перзентке ордаң толғай.
Әр елде әр перзентің патша болғай,
Жақсылық жаққан отың шырақ болғай!
Бұ бата бізден емес, Құдайдан-ай,
Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай!
Арысақ—ат, шөлдесек—сусын болған,
Хакімімізсің пайда болған лайдан-ай!
Он сегіз мың ғаламның басы болың,
Тентекті қайырғансың райдан-ай!
91. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…]
—Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Бай ет, мамыр ет,
Батамды мұстажап ет!
Құдайдан не тілесе, соны әзір ет,
Құдай Тағала, мұның ақ ниетін қабыл ет!
Бұған, Құдай Тағала,
Назар Сәнкебайдың малы мен басын бер,
Ұрпағына Хакім Лұқпанның жасын бер.
Ғалидың айбатын бер,
Діннің қуатын бер!
92. [ҚҰДАЙЫМ,
АЛАПАТ-КҰЛАПАТТАН САҚТА…]
—Құдайым, алапат-кұлапаттан сақта,
Иманбай, Нұрқаттан сақта.
Бастағы үш киіктен сақта,
Аяқтағы көп тентектен сақта!
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Түнде жүріп, түсі қашқаннан сақта!
Исекеңнің шоқпарын сүйретіп ақырғаннан сақта,
Оразымбеттің қорқып бақырғанынан сақта!
Е, Құдайым, өзімді малды қыл,
Дұшпанымды жарлы қыл!
Е, Құдайым, жыртықтан сақта,
Қорлықтан сақта.
Мал бер, бас бер,
Өмірі ұзақ жас бер!
Мұны айтқан Оразымбет,
Тілі сау да, көңілі дерт.
Бір Жаратқан Құдайым,
Дұспаныма қылма мерт!
Аллаху Әкбпар!
93. [ӘУЕЛІ, ҚҰДАЙ, ПӘЛЕДЕН САҚТА…]
—Әуелі, Құдай, пәледен сақта,
Жәледен сақта, қауіптен сақта,
Қатерден сақта!
Шайтанның шерінен сақта,
Патшаның қаһарынан сақта!
94. [ҚҰДАЙЫМ, МАЛДЫ ҚЫЛ…]
—Құдайым, малды қыл,
Тең құрбыңның алды қыл.
Қас сағынған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл!
95. [ҚҰДАЙЫМ, БАЙ ЕТ…]
—Құдайым, бай ет,
Төрт түлікке сай ет.
Ұл-қызды көп беріп,
Көңілдің мұңын жай ет!
БАТАЛАР
96. [ЕРТЕ ТҰРЫП ТЫҢДАСАҢ…]
—Ерте тұрып тыңдасаң,
Сексен інген боздасын,
Сегіз келін қомдасын.
Тәңірі сүйіп оңдасын,
Бұл адамға қас сағынған оңбасын!
97. [ҚЫЗЫР АТА ӘУЛИЕ…]
—Қызыр ата әулие,
Тар жер, тайғақ кешуде
Қолынан демеп ұстай көр!
Әуелі Құдай, екінші Пайғамбар,
Үшінші Шаһариар,
Төртінші Алхамду,
Жарылқай көр Сұбхан!
98. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
—Е, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын,
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Мал иесі—Мұхаммед,
Жан иесі—Хазірет,
Не тілегін әзір ет,
Еткен ниетін қабыл ет!
99. [Е, ҚҰДАЙЫМ, ҚОЙ БЕРСЕҢ…]
—Е, Құдайым,
Қой берсең, қошқарымен бер,
Жылқы берсең, айғырымен бер.
Түйе берсең, бурасымен бер,
Сиыр берсең, бұқасымен бер!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
100. [Е, ҚҰДАЙЫМ,
ҚҰМЫРЫСҚА-ҚҰРТТАН САҚТА…]
—Е, Құдайым,
Құмырысқа-құрттан сақта,
Жапандағы бөріден сақта!
Е, Құдайым, жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қарсыз ет,
Ұл-қызын мұңсыз ет!
Е, Құдайым,
Шыққанның есесін бер,
Кіргеннің берекесін бер!
101. [МЫРЗА БОЛСА ҚАТЫНЫҢ…]
—Мырза болса қатының,
Қоңсы қонар қасыңа.
Берекет берсін мал мен басыңа!
Қырғауылдай қырғилап,
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
102. [ЖАМАН БОЛСА ҚАТЫНЫҢ…]
—Жаман болса қатының,
Қоңсы кетер қасыңнан,
Билік кетер басыңнан,
Береке кетер асыңнан.
Жалған қатын айырады
Ер жігітті досынан.
Менің берген батихам:
«Жаман қатынды алмаңыз» деп,
Өтінемін, Асылан!
Аз да болса, көптей көріп,
Риза болыңыз осыған.
Біздің берген батамызды
Қабыл қылғай еді
Нұх пайғамбар атамыз!
Альхамду лиллахи,
БАТАЛАР
Альхамду берекетін бер!
Аллаху әкбар!
103. БАТА СӨЗДЕР
—Я, Құдай оңласын,
Оң жолына толғасын.
Аспанда Құдай, жерде әулие,
Ақсақалды қорғасын!
Я, Құдай, сақтасын,
Ауылын аймағымен сақтасын!
Қазанын қаймағымен сақтасын,
Биесін тайларымен сақтасын.
Түйесін тайлағымен сақтасын,
Қойын көгенімен сақтасын!
Туысқандарын дегенімен сақтасын,
Кемпірін шалымен сақтасын.
Бала-шағасын,
Келін-кепшегімен сақтасын!
Аллахуәкпар!
104. [БАТА БАС БӘЙГІ АЛ…]
—Бата, бас бәйгі ал,
Пәлекетін қайтар.
Судың түбі лай,
Жарылқасын Құдай!
Я, Құдай, малды қылсын,
Басты қылсын.
Еліңе қас қылғанның
Тамағына тас тығылсын!
Елің ердей болсын,
Көңілің көлдей болсын.
Бақытың таудай болсын,
Байлығың құрымдай болсын,
Дұшпаның құйқадай болсын!
Аллахуәкпар!
19-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
105. [ӘУЛИЕ СЕНІ БАЙ ҚЫЛСЫН…]
—Әулие сені бай қылсын,
Төрт түлігіңді сай қылсын!
Балалы етсін шағалы,
Ел ішінде жағалы.
Балаң болсын палуан
Рүстемдей шамалы.
Бір өзенге сыймасын
Мал-басыңның қаралы.
Ерген кісінің
Тимесін саған залалы!
Дастарқаның кең болсын,
Дұшпаның сенің кем болсын!
Қайырлы болсын дәулетің,
Құрбыңнан асып сәулетің.
Ұзын болсын өмірің,
Буына соның семірің!
Болыс болсын бір балаң
Тастан соққан қорғандай.
Молда болсын бір балаң
Мешітке имам болғандай!
Батыр болсын бір балаң,
Жауға шапсын қорғанбай.
Ісімер болсын бір балаң,
Әр өнерге ойланбай!
Жомарт болсын бір балаң,
Көргеннің көзі тойғандай.
Шешен болсын бір балаң,
Сөз сөйлесін толғанбай.
Шаруашы болсын үш балаң,
Айтып қолмен қойғандай!
Әдепті болсын келінің,
Болдырмай ешбір желігін.
Қызың және көп болсын,
БАТАЛАР
Жас шыбықтай бұралған.
Керек десе жауапты
Ізетпенен сұраған.
Тоқтатты енді атаңыз,
Осы біздің батамыз!
106. [Е, ПАТША ҚҰДАЙЫМ…]
—Е, патша Құдайым,
Жарылқағанмен жандас ет,
Ораздымен оттас ет.
Кімді жарылқасаң,
Соның қасыңда ет!
Алдағыға азық, шүкір, нәубет,
Астыр, тастыр,
Үзілістірмей ұластыр,
Жақсылықпен жалғастыр!
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның пияда болсын.
Құдайың тілегіңді беріп,
Тұсауыңды алсын
Ерлердің дұғасы,
Жарандардың батасы!
Болмағай менің
Бұл батамның қатасы.
Тағы да бір Құдайым жарылқасын,
Басыңа Қыдыр дарысын!
Иманың мен жасыңа
Қыдыр дарысын.
Ішіп-жеген асыңа
Қыдыр дарысын!
107. [ШЫРАҒЫМ, МЫРЗАЛЫҒЫҢА…]
—Шырағым, мырзалығыңа,
Момындығыңа халқың бақсын,
Аллаға қылмысың жақсын.
Таңда махшардың күнінде
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алдыңнан бұлақ ақсын.
Періштелер маңдайыңнан сипап,
Жаурыныңнан қақсын!
108. [ҚАРШЫҒАДАЙ ҚАҢҚАЙЫП…]
—Қаршығадай қаңқайып,
Ителгідей талпынып,
Жүруші едің, Мырзажан.
Көкірегің ақ болсын,
Алтын басты әулием,
Алтыннан болсын тұмарың.
Айналаңның ұрысы—
Бәрі сенің құрбаның.
109. [ӘУМИН ДЕСЕҢ БІЗГЕ…]
—«Әумин» десең бізге,
Біз бата берeлік сізге.
Жасың жетсін жүзге,
Желің кетсін құла дүзге!
Мал мен басты,
Иман мен жасты
Қабат бермейді екен деп,
Тәңіріден күдер үзбе!
110. [ҚҰДАЙ-АЙ ТОБА…]
—Құдай-ай, тоба,
Тәубасын қабыл ет,
Дұғасын мұсажап ет,
Мәдинеде Мұхамет,
Түркістанда Қожа Ахмет!
Е, Мұхамет, болғайсың
Мына үмбетіңе жар, медет!
Бұ дүниеде жиғанды ет,
Ақыретте иманды ет!
БАТАЛАР
111. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЕСІҢЕ АЛ…]
—Е, патша Құдай, есіңе ал,
Өзің жарылқасаң,
Былайғының несі бар?
Е, патша Құдай,
Әуелі өз кәріңнен сақта,
Патшаның кәрінен сақта!
Қадамы қаттыдан сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Жиылған наздан сақта.
Тасыған судан сақта,
Ұйтқып жанған өрттен сақта,
Ыңырантып жатқан дерттен сақта!
112. [БІР ЖАСАҒАН ҚҰДАЙЫМ…]
—Бір жасаған Құдайым,
Бермесін басқа уайым!
Тең құрбыңның ішінде
Үстем болсын талабың.
Үйіңе мейман келгенде,
Ашық болсын шырайың.
Қолдарың жайып тілей бер,
Айрандай болып ұйыған
Бір өзіңе қылайын!
113. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…]
—Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жарылқасын деп келеді,
Кішкене ғана сабыр ет!
Бақ бер, бәледен сақта,
Қауіптен, қатерден сақта!
«Әумин» десең бізге,
Бата берелік сізге.
Әуелі, Құдай, жаздай бер,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жаздай берсең, жазбай бер.
Әуелі, Құдай, күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Әуелі, Құдай, қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер.
Бұл үйдің бізге берген дәмі тары екен,
О да өзінің бары екен.
Бұл үйге қас қылған адамды
Көтеріп тұрған жер ұрсын,
Аспандағы көк ұрсын.
Менің берген батам емес,
Бұрынғы Пайғамбардың берген батасы.
Оның болмас қатасы!
114. [ҚАБЫЛ БОЛСЫН МҰСТАЖАП...]
—Қабыл болсын мұстажап
Осы Құдай жолыңыз.
Малың мен басың тең өсіп,
Халықтың алды болыңыз!
115. [ШАЛҚАР КӨЛДЕЙ КӨП БОЛСЫН…]
Шалқар көлдей көп болсын
Қымыз бенен айраның.
Атағың мен атыңнан
Жұртқа тисін қайраның!
Айдағысыз малды бол,
Ағайынның алды бол.
Отыз ұлды орда бол,
Ұман жұрттың басы бол!
116. [БАҒА АЛМАСТАЙ МАЛДЫ БОЛ…]
—Баға алмастай малды бол!
Жалшы менен құлыңа,
Әбүйір берсін қызыңа,
Дәулет берсін ұлыңа!
БАТАЛАР
117. [КӨЗ ЖЕТПЕСІН ТҮЙЕҢЕ...]
—Көз жетпесін түйеңе,
Көз сүрінсін биеңе.
Соның бәрін берген соң,
Разы бол Иеңе!
118. [ТАСЫҢ ӨРГЕ ДОМАЛАП…]
—Тасың өрге домалап,
Өсе берсін ырысың.
Саған қас қылған дұшпанның
Өз руы құрысын!
119. [ҚҰДАЙЫМ МАЛДЫ ҚЫЛ…]
—Құдайым малды қыл,
Тең құрбыңның алды қыл.
Қас қылған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл!
120. [ҚҰДАЙЫМ, БАЙ ЕТ…]
—Құдайым, бай ет,
Төрт түлікке сай ет.
Ұл-қызды көп беріп,
Көңілін мұның жай ет!
121. [ДЕЛЕБЕНІ ҚОЗДЫРМА…]
—Делебені қоздырма,
Ағайыннан оздырма.
Кедей етіп шеттетіп,
Жатқа қолды создырма.
Данышпандық ой беріп,
Бұл өмірде тоздырма!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ар мен ұят, намыс бер,
Бақытты етіп қоныс бер.
Қыдыр ата қолдайтын
Ерік-жігер таныс бер!
Әумин!
122. [БАҒЫҢ БАР БОЛСЫН…]
—Бағың бар болсын,
Ашуың тар болсын!
Сыбағалы сәттерің
Мол әрі зор болып,
Алла қолдап,
Қыдыр ата жар болсын!
Ұлтыңның берекесін,
Әлемнің мерекесін,
Өмірдің көп есесін
Тәңір қолдап,
Бақыттың бес есесін берсін!
Ел ағасы болар ұлың болсын,
Елінің нұры болсын.
Жұртқа ана болардай қызың болсын,
Мейірімді шапағаттай ізі болсын!
Аспандағы ай,
Өздері бай,
Көңілдерің жай,
Балалардың мінгені тай болсын.
Дұшпандары қор болсын,
Достары зор болсын!
123. [О, ТӘҢІРІМ…]
—О, Тәңірім!
Көрік берме, көлік бер,
Ақыл-ес бер көріпкел!
Таудай талап, ерік бер,
Ұл бер, қыз бер,
Ақылды етіп теріп бер.
БАТАЛАР
Бақытты өмір сүрерлік
Ұл-қызыма серік бер!
Жігерімді құм қылма,
Досымды қу, сұм қылма,
Болмасын дұшпан сұңғыла!
Өмір сүрер ашық-айқын бет бер,
Бақытына ұл-қыздың
Өзің болшы себепкер!
Өзің берсең бақытты,
Қыдыр ата, періште қондыруға ептер.
Ұрпағыңмен мың жасап,
Бақыттың демін жүз асап,
Маңайың ақылдыларға толсын!
Әумин!
124. [ТӘҢІР ТІЛЕГЕНДІ…]
—Тәңір тілегенді,
Алла арманыңды орындасын!
Берсем, бата берейін,
Өткен ұлы аталар,
Жасап жатқан ағалар рухы көтеріп,
Халқының мейірі түссін!
Алған жарың қорғасындай салмақты,
Алтындай сәулелі,
Күмістей ақ, сүттей пәк болсын,
Уайым-қайғысы жоқ болсын!
Қыдыр Ата, періште,
Үй алдына кеп қонсын!
125. [АТАМЕКЕН АМАН БОП…]
—Атамекен аман боп,
Ақ шаңырақ жайнасын.
Отау тігіп ұрпақтар,
Тоты құстай сайрасын!
Саулықтарың мықты боп,
Өріс-ойлар шалқысын.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тату-тәтті өмірде
Көңіл-күйлер балқысын!
Қиын-қыстау кездерде
Аспанды бұлт шалмасын.
Үлкендерге ұрпақтар
Тауқыметін салмасын!
Қабыл болсын тілегім,
Шындықты шерткен жүрегім.
Ата-баба жар болып,
Құдірет болсын тірегің!
Осылай айтқан тілек орындалсын,
Бұлжымай түгелімен қабылдансын.
Қазақтың ақ ниетті азаматын
Құдайым бергенінен айырмасын!
Шаңыраққа бақыт қонсын одан әрі,
Ел аман, тыныш болсын жұрттың бәрі.
Ұрпақтар ата өмірін жалғастырсын,
Сол үшін «Әумин» дейік жас пен кәрі!
126. [АЛДЫҢА ҚАРА ТҮСПЕСІН…]
—Алдыңа қара түспесін,
Көзіңнен күлкі кетпесін!
Ғұмыр жасың мол болып,
Қызыр Ілияс қорғаның
Әр уақыт сені қолдасын.
Бақытты болып өмірің,
Басыңда қайғы болмасын!
Аруақтар сені қолдасын!
Аумин!
127. [ИӘ, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
—Иә, Құдайым оңдасын,
Еш жамандық болмасын!
Ұл менен қызың ержетіп,
Басыңа дәулет орнасын.
Келінің болсын келімді,
БАТАЛАР
Ұлың болсын білімді.
Бермесін қонақ төріңді,
Билесін ұлың еліңді!
Аллағу акпар!
128. [ӘМИН ДЕСЕҢ МАҒАН…]
—«Әмин» десең маған,
Бата бердім саған.
Қабыл болсын тобаң,
Қолтығыңнан демесін
Қыдыр бабам!
Уа, дәм ішкендер терлесін,
Маңыңа дұшпандар келмесін.
Тәңірім берген несібең
Күннен күнге өрлесін.
Талабыңды жүргізіп,
Тәңірім өзі оңдасын!
Гүл-гүл жайнат,
Тайдай ойнат!
Басың аман, бауырыңды бүтін қылсын,
Жорытқанда жолың болсын!
Қожа Пәуеддин қолдап өтсін!
Аллағу акбар!
129. [БАТА-БАТА БАУДАЙ БОЛ…]
—Бата-бата, баудай бол,
Басы биік таудай бол.
Көкала шапан көлдей бол,
Көшіп жүрген елдей бол!
Қазаның қаспақты болсын,
Сиырың баспақты болсын.
Ұл балаң он шақты болсын,
Қыз балаң моншақты болсын!
Әумин!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
130. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ,
МҰНЫҢ ЖОЛЫН АШЫҚ ҚЫЛ…]
Ей, Құдайым,
Мұның жолын ашық қыл,
Дұшпанынан қашық қыл!
Ей, Құдайым,
Мұны астыр-тастыр,
Жұлдызбенен жалғастыр,
Жамандардан адастыр,
Жақсылармен жолдас қыл!
Ей, Құдайым, мұны көп ет,
Көлдей мамыр ет,
Тілегенін қабыл ет.
Қарағанда көзің жіті болсын,
Қармағанда қолың ұзын болсын.
Құдайдан не тілесең, соны берсін,
Алдың базар, артың шаһар болсын!
Ей, Құдайым, бұған жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер,
Ей, Құдайым, бұған күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер,
Ей, Құдайым, бұған қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер!
Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,
Кең пейіл берсін, кетпес дәулет берсін,
Алғам диллахи, алғамның берекетін берсін!
Алла акбар!
131. [ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ЗОР БОЛСЫН…]
—Денсаулығың зор болсын,
Дастарқаның мол болсын.
Күнде-күнде қой сойып,
Қызғылықты той болсын!
Аллағу акпар!
БАТАЛАР
132. [УА, ПІРІМ…]
—Уа, пірім!
Жаралғанмен жолдас ет,
Ораздымен аттас ет.
Жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қарсыз ет.
Айдаған малын даусыз ет,
Дүниеден мұңсыз ет,
Иә, Құдайым бұған берме дерт!
Кетпес бақыт бер,
Кең пейіл бер,
Ұзақ өмір бер,
Екі дүниенің абыройын бер,
Абыройлы ғұмыр бер,
Алүам дилләхи,
Алқамның берекетін бер!
133. [КӨЖЕ ІСТЕГЕН КЕЛІНДЕР…]
—Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Орқояндай көзді бол,
Адам таппас сөзді бол!
Қыстан қысырамалдық,
Жаз күніндей жадырамадық,
Өткен ай өзімен кетіп,
Туған ай жарылқасын!
Аяз әлін біліп,
Күнікей күн жарылқасын!
Аллау әкпәр!
134. [МІНЕ, БАТА, АҚ НИЕТ…]
—Міне, бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт!
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет.
Алла атымен ниет ет,
Жоқ-жітікке рақым ет!
Тәңір сені қолдасын,
Уайым-қайғы болмасын.
Қабыл болсын оразаң,
Әулетіңді оңдасын!
135. [БАЙДЫҢ КӨҢІЛІ ЖАЙ БОЛСЫН…]
—Байдың көңілі жай болсын,
Мың жылқылы бай болсын.
Айдағаның қой болсын,
Шайнағаның май болсын.
Азын-аулақ дәулетің
Күнде өзіңе той болсын!
Жұртта қалған жырымың
Домалап келіп қой болсын.
Жұртта қалған тулағың
Тулап келіп тай болсын,
Тай болсын да туласын!
Бір тамырың сұрасын,
Сұраса да бермесін!
Атың-атың, ату бол,
Ағайынмен тату бол.
Жаз кигенің құлпы бол,
Қыс кигенің түлкі бол!
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол,
Үстінен қаз қаңқылдап өтпесін!
Бұрама темір, сом алтын,
Суға салсаң, батпасын.
БАТАЛАР
Тәңір берген несібең,
Тепкілесең, кетпесін.
Желінің бір шетіне
Оқ шырқасаң, жетпесін,
Сенен байлық өтпесін!
Есігіңнің алдынан
Елу інген боздасын,
Қораңнан бес жүз саулық қоздасын!
Қойшыңды мықтап салғайсың,
Күн бұлт, жауын жауғанда,
Адырлы жерге жайғанда,
Қойынан айырылып қалмасын.
Қасқырға қойын бермесін,
Сөйтіп, Құдай оңдасын!
Жылқың сенің мың болсын!
Жылқы деген жақсы мал,
Бес ұлыңа бақтырып,
Бес айдыннан суартып,
Бетегелі тауға жаба сал!
Сиырың сенің мың болсын,
Қысың қатты болғанда,
Қамысты жерге айдап сал!
Бісмылда алда әкпар!
136. [АҚ АЛА АТ, КӨК АЛА АТ…]
—Ақ ала ат, көк ала ат,
Келінжанды балалат.
Қыз тумасын, ұл тусын,
Бәрімізге қолқанат!
Балаларыңның мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Көңілдерің жай болсын!
Айтқанмен жарамазан тоямыз ба?
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Қой берсең, қозы берсең, жарасады,
Апарып ауыз ашарға соямыз да!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
137. НАУРЫЗ БАТАСЫ
—Наурыз келіп, қар кетті,
Ақ қар, көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен зар кетті.
Наурыз келіп, жаз кірді,
Жаз періште «Әз кірді».
Күнеске тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Жапырақсыз бұтақтар
Арбағай да сарбағай,
Желек жаппай қалмағай.
Арық-тұрақ төрт түлік,
Көк жеп жапа-тармағай,
Қабырға жаппай қалмағай!
Көтеремнің төрт бұты
Ербегей де сербегей,
Енді шығын бермегей.
Бізге келген бәлекет
Қармен бірге қаңғырып,
Таудан ары өрлегей,
Мұсылман бетін көрмегей!
Уа, бәлекет, бәлекет!
Еріп аққан сумен кет,
Көтерілген бумен кет!
Қызарып батқан күнмен кет,
Қарайып батқан түнмен кет,
Ағарып атқан таңмен кет!
Жақындамай мал-басқа,
Тау-таста өлген аңмен кет!
138. [НАУРЫЗДЫ ЖЫЛЫ ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ…]
—Наурызды жылы қарсы алайық,
Асқақтата ән салайық.
Күн нұрына бөленейік,
Бақ-ырысқа кенелейік.
Дүниеге жаңа адам кеп,
Құмырсқадай көбейейік!
Ақшақардай ақ көңілдер,
БАТАЛАР
Бола берсін шат көңілдер.
Болмасын тек арамызда
Арам, пиғыл, жат көңілдер!
Отау тігіп жас жұбайлар,
Шыға берсін Ыбырайлар.
Бәріміз де сау болайық,
Кішкентайлар дәу болайық!
Шетімізден жүз жасайық,
Ерлік жасап шыңға асайық.
Табысымыз тaудай болсын,
Басымызға бақыт қонсын,
Қоймамызға астық толсын!
Ғалым асқар аса берсін,
Жаңалықты аша берсін.
Жаңа жылда жаңа бақыт
Алдымыздан тоса берсін!
Әумин!
139. [УА, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
—Уа, Құдайым оңдасын,
Кедергі жолда болмасын!
Екі жастың тілегін
Періштелер қолдасын.
Ғайып-ерен қырық шілтен
Қашанда болсын жолдасың!
Арандатқан араны
Қаскүнемдер оңбасын.
Ел ырысы молайып,
Малың көкке тойынсын.
Қуанышың құтты боп,
Ұзағынан сүйіндірсін!
Әумин!
140. [ҚҰТТЫ БОЛСЫН ШАҢЫРАҚ…]
Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
20-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.
Жан-тәніңмен сый көрсет,
Ақ сүтін сорған анаңа!
Сүйген жарың аман болсын,
Ел сүйер ақпейіл санаң болсын.
«Балалы үй—базар» деген ата-бабам,
Сүйгеніңнен он шақты балаң болсын,
Ел қорғаны, ақылды, адал болсын!
Отыңның басы басқа толсын,
Дастарқаның асқа толсын.
Немерелерің—мұрагерің
Ұзақ өмір жасқа толсын!
141. [АЛ, ӘУМИН ДЕСЕҢ, ҚОЛЫҢ ЖАЙ…]
—Ал, «әумин» десең, қолың жай,
Көпшіліктен бата алып,
Болсын, балам, көңілің жай!
Құт болсын,
Отау тігіп, от жағып,
Семья құрған үйлерің!
Арта берсін
Бақыт, дәулет күйлерің,
Қолтықтасын, қолдасын
Бифатима пірлерің!
Малға толсын өрісің,
Жайлы болсын қонысың.
Орнына кеп оңалсын
Талап еткен әр ісің!
Қораға толсын қойларың,
Орындалсын арман еткен ойларың!
БАТАЛАР
Боталап өссін түйесі,
Аман болсын семьяның үлкен иесі.
О да өссін сиырың,
Сиырың өссе мыңғырып,
Айран, қатық, майға шықсын бүйірің!
Ал, балалар,
Шаңырақтарың биік болсын,
Мал мен басты бастарыңа үйіп берсін!
Босағаларың биік болсын,
Тату-тәтті, махаббатты,
Біріне-бірі серік болсын.
Оттарың басы шуылдап,
Күл шашарларың көп болсын!
142. [ЖЕТЕГІҢ БҰЙДА БОЛСЫН…]
—Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын!
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Бесігің алдыңнан түспесін,
Жамандық саған жетпесін!
143. [ЕЛІҢЕ ЕЛЕУЛІ БОЛ…]
—Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайын-қайынағаңа жағымды бол!
Ауылыңа абыройлы бол,
Куйеуіңе жайдарлы бол!
144. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]
—Әуелі Құдай оңдасын,
Оң жолына бастасын,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыдыр бабам қолдасын!
Бұрама темір, сом алтын,
Суға салса, батпасын.
Тәңірің берген ырзығың,
Тепкілесе, кетпесін!
Көген бұршақты болсын,
Перзентің оншақты болсын!
145. [ЖАНДЫ ЖАҚТЫ ҚЫЛСЫН…]
—Жанды жақты қылсын,
Малды бақты қылсын.
Екі жас өмірлі болсын,
Ата-енесіне мейірлі болсын!
146. [СЕЗІМНІҢ ПӘКТІГІН БЕРСІН…]
—Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін.
Жылушы отбастарыңа
Сәбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын.
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын.
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақтасын.
Асып-тасқанынан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын.
Бибі Фатима анамыздың
Аруағы өздеріңе жар болсын!
Әумин!
БАТАЛАР
147. [АҚТАН БЕРСІН, АДАЛДАН БЕРСІН…]
—Ақтан берсін, адалдан берсін,
Бәлекетін жатқа берсін.
Абырой, арын жатқа берсін,
Ер маңдайын баққа берсін!
Қара түндей қазаны
Қас ойлаған жатқа берсін.
Сөнбес күндей шат көңіл,
Адал ниет екі жасқа берсін!
Жасқа берсе адал ниет, ақ көңіл,
Алтын орда, биік шаңырақ
Жұматай мен Майра сынды датқа берсін!
148. [БЕТАШАР ТОЙДЫҢ АТАСЫ…]
—Беташар—тойдың атасы,
Сөзімнің бар ма қатасы.
Бет ашам деген болады
Жастарға берер батасы.
Соған жылжып келейін.
Құдайым, әуел баста басты берсін,
Қайырлы ұзақ ғұмыр жасты берсін!
Құдайым енді берсе, миды берсін,
Мүбарак берген батам қабыл болсын!
Тұяқ риза, бұлбұл торғай сайрап тұрсын,
Самауыр төрт-бес жерде қайнап тұрсын.
Сүт ішіп төрт көнектен төрт бедеуің,
Шарбақта асыр салып ойнап тұрсын!
Үйіңе күнде қонақ қонып тұрсын,
Сыйысып ақ ордалы тасып тұрсын.
Терісі бес айғырдың саба болып,
Қымызын қыз-келінің құйып тұрсын!
Баласы көргендінің мен де бір ер,
Еһ, Алла, бұл жастарың тілегін бер!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
149. [Я, ЖАРАТҚАН ҚҰДАЙ…]
—Я, жаратқан Құдай,
Сенің әмірің болғай!
Сұңқар ұшты қиядан,
Бала ұшты ұядан.
Жан Иеміз қолдай гөр,
Шын бақытқа жолдай гөр!
150. [БАЛАМ, ЗЕРДЕЛІ, ДАНА БОЛ…]
—Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Лебізіңе жұрт ғашық болсын,
Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!
Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,
Қасыңнан азғырушы қашық болсын!
Қиындық көрсең, мұңайма,
Ауырлық көрсең, жұқарма.
Себебі: жарларлық олар емес,
Дүниеқоңыздық өмір емес!
Біріншіден,
Тәңірден панаң болсын,
Қиында оның сөзі шипа болсын!
Екіншіден,
Алған жарың жақсы болсын,
Ата-анаңды сыйлайтын болсын!
Үшіншіден,
Балақанмен бесік іші жыбыр болсын,
Отбасы баламенен дүбір болсын!
Лайым солай Құдай қолдай берсін,
Ақ тілектеріңді қабылдай берсін!
Аллаху әкбар!
151. [БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР…]
—Бақытты болыңдар,
Бақтарың ашылсын,
БАТАЛАР
Әр күндерің шаттыққа толсын!
Босағаларыңа жамандық жетпесін,
Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын!
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан Ием жақ болсын.
Ынтымақтарың серік болсын,
Шаңырақтарың берік болсын!
Несібесі еселі болсын,
Дастарқаның жайыла берсін.
Қызықтарың тең болсын,
Ауыл мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын!
Жолдастарың ақ болсын,
Жақсылыққа тап болсын!
Сән-салтанатты болыңдар,
Мал-дәулетті болыңдар!.
Әумин!
152. [ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН ҚАДАМЫҢ…]
—Қайырлы болсын қадамың,
Келген жеріңе баянды бол, шырағым!
Көп жасап күміс болма,
Аз жасап алтын бол, шырағым!
Қасың менен досыңды
Қас қабақтай тани біл!
Жұптарың айырылмай,
Тату-тәтті өмір кешіңдер!
153. [ЖЕТЕГІҢ БҰЙДА БОЛСЫН…]
—Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын!
Бесігің алдыңнан түспесін,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін!
154. [ТІЛЕК ТІЛЕП ЖАЛҒЫЗ ХАҚҚА...]
—Иә, өмір қызығын бере берсін,
Не бергеннің қайырын берсін.
Еңбектерің жемісті болсын,
Тұрмыстарың келісті болсын!
Бақ қарасын, қыдыр дарысын,
Деніңе саулық берсін!
Дастарханның байлығын берсін,
Берген дәмің бал болсын,
Өріс-қонысың бар болсын.
Осы үйге қастық қылған
Дұшпаның дал болсын,
Өміріңе Тәңір жар болсын!
Ел басыңа туған ер бол,
Ақылың дария көл бол.
Көпке бірдей күн бол,
Халық аузында жыр бол,
Халқыңа лайықты ұл бол!
Баланың бауы берік болсын,
Өздеріңе ер жетіп серік болсын.
Екі босаға аман болып,
Келін тағы да жерік болсын!
155. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]
—Е, Құдайым оңдасын,
Малымыз бен жанымызға,
Еш жамандық болмасын.
Жортқанда жолымыз болсын,
Қыдыр ата жолдасымыз болсын!
Жалындаған оттан сақта,
Сарқыраған судан сақта.
Бәле-жаладан сақта,
Алланың кәрінен сақта.
Түн жүріп, түс қашқаннан сақта,
БАТАЛАР
Дос болып жүріп,
Қас болғаннан сақта!
Құдай Тағала!
Жайған дастархандарың жайыла берсін,
Бауырсақтарың шашыла берсін!
156. [«БАТА» ДЕДІҢ МАҒАН…]
—«Бата» дедің маған,
Бақ дарысын саған.
Дастарханыңнан кетпесін
Адал тапқан тағам.
Аллаһу акбар!
157. [АҚ ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ…]
—Ақ дастарқан жайылды,
Табақ толы ас келді.
Бізге берген асыңыз,
Көбейе берсін басыңыз.
Бізге берген жілігің,
Арта берсін білігің.
Бізге берген омыртқаң,
Малың болсын шұбыртқан.
Бізге берген жамбасың,
Аман болсын жан-басың.
Бізге берген жаурының,
Ауырмасын бауырың!
Әумин!
158. [ШӘЙЛАРЫҢ ҚЫЗЫЛ БОЛСЫН…]
—Шәйларың қызыл болсын,
Ғұмырларың ұзын болсын,
Дұшпандарың қашып жүрсін!
Досыңнан көңілің қалмасын,
Дұшпаның жағаңнан алмасын,
Ғайып-Ерен Қырық Шілтен қолдасын!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
159. [ЖАРЫЛҚА, АЛЛА, ҚАБЫЛ ЕТ…]
—Жарылқа, Алла, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет.
Атақ-абырой, бақ қонып,
Алла Тағала не зат тілесең қабыл ет!
Періште әумин десін!
160. [ДАСТАРХАНЫҢА БЕРЕКЕ БЕРСІН…]
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін!
Жандарыңа тыныштық берсін,
Дендеріңе саулық берсін.
Қызметтеріңе табыс берсін,
Еңбектеріңе жеміс берсін!.
Дастарханың мол болсын,
Ағып жатқан көл болсын.
Бала-шаға өніп-өсіп, өркендеп,
Алды-алдына ел болсын!
161. [ДАСТАРХАН ТОЛЫ АС БОЛСЫН…]
—Дастархан толы ас болсын,
Ордаң толған бас болсын,
Бәріне де бір-бір ғасырлық жас болсын!
Дастарханға келген ел
Ішпей-жемей мас болсын!
162. [ДАСТАРХАНДАРЫҢ ТОҚ БОЛСЫН…]
—Дастархандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Тепкілесе, кетпейтұғын,
Маңдайға біткен бақ болсын!
БАТАЛАР
163. [ДАСТАРХАНҒА БЕРЕЙІН МЕН БІР БАТА…]
—Дастарханға берейін мен бір бата,
Соңымнан еріп жүрсін Қыдыр ата!
Бізге жайған дастарханың мыңға жайылсын,
Қайнамаған самаурын жүз қайнасын.
Төр алдында топырлап бала ойнасын,
Су қайнамай, қазаныңда май қайнасын!
Қора толған төл қоса ойнасын,
Құда менен құдағи қатар келіп,
Домбыра алып, ән салып, күй ойнасын!
Айтамын мен бәрі де жақсы-жақсы болсын,
Осыменен батамыз тамам болсын,
Жылдан-жылға Отаным аман болсын!
164. [БЕРЕЙІН БАТА АСЫҢА…]
—Берейін бата асыңа,
Амандық берсін отбасына!
Мұратың асыл болсын,
Жарылқап Тәңірі бақ берсін.
Дастарханға ақ берсін,
Бұл үйге мол дұға берсін!
Ізгі хабарды ұқтыра берсін,
Мерейің үстем болсын.
Нәсібің артық болсын,
Үй ішің, ұрпағың аман болсын,
Ақ тілегің қабыл болсын!
Бір Құдайым оңдасын,
Ізгі бастауыңды қолдасын.
Ақ батамды айтқаным,
Қабыл болсын!
Аллаху әкбар!
Айдай жарқыра,
Жұлдыздай жарқыра!
Маңдайың ашық болсын,
Дұшпаның қашық болсын!
Аллаху әкбар!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
165. [ҚҰДАЙЫМ ОСЫНАУ ҮЙГЕ
ДҰҒА БЕРСІН…]
Құдайым осынау үйге дұға берсін,
Тіл-аузын дұшпанының буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін, сары ұлдар туа берсін!
Аллаху әкбар!
Үбірлі-шүбірлі бол,
Аллаху әкбар!
Қосағың мен қоса ағар,
Аллаху акбар!
166. [ДАСТАРҚАНЫҢА БЕРЕКЕ БЕРСІН…]
—Дастарқаныңа береке берсін,
Бақ-дәулетің өсе берсін!
Әз-Жәнібектей көсем бол,
Жиреншедей шешен бол,
Әрдайым аман-есен бол!
Отанға тыныштық берсін,
Халқымызға бірлік берсін.
Тірілерге ризық берсін,
Өлілерге иман берсін!
Осылай деп тілейік тілекті,
Бір Алла өзі қабыл етсін!
Аллаһу акбар!
167. [ДАСТАРҚАННЫҢ ПАРЫЗЫ…]
—Дастарқанның парызы
Батасымен жарасар.
Жиналған жұрт масайрап,
Бір-біріңе қарасар.
Бастайды енді қария
Дастарқанның батасын.
Мұндай құрмет келгенде,
Ойланып қалай жатарсың.
БАТАЛАР
Сыйға арналған дастарқан
Ризығымен толыссын.
Қабыл алып тілекті,
Пайғамбарым болыссын!
Бақыт қонсын басыңа,
Қыдыр келсін қасыңа.
Шатты өмірге кенелсін
Үлкені де, жасы да!
Өміріңіз сәнденіп,
Болыңыз сау-саламат.
Тап осылай жарасып,
Бұл өмірде ғаламат
Үлкен кіші ағайын!
Батаны мен де болайын,
«Әумин» деңіз ниетке,
Бір жасап мен де қалайын!
«Әумин!»
168. [ДАСТАРҚАННЫҢ БАЙЛЫҒЫН
БЕРСІН…]
—Дастарқанның байлығын берсін,
Деннің саулығын берсін.
Шарбағың кең болсын,
Төрт құбылаң тең болсын.
Іші толған бау-бақша болсын,
Үйің толған бала болсын.
Аллағу акпар!
169. [ІШКЕНІҢ ШАЙ БОЛСЫН…]
Ішкенің шай болсын,
Жегенің сары май болсын.
Шәй бергенде қонаққа,
Көңіл-күйің жәй болсын!
Қандай тағам қойсаң да,
Ниетіңе сай болсын.
Қысқа арнаған соғымың
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Арда емген тай болсын.
Қазы-қарта жиырылып,
Балқыған жая, жал болсын!
Саулықтарың құрыштай,
Өміріңізге сән болсын!
Шайға жайған дастарқан
Ұлы тойға ұлассын.
Әр қонақтың жаршысы
Шай ішуден басталып,
Өмірге солай жарассын!
Әумин!
170. [Я, TӘҢІРІМ, САҚТА…]
Я, Tәңірім, сақта,
Бақыт бер басқа,
Таупық бер жасқа.
Бармын деп таспа,
Жоқпын деп саспа!
Береке бер
Ішіп-жейтін асқа!
171. [ӘУЕЛІ, ҚҰДАЙ, ЕСЕН ЕТ…]
—Әуелі, Құдай, есен ет,
Жиреншедей шешен ет,
Атымтайдай көсем ет!
Ақылдың құлпын берсін,
Ибраһимнің бақытын берсін,
Сүлейменнің тақытын берсін!
Қыдыр құсы қонсын қасыңа,
Бұлбұл құсы қонсын басыңа.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын!
Жоғары болсын жұлдызың,
Бақытты болсын ұл-қызың.
Ал иесі байысын,
Ойлағаның жақсылыққа сайысын!
БАТАЛАР
Дәмді сөзден бата қылмақ бізден,
Аллаху акбар!
172. [БАЛА ТУДЫ БІР АДАМ…]
—Бала туды бір адам,
Кең дүниеге келген соң
Бүгін мұнда мың келсін,
Бала туған күн болсын!
Бала жайлы жыр болсын,
Халайық, тілек тілейік.
Осы бала кім болсын?
Таудай болсын бақытты!
Тау болғанда шың болсын,
Бейне бір шоқ гүл болсын.
Мықтылығы піл болсын,
Пілдей мықты болса егер,
Бұдан мықты кім болсын?
Бұл үйде емес жалғыз-ақ,
Барлық елге ұл болсын,
Халық аузында жыр болсын!
173. [АСА БІР СОҚҚАН ЖЕЛДЕЙ БОЛ…]
—Аса бір соққан желдей бол,
Алыстағы сары белдей бол.
Арқаның ақ төсіндегі
Ақ айналы көлдей бол!
Толықсып жатқан елдей бол,
Қарқаралы, Көкенедей көрікті бол,
Бурабай көліндей мөлдір бол.
Көңілді өміріңе көлеңке түспесін,
Таудай биік парасатты бол!
Даладай дархан бол,
Теңіздей терең, ақылды бол,
Құшағың кең, мейірімді анадай бол!
Иә, мен ақ шашты атамын,
Күн сайын саған, ұрпақтар,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақ тілеу тілеп жатамын.
Алдыменен, аман болсын Отаным,
Өмірің күрсінбесін,
Ұяңның жұмы сілкінбесін,
Ата-анаңның қызығы таусылмасын,
Дос түгіл, ұрпақтарды жау сыйласын!
174. ШІЛДЕХАНА БАТАСЫ
Құтты болып биігің,
Артық болып несібең,
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар!
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан, ұл тапқын.
Жарқыраған шолпандай,
Қыз артынан, қыз тапқын!
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерің қабыл боп,
Орындалсын ойларың!
Әумин!
175. [НӘРЕСТЕНІҢ БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН…]
—Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын.
Азамат боп ержетіп,
Ақсақал боп төрлетсін!
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берік-ті.
Қолқанаты көп болып,
Арт-артынан бере берсін серікті!
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты.
БАТАЛАР
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты!
176. [БАЛАНЫҢ БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН…]
—Баланың бауы берік болсын,
Өздеріңе ержетіп серік болсын.
Екі босаға аман болып,
Келін тағы да жерік болсын!
177. ТҰСАУ КЕСЕР БАТАСЫ
—Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама!
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки, өзіңді сына да.
Секірсең құздардан, сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда бүгілме!
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасын түгіңде!
Ұзақ боп, иншалла, өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.
Кесілді, балам, тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас!
Биік болып ұшарың,
Асқарлармен қанаттас.
Қасың қылар айла, мұң,
Қапылыста сүрінбе!
Әумин!
178. СҮНДЕТ ТОЙҒА БАТА
—Би-исми-л-лаһи-р-раһман-р-раһим,
Мұсылман болдың, қарағым,
21-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кәне, бері қарағын!
Шырағым, жағар ұлысың
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен
Жасалсын барлық жарағың!
Көрімдігің мінекей,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң, қой берем,
Тай сұрасаң, тай берем.
Зат сұрасаң, зат берем,
Ат сұрасаң, ат берем,
Батырлығың байқалса,
Сауыт берем ақберен.
Мұратыңа жете бер,
Күннен күнге өсе бер.
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінің,
Өз қолың мен шеше бер!
Әумин!
179. [ЖАС ҰРПАҚ ӨМІРЛІ БОЛСЫН…]
—Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын-туысқа пейілді, қадірлі,
Өнегеге зейінді болсын!
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Жанқожа батырдың аруағы қолдап,
Ел қорғайтын батыр болсын!
Үш жүздің биіндей
Шындықты айтар ақын болсын,
Халқым деген жүрегі болсын,
Жұртының қамқор тірегі болсын!
Абыройы өрлесін,
Ел алдында ерлесін,
Жаманшылық көрмесін!
Аллағу акпар!
БАТАЛАР
180. [САПАРЫҢДЫ ОҢДАСЫН…]
—Сапарыңды оңдасын,
Бабаңның рухы қолдасын.
Тәртіпке түсіп шынығып,
Сайланып қару бойға асын!
Сен еліңнің пырағы,
Отанды қорға қырағы.
Ел шетіне жау тисе,
Ажал болсын тұрағы!
Мәнісін ұқ батамның,
Борышын өте Отанның.
Амандық пен саулықты,
Мен де тілеп жатырмын.
Аман барып, сау қайтып,
Берсін жолдың төтесін!
Екі жылдық міндетті
Абыроймен өтесін.
Бере берсін тілеуді,
Бейбітшілік жасасын!
Шыныға бер болаттай,
Елге жауды жолатпай.
Қатаң сақта тәртіпті,
Тура жүрген сағаттай!
181. [ЖОРТҚАНДА ЖОЛЫҢ БОЛСЫН…]
—Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қызыр болсын.
Құрығың ұзын болсын,
Түтін түзу болсын!..
182. [ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН ҚАДАМЫҢ…]
—Қайырлы болсын қадамың,
Сапарыңды оңдасын,
Қыдырдан болсын жолдасың.
Ата-баба аруағы
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сапарыңды оңдасын!
Жаратқан жаппар бір Құдай,
Бір өзіңе тапсырдым!
183. САҚТЫҚ БАТАСЫ
—Уа, Құдай, тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта!
Қара жүрек бақылдан сақта,
Көкдауыл қатыннан сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта!
Бұзық болған ұлыңнан сақта,
Түнеріп атқан таңнан сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Жастарыңда әдеп жоқ,
Үлкендеріңде бәтуа жоқ,
Айғай-шу заманнан сақта!
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.
Аллаху акбар!
184. [ МЫНА БЕРГЕН БАСЫҢ…]
—Мына берген басың,
Аман болсын кәрі-жасың.
Мына берген жамбасың,
Аман болсын жолдасың!
Мына берген жілігің,
Аман болсын ілігің.
Мына берген төсің,
Бақ дәулетің өссін!
Мына берген омыртқа,
Жамандыққа жолықпа.
БАТАЛАР
Мына берген қабырға,
Ынтымақ-бірлігіңнен айрылма!
Жолға шықсаң, жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын!
Аруаққа иман берсін,
Пайғамбарға салауат берсін!
Жарылқасын Құдайым,
Болмасын ешбір уайым.
Шаңырағың биік болсын,
Босағаң берік болсын.
Алла ісіңді оңдасын,
Ауру-сырқаудан қорғасын,
Адал іске жолдасын!
Көрген күндер ашық боп,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Дос болған адам қас болса,
Бұл дүниеде оңбасын!
Арыстанның айбатын,
Жолбарыстың қайратын берсін.
Абырой бер амандық,
Бере көрме жамандық!
Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Нұрмұхаммед жәрдем ет.
Ғайып Ерен Қырық Шілтен қолдау ет!
Жарылқасын Алла,
Көңілге қайғы салма.
Ынтымақ-бірлік, жомарттық
Берекесін алма!
Жарылқасын Құдайым,
Тарттырмасын уайым.
Тілегімді қабыл ет,
Балаларды ғұмырлы ет,
Дертіне дауа ет!
Қатын-бала, мал-мүлкіңнің
Қызығы мен ғұмырын берсін.
Жортқанда жолың болып,
Қожай-Пәуеддин қолдап өтсін!
Аллаһу акбар!
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
185. [МЕКЕНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН…]
—Мекеніңіз құтты болсын,
Саулығыңыз мықты болсын.
Жұмысыңызда жеміс болсын,
Баршаңызға тегіс болсын!
Өмірлерің ұзақ болсын,
Гүлденген нұрға толсын.
Мақсатыңыз орындалсын,
Ойыңыздай бола қалсын!
Шаңырағыңыз сәнді болсын,
Дастарқаныңыз майлы болсын.
Дос-жараныңыз көп болсын,
Мұқтажыңыз жоқ болсын!
Құдірет жарылғасын,
Тілекті қабыл алсын.
Ойын-күлкі қызықтан
Бұл өмірде айырмасын!
Қолдасын ата-баба аруағы,
Таңдансын сізге қарап жұрттың бәрі.
Айтылған батамызды қабыл ал деп,
Қол жайып «әумин» деңіз жас пен кәрі!
186. [АМАН БОЛСЫН БАСТАРЫҢЫЗ…]
—Аман болсын бастарыңыз,
Көбейе берсін достарыңыз,
Көркейе берсін қостарыңыз.
Күліп-ойнап шаттықпен,
Жүзге толсын жастарыңыз!
1. [ТІЛЕГІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН…] Тілегіңіз қабыл болсын, Жүрегіңіз жалын болсын! Келісім келте болмасын, Сөзің жалтақ болмасын! Жылың құтты болсын, Өмірлерің мықты болсын! Аспандарың ашық, Жұлдыздарың жарық болсын. Абыройларыңыз асқар таудай болсын! Көш көлікті болсын, Мал төлді болсын! Айың оңыңнан тусын, Жұлдызың солыңнан тусын! Талабың таудай боп, Өмірің өрге өрлей берсін! Өмірің өрісті болып, Ұрпағың молая берсін! Сырбаздығыңа сызат түспесін, Адал көңіліңе қаяу түспесін! V. Алғыс, тілек сөздер 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ата-ананың ақ батасын аттаған бала оңбасын, Ата-ананың ақ тілегі тозбасын! Жақсылық әр кез шыңнан аса берсін, Жамандық әр кез шандақта қала берсін! Шаңырағыңа шаң түспесін, Көңіліңіе кірбің түспесін! Өзің де, өнерің де ғұмырлы болсын! Еліңе сүйеу бол, Жұбайыңа да сүйеу бол! Айдай ашық, күндей ыссы бол! Күйің қаймақтай бал татысын, Жырың жүректен жалын боп атылсын! Қартайсаң да сөзден жаңылма, Ақылдан алжаспай өт! Қайғыңды әзілге жеңдір, Зілді сөзге жеңдір! Қазаның оттан түспейтін, Есігің жабылмайтын, Дастарқаның әсте жиылмайтын, Құт-береке дарыған, базарлы, ажарлы үй болсын, Мұны көре алмағандар күл болсын! Күңіренген ене болмасын, Безірейген келін болмасын! Анаңды гүлдестедей құшақта, Әжеңді нәрестедей құшақта! Қайғыға болаттай берік, Жездей төзімді бол! 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22.
АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР Именшек келін бол, Еліңе елеулі, Халқыңа қалаулы, Үйге құт-береке әкелген келін бол! Жақсымыз жадымызда жүрсін, Жаманшылық шаңымызда жүрсін! Астыр-тастыр, Жақсымен жанастыр, Жаманды адастыр! Аузыңнан ақ кетпесін, Басыңнан бақ кетпесін! Бала мен келін мықты болсын, Жыл құрғатпай жүкті болсын! Азасыздан сақ бол, Азалыға жақ бол! Ошақ басының оты сөнбесін! Айқасқан құшақ жазылмасын, Табысқан жүрек басылмасын! Қадірің қашып шашылмасын, Қуатың қайтып басылмасын. Тас жүрек емес, ақ жүрек бол, Қабақты емес, сабақты бол! Ұлы ұядан ұшсын, Бірақ тұғырың ұмытпасын. Қызың қияға ұшсын, Бірақ құтты жерін ұмытпасын! Тілеуімді берсін, Айтқаным келсін! 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Той тойға ұлассын, Бақыт балаға ұлассын! Ел танитын, елге мейірімің түсетін азамат болып өс. Ел билейтін ер бол, Өрісіңді өрт шалмасын, Жүрегіңді дерт шалмасын. 2. [ХАЛҚЫҢА ҚАЛАУЛЫ…] Халқыңа қалаулы, Еліңе елеулі азамат бол. Қолың бесіктен кетпесін, Етегің доңғақтан кетпесін! Еңкейгенде етегің толсын, Шалқайғанда шалғайың толсын! Келін еңкейгенде егіз ұл, Секіргенде сегіз қыз тапсын! Бейбітшілік ақыр-ақырына дейін кете берсін, Адамгершілік ұрпақтарға жете берсін! Құлағыңыз суық сөз естмесін, Көзіңіз жаманшылық көрмесін! Ауылыңның таңы бол, Маңдайдағы бағы бол! Бағың жемісті болсын, Далаң егісті болсын! Ырысты, тірлікті, ауызбірлікті өмір берсін! Дәмді асың ел аузынан кетпесін, Жақсы ісің баспасөзден түспесін! 35. 36. 37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46. 47.
АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР Үйіңізден құт-береке таймасын, Ауызыңнан киелі сөз аумасын. Берген батам құт боп қонсын, Бүл боп жансын. Балаң азамат боп өссін, Мінгені пырақ болсын, Көргені шырақ болсын! Көшің көлікті болсын, Жайылымың өрісті болсын. Егінің орымды, Астығың төгімді болсын! Күнің шуақты болсын, Махаббатың тұрақты болсын! Өнерің өрлей берсін, Бақытың төрлей берсін! Еңсең жауыңнан түспесін, Жақсы атың ауыздан түспесін! Дастарқаныңда береке, Үйіңде мереке бола берсін! Ойға терең бол, Өсекке керең бол! Дастарқаның қуатты болсын, Өзенің суатты болсын. Жылың жеміске толсын, Өмірің бақытқа толсын! Көңіліңіз көңілді, Еңбегіңіз өнімді болсын! 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55. 56. 57. 58. 59. 60.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР Ойың орамды, Сөзің шұрайлы болсын! Өркенің өссін, қарағым, дегеніңе жет, Көп жаса, көсегең көгерсін! Бақытты бол, Қосағыңмен қоса ағар! Еш жамандық көрмей өт! 3. [ЖАҢА ЖЫЛЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН…] Жаңа жылың құтты болсын, Келін жүкті болсын! Аспаның ашық, Жұлдызың жарық болсын! Тілегің қабыл, Жүрегің жалын болсын! Үйіңнен қонақ кетпесін, Қазаның оттан түспесін. Адам көңілі қартаймасын, Дастарқаның ортаймасын! 61. 62. 63. 64. 65. 66. 67. 68.
1. ҚАРҒЫС
Қиналған кейбір кезіңде,
Қасыңа досың бармасын.
Опасыз болып жүрсең сен,
Ел болып әр кез қарғасын!
2. ҚАРҒЫС
Саған қас қылған кісінің
Базарға барып аты өлсін.
Ерте кетіп қайтқанда,
Үйіне келсе, қатыны өлсін!
Өзіне тышқақ тисін,
Өңменіне пышақ кірсін!
Тышқағы тыйылмасын,
Төсегі жиылмасын!
Шаңырағы шартылдап,
Шаңдырына қадалсын.
Босағасы борпылдап,
Борбайына қадалсын.
Күлдіреуіші күрт сынып,
Борша етіне қадалсын!
Аллаху акбар!
VІ. Қарғыстар
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
3. ҚАРҒЫС
Саған қылғанды тас қылсын,
Көңілін сенен пәс қылсын!
Құлындатып, биелетіп,
Боталатып, түйелетіп,
Саған қастық қылғанды
Моласына үйелетіп,
Көлдетіп көзін жас қылсын!
4. ҚАРҒЫСТАР
1. Адамға қастық етсең, екі дүниенің қызығын көрмей өт. 2. Ақ сүтімнің айы ұрсын. 3. Албасты басқыр. 4. Ант ұрсын. 5. Арақтан өлгір, өлігіңе жан бармағыр. 6. Арам қат. 7. Аруақ атсын. 8. Аруақ ұрсын. 9. Аузың асқа жарымасын, көтің атқа жарымасын. 10. Аузыңа қан толсын. 11. Аузыңа қара қан толғыр. 12. Аузыңнан шығып жаныңа жайылсын. 13. Аурудың безгегіне, әйелдің мүйізгегіне жолыққыр. 14. Ауысып кеткір, жынды. 15. Аяқтағы суға тұншығып өл. 16. Базарға барсаң, атың өлсін, үйге келсең, қатының өлсін. 17. Бақытың тайғыр, шошқа. 18. Барғаныңнан келме. 19. Бармасаң, бадал, қара жерге қадал. 20. Басқан жерің қылмыс болып, түрмеден басың кетпегір. 21. Басың даудан кетпегір. 22. Басың желкеңе шыққыр. 23. Басың кеткір, жүгірмек. 24. Басыңды ит жегір. 25. Батпақтан шықпағыр. 26. Бауырың қан боп ақсын.
ҚАРҒЫСТАР
27. Бауырыңнан қағынғыр. 28. Бетпақ, бетің қара болғыр. 29. Бүйіріңнен қолың кетпесін. 30. Бір қайғыңды екінші қайғың басқыр. 31. Бір түндік келгір. 32. Дәмім ұрсын. 33. Дегеніңе жетпе. 34. Досыңнан қасың көп болғыр. 35. Екі дүниеде жүзің қара болсын. 36. Етпеңнен түсіп есіңнен танғыр. 37. Жабығыңнан жалын шықсын, уығыңнан өрт шықсын. 38. Жабығыңнан су шықсын. 39. Жабысқыр. 40. Жағың қарыссын. 41. Жағыңа жылан жұмыртқаласын. 42. Жазаңды Құдай берсін. 43. Жалғызың жайрағыр. 44. Жалмауыз, шешек. 45. Жаның жаһаннамға кетсін. 46. Жатқаныңнан тұрма. 47. Жексұрын күшік, желкең қиылсын. 48. Желкең қиылсын. 49. Жемтігіңді ит жесін. 50. Жер бауырлап қал. 51. Жер жастан. 52. Жер жұтсын. 53. Жерге жабысқыр. 54. Жерге кір. 55. Жерге қадал. 56. Жермен-жексен болғыр. 57. Жетпей желкең қиылғыр. 58. Жеті қабат жер ұрсын. 59. Жолыңа жуа бітсін. 60. Жуадай солғыр. 61. Жұлының үзілсін. 62. Жұмыртқаң тесіліп, шыбын-шіркей шаққыр. 63. Жүрсең, жолың болмағыр,
Отырсаң, орның болмағыр,
Жатсаң, жарың болмағыр.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
64. Жігіт іздеумен күнің өткір. 65. Ит бауырыңды тартқыр. 66. Иттен туған ит. 67. Кебініңді жалма. 68. Көгермегір. 69. Көзің алдыңа түскір. 70. Көзің аққыр. 71. Көзің ашылмағыр. 72. Көзің көр болсын. 73. Көзің көріп, көңілің ұстамағыр. 74. Көзің шықсын. 75. Көзіңді ақ қыл қаптасын. 76. Көзіңе көк шыбын үймелегір. 77. Көзіңе көр топырғы құйылсын. 78. Көзіңмен көріп, қолыңмен ұстама. 79. Көк шешек келгір. 80. Көк шешектен өлгір. 81. Көріңде өкір. 82. Көтің түссін. 83. Көтіңнен қағынып, доктордан басың кетпесін. 84. Күлдей пәле жұққыр. 85. Күлің көкке ұшсын. 86. Күлің көмір болсын. 87. Кіріңді же. 88. Кісіге тілеген пәлең өзіңе келсін. 89. Қабырғаңнан қабірің қыссын. 90. Қағыңды келгір, көк шешек. 91. Қаңғырып өлгір. 92. Қара қағынды. 93. Қара түйнек болғыр. 94. Қара шашың қанға боялсын. 95. Қара-түйнек келсін. 96. Қарашығың батсын. 97. Қарғысың қара басыңа болсын. 98. Қарныңа қара пышақ енгір. 99. Қасып-қасып қаның шыққыр,
қаси алмай жаның шыққыр. 100. Қолың көтіңе жетпесін. 101. Қорасанның қоры шықсын.
ҚАРҒЫСТАР
102. Құдай атсын. 103. Құдай ұрсын. 104. Құдайдан тап. 105. Құдайдың қаһарына жолық. 106. Құйын соғып, делбе болып қалғыр. 107. Қызғанғаның қызыл итке жем болсын. 108. Мазаң кеткір. 109. Мал-басыңның игілігін көрме. 110. Мешел болғыр. 111. Мойның үзілсін. 112. Мысың құрысын. 113. Ойламаған жерден өлім тапқыр. 114. Отырған орныңда қатып қалғыр. 115. Өлігіңді көрейін, жалмауыз. 116. Өмір бойы аурудан айықпағыр. 117. Өмірің өксумен өтсін. 118. Өмірің өшкір. 119. Өмірің ұзаққа жетпегір. 120. Өміріңде ізгілік көрме. 121. Өсектен басың кетпегір,
жақсыға қолың жетпегір, жексұрын. 122. Өтірікші, жалқау, басқа семірген қаның тасып өлгір. 123. Пәледен басың кетбегір. 124. Сен мені зарлатсаң, сені Құдай зарлатсын. 125. Суға батып, күлге аунағыр, 126. Суға кеткір. 127. Сүйгеніңнен айрыл. 128. Сібірге кеткір. 129. Табаныңнан сауғыр. 130. Табаныңнан тартыл. 131. Табаныңнан тозғыр. 132. Табаның жер тартқыр. 133. Таңдап жүргеніңде тазға,
ақылы азға жолыққыр, қаншық. 134. Тас төбеңнен түсіп, табаныңнан шықсын. 135. Тәңірдің оғы тиер, оттың шоғы тиер. 136. Тосқауылға жолық. 137. Төбеңді көрме, шешек. 138. Төрт аяғым төбеңде ойнасын.
22-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
139. Тұқымың құрысын. 140. Түйіншек болғыр. 141. Тышқағың тыйылмасын, төсегің жиылмасын. 142. Тіл аузың байланғыр. 143. Тіл-аузың байлансын, ымдаумен күнің өтсін. 144. Тіліңді тістеп өт. 145. Тіліңе күйдіргі шыққыр. 146. Уылдырығың шірісін. 147. Үйің күйсін. 148. Үнің өшсін. 149. Шалқаңнан түскір, шешек. 150. Шегің жарылып, әйеліңе жолықпай өлгір. 151. Шешек шыққыр. 152. Ішкен-жегенің бойыңа жұқпасын. 153. Ішің күйсін.
1. Ағын суды бұруға болмайды. 2. Адал малдың енін, өтін, көз қарашығын, безін, жатырын жеуге болмайды. 3. Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабар шы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіруіне, тамақ ішуіне болмайды. 4. Адамға қарай керілме. 5. Адамға қарай тоңқайма. 6. Адамға қарай түкірме. 7. Адамға қарап қолыңды шошайтпа. 8. Адамға қарсы үй сыпырма. 9. Адамға пышақ, мылтық оқтанба (кезенбе). 10. Адамға, тамаққа қарай түшкірме. 11. Адамды даттама, балағаттама, айналып жүрме. 12. Адамды санама. 13. Ай сәулесін бетіңе түсіртпе. 14. Ай толғанда, желі тартпа. 15. Ай толғанда, жолға шықпа. 16. Ай толғанда, көшпе. 17. Ай толғанда, қыз ұзатпа. 18. Ай толғанда, үй тікпе. 19. Айға қарап дәрет сындырма. 20. Айға қарап отырма. 21. Айды қолыңмен көрсетпе. 22. Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма. 23. Ақ төгілген жерді баспа. VІІ. Тыйым сөздер
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
24. Аққуды атпа. 25. Ақты төкпе. 26. Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе. 27. Ала жіп аттама. 28. Алаң-жұлаң етіп жүрме. 29. Ант ішпе, әбес сөйлеме. 30. Аңға алғаш шыққанда олжаңды ешкімге сыйлама. 31. Аңды ысқырмай атпа. 32. Аңшы аңға шығарда қаруы мен қамшысына әйел адамның
қол жалғауына болмайды. 33. Ас қайырмай, дастарханнан тұрма. 34. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. 35. Ас ішкенде қомағайлықтан сақтан. 36. Асқа немесе тойға қымыз құйып әкелген сабаны мүлде
сарықпа. 37. Асығып тамақ ішпе. 38. Асық мүжіме. 39. Ат құйрығын кеспе. 40. Ата-енеңнің, қайын ағаңнан бұрын жатпа. 41. Ата-енеңнің, қайын ағаңның атын атама. 42. Ата-енеңнің, қайын ағаңның жатқан жеріне жатпа. 43. Ата-енеңнің, қайын ағаңның төсегіне отырма, төсегін ба
сып өтпе. 44. Атқа мініп келе жатқан еркектің жолын әйел кесіп өтуіне
болмайды. 45. Аттандама. 46. Ауған елге тиіспе. 47. Аузыңа ерік берме. 48. Аузыңда нан барда жаман сөз айтпа. 49. Аузыңды керме. 50. Ауруға күлме. 51. Ауылға, үйге қарай шауып келме. 52. Ауылдан аттанарда шаба жөнелме. 53. Аһлама. 54. Ашыққанға қазан астырма, тоңғанға от жақтырма. 55. Аяғы ауыр әйелге керілген арқаннан аттауға болмайды. 56. Аяғы ауыр әйелге қоян етін жеуге болмайды. 57. Аяғы ауыр әйелге түйенің етін жеуге болмайды.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР 58. Аяғыңды айқастырып жатпа. 59. Аяғыңды басыңнан жоғары қойып жатпа. 60. Аяғыңды көтерме. 61. Аяғыңды тұсама. 62. Аяғыңның басына қарап жүрме. 63. Аяқ киімді төрге қойма. 64. Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап киме. 65. Аяқ-қолыңды жіппен байлама. 66. Әдепсіз болма. 67. Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуіне рұқсат етілмей ді. 68. Әйелдің бүйірін таянып тұруына болмайды. 69. Әйелдің түнде суға баруына болмайды. 70. Әкесі тірі қазақтың бас жеуіне болмайды. 71. Байғызды ұстап алуға болмайды. 72. Байлығыңмен мақтанба. 73. Бақ келді деп таспа, жау келді деп саспа. 74. Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады. 75. Бала қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болады. 76. Баланы оқтаумен ұруға болмайды. 77. Баланы шошытпа. 78. Баласы өлген әйел көп жылауға болмайды. 79. Бар болсаң, бергеніңді айтпа, ер болсаң, жеңгеніңді айт па. 80. Бас киімді айналдырып киме. 81. Бас киімді баспа. 82. Бас киімді босағаға ілме, теріс қаратып киме. 83. Бас киімді теріс киме. 84. Бас киіммен ойнама. 85. Басқаны қор санама. 86. Басты жуғанда маңдайыңнан баста. «Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазсын, маңдайына бере гөр» деп періште тәңірден тілейді. 87. Басың ауырса, тіліңді тый, көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый. 88. Басыңа қара не қызыл байлам тартпа. 89. Басыңды босағаға беріп ұйықтама. 90. Басыңды салбыратып отырма.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР 91. Басыңды шайқама. 92. Бәлеқормен бастас болма. 93. Бейуақытта баланың киімін далаға жайып қоюға болмай ды. 94. Бейуақытта бейғам болма. 95. Бейуақытта жылама. 96. Бейуақытта кісіден көңіл сұрама. 97. Бейуақытта ұйықтама. 98. Бейіт басынан қайтқанда, басқа үйге кірме. 99. Белді таянба. 100. Беліңді босқа бума. 101. Бесікті ашық қалдырма. 102. Бесікті аяқ асты етпе. 103. Бесікті көрінгенге берме. 104. Бесікті кір қолмен көтерме. 105. Бесікті сатпа. 106. Бесікті теппе. 107. Беталды жылама. 108. Беталды күлме. 109. Бет-аузыңды қисаңдатып отырма. 110. Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе. 111. Бетті баспа, қолды тарақтама. 112. Беті-қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығарма. 113. Бетіңді басып жылама. 114. Бойыңды өлшеме. 115. Бос бесікті тербетпе. 116. Босағаға сүйенбе. 117. Босағаны керме. 118. Бөтен адамды мал ортасына кіргізбе, көз тиеді. 119. Бөтен жерге баса көктеп кірме. 120. Бөтен үйге рұқсатсыз кірме. 121. Бөтен үйге сәлем беріп кірме. 122. Буаз малды қуалама. 123. Бұтақты сындырма, гүлді үзбе, көкті таптама. 124. Бұтыңды ашып отырма. 125. Бүгінгі істі ертеңге қалдырма. 126. Бір қолмен нан үзбе. 127. Бір қолыңмен су құйма.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР 128. Біреуге қарап ерніңді шығарма. 129. Біреуге қиянат жасама. 130. Біреуге тесіліп қарама. 131. «Бісіміллә» демей ас татпа. 132. Ғайбат сөйлеме. 133. Дастархан басында керілме. 134. Дастархан бұрышына отырма. 135. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қой. 136. Дастарханды аттама. 137. Дастарханды баспа. 138. Дастарханды пышақпен қырма. 139. Даудың жолына түспе, жаудың қолына түспе. 140. Дауысыңды шығарып сөйлеме. 141. Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма. 142. Дәретсіз жүрме. 143. Дәуітке тиіспе. 144. Денеңе түк түсірме. 145. Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме. 146. Дүние қума. 147. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа. 148. Егінді, шалғынды бейсауат басуға болмайды. 149. Екі езуіңді керме. 150. Екі кісінің арасынан өтпе. 151. Екі қолыңды төбеңе қойма. 152. Елмен дауласпа, ермен жауласпа. 153. Елсіз жерде жалғыз ұйықтама. 154. Елшіге тиіспе. 155. Еліңді тастап шетке кетпе, шетке кетсең де, көпке кет пе. 156. Ер адамды әйел түртіп оятпас болар. 157. Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда ол қырық адамның жолын оңғарады. 158. Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар. 159. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама. 160. Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды. 161. Ер-тоқымды аударып қойма. 162. Ер-тоқымды теріс салма.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
163. Ескі дауды еске алма. 164. Ескі моншаға кірме. 165. Есікті керме. 166. Есікті қатты серіппе. 167. Есікті теппе. 168. Етбетіңнен жатпа. 169. Жабайы аңды аулағанда, үнемсіз аулауға болмайды. 170. Жайдақ атқа мінбе. 171. Жайдақ ерге мінбе. 172. Жақсы аттың жағын ашпа. 173. Жақсы істі қызғанба. 174. Жақсыны әжуалама. 175. Жақсының жасын сұрама. 176. Жақты таянба. 177. Жақын адамдарыңа ит, мысық берме. 178. Жақын адамдарыңа пышақ, мылтық сыйлама. 179. Жақыныңа міндетси берме. 180. Жалған сөйлеме. 181. Жалғыз ағашқа тиіспе. 182. Жалғыз ағашты кеспе. 183. Жалғыз тал шимен ұрма. 184. Жаман сөз айтпа. 185. Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отыруға бол
майды. 186. Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберме. 187. Жаңа байығаннан қарыз алма. 188. Жаңа түскен келіншек алғашқы перзентін көргенше іш
қысқартуға болмайды. 189. Жаңа үйленгенмен қоңсы болма. 190. Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды. 191. Жаралы басқа жұғыспа. 192. Жас баланы ұрма. 193. Жас босанған әйелдің есіктен кірген итке «кет» деуіне
болмайды. 194. Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас
болар. 195. Жас малдың мүйізін сипама. 196. Жас малдың тісін санама.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
197. Жас төлді сипай берме. 198. Жастыққа отырма. 199. Жастықты аяғыңмен баспа. 200. Жасы үлкенге әзіл айтпа. 201. Жатарда көп тамақ ішпе. 202. Жатқан кісінің үстінен аттама. 203. Жатқан малдың үстінен аттама. 204. Жатқанда аяғыңды құбылаға берме. 205. Жатып тамақ ішпе. 206. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. 207. Жаяу қамшыланба. 208. Жәндікті жәбірлеме. 209. Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма. 210. Жер таянып отырма. 211. Жер таянып отырып ас ішпе. 212. Жер томпайтпа. 213. Жерге дәрет сындырма. 214. Жерге төгілген ақты басуға болмайды. 215. Жерге төгілген сүтті басуға болмайды. Сүт төгілген жер
ге тұз себеді. 216. Жерді орынсыз қазба. 217. Жерді сабалап, тепкілеме. 218. Жерді сабама, жерді тепкілеме. 219. Жерошақ аттама. 220. Жеті атаға толмай қыз алыспа. 221. Жетім-жесірге тиіспе. 222. Жетім-жесірдің ақысын жеме. 223. Жозыға мінбе. 224. Жозыны қағазбен сүртпе. 225. Жозының қасында тырнақ алма. 226. Жолай кезіккен иір ізді кесіп өтпе. 227. Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрауға болмайды.
(«Жол болсын» дейді) 228. Жолаушының жолын кеспе. 229. Жолаушының сыртта тұрып тіл қатуына болмайды. 230. Жолбарыс, аюды көп аулауға болмайды, оларды «ақ
иесі» деп есептейді. 231. Жуған қолыңды сілікпе.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
232. Жуындыны есік көзіне төкпе. 233. Жұлдыз санама. 234. Жұлдызды саусағыңмен көрсетпе. 235. Жұма күні кір жума. 236. Жұма күні үйді ақтама. 237. Жұрт алдында қатты күрсінбе. 238. Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма. 239. Жұрт көзінше кекірме, қасынба. 240. Жүйрік атқа әйел адам мінбес болар. 241. Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа. 242. Жүріп келе жатып тамақ ішпе. 243. Жылан үйге кіріп кетсе, өлтіруге болмайды, басына ақ
құйып шығарады. 244. Жылқы ұстайтын «құрық», құлын байлайтын «желі»,
қозы көгендейтін «көген», «жүген», «ноқта», шаңырақ
көтеретін «бақан» және т.б заттарды, әсіресе әйелдерге ат
тап өтуге немесе оларды басуға болмайды.
245. Жыңғылмен ат айдама. 246. Жіпті мойныңа салма. 247. Жіптің астынан өтпе. 248. Зиратқа қарап қол созба. 249. Ит баласын үйде ұстама. 250. Итке ожаумен ас берме. 251. Итті, мысықты теппе. 252. Иттің құйрығынан тартпа. 253. Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба. 254. Кез келген жерді себепсіз қазба. 255. Кек сақтама. 256. Кемтар адамға күлме. 257. Кептерге тиіспе. 258. Киіз үйдің шаңырағына салынған қарлығаш ұясын
бұзуға болмайды. 259. Киімді желбегей жамылма. 260. Киімді теріс киме. 261. Киімнің жағасын баспа. 262. Көбікті төкпе, көпті сөкпе. 263. Көгенді аттама.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
264. Көзі соқырға жолдас болсаң да, көңілі соқырға жолдас
болма. 265. Көзі тірісінде өзіне көр қазуға болмайды. 266. Көзіңді алайтпа. 267. Көзіңді жыпылықтатпа. 268. Көк шөпті жұлма. 269. Көкектің етін жеме. 270. Көкөрім шыбықты сындырма. 271. Көктемде жан-жануарға тиіспе. 272. Көктемде жан-жануарға тиіспе. 273. Көктемде күн күркіремейінше, қазақтар өсімдік жеміс
терін жеуге рұқсат етпеген. 274. Көп сөйлеме. 275. Көп ішінде жалғыз мақтанба. 276. Көпке топырақ шашпа. 277. Көптен дараланба. 278. Көрпені теріс салма (яғни көрпенің тұйық жағын боса
ғаға қаратып салма). 279. Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа. 280. Көршілердің тамақ әкелген ыдысын бос қайтаруға бол
майды. 281. Көршіңе жамандық ойлама. 282. Күйеуіңнен бұрын жатпа. 283. Күйеуіңнің ірге жағына жатпа. 284. Күлге қарап дәрет сындырма. 285. Күлді баспа. 286. Күн батар алдында ұйықтама. 287. Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме. 288. Күн батқан соң, қорадан мал шығарма. 289. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла. 290. Күн шығарда ұйықтама. 291. Күн шыққан соң ұйықтама. 292. Күндес көргеннің қызын алма. 293. Күні түскенге кісәпір болма. 294. Күректің сабын аттама. 295. Күрсінбе. 296. Кірдің суын баспа. 297. Кірдің суын есік көзінен төкпе.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
298. Кісі ақысын жеме. 299. Кісі келгенде, тамақ сұрама. 300. Кісі келгенде, үй сыпырма. 301. Кісі төсегіне отырма. 302. Кісіге қарап бала емізбе. 303. Кісіге қарап бейберекет күлме. 304. Кісіге қарап есінеме. 305. Кісіге пышақ сұқтама. 306. Кісіні айналма. 307. Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы
алмайды, шығарып та салмайды. 308. Қабырды созба. 309. Қабірдің топырағын үйгенде, топырақ тастаушылар
күректі аяқпен баспайды, және бірінің қолынан бірі
күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады.
310. Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа. 311. Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. 312. Қазанды төңкерме, теппе. 313. Қайшыны көк шөпке тастама. 314. Қайықты теңселтпе. 315. Қамырдан қуыршақ жасама. 316. Қара жерге қазық қалдырма. 317. Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым
елді жамандама, қарғысына қаларсың. 318. Қара жерді қазулы қалпында қалдырма. 319. Қара суды сапыруға болмайды. 320. Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма. 321. Қаралы елге тиіспе. 322. Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді. 323. Қарлығаштың ұясын бұзба. 324. Қарт адамның алдын кеспе. 325. Қаруды адамға кеземе. 326. Қаршығаның етін жеме. 327. Қатты сөйлеме. 328. Қатын мен балаға сыр айтпа. 329. Қатынға қатты сенбе. 330. Қисынсыз сөз айтпа. 331. Қой жүнін өртеме.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
332. Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда, қол жал
ғап берме. 333. Қой төлдеп жатқанда, мал берме. 334. Қойға қошқар салғанда, зекіп сөйлеме. 335. Қойға қошқар салғанда, қамшы көрсетпе. 336. Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды. Сайтан
жүгіреді. 337. Қойдың шуын жерден айырма. 338. Қол жумай жозы қасына барма. 339. Қолыңды айқастырма. 340. Қолыңды артыңа қусырып жүрме. 341. Қолыңды сермеп сөйлеме. 342. Қолыңды таянба. 343. Қолыңды төбеңе қойма. 344. Қонағыңа ашуланба. 345. Қонағыңды жұмсама. 346. Қонаққа кетік кесемен шай құйма. 347. Қонақтың алдын орама. 348. Қораға дәрет сындырма. 349. Қотанға дәрет ұстатпа. 350. Қотанда ысқырма. 351. Құбылаға қарап дәрет сындырма. 352. Құдайға тіл тигізбе. 353. Құдыққа түкірме. 354. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды. 355. Құмырсқаның илеуін бұзба. 356. Құндыз аулама. 357. Құран оқығанда жалаң бас отырма. 358. Құран оқығанда күлме. 359. Құран оқығанда сөйлеп отырма. 360. Құран оқығанда түрегеп тұрма. 361. Құранды жерге тастама. 362. Құстың ұясын бұзба. 363. Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. 364. Қыз баланы босағаға отырғызба. 365. Қыз баланы жасқама, ұялтпа, ұрма. 366. Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін. 367. Қызға ер баланы тебуге болмайды.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
368. Қызды қырық үйден тый. 369. Қызды ұрма. 370. Қыран құстарды атуға болмайды. 371. Лас қолыңмен нанды ұстама. 372. Майлы тамақтан соң, суық су ішпе. 373. Мақтанба. 374. Мал қораға түнде от алып кірме. 375. Мал қораның есігін ашық қалдырма. 376. Мал қораның сыртында болмаса, ішінде ысқыруға бол
майды. 377. Мал қоршауына шықпа. 378. Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама. 379. Мал сауып жатқанда, иесімен сөйлесіп, сауынның жа
нына келуге болмайды. 380. Мал төлдеп жатқанда, қарызға ештеңге берме. 381. Мал төлдеп жатқанда, тесіліп қарама. 382. Мал туып жатқанда, жанында адам тұруға болмайды. 383. Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды. 384. Малға бас киім лақтырма. 385. Малға бас киім лақтыруға болмайды. 386. Малға зекіме. 387. Малға зекіме. 388. Малға қан көрсетпе. 389. Малға теріс қарап мінбе. 390. Малды басқа ұрма. 391. Малды бөтен адамға саудыртпа. 392. Малды зорықтырып қума. 393. Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен ай
дама. 394. Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды. 395. Малды сауған соң, қол жумай түріп, қол беріп аманда
суға болмайды. 396. Малды шошытпа. 397. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды. 398. Малдың аяғын бумай, бауыздама. 399. Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба. 400. Малдың желінген басын түнде лақтыруға болмайды. 401. Малдың кемшілігін көзінше айтпа.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
402. Малдың көзінше жыртқыш аң-құстың атын атама. 403. Малдың көзінше мал ауруының атын атама. 404. Малдың сүйегін баспа. 405. Малдың сүйегін отқа жақпа. 406. Малдың шуын өзіне жегізбе. 407. Малшыға көктемде жалаң аяқ, жалаң бас сыртқа шығуға
болмайды. 408. Малшыдан «не бағып жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп
сұрама. 409. Малшының көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жа
лаң бас шығуына болмайды, онда отарына суық тиіп ауы
рады.
410. Маңдайшаға төбеңді тіреме. 411. Мас қылатын ішімдік ішпе. 412. Мәйіттің кебінін жиі тігуге болмайды. 413. Мойынға белбеу салма. 414. Молаға қарай жүгірме. 415. Молаға қарап дәрет ұсатпа. 416. Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды. 417. Моланы саусағыңмен көрсетпе. 418. Моланың басында жүрелеп отырма, тізелеп отыр. 419. Мүгедек адамды мазақтама. 420. Мүрдеге топырақ салғанда, күректі екінші адамға қол
мен берме. 421. Мүрдеге топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа. 422. Намазды бөлме. 423. Нанды баспа, жерге тастама, рәсуа етпе. 424. Нанды бір қолмен үзбе. 425. Нанды қоқысқа төкпе. 426. Нанды лақтырма. 427. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 428. Нанмен ойнама. 429. Нанның ұнтағын тастама. 430. Нанның үгіндісін аяқпен баспа. 431. Нанның үстіне басқа нәрсе қойма. 432. Нәрестенің бетіне айдың сәулесін түсіруге болмайды. 433. Нәрестенің еңбегін баспа. 434. Ойбайлама.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
435. Ойланбай сөйлеме. 436. Ойланбай іс бастама. 437. Оң жақтағы қыз төсегін баспа, отырма. 438. Ораза кезінде малдың орнын ауыстырма. 439. Ордалы жыланға тиіспе. 440. Орманды беталды бүлдірме. 441. Орынсыз кінә қойма. 442. От айналма. 443. От кеспе. 444. От шашпа. 445. От шығарма. 446. Отқа су құйып сөндірме. 447. Отқа түкірме. 448. Отпен ойнама. 449. Оттықты жақпа. 450. Ошақтағы нанға қарама, ағып кетеді. 451. Ошақтағы отты үрлеп сөндірме. 452. Өз басыңа лайық емес сөз айтпа. 453. Өзгенің алдындағы асқа сұғынба. 454. Өзіңде жоққа мақтанба. 455. Өзіңді зор санама. 456. Өзіңді қорсынба. 457. Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме. 458. Өлген адамға дауыс көтеріп жылағаннан кейін беті-
қолды жумай тамақтан дәм татуға болмайды. 459. Өлген адамның ақымын өзінен үлкен етіп қазуға бол
майды. 460. Өлген адамның тірі кезінде пендешілікпен істеген жа
мандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтуға болмайды. 461. Өлген кісіні жамандама. 462. Өлген кісінің қабірін басуға болмайды. 463. Өлік жатқан жерді 40 күнге дейін адам аяғы басуға бол
майды. 464. Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда басқа үйге
кіріп тамақ ішуге болмайды. 465. Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинауға болмайды. 466. Өлік шыққан үйдің малын саума. 467. Өліктің дене топырағын сәндеме.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
468. Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа. 469. Өлімге бата жасап қайтқанда, басқа үйге кірме. 470. Өрмекшіні өлтірме. 471. Өрмекшінің өрмегін бұзба. 472. Өсек тасыма. 473. Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. 474. Өтіп бара жатқан жолаушы ауылдың алдыңғы жағынан
келуіне болмайды және алдыңғы жақтан сөйлеспейді. 475. Өтірік айтпа. 476. Өтірік күжік жасама. 477. Пышақпен ойнама. 478. Пышақты нанға қадама. 479. Пышақтың жүзін жалама. 480. Пышақтың жүзін көкке қаратып қойма. 481. Сарала қазға тиіспе. 482. Саусағыңды шығарма, тарақтама. 483. Саусағыңды, қолыңды орынсыз аузыңа салма. 484. Сейсенбі күні үлкен іске кіріспе, түнгі қонаққа мал сой
ма, жаңа мекенге көшпе, тіпті малды да санама. 485. Семіз малды қуалама. 486. Соғым малды қуалама. 487. Сол қолмен тамақ ішпе. 488. Су бастау, су көздерін лайлама. 489. Су шашып ойнама. 490. Суға дәрет сындырма. 491. Суға қарай жүгірме. 492. Суға түкірме. 493. Суды сапырма. 494. Сүт сауатын шелекті су басына апарма. 495. Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға бол
майды. 496. Сүтті отқа төкпе. 497. Сүтті үрлеп ішпе. 498. Сүттің бетін ашық қалдырма. 499. Сыйлаған немесе сатқан малды жүген, ноқтасымен жі
берме. 500. Сыпырғышпен ұрма. 501. Сыпырғышты тік қойма.
23-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
502. Сырыңды көрінгенге шашпа. 503. Табалдырыққа шықпа, босағаға отырма. 504. Табалдырықты баспа. 505. Табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеме. 506. Табаныңды тартпа, тізеңді құшақтама. 507. Тамақ ішкен қолыңды сілікпе. 508. Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама. 509. Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе. 510. Тамаққа қос қолмен сұғынба. 511. Таңдайыңды қақпа. 512. Таяққа сүйенбе. 513. Тәкаппар болма. 514. Теріс қарап отырма. 515. «Тойдым» деме, «қанағат» де. 516. Тоқымды төсенбе. 517. Төрге қарап жүрелеп отырма. 518. Төсекте жылама. 519. Тұзды баспа. 520. Тұмса малды алғаш сауған соң «сүтті екен» деп мақ
тама. 521. Тұмса малдың алғашқы сауған сүтін бөтенге берме. 522. Түн ішінде қорадағы малды санама. 523. Түн ішінде тырнағыңды алма. 524. Түнде айнаға қарама. 525. Түнде бақырып жылама. 526. Түнде жалғыз суға түспе. 527. Түнде жүгірме. 528. Түнде күл шығарма. 529. Түнде кір жайма. 530. Түнде сандық ашпа. 531. Түнде судың бетін ашық қалдырма. 532. Түнде түсіңді айтпа. 533. Түнде үй сыпырма. 534. Түнде шаш алма. 535. Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа. 536. Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа. 537. Тымақ үстінен тымақ киме. 538. Тырнағыңды аузыңа салма.
ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
539. Тырнағыңды өсірме, тістеме. 540. Тырнағыңды тістеме. 541. Тырнақ пен басыңның шашын бейсенбі мен жұма күні
ал. Басқа күндері алуға болмайды. 542. Тізеңді құшақтама. 543. Тізеңді, табаныңды тартпа. 544. Тірі малға көрсетіп мал сойма. 545. Тірі малдың етін кесіп алуға болмайды. 546. Тісіңді қайрама. 547. Уыздан соң іле суық су ішпе. 548. Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме. 549. Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға бол
майды. 550. Ұрлық жасама. 551. Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме. 552. Үй қожасы дәм татпастан бұрын асты жеуге болмайды. 553. Үй ішінде жылан өлтірме. 554. Үйге келген кісіге төрден орын беру керек. 555. Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алды
на қою керек. 556. Үйге сыртыңнан кірме. 557. Үйде өлік жатқанда, от жақпа. 558. Үйде ысқырма. 559. Үйді айналма. 560. Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа. 561. Үлкен адам алдында аяғыңды созып отырма. 562. Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек. 563. Үлкен кісіге сыртыңды берме. 564. Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба. 565. Үлкенге «сен» деме. 566. Үлкенге қарсы келме. 567. Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. 568. Үлкеннен бұрын билік айтпа. 569. Үлкеннен бұрын төрге шықпа. 570. Үлкеннің сөзін бөлме. 571. Үш күн айтта кір жума. 572. Шақырған жерден қалма. 573. Шақырмаса, барма.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
574. Шалбарды басыңа жастама. 575. Шаңыраққа сәлем бермей, кірме. 576. Шапанды желбегей жамылма. 577. Шаш пен тырнақты баспа, отқа тастама. 578. Шашыңды жайма. 579. Шашыңды, тырнағыңды өсірме. 580. Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа. 581. Шелектегі суға аузыңды батырма. 582. Шошқа етін жеме. 583. Шуылға шауып кірме. 584. Шылым шекпе. 585. Шырақты үрлеме. 586. Ысқырма. 587. Ыстық тамақты қомағайланып ішпе. 588. Іркітті ашық далада пісіруге болмайды. 589. Ішегіңді тартпа. 590. Ішетін суға аузыңды батырма.
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
І. БӘДІК
1. БӘДІК ӨЛЕҢДЕР
1-9. Бәдіктер
Аталған бәдік мәтіндерін ел арасынан жинап, қорға тап
сырған—филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпін
де жазылған. Айтушысы белгісіз. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (920/56-бума) сақтаулы. Бұрын басылым
көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (87-
88-бб.) алынды.
10. Бәдік (гүлап)
Мәтін қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/83-
бума) сақтаулы. Шығарма мәтіні кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Жинау
шысы—Қ.Саттаров. Айтушысы белгісіз.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (138-б.) алынды. 11. Бәдік
Бәдік мәтінін 1997 жылғы «Шымкент облысы, Түркістан
ауданындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау»
экспедициясы кезінде 82 жастағы Мәлика Байжанқызының
айтуынан жазып алған—Салиха Жаппасова. Шығарма мәтіні
кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжаз
басы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/117-бума) сақтаулы.
Бұрын еш жерде жарияланбаған.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (97-б.)
бойынша дайындалды.
12. Бәдік
Туындыны айтушы—Шымкент облысы, Түркістан қаласы
ның тұрғыны Битан Бекенова. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында (920/117-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (125-б.) алынды. 13. Бәдік
Бәдік ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/136-бума) сақ
таулы. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпін
де жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Айтушысы—Сүйеу
Қолшабеков.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (70-б.)
бойынша дайындалды.
14. Бәдік
Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жа
зылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/137-
бума) сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Жинаушы
сы—Қ. Саттаров.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (44-б.) алынды. 15. Бәдік
Бәдік мәтінін Халима Өтеғалиеваның айтуынан жазып
алған—Мәлике Ғұмарова. Шығарма мәтіні машинкаға басыл
ған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында (187-бума, 1-дәп.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (27-б.)
алынды.
16-21. Бәдік. [Болғанда үйде бәдік, шиде бәдік…]...
Бұл бәдік мәтіндерін ел арасынан 1927 жылдары жазып
алған—Ә.Диваев. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде
жазылған. Түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1090-
бума, 4-дәп.) сақтаулы. Қорға 1934 жылдары түскен. Өлеңдер
бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқа (1-7-бб.) негі
зінде дайындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
22. [Бәдік бастап...]
Бәдік мәтіні «Тарту» (Ташкент, 1923), «Наным-сенімдер ғұр
пының фольклоры» (Алматы, 2004. 8-9-бб.) атты жинақтарда
жарияланған. Жинаушысы—Ә.Диваев. «Тарту» кітабының ма
шинкаға басылған көшірмесі ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (153-
бума) сақтаулы. Екі басылым арасында айырмашылық жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (174-
175-бб.) алынды.
2. БӘДІК АЙТЫСТАР
23. [Жігіт пен қыз]
Мәтінді ел арасынан жинаған—Ә.Диваев. Шығарма «Тар
ту» (1923), «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004)
атты жинақтарда басылым көрген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (153-бума) сақтаулы. Қолжазба мен басы
лымдар арасында айырмашылық жоқ.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (175-179-бб.) алынды.
24-25. [Жігіт пен қыз]...
Бәдік айтыстарының латын әрпінде машинкаға басылған
қолжазбасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1090-бума, 2-дәп.)
сақтаулы. Шығарма мәтіндері «Наным-сенімдер ғұрпының
фольклоры» (2004. 13-15-бб.) атты жинақта басылым көрген.
Айтушысы мен жинаушысы белгісіз. Қолжазба мен басылым
салыстырылғанда, айырмашылық кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(9-11-бб.) алынды.
26. [Жігіт пен қыз]
Мәтін бұрын басылым көрмеген. Шығарманың араб әрпімен
жазылған қолжазбасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1090-
бума, 3-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Бозтай Жақыпбаев.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (12-13-
бб.) бойынша дайындалды.
27-30. [Қыз бен жігіт]...
Мәтіндердің 1927 жылдары араб әрпімен жазылған түпнұс
қасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1090-бума, 4-дәп.) сақ
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
таулы. Жинаушысы—Ә.Диваев. Қорға 1934 жылы түскен. 27,
28 мәтіндердің қысқартылған түрі мен 30-шы мәтін «Наным-
сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) атты жинақта басылым
көрген. Басылым мен түпнұсқа арасында айырмашылық жоқ.
29-шы мәтін алғаш рет жарияланып отыр.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған түпнұсқа
(1-12-бб.) бойынша дайындалды.
ІІ. АРБАУ
1-2. Құрт арбау
Құрт арбау мәтіндерін 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан об
лысы, Арыс, Сарыағаш ауданынының тұрғындары аузынан жа
зып алып, 1960 жылы қорға тапсырған—Абдырайым Мұратов.
Мәтін кеңсе журналына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған қолжазба (106-
107-бб.) негізінде әзірленді.
3. Құртты байлау
Мәтінді 1948 жылы Маясар Жапақовтың айтуынан жазып
алған—Мәриям Хакімжанова. Шығарманың машинкаға ба
сылған қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1119-бума,
5-дәп.) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (6-9-бб.) алынды. 4. Арбау
Мәтін «Из области киргизских верований. Баксы как лекарь
и колдун. Этнографический очерк» («ИОАИЭ», 1899, вып.3)
атты журналда басылым көрген. Жинаушысы—Ә.Диваев. Ма
шинкаға басылған көшірмесі ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1222/11-бума.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған журналдан (1899.
307-344-бб.) алынды.
5-11. [Бастан, бастан, бастан келді…]...
Арбау мәтіндері «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (34-39-бб.) алынды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
12-56. Құрт шақыру...
Бұл арбау мәтіндері «Наным-сенімдер ғұрпының фолькло
ры» (2004) атты жинақта жарияланған. Түпнұсқасы ОҒК-нің
қолжазбалар қорында (1092-бума, 11-дәп.) сақтаулы. Мәтін
көк сиямен кирилл әрпінде әр бетке екі қатардан жазылған.
Түпнұсқамен басылым салыстырылғанда, елеулі айырмашы
лық кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқа (1-11-бб.) не
гізінде әзірленді.
ІІІ. БАҚСЫ САРЫНДАРЫ
1. [Бақсы…]
Бұл туынды «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (72-124-бб.) алынды
2. Бақсының жырлары
Мәтін «Тарту» (1923) жинағында, С.Сейфуллиннің шығар
малар жинағының 6-томында (Алматы, 1964. 153-176-бб.),
«Қазақтың бақсы-балгерлері» (1993. 114-119-бб.), «Наным-
сенімдер ғұрпының фольклоры» (1994. 114-119-бб.) атты жи
нақтарда басылым көрген.
Шығарманың «Тарту» жинағының машинкаға басылған
көшірмесі ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (153-бума) сақтау
лы. Қолжазба мен басылымдарды салыстырғанда, 1964, 1993,
1994 жылдардағы басылымдарда жырдың 6-шы жолынан
кейін 19 өлең жолы қалып кеткені анықталды. Мәтінді жи
наққа дайындау барысында осы сияқты кемшіліктер түзетіліп,
түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді.
Томға ұсынылып отырған мәтін 1923 жылғы Ташкент басы
лымы бойынша (163-171-бб.) бойынша әзірленді.
3. Бақсының сарыны
Мәтін «Тарту» (1923), «Наным-сенімдер ғұрпының фольк
лоры» (2004, 141-142-бб.) атты жинақтарда басылым көрген.
Шығарманың машинкаға басылған қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында сақтаулы. Жинаушысы—Ә.Диваев.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қолжазба мен басылымды салыстырғанда, елеулі айырмашы
лық кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (172-
173-бб.) алынды.
4-11. [Істің басы бісімілла...]...
Аталған мәтіндерді ел арасынан жинап, «Известия общества
археологии, истории и этнографии при Казанском универси
тете» (1899. Т.ХV. Вып. 3) атты журналда бастырған—Ә.Диваев.
Шығармалардың журналдан машинкаға басылған көшірмесі
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (153-бума) сақтаулы. Атал
ған мәтіндер кейін «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004, 60-66-бб.) атты жинақта басылым көрген. Қолжазба мен
2004 жылғы басылым арасында айырмашылық жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(4-33-бб.) алынды.
12. [Ей, айналайын, Құдайым-ей...]
Мәтінді Рахмет Дайырбаевтың айтуынан жазып алып,
1988 жылы қорға тапсырған—С.Жақыпов. Шығарма мәтіні
кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түпнұс
қасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (194-бума, 1-тізім) сақ
таулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (36-б.) алынды.
13. Бір бақсының қобызына жалынған жайы
Мәтін түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/56-
бума) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Айтушысы белгі
сіз. Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жа
зылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған түпнұсқа (95-б.) негізінде дайындалды. 14. [Дәулерім екі бірдей, айда…]
Мәтін «Қазақтың бақсы-балгерлері» (1993) атты жинақта
басылым көрген. Айтушысы—Қасен Қасымов.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (152-б.)
алынды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
15. Бақсының өлеңі
Мәтін «Демонологические рассказы киргизов. Записки Им
ператорского русского географического общества по отделе
нию этнографии. (Т.10, выпуск 3. СПб., 1888) және «Қазақтың
бақсы-балгерлері» (1993) атты жинақта жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін 1993 жылғы басылым
(154-б.) бойынша дайындалды.
16-22. [Сөздің басы пісмілла...]...
Бұл мәтіндер «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (72-124-бб.) алынды.
23. Бақсы сарыны
Мәтінді Шала Болысбекұлының айтуынан жазып алған—
Нұрынбай Сүлейменұлы. Шығарма мәтіні «Текес ауданының
халық өлең-жырлары» (ҚХР. ШУАР.—Текес: 1-кітап. 1992.)
атты жинақта жарық көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (51-
54-бб.) алынды.
24-34. Шұңқыр бақсының сарыны...
Аталған мәтіндер «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған жинақтан (98-
130-бб.) алынды.
35. Қара бақсы сарыны
Мәтін алғаш рет 1925 жылы «Лениншіл жас» журналының
№7 санында, одан кейін «Қазақтың бақсы-балгерлері» (1993)
атты жинағында басылым көрген. Машинкаға терілген қол
жазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар (1218-бума, 3-дәп.) қорында
сақтаулы. Жинаушысы—Едіге Тұрсынов. Қолжазба мен мәтін
дер арасында айырмашылық жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (1-3-бб.)
негізінде дайындалды.
36. Тінейдің жын шақыруы
Мәтін «Қазақтың бақсы-балгерлері» жинағында (1993.
182-б.) жарияланған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қо
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
рында (1218-бума, 1-дәп.) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына қара
сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Жинаушысы— Е.Тұрсынов.
Қорға 2012 жылы тапсырған. Басылым мен қолжазба арасында
айырмашылық жоқ.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазба (4-б.) бойынша
дайындалды.
37. Ноғайбай бақсының сарыны
Мәтінді 1973 жылы 82 жастағы Көкей Тәйтімбетов деген
қарияның айтуынан жазып алған—Сейтқали Қарамендин.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1218-бума, 2-дәп.)
сақтаулы. Шығарма мәтіні кеңсе қағазына қара сиямен кирилл
әрпінде жазылған.
Өлең «Қазақтың бақсы-балгерлері» (1993. 195-б.) атты жи
нақта басылым көрген. Қолжазба мен мәтін салыстырылғанда,
елеулі айырмашылық кездескен жоқ.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (4-б.) алынды. 38. Шақар бақсының сарыны
Мәтінді ел арасынан жазып алып, қорға тапсырған—С.Қа
рамендин. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1218-
бума, 2-дәп.) сақтаулы. Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (7-8-бб.)
негізінде әзірленді.
39. Балбике бақсының сарыны
Туынды «Қазақтың бақсы-балгерлері» (1993) атты жинақта
басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (215-б.) алынды.
40-45. Шалқаp бақсының сарыны...
Бұл туындылар «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған мәтіндер аталған жинақтан (126-132-бб.)
алынды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ІV. БАТАЛАР
1. [Кел жігіт, кел жігіт...]
Мәтінді ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Н.Сейіт
жанов. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (846-бума,
14-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде
жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-9-бб.) алынды. 2. [Ала ат, құла ат...]
Мәтін 1997 жылғы «Шымкент облысы, Түркістан ауданын
дағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау» экспедиция
сы кезінде Түркістан қаласының тұрғыны Битан Бикенованың
айтуынан жазылып алынған. Туынды ақ қағазға көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында (920/117-бума) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров.
Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (130-б.)
бойынша дайындалды. 3. [Қонақтасын берекет...]
Шығарма «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004)
атты кітапта жарияланған.
Томға мәтін аталған кітаптан (178-б.) алынды.
4. [Бата бер дедің лаққа...]
Өлеңді айтушы—Қарағанды облысы, ХХІ партсъезд совхо
зының тұрғыны Қыдырғали Қосмағанбетов. Жинаушысы—
Э.Мардашева. Түпнұсқа ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-
бума) сақтаулы. Мәтін бір жолды журнал қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (4-б.) алынды.
5. [Жылқышы ата Қамбар...]
Туынды ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Түп
нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (846-бума, 14-дәп.)
сақтаулы. Айтушысы және жинаушысы—Н.Сейтжанов. Мәтін
бұрын басылым көрмеген.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа негізінде (9-б.)
дайындалды.
6. [Я, Құдай, бергейсің…]
Өлең бұрын басылым көрмеген. Түпнұсқасы ОҒК-нің қол
жазбалар қорында (849/2-бума, 18-дәп.) сақтаулы. Жинау
шысы—Ілияс Жансүгіров. Мәтін 1920 жылдары ақ қағазға көк
сиямен араб әрпінде жазылған. Қорға 1941 жылы тапсырған—
Фатима Ғабитова.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (17-б.) негізінде
дайындалды.
7. [Бисимилла-и рахман-и рахим...]
Мәтінді Уәкила Орынғалиеваның айтуынан 2009 жылы жа
зып алып, қорға тапсырған—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә
не өнер институтының ғылыми қызметкері Қалиолла Орын
ғали. Уәкила бұл батаны 1950-60 жылдары Батыс Қазақстан
облысы, Орда ауданы, Толыбай-Теректі ауылының тұрғыны,
жергілікті ағаш-темір ұстасы Дәулет деген кісіден естіп жат
тағанын айтады. Мәтін бұрын еш жерде жарияланбаған. Компь
ютерде терілген қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1082-бума) сақтаулы.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-б.) алынды.
8. [Аяңда, аяңдасаң, қара кердей...]
Бата ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (146-бума, 4-дәп.) сақ
таулы. Бұрын басылым көрмеген. Шығарма тор көзді оқушы
дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Айтушы
сы—Төлепқалиев Молдасейіт. Жинаушысы—белгілі әдебиет
танушы-ғалым Нарымбетов Әбділхамит.
Томға ұсынылып отырған бата мәтіні аталған қолжазбадан
(5-7-бб.) алынды.
9. [Иә, Құдай, тілегімді қабыл ет...]
Мәтінді Қарағанды облысының тұрғыны М.Момышұлы
ның айтуынан жазып алған—Қарағанды Мемлекеттік универ
ситетінің студенті Э.Мардашева. Шығарма мәтіні бір жолды
журнал қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Түп
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-бума) сақтаулы.
Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға ұсынылып отырған бата аталған қолжазбадан (1-б.)
алынды.
10. [Тілек тілеп жалғыз Хаққа...]
Батаны айтушы—Қарағанды облысы, Ульяновск ауданы,
Бабаев совхозының тұрғыны Бибіжан Сыздыққызы. Жинау
шысы—Э.Мардашева. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорын
да (1082-бума) сақтаулы. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (2-б.) алынды.
11. [Бес биенің терісі...]
Туындыны айтушы—М.Төлеубайұлы. Жинаушысы—Қара
ғанды Мемлекеттік университетінің студенті Жанат Әбікенова.
Мәтін дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған түпнұсқадан (8-б.) алынды. 12. [Әуелі Құдай оңдасын...]
Батаны айтушы—Қарағанды облысының тұрғыны Иманбек
Өтегенов. Жинаушысы—Ермек Әбжанов. Шығарма дәптер қа
ғазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым
көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-
бума) сақтаулы.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-б.) алынды.
13. [Әуелі Құдай оңдасын...]
Мәтін
түпнұсқасы
ӘӨИ-дің
қолжазбалар
қорында
(879/2-бума, 20-дәп.) сақтаулы. Шығарма блокнот қағазына
көк сиямен араб әрпінде жазылған. Айтушысы мен жинаушысы
белгісіз. Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған түпнұсқадан (21-б.) алынды. 14. [Осы батам келісі...]
Бата бұрын басылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (879/2-бума, 20-дәп.) сақтаулы. Шығарма
24-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
мәтіні блокнот қағазына көк сиямен араб әрпінде жазылған.
Айтушысы және жинаушысы белгісіз.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (21-б.)
алынды.
15. [Бал дәмі кірсін асыңа...]
Мәтін
түпнұсқасы
ӘӨИ-дің
қолжазбалар
қорында
(879/2-бума, 20-дәп.) сақтаулы. Айтушысы мен жинаушысы
белгісіз. Туынды көк сиямен араб әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған түпнұсқадан (22-б.) алынды.
16-17. [Әуелі Құдай оңдасын...].
[Әуелі Құдай сен жарлық...]
Аталған мәтіндерді айтушы, әрі жинаушы—Нұрсапа Сейт
жанов. Шығарма бір жолды оқушы дәптеріне көк сиямен араб
әрпінде жазылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(846-бума, 14-дәп.) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-9-б.) алынды.
18. [Екі қолды жайып...]
Мәтінді Қарағанды облысы, Қорғалжын ауданының тұр
ғыны сексен жастағы Тәуекел Бейсеновтың айтуы бойынша
жазып алған—Қарағанды Мемлекеттік университетінің сту
денті Л.Дәмиева. Шығарма бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (1082-бума.) сақтаулы. Мәтін бұрын басылым
көрмеген.
Томға мәтін аталған түпнұсқа (12-б.) бойынша дайындалды.
19. [Халыққа жағам десең, әділ бол...]
Батаны айтушы—Қарағанды облысы, Ұлытау өңірінің
тұрғыны Ж.Омаров. Жинаушысы—Қарағанды Мемлекеттік
университетінің студенті Г.Бегімбаева. Шығарма бір жолды
дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1082-бума) сақтаулы.
Томға мәтін аталған түпнұсқадан (13-б.) алынды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
20. [Иә, Құдай, оңғара көр...]
Батаны бір жолды дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-
бума) сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Айтушысы
туралы дерек келтірілмеген. Жинаушысы—Қарағанды Мем
лекеттік университетінің студенті Талғат Қанафин.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (14-б.) алынды.
21. [Тілегімді қабыл ет...]
Туындыны Қарағанды облысының тұрғыны Кәрімтай Сә
лімжановтың айтуынан жазып алған—Қарағанды Мемлекет
тік университетінің студенті Г.Қапарова. Шығарма бір жолды
дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1082-бума) сақтаулы.
Томға мәтін аталған түпнұсқа бойынша (15-б.) дайындалды.
22. [Үй қожасы сіздерге...]
Шығарманы жинаушы—С.Сәрсембаева. Айтушысы белгі
сіз. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-бума)
сақтаулы. Шығарма бір жолды журнал қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазба (21-б.) бойынша дайындалды. 23. [Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол...]
Мәтінді жазып алған—Низами атындағы Ташкенттің Ха
лықтар Достығы Орденді Мемлекеттік педагогика институ
тының студенті Анаргүл Құрбанова. Өкінішке орай, кімнен
жазып алғаны туралы дерек келтірмеген. Шығарма кеңсе қа
ғазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/56-бума.) сақтаулы. Бұрын
басылым көрмеген. Қорға 1990 жылы тапсырған—Қыдырәлі
Саттаров.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқадан (99-б.)
алынды.
24. [Ағайынның алды бол...]
Мәтінді 1988 жылғы «Амудария құйылысындағы қазақ
тардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұраларын жинау»
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
экспедициясы кезінде Амангелді Сәнгібаевтың қолжазбасы
нан жазып алған—Низами атындағы Ташкенттің Мемлекет
тік педагогика институтының студенті Қалқа Оразбайқызы.
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/83-бума) сақ
таулы. Қорға 1993 жылы тапсырған—Қ.Саттаров.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (95-б.)
бойынша дайындалды.
25-27. [Сұрасаң, бата берейін...]...
Бұл мәтіндер Қыдырәлі Саттаров ұйымдастырған және
жетекшілік еткен 1996 жылғы «Фольклор экспедициясы» ке
зінде жазылып алынған. Айтушысы белгісіз. Жинаушысы
—Қ.Саттаров. Шығарма бір жолды қалың дәптерге көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында (920/108-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Қорға 1998 жылдары түскен.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (313, 339-бб.) алынды.
28. [Құдай жарылқасын…]
Мәтінді ел арасынан жинаған—Ә.Диваев. Шығарма алғаш
рет 1923 жылы Ташкент қаласында шыққан «Тарту» атты жи
нақта жарияланған. Кітаптың машинкаға басылған көшірме
сі ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (Ш.153-бума.) сақтаулы.
Көшірмені дайындағандар: М.Ғұмарова, Т.Сыдықов.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған көшірмеден (184-
187-бб.) алынды.
29. [Бүлсіл, бүлсіл бай...]
Бата қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/136-
бума) сақтаулы. Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Айтушысы бел
гісіз. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Қорға 2002 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (84-б.)
алынды.
30-31. [Е, Құдайым оңдасын...].
[Ақ бата берейінші жастарыма…]
Аталған мәтіндерді Жезқазған облысының тұрғыны Айсұлу
деген кісіден жазып алғандар—Қарағанды Мемлекеттік уни
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
верситетінің студенттері: А.Әлкенова мен А.Бармақова. Шы
ғарма мәтіні кеңсе қағазына жасыл сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1156-
бума, 5-дәп.) сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (23-б.) алынды.
32-33. [Жарылқасын, бай қылсын...].
[Бақ-дәулет берсін бастарыңа…]
Баталар 1988 жылы Дайырбаев Рахмет деген сексен сегіз
жастағы қарияның айтуынан жазылған. Мәтін сарғыш түсті
кеңсе қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (914-бума, 2-дәп.)
сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген. Жинаушысы—Жақыпов
Сайлаубек.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (28-б.)
бойынша дайындалды.
34. [Әумин десең, міне, бата…]
Мәтінді айтушы—Семей облысы, Таңсық совхозының тұр
ғыны Самат Икімбаев. Жинаушысы—С.Жақыпов. Қолжазба
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорына (914-бума, 2-дәп.) сақтаулы.
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (81-б.) алынды.
35. [Құдай жарылқасын...]
Батаны ел арасынан жинаған—Ә.Диваев. Туынды алғаш
рет «Тарту» (Ташкент, 1923) атты жинақта басылым көрген.
Машинкаға басылған көшірмесі ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(754-бума) сақтаулы. Көшірмені дайындағандар: М.Ғұмарова,
Т.Сыдықов.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған көшірмеден (184-
186-бб.) дайындалды.
36. [Ей, Құдайым, мұның жолын ашық қыл...]
Туынды Батыс Қазақстан облысы, Калузаново разъезінің
тұрғыны Рабиға деген сексеннен асқан қариядан жазылып
алынып, кейін машинкаға терілген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
қолжазбалар қорында (910/1-бума) сақтаулы. Жинаушысы—
Мәтжан Тілеужанов. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (279-б.) алынды.
37-38. [Ақ сақалды, сары тісті...].
[Елеулі бол еліңе...]
Баталарды Қарағанды облысының тұрғыны Ә.Ержанұлы
ның айтуынан 1990 жылы жазып ағандар: Қарағанды Мем
лекеттік университетінің студенттері Б.Жұмабекова, М.Әбіл
дина. Мәтін кеңсе қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (924-бу
ма, 1-дәп.) сақтаулы. Қорға 1997 жылы түскен. Бұрын басылым
көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (16-18-бб.) алынды. 39. [Жарылқасын Құдайым...]
Мәтінді Қарағанды облысы, Қорғалжын ауданының тұр
ғыны Тиыштық Байсмақованың айтуынан 1989 жылы жа
зып алған—Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті
Гүлмира Дәмиева. Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(943-бума, 2-дәп.) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (14-б.) алынды.
40. [Иә, өмір қызығын бере берсін...]
Мәтінді айтушы—Қарағанды облысының тұрғыны Ах
метбек Әрінов. Жинаушысы—Қарағанды Мемлекеттік уни
верситетінің студенті Алтынай Түсіпова. Бата кеңсе қағазына
көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында (1148-бума, 5-дәп.) сақтаулы. Бұрын
басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (5-б.) алынды.
41. [Е, Құдайым, жарылқа...]
Бата ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1160-бума, 4-дәп.)
сақтаулы. Айтушысы—Көкшетау облысының тұрғыны Әділет
Көкеев. Жинаушысы—Оразалы Шоқаев. Мәтін 1990 жылы бір
жолды оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Бұрын басылым көрмеген.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (11-б.)
алынды.
42-52. [Е, Құдайым, бала берсін…]
Аталған бата мәтіндерінің қолжазбалары ОҒК-нің қолжаз
балар қорында (1094-бума, 5-дәп.) сақтаулы. Мәтін араб әрпінде
жазылған. Айтушысы және жинаушысы белгісіз. Бұрын ба
сылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған қолжазбадан
(1-6-бб.) алынды.
53-62. [Жаздай жарылғасын…]...
Бұл баталар 1960 жылғы Қарақалпақ экспедициясы кезінде
жазылған. Айтушысы—Қарақалпақ АССР-і, Тахтакөпір ауда
нының тұрғыны Жарылғасын Кәрібаев. Мәтін тор көзді қалың
дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Бұрын басылым
көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (53-б.)
алынды.
63-64. [Я, Құдайым, залымнан сақта…].
[А, Құдайым, жаз жарылқасын...]
Баталардың қолжазбасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында
(1125-бума, 9-дәп.) сақтаулы. Шығарма ақ қағазға көк сиямен
араб әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (36-б.) алынды.
65-102. [Әумин десең бізге...]...
Бұл бата сөз мәтіндері А.В.Васильев құрастырған «Образцы
киргизской народной словесности: ХІІ молитвенных благожела
ний «Бата сөз» (Оренбург, 1905) атты жинақта басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған жинақтан
(1-22 бб.) алынды.
103-105. Бата сөздеp...
Аталған бата сөздер «Текес ауданының халық өлең-жыр
лары» (1-кітап, 1992) атты жинақта жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған жинақтан (110-
112-бб.) алынды.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
106-133. [Е, патша Құдайым…]...
Бұл бата сөздер «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты кітапта басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған кітаптан (146-
170-бб.) алынды. 134. [Міне, бата, ақ ниет…]
Бата «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) атты
кітапта басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған кітаптан (146-
170-бб.) алынды.
135. [Байдың көңілі жай болсын...]
Туынды «Тарту» жинағында (1923) жарық көрген. Жинау
шысы—Ә.Диваев. Кітаптың машинкаға басылған көшірмесі
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (153-бума) сақтаулы.
Томға мәтін аталған көшірмеден (26-27-бб.) алынды.
136. [Ақ ала ат, көк ала ат...]
Бата 1996 жылғы «Түркістан фольклор» экспедициясы
кезінде жазылып алынған. Айтушысы белгісіз. Жинаушысы—
Қ.Саттаров. Шығарма бір жолды қалың дәптерге көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында (920/108-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(355-б.) алынды.
137. Наурыз батасы
Мәтін «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) атты
жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (177-б.) алынды.
138. Наурызды жылы қарсы алайық
Батаны айтушы—Қарағанды облысының тұрғыны Ислам
Шұғаев. Жазып алушы—Қарағанды мемлекеттік университе
тінің студенті Гүлмира Сығаева. Шығарма 1990 жылы кеңсе
қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түскен. Бұрын басылым
көрмеген.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (1-б.)
алынды.
139. [Уа, Құдайым оңдасын…]
Туынды «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры (2004) жи
нағында басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған кітаптан (146-
170-бб.) алынды.
140. [Құтты болсын шаңырақ...]
Батаны айтушы—Қарағанды облысы, Ульяновск ауданы
ның тұрғыны Бибіжан Сыздыққызы. Жазып алушы—Қара
ғанды Мемлекеттік университетінің студенті Э.Мардашева.
Шығарма бір жолды журнал қағазына көк сиямен кирилл әр
пінде жазылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1082-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (3-б.)
алынды.
141. [Ал, әумин десең, қолың жай...]
Батаны ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Сайлаубек
Жақыпов. Мәтіндер кеңсе қағаздарына көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(914-бума) сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (28-29-бб.) алынды.
142-143. [Жетегің бұйда болсын…]...
Аталған баталар қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(1082-б.) сақтаулы. Жинаушысы—Қарағанды Мемлекеттік
университетінің студенті Б.Жұмабекова. Айтушысы туралы
мәлімет келтірмеген. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қорға 1991 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (19-б.)
алынды. 144. [Әуелі Құдай оңдасын...]
Шығарманы Қарағанды облысының тұрғыны Жұмыкенова
Маржанның айтуынан жазып алған—Қарағанды Мемлекеттік
университетінің студенті Э.Мардашева. Шығарма мәтіні бір
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
жолды журнал қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-бума) сақ
таулы.
Томға мәтін аталған түпнұсқа негізінде (5-б.) дайындалды.
145. [Жанды жақсы қылсын...]
Мәтін 1996 жылғы «Түркістан фольклор» экспедициясы
кезінде жазылып алынған. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Шы
ғарма мәтіні бір жолды қалың дәптерге көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(920/108-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (341-б.)
алынды.
146. [Сезімнің пәктігін берсін...]
Мәтін бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (920/136-бума) сақтаулы. Шығарма кең
се қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жинау
шысы—Қ.Саттаров.
Томға мәтін аталған қолжазба (81-б.) бойынша дайындалды. 147. [Ақтан берсін, адалдан берсін...]
Туындыны Батыс Қазақстан обылысынан жинап, 1984 жы
лы қорға тапсырған—М.Тілеужанов. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында (910/4-бума) сақтаулы. Шығарма мәтіні
машинкаға басылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (30-б.) алынды. 148. [Беташар тойдың атасы...]
Бата қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (910/5-
бума) сақтаулы. Жинаушысы—М.Тілеужанов. Қорға 1987 жы
лы түскен. Басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (4-б.)
алынды. 149. [Я, жаратқан Құдай....]
Туындыны ел аузынан жазып алып, 2001 жылы қорға
тапсырған—Өмірқұл Ноғайбаев. Мәтін кеңсе қағазына машин
када басылған. Бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында (1121-бума, 3-дәп.) сақтаулы.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (53-б.)
алынды.
150-153. [Балам, зерделі, дана бол…]…
Баталар «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) ат
ты кітапта жарияланған.
Томға мәтін аталған кітаптан (172-176-бб.) алынды.
154. [Тілек тілеп жалғыз Хаққа...]
Туындыны айтушы—Бұрынғы Қарағанды облысы, Улья
новск ауданы, Бабаев совхозының тұрғыны Бибіжан Сыздық
қызы. Жинаушысы—Э.Мардашева. Қолжазба ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (1082-бума) сақтаулы. Мәтін бір жолды
оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (2-б.) алынды.
155. [Е, Құдайым оңдасын...]
Мәтін Жезқазған облысының тұрғыны Айсұлу деген кісі
ден жазып алғандар: Қарағанды Мемлекеттік университеті
нің студенттері А.Әлкенова мен А.Бармақова. Шығарма мәтіні
кеңсе қағазына жасыл сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1156-бума, 5-дәп.)
сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (23-б.) алынды.
156. [«Бата» дедің маған…]
Бата қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1121-бу
ма, 3-дәп.) сақтаулы. Кеңсе қағазына машинкада терілген. Бұ
рын басылым көрмеген. Қорға 2002 жылы тапсырған—Өмірқұл
Ноғайбаев.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (53-54-бб.)
бойынша дайындалды.
157. [Ақ дастарқан жайылды…]
Бата сөз «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004)
жинағында басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған кітаптан (146-
170-бб.) алынды.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
158-159. [Шәйларың қызыл болсын...]. [Жарылқа, Алла,
қабыл ет…]
Туындылар компьютерге терілген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (1082-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көр
меген. Айтушысы—У.Орынғалиева. Жинаушысы—Қ.Орынғали.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-б.) алынды.
160-162. [Дастарханыңа береке берсін...]...
Mәтіндерді айтушы—Семей облысы, Аякөз қаласының
тұрғыны Самат Икімбаев. Жинаушысы—С.Жақыпов. Мәтін
1988 жылы сары түсті кеңсе қағазына көк сиямен кирилл
әрпінде түсірілген. Бұрын басылым көрмеген. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (914-бума) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (81-83-бб.)
бойынша әзірленді.
163. [Дастарханға берейін мен бір бата...]
Мәтінді 1990 жылы Бұрынғы Қарағанды облысы,Улья
новск ауданы, Алғабас совхозының тұрғыны Жұмагүл Тәшім
бекованың айтуынан жазып алған—Қарағанды Мемлекеттік
университетінің студенті Ж.Машырапова. Шығарма мәтіні
тор көзді оқушы дәптеріне қызыл сиямен кирилл әрпінде жа
зылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (942-бума)
сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқадан (16-б.)
алынды. 164. [Берейін бата асыңа...]
Мәтінді ел арасынан жинап, 2001 жылы қорға тапсырған—
Ө.Ноғайбаев. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1121-
бума, 3-дәп.) сақтаулы. Мәтін машинкаға басылған. Бұрын ба
сылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (53-б.) алынды.
165-170. [Құдайым осынау үйге дұға берсін...]...
Аталған баталар «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (156-158-бб.) алынды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
171. [Әуелі, Құдай, есен ет...]
Мәтін 1990 жылдары Бұрынғы Көкшетау облысы, Уәлиханов
ауданының тұрғыны Әшім Қарақызұлының айтуынан жазылып
алынған. Жинаушысы—Әділет Көкеев. Мәтін бір жолды оқу
шы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1160-бума, 4-дәп.) сақтаулы.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (13-б.) алынды.
172-173. [Бала туды бір адам...].
Аса бір соққан желдей бол…]
Баталарды айтушы—Қарағанды облысының тұрғыны Ах
метбек Әрінов. Жазып алушы—Э.Мардашева. Туынды бір
жолды журнал қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазыл
ған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1082-бума)
сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған түпнұсқадан (22-б.) алынды.
174. Шілдехана батасы
Мәтін қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/
137-бума) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген. Шығарма кең
се қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Жинаушы
сы—Қ.Саттаров. Айтушысы белгісіз.
Томға мәтін аталған қолжазба (103-б.) бойынша дайындалды. 175. [Нәрестенің бауы берік болсын..]
Батаны ел аузынан жинап, қорға тапсырған—С.Жақыпов.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбала қорында (914-бума) сақ
таулы. Шығарма сарғыш түсті кеңсе қағазына көк сиямен ки
рилл әрпінде түсірілген. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба негізінде
(29-б.) әзірленді.
176. [Баланың бауы берік болсын...]
Мәтін қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжпзбалар қорында (1148-
бума, 7-дәп.) сақтаулы. Айтушысы және жинаушысы белгісіз.
Шығарма мәтіні көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (5-б.) алынды.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
177. Тұсау кесер бата
Батаны ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Қ.Саттаров.
Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/137-бума) сақ
таулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (103-б.) алынды.
178. Сүндет тойға бата
Бата қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (920/137-
бума) сақтаулы. Шығарма кирилл әрпінде хатқа түскен. Бұрын
басылым көрмеген. Жинаушысы—Қ.Саттаров.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(104-б.) алынды. 179. [Жас ұрпақ өмірлі болсын...]
Мәтін «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) атты
кітапта жарияланған.
Томға мәтін аталған кітаптан (173-б.) алынды.
180. [Сапарыңды оңдасын...]
Мәтін қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (914-
бума, 2-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—С.Жақыпов. Шығарма
сарғыш түсті кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жа
зылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (28-б.)
алынды.
181. [Жортқанда жолың болсын...]
Мәтінді ел арасынан жинап, қорға тапсырған—С.Жақыпов.
Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (914-бума, 2-дәп.)
сақтаулы. Мәтін кирилл әрпінде хатқа түскен. Бұрын басылым
көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (175-б.) алынды. 182. [Қайырлы болсын қадамың...]
Мәтінді жинаушы—С.Жақыпов. Қолжазба ӘӨИ-дің қол
жазбалар қорында (914-бума) сақтаулы. Бұрын жарияланба
ған. Туынды кеңсе қағазына кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба бойынша
(175-б.) дайындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
183. Сақтық батасы
Батаны айтушы—Әшім Қарақызұлы. Жинаушысы—Әді
лет Көкеев. Шығарма бір жолды оқушы дәптеріне көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар
қорында (1160-бума, 4-дәп.) сақтаулы. Бұрын басылым көр
меген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (13-б.)
бойынша әзірленді.
184. [ Мына берген басың…]
Мәтін «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004) атты
жинақта жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (155-б.) алынды.
185-186. [Мекеніңіз құтты болсын…].
[Аман болсын бастарыңыз…]
Баталар «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (2004)
атты жинақта жарияланған.
Томға мәтін аталған кітаптан (170-б.) алынды.
V. АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР
1. [Тілегіңіз қабыл болсын…]
Алғыстар бұрын еш жерде басылым көрмеген. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар орында (858-бума, 1-дәп.) сақтаулы.
Шығарма кирилл әрпінде машинкада басылған. Айтушысы
белгісіз. Тапсырушысы—Шертаев Бекнияз.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (5-б.)
алынды.
2. [Халқыңа қалаулы…]
Мәтіндерді ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Б.Шер
таев. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (858-бума,
3-дәп.) сақтаулы. Мәтін кирилл әрпінде машинкаға басылған.
Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға мәтін аталған қолжазба (6-б.) бойынша дайын
далды.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
3. [Жаңа жылың құтты болсын…]
Алғыс мәтінінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында
(842-бума, 3-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Б.Шертаев. Мәтін
бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (1-б.) алынды.
VІ. ҚАРҒЫСТАР
1. Қарғыс
Мәтінді ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Б.Шертаев.
Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (858-бума, 1-дәп.)
сақтаулы. Туынды кеңсе қағазына машинкада басылған. Бұ
рын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (1-б.)
алынды.
2. Қарғыс
Туындылар В.В.Радловтың «Образцы народной литерату
ры тюркских племен...» (Часть.ІІІ. Спб., 1870) атты зерттеу ең
бегінде жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған кітаптан (1-6-бб.)
алынды. 3. Қарғыс
Қарғыс мәтіндері бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы
ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1084-бума, 5-дәп.) сақтаулы.
Туындылар кеңсе қағазына машинкада басылған. Жинаушы
сы—Ж.Алманов.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (7-б.) алынды. 4. Қарғыстар
Томға ұсынылған туындылар «Образцы киргизской на
родной литературы» (Казан: Типо-литография Император
ского Университета, 1909) атты жинақтан, (Жинаушысы—
Н.Н.Пантусов); ӘӨИ-дің қолжазбалар қорынан (1092-бума,
5-дәп; 146-бума, 8-дәп. Бұрын еш жерде жарияланбаған) алын
ған мәтіндердің негізінде дайындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
VІІ. ТЫЙЫМ СӨЗДЕР
Тыйым сөздер «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры»
(2004) атты жинақта басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтіндер аталған жинақтан (192-
209-бб.) алынды.
Қ. Алпысбаева
25-0139
ТОМДА КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ
ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—аса көрнекті мемлекет
қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы. Азан
шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің қой
ған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай атанған.
Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарай
ды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сайланады. Ел
тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы басқыншылар
ға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отырады. Шет елдер
мен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық қарым-қатынас
орнатуға тырысады. Өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткі
зіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қала
сындағы атақты Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішінде Қабыр
хана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.
Арынғазы (1800-ө.ж.б.)—соңғы қазақ хандардың бірі, күй
ші. Батыр сұлтанның шөбересі, Әбілқайыр ханның жиеншары
(Батыр—Қайып—Әбілғазы—Арынғазы). Арынғазы бірнеше
күй шығарған. Оның шығармаларының ішінде бізге жеткені
—«Арынғазы» күйі.
Арыстан Бап (Арыстан баб)—әулие, Мұхаммед с.а.с. пай
ғамбардың замандасы, Ахмет Йасауидің ұстазы. Діни аңыздар
бойынша ол Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың аманат қалдыр
ған киелі құрмасын (финики) тілінің астына сақтап келіп,
Ахмет Йасауиге тапсырған. Халықта «Арыстан Бапқа түне,
Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан Баптың
басына орнатылған күмбез Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар
ауданындағы Қоғалы ауылында.
Әбубәкір Сыдық (Қолжазбада «Сыздық» болғанмен, дұ
рысы—«Сыдық»)—Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін
тағайындалған алғашқы халиф. Ол Пайғамбарымыздың өзі
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
шыққан Құрайыш руынан болатын. Меккедегі ықпалды
саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.) Исламға кіруге
шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші
болып мұсылман болды. Одан үлгі алған жерлестері хазірет
Осман бин Аффан, Әбдірахман бин Ауф, Талха бин Убайдулла,
Сад бин Әбу-уақас, Зұбайр бин Ауам сияқты кісілер де Ислам
ды қабылдайды. Әбубәкір—Расул Алланың төрт сахаба—
достарының бірі. Қазақтар көбінесе, оларды парсы тілінің
ықпалымен төрт шарияр деп атаған. Хазірет Әбубәкір әділдігі
үшін Сыдық деген есімге ие болды. Ол 631 жылы Меккеге
аттанған алғашқы қажылық сапарды басқарған. 632 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы
қиын кезеңде араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді.
Ислам дінінің көкжиегін кеңейтіп, әртүрлі әскери жорықтар
ға қатысты. Өзі Халифатты басқарған (632-634) жылдары хазі
рет Расулға түскен Алла аяттарының жинағын құрастырады.
Хазірет Әбубәкір—Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның
үшінші әйелі Айшаның әкесі.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелер
дің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдын
да Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсай
ды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл
мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл
шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол
жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал ме
зеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаш
тан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзі
рейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Әзірет Әли—Османнан кейін билік басына келген төртін
ші «әділетті халиф». Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы.
Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып күш
иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын
болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар»,
«қамқам», «самсам» деген үш қылышы болғаны айтылады.
Әсіресе, Әли «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді
шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында,
оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазі
рет Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ аттың
нышанына айналған.
Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700)—қазақтың атақты
үш биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан
шыққан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұрты
ның атынан мүше болып сайланған «Жеті жарғының» өмірге
келуіне айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйтеке»
деп те атаған.
Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегілерін
де кездесетін киелі де қасиетті бейне. Әулиенің батасын алған
баласыз қариялар Алланың құдіретімен ұлды болып жатады.
Мұсылман аңыздарында Шашты Әзіз 88 пайғамбардың бірі.
Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас деп көрсетіле
ді. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында Әулие санал
ған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұ
хаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, содан соң Баба
Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті Шашты Әзіз—
Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам діні Орталық
Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген болжамдар
бар.
Бибі Фатима—Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші
халифа Әлидің әйелі, Хасан мен Хұсайынның анасы, мұсыл
ман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті әйел бейнесі.
Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын
әл-фатимийун әулетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып
қалыптасса керек. Фатима шииттердің діни хикаяларының ең
басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде
алақанды белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» деген
атақ алған. Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру
дарытатын қасиеті бар деп саналған.
Біләл—эфиоптық зәңгі тайпаларынан шыққан тұңғыш мұ
сылмандардың бірі. Ол—Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар ислам
дінін уағыздаған кезде жаңа дінді алғаш қабылдағандардың
бірі. Мұсылман халықтары Біләлді дін жолындағы тақуа және
алғашқы азаншы—муазин ретінде таниды.
Дәуіт—Қасиетті Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен
пайғамбардың әкесі. Көне еврей тілінде Давид. Дәуіттің отыз
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
баласы болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың
жанын бір мезетте алып кетеді. Мұны көрген Дәуіт Алла Та
ғалаға зар илеп жылайды. Сонда Алла: Дәуіт, саған отыз балаң
ның орнына отыз бала берейін бе, әлде отыз балаға татитын бір
бала берейін бе?—деп сұрағанда Дәуіт «отыз балама татитын
бір ұл беріңіз» деген екен. Иеміздің берген ұлы осы Сүлеймен
пайғамбар болатын. Сүлеймен мал-құстың тілін түсініп, сол
тілде тілдесе алатын болған.
Домалақ ана, Нұрила (1378-1456)—қазақ халқының әу
лие аналарының бірі. Ұлы жүздегі көптеген ру-тайпалардың
түпкі анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі,
әкесінің аты—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. Нағашы
атасы Уәйіс хан—Моғолстанның ханы болған. Атасы Мақтым
Ағзамның қолында тәрбиеленген Нұрила 19 жасында Бәйді
бек биге тұрмысқа шығады. Өзінің ақылдылығы мен парасат
тылығы арқасында елге сыйлы болған. Түрікпен Қара Хайдар
даналығына тәнті болып «Диһнат мама» деп атаған. Парсыша
«Әулие ана» деген мағына беретін бұл сөз бертін келе «Домалақ
анаға» айналған. Десе де, «Домалақ ана» атының шығуы туралы
басқа да аңыз-нұсқалар бар. Балабөген өзенінің жағасында
намаз оқып тұрып қайтыс болғандықтан, сол жерге жерленеді.
Ескендір Зұлқарнайын (б.д.д.—356-323)—Македонияның
атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі,
аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында
кең тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығармалар арналған.
Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами, Фердауси,
Абай, т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың басым
көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер
қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына» көптеген ел
табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнеленеді.
Жақып—пайғамбар, Жүсіптің әкесі, Інжілдегі Иаков. Құ
ран Кәрімде Ыбраһым ұрпағы ретінде Ысқақпен қатар ата
лады. Оның тақуалығы мен болжау қабілеті Алла Тағаланың
бүкіл Ыбраһым (Авраам) руына ризашылығын білдіру ретінде
суреттелген.
Құран
Кәрімде
Жақыптың
екінші
есімі—
Ысрайыл. Ал оның ұрпағы бәни Ысрайыл деп аталады.
Жанқожа (1774-1860)—батыр, Сыр бойы қазақтарының
Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылды
ғына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 17 жасында
кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті тұр
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
ғындары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне
жасаған жорығында елеусіз болып барған Жанқожа қарақал
пақтың Тыхы батырын жекпе-жекте өлтіріп, батыр атанады.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы Үш жүзге даңқы жайылған әрі есімі
Шекті руларына ұран болған ең соңғы батыр. Ол әділдігімен,
халыққа жанашырлығымен және тақуалығымен ерекше қа
сиетке ие болған.
Жәнібек хан (т.ө.б.)—Қазақ хандығының негізін салушы
лардың бірі, Барақ ханның баласы. ХV ғ. өмір сүрген. Керей
ханмен бірге Өзбек ұлысынан Моғолстанға қоныс аударған.
Екеуінің соңынан ерген халық қазақтар аталған (көне түркі
тілінде «қазақ» сөзі «азат, ерікті, тәуелсіз» мағынасын берген.
Қазіргі башқұрт, ноғай, құмық тілдерінде «қазақ» әлі де сол
мағынада қолданылады) кейін бүкіл хандыққа телінеді.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құран
да оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қамтыл
ған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүз
ден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақы
рыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.
Зеңгі баба—қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі
төрт түлік малдың бірі—сиырдың пірі. Халық нанымында әр
түліктің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде
сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген.
Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.
Көкше—қазақ батыры. Шежіреде уақ руының Ер Көкшеден
тарағаны айтылады. Қадырғали Жалайырдың шежіресіндегі,
«Никон жылнамасындағы» деректерге қарағанда ол 1417 жыл
ғы Едіге мен Қадырберді әскерлерінің арасындағы ұрыс кезінде
қайтыс болған. Қазақ халқында «Ер Көкше» атты бірнеше жыр
бар.
Қабанбай батыр, Қаракерей Қабанбай (1692-1770)—Жоң
ғарларға қарсы азаттық соғысының даңқты қаһарманының бірі,
қазақ батыры. Найман тайпасы, Қаракерей руының Байжігіт
тармағынан, оның ішіндегі Мәмбет атасынан тарайтын Қожа
ғұл дегеннің баласы. Шын аты—Ерасыл. Жеңгелері денесінің
ірілігіне қарап «Нар бала» деп ат қойған. Ауыл малына шапқан
қабандарды өлтіргендіктен, «Қабанбай» деп аталған. 1718 жы
лы Аягөз шайқасына осы есіммен қатысып, жоңғар батыры
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Арсаланды жекпе-жекте жеңуі Қабанбай атын аспандатып
жіберді. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
кезінде батырдың ерлік істері күллі қазақ даласына кең та
райды. 1725-1729 жылдары жоңғар ақсүйектерінің сұрапыл
шабуылдары Бөгенбай, Қабанбай батырлардың соққысына
ұшырайды. Қабанбай бастаған батырлар 1728 жылы Шұбар
теңіз бен Бұланты өзені жағасында, 1729 жылы Іле өзені
бойында, Қаратал өзенінің алқабында жоңғар әскерлерін
ойсырата жеңеді. 1730 жылы Балқаш көлінің онтүстігіндегі
және 1740 жылы Шыңғыстау шайқасында ерлігімен ерекше
көзге түседі. Атақты Аңырақай шайқасына қатысқан. Сыртқы
жаудан қазақ жерін түбегейлі тазарту мақсатында 1751 жылы
Арыс бойында құрылған Ұлы жүз жасағымен бірге Тәшкен,
Сайрам, Түркістан маңындағы жоңғарларды қуып шығады.
Бұл тарихта «Қабанбай-Ханбаба» жорығы деп аталады. Қазақ
жеріне кірмек болған қытай әскерін тойтарады. Ерлігі мен
әскери қырағылығына сүйінген Абылай батырға «Дарабоз»
деген лақап берген. Сондай-ақ «Хан Қабанбай» деген атағы да
бар. Қабанбай батырдың зираты белгісіз. Тарихи деректердің,
ауызша тараған шежірелердің айтуы бойынша батырдың
сүйегі Жоңғар қақпасының сол қапталына, Сарыбел асуына
жерленген.
Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764)—қазақ халқының
бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері. Орта жүздегі арғын тайпасының қа
ракесек тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда
Төле би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды.
Жасы ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-11 жылдары
Жоңғар хандығына үш рет елшілікке барған Қожа Ахмет
Йасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты
Қазыбек» есімі кең тараған.
Қамбар ата—қазақтың сенім-нанымында жылқы малы
ның пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған
Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Сонымен
қатар Қамбар ата образы түркі халықтарының ежелгі фольк
лорында көп кездеседі.
Қожа Ахмед Йассауи (1103 немесе 1105-1167)—Орта Азия
ның атақты ақыны Түркістанда сопылық мектебін құрып,
діни-мистикалық әдебиеттің негізін салушы. Қазіргі Сайрам
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
маңында туған. Қожа Ахмет Арыстан бап тәрбиесінде болып,
Бұқарада әйгілі сопы Жүсіп Хамадани мектебінде оқыған.
Йассы (қазіргі Түркістан) қаласын мекендеп, шайхылық
құрған—«әулие шайық» атанған. Атағы алысқа тараған, көп
шәкірт ерткен. Жұрт «Мәдинеде—Мұхаммед, Түркістанда—
Қожа Ахмет» деп, оны пір тұтқан. Ол 63 жасқа келгенде «пай
ғамбардың жасынан артық жасамаймын» деп, жертөлеге-
шілдеханаға (жердің астынан ойып жасалған үйге-қылуетке)
түсіп, қалған өмірін сонда өткізген. Оның әдеби мұрасы бізге
бір ғана «Диуани хикмет» («Хикметтер жинағы») деген еңбегі
арқылы жеткен. Бүгінгі күні 149 хикметі белгілі. Қазіргі бар
көшірмелер XV (4 қолжазба) және XVІІ ғасырларда жазылған.
XІX ғасырдың екінші жартысында бірнеше рет тасқа басылған.
Түркі халықтарының арасында (Түркия, Орта Азия, қазіргі
Қазақстан, Татарстан т.б.), өте көп тараған (қолжазба күйінде),
Стамбулда, Ташкентте, Қазанда т.б. орталықтарда талай рет
жарияланған.
Қожа Ахмет Түркістанда жерленіп, басына күмбез орна
тылған (1395-1397). Қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тарихын,
этнографиясын, шаруашылық жағдайын зерттеу үшін «Диуани
хикметтің» маңызы үлкен деп есептелінеді.
Қорқыт—тарихи жазба мәліметтер мен аңыздар, халық
шежірелері бойынша Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария
өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Ианикент) қаласында
(VІІІ-ІX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін «Жер
ұйығын» іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата—ақын,
жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ой
шылы болған адам.
Лұқпан хакім—ол туралы исламға дейінгі араб хикая
ларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға
31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын
насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам
ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким,
яғни хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші де
лініп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр,
аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да
«Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.
Мұхаммед—ең соңғы Пайғамбар, Ислам дінінің негізін са
лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед (с.а.с.) өмірге
келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул
Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден үш ша
қырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң
алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед (с.а.с.) 610 жылы 40
жасында Алланы, яғни бір құдайға табынатын дін—Исламды
уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың
басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсы
лық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жы
лы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден
Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл са
науының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра»,
яғни «қоныс аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина
қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пай
ғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бе
тін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемі
мен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз
адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі
кемеге мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан
аман қалып, өмір қайта жалғасады.
Ойсылқара—түйе малының пірі. Ислам тарихында Пай
ғамбарға деген сүйіспеншілігімен белгілі болып, әулие ре
тінде құрметтелген Уәйіс әл-Қаранидің атымен байланысты
ұғым. Ойсылқара Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке
адалдығымен, тақуалығымен көпке үлгі болған.
Омар—әулие, жырда Едігенің атасы болып келетін эпика
лық кейіпкер.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Оспан (Ғұсман)—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әді
летті халифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған
алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі
Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың
екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар
Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті
атақ берген.
Райымбек батыр (1705-1785)—батыр, қолбасшы. Қазіргі
Алматы облысының аумағында да туған. Ұлы жүз албан руы
нан. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған.
Рүстем—Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік
әрі фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бергі
дәуірдегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын
алған, былайша айтқанда ертегі, аңыз, хикая-дастандарда
ол—батырлық пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз
қаһармандық пен орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитетке
айналған. Рүстем батырдың шығу тегі парсы елінде ертеде
өткен Кианилер патшалығының әулеттерімен тығыз қатысты
екенін аңғарамыз. Атасы Сам палуан мен әкесі Зал (Дастан) да
ерен күштің иелері болған. Рүстемнің өзінен өрбіген Сүһрап,
Дарап, Пәрамириз, Баһрам тағы басқа ұлдары да шетінен
жүрек жұтқан сайыпқыран батыр ретінде сипатталады.
Парсының атақты шайыры Әбілқасым Фердауси ат-Тусидің
«Шаһнамесіндегі» басты оқиғалардың бәріне дерлік Рүстем
мен оның ұрпақтары қатысады. Онда Иран мен Тұран елдері
арасындағы көп жылдық қырғи-қабақ соғыстардың шежіресі
баяндалған. Осы ұлы шығарманы қазақ тіліне толық, әрі көр
кем тілмен көмкеріп аударушы—Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Да
рынды қазақ ақынының бұл еңбегі өзі өмірден қапыда озғаннан
соң, жиырма жылдан аса уақыттан кейін ғана жарық көрген.
1961 жылы «Шаһнаменің» Тұрмағамбет аударған нұсқасы бі
раз бөлігі қысқартылып, «Рүстем-Дастан» деген атпен кітап бо
лып басылды.
Сатыбалдыұлы ер Барақ—1743 жылы қазіргі Батыс Қа
зақстан облысы, Шыңғырлау ауданы аумағында дүниеге келіп,
1840 жылы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу аумағында
кайтыс болған. Тегі Шөмішті Табын руының Қарақойлы
тармағынан шыққан. XVІІІ ғасырдың ІІ жартысында күллі
Кіші жүз елін шарпыған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
бірі. Осы кітапқа еніп отырған батырлық жыр нұсқаларының
басты қаһарманы. Барақтың баласы—Асау да, немересі Дәуіт
те басқыншы жаулардан қазақ елі мен жерін қорғап, қол бас
таған батырлар.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жа
нуар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Төле би, Төле би Әлібекұлы (1663-1756)—қазіргі Жамбыл
облысының жерінде, Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жай
лауы деген жерде дүниеге келген. Ұзақ өмір сүріп 1756 жылы
қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты
Ақбұрхан-Орда деген жерде қайтыс болған. Сүйегі Тәшкен
қаласындағы Жүніс ханның қабырының қасына жерленген.
Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—Қожамбер
ді—Құдайберді—Әлібек. Орта жүздің биі Қазыбек Келдібек
ұлы мен Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі Әз-Тәуке
ханның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының заңы ретінде
«Жеті жарғының» дүниеге келуіне атсалысады. Тәукеге Түркі
стан қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жерден басқаруға,
сөйтіп бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға көмектеседі.
Шақшақ Жәнібек—казақ тарихында Шақшақ Жәнібек,
Жәнібек тархан деген атпен даңқы қалған батыр. 1693 жылы
қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосынқұм
деген жерінде дүниеге келген. Тегі Орта жүз құрамындағы Ар
ғын руының Момын аталығынан шыкқан. 1710 жылғы жоңғар
қалмақтарымен соғыста жаудың нойонын жекпе-жекте өлті
ріп, батырлығымен көзге түскен. Арнаулы әдебиеттер мен рес
ми құжат деректеріне қарағанда ол Кіші жүз ханы Әбілқайыр
мен дос-жар қарым-қатынас жасап, оның Ресей қоластына
кіру саясатына тікелей қолдау көрсеткен. Хан тағына отырған
Абылайға бата берген. Оның ел ішіндегі беделін, қайраткер
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
лік қабілетін жоғары бағалап, Ресей патшайымы Елизавета
Петровна 1743 жылы 11 шілдеде «тархан» атағын берген.
1752 жылы қайтыс болған Жәнібек тарханның денесі Түркі
станға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.
Шаһариарлар [шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—
тарихта «ал-Хулафа ар-Рашидун» деген атпен белгілі, араб
мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті
халиф—Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.
Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз Құдайлық
дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген
сенімді серігі, жолдасы болды және Ислам дінін тарату, нығай
ту ісін ары қарай жалғастырды.
Шопан ата—әйгілі Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті. Ол
ХІІ ғасырдың 2-жартысында өмір сүріп, ел ішінде мұсылман
дінін уағыздаған әулие адам. Шопан ата тұрғызған жер асты
мешіт пен қорым ел ұғымында киелі, қасиетті орын саналады.
Ілияс—көне иудей, христиан аңыздарында Ілиястың
есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей құдай
ларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда Ілияс
пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын. Түркі халықтарында
Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыстырылып, «Қыдыр-
Ілияс» деп те атала береді. Кейде оны «Қызыр» деп атайды.
Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте,
ол адамдарға Қызыр [Қыдыр] әулие (ақсақал) түрінде көрініп,
әр түрлі қиындықтардан қорғайды. Кейде Ілиястың жанын
да «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар
ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты
кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен ертегілерде) қол
ұшын береді.
Юсүп пайғамбар—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пай
ғамбар, Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы
толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрас
ный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді
негізге ала отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс
ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтар
да да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген
дастан бар.
Албан—қазақ халқын құрайтын ежелгі ірі тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша Ұлы жүз құрамына кіреді. Албан атауы
көне жазба тарихи деректерде кездеседі. V-VІ ғасырларда Жеті
су өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпа
сы аталып, дулу одағында болған. Шежіре деректері бойын
ша, Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын
Тілеуберді қойып Жарықшақ атандырған себебі, бала туғанда
жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында
«Жарықшеке», кейіннен «Жарықшақ» атап кеткен. Сол
Жарықшақтан үш ұл: албан, суан, дулат тарайды. Үшеуі өсе
келе үш рулы елге айналады. Үлкені—албан, ортаншысы—
суан, ең кенжесі дулат болып бөлінеді. Қазіргі кезде албандар
Алматы төңірегі, Нарынқол, Шонжы, Кеген аудандарымен
қатар, Қытайдың Құлжа, Текес, Нылқы, Мұңғылкүре, Шап
шал т.б. аудандарында қоныс тепкен.
Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі.
Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо
нысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,
Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс
зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қа
зақ шежіресінде арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
қуандық, сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қа
ракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті мо
мын» аталып қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, аты
ғай, сарыжетім, шақшақ болып жіктеледі.
РУ АТАУЛАРЫ
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әлім, Шөмен—Кіші Жүз Алшын бірлестігінің басты руы.
Әлім—лақап аты. Шын есімі—Қаракесек. Әлім рулары Орал,
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Өзбекстан
мен Қарақалпақ өңірлерінде тіршілік етуде. Бұл қоныстануына
байланысты Сыр, Қуаң, Жаңадария бойындағы Әлім, Шөмен
аталған.
Қоңырат—Орта жүз құрамындағы ру. Түркі халықтары
ның, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында Қоңырат
руының өзіндік орны бар. Көбінесе, Жиделібайсын, Сыр бойы
мен Орта Азия далаларын мекендеген. Өзбекстанда Қоңырат
қаласы бар. Аңыздарда Алпамыс батыр Осы қоңырат руынан
шыққан делінеді.
Қызай—шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай
Үйсін елінің қызы (есімі—Күнбүбі, кейбір нұсқаларда Қар
лығаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен.
Ілебай соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауырына
салып өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандықтан,
«қыз-ай», «қызай» аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұрпағы
Шағырай алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп,
рулы ел болып, ананың атымен «Қызай елі» атанады.
Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха
лықтарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта
Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішін
де кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, ІX ғасырдағы
қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, қаңлы, қарабөрікті,
тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ
тар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін алғашында қимақ
қағандығының құрамында болып, XІ ғасырда бөлініп шықты.
Шыңғысхан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын
(Алтын Орда) тарихшылар Дешті қыпшақ деп атаған.
Үйсін—қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежел
гі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында
Үйсін атауы б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың
күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс
елдеріне елшілік жібереді. Үйсін тайпалық бірлестігі бұл тұста
Қытайдың батысындағы өзге елдермен дәрежесі тең қуатты да,
құдіретті мемлекет болды. Үйсіннің шығу тегі, таралуы, қазақ
халқының тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
зерттеулерде талас пікірлер аз емес. Оған себеп—жазба дерек
көздері. Атап айтқанда, VІІ ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-
гу: «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір
айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды»,—
деп жазды. Жетісу үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолын
да А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев, Г.А.Кушаевтар археология
лық қазба жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Есік қорғанынан
қазып алынған (1969-1970) «алтын адам» «сақ ханзадасы» деп
тұжырымдалғанымен, соңғы зерттеулер «Үйсін адамы» деген
пікірді алға тартады.
Абат /көн./—шалғынды, көкорай, бау-бақшалы, жасыл
Айдын—жайылып жатқан су алабы
Ақым—кеулей қазылған үңгір
Алхамдулла рабил /а/—әлемді жаратқан жаратушыға та
бынамын
Анда—онда, ана жерде
Андан—одан, ана жерден
Аран—кірпіш пен істік темірден жасалған кең құрсау
Асылан—арыстан
Ауаз /п/—дыбыс, дауыс; әуез
Әзет—көп болса, әрі кетсе
Әман /а/—рақымшылық етуін өтіну, кешірім сұрау
Әмбия, әнбие—әулие
Бағи /п/—бүлікші, бүлдіргіш, көтеріліске қатысушы
Бадан—раушан гүлдер тұқымдасына жататын жеміс аға
шы, сол ағаштың жемісі
Басар /а/—жаңа зат
Бауырдақ /жер./—ершікке, ертұрман әбзелдеріне тағатын
айыл
Баят /а/—ескі, көне; қалған
Бәтиха /п/—бата, тілек; лебіз
Бедеу—қысыр, ту мал
Бейіш /ир/—діни ұғым бойынша, «о дүниедегі» жұмақ,
жәннат
Боқжама /көн./—сандық
Бузрік /а/—үлкен, ірі, зор
Бұрал—бүйірі бүйіріне жабысып, аш өзегіне түсу
Бұрхан /а/—дәлел, айғақ
СӨЗДІК
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Бүлгін—азып-тозған, бүлінген жер
Бірлән—бірге
Гұнай—күнә, қылмыс
Гүләп /а/—гүл шырыны
Ғайып ерен қырық шілтен—[шілтен /п/—қырық дене]—
мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін кие
лі бейне. Кейбір аңыздар бойынша, ғайыптан пайда болатын
шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс
сапарда жүрген, арып-ашып жолынан адасқан жолаушыларға
жәрдемдеседі.
Дару—тию
Дәру—дәрі
Дегелек—денесінің ұзындығы 80-150 см., тұмсығы ұзын
болып келетін ірі құс
Делебесі қозу—көңілі алып ұшті, желікті
Дөңгіл—төбе, бет
Дүм—бір заттың арты, түп жағы
Дүрдараз—аздап араз, ренішті, бірде тату, бірде араз
Дүрқара—қап-қара
Дыр—аса үлкен, ірі, зор
Елек /к.с./—зойдақ шоқжұлдызы
Еңгіл—сай, шатқал
Ергеншек /жер./—ұрпақ, тұяқ деген мағынада
Еріс—ерте
Жаба /жер./—шөп суаратын құрал
Жамиғ /а/—біріктіру; бірлестіру; жинау; бірлестік, одақ;
жиын, топ; көп бәрі
Жана—және
Жәһүт—кәпір
Желі—ірі қара малды сауған кезде төлдерді (құлын, бұзау)
байлау үшін екі қазаққа кере тартып байланған қыл, не кендір
арқан.
Жете—адамға ғана тән ақыл, сана
Жозы /Қыт./—үстел
Жұм-жұма /а/—бас сүйек
Жүмла, жүмлә /а/—бәрі, барлығы, түгел
Жұрқа /көн./—бір нәрсенің қауығы, тамтығы
Жырым—Үсақ-түйек, уақ
Зағыфран /а/—сары түсті гүл
26-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Захмет /а/—еңбектену; қолғабыс тигізу, жәрдемдесу
Заһар—у, улы зат
Зембіл—екі кісінің әр алуан заттарды колмен көтеріп тасуға
арналған құрал
Зәңгі—бас имам; бастық
Зебер /п/—тегіс емес, ойлы-шұңқыр
Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік, тұрақсыздық, бұ
зықтық; неке бұзушылық
Зияда /п/—көп, артық
Зұлпықар—діни аңыздарда Мұхаммед пайғамбардың баты
ры Әлидің қылышын солай атаған. Кейін асыл болаттан соққан
қылышты осылай атап кеткен
Кафил /а/—кепіл
Кәдік—күмән, шүбә, күдік
Кәлам, кәлима /а/—сөз, әңгіме
Кәләм /а/—сөз, әңгіме; исламдағы теориялық ілім
Кәрік—өш болу, жауласу
Кежім—кестелеп, оюлап, әшекейленген сәнді ат жабу
Кезбас—қаңғыбас, сергелдең
Кекіре—Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөп
тесін улы өсімдіктердің жалпы атауы
Кент—қала
Көзел /т/—әдемі, сұлу
Көкене /жер./—Ауыз үй
Көкше—буынға түсетін құрт ауруы
Көтерем—етінен әбден арылған, өздігінен тұрудан қалған
арық мал
Куф /п/—зиян, қас
Күлдіреуіш—шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп
тұратын, түтін шығып, жарық түсу үшін ойқастыра бекітілген
ағаш, шаңырақтың керегееөз боп түйісетін шыбықтары
Күшала—ыстық жақта өсетін улы дәнді, емдік қасиеті бар
өсімдік
Кіреует /о/—төсек
Кірне—соқырішек бөлшегінің асқынған ауруы
Кісәпір—қалтаға түсетін ұры
Қазанат—ыстық-суыққа, ұзақ жолға, аштықа төзімді қа
зақы жылқының байырғы бір түрі
Қайыл /а/—сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Қайым /а/—мықты, күшті
Қалша—қасарып, айтқанға көнбейтін; қырсық.
Қарисын—қартайсын
Қарқаралы—қарқарасы бар, қарқара киген
Қаріп—мүгедек, сал
Қат—астың бір түрі
Қоза—мақта өсімдігінің сабағы, қозапая
Құдыс /а/—Иерусалим қаласының ескі аты
Құлпы /көн./—өзі құлпырып тұрған жібек мата
Лайақат—лайық
Ламекен /а/—мекенсіз, орынсыз
Ләскер /а/—әскер
Мағрип /а/—батыс
Мақар (макәр) /а/—Тапал бойлы, қортық
Мама ағаш /көн./—ат байлайтын, діңгек ағаш
Мамыр—көктемнің соңғы айы; май
Марту—жын-шайтан, албасты
Махшар—қиямет күнінде Алла тағаланың өлген кісіден
жауап алатын күні.
Машайық /көн./—ақылды адам, абыз
Машриғ /а/—шығыс
Мәңкір, Нүңкір—діни ұғым бойынша о дүниеде қабірдің
ішінде адамның істеген істері бойынша сұрақ-жауап алатын
періштелер.
Меңдуана—үлкен жапырақты, гүлі сарғыш, ақшыл көк
түсті, исі бас айналдыратын, көбіне дәрі-дәрмек ретінде қолда
нылатын улы өсімдік.
Мекір /а/—айла-тәсіл, амал
Мер /а/—Ащы, у
Миман (мейман)—қонақ
Мирас /а/—мұра
Михнат /п/—азап, қиыншылық
Мия—дәні ащы, ақшыл я қызыл түсті бұршақ тұқымдасы
на жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік.
Монтаны—екі беткей, арам
Мұғадар /ж.с/—мақсат, жоспар; болжам
Мұда—мүдде
Мүбарак—қайырымды, мейірман, қайырлы; құт, береке
Мүддаға /а/—тілек, ой; мақсат, арман; мүдде
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мүрде—өлік, мәйіт, сүйек, өлген адамның денесі
Мүшәурат /а/—кеңес, жиын
Мүнәжат /а/—Құдайға сыйынушылық, құлшылық етуші
лік, жалбарыну
Мірі /көн./—ескіше бес тиындық ақша
Назыр /а/—қарау, байқау, көру
Нармая—түйенің жалғыз өркешті түрі
Нарша—буыршын нар, жас нар
Ойма—қолөнер. Етіктің қонышы мен басы қосылатын жер
Омақасу—кенет ұшып, мұрттай ұшу, сүрініп құлау; жеңілу
Оман, ұман—бүкіл, барлық
Оңдақ—озық, алды
Оп /ж.с./—қада, қырманға қадаған ағаш
Панар /о/—фонарь, шам
Парман /а/—бұйрық, әмір
Парша, парча—қымбат жылтыр мата
Пәнда—пенде
Пәруардігер—Жаратушы, Алла, Құдай
Пина /а/—жасырын, көмескі, көрінбейтін
Пыр—тыныш, ынтымақты; берекелі
Пірәдар /п/—бұрадар, жолдас, тамыр; дос, ағайын
Раң—көктемнің басында қар суымен өсіп шығатын, бойы
аласа майда шөп.
Рауан—таңғы жарық, сәуле, нұр
Рия—күмән, күдік
Самар—тіл мен жағына сүйенген, шешен
Сарамас—жынды, есалаң, жарымес
Сахаба /а/—серіктер, жолдастар. Мұхаммед пайғамбармен
бірге ислам дінін қабылдап, мұсылман мемлекетін құруға
атсалысқандар. Мұхаммедтің істері мен сөздері туралы хадис
тер асхабтардың айтулары бойынша жазылып алынған.
Сахиб /а/—дос, жолдас, ие, қожайын
Сахилы /а/—жомарт, қолы ашық
Сәруар /п/—патша, ие, пір
Сенек /ж.с./—айыр
Сусамыр—қант ауруы
Сөтке, сутка /о/—бір тәулік
Сұбхан /а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла тағаланың 99
есімінің бірі
Сүдігер—дәнді дақылдар егу үшін жыртылған жер
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Сүрме—кірпік пен қасты қарайтып бояу үшін қынадан
жасалған бояу
Сыпа—сыпайы
Сірне—шырын, сөл
Тақыт, тахты /а/—ою өрнектеліп безендірілген, арқасы
және жақтауы бар мүлік (қазіргі диван тектес); патшалар
отыратын орын, тақ
Талақ /а/—ер адамның әйелін тастағанда айтылатын «неке
бұзылды, әйелін тастады» деген мағынадағы сөз.
Талық—шаршау, қалжырау
Талқы—теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын
ағаштан жасалған аспап
Тарылқат /а/—көр
Тауфиқ /а/—көмектесу, жәрдемдесу, қолғабыс тигізу
Теп—жат, бөтен
Теппе /ж.с./—тезектің бір түрі
Түбетай—тақия
Тіллә, ділдә—алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында
да қолданылады.
Уә /а/—және
Үйек—табиғаты тіршілігіне қолайлы, күні жылы, шөбі
шүйгін жер
Ұяқ /ж.с.—ол жақ
Фарманлық /т/—пәрменділік, әмірлік
Хақия /а/—шындық, ақиқат
Хасіл /а/—ойлағаны іске асты, тілегі орындалды
Чұшман /п/—дұшпан, жау
Шайх-паны /п/—ақсақал, кемпір-шал, қарт, қария
Шақ-шәләкей—быт-шыт, күл талқан
Шанақ—қобыз, домбыра сияқты ішекті музыка аспапта
рының үш бұрышты, я домалақша келген дүм.
Шанаш—малдың терісінен істелген ыдыс, қап.
Шаңдық—«желінің басын құтты ет» деген мағынада
Шауқым /жер./—ойын-сауық, қызық дауман
Шаһар—қала
Шәріп (Шариф) /а/—құрмет, мәртебе; бағалы, асыл
Шоғал—шұғыл
Ыраң—ылди, еңіс, құлди
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Алатау—1. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Фе
дерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы.
Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы,
Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады.
2. Жетісу және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпыла
ма атауы. Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы,
Іле Алатауы т.б. жатады.
Арапат тауы—Меккедегі тау.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Арыс өзені—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен, Сыр
дарияның оң жақ саласы. Арыс өзенінен тікелей 37 канал бас
тау алады. Ең ірісі—Арыс-Түркістан каналы.
Бадам—Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауданын
дағы өзен. Қаржан тауынан басталып, Арыс өзеніне құяды.
Балқан тау—Балқан түбегінде орналасқан түбек. Кіші
Азиядан Мәрмәр теңізі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқылы
бөлінеді. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді.
Бұхара—Өзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара об
лысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде,
Заравшан өзені аңғарының батысында орналасқан. Көне дә
уірлерде (VІІІ-XІX ғ.ғ.) Орта Азиядағы ірі сауда және мәдениет
орталығы болған. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке
үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки секілді
оқымыстылар өмір сүрген.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Еділ (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—Еуропа
дағы ең үлкен өзен. Бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий
теңізіне құяды. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта
ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары
құйғаннан кейін Еділ суы мол ірі өзенге айналады.
Есіл—Ақмола, Қарағанды облыстарының жерін басып
өтетін үлкен өзен. Қостанай облысындағы (бұрынғы Торғай)
1963 жылы салынған аудандық дәрежелі Есіл қаласы атауы да
осы өзенмен байланысты.
Жайық—ірі өзен. Ол Орал, Башқұртстан, Челябинск, Орын
бор жерімен ағып өтеді. Оңтүстік Оралдан басталып, Атырау
қаласы тұсынан Каспий теңізіне құяды.
Жизақ—Өзбекстанның Жизақ облысының әкімшілік орта
лығы.
Күнес—өзен. Қытай Халық Республикасы, Шинжаң Ұйғыр ав
тономиялық районы, Іле Қазақ аутономиялық облысының Іле айма
ғына қарасты әкімшілік-территориялық құрылымның орталығы.
Қойқап—Кавказ (Қап) тауы.
Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екінші
қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуы
на байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген
атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жы
лынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қа
ланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды.
Мекке—Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы. Онда
бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Ислам
ның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа
құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта
оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Меккені
630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша
жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дә
режеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес
парызының бірі болып саналады.
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.
Отырар—Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі көне қала.
Түркістанның оңтүстігінде орналасқан. Отырар аймағында кө
не мәдени ескерткіштердің бірі—Арыстан бап әулиенің мазары
бар.
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ ханды
ғы дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент
тің Тәуекел және Есім хандары тұсында қазақ билеушілері
нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылар
дың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің
ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға
нын оның маңында Төле бидің және Әйтеке бидің бар екендігі
де айғақтайды.
Тобыл—Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай
облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары аумағымен
ағады. Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді.
Торғай—тарихи қала. ХІХ ғасырдың І жартысында пат
шалық Ресей үкіметі қазақ халқының ХІХ ғасырдың 40-жыл
дары ұлт-азаттық қозғалысын басу үшін қазақ даласының ең
түкпірінен бекініс ретінде салған. Торғай облысының құры
луына байланысты 1868 жылы Торғай қала атанды. Қазақ
халқының өткен тарихы мен мәдениетінде ерекше рөлі бар.
Түркістан—қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қа
ланың көне атауы—Йассы. Йассы Ұлы Жібек жолының сауда
орталығы және округі болған. XІІ ғасырда, әсіресе Қ.А.Йассауи
көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Йассауи кесенесі—
орта ғасырлардың ерекше сәулеті болып табылады. Керемет
орналасуы және әдемі мозаика суреттермен қапталған қор
шау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын
Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Ясауидің арқасында әлем
ге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы—Йассы болатын. XІV ға
сыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет
Йасауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің
астанасы. Орны қазіргі Түркменстан Республикасы, Ташауыз
уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында. Үргеніш
тің гүлдену кезеңі ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы хорезмшахтар билік
еткен кезеңге тура келеді. 13-ғасырдың ортасынан бастап Алтын
Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік орталық
ретінде өз маңызын жойған жоқ. ХІV ғасырдың ортасына қарай
Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш қайтадан оның
астанасына айналды. ХVІІ ғасырда қала тіршілігі құлдырап,
кері кетті.
ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ
ЖИНАУШЫЛАР, АЙТУШЫ ҺӘМ
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Адамбаев Балтабай (1919-1990)—қазақ ауыз әдебиетін
зерттеуші, әрі жинаушы ғалым. Көп жылдар Қазақ ССР Ғы
лым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.
Филология ғылымдарының кандидаты. Еңбектері: шешендік,
қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған.
Әрінов Ахметбек—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
1914 жылы Семей губерниясы Қарқаралы уезінің Берікқара
болысында туған.
Бейсенов Тәуекел—халық мұраларын жинаушы. Қараған
ды облысы, Қорғалжын ауданы, бұрынғы «Коммуна» совхозын
да туып-өскен. Тегі Арғынның Тінәлі атасынан тарайды.
Бибіжан Сыдыққызы (1907-ө.ж.б.)—халық әдебиеті үлгі
лерін жинаушы. Руы—Қаржас. Қарағанды облысының бұрын
ғы Ульянов ауданының аумағында туып-өскен.
Васильев А. В. (1861-1943)—шығыстанушы-ғалым, белгілі
ориенталист, профессор. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. Еңбектері:
«Образцы киргизской словесности», вып. 1: «Киргизские сказ
ки», Оренбург, 1898: «Образцы киргизской народной поэзии»
вып. 2: Киргизские загадки. Оренбург, 1900: «Образцы кир
гизской народной словесности», вып. 3: «Киргизская песня
о трех молодцах», Оренбург, 1897.
Ғабитова Фатима (1903-1968)—қазақ ауыз әдебиеті үлгі
лерін жинаушы. Бұрынғы Жетісу облысының Қапал қаласын
да туған. Көп жылдар қазақ мектептерінде ұстаздық қызмет
атқарған. Сонымен қатар ол қазақ ауыз әдебиетінің жанашы
ры ретінде қазақ ақыны І.Жансүгіровпен бірге халық әдебиеті
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
үлгілерін жинаған. Әсіресе Ә.Диваев еңбектерін сақтап, кейінге
жеткізуде Ф.Ғабитованың сіңірген еңбегі аса зор.
Ғұмарова Мәлике (1918-1987)—фольклортанушы, тексто
лог ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. 1943-
1987 жылдары Қаз. КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институ
тының Текстология және қолжазба бөлімінде жұмыс істеген.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларындағы сирек қолжазбаларды
жүйелеуге белсене араласты.
Диваев Ә. (1856-1932)—этнограф, фольклортанушы. Ұл
ты—башқұрт. Орынбордағы Неплюев кадет корпусының
Азия бөлімін бітірген, 1876 жылдан бастап Түркістан өлкесіне
әскери қызметпен келген. Тәшкен қаласында Әскери-ха
лықтық басқармада қызмет еткен. Сол жылдардан бастап
қазақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жа
риялап отырған. Эпостық жырларды, ертегілерді, балалар
фольклорын, шешендік сөздерді қағазға түсірді, кейбіреуін
орыс тіліне аударды. Ежелгі күнтізбе, астрономия туралы ха
лық ұғымдарын жинады. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін
П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский, В.В.Бартольд т.б. ға
лымдар жоғары бағалады.
Жақыпбаев Бозтай (1887-1970)—зерттеуші, халық мұра
ларын жинаушы. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және
әдебиет институтында қызмет істеген (1938-1950) жылдары
фольклорлық және авторлық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда,
жүйелеуде зор еңбек сіңірді.
Жансүгіров Ілияс (1894-1938)—қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Ақын, қоғам қайраткері, фольклоршы.
Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданының аумағында туған.
Ақсудағы Қарашаш деген жерде оқыды. 1920 жылы Ташкент
тегі екі жылдық қазақ-қырғыз мұғалімдік курсын бітірді.
Ол 1920 жылдан ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен шұғыл
данып, Мәскеу қаласында «Өтірік» (1923), «Сүйінбай» (1935),
«Зар заман. Албан Асан» (1934) жинақтарын жарыққа шы
ғарған.
Жапақов Маясар (1889-1965)—төкпе ақын, халық мұра
сын жинаушы, жеткізуші. Қарағанды облысының Шет ауданы
түлегі. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған.
Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан.
М.Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмі
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
рі мен еңбегін жырлаған ақын ретінде танылды. Ұлы Отан соғы
сы кезінде «Атыңнан, атам қазақ, айналайын» деген патриот
тық толғауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады.
Жұмыкенова Маржан—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Қарағанды облысының бұрынғы Ульяновск ауданының аума
ғында туып-өскен.
Қалықов Тұяқбай (1904 ж.т.)—халық мұраларын жинаушы.
Қарағанды облысы, Ағадыр ауданының аумағында туып-өскен.
Руы—Арғын. Ұзақ жылдар Балқаштағы балық өндірісінде
жұмыс істеген.
Қарамендин Сейтқали (1913-ө.ж.б.)—Абай мұрасын жи
нап, зерттеуші, этнограф. Ақынның өмірі мен шығармалары
на байланысты ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, Абай төңірегін
дегі Алтыбай, Байқұлақ шешендердің, Көбей, Қараменде,
Алшынбай билердің, Шөже, Көкбай, Әріп, Ағашаяқ, Қаумен,
Байкөкше, Өмірбай т. б. ақындар туралы материалдар жинап,
Абайдың бірқатар сөздерін, ауызекі шығарған өлеңдерін «Сөз
тапқанға қолқа жоқ» жинағына енгізді.
Құлпейісов Еркін—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қос
танай облысы, Жангелдин ауданының Торғай селосында туып-
өскен.
Нарымбетов Әбділхамит (1928-2008)—көрнекті әдебиет
танушы ғалым, сыншы, филология ғылымының докторы, про
фессор. Еңбектері қазақ әдебиеті тарихы, қазақ поэмасы, әде
биет шежіресі, қазақ әдебиетінің библиографиясына арналған.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында (1951-
2008) ғылыми қызмет атқарған.
Омаров Ж. (1911-ө.ж.б.)—фольклорлық мұраларды жинау
шы. Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының аумағында
туып-өскен.
Орынғали Қалиолла (1960 ж.т.)—әдебиеттанушы. Батыс
Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Қамысты ауылында
дүниеге келген. Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында, ҚР
Орталық Мемлекеттік мұрағатында, Алматы қаласы тарихы
ның мұражайында еңбек еткен. Қазір М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
Орынғалиева Уәкила (1939 ж.т.)—халық мұрасын жинау
шы. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Тегісшіл
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
ауылының тұрғыны. Еңбек ардагері. ҚР «Алтын алқа» бел
гісінің иегері.
Пантусов Н. Н. (1849-1909)—көрнекті этнограф, фолькло
рист, Орта Азия мен Қазақстанның ескі археологиясын, мәде
ниеті мен әдебиетін зерттеуші ғалым. Н.Пантусовтың «Древ
ности Средней Азии» (1902) атты көрнекті монографиялық
еңбегінде «Памятник Қозы Көрпеш—Баян сұлу» деген мақала
сы бар. «Образцы киргизской литературы» деген атпен бірнеше
жинақ шығарған. Онда қазақ, ұйғыр ауыз әдебиеті, олардың
әдет-ғұрпы туралы көптеген материалдар жарияланған.
Саттаров
Қыдырәлі
(1941-2011)—фольклортанушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік
Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы, Ташкент өңіріне
ұйымдастырылған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экс
педицияларды басқарған. Халық әдебиеті үлгілерін жинап,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол
жазбалар қорына тапсырған.
Сәлімжанов Кәрімтай (1920-ө.ж.б.)—ауыз әдебиеті үлгіле
рін жинаушы. Қарағанды облысының бұрынғы Чкалов атын
дағы совхозында туып-өскен.
Тұрсынов Едіге (1942 ж.т.)—әдебиеттанушы-фольклорист,
филология ғылымының докторы. 1964-1966 жылдары Ақ
мола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана
мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы, М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызмет
кер, 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып
жұмыс істеді.
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995)—әдебиетанушы, фило
логия ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақ
стан аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жи
нап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорына тапсырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш
рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдасты
рып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинады.
Хакімжанова Мәриям (1906-1995)—ақын, ҚР-ның халық
жазушысы. Абай атындағы ҚазПИ жанынан ашылған жұ
мысшылар факультетін бітірген (1934). «Әйел теңдігі» жур
налында әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Орынбор облысы,
Адамовка ауданы, «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі,
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің
меңгерушісі, Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызмет
кер болып еңбек етті.
Шертаев Бекнияз—халық мұраларын жинаушы, КСРО
журналистер одағының мүшесі. Қызылорда облысы, Тереңөзек
аудандық «Еңбек туы» газетінің бөлім меңгерушісі болып
қызмет атқарды.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс
п—парсы
т—түркі
[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер
[]—құрастырушылар тарапынан қойылған атаулар, тақы
рыптар
ж.с.—жергілікті сөз
к.с.—көнерген сөз
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер
1. Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фолькло
ры.—Алматы, 2004. 2. Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993. 3. Ақ бата: Бата сөздер / С. Негимов, Т. Қазиұлы.—Алматы,
1992. 4. Ақтілек, ақ бата / Құраст.: К. Ж. Оразалин.—Алматы,
2002. 5. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
М., 1968.
6. Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2004-
2012. 7. Бата тілектер / Құраст: Н. Уалиев.—Алматы, 2005. 8. Деревнетюркский словарь.—Л: Наука, 1969. 9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 1-15 том / Құраст.:
А.Жаңабекова, Т. Жанұзақ, Б. Әбілқасымов және т.б.—Алма
ты, 2011.
10. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.
11. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 1-10 томдар.—Ал
маты, 1998-2007. 12. Қазақтың бақсы-балгерлері.—Алматы, 1993. 13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі / Құраст.: Р.Сыздық,
Н.Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—Алматы: Дайк-
Пресс, 2001.
14. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
15. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / Құраст.: І.К. Ке
ңесбаев.—Алматы, 1977. 16. Күзембай С. Ә. Ұлттық музыкатану ғылымының өзекті
мәселелері.—Алматы, 2012. 17. Оразаева Ф. Ә. Диваев—фольклорист.—Алматы, 2007. 18. Персидско-руский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т.—М., 1970. 19. Татарско-русский словарь.—Москва: Советская энцик
лопедия, 1966. 20. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык ме
диа, 2005. 21. Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін
жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—Ал
маты, 2009.
Қолжазбалар
1.ӘӨИ. 920/56
2.ӘӨИ. 920/83
3.ОҒК. 1090
4.ОҒК. 849/2
5.ӘӨИ. 920/117
7.ОҒК. 1094
8.ӘӨИ. 500-бума
9.ӘӨИ. 1222/11
10.ӘӨИ. 1092
11.ӘӨИ. 194
12.ӘӨИ. 1082
13.ӘӨИ. 879/2
14.ӘӨИ. 920/108
15.ӘӨИ. 1094-бума
16.ОҒК. 829-бума
17.ӘӨИ. 910/5
18.ӘӨИ. 910
19.ӘӨИ. 953
20.ӘӨИ.1121
21.ӘӨИ 1062-бума
РЕЗЮМЕ
Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про
должается работа по подготовке к выпуску стотомной научной
серии «Бабалар сөзі» («Мудрость предков»), издающейся в рам
ках Национального стратегического проекта «Культурное на
следие».
Предыдущие девяносто два тома серии были посвящены
эпическим произведениям, народным песням, сказкам, за
гадкам, пословицам и поговоркам, а также другим малым
жанрам, являющимся самыми многочисленными и высоко
художественными в национальном фольклоре. Если быть
точнее, то были подготовлены к изданию и выпущены три
надцать томов «Новеллистических дастанов», семь томов
«Религиозных дастанов», одиннадцать томов «Романических
дастанов», двадцать томов «Героического эпоса», одиннадцать
томов «Исторических поэм», пять томов «Пословиц и погово
рок», два тома «Народных песен», четыре тома «Генеалогичес
ких преданий», пять томов «Сказок», четыре тома «Историчес
ких преданий», два тома «Обрядового фольклора», по одному
тому «Загадок», «Детского фольклора», «Казахских мифов»,
«Фольклора казахов Монголии», «Топонимических преданий»,
«Кюйских преданий», «Поэм-преданий», «Небылиц и басен».
В двенадцати томах этой серии были использованы материалы
из фольклорного наследия казахов Китая, а в одном томе—
казахов Монголии.
Магический фольклор—один из древних жанров, который
на протяжении веков развивался вместе с национальными
обычаями и традициями, сознанием и укладом жизни народа,
его духовной природой, и лишь во второй воловине ХХ века
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
стал угасать и забываться. Произведения народа с магическими
свойствами составляют очень важную и интересную часть
национальных эпических ценностей, имеющих познаватель
ное и воспитательное значение. По своему звучанию и ме
лодии, поэтической форме, содержанию и художественным
характеристикам эти произведения разделяются на слова
благодарности и проклятия, благословения (бата), толкование
снов, заклинание, колдовство и завораживание, шаманские
мотивы, дуалау и ушыктау (заговоры и нашептывание), ворож
бу и гадание на меде, очищение огнем, изгнание болезни слова
ми заклинаний, вызов джинов и духов и другие виды.
Рожденные из верований поклонявшегося многочисленным
явлениям природы и воспринимающего их как загадочный мир
народа песни и сказания, тем не менее, сохранились, несмотря
на препятствия советского периода. В результате увеличения
численности скота и людей, необходимости лечения больных и
раненных в войнах и столкновениях появилась необходимость
практического лечения. Например, основная цель шаманских
песен—заговаривание и лечение различных болезней. Если
созвучие мелодии кобыза и слов считается основным оружием
лечения баксы (шамана), то в арбау (заклинании) важны слова
и жестикуляция. Общеизвестно, какое важное жизненное зна
чение до начала ХХ века имели у кочевых казахов рожденные
на протяжении веков песни-заклинания для целительных
обрядов.
В очередной, 93-й том стотомной серии «Бабалар сөзі»
включены собранные в народе, а также опубликованные ранее
в различных изданиях около 30-ти песен-заклинаний (ба
дик) для изгнания болезней, 56 песен-арбау, защищающих от
укусов ядовитых тварей, 46 мотивов целительных песен ша
манов баксы, свыше 210 бата, алгысов (благословений), 164
проклятия, свыше 600 слов назиданий, предупреждающих
детей от дурных привычек. Большинство из них подготовлено
на основе рукописей, хранящихся в ЦНФ МОН РК и фонде
редких рукописей Института литературы и искусства име
ни М. Ауэзова. Кроме того, использованы материалы, соб
ранные в ходе фольклорно-этнографических экспедиций, ор
ганизованных в Казахстане, Узбекистане и Каракалпакии.
При подготовке данного тома нам помогли материалы,
27-0139
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР собранные и записанные членами экспедиций под руко водством профессоров К.Саттарова, Б.Рахымова ордена Дружбы народов Ташкентского государственного педагоги ческого института имени Низами и Карагандинского госу дарственного университета имени Е.Букетова. В данный том также включены материалы, собранные и записанные в раз ные годы В.В.Радловым, Н.Н.Пантусовым, А.Диваевым, И.Жансугуровым, М.Тилеужановым, М.Гумаровой, Т.Сыды ковым, Е.Турсыновым и другими учеными. Помимо того, использовано рукописное наследие таких ученых, как М.Хакимжанова, Б.Жакыпбаев, Ф.Габитова, С.Жакыпов, Е.Кулпеисов, Б.Шертаев, С.Колшабеков. В ходе подготовки тома к выпуску были использованы тексты, опубликованные ранее в таких изданиях, как «Тарту» А.Диваева (1923), «Қазақ бақсы-балгерлері» Ж.Дауренбекова и Е.Турсынова (1993), «Наным-сенімдер ғұрпының фольк лоры» Б.Абылкасымова (2004), «Текес ауданының халық өлеңжырлары», изданное в СУАРе КНР (1992), а также изданные до Октябрьской революции «Образцы Киргизской народной литературы» (1909), «Демонологические рассказы киргизов. Записки Императорского русского географического общества по отделению этнографии» (1888), «Известия общества архео логии, истории и этнографии при Казанском университете» (1899). В тех случаях, когда находились в редких фондах рукописи опубликованных в этих изданиях произведений, то давались сравнительный анализ текстов и сноски. Согласно принципам издания серии, тексты снабжены научными приложениями и произведения соответственно про нумерованы. Научные дополнения к тому составляют: сведения о переписчиках, издателях и изданиях текстов, вошедших в него, научные толкования текстов, вошедших в данный том, словарь, географические, именные указатели, сведения об исторических личностях, встречающихся в текстах, список использованной литературы, резюме к тому на русском и английском языках. Общий объем тома—27,0 п.л.
SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art іs contіnuіng preparatіon for publіcatіon of one hundred volume of scіentіfіc edіtіon of the serіes «Wіsdom of ancestors» іn the frame of the Natіonal strategіc project «Cultural Herіtage». Prevіous eіghty-nіne volumes of the serіes were devoted to the epіc works, folk songs, tales, rіddles, proverbs and sayіngs, as well as other smaller genres, whіch are the most numerous and hіghly artіstіc іn natіonal folklore. Thіrteen volumes of the «Novelіstіc dastans», seven volumes of «Relіgіous dastans», eleven volumes of «Romantіc epіc», twenty volumes of the «Heroіc epіc», eleven volumes of «Hіstorіcal poems», fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk songs», four volumes of «Genealogіcal legends», fіve volumes of «Tales», four volumes of «Hіstorіcal legends», one volume of «Rіddles», «Chіldren’s Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», «Toponymіc legends», «Kyu legends», «Poems-legends», «Faіry storіes and fables» have been prepared and publіshed. Twelve volumes of the serіes іnclude the materіals on the folk herіtage of Kazakhs of Chіna and one volume—the Kazakhs of Mongolіa. Magіcal folklore—іs one of the old genres, whіch durіng centurіes has developed together wіth natіonal customs and tradіtіons, conscіousness and way of lіfe of the people, spіrіtual nature and only іn the second half of the XXth century began to fade and be forgotten. Folk magіc works are a very іmportant and іnterestіng part of the natіonal epіc herіtage whіch have cognіtіve and educatіonal value. By іts sound and melody, poetіc form, content and artіstіc features these works are dіvіded іnto words of gratіtude and curse, blessіng (bata), іnterpretatіon of dreams,
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР spell, wіtchcraft and shamanіc motіves, dualau and ushyktau (spell and purіfіcatіon), fortune tellіng and dіvіnatіon on honey, purіfіcatіon by fіre, expulsіon of dіsease by spell words, callіng genіes and spіrіts and other kіnds. Songs and storіes that orіgіnated from belіefs of people who worshіped nature and perceіved іt as mysterіous world, have been preserved despіte of the obstacles of the Sovіet perіod. Wіth the іncrease of the number of lіvestock and populatіon, the need for treatment of the sіck and wounded people іn wars and clashes, the need for practіcal treatment has arose. For example, the maіn purpose of shamanіc songs—іs spell and treatment of varіous dіseases. Іf consonance of kobyz melody and words іs consіdered the maіn tool of treatment used by baksy (shaman), іn the arbau (spell) the words and gestures are very іmportant. Іt іs a wellknown fact that old songs-spells for healіng ceremonіes had a crucіal іmportance for nomadіc Kazakhs before the begіnnіng of the XXth century. Volume 93 of the one hundred volume serіes «Babalar sozі» іncludes about 30 songs-spells (badіk) for the expulsіon of dіseases, 56 songs-arbau, protectіng from bіtes of poіsonous creatures, 46 motіves of healіng songs of shamans-baksy, more than 210 bata, algys (blessіng), 164 curses, more than 600 words of edіfіcatіon, preventіng chіldren from bad habіts whіch were collected from people and prevіously publіshed. Most of them are prepared on the basіs of manuscrіpts kept at CNF MES RK and the collectіon of rare manuscrіpts of the M.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art. Іn addіtіon, the materіals were used whіch were collected іn folklore and ethnographіc expedіtіons organіzed іn Kazakhstan, Uzbekіstan and Karakalpakstan. Іn preparatіon of thіs volume we have used the materіals collected and recorded by members of the expedіtіon supervіsed by professors K.Sattarov, B.Rahymov from the Tashkent State Pedagogіcal Іnstіtute named after Nіzamі, Karaganda State Unіversіty E.Buketov. Thіs volume also іncludes materіal collected and recorded іn dіfferent years by V.V.Rad lov, N.N.Pantusov, A.Dіvaev, І.Zhansugurov, M.Tіleuzhanov, M.Gumarov, T.Sydykov, E.Tursynov and other scіentіsts. Besіdes, the manuscrіpt herіtage of such scholars as M.Hakіmzhanov,
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР B.Zhakypbaev, F.Gabіtov, S.Zhakypov, E.Kulpeyіsov, B.Shertaev, S.Kolshabekov was used. Іn the course of preparatіon for the publіcatіon of the volume, the texts were used whіch were prevіously used іn publіcatіons such as «Tartu» by A.Dіvaev (1923), «Kazakh-baksy-balgerlerі» by Zh.Daurenbekov and E.Tursynov (1993), «Nanym-senіmder gurpynіn folklorі» by B.Abylkasymov (2004), «Tekes audanynіn khalyk olen-zhyrlary» publіshed іn Xіnjіang dіstrіct іn Chіna (1992), as well as publіshed before the October Revolutіon «Samp les of the Kyrgyz people’s lіterature» (1909), «Demonologіcal sto rіes of Kyrgyz people. Notes of the Іmperіal Russіan Geographіcal Socіety, department of ethnography» (1888), «Proceedіngs of the Socіety of Archaeology, Hіstory and Ethnography at the Unіversіty of Kazan»(1899). Іf the manuscrіpts of the works publіshed thіs edіtіons are found іn the rare foundatіons, the comparatіve ana lysіs of texts and notes іs presented. Accordіng to the prіncіples of publіshіng of the serіes, the texts are provіded wіth scіentіfіc annexes and the works have respectіve numbers. Scіentіfіc supplements to the volume іnclude іnformatіon about the copyіsts, publіshers and edіtіons of the texts іncluded іn іt, the scіentіfіc іnterpretatіon of the texts іncluded іn thіs volume, a dіctіonary, geographіcal names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures іn the text, a lіst of references, summary іn Englіsh and Russіan languages. The total sіze of the volume—27,0 pp.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан........................................................5 Магиялық фольклор.........................................................8 МӘТІНДЕР І. Бәдік 1. Бәдік......................................................................... 77 2. Бәдік......................................................................... 78 4. Бәдік......................................................................... 80 5. Бәдік......................................................................... 80 6. Бәдік......................................................................... 81 7. Бәдік ......................................................................... 82 8. Бәдік......................................................................... 85 9. Бәдік......................................................................... 85 10. Бәдік (гүләп)............................................................. 86 11. Бәдік........................................................................ 87 12. Бәдік........................................................................ 87 13. Бәдік........................................................................ 88 14. Бәдік ....................................................................................88 15. Бәдік ....................................................................... 88 16. Бәдік........................................................................ 89 17. [Болғанда үйде бәдік, шиде бәдік…].............................. 90 18. [Әй, бәдік, көшер болсаң, Арқаға көш…]....................... 91 19. [Біз келдік бәдік десе шауып оза…] .............................. 92 20. [Бәдікті алғашқы айтқан көш дейтұғын…].................... 93 21. [Мерген болсаң, әуелі торғайды атшы…]........................ 93 22. [Бәдік бастап…]......................................................... 94 23. [Жігіт пен қыз].......................................................... 96 24. [Жігіт пен қыз].......................................................... 99 25. [Жігіт пен қыз]........................................................ 101 26. [Жігіт пен қыз]........................................................ 103 27. [Қыз бен жігіт]........................................................ 105 28. [Қыз бен жігіт]........................................................ 109 29. [Жігіт пен қыз]........................................................ 116 30. [Жігіт пен қыз]........................................................ 117
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР ІІ. Арбау 1. Құрт арбау ............................................................... 120 2. Құрт арбау................................................................ 120 3. Құртты байлау.......................................................... 122 4. Арбау....................................................................... 124 5. [Бастан, бастан, бастан келді…]................................... 125 6. [Бүйі, бүйі деді…]...................................................... 126 7. Ұшықтау ................................................................. 128 8. [Арысны, қурысны…]................................................. 128 9. [Тұйғын-тұйғын, көйт-көйт…]..................................... 129 10. [Ала құрт, бала құрт…]............................................. 129 11. Зияндас айналдырғанда............................................ 130 12. Құрт шақыру.......................................................... 130 13. Қара құртты сөзбен оқу............................................. 131 14. Қара құрт шаққандағы арбау..................................... 132 15. Бәлеңгі шаққандағы арбау........................................ 133 16. [Тойғын-тойғын, түйе кел…]...................................... 133 17. Жылан шаққанда уын қайтару арбауы....................... 133 18. Бүйі шаққандағы арбау............................................ 134 19. Түйені шаққандағы арбау......................................... 135 20. [Арқадағы алты құрт…]............................................ 135 21. Байлау сөздері......................................................... 135 22. Жылан, қарақұрт шаққанда оқу................................ 136 23. [Бау-бау бәлеңгір…].................................................. 136 24. [Әти жылан, мәти жылан…]....................................... 136 25. [Кереге бойлы кер жылан…]...................................... 137 26. [Дақ, дау, дауың бар ма түйемде…]............................. 137 27. [Бүйі, бүйі, бүйі шық…]............................................ 138 28. [Сен, сен мекер, сен мекер…] ..................................... 138 29. [Кінет, кінет, кер жылан…]....................................... 138 30. [Ала қанда, қара қанда…].......................................... 139 31. [Қамбар, Қамбар, Қамбар шық…]............................... 139 32. [Келең, келең, келеңгер…]......................................... 139 33. [Әй, мәкір, әрі мәкір…]............................................. 139 34. [Әй, мәкір, ала мәкір…]............................................. 140 35. [Жылан болсаң жылып кел…].................................... 140 36. [Қарағай оқай су қайтты…]........................................ 140 37. [Ай, мекер, Анпар мекер, кер мекер…]........................ 141 38. [Келдім, келдім, келдім би…]..................................... 141 39. [Ай, мекер…]........................................................... 141
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР 40. [Кілеңкір…]............................................................. 142 41. [Бүйі, бүйі, бүйі мен…]............................................. 142 42. [Айдың ала құрты…]................................................ 142 43. [Ары бар, бері бар…]................................................. 143 44. [Тамам таздың атасы…]............................................. 143 45. [Арыстан, Арыстан, құштайлық…]............................. 143 46. [Бастан, бастан, бар бастан…]..................................... 144 47. [Ыбыр, ыбыр, ыбырлама…]....................................... 144 48. [Ыбыр, ыбыр, ыбырама…]......................................... 144 49. [Бастан, бастан, бар бастан…]..................................... 145 50. [Орман таудың басында…]......................................... 145 51. [Темір, темір, темір жан…]........................................ 145 52. Күн жайлату........................................................... 146 53. Көкшені арбау......................................................... 147 54. Теміреткені арбау.................................................... 148 55. Баланың ит ауруын арбау......................................... 148 56. [Алсұр, алсұр, күйт-күйт…]....................................... 148 ІІІ. Бақсы сарындары 1. [Бақсы…].................................................................. 149 2. Бақсының жырлары.................................................. 169 3. Бақсының сарыны..................................................... 176 4. [Істің басы бісмілла…] ................................................ 177 5. [Қойқапта жатқан перілер…]....................................... 178 6. [Жынның басы Досыбай…].......................................... 179 7. [Жынның аты—Қараман…] ....................................... 179 8. [Жол, жол жатыр, жол жатыр…]................................. 180 9. [Жалғыз шыққан тобылғы…]...................................... 181 10. [Құдай, абыройын бере гөр…]..................................... 183 11. [Айналайын, дәулерім…]........................................... 183 12. [Ей, айналайын құдайым-ей…].................................. 184 13. Бір бақсының қобызына жалынған жайы.................... 184 14. [Дәулерім екі бірдей, айда…]..................................... 185 15. Бақсының өлеңі....................................................... 185 16. [Сөздің басы пісмілла…]............................................ 186 17. Бақсының сөзі......................................................... 190 18. Бақсының сарыны................................................... 195 19. Бақсы сарыны......................................................... 195 20. [Ей, Ер Домбай, Ер Домбай…].................................... 197 21. [Әуелі Алла бісмілла …]............................................ 197
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 22. [Ге-ге, ге-ги...]......................................................... 198 23. Бақсы сарыны......................................................... 200 24. Шұңқыр бақсының сарыны....................................... 203 25. Айберген бақсының сарыны...................................... 203 26. Ешмұхамед бақсының сарыны................................... 203 27. Сыбанбай бақсының сарыны ..................................... 208 28. Ұзақбай бақсының сарыны....................................... 211 29. Беркәлі бақсының сарыны........................................ 213 30. Дүйсенбі бақсының сарыны ...................................... 215 31. Аяпберген бақсының жын шақыруы .......................... 221 32. Тілеуімбек бақсының сарыны ................................... 222 33. Бала бақсының сарыны ............................................ 224 34. Үйсін Балықбек бақсының сарыны............................ 224 35. Қара бақсының сарыны............................................ 226 36. Тінейдің жын шақыруы:........................................... 229 37. Ноғайбай бақсының сарыны...................................... 229 38. Шақар бақсының сарыны......................................... 230 39. Балбике бақсының сарыны ....................................... 230 40. Шалқар бақсының сарыны ....................................... 231 41. Бекбай сарыны ....................................................... 231 42. Жаман сарт сарыны ................................................. 232 43. Меңсебай бақсының сарыны ..................................... 232 44. Айберген бақсының сарыны...................................... 240 45. Айберген бақсының жынын шақырғаны..................... 240 ІV. Баталар 1. [Кел жігіт, кел жігіт…] .............................................. 242 2. [Ала ат, құла ат…] ..................................................... 242 3. [Қонақтасын берекет…].............................................. 243 4. [Бата бер дедің лаққа…] ............................................. 243 5. [Жылқышы ата Қамбар…] .......................................... 243 6. [Я, Құдай, бергейсің…] .............................................. 244 7. [Бисимилла-и рахман-и рахим…] ................................ 244 8. [Аяңда, аяңдасаң, қара кердей...]................................ 245 9. [Иә, Құдай, тілегімді қабыл ет...]................................. 246 10. [Тілек тілеп жалғыз Хаққа...].................................... 247 11. [Бес биенің терісі…].................................................. 247 12. [Әуелі Құдай оңдасын…]........................................... 248 13. [Әуелі Құдай оңдасын…] ........................................... 248 14. [Осы батам келісі…].................................................. 248
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР 15. [Бал дәмі кірсін асыңа…]........................................... 248 16. [Әуелі Құдай оңдасын…]........................................... 248 17. [Әуелі Құдай сен жарлық…]....................................... 249 18. [Екі қолды жайып…] ................................................ 249 19. [Халыққа жағам десең, әділ бол…] ............................. 249 20. [Иә, Құдай, оңғара көр…].......................................... 250 21. [Тілегімізді қабыл ет…] ............................................ 250 22. [Үй қожасы сіздерге…] ............................................. 251 23. [Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол…]................................. 252 24. [Ағайынның алды бол…]........................................... 252 25. [Сұрасаң, бата берейін…] .......................................... 253 26. [Е, Құдайым, бала бер…] ........................................... 253 27. [Бұрама темір, сoм темір…] ....................................... 254 28. [Құдай жарылқасын…] ............................................. 255 29. [Бүлсіл, бүлсіл бай…] ............................................... 255 30. [Е, Құдайым оңдасын…]............................................ 256 31. [Ақ бата берейінші жастарыма…]............................... 256 32. [Жарылқасын, бай қылсын…].................................... 257 33. [Бақ-дәулет берсін бастарыңа…]................................. 257 34. [Әумин десең, міне, бата…]........................................ 257 35. [Құдай жарылқасын…]............................................. 258 36. [Ей, Құдайым, мұның жолын ашық қыл…] ................. 260 37. [Ақ сақалды, сары тісті…] ......................................... 261 38. [Елеулі бол еліңе...].................................................. 261 39. [Жарылқасын Құдайым…]........................................ 262 40. [Иә, өмір қызығын бере берсін…]................................ 262 41. [Е, Құдайым, жарылқа…] ......................................... 263 42. [Е, Құдайым, бала берсін…]....................................... 263 43. [Е, Құдайым оңдасын…]............................................ 263 44. [Құдайым жарылқасын, бай қылсын…]....................... 263 45. [Құдайдың өзі оңдасын…].......................................... 264 46. [Құдайым, жаздай бер…]........................................... 264 47. [Айдағысыз малды бол…].......................................... 264 48. [Түнде жүрген ұрыдан сақта…].................................. 265 49. [Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта…].................. 265 50. [Ау, құдайым, жарылқа…]........................................ 265 51. [Ей, Құдайым, бұл ханымның…]................................ 266 52. [Әй, Құдайым, жарылқа…]........................................ 266 53. [Жаздай жарылғасын…]............................................ 267 54. [Ауылдың ақсалы әкім ата…]..................................... 268
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 55. [Бісімілла, рақыман, рақыман…]............................... 269 56. [Берейін мен бір бата, қолыңды жай…]........................ 269 57. [Жай қолыңды, әлеумет]........................................... 270 58. [О, Құдайым, оңда…]................................................ 271 59. [Құдай жарылқасын…]............................................. 271 60. [Мінгенің пырақ болсын…]........................................ 272 61. [Жаздай берсең, жазбай бер…]................................... 272 62. [ Ырысың көп болсын…]............................................ 273 63. [Я, Құдайым, залымнан сақта…]................................ 273 64. [А, Құдайым, жаз жарылқасын…].............................. 274 65. [Әумин десең бізге…]................................................ 274 66. [Құдай-ай тоба…]..................................................... 274 67. [Екі дүниенің абыройын берсін…]............................... 275 68. [Е, патша Құдай, есіңе ал…]....................................... 275 69. [Е, патша Құдай, жарылқағанмен…]........................... 276 70. [Құдайың өзі сүйтіп оңдасын…]................................. 276 71. [Шырағым, мырзалығыңа…]..................................... 277 72. [Ақыретті болжамаймын…]....................................... 277 73. [Бір Жасаған—Құдайым…]....................................... 277 74. [Жүзге жетсін түйеңіз…]........................................... 278 75. [Мыңға жетсін қойыңыз…]........................................ 278 76. [Пірәдар болсын достасың…]..................................... 278 77. [Жарылқа, Құдай, қабыл ет…] .................................. 281 78. [Қабыл болсын мұстажап…]....................................... 281 79. [Шалқар көлдей көп болсын…]................................... 282 80. [Лұқпандай мың жаса…]........................................... 282 81. [Баға алмастай малды бол…]...................................... 282 82. [Жұрт жиналып тойыңа…]........................................ 282 83. [Көз жетпесін түйеңе…]............................................. 282 84. [Тасың өрге домалап…]............................................. 283 85. [Жайылып шыққан малыңның…].............................. 283 86. [Ақбөкендей қойлы бол…]......................................... 283 87. [Осы қылған Құдай жолыңыз…]................................. 283 88. [Сақалың алтын, мұртың жез…]................................. 284 89. [Аладан алпыс биең құлындап…]................................ 284 90. [Ескендір Зұлхарнайындай…].................................... 285 91. [Жарылқа, Құдай, қабыл ет…]................................... 285 92. [Құдайым, алапат-кұлапаттан сақта…]....................... 285 93. [Әуелі, Құдай, пәледен сақта…].................................. 286 94. [Құдайым, малды қыл…]........................................... 286
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР 95. [Құдайым, бай ет…].................................................. 286 96. [Ерте тұрып тыңдасаң…]........................................... 287 97. [Қызыр ата әулие…]................................................. 287 98. [Е, Құдайым оңдасын…]............................................ 287 99. [Е, Құдайым, қой берсең…]........................................ 287 100. [Е, Құдайым, құмырысқа-құрттан сақта…]................ 288 101. [Мырза болса қатының…]........................................ 288 102. [Жаман болса қатының…]........................................ 288 103. Бата сөздер............................................................ 289 104. [Бата бас бәйгі ал…]................................................ 289 105. [Әулие сені бай қылсын…]....................................... 290 106. [Е, патша Құдайым…] ............................................ 291 107. [Шырағым, мырзалығыңа…].................................... 291 108. [Қаршығадай қаңқайып…]...................................... 292 109. [Әумин десең бізге…]............................................... 292 110. [Құдай-ай тоба…].................................................... 292 111. [Е, патша Құдай, есіңе ал…]..................................... 293 112. [Бір жасаған Құдайым…]......................................... 293 113. [Жарылқа, Құдай, қабыл ет…] ................................. 293 114. [Қабыл болсын мұстажап...].................................... 294 115. [Шалқар көлдей көп болсын…]................................. 294 116. [Баға алмастай малды бол…].................................... 294 117. [Көз жетпесін түйеңе...].......................................... 295 118. [Тасың өрге домалап…] ........................................... 295 119. [Құдайым малды қыл…].......................................... 295 120. [Құдайым, бай ет…]................................................ 295 121. [Делебені қоздырма…]............................................. 295 122. [Бағың бар болсын…].............................................. 296 123. [О, Тәңірім…]......................................................... 296 124. [Тәңір тілегенді…].................................................. 297 125. [Атамекен аман боп…]............................................. 297 126. [Алдыңа қара түспесін…]......................................... 298 127. [Иә, Құдайым оңдасын…]........................................ 298 128. [Әмин десең маған…]............................................... 299 129. [Бата-бата баудай бол…].......................................... 299 130. [Ей, Құдайым, мұның жолын ашық қыл…]................ 300 131. [Денсаулығың зор болсын…].................................... 300 132. [Уа, пірім…]........................................................... 301 133. [Көже істеген келіндер…] ........................................ 301 134. [Міне, бата, ақ ниет…] ............................................ 301
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 135. [Байдың көңілі жай болсын…].................................. 302 136. [Ақ ала ат, көк ала ат…]........................................... 303 137. Наурыз батасы ...................................................... 304 138. [Наурызды жылы қарсы алайық…] .......................... 304 139. [Уа, Құдайым оңдасын…]........................................ 305 140. [Құтты болсын шаңырақ…]...................................... 305 141. [Ал, әумин десең, қолың жай…] ............................... 306 142. [Жетегің бұйда болсын…]........................................ 307 143. [Еліңе елеулі бол…]................................................. 307 144. [Әуелі Құдай оңдасын…] ......................................... 307 145. [Жанды жақты қылсын…]....................................... 308 146. [Сезімнің пәктігін берсін…] ..................................... 308 147. [Ақтан берсін, адалдан берсін…] .............................. 309 148. [Беташар тойдың атасы…] ....................................... 309 149. [Я, жаратқан Құдай…] ............................................ 310 150. [Балам, зерделі, дана бол…] ..................................... 310 151. [Бақытты болыңдар…] ............................................ 310 152. [Қайырлы болсын қадамың…] ................................. 311 153. [Жетегің бұйда болсын…] ........................................ 311 154. [Тілек тілеп жалғыз Хаққа...] ................................. 312 155. [Е, Құдайым оңдасын…] ......................................... 312 156. [«Бата» дедің маған…]............................................. 313 157. [Ақ дастарқан жайылды…] ...................................... 313 158. [Шәйларың қызыл болсын…] .................................. 313 159. [Жарылқа, Алла, қабыл ет…] .................................. 314 160. [Дастарханыңа береке берсін…] ............................... 314 161. [Дастархан толы ас болсын…]................................... 314 162. [Дастархандарың тоқ болсын…]................................ 314 163. [Дастарханға берейін мен бір бата…] ......................... 315 164. [Берейін бата асыңа…]............................................. 315 165. [Құдайым осынау үйге дұға берсін…]......................... 316 166. [Дастарқаныңа береке берсін…] ............................... 316 167. [Дастарқанның парызы…]....................................... 316 168. [Дастарқанның байлығын берсін…] .......................... 317 169. [Ішкенің шай болсын…]........................................... 317 170. [Я, Tәңірім, сақта…] ............................................... 318 171. [Әуелі, Құдай, есен ет…].......................................... 318 172. [Бала туды бір адам…]............................................. 319 173. [Аса бір соққан желдей бол…]................................... 319 174. Шілдехана батасы ................................................. 320
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР 175. [Нәрестенің бауы берік болсын…]............................. 320 176. [Баланың бауы берік болсын…]................................. 321 177. Тұсау кесер батасы................................................. 321 178. Сүндет тойға бата................................................... 321 179. [Жас ұрпақ өмірлі болсын…] ................................... 322 180. [Сапарыңды оңдасын…]........................................... 323 181. [Жортқанда жолың болсын…].................................. 323 182. [Қайырлы болсын қадамың…] ................................. 323 183. Сақтық батасы....................................................... 324 184. [ Мына берген басың…]............................................ 324 185. [Мекеніңіз құтты болсын…] ..................................... 326 186. [Аман болсын бастарыңыз…] ................................... 326 V. Алғыс, тілек сөздер 1. [Тілегіңіз қабыл болсын…] ......................................... 327 2. [Халқыңа қалаулы…]................................................. 330 3. [Жаңа жылың құтты болсын…]................................... 332 VІ. Қарғыстар 1. Қарғыс..................................................................... 333 2. Қарғыс..................................................................... 333 3. Қарғыс..................................................................... 334 4. Қарғыстар................................................................ 334 VІІ. Тыйым сөздер........................................................ 339
Томға енген мәтіндерге түсініктеме................................ 359 Томда кездесетін тарихи және діни есімдер туралы мәліметтер........................................................ 386 Ру атаулары................................................................. 397 Сөздік......................................................................... 400 Жер-су атаулары.......................................................... 406 Томға енген фольклорлық үлгілерді жинаушылар, айтушы һәм жариялаушылар туралы мәліметтер.............. 409 Шартты қысқартулар................................................... 413 Пайдаланылған әдебиеттер............................................ 414 Резюме........................................................................ 416 Summary...................................................................... 419
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 93 том МАГИЧЕСКИЙ ФОЛЬКЛОР (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э. Заманбек Компьютерге терген: Қ. Қосымбаева Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2693 Теруге 30.04.13 жіберілді. Басуға 10.07.13 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №0139. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру