Бір бөтен ой айтқым келеді...
Алмахан Мұхаметқалиқызы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Астана қаласындағы Қазақстан – Ресей университеті Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры, ақын, аймақтық және республикалық мүшәйралардың жеңімпазы Алмахан Мұхаметқалиқызы бүгінгі күнге дейін алты бірдей жинақтың авторы болып үлгерді. Кезінде жарық көрген жинақтары жайында әдебиетшілер мен ғалымдар тарапынан баспасөз беттерінде біршама пікірлер жарияланған. Ендігі ұсынылып отырған жинаққа
Мұхаметқалиқызы А.
Бір бөтен ой айтқым келеді... Өлеңдер мен поэмалар. –
Астана: Фолиант, 2012. – 264 б.
ІSBN 978-601-292-638-5
Астана қаласындағы Қазақстан – Ресей университеті
Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры, ақын,
аймақтық және республикалық мүшәйралардың жеңімпазы
Алмахан Мұхаметқалиқызы бүгінгі күнге дейін алты бірдей
жинақтың авторы болып үлгерді. Кезінде жарық көрген жи
нақтары жайында әдебиетшілер мен ғалымдар тарапынан
баспасөз беттерінде біршама пікірлер жарияланған.
Ендігі ұсынылып отырған жинаққа автордың жаңа өлең
дері мен әнге жазылған жырлары топтастырылды.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
М 86
ІSBN 978-601-292-638-5
М 86
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
© Мұхаметқалиқызы А., 2012
© «Фолиант» баспасы, 2012
Мен өлеңді арымның сынағы еттім,
Сөздерді сезімдердің бұлағы еттім.
Бір күндік қуанышты шығарып сап,
Мұң ұстазды мәңгілік мұрат еттім.
АЛҒЫ СӨЗ
Алмахан Мұхаметқалиқызының өлең жаза бастағаны
на жиырма жылдай уақыт болды. Жазған еңбектері жер
гілікті баспасөз беттерінде жиі жарық көреді. Семей
мен Өскемендегі, Павлодардағы жоғарғы және орта оқу
орындарында, мектептерде оның шығармашылығына ар
налған әдеби кештер, сондай-ақ автордың өз оқырман
дарымен жүздесу кештері өтіп тұрады.
Жас талант «өз үйі, өлең төсегін» кейінгі толқын ара
сында мода болып кеткен түрлі әдеби ағымдардан үне
мі аулақ ұстауымен де, тек өзіндік төл стиль қалыптас
тыруға деген құштарлығымен де өзгелерден ерекше. Дей
тұрғанмен, оның шығармаларында көңілді қиял тыл
сымымен сиқырлаушы сюрреализмнің көркем қисындары
да, имажинизмнің бұрқақ тамшыларындай шашырай
түскен сүйкімді образдары да, символизмнің метафоралық
әсем көріністері де көптеп ұшырасады. Бірақ Алмахан
соның бәрін қазақтың қара өлеңінің қасиетті «қазанында»
қайнатып алып барып қана көпшілік назарына ұсынуға
әбден машықтанған.
Ол Абайдың Семейдегі мемлекеттік әдеби-ғылыми
және тарихи-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми
қызметкері бола жүріп, отбасының бітіп болмастай қам-
қарекеттеріне қарамастан, бүгінгі күнге дейін төрт бірдей
жыр жинағының авторы болып үлгерді. Олар – «Жансая»
(Семей, 1999 ж.), «Тылсым сыры» (Семей: Тенгри,
2002 ж.), «Жыр-ғұмыр» (Семей: Тенгри, 2006 ж.) және
«Шабыт шағымы» (Семей: Тенгри, 2007 ж.) атты өлең
кітаптары. Кезінде бұлар жайында семейлік әдебиетшілер
мен ғалымдар тарапынан жергілікті баспасөз беттерінде
біршама пікірлер де жарияланды.
Алмахан Мұхаметқалиқызы – өмірдің небір құбы
лыстарынан мықты әдеби композиция құруға, филосо
фиялық тосын ой түюге шебер қаламгер. Мысалы, «До
нор және тек» поэмасында автор «Бөтен тектің қаны
басқа біреуге құйылғанда оның физиологиялық сырт
қы симптомдары көзге анық байқалмаса да, рухани іш
кі кері әсері сұрапыл болмақ. Өйткені қанда тектің, мі
нез-құлықтың, жан дүниенің үш ұйықтасақ түсімізге де
кірмейтін, ғылымға әлі мүлде құпия алапат қуаттары бо
лады. Жүрегінде алуан текті қан араласқан адамның ке
лешектегі мінез-құлқын болжау да өте қиын. Ондай адам
өз табиғатынан жат әрекеттерге баруы мүмкін. Оның ая
ғы қайғылы жағдайларға ұрындырады. Сондықтан тектес
адамдар ғана бір-біріне донор бола алады» деген байлам
жасайды. Мұнда консилиумдық шешім де, логикалық
дәйектеме де, дүниетанымдық тың тұжырым да – бәрі бар.
Ең бастысы, поэманың тілі жатық, баяны көңілге қоным
ды, көркемдік деңгейі жоғары. Ал «Шәкәрім» поэмасы
«Не батпанның бәрін көтере беретін жалпақ мына жалған
дүние тек адамның ірілерін ғана көтеруге қауқарсыз»
деген жаңа бір әдеби концепция ұсынады.
«Құрсақсыз ана» поэмасы өзінің трагедиялық сипа
тымен жан түршіктірмек. «Әлі перзент көрмеген әйел
адам атом полигоны радиациясына шалдыққандықтан ем
ханаға түсіп, ауыр сырқаттың ақыр соңы оның жатырын
операциямен алып тастауға дейін жеткізеді. Әйел өзінің
аналық барша қасиетінен айырылады. «Жатыр – әйелдік
барша қасиеттердің киелі ұясы». Осылай дейді автор.
Аналық қасиетінен айырылса да, адамдық қасиетін сақ
тап қалған сол кейіпкер әйелдің «Өзімді, Құдай, алсаң да,
жатырымды тірі қалдырғай!» дегенді меңзейтін жантүр
шігерлік зар-мұңы – шығарманың эмпирикалық стадиядан
рухани биік парасат дәрежесіне дейінгі идеясын тұтас
қамтып жатқан қасірет.
Жүрегің шымырлайды...
Тыныштықбек Әбдікәкімов,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
АЙ ТОЛҒАН ТҮНДЕ
ТҰНҒАН ЖЫР
Өлеңдер
ҚАЗАҚСТАН – ЕЛІМ МЕНІҢ
Қазақстан – елім менің!
Маңдайыңа қыспақ көріп өмір сүру жаралған,
Көршілерің көзін қысып, енді бірі аларған.
Мынау күллі дүниені бір мейірге сыйғызып,
Мың құбылған тіршілікке малынады бар арман.
О, мекенім!
Алтын өзек тарихыңда толқыны бар жүз көштің,
Таңы да бар, паңы да бар сан патшамен жүздестің.
Жалаңдаған бір семсердің қарғып өтіп жүзінен,
Бір бұзықтау ниет көріп, теңселгендей күй кештің.
Елім менің!
Сенім артқан бір сұрмерген шырпы шағып ойнаған,
Тамызықтан от шығарын білмей жүрген қай надан?
Бәтуасыз мұздай жылтыр үстелдердің үстінде
Қауқары жоқ адам тағдыр жұмыртқадай ойнаған.
Қазақ елім!
Өзің үшін қастерлісі – тәуелсіздік тұнығы,
Анаң – үміт, әкең – жігер, Қазақстан – Күн ұлы.
Ұлы толғақ үстіндегі құйын уақыт сеп болып,
Алтын құрсақ шыр еткізсе қазағымның бір ұлын.
Ақтабандай қасіреттен жарадар ед қарт жүрек,
Енді бүгін жастығың ба, жаңыласың шартты іреп.
Өмірге әлі бейім емес қатесіндей баланың
Мүлт кеткенде отырамын Бұқардайын қарт тілеп.
Қазағым-ау!
Темір етік табанында ғасыр үні мүжілген,
Айналайын топырағыңнан сан сындардан сүзілген.
Пенделерді тәуба-тілек келтіреді қалпына,
Болашақтың бағы жатқан үкілі үміт үзілмен!
Қазақстан!
Көк байрағың Көк бөрідей Көк Тәңірін алдырар,
Ататүрік енші бөлген елтаңбаң бар таңды ұрар.
Әлем танып тәй-тәй басқан жас Отанға қуат бер,
Досқа күлкі, дұшпанына таба қылма, Алдияр!
* * *
Қала, қала...
Таспен құйған сағым мұң,
Тас тамырлы тас төбеге табындым.
Шығып келе жатқан күнге сүйсінбей,
Мен даламды, кең даламды сағындым.
Үйлер, үйлер...
Бір-біріне мінгескен,
Қабырғалас көрші тағдыр бірге өскен.
Батып бара жатқан күнді көре алмай,
Айхай, дүние тұтқыны боп күй кешкем.
Мынау қала қашқыны боп туар күн,
Мен ауылдан келгеніме қуандым.
Тас үйлерден асыра алмай жүзімді,
Көкжиекке мойным созып суардым.
Мен білемін атқан таңның қандайын,
Содан болар күн татыған таңдайым.
Көкжиекті көрсем-ау деп дал болып,
Қарап едім, тасқа тиді маңдайым.
Терезеден талмаусырап сағым күн,
Мен ауылды, топырақты сағындым.
Беттеп едім шығайын деп далаға,
Есікті аштым, бір есікке соғылдым.
Айды айналып, арайланып атқан күн,
Менің барлық ғұмырым боп сақталдың.
Сағыныш боп түсіме енсе қайтеді
Көкжиекке шым-шым болып батқан күн?..
Тас көшелер,
Тасыр тірлік құрысын.
Аңсап жүрмін топырақтың тынысын.
Гүл егуге таба алмадым топырақ,
Сонда мынау тас тіршілік кім үшін?!
ҰЛЫЛЫҚҚА ТАҒЗЫМ
Абай! Абай!
Бабам менің! Жұмбақ жүрек, жаны арман,
Шыңғыстаудың шығысынан шыға келген таң алдан.
Мынау күллі дүниені түйін сөзге сиғызып,
«Жүрегінің түбіндегі» терең ойдан нәр алған.
Жел тербеген шапаныңда толқыны бар өткеннің,
Қилы заман көшіндегі қайшылықты көп көрдің.
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» жігерін,
Зерек оймен зерделедің, сан сындардан өткердің.
Бабам менің!
Сенің әрбір деміңменен тарап жатыр ой-ғалам,
Тамызықтан от іздейді бүгін мынау «ойлы» адам.
Жартастардан жаңғырықтар естіледі бейуақта,
«Ұлып жұртқа қайтқан ойды» сол шығар деп ойланам.
Сүйген жүрек. Күйген жүрек. Жұмбақ жүрек. Қарт жүрек.
Ұлы кеуде ұлықты іздеп бұлқынады шартты іреп.
Бүгін мынау алмағайып қазағымның тірлігі
Мүлт кеткенде отырамын, баба, сендей қарт тілеп.
«Ескендірдің» табанында ғасыр үні мүжілген,
«Қара сөздің» құдіреті бар, сан сындардан сүзілген.
Пенделерді тәуба-тілек келтіреді қалпына,
«Желсіз түнде жарық айдай» сәулелі үміт үзілмен.
ӨСЕК
Нардай патша көңілді бұзып өтер,
Қара түгіл хан өзі күдік етер.
Ақылға, миға мина тастағандай,
Бүлікшіл өсек, қандай құдірет ең?!
Сен жоқ жерде қашанда кереге кең,
Сен жүрген жер өріске, өреге кем.
Ағайынның арасын жау ететін,
О, өсек, сен не деген керемет ең?!
Қызғаныштың тілдегі азабы өзің,
Ғашықтардың көз жасы, мазағы өзің.
Ұйыған шаңырақтың шырқын алған,
Өсек-ау, сен не қылған ғажап едің?!
Сен әйелдің жырындысын,
Еркектердің қалайсың ұрындысын.
Өмір барда өлмейтін өрт өсек-ау,
Сөнбейтін ғұмырлысың, білімдісің.
Ақынға – азап, әкімге – ас, жол алды сен,
Кеуделерге сен таққан амалды шен.
Өсек, саған қарудың қажеті жоқ,
Айлаңмен-ақ аласың қамалды сен.
ЖАТАҚХАНА
Мен тұрған үй – жатақхана, өмірімнің өткені,
Керегемді сонда керіп, сонда үмітім көктеді.
Бала сүйіп, жар жетектеп, құрсағымды кеңейттім,
Осында ғой өмірімнің бар қызығы, көктемі.
Жатақхана. Мені үйреткен күрестерге әуелі,
Сонда менің іргем бүтін, сезімім де сау еді.
Жатақхана бөлмесінде бар қызығым қамалып,
Кеудемде ән толықсыды, көшпелі елдің әуені.
Алақандай бір бөлмеде атанғанмын «жас ана»,
Мені ең алғаш тауқыметпен беттестірген осы ара.
Сетінеген сезіміме сеп болатын сөз іздеп
Жатақхана жаққа бардым... Құлап қапты босаға.
Жатақхана. Көзіме оттай басылатын мекенім,
Мен кетіп ем, кетті бәрі. Естіледі бөтен үн.
Мендегі бар махаббаттың қирағаны сияқты
Құлап жатыр. Сезімімнің қараңызшы секемін...
Жатақхана. Жас отаудың тербетіліп бесігі,
Мұнда талай жұбайлардың жасалатын «бешірі».
Жатақхана жайлауынан ақын тағдыр нәр алған,
Кеңшіліктер, Жұматайлар, Ғафулердің есімі.
Бір ошақтан ас ішкенмен, сырт көздерге жат елдер,
Әр бөлмеде әр тағдырлар жүретұғын қаперде.
Сол тағдырлар бөлмелерін бөліп, алып кетіпті
Еншісі жоқ Қасымдарға бөлінбеген пәтерлер.
Мен сарғайған терезеден үңгір қапты торып мұң,
Мен аттанған босағада күл-қоқыспен жолықтым.
Жатақхана жайсыз деп ем, жайлауы екен жастықтың,
Менің де ішім бос қалғандай қарап тұрып қорықтым.
«Жалған дүние кезек» деген осы екен ғой,
Соны ұқтым...
* * *
Қызықсың-ау сен де кейде, ей, көңіл,
Арманымды ай мұздатып бейне бір.
Қара жердің кіндігіндей боп тұрып,
Айға асылып құмар қуам кейде бір.
Мендік көңіл мекен таппай безіп ем,
Түпсіз аспан құпиясын кезіп ем.
Жетім қалар жастан өтіп кетсем де,
Жұртта қалған тастандыдай сезінем.
Аспан текті ақын сөзі естегі
Жұтынып кеп, жұлынымнан көшпеді.
Ақындық, ол – тәңір сыйы, сыбаға,
Қателессем, киелі сөз, кеш мені...
* * *
Маңдайымды мұңға малып жан уы,
Кейде налып, кейде кетем адуын.
Өзімді-өзім тани алмай жүргенде
Мүмкін емес өзгелерді тануым.
Мен ойлардың ойранында шынықтым,
Тән періштем өлеңді аңсап, түн ұтты.
Ақындықтың тозағына тоба айтып,
Қылықты әйел екенімді ұмыттым.
* * *
Бағым деп ем, барым деп ем, сенбедің,
Мен де әйтеуір өзімді-өзім жеңбедім.
Көктемеде үсік соққан ағаштың
Көрдіңдер ме күзде жеміс бергенін?
Бар қиындық бақ екен ғой, көнсе адам,
Содан болар, жолсыз жерден жол табам.
Орта жолдан көшім ауып қалмаса,
Жолықпаған болар едім мен саған.
Алакөлдің татып алып тұз-демін,
Соқпақтардан бақытымды іздедім.
Туыстырған бақытым мен мұңымды
Өмірімнің көп екен ғой күз-желі.
* * *
Сенемін деп тағы үніне ғасырдың,
Амалсыздың айласына асылдым.
Қара базар қамшысынан қаймығып,
Өлмес күнді өгейсітпей жасырдым.
Тиын-тебен тамсандырып даланы,
Тектілікті тексіз тірлік тонады.
Жеті қабат жер астына тығылып,
Құмырсқаның ащы балын жаладым.
Талақ болған тірлігіме күлер күн,
Тамырынан үзілердей бірер күн.
Ішімдегі шерімді айдап кетсін деп
Найзағайды жұтып-жұтып жібердім.
Күн нұрының аулай алмай жарығын,
Моншақ мұңды қаламыма жаныдым.
Түнемеде көрпе астында күрсініп,
Мына тезек дүниеге налыдым.
Ей, ажалды пенделері мәрт сырдың,
Мен сендерге болашақты тапсырдым.
Күлкі ақымақ адастырып кеткен соң,
Түн көңілін аулай алмай шарт сындым.
* * *
Бірде жұтап, отырамын бір түлеп,
Кеше жылап, бүгін түртіп бір тілек.
Көз жасым да опасыздық жасады-ау,
Айырбастап кете барды күлкіге.
Күнкөрістің күйбеңі боп басты ұғым,
Өз-өзімнен жасырынды жас күнім.
Сенің мұңың менің мұңым болғасын,
Бұлт ішінен шыққан күндей аштымын.
Өзің болып кейде күздің құс көші,
Көктемедей сарғаямын іш тесіп.
Сен ішетін өмірімнің шаттығын
Жолын тауып басқа біреу ішкесін.
Жеңем дедім, мен өзімді жеңбедім,
Кеткен күннің қуанышын сен дедім.
Алдаспанның өткір жүзі арқылы
Сезімімді тебіренттің сен менің.
Түнді түртіп, оңашада ой бағам,
Өткеніне өкінбейтін қай надан?
Өлең деген қасиетке киелі
Бағымды да, сорымды да байлағам.
2-161
* * *
Жерге жақын баба рухы жетектеп,
Шешелер-ай! «Абыройым кетед»деп
Киген екен көйлектерін ұзын ғып,
Көргенсіздік басталар деп етектен.
«О, жасаған! Күнәм болса қайтем?» деп
Сол баяғы қариялар айтар ма ед?
«Әйелдердің ашық қалған шашы мен
Тізесінде мекендейді шайтан» деп.
Содан болар, көп нәрсеге қанықтым,
Күнәмді іздеп өзгелерге налыппын.
Неге өмірде шалыс бастым деп жүрсем,
Аяғымды шайтан келіп шалыпты.
Қоғам билеп, Қорқыт кешкен санамды,
Аңғал жүріп асылымнан тоналдым.
Сән қуам деп тіземді ашып жүріп ем,
Аяғыма шайтан келіп оралды.
Жалаңаштап жүріп едім шашымды,
Әр шашыма шайтан келіп асылды.
Басым неге қателесті деуші едім,
Шайтан екен шатастырған басымды.
Мұны бәлкім біреу біліп, білмейді,
Бір құдірет енді есіңді жи дейді.
Қасиетті Құран кітап тілінде,
Ашық жүрген тәнді шайтан билейді.
Пендемін ғой, адамдарға сенемін,
Сайтансырап шарап ішкен мен едім.
Бойымдағы шайтандарды қууға,
Хақ тағалам, қажет сенің көмегің.
* * *
Ғашық жандар өкпелессе мұң дейтін,
Ренжіссе, табыстырар түн дейтін.
Екеуара татуласқан жандарды
Жаңбырдан соң бұлттан шыққан күн дейтін.
Сен де, мен де сияқты едік от ақын,
Өкпелессек кеш те баяу бататын.
Күні бойы томсырайған біздерді
Жатар орын табыстырып жататын.
Неке сыйы шымылдықпен бөлінген,
Маған солай ғажайып боп көрінген.
Ұрысып ап, табысқанда қайтадан
Күнә жасым шымылдықта төгілген.
Бір сәттік наз жұбайларға жарасқан,
Наз өкпеге айналғанда жақ ашқам.
Өкпе соңы кешке жетсе мұң дейтін,
Жараспайды томсырайып таң асқан.
Мұң мен өкпе бір-бірінсіз толмайды,
Өкпе сырын білмей жүрсең, сол қайғы.
Бұл фәниге өкпе артатын тірлікте
Өкпелеусіз өмір мәні болмайды.
Біз де сондай жұбайлар ек үлгілі,
Білінбейтін уақыттың жыл-күні.
Маң-маң басып жетіге кеп жеткенде
Себеп болды «кеселердің сыңғыры».
Адам солай, мына өмірдің қонағы,
Сәл нәрсеге жайқалады, солады.
Өзі салған соқпағымен сор кешкен
Ғашық адам сәл соқырлау болады.
* * *
Таулар! Таулар!
Қара жердің қыртысының қысымынан жаралған,
Шыңырау шың арай күннің айнасына таранған.
Мынау күллі дүниені бір тасыңа сиғызып,
Батар күннің бояуына малынады бар арман.
Таулар! Таулар!
Тұмшаланған тозаңды аршып сығалайсың сен маған.
Аңылжыған аспаныңа әпектейді шер ғалам.
Күнге сүйеп маңдайыңды шалықтайсың бақыттан,
Мен кедеймін, Сен байсың ғой, бақытыңнан бер маған!
Таулар! Таулар!
Жер-анадан қысым көріп бетке шыққан бір түйін,
Ұшық тиген дүниеден опа күттім жыр түйіп.
Тау сияқты көрінеді пенделіктің пиғылы,
Қос саусақтың арасынан жуан бармақ бұлтиып.
Таулар! Таулар!
Уақыттың желісінен тепкі көріп мүжілген,
Айналайын топырағыңнан сан сындардан сүзілген.
Күре жолдан соқпақ іздеп, сүреңсіздеу жол тауып,
Алтын өзек тозбас сөзді қару қылдым бүгін мен.
* * *
Қайтсем екен жүректің мына заңын,
Қайтсем екен қайқайған жыр азабын.
Мәдениеттің емшегін сорып жатып
Көрдім бақыт жолының бұралаңын.
Білмейсің ғой сен бірақ жар азабын,
Тұрағы жоқ күндерден жара жаным.
Бейне қыран бүркітпен алысқандай
Өмірдегі болдың-ау бар азабым.
Көңілімді алдың-ау бір қайтарып,
Тиянағы жоқ ойды жырға айтамын.
Қателігі жастықтың біліне ме,
Өзім тырнап жарамды ұлғайтамын.
* * *
Бұралаң боп белгісіздеу соқпағым,
Бақыт іздеп шығып едім, таппадым.
Жыр суарып суатына ақылдың,
«Бақыт деген не?» дегенге тоқтадым.
Бақыт деген – алдыменен жаралу,
Бесігіңнің ырғағынан нәр алу.
Жер бесіктің әлдиіне бөленіп,
Ұлылықтың қоржынынан дән алу.
Бақыт деген – дұрыс болжау жолыңды,
Айыра біл оңың менен солыңды.
Тіршілікте өкпелетпей ешкімді,
Шамаң келсе шат күлкіге шомылдыр.
Бақыт деген – қанағатты сезіну,
Сені сүйген ғашығыңа кезігу.
Күрсіністің көлеңкесін жылытып,
Көкіректе көп үмітпен көз ілу.
Ақыл-есі тұман кешкен қоғамда,
Бақыт деген жоқ дегенге тоналма.
Жолыққанға бақыт тілеп өтемін,
Бақыт тілеу артық емес адамға.
Бақ дегенде жұмбақ әлем елестеп,
Анау дейді, мынау дейді көбі есте.
Адам ата, Хауа ананың тұсында,
Жоғалатын жұмақ бағы емес пе?!
* * *
Жанымды шағып ерсілеу сөздің өсегі,
Ұйықтамай шықтым, салқындау тартып төсегім.
Қан ұйып қапты қызыл тілімнің ұшында
Айтылмай қалған бір ауыз сөзден кешегі.
Тәкаппар тауды алыстан көріп, мақтанып,
Жақыннан көріп, сұлбасын оның таптадың.
Көз жасымменен шер тарқатқаным болмаса,
Демеу де емес, медеу де емес тапқаным.
Ойсыздау сөзің өзек өргізіп қатеден,
Намысты түртіп аспани мінез от өлең.
Шешені сыйлап үйренген елден едік қой,
Құрметтеуді де білетін едік әкеден.
Әйели мінез-айлаңмен жанды торлайсың,
Алдымнан күліп, артымнан тұрып арбайсың.
Жақының болып жаныңда жүрген жау жаман,
Сақтана да алмай, ақтала да алмай сорлайсың.
* * *
Толғақсыз түннен жұтап таң,
Сәбисіз төстен сүт аққан.
Қураған тамыр елестер
Ақ сөңке болған бұтақтан.
Бүлініп бақыт сабырдан,
Анаша көңіл сан ұрған.
Бүлкілдеп жатыр болашақ
Жалаңаштанған тамырдан.
Тайғанақ тағдыр сыр сынып,
Көшеде бейбақ күрсініп.
Әрбір бұтаның түбінде
Бұлқынып жатқан тіршілік.
Раушанның ашты кермегін
Алқызыл түспен әрлеген.
Мұңдарды сырға бөлейді
Тұяғы қызыл терлеген.
Ғашықсыз ғалам – кекті ойдан,
Сезімге мен ғой шек қойған.
Тірліктің кейбір күйбеңі
Ұлы сезімді жеп қойған.
* * *
Уақыттан озып келіп күзгі шық,
Күн көрігін білдіртпей-ақ үзгізіп.
Самайыма сәл ертерек қоныпты,
Маңдай шаштар бір-біріне «көз қысып».
Мойындамай есеюдің белгісін,
Қартаймағым, ортаймағым келді шын.
Ақ шашымды қара түске боядым,
«Аққа қара жұқпайдыны» жеңді ішім.
Ақ-қара боп өмір кешкен жолдарым,
Басым бақ боп, шашың ақ боп торлады.
Қара шаштың қалқасынан қылтиған
Ақ шашымды қараменен сомдадым.
Аппақ шаштың жазығы не сондағы?
Қара деген қасірет қой қашаннан,
Ақ шаштар ғой іштен тынып баса алған.
Адамдар-ай, ақты бояп қарамен,
Жалғандықтың жарығымен жасанған.
* * *
Көкіректі нала түндер қопарып,
Махаббаттың оғы тиіп, от алып,
Тәңіріммен тамырластым тікелей,
Мысқылдардың түтініне қақалып.
Мен өзімді бала күннен байқағам,
Тұтқын болмай, торды солай шайқағам.
Ой додасын қатал сынға тапсырып,
Мен өзімді тұтқындадым қайтадан.
Жезөкшелер тас көшеде жүгірген,
Дүңгіршектер күнә уын сімірген.
Күнкөрістің күйбеңімен бүркеніп,
Тағдырлар-ай бақастыққа жүгінген.
Ер жігіттің ары қайда кетіп ед,
Нәпсі жеңген қасқыр сынды шетінен.
Жігері жоқ бөріктіні көрем де,
Әйел болып туғаныма өкінем.
* * *
Түсімде ажырасқан қолдар көрем,
Алыстап бара жатыр жолдар немен?
Жабысып бара жатқан құшақпенен,
Айқасып, қалғып кеткен қолдарменен.
Жапанмен жағаласып жырым күлген,
Осалдау әйел болып туылдым мен.
Немкетті сезімімнің дәті шыдап,
Асылып арманыма жуындым мен.
Білмеймін, сол бір шақта не тіледім,
Сен менің үмітімнің оты ма едің?
Көкейім құлағыма сыбыр етіп,
Басылды діріл қағып көкірегім.
* * *
Қаншама рет алданғанбыз екеуміз,
Енді біздер кездеспейміз. Бөтенбіз.
Табиғаттың жарық-қараңғысындай
Махаббатқа енді оралған екенбіз.
Сүрең тартқан күре жолдың сан қырын,
Көріп келем сүрме тірлік жаңғырын.
Шаң соқпақтан бетон жолға түсіріп,
Мені өзіңмен әкеттің бе, тағдырым?!
* * *
Беттегі меңді нысана дейді бақыттың,
Болса болар-ау, бірақ мен кейде жасықпын.
Кешегі жазған өлеңім бүгін тозып қап,
Белгісіз жаққа асықтым.
Ең күнәсіз бесік жырынан нәр алдым,
Бұрымды қыздың қылығын кешкен баламын.
Қызықтың бәрі бұрыммен бірге кеткендей,
Самарқау тартып барамын.
Күннің нұрымен суарылдым да бас иіп,
Ана атандым, баланы сүйіп төс иіп.
Өлеңім менің – қаламсабымның көз жасы,
Ал әйел деген – қасиет.
* * *
Күшік көңілім күйгелек,
Кетемін кейде кимелеп.
Самалдан құрап әуенді,
Отырмын қоңыр күй бөлеп.
Жамайын деп ем жеңімді,
Қолтығым қайта сөгілді.
Тізіп ем бақыт моншағын,
Үзіліп жібі төгілді.
Көңілдің көрсем тарлығын,
Мазалай берер ар жүгі.
Ақыннан басқа жандардың
Бақытты шығар барлығы.
* * *
Маңдайымнан неге сүйдің,
Маңдайымда бағым жоқ.
Сенсіз өмір күйбің-күйбің,
Барады әні сағым боп.
Мен бір ордан қашып едім,
Құзға барып құладым.
Бір белестен асып едім,
Бақытымды сұрадың.
Көбелекке көз қысып ем,
Етегіммен ойнады.
Біреу менен озғысы кеп
Әңгіме айтты қайдағы.
* * *
Тағдыр ғой сенің маған жолыққаның,
Құптадым жақсылыққа жорып бәрін.
Мен сенің өткеніңе мән бермей-ақ
Соншалық жақсы көрдім, соны ұқпадың.
Өмірде ұқсастықтың, қасіреттің
Белінен «Тәуекел» деп басып өттім.
Сен мені жұлып алып ақындықтан,
Мендегі тағдырыңмен ғашық еттің.
Жүрек емес, мен бастап бір өнерді,
Жалт етіп елік көңіл жүре берді.
Бір көк қанат көкірегімде дір-дір етіп,
Беймазалау бір сезім түрегелді.
Осылай жүрек емес, өзім біліп,
Тағы да ұмтылды алға төзім-қылық.
Әр алуан сыр сиқырын білу үшін
Керек қой өмірде бар төзімділік.
Білмеппін өлмесімді-өлерімді,
Білмеймін жеңбесімді, жеңерімді.
Мені өмірге дайындап қара өлеңім,
Қанатты қамырық күн өлеңімді.
СЕМЕЙ
(Әнге жазылған)
Ертісті жайлаған,
Көк тоғай айналам.
Шектелген екі елмен
Семейім – бай далам.
Қайырмасы:
Батыр ел – бұл өлке,
Ақын ел – бұл өлке.
Тіл бітсе тасыңа,
Сыр тартар бір ерке.
Жырыммен жебейін,
Әніммен демейін.
Қияда қыранның
Тұғыры – Семейім.
ТОҚАЛ ӘЙЕЛДІҢ МОНОЛОГЫ
(Гендерлік саясатқа байланысты екінші әйелдікке
барған әйелдің мұңы)
Мен саған күйеуге шыққанда
Шабытым асқақтай ма деп едім,
Керісінше, ақсаттың.
Күңге айналып асқақ күн,
Сезімімді жасқаттың.
Ана және әйел деген қос бақтың
Еркелігін тастаттың.
Мен саған күйеуге шыққанда
Жалғыздықтан құтылам ба деп едім,
Қателескен екенмін.
Селт еткізіп секем күн,
Жаным жалқы, бөтенмін.
Екі иықты құныстырып бекер күн,
Бәрін жалғыз көтердім.
Мен саған күйеуге шыққанда
Қамқоршы боп, рақым етер деп едім,
Жазғырынды күн кештім.
Көлеңкелеп күндес күн,
Қателігім күнде өсті.
Шаттығыма шағым айтып білместің,
Түн тілімен тілдестім.
Мен саған күйеуге шыққанда
Жар қызығын қызықтаймын деп едім.
Шытынаған шөлмек күн,
Өкінішімді өрлеттің.
Жыладым ғой, бірақ саған тең кеп бір,
Жар боп жылап көрмеппін.
Мен саған күйеуге шыққанда
Туыстарды көбейтемін деп едім,
Басқа болды барлығы.
Көңілдердің тарлығы
Өлеңімнен қарғыды.
Қыңсылап кеп қызғаныштың сан қыры,
Маңдайыма саңғыды.
Мен сені алғаш көргенде
Жүрегі таза, ақкөңіл жігіт деп едім.
Көңілді сөзбен алдаған,
Өзін-өзі қорлаған,
Қыңыр болса, сол жаман.
Бөбегім ғана өз тірлігімді жалғаған,
Еркектен бағым жанбаған.
* * *
Мен сені ұнатқанмын, сүйген емен,
Саған да талап қойып «сүй» демеп ем.
Тіл қатпасам, аңқау деп, ақымақ деп,
Өтінем, намысыма тиме менің.
Жылытып жыр-ғұмырдың саябағы,
Етегімнен еңіреп ой ағады.
Түтінін көп жұтып ем жерошақтың,
Есейдім. Өмір мені аямады.
Адам емес, мені бір хақ қолдайды,
Қашанда қадіріңді жат қолдайды.
Қуана білмегенге құт қонбайды,
Бағалай білмегенде бақ болмайды.
Аңсатып сонау-сонау бұла күнді,
Сарсыта бермеші енді құлағымды.
Суық сөзбен жасытып жігерімді,
Лайлама бойымдағы бұлағымды.
Мен өлеңді арымның сынағы еттім,
Сөздерді сезімдердің бұлағы еттім.
Бір күндік қуанышты шығарып сап,
Мұң ұстазды мәңгілік мұрат еттім.
* * *
Өкініш айтып өлеңге,
Жазмышқа жағып көрем бе?!
Адамнан жұмбақ ештеме
Жоқ шығар мынау әлемде?
Құрбаның болдым сенің деп
Айтуға тұрдым тіл батпай.
Құмарлық қуған сезімді
Жасырдым жасын жұмбақтай.
Кінәлі болсаң өзің біл,
Жазықсыз болсаң көтерем.
Тамырдан жұлып сезімді,
Өкпелеп қана кетер ем.
Төзімді түртіп дара мұң, Өткенді кезіп қарадым. Жұбата алмай біреуді, Өзім де жылап барамын. *** (Анна Ахматовадан аударма) Сен менен өлеңді несіне сұрайсың? Бірақ сен онсыз да өмірге шыдайсың. Қаныңда бір мысқал күйініш қалмаса, Сіңбеген өлеңге қалайша құлайсың? Біз жаққан өтімсіз өмірдің әуресі, Мәнді де, сәнді де күндердің ауды есі. Көк аспан астында біздерді құптаған, Сыр тартқан сыбыршыл түнгі оттың сәулесі. Біздегі әсем бір сезімге шоқынып, Самал жел тізілді толқынға тоқылып. Біз білмес жұмбақ бір сағана ішінен Әлдекім күрсінді, селк етіп, есімдер оқыдық. Ойланбай айрылу, тұңғиық жоқ қылар, Жақсысы сол жолы күрт кету-ақ шығар. Біздей боп баз кешіп, кездейсоқ айрылу, Білмеймін, әлемде болған да жоқ шығар.
3-161
АЙЖАРЫҚ ЕЛДЕН КЕЛГЕНДЕ
Көктеммен бірге ала бел гүлдеп,
Елімнен сәлем ала келдің бе?
Толқыннан туған талантым бар деп
Тулап жатыр ма Алакөл күнде?
Жарбұлақтағы жар-бұлақ қалай,
Құрық қып мінген «арғымақ» қалай?
Есіме түсіп есімді алды ғой
Ойнаған шақтар қарғылап талай.
Таудай толқынды жара келдің бе,
Жігерді тасқа жана келдің бе?
Бейкүнә бейне қозы-лақ қуған,
Құлыншақ қыз бен бала көрдің бе?
Бозарған нұр боп өткен күндерің,
Аңқыта жұтып тектердің демін,
Жусанның иісін бойыңа жағып,
Ала келдің бе көктемнің лебін?
Уақыт-із сіңіп қырат-құмдарға,
Ақсақалға арды сынаттыңдар ма?
Қуыршақ ойнап, көбелек қуған
Құрбыларымды ұзаттыңдар ма?!
Есіме салып қай-қайдағыны,
Балалығымның айғайлап үні.
Сенің жырыңмен еріп келгендей
Әкемнің сонау шалғайдағы үні.
Кісікиіктей сынық қанаттым,
Талантты қашан ұлықтамақ кім?
Сол жылдар төлі екі ақын едік,
Бір сәуле іздеп тұныққа баттым,
Қайтеміз енді, у ұрттап аппын...
* * *
Бергенін алып кеміс күн,
Мен сөздің уын өле іштім.
Мұңымды жалғыз көтеріп,
Шаттығын ғана бөлістім.
Менде бір үлкен арман бар,
Арманға жетпес қорған бар.
Сергелдең топтан көрсеңдер,
Сенделген жан деп қалмаңдар.
Пенденің болса озығы,
Ақынның қанша жазығы?
Бетіме түскен әжімдер
Тағдырдың шығар жазуы.
Жыламай қалған жасымды
Кеудеме тығып, жасырдым.
Дір ете қалғыш жүрегім –
Шабынған бура, ашулы.
Шеру көңілдің қонағы
Ақылға келіп қонады.
Қиындық түрлі болғанмен,
Азаптың шегі болады.
* * *
Жүрегім, шыныменен дерттімсің,
Шынымен дертке толып кетті ме ішің?
Бақсыз-ақ түн күзетіп, таң атырып,
Ай туғызған шақтарға кектімісің?!
Жарылыс жасайтындай ішімдегі үн,
Мына тезек дүние, түсім бе едің?!
Қулықтың, құрбандықтың моласынан
Қатты шошып, ұлиды ішімде мұң.
Мен емеспін сабырдың салт бұзары,
Бағыма ұрлап кірсе қартсымағы.
Торғайдың жүрегінен жыр арнаған
Шабытым шамырқанып, шарт сынады.
Жүрегім, шыныменен шаршадың ба?
Көк тиынға тұрғысыз ар-сағымға
Пышақ жүзді аяныш жанып өтіп,
Тыңнан түрен салам деп аңсадың ба?!
Бұл фәниге, білемін, сыя алмайсың,
Жалғандықты бәрібір тыя алмайсың.
Менің титтей кеудеме қашып кіріп,
Қисынға келмейтінді қиялдайсың.
Мен көремін. Сен маған тығыласың,
Сен көрмейсің, несіне бұғынасың?
Сұмдықты сездірмеуге тырысам ғой,
Неменеге сүрініп, жығыласың?!
Өмір – жалған. Сен болсаң періштесің,
Расты хақпен ғана бөліскесің.
Өтірікті көруге дәтің жетпей,
Шындықты сездіруге келіскесің.
Өйткені сен – періштесің.
* * *
Ере алмай есер ағынға,
Өлеңім, бәлкім, бағым ба?!
Сырымды жауға білдірмей,
Айкезбе болған шағым ба?!
Өткенге налып өзім де,
Жасырған болам көз-інге
Жалғанның сырын ұғынып,
Жалтақ боп жүрген кезімде.
Өлеңім – көңіл күнделік,
Шабытқа шыдам түн – көрік.
Шыбықтай ақын жанымды
Майыстырды мұң келіп.
Мен осы сөзді танимын,
Намысты жырмен жанимын.
Менменсіп біреу сөйлесе,
Амалын таппай налимын.
* * *
Жаныма келіп «Күнім» деп,
Түсімде жүрсің күлімдеп.
Жанарым бұлдыр болды да,
Жарығым кетті дірілдеп.
Соңымда қалып шырай күн,
Қызығын кімнен сұраймын?
Жанымда жарым жатса да,
Мен неге жалғызсыраймын?!
Алданыш өмір тепкісін
Көрдім. Көндім. Кекті ішім.
Сен бірге келген көктем боп,
«Келем» деп жүрген жоқпысың?!
Ай болып бірге атасың,
Күн болып бірге батасың.
Жақұтқа толса жанарым,
Кеудемде өзің жатасың.
Өңім боп толған қызыл күн,
Түсімде қалай бұзылдың?!
Тірлікте мәңгі табыспас
Мен сенің қорғансызыңмын.
* * *
Анадан бекер тумаған,
Жанына серік түн, ғалам.
Өкпе мен бауырын улаған,
Жүрегі, миы тулаған.
Құр сүлдер ғана тынбаған,
Өмірдің зәрі шырмаған.
Қамшының сабын жырлаған,
Ақын – жұмбақ бір ғалам.
Дәруіштің асатаяғы –
Саусағындағы қаламы.
Өзінің басқан қадамы,
Біреудің мұңы азалы.
Ақынның асқақ талабы,
Болмысы бордай жаралы.
Күрмеуге келмей ажалы,
Ақындар солай болады.
Тарих шал өзі төреші,
Ақынның нағыз белесі.
Сыйлыққа жетпей өресі,
Атымен алған ел есін.
Өлеңге таппай теңесін,
Байлыққа созбас өңешін
Нағыз ақынды көресің.
* * *
Аялдама... Ұя бұзған арадай,
Сен де тұрдың бас изеуге жарамай.
Махаббатта жолы болмағандардың
Өмірде де жолы болмайды, ой, Алла-ай!
Мен өмірге өкпе айтпаймын. Желікпен.
Жүруші едім тек өзіңе сеніп мен.
Өмір қызық, ғашық болсам біреуге,
Іздеп жүріп жолықпаймын неліктен?
Сары жапырақ. Сағынышым көз ілді,
Кешем әлі таусылмайтын сезімді.
Өтірік деп маған ғашық болғаның,
Кінәладым сені, сосын өзімді.
Жоқ махаббат! Тек жырымда қалың мұң,
Алданғышпын, күнәсімін арымның.
Түні бойы төсегімде көз ілмей,
Мен өзіңді, екеумізді сағындым.
* * *
Әзілмен сақтық үшін
Ойнадың қатты қысып.
Көз, шіркін, санаса ма,
Қалады соқтығысып.
Жырымды биіктетіп,
Өзіңді сүйікті етіп.
Жанымды дір еткіздің,
Байқаусыз тиіп кетіп.
Сені аңсап, іздейді ішім,
Уақыт біз деймісің?
Жаңбырдай жылға қуған,
Сен мені іздеймісің?!
Отырмын. Ойда басым.
Біреуге жай ғанасың.
Білемін, оңашада
Мен жайлы ойланасың.
Кетесің хабар шалмай,
Қоясың назар салмай.
Жылытасың жанарыңмен,
Көңілімді тазарта алмай.
Бір сезім жеңген кезде,
Құмарлық көмген кезде,
Тұнығым шайқалады
Мен сені көрген кезде.
* * *
Сен менің жан аямас досым едің,
Кейінгі қылығыңнан шошып едім.
«Тұрлаусыз мына жалған» дейтін еді,
Дәурен-ай, жалғандығың осы ма еді?
Сайқал сөзді сүйрелеп бір сұғанақ,
Дана болып көрінген сыншы қонақ
Көңілімнің есігін қатты жауып,
Терезеден төріме жүр сығалап.
Бәрі де өтті. Енді оның керегі не,
Байқаймын, бізді араздық жеңеді ме?
Саған деген киелі сезіміме
Дауа таппай, оралдым өлеңіме.
* * *
Жанарымның ар жағында бір сыр бар,
Жүрегімді жерден жылытып күн тыңдар.
Көлге келдім мұңды жалғыз арқалап,
Шаттығымды бөлісер деп бір сұңқар.
Көлдегі бір асау толқын біртүрлі,
Сонау-сонау сылаң шақтан сыр түрді.
Сезімімді соғып қалып жағаға,
Шытынаған шыныдай ғып сындырды.
Есімді алып елегі жоқ еп қалтам,
Жарар еді бір жасынға сеп болсам.
Ойым жетпес көктегі бір қара үңгір
Жұтып кетіп, жоқ болам ба деп қорқам.
Таң шапағы. Көлге түскен күн сылаң,
Түнгі үрейге селт етем де, тұншығам.
Аспан қиял қыз-ғұмырды аңсатып,
Толқын жырға бірде батып, бір шығам.
Жанарыма жасырып ап күз демін,
Тұлымшақты, құлын шақты іздедім.
Мен өлеңді, өлең мені жетелеп,
Жусан иісті балалықты іздедім.
* * *
Қайтем мынау кіршең көңіл құрғырды,
Айласы жоқ, алдай алмай жыр құрлы,
Жүрегімді қырық жамау қылды да,
Мылқау етіп, үркек етіп тындырды.
* * *
Жаныма келдің, сенделіп ессіз күдік дем,
Жасқаншақ сезім, үлбірек үлпіл үмітпен.
Сипады сені жүректің нәзік саусағы,
О, сен деген жүрегімде өмір сүріп пе ең?
Қалғып кетті кірпіктері сүйгеннің,
Мен белгісіз әлдеқалай күйге ендім.
Түн ортасы сыздықтайды жыр-ошақ,
Жыр-ошақтан жылы шуақ күй көрдім.
* * *
Қыз-ғұмырым жыр-ғұмыр боп алмасып,
Бар қылығым Ардағыммен жалғасып.
Менің көрген өмірдегі бейнетім
Зейнет болып, хақ тағалам қолдасын.
Кейде өмірден жеңілеміз, жеңеміз,
Кей қырсықты жеңе алмаймыз неге біз?
Қателеспей өмір сүрер жан болсақ,
Неменеге дүниеге келеміз?
О, тәңірім!
Маған деген жақсың болса сатпай бер,
Пешенеме бұйырғанын қақпай бер.
Рухани қуғындалған жанымды
Абайсызда жарақаттан сақтай гөр!
* * *
Екеуміз де күтпеп ек тосын жайды,
Ерегестік. Өкіндік. Сосын қайғы...
Өмір деген тұрады өкініштен,
Шын сүйгендер, білесің, қосылмайды.
Қалдырмап ек ешқашан көңілді ізгі,
Тағдыр бізді, әйтеуір, жеңілгізді.
Жеті деген киелі санға келіп,
Екі жаққа шақырды өмір бізді.
Сағынышқа түнімді бесік етіп,
Өлеңімді өзекке несіп етіп,
Тұлпарымның тізгінін қоя бердім,
Өмір деген өзенді кешіп өтіп.
* * *
Біз екеуміз бұлақ ек құлап аққан,
Екі айрылдық бір қате, бір ағаттан.
Кешіре де алмадық, қия алмадық,
Біз айрылған сол бір таң жылап атқан.
Сезім – шырақ. Біз оны жаға алмадық,
Бір амалды таппадық оған нағып?
Бір қатенің уын біз бөліп іштік,
У құйылған ыдысты қаға алмадық.
Сөнді осылай ошақтың бір шырағы,
Амал қалмай тұтаттым жыр шырағын.
Бір қоңырау ішімде безілдеді,
Бір пенделік ішімде қырсығады.
Өз еліңе ұлтан боп қала бардың,
Ал мен қалдым. Жазмышқа шара бар ма?!
Кінәласып қайтеміз, бәрінен де
Айыптымыз алдында балалардың.
* * *
(Теміржан Базарбаевқа)
Бір арудың тамылжып тосын әні,
«Тамашаға» «Ауылым» қосылады.
Күннен туған әсем бір ерке шуақ
Әнді сүйген жүрекке асылады.
О, Темаға! Нар елдің наз еркесі,
Әлі талай өнерде озар көшің.
Езуінен Ертістің енші бөліп,
Сырлы Семей сыйлаған саз еркесі.
Әміренің жайқалтып жапырағын,
Ән айшықтап Теміржан отыр әні.
Керуен жолы айналып көпіріме,
Өнер жолы Ертіс боп жатыр ағып.
Қарапайым қара шал қаладағы,
Әуен сеуіп жүрген-ау сара жаны.
Ұшқын алып алтынның тұяғынан,
Жыр маржаны жағада барады ағып.
* * *
Өткен-кеткен бір белгісіз таңымды,
Аспан, саған ұстаттым да, жаңылдым.
Ұстараның жүзіне ұстап өзімді,
Жарақаттап алғаным-ай жанымды.
Көк тәңірі-ау, көк көңілі ғашықтың,
Мен өзіңе аманат жыр шашыппын.
Жас жарама шипа іздеп, шарқ ұрып,
Туған жердің топырағына асықтым.
Жанарымнан шашып мұң.
Аспан, сенің кеудеңдегі күн – жүрек,
Түнге барып түртпек тілді үңгілеп.
Сығырайған шырағдандар сәулесі
Амалсыздың түндіктерін тілгілеп.
Тамызыққа бір-ақ тұтам шам алып,
Тағылықтың таразысын таба қып.
Даналықтың шіріндісін тазарттым,
Өңез иісін демімменен шығарып.
* * *
Қара жолдағы керуен,
Бағым деп білем сені мен.
Курчатов келіп сынаған,
Полигонды да жеңіп ем.
Өнердің өзек кіндігі,
Семейім, биік түндігің.
Алысқа таңым жол салып,
Өзіңде туды күн бүгін.
Шығыстан шығып таң нұры,
Теміржол – тірлік танымы.
Ұлылар мекеніндегі
Өнердің күретамыры.
* * *
Есімде сол бір жыл ағын,
Бір бөлме еді тұрағым.
Сен мені тастап кеткенде
Жападан-жалғыз жыладым.
Кеткенсің мені бір таң ғып,
Кеткен-ау содан жыр саңғып.
Жігіттің жаны – күміс кілт,
Әйелдің жаны – сыр сандық.
Сәбиді сен деп құндақтап,
Өлеңге сен деп үн қаттым.
Жүргенде іздеп жұмақты,
Кездесіп қаппын жұмбаққа.
Я, Алла, саған табындым,
Жандыршы менің бағымды.
Тағдырым, сенен сұрайын,
Сындырма менің сағымды!
* * *
Жаңғырық естіп құрсақтан,
Абайдың өзі мұң шаққан.
Қазақтың қайран даласы
Сүрленген талай сын шақтан.
Бір үміт күтіп ұлар күн,
Тылсымның сырын ұғар кім?
Жат дыбыс шықса жылайды
Шыңғыстаудағы мұнар күн.
Алашқа тілеп арлылық,
Тозаңнан тұнып таңғы үміт.
Жол салған жаңа ғасырға
Үміттің жібі мәңгілік.
* * *
Жүргенім-ай мен өзімді ұнатпай
Түн қойнында тұнып қалған сұрақтай.
Жүргенім-ай өзгелерге жұмбақ боп,
Жүрегімді жұбатпай да, жылатпай.
Көңілімде күңк-күңк етіп көмескі ой
Шалықтаса, көнбегенім емес қой.
Жылап алып, сүрте салар сулықпен
Тағдыр жасы көздің жасы емес қой.
Бәз биігін көңілімде көтердім,
Не дегенмен, мен де өзімше бекеммін.
Жан азабым әуре қылып жүргенде
Жол азабын білмей қалған екенмін.
Ақылым бар ашуымның артында,
Шамаң жоқ па, өр тірлікке артылма.
Өлеңімнен бастау алған өмірім,
Жалғаны көп жаңалықпен сарқылма.
Әйел-көңіл, қыз-тірлікті сағынар,
Мен емеспін қыз-қылыққа жағынар.
«Көз – көңілдің портреті» демей ме,
Адам түгіл, ай бетінде дағы бар.
Самайымның талдап қарап әр ағын,
Баяны жоқ тіршілікке қарадым.
Жырым менің сәл мұңайған қалпында,
Топырағы тозаң болған даламын.
* * *
Адамдар!
Ақындарды бай екен деп қалмаңдар,
Ақын деген ақиқат қой, дүние деген жалған бар.
Жиған-терген қоқыссыз-ақ көрінетін биіктен,
Ақын деген – түн адамы жүрегінде арман бар.
Ақын деген бір сүрлеу бар, сүрлеуде көп бұтақтар,
Сол бұтақтың сөлі болар, қаламынан сүті аққан.
Талай тарих тоғысының түйінінен таралған
Ақындардың хақ төрінен орын алған кітаптар.
4-161
Ақын деген бір халық бар көкірегінде күні бар,
Ақындардың табынатын қасиетті түні бар.
Бір ғажайып тіршілікті тәңірінен күтіп ап,
Дүние емес, кітап жиған бас бармақтың құнына.
Адамдар!
Ақындарды бай екен деп жүрмеңдер,
Тағылықтың табы жатқан тағдырына күлмеңдер.
Ақындардың бар байлығы – жолдас-жора, отбасы,
Өз Отаны, шаңырағы, өзі сүйген гүл мен жер.
Ақын деген кедей емес, бай екенін біліңдер,
Өйткені бар тіршіліктің «іңгәсі» бар үнінде.
Мұхаммедтің уағыздары өлеңменен жазылып,
Қасиетті Құран кітап сөйлейді ақын тілінде.
Ақын үні сөйлеп берер дүниенің түбінде,
Көшпелі елдің арбасының сыңырлаған жігінде.
Бар байлықты ақын үні өлеңімен сайратқан,
Сондықтан да ақын деген әз халықтан түңілме!
* * *
Қап-қара түн.
Қар аппақ. Боз қамауда
Бір жас ару бақытын сорға малды.
Ар мен ұят ажалдың ұшын еміп,
Шеру көңіл шарлады шер ғаламды.
Айкезбе боп таба алмай тұрақ құрбы,
Құдайсынған көңілім жылап тұрды.
Тұр шайтаны қоздырып жезөкшені,
Құпияның көрпесін лақтырды.
Бір түнімнен бір күнді сұрай алмай,
Отырмын мен бәріне шыдай алмай.
Бесіктегі баланың жөргегінен
Шығып жатқан аяғын қымтай алмай.
Көшедегі көп бейбақ жаны жынды,
Тайғанайды бейшара сағым құрлы.
Ұшық тиген дүниеден опа күтіп,
Уақыт құрғыр өзіне табындырды.
Бар ғұмырды тек өзім жасағандай,
Кейде толып, кейде ішім босағандай.
Тарбағатай толғатып жатқан сынды
Ақырзаман ғасырын босана алмай.
* * *
Дүние деген – дөңгеленген шарайна,
Уақыт деген әй-шайыңа қарай ма?!
Жырды жағып, балаларды жеткізем,
Бақастыққа басымды имен алайда.
Махаббатқа ажал бәлкім жетпеген,
Солып барып, су құйғанда көктегем.
Мен өмірде қайсарлықты қалаймын,
Жігері жоқ жігіттікті жек көрем.
* * *
Өлеңді несіп етіп,
Кесірді кешіп өтіп,
Бір тамшы көз жасымды
Келемін бесік етіп.
Бір кесе кетсе сынып,
Бір қырсық кетті есіріп.
Бір тамшы көз жасыммен
Аламын отты өшіріп.
Тағасың несіне мін
Кешірем, өшігемін.
Жол тапсаң көз жасыма,
Мен бәрін кешіремін.
Жаманға жуымағам,
Ашынсам буып алам.
Бір тамшы жасымменен
Күнәмді жуып алам.
Жол бермей басынуға,
Тәу етіп тасуыма,
Үзіліп түскен жаспен
Су себем ашуыма.
Тағдырдың төсін еміп
Нәр алған несібемін.
Бір тамшы жасымменен
Үрейді өшіремін.
Көңіл-күй көп өлеңім,
Мұңға да бөгелемін.
Тамшыдай жасымменен
Шаттыққа бөленемін.
Тамшыға ұялап мұң,
Сезімге сыя аламын.
Жек көріп көз жасыммен,
Қайтадан сүйе аламын.
Мен солай дуанамын,
Тез күйіп, қуанамын.
Оп-оңай жылап алып,
Оп-оңай жұбанамын.
Сыр алып сағым жылдан,
Сан мәрте сағым сынған.
Тамшы жас ғашық қылып,
Тамшы жас сағындырған.
Көңілде көктем едім,
Өмірде өктем едім.
Бір тамшы көз жасыммен
Арманға жеткен едім.
Өртесе от өлеңім,
Мен бәрін көтеремін.
Көз жасым, сен болмасаң,
Жынды боп кетер едім.
* * *
Алдымнан аңқып Алакөл демі,
Ауылым мынау ала белдегі.
Тозаң тоздырған елеусіз елді
Сағым деп ұқты сана мендегі
Жанарға жинап фәнидің сөлін,
Маңдайдан сылып тірліктің терін
Келіп ем, жүдеп қарсы алды мені
Самайы ерте сарғайған елім.
Еңселі елдің тәуір ақыны,
Осы ғой менің ауыратыным,
Жарылқап елді жатқан жоқ екен
Шайтани шенді ауыл әкімі.
Ресторан ба, әлде масхана төрі,
Қыздары – пері, серісі – бөрі.
Ауылдың арын қалай арбаған
Құлқынға көрік шенеунік шері?
Алакөл – бағым маңдайға біткен,
Қадірін білер ер қайда күткен?
Күрсініп мені қарсы алмай қайтсін,
Сабыры жердің сарғайған түптен.
* * *
Жазмышта қаңғыртпаған қай ерді арман,
Өкінбе, тазартпақсың қай ерді ардан?
Мұхаммед пайғамбардың өзі-дағы
Екі рет есік көрген әйелді алған.
Білемін, білесің сен, қайтем енді,
Мен саған төменмін деп айтам ба енді?!
Тоқалдан туған бала жаман болса,
Әлемнің ұлы Абайы қайдан келді?!
Білемін. Басқалардан артық мысым,
Сенен де сырғығандай артық пішін.
Әйелден бағың жанбай қалатындай
Мұхаммед пен Абайдан артықпысың?
Мен сені отбасыма ие көріп,
Талай рет өзімді күйеледім.
Қанымда бар дарыған тектілігім –
Домалақ, Мұрын ана киелері.
Білмеймін, сені кімге баладым мен,
Әйелге мынау фәни-дала күлген.
Найманнан бұтақ жайған Нарбота ана
Бір тайпа елге мұрындық бола білген.
Неге қоям, бос сөзге қоймаймын мен,
Өзің ғой өткенімді қоймай жүрген.
Бір елдің ұраны боп Қызай ана,
Ер емес, елдің қамын ойлай білген.
Домалақ ана жайлы өсиетті
Есіткен қалың елі бас иіпті.
Осындай киелілік, жер бетінде
Қазақтың әйелі екен қасиетті.
Солай, достым, сен мені жазықтама,
Маған көзің жетпесе, озық қара.
Құрсағында шайқалтқан тіршілікті
Әйел деген құбылыс нәзік қана.
* * *
Байқайсың ба, сезім кейде оңбаған,
Сезім – сайтан, сырғақтаса таң болам.
Жар сүюден жараланған сезімім,
Шамдандырсаң, шарт сынам да, қорланам.
Сезем өзім, сынбас жерде сыныппын,
Кейде терек, кейде әлсіз шыбықпын.
Құдіреттің құнын білмей жүргенде,
Махаббатты үйлену деп ұғыппын.
Сезімімнің серпіп тастап салмағын,
Бұл жалғанда сенсіз неге қалмадым?
Бір ашудың жетегімен шатасып,
Бүкіл бақыт, қуанышымды жалмадың.
Менде наз бар, бар ғой ашу сенде де,
Бір кемшілік екеумізді жеңбеген.
Бір жарадан жазылсам деп жүргенде,
Оқшантайдан шыға келдің сен неге?
Бәлкім, менен бөтен-бөлек сын күттің,
Сезімдерді сел жасыма сүңгіттім.
Тістенемін көп нәрсені айта алмай,
Көзі шығып кетпесін деп шындықтың.
* * *
Өлеңмін ғой. Жалғыз тал шашыңдаймын,
Ешқашан, ешкімге де бас ұрмаймын.
Ашулансам, найзағай жасындаймын,
Мен бірақ әлсіздерді басынбаймын.
Басымнан көлгір сөзді асырмаймын,
Намыстан бір тұтансам, басылмаймын.
Қара қойдың өкпесін қағып алар,
Айтар жерде ешқашан тосылмаймын.
Мен солай жасындаймын.
* * *
Жоғарыдан төменге менменсінген тіршілік
Сорға толы жанарға бір батады, бір шығып.
Қара өлеңнің шуағын сыздықтата түсірдім,
Қолымда бар болса да, мен де өзімше қырсығып.
Жарық дүние сәулесі әулиені қолдаған,
Мөлдір, тұнық аспанды тозақ түнек торлаған.
Мұнарт шыңнан кіртиіп Хантәңірі көрініп,
Надандарын қара жер жазығымен алдаған.
Көлгірсіген көпесті топыраққа орадым,
Тепкі көрген тастарға мейіріммен қарадым.
Сымбатына сұңқардың байладым да жырымды,
Өкпе-назды аққудың қанатымен сабадым.
* * *
Ешкім де емес, білем, әйтеу, ақынмын,
Бүлк-бүлк етіп жүрегімде жатыр мұң.
Күнкөрістің күйбеңімен бүркеніп,
Кейде мен де жағымпазға сатылдым.
Өткен күндер мида сыр боп іш көрік,
Отырамын көкжиекке құс теліп.
Бала күнді, дала гүлді сағынып,
Жұбатамын көңілімді түс көріп.
Баққа да әуес, сорға да әуес жарық күн,
Мен өзіңнің қыр-сырыңды жаңа ұқтым.
Мәнсұқ тұтып қасиетті киені,
Өзгеге емес, мен өзіме налыппын.
* * *
Дақ түсіріп алдым-ау жүрегіме
Жүргенде жолаушылап жыр еліне.
Бір құлап, бір бұралған тағдырыма
Мына жұрт үстірт қарап күледі ме?
Шіркін-ай, жарық дүние жарық неткен,
Күндер-ай, бақ күндерден талып жеткен.
Кірпік қақпай отымды күзетіп ем,
Босағама қандай ит сарып кеткен?!
* * *
Құмсағатқа айналып, жұтылдым да жоқтыққа,
Дүрмегі мол өмірде өнер-өлең тоқтықта.
Сабыр менен ақылдың ұзақ жолын жоғалттым,
Адам саумақ заман-ай, енді маған соқтықпа.
* * *
Қайтсем екен жүректің мына заңын,
Қайтсем екен қайқайған жыр азабын?
Жеңіліп қап махаббат майданында,
Өлеңіме өзімше жылағанмын.
Бақастыққа көміліп бір ғашық үн,
Қала өлеңнің қалғаны-ай бір басылып.
Ғылым жолы айналып қуыршаққа,
Сүріндім көтеріліп, шыңға шығып.
* * *
Жалғызбын деп жабықпа, замандасым,
Сен о баста жалғыз боп жаралғансың.
Жалғыз ғана тамшыдан қан боп құйып,
Алпыс екі тамыр боп таралғансың.
Жаратқаннан жалғыз боп жол алғансың,
Жалған деген нүктеге тоналғансың.
Сол нүктеге сыймаған тозаңсың сен,
Жетпей жүр ме, қасқам-ау, соған басың?
Жалғызбын деп жалғанды еш күндеме,
Езілме! Ездік айтпа ешкімге де.
Аспан жалғыз, ай жалғыз, күн де жалғыз,
Әлем жалғыз, ендеше, ешпін деме.
Біле алмай бұл дүниенің ақ-қарасын,
Қанша жақсы болсаң да жақпағасың.
О баста біреу болып жаралған соң,
Өмірден жалғыз болып аттанасың.
* * *
Мен қашаннан тағдырыма көнгенмін,
Қайшылықты қарсы тұрып жеңгенмін.
Екі оқудың төріне озбай қалғанда
Тәңір берген талантыма сенгенмін.
Бұл жалғанды өз ішімнен мойындап,
Қалған жоқпын қақпаншыға ойын боп.
Пенделердің қағазы емес мөр басқан,
Тәңір берген «диплом» бар бойымда.
Өкініштен өлең жаздым, лауладым,
Еркімнен тыс талай көңілді ауладым.
Күндіз-түні ізденемін, оқимын,
Осал тұстан басады-ау деп жауларым.
Білем, менің қанымда бір сарқыт бар,
Мойындайды мені менен артықтар.
Талантымен бірге туған дарындар,
Маған жігер Бұқар, Абай, Қорқыттар.
Керегі жоқ сатып алған ақылдың,
Әйтеуір бір көзін ашар соқыр күн.
Қарындасы шығармын мен Шәмші мен
Халқы сүйген Мұқағали ақынның.
* * *
Жалғыздықтан жапырақ боп тербелдім,
Өлеңімнен өшімді алдым, емделдім.
Балаларға пана іздеп жүргенде
Ойда жоқта ошағыма сен келдің.
Қайшылықтан қарсылықты жеңгенмін.
Ыстыққа да, суыққа да көнгенмін.
Алакөлдің толқынынан тоңғанда
Мен өзіңнен шуақ іздеп келгенмін.
* * *
Таңғаламын мен сендегі санаға,
Мейлі, мені сан ора.
Таза бала көңіліне қарамасаң қарама,
Таз баланың көңіліне қара да,
Жан дүниесін арала.
* * *
Мен бақытты сәтімде отырып ап ой емем,
Тауға, тасқа қарамай ағылады ой-өзен.
Алакөлдің толқыны лақтырғанда жағаға,
Тамып кеткен жасымды саған бердім, ей, өлең.
Асқақ шабыт ар болып мына мені тергей ме,
Есік болып елестеп, көрінеді төр кейде.
Ақыл менен сабырдың жолын бөгеп ашу боп,
Ұлы өнердің шайтаны түрткілейді кей-кейде.
Көңілімнің жайлауы көл болғанда көкті ұрам,
Кейбіреулер сөздерін көкірегіме кек қылам.
Күндестіктің құрығы құрылғанда жолыма
Балалықтың бұрымын қиған жерге кеп тұрам.
* * *
Атақтылардан мадақтау, атақ сұраман,
Алақан жайып, көрсетіп жасты жыламан.
Біреуге емес, оңаша ғана жылат та,
Өзің жұбат деп құдайдан ғана сұрағам.
Ақын деген, ол – «жараның аузы, сыздауық»,
Жүрек пе, жүрек әншейін ғана қыз-қауіп.
Шыбындай жан ба, өрмекші ойдың торы – ол,
Өлім не, тәйір, жүректің ғана мұздауы.
ЖАН ШУАҚ
Жанымның шуағы деп күнге сеніп,
Мен кейде өзді-өзіммен тілдесемін.
Ойраны шыққан дала секілденіп,
Қорғансыз қоңырайған күй кешемін.
Кей-кейде өзгешемін, таңғаламын,
Беймезгіл тосылғандай арман-әнім.
Жүзі қайтқан тағдырдың пышағынан
Қорғансыздау жаныммен қорғанамын.
Бере көрме, тағдырым, қосыма мұң,
Мен сонша мұң-мұнардан тосыламын.
Қынабы жоқ қылыштан қорыққандай
Күтпеген жанжал шықса шошынамын.
* * *
О, тағдырым, жанымнан соқпа мені,
Орта жолда өкпектен қақпа мені.
Дұшпанымнан өзім де сақтанамын,
Сақтар болсаң, досымнан сақта мені.
Атандырма мені елге сайқал келін,
Жаныма жақындатпа сайтан демін.
Жастығым бұралаңда қалды адасып,
Ей, адам, жастығымды қайтар менің!
* * *
Өткенді сұрап бүгіннен,
Түңілме менің түрімнен.
Махаббат деген – есуас,
Мың өліп, мың бір тірілген.
Бағыма қарап бөлінген,
Тағдырға сонда жүгінгем.
Өткенді сұрап қайтесің,
Түңіліп тұрып бүгіннен?
Ғашықтығыңды білдір де,
Бағыңа тұзақ ілдірме.
Өткен күніңді қайталап,
Бүгінгі өмірді бүлдірме.
Жадыңнан сол бір шығар күн,
Жылап тұрып-ақ ұнармын.
Жынданған шығарсың сен-дағы,
Мен де жынданған шығармын.
* * *
Сен екеуміз –
Махаббатпен табыспаған жандармыз,
Жүректегі ұлы күштен алыстаған жандармыз.
Махаббатты құр некеге байлап қойып байқаусыз,
Бірімізден-біріміз алыстаған жандармыз.
Мен ойлаймын,
Сүю менен сүймеуден жаратылған тіршілік,
Сүйе алмаған пенделерден ушығып,
Ұлы сезім тіршілікке тұншығып,
Тас мүсіннен аумайды екен тұр сынып.
Толғанамын
Күйгелектеу бақ күнімді ойға сап,
Отырамын шер ғаламнан ай жасап.
Жарақаттарға жасыл жапырақ жапсырып,
Қосылғанымыз қателік пе әлде той жасап?
* * *
Сағыныш-ай, өзегі құрақ-құрақ,
Көңілімде көк белдер тұрақ сұрап.
Түн ортасы ауғанда көз ілем де,
Төсегімнен таңертең тұрам жылап.
Кешігермін, кештете жетілермін,
Алаңсыз амал кешпей өтіп едім.
Өткенімді соншалық сағынам да,
Бүгініме біртүрлі өкінемін.
Өлеңімнен өткен күн бастау алып,
Кейде еріксіз жанардан жас тамады.
Өткенімді соншалық іздеймін де,
Бүгінімнен біртүрлі жасқанамын.
Мен неге қорғамасты қорғап өлем?
Түйреп ап тірлігімді сорға көмем.
Өткеніме соншалық өкінем де,
Бүгінімнен біртүрлі қорқа берем.
* * *
Білмеппін-ау болатынын арты мұң,
Шын сүйдім де, бал тіліңе балқыдым.
Енді, міне, мәңгі өлмейтін сезімді
Өлтірдім мен,
Ей, жүрегім, ал тыным!
5-161
Ақындар ғой жазығы жоқ пендеге,
Орға әуес, сорға да әуес, шөлге де.
Сол баяғы жалғыздықтан жабырқап,
Төсегімнен жүдеп тұрам мен неге?
Сен жалғызсың, мен жалғызбын, кел дедім,
Сен сенбедің, мен сенбедім, шөлдедім.
Шыққыр көзім барлығына куә боп,
Көкірегімде махабатты жерледім.
О, ғашық күн, саған барар жол қайда,
Сағыз үміт соза берсең солмай ма?
Бұл дүниеге қашан сыйған шын ғашық,
Мен сүйген жан жазылмаған маңдайға.
МЕН КЕЛІППІН ӨМІРГЕ
Күн қызарып, жұлдыз жанжал салғанда,
Тұма жырлар өзегі үннен талғанда,
Жапырақтар суық қарып, солғанда
Мен келіппін өмірге.
Күшік қайғы салқын бақты армандап,
Көкжал бөрі айды тістеп алғанда,
Ай бетінде шешек дағы қалғанда
Мен келіппін өмірге.
Өмір деген дөңгеленген отарба,
Дөңгелегі сынып қалып сапарда,
Тоқтағанда кездесіп қап от олжа,
Мен келіппін өмірге.
Өмір деген – жындыхана, жақ тынды,
Алып соғып, қақпақыл ғып лақтырды.
Жыр-тұлпардың дөңгеленген ізінде
Өлеңім боп, көз жасым боп қақ тұрды.
* * *
Бір тыныштық керек боп тұр жаныма,
Ақын тірлік, сен өмірге налыма.
Сәрідегі бозторғайдың үнінен
Поэзия сіңіп кеткен қаныма.
Ей, қара өлең, қабырғамда қақырап,
Мазамды алма ала көздеп, шатынап.
Қу қарынның құлы болып жүргенде,
Ызыңдама шыбын құрлы ақымақ!
Бұл адамдар келгеннен соң өмірге,
Жасанды дақ салмаса екен көңілге.
Жан дүниеңді жараласа ащы сөз,
Жері, мейлі, жерінбе.
Поэзия – тірлігімнің тірегі,
Өлең-тағдыр сенен барып түледі.
Ақын сүйген махаббаттың пәктігі –
Қара өлеңнің жүрегі.
* * *
О, менің шаттығым-ау бұйырмаған,
Тағдырым-ау, ақ түтек құйындаған.
О, қара өлең, сен менің ажалымсың,
Өмір кешу өзіңсіз қиын маған.
ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫҚ
Неге осы айшықты қызыл бояу ашады?
Күннің көзі неліктен қызыл арай шашады?
Неге қазақ қыздары қызыл түске құмарлау,
Қыз көңілі неліктен қызыл көрсе тасады?
Оттың түсі, ол неге қызыл алау болады?
Қызарған шақ жүзіңе неге алау қонады?
Тілдің өзі қызылға боялыпты, ой, алла-ай,
Қырлардағы қызғалдақ қызыл болып солады.
Ұяты бар әлпеттің неге қызыл реңі?
Қанның түсі қалайша қызыл түсті, күреңі?
Бағдаршамдар көшеде қызыл көзін ашқанда,
Қызыл үрей алдында қызыл тірлік тұр еді.
Жар сүйетін еріндер қызыл түсті – киелі,
Құдіретті дүние, қызыл неткен жиі еді?
Той күндері тілектер қызыл түске боянып,
Неге адамдар бастарын қызыл түске иеді?!
Неге?!
* * *
О, әйели табиғат, мен өзіңнен жырақпын,
Сәл нәрседен солдым да, сәл нәрседен гүл аттым.
Саясы жоқ ағашқа бұлбұл қалай қонады,
Тұғырымды таппаған, жауабы жоқ сұрақпын.
Шірік тастар жартас боп жарытпайды, білемін,
Ояндым да түн-ана дүбірінен түледім.
Жанарымнан түн ұлып, таң сыз берді беймаза,
Сүюден де күюден шаршадың ба, жүрегім?!
Асан қайғы жанымның сары уайымы сан-сақ боп,
Өкпе-наздан босаған көңілімде жаңсақ көп.
Өмір деген сөйлемге қоя алмай-ақ нүктені,
Сөзіме сыймай дүние, көзімде қалды моншақ боп...
* * *
Шіркін, нәзік көңілдер-ай,
Арсыз сөзге былғанған.
Құрақ-құрақ өмірлер-ай,
Түсінгенге бұл да арман.
Алыстасың, жырақтасың,
Ұлитындай кейде ішім.
О бастан-ақ ұнатқасын,
«Кешір бәрін» дейді ішім.
Қайран менің ерке күнім,
Қайда барып тынар ең?
Мүмкін сенің жан серігің –
Соры қалың жыр-әлем.
Шіркін, ұлы сезімдер-ай,
Құр некеге байланған.
Сұлу сөздер көш ілгері,
Отырасың ойда арман.
Сол сезімге ой арбалып,
Тербеліп ед түн мынау.
Ашу тілден көңіл налып,
Енді отырған түр мынау.
* * *
Білмеймін, үркек үміт сөнген кез бе,
Жоқ, әлде, ғашық көңіл жеңген кез бе?!
Көңілімде бір толқынды түртіп өттің
Сен мені көрген кезде.
Махаббатқа келгенде, жан-арына,
Өзім емес, өлеңім жаралы ма?!
Жарақатымды емдеген тамшы жасым
Оралды балағыңа.
* * *
Бақи тірлік, бақұлдас, қара қайғым,
Бақұлдасар кімім бар, сараң аймын.
Шыр етіп дүниеге келген күнді
Мен сонша қаламаймын.
Жапырағын жанымның жауып денем,
Мен сонау Ләйлі жаққа ауып келем.
Ең алғаш ғашық болған күндерімнен
Соншалық қауіптенем.
Самайымды шық шалса, кек көремін,
Бәрібір бой бермеймін деп келемін.
Тұңғыш рет мен өлең жазған күнді
Керемет жек көремін.
Үкілі үміт, кейде сен үрейлісің,
Үзіліп кетуді әлде тілеймісің?..
Мен сенсіз сусыз қалған балықтаймын,
Сен оны білемісің?!
* * *
О, Жер-Ана!
Мен сенің үзік тамшыңмын нәр алған.
Бар құдірет
Әшкере болған түннен жаралған.
Жүрегімде құпиям
Тек өзіңе белгілі,
Пенделерің қашанда қиындыққа жаралған.
О, Жаратқан!
Жерді жалпақ еттің де,
Биік еттің аспанды.
Махаббатты жараттың,
Бәрі содан басталды.
Адамзаттың барлығы қан боп ұйып жаралып,
Жерге ғашық болды да,
Топырағын жастанды.
О, Көк Тәңірі!
Қараңғы түн кесірінен қағып ал.
Күн түскенде күн нұрын құй жаныма.
Пендешілік күнәмді өзің ғана кешір де,
Пақырыңның тәубасын
Мейіріңмен қабыл ал!
* * *
Аспан-Ана жұлдызды, айды туғызған,
Тірі дүние Жер-Ананың ұл-қызы.
Бар ананы мықты қылып жаратып,
Ана-әйелді неге осал ғып туғыздың?
Жамылсын деп түнді бердің, жаратқан,
Өмір сүр деп күнді бердің таң атқан.
Демалсын деп ұйықтауды бердің де,
Жыласын деп жасты бердің балақтан.
Жер-дүниені көру үшін жүруді,
Қуануды білу үшін күлуді
Бердің-дағы, үйретпедің зұлымдық,
Үйрендім мен зұлымша өмір сүруді.
* * *
Аштылығынан, жастылығынан жараның,
Алақанымда тас үгітілді, қарадым.
Дірдектеп ұшқан қаламсабымның ұшымен
Жапырақ жанды байқамай жыртып аламын.
Тұтамдай ғана ғұмыр-ау, мені жебегін,
Сүтке түсетін әумесер шыбын демегін.
Бір қырғи көздің құрбаны болсам қайтемін,
Бір қыран көздің жан жары болсам деп едім.
* * *
Жол жиегінде – жол мекен,
Жауқазын қалай солды екен?
Ұйқымнан мені оятар
Шыбыным қайда қонды екен?
Арулар кімнен қалмаған,
Кімдерге жолдас болмаған.
«Тәуекел түбі – желқайық»,
Қармағым сынды, қарманам.
* * *
Ағытып қойып жыр-селін,
Түнімен өлең түртемін.
Бұйырмаса да даналық,
Үмітті менен жұрт-елім.
* * *
Қалшылдап, дір-дір етемін,
Тентіреп кейде кетемін.
Бақыттың дәмін татпасам,
Ақын болу не теңім?!
Тентірек елміз, өнерміз,
Ақындар – сормыз, өлеңбіз.
Жұлдыздар сонда сөнеді,
Халық қалса өнерсіз.
Ей, аусарлау жұртым ақылды,
Көпсінбеңдерші ақынды.
Аспан да құсын ешқашан
Көпсінген емес ақырғы.
Көпсінбеңдерші ақынды...
* * *
Естегіні есептеп саналы күн,
Ересек ғұмыр маған тағады мін.
Сағыныш боп түсіме жиі енеді
Мәрт көңіл, мәңгі ғашық балалығым.
Өткенге өкпемді айтып ізгі бір сын,
Мендегі сарбаз сезім жүз құбылсын.
Сен мен үшін мәңгілік бала-бейне,
Сен мен үшін мәңгілік қыз-ғұмырсың.
Бала-ғашық бал-арман ғажап маған,
«Ұлпат» қымбат, ардақты әз ат маған.
Сол сәттегі балалық сезімімді
Әлі күнге айта алмай азаптанам.
Елеусіз бала мінез аталатын,
Ширек ғасыр із етіп қатал атын.
Мен жүретін соқпақтан сыр аулаған
Қайдасың бала-бейне, махаббатым?
Баяғы бал үміттен тасып бір үн,
Орынсыз әр мінезім, жасықтығым.
Кіршіксіз сезімдерден сыр ұқпаған,
Кеш мені, бала-ғұмыр, ғашықтығым.
АҚЫН МЕН АРА
(Тілеуханға)
Сіз араны, мен өлеңді пір тұтып,
Мөлдірліктен, тазалықтан сыр күтіп.
Шыңнан сүрлеу салуменен келеміз,
Қайшылықты, қарсылықты үркітіп.
Поэзия ара құрлы ызыңдап,
Шаққан жері шыдатпайды тызылдап.
Ащы уын жүрегіме қалдырып,
Тәтті балы өлең болып сызылмақ.
Сіз де солай ара-бейнет арқалап,
Тамшы балдың нәрін жинау – бар талап.
Ара бағу азабын сіз көргенмен,
Бал бақытын біз көреміз анталап.
Жәндіктерде кие дейді араны,
Ара – дауа, жанға зәру балы оның.
Адамдардың киелісі – ақындар,
Тектен-текке өкпелетпейді ел оны.
Ара – шипа, жақсылықты жақтайды,
Сен тиіспесең, ол ешкімді шақпайды.
Ақындар ол жазығы жоқ ешкімге,
Арамдыққа, жамандыққа баспайды.
Киеліге кек құруға болмайды,
Ақын назы, ара назы сондай-ды.
Ара ашынса аямайды, талайды,
Ақындарды ренжіткен оңбайды.
Сіз араны, мен өлеңді ардақтап,
Бір келеміз қасиетті салмақтап.
Сіз тәттінің дәмін жақсы білесіз,
Сөз қадірін келем мен де ардақтап.
* * *
Бұл көңіл бір жоқты іздеп көз ілмейді,
Шыбын жан сая таппай безілдейді.
Махаббат бейуақытта табысқанда
Бақыттың бал шырыны сезілмейді.
Үйлену – шөлмек ғұмыр, бағы бастан,
Абайла, сынса бақтың тағы қашқан.
Мәңгіге арман етіп сезімдерін,
Қапыда шын махаббат ажырасқан.
Сайтан ауа сандалтып дүйім көшті,
Жетім сөз, жетім желік үйімде өшті.
Жанымның жанарттығы жайына қап,
Көңілім жетімдіктің күйін кешті.
Бес күндік жалған кешер жұмыр басым
Тасқа тиген шөлмектей ұрылмасын.
Ұстап ап бұрымымнан лақтырғанда,
Қолыңда қалып қойған бұрым шашым.
Суайттың сертін сығып, шайып шаңын,
Құлықсыз балалықтан айықпадым.
Төзімнен түңілдіріп төсегімді,
Мен жалған махаббатты айыптадым.
«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ»
85 ЖЫЛДЫҒЫНА
«Семей таңы» – Семейімнің үн хаты,
Алашымның ардақтаған күнде атын.
Қара ошақтың қасиетін зорайттың,
Сексен бес жыл Сарыарқаға тыңдатып.
Ойға оранып, сөз қадірін теріп біз,
Ойлы оқырман көңіліне жерікпіз.
Екеуміз де ақша қарға оранып,
Желтоқсанның 4-і күні келіппіз.
Бірге тудық, бірге бірақ жетпедік,
Қырық үш жыл менен бұрын көктедің.
Содан болар үйірлігім өзіңе,
Содан ба әлде, кеудемде жыр көктеді.
Сен – тіл хатсың, мен – адаммын, екі егіз,
Қансонарда бірге туған екенбіз.
Мен өлеңді, сен ақынды аялап,
Қарсы аламыз осы күнді екеуміз.
«Семей таңы» таңдайыма жыр құйған,
Тұсауымды тұңғыш кескен сыр бұйдаң.
Әлі келем шалғайыңа жабысып,
Бірде қалып, бірде озып ылдидан.
Сен көтердің арыстардың түндігін,
Ағалар ой шынның үзген шынжырын.
Арқа сүйеп біреуіне-біреуі,
Қуат көріп отыратын бір-бірін.
«Семей таңы» – үн кеуделер бесігі,
Өнер алды сөз сиқырдың несібі,
Есігіңнен жаңғырығып тұрады
Ақылбектер, Мерғалилар есімі.
«Семей таңы» – ертеңімнің ес үні!
* * *
Қыз едік қылық еліккіш,
Көздерді жаулап көрікті іс.
Қиыр да қиыр жер шалып,
Қырыққа да келіппіз.
Жалғанға жар боп жеті күш,
Жер қылды талай жетім іс.
Ашудың арты – өкініш,
Ақылдың арты – бекініс.
Қыз-қылық қалған көш кері,
Жырымды қайтем кестелі?
Ғұмырда қайғы тұрақсыз,
Бақыт та мәңгі көшпелі.
Дүниенің келер кезегі,
Бәріне басым төзеді.
Өмірдің өзі – таразы,
Салмағыңды сезеді.
Сирена – өлең жүрегі,
Көргіш те, сезгіш сын өзі.
Алдымды болжап бола ма,
Көрешегім біледі.
* * *
Белінде жүріп биліктің,
Білмеймін, әйтеу, сый күттім.
Адал ашудың діңкесін құртып,
Арам ортада ширықтым.
Қара өлең бұған Қасым да,
Тағылық көрсе тосын ба?
Құран дем салған ақынға
Ауыздық керек расында.
Түскенін сездім құнымның,
Өзімнен-өзім жұлындым.
Ақындық биоөріске
Келген-ді менің жылынғым.
Шөлмек ғұмырдың сұрағы
Уақыттан ғана тұрады.
Мәңгілік деген мұңсыздың
Уақыт – жай бір құрамы.
* * *
Не жоқ дейсің архивінде көңілдің?
Ең қауіпті у сөз жұтқан өмірмін.
Айтылмайтын азғырынды ағаттан
Арнам асып, өлең болып төгілдім.
Толстойдың бағы әйелден жанбаған,
Менің бағым өлеңім боп алдаған.
Әйелдерге немқұрайлы қарайтын
Жігіттердің қылығыңа шамданам.
Ұят ұтқан тағдырымды тұл еткем,
Түнде тұрып төсегіме жыр еккем.
Ақ некенің әуені ойнап қанымда,
Түн періштем түнемей жүр түнекте.
Сықыр-сықыр сырға бөгіп сын тағы,
Жалықты ма жардың жұмақ жұмбағы?
Қап-қара түн ай нұрымен толғатып,
Қанға бөгіп шала туды Күн тағы.
Есер артық ертеңі бар естіден,
Киелі түн, ынтық дүние ашкүнем.
Пайғамбарды жүздестірген тылсыммен
Қап-қара түн дұғалы деп естігем.
* * *
Алакөлім!
Бақытымның айғағы,
Тәтті шақтың, сәтті шақтың байламы.
Сол баяғы қыз қылықты еске сап,
Қыз-ғұмырым қылтияды қайдағы.
Сен сезесің,
Өнер мұңы – асыл мұң,
Мен де сендей көтерілдім, басылдым.
Құса болған көңілімді баса алмай,
Толқын ұрған жағаңа кеп асылдым.
Сен де сыр бар,
Менде жыр бар өзгерген.
Алакөлім!
Кермек дәмді көзкөрген.
Тамшы жастан құралғандай дәмің бар
Шұбырынды кезіндегі көздерден.
Ақ көбігің анадайдан көріне,
Ұрысқандай буырқандың төліңе.
Алғашында толқыныңмен сабап ап,
Кетерімде оратылдың беліме.
Асуынан асамын деп сан қырдың,
Саған ұқсап талай таңды таңға ұрдым.
Бойымдағы ауырлықтың барлығын
Сыпырдым да, толқыныңа лақтырдым.
Сыпырып ап кеткен толқын қаңғырды.
Ал мен үшін жар күлді...
6-161
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА
Қара шаңырағым!
Киелі орманым менің.
Баба мұрасы сақталған,
Арман үндері.
Ширек ғасырды ширатып, қасқайып тұрған,
Абай «көзінің қарасы», талғам үндері.
Қара шаңырағым!
Қасиет, киелім менің,
Саусағым тисе, сыр шертер тиегіңдегі үн.
Ұлы өнердің ошағы өзіңнен өрген,
Ой әлемінің кіндігі – Абай үндері.
Қара орманым!
Сен берген өсиет дара.
«Біріңді қазақ, бірің дос» бас иіп қара.
Қарашаңырақты қалқайтып, қастерлей білген
Бүгінгі мына шалда да, қасиет бар-ау.
* * *
Күншілдер күліп мазақтар,
Көзінде үлкен азап бар.
Мен үшін аса аяулы
Қытайдан келген қазақтар.
Қандасын көрсе «өзім» дер,
Оралған елдің көзін көр.
Екі елдің көрген азабын
Сыр бермес сыршыл төзімдер.
Ұлы да, қызы ұятты,
Тағдырдан бөлек сый апты.
Көшпенділердің көңілі
Зайсанның көлі сияқты.
Сабырды сарқып тек қалам,
Еркіндік беріп сеп маған.
Соңғы көш өткен іздерді
Есіл мен Ертіс деп қалам.
Тарбағатай мен Барқытбел,
Елім деп келген нар күпті ел.
«Қытайлық – жерлік» деп бөлмей,
Өзгеден оны артық көр.
«Жалаңаш» жырдың жаршысы,
Бұрғанда елдің жартысы.
Ақтабан өткен Алакөл –
Көз жастың тұнған тамшысы.
Ебідей елең жыр бүлік,
Жоңғарда жатыр бір күдік.
Бақыт пен сордың сызығы
Қара Ертіс жатыр сыр бүгіп.
СЕРІК ЗЕЙНОЛЛАҰЛЫНА
Иә, дұрыс сезесіз, дәрігерім,
Жүрек, бауыр сырқат-ау бәрі менің.
Мендегі осы дерттің болғандығы
Қасымда жүргендердің бәріне мін.
Мен сөйлесем, жүректі жарып айтам,
Кемшілікті жүрекпен налып айтам.
Көңілдің сарапшысы – асау жүрек,
Нашар болмас байғұстың халы қайдан?
Басым ба, басым менің – ой қақпаны,
Жазмышым жастығымды ойлатпады.
Басым – доп, ойға соқтым, қырға соқтым,
Басты қайтіп сау қойсын ой көкпары?
Тамағым ба, айтпаймын көп ойымды,
Қайтейін жалған деген көк ойынды?
«Басқа бәле тілімнен» болмасын деп,
Тамағыма кептеген көп ойымды.
Балалар ойлантады жиі мені,
Ана – борыш үміттің жиі лебі.
Құрсағым бір құрысып, бір тырысса,
Алпыс екі тамырдың күйігі еді.
Қос бүйрегім кейде, рас, қысылады,
Талант тағдыр тіл-көзден ұшынады.
Жең қысқа, жолым қысқа, қысыламын,
Өмір қысқан бүйрек сыр ұсынады.
Сегізкөз бе, сегізкөз сықырлайды,
Бірақ өнер өрлейді, ұтылмайды.
Өнер жүгін арқалап мен келемін,
Содан болар, белім де бытырлайды.
Серік қажы, иідім ақ сөзіңе,
Тылсымның табиғаты нақ сезіле.
Аспан текті адамдар өте сирек
Дәлдеп шұқып қалатын дәт көзіне.
* * *
Мендік көңіл мекен таппай мұздаған,
Біз айрылған сол мекенге жүз барам.
Жылдар көші, мезгіл мұңды тербетіп,
Мен өзіңді әлдекімнен қызғанам.
Егесуге жаралған жан емес ем,
Сен ептесең, мен ештеме демес ем.
Көздің жасы буып жүрген шағымда
Кешіріммен қарамадың неге сен?
Сағат – уақыт сезіміме дем беріп,
Тәтті шақтар минутына тербеліп.
Түсіме еніп сол баяғы қалпыңда,
Жиырма беске ертіп кетші сен мені.
Түн тылсымның назын айтып тек күнге,
Бақ бұршағын өлеңіме төктім де.
Көзді байлап тарқатылған бұрыммен,
Бақытымды барымталап кеттің бе?
Тағдырым бар жыртығымнан жел емген,
Жазғырмаймын, жазмышыма көнем мен.
Тартылмаған сыбағамды салмақтап,
Тақ пен бақтың ортасында келем мен.
* * *
Селк етіп сезім күмәні,
Толқиды төзім тұманы.
Тасынып, басылатұғын
Бәріне сезім кінәлі.
Ақылдың – естің тұрағы
Адамның оңай жылауы.
Тірліктің бастау бұлағы
Өмірге ғашық кінәлі.
Тағдырын тербеп түн әні,
Тағат та бір күн тынады.
Қылықты қыздың бағына
Қашанда ері кінәлі.
Қамшының сабы – сынары,
Адамның бәрі кінәлі.
Ерлердің бағы жанбаса,
Қосылған жары кінәлі.
Жолыңды жолсыз қағатын,
Арыңа күнә тағатын.
Патшадай көңіл кінәлі
Деміңнен күнә табатын.
Селдетіп сезім күмәні,
Жаралған өзім кінәлі.
Күнәнің бәрін көретін
Бәріне көзім кінәлі.
Тойымсыз тоққа сана бер,
Ұлықты көрсең дана гөр.
Барлығын бірдей көтерген
Сен бе кінәлі, қара жер?
* * *
Анашымның қойнынан
Жұлып алған сен едің.
Адасқан соң ой қуам,
Енді кімге сенемін?!
Отқа салдың көніп ем,
Суға салдың жеңіп ем.
Көнген сайын көметін,
Ұқтым, өмір, сені мен.
* * *
Астарын айтып ғашықтың,
Жасыппын, кейде тасыппын.
Аңсарлы дәурен жетелеп,
Алакөл жаққа асықтым.
Арқалап жүгін ананың,
Жарамды жырмен таңамын.
Қорқақ көңілім қорғалап,
Ертеңге кетіп барамын.
Сыбырын естіп самалдың,
Ақ үннен туған амалмын.
Ақ түтек көңіл абдырап,
Адыра отауға қамалдым.
Сабырым сарқып санамда,
Төзімді тасқа соғам ба?
Лағынет айтып қоғамға,
Үндемей әлде қалам ба?
О, мылқау жүрек, не дейсің,
Ақылға неге келмейсің?
Пенделік ғұмыр қалайсың,
Ақынға сен де өгейсің...
* * *
Кетіп ең мәңгі жіп үзіп,
Келіпсің іздеп бір үзік.
Есімді жиып қарап ем,
Сезімді көрдім құбыжық.
Сонау бір шақты еске алып,
Кеткенсің елді бетке алып.
Естияр сезім мені де
Сенімен бірге кетті алып.
Тістеліп тұрып бармағың,
Жылдарды жұтып жар жаным.
Жалғанды билеп жалғыздық,
Амалын таба алмадым.
Сезім-ай, сәулең от қағар,
Қамал жоқ саған шек болар.
Тым кеш келген бақыттың
Өкініші де көп болар.
Мен үшін сені жер жырлап,
Тағдыры таңсық ел жұмбақ.
Өзіңсіз қызық өкініш,
Сен жүрген жерлер ең қымбат.
Өзіңді көріп жүдедім,
Адасқан ардың сыны едің.
Кешігіп келген бақыттың
Босағасына түнедім.
* * *
Қоңыр күз. Менде көңіл-күй қоңыр,
Жалған дейтұғын сен бе едің өмір?
Жетім қозыдай маңырай берер
Ақынға біткен періште көңіл.
Өлеңмен салып тосынға бұғау,
Жарасқан қашан асылға құрау?!
Бүгіннің үнін құрсақтан естіп,
Мұң шаққан Абай ғасырға мынау.
Ақын деп маған салмақ қойғасын,
Жалғани дүние алдап қойғасын.
Шымшығы кеткен шынардай болып,
Баз кешер кейде бармақтай басым.
Жасуға жол жоқ ондайға маған,
Өлең өрнегін таңдайға қағам.
Салқындау түннің сіркедей сөлін
Сығымдап, сығып маңдайға жағам.
Сонау шақтағы әнді естіп арым,
Мендегі азаптың таң кешті бәрін.
Көресің әлі, бәрін де жеңем,
Нені жеңбеген жанкешті жаным?!
АҚЫН
(М. Ибраев атындағы жыр мүшәйрасында
бас жүлде алған толғау)
І. Ақын – үн
Өгей шеше секілді жақтырмаған,
Тағдыр мені қай жаққа лақтырмаған?
Пешенелес таланттар ізіменен
Мен де жүрдім. Соңымда қақ құрғаған.
Шағаласы шулаған Алакөлден
Бір арманды қалаға ала келгем.
Сүріну бар, самғау бар тіршілікте
«Ақын азат» деп ұқты сана менде.
Жатам ба, жатпаймын ба бағы асқанға,
Бәрін ұқтым өнермен санасқанда.
Семейде марқасқа ақын өзіңіз деп,
Қуанғанда келуші ем, адасқанда.
Мейіріммен тіл қатып еппен ғана,
Көздерге көрінесіз көптен дара.
Өлеңімді оқып ап ой айтасыз,
Тіршілікті сүлелеп, көктен қарап.
Тарихтан тамыр тартып сөзге өріле,
Дедіңіз:
«Ақын – тағдыр, төз көбіне.
Талантты ақындарды сүйреу керек,
Талантсыздар шығады өздері де».
Ақын кеуде басылып көтерілген,
Қара өлеңді қармаққа бекер ілгем.
Сіз айтқан ақын деген – отты халық,
Күйіп-жанып өтеді от өмірден.
Пенде үшін мынау тірлік, сірә, қашық,
Ақын айтса өлеңнен құрақ ашып.
Сіз отырған шап-шағын бөлмеңізден,
Өлең асып кететін, күнә қашып.
Өмір мәнін ұға алмай ала таңда,
Кейде бір ызғарына қалам тоңбай.
Тауым шағып қорғансыз сізге келем,
Ұядан құлап түскен балапандай.
Аппақ бөлме, ақ көйлек, ақ келбетпен
«Судағы сәуле» жырды ап тербеткен.
Тәкәппарлау тіл қатып отырасыз,
Ойға оралып баяғы өткен-кеткен.
«Еңсе тікте, ерлеу бол, қарындасым,
Қулығың жоқ екенсің, бағың басым.
Есіңе ұста, ешқашан осал болма,
Ақын деген ақиқат жолындасың».
Жігер беріп жан аға жанарыма,
Басымды азаматқа балады да.
Шәкәрім, Мұқағали тағдырымен
Қайрат берді қауқарсыз қаламыма.
Сол жылы күз. Аспан да бұлдыр еді,
Сізді көрдім. Көңілде мұң жүр еді.
Қара плащ қалқалап бара жатты
Ақынға тән аппақ нұр, күн жүрегін.
Көңілде ақынға тән үн жүретін,
Сізге сәлем берсем деп шын жүрегім.
Жедел басып жентектеп жете алмадым,
Дариға-ай, мен не қылған сылбыр едім?!
Пенде-ғұмыр, мен бірақ өкінбедім,
«Тағы көрем» еді ғой бекінгенім.
Ертеңінде естідім, «Опат бопты»,
Ажал-құрық абайсыз шетін келіп.
Сенбей жүрмін қазаңа әлі де мен,
Соқпағыңмен сізді іздеп әлі келем.
Айтарыңды өзіңмен кеттің бе алып
Поэзиядай кіршіксіз сары кемем?
Өнер – өлім, екеуі аш қасқырдай,
Денені жүрекпенен астастырмай.
Қоштаспай еліңмен де кетіп қапсың,
Сол жүрек әкетіпті қоштастырмай.
Мейір боп, кең пейіл боп ұғылатын,
Қарамен қоршаулы тұр бүгін атың.
Бәйгеге шауып бара жатқанында
Шын жүйірік кейде осылай жығылатын.
Ізгілік сенімімді айға тіреп,
«Қалқаман – Мамырыңды» айға білеп.
Ұмыт боп қалмайтын-ақ шығарсың сен,
Үміт боп көрінетін ой көкірек.
Өткен сайын баспасөз дәл тұсынан,
Өткен күн еске түсер жалқы-сылаң.
Сөз өзегін нәр еткен Орда бүгін
Айрылған ақындардың жартысынан.
Пенделіктің пиғылы жеңгенде бір,
Өзіме-өзім үңілем көнгенде құр.
Мезгілінен ертерек әжім түскен
Бір кішкентай ғаламшар кеудемде жүр.
Ақын – ғұмыр, өнер – ес қоғамға сын,
Білеміз өмір қайта оралмасын.
«Қаламқастың қыздарын» жазған ақын
«Жоғалған өзендей» боп жоғалмасын.
Келте ғұмыр ақындар аз болмаған,
Азанама, жат өлең жазбан жаман.
Өткен шаққа кешегі назымды айтып
Жыр жазбайын,
Жаздырма, Аллам, маған!
Естуші ем, ақын адам киесі деп,
Ақынның назы қиын, сиясы бек.
Бар ақынға бір өлең арнағым кеп
Жүрегімнен тұрды бір күй есіліп.
ІІ. Ақын – күй
Ақындық күй!
Ақын тірлік!
Мен сен үшін ауылдан бездім,
Кісікиіктей жападан-жалғыз күй кешіп.
Даланы кездім,
Қаланы кездім,
Өлең-өнерді тамырға нәр ғып, тілдесіп.
Сенің буыңмен
Оңаша іздеп ой бақтым,
Түндерді түртіп,
Сезімді тілмен сайраттым.
Қасиетті де,
Киелі қара өлеңге
Бағымды да әкеп,
Сорымды да әкеп байлаппын.
Ғашықсыз ғалам,
Сендегі мынау текті ойдан,
Қызыл тілімнің қызығына кім шек қойған?
Босана алмай
Ақырзаманның ғасырын,
Бейопа жалған
Ұлы сезімді жеп қойған.
Ей, ақын-ғұмыр!
Сендегі қысқа тірлікті
Өлеңмен келді ұзартқым.
Айшықты ойдан
Айдың да жүзін қызарттым.
Жер бетіндегі барлық ақынның тағдырын
Қып-қысқа қылып,
Сорға байлаған мұзарт күн.
Ақын ғұмыр!
Далаға лақпа! Ақырма!
Шырмауық гүлдей
Торынды құр да, жақында!
Артық-кем емес,
Жазыл да мына маңдайға,
Раушан гүл бол,
Тырнағыңды енді батырма!
Жырдың тұяғын
Орынды жерде сермеп қал.
Тек, өтінемін, шатылма!
Ақындық!
Сен падишасыcың мәрт сырдың.
Ақындық арман,
Сабырды саған тапсырдым.
Күлкі ақымақ
Адастырған соң күнімді,
Түннің көңілін аулай алмадым,
Шарт сындым.
Ей, ақын тірлік!
Өнер ішінде ең сормаңдайы өзіңсің.
Шыңғырып жүрек,
Қорлығын айтар төзімсің.
Оймен оңаша,
Дәптермен ғана сырласып,
Күмбезді түннің
Моншағын терген сезімсің!
Сенімен ғана
Болашақ келіп өмірге,
Сенің үніңмен
Тағдырлар тыныш көз ілсін.
Қарашықтарға ноқат боп қалған
Сенімсің!
Ертерек кеткен
Ертеңі бөлек ақындар
Мынау жалғанның бар мейір тілін сезінсін!
Ақын тірлік!
Сен – сенімсің!
НАЗ Ғашықсыз ғасыр ушығып, Күйгелек көңіл бүр шығып. Ирең де ирең тағдыр-ай, Күйбең де күйбең тіршілік. Жүректің сүйген адамын Жатырқап жүрсең, о да мұң. Қайсыбір арман жалғанның Тауып жатыр бодауын? Өкініш көміп көз ілгем, Жараспағаным-ай өзіңмен. Бір ғана тамшы күнә жас Домалап түсті көзімнен. Жүргендей бейне ақсырап, Барамын әйтеу жатсырап. Өзіме емес, Сен үшін Құдайдан келем бақ сұрап. Болайық мен де, сен де аман, Өкіну шығар ең жаман. Қолыңнан келген бақытты Сыйласаң болды сен маған. Көңілді күдік жеңбеді, Мұңымды жүрек тербеді. Сезімге бола бір сәттік Ренжіте көрме сен мені. 7-161
Үмітке көңілің толмаса,
Жүрекке өзің жол жаса.
Аңдамай айтып, артынан
Тосылғанымыз болмаса,
Мен саған ғашық едім ғой,
Қосылғанымыз болмаса.
ХАТ (Адай Зейноллаұлына) Сіз мені сөгесіз-ау, сөкпе мені, Бұл ақын бұғалықты жек көреді. Айта алмай мұңын қамап жырларына, Ақын деген осылай текке өледі. Ақын – өршіл, өлеңмен көк тілетін, Сіз шығар өнер өлшеп, тек білетін. Ақынды тез өлтіру керек болса, «Елемесе болғаны» деп білетін. Қамшыға сап керегін ұғынам да, Кейде әлсіз біреулерден бұғынам да. Асауға ауыздықсыз мініп жүріп, Жете алмай жетеріме жығылам ба?! Бір қағаз мені талай сан қақтырды, Өлеңім мені Сізбен жалғаттырды. Бір ағам қамқоршым боп жүруші еді, Ол да әкеп орта жолда шаң қаптырды.
Шыдаймын, өнер мені шыдатады,
Білемін, сәтті шағым бір атады.
Жырыма қанат беріп қара халық,
Сынық қанат халімді жұбатады.
Бір аға қамқоршым ед ат мінетін,
Бір ағайға сүйенгем хат білетін.
Өлең деген орманда адастырып,
Тыңдамаған тағдырдан қайтты бетім.
Түн. Өзімді өлеңмен тонап шықтым,
Жүрегімді жөргекке орап шықтым.
Өмірде жолсыз ақын мен бе екем деп,
Ақындардың тағдырын қарап шықтым.
О, тоба, Мұқағали маған ұқсап,
Жазмыштың жолы қалай жоба нұсқап?..
Азаматты – Мұқаңды мұқалтқанда,
Мен нағып шыдап жүрмін қалам ұстап?..
Өнерге қарыз ғасыр, қарыз жалған,
Қай арман бұл жалғанда орындалған?
Көз жұмарда Бетховен көкті нұсқап,
Өршелене аспанға арызданған.
Ақан Біржан тағдырдың тасын кешкен,
Шығарған жоқ Төлеген, Қасымды естен.
«Мұндай елден бойың тарт» деген Абай
«Қажыдым» деп өмірдің базын кешкен.
Ақынның, әншінің де назы қалған,
Қашаннан қалыбынан озық арман.
Тағдырға «тоба» айтпаған таланттар жоқ,
Сондықтан өкініш – ән, сөзі қалған.
Шағымы бар шабытқа таң шыдай ма,
Бақталастық жаныңды жаншылай ма?
Талантты талантсыздар табанға сап
Езбесе, Мұқағали, Шәмші қайда?!
Бұл көңіл бір биіктен шыға ала ма,
Тәңірдің сыйын алмай тына ала ма?
Әсем мен сұлулықты көрмейтіндер
Кеңдік пен биіктікті ұға ала ма?
Сондықтан сөкпе мені, кінәлама.
* * *
Орамды ойларды орып орақ қалам,
Қашан маза береді тағат маған?
Соқыр сенім қамшылап төзімімді,
Сіз отырған есікті сан аттағам.
Бір күндік қуанышым қонақ маған,
Ұлы мұң ессіздікке жолатпаған.
Ұстазым – ұлы мұңым бола тұрып,
Білем, тарих бетінде парақталам.
Ардағым асқақ үнді арым еді,
Бар еді таланттының азы-көбі.
Талабына жол ашар сәттерінде
Кейде осылай қапыда кезігеді.
Ақын емес едім мен өтпес үні,
Уәдесін берген еді Бәтташұлы.
Осы бір оқу орнын қайтсем екен
Маған қарай келгенде жоқ несібі?
Аға!
Сіз жан едіңіз жөн білетін,
Білімдіге білікті ой төндіретін.
Қарлығаштай қызыма қамқор керек,
Бір жолдары бар шығар көндіретін.
Тағдыр мені қаншама қыстаса да,
Маған арман бақ-сағым ұстата ма?
Туғанда талантымен бірге туған,
Таланттардың тағдыры ұқсас, аға.
Қалай қашам жазмыштың жазарынан?
Тұрмыс-күй талай ойды қаза қылған.
Ардақ та жылап қайтып жүрмесе екен,
Опасыздау мына өмір базарынан.
* * *
Ақын әлем астында бір түндіктің,
Жанарлардың сұғына сыр сүңгіттім.
Қаншама өлең жазылмай жайрап жатты
Жастығымның астында, түн-тірліктің.
Мен емес бейқам ақын сиқы қашқан
Түс көріп, түнде тұрып сиқыр ашқам.
Мен, аға, жол қуғам жоқ, сөзді қудым,
Қулығым жоқ еді өзі күйкі бастан.
Ілесе алмай өмірдің көшіне өлең,
Тағы да бір керуеннің көшіне ерем.
Шіркін, менде аздаған қулық болса,
Кешіккен күндерімді кешірер ем.
Жүр ме, аға, көздерімнен сыр білініп,
Керек ғой сезімге сыр, жырға ірілік.
Бір өлең жүрегімде опат болып,
Бір өлең кірпігімде тұр ма ілініп?
Білем, аға, өледі ішімде өлең,
Өлеңім өмірімді мүсіндеген.
Тағдырым от пен суды мекендеген,
Алайда арыма ақау түсірмегем.
* * *
О, ғашық әлем!
Мен саған келіп тұрмын.
Нені ұқпадым? Білмеймін нені ұқтырдың?
Мезгілсіз есігіңнен шығарып сап,
Мүлде басқа әлемге еліттірдің.
О, ғашық әлем!
Арбауына салдырма арай түннің,
Мен әлі құштарлыққа жарайтынмын.
Жалғаны жоқ тәңірдің сиқыры боп,
Сен болмасаң, онда мен қалай тудым?
О, ғашық әлем!
Мен саған ораламын.
Мен емеспін көңілде жоқ алаңы.
Өлі ұйқыны төсекке таңып қойып,
Саған сіңіп, нүкте боп жоғаламын.
О, ғашық әлем!
Мен саған келдім налып,
Мылқау жүрек, мендегі келін қалып,
Шамдардың жарығынан мұң төгілді,
Бір тамшы көз жасыма шөлім қанып.
О, ғашық әлем!
Мен емеспін қалыбы салақ ойдың,
Тамыр жайған, көк шашқан қарағаймын.
Көңілдің көк құрағын желге ұрлатқан,
Көктемі жоқ күзгі өмір қаламаймын.
Ғашық әлем!
Мен әлі баладаймын...
* * *
Мен өзімді өзгеше күйге бөлеп,
Ешкімнің еншісіне тимеген ем.
Бір ашуға берілсем, жанып түсем,
О, құдірет, мен неткен күйгелек ем?
Қайшы тірлік таусылған қашан менің,
Мұңыма бір тамшы мұз қосар ма едім?
Бір жыласам, егіліп қоя алмаймын,
О, жасаған, мен қандай босаң едім?!
Еңсе басып, езіліп ойдағы мыс,
Жасалып жатқан сынды айда қылмыс.
Қалам алсам, жырды ерттеп мініп алам,
Жаратқан-ау, мендегі қайдағы күш?
Шаттансам, шалқып кетем көкке сүңгіп,
Бірақ, қайдам, шаттыққа шектесін көп.
Тағдырым қуанышымды шектеп берген
Бақыттан басы айналып кетпесін деп.
Қайтсем екен мендегі сағынышты,
Жүрегім жырға қарай алып ұшты.
Тұтанса, бір-ақ жанып кететұғын
Мендегі сезімдердің бәрі күшті.
КЛАСТАС ҚҰРБЫЛАРҒА
Көптен бері көңіл аңсап шөлдеген,
Жылдар салып кездесу бұл елменен.
Армансыз-ақ аралауға келіп ем
Айқыш-ұйқыш балалық із, жолменен.
Есіме алып ең қызықты шақтарды,
Сол балалық мәңгі есімде сақталды.
Кеше ғана сөмке арқалап жүргендер
Бүгін, міне, алды ата боп қалды.
Бәрі де есте сонау сәби шақтардың,
Қабағында жазулы тұр қарттардың.
Білмейтін ек парталастар бас қосса,
Күннің батып, таңның қалай атқанын.
Бәрі де есте бала күнгі оқиға,
Өмір өзі әрбір сәтті тоқиды.
Сол кездегі ұстаздардың біразы
Озған екен бұл фәниден бақиға.
Ең алдыңғы отыратын партада
Кластағы ең сүйкімді, ең таза
Шайзаданың Әйгерімі болатын,
Бәрімізден озат тұғын кермаза.
Кластағы бар баланың ұзыны
Ғабиттен соң тізілетін қыз-ұлы.
Соңғы жаққа жинап алып әркімді,
Таусылмайтын айтатұғын қызығы.
Отан біздің ортамызда әнші еді,
Гитарасы жан серігі, жаршы еді.
Мектепте өткен әрбір сәтті кештердің
Долдаевсыз таусылмайтын ән шегі.
Қара бала – Сәмет біздің салмақты,
Үндемей-ақ тындыратын жан-жақты.
Сөзге тартсаң, күле салып жүретін,
Бар-жоғы да білінбейтін ардақты.
Өмірғазы – бір кластың тентегі,
Ол отырса, бүкіл бала сел-себіл.
Бірдемені бүлдіріп ап, қипақтап
Тұратұғын «Қожаның» бір бөлшегі.
Қайран біздің ертегіші Советхан,
Сен едің ғой ортамызда өжет жан.
Бір ауылдың ақсақалы сияқты ең
Сағындырып бір ауылға кеп жатқан.
Марқұм Манас жігіттердің өрі еді,
Айтқанынан қайтпайтұғын сері еді.
Еркелеп кеп бұлқан-талқан қуырса,
Тұратұғын алдында бар керегі.
Бүгін жоқсың ортамызда, батырым,
Шара бар ма, әумин дейміз ақырын.
Отыз жылда қайта оралған сыныптас,
Саған арнап жырын жазып жатыр үн.
Арамыздан мәңгі бақи аттанған,
Он сегізде қыршын кеткен тәтті арман.
Күлпаш, сені қара жерге бергенде
Қабіріңе гүлден десте ап барғам.
Қыздың ең бір момақаны Наз еді,
Өзі де бір мәңгі жарқын жаз еді.
Амал қанша, ол да кетті ортадан,
Жазмышынан ерте талып өзегі.
Қайран Қайрат жігіттердің нары еді,
Кеудесінде өнер нұры бар еді.
Ол да кетті. Жақсыларға келгенде
Дәм тұзы аз дүние неткен тар еді?..
Қыз мінезді Қызырхан сол кешегі
Сол баяғы момын қалпы деседі.
Ұстаздардың мақтауынан түспейтін,
Мейірімді, мақұлды еді, көшелі.
Орта бойлы ортан қолдай Күміс қыз,
Шынашақтай Күпан да бір дұрыс қыз.
Ештемемен жұмысы жоқ, алаңсыз
Келіп-кетіп жүретұғын дұрыс қыз.
Еділ еді жігіттердің мырзасы,
Талайлардан озық еді бір басы.
Семей жақта дараланып оқшау жүр,
Кейбіреуге елес болып тұлғасы.
Ұл ішінде нәзік еді Аманы,
Тақыр басы – шертпектердің қамалы.
Парта үстіне қарғып шығып кететін,
«Әйт» деп қалсаң, жерге тимей табаны.
Роза менен Рая жұбын жазбайтын,
Сыныптастан не қалмайтын, озбайтын.
Қалқып қана жүзетұғын айдында
Арманға әуес қосақ қоңыр қаздай-тын.
Бір кластың әртісі еді Мишан қыз,
Мишан қызға ән сал, мейлі, үй салғыз.
Барлығының тілін түгел табатын,
Өжет еді, өткір еді қисар қыз.
Ғазиз бала – жігіттердің көркемі,
Мектептегі талай қыздың дерті еді.
Дарыны да дара қылып тұратын
Сыныбымның титтей ғана бөлшегі.
Қошақан қыз – Уалиева Жания,
Жүрегі де, тілегі де жария.
Оқуда озат, ақ көгершін арқылы
Шет елдерден хат алатын бар ие.
Ләззат қыз сүйкімді еді, сабырлы,
Өзіне тән мінезі бар жағымды.
Ат терлетіп алыс жаққа бармай-ақ,
Жар ғып алды Ербол сынды сары ұлды.
Жабайылдың Ербол ерке баласы,
Бір ақынның көздерінің қарасы.
Шынашақтай сары ұл еді класта,
Ләззатты алып ұзарғанын қарашы.
Кіп-кішкентай ақынжанды Орысбек,
Жүретұғын «Өлеңіме болыс» деп.
Ақын болсам деп жүретін сол қара ұл,
Бүгін бізбен талай сырды бөлісбек.
Гүлбану қыз – кластың ең үздігі,
Таласушы ек дос болуға үздігіп.
Бүкіл класс соны үлгі етуші ек,
Айтса айтқандай сонда бүкіл қыз-қылық.
Нұрғиса мен Зейнехан да ауылда,
Жар боп алған екеуі екі тау ұлға.
Қуанышбек, Ерболаттар қайда екен
Бақ сыйлаған ата-ана, бауырға?
Ақкөңілдің алды бар да, арты жоқ,
Гүлжамал мен Марзиялар жарқын от.
Бірді-бірге жалғастырып жүретін
Құрбылардың алды, кейде арты боп.
Есен менің көршім еді парталас,
Маған жақын отырса да қанша бас,
Сатирамен шымшып-шымшып сөйлейтін,
Қазір қайда жүр екенсің, әй, сабаз?
Өткір еді Тастанбектің Болаты,
Болат келсе, кіл қызыққа толады.
Балуан жігіт балпаң басып жүретін,
Қажет болса досқа жанын салатын.
Секен біздің сағатпенен жүретін,
Іскерліктің есебін де білетін.
Заманына лайық еді сол кезде,
Керек болса түренді де түретін.
Есейгенде бізге келген ақ маңдай,
Ер жүректі екі иығы қақпандай
Еркін бала еркін жүрсе ортада,
Сезінеміз тойға келе жатқандай.
Мәңгі есімде сыныптастар аттары,
Қалай оқып, қалай тайға шапқаны.
Біз едік қой өртеңге өскен көк құрақ,
Жарбұлақтың сондай азаматтары.
Өткенді біз қазбалаймыз несіне,
Игіліктің ертесі не, кеші не?
Ауылыма, Алакөлге келгенде
Баяғыдай түсер бәрі есіңе.
Содан бері қаншама жыл өтті алдан,
Талай-талай орындалды отты арман.
Бүгін мынау бозғылт тартқан шаштарға
Ана қолы тимегелі көп болған.
Қазір біздің есейгенмен әліміз,
Кеп тұрамыз туған жерге салып із.
Біреулерге пана болып жүрсек те,
Балапандай екенбіз ғой әлі біз.
Елім менің ақтарылған жүз құшақ,
Тілек тыңдап, сыр шертісер ізгі сәт.
Бала көңіл жер қадірін біле ме,
Бет-бетімен кеткен бәрі біз құсап.
Сол құрдастың мен де бірі тең жүрген,
Тұлпар жырды ерттеп алып келдім мен.
Туған жерге мүсін жасап сөзіммен,
Естелік қып өлеңімді өрдім мен.
ТЫЛСЫМНЫҢ
СЫРЫН ҰҒАР КІМ?
Поэмалар
ДОНОР ЖӘНЕ ТЕК
(Ел Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған
үздік әдеби шығармалар жинағына енген)
Ей, әңгүдік пенделері жалғанның,
Мендегі мұң, білем, емес жалған мұң.
Мендегі мұң өз басымның қамы емес,
Мендегі мұң – өлеңге айтар арман мұң.
Уайым емес, мұңға оранып қабағым,
Бір тылсымнан сыр суырды қаламым.
Қуанышты бір-ақ күндік қонақ деп,
Ұлы мұңды ұстазыма баладым.
Менде үлкен екі мұң бар: біреуі –
Донор-қанның жұмбағын кім біледі.
Екіншісі – тірі жесір әйел мен
Тастандының тастай болған жүрегі.
Төзімімді төгіп алмай қасықтан,
Екі мұңды жеткізуге асыққам.
Дәт көзіне шұқып қалған сөз артық,
Өз көжесін жылап ішкен жасықтан.
Мендегі мұң жай мұң емес, асыл мұң,
Жүрек – ғұмыр, көңіл – сәуле, басым – күн.
Санамда ойнап сайтандардың сайраны,
Ақырзаман алқымына асылдым.
8-161
І. Донор
Мендегі мұң ұлы құттан құралған,
Мендегі мұң – түп атасы бір арман.
Бабаларым «Қан бұзылған» деуші еді,
Донор бұзған қан негізсіз сыналған.
Донор өзі қандай қаннан құралған?
Соны білу бір арман.
Бір халық бар аспан текті, күн кепті,
Енді бірі иманжүзді үмбетті.
Әр халықтың өзіне тән салты бар,
Ұлттық өнер сонысымен құрметті.
Механика бағындырып жер үстін,
Бұйымдары әдемі де келіс тым.
Өзіне тым шеберлігі сол елдің,
Техника – мәдениеті немістің.
Ашылса да ақтарылмай аса тым,
Үнемменен тетікті де басатын.
Ұлы орыстың мәдениеті – эконом
Әр қадамын есеппенен ашатын.
Суырып сап, ой өргізіп ғажап тым,
Қара сөзге өлермендей озат тым.
Айтыс десе арқа қозған ардақты,
Мәдениеті – сөз өнері қазақтың.
Содан болар, сөзге шешен олағы,
Бір мереке үйге келген қонағы.
Өлеңменен дүниеге келеді,
Кетерінде жоқтау айтып қалады.
Дархан көңіл, дала дидар салып ән,
Бүгін бізді бүкіл әлем таныған.
Бір-ақ ауыз сөзге ғана тоқтаған,
Қанымызда поэзия дамыған.
Қасиетке қадірлі етіп кей түнін,
Тағамды да талғап-таңдап жейтұғын.
Бір қазақтың талантына тамсанса,
«Қанында бар қасиеті» дейтұғын.
Алауыз боп теріс кетсе кейде ұғым,
«Қаның бар» деп туыс қамын жейтұғын.
Марқұм апам кейігенде біреуге
«Қаны бұзық кәзіргінің» дейтұғын.
Әдебі де, әзілі де жарасып,
Дархан көңіл жақсылыққа таласып.
Бір адамның өнеріне таңданса,
«Тұқымында жоқ» деседі бал ашып.
Ұрпағының ертеңіне жол салып,
Немересін баласынан қалса алып.
Суып кеткен әкесіне ұмтылса,
«Қаны тартып тұр-ау» дейтін тамсанып.
Қан – қасиет, жан да жұмбақ, о да сыр,
Бес қасиет – бес сезім бар, он асыл.
Жыртысарда ағайынның намысын,
«Қанымыз бір» деп жатады жанашыр.
Ғалымдарға қанның тобы керегі,
Маған қажет тегі, түбі, өзегі.
Әлдекімдер араласып кетсе тым,
«Қаны бөлек бәрібір» деп сөгеді.
Ата-баба қанындағы бар ағын,
Донор болды, ол да өмір талабы.
Қанмен келген, сүтпен келген қасиет
Тегін бұзып мәңгүрттеніп барады.
Бір денеге екі ғұмыр қосылған,
Менің мұңым «донор» десем, тосын ба?
«Қосылмайды қандары» деп жатады,
Мән бермейтін ірілік бар осында.
Жанайқай боп қанындағы тосын іс,
Күрестерді үйреткен де осы күш.
Бірақ маған маза бермей келеді
Зерттелмеген қандардағы қосылыс.
Донор қанша кезеңдердің керегі,
Қилы соғыс көргендердің өзегі.
Кімнің қанын кімге құйды кім білсін,
Бүгін менің айтпағым да сол еді.
* * *
Тумысымнан тайталасты жек көрдім,
Жақсы-жаман қайшылықты көп көрдім
Қан қадірін мүмкін мәңгі білмес ем,
Донор сырын өз басымнан өткердім.
Әйел үшін бала сүю – бақ кені,
Бала, бесік – жас ананың көктемі.
Дүниеге сәби келер шақтағы
Жандәрмен күй, өмір неткен тәтті еді?!
Өмір дәнін тәтті түннен татып ап,
Толғақ сырын ащы күннен сатып ап.
Бейопа күн, түн-тылсымға мас болған,
Бәріне құп, әйел неткен ақымақ?!
Мазамды алып қатері мол ай толғақ,
Бірде қатты, бірде баяу, жай толғап.
Шыбындай жан жанарымда шыңғырды,
Емханаға бардым күпті ой толғап.
Әйел бесік, ажал өмір таласып,
Жансауғалап жанға сая қарашық.
Ақ халаттар ақ кептер боп үндесіп,
Жанұшырды тірлігіме жол ашып.
Ғұмыр деген бар болғаны әңгелек,
Жанарымда жарық дүние дөңгелеп.
Қарашыққа сіңіп бара жатты өмір,
Бесік-өмір, зират-ажал тең келіп.
Қаламсабым ине болып, сыр сынып.
Үзілердей бір тылсым үн тұншығып.
Ең өкініш, ажал қағып есікті,
Үлгермедім жылау түгіл, күрсініп.
Жедел жәрдем сиренасы безілдей,
Қан іздеді жан дауаға ем іздей.
Ажал жеңіп кетпесін деп өмірді,
Қарауылда жаным тұрды көз ілмей.
Қанша уақыт жаттым, қайдам, мен ессіз,
Бар ғұмырым бір-ақ уыс, елес-түс.
Жадымда әйтеу іңгалаған сәби үн,
Содан кейін ызың-сылдыр, көмескі із...
Өлеңімнің анасы – мұң аяулы,
Әкесі – нұр, аппақ түске боянды.
Адамға тән екінші атым – пендемін,
Сынға түстім, бір түйсігім оянды.
Таңды көріп үмітімді үдеткем,
Күнді қайтем сағатымды сын еткен?
Есім жисам, аппақ бөлме ішінде
Донор құйып жатыр екен білектен.
Қан қабылдап ерлігі жоқ еп білек,
Жанар жасын омырауға төкті кеп.
Тегі жоқ қан өгейлігін танытып,
Тулап жатты туған қанды тепкілеп.
Тамырымнан тамызылған сықпа қан,
Бойға тарап жатқанымен шықпа жан.
Бөтен қанда қайдан болсын қасиет,
Сүйегімнен сығымдалып шықпаған?
Өмір-өлім, тайталасқан жанда егес,
Уақыт деген сағым сәуле, мәңгі елес.
Адасу бар, таласу бар тірлікте,
Жүріп жатыр басқа түгіл қанда егес.
Бүкіл әлем паналаған қарашық,
Ақын жүрек тіршілікке таласып.
Таң сыз беріп атып келе жатқанда
Түн үрікті, қараңғылық бел асып.
Сайтан еміп өлеңімді шыңдағы,
Ақын тірлік таңды көрді, сынбады.
Тірі дене жанды тастап кете алмай,
Таң тылсымы тереземді тыңдады.
Мен адаммын, шешілмеген жұмбақпын,
Жүрегімді жаратқанға тыңдаттым.
Ақын кеуде тіршіліке таласып,
«Алдиярлап» тәңіріме тіл қаттым.
«Ей, жаратқан, үнім сені таба ма,
Мен денемін, сен жараттың бағана.
Жанымды алсаң, қарсылығым жоқ менің,
Қанға сіңген өлеңімнен садаға!
Сен жаратқан мен бір тамшы ғаламмын,
Ишара мен ымнан ғана жаралдым.
Тылсым сыры сенің ғана жұмбағың,
Қандағы тек – құпиясы адамның».
Деп тәңірге сырымды айттым көктегі,
Көрер жарық аз ба, әлде көп пе еді?
Тірі жүрген күндеріме не шара,
Қанымдағы қасиетім өкпелі.
Өмір деген отарбада отырып,
Тамшы ғұмыр кетті шеті кетіліп.
Қарғып кеттім көпірінен ажалдың,
Шалыс басқан күндеріме өкініп.
Аман-есен жаным қалып өлімнен,
Үйге оралдым. Сыртқа жақсы көрінгем.
Екі адам боп екі жаққа бөліндім,
Бір белгісіз мінез көріп тегімнен.
Қайран баба!
Даналығы дара тым,
Қатыгезді «қансыздық» деп табатын.
Ауылға бір қасиетті жан келсе,
Бала аузына түкіртіп ап қалатын.
Бас өзімнің басым емес, ойын қап,
Денемді ұлы майдан шебі сойылдап.
Бөтен жанды қаңғып келген қан қайтсін,
Сырқаттансам, қорғану жоқ бойымда.
Адастырып ақ үн ақын сезімді,
Болмысымның күрделісі көз ілді.
Таныс емес жат қылықтан жасырып,
Өзімді іздеп, алып қаштым өзімді.
Көркем сөздер көсіліп кеп тепкілеп,
Көз алдымда қайшыласып жекпе-жек.
Түсіме еніп сөз киесі кіртиіп,
Теріс қарап отырады өкпелеп.
Шайқалып кеп шабытымның шырағы,
Опа таппай ойларымның сұрағы.
Қаламымды алсам болды қолыма,
Базар жаққа кеткім келіп тұрады.
Бір белгісіз алақашпа ұлар күн,
Мазамды алды. Қадірлі еді құмар күн.
Табиғатым қыдырымпаз емес-ті,
Көрші үйлерден шай ішуді шығардым.
Бірде жатпын, енді бірде өзіммін,
Көзімді ашып, күдікпенен көз ілдім.
Ата жауым аузыма еніп кеткендей,
Бойымда бір жат ғұмырды сезіндім.
Күндіз күнмен, түнде аймен тілдестім,
Қалам алып, қара өлеңмен үндестім.
Бірақ мейір, шабытым жоқ бойымда
Айдалада адасқандай күй кештім.
Адам өзін таба алмаса жүзге мін,
Осы ма деп өлеңнен қол үзгенім.
Кітап оқып, өлең жазып, ән тыңдап,
Құмар қанар кездерімді іздедім.
Бейтаныс қан жан танымын иектеп,
Болғанымен бойға – жылу, сүйекке – ет.
Сезілмейді баяғыдай күш-қуат,
Дертке қарсы күресуге ниет жоқ.
Тар құрсаққа тарыдай боп сыйған күн,
Кең дүниеге көрік етіп қиғанмын.
Енжар тартып бойымдағы өз «менім»
«Иммунитет» тегін жойды иманның.
Бұдан бұрын өжеттеу ем, өткір ем,
Күдігімді қаннан іздеп көп бүгем.
Иммунитет дегеніміз қазақша
«Иман» деген қастерлі сөз деп білем.
* * *
Бес жыл өтті. Мен өзімнен адастым,
Ішкі арпалыс. Қарсы тұрдым, таластым.
Өзімді-өзім тани алмай толғанып,
«Мен кіммін» деп оңашада бал аштым.
Естіген ем, бір азамат кезінде,
Соғыс жылы Украина жерінде
Опат болған әкесінің мүрдесін
Елге жерлеу аманат деп сезінген.
Жылдар бойы іздеп әке моласын,
Сұрай-сұрай құдайға айтып тобасын.
Бір топ солдат көмген жерді қазғызып,
Оқытыпты әкенің жаназасын.
Бірнеше адам қатар-қатар жерленген,
Еті кеткен қаңқа сүйек жерге енген.
Қырық жылдай жерге сіңген сүйектен,
Әке мәйітін тани алмай сенделген.
Ақыл айтар, бұл жерде жоқ жақыны,
Нар тәуекел! Жігерленіп батылы.
«Ұрпақ қаны сүйекке тез сіңеді»,
Түсті есіне анасының ақылы.
Көңіліне медеу тұтып аңызды,
Қанның тегі қашаннан-ақ маңызды.
Бір саусағын тіліп қанын ағызып,
Моладағы сүйектерге тамызды.
Күдік жеңіп, босап көңіл діңгегі,
Жазмышында жазылған бір сын ба еді?
Бірнешеуге көріп еді тамызып,
Кеуіп қалған сүйекке қан сіңбеді.
Азаматтың үзілердей үміті,
Ананың да ағат-ау деп үгіті.
Немкеттілеу тамызды бір сүйекке,
Соған сіңді тамған жерін жылытып.
Сенім жеңіп көңілінде қауіпті,
Қаннан тауып қасиетті «тәуіпті».
Сөйтіп, бала әкесінің сүйегін,
Қан арқылы адаспай-ақ тауыпты.
Бір түйір қан болмыс болып ұйытқы,
Бар жұмбақты түйір қанға түйіпті.
Атамекен топырақтан исініп,
Қан сүйектен бөлінетін сұйықтық.
Медицина – адамтану ғаламат,
Сырқаттарды аман сақтау – аманат.
Тән саулығын тәуір қылып жатқанда,
Жан саулықта кетіп жатыр сан ағат.
Тіл деп, діл деп айқай салып келеміз,
Жат қылықты қазір жиі көреміз.
Ғасыр бойы донор көрген ұрпақпыз,
Қанды зерттеп іздемейміз неге біз?
Қанағатқа тағат іздеп сан қырдан,
Сұрағыма жауабым жоқ оңдырған.
Қанның тобын айырғанда ғалымдар,
Тегін неге назардан тыс қалдырған?
Донор, кім ол? Өспей қалған бір жан ба,
Мейірімсіз, қайырымсыз сырдаң ба?
Бұзақы ма, еті үйренген есер ме
Бабасынан түсіп шыққан зынданға?
Донор, ол кім? Орыс, неміс, қазақ па?
Елім деген дана ма, әлде озат па?
Бәлкім, басқа жақтан келген итаршы,
Сатқын ба әлде жанын салған азапқа?
Бір адам бар – қасиеті қолында,
Бір адам бар – табысы бар жолында.
Өсек айту, атақ қуу, қыдыру
Қанында бар қасиеті оның да.
Бір адам бар – сан өнердің иесі,
Бір адам бар – әсемдікке тиесі.
Жылпос-жуас, адал-арам, қуаяқ,
Ол да қанның қасиетті киесі.
Қайдағы бір кіріптарға мақұл боп,
Жо-жоқ, менің жеңілуге хақым жоқ!
Тылсымы көп қасиетті бір түннен
Жаралғанмын, келгем қайсар ақын боп.
Мен осылай екі адам боп сенделдім,
Алакөлді ала жанға ем көрдім.
Тауға барып, көлге түсіп су ішіп,
Туған жердің топырағымен емделдім.
Табиғатым – мекеніме таңыла,
Туған жерім қуат берді жаныма.
Алакөлім шабытымды оятты,
Кіндік кескен жерді тартқан қан ұлы, ә!
Текті-тексіз қандағы егес даулардан,
Сөйтіп менің шыбын жаным сау қалған.
Адам болу, өсу, өну, тек қуу,
Бабаларым баса назар аударған.
Бұғып жатқан қасиетім тереңде,
Сүйек сіңді, өлеңіме сенем де.
Әлем ұйып қара сөздің күйіне,
Құрымайтын қуат бітті өлеңге.
Көп алысқан жанның кейіп киесі,
Қайта оралды ақындығым тиесі.
Анда-санда ала қашып тұрады
Бойымдағы бөтен қанның иесі.
Тәуба, қазір ақын да өзім, ес те өзім,
Мен жеңбесем, ақындығым еске сын.
Пенделердің бойындағы қанында
Алла берген бес қасиет – бес сезім.
Адам жаны – тазалығы иманның,
Иманы жоқ шайтанға үміт қиған күн.
Ай сияқты адамдардың жүзінде
Жасырылған сырды көріп қиналдым.
Қилы-қилы донор жолы жанды ұрлар,
Ғасырлардан сарқыт алған тағдыр бар.
Мәңгүрттіктің жетегінде кетеді
Тамшы қаннан талқан болған тағдырлар.
Тарлан ойдан тамырланып таңдайлы үн,
Жын дем салған «интердонор» жандаймын.
Қарай алмай қасіреттің бетіне,
Өз мұңымның жанына кеп жантайдым.
ІІ. Тек
Бір ауылдың бой түзеген көркемі,
Құрбылардың қызығы да, көркі еді.
Ойда жоқта сері жігіт кездесті,
Екеуін де бұла сезім өртеді.
Қыз қалаған қыран жігіт көрікті,
Арқа жақтан ән салуға келіпті.
Қос бұрымы құла белге төгілген
Қыз да сұлу, сүйкімді еді, көрікті.
Он-он бес күн бірге жүрген қыз-жігіт,
Қоштасты да, бір-біріне үздігіп.
Мәңгі ғұмыр кешеміз деп серттесті,
Арасанның құмар гүлін үзгізіп.
Ғашық-сұлу, бақыт-сұлу десе дем,
Екеуі де мәңгі болса, есе тең.
Бір жалт етіп сорға сүйрер бақыттың
Сонша тәтті болатыны несі екен?!
Ер жігіттің өзіне ұнап талғамы,
Бақытты бір отау құру арманы.
Шығыс пенен Арқалықтың арасын
Ыстық көңіл, ғашық хаттар жалғады.
Өмір бойы өтеміз деп «тек құшып»,
Қыз қалауы жар жылуын жеткізіп.
Төрт айдан соң қайта келген жігітпен
Арқа жаққа аэрожолмен кетті ұшып.
Жеті жылда сылдырлатпай кесені,
Балалармен жалғас тауып жетегі.
Көз тиді ме, сөз тиді ме, кім білсін,
Ың-шыңсыз-ақ ажырасты екеуі.
Арға бағып, күтпеген бір тосынды,
Әйел-төзім жалғыздықтан тосылды.
Талақ болған шымылдықты талқандап,
Сан жесірдің қатарына қосылды.
Екі бала етегіне жылап көп,
Байғұс ана жатақ үйді тұрақ деп.
Үйсіз-күйсіз тауқыметті көп көрді,
Дүниеде шешуі жоқ сұрақ көп.
Ішінде өліп әйел-әлем құштары,
Өзіне аян қайрақ көңіл ұстамы.
Күлгені де, жүргені де сезікті,
Күйеуі бар әйелдердің дұшпаны.
Айтылмас сөз арға ауыр ой тастар,
Мұны жақсы түсінеді жайластар.
Есік көрген, бесік көрген әйелдің
Өзегінде айтылмайтын айқас бар.
Уақыт-емші жараны емдеп жұбатты,
Тағдыр тезі сан қырынан сынатты.
Бес жылдан соң отау құрды қайтадан,
Сөніп қалған қайта жағып шырақты.
Сынға берік, сырлы құлып сол ана,
Бір еркекпен таныс болды томаға.
Әйел болу құқығына қол қойды,
Табиғатқа қарсы келіп бола ма?!
Жар құшақтың қажетінен жоғары
Әке құшақ аса қажет болғаны.
«Жолдан ерген жолдас болмас» десе де,
Әйел-тілек – бір еркектің боданы.
Тұрмысының біраз серпіп ауырын,
Екі жасты құптағанмен қау ұғым.
Жар құшағы табылғанмен әйелге,
Әке құшақ жаза алмады бауырын.
Сезім шексіз, әйел бағын асырған,
Секем көңіл сан соқта боп басылған.
Теңізден де терең зындан кеудеге
Әйел ғана барлық сырын жасырған.
Сынық көңіл бір-біріне кірігіп,
Бірде түйреп, бірде сүйреп жүз үгіт.
Сырт көздерге бәрі жақсы болғанмен,
Бұл отауда бір өкініш, бір үміт.
Қосағының таныған соң кейібін,
«Бала-байлам» деп жатады кей ұғым.
«Әке құшақ жылынсын» деп ойлады,
Нәрестенің сезінген соң мейірін.
Тәуекелге жүрек жібі жалғансын,
Қыз әкелді, «Әке көңіл алдансын».
Бірінші жар – құдай қосқан қосағың,
Екінші жар – адам қосқан алдамшы.
Бірақ бәрі сыйғанымен ұяға,
Жат балапан жат құшаққа сыя ма?
Жаутаңдатпай жеткізсем деп екеуін,
Сан түндерден ой ағытқан қияға.
Пенде-ғұмыр тіршілікпен таласып,
Туғаны үшін тумағанға жақ ашып.
Ашып-ашып бөліп беріп жатты өмір
Тумаған мен туған бала арасын.
Тұтастырып балалардың таласын,
Ерінің де ебін тауып жарасым.
Жалғап жүрген емші және адвокат
Екі ірі мемлекет арасын.
Сырт көздерге жарасымды жар құшқан,
Ал ішінде ертеңді ойлап «ар» дұшпан.
9-161
Қарапайым бір шаңырақ астында
Екі ірі мемлекет аңдысқан.
Балалықтың бал қылығын сақ қылып,
Қабақ шытса бала көңіл кек қылып.
Жат баланы туыс ете алмады,
Қаны бөлек, өгей тірлік текті ұғып.
Төзім – сүлік, көңіл – көкпар, ой – азап,
«Жесір» деген сөзден ғана бой азат.
Кәдімгідей ұрсысудың өзі арман,
Әр сөзіңе сақ қараған саясат.
Бақытынан бір бүлінген секем ар,
Баласының бұртиғаны жеке дар.
Бір-ақ рет мына өмірге келгендей,
Әйел үшін бір-ақ рет неке бар.
Ажырасқан бір құрбысы Данамен,
Екінші рет тұрмыс құрған баламен.
«Күйеуіңе сенен сәби керек, – деп
Ақыл айтқан. – Бала деген араға ем».
Сонда құрбы көзден көп ой өргізіп:
«Қайтем, – деді, – балаларды бөлгізіп.
«Әкелердің жездедей-ақ жақсысы»,
Тыныш қана жүргенім ғой ең қызық».
Рас, бала көңілі боп бар ынта,
Әйел үшін қажет емес тағың да.
Екінші рет сұрап алған некенің
Сақтығы көп, бақыты да барымта.
Дер шағында ойлай алмай ар қамын,
Өкініштен тістейді әйел бармағын.
Жетімдердің назасының ауырын,
Жесірлердің азасының салмағын.
Ақылшының айтқан сөзін құп алмай,
Енді, міне, толқын ұрған шынардай.
Шөре-шөре ұрпақ өсіп келеді,
Өз тегінің кім екенін біле алмай.
Жанкешті әйел мұны қалай сезбесін,
Сықыр-сықыр сүйрелейді өз көшін.
Балалардың тегін де айта алмайды,
Өгей әке көңіліне келгесін.
Ана – жұмбақ, тектің кілтін ашпайды,
Жалған туыс бауырына баспайды.
Құрақ өмір жалғандықты жамылып,
Іште тынар айтылмаған аш қайғы.
Құрақ неке – мына өмірдің кеселі,
Дей алмаймын бақыты оның бес елі.
Тегі жоқтың туысы жоқ болған соң,
Бауыры суық қатыгездер өседі.
Ерсілеу сөз езе түсіп еңсені,
Тастандылар басып өтіп белшені.
Тірі жесір көбейгені жақсы емес,
«Қайтып келген қызды «жаман» деуші еді.
Өмір заңы. Жағымсыздық жата ма,
Жаман әдет өрши түсті от ала.
«Тексіз» бала тәрбиелеп отырған
Қанша отбасы мұны айтуға бата ма?!
Қолдан жасап ертеңгінің азабын,
Бүгінгінің басты мұңын жазамын.
Жесірлерін жат есікте жүдетіп,
Жетімдерін жылатпаған қазағым.
Сан әуреңді серпіп тастап саналы ой,
«Аға өлсе, іні мұра» – даналы ой.
Болашақтың тегін ойлап, тереңдеп,
Әмеңгерлік ойлап тапқан данагөй.
«Тірі жесір» бізге жазмыш жазбаған,
Текті едік қой, бүгінгіме назданам.
Ер түріктің Алаш атты ардағы,
Қазағыма «тексіз» деген сөз жаман.
Жас отаудың желбіретіп бақ тағын,
Бата беріп, «Тыныш қыл деп ақ таңын».
«Кім қарайтса, соныменен ағар» деп
Көп айтатын шежірелі қарттарым.
Менің мұңым – әйел мұңы осындай,
Қазақ қызы сын сұратса, тосын жай.
Не әйелдің санында жоқ мұңлықтар,
Не қыздардың қатарына қосылмай.
«Мың күн емес, шөлмек бір күн сынатын»,
Сағаттар бар адам жанын ұғатын.
Бейуақытта түтіндері үзілген
Мың адамның мұңын кешкен бір ақын.
Кірпігіме ұялатып мұңымды,
Өлеңіме бесік етіп түнімді.
Тоңазыған төзімімді тербетіп,
Өз мұңымның жанына кеп жылындым.
ШӘКӘРІМ І Ұлылардың мекені – Абай елі, Тарих сырын шерте ме, қалай өзі? Батырлардың тұяғы таста ойнаған, Шежірелі Тоқтамыс, Мамай елі. Шыңғыстауда Шыңғысхан сайран құрған, Жылқайдар – Қодар, Қамқа тайған қылдан. Құнанбайдай мінездің адамының Тектілігі қарттығын қайран қылған. Оқтан бетер өткір сөз тұла бойы, Жырсүйер жүректерге тұрақ ойы. Кешегі кер заманның құлы болған Бүгінгі өр заманның Ұлы Абайы. Ырғызбай, Кеңгірбайды құптап ой-маң, Құнанбай ғой киелі кітап жайған. Тектіліктен таралып, тамыр жайып, Шәкәрімдер бүгінге бұтақ жайған.
Құйрығы бір-ақ тұтам жетпей жалған,
Ұлылықтан ерте-кеш көктейді арман.
Замана дауылымен шайқалып кеп,
Бұтағына жай түсіп, көктей солған.
Арды айту, ақылды айту ақым емес,
Бір дауыс мазамды алып, жақындап ес.
Жамандаудан жетіліп өсе алмаған,
Алмағайып күй кешкен ақын-елес.
Шағым айтар шабытқа сыртты беріп,
Жүрген ем жігеріммен жұртты жеңіп.
Ақын рухы көз жетпес көкжиектен
Ой баққан қиялымды түртті келіп.
Ұлы жүрек көкті іреп, жерді бұзып,
«Мұтылғанның өмірі» сеңді бұзып.
Көлеңкелі аруақтар мекенінен
Шыға келді шапаны жерді сызып.
Өрге сүйреп өлермен сезім мені,
Менің де қиял кезер кезім бе еді?
Дауысы жетер жерге таянғанда
Селк еттім нұрды көріп көзіндегі.
Ақ сағым, ақын нұры ажарланды,
«Үш анық» жалғасы ма жазар мәңгі?
Жанарының жарығын жасырғандай
Қырын келіп, қиғаштай назар салды.
Қажы атаны тыңдауға қақым бар-ды,
«Сен бе едің өлеңсүйер, ақынжанды?»
Жүзінен қалың кейіс байқалды да, Ақын үні соншалық қатуланды. «Тән сезіп, құлақ естіп» сырды ұғысып, Ұлы ақынның рухына құлдық ұшып. Аяғым тайып кетіп құла беттен, Үрей қалмай орнымнан тұрдым ұшып. Тылсымның жұмбағына құлақ асып, Жөнелді жүрегімнен жыр адасып. Қара тер боп қиналдым тілге келмей, Жан сөзім аузымнан шыға қашып. Бір тау бар – жер жарығын жарып шыққан, Бір тау бар – тарих терін алып шыққан. Бір тау бар – уақыттың желі мүжіп, Жақпар тастан мүжіліп шаңы шыққан. Алакеуім ақ таңда пайғамбардай, Қажы ата айтпақ болған ойлар қандай? Азалы жылдар сырын сарапқа сап, Тарихқа таға қақтым айлам қалмай. ІІ Ол жылдар ойранында кек бар еді, Алауыздық астында өш бар еді. Әйелдерді қапыда жесір етіп, Баланы жетім еткен тұстар еді. Ерлерден айла кетіп айдаудағы, Арманы алыс кетіп, айға аунады.
«Асыра сілтегеннің» асқынғаны –
«Аша тұяқ қалмады» байлаудағы.
Есін ап естілердің адам-шығын,
Жасыра алмай, жатқа айтты жаман сырын.
Аспаннан түскен қарғыс емес еді,
Ішімізден жау шыққан заман-тұғын.
Ел басына күн туған тосын қатты,
Төмен мен жоғарының қасын бақты.
Малдан жұрдай тоналған ауыл жұрты
Күнкөріс қамын ойлап босып жатты.
Шолақ ой, шалыс қимыл бұрған жолды,
Өктемдік үкімі де жылдам болды.
Халқының қамын жеген азаматтар
Қиястықтың қырынан құрбан болды.
Билікті белге байлап содыр атты
Бас көтерер басшылар торды бақты,
Қоғамның аса қымбат «ар» байлығы
Қазақтың кадрларын тоқыратты.
Сауаттының сиясын еміп тұрып,
Ақылды ақымақтық жеңіп тұрып.
«Ұлтшыл» деп кінә тақты көзі ашыққа,
Кісілік қасиетті кеміттіріп.
Зұлымдықтан бақ тайып маңдайдағы,
Жаяулап шұбырған ел нарға айналды.
Аштықтың азабынан жемтік сасып,
Таңнан үн, шұбырынды шаңға айналды.
Зауал жылдар өтінде сыр бар еді,
Азаптың астарында шын бар еді.
Он жетінші жылдары Алашорда
Семейде алғаш отау құрған еді.
Бұл жалғанның бұралып жол ағысы,
Пенделердің пенделік болады ісі.
Сол Алаштың ақылшы, биі болған
Шәкәрімдей данышпан, дана кісі.
Жасынан заманының зарын еміп,
Бітіспес билікке де барып еді.
Адамның жаныменен сырласа алар
Кең тынысты талғампаз, дарын еді.
Тұла бойға сан түрлі өнер қонған,
Ою ойып, тасқа әкеп бедер салған,
Әдемі киім тігіп жеңгелерге,
Ағаштан түйін түйген шебер болған.
Салған ән, тартқан күйге астас арман,
«Алабайрақ», «Бозторғай» астаса алған.
Туғаннан өнерлі боп туған дана
Түйе қуған қасқырды тасқа салған.
Шындықтың шырғалаңы шығып алға,
Саналы, сауаттысын жығып алға.
Халқының тұтқындалған ұлар үні
Улы зар боп құйылды ұлы жанға,
Аш-жалаңаш халықтың халы кетті,
Шарасыздар шекараны жарып өтті.
Ел басына індет боп зауал жылдар,
Қажы атаны ұрпағымен шалып өтті.
Ғафыр, Ахат, Зияттан дерек тапты,
Тұқымынан тұл қылды зерек бақты.
Талқыға талай түскен естанды жан
Күйзелістің күйігін ерек татты.
Қарлы қыс. Күн бірінші ақпан еді,
Талай жан тұрмыс дәмін татқан еді.
Мал-мүлкін кәмпескелеп Семейге әкеп,
Ғафырды да баласымен жапқан еді.
Көнбістікке көп еді шыдамағы,
Құдайдан осы ма еді сұрамағы?
Тірі жанға қиянат қылмаған жан
Қорлығы көп азапқа шыдамады.
Имандыны көтермей мына жалған,
Адамдық, адалдықты соңына алған.
Таңсәріде күзетіп қатты ұйқыны,
Қайрап қойған бәкісін қолына алған.
Елмен, жермен қоштасып, мезет қиып,
Легенді дайын қойды өзек күйіп.
Жүгініп, қабырғаға қолын тіреп,
Қос күрені жіберген кезек қиып.
Қымбатты бере ме адам, сірә, қолдан,
Нақақтан-нақақ күйіп, кінә қонған
Ғафырдың өліміне Қабыш пенен
Баласы Баязит те куә болған.
Мойындауға мәрттік жоқ қатені ешкім, Өткеннің өкінішін өтемес күн. Әке өлімін көзімен көрген ұлдың Жат пиғылын танитын сәт емес-тін. Аштықтан, қиянаттан арай жүдеп, Жиырма екі жас ғұмырын талай мінеп. Азықсыз үш күн бойы тауды кезді Үйге барса «қайтадан қамайды» деп. Ықтиярсыз бір азап ауызды алған, Әкенің жолын нұсқап жауыз жалған. Шіліктің жағасында үлкен үйде Түн қатып, төсегінде бауыздалған. ІІІ Ақын үн қабақ қатып қылышынан, Жібермей жансақтықты жыр ұшынан. Отызыншы жылдардың ойраны еді Қарасартов қан тамған қылышынан. Әйгілі отыз бірдің қыркүйегі, Бүлк шыққан азалы бір түн еді. Бандыға қатыстың деп бес адамды Атқызған Қарауылдың сырты еді. Бүлік болған сол түні тау ішінде, Өгіз мінген Саниқас бау ішінде, Қарасартов көзіне түсіп қалып, Жер жастанып, фақимен қауышып ед.
Ақтабан шұбырынды жолдағы «әні»,
Голощекин жарлығын қолдағаны.
Баяғы күндестік пен мансапқорлық
Сорлы елге сор жауын боп сорғалады.
Ғылымсыз адам ойға көнер ме еді,
Арманы «мұңды шалдың» тереңдеді.
Күн сайынғы бейнетке бағышталған
Үлкен дарын өнердің өлермені.
Арамзалық алдыртпай аяқты епті,
Адам атын ақтауға саяқ кетті.
Қызыл түнек пенделік ғазабынан
Елден жырақ безініп, саят шекті.
Жазықсыз қуғын-сүргін жара салған,
Ұлы жүрек өнермен таласа алған.
Шақпақта жертөледе жалғыз жатып,
«Кеңқоныс» жайлауына қора салған.
«Шақпақ тау» тау сілемі көрік болған,
Құсбегілік ақынға ерік болған.
Аң аулап, саят құрған сол ақынға
«Қоңыр ат» жануары серік болған.
Тұрмыстың икеміне қалып берген,
Механика тілін де шалып көрген.
Құс баптап, бүркіт салған «Керегетас»
Ақындық түйсікке де шабыт берген.
Серігі жалғыз Әупіш қасындағы,
Ақынның халын ұққан басындағы.
Суын тасып, отынын жағып жүріп,
Ақынның мұрасына қосылғаны.
Бұл жұрттың ісі болмай Шәкәрімде,
Жатты ақын өзі сүйген мекенінде.
«Үштас» тау тік шаншылған күзат-қия,
«Қарабұлақ» өзені аққан етегінде.
Бақанас, Шыңғыстаудың жоталары,
Керегетас кең қоныс аталады.
Қия асуда шоқы тас араласып,
Баулы сай жұпар шашқан от алабы.
Қылықты Керуенбұлақ, Қара қойтас,
Көк пен жердің жапсары қарағай-тас.
Қас қағым тарих сырын шертіп жатқан
Тезекшоқы, Жосалы, арада айқас.
Шақпақты елсіз қора жалғағандай,
Шығыста Егізқызыл, Балға қандай.
Күнді ұзатып шығарып салып тұрған,
Қолтықтасқан Мамыр мен Қалқамандай.
Тыныштық тынымына не жетеді,
Жыр, шіркін, нөсер болып селдетеді.
Бірін-бірі сүйеген қос асудың
Самалы тау адамын тербетеді.
Қора тамға қонғандай маңдай бағы,
Шағынды тау шыңына шалғайдағы.
Тыныштық тынымына кеткен ақын
Өлеңге төкті мұңын таңдайдағы.
Дананың, данышпанның назы қатты,
Бақанаста баз кешіп жалғыз жатты.
Ұлт ойына шамшырақ жағамын деп,
Ұлы жүрек «Қазағын» жазып жатты.
Бұл жүрек сезгендей ме, сірә, күпті,
Бір қауіп Зиятына тіреліпті.
«Амалсыз қара тас боп қаттым-ау» деп,
Шаршағандай нұр жүзі күреңітті.
Кең дала, Аспан сондай көгілдір-ді,
Өзектес ойды мұңға жеңілдірді.
«Үштастың» жотасына жайғасты да,
Тереңнен текті жырын төгілдірді.
«Қайран,
Қайғысыз, қамсыз күндерім.
Сайран,
Сауықты рахат түндерім.
Сендерден не пайда?
Асқан
Алпыстан мынау жасымыз,
Қашқан,
Шалдыққан ғарып басымыз.
Қаласың қай сайда?
Ноқталы бас,
Ағызып жас,
Қызусыз мас желіксіз.
Хаққа көніп,
Көрге төніп,
Еріксіз».
Бұл заманға наз айтып кері кеткен,
Ұлы жүрек төккен сыр сері неткен?
Қажымайтын кәрілік жеңгенінше,
Қалам мен қарындашын серік еткен.
НКВД ақынды ап із басына,
Аңдытқан Айтмырзаға шың басынан.
Қос тізерлеп отырып құран оқып,
Бет сипаған қажының сұлбасына.
Ер кезегін еріксіз кек кемірген,
Баязит, Ғафыр, Қабыш өтті өмірден,
«Зияты арғы бетке өтпекші» деп,
Қырдағы әкесіне жеткен бірден.
Жендеттердің желбіреп желегі оқтан,
Ақын да Зиятты ойлап төбе баққан.
Шығысқа жаңа ғана таң сөгіліп,
Ала бұлт күреңітіп келе жатқан.
Бұл көңіл бір бүлікті неге іздейді,
Өйткені арды арсызға жегізбейді.
Қазаққа тән күндестік, қызғаншақтық,
Таланттарды «дарынды» дегізбейді.
Надандар жиі тінтіп қора-жайды,
Қажы атаны «банды» деп қаралайды.
Жау көрді сегіз қырлы ірі ақынды,
Бақ тайса, атағыңа қарамайды.
Қасиетін қалаған жан-ау зерек,
Шиырған шежірені мол-ау дерек.
Шыңдарын көк тіреген көк таулардың Биіктігін алыстан қарау керек. ІV Отыз бірдің салқыны, сары күз еді, Бақанастың маңы да жар-құз еді. Серігі жалғыз Әупіш қайтып кеткен, Шәкәрім де Шақпақта жалғыз еді. Қазанның екісі-тін. Күн бұлтты еді, Күзгі қара суықтың ызғып демі. Ботақанның бауырын ақ қар басқан, Елсіз тамда жазылған жыр күпті еді. Өзін-өзі жұбатқан жан дауамен, Қашаннан ақын күйге қонбаған ем. Зиятын, елін көріп қайтқысы кеп, Торжорға атқа ер салған таңғы ауамен. Өршіл ой сан құбылып, ала қашып, Қажының қам көңілі балаға асық. Бақанасты бойлап кетіп бара жатты, Ақ сақалы тұманға араласып. Зият та алакөңіл, асығыс-ты, Аңду да қатаң еді қапы күшті. Алдынан шыға келген бүлік топқа «Тәуекел» деп қажы ата қарсы түсті. – Атады! Барма! – деген қарсылықты Естіді, бұл сапардың нарқын ұқты.
– Хош, жан балам! – деді де Зиятына,
Әскери адамдарға қарсы шықты.
Жақындап келе жатқан жалғыз атты
Дүрс еткен мылтық даусы дүр құлатты.
Атар деп ойламаған аңғал ақын
Атынан аударылып, жерді қапты.
Шолғыншының құп болып өз дегені,
Сайдағы жалғыз атты көз көреді.
Нысана қалт жібермей дәл тиіпті,
Сұрмерген Халитовтың көздегені.
Әттең-ай, бұл шатқалға бекер келді,
Жауыздар жақсылықты көтермеді.
Аң аулайтын қосауыз мылтығын ап,
«Атпаңдар!» деп белгі етіп көтерген-ді.
Қайтсін олар баз кешкен бүлікті ішкі,
Тағы бір оқ таңғы ауаны тіліп түсті.
«Атпаңдар!» дегеніне қараған жоқ,
Жоғары көтерген қол сылқ түсті.
Еркіндікті көксеген көк тағысын,
«Жастарға» тәлім еткен тек намысын.
Қараңғыны жамылған қара жүрек,
Қанды қол қара мерген бек нағысын?!
Мылтық даусын жұтып таң араны,
Жендеттер дананы жау санағаны.
Түз тағысы қансырап, құлағанда
Денесін ақ кебін боп қар орады.
10-161
Айпара ана сүті текті емілген
Абайдай ұлы ақынның мектебінен.
Өмірі, өлімі де жұмбақ сыр боп,
Ботақанның бауырына өтті өмірден.
Сағатында айтылар жоқтау-зарды,
Маң дала тауға-тасқа ақтарған-ды.
Туғаннан, туысынан жан жолатпай,
Ұлы дене жапанда оқшау қалды.
Ақындар! Жүрегінен жыр егілген,
Ақын жүрек! Ірілік іреңі ме!?
Екі атқанда көз жұмған дүниеден
Ақынды дәл көздепті жүрегінен.
Даналық жүректерді бесік еткен,
Жүрек дерті ұлылыққа кесір еткен.
Ұлы өнерге тән сырқат жүрек дейтін,
Сол жүректі жауыз оқ тесіп өткен.
Абай айтқан көп өлең «жүрек» екен,
Сезім – нәзік, өнер ес қорегі екен.
Не шықса да жүректен шығатынын
Ұлы өнердің жаулары біледі екен.
Даналықты отқа өртеп, шоққа қарып,
Ақын жүрек онсыз да жоққа налып.
Шәкәрім де сол дерттен мерт болыпты,
Жүрегінің басына оқ қадалып.
Ұлы кеуде жанында жоқ жаршысы,
Жатты жансыз, азалы жоқтар кісі.
Ұлы өнердің жоқшысы болмайтындай,
Қазасында болмайды жоқтаушысы.
Ел басына күн туған тоспай халды,
Айтмырзаға аманат, қостай салды.
Жауыздығын жалғаннан жасырмақ боп,
Құр құдыққа көмусіз тастай салды.
Қажы еді, қари еді асық қанды,
Құранды кие тұтып, машыққан-ды.
Иманжүзді, іші адал сол мұсылман
Құр құдықта көмусіз, ашық қалды.
Бірақ шындық жаппады жасын дақты,
Ерте-кеш атар таңның қасын бақты.
Қарақшылар тастаған ұлы дене
Отыз жыл құр құдықта ашық жатты.
Місе қылмай жазықсыз төккен қанды,
Елеусіз қалдырғалы көп болған-ды.
Шыңғыстау құдығында торқа тастап,
Бүк түсіп, жүресінен шөккен жанды.
Үнсіз жоқтап артында қалғандары,
Сездіртпеді. Басқадай жол қалмады.
Қапы кеткен ақынды аза тұтты
Ахат пенен Гүллардың толғаулары.
Дарынға, даналыққа тұнған кеуде
Жаназасыз, көмусіз зындан жерде
Шындықты аңсап, жылдарды жылға ұзартты,
Әділет жоқ, қаталдық тұрған жерде.
Кезек дүние. Кез көрсе өтелмейді, Өнер өлмес, күн өтер бекер, мейлі. Таланттарды азаппен аттандырар Бұл жалған ірілікті көтермейді. Сұлу сөздің сиқырын сүйікті етіп, Қас қағым тарих сырын биіктетіп, Сырлы өлкеден сыр ашып біз отырмыз, Көзден де, көңілден де биік кетіп. V Зауал кешкен Зияттың ойында арман, Бір сапарға бел буып, дайындалған. Тым жырақтан естіліп мылтық даусы, Ұлы сезім толқыны бойын алған. Зияты – баласы еді бек көретін, Жоқ еді тірі жанға еш бөгеті. Әкесімен асығыс қоштаса алмай, Амалсыз арғы бетке кеткен өтіп. Артқа тастап кеткенмен аза жолды, Бәрібір жазмышынан жаза қонды. Отыз жеті зобалаңы құр жібермей, Шыңжаңда қолға түсіп, қаза болды. Бұл сырды бүгінгі ұрпақ ұққан тегі, Ұлы өлке – ұлы өнердің шыққан жері. Шақпақтан сәл қашықтау «Керегетас» Ақынның соңғы демін жұтқан жері.
Ақтабанның айғақты бұлты көшіп,
Заман ағып барады сілкілесіп.
Қажы ата отырған мынау «Үштас»
Жылдан-жылға жатқандай дүмпіп өсіп.
Тарихтың тарпып алар табаны жоқ,
Растың уақыт күтпес амалы жоқ.
Сондықтан да «Өлгеннің жаманы жоқ,
Тірілердің жаманнан аманы жоқ».
Жылытып, жырды иітіп күнді лебіз,
Жамандық-жақсылықпен кіндігі егіз.
Тірісінде дұрыстап сөйлесе алмай,
Өлгеннен соң өкініш білдіреміз.
Қашаннан қайшылықты демеп әлем,
Аққа қара жаққанды демеген ең.
Мұхаммедтің соңынан шырақ алып,
Айырға әкеп Исаны шегелеген.
Жақынын жарға итерген жағасымен
«Қазақтың жауы – қазақ», таласып ең.
Абайына абайсыз қамшы иірген
Қара халық ақылды данасымен.
Біржанға арқан байлап, жыр көшірген,
Ағайын қай заманда бірлесіп ең?
Бәйге қоссаң, атыңды тартыспайды,
Атың келсе, дәметкен жүлдесінен.
Күншілдіктің болмайды бекер емі,
Қателік өкінішпен өтеледі.
Мендегі ақын көңіл мекен таппай, Көз жетпес бір тылсымға жетеледі VІ Бұл Семей – ұлылыққа ұя-бесік, Ұяға Шәкәрім де сыяр десіп. Абай, Мұхтар жанынан бір ескерткіш Орны ойсырап жүретін, қиял кезіп. Заманында зауал көп сүйем жерді, Талай көш түйелерге тиелген-ді. Семейде білім орда Шәкәрім боп, Қайтадан баба есімін иемденді. Сөйлетіп тілсіз өнер әр ғасырды, Мүсінші Мұрат елге арда туды. Өткірдің жүзіменен өрнегін сап, Шәкәрім ескерткіші орнатылды. Кептердің қанатымен шағылысып, Киелі Ертіс барады алып ұшып. Кәдімгі қара тастан қашап алып, Шәкәріммен қауышты ел сағынысып. Кешегі кекті жылдар ағарғандай, Құр құдық тастарынан жаралғандай. Тастан торқа жамылған текті баба Еліне тас мүсін боп оралғандай. Бар екен аруағы асылдардың, Семейде бір ескерткіш ашылған күн.
Жалғыз ғана суреттен бастау алған
Ең биік ескерткіші ғасырлардың.
Өткенді, кеткенді де бағып шырай,
Қақ жарған қара тасты қалып былай.
Алланың жерде жүрген елшісіндей
Жаппар ием жар болған жарықтық-ай!
Сандықтас ақын тұрған дара қандай,
Өткенге өкінбеске шара қалмай.
Шыңғыстаудың шыңына шығып алып,
Заманына зау биіктен қарағандай.
Таға алмай талғамы зор мүсінге мін,
Ақынды дәл өзіндей мүсіндер кім?
Ескерткішке жақындай түсіп едім,
Қажының жан-дүниесін, ішін көрдім.
Бұрын-соңды сиқырмен кезіккен кім,
Жүргені-ай сыр алдыртпай сезіктердің.
Таста отырған тұңғиық қалпыменен
Маған жүзін бұрғандай сезіктендім.
Жалтақтық, жасампаздық несін берді,
Тұрлауы жоқ дүние есін жеңді.
Қабағы салыңқылау бір күй кешіп,
Мұздай тайғақ заманның көшін көрді.
Қаңтардың қары бүркеп қыз ерікті,
Теректер жапырақсыз күзеріпті.
Сандықтаста отырған Шәкәрімді
Ойға өлшеп, төменірек тізе бүктім.
Көшпе бұлт төбемізден төңкеріле,
Ойымды орап алған сең сөгіле,
Қажы атаға жақындай түстім-дағы,
Пейіл бере ұмтылдым еңсеріле.
Толқынға қарсы жүрген бейне текті,
Өмірі «Мұтылғанның» бейнетте өтті.
Тірі адам сипатына енген ақын
Құдайдың құдіретімен сөйлеп кетті.
«Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп, босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық.
Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ айналды, енді бізге
Күн туды етегіне жабысарлық..»
Ұға ма, ұға алмай ма жұртым мені,
Қажы ата маған әйтеу бір сыр берді.
Қоңыр дауыс бойыма жылу шашып,
Шымыр-шымыр ыстық қан бүлкілдеді.
«Өлеңді, танисың-ау тегі мені,
Абай жүрген ұлы жол кері ме еді?!
Сипатыңа көз салсам, ақын қызым,
Бейнетің белшеден боп көрінеді.
Қорқытты, Хафизді іздеп ақтарып біз,
«Үш анық», «Жан» туралы тоқталып біз.
Пайда мен зиянды айтып ұқтыра алмай,
Біз босқа әуре болып аттаныппыз».
Деп ақын ғарып бастың базын айтты,
Отырдым жүрегіме жағып ойды.
Қажы ата ойыменен таласа алмай,
Мендегі шабыт тілі шағым айтты.
Жалғанды жасыруға затым жетпей,
Өзімше сақ отырмын қапыл кетпей.
Аңылжыған аспанға назар салып,
Отырмын тік қарауға дәтім жетпей.
«Бұл күнде адам тану өзек боп тұр,
«Бой бұлғаң, сөз де жылмаң» кезек боп тұр.
Ар сызығын аттауға болмайтындай
Бір шекара, қажы ата, қажет боп тұр.
Атақты, мәнсапты да төр алдайды,
Қазақ қой, бірін-бірі көре алмайды.
Таңғы аспандай аршылмай адам миы,
Жүрек пен ақыл тату бола алмайды.
Талантты адам емес, хақ қолдайды,
Содан да, бұл жалғаннан татқан қайғы.
Өзіңіз айтып кеткен анық, танық,
Кіршіксіз, таза ақылда бақ болмайды.
Алауыз ашкөздіктен артар егес,
Ұждансыз, зұлымдықты арқалап ес.
Мынау заман байларға бас шұлғу мен
Зұлымдық ардан аяқ тартар емес.
Өскін ой, өзек тартып ұлылықтан,
Өзімше өзек ашып, сыр ұлытқам.
Ақын ата, алдында ақтарылып,
Жаныма жай іздегем ұлы құттан».
Бүгінгі алмағайып қуат-халды
Талап, ынсап, ақылға сынатқан-ды.
Батар күннің шуағы жүзін орап,
Сақалын сауа сипап, шуақтанды.
Рақымды қанағатқа балаттырып,
Тақуа таспиығын санап тұрып,
Кітапшасын ашты да, мынаны айтты,
Қабағына қалың мұң қамап тұрып:
«Өнер қылма ар сатып жалданбақты,
Ұлық болып елді жеп, малданбақты.
Біреуді жеп, біреуді табамыз ба,
Қашан жақсы көруші ек алданбақты?
Талап пен ақылды ұғар келер заман,
Дүние кезек болмаса, өлер ме адам!?
Жер астында көмулі қазынамды
Қазып алар уақыт келер, балам».
Қажы ата соны айтты да, тұрып қалды,
Білмеймін, ойы немен тұйықталды?
Ұлы өнердің аруағы аспанға ұшып,
Сұлбасы таңғы будай сұйықталды.
Ақынмен елес сыры түйінделіп,
Шуақты шабытымды құйын жеңіп.
Жұртта қалған күшіктей ішім ұлып,
Мен қалдым құла түзде күйім кеміп.
Қара Ертіс қасиеттің тегі ме еді,
Толқынынан торқа жыр төгіледі.
Көзімнен алыс кеткен ақын мүсін
Қыз бөркіндей шошайып көрінеді.
Зау биікке көз салып, сұрқым кетіп,
Дұғалы сөздерінен ұртым бекіп.
Зұлмат жылы көмілген қара жәшік
Жер бауырын жатыр ма бүлкілдетіп?!
Көміп кеткен кітаптың тулағаны
Жерді сілкіп, тастарды тырмалады.
Ақын ата отырған сандықша тас
Дір еткендей, еске алдым зілзаланы.
Жұмбағы жер астының күркіреді,
Аулақта ақын аруақ күрсінеді.
Шәкәрім көміп кеткен сол қазына,
Тасты түртіп «дат» сұрап сілкінеді.
Өткенге өкпеңді айтып өкін, мейлі,
Бақанас баяғының сертіндей бір.
Қия құз іргесінде терең шатқал,
Барлыбай баяғыша өкірмейді.
Жапанда жалғыздық боп сүйенері,
Өлеңге өкінішін сүйеп еді.
Өңірі ашық шапанын желбіреткен
Бір ақсақал түсіме жиі енеді.
Өмір – дәуір өсуде, күндер егіз,
Бабалар салған жолмен біз келеміз.
Ұлар құстың қиырдан үні естілді,
Сары даладан сандалтып бізге лебіз.
Ақын тағдыр осылай жырмен жетті,
Атом кешкен өлкені сыр меңдепті.
Ұлы өлке айналып улы өлкеге,
Мол сіңірген бойына у мен дертті.
Дарынға, даралыққа сап бұғалық,
Мынау көшкін заманға қатты налып.
Алау нұрдың бояуы қарлы шыңның
Жотасын қан жоса етіп батты барып.
Өшпейді өткен күндер бекер естен,
Шабытты шайқап көрдім от-елестен.
Жұбатты ащы ойды тәтті сезім,
Кеш мені, киелі сөз, қателессем.
ҚҰРСАҚСЫЗ АНА І Шыңғыстаудың көргенде құба таңын, Тиянағы жоқ ойды жұбатамын. Мен осындай тынымсыз тіршілікте Ешкім білмес бір жайдан сыр ашамын. Мансұқ тұтып Семейдің құла таңын, Ана жанын жалпыға сынатамын.
Кілтін ашып шытырман құпияның,
Сезімнен сыр, көзден жас құлатамын.
Ей, білгішім, атомшыл даналарым,
Ғасырыңды қалайша жараладың?
Сезесің бе полигон қасіретін,
Естідің бе «құрсақсыз ана» барын?!
Қасіретін білеміз Неваданың,
Естігенбіз есімін Женеваның.
Қара жерді тапсырып туар таңға,
Жан жарасын айтайын мен ананың.
* * *
Ұлылықтың Қарауыл бір өлкесі,
Ақын мен батыр жортқан жыр өлкесі.
Албырт күнге алаңсыз асық болып,
Бір әулеттің бойжетті бір еркесі.
Көргенде көркіне көз сұғынатын,
Жанарынан жалын сыр ұғынатын.
Ғашық болған бозбала есі кетіп,
Бұрымына сүрініп жығылатын.
Қашан көрсең жүзінен арай күлген,
Жанына мерей нұрын орай білген.
Қыздың жолы жіңішке екендігін
Атам қазақ кезінде қалай білген?!
Ынтық болып бір жігіт ажарына,
Тұрмыс құрды, тек соған жазалы ма?
Тарқатылды төсекте асау бұрым
Төзбеу үшін тағдырдың мазағына.
Жас жұбайлар шаттықтың балын ішіп,
Ғашықтардың қашанда жалын іші.
Бір азырақ бір-бірін көре алмаса,
Құшақтасып табысар сағынысып.
Ер жігітке бақыт боп қыз алғаны,
Шымылдығын шаттықтың үзе алғаны.
Екі айдан соң жерік боп келін жүрді,
Жар сүйіп, ана болу – қыз арманы.
Мынау жалған дүниеде жалған жырым,
Жас арудың күлкісі арман бүгін.
Күйеуіне қымсына сырын айтты,
Аяғының ауырлап қалғандығын.
Ағалықпен алмастырып бала күнді,
Жігіт енді отаға бола білді.
Қиялында өзінен аумайтұғын
Балпанақтай талпынған бала күлді.
Әке болу бір ғажап күйді теріп,
Қуанышы кетті оның үйді керіп.
Ыржалаңдап шаттықтан күліп тұрып,
Келіншегін құшақтап сүйді келіп.
Шаттандырып екеуін сағым тілек,
Ғашық көңіл жүрекке жалын тілеп.
Жас отаудың түтіні түзу ұшты,
Болашақтан жастардың бағын тілеп.
Бәрінен де бейхабар ана жүрек,
Қиялымен күтеді баланы тек.
Жеті-сегіз айдан соң бесігіңде
Балдан тәтті балбөбек болады деп.
Аласұрып кеудеде жынды жүрек,
Күйеуіне көңілі сұмдық үдеп.
Жұбайлық жұмақты жиі аңсады,
Сезбейтұғын жүректің сұмдығы жоқ.
Өмір, шіркін, табады шын аңғалды,
Көп көрді ме соншалық қуанғанды?
Жалынымен жастықтың білмеген-ау,
Саулығынан бөтендеу сыр аңғарды.
Шарана боп томпайып жасын жаны,
Тәбеті онша тағамға ашылмады.
Жиырмадан жаңа асқан келіншектің
Бес ай бойы жерігі басылмады.
Домалақ, Гауһар ана жасын жаны,
Бабалардың болған ғой асыл қаны.
Әлді үмітпен әлсіздік туғызатын
Жасандылық жалғанды басынғаны.
Соғыс бұзған кешегі қан атасын,
Бүгінгі экология сан отасын.
Тегі бұзық сұйық қан ұясында
Ұйи алмай қамықты жан атасы.
Бір ауылдың ер қайрат боз баласы,
Жұбайына жаны ашып көзқарасы.
Қауіптенді күптілеу жүктіліктен,
Қайтеді, маңдайына жазғаны осы.
Жеңгелерден сыр тартып сұрап еді:
– Жас әйел еркелейтін шығар, – деді. –
Созылмалы жеріктік болған шығар,
Ақылды әйел бәріне шыдар, – деді.
Жылы сөз тәуекелге байлап белді,
Шынында солай ма деп ойлап көрді.
Үш ай емес, бес айдан асып қапты,
– Сәл шыда, – деп жарына қайрат берді.
– Сен өзіңді қинама текке, – деді, –
Емханаға бар, – деп ед, өкпеледі.
Бір бөтен сөз айтар деп секем алып,
Дәрігерге баруға беттемеді.
Полигонның көп дейтін зияндары,
Бірақ өзін бұл дертке қия алмады.
– Ақ қыла гөр, ей, алла, бейнетімді, –
Деп жас ару тілегін тыя алмады.
Сөйтіп ару мезгілден кешігулі,
Хақ тағалам, аяма несібіңді.
Адам пенде болмаса кеш жүретін,
Уақыт деген білмейді кешігуді.
Сөйтіп уақыт алты айға аралатты,
Әлсіздік күнде ұлғайып бара жатты.
Кұп-қу боп жағы солған жас ананың
Құрсағын түртіп қойып бала жатты.
Ай-күні де шақ қалып есебіне,
Қазекеңнің қызық қой есебі де.
Босанғанда бір қағаз сұрайды деп
Дәрігердің келіп тұр есігіне.
Дәрігердің сүйкімді көк құрағы:
– Сіз неге кеш келдіңіз? – деп сұрады. –
Жалпы әйелдер саулығы үшін емес,
Қағаз үшін кештетіп кеп тұрады.
Анемия, қаның аз, сосын, – деді, –
Жалпы сізде әлсіздік басым, – деді. –
Қалалық мамандарға сілтеме, – деп
Қағаз жазып, – жолыңыз болсын, – деді.
Бір қауіптен жас ана қарғып өтіп,
«Анемия» санада қалды бекіп.
Бойды қуған бейкүнә бір болашақ
Құрсағында тулады тарлық етіп.
Жас жұбайын жетектеп бала қыран,
Емхананы тоздырып табанынан.
Жатқызды қалаға әкеп емдетуге,
Келіншектің сүйді де жанарынан.
Тексеріп қозы құрсақ жас ананы:
– Қаны төмен құрсақтың осал әлі.
Егер де өздігінен босанбаса, –
деді олар, – операция жасалады.
Мұны қалай жас ару құп алады,
Қолдан келер әйтеуір жылағаны.
11-161
Ай көйлегі желбіреп үй болғанда
Көңілінде жоқ еді түк алаңы.
Жас күйеу де тықыршып тұғырында,
Бәрі де заңды еді ғой ғұмырында.
Мынау өмір аяғыш адамдарды
Тәлкек етіп қояды ғұмырында.
* * *
Ұран тастап Семейге – Невадаға,
Мынау жігіт атомнан кек ала ма?!
Тастардың да тамыры тепкі көріп,
Еріксізден бекінген Жер-анаға.
Ана – бала тегі жоқ тақырыпты
Қозғалудың негізгі затын ұқты.
Ғасырлар бесігінде тербетіліп,
Мүмкін кеш, мүмкін ерте асығыпты.
Бойында бір өзгеше осы күпті,
Әйел де күйеуінен жасырыпты.
Зардабын ғасыр тартқан бұл атомды
Кім ойлап шығарды екен басы мықты?!
Жас келіншек тағдырға ұмсынбады,
Қу жаны үшін ешнеден қымсынбады.
Жағадағы құрақ тал қурап барып,
Лайланған бұлақтан сусындады.
Қу тірліктің қиқулы шуыменен,
Босанатын уақыт та жуық ерен.
Жасын сүртіп Семейдің топырағына,
Шөлін басты Семейдің суыменен.
Қуанышын күдік ой басым етіп,
Қарайламай барады ғасыр өтіп.
Маңдайына жазылған тағдырменен
Жағаласып жатқандай қасіреті.
Алып ұшқан жас көңіл қурағандай,
Ана жанын қорқыныш суарғандай.
Таба алмайды дертінің жан дауасын,
Тек үмітпен қарайды туар таңға.
Кейде кешкен тірліктен шошынады,
Енді бірде қуанып басылады.
Заман өзі атомға айналғанда,
Нәзік көңіл үміттен тосылады.
Бүлкілдеген жүрекке жүк артқанда,
Не түседі жүйкені жұқартқанда?
Шыбын жанын құдайға тапсырады,
Адамдарға сенімін жоғалтқанда.
Сырт көздерге болғанмен айбары шын,
Мұның мұңын өзгелер қайдан білсін?!
«Аман-есен босансам жарады-ау» деп
Сырттай ойнап-күлгенмен, майдан іші.
Асып-тасып тұрғандай айбары шын,
«Полигонның кесірі» – ойдағысы.
Қателігі ғасырдың біліне ме,
Бейуақыттың болмайды айтары шын.
Мынау өмір өз заңын мойындатып,
«Анемия» әлсіздікті уайымдатып.
Қанын да ауыстырды күдікті күн,
Бөтен қанды құйды әкеп қоюлатып.
Тамырынан тамызған сықпа қан сол,
Бойға тарап жатқанмен шықпа жан сол.
Бөгде қанда қасиет қайдан болсын,
Кіндігінен қиылып шықпаған соң?!
«Қан керек!» деп емхана шулап жатты,
Жас ару жасты көзін сулап жатты.
Өгейлігін танытып тегі жоқ қан,
Туған қанды тепкілеп тулап жатты.
Билемейді күш-қуат, сенім бойды,
Дертке қарсы шыға алмай көңіл тойды.
Таңдайынан тіршілік дәмі кетіп,
«Иммунитет» «иманның» тегін жойды.
О, шындық! Бәлкім сен де жалығарсың,
Ақиқаттың аспанын сағынарсың.
Мансұқ тұтып киелі қасиетті,
Өз-өзіңнен жасырынып, сабыларсың.
Кеткен күнде махаббат аңсары кем,
Арманына асылған жан жары дем.
Толғақ қысып жас ана толықсыды,
Ажал-көрші сығалап таң сәріден.
Жер ғаламды шертіп қап жиі сүргін,
Шырағайлап жол таппай жиі сынды.
Толғатқанда ойлады қайран сұлу
Соры қалың екенін сүйісудің.
Екі өмір де таласты, тыншымады,
Кейде тулап, кейде үнсіз тынышын алды.
Көндіре алмай турашыл табиғатты,
Ішін басып, беймезгіл қырсығады.
Дәрігерден бір көмек сұрағандай,
Қарашығын қадайды сірә да алмай.
Дәрменсіз тар төсекте дөңбекшиді,
Тұла бойы дірілдеп жылағандай.
Айналаның барлығы тұманданып,
Бала үстінен қан кетті қызаңданып.
Жылдамырақ дайын боп хирургтер,
Үміт күтті пышақтан күмән қауіп.
Тыпырлайды шарана тұншығардай,
Қайшы тілі сызады сыр шығармай.
Операция қан-жоса жүріп жатты,
Жылнамашы меңіреу үн шығармай.
Қан әйтеуір құрсақтан тоқтамады,
Онсыз да әлсіз жүрек көп талады.
Әйелді алып қалуға жанталасты,
Дәрігердің қашанда көп хабары.
Қос өмірдің тірлігін дара санап,
Қажет емес бұл жерде орашолақ.
Шарананы бірге алды ұясымен,
Өлім менен өмірді арашалап.
Ақтық рет ана-өмір сақталынып,
Махаббат ұлы сезім тоқталынып.
Ананың құрсағында өлім-өмір
Аналық ұяменен жатты алынып.
Атом ой, атом дәуір есті бөгеп,
Ұрпақ жатар құрсақты кесті бөлек.
Ол заманда бұл заман дүниеде
«Жатырсыз ана» барын естімеп ек.
Хақ тағалам шебер-ау, құдіретті,
Адамға құрсақ-ұя тұғыр етті.
Бар тіршілік құрсақтан қуат алып,
Сезімдерді суарып ғұмыр етті.
Ұлы ұя. Бұл жерде сұрақ құрбан,
Адам түйсік ғұмырды сынап тұрған.
Бүкіл тамыр тоғысып сол ұяға,
Сезім деген ұлы күш тұрақ құрған.
Бұза алмады ешбір жан үнсіздікті,
Ұясына кіре алмай күн сыздықты.
Табиғаттан кіндігі ажыраған
«Әйел емес» әйелді үнсіз күтті.
Солай ғылым құр жанға шырақ жақты,
Құрсақ еті анадан жырақ жатты.
Бүкіл сезім, мейірім атаулыны
Қолдан беріп, жас ару сұлап жатты.
* * *
Төрт-бес сағат сорлы әйел сұлап жатты,
Еміс-еміс ой-елес құрап жатты.
Махаббат пен бал түннің куәгері –
Тұңғыш ұлы іңгәләп жылап жатты.
Дөңгеленген дүние тұрғаны жоқ,
Адамдардың қолының құрғаны көп.
Бейшара әйел бейбақ боп жатыр енді
Атом кешкен өмірдің құрбаны боп.
Емханадан шығарып дәрігері,
Көп сырды айтты тұспалдап, әрнені.
– Өзің ғана сақтасаң құпияңды,
Бәрі жақсы болады әлі, – деді.
Келіншектің көз тастап аяғына,
Деді ішінен: «Сорлыны ая, Құдай».
– Баяғыдай төсекте бола алмайсың,
Етеккірің болмайды баяғыдай.
Бәріне де кінәлі ғасыр, – деді, –
Күйеуіңнен сырыңды жасыр, – деді. –
Әйелдің әтектігін білу қиын,
Төсекте қулығыңды асыр, – деді.
Сөйтіп ана бақыты жанбай қалды,
Жарына да құшағы қанбай қалды.
Болашақта ана да бола алмайды,
Ешкім білмес мүгедек жанға айналды.
Естуші еді жаман деп жер қарғысы,
Заман үшін келмейді кем қалғысы.
Жатырының жоқ екенін естіген сәт
Ағыл-тегіл еңіреп келді алғысы.
Бірақ-бірақ көзден жас құламады,
Көңілі де сел болып сұламады.
Сұп-суық боп сілейіп тұра берді,
«Неге солай?» деп тағы сұрамады.
Қасіреттің шешімін табады кім,
Қара жер топырағынан тарады күн.
Жанардың мұң-қайғысын ұға білген
Қайдасың «елім» деген саналы ұғым?!
Ал сол сәтте шабылып ауыл-аймақ,
Жас ана мен сәбидің қамын ойлап.
Бір-бірінен сүйінші сұрап жатты,
Құдалар, туысқандар «А, құдайлап!»
«Ұл келді» деп барлығы қуанысты,
Көңілден де көздерден шуақ ұшты.
Бар жағдайдан бейхабар күйеу жігіт
Сәбилі болғанына қуанышты.
Ақыл сұрап, есін ап жеңгесінің,
«Дайында» деп тапсырды тал бесігін.
Ұлы толғақ үстінде туған ұлдың
Абылай деп қоймақшы болды есімін.
Қуанды әке:
– Осы, – деп, – қолғанатым,
Құдайдан тілегенім сол болатын.
Алты алашқа белгілі ер болсын деп,
«Абылай» деп азандап қойған атын.
Бәрі де өтті – бесік той, шілдехана,
Ағыл-тегіл дастархан. Күнде шарап.
Тал бесік балағында құр мүсін боп,
Күбірлеп күрсінеді іргеде ана.
Ана жанын еш адам ұғынбайды,
Баяғыдай қыран көз сұғынбайды.
Біреулердің бақыттан басы айналып,
Көздің жасын бір бейбақ сығымдайды.
Әзірше ешбір жанға мұң шағылмай,
Құдайға жалбарынды шын шағынбай.
«Құндақтап сәбиімді сүйгіздің-ау,
Беймезгіл тұлдыр қылмай, тұмса қылмай.
Ей, Алла! Рахмет осыңа да,
Таба қылма дұшпанға, досыма да.
Сәбиімнің қызығын көруге жаз,
Тілейтінім тек енді осы ғана».
Деп ана шаранаға еміренді,
О, мейірім, жас болып төгіл енді.
Әлденеден жерінген жасын көңіл
Жасандылау, жасықтау тебіренді.
Ана иісін сәбидей кім біледі,
Көкірегін нәресте тілгіледі.
Омыраудың ақ сөңке сүті кетіп,
Амалсыздың түндігін тілгіледі.
Бұл фәниден нәресте не біледі,
Ана төсін аймалап тебінеді.
Ащы сүттің бусанған бір тамшысы
Тас емшектен шым-шымдап сезіледі.
Құндақталған аш сәби ақ киімді,
Шырқырайды жұлмалап тас түйінді.
Тас емшектен уға ұқсас ащы кермек
Бір-ақ рет тамды да, сап тыйылды.
Не шығады сорғанмен құр сүліктен,
Ешбір тілмен жеткізбес жыршы біткен.
Мынау жатқан тіршілік шөлге айналды,
Шөлдемеген тіршілік тіршілік пе?!
Естімейді зарлыны қоғам мына,
Ұлы сезім, жыласаң, соған жыла.
Кімді айыптап күнәға тартсақ екен
Көлге татыр көз жастың обалына?
Үйіріліп күрең бұлт сор басына,
Сел жаңбыр сіркіресін ордасына.
Дүниенің есігін енді ашқан
Періштенің бейкүнә көз жасы ма?
Бейкүнә бір отаудың сәні кетіп,
Жігіттің есі шықты мәні кетіп.
Шырқыраған сәбиін жұбата алмай,
Ана отыр бар үмітті тәрк етіп.
Келінінің кеткен соң тосын әлі,
Ене байғұс баланы қасына алды.
Қара қойдың қағып ап өкпесімен,
Ала сиыр сүтімен асырады.
Опасы жоқ тіршілік мынау жалған,
«Қал қалай?» деп бүгінде сұрау да арман.
Жас ару сәбиінен тірі айырылды,
Келмеді жан дүниемен жылау қолдан.
Түн баласы құрғатып несіп жырын,
Жұбайларға күмәнді кесір ғылым.
Жығылды кеп тағдырдың соқпағына,
Айта алмай ең күнәсіз бесік жырын.
Қайтеді құр өлексе жанды мына,
Көзімен атқызады таңды мына.
Күйеуіне тек үнсіз жаутаңдайды,
Мұңын айтып ала құйын тағдырына.
Бұрын бәрі өзгеше көркем еді,
Енді өзі жұбайынан жеркенеді.
Бал ернінен сүйсе де еміреніп,
Бұрынғыша жалындап өртемеді.
Желкілдеген жас шағын сан аңғармай,
Күйеуіне көңілі жоғалғандай.
Ұрғашы мен еркекті туыстырар
Бүкіл ұлы сезімнен тоналғандай.
Сұмдық екен жас жанның күрсінгені,
От сезімге су құйған құрсын емі!
Бейтіршілік бейхабар халге түсті,
Адамдықтың қаңқасы құр сүлдері.
Ерке қылық құшақты сағынбайды,
Тәтті көңіл төсектен табылмайды.
Қыранының көңілін аулайтұғын
Жасандылық сезімге бағынбайды.
Болса-дағы әйелдің берері көп,
Қазір оған түктің де керегі жоқ.
Күйеуінің құшағы өртемейді,
Шымылдық ішіндегі желегі жоқ.
Күйеуі де бір сырды сан аңғарды,
Салқындықтың сәулесін жаға алмады.
Бал сезімнен балбырап жүретұғын
Аяулы жар қылығын таба алмады.
Есіне алып бал дәурен өткендігін,
Бір жұмбақтан ер жігіт сескенді бір.
Кімнен, неден көрерін білмей жүрді
Әйелінің өзгеріп кеткендігін.
Қайтсін әйел келеді жасырғысы,
Бірақ оған көнбейді ғасыр күші.
Сырын жауға білдірмей тырысса да,
Тағылықтың қоймайды тосын күші.
Өмірдегі бір үлкен жаңалықтың,
Атом кешкен тамыры жаңарыпты.
Түбін кескен тамырдай қурап жатты
Етеккірі тоқтаған аналықтың.
Тірлігіне тек әйтеу өкпелейді,
Қуаныш, қызыққа да беттемейді.
Бұтағынан түйін де бере алмайды,
Су ішпеген тамырдай көктемейді.
Жер-анадай жаңбыр да тілемейді,
Күндіз күлкі көңілден сыр егейді.
Күдер үзіп төсектен кеткен болар,
Қазір үйге жары да түнемейді.
* * *
Солай мұңлық сан түнді аралатты,
Құпия ғып жан білмес қара дақты.
Күлкі үйірілген өңінен нұры тайып,
Күннен-күнге қартайып бара жатты.
Өкініштен, күйіктен жанады жан,
Байқатпайды көп сырды жанарынан.
Болашаққа үмітсіз жаутаңдайды,
Есіне алып сол күнді нала қылған.
Көп нәрседен бұрындар жаңылыпты,
Мақтаған полигонның мәнін ұқты.
Күйеуіне бір күні назын айтты
Өзіндегі бір жұмбақ тағылықтың.
– Жаным, – деді өзінше салқын үнмен, –
Айналдым мені сүйген бал тіліңнен.
Мен қазір бұрынғыша сүйе алмаймын,
Білмеймін, өзгешемін, жалқымын мен.
Біліп жүрсің, мен сені жиі алдаймын,
Құшағыңды жат көрем, сыя алмаймын.
Білем, сезем, жүрегім алдамайды,
Енді мәңгі мен сені сүйе алмаймын.
Әрине, мен бақытты ем сеніменен,
Сен бақытты болмайсың меніменен.
Жан берсем де, жар беру оңай емес,
Қимасам да рұқсат, еңіремен.
Деді-дағы бұзған жоқ сол қалыпты,
«Қиналам-ау» деп бекер толғаныпты.
Сезімдердің төресі қызғану ғой,
Қызғаныш та, япыр-ай, жоғалыпты.
Сөйтіп, өзі күйеуін атастырып,
Ақ отауы көрінді қапас құрлы.
Шер ғаламды толтырып қасіретке,
Қателік пен қылмысты шатастырды.
Сезу, сүю – адамға ең керегі,
Жасыра алмай жан сырын сенделеді.
Тұңғиыққа тылсым түн тынып тұрған
Арудың зарын тыңдап тербеледі.
Ешкімнен ала алмаған өмір өшін,
Түн-ару жібітеді көңіл есін.
Түніне бар қайғысын бесік етіп,
Жұбана алмай жан дүние еңіресін.
Жан еді ол мейірімге асқан жаны,
Қатыгездік қоршады тастан да әрі.
Жанұясыз, ғашықсыз күн кешеді,
Тағдыры бар құстың да аспандағы.
Әлдекімге айтсам деп ағым жайлы,
Қанша ұмтылса бір күш бар бағынбайды.
Қос анарын идіріп, еміреніп,
Ана құсап баласын сағынбайды.
Өтіп жатты білінбей зала күндер,
Жары да жоқ қасында, бала күдер.
Сезімдері көз ілген аруананың,
Көкірегін езеді нала күндер.
Ұлы өмірден тоналып тылсым қылық,
Жиырма бірдің желегін ұмсындырып
Отау үйге көмілді қасіретке,
Иманы бар жүректі күрсіндіріп.
* * *
Аз ба, көп пе, білмеймін, түсінгеннің,
Мен қазір Жер-ананың ішіндемін.
Қаза болған жандардың моласынан
Қатты шошып, ұлиды ішімде мұң.
Қара жерге қармақ сап топас құлдық,
Полигон деп зұлымдық отастырдық.
Қан жүретін тамырын талқан етіп,
Қателік пен қылмысты шатастырдық.
Елу жылды елемей ортақ үміт,
Бомбаларды сынадық сор табылып.
Адам-ана құрсағы қолды болды,
Жер-ананың құрсағы қопарылып.
Мөлдіреген қанша айдын лайланды,
Ей, адамзат, кім білер бұл айлаңды?!
Жер-анадан нәр алар келер ұрпақ
Қасіретін кімдерден сұрайды енді?!
Сор даладан сор ішкен сортаң халық,
Бедеу еттік ұл-қызды, жол таңдадық.
Адам-ана құрсақсыз күн кешкендей,
Жер-ананың жатырын талқандадық.
Осылай Ана, Тұқым, Текті үзіппіз,
Аталық мейір нұрын кеткізіппіз.
Болашаққа жерге де ең қауіпті
«Ұрпақсыздық» ілімін жеткізіппіз.
Адам ғой қара жер мен көк тірегі,
Мұнарасыз махаббат көк тіледі.
Бәрінен де тұлдыр боп қайран ару
Қара жерге қайғысын төкті келіп.
Місе тұтпай тірлікті тағы жаны,
Жалқы жаны тау-тасқа бағынады.
Бедеу әйел қосылып бедеу жермен,
Боздаған қобызға ұқсап аңырады.
– О, жаратқан! Жараттың тар дүниеден,
Жалбарынам, құрсағым талды неден?!
Барды жасай білгенде жоқ нәрседен,
Барды жасау қиын ба бар дүниеден?!
Әлдекімде кетті ме тірі кегім,
Мынау жалған несіне бүлінеді?!
Өлі жерді тірілткен құдірет-ау,
Неге өлтірдің сезімді тірідегі?!
Адам қолы тоздырып төзімімді,
Адам қолы тонады сезімімді.
Махаббат бер, жігер бер, құштарлық бер,
Қайтар маған бар ұлы сезімімді!
Бір жақсылық күтем-ау текке күннен,
Адами түйсікті бер текке күйген.
Бүйтіп тірі қалғанша күйік құшып,
Неге сонда мәңгі өліп кетпедім мен?!
Жер-ананы жастық қып әйел басы,
Майда самал сипады қара шашын.
Сыры бірге жаралы Жер мен Ана,
Бір-біріне мұң шағып төкті жасын,
Адам түгіл, мейірге тас иетін,
Қайран ұлы сезім-ай бас иетін.
Сол сезімді саудаға айналдырып,
Білмей жүр-ау біреулер қасиетін.
Күңіренді қара жер ауырғандай,
«Аһ» дегенде қатты дем тауды ұрғандай.
Еңіреген арудың көз жасы боп,
Жер-ана жаңбыр жасын жаудырғандай.
Адамзатқа жабайы жат қылығын,
Жер-ана да жерініп жатты бүгін.
12-161
Адам-ана зар мұңын көтере алмай,
Аунап-толқып Жер-ана шақты мұңын.
– Ей, Ана! Мен де сендей маздамадым,
Бомбадан мен де құри жаздамадым.
Мен де сендей бейбақпын, құрсақсызбын,
Адамға қызмет еттім азғана күн.
Мен де сендей бағымды сағынбаймын,
Дертке толы тастардың қоғындаймын.
Адам-ата заманындай мәуелі бақ
Қазір менің бойымнан табылмайды.
Сені құртқан адамның алақаны,
Мені құртқан адами аласалық.
Құрбанымыз екеуміз адамдардың,
Менің де күнім күрең, ала таңым.
Баяғыдай менің де құдіретім жоқ,
Бойымда қасірет пен індетім көп.
Ішімді мынау пендем қайдан білсін,
Айтуға жеткізуге менде тіл жоқ.
Ана шерін жер мұңы тұмшалады,
Қайғысы бір тірліктің мұнша халі.
Бірі жаспен, ал бірі топырақпен,
Бейаналар қауышып мұң шағады.
Дүниеде бұдан артық қорлық бар ма,
Кім көнер мұндай үкім, зорлықтарға?!
Жер мен адам мәйегін мұрат еткен
Ғылымда бұдан артық зорлық бар ма?!
Барлығына көнеді бойсұнғандар,
Біз білмейтін жүр қанша жайсыз жандар.
Шырылдаған жанына демеу болып,
Көз салмайды бүгінгі ойсыз жандар.
Айырылған отбасынан, жолдасынан,
Арудың қасиетіне ән қосылған.
Ұлы өлкеде атақты жасыл көл бар,
Көл орнатып кетіпті көз жасынан.
Кесел кешкен кесірдің жас қаны әлі,
Дәрменсіздер көзінен жас тамады.
Көп нәрседен жерінген өмірдегі
Қатыгездік осыдан басталады.
* * *
Қасіретшіл, атомшыл, ей, даналар,
Ғасырыңда осындай кей жара бар.
Күнә жапқан полигон аймағында,
Көресің бе, құрсақсыз бейана бар.
Қасіретін білеміз Неваданың,
Естігенбіз есімін Женеваның.
Қара жерді тапсырып ғасырыма,
Жан жарасын аршыдым мен ананың.
Қалай жауып қоя алам масқараны,
Қадір, қасиет құрсақтан басталады.
Ақылдың құрбаны етпей болашақты,
Бола ма екен ғылымның басқа амалы?
Бойжеткен-ау, болашақ ғасырымның,
Сен де жары боларсың жасын ұлдың.
Шытырман құпияның арасынан
Ебін тауып өзімше атырылдым.
Не дейді екен түсінген бұған ағын,
Ана зарын мен, әйтеуір, құп аламын.
Сырға толы құпия ар жағынан,
Белгісіздеу үміт боп сығаладым.
2000 ж., қыркүйек
АЛТЫННЫҢ БУЫ
Аспан мен жерді жалғап жаттанды күн,
Сол күннен сыр суырып ақтардым үн.
Ең басты қателігі адамдардың –
Білмейді қайда бара жатқандығын.
Бай болу – бүгін бізде бір-ақ арман,
«Емі жоқ аурудың сұрап алған».
Дауасыз сырқатынан айыға алмай,
Құр үнсіз күрсінеді мына жалған.
Айырмай адалдық пен ақ-қараны,
Көк қағаз көңіл құрты, бақ қамалы.
Берекесіз тірліктің шоғын көсеп,
Ұлы ақыл өлі мүше боп барады.
Ұрыс-жанжал, дау-дамай тек шықпайды,
Бәріне дүние себеп, көпшік қайғы.
Бойдағы улы уыттың әсерінен Адамдар жүрген жерден шөп шықпайды. «Сиқыр ақша» алдымен сананы алды, Қалың ел бай-кедей боп дараланды. Қоғамды кезіп жүрген бір қателік Мендегі тәтті ұйқыны тонап алды. І Қайран абыз – халқымның көркем есі, Қашанда пенделерге ар төреші. Есті сөз оралады орнын тауып, Болмайды игіліктің ерте-кеші. Қайша анам – Мәжен қажы немересі, Қашаннан керілген кең керегесі. «Мың бір түн» ертегісін көп айтатын, «Көргендінің үлгісі» деген осы. Әкесі – Саяхмет ел білетін, Шежіре, әңгімешіл белгілі еді. Бір таңға әңгімесін тыңдаған ел «Ертегіші Саяхмет» деп жүретін. Шешем де есті сөзбен сусындаған, Орайы келген жерде қымсынбаған. «Тектілік нағашыдан» дейтін болса, Жиендер қалай ғана тусын жаман? Кешкілік ел орынға жайғасқанда Бала қиял шығарып айды аспанға.
Шешемді шыр айнала қоршап алып,
Бас қоямыз ертегі, ой-дастанға.
– Баяғыда, – деп бастап ертегісін,
Тереңде бір күрсініс өртеп ішін.
Жасаураған көздерін сүртіп қойып,
Баппенен ақтаратын көркем ішін.
– Бір туған екі жігіт болған екен,
Ата-анасыз тұл жетім қалған екен.
Екеуі су жағалап, балық аулап,
Біріне-бірі серік, қорған екен.
Намысты ер кедейліктен жасымаған,
Мейірін бір төгер деп осы заман.
Құдайдың бергеніне тоба десіп,
Аға-іні екі отбасын асыраған.
Атадан қалған кәсіп – балық аулау,
Азабын бұл кәсіптің жан ұғар ма?
Балықты өзен іздеп келе жатып,
Алыстан сағым көрді, таңы бар дау.
Дауласты, бірі: «Жай бір сағым», – деді,
Біреуі: «От немесе жалын», – деді.
Екеуін магниттей тарта берді
Жалғанның жалтыраған сағым белі.
Жақын келсе, бір таудың кезеңі екен,
Кезеңнен ағып жатқан өзен екен.
Өзеннің күнгей беті қызғылт тартып,
Көрінген жұмбақ сырдың өзегі екен.
Пысық еді інісі ағасынан,
Бір сыр ұқты өзеннің жағасынан.
«Қазына бар осының бастауында,
Не де болса тартайық о басына».
Інісінің бұл сөзін құп алады,
Көңілінде жоқ оның түк алаңы.
«Мына жалған дүние», – деп ойлады, –
Тұрған шығар тағы да сынағалы».
Тау асып, тасты кезіп ұзақ жүрді,
Өзек жалғап, аң аулап, тұзақ құрды.
Ертеңгі кешкі бесін болған кезде
Жылан көз бастауға кеп тұрақ қылды.
Тас жарған көз жасындай бұлағы екен,
Таң нұрына сағым боп тұрады екен.
«Алтынның түсі қызғылт болады» деуші ед,
Қызғылт сағым су түбінен шығады екен.
Қуанғаннан інісі жарылардай,
Құшақтады ағасын жаны қалмай.
«Біз алтынның үстінде тұрмыз, аға,
Бұдан артық бақ қане, тағы қандай?
Құдай бізді қашанғы жылатады,
Айтып ем ғой, таңымыз бір атады.
Жаббар ием шын сүйген адал құлын
Осылай тосын сыймен жұбатады».
Екеуі де ес шыға қуанысты,
Қос қолдап бұлақ суын жылап ішті.
«Ей, Аллам, ұзағынан бере гөр» деп
Жалбарынды тұрғандай құран үсті.
Аз уақыт ес жинап кіріседі,
Жер қазып, алтынды алу – дұрыс емі.
Бейнетпенен тас қашап, құмды қазды,
Алтын деген байлықтың ірісі еді.
Күні-түні екеуі дем алмады,
Алтын көрген көз құртын жеңе алмады.
Деуші еді жақсылыққа жету қиын,
Осы шығар жоқтықтан кек алғаны.
Сонда да түбін көрмей тоқтамады,
Қанағаттың қашанда жоқ қамалы.
Не нәрсенің шектен тыс көп болғаны
Алдымен адам деген атты алады.
Мұндайда күн де, түн де келте сүрең,
Екі ғаріп енші алып жер төсінен.
Сайтан сағым қанағат шегін ұрлап,
Кенелді сол алтынға белшесінен.
Аға-іні есі жоқ, басы қауға,
Неге сонша құмартты осы жауға?!
Саф алтын екеуіне ғана емес,
Жететін бүкіл елді асырауға.
Інісі айтты: «Қанағат осыған да,
Жетеді жеті ұрпақты асырауға».
Дегенін қайран аға тыңдамады,
Көңіл деген тына ма тасығанда?
Есін ап адам атты ұлы күштің,
Азғын ойдан қызарып күн ығысты.
Ар сызығын айырмай, айғақтатпай,
Бары рас азғырынды ібілістің.
Ақыл-есті алтынның мысы басып,
Жауыздық пен ашкөздік ұшырасып.
Дүние шыр айналып жүре берді
Мас адамның басындай құты қашып.
Бейуақыт, күн мен түннің арасында
Бір жаман ниет туды ағасында.
«Алтынды мен бірінші таптым ғой деп
Інісі шығар бір күн таласуға.
Өлтірейін байлыққа ортақ қылмай,
Жүрмейін алдында оның қорқақ құрдай.
Мұның көзін құртайын, – деп ойлады, –
Әйелімді, баламды жалтақ қылмай».
«Алтын көрген періште жолдан тайған»,
Алды-артын ойлай алмай жардан тайған.
Адамның ниет-пейілі бұзылғанда,
Бауырына жау болар ардан тайған.
Ойламады обалын бұл ісінің,
Соңынан ерген жалғыз тынысының.
Мақпал түннің құмарпаз құшағында
Жанын алды ағасы інісінің.
Азғын ойдан жауыздық жеткізіліп,
Есті істен есер бір ой өткізіліп.
Кіндіктен тарайтұғын бір жібек жіп
Жат мінезді жеңе алмай, кетті үзіп.
Айыбы азғындықтың ата күнә,
Жұтым суды атау кере атады да.
Тапқанын таңдайына бір татпай-ақ,
Аттанды іні киелі өлім сапарына.
Күнәсіз қан шашырап жапыраққа,
Қарғыс айтып құба бел ақымаққа.
Түн тұншығып аспанның құшағында,
Ай қарайды кінәлі топыраққа.
Санадан серпіп тастап сан күдігін,
Ағаны алып ұшты таң дүбірі.
Түтіннен жалау байлап ауыл тұрды,
Айғақтап бұл жалғанның мәңгілігін.
Өткенін тез ұмытты адам мына,
Ей, пенде, жылар болсаң, соған жыла.
Сырғиды суыртпақ жол көз талдыра,
Айналып жауыздықтың аралына.
Қап-қап алтын пұлының санын күптеп,
«Ырысым, ырыздығым, таңым құт», – деп.
Бір-ақ сәтте бай болып шыға келді
Құрсақтас жалғызының қанын жүктеп.
Байлығы ештеңені ойлатпады,
Сәт сайын шығатындай жайлап таңы.
«Байлық-дәулет – сын» дейді иесіне,
Дүние-жалған парқына бойлатпады.
Асып-тасқан бай болды мейірі жоқ,
Қайырсыз, қанағатсыз пейілі жоқ.
Малды иттікпен тапса да есі кірмей,
Адалдыққа жұмсауға кейібі жоқ.
Жалшының да ақысын жөн қылмады,
Мал шетіне тигенді оңдырмады.
Өзге түгіл, өзінен малын аяп,
Маңайына қоңсы да қондырмады.
Кедейді түгі жоқ деп сынап аран,
Ашқарақ құмсарлығы дуалаған.
Кешегі жоқшылығын ұмытыпты
Алтынның буына мас дүбара жан.
Өз байлығын күзетіп қасаң қылық,
Тыққан алтын тыншытпай осал қылып.
Біреулерді қаңғыртса жоқшылығы,
Байды алтыны қаңғыртты масаң қылып.
Сайтан сағым жетелеп алдамшы арды,
Пұлы үшін талайды жардан шалды.
Иманы мен жиғанын екі бөліп,
Адам бұзып кіре алмас қорған салды.
Бұл жалғанды тулатқан күн иеге,
Бұралаңын тірліктің мін ие ме?!
Өзіңді дүниенің құлы қылу
Ең ауыр азап шығар дүниеде.
Беймаза дүниеқұмар тағы байдың
Таппады күндіз-түні жаны жайлы.
Алтынның буына мас болған адам
Белі шыққан бесігін танымайды.
Мәнсапқа адам жаны тез көнеді,
Күн сайын болса дейді өз дегені.
Алтынның буына мас болған кезде
Адамның ниет-пиғылы өзгереді.
Жалғанда жағымпазға атақ ермес,
Мейірімсіз, сараңдар бата көрмес.
Өзіңнен қызғанатын дәулет – малың
Өзгеге өтіп, еліңе опа бермес.
Алтынның буын мәрттер таба алмайды,
Байлығың кетпес дәулет бола алмайды.
Мәреге өліп-өшіп жеткен жерің
Балаңа мәртебе боп қала алмайды.
Ашкөздік – адасқанға алып қайғы,
Иманы бар жандар еш қорықпайды.
Өзіңнің өліп-өшіп шыққан шыңың
Артыңа биіктік боп жарытпайды.
Бірақ мұны байғұс бай ұға алмады,
Естілердің айтқанын құп алмады.
Жер бетінде дұрыстап жүре алмады,
Адами шын жылап, шын күле алмады.
Қанағатсыз қу жаны тына алмады,
Дүние шырмауынан шыға алмады.
Сайтани бір сағымды қуамын деп
Иманын жоғалтқанын біле алмады.
Түнде шошып оятып түсіндегі үн, Қыңсылайды көңілдің күшігені. Есерсоқ, есссіздігі опа бермей, Қатты шошып, ұлиды ішінде мұң. Бұл жалғанның жеткізбей жоққа десі, Алтын сағым арбайды көкте елесі. Адамды қартайтатын уақыт емес, Жіберген ит тірлікте көп қатесі. ІІ Сол жылдың қысы боран, ызғарлы еді, Бай отырған қоныс та құз-қарлы еді. Дәулет-малын өзгеден қызғанатын Сараң байдың қаһарлы, ызғар лебі. Ақ боран алай-түлей, санаулы шақ, Астан-кестен етті де, бар әнді сап. Бай ауылын бір сәтте басып қалды, Табиғат қателеспейді адам құсап. Шіріген байлығының аран бағы, Қайтсін енді, түбіне бара алмады. Жинаған алтыны мен ділдәлары Қу жанын аман алып қала алмады. Адам күні адамсыз күні қараң, Дүние кімге жолдас жолы тараң? Екі иығы селкілдеп, ағыл-тегіл Жылап та үлгермеді сорлы сараң.
Алтынның буы салған өзекке құрт,
Дүние жалған заңы кезек болып.
Тезекті домалатқан қоңыз кейіп
Жиғаны қалды солай тезек болып.
Мал табуы адамның болмысынан,
Мал шашарлық болары жазмышынан.
Қиын дейді қарғысы адамдардың
Жаратушы құдайдың қарғысынан.
Алтын тура жолыңнан бұрады екен,
Дейтіндей «Ақылыңды сынап өтем».
Періштені «жолынан тайдырам» деп
Алтын деген қан тілеп тұрады екен.
Беймаза рақым іздеп текке күннен,
Бір жауап таба алмай-ақ өткенінен.
Бейопа қаталдығы жанын жеумен,
Тыныш өмір сүре алмай өтті өмірден.
Айналып құрбанына сел-көшкіннің,
Жиғаны бұйырмады келмес күннің.
Кетпейді о дүниеге көздің жасы,
Шектірер қасіретін өрмекші күн.
Сүреңсіз мына жалған сан ағатсыз,
Ақша деп адамдықты тонап аппыз.
Бір уыс топыраққа ғана тойған
Түбі жоқ адам көзі қанағатсыз.
ІІІ Қабақтың қыртысына ой түнетіп, Жаулығына оралып ай тілегі. Әңгімесін аяқтап болған шешем: – Алтынның буы қиын, – дейтін еді. – Өмірдің мектебінен туындаған, Көтерген бар байлықтың буын далам. Бек болу, бай болу да қиын емес, Көтере алса, алтынның буын санаң. Байлық буы адамнан өтеді екен, Ақылың серік болсын өте бекем. Алтынның буына мас болған кезде Ашқарақ көз түк көрмей кетеді екен. Алтын көрсе бұзылған ар атасы, Бола алмайды жаныңа арашашы. Ақыл-есін буына алдыратын Алтын таққа отырған хан опасыз. Қазіргілер қазақтың салтын бұзып, Сый қылады тойларда алтын жүзік. Мысқалдай алтынның да өз буы бар, Көтере алсаң, сал сонда алтын жүзік. Бабаларым күмісті ардақтаған, Қыз көркі мен бөркіне салмақтаған. Қарапайым, елеусіз көрінетін Күмісте қасиет бар ардақтаған.
Күміс ер, күміс қамшы ырыс деген, Қалыңдықты күмістеу дұрыс деген. Шайқасса сабыр, салмақ береді деп, Ердің тоғыз қаруын күмістеген. Бұл фәнидің қас-қағым сынағы шын, Ұғысар уақыт болар бұла күшін. Құдай өзі күміске қуат беріп, Ал алтынды жіберген сынақ үшін. Жұмбақтың білмейміз біз атын әлі, Дүние – мұхит, теңізге батырады. Алтында еліктету, елірту бар, Күміс – ақыл, сабырды шақырады. Солай, балам, алтынның мұраты жоқ, Жүрген жері қантөгіс, сынағы көп. Өзінің жылтырына сенгеннен соң, Көшіп-қонып жүреді, тұрағы жоқ. Алтын құрмет тілейді – ардақты бол, Күмістей болсаң, асыл салмақты бол. Деп түйіндеп, аяқтап әңгімесін, Ана мейір өзіме таңдатты жол. ІV Пенде ғұмыр бір күліп, бір жылайды, Бір түйсік сезген ақын жыр құрайды. Жығылып, сүрінбейді адамға ұқсап, Жалғанда ағаш қана бір құлайды.
Ақшаға піскендерді бары алдаған,
Мансапқор, марғауларды төр алдаған.
Байларда мықтылардан әлсіз басым,
Жолдарын шырағайлап таба алмаған.
Болмайды асқақтықтың тегін емі,
Алтынның буынан ес тебінеді.
Дүниенің, көңілдің құлдары боп
Адамдар екі топқа бөлінеді.
Көңілдің құлы болсаң, оқасы жоқ,
Еліңнің есті сөзі, батасы көп.
Егер де дүниенің құлы болсаң,
Түбіне жеткізбейді, опасы жоқ.
Бүгін алшаң басқанмен жалған кейіп,
Мынау бес күн тірлікті жалған дейік.
Бір уыс топырақтың астындағы
Шіріндіге айналар қайран кейіп.
Баталы құл арымас, берген көптің,
Естанды, есер болсаң, елден кеттің.
Бәленше деген байдың құрметіне
Алтыннан салған зират көрген жоқпын.
Жалғанда жалған ісін хақ сайлаған,
Данадан, ақылдыдан бақ таймаған.
Байға да, ханға да емес, әкімге де,
Ақынға тағзым етіп, ақ байлаған.
Қашанда жақсылықтың көп сауабы,
Адамның өз ісіне дөп жауабы.
13-161
Жас болып, барлық күнә-күнәһарлық,
Қыста қар, жазда жаңбыр боп жауады.
Заман көшін өзгертіп нарық келді,
Санамызды сандалтып, салық белді.
Алтынның буына мас пенде тірлік
Әлемдік дағдарысқа алып келді.
Адам саумақ заманның сыңсығаны,
Сайқал сөзді сүйрелеп қырсығады.
Мың дауысты парламент мінбесінен
Дауысы шықпай бір шындық қырсығады.
Тойға келген қыз дейді бақ дегенің,
Қолдың кірі емес пе тақ дегенің?
Күллі әлемді оятқан құндағынан
Бармақтай-ақ дейді ғой бақ көлемі.
Айды аспанға білеген сері небір,
Тірлігінде алаң бар, өр реңі.
Адасқан аралында жалғыздықтың,
Жалғыз қаздай боп маған көрінеді.
Саумал сабыр, самалдай байсалдылық,
Үндемейміз. Бізге тән қайсар қылық.
Алдына жан салмайды үндемеуден,
Қайран қазақ жатса да ай саңғырып.
Көптің ісі сөзінде бүкпесі жоқ,
Ақын – жалғыз, жанкешті жүк көші көп.
Өмір деген жалғыз бен көпшіліктің –
Бітіспейтін майданы нүктесі жоқ.
Сәнге айналып Құранның шариғаты,
Қаулап өсті саудагер қари-қажы.
Ар мен ұят байлықтың, ең бастысы,
Ұятсызданды адамның табиғаты.
Қазақ салты сан қырлы сыры неткен,
Суыртпақ сыр қозғайды тілі жеткен.
Дана халқым кез келген жақсылыққа
Қарапайым күмісті ырым еткен.
Бабам салған сара жол алабөтен,
Кешегіден бүгінгі сана бөтен.
Өркөкірек, паңдықтан сақтасын деп
Күмістен өңір-алқа тағады екен.
Бабаларым мән берген асыл іске,
Ескерусіз қалады асыл іс кей.
Күміс жүзік салмаған әйел қолы
«Таза емес» деп кетеді асын ішпей.
Жат пиғыл, жат қылықтан ада бол деп,
Күмісті салмақты да, мазалы ол деп.
Нәрестені қырқынан шығарғанда
Түсірген күмісті суға «таза бол» деп.
Алтын адам пейілін тарылтады,
Күміс сырқат дертіңнен жазылтады.
Күмістен жасалатын зер белбеулер
Адамды артық майдан арылтады.
Күміс қазақ халқының тұмары деп,
Жақсылық атаулының тұрағы деп.
Күмістелген ыдыстан сусын ішкен
«Асқазанды тазартып тұрады» деп.
Алтын – қатал, тәкаппар, атаққұмар,
Мақтанғанды сүйеді атақтылар.
Күмісте бір тылсым бар қарапайым,
Сол пейілден қасиет одақ құрар.
Жазмышта жылтыр жүзде ес болмайды,
Қасиет те олармен дос болмайды.
Алтынның өзіне сай өз иесі,
Иілмейтін қазықтай бас таңдайды.
Алтын салып серттескен неке бүгін,
Жүзік салу – мәні зор жеке білім.
Мешітте күміс жүзік салынғанда
Жоқ еді ажырасу деген ұғым.
Бұл сырға жетпесе де шамалары,
Сезімді қадірлеу деп саналады.
Аты жоқ саусақтарға жүзік салған
Жұбайлар мәнін білмей барады әлі.
Аты жоқ саусақ ерек, сана бағы,
Сезімнің нүкте көзі саналады.
Дәрігер қаннан талдау алған кезде
Дәл осы саусақтан тек қан алады.
Некені байлау етіп күміспенен,
Айырып адалдықты бұрыс пенен.
Неке суын жұбайлар пәк болсын деп
Ішкізген күмістелген ыдыспенен.
Күмістің кім қадірін түсінеді, Салмағымен сабырды пісіреді. Саусақтағы алтынның мысқал буы Сезімді сергелдеңге түсіреді. Өлшеусіз өмірге кім құнығады, Білмейміз оның ішкі сырын әлі. Өмірде көп нәрседен адастырар, Сезімнің сергелдеңін кім ұғады?! V Ертеде бір топ әскер дала сынап, Кен іздепті Сарыарқа даласынан. Ертістен шағылысқан сағым көріп, Жеті шатыр салдырған жағасына. Жеті шатыр – Семейім құтты мекен, Ұлыққа, кішікке ортақ мықты мекен. Алтынын атомына айналдырған Кесірді қазықбастар ұқты ма екен?! Сарғайған далам үнсіз сырға бөгіп, Кесірлі қасіретін жылға бөліп. Таландыға булығып түскен сайын Асау Ертіс жылайды жылға болып. Семейдің көз салдым да көшесіне, Киесіне қызыққан дос өшіге. Есті алатын алтын тас жинамадым, Түйір ақыл жинадым есесіне.
VІ Таза еңбекпен тапқан мал рас ұғылған, Адал жанның елі үшін басы құрбан. Өмір атты ұстаздан сабақ алып, Жасығы емес, сыр ұқтым асылынан. Адал еңбек, маңдай тер жиғанға мін, Ашкөздікке бой ұрсаң иманға мін. Алыс емес шығар-ау ар майданы Тиынға сатқаны үшін имандарын. Дүлейлер аздырады аяғышты, Уақыттың сабыры да баяу, күшті. Құдайдың құбылмалы күні мынау Албасты басқандай бір аянышты. Ей, адам! Салмағың алтыныңды баса ала ма, Ақылың дәулетіңнен аса ала ма?! Байлықтың тұман-буын жеңе алмасаң, Алтынды, өзіңді де мазалама?! ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕР ҚЫЗЫ
(Тарихи дастан семейлік Айтқожина Дариға
Төлепбергенқызына арналады)
Қашан да қайшылықты ар сынаған,
Мөлт етті қара көзден тамшы ғалам.
Бір дәуірдің беймаза күйін шертіп,
Бір ақын шер шабытты қамшылаған.
Қазақпын қақ жаратын қара қылды,
Анамын, қадірімді бала білді.
Гендерлік саясаттың кем ұғымы
Көңілді көптен бері нала қылды.
Күн кірпігін таңғы бір шыққа малып,
Аспанды қырсықтау бір бұлт қамады.
Бүгінгі әйел-ару назын тыңдап,
Санам сонау көнеге сұқтанады.
Әлкей айтқан ғұн дәурен бал тасына,
Жеробаның шығысы – жартасына
Көркемдеп келіншекті суреттеп,
Салыпты күннің көзін арқасына.
Түбі жоқ тұңғиыққа бекер ендім,
Бар ма екен өткен күннен өтелер күн.
Тасқа түскен хас ару кейпіне еріп,
Саны жоқ сұрақтарға жетелендім.
Тас суретке санамды ұйдырып ем,
Тас таңба елес берді күй тілімен.
Сындарлы нәзік тұлға таяқ ұстап,
Қабанды сескентіп тұр сиқырымен.
Адам түгіл хайуанды бағындырған,
Тас таңбалар бүгінге таным қылған.
Жігеріне түнетіп садақ ұшын,
Қабан мен ерді қоса бағындырған.
Тас бейне құдіретін аршып есім,
Қарап ем, сиқыр қылық қарсы кесін.
Жүрелей жебе тартқан әйел батыр
Табанда тойтарып тұр қарсы иесін.
Билеуші абыз ана сармат қанды
Тарихта талай ғасыр салмақталды.
Ерлермен қатар тұрған найзалы ана
Тас таңба боп бүгінге ардақталды.
Сырына қайран қалдым бай қылықтың,
Тектілігін сақтаған ойлы жұрттың.
Заманалар сынынан сүрінбеген
Ғасырлар аруына ой жүгірттім.
* * *
Тас таңба – ару қандай сүйікті еді,
Отанын, елін, жерін иіткені.
Бес белес биігінен көз салып ем,
Әйели жан әлемім биіктеді.
Тас таңба күнге қарап салыныпты,
Ер аналар айнымас, ары мықты.
Томирис, ер Назымнан өнеге алған
Аруларға дүйім ел бағыныпты.
Қашанда даналықты дала білген,
Замана өзгерсе де сан ағынмен.
Әр дәуірдің ержүрек әйелдері
Бір ұлтқа үлгі-өнеге бола білген.
Қобыздың қоңыр үнін шертіп қалып,
Құба белде барады Қорқыт қалып.
Ерлермен бірдей жүрген жаужүректер
Тас бетіне шыққандай балқып барып.
Бегім ана, Домалақ, Айпара ана,
Тектілігі тарихтан байқала ма?
Күмбездер, кесенелер, мұнаралар
Әр заманнан сыр шертті ой-санаға.
Ананы ұлағатқа байлам қылған,
Тарих – сыр, тұңғиықтан ойландырған.
Мұрын, Жанай, Нарбота, Айбикені
Тұтас бір руларға айналдарған.
Сондықтан орындалмай жат арманы,
Қарқабат, Қызай ана – қатаң заңы.
Елдігімді танытар ұрандардың
Ғажайып ана атымен аталғаны.
Кемпір тас, қыз тастар бар гүл бөктерген,
Келіншек тас тауға ынтық ілмектелген.
Сахараның сайын дала төскейінде
Тастар көп ана атымен құрметтелген.
Батыс-шығыс керуені сан қорғаннан,
Жүріп өткен жолында жан қорғанған.
Әйелдің аты аталған қаланы естіп,
Қағыпты таңдайларын таңғалғаннан.
Бар ма екен адамдықты арға балау,
Еңсені езіп барады талма қанау.
Қыз қадірін айрықша қастерлеген,
Оғыздың ұрпақтары қалмаған-ау?
Боздаған боз даладан маза кетіп,
Бір үміт, бір күдікке сана бекіп.
Орта ғасыр оғызынан келе жатқан
Әйелдерді ардақтау барады өтіп.
Дүниені дөңгелетіп төрткүл ені,
Тарихтың бүлк-бүлк етіп қарт жүрегі.
Тас таңба өнерінде сайрап жатқан
Тым шалқар әйел-әлем тартты мені.
Ақбілек, Айқыз ару – дара қыздар,
Айғаным, Айша бибі – ана аңыздар.
Отбасының бақытын, ел тағдырын
Билеуші әйелдердің бәрі – абыздар.
Ғашықтықта ержүрек асыл Баян,
Қыз Жібек ардақ тұтқан асылға аян.
Шыңғысхан Бөрте ханым ақылымен
Әлемді жаулағаны ғасырға аян.
Жиреншені шешен деп аңыз қылған,
Табанда тапқыр етіп, абыз қылған.
Әйгілі Қарашаштың ақылы еді
Хан әдейі уәзіріне алғыздырған.
Расты тек аңыз ғып айта алғанбыз,
Тарихта талай мәрте шайқалғанбыз.
«Мың бір түнді» тербетіп ақылымен,
Қайда сол хан райын қайтарған қыз?!
Шуақ пен мейірімге дала күлген,
Бесігін де тербеткен ана жырмен.
Ер Төстіктің ақылды жары – Кенже
Қапыда жолсыздан жол таба білген.
Бір құдірет күйіне жаным үндеп,
Мен де отырмын бір жұрттың арымын деп.
Мың сан құрмет әкелген тас таңбалар
Салмағын таразылай танығым кеп.
Бізде әлі көп кемдік бар ойланбаған,
Кейде бір нақыл сөзге қойғанда мән.
Әйел-ана болмысын бедерлеп кеп,
«Ақылы қысқа» дегенге қайран қалам.
Батырды, ақынды да, қай тұлғаны,
Әйтеуір, орден тағып айқындады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында
Аналардың ерлігі айтылмады.
Күн туған ол да өмірдің кезеңі еді,
Жалған дүние жалғанға тез енеді.
Бір ауылдың бейнетін арқалаған
Аналарды сомдады сөз өнері.
Үлгі еді, мақтан еді күн ілгері,
Еңбек ері неге жоқ бұл күндері?!
Еркіндік алған елде айтылмай жүр
Кәмшат пен Жадыраның сіңлілері.
Бел көтермес жүкті нар өңгере ме,
Әйел күші ерлікпен тең келе ме?
Ерлермен бірге жүріп еңбек еткен
Тарлан қыздар айтылмайды елде неге?!
Ей, Аллам, мендегі ойды айтпай білгіз,
Немкетті ойдан неге біз қайтпай жүрміз?
Тәуелсіз еліміздің ер қыздарын
Үлгі етіп, неге біздер айтпай жүрміз?!
Қасиеттің белгілі хаққа бағы,
Кейде, рас, кездейсоқтық бақ табады.
Өмірдің шындығы тек сахна мен
Өнердің бедерінде қатталады.
Тұндырып тылсым үнін тұма жырдың,
Ұлпан, Раушан – қыздары құба қырдың.
Ғабеңдердің тілімен бізге жеткен
Аналардың рухына дұға қылдым.
Хақ өзі сыйға берген сан қылықтың,
Әйелге бұйырғаны заңдылық құн.
Сақтар мен ғұндар сүрген замандағы
Бүгінге жеткен бәлкім жаңғырықпын.
* * *
Мынау заман төзімді талдырады,
Сол аяқты оң аяқ аңдығаны.
Қайыспай ердің жүгін арқалап жүр
Бүгінде қайсар елдің балқұрағы.
Әйел-ару көрікті жақынымен,
Сөндірмей ошағының отын үрген.
Қиын-қыстау кезеңде сол арулар
Сасып жүріп жол тапқан ақылымен.
Текті жерден бабалар қыз алған-ды,
Бар әлі хас арулар қыран қанды.
Желтоқсанда жаулығын жерге тастап,
Жас арулар қорғаған ұландарды.
Тақымынан тартқылап талапты ерді,
Нарық кеп нар ұлдарды қанап көрді.
Өзіміз бөлек отау құрған жылдар
Әр қазаққа әр қырдан сабақ берді.
Қыспаққа ап, шайқап көріп нарықты елді,
Өзінше өзгерісін алып келді.
Саудаға икемі жоқ қайран қазақ
Күн көру қиындығын анық көрді.
Беймәлім сыны қатал нарықтықты,
Ертеңгісі бұлыңғыр халық күпті.
Жұмыс жоқ, кәсібі жоқ көп отбасын
Әйелдер дорба тасып алып шықты.
Сауда өнері – қашан да қату жолы,
Ақшаның көрген жоқпын тату жолын.
Әйелдер мөшек сүйреп, Қытай асып,
Еркектерге үйретті сату жолын.
Жатты да, жақынды да танығандай,
Ұлт үшін ұрпақ үшін жаны қалмай,
Азаматқа бергісіз нар қыздар бар,
Жүрміз-ау саясат деп соны ұға алмай.
Қазағым қашаннан да зор тынысты,
Қыздарын құнттамаудың арты күшті.
«Қыз – қонақ» деп құрметтеп төр ұсынған
Көргенді елдің бүгіні қорқынышты.
Қазақ қызы – үлгісі тазалықтың,
Тектілігін танытқан даналықтың.
Намысты үнемі өрге қамшылатқан
Қайраткер қыздары осы ғажап ұлттың.
Ой балқып алпыс екі тамырымда,
Арманым – сары дала сағымында.
Ұлы тарих көшіне ене бердім,
Тәуелсіз елдігімді таныдым да.
Жақсының жақсылығын жалғаса дем,
Жыр куә, сыр жасырып қалмас өлең.
Еркіндігін енді алған тұңғыш елдің
Еңбекқор қызын жазған алғаш өлең.
* * *
Дүйімге аян Семейді ел біледі,
Өнер десе бұл өлке елжіреді.
Ақын мен батырлардың ізі қалған
Семейім ежелден ақ белгілі еді.
Қаңлының бір баласы – Төлепберген,
Бір алла бұл пендесін жебеп келген.
Қатардан көш ілгері болуды ойлап,
Отбасын тірлігінде ерек көрген.
Айпара ана лебізінен бата көшкен,
Ақылы қайратымен қатар ескен.
Қара Ертістің бойында қараша үйде
Желкілдеп жеті бала қатар өскен.
Би Кеңгірбай бір елдің төресі еді,
Болжаған ұрпағының келешегін.
Төлепберген таңдаған Қалимаш та
Тегі мықты, осал жан емес еді.
Қарапайым ортада биік күші,
Елінің, ерінің де сүйіктісі.
Кеңгірбай, Айпарадай тектен шыққан
Бұл әулет – бір ауылдың ұйытқысы.
Қабидолла – әулеттің бір баласы,
Әкенің ізін басқан ұл баласы.
Қарындасқа қамқор боп, иық сүйер,
Төлепберген жанының бір парасы.
Дариға – жеті бала ішіндегі
Еті тірі, ерекше пысығы еді.
Үлкендерше ойлайтын бөлек бала
«Қуаныш көп болсын» деп кісідегі.
Ойға алса барлығын да үлгеретін,
Ол жүрген жер шаттыққа гүлденетін.
Мектебінен қолы қалт босай қалса,
Анасымен жұмыстан бір келетін.
Бір аңсар, бір арнадан өріліп кеп,
Ата-ана мейіріне беріліп көп.
Қара қыз дара қыз боп бой түзеді,
Алда енді арман еткен тек үміт көп.
Ержетті. Бой түзеді. Армандады,
Қазір шыға келердей алдан бағы.
Жұмыс істеп, әрі оқып, тыным көрмей,
Әсіре оңай іске алданбады.
Ел үшін керілсе екен керегем деп,
Сонда ғана бақытқа бөленем деп,
Жиырма бір жаста ғана жас ұстаз қыз,
Ойлайтын «Қайтсем елге еленем» деп.
Бір тылсым бұғып жатқан кескінінде,
Бұл қыздың айтары бар есті күнге.
Құрбылардың тағдырын безбенге сап,
Болжайтұғын ермек қып ескі күннен.
Кейде бұл қасиетін ар көретін,
Кейде тіпті төрткүлді тар көретін.
Көргеннен-ақ жазмышты жазбай айтар
Дариғаның болжамы дәл келетін.
Бірақ оған өзі аса мән бермейтін,
Ол заман қасиетті таң көрмейтін.
Адамдардың аласын айыратын,
Ішінде бір тылсымы алға өрлейтін.
Мұнда бір тектіліктің сыры бардай,
Іште бір қайсарлығы тыным алмай.
Қатарының алды боп ер жеткен қыз
Қайшылықта жүретін бұрын алда.
*** Әлі есінде сол бір қыс бала қыздың, Ауылы алыс кеткен қара күздің. Балалық бал дәуреннен басталмай ма, Даралықты көрсетер бар аңыздың. Жоқ еді ол заманда ала дорба, Болатын жайма базар қара жолда. Жексенбі сайын ғана болатұғын Бұл базарды дейтұғын «Барахолка». Көп дүние табылмайтын ол заманда, Кейде бір іздегенің болмағанда. Қаланың үлкен-кіші, кәрі-жасы Жоғын іздеп баратын сол базарға. Жексенбі. Қақаған қыс, ызғар еді, Сонда да базар маңы қызған еді. Базарға бет түзеген Дариға мен Құрбысы да студент қыздар еді. Ананы-мынаны да бағаласып, Базарда жүргендермен жағаласып. Жайманың бас-аяғын шолып жүріп, Бұлар да кетті жұртпен араласып. Саудасын өздерінше жылдам алып, Керегін қадірінше жырғап алып. Түс ауып кеткенін де байқамапты, Мұндайда кетеді уақыт зырлап ағып. 14-161
Екеуі де білмепті, тоңазыпты,
Қайтеді, керегін де мол алыпты.
Жайма базар мүлкіне көз арбатып
Басынан аяғына оралыпты.
Саудагердің саудасын жалындырып,
Керегіне қолдағы барын жырып.
Көңілі хош қос құрбы қайтты үйіне
Бет қарыған аязды бағындырып.
Көңіл шіркін тоғайып, тасынады,
Сырт көзден тоңғанын да жасырады.
Базардан жоғын тауып қайтқан қыздар
Үйге қарай жетуге асығады.
Сары аяз қайтар емес тектіленіп,
«Аялдама алыстап кетті не ғып?».
Адамдар көп жүретін соқпақ жолда
Нан жатыр аяқ асты тепкіленіп.
Қайран дихан еңбегі өтелмеді,
«Нан болса – ән болғаны» бекер ме еді?
Базарлық ап қайтқандар қайыр қылып,
«Ас атасы – нанды» ешкім көтермеді.
Дариға нанды көріп кілт бөгелді,
Қойсаңшы пенде қылық жұрт дегенді...
«Нанды жерден көтерсе қайтеді?» – деп,
Ішкі бір толғанысқа күрт кенелді.
Еңкейіп нанды алуға күй кемейді,
Кеудені аяныш бір күй кенейді.
Кідіріп тұрып қалған Дариғаны
«Жүр, жүр» деп құрбы қызы сүйрелейді.
Бойжеткен ішкі ойымен бек күресіп,
Беймаза ізгілік пен текті кешіп.
«Жұрт бізге қарап тұр ғой, жүр» деген соң,
Еріксіз құрбысымен кетті ілесіп.
Бір жүйеге бағыттап ой-тарамды,
«Пенделікке билетпен ой-санамды».
Құлағына бір дауыс «Қайт» дегендей,
Орта жол жүріп барып қайта оралды.
Дірілдеп тоңғанына қарамады,
Қадірлеу ас атасын – бар амалы.
Қар үстінде домалап жатқан нанды
Көтерді, оны ұят деп санамады.
Нанды алып құшағына қыса берді,
Жатқанын аяқ асты құса көрді.
Құраннан да жоғары қадірлі асты
Биікке қоямын деп ұша берді.
Жан-жағын шолып көрді, ерінбеді,
Маңайда қояр биік көрінбеді.
«Аш сияқты неге алдың?» деп жекіген
Құрбының сын сөзіне берілмеді.
Рақым үшін ешкімнен тақ қаламай,
Бұл қылықтың құрбыға жақпағаны-ай.
Нанды алып құшағына қысқан күйі
Бет алды аялдама жаққа қарай.
Пендеңді қырсығыңнан сақта, құдай,
Астамшылық болар ма баққа бұлай?
Бір түйір нан – маңдай тер, ел ырысы,
Аяқ асты ырыстың жатқанын-ай!
«Егер мен бұрылмасам қайта барып,
Арым маза бермес» деп ойға қалып.
Аялдама маңында құйма тастың
Үстіне қадірлі асты қойды апарып.
Бір үлкен жүк түскендей патша жаны,
Жеңілдеп сала берді барша халі.
Қыз қылығын манадан байқап тұрды
Қария орыстың бір ақсақалы.
Аппақ сақал, ақ пейіл, шын мейірмен,
Арқасын қағып тұрып күнгей үнмен.
«О, бог вам блогославит, милая», – деп
Жалпылдап, риза болды шын пейілмен.
Бұл істің жоқ ерекше айырымы,
Бірақ та, айтуға бар пайым үні.
Рақымшыл Дариғаның жұрт алдында
Бұл ең алғаш жасаған қайырымы.
Туған елдің өткені, болашағы,
Сағым боп шығады алдан дала таңы.
Сол қария батасы қабыл болып,
Дариғаның ашылды жан ошағы.
* * *
Жаратқанның жаны ізгі өнерліге,
Тағдыр өзі жол салар келер күнге.
Қыздырып кейбіреудің көкірегін,
Жұмысы қыза түсті кемелдене.
Тамырласып туған жер кіндігімен,
Берік ұстап тәуелсіздік тізгінінен.
Ұстаздықты тапсырып өзгелерге,
Үлкен істі бастады ізгі күннен.
Бастаған бақ жолына, дәулетіне,
Абай елі – Шыңғыстау тау бетінде.
Алма мойын аршын төс Дариға ару
Келін болды Медетхан әулетіне.
Бар ниет қосағымен қоса ағарып,
Алда талай тірліктің тосады әні.
«Келін» сөздің түбірі «кел, ен» деген,
Дариға аттады алтын босағаны.
Сәтті болды Қанатпен отасуы,
Қыздың жолы қашаннан жат асуы.
Босағаны аттаған құт келін боп,
Кеңгірбай би атаның бата сыры.
Күндер алда байсалды баққа еретін,
Қанат та Дариғасын бақ көретін.
Кейде бір қиналатын сәттерінде
Ақылымен сара жол сап беретін.
Тумысынан салмақтап өре жүгін,
Білетін-ді сабырдың жеңетінін.
Дариғасы сан мәрте дәлелдеді
Текті әйелдің төзімді келетінін.
Қанаттың босағасы бекем бүгін,
Ер мұратын еңсерген өтелді күн.
Дариға – үй серігі ғана емес,
Өмірде жан серігі екендігін.
Қанаттай азаматтың сүйіктісі,
Отбасында әйел-ана биік кісі.
Бейбарыс, Нұрсұлтан мен Мархабаты –
Бір әулет, үш перзенттің ұйытқысы.
Өмір кейде ертегінің өзіндей боп,
Мақсаттың мәресінің өзі бейнет,
Жолсыздан жол таба алар Дариға қыз
Шуақ пен мейірімнің көзіндей боп.
Нарықта жеңіс те бар, жеңілу бар,
Кейде жуас, кейде озық, шегіну бар.
Қолы шыққан ойыншы картасындай
Кейде ұтып, кейде ұтысқа берілу бар.
Дариға осылардың бәрін көрді,
Аяқсыз тастамады жарым жерді.
Қайтсем елдің сауабын аламын деп,
Асаудың жалын ұстап ағымға ерді.
Кең дүние кейде ол үшін тарылғанда,
Төзімінің қауызы жарылғанда,
Тоба айтып, бір аллаға құлшылық қып,
Кеңгірбай би басында арылған-ды.
Кейде бір игі істердің жолы қатты,
«Келтір, Алла, орайын» деп оның сәтті
Би ата басындағы қараша үйде
Дариға отбасымен қонып жатты.
Таң сыз бере әулие кіріп келді,
Бір риза кейіппен күліп келді.
Дариғаны төсектен тұрғызып ап,
Маңдайына көп жазу сызып берді.
Бақыт деген келмейді оңайлықпен,
Сен жүрген жер құт болар, талай күткен.
«Балам, саған беретін батам осы», –
Деді де кете барды жол айрықпен.
Өңі ме, түсі ме әлде, біле алмады,
Бұл сырдың түп негізін ұға алмады.
Оянғанда байқады маңдайдағы
Жазған жердің қанталап, қызарғанын.
Бұл, әрине, Би ата аяны еді,
Маңдайды сызған аса таяғы еді.
«Маңдайыңа жазғанын көресің» деп,
Пендеге тағдыр жазған баяны еді.
Бұл жайлы жан адамға тіс жармады,
Бойында бұғып жатты ішкі арманы.
Қасиетті бабаны кие тұтып,
Дұрыс қой сырын іште ұстанғаны.
Сол түннен Дариға қыз қуат алды,
Көңілде көп түйткілді жұбата алды.
Тамырында солқылдап тектілігі,
Тәуекелдің қайығын сыната алды.
Жақсы сөз – жақсылық па, имеген соң,
Жақсының құнын білмес, сүймеген соң.
Әсіре адамдықтың не құны бар,
Тар жерде шапағаты тимеген соң?
Тағдыр қанша жанардан жас тамызды,
Ей, Аллам, сақтай гөр бұл қасқа қызды.
Ұлылар мекенінің демін жұтқан,
Бақ көрген Абай, Мұхтар басқан ізді.
Тек қана жақсылыққа жарағандай,
Қазақ қызын өсірген дала қандай.
Би ата басындағы көрген аян
Жаратқанның бір өзі қалағандай.
Тартылып төзімдердің тас бұлағы,
Пәтер екен өмірдің басты мәні.
Кез келген бас бармақтай отбасында
Шаңырақ мәселесі басты ұрады.
Жұртының тыңдасам деп сөз сұлуын,
Күндіз-түні алмады көз шырымын.
«Әр отбасын қуантып жүрейін» деп,
Үй салудан бастады өз тұғырын.
Бұл кәсіптен белгісіз бақ табары,
Саудасы да шығынын ақтамады.
«Не болса да тәуекел» деген ару
Елорда – Астанаға аттанады.
Нарықтың нар сынынан аласармай,
Аусарлау кей жігітпен таласардай.
Тау көтермес салмақты көтере алды,
Қайсарлығы өзіне жарасардай.
Бар шығар тағдырдың да бір білгені,
Пенделікке сабырын ілдірмеді.
Топ құрып, үй салуды бастап кетті,
Суықты, бар мен жоқты білдірмеді.
Қарапайым қазақтың қауымына,
Қамқор боп бар қазақтың бауырына.
Астанада зәулім үй салып жатты,
Қарамай артқан жүктің ауырына.
Шежіресін шертіп қап көне дала,
Қайратыңды қамшылар өре ғана.
Дариғаның табанды еңбек сүтін
Безбенге сап бұл пенде көре ала ма?!
Жолын тауып кәсіптің дара тілін,
Қайдан білсін бағының жанатынын.
Даналар бір-ақ сөзбен қалай айтқан
«Қапыда қатын ақыл табатынын».
Үлгеретін қала мен далаға да,
Елге –жар, түзде – бастық, балаға – ана.
«Аққа құдай жақ» деген қазағымның
Бас ием даналығына бола ғана.
Көңілін бар қазақтың қимаған жан,
Алғысын көпшіліктің жинаған жан.
Астанада мыңнан аса отбасына
Шаңырақтың бақытын сыйлаған жан.
Өжет қыз өткірлігін сынатып күн,
Көлігін де өзі айдап жуасытты.
Күтуші ұстап, қол жұмсап көрмеген жан
Орайын таба білген уақыттың.
Отбасын орай жүріп бақ табады,
Балаларды мектепке ап барады.
Шет елдің бес әйелі істер істі
Қазақтың бір әйелі атқарады.
Жеңіл деп дайын жеміс терген емес,
Дайынды ешкім жасап берген емес.
Төзімнің ережесін көрген ару
Төс ұрып, төрге озып көрген емес.
Бұл айтқан жәй сөз емес, кез келгесін,
Жол айрықтан жол тапсаң – безбенге сын.
Екі қолға бір күрек таппай жүрген
«Тепсе темір үзетін» ерлерге сын.
Ешқашан кеудесіне нан піспеген,
Еңбек етіп келеді бар күшпенен.
Мінезі мейіріммен мол пішілген,
Көсегесін көгерткен алғыспенен.
Жұртының алғысымен шуақтанып,
Күшікбай кезеңінен суаттанып.
Семейге елін-жұртын сағынып кеп,
Тағзым етіп қайтады қуаттанып.
Дариға қашан да елмен бірлесетін,
Арманы қиялымен бірге өсетін.
Бір ескерткіш тұрғызсам деген оймен
Би ата аруағымен тілдесетін.
Қазығұрт баба туған мекені еді,
Баба арманы ұрпақпен өтеледі.
«Адам жақсы болмағы – нағашыдан»,
Дариғаны тың ойға жетеледі.
Кеңгірбай би – кеудесі тұнған арман,
Абылай хан, Тіленшіден тың нәр алған.
Тарихта өз орны бар абыз баба
Бата алыпты тарихи тұлғалардан.
Қабыл болып іштегі ізгі ес мәңгі,
Бабалар мұратына үндес жан-ды.
Жар салмай-ақ, төсіне туған жердің
Кеңгірбай би басына күмбез салды.
Күмбезге бір қамқоршы сайландырды,
Көңілде бір парызды байлам қылды.
Мұрагер қыз мұнара салғызды да,
Халқының қажетіне айналдырды.
Расында қасиеттің жөні мықты,
Би ата аяны жөн көрініпті.
Дариға қыз салғызған сол ескерткіш
Мемлекет қамқорына беріліпті.
Көңілі тірлік күйін толғады да,
Сақтықпен қарайды ылғи алдағыға.
Қайратын қамшылайды одан әрі
Қазақтың Дариғасы болғанына.
Тектілік ұлылықтан қалған шығар,
Текті аян Ұлы өлкеден алған шығар.
Еліне қамқор болған ұлықты қыз
Әрқашан ақылымен алдан шығар.
Дариға үшін қуанған шақтар ғажап,
Бір қыздың бұл ерлігі тақтарға дат.
Тау көтермес салмақты көтеріп ап,
Тәуелсіздік кірпішін жатқан қалап.
* * *
Тауқыметін өмірдің кім түсінген,
Жеткіздім бір ерлікті жыр күшімен.
Астананың аспанын айшықтатып,
Әрлендірген әдемі күлкісімен.
Қашан да жақ дейді ғой аққа құдай,
Кеңдігін таныта ма ел баққа бұлай?
Әлдеқайда алға озған құл-құтаннан
Қарапайым қайсар қызды сақта, құдай.
Әлде сақ, әлде ғұн ба арғы бабам,
Әйтеуір бір білерін жазды қалам.
Бізге жеткен Күлтегін жазған жырды
Таспен қалап осылай салды балаң.
Ұлт үшін туған жандар елін демер,
Қыздар бар ерге лайық сенімге ерер.
Азаматтан аруын кем көрмес ел
Келер күннің төрінен орын берер.
Бір ғана тарихты айтып толғанамыз
Ерікті елдің ер қызы болған аңыз.
Астананың әз жұрты құрмет тұтқан
Кешегі ауылда өскен сол қара қыз.
Бұл жырым бір белестен шыға ала ма,
Жасампаз жұрт бұл ойды құп ала ма?
Сұлулық пен әсемдікті көрмейтіндер
Кеңдік пен биіктікті ұға ала ма?!
Тіршілік тыным алмай жанданады,
Күн- әке, Жер-анаға таңғалады.
Ана мен Күн нұрының шуағынан
Тұтасып Аспан мен Жер жалғанады.
Күн-әке маңдай сүйіп, төбеме төн,
Жер жаһанды көтерер көген екен.
«Мықты болсаң жердей бол» деген бабам
Қара жерді «Жер-ана» деген екен.
Күн-әке – көктен қарап от әлегі,
Мінезін жерге шағып өтеледі.
Тіршіліктің бар ауыр құбылысын
Қайыспайтын қара жер көтереді.
Күн мінезді әке ісі жаза ғана,
Жаңбыр, қарын жаудырса, тазара ма?
Қазақтың анаға тән бар мінезін
Жер- Анадан үйренген ғажап Ана.
Күн көктен жер бетіне алау шашып,
Тұрғандай ыстық құшақ ғаламға ашып.
Күн-әке Жер-анаға құмартқан соң,
Әйелге ғалам ғашық, адам ғашық.
Бұл менің өмірдегі көрген шыным,
Қашан да қалт кетпеген елден сырым.
Жерді Ана, Аспанды Әке деп түсінген
Беймаза табиғаттың перзентімін.
Сөз кие – бағынышты болды маған,
О, тоба, көрсете гөр оңды ғалам.
Тәуелсіз елдің қызын жырмен сомдап,
Ертеңге үнім жетсе болды маған...
КІНДІК ТАМЫР
(Дастан)
Бұл күнде қуған да алда, қашқан да алда,
Не істемейді пенделер мастанғанда?
Мен осы бір қауіптен сезіктенгем
О баста опасыздық басталғанда.
Қайран бабам,
Даламның данышпаны,
Ұрпағына өнеге, бар ұстамы,
Намыссыздық негізі кіндіктен деп,
Жер – қазыққа байлаған қан ұстамын.
Бір бөтен ойларды айтып текті қалам,
Алашұбар үмітпен бетті бағам.
«Адамзаттың қазығы – қара жер» деп,
Кіндігінен байланған текті бабам.
Даланың данышпаны білді нені,
Бұл күнде кіндік сырын кім біледі?
Арулап көмілмеген кіндік-кие
Адамдық қасиетті бүлдіреді.
Білем, мені бұл заман ұға алмайды,
Сатынды ғылымың да құп алмайды.
Кіндік қан топыраққа тамбағандар
Қадірін қара жердің біле алмайды.
Есіл бабам,
Жер үшін дауға келген,
Бір түйір топырағын сауға көрген.
Кіндігі қара жерге байланғандар
Кіндік тамыр мекенін қорғап өлген.
Бір тамшы қанды байлап өтеміне,
Табан ізін қимаған бөтеніне.
Жүрегімен байланған қара жерге
Әр адам – күретамыр мекеніне.
Рухымды, иманымды батыс ұрған,
Далам мен өзенімнің оты сынған.
Адам мен атамекен тағдыры бір
Тістескен тамырлардай шатысылған.
Кіндік тамыр артық ет емес, тегі,
Баяғымнан тарих сыр елестеді.
Хас батырлар шекісіп, бекіскенде,
Қан шығарып серттескен емес пе еді?!
Жер текті асылдардың тыңдап үнін,
Аспан текті елімді шын таныдым.
Атажұртпен жүрегі үндескендер
Кіндігімен жалғаған үн тамырын.
Барлық текті, кекті де қан тартады,
Қан – ұлы, қан – қасірет, қан – қаһарлы.
Барлық заңын сыйғызған тартылыстың
Қан тылсымы мені ылғи таңғалтады.
Күннен-күнге зорайып есе кемі,
Жадымыздан шығардық бес енені.
Әу баста топырақтан жаратылған
Ғарып бас топырақты төсенеді.
Ата-анам емес еді осал адам,
Содан ба, бола алмаппыз аса жаман.
Жан анам босанғанда марқұм әкем
Кіндік етті көметін босағаға.
Бала едік, қызыққыш ек, көп сұрағы,
Сұрап едім: «Бұл, – деді, – тек бұлағы,
Қара жерге тамыры байланғандар
Сол жерге айналсоқтап кеп тұрады».
Адам да, жер де бүгін би құрбаны,
Боз даладан боздайды күй құрбаны,
Жаратылыс бөлшегі – адам пенде,
Тау тағысы болмайды үйдің малы.
Кіндік тамыр – адамның тек байламы,
Қалайша жасырайын кекті айлаңды.
Киелі бір мүшесі адамзаттың
Бұл күнде елеусіз бір етке айналды.
Адам-ғұмыр кіндіктен басталады,
Қалайша жасыра алам масқараны?!
Әйелдер босанатын мекемеде
Кіндік жолдас күресінге тасталады.
Білмеймін жылайын ба, күлейін бе,
Кім жауап бере алады үрей үнге?
Тілдерін бір белгісіз сес күрмеген
Естілер етекте жүр үрей үдеп.
Кіндігін қара жерге жалғағандар,
Күретамыр мекеніне – арда жандар.
Бабалардың мұрасы адыра қап,
Жүр бүгін кіндігінен дал болғандар.
Мағынасыз тіршілік өреге кем,
Әулиелік қазақта бөлек екен.
Адамның қай мүшесі болса-дағы,
Қара жермен табысу керек екен.
15-161
Күн нұрынан нәр алған ата тегім,
Ырым етсе, көл-көсір бата етеді.
Кіндік жолдас не күйге түссе-дағы
Адам тегін сол тартып әкетеді.
Пенделік тылсым сырын біле ала ма,
Мүлт кетпей, мұңымды айтсам, кінәлама.
Иттерге кіндіктамыр жем болғандар,
Итке ұқсап ырылдаспай жүре ала ма?..
Мен осы сәл нәрседен секем етем,
Ниеттен пиғыл басым өте бөтен.
Кіндік жолдас жем болса мысықтарға,
Мысықтың ниеті ауып кетеді екен.
Мысықтың тілеуі бар бір есінде,
Бар сондай мысық миық жүретіндер.
Өз дәретін жасырып, жерге көміп,
Жауырыны жерге тимей жүретіндер.
Кіндігін құс жегеннің өгей тегі,
Аузын ашса, көрінбес көмей шегі.
Құс-құзғынға жем болған кіндік жолдас
Жемтікке әуес құзғынды көбейтеді.
Пайдасыз, пұлсүйгішке өгей елі,
Арамза шенеуніктің кедей елі.
Кіндік жолдас жем болса тышқандарға,
Тышқан сынды кеміргіштер көбейеді.
Тамырсыз кіндік тексіз қуыс қана,
Бір қыз кетіп барады қуыстана.
Кіндіктерін ит тартып кеткеннен бе,
Жатбауыр туғаны мен туысқа да.
Қазағым,
Көк бөрісі көк тіреген,
Сол дана бабалардан өткір емен.
Құтты үйге құтты келін құт сияқты,
«Қалжасыз қыз болмасын» деп тілеген.
Бабаларым тереңнен ойлап қойған,
Ұрпағым өр болсын деп жайлап байлам.
Келіні жүкті бола салысымен,
Әуелден кіндік шеше сайлап қойған.
Кіндік шеше. Құрмет жоқ дара содан,
Кіндік шеше болады жараса адам.
Ең алғаш іңгәлаған нәрестені
Кім көтерсе, тартады бала соған.
Бел ұстап босандырған от ананы,
Ат мініп, тон жамылып, бата алады.
Сәбиді қолына алып, кіндік кескен
Екінші ана «Кіндік шеше» атанады.
Бұл кемдікті кім қалай еселерін,
Айтатын менің бәлкім хош өлеңім.
Қазіргінің балалары айта алмайды
Бұл күннің кіндік әке-шешелерін.
Бұл күнде кіндік шеше сайланбайды,
Жібек жіппен түйіліп, байланбайды.
Тамыры темірменен қиылғандар
Құлтемір боп кетерін ойланбайды.
О баста құдіреттің байламы шын,
Қайтейін, дәтке берік ой намысын?
Дүниеде ең қажетсіз адам болып,
Бүлдірген табиғаттың байланысын.
Жер ана өгейлігін кешіре ме,
Жер сатқанның күнәсін өсіре ме?
«Кіндік қаным тамған жер» деген сөзді
Қайран пенде, әй, алмас есіне де.
Көк базардан көпіртіп күндік нанын,
Түндік таңын білмеймін кімге ұтқанын.
Тойған жерге сатқандар туған жерін –
Қолды етіп алғандар кіндік қанын.
Сорақы сайтан ілім бізді құртқан,
Әйтпесе, нәр алмап па ек ізгі құттан.
Кіндігінен шыққан қан жерге тамған,
Ыстық не бар дүниеде кіндік жұрттан?!
Шер ғалам шерін қалай айта алады,
Бұл ағатты бір тылсым қайтарады.
Егілмеген жасанды гүл сияқты
Адам-ғұмыр ауада шайқалады.
Шықпайды шарқ ұрсам да жан азынам,
Көмейімде барады тоңазып ән.
Дүние тамырының бүлкілін-ай,
Сыз топырақ сыз тартып, тоңазыған.
Қадірсіз не нәрсенің ұшы қайғы,
Қазығы жоқ кіндік қан қысырайды.
Бағдарсыз бағытқа бет алған жандар
Еріксіз сергелдеңге ұшырайды.
Жат төлін жер тартпайды қазық іреп,
Тауқымет табанынан тозық үдеп.
Сабылысты сәттерден шаршағанда
Темірге айналады нәзік жүрек.
Бұл күнде ұл да арайлы, қыз арайлы,
Әттең, олар қайтеді ызалы ойды?
Кіндіктері жерменен жалғасқандар
Арқандаулы жылқыдай ұзамайды.
Тағдырдың бізге берген сыйын кертіп,
Томағадай түңлікті үйін желпіп.
Кіндігі жер тартқандар азайып тұр,
Таусылмайтын тірліктің күйін шертіп.
Отырмын бір белгісіз жыр тербетіп,
Тұрғаны-ай тұғырымды сын тербетіп,
Маң далам табанымның астындағы
Бесігін тілсіз, үнсіз тұр тербетіп.
Кезіп жүр кең даламды бір сабылыс,
Қашан тыным табады құрсақ ұрыс?
Желіп жүрген жандардың жерден бөлек,
Өліп жатыр ішінде бір сағыныш.
Ей, Аллам,
Бір ақынның талғамын бер,
Көмескі көрінеді алда күндер.
Адам мен жер жүрегі сөйлесе алмай,
Қашық тартып барады қарға адым жер.
Бұл сырды білсем, қалай жата аламын,
Кіндіктен бастау алған «ата заңым»
Фәниге жаңа келген нәрестенің
Кіндігін «жолдасы» деп атағаным.
Адам мен жер бесіктің жалғасы боп,
Адам мен жаратылыс арнасы көп.
Алланың жасыратын бұл жұмбағы
Үзілмейді ғұмырының жалғасы боп.
Қазағым, бүгініңе керек ақыл,
Қиядан құлдилады неге қадыр?
Тамырынан оталған теректей боп,
Тамырсыз ұрпақ өсіп келе жатыр.
Сөзге таңып сиқырлы көп байламды,
Ертеңіме қалдырдым өкпе-айламды.
Сағыныш жібітпеген жіпсіз жүрек
Жылусыз, мейірімсіз етке айналды.
Есімді алып, есердің азғын әні,
Кешегім бүгінімді жазғырады.
Ит пен құсқа жем болған арам кіндік
Адамның арын улап, аздырады.
Жанымды жай таптырмай ар қасабы,
Мендегі дәт үніне жармасады.
Құдайдың дұғасы бар кіндік тамыр
Тылсымның азабымен арбасады.
Кесілген кіндік тамыр елесінен,
Құдайсыз пенделердің зәресінен.
Тәртіпке сыймайтұғын пенделіктен,
Ей, Аллам, аластай гөр пәлесінен.
Баба мекен, баққа не тең келеді,
Мейірім, рақым бізге ең керегі.
Ұрпағының тамырсыз сиқын танып,
Жер бесігім тынымсыз тербеледі.
Мазасыз ақынға тән, ей, ар-қайғым,
Күмәні көп осындай кей алғы ойдың.
Төл перзентін бауырына тарта алмаған
Топырақты кінәлі дей алмаймын.
Сайтан-кіндік жалғанып жын ұшынан,
Тау да, тас та таусылды тынысынан.
Тасжүректің тастанды баласындай
Табиғат қателесті жынысынан.
Бақсы да, жақсы да әуес қайран тылсым,
Ендігі қаһарыңды айлаң білсін.
Кіндігін күнге тосқан қайран қыздар
Кіндіктің қасиетін қайдан білсін?!
Бір мезетте оянып ғажаптығым,
Бақтымын. Біреулерге мазақтымын.
Сайтанилық өнерді тез үйреніп,
Кетіп барам, жанымда азапты мұң.
Адамзат,
Адамға тән ойға нарсың,
Өзгелер бізді көріп, ойға қалсын.
Теңіздей сезімдерді лайламай,
Ей, адам, сен де бір сәт ойланарсың...
Астана, 2010 ж.
ӘН – ЖАН ДАУА
Әндер
ҰЛЫ ЖОЛ
(Контата) Әні: Теміржан Базарбаевтікі І Сарыарқа – сайын жолдың ғасыр кешкен нар ошағы, Өткелім тоғыз жолдың торабына жол ашады. Ертістің сыр құлатып, сырғып аққан сыңқылымен Жағада ерке қайың өткелімнен аласа-ды. Бұл өткел Құнанбайды Меккеге де алып барған, Ақыннан қуат алған, ғалымнан сыр алып қалған. Қазақтың ән атасы – Әміресін Семейімнен Парижге паром жолмен осы сапар алып барған. Ән атасы – Әміренің дауысы Тұрсынғазы, Дауылдармен ауысып, Семейімнен шартарапқа шарықтаған. Абайым – қазағымның көгіндегі ой баласы, Семейім – алтын өзек тарихымның бай қаласы. Үш елді жалғап жатқан дәнекердің көпіріндей Сәнді өткел, сен боларсың жақсылықтың жайнамазы. Бұл өткел – батыр жортқан Қабанбай мен Мамай елі,
Әлемнің таң жұлдыздай табындырған талай елін. Шоқанды Қашқария сапарына шығарып сап, Қарсы алған мынау өткел бар өнердің сарайы еді. Аспалы өткел – бабам жүрген соқпағым, Сәл аялдап, сәл басыңды и, тоқтағын. Ей, адамдар! Ұлы жолдың өкілдері! ІІ Ей, ғалам! Той төрінен ал әнімді шашуыңа, Елімнің ертеңінің арман сүйген жас ұлына. Айнытпай ақ ниетті асқақтата алып барып, Жеткіз сен сәлеміңді келе жатқан ғасырыңа. Көш, керуен «Жібек жолын» бүгінімен жалғастырған, Өнердің Отаны бұл шаңырағын алғаш құрған. Жүректің қантамыры сияқтанған өткелімді Ешқандай қазынаңа алмастырман! Алмастырман! Бұл тәуелсіз еліміздің өткелі, Жолдар! Жолдар! Кімдер жүріп өтпеді? Өткендерді еске ала жүр, ей, болашақ! ІІІ Туған ел туған ұлдың қайратына сенген еді, Алаштың азаматы бүгінгі елге ең керегі. Сол арман орындалып Семейімнің хақ төрінен, Ертісте алтыбақан әткеншек боп тербеледі. Ақшамда маңдайыңда шырағдандар жағылады, Ал күндіз ерке Ертіс өз алқасын тағынады. Жібектің бұрымындай тарқатылған күре жолдар
Сәт сайын ағып жатқан машинасын сағынады. Бұрымдарға шашбау болған жол басы, Бабалардың ақ ниеті қолдасын, Жолаушылар қызыр болсын жолдастарың! ІV Қаншама жол, Аңсаған жол Өз соқпағын салады. Іздер солай, Күндер санай Ғасырларға барады. Ғасырлардан Тосын қалған «Елім-айдай» жыр сынды. Сансыз сұрақ Толқынсырап, Ертіс баяу күрсінді. Сен де өтесің, Мен де өтемін, Ол да өтетін жол ұлы. Жолмен келіп, Жолмен кеткен Адамдардың ғұмыры. Үйрек-қаздан Сиреп қалған Толқын ұрып жағаны. Арнасынан Сауға сұрап,
Ертіс баяу ағады.
Ән Семейім,
Нән Семейім
Шығысымда көсілген.
Ұлыңды да,
Қызыңды да
Осы жолдар өсірген.
ЖАПОН ҚЫЗЫ
Әні: Теміржан Базарбаевтікі
Күншығыс мұхит асқан жапон сәлемін
Бір сұлу Токиодан шашына орап әкеліп тұр.
Ал, елім!
Маңдайына сакура гүл тағылған жапон қызы керім.
Қайырмасы:
«Хатахира», «Мацу-за-во»
Өкілдері атынан
Қазақстан байтақ елін
Ән баурайды – «Сакура».
Сырлы өзеннің жағасында
Кимоносын киген қыз.
Суға қарап, ойға батты
Самурайын сүйген қыз.
Ерке қыз ертегідей күліп көздері,
«Ен-коның» әнін айтты.
Сәуле шашып күн қаққан жүздері,
Қазағымның қыздарына ұқсайды, көрікті өздері.
АСТАНАМ
Әні: Т. Рахимовтікі
Қараөткел керуен жолын басып өткен,
Кейіннен Ақмола боп аты жеткен.
Аққайрақ тастан салған бір ескерткіш,
Қазақтың бір батыры қапы кеткен.
Самғап ән, астанамен таныстырған,
Еліммен, жеріммен де қауыштырған.
Бабалар сілемінен сыр ақтарып,
Домбыра ішегіндей табыстырған.
Киіз үй төбесіндей салты ұнаған,
Тас қорған – Ақмола боп аты ұнаған.
Бес ғасыр Есіл бойын көрікті етіп,
Күмбезі көзге алыстан жарқыраған.
Ақ күмбез жақын қылып сүйем жерді,
Талай көш түйелерге тиелген-ді.
Мәңгілік ескерткіш қып сол мекенді,
Қазағым қантөгіспен иемденді.
Жарқ етіп жарық жұлдыз тағы да алдан,
Ақмолам Астанам боп бағы жанған.
Астанам жасара бер, жаңара бер,
Балаңның ән нөсерін қабыл ал да.
АРДАҒЫМ
Әні: К. Назарбековтікі
Алтын ұяңнан алыстап кетіп барасың,
Аялап күткен көзімнің ақ пен қарасы.
Тағдырдың заңы жат жұртқа жазса, не шара,
Қыз болып тудың, ұлға бергісіз баласың.
Қайырмасы:
Қайырлыңның қалауы бол,
Отбасыңның алауы бол,
Ардағым!
Күлкі ойнасын жүзіңде шын,
Барған жерің «қызым» десін,
Жаққан отың үзілмесін,
Ардағым!
«Қыз бала – қонақ» дегенде көңіл босаған,
Орныңды тапсаң, жар болсын өзі жасаған.
Текті бір жердің қызы деп жүрсін сені елің,
Көңілің қосқан қосағыңменен қоса ағар.
Қайырмасы:
Шаңыраққа шуақ берсін,
Қиын шақта қуат берсін
Сыңарың.
Бәйтеректей бұтақты бол,
Жапырақ жай, ұрпақты бол,
Шынарым.
Ақ босағаның келіні болдың сен енді,
Естірте көрме «көргенсіз келін» дегенді.
Қадірлеп, сыйлап өмір-өзеннен өткізер
Анаңдай күтіп, сыйлап өт асыл енеңді.
2004 ж., 3 тамыз
СЕМЕЙІМ
Әні: М. Омаровтікі
Ертістің бойын жайлаған,
Жағаңда елің қайнаған.
Шектеліп жатқан екі елмен
Семейім – сенің бай далаң.
Батырдың елі – бұл өлке,
Ақынның елі – бұл өлке.
Тіл бітіп кетсе тасыңа,
Шежіре тартар сыр ерке.
Екі елдің достық өлшемі,
Жырына қосар ел сені,
Қазақстанның жерінің
Кішкентай ғана бөлшегі.
Құлашын жайып аумағың,
Өлең боп, жыр боп саулады.
Алыстан көзге шалынар
Тарбағатай таулары.
16-161
Ұрпағың салған әнімен
Келеді сені танумен.
Тұмсығы тіреп аспанды,
Тұр әне алып монумент.
Ертістей ерке Семейім,
Әніммен сені жебейін.
Өзіңде туып, сенде өскен
Таланттарыңды көрейін.
Жырыммен сені жебейін,
Әніммен сені демейін,
Қияда ұшқан қыранның
Тұғыры болған Семейім.
АҚБӨКЕН
Әні: Г. Ноғайбаеванікі
Еркелеу етіп сені елің,
Домбыра жырға бөледі.
Ерітіп жанды әуенің,
«Сәби де болғың» келеді.
Қарқара жүрек сыр бермей,
Тәңірдің сыйы жүргендей.
Мұқағалидың мұңымен
«Аякөз ару» күлгендей.
Момақан, мөлдір тұлғаңдай
Сезімдер тұрар былғанбай.
Бала да, дана жүрегің
«Қазағым-ай» деп тұрғандай.
Сәбидей аңғал баласың,
Сырт көзге жәй бір ағасың.
Тұрсынғазы боп тарихқа,
«Ақбөкен» болып барасың.
«Қаламқас қыздар» көктемдей,
Шолпылар сыңғыр еткендей.
Өлең боп Мұқағалидан,
Ән болып саған жеткендей.
Әуенге толып көмейің,
Жарқырай берсін мерейің.
Мейірге мейір тіл қатып,
Толқынға толды Семейім!
ҚЫЗ НАЗЫ
(Әнге арналған)
Ақ бата беріп жолыма,
Ұшырдың мені ұядан.
Бауырлар ерткен соңыма
Ұямды қалай қия алам?!
Аялап баққан анашым,
Сәби боп саған қаламын.
Әкенің орны дара-шың,
Қия алмай кетіп барамын.
Таңдаған бүгін күн ұлын,
Жүрегім, енді сөйлеп көр.
Өзгеге қиған ғұмырын
Қыз деген қандай бейнетқор?
«Қыз – өріс» деген осы екен,
Қатардан қалай қалайын?
Теңімді тауып, дос етем,
Батасын берсін ағайын!
ҚЫЗЫМА
Әні: Р. Ноғайбаевтікі
Қызым – гүлім тамашалы,
Әр қылығың жарасады.
Мінездерің аумай қалған
Анасының бала шағы.
Қызғалдағым – гүлім менің,
Еркеледің, күлімдедің.
Түздің гүлі болғаныңмен,
Түріңде тұр түрім менің.
Әсем гүлдер түз қонағы,
Қыздан қимас із қалады.
«Қонақ қой» деп төрді беріп,
Қадірлеген қыз баланы.
Өмір-өзен алабында
Қарсы тұрып бар ағынға.
Бір ошақтың отын жағып,
Үй болуға жарадың ба?!
Тәтті ең қандай сол шақтарда,
Жыр айналып қол соққанға.
Жүруші едің таласып қап
Анаң таққан моншақтарға.
Сен бір үйдің көркемісің,
Сен деп бір күй шертеді ішім.
Қараша үйге қарлығаш боп,
Оралып жүр, ерке құсым.
КӨРШІЛЕР
Әні: О. Сейтқазиндікі
Ақ ниет, ақ бата терген
Көршіңе орын бер төрден.
Күндіз-түн көріп жүрсін деп
Тәңірім тарту ғып берген.
Қуаныш, мұңымыз бірге,
Көтерер жүгіміз бірге.
Сақталған сыбағам күнде,
Қаланған көршіммен ірге.
Қайырмасы:
Тәңірдің сыйы – көршілер,
Көңілдің күйі – көршілер.
Береке-бірлікті сақтап,
Үйіме жиі келші, кел.
Сені ұғар көршілер барда
Дәстүрді, бірлікті жалға.
Күзетшім, сырласым, көзім,
Мен жүрген жерден сен қалма!
Сыңғыры сырлы тостағым,
Ырысым, сыйым қосқаным.
Құдайы көршілеріме
Тағзым ет, кәне, достарым!
АҚ ОТАУ ВАЛЬСІ
Әні: О. Сейтқазиндікі
Айналдық шаңырақтың иесінен,
Дәл бүгін айдарыңнан күй есілген.
Оң аяқ, ақ ниетпен келін болып,
Аттаған ақ босаға киесімен.
Қайырмасы:
Жұбайлар әні үшін,
Арайлы таң үшін,
Кел, бірге билейік
Ақ отау вальсін.
Ұл-бала өрісім,
Келінім – жемісім.
Ақ бесік тербеткен
Қазақтың тегісің.
Әкенің ат тұяғы сынығысың,
Ананың ар-намысы, тұнығысың.
Ат байлап, сусын ішер алтын діңгек,
Бабаның құрық ұстар бір ұлысың.
Ақ отау, асқар тауым, тұрағым бол,
Шөлдесем, сусын ішер бұлағым бол.
Отымның басындағы орынбасар
Келінім, шырақты бол шуағы мол.
ҚЫЗ-ҒҰМЫР
Әні: Г. Ноғайбаеванікі
Алакөл жақты бетке алып,
Отырмын жалғыз шет қалып.
Көлімнің асау толқыны
Қуыршағымды кетті алып.
Қайырмасы:
Аңсатып мені қыз-ғұмыр,
Жалғасын тапты жыр-ғұмыр.
Таласып кейде қалады
Қыз-ғұмыр менен жыр-ғұмыр.
Зымырап ағып сағым күн,
Өмір заңына бағындым.
Бұрышта үй боп ойнайтын
Қуыршағымды сағындым.
Бұрымды шағым, бал шағым,
Тәтті еді қанша ай, қанша күн?
Білмеппін бірақ сол кезде
Өмірдің сонша алшағын.
Толқындар соғып жағаны,
Анам боп есік қағады.
Қыз-ғұмыр бесік тербетіп,
Алыстап кетіп барады.
ҚАЛАМГЕРЛЕР ЛЕБІЗІ
* * *
Алакөл – ойдың мұңды үнін
Өзіңдей ешкім сағынбас.
Сағыныш толы бұл жырым,
Тойыңа тарту, қарындас.
Сәулеге болар мөлдір тең,
Толғатқан шақта қанша арман.
Жаралған ақын мен білсем,
Арыны асау аңсардан.
Еркелеп қонды кеудеңе
Шуағы шұбат таң нұры.
Аймалап өтті елгезек
Даланың жылы жаңбыры.
Көзді орап сиқыр сағымы,
Самалы тарап шашыңды.
Сәуленің сұлу жарығы
Бақ болып қонды, асылы.
Маңдайын төсеп маң дала,
Жаныңа құйды сырларын.
Жөргегі болып арман – ән,
Іңгәлап туды жырларың.
Алысқа тартқан ақ сапар,
Маңдайды ашар тұмарсың.
Қырыққа толған шақта сәл
Мұңайып қалған шығарсың?
Мұңайма, қарындас, мұңайма,
Қырықтың биік қырқасы.
Қалдырып бізді мың ойға,
Шаша бер нұрлы жыр-шашу.
Айбек Сапышев,
ақын, Журналистер одағының мүшесі
* * *
Айналайын Алмахан!
Желтоқсанның жеңіл емес тағдыры,
Ақ қайыңның қалтырайды тамыры.
Көкірегіңнен жырдың гүлі бүр жарып,
Арайлаған маңдайыңнан таң нұры.
Әрі ерке, әрі мұңды жанарың,
Күлкің тұрар ізін жауып жараның.
Жыр толғатып, күнге ұмтылған күнбағыс,
Бақытты бол, бақытты бол, қарағым!
Береке мен мереке тұнған отбасың,
Әулиелер үйіңе бұрсын ат басын.
Аппақ қардай ниетін сыйлап желтоқсан,
Ызғары мен аязынан сақтасын.
Өлеңге де биік тұрған талғамың,
Көңілмен емес, жүрекпенен толғадың.
Ерттеп беріп шабыттың шалқар тұлпарын,
Аман жүрсін арқасүйер Ерланың.
Арқалаумен уақыттың салмағын
Үкі тақтың үмітіңе алдағы.
Айдан алқа, жырдан жүзік сыйласын,
Бақ жұлдызың – ақ қанатты Ардағың.
Поэзияда ерекше өзің салған жол,
Түнді түріп, аппақ таңға созған қол.
Алатау, Алтай шыңдарына қонақтап,
Арманыңды асқақтатсын Аманжол.
Күндерің көп ізгілікті аңсаған,
Соның үшін табынамын мен саған.
Жаз өмірің арылмасын басыңнан,
Жаныңның жасыл жайлауы боп Жансаяң.
Саяқ жанмын, топқа жүрем қосылмай,
Сен дегенде ой туады осындай.
Көрген кезде дүниені ұмытам,
Қырық жыл бойы кездеспеген досымдай!
Семей, 2005
АҚЫН ӘЙЕЛ
(Қазақтың аяулы ақын қызы Алмаханға)
Сен дегенде көңіл басқа, ой басқа,
«Қырық беске келдім», – дейді, ой, қасқа!
Қырық бестің қыры менен сыры көп,
Келешекке келелі бір ой таста.
Бұл кезеңнің жете білсең нарқына,
Түскеніңді байқамайсың қалпыңа.
Сенің қымбат кездеріңе қызығып,
Қимастықпен қарай берем артыма.
Жыр да толы көкірегіңде, сыр толы,
Жалған дүние жанмен ұғып тұрса оны.
Бір қолында тіршіліктің тізгіні,
Қаламға кеп жармасады бір қолы.
Қойсаңшы бұл ақын әйел тағдырын
Өлеңімен қарсы алатын таң нұрын.
Көкірегін кең дүниеге емізіп,
Идіретін алпыс екі тамырын.
Сезімтал көңіл мейірімді құрайтын,
Перілікке, серілікке ұнайтын.
Ақын әйел жыласа егер егіліп,
Жұмбақ, тылсым әлем бірге жылайтын.
Бұйырыпты маңдайымызға осы бақ,
Пешенеге жазылғанды тосып ап.
Өз жүгіміз аз болғандай жүреміз,
Өзгенің де жан азабын қосып ап.
Ақ үміттің ауылын алыс қондырмай,
Жан сезімді аялашы тоңдырмай.
Желтоқсанның басы жұмсақ, соңы аяз,
Қырық бестің гүлін жүрші солдырмай.
Ізгі ниетпен: апайың Дәмеш Омарбаева,
ақын, Халықтық ақындар одағының жетекшісі,
Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері.
Семей, 2007
МАЗМҰНЫ Алғы сөз......................................................................... 5 Ай толған түнде тұнған жыр Қазақстан – елім менің.................................................. 9 Қала, қала.......................................................................10 Ұлылыққа тағзым...........................................................11 Өсек................................................................................12 Жатақхана......................................................................13 «Қызықсың-ау сен де кейде, ей, көңіл...»...................14 «Маңдайымды мұңға малып жан уы...».....................15 «Бағым деп ем, барым деп ем, сенбедің...»................15 «Сенемін деп тағы үніне ғасырдың...».......................16 «Бірде жұтап, отырамын бір түлеп...»........................17 «Жерге жақын баба рухы жетектеп...»......................18 «Ғашық жандар өкпелессе мұң дейтін...»..................19 Таулар! Таулар!..............................................................20 «Қайтсем екен жүректің мына заңын...»...................21 «Бұралаң боп белгісіздеу соқпағым...»......................21 «Жанымды шағып ерсілеу сөздің өсегі...».................22 «Толғақсыз түннен жұтап таң...»................................23 «Уақыттан озып келіп күзгі шық...»............................24 «Көкіректі нала түндер қопарып...»...........................25 «Түсімде ажырасқан қолдар көрем...»........................25 «Қаншама рет алданғанбыз екеуміз...»......................26 «Беттегі меңді нысана дейді бақыттың...».................26 «Күшік көңілім күйгелек...»........................................27 «Маңдайымнан неге сүйдің...»...................................28 «Тағдыр ғой сенің маған жолыққаның...»..................28 Семей..............................................................................29
Тоқал әйелдің монологы...............................................30 «Мен сені ұнатқанмын, сүйген емен...».....................31 «Өкініш айтып өлеңге...»............................................32 «Сен менен өлеңді несіне сұрайсың...».....................33 Айжарық елден келгенде..............................................34 «Бергенін алып кеміс күн...».......................................35 «Жүрегім, шыныменен дерттімсің...»........................36 «Ере алмай есер ағынға...»..........................................37 «Жаныма келіп «Күнім» деп...»................................38 «Анадан бекер тумаған...»..........................................38 «Аялдама... Ұя бұзған арадай...».................................39 «Әзілмен сақтық үшін...».............................................40 «Сен менің жан аямас досым едің...».........................41 «Жанарымның ар жағында бір сыр бар...»................42 «Қайтем мынау кіршең көңіл құрғырды...»...............42 «Жаныма келдің, сенделіп ессіз күдік дем...»............43 «Қыз-ғұмырым жыр-ғұмыр боп алмасып...».............43 «Екеуміз де күтпеп ек тосын жайды...»......................44 «Біз екеуміз бұлақ ек құлап аққан...»..........................44 «Бір арудың тымылжып тосын әні...»........................45 «Өткен-кеткен бір белгісіз таңымды...».....................46 «Қара жолдағы керуен...»............................................47 «Есімде сол бір жыл ағын...».......................................48 «Жаңғырық естіп құрсақтан...»..................................48 «Жүргенім-ай мен өзімді ұнатпай...».........................49 Қап-қара түн..................................................................50 «Дүние деген – дөңгеленген шарайна...»...................51 «Өлеңді несіп етіп...»...................................................52 «Алдымнан аңқып Алакөл демі...»..............................54 «Жазмышта қаңғыртпаған қай ерді арман...»...........54 «Байқайсың ба, сезім кейде оңбаған...».....................56 «Өлеңмін ғой. Жалғыз тал шашыңдаймын...»...........57 17-161
Жоғарыдан төменге менменсінген тіршілік...............57 «Ешкім де емес, білем, әйтеу, ақынмын...»................58 Дақ түсіріп алдым-ау жүрегіме....................................58 «Құмсағатқа айналып, жұтылдым да жоқтыққа...»...59 «Қайтсем екен жүректің мына заңын...»...................59 «Жалғызбын деп жабықпа, замандасым...»...............59 «Мен қашаннан тағдырыма көнгенмін...».................60 «Жалғыздықтан жапырақ боп тербелдім...».............61 «Таңғаламын мен сендегі санаға...»...........................61 «Мен бақытты сәтімде отырып ап ой емем...»..........61 «Атақтылардан мадақтау, атақ сұраман...»................62 Жан шуақ.......................................................................62 «О, тағдырым, жанымнан соқпа мені...»....................63 «Өткенді сұрап бүгіннен...»........................................63 Сен екеуміз....................................................................64 «Сағыныш-ай, өзегі құрақ-құрақ...»...........................65 «Білмеппін-ау болатынын арты мұң...».....................65 Мен келіппін өмірге......................................................66 «Бір тыныштық керек боп тұр жаныма...»................67 «О, менің шаттығым-ау бұйырмаған...».....................68 Қызыл қызық.................................................................68 «О, әйели табиғат, мен өзіңнен жырақпын...»...........69 «Шіркін нәзік көңілдер-ай...».....................................69 «Білмеймін, үркек үміт сөнген кез бе...» ...................70 «Бақи тірлік, бақұлдас, қара қайғым...».....................70 О, Жер-Ана!...................................................................71 «Аспан-Ана жұлдызды, айды туғызған...».................72 «Аштылығынан, жастылығынан жараның...»...........72 «Жол жиегінде – жол мекен...»...................................73 «Ағытып қойып жыр-селін...»....................................73 «Қалшылдап, дір-дір етемін...»...................................73 «Естегіні есептеп саналы күн...»................................74
Ақын мен ара.................................................................75 «Бұл көңіл бір жоқты іздеп көз ілмейді...».................76 «Семей таңының» 85 жылдығына..............................77 «Қыз едік қылық еліккіш...»....................................... 78 «Белінде жүріп биліктің...»........................................ 79 «Не жоқ дейсің архивінде көңілдің...»...................... 80 Алакөлім!....................................................................... 81 Абай мұражайына......................................................... 82 «Күншілдер күліп мазақтар...»................................... 82 Серік Зейноллаұлына................................................... 84 «Мендік көңіл мекен таппай мұздаған...»................. 85 «Селк етіп сезім күмәні...»......................................... 86 «Анашымның қойнынан...»....................................... 87 «Астарын айтып ғашықтың...».................................. 87 «Кетіп ең мәңгі жіп үзіп...»........................................ 88 Қоңыр күз. Менде көңіл-күй қоңыр............................ 89 Ақын.............................................................................. 90 Наз................................................................................. 97 Хат................................................................................. 98 «Орамды ойларды орып орақ қалам...»..................100 «Ақын әлем астында бір түндіктің...».....................101 О, ғашық әлем!............................................................102 «Мен өзімді өзгеше күйге бөлеп...».........................103 Кластас құрбыларға.................................................... 104 Тылсымның сырын ұғар кім? Донор және тек...........................................................113 Шәкәрім......................................................................133 Құрсақсыз ана.............................................................156 Алтының буы.............................................................. 180
Еркін елдің ер қызы....................................................198 Кіндік тамыр............................................................... 222 Ән – жан дауа Ұлы жол....................................................................... 235 Жапон қызы................................................................ 238 Астанам....................................................................... 239 Ардағым...................................................................... 240 Семейім....................................................................... 241 Ақбөкен....................................................................... 242 Қыз назы...................................................................... 243 Қызыма........................................................................ 244 Көршілер..................................................................... 245 Ақ отау вальсі.............................................................. 246 Қыз-ғұмыр.................................................................. 247 Қаламгерлер лебізі «Алакөл – ойдың мұңды үнін...».............................. 251 «Айналайын Алмахан!..».......................................... 252 Ақын әйел.................................................................... 254
Алмахан Мұхаметқалиқызы БІР БӨТЕН ОЙ АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ... Өлеңдер мен поэмалар Осы жинағымның жарық көруіне қолдау жасаған «Асыл-Орда» құрылыс компаниясының бас директоры Айтқожина Дариға Төлепбергенқызына риза шылық білдіремін! Автор
Редакторы Шолпан Оразбаева
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Ботагөз Мұхиденқызы
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова
Басуға 20.11.12 қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 13,86.
Тапсырыс №161. Таралымы 500 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру