Ерлан Рымбек. Ақбұлағым
ISBN: Беттер саны: 0 Жанр: Поэзия
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: Беттер саны: 0 Жанр: Поэзия
Менің сауалнамам Мен ғашықпын ай мен күннің шуағына, Шуағына тамсанып құладым да. Қысқаша жауап қатып көрейінші, Халқым сенің өмір жайлы сұрағыңа. Ең бастысы мен Алланың құлымын, Діні Ислам пенделердің бірімін. Әміренің топырағынан нәр алған, Қаным қазақ,қалың жұртың ұлымын. Өтеу парыз ақ сүтін пәк анамның, Өтеу парыз жұпар исін даламның. Анам менен даламды гүл еткен, Өлең жырдың тамшысынан жаралдым. -Туған жылың? -1972шілдесі, Алланың уақыты еді түн бесі. Ана алдында бас иіп келемін мен, Көк пен жердің арасында күн кешіп,
-Туған жерің? -Туған жерім Әміренің ауылы, Дауысына толқыған Франция қауымы. Ұрпағымын мақтанышпен айта алам, Тарақтылар ішіндегі тәуірін. -Жынысың кім? - Еркекпін. Еркектін ішіндегі тентекпін Тентектікті айтар болсам, Әділдік іздеп тер төктім. -Білімің ше? -Жоғары. Болмағанмын топ алды. Ақиқатты айтам деп, Абыройым жоғалды. -Шыққан тегің? -Қарапайым халықпын. Сырқаттансам, Өлең,жырмен сауықтым. Бұл жаһанда келмейді, Адамдықтан ауытқым. -Ана тілің? -Қазақша. Тілім үшін болдым да әр кез араша, Өзге тілге бет бұрып жүргендерге, Мынауың іс қой дедім далбаса.
-Қайда істедің? -Ұстаздық ол мектепте, Артқаным жоқ еш бір мінсіз елге өкпе Мен жайында жаман айтса біреулер, Сия алмаймын ар-ұяттан жер-көкке. -Міндеттісің бе әскерге? -Міндеттімін. Өтеп келдім Ресейде. Ғали аға жырларын тауып алып, Қорғап келді жас кеуде. -Жұлдызнамаң? -Арыстан, Қайсарлығы жүрегіме жабысқан, Қандай жағдай болсадағы өмірде, Мінезіме қалыптасқан бар ұстам. -Құмарсыз ба шарапқа? -Іштім аздап қуанышта,қонақта. -Қазір тізем түйіскелі намазға, Ішпе деймін бауырларым қазаққа. Айналғанын қаламаймын қарындас, Ұлтым,Дінім мазаққа!
-Сөгіс алып көрдің бе? -Сөгісім бар,алғысым бар аздаған. Күнде болды бағым тайып боздаған. Кейде өзіме кінә артып тұрамын, Жүрегімде жырым қалса жазбаған. -Бақыттысыз ба? -Бақыттымын. Тербеліп тұрса әр кез шалқып күнім Бар тілерім амандығы халқымның, Ақтық демім таусылғанша,ақтық күнім. Сауалыңды осымен аяқтайын, Қағаз,қалам қаруымды жарақтайын. Кешіре алсаң кешір мені қарындас, Көп сұрақ қойғандарды жаратпаймын. Тұрсын әр кез алдыңызда таң күліп, 70-жыл онсызда біз қанғыдық. Тыныштығын тілеп елдің Алладан, Бақытты өмір сүрейікші мәңгілік. Шулатсын бар әлемнің құлағын, Қазақстан жаңғырып!
ӨМІР
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Өмір деген - бұлақ екен арнасымен ағатын, Өмір деген - шырақ екен алауланып жанатын. Өмір деген - арғымақ қой апаратын алысқа, Өмір деген - жыл құсы екен еркін жайған қанатын. Өмір деген - жүрек қылын тербеткен сезім екен нөсер болып селдеткен. Енді бірде анаң болып жұбатса, Енді бірде әке болып дем берген. Өмір деген – нудай қалың орманым, Жолдарымен жетелеген арманым. Өмір деген – биіктерден тұратын, Адам үшін аласармас заңғарым.
ӘКЕМЕ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Көңілім кейде құлазыр, Ағарған көріп шашыңды. Өмірдің ізі сірә бұл, Ұлғайтқан жылда жасыңды. Қуат беріп тұрар әрбір күн, Өнеге, ақыл-кеңесің. Сынағын көрсем тағдырдың, Шыдам мен жігер бересің. Көресің менің көзімнен Жалынды бала кезіңді, Ақылға толы сөзіңнен Өмірдің сыры сезілді. Кетпейді естен бір бақыт – Балалық менің шақтарым. Ойыншықты алып бір уақыт Жаныңа келіп жатқаным. Тұрамын, әке, елеңдеп, Атырып көзбен ақ таңды. Өзіңе өлең өрем деп Ұйқысыз таңым атқан-ды. Көңілім кейде өкпелі Ағарған ерте шашыңа, Уақыт па әлде өтпелі Ақ қырау салған басыңа?..
ПОЛИГОН ЖЫРЫ
Соғыс деген – айдаһар жеті басты, Бас көтермес (беті аулақ) Несі жақсы?.. Түлеп жүрген түлкідей мың құбылған Мынау ұшқыр заманның беті қатты. Сол атомды қанша жыл сынап келген, Қайран халқым бәріне шыдап берген. Таулары аласарып туған жердің, Өзендері тартылып, бұлақ та өлген. Атом – апат, болмасын бұған күмән, Саңырауқұлақтай саулатқан сынақты лаң. Дегелеңнің тоздырған топырағын, Бұл қару – уы зәрлі шұбар жылан. Жер қыртысы сынақтан шаршағандай, Көзге түсе қоймайтын картадан жай. Алыста жатыр шөгіп сол биігім, Қайғы мүжіп жүдеген қарт адамдай.
Жарылыстан дірілдеп сан үйлері, Жылады тірі жетім сәбилері. Емі жоқ ауруынан жазыла алмай Жазығы жоқ қанша жан зар иледі. Империя қулығын кеш түсіндік, Бейбітшілік бізде деп мықтысындық. Жапонның қасіреті жолда қалар, Бар екен өзімізде тіпті сұмдық!.. Ақбұлағым (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Армысың, ата қонысАқбұлағым, Өзіңнен өзге жерде жоқ тұрағым. Қадіріңе тізе бүгіп бас иемін, Мен үшін қасиетті топырағың. Армысың, аға-жеңге, бауырларым, Өзегімде от болып жалындадың. Сағыныштың сазымен буырқанып, Бұлағыңмен ілесіп ағылды әнім.
Арманым жоқ шомылсам шуағыңа, Арманым жоқ шөл қанса бұлағыңа. Мендей перзент аз болмас аңсап жүрген, Мынау алыс арманның жырағында. Қайырмасы: Арылмай туған жердің елесінен, Мен келем сағыныштың кемесімен. Алыстан аңсай жетер кезге дейін, Туған жер! Ораласың сен есіме…
БІЗ ЕКЕУМІЗ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Мөлдіреген көзің Жанымды алды баурап, Сүйем деген сөзің Кеудемде жанды лаулап. Саған деген сезім Жанымды өртеп барад,от болып. От бердің сөнбестей Жалынды бағыма, Қарайсың көрместей Қиналып тарыла. Кеттің-ау келместей Дерт салып жаныма, жоқ болып. Сені ойша құшып Аймалаймын, жаным. Сезім оты өшіп, Сөнгені ме бағым? Кетті бу боп ұшып Махаббатым-әнім бұлт болып. Қайырмасы: Біз екеуіміз әнбіз, Қосылмаған жанбыз. Қос жүректен қалған, Өшпесе екен мәңгі із.
АНАМА
Қарыздармын анашым қарыздармын, Көрдің ғой сен өмірдің сан ызғарын. Сен ауырып шалдығып жатқаныңда, Бір қасық су аузыңа тамызбадым. Жайыңды ойлап бір сәт те тыншымадым, Сөнбеу үшін, анашым, нұр шырағың. Сен сауығып кетсін деп сырқатыңнан Мен өлеңмен әкелдім күн шуағын. Тұршы, анашым,қарсы алайық таң нұрын, Әкетпесін бізден бөліп тағдырың. Көрсек бірге көрейік бұл жалғанда Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Сенсің, ана, асыл ән көктемдегі, Өзегімді жарып шыққан от кеудені. Асау сезім толқынын кешіп жүріп Желдей зулап бала өмір өткен бе еді?
Сен арқылы көрдім күн мен айдың нұрын, Мейіріміңнен іңкәрліктің жайдым сырын. Анашым «балам!» деген бір сөзіңе, Айырбастамас едім мен байлықты мың. Біз ана жаралғанбыз сынақ үшін, Көреміз деп өмірдің жыл ағысын. Зарықсақта,шалдықсақта бір көрейік, Осы өмірдің қайғысымен қуанышын. Ақ сүтіңе анашым табынамын, Табынамын сәл көрмесем сағынамын. Өзің берген суретіңді аялап, Қасиетті тұмарымдай тағып алдым. Төрт ұлыңды аялап асырадың, Қиындыққа кез болсаң жасымадың. Сен ауырып, қиналып жатқаныңда Қиналды ғой жасыл орман – асыл жаным.
Жапырағы жайқалсын өміріңнің, Ән құстары сайрасын көңіліңнің. Жаның жүдеп қалғанын көргенімде, Жанарымнан жас болып төгілді мұң. Сен арқылы міндім өмір қайығына, Жүзіп келем осы өлең айдынында. Арманым боп қанат қағып қондың, ана, Көңілімнің көкпенбек жайығына. Жырға айналды көк қалам сиям менің, Осы жырдан мүсініңді құяр ма едім. Есейіп кетсем де, ана, сәбиің боп, Құшағыңның саясына сыяр ма едім. Бауырсағың, құрт, қаймағың аңсатады, Аңсатады өмірдің таң шапағы. Сен ауырсаң мұңға батып күні-түні, Өзегімді жас толтырып шаршатады.
ҚАРИЯЛАР
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Біз пақыр өмір өтіп, жүзі тозған, Қош айтысып, суық көрге қолын созған. О, заман-ай, не істетпедің біз пендеге, Ұйықтай алмай ертеңді ойлап жүйкем қозған. Ботаңның жетім қалып боздағаны Кеудемдегі жау оғындай қозғалады. Тағы бір қария өтіп, жүрегіңді Тіледі-ау жоқтау айтып боздағаны. Тұр үнсіз қанша мола күн қақтаған, Жансыз бейне суреттерің құрғақ маған. Жасырды жер бесігі қойнына алып, Сен өткен соқпақтарың жұмбақ маған. Қайырмасы: Қоштасуға әлі ерте ғой, қариялар, Сен жүзбеген қаншама дария бар. Сырты жарық болғанмен, іші түнек Келместің кемесінде жан қиналар…
ДЕГЕЛЕҢІМ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Туған жерім, аманбысың, Көгіңе алып балармысың? Сағынып бір келгенімде Құшағыңа алармысың? Ағылған көл тартылған ба Сынақ атом атылғанда? Бозторғайдың әсем әні Естілмейді, сарқылған ба? Ой, дүние аласұрған, Жарымжан боп бала туған. Көздерімнің қос жанарын Баурап алды қара тұман. Кете бардың балап мұңға Қара жерге қараттың да, Арманым бір таусылардай Қараймын кеп сағатыма. Туып-өскен Дегелеңім, Ән-жырыммен тербелемін. Бала күнде ойнап-күлген Кездеріме шөлдегенмін. Қайырмасы: Анау тұрған бала-шаға Туған жердің даласында, Ел-жұртымнан айрылдым деп Жылап тұрған анасы ма?..
ҚОС ҚАРЫНДАСЫМ
( Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Өмірім орман от болып, Өзегім жанып шоқ болып Бесіктен шықпай кеттіңдер, Қос қарындасым, жоқ болып. Көрместен жолдың қатпарын Өмірдің балын татпадың. Бесікте жатып шырылдап, Таралмай кетті-ау шаштарың… Таусылмайтын тағдыр бар, Жалғанда сөндім-жандым бар. Аңсаған сәтте қамығып Көзімнен жас боп тамдыңдар. Бесікте бітіп арманың, Сөнді ғой өмір шамдарың. Әкетті іліп сендерді Ажалдың арсыз қармағы… БІЗ ТҰРМЫЗ СЕМЕЙ-ЕРТІС ЖАҒАСЫНДА (Әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында, Көк орман махаббаттың даласында. Ертісті жағалады ұшар әнім Қалықтап Семейімнің қаласында. Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында. Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында, Аралда, тал-тоғайдың арасында. Құстар да қиқулаған қайтып барад, Сен менің бақ құсым боп қаласың ба? Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында. Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында, Ән тербеп Еңлік-Кебек даласында. Абайдың әндеріне қосылып бір Әнімді сен де менің саласың ба? Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында.
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында, Тербеліп өмір-өзен сағасында. Ауылдан өзіңді аңсап келгенімде Махаббат аралынан табасың ба? Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында…
ҚОС ЖАПЫРАҚ
Тыңдауға дала әуенін шықтым үйден, Жоқ еді махаббатым менің сүйген. Тап болдым күзгі кеште бір ағашқа, Тұрғандай жалғызсырап мұңды күймен. Тұл тағдыр қырына алып алдады ма, Жапырағы шашылған жан-жағына. Таң қалдым сол ағаштың бұтағында Сарғаймай қос жапырақ қалғанына. “Бізді айырар тек қана қара дауыл, Өмір сыны салмағын салды ауыр. Сарғаярмыз, сағақтан үзілерміз, Қар жамылып құлазып қалар ауыл”. Қос жапырақ ұқтым мен сырларын да, Түсіндім үнсіз шыққан жырларын да. Аядым дір-дір еткен қос ғашықты, Аяй тұра қызығып тұрғаным ба…
ДОСТАРЫМА
Жан-жаққа кеткен тарап құрдастарым, Міне, бүгін сендерге арнап жыр бастадым. Есімде әлі қоштасып балалықпен Жастық шақ деген биік қырды асқаным. Қаз-қатар тізілген көп парталары Мектептен білім алдық сан-салалы. Адам қылып шығарған бәрімізді Аяулы ұстаздардың арқалары. Тентектік, бала қылық болған шығар, Ал қазір азаматпыз бәрін де ұғар. Қашан бір кездескенде қуанышпен, Құрбылар күлімсіреп алдан шығар. Өмірдің бәйгесіне қостық атты, Дұшпанымыз күлдіріп, дос жылатты. Қиындықтың барлығын сездірмейтін, Жасай берсін ұлы күш - Достық атты!
ЖЕТІМ БАЛА МОНОЛОГЫ
Әкем менен анамды мен сағындым, Тағдырымның жазуына бағындым. Жалғызсырап оңашада жыладым, Аспандағы айға қарап шағындым. Асыл әкем жүрегімнен өшпейді, Аяулы анам көңілімнен кетпейді. Қайтарып бер дер едім мен сендерді, Әттең, әмір бір Аллаға жетпейді. Қайран әке, өзің болсаң тым қызық, Ойнатушы ең мойыныңа мінгізіп. Өзің барда аз да болса қалдым мен Бақытты өмір айдынында бір жүзіп. Анам менің, кім өзіңнен айырды, Көрер ме едің дәл бүгінгі жайымды? Сағынамын жылы-жылы сөзіңді, Сақтап қояр құртың менен майыңды. Жас жүрегім сағынышқа толы шын, Осындайда кім береді қол ұшын? Балалық шақ – бақытты шақ дейді жұрт, Ата-анаң болу керек ол үшін.
Бастарыңа жиі барып тұрамын, Балалардың үйі болды тұрағым. Адал бол деп айтушы еңдер өмірде, Сол бір сөздің мәнін енді ұғамын. Жұрт аяйды, жетім деген атым бар, Жаным, бірақ, жігерленіп лапылдар. Өміріңнің жалғасымын, сондықтан Азамат боп өсуіме хақым бар! *** Сенсің ғой менің қос аққудай сыңарым, Ай менен күндей сәуле шашқан шырағым. Сенсің ғой менің аяулым, асыл арманым, Сезімнен сел боп серпіле аққан бұлағым. Сенсің ғой менің мәңгілік күткен нұр бағым, Толқыды көңіл, шалқыды шалқар жырларым. Жүрегім менің – қонақ үй, жаным – қазына, Төгілді саған, өрілді өлең-сырларым.
Сенсің ғой менің гүл нәзік жаным, тәтті әнім, Сенсіз жоқ менің бақытты болар шақтарым. Сенсің ғой менің үзілмес мәңгі үмітім, Сенсің ғой менің нұрланып атар ақ таңым.
АРУЖАНҒА
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Айналайын алтындай ақ бесігіңнен, Құдай жарық беріп ашқан есігінен. Келдің, балам, қонақ болып сен өмірге, Айналайын Ару атты есіміңнен! Айналайын шырылдаған дауысыңнан, Шырылыңды естіп аяп ауырсынам. Әнімді айтсам өзіңе әлдилеген Танырсың әкеңді осы дауысынан. Көктегі ай мен күндей жанармысың, Құландай биік қырға шабармысың. Ел үшін еңбек етіп, қамын ойлап, Халқыңның мақтанышы болармысың? Қадірлей біл аңсап күткен анаңды, Қадірлей біл туған жерді, далаңды. Халық үшін қызмет қыл қалтқысыз, Сонда сенің тасып бағың жанады.
Қайырмасы: Айналайын, Аружаным, балапаным, Бір өзіңсің қолғанатым, алақаным. Қиналсаң қиындықта, балам, егер, Қолдасын аруақтары арғы атаңның.
БІЗ ЕКЕУМІЗ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Біз екеуміз - бір арманның гүліміз, Бір емес пе тіліміз де дініміз. Бірімізді бір күн егер көрмесек, Не болады, айтшы, жаным, күніміз? Өмір тулап ағып жатқан теңіздей, Бірдей соғад жүрегіміз егіздей. Айым-күнім деген асыл сөзіңді Айта берші, айтшы, жаным, сен үзбей. Қосылғалы екеуміз бұл күндері Зулап ағып өтіпті-ау жыл дүрмегі. Осы қысқа ғұмырдың шақ жолында, Айтшы, жаным, кім жылап, кім күлмеді? Біз екеуміз - бір шаңырақ гүліміз, О, тәңірім, жазылмасын жұбымыз. Бізді көрсең қос аққудай айдында – Екеумізді тек егіз деп ұғыңыз.
САҒЫНЫШ САЗЫ
Бір өзің деп елжіреді жүрегім, Сені күту – күнде бақыт, күнде мұң. Қадіріңді білдім, жаным, аяулым, Сенен асқан бақыт жоқ қой – білгенім. Жүректегі алауланған жыр едің, Үйдің көркін ашып тұрған гүл едің. Келем деп ең аз-ақ күнде кешікпей, Сол аз күнде сыз тартты ғой жүрегім. Түні бойы дөңбекшіп көз ілмедім, Санауменен өтті дүлдүл күндерім. Аман-есен келсе екен деп сырқамай, Бір құдайдан саулығыңды тіледім. Қос аққудай ғұмыр бойы біргеміз, Бөленерміз ең бақытты күнге біз. Шайқалмасын шаңырағым баянды, Шайқалмасын арманымыз, іргеміз.
Тек өзіңмен отырайын мен байып, Сендей жар жоқ тең келетін гүл лайық. Біз сияқты бақытты адамдардың Алдарында көлденең кеп тұрмайық.
АЛАУ СЕЗІМ
Махаббаттың ақ жастығын жастанып Жатырмын-ау жанарымнан жас тамып. Сені ойласам кірпік ілмей, аяулым, Кетер қалғып ақ көңілім мас болып. Махаббаттың отын мәңгі сөндіріп Кеткенің бе, жас жүрегің тас болып? Махаббаттың ақ көрпесін оранып Жатырмын-ау сағыныштан толғанып. Әттең, сәулем, тек сен жоқсың, не керек, Қалды-ау, шіркін, ақ көңілім торланып. Сағыныштан өзіңді аңсап, жаным-ау, Өртенді ғой көңіл – қалың орманым. Сен кеткелі күтуменен шаршадым, Шаршадым-ау, құшағыңды аңсадым. Сағынышым көктем сайын бүр жарып Күттім сені, күттім, жаным, қанша күн. Шуағысың сәулесіндей көңіл-күйдің Деп өзіңе, сағыныштан ән салдым.
*** Сен болдың ақ арманым, сүйген жаным, Арман боп пәк жаныма кірген бағым. Үйреніп қалғаным ба бір өзіңе, Шыға алмаймын сен болмасаң үйден, жаным. Сен келер деп есік жаққа елеңдедім, Елеңдедім, еркелеп келер дедім. Бір күн емес, бір минут көре алмасам Сағыныштың отына күйіп өлер ме едім…
МАХАББАТ ЖЫРЫ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Неткен өмір, неткен тағдыр, Сол бір түні жауды жаңбыр, тамшы ұрды. Саған деген әнім бар бір, Жүрегіңде мәңгі қалдыр бар жырды. Кездеспедік көптен бері, Еске алайық сол күндерді, аруым. Сұлу бейнең көрінбеді, Әсем сырлар төгілмеді, аққуым! Жазығым не, сүйгенім бе, Кінә тақпа жүрегіме, жарқыным. Сезім қылын тербедің де, Сүйгеніме сенбедің бе, алтыным, Сенбеген соң келмедің бе, аяулым? Мұңға оранып толғанамын, Көңіл жүдеп зарланамын, қаяулым
МАХАББАТТЫ ҚОРҒАУ
Таң атқанын білмеймін, батқанын күн, Түсіме өзің кіріп, жатқаным мұң. Ақын емес едім мен, амалсыздан Ауызымнан жыр болып ақтарылдың. Бітпейді саған деген махаббатым, Өткінші сезім емес жоғалатын. Өзіңді жоғалтсам да, өмірімде Өшпейді жүрегімнен сенің атың. Маған бақыт болмайды сенсіз, жаным, Жұртым ауа көшкендей елсіз маңым. Көктегі жыл құсындай қайта оралсаң, Жанар еді сол күні шексіз бағым. Есімде телефонмен тіл қатқаның, Махаббаттың әуенін тыңдатқаның. Қойғымыз келмеуші еді трубканы, Келісіп, кезек-кезек сырды ақтарып.
\Ол кезде сен де мені қимайтынсың, “Мақтанышым өзің” деп сыйлайтынсың. Ұмыттың ба барлығын шыныменен, Жаным-ау, ақылыма сыймай тұрсың. Сені аңсаумен өтуде күндер деген, Жұлдыз болып жанамын түндерде мен. Сағыныштан сарғайып кетер ме екен Менің қызыл жүрегім мұң кернеген. Балапандай ұядан шығып ұшпай, Жүреміз бе осылай ұғыныспай? Бұл өмір жол болса ғой, оралатын Өткен күнге, шұғыл бір бұрылыстай. Шын махаббат алдауға бара алмайды, Алдаса тек сезімсіз жан алдайды. Махаббат ойын емес, бір поэма Себепсізден-себепсіз жаралмайды.
Ойға батып, мұңға батып күні-түн, Үзілді ғой бір өзіңсіз үмітім. Күндер қайда кеше біз серуендеген, Түндер қайда сол бақытты, ұлы түн? Көз алдымда өмірі өшпес елессің, Лаулап жанған махаббат оты неге өшсін? Жаныма қуат беріп күткенменен, Тағдырымның жазуы боп келмессің. Ұғу қиын адам жанын, білем мен, Нені ойлайсың бұл жырымнан түнерген? Төгілгенмен көкіректе күй тасып, Мұңға батып қанша күн әлі жүрем мен? Ұйқым қашты, япырмау, менің неге? Батып барам көңіл қайғы тереңіне. Әрбір жұлдыз бір тағдыр, бір өмір-ау Жалғанып жіпше үзілген күндерім де.
Өзіңсің қанат берген өлеңіме, Қарашы гүлді өңірге, нұрлы өңірге. Шуағыңа шомыламын бақ құсындай, Жүрегің жауап қатса жүрегіме. Ерке қыз-ай, бұлғақтаған бұрымың, Өлеңімнің сыры терең, мұны ұғын. Тіршіліктен шын бақытты іздеген Ақынжанды қазақтың бір ұлымын. Көрген сайын сенің нәзік үніңнен Жан дүнием алай-дүлей бүлінген. Ақ жүзіңе қызыл арай жүгірсін, Тыңдашы, айым, сыр ашайын бүгін мен. Жырымды оқы, жатырқама, жатсынба, Қонуы оңай, ұшуы тез бақтың да. Көңіліңнің қалағанын, әлде, сен Өзге жанның жүрегінен таптың ба?
Сен мені терең ойға батырасың, Бір өзіңсіз өтпей қойды ақыр асым. Миллиондаған арулардың ішінен Күн көзінде елес болып шақырасың. Қалай өмір сүрем, жаным, жырсыз ғана, Ұқтырамын жан сырымды тілсіз ғана. Егер мені сағынып қаяулансаң, Жетем саған, күт мені үнсіз ғана. Елес деген – көңілді алдар жұбаныш, Елес деген – ер жігітке бір намыс. Елес деген – тіршіліктің куәсі, Елес деген – қайғы, бірде қуаныш. Бұл дүниеге қалай ғана сыя алдым, Қанбадым-ау сусынына қиялдың! Өмірімді өтер күнмен күйттесем, Басқаға қалай сені қия алдым?..
Ал, дәл қазір суретіңнен жоқ басқадай түгім де, Тіл байланып қалғандай, шықпайды одан үнің де. Не істеймін, не істеймін, не істерімді білмеймін, Не боп барад өмірім, не боп барад күнім, не? Тағдыр дейміз өмір бізді жылатса, Мүмкін, сені ұзатармын көзіммен. Жүрек дейміз көңіл егер ұнатса, Мүмкін, сені аймалармын сезіммен. Құдай-ау, не жазық бар мен пақырда, Күнәм болса таста мұз ғып қатыр да. Мен – адаммын, махаббаттың алдында Бағымды берген емен сатуға. Қос қолыңмен қолымды қыса қалып, Енші, жаным, құшағыма, құша жанып. Тым болмаса “сүйем” деші алдасаң да, “Сүйем” деген сөз жеңіл – бес-ақ әріп.
Сезіміңе жетпеді ме сағынғаным, Я Алланың әміріне бағынбадың. Сен менің түнде көрген түстерімде Махаббаттың оты боп жалындадың. Үзілген жіп, әрине, жалғанбайды, Бұл сөзіңе сенем, жаным, түсінемін. Жалғанса түйіншектеліп барды алдайды, Еске түссе іштей тынып күрсінемін Қайда барсам жанарымды мұң шылады, Көңілімнің кеткендей күн шуағы. Арман құсым сен едің адал, түсін, Жүрегім бір өзің деп тыншымады.
САҒЫНЫШ ХАТЫ
Тірімісің, ғашығым, арман болған сырласым, Жүрегім тек өзіңе мұңын шағып жырласын. Сүйіп едім, қайтейін, қарсы болды тағдырым, Өмірдегі бақытың болмас менің құр басым. Сағындым ғой даусыңды, нәзік сенің үніңді, Сағындым ғой сайраған және қызыл тіліңді. Бір-ақ күнде арманым таспен атқан шыныдай Шағылды ғой, бүлінді… Тірімісің, аяулым, тірімісің, Қайда сенің адал сезім, ұлы күшің? Жан-дағы жарасынан жазылмайды, Әлде сен басқа жанның гүлімісің? Тірімісің, жаным-ау, тірімісің, Бітпейді саған деген бұл бір ісім. Айтшы, күнім, ұқтыршы жан сырыңды, Әлде сен басқа жанның жырымысың?
Өткен бір сәт кетер емес көңілден, Үмітімнің жібі үзілді өрілген. Жүректегі саған деген жырларым Көздерімнен мөлдір жас боп төгілген. Тірімісің, бақытым, тірімісің, Көз алдымда болдың сен тірі мүсін. Сен де арман жетелеген бұл күнде Басқа жанға ғашық жанның бірімісің?..
СӨНБЕС ЖАЛЫН
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Үзілмеші, қарашы, Қайда кетіп барасың? Жүрегімді тербетті Көзіңнің пәк қарасы. Топты жарып биледік, Махаббатты күйге ендік. Қол ұстасып екеуміз Кеттік мәңгі тербеліп. Махаббатты түсінер Жалғыз жүрек жалғыздар. Ғашық жайын өмірде Түсінбеген бар қыздар.
НЕ ЕТЕР ЕДІҢ?
- Бұл жырыңды жыртсам егер не етер едің? - Жаңадан жыр жазумен өтер едім. - Басқа жанмен бас қоссам не етер едің? - Мен тойыңа сол күні жетер едім. - Оқ боп тисем жүрегіңе не етер едің? - Жүрегімнен өлсем де алмай кетер едім. - Көзіңе жас әкелсем не етер едің? - Сол көз жаспен сені іздеп кетер едім. - Жарымжан құс боп келсем не етер едің? - Алақанға салып мәңгі көтеремін. - Жүрегіңе мұз боп қатсам не етер едің? - Бар ыстық сезіміммен ерітер едім. Бұл сұрақтың бәрін, күнім, қоя берсең, Мен бақытты шағыма жетер ме едім? Сен жоқ жерде шөліркеп кебер ернім, Сен шексіз ғұмырыма керек едің.
ҒАШЫҚТАР ХАТЫ
(Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Қыз сөзі: Сағынсам сені селдетем көзден жасымды, Ойласам, жаным, түндерде кірпік ілмеймін. Өзіңе мынау мәңгілік махаббатымды Жеткізем қалай? Білмеймін… Қалаға сонда мен жылап жеттім неліктен, Бір мезгіл сенен кеткендіктен бе тым алыс? Басыма жастап оқысам көңіл еріткен Жырларың ғана жұбаныш. Адалмын саған, сенен де осы тілерім, Еркелетсең де, аймаласаң да соны ұқтыр. Сен қайда жүрсең, менің нәзік жүрегім Өзің деп бірге соғып тұр. Жігіт сөзі: Өмірде мына жүргендер аз ғой ғашық боп, Қосылар біреу, біреулер кетер қосылмай. Ғашық боп өмір сүргеннен артық бақыт жоқ, Махаббат деген осындай.
Сағындым дейсің, сағындым мен де, аңсадым, Не жетсін, шіркін, жүргенге жиі кезігіп! Көңілімдегі бар сағыныш, барша мұң Осы әннен тұрсын естіліп. Айналдым сенің үзілген тамшы жасыңнан, Уақытша солай алаңдап күндер кешерміз. Ақ ниеттерден, ән-жырдан шашу шашылған Бақытты күнге жетерміз.
АҢСАУ
Қымбатыма айналдың да, қылықтым, Жанарыңмен жүрегімді жылыттың. Мынау жарық дүниенің ғажабын Сенің тұнық сезіміңнен ұғыппын. Болашақтың даласынан сені іздеп, Арманымның шамын жақтым өзің деп. Өмір күні мың өзгеріп кетсе де, Өзгермейді саған деген сезім тек. Еркелеген лағындай киіктің Сен еркіме бағындырдың, сүйіктім. Шығар жолы табылғанша тынбаймын Біз жететін бақыт атты биіктің. Есіміңді әлі келем мың айтып, Тағдыр кейде алса-дағы мұңайтып. Түн баласы көз алдыма келесің Сияқтанып сен бәріне шыдайтын… ТЫҢДА СЕН, БАЛА, АНАҢДЫ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Тыңда сен, бала, анаңды, Жүректе тұнған ақ әнді. Бір анаң емдер ақ сүтпен Жаныңа батқан жараңды. Тыңда сен ана әлдиін, Ол сенің сазды ән-күйің. Бесікке бөлеп тербетсе, Бар ма одан артық мәнді үйің?.. Аналық мейір көңілмен Жүректен жырым төгілген. Бесікте сені әлдилеп, Өскенде өлең өрілген. Қайырмасы: Қанатың, бала, талмасын, Арманың асқақ самғасын. Бір Алла жар боп жаныңда, Көңілді кірбің шалмасын!
ӘЖЕМЕ
Әжем Тыныштыбыла Доскейқызына Көгімдегі күн де сен, Жаныма еккен гүл де сен. Өзіңді аңсап келгенде Қабақ шытып жүрме сен. Әжетайым, нәзігім, Маңдайдағы әжімің - Домбыраның шегіндей Шертіп тұрған сазды мұң. Жеткізгендей болады Қалған ғұмыр аздығын. Көңілің аппақ қар ма екен, Нұрланып атқан таң ба екен? Мынау шеңбер әлемде Сендей жандар бар ма екен?.. Кәрілікке жеткізген Уақыт деген аз ба екен?.. Сезім отын жандырып, Қымызыңа қандырып Жүруші едің, әжетай, Немерелерді таң қылып. Нұрлы, әже, жүзіңнен Жыр оқимын мәңгілік.
Қымызыңа мас болып, Төсіңді, әже, жастанып, Жатар ма едім өзіңе Бар сырымды ақтарып. Шабыт берген бойыма Өзің болдың бас халық. Жүзіңнен күлкі кетпесін, Көңілің мәңгі шөкпесін. Өзіңді халық қадірлеп, Ақылыңды ешкім теппесін. Бойдан ұшқан арманың Тізесін бүгіп кетпесін.
ЖҮЙРІК ҚИЯЛ
Жүйрік қиял жеткізбейді Темір сұңқар ұшаққа да, Көлемі оның шексіз дейді Сыймайтұғын құшаққа да. Өлең туса қиялдан, Теріп оны жия алман. Жазу керек ол үшін Қуат берсе бір Аллам. Төгем ойдың тұнығын, Жамап сөзбен жырығын. Дүние шеңбер айнасы Көрсетпесін сынығын. Өмір мені үйретті, Өлең етіп күйлепті. Арманның ақ қанатында Жас сезімді билетті.
ӨЛЕҢДЕР
Көңілімнің көгінде Пырлап ұшқан өлеңдер, Жүрегімнің төрінде Жылдап ұшқан өлеңдер. Мынау қысқа өмірде Көзімді ашқан өлеңдер, Мынау байтақ еліме Нұрын шашқан өлеңдер. Махаббатын жырлатқан Алау сезім өлеңдер, Өткізген өмір сынақтан Тарау сөзім өлеңдер. Жас жаныма гүл еккен Тамыры оның - өлеңдер, Арман боп ақса жүректен Ағыны оның - өлеңдер. 2005 ж.
ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ ОТ-ЖАЛЫН
Жүрегім менің от-жалын, Кім білед оның тоқтарын. Мына жарық дүниеде Мүмкін емес соқпауың. Ойнақ салып кеудемде Жан дүнием терлеуде, Бар-жоғы менде бір жүрек, Хақым жоқ оған сенбеуге. Әлсіреп қалса мотордай, Бергенім жоқ жөндеуге. Ұзын сөздің қысқасы, Бергенім жоқ емдеуге. Соға берші, жүрегім, Сенен осы тілерім. Шаттықпен күліп өмірде, Ыстығыңа сіңемін. Бір дертке ұшырасам, бұл күнде мен Көз жасымды жасырам күлкімменен. Жазғанымның бір жері ұнамаса - Күнді өткізем дәптерімді жыртуменен. Қайтемін, көнемін де тағдырыма, Айналып шуақты күн, таң нұрына. Өмірдің әр қадамы қымбат маған Шомылып кетсем де мұң жаңбырына.
Қандай үміт күтемін бүгінгі елден, Бүгінгі елден жүректері тілімделген? Мынау нарық заманның қасіретінен Бар ма адам баласы сүрінбеге
АНАМА
Несіне, ана, ойға батып тұнжырадың, Қабағыңа қарап мен де тұнжырадым. Жүрегіңнің дерті жанды қинағандай Ұстай алмай өзімді, бір жыладым. Көз жанарың ұқсамайды бұрынғыға, Түскендей емсіз дерттің құрығына. Төрт ұлыңның төрт тағдырын күнде ойлап, Ұқсаттың ба төрт кесенің сынығына. Тал шыбықтай нәзік еді жүрегің де, Байқалады бір уайым реңіңде. Күлкіңді көрсем болды жанарыңнан, Ұқсатамын мен сізді нұрлы өмірге. Қайсыбірін алаңдап мұң шертесің, Одан да ашшы, ана, жыр көрпесін. Мына сенің алтындай ғұмырыңа Дұшпандарың әкеліп күл төкпесін.
Мен үшін, ана, жүрегің дара екен, Сені ойласам келердей бала ма екен. Өмір шеңбер бойымен сырғанайды, Уақыт тайғақ, әлде өмір – шана ма екен. Несіне, ана, батасың зарлы мұңға, Сене берме тағдырдың қалжыңына. Төрт ұлың төрт бақыттың куәсі боп, Келеді әлі талай күліп алдыңызға. Ой-санаңды несіне мазалайсың, Алдамшы емес пе еді тағдыр мына. Біз қандай бақыттымыз өзің барда, Сізге деген ыстық жалын сезім барда. Мен ешқашан қимадым жамандыққа Жүрегімде «Ана» деген сезім барда.
ӨЛЕҢ – МЕНІҢ АҚ ШЫҢЫМ
Өлең шіркін сағат сайын тербеліп, Жылытты ғой жас жаныма өң беріп. Асыл әкем, аяулы анам барында Біз өмірден еш жамандық көрмедік. Талай-талай жүріп өмір шөлімен Алыстым ғой ажал деген бөрімен. Кейінгі жас ұрпаққа із қалса деп Жырларым аманат боп өрілген. Оңашада әлдилеп арман жырын, Сездім сезім өлең боп жанғандығын. Құстар келсе көктемнің самалымен, Бу боп ұшып кетердей жалған күнім. Өлең - менің қасиетім, биігім, Көрмесем болды оның күйігін. Мен де самғап бір мүшесі болайын Ақындардың түнеп шыққан үйінің. Кеудем кейде құса-мұңға толады Бір ауыз сөз қалдырмасам даналы. Өнер қуып жүрсем де от-жалында, Өңешімде тас жұтқандай болады.
Ел алдында жатпаймын көп ақталып, Өткен күннің парақтарын ақтарып. Жұмыр жерді қанша басып өтсем де, Өз өмірім өзімде тұр жатталып. Бал арадай қонсам да ұшып баққа мың, Өз қамымды өзім ойлап жатпадым. Ішінде өсіп-өніп қазағымның, Ел тағдырын жазып қойған тақтамын *** Аузым жырлап, алқынады жүрегім, Ашылғандай күн көзіндей реңім. Туған жердің шуағына шомылып Халқымның алдында бас иемін. Қымсынып қуаныштан қызады қан, Ауылымда жүргендей ұзағынан. Көңілімнің аңсаулы шағы ма бұл, Қос көзімнен жас емес, жыр ағызам. Қайда той болса өлең бастағандай, Өлеңмен бақытты үйіп тастағандай. Дүние өтсе де ұшып ескен желдей, Өз өлеңім өзіме тас қамалдай.
Өлеңді оқы десе іркілмеймін, Жанарымнан кетсе де күлкім мейлі. Тарихтың тараулары өлең болып Ел-жұртымның бойында жүрсін деймін. Қанша жол, қанша өмір, қаншама арман Өтті екен елес болып қаншама алдан? Өлең өріп бойымды жеңілдеттім, Жанымды саялатып таң самалдан. Жасанды боп жасалса да тастан бағым, Өлең болған көңілім, жасқанбағын. Теңіздей тулап-толқып мен отырмын Бойыма қонса екен деп асқан дарын. Кейбір ойлар жүрегімді қамшылайды, Көзден таса болғандай таң шырайлы. Төсегімде шегеленіп жатқандаймын Алғандай тағдырымнан қамшы-қайғы.
Жібектей өрдім алғаш өлеңімді, Жырлайын қазақ деген көне елімді. Аялап мені өсірген пәк жұртыма Несіне аяйын мен өнерімді! Менменсіген ақымақта ар болар ма, Арық аттың соңында шаң болар ма? Қадірлеп мені өсірген ел-жұртыма Көңілім қора, өлеңім мал болар ма?.. Қызыл тілім, сайрашы жан барында, Сөйлеп қалшы санамда ар барында. Артыма із қалдырып сөз тастайын Ілінбей тұрғанда ажал қармағына. О бастан-ақ мен өлеңге құмарттым, Езілмеген ет-жүрекке жүк арттым. Ой-сезімнің жапырағы жанданса, Ниетімді сол сезімге құлаттым.
Темірдей қызып тұрса жігіттігім, Жүрегімде барында өлең үміттімін. Ақыл-дария, білімнің теңізінде Кеме болып жырларым жүзіпті мың. Дүние деген білгенге кезек екен, Басқалар оны ойлап сезе ме екен? Надан адам байыса, міз бақпастан Туыс, достан, жанұядан безеді екен. Дүние, ойлап тұрсам, терең екен, Ойыңды жеткізбейтін ерен екен. Баянды өміріңнің базарында Бойға да бір қасиет керек екен. Мен адамның құлы боп көрмесем де, Мен өлеңге құл болып тізе бүктім. Мен өнердің шыңына өрлесем де, Ақын халық, өлеңді сізден ұқтым.
Әр ойымның даласын жайлап келем, Жайлап келем, бұлбұлдай сайрап келем. Шабытымды арқалап тура үйіме Өлеңдерді өрістен айдап келем.
ҒАШЫҚ СЫРЫ
Тұла бойға сіңсе де мына бақыт, Жүрмегейсің ел сөзіне құлақ артып. Бақыт үшін күрескен Дантесің де Пушкинді өлтірді ғой бір-ақ атып. Сені көрсем бақытымды тапқандай, Боламын-ау жырмен шырақ жаққандай. Сені көрсем түңілуден қаламын Шаттығымның жастығында жатқандай. Сені көрсем, шын сүюден таймаймын, Күні-түні көз ілмеймін, ойлаймын. Саған деген құстай ұшқан көңілді Пәк сезімнің қазығына байлаймын. Сені көрсем, көркіңе сұлу тоймаймын, Кейде қиял тереңіне бойлаймын. Сені бір сәт көре қалсам түсімде, Есіміңді неге айтып қоймаймын?
Жанарыңда жарқылдаса бір от демің, Мін тағады әмір жүрмес жүрекке кім? Сағыныштан қиналып мұңға батып, Сеземін-ау сенің бейнең жүдеткенін. Кеткеніңмен көз алдымнан, өңімнен, Кетпейсің-ау мынау ұшқыр көңілден. Сені көрсем тек жаныма балаймын, Бақытымды тапқандай бұл өмірден
ШАБЫТ ШЫРАҒЫ
Шабытымның шамы жанса шырақтанып, Кетер ме екен өлеңдерім шуақтанып? Табиғаттың сырын кейде жырлағанда Қарағандай болады тау құлақ түріп. *** Біз екеуміз ән болып Тербетпедік теңізді, Біз екеуміз жыр болып Оятпадық сезімді. Біз екеуміз гүл болып Күн шуағын көрмедік, Біз екеуміз бір болып Махаббатқа шөлдедік. Біз екеуміз жыр болып Қол ұстасып кетпедік, Біз екеуміз мәз болып Бір арманға жетпедік. Біз екеуміз күн болып Сәулемізді шашпадық, Біз екеуміз түн болып Және таң боп атпадық. Жүрегімнің төрінде Сен жатырсың ән болып, Аққу шалқар көлінде Бір жүзбедік пар болып.
Қыз Жібек пен Төлеген Шырақтары сөнбеген Олар мәңгі өлсе де, Махаббаты өлмеген.
АРУЖАНҒА
Сәбиім-ау, бұлқынасың, Маған қарап ұмтыласың. Құлады ғой бір өзіңе Әке деген ықыласым. Кеудемнің кең сарайына Құйылады қиял өлең. Осы өлеңнің жайығына Жыр боп, балам, сыяр ма едің. Тамылжыған дауысымнан Танырсың-ау сен мені, Арманның ақ тау шыңынан Сені көрсем деп едім. Жаралғансың күнім болып Гүлдей нәзік сезімнен, Жаралғансың нұрым болып Аумайтұғын өзімнен. Күлімдеші, қарашы әкеңе сен, Мен қуанам мәртебең арта берсе. Сендей менде бақ бар ма қанат қаққан, Жүрші, балам, қасымда аман-есен. Ауыра қалсаң, жан балам, Берекем де қашатын. Алаңдап түнде көз ілмей, Сонымен таңым ататын
ОЙЛАЙМЫН МЕН БАРШАҢДЫ
Күн қызарып батқанда Ойлаймын мен баршаңды, Шабытымды арқалап Жырлаймын кеп ақ таңды. Қалам алып қолыма Шимайлаймын қағазды, Көңлім ауып жыр-күйге Саламын шырқап сазды әнді. Армандар бар қаншама Алауланар от болып, Айтарым сол баршаңа – Кетер бір күн жоқ болып. Ішімде жұмбақ сыр жатыр Ешбір жанға айтпаған, Жүрегімде жыр жатыр Бүршігі де атпаған. *** Өлең деген – жол екен ғой ирелең, Қысты – көктем, жазды қуған күздейін. Сол ақ жолмен арманына жетем деп Өткен талай ақындардың тізбегі. О, өлең, жауып тұрған қар ма едің, Әлде желмен тербетілген тал ма едің? Әлде сенің құшағыңа, әлеміңе Мен сыймайтын, соншалықты тар ма едің?.. Шабыт
Шабытым бір келгенде, Жұлдыздай боп жанамын. Қара бұлт боп төңгенде, Нөсерлетіп жауамын. Шабытым бір келгенде, Жеткізбес жыр биігі. Ойнақтаған белдерде, Мен ауылдың киігі.
ӘКЕТАЙЫМ
Ақ тілегің көктен нұр боп шашылған, Күлкің, әке, күндей болып ашылған. Арнаймын бір өзіңе жыр-әнімді Көк теңіздің толқынындай тасыған. Құшақ жайып арманыңмен желесің, Әке жыры болып өзің енесің. Өзіңменен көрем, әке, ұйқысыз Өмірдің қиын-қыстау белесін. Бізге бақыт, бізге саулық тіледің, Орындалсын берген батаң, тілегің. Алыс сапар жүрсем егер “аман бол” деп Қатты құшып, жібермейді білегің. Әкетайым, әкетайым, әкетайым, Келеді, әне, тәй-тәй басып кішкентайың. Құшағыңнан енді шықпас балапаның, Қандай ыстық, жаным әке, алақаның. ӨТКЕН КҮНДЕР (Әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Өткен күндер қелместің шанасы ма, Ғашықтардың емсіз дерт-жарасы ма? Өзіңді аңсап, жаным-ау, талықсысам, Құшағыңды сен келіп жаясың ба? Біз екеуміз айдында шуақтанып Жүруші едік қос аққу сияқтанып, Сен кеткелі жырларым өзің болып Жүрегімнің төрінде тұрақтады. Жанарыма сен менің жас тұндырып, Кеттің жанның жарасын асқындырып. Жүрегіміз айнымас егіздей деп Жүрек құлпын өзгеге аштың күліп. Қайырмасы: Қайтып келер махаббат жыл құстары, Қайтып жанар айлы аспан жұлдыздары Қосылмаған ғашықтар қол ұстасып, Қайтып келер қос аққу ұл қыздары.
ЖҰМБАҚ ҚЫЗ
Қандай ыстық күлімдеген жанарың, Жанарыңа қарап толқып барамын. Қанша арманды бөліссек те екеуміз, Тағдыр солай, қосылмаймыз, қарағым. Сен басқаның бақыты боп жаралдың, Мен өзімнің бақытымды табармын. Кінәсі жоқ ұлы күш – махаббатты Мен де алдадым, сен де, жаным, алдадың.
СӨНБЕС МАХАББАТ
Сенің сұлу бейнеңді сүйдім, жаным, Бір өзіңе басымды идім, жаным. Сезімнің отын мәңгі жандырам деп Махаббаттың отына күйдім, жаным. Енді сөнбес саған деген махаббатым, Күндерім бар ма сенен хат алатын? Бір өзіңе арнаған ән мен жырдың Шумақтары “Махаббат” деп аталатын. Бір көрмесем жүрегім тұншығады, Алаң етіп көңілдің тыншын алды. Осы ма махаббат сөнбейтұғын, Осы ма сүю деген тылсым жалын?..
ҚАЙЫРБЕК ДОСЫМА
Сен досым ең, мұңдасым ең аяулы, Жігіт едің ақынжанды баянды. Қанша еңеуміз айрылмас дос болсақ та, Ақындығың менен ерте оянды. Жүруші едім мен өзіңе құмартып, Жырларымның күйін саған бұратып. Басқалардың қасында көп жүрсем де, Бір болған сәт өзіңменен мың артық. Бірге аралап біз ауылдың көшесін, Қайтардық па балалық шақ есесін? Мен ойынның суын жалдап кешкенде Сен өлеңнің суын жалдап кешесің. Тұратын жанарыңнан шуақ тамып, Сырыңды сен айтушы ең мың ақтарып. Өлеңдерің кейде өзіңе ұқсап бір, Жауушы еді көктемгі нұр сияқтанып. ДӘМЕГҮЛ АПА МА Әкемнің жалғыз қарындасы Дәмегүл Әшімбековаға
Көремін, апа, Өзіңді жырдың төрінен! Көремін, апа, Жарқ еткен көктем көгінен. Өзің деп, апа, Өлеңнің отын іздедім, Осы бір арман Жолында мен өмірдің. Өзіңмен, апа, Өмірдің суын жалдаймын. Өзіңмен, апа, Өткізем өмір жолдарын. Өзіңмен, апа, Бақытты бір жандаймын.
ҒАШЫҚ СЕЗІМ
Мен ғашықпын ай мен күндей келбетіңе, Сендей жандар аз ғой жүрген жер бетінде. Мен жұмысқа барар күні қуаныштан Асығамын алып-ұшып тез жетуге. Бұл тағдырдың жазуы ма, уақыты ма, Махаббаттың асау сезім шабыты ма? Осал жүрек тіл қатып айта алмаса, Кім жетеді, кім жетеді бақытына?.. ҰМЫТ МЕЙЛІ, ҰМЫТПА (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа, Көнерсің-ау Алла жазған бұйрыққа. Келер қайтіп ақ махаббат сезім боп, Сол сезімнен тек жабығып бұрлықпа. Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа, Махаббатты тек, аяулым, ұлықта. Мен есіңе түссем егер елес боп, Өкініштен тек ыза боп булықпа.
Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа, Махаббатты мейлі ұқ, жаным, мейлі ұқпа. Бүгін біздер мұңдымыз, жүрсек-тағы, Бас иейік ақ махаббат ғұрыпқа. Қайырмасы: Ұмыт мейлі, ұмытпа, Келсең де отыз-қырыққа. Махаббат жоқ деген сөзге Құнықпа, жаным, құнықпа. МӘДИНА ЕРАЛИЕВАНЫ ЕСКЕ АЛУ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Жас жанымды тербетті ғой назды үнің, Көңілімді толқытты арман сазды үнің. Кеше ғана әнге бөлеп халқыңды, Сездің бе екен ғұмырыңның аздығын?.. Не деген үн, неткен дауыс қуатты, Аққан күміс сылдырындай бұлақтың. Соңғы келмес сапарыңа кетерде Қош айтысып барша құсты жылаттың.
Сөнер емес өзегімде жалынды от, Көз алдымда жүргендейсіз сағым боп. Жан дүниемді жан даусымен жылытар Сізден артық бұл дүниеде ару жоқ. Қайырмасы: Жадыратшы жанымды, Жалындатшы әніңді. Өзің болып жырларым, Көзден жас боп ағылды…
ҚИЯЛ
Қиял деген - жыл құсы жеткізбейтін көктегі, Қиял деген – іштегі жанып тұрған өрт пе еді? Қанша өрт боп өзегімді қауласаң да, о, қиял, Қинамашы жанымды, қинамашы тек мені. Қиял деген – сезім екен мазалаған жаныңды, Қиял деген – көзің екен ғашық қылған жарыңды. Қанша ғашық қылсаң да, асау жүйрік, о, қиял, Қинамашы дерт болып, қаяулатып жанымды. Қиял деген – гүл екен құшағыңа сыймайтын, Қиял деген – жыр екен еліңе нұр сыйлайтын. Қиял – менің өлеңім, балғын және өмірім, Қиял – менің арманым ешбір жанға қимайтын. ТУҒАН ЖЕРІМ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Әміренің әндерінен таралған Туған елім, туған жерім Ақбұлақ. Көңілімде ауылым тұр бар арман Тұрса екен деп ай мен күндей жарқырап. Аналар тұр көз жасынан шаршаған, О, заман-ай, қайда әкеліп соқтырдың? Көшіп жатыр жерін тастап қанша адам, Кеше жүрген бауырларым жоқ бүгін. Қайда жүрсең аман бол тек, бауырым, Өзің кетсең ізің қалар табаннан. Жұмыр жерге тимесін тек жауырын Деп батасын береді ғой әр адам. Армансыз өткен адам бар ма, Жыр жазбаған қалам бар ма? Ән жазамын мың толғанып Туған жерде қалғандарға. Жүрегімнің түбінде бір ән жатыр Әміренің әндеріне қосылып. Еліңді ойла, жеріңді ойла, қал, батыр, Туған жерден артық жер жоқ, осыны ұқ.
АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ
Сағынышым, туған жерім, аңсағаным, Топырағыңды бір иіскесем тамсанамын. Таразылы тіршіліктің шаң жолында Жазда жаңбыр, қыстың күні қарша ағамын. Аманбысың, ауылым, Ақбұлағым, Жайқалып тұр ма жасыл жапырағың? Қыр белінде күлімдеген табиғатым, Қандай ыстық жанға шипа атырабың! МЕКТЕБІМ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Көктемнің сазды әні Жүректі тербеткен, Өмірдің жолдары Басталды мектептен. Елімнің қорғаны Біз едік ержеткен, Мектебім! Балалық шағымен Достарым қоштасқан, Қоштасу әнімен Алаңға гүл шашқан. Қымбат қой бәрінен Бала бақ, нұрлы аспан, Мектебім!
Аманат тапсырдық Қарындас-бауырға, Шашуды шаштырдық Жиналған қауымға. Тойлатып ас бердік Үйтастың тауында, Мектебім! Қайырмасы: Қоштасу вальсін Әніммен әндетем, Өмірдің ағысын Аңсайды гүл көктем! Жүректің қағысын Қоңырау тербеткен, Мектебім!
СҮЙІКТІМ
Тұла бойға қуат беріп, сүйіктім, Жанарыңмен жүрегімді жылыттың. Махаббаттың ұлы күш-қасиетін Сен арқылы, сен арқылы ұғыппын. Махаббаттың шамын жағып, сүйіктім, Шырағыңмен пәк жанымды жылыттың. Сағынышым күйіп-жанып кеудемде Сен арқылы жыр жазуды біліппін. Өмірімді жырға балап, сүйіктім, Көңілімнің ауа райын құбылттың. Жырым шолақ, махаббатым мәңгі деп Мен өзіңе басымды иіп жүріппін. Мен ғашықпын оттай жанып, сүйіктім, Ыстығыңа кеткендеймін күйіп тым. Сенің қызыл шиедей ерініңе Бір сүйгеннен ұмыта алмай құнықтым.
ТОҚТАР СЕРІККЕ
Әнің сенің ой салады санама, Әуезіңді жатқандаймын паналап. Жолым түсіп барып қайттым аулыңа - Туған жерің Көксалаға. Жүрегіміз болмаса да егіздей, Әніңді айтып жүрем, інім, сені іздей. Самға көкке, қанатың тек талмасын, Тулаған көк теңіздей. Семейдің көшесінде әндерің, Қалықтап жүр сағым қуған әр демің. Барша елді әуеніңмен емдейтін Қасиетті жан ба едің?.. Әнің сенің алаулаған өрт пе еді, Әлде күннің шуағы ма көктегі? Шабыт шіркін құйылып жүрегіме, Жырым сен деп көктеді.
АРМАН-ЖЫРЫМ
Жан сырымды білдірейін өзіңе мен, ақ нұрым, Хат арқылы өзіңе аспандадым, қалқыдым. Бар көңілім сен жақта, сені ойлап отырмын, Сенсіз гүлім сола ма, сенсіз және бар күнім. Сенсіз өткен күндерім тартылған бір бұлақтай, Сенсіз өткен түндерім сөнген мәңгі шырақтай. Дидарыңды көремін бе енді қайтып өмірде, Сағынышым жүрегімді бара жатыр шыдатпай. Сені көрсем түсімде, оянбаймын, Ақ жүзіңді жүз көрсем де тоя алмаймын. Мен түскендей болдым жұмбақ жолдарына, Сен жұмбақсың, мен жұмбақпын, ой-арманым. Қолың тимес, әрине, түсінемін, Еріксіз іштей үнсіз күрсінемін. Қабағыңнан қар жауып тұрған күні Өз жанымды өзім қинап түршігемін.
Жұрт сөксін мейлі, біреу жамандасын, Не болмайды пенде боп жаралғасын? Кісі өлтіріп, ел тонаған мен емеспін, Арым таза, ол күнәдан адал басым. Айналдым сенің арайлы таңдай жүзіңнен, Жүзіңе қарап айдынында жырдың жүздім мен. Көңілім ауып, ниетім құлап өзіңе, Өзіңді ойлап өзгеден күдер үздім мен. Айналдым сенің бұлбұлдай әсем үніңнен, Бар ма еді жандар мендей жүгінген? Соғады жүрек асығып кейде тағатсыз Жарысып күнде сағаттың соққан тілімен.
ОЙ, ДҮНИЕ-АЙ!
Ой, дүние-ай, жерге түскен сынаптайсың, Домаланып алыс жаққа жырақтайсың. Қырға шапқан тулаған асау аттай, Алдап-арбап құрыққа да ұстатпайсың. Ой, дүние-ай, сыңғырлаған бұлақтайсың, Арман отын жандырған шырақтайсың. Жұмбақ болып жанымды қамшылатқан Жеткізбейтін нар биік сұңғақтайсың. Ой, дүние-ай, көкте самғар қырандайсың, Ой-санама жеткізбейсің, сылаңдайсың. Қос тілін жылт еткізіп айбат шеккен Бауырымен жорғалаған жыландайсың. Ой, дүние-ай, соқыр-мылқау тұмандайсың, Не жылап, не бір сәтке күле алмайсың. Адамның өрт мінезді от тірлігін Адастырып, жоқ болып жүре алдайсың.
Ой, дүние-ай, шамын жырдың жағармысың, О, дүние-ай, жұлдызым боп ағармысың. Жан-тәнімді өзіңе баурап алып, Көңілімнің терезесін қағармысың. Ой, дүние-ай, саған қарап телміремін, Ар-санама құдай өлең берді менің. Өзі өлсе де артына із қалдырған Ұлы Абайды келмейді өлді дегім. Өлең тулап жүрегіме келді менің, Қалайша мен бұл өлеңді сөндіремін? Көңілімді қара бұлт торласа да, Осы өлеңмен мен сені көндіремін. Сап, көңілім, сен текке асауланба, Керек қой бір сабырлық ашуға да. Арманыңа жетерсің уақыт өзі келгенде, Бағың таңдай гүл болып ашылғанда.
Өлең өріп пәк түлеп бұл шақта мен Бір өзіңе айтылмас сыр сақтап ем. Ой, дүние-ай, бар өмірім жылау болса, Жөн емес пе шықпай жатып құрсақта өлген! Дүние-ай, аласұрып желді лебің, Өлең құсап артымнан ерді менің. Өлең деген Отанның бар екенін Ақ қағазға түсіріп сендіремін.
САҒЫНДЫМ СЕНІ ӨРТЕНІП
Сағыныштан өртенді күйіп денем, Күйіп денем, бойымда күйікті өлең. Сен басқаның құшағында жатсаң да, Мен басқаның құшағында сүйіп келем. Махаббаттың шыңдарын биік көрем, Әлде сен жеткізбейтін киік пе едің? Мен өзіңе табынып жырларыммен, Мен алдыңа сезімді үйіп-төгем. Тағдыр желі соғып бізді ажыратып, Ажыратты талай жанды, зар жылатты. Кеудемдегі жалындаған сезіміме Қаяу салып, жанымды қалжыратты.
ҚАЗАҚ ТІЛІМ – АНА ТІЛІМ
Қазақ тілім – ана тілім, махаббатым, Өсе берсін әрқашанда атақ-даңқың. Сен бойыма қуат бердің күншуақтай, Баурап алып жанымды шапағатың. Қазақ тілім, қасиетті ана тілім, Ана тілім, бесігім, бала тілім. Шуағыңмен тамсандырып барша елді, Бар әлемге таралған дана тілім. Шабыт қыран қанатында қалықтадым, Дәурен өмір беріп елге, халыққа мың. Көк туыңдай Астананың биігінде Желбіредім, елжіредім, шарықтадым.
САҒЫНЫШ САЗЫ
Жүрегімнің түбінде бір сыр жатыр, Сағындым-ау, қалқам, сені сағындым. Көкірегімде өртеніп мың мұң жатыр, Тіліп өтіп дертін жарып жанымның. Жүрегімнің түбінде бір ән жатыр Тоты құстай қара торда қамалып, Осы әнімнің ішінде мың мән жатыр Асау сезім толқынына оранып. Сағынышым тек өзіңсің, бір ғана, Мың қуарып, мың гүлденген бақтарда. Мен қараймын күндей нәзік тұлғаңа Арайланып таңым жыр боп атқанда. Телефонның үніне құлақ түріп, Алаңдаймын дейсің-ау, ардақтым. Ал мен жүрмін өзіңді құлап сүйіп, Сол сезімді, тек, жеткізе алмаппын.
Бүркеп алып сағыныштың сағымын, Тек өзіңе жырларымды жазбақпын. Осы жырдың жалындаған жалынын Тек өзіңе, тек өзіңе арнаппын. Бар сырымды жүрегіме қамалаппын, Өткен күннен қалмағандай еш белгі. Жүр ме сені жазықсыздан қаралап мұң Еске алдырып өткен күн мен кештерді? Сағынышым, жасыл бағым,орманым Өршіп барад күннен-күнге от болып. Сені аңсаған ыстық сезім, арманым, Кетті айналып мұңға айналған бұлт болып. ҒАШЫҚТАР СЫРЫ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Жігіт сөзі: Сені ойлай-ойлай өмірден, жаным, түңілдім, Жүргендеймін ашылмай бүрі гүлімнің. Табынып күнде құдайдан сұрап өзіңді, Тағдырға мынау басымды иіп жүгіндім.
Қыз сөзі: Кешірші мені, кеттім-ау жолдан адасып, Жүруші ек бірге қос аққудай жарасып. Кешірші мені, басқаны сүйіп жар болдым, Жүрмін ғой енді сен келер деп бал ашып. Жігіт сөзі: Біз жүрміз енді арманның дара жолында, Қонбадың, жаным, қонбадың неге қолыма? Тағдырдың салған жолымен мәңгі жүрем деп Түстің бе, жаным, өзгенің салған торына? Қыз сөзі: Көрсем деп сені армандап күнде асықтым, Әлі де саған нұрындай күннің ғашықпын. Аңсарым ауып, өзегім өртке айналып, Келер деп сені жолыңа жүрмін шашып гүл.
Жігіт сөзі: Көктемнің қайтып келгенін, жаным, аңғармай, Жалғанда мынау кеттік пе мәңгі жар болмай? Көңілім мұңлы болса да, сені көргенде Сезімнің оты шарпыла қайтып жанғандай. Қыз сөзі: Не істерсің, жаным, тағдырдың салған жолына, Тағдырдың өзі Тәңірдің жалғыз қолында. Өмірдің шамы сөнсе де, аңсап жүремін, Аяулым, тек сен қуарып босқа солма. Қайырмасы: Біреулер жетер, біреулер жетпес арманға, Қосылар біреу, қосылмас мынау жалғанда. Байланып тілім, көзіңмен көзің тілдесті Өзіңмен өзім оңаша жалғыз қалғанда. *** Жыр арқылы айтамын жан сырымды, Бір өзің деп, жаным-ау, жан сырылды. Қалай ғана ұмытам бұл жалғанда Анам және сен сияқты асылымды?
Мазалаған күнім болса, кешір мені, Сені еске алып жырларымды көшіремін. Жүрегімнің алауланған махаббатын Қалай ғана, жаным-ау, өшіремін?.. Түндерде қос кірпігім ілінбейді, Бұл сағыныш өмірдің гүлі дейді. Сені аңсаумен ұйқысыз жатсам-дағы, Саған, жаным, оның бірі білінбейді. *** Сені құшып өзгенің жанды бағы, Соны ойласам есімнен тандырады. Кеше ғана сүйемін деп айтып жүріп, Сол сөздердің ұмытылып қалды бәрі. Сезім бар деп мен сенде айта алмаймын, Айта алмаймын, өткен күнге қайта алмаймын. Махаббаттың аралына батқан жандай, Тереңінде жүзіп бір ой толғаймын.
Өзіңді ойлап жырға көңлім ауғанда Телефонның естілді-ау бір шырылы. Шабытымның оты енді жанғанда Сен екенсің соғып тұрған тығылып. Дауысыңды ести сала, аяулым, Шерттім тек сезімнің шерін күй қылып. Мен несіне, мен несіне қаяумын, Тарттың ба әлде мені өзіңе үйіріп? Мені өзіңе қаратып бағындырдың, Жаныма жағып кеттің шамын жырдың. Жан дүниемді бір өзің баурағандай, Алыс жақтан қол бұлғап сағындырдың. Көз жасыңды көрсем болды көзіңдегі, Өзіңді ойлап,сәулешім, көз ілмедім. Сағыныш па әлде мені мазалаған, Әлде жылап тұрған ыстық сезім бе еді?
Сүйемін деп тағы да қайталашы, Өткен күнге оралып қайта баршы. Егер айтқың келмесе, жүрегімді Төртке бөліп қорықпай балталашы. Әнім қалқып барады арман көшесінде, Өкпем қалды өткеннің есесінде. Тулап-толқып жырларым ағын болып Құйылады бір бақыттың кесесіне. Білмеппін-ау қаталдығын тағдырдың, Өзіңді іздеп қанша жылдар қаңғырдым. Бойлатып мені сағыныштың дертіне, Шөлдетіп мені есімнен тандырдың. *** Ұйқым қашты, япырмау, менің неге, Батып барам тәтті қиял тереңіне. Әрбір жұлдыз – бір тағдыр, бір өмір-ау, Жалғанып жіпше үзілген күндерімде.
Өзіңсің қанат берген өлеңіме, Қарашы гүлді өңірге, нұрлы өңірге. Шуағыңа шомыламын бақ құсындай, Жүрегің жауап қатса жүрегіме. КЕЛІНЖАН (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Сүйгеніңмен қосылмаған Қандай қайғы бұл өмірде! Қалайша мен жасыра алам Болған жайды өңімде?.. Тойларыңды мен бөлдім бе, Келінжан-ау, сырласым, Ақ шымылдық гүл төрінде Неге тамды көз жасың? Қол ұстасып басқа жанмен Келді, әне, сүйгенің. Ақ тілегін айтқанменен, Жазылар ма жүрегің? Мен ортақпын көңіліңе, Жыламашы, келінжан. Бар ма адам бұл өмірде Махаббатқа берік жан?.. Қайырмасы: Келінжан-ау, келінжан, Жаралы ма жүрегің? Жыламашы, келінжан, Келер тойға сүйгенің.
Жылама сен, жылама, Сүйгеніңді сұрама. Ғашық болған адамдар Махаббатсыз тұра ма?.. ЖАНЫМ ҚАЙДА? (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Күнде күтіп гүл теремін Бір өзіңді келер деп. Қайдасың сен, күнім менің, Жүрсің бе әлде өкпелеп? Сырың түпсіз тереңде, Сені, жаным, көрем бе? Бақытынан айрылған Жұлдыздай боп сөнем бе… Махаббаттың шаһарына Қалай ғана енемін? Бір бақыттың қатарына Қосылар ма жүрегім? Қайдасың сен бүгін, күнім, Жанарың бір күлер ме? Махаббаттың шымылдығын Толтырамын гүлдерге. Қайырмасы: Жаным, жаным, Қайда, қайда? Бағым менің жанбай ма? Бақыт құсы қолыма Қона ма, әлде қонбай ма? Жаным қайда, жаным!
ЖАҢБЫРЛЫ ҚЫЗ ЖАЛАҢАЯҚ ( Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Тәтті ұйқыммен, жаным-ау, көрдім сені түсімде, Сағыныштан мені іздеп сүйемін деп жүрсің бе? Тамшылаған махаббаттың, ғашықтардың көз жасындай, Тұр екенсің жалаңаяқ жаңбырлы түн кешінде. Қолшатырың жоқ қолыңда, аямады бұл жаңбыр, Махаббатым не болар, көрсетер оны бір тағдыр. Сүйе білсең егерде өліп-өшкен жүрегімді, Үмітіңнің шырағымен, өтінемін, сен жандыр. Сүйемін деп тіл қаттың, сол сөзіңнен ояндым, Махаббаттың нұр күшімен жаңбыр жауып, қоймадың. Тереземнің шілтерін ашып едім, сен тұрсың, Көз жасыңмен, жалаңаяқ, жаңбырлы қыз жан бағым.
Жаңбырлы қыз жалаңаяқ, Жүрсің бе әлде мені ойлап? Махаббаттың құдіретін Тұрсың ба әлде аймалап? Сүйкімді қыз жалаңаяқ, Мен тұрмын ғой сені аяп. Қолшатырың мен болайын, Жаңбырлы қыз жалаңаяқ. *** Тіршіліктен нәр алдым ба, Ақын болып жаралдым ба? Бір Аллаға жалбарынып, Бас иемін ар алдында. Тіршіліктен нәр алдым ба?...
САТҚЫНДЫҚ
Тартып келем қияметтің мың арбасын, Күнде қайғы, мұң шертіп сынар басым. Білемін-ау тоты құстай мені қинап, Қасіреттің торынан шығармасын. Тартып келем қасіреттің жүк арбасын, Айтыңдаршы, ажалға кім тігер басын? Сарғайған жапырақтай мен отырмын Жыртқандай “ұлы” ақын шығармасын. Тартып келем өкініштің жүк арбасын, Мені аяп ешбір жан жыламасын. Егер де өмірім жайлы білетіндер Мені қинап халімді сұрамасын. Тартып келем бақсыздардың жүк арбасын, Қайтермін тағдыр солай сынағасын. Өмірім лақтырған асық болса, Бағым тек бүк түсіп құламасын.
Біреу мені кінәлап жамандаса, Оңай тие қоймайды маған да аса. Пейілімді басқамен таластырман, Көнемін де, төземін, амал қанша! Жүрегімді билесе де тұрақтылық, Бойымнан кеткендей бір қуаттылық. Көңілімді бір сәтке бөлмеппін-ау Тағдырдың жазуына құлақ түріп! Ақ қанатты періштемдей еркелеттім, Сол күндерім жоқ болып текке кетті. Сүйемін деп сүйіп жүріп, бір-ақ күнде Басқа жанға жар болып өкпелеттің *** Жүрегім, бір күн байыз таппайсың сен, Көңілімнің тереңіне байлайсың сен. Шабыттың шарабынан дәм татқандай, Шарапатты нұрыңмен қолдайсың сен.
Өнердің ең артығы өлең еді, Ақындар өрлігімен еленеді. “Өлең - сөздің патшасы” деп айтылған Абайдың әр сөзінен сезіледі. Өлең-жырды қадірлеп аялағам, Сезімнің терегіне саялаған. Қалдырып жауһар жырмен қазынамды, Шабыттың кең даласын аралағам. Қиын екен өмір түгіл, өзіңді де білмеген, Қиын екен айналаңда жатса адам күндеген. Жалғандықтан улайды бойыңдағы санаңды, Біреу сені қарғаса, дұғалатып тілменен. Керегі жоқ! Керегі жоқ! Керегі жоқ өмірдің, Жылау болса ғұмырым, керегі жоқ көңілдің. Керек болсам о жаққа, мен қиямет шекпеймін, Тауып алар өзі іздеп дауасыз дерті өлімнің.
“Қазақ деген елміз, халықпыз” деп, “Халықтың көзін ашқан жарықпыз” деп, Өмір деген өзеннің арнасымен Талай ақын жүзіп өткен шабытты іздеп. Аманбысың, ел-жұртым, көрмесем де, Өнерімді өлең етіп өрлесем де. Маған деген қасиетің биік шынар, Қолым жетпес қаншалық сермесем де. Шайқалмасын үйіңіздің ірге тасы, Қуанышқа кенелсін үлкен-жасы. Мынау ұшқыр заманның сайтандары Дұшпандарын қоймасын сізге қарсы. Шықпайды жерге егін екпесеңіз, Бойыңнан қара терді төкпесеңіз. Жалқауға сөз, наданға қамшы өтпес, Жатса болды тойып алып етке семіз.
Ақындардың аузында дақ сөз болмайды, Жел айдаған қаңбақта көз болмайды. Абайдың даналы алтын сөздерін Қанша рет боясаң да жез болмайды. *** Бағамын деп әкімдердің қас-қабағын, Өз-өзімнен кейде үркіп жасқанамын. Біреу маған қараса үрейменен, Бұзылардай көңілдің тас қамалы. Екі жарты бір бүтін болмас, сірә, Болса-дағы көңілі толмас, сірә. Махаббатың баянды болса-дағы, Нағыз бақыт қолыңа қонбас, сірә. Махаббаттың тұнық мөлдір суын да іштім, Махаббаттың жанды қинар уын да іштім. Бәрін жырлап айта берсем не болады, Не болады алды жұмбақ бүгінгі істің?..
Сені көрсем өзімді де ұмытам, Ақ жүзіңді сұлулыққа пір тұтам. Сені көрсем махаббаттың оты деп Жүрегімді осы жырмен жылыта ҚАРЫНДАСЫМ-ҚАРЛЫҒАШЫМ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Арманға арманың Қосылып самғадың, Бізге де бақыт қой Тербелсе жан бағың. Еркелеп, қарындасым, Жүруші ең көбелектей. Жат жерің бағыңды ашсын Ашылған гүл мен көктей. Ақ отау төрінде Отырсың, қарындасым, Қос аққу көлінде Бақытың жалындасын. Бір анаң қос ана боп, Сен бүгін бақыттысың. Бір әкең қос әке боп, Шаттанып шалқып тұрсың. Ананың ақ тілегі – Өмірдің тәтті лебі. Сағынар өзіңді Әкенің ақ білегі.
Қосылып жан жарыңа Жеттің сен арманыңа. Адал бол, қарындасым, Өмірлік жар-бағыңа.
АМАНБЫСЫҢ, ТУҒАН ЖЕР?!
Көңілімді жұбатқан, Ниетімді құлатқан, Өткізген өлең-сынақтан, Аманбысың, туған жер? Айы суда тербелген, Күні көкте кермелген, Аққан суы көлдерден, Аманбысың, туған жер! Ақ сақалды қарттарым – Арайлап атқан ақ таңым. Өткен жастық шақтарым, Аманбысың, туған жер? Тауды киік жайлаған, Көлінде қаз бойлаған, Мойныма тұмар байлаған, Аманбысың, туған жер? Шөл қандырған бұлағым, Тамсандырған шуағым, Мәңгі менің тұрағым, Аманбысың, туған жер! Жан қиыспас достарым, Өздеріңсіз бос жаным. Қосқан түгел бастарын, Аманбысың, туған жер? Қанат біткен өнерге, Шабытыма, өлеңге, Сені көрмей өлем бе, Аманбысың, туған жер?!
АБАЙ-ШӘКӘРІМ – ҚОС БӘЙТЕРЕК
Өнер қуып, жыр жүрекпен дала кезгем, Дала кезіп өлең жаздым бала кезден. Өлеңдерін оқып Абай-Шәкәрімнің Ғибрат алып, білім алдым дана сөзден. Жапырақтар сарғайып сары қайың, Өлеңдерім шертеді сары уайым. Ұрпақтар аңыз етіп айтып жүрген, Қалай, жомарт жандарыңнан арылайын! Өлеңдерің жүрегіме дуа берді, Ықыласым жас толқындай құлап еді. Дүние бос қалса да, өздеріңсіз Жырларыңды жұртшылық ұғар ма еді? Көкірегімде өлең оты маздаған, Ақын бар ма бұл фәниде озбаған? Жансыз бейне суретіңе қарап тұрып Қанша ақын жырыңды оқып боздаған. Құлазып тұр өздеріңсіз боз далам…
Селдей сезім болмаса шоқ денеде, Кеткендей болам жырсыз жат кемеде. Сендер жайлы оқымасам бір өлең, Қалғандай болады ғой дақ денемде. Жыр арқылы келер қайтып көктемім, Жыл құсындай келер қайтып өткен күн. Кеудемнің сарайында жырларың Сездіреді қанша дана өткенін.
Гүл шоқтарын қойып тұрып мазарыңа, Қайта оралам өлеңнің базарына. Осы өлеңім, бәлкім, бақыт әкелер деп Бір Аллаға сыйынамын жазарымда Деп қараймын іштей тынып, ойға батып, Қайта оралам өлеңнің базарына. Мен сендерді дана тұтып заңғарладым, Өшпесін тек жыр оты боп жанған бағым. Өлеңімнің аты болды “Қос бәйтерек”, Ақындардың алып-ұшқан тарландарым. Күнім өтер жылқұстың қанатында, Келер қайтып сағым боп армандарым. *** Махаббатқа сенбесең де, жоқ деуге оны болмайды, Жоқ деген жалған сөздер көңіліме толмайды. Адамдар бар не түрлі махаббатты сөз еткен, Біреу оны қорғаса, біреу оны қорлайды.
Сенсіз күнім не болар бұл жалғанда, аяулым? Жүрегімде ізі бар өткен күннен қаяулы. Сен басқамен кетсең де ұмытып мені мәңгіге, Саған деген көңілім әлі күнге ояулы. Егер мені шын сүйсең, хал-жайымды сұрама, Егер мені шын сүйсең, “кінәлімін” деп жылама. Егер мені шын сүйсең, өкініштен өртеніп, Егер мені шын сүйсең, өзіңді өзің қинама. Өрлеп өткен өлеңді айтқан сайын, Сені іздеймін жыр жолынан қайтқан сайын. Сағыныштың үйіне кіріп алып, Іштей бір сезіммен ой тастаймын. Маған деген адал жар сен емес пе ең, Мен де сені мәңгі сүйер ер емес пе ем! Кешір мені, кешірші кешіре алсаң, Бір ауыз сөз айтпай кетсем елеместен.
Сен болдың ақ арманым, сүйген жаным, Арман боп жүрегіме кірген бағым. Үйреніп қалғаным ба бір өзіңе, Шыға алмаймын мен өзіңсіз үйден, жаным. Сен келер деп есік жаққа елеңдедім, Елеңдедім, бәлкім сені келер дедім. Бір күн емес, бір минут көре алмасам Сағыныштың отына күйіп өлер ме едім. Өз-өзімнен өртеніп барам жанып, Мен өмірде жүргендеймін қараң қалып. Махаббаттың уы болып жабысқан, Бересің бе жүректегі жарамды алып. Жаным, саған сөз бастайын бойды жарып, Жұмырланған санамдағы ойды жарып. Езіліп кейде жүрек сағыныштан, Қараймын сен келер деп жолды барып…
*** Атадан өлең мұра демей ме екен, Ақындар бірін-бірі елей ме екен? Ғылымның тарихын қаза алмаған Қарт ұстаздар бұл сөзге не дейді екен? Құлағында бұлақ үні сылдыр ағын, Мені іздеп жүргендей құрбыларым. Жүрсем де дәуренімде ойнап-күліп, Ағызғандай болдым елге жыр бұлағын. *** Өткен күннің беттері жабылған жоқ, Саған деген махаббатым – жағылған от. Сүйем дедім бір кезде, сүйіп жүрмін, Сол сөзімнен мен әлі жаңылғам жоқ. Жанымды сен баптап, күйттесең де, Ауыр міндет басыма жүктесең де, Әлі сені сүюмен күтіп жүрмін, Мен әзірмін қанша жыл күт десең де.
Жатсынып кеттің бе, әлде, әр сөзімнен, Адасып кеттің бе, әлде, пәк сезімнен? Қамшылатып жанымды, сілкіндіріп, Өзіңді ойлап қайғыдан езіліп ем. Жөн сұрасам тағдырды кінәлайсың, Жүрегіңді сен маған буламайсың. Жат болғаным соншалық өзіңе мен, Халімді де бір мезгіл сұрамайсың.
ҒАШЫҚТАР ХАТЫ
(Сөзін жазған Қайырбек Шағыр,Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Енді сенен хат келмейді, Енді менен хат бармайды сен жаққа. Тек жыр ғана әттең дейді, Тек ән ғана аспандайды сен жаққа. Көктем еді кездестірген, Көңілімді көтергенде сырлас үн. Тек ертерек сезбеппін мен Бұл өмірдің қуаныштан тұрмасын. Тұр терезе, тұр сол есік Сонау бір кез мен кіруге жасқанған. Жоқсың өзің, амал нешік, Онда қазір басқа ғашық, басқа арман. Бөлек өмір сүрейікші, Ал, аман бол, ай маңдайлы, ақ білек. Жұмыр жерде жүрейікші Біріміз бірімізге бақ тілеп. Біз алғаш достасқанда Базарлы бал күн еді, Біз алғаш қоштасқанда Құралай салқыны еді.
Сен едің жан тілегі, Есіңе алшы мені. Іркілген жанарларда Махаббат тамшы ма еді?.. МЕН ДЕП ОЙЛА (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Түні бойы терезеңді тамшы ұрса – Мен деп ойла жылап тұрған сол күні, Бір сағыныш жүрегіңді қамшыласа – Мен деп ойла найзағайдың жарқылы. Бақыт жырын жаудырса Алла алдыңа – Мен деп ойла сол бақытты тілеген, Қозы-Баян аңызының барын да – Мен деп ойла адал сүйе біл деген.
Түсіңде қос жұлдыздар жымыңдаса – Мен деп ойла,қос аққуды тойлатқан, Түсіңде Қыз Жібек кеп сырын ашса – Мен деп ойла Төлеген боп оятқан. Қайырмасы: Мен деп ойла үміт отын жандырған, Мен деп ойла ғашық ізін қалдырған. Мен деп ойла, мен деп ойла, өзіңсіз, Мен деп ойла, махаббатсыз жан құрбан. ҚИМАЙ КЕТІП БАРАМЫН (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Айлы түнде жұлдыз қалқып барады, Көз алдымда мың өшіп, мың жанады. Төскейіне ақ моншақтай шашылып, Нұрын шашып жадыратты даланы. Көріспейміз енді, мүлде қоштастық, Жүрегіме кеттің, жаным, шоқ басып. Басқан ізің - әлемнің гүл шаһары, Құс жолында жатыр ізің баттасып.
Өшіре алмас ешбір жан ол шырақты, Жүрегімнен көз жасым боп жыр ақты. Қалайша мен қоштаспақпын өзіңмен, Жанды билер жырым да өзің сияқты. Қайырмасы: Қимай кетіп барамын Бір өзіңді арманым Бір өзіңді қимай кетіп барамын
АҚЫЛ-ЕСІ КЕМДЕР АУРУХАНАСЫНДАҒЫ НАУҚАСТАРҒА
Жұмыс істеп, көрдім, міне, көрмегенді, Көндірдім ғой адам жанын көнбегенді. Істеген жерім менің – ақылсыздар үйі еді, Бірақ, еш бір жан оны елемеді. Бірі күліп, бірі жылап, жалтақтайды, Бірі отыр әндетіп зарлап қайғы. Қалайша аямассың мұндайларды, Есі дұрыс емес деуге тіл бармайды. Түнгі ұйқысын төрт бөлген анасындай, Үлкендерді алдайсың баласындай. Кейбір жанның тағдырын сұрағанда Көрінеді жүректің жарасындай. Кәрісі бар, жасы бар, адамзаттың Қандай зарлы ауырғаны, ана заттың! Орысы бар, қазағы бар, әйелдердің, Бұлар да бір пендесі ғой арман аттың.
Сандырақтап кейде сөйлеп жылағанда Көзге елес боп, кетпейді, тұрады алда. Бұлар да бір жарық күннің еркесіндей, Сене ме екен олар да бір Аллаға? Өмірі қысқа ғұмыр болса-дағы, Бір күндік өмірге олар тамсанады. Көздерінен кейде жас жұмбақ болып Жазда жаңбыр, қыста мұңлы қарша ағады. *** Күнде қарап терезеге телміремін, Сағынышым ұйқымды да жеңді менің. Сендерді күту - басыма түскен бір қайғы, Өмірім жоқ өздеріңсіз енді менің. Айшы, жаным, бұл күйден қалай арыламын Қалай сендік екенімді сендіремін. *** Келді ғой көктем көгімен, Көгінде гүлдер өрілген. Сәулесі күннің от болып, Шуағы ән боп төгілген.
Әніме қосып анамды, Айтамын дархан даламды. Есіме алып достарды Көңілім кейде алаң-ды. Өрнектеп өмір жолдарын Жазып кетсем – сол бағым. Сыймайды-ау, әттең, бойыма Жүректе тұнған арманым. Ағысы судың жырақта, Сіңді ғой үні құлаққа. Көңілім бір сәт күйзелсе Барып қайтам бұлаққа. *** Ұйықтап жатып жүріп кетсем ешкім сезбес, Құдайым қайта өмірдің кілтін бермес. Бойымдағы бар күнәмді тазартқанмен, Қайтып мені қалың қазақ, жұртым көрмес. Аласапыран көшпелі бұл заманда Тыныштығын бере ме екен адамға? Бірде көзі ашылғанмен көңілдің, Қараңғысы қалады екен санаңда.
*** Оңашада қалғанымда тек өлеңмен тілдестім, Сол өлеңмен бала кезден егіздей боп бірге өстім. Өлеңім бар бөлісетін қуанышым мен қайғымды, Сол өлеңнің ауылынан басқа жерге сіңбеспін. Бір келмесең, өлеңім, тағат таппай сені іздегем, Күні-түні ой толқып көз ілмегем. Өзіңе деген мынау құмарлықпен Бір сәтке демалмайды сезім деген. Өлеңім! Сен деп келем, сен деп келем, Еңбексіз өмір жолын жеңбес деген. Өзіңмен тоғыстырған тәңіріме Жыр шумағын көбірек селдет деп ем.
ӨЛЕҢМЕН СЫРЛАСУ
Шомылып өлеңімнің өзенінде, Оймен жүзіп қайттым-ау мен өз еліме. Кейде бір тау сияқты бұлдырлаған Өлеңім шаттандырған өзегімде. Мен сені бойыма артып жетеледім, Сен болмасаң жетпейді-ау көкке демім. Бар әлемге өзіңді мақтан етіп, Сөз патшасы ретінде көтеремін. *** Қазақ болып туғалы Сөйлемедім жат тілде, Өлеңге бел буғалы Бөлендім ғой шат күйге. Қаным қазақ болғалы Намысымды қайрадым, Абайдың ақ жолдарын Пәк жаныма байладым. Қазақ болып шаттанып Көңілге жыр бөленді, Жүрегіме от жаққалы Жалындаттым өлеңді. Жүгенделген арымды Өз бойымда сақтадым, Жиған-терген барымды, Халқыма тек ақтардым.
Жаратылған жан шығармыз біз берік, Тіршілікте еңбек жолын іздедік. Қиял бұлттың ар жағында жүзіп бір Жырдан күдер, жырдан үміт үзбедік. *** Мен қазақпын - намыс қаным тоқтамаған, Қазақ үшін шарпыған от та болам. Намысымды тепсе біреу жерім үшін, Тайсалмаймын, кез-келген оққа барам. Мен қазақпын - жүрегімде көк туым желбіреген, Мен қазақпын – азаттықты сеніп артып ел тілеген. Жұмекеңнің жырларын жалғастырған, Мен қазақпын – мың тіріліп, мың өлді деген. Қазақстан – шаңырағым, Қалайша одан арыламын? Соғып тұрса тулап-толқып Жүрегімде Әнұраным.
ТУҒАН ЖЕРІМ
Асқар тауым, кең далам, туған жерім, Осы жырды сен деп белге буған едім. Қанша алыс кетсем де сені іздеймін Көрсем деп жанарларын думанды елдің. Бесіктен тұрған күні еңбектедім, Далаға шығып алып жер беттедім. Алғашқы рет туған жердің иісін сезіп, Ләззат алып, анамдай құрметтедім. Кіндігім бір өзіңе байланғандай, Жүремін тау-тасыңды айналғандай. Туған жер, өз кеудеңде мен келемін, Ауырсам иісіңнен емделемін. Сен едің құшағың кең жатқан далам, Сен едің сырыңды ешбір ақтармаған. Қалайша тау-тасыңды ұмытайын, Сен арқылы бақытты шаққа барам.
Бұлбұл ұшса көңілімнің бағынан, Тербеледі ойды жарып ғашық ән. Сапар шегіп кетсем егер алысқа, Сағыныштан қайтуға мен асығам. Көкшіл булар көшіп жатыр белеңнен, Сол буларды саған балап келем мен. Жаз да өтті, күз келді, ақ қаздарым Тербетіліп ұшып жатыр төбемнен. Мен қазақтың баласымын, Құшағын кең ашқандай, Мен – халықтың баласымын Әкем ақыл айтқандай. Мен де бір киігімін халықтың, Мен де бір сәулесімін жарықтың. Көзден ұшты көңілдің құзғыны жас, Бірге кештім өмірінде нарықтың. Халық көрді, мен де көрдім соққыны, Өшер ме еді бұл нарықтың от күні. Ауыр жүк түсті біздің басымызға, Қандай қиын ақыл айтар қариялар жоқтығы!
Арманның атын байлап сылаңдатып Бірде оянып, бірде ойлап, тұрам жатып. Тек амандық, жақсылықты тіледім Бас айналып ат үстінен құлап жатып.
ТАБИҒАТЫМ
Мал бағып, табиғатпен сырластым, Ат үстінде әндетіп, көрмей өткен қырды астым. Ақ қағазды жерге жайып, қаламды алып қолыма, Шабытымды арқалап бір өзің деп жыр бастым. Күн сәулесі оттай жанып қыстың аппақ қарын алған, Ойнақтап қошақандар жер бетінің шаңын алған. Мен ойнақтап алыстым, сүріндім де құладым, Сол бұлақтың суымен жырым ақты, ағылды арман. Құшағым менің толады қызыл-жасыл гүлдерге, Қаздар келіп қонады қанат жайып көлдерге. Құмар шіркін қанбады қанша саған қарасам да, Ат үстінде әндетіп шықтым барып көк белге.
Алыс кеттім мен де біраз белеңнен, Үнсіз ғана қоштасып, жас балаша келем мен. Домбыраның құлақ күйін бұрай-бұрай келтіріп, Жүрегімнен жыр төктім әнімменен, өлеңмен.
АРАҚПЕН СЕН ОЙНАМА
Адамды арақ мас қылады, Дос-жаранды қас қылады. Ауызыңнан көпіртіп Боқтық сөзді шаштырады. Адамды арақ мас қылады, Сұқытты алып шаш тұрады. Жеп-ішсең де, өңешіңнен Өтпей-жетпей ас тұрады. Адамды арақ мас қылады, Тентіретіп басты ұрады. Абыройың, ар-ұятыңды Аяғыңа бастырады. *** Біз жүрміз алтын уақыт кемесінде, Бір тағдырдың жазуына көнесің де. Өміріңнің қадірін түсінбесең, Білмей және өзіңді кетесің де. Таусылып бара жатыр көз көргендер, Өлмес күнге ынтығып сөз бергендер. Жүрсе де жұмыр жердің бақшасында Бақытты болған емес кез-келгендер.
Өзімді ақынмын деп санамаймын, Өйткені, өлең сөзге шала баймын. Ақын деп біреу мені мақтап жатса Сөзі түгіл, көзіне қарамаймын. Күні-түні жыр өріп жатсам-дағы, Бұл өнердің дәмі деп бағалаймын. Жүрсем де алтын уақыт кемесінде, Ақындықты қуған жан емеспін де. Мен өлеңнің бақшасында жүрсем-дағы, Ұқсатамын қиялды елес күнге. Көзді жұмсам болғаны шабыт келіп, Итереді жол сілтеп өлмес күнге. Мен үшін ақын болу әлі ерте, Ол үшін жету керек әділетке. Жасым отыз екіге келсе-дағы, Толмаған баладаймын кәмелетке. Өлең бойға күш болып енсе-дағы, Ұшып жүрген сияқты жаным көкте. Елена (сөзін ,әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Рахат есімді жігіттің Елена есімді орыс қызына ғашықтығын білдіруі Ғашық боп көрмеп едім Орыстың аруына, Өмірде сенбеп едім Тағдырдың жазуына. Ниетім құлады ғой, Аяулым, бір өзіңе. Жүрегім жылады ғой, Өкініп бұл өмірге. Қайырмасы: Елена! Жанға біткен асылым. Елена! Махаббатым, ғашығым. Елена! Жүрегімнен ән болып, Елена, Шығармысың жасырын. Дініміз екі бөлек Адамнан жаралғанбыз. Тіліміз екі бөлек Жандардан таралғанбыз. Ғашық боп жанарыңа, Сырымды айта алмадым. Махаббат аралынан Үйіме қайта алмадым. Қайырмасы. Әнімді өзіңе арнап Көңілді жұбатамын, Көркіңді күнге балап Әлемге жырлатамын.
Сен мені ойлайсың ба, Айналып күн нұрына? Сөзімді қолдайсың ба, Шомылып жыр нұрына. Қайырмасы: Елена! Жанға біткен асылым. Елена! Махаббатым, ғашығым. Елена! Жүрегімнен ән болып, Елена, Шығармысың жасырын. *** Түнгі өлеңге құмартып таң білінді, Көгінде күн шуағымен мәңгі күлді. Қарайды баурап мені сәулесіне Айтардай жорып өмір тағдырымды. Арманыма жетсем-ау шуақпенен, Өзегімде тербеліп қуатты өлең. Бірден-ақ мәңгі өзіне қаратқандай Сезімнің күйін шертіп жұбатты өлең. Көңілім кейде разы, кейде өкпелі, Ашылмай өлеңімнің кей беттері. Түнгі ұйқымды ұрлаған ақ жырларым Бұрмалап тастағандай күйлеп мені.
Отырмын, міне, енді сыр ақтарып, Жүректе өлең жатқандай шуақтанып. Бабам қазақ ежелден ақын сүйген, Сол ақындар келеді шырақтанып. Өлеңімнің ақ кептерін ұшырайын, Ұша берсін көгінде құсым лайым. Өмір деген бұрқанып дариядай, Жұлдыздардың төрінде күлсін айым. Ақ батамен ел көгерткен жанашырлар, Ақсақалдар, сендер бізге данасыңдар. Көздеріңнен жас парлатып тіл қатпастан, Дүниеден жиі өтіп барасыңдар… *** Сен несіне менен үркіп налисың, Кейде аяз боп көңілімді қарисың. Әрбір басқан іздерімді босатпай, Елес болып артымнан кеп аңдисың.
Кейде ән болып толқытасың жүректі, Сондығымнан сені әлемге жыр еттім. Кейде бізді бақытсыздық қазығына Мәңгі байлап тастағандай күрмеп тым. *** Бұл жалғанда сүрінбейтін тұяқ бар ма, Отырамын сол ойымды жиі ақтара. Шайқалмаған бақытым бір-ақ күнде Шайқалып көнбеді еш бір сынаққа да, Өткен күндер бұлттай көшті жырақтана, Шаңырағым қарайды жылап қана. Қалайша болды екен абайсызда, Осы ой мазалайды сұрақтана. Жүрегімде кінәм қалды қурап-шіріп, Отырмын енді, міне, сыр ақтара. Кешірілмес бұл дүниеде жаза бар ма, Тек мені іштей қинап жазалама. Не десең де бәріне көнейін мен, Кесілген “өлім” деген жазаға да.
*** Жылы жаққа құстар қайтып барады, Қоштасумен ғашық әнін салады. Ағаштардың жапырағы үзіліп, Мұң оранып жабырқаулы қабағы. Ғашық әнін тербетемін өзіңмен, Арылмай мұң жүрегімнен көзімнен. Өзің кеткен жүрекке жыр толады Айрылғандай бақытты шақ кезімнен. Отыр, жаным, махаббаттың бесігіне, Ұмыттың ба бақытты күн кешін мүлде? Тербетейік, сырласайық, ән шашайық, Ашайық ғашық жүрек есігін де. *** Сүйем деген хаттарың жүрегімнің түбінде, Естелік боп суреттерің сақтаулы тұр бүгінде. Өткен күннің айнасы жерге түскен шыныдай Шағылды ғой, сен басқамен кетті деген күнімде.
Сығырайған шам сәулесін жамылып Жатырмын ғой махаббатқа бөленіп, Мәңгі сүйер ақ сәулемді сағынып Жатырмын ғой тәтті күйге тербеліп. Жүректегі алауланған махаббатты Қалай ғана өшіремін, жан жарым? Бір өзіңмен қимай өткен бала-бақты Қалай ғана қиып өтем, арманым?!. *** Бізге өмірдің керегі не Бағың келіп қонбаса? Баттым қайғы тереңіне Көзге жасым толғанша. Махаббаттың айдынында Бірге жүзіп, бірге баттық. Біз өмірдің қайығында Сезімді, міне, ұрлаттық. Қос аққудай ағылайық Махаббаттың айдынында. Сен ғанасың жарым лайық, Бейнең тең-ау ай нұрына. ТЕЛЕФОН СЫРЫ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков)
Сені есіме алып Телефонға бардым, Сым бойында қаңғып Бір өзіңсіз қалдым. Нөміріңді бұрап Күнім менен түнім, Сағыныштан жырлап Сырымды айтам бүгін. Көз алдымда бейнең, Құшсам от боп жанад. Ақ көйлегің киген Құстай ұшып барад. Аққу жүзген көлден Сені іздедім мәңгі, Кеттің алдап бірден Үзіп және әнді. Үнсіз көзден жасым Алақанға тамды, Неге бақсыз басым Жамылып тұр қайғы? *** Қараймын жолға елеңдеп Өзіңді қайтып келер деп. Жас жүректі қинадың, Тірлік етіп не керек… Төлеген мен Бекежан Бірін-бірі жау көрді, Қыз Жібекті сүйем деп, Махаббаты мәңгі өлді. Қозы менен Баянжан Тағдырлары осындай. Өліп-өшіп сүйгенмен, Кетті бірақ қосылмай.
МАХАББАТ ЖЫРЫ (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Жүректің сандығын мен ашамын, Әніммен алдыңа гүл шашамын. Сүйсең де сен мені, сүймесең де, Өзіңді аңсайды жас әнім. Жауабың жатыр ғой мен білмейтін Жүрек пен жүректің ортасында, Бар ма адам өмірде сыр бермейтін, Қимаймын өзіңді қоштасуға. Жырымды оқып жылама, Сезімді баурар жыр ғана. Сүйем деп сені айтады, Жүрекпенен тіл ғана. Қайырмасы: Біз жұмбақ жандармыз, жандармыз, Тауларда сырласқан, қалған із. Ай өтсін, жыл өтсін өмірде, Біз де бір қонақпыз, арманбыз.
АЯУЛЫ АНАШЫМ
Аяулы анашым, Мен үшін дарасың. Арманым өзің боп, Жыр болып қаласың. Есейіп кетсем де Көңілім тек сенде, Мен саған қарызбын Жыр жазып өтсем де. Анашым, ақ таңым, Жанымды баптадың. Жүзіңді бір көрмей Рахатқа батпадым. Мен жатқан бесігім Тағы ашты есігін, Жатыр ғой күлімдеп Немерең көсіліп. *** Жыр жазудан жалықпаймын, қамықпаймын, Жырдың шамы жанса мен жарықтаймын. Қанша ғұмыр сүрсем де бұл фәниде, Жыр көгінде құс болып қалықтаймын. Сол жырыммен өмір шыңын бірге астым, Сол жырыммен мұңымды айтып сырластым. Сол жырыммен отын жағып үміттің, Сол жырыммен бірге тудым, құрдаспын.
Жыр деген – көк мұхиттың толқыны, Жыр деген – осы өмірдің от күні. Жыр деген – таусылмайтын қазына, Жырсыз өнер бақшасының жоқтығы. Мен қиналмай өлемін өлерімде, Жырым медеу, басқаның керегі не? Мұқағали даналы ағамыздай Жазып кеттім анкетамды өлеңіме. Мен түнде өлең жазам тұрам-жатып, Шабытымды бойымда сылаңдатып. Ақындарды шарапқұмар дейтіндер бар Өздері сол шараптан құлап жатып. *** Медеу етіп жырымды Өткізем талай күнімді, Жүрегім бір сәт бұлқынып Сонша неге түңілді? Көңілім көлдей ағылып Іздейді елді сағынып, Кезіп талай жерлерді Кетті кеудем тарылып.
Құрмет пен сыйға бөленген, Таптым ба бақыт, өлеңнен? Будақ-будақ тер төгіп Жыр жолында келем мен. Шаттықтан кейде ән салып Өтті өмір қаншалық, Осы өмірдің барына Жүрмін ғой мен де тамсанып.
ТАБИҒАТ
Торғай да шырылдайды аспанында, Кеудемді серпіп қағып ашқанымда. Табиғаттың сағымдалған айналасы Кіргендей ертегінің дастанына. Көріп келем бұлдыр сағым даланы, Құлағыма құстар әнін шалады. Шуағына байлап мәңгі тастағандай Өлең болып ауылымның самалы. Кеудеме күн нұрындай ыстық алып, Келгендей шуағымен күшті алып. Барады құстар ұшып көл іздеген, Қанатымен желпіп өтіп ішті жарып. *** Тәтті ұйқыға бөленгендей, кең дала, Кірпік ілмей отырмын тек мен ғана. Қия алмай отырмын ғой тау мен тасын Туған жердің төсіндегі мен бала.
Жүрегімнің төрінде тұрақтаған Саған, халқым, еш күмәнсіз сыр ақтарам. Мен іштей бір сезіммен арпалыстым, Ақ тілегін жаудырған қарт сияқтана. Мен несіне адам болып жаралдым Ақ сүтін ақтамасам анамның? Жырға бөлеп жаза алмасам халқымды, Өшкені дұрыс еді қарамның. Кей түнде өлең болып көңіл сыры, Дәптерімде суреттелді өмір сыны. Бойыма бірде қонып, бірде ұшады Шабыттың қос қанатты көгершіні. Ақыл-ойдан асатын бұлақ бар ма, Әлде адамда биік мәнсап, мұрат бар ма? Дененің қызықтысы бас пен жүрек Түскендей өлең болып сынақтарға.
Мен көгіңде бұлт болып жүзбеп едім, Әлдилеп үмітімді үзбеп едім. Көңілдің көк тұманын ашып жырмен, Қарттардан қанатты сөз іздеп едім. *** Күндіз сені күнім деп санайтынмын, Түнде сені ай сәулесіне балайтынмын. Кездескенде өзіңе тіл қатпастан Бір ауыз сөз айта алмай қалай тұрдым? Сені көріп көңіліме жыр тұнды, Сені көріп пәк жүрегім бұлқынды. Сыйладың ғой өзеннің ағысындай Күмістей сыңғырлаған күлкіңді.
АЖАЛМЕН СЫРЛАСУ
Ажал келіп ұрлағандай өмірді Тарқата алмай қаламын-ау шерімді. Қоштасуға уақыт болмас, болса-дағы Қалай қиып кетер екем елімді?! Ажал келіп ұрлағанда өмірді Көре алмаспын қабірімді, көрімді. Сүйіп өткен жүректің мол отымен Қалай қиып кетер екем жерімді?.. Ажал келіп ұрлағанда өмірді Ұмытармын елге деген көңілді. Сүрте алмастан кетем бе екен жалғанда Маңдайдағы моншақтаған терімді? Жаспын әлі, әзірге өлгім келмейді, Өліп бара жатсам өлең емдейді. Не десең де көнейін мен бәріне, Бірақ, ажал, сені көргім келмейді.
Сенем саған, сені ешкім жеңбейді, Мен өлгенмен, жырым мәңгі өлмейді. Күндесең де, көрмесең де өзің біл, Мен өлмеймін, көнбесең де, көн мейлі. Мен сені тек өлеңмен мүсіндеймін, Сені жеңер құдіретті өлең күші деймін. Мені алғанмен не пайда, не қызықты, Осыныңа мен әлі түсінбеймін. Көгімізден күн кетпесін жарқыраған, Өмір-өзен аға берсін сарқыраған. Өлең өріп баршаңызға тілейтінім – Болсын деп қарттарым, халқым аман. *** Қуат алдым суын ішіп бұлағыңнан, Денем қызып кеткендей шуағыңнан. Шабыт берген - әндері бұлбұлдардың, Кетер емес үндері құлағымнан.
Жүрек шіркін кетер ме екен жарылып Арнасында бұлақ жатса ағылып? Аққу-қаздар қиқулап әнге салса Кетпес едім бұл өмірден тарылып. *** Сеніменен бірге азабым, бірге бағым, Бойыңда тек қауласын күнде жалын. Махаббат деген мынау құдіреттің Қасиетін құлатып жүрме, жаным. Мен сезімнің ордасын ашамын да, Бір өзіңе ынтығып басам жырға. Есігімді біреулер қағып тұрса, Келіп тұрған сен екен деп ашам мыңға. Сен менің сезімімді таппадың ба Сағыныштан аласұрған шақтарымда? Қозы менен Баяндай сыр айтушы едік Ғашықтардың таңғы шуақ шапағында.
Бойыңдағы сезімің тұрсын жанып, Сүю деген не екенін білсін халық. Соқсын мәңгі мен үшін, соқсын шексіз Нәзік гүлдей жүрегің дүрсіл қағып. *** Дүниеге келіп не көрдім, Еліме жырмен не өрдім? Мынау дархан еліме, Айтыңдаршы, не бөлдім? Жасырамын несіне, Жаттым жерге көсіле. Қараймын көз жүгіртіп Аққан өмір көшіне. Өмір, саған ғашықпын, Көңілімді тасыттың. Тау-қияны аралап, Өмір, саған асықтым. Өмір – менің көктемім, Жалындаған от демім. Сондығымнан өлеңмен Келешекке беттедім. Өмір желі жыр етті Желпіп самал жүректі, Шуағымен нұрланып Жаныма пәк гүл екті. Ақ арманым жайқалып Тұрмын сенен жай тауып, Өткен ата-бабамды Келгендейсің қайта алып.
ЖЕЛТОҚСАН ТАҒДЫРЫ
(Баллада) Желтоқсанның ызғарына байланып Жер шарындай кетті басым айналып, Қазағымның анық батыр жастары Жазықсыздан кетті жау деп айдалып. Аламыз деп тәуелсіздік байрағын Намысыңды, қырандарым, қайрадың. Желтоқсанның ызғарында дірілдеп Өлімге де бастарыңды байладың. Алтын бесік туған жерім, туған елім, қазағым, Желтоқсанда озбыр күштер тартқызды ғой азабын. Өміріңе балта шапқан көрдің сонда соққыны, Ұмытылмай ізі қалды әділетсіз жазаның. Ел айбынын көтерем деп жанын берген қазағым, Ашылар ма бұл дүниеде көк аспандай ажарың? Әнұранмен көтердіңдер өз ұлтыңның ұлы рухын, Көтердіңдер қаншама қажылардың мазарын.
Желтоқсанның зәрлі күні жас көбелек баламын, Бар-жоғы мен он төрттегі үміті едім анамның. Ауылдан кеп интернатта оқимын сол жылдары, Алғашқы рет көрген кезім тіршілігін қаланың. Дауысына анамның сағыныштан тұра алмай Телефонмен сөйлесем деп кетіп едім сұранбай. Көрдім сол кез алаңда қазағымның жастарын, Жүре бердім жөніммен не болғанын ұға алмай. Көз алдымда солдаттар айбат шеккен жыландай Шықты келіп алдымнан малға шапқан сұр аңдай. Қолдарында қолшоқпары, күрекпенен ұмтылып, Аш бөрідей жүгірді жас тоқтыға құмардай.
Екі жас қыз сөмкесін тастай сала жүгірді, Қашамыз деп олардан етпетінен жығылды. Екі солдат шаштарынан ұстады да шап беріп, Әлсіз жатқан қос аруды күрекпенен бір ұрды. Қарап тұрдым шыдай алмай, екі солдат кетпеді, Араша боп баруға батылым да жетпеді. Айта алмадым бұл сұмдықты, айтсам егер басқаға Мың бір жалған ертегідей ешкімге әсер етпеді. Жеттім, міне, интернатқа, келіп кірдім бөлмеге, Отыр едім, тәрбиешім келді бір кез сөзге де: “Не болғанын білесің бе анау жатқан алаңда? Қайда жүрсің, Ерлан-ау, айтпай кеттің сен неге?”
Көргенімді айта алмадым, бар шынымды жасырдым, Сол бір елес кетпеді, түнгі ұйқымды қашырды. Қос арудың көз жасы көз алдымда қан болып Желтоқсанның ызғарымен тар кеудеме шашылды. Қамап бізді тастады тәртіптерін бұзардай, Үш күн бойы далаға алдап бізді шығармай. Сабаққа да бармадық, үш күн, үш түн бөлмеде Даланы аңсап отырдық ешбір айла қыла алмай.
Желтоқсанның боздақ үні құлағымда жаңғырды, Көз алдымда қос ару, сол бір нәзік жан тұрды. Тірі ме екен ол жандар, ана болып жүр ме екен, Сол бір суық Желтоқсан жүрегімде із қалдырды. Міне, содан қанша жыл өтті ағылған бұлақтай, Көз алдымда сол бейне жанып тұрған шырақтай. Құтқармадың деп маған мұң шаққандай қос ару, Соларды ойлап жыр жаздым жан толқыным шыдатпай… ШӘКӘРІМНІҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАУ Ақындардың бесігін Тербеткен де Шәкәрім, Қазағым деп, елім деп Жер тепкен де Шәкәрім, Өлең-жырды нұр етіп Тер төккен де Шәкәрім.
Өлең – менің жүректегі тұрағым, Өлең – менің сөнбес мәңгі шырағым. Шәкәрімнің ұлағатты жырлары – Бойымдағы қасиетті тұмарым. Ақынның ақындығы санасында, Шабытым айналғандай дара шыңға. Ой дәптерін ашып бүгін жырлайыншы “Өлең” атты өнердің даласында. Алып-ұшпа жырларымды өзіңізге арнадым, Хат арқылы жіберейін мына өлең жолдарын. Қалам алып қағазыма түсіріп, Тәңіріме табынып, жеткізсін деп жолдадым. Кейде өлең тамшы болып тереземді ұрады, Жүрегіңнің төріне кіргізші деп тұрады. “Шабыт – қонақ” деген осы екен ғой, Жоқ қой оған ешбір менің күмәнім.
Көзін аштың алау сезім шабыттың, Айнасына айналып ақын деген халықтың. Кейінгі ұрпақтарға үйреттің де Қалай жазу керектігін әріптің. Асау тұлпар жырларың - серпіле аққан бұлақтай, Қалай ғана өтейін өлең сөзбен тіл қатпай? Қазағым деп, еліңнің қамын ойлап, Кеттің бізден сағым болып жырақтай. Өмір жолын Абайменен бір кештің, Толстоймен хат арқылы тілдестің. Жырларыңды тастап Ертіс жағасында, Кеттің өзің кемесімен келместің. Жыр дәптерін аштың да, Даналы сөз қалдырдың. Кәрісі мен жастың да Өзегін өртеп жандырдың. Ой терегін шаппаймын, Шапсам қалам сынардай. Тербелсе желмен ақ қайың Аңызың қайтып туардай.
Ақиқаттың көзін ашып, асырғалы, Өлеңдерін ешбір баспа баспаған. Айып тағып НКВД қасқырлары, Жазықсыздан құр құдыққа тастаған. Ойын қырдың белесінен шығарған Ақындарды данышпанға балаймын. Жүрегімді тербетсе егер жыр-арман, Сол жырымды Шәкәрімге арнаймын. Өлең туса нәрестедей шырылдап Ат қоямын есіміңе ырымдап, Сіздің алау жырыңызды ұлықтасам Шабыт өзі келеді екен туындап. Мен өлеңнің құлы болдым, шығармайды торынан, Бүгін-ертең табылам ба ақындардың тобынан? Абай, Мұхтар, Шәкәрім жолын беріп, Бағым жанса екен деймін, айым туып оңынан.
*** Жүйкемді менің құртты ғой үнсіз махаббат, Өзі неткен құбылыс, өзі неткен қаталақ? Басымдағы бағымды алып кетіп, Жегізді тағдыр, жегізді қатты шапалақ. Жүйкемді менің тоздырды үнсіз махаббат, Жүргендеймін мәз өмірге қаталап. Жанұямды менен мәңгі әкетіп, Қайтаруға қандай менен ақы алад?.. Санамды менің сарғайтып сары махаббат, Қайғының жүгін қашанғы жүрем арқалап? Сегіз жыл тұрған бақытым бір-ақ күнде кеткенмен, Келмейді қайтып, келмейді енді қайталап. ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ӨСИЕТ Ау, аналар ақылынан адаспаған, Шаңырағынды шайқалтпай таза ұстаған. Дүние үшін арыңды сатқанменен, Ашылмас көңілдегі қара аспаның.
Ойлаңдаршы, мұсылман қазағым-ай, Түспеңдерші отына тозағындай. Әрбір жастың басына бақыт тілеп Осы жырды жар етіп жазамын-ай. Шайқалмасын деп бүгін шаңырағың, Жүректегі запыранды қазамын-ай. Есімізден адасып дінді ұмыттық, Күнә жасап, айтыңдаршы, кімді ұттық? Қыз-келіншек шылым шегіп жүр бүгін Ана деген ар атына кір жуытып. Заманға сай өмір сүру, керек дейді келіншек, Намаз оқып қол жаюға неге олар еріншек? Бұрынғыша өмірден қорлық көрген жан бар ма, Салт-дәстүрден кеткен емес қазақ деген елім шет.
Кәпірше өмір сүрем деп дінімізді ұмыттық, Ерлерінің көзіне шөп салуға құнықтық. Ауру ма, әдет пе, зинақорлық болуда, Басқа ерден ләззат алу, бәлкім, болар тым ыстық. Бір күндік ләззат болса ермегің - Өзіңді өзің малға теңеп бергенің. Байлық пен ақшаға құмар болсаң – Ібілістің жолында онда өлгенің. Сөнбейікші түнгі аспан жұлдызындай, Шаңырағың кетпесін тұрғызылмай. Ібілістің көңілін тауып алып, Айтыңдаршы, кетті екен кім бұзылмай?..
Өтірік айту ер алдында жараспайды, Ибалы әйел ерімен санаспайды. Басқаларға бақыт тілеп жүрген болсаң, Алла өзі кеп басыңды аластайды. Дініңе берік болсаң, хадисті ойлап, Жанұяңда ешқашан болмас қайғы. Пайғамбардың үмбетін таза ұстасаң – Шайтан келіп бағыңмен таласпайды. Ажырасу оңай ғой біле-білсең, Ашу келсе «Алла» де үнемі сен. Кәлимаға келгенің дұрыс болад, Егер өзің дұрыс өмір сүре білсең. Ажырасу деген - үлкен күнә ғой, Сол күнәнің зынданында қамалып мұң боп тұрады ой. Ұстай алмай өзіңді бара жатсаң – Көңіліңді бір мезгіл кәлимаға бұра ғой!
Бір күндік ләззатпенен жаныңды сен жылатпа, Дүние үшін абыройыңды, ар-ұятыңды құрытпа. Әрбір басқан қадамыңды таразыға салатын Құдайдың да бар екенін ұмытпа! Шарапқұмар болса егер, еріңнің Жазасын берсін Алла тегінің. Бірақ, шарап не екенін білмесе ол, Баласынан өш ала ма керіліп? Түсінбеймін қазіргі осы әйелді, Сонда оның, айтыңдаршы, тегі кім?! Неге аналар баласын ойламайды, Басқаны ма маңдайын сорға майлы? Қуанышын бөлісіп әкесімен, Неге бірге бақытын тойламайды? “Әкесі жоқ жетім бұл” деген сөз де Баласының басына түскен ол да қайғы.
Ал, баланың не жазығы бар еді? Әкесінің жалғыз жүрек, жаны еді. Жалғыз қызын қайғы отына күйдіріп Анасы жүр жазықсыздан зар етіп. Бір ауыз сөз айтып еді “кет” деген, Жиналып ап кетті әйел ертемен. Саусағын да тигізбеген жан еді ер, Осы екен ғой өмірдегі шек деген! Қамшының ұшын жеген жандар да Баласын, арын ойлап кетпеген. Қорықпайды қазіргі жас Құдайдан, Қайтпайды неге шайтан-ашу райынан? “Сабыр түбі – сары алтын” деген сөзді Есіңе ал не де болса, шырайлан.
Еріңнің сен барында Жүрегіңді кірлетпегін, Бір Алланың алдында Жүргеніңді білмеп пе едің? Ойыңды бөліп иманға, Дініңді сен тілдетпегін. Мұсылмандық парызды ойлап, Қосағыңмен бірге өткергін! Ибалы ел болайықшы, қапы қалмай, Намазға бел буайық жатып алмай. Жұмақтың төрін егер көрем десең Жүрейік тозақтың да артын ойлай. Сондықтан да айтарым сол, кәлимаңды ұмытпа, Алла сөзін жүрегіңнің түбінде сен ұлықта. Бәріміз де ойлайық баланың ерте тағдырын, Обалына қалмайық, кетпейікші ұйықтап!
*** Қарсы шықпа енеңе жаман болсын, Ол да сенің екінші анаң ғой шын. Тексіз жерден шықты деп айтқызбассың, Тек осыған көңілің алаң болсын. Өзің сүйіп қосылған жан жарыңа Әрқашанда жүрегің адал болсын. *** Ана сыйлай білмеген Енесін барып тілдейді, Әке қадірін білмеген Атасын залым, сұм дейді. Сезімсіз әйел ерінің Көзіне шөп сап күндейді, Қонақ келсе үйіне Жанары жаз боп күлмейді. Темекінің түтінін Шаттанып тұрып үрлейді, Тәрбиесі баланың Не боларын білмейді. Харам жасап өзіне, Хақ жолымен жүрмейді. Бір Алланың алдында Сонда өзін кім дейді?..
Әйел заты мені тілдеп сөкпесін, Болып жатыр мұндай жағдай, көпке шын. Болған жайды баяндаудың несі мін, Айту парыз өмірдің де өкпесін. Баланың тағдыры ертең не болар? Бірақ, көзден жасын бұлап төкпесін. Дегенім ғой жазықсыз сәбилердің Әкесіз көңілі оның шөкпесін.
ЖЫЛАМА СЕН, ЖІГІТІМ
Жылама сен, жігітім, Кетсе әйелің басқамен. Қайтесің ойлап күні-түн, Не пайда мұңды шаққанмен? Бақытың алда күтіп тұр, Келеді әлі ақ таңмен. Шығыстан шығар күнің де, Батысқа жылап батқанмен. Әйеліңдегі дерт қой ол, Тұрмайды үйде баққанмен. Бақыт таппас өмірде Басқа жанмен жатқанмен. Шөп салса егер көзіңе, Өтер тәнін ластаумен. Ешбір пайда таппайсың Көзден жасың аққанмен. Ол бақытын таппайды Ар-намысын сатқанмен, Көтер, қане, басыңды, Көңілді жастық шақтармен. Ешбір пайда таппайсың Өзіңе кінә таққанмен, Жеңіл жүріс жолында Жүрсін өзін даттаумен. Табылар саған бақыт та Қайғы есік қаққанмен, Бақыт саған келмейді Іштен тынып жатқанмен. Балаңды ойла, арыңды, Жүрсең де талай қатпармен. Тең болғаны әйелің Бетіне күйе жаққанмен. Көтер, қане, еңсеңді, Өміріңді өтпе таптаумен. Сен жалғыз емес бұл күнде Ажырасып қор болған, Сен жалғыз емес бұл күнде Қайғысы темір тор болған. Көтер, қане, басыңды, Іш, мұңаймай, асыңды.
Бұл – сынағы Алланың, Өрге домалат тасыңды. Жарың болып жарытпас, Қатырма босқа басыңды. Әйелі ғой зинақор Жиырма бірінші ғасырдың, Өміріңді қорлаумен Өтер әлі жасырын. Бақытың өз қолыңда, Табылар жақсы жар сынды. Асығы болсаң өмірдің Көрсет, қане, алшыңды, Жанұясын табалар Құрметсіздер бар сынды. Жылама сен, жігітім, Кетсе әйелің басқамен. Қайтесің ойлап күні-түн, Не пайда мұңды шаққанмен? Сен еш пайда таппайсың Қайғының зарын тартқанмен, Деп жұбаттым өзіңді Алысып түнмен, ақ таңмен. Заманы болды-ау азғырған Иесін ит қапқанмен. Жыртпа ешқашан ашумен Өмірдің жақсы парақтарын, Бол өзіңді басумен Әкетсе де бақытыңның талап бәрін. Сүмірейіп сүмелектей жүрме босқа, Жаңа өмірге қайтадан қанаттанғын. Сен, бауырым, бақыттысың, Туыстарың жүр жаныңда. Шаттығың шалқып күлсін Достарыңның барында. Бақыттысың, бауырым, Тірі жүрсе анаң, әкең алдыңда. Қанағат тұт, бауырым, Мына дүние жарығын.
*** Өмірімнің жапырағы қурады ма, Жанарымды қайғы жасы сулады ма? Мінбесем де келместің кемесіне, Тұрғандай болады ажал тура алдымда. Сөксе мені біреу налып жамандыққа, Не бетіммен көрініп барам жұртқа? Айтыңдаршы, қазағым, адам емес, Бұл дүниеде надан боп жаралдық па? Ақиқаттың жүзінде тұр басым менің, Мен емес тартып жеген асын елдің. Қатыгез десе біреу қателесер, Туғанымнан мен бала жасық едім. Дәптерімнің аударып парақтарын Өлеңімді оқи бердім, жаратпадым. Бар мұңымды көтеріп әкететін, Кім білген, шабытымда қанат барын?
Мінезімді көктем десін, күз десін, Жырдан, бірақ, көңілімді үзбесін. Әрбір адам өз керегін таппаса, Басқа ақындар дәптерінен іздесін. Боламын талпынғандай, алқынғандай, Өлеңнің жолын іздеп шарқ ұрғандай. Ақын болып бақытқа жету үшін, Айтыңдаршы, бүгінгі шартым қандай? Боламын талпынғандай, алқынғандай, От сезіммен шабытты шақырғандай. Ашайын десем көңіл есігін бір, Білмеймін осы күнде хақын, қандай? Аяласам өлең деген шіркінді Сыйғызар ем бір кітапқа бір күнді. Қиялдадым қуантсам деп жырыммен Өзім емес, қайран қазақ жұртымды!
СЕРІКҚАЛИ СҰЛТАНҰЛЫНА
Жүзіңізден жомарттықты көремін, Сөзіңізден асыл жырлар өремін. Ісіңіз көп ғұмырыңнан көлемді, Сондықтан да таусылмайды сізге деген өлеңім. Тұлғаңызға жарасыпты парасат бақ, Жырларымды әкетердей болашақ ап. Дәрігерлік парызым деп сіз емдепсіз Науқастанған талай жанды аман сақтап. Туыс десе ауырады жүрегіңіз, Балдыз емес, іні болдық, білеміз біз. Жезде десек жақтырмайды көңіліңіз, Сондықтан да сізді аға деп жүреміз біз. Көңіліңіз жүрсін мәңгі шуақтанып, Мен отырмын сізге өлеңмен сыр ақтарып. Мына жұмбақ өмірдің биігінен Жүрмеңізші абайсызда құлап қалып.
Қабағыңнан бір көрмедік көлеңке, Естімедім айтқандарын ел өкпе. Гүлдендіру үшін мына ортаны, Бәлкім, сіздің бір сөзіңіз керек пе? Анда-санда үйіңізге келіп тұрам, Сәлемімді өзіңізге беріп тұрам. Сізді көрсем болғаны шабыт қонып, Жүрегімді тербейді келіп бір ән. Алған сайын алдыңа немерені, Әрқайсыын бөліп-жарып кем демедің. Олар жерде ойнақтап дөңгелесе, Сіз де доп боп шырмалып дөңгеледің. *** Тереңіне көзіңнің Бір көргеннен батыппын, Толқыған ғашық сезімнің Түбінде тас боп жатыппын. Махаббат – ол шөп емес даладағы, Қазір өртеп, тез сөндіре салатын. Махаббат – ол жазылмас жара-дағы, Жүрегіңде мәңгі дақ боп қалатын.
Ажырасар күнімізді кім біліпті, Айырғанмен бұл тағдыр кімді ұтты? Сүйем деген бір ауыз сөзді ғана Санамызға екеуміздің сіңдіріпті. ҚЫЗДА (Әнін жазған Ерлан Рымбеков) Көлден іздедім – Көре алмадым, Оттай жанып бір Сөне алмадым. Сендерге жалғыз жүрегімді Бөлемін дедім, бөле алмадым. Келемін дедім – Келе алмадым, Қол ұшымды мен Бере алмадым. Сендерге әлем Раушан гүлдерін Теремін дедім, Тере алмадым. Көнемін дедім - Көне алмадым, Өлемін дедім – Өле алмадым. Сендерге ғашық Махаббат жырын Өремін дедім, Өре алмадым. Бәрі де, бәрі Бекер дедім, Арманға биік Жетер ме едім? Сендерге, қыздар, Айым, күнім деп Жігіт болған соң Еркеледім.
ТЫҢДА, БАЛАМ, ӨМІР ДЕГЕН ӨТПЕЛІ
Тыңда, балам, өмір деген өтпелі, Тыңда, балам, құлақ салып тек мені. Сені аңсар арманымның өзі де Бір Аллаға жар емес пе көктегі. Тыңда, балам, өмір деген өтпелі, Саған айтар ақылым да көп менің. Осы ирелең ақ жолда адаспасаң, Өз бағыңды өзің тауып кеткенің. Аманбысың, жан балам, аманбысың, Осы жазған хатымды алармысың? Ермек болсын деп саған жазғаным жоқ, Сағыныштың хаты деп адал түсін. *** Жете алмадық біз бақыттың жайлауына, Кеткендейміз екі жолдың айдауында. Біздің мәңгі өшпестей от сезімді Сөндіріп әкетті екен қай дауылда?
Жүрегімнен кетер емес есімің, Бір келмедің айқара ашып құшағыңның есігін. Тағдырымыз күншығыс пен күнбатыстан болса да, Сені мәңгі бақытым деп айтсам, оның несі мін? Үзілмейді сені ойласам асау сезім шабыт деген, Өзің болдың ән мен жырға сағындырып бағыт берген. Бірақ, мынау ұлы күш махаббатта Болған емес бір басымда бақыт деген. Сөнді-кетті лапылдаған көңілдегі от, Көрмеп едім мұндай қайғы өмірде көп. Сол бір оттың ұшқыны жанарымнан Көздің жасы болды неге төгілген боп? Армандаймын, күні-түні қиялдаймын, Бірақ, өмір көшіне сыя алмаймын. Келмесіңді біле тұра, келеді деп Жұбатумен өзімді өзім жиі алдаймын.
Алыстан қолды бұлғап жырақтадың, Ал мен болсам, өмірде жылап қалдым. Сені құшып бақыттың шыңдарына Шығам деп шыға алмадым, құлап қалдым. Қаралы болса да өмір, төземін, Жүрегім қалап тұрса, қалай сенен беземін? Екеуміз екі жақта жүрсек-тағы, Жаным, мені аяп жүрсің, сеземін. Түсінбедім жан сырымды, түсінбедім, Жүрегімді жеп жатыр ішімде мұң. Осы жырды неге жаздың деп сұрасаң, Сені сүйген адал сезім үшін дедім. *** Қазақ тілден ана тілім жаралған, Аналардың ақ сүтінен таралған. Осы тілде өлең өріп, жыр құштым, Осы тілде ұшқан талай ақ арман.
*** Қайта айналып келмес, сірә, сүйіктім, Өткен күндер шуақтансын күліп тым. Не де болса көрейік үміттеніп, Жарасы да жазылмай ма күйіктің? Еркелеген лағындай сен киіктің Қарайсың-ау жанарыңнан күліп күн. Жүрегімнен таза шыққан жырымды Бір өзіңе гүл етіп мен үйіппін. Мен ғашықпын оттай жанып, сүйіктім, Ыстығына кеткендеймін күйіп тым. Сенің қызыл шиедейін ерніңе, Бір сүйгеннен ұмыта алмай, құнықтым.
ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ
Не айтамын ауылдағы қайран жұртқа, Өзге тілдің қазығына байландық па? Ана тілдің мәртебесін көтере алмай, Қаны қазақ, ұлты орысқа айналдық па?! Кірсең болды ішіне әр мекеменің “Орысша сөйлеңіз” деп итереді. Біз Ресейдің тұсында жүрген жандай, Азаматы сияқтымыз бөтен елдің. Халық соты деген жерге барып едім, Жеке бастың мұңын сотқа шағып едім. “Арызды жазыңыз, деп, орыс тілде” Мен білмейтін тілмен басты жарып еді… Әкетпеші көңілімнің жарығын, Бір өзіңсіз ішкі әлемнің бәрі мұң. Махаббаттың ауылынан адастырып Әкетті ме жалған мені тағдырым?
Сендей жанды өмірімде көрмеп едім, Көңілімнің бесігін тербеткен де сен дер едім. Ақылымнан адасып жынданғанда Бір ауыз сөзіңнен-ақ емделемін. Бар өмірім өзіңе арналады, Тек өзіңмен шарлап өтем бар даланы. Егер, жаным, ғайып болып кетер болсам, Сен деп соққан жүрегімде ән қалады. *** Махаббатым қайта оянды тасыған, Іштегі дертті қалай жасырам? Жүрегімді менің қинап жүргені, Көзіңнің, айтшы, жасы ма? Тағдырдың мұндай күйге әкелерін Ойламадың неге басынан? Тым болмаса еркелетіп Сипауға да зар болдым ғой шашыңнан. Енді міне, бағымды қолдан ұшырып, Бір көруге құштар болып асығам. Асығам да, іштей күйіп ашынам, Махаббатым қайта оянды тасыған…
Сүйіктім, кешіре алсаң кеш мені, Қайда жүрсем сүйіп өтем тек сені. Бақыттымын өзің барда, жаным-ау, Өзің барда көтеремін еңсемді. Бақыттымын сендей жаным барында, Кездестірген күндеріме таңмын да. Өткен-кеткен істеріме қапаланып бас ұрдым Разы болмай кейде жылап тағдырға.
Сенен асқан бұл өмірде адам жоқ қой, сүйіктім, Мына өмірдің тозағына кеткенім бе күйіп тым? Жүректегі ғашық сезім жырларымды Іштегі асыл сарайыма үйіппін. Не десең де, о де мені, Сен менің жүрегімсің. Не десең де, о де мені, Сен менің тірегімсің. Шіркін-ай, көңілімнің жазы болып, Күн көзіндей қайта айналып күлермісің! Не десең де,о де мені, Сен менің тағдырымсың. Мынау жалпақ жалғанда келбеті кең, Сөнбейтұғын жарығымсың. Алақандай ғана нәзік жүрегіме Ғашық сезім қалдырыпсың, Үмітім үзілді деп жүргенде Махаббат отын жандырыпсың.
*** Кешіре алсаң кешші мені, сүйіктім, Өзімді өзім неге сенен суыттым? Жан-тәніммен сүю деген не екенін Сен арқылы, сен арқылы біліппін. Қайтейін енді, қайтейін, Ақылымнан адасып мен жүріппін. Кінә менен де болды, сенен де, Тағдырға жалған қалайша мен сенем де? Қоштасқанмен екеуміз мәңгілікке, Жанарыңды, жаным, қайтып көрем бе?.. Қайтейін енді, қайтейін, Маңдайдың жазғанына көнем де. Тілеймін саған таудай алтын бақытты, Тілеймін саған дархан көңіл, шаттықты. Ал мен болсам, ал мен болсам, сені ойлап, Қайғы-мұңның тереңіне батыппын. Қайтейін енді, қайтейін, Маған да келер шуағымен бақыт күн.
*** Неліктен сен соңғы кезде жан сырыңды жұмбақтадың? Жұмбақтадың, ал мен болсам жүректегі өшпестей сырды ақтардым. Қайта ғашық болу жанның қатал азабы екен, Сондықтан да мен үшін, жаным, қымбат жаның. Сағындым сені, сағындым, Махаббат деген теңіздің толқынындай тасып ағылдым. Маған деген жұмбақ суық сезіміңді Жаға алмадым, оята алмай жаңылдым. Қайтейін енді, қайтейін, Періштем боп бір өзің тек табылдың, Мен үшін енді өмірдің сенсіз бәрі мұң…
Жаным десем артық болар бір сен үшін, Бағым десем, сол сөзімнен күйермісің. Жарым десем, лайық емес шығармын, Бірақ менің хал-жайымды білермісің?.. Сағыныштан тағат таппай, келгенімде, Сонда менің бұл ісіме күлермісің?.. Сен түгілі, өзімді түсінбеймін, Ой теңізін сапырып күрсін, мейлі. Сеніменен кездескен әр күндерім - Мен үшін тәтті түсім деймін. Сенің күндей әдемі көз жанарың Көз алдымда мәңгі елес боп жүрсін деймін. Бес күндік мына жалғанда Бақытқа бөленіп, қуаныштан күлсін деймін! Бақыт қағып кірмейді есігіңді, Біз сияқты білер ол да кешігуді. Сол бақыттың шыңына жету үшін Болайықшы бір-бірімізге кешірімді.
Кешір мені көңіліңнен шықпай жатсам, Кешір мені бір сырыңды ұқпай жатсам. Сенің әркез қимылыңды, сөздеріңді Еске аламын айлы түнде ұйықтамастан. Менің әрбір қиналған сәттерімде Ашылады жырға толы дәптерім де. Өзімді өзім кінәлаумен күн өткізіп, Ал сені шомылдырам бақ көліне. Осалдығым болса егер айып етпе, Айналсыншы жұбымыз ғанибетке. Сенің бейнең жұлдыздардың арасынан Шақырғандай болады, айым, көкке.
АРУЖАНҒА
Ботақаным, қарағым, Жарамды менің жазар кім? Сағыныштың отына Күйіп-жанып барамын. Көкешім, қызым, жарығым, Ішім толған зарлы мұң. Аяқтан шалып, күлгендей, Қарайды маған тағдырым. Құлындай ғана боташым, Өзіңсіз өтер жоқ асым. Көңілімнің шыңында, Еркелеп әлі жортасың. Кешірші, балам, әкеңді, Кешірші жалған қатемді. Ауыз толтырып айтатын Қандай бақыт әпердім? Әрбір тәтті қылығың Ұмытылмас, құлыным. Қинайды-ау ішті, қинайды-ау Құртша жеген тірі мұң. Таң боп атқан арайлым, Сәулесіне күннің балаймын. Бақыттың биік шыңынан Көрсем деп тек қалаймын. Алдыңда сенің, құлыным, Шарасыздардың бірімін. Өзің деп соққан жүрегім Тоқтамас сірә, мұны ұғын.
Сеземін мұңлы көзіңнен, Жүрсің ғой әрең төзіммен. Айналдым, балам, айналдым, Әке деген сөзіңнен! *** Өмірді неге жеңіл түсінеміз? Дұрыс жолдан тайғанда күрсінеміз. Қолдан жасап алғандай пәк сезімді, Өзімізден-өзіміз түршігеміз. Пендеміз ғой, абайсызда сүрінеміз, Кейде жылап өмірден түңілеміз. Кез-келген сәтсіздікті таяз ойлап, Мола жаққа несіне жүгіреміз? Жайсыз түстер сан талай ұйқымды ашты, Таң атса тірлікте сиқым қашты. Білмедім шарасыз нетсем екен, Осынау жалғыздық дейтін шақты... *** Кешіріңіз артық кетсем, жаңылғаным, Өкпелетсем қайысқаны қабырғамның. Телефон шалып мазаңызды ала берсем, Ол менің сізді шексіз сағынғаным.
Айыпқа бұйырмаңыз бұл сөзімді, Қолдан жасап алғаным жоқ гүл сезімді. Кешіріңіз, өтінемін, кешіріңіз, Қателессем кешірмеспін бір өзімді. *** Өтті, кетті біздің дүлдүл күндеріміз, Махаббат бақтарында жүргеніміз. Тағдыр бізді ажыратып кеткенменен, Достық сезім әлемінде біргеміз біз. Енді қалған ғұмыр жолын гүл етерміз, Толқысын бақыт болып күнде теңіз. Қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе-дағы, Дос болып қаламыз ғой біз екеуміз. Жалғыздықтың күнін кешіп жүрермін мен Сендей жан табылса да жүрегімнен. Қайтып сені келер деп үміттендім, Үміттендім, қайтейін, келмесіңді білемін мен.
*** Ес білгелі өмірге мән бермеппін, Мән бермесем қалай оны жеңбекпін? Деп кейде өзімеөзім сұрақ қойып, Жауабын өлеңменен термекпін… Міне, содан өмірімді зерттедім, Зерттеп, күннің сәулесіне беттедім. Көзімді ашып қарасам бұл дүниеге, Айтарым да, жазарым да көп менің. Ел көңілі ауып кетті саудаға, Сүт сатумен әжелер жүр аулада. Сұрасам “тіршіліктің көзі” деп Жауап беред, мұңын шағып жай ғана. Біреулер жүр түсіне алмай өмірді, Несиеден несиеге көмілді. Қайтаруы енді қалай болар деп Көздерінен моншақтап жас төгілді.
Біреулер жүр әнін шырқап халыққа Гонорарын сақтап қойып сандыққа. “Бар өмірім осы – менің әнім” деп Шығарғысы келеді өзін жарыққа. Біреулер жүр шөлмек тасып барактан, Кешке көрсең босамайды аузы арақтан. Көтере алмай дағдарыстың күндерін Талай жандар жанұясын жоғалтқан. Бір бала жүр қашып-пысып сабақтан, Бұл баланы қандай ана жаратқан Деп сөгеміз кейде артын түсінбей, Құтыла алмай өзіміз бір мазақтан. Біреулер жүр жер қазып күнкөріс деп, Бұлқынып ішім жатыр төңкеріс деп. Не де болса кетейін еңбектеніп, Жанұямның өмір жолын бір тегістеп.
*** Дін бесігін тербетейік, қазағым, Имандылық – жүректегі таза ұғым. Бес уақыт намазыңды оқысаң, Тартқызбайды от тозақтың азабын. Дін бесігін тербетейік, қазағым, Айтып келмес дауасыз дерт, ажалың. Имандылық - өмірдің ақ жолы деп Осы хатты баршаңызға жазамын. *** Ғасырдан ғасыр аңыз болған махаббат, Махаббатты қандай жандар атамақ? Бақытты өмір сүріп жатса біреулер, Бақыты үшін жүргендер бар қаталап. Бақыт деген – бір күндік ол жарығым, Бақыт деген – ата-анам, тағдырым. Сол жарықтың сәулесі өзің деп Өзіңді ойлап қарсы аламын таң нұрын.
Амансыз ба, сүйіктім, амансыз ба, Бір сөз айтсам өкпелеп қаларсыз ба? Жаныма батқан дертім, батқан қайғым, Сол қайғымның жұмбағын табарсыз ба?.. Сізге деген махаббатым – Жалындаған жүректегі шапағатым. Менің өшпес сезімімде ұраным бар, Ол ұраным “Махаббат” деп аталатын. Бәлкім маған көңіліңіз өкпелі, Мен ренжімен, оңды-солды сөк мені. Тек сізден өтініп бір сұрарым – Махаббат не, сөнбейтұғын өрт пе еді?.. Қайтемін мынау сағыныштың қыспағын, Сездірдіңіз сезімде үлкен күш барын. Сіз арқылы білдім, міне, асыл ән, Көңілімнің бұлтын жарып ұшқанын. *** Жалындап кеткен сезімді Қалай ғана өшіремін? Маржандап терген сөзімді Дәптеріме көшіремін.
Бұл не? Жанып тұрған махаббат па? Әлде тағдырдан жеген шапалақ па? Шапалақ болса, арты оның айналса екен Бақытты өмір шапағатқа. Өз ойым, өзіме мәлім баспанам, Сол ойымды жеткізуге жасқанам. Бар өмірім тек сізге арналғандай Жүрегімде тербеледі асқақ ән. Кешіріңіз, сөндіру қиын сезімді, Ұмыта алман жұмсам-ашсам көзімді. Білмеймін, дәлелдеп қалай жеткізем Іштегі жапырақтай сезімді. *** Көңіліңіз көтерілсін деп тілеймін, Түсінеді шаршағанды ет-жүрегім. Адамбыз ғой жұмыстан шаршаймыз да, Ал өмірді нағыз бақыт деп білемін.
Шаршасаңыз, мен де бірге шаршағаным, Сіз күлсеңіз райыңызға тамсанамын. Қанша ғұмыр, қанша өмір сүрсем де, Ашам сізге шындықтың жан сарайын. Тым болмаса бір ауыз сөз жазыңызшы, Сізге деген көңілімнің жазын ұқшы. Қиын егер болмаса өтінемін, Жүрегімнің мұң шалған назын құшы. *** Керегі жоқ маған ешбір алтынның, Алтыным бар – көңілі ол халқымның. Туған күнім тойланбасын, тойланса - Керегі жоқ сый етіп алтын тартудың. Керегі жоқ маған ешбір күмістің, Ол мен үшін бастауы емес ырыстың. Алтыннан да, күмістен үй салсам да, Орындалмай кетері хақ бір істің.
Керегі жоқ маған ешбір атақтың, Атақ алып тойламаймын атап күн. Алла барда атақ маған не керек, Жүрегіме күнде бөлеп жататын. Керегі жоқ маған ешбір байлықтың, Қызықпаймын аз-көбіне айлықтың. Қанша жұмыр жерді басып өтсем де, Өмір емес, сынақ деген жайды ұқтым. *** Махаббатты көп жырлайсың деп сөгеді, Жақындарым қалжың сөзбен ескереді. Біле білсең әр адамның тағдыры Өмірде тек сезіммен өлшенеді. Махаббатты сезе білген бақытты, Сол сезіммен көрер мәңгі уақытты. Сезімсіздер бақытсыз күйін кешіп, Бір Алладан бақыт тілеп жатыпты.
*** Ақ жаулығы анамның – Ақ жолы ғой даламның. Ақ сүтіңнен, анашым, Қасиетті нәр алдым. Адам боп өтем, өйткені, Адам боп сенен жаралдым. *** Алтын уақыт, бақытты шақ балалық, Балалықтың еске түспес бәрі анық. Сол дәуірден аңқау мінез сіңіпті-ау, Анашымның қаныменен таралып. Балалыққа ешбір күндер жетпейді, Сол бір шақта сана-сезім көктейді. Мектептегі әрбір қызық сәттерім Мәңгі есімнен, мәңгі есімнен кетпейді. *** Қиялымда күші бардай жүз аттың, Шырмауында сезім атты тұзақтың Шоқ боп тұрған жүрегімді маздатып, Сені ойлаумен жаттым, сәулем, ұзақ түн.
Түсінбедім сенің жұмбақ сырыңды, Нетсем екен мынау сынақ-ғұмырды?.. Еш жасырмай айтшы сен маған бәрін, Күнің қалай өтіп жатыр бүгінгі? Төзгенмін, мен әлі де төзіп келем, Қиындық қалды ма, енді кезікпеген. Тағдырдың тар жолында жүк ауатын, Күн боларын мен бұрын сезіп пе екем?.. Бақытты да шығарсың, бәлкім, енді, Мен жұбанар сенен қандай қалды белгі? Шынымен қадірсіз болғаны ма, Берілген махаббаттың мәңгі серті?.. Бәрі де кеш, керегі жоқ ақталып, Қызбалықпен бақты аяқпен таптадық. Керегі жоқ, қайтеміз, өткен күннің Жыртылған парақтарын ақтарып?!.
*** Әйел заты – солмайтын көктем гүлі, Нәзіктігі – Алланың төккен нұры. Сан ғасыр сұлулығын жырлау үшін, Әр ақынның жүректен шерткен сыры. Әйел заты – адамзаттың ғажабы, Ақылына көрік берген ажары. Соның ғана көңілінен шықсын де, Тірлігіңнің тарқамайтын базары. Әйел заты ақ сүтімен киелі, Барлық мықты әйелге бас иеді. Бірақ, сондай құдіреті болса да, Барлық әйел тек мақтауды сүйеді. Әйел заты – ақындардың жыр-әні, Әйел заты – шаңырақтың шырағы. Әйел заты – тіршіліктің анасы, Әйел заты – көңілімнің тұмары. *** Қанеки, балам, көсіле, Жата қой менің төсіме. Әлдилеп мейірленбесем, Әке болдым несіне?
Сақтағын, балам, есіңе, Тірлікте сенің несібең. Мұндайда қамқор болмасам, Әке болдым несіне? Ілессең өмір көшіне, Уақыттан көрме кешіге. Осылай ақылшы болмасам, Әке болдым несіне? Сақтағын бәрін есіңе... Сөкпеңіздер Сөкпеңіздер мұңын неге жазды деп, Неліктен ішкі сырын қазды деп?. Бұл менің өмірдегі дерегім, Сол деректен жыр туды ғой азды-көп. Қанша ғұмыр сүрсемде бұл фәниде, Айта алмаймын жүрегім бүгін назды деп Мен басқаның өміріне кіріспегем, Кіріспеген жандарды дұрыс көрем. Ғазиз жеке басыма тиіспеңдер, Қисаңда кеп басымды қылышпенен. Табытында жатсамда өкініштің, Сөкпеңіздер,жатсын бір сәт тыныш денем.
Араласып көрмедім өміріне басқаның, Өкініштен соқса да алтын басын тасқа мын. Өзгелердің дерегі қызықтырған еместі, Әр кім өзі жаласын өткен істің қаспағын. Жақсы-жаман болсамда, Қиянатқа баспадым. Ар-ұяттың көзі болған, Намысымды сатпадым. Сырттан сөккен жандарды, Қарғап сілеп жатпадым. Сүрініп кетсем жалғанда, Тағдырға кіна артпадым. Айтарым барлық жастарға, Ашылсыншы бақтарың. Оқыған жан түсінер, Жырларымның астарын. *** Мен боламын қайда жүрсең жұбанышың, Сен дегенде қайралады жыр намысым. Екеумізге бір бақыт жазбапты ғой, Әлде біз жаралдықпа жылау үшін. Шыдағаның,төзгенің дұрыс болар, Келген жанбыз өйткені сынақ үшін.
Көңіл бұлты күннен күнге көшеді, Бағымыз бір жанып-бір өшеді. Тағдырымыз тек Алланың қолында, Күндер қайтып келмес бірақ кешегі. Күндер қайтып келмес бірақ кешегі, Күнәмізді шаю қиын бес елі. Мені қинап өлтіретін ерекше, Ауылдағы адамдардың өсегі. *** Махаббат деген не? Бүгін сүйіп одан ертең күюме, Дүние жинап,бақыт деп оны білу ме?.. Әлде ол қасіретіме тірліктің, Ұрыс,керіс шақыратын үйіңе?. Жоқ-«Махаббат»сабырлық пен кешірім, Құдай қосқан жарыңды,адал мәңгі сүюде!.
*** Өзің болдың жырларыма қуат берген, Өзегімнен тарқалады шуақты өлең. Бақыт деген мен үшін құз болды ғой, Сол құзға шыға алмай құлап келем. Тек өзіңнен үміт күтіп неде болса, Тағы да бағымды бір сынап көрем. Екеуіңнен табылсын деп бақыт деген,- Жан тәнімді күні-түн жұбатты өлең. Тәңіріме табынып жалбарынып, Бақыт деген құбылысты сұрап келем. Сол бақытқа жетем деп өмір бойы, Бар ғой жандар жете алмай жылап та өлген. Бақытыма балап сені өтер едім, Сенен жауап ала алмадым бірақ та мен. Жауабыңды күтумен аласұрып, Сағынышым жарылсада шыдап келем. Аружанға
Сағындым ғой балам сені сағындым ғой, Көзімнен мұңлы жас боп ағылдың ғой. Анаң алып кеткен күннен өзіңді, Сенесің бе тынысым тарылды ғой?. Сағындым ғой балам сені сағындым ғой. Әкелік борышымды өтемедім, Менің де жетпес енді көпке демім. Маңдайыңнан бір иіскеп жатушы едім, Мен үшін балдай тәтті шекер едің. Ертегімді кімге айтып берем енді, Қалай менсіз ұйықтап жүрсің еркем менің.
*** Жақсылықпен ашайық, Жаңа күннің қақпасын. Дағдарыс деп қайран жұрт, Жылап мұңын шақпасын. Бірлікке халқым бұрайық, Ынтымақтың ат басын. Тыныштығын елімнің, Тіл көздерден сақтасын. Қариялар түспесін, Күмістей шалған ақ шашың. Тарихта қалған ерлердің, Көтерейік тақтасын. Ақыл айтар қарттарым, Сақалын арын сатпасын. Дауасыз дерт апаттар, Есігіңді қақпасын. Шайқалмасын қазағым, Шаңырағың от басың, Жаңа күнмен ашайық, Жақсылықтың қақпасын!. Жас жұбайларға ақ тілек.
Нұры жаусын Алланың, Арайлап атсын таңдарын. Тілейтінім сендерге, Бақтарыңның жанғанын. Күтпесін өмір жолында, Солған гүлдей алда мұң. Бақыттың шығар шыңына, Болсын әр кез жолдарың. Көктемгі гүлдей құлпырып, Мәуелеп өссін талдарың. Қол ұстасып екеуің, Бар әлемді шарлағың, Шаңырақтарың шайқалмай, Мейрімді болсын жандарың! Досым Асхатқа
Достық деген үзілмейтін үміт қой, Достық сезім қадірімен тұнық қой. Қуанышпен,қайғыңды бөлісетін Ең жақын адамың ол біліп қой. Достым Асхат сендей досты таппадым, Атсын әр кез арайланып ақ таның. Қиын сәтте өзің болдың медеуім, Сол достықты жүрегіңде сақтағын. Сендей достар мен үшін де сирек қой, Домбыраңды қане тағы күйлеп қой. Сары бидай әнін үзбей шырқап бір, Дос жүрегін тербеп қой. Жан-ұяңа тілейтінім мың бақыт, Көрейінші жыр жолымен тіл қатып. Гүлмира екеуіңе айтарым, Бақтарыңды алмаңдаршы ұрлатып!. Мен Алланың құлымын
Мен Алланың құлымын, Құлымын алтын уақыттың. Көрем бе екен қызығын, Бұл жалғанда бақыттың. Мен Алланың құлымын, Құлымын ғашық сезімнің, Бақыт кешкен ғұмырым, Мен үшін кейде өзі мұң. Мен Алланың құлымын, Құлымын ой санамның. Тәңірдің жарық хақ нұрын, Көру үшін жаралдым. Мен Алланың құлымын, Құлымын ауыр ажалдың. Жалғанда сөніп ғұмырым, Таусылар бір күн базарым. Мен Алланың құлымын, Құлымын және шабыттың. Санама сінген бір ұғым, Рахымын алсам халықтың. Мен Алланың құлымын, Құлымын және өмірдің. Хақ Ислам Дінінің, Жырын ексін көңілім. Мен Алланың құлымын, Құлымын жігер намыстың. Шарап құмар жандармен, Азбаңдар деп алыстым. Уақытынан аспайтын, Болдым құлы жазмыштың. Мен Алланың құлымын, Құлымын атқан таңымың. Көрмесем екен сынығын, Басымдағы бағымның. Жетпес бірақ құзырым, Құдіретіне тәңірдің. Мен Алланың құлымын, Құлымын жұмбақ тірліктің. Тірлікте мыңмен күресіп, Бұл жалғанда кімді ұттым. Бар білерім Алланың, Құзырына құлдықпын. Мен Алланың құлымын,
Құлымын қағаз,қаламның. Бойдағы ана жылуын, Жүрегіме жазармын. Өйткені асыл анамның, Ақ сүтінен нәр алдым. Ақ жаулығын пір тұтып, Кір көңілден тазардым. Жұмақ кілті табанының, Астында жатыр анамның. Мұхамметтің үмбетін, Ой түбінен қазармын. Иманға бекем бел бусам, Мейіріміне қанармын. Мен Алланың құлымын, Құлымын уайым,қайғының. Бес күндік тар ғұмырдың, Бір минуты байлығым. Сол бес күнде жәннаттың, Жүзіп өтсем айдынын. Мен Алланың құлымын, Құлымын ет жүректің. Орындаймын құранмен, Пайғамбардың үмбетін. ***
Бұл жақтан кетсең,ол жақта өмір жалғасады, Өмір-өлім бір-бірімен алмасады. Қысқа қамшы сабындай ғұмырыңды, Мұрағатта бірақ күнде шаң басады.
*** Махаббатта бақытты болмағанмын, Бәлкім күнін кешіп жүрмін оңбағанның. Үш бақытым бар еді жүрегімде, Үшеуінен айырылып жолда қалдым. Махаббаттың апатынан өлген жанмын, Өзімді тірідей көмген жанмын. Қанша ғұмыр сүрсемде бұл фәниде, Қайғы сезім отына күйген жанмын. Біреулерді аяп жүрсем бақытсыз деп, Бақытсыздар кебін өзім киген жанмын. Бақ құсын қондырдым деп жүргенде, Олда артынан кетті ғой үйден бағым. Әр бір жанның өмірін шырақ дейді-ау, Ал мен болсам жанбай жатып,сөнген жанмын. Тағдырыма сенім артып айта алмаймын, Болмас сірә ешқашан сүйген жарым. Үшеуіне зор бақыт тілеп жүрмін, Сол болсыншы өмірде күлген бағым. Тағдыр өзі көрсетер күндер туса, Кімнен сорым,кімнен бағым?.
*** Біз осы,-қандай күндер кешіп жүрміз, Өзге елдің тілінде есіп жүрміз. Ана тілім тоқалдан туғаныма, Жат тілде сөйлеп неге бөсіп жүрміз Ар-ұят ана тілден басталмай ма, Отаным,елім дейтін жастар қайда?. Өзге тілдің бір сөзін туған тілге, қосып айтсаң ұлтыңды ластамай ма?. Түсінбеймін жастарын қаладағы, Уланып кеткеніме саналары. Қазақ тілде сөйле деп басу айтсаң, Өр көкірек мінезбен жан алады. Ар намыс қайрап кейде жылатады, Абыройды өлтіріп құлатады. Өз тіліңнен аулақ болсаң керегі не, Егеменді қазақ деген құр атағың,- деп маған мұңын шағып алты алаштың, Бес арыс аруақтары үн қатады. Ел емес пек-Өнер алды тіл дейтін, Ел емес пек-Қазақ деген өлмейтін. Ана тілім ұлттың жаны деп білген, Ел емес пек-Намысты қолдан бермейтін.
Ана тілім-ел тарихы деп білемін, Тіл дегенде үзіледі ет жүрегім. Мен ұлымын рухын еш бір сатпаған, Қазақ қанды тектілердің. *** Өмірді қалай түсінеміз, Кейде өмірден жиркенеміз,түршігеміз, Ойланбастан жаман істі істеп алып, Артынан өкінеміз күрсінеміз. Ақыл-ой,санаға бағынамыз, Бағынып бір Аллаға табынамыз. Бес күндік тіршілікті жеңіл ойлап, Надандардың жанынан табыламыз. Күлімдеші қарашы Тек өмірден түңілмеші жарығым, Екеумізге махаббаттың бәрі мұң. Айтшы Гүлім қалай ғана кетейін, Саған деген пәк сезімнен арылып. Қайырмасы: Күлімдеші қарашы, Қай жаққа жүзіп барасың. Кемесіне келместің, Мініуге әлі баласың.
Мына тағдыр тартқызды ғой азабын, Сол азапқа төзе алмай жыр жазамын. Құдіретті махаббаттың алдында, Сен тазасың,менде жаным тазамын Қайырмасы: Күлімдеші қарашы, Бағыңды әлі табарсың. Бұл жалғанда Алланың Мейіріміне қанарсың. Дауасыз дертті уайымдап босқа не етерсің, Сол дертіңді ұмытып әлі кетерсің. Үмітіңді үзбеші тек өмірден, Сонда мені бақытты жан етерсің Қайырмасы: Күлімдеші қарашы, Ақылдысың дарасың. Сен арқылы ұмыттым, Жүрегімнің жарасын. Санаулы күнім қалды деп Гүлім жылайсың, Өзіңді өзің неге олай қинайсың?. Бағың болып келсем егер алдыңа, Жүрегіңді онда кімге сыйлайсың. Қайырмасы: Күлімдеші қарашы, Бақытыңа балашы.
Жүректегі баянды, Махаббатыма панасың. *** Сағын гүлім! Сағыныштан жазылар бәлкім жүрегін, Сағын күнім,қиналарсың білемін. Қойшы бәрін несіне оны айтайын, Ең бастысы,сені жаным сүйемін. Сен басқаның бағы боп жансаңдағы, Сені есіме алып мәңгі жүремін. Келеді өзіңменен қол ұстасып, Махаббаттың әлеміне түнегім.
*** Неткен дүние десеңізші тіршілік, Тіршіліктің көгінде тұр күн щығып. Бал болдым-жастық шақтан-кәрілікке, Айдап келеді уақыт деген бір шыбық. Ақ жолдан абайсызда тайып кетіп, Жүрмейікші өкініштен күрсініп. Ес білгелі бір бақытқа жетеміз деп, Шауып жүрміз жанталасып құлшынып. Намазыңды қаза қылма бауырларым, Қазағым-ай кетпес одан тіл сынып. Өмірді жеңіл ойлап ақыретте, Жүрмейікші қайғы отына тұншығып. Есірткеге тәуелді жастарың бар, Сақалын қадірлемес қарттарың бар. Одан қалса немересіндей баламен, Жүз грам құйып қой деп,-тартқаны бар. Қалтасына ақша түссе сауналатып, Қыл мойынға күнәсін артқаны бар. Жігіттер жүр ойын сауық қуғаны, Алланың емес,шараптың болды құлдары. Одан қалса жан-ұясын ұмытып, Сұлу көрсе бас айналып тұрғаны. Қаржат түссе егер қалтасына, Кім кепіл сол сұлумен жатпасына. Кофелетіп,сауналатып имансыздар, Жүр ғой бүгін жын сайтаннын ортасында.
*** Өзің болдың жырларыма қуат берген, Өзегімнен тарқалады шуақты өлең. Бақыт деген мен үшін құз болды ғой, Сол құзға шыға алмай құлап келем. Тек өзіңнен үміт күтіп неде болса, Тағы да бағымды бір сынап көрем. Екеуіңнен табылсын деп бақыт деген, Жан-тәнімді күні-түн жұбатты өлең. Тәңіріме табынып жалбарынып, Бақыт деген құбылысты сұрап келем. Сол бақытқа жетеміз деп өмір бойы, Бар ғой жандар,жете алмай жылапта өлген Бақытыма балап сені өтер едім, Сенен жауап ала алмадым бірақта мен. Жауабыңды күтумен аласұрып, Сағынышым жарылса да шыдап келем.
*** Жадырап көрсетші бір көркіңді, Қуаныштан лақтырайын бөркімді. Жаныңа батып күнде мазалаған, Бөліп берші дертіңді. *** Күзгі кеште,көңілімнің терезесін қағасын, Күннен күнге ыстық тартып барасың. Сұлу бейнең көз алдымда жыр болып, Ұмыттырды жүрегімнің жарасын. Қасың сенің қарлығаштың қанаты ма, Көздеріңнен жыр оқимын дара тұлға. Қарасам айдай сұлу келбеіңе, Аққудайсың жүзіп жүрген көл бетінде. Кез келген арулардың ішінде, Гүлім,күнім жағызсың сен жер бетінде.
*** Бұл өмірдің сынағынан жалықтым, Сүйгенім бар, бақытым жоқ ғаріппін. Сенесің бе жатқандаймын ішінде, Қасірет деген қара табыттың. Бәрін айтта,бірін айт,ойдан кеткен, Суды аңсаған басы шірік балықпын. Сен менің өңімдесің, түсімдесің, Түнгі шабыт жырларымның ішіндесің. Екеуміздің арамызда әрқашан, Қайғы жылап,қасірет күрсінбесін. *** Сен менің Құдай берген жарығымсың, Сен деп менің бақилыққа жаны ұшсын. Сүйем сені,сүйіп өтем мәңгілік, Іші тарлар қызғаныштан жарылсын. Мен адам боп жартылдым,жаралған соң, Күресуге қақым бар бағым үшін. Отан
Отан деген мен үшін,ақ сүті ғой анамның, Отан деген мен үшін,жұпар исі даламның. Оң қолымды жүрекке қойып тұрып ант еткен, Қазақстан әнімен,ұранынан жаралдым. Отан деген мен үшін,Абылайдың аруағы, Орындалды алты алаш,аңсап күткен арманы. Отан деген мен үшін,атамекен жерінде, Ел-жұртым деп күн кешкен тағдырымның тармағы. Отан деген мен үшін,сәбилердің күлкісі, Отан деген халқымның,тыныш түңгі ұйқысы. Отан деген мен үшін самғап ұшқан жыр болып, Көгімде әсем үнімен,қалықтаған жыл құсы.
Отан деген мен үшін,желбіреген байрағым, Отан деген мен үшін,мөлдір тұнық қайнарым. Жалғыз жүрек жанымды,арнамасам өзге елге, Қасиетті жеріме кіндігімді байладым. Отан деген мен үшін,дінім,ділім дәстүрім, Айтар болсам дәстүрді рухани ол басты ұғым. Еркін жайған қанатын,ел болдық қой 20-жыл, Ал қанеки қазағым,шашуыңды шаш бүгін. Отан деген мен үшін,өшпес мәңгі жырларым, Күміспенен қапталған,таулы тасты қырларым. Отан деген мен үшін,топырағы ауылдың, Отан деген мен үшін,Атамекен шыңдарым. Отан деген мен үшін,ақсақалдар батасы, Батасына бөленіп бақытты боп жатасың. Отан деген мен үшін,ата-қоныс,ел жұртым, Отан деген мен үшін Қазақстан картасы.
Отан деген мен мен үшін,аялаған мектебім, Мектебімде біліммен сусындадым көктедім. Ұстаздарым санама сіңіргені жалықпай, Отан деген ол жалғыз қасиетті мекенім. Несібелім
Ботақаным ерке-наз Несібелім, Бір өзіңді аялап өсіремін. Еліңнің елеулісі болып мәңгі, Шапағатқа толсын әр кез көкірегің. Сен ауырып шалдығып жатқан күні, Басылмады бір уақыт өксігенім. Саулығыңды күнде тілеп тәңірімнен, Тізе бүгіп,қол жайып өтінемін. Тасың өрге домалап кетсе екен деп, Жұмысыма талай сенсіз жетіп едім. Беліме отырып ап «ат» бол дейсің, Ат болып тулап кейде секіремін. Мен арқылы шауып күнде арман қуып, Талай биік белестерге жетіп едің. Не десеңде мен дайын әкеңмін ғой, Анаңды тек ренжітпеші өтінерім. Қанша мені өкпелетіп алсаңда, Бәріне де көнемін,кешіремін. Алғысым көп,сені берген құдайға, Жалғанды бас жалпағынан мұңайма. Езуіңнен күлкі көрсем болғаны, Ұқсатамын ақ жүзіңді Күн-Айға. Сақтаса екен жамандықтан тіл,көзден, Тез тиіп кетуі анық мұндайда, Сен болмасаң тарылады тынысым, Көңілімнің шаттығысың гүлісің. Артымнан із қалдырған әрдайым. Жүрегімнің балдай тәтті жырысың. Сабағыңды қаратамын кешқұрым, Алса екен деп армандаған бестігін. Сенің алған әр бір жақсы бағаңды, Келеді ұстаздардан естігім. Қайда жүрсең пәктігіңнен жаңылма, Мен тұрғанда еш нәрседен тарылма. Жүрегіне жақын болып халықтың, Көңіліңнен күн шықсын әр таныңда. О,Тәңірім сақтай көр деп жан ботамды, Тілеуіңді тілеп жатам сарыла.
Адам боп келдім,адам боп өту парызым
Адам боп келдім,адам боп өту міндетім, Адамдыққа лайық болсын кімде-кім. Өзге ұлттың,дінімен,діліменен,тіліне, Тәуелді боп қазағым,тізе бүгіп жүрмесін. Сен ауылдың баласы,екеніңді жасырып, Өзге тілмен жусаңда тазармайды кір бетің. Қайран қазақ,нар қазақ,ана тілде сөйлеп біз, Ең бастысы сақтайық ұлтымыздың мүддесін. Сығандарша қаңғып жүр,өз жеріне сия алмай, Ана тілім бүгінгі қалғаныма тірі жетім. Адам боп келдім,адам боп өту әр ісім, Күресемін әрқашан ана тілдің ары үшін. Ұлтын сатқан ақындар жүрсе егер жанымда, Ең бастысы осы ғой мені өлтірген намысым. Рухты қолдап анамның ақ сүтінен нәр алып, Арпалысам елімнің азаттығы бағы үшін. Жанымды мен қиямын лағнет боп кетсемде, Дінімменен,тілімнің мәңгі өлмес қамы үшін. Көз жіберіп тарихқа,жігерленіп мен бүгін, Күресемін қалың ел,қазағымның қаны үшін. Көкке қарап қол жайып тәңірімнен сұраймын, Дұға қылып,жерімнің сынбай өтер сағы үшін. Адам боп келдім,адам боп өту парызым, Қалмасын дақ боп,артымда қалған әр ізім. Отан ұлттың бесігі жанға қуат беретін, Рухым,арым,намысым күнделікті азығым. Ана тілдің тағдырын айта алмасам билікке, Сол болсыншы қазағым кешірілмес қарызым. Махамбет пен,Абайдай даналарға дұға қып, Басымызды күнде иіп көрсетейік тағзым.
*** Мына менің көз жасым кімге керек, Жанымды жататұғын күнде бөлеп. Бұл жайымды сізге айтып түсіндірсем, Тағдырым өзгелерден мүлде бөлек. Жүремін халқым сенің мейіріміңді, Жүрегімді жыр бесікке күнде бөлеп. Мына менің кімге керек ақындығым, Шуағын шашпаса егер бақыр күнім. Алдарыңда бас имей кеткен күні, Түсіндім ғой жүректің салқындығын. Өмір деп жүрген жанмын қайтейін мен, Алдымнан шығар деумен алтын күнім. Мына менің кімге керек оқығаным, Болмаса әр бір сөзін тоқығаным. Кей кезде ғазиз басым жырға айналып, Өзімді жазалаумен отырамын. Ел алдында қарыздармын қайтейін мен, Көңіл ояу,көкірегім соқыр жанмын. Мына менің кімге керек сабырлығым, Бойымда болмаса егер алғырлығым. Өткеніммен өмір сүріп келемін мен, Есіме түсіп бүгін балғын күнім. Айыбым болса егер айтыңыздар, Таразыға салып өзің әділдігін. Осы жырмен шаяйын бар күнәмді, Айтып сізге жамағат тағдыр мұңын. Мына менің кімге керек күштілігім, Күштілігім жан-тәніммен ұшты бүгін. Раббыма тізе бүгіп жалбарынып, Имандылық жанымды құшты бүгін. Кешірші жаратқан, ием менің, Сенен ұқтым құдіреттің күштілігін. Мына менің кімге керек амандығым, Алдарыңда шығып жатса жамандығым. Жаныңның жан айқайын айта алмасам, Қайда сонда аңсап күткен адалдығым. Өз дінімді,тілімді қорғамасам, Ол менің кешірілмес сараңдығым. Мына менің кімге керек,әлсіздігім, Өтседе жансыз күнім,малсыз күнім, Зарыңды жеткізбесем мен билікке, Алдарыңда кесілсін арсыз тілім. Ана тілім өлсе бүгін,қайран қазақ, Ертең менің білінер жансыздығым.
Артық айтсам тілінсін көкірегім, Мазасын алғаным жоқ көкіп елдің. Ең бастысы елімнің ақ бесігін, Түзетпесем мен соған өкінемін. Жан-тәнімді өрт шалып кеткенменен, Рухым,тілім езілмес ет жүрегім. *** Ана ақ сүті бәрімізге ыстық қой, Сол ақ сүттің арқасында пістік қой, Ұмытылмас балалық шақ деп бүгін, Мектептен соң қанат жайып ұштық қой. Жырақ кетсек жырға бөлеп әрдайым, Сағынышпен мейірімін құштық қой.
САТҚЫНДЫҚ
Тартып келем қияметтің мың арбасын, Күнде қайғы, мұң шертіп сынар басым. Білемін-ау тоты құстай мені қинап, Қасіреттің торынан шығармасын. Тартып келем қасіреттің жүк арбасын, Айтыңдаршы, ажалға кім тігер басын? Сарғайған жапырақтай мен отырмын Жыртқандай “ұлы” ақын шығармасын. Тартып келем өкініштің жүк арбасын, Мені аяп ешбір жан жыламасын. Егер де өмірім жайлы білетіндер Мені қинап халімді сұрамасын. Тартып келем бақсыздардың жүк арбасын, Қайтермін тағдыр солай сынағасын. Өмірім лақтырған асық болса, Бағым тек бүк түсіп құламасын.
Біреу мені кінәлап жамандаса, Оңай тие қоймайды маған да аса. Пейілімді басқамен таластырман, Көнемін де, төземін, амал қанша! Жүрегімді билесе де тұрақтылық, Бойымнан кеткендей бір қуаттылық. Көңілімді бір сәтке бөлмеппін-ау Тағдырдың жазуына құлақ түріп! Ақ қанатты періштемдей еркелеттім, Сол күндерім жоқ болып текке кетті. Сүйемін деп сүйіп жүріп, бір-ақ күнде Басқа жанға жар болып өкпелеттің.
*** Бұның қалай,өз сертіңе бас ұрғаның, Сен емес пең көптен күткен асыл бағым. Жүректегі тулаған бал сезімді, Сенен қалай,сенен қалай жасырамын. Басыңа ауыр күндер туса егер, Сүйген сәулем,әрқашан қасыңдамын. Құшағымнан үзілген шоқ жырларымды, Байқадың ба гүлге айналып шашылғанын. Есіңдеме бір кездері тоты құстай, Еркелеп кеп мойныма асылғаның. Сен дегенде махаббат арнасынан, Жатады іште сезім билеп тасып әнім. Тағат таппай бақытты күндеріме, Жету үшін бір өзіңе асығамын. Арманшылдау көңілім үмітке еріп, Түніменен мазалайды ғашық әнім.
*** Жалғыздықтан қашан енді құтылармын, Махаббатқа қанған емес бір құмарым. Жүрегімнің мұң-қайғысын шаятын, Сезбеппін ғой,назік гүлдей жыр тұнарын. Бар бақытым өзің деп жүргенімде, Үзілдіме абайсызда қыл тұмарым. Көңілді сәт,көңілсіз сәтке айналып, Сезбеппін ғой,ғашық сезім мұң туарын. Жүрегім нәзік қылын шерткенде, Кездезерміз,кездесерміз мүмкін әлі.
*** Шаршамадым өмірден,махаббаттан шаршадым, Көздерімді қанталатып азаптады қанша мұң. Бір өзіңнен үмітімді үзсемде, Керегі жоқ,керегі жоқ,басқаның Жалықпадым тағдырдан,махаббаттан жалықтым, Сен жоқ жерде сүйіктім,тынысымнан тарықтым. Сен бар жерде өміріме тамсанып. Қалықтадым қанатында шабыттың. Күз боп келдің,күз боп кеттің аяулым, Керегі жоқ мүсіркеп мені аяудың. Сағыныштан жынданып кетер ме екем, Жұрт ұйқыда,ал мен болсам ояумын. Қыздар-ай. Әні, сөзі Ерлан Рымбеков. Өзегімді тіліп өткен қыздарай, Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай? Тағдырымның тармағына айналып, Жүрегімнің тас қамалын бұзған-ай.
Гүлдей нәзік хош иісті қыздарай, Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай? Сағыныштың ақ қарына айналған, Күміс кеуде тербетілген шыңдарай. Тар кеудемді жарып ұшқан қыздарай Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай? Махаббаттың әлеміне айналған, Қайтып келмес жастық дәурен жылдар-ай. Қайырмасы: Қыздар,қыздар,қыздар-ай, Түнгі ұйқымды ұрлады-ай. Сол ұрлаған қыздарға, Жыр жазбаймыз біз қалай? Қыздар,қыздар,қыздар-ай, Ғашық сезім силады-ай. Сол силаған қыздарға, Жыр жазбаймыз біз қалай?
*** Жер жаһанның жырысың, Ақындардың жырысың. Бар жігітті тамсандырған, Неткен сәулем сұлусың. Жер жаһанның сәнісің, Серілердің әнісің. Айтшы сәулем сен бүгін, Қандай жанның бағысың. *** Анашым жарығым, Шет жүрсем сағындым. Өзіңсіз іштегі, Әлемнің бәрі мұң. Анашым ақ таңым, Бізге жүк артпадың. Сырқатың сыр берсе, Алаңдап жатпадым. Анашым жұмағым, Көзді ашқан бұлағым. Өзің деп ұқтық қой, Өмірдің сынағын. Анашым Ай-күнім, Ақылшым байлығым. Тоғыз ай құрсақта, Көтеріп қайғырдың. Анашым жарқыным, Қымбат қой әр күнің. Болсыншы осы жыр, Сый ертіп тартуым
*** Керек емес тағдырымды баяндаудың, Ішім түнек болсадағы ояулы арым. Ет жүрегім езіліп зарықсада, Бес күндік тіршілікке тоя алмадым. Уақыт өмір көлігі болсадағы, Күнін кешіп жүрген жанмын жаяулардың. Керек емес өткеніме көз салғаның, Не десеңде көтеремін,сөз салмағын. Жаныма бататыны бір өкініш, Ақындардың уызынан кеш қалғаным. Керек емес істерімді тізбектеудің, Бұл фәниге ел-жұртым сіз деп келдім. Әр бір басқан іздерімді таба алмассың, Ашсаңда күнделіктің жүз беттерін. Керек емес атақ,даңқың мен үшін де, Және ақын деп бекерге құрметтеудің. Бәрімізде пендеміз Алла алдында, Орындайтын Пайғамбардың үмбеттерін Өлімнен,арым артық,айта берем, Байласаңда жанымды күрмеп менің. Елімнің тыныштығын және ойлап, Өздеріңе ашайын жыр беттерін. Ең алдымен халықтың ұлы бол деп, Сенім артқан қарттарды құрметтедім. Қазыналы рухани ұлтымыздың, Құндылығын ешқашан кірлетпедім. Сөз соңында бақ тілеп ұшырайын, Қанатына жазып бір жыр кептерін.
*** Аласымды алмасамда өмірден, Өкпе артып назданбаймын тегі мен. Сөгу үшін келгенім жоқ сендерді, Орын алып бермесеңде төріңнен. Бар білерім алдарыңда ел-жұртым, Өлшенбейді қадірім күш шеніммен. Осы өмірдің өзінен сабақ алдым, Дала қарт домбыраның шегінен. Ауылымнан бір адам келе қалса, Құшақ жайып қарсы аламын кеңінен Адамдар бар не түрлі кінә тағып, Сыртымнан көр тышқандай кемірген. Бір Аллаға аян ғой тағдырымның, Тараулары тұрары қанша бөлімнен.
Ең бастысы Тәңіріме табынып, Ақ батасын алсам деп ем елімнен. Тілегіңе орын алып қояйын, Жыр жазылған жүрегімнің төрінен. Оңашада ой буып,өлең өріп, Қараймын өздеріңе сеніммен. Ал әзірше топ жазбастан келемін, Адасып қалмау үшін тегімнен. Семейім
Піссімміллә деп сөз бастап, Жырымды өріп көрейін. Аманбысың қарттарым, Аманбысың Семейім. Домбырамды қолға алып, Әнімді балдай төгейін. Жапырақтай жаныңды, Мейірімге бөлейін. Таласып алтын уақытпен, Мұңымды айтып берейін. Ақихатқа бел бусам, Жыртылмас одан көмейім, Жүрегім егер шоқтанса, Сен үшін жанып-сөнейін. Айтарым ақыл жастарға, Батысқа ерсе демеймін. Салтымызды,дәстүрді, Қорғайтұғын желбеймін. Ар-ұятыңнан айырлсаң, Қайтып сені жебейін. Намысыңды жоғалтып, Не істеп жүрсің өренім. Шайтанның басар жері ғой, Сырахана дегенің. Қыздарың жүр ойран сап, Болашақ ана дегенім. Шылым шегіп балаңа, Осыма тәлім бергенің. Сенен туған балаға, Қайтіп енді сенейін. Сәнге айналып барады-ау, Ажырасу дегенің. Қызын ал деп айтушы ед,
Тегін көрде енеңнің, Бір күндік нәпсің,ләззатың, Болғаныма ермегің. Ұлтымызды улаған, Өзге елге не дейін. Ақылыңа кел дейін. Жақсыңды естіп өлейін. Нәр алып өскен жас-ұрпақ, Шаттығыңды көрейін. Ошағыңды сөндірме, Қасиетті Семейім. Тар жол тайғақ кештім мен, Азабын тартып бес күннен. Есірткеге құмартып, Ұлдарың жүр ес білген. Одан қалса құмар боп, Шарапқада дес берген. Айтпаса екен басқа жұрт, Жаралған деп тексізден. Тартпаса екен азабын, Осы жалған бес күннен. Таңғы азанын Мешіттің, Қашасыңдар естуден. Жөн сұрасам бірінен, Заманыңыз ескірген, Деп сөгеді міз бақпай, Жауап беріп сесті үнмен. Қандай ауыр десеңші, Ерте жылап кеш күлген. Мен сұраған емеспін, Ар-ұятты ешкімнен. Әкем талай санама, Адам бол деп жеткізген. Бойға нәр боп таралған, Ана ақ сүті деп білем. Ең бастысы Алланың, Ақ жолында өстім мен.
Адам боп келдім,адам боп өту парызым, Барма,жоқпа білмеймін,дін,діліме қарызым. Менде өзіңдей халықпын,қарапайым күн кешкен, Айтып өлтір бар болса маған деген арызың. Бәрімізде пендеміз қателесіп жатамыз. Басым міне алыңдар,болса егер жазығым. Өз елімде ел болып айта алмасам жайыңды, Қайда барып орнатам аһиқаттың қазығын. Жүр ғой қанша бауырлар өз жерінде панасыз, Ит боп үріп келген жоқ,Отанына шарасыз, Үміт күтіп сіздерден,мұңын шағып,үн қатса, Болады үй деп арызды алдап жылы жабасыз, Ата-жұртым деп келген ақ сақалды қарттарға, Шақырғам жоқ сені деп,мінсіз кіна тағасыз. Кейде ойлап қалады патша көңіл ашынып, Мына әкімгер өмірге,келген бе деп анасыз. Бір министр інісі,ауылда жүр әкім боп, Бір министр ағасы,жүр халыққа батыр боп, Милион доллар болса егер,бір жасаған тойлары, Ел тірлігін ойлайтын бұл заманда әкім жоқ. Адам жаны бір үйдің,құнынада тұрмады. Қашан көрем халықтың көздерінен жарқынды от. Қолым,көзім байлаулы,және қызыл тілімде, Халық мұңын жеткізер,әттең менде қарқын жоқ. Іш тарлықтан жазғам жоқ,жаман ойлап қалмаңыз, Ел тағдырын ойлаймын саясатта қақым жоқ. Намазыма жығылып,тізе бүгіп Алладан, Болса екен деп тіледім,елім-жұртым халқым тоқ. Айтар болсам тіл жайын,олда ақсап жатқаны, Өзге тілмен жардыңдар көңілімнің шақпағын. Тәуелсіздік алдым деп жүргенімді қайтейін, Жиырма жылды өткердік жүрміз біздер артта әлі. Өз тіліне бой бермей,бүлдіршіндер жүр бүгін, Бататыны жаныма тіл азабын тартқаны. Ата-анасы ойланбай,сөйлесе егер жат тілде, Өз Отанын менсінбей,аш бөрідей қапқаны. Бізге қарап күліп жүр,сыртымыздан өзге ұлт, Мұның қалай қазағым,тіл,дініңді сатқаның, деп өзіме күні-түн ауыр салмақ түсіріп, Өзге тілден таяқ жеп,ұйықтай алмай жатқаным. Артық айтсам айыпқа бұйырмаңыз қазағым, Бататыны жаныма дінге күйе жаққаның Дінім менің,тілім деп,жан айқайын көрсетер, Қайда біздің баяғы,ақыл айтар қарттарым. Ақылыңды қариялар жатсынбаймын,
Жүздеріңнен күлкі оты жансын лайым. Ең бастысы қазақ деген қанымды, Еш бір жанға,өзге елге,бастырмаймын. *** Есіміңді қайталап,әр жерге ойып жазамын, Ренжімессің болса егер,сен жайында аз әнім. Саған деген тарқамайтын,шаттығымның алдында, Сезімім пәк,жүрегім ақ тазамын. Есіміңді қайталадым,күні-түні гүлім деп, Өзің болып кеудемде,нәзік жүрек тұр гүлдеп. Кейде өзімді мазалап,ойға батам ұйқысыз, Жүрегіңді жаулап алған бұл кім деп. Қарындасым болып енді қала бер, Мен аңсаған жыр оты боп жана бер. Сол жыр отын жалаң аяқ кешейін, Ал сен сынап махаббатыма баға бер. Әжетайым
Әжетайым жанарыңның тұнығыңнан нәр алдым, Сен күн болсаң,шуағың боп жаралдым. Суретіңді әр бір жанға көрсетіп, Тамсандырып айтамын,анасы деп анамның. Әжетайым өзегімді өртеп барат қарттығың, Қарттығыңнан сарқылғандай шаттығым. Той думанда ақ батаңды бергенде, Анамның анасы деп шалқыдым. Әжетайым өзіңменен тұрсын әр кез таң күліп, Мен өзіңді жыр етейін бар әлемге ән қылып, Жылдар өтсін,ғасырлар немереңмін, Өйткені,анамның анасы сен мәңгілік. Әжетайым мамық қардай ақ шашыңда сейілді, Саған қарап өсе берсін ұрпақтарың кейінгі. Алланың нұрына бөлене бер әжетай,, Анамның анасы сен мейрімді.
*** Жалғыз үйде отырмын, Тағдырымның орманынан адасып. Маңайымда тірі жан жоқ соқырмын, Өмір-өлім тұрғандай кеп таласып. *** Сенен артық түсінетін жан барма, Іште сырым жыр боп от боп жанғанда, Мен жайында жаман айтса біреулер, Іріп шыққан жел сөзіне алдан ба. Мен жайында әр бір пасық масылдар, Жаман айтса одан әрмен қашыңдар. Сенбегейсің жырды сүйер жас қауым, Тілейтінім сендер көл боп тасыңдар. Жарып өтсем аспанның жеті қабатын, Кезім болар қайта ұшып қонатын Сөніп кетсем денем күл боп бір күні, Кезім келер қайтып менің жанатын.
Жаман айтса онда менің өшкенім, Жақтырмасаң көңіліннен көшкен!м. Өз тағдырым өзіме жетіп жатыр, Ал басқаның өмір жолын кешпедім. Күнәм қайнап тасып жатса қазаннан, Намазыма жығыламын азаннан. Сол күнәмді топырақпен шаярмын, Бірақ күйген жарамды мен жаза алман Қатем болса,қайтіп енді ақталдым, Келеді тәңіріме сыр ақтарғым. Бұл фәниде күна артқан күндерім, Айналса екен мамығына ақ қардың Өлең болып өзегімнен ақты арман, Ғазиз басым күтіп жүр ғой бақты алдан. Санамнан ұмытылып бара жатыр, Жүректегі әр жырларым жатталған.
Күнәм болса қайтіп одан құтылам, Мен үшін ол көрінбейтін бір тұман. Көрінбей ішті қинап құртша жеп, Қарайды мазақ етіп сыртымнан *** Қандай мұңға батырсада,мен өмірге разымын, Айтыңдаршы осы өмірге барма менің қарызым. Айтар болсам,не түрлі,армандар бар іздеген, Бірақ өмір қадірін түсінбейміз аздығын. *** Бүгін бармыз,ертең жоқпыз пендеміз, Тырысамыз,домалаймыз өрге біз. Таразылы тіршіліктің шақ жолында, Тілейтінім еш жамандық көрмеңіз.
*** Не тілесем екен бауырым, Құтты болсын аруың. Қабыл алсын тілекті, Жүрек атты қауымың. Біріншісі: Жүректе болса бір бөлігі бақыттың, Шуағы ғой таусылмас ол жарықтың. Екіншісі:ата-анаң аяулы, Үшіншісі ырыздығы халықтың. Төртіншісі:бойыңдағы адалдық, Адалдықты жауламасын надандық. Бесіншісі:еңбегіңнің жемісі, Сол жемісті көру үшін жаралдық. Алтыншысы:сыр бөлісер достарың, Достарыңмен мерейленсін жас-жаның. Жетіншісі:абыройың беделді, Туыстардың басын өзің қосқаның. Сегізінші шаңырағың баянды, Алдарыңа ақ тілекті жаямды. Тоғызыншы бала сүйіп мәпелеп, Жан-ұяға деген сезім оянды. Оныншы осы айтқанның бәріде Бақыт болып жүрегіңнен бой алды..
*** Екеуіңе тілейтінім мың бақыт, Бақытыңды қадірлесін бұл уақыт Махаббат аясынан адасып, Бақтарыңды алмаңдаршы ұрлатып. Бір-біріңе кешіріммен қараңдар, Сеніп артып адал жарға балаңдар. Сапарларың сәттілікке жазсын деп, Ата-енең,әкең-анаң алаңдар. Бақытыңды бағаласаң,жүрегіңнен табасың, Осы отырған әлеумет,сыңға салып қарасын. Жақсылықты асырсаң болмас дедім, Екеуіңде мәңгі жүрек жарасы. Достар келсе аш көңілдің сарайын, Мейрімдерің жылытсын жүректерін талайдың, Қадірлеңдер біріңді ашу келсе үйіңе, Сабыр түбі сары алтын, болғанын мен қалаймын
*** Ішіңізде бір сыр жатыр тілші қыз, Неге сонша мұңға батып жүрсіңіз. Білмес едім,-қанат қағып төбемнен, Хабар берді жүректегі жыршы құс. Бұлт қабағың ашылсын шуақтансын, Жүрегіңнен бір бақыт тұрақ тапсын. Сіздей сұлу аруды бұл жалғанда, Сезімсіздер өксітіп жылатпасын. Ұнатамын мен сізді ұнатамын, Сіз дегенде ыстық сезім жырлатады. Сыйлағым-ақ келеді жүректегі, Әлемдегі ең жақсы гүл атауын. Қиналған бір сәттерім болған кезде, Сізді ойлап өзімді жұбатамын. Іштегі жазықсыз жан сырымды, Осы түнде өзіңізге ұрлатамын.
*** Алланың құдіреті нағыз аңыз, Жазған жұмбақ тағдырына бағынамыз. Қиналған сәтте ғана еске алып, Мейіріміне шөлдеп біздер табынамыз. Бауырым-ау ақ жолыңнан адаспағын, Алланың жазуымен таласпағын. Жаман ойлар жаулап алса санаңды, Бес уақыт намазыңмен аластығын. *** Гүлдер деген нәзік болып өседі, Гүлдер деген хош иісті деседі. Сол гүлдердің бірі ару болса, Бірі өткен аналар ғой кешегі. *** Санама бір шумақ өлең егем деп, Кітап болар жырларымды теріппін. Қайтсемде бір жемісін көрем деп, Халқыма жыр азығын бөліппін. Бақытты боп көрмеген
Жігіт сөзі 1.Сенесің бе өміріме, Сағыныштан өлдім міне, Сені көрген сәттен-ақ, Ойымды бөлдің міне. Саған қарап тұр ғой көзім, Көмілдім бе, Сөгілдім бе?.. Қыз сөзі 2.Көмілмеңіз,сөгілмеңіз. Екеуміз бір өңірденбіз. Өтінемін тек сізден Енді қайтіп көрінбеңіз Мен өмірде бақытсыз, Тірідей көмілген қыз. Жігіт сөзі 3.Жыламаңыз қарындас, Екеумізде жалғыз бас. Сендей ару мен үшін, Екі өмірде табылмас. Құсым болып бақытты, Өзің келіп бағыңды аш. Сағыныштың уынан, Бүгін менің жаным мас.
Қыз сөзі 4.Досыңыз бар-Ол өлең, Сізді сатып көрмеген. Ақ қағаздай сияның, Тамшысына шөлдеген. Адалдықты достықты, Ақын жандар бөлмеген. Бақытсыздар не істеп жүр, Бақытты боп көрмеген. *** Сөндіре алман бүгінгі отты шарпыған, Аман болса елім, жұртым шарқ ұрам. Тұсауын кескен алғаш кітабымның, Айналайын сенім артқан халқымнан.
*** Адам жанын түсінеміз өлген кезде, Суық тәнді қара жерге көмген кезде. Тірлігінде табалап,жақсы дейміз Көз жанары сөнген кезде. Мен жайлы білгің келіп бара жатса, Жасаған тірлігімді елден ізде, Тағдырымның жазуына бағындым мен, Ана ақ сүтін інгалап емген кезде. Абайсызда өкпелетсем кешіріңдер, Қайтамын-ау менде бір күн келген ізбен. Ақындар атақ құмар десе біреу, Алып қашпа сөздерге ермеңіздер. Тілейтінім тәңірімнен ең бастысы, Сендер менің тағдырымды көрмеңіздер. Қанша қате жіберсеңде,қазақ жұртым, Ар намысты қолдан тек бермеңіздер. Ойды түйіп жалғанда бар білгенім, Жоғардағы билікке сенбеңіздер. Жалған уәде олардың ұраны ғой, Таудай бақыт берем десе көнбеңіздер. Өйткені әр бір басшы өзін ойлап, Халықты емес,жұмсақ орын төрден іздер. Биліктегі басшылар былай тұрсын, Ақындардың ниетіне шөлдеңіздер! Жанымды шүберекке түйген халқым, Сен деп түйген ойымды бөлмеңіздер. Әр бір сөзді жалған айтқан болсам егер, Билікті емес,онда мені тергеңіздер. Туғанынан ахихатты іздеген қарт, Жан бергенде бәрібір көрден іздер.
*** Сырттай дінге бағынып, Іштей күнә жасаймыз. Аллаға күнде табынып, Жамандыққа басамыз. Іштей дінге сенеміз, Сеніп дінмен ойнаймыз. Болғандай нәпсі төреміз, Жеңіл желпі ойлаймыз. Бір қуаныш болса егер, Ашты сумен тойлаймыз. Сырттай дінге қараймыз, Іштей бірақ соқырмыз. Имандылық жолын біз, Түсіне алмай отырмыз. Тыңда балам айтайын, Үйрен намаз,сүрені. Кетсеңде ертең қартайып, Жүректе иман жүреді. Жүректе жатса иманың, Сен Алланың елшісі, Адал терген жиғаның, Ол Алланың еншісі. Жаралған соң пенде боп, Болады ғой кем тұсы.
*** Бір өзіңсіз таусылардай жарығым, Бір өзіңсіз өмірімнің бәрі мұң. Сен арқылы махаббатқа бөленіп, Сен арқылы мен өзімді таныдым Бұл өмір енді сенсіз,қараң маған, Сен арқылы өршіген жарамды алам. Бір ауыз сөз айтам саған құлақ сал, Бар адамдар сен үшін жаралмаған. Бұл өмір енді сенсіз,түңілген күн, Түңілген күн бақыттан сүрінген күн. Бір ауыз сөз айтам саған құлақ сал, Бір сен үшін еңбегін сіңірген кім? Бұл өмір енді сенсіз тозақ маған, Тозақтан қорықпаймын тозақталған. Өзіңмен сырласқан күндеріміз, Көп болсада айтайын,-азақ маған.
Бұл өмір енді сенсіз қоңыр күздей, Аруды қайдан табам өзіңіздей. Сен келіп құшағыма жығылғанда Тұрар ма еді жүрегім соғып үзбей. Қайырмасы: Сенсіз өткен күндерді түсінбеймін, Өзің барда еңсемді түсірмеймін. Махаббат әлеміне кіріп алып, Бақытына шомылып жүрсін деймін. Алып қойдың астына алып жатса, Кездестірген бақытың үшін деймін. *** Жыбырлаған тіршілік, Жасап жүр ғой құлшылық, Бір бақыттың шыңынан, Мың құлаймыз,мың шығып. *** Есіңдеме алғашқы хат жазғаның, Сүйемін деп жан сырыңды ақтарғаның. Махаббатты таяз ойлап жылап тұрып,, Жанып тұрған бойыңдағы бақты алдадың.
Есіңдеме алғашқы сүйген ерін, Ерініңнен өртеніп күйген едім. Өзегіме өрт салып кеткеніңмен, Қалды елес боп өзіңмен билегенім. Есіңдеме түнгі ұйқымды ұрлағаның, Сенсіз өмір мәнсіз деп жылағаның. Жазықсыз алып ұшқан жүрегімді, Бұның қалай жаным-ау улағаның. Жаралай бер жанымды Жаралай бер жанымды, Тек қасымнан кетпеші. Жоғалтып тек бағыңды, Көз жасыңды төкпеші. Жаралай бер жанымды, Не десеңде шыдармын. Үйіп төгіп барымды, Бәлкім саған ұнармын Жаралай бер жанымды, Мен бәріне көнейін, Атырып сенімен таңымды, Содан барып өлейін. Жаралай бер жанымды, Қандай күндер кешсеңде, Сұрасаң болды халімді, Басқа жанмен кетсеңде.
Жаралай бер жанымды, Дос жүрегің сатпасын. Қылдай нәзік жаныңды, Құдайым лайым сақтасын. Жаралай бер жанымды,. Сенен күдер үзбеймін. Саған деген әнімді, Жүрегімнен іздеймін. Жаралай бер жанымды, Жанымды және жүректі. Саған деген бағымды, Өзіңе арнап гүл еттім.
*** Сені көрмей өтсемде,хор қызындай елессің, Елесімді еш бір жанға сый етіпте бермеспін. Түн жамылып өзіңмен,махаббатқа бөленіп, Шабытымды арқалап жырларыммен тілдестім. Мына жалған бес күнде бір бақытқа шөлдедім, Өміріңе көз салсам күнім сенде шөлдепсің. Сезіміңді оятып,ғашық болып көрмесең Сонда кіммен бақытты мәңгі өмір сүрмексің. Әр бір тағдыр тармағына сене берсең, Қиындықты қайтіп онда жеңбексің Өткен күнмен жүре берсең егерде, Жүрегіңе қайтіп жаным сенбексің Сағынатын адамың болмаса егер, Түңгі ұйқыңды сонда кімге бөлмексің. Ал мен болсам өзіңе байланғандай, Жыр ауылын өзіңменен бір кештім. Сенің сұлу жанарыңнан айырылсам. Басқа жанды түсімде де көрмеспін.
*** Сағыныштан тамырларым үзілердей, Қайтіп өмір сүремін сізді көрмей. Ой дәптерін ашқан сайын,өзің болып, Жырларым моншақталып тізілердей. Сағыныштан жүрегім жарылардай, Сағынбасам өзегім тарылардай. Бір ауыз сөз жазбасаң SMS-пен, Бақытымның жақұты шағылардай. *** Жоқ менің еш бір жанмен таласым, Тағдырымыз жер мен көктей арасы. Жан сырыңды толықтай білмесемде, Күннен-күнге ыстық тартып барасың. Жоқ қой менің жүрегіңмен таласым, Бақыттымын сендей ару табылғанға жан асыл. Өзің болып жүрегімнің тамырын, Ғашық сезім әні болып жарасың.
Жоқ қой менің тағдырыңмен таласым, Ғалия мен үшін тек дарасың. Күні-түні тағат таппай ойлағаным, Қатты ғашық болғаным ғой шамасы. Жаным менің жарығым, Ішім толған зарлы мұң. Саған таңып тастады-ау, Қорғасындай тағдырым. *** Сенен басқа жан барма, Дауа барма арманға, Өз сүйгенің табылар, Мына жұмбақ жалғанда. Алтыным боп шығасың, Жүрегімді жарғанда. . *** Сен жоқ жерде, жоқ қой менің тұрағым, Сен жоқ жерде гүлдемейді жыр-әнім. Сен жоқ жерде, елестетіп көркіңді, Сен жоқ жерде,өзіңді аңсап тұрамын. Өмірдегі бар бақытым өзің деп, Тәңірімнен жалбарынып сұрадым.
Сен жоқ жерде,болған емес жолымда, Сен жоқ жерде,түнде жаурап тондымда. Түсіндірші маңдайыма не жазды, Өмірдегі күтпеген ол сорым ба?. *** Қинамашы жанымды сағынышым, Маған деген жүрегің алып ұшсын. Осы бес күн жалғанда, Сен басқаның бағымысың. Басқаның жүрегінен орын тапсаң, Онда менің тынысым тарылысын. Сенсіз маған өмірдің мәнісі не, Сенесің бе бұл сөзіме жалынышым?. Серт беремін таймаймын уәдем осы, Мәңгілікке басымдағы бағым ұшсын. *** Не десеңде басқаға қия алмаспын, Енді менің сертімді тия алмассың. Не десеңде жаным-ау белгілі ғой, Бір өзіңсіз жер-көкке сия алмасым.
*** Сен менің қайда жүрсем тірегімсің, Тар кеудемде соғып тұрған жүрегімсің. Жалт еткен жарық жалғанда , Дәл мендей өліп-өшіп,сүйемісің. Әлде алдыма әдеп сақтап ұялып, Сұрағыма жауап бермей жүрермісің. «Иә»-деген нақ сөзіңді айта алмай, Мырс етіп қана әлде күлемісің. Кездеспей қалсақ егер жаным-ау, Хор қызындай түсіме кіремісің?. *** Қатты құшып алар ма едім өзіңді, Сүйемін деп айтшы жылы сөзіңді. Қалай ғана сөндіремін іштегі, Өзің жаққан лапылдаған сезімді. Кетіп барам жол жүріп,өзіңді ойлап, Іштегі балдай тамған сезімді алдап. Ғашық болу адамның азабы екен, Көзің сенің байлады, көзімді арбап.
*** Сен жоқ жерде,махаббатты білмеспін, Сен жоқ жерде,шалқып жаным күлмеспін. Сен жоқ жерде,басқа жанды аймалап, Өзіңді алдап бақытты өмір сүрмеспін. Сен жоқ жерде,бақытымды білмеспін Сен жоқ жерде,түңілумен күн кештім. Сен жоқ жерде,елестетіп көркіңді, Көктегі жұлдыздармен тілдестім. Сен жоқ жерде,өзімдіде білмеспін, Сен жоқ жерде,жарығымды көрмеспін. Сен жоқ жерде,арманы боп шабыттың, Саған арнап жыр жазбайды түнде ешкім. Сен жоқ жерде,ғашықтықты білмеспін, Өзгені ойлап уақытымды бөлмеспін. Сен жоқ жерде сынарынан айырлған, Аққудай боп теңіздерде жүзбеспін. Қайырмасы:
Сен жоқ жерде,өзімді де білмеспін, Сен жоқ жерде,түн жамылып жүрмеспін. Сүйем дейсің,сүйсең егер күнім-ау, Мен жоқ жерде қалай өмір сүрмексің?.
*** Ай қай заман мына заман бұлдыр заман, Қазақтан тілді ұрлаған, дінді ұрлаған. Ел болам десең түзе бесігіңді, Әйтпесе болашағың бұлдыр маған. Өзге тілмен сөйлесіп үйіңізде, Баланың сағын дұрыс сындырмаған? Аманбысың қандастарым қазағым, Сендерге арнап наз мұңымды жазамын. Құлдық сезім өткеніме сүйектен, Сол бір жайды ойлап кетсем азамын. Көздеріңнен жас емес қан ағызып, Тартпаңдаршы өзге тілдің азабын. Ана тілің үстем болып әрқашан, Бауырларым тарқамасын базарың, Өз тілімде жырлап бүгін өтермін, Сыр беріп келсе де ертең ажалым. Жүрегімде ән ұраным барында, Өз ұлтымның рухын жырмен қазамын.
*** Бір көзімнен жас тамса,бір көзімнен қан ақты, Мына тағдыр неліктен қайғы тұзын жалатты. Аласапыран болса егер қысқа жұмбақ ғұмырым, Мені неге тәңірім түсінбеймін жаратты. Мені қатты қинайтын,қазағымның тағдыры, Үзілген бе бауырлар ұлтымыздың тамыры. Ана тілді әрдайым құрмет тұту керек деп, Өзге тілде сөйлейді парламентте барлығы. Биліктегі ағалар сөйлесе егер жат тілде, Шыққанынан не пайда елбасының жарлығы. Ақсақалдар қайда екен,жанға қуат беретін, Ұлтымызды дәріптеп,аңызбен жыр өретін. Қайдасыңдар даналар,Міржақыптай ағалар, Басшы барма,бұл жайға көңілін бір бөлетін. Жүреміз бе осылай өзге тілге құл болып, Осыларды ойласам сөгілердей көк етім. Өзге тілде сөйлесе,сөйлей берсін басқалар, Өз тілімде тайынбай арыз жазып кетермін. Асқақтатып елімді қазақ деген рухымды, Көк байрақтай жүректе желбіретіп өтермін
*** Аһиқаттың көзін ашып көрейін, Маржан сөзбен жыр кестесін өрейін. Қазіргі жастарымның тағдырын, Жандарыңа байлап бүгін берейін. Жастарымыз батысқа ерген заман болды, Батысқа ерген қазақ қызы жаман болды. Сол арулар шаңырағын ұстай алмай, Саналары түнек-түнек қараң болды. Тағдырыңның тәлкегінен алдандың ба, Қарындасым бұны көріп жандандың ба. Терезесі тең болып жүр ғой бүгін, Емешегі үзілген жандардыңда. Жастарымның бұл бір ісін аңғардым да, Қаным қайнап өз-өзімнен шамдандым да. Қазақ қызы асыр салып жүр ғой бүгін, Сырахана,мейремхана жандарында. Арын сатып,тәнін сатқан без бүйректер, Тым болмаса әке алдында арландың ба. Бір күндік напаһаңды көремін деп, Қазақтың арын сатып қамдандың ба? Жалғанда мұндай сұмдық көрмеп едім, Жағамды ұстап бүгін таң қалдымда. Анаңның мейірімін көрмей өсіп, Балта шапқан өміріңе шамдандың ба. Жүрсің бе әлде өзіңді дара санап, Жеңіл жүріс ой санаңды тамашалап. Тым болмаса бұл пәледен қарындасым, Алмаймысың жан-тәніңді арашалап. Темекінің түтініне тұншығып, Отырсың ғой солған гүлдей,мың сынып. Одан қалса мәз боласың арланбай, Өз тіліңде сөйлей алмай тіл сынып. Осындай жағдайлардан әлім сақтан, Шайтандарға құл болып жанын сатқан. Ұлтын емес,құлқының қамы үшін деп, Жезөкшелер көшедегі тәнін сатқан. Он екіде бір гүлі ашылмаған, Қара көздер басындағы бағын сатқан. Не бір сұмдық шығып жатыр қазағымнан, Қашан енді құтылармыз азабынан. Бұлт торлап,жүрегімді қарайтты ғой, Қайта алмай сайтандардың базарынан. Болашақ ана деп жүргендердің,
Жылы шырай көрмедік қабағынан. Балалардың тағдыры не боп жатыр, Ойсыраған мұң оқисың жамалынан. Жүздерінен көрмедік күн сәулесін, Тастанды жетімдердің ажарынан. *** Не боп барад мына өмір,бұ жалғанда, Санамыз өзге тілмен уланған ба? Өзге тілдің таяғы шоқпар болып, Ұқсайды төбемізден ұрған жанға. Қалай ғана жасырайын шындықты, Желтоқсанда жапа шеккен тірлікті. Нашақор,маскүнем деп жаламенен, Талай жасты ұрып соғып шыңғыртты. Бізге жат қызыл тудың астында, Көріп едім қасіретті сұмдықты.
*** Өткен күннің ағыны мен келер күннің ағыны, Ортасында отырмын тәңіріме табынып. 40-деген белестен ассамдағы мен бүгін, Балғын алтын күнімді отырмын ғой сағынып. *** Ана ақ сүті бәрімізге ыстық қой, Сол ақ сүттің арқасында пістік қой. Ұмытылмас балалық шақ деп бүгін, Мектептен соң қанат жайып ұштық қой. Жырақ кетсек жырға бөлеп әрдайым, Сағынышпен мейірімін құштық қой. Ана деген бәрімізге ыстық қой.
*** Бар ғұмырым Алла жазған бұйрықта, Бар тағдырым пенделікте,құлдықта. Өз жайымды түсіндіріп өтейін, Бұл сырымды мейлі ұғарсың,мейлі ұқпа? Бір өмірден,бір өмірге көшсемде, Қанша жылдың тарауларын кешсемде. Бір Аллаға тек құлшылық етемін, Ел алдында жанбай жатып өшсемде. Қанша ғұмыр берсе лайым жасаймын, Қалайша Алла бұйрығынан асайын. Сол Алланың ақ жолынан адаспай, Аяғымды асықпай анық басайын. Не жасадым мына жалған бес күнде, Бес күнімде ел тағдырын шештім бе? Құрғақ сөзбен уәде беріп біреудің, Ала жібін аттап жолын кестім бе? Қателесіп өкпелетсем біріңді, Буынсыз тілім міне кес мүлде. Жағымпаздар ауылынан көштімде.
*** Үлкен Мама бір жыл болды дидарыңа шөлдедік, Жанға жылу беретін мейіріміңді көрмедік., Сағындық қой әкелген сарқытыңды қонақтан. Немеренің барлығына беруші едің тең бөліп. Үлкен Мама қызыл шатыр үлкен үйді сағындық, Онда өткен балғын күннен қалай ғана арылдық. Атам барда,өзің барда күн шуағы шашылып. Өздеріңмен жарысып шығушы еді таң күліп. Кешкі салқын самалмен бұзау іздеп қой айдап, Жүрген күндер мен үшін ұмытылмас мәңгілік. Қызыл шатыр,көк қорған,мен үшін ол киелі, Есіме алсам ол үйді ішім жылап күйеді. Сағыныштан сарғайып жататұғын жырыммен, Несібесі молымен төгілетін үй еді. Өзің жайған ақ құрттың дәмі аузыма келгенде, Сол бір өткен балғын шақ артымнан кеп күледі. Міне енді қазіргі қарап тұрсам күйіңе, Жүрегімді,жанымды ойсыратып тіледі. Маңайыңды қоршаған мәуелеген көктерек, Іздегендей болады өздеріңді еркелеп. Жетімсіреп солғанын қайтейін мен ағаштың. Оның жаны жырақта қалды құлап өкпелеп. Тай құлындар тебісіп жүруші еді,есімде, Анасының сүтіне тойып алып кешінде. Шелек алып апатай шыққан кезде білуші ек, Бес биені тұсап қойып сауатынын бесінде. Оннан кейін сапырып жатушы едім қымызды. Ұйықтаушы едім алыстатып жақын тұрған жұлдызды, Бар айтқаны,апамның шипа болсын дегені, Сол қымыздың күштілігі шабытымды туғызды.
*** Бақ көшсе ақылыңа қарамайды, Жаман ойың дұшпаның боп табалайды. Жамандық қылсаң егер басқаларға, Басыңа түсер бір күн қара кайғы. Бұл дүние жеткізбейтін арман дүние, Бабалардан аңыз боп қалған дүние. Жігіттіктің тізгінін ұстағанмен, Бір күні өте шығар жалған дүние Ойнапкүл дүниенің жарығында, Болмайды ел алдында тарығуға, Бармен базар жасаған жөн болады, Тұрмақ жоқ ешбір нәрсе қалыбында. Дүние өте шығар ойнақтаған, Ойнақтаған көңілмен ойды ақтарам. Баянсыз бұл жалғанның базарында, Ән мен жырдың барында ойнап қалам
Дүниеде жақсылар іс табады, Жетеліде адал еңбек,іс қалады. Бүгін – ертең деп жүргенде ғұмырымыз, Көзді ашып,жұмғанша қысқарады. Бізге өсиет қалдырған ақын бабам, Дүниенің кеңдігінен арымаған. Жанын кешіп жалғанның жарығында, Ар үшін аямайды жанын адам. Қарап тұрып ауылдың шалдардына, Көзім жетті дүниенің жалғанына. Бозбалалық,жігіттігім артта қалды, Айналып тағдырымның тармағына. Атақ-даңқ қалмас сірә жинағанмен, Кетеміз бір күн тастап қимағанмен. Мен үшін адам болып қалсам егер, Сол болар ана ақ сүтін сыйлағанмен. Дүние жеткізбейді ойласаң да, Арманның жүгін артып ойнасаңда. Бір күндік жарығыңа татымайды, Ғұмырыңның жүз күнін тойласаңда.
Ойлап тұрсам дүние жалған екен, Талайдың шыбын жанын алған екен. Ақылмен әр нәрсенің шегін білсек, Бір күндік жарығыңда арман екен. Дүние желден жүйрік,судан терең, Ауып кетер бір күні тұрған кемең. Әркімдерде әр түрлі күнелтес бар, Бір әке,бір шешеден туғанменен. Қоңыраулатқан көп атты күймеменен, Қандай қымбат десеңші дүние деген. Ауылымды еске алып дем алайын. Қос түймені ағытып түймелеген. Дүние көзді ашқанша өтеді-ау деп, Бақ конса бір-ақ күнде кетеді-ау деп. Ау,жарық,арман болып ұшқанменен, Көңіл құсы өзіңе жетеді-ау кеп.
Жамандық жасырынбас көмгенменен, Көз жанарың түнек боп сөнгенменен. Артыңда қалар ісің елес болып, Ойыңды бір сәтке бөлгенменен. Дүние өте шығар басымыздан, Өнер қуып,өлең қуып жасымыздан. Туған-туыс,жор жолдасжарық дүние, Табылсын әр кездері қасымыздан. Дүние бірте-бірте өзгереді, Сол дүние ақ жолын кезген едім. Жалғаным бес күншілік болсадағы, Ар-ұят сабырлықтан безбегенмін. Дүние өте шығар шыр айналып, Бір-ақ күнде өтерін жүр ойланып. Жүзге жетем деп жүргенде тіршілікте, Қалады-ау қара жерге бел байланып. Бірі келіп дүниеден бір өтеді, Өткендерге сөгіс беріп күлме тегі. Іштарлықтан біреуге тозақ құрсаң, Көңіліңді иманыңды кірлетеді.
Дүние білгізбейді өтерінде, Алла сынын дайын бол көтеруге. Иманыңды ұмытып кетіп жүрме, Жүрем деп дүниенің жетегінде Дүние тоғыз жолдың торабы екен, Ал пенделер өмірге қонақ екен. Тіршілікте Аллаға сыйынғаның, Бұл жалғанның қызығы сол-ақ екен. Өкінбеймін дүние өткеніне, Өкінем із қалдырмай кеткеніме. Сыйласып сіз-біз десіп тіршілікке, Алғысымды жазып кетем шөккенімде. Дүниеге кім келіп кім кетпеген, Бір Алланың сынағын күнде өткерем. Ойымды орман өрті қаулап алып, Өтіп жатыр гүл өмірім тізбектелген. Мынау дүние,жаһанда,күлкі дүние, Бірін-бірі алдаған түлкі дүние. Ал мен болсам өмірдің майданымен, Алысып келдім бүгін ту тігуге. Құс жолы
Құс жолында жатыр жырым тізбектеліп, Тізбектеліп рет-ретімен күнді өткеріп. Оралымның барында қолыма алып, Ұшырайын өшпес мәңгі жыр кептерін. Жүректен ұшты пыр-пырлап, Асау сезім шабытым. Тәтті ұйқымды түнде ұрлап, Жоғалды үнсіз бақытым. Жүректен ұшты нота боп, Көкке самғап әндерім. Жалындаған отта боп, Қарсы алмадым таң лебін. Жүрегім тоқтап әп-сәтте, Таусылғандай бар демім. Кеудемнен ұшты пәк сезім, Сағыныш кернеп бойымды. Өленге толы от көзім, Өшті кетті жойылды. Ауылында өлеңнің, Қой бақпадым ой бақтым. Жолында мен өнердің, Бір кешімді қоймаппын. Жүректен ұшты пыр-пырлап, Жаралы құстай шабытым, Алмаппын ғой бір тыңдап, Қошеметін халықтың. Қызығын көрмей өтем бе, Жалғанда мынау жарықтың
Несібелім Несібелім ботақаным тәп-тәттім, Қалай ғана бір искемей жатпақпын. Орындықтың үстіне тұрып ап, Айтасың жырларымды жаттап мың. Несібелім құлыным-ау шаттығым, Өзіңменен бірге жүрсін сәтті күн. Сен әке деп алдымнан шыққаныңда, Жүрегімді жылытады тәтті үн. Несібелім балапаным қымбаттым, Не екенін білмей өтші сырқаттың. Жөтел қағып сен қиналып жатқанда, Түнгі ұйқымды төрт бөлгізіп ұрлаттың. Сейт бажаға
О,бажа мейірімің бар тасыған, Сенен қалай жан сырымды жасырам. Ақылыма-ақыл жетпей тұрғанда, Бір өзіңсің табылатын қасымнан. О,бажа жүрегің бар асылды, Ғұмырың жасай берсін ғасырды. Бір өзіңсің жігерлетіп бойымды, Өрге қарай домалатар тасымды. О,бажа Айнұрың бар бақытты, Бөлісетін бір өзіңмен уақытты. Жезде деп шыққан кезде алдымнан, Көрем оның көзінен күн шаттықты. О,бажа неге кеттім асығып, Жүруші едім тамсанып жеп шашылық. Өз қолыңмен жасап маған бересің, Айнұр менен Ғалиядан жасырып. Сейіт бажа үстем болсын мерейің, Көңілімді саған әр кез бөлейін. Шырайлы Шымкентіңе барғанда, Алғысымды алдыңа әкеп төгейін. О,бажа толсын үйің сәбиге, Бала болса шаттанасың әрине. Өздеріңе берсе егер нәресте, Кірер еді күлкісімен сәні үйге. Бір Алладан дұға тілеп жүрмін мен, Болса екекн деп он баладан әр үйде.
*** Кешір жаным абайсызда өкпелеттім, Өкпелетіп үнсіз күнім текке кетті. Сен күлімдеп қараған сәттеріңде, Төбемде бір асқақтап көкке жетті. Кешір күнім аңғармастан өкпелеттім, Өкініштен өзегімді өртемекпін. Жүрегіңе қаяу түскен сәттеріңде, Келеді сені жаным еркелеткім. *** Бұл жалғанда кім ұғады дос жанын, Кім түсінер айтсам сөздің астарын. Жақсы дос бар тақыр кедей болсада. Қосатұғын барлық достың бастарын. Жаман дос бар бай қуатты болсада, Қаламайды өзінен бір асқанын. Достарыма
Сәлем бердім баршаңызға достарым, Өтпесін деп өздеріңсіз босқа күн. Қанша ғұмыр сүрсемдағы сендерсіз, Мына менің ішкі әлемім бос жаным. Мен айтайын дос сөзінің астарын, Қосып бүгін құрбылардың бастарын. Төрт-ақ ай оқысамда сендермен, Дос құнын ешқашанда сатпадым. Бәріңді ойлап жүргенімде сағынып, Өтіп кетті отыз жылда қас-қағым. Сендерге деген адал сезімді Сары майдай жүрегімде сақтадым. Бірің мені өгейсініп жүрсеңде, Сендер үшін езіледі жас жаным. Қанша ғұмыр берседағы тәңірім, Адал достың тілеуінен қашпадым. Таразыға салатында өздерің, Керек емес амал достар басқаның. Бұл ғаламда естімедім жүрек тербер, Мен үшін дос сөзінен асқақ үн. Ұмытпайық бүйректе емес жайылған, Әр достыңда жүрегінде тас барын. Қанша жыл оқысамда сендермен, Жаздым достық дастанын Іздеп жүріп тауып алып сендерді, Ақ парақтан қайта өмірді бастадым. Қазіргі суреттерге қарасам, Ағарып кетіпті ғой шаштарың. Байқамай қалыппыз-ау құрдастар Беттегі әжімніңде қатпарын... Білмедік пе әлде біздер өмірде Кәрілік деген, дақ барын. Өмірдің заңы ма екен әлде бұл, Ұмыттық кейбір достың аттарын. Қайтып бір келер ме екен айналып, Балалық деген алтын шақтарым Қанша жыл өтседағы білінбей, Мен уақытқа ешбір кінә тақпадым Маңыздысы сендер аман жүрсіңдер Құрметті сыныптастар бақтырым Ал мен болсам достың жүгін арқалап
Көтерседе бұндай досты таппадым Өкпелетіп алсам егер біреуін Мені емес соларды Аллам сақтағын Мына бес күн жалғанда берекелі Достықты бағалайық достарым Тоқсандағы қарттың достарын іздеп мұң шаққаны Міне бүгін тоқсанға келіп қалдым Кім білген бұл жалғанда ерік барын Достарымның бәрі кетті дәм таусылып Ал мен болсам құдай-ау неғып қалдым Тілек айтар достарымда қалмады Әкетті іліп қияметтің қармағы Бірімізге-біріміз тірек болу Болып еді бәрінің де арманы Стол жасап міне жалғыз отырмын, Осы күнде доссыз тағы отыр кім. Көзім көріп көрмеймін бірақ достарды Оңашада отырған бір соқырмын
Отырма мекен ол жақта олар табысып Әзілдерін ортаға сап жарысып Мен отырмын тілек айтып сағынып Басқалардың достығының бағы үшін Сыныптастар достықты бағалайық Бірімізге немқұрайлық қарамайық Тірімізде әркездері барымызды Қолымыздан келгенше аямайық Сыптастар қадірлейік достықты Еске алып балалықты жастықты Өйткені бес күндік жалғанда Әзілімен жарасқан тек дос мықты Он жыл бойы оқыған сыныптастырыма
Достық деген алтыннан да құнды ғой Сол достықтың жыр бұлағы тұнды ғой Алматыдан Семейге келгенімде Достарым көңілімді бұрды ғой Тағат таппай сағыныштан жүрегім Сағаттың тілене ұқсап бұрды ғой Достық деген сөздің өзі шіркін-ай Кейде қуаныш, кейде мұңды ғой Қуаныш деген сөзді айтайын Жүрсінші сыныптастар марқайып Достықтың ауылында бәріміз Кетпесек болғаны ғой қартайып Ал мұңымды жеткізейін сезіммен Көңіл босап жас тамғанша көзімнен Сағыныштан сарғайып достарымды Іздеп келдім сабыр сақтап төзіммен Солардың амандығын күнде ойлап Жаңылып қалдым кейде сөзімнен Жаныма жақын осы достарды Артық көрем, керек десең өзімнен
Анашым Амансыз ба? Жанымнан артық анашым Мен үшін ана, бұл өмірде дарасың Төрт балаңды бақытты күнге жеткіз деп Алладан сұрап қартайып өзің барасың Амансыз ба? Бар әлемнің тұтқасы Сағыныштан бойда жатыр жыр тасып Ақ сүтімен күні-түні нәр берген Аналарды барлық сәби ұлықтасын Амансыз ба? Әр даланың шоқ гүлі Сенің арқақ бүгінгі осы тоқ күнім Бір күн егер сқйлеспесем сенімен Сезіледі асыл анам жоқтығың Қайырмасы Анашым асыл үн Жүз жаса асылым Бес күндік жалғанда Сабындай қамшының Сен көрші қиналмай Жарығын ғасырдың Каспий университеті «Әділет» колледжінің директоры Әлия Мұқановнаға
Сіз өмірдің мәңгі солмас гүлісіз Ұжымдағы баршалардың нұрысыз Сіздің алтын басыңызға бас иген Мына менің жүрегімнің жырысыз Бүгінгі күннің нағыз батыры Мейірімді басшылардың бірісіз Мейіріміне бөленіңіз ұжымның Әлемдегі ғаламдағы қыз-ұлдың Сіздің адал ниетіңіз жыр болып Жүрегімнен нәзік гүлдей үзілді Кетпейсіз сіз ешуақытта көңілден Орын алып жүрегімнің төрінен Әрбір ыстық ниеттерім гүл болып Сізге деген алғыстарым төгілген Ешбір жанға ойламайсыз жамандық Қасиеті тербеп сізді адамдық Қарапайым адамдармен тең болған Бойыңызда тұнып тұрған адалдық Әйел заты
Әйел затын біздер ұалай бағалаймыз, Қатты-қатты сқйлесе табалаймыз. Езуінен күлкі көрсек болғаны, Күн сәулесін көргендей жағалаймыз. Әйел заты әлемнің бой тұмары, Бой тұмардан жыр болып ой туады. Дүниеген қыз келсе ел жұртына, Ата-анасы қуанып той қылады. Әйел затын солмайтын жердегі жыр гүл дейміз, Әйел сөнбейтін көктегі нұр күн дейміз. Сол гүлдердің қадірін, кейде біздер түсінбей, Түп тамырын еркектер, еркектер-ау білмейміз. Әйел заты ұлтымыздың қаймағы, Әлия мен Мәншүктер ол айғағы. Сабира мен Ләззаттардың арқасы, Көтерген еліміздің байрағы.
Әйел заты қырдық қырық шырағы, Әр ақынның жазып өтер жәр-әні. Сол шырақтың бір шоғы сөніп кетсе, Оған мына, біз еркектер кінәлі. Әйел затты отбасының бақытты, Әр асылдың сынығымен жақұты. Таусылмасын мейірімі ешқашан, Аналардың уызындай сарқыты. Әйел заты арайлап атқан ақ таңым, Ақ таңымда қонғандаймын баққа мың. Әр ананаң тілегін тұмар етіп ән қылып, Жүрегімде осы жырды сақтадым. Әйел заты әр баланың жүрегі, Жүрегінде талай сәби түнеді. Айта берем, айта берем қайталап, Әйел затын мақтанышпен үнемі.
*** Адасып қалмау үшін тегімнен. Аласымды алмасамда өмірден, Жүрегім тілініп кетседағы, Өкпе артып назданбаймын тегі мен. Сөгу үшін келгенім жоқ сендерді, Орын алып бермесеңде төріңнен. Бар білерім алдарыңда ел-жұртым, Өлшенбейді қадірім күш шеніммен. Осы өмірдің өзінен сабақ алдым, Дала қарт домбыраның шегінен. Ауылымнан бір адам келе қалса, Құшақ жайып қарсы аламын кеңінен Адамдар бар не түрлі кінә тағып, Сыртымнан көр тышқандай кемірген. Бір Аллаға аян ғой тағдырымның, Тараулары тұрары қанша бөлімнен. Ең бастысы Тәңіріме табынып, Ақ батасын алсам деп ем елімнен. Тілегіңе орын алып қояйын, Жыр жазылған жүрегімнің төрінен. Оңашада ой буып,өлең өріп, Қараймын өздеріңе сеніммен. Ал әзірше топ жазбастан келемін, Адасып қалмау үшін тегімнен.
Өз тілімде жырлап бүгін өтермін Ай қай заман мына заман бұлдыр заман, Қазақтан тілді ұрлаған, дінді ұрлаған. Ел болам десең түзе бесігіңді, Әйтпесе болашағың бұлдыр маған. Баланың сағын дұрыс сындырмаған??? Аманбысың қандастарым қазағым, Сендерге арнап наз мұңымды жазамын. Құлдық сезім өткеніме сүйектен, Сол бір жайды ойлап кетсем азамын. Көздеріңнен жас емес қан ағызып, Тартпаңдаршы өзге тілдің азабын. Ана тілің үстем болып әрқашан, Бауырларым тарқамасын базарың, Өз тілімде жырлап бүгін өтермін, Сыр беріп келсе де ертең ажалым. Жүрегімде ән ұраным барында, Өз ұлтымның рухын жырмен қазамын.
*** Бір көзімнен жас тамса,бір көзімнен қан ақты, Мына тағдыр неліктен қайғы тұзын жалатты. Аласапыран болса егер қысқа жұмбақ ғұмырым, Мені неге тәңірім түсінбеймін жаратты. Мені қатты қинайтын, қазағымның тағдыры, Үзілген бе бауырлар ұлтымыздың тамыры. Ана тілді әрдайым құрмет тұту керек деп, Өзге тілде сөйлейді парламентте барлығы. Биліктегі ағалар сөйлесе егер жат тілде, Шыққанынан не пайда елбасының жарлығы. Ақсақалдар қайда екен,жанға қуат беретін, Ұлтымызды дәріптеп,аңызбен жыр өретін. Қайдасыңдар даналар,Міржақыптай ағалар, Басшы барма,бұл жайға көңілін бір бөлетін. Жүреміз бе осылай өзге тілге құл болып, Осыларды ойласам сөгілердей көк етім. Өзге тілде сөйлесе,сөйлей берсін басқалар, Өз тілімде тайынбай арыз жазып кетермін. Асқақтатып елімді қазақ деген рухымды, Көк байрақтай жүректе желбіретіп өтермін
Ұстазымыз Несіптай Нұрымханов рухына Несіптай аға! Мен емес жүрегім сіз деп сөйлейді, Сөйлемесем көңіл құрғыр көнбейді. Мейріміңіз жанып тұрған бір шырақ, Сол шырақты аңсап өмір шөлдейді. Сіз мұңысыз аңсап күткен халықтың, Сіз нұрысыз сәулесіндей шабыттың. Бұл өмірде білім алып жыр жазып, Сіз арқылы мен өзімді таныппын. Біз өмірдің заңына бағынамыз, Уақыт келсе қапаланып зарығамыз. Жақсы адам кеткен кезде келместікке, Жыр жазып оңашады сағынамыз Жақсы ұстаз мектептің ол жүрегі, Бұл нақыл сөз Алтынсарин үні еді. Шәкіртіне білім балын татқызса. Ондай жандар мәңгі өмір сүреді.
Ұстаз жайлы айта алмаймыз тауысып, Шәкірттерің жүр ғой айтып жарысып. Сол бір үлкен сауабыңыз нұр болып, Жатқан шығар,рухыңызбен қауышып Әрі ұстаз, әрі басшы ағамыз, Атқарыңдар деп айтушы ед «адал іс». Ар намысты қайрап кейде қоятын, Жүрегінде жатқандай бір дара күш. Әзілімен достықтыда үзбейтін, Ата-анама дос болсада сіз дейтін. Біздің үйге келе қалса болғаны, Анамның ыстық нанын іздейтін. Шақыратын кел деп үйге «шайға» деп Келмесеңіз өкінесіз ойла деп. Барған сәтте әзілімен сұрайтын, Анама, ыстық наның қайда деп?.
Он жыл өтті жүрегімде қалды үміт, Бір үніңіз шығарма деп жаңғырып. Бар білерім біргесіздер әрқашан, Тұрсынжамал апайменен мәңгілік
Мен көзімін ашылмаған бұлақтың, Не екенін білмей өскен сынақтың. Бір ғасыр жасаймын деп жүргенде, Тағдырыңды шешеді екен, бір-ақ күн. Ой теңіздің тұнығында тілерім, Сөйлеп тұр ғой сіз деп соққан жүрегім. Жан-ұяңыз аман болсын деп бүгін, Бір Алладан дұға тілеп жүремін Мен үшін құламаған шынарсыз, Дүниеде таусылмайтын жыр-әнсіз. Сізге арнап осы жазған өлеңді, Тым болмаса бір тамшсысын ұғарсыз Жан-ұяда болсын әр кез қуаныш, Бақ тілеймін жүрсемдағы тым алыс. Отбасыңыз аман есен жүрсін деп, Жаудырамын осы жырмен мың алғыс Айтарым тек жақсыларды ұмытпалық, Бір минут еске алайық тұрып халық. Есімін айтар болсам дара жанның, Несіптай ағамыз ол Нұрымханов.
Әйел заты 2 Әйел затын біздер қалай бағалаймыз, Қатты-қатты сөйлесе табылаймыз. Езуінен күлкі көрсек болғаны, Күн сәулесін көргендей жағалаймыз. Әйел заты әлемнің бой тұмары, Бой тұмардан жыр болып ой туады. Дүниеге қыз келсе ел-жұртына, Ата-анасы қуанып той қылады. Әйел затын солмайтын жердегі жыр гүл дейміз, Әйел затын сөнбейтін көктегі нұр күн дейміз. Сол гүлдердің қадірін кейде біздер түсінбей, Түп тамырын еркектер, еркектер-ау білмейміз. Әйел заты ұлтымыздың қаймағы, Әлия мен Мәншүктер ол айғағы Сәбира мен Ләззаттардың арқасы, Көтерілген еліміздің байрағы.
Әйел заты қыздың қырық шырағы, Әр ақынның жазып өтер жыр-әні. Сол шырақтың бір шоғын сөндірсе егер байқамай, Оған мына біз еркектер кінәлі Әйел заты отбасының бақыты, Әр асылдың сынығы мен жақұты. Таусылмасын мейірімі ешқашан, Аналардың уызындай сарқыты. Әйел заты арайлап атқан ақ таңым, Ақ таңымда қонамын әр кез баққа мың. Шуағына шомылып кеткенменен, Жүрегімде осы жырды сақтадым, Әйел заты әр баланың жүрегі, Жүрегінде талай сәби түнеді. Айта берем, айта берем қайталап, Әйел затын мақтанышпен үнемі. *** Уа,қазағым аманбысың қарттарым, Бұның қалай бойыма жүк артқаның. Тағы отырмын ұйықтай алмай бір сәтке, Жайларыңды ойлап бүгін жатпадым.
Уа,қазағым аманбысың жастарым, Білмей тұрмын сөзді неден бастарын. Артық кетсем ашынғаным түсінші, Әр айтылған сөздерімнің астарын, Ашылмады-ау көңілде көк аспаным, Өтіп жатыр өмір-дәурен қас кағым Қазақ елім,қайран жұртым не сұмдық, Өзге елдің тілін сүйіп жатқаның. Мен біреудің ала жібін баспадым, Тіл,дініне тиіспедім басқаның. Әр сөзімді камилаға келтіріп, Бір Аллаға амал жасай бастадым «Тәуелсіздік –тұғырым менің!» Келді бүгін алты алашым сағынған күн, Ақ түйенің қарны жарылған күн. Бабаларым көкке бөркін лақтырып, Жан шырағы қайта туып жағылған күн.
Келді бүгін тәңіріме табынған күн, Үш жүз жыл бодандықтан арылған күн. Келді күнім,қызыл тумен қоштасып, Көк туды желбіретіп ағылған күн. Кетті бүгін санамыздан қағынған күн, Империя заңына бағынған күн. Алты алаштың аманатын көкке бояп, Сары алтынмен қапталды жаным жарқын. Жоқ бүгін өзге тілге жағынған күн, Тілімізден айырылып сабылған күн. Ана тілім тебірентіп тұла бойды, Жылытып өзегімде жалындадың. Азаттыққа бой ұрып қанымда арым, Өз заңымыз өзімізде қабылдандың, Бар әлемге паш етіп қуандық қой, Есіктен алтын адам табылғанын.
Өтті бастан қара түнек жамылған күн, Келді бүгін полигон жабылған күн. Келді жырым тербетіп әнұранмен, Елтаңбамды тұмарғып тағынған күн. Аштық бүгін қараңғылық түндігін, Тәуелсіздік ең қастерлі күн бүгін. Еліміздің керегесі кең болып, Сақтайықшы халқымыздың бірлігін. Несібелім
Бір тал гүлім,жаным сүйген балапаным, Қалайша мен өзіңсіз жай жатамын. Сенің әр бір жымыйып күлгеніңді. Өлеңдетіп ішкі әлемде тойлатамын. Жанып тұрған жалғыз жұлдыз шырағым, Бойымды бір жылытты осы жыр-әнім. Сағынамын сағыныштан сарғайам, Алыс кетсем бір өзіңнен бір адым. Ботақаным мамық қардай,мақпалым, Күліп шыққан күндей менің ақтаңым. Төсегіңді салмай қалсам бір күні, Бірдеңе бататындай жатпадым. Балапаным сұрап алған тәңірден, Сендей бала табылмайды әр үйден. Жылдам келші,зеріктім ғой өзіңсіз, Ең жаманы сен жоқсың ғой бәрінен. Ботақаным сұрап алған құдайдан, Жазылып кетесің ғой мұңайман. Не керектің бәрін әкеп беремін. Өтейікші бұл қиын сәт бір айдан. Қошақаным сұрап алған Алладан, Сенен асқан бұл ғаламда барма адам. Әр бір жанның тіл көзінен сақтасын, Сәнім болып жүре берші жан балам.
Аманбысың ел-жұртым!
Амансың ба елім,жерім,қайран жұртым, Мен келдім өзіңді іздеп қайда күлкің. Шаттығыңа бір бөленіп кетем деп ем, Келгенімде сағынып жайлап бір күн. Жоқ болмады! Аңсап күткен қалағаным, Келіп еді ауылды бір аралағым. Ниетің солай болса амал нешік, Қалайша сендерге мін таға аламын. Жүрегімді жылытар адам барма, Қиналып кетті бүгін балаң зорға. Не деп барам достарыма қаладағы, Жайымды сұрап келген адамдарға. Қайран бала,қайран жастық шақтарымай, Қалай ғана бой жазам ақтарылмай. Ауылым ессіз дала боп қалғандай, Қонатын жер таба алмай жатқанымай. Шарап құмар дейтіндей,жан емеспін, Жатып ішер тойымсыз мал емеспін. Жарқын жылы жүзіңмен бір қарасаң, Езіліп еріп кетер қар емеспін. Сағынамын құшағыңды қайран жұртым, Қайда-қайда мен аңсаған қайда күлкің. Келем әлі,келем талай күтіңдерші, Сағыныштан сарғайып жайлап бір күн. Ақ батасын беретұғын қарттарымай, Қайдасыңдар сендерді іздеп жатқанымай. Біріңе де топырақ сала алмадым, Әр дұғамды қабыл алып сақта құдай.
*** Жүректі жарды бір бүршік, Тұр ғой өзі мың ыршып. Соны бір сәт көрмесем, Мына жолым бір қырсық Жан-жарым Ғалияға Жанымды жадыратар жан-жарым, Сенсің менің аппақ құсым жан бағым. Өзіңменен бірге батып кештерім, Өзіңменен бірге атты таңдарым. Жүрегімнің төріндесің мәңгілік, Сенен көрдім еркелі наз сын қылық. Еркелеші, еркелей түс шырқайын, Сенің әр бір қылығыңды ән қылып. Ғалиямсың,дәриямсың тасыған, Бойымды бір жазатұғын асыл ән. Отты сезім былай тұрсын,жүректің, Дүрсілін сенен қалай жасырам. Біз алдық қой мына жұмбақ уақыттың, Астында жатқан кілтін бақыттың. Бір минутта көре алмасам мен сені, Сол минутта шабытымды шақырттым.
Аяулы асыл анама Қолымнан ұстап сен алғаш, Мектепке өзің апардың. Сол сәтті қайтып көре алмас, Жаным тулап жатыр мың. Анашым менің ақылшым, Мен үшін сен батырсың. Елуге аяқ бассамда, Алаңдап әлі жатырсың. Бұршақтай сенің жүрегің, Дейсің-ау ана білемін. Қанша таудай болсақта, Төрт ботаңның бірі едім. Менде анашым білемін, Біз үшін таза жүрегің. Алладан сұрап қол жайып, Саулығыңды тіледім. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі,актер,сазгер,әнші Тұрсынғазы Рахимов ағамызға арналады. Қайдасыз? Әніңізді енді кімге арнайсыз. Домбыраның құлағында ойнап бір, Өкінішті еш жиынға бармайсыз.
Кім білед? Кеттің тастап халық жанын тілгілеп. Бірге жүріп бауыр басқан домбыраң, Өзіңді іздеп жылап қалды күмбірлеп. Тағдырың, Көрсетті ғой бұл дүниенің тарлығын. Кеткендейсің халқыңменен қоштасып, Қолыңа ұстап бір Алланың жарлығын. Қайдасың? Бүгін құстар сізді жоқтап сайрасын. Тәңіріме дұға қылдым жұмақтың, Төріне отырсын деп жайғасып. Домбыраң, Қара орманды шертіп бүгін тондырад. Амал нешік жоқ қой енді амалсыз, Сіз қайтатын о,дүниеде жол бірақ. Самғадың, Бұлтты жарып,басқа әлемді шарладың. Екі көзден жасым парлап сағынып, Жырларымды өзіңізге арнадым. Жатқан жерің жайлы болып жан аға, Мейіріміне бөленіңіз Алланың.
*** Намаз иман жүрегі, Намаз дінің тірегі. Намазға кім жығылса, Бақытты өмір сүреді.
*** Бақыт деген не? Бақыт деген, бір Аллам,Рахымды әрі мейрімді, Ұмытпаймын Анашым,сенің берген сыйыңды. Тоғыз айдай қиналып құрсағыңда көтеріп, Әкелдің ғой өмірге ақын жанды ұлыңды. Бақыт деген Әкешім,еш бір жанға жетпейтін, Ақ батасын ақ жолғып,тұлпарымды ерттейтін. Бақыт деген отбасым,сүйген жарым,сәбиім, Бар байлығым осылар өзегімді өртейтін. Бақыт деген аға-інім жанға жылу туысым, Туған жерім Ақбұлақ өмірімнің нұрысың. Бақыт деген,ел-жұртым,көңілі ақ, көк жайлау, Қымбат маған Семейім,Ертісім мен Шығысым. Осылардың бірінен қалсам егер көз жазып. Жанарыма жас толып тарылады тынысым. Бақыт деген,бір күндік Алла сыйы жарығым, Жарығымды пір тұтып өмірімді таныдым. Ақ қаламды қолыма па,өрнектейін өлеңмен, Бақыт деген ол менің,нұрға толы тағдырым.
Асыл жарым Ғалияға Ғалия! Сезім деген тұла бойға дес бермейді. Бірақ бізге оның үні естілмейді. Жүзге келіп қол ұстасып қартайсақта, Саған деген махаббатым ескірмейді. Ғалия! Саған деген сезім оты сөнбейді, Сенсіз менің жан сарайым шөлдейді. Қияметке кетсемдағы жүзге кеп , Саған деген махаббатым өлмейді. Ғалия! Жүрегімнің бағындағы гүлсің бе, Жанымды жадыратар күнсің бе? Жұбымыз жазылмасын деп бүгін, Бір Алладан сұрап әлде жүрсің бе?
Уақытты кім бағалады? Айтыңдаршы уақытты кім бағалады, Кейбіреуі уақыт аз деп табалады. Қанша ғұмыр сүрсеңдағы бұл жалғанда, Әр бір күнің сол уақытпен саналады. Намаз оқы қылма ысырап сол уақытты, Сонда сенің барлық күнаң тазарады. Айтар болсам бір жайды күнделікті, Тілім неге соншалықты күрмеліп тұр. Алланың құдыреті неткен шексіз, Одан басқа уақытымды кім көріп тұр. Ең бастысы аман болсын анашым, Мейірімінен бар бақытты табасың. Қандай дертке тап болсаңда бірінші, Алла емдер жүрегіңнің жарасын. Мен үшін ана қымбат жанымнан, Ананы биік қоям арымнан. Айналайын деген алтын дауысын, Аңсап күнде сағынам. ***
Есіме алсам Алланы, езіліп бір жылаймын, Кешіре алсаң күнамды кешіре көр құдайым. Саулығыңды берші деп анашыма ғұмырлы, Ниет етіп өзіңнен жалбарынып сұраймын. Қазақстан Республикасы мемлекетінің үздікұстаз әрі қаламгер ағамыз Ақынов Қабден ағамызға арналады.
Дара бейне,халқымның қыранысың, Сіз дегенде елжіреп тұрады ішім Тегін емес тектілікті,Қабден аға, Мән-жайыңды шәкірттер ұғады шын Ортасында Ұлы той базарының, Сіз дегенде тыншымай жазарым мың. Тағдырыңмен бетпе-бет арпалыстың, Ұстазы болған асыл қазағымның. Өміріңе көз жіберсем батырсың, Мектебіңе пана болар шатырсың. Қандай қызық дүниелер болса да, Үнсіз аға жер қойнында жатырсың. Сіз туралы жырлар жазса ақындар, Жас ұрпаққа бейнеңіз бар жарқылдар. Сіз болсаңыз «Қаһарманы халықтың» Мұндай атақ берілуге хақың бар.
*** Уа,қазағым аманбысың қарттарым, Бұның қалай бойыма жүк артқаның. Тағы отырмын ұйықтай алмай бір сәтке, Жайларыңды ойлап бүгін жатпадым. Уа,қазағым аманбысың жастарым, Білмей тұрмын сөзді неден бастарын. Артық кетсем ашынғаным түсінші, Әр айтылған сөздерімнің астарын, Ашылмады-ау көңілде көк аспаным, Өтіп жатыр өмір-дәурен қас кағым Қазақ елім,қайран жұртым не сұмдық, Өзге елдің туын сүйіп жатқаның. Мен біреудің ала жібін баспадым, Тіл,дініне тиіспедім басқаның. Әр сөзімді камилаға келтіріп, Бір Аллаға амал қыла бастадым Шығыстың даналарына
Өскемен-Семей Шығысым, Сенсің ғой менің ырысым. Сен жайлы сыр шертпесем, Болмас мына жүрісім. Өлең жазып отырмын, Біткендей боп бір ісім. Жақсының атын жазбасам, Жаралғанмын кім үшін. Жырдан анам жасаған, Жаныма еккен гүлісің. Абай менен Шәкәрім, Әр ақынның жырысың. Әміре мен Жәнібек, Көңілімнің күйісің. Бейбүгіл апай ақ таңдай, Бұлбұлдардың үнісің. Төлеужан аға Смайлов, Жаралғансың жыр үшін. Қабден аға Ақынов, Сіз қазақтың ұлысың. Қанша ұйықтап тұрсамда, Мен үшін әр кез тірісің. Ел деп соққан жүрегі, Даналардың бірісің. Сізді іздеп аңсап жүр, Тарбағатай Шығысым. Сіздерді айтпай күн кешсем. Тарылардай тынысым. Жыр мен шашу шашпасам, Бүйткен күнім құрысын. Көзімді ілсем болғаны, Жұлдызды түн күмісім, Көзімді ашсам болғаны , Бар халықтың күнісің. Еңбектерін паш етер, Туар мекен күні шын. Тарихта қалсын аттары, Өзгеде жоқ жұмысым. Бір Алланың алдында, Жаралғанбыз сын үшін.
18-шілдеде 2016 болған лаңкестік топ жасағандарға арналады
Кім білген он сегізі жан аларын, Қалады деп әкесіз балаларын. Қанша жанды атқанменен қаскөйлектер, Көз жасына қалары анық аналардың. Мына жалған вахабизм улады ғой, Сауатсыз жастарымның саналарын. Осал заман қайда әкеліп соқтырда, Осылайша әр тағдырды сараладым. Ұясынан шықпай жатып күннің көзі, Шілденің он сегізі хабар алдым. Басымда сол-ақ еді көтергенім, Жүрегімді бір-ақ сәтте жараладым. Қайда қарап отыр екен түсінбеймін, Биліктегі сенім артқан ағаларым. Қазақта бұндай жағдай болмап еді, Енді міне ұмытқандай адам арын. Бұл не сұмдық жүректегі мұң арылмай, Өз қазағым өзіңді табаладың. Қанға бояп кеткен сол бір жауыздарды, Қоғамдағы адам деп санамадым
Оян қазақ Оян қазақ өз тіліңізді даттамаңыз, Даттасаң бүгін-ертең жоқ боламыз. Оян қазақ, заманыңа көз жүгіртші, Өзге ұлттың соңында қап барамыз Соңғы түйе жүгі ауыр деген сөз бар, Неде болса тік тұрып арқалаңыз. Бірімізге біріміз сес көрсетсек, Бесігіміз түзелмей жат боламыз. Руға, жүзге бөлініп дауға қалсақ, Өзге тілдің табанында тапталамыз. Азаттықтың жолын кезіп Міржақыптың, Сарқыты боп жазайын хатқа аңыз. Үш жүздің басы симай бір қазанға, Неге біздер қазақтықтан сақтанамыз. Қазақты-қазақ құртқан заман болды. Ластанып қоғамдағы ақ-қарамыз. Есіңді жый бауырым,есіңді жый, Неге біздер рушылдықпен мақтанамыз. Ата-салт дәстүріңді білмей тұрып, Біреудің төл тарихын ақтарамыз. Ұлттың мұңын айта қалсақ , заң алдында, Өзге тілде сөйлеп тұрып ақталамыз. Жүз бен руға бөлінсең тұр алдыңда, Исім қазақ,қаным қазақ ақ балаңыз, Қазаққа-қазақ жау деп қару кезеп, О,заманда бірімізді атпағанбыз. Жүрегің тас болсада бірақ-бірақ, Қазақ деген рухымды таптамаңыз. Көзден жасым көл болып ағылды ғой, Мұндай азап ешқашан тартпағанбыз. Жетімдер мен жесір көрсек жайын ойлап, Түңгі ұйқыны төрт болып жатпағанбыз. Бірімізді-біріміз күндеп жатсақ, Қайдан оңып қандастарым бақ табамыз. Қазақтың әлсіз жері рушылдық деп, Айтқан еді Қазбек би қарт бабамыз. Ажал құшып жатсақта арымызбен, Дінімізді,тілімізді сақтағанбыз. Ұлтымыздың қазынасын жан берсекте, Өзге елге қанымызды сатпағанбыз. Қашан біздер көз жастан тыйылып бір, Ұлт борышын ел алдында атқарамыз. Көк тудың астында тербеліп мың, Қашан біздер қазақ боп шаттанамыз
*** Мен жайында әр бір пасық масылдар, Жаман айтса одан әрмен қашыңдар. Сенбегейсің жырды сүйер жас қауым, Тілейтінім сендер көл боп тасыңдар. Жарып өтсем аспанның жеті қабатын, Кезім болар қайта ұшып қонатын Сөніп кетсем денем күл боп бір күні, Кезім келер қайтып менің жанатын. Жаман айтса онда менің өшкенім, Жақтырмасаң көңілімнен көш менің. Өз тағдырым өзіме жетіп жатыр, Ал басқаның өмір жолын кешпедім. Күнәм қайнап тасып жатса қазаннан, Намазыма жығыламын азаннан. Сол күнәмді топырақпен шаярмын, Бірақ күйген жарамды мен жаза алман
Күнәм болса, қайтіп енді ақталдым, Тәңіріме сырымды айтып ақтардым. Бұл фәниде күна артқан күндерім, Айналса екен мамығына ақ қардың Өлең болып өзегімнен ақты арман, Ғазиз басым күтіп жүр ғой бақты алдан. Санамнан ұмытылып бара жатыр, Жүректегі әр жырларым жатталған. Күнәм болса қайтіп одан құтылам, Мен үшін ол көрінбейтін бір тұман. Көрінбей ішті қинап құртша жеп, Қарайды мазақ етіп сыртымнан Күнәм болса ала беред мазамды, Мазамды алса шақырамын азанды. Әр істі Піссімілла деп бастап Имандылық мәселені жазамды. Мәңгі сөнбес қос шырақ
Қабден аға,Зайтуна апай ұлы тұлға, Жаңа ауыл бөктерінде сыры тұрма? Ұлағатты ұстаздардың әр еңбегін, Болама екен бұл фәниде ұмытуға. Сіздер тұрған,ескі үйдің жылы орынын, Болмайды ғой ешқашанда суытуға. Өнегелі артынан із қалдырған, Жер бесікте шоқ болып гүлі тұрма? Әр кітаптың бетінен орын алып, Ақындардың жүрегінде жыры тұнған. Әр күн сайын еске алып отырамыз, Қақымыз жоқ сіздей жанды ұмытуға. Суретіне қараймын ұлы ағаның, Бейнесіне ұқсатып тірі адамның. Аман-есен жүрме деп балаларым, Естілгендей болады үні ағаның. Қай әке қалаушы еді баласының, Анасыз бұл өмірде жылағанын, Адамдық парызыңды өтеуменен, Жетімдерге беріп едің сұрағанын. Еңбегіңіз еш кетпей,жатырсыз ба, Жұмағынан орын алып бір Алланың?. Суретіңе қарап сізбен тілдесемін, Оңашада отырып жүздесемін. Бір уақыт көңілімді сізге бөліп, Менде үнсіз жырыммен күн кешемін. Қанша көзден таса боп кетсеңдағы, Жүрегім,жүрегіңмен бірге сенің. Серік аға болмаса,Фарида апай, Сіздей батыр ағаны білмес едім. Артық емес халқыңның ар алдында, Өскеменде атын берсе бір көшенің. Он баланың тағдырына тамсанып, Жатырма екен ана шіркін соншалық. Қанша қысқа болсадағы ғұмыры, Кетті әке барлығына жол салып. Мейріміне бөлеп кетсе анасы, Қалай ғана жыламайды баласы. Он баланың он тағдырын көтерген, Қандай ана, қандай әке жан асыл. Кремлге қазақ елін танытқан, Біз үшін Зайтуна апай дарасың. Еңбегіңді елге ерлеп жеткізген,
Біз үшін Қабден аға данасың. Кемесімен кетсеңдағы келместің, «Жаңа ауылда»-жүр екен деп қаласың. Тасға жазып тарихыңды жырменен, Жасқа малдым көзімнің ақ-қарасын. Арайланып таң самалын сапырып, Жүрегіме үнсіз келіп қонасың. Мен отырмын ақ сағымға айналып, Сипап қалып жер мен көктің арасын. Қысқа болған ғұмырыңа тарыла, Мен отырмын ой сапырып тағы да. Бір Алладан ниет етіп сұрадым, Айналғандай он баланың бағына. Дұға қылып ұйықтамастан әр күні, Жырға қосып отырамын табына. Сіздерменен ұзақ уақыт тілдесіп, Білмей өттім күн мен түнді,таңды да. «Мәңгі сөнбес қос шырақ» деп ат қойдым, Жырларымды жайып тастап алдыма. Алауланып әр кез жанып тұрсың деп, Суреттерің жүрегімде қалдыма.
*** Бірежнеев алаңын қызыл қанды мұз басты, Ұшып келді мың солдат,айдаһардай мың басты. Қаһарына ұшырып ұлты қазақ жастарды, Нашақор деп жаламен империя шуласты. Сол алаңда қазақтың қаны судай ағылды, Кінәсіздер мойнына жалған айып тағылды. Қазақ елім,жерім де жан айқайын шығарған, Жас қазақтар намыстың оты болып жағылды. Кешір ана айтайын! Өзіңе бар мұңымды, Көздерімнен моншақ боп қайғы жасым үзілді. Базбіреудің жаласын тағып менің мойныма, Жазықсыздан кіналап,тергеді ғой ұлыңды. Келіп едім алаңға аяқ асты құрбыммен, Арт жағымнан бір жігіт келіп мені бір ұрды. Есімді сол жиғаным,ұрып-соғып айыптап Байлап қойды буынсыз мына менің тілімді!. Жан айқайын ести сап қазақ қанды жастардың, Үрейім ұшып ой таппай,жаным менің сырылды. Кінәлі мен емеспін,түсініңіз анашым, Тергеушіде сенбеді айтып едім шынымды. Теріс қарап кетеме туыстарым бүгінде, Не боп барад бұл жалған, не боп барад күнім не?
Егер жалған айыпты тақпаса егер мойныма, Отырар ем анашым жанды бағып үйімде. Кетпеңіздер достарым мені бүгін табалап, Түрме деген әр кімге суық хабар жаман ат. Абайсызда жазықсыз кеткенімді қайтейін, Енді отырмын кінәсіз темір торды паналап. Кінәлі мен емеспін,кетемін бе соншалық, Мен білмейтін бір жанның ауыр жүгін арқалап. Әділ шешім болар деп,тәңіріме табынам, Кінәлі мен емеспін тағы айтамын қайталап Алматым-Көк-Төбем Алматым, Алатауым Көк-Төбем, Өзіңді бар асылым деп келем. Ақ парағым жайылған Медеу болса, Ақ қаламым сырғанап төкті өлең.
Алматым неткен ғажап көрікті едің, Көркіңе тоя алмай жыр өріп көрдім. Поэзия болса ақынның азығы, Тең жартысын бір өзіңе бөліп бердім. Алматының әр апорты қымбат маған, Ол жоқ жерде шөліркеп құрғап қалам. Шабытқа шабыт қосып әнге басып, Алатау бөктерінде жырлап қалам. Алматым жанға жылу шырайлы, Маған бақыт сыйлайтұғын сыңайлы. Көңілімнің күйін шертсең болғаны, Шабытым шалқып әркез тулайды. Ақынов Серік Қабденұлына Көңілі кең, көк жайлау Серік аға, Арнайын жыр шумағын теріп аға. Жүрегім елжіреп отырмын ғой, Балаңдай құшағыңа еніп аға.
Мейіріміңе бөленіп жатсамдағы, Көңіліңнің тереңінет батсамдағы. Сіз мен үшін әкемнің келбетіндей, Күнге ұқсатам күліп тұрған аспандағы. Білмеймін сізге нені тілерімді, Берейін бе әлде жұлып жүрегімді. Өйткені ақылыңнан нәр алып, Сіз арқылы ұмыттым түнеруді. Езілмесін елжіреп жүрегіңіз, Біз боламыз қиналғанда тірегіңіз. Бір ғасырдың ауылына жетсе деп, Бір Аллаға дұға етіп жүреміз біз. Фарида апайға Фарида апай аялайды анамыздай Аналардың мейіріміне қанамызбай? Кейбір сәтте ауырып қалған күні, Болады жанға тбатқан жарамыздай.
Ақ жол тілеп бізге бақыт сыйлаған, Анамыздай болып кеттің қимаған. Сіздей асыл жанды құрмет тұтпасам, Тағат таппай күні-түні қиналам. Ақын жандар жыр бесікке бөлеген, Жазылмапты-ау сіздер жайлы көп өлең. Фарида апай жанып тұрған Қыз-Жібек, Серік аға нағыз батыр Төлеген.
*** Ассаламағалейкум жамағат, Бердім сізге саламат. Көрген мына өмірден, Сыр шертейін шамалап. Өткен-кеткен күніңді, Берейінші саралап. Тура жолдан адасып, Кеттің неге қаралап? Арақ ішіп мас болып, Жүрсің жанды жаралап. Кеттіме әлде біреулер, Жүрегіңді табалап. Қанша ғұмыр сүрсеңде, Осы жырым аманат. Дүниеге құнықпай, Қылайықшы қанағат. Құран кәрім жолдарын, Жүрген дұрыс паналап.
*** Аманбысың қарттарым, Ойлаған туыс-жат қамын. Ниетімді ақ қардай, Өзгелерге сатпадым. Жанға батқан дертіңнен. Сідерді Аллам сақтағын. Жүрегім менің сезеді, Мейірімді жалғыз хах барын. Сүрініп, құлап күн кешсем, Ешкімге кіна артпадым. Екі қолды бос қойып, Жанымды бағып жатпадым. Жырымды сүрлеп мен бүгін, Шаттанып-ақ жатқаным. Қырықтың дәмін татсамда, Келмейді күна артқаным. Пешенеме жазылса, Жетермін сіра баққа мың. Артық болмас нар халқым, Елудің дәмін татқаным. Қанша ғұмыр сүрсемде, Анамдай алтын таппадым, Келеді әр кез ақ сүтін, Аялап мәңгі ақтағым. Асқар таудай әкемнің, Бар ақылын жаттадым
Ауылым алтын бесігім Ақбұлақтың самалынан шабыт тұнды, Шабытым өзегімде жанып тұрды. Ауылым деп шаттыққа бөленсемде, Кәрі шалдай тұрған бейнең қамықтырды. Сағынып келгенімде мұрынымды, жуссанның жұпар иісі жарып тұрды. Қанша өмірім қалсада ауылымның, мұң мұқтажы есігімді қағып тұрды. Халықтың жан айқайын көргенімде, Жанарымнан мөлдіреп жас тамып тұрды. Мектепті айтар болсам білім берген, Ұстаздарым көзді ашып жарық қылды. Сол бақытты шақтарын жоғалтқандай, Көзінен қан жылатып халық тұрды. Ал қазір қарап тұрсам жоқтауменен, Әр үйдің ауласында табыт тұрды Нағашылар
Ана жұрты,мен үшін жанашырлар Жанымды жадыратар жан асылдар. Сүйенішім,қорғанышым сынға салған, аман-түгел ар ме екен нағашылар?! Әр жиеннің өзіндік бағасы бар, Анаңның төркінімен жарасып ал . Жиен деп еркелетіп барын берген, ет жақыным қайда жүр – нағашылар?! Мен үшін сіздер бөлек дарасыңдар, Ардақты анамыздай данасыңдар. Патша көңіл сіздерді аңсайды ғой, Қуанышымды бөліскен нағашылар. Ақ жаулықты, өнегелі анасы бар, Анасынан туғандардың санасы бар, деп бізге еркелетіп күнде айтатын Жүрме екен, аман-есен нағашылар!
Бәйтеректей, жемісті нағашың бар, Жемісі солса жалғыз қаласыңдар. Бар тілегі – біздей ақын жиеннің, аман-түгел болыңдар, нағашылар! Мен қазақтың баласы
Ел тағдырын ойлайтын, Әділдікті қолдайтын. Мына бес күн жалғанда, Бейбіт өмір жолдайтын, Мен қазақтың баласы. Отанымды сатпайтын, Ел сенімін ақтайтын. Қазағымның тарихын, Жүрегімде сақтайтын, Мен қазақтың баласы. Арымды ана тілімді, Құрметтейтін дінімді. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, Ойлайтұғын білімді Мен қазақтың баласы. . Дәстүрімді салтымды, Қадірлейтін халқымды. Жолдауыма берік боп, Бұзбайтұғын антымды, Мен қазақтың баласы. Дархан қазақ жерімді, Өркендетіп елімді. Еңбек етем қамықпай, Қайыстырмай белімді. Мен қазақтың баласы. Әр қазақтың арманын, Орындасам сол бағым. Абылайдай батырдың, Келеді кейпін сомдағым. Абай жолын кешем деп, Қаламымды қолға алдым. Белімді буған білімге, Мен қазақтың баласы.
«Әділет» колледжінің ұраны Әділет жалынды ұраным, Биікке самғаған қыраным. Жүректі тербейтін, Алауы сөнбейтін, Ұрпаққа жол ашқан жыр-әнім. Әділет ата-заң тірегі, Ата-заң біз үшін киелі. Білімді жастармыз, Жақсыға дастанбыз Деп соғар ақ ниет жүрегім Әділет колледжі айбатты, Білімді ісімен қайратты. Тұлпардай шабамыз, Жұлдыздай жанамыз Көтеріп бәріміз байрақты. Қайырмасы: Әділет,Әділет, Жастарымыз түлеп ұшқан жалынды. Әділет,Әділет, Сатпайтұғын адамдық пен арымды. Әділет,Әділет, Әділдіктің ақ жолында мен бүгін. Әділет,Әділет, Серт беремін еліме арнап әнімді. Достарым
Әзілі мен қалжыңы жарасқан, Достарымның күлкісін сағындым. Көргенде самайларын ақ басқан, Ұл-қыздарды мен әрең таныдым. Келмес қайтып алтын уақыт, Сағындырған балалық шақ. Солбір кездер неткен,неткен бақыт, Жүруші ек күліп-ойлап жарасып-ақ. Қайырмасы: Достар,достар,достар, Сендерден асқан қандай дос бар. Кездесуге келген құрдастарым. Достар,достар,достар, Достық деген ол бір дастан, Жан қимас достарым. Келмес қайтып, өткен күндер, Жалындаған қызықты сәт. Біздің қыздар жанып тұрған гүлдер, Ал ұлдар,ұлдар болды бұзық бірақ. Отыз жылды, отыз күндей, Тойлатайық құрдастарым. Бұл өмірде достар барма біздей, Аман болшы менің жан достарым.
Қайырмасы: Достар, достар, достар, Сендерден асқан қандай дос бар. Кездесуге келген құрдастарым. Достар, достар, достар, Достық деген ол бір дастан, Жан қимас достарым. Жанат нағашыма Әр кезде шабытымды қайрайтұғын, Уәдесінен ешқашан таймайтұғын. Нағашым бар өзі кербез Жанат деген. Келсем қырық серкешін байлайтұғын. Ес білгелі нағашы деп көрмедім, Білемін сіз арқылы өнгенім Құрмет тұтып «Кербез» аға деп айтып. Басымды иіп алдыңызда келемін. Жазамын бұл өлеңді сіз үшін тек. Нағашым тарылмайтын тынысым деп, Мен сізді жақсы көрем, нағашыжан, Ардақты анашымның інісі деп.
Аяулы інісі деп анашымның, Алдыңызға келіп мен баласындым. Жиеніңнің қамын ойлап жүгіргенде, Пейіліңді нағашым панасындым. Мен сізбен марқайып, шаттанамын, Сіздей жанның барына мақтанамын. Сіз айтқандай өзгеге қиянат қып, Біреудің ала жібін аттамадым Әр ақылың нұрландырып санамды, Есіме саласыз-ау анамды Сіз ауырып қалды десе біреулер, Болады көңілім бір сәт алаңды. Қабақ шытсаң, қалатынбыз қиналып, Сонда да біз нағашы деп сыйладық. Бойымда бар тектіліктен дарыған, Жиенге тән ізеттік пен ибалық. Кербез аға мен үшін, Ақылдың ойдың кенісің. Қанатың талмай әрқашан, Еңбектің тарлан ерісің. Қазағым елім алашым
Қазағым елім алашым. Қазақ елім алашым, Мен үшін сен дарасың. Неге сонша дәл бүгін, Осалданып барасың. Намыстың жүзі қайралмай, Өзіңнен өш аласың. Тіліңді және балталап, Ұлтыңды турап шабасың. Қыздарың тисе қытайға, Көрсетпесін қарасын. Қаймағын бұзып ұлтымның, Сатты ақшаға анасын. Бақа,шаян, ит жеген, Қарындасқа қарашы. Саясаты қытайдың, Көздегені шамасы. Қарусыз басып алмақшы, Қазағымның даласын. Сол қыздарды қайтеміз, Қытай қылған баласын. Есіңді жый қазағым, Қашан жауға шабасың. Үш жүздің басы қосылмай, Бүр күні құл боп қаласың. Шынжырына байланып, Қасырет қайғы табасың. Анамдай алтын жерімді, Бергенше күйсін жан асыл.
Құрметті Ата-Енемнің 60 жас -63 жас тойларына арналған Ұл-қызының сезінуімен арманы Ойлайтұғын әке асқар тау жан-жағын. Әкеміздің 63-ке толғанын, Әрбір белес,Әрбір асу,ол бір із, Қашанда да жақсылыққа сендіңіз. Өміржолда бізге өнеге, үлгі боп, Міне сізде 63-ке келдіңіз. Жүрдіме өмір перзенттерге алаң ғып, Бір біз үшін әркезде, ана бағаң нық. Біз өстік қой, мейіріміне бөленіп, Бойыңыздан көріп лайым адалдық. Өткен шақтан қалды сізге бүгін із, Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз. Балалардың қызықтарын қызықтап, Ортамызда аман-есен жүріңіз!
Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақтың, Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың. Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін, Сөнбесін от басыңда шамы бақтың, Өмір атты тарихтың дастанында, Үлгі болып келдіңдер жас-қауымға. Бірің -60, ал бірің 63-тің, Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында. Әке-ана енді қалған ғұмырдың, Тек қана бақыт күлсін аспанында.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру