TELEGEI

Home

Байбарыс сұлтан

Болат Көмеков

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Байбарыс сұлтан

«Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» деген топтаманың жалғасын ұсынады. «Байбарыс сұлтан» – осы топтамаға енген кітаптардың бірі. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда XIII ғасырда Мысыр елінде сұлтан болып, моңғол шапқыншыларына ойсырата соққы берген қыпшақ ұлы Байбарыстың өмір жолы суреттелген. Шығарма балалардың танымына жақын қарапайым ті

Байбарыс сұлтан
Б. Көмеков, Қ. Сәки

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің
бағдарламасы бойынша шығарылып отыр

Б. Көмеков, Қ. Сәки
Байбарыс сұлтан. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна»
баспасы. 2004. – 96 бет. – «Шығыстың ұлылары» топтамасы

ІSBN 9965-26-040-0 «Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» деген топтаманың жалғасын ұсынады. «Байбарыс сұлтан» – осы топтамаға енген кітаптардың бірі. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда XІІІ ғасырда Мысыр елінде сұлтан болып, моңғол шапқыншыларына ойсырата соққы берген қыпшақ ұлы Байбарыстың өмір жолы суреттелген. Шығарма балалардың танымына жақын қарапайым тілмен жазылған. 00(05)-04 ББК 63.3 (2 қаз) © «Аруна Ltd.» ЖШС, 2004 К 68 ББК 63.3 (2 қаз) К 68 К ІSBN 9965-26-040-0

Мазмұны Тарих – тағдырлар тезі ......................................................................................5 Қыпшақ тұтқын – Байбарыс ...................................................................11 Шам елінде ............................................................................................................................16 Біз – мәмлүктерміз ....................................................................................................23 Сұлтан сарайының маңында ...........................................................................28 Жиһангер әскердің тұңғыш жеңілісі .............................................34 Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің ...................................................................40 Қыпшақ Байбарыс сұлтан .....................................................................44 Әскери тәртіп .....................................................................................................................46 Мәмлүктердің тұрмысы ......................................................................................50 Сұлтан бейбастықты кешірмеген ...........................................................53 Байбарыс пен Алтын Орда ......................................................................61 Байбарыс және крестілер ..................................................................................71 Сыртқы жаумен шайқас .........................................................................................78 Байбарыс және Еуропа патшалары ..............................................83 Сұлтан Байбарыстың қазасы ...................................................................90

ан ғасырлар бұрын қазақ сахарасының оңы мен солында,

қиыры мен құбыласында даланы еркін жайлап, Жер-
Ананың киелі топырағында әрлі-берлі көшіп-қонған жұрт
көп еді. Дұшпанына қатал, бауырына адал, туған жерінің
табиғатымен біте қайнасып, қыстың қақаған аязы мен жаздың

аптап ыстығында алдына мал салған бұларды көшпелілер деп
атаған. Жұлдызы жымыңдаған түнде оттың басында ән тыңдап,
киіз үйде бесік тербетіп, даласына еркелеп өскен бұл халық еш-
кімге дес бермеген батырлар еді. Олар найза ұстап, садақ асы-

нып, жараған тұлпарымен еңку-еңку жер шалып, туған жері
мен қасиетті елі үшін қанын да, жанын да аямаған.
Көшпелілер даласын сүйсе, сол далаға таласқан жауы да аз бол-
мады. Бабалар өсиеті – парыз, бақыты мен қайғысы – жазмыш.

Осы топырақта не бір азуын айға білеген* батырлар туған. Олар
даланың қоңыр үніне құлағын тігіп тың-тыңдап, жау жорығы-
ның бағытын белгілеген. Өз тағдырына ұқсаған жусанының
қышқыл иісін иіскеген. Қанды шайқаста бетін топырақ жап-

пай қалғандары қаншама. Жанын сауғалағандардың аты өшіп
атаусыз қалды. Батырлары мәңгілікке ел аузында. Бұл өмірге
кімдер келіп, кімдер кетпеді...
Сонау көз ұшындағы басын қау бетеге* алқымдаған көп

төбелер солардан – қалған ескерткіш. Ержүрек көшпелілер
сыртқы жаудан қорғанудың сан түрлі әдіс-айласын ойлап
тапқан. Мәселен, «хабаршы төбелер». Төңіректі шолуға
ыңғайлы төбелердің ұшар басына жер ошақ жасалынып, қара

май әкелініп, жанына жасауыл* қойылған. Әлдеқалай жау
қосыны* көріне қалса, жасауылдар от тұтатып, майды жағып,
Тарих – тағдырлар
тезі

* азуын айға білеген – қаһар тіккен, өшіккен
* қау бетеге – тығыз өскен қалың қу шөп.
* жасауыл – әскер басының оң қолы, шабарманы.
* қосын – жауынгерлер тобы, әскер.

жан-жаққа белгі берген. Келесі төбе басындағы қарауыл от-
ты көріп, екінші төбеге хабар жолдаған. Әп-сәттің ішінде бұл
хабар бүкіл көшпелілер еліне тарап, жау келгенін білген олар
бес қаруын сайлап, бекініс құрып, дұшпанын қарсы алуға

дайындалған.
Жау шапты деген хабар жетісімен тыңшылар алға шығып,
жерге құлағын тосып, тың тыңдаған. Кереметтігі соншама, олар
жаудың қай беттен келе жатқанын біліп қана қоймай, атты, жа-

яу әскерінің санын, қандай соғыс құралымен жарақтанғанын,
тіпті дұшпан әскері басшысының майданды басқаратын орны-
на дейін қолымен ұстап, көзімен көргендей дәл айтып берген.
Өткенді есте тұтпағандардың келешегі де жоқ. Қалай деген-

де де көшпелілер – сақтар, скифтер, массагеттер, сарматтар,
ғұндар, хазарлар, аварлар, түркілер, печенегтер... еді. Олар –
Ұлы даланың перзенттері. Іштеріндегі ең саны көбі қыпшақтар
болатын.

Қыпшақ ұлыстары кең байтақ жерлерде XІ – XІІІ ға-
сырлардың басына дейін қоныстанып, Қыпшақ бірлестігін
құрған. Атап айтсақ, олар шығысында Ертіс өзенінен Карпатқа,
тіпті сонау Дунай өзеніне дейінгі Ұлы далалық аймақтарды ме-

кен етті. XІ ғасырдың аяғында ішкі заңдылықтарға байланыс-
ты Еділ өзенінің бойымен екіге – Шығыс Дешті Қыпшақ пен
Батыс Дешті Қыпшаққа бөлінді. Батыс қыпшақ ұлысы шығыс
ұлысына тәуелді еді.

Осы уақытта Шыңғыс хан басқарған моңғол әскері жеті бас-
ты айдаһардай жалаңдап, жан-жағын жалмап, құбыла-батысқа
қарай, нөпір* судай жылжып келе жатты. Төрткүл дүниені
қатал қаһарымен, ақыл-айлакерлігімен дүр сілкіндіріп, жер

тітіреткен моңғол ханы түбінде қыпшақтардың ата жауы атан-
ды. Алғашқы екпінде ол өз елі Моңғол жерінде ерекше құрметке
бөленген, күш көрсетіп қарсы тұра алатын хан текті, әулетті та-
тарларды үш рет аяусыз қырғынға ұшыратып, ақырында жойып

жіберді. Содан кейін Дешті Қыпшақтың даласын мекендеген
көшпелі жұртқа да таяп, жайдың оғындай тиді. Жер дүниені
жаулап алуға ден қойған Шыңғыс ханның аярлығына* сай ай-
лакерлігі, соғысу ісіне сай шеберлігі жетерлік еді. Қаһарлы хан

* нөпір – қалың, қаптаған, көп.
* аярлық – қулық.

батыста өзін тоқтата алатын алып күш табылар болса, олардың
тек қыпшақтар екенін сезген. Сондықтан ол әрі жауынгер, әрі
құдіретті қыпшақтарды жеңу үшін іштей ыдырату саясатын
қолдануға бел буды. Оның мәнісі былай еді.

Сол уақыттағы Еділ мен Жайық қыпшақтарында
Бөрілі, Тоқсоба сияқты рулар ел билігінде үстемдік
еткен. Шыңғыс ханға дейін Тоқсоба руларының
өкілдері татарлармен бірнеше ғасыр бойы

қыз берісіп, қыз алысу арқылы құдандалы*
болған. Түркі, моңғол ғұрпы бойын-
ша құдалар бір-бірімен соғыспаған.
* құдандалы – қыз алысып, қыз беріскен

сүйек шатысы бар құда-жекжат.

Тоқсобалықтар құдандалықты пайдалана отырып, өз туыста-
ры төртобалықтардан бұрыннан келе жатқан өшін алмақшы
болады. Сөйтіп, Жошы ханға олардың мекен-жайын көрсетіп
береді. Жошы хан төртобалықтарды шауып, көп адамдарын

тұтқынға алады. Қыпшақ рулары арасында ішараздық күшейе
түседі. Қыпшақтардың бірлігі қашып, тірлігі әлсірейді.
Қыпшақтардың осы тірлігін ертеден келе жатқан мына бір
аңызбен теңеуге болар еді.

...Күндердің күнінде, көктемнің жайма шуақ шағында
айдаладағы соқпақ жолдың бойында күнге қыздырынып екі жы-
лан жатады. Оның біреуінің бір басы, мың құйрығы, екіншісінің
мың басы, бір құйрығы бар екен. Ойда-жоқта құм кезген керуен

арба пайда болады. Оның дөңгелегінің сықыры бара-бара
жақындай түседі. Бір мезетте әлгі арба жыландарды басуға
айналады. Жан сауғалаған бір басы, мың құйрығы бар жылан
інге кіріп үлгереді де, мың басты, бір құйрықты жыланның әр

басы бір інге таласып, ақырында арба дөңгелегінің астында
қалып мерт болады.
Мың басы, бір құйрығы бар бұл жыланның тағдыры бірін-
бірі көре алмағандықтан бастары бірікпей, моңғолдарға жем

болған қыпшақтардың тағдырымен іспеттес.
Сөйтіп, айласы іске асқан Шыңғыс хан 1219 – 1224 жыл-
дар аралығында Қыпшақ жерін түгелдей дерлік жаулап алды.

Негізінен, Қыпшақ жеріне билік еткен Шыңғыстың үлкен ұлы
Жошы еді.
Жошының баласы Бату да әке жолын әрі қарай жалғасты-
рып, әскербасы атанып, көшпелі жұрттың ат үстінен ел биле-

ген ханы болды. Ол әкесінен де өткен қатал еді. Бату ханның
қалың әскерінің ат тұяғының астында тіпті Шығыс Еуропа
жері де тапталған. Бұл жорық осы Дешті Қыпшақ жерінен
басталғанын біреу біліп, біреу білмес.

Құрттай құжынаған әскер тіріні өлтіріп, өліні өртеп,
жолындағыны тып-типыл етті. Қыпшақ хандығының ба-
тысына қарағанда шығысы құдіретті еді. Бірақ моңғол
шапқыншылығының алдында Шығыс Қыпшақ хандығы Хо-

резмшахтармен жарты ғасырдан бері табан тірескен соғыс
жүргізіп жатқан. Оның үстіне жеме-жемге келгенде батысы
мен шығысы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмады.
Моңғолдарға алданып, ақыры күл-талқаны шығып жеңілді.

Аты аңызға айналған қыпшақ ұлы Байбарыс келешекте өз
елі емес, өзге мемлекетте сұлтан атанып, ата жауы моңғолдарға
ойсырата соққы береді. 1225 жылы дүниеге келген ол атақты
беріш руынан тараған, текті әулеттің ұрпағы еді.

ербетіле ағып жатқан өзен. Екі жігіт осы бір салқын

жағалауда жиі кездесіп қалатын. Олардың бірі – Байсары,
әулетті бөрілі тайпасынан шыққан орта бойлы, қақпақ жауы-
рынды жас жігіт. Қасындағысы – досы әрі туысы беріш Бай-
барыс. Ол Байсарыға қарағанда ақ құба келген, көкшіл көзді,

сұңғақ бойлы еді. Бір-бірімен сыр тартысып, ой бөлісетін. Олар
бала кезінен ат жалын тартып мініп, әскери ойындарға құмар
болып өскен. Бұл күнде он төрт жасар жігіттер күш сынасып,
соғыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылап,

пікір алмасатын.
Бүгінде, міне, сол әдетімен өзен бойында жолықты.

– Еліміздегі жағдай қиындап барады – моңғолдар нөпір

судай тыныштық бермеді ғой. Өздерінің қатігездігін ауызбен
айтып жеткізу қиын. Баланы найзаға шаншып, әйелдерді ша-
шынан асып, қарнын жарып, мәз болып күліседі. Кәрі шал-
кемпірлерді де аямайды, – деді Байбарыс.

– Иә, бауырым, ел басына күн туды, – деп қостады Бай-

сары.

– Е, мейлі, төніп келе жатқан жауға бас имей, шайқаста ба-

тырларша өлеміз де, – деді Байбарыс дауысы қатулана.

– Әрине, солай, – деді Байсары басын изеп. – Әкем өткен

жұмада бұлғарларға сый-сияпат тиелген керуен аттанды-
рып жатып, елшісіне: «Анархан бізді Судақ теңізі* арқылы
өткізіп, өз иелігінен жер берсе, әлі де берер мол сыйлығым бар,
моңғолдар төніп келеді» деп айт дегенін өз құлағыммен естідім,

– деп жалғастырды әңгімесін.

– Сендер өзі моңғолдармен құдандалы емессіңдер ме?

– Оған қараса мейлі ғой. Кейінгі кезде олар құдасы тұрмақ,

Құдайды да ұмытып кеткен тәрізді, – деп мырс етті Байсары.
Қыпшақ тұтқын –
Байбарыс
* Судақ теңізі –Қара теңіз

Екеуі көбігі аспанға атыла, құмды жағаны соққылап кері қайтқан асау өзеннің толқындарына қарап, біраз уақыт үнсіз қалды. Кенет шаһарды айнала салынған қарауылмұнаралардың басынан будақтаған түтін көрінді. Мұның сырын еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін жақсы білетін. Ел шетіне жау шапты! Екеуі де бір сәт состиып тұрып қалды. Қаралы түтін әп-сәтте қаланы бүркеп алып, үрей мен қорқыныштың хабарын әкелді. Сөйткенше, қиыр беттен жанұшыра айқайлаған дауыс естілді. – Уа, халайық. Аттан! Аттан! Жау келіп қалды! Атойлаған жаушы қорған есігінен енгенше, ел ішінде аласапыран басталып та кеткен. Түйе керуен жасақталып, қараң-құраң еткен сарбаздар тобы бес қаруын сайлап, атты жүргіншілер әрлі-берлі шапқылап әуре. – Жарайды, сөзді доғарып, іске кіріселік. Көріскенге жазсын, – деді Байсары. – Бөрілер тұқымы бөріше жортыңдар, – деді Байбарыс жолдасына қарап. Екеуі бір-бірімен қош айтысты. Байбарыс жирен қасқа тұлпарына қарғып мініп, қорғанға қарай шаба жөнелді. Сауытын, қалқанын, кіреукесін*, найзақылышын сайлап жорыққа аттанбақшы. Тағы да бір босу* басталды десеңші. Моңғолға қор болғанша, Қырымға жетіп бар болайық. Тек олар сауғалап келген елді құшақ жая қарсы алар ма екен? Құбылаға жол тартқан қырық рулы ел топ-топқа бөлініп, қараңғы түннің айсыз түнегімен асыға жылжып келеді. Қызыл іңірде хан текті Байсарының әкесі топ алдына шығып: – Уа, елім, жұртым! Қиырдан шапқан қалың моңғол жасақтары жолындағының бәрін қиратып, адамдарын бауыздап, қорғандарын өртеп, бөгет бұзған судай жылжып келеді. Мұндайда бірлік танытпасақ болмайды. Жеке-жеке бөлініп кетсек, сау-тамтығымыз қалмайды. Біз Қырым арқылы Рум сұлтандығына барамыз. Тәңірдің берген несібесі шығар. * кіреуке – оқтан, найзадан қорғану үшін жорыққа киетін темір сауыт. * босу – қуғын-сүргіннен қашып, көшу.

Бұлғар ханы Анархан бізді Судақ теңізі арқылы өткізіп, екі
таудың беткейінен жер беруге уәде етті. Ары қарай Румға да
жетерміз. Құдай жазса, Қыпшақтың даласына қайта оралар-
мыз. Тәңірім жол бере гөр! – деп бетін сипаған.

Жау жеңілем деп соғыс ашпайтыны ақиқат. Дұшпанға
жеңіс ауадай қажет. Мұндайда ел ішінің тұтастығы, ауызбір-
шілігі бірінші орында тұруы тиіс. Көршілердің осындайда
бас қосуы кәнігі жәйт. Жалпы, соғыс ашушы – ниеті бұзық,

көкірегі пасық, «мен» деген қағиданы берік ұстанған адам.
Билікті білегіне ілу үшін ол не бір азғындыққа барады. Досын
сатып, асын тебеді.
Моңғол ханы да қыпшақ ішіне іріткі салып оны жеңіп, та-

банына таптады. Шыңғыс ұрпақтары шығыс қыпшақтарын
алдап, қанжығаға бөктергенге дейін* тағы да бір залым
тірліктің ойдағыдай іске асуына септігін тигізді. Қыпшақтар
мен аландар (осетин халқының түпкі негізі) бірігіп, моңғол

әскеріне қарсы шығатын орасан зор күш құрады. Мұны біл-
ген Шыңғыс хан:

– Құда мен құда соғыспайды. Біз шапсақ, аландарды ша-

бамыз. Сендерге тиіспейміз. Туыстық қарым-қатынасты
жоғалтпайық, – деп, қыпшақтарға құдандалығын тағы да
көлденең тартты.
Әрқашан сөзге тоқтаған қыпшақтар моңғолдардың айт-

қанына иланып қалады. Ойы іске асқан Шыңғыс хан алан-
дарды жекелеп алып талқандайды да, артынан одақтасынан
айрылған қыпшақтарға да ойран салады. Мұндай әдіс-айла
Шыңғыс хан жорығы кезінде талай қолданылған.

Ырың-жырыңы шыққан екі ел ақыры жеңіліп тынды. Алан-
дар аяққа тапталып құл болды. Жан сауғалаған қыпшақтар
Анадолыға* бет түзеді. Қыпшақтардың арасындағы крестілер-
ге бүйрегі бұрғандары Мажарстанға* қоныс аударды. Соғыс

ешкімді аяған емес, аямайды да. Содан бері түн өтті, таң ат-
ты...
Туған жерден табаны тайып, жырақ елге аттанып бара
жатқан көш. Тағдыр тәлкегімен тығырыққа тірелген халық-

тың мұңы мен қайғысы Байбарыстың денесін шымырлатып
* қанжығаға бөктергенге дейін – біреуге олжа, жем болғанға дейін.
* Анадолы – Түркия, Анталия.
* Мажарстан – Венгрия.

жіберді. Ат тізгінін бір сәт тежеп, соңынан қол бұлғап қошта-
сып тұрған даласына қарады.
Түннің
ортасында

жағалауға
тірелген
көпшілікті
Анарханның жіберген адамдары қарсы алып, кемеге кір-

гізіп, жайғастырды. Кеменің ескекшілері суды шалпылда-
та ескегін есіп, қара түнекке бағыт алды. Осы бір сәтте ата-
анасынан, туған-туыстарынан көз жазып қалған Байбарыс
«ағайындарымды арғы жағаға шыққан соң тауып алармын»

деп өзін-өзі жұбатады.
Басына қара түнек тұнған елдің соңғы үміті Анарханда еді,
алайда ол сенімдері ақталмады. Бұлғар ханы нағыз опасыздың
өзі болып шықты. Оның жауыздық жасауының сыры тереңде

жатқан. Ол қыпшақтардан сескенетін. Тақтан айырылып
қаламын ба деген үрей бойын билеп алған. Пайда табуды да
амалдады. Сөйтіп, айласын асырмақ болған ол қыпшақтарға өз
иелігіндегі екі таудың бөктерінде орналасқан жерді берді.

Көшіп келе жатқан жұртты ханның әскері қоршап алып,
адамдарын өлтіріп, біразын тұтқынға алды. Қолға түскендері-
нің аяқтарына шынжыр кісен салынды. Қарсыласқандары
таяқ жеді, жер жастанғандары да жетерлік. Осылай Анархан

жалғыз-жарым емес, бүкіл көшпелі елді опасыздықпен сағын
сындырып, құлдыққа жекті. Тұтқындардың арасында Байба-
рыс пен Байсары да бар еді.

– Әй, Байсары, тағдырдың ұзын қамшысы кімге тимеген.

Пешенеге жазғаны осы да. Қаған тұқымы екеніңді білдірме.
Жазаң ауырлайды, – деп ескертті Байбарыс құрдасына.
Он төртке жаңа толған қыпшақ жігіттері енді құлға
айналмақ. Бұл кезде Байбарыс өзінің тұлдыр жетім атанып,

қайғылы да қасіретті өмір кешетінін, жырақ елде тасы өрге
домалап, қанды айқастарға қатысатын билеуші болатынын
білген жоқ. Бірақ өмірінің соңына дейін туған жері мен жусан
иісі бұрқыраған қыпшақ даласын, бұйра-бұйра құмдары мен

тұнжыраған көлдерін, жасыл жайлауы мен отырған қыстауын
сағынышпен есіне алатын болады.

ағдырды алдын ала болжау мүмкін емес. Қаған тұқымы

Байсары да, текті атаның баласы Байбарыс та еріксіздіктің
қамытын киюге мәжбүр болды. Жоталарын қамшы тіліп,
аяқтарын шынжыр қиып, өткір пышақтай жалаңдаған
жендеттердің айтқанына көніп, айдауына жүрді. Тұтқынның

көрген күні құрысын. Тіпті таң шапағатын көру қиынға ай-
налды. Зорлық-зомбылыққа, ауыр соққыға, қиямет тіршілік-
ке шыдай алмай біразы өліп, фәни* дүниемен қош айтысып
жатты.

– Шыда, Байсары. Осалдық танытсаң, омыртқаң үзіледі.

Мына жауыздар ешкімді де аямайды, – деп Байбарыс құрдасын
рухтандырумен болды. Өзі де тастай қатып, болған іске болат-
тай беріктенді.
Құдай басқа салған соң, бәріне де көнесің. Бір күні қызыл

іңірде Байбарыс пен Байсарының шынжырларын босатып,
сапқа тұрғызып, белгісіз бір жаққа алып жүрді. Қарны кебеже-
дей әлдекімнің бұйрығымен жағада тұрған кемеге отырғызды.
Әміршілердің әңгімесінен ұққаны – бұларды Рум сұлтанды-

ғына алып бара жатқандығы.
Аяққа шынжыр қайта салынып, олар шағын кеменің көп
ескекшісінің бірі атанды. Сайдың тасындай ірі жігіттер күні-
түні тыным таппай, ескек есумен болды. Бұдан бас тарт-

қандардың жалаңаш денесін жыландай ысылдаған қамшы
қылыштай тілді. Байбарыс пен Байсарының жас болса да
денесінің ірілігіне, қайратына, күш-қуатына қызықты ма,
кім білсін, тиіспеді. Екеуі мұндай бейнет атаулыны бұрын-

соңды көрмеген еді. Тіпті теңізді де сырттай ғана қызықтап
күн өткізіпті. Бұл да дала сияқты бір әлем екен. Жүзі сұсты,
күңіренісі де ерекше, астаң-кестеңі шығып қайғылы адам-
дай аһ ұрып жатыр. Дию жалды, көк бет толқындары ша-

шын жұлып, жынын шақырып, бедірейген шағын кеменің
қож-қож қабырғаларын тітіретіп, аударып тастардай күй
Шам елінде
* фәни – (діни ұғым) алдамшы дүние.

танытқанымен, соғылған мезетте быт-шыты шығып, ақ көбік болып бұрқырайды кеп. Топан судың қопарыла қаптаған кейпі жүрек суылдатып, алапат үрей туғызады. Ал тымық күндері бәрі басқаша. Жүзіп келе жатқан кемемен бірге ақ шағалалар ілесіп отырады. Олар күмістей толқынға лақтырған азықты әп-сәтте тауып алып, қайтадан көкке өрлейді. Қалай дегенде де тіршілік атаулы тірі дүниеге әуес. Тірі жан үшін шыр етіп жарық дүниеге келген, кіндік қаны тамған жер ең қасиетті. Туған жердің әсем табиғаты, жазира даласы, шағылды* құмы, саңқылдаған қыранның қалықтай ұшқан қанатының суылы, тұлпар тұяғының жер дүрсілдеткен үні, құлынның сыңғырлай кісінеуі теңізден тым бөлекше. Кешқұрым қызыл іңірде теңіздің табиғатында бір тыныштық басталды. Кеме басшысы бар дауысымен айқайлап қоя берді. – Дауыл келе жатыр! Құдайдың қаһары тиді бізге! – деді. Байбарыс Байсарыға: – Қорықпа, маңдайға жазған тағдырды көреміз, әйтпесе, теңіз түбіне батып өлеміз, – деді сыбырлап. Әлдебір жантүршігерлік қауіптің жақындап келгенін білдіргендей, теңіз бір сәт тербеліп кетті. Жарқылдаған найзағай, сатырлата құйған жауын, жер дүниені әлекке түсірген дауыл, таудай-таудай боп аунап түскен толқындар шағын кемені қақпақылдай қағып, біресе көкке көтеріп, енді бірде төменге қарай құлдилата жөнеледі. Байбарыс жан-жағына алаңдай қарады. Кеменің орта тұсындағы дәу қара ескекші: – Тұтқындар! Енді біз балықтың жемі боламыз! Бізді су перісі Сүлеймен патша қарсы алады! – деп барқырай* күлді. Жендет күзетші өте жылдам екен, қайқы қылышымен әлгінің басын қақ бөлді. Дәу қараның орнына басқа жігітті отырғызды. Кеме иесі тұтқындарға сұстана қарағанымен, тұтқындар үшін бұл тірлік құр қоқан-лоқы* сияқты еді. Бәрібір бір өлім деп іштей түйініп алған. * шағыл – белес-белес, жота-жота боп үйіліп қалған құм. * барқырай – жағымсыз қатты дауыс шығара. * қоқан-лоқы – құр сес көрсету, қорқыту.

Теңіз қайта долданды. «Әй, адамдар! Шыдасаңдар осы,
шыдамасаңдар су түбіне тартып әкетемін. Мені басынбаңдар!
Теңіз сендердің күйі күмбірлеген сазды далаң емес, аяқ тірер
таянышы жоқ, тұңғиық» деп, сұм ажалдың суық лебін осы

толқындар арқылы жеткізгендей әсер берді.
Екі күн өте теңіз тыныштала бастады. Тағдыр балыққа жем
болуды жазбаған екен. Құбылысқа қуана қарап, жомарттық
танытқан кеме иелері екі күннен бері аш ұстаған ескекші

тұтқындарға тамақ үлестірді.

– Жолдарың кесірсіз екен. Бұрын-соңды мұндай дауыл-

дан ешкім тірі қалған емес, – деді сонау түндегі айқайшыны
жәркемдеген* жендет күркіреп.

– Сендер біздің байлығымызсыңдар. Ха...ха...ха...

Бұл күлкінің астарында не жатқаны тұтқындарға белгілі.
Қиыр бет ақ шапаққа боялып, тұтастана келе тұман басқан
қалаға тірелгенде өмірдің тағы бір таңы атты. Кеу-кеулеген
бұлғарлар бұларды шынжырын шешпей, жағаға қарай қамшының

астымен алып өтті. Бұл бүкіл Еуропаға, Африкаға аты шыққан
Кіші Азиядағы Сиуас құл базары еді. Үш-төрт күннен соң, саудасы
жүрмеді ме, әлде құлдардың құны төмендеді ме, тұтқындардың ие-
лері елу шақтысын айдап, Шам елінің* Алеппо қаласындағы Хан

ибн Қылыш базарына әкелді. Шоқпардың астында келе жатса да,
Байсары мен Байбарыс бір-бірінен ажырамағандарына қуанды.
Базар алаңында құжынаған елден ине шаншар жер жоқ.
Кешегі адам атын иемденген бүгінгі құл атанған кісенділерді

келгендер сын көзбен бастан-аяқ қарап тұр. Ақ сәлде тартып,
ұзын шапан киген, кердеңдеген саудагерлер тобы құдды бір
мал таңдағандай, түге.

– Құдай жазса, бірге болуды ойластырайық, – деді Байсары

сыбырлап.

– Мыналар адам емес, адам кейпіндегі хайуан ғой, тегі.

Мұны көргенше, теңізге батып өлгенім жақсы еді, – деді Бай-
сары күйіне.

– Көрге түскенше, көресіні көресің деген осы. Сабыр түбі

– сары алтын, – дейді Байбарыс досын жұбатып.

Осы кезде оның есіне әкесінің бірде:
* жәркемдеу – аяусыз шауып түсіру.
* Шам елі – Сирия.

– Ақылды да қайратты, сымбатты да бақуатты* болғысы кел-

мейтін адам табыла қояр ма екен жарық дүниеде? Небір қулар
өз мақсаты үшін жылы шырайлы, жанға жағымды сөздерін ай-
тып, қаумалаған халық алдында Құдай мен Пайғамбарлардың
атынан сөйлеп, Құран алдында ант етуге де бар. Шындап кел-

генде, олардың зұлымдығында шек жоқ. Адамның кім екен-
дігі оның туған еліне, жеріне еңбек етуімен танылады. Осыны
ұмытпа, балам, – деп айтқан сөздері түседі.
Байқап қараса, өмір дегенің жанып тұрған оттай. Ыстық

лебі тағдырыңды қарып өтпей қоймайды. Осы бір ой жетегінде
тұрған сәтте қастарына өздерін сатып алмаққа келген бір топ
сардарлар жақындаған екен.
* бақуатты – тұрмысы жақсы, ауқатты.

Байбарыстың байқағаны мұнда басқаларға қарағанда
қыпшақтың тұтқын ұл-қыздары өтімділеу екен. Алғашқыда
Байсары екеуіне ешкім түс тоқтатып қарамады, шамасы
баласынған болу керек.

Қастарына келген сардарларды көрген Байбарыс іштей бұл
жолы олардың қолына түсетінін де сезді. Осы сәтті пайдаланған
төргі құл сатушы барабанды ұрып:

– Шеткі бала құл мың дирһем, – деп дауыстап қалды.

Байбарыстың білуінше, он екі күміс дирһем – бір алтын ди-
нар еді. Жас құл шамданып қалды. Құлға да бір ауыз сөз деген
осы. Бұл пендешілік дегенді қойсаңшы. Байсарыны 800 алтын
динарға сатып әкеткенде Байбарысты мұнша қорлау не деген

масқара!
Қаланың шеттеу аймағындағы керуен үйдің ауласын-
да жатқанда шекесі тыртық, еңсегей* бойлы, жақ сақалды
дөйқара бір әңгіменің шетін шығарған:

– Нағызы – құл базарында қыпшақ ұл-қыздарының құны

шарықтап-ақ тұр. Құл сатып алушылар көшпелілер жұртының,
әсіресе, оның ішінде қыпшақ жігіттерінің ержүрек, жігер-
лі екенін біледі. Сондықтан да олар соғыс мақсатына қажет
тұтқындарды қолға түсіруге бейімделген. Кезінде Қалауын

атты қыпшақ тұтқынға түсіп, 1000 алтын динарға сатылып,
Алфи* Қалауын аталыпты. Кейін оның қолына билік тиіп, са-
тылатын құлдың бағасы бес мың алтын динарға дейін жеткен
көрінеді...

Байбарыс қатты намыстанды. Көзі оттай жанып, тұла бойы
дірілдеп сала берді. «Мың дирһем» дегенде сол әңгіме есіне
түскен еді.
Сымбатты, кең маңдайлы, сұңғақ бойлы, жауырыны

қақпақтай жігіттің ержүрек жауынгер болатыны сыртқа та-
нылып-ақ тұр. Жүрісі ширақ, денесі шымыр. Тақуа саудагер
де, сатып алушы араб та Байбарыстың бір көзіндегі иненің
жасуындай дақты байқап қалған екен-ау. Жанындағы

* еңсегей – ұзын бойлы, зор денелі.
* алф – арабша мың деген санды білдіреді.

түйедей әскербасы әмірдің құлағына әлденені сыбырлап көзін көрсетіп әлек. – Сегіз жүз дирһемге мен алдым, – деді әмір даусы жер астынан шыққандай гүр етіп. Әлгінде ғана сатып алушысына көз астымен ұрлана қараған Байбарыс оның өзіне сұқтана көз тастап, іштей сүйсініп, жымиғанын байқап қалған. Әмірдің мәмлүгі* сегіз жүз кесек күмісті сатушыға ұсынды. Байбарыс зорлықшы жендеттің тұзағынан құтылды. «Әттең, қалтарыс жерде кездесер болсаң, жер жастандырар едім» деген ойын саудагерге қабағымен танытты. – Қане, аяғы мен қолындағы кісенді шешіңдер, – деп бұйырды әмір. Құл сатушы кісендерді шешіп әуреленіп жатқан кезде ол Байбарысқа: – Басыңды көтер, бері қара! – дейді сол бір гүрілдеген дауысымен. Байбарыс әмірге жалт қарады. Жанарында азаптан құтқарған иесіне деген инабат пен жылылық шуағы маздап тұр. – Есімің кім сенің, қыпшақ жігіті? – Байбарыс. – Енді сен әл-Бундуқдарисың. Менің мәмлүгім боласың. – Құп болады, тақсыр. Хұзіретіңізге құлдық, – деді Байбарыс басын иіп. Ол енді әмірдің бундуқ деген қаруын алып жүретін мәмлүгі еді. Сәлден соң нұғырлар* қағылып, әмірдің жолға шыққанын хабарлады. Оған құлдарды айдаған салт аттылар ілесті. Қаладан ұзай бере Байбарыс созылып келе жатқан осы топқа көз жүгіртіп қарады. Ойда-жоқта Байсарыны көзі шалып қалды. Құрдасын көрген ол да қолын бұлғап, белгі берді. Екеуі де тіл қатысып, сөйлеспеді. Байсарының топ соңында келе жатқан сардардан сескенгенін Байбарыс біле қойды. *мәмлүк – араб тілінде басқа адамның иелігіндегі «ақ құл» деген мағынаны білдіреді. Олар қазақ даласы Еділ, Жайық және Қара теңіз бойындағы моңғол шапқыншылығы мен басқа да соғыстар кезінде тұтқынға түсіп, құнды тауар ретінде сатылған. * нұғырлар – барабан іспеттес аспап.

айбарысты сатып алушы әмірдің есімі Алауддин Айтегін

бин Абдулла әл-Бундуқдари болатын. Байбарыс осы
әмірдің шағын сарайында қызмет ете бастады. Өмір бәріне
үйретеді.
Мысыр жерінде бір Аллаға сыйынған, иелеріне тәу етіп,

қызмет жасаған мәмлүктер жеткілікті еді. Олар ертеден қара
кешке дейін әскери жаттығулар жасап, шыныққан. Себебі іш-
керілей кірген атақты Шыңғыс ханның әскери қосындары қалт
етсе, «шауып алам, қырып салам» деп жаушы жіберуден бір тын-

бады. Мұндайда қас пен көздің арасында өтер қақтығыстарға да
сақадай сай болу – міндет. Уақыт талабы солай.
Байбарыс қыпшақ жеріндегі күнделікті тірлігін араб елін-
де әрі қарай жалғастырды. Аттың бауырына жасырына ша-

уып, күтпеген жерден шабуыл жасау, қарсыласын небір айла-
лармен күйрете жеңу, ер үстінен арқан лақтырып дәл түсіру,
нәтижесінде ат құлағында ойнайтындай дәрежеге жету бұл жер-
де кемшін* екен. Оның үстіне Шам елінде жорыққа қолайлы

асыл тұқымды қыпшақ аттары жоқтың қасы.
Ат – ер қанаты. Бұл қағиданы қыпшақтар берік ұстанған.
Әкесінің әңгімесінен қыпшақ тұлпарларының соғыс даласы-
нан жараланған иелерін алып шығатынын, жаудан қашқанда

құйындай ұшып жеткізбейтінін үнемі еститін. Кезі келсе,
төртаяқтап жата қалып жасырынатынын, қиян-кескі шайқаста
дұшпанының атын тісімен қыршып, алдыңғы аяқтарымен
омақа астырып, иесіне көмектесетінін де білетін. Құлын кезі-

нен өсірген жирен тайын осындай бір ерліктерге баптаймын
деп армандаушы еді. Енді оның бәрі бос қиял. Тақыр жетім,
арабтың алып кел, барып кел жалдамалы мәмлүгі.
Араға біраз уақыт салып, Шам қаласында мәмлүктердің

арасында әскери ойындардан кішігірім дода* өткен. Бұл
жарысқа әмір Айтегін бин Абдулла көп ішінен таңдап, өзінің
мәмлүгі Байбарысты қосты. Жас бозбаланың ержүрек, өжет әрі
Біз – мәмлүктерміз

* кемшін – кемдеу, аздау.
* дода – тартыс, жарыс.

текті екенін кәнігі әмір сатып аларда-ақ байқаған. Кейінде қол
астына келгенде де сырттай бақылап жүрген. Бірақ ешқашан
топ ортасында арқасынан қағып мақтаған емес. Оның да себебі
бар-тын.

Байбарыс
жанқиярлық
еңбекқорлығының
арқасында

тұлғаланып, қайраты бекіп, өнері күннен-күнге өсуде. Ай-
ла-әдісі мол, қимылы ширақ, бойында ұлылық пен еріксіз
құрметтеу сезімін тудыратын айбындылық киесі дамып келе
жатқан жігітке артық мақтан кеудесіне нан пісіріп, кездейсоқ

дарақы мінезге жетелемесіне кім кепіл. Айтегін мұны да ескер-
ді. Байбарыс кейін сұлтан дәрежесіне көтерілгенде әмір Айте-
гінге үлкен құрмет көрсетіп, оны пір тұтты. Себебі ұстазының
бойында азаматтық нышан, адамға деген аяушылық сияқты

дана қасиеттері мол еді.

– Осы жолы аянба. Бар өнеріңді көрсет. Мәмлүктердің

қажыр-қайратын байқауға сұлтан сарайының өкілдері келіп-
ті, – деп ескертті әмір Айтегін.
Бұл қамқорлыққа Байбарыс жанын салып, ұстазының
сенімін ақтауға тырысты. Бала кезінен небір ат ойында-

рымен айналысып, жұмысқа жегілетін қара өгіздей тірлік
етуі, сабырлылығы, айлакерлігі мен ақылдылығы көмекке
келді. Жаттығу алаңында жасөспірім қыпшақ жігіті еш-
кімді шақ келтірмеді. Соңғы шайқас сұлтан уәзірлері ер-

тіп келген мәмлүкпен еді. Бойы ортадан жоғары, жирен
айғырға мінген, атқа отырысына бөтен көз таңданатындай
қаршығадай сұсты жігіт ортаға шыққанда ел ду ете қалды.
Әмір Айтегін өз мәмлүгі үшін қолдан келгеннің бәрін жа-

сап бақты. Ортаға шыққан Байбарысты қараңғы түнде
жалт етіп шыққан айдай десе де болады. Басында зерделен-
ген сәлде, үстінде көк сауыт. Қылышын беліне байлап, най-
засын қолына бекем ұстапты. Бір қолында қалқан. Ойда-

жоқта Байсары:

– Мәмлүктер, алға! – деп дауыстады.

Осы бір рухты көтеріп, намысты оятатын үн Байбарыстың
құлағына жаңғырып естілді. Әкесі жиі айтатын тағы бір әңгіме
есіне түсті.

– Айналайын балам, қыпшақ жұрты жауына туын ұстап,

ұрандап шапқан. Бұл кезде асқақтаған үнді бүкіл дала іліп
әкетіп, тау мен тас жаңғыратын. Көл толқып, теңіз долдана-
тын. Қаптаған жау садақтың жебесіне тап болып, кері қашатын.
Төбе үстінде қыпшақ туы желбірейтін. Міне, балам, ұранның

осындай киесі бар, – дейтін ол. Осындайда көмекке келсін деп
әдейі айтты ма екен?
Көз алды тұманданып кетті. Құдайдың құдіреті шығар. Ке-
нет Байбарыстың құлағына қыпшақ ұраны естілгендей болды.

Ортаға шыққан сұлтан сардары бүлкек желіспен* жақындап келе
жатыр. Жылдам есін жиып алған Байбарыс айғырының тізгінін
тартып еді, ол көкке атылды. Мәмлүктер тағы да ұранға басты.
Ойынның тәртібі – қайткен күнде қарсыластардың бірін-

бірі ат үстінен аударып түсіруі. Ұшы доғал найзамен сайы-
су, жебемен атысу, тіпті шоқпарласу да қарастырылған. Тек
қылыштасып қан шығаруға қатаң тыйым салынған-ды.
Алашапқын жорға мінген еңгезердей мәмлүк тартысты най-

заласумен бастады. Алғаш қалқанмен қағысып, бірін-бірі ала
алмады. Ат үстінде тіресіп, алаңның шаңын аспанға қақты.
Артынша бір-біріне қарсы шабады. Бастапқыда қарсыласын
бұйым көрмей, ат үстінен тоқымдай іліп алмақ болған дөйқара,

жас жігіттің тегеурінін байқап, намыстанып, айқасқа қызбала-
на кірісті. Байбарысқа да керегі осы еді. Сұлтан мәмлүгінің
сілтеген найзасы ауа қармап қалды. Байбарыс бұл сәтте ат ба-
уырына түсіп үлгерген, артынша оқша атылып жанынан өте

берген қарсыласының атына секіріп, арқасына жабысты. Көзді
ашып-жұмғанша дөйқара тулақтай ұшып барып, топыраққа
бұрқ ете түсті. Осы кезде қоршап тұрған мәмлүктердің:

– Мәмлүктер, алға! – деген дауысы естілді.

Атын жетекке алған Байбарыс ұстазының алдына барып,
басын ие тағзым етті. Әмір Алауддин Айтегін бин Абдулла-
Бундуқдари асықпады. Жылы күлімсірей келген ол Байба-
рысты қолынан ұстап, кеудесіне қысуға икемдеді. Майдан

алаңындағы үн маңайды кернеп, алысқа, сонау аспан төріне
ұласып жатты.
* бүлкек желіс – ат жүрісінің бір түрі, жай аяңнан шапшаң жүріс.

айбарыс осы оқиғадан кейін Мысыр мен Шам сұлтаны

Наджмуддин Аюптың назарынан тыс қалмайды. Сұлтан
оны Айтегін биннен сатып алып, өз мәмлүктеріне қосады. Аюп
жасағында қазына есебінен немесе сұлтанның жеке қаржысына
сатып алынған мәмлүктер ерекше топ болып саналған.

Думият шайқасына қатысқан Байбарыс алғашқыда аула
күзетшісі, кейін келе топ бастығы болып тағайындалады. Оның
ақылы мен зеректігін байқаған жаңа иесі жандар* етіп сайлай-
ды. Күн өте Наджмуддин Аюп Байбарысты сарайға алдырады.

Бұл Шам еліндегі өте сирек кездесетін жағдай еді.

– Сен осы күннен бастап әмірсің, – деді Аюп Байбарысқа

топ алдында қадап айтып. – Бұрынғы атыңа енді ас-Салихи ан-
Наджами әл-Аюби есімі қосылады. Әскери мектепте оқисың.
Тәртіпке бағынасың, айыпты болсаң, қатал жазаланасың.
Жауап орнына сұлтан мәмлүгі басын иіп, тізерлей шөгіп,

«Құп болады, тақсыр!» деген ниетін үнсіз білдірді.
Батыр тұлғалы, ержүрек қыпшақ бозбаласының сұлтан
алдындағы осы әрекетіне Наджмуддин Аюп сүйсіне қарады.
«Нағыз қолбасшы шығады» деп түйді ішінен.

Дүниедегі ең жаман күнә – сатқындық. Байбарыс осы бір
ой жетегінде көп дағдарды. Адам-пенденің «мен» дегізетін
іштарлығы небір сорақылықтарға әкеліп соқтырады екен.
Мәмлүктер ортасында да анда-санда ішінара шекісіп қалу

байқалып қалатын. Осындай кездерде топ басшысы ретін-
де Байбарыс дауды адал да қарапайым шешетін. Іштарлыққа
жаны қас еді. Жеме-жемге келгенде кейбір тентектердің
оспадарлығын* басынан асырмайтын. Бұл қайсар да, әділ мі-

незі оның беделін асқақтата түскен. Бірақ Байбарыс бітпейтін
теке тірестің тек мәмлүктер арасында ғана емес, билеушілердің
басында да кездесерін білмеуші еді.
Сұлтан сарайының

маңында
* жандар – хат-хабар дайындайтын қызметші.
* оспадарлық – дөрекі мінез.

– Сұмдық! Масқара! Сатқындық. Бұл нақұрыстардың

кәпірлерге жол көрсетіп, Мансураға алып келуін қара, – деп
дауыстады шекарадан жеткен жаушы.
Арабтар дүние үшін өз елін – Мысырды сатып кетті... Осыдан
бірнеше күн бұрын сұлтан Наджмуддин Аюп өмірден өткен. Бұл

жаңалықты ақшаға сатылған араб қолбасшыларының біреуі
француздарға жеткізеді. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған
крестілер Ніл өзенін жағалап келіп, Мансура қамалына жедел
шабуыл жасаған. Ал кемелері соңдарынан еріп отырған. Бой-

ларын үрей билеген мұсылман әскері қарсылық көрсете алмай,
қаша бастайды. Әскердің бас қолбасшысы әмір Фахруддин
моншаға түсіп жатқан. Күтпеген шабуылдың хабары жетісі-
мен сыртқа шығып, сауытсыз әскерін тәртіпке келтіремін деп

жүріп ол да жау қолынан мерт болады.
Әбігерге түскен осы топты тоқтатқан Байбарыс еді. Қазір ол
дәрежесі өсіп, әскери басшылардың біріне айналған. Ал билік ба-
сында қалған Наджмуддин Аюптың жесірі Шажарадур болды.

Алаңға жалыш* туы әкелініп, дауылпаздар соғылып,
мәмлүк әскері сапқа тұрғызылды. Қолына кішкентай айбалта
ұстаған Байбарыс та алаңға шықты. Мәмлүк әскерінің мың,
тұлып (200 – 400 салт атты), одан кіші бөліктері мұздай қатып

тұр. Он екі мыңдық тұрақты әскерінің ығында тағы да он екі
мыңдық ықтият* жасағы көрінеді. Әсіресе, өз қарамағындағы
төрт мың сардары бәрінен ерекше киініпті.

– Мәмлүктер, алға! – деп дауыстады ол.

Ат тұяғының дүбірі бүкіл алқапты бір сәт толассыз
айқай-шуға бөледі. Жасындай* жарқыраған мәмлүктердің
алдында мұздай құрсанған* крестілердің бойын үрей би-
леді. Олар алғашқы соққыда-ақ баудай түсті. Әп-сәтте франк

жауынгерлерінің 1500-ге жуығы ажал құшты. Бастапқыдағы
сесі ғайып болған француздар Байбарыстың қатты тегеурініне
шыдай алмай кері қашты.
1250 жылдың 27 ақпаны. Соғыс жүріп жатқан мезет.

Мысырға қайтыс болған Аюптың ұлы сұлтан Тураншах кел-
ді. Шажарадур дәстүр бойынша билікті ұлына тапсырды.
* жалыш – әскердің үлкен туы.
* ықтият – қосымша күш.

* жасындай – жай отындай, найзағайдай.
* мұздай құрсанған – тегіс темірден сауыт киген.

Жас сұлтан француз патшасын берілуге мәжбүр етпек болып,
әскери айла қолданады. Алдымен олардың шегінетін жолын
жабу керек. Ол үшін кемелерді бөлшектеп, түйемен тасып,
крестілердің жолын бөгейді. Азық-түлік тиеген кемелерінен

айырылған жау аштыққа ұрынады. Оның үстіне жұқпалы ау-
рулар қосылады. Франк королінің бейбіт келісімге келіп, өздері
басып кірген Думият қаласын қайтарып беруіне тура келеді.
Есесіне Иерусалимді сұрайды. Бірақ бұл талап қабылданбады.

Енді франк әскері түн жамылып шегініп кетуге тырысады.
Қашып бара жатқан олар өте маңызды көпірді өртеп кетуге мән
бермеген еді. Бұл орашолақтықты* пайдаланған мұсылмандар
мен мәмлүк әскері франктарға қапыда соққы береді.

Крестілер 30 мыңдай жауынгерлерінен айырылды. Ат-
көліктері, қару-жарақтары қолға түсті. Бұл мұсылман
әскерінің Ақтай атты жаңа атабегі мен Байбарыстың тікелей
ерліктерінің арқасы еді. Тіпті франк королі Рида Фрэнсис

Льюстің өзі тұтқынға түсіп, оған күніне бес жүз дүре соғылды.
Басы үшін екі жүз мың динар сұралды.
Иерусалимді азат етуге бағытталған жетінші крест жорығы
қыпшақтардың

арқасында
мұсылмандардың
пайдасына
шешілді. Бүкіл дүние уысына түскендей болған Тураншах

теңіз жағасына ағаштан мұнаралар тұрғызып, қолға түскен
крестілердің бастарын шапқызып ілдіріп қойды.
Аюби әулетінің соңғы сұлтаны Тураншахтың ғұмыры да
ұзаққа бармады. Ол кеудемсоқ, өзімшіл билеуші еді. Әулет-

әулет болып бөлініп, бір-бірімен қырқысқан топтың өкілдері
Мысыр билігіндегі Тураншахты қапыда өлтіреді. Бұл іске
Байбарыстың да қатысы бар-тын.
Мысыр елінің жаңа сұлтаны болып Муиззәддин Айбек сайла-

нады. Ол Тураншахқа қарсы қастандық ұйымдастырғандарды
жазалау науқанын бастаған кезде Байбарыс Сирияға қашып
кетуге мәжбүр болады. Бірақ қалай дегенде де қайратымен,
айлалығымен даңқы асқан мәмлүктер араб мемлекетінің

қорғанышы еді. Уақытына сай билік басына олардың өкілі
келуге тиіс-тін. Өмір солай талап етті. Айбек өлтіріліп, таққа
* орашолақтық – іске олақтық.

мәмлүктерден шыққан Мұзаффар Сайфуддин Құтыз сұлтан
отырады.
Аса айлакер, бар қулығы ішінде, көпті көрген әккі* жаңа
тәж иесі оңы мен солына қарап, кімнің дос, кімнің қас екеніне

зер қойып, пайымдады. Моңғолдардың қолына түсе жаздап,
қашып келген Құтыз Хорезм шахтың жиені болатын. Батыс-
та крестілер, қиырда моңғолдар «шықпа жаным, шықпамен»
оңтайлы сәтті күтіп отырған.

Ертеңгісін патша сарайының хабаршысы Сирияға іш-
керілей ену ниетіндегі моңғол билеушісі Хулагудан елшілер
келгенін жеткізеді. Мұндай қауырт кезде келген елшілер тура-
лы хабарды естіген Құтыз жайсыз түстен шошынғандай селк

ете қалды. Елшілердің қолында қомақты хат бар екен.
Басын иіп сәлем берген тұлымды* моңғол әкелгенін Құтызға
ұсынды. Билік басындағылар өзара күбірлесе қалған. Хатты
көмекшісінің біріне оқытып тұрған сұлтанның қабағы жауар

бұлттай түнергенін сарайдағылар бірден байқады.
Хатта: «Шығыс пен Батысқа қанат жайған патшалардың
патшасы – Ұлы ханның, жерді жаратып, көкті тұрғызған
жаратушының атынан! Қылышымыздан осы өңірге қашып

келген, оның байлығына масайрап, сұлтанын өлтірген
жеңімпаз мәлік Құтыз бен мемлекет әмірлері, Мысыр жерлері
мен оның маңындағы жерлердің тұрғындары біздің Тәңірдің
қаһарынан жаратылған жердегі жауынгерлер екенімізді біл-

сін. Ұлы ханға бас игендерге ғана бостандық береміз. Сен-
дер біздің қаталдығымыздан құтылу үшін басқалардан сабақ
алыңдар. Сырларың ашылмай тұрғанда тәубеге келіңдер, бізге
беріліңдер!» – деп жазылған еді. Құтыз елшілерге хат жауа-

бын кешіктіріп береді. Алдымен Сириядағы Байбарысқа өзіне
қосылуын сұранып, хабаршы жібереді.
1260 жылы Байбарыс жанындағы әмірлерімен бірге Каир-
ге келіп кіреді. Сұлтан Құтыз қыпшақ Байбарысты аса қадірлі

меймандар тоқтайтын уәзірлер үйіне түсіріп, үлкен құрмет
көрсетеді. Әскербасы етіп тағайындайды. Асқан мырзалықпен
Байбарысқа Қалиюб жерін толық иелікке береді.
* әккі – тіс қаққан, тәжірибелі, айлакер, қу.

* тұлым – өруге келмейтін әдейі қалдырылған шаш.

Екеуінің жолы бір арнаға тоғысты. Өйткені олардың бүкіл
саналы өмірінің мақсаты моңғолдардан ата кегін алу еді. Бай-
барыс сияқты ержүрек, айлалы қолбасшыны тапқан Құтыз
Хулагуге қарсы шайқасқа шығуға шешім қабылдап, жиһад*

соғысын жариялайды. Хат алып келген моңғол елшілерінің он
төртін өлтіріп, араларындағы бір баланы ғана аяп аман алып
қалады. Елшілердің бастарын ел көрсін деген оймен қадаға
қадап, қала көшелерімен алып жүреді де, Каир қаласының

қақпасына ілдіріп қояды.
* жиһад – дін жолындағы соғыс.

та жауларынан кек алуды көптен бері армандап жүрген

Байбарыс бұл іске құлшына кірісті. Ол өз тағдырының туталақайын шығарып, туған-туысынан, әке-шешесінен, кіндік кесіп, кір жуған жерінен айырған басқыншыларға аса кекті еді. Алдымен Байбарыс өз қарамағына әскер сапына құлдыққа сатылған қыпшақ жігіттерін жинады. Мұсылман жауынгерлерін «нымша» деп аталатын қайқы қанжармен, «табар» деп аталатын айбалтамен, ұзын, қысқа, жалпақ, жіңішке және тағы басқа сан қилы қылыш түрлерімен, басына темір тіс орнатылған шоқпармен қаруландырды. Тұтқын қыпшақмәмлүктер болса, өздерімен бірге үш қырлы шағын жебелер, қорамсақ, қанжар, пышақ, балта, найзаның бұл жерлерге белгісіз түрлерін алып келген еді. Тамыз айында мұсылман әскері мәмлүктер жасақтармен бірігіп, Мысырдан шықты. Байбарыс бастаған қол алда жүріп отырды. Олар із тастап, жауды шатыстыра отырып, моңғол жасағының алғы шептегі әскерімен кездесіп, олардың тас-талқанын шығарады. Бұл жеңіс моңғолдар алдындағы қорқыныш бұлтын сейілтіп, мұсылман әскерін рухтандыра түсті. «Жеңілмейтін әскер» деген дақпыртты жоққа шығарды. Қара дауылдың беті осылайша қайтқанымен, моңғол қолының толық жеңілуі үшін әлі біраз уақыт бар еді. Құтыз сұлтан мен Байбарыстың қарамағындағы жауынгер саны шамамен 40 мың болды. Шайқас Палестинадағы Назерет қаласының маңындағы Айн Жалут мекенінде өтті. Шайқас алдында Байбарыс мәмлүк әскерінің сол қанатын, әмір Бахадур оң қанатын, Құтыз сұлтан әскердің негізгі қосынын бастайтын болып келіседі. Әскер басшылары арасында моңғол қолбасшысы ноян* Кетбұқаның беделі өте мықты еді. Оның ерлігі туралы аңыз Жиһангер әскердің тұңғыш жеңілісі * ноян – моңғолия мен жоңғар қалмақтары әскерлерінің ішіндегі басшы адам, ақсүйек, феодал.

халық аузында жиі айтылатын. Кетбұқаның батырлығы мен ісі
әрдайым жоғары бағаланып, айтқан сөздері есепке алынып оты-
ратын. Кетбұқа батыл, бекіністерді алуда, шабуыл жасауда нағыз
ержүрек соғыс шебері болған. Моңғол ханы Хулагу оған толық

сенетін. Ешқашан қарсы келмейтін, сөзін жерге тастамайтын.
Иә, сонымен, Шамнан Құтыз бастаған жасақтың
шыққанын, француздарды мазақ қылған атабек
Байбарыс сұлтанның барын тыңшыларынан

естіген ноян Кетбұқа әскербасшыларын
жинап, жергілікті

әмірлерімен ақылдасады. Олардың бірі бас билеуші Хулагу
ханнан қосымша күш алдырту қажет десе, келесі біреулері
бар жасақпен Құтыз әскерін қарсы алу керек дейді. Дегенмен
шешімді Кетбұқаның өзі қабылдады.

Ноян Кетбұқа әскері он мыңнан асып жығылатын. Оған Ху-
лагу әскерінің құрамындағы Киликия армяндарының патша-
сы Хетум мен оның күйеу баласы, Антиохия билеушісі Боэмун
басқарған 4 мыңға жуық армян, грузин жасақтары көмектесетін

болды. Уақыт қысылтаяң. Әрі Хулагу да бұл соғысқа аса мән
беріп отыр. Ерлік рухымен, батырлығымен аты шыққан Кетбұқа
бас кезінде мұсылмандарға қарсы өз әскерімен ғана шығатын
болып шешілді. Хулагу хан батырынан тек жеңіс күтті. Бұл

әлемді дүр сілкіндірген шайқас болды.
1260 жыл. Қыркүйек айының 3-ші жұлдызы. Шайқас
алдындағы кезең. Таң сәріде екі әскер бір-біріне жақын келді.
Жер дүрсілдеткен жылқы тұяғы, жүзінде от ойнаған қылыш,

үкілі найза, шаңы аспанға көтерілген дала. Төсінің қанға
бөгерін білгендей, жел ұйытқып, мазасыздана түскен табиғат.
Қарсыластар бір-біріне кектесіп, өлім мен өмір үшін айқасуға
дайындалуда.

Моңғол әдеті бойынша екі қолына екі қылыш ұстаған
Кетбұқа ноян әскерінің алдына ақбоз ат мініп шықты. Қарсы
жақтан шұбар ат мінген сұлтан Құтыз көрінді. Керней тар-
тылып, соғысуға белгі берілді. Осы сәтте бір оқыс оқиға бол-

ды...
Құтыз сұлтан елшілермен бірге келіп, жалғыз ғана тірі
қалған баланы мәмлүктер тобына қосқан-ды. Шайқас басталмас
бұрын қолына садақ ұстап, қанын ішіне тартып тұрған моңғол

балғынының ойында не барын кім білген. Аласапыран сәтті
пайдаланып, кекшіл бала жауына ұмтылған Құтызды желке
тұсынан атып қалады. Мұны байқаған айналасындағылар сол
сәтте опасызды қылышпен қиып түсіреді. Періштесі қақты ма,

жебе Құтыздың атына тиіп, өзі жерге құлап түседі.
Моңғолдардың ұранына мәмлүктер өз ұранымен жауап
қайырды. Кетбұқа садақшылары алға шығып, Құтыз бастаған
қолға қарай сан мыңдаған оқ жаудырды. Ал мәмлүктерді соңына

ертіп шыққан Байбарыс бұған қарамастан қас дұшпанына жол-
барыстай атылды. Қиян-кескі шайқас басталып кетті.
Ұрыс алаңы жан түршіктірер даңғаза шуға ұласты. Кенет
мәмлүк әскерінің оң қанаты артқа шегіне бастайды. Бұл Құтыздың

алдын ала келісілген жоспары еді. Мұсылмандар қашты деп ұққан
моңғолдар атой сап алға ұмтылады. Байбарыс мәмлүктері бол-
са, сол қанатта ешқайда жылжымай тіресіп тұрып алады. Бұлар
да шегінеді деп ойлаған Кетбұқа бастаған қол енді сол қанатты

қоршауға алады. Нәтижесінде
моңғол жасақтары қалай екіге
бөлінгенін аңдамай қалады.
Осы сәтте шегініп бара

жатқан оң қанат әскерлері

ширақ қимылдап, моңғолдардың орта тұсы мен сол қанатын
ығыстыра бастайды. Әмір Бахадур атты жасақтарымен жаудың
сол қанатын орады. Ұрыс барысында Кетбұқа әскері қоршауда
қалып, жеңіліске ұшырайды. Моңғолдардың арасынан құтылып

кеткендері аз. Олардың жаяу жасақтарын мәмлүктің атты әскері
қуып жүріп жояды.
Мұсылмандар жеңіс тойын тойлады. Құтыз атынан түсіп,
намазға жығылды. Жауды жеңіп, аталарының кегін қайтаруға

күш берген Құдайға ризашылығын білдіріп жатыр.
Байбарыс болса, Құтыздан бұрын Дамаскіге кіріп, тұтқынға
түскен мұсылмандарды құтқарып алады. Соңғы жауынгері
қалғанша соғысқан Кетбұқа аттан құлап, қолға түседі. «Көп

асқанға бір тосқан» деген осы.
Ертеңгісін Каир билеушісі Құтыз сұлтанның алдына тұтқын
Кетбұқа әкелінеді. Бірақ ноян қанына сіңген әдетімен ешкімге
бас имеді. Қабағынан қар жауған моңғол әскербасы жеңушісіне

қасқая қарап тұр.

– Жазықсыз адамдардың қанын төгіп, ұлы батырларды,

ақсүйек отбасыларды жалған уәдеңмен тойдырған сұм ноян,
ақыры қолға түстің бе? Көп жортып ең, ақыры өзің де қақпанға
іліндің! – деді Құтыз Кетбұқаға зіркілдей үн қатып.

– Маған олай жала жаппа, Құтыз! Егер мен сенің қолыңнан

ажал тапсам, ажалым сенен емес, Жаратқан иемнен деп ұғамын.
Уақытша жеңіспен өзіңді алдама. Менің өлімім туралы хабар
Хулагу ханға жетісімен моңғол әскерлері теңіздей буырқанып,
Әзірбайжаннан Мысыр қақпаларына дейінгі жерлерді таптап

шығады. Мен туғанымнан ханның құлымын, сен секілді иемді
өлтіріп билікке ұмтылған жоқпын, – деді Кетбұқа қасарысып.

– Өлтіретін болсаң, мойным міне. Бірақ Кетбұқа мына тұрған

құлдың алдына жығылып, басына сауға сұрар деп ешқашан
дәмеленбе!..
Сөз аяқталмады. Дайын тұрған жандайшап батырдың сөзін
бітіртпей, сұлтан Құтыздың ымымен қылышын жарқ еткіз-

ді. Сол күні моңғол ноянының басы найзаға шаншылып, Каир
көшелеріндегі қақпалардың біріне ілінді. Бұл Құтыз сұлтанның

оңғолдарды жеңген Құтыз сұлтанның мерейі өскенмен,

дау оты лаулап қоя берді. Жауынан түскен мол олжа-
ны бөлісерде Байбарыс екеуінің арасында іштей кикілжің
басталған. Қалай дегенмен де, бұл жеңіс пен ойып тұрып алатын
олжаның иесі мәмлүктер еді. Қаншама боздақ қан майданда ер-

лік көрсетіп өлім құшты. Оның өтемі бала-шағасына берілуі ке-
рек болатын. Рас, «жау жар астында, бөрі бөрік астында» кезін-
де Байбарыс Құтыздың өзі сияқты мәмлүктігін сыйлап көмекке
келді... Ниеті адал еді, сондықтан да кешегі күні өзімен бірге

әскери мектепте оқып, бірге шыныққан достарын бастап жауға
болаттай бекініп, жұдырықтай жұмылып қарсы шықты.
Енді кеп Құтыздың оларды олжадан бөліп тастағаны дұрыс
па? Бұл туралы Байбарыс Құтызға да айтып көрген. Бірақ әмір

оны жүре тыңдап, жолдастарының алдында ұятқа қалдырды.
Дүние – көздің құрты ғана, ал қиын-қыстау кезде тірек болар
достарды табу қиын.
Байбарыс түнімен көз ілмей, ары-бері дөңбекшіп ойла-

нып шығады. Ақыры алдағы істің жоспары жасалып, өлшеп
пішіледі.
Құтыз сұлтанның бір саусағы ішіне бүгулі еді. Байбарыстың
аты шығып, мәмлүктер арасында үлкен беделге ие болып ке-

те ме деп қорқатын. Олай болса, оңтайлы сәтті пайдаланып,
Байбарысқа қастандық жасап өлтірте салуы да ғажап емес.
Одан бәрін күтуге болады.
Опасыздар бұл дүниеде жетіп жатыр. Жау жағадан алса,

оның көзін құрту керек. Қайтіп? Қалай? Мұндайда аса сақтық
қажет. Кешегі күнгі жеңіс Құтыздың мерейін өсіріп, беделін
ұлғайтты.
Байбарыс енді кезінде ауыр тұрмысты бірге бастан өткеріп,

қазір әмір атанған достарымен кеңесуді ұйғарды. Құтыз еш-
Біреуге ор қазсаң, өзің
түсесің

кімді аямайды, күндердің күнінде кез келгенінің мерт болуы
мүмкін. Құтыздың бұларды олжадан бөлектеуі тегіннен-тегін
емес...
Ақыры, Байбарыс бастаған топ бір шешімге келді. Бәйгеге

бастарын тіккен Әмір Илмуддин Анас, әмір Илмуддин Санг-
лы, Сейфуддин Балапан, Байбарыс – бәрі уәделесіп, Құтыздың
көзін жою керек деп шешті.
Бір күні қастандық жасаудың оңтайлы сәті түсті. Бұл қазан

айының 22-нші жұлдызы еді. Құтыз сұлтан Шам мен Мысыр
ортасындағы Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Қусаир
деген жерге тізгін тартады. Бұған дейін Шамдағы істерді
тәртіпке келтіріп, Санжар есімді әмірді найб етіп сайлаған ел

билеушісінің көңілі тоқ.
Күзетші серіктерін Мысырға аттандырып жіберіп, бір уақыт
тыныс алған Құтыздың қаперінде ештеңе жоқ. Қасындағыла-
рын тек соғыста қылыш сілтеудің ғана құдайы деп ұққан мен-

мен ой оған ойламаған жерден опық жегізді. Өлімге себепші
көп. Жақын маңдағы қалың бұталардың арасынан кенет бір
қоян сытылып шығып, қаша жөнелді. Көңілі онсыз да көтеріңкі
сұлтан ат басын жіберіп, дала тағысын қуып ұзап кете барады.

Уәделесіп шыққан топқа керегі де осы сәт. Қоянды ұстап,
мәз болған ел билеушісінен Байбарыс әлдебір мәмлүк басшы-
сына кешірім беруін өтінеді. Құтыз Байбарыстың меселін*
қайтармады. Әскер басшысы ежелгі әдетпен оның қолын сүюге

әрекеттенген еді, сол кезде әмір Илмуддин Анас арттан келіп,
Құтызға қылыш сілтейді. Байбарысқа адалдығын білдірмек
болған қасындағылар да «жығылғанға жұдырық» дегендей,
оны садақ оғымен атқылап жатыр.

Аздан соң қылыштарын жалаң ұстаған, көздегеніне жеткен
топ сұлтан сарайына қарай бет алады. Оларды жолай Байба-
рыспен бірге француздарға қарсы соғысқа қатысқан мұсылман
әскерінің атабегі Ақтай қарсы алады. Ол да Құтызға іштей

наразылығын білдіріп жүрген. Байбарыс серігіне болған істі
жасырмай баяндап береді.
Шын мәнінде Құтыздың өліміне жол ашып берген
сұлтанның өзі еді. Кезінде Айбектің жасөспірім баласын тақтан

* месел – көңіл, пейіл, ниет.

тайдырып билікке ие болған ол әмірлер алдында: «Менің ойым
моңғолдарға қарсы күш жұмылдыру. Бұл істі тәжірибелі пат-
шасыз орындау мүмкін емес. Егер қарсы шығып жеңіске жетер
болсақ, шешім сендерден. Сұлтандыққа кімді қаласаңдар, соны

қоясыңдар», – деп ақталған болатын. Бірақ уәдесінде тұрмай,
тайып кетті. Көпті көрген Ақтай болашақ Египет билеушісінен
ақыл сөзін аянып қалған жоқ:

– Әркімнің өзінің мақсат-мүддесі бар. Құтыз сұлтанды

қамалдағы уәзірлер әскерімен бірге десе, әскері оны әмірлермен
бірге болар деп жорамалдайды. Қалай дегенде де сұлтан са-
райына ертерек жетіп, бар шындықты айту керек. Онсыз таққа
жету бос қиял, – деген.

Қамалға кеткен нөкерлерінен бұрын жету үшін Байбарыс
түн жамылып өзінің жақтастарымен бірге Мысырға қарай жол
тартады. Шаян шоқжұлдызы туып, ай шолпан жұлдызының
үшбұрышында тұрған кезде олар қалаға келіп жетеді.

Сарайға, алдымен, әмір Айтемір барып, ондағы Құтыздың
уәзірлерімен келіссөз жүргізеді. Әңгіме барысында Байбарыс-
тың ақылдылығын, батырлығын тілге тиек етеді. Діншілдігі
мен сенімділігін, тек шындықпен ғана жүретін қасиеттерін

көлденең тартып, оған бағынуын өтінеді. Құтыз-дың қаза
тапқанын, жауынгерлер жиналып, Байбарысқа ант бергенін
де жасырмайды. Ақыры аз-кем ақылдасқан олар қамал мен
қазынаны жаңа сұлтанға тапсырып, адалдықтарын білдіріп,

ант беруге бел буады. Оның қағазға жазылған нұсқасын әмір
Айтемір сырттағы Байбарысқа жолдайды.
Міне, енді әмір Байбарыс хижраның* 658-жылы зу-л-хид-
жа* айының он тоғызы, дүйсенбі күні, яғни 1260 жылдың

23-інші қазанында кешке таман қамалға кеп кіріп, сұлтан
тағына отырады. Бұл кезде Байбарыс отыз бес жаста болатын.
Тұтқын-қыпшақ атанып, қиян-кескіні бастан өткеріп, ерлігі
мен ақылдылығының арқасында ел билеп, бөтен жерде сұлтан

дәрежесіне дейін көтеріліп, дүние кешкен Байбарыстың ал-
дында әлі де аспаған асу-белдер жатыр.
* хижра – мұсылман жыл санауы.
* зу-л-хиджа – қазан айы.

ешегі қыпшақ баласы, бүгін Мысыр елінің сұлтаны Бай-

барыс билік тағына отырды. Бұл жөнінде Химс, Хама,
Сихиди, Моусил, Алеппо және барлық мұсылман иеліктерін-
дегі қалалар мен қамалдардың әмірлеріне хабар жіберілді.
Жан-жағын қоршаған уәзірлер мен әмірлерден бір сәт

арылған мезетте сұлтан шатырына ешкімді кіргізбей, өз
қабырғасымен кеңесетін.
Он жасында ма екен, әкесі екеуі қыпшақ жұртында
ханның таққа отыруын көргені бар. Бұл бір керемет салтанат

еді. Жұрт қуанышты көңілмен қолдап, қолпаштап, болашақ
ел билеушісін аппақ киіздің ортасына отырғызды. Атақты
төрт рудың басшылары киіздің төртбұрышынан ұстап күн
бағытымен тоғыз рет алып жүріп, ханды үш рет жерден биік

көтерді. Бұл сәтте қоршаған жұрт «Хан! Хан! Хан!» деп үш
рет дауыстаған. Дүниенің де, киіздің де төртбұрыш екенін
білетін қыпшақтардың дәстүрі бойынша «Хан, сен билеушісің.
Халықтың күш-қайраты, жастық жалыны, аман-саулығы

сенің қолыңда. Соны білгейсің» дегені еді.
Киіз мол байлық пен тұтасқан бірліктің нышаны болып са-
налды. Киіздің ақтығы – билеушінің халқына деген ақ ниетінің
белгісі. Әрбір ана өз нәрестесін тоғыз ай көтереді, міне, хан да

жаңадан туды дегенді аңғартып, ханды тоғыз рет күн бағытымен
алға алып жүреді екен. Қыпшақ бабаларының ұғымы бойынша
хан мерт болса, дүниеге қасірет келеді. Бала-шаға шетінеп, мал
жұтайды. Табиғат-Ана күйзеліске ұшырайды. Қас дұшпандар

қуанады. Ал жаңа ханды күн бағытымен алып жүрсе, ол бар
дүниеден күш-қайрат жинап, толысып, елге дұрыс билік ай-
тып, ақыл мен дананың дариясына айналады дескен.
Ханды үш рет жерден көтеріп алып жүру – Хан жер асты

дүниесінде, жер үстінде, аспан әлемінде болып, өзінің ата-баба-
Қыпшақ Байбарыс
сұлтан

ларымен қауышады, олар жас билеушіге елді әділетті билеудің
жол нұсқасын айтып, ақыл-кеңестерін береді дегені.
Жиналған жұрттың «Хан» деп үш рет дауыстағаны – ата-
бабаларының алдында өз билеушісін дұрыс сайлағанын біл-

діру рәсімі. Ақ киізді жерге қойған сәтте жұрт ырымдап, хан
шапанына қол тигізіп өтуге тырысады. Мұндайда олар не-
бір қайғы-қасіреттен құтылып, бақытқа кенеледі деп сенген.
Қыпшақтарда хан Құдайдың жердегі өкілі ретінде есептел-

ген. Әлдекімнің қолына хан киімінің бір үзік жібі түссе – ол
әулеттің құты саналып, қасиетті жерге сақталады.
Сұлтанды таққа отырғызу салтанатының соңы үлкен
мерекеге ұласқан. Қымыз теңіздей боп құйылып, ет толы

қазандардың оты өшпейтін. Неғұрлым ас көп желініп, қымыз
көбірек ішілсе, жаңа билеуші тұсында да тек молшылық болады
деп жорамалдаған. Той кезінде ат жарысып, балуандар сайысы
өткізіліп, ән шырқалған. Жүлдегерлерге қымбат сыйлықтар

ұсынылған. Әкесі Байбарысқа осы бір салт-дәстүрді бүге-ші-
гесіне дейін талдап, тәптіштеп түсіндіріп еді.

– Бұл қыпшақ даласы емес, араб елі, Мысыр мемлекеті, –

деп күлді Байбарыс өз ойын өзі бөгеп.

– Ал оның билеушісі кім? – деді тағы өзіне сұрақ қойып.

– Қыпшақ баласы, сұлтан Байбарыс. Олай болса, ел билеу-

шісінің айтқаны болады. Тек қара қылды қақ жарған әділдік
керек. Жауыңа қатал, жұртыңа адал бол... – деп өзіне-өзі жа-
уап береді.

сы күннен бастап Байбарыс сұлтан өзіне берген сертін

орындай бастайды. Таққа отырысымен-ақ әр адам ба-
сынан бір динардан жиналатын соғыс салығын жояды. Бас
бостандықтарынан айырылып, түрмеде жатқан арабтарға
да, күрдтерге де, мәмлүктерге де жарлық шығарып, кешірім

жариялап, бостандыққа шығарады. Құтыз сұлтан тұсында
қамал абақтысына түскен Айбек сұлтанның балаларын

– үлкен ұлы Әли мен кіші ұлы Қақанды аналарымен бірге

азат етіп, Византия императорлығының астанасы Констан-
тинопольге жібереді. «Жақсылыққа жақсылық» демекші,
өзінің билік тағына отыруына септігін тигізгендерді мемле-
кеттік маңызды мансаптарға тағайындайды. Олар: әскери

қолбасшы – Әмір Фарисуддин Ақтай-атабек, бас дауадар*

– Әмір Лашын ад-Дарфил, екінші дауадар – әмір Балапан ар-

Рашиди, бас әмір – Баһауддин Яқуб аш-Шаһрузури, жаман-
дар* – әмір Айбек әл-Афрам.
Байбарыс сонымен қатар қаған тұқымы әмір Бадруддин
Байсары аш-Шамси, әмір Бектұт Жукандар, әмір Байтуған

(Самм әл-Маут – өлім уы деген атпен белгілі болған), әмір Унус
әл-Исфаһанилерге мыңбасылық дәрежелер берді. Әмір Рукнуд-
дин Айашы мен әмір Сайфуддин Бекшора Байбарыс сұлтанның
бірінші және екінші хаджибтері*, әмір Аққұш (Аққұс) ұстадар*

сайланды.
Байбарыстың билігі орнығып, қуаты артты. Сұлтанның
ең сенімді адамы – әмір Білік. Оны өзінің бас найбы етіп
тағайындайды. Білік тіпті кейбір мәселелер жөнінде өз бетімен

шешім қабылдай беретін дәрежеге де жеткен. Жер иеліктерін
тарату, мансаптарға тағайындау және басқа да мемлекеттік іс-
терде оның қолынан ешкім қақпаған.
Әскери тәртіп

* дауадар – сұлтан емшісі, емшілердің басшысы.
* жамандар – сұлтанның алдына адамдарды кіргізуге рұқсат беруші.
* хаджиб – уәзір.
* ұстадар – ұсталардың басшысы.

Мемлекеттің қуаты әскер күшінде. Байбарыс сұлтан
қыпшақ әскері мен араб әскерін салыстыра отырып, жақсысын
қабылдаған. Әсіресе, жауынгер көшпелілердің жасақ жүйесін
артық көрді.

Жалышты биік жерге көтерген соң дауылпаздар соғылып,
туды аса құрмет тұтушы сарбаздар сапқа тұрғызылды. Жалпы
әскерлер түмендерге бөлінді. Оларға рух беруші музыканттар
тобы енді үнемі ілесіп жүруге қалыптасты.

Әскер сұлтанға бағынды. Жасақ мәселесімен Каир
қаласының қамалында орналасқан Диуан Алджейш атала-
тын бүлік жүйесі айналысты. Диуан екі бөлімнен тұрды.
Бірі Шамда орналасқан әскерлердің, екіншісі Мысыр

қамалында орын тепкен мәмлүк әскерлерінің мұқтажын
орындап, олардың жалақыларын берумен айналысты. Оны
мемлекет қадағалап отырды. Әмірлер міндетті түрде өзінің
мәмлүктерімен бірге тамақтанатын болған. Белгілі бір

әмірдің қол астындағы мәмлүктің келесі бір әмірге өз еркі-
мен кетуіне тыйым салынды.
Жасақ диуанының шығыны сұлтан тарапынан әмірлерге,
мәмлүктерге берілетін жер иеліктерінен түсетін табыс арқылы

өтелді. Әдетте, сұлтандар мен олардың найбтары қызметтеріне
қарай өзінің әмірлеріне, мәмлүктеріне үлкенді-кішілі жер
бөліктерін тарататын еді. Жер үлестіру салтанатты жағдайда
өтетін. Ол қол астындағыларды ынталандыру үшін жүргізілетін

маңызды шара болып саналған.
Сұлтан мен әмірлер жібек көрпелердің үстінде отырады.
Диуан хатшысы жер иелігін беруге ұсынылған әмірлердің аты-
жөндерін оқиды. Сұлтан қажет деп тапқандарына келісімін

беріп, қол қоятын. Ал қатардағы мәмлүктерге жерді өз әмірлері
бөлген. Онда да жалпы тиесілі иеліктің үштен бірі әмірге
қалдырылып, қалғаны мәмлүктерге берілген. Мәмлүктерге
жерді кейде сұлтанның өзі де үлестіретін. Егер әмір қол

астындағы мәмлүктің жерін өзіне алғысы келсе, міндетті
түрде сұлтанға жүгінген. Алайда көптеген жағдайда әмірлер
қолында бар иеліктерінен айырылып қалатын еді. Бұл жерде
дәрежесіне қарамай, әділеттік жеңетін.

Үкімет мәмлүктердің мансабына қарай кіріс көлемін
анықтап отырды. Мәселен, ірі иеліктері бар әмірлердің кірісі
жылына 200000 мен 80000 динар арасы, орта дәрежелердікі
30000 мен 23000 динар, төмендегілердікі 7000 динар болып бел-

гіленді. Ал қатардағы мәмлүктердің кірісі 1500 бен 2500 динар
арасы еді. Әмірлер мен мәмлүктерге бөлінетін бұл қаржы мін-
детті түрде жер иеліктерінен түсуі шарт емес болатын.
Жасы жеткен әмірлер мен мәмлүктерге зейнетақы төленіп

отырды. Олар оны арнайы Сұлтан жарлығымен жер иелігі
сияқты заттай емес, ақшадай алды.
Мәмлүктер мен мәмлүк әмірлері жер иеліктерімен қоса
мемлекет тарапынан басқадай да қаржымен толық қамтамасыз

етілді. Оларға күн сайын белгілі бір мөлшерде ет, нан, май, ба-
лауыз* және қант бөлініп тұрды. Еттің жылқы еті болуы мін-
деттелді және ол күнделікті беріліп тұрды.
Әмірлер мен қатардағы жауынгерлер мейрамдарда әр түрлі

сый-ақылар алып тұрды. Үкімет ел болашағын ойлап әскер
қатарындағы адамдардың отбасында дүниеге келген нәресте
үшін арнайы жәрдемақы беруді де ұмытқан жоқ.
Ішкі жарғы бойынша мәмлүктердің жинақы әрі таза жүруі

қадағаланып отырған. Ақша бөлініп, олар киім-кешекпен
қамтамасыз етілген.
Мәмлүк әскерін басқаратын әмірлер онбасы, жүзбасы,
мыңбасы және атабек деп аталды. Атқарған қызметі мен

қабілетіне қарай сатылап өсіп отырды. Бұл орайда сұлтан са-
райында шен алған мәмлүктің құрметіне арнап әмірлер сыйлық
ұсынып, ас берген. Ал әскербасшылар өз қарамағындағылар-
дың дайындығына басымен жауап берген.

* балауыз – араның безінен бөлінетін қатты зат, шырақ ретінде
қолданған.

әмлүктер бастарына теріден жасалған дулыға, қолдарына

темір немесе терімен қапталған ағаш қалқан ұстап,
үстілеріне бүкіл денесін жабатын сауыт киген. Қатардағы
мәмлүктер басына сәлдесіз тақия, мақта көйлек, үнді матасынан
жасалған жұқа шапан, тобығына дейін түсетін, жібектен тігілген

ақ, көк, қызыл қаба шапан, кейбірі ұзын жең қалың шапан ки-
ген. Белдерін қалың мақтадан жасалған белбеумен байлаған. Оң
жамбасына сулық (үлкен қоржын) ілген.
Әмірлердің киім киісі өзгеше еді. Көйлектің үстінен етегі

қысқа, жеңі шолақ қос шапан, жазда ақ түсті, қыста түрлі-түсті
киім киіп, кемер белбеу таққан. Қымбат маталардан тігілген
киімдерге әуес болған. Гауһар тастармен безендірілген алтын
немесе күміс белбеу байлауды ұмытпаған.

Негізінен, мәмлүктер сақал-мұрт қойған. Желкелеріне
қызыл, көк жібек қосып өрілген тұлым қалдыратын болған.
Аяқтарына мәсі, сыртынан кебіс киген.
Байбарыс сұлтан әскер тәртібімен қоса, қару-жарақ жасау

ісіне де аса мән берді. Қалай болған жағдайда да қоймалардың
қарусыз бос қалмауын қадағалады. Атақты Дамаск болатынан
жасалған құрыш қарулар Каир қоймаларында сақталды. Қару-
жарақ қоймасы әскердің бас қолбасшысы – атабектің тікелей

қарамағында болуы бұл мансаптың қаншалықты маңызды
екенін білдіреді.
Қыпшақтар садақтардың неше түрін пайдаланған. Олардың
аяқ садағын көріп, арабтар таң қалған-ды. Мұны кейіннен

қолданған еуропалықтар оны арбалет деп атап кеткен.
Садақ атудан мәмлүк-қыпшақтар ешкімді теңгермеді. Бір
атқанда жеті оқты жауына бірден бағыттау әдісі де керемет
еді. Сонымен қатар манжаник – тас ататын қондырғылары

пайдаланылған. Жорық кезінде олар бөлшектеніп, өгіздерге
артылып тасылған.
Мәмлүктердің тұрмысы

Мәмлүктер жаудың үстіне у, от-шоқ шашып, манжаникпен
жанған мұнайды лақтырып, садақпен шала* атып, қамалдарды
өртеу тәсілдерін де қолданған.
Шайқас алдында сұлтанның басшылығымен әскер атабегі,

халифа*, ислам діні – төрт мазһабының* қазылары, жалпы са-
ны жиырма төртке жететін жүзбасы әмірлерінің қатысуымен
әскери кеңес өткізілетін. Жиынның мақсаты шайқас алдын-
да-ғы мемлекеттік тұлғалардың көзқарасын біліп, соғысқа

кірудің заңды негіздерін жасау болған. Соғысқа қажетті
шығындарды өтеу мәселелері де шешілген.
Шабуыл барысында өзара қимылды үйлестіруге ерекше
мән берілген. Байбарыс жеке адам қасиетін жоғары бағалап,

мәмлүктердің шешуші рөл атқаратынына да баса назар аударған.
Барлық әмірлермен жеке-жеке сөйлесіп, әскер бөлімдерінің хал-
жағдайы туралы жиі хабар алып тұратын болған.
Қысылтаяң кезде түлкіден қу, мысықтан алғыр, тасбақадан

сақ, оңтайы келгенде қаршығадан жылдам жауынгерлер ғана
нағыз мәмлүк деп есептелген. Мәмлүктер бір-бірінің намысы-
на тимеген. Әскерге жарамсыздарын қорламаған, кемшілігін
айтып, ел алдында масқараламаған.

Қолбасшы – соғыстағы ең басты тұлға. Сондықтан оның
жүріс-тұрысына да қатты көңіл бөлінген. Мәселен, жылқы,
қару-жарақ немесе кітап базарларында жүру ерсі саналған. Ал
әскери дайындықтарға байланысты өткізілетін жаттығулар

мен ойындарға әмірлер мәмлүктермен бірге қатысқан.
Байбарыс та ат ойындары десе, ішкен асын жерге қоятын.
Әсіресе, арасына сүйек салып домаланып тігілген теріні қайқы
ағашпен қақпаға кіргізу ойыны өзіне аса ұнайтын. Ойын ашық

алаңда көгалды жерде өтетін.
Ойынды бастау үшін атқа мінген сарбаздар екі топқа бөлініп,
белгіленген жерде сап түзеп тұрады. Берілген белгіден кейін
сүйектен жасалған тығырықты қуып, шаба жөнеледі. Қақпаға

теріні қай топтың ойыншысы кіргізсе, сол топ жеңіске жетеді.
Ат ойындарының небір түрін қыпшақ жігіттері аса
қызығушылықпен ойнайтын. Байбарыс та аптасына екі рет
әмірлерімен алаңға шығып тұратын. Оның үстіне, осы ойын

* шала – отынның толық жанып бітпеген қалдығы.
* халифа – діни ұғымда жоғары білімді шәкірт.
* мазһаб – діни бағыт.

*жансыз – жау арасында жүріп, тың тыңдайтын адам, тыңшы.
*наубай – нан пісіретін адам
арқылы соғысқа керекті ептілік пен айлакерлік дағдыларын
қалыптастыратын.

Барлау ісінде жансыздар* қызмет атқарған. Темір ұсталары,
ағаш шеберлері, тас қалаушы құрылысшылар, қару-жарақ
тасушылар, атбегілер, аспаздар, наубайлар* және басқа да
қызметшілер – мәмлүк әскерінің ажырамас бөлігі. Жорықтарға

бірге аттанған уағызшылар, сопылар жауынгерлерді жігер-
лендіріп, сазгерлер, бишілер мен әншілер рухтарын көтерген.
Мәмлүктердің көшпелі емханасы, емшілері болған. Емхана
жанында дәрі-дәрмек қоймасын орналастырған.

Әрбір мәмлүк жауынгері жорыққа екі ат мініп шығатын.
Жеке бұйымдарын таситын түйелері де болған. Ғұламдар деп
аталған жас балалар мәмлүктердің атқосшылары еді. Олар
көп нәрсені оқып, үйреніп, болашақта мәмлүк сарбазы болуға

ұмтылатын.
Мәмлүк баспанасы «джух» деп аталды. Олар түрлі түске
боялған жүн мен қалың мақта-маталардан жасалды. Сұлтанның
шатыры «отақ» деп аталды. Қыс айларында сұлтандар «харе-

ке» деген киіз үйлермен қамтамасыз етілді. Бұл – киізбен жа-
былатын арнайы жасалған ағаш үйлер.
Мәмлүктер туа біткен шабандоз болғандықтан, соғыс
кезінде кенеттен лап қойып, оқыс шегініп кету тәсілін жақсы

дамытқан. Қажет болған жағдайда ит, түлкі, басқа аңдардың
құйрықтарына шала байлап, жау қосынын өртеген. Ал терең
өзендерден ауа толтырылған торсықтарды аттың сауырына
байлап, суға батпай өте алатын болған. Қарауыл үшін биік

мұнараларды пайдаланған.
Байбарыс олжа бөлуді тікелей өзі бақылаған. Ол «Маған
соғыста мінетін ат пен қылышым болса жетеді» дейді екен.
Мәмлүктердің соғыста қолға түсірген алтын, күміс заттары

төбе болып үйіліп, әділдікпен елге тең таратылған.

үннің бір уақытында Шам елінің бас сақшысы сарайға

шақыртылды. Сұлтанына берілген сарбаз үшін бұл
күтпеген жай. Ол өз ісіне ерекше көңіл бөлетін жігерлі әрі
қатал мәмлүк еді. Осындай мінезі үшін оны Байбарыс та
ұнататын. Бұл да сұлтанды «Нағыз ержүрек мәмлүк, батыл

қолбасшы, патша болуға жаратылған адам» деп ұғатын. «Олай
болса, қатал да құдіретті сұлтан мұны неге шақыртты?» деген
сан қилы ойдың шырмауында есі шыққан ол сұлтан сарайына
кіріп, басын иіп сәлем бергеннен соң барып бойын тіктеді. Жа-

нында Байбарыс сұлтанның найбы Білік тұр.

– Дұрыс келдің, – деді Білік мұны жылы шыраймен қарсы

алып. Сұлтанның өзіңе ғана жеке арналған тапсырмасы бар.
Әскери киімдеріңді шешіп, мына киімдерді ки.

– Құп, алдияр, тақсыр, – деді бас сақшы.

– Сәлден соң мен сенің жаныңа бір адамды қосамын. Өзіңдей

киінген екі-үш нөкеріңді ерт те, сол адамның айтқанын орын-
да. Ол қаладағы біраз жерге бас сұғып, аралап шығуы керек.

– Құп, тақсыр!

– Бұл кісінің қауіпсіздігі үшін басыңмен жауап бересің, –

деді сұлтан найбы Білік.
Бас сақшы күнделікті нөкерлерімен қала аралап, той са-
райларына тізгін тартқандағы көретін небір көріністерді есіне
алды.

Кештеу, қызыліңір бастала қалада небір қызықты жиын-
тойлар өтетін. Шарап ішіп масайраған мәмлүктер көңілдерін
көтеріп, кейде араларынан тәртіп бұзушылар да кездесетін.
Аюб әулетінің тұсында да, Құтыздың аз уақыт билігінде де

тыйылмаған бұл әдет күннен-күнге өріс алып барады. Бәрінен де
хашиш* тұтынатындарын айтсаңшы. Көздері қасқырдікіндей
қанталап, бұл дүниені ұмытады ғой, күнәһарлар.
Сұлтан бейбастықты

кешірмеген
* хашиш – анашаның бір түрі.

Әу, мына мен еретін адам осының бәрін көрсе, ыңғайсыз жағдайға қалатын болдым-ау, тәйірі. Бұл кім екен өзі? Есімін де атамады Білік... Сөйткенше, сұлтан найбы қарапайым киінген ұзын бойлы, ақ сәлделі, бетін паранжымен бүркеген бейтаныспен қатарласа жүріп жанына жетті. – Қымбаттым, жәрдемшіңіз алдыңызда тұр, – деді Білік сақшыны меңзеп. Жауап орнына жүзі көрінбейтін бейтаныс басын изеді. Қала күндізгі күйбең тірліктен кейін тыныстап жатқандай. Теңізден соққан желдің өті күндізгі аптаптан кейін енді салқындай бастапты. Қала тұрғындарын сұлтан нөкерлері өші бардай жиі тәркілейтін. Сонысы несі екен? Мына ұзын бойлы бейтаныс та ел көп жиналатын орындарға барғысы келеді.

Әсіресе, қаланың шет жағындағы керуен сарайларды, мәмлүк
әскері топтанған жатақханаларды, түнгі базарларды аралауға
құмар.
Бейтаныс енді сақшыға ымдап «алға баста» дегендей ба-

сын изеді. Бас тартуға дәрмен жоқ. Ол жолай тіпті лауазым-
ды әмірлердің сарайларын да сырттан бақылады. Алғашқы
бетте шарап ішіп шалқыған екі-үш адамға жақындап барды.
Масаң мәмлүктердің арқасынан қағып, бас бармағын шошайт-

ты. Олар да мәз. Мастардың бірі бейтанысты үйіне шақырып,
мизр* ішуді ұсынды. Байғұс қасында жай киінген сұлтан
сарайының сарбазы тұрғанын қайдан білсін. Бас сақшы ызаға
булығып, қарауыл шақырып зынданға апарып қамайын ба деп

ыңғайланып еді, паранжылы басын шайқады.
* мизр – ашытылып жасалған шарап іспеттес сусын.

Әсіресе, ыңғайсыз тірлік қонақ үйінің маңында болды. Киімі алба-жұлба, бұрымы тарқатылған, сұлу мүсінді бойжеткен «құрметті қонаққа» «ішке кіріңіз» деп жатып қиылмасы бар ма? Шарапты мейлінше көп ішсе керек, жалаңаш денесімен мың бұрала билеп, тіпті құшақтауға ұмтылды. Бейтаныс ләм деген жоқ, әйелге бір уыс динар ұстатып, алға жүрді. Ал керуен сарайдағы қызықтың көкесін көргенде, бас сақшы өзін-өзі әрең тежеді. Тіпті бейтаныстан көз ала беріп, бірқатарын жасақшыларға ұстатып, түрмеге қаматқызып тастады. Енді бір сәтте бір топ саудагердің бірі орамалға түйілген хашиш ұсынды. Бейтаныс ақшасын мол беріп, әлгіні ұзын шапанының қалтасына салып алды. Айтқанына көніп, айдауында жүрген бас сақшы аузын ашпады. Он шақты қарапайым мәмлүктер ұзын таяқшалармен түтіні бұрқыраған әлдебір ыдыстан апиын шегіп, мәз-мейрам. Қызарған көздері кіртиіп, өткен-кеткенге сүйкеніп, пәле іздейтіні байқалады. Үстері дал-дұл. Бейтаныс әлгілердің жүзіне жылы жымиып, қолын көтере сәлемдесіп жанынан өте шықты. Әттең, сақшы киімінде болса ғой, жердің жыртығын таба алмас еді, бұл жынды сүрейлер. «Ойпыр-ай, біз түндегі мына тіршіліктерді қалай елемей жүре бергенбіз. Әсіресе, анау шарап ішкендер мен жезөкшелер тым көбейіп кетіпті ғой. Харам* ас – ішімдіктен соң оспадарсыз тірліктер, төбелестер болып тұрары анық. Мұны тыю керек», – деді бас сақшы ішінен күбірлеп. Түннің бір уақытында бейтаныс пен бас сақшы көмекшілерімен бірге сарайға оралды. Бұларды қарсы алған – сол баяғы Білік. Ол бас сақшыға нөкерлерін жіберіп, өзін сәл аялдауды тапсырды. Білік, бейтаныс адам, бас сақшы – үшеуі кең бөлмеде оңаша қалған. Осы кезде бейтаныс жамылған паранжысын алып тастайды. Басында алтын жіппен зерделенген қара сәлдесі бар, беліне қылыш байлаған, келбеті қараңғы түнде жалт етіп шыққан айдай Байбарыс сұлтанды көрген сақшы селк ете қалды. Басын иіп, қошемет көрсетті. «Құдай-ау, түні бойы артынан қалмай, бүкіл қаланы аралаған перделі бейтанысым – * Харам – арам.

осы Байбарыс сұлтанның өзі болғаны ма? Бәрін көзімен көрді.
Құрыдым», – деді ішінен бас сақшы.
Білік «жақында» деп ым қақты. Бас сақшы ақырын ба-
сып кеп, сұлтанның дөңгелек сақалына ұрлана көз тастады.

Сақалындағы бір түп ақ шашты көріп, «иә, дәл соның өзі» деді
тағы да ішінен күбірлеп.

– Бас сақшы, қалада болып жатқан бейбастыққа көзің жет-

ті ме? – деді сұлтан нығарлана* үн қатып.

– Ертең бұзақыларды бұғаулайтын жарлық шығады. Өзің

де жазаланасың.
Бас сақшы тұншығып барады. Әлдене деуге дәрмені жоқ.
Қылышпен қақ бөліп тастамағанына тәубе. Бойын үрей биле-
ген сақшы Байбарыстың алдына тізерлей құлады.

– Әлгіндегі маскүнемдер де, сайқал жезөкшелер де, хашиш

жеп, апиын тартқандар мен оны сатқандар да ертең таңертең
осында жеткізілсін. Халық алдында жазалаймыз, – деді сұлтан
кейіп.

– Дат, тақсыр! – деді бұл жолы әскери әдетпен қолын кеу-

десіне апарып.

– Бүгінгі оқиға туралы ешкім білмейтін болсын!

– Алдияр, тақсыр, айтқаныңызға құлдық. Тісімнен

шығармауға ант етемін!
Сұлтан қолындағы таяғымен еденді дүрс еткізді. Бұл бас
сақшыға кетуге рұқсат берген белгі еді. Сақшы есікке екі аттап
жеткенін бір-ақ білді. «Құдай сақтады» деді ішінен, жаратқанға

қайта-қайта тәубе етіп. «Мен сұлтан Байбарыстың өзіне қала
аралаттым... Өшір үніңді! Біреу естісе қылқа мойныңа қылыш
тақалады». Сөйтті де, селк етіп өз ойынан өзі шошынып
жан-жағына қарады. Ешкім көрінбеді. Самсаған жұлдыздар

жымыңдасып тұр. Ай жетіқарақшыны айналып үлгеріпті. Ен-
ді ұйқыны ойлауға мұрша жоқ. Әлгі оңбағандарды ұстап, ертең
сұлтан сарайына алып келуі керек. Қазірден бастап зынданға
салайын деп, бас сақшы қарауыл үйіне қарай бұрылды.

Ертеңінде қала жұрты, саудагерлер, қала бере әскери
мектептің оқушылары, мәмлүк жасақтары ел жиналатын
алаңға ағылып келе бастады. Бас сақшы ерте қамданғанына
* нығарлана – әр сөзін қадап, тәптіштей айту.

қатты қуанды. Өзі бірге жүріп, түнімен бейбастарды қолға
түсіргеніне риза. Сұлтанның қаһарына ұшыраса, жағдай қиын.
«Ел билеушісін қолдамасқа шараң жоқ. Шарап пен дін, харам
ас пен намаз қашан басы бірге қосылушы еді. Шариғат жолы бұл

емес» деп күбірледі. «Байбарыс сұлтан – айбарлы да айбатты,
атақ-даңқы асқан данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін
ұлы патша. Ана Білік найбын да өзіне құдай қосқан...».
Сәлден соң кернейлер тартылып, дауылпаздардың жер

дүрсілдеткен дауысы аймақты жайлап кетті. Жалыш туы
биікке қадалды. Әскер сапқа тұрды. Соғыс басталып, жорыққа
аттанарда осындай әбігершілдік болатын. Жанына әмірлерін
ертіп, ел билеушісі таққа көтерілгенде алаң дүр сілкінді.

Ұрандап қылышын көкке көтерген мәмлүктер үні қала үстінде
қалықтап тұрып алды.

– Уа, халайық! Біз соғысқа аттанғалы тұрмыз. Бірақ бұл

соғыс өздерің ойлағандай кескілескен қан майдан емес. Қан
шықпайды. Алайда елге тигізер зардабы соғыстан да мол.
Алланың хұзіретіне қарсы келетін кесапат. Шариғатпен жолы
қайшы. Құран хадистерінде олар туралы бірде-бір жылы лебіз

білдірілмеген, пайғамбарлардың қаһарына ұшыраған. Қане,
халық, осы азғындық қасіретке ниеті ауғандарды көрсетіңдер.
Бас сақшының нөкерлері түндегі «таныстарды» ел алдына
желкелей алып шықты. Байбарыс сұлтан тізіліп тұрған топқа

асықпай түс тоқтатып, солар екендігіне көзі жеткен соң, бас
сақшыға риза пішінмен басын изеді.

– Міне, мына маскүнемдер ертеңгі күні дұшпанмен қылыш

қағыстырсақ, олардың әскерді, қала берді мәмлүктерді сатып
кетпесіне кім кепіл?
Ду ете қалған ел Байбарыс сұлтан қолын көтерген сәтте ба-
рып, сәл саябырлады.

– Ал мына бойжеткеннің ұсқынына қараңдар. Суға түскен

тауықтың шөже балапаны сияқты үсті басы сауыс-сауыс*.
Зинақорлық* – шариғатқа жат іс.

– Дарға асу керек, мұндайларды, – деді жиналған жұрттың

арасынан біреу.
* сауыс-сауыс – әбден кір болған, лас.
* зинақорлық – неке бұзар жүрімпаздық.

Жалғанды жалпағынан басқандар түнде өздеріне кездесіп,
динар үлестіріп, арқасынан қаққанның кім екенін қазір та-
ныды. Енді, міне, жотасынан аяз қарығандай бәрінің бүрісіп-
бүрісіп қалған түрлері мынау. Біразы Алланың атын аузына

алып, жалына бастады.

– Бұл жазадан сауық-сайран құрып, әділеттен аулақ жүрген әмірлер мен сұлтандар да құтылмайды. Алланың әмірін орындау – әр мұсылманға парыз. Жарлыққа құлақ салыңдар! – деді Байбарыс. Ортаға басына сәлде орап, шапаны жер сызған уәзір шықты. Пысық басып келген ол бүктетілген қағазды ашып жіберіп, жарлықты оқи жөнелді. Бұйрық аса қатал, ешкімнің даңқ дәрежесіне де мойынсұнбаған, тіпті сұлтанның өзіне де тиесілі еді. Онда бидайдан жасалған арақтан, жемістерден істелген шараптан ішкен мәмлүк атаулы ұзақ жылдарға түрмеде отыратыны қатаң ескертілді. Арақ-шарап орнына адал ас – қымыз ішуді ұйымдастыру, оны өндіруді молайту ісін жолға қою тапсырылды. Жезөкшелік, нәпсіқұмарлық – шариғат жолына жатпайтын, ең құрдым нәжіс іс екені айтылып, ұзақ мерзімге түрмеге қамау жазасы белгіленді. Ал хашиш тұтынушылар, оны сатушылар, апиынға әуестер өлімге қиылып, дарға асылатыны қадап айтылды. Жемқорлық, кесірлік пен бұзықтықты тыю бас сақшыға тапсырылды. Байлыққа мастанғандардың дүниесі тәркіленіп, өздері қатардағы мәмлүкке теңелетіні де атап өтілді. Есесіне шариғат жолына, адалдыққа, тазалыққа бет бұру және әскерді жан-жақты күшейту шаралары қарастырылды. Ол үшін қаруларды жаңалап, соғыс ойындарын жиі өткізу белгіленді. Байбарыс сұлтанның бастамасы басым көпшілікке ұнады. Араб еліне енген бұл дәстүр ғасырдан ғасырға ұласып, өз жалғасын әлі де тауып келеді.

зге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” демекші,

Байбарыс сұлтан өмір бойы туған жерін сағынып, соған
жетіп мауқын басуды армандады. Өкінішке орай, бұл ынты-
зар тілегі орындалмады. Қалай болғанда да ұлы баба өзінің
кір жуып, кіндік кескен жерін билеп отырған басқа жұртпен

жақындасуға ұмтылды. Соларға көмектесуге, тіпті әскери
жәрдем беруге де аянған жоқ. Құмды шөлін, сексеуілді дала-
сын, толқыны таудай өзенін ешнәрсеге теңермеді. Көргісі кел-
ді. Көгіне аунап, даласына еркелегісі келді...

Ұлы Шыңғыс хан тұсында басталған ағайын арасындағы
ішараздық ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бітпейтін қанды
соғысқа айналған. «Адамның көзі өлгенде тек топыраққа ғана
тояды» дейді екен даналар. Әкесінің тірі кезінде жер дүниенің

жартысына жуығын жаулап алған ұлы хан ұрпағы туған жері
Моңғолияға оралды. Тек Жошы хан ғана әкесінің әміріне
бағынбай, Ертіс бойына хан ордасын тігіп қоныстап қалды.
Баласының бұл басбұзарлығы Шыңғыс ханның ашу-ызасын

тудырды. Еліне оралуын бұйырып, жаушы жіберді. Бірақ Жо-
шы хан алған бетінен қайтпады.
Ел аузындағы аңыз-әңгіме бойынша, Темучин (Шыңғыс
хан) енді ес жиып, қол жинап, нығайып келе жатқан шақта

көршілес меркіттер ойда-жоқта шабуыл жасап, әйелі Бөртені
күңдікке алып кетеді. Ішкі дүниесін кек бунаған Шыңғыс
күні-түні тайпалар арасындағы шайқастарға қатысып, оларды
жеңіп, қуатты күш жинап, хан атанады. Меркіттерге шабуыл

жасап, Бөртені өз ордасына алдырады. Хан әйелі тұтқыннан
аяғы ауыр оралған еді. Мұны хан сезгенімен Бөртені жазала-
майды. Арада күндер өтіп, дүниеге Жошы келеді. Шыңғыс
ханның өле-өлгенше осы ұлына аса ықыласты болмауының

себебі осы деседі. Жаулап алған жерлерден үлесін кем беріп,
Байбарыс және Алтын
Орда

олжадан қағыпты. Осы себептен Жошының баласы Бату мен
Шыңғыс ханның басқа ұлдарының ұрпақтары арасындағы
араздық шиеленісіп, көбінесе соғыс жағдайында өтіпті.
Байбарыстың Мысыр сұлтаны атанған уақыты Алтын Орда

мемлекетінде Батудың баласы Берке ханның таққа отыруымен
тұстас келеді.
Бұл кезде ұлы жиһангердің тағы бір ұрпағы Хулагу хан туы-
сы әрі Алтын Орда әміршісі Берке ханмен бітіспестей өш еді. Ол

«Берке хан от басының үлкені болғанымен ұят, нысап дегенді
білмейді. Мені басынып, дөрекі сөйлейді. Мен оны бұдан кейін
ешқашан қолдамаймын» десе, Берке хан да Хулагуге «Ол барлық
мұсылман қалаларын қиратып, жау мен досты ажыратпай,

мұсылман патшалардың
отбасы мүшелерін тү-
гел қырды. Шыңғыс
хан тұқымдары-

мен ақылдаспай,

халифты өлтірді. Тәңірі қолдау берсе, мен одан күнәсіз жандардың
қаны үшін құн сұраймын», – деп қаһарын төгіпті. Осы ұлы хан
ұрпақтарының бір-біріне деген жаулық әрекеттері мұсылман дінін
сақтау үшін болмаған, жер үшін жүргізілген тартыс еді. Өйткені

Хулагу Алтын Орда жерін бөлшектеп билеген басқыншы еді.
Ойда-жоқта сұлтан сарайына келген сақшы мәмлүк басын
иіп, билеушінің рұқсатымен тақпақтай жөнелді.

– Алдияр, тақсыр! Шекара шолғыншылары әлгінде ғана Ху-

лагу ханнан қашып келе жатқан тобырдың басшысын ұстады.
Алдыңызға алып келуге рұқсат сұрайды, – деді.
Байбарыс сұлтан сәл ойланып қалды. Сонан соң сақшыдан:

– Кімдер екен? – деп сұрады.

– Өңшең татарлар*.

– Басшыларын алдырыңдар, – деді сұлтан.

Сұлтан тақытқа* қисайып, ойға шомды. «Бұлардың ішінде,
мүмкін, қыпшақтар да бар шығар. Аллаға бас иген айналайын-
дар-ай. Мені қара тұтып келгендері-ау»,– деп күбірледі.
Сұлтан Байбарыс туған жұрты Дешті Қыпшақпен, ендігі Ал-

тын Ордамен тікелей дипломатиялық байланыс орнатуға ерек-
ше мән берген. Ол Алтын Орда ханы мен Хулагу хан арасындағы
кикілжіңді сырттай еститін. Ал татарлардың мұндай оқыстыққа
баруына не себеп? Әлде Хулагу ханның жіберген жансыздары

ма екен? Сақ болу керек... деп түйді ішінен.
Сәлден соң сарайға ұзын бойлы, алып денелі, қабағы қалың
түкті адам бастаған топ кірді. Басын иіп сәлем берді.

– Мен Хулагу ханның әмірлерінің бірі – Сараған ноян бола-

мын, – деді өзін таныстырған дүр денелі. – Жаны қысылғанда
адам жақынын табады деген. Хан жұртының арасында күннен-
күнге бақталастық күшейіп, күн көруіміз қиынға айналды. Ит
пен мысықтай, түге...

Сұлтан шыдамады:

– Өз жұртыңа неге бармадыңдар? – деді ортадан тосын сұрақ

қойып.

– Жол тауқыметі қиын. Хулагудің жендеттерінің қолына

түсіп қалуымыз да әбден мүмкін, – деді Сараған ноян ағынан
ақтарылып.
* татарлар – моңғолиядағы бір тайпа аты, Шыңғысхан олармен жиі
соғысып тұрған.

* тақыт – ханның отыратын орындығы, билікке ие болу белгісі.

Біздің ішімізде Берке ханның елдестері мен жақын
ағайындары, жақтаушылары да бар. Оларға Алтын Орда би-
леушісі Берке өз адамдары арқылы «Хулагу ханмен арадағы
жағдайларың шиеленіссе, Мысыр иеліктеріне өтіп, Байбарыс

сұлтаннан пана сұраңдар» депті.

– Солай де. Берке ханның ниетіне мың алғыс! Байбарыс

ханның салтанатты түрде қарсы алатынын сырттағыларға жет-
кіз, – деді сұлтан орнынан тұрып.
Каир көшелеріндегі қалың жұрт Хулагу ханнан бас сауғалап
қашып келгендерді қарсы алуға тайлы-таяғымен түгел шықты.

Кернейлер тартылып, барабандар дүрсілдеді. Әскер туы биік
дөңесте жел өтінде желбіреп тұр. Сапқа тізілген мол жасақты,
құжынаған халықты көрген қашқындар таң қалып, таңдай қақты.
Сұлтан Байбарыс тақыттан тұрып келіп, Хулагу хан иеліктерінен

қашып келген топ басшыларының қолын алып сәлемдесіп:

– Хош келдіңдер! – дейді.

Осы кезде сұлтанның тұла бойында әлдебір сезім пайда бо-
лып, жүрегі дүрсілдей соғады. Жасы ұлғайған сайын қыпшақ
елі туралы ойлай беретін Байбарыс үшін бұл бір қуанышты
жағдай. «Қайран кіндік кесіп, кір жуған келбетті далам! Бір

уыс топырағыңды ат басындай алтынға айырбастамас едім»,

– деп күрсінді ол.

Астау-астау қымыз сапырылып, ән шырқалып, би биленді.
Бәйге додасы, аударыспақ сияқты жарыстар өткізілді. Бұл Мы-
сыр жерінде өткізілген қызығы мол күн болды. Сонымен қатар
Алтын Орда ханы Беркемен достасудың да бастамасы еді.

Сұлтан Байбарыс Шамдағы орынбасарларына хат жазды.
Хатында «қашқындарды» жақсылап күтіп алып, орналастыру-
ды тапсырған. Өздеріне және олардың әйелдеріне сый-сияпат
көрсетуді де нықтап міндеттеген еді. Ал «қонақтардың» төрт

басшысын сұлтан сарайында жылы қабылдап, Мысырға орнала-
суына рұқсат етті. Қажеттінің бәрін, ұсақ-түйек заттарға дейін
бергізді. Мініс аттарын сайлап, ақшалай сыйлықтар ұсынды.
Бәрін де қызметке тағайындап, жүздік әмірі атағын берді. Енді

олар өздерінің мәмлүктері мен ғұламдары бар тәуелсіз әмірлер
болмақ.

Бұдан кейін де Каир билеушісі Байбарысты сағалап
келгендердің легі тыйылмады. Египет сұлтаны оларды үнемі
жылы қарсы алып отырған. Бұл қамқорлық – оның туған жері-
не деген сарытап сағынышын білдіруі.

Байбарыс сұлтан Хулагу ханнан төніп тұрған қатерді
ұмытқан жоқ. Жерорта теңізінің бойында қаптатып қамал
салған крестілердің де оңай-оспақ жау емес екенін сезді.
Тұмсығының астындағы айлакер әрі арандатушы армян

жұртына да көңіл тоқтатты. Байбарыс сұлтан үшін ең тату
көрші әрі одақтас болуға татитын тек Алтын Орда ханы Берке
хан еді.
1262 жылы Сұлтан Байбарыс Берке ханға өз елшілерін

достық ниетпен аттандырмақ болды. Ертеңгісін сұлтан са-
райына қалалар мен аймақтардың билеушілері жиналып, ел-
шілерді Алтын Ордаға аттандыру мәселесін талқыға салды.
Берке ханға жазылатын хаттың мазмұн-бағдары да сараптал-

ды. Ақылдасып пішкен тон келте болмайтыны анық.
Хатта алдымен ислам дінінің сол уақыттағы жағдайы туралы
егжей-тегжейлі баяндалды. Байбарыс Берке ханды жиһадқа
үгіттеп, өз әскер күшінің мол екенін, оның құрамында қыпшақ,

түркімен, күрд және араб ұлыстарының өкілдері бар екенін атап
өтті. Берке ханның жақтас адамдарымыз деп түркілердің қол ас-
тына келгені, олардың салтанатты түрде бүкіл ел болып қарсы
алынғаны жөнінде де айтылды. Байбарыс сұлтан өзінің туған

жерінде билік етіп отырған Берке ханға қай уақытта болса да,
құрмет көрсетуге, әскери түрде көмектесуге дайын екенін біл-
дірді.
Бұл сұлтанның Берке ханға достық ниетпен алғашқы рет

елші жіберуі еді. Елшілерді дін өкілі Маджуддин мен көптеген
халықтардың салт-дәстүрін, тілдерін жақсы білетін Көшербек
әмір бастап баратын болды. Көшербек әмір – кезінде Хорезм
шахтың камердинері болған тәжірибелі елші. Араларында Ху-

лагу ханнан қашып келіп, пана сұраған Сараған ноян да бар.
1262 жылдың қараша айында Байбарыс сұлтан аттандырған
елшілер Константинополь қаласына келіп тоқтайды. Осы
жерде олар Берке хан елшілерімен кездесіп, көп аялдамай,

Алтын Ордаға бағытталған сапарларын әрі қарай жалғастырады.
Византия императоры сұлтанға елшілердің Константинополь-
ден аман-есен жолға шыққаны жөнінде хат жолдайды. Жақсы
ниет қашанда татулыққа бастайды демекші, сапарлары оңды

болған сұлтан елшілері Берке ханның сый-құрметіне бөленіп,
еліне оралады.
1263 жылы енді Берке хан елшілері
теңіз арқылы Александрия портына келіп

тоқтайды. Оларды бастапқы келісім бойын-
ша Байбарыс сұлтанның өзі қарсы алады.
Сән-салтанатты әсем сарайда Берке ханның
хаты оқылып, сұлтанға жолдаған сәлемі

мен ризашылығы адал ниетпен қабыл алы-
нады.
Берке хан Хулагуге қарсы соғысқа
көмек сұрапты. Ол хатында: «Мен және

менің төрт бауырым ислам шырағын ор-
натып, тура жолды бұрынғы қалпына
келтіру үшін, имамдар мен үмбеттің
кегін алу үшін Хулагумен барлық

бағытта соғыстым. Қалайда оның
жолын бөгеу керек. Евфрат маңына
әскер жіберуіңізді өтінемін...» –
деп жазған.

Байбарыс сұлтан өзара бай-
ланысты тереңдету негізінде
өз елшілері мен Алтын Орда
елшілерінің басын қосып,

ақылдаса
отырып,
Берке
ханға жауап жазады.

Ал жүздеген адамға
Алтын Орда ханына

сыйлық дайындау ісі тапсырылады. Олар көздің жауын ала-
тын небір сыйлықтар әзірлейді. Соның ішінде әр заманда
мұсылман баласына киелі де қасиетті саналған Құран кіта-
бы бар. Кітап матамен оралып, тері қорапшаның ішіне салы-

нып тігіліп, сырты кестеленген қызыл атласпен қапталады.
Күміспен күптеліп, піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған кі-
тап қоятын тұғыр, әдемі зерделенген күміс құлыптар, түрлі-
түсті намаздықтар (жайнамаз) мен оюлы түкті кілемдер

дайындалады. Күміс шамдар, шам астына қойылатын күміс
ыдыс, алтын жалатылған үлкен аспашам, күміс ер-тоқым,
таңдаулы Хорезм ер-тұрманы, күміс шынжырлар, Дамаск
ұстарасы, жібек жіп, ала маймыл терісі, өте әдемі тігіліп,

оқаланған киім-кешек іріктеледі.
Сол заманның үрдісі бойынша хандарға арналған ең
бағалы сыйлық қару-жарақ болған. Олар әлемдегі атақты
патшалар қазынасында кездеспейтін асыл дүниелер бо-

лып есептелген. Сондықтан шашақты найза, өрнектеліп
жасалған садақ оғы мен осы оқтар сақталатын терімен
қапталған сандықшалар, күміспен күптелген қылыш, алтын
жалатылған темір шоқпар, шеті күміс христиан дулығасы

жасалды. Әрине жұмыскер құлдар, аспаз-күң, жүйрік ат,
сирек кездесетін нубия* түйесі, таңсық аңдар да еске алын-
ды. Елшілердің басшылары болып мұсылмандардың мүфтиі
шариф Имадуддин мен әмір Аққұш (Аққұс) тағайындалды.

Хат жазылып, сый-сияпат дайын болған соң, елшілер арты-
нып-тартынып жолға шығады.
Осы кезде Берке ханның әскері Константинопольдің
маңайындағы мекендерге шабуыл жасаған болатын. Ви-

зантия императоры бекіністі тастап, қалаға қашып келеді.
Осында ол Байбарыстың елшілерімен кездесіп, өз жағына
қаратып алған Аққұшқа хат жаздырып алады. Мұнда ол Ви-
зантия императорының мәмлүк сұлтаны Байбарыспен бей-

біт бітімі бар екендігін, сонымен қатар императордың Берке
ханға аттандырған Байбарыс сұлтан елшілерін салтанатты
түрде қарсы алғанын баяндайды. Византия императорының
Берке ханмен бейбіт жағдайда өмір сүргісі келетінін, Алтын

* Нубия – Судан елі.

Ордаға жылына 400 атлас киім жолдап тұруға уәде беретінін
де тілге тиек етеді.
Византия императоры өз елшісімен бірге Аққұшты Алтын
Орда әскерлерінің қолбасшысына жібереді. Олардың қолында

Аққұш жазған хат бар. Хатты оқыған қолбасшы әскер басын
кері қайтарады.
Аққұштың бұл іске кіріспеуі керек еді. Өйткені ол екі ортаға
делдал болып жүрген уақытта Байбарыстың Берке ханға жібер-

ген сыйлығының біразы бұзылып, хайуандарының көбі өліп те
қалған. Сұлтанның жіберген сыйлықтарына көңілі тоймаған
Берке хан елшілік басшысынан мұның себебін сұрайды. Мән-
жайға қанық болған соң Аққұшқа қатты ренжиді.

– Мен сені жазалай алмаймын, өйткені сен Байбарыстың

елшісісің. Енді еліңе қайт. Сұлтанға болған жағдайды өзің
айтарсың. Жіберген сыйлықтардың неліктен бүлінгенін,
өтірік айтқаныңды да жасырмассың, – деп Алтын Орда ханы
сөзін аяқтайды.

Осы болған жайдың ақиқатын айтып Рум сұлтаны Иззу-
дин Байбарысқа хат жазады. Аққұштың өз міндетін дұрыс
атқармағанын естіген Байбарыс ол Мысырға қайтып оралысы-
мен ісін бетіне басып, делдалдықпен тапқан 40 мың динарын

тәркілеп*, өзін түрмеге жаптыртады.
Алғашқы бастама сәтсіздікке ұшырап, жөнсіз тірліктер-
ге жол берілгенімен, Байбарыс сұлтан Алтын Орда ханы Бер-
ке ханмен тығыз одақтастық құрып, мұнан кейін де елшілік-

тер алмасып отырды. Бұл қарым-қатынас көп жылға дейін
жалғасын тапты. Тіпті қыз беріп, құда болысып, ағайындаcуға
дейін жетті. Байбарыс сұлтан өзінің қысқа өмірінде туған
жеріне, бір түп жусанына, сахара даласына үлкен махаббатын,

сағынышын арнап өтті.
* тәркілеу – белгілі бір заңға сүйене отырып, мал-мүлкінен айыру.

дамзат сонау заманнан бері небір қарама-қайшылықтарды

бастан өткерді. Соның бірі – діни ұғым. Мұхаммед –
мұсылман Пайғамбары, Иса (Иусус) – крестілердің табынушы-
сы болып есептелінеді. Екі жақ та бір тәңірі – Құдай барын
мойындайды. Солай бола тұра, бір-біріне соғыс ашуға құмар-

ақ. Олардың арасындағы бұл қақтығыс та мәңгілікке айналған
сияқты.
Крестілер «Иерусалимде Иса табыты жатыр, оны мұсыл-
мандардан қорғау керек. Жаңа мыңжылдықтардың басын-

да Иса қайта келеді» деп пайымдады. Қасиетті жерді қорғау
мақсатымен «жігерленген» христиандар екі ғасыр бойы соғыс
отын тұтандырды. Алыс Еуропадан басталып, мұсылмандар ел-
деріне жеті рет бағытталған бұл соғыс – Крестілер жорығы еді.

Өздеріне жаушылықпен келе жатқан крестілерге мұсылман
қауымы да әрқашан қарсы тұрды. Осы жолда сан мыңдаған
бейкүнә адамдар құрбан болды.
Крестілерге қарсы тұрғандардың бірі – Байбарыс. Христи-

ан елі үшін ол қатігез, қиянатшыл, достық пен ықыластан ада
адам болып көрінетін. Жауына қатал, дөрекі сөйлейтін кісі
өлтіруші құбыжық сияқтанды. Бірақ өз халқы Байбарысты өте
жақсы көрді. Ол қайрат-күші асқан жауынгер, ақылды саясат-

кер, дана ел басқарушы болатын. Алдына қойған мақсатына
жетпей тынбайтын.
Өнер мен құрылыс істеріне құлықты* Байбарыс қалаларды
өркендетуге үлкен күш-жігер жұмсаған. Каир мен Дамаскі-

де сұлтанның әмірімен талай зәулім мешіттер мен медреселер
салынған. Мұсылман дінін кие тұтқан Байбарыстың крестілер-
ге қарсы соғысы оның өмірінің мәніне айналғаны да жалған
емес.

Байбарыс және
крестілер
* құлықты – ынталы, ниетті.

Крестілердің ірі бекіністерінің бірі Қайсария қаласында орналасқан еді. Байбарыс сұлтан түнімен көз ілмеді. Кірпігі айқасып кетсе, қарсы алдына тіпті бет-жүзіне дейін көрсетпей, темірмен құрсанған үлкен крест жауынгері шыға келіп: «Әй, пұсырман патшасы! Мен сені әлі-ақ отқа қақтаймын», – деп дауыстап, сом қылышын бір сілтеп қалатындай көрінді. Сұлтан селк етіп шошынып, көзін ашып алды. Қайта-қайта қайталана берген бұл елес, ақыры сарайдың қарауыл басын шақыруға мәжбүр етті. – Атабекке хабарласын. Ертең жорыққа шығамыз. Крестілерді жоямыз, – деп Байбарыс әмір берді. Айтылған сөз – атылған оқ. Мәмлүк әскері жұдырықтай жұмылып, Қайсария қаласын қоршауға ала бастады. Майдан жағдайын бақылап жүрген Байбарыс сұлтан: – Тас ататын қондырғыларды орнатып, қорғанның қабырғаларын қиратыңдар, – деп бұйырғаны сол еді, бекініп алған крестілерге мәмлүктер садақ оғын қарша боратты. – Неге тезірек қимылдамайсыңдар. Жандарың ашып тұр ма?! – деді жирен атпен шауып келген батыр қорған бұзушыларға ақырып. Жалт қараған сарбаздар сұлтанды көргенде қатты састы. Олар мынандай қырғын соғыста жайбарақат қалмай, қорған бұзушы мәмлүктерін жігерлендіріп жүрген қолбасшыларының бұл әрекетіне қызықты. – Қабырғалар әлі қирамапты... Енді бір сәтте Байбарыс жақындап келген қайыққа қарғып мініп, жирен атын көмекшісіне тапсырады да, өзі қорғанның құбыла бетіне шығады. – Әне, бір крестінің жаны жаһаннамға кетті, – деді өзі атқан жебесінің дәл тигеніне сүйсінген сұлтан. Осы кезде әлгінде ғана өзі жігерлендіріп кеткен қорған бұзушы мәмлүктердің ұран тастаған үндері қарама-қарсы тұстан сайын даланы жаңғырта шығып жатты. – Жарайсыңдар, қырандарым, – деді риза болған сұлтан. Міне, Байбарыс сұлтан енді бұрынғы қала билеушісінің сарайының алдында тұр. Алаңды қоршаған әскер тұтқынға

түскендерді сапқа тізіп қойыпты. Сұлтан қолын көтерген сәтте
ұлан-азар шу сап тыйылды.

– Әй, крестілер! Жанкешті пенделер! Егер ниеттеріңнен

танбасаңдар, көрген күндерің осы. Бүгін мен қатал емеспін. Сен-
дерге кешірім беремін. Қалаған жақтарыңа тайып тұрыңдар!
Айнала тым-тырыс. Мәмлүктердің бар ынтасы қолбас-
шыларында. Сұлтан ойланып, біраз үнсіз тұрды. Енді өз

жасақтарына назарын аударып:

– Кім Алла жолында жауына қарсы бір оқ атса, ол бір құлға

бостандық бергенімен тең. Ал крестілер қаласы жермен-жек-
сен етілсін, – деді ол.

– Алдияр, тақсыр! – деді осы сәт Байбарыс сұлтанның

көмекшілерінің бірі. – Қалқаныңызға бірнеше садақ оғы
қадалып қалыпты.

– Оның есесіне крестінің бір қаласы жер бетінен жойылды,

– деді сұлтан күлімсіреп.

Сапта тұрған мәмлүктер бір сәт ұрандап, жер дүниені
жаңғыртты. Кім біледі, осы бір айқастан кейін Байбарыс сұлтан
түсінде крестілер жауынгерін көруді қойған шығар...
Крестілердің иеліктеріне қарсы үздіксіз соғыс жүргізген

Байбарыс сұлтан Жерорта теңізі жағалауы мен Шам еліне
мойнын сұға орналасқан Кипр аралы – христиандардың не-
гізгі орталығы екенін білетін. Ал Кипр патшалары аралдың
стратегиялық маңызды жерге орналасуын пайдаланды.

Олар бір жағынан, Шамдағы крестілер иеліктеріне қолдау
көрсетсе, екіншіден, өздерімен аяусыз күрес жүргізіп
отырған Мысыр сұлтаны Байбарыс сұлтанға қарсы жаулық
әрекеттер жасады.

1263 жылы жауынгер сұлтан тағы да крестілерге ауқымды
шабуыл бастады. Сасқан Антакия әмірі Кипрден көмек сұрады.
Алайда көмекке келген 2500 әскер Мысыр сұлтанының
Қайсария, Хайфа және Арсуф мекендерін басып алуына еш ке-

дергі келтіре алмады.
Кипр королі Хью ІІІ-нің 1269 жылы Акка мен Кипр би-
леушісі болуы крестілердің мұсылмандарға қарсы кектенуін
қоздыра түсті.

– Жолдарың болсын, мәмлүктер! Христиандардың ордасын

қиратып, күлін көкке ұшырып қайтыңдар, – деді Байбарыс
Кипрге соғыс ашуға бара жатқан он жеті кемедегі мәмлүктерге
сәттілік тілеп. – Мәмлүктер, алға! – деп дауыстап жібергенін
өзі де байқамай қалды.

Жартас жағаны соққан толқын бұл үнді алысқа таратып,
көкжиекке апарып сіңдіріп жатты.
Байбарыс сұлтан түнімен көз ілмеді. Осындай бір уақытта
ел тыныштығын ойлап есі шығатын әдеті бар-тын. Жан-

жақтан анталап тұрған жау. Сүрініп кетсең, желкеңе қона
түседі. Қылышыңның жүзі тайса, шоқ-шоқ дейді. Хулагу
хан тұлымды нояндарымен қоқаңдаса, Иран елхандары тісін
қайраған бұралқы иттердей ұлиды. Шекараның әр тұсында

белгілі бір көлемде әскер ұстауың қажет. Қапыда қалсаң, жау
аямайды. Осы жолғы Кипрға жасалған шабуылды теңіз әскер
басшысы ержүрек Ибн Хасунға тапсырды. Тек жеңіс болғай...
Бірақ бұл жолғы жорық сәтсіздікке ұшырады. Әккі* әрі

тәжірибелі Ибн Хасунның кемелері желкендерін көтеріп Кипр
аралдарына жақындап қалған. Арнайы алынған крест бейнесі
бар жалаулары желбіреп тұр. Құдайдың құдіреті ме, кім білсін,
ойда-жоқта қатты дауыл тұрады. Теңіздің таудай толқындары

көзді ашып-жұмғанша қопарылып, он бір кемені жұтып кетеді.
Ал судан аман шыққан 1600 адам Кипр патшасының тұзағына
түседі.
Бойын қуаныш билеген Хью ІІІ жалма-жан Байбарысты та-

балап хат жазады. Хатта Ибн Хасун кемелерінің суға кеткенін,
адамдарының қолға түскенін баяндайды.
Екі күн өте таң алдында Мысырға қаралы жаушы жетеді.
Қайғылы хабар Байбарыс сұлтанды қапаландырғанмен, мойы-

та алмады. Осы кезде мәмлүктер де Шамдағы крестілердің ең
ірі бекіністерінің бірі Қарин қамалын басып алған еді. Кезек
Байбарысқа келді. Ол да Кипр патшасына жауап хат жібереді.
Сұлтан хатында: «Темір мен ағашты қолға түсіру мақтаныш

емес, алынбас қамалды алу ғажап..., боранмен келген жеңіс
жеңіс емес, нағыз жеңіс қылыштың күшімен жетеді. Біз
күніне бірнеше кеме жасаймыз. Сендер қамалдың бір бөлігін
* әккі – айлакер, қу, тіс қаққан.

де тұрғыза алмайсыңдар. Біз жүз қала саламыз, сендер жүз
жылда да бір қамал тұрғыза алмайсыңдар! Сендердің аттарың

– кеме, біздің кемелеріміз – ат», – деп жазады. Кипр патшасы

Хью ІІІ-нің жеңісін Байбарыс сұлтан осылайша ащы тілмен
сынаған еді.

– Әлі көрерміз, кімнің жеңерін, – деді сұлтан ертеңгі күнді

сараптап.
Құдай оны көп көрді ме, қайдам, қиырдан анталаған
моңғолдар мен Иран елхандары сұлтан жасақтарының
крестілермен соғысуына мойындарын бұрғызбады. Бірақ

қайткен күнде де Кипрдегі тұтқын мәмлүктерді босатып алу
сұлтанның ойынан ешбір кеткен емес. Қолынан келгенінше
неше түрлі әрекеттерді ойластырып, іс жүзінде пайдаланып
та көреді. Ал мұны сезе қойған крестілер қолға түскендердің

құнын әдейі қымбаттатып жібереді. Ақшадан адам қымбат
болған күн туады. Ақырында Акка түрмесінде жатқан ал-
ты әмірді мәмлүктер күзетшілерге пара беріп жүріп, еліне
қайтарып алады.

айбарыс сұлтанның ауыр ойдан бір сәт арылу үшін нөкер

ертіп, аң аулайтын әдеті бар-тын. Бүгінде таң бозынан
тұрып, сайланып, атқа қонып жатқан сәтте көмекшісіне:

– Алда-жалда майдан шебінен қуанышты хабар келсе, ешбір

сескенбей-ақ, менен сүйінші сұра. Жақсы хабар жеткізгенің
үшін мың динар беремін, – деп тапсырған.
Оның да жөні бар-тын. Бәрін бүлдірген Хетум. Жатқан
жыланның құйрығын басып несі бар еді.

XІ ғасырда Евфрат өзенінің бастауындағы жерлерден
селжұқтардан бой тасалаған армяндар Византия иеліктері-
не қаша бастады. Босқындарды жылы қарсы алған импера-
тор оларға Кіші Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан

Торос тауы мен Жерорта теңізі арасындағы Қилиқия
таулы өңірін береді. Византия мен түріктер арасындағы
тартысты ұтымды пайдаланған армяндар осы өңірдегі
қамал-бекіністерді, Кіші Азия мен Шам арасындағы сау-

да жолдарын өздерінің бақылауына алып, елеулі күшке
айналады. Ендігі жерде бұл өңір Кіші Армения деп атала
бастайды. Алайда, армяндар селжұқтарға джизия* төлеп
тұруға мәжбүр болды.

1243 жылы моңғолдар мен түріктердің арасында болған
Көсе Тау шайқасынан кейін қалыптасқан жағдайды пайда-
ланып, армяндар тәуелсіз мемлекетке айналады. Қауіпті
жауларынан сақтану үшін моңғол әскерінің қолбасшысы

Бишуге хат жолдап, қол астына енгісі келетінін баяндайды.
Ұсыныс қабыл алынады. Армян королі жылпос саясаткер Хе-
тум І-ші келесі жылы ұлы хан Күйікке өз інісі Симбадты ат-
тандырып, түріктер басып алған армян жерлерін қайтарып

алу туралы кепілдемеге қол жеткізеді. Күйік қайтыс болған
соң, таққа Мөңке хан отырады. Хетум осы кезеңде моңғол
қарамағындағы армян шіркеулерін салықтан босатып ала-
ды. Ол Байбарыс сұлтанға өш еді. Шамдағы крестілерді

Сыртқы жаумен шайқас
*джизия – салық.

мұсылмандарға қарсы үгіттеп, Хулагу ханның Бағдатқа шабуыл жасауына көмектеседі. Кетбұқа ханнан Дамаскідегі мешіттерді жауып, оларды шіркеуге айналдыруын өтінді. Онымен қоймай, 1264 жылы Байбарыс сұлтан иеліктерінің қиыр солтүстігіндегі Айнтеп қаласына шабуыл жасайды. Сұлтан оларға қарсы Хамма мен Химстағы бекініс әскерлерін шығарады. Армяндар жеңіліске ұшырайды. Бишуден 700 моңғолды көмекке алған олар, енді Харим бекінісін қоршауға алады. Алайда қар түсіп, күн суытқандықтан олар кері шегінуге мәжбүр болады. Бұл бұл ма, армян патшалығы мәмлүк мемлекетін тұншықтыру мақсатымен Кіші Азиядан келетін темір мен ағашқа тосқауыл қойып, Шамға әкелетін сауда жолдарын тоқыратуға күш салады. 1266 жылы сұлтан Байбарыс крестілерден Палестинадағы Сафад бекінісін тартып алып, Дамаскіге келіп кіреді. Хетум Алтын Ордамен соғысып жатқан басты одақтасы Абаға ханның көмек бере алмасын сезіп, бұлаң құйрыққа сала* бастайды. Соғысты өзі бастаған ол енді амалсыздан келіссөз жасауға бет бұрады. Мұнысы уақыт оздырудың айласы еді. Хетумнен Байбарыс алым төлеп тұруды, сауда жолын ашуды, әскердің кіруіне жол беруді талап еткен. Алайда келіссөз нәтижесіз болды. Соғыстан құтыла алмасын сезген Хетум сәл тыныштықты пайдаланып, моңғолдардан әскер сұрамақ болып, Тебризге аттанады. Сұлтан Байбарыс осы сәтте әмір Мансұр екіншіге Кіші Арменияның астанасы Сис қаласына шабуыл жасауды бұйырған. Іле-шала әмір Қалауын мен әмір Оған бастаған жасақтарды Мансұрдың артынан көмекке жібереді. Байбарыс өз әскерінің жеңіске жететініне сенімді болды. Оның хабаршы келсе, сүйінші сұратыңдар деуінің себебі осы. Күн найза бойы көтеріле қыза түсті. Жан-жақтың бәрі жықпыл-жықпыл тас. Тау аңғарынан ескен самал жел. Дала сағымдары да қоюланып, бір-бір шаһар орнатып қойғандай құбылды. Боз торғайлар аспан астында іліп қойған қоңыраудай тынымсыз шырылдайды кеп. Сәлден соң әлгі әнші құс қара ноқаттай болып ғайып болды. Енді дала мүлде меңіреу кейіпке енді. Аң қызығы деп алқынғанымен Байба- * бұлаң құйрыққа салу – айлаға көшу, қулық ойлау.

рыс үшін уақыт өтпей-ақ қойды. Қоян қуып кеу-кеулеген
нөкерлерінің де тірлігі қызықтырмады. Қайта-қайта қорған
жаққа қарай берді.
Тал түсте аңыздың құбыла бетіне орын тепкен төбенің ба-

сынан екі-үш аттылы көрінді.

– Бұлар кім болды екен? – деді сұлтан жанындағыларға.

Жауап қатқан жан жоқ. Саятшылар жаққа бет бұрған
әлгілер ат тізгінін босатып жарыса шауып келеді. Кезек-кезек
жол бастайды. Алғашқы жеткен хабаршы «Сүйінші!» деп да-
уыстай беріп, аттан ыршып түсіп басын иді.

– Тақсыр! Әмірлер жеңіске жетті! Сіздің алдыңызға келуге

мұрсат сұрайды, – деді хабаршы.

– Сарбаздар, уәдем – уәде. Сүйіншілеріңді алыңдар! – деді

сұлтан қуанышын жасырмай.
Байбарыстың жанындағылардың да көңілдері көтеріліп,
бір серпіліп қалды. Сұлтан манадан бері алаңдап, осы хабар-
ды дегбірсіздене күтіп еді. Жақсы жаңалықты жеткізген ха-

баршылардан сүйіншілерін аямады, күнге жарқыраған алтын
теңгелерді беріп тұрып, оларға:

– Батырлар олжасын артып осында келсін! – деп

бұйырады.
Үш салт атты кілт бұрылып кері шапты.

– Жеңіс! Сүйінші! – деп дауыс салып, жер дүниені

жаңғыртып барады.
Сәлден соң қорған жақтан шаң көрінді. Алдымен сарай
қызметшілері жетті. Төбе басына шатыр тігіліп, тақыт орна-
тылды. Екі шетінде найзасын ұстап, мұздай боп қатып қалған

екі жасауыл тұр. Шеру дабылы қағылып, бағана басында ту
желбіреді.
Алдымен мәмлүктер жер дүбірлеткен нешебір үйір
жылқыны айдап өтті. Сұлтан маңынан өтерде найзаларын бе-

кем ұстап, қылышын суырып, көкке көтерді. Байбарыс есімі
ауада қалықтап тұрып алды.

– Жарайсыңдар! – деді Байбарыс та үн қосып.

Жылқылардың алыстан жол кешіп келгені білініп тұр.
Құлындар аяғын әрең алып, енесінің алдын кес-кестей береді.

Артынша екінші топ көрінді. Бес жүз шақты жаяу, байлап-
маталған тұтқындар, оншақты атты сарбаздар легі.
Осы кезде Байбарысты ерекше тартылған керней үні елең
еткізді. Ол өзі отырған дөңеске елу шақты мәмлүктердің желе

шауып келе жатқанын байқады. Бұлар әмір Мансұр, әмір Оған
және әмір Қалауын еді. Олар аттарынан жерге түсіп, сұлтанның
алдына жақындады. Тізелерін бүгіп, қылыштарын кеудесіне
ұстай сәлем беріп, тағзым етті.

– Ерледіңдер, батырларым, – деді Байбарыс үшеуін кезек-

кезек құшақтап.

– Тақсыр! Сис қаласы алынды. Адана мен Торос қалалары

отқа оранды. Теңіз жағасындағы Ияс қиратылды. Тақ мұрагері
Левон бастаған қырық мың адам тұтқынға түсті. Олжа ұшан-
теңіз, – деді әмірлер кезек-кезек баяндап.
Артынша сұлтан жарлығы таратылды.

– Бүгіннен бастап әскер демалады. Үш күн, үш түн мұрсат.

Садақ тартылмайды. Айбалта шабылмайды, найза шаншыл-
майды.
Сарбаздар қуана дүрлігіп, атой салды.

– Бес жүз ту бие сойылсын! Қымыз келтірілсін. Ойын-сауық

басталсын.
Бұйрық соңынан мәмлүктер Мысырға беттеді. Жер қайысқан
қол, сан мың тұтқын кіріп, қақпа жабылғанша, қызыліңір* туып,
қою қараңғылық орныға бастаған. Дүбірлі дала меңіреу қалды.

Жылқы тұяғынан көтерілген шаң, соқыр тұмандай баттасып, бұл
маңның бетін басты. Әлгіндегі адамдар мен жануарларға толы
алаңда қазір тақыт орнаған дөңнің қарайған бейнесі ғана көрінеді.
Бұл жорық мәмлүктерді қисапсыз олжаға кенелтті. Сиыр

бағасы екі дирһемге түсті. Қала саудагерлерінің сәкісі сан түрлі
асыл тастарға, әшекей заттарға, жібекке толды. Құл базарын-
да ине шаншар жер жоқ. Сатып алар тұтынушы табылмады.
Халық сиыр, қодас, қой сойып жеп, қарық болды.

Бірақ Байбарыс сұлтан мұның ешқайсысына да көз сал-
мады. Тіпті өзіне тиесілі сыйлықты да әскеріне бөліп береді.
Тұтқынға түскен патша баласы мен оның жанындағыларға
жақсы қарауды бұйырады.

* қызыліңір – күн қызара батып бара жатқан уақыт, кеш, ымырт.

Көп ұзамай Хетум Байбарысқа баласына қайырымды бо-
луын өтініп, інісін жібереді. Сұлтан оның өтінішін қабылдай
отырып, жылпос патшаға өз шарттарын қояды. Хулагудің Да-
маскіге шабуылы кезінде қолға түскен әмір Сұңқарды, Алеппо

өңіріндегі армяндар басып алған Бахсаис, Дарбасак, Марда-
бан, Рагаия бекіністерін және олардың төңірегіндегі жерлерді
қайтарып беруді талап етеді.
Хетум бірінші талапты орындағанымен, иелік жерлерге

келгенде біраз іркіліп қалады. Мұны білген Байбарыс сұлтан
тағы да бір хат жолдайды. Онда: «Мен туысқандық қатынасы
жоқ адамға қатігездік жасап отырсам, сен өз ұлыңа – тақ
мұрагеріне қатігездік жасап отырсың. Сондықтан бұл менің

күнәм емес, сенің күнәң...», – деп жазып, шарттың өзгеріп
кету мүмкіндігін меңзейді. Баласынан айырылып қалатынын
сезген Хетум шартқа келісуге мәжбүр болады.

айбарыс сұлтанның өмірінде басқа елдермен тең өмір

сүру, бейбіт келісімде болу шарты ең бірінші орында тұрды.
Бірақ барлық жағдайда да соғысуға мәжбүр болды. Ол Мысыр
сұлтаны Византия императоры Михаил Палполжиспен хат алы-
сып отырған. Байбарыс Шам елінің иеліктеріндегі крестілермен,

Иран және Ирак жерінде орныққан Хулагу мемлекетімен қанды
шайқас жүргізе отырып, ортақ жаулары селжұқ түріктері мен ка-
толик-крестілерге қарсы күш біріктіруді ойластырды. Бұл тілекті
Византия императоры да құп алған. Ол Константинопольде қайта

қалпына келтірілген мешітті Мысырдан келген Аққұш бастаған
елшілерге көрсетіп, Байбарыс сұлтанға көп сыйлық жібереді.
Өз кезегінде мешіттің хабарын естіген Мысыр елінің әміршісі
оны жабдықтауға Константинопольге алтын жалатылған шам

қондырғыларын, кілемдер және тағы басқа қымбат бұйымдарды
сыйға тартады. Берке хан мен императордың ортасына ара ағайын
болуға да келісім береді. Тек Байбарыстың ата дұшпаны Хулагудің
баласы Абаға ханның Византия императорының қызына үйленуі

бұл іске тосқауыл болады.
Байбарыс Сицилия мен Тоскания королі Манфредпен де
елшілік сыйлықтар алмасты. 1261 жылы оған Айн Жалут
соғысында қолға түскен моңғолдарды сыйға тартты. Сонымен

қатар Мысыр сұлтаны Арагон королі Джеймспен, Шпилия
әмірі Альфонспен сауда келісімдеріне қол қояды.
Селжұқ әмірі Паруана моңғолдармен бірігіп мәмлүктердің
иелігіне шабуыл жасауға қатысады. Онымен келісе алмаған он

екі әмір бала-шаға, қызметкерлерімен Байбарыс сұлтанның ал-
дына қамқорлық іздеп келеді. Бірақ сұлтанның іс-әрекетінен
сескенген Паруана артынша Байбарыспен келіссөз жүргізуді
көздейді. Бұл жағдай сұлтанды түрік иеліктерін моңғолдардан

өзіне қаратуға итермелейді.
Байбарыс және Еуропа
патшалары

Осы уақытта Рум сұлтаны Иззуддин Кейкауас бин
Кейхосрау өз иелігіндегі жерлердің жартысы сұлтанға
бағынатындығын айтып, Байбарыстан көмек сұрайды. Сұлтан
Рум билеушісіне көмекке әмір Бектұт басқарған

мың сарбаздан құралған жасақ жібереді. Убулс-
тин* қаласына жақындаған кезде түрік әскерлері
мәмлүктер жағына шығады. Олар қаладағы татар
* Убулстин – қазіргі Түркияның

Бустан қаласы.

жасақтарын жойып, Бектұт бастаған қолмен бірге Шамға атта-
нады. Бұл 1276 жылдың маусым айы еді. Убулстин әмірі Жан-
дарбек қасындағы нөкерлерімен Байбарыстың билігін мойын-
дап, алдына келеді. Сұлтанды бұл жағдай да қанағаттандыра

қоймады. Ол түрік жерлерін толығымен жаулап алу туралы
шешім қабылдайды. Осы ойын іске асыру үшін әмірлерімен
ақылдаса отырып, тамыз айында әскеріне дайындық жасауға
бұйрық береді.

Мәмлүктер қару-жарақтары мен сауыт-саймандарын асы-
нып, бастарына дулыға киіп, бір-ақ күнде атқа қонды. Бұл Мы-
сыр әскерінде орнаған темірдей тәртіптің дәлелі еді. Онымен
қоса Рум әмірлері мен елшілері де ілесе шықты.

Байбарыс сұлтан әскер дайындығын өзі тексеріп жүр. Жа-
уынгерлер піл үстіне күрке тігіп, топ болып шабуыл өнерін
көрсетуде. Қара Майдан жерінде бағанаға айшық* іліп
садақшылар мергендік сайысқа түскен. Араларынан озып

шыққан әмірлерге күміс жүгенді, ер-тоқымды ат сыйлап, ал
қатардағы мәмлүктерге шапан, бас киім, жейде және қылыш
берді.
Сұлтан да өз өнерін көрсетті. Ол баласы Берке ханмен

найзаласуға шықты. Халық жарақат салмай найзаласу өнерін
тұңғыш рет көріп, аса керемет қимылдарына таң қалысты.
Ертеңнен қара кешке дейін созылған бұл дайындық ел аузында
көпке дейін айтылып жүрді. Мәмлүктерінің күш-жігеріне көзі

жеткен сұлтанның ендігі ойы – жорыққа аттану.
Байбарыс әскерімен қамалдан шығып, 22 күн дегенде Да-
маскіге кіреді де, тоқтамай, Алеппо өңіріне бет түзейді. Алдыға
ту ұстатып әмір Сұңқарды жібереді. Алғашқыда барлаушы-

лар Қорай ноян басқарған үш мыңдық қолды тас-талқан етіп
жеңіп, біраз әскерін тұтқынға алады.
Моңғол ханы Абаға өзінің қол астындағы Хаффаджа
тайпасының арабтарына Евфрат өзенінен өтіп, мәмлүк әскеріне

шабуыл жасауға бұйрық берген еді. Бірақ Байбарыс сұлтан
қойған тосқауылға арандап* көп адамдарынан, мыңнан аса
түйелерінен айырылады.
* айшық – нысана.

* арандап – байқаусызда бір нәрсеге ұрынып.

Ал Татауын ноянның он екі мың елхан-селжұқ біріккен
жасағы сұлтанның өзі басқарған қолға қарсы тұрды. Бұл аса
кескілескен ұрыс болды.
Татар-моңғол әскерлері аттарынан түсіп, өлімге бел

буған жанкешті шайқас жүргізді. Жан алып, жан берісуде.
Қашуды намыс көрген олар жалаң қылыш пен шоқпар ұстап,
мәмлүктердің атты сарбаздарын өлімге бас тіге қарсы ал-
ды. Ақырында соғыста шыңдалған, әдіс-айласы мол Байба-

рыс сұлтан әскері жеңіске жетті. Мәмлүк әмірлері Қиран мен
Қыпшақ қаза тапты. Қарсыластардан татар-моңғол әскерінің
қолбасшысы Татауын ноян өлім құшты. Байбарыстың алдына
әкелінген моңғол әмірлерінің біразына сұлтан бас бостандығын

берді. Паруананың шешесін, баласын тірі алып қалды. Байба-
рыс Қайсария қаласының тұрғындарына азаттық беретіндігін
жариялап, базарларында динармен сауда жасауға жарлық бер-
ді. Әмір Сұңқар бастаған қолды қашқан жаудың соңынан ат-

тандырды.
1277 жылдың көкек айы. Басына селжұқ сұлтандарының
сәлдесін ораған Байбарыс Қайсарияға кіріп, сұлтан сарайын-
дағы таққа барып отырады. Жаңа әмірді қала халқы, ғұлама-

лар, жалпы түрік мемлекетінің қази, фақихтері қуана қарсы
алып, басын иіп, бағынғандығын білдіреді.
Сұлтан өзіне көптеген одақтастар жинады. Алайда осы
жағдайды пайдаланып қалмақ болған жаулары да жоқ емес еді.

Солардың бірі – Паруана. Ол мәмлүк әскерін қалада ұстамақ
болып, Байбарысқа құттықтау хат жібереді. Хатта ол өзінің
сұлтанның алдына 25 күн өткен соң келетінін айтып мұрсат
сұраған. Оның ішкі есебі бойынша, осы уақыт аралығында

Қайсарияға мол әскерімен Абаға келуі керек еді.
Байбарыс бұл жолы да айлакер әрі ақылды қолбасшы екен-
дігін дәлелдеді. Паруанаға сенбеді, оның Абағамен жасырын хат
алмасып, опасыздық жасап жүргенін де сезді. Әскерсіз жалаңаш

қалған Шам қаласына Абағаның шабуыл жасайтынын алдын
ала білді әрі оның үстіне Селжұқ иеліктерінде көп әскерді ұстап
тұру да қиынға соқпақ. Себебі соғыс зардабын шеккен халық
мәмлүктерді қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмас еді.

Сөйтіп қаланы тастап шыққан Байбарыс Кейхабад өңіріне
жетеді. Осы өлкені мекен еткен сатқын армяндарды қашқын
татар-моңғолдарды жасырғандары үшін қырып салады. Убул-
стан шайқасы болған жерге Абаға көрсін деп, соғыста қаза

тапқан елхандардың өлігін көмдірмей, шайқас даласында
қалдыруға бұйрық береді.
Көреген қолбасшының айтқаны тура келді. Сұлтан мол
әскерімен Дамаск қаласына жетіп кірген күні моңғол ханы

Абағаның Шам иеліктерін шабуылдауға келе жатқанын естиді.
Қайсарияны тастап кеткендеріне іштей наразы болған кейбір
мәмлүктер нәтижесінде сұлтан шешімінің дұрыс болғанына
қуанады.

Бірақ моңғол ханы Байбарыспен Шамда соғыспай, елі-
не қайтып, әскерін сақтап қалуды жөн көрді. Есесіне жеті
күн бойы қылыш сермеп, жазықсыз Селжұқ иеліктеріндегі
халықты қырып, дүниесін тонады. 500 мыңға жуық жазықсыз

адам жер жастанды.
Абаға хан Байбарыс әскерінің Қайсарияға кіргенін хабар-
ламады деп айыптап, Рум елінің сұлтаны Ғиабуддинді және
Паруананы қамауға алып кескілеп өлтірді. Сөйтіп, Байбарыс

сұлтанның Рум жерлерін өз қол астына алуға бағытталған
жоспары Мысыр жерінің көлемі мен халықтың әл-ауқатының
нашарлығының әсерінен іске аспады.
Бұл Байбарыс сұлтанның ең соңғы жорығы еді. Оның ата

жауы моңғолдардың балалық бал дәурен шағының шырқын
бұзып, әке-шешесінен, туған жерінен айырып, шырқыратып
айдап құлдыққа сатылуға мәжбүр болғанына қайтарған ке-
гі. Сұлтан оларды адамзаттың жауы деп ұқты. Ішіндегі шер-

менде болып қатып қалған кегінің бәрін дерлік қайтармаса
да, қолынан келгенше аянбады. Жеңілмейтін әскер атанған
моңғолдардың рухын тып-типыл етті. Қыпшақтардың аса жа-
уынгер ұлыс екенін дәлелдеді.

мірде туу бар, өлу – міндеттілік. Адамның болмысы мен жа-

ратылысы сол –қанша бір батыр, дана, құдайдың құлы,
ел сыйына бөленген адам болса да фәниден бақиға өтеді.
Пендешіліктің құлы атанып, атсыз, атаусыз қалғандар
қаншама. Жақсының артында ізі қалады, халқы мәңгілік есі-

не сақтайды.
Әлемге аты шыққан, патшалардың патшасы, сұлтандардың
сұлтаны, қыпшақ Байбарыстың қайтыс болуы туралы сан
қилы аңыз-әңгімелер баршылық. Тіпті қыпшақ ұлы арабтарға

өзі үйреткен қымызынан уланып қайтыс болды дейтіндер де
кездеседі. Енді соның кейбіріне тоқталайық.
Осындай аңыздың бірінде Байбарыс сұлтан моңғолдар мен
түріктерге қарсы соғыста садақ оғы тиіп жараланыпты. Де-

несінен оқтың ұшын шығара алмай қатты қиналған Байба-
рыс ақыры лажсыздан емші шақыртып, оқты алысымен көз
жұмыпты-мыс деп баяндалады.
Бірақ Байбарыс Селжұқ түріктеріне қарсы жорығынан

кейін көңілі көтеріңкі болған. Әмірлерін жиып ас берген.
Отырыстары таңға дейін созылған деген тұжырым да кезде-
седі. Олай болса, садақтың оғын алғанда жан тапсырды де-
гені жалғандыққа саяды. Жараланған сұлтан қалай ғана таң

атқанша әмірлерімен отырыс жасамақ?
Хижра жыл санауы бойынша 676 жылдың мухаррам*
айының он төрті, жұма күні, Байбарыс әдеті бойынша қымыз
ішуге отырады. Отырыс түнге дейін созылған. Ертеңгісін

сұлтанның денсаулығы нашарлап, ауырып қалады. Науқа-
станғанына қарамастан, көмегі тиер деген оймен ол тал түсте
атқа мініп сейілдеуге шығады. Бірақ дерті күшейе түскен
сұлтан күн еңкейе сарайға қайтып оралады. Өзінің сенімді

нөкері әмір Сұңқарды шақырып:
Сұлтан Байбарыстың
қазасы
* мухаррам –маусым айы.

– Ішім күйіп барады, емшіні әкеліңдер, – деп бұйырады.

Емші келіп, сұлтанға түрікше ем жасайды. Бірақ ол берген
дәріден де шипа болмайды. Ауру одан сайын асқына түседі.
Жан-жақтан білікті емшілер шақыртылады. Олар ем дұрыс
жасалмаған деп тауып, сұлтанның ағзасын тазарту мақсатында

іш жүргізетін дәрі береді. Оның да көмегі болмады. Сұлтанды
жөтел қысып, ұйыған қан құсады, ыстығы да көтеріледі. Ем-
шілер сұлтанның бауыры удан езіліп кеткен деген шешімге
келеді. Осылай мухаррам айының жиырма сегізі күні, түс на-

мазынан кейін сұлтан Байбарыс жан тәсілім етеді. Әлгіндегі
Байбарыс сұлтан уланып өлген деген аңыз осыдан шықса ке-
рек.
Қалай дегенде де Байбарыс өлімі біздер үшін әлі де жұмбақ.

17 жылдан аса сұлтандық құрған Мысыр билеушісі 1277
жылдың маусым айында, 52 жасқа қараған шағында дүниеден

өтеді. Тақ тізгіні досы Берке ханмен аттас үлкен ұлына ауыса-
ды. Тарих әрі қарай жалғасты...
Сұлтан Байбарыс Мысыр, Иордания, Сирия, Палести-
на, Израил, Ливан, Сауд Арабиясының Хиджаз жері мен

Ирактың Евфрат өзенінің батыс жағын, Түркияның оңтүстік-
шығысындағы жерлерін қамтыған араб мемлекетін басқарып,
Қыпшақ әулетінің негізін салды. Мысыр, Шам және Хиджаз
сұлтанының толық есімі Рукнуддин уа дуния Байбарыс бин Аб-

дулла әл-Бундуқдари ас-Салихи ан-Наджами әл-Аюби ат-Түрки
еді.
Тағдырдың жазғанына не шара? Байбарыстың өмір жо-
лы туған жерінде емес шалғай аймақтарда өтеді. Өзге елді

басқарған ол қыпшақ жұртының даңқын аспанға шығарады.
Көшпелілер даласының рухын биіктетіп, күшін әлемге таны-
тады.
Байбарыс – моңғол зұлматынан* қайғы жеп, қасірет көрген,

қабырғасы қайысып, босып кетуге мәжбүр болған туған
халқының кегі үшін өмір бойы шайқасқан нағыз патша. Оның
қайталанбас ерлігі өсіп келе жатқан ұрпақтарына үлгі болып
қалмақ.

* зұлмат – алапат, ауыр, жауыздық.

Құрметті оқырман! «Аруна» баспасының өнімдерін төмендегі кітап дүкендерінен алуға болады Астана, «Абай» кітап үйі, Бөкейхан көшесі, 42. Тел. (3172) 322 720 Астана, «Аляска» кітап дүкені, Сейфуллин көшесі, 71. Тел. (3172) 214 988 (ж.) Астана, «Арғымақ» кітап дүкені, 4-шағын аудан, 28-үй, 15-пәтер. Тел. (3172) 363 355 Астана, «Учебники» кітап дүкені, Абай көшесі, 182. Тел. (3172) 376 301 Астана, «Аттау-Астана» кітап дүкені, Бейбітшілік көшесі, 18. Тел. (3172) 322 797 Астана, «Мир знаний» кітап дүкені, Жеңіс даңғылы, 52. Тел. (3172) 239 364 Қарағанды, «Книги» кітап дүкені, Сәтпаев көшесі, 22-үй, 1-пәтер. Тел. (3212) 569 271, 434 588 Қарағанды, «Әлихан Ермеков» кітаптар үйі, Ермеков көшесі, 52. Тел. (3212) 432 464 Қарағанды, «Санрайз» кітап дүкені, Н. Әбдіров көшесі, 19. Тел. (3212) 480 868 Қарағанды, «Мавлитов» шағын кәсіпорны, Бұхар жырау көшесі, 52-үй, 41-пәтер. Тел. (3212) 424 322, факс (3212) 432 490 Көкшетау, «Ш.Уәлиханов» кітаптар үйі, Абай көшесі, 133. Тел. (31622) 5 67 49 Көкшетау, «Книги» кітап дүкені, Горький көшесі, 76-үй, 12-пәтер. Тел. (31622) 5 03 53 Көкшетау, «Білім» кітап дүкені, Гагарин көшесі, 68. Тел. (31622) 6 39 43 Семей, «Шәкәрім» кітаптар үйі, Шәкәрім көшесі, 20. Тел. (3222) 661 121 Семей, «Облыстық кітаптар саудасы», Герцен көшесі, 13. Тел. (3222) 623 875 Павлодар, «Эврика» кітап дүкені, Паханов көшесі, 66. Тел. (3182) 328 870 Петропавл, «Мағжан Жұмабаев» кітап дүкені, Университет көшесі, 61. Тел. (3152) 464 758 Өскемен, «Қ. Қайсенов» кітаптар үйі, Киров көшесі, 51. Тел. (3232) 241 164 Өскемен, «Vіta» кітап дүкені, Әуезов даңғылы, 35. Тел. (3232) 252 832 Орал, «Жәңгірхан» кітаптар үйі, Батурин көшесі, 45. Тел. (3112) 241 164 Орал, «Оптима», Фрунзе көшесі, 49. Тел. (3112) 510 974 Орал, «Книги» кітап дүкені, Кутяков көшесі, 153. Тел. (3112) 212 277 Алматы, «Мир учебников» кітап дүкені, Гоголь көшесі, 72. Тел. (3272) 623 004 Алматы, «Экономик’С» кітаптар үйі, Қабанбай батыр көшесі, 71. Тел. (3272) 911 247 Алматы, «Книжный мир семьи» кітап дүкені, Абай даңғылы, 34. Тел. (3272) 629 927, 921719 Алматы, «Гулянда» сауда үйі, Төле би көшесі, 111. Тел. (3272) 325 290, 320 415 Қазақстан, 480091, Алматы қаласы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис. Тел./факс (3272) 728 411, 728 421. Е-maіl:aruna_ltd@maіl.ru

Балаларға арналған бұл көркем
суретті туындыда әйгілі хандар
мен қоғам қайраткерлерінің өмір

жолы суреттелген.

Кітап қазақ және орыс

тілдерінде шығарылған.
•Мөде қаған
•Томирис
•Шыңғыс хан

•Байбарыс сұлтан
•Керей мен Жәнібек
•Қасым хан
•Мұхаммед Хайдар Дулат

•Абылай хан
•Абай
•Кенесары Қасымов
Пішімі 220х288, 96 б.

Көркем суретті, полиграфиялық орындалу сапасы
жоғары бұл энциклопедия жасөспірімдерді тарихы-
мызбен таныстырады. Көптеген ірі оқиғалар мен таны-
мал тұлғалар туралы мағлұмат береді. Энциклопедия

балалардың жас ерекшелігіне сай түсінікті әрі жеңіл
тілмен жазылған.
Кітап қазақ және орыс тілдерінде шығарылған.
1 бөлім. Тарих ата

1 том. Ежелгі Қазақстан
2 том. Алтын Орда
Пішімі 220х288, 224 б.
Көркем суретті, балалардың танымына

сай жазылған халық ауыз әдебиеті мен
қазіргі заман ертегілері өз оқырмандарын
қызықты да ғажап әлемге сапар шегуге
шақырады.

Кітап қазақ және орыс
тілдерінде шығарылған.
Пішімі 220х288, 96 б.

ØÛÛÑÒÛ ËÛËÀËÀÐÛ

ÀÇÀÑÒÀÍ ÁÀËÀËÀÐ ÝÍÖÈÊËÎÏÅÄÈßÑÛ

«Шығыстың ұлылары» атты топтаманың кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі тарихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жолын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихына ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады. Баспа жобасының жетекшілері және кітапты шығаруға жауаптылар Қ. Раимбеков, Б. Иманәлиев Авторлары Б. Көмеков Қ. Сәки Кеңесшісі Халықаралық қыпшақтану институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Б. Көмеков Суретшісі М. Әуезов Әдеби өңдеуші Ш. Күмісбаев Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редактор Е. Козлова Редакторы М. Есенәлиева Корректоры Н. Сламбекова Қазақстан, 480091, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис Тел./факс (3272) 728 411, 728 421 Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (3272) 728 411, 728 421 E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Таралымы 5 000 дана. № 689 тапсырыс. Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Қаріп түрі «Школьная». Шартты баспа табағы 12. Есептік баспа табағы 17. Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясының Полиграфия комбинаты, 480002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41-үй. «Аруна» баспасының дизайн орталығы Е. Ильиных

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙