Мазмұнға өту
Home

Япурай

Көбей Өтжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Япурай

Көбей Өтжан — «Япурай» (Көркем әңгіме). ЯПУРАЙ (әңгіме) Орыс халқының мақтанышы, марқұм жазушы

ЯПУРАЙ
(әңгіме)
Орыс халқының мақтанышы, марқұм жазушы

М.Горькийдің рухына арнаймын.

Автор.

Кеш. Шардараның күзі. Алыста батып бара жатқан күн неге екенін кім біледі – қызарып, салқын ауаға қысылып тұр. Бірақ, сол күннің соңғы сәулелері шексіз Шардараның жайылған суының бетінде, майда толқындарының жалында бірге ағып, бірге тулап, сәуле шашады. Осы көрініске қарап, таңырқап, тік құлама жар қабақтың үстінде Есімнің отырғанына біраз уақыт болған. Көтеріңкі көңілін алыстан,талып жеткен бір үн тербей берді. Бұл үн–ән жан дүниесінің ырғағына тура келіп, ол өз-өзінен еріксіз ыңылдады. Ән – Япурай сияқты. Есім әннің мәтінінің үніне тіптен сәйкес келмейтінін ыңылдап, ішінен айтып отырып бірінші рет аңғарды. «Сөзін айтпау керек екен». Есімнің ішінде бір үлкен толқыныс пайда болып, жойқын күшпен бойын керіп,бірте-бірте сол күш дыбыс үндеріне айналып еріксіз оның аузынан «Япурай» болып, әннің үні ауаға көтеріліп биіктеп тарап жатты, тебіреніп кетті. Әннің үніне еріп бойы қисаңдап тербеліп отырды. Ал оның қарсы алдында көзін жаулап алған Шардараның суы аспанға дейін созылып, шексіздікпен ұласып жатты. Дүниенің кеңдігінен, Шардараның суының шексіздігінен туған қуанышты басынан кешіп отырып, Есім бұл фәни жалғанның қысқалығын түсініп, өкініш-мұңының – Япурайдың үніне ұласқанын сонда ғана іштей түйсінді. Арақ ішпей мас болып отырғанының мәнісін түсінді. Япурайдың дәл мұндай тамаша ән екенін білмепті ғой бұрын. Осы Шардараның көліне деген ынтық сезімі жетелеп, оны тоқтатпаған күйі Алматыға апармай, Шымкентке кідіртпеуінің себебі осында шығар. Ендігі арманына жеткен адамдай тік құлама жардың басында отыр. Алыстағы суық Астанада не істей қояр еді ол қазір. Балаларының өз жұмысы, жанұясындағы міндеттері бір бастарына жетіп жатыр, өз қуаныштары өздерінде. Әкелерінің қайда барып, қайда жүргені уайым емес, оны ойлауға уақыттары да жоқ емес пе, қызық та емес, келді, кеттісі бірдей сияқты, бары да жоғы да дегендей... Олар қазір өздерінше әкелердің роліндегі әртістер сияқты көрінді дәп қазір Есімге. Есімнің көңіліне қарамайды олар... Балалары сияқты атаға айналдырып алған. «Әкенің көңілі балада. Баланың көңілі қалада, ал атаның орны далада» деп мақал шығарса да болатындай.

Марқұм болған әйелі – Жәмішкүлі есіне түсті. Бұлар ертеде осы Шардараға келіп көріп ғашық болып қайтқан еді. Судың жағасынан жер алып, көлге қаратып там соқсақ дескен. Балаларымызды осында өсірсек, олар Шардараның суына шомылып, жылылығын бойларына сіңіріп, кеңдігінен өмірлеріне тәлім алып, табиғаттың мәңгілігін ал адам ғұмырының қысқалығын, уақытша екенін түсініп жетілсін деген армандары екен ғой. Ол іске аспады. Әйелі тірі болғанда ғой қазір, мейлі өз балалары қаланы қалап сонда-ақ тұрсын Есім бұлай жалғызсырамас еді ғой, бұл дүниеден түңіліп дәл бұлай болмысына ренжіп пүшәйман болмас еді-ау. Есім еріксіз күрсінді. Әйелі әрине тірі болғанда түсінер еді-ау қазіргі Есімнің жан толқынысын. Бәлки бірге де келер ме еді. «Жиендерің Оңғар мен Мұхтарға, Бақдәулетке бірге барып қайтайық»– дер ме еді. Осы қазір жанында иықтасып отырар ма еді бірге Шардараға сүйсініп қарап риза болып мына жалған дүниеге. Бәрі соның қазір жоқтығынан шығар, әйелінің де. «Орта жасқа келгенде әйелің, орта жолға келгенде атың өлмесін». Есім Басын шайқады, жан жағына қарады.

Күн батуға таяп қапты. Төңірек қараңғылыққа кіре бастаған. Әртүрлі ойлар мен қиял жетегіндегі Есім бұны енді аңғарды. Бойы сергіп,аспанға көз тікті. Қараңғы түспей бірді-екілі ақ шағалалар судан жоғарылап, секіріп ойнаған майда майда балықтарды шүйіліп келіп, аузына іліп алып, қалай қайтадан көкке көтерілгендеріне зейінін салды. «Басқа шағалалары қайда екен?»

Алыстан естілген мотор даусына құлақ түрді, бір қайықтың көл жиегіне беттегенін сезді. Орнынан тұрды, киімін қағынды. Нақ осы құлама жарқабақтың шетіне қорықпай жайғасқанына өзі таңырқанды. Жанындағы ыдысы – целлофанын ұмытпай қолына алып, жайпауыт жермен айналып, көл жиегіне беттеді. «Дәу де болса осы қайықпен келе жатқан жаңа танысы – Иван шығар».

– Это ты, Николай, – деді қайықтағы адам да моторын өшіріп жатып, дауыстап. – Я сомневался, что ты будешь меня ждать. Многие так не поступают, не приходять.

Жеңіл қаңылтырдан құраған қайығының шетінен ұстап, жиекке сүйрегенде Есім оған көмектесті.

– Улов хороший, сазанов много и судаков хватает, – деді ол сосын.

– Ты, Ваня не замерз? – деді Есім жанашырлықпен.

– Не скрою, продрог. А ты принес с собой обещанную?

Иван Есімге сұраулы кейіппен қарады.

– Ваня, успокойся. Договор дороже денег и рыб, – деді Есім.

– Сказал бы сразу. Налей вот сюда, до края.

Иван қырлы стакан ұсынды. Қараңғыда оны тез қайдан тауып алғаны белгісіз. Есім целлофан қалтаны алып, ішінен газет шығарды, оны қайықтың тұмсық шетінің үстіне жайды, әкелгендерін жаймалады. Оның қимылдарына Иван үнсіз қарап тұрған. Шыдамады-ау, екінші рет:

– Налей водки, – деді.

Есім әкелген арағының аузын ашты. Қырлы стакан толғанша құйды, оны Иванға ұсынды. Бұрылып, әкелген шұжықтан кесіп жатыр еді, Иван:

– Не надо ради Бога, – деді. Қайықтың ішінен судак алып, оның қыр арқасының қабыршақтарын пышақпен ысқылап жіберді

– Будем здоровы, – деді Иван. Өзі қырлы стакандағы арақты басын шалқайтып, аузын ашып, соған құя салды. Сосын қолындағы судакты иіскеді, рахаттанып тұрып тірі– балықтың жон арқасынан тістелеп, жұлқылап жей бастады

– Ты бы закусил колбасой лучше, – деді Есім, оның қолындағы судактың тыпырына қараңғыда көзі жетпесе де денесі түршікті. «Даусы жоқ жылауға,шыңғыруға»

– Нет, мне вот так хорошо, – деді ол.

– Не люблю есть колбасу, не знаешь из чего они сделаны и как их делают. Я предпочитаю сырого свежого судака.

Сонан соң қайықтың тұмсығына жайғасып отырды.

– Налей еще до половины стакана, – деді Иван.

Сәлден соң екеуі Есімнің әкелген тамақтарын жеп отырды. Әңгімелері жарасқан. Көл жиегіндегі жардың арғы жағында биіктегі үйлерде, көшелерде электр шамдары жарқылдайды. Аспанда жұлдыздар көрінеді. Ай көтерілді. Су бетіндегі майда толқындарға жарықтар ілесіп құбылады. Қайықтың судағы бөлігі жаймен қозғалып тұр. Көлдің майда толқындары қайыққа соққан сайын одан шылп – шылп етіп дауыс шығады.

– Ты видел,Капчагайское водохранилище? – деді Есім.

– Нет не приходилось.Говорят там много строятся дома отдыха и казино.

Но я думаю так,наше Шардаринское море больше чем Капчагайское потому,что оно тянется сорок пять километров в длинну и сорок пять в ширину. Николай скажи сам,что это настоящее море. По мне оно не хуже чем иностранные Багамские побережья. И здесь тоже теплый климат. Хотя мы находимся от железной дороги по нашим меркам далеко двесто километров – но ведь здесь своя земля, и это ближе чем, эти иностранные Багамские острова, правда? Зачем туда летают на самолетах? Говорят чтобы отдыхать. А что, здесь нельзя разве? И здесь на побережье ест мелкие,горячие пески. Николай, ты наверное видел их.

– Да, Ваня. Согласен с тобой. Если построить на побережье коттеджи, дома отдыха. И здесь воздух чистый, не жарко. Изобилие напитков: – Молоко, кумыс, шубат-кумыран. Нашему народу чужое добро всегда кажется лучше чем свое.

Есім Шардараның жиектей соғылған көп қабатты зәүлім әрі сұлу де биік үйлерін көзіне елестетті.Ұзамай олар да соғылатын шығар – деді Есім өзімен сөйлескен адамша.

Екеуі біраз уақыт үнсіз отырды.

Есім ыңылдап,ән сала бастады.

– Что за песня?– деді Ваня.

– Япурай, Казахская народная песня.

– Мне понравился ее мотив. С глубины души выходит,не надо горло драть.

Есім бүгін түс кезінде көл жағалаған. Сонда Иванмен қалай кездесіп, танысқаны есіне түсті. Күн жылытын. Өзіне бейтаныс су жиегінің өміріне көз салған. Жүзіп жүрген қайықтардың саны көп екен. Моторларының дауыстары құлақ жарады. Яғни, балықшылардың қайығы болды – олар. Бірақ, Есім сол қайықтардың арасынан бір де бір ақжелкенді, көк желкенді, қызыл желкенді қайық көрмеді. Спорттық яхталар атымен жоқ. «Адамдардың есіл дерті тек балық аулауға, бизнес жасауға ауып кеткен сияқты». Мына шалқар Шардарада спорттық, жарыстарды ұйымдастыратын адам жоқ-ау жобасы, болса ғой егер, өй бір қызығына тоймайтын теңіз екен-ау.

... Көлдің бетін қақ жарып, моторының даусы қатты естіліп, бір қайық су жиегіне тұмсығын тіреді. Қайықтан түскен адам аулаған балықтарын пластмасса жәшіктерге толтырып, тасуда. Жағада тұрған автомобиль көлігінің иесі болу керек жасы кеп, тоқмейілсіген әйел кісі оларды таразыға өлшеп, машинаға салғызып жатты. Үлкен дәптеріне әлденені жазып қояды. Есім олардың ісіне зер салып тұрды. Ал балықшының аяғына кигені ұзын қонышты резина етіктер. Шаршап келгені көрінеді. Дереу ауларын жазғылап, оны реттеуге кірісті. «Тағы кетеді.»

Балықтары көз қызығарлық. Күн көзіне шағылысып жалтылдайды. Ақ сазандар. Адамның көзін қытықтай ма? жалпақтары адамның балтырына ұқсап кетеді, тіпті, адам санын еріксіз көзге елестетеді-ау. Есім өз ойынан қысылған. «Балықтары ірі екен».

– Екі данасын сатыңызшы, – деді Есім шыдамай, онысын жасырмай, ойына алғаны осында тұратын екі жиенінің үйлеріне құр бармау болатын. «Базарда өтпей, тұрып қалмаған жаңа балық»

Есімге асықпай сын көзбен қарап алып, аз-кем кідірістен соң:

– Бұл балықтар енді заводтікі, есептелді, жазылды, – деді әйел.

– Ал, мына адамдар сонда жұмыс істейді. Олар да жеке адамға сата алмайды.

– Бөтен жақтың адамы екеніңіз көрініп тұр. Сонау бір ертелеу кезде, қоғам өзгермеген шақта, балықшылар балығын сата беретін, мұншалықты көп те емес еді – балықшылар. Сондағы аулаған сазандарды көрмепсіз. Олардың ұзындық тұрпаты адам бойынан асатын. Майдаланып кетті ғой балық шіркін. Көрмейсіз бе, қаншама адам суға ау салып жүр. Күндегіміз осы. Қайықтарға қарашы, көз жетер судың бетінде тек солар. Жақын арада бұл балықтар да көзден бұлбұл ұшары анық. «Ұра берсең құдай да өледі» демей ме мақал, балық майдаланып, азайып кетті.

Балығын өткізіп болған жасы келген орыс адамы осы кезде әңгімеге араласты.

– Скучно, однобразно живем, – деді ол.

– Как у Лермонтова получается, – деді Есім.

– Да, что рыб захотелось покушать? Мы работаем на завод, здесь никто не продасть свой улов на сторону.—деді әлігі кісі сөйлескісі келгені көрініп тұр.

– Сколько зарабатываете за один день?

– Смотря на улов.

Өзі әйел адамға қарады..

– За один день от десяти если повезет – до пятьнадцати тысяч тенге будет.– деді. Ол. – Немало, – деді Есім, – в месяц три тысяч баксов, – таң қалғаннан орнынан тұрып кетті. Темекісін тұтатты, әлгі орысқа да, ол сұраған соң біреуін ұсынды.

– Сегодня мой напарник заболел, могу вам предложит его место, временно, к вечеру получите за свой труд, причитаемую долю в рыбах.— деп Есімге сұраулы жүзбен қарады.

Темекісін тұтатып тұрып, Есімнің үсті-басына көз салды, сосын аяқ киіміне қарады.

– Меня зовут Иван, – деді ол күректей алақанын ұсынып.

– Николай по вашему, – деді Есім жас кезгі аты есіне түсіп оның қолын қысты.

– Вижу, в этой одежонке вы не сможете. Все равно захотелось вас прокатить, поговорить, мне одному трудновато и...скучно.

Оқиға желісі мен шешім

– И скучно и грустно, некому руку подать

В минуты душевной невзгоды, – деді Есім оның ойын жалғастырғандай.

– Да, точно. Со школы же это. Это же стихи Лермонтова. Да. Эх, как хорошо вы напомнили. А дальше как было?

– Желанья, что пользы вечно и напрасно желать,

А годы проходять, все лучшие годы.

– Как хорошо мне стало. Ей богу. – Иванның қуаныштан көздері жайнап тұрды.

– А дальше не помните?

– Любить, но кого же на время не стоит труда,

а вечно любить не возможно... дальше забыл, не помню уже, – деді Есім кібіртіктеп, қиналып, шынымен оған өзі өкініп тұрды.

– Да, это Лермонтова стихи. Как я их любил, передать словами невозможно. А вы до сих пор помните их. Да...

Хорошие стихи народ любит. Не знаю, как сейчас,школьники наверное уже их не читают, конечно наверное любят свои компьютеры.

Содан соң дауысын бәсеңдетіп:

– Приходи на закате солнца, приемщицы не будет, захвати с собой водок, не забудте только, а там посидим, рыб дам, поговорим от души. Видите вон та машина моя, довезу до дому, хорошо. До встречи. Только приходите обьязательно.

– О кей, – деді Есім қолын түйіп көтеріп, бұрылып қалаға қарай беттеді.

... Қазір сол уәдемен келген беті-тін.

Ішкен арақтары әсер ете бастағандай. Әсіресе Иванға.

– Сколько лет прошло как сюда приехал, – деді Есім.

– Уже не помню, это было давно, я даже научился говорит по казахский легкими бытовыми словами. Если бы государство чуточку поддержал нашего брата, русского человека, я уже спел бы сейчас песни на казахком языке. В политику я не лезу, но каждому русскому человеку ясно все это. Вот подумай я живу здесь, окоренился, потомки будут жить, воду пьем, хлеба едим, воздухом дышим. В блогадарность местным казахам выучить их язык никакой трудности не составить. Наоборот обогатимся. Хотя многие этого понимают но не хотят, ленятся Мне за них стыдно. Стыдно мне Коля. Бог сверху все видит.

Екеуі сәл үнсіз отырды.

– А вы сами откуда свалились? – деді темекісін тұтатқан Иван. – Оттуда что ли? – Саусағын жоғарыға шошайтты.

– С Астаны. Приехал пожит на самом юге Казахстана, эту зиму здесь думую провести.

– Молодец. В феврале воздух потеплеет, зеленые травы появятся. Сам посмотришь, дождись только, не уезжай. А если понравится останешся на всегда. Помрешь, похороним. Костям тоже после смерти в тепле надо лежать. – Есім ойланып отырған. «Ұнатсам қалуға да болар. Қызметтегі балаларыма керек болсам, іздесе жанұясымен келер қыдырып. Марқұм әйелім тірісінде Шардараны ұнатқан еді-ау».

– Мы опустошили вторую бутылки, а в этой не водка а кумыран, верблюжее молоко, – деді Есім. – Я помню в детстве отец поговаривал, что кумыран напиток – когда жарко, и еда когда нечего есть. Одной из причин моего приезда это здесь попробовать кумыран. Пью. Ничего. Поиспытаю в течение месяца.

– Да вы что? – деді Иван таң қалып.

– Через десять дней говорят гемоглабин даже в организме человека повысится.

– Дай попробую.

Иван қымыранды сіміріп салды. Тамсанып сәл отырды, сонан соң тағы ішті.

– Поноса не будет не переживай.

– Ей, ей, тепер буду пить постоянно. Только название выговорить трудновато.

– Да ты можешь называть шубатом, если тебе так легче. Местные диалекты же это. Где то кумыран, где то шубат.

Иван орнынан тұрып шашылған қайықтың ішіндегі балықтарды жинап қапқа сала бастады, Есім қаптың аузын ашып тұрды.

– Ну как шубат, подействовал?. Это верблюже молоко оно сведет на нет весь твой выпитый алкоголь. Посмотришь, от язвы побережеть.

Ірілеуінен үш сазанды Иван қолына алып бір бөлек қойды.

– Тебе хватить это, Николай, или хочеш весь мой улов забирать? – деді ол. Өзі Есімді құшақтап бауырына қысты.

– Слушай Николай, – деді тағы әлдебір маңызды мәселені айтқысы келген адамның шыдамсыз үнімен:

– Ты не знаешь наверное, что в сазанах много икры, которых так любят есть горожане. В каждой крупной рыбке содержиться до миллиона зерен– икр. Считайте, вы съедите не одну рыбу а, миллион штук будущих рыб. Конечно, если они родятся,и если все выживут.

Иван тұра қалып, есептеуге кірісті.

– Если скажем из четырих зерен – выживет хотя бы один то, это двести пятьдесят тысяч рыб получится. Эх, травим то мы как этих бедных рыб, ей богу как фашисты во время войны – людей. Умершвляя их,сколько состоянии, богатства мы сводим на нет. Безрассудство оно какое. А людям получаетсы вся равно. Но их тоже можно понять. Время то какое трудное. У всех есть дети – их надо кормить, одеть, обуть,в конце концов машину захочет купить. Не упрекнешь ведь за это их.

Иван сөйлеп жүріп моторды қайықтан ажыратып жерге қойды. Есім екеуі оның жеңіл машинасының артқы жүк салғышына оны тиеді.

Есім қимыл үстінде мына әңгімені есітіп денесінің тітіреп кеткенін сезді. Әлдене бір тірлігін дұрыс жасамағандай, тіпті, бар ғой үлкен күнәға батқан жандай сезінді өзін.

– Слушай Иван, на их улов со стороны госохраны природных богатств не были запреты, да как отличают самки от самцов, в такой темноте ты их сможешь отличить, – деді Есім.

– На счет госохраны не знаю, а отличить конечно смогу, самки ведь крупнее бывают. Хорошо, покажу. Но зачем это тебе знать?

... Рукой проведу вот так по нижней части, и нахожу место, откуда она икры свои выводить, – деп Иван бір балықты қолына алып сол жерді көрсетіп, Есімнің қолына ұстатты.– Теперь понял?

– Это есть самка, – деді,қараңғыда оның күліп тұрғанын сезді Есім.

Ұрғашы балық деп екеуін бір бөлек, үшіншісін еркек екен деп бөлек қойды Есім.

– Ты ведь их для меня выделил да Иван, тепер я сними что хочу то сделаю? Ты согласен Ваня?

Есім екі балықтың желбезегіне саусақтарын сұғып көтерген күйі сүйретіп,суға қарай беттеді. – Олар әлі тірі болатын. Есім ыңылдап тұрып-тұрып, кенет Япурай әнінің мотивін қоңыр даусымен созып айта бастады. Қараңғы түнде зарланған оның салмақты қоңыр даусы, үні әсерлі шықты. Иван үндемей қалды, тыңдап тұрды. Есімнің екі көзінің жастары тарамдалып, бетіне ақты, әрине оны Иван қараңғыда көрген жоқ. Есім Япурайды айтып тұрды.

«Кең дүниенің, шексіз теңіздің-тарылғанына жас кезінде мәңгіліктей көрінген адам өмірінің қысқалығын түсінгені оған өкінгені, бүгінін ғана ойлаған адамдардың бар байлықты өз қолдарымен шашқандарына деген реніші білініп тұрды оның даусынан».

Иван да көпке дейін үн қатқан жоқ. Екеуі үнсіз тіл қатпай біраз тұрды. Сосын барып Иван:

– Поехали что ли подброшу тебя до дому.

– Живите, разведите потомков, – деді Есім оның сөздерін есітпеген жандай балықтарын суға лақтырған шақта, бойы бір жеңілдеп қалғандай үнмен. Екі ұрғашы сазан балықтарының суға түскенде шалпылдаған дыбыстары шықты көлден. Содан соң тыныштық орнады. Иван да суға жіберген балықтардың тұсынан көз алмады біразға дейін...

... Көлікке мінген соң еркек сазанды Есімнің жанына жақын қойған Иван қабының аузын ашып, ішінен тағы екі еркек.

балықты бөлек алып, Есімнің қалған бір балығына қосып қойды, сосын оған қарап:

– Если бы все рыбаки сами отпускали самок в воду как вы сейчас,в скором будущем их количество увеличилось бы в стократном размере и они стали бы крупнее

Түнгі көшеге зер салып, содан соң екеуі де ұзақ үндемеді, тек темекілерін сора берді. Өз ойларымен отырды. Көшені машинада отырып көздерімен аралап келеді.

– Эх что и говорить, – деді Иван Есімнің жиені Мұхтардың есігінің алдына машинасын тоқтатқанда, қоштасып тұрып сөзін жалғастырып – Николай, ты хороший человек, сау бол ағажан, кездескенше, – деді қолын кабинадан шығарып,жоғарыға көтерді, сигналын басты, онысы қоштасқаны болар, сонан соң автомашинасын зымырата жөнелді.

19.11.2009 жыл

Шардара.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙