Мазмұнға өту
Home

Бабалар сөзі 55 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 55 том

Авторы: Серікбай Қосан

Астана «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды Құл-Мұхаммед М., төраға Досжан А., төрағаның орынбасары Асқаров Ә., жауапты хатшы Қоғамдық кеңестің мүшелері: Абдрахманов С. Аяған Б. Әбусейітова М. Әйтімова Б. Әлімбай Н. Әуезов М. Базылхан Н. Байпақов К. Биекенов К. Бурханов К. Ертісбаев Е. Кенжеғозин М. Қасқабасов С. Нысанбаев Ә. Өмірбеков Б. Салғара Қ. Сариева Р. Сейдімбек А. Сұлтанов Қ. Таймағамбетов Ж. Тұяқбаева Б. Хұсайынов К. «МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

БАБАЛАР СӨЗІ жүз томдық Ғашықтық жырлар 55 том УДК 398 ББК 82.3 (5 Қаз) Б 12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Жұмасейітова Г.Т. (төрағаның орынбасары), Еркебай А.С. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.A., Қорабай С.C., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б., Мұсағұлова Г.Ж., Сахарбаева К.С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Әлібеков Т., Әкімова Т.

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Қосан С., филология ғылымдарының кандидаты, Тастанов Қ. (жауапты шығарушы),Тұрлымбеков Б. Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2009. Т. 55: Ғашықтық жырлар. —384 бет. ISBN 9965-35-802-8 «Бабалар сөзі» сериясының 55-томына «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының таңдаулы бес нұсқасы ұсынылып отыр. УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз) ISBN 9965-35-802-8 (т. 55) © Әдебиет және өнер институты, 2009 ISBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2009 4702250205 00(05)—08

Құрастырушылардан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­ кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның бұған дейін жарияланған елу төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­ налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­ дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді. Оқырман назарына ұсынылып отырған 55-том ғашықтық жырларға арналды. «Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына негізінен қазақ халқының сан ғасырлардан айтылып, құлақтан-құлаққа, ауыздан-ауызға, бірден-бірге жетіп, бүгінгі ұрпағымен есен қауышқан ең көне мәдени жәдігерлерінің бірі «Қозы Көрпеш— Баян сұлу» эпосының таңдаулы бес нұсқасы еніп отыр. «Қозы Көрпеш—Баян сұлудың» қазақ арасына кең тараған 30-дай нұсқасы және орыс тіліне өткен ғасырларда аударылған бірнеше вариант—версиялары бар. Олардың көпшілігінің түпнұсқалары мен қолжазба материалдары негізінен Ресейдің

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Омск т.б. қалаларының мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» эпосы тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарына да ортақ Рухани мұра. Мәселен, аталған жыр сюжетінің алтайлықтарда—6, башқұрттарда—28, татарларда—22 нұсқа мәтіні сақталғандығы да осының жар­ қын дәлелі. Эпостың қазақ арасынан жазылып алынған ең көне нұсқаларының бірі 1830 жылы Мәскеуде шығатын «Отечест­ венные записки» журналында орыс тілінде басылған. Бұдан соң «Қозы Көрпештің ...» кейбір нұсқалары В.В.Радловтың (1870), И.Н.Березиннің (1896), Н.И.Ильминскийдің (1878,1890, 1894, 1896, 1905) жинақтарында басылып, қалың оқырманға кеңінен таныс болды. Эпосты жинау жариялау, зерттеу жұмыстарына Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Костылецкий, Н.Я.Коншин, С.Шорманов, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтанғазин, Ғ.Дербісәлин сынды көптеген зиялы азаматтар атсалысты. Бұл орайда әсіресе, Сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы мен оның балала­ ры—Қоқыш, Мақажан, Болат, Шоқандардың атқарған еңбегі ұшан теңіз. Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының Березин мұрағатында сақталған «Қозы Көрпештің ...» Жанақ, Шөже нұсқаларының бірнеше көшірмелері де мұнда Шоқан­ ның орыс достары арқылы жеткізілгені мәлім. Кеңес өкіметі тұсында ұлы эпосты зерттеу, жариялау жұмыстары одан әрі жалғасты. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» театр сахнасында қойылды. Жаңадан табылған варианттары зерттеліп, халық әдебиеті, фольклор жинақтарына енгізілді. Бұл бағытта С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұма­ лиев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Н.С.Смирнова, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, З.Сейтжанов, Т.Сыдықов, Б.Әзібаева, М.Ғұмарова сияқты көптеген қазақ ғалымдары үлкен еңбек сіңірді. «Бабалар сөзі» сериясының 100 томдық басылымына атақты эпостың халық арасына кең тараған таңдаулы нұсқалары ірік­ теліп, оларды екі томға топтастыру (54,55-томдар) жоспар­ ланды. Ұсынылып отырған осы томға «Қозы Көрпеш—Баян сұлудың» Айтбай Дәндібайұлы, Қоңқабай Мейірманұлы, Мол­ ла Рахым, Б.Мақанов, М.Нукин нұсқалары енді.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН «Бабалар сөзі» сериясының кезекті елу бесінші томы көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға, томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім­ дерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР

М Ә Т I Н Д Е Р

Бисмилла, сиынғаным бір Құдай-ды, Құдай артық жаратты күн мен айды. Жұрт тыңдап, халайық құлақ салса, Қарабай, сөз қыламын, Сарыбайды. Тағы да сыйынғаным бір Құдайды, Құдайсыз айтқан сөзім жарамайды. Келгенше жетпіс беске бала сүймей, Бір мұңдық сөз қыламын Қарабайды. Жігіттер, шын ойлаңдар бір Құдайды, Құдай сүйіп дос қылған Пайғамбарды. Сараңды білемісің Қарынбайды, Жомарт деп есітемісің Атымтайды. Бер десе қайыр, зекет тіл алмайды, Ұстаса жүзден бірді көз қимайды. Сонан соң Қарынбайды қаһар тұтып, Жеті қат жер астынан берді жайды. Соншама малы бір малдай көрінбейді, Қиямет қайым болғанша тоқтамайды. [Берейін] өлең айтып [жарандарға] Жұрт ұйғарып, айт десе амал бар ма. Қарабай мен Сарыбай деген мерген, Кәпір ме, [әлде] есітің, мұсылман ба? Мұсылман бізден бұрын көп болмайды, Тәңірден тілеген жан шет қалмайды. Қозы Көрпеш өлеңі (Дәндібай Айтбаев нұсқасы)

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қарабайды айтады қызылбас,—деп, Не кәпір, не мұсылман деп болмайды. Жасында Жанақ жүрген қобыз теңдеп, Төрт ауыз өлең айтар жамбы бер деп. Айтамын мен бір өлең ептеп-септеп, Бекбаулыдан ақын өтпес баса көктеп. Кешегі түбі керей Бекбаулы ақын, Айтыпты Сарыбайды Түрікпен деп. Құдайдың бір күні кең, бір күні тар, Құдай деген кеңдікке бір жету бар. Қарабай мен Сарыбай мергендердің Су аяғы—Құрдымда мекені бар. Мерген жоқ Қарабайдан асатұғын, Айдаһар мен аю аң қашатұғын. Жарғантас—аңшының бір мекен жері, Күн шықпай келер мерген тосатұғын. Құдай деген көреді көп нәубетті, Байғұс шал бала сүймей тентірепті. Күн жексенбі мойнына мылтық салып, Қайқиып Қара—Сары аңға кетті. Жұртына көшкен кедей бір келеді, Баласыз бай екенін кім біледі. Қара—Сарымен қайқайып келе жатса, Бір марал Жарғантаста кез келеді. Қарабай аттан түсіп демін алды, Мылтыққа оқ дәрісін баса салды. Бай былжырап, от шағып барғанынша, Күн батып, қас қарайып, көз байланды. Таң атқан соң бір жерден түсермін деп, Қара—Сары қаңтарып жатып алды. Қарабай қартайса да, көңлі дардай, Күнде құлан қуады дамыл алмай.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Ішінде егіз бұзау—буаз марал, Аяғын тұрды жануар бір баса алмай. Тыңдаңдар, құлақ салып, ей, жігіттер, Кейі шын, кейі өтірік Тәңірі білер! Таң атпай Ақ буыршынға мініп алып, Кетіпті күн шығармай Сарыбай ер. Ақ буыршын мен Көк буыршын екі саяқ, Және бір сөз қалыпты айтқандай-ақ. Ертең ерте Сарыбай жетіп келді, Ұйықтап жатқан Қарабай құл тұрмай-ақ. Ақ буыршын Көк бурышынмен тілдес еді, Жарлы жұртта тұрса, бай көшеді. Сарыбай ертең ерте жетіп келіп, Ұйықтап жатқан шалменен сөйлеседі. —Байлығың қызылбастан өткен жансың, Бала сүймей малменен кеткен шалсың. Атыңды күн шыққанша байлап қойып, Құдайдан үміт үзген неткен жансың. —Қызылбас қарағайда бірталаймын, Дамылсыз жас шағымдай жүре алмаймын. Жетпіс беске келгенше бала сүймей, Құдайдан үміт үзген Қарабаймын. —Атыңды естіп, өзіңді танымаймын, Мен де түрікпен, қызылбаста бірталаймын. Алпыс үшке келгенше бала сүймей, Мен дағы бейбақ болған Сарыбаймын. —Сарыбай қуанамын сені көрсем, Маралдың басылушы ем етін жесем. Алдымда—буаз марал бара алмадым, Сарыбай қайтер екен атып берсең?

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Құдайдың бір күні кең, бір күні тар, Құдай деген кеңдікке бір жолығар. Биыл менің бәйбішем күмәнді еді, Атпаймын, буаз болса, үмітім бар. —Қартайдым қаріп болып көзім көрмей, Ажал келсе, тұра ма кісі өлмей. Менің де үйде бәйбішем буаз еді, Құдайдан үмітім бар менде сендей. —Алыспенен жуықты Құдай қосқан, Түпті мерген жоқ еді менен асқан. Қатынымыз ұл тапса екеуміздің, Дос қылсақ қайтер екен құшақтасқан. —Қарабай қуанамын сені көріп, Құдайдан тілелік те ерте тұрып. Бірінен ұл, бірінен қыз боп туса, Міне, сонда екеуін қайтер едік? Екі бай ай далада құда болды, Айтып-айтып қойыпты әрбір жолды. Алпыс пенен жетпістің ортасында, Шырақсыз өтеміз бе екі сорлы. —Қарабай, жолдас болдың биыл маған, Сен бір кәрі жер жүзін көп шарлаған. Ендеше бұл маралды мен атайын, Обалы жануардың болсын саған. Нетеді ей, жарқыным, тілімді алсаң, Қорқамын осы жерде ашулансаң. Азығым жоқ, маралды атып берші, Обалы жануардың болсын маған. Мылтықты ер Сарыбай қолына алды, Маралды атайын деп оңтайланды. Жүре алмай тұрған марал атып еді, Ажалы жеткен екен, құлап қалды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарабай Сарыбайды жақсы көрді, Марал таудан етекке құлап келді. Солақай шал пышағын жанып алып, Етек-жеңі қаудырлап жүгірді енді. Көшкен кедей жұртына бір келеді, Баласыз бай екенін кім біледі. Жүгіріп кеп маралды бауыздаса, Жаны шықпай егіз бұзау мөңірейді. Құдайым аттырғанын жек көреді, Маралды бұзып-жарып өңгереді. Егіз бұзау даусына шыдай алмай, Сол жерде ер Сарыбай жанын берді. Мінгені Қарабайдың қара сұр-ды. Аң қарап тоғыз күндей таң асырды. «Ей құдайым, бір жолдасты көпсіндің»,—деп, Құшақтап аттың жалын жылап тұрды. Қартайдым қаріп болып көзім кетіп, Айырдың жолдасымнан тентіретіп. Ел жағынан бірталай шаң шығады— Бір төртеу «шүйінші» деп келді жетіп: —Қарабай нағып тұрсың құла түзде? Құдайдың қаужасы көп күдер үзбе! Үйіңдегі бәйбішең көзін жарды, Кері жүр, шүйінші бер жылдам бізге. —Мен жүрмін құлан аулап құла дүзде, Құдайым қуандырса қаріп бізді. Берейін төртеуіңе сегіз түйе, Тапқаны бәйбішенің ұл ма, қыз ба? —Әуеден құзғын ұшып, қонар қарға, Жолықтырса, қайтесің, мұнан тарға. Қартайғанша қоймайсың қу сөзіңді, Алдыңа алып бір сүйерге балаң бар ма?!

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Тапқаны қатынымның қыз бала екен, Бұл жерде мендей мұңлық кім бар екен. Ендеше атын «Баян» қойсам керек, Бір жау жұрттың олжасы бейшара екен. —Қарабай, саған берді мал менен бас, Қыз да болса, тілеуің жерде қалмас. Жаныңа жан құтаймас бейшара едің, Өлгені қасыңдағы неткен жолдас? —Қосып ақыл бұл шіркін көп айтады, Аз жылға жүрмесі бар неге айтады. Бұл мұндарға мен болдым қайдан құда, «Сарыбаймын—түрікпенмін» деп айтады. —Қарабай, бұл жер сізден қалады екен, Құдаңыз сәтсіз күні болған екен. Қатыны Сарыбайдың ұл тауыпты, Қызыңды жаңа туған алады екен. —Туса-тусын кәпірді көрмен,—деді, Ол өскенше бұл жерде жүрмен,—деді. Өзі тумай әкесін жұтқан қуға Қызымды не қылса да бермен,—деді. Солай деп Сарыбайды көміп берді, Жолдасымен бесеу боп үйге келді. Үстінде жыртық тоны сақау қатын, Алдынан шүйінші деп жүгірді енді: —Батырлар жауап табар құрған шепке, Шығын болған бай едің талай көпке. Үйіңдегі бәйбіше көзін жарды Бере кет шүйіншіңді, қайнағаеке! —Әуеден, бұлт болса, жаңбыр бүркер, Адамға қоныс болар бір көрген жер. Үйге түсіп берейін шүйіншіңді, Әрі жүр дабырламай атым үркер.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Қайнаға, бұл сөзіме құлағың сал, Қайырсыз бұйырмайды айдаған мал. Ендеше бұл қыз саған бұйырмайды, Бермесең, шүйіншіңді, адыра қал! Қарабай мұны естіп ашуланды, Қатынның айтқанына шыдамады. «Бәлем, қақбас, айтқаның немене»,—деп, Қайрылып қамшыменен салып қалды. —Қайнаға, бұл сөзіңнің бәрі бекер, Сені біреу азғырып тентіретер. Шүйіншіңді бермесең, адыра қал, Қодар келіп қызыңды әуре етер! Қарабай үйге келіп тойын қылды, Елі жұртын жиып ап ойын қылды. Көрінген жетпіс бесте жалғыз қызым, «Жұртым, аты Баян болсын мұның»,—деді. Қарабай ақыл-кеңес көп есітті, Құлағы бітіп қалғыр, неге есітті. «Сарыбайдың қатыны ұл тапты»,—деп, Малшы, жалшы, қойшыдан тағы есітті. Көшкен кедей жұртына бір келеді, Баласыз бай екенін кім біледі. Қозының бетін ашып қарай қалса, Тоқпақтай алтын айдар көрінеді. —Туса тусын, кәпірді көрмен,—деді, Сен өскенше бұл жерде жүрмен,—деді. Тумай жатып атаңды жұтып қойдың, Не қылсаңда мен саған бермен,—деді. Қарабай сонан шығып үйге келді, Жолдасы қасындағы саулап желді. —Бізге тажал бір бала туған екен, Жыға көр үйді шапшаң, қатын,—деді. 2-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Айтпайсың, байым, неге сөздің тегін, Мұнан кетсең көрерсің жаудың көбін. Малың өскен жеріңнен көшемін деп, Не басыңа күн туды, сорлы ерім?! —Айтайын ақыл көп пе, кеңес көп пе, Мені біреу қорқытып «көшпе» деп пе. Көп сөйлемей, үйіңді жылдам жықшы, Қу қақбас, сен еркек бе, мен еркек бе?! Сол күнде Қарабайдың ойы жаман, Мініпті Бақа айғырға темір табан. Үйінде Қарабайдың екі қыз бар, Біреуі—Ай, біреуі—Таңсық асыраған. Мінген соң Бақа айғырды борбайлайды, Қыз-қатын «көшпе» десе тіл алмайды. Көп жылқыдан мінген соң Бақа айғырды, Шуылдап кәрі бие, тай қалмайды. Қарабай малын айдап жүре берді, «Жылдам жығып, үйді арт»,—деп ашуланды. Астында ала байтал алты құлаш, Бай үдеріп көшкенін Қодар көрді. Қарабай көшкеннен соң қатын састы, Айғырға ашуланып қамшы басты. «Елден шығып әкеміз көшеді»,—деп, Екі қыз оңашада ақылдасты: —Әпеке, бұл мекеннен кетеміз бе, Мұнан жақсы бір жайға жетеміз бе? Ақылы кем әкеміз көшпек болды, Қайтеміз қаламыз ба, кетеміз бе? —Қызығы бұл дүниенің мал-бас деймін, Біз көшсек, еш ағайын қалмас деймін. Жасыңнан ақ сүт беріп асыраған, Шырағым, мұнан қалып болмас деймін.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Сол күнде Айдан дағы Таңсық есті, Екі қыз оңашада аз сөйлесті. Апасы сіңлісіне болмаған соң, Үйінің жылап жүріп бауын шешті. Қарабай көшкеннен соң қатын састы, Айғырға ашуланып қамшы басты. Ай мен Таңсық түйесін қомдап қойып, Жеріне амандасып арыздасты: —Жарықтық енді аман бол, таулар сайлы, Кеткен соң жақсы мекен табылмайды. Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Біз көштік, енді аман бол, Қарағайлы! Бұл жерде иен қалған үй аман бол, Қарны жуан, қапсағай би аман бол! Жетім ботам санаусыз түйе болған, Қырық кезең, Айбастай ер аман бол! Бұл жерде тау аман бол, бел аман бол, Тау мен тас, түгел жүрген сен аман бол! Жағаңа желі тартып жылқы иірген, Бақалы, Балдырғандай көл аман бол! Бұл жерде кәрі аман бол, жас аман бол, Дұшпаным сенде аман бол, дос та аман бол! Көлеңкеңде қуыршақ ойнаушы едім, Түпте қалған аш кезең тас та аман бол! Бұл жер де елде аман бол, ер де аман бол, Үйренген өсіп-өнген жер де аман бол! Бөкенқашқан, Қызқазған, Күнту, Шелек, Тоғыз өзен Қолқашқан, сен де аман бол! Жайылушы ек бір күн кезең, бір күн белді, Бір адам тоқтатпаса көшкен елді. Еріккенде балалар ермек қылған, Біз көштік, сен де аман бол, Бүлдіргенді!

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Жылағанда көзімнен бұлақ ағар, Ел көшсе, жас қозылар жұртта қалар. Көзің көріп, құлағың есіткен жан, Бере көр Қозыкеге ерте хабар. Жер-суға амандасты көңілі сүйіп, Ерте кеткен кешке келді іші күйіп. Жылай-сықтай көшіне әрең жетті, Аққан жасы атының жалын жуып. Қарабай сол көшкеннен төмен кетті, Ай мен Таңсық көшіне түнде жетті. Мыңқоянның шүмегін білсеңіздер, Сол жерге жұлдыз шыға әрең кепті. Қарабай ертең көшіп тағы салды, Салғаннан ата жұртын көңіліне алды. Аюөлген кезеңді білесіңдер, Астаукескен, Ырғайлы сонда барды. Қарабай ертең көшіп тағы салды, Салғаннан талай жерді ол шарлады. Ертеңді-кеш дамылсыз көшіп еді, Шығандап Үржар деген жерге барды. Қарабай ертең көшіп тағы салды, Базары көп Тәшкенді бетіне алды. Байлығының белгісін көрсетем деп, Тоқсан айғыр сатты да, белбеу алды. Белбеуі алтын, гауһар, өңкей жаһұт, Көрген жан тамашаға қалды батып. Айдап жүріп бұл малды нетемін?—деп, Тоқсан айғыр берді де алды сатып. Қараңыз Қарабайдың нарлығына, Белбеуді салып қойды сандығына. Тоқсан айғыр бір тайдай көрінбейді, Қарекеңнің қараңыздар байлығына.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарабай ертең көшіп тағы салды, Әр жерге барамын деп көңіліне алды. Білесің күнбатыстағы Тентек құзды, Он бес күнде үдеріп сонда барды. Қарабай онан көшіп тауға барды, Шуылдаған бірталай жауға барды. Шу бойына барғанда бір дамылдап, Сол жерде түйесінің қомын алды. Бір күн, бір түн отырып дамылдайды, Әр жерге барамын деп көңліне алды. Сол жерде бір күн, бір түн дамыл қылып, Ертең ерте үдеріп тағы салды. Қарабай кәрі түйені қомдай көшті, Қырғауылдай қызарып Баян өсті. Асы деген бір тауды кертіп асып, Шандырлыға жетіп әрең кешке түсті. Бір күні Шандырлыға еру болды, Қарабай таба алмайды енді жолды. Енді ертең Ащысуды әрең тапты, Жол таба алмай қаңғырып байғұс сорлы. Ащысудан тоқтамай тағы көшті, Көріп пе ең Қарабайдай жарым есті. Қарғалы деген бар екен бір үлкен тау, Бөктерінен қона қалып, қомын шешті. Сол жерде шөліркетіп малын қырды, Қалғанын үш күн оттатып тынықтырды. Бақа айғырға мініп ап жол болжаса, Тағы да бір үлкен тау көрінді енді. Бет қойып үлкен тауға тағы салды, Ақылсыз көріп пе едіңдер мұндай шалды. Кеудесін Қарабайдың қараңыздар, Табам деп ат жұртын көңіліне алды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ат жұртын сонда да таба алмайды, Тасырқап тамам малы табандайды. Талай жердің от оттап, суын ішіп, Жер таба алмай қаңғырып қайта салды. Қарабай сөйтіп қашты айдалаға, Қастық қылып қашып жүр жас балаға. Қарабай ертең ерте тағы көшіп, Жақындапты сегіз сай—Саралаға. Қарабай айдалаға сөйтіп қашты, Қайтып қиып кетті екен асыл жасты. Сегіз сай Саралаға тақалғанда, Қалғимын деп Қарабай тағы адасты. Адасқаннан адасып төмен кетті, Отыз екі өлкеге соған жетті. Торғайлыдан жол таппай қайран болып, Қарабай, сөйтіп, қашып тентірепті. Қарабай сонда болды арық-шеру, Соншама малдан жоқ екен сиыр беру. Торғайлыдан жол таппай қайран болып, Қамыс өріп, сал буды қырық күн еру. Торғайлыдан өтті де өрге кетті, Қырғыздың Алатауын бөктерлепті. Қарабай сол көшкеннен дамыл көрмей, Бойына Ұлысудың қонбай кетті. Бойына Ұлысудың қонбай кетті, Көктаумен талқымен асып кетті. Арнаулы Майбүйректі бетке алып, Мал-жанын Қарақұмда шөліркетті. Астында алты құлаш ала байтал, Сол жерде Қодар келіп қуып жетті: —Байлығың қызылбастан өткен жансың, Бала сүймей қартайып кеткен жансың.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарақұмда мал-жаның шөліркепті, Айдалада қаңғырған неткен жансың? —Мен елімнен шығып ем былтыр қашып, Құлын-тайым шөліркеп тұрмын сасып. Қозы Көрпеш дейтұғын қу туған соң, Шырағым, сонан жүрмін өрге басып. —Қозы Көрпеш дегенді жек көресің, Мал-жаның шөліркеп енді өлерсің. Мал жаныңды суға бір қандырайын, Қарабай, ақысына не бересің? —Сен жолаушы, білесің жердің жайын, Бір жақсылық қыла көр ұмытпайын. Суға апарып қандырсаң, мал-жанымды, Баянымды алсаң да, аямаймын! —Баяннан күшімді аяп неғылайын, Құм ішінен бір құдық мен қазайын. Қарақұмда шөліркеп өліп қалар, Малы-жанын бір суға қандырайын. —Қодар-ау, тамағыңды айт ішетұғын, Көңілің әлденеге түсетұғын. Айтып қой осы бастан тамағыңды, Қазаным ерте қайнап пісетұғын. —Жеуші едім қансоқтаны кертіп, кертіп, Ұн менен талқан қоссаң шелпек желпіп. Соған тойып алған соң не тұрыс бар, Қолыма қоя берші кетпен беріп. Қарабай соны айтқан соң үйге келді, Он бес бүйен қансоқта алып келді. «Ішетұғын тамағым табылды»,—деп, Қайқайып қансоқтаны кертіп жеді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қайқайып қансоқтаға тойып алды, Темір күрек-кетпенді қолына алды. «Осы жерден су қазып шығарам»,—деп, Түбіне бір шағылдың Қодар барды. Құдайдан Қодар жатыр суды сұрап, Баян үшін тілейді шыннан жылап. Құм ішінен құдықты қазып еді, Түбі біте береді, аузы құлап. Қодар құл құм ішінен құдық қазды, Құдық қазып Құдайға тірі жазды. Түбін қазып жатқанда аузы құлап, Қодар құлды құм басып өле жазды. Қодар құл жер қазуға жаннан мықты, Алысса, құл біткеннің бәрін жықты. Кеудесінен құм басып қалған екен, Ес-түсінен айрылып әрең шықты. —Осы жерден көше көр, тілімді алсаң, Бұл құдықтан су шықпас маған нансаң. Өле жаздап құдықтан әрең шықтым, Баянды кім алады, өліп қалсам?! —Бұл сөзің, Қодар батыр, жарамайды, Көшкенге құлын-тайым жүре алмайды. Қайратыңды көрсетіп қимылдап бақ, Сендей нақыш бұл жалған табалмайды. Қодардың күші кетті шелектей боп, Құдықтан шығып тұрды теректей боп. Арт жағынан көрінді тасырайып, Қодардың екі енегі көнектей боп. —Апырай, не шақ келер саған,—деді, Енегі үлкен екен тамам,—деді. Алдап күшін алайын бәлем құлдың, Осыған қыз бергенім жаман,—деді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Ала байтал болдырмас шауып желсем, Су табармын Баянды маған берсең. Малы-жаның суға бір қандырайын, Үйден барып сегіз мес алып келсең. Сегіз мес үйден барып алып келді, Ер Қодар байталына теңдеп желді. Аягөздің өзенін көрген екен, Ер Қодар соған таман бетін берді. —Аягөзге барайын жылдам жетіп, Баян үшін өлдім ғой тынышым кетіп. Біздей күйеу алған қыз мақтанбай ма, Терісі алты өгіздің сыңар етік. Адамның бір мекені айдаған қой, Жүрген жерім мереке, жиын мен той. Біздей күйеу алған қыз мақтанады, Терісі тоқсан қойдың жалғыз-ақ бой. Менің бүйтіп жүргенім жалған шығар, Барғанша қыз сағынып қалған шығар. Суын теңдеп барайын жылдамырақ, Ай мен Таңсық шымылдығын құрған шығар. Келді де Аягөзден суын артты, Месінің ең үлкенін бұрын тартты. Байталы көтере алмай қайқақтайды, Сүйретіп көн етігін жаяу қайтты. Қодарды есіткен жан қылды мазақ, Бұйырмастан дәметкен өзіне азап. Бақайынан аққан қан бұлақ болды, Оны елемей келеді етігі қажап. —Тайпалған жылқы ішінде жорға таймын, Бір көрмей қыз Баянды тоқтамаймын. Қыз қойнына жатқан соң ештеме етпес, Аяғым ауырғанға қарамаймын.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Шала жүр шалғыныңды жолыңдағы, Сегіз мес жарылмасын жаныңдағы. Осы жолы Баянды ала алмасам, Өзімнен арылмаған сорым дағы. Қодар құл сегіз мес су алып келді, Қарабай малын бағып отыр еді. «Мал-жаным шөліркеп қырылды ғой, Қодар-ау, су әпкелсең, құйшы»,—деді. Сегіз мес су әпкеліп төгіп салды, Қарабайдың мал-жаны әбден қанды. Қодар құлдың қайраты осал емес, «Тайтүзген» көл атанып сонан қалды. Қарабай малың жетті неше жүзге, Күйеу қылып қыз берген білдіңіз бе? Қарным ашып, қадірім кетіп келді, Үйіңе ерте хабар бердіңіз бе? —Қодар-ау, шыға алмадым сен кеткен соң, Амал бар ма тар жерде көрсеткен соң. Жылқы бағып жүре бер саспа, Қодар, Тойыңды соң қылайын ер жеткен соң. —Қарабай, сен сөйлейсің олай-бұлай, Еркекке қыз бермейсің, мұның қалай? Жас Қозы бесікте жылап қалған, Баянды кім алары екіталай. —Қодар-ау, сен ермеші өсек сөзге, Душар боп сендей күйеу келмес бізге. Жылқы бағып жүре бер саспа, Қодар, Баянды кім алады сенен өзге. Тілін ап Қарабайдың жылқы бақты, Жайдақтап Бақа айғырды мініп апты. Аягөздің бойынан қоныс қарап, Айдаладан күйеусіп кетіп қапты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Жанында ноқталаған серке келді, Құлын-тайдан қасқырға түк бермеді. Қыз Баянға сыртынан ынтық болып, Тоқсан сал жалғыз елден іздеп келді. Қодар құл жүр күйеусініп айдалаға, Бұйырмастан дәметкен жүзіқара. Қозыға жаны ашып білейін деп, Жеріне іздеп келді Айбас бала. Қамшы жоқ, қару жоқ есіл ерде, Айта берсе әңгіме көп шешендерде. Айбас құл сол шапқаннан тағы шапты, Жер ортасы дегенде жақындапты. Тоқынғаны түңдіктің ескісі екен, Астынан қалғып тұрса түсіп қапты. Таң атқан соң онысын жоқтай салып, Оның атын «Үйтүңдік» қоя сапты. Айбас құл сол шапқанда жол айтады, Шығынды шапқан сайын молайтады. Бір жерден шұбар жылқы тауып алып, «Шұбарайғыр жорға» деп соны айтады. Айбас кетіп барады текіректеп, Еліне ертең түсте жетемін деп. Жанындағы тұсау жіп түсіп қалып, Соны айтады Өлеңті, Шідерті деп. Айбас құл сол шапқаннан шауып кетті, Жер төтесін ойменен тауып кетті. Жерге ат қойып, тепеңдеп шабамын деп, Көп машақат бірталай күндер өтті. Айбас құл сол шапқаннан жөнеледі, Ел таппаса, шөліркеп енді өледі. Айбалталы кезеңнен түйе жайған, Шабдар атты бір шалға кез келеді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Еліңде шапқан бар ма, желген бар ма, Тағы да өліп қалып көмген бар ма? Біздер үйден шыққалы көп күн болды, Қозы деген жалғызды көрген бар ма? —Сен жігіт қайдан келіп, тұрсың сайрап, Арыттың көк тайыңды баса байлап. Тоғыз бала ішінде Қозыке бар, Жаңа жүрген қопада асық ойнап. Оларға Құдай берген әруақты, Сол Айбас Қозыкені іздеп тапты. Тоғыз бала ішінде Қозыке жүр, Ұтқанын ұтып, тартқанын тартып апты. —Болыпты айналайын Қозы дардай, Қайрат қылып жүрмісің, шырағым-ай. Балалармен нетесің асық ойнап, Әкең қосқан Баянды іздеп бармай? —Балалар, тағы ойналық, қашпа деймін, Алтын сақам берейін, саспа деймін. Айтқан сөзің өте жақсы көрінеді, Бұл сөзіңді қайта айтшы, тазша, деймін. —Қарағым, жас күніңде әкең өтті, Әкең өліп жетімдік көп жүдетті, «Жетім ұлға қызымды бермеймін»,—деп, Қарабай сенен қашып көшіп кетті. Болады кімге жолдас дүние жалған, Туысқаным жоқ еді соным жаман. Екі апам бар қосайын, Айбасеке, Жылдамырақ баралық үйге таман. Қозыке Айбасты ертіп үйге барды, Бұрынғыдай болмады зарлап жүрді. Өрмек тоқып отырған бір кемпірдің Сақа үйіріп өрмегін дал-дұл қылды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Әрмен жүр, қата қалғыр, қарғыс алмай, Қайратыңа жүрмісің шыдай алмай! Өрмегіме жау болдың, ай, жүгермек, Атаң қосқан Баянды іздеп бармай! —Шешекем, сыртым сұлу, ішім тас па, Қой, сүйкімсіз емес ем қарындасқа. Өрмегіңді түйінсіз бітірейін, Бұл сөзді кім біледі сенен басқа? —Әуеден құзғын ұшып, қонар қарға, Шешең сырын айтпаса, амал бар ма? Сүйтсең, сырын айтады, жалғыз бала, Ыстық бидай баса ғой алақанға. Қозыке Айбасты ертті үйге келді, Шыдай алмай жүгіріп зарлай келді. Шешесінің келген соң тыншын алып, Жер текпілеп ойбайлап жылай берді. —Апырай, мынау дүние жалған екен, Е, Тәңірі, күнім қараң болған екен! Күнде күліп келетұғын жалғызымның, Көңіліне біреу қайғы салған екен. —Шешеке, менің қарным ашып келді, Көңілімді таудай қайғы басып келді. Бидай берші қуырып жылдамырақ, Қарным ашып, сүйегім жасып келді. Қозыке мініп жүрген көк домбайды, Шеше көңілін қалдырса, ол оңбайды. Шешесі тамақ қамдап, отын жақса, Түске шейін жөнделіп от жанбайды. —Құдая, бар күшті ме, жоқ күшті ме, Таудай қайғы орнады енді үстіме. Түске шейін жөнделіп от жанбайды, Жау алысып бұларға тас түсті ме!

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қуырып ыстық бидай салып берді, Құдайға мінәжат қып налып берді. Күндегі ыдысынан жаңылсын ба, Алтындаған табаққа салып берді. —Келеді саудагерлер бұлыменен, Жігіт көркем көрінер тоныменен. Шешеке, ыдысыңның керегі жоқ, Берсейші бидайыңды қолыңменен. Уыстап ыстық бидай алып берді, Құдайға жаны күйіп налып берді. «Ежелгі Қарабайдың жөнін айт»,—деп Қолынан шешесінің ұстап алды. —Қарағым, ыстық бидай қолыма өтті, Шешеңе қас қылғандай саған нетті. Атастырған бір қызын алып қашып, Қарабай сенен қорқып қашып кетті. Құлақ салсаң айтамын бірталай кеп, Қозы Көрпеш қам қылды бидайын жеп. Әкесінің Ақ буыршынын сипап мінді, Соңынан Қарабайдың іздеймін,—деп. —Қарағым, мені тастап кете алмайсың, Қарабай алыс кетті, жете алмайсың. Алдыңда неше қабат өзендер бар, Шырағым, балалықпен өте алмайсың. —Шешеке, алыс кетсем, сағынасың, Іздеме деп шыныңмен зар қыласың. Жөн тауып жеті өзеннен өте алмасам, Ұл таптым деп қуанып нағыласың?! —Қарағым, мені тастап кете алмайсың, Қарабайға барсаң да келе алмайсың. Тар жолда жеті басты жалмауыз бар, Тіпті сонан құтылып кете алмайсың.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Шешеке, мен кеткен соң сағынасың, Бармашы деп басымды даң қыласың. Жеті өзеннен жөн тауып өте алмасам, Мені бала таптым деп не ғыласың?! —Жалғызым, кетемісің мені қиып, Көзімнің отырамын жасын тыйып. Жалғызым, тіл алмадың, қош аман бол, Тас емшегім жібіген, денем иіп. —Жағалап Сарытауды жортар бөкен, Басына жеміс бітіп шығар жекен. Жылай-сықтай күнелтіп жүресің де, Тар құрсақта сақтаған, сорлы шешем! —Жалғызым, мені тастап кеткенің бе, Жалғаннан күнім қараң өткенің бе? Жалғыз кетсең артыңда кім қалады, Қайғысын дүниенің шеккенім бе? —Береді сүйген құлға мал менен бас, Жолдасына қас қылмас жақсы жолдас. Алды-артымды тар қылып жазса Құдай, Құдірет салған іске көнбей болмас. —Бұл жолдан келемісің есен-аман, Артыңда інің, алдыңда жоқ тұрған ағаң. Қуанышымды көрсетер заман бар ма, Бар көрген қартайғанда, жалғыз балам?! —Келермін осы жолдан есен-аман, Қой, зарланып қайғырма, болар жаман. Алды-артымды қысқа қып қойғаннан соң, Ісіне құдіреттің бар ма шарам?! —Көп малыңа кім ие қора толған, Жалғызым, сен кеткен соң күнім қараң. Жұмыртқадан шайқаған мен бейбақтың, Басыма күнде түсер ақырзаман.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Айбасымды тастайын шешем сізге, Көп жақсылық қылып жүр бұ да бізге. «Жақсылық жамандық пен егіз» деген, Жақсылық жерде қалмас, сірә, әр кезде. Айтайын тыңдасаңыз талай кепті, Орнына Айбас құлды тастап кетті. Әкесінің Ақ буыршын атын мініп, Қозыке бір тіл алмай жүріп кетті. Құлақ салсаң, айтамын талай кепті, Қозыке тіл алмастан жүріп кетті. Жеті өзенге жеткенше еріп жүрді, Бір қайрылмай Қозыке өтіп кетті. Мінгені шешесінің Қара көкті, Өткен соң жеті өзеннен екпіндетті. Тар жолдан қара лашық кез келіпті, «Үйде кісі бар ма,—деп,—сөйлес»,—депті. —Астыңда мінген атың Кер ме, балам, Көкірегің топ бұзар ар ма, балам. Дауысың құлағымнан өтіп кетті, Сарыбайдың жалғызы сен бе, балам? —Астымдағы мінгенім кер, енеке, Топ бұзар көкірегім өр, енеке. Баян іште болғанда, мен құрсақта, Іздеп келе жатырмын мен, енеке. —Жатырмын жалғыз үйде ішім пысып, Барады дауысыңнан зәрем ұшып. Жүрсең жолың болады, ей, шырағым, Тамақ ауыз тиіп кет, үйге түсіп. —Шешеке, бұл үйіңе түсе алмаймын, Қанша айтсаң да, сөзіңді қос алмаймын. Сен түгіл, өз тамағым кейін қалды, Қырлы қазан көжеңнен іше алмаймын.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарағым, алыс жүрсең, әл болайын, Ішетұғын асыңа бал болайын. Іздегенмен Баяның табылмайды, Бұл жерде мен-ақ саған жар болайын. —Сөйлесем, дауысымды созамын ба, Сенің айтқан сөзіңе боламын ба? Құдай қосқан қосағым Баян тұрып, Бір кемпірдің шандырын созамын ба? —Мынау қалай бәле едің тілің ашы, Көжемнің, үйге түсіп, дәмін татшы. Сен жалғызды қоймаспын қайда барсаң, Еркек болсаң, құтылып менен қашшы. —Қозы Көрпеш—жолаушы, бір мүсәпір, Балаға өте қызықты кемпір пақыр. Қозы Көрпеш артына қарай қашты, Шығарып ақ тайынша мініп жатыр. Қозыке Керді мініп жетелейді, Тайыншамен кемпір де төтелейді. Тайыншаға мінген соң кемпір кәпір, Ырғайменен мүйізге төпелейді. Жігіттер, қараңыздар мына кепті, Төпелеп тайыншасын кемпір жетті. Бұрынғы Сарыбайдың жел перісі, Ақүйік бүркіт болып о да кепті. Қозының қараңыздар қылығына, Алысса, адам келмес бұлығына. Ақ бүркіт боп алдынан көлденеңдеп, Мінгізіп алып кетті иығына. Құтылды қу кемпірден есен-аман, Жел пері басшы болды сонан әрман. Қозыке айдай балқып, сау-сәлемет Бойына Ай, Таңсықтың жақындаған. 3-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қозының талай жаннан қылығы артық, Сол күнде нұрланып тұр айдай балқып. Ай, Таңсықтың бойы екен жеткен жері, Жолықты бір қойшыға келе жатып. —Жиында бетім сұлу, талдай бойым, Жолаушы ел көксеген менім үйім. Аты арыған бейшара жолаушымын, Тазша құл, жайып жүрсің кімнің қойын? —Қойы еді Қарабайдың жайып жүрген, Аягөздің Ақшиін мекен қылған. ......................................................1 Кім едің әлі күнге білмей жүрген? —Ер едім бұл жиһанды жүрген кезіп, Елдің жөнін сұраймын сенен келіп. Қарабайдың малы көп дегеннен соң, Жалданайын деп жүр едім саған келіп. —Жалдағанмен бұл қойды баға алмайсын, Тіл алмай тойынған соң табандайсың. Ертең кетіп, қойыңнан кешке келіп, Қарабайдың жанына жаға алмайсың. —Бұл қойды жас күніңнен жайып едің, Қарабайдан ақы алып бағып едің. Қарабайға шамданып дәндеп тұрсаң, Қысқы-жазғы ақыңды алып па едің? —Бұл қойдан жазы-қысы қалғаным жоқ, Талай бай көп шақырды барғаным жоқ. Уақытым жетпей тұрар күнім толды, Бір қыс, бір жаз ақымды алғаным жоқ. Ақыңды айт алатұғын осы қойдан, Қанша алсаң, маған айт насыбайдан. 1 Қолжазбада өшіп қалған.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарабайға көрінбей кетіп қалшы, Берейін жиырма-отыз осы қойдан. Бұл қойды жас күнімнен бағушы едім, Қарабайдың жанына жағушы едім. Қасқыр жейтұғын бұл қойды алушы ма ем, Жылдық ақыма сегіз тай алушы едім. Сол құлды ашуланып салып қалды, Өгізден құлап түсіп талып қалды. Бір салып, екіншіге келгенінде, Тазшаның жаны шығып өліп қалды. Қозыке қойды жайып ақыл тапты, Таз құлдың бас терісін сойып апты. Айдарының сыртынан баса киіп, Бейне әлгідей тазша боп иіріп апты. Сөйлейін, құлақ салсаң, әрі-бері, Шамалы ер шалықтайды талай жерді. Атының бір тал қылын жұлып алып, «Тұтатсам, табыс бол» деп қоя берді. Қозыке қойын айдап үйге жүрді, Қозы таз құл болғанын жан білмеді. «Қойды түнге ай, қалай кешікті?»,—деп Түнде алдынан Қарабай шығып келді. —Кебенегім бір жағын тұйықтаппын, Қорық жерге жантайып ұйықтаппын. Маңдайымнан күн өтіп, бойым балқып, Қорықтыққа мас болып ұйықтап қаппын. —Сен тазша құл, бұл қойды баға алмадың, Жақсы жайып жаныма жаға алмадың. Түн болғансын, қайтесің қасқыр шапса, Кешігіп, мұнша неге табандадың?!

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Қарабай, көше-көше жөнегесің, Бұрынғының білмеймін өнегесін. Жылда ақыма сегіз тай алушы едім, Биыл менің ақыма не бересің? —Тимаушы [...] кішіге бұл жоқ емес, Асаукер [ат] жабуға тұл жоқ емес. Маған десең, бүгін кет, жаман тазша, Сенен басқа бұл жерде құл жоқ емес! —Демеңіз кішкенеде ой жоқ емес, Жылқысы көп кісіге той жоқ емес. Кетсем кетіп қалармын, ей, Қарабай, Бұл елде сенен басқа бай жоқ емес. Қойларын ашуланып үйге айдады, Құлменен екеуі бірге айдады. Баянның асыраған ақ тоқтысы Қой алдына түсіп ап, маңырайды. Қурайлап қойдың алдын озып кетті, Қойының көбі бытырап, тозып кетті. Баян тілін білетін ақ тоқтысы Ауылға шүйіншілеп, озып кетті. Ауылға тоқты келді шүйіншілеп: —Апеке, үйдің шиін жиыншы,—деп. Құрсақта Құдай қосқан жарың келді, Бәйшешектей түрленіп киінші деп. Апеке, жарың келді, жарың келді, Әуелгідей киінші барыңды енді. Апеке, жақсы күтіп, таза сақта, Өзі бағып келеді малыңды енді. —Құлақ салсаң, сөйлейін әрлі-берлі, Еркін жүйрік білмейді ылди-өрді. Жалғызды тоқты мазақ қып жүр қайырып, Ішіне Баян қыздың ыза кірді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Баян қыз наза болып жылады енді, Көзінің жасын көл қып бұлады енді. —Ерте кеткен жалғызды еске салып, Қойға мазақ қылдырдың, Құдай,—деді. Тоқтыға ашуланып салып кетті, Сілтеген бұйда пышақ дарып кетті. Бұйда пышақ сілтесе, құр түсе ме, Тоқтының ши қарынын жарып кетті. Құлақ салсаң, айтамын талай кепті, Тоқтыға пышақ тиіп қаза жетті. «Жазықсыздан жазықсыз өлтірді»,—деп Ақ тоқты көп мәңіреп өліп кетті. «Жігітке тумақ мін» деп бұ жалғанда, Құдай өзің қуат бір аңқайғанда. Жігіттер, таза тыңдап құлағың сал, Қатты екен қой қарғысы со заманда. Сол күнде Қарабайдан Қодар есті, Көрген жандар Қодарды күйеу десті. Аягөздің бойында Жалпақшиге, Қарабай ерте тұрып, соған көшті. Жамағаттар, сөйлейін әрлі-берлі, Батыр көркем аралар талай жерді. «Қой айдайтын қойшының аты еді»—деп, Қозыға бір Көкшолақ әкеп берді. Мінгені Қозыкенің Көкшолақты, Қарнына тебелеп кеп айдапты. Айдалада қой айдап келе жатып, Қозыке әрбір ойды көп ойлапты. Мұрнының зырасы бар қоңыр саулық Қыз Баянның қойы ғой,—деп ойлапты. Баянның осы қойын сояйын,—деп, Сираққа құрықпенен салып қапты.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қозыке қоя берді Көк шолақты, Қоңыр қойды түрткілеп жаяу бақты. Қоңыр қойды жүргізбей келе жатып, Көшіне Қарабайдың жақындапты. Көште жүрген Баянды таныған соң, Қолын бұлғап, дауыстап айғай сапты! —Құлақ салсаң, айтамын талай кепті, Бұдан бұрын көп кісі өтіп кетті. Айғайлаған Таз құлдың даусын естіп, Көк жорғаны салдырып Баян кепті. «Ащы даусың өтті ғой құлағымнан, Мені неге шақырдың, тазша»,—депті. —Қинадым сенің үшін шыбын жанды, Көзім қимай көп бақтым жануарды. Баян-ау, шақырғанға сөге көрме, Мұрнының зырасы бар қойың қапты. —Саласың көш жөнекей даурығыңды, Бастырған қырмызыдан баулығымды. Бастырып Көк шолаққа, шұнақ құлым, Сындырып бір аяғын саулығымды. —Саламын көш жөнекей даурығымды, Бастырып қырмызыдан баулығымды. Бұрын ақсақ қойыңды менен көріп, Сірә, неге қоймайсың, жаулығыңды. —Қой жайған Қарабайдың көбегені, Ауылдың ерте көшіп жөнегені. Қоңыр қойдың аяғын сындыра сап, Бұл құлдың жау дегені, не дегені? —Мен болсам Қарабайдың көбегені, Құдайдың көш жөнекей демегені. Бұрын ақсақ қойыңды менен көріп, Бұл күңнің құл дегені, не дегені?!

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Қонған соң қоңыр қойды сойдырмасам, Сен құлды сүбесіне тойдырмасам. Кімді құл деп айтасың мәнсіз құлым, Қодарға айтып төбеңді ойдырмасам! —Баян, сенің мінгенің тайың ба еді, Қодарға мені шағып, байың ба еді? Бір құлменен ұстасып жүр екенсің, Әлі-ақ сенің табармын жайыңды енді. —Қарай гөр, мына құлдың тіл ғанасын, Өзінің тілі пысық қу ғанасын. Қодарға айтсам, төбеңді ойып тастар, Сен тазша, бұраң сөзді не қыласың? —Дәулеті Қарабайдың мол емес пе, Топ бұзар көкірегім өр емес пе. Жалғызға жасыңда әкең берген болса, Әкең берген қосағың мен емес бе? —Сол жалғыз әкем берген сендей ме екен, Таз құл болып бұ жерге келген бе екен. Қарабайға мал бағып, жалшы болып, Аяғынан тентіреп өлген бе екен?! —Айтамын, айт деген соң, Баян, танытып, Атыңның жорғалатшы басын тартып. Жасыңда әкең жалғызға берген болса, Қандай байға тиесің менен артық? —Бендені Тәңірі табар пейілі жаман, Қандай күнде беріпті әкем саған. Әкем берген сол жалғыз өзің болсаң, Ай аулақта бір белгі көрсет маған. Таз кептің бауын шешті көрсеткелі, Жығасынан бұрқырап айдар кепті. Бауын шешіп айдарын көрсеткенше, Қодаңдап жылқы айдаған Қодар кепті.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Белең-белең жер келсе белдесесің, Ай аулақта Қодармен тілдесесің. Түйең ауып қалады, көшіңе бар, Теңің емес Тазшамен сөйлесесің. —Тазшаны қой айдаған жын ұрыпты, Бұ құлыңның мінезі бұзылыпты. Көк шолақпен қой айдап келе жатып, Қоңыр қойдың аяғын сындырыпты. —Қойың өлсе қайғырма, күл шырағым, Түйең ауып қалады жүр, шырағым. Қоңыр қойдың аяғын бұл сындырса, Мен тығайын аузына сый, шырағым. —Жылқыңды айда, жүрмейді құлын-тайың, Тай қалса, ашуланар Қарабайың. Көш-жөнекей жылатып не қыласың, Қонған соң әкем табар құлдың жайын. —Жылқы айдайын жүрмесе құлын-тайым, Тай қалса, қонғанда ұрсар Қарабайым. Қонған соң әкең тапса құлдың жайын, Көш-жөнекей бақыртып не қылайын. Қодар құл қоқырақтап кетіп қалды, Кіресілі шығасылы есі барды. Қоңыр қойды Баянға өңгертеді, Санынан ер Қозыкем шымшып алды. Өңгеріпті Баянға қоңыр қойды, Өңгергенде санынан шымшып қойды. Жығадан алтын айдар бұрқырап жүр, Шала құмар қылды да тығып қойды. Санынан ойнаған боп шымшып қойды, Айдарды жығасынан Баян көрді. Қонған жерге жеткенше іші күйіп, Артына қарап-қарап мойын талды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарабай Жүзағашқа барып қонды, Баяныңның қайғы-дертке іші толды. Жүк түсіріп, үй тігіп жатқанында, Жүгіріп Қарабайға Баян келді. —Әке, бір дерт жабысты маған,—деді, Шығарғалы келіп ем саған,—деді. Ішім толып барады қайғы-дертке, Дерттің емін тауып бер маған,—деді. —Балам-ау, не дерт саған болды,—деді, Дерт жабысты дегенің жаман,—деді. Қыз бала қонбай қырға шықпас болар, Дертіңнің мәнісін айт маған,—деді. —Тазшаның қиуадан табылғаны, Қой жусап, ойпаң жерге аңырғаны. Қой өңгеріп санымнан шымшып алды, Тазшаның шымшығаны не қылғаны? Тазшаның қиуадан табылғаны, Қой жусап, ойпаң жерге аңырғаны. Қой өңгертіп, саныңнан шымшып алса, Сені көріп есінен жаңылғаны. —Осы тазша құл емес, не қылса да, Тегі саған құл болмас жалынсаң да. Қой өңгертіп санымнан шымшып кетті, Сол біреудің жалғызы не қылсаң да. —Сол таз құл жақсы болса, ақыл тапсын, Ақыл тауып, Қодардан сүйтіп ассын. Ол біреудің жалғызы болса, балам, Қойдан шығып, келсін де жылқы бақсын. —Осы тазша құл емес неғылсаң да, Алысты жуық, жуықты бар қылсаң да. Маған десең жылқыңды жау әпкетсін, Бір солқылдақ жалғыз ғой не ғылсаң да.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Балам-ау шығардың ба дертті,—деді, Бір тазшаға құмар боп нетті,—деді. Сеніменен ақсүйек тазша ойнаса, Ендеше үйде тұрсын тіпті,—деді. Баянның қайғы-дерті жазылады, Үй тігіп, опа-еңлік жағынады. Кешке таман шыққалы қой алдына, Бір ағаштан ақсүйек жонып алды. Құтқармас қашағанды салған құрық, Жайған қойға қарайды Баян жүріп. Қой қарасын көрген соң үш қыз шықты, Анда-санда ақсүйек лақтырып. Бендеге Құдай қосар әрбір істі, Қозыке жас та болса тым-ақ үшті. Баян қыз бір ақсүйек лақтырса, Қозыкенің қасына жақын түсті. Қараңдар тамаша ғып екі нарды, Ақсүйекпен Қозыны періп қалды. Көк шолақтың үстінен қарғып түсіп, Ақсүйекті бас салып жатып қалды. Бас салып ақсүйекті жатып алды, Үш қыз келіп үстіне ұрыс салды. Ары-бері қалжыңдап ойнаған боп, Таз кебін Баян сонда жұлып алды. Таз кебін Баян сонда жұлып алды, Жарқырап алтын айдар түсе қалды. Қозының шырайына тақат қылмай, Қыз Баян қайран болып талып қалды. Баян қалды мұратқа сонда жетіп, Жау жеңгесі көріп тұр ішке тоқып. «Бенде көрмей шет жақта өсіп ең» деп, Қозыке тұрғызыпты қағып-соғып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Таз кебін қайта киіп, үйге келді, Бәйбіше қарны ашты деп тамақ берді. Тұра келіп аяқты қолына алып, Қайтадан бәйбішеге ұсынды енді. Бәйбіше жақсы тамақ пісіреді, Алдын ішпей тамақтың қысылады. Осы бала әдетті нәсілі бар, Қарашы, берген асты ұсынады. —Е, шеше, шын жүрекпен ойласаңыз, Құрсақта жетім қалып, болдым арсыз. Баянның соңынан еріп жүрген, Туғалы ғаріп болған біз бір арсыз. —Өзің бір жас баласың, талабың зор, Қодардай кесек емес, танисың жол. Шырағым, енді қойды бақпай-ақ қой, Балаларды ойнатып үйімде жүр. Үйіне түн болған соң Баян келді, Сол күн ойнап, екеуі қызық көрді. Бір жау қатын екеуін көзі шалып, Қодарға таң атқан соң хабар берді. Жылқыға жаяу келді Қодарды іздеп, «Таз құлменен қосылды арсыз қыз» деп. Қодар құлға келерде жақсаттанды, «Тазшаны алып, қыз сырын айтпайды»,—деп. Ішіне Қодар құлдың суық кірді, Ауылға сол қатынды алып жүрді. «Жылқы малды отарға айдаймын»,—деп, Келді де Қарабайға жауап берді: —Айдасаң, отарыңа айда,—деді, Көкорайға биеңді байла,—деді. Жоғарғы елдің қатынын жиып келіп, Отар барсаң, қосыңды майла,—деді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бұл Қодар Тазша құлдан қатер алды, Қорқытып қатындарды жиып алды. Әр қатынмен арсылдай бір ұрысып, Кешке шейін тоғыз қос тігіп алды. Жылқыға тоғыз қосын тігіп алды, Қайтып кеп бәйбішеге кісі салды: —Бақыршыға алайын Тазшаны бер, Біз бақпасақ, кім бағады осы малды? —Отар барса, ауылды сағынады, Жылқы бақса, бірталай дау қылады, Әжетке жарамаған бір баланы— Апырау, мұны сұрап не қылады? —Біз жылқыда жүргенде қосты қарап, Бақыр ассын сорпаның майын жалап. Жылқыдан суықсырап келгенімде, Кептірсін байпағымды отқа қалап. —Жылқысы Қарабайдың қара жал-ды, Ер қайда Қарабайдай болған малды? Үйде жүрген баланы не қыласың? Апарғанмен, әжетке жарамайды. —Бұл бала бізге берсең, олжа емес пе, Астында көк шолақ ат қойда емес пе? Түнде келіп қосыма жатқанымда, Аяқ қымтап берсе де, пайда емес пе? —Қодар-ау жылқы баққан сен бір жалшы, Жайдақтап Бақа айғырды салдың қамшы. Үйде жүрген баланы бере алмаймын, Керек болса, бір кісі жалдап алшы. —Бермейсің бір баланы ішің бұрып, Кептірсін шұлғауымды қоста жүріп. Сұраған бір баланы қимай тұрсың, Бәйбіше, шегіншегің қалшы құрып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Ойласам, Қодар сенің ақылың жоқ, Осы бала басыңа қып-қызыл жүк. Апарғанмен тіліңді тіпті алмайды, Өзіңді бір тоңқайтар масқара қып. —Жаман қар, жалпылдамай тазшаны бер, Тазшаның іші толған қайғы мен шер. Қоста жүрсін сорпаның майын жалап, Семірген соң құлыңның қызығын көр. —Бай айтты: бұл тазшаны берелік те, Айтқанына Қодардың көнелік те. Қосына апарып жұмсасын Қодар батыр, Қызығын екеуінің көрелік те. Бәйбіше айтты:—Баланы өлтіреді, Өлтірмесе, бір жаққа жетіреді. Қодар құлға бермей-ақ қояр едік, Ауылдың өте мазасын кетіреді. Жылқысын ер Қарабай отар қылды, Құдайына тапсырды Қодар құлды. «Тазшаны бермеймін» деп ашуланып, Ауылдың тырқыратып итін қуды. Қарабай қатынымен кеңес құрды, Жасырмас бір-бірінен ішкі сырды: —Қатын байғұс, тазшаны бер де, құтыл, Мына құл ашуланып итті қырды. Тазшаны Қодар құлға бермек болды, Тазша да Қодарменен жүрмек болды. Тазшаны алып Қодар құл келе жатыр, Жол үстінде бірталай ермек қылды: —Тай мінуге келе ме қайрат күшің, Үлкен атпен болмасын сенің ісің. Қостан ет жеп, сорпа ішіп тойған соң, Қыз қойнына баруға жараймысың?

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Қодар-ау, жас күнімнен болдым сарсаң, Қыз дегенің қиын ба ойыма алсам. Тазшаңыздың өнерін көрер едің, Қойнына Баян қыздың алып барсаң. —Қан толғыр, сөзің [құрсын], мұндар шұнақ, Баянды аузыңа алма, біздің шырақ. Түн болған соң жетелеп алып келсем, Шұнаңдап ойнар едің ұялмай-ақ. —Отарға Қодар кетті жылқысын айдап, Тоғыз бие сойыпты қосын майлап. Қос басына бір бие сойып тастап, Қазыны Қодар жатыр қия шайнап. Қодар құл тоғыз қосты талқандайды, Таңдап-таңдап мінеді ай маңдайды. «Тамам құлдың бәрін де қорқытсам»,—деп, Ер Қодар солайша ой ойлайды Ер Қодар құлдың бәрін жиып алды, Бір ойын қылайын деп хабар салды. Тоқсан дөңбек өңгеріп әпкеліңдер, Ағасының кісі білмес ойыны барды. Тоқсан құл тоқсан айғыр мініп алды, Тоқсаны дөңбек іздеп атын салды. Тоғыз түйе тобылғы қолмен жұлып, Ер Қодар қос артына үйіп салды. От қойып тобылғыға өртеп қойды, Шөгіп жатқан түйедей тағы болды. Өңгеріп бір-бір дөңбек алып келді, Қодарға қайтеміз деп хабар берді. Қодар шығып қосынан көрді дағы, «Бәрін де бір жерге үй»—деп жарлық қылды. Тоқсан тазша ойын қып ойран салды, Үш-төрт басып алшаңдап Қодар барды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Бәрін де құл біткеннің жиып алып, Әпкелген дөңбегіне таңып салды. Оларға Құдай берген таудай талап, Қорқытты құлдың бәрін отқа қалап. Әр құлды дөңбектегі бір бақыртып, Ер Қодар қорқытып жүр қойдай санап. Қодарға құлдың бәрі жалынады, Отқа күйіп өкпесі қабынады. «Қодар-ау, не бұйырсаң бұзбалық»,—деп Құлдар қорқып жанынан зар жылады. Қорқытып құлдың бәрін шешіп салды, Қылғанына Қозыке қайран қалды. Жалғыз қалған балаға кезек келіп, Қодар құл от басына жақындады. Мініп ап байталына борбайлайды, Сескеніп «шақырды» деп қозғалмайды. Тазшалардан дәндеген Қодарға енді, Қозыке айдауына еш болмайды. Қодардың ашуланып өзі жүрді, Келе жатып ақырып, дүрілдеді. —Неден үміт қып тұрсың, шұнақ мұндар, Тоқсан құл бір қолыма ілінбеді! —Тамам құл ілінбеген жаман шығар, Жер түрткен Қодар доңыз, қабан шығар. Дәндеген тамам құлмен қалжыңдай бер, Өзім бала болсам да, қояң шығар. Жылқысы Қарабайдың қара жал-ды, Бойына теңгермейді тірі жанды. «Шақырғанда тілімді алмадың»,—деп, Тазшаны шоқпар алып кеп салып қалды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қодардың жағасынан ұстап алды, Қодар құл аттан ауып жерде қарлы. Екеуі қарбаң-құрбаң тартыс қылып, Қодарды аттан алып жерге салды. «Өз қылғаның өзіңе қыламын»,—деп, Бір дөңбекке Қодарды таңып салды. Қозыкеге Құдай берді таудай талап, Күші бар қырық кісілік жалғыз қарақ. Қодарды дөңбегімен көтеріп ап, Өзі жаққан отына қойды қалап. Қодар жатыр бақырып, ойбай салып, Бақырады дауысы жерді жарып. Тобылғының шоғына қалап қойса, Арқасы шыжылдайды майдай жанып. Қодарды от ішінде қамшылайды, «Қостағы, ерке інім, сен»,—деп жылайды. От қызуы өткен соң Қодар құлдың, Майы ағып арқасынан тамшылайды. —Ит Қодар, босатпасам өлемісің, Сөзіме менің айтқан көнемісің. Жанып жатқан азаптан босатамын, Өзіме мал билігін беремісің? —Қарағым, айналайын өлдім,—деді, Туғалы көрмегенді көрдім,—деді. Азабыңды тарта гөр «рақым» қып, Ерік сіздікі, билігін бердім,—деді. —Азапқа қу жаныңды ұрайын ба, Жаныңды ақиретке бұрайын ба? Тоқсан құлдың барлығын өзім билеп, Бәріне үкімші боп тұрайын ба? —Қарағым, айналайын, өлдім,—деді, Не деген әміріңе көндім,—деді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Оттан жырақ қыла көр, ер Қозыке, Тамам құлдың билігін бердім,—деді. —Ит Қодар, жібермесем, өлемісің, Мен шақырсам қышқырып, келемісің? Қызыл оттан шығарып жіберейін, Қыз билігін өзіме беремісің? —Тегінде бүйте берсең, өлемін ғой, Не деген әміріңе көнемін ғой. Ай мен Таңсық дейтұғын екі қыз бар, Екеуінің билігін беремін ғой. —Шын менің әміріме көнемісің, Көнбесең азап тартып өлемісің. «Екі қызды ал» дегенің не дегенің, Екеуінен Баянды бөлемісің?! —Қарағым, осы сөзің жанға кейіт, Өлген адам—топырақ, болар бейіт. Бір өзіңе екі қыз аз бола ма, Жолында мен Баянның өлсем—шейіт. —Қодар-ау, шыныңменен өлгенің бе, Ісіне құдіреттің көнгенің бе? «Баян қызды беремін» деп айта алмайсың, Баян үшін азапты көргенің бе?! —Босатсайшы, қарағым, ойбай арқам, Әли Жаппар төре едім мен бір салқам. «Жұдырықтай баладан жығылдың»,—деп, Есітсе, мені сөгер Баян қалқам. Қодардың есі-түсі кетіп қалды, От өтіп сүйегіне жетіп қалды. Еттен өтіп сүйегі көрінген соң, Қодарды дөңбегінен шешіп салды. 4-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қодарға Қозы Көрпеш қылғансыды, Қорқытып тамам құлды маңғазсыды. Еттен өтіп сүйегі көрінсе де, Ер Қодар үш күн жатып есін жиді. Қодар жүр Қозыкені есіне алып, Ашумен бір биені салды жарып. Ер Қодар бір биені сойып алып, Жарасын жазып алды майға малып. Тамам құл ішіп жатыр бие байлап, Күнде бие сояды қосын майлап. Құл мен малдың билігін алғаннан соң, Алтайға Қозы кетті жылқыны айдап. Қодардың жалғыз қалып әлі кетті, Көп жылқыны Ертістен айдап өтті. Жолбарыстай мықтымен алысам деп, Қодар құлды Құдайым тентіретті. Жылқыны айдай-айдай Алтай барды, Бір бүтін екі арада жарты айды алды. Ат айдап алты қабат баса шалып, Көңілі сүйген жеріне жылқы салды. Қодар құл үш айда әрең жазылады, Жылқының ізі жол боп қазылады. Жылқының сүрлеуіне Қодар түсіп, Жылқыны бір көрсет деп зар жылады. Жылқыны Қодар жүрді жаяу іздеп, Алтайда бағып жатыр жайлап-күздеп. «Тірі күнде жылқыны бір көрсем»,—деп, Келеді бір Құдайдан тілек тілеп. Оларға Құдай берген әруақты, Алтайдан Қодар іздеп жылқы тапты. Қодар құл бұрынғыдан айрылып қап, Тынышына қақаңдамай жылқы бақты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қодар жүріп жылқыда ой ойлайды, Қозыға ақылдассам деп ойлайды. Қозыдан разылық сұрап алып, Елге бір барып келсем деп ойлайды. Сөйлейін құлақ салсаң, әрлі-берлі, Еркін жүйрік білмейді ылди-өрді. «Баладан тілек қылып сұрайын»,—деп, Қодар байғұс жүгіріп қосқа келді. —Былтырдан соң көрмедік Баян қызды, Жүде тозып бит жеді арқамызды. Үйге барып келейін күліп-ойнап, Рұқсат беріп, жіберсең,—деді,—бізді. —Бақа айғырмен келе гөр барсаң барып, Өзге жылқы жарамас жолда қалып. Баян саған барған соң не бермейді, Келіңіз жарыңыздан сарқыт алып. —Келейін Алтай таудан барып қана, Үш күн жатып Баянға дарып қана. Мен барған соң әртүрлі тамақ берер, Келейін саған сарқыт алып қана. Мінді де Бақа айғырға, Қодар кетті, Алтайдан Түлкіліге түсте жетті. Түлкілінің төсінде түйе жайған Келді де Қарабайға сәлемдесті. —Келдің бе есен-аман, Қодар батыр, Аман ба баққан малың қайда жатыр? Ермектесіп барайық түйе жиып, Басында Жүзағаштың ауыл отыр. —Қарабай сәлемдесе келдім саған, Өтіп кетсе бендеден қалар заман. Алтайда қыстай жылқы жалғыз бақтым, Малыңның өзің көрген бәрі де аман.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Қодар-ау, бүгін келдің Алтай жайлап, Арытып Бақа айғырды баса байлап. Малыңның амандығын асықпай айт, Баралық кешке таман түйені айдап. —Қарабай, көп сандалмай түйеңді жи, Берер болсаң Баянды, басымен қи. Екеумізді екі жерде ғашық қылмай, Оңашада Баянның некесін қи. —Қодар-ау, тентек қандай, қиял қандай, Бұлаңдайсың Баянды сен алғандай. Бір баланы отарға әпкетіп ең, Сол балам бар ма, жоқ па әлде қандай? —Сол балаңда бір мінез барағырақ, Мінезі ойнағанға тарағырақ. Ол мінезбен отардан үйге келсе, Жіберер бір күн қуып Баян қарақ. Сөйтті де Бақа айғырды мініп алды, Айғырды жүрмейсің деп бауырлады. Жүзағашпен Түлкілі—ара күндік, Ылазымда зырлатып жетіп барды. Үйіне Қарабайдың түсе қалып, Бәйбішеден амандасып бір тіл алды. Қодар құлдың көңлінде Баян қыз жүр, «Баян қайда кетті?»—деп алаңдады. —Бәйбіше, Баян қайда, үйіңде жоқ, Даладан келе ме деп көңілім тоқ. Отардан былтыр кетіп, биыл келдім, Баянды бек сағындым төменші боп. —Қодар-ау, Баян қызға болма құмар, Таққаның Бақа айғырға алтын тұмар. Әлі кеп амандасар асықпай тұр, Қыздармен серуенде жүрген шығар.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Сызылып қырмызыдай Баян келді, Ер Қодар оны көріп күлімдеді. «Жорғаңды семіз қылып бағып жүрмін, Қодарыңа бетіңнен сүйгіз»,—деді. —Қодар-ау, сүйдіргенім не қылғаным, Өсекке сүйдірген соң таңылғаным. Жылқыдан кеп бетіңнен сүйдір дейсің, Бұл сөзің дұрыс емес, жаңылғаның. —Бетіңнен бір сүйдірсең нең кетеді? Қодарың мұратына бір жетеді. Асылыңменен бетіңнен бір сүйдірсең, Баянжан, сонда бойың ер жетеді. —Қодар-ау, жаман сөзді айтпа маған, Біздерге ондай сөзің жарамаған. Менен басқа кісіге айт бұл сөзіңді, Өзіңнің қадірсіз боп кетер бағаң. Қодар құл сөз сөйлейді әрлі-берлі, Шын жүйрік талғамас ылди-өрді. Қодар құлдың артынан түйе жиып, Қарабай бек наза боп кешке келді. —Неғылдым, Жаппар ие, бір ұл бермей, Қор болып Қодар құлға жүрмін өлмей. Ай аулақта бір сөзі өтіп кетті, Қодарды жөнелтіңіз тамақ бермей. Қодардың бұл келгенін қош көрмеңіз, Күле сөйлеп, жауап қып, қас кермеңіз. Жақсы тамақ берген соң дәндеп кетер, Мойын-сойын болмаса, дым бермеңіз. Қодар сонда білмейді барды-жоқты, Тегі өзі білмейді екен ашты-тоқты. Өкпе-бауыр, бір жөргем берген екен, Сорпаның қоқымына былғап соқты.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Құрайлап қойшы айдайды жайған қойын, Сылап-сипап өсірген Баян бойын. Қарабайдың үйінде үш күн жатса, Аттанар күн бергені жарты мойын. Құлағың сал айтайын енді кепті, Бізден бұрын көп адам өтіп кетті. Жарты мойын қолына алды дағы, Қыз Баянның қасына жетіп кепті. Отардан Қодар келген құстай түлеп, Үш қарыс сайманы бар жұрттан бөлек. Баянменен сөйлесіп тұрған жерде, Қодарға бой бермейді қонышын тіреп. —Астыңда мінген жорғаң болдыр, Баян, Осы жерде жақындығың білдір, Баян. Жорғаңды семіз сақтап ап келемін, Шынымен жарым болсаң міндір, Баян. Баянның ішкі сырын кім біледі, Жақындығын Қодарға білдіреді. «Жақсы қылып жылқыңды бағып жүр»,—деп, Аяқтың өкшесінен сүйдіреді. Баянның өкшесінен сүйіп кетті, Қодардың тұла бойы иіп кетті. Алты өгіздің терісі—етігі бар, Екі қонышқа сорғалап толып кетті. —Е, Баянжан, сенің [үшін] қара басым, Айтарға толып жатыр саған назым. Тазшамен көш-жөнекей сөйлескен соң, Бойыма тарамай жүр ішкен асым. —Сөйлесіп бір құлменен неғылайын, Айтпасаң да, білемін құлдың жайын. Сен тұрғанда бір тазды неғылайын, Салмай-ақ жүре берші сарыуайым.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Баянжан, тіпті разы болдым саған, Жылқы баққан жігіттің бәрі жаман. Бойы ісініп қонышынан асып кетті, Балағының аузынан сорғалаған. Жылқыға Қодар қайтты өлеңдетіп, Қалады Бақа айғырды көлеңдетіп. Тебінсе, екі етігі сорқылдайды, Жылқыға кешке жақын келді жетіп. Қодардың қараңыздар тетігіне, Өтірік сөз айтқанына жетігіне. Тамам құл көргеннен соң сұрап жатыр, «Қодар-ау, не болған,—деп,—етігіңе?» —Жолымда Ертіс деген жаман бұлақ, Аға алмай батпақ болып жатыр жылап. Ат жығылып, етігім суға толды, Көп сұрап неғыласың, құлдар шұнақ. Баянның маған қарап мойны талды, Бақпаңыз деп айтады жылқы малды. Баянға көп өкпелеп жатып едім, Бір қатын көп жалынып алып барды. Баян келіп жығылды аяғыма, Күлсе екен деп қарайды қабағыма. Қарабай қатынымен қабат сыйлап, Шекер-балын төктірді тамағыма. Құшақтап әр жерімді сипалаған, Аямай қимыл қылды Қодар ағаң. Таңға [жақын] бір меспен су әпкеліп, Қодарды тамам қыздар тазалаған. Қыздар келді Қодарды көреміз деп, Қодарға не сұраса береміз деп. Қайтам десе, жылқыға жібермейік, Бәріміз де соңынан ереміз деп.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Көп алданбай, жылқыға қайтып кеттім, «Жақында келемін» деп айтып кеттім. Баянжанның назары сынады деп, Үш-ақ күн құшақтап жатып кеттім. Қозы айтты:—Қодар үйге барып келдің, Баянға үш күн жатып дарып келдің. Сіз кеткен соң сағындық қолыңызды, Біздерге сарқытыңнан не әпкелдің? —Қарабай Жүзағашқа қонып қалды, Ауылға бір топ қонақ келіп қалды. Бір дорба өрік-мейіз беріп еді, Жүрерімде асығып, ұмыт қалды. —Келейін, Қодар батыр, мен де барып, Қалтаға мейіз берген саған салып. Сендей бізді күтерге жарымыз жоқ, Келейін бәйбішеден бір дәм татып. —Шырағым, барам дейсің мені көріп, Барсаң, күтпес бәйбіше тамақ беріп. Барған кісі тамағын апармаса, Бекер барған қалады аштан өліп. —Сен, Қодар, не бітірдің үйге барып, Мүжідің жарты мойын қолыңа алып. Мен барған соң тамақтың бәрін берер, Ер Қодар, келген екен көңілің қалып. —Шырағым, тіпті барма тілімді алсаң, Бәйбіше түк бермейді маған нансаң. Жаның ашып айтамын сүйгенімнен, Ұят қой, қарның ашып өліп қалсаң. —Үйінде Баян отыр қасын керіп, Алтын, гауһар жібектен нөкір өріп. Он күнге шыдамасам, не боламын? Үйінде жатайыншы өлсем, өліп!

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Келе ғой Бақа айғырмен барсаң барып, Айғыр ыза қылмасын жолда қалып. Бір-ақ қонып қайтып кел, көп кешікпей, Қодардан таяқ жерсің ғафыл қалып. Мінді де Бақа айғырға Қозы кетті, Алтайдан Түлкіліге түсте жетті. Далада түйе жайған Қарабайға Келді де, Қозы Көрпеш сәлемдесті. —Келдің бе есен-аман, тазша батыр, Баққан малың аман ба, қайда жатыр? Ермектесіп, түйе айдап бір барайық, Жүзағаштан жоғары ауыл отыр. —Ер жігіт әр нәрсеге қылар сабыр, Алтайда жылқы малың аман жатыр. Ішімде бір дертім бар адам білмес, Дәулетің арқандалған біз бір пақыр. —Дертіңді шығардың ба, тазша батыр, Мұныңды білуші едім, байғұс пақыр. Қарның ашып, шөліркеп шаршап келсең, Қосымда алты қарын қымызым жатыр. —Қозының Қарабайға дерті шықты, Өзі жас болса дағы тіпті мықты, Айран менен қымызын қолына алып, Қарнымен көтеріп бір-ақ жұтты. Айраны мен қымызын ішіп қойды, Шөліркеп келген бала тамам тойды. «Осы бала жарамды бала ғой»,—деп, Қарабай ойлап отыр әрбір ойды. Қарабай сол баланы жақсы көрді, Шөлдеген жайын біліп сусын берді. Қарабайға мінгізіп Бақа айғырды, Түйені айғай салып жаяу жиды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Екеуі түйені айдап үйге келді, Қарабай қатынына айта келді. —Осы келген баланы күтіп жібер, Іші алтын, тоны жаман бір ұл келді. —Ей, байым, саған берді мал менен бақ, Жаратқан баршамызды бір жалғыз Хақ. Тегі сіз ешбір нәрсені аңдамайсыз, Баланы мен білемін ежелден-ақ. Бәйбіше тамақ қылды талқан болып, Балаға қарамай жүр көңілі толып. Көзі көріп, құлағы былтыр сезген, Үй сығалап Баян жүр сыртта тұрып. Алуа-шекер тамағын төгіп салды, Тағы да асып таратты жая-жалды. Жақсы тамақ ішкізіп сыйлаған соң, Бір жақсы үйге Қозыға төсек салды. Бір жақсы үйден Қозыға төсек берді, Сығалап сырттан жүріп қыздар көрді. Қозы Көрпеш төсекке жатқаннан соң, Алтын тонын бүркеніп Баян келді. Қозының қараңыздар ақылына, Жаңа келді Баяндай жақынына. Баян келіп оятса, қозғалмайды, Қараңыз жауап бермей жатуына. Кей жаман құл деп айтса, арланады, Мал бағып Қарабайға жалданады. «Жалғызым бір қиялмен жатыр ғой» деп, Қасында Баян тұрып зарланады. —Жалғызым, мен қасыңа келіп тұрмын, Көңлімді шыныменен беріп тұрмын. Жапанға жалғыз біткен сен бір шынар, Құлын-тайдай айқаспай болдым құмар.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Жасаған мұратыма жеткізе ме, Көңлімнен қай мезгілде қайғым шығар? —Қызы едің Қарабайдың, атың—Баян, Ішімдегі сырымды кімге жаям. Нәсілі жоқ бір құлмен болдың үйір, Әкең маған қосқаны—Құдайға аян. —Жалғызым, олай деме жарыңды енді, Жарыңа кінә қойып тарынба енді. Көңілімнен ине жіптей қаяу тауып, Сонда шаш қара қойдай қанымды енді. —Ей, Баян, сен деп жүрген мен бір арсыз, Қодар байың тұрғанда көңілің қамсыз. Мені тастап бір құлға көңіл бердің, Қодарға тиемін деп малсыз, жансыз. —Қарағым, алыс кетсең сағынамын, Үйде айтқан жеріңнен табыламын. Құдай қосқан қосағым сен тұрғанда, Бір құлды тентіреген не қыламын?! —Баян-ау, жамылғаның алтын мен зер, Табылмаса адамға бірталай өр. Аузың адал болса да, көңілің қара, «Ақпын» деп қасамменен жаныңды бер. Баян сонда «бисмілдә» аузына алды, Дәрет үшін құманды қолына алды. «Ақтығыма жанымды беремін» деп, Жүкте тұрған «Құранға» қолын салды. Баян сені алам деп әркім келді, Құрсақта атастырып саған берді. «Жүктегі Құранды алам» деп жүгірген соң, «Қодардан ақ екен» деп сонда сенді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Сенген соң келіп кірді күймесіне, Күйменің қолын қойды түймесіне. Тар күйменің ішінде бір күн ойнап, Жеткендей болып қалды дүниесіне. Баянның сол күнінде дауысы зарлы, Қыз Баян ойлатқан жоқ уайым-арды. Бір түнде алпыс мініп қызмет қылды, Қуаты Қозыкенің сонша бар-ды. Жиылып таң атқан соң қыздар келді, Ақ торғыннан бір жейде тығып берді. Қодар көріп бір жанжал қыла ма деп, Жағасына киіз сап бүгіп берді. Жылқыға Қозы Көрпеш қайтып кетті, Бірігіп Баян қызбен жатып кетті. Бақа айғыр қанша шапса болдырмайды, Алтайға құстай ұшып дымда жетті. Ер Қодар тамам құлға қожақтайды, Құл болып Қарабайға жылқы жайды. Қыз Баян сәлемдеме берді ме деп, Азырақ Қозыкені мазақтайды. —Қарабай Жүзағашты жерледі ме, Қыз Баян сәлемдеме бермеді ме? «Қодар бақыр сағынып жүрген-ді»,—деп, Өзі іздеп мұнда бізді келмеді ме? —Баяның өрік-мейіз жеп отыр ғой, Сені аузына көп алмай тек отыр ғой. Қыз Баян сәлемдеме бергені сол— «Аузына сиейін мен» деп отыр ғой. —Мен кеткен соң қалған ғой байға жарып, Қанын төгіп келейін ертең барып. Қойнындағы пышағын суырып алып, Қодар батыр қояды жанып-жанып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ «Жүзқараға барам» деп жайнаңдайды, Шоқпары күйген шойындай қылаңдайды. Түстік жерге барғанда жанын сыйпап, Шоқпарын сонда жоқтап алаңдайды. Шоқпарын алып қалды Қозыке ұрлай, Байталын болдыртыпты сабай-сабай. Қоста қалған шоқпарын Қодар батыр, Сол күні таба алмай жүр жолдан қарай. Шоқпарын қарай-қарай қайтып келді, Жолдан қарап жүргенін әркім көрді. «Баянды керіп қойып, сабадым» деп, Мақтанып жылқышыға айтып келді. Отардан қайта көшті елге таман, Жылқы өткізді Жайсаң көл дариядан. Алтайда бір қыс, бір жаз отар жатып, Жылқысы келе жатыр есен-аман. Отаршы үйге қайтты Алтай жайлап, Жеткізді Аягөзге екі айда айдап. Өңкей құлды тағы да сабайын деп, Қодар құл алған екен бір ой ойлап. Қодар батыр отардан келген екен, Тай мен құлын алдында желген екен. Қарабайдың ауылына жақындасам, Баянға бір мақтансам деген екен. Еліне келіп қалды жылқыны айдап, Қодар құл Бақа айғырға мінді жайдақ. Құл біткеннің бәрін де сабайын деп, Қодар шауып келеді нажағайлап. Қозы Көрпеш Қодармен бірге шапты, Ішінен бір ой ойлап, ақыл тапты. Шауып жүрген Қодарды көргеннен соң, Атының басын тартып, тұра қайтты.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бұлардың Баян көрді тамашасын, Қозы Көрпеш атының тартты басын. «Мынау ит әлі жеңіп жүре ме?»—деп, Көзінің төгіп тұрды Баян жасын. —Қозыке, қорықтың ба сізге нетті? Қодардың тоқсан құлға ызасы өтті. Бақа айғырмен ит құлды қоқаңдатып, Дұшпаныңнан аласың қашан кекті? Шамалы ер шалықтайды талай жерде, Қодардай көре алмадым туған ерді. Бір құлдан мұнша қорқып қор болғанша, Өліп мекен қылсайшы қара жерді. Бір құлдан мұнша қорқып қашқаның ба, Жанып тұрған көңлімді басқаның ба? Осы құлдан жеңіліп, таяқ жесең, Ұйқым келмей өлермін жатқанымда. Баян сөзі Қозыға қамшы болды, Жас та болса біледі әр бір жолды. Баян сөзін Қозыке естіген соң, Атына қамшы басты оңды-солды. Қозы Көрпеш ойланды намысты енді, Екеуі бейпіл күшке салысты енді. Жағасынан ұстасып бір-бірінің, Екеуі ат үстінде алысты енді. Жігіттер, қараңыздар мына кепті, Қодар мен Қозы Көрпеш болған кекті. Қодарға қолы барып тигеннен соң, Ат үстінен көтеріп алып кетті. Қодардың қызыл тілі салақтайды, Артында екі көзі алақтайды. Алдына алып Қозыке шауып жүрсе, Аяғы байтеректей далақтайды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Е, қарағым, қоя бер, ойбай, ішім, Ақсабанда көрінген жаман түсім. Зор келген соң бұтыма тышып қойдым, Боқтың иісі сасыған білмеймісің. Қозыкеге жалынды Қодар батыр, Қыз Баян оны көріп күліп жатыр. Қозыке жерге тастап жіберген соң, Жерге боғын үйкелеп сүртіп жатыр. —Ойбай, Баян, қайдасың, аттан-аттан, Өкпелесем қойныңа бірде жатпан. Өзім жоқта бір байды тауып алып, «Теңім» деп қосылдың ба, Құдай атқан?! Жиылған жан көрген соң күледі енді, Қозыкенің мықтысын біледі енді. Қозының қайратына шыдай алмай, Сандалып олай-бұлай жүреді енді. Қодар жүр ел бетіне қарай алмай, Қозының ызасына шыдай алмай. Сол күнде Тайлақ деген бір биі бар, Жүгіріп соған барды шыдай алмай. Баян сұлу көрінер шоғыменен, Бекер барды көтінің боғыменен. Тайлақ бидің үйіне кіргенінде, Етегін басып кірді қолыменен. —Арыз айта келіп ем, Тайлақ, саған, Қарабайдың Баянын берген маған. Мен жоқта бір күйеуді тауып алып, Бермеймін деп салып жүр ақырзаман. Бір жолда бұл Қарабай өліп еді, Қодар құл іздеп жүріп келіп еді. Сегіз мес су әпкеліп бергеннен соң, Баянды сонда маған «берем»,—деді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Ас болар жеті күнде ұлы жиын, Қызын бермей Қодарға болды қиын. Хан жиынның ішінде шақыртып ап, Ақыңды қалдырмайын жалғыз тиын. —Ақы алмаймын Баянды ала алмасам, Не болдым бір жігіттен жаман болсам. Ашумен құса болып ішім өтті, Тақсыр би, сөге көрме, адам болсаң. Ас болар жеті күнде ұлы жиын, Жиынға жан жиылды бүкіл жерден. Қарабай мен бәйбіше асқа келді, Алып келді жүз басты үлкен үйін. Жиынға Қодар келді өзі жалғыз, Дәметкен бұйырмастан ол бір арсыз. Тайлақ биге келді де тағы айтты, Ісімді әнегүнгі не қыласыз? Тайлақ би шақырып алды Қарабайды, Баянды алған Қозыке іші майлы. Қарабайды шақыртып алдына алды, Кемел би—ақылы мол, үлкен ойлы. —Қарабай, дәулетің мол, жүрдің бе аман? Өтеді әркімнен-ақ мына заман. Арыз қылып алдыма екі келді, Қызды суға саттың ба құлға тамам? —Қодардың дәулетінде тамағым тоқ, Мыйсыз құл былжырақтап шайнап жүр боқ. Тамақ үшін тентіреп сенген құлға, Қызымды суға сатып бергенім жоқ. —Қодар айтты: сөзіме нанамысың, Уәдеңді, Қарабай, білемісің? «Баянды су әпкелсең, беремін»,—деп, Уәде айтқан сөзіңнен танамысың?!

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Бір сөзді мазақ қылып айтып едім, Айтқан сөзден тоба қып қайтып едім. Ақылсыз құл көңлімен мал бақсын деп, Аужайын осылай деп тартып едім. —Қарабай, жалғыз сөзді айттың маған, Не себептен уәдеңнен қайттың тамам? Сол күнде рас қылып айтып едің, Болып тұр осы күнде сөзің жаман. —Би айтты: арыз қылып келдің маған, Суға қызын [бай] нағып сатты саған. Ақың болса, ал дағы жайыңа жүр, Су үшін қыз сұрауың жарамаған. —Баян үшін бергенім—сегіз мес су, Азбан қылып семіртті мені бір бу. Тоқтамасқа амал не, би айтқан соң, Суыма арақ беріп, ақымды жу. Барады заман өтіп жылдан-жылға, Қарабай арақ берді Қодар құлға. Қодар сонда бір ойды тағы тапты, Қозыны арақ беріп мас қылуға. Бұл ісім мақұл ма екен қылып жүрген, Жиында мен бір жорға желіп жүрген. Тентегімді мақұл қып кешер ме екен, Қозыға арақ беріп сый қып жүрген. Сый қылып ішкізейін арағымды, Шақырып алып келіп қарағымды. Өзім барып шақырсам, кім сөгеді, Жомарттық қылып жүрген талабымды. Қозыны шақырғалы өзі жүрді, Қозы—Баян бір үйде жатыр еді. Екеуінің жатқанын көргеннен соң, Қодардың шыдай алмай іші күйді. 5-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Іші күйіп шыдамай қайта шапты, Байталын жанып-жанып зырқыратты. Қан жиынның ішіне шауып келіп, Бақырып жау келгендей аттан сапты: —Жұртым-ау, тамаша көп, ойбай, аттан, Қыз Баян бір құлменен бірге жатқан. Құлменен бір үйде құшақтасып, Екі аяғы төртеу боп серең қаққан. Жиынға аттан салып Қодар келді, Қозы—Баян бірігіп жатыр еді. Аттандаған даусымен жиылған жан, Бәрі тентек қылады Қодарды енді. Жұртым-ау, сөге көрме мен бір сері, Ендеше, шақырсын да жеңгелері. Теңін тауып қосылса, неғылайын, Болмаса көңілі пері, тоны тері. Екеуінің бір үйде жатқан жері, Тарқайды көкіректен айтса шері. Сол жиыннан шығыпты алпыс қатын, Күйеуді шақырысып әпкелгелі. Сол қатыннан бір қатын өктеп шықты, Жалғыз өзім әпкелем мен деп шықты. Қатындардың бәрімен кимелесіп, Омыраулап қатынның бәрін жықты. Жиылып алпыс қатын тағы жүрді, Алдында әлгі қатын жалғыз жүрді. Қатындар құрдай жаппай жабырласып, Қасына Қозыкенің жиылды енді. Келгенін қатындардың Қозы көрді, Иіліп тәжім қылып түрегелді. Баян қыз бір алтын тон алып келіп, Үстіне Қозыкенің кидірді енді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қозының айдары алтын жарқыраған, Үстінде алтын тоны гауһарланған. Алпыс қатын сол жерде қайық беріп, «Қозыға бір жатсақ» деп естен танған. «Көңілі көнсе, қырық қатын қайық бермек», Деген мақал қазаққа сонан қалған. Біреуі айтты:—Беріпті теңін тауып, Көрген сайын барады есім ауып. Бұл дүниеде көрмеген бір жан екен, Бикеш-ау, қосылғансың қайдан тауып? —Қарабай менің әкем мерген екен, Аң қарап Жарғантасқа барған екен. Бір мерген әкемменен жолдас болып, Құрсақта құда болып берген екен. —Бикеш-ау, құтты болсын күйеуіңіз, Мұндай қабыл болар ма тілегіңіз? Күйеуің жақсы болып жолыққанға, Жарылды қуанғаннан жүрегіміз. Шақырғалы келіп ек, күйеу, сені, Жаман күйеу сен емес тоны тері. Бұл секілді күйеуі бар бикешке «Мен—күйеу» деп нағып жүр Қодар сері. Шақырып тамашаға алып жүрді, Іштен байлап Баян бір месін берді. Ішіне арақ-шарап жиып қойған, Әпкеліп бір ақ үйге кіргізді енді. Тамашаға келіп тұр жиылған жан, Көр болып ақыл кетті Қодар құлдан. Арақ пенен шарапты алып келіп, Алдына Қозыкенің қойғыздырған. Жан жиылып көруге келіп отыр, Арақты Қозыкеге беріп отыр.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян берген месі бар іштен буған, Ішіне бірер ұрттап құйып отыр. Тамаша, ұлы жиын болған қызық, Арақ кетер, көп ішсе, ақыл бұзып. Көрсетпей меске құйып отырса да, Қозыке көбірек сөйлеп отыр қызып.

Шыдамай Баян келді үйді тауып, Қозы мас боп отыр ма ақылы ауып. «Жалғызым ақыл-ойын жия ма» деп, Су бүркіп жібереді ебін тауып. Қозыке есін жиды көзін ашып, Есікке жүре берді бірер басып. Тамашаға жиылып отырған жан, Қалғанын ішіп отыр судай тасып. Қодардың ақылы жоқ, дені қатты, Баян берді Қозыға көк жорға атты. Төменгі көк теректің саясына, Көлеңкелеп Қозыке барып жатты. Қайраты Қозыкенің атандай-ды, Қодар құл Қозыкеге бата алмайды. Қарабай мен бәйбіше үйге келіп, Үйінде тыныш ұйықтап жата алмайды. Қарабай мен бәйбіше үйге келді, Екеуі Қозыкеге көңілін берді. Бұрын бүйтіп көрмеген жақсылығым, Шатыр тігіп, шақырып әпкел деді. Бәйбіше тоқсан қатын жиып алды, Қуаныш той қыларға көңілі бар-ды. «Шатыр тігіп, шақырып әкеліңдер»,—деп Бәйбіше бұйырады қатындарды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарағандай Қозының келбетіне, Сабаздың көкжал туған жендетіне. Қырын тұрып Қозыке тағзым қылса, Қатындар қайран қалар суретіне. Қатындар неткен жан деп таңырқайды, Айдары күн секілді жарқырайды. Күйеу болып ұялып Қозы Көрпеш, Маңдайынан тер ағып бұрқырайды. Ар жағы Аягөздің айдай татыр, Қатындар Қозыны ертіп келе жатыр. Бәйбіше ауылдың оң жағына Тіктірді жарқыратып алтын шатыр. Үй тұрмас Аягөздің дауылына, Қозыны ертіп келді ауылына. Қарабай «ұлы жиын той қылам» деп, Он жігіт аттандырды сауынына. Қарабай жұртын жиып тойын қылды, Сойдырып алпыс бие ойын қылды. «Жетпіс бесте бір көрген жалғызым» деп, Екі жүз қой сойдырып жиын қылды. Қарабай тойын қылды жұртын жиып, Қозыға белін берді сүттей ұйып. Сегіз жеті той қылып ер Қарабай, Қозыға қызын қосты неке қиып. Қарабай тағы жиды елі-жұртын, Кімде дәурен тұрады, өтер бір күн. Елі-жұрты жиылып келгеннен соң, Шығарды дүйсенбіге жалғыз қызын. Қарабай той қылдырып қылды сауық, Сегіз жеті той қылған атын шауып. Қарабайдың байлығын қараңыздар, Сексен нар арттырыпты кілем жауып.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян қыз енді неден болады кем? Тағы да қырық бес жорға ат мінгізген. Екі жүзден шапан мен ішік қылып, Сегіз қанат ақ орда тігіп берген. Қызымен амандасты енді жылап, Көзінен аққан жасы болды бұлақ. Беті айдай, белі қылдай, бойы сымдай, Бұ жалғанда қыз тумас ондай бірақ. —Қарағым, енді аман бол, жалғыз қызым, Құрытқан жер дүниені мен бір құзғын. Бұрынғының жолымен сені ұзаттым, Қайтейін Пайғамбардың салған ізін. —Қайтейін енді, әкетай, сен де аман бол, Кемеңгер қартайсаң да, ақылың мол. Тірі күнде зарлатып қызды айырған, Бұрынғы мұра қылып бір салған жол. —Күн болды қош айтысып амандасар, Жоқ еді туысқаның орын басар. Күніміз сен кеткен соң не болады, Артыңда кемпір-шалың қалды нашар. —Әзелде бұлай жазды Тәңірі маған, Жұбаныш ұл бермеді, әкем, саған. Бәрінен тұяқсыздың аты жаман, Әкеке, адал тусақ біз де балаң. Айрылды қызыменен амандасып, Қарабай бек жүдеді көңілі жасып. Қарабай қолын жазып болғаннан соң, Шешесі кеп көрісті құшақтасып. —Аман бол, айым, сәулем, жалғыз қызым, Табылар енді қайдан басқан ізің? Қарай тұрған, әйнегім, сен кеткен соң, Өтеді-ау қайғыменен жазы-күзім.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Аман бол, ата-ана, елі-жұртым, Дүние опасы жоқ өтер бір күн. Туысқан, сүйеу болар аға-інім жоқ Сол болды-ау, сіздер үшін іште дертім. —Аман бол, жалғыз балам, кетіп алыс, Бір жалғыз қозғау салды жері шалыс. Ғарасат—мақшар күні майданында, Әкең менен шешеңе сонда табыс. Қарабай талай жерден келген жосып, Ай мен Таңсық жылайды әнін қосып. «Баянға қош айтысып қаламыз» деп, Елі-жұрты жиылды жолын тосып. Ай деген қыз айтады:—Жалғыз сіңлім, Сен едің тыныс қылған жалғыз інім. Дариға, ата-анам не болады, Осындай күн туады бізге бір күн. Жамағат, қараңыздар сөзімді аңдап, Ай мен Таңсық екеуі тұрған зарлап. Баянды үш күн, үш түн жібермеді, Елі-жұрты жиылып қойдай маңырап. Бенденің қылған ісі Құдайға аян, Елдің ішін күйдірдің, жақсы Баян. Дүниенің рақаты—сұлуды алған, Тілеңдер үміт қылып бір Құдайдан. Ел-жұрты амандасып қалды тамам, Еліне Қозы қайтты есен-аман. Сексен нарға қазына жасау артып, Ырғап-жырғап қайтады Қозы бағлан. Қозыға Құдай берді артық нәсіп, Екі бағлан қосылды көңілі өсіп. Ел-жұртынан кеткелі заман болған, Келеді [жиырма] қонып, отыз көшіп.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Отыз көшіп келіпті ел шетіне, Қозының жан таң қалар келбетіне. Төсегінде ұйықтап жатқан шақта, Қозының аян берді шешесіне. Анасы төсегіне жатып қалды, Қанша шырай қызыққа батып қалды. Зар боп жүрген жалғызын түсте көріп, Көрісіп құшақтасып қатып қалды. Неше жыл «жалғызым» деп жүрген жасып, Баласын түсте көріп амандасып. Төсегінен бұлқынып түрегелді, «Өңім бе, түсім бе» деп асып-сасып. Оянып, түрегелсе, дәнеме жоқ, Көргенім—түсім екен, дүние боқ. Әлгі түсін сағынып, шөлдеп тұрды, Қуаныш, көрген түсі көңілі тоқ. Шақырып елі-жұртын, жиыл,—деді, Бір қарт келді, ауылы қиырда еді. Баян қып бастан-аяқ көрген түсін: —Бұл түсімді жоры,—деп бұйырды енді.— Ай туды бір жағымнан ұйықтай қалсам, Жамағат, осым рас, маған нансаң. Ай мен күндей балапан құшақтадым, Сапардан қайтты ма екен, жалғыз қалқам. —Бір жағыңнан ай туса, көңілің толар, Жәрдем беріп қолтықтар қазірет Омар. Түсіңде ай мен күнді көріп жүрсең, Жаныңа ақ ордамен балаң қонар. Бәйбіше, құдіреті кең Құдай шебер, Меқнат-рақатты өзі берер. Ай мен күндей балапан құшақтасаң, Балапандай талпынған балаң келер.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Бәйбіше бір ақсарбас алып келді, Әлгі қарт қолын жайып бата берді. «Осы түсім бұзылып кете ме»,—деп Сақып-Жамал күндік сап зар еңіреді:

—Беріп едің, Құдауанда, жалғыз жарық, Қартайғанда көріп ем өліп-талып. Жалғанда жалғызымды көрсетпесең, Дүниеден өтемін бе қайғыланып! Жалғанда жалғызымды көрсем екен, Көрген соң, үш күн тұрып өлсем екен. Жалғызымның дидарын үш күн көріп, Құдайдың аманатын берсем екен. Күн қайда жалғызымды көретұғын, Мен бір бата тілейін беретұғын. Өліп қалып, орайы көрінбесе, Мезгілі болды қалқам келетұғын. Шешесі осылай деп отыр жылап, Көзінен аққан жасы болды бұлақ. Түсін айтып аңырап отырғанда, Екі кісі сүйіншіні келді сұрап. Жамағат естіп, білер ондай жанды, Баласынан айырылып болған зарлы. Қуанғаннан жүгіріп шығамын деп, Есіктің алдына жығылады. Тілегін анасының Құдай берді, Келмесе болар еді қайғы-шерлі. Сексен нарға қазына жүгін артып, Ауылына ер Қозыке жетіп келді. Қозыға Құдай берген артық нәсіп, Екі бағлан шалқыған көңілі өсіп. Күдер үзіп ел-жұрты қалған екен, Анасымен көрісті зар жыласып.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Қарағым, аман-есен келдің бе енді, Сары уайыммен сарғайып өлдім енді. Баласыз тар екен көрген күнің, Жалғанның кемшілігін көрдім,—деді. —Шешеке, зар болдың ба перзентіңе, Келіп дауа болдым ба мен дертіңе? Анаммен тірілікте көрістірген, Құдайдың мың бір шүкір құдіретіне. Таусылмас айта берсем менің кебім, Құрсақта әкем өліп қалдым жетім. «Тірілікте анамды [бір] көрсет» деп Берді ме тілегімді Құдіретім? —Мен едім, жалғыз қарғам, сенің шешең, Боздағым, артық болып тудың көсем. Дүниенің мехнатын мойныңа алып, Е, боздағым, келдің бе аман-есен?! —Құрсақта жетім қалдым әкем өліп, Құдайдың құдіретіне жүрмін көніп. Бірге туған жанашыр бауырым жоқ, Тапсырып бір Құдайға кеттім сеніп. —Қосылған бірі лашын, бірі сұңқар, Көре алмай екеуіңді болдым іңкәр. «Осы менің өңім бе, түсім бе?»—деп, Құшақтап Баян қызды қылады зар. Баянды бек құшақтап зар жылаған, —Жарылмаған қауыным, келдің бе аман? Әлде болса сенбеймін түсім бе деп, Құдайым шын берді ме сені маған? —Жасың тый көзіңіздің, көп жылама, Опасыз кім тұрады бұ жалғанда. Өткен істі қуалап неғыласыз, Әзелде жазған шығар Құдірет Алла.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ —Келдің бе аман-есен, Баяным-ай, Айырылдым екі көзден жылай-жылай. Өткен істі қуалап неғылайын, Берген соң тілегімді Жаппар Құдай. —Е, ене, тілегіңді берді Құдай, Бір-біріңнен айырып қылды мұндай. Екеуміз екі ұяның сұңқары едік, Рақым қылсын пендеге мұнан былай. —Екеуіңді көрсетті Тәңірім маған, Екі айланып келмейді өткен заман. Жолыңда екеуіңнің жаным құрбан, Ғинаят болды бүгін бір Алладан. —Бір біз үшін жаныңызды қылма құрбан, Баяндап қай бендеге дүние тұрған. Ата-анам тиянақсыз қалды жылап, Кімі қорғар қартайғанда қыз бен ұлдан? Қозы Көрпеш келгенін халық көрді, Баянды іздеп өткізген талай жылды. Ғинаят бір Құдайдан болғаннан соң, Талай елге білдіріп тойын қылды. Баянды Қозы іздеген жөнін біліп, Қосылды ақырында ойнап-күліп. Елге келіп көңілі тынғаннан соң, Жер шалды қоныс қарап атқа мініп. Қозыке атқа мініп жерді шалды, Ұлысу түстіктегі ойына алды. Ұйғарып Ұлысуды көріп қайтты, Елімен көшіргелі қалың малды. Баянды алып келіп көңілі өсті, Үйінің көшпек болып бауын шешті. Қозыкенің ұйғарған қонысына Барып мекен қылғалы елі көшті.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Дәулет берген әкесі Сарыбайға, Елді бастап әпкелді жақсы жайға. Мәз болды ат ереңдеп, ер тереңдеп, Бақ жайлы Ұлысудан қоныс қайда? Көшіп кеп мекен етті Ұлысуды, Бір күнде Баян қашып, Қозы қуды. Келген соң Баян сұлу жүкті болды, Күні бітіп толғатып, бір ұл туды. Сипаты Қозы Көрпеш туған бөлек, Құдай сақтап, әруақ болған көмек. Баланың неше күндей тойын қылып, Аты болсын десті Сая Түлес. Ұлысудың бойында мекендепті, Неше жыл арасында өтіп кетті. Өзі жалғыз Қозыға серік болып, Талпынып бала құстай, бала ер жетті. «Бойында Аягөздің қалған қайным, Ақылымды Баянды іздеп жұртқа жайдым. Қайныма бір барып келсем екен, Халі нешік болып жүр Қарабайдың? Қарабай қайғылы болып қалған қаріп, Қалды ма нашар болып ашып-арып. Не секілді күні бар бейшараның, Көрсем екен жиенін ертіп барып. Өткіздік амандаспай талай жылды, Ес қылып қалып еді тоқсан құлды. Бір көріп қайтпағаным жарамас»,—деп, Баланы ертіп алып сапар қылды. Бай жүдеген Қозы мен Баян кетіп, Сағынысқан бірталай заман өтіп. Баяғы Аягөздің қонысына Бірнеше күн жол жүріп, келді жетіп.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Артық қып Қозыкеге берген бақты, Басынан дәрәжасын артық шапты. Сая—Тулақ баласын ертіп алып, Өзі көрген қоныстан іздеп тапты. Кім алар жаны барда Қозыке ерді, Әртүрлі талап қылып жолды көрді. «Қозы Көрпеш күйеуің келіп тұр»,—деп, Бай менен бәйбішеге хабар берді. Хабар қылды Қозыны біреу танып, Қасында баласы тұр оттай жанып. Үйінен күңіреніп шыға келді, Кемпір-шал «рас па» деп айғай салып. —Көрейін, рас болса, қарағымды, Шын келіп ашар ма екен қабағымды. Тамам құлға билетті патша Құдай, Иен мал, өлшеуі жоқ тамағымды. Шықса Қозы келіп тұр нұры тасып, Кемпір-шал бек сағынып жүрген жасып. Неше жылдай зар болған күйеуіне, Келді де бай көрісті құшақтасып. —Баянсыз бала берді Тәңірім маған, Мен жылауда болғалы талай заман. Жалғызымның жолдасы сен де жалғыз, Қарағым, Қозыкем-ау, жүрсің бе аман?! Қозыке айтты құшақтап Қарабайды: —Баянның әкесі едің, маған—қайны, Біз жүрміз дұғаңызда аман-есен, Өзіңіз де жүрмісіз күйлі-жайлы? Бәйбіше кеп көрісті зар-зар жылап, Жылай-жылай көз жасы болған бұлақ. «Жалғызым есен-аман жүрмісің»,—деп, Баянның есендесті жайын сұрап.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Бәйбіше-ау, мен балаңыз, сіз бір шешем, Адам едің әйелде туған көсем. Өзіңіз сау-сәлемет жүрдіңіз бе, Баяның біз шыққанда аман-есен. —Балам-ау, жүрмін тірі өлмеген соң, Құдайдың аманатын бермеген соң. Қос жалғыз бірің іштен, бірің тыстан, Сарғайдым екеуіңді көрмеген соң. Балам-ау, жолдасың кім, өңі жылы? Мың ерлік бір өзінің бар ғой құны! Іші-бауырым ылбырап бара жатыр, Болмасын Баянымның тапқан ұлы. —Бәйбіше-ау, жылауменен налып тұрсыз, Әр ойды көңіліңізге алып тұрсыз. Бұ да сіздің затыңыз тірі болса, Өңінен шырамытып танып тұрсыз. Бұлардың кеткен жасып саналары, Ашылды амандасып аралары. Баланы сылап-сипап құрметтеді, Бөтені жоқ өзінің балалары. Көргелі қатын-бала келді шулап, Ит үріп, дабыр болып құлдар дулап. Еліне амандасып қайтпақ болды, Қайнында бір ай жатып аунап-қунап. Қозының сөзіне сөз жамағаным, Сөз шартын мұнан артық таба алмадым. Қайтпақ болған Қозыға бәйбіше айтты: —Шырағым, бар ма,—деді,—қалағаның? —Ата-ана, біз қалаймыз Қодар ерді, Талай жыл Қодар мұнан қызық көрді. Қодарды бізге бағыс қылыңыздар. Дәм татып енді көрсін біздің жерді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қодарды Қозыкеге бермек болды. Дәм бұйырса, ер Қодар көрмек болды, Баяннан үміт қылған байғұс Қодар, Әркімге өмірінде ермек болды. Қодар батыр күлдірер сөзге кірсе, Баянның тынышын алар мұнан жүрсе. Қодарыңды мен бердім апара алсаң, Қодарды неғылайын ит боп үрсе. Бұл сөзді есіткен соң Қодар қашты, Тарлыққа түсермін деп жаман састы. Қашқан соң алды-артына бір қарамай, Ер Қодар Тегеш деген таудан асты. Қарабай әкесінен болған жуық, Мұндай қорлық көрген жоқ Қодар туып. Қозы Көрпеш баласы Сая—Тулақ Қос атпен Қодар шалды кетті қуып. Қуғалы Тулақ шықты көңілі ауып, Дем алмай күні-түні қуды шауып. Тегеш таудың астында қара шаһар, Сонда барған жерінен алды тауып. Қуып келген баланы Қодар көрді, «Жалғыз бала екен» деп іші күлді. Арыстандай бұрқырап Сая—Тулақ, Қодармен әрлі-берлі ұрыс қылды. Қодарды бір қолымен жұлып алды, Байталынан жұлып ап жерге салды, Қодардың екі аяғы талқыдай боп, Жерге қатты түскен соң талып қалды. Қодарды байлап алып қайтты бала, Қозы Көрпеш—Баяннан туған дана. Екі арада жол жүріп бірнеше күн, Қарабайдың ауылына келді жана.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тулақ бала лайықтап мінген атты, Баланың Қодар батыр дәмін татты. Қодарды төбедей қып байлап қойып, Дамылдап бір аз күні тағы жатты. Қош айтысып, еліне қайта басты, Байлап қойып жөнелді Қодар насты. Сәлемет аман-есен қайтып келіп, Бәйбіше мен Баянға амандасты. Баянға әке-шешең аман,—деді, Жоқ екен баяғыдай заман,—деді. Екеуі әлі кетіп қартайыпты, Құлы билеп кетіпті тамам,—деді. Баян айтты Қодарға:—Байғұс Қодар, Нағып жүрсің жер жүзін қылып сонар. Күн секілді күркіреп жүруші едің, Дегенің жоқ заманың мұндай болар. Үйінен Баян сұлу болды хабар, Әйтеуір кемпір-шалдың заманы тар. Мақбұзда Құдай тағала солай жазды. Ғаріпке Хақ Тағала болғай-ақ жар. Арада біраз заман тағы да өтті, Қодардан баяғыдай заман кетті. Бұлардан кісі бара қоймаған соң, Хатпенен Қарабайдан қабар жетті. Қарабай хатқа жазып берген сөзін, Қағазға Қозы Көрпеш салды көзін. Күш-қуат кемпір-шалдан кеткенен соң, Бұзыпты есіктегі құл мінезін. Қатта айтты: «Мал көбейді, қайрат кетті, Жанымыз тар дүниеден мехнат тартты. Көзі тіріде алғандай малды үлесіп, Тамам құл атты бұлап, асты төкті.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Жалшы жайдақ салады, құлдар құрық, Ап кетті бізден билік, сөзді бұрып. Әліміз кәріліктен нашар болды, Малды үлесіп алғандай көнбей тұрып. Саламат, есенбісің, балаларым, Атаң мен жүдеу тартты аналарың. Иесіз малы-жаның қалды мұнда, Үлесін Құдай білер кім аларын. Дәм тартса, шақырамыз мұнда кел деп, Ажалдың болжалы жоқ, бар бір өлмек. Көз тірі де көшіп кеп, ие болсаң, Деп тұрмыз екі жалғыз «сізге—жол» деп. Баласыз мехнаты бар берген жастың, Құлменен бас теңгеріп араласқан. Ықрар осы сөзге инанбасқа, Жаздырып мен Қарабай тамға бастым. Осылай хатты оқып Қозы Көрпеш, Зар жылап тыңдап отыр Баян еркеш. «Жасынан дүниені жиған әкем, Болды,—деп,—ақырында еңбегің еш». Қозыке қағазды оқып, көшпек болды, Көп жүріп ары-бері көрген жолды. Қарабай мен Сарыбай дамыл таппай, Көшіп жүріп күн өтті оңды-солды.

Ел көшіп жақындады Аягөзге, Айланды Қозы Көрпеш мұнша сөзге. Көргені Қарабайдың жалғыз Баян, Шырақ көрген кісі емес мұнан өзге. Құлы көп Қарабайдың малын бағар, Рақат болмас құлдан, зиян табар. Ел алды Көгілдірге келгенінде, Бейшара Қарабайға қылды хабар. 6-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Күн өткен Ай-Таңсықтың көңілін алмай, Тұтанып дүниеде отша жанбай. Көшкен елдің хабарын есіткен соң, Екі қыз жаяу салды есі қалмай. Елінен жаяу шығып іздеп кетті, Алланың әмірімен қаза жетті. Өкпесі өшіп түтіккен себеп болып, Екі қыз орта жолда өліп кетті. Бұл дүние еш бендеге қылмас тұрақ, Өтеді біреу күліп, біреу жылап. Екі қыздың бейіті қойылған соң, «Ай», «Таңсық» деп атанды екі бұлақ.

Екі қыз осылай боп дүние салды, Әркімнен фәни дүния өстіп қалды. Екі араз ел қосылып Аягөзде, Қозы Көрпеш малданды қалың малды. Қозы Көрпеш нәсілі—түрікпеннен, Қарабай сөз ұзартты үріккеннен. Көзінің тірісінде шақырып ап, Кемпір-шал көрді рақат біріккеннен. Қарабайдың нәсілі—қызылбастан, Қодар құл Қозыкемен қыжылдасқан. Аягөзде қосылған екі ру ел, Орнығар Хақ жазуы бұзылмастан. Қодар құл қайтып келді Қарабайға, Қодарға бұрынғыдай заман қайда? Қодардың тағы даусы тіріліп жүр, Адамға жаман ақыл бермес пайда. Қодар құл тағы күндей күркірейді, Тоқсан құл тізесі өткен тітірейді. Қодардың даусы шығып келе жатса, Тамам құл үріккен қойдай дүркірейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қодардан тамам құлдың тынышы кетті, Қодарды Тәңірім тағы тентіретті. Қоқаңдап мазаларын кетірген соң Бәрі жылап Баянға арыз етті. —Баян-ау, бұл Қодардан көрдік қорлық, Білесіз баяғыдан қылған зорлық. Сізден қайырым болмаса біз ғаріпке, Ақылсыз Қодар құлдан өлер болдық. Қодардың сізге ойлаған қастығы бар, Білесіз бұрыннан-ақ мастығы бар. Әлі күнге кәпірді неге қойдың, Ежелден дұшпаныңыз осы Қодар. Қодар қастық қылмасын бір күн сізге, Бізге сырын айтады, шықса түзге. Дым бірігіп кәпірден құтылмадық, Зиян берген жан еді бәрімізге. Өзінің ақылы жоқ, діні жаман, Ойланып жүр қастығын тағы саған. Аңдып жүрген дұшпаның ауылдағы, Ебін тапса бір күні, қылмас аман.

Баян алды шақырып Қодар ерді, Келіп Қодар Баянның жүзін көрді. Үйге кірер кірместен Қодар батыр, Баянға баяғыдай жауап берді: —Мені ұмытпай жүрме едің әлі, Баян, Жаңа таптың теңіңді бәлі, Баян. Баяғы Қодекеңнің араласқан, Таңдайыңда жүрме еді дәмі, Баян. Бір құлдан баласына қылды хабар, Қодарға күн тақалды қаза табар. «Қодарды кешіктірмей тез өлтірсін, Бұл кәпір бүйте берсе мазаны алар».

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ежелден Қозыке мен Қодар өшті, Өштікпенен бірталай заман кешті. Қодардың дүниеден дәмі бітіп, Баласы Сая—Тулақ басын кесті. Өлтірді Сая—Тулақ Қодар жасты, Сиынып тамам құлдар көзін ашты. Ғашық болған Баяннан [дәме қылған] Қодардың басын кесті, қанын шашты.

Өлтіріп Қодар құлды, көмді жерлеп, Дүниеден дәм таусылды, нәсіп көрмек. Қодардың бұл күнгеше аты қалды, Әңгіме, жалшы-қойшы, қылады ермек. Семірген Қодар батыр бекер буға, Дәм айдап барып келген Ұлысуға. Қодардан мәтел болып қалса керек, Деген сөз «бұқа—буға, азбан—дуға». Артық боп Баян туған Қарабайдан, Кем емес нұр сипаты туған айдан. Тоқсан құл Баян үшін келіп сіңген, Адамзат, дәм айдаса, келмес қайдан? Баянның жүзін көрген кете алмаған, Еліне қайта басып бет алмаған. Көргеніне мәз болып күн өткізіп, Ешбірі мұратына жете алмаған. Тоқсан құл келіп сіңген Баян үшін, Көрген соң кете алмаған оның түсін. Барлығы Қарабайға халал қылды, Ақысы жоқ, пұлы жоқ қайрат күшін.

Аягөзде бірікті екі ру ел, Дәулеті Қарабайдың дария-көл. Хүкіміне көндірді талай елді, Қозыке, Сая—Тулақ—асусыз бел.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Қарабай өмірі бітті, дүние салды, Бай болып айдап өткен сансыз малды. Басында Қозыкеден қашып еді, Әммесі, қызы түгіл, соған қалды. Бай өтті бәйбіше мен дүниеден, Бендеге әрне қылмақ бір Иеден. Бай болып, батыр болып халқын билеп, Талай жан Қозыкеге қол сүйеген. Бай да өтті, батыр да өтті, шешен де өтті, Топты жарып сөйлеген көсем де өтті. Өмірі біткен жандар бәрі де өтер, Кім өлмей бұл дүниеден есен кетті? Ұлғайып Қозы Көрпеш жасқа толды, Өлгенше шарықтайды оңды-солды. Фәниде ырыздығы біткеннен соң, Бақиға көшетұғын уақты болды.

Сөйледік Қозыкеден талай кепті, Дұшпаннан тірілікте алған кекті. Дүниеден ғиш-ғишрат қызық көріп, Баянмен екеуі де сапар шекті. Ажал келсе, талғамас ашты-тоқты, Бай-патша, аш-әруақ, барды-жоқты. Қызылқия дегеннен тас тасытып, Қияметке қалғандай бейіт соқты. Жазулы өміріміз әуел бастан, Өмірден еш жан болмас өмірі асқан. Бойында Аягөздің бейіті бар, Биік қылып қалаған қара тастан. Әрқашан күл боп сөнген жайнаған шоқ, Олардың бұл мекенде зүрияты жоқ. Қозы Көрпеш—Баянның арасына Қодар да шықты дейді көк тікен боп.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бәрі де бір топ тікен құмдап өніп, Моланың көрдік дейді ішіне еніп. Тірілікте қас болып жүрген жаннан Өлгенде де тұр дейді дұшпан болып. Тамам қылдым өзімнің білген жерін, Әңгіме боп азырақ келгендерін. Қозыке өлең болған анық емес, Бекерге былжыратқан екі жарымес. Бірі айтып, бірі жазып, әуре болған, Бекер білмей айтқаны мақұл емес. Бұрынғы айтқандарға ұқсамайды, Қозы қашып Баянның зарлағаны, Қозы үшін Баян қыздың жылағаны. Теріп айтып бірісін тастамайды, Неше күндей қайғырып зарлағаны. Қодарға түбі терең құдық қазып, Қодарды сол құдыққа тастағаны. Қанша жан Көкқиядан тасын тасып, Бәрінің сыпаттарын тасқа басып. Қанша жандар Баян үшін өлген жерін Екі ақын білмейді екен жақсы машық. Неше күн жазған болдық білген жерін, Нұрахмет шақырған соң шашып жарлық. Екі ақын айтқан шығар білгендерін, Дәндібай, әкем—Айтбай, Мұрын елмін, Қаракерей ішінде асқар белмін. Жасым келді бір қатар жетпіс үшке, Мазақ болып жастарға налып жүрмін. Жазған болдым білгенді құрап-сұрап, Қор болғанға қайғырып күнде жылап. Енді бізге Құдайым иман берсін, Мұнан басқа не керек бізге сұрақ.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ӨЛЕҢІ Сегіз-онға ерісті [менің жылым], Қолым тітіреп жазуға жоқ мәзәлім, Неше жаздым үміт етіп сауап [үшін], Оқығандар қылама деп дұғаларын. Дұғаңыздан фәрамуш етпеңіздер, Дұға қылмай, бекерге кетпеңіздер! Тамам.

Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды, Жарық қылып жаратты күн мен айды. Бұрынғы ноғай-қазақ заманынан, Сөйлейік Қарабай мен Сарыбайды. Жарасқан нар түйеге биік өркеш, Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш. Сәтті күні екеуін Құдай қосқан, Ғашық болды Баянға Қозы Көрпеш. Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен, Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен. Екеуінің дәулеті мол болған соң, Бір-бірінің қасына келмейді екен. Сөз қылдық Қарабай мен Сарыбайды, Екеуі көп ноғайды асырайды. Қолдарында сүйгендей баласы жоқ, Екі бай перзент үшін зар жылайды. Екі бай бейсенбі күн аңға шықты, Жұртына аттанды деп даңқы шықты. Туғалы бірін-бірі көрмеген бай, Жүргенде құлан аулап жолығыпты. Бірін-бірі ғақылмен болжасыпты, Жүргенде құлан аулап жолығысыпты. Сәлем беріп, көрісіп тұрған жерде, Алдынан буаз маралың шыға қашты. Қозы Көрпеш—Баян сұлу (Молла Рахым нұсқасы)

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Кекілін кер торы аттың сылатпан-ды, Маралды атып баласын жылатпан-ды. Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді, Сарыбай, сен атпасаң, мен атпанды. Сарыбай Қарабайға сөз айтқан-ды: —Марал атып баласын жылатпан-ды. Біздің де үй кісіміз күмәнді еді, Қарабай, сен атпасаң, мен атпан-ды. Қарабайдың жауабы: —Екеуміз жақсы жолдан адаспалық, Далада марал үшін дауласпалық. Сарыбай, сен ат сана, мылтығың бар, Бір мүшесін берсең де, таласпалық. Екі бай аңға шыққан мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен. Баба түкті шашты Әзиз марал екен, Сол жерде атқызбай-ақ, жөнеледі. Екі бай аңға шыққан мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен. Екеуі де қыз болса, а Қарабай, Қарқарасы бір болсын деген екен. Екі бай аңға шыққан мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен. Екі үйде жарлық пенен болса ұхл, Сарыбай, қалай болар деген екен. Сарыбай жақсы жауап берген екен, Екеуі де түнде бір түс көрген екен. «Екі үй де ұл болса, Құдай қосып, Құшақтасып дос болсын»,—деген екен. Екі бай аңға шыққан мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР «Біреуі ұл, біреуі қызды тапса, Құдай қосса, біз қостық»,—деген екен. Екі бай аңға шыққан мерген екен, Бір-бірінің тіліне көнген екен. «Екеуміз құда болсақ, қарғыбау»,—деп, Айбас құлды қарғыбауға сол жерде берген екен. Екі бай аңға шығып келген екен, Бір-бірінің тіліне көнген екен. «Екеуміз құда болсақ, қарғыбау»,—деп, Қырық қара нар, жүз жылқы берген екен. Жүргенде аңға шығып күн жауыпты, Сарыбай қалжың сөзбен жол тауыпты. Қарабайдың қатыны Мамабике Байы түзде жүргенде ұл тауыпты. Екі бай аңға шығып жүрген екен, «Сүйінші», деп бір адам келген екен. Қатыным ұл тапты деп қуаныш қылып, Жүз жылқы сүйіншіге берген екен. Аңға шығып жүргенде күн жауыпты, Сарыбай қалжың сөзбен жол тауыпты. Сарыбайдың қатыны Қаракөз де Байы түзде жүргенде қыз тауыпты. Екі байға бір адам келген екен, Далада естіп қуаныш қылған екен. «Қатыным ұл тапты», деп атқа шауып, Қарабай үйге жетпей өлген екен. Қолында бәйбішенің алтын жүзік, Жас бала жетім қалды күдер үзіп. Жалғызымның қуанышын көрейін деп, Жығылды жеткен жерде мойыны үзіліп.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Той қылып екі қатын көп мал сойды, Тойында жұрт жиылып етке тойды. Баба түкті шашты Әзиз ақтап келіп, Қозыке мен Баянның атын қойды. Екі бай бір маралды тосып кетті, Алдынан буаз марал шошып кетті. Ер Қозыке, құрсақта, Баян сұлу— Іште жатқан екеуін қосып кетті. Жауады оңды-терісті көп жауған қар, Сол күнде Сарыбайдың пейілі тар. Қарабаймен құда болған заманында, Бар екен еншілесі—құл Әлжаппар. Екі бай бір маралды тосып кетті, Баласын жатқан іште қосып кетті. «Жетім ұлға қызымды бермеймін», деп, Сарыбай қатынына «көшсін» депті. Сарыбай менсінбейді жетім ұлды, Азғырып кеудесіне шайтан толды. «Жетім ұлға қызымды бермеймін», деп, Сарыбай Аякөзге көшпек болды. Сол күні ай қараңғы, болды жауын, Құбыладан соғады қара дауыл. «Жетім ұлға қызымды бермеймін», деп, Аякөзге бөлінді тоғыз ауыл. Сарыбайдың көшпек болғанда қатыны Қаракөздің айт­ қаны: —Біледі Әліжаппар малдың жайын, Жалғызға душар қылған бір Құдайым. Жастай қалған баланы зар жылатып, Қайда көшіп барасың, қубас байым?!

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қатынына Сарыбайдың берген жауабы: —Қой қатын, олай десең көңілім қалар, Мұнда тұрсам, көңліме қайғы толар. Көп сөйлеме, Қаракөз, үйіңді жық, Алдыңда ноғайлардың көп жұрты бар. —Мұнда тұрсаң, әркімге табынарсың, Көшіп барсаң, бұл жерден жаңыларсың. Аякөзде ноғайдың көп жұрты бар, Қой, қатын, жетім ұлды нағыларсың. Сарыбайға Қаракөздің берген жауабы: —Көшкенмен мұндай жерге қонбассың-ай, Мұндағыдай қадірлі болмассың-ай. Жастай қалған баланы зар жылатып, Барсаң да һар? кезеңге оңбассың-ай. Қаракөз Сарыбайдан түңіледі, Қайғымен дәм татпай бүгіледі. —Қой қатын, көп сөйлеме, үйіңді жық,— Қасталып Қаракөзге жүгіреді. Сарыбай ақылы жоқ, жарымес-ті, Бұрын неге қыз беріп «Құдай» десті. «Жетім ұлға қызымды бермеймін», деп, Өлеңтінің аяғын өрлей көшті. Мамабике қайғымен зар жылайды, Құдасына көшпесін деп жалынады. Өлеңтінің бойынан көшкен күні Сарыбайдың сабасы жарылады. Сабасы Сарыбайдың қорлы болған, Арықтап қырық қара нар жолда қалған. Сарыбайдың сабасы жарылған жер, Ақкөл менен Жайылма сонан қалған.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баянның талдай бойы жылдам өсті, Қозыкеден айрылып күйге түсті. Құдай қосқан құдасын тастап кетіп, Сарыбайдай көрмессің жарыместі. Көшкеннен соң Әлжаппар қуанады, Сарыбай бір қолына ту алады. Айшылықты алты басқан қара бедеу, Әлжаппар құл мініп жер қарайды. Әлжаппар бедеуді ұстап мінді, Жылдық жерге бір күнде барып келді. Жылқыдағы Сарыбай сөз сөйлейді: «Бір қонғандай от-суың бар ма?»—дейді. —Сареке, сондай тобыр үйің бар-ды, Айдаған сан жетпеген қойың бар-ды. Мал қырып, жолда отырмай үйіңді жық, Алдыңда Аякөздің бойы бар-ды. —Мал салар жағасына көл бар ма екен, Ерге қоныс болғандай жер бар ма екен? Отын-суын көрдің бе Аякөздің, Бізге бас-көз болғандай ел бар ма екен? —Бірталай Аякөздің саласы бар, Ноғайдың тастан соққан қаласы бар. Бағатұғын малы жоқ ноғайлының, Толып жатқан бірталай даласы бар.

Бастайды Әлжаппар көрген жерге, Аякөздің арасы жылдық жерге. Жазы-қысы он екі ай жайлап, қыстап, Сарыбай көшіп келді Аякөзге. Сарыбай Аякөзге көшіп келді, Ноғайдың сиыр баққан құлы көрді. «Дәулеті бар бір шалқар көл бай келді», деп, Сұлтанғазы мырзаға хабар берді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ауыл қонып Қаракөз үйін тікті, Баян жас серілікпен жиды жүкті. Ноғайдың Сұлтанғазы бас мырзасы, Сарыбайды шақырды ерулікке. Ерулікке келсін деп кісі салды, Келген кісі Баянды көріп қалды. «Туған айдай балқыған қызы бар», деп, Жұртына ноғайдың айтып барды. Баянның сұлулығын ноғай білді, «Қызы келсе көреміз», деп қарап тұрды. «Тойға келсе Баянды көреміз», деп, Төрт жүз жігіт алдынан қоршап тұрды. Әлжаппар, Сарыбай атқа мінді, Айбас байғұс мал бағып үйде қалды. «Біз де барып ноғайды көреміз», деп, Қаракөз Баянменен бірге келді. Сарыбай жұртыменен тойға келді, Ноғайлар бәрекелді деп сыйлап тұрды. Сыйы екен ноғайлардың сонан қалған, Алдынан самаурынмен шай келтірді. Қаракөздің шайын көріп айтқан жауабы: —Ауылға ноғай келсе барушы едік, Қазина малға сатып алушы едік. Жапырақты шай қылып іше алмаймыз, Қантыңды көз ауруға салушы едік. Бәйбіше Аякөзді жерсінбейді, Молдығын Сарыбайдың кім сенбейді. Қырда жүріп үйренген ол Қаракөз Қант, шайды алдындағы менсінбейді. —Қой қатын, олай десең, көңілім қалар, Ноғайлар оны естісе, ашуланар.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қызымызды берелік осы елге, Ноғайдың толып жатқан мырзасы бар. Қаракөз бұл сөзді естіп талып түсті, Қайғымен наза болып күйіп-пісті. —Малы жоқ беретұғын ноғайлардың, Неге дәрі қыласың өңшең масты. Баян жас құйған шайды алып ішті, Қаракөз ұмытпайды өткен істі. Жалғызы Шақшақ байдың—Қодар мырза, Баянға төрде отырған көзі түсті. Төрде отырған Баянды Қодар білді, Шымылдықтан көре алмай күйіп пісті. Баянға жалғыз ауыз тілдескелі Қодар мырза, қайтқанда бірге жүрді. Баян көркі таудағы мұнар болды, Көруге Қодар мырза іңкәр болды. Баянға жалғыз ауыз тілдескелі, Қодар мырза, қайтқанда еріп жүрді. Қодар құл тыста отыр, Баян үйде, Оң жақта құрулы тұр алтын күйме. Үйден шығып күймеге қыз барғанда, Қодар қалмай соңынан бірге жүрді. Баянға Қодардың берген жауабы: —Ақ бөзін әулиенің кен алармын, Мырзасы ноғайлының мен болармын. Менсініп сөйлеспейсің, сұлу Баян, Әке-шешем берсем де, сені алармын. Баянның жауабы: —Қолымда жетелеген нарым барда, Ноғайларға тимеймін арым барда.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қодеке тынышымды алмай жайыңа жүр, Алтын айдар, шоқ белбеу жарым бар-ды. Қодардың айтқан жауабы: —Һәптиектің ішінде бар-ды «жұмды», Сені көріп, Баянжан, көңілім тынды. Менен артық жарыңның аты кім еді, Мен көрмеген бұл жерде кім бар еді. Баянның жауабы: —Сұрасаң, менің жарым—Қозы Көрпеш, Мен Сарыбайдың қызы едім Баян еркеш. Баба түкті Шашты Әзиз хабар берген, Мен жарымды тілеймін ертеңді-кеш. Баянның сұлулығын Қодар білді, Көрген соң аламын деп ғашық болды. Сұлулығын Баянның білгеннен соң, Тоқсан мырза жиылып кеңес қылды. Қодар мырза жұртына хабар берді, Тоқсан мырза бұл сөзді естіп тұрды. Малын бақсақ, қызын бізге береді деп, Тоқсан мырза жиылып жалға жүрді. Малын бақсақ, қызын бізге береді деп, Тоқсан мырза жиылып жалғыз жүрді. Тоқсан мырза қыз үшін жалғыз жүрді. Сарыбайға қыз үшін қызмет қылды, Сарыбайға жағымды боламыз деп, Қодар бастап тоқсан құл малға келді. Айбасың бір құдайға енді жақты, Қодар құл ала айғырды іздеп тапты. Сарыбайға жағымды боламыз деп, Тоқсан мырза жиылып жылқы бақты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айбас құл ерте тұрып бетін жуды, Қодар құл ала айғырмен жылқы қуды. Құданың құдіретімен буаз болып, Қанатты қара бедеуден құлын туды. Тоқсан құл бір Баянға таласады, Аламыз деп сыртынан жанасады. Құлынның Бақа айғыр деп атын қойды, Үш күннен соң биеден бойы асады. Айбастың Баянменен көңілі жуық, Жеріпті Сарыбайдан көңілі суып. «Құдай қосқан жарыма барамын»,—деп Бақа айғырдың жаратты тілін буып. Баян мен Қозыкемді Құдай қосты, Арада Айбаспенен жақындасты. «Құдай қосқан жарыңа барамын», деп Айбас келіп Баянмен ақылдасты. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Азыққа бір құнан қой сойып алды. «Құдай қосқан жарыңа барамын», деп, Баянның домбырасын қолына алды. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Баянмен ақылдасып жүрмек болды. «Құдай қосқан жарыңа барамын» деп, Баянның шаш моншағын қолына алды. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Баянмен ақылдасып көңілі толды. «Құдай қосқан жарыңа барамын», деп, Алтын сандық ақ қамшы қолына алды. Сәлемдеме бес бұйым жиып алды, Бұйымдарын бір жерге жиып салды? Жылқыдағы Бақа айғырды іздеп барып, Түніменен таба алмай әлек болды. Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүрді, Жылқы баққан тоқсан құл мұны көрді. 7-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР «Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүр», деп, Көрген құлдар Қодарға хабар берді. Қодекем сізден дұшпан асқалы жүр, Ізіңді қара дауыл басқалы жүр. Нағып шіреп жатырсың-ай, Қодекем, Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр! Қалаға бұл апарып сататұғын, Айбасым маған сырын айтатұғын. Таң атқанша күзетіп жүрген Айбас, Жылқының ортасында жататұғын. Құлдардын берген жауабы: —Қодеке, қыздан мейіз алмайсың ба, Ғашық болған Баянға бармайсың ба? Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр, Көріп келдім, тіліме нанбайсың ба?! Қодар қостан ақырып тұра келді, Қатты дауысы Айбасқа естіледі. Айбас құл жылқыдан қайтіп келіп, «Дауысың неге шықты Қодар?»—деді. Қодардың жауабы: —Айбас құл, қашпақ болсаң мен нетейін, Қамшыменен бір салып еңіретейін. Мені тастап тазшаға жүрмек болсаң, Амандасып қолымнан жөнелтейін. Айбастың жауабы: —Қолыңа өзім жазып хат берейін, Сізден басқа кісіні жат көрейін. Қодеке құлға сенбей жайыңа жат, Ертең сәске болғанда ат берейін.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қодар бұл сөзге сеніп жатып қалды, Айбас қайтып жылқыға жаяу барды. Қызыл іңір болғаннан жылқы аралап, Таң атқанда айғырды тауып алды. Айбас құл Бақа айғырға мініп алды, Бес бұйымды қолына жиып алды. Аякөздің бойынан шыққан күні, Итішпестің бойында демін алды. Ертең сәске болғанда жылқы келді, Жылқы баққан тоқсан құл бірге келді. «Түндегі мал күзеткен Айбасың жоқ, Енді қайдан табамыз Қодар?»—деді. Қодардың берген жауабы: —Сендерге Айбас сырын айтқан шығар, Таң атқан соң ауылға қайтқан шығар. Түніменен күзетте жүрген Айбас Бір шұңқырды қорғалап жатқан шығар. Қодарға құлдардың айтқан жауабы: —Тоқсан кісі жер жүзін іздеп жүрдік, Тобылғылы шұбардың ізін көрдік. Өзен, су, томар, көлден түк қоймадық, Таппай келіп өзіңе хабар бердік. Қодар бұл сөзді естіп тұра келді, Ала айғырын жылқыдан ұстап мінді. Не де болса тілдесіп қалайын деп, Сегіз құл он алты атпен қуып кетті. Қодар мен Әлжаппар төрт ат алды, Алты құл он алты атпен қуып кетті. Итішпестің бойында жатқан жерде Сегіз құл он алты атпен қуып жетті.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Айбасты көріп Қодардың айтқаны: —Айбас құл, көрмек болып көрдің бе түс, Алғыс алдың, көрерсің көп теперіш. Күймеде Баян сұлу жылап жатыр, Қайда қашып барасың, Айбас байғұс. Айбастың жауабы: —Қодеке, шын тіліңе-ай, нанамын, Мейіз берсең, аузыма көп саламын. Маған неге жыласын сұлу Баян, Құдай қосқан жарына барамын мен. Қодардың жауабы: —Айбас құл, жылдам үйге қайтшы,—деймін. Сөзіңді майда қылып айтшы,—деймін. Айбастың айтқан сөзін есіттің бе, Әлжаппар садақпенен тартшы,—деймін. Айбас құл Бақайғырмен тілдес болды, Құдай сақтап екеуі үндес болды. Әлжаппар атқан оғы көкке шықты, Қодардың атқан оғы жерге кірді. —Айбас құл аттың басын тартшы дейді, «Бұрынғы қашпақ, қумақ санат»,—дейді. Баянға тілдес болып көңілі өскен, Айбас құл, оғын болса, сен ат,—дейді. Айбас құл оқ атуға ыңғайланды, Қырық кез оқтың біреуін суырып алды. Сегіз құлын он алты атын атып, Итішпестің бойында жаяу қалды. Айдалада сегіз құл жаяу қалды, Айбас байғұс құтылып демін алды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Далада сегіз құлдың алтауы өліп, Қодар мен Әлжаппар үйге барды. Айбасқа мықтылық жарасыпты, Тоқсан құл бір Баянға таласыпты. Туғалы жер көрмеген Айбас байғұс, Жүретұғын жерінен адасыпты. Айбас байғұс адасқанын білмей қалды, Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. Итішпестің бойынан шыққан күні Екі қалың ағашқа душар болды. Айбас құл сол жерде жатып қалды, Бақа айғырды суытып, демін алды. Домбырасы, моншағы түсіп қалып, Домбыралы-Моншақты содан қалды. Айбас байғұс адасқанын білмей қалды, Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. Тақыраулы Бақа айғыр тоқтаған жер Жамшида ақ қамшысы түсіп қалды. Айбас құл адасқанын білмей қалды, Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. Баян туған жерінде демін алып, Баянауыл деген тау содан қалды. Айбас құл адасқанын білмей қалды, Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. Есіл, Нұра бойында жеткен жерде Бақа айғырдың белі ісіп жауыр болды. Үш күн жатып айғырын жазып алды, Жауырбұғы деген тау содан қалды. Айбас құл онан шығып төмен барды, Ер Қозыкем бірталай өлең болды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Шу, Таластың бойына жеткен жерде Көп қой жайған қойшыға жетіп келді. Айбас байғұс қойшыға жетіп келді, Қай ауылдың қойы деп сұрап білді. —«Шын танымай тұрмысың, Айбасекем, Баққаным Қарабайдың қойы»,—дейді. Екеуі ата-тегін теріседі, Торсықтағы малтаны бөліседі. Қойды баққан Қондыбай кенже інісі, Танысып зар жыласып, көріседі. Айбас құл Бақа айғырмен желіп келді, Үйге таман аяңдап жүріп келді. Бақа айғырды белдеуге байлап тастап, Қарабайдың үйіне кіріп келді. Мамабике қайғымен тарылады, Айбас құл төрдегі асқа жарымайды. Қайғымен қартайған Мамабикем Өзі берген Айбасты танымады. Мамабикенің Айбастан «кімсің?» деп сұрағаны: —Бір жерден отыра алман тұрсам,—дейді, Орнымнан жаман болар тұрсам,—дейді. Атың жарау, жүдеген жас баласың Ел—жөніңді айта көр, кімсің?—дейді. Мамабикеге Айбастың берген жауабы: —Үйіңе бұдан бұрын келіп пе едім, Жас күнімде жүзімді көріп пе едің. Екі бай аңға шығып, құда болған, Айбасты қарғыбауға бермеп пе едің? Мамабикенің айтқан жауабы: —Үйіме Айбас келді ғой күліп-ойнап, Жылқыда шырағым жүр бие байлап.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жолаушы болып бармасаң, танып қояр, Тазшаменен жүр еді асық ойнап. Айбас құл Бақа айғырға мініп алды, Ойнап жүрген баланы келіп көрді. Тазшаменен жүр екен асық ойнап, Айбас байғұс көргелі келді,—дейді. Қозыкем асық ойнар алтынды сақа салып, Тазшаның бар асығын ұтып алып. Ер Қозыкем таниды Айбас құлды, Асық ойнап жүргенде қарай салып. Ойнап жүрген тазшамен көріседі, Ұтып алып асығын бөліседі. Ойнап жүрген асығын жерге тастап, Тұра келіп Айбасқа көріседі. Қозыкеңнің Айбасқа айтқаны: Жақсының жүрген жері той-мереке, Бұл елге қашан келдің өзің жеке. Құдай қосқан жарымнан хабар бар ма, Қайдан жүрсің, жол болсын, Айбасеке? Айбас байғұс келгенін білдірмейді, Сәлем беріп, көрісіп, үндемейді. «Білдірсем, жұртқа өсекті болармын», деп Үндемей атқа мініп жөнеледі. Қозыкем айтпаған соң ашуланды, Үш түйе сексеуілді жиып алды. Бәрін жиып бір жерге көмір жағып, Ұсталарды жидырып алып келді. Ұсташылар көмірге садақ қылды, Қозыкем садақ атып талап қылды. Өрмек тоқып отырған бір кемпірдің Оюын атып, көшіріп мазақ қылды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Өрмек тоқып отырған кемпірдің Қозыкеге айтқаны: —Ақ жүзін әулиенің кен айтады, Ақылы жоқ жас бала нені айтады. Ант ұрған оюымды көшіргенше, Жарыңды іздеп алсайшы,—деп айтады. Қозыкемнің қайтадан сұрағаны: —Ақылы жоқ бұл кемпір нені айтады, Бар сөзін өзі білмей кем айтады. Оюыңды қайтіп орнына көшірейін, Айтқаның не, шешеке—деп айтады. Кемпірдің берген жауабы: Бір тудың Қарабай мен Сарыбайдан, Сіздерді сұрап қосты бір Құдайдан. Оған неге бармайсың, Ер Козыке, Құдай қосқан жарың бар сұлу Баян. Қозыке бұл сөзді естіп түңіледі, Қайғымен дәм татпай бүгіледі. Ойнап жүрген асығын жерге тастап, Садағымен үйіне жүгіреді. Қозыке жылап үйіне қайтты дейді, Жарының дерті жанына батты дейді. «Қарным ашып барады жан шешеке, Қазаныңды аса көр депті», дейді. Арада үш күн, үш түн өтті дейді, Шешесіне бір қайғы бітті дейді. «Қазанымды асайын шырағым-ай, Жантақ теріп келе ғой депті», дейді. Ер Қозыке жантаққа кетті дейді, Жантақ алып үйіне жетті дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жантақ алып келеді жалғыз бала, Шешесіне бидай қуыр депті, дейді. Шешесі жалғызының тілін алды, Қазанға бір аяқтай бидай салды. Жалғыз ұлы қасында қарап отыр, Қазандағы бидай пісіп қалды. Бидай пісер мезгіл жеткенде, «Аяқ ұста салайын», депті дейді. Қозыкеңнің шешесіне айтқан жауабы: —Сізден басқа кісіні танымаймын, Өзімде бар ешкімге жалынбаймын. Шешеке, маған берсең табаққа сал, Аяқтағы бидайға жарымаймын. Шешесі жалғызының тілін алды, Ыстық бидай қолына тұтты дейді. Шешесінің қолына басып алып, «Шешеке, тура сөйле»,—депті дейді. Ыстық бидай қолына өтті дейді, Түбіне шешесінің жетті дейді. Атаңның атастырған дәнеме жоқ, «Антұрған кім айтады?» депті дейді. Көзыкеңнің шешесіне айтқаны: —Өрмек құрған бір кемпір айтады, Түйе баққан бір тазша және айтады. Асығын ойнап, ойнап ұтып алсам, Ыза болып тазша құл және айтады. Шешесінің жауабы: —Ыстық бидай қолыма өтті дейді, Жүрегіме бір қайғы бітті дейді. Қолым күйіп барады, шырағым-ай, Қалыңдығың бар еді, депті дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Өкініп ойламайды өткен істі, Жалғызынан айрылған қайғы күшті. Бұл бидайды табақ ішіне салған екен, Алақан терісі бірге түсті. Аларсың нұрдың қызын барсаң, балам, Ұйқтасам, түсімде жоқ мұндай заман. Көз алдымда сен мені тастап кетсең, Айрылдым жалғызымнан не дүр шарам. Қозыкеңнің жауабы: —Есен болсам келемін, айдай анам, Алдыңа қойып кетсем малыңды, ана. Атам қосқан Баянға барамын деп, Мен ортаға саламын жанымды, ана. Шешесінің жауабы: —Сұм шешең сен кеткен соң не болады, Жалғызынан айрылған қор болады. Шешеңді зар жылатып тастап кетсең, Сұмырай шешең біреуге күң болады. Қозыкеңнің жауабы: —Шешеке, мен тіріде болмассың күң, Жалғыз балаң бар еді қайнында жүр. Барған кісі қайнынан келмей ме екен, Жалғызың бір күн келер ойнап-күліп. Шешесінің жауабы: —Жалғызым мен білмеймін келеріңді, Ойлаймын барған соң өлеріңді. Тәңірден тілеп алған жалғызым-ай, Араздасып үзейін күдерімді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Ұша алмас балапан құс бөрі алдында, Жүзің ыстық көрінсін көп алдында. Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады, Қор қылмастан көміп кет көз алдыңда. Қозыкеңнің жауабы: —Ақсақалдар бата оқыр туған айға, Иманды құл кіреді кең сарайға. Мен түгіл, әкем өліп өлгенің жоқ, Жыларсың өзің үшін бір Құдайға. Қозыкеңнің атына барғаны: Қыстауы шат қарайды Қозыкеңнің, Сан жетпеген жылқыдан ат қарады. Жүгенін сылдырлатып тұрғанында, Алдынан ардакүрең жалт қарады. Ай қараңғы күн бұлт тұман болды, Қозыке Баян жасқа құмар болды. Ардакүрең тай екен жалт қараған, Қозыке жүген салғанша құнан болды. Баян сұлу, Қозыке өлең болды, Құдай берген жақсыға өнер болды. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды, Ертоқымын салған соң, дөнен болды. Көңілі Қозыкеңнің бітті дейді, Қозыке үйіне қайтіп кетті дейді. Үстіне күрең бесті мініп алып, Қозыке үйіне қайтып кетті дейді. Қозыкенің жүретінін біліп шешесінің жауабы: Шешесіне бір қайғы бітті дейді, Қайғыменен ғұмырым өтті дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Сан жетпеген жылқың бар, шырағым-ай, Оны кімге тапсырдың, депті дейді. —Парақор жұрт білмеген тұра берер, Елді бұзған жаманды құдай көрер. Мен кеткен соң бір құдай сақтамай ма, Жылқы баққан Жидебай бағып тұрар. Көңілі Қозыкеңнің бітті дейді, Түбіне шешесінің жетті дейді. «Қора толған қойың бар, шырағым-ай, Оны кімге тапсырдың», депті дейді. Шешесіне көп қайғы бітті депті, Біткен дәулет түбіне жетті депті. «Қора толған қойың бар шырағым-ай, Аш бөріге жолықсын», депті дейді. Шешесінің түбіне жетті дейді, Өзіне үлкен дәулет бітті дейді. «Желі толған түйең бар, шырағым-ай, Оны кімге тапсырдың», депті дейді. Малға айналып көңілім бітті дейді. Жүрмек болып сыртына жетті дейді, «Жасыңнан ақ сүт берген жан шешеңді, Мұны кімге тапсырдың», депті дейді. —Азғана ел қысым көрсе ұлық жақтар, Байы өлсе, қара салып қатыны жоқтар. Мен түгіл, әкем өліп өлгенің жоқ, Қайғырма менің үшін, Құдай сақтар. Шешесі кетпесін деп құдайға жад айтады, Хат білмеген көңілге жат айтады. Жалғызының кетерін білгеннен соң, Белін бекем буынып қатайтады.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Ауылын Сарыбайдың көргенім жоқ, Жалғызым, кетеріңді білгенім жоқ. Сен кеткен соң жалғызым өлер болдым, Сен түгілі, әкең де өліп, өлгенім жоқ. Қозыкеңнің жауабы: —Атекем анаң тілін алма деген, Садағыңды беліңнен салма деген. Сәрсенбі күні жұмысыңды бітір дағы, Бейсенбі күні жолыңнан қалма деген. —Жастай кеткен Баянның елі қашық, Жалғызым мініп кетсін атын сайлап. Барма десем болмадың, жалғызым-ай, Қодар атты құлынан жерсің таяқ. —Қодар деген немене құл ма, сірә, Жатқанымнан тұрмайын өлсем сонда. Сөз сұрасам, өлесің дей бересің, Қалай жора тілейсің, шешем-ау, сен. Шешесінің жауабы: —Тәңірден тілеп алған екен балам, Жастан маған көп қылды Құдай тағалам. Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады, Араздасып қалайын біржолата. Қозыкеңнің жауабы: —Құдай қосқан күрең ат жолдасым-ды, Баянға құрбан қылдым бұл басымды. Жан барында іздеймін жақсыларды, Өлгеннен соң білемін тұрмасымды. Шешеке, мен еркек пе, ұрғашы ма, Мен Баяннан басқаны аламын ба?

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Атаң қосқан Баянға барасың деп, Сөйлеп сөзім айтпайды құрдасым да. Шешесінің жауабы: —Қыстауы Қозыкеңнің тауда дейді, Қалыңнан ат жүре алмас қауда дейді. «Жалғызымнан айрылып қаламын»,—деп, Анасы көкке емшегін сауды дейді. Шешесі үйде отырып күйді дейді, Қозыке кітап оқып тұрды дейді. «Сен кеткен соң мұны кімге беремін», деп, Мүкәмалын далаға шашты дейді. Қозыке атқа мініп жүрмек болды, Шешесі жүрмесін деп жылап тұрды. «Сен кеткен соң мұны кімге беремін», деп, Шашыпты дүниелігін өртегелі. Аттан дағы жүре бер көрінбей-ақ, Ашуымды келтірме жерсің таяқ. Қозыкеңнің жауабы: —Қарғыс емес, алғыс та қарғағаның, Қорыққаным ба, Қодардан бармағаным. Шешеке, бүгін жаман түс көріп пе едің, Көзімше жора қалып, қарғағаның. Шешесінің жауабы: —Баянға сен барасың намыс қылып, Не жақсылық көресің онда жүріп? Ал жат ақ сүт берген ерсің, балам, Әл-ауқатым кім білер маған келіп. Алдыңда жылап отыр тапқан анаң, Менен жақсы болды ма кеткен Баян?

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Киім болса, кие кет үйден, балам, Сен кеткен соң күң болар ғаріп анаң. Қозыкеңнің атқа мініп кеткені Қозыкем амандасып атқа мінді, Шешесі жылап үйде жалғыз қалды. Ақ сүт берген анасын зар жылатып, Қозыке Баянды іздеп жүре берді. Қозыке Баянды іздеп кетті дейді, Шешесіне бір қайғы бітті дейді. Ауылдан алты қонып шыққаннан соң, Айбас байғұс артынан жетті дейді. Құдай берді ақынға тіл мен жақты, Айбас байғұс артынан жеткен жерде, Тапсырды Баян жазған сәлем хатты. Қозыке шаш ал десе, бас алады, Хатын көрген соң көзіне жас алады. Қозыке сәлем хатты оқып білді, Көңіліне қапаланып сақтап жүрді. Сәлем хаттың жазуын көргеннен соң, Пірнемнен көзіне жас алады. Қозыкеге дұғай сәлем жазған екен, Жазыпты дұшпан болған тоқсан құлды. Шырағым осы халімді көрсін депті, Айбастан анық хабар білсін дейді. Әкем мені Қодарға бергелі жүр, Тірі болса, кешікпей келсін дейді. Қозыке сәлем хатты қолына алды, Қамзолының қалтасына алып салды. Сәлем хаттың жазуын көргеннен соң, Айбасты Құдай десіп іні қылды. Сарыбайдың ауылын іздеп жүрді, Астында күрең Бақа айғыр мінген аты, Аякөздің бойына жетіп келді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тыңдасаң, Қозыкеден сөз келеді, Жақсы менен күштіні көз көреді. Аякөздің бойына жеткен күні, Көп қой жайған тазшаға кез келеді. Екі жігіт қойшыға жетіп келді, «Қай ауылдың қойы», деп сұрап білді. «Сен кеткелі бір қатар заман болды, Қай жерден келіп жүрсің Айбас», деді. Тазшаның жауабы: —Баянның бұзылмайды ойы дейді, Талшыбықтай бұралған бойы дейді. Шын танымай тұрмысың, қашқан Айбас, Баққаным Сарыбайдың қойы дейді. Айбас пен Қозыке амал қылды, Күн жайлатып тазшаны адастырды. Баян жас осы жерге келе ме деп, Жердің жүзін жайлатып боран қылды. Тазша адасып далада өліп қалды, Жердің жүзі көрінбей боран болды. Күннің боран болғанын көріп келіп, Сарыбай Баян жасқа хабар берді. Баян жас бал қаймақты ішті дейді, Сөз айтамын құлағыңа салшы дейді. «Мынау күн сондай қатты боран болды, Шырағым, қой алдынан баршы», дейді. Баянның атасына берген жауабы: —Атаеке, сіз биік тау, біз бір шынар, Көруге Қозыкені болдым іңкәр. Атаеке, өзіңмен бір жүрмесем, Ноғайдың боз баласы мазақ қылар.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баян жас қойға таман қадам басты, Қойды көріп көзінен төкті жасты. Баян қойға жеткенде күн ашылып, Әкесімен бірігіп қой айдасты. Жұрт білмеген Сарыбайдың малы көп-ті, Баян сұлу Қозыкеге іңкәр бопты. Баян сұлу қой айдап жүргенінде, Алдынан душар бопты қоңыр тоқты. Тоқтының Баянға айтқан жауабы: —Апеке, не бересің енді—дейді, Күрең атты жездемді көрдім—дейді. Айбасекем Бақа айғырмен қасында жүр, Сүйінші бер, жездекем келді,—дейді. Сұлу қыз текеметке түр салады, Көңіліне Баян сенбей кіре алмады. «Ойбай, күйген жанымды күйдірме», деп, Құйрығына қамшымен бір салады. Қыздың соққан қамшысы өтіп кетті, Қой құйрығы шыримас боп бөлінді. Тоқты жатқан жерінен тұра алмайды, Баянға сөйлесе алмай наза болды. «Жазықсыз мені неге соқтың, Баян, Ақша бетің тілінсін», деп-ақ салды. Тіліне қоңыр тоқты Баян нанды, Желкесінен бір тал жүнді жұлып алды. «Шырағымнан бір хабар білдің бе?», деп, Арқасынан қамшымен сипай салды. Сарыбай қозы менен қойға келді, Баян сұлу бір жерде жалғыз қалды. Сарыбай қой қайтарып кеткенінде, Қозыке тазша болып қызға барды. 8-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қозыке тазша болып қызбен өлең айтқаны: —Баян жас, бал қаймаққа жаримысың, Жарың мендей болса, танимысың? Атаңның атастырған жары кім-ді, Баян сұлу, қарашы, танимысың? Баянның жауабы: —Сұрасаң менің жарым—Қозы Көрпеш, Мен—Сарыбай қызы едім Баян еркеш. Келер атты күн бар ма, ойбай Құдай, Мен жарымды тілеймін ертеңді-кеш! Қозыкеңнің жауабы: —Қойыңа мұнан бұрын келіп пе едің, Жарыңды мұнан бұрын көріп пе едің? Жарыңның қандай жерде белгісі бар, Бесікке бөлегенде көріп пе едің? Баянның жауабы: —Сағындым Құдай қосқан алған жарды, Әкемнің жаста айырған бейілі тар-ды. Баба түкті Шашты Әзиз хабар берген, Алтын айдар астында меңі бар-ды. Қозыке өзін Баянға білдіргені: —Жеткізді тілеуіне Құдіретім, Қозыке Баян жастың көрді бетін. Баянға күйеулігін білдіргелі, Көрсетті сонда тұрып айдар шетін. Баян жас күйеулігін білді дейді, Сол жерде шат-құрам болып қалды. Алтын айдар белгісін көрсеткен соң, Баянның оң бетінен сүйіп алды. Ағарып қара жерге қақ тұрады,

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Сүйген құлға дәулет бітіп, бақ тұрады. Сағынып сүйгеннен соң Баян жасты, Бетіне Баян жастың дақ тұрыпты. Баян жас күйеулігін білгеннен соң, Алтын табақ мейіз салып қойдырыпты. Баян жас опа жақпас ақ бетіне, Қозыке тазша болды қой шетінде. «Үйге кірсем болармын», деп ұятты, Алтын күйме құйдырды қой шетіне. Қозыке қойды бағып үш жыл жүрді, Білдірмей Баянменен ойнап-күлді. Үш жылдан соң күймеде жатқан жерде Сарыбайдың тезек терген күңі көрді. Қара күңнің білгенін Баян білді, Ұйқылы-ояу сескеніп тұра келді. Барып әке-шешеме айтады деп, Сезіктеніп Баян жас күңді өлтірді. Бір күні келіп Баян жас тұршы деді, Үйге таман, шырағым, жүрші дейді. Әке-шешем қуансын күйеуім деп, Ал шымылдық кәдесін қылшы дейді. Қозыке Баянменен бірге келді, Екеуі қуаныш қылып бірге отырды. Алтын айдар белгісін ашып еді, Қараңғы үй шам жаққандай жарық болды. Ақ жүзі әулиенің бірдей болды, Шымылдықтың ішінде ойнап-күлді. Бетіне жарық сәуле түскен екен, Ұйықтап жатқан шешесі мұны көрді. Қаракөздің қуаныш көріп айтқаны: —Шырағым, қашан келдің шыныңды айтшы, Кешіктірмей ұзатып алып қайтшы.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қойды бағып қор болып жүргеніңше, Көңілің жақсы жүргендей жылқы бақшы. Қозыке ертең атқа мінді дейді, Айбас құл тазша болып ерді дейді. Ол жақтан екеуі келе жатса, Жылқыдағы Қодар құл көрді дейді. —Алты құлаш ала айғыр мінген атым, Естіп іңкәр болдым қыздың атын. Ол жақтан келіпсің екі тазша, Қандай сәлемдеме жіберді біздің қатын. Қозыкеңнің жауабы: —Баяндар Қодеке десіп отыр, Талдай бойы Қодеке өсіп отыр. Қодар деген сен болсаң, сәлем дейді, Тірі болса, тез келсін десіп отыр. Баянжан Қодеке десіп отыр, Баян шашын тарқатып есіп отыр. Өзімнің Құдай қосқан жарым келді, Шұнақ құл аулақ жүрсін десіп отыр. Қодар құл ашуланып тұра келді, Жылқыдан ала айғырды ұстап мінді. Баяннан өзім анық білейін деп, Жылқыдан сегіз кісі елге келді. Қозыке мен Баянды Құдай қосты, Ғашық болды Қодар құл іші күйіп. Сегіз кісі жылқыдан келе жатса, Сарыбай алдында жүр түйе жайып. Қодардың Сарыбайға айтқаны: —Сарыбай, бейілің жаман болдың сараң, Көп жылқыңды бақсам да күнім қараң.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Тазшамен амал тапты күймесінде, Күймеде Баян деген бақты қараң. Сарыбайдың жауабы: —Алтын күйме ішінде Баян жаным, Шаш бауы шашағының қырық бір талым. Сен тұрғанда еш күймеге бара қалман, Үндемей жылқыңды бақ, Қодар залым. Қодар түзден қуанып қайтып кетті, Қозыке елге келіп ойнап-күлді. Қыстай жүріп Қодармен жылқы бағып, Жазғытұры жылқымен бірге келді. Ауылға бие байлар Қодар мырза, Шақырды Қозыкені желі қақ деп. «Мойнына Кербурылдың тұмар тақ» деп Шақырды Айбас құлды .............. жақтап2. Қодарға мықтылығын білгізеді, Айбасты ақылменен жүргізеді. Қодардың қол ағашын лақтырып, Қозыке қолыменен кіргізеді. Қодардың жауабы:

Ақ жүзін Әулиенің кен айтады, Ақылы жоқ тазша құл нені айтады. Мынау тазша күшті екен Әлжаппар, Аударыспақ ойналық деп айтады. Қозыке бұл сөзін естіп тұра келді, Қысыр емген тел торы тайға мінді. Торы тайға Қозыке мініп алып, «Келсең кел алысайық», деп айтады. 2 Қолжазбада өшіп қалған сөз

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Өктем, өктем сөйлейді малды кісі, Балуанға тұрысады әлді кісі. Баян сұлу тоқсан құлға көз салмайды, Қозыкеден басқаны ойға алмайды. Ала атымен Қодар құл тартып еді, Қозыке тай үстінде қозғалмайды. Қозыке бір Құдайға сенеді, Тоқсан құл тамашаға жиылады. Қодар құлды ала аттан тартып еді, Қозыке оң қолымен салмақтайды. Қозыке сенің күшің қайда жүр деп, Баладай алақандап бармақтайды. —Антұрған мынау тазша түпке жетті, Мені аударып алған соң көңілі бітті. Кісі өңгеріп ойнаған ойының құрсын, Қу тазша айызың қанып ішім өтті! Саудаға Қызылжардай қала бар ма, Сөзінде Қозыкеңнің шала бар ма. Қодар құлды ала айғырға қайтып салды, Сол жерде тышып қойса шара бар ма? Баян алтын күймеде отыр еді, Терезеден ойынды көзі көрді. Шырағым менің мұндай болыпты деп, Баян жас жағасын ұстап қуаныш қылды. Көп жылқы түзде жүрер бетіменен, Жүріпті бір Қозыке көркіменен. Қодардың жүрегіне тигеннен соң, Қашып жүрді жылқының шетіменен. Сарыбай жұртынан асқан салтанаты, Қозыке Баянменен ойнап жатты. Орманбет би ноғайдың бір топ елі, Жиын бар деп сол елге сауын айтты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баянмен Қозыкені Құдай қосты, Екеуі тар күймеде араласты. —Жұртыңның барған асына барайын,—деп, Қозыке Баянменен ақылдасты. Баянның Қозыкеге берген жауабы:

—Шырағым сен жылқыдан қалма деймін, Садағыңды беліңнен алма деймін. Асқа тойған тоқсан құл мазақ қылар, Жұрттан жалғыз жиынға барма деймін. Қозыке Баян жастың тілін алды, Сан жетпеген жылқыда жалғыз қалды. Баян үйде болғанда, Қозыкең жылқыда жүр, Өзге жаннан түк қалмай асқа барды. Не болар жұртсыз менің көрген күнім, Сарғайды көңіл ашар қызыл тілім. Жылқыда Баянменен тілдес екен, Қызыл бие баласы торы құлын. Қақ басқа құрықпенен құлынды ұрды, Емізбей енесіне түңілдірді. Қозыке жылқы ішінде күн жайлатып, Шыңғыртып ноқтаменен буындырды. Баян да дауысын естіп, есік ашты, Құлынды көріп жылқыға қадам басты. Жылқыға жеткен жерде күн ашылып, Алтын айдар Қозыке құшақтасты. Екеуі құшақтасып бірге келді, Күймеге ойнап-күліп бірге кірді. Құшақтасып күймеге келген жерде Ауылдан екі қатын көріп қалды. Екеуі төрт күн, төрт түн ойнап-күлді. Бір күн озып жылқыға Қодар келді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Кешегі жылқы баққан тазшаға деп, Тамақ үшін әкелдім өкпе, дейді. Қодар жиылып күймеге күліп келді, Баянды тимейсің деп жек көреді. Кешегі жылқы баққан тазшаға деп, Тамақ үшін әкелдім өкпе дейді. Жылқыда Айбас байғұс жалғыз жүрді, Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды. Елден таппай күймеге келген жерде, Екі қатын көрдік деп хабар берді. Қодар құл тазшаны іздеп ел қыдырды, Елден таппай күймеге қайтып келді. Терезеден көре салып бұл екеуін, Тазша нағып жатыр деп зар еңірейді. Қодар жылап күймені үш айланды, Кіруге Қозыкеден бата алмайды. Бақты қара тазшамен бір жатыр деп, Қодар жылап Сарыбайға жетіп барады. Қодардың жауабы: —Сарыбай бейілің жаман кәпір,—дейді, Күймеде қызың болды қатын,—дейді. Нағып шыдап келесің, әй, Сарыбай, Бақты қара тазшамен жатыр!—дейді. Сарыбайдың жауабы: —Тілің жалған айтасың ере қалман, Мезгілсіз алдауыңа көне қалман. Жылқы бағып жүре бер, Қодар балам, Сен тұрғанда ешкімге бере қалман.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қаракөздің Сарыбайға Қозыкені білдіргені: —Сарыбай, білемісің тоқсан құлды, Бәрі келіп қыз үшін жалға жүрді. Құлға тартып сөйлеме бұрынғыдай, Құдай қосқан Қозыке жалғыз ұлды. Далаға мерген кісі мылтық атсын, Қалаға бұлды кісі бұлын сатсын. Мал бермеген Қодарды не қыласың, Құдай қосқан Қозыке жатса жатсын. Сарыбай бұл сөзді естіп ашуланды, Қодармен екеуі үйге барды. Сарыбай мен Қодар құл ақылдасып, Өлтіргелі көп ноғай жиып алды. Қаракөз Сарыбайдан сөз сұрайды, Қылған ісін жек көріп отырады. Жалғыз Қаракөздің әлі кімге келсін, Естіп, іші күйіп ол тұрады. Қаракөз жан-жағына қарап алды, Қызы үшін іші күйіп отырады. Таман ноғай жиылып ақылдасып, Алтын күйме жан-жағын қамап алды. Қодардың қылғаны бүкті дейді, Күймені ноғай қамап алды дейді. Баян сұлу тар күймеде қысылған соң, Күрең аттың бір тал жүнін тұтатады. Айбас байғұс жылқыны бағып жүрді, Көңілі Сарыбайға жағып жүрді. Бақа айғыр мен күрең ат бір тұрады екен, Айбас құл оны көріп жылап тұрды. Айбас қайғыланды түсі қашып, Тұр екен Бақа айғырмен амандасып.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қозыкеге бір қысым болыпты деп, Айбас қалды жылқыда зар жыласып. Күрең ат көп жылқыдан бұрын келді, Қозыкеңнің қысылғанын біліп келді. «Айналайын, шырағым, жау бар ма!?»—деп, Алтын күймені талқандап кіріп келді. Қамап тұрған көп ноғай бата алмайды, Тал түсте атқа мініп жиылып кетті. Қозыкеден хабар алғалы Баян торғайын жібергені: Баян жас терезеден күңіренеді, Қодардың қылған ісін мін қылады. «Шырағымнан бір хабар алып кел»,—деп, Асыранды торғайын жібереді. Бозторғай Қозыкеге жетіп барды, Хабар алып, сөйлесіп қайтып ұшты. Елге жетіп келгенде боз торғайды, Қырық бір қарға қуалап ортаға алды. Жақсының жүрген жері күнде сауық, Қайырсыз бай қалады жерді қауып. Мақпал тонын Баянның ұрлап киіп, Жеңгесі отыр екен сиыр сауып. Қырық бір қарға қуалап ортаға алды, Қанатымен жеткені аулайды. Баянның мақпал тонын бүркенген соң, Мынау әпкем екен деп қорғалайды. Жеңгесі сиыр сауды қастық қылып, Баянның мақпал тонын ұрлап алды. Баянның мақпал тоны бүркенулі, Білдірмей (жеңіменен) ұстап алды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Торғай келмеген соң жеңгесінен сұрағаны: Торғай келер мезгілін Баян білді, Кешігіп келмеген соң қайғы қылды: —Торғайымнан бір хабар білдің бе?—деп, Баян жас жеңгесінен сұрай келді. Жүгіріп шықсам боз үйден көйлегім кір, Алтын айдар шекемде сегіз тал өр. Жеңеше қолыңдағы торғайым бер, Өлгенше алғаныңмен екеуің жүр. Жеңгесінің жауабы: —Тілейсің торғайыңды берер біліп, Қашайын деп жүрмісің көзің күліп. Ардақтаған бикешім қашып кетсең, Сыртыңнан жүргізе ме қазақ күліп! Баянның жауабы: —Біздерге күлсе күлсін күлген адам, Біздерге неге күлсін білген адам. Бір құрбыға боз бала үйленіпті, Жүйрік аттай зымырап өткен заман. Жеңгесінің жауабы: —Тілейсің торғайыңды бермен, бикеш, Екі ортасы шөл дейді адам жүрмес. Қашып жүре бер сана күйеуіңмен, Күйеуің жатқан жерін адам білмес. Баянның жауабы: —3 Жұрт .... таппай мекен жатқан жерін, Торғайымды бермесең, қалар көңілім. 3 Қолжазба өшіп қалған сөз

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Торғайымды бермейсің өкпелетіп, Не көңіліңді қалдырдым, жеңге, сенің. Жеңгесінің жауабы: —Торғайыңды тілерсің берер біліп, Айрылдың Қозыкеден нағып жүріп. Шіркінді ұрғаным жоқ, соққаным жоқ, Алып ем төбесінің жүнін жұлып. Баянның жауабы: —Торғайымды бермесең, кінә қылдың, Біле тұра кінәні неге қылдың. Торғайымды бермесең өкпеледім, Айналайын, жеңеше, мен не қылдым?! Жеңгесінің жауабы: —Жарықтығым, еш нәрсе қылғаным жоқ, Жүнін жұлдым, торғайыңды ұрғаным жоқ. Кінәсін менен көрсең торғайыңның, Өліп қалды Алладан ажал келіп. Баянның жауабы: —Тілеймін торғайымды берер біліп, Жеңешемнің отырған көзі күліп. Жеңешем торғайымды берер біліп, Үстіңде қара тоным киіп алып. Жеңгесінің жауабы: —Қашып барып үйленген қандай адам, Қашты деген бикештің аты жаман. Мен сырымды айтайын бикеш саған, Мен берсем де, бермейді Қодар ағаң.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баянның жауабы: —Жалпайып жалынбаймын Қодарыңа, Мен не қылдым жылқы баққан Құлдарыңа. Жеңеше, қолыңдағы торғайым бер, Қол алшы Қодарыңның өлеріне. Жеңгесінің жауабы: —Тірі жүрер деп пе едің Қодар өлмей, Торғайың өліп қалды тілге келмей. Торғайыңды бермеген мен бе [саған] Тынышымды алмай жүр аулақ, жүзім көрмей. Баянның жауабы:

—Кімге айтайын торғайым сенен көрмей, Өліп қалды торғайым тілге келмей. Өкпеледім бермесең, өкпеледім, Тірі жүрер деп пе едің біздер өлмей. Жеңгесінің жауабы: —Бикешжан, жас басыңмен неге өлесің, Жастай өлсең, дүниеден не көресің? Ардақтаған бикешім өліп кетсең, Азды-көпті кінәні көтересің. Мінгені Қозыкеңнің көк төбел-ді, Астық еккен Түркістан тоқ деп еді. Оның жүнін жұлғанда үндемеді, Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деп еді. Қойшылар ертең өрер қойыменен, Баян сұлу көрінер бойыменен. Тамам ноғай таба алмай отырғанда, Әлжаппар құл тапты ойды бірден.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Әлжаппардың жауабы: —Аякөздің бауыры Шоқтеректі, Айналасы малға жай, мол теректі. Қысырақ қарап жүргенде көріп едім, Айтқаны ойлап тұрсам сол теректі. Армансыз бір төсекте жата алмады, Баянға бір ауыз сөз айта алмады. Сарыбаймен тоғыз кісі барып еді, Иіліп сәлем берген соң бата алмады. Мінгені Қозыкеңнің күрең атты, Шоқтеректің түбінде байлап жатты. Байғұстың көзі ілініп кеткен екен, Қозы жаурын қол оқпен Қодар атты. Күрең ат азу тісін ойған ба, деп, Баян жас көздің жасын тиған ба, деп, Қозы жаурын қол оқпен Қодар атты, «Бұ тазша не қылған, қойған ба»,—деп. Қодар құл оқпен атып өшін алды, Сөйтіп, қастық қылғандай несін алды. «Үйдегі Баяныма берейін»,—деп, Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды. Бәрекелді Қодардың тентегіне, Арда күрең жүрмейді жетегіне. «Қозыкеңнің басы»,—деп тастап еді, Баян жылап салады етегіне. Баянның жұрт қарайды жабдығына, Қозыкеден жас қалған қамдығына. «Ал, байыңның басы»,—деп тастап еді, Баян жылап, салады сандығына. Сонда жылап Баян Сарыбайдан Қозыкені кім өлтірді деп сұрағаны:

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баян жылап күймеден тұра келді, Сарыбайдың қасына жетіп келді. Атасынан сұрайды бір сауалды: —Қозыке атты күйеуім кімнен өлді? Сарыбай қызын көріп тұра келді, Баянға оң жағынан орын берді: —Сен сұрасаң айтайын, шырағым-ай, Күйеуің Қодар атты құлдан өлді. Бала арқар мен бір жігіт, жүз тайынды, Көздің жасын қолыммен сүртейін де. Биылғы жыл сабыр қыл, шырағым-ай, Қозыкеден басқаға қосайында. Жылап атасына берген жауабы: —Етегімді жел ашып жүрген емен, Қозыкеден басқаға күлген емен. Әке, неке қи дағы тіке өзің ал, Елден бура салғандай інген емен. Аузымнан жаман сөзді айта қалман, Аузымнан шыққан сөзге қайта қалман. Әке, неке қи дағы тіке өзің ал, Елден айғыр салғандай байтал емен. Баян сұлу атандым тамам жұртқа, Әке, қылған ісіңді сен де ұмытпа. Шешем Қаракөз бетіне қарай алмай, Неке қиып өзің ал тоқалдыққа. Баян сұлу қолына айна алды, Қозыкеден айрылып қиналады. «Өзімменен қосылып зарласын»,—деп, Ботасы өлген боз інген түйе алады.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баянның іші күйіп жұртында жатып қалғаны: Баянжаның белбеуін белден шешті, Қозыкеден айрылып қайғы түсті. Баян сұлу тұра алмай жұртында қалды, Сарыбайдың аулы ертеңі тұра көшті. Баян сұлу тұра алмай жұрта қалды, Оны көріп Қодар құл қуанады. Көш жөнеліп кеткенін біліп тұрып, Жұртында қалған Баянға Қодар келді. Қодардың жауабы: —Жылқыны көп жалшылар суарады, Баян, сені көріп көңілім қуанады. Алған байың өлді ғой, сұлу Баян, Енді сені мен алмай кім алады? Баянның жауабы: Баян басын көтеріп тұра келді, Жылап тұрып Қодарға жауап берді: —«Мен сенікі болайын, Қодареке, Қозыкені бір көрсет маған»,—деді. Қодардың жауабы: —Әй Баян, тимесең енді,—дейді, Тимесең болар ақыр заман,—дейді. Осы жерде маған тисең тұра сөйле, Тазшаңды көрсетейін саған,—дейді. Баян сұлу қуанып тұра келді, Қодарменен екеуі бірге жүрді. Ойдым-ойдым бір [жерге келгенінде], —Кел екеуміз ойнайық, Баян,—деді. Баян сұлу Қодарға жауап берді, Қозыкені көрсетуге алып жүрді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Далада ойнағаның не болады, Су басына барайық, Қодар,—деді. Хақтың сөзін сөйлеуге болар дәуренім, Баян жастың кигені алтын кебіс. Су басына әпкелді сұлу Баян, —Қодареке, шыдай тұршы киім жемес. Қодардың жауабы: —Айт дегеннен айтамын, сұлу Баян, Мұндай ақыл біздерге қайда, Баян. Алдында жарық болған, сұлу Баян, Қасыңа мендей жолдас қайда, Баян! Айт дегеннен айтамын, сұлу Баян, Қасыңа мендей жолдас қайда, Баян. Тазаланып жатайын қойыныңа, Білегіме шашыңды байла, Баян. Баян алдап Қодарды суға салды, Екі кебіс су ішіп мейірі қанды. Қодар құдық ішінде Баян қырда, —Суға тоңдым, шығайын, Баян,—деді. Баян бұл сөзді естіп тұра келді, Бұйда пышақ қолына алып тұрды. Қодар суда жатқанда Баян қырда, Қодарды пышақпенен салып қалды. Құдық ішінде Қодардың берген жауабы: —Баян жас, мені есіңе алмадың ба, Әуелі суға тастап алдадың ба? Екі бірдей байыңнан тірі айрылып, Енді қараң суалып қалғаның ба? Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян, Мені неге сергелдең қылдың, Баян?! 9-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Екі бірдей байыңнан тірі айрылып, Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян?! Тіл ұшымен мен сені жақын қылып, Аңдап жүріп түбіме жеттің, Баян. Ай Баян, айдай Баян, неттім, Баян, Айтпай жүріп түбіме жеттің, Баян! О дүниеде артыңнан еш қалмаймын, Тікенек болып араңа біттім, Баян. Баян сұлу бұл жерде қуанады, Қодар құлдың тіліне кім нанады, Баян шашын қиып жібергенде, Байғұс құдық түбіне домалайды. Баян Қодарды өлтіріп, Қозыкеңнің басына барғаны Ботасы өлген боз іңген алып келдім, Мен Баян қайғы азабын тартып келдім. Қодар құлды құдыққа тастай салып, Қозыкеңнің басына қайтып келдім. Шырағым, жатырмысың жер бауырлап, Қарға жүнді, қайың оқ соны ауырлап. Тұрар болсаң тұр сана, шырағым-ай, Баян жас алған жарың келдім зарлап. Шырағым, жатырмысың жер бауырлап, Алты батпан топырақ соны ауырлап. Тұрар болсаң тұр сана, шырағым-ай, Құдай қосқан қосағың келді зарлап. Қозыке жүрмек болып қылды талап, Жеткізді тілеуіне құдай қалап. «Не өлісін, не тірісін білейін»,—деп, Баян отыр Қозыкеңнің мойнын жастап. Сұлу Баян зар жылап түрегелді, Құдайдан тілегені қабыл болды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баян көзі ілініп кеткен екен, Түсінде періштелер хабар берді. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып, Түсінде Баянға хабар берді. Аллаһтан періштелер хабар берді: —Неше күндік тілейсің ғұмыр?—дейді. Баян байғұс зар жылап түрегелді, Құдайдан тілегені қабыл болып. —Ұзақ ғұмыр тілеп мен не қылайын, Үш күн, үш түн ойнасам болар—дейді. Баян жастың тілеуін Құдай берді, Періштелер бұл сөзді естіп тұрды. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып, Ер Қозыке сілкініп тұра келді. Ер Қозыке сілкініп тұра келді, Жаппар айым тілеуін қабыл қылды. Құдайдың бақ бергені кем бола ма, Үш күн, үш түн ойна, деп ғұмыр берді. Қозыке өлең болғалы бір талай жыл, Құдай берген жақсыға бар қызыл гүл. Шығарайық өлең қылып бұл қиссаны, Баянның сұлулығын естіп біл. Ибраһим Мекке тұрғызды Құдай үшін, Жүрген жері жақсының бәрі жиын. Үш күн, үш түн көп ойнап-күлді, Ғұмырын қысқа тілеп болды қиын. Қозыке мен Баянды өлең қылып, Шығардық хатқа жазып анық біліп. Басына ақ кірпіштен үйін салып, Екеуі үш күн, үш түн ойнап күлді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ақ кірпіштен басына үйін салып, Ғұмыры қысқа тілеп болды қиын. Төртінші күн болғанда пәрмән болып, Ажалына шығарыпты қызыл құйын. Қияметтің қыл көпірі тар дейді, Бір жағы от, бір жағы жар дейді. Қозыке мен Баян өлген шақта, Қырық бір молла Меккеге барған екен. Қырық бір молла Меккеге барды дейді, Қырық періште қасына жолдас болды. Меккеден үйге қарай келе жатса, Жолда тұрған ақ сары үйді көрді. Кімде болса бір дұға қылайық деп, Қырық бір молла сарайға кіріп келді. Қырық бір молла сарайға кіріп келді, Отырып Құран оқып түрегелді. Хат қылып отырғанда сөйлесіп, Төбесінде жазулы хатты көрді. Ақ сарай үйде жазулы хатты көрді, Қозыке мен Баянның атын көрді. «Жаратқан жеті ғашық бір екен», деп «Құдайдан тілейік»,—деп кеңес қылды. Қырық бір молла жиылып кеңес қылды, Әрқайсысы әртүрлі сөз сөйлемес. Әркімнің тілеуі өзінде бар, Құдай бізге алғанын енді бермес. Ақ сақалды бір молла тұра келді, Өзгесінің сөздерін тыңдап тұрды. «Жан кеткен денеге жан кіргізсең, Табарсың онан үлкен сауап»,—дейді. Ақ сақалды бір молла жауап берді, Бар жас мұны көріп қабыл қылды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозыке мен Баянның жанын тілеп, Намаз оқып Құдайға жылап тұрды. Қырық бір молла Құдайға жылап тұрды, Қырық періште Құдайға ғарыз қылды. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды, «Періште, не себептен келдің»,—дейді. Аллаһ тағалаға Жәбірейіл періштенің берген жауабы: —Меккеге тәуба қылып жүрдік,—дейді. Қозыке мен Баянды көрдік,—дейді. Жаратқан жеті ғашық бірі екен, деп Біз соның үшін келдік,—дейді. Біздермен қырық молла жолдас болды, Меккеге жолдас болып бірге келді. Қозыке мен Баянның атын көріп, Қырық бір молла біздерден тілек қылды. Құдайдан сол мезгілде пәрмен болды, Қырық бір молланың тілегін қабыл қылды. Мың жанды бір қапасқа салған екен: «Екі жанды шығарып алың»,—дейді. Періштелер қапастың ішін ашты, Жатқан мың жан қапастан тұра қашты. Қозыке мен Баянның себебінен Көрде жатқан мың жанның басын қосты. Екі жанды періштелер алып келді, Қозыке мен Баянның атын көрді. Қырық бір молла тілегі қабыл болып, Екеуі көрден шығып түрегелді. Қырық бір молла тілеуін қабыл көрді, Қозыке мен Баянның жаны кірді. Қозыке мен Баянның себебінен, Көрде жатқан мың кісі түрегелді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Екеуі көрден шығып тұра келді, Жалаңаш айдай балқып түрегелді. Құдай берді жұмақтан халле тонды, Екеуі түнде киіп шүкір қылды. Ақ жүзі бұрынғыдан артық болды, Моллалардың тілеуін қабыл қылып. «Отыз бір жыл ойна»,—деп ғұмыр берді, Қозыке мен Баянның көңілі толды. Құдайдан тілегені қабыл болды, Қозыке мен Баянға бата беріп. Моллалар амандасып жүре берді, Екеуі көр басында жатып қалды. Төңіректе еш нәрсе көрінбейді, Қасында ауыл түгіл, дәнеме жоқ, Айдалада қалғанын білді дейді. Көңілі Қозыкеңнің біткен екен, Түбіне жалғыз Қодар жеткен екен. Сарыбай күйеу, қызынан айрылған соң, Өлеңтіге қайта көшіп барған екен. Баянның шешесі бір күн жатып түсінде көргені: Қаракөз бір күн жатып түс көрді, Түсінде күйеу, қызы сәлем берді. Тірлігіне көңілі неғиян болып, Күн шықпастан кемпір жылап түрегелді. Кемпір жылап күн шықпай түрегелді, Үш көш жерде жылқыға жаяу барды. Пәрмен болды тіл бітті екеуіне, Арда күрең, Бақа айғыр сәлем берді. Арда күрең, Бақа айғыр сәлем берді, Жылап тұрған кемпірді бұлар көрді. —Туғалы мал көрмеген адам едің, Шешеке, неге жылап келдің,—дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қаракөздің екі атқа берген жауабы: —Бүгін жатып түсімде көрдім, қалқам, Қозыке мен Баянды көрдім,—дейді. Өзім іздеп барар шырағым жоқ, Сіздерге соны айтқалы келдім,—дейді. Өзімнің іздеп барар шырағым жоқ, Тірі болса, көруге көңілім тоқ. Тәңірден тілеп қосқан екі көзім, Көргенше зар жылаймын іңкәр болып. Екі ат Қаракөзге айтқаны: —Айталық, тура жауап сізге,—деді, Балаңнан күдеріңді үзбе,—дейді. Есен болсақ, екеуміз әкелерміз, Алтын жабдық әзірле бізге,—дейді. Байғұс кемпір қуанып қайтып кетті, Алтын жабдық ер-тоқым әзірледі. Қозыке мен Баянның киімдерін, Өз алдына даярлап алып қойды. Түс болған соң ауылға жылқы келді, Арда күрең Бақа айғыр бірге келді. —Қозыке мен Баянға барамын,—деп, Екі айғыр дараланып жүрмек болды. Айбас құл көп жылқымен түзде қалды, Құл мен күң биелерді байлап алды. Намазшам мезгілінде бие ағытып, Екі айғыр желі басында жатып қалды. Арда күрең Бақа айғыр жатып қалды, Қас қарайып болған соң түрегелді. Алтын жабдық ер-тоқым киіп алып, Кемпірге амандасып жүре берді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Құдайдан екеуіне пәрмен болды, Қасында әулие сақшы болды. Екеуі көр басында отыр екен, Арда күрең Бақа айғыр жетіп келді. Арда күрең Бақа айғыр оған жетті, Алтын-көшті көрген соң көңлі бітті. Екеуінің киімі киілгеннен соң, Қыбыла тоны жұмаққа қашып кетті. Екеуі алтын-көштен киім алды, Баянға Бақа айғырды ерттеп берді. Қозыке күрең атқа мініп алды, Ауылын Сарыбайдың іздеп жүрді. Сарыбайдың ауылын іздеп кетті, Орта жолда ойнап көңілі бітті. «Енді кәдесін қылайық»,—деп, Мал ішінде жатқанда тастап кетті. Қозыке күйеу болып түзде қалды, Баян сұлу қуанып үйіне барды. Сарыбай мен Қаракөз қарсы шығып, Үшеуі құшақтасып зар жылайды. Қаракөз қызын көріп зар жылайды, Көптен бері қызын көрмей қайғырады. Күйеу, қызы қолына келгеннен соң, Төрт күн, төрт түн той қылып жыласады. Жұрт білді Қозыке мен күйеу атын, Алдынан шатыр тікті қырық бір қатын. Сағынып жаяу барды қайын енесі, Күйеуіне көрісіп зар жылайды. Торғайға қастық қылған жан жеңгесі, Ұзатқанша көре алмай қорғаланды. Қозыке ақ шатырда қорғаланды, Түнде алтын күймеде дәурен сүрді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозыкеңнің ел-жұрты есінде жоқ, Ауылында Сарыбайдың он жыл жүрді. Айбас құл Қозыкені бек сағынды, Елге келмей жылқыны бағып жүрді. Көп жылқыдан ел көрмеген Айбас байғұс, Бір күні көп жылқыдан елге келді. Айбас байғұс көп жылқыдан елге келді, Қозыкенің шатырын көзі көрді. Шатырдың ішінен қарай салып, Қозыкеңе көрісіп зар жылайды. Қозыке күйеу Айбас қосшы болды, Бір-біріне көрісіп көңілі толды. Баян бір күн күймеде ұйықтап жатты, Мамабике бәйбіше түсіне енді. Баянның түсінде қайын енесін көргені: Сол күні ай қараңғы түн болыпты, Ғашықтар жалған емес шын болыпты. Қозыкеден айрылып қалғаннан соң, Шешесі тезек теріп күң болыпты. Қарабайдың үйінде тоқсан құлды, Жидебай қалған үйге ие болды. Тоқсан құлдың бастығы Жидебай құл, Бәйбішені күң қылып ғазап қылды. Тоқсан құлдың бастығы Жидебай құл, Құлдың қылған ісіне кім шыдайды. Баян жастың түсіне хабар берді, Құлға күң болдым деп зар жылайды: —Шырағым мені есіңе алмадың. Дұшпанның өсегіне нанба,—дейді. Тәңірден тілеп алған екі көзім, Мен байғұстың көрген күнім қараң,—дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян жас күймеден тұра келді, Қозыкеден сұрайды енді сөзді. —Шырағым, қайдан өстің, қайдан тудың, Біз көргендей ел-жұртың бар ма?—дейді. Бұл жерге жан жуымас Аллаһ десең, Жаһаннам түбіне кетерсің арам жесең. Екеумізге қуанып атам өлген, Зар жылап қалыпты ғой жалғыз шешең. Қайғысын ұзын жолдың сар (зар) көреді, Танымаған көшіне жат көреді. «Енді бізді ел-жұртқа ұзатсын»,—деп, Баян жас атасына хат берді. Сарыбай бұл сөзді естіп қайғырады, Қарагөз ұзатуға ой қылады. Шідерде еді Бақа айғыр шідер үзген, Өлеңті өлең айтып той қылады. Ғаділ болса, бұзылмас ханның тағы, Ақынның тіпті сөйлер тіл мен жағы. Өлеңтінің Ақжер деген бір жері бар, Сарыбайдың той қылған жер-ошағы. Қырық күндей той қылып дәурен сүрді, Қырық қара нар артып алып қыз жөнелді. «Шырағым, жұрттан жалғыз бармасын»,—деп, Қырық қыз барып Баянның қасына ерді. Қырық қыз жиырма жігіт қасына ерді, Неке қиып бір-біріне қосып кетті. Айбас пен Қозыке озып кетті, Жұпардың қорығына барып қайтты. Ел шетінде бір адам қой жайып жүр, —Қай ауылдың қойы,—деп сұрап еді. —Менен несін сұрайсың екі жігіт, Иесіз бағып жүрмін қалған малды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Қалай-қалай сөйлейсің, қойшы жаным, Мұңлы сырың құдайға болсын мәлім. Біздер үйден шыққалы бірталай күн, Иесіз бағып едің кімнің малын?! Қойшының жауабы:

—Жаратқан сыйынамыз бір Құдайға, Көре алмай іңкәр болдық көп жылдарға. Қозыке зар жылатып жаста кетіп, Қалған дәурен қор болды Жидебайға. Қойшыдан ауылдың жөнін сұрап білді, Үйіне қонақ болып бұлар келді. Үйге келіп тұрады екі қонақ, Жидебай үйде отырып жауап берді: —Шұнақ күң, қолыңды отқа тықшы,—дейді, Ұятты қонақ болса, бұқшы,—дейді. Үй артында келіпті екі қонақ, Кім екенін білуге шықшы, дейді. Қозыке амал ойнап ақыл қылды, Жеткізді шешесіне құдай айдап. Үйден шыққан шешесін тани салып, Алдынан қарсы шықты атын байлап. Байларға күнде қонақ көп келеді, Жөнсіз қонақ келгенін жек көреді. «Қарны ашқан екі қонақ бір тойсын»,—деп, Екеуіне үш табақ ет береді. Айбас құл елін танып күлімдейді, Қозыке келген жерден білінбейді. «Жүдеген мұңды кемпір бір тойсын»,—деп Үш табақ еттің біреуін оған берді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Мұны көріп Жидебайдың айтқан жауабы: —Қонақ, саған не болды қара басып, Адал асты мен бердім саған асып. Жалғызынан айрылған мұндар күң, Неге асыңды бересің ішің ашып. Сонда Қозыкеңнің айтқан жауабы: —Өзіміз мылтық атқан мерген едік, Үйіңе қонақ болып келген едік. Мұңлы адамға неге жаным ашымасын, Жалғызын қойнындағы көріп едік. Жидебайдың жауабы: —Адал астан бердім саған салып, Жақсы қонақ екен деп көңілін танып. Қодар атып сүйегі қурап қалған, Не қыласың шіркінді аузыңа алып! Қозыкеңнің жауабы: —Құл болсаң, жылқы бағып жатар едің, Би болсаң, жұртқа кеңес айтар едің. Жағаңды ұстап шүкір қыл, Жидебайым, Жалғызы келіп қалса, қайтер едің? Жидебайдың жауабы: —Ғаділ болсаң, жұртыңның қамын жерсің, Қонақ сыйлап жөнелтсем, пәлі дерсің. Қодар атып сүйегі қурап қалған, Өлген кісі тіріліп қайдан келсін! Қозыкеңнің жауабы:

—Ғаділ болсаң, дәулетің мол боларсың, Етің кетсе, сүйегің қор боларсың.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жағаңды ұстап шүкір қыл, Жидебайым, Жалғызы келіп қалса, қор боларсың! Жидебайдың жауабы: —Жасымнан ерке болып өсіп едім, Жақбас қонақ келәдесін кесіп едім. Мұнша неге жаның ашыды мұндар күңге, Сен мұның иесі ме едің, досы ма едің? Қозыкеңнің жауабы: —Өзіңнен басқа адамды аямайсың, Жалғыз болсаң, жұмысқа жарамайсың. Барлық жоқтық басыңнан кешкен жоқ па, Неге мұндай ғаріпке қарамайсың? Қозыке ертең тұра атқа мінді, Жылқыдан қырық боз бие алып келді. Қырық биенің құлынын байлап қойып, Сүтін сауып шешесін шомылдырды. Жидебайдың жауабы: —Антұрған мұнау қонақ түпке жетті, Жылқыдағы биемді айдап кепті. Малымның бәрі құрлы басы жоқ па, Бекер байлап құлынның жәйі кетті. Қозыкеңнің жауабы: —Жағады бәйбішеміз опа-ендігін, Қарайсың айнамнан көркемдігін. Құл-құтанның бар еді сенің малың, Қонақтың бай көтерер еркелігін. Жидебай, көп сөйлеме үнің өшсін, Тақылдаған тіліңді шалғым кессін.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Құл-құтанның жегені сенде малы, Не қыласың, байғұстың көңлі өссін! Ол кемпір құлдан қорқып төмен бұқты, Жерде жатқан тезекті қапқа тықты. Тезек теріп шешесі жүрген екен, Шешесін айдалаға алып шықты. —Жидебай тоқсан құлдың басы,—дейді, Көзіңнің бекер шықты жасы,—дейді. Біздер үйден шыққалы бірталай күн, Сауап болсын арқамды қасы,—дейді. Мамабике арқасын қасып берді, Арқасында бармақтай меңді көрді. Ары-бері арқасын қасып беріп, Көзінен жас таусылып қаны қашты. Мамабике сол жерде жылап тұрды, Жылағанын Қозыке көріп тұрды. —Менен басқа жүр ме едің кісі көрмей, Кемпір, саған не мүшкіл болды?—дейді. —Шыныңды айтсаң, көңлім тынсын, балам, Жалған болса, сүйегім сынсын, балам! Жалғызымның белгісі бойыңда тұр, Шыныңды айтып отыршы, балам!—дейді. Қозыкеңнің шешесіне өзін білдіргені: —Құдайдан тілеп алған сені, шеше, Тілегім қабыл болды енді, шеше. Баянды Құдай қосқан алып келдім, Жаста кеткен шырағың мендімін, шеше! Екеуі көріседі құшақтасып, Үш күн, үш түн отырды зар жыласып. Айбаспенен үшеуі бірдей жылап, Көздің жасы көл-дария болды тасып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Үшеуі үш күн, үш түн ойнап күлді, Төрт күннен соң үшеуі есін жиды. Үшеуі ес-түсін жиып алып, Ақ Орданың ішіне жүріп келді. Көп дәулет таусылмайды молдығынан, Жидебай бай пішеді күң қылады. Шешесіне қас қылған Жидебайды, Иттей кесіп өлтірді қорлықпенен. Қозыкеңнің келгенін жұрт білді, Қырық жылқы сойдырып тойын қылды. Қозыке жұртын билеп ұлық болды, Айбас жылқы бағып түзде жүрді. Айбас құл жылқы бағып түзде жүрді, Екі қатын Айбасқа алып берді. Бұқалды Қарайдың елі болды, Бірнеше күн өткен соң Баян келді. Ел шетінде Баянды Айбас көрді, Енесінен сүйінші сұрай келді. Жүз жылқы сүйіншіге бөліп берді, Баян сұлу еліне жақын келді. Төрт кісі Баяннан озып келді, «Мамабике құдағи бар ма?»—дейді. Құдағи үйде болсаң, сүйінші бер, Құдай қосқан келінің келді!—дейді. Мамабике естіп тұра келді, Үйден шығып жан-жаққа қарап алды. Баян жастың қарасын көргеннен соң, Қуанғаннан жүрегі жарылып өлді. Иесіз қалған үйге Баян түсті, Өліп жатқан енесін көзі көрді. «Алтынымды қолымнан қоямын»,—деп, Баян жас таза жуып өзі көмді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қозыке жұртын билеп ұлық болды, Құдайдың бергеніне көңлі толды. Отыз бір жыл берген Құданың бұйрығы бар, Перзент үшін көкірегіне қайғы толды. Отыз бір жыл берген ғұмыры тәмәм болды, Ұйықтаса түсінде ғайан берді. —Қозыке, амандасып жеріңе қайт, Бұйрығың Аякөзде болар,—дейді. Қозыке ертең тұрып түсін жорып, Біткен малын санатып үш бөлдірді. Екеуін пақыр-міскінге үлестіріп, Бір бөлігін Айбасқа өзі берді. Тәмәм жұртын Айбасқа табыс қылып, Айбас мұнда жұртына ұлық болды. Мінер ат, сауар сауын бәрін алып, Қозыке Аякөзге көшіп жүрді. Қозыке Аякөзге кетіп қалды, Көп кісілер шығарып жолға малды. Мінер ат, сауар сауын бітіп қалып, Қозыке, Баян сұлу жаяу барды. Екеуі Аякөзге жаяу барды, Өзен судан бұрылып бұлар өтті. Баян сұлу таһрат алып болғанша, Қозыке амандаспай опат болды. Баянға амандаспай бұрын өлді, Баян барып қасына зар еңіреді. Баян жас зар еңіреп отырғанда, Бір топ керуен көрді дейді. Қырық керуен бұларға келді, дейді, Жылап тұрған Баянды бұлар көрді: «Біз жүргенде жоқ еді сендей адам, Нағылып жылаған жансың»,—дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баяннның керуенге берген жауабы: —Біз тудық Қарабай мен Сарыбайдан, Жүзіміз артық болды күн мен айдан. Отыз бір жыл ортада ғұмыр сүріп, Бір күн қаза жетіп тұр бір Құдайдан. Қырық кісі керуен бұлар мұны көрді, Сұлулығын көрген соң алмақ болды. «Сұлуға жалғыз тұру жарамайды, Қайсымызға тиесің айтшы»,—дейді. Баян сұлу қайғымен болды күйіп, Тамам керуен Баянға болып себеп. Баян сұлу жарлық қылды керуенге: «Там тұрғызған кісіге тиемін»,—деп. Баянның айтқан жарлығын керуен білді, Қырық күнде Қозыкеңнің тамын болды. Баян сұлу өзі барып көріп келді, —Қиямет-қайым болғанша тұрар,—деп. Тамам керуен жиылып кеңес қылды, «Баянды аламыз»,—деп кеңес қылды. «Сұлудың айтқан жарлығын қылып болдық, Қайсымызға тиесің айтшы»,—деді. Өзі керуеннің басы дейді, Баянды аламыз деп кеңес қылды. Баян жас өз алдында жылап тұрды, Керуенге жүзі таймай жауап берді: —Көп керуен, разымын қылғаныңа, Белгісін тұрғыздың өлгеніме. Әрқайсыңа үлессем, мүшем жетпес, Тиемін ақылы артық үлкеніңе. Тамам керуен бір жерге жиылады, Баян сарай қылуға бұйырады. 10-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қам Керуен Баянды аламыз,—деп. Сұлу жарды бөле таласып, қырылады. Тамам керуен қырылды жол таласып, Баян сарай салдырды жарлық шашып. «Бұл Керуенге құдай-ай, қор қылма»,—деп, Баян сын тас болыпты құшақтасып. Қырық кісі таласып қырылыпты жол, Баян үшін өліпті төбелесіп. Көп Керуен сол жерде өлді,—дейді, Үш кісі үш ру елге барды дейді. Өзі де Құдай бізге өнер қалған, Қозыкеңнің сарайын керуен қылған. Үш кісі үш ру елге барды қашып, Сол қылған Қозыкені өлең дейді. Қодардың ұры болып қалған жері, Қозыкенің амандаспай өлген жері. Қозыке өлген жерде Баян да өлді, Әркімнің сондай болсын алған жары.

Дүниені жарық қылған Күн мен Ай-ды, Жаратқан жанның бәрін бір Құдай-ды. Кешегі ноғайлының заманында Қарабай, өлең қылдық, Сарыбайды. Түйеден нар туады молтақ өркеш, Бұларды өлең қылдық ертеңді-кеш. Кешегі ноғайлының заманында Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты, Екі бай аттанды деп даңға шықты. Екі бай бір жапанда келе жатса, Алдынан буаз марал аң қашыпты. Қарабай Сарыбаймен мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен. Қарабай Сарыбайға «сен ат» депті,— Күмәнді үйде зайып» деген екен. Қарабай Сарыбаймен мерген екен, Алдынан буаз марал өрген екен. «Қарабай сен атпасаң, мен де атпаймын, Күмәнді біздікі де» деген екен. Қыстауы Қарабайдың Бөген екен, Тәшкеннен Ой қарағаш төмен екен. Жапанда Құдай айдап душар болдық, «Қайтеді досты болсақ» деген екен. Қозы Көрпеш—Баян сұлу (Қоңқабай Мейірманұлы нұсқасы)

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Мінгені Сарыбайды көк-ті дейді, Салғанда айтқан сөзге бекті дейді. Жапанда Құдай айдап душар болдық, «Досты болсақ, болайық» депті дейді. Қыстауы Қарабайдың Бөген екен, Тәшкеннен ой қарағаш төмен екен. «Ұл туса екі бірдей зайыплардан, Қыламыз оны қалай?» деген екен. Мінгені Сарыбайдың көк-ті дейді, Салғанда айтқан сөзге бек-ті дейді. «Екі бірдей ұл туса зайыплардан, Ақыреттік дос болсын», депті дейді. Қыстауы Қарабайдың бөген екен, Тәшкеннен Ойқарағаш төмен екен. «Қыз туса екі бірдей зайыплардан, Оны қалай қыламыз?» деген екен. Мінгені Сарыбайдың көк-ті дейді, Салғанда айтқан сөзге бекті дейді. «Екі бірдей қыз туса зайыплардан, Бір күйеуге берелік», депті дейді. Қыстауы Қарабайдың Бөген екен, «Тәшкеннен Ойқарағаш төмен екен. Бірінен қыз, бірінен туса егер ұл, Оны қалай қыламыз» деген екен. Мінгені Сарыбайдың көк-ті дейді, Салғанда айтқан сөзге бекті дейді. «Бірінен ұл, бірінен туса егер қыз, Қосыңыз да қойыңыз» депті дейді. Жүргенде құлан аулап күн жауыпты, Қарабай ақылымен жол тауыпты. Екі бай құлан аулап жүргенінде, Зайыплар үйіндегі босаныпты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Құлан аулап жүргенде күн жауыпты, Қарабай ақылыменен жол тауыпты. Сарыбайдың қатыны қыз тауыпты, Қарабайдың қатыны ұл тауыпты. Қарабайдың қатыны мал сойыпты, Елі-жұрты жиылып, бір тойыпты. Бабай Түкті Шашты Әзіз әулие екен, Екі туған балаға ат қойыпты. Үйде отырып той қылды екі қатын, Қарабайдың беріпті Құдай датын. Баян сұлу қояды қыздың атын, Қозы Көрпеш қояды ұлдың атын. Сиына бер, жігіттер, бір Құдайға, Ақсақалдар бата оқыр туған айға. Тойы тарқап болған соң екі кісі, Сүйінші тілей шабады Қарабайға. Сүйінші тілей екі адам келді дейді, Сүйінші тілей келгенін білді дейді. «Бәйбішеңіз ұл тапты» дегеннен соң, Сүйіншіге үш тоғыз берді дейді. Ер Қозыке бірталай өлең болды, Біліп айтқан кісіге өнер болды. «Бәйбішеңіз қыз тапты» дегеннен соң, Сарыбайдың көңілі төмен болды. Құлан аулап кез болды биік тауға, Жігіттер, өнер үйрен денің сауда. «Қырық жылқы, қалыңмалға,

қырық нар ал»,—деп, Береді Айбас құлды қарғыбауға. Қарабай Құдай сүйген бақты дейді, Қалмысы Құдіретке жақты дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қатынының ұл тапқан қуанышымен, Қарабай елге қарай шапты дейді. Сүйінші тілеп екі адам келді дейді, Үш тоғыз сүйіншіге берді дейді. Аты сүрініп, жығылып, мойны үзіліп, Қарабай ұлын көрмей өлді дейді. Қарабай ұлын көрмей өліп қалды, Жесір қатын, жетім ұл қарап қалды. «Жетім ұлға қызымды берем бе»,—деп, Сарыбай көшейін деп ойына алды. Қарабай ұлын көрмей өліп алды, Жесір қатын, жетім ұл қараң қалды. «Қызымды жетім ұлға бермеймін»,—деп, Бұзылып ой сарыпты үйге барды. Сарыбай қарап жүріп жаман састы, Бұзылып достығынан қара басты. «Қызымды жетім ұлға бермеймін»,—деп, Келді де қатынымен ақылдасты. Қаракөз жақтырмайды айтқан сөзін: —Жапанда бек сөйлесіп келдің өзің. Сөзіңді өзің айтқан өзің бұзсаң, Көрмессің ақыретте Құдай жүзін. Қаракөз ақырған соң шошып кетті, Өз елінен өзі үркіп, босып кетті. Қылады қанша қайрат қатын шіркін, Сабап үйін жықтырып, көшіп кетті. «Аякөз ақпай көшті өрлеймін» деп, «Қозыке жетім қалды көрмеймін» деп. Әкесін тумай жатып, жұтып салған «Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Сарыбай күншығысты құлдай көшті, Үш ай жарым болғанша ұдай көшті. Дамылсыз күнде көшіп бұл Сарыбай Бойына Өлеңтінің келіп түсті. Он бір жыл Өлеңтіде өтті дейді, Сарыбай елден үркіп кетті дейді. Бұл ара бізге деген болмайды ғой, Әли Жаппар қоныстар депті дейді. Әли Жаппар қоныс қарап кетті дейді, Арада бірталай күн өтті дейді. Ауылдан алты қонып шыққаннан соң, Бойына Аякөздің жетті дейді. Аякөз ағып жатқан жерді көрді, Ноғайлы қалың жатқан елді көрді. Өзен суы ағып жатқан қалың ел бар, Бұл ара бізге мекен болар деді. Әли Жаппар қоныс қарап қайтып келді, Аякөзді ағып жатқан айтып келді. Өзен суы ағып жатқан қалың ел бар, Тұруға мекен қылып артық деді. Дәулеті Сарыбайдың өсті дейді, Сарыбай бұл сөзді естіп көшті дейді. Дамылсыз күнде көшіп бұл Сарыбай Бойына Аякөздің түсті дейді. Бойына Аякөздің түсті дейді, Дәулеті жылдан-жылға өсті дейді. Өлеңге тоғыз ауыл қонғаннан соң, Ел-жұрты ноғайлының есітті дейді. Өзенге ауыл қонды, малы бар көп, Қазына неше түрлі табылар көп. Еліне көрген малшы айтып келді, Балқыған туған айдай қызы бар деп.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Мінеді бай Сарыбай Қаракөкке, Бұл хабар естіледі төңірекке. Сұлтанғазы ноғайдың бастығы екен, Шақырды Сарыбайды ерулікке. Сарыбай Қозыкені жек көреді, «Баянды бермеймін» деп көп көреді. Шақыра ерулікке келген кісі: «Жүріңдер бірің қалмай»,—деп келеді. Сарыбай қыз кетіне бірге жүрді, Өкініп ұмытпайды өткен күнді. Сый екен ноғайлының сонан қалған, Алдына самауырмен шай келтірді. Қарагөз Аягөзді жерсінбейді, Молдығын Сарыарқаның көрсін дейді. Қырда жүріп үйренген ол бәйбіше Ноғайдың қант пен шайын менсінбейді. —Ауылға ноғай келсе, барушы едің, Қазына малға сатып алушы едің. Шай қылып жапырақты ішеміз бе, Қантты көз ауруға салушы едің. Бұл жұртты олай деме, көңілі қалар, Ноғайлар мұны есітсе, ашуланар. Берелік қызымды осы елге, Ноғайдың толып жатқан мырзасы бар. Қаракөз бұл сөзді есітіп күйіп пісті, Өкініп ұмытпайды өткен істі. —Малы жоқ ноғайлының беретұғын, Қылайын неге дәрі өңкей масты? Баян жас құйған шайды алып ішті, Өкініп ұмытпайды өткен істі. Шақбақ байдың жалғызы Қодар мырза Төрде отырған Баянға көзі түсті.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баян жас, өзі сұлу көркем екен, Құдайым сонша көрік берген екен. «Баянды тойға келсе, көрейік»,—деп, Жиылып тоқсан мырза көрген екен. Баянды төрде отырған Қодар көрді, Көрген соң алайын деп ынтық болды. Баян сұлу үйіне қайтқанында, Қодар еріп соңынан бірге жүрді. —Ақ жүзің, Баян сұлу, бір көрермін, Мырзасы ноғайлының мен ерермін. Менсініп, сөйлеспейсің неге, Баян, Берсем де әке-шешем, сені алармын. —Қомда жетелеген нарым бар-ды, Тимеймін ноғайлыға ерім бар-ды. Қодеке, қодаңдамай жайыңа жүр, Шоқ белбеу, алтын айдар жарым бар-ды. —Ішінде айтып көзін жұмды, Баян жас, сені көріп көңілім тынды. Бұл жерде мен көрмеген кім бар еді, Жарыңның менен артық, аты кім-ді? Баян: —Сұрасаң, жарым аты—Қозы Көрпеш, Қызымын Сарыбайдың Баян еркеш. «Күн бар ма келер атты» деп жылаймын, Құдайдан мен тілеймін ертеңді-кеш. Баянның сұлулығын Қодар білді, Көрген соң «аламын» деп ынтық болды. «Баянды қалай қылсақ, аламыз»,—деп, Жиылып тоқсан мырза кеңес құрды. Жігіттер, әрне қылса, Құдай қылды, Жиылып тоқсан мырза кеңес құрды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР «Сарыбай малын бақсақ, бере ме» деп, Жиылып тоқсан мырза жалға жүрді. Айбастың бір Құдайға ісі жақты Қодар құл ала айғырды іздеп тапты. «Жағымды Сарыбайға боламыз»,—деп, Құл болып, тоқсан мырза жылқы бақты. Айбас құл ерте тұрып, бетін жуды, Қодар құл ала айғырменен жылқы қуды. Құданың Құдіретімен таңғажайып, Қанатты қара бедеуден құлын туды. Тоқсан құл бір Баянға таласыпты, «Сыртынан аламыз» деп жанасыпты. Құлынның «Бақа айғыр» деп атын қойды, Биеден үш айдан соң бойы асыпты. Айбас құл Баянменен болды жуық, Жүреді Сарыбайдан көңілі суып. «Қозыкені Құдай қосқан іздеймін»,—деп, Жаратты Бақа айғырдың тілін буып. Баянды Қозыкемен Құдай қосты, Арада Айбас келіп жақындасты. «Жарыңды Құдай қосқан іздеймін»,—деп, Айбас құл Баянменен ақылдасты. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Баянмен ақылдасып ұрын алды. «Жарыңа Құдай қосқан беремін»,—деп, Баянның шаш моншағын қолына алды. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Азыққа бір құнан қой сойып алды. «Жарыңа Құдай қосқан беремін»,—деп, Баянның домбырасын қолына алды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айбас құл қашайын деп ойына алды, Азыққа бір құнан қой сойып алды. «Құдай қосқан жарыңа беремін»,—деп, Алтын сандық, ақ жамшысын қолына алды. Айбас құл қашайын деп ойына алды, Баянмен ақылдасып ұрын алды. «Жарыңа Құдай қосқан беремін»,—деп, Баянның қарқарасын қолына алды. Бес бұйым сәлемдеме жиып алды, Бір жерге бұйымдарын жиып салды. Қызыл іңір болғанда жылқы аралап, Таба алмай Бақа айғырды қараң қалды. Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүрді, Біреуі тоқсан құлдың оны көрді. «Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүр»,—деп, Көрген құлы Қодарға хабар берді. Ақырып Қодар қосынан түрегелді, Айбасқа қатты даусы естіледі. Жылқыдан Айбас байғұс қашып келіп: —Дауысың неге шықты, Қодар?—деді. —Айбас құл, кетпек болсаң, мен нетейін, Бір салып қамшыменен еңіретейін. Тазшаға мені тастап, кетпек болсаң, Қолымнан амандасып жөнелтейін. Айбас айтты:—Тілімнен хат берейін, Сізден басқа құлдарды жат көрейін. Құлға сенбе, Қодеке, жайыңа жат, Ертең сәске болғанда ат берейін. Қодар сеніп тіліне жатып алды, Айбас байғұс жылқыға қайта барды. Қызыл іңір кезінде жылқы аралап, Кешікпей-ақ айғырын тауып алды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Айбас құл Бақа айғырды мініп алды, Бұйымын сәлемдеме жиып алды. Үстіне Бақа айғырды мінгеннен соң, Құдайға шүкір қылып сыйынады. Айбас құл Бақа айғырды мініп алды, Бөгелмей күн-түн қатып тағы салды. Неше күн ұйықтамаған Айбас байғұс, Келді де асын ішпестен ұйықтап қалды. Болғанда ертең сәске жылқы келді, Тоқсан құл жылқы баққан бірге келді. —Түндегі мал күзеткен Айбасың жоқ, Табамыз енді қайдан, Қодар?—деді. —Сіздерге Айбас сырды айтқан шығар, Ауылға таң атқан соң қайтқан шығар. Күзетте түніменен жүрген байғұс, Қорғалап бір шұқырда жатқан шығар. Жер жүзін тоқсан кісі іздеп жүрді, Шұбардан тобылғылы ізін көрді. Аққан су, томар, көлден түк қоймады, Таба алмай кербезіме хабар берді. Қодар құл ашуланып түрегелді, Жылқыда ала айғырды ұстап мінді. «Тілдесіп не де болса қаламын»,—деп, Сегіз құл он алты атпен қуады енді. Сегіз құл он алты атпен таяныпты, Жолықса, өлтірмекке ойға алыпты. Құдайдың құдіретімен пәрмен болып, Айбас құл ұйықтап жатқан ояныпты. Айбас құл ұйқысынан тұрды дейді, Тұрып-ап Бақа айғырға мінді дейді. «Тілдесіп не де болса кетейін»,—деп, Қодарға қарсы қарап тұрды дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қодар: —Айбас құл, неге қаштың, көрдің бе түс, Аласың, алғыс алсаң, көптен ырыс. Күймеде Баян сұлу ұйықтап, жылап жатыр, Барасың, қайда қашып, Айбас байғұс? Айбас: —Қодеке, шын тіліңе нанамын мен, Аузыма мейіз берсең, саламын мен. Маған неге жыласын Баян сұлу, Жарына Құдай қосқан барамын мен. Қодар: —Айбас құл жылдам үйге қайтшы деймін, Тіліңді майда қылып айтшы деймін. Жауабын мына құлдың есіттің бе, Садақпен, Әли Жаппар, тартшы деймін. Қодар құл оқ атуға оңдайланды, Біреуін қырық кез оқтың қолына алды. Әли Жаппар атқан оқ көкке шығып, Атқан оғы Қодардың жерге барды. Қодар: —Айбас құл, жылдам үйге қайтшы деймін, Тіліңді майда қылып айтшы деймін. Баянмен ақылдасып кеңесің өскен, Айбас құл, оғың болса, атшы деймін. Айбас құл оқ атуға оңтайланды, Біреуін қырық кез оқтың қолына алды. Он алты сегіз құлдың атын атып, Сегіз құл айдалада жаяу қалды. Құтылып Айбас байғұс демін алды, Атын атып құлдардан кегін алды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Сегіз құлдың он алты аттары өліп, Әли Жаппар Қодармен үйге барды. Тоқсан құл бір Баянға таласыпты, Сыртынан аламыз деп жанасыпты. [Ел шолып, жер] көрмеген Айбас байғұс, Жолынан жүретұғын адасыпты. Айбас құл олай шапты, бұлай шапты, Бәрін де, тамам жолдың оймен тапты. Баянның ақ сандығы түсіп қалып, «Алтын сандық, Ақша тау» сонан қапты. Айбас құл олай шапты, бұлай шапты, Бәрінде тамам жолдың оймен тапты. Жалындағы домбыра түсіп қалып, «Домбыралы, Моншақты» сонан қапты. Айбас құл олай шапты, бұлай шапты, Бәрін де тамам жолдың оймен тапты. Жанындағы жамшысы түсіп қалып, «Тоқырауын жамшылы» сонан қапты. Айбас құл олай шапты, бұлай шапты, Бәрінде тамам жолдың оймен тапты. Баянның қарқарасы түсіп қалып, «Қарқаралы» [тау аты] сонан қапты. Айбас құл онан шығып төмен жүрді, Жолда жүріп көргенін өлең қылды. Есіл—Нұра бойына келгенінде, Белі ісіп, Бақа айғырдың жауыр болды. Үш күн жатып, айғырын жазып алды, Ісіне Құдіреттің қайран қалды. Есіл, Нұра бойында осы күнге, «Жауыр тағы» деген тау сонан қалды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Атқа мініп Айбас құл тағы салды, Үш күн жатып айғырын жазып алды. Қарабай елі Жұпар қорығында, Бұқардың ар жағына барып қалды. Базардан бауша-бауша бөз келеді, Аузына ақындардың сөз келеді. Жұпардың қорығына келгеннен соң, Қойшыға көп қой жайған кез келеді. Айбас мойнын қойшыға бұрады енді, Сәлем беріп қасында тұрады енді. Амандасып болған соң Айбас байғұс, «Қай ауылдың қойы?»—деп сұрады енді. —Бұзылмайды Баянның ойы дейді, Тал шыбықтың бұралған бойы дейді. Қайдан жүрсің, жол болсын, Айбас-еке, Жайғаным Қарабайдың қойы?—дейді. Ауыл жөнін қойшыдан сұрап алды, Қонақ болып үйіне тура барды. Бақа айғырды белдеуге байлап тастап, Үйіне Қарабайдың кіріп барды. Түздегі асқа Айбас құл жарымайды, Ашаршылық көрсе де, арымайды. Қайғыменен қартайған Мамабике, Өзі берген Айбас танымайды. Мамабике: —Неге менің жүрегім дүрсілдейді, Айнам, сен не жұмыста жүрсің,—дейді. Өңің қашқан жүдеген ұл екенсің, Ел жөніңді сұраймын, кімсің?—дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Айбас: —Мұнан бұрын үйіңе келіп педім, Өміріңде жүзіңді көріп пе едім? Аңда жүріп, екі бай құда болып, Айбасты қарғыбауға беріп пе едің? Жанның бәрін жаратқан бір Құдай-ды, Адамзатты бір Алла не қылмайды. «Атым—Айбас» деген соң, Мамабике Айбас құлға көрісіп, зар жылайды. Айбас келді үйіне Құдай айдап, Жылағанын қояды күліп-ойнап. —Жолаушы боп бармасаң, танып қояр, Тазша құлмен жүргенде асық ойнап. Айбас, саған айтайын білгенімді, Менің жақсы көрмесең бөлгенімді. Сырыңды айтсаң, кетем деп бәле салар, Қозыкеге білдірме келгеніңді. Бақа айғырға Айбас құл мінді дейді, Мамабике қуанып келді дейді. Бақа айғырға Айбас құл мініп алып, Ойнап жүрген балаға келді дейді. Асық ойнар Қозыке сақа салып, Бар асығын тазшаның тартып алып. Айбас байғұс қасына жетіп келсе, Ер Қозыке таниды қарай салып. —Ассалаумағалейкум, Айбас-еке, Қашан келдің бұл елге өзің жеке. Сен кеткелі көп заман болып еді, Аман-есен жүрмісің, Айбас-еке! Айбас оған келгенін білдірмейді, Сәлем беріп, көрісіп үндемейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қарабайдан айрылып қалғаннан соң, Әлдеқайдан қаңғырып жүрмін,—дейді. Ойнағалы тағы да сақа салды, Бар асығын тазшаның тартып алды. Қылқа салып, асығын алғаннан соң, Ашуланып тазша құл айтып салды. Әулиенің ақ жүзін кен айтады, Өзі білген бар сөзін, кім айтады?! «Асық ойнап, қор болып жүргеніңше, Жарыңды іздеп алсаңшы!»—деп айтады. Бұл сөзді есітіп Қозыке түңіледі, Ас-су ішпей Қозыке бүгіледі. Тазша құлдың жауабын есіткенсін, Шешесінен сұрағалы жүгіреді. —«Тазша құл жарыңа бар» деп айтады, Өзі білген бар сөзін кім айтады. Ұтып алсам, асығын бір Аллалап, «Жарыңды іздеп алсаңшы» деп айтады. —Сөзіне ерме адамның, тілімді алсаң, Тіліне ерсең, боласың әуре сарсаң. Шағыстырған көп дұшпан не демейді, «Жарың» деген ешкім жоқ, маған нансаң. Қозыке бір Құдайға сыйынады, Ішіне бір қайғыны іліп алды. Сегіз түйе сексеуіл көмір жағып, Ұсталардың бәрін де жиып алды. Темір соғып, ұсталар садақ қылды, Садақ атып, Қозыке талап қылды. Өрмек тоқып отырған бір кемпірдің Үйін атып, көшіріп мазақ қылды. 11-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Әулиенің ақ жүзін кен айтады, Өзі білген бар сөзін кім айтады?! «Тіп-тік тұрған үйімді көшіргенше, Жарыңды іздеп алсаңшы!»—деп айтады. Әулиенің ақ жүзін кен айтады, Ақылы жоқ қу кемпір нені айтады. «Ақ үй тігіп берейін, жан шешеке, Айтып берің анығын»,—деп айтады. Қарабай Сарыбаймен мерген еді, Бірін-бірі далада көрген еді. Екеуі аңда жүріп құда болып, Баянды саған балам берген еді. Қарабай Сарыбаймен мерген еді, Баянды саған іште берген еді. Сенің туған қуанышыңмен елге шауып, Аты жығылып, мойны үзіліп, өлген еді. Қарабай сені көрмей өлген еді, Сарыбай сонда көңлін бөлген еді. «Қалыңмалға қырық жылқы, қырық нар ал» деп, Айбасты қарғыбауға берген еді. Талай жан сенен бұрын ғашық еткен, Жолында «іздеймін» деп басы кеткен. «Қызымды жетім ұлға бермеймін»,—деп, Сарыбай жерін тастап көшіп кеткен. Қозыке бұл сөзді естіп, түңіледі, Қайғымен ас-су ішпей егіледі. Атып жүрген садағын жерге тастап, Шешесінен сұрағалы жүгіреді. Қозыке үйге таман кепті дейді, Түбіне шешесінің жетті дейді. Сұрланып қаны қашып, үйге келіп, «Шешеке, бидай қуыр», депті дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ «Бидай қуыр, шешеке», депті дейді, Жастықпенен өмірім өтті дейді. Қазанымды асайын, қарағым-ау, «Жаңқа теріп келе ғой», депті дейді. Ер Қозыке жаңқаға кетті дейді, Жаңқа теріп, үйіне кепті дейді. Қарным ашып барады, жан шешеке, «Жылдам қуыр бидайды», депті дейді. Қазанға қуырғалы бидай салды, Қазандағы бидайы пісіп қалды. Бидай деген хайласы Қозыкенің Көңліне бір қайғы түсіп қалды. Бидай пісер мезгілі жетті дейді, Қозыкенің көңілі кетті дейді. Қазандағы бидай піскеннен соң, «Аяқ ұста, салайын», депті дейді. —Еш адамға өзім де жалынбаймын, Сізден басқа кісіні танымаймын. Маған берсең, шешеке, қолыңмен бер, Аяқтағы бидайға жарымаймын. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. Ыстық бидай қолына салып алып, «Тура сөйле, шешеке» депті дейді. Ыстық бидай қолына өтті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. «Қолым күйіп барады, шырағым-ау, Қалыңдығың бар еді», депті дейді. Осы сөзім, қарағым, Аллаға аян, Аллаға аян сөзімді халыққа жаям. Атаң аты Сарыбай—Аякөзде, Жарың атын сұрасаң, сұлу Баян.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тілеп алған Тәңірден жалғыз балам, Сені жалғыз жаратқан Алла Тағалам. Ұлы-қызы шуласын мендей болып, Мұны саған сөз қылып, айтқан адам. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Жастықпенен өмірім өтті дейді. «Әкем қосқан Баянды іздеймін», деп, «Рұқсат бер, шешеке», депті дейді. —Сенен бұрын неше ашық өткен, балам, Бірі жетіп, бірі жетпей кеткен, балам. Баянды іздеп, сен кетсең, шырағым-ау, Күні нешік болады тапқан анаң. —Кеткен бала қайыра келмей ме екен, Қайтып келіп, шешесін көрмей ме екен. Өзі жан ғып жаратқан Құдіретім, Екі ашық тілеуін бермей ме екен. —Сен сабыр қыл, жалғызым, қыз көрейін, Байлап, матап, бір күнде мал берейін. Патша болсын, бай болсын, малын беріп, Елден таңдап бір сұлу әперейін. —Не қылсаң да іздеймін Сарыбайды, Бұл сөзіңе көңілім жарымайды. Ноғайлыдан тоғыз қыз әперсең де, Әкем қосқан Баянға татымайды. Мен еркек пе, шешеке, ұрғашы ма Қайтып тура қараймын сырласыма? Әкем қосқан Баянды іздемесем, Сөйлеп сөзім өтпейді құрдасыма. —Ал, қарағым, міне гөр, атың сайлап, Мен қалармын артыңда, сорым қайнап. Барма десем, болмассың, шырағым-ау, Қодар қастық қылмасын, жолың байлап.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Қодар деген немене, құл ма, сірә, Жатқанымнан тұрмайын өлсем, сірә?! Ат арытып іздемек сүйген жарды, Бұрынғыдан—соңғыдан қалған мұра. Сан жылқыдан Қозыке ат қарады, Қарабайдың қыстауы шат қарады. Сылдыратып жүгенін келгенінде, Арда күрең тай екен жалт қарады. Ай қараңғы сол күні тұман болды, Ер Қозыке Баянға құмар болды. Арда күрең тай екен жалт қараған, Басына жүген ілген соң, құнан болды. Ер Қозыке бірталай өлең болды, Іліп айтқан кісіге өнер болды. Құдіретінің Құданың пәрмен болып, Ер тоқымын салғанда дөнен болды. Қозыкенің күреңге көңілі толды, Алды-артынан қарайды оңды-солды. «Бисмилда» деп Қозыке мініп еді, Арда күрең сол жерде бесті болды. Арда күрең бестіге жетті дейді, Қозыкенің көңілі кетті дейді. Арда күрең бестіге мініп алып, Үйге таман Қозыке кепті дейді. Қарабайдың дәулетін бөлмек болды, Алланың не салғанын көрмек болды. Кетпей көңілі Қозыке тоқтар емес, Шешесіне қоштасып жүрмек болды. Шешесі айтты: «Жалғызым, кеткенің бе, Қалған ғұмырым қайғымен өткенің бе? Бір өзіңе жетер мал бар еді, Қыдырыңды басына тепкенің бе?»

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Сөйлей берсең, таусылмас тіл мен жақ бар, Жәрдем болсын біздерге жалғыз Жаппар. Кеткен бала қанына келмей ме екен Менің үшін қайғырма, Тәңір сақтар. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Сан жетпеген жылқың бар, қарағым-ау, Оны кімге тапсырдың, депті дейді. —Не қылса да адамға Құдай қылар, Баян жасқа теңім деп болдым құмар. Мен кеткенде бар Құдай сақтамай ма, Жылқы баққан Жидебай бағып тұрар. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Мыңнан артық түйең бар, қарағым-ау, Оны кімге тапсырдың? депті дейді. Жүрмек болып көңілім кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Мыңнан артық түйеңді жан шешеке, Алакүлік өктесін, депті дейді. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесіне бір қайғы бітті дейді. —Тоғай толған сиыр бар, қарағым-ау, Оны кімге тапсырдың, депті дейді. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Тоғай толған сиырды, жан шешеке, Салаумәлік өктесін, депті дейді. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Қора толған қойың бар, шырағым-ау, Оны кімге тапсырдың, депті дейді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозыкенің қөңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Қора толған қойыңды, жан шешеке, Араласын ақша бөрі, депті дейді. Қозыкенің көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. —Ақ сүт беріп, асыраған анаң едім, Мені кімге тапсырдың, депті дейді. —Қысым көрсе азғана ел, ұлын жақтар, Қара салып, байы өлсе, қатын жоқтар. Кеткен бала қанына келмей ме екен, Менің үшін қайғырма, Құдай сақтар. Қарабайдың қыстауы таудан дейді, Ат жүрмейтін шалғыны қаудан дейді. «Жалғызымнан айрылып қалам ба», деп, Екі емшегін аспанға сауған дейді. Жүрмек болып көңілі кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. Ақ сүт берген шешесін зар жылатып, Баянды іздеп, Қозыке кетті дейді. Баянды іздеп, Қозыке кетті дейді, Шешесінің түбіне жетті дейді. Ер Қозыке ауылдан шыққаннан соң, Айбас байғұс артынан жетті дейді. Он күн жүріп, екеуі түзде жатты, Таң сарғайып, күн шығып әбден атты. Айбас байғұс сол жерде бетін ашып, Баян берген тапсырды сәлем хатты. Шаш ал десе, Қозыке бас алады, Хат көрген соң көңілі босанады. Сәлем хаттың жазуын көргеннен соң, Пердеменен көзіне жас алады.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Сәлем хаттың жазуын оқып білді, Сөзін есітіп, Баянның көңілі тынды. Сәлем хаттың ішіне Баян сұлу Дұшпан болған жазыпты тоқсан құлды. Тоқсан құлдың бастығы Қодар, депті, Сені көрсе көңілі толар, депті. Тілер жемес асынан дәметеді, Бір көрмеген жүзімді құмар, депті. Осы хатты жалғызым көрсін, депті, Алға хабар Айбастан білсін, депті. Әкем мені Қодарға бергелі жүр, Тірі болса Қозыке, келсін, депті. Атқа мініп екеуі жөнеледі, Дамыл қылып арада бөгеледі. Қодар құлдың хабарын естіген соң, Езу тартып, Қозыке бір күледі. Күн-түн қатып, екеуі кетті дейді, Бірнеше күн арада өтті дейді. Үш айшылық жол екен екі арасы, Он үш қонып арада, жетті дейді. Бауша-бауша базардан бөз келеді, Ажалдыға атқан оқ кез келеді. Ел шетіне екеуі ілінген соң, Көп қой жайған қойшыға кез келеді. Сол екеуі қойшыға тура келді, Сарабайдың қойы екен таниды енді. Сәлем беріп, сәлемін алғаннан соң, «Қай ауылдың қойы?—деп сұрайды енді. —Батыр жауға шабады жеке-жеке, Жүрген жері жақсының той-мереке. Сен кеткелі көп заман болып еді, Сен танымай тұрмысың, Айбас-еке.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Біз келеміз еліңнің дәмін тата, Бір Құдайдан өзгенің қата. Айбас деген кісіні біз білмейміз, Қай ауылдың қойы бұл, атын ата?! —Бұзылмайды Баянның ойы, дейді, Талшыбықтың бұралған бойы, дейді. Сен айтпасаң, айтайын мен жөнімді, Сарыбайдың баққаным қойы,—дейді. —Ажал жетсе, ер құлар жалғыз оққа, Көп алданып мұсылман дүние боққа. Бұзылмайды Баянның ойы дейсің, Қодар құлға Сарыбай берген жоқ па?! —Қодар құлға көнбейді бергеніне, Баян ырза онан да өлгеніне. Бақа айғырмен хабарға Айбас кеткен, Қозыкенің қарап жүр келгеніне. Біліп тұрмын сіздерден қылып үміт, Иман сүйсең, жігіттер, дініңді күт. Танып тұрмын сізді мен, Айбас-еке, Ер Қозыке болмасын осы жігіт. Таздың басын сол жерде қағып алды, Бір Құдайға Қозыке сыйынады. Таздың басын сол жерде қағып тастап, Таз кебінін басына киіп алды. Боран қылып, сол жерде күн жайлатты, Айбас байғұс далада жалғыз жатты. Таз кебінін үстіне киіп алып, Қой қайтарып, Қозыке үйге қайтты. Борандатып Қозыке келе жатыр, Құдіретінсіз Құданың болмайды ауыр. Күн боранын көрген соң, бай Сарыбай, «Мал қайдалап» ауылға салады ауыр.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Балқаймақты, Баянжан, алшы, дейді, Сөз айтамын құлағың салшы, дейді. Мұндай жаман, міне, күн боран болды, Қой алдына, қарағым, баршы,—дейді. Әкесінің Баян жас тілін алды, Сулық киім үстіне киіп алды. Өзі жалғыз далаға шығушы емес, Әкесіне қарайлап тұрып алды. —Сіз биік тау, әкеке, біз бір шынар, Қозыкені көре алмай болдым құмар. Өзіңменен, әкеке, бір жүрмесем, Ноғайлының жігіті мазақ қылар. Әкесімен Баян жас бірге жүрді, Ұмытпайды өкініп өткен күнді. Қой қайтара Баян жас келген жерде Қоныр тоқты алдынан душар болды. Езу тартып Баян жас күлмес екен, Үйден шығып жүз қадам жүрмес екен. Қоңыр қойдың баласы қоңыр тоқты Баянменен туғалы тілдес екен. Қоңыр тоқты алдынан маңырайды, Оның тілін Баян жас жаңылмайды. «Сүйінші бер, сіз бізге, Баян апа, Ер Қозыке келді» деп аңырайды. Текеметке есті қыз түр салады, Баян сенбей сөзіне теріс алады. «Ойбай, күйген жанымды күйдірме» деп, Қамшыменен құйрыққа бір салады. Қоңыр тоқты шыдамай керіледі, Сөйлесуге Баянмен ерінеді. Қамшыменен құйрыққа салған екен, Жырымшақ боп құйрығы бөлінеді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Тазша болып Қозыке ақыл тапты, Қой қайтарып, Баянға жақындапты. Қыздың соққан қамшысы кесел екен, Қойдың жырым құйрығы сонан екен. —Үшбу сөзім, Баян жас, Аллаға аян, Аллаға аян сөзімді халыққа жаям. Ақша бетің тілінсін мендей болып, Мені неге жазықсыз соқтың, Баян?! Қоңыр тоқты тіліне сыйынады, Желкесінен бір жүнін жұлып алды. «Айтқан сөзің ылайым шын болсын» деп, Арқасына қолымен сипалады. Баян жастың тілегін Құдай берді, Қозыкені есітіп жылай берді. Қой қайтара Сарыбай кеткен екен, Тазша болып Қозыке қызға келді. —Бері таман, Баян жас, келші,—деді, Менің айтқан сөзіме ерші,—деді. Айбас пенен Қозыке келді бүгін, Қане, маған сүйінші берші,—деді. —Қозыке еді Құдайдан сұрағаным, Ертеңді-кеш көрсем деп жылағаным. Қозыкені көрсетер заман болса, Тазшам байғұс, ала гөр қалағаның. —Төбелдің мойнында екі құлып, Сөзімді есіт, Баян жас, тоқтай тұрып. Қалағаным берсеңіз, Баян сұлу, Ақ бетіңнен сүйгізші мойның бұрып. Баян сұлу қозғалмай тұрып алды, Тазға таман мойынын бұрып алды. Тазша болып Қозыке қызға келіп, Ақ бетінен Баянның сүйіп алды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Кез келтірді екеуін Құдіретім, Баян жастың Қозыке көрді бетін. Күйеулігін Баянға білдіргелі, Сонда тұрып шығарды, айдар шетін. Қозыкеге көңілі қанып қалды, Алтын айдар белгісін танып қалды. Алтын айдар белгісін таныған соң, Баян сұлу сол жерде талып қалды. Тұра келді аздан соң есін жиып, Қозыкенің бетінен алды сүйіп. Екі ғашық сол жерде жолыққан соң, Кете алмайды бір-бірін көзі қиып. Кете алмайды бір-бірін көзі қиып, Ала алмайды көзінің жасын тыйып. Екеуі шыр айланып тұрған жерде Бай Сарыбай келеді қойын жиып. Баян сұлу көреді Қозыке ерді, Екеуінің тілеуін Құдай берді. Қой қайтарып, Сарыбай таянған соң, Екі айрылып екеуі жүре берді. —Тазша болып жүре бер қой көтіне, Алтын күйме тіктірем қой шетіне. Ақырында тілеуді Құдай берсін, Көнбеймісің Құдайдың құдіретіне. Баян сұлу күйеуін көреді анық, Түнде алтын күймеде жүрді дарып. Қой шетіне құрдырды алтын күйме, Алтын табақ қояды мейіз салып. Қойды бағып, Қозыке үш ай тұрды, Түнде алтын күймеде дәурен сүрді. Тазша келіп күймеге кірген жерді, Сарыбайдың тезекші күңі көрді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қара күңнің көргенін Баян білді, Ұйқылы-ояу сескеніп тұра келді. «Барып әке-шешеме айта ма» деп, Сезіктеніп бұл күңді өлтіреді. Бері жатып, Баян жас: «Тұршы,—деді, Үйге таман қарағым жүрші, деді. Әке-шешем қуансын күйеуім, деп, Ал шымылдық кәдесін құршы,—деді. Баянменен Қозыке бірге жүрді, үйге кірді, Шам жаққандай қараңғы үй жарық болды. Жарық сәуле бетіне түскен екен, Ұйықтап жатқан Қаракөз мұны көрді. Ұйықтап жатқан Қаракөз мұны көрді, Ұйқысынан оянып тұра келді. «Менің жалғыз шырағым келген бе?» деп, Қозыкенің қасына жетіп келді. Бір Құдайға Қарагөз сыйынады, Бар ақылын бойына жиып алды. Шымылдықтың ішіне кіріп келіп, Қозыкенің бетінен сүйіп алды. Қашан келдің, қарағым, шыныңды айтшы, Кешіктірмей ұзатып алып қайтшы. Қойды бағып, қор болып жүргеніңше, Көтеріліп көңілің жылқы бақшы. Қаракөздің еркектен ақылы асты, Жаппар Алла, көрсетші екі жасты. Қозыкені көзімен көріп алып, Ертең тұрып Сарыбайға ақылдасты. Жақсы-жаман баршасын бір көрелік, Қой бағуға, біреуге пұл берелік. Бір Құдайдың бұ дағы құлы емес пе, Тазша құлды жылқыға жіберелік.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бұл айтқанын Сарыбай мақұл деді, Бір табылған бұ дағы ақыл деді. Бақса бақсын жылқыны бұ да байғұс, Тазша құлды бір үйге шақыр деді. Шақырған соң тазша құл үйге кірді, Сарыбайға келді де сәлем берді. Сәлем беріп, сәлемін алғаннан соң, «Жылқы бақсаң қайтеді, балам»,—деді. «Мақұл»,—деді тазша құл Сарыбайға, Сыйынады ішінен бір Құдайға. «Жылқы бақпақ болдым» деп ер Қозыке, Жылқыдағы келеді Қодар байға. Бұл келген соң Қодар құл қабыл алды, Бұл келген соң тынығып дамыл алды. Ұзақ таңға бір көзі ілінбейді, Қодар құлға әбден-ақ жағып алды. Құдай берсе, пендеге кім бермейді, Жақсы кісі жамандық тілге ермейді. Қодар құлға әбден-ақ жағып алды, Құрға салса, асауды жібермейді. Айтқан сөзін тазшаның шын көреді, Өзге құлды бойына мін көреді. Қызметі тазшаның жаққаннан соң, Тазша құлды ауылға жібереді. Баян отыр үйінде гүл-гүл жайнап, Барған сайын қайтады күліп-ойнап. Бұрынғыдан көңілі жақсы болды, Сыйынып жүр ішінен «а, Құдайлап». Тазша барып, ауылдан келе жатыр, Қарсы шықты алдынан Қодар батыр. Қодар мырза қодаңдап келген жерде, Сәлем берді, жымиып тазша батыр.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Қашан барып ауылдан келдің,—деді, Не қызмет ауылдан көрдің?—деді. Кешіктірмей шапшаң айт, тазшам, енді, Баян не сәлемдеме берді?—деді. —Талдай бойы Баянның өсіп отыр, Баян шашын тарқатып есіп отыр. «Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Келмеді ғой Қодекем» десіп отыр. —Бұл жалғанның қызығы—жақсы қатын, Жақсы қатын шығарар ердің атын. Кешіктірмей шапшаң айт, сорлы тазшам, «Не» деп отыр тағы да біздің қатын. —Баян да ай Қодеке, десіп отыр, Баян шашын тарқатып есіп отыр. «Құдай қосқан өзімнің жарым келді, Аулақ жүрсін, Қодар құл! десіп отыр. Бұл сөзді есітіп Қодар құл ашуланды, Іші-бауыры өртеніп оттай жанды. «Ауызба-ауыз Сарыбайдан сұраймын», деп, Қодар салып жылқыдан үйге барды. Елге қайтты Қодар құл іші күйіп, Бір сұмдықты келеді іші түйіп. Елге таман Қодар құл келе жатса, Бай Сарыбай жүр екен түйе жиып. Сарыбайға келді де берді сәлем, —Аманбысың,—Сарыбай, деді—балам, Малыңды жақсы қарап, жақсы күтсең, Бақыт берсін өзіңе Алла Тағалам! —Сарыбай пейілің жаман, болдың сараң, Көп жылқыңды бақсам да күнім қараң. Тазшаменен ойнас боп, кәміл алыпты, Күймеде Баян деген жүзі қараң.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Алтын күйме ішінде Баян жаным, Шашбауының шашағы қырық бір талым. Сен тұрғанда ешкімге бере қалман, Жылқың бақ та жүре бер, Қодар жаным. Қодар сеніп сөзіне қайтып кетті, Ертеңгеше жылқыға тағы жетті. Қодаңдаған күші бар Қодар құлдың, Айла тауып ақылмен білмейді епті. Дәмелі боп, Баяннан өмірі өтті, Ақыл тауып айламен білмейді епті. Ала қыстай далада жылқы бағып, Жаз шыққан соң, ауылға бірге кепті. Айбас құлға бұйырды: «Жылқы бақ,—деп, Кер төбелдің мойнына тұмар тақ,—деп. Қодар мырза ауылға бие байлап, Қозыкені шақырды желі қақ», деп. Мықтылығын Қодарға білгізеді, Ақылменен Айбасты жүргізеді. Қолағашын Қодардың лақтырып, Белін қазыға қолымен кіргізеді. Сарыбайдың дәулеті көпті дейді, Тоқсан құлға жылқысы жетті дейді. Міне ,тазшаң күшті екен, Әли Жаппар, «Аударыспақ ойналық», депті дейді. Ер Қозыке бұл сөзді есітті дейді, Құдай берген қайраты күшті дейді. Қысыр емген телторы тайға мініп, «Аударыссаң, келсең кел», депті дейді. Қозыке сөз сөйлейді серілікпенен Көңілі қорқар емес ерлікпенен. Қодар құлға қайратын көрсеткелі, Бір құлды жібереді терлікпенен.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Ер Қозыке бірталай бастады істі, Қозыкеге бір Құдай берген күшті. Қатқан терлік тиген соң жіберген құл, Терлікпенен домалап бірге түсті. Ер Қозыке бастады бір жарысты, Көрсетеді Қодарға талай істі. Терлікпенен бір құлды ұрып жығып, Әли Жаппар құлменен аударысты. Торы тайға Қозыке мініп алды, Бір Құдайға ішінен сыйынады. Әли Жаппар құлменен алысқанда, Ат үстінен тымақтай жұлып алды. Қодар құлға мойынын бұрып алды, Жекпе-жектеп сол жерде түйіп алды. Қысыр емген Телторы тайға мініп, Қодар құлды ала аттан жұлып қалды. Қодар күліп «ойын» деп ыржақтайды, Оң қолымен «Қодеке қайда жүр?»,—деп, Баладай алақандап салмақтайды. —Міне, тазшаң, Әли Жаппар, түпке жетті, Мені аударып алған соң көңілі бітті. Тайға өңгеріп, ойнаған ойының құрсын, Ердің қасы, қу тазша, ішіме өтті. Қызылжардай бұл жақта қала бар ма, Қозыкенің ойында ала бар ма? Қодар құлды атына қайтып салды, Тышып қойса, сол жерде шара бар ма? Баян сұлу күймеде жатыр еді, Терезеден ойынды көзі көрді. «Менің мұндай жалғызым болған екен,— Баян сұлу,—Құдайға тәуба», деді. 12-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Жұрттан асқан Сарыбай салтанатты, Баян менен Қозыке ойнап жатты. Сұлтанғазы ноғайдың бастығы екен, «Тойым бар» деп сол елге сауын айтты. Қозыке мен Баянды Құдай қосты, Айбас келіп арада жақындасты. «Жұртпен бірге барамын жиынға» деп, Қозыке Баянменен ақылдасты. —Сен жылқыдан, жалғызым, қалма,—деді, Садағыңды жаныңнан салма,—деді. Асқа тойған тоқсан құл мазақ қылар, Жұрттан жалғыз жиынға барма,—деді. Баян жастың Қозыке тілін алды, Сан жетпеген жылқыда жалғыз қалды. Ер Қозыке—жылқыда, Баян—үйде, Өзге жаннан жан қалмай асқа барды. Баян жатыр күймеде гүл-гүл жайнап, Айбас қалды жылқыда «а, Құдайлап». Өзге жаннан жан қалмай асқа барды, Қозыке жүр ауылда бие байлап. Жұртсыз менің немене көрген күнім, Көңіл ашып сайраған қызыл тілім. Жылқы ішінде Баянмен тілдес екен, Қызыл бие баласы—буырыл құлын. Құрықпенен қақ басқа құлынды берді, Енесіне емізбей азар берді. Қозыке жылқы ішінде күн жайлатып, Ноқтаменен құлынды буындырды. Дауысын естіп, Баян жас есік ашты, Құлын көріп желіге қадам басты. Қадам басып желіге келген жерде Алтын айдар Қозыке құшақтасты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Құшақтасып екеуі бірге жүрді, Жүріп алтын күймеге келіп кірді. Келіп алтын күймеге кірген жерде Екі қатын ауылдан оны көрді. Тоқсан құлдың бастығы Қодар деді, Бір Құдайдың жазғаны болар деді. Тойы тарқап болған соң ноғайлының Бұрын озып ауылға Қодар келді. Қодар желіп күймеге көп келеді, Қозыкеге Баянды көп көреді. «Жылқы баққан далада тазшаға» деп, Тамақ үшін әпкелдім өкпе деді. Қодар желіп жылқыны аралады, Қозыкені жылқыдан таба алмады. Қозыкені жылқыдан таппаған соң, Қодар желіп ауылға қайта салды. Қайта келіп ауылдан сұрады енді, Аң-таң қалып, Қодар құл тұрады енді. Қайда екенін біле алмай тұрғанында, Екі қатын «көрдік» деп хабар берді. —Тазша сенен Баянға жақын, деді, Сенің бар ма кеудеңде ақыл, деді. Немене сен сұрайсың аң-таң қалып, Тазша құлың күймеде жатыр,—деді. Қодар желіп күймені үш айланды, Баян менен Қозыке бек жайланды. Неше оқталып қодаңдап келсе дағы, Қозыкеден кіруге бата алмады. Іші күйіп, Қодар құл қайғыланды, Не қыларын біле алмай, үш айланды. Қозыкеден кіруге батпаған соң, Сарыбайдың алдынан қайта салды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Сарыбайдың алдынан шауып барды, Түсінен айырылып ауып барды. Шұнақ құлдың ақылы әуелден жоқ, Жас баладай өкіріп зар жылайды. —Пейілің жаман Сарыбай кәпір, деді, Қызың болды күймеде қатын, деді. Нағып шыдап келесің, а, Сарыбай, Қызың бірге тазшамен жатыр,—деді. —Алтын күйме ішінде Баян жаным, Шашағы шашбауыңның қырық бір талым, Сен тұрғанда ешкімге бере қалман, Жылқың бақта жүре бер, Қодар жаным. Ашуланып Сарыбай қиналмайды, Қодар жылап, балаша ыржаңдайды. Қаракөзден сұрайды бай Сарыбай, Қодар құлдың тіліне иланбайды. Сол арада Қаракөз жауап берді, Қодар құлдың Сарыбай тіліне ерді. —Қодар құлды, қайтесің, қаңғып жүрген, Құдай қосқан Қозыке өзі келді. Жыламаса, Қодарды Тәңірі алсын, Иманды құл ұжмақтың дәмін татсын. Бұрынғыдай сөйлеме құлға тартып, Құдай қосқан Қозыке жатса жатсын. Бұл сөзді естіп, Сарыбай ашуланды, Іші-бауыры өртеніп ду-ду жанды. «Мен ырза бұл сөзге болмаймын» деп, Ноғайлының баршасын жиып алды. Ноғайлының бәрін де жиып алды, «Ұстасам, өлтірем» деп ойына алды. Ноғайлының қаншасын жиып алып, Алтын күйменің жан-жағын қамап алды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айбас байғұс жылқысын бағып жүрді, Сарыбайдың көңіліне жағып жүрді. Арда күрең, Бақа айғыр бір тұр екен, Мұны көріп, Айбас құл зар жылады. Арда күрең тұр екен қасынысып, Жетіп келді Айбас құл асып-сасып. Арда күрең талтүсте желіп кетті, Айбас қалды жылқыда зар жыласып. Қамағанын ноғайдың көзі көрді, Бір сұмдықтың болғанын іші білді. «Бұған енді не айла қыламыз?»—деп, Бір тал қылын күреңнен тұтатты енді. Елге таман күрең ат жүріп келді, Қысылғанын Қозыке біліп келді. Айналайын, Қозыке, жау қамап тұр, Алтын күйме қалқалап кіріп келді. Үш ауыз сөз Баянға айта алмады, Арманы сол үш күн, үш түн жата алмады. Атқа мініп талтүсте желіп кетті, Қамап тұрған көп ноғай бата алмады. Баян жылап күймеде уанбады, Көздің жасы көл болып суалмады. Атқа мініп талтүсте желіп кетті, Қамап тұрған көп ноғай қуа алмады. Баян сұлу күймеде зарланады, Қозыкенің ісіне арланады. Ертең тұра Сарыбайдың ауылы көшті, Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды. «Тұрғызам» деп Сарыбай қарамады, Баян сұлу тұра алмай жұртта қалды. Жұртта қалған күймені көзі көріп, Қодар жылап қасына жетіп барды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян жастың қалғанын біліп келді, Анадайдан қуанып, күліп келді. Алты құлаш ала атты байлай тастап, Алтын күйме ішіне кіріп келді. Шұнақ құл, қолыңды тарт, неге енесің, Бүйтіп жүріп, дүниеден не көресің? Кімдер жемес асынан дәметеді, Мен де өлемін, Қодар құл, сен де өлесің. Көнбейтінін Баянның іші білді, Сол арада Қодардың көңілі сынды. Көнбейтінін Баянның түрін көріп, Ала атына Қодар құл қайтып мінді. Атқа мініп, Қодар құл жөнеледі, Күймесінде Баян жас күңіренеді. Болмайтұғын Баянның түрін көріп, Сол арада көңілі түңіледі. Ашуменен Баян жас талып қалды, Сарыбайдан көңілі қалып қалды. Іштен шыққан шешесі шыдасын ба, Ауылына Баянды алып барды. Күймесінде Баян жас күңіренеді, Қылған ісін өзіне мін көреді. «Қозыкеден бір хабар алып кел», деп, Асыранды торғайын жібереді. Қозыкеге бозторғай ұшып барды, Хабар алып сөйлесіп қайта салды. Мақпал тонын Баянның ұрлап киіп, Қастықпенен жау жеңге сиыр сауды. Жүрген жері жақсының күнде сауық, Қайырсыз бай қалады жерді қауып. Мақпал тонын Баянның ұрлап киіп, Отыр екен жау жеңге сиыр сауып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қырық бір торғай торғайды қуалайды, Жеңгені қанатымен уалайды. Мақпал тонын Баянның көргеннен соң, «Мынау менің ием» деп қорғалайды. Жеңгесі қастықпенен сиыр сауды, Ежелден қыз балаға жеңге жау-ды. Қойнына торғай келіп кірген жерде, Торғайды жеңіменен ұстап алды. Торғай байғұс қойнына келіп кірді, Қозыкеден келгенін іші білді. «Қайдан келдің, торғайым, шыныңды айт?» деп, Бір-бірлеп бозторғайдың жүнін жұлды. Әли Жаппар мінгені Көктөбелді, Астығы ма Түркістан тоқ деп еді. Өзге жүнін жұлғанда үндеген жоқ, Төбе қылын жұлғанда «шоқ» деп өлді. Торғай келер мезгілін Баян білді, Ұйқылы-ояу сескеніп тұра келді. Бозторғайы кешігіп келмегесін, Жеңгесінен Баян қыз сұрай келді. —Сен көрдің ғой, жеңеше, торғайымды, «Көрді ғой» деп ойлаймын ыңғайыңды. Қолыңдағы, жеңеше, торғайым бер, Не қылсам да табайын, өз жайыңды. —Әрі жүрші, а, бикеш, көзің күлмей, Бекер босқа торғайды менен көрмей. Бекер босқа кісіге жала қылма, Қозыкеге тимейсің Қодар өлмей. —Нағып өлді торғайым тілге келмей, Торғайым бер қазақтың тіліне ермей. Торғайымды бермесең, өкпелетіп, Тірі жүрер деймісің, өзімді өлмей.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Өлгеніне торғайдың көзі жетті, Баян жастың көңіліне қайғы бітті. Жалғандағы бір жауың—өгей жеңге, Қозыкенің түбіне әбден жетті. Торғайы жоқ болған соң қатты састы, Ақыры Алла жылатты екі жасты. «Шоқ» дегені торғайдың немене?» деп, Тамам ноғай жиылып ақылдасты. Ерте өреді қойшылар қойыменен, Баян сұлу көрінер бойыменен. Тамам ноғай таба алмай отырғанда, Әли Жаппар құл тапты ойыменен. Аякөздің бойында Шоқтерек-ті, Онан бөлек жерлерде жоқ терек-ті. Қысырақ қарап жүргенде көруші едім, Айтқаны, ойлап тұрсам, сол терек-ті. Шоқтеректе жатқанын енді білді, Не қыларын біле алмай Баян бүлды. Қозыкені не қылса өлтірмек боп, Өзі бас боп, Сарыбай атқа мінді. Атқа мініп ноғайлар жөнеледі, Мұны көріп, Баян жас зар еңіреді. Отыруға тағат қып, шыдай алмай, Жаяу жылап, артынан о да ереді. Байлап қойған терекке күрең атты, Шоқтеректің түбінде жалғыз жатты. Ұйқысынан сол жерде оянбапты, Қозыкені қол оқпен Қодар атты. Қозыкені қол оқпен атып салды, Сонша қастық қылғандай несін алды. «Үйдегі Баяныма беремін» деп, Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Сарыбай ноғайлыны алған жиып, Өлтірді Қозыкені көзі қиып. Белгісін алтын айдар көргеннен соң, Үш айланды Сарыбай іші күйіп. Қолына Баян сұлу ине алады, Айрылып Қозыкеден қиналады. «Өзіммен бірге жүріп қиналсын» деп, Бозіңген—ботасы өлген түйе алады. Қодардың, бәрекелді, тентегіне, Асау күрең жүрмейді жетегіне. «Ал байыңның басы», деп тастай берді, Баян жылап салады етегіне. Бай Сарыбай мінеді Көкшесіне, Мін болмайды сұлудың өкшесінде, «Ал, байыңның басы», деп тастай берді, Баян жылап салады текшесіне. Басты көріп, Баян жас талып қалды, Алтын айдар белгісін танып қалды. Күліп тұрған ноғайлы көтермелеп, Күймесіне Баянды алып барды. Талғанынан Баян жас көзін ашты, Қайғыменен төгеді қанды жасты. Біріктіріп қоюға ойланады, Денесінен айырып кескен басты. Баян сұлу күймеде зарланады, Қозыкенің өліміне арланады. Ертең тұра Сарыбайдың ауылы көшті. Баян сұлу тұра алмай, жұртта қалды, Баян сұлу тұра алмай, жұртта қалды, «Тұрғызам» деп Сарыбай қарамады. Жұртта қалған күймені көзі көріп, Қодар желіп қасына жетіп барды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян жалғыз екенін біліп келді, Анадайдан қуанып күліп келді. Қозыкені өлтіріп көңілі өскен, Қодаң қағып күймеге кіріп келді. Кіріп келді Баянның күймесіне, Қарамады жек көрген сүймесіне. Жылағанын Баян да қоя қойып, Бір қулықты ойланып алды есіне. —Жақсы келдің, Қодеке,—деді Баян, Өлмес күнін өзінің жеді Баян. Бір көрейін сүйегін Қозыкенің, Мені бастап апаршы,—деді Баян. Қодар тілін Баянның қайырмады, Екі көзін Баяннан айырмады. Өзі жаяу бастауға ыңғайланып, Мінуге атын Баянға дайындады. Баян сонда Қодарға: «Қодар, деді, Әр мінезің, Қодар құл, ожар, деді. Жаяу барып көремін Қозыкені, Атқа мінсем етегім тозар»,—деді. Атты тастап екеуі жаяу кетті, Қозыкенің басына түзеп бетті. Алыс екен Шоқтерек Аякөзден, Тобылғылы томарға түсте жетті. Түсте жетті екеуі томаршаға, Мына қызға қарай ғой тамашаға. Елден аулақ шыққан соң, шұнақ Қодар Сөз сөйлейді Баянға оңашада. —Айт дегеннен, айтайын айда, Баян, Мұндай аулақ біздерге қайда, Баян. Ойдым-ойдым жер келді ойнағандай, Кел, екеуміз ойналық енді, Баян.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Айтқан сөзге тұрмаған адам емес, Жүрген жері жақсының күнде кеңес. Қозыкенің көрейін жатқан жерін, Қодаңдама, Қодеке, ешкім жемес. —Тілеуімді бар Құдай берді, Баян, Алған жарың Қозыке өлді, Баян. Мұнда аулақ біздерге табылмайды, Кел, екеуіміз ойналық енді, Баян. Айт дегеннен, айтайын айда, Баян, Мұндай аулақ біздерге қайда, Баян. Ана терек түбінде байың жатыр, Тірілмейді менімен ойна, Баян. —Қозыке атты барайын жолдасыма, Көзім жетті орнынан тұрмасына. Айдалада қодаңдап қоймаған соң, Алып келді Қодарды су басына. Ер Қозыке бір жатқан мазар дейді, Өлген кісі қуарып қалар дейді. —Шөлдедім ғой, Қодеке, су әперші, Мен сенікі болған соң, не бар?—деді. —Айт дегеннен айтайын айда, Баян, Маған тисең, жаныңа пайда, Баян. Қолым суға жетпейді еңкейсем де, Білегіме шашыңды байла, Баян. Білегінен шашымен байлап алды, Баян алдап, Қодарды суға салды. Басқа ыдыс жоқ кебісін суға салды, Екі кебіс су ішіп, мейірі қанды. Баян шашын жіберді сонда қиып, Құл құдықтың түбіне жұмарланды. —Айда Баян, қу Баян, неттім, Баян, «Сені алам» деп өзім де өлдім, Баян.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ақыретте обалым саған болсын, Аңдып жүріп, түбіме жеттің, Баян. Айда Баян, қу Баян неттім, Баян, Әке-шешем жылатып кеттім, Баян. Ақыретте қалмаймын қыр соңыңнан, Тікен болып, араңа шықтым, Баян. Баян сұлу бұл сөзге ызаланды, Екі кебіс су ішіп, мейірі қанды. Қазандай қара таспен қойып еді, Құл құдықтың түбіне жұмарланды. Қодар құдық түбіне енді дейді, Баян жастың тілеуін берді дейді. Қодар құлды өлтіріп, көңілі тынып, Қозыкенің басына келді дейді. Қозыкені құшақтап қарманады, Қылғанына Қодардың арланады. Қозыкенің денесін құшақтап-ап, Мінәжат қып, Құдайға зарланады. Жатырмысың, жалғызым, жер бауырлап, Жалғыз оқ, қарға адым жер, соны ауырлап. Қодарды сені өлтірген мен де өлтірдім, Қосағың Құдай қосқан келді зарлап. Жылап-жылап Баянның көзі ілінді, Ақырында тілеуін Құдай берді. Көзі ілініп, Баянның кеткен жерде Ақсақалды бір адам жетіп келді. Ақсақалды бір адам жетіп келді, Жаппар ием тілегін қабыл көрді. Ұйқысында Баянның аян берді, «Неше күндік тілейсің өмір?» деді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Неше күндік тілейсің өмір?—деді, Жаппар Құдай тілегін қабыл көрді. —Ұзақ ғұмыр тілеп, мен не қылайын, Үш күн, үш түн ойнасам, болар,—деді. Бата беріп, ол адам жүре берді, Жаппар ием тілегін қабыл көрді. Баян сұлу ұйқыдан оянғанда, Ер Қозыке сілкініп тұра келді. Ер Қозыке тіріліп тұра келді, Мырза Құдай тілегін қабыл көрді. Екі ғашық бір-бірін көргеннен соң, Құшақтасып екеуі көріседі. Үш күн, үш түн екеуі жатып алды, Қазынасына Құданың батып алды. Үш күннен соң, екеуі тұра келіп, Ғұсыл құйып үстіне тазаланды. Құдай өзі қылған соң несі қиын, Жүрген жері жақсының күнде жиын. Ойнап-күліп екеуі отырғанда, Пәрмән бірлән құлатты қызыл құйын. Пәрмәніменен Қозыке құлап қалды, Баян сұлу қасында жылап қалды. Баян жылап отырса керуен қонды, Бәйтеректің түбінде бұлақ бар-ды. Баян сұлу зарланып отыр жылап, Керуендер аң-таң қап тұрды тыңлап. «Нағып, жылап, отырған бұл адам»,—деп, Көріп керуен жиылып келді шұбап. Керуендер жиылып шұбап келді, Баян жасты көрген соң жылап келді. «Нағып жылап, отырған адамсың?»—деп, Керуендер мәнісін сұрап келді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Жүрген жері жақсының думан, деді, Ақ жүзімді қызыл таң жуған, деді. Бәріміз мұсылманның баласымыз, Құдай үшін, үй сап бер, бұған,—деді. Үй сап берсең, мұсылман, бұған арнап, Сәті болып сап берсең, Құдай қалап. Жақсы қылып бір үйді салып берсек, Біреуіңе тиер ем, өзім қалап. Керуендер жиылып салды сарай, Кез келтірді Баянға Жаппар Құдай. Ылғи тастан үй салды көп керуен, Құдіретіне Құданың бәрі де оңай. Жеті күндей керуен еру болды, Қимылдайды шұнақ сарт оңды-солды. Сарай салып болған соң, сұлу Баян, Қозыкені құшақтап шейіт болды. Бұйда пышақ ішіне салып алды, Қырау құрлы көрмеді шыбын жанды. Қозыкені құшақтап Баян өлді, Адырайып тамам сарт аң-таң қалды. Керуендер таң қалып кетті көшіп, Қоқаңдаған көп сарттың үндері өшіп. Құдіретіне Құданың таң қалыңыз, Ауаз бірлан жабылды салған есік. Бұйрық емес Құдайдың салғандары, Пайғамбардан бұл мирас қалғандары. Қозы Көрпеш өлгенде Баян да өлген, Сондай болсын, әркімнің алған жары. Мұныменен арада бір жыл өтті, Өлмегенің көресің талай кепті. Баян менен Қозыке өлгеннен соң, Өлеңтіге Сарыбай көшіп кетті.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қияметтің қыл көпір тарлы дейді, Бір жағы су, бір жағы жарлы дейді. Баян менен Қозыке өлген шақта, Қырық бір молла Меккеге барды дейді. Қырық бір молла Меккеге тура жүрді, Қырық періште қасына жолдас ерді. Сол моллалар Меккеге келе жатып, Жолда тұрған ақ сарай үйді көрді. Жолда тұрған ақ сарай үйді көрді, Үйде көріп моллалар бұрылды енді. «Кімде болса, бір Құран оқылық» деп, Ақсарайға моллалар кіріп келді. Ақсарайға моллалар кіріп келді, Қатар тұрып, Құранын оқиды енді. Құран оқып, сөйлесіп отырғанда, Төбесінде жазулы хатын көрді. Төбедегі жазулы хатын көрді, Қозыке мен Баянның атын көрді. «Мұратына жетпеген ашық екен, Тілелік»,—деп Алладан кеңес құрды. Қырық бір молла Алладан сұрайды енді, Мінәжат қып, Алладан жылайды енді. «Осы екеуін Алладан сұралық», деп, Қырық періште Құдайға арыз қылды. Қырық бір молла Құдайға дұға қылды, Жаппар Ие тілегін қабыл қылды. Құдіретіне Құданың несі қиын, «Отыз бір жыл ойна» деп өмір берді. Қырық бір молла дұғасын қабыл қылды, Баян менен Қозыке тірілді енді. Екі ашықты қабірден тірілтіп ап, Амандасып, моллалар жүре берді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Амандасып, моллалар жүре берді, Жаппар Ие тілегін қабыл көрді. «Ашық адам жалаңаш тұрмасын» деп, Періштелер ұжмақтан қалле берді. Қалле киіп, ұжмақтан, тағам жеді, Жаппар Ие тілегін қабыл көрді. Бір күні Қаракөз ұйықтап жатыр еді, Қозыке мен Баянды тірі көрді. Ұйқысынан оянып тұра келді, Қозыке мен Баянды тірі көрді. Тірілгені көңліне мағлұм болып, Күн шықпай-ақ жылқыға жүре берді. Ерте тұрып, жылқыға жүре берді, Толып жатқан жылқыға кіреді енді. Арда күрең, Бақа айғыр бір тұр екен, Анадайдан кемпірді көреді енді. Желіп жортып екеуі келеді енді, Анадайдан екеуі көреді енді. —Мал көрмеген туғалы адам едің, Не себепті, шешеке, келдің?—дейді. —Бүгін жатып ұйқыдан тұрдым, деді, Қозыке мен Баянды көрдім, деді. Екеуінің тірілген қуанышымен, Соны айтқалы сіздерге келдім,—деді. —Тұра жауап берелік сізге, дейді, Күдеріңді балаңнан үзбе, дейді. Аман болсақ, екеуміз әпкелеміз, Алтын жабдық әзірле, бізге,—дейді. Қайғыменен өмірі өткен екен, Жалғыз Қодар түбіне жеткен екен. Күйеу—қыздан Сарыбай айырылғасын, Қайта көшіп ауылына кеткен екен.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Тапа-тал тұс болғанда, жылқы келді, Алтын жабдық Қаракөз әзірледі. Желі басында екеуі жатып қалып, Намаздыгер шенінде түрегелді. Жатып-жатып екеуі түрегелді, Қаракөздің ауылдан көзі көрді. Амандасып екеуін жөнелткелі, Алтын жабдық әзірлеп алып келді. Мұны көріп екеуі кісінеді, Көлденеңдеп кемпірге түрегелді. Алтын әбзел ерттеп, киім алып, Амандасып, кемпірге жүре берді. Амандасып, кемпірге кетті дейді, Екеуі де жануар текті дейді. Алты күндік жер екен, екі арасы, Ара қонып, сәскеде жетті дейді. Ара қонып, сәскеде жетіп келді, Қозыке мен Баянды көзі көрді. Мал да болса, екеуі тіл біледі, Бір-біріне көрісіп, зар еңіреді. Арда күрең, Бақа айғыр оған жетті, Қозыке мен Баянның көңілі бітті. Киім-жабдық, ер, тоқым келгеннен соң, Қалле тоны ұжмаққа ұшып кетті. Бар киімін екеуі киіп алды, Бір Құдайға ішінен сыйынады. Бақа айғырды Баянға ерттеп беріп, Күрең атқа Қозыке мініп алды. Екеуі екі атына мінді дейді, Құдайға шүкір қылып, күлді дейді. Екі аты ұшып жүрген құспен бірдей, Аулына Сарыбайдың келді дейді. 13-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Баян жас Бақа айғырмен үйге барды, Қозыке күйеу болып түзде қалды. Қаракөз үйден шығып қарсы жүрді, Көрісіп анасына зар жылады. Сарыбай үйден шығып жүгіреді, Баян жас әкесінен түңіледі. Екеуі «жалғызым» деп көріскенде, Жамағат қойдай шулап күңіренеді. Қаракөз Қозыкеге келе жатыр, Жиылды сол елдегі мұңлы пақыр. Дірілдеп жердің жүзі күңіренеді, Болғандай шала молла заманақыр. Сарыбай тағы келді айқай салып, Жиылды мұны көріп барша халық. Қуанған мен қорыққан бірдей екен, Қаракөз сол арада қалды талып. Қаракөз түрегелді есін жиып, Көзінің құрғатады жасын тыйып. Сарыбай ақырында қуанады, Өлтірген Қозыкені көзі қиып. Береді Қаракөздің Құдай датын, Арттырған ел-жұртынан салтанатын. «Күйеу» деп Қозыкені сол арада, Алдынан шатыр тікті қырық бір қатын. Ат қойып көп жылқыдан Айбас келді, Баянды Қозыке мен көзі көрді. «Екеуіңді көрер күн, бар екен», деп, Екеуіне көрісіп зар еңіреді. Сарыбай «тойым бар» деп сауын айтты, Жаратты бәйгі жүйрік арғымақты. Өткендерден бір мысал оның үшін, «Шатыр тікпек күйеуге» сонан қапты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Топта сөйлер ақынның тіл мен жағы, Малы кетсе, таяды ердің бағы. Қырық күн ұдай той болды тарқамастай, Сарыбайдың көңілі толған шағы. Сарыбай Қозыкені бала қылды, Баянның Қозыкемен көңілі толды. Елі-жұрты Қозыкенің есінде жоқ, Елінде Сарыбайдың бес жыл тұрды. Жақсыға жаман адам теңелмейді, Адамзат тірілікте не көрмейді? Торғайға қастық қылған жау жеңгесі Баянға ұзатқанша көрінбейді. Жалғызым, жатырмысың, балам, деді, Бір сұмдық Жидебайға таянды енді. Баян жас шырт ұйқыда жатыр еді, Түсінде Мамабике аян берді. Жақсылық жақсылыққа табылмайды, Дінсіз құл жамандықтан жаңылмайды. Түсінде Мамабике аян беріп, «Құлға күң болдым ғой» деп зар жылайды. Түсінде Мамабике аңырады енді, Ұйқыда Баян бірге зарлады енді. «Тәңіріден тілеп алған екі балам, Күн көрер мен сорлыда бар ма?»—деді. Баян жас ұйқысынан тұрады енді, Мойынын Қозыкеге бұрады енді. —Жалғызым қайдан өніп, қайдан тудың, Ел-жұртың мен көргендей бар ма?—деді. —Бойыңа мін жуымас Алла десең, Кетерсін жаһаннамға арам жесең. Қуанып екеуімізге әкем деген, Зар жылап қалып еді жалғыз шешем.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР —Түсімде бүгін менің шешең келді, «Құлға күң болдым» деп зар еңіреді. Тәңіріден тілеп алған екі балам, Көрер күн мен сорлыға бар ма?—деді. Қозыке тағат тұтып тұра алмады, Көңілін дүниелікке бұра алмады. Енді менің тұрарға дәрменім жоқ, «Рұқсат ата-анаңнан сұра», дейді. Азабын ұзын жолдың сарт көреді. Танымаған бір-бірін жат көреді. «Енді мені жұртыма ұзатсын» деп, Баян жас шешесіне хат береді. Қаракөз ұзатуға ой қылады, Сарыбай «жері алыс» деп қайғырады. Шідертіде Бақа айғыр шідер үзген, Өлеңтіде өлең айтып той қылады. Ақынның топта сөйлер тілі мен жағы, Малы кетсе, таяды ердің бағы. Өлеңтіде бір жер бар «Ақбар» деген, Сарыбайдың той қылған жерошағы. Он бес күндей той қылып қамын жеді, Қызметіне он жігіт, он қыз берді. Қисабы жоқ қазына толып жатыр, Қырық нар артында қыз жөнелді. Бар жабдығын түгендеп, алды сайлап, Қуанады ішінен, «а, Құдайлап». Сарыбайдың дәулеті толып жатыр, Қара саба орнатты бие байлап. Қызметіне он жігіт, он қыз ертті, Ақырында мұратқа түгел жетті. Жолдастыққа Сарыбай молда берген, Неке қиып, бір-бірін қосып кетті.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Бірнеше күн арада тағы да өтті, Ақырында мұратқа бұлар жетті. Үш күншілік жеріне шығарып сап, Амандасып, ел жұрты қайтып кетті. Бір алты күн арада тағы да өтті, Өлмегенің көресің талай көпті. Тоғыз қонып ауылдан шыққаннан соң, Бір жолдаспен Қозыке озып кетті. Бір жолдаспен Қозыке жөнеледі, Бір түн жатып арада бөгеледі. Қарабай елі Жұпардың қорығында, Күн-түн жүріп кешікпей жетіп келді. Бауша-бауша базардан бөз келеді, Ажалдыға атқан оқ кез келеді. Ел шетіне екеуі ілінген соң, Көп қой жайған қойшыға кез келеді. Сол екеуі қойшыға жетіп келді, Мұны көріп, қойшы да сәлем берді. Сәлем беріп, сәлемін алғаннан соң, «Қай ауылдың қойы?» деп сұрады енді. Қойшы байғұс сол жерде налыды дейді, Көзінің жасы жерге ағып тамды дейді. «Менен несін сұрайсың, екі жігіт, Бағып жүрмін иесіз малды»,—дейді. —Қалай-қалай сөйлейсің, қойшы жаным, Мұңлық зарың Құдайға болсын мәлім. Елдің жөнін сұрасақ, зар жылайсың, Бағып жүрсің, иесіз кімнің малын? —Тиіп еді бұл дәулет Қарабайға, Құда болған, антұрған Сарыбайға. Соған кетті Қозыке зар жылатып, Қалған дәулет қор болды Жидебайға.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бәрімізді Жидебай жүн қылып тұр, Айтқан сөзін бір Алла бұл қылып тұр. «Қозыке өлді Қодардан» деп есітеміз, Қарабайдың қатынын күң қылып тұр. —Болған екен Құдайға мүлде қарсы, Болған екен жетіліп мұндар ғасы. Өлген кісі тіріле ме, әжап емес, Сол Жидебай мырзаның ауылы қайсы? Ауыл жөнін қойшыдан сұрап алды, Қонақ болып үйіне тура барды. Үй артына келді де сөйлес қылды, Үйде отырып Жидебай жауап берді. —Қолыңды отқа, мұндар күң, тосшы, дейді, Қонақ болса ұятты, бұқшы, дейді. Үй артына келіп тұр екі кісі, Кім екенін біліп кел, шықшы,—дейді. Бүкең қағып ол кемпір шыға келді, Өз шешесі екенін көзі көрді. Тағат қылып, ол жерде шыдай алмады, Аттан түсіп кемпірге көріседі. Жидебайдың асқанын біліп келді, Жөнсіз оқтай құбылып жүріп келді. Сабыр қылып, өз бойын тоқтатып ап, Сәлем беріп, үйіне кіріп келді. Сәлем беріп, үйіне кіріп келді, Қозыкенің келбетін көзі көрді. Жақсы қонақ екенін таныған соң, Көрпе салып астына құрмет қылды. Күнде қонақ байларға көп келеді, Жөнсіз қонақ келгенін жек көреді. «Екі қонақ жүр екен бір тойсын»,—деп, Екеуіне үш табақ ет береді.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жидебайдың Қозыке жүзін көрді, Жүдегенін шешесі көзі көрді. «Мұңлы кемпір қарны ашқан, бір тойсын» деп, Үш табақ еттің бірін оған берді. —Қонақ, саған не болды қара басып, Алал етті мен бердім саған асып. Жалғызынан айрылған мұндар күңді Неге етіңнен бересің, жаның ашып? —Жан-жағыңа Жидебай қарамайсың, Жалғыз болсаң, жұмысқа жарамайсың. Пақыршылық басыңнан кешкен жоқ па, Неге мұндай мұңлыны аямайсың? —Мырза болып жасымнан өсіп едім, Қонақ басын жақпаса, кесіп едім. Мұнша жаның ашиды мұндар күңге, Иесі ме едің, мұның досы ма едің? —Жұртқа өнеге би болсаң, айтар едің, Жылқы бағып құл болсаң, жатар едің. Жағаңды ұстап, тәуба қыл, Жидебайым, Келіп қалса жалғызы, қайтер едің? —Сыйлай берсе, қонағым, мырзам дерсің, Әділ болсаң, жұртыңның қамын жерсің. Қодар атып, сүйегі қуарып қалған Өлген кісі тіріліп қайдан келсін? —Әр не салса, адамзат көнбей ме екен, Ер жігіттің тілегін бермей ме екен. Жоқтан бар ғып жаратқан Құдіретім, Тірілтуге шамасы келмей ме екен. Бұл сөзбенен Қозыке жатты дейді, Таң сарғайып кешікпей атты дейді. Екі қонақ таң ата атқа мініп, Өрістегі жылқыны тапты дейді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ер Қозыке бір істі ойлайды енді, Жидебайдың еркіне қоймайды енді. Қырық боз бие жылқыдан айдап келіп, Шырқыратып құлынды байлайды енді. Ұйқысынан Жидебай тұра келді, Байлаулы тұр қырық бие көзі көрді. Ауыл малын бір қонақ билей ме екен, Жан көрмеген, япырмау, бұл не?—деді. Мына қонақ антұрған түпке жетті, Жылқыдағы биемді айдап кепті. Құлынның бірі құрлы басы жоққа, Биемнің бекер байлап тынышы кетті. —Жидебай, көп сөйлеме, үнің өшсін, Тақылдаған тіліңді Тәңірім кессін! Малданғаны ауылдың сенің малың, Не қыласың кемпірдің көңілі өссін. Қозыкені сөзбенен түңілдірді, Қызы қорқып, шешесін бүгілдірді. Қырық биенің құлынын байлап қойып, Сүтін сауып, шешесін шомылдырды. Құлдан қорқып, шешесі төмен бұқты, Жерде жатқан тезекті қапқа тықты. Тезек тере шешесі жөнелгенде, Оңашаға байғұсты алып шықты. —Өзің тапқан Жидебай балаң ба еді, Бұған қылған бар ма еді жазаң?—деді. Өз анасын осынша зар жылатқан, Мұны қылған антұрған надан,—деді. —Өзім тапқан Жидебай балам емес, Мен айтайын тыңдасаң, саған кеңес. Қозыке атты бар еді бір жалғызым, Өлі-тірі екенін ешкім білмес.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозыке атты бар еді, бір жалғыз балам, Одан мені айырды Алла Тағалам. Қайын іздеп кеткелі, көп жыл болды, Ол кеткен соң, жылаумен күнім қараң. Қозыке атты бар еді жалғыз ұлым, Күміс кекіл, маңдайда, алтын тұлым. Жарын іздеп кеткелі көп жыл болды, Тастап кетті артына мал мен құлын. Ол кеткен соң, Жидебай әбден асты, Мырза болып, бұл күнде малды басты. Мені күң қып ұстайды осы күнде, Сол күндегі күң мен құл бәрі қашты. Мамабике жылады осыны айтып, Әңгімені бастады сөзді ұзатып. Ер Қозыке шешесін қуантпаққа Менмін деді Қозыкең келген қайтып. Мамабике қарады аң-таң қалып, Қозыке отыр алдына басын салып. «Қозыке атты жалғызың—мен» деген соң, Сорлы кемпір сол жерде қалды талып. Домбырасы Баянның алтын тиек, Қайда барса, қор болмас асыл сүйек. Сорлы кемпір сол жерде талып қалды, Қозыке отыр зар жылап, басын сүйеп. Біраз талып, бәйбіше есін жиды, Қозыкенің бас салып, бетін сүйді. Мұратына бір Алла жеткізген соң, Шүкірлік қып, көзінің жасын тыйды. Бір Аллаға қылмысы аянды енді, Жидебайға бір сұмдық таянды енді. Есін жиып алған соң Мамабике, Көшкен елдей күңіреніп Баян келді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Шек келтірме, жігіттер, Құдіретке, Құдіреті Құданың жетер көпке. Хан тағына бәйбіше мініп алып, Ат шаптырып той қылды төңірекке. Баян артып келеді қырық нар түйе, Мұратына жеткізді Жаппар ие. Қозыке мен Баянды көргеннен соң, Көнек алып Жидебай сауды бие. Бір асқанға бір үлкен зауал бар-ды, Оңдамайды әрқашан бейілі тар-ды. Неше күндей той тарқап болғаннан соң, Жидебайдың қатынын Айбас алды. Жаппар Құдай Айбасты жарылқады, Ер Қозыке Айбасқа тарылмады. «Тіршілікте ақ неке қыламын» деп, Айбас таңдап бір қатын тағы да алды. Қозыкенің дәулеті көп-ті дейді, «Айбастікі үштен бірі» депті дейді. Әуелінде азғана мехнат тартып, Мұратына осындай жетті дейді. Жидебай құл қор болып қорғалайды, Бәйбішеге тік тұрып жорғалайды. Жаяу жүріп, сауады көп биені, Табанынан қара қан сорғалайды. Көрмегенді Жидебай көрді дейді, Баян сұлу екі ұлды болды дейді. Қыбы қор боп, биені жаяу сауып, Жидебай құл қор болып өлді дейді. Құдай досты [Мұхаммед] пайғамбары, Бұл мұра ашықтардан қалған зары. Қозы Көрпеш өлгенде Баян да өлген, Сондай болсын әркімнің алған жары.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозыке мен Баянның болған жері, Бәйшешектей түрленіп толған жері. Құдіретіне Құданың бәрі де оңай, Ғибрат ал бұлардан, ердің ері!

Ерекше сұлу Баян жаралыпты, Дүниеге сұлулығы таралыпты. Сыртынан құрғақ ие болып жүрген, Жанына Қодар қашан бара алыпты? Баяннан таба амайсың талдай мінді, Ақ жүзі жарық қылған қараңғы түнді. Баласы тоқсан байдың іздеп келіп, Бәрі де қолы жетпей, құл боп сіңді. Баян боп бәрінің де ынтызары, Қолы жетпей, құл болып сіңді бәрі. Белгілі соның бірі асқан тазша, Баласы Тоққараның Көсемсары. Бәрін де айдап, өргізіп жүрген Қодар, Қодарға қарсы келмейт, ешбір олар. Баянға алмақ түгіл, сөйлескен жоқ, «Бұқа—буға» деген сөз сонан қалар. Кәрі құлақ есіткен, көрген жоқ көз, Ақын сөзін түзеген ол бейім тез. Қарабай, Қодар, тоқсан жата тұрсын, Азырақ Балталыдан сөйлейік сөз. Қозы Көрпеш он алты жасқа келді, Шешесі таққа мініп, ел биледі. Он алты да шеп бұзып, шерік бастап, Жылқыдан таңдап мінді ........ . Қозы Көрпеш—Баян сұлу (Бекмұрат Мақанов нұсқасы)

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Садағын асқан мерген сағымға ілген, Ақ жүзі шағылысты жарық күнмен. Ішінен ханым байғұс тәуба қылып, «Сақта» деп жалғызымды көз бен тілден. Баласы бір кемпірдің болды мықты, Қайраты балталыдан озып шықты. Бір [зор] бай баласына қыз ұзатып, Бір үлкен ат шаптырып, той қылыпты. Кемпірдің баласының қайраты мол, Сол тойға бас палуан боп тұрады ол. Шыға алмай Тайлақ жақтан оған ешкім, [Ұлықсат] Тайлақ биден сұрады ол. Тайлаққа Қозы Көрпеш келді жетіп, —Мынаның кетті маған ызасы өтіп. Осымен күресуге мен барайын, Жат елге қалар,—деді,—намыс кетіп. Тайлақ айтты:—Әлпештеген Қозы бала, Сен едің әлпештеген жаңғыз қара. Қарағым, мен ұлықсат бере алмаймын, Есітсе ханым, ұрысып жүрер жана. Алмас кездік жатпайды қап түбінде, Мен сандыққа салатын бұйым емен, Қазам жетсе егерде, онсыз да өлем. «Жас-жас» деп құр қалдырма шар-талаптан, Жалын жігер шығады жастық шақтан. Бәйге алсам, топ алдында сізге мұрас, «Жетімді жеткердім» деп сонда мақтан. Ұлықсат бер, «Қозының сөзі жөн» деп, Тайлақты қамады елі тұс-тұс жақтан. Бата алып, ұлықсат ап Тайлақ биден, Ер Қозы күресуге түсті аттан. Болат білек Қозының қолы қатты, Орап алып, иріп зырқыратты.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Жоғары көтеріп ап соққанында, Ол балуан сүтпісірім талып жатты. Жүгіріп келді кемпір баласына, Біле алмай істің ақ пен қарасына. Өткір тілді, орақ ауыз сұмырай кемпір, Қарамай қарғай берді шамасына: —Қу жетім, тумай шөккір, тудың қайдан? Әкеңді тумай жатып жұтқаныңнан. Төбеңнен менің балам құй қазды ма, Іздеп ал жесіріңді Қарабайдан! Жүрекке кемпір сөзі жара салды, Жесірі не, біле алмай аң-таң қалды? Сөйлеспей еш адамға Қозы Көрпеш, Үйіне келді дағы жатып алды. Жүгіріп есіткенсін ханым келді, «Ауырды ма, бір жерің қалқам?»—деді. Қозы айтты: «Жалғыздан сыр жасырасың, Бермеймін, саған жауап, әрман» деді. Болғанын бір сұмдықтың ханым сезді, Шақырып Тайлақ биді әкелгізді. Ханымға бастан аяқ айтты Тайлақ, Сұмырай бағанағы кемпір сөзін. Елі-жұрты сол арада болды жиын, Ханымға бұл әңгіме болды қиын. Ханым айтты: «Не қылсаң да, Қозыны уат, Бабын тап, енді өзің, Тайлақ биім». Тайлақ келіп көтерді Қозы басын, Қозыға шын аударған ықыласын. «Жесірі» деген сөзді түсіндіріп: «Сол итті іздеймін,—деп,—не қыласың?»

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Қозы айтты: —Бұл сөзің рас болса, биім Тайлақ, Ыза-кегім қозғалды, ішім қайнап. Қызын ап, жақсы болса, жар қыламын, Артыма, жаман болса, салам жайдақ. Тайлақ айтты: —Жүре бер, Қозы, еліңде ойнап-күліп, Менің де жүрегімде жүрген ілік. Аямай мал-басыңды әперейін, Жолыңда кісі өлсе де, қан төгіліп. Тұр екен қандай жерде, қызы қандай, Әуелі Айбас барып, келсін біліп. Айбас та болса керек ердің ері, Егессе, ер жігіттің керек жері. Елінің намысы үшін іздеп шықты, Тайлақтың кенже інісі—Айбас шері. Астына көк тұлпарды мініп алды, Көк тұлпар—қамыс құлақ, қақпан белді. Есіліп жел қайықтай, желдей желді, Арада аз жүрді ме, көп жүрді ме, Тауына [Тарбағатай] бұ да келді. Қажырлы қажымайды Айбас мықты, Білмейді болдыруды тұлпар тіпті. Мөлшері жұрттың айтқан болды ғой деп, Басына Ақшәулінің келіп шықты. Жортқан ер көреді талай жерді, Биіктен жан-жағына көз жіберді. Қырағы, қыран көзі түстік жерден Отырған Аякөзде елді көрді. «Шаң шыққан маңайынан будақ-будақ, Ауылы Қарабайдың осы ғой»,—деп,

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР «Тұлпардың желаяғы, Көк тұлпарым, Барыңды бүгінгі күн қарыштап бақ!»— Деді де, Көк тұлпарға қамшы салды, Түс болмай ел шетіне жетіп барды. [Бөктерде] жеміс теріп ойнап жүрген, Алдынан үш қыз душар бола қалды. Айбас айтты: —Еріксіз адам басы болса сарсаң, Дәл келсін ер жігіттің жан жолдасы. Жолаушымын, жөніңді айтқыл, сұлу, Үшеуің қандай бақтың сандуғашы? Қыздар айтты: —Түсі игі, жолаушының майда тілді, Ұйқысы түн қатқандай күндіз-түні. «Түсі игіден түңілме» дегендейін, Сіз кімсіз, өзің батыр, жүзің жылы?!

Айбас айтты: [Бір қайғы көрген жандай] —Сіз бұрын айт, жөніңді, кенже ақмаңдай? Баян айтты: —Сұрасаң, менің атым—сорлы Баян, Бәндеге жазықсызым өзіме аян. Әкем атын сұрасаң, хан Қарабай, Қайырсыз, мал жинаған бақа-шаян. Қайқы төс, қазмойынды тұлпар мініп, Сарамжақ, сауыт-сайман, садақ іліп. .................................................. Сіз кімсіз, өзің батыр, тидің жылы?!

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айбас айтты: —Балталы, бағаналы елден келдім, Тайлақ би ел меңгерген, жерден келдім. Сәлемін Қозыкемнің жеткеруге Қырық күн, күн-түн қатып, шөлден келдім. Тайлақ би—ағам аты, атым—Айбас, Қас батыр Қозым—сұңқар жаудан таймас. Еңбегім сені көріп, жаңа жанды, Ал, Баян, біздік болсаң, белді байлаш. Баян айтты: —Ағекем, түсің жылы, тілің майда, Мен даяр өз беліңді мекем байла. Мөңіреп құр тұлыпқа мен не дейін, Қозының, мені алатын, өзі қайда? Тайлақ би Балталыдан озған шынар, Қозыға көрмесем де, болдым құмар. Ағаға сендей басшы ере алмаған, Ат ерттеп міне алмайтын біреу шығар. Айбас айтты: Сертінен уәделі әкең тайған, Жас түлек Қозым сұңқар қанат жайған. «Туат» деп сіздей асыл ойлаушыма ек, Ақылсыз әкең сынды Қарабайдан. Ол ақ сұңқар, сен көлдегі лашын, Толады айдай нұрға ақ құлашың. Әкеңді, жерге кірсе, құтқармайды, Байлай бер, уәдеңнің шын-расын! Баян айтты: —Ер Айбас, Көк тұлпармен түстің ізге, Кез келдің, жапан дүзде келіп бізге. 14-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Уәдемізді тез байлап айрылалық, Қодар келіп қалмасын үстімізге. Айбас айтты: —Қалпыңнан, сұлу Баян, таппадым мін, Сүйтсе де айтылмай тұр, жалғыз бір шын. Үрейің қос құдаша ұшып кетті, Қоқитқан құбыжық қып, Қодарың кім? Қыздар айтты: —Тартынбас, еш адамнан Қодар тайып, Есітсе бұл сөзіңді, салар айып. Қодардың атасы жел, анасы көл, Кез болған сары далада ол бір ғайып. Торғауыттан бізді іздеп Қодар кепті, Бетпақ шөлде бізді кеп қуып жетті. «Жылқыма құдық қазып бере гөр» деп, Малы қорда әкем сонда зар еңірепті. Жылқыны алып өтті аман-есен. Еңбек қып, су шығарып не тереңнен. Әкемнің Қозы Көрпеш ойында жоқ, Баянды Қодар құлға берем деген. Айбас айтты: —Қоныстың Қозым қонар тынығына Кіріспес кім көрінген былығына. Қонбайды олай болса, бізің Қозы, Қодардың әлде қандай құдығына.

Баян айтты: —Шыққан жоқ Қодарменен жаманатым, Құдайға әлі таза сыр-сыпатым. Қарызым келмей қалса, өз мойнында, Сақтаймын ақыретке аманатын. ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айбас айтты: —Қодармен кез келеді қайрат сынар, Менің де ондай іске жаным құмар. Мақтаған Қодарыңды маған келтір, Кездеспей кісісіне жүрген шығар.

Баян айтты: —Бір тау ғой кәпір Қодар кім таласар, Тұлғасын көрген адам жаман сасар. Ағеке-ау, тілімді алсаң, көрінбей кет, Кетпестей сүйегіңе таңба басар. Жалынып үш қыз сонда: «Барма,—деді, Тығылып жата бер, осы жарда,—деді. Тығылып үш күн жат та, еліңе қайт, Қозыға бізден белгі ал да»,—деді. Тығылып сол арада үш күн жатты, Аунатып серіктірді Тайкөк атты. Тамағын неше түрлі қыздар тасып, Тынығып рахатқа әбден батты. Алтын тон, күдері белбеу, гауһар жүзік, Берді де тоғыз белгі, жазды хатты. Бір қатын тезек терген сол арада Қыздарды Айбаспенен көріп қапты. Ер Айбас қайтпақ елге бет түзеді, Белгіге тон бастаған тоғыз берді. Тезегін қабындағы төге тастап, Қодарға зыр жүгіріп қатын келді. Бір жігіт жан жетпейді бағасына, Пері ме, періштенің баласы ма? Үш қызбен сөйлескенін көрді көзім Сол анау қалың томар арасында.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Есітіп Бақа айғырмен Қодар салды, «Қайтем» деп қыздан аяп бұ қу жанды. Үш қызбен сөйлесіп тұрғанында Айбасты келе сала ұстай алды. Екеуі жағаласып тартысқанда Аттары шөге түсіп, жатып қалды. Үш қыздың қорыққаннан зәресі ұшты, Қопарып түбірімен шөптің түбін, Жұлқысты әрі-бері екі күшті. Қимылдар өкім-өкім Қодар тіпті, Белінен Қодар қатты қысқанында Айбастың тәлтіректеп зәресі ұшты. Айлалы сұлу Таңсық жүгіріп кеп: Шегістің, батыр Қодар, мұның кім?—деп. Сүйгені қайын бикең сұлу Айдың, Адастың, батыр, тоқта, жолдан тайдың. Сенің жарың Баянмен жұмысы жоқ, Бар қызын қорисың ба Қарабайдың?! Айып бер, ат пен шапан, бажаңызға, Ұстаған жағасынан жазаңызға. Әркімнің өз сүйгені—өзіне әсіл, Қарамайт ол пысқырып Баян қызға. Қодар батыр тоқтады сөзге нанып, Айбастың алатыны айдан анық. Шынында Ай сұлуды алмақ болған, Екеуі келген күні сөз байласып. «Басында неге маған айтпадың?»—деп, Отырды қоя беріп, демін алып. Қодар кетті сол жерде жылқы жаққа, Бажасымен келгесін ынтымаққа. Баян сәлем айтады жылап тұрып, «Қайтем» деп Айбас атқа мінген шақта.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Алмайды Қодар мені, алады жер, Әуре боп, бекер босқа, жүр арам тер. Егерде Қозы Көрпеш келмей қалса, Келер жыл неде болса хабарын бер. Ағеке-ау, шын ғашықпын ініңізге, Қосылар күн туады қашан бізге? Тоғыз жүз, тоғыз белгі сәлемім бар, Тапсырдым екі аманат өзіңізге. Қозының анасына сәлем дерсің, Көзімнің көл боп аққан жасын көрсін. Болғанда Қозы—Айы, мен—Шолпаны, Іздеуге мен сорлыны ұлықсат берсін. Айта бар балталының баласына, Тайлақ би елден асқан данасына. Қозыдан бөтен көрсе, Құдайға шерт, Қозының сәлем дерсің анасына! Сонымен Айбас жүріп кетті. Тәулігіне бір нәр татып, Са­ рыбай ханның ордасына келіп, белін шешті. Онда қыздың сәлемдемелерін бергеннен кейін, Қозы бала жалғыз өзі жүрмек болды. Тайлақ айтты Қозыға: —Баласың көптің ауған ықыласы, Елі-жұрты жоқ кісідей жаңғыз барсаң, Ол—үлкен масқараның масқарасы. Жігіт ал елден таңдап сексен батыр, Жаңғыздық қассыз ердің сыбағасы. Қозы айтты: —Кісі ертпеймін, жаңғыз кетем, Көсем де керек емес, батыр да керек емес. «Алды,—деп,—Қозы біздің арқамызбен», Ертең кеп бәрі желдей еседі де.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР «Жесірін іздеп барып, әпердік»,—деп, Қалмаймын Балталының өсегіне. Шешесі сонда сөйледі: —Қарағым, бұл сапардан қалсаң нетер, Көзіңді мен ғаріпке салсаң нетер. Алсаң да отыз қатын малың жетет, Бір сұлу елден таңдап алсаң нетер? Сол иттен қайтіп жақсы қыз туады, Айбастың айтқан сөзі тіпті, бекер. Баянды еркештейді аты Еркеш, Көп қойды бастайтұғын көсем серкеш. Кептіріп мен сорлыны [қубас етіп] Кетесің кімге тастап, Қозы Көрпеш?! Қозы айтты: —Деуші едім сені шеше, халің азар, Қатты ғып тапқаныңды өзіңнен көр. Баянды мен іздеймін, жата алмаймын, Ұлықсат, ырзалықпен батаңды бер! Бұршақтап жауып тұрса алдымнан оқ, Бет бұрып бұл сапардан қайтарым жоқ, Сұлуын дүниенің жисаң дағы, Көзіме көрінбейді Баяндай боп. Шешесі: —Қарағым, қартайғанда сені көрдім, Дәм тұзды тартқан шығар талай жердің. Жалғызым, қайда болсаң жолың болсын, Ұлықсат, ырзалықпен бата бердім! Қозы айтты: —Баянды көрмесем де болдым құмар, Құмарлы кеуіл шіркін қашан тынар?

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Бөгемей сапарымды, жөнелейін, Ер Айбас, мен мінетін қандай ат бар? Айбас айтты: —Жылқыны аралаушы ем ерте-кешті, Біреуі жүйрік, біреуі жорға десті. Шыққыр көзім шықпаса, мен таныдым, Дейтұғын бір атың бар Күрең бесті. Күреңді әкелдіріп Қозы мінді, Сауыт-сайман, сарамжақ, садақ ілді. «Қош айтысып Қозыға қаламыз»,—деп, Басы Тайлақ би болып ел жиылды. Қозы айтты: —Батагөй есіркеуші сенсің, бабам, «Тоқтатам сапарыңды» дей көрмеңіз, Кеуілің құлдық, ата, қалар маған.

Тайлақ айтты: —Қарағым, шыдай алмай келдім еріп, Мен келдім қалайын деп сені көріп. Мен бөтен Балталыдан санамаймын, Айбасты ерт, тым болмаса ақылсерік. Қайтейін, тіл алмадың амал бар ма? Қаламын қош айтысып, бата беріп! Қозы айтты: —Жиналған елі-жұртым, кәрі-жасым, «Кісі ерт» деп, қинап мені, неғыласың. Ешкімді ортақ қылмай жаңғыз тартам, Тағдырдың жақсы-жаман сыбағасын. Елі-жұртым, ере бермей, ал тоқтай қал, Артымда қалды менің сансыз көп мал.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тапсырдым бір өзіңе, Тайлақ биім, Сол малды өз қолыңа түгелдеп ал. Қылмас ем өз басымды ешбір арман, Шешеме туар екен қандай зауал? Деп Қозы қатуланды қайраттанып, Күреңді қамшыменен жанып, жанып. Жер сүзіп, күрең тұлпар желді алып, ......................................................... Лашын түсі керік мұздай сұрғылт, Жарасып сауыт-сайман, сарамжағы. Артына бір қарамай кеткеннен соң, Ханымның сонда тұрып зарлағаны. —Тиянақ, алданышым, жалғыз балам, Қурады, өшті шырақ—менің панам. Күн батпай, таң атпайды қасіретпен, Артыңда сарғаяды қассыз анаң. Кетем бе қызығыңды анық көрмей, Жан шіркін неткен берік, тұрсың өлмей! Жасымда алты қатын үстіне кеп, Бар ма екен қайғы тартқан, сірә, мендей?! Топырақ жаңғызымнан бұйырмады, Тастап кеттің өлмей-ақ, тірі көмбей. Ер Қозы айналмады, жүріп кетті, Алдында ақ белеңге барып жетті. Қозыны жіберуге көзі қимай, Жүгіртіп батыр Айбас жетіп кепті. Қозы айтты: —Ей, Айбас, мен ініңмін, сенсің ағам, Басқадан артық сенің маған бағаң. Артымда қалың жұртым, шешем қалды, Тапсырдым бір аманат, батыр, саған! Айбас айтты: —Бұл елге батыр Тайлақ, би емес пе, Бәрі де мал басыңа ие емес пе?

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жерім ғой көріп келген тура бастап, Барғаным саған еріп, сый емес пе? Қозы айтты: —Ей, Айбас, осы сөзді не деп айттың, Мен үшін Баян қызды көріп қайттың?!

Айбас айтты: —Ендеше жүретұғын жолың былай, Оңғарсын сапарыңды патша Құдай. Ғашықпын мен де өзіңдей, амал бар ма, Сәлем де Ай сұлуға дұғай-дұғай. Айсұлу жүрген шығар күл-күл жайнап, Қайтейін кеттің, Қозы, жіпсіз байлап. «Жетпеді уәдеміз» дей көрмесін, [Әрдәйім ғашығымды жүрмін ойлап.] Танбаймын, мен иемін өз сөзіме, Егер де шыдамаса, кінә өзіне. Тірі болсам, келер жыл мен барамын, Жетіліп Көк жеткенсін ат кезіне. Ер Қозы айналмады жүріп кетті, Алдында сар белеске барып жетті. Болмаса ашықлық па қайта ойлатқан, Артынан батыр Айбас жетіп кепті. Ей, Қозы, мен ағаңмын, сенсің інім, Басқадан артық маған бағаң сенің. Артыңда қалың жұртың, шешең қалды, Қанеки, айтшы жайлап дұғай сәлем. Суыққа Қозы Көрпеш салды бетті, «Қажыттың қайта сөйлеп мені,—депті.— Шешем мен елі-жұртым сұрай қойса, Дегейсің барса—келмес жерге кетті».

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ер Қозы айналмады жүріп кетті, Бірталай жүре-жүре күні көшті, Бетпақ шөл, меңіреу дала, шөлді кешті Қиусыз көп сандалды, ел табалмай, «Мол шөлі Айбас айтқан болды» десті. Жүре-жүре бірталай күні көшті, Бетпақ шөл, меңіреу дала, шөлді кешті. Арықтап күрең аты болдырғасын, Басына ғаріпшілік сонда түсті. Ер Қозы кейде аяңдап, кейде желіп, Қопаға арық атпен зорға жетті. Жүгенін, ер-тоқымын сыпырып ап, Сол жерде күрең атты қоя берді. Ер Қозы аң атуға асқан шебер, Өзінің қайратына әбден сенер. Ер Қозы аң атып жеп, қорек етті, Қопаға келгеніне бір ай жетті. Бір ай оттап, Күрең ат көбеңдепті, Жүруге енді он күн жарар депті. Қопаның Қозы жатқан жиегіне Қытайдан қайтқан қалың керуен кепті. Керуенді көргеннен соң Қозы барды, Ішінде бір адам бар ақсақалды. Қозының аты менен түрін көріп, Шақырып әлгі ақсақал қасына алды. Ақсақал адам екен керуенбасы, Қозыға ауып кетті ықыласы. «Қалайша жаңғыз жүрген жас бала» деп, Сескенді жанындағы көп жолдасы. —Арығаны болмаса атың—тұлпар, Хан ұлына ылайық—өзің сұңқар. Жаңғыз бүйтіп қаңғырар жан емессің, Қарағым, жасырмай айт, не сырың бар?

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Айтады Қозы Көрпеш жайдың бәрін, Баяндай іздеп жүрген ашық жарын. Ақсақал ынтысымен отыр тыңдап, Айтады Қозы Көрпеш әмде жайлап. Ақсақал Қозыға тым ықыласты, Кім жатырқар сол сықылды уыз жасты. «Қозыны іні қылам» деп малын сойып, Екеуі жапан дүзде құшақтасты. Ақсақал айтты сонда: «Бақ сөзіме, Егер де тыңдамасаң, кінә өзіңе. Дос емес жанның бәрі саған мендей, Көрінбе бұл түріңмен ел көзіне. Берейін жаман киім, таздың кебін, Барғанда ел шетіне соны киін. Әрі қожа, молламын дуам күшті, Қарағым, қысылғанда маған сыйын. Көрмейсің мұнан былай мехнатты, «Табасың ашығыңды» деп жұбатты. Дейтұғын Қара Қожа қожаң менмін, Айтқаны келетұғын кәрәматті. Арыстандай айбатты, отты жүрек, «Ашу—дұшпан, ақыл—дос» деген, сірә, Бойыңды ақылменен жеңу керек. Бір нәрсе сұраймын, берсең қашпай, Қанішер боп қолыңды былғай көрме, Ашу үсті достыңа ақылдаспай». Айрылды, он бес күндік азық берді, Күйтіне күрең ат та әбден келді. Басына Сандықтастың шығып тұрып, Отырған Аягөзде елді көрді. Бір жерде Қозы бала аттан түсті, Бар киімін қоржынға қаптап салды.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қожа берген қой жүні қоңыр пөстек, Басына таздың кебін киіп алды. Қуанып ел көргесін таз келеді, Құбылып тазша болып өзгереді. Құлдилап Аягөзде келе жатса, Бір тазға қойды жайған кез келеді. Қой жайған, Қозы бала, тазға келіп, Таз келіп, таз қойшыға сәлем берді. —Бұл қойың, кімнің қойы, қой жайған таз, Айта бер елдің жөнін бізге?—дейді. Аласа тапал бойлы кәрі тазша, Сұрайды айранымды депті ойы. Теріс қарап, қыңыртықтап жауап берді: —Қайырсыз хан Қарабайдың қойы.

Қозы айтты: —Кеселді таз мінезі емес майда, Болады желікпелі осындайда. Қайырсыз хан Қарабай қойы болса, Байыңның тура сілте, аулы қайда? Шал айтты: —Басыңды сенің жеген құрт мен емес, Шаш шығар басымызға құрсақ кеңес. Үш барып кешке шейін, үш келесің, Ауылы осы арада ұзақ емес. Қозы айтты: —Өсіпті самай шашың ешкім алмай, Сіркесі тізіліп тұр таңдай-таңдай. Екі таз аулақ жерде сырласалық, Бойжеткен Қарабайдың қызы қандай? Шал айтты: —Антұрған таз, тобаңнан жаңыласың, Қой жүні пөстегіңді жамыласың.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жалатпас қыздар саған табанын да, Қышылын сұм тазшаның не қыласың? Қозы айтты: —Келеді, міне, осындай малшы деген, «Бастасын» деп сыр сұрап ем, тазша, сенен. Бермеймін мен кеулімді байлығына, Садақа қызы қабат малыменен.

Шал айтты: —Алдама, сендей тантық көргенім жоқ, Соларға пар келе ме сендей шартық. Салтанат, киген киім, жүрісі анау, Сені мен сонда дағы менен артық. Қозы айтты: —Сұлу деп естіледі әруағы, Артық та артық болса, менен бағы. Баласы мен де адамның [солар құрлы] Қызы бар қандай-қандай сонда дағы?

Шал айтты: —Сұрасаң қыздың жайын, тазша бала, Екі қыз Ай мен Таңсық—ол бір дана. Қыпша-ай бел, алма мойын, алтын жүзді, Олардан Баян сұлу жеке қара. Қозы айтты: —Біз түстік әңгіменің ұзын сарын, Бар шығар теңлес кісі біреу-жарым. Малшылар бай қызымен сырлас келер, Көрдің бе кіріп шыққан тамырларын? Шал айтты: —Бар екен сен тазшада бір шағым қу, Бетіңнен ашық оты шықты ду-ду. ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тоқсан құл Қодар менен сере бойдақ, Бәрін де бір сұлулық қойды байлап. Баянға алмақ түгіл, сөйлескен жоқ, Күлмейді езу тартып, Баян ойнап.

Қозы айтты: —Байғұс шал, жас күніңнен болдың малшы, Ашиды жаным саған тілімді алшы. Жетерлік өміріңе пұл берейін, Қойыңды мен жаяйын, кетіп қалшы.

Шал айтты: —Мен үшін қойды жайсаң егер, балам, Қорлықпен сөнді менің жігер санам. Тәшкенді пұлым болса, табар едім, Көрінбей кетер еді бұл таз ағаң. Ер Қозы барлық сырын айтты шалға, «Бұл сырды айтпа,—дейді,—тірі жанға». Үстіне хан Қарабай келіп түсті Екеуі ақылдасып отқанында. Қойшыны келе сала шақырады, «Қой жаймай отырсың»,—деп ақырады. Қамшымен тарсылдатып сорлы тазды, Мейлінше қиянаттап бақырады. Қамшысын тазша бала ұстай апты, Қарабай Аққайыңмен омыраулатты. Ұстап ап, шоқтығынан басып қалса, Аққайың шөге түсіп, жатып қапты. Қорықты Қарабайдың өңі қашып, Атынан түсе қалды асып-сасып. Түсті ме, қорықты ма, әлде ойына, Тазшамен жөнге келді, сөз сұрасып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Тазша айтты: «Осы шалдың баласы ем, Әдейі әкемді іздеп, мен шығып ем. Ұлықсат болса әкемді қайтарамын, Орнына енді қойды жаямын мен».

Қарабай айтты: —Келіпсің, балам, жүріп бірталай жер, Қартайған сұмырай әкең, кімге дәркер. Өзі де қой баға алмай қалжырап жүр, Ұлықсат бердім, енді қайтара бер. Соны айтып, хан Қарабай қайтып кетті, Қызы мен қатынына айтып кепті. «Жарайтын не керекке қайраты мол, Шал тазшаға жас тазша таптым» депті. Қозының бұл жұмысы оңға кепті, Табады ақылменен бұл себепті. Қойнына сары алтынды толтырып ап, Шал тазша Тәшкен тартып, жүріп кетті. Ер Қозы барлық сырды шалдан ұқты, Ер Қозы өз ісіне өзі мықты. «Тазшаны жаңа келген көреміз»,—деп, Алдынан қой қайтқансын үш қыз шықты. Баянды Еркеш дейді еркелетіп, Кигені кәмшат бөрік, күміс етік. «Үш қызды көреміз» деп тазша бала, Алдынан қоя берді мөлтілдетіп. Тазша айтты: —Шал емес күндегідей, мен—жас тазша, Болмайды қыздың жолы менен қашса. Тасқан су шарасынан асқан емес, Кетпейді таудан асып, талдан асса.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Қыздар айтты: —Шал емес күндегідей, сен—жас тазша, Құдыққа дәрет етер құлдар тасса. Тұншығып, сорлы тазым, өліп қалма, Ұстап ап «түйе бас» қып қыздар басса. Тазша айтты: —Байқап бас маған қарап аяғыңды, Тұншықтыр Қодар, тоқсан саяғыңды. Дәнігіп құл-құтаннан жүр шығарсың, Есіңе бір салармын баяғыңды. Қыздар айтты: —Таз емес, таз мінезі ерен екен, Өз мінін сұмырай тазым көре ме екен? «Теп-тегіс елдің бәрін құл-құтан» деп, Құл емей, қой жайған таз, төре ме екен!

Тазша айтты: —Бойымда талдай мін жоқ көретұғын, Соңымнан сендей қыздар еретұғын. Сыртым тазша болғанмен, ішім дана, Қасиетім бар, қыздар, жақсы көретұғын. Мен көрдім қарағатқан аққу құсты, Ұша алмай ащы теңіз көлге түсті. «Тоятқа сол аққуды ілемін» деп, Алыстан бір күшіген тілеп ұшыпты. Баян айтты: —Көргенің ақ құтан ғой, аққу емес, Көрінген көл бетінде көзге елес. Тояты күшігеннің—тышқан, жемтік, Күшіген, сірә, аққуды ілем демес. ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Жақсыны жаман күндеп, табалайды, Ақылдың жан шамасын шамалайды. Түс көрдім өткен күні жоры, тазым, Сол көлді бір ақ сұңқар жағалайды.

Қозы айтты: —Баян қыз, сен ортаға шыққан шынар, Бәрі де Қодар, тоқсан саған құмар. Сол көлді бір ақ сұңқар жағаласа, Еркешім, сені алатын күйеу шығар. Соны айтты, хан Қарабай айқай салды: —Қотанға әкеп йір, тазша, малды. Күреңмен қой қайтарып, желіп жүріп, Шырқатып, тазша бала әнге салды. «Күркілдейт кәрі бура тісін қайрап, Қотанға кәрі інгенді қойдым байлап. Матауда қос құнанша босана алмай, Боздайды арқандаулы ақ нартайлақ. Ауылды бақа менен шаян басты, Шошқаға тоқсан дөнен қабан басшы. Болғанда шошқа-қабан, бақа-шаян, Былығып ылғи нажас араласты. —Тазшаның,—Таңсық айтты,—кесел сөзі, Өтеді өңменімнен екі көзі. «Таз болмас тегін кісі» дегендейін, Таз емес, тіпті, тегін таздың өзі. Оспадарсыз Қарабайдың сөзі ерсі: —Қайдасың, ойбай, Таңсық, бері келші. Өлеңмен сұм тазшаның айтқаны не? Шешуін сол сөзінің шешіп берші. Тыңдамас хан Қарабай ылди-өрді, Қыс өтсе, таяғымен ұрар жерді. 15-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Мазасын «айтшы, айтшы» деп кетіргесін, Таңсық қыз Қарабайға айтып берді: —«Бура» деп, кессең тілін, өзіңді айтты, Байлаулы інген—бәйбішең шынын айтты. Матауда қос құнанша—Таңсық бен Ай, Арқандаулы нартайлақ—жалғыз қызың. Тоқсан мың бақа шаян бұларды айтты, Тоқсан сал—тоқсан шошқа бұларды айтты. Күйеуің су иесі Сүлеймендей, «Қабан» деп қорсылдаған соларды айтты.

Қарабай айтты: —Не дейді, тоба Құдай, әстаупіралла, Қарақтарым, малды бақсын, тазшаны алда. Сөзінің не десе де, керегі жоқ, Болады, жайлы болса, маған, малға. Соны айтты, тазша батыр үйге келді, Күндегі тазшадай-ақ күйбеңдейді. Сайманын босағаға іліп жатыр, Бір табақ өкпе салып қойды алдына, Күндегі өкпе жейтін тазша пақыр. Тазша айтты: —Қарабай, мыңмен жарлы сансыз малды, Өкпеден басқа тамақ қайда қалды? Мен өкпеңді жейтұғын кісі емес,—деп, Табағын қойып жерге, екі жарды. Қарабай айтты: —Біреу бай, біреу жарлы күндемелік, Дананың қылған ісін міндемелік. Басымды табақ түгіл, жарса дағы, Кетеді малды бақпай, үндемелік.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Үндемей үйден тазша шығып кетті, Күреңді мықты арқанмен арқандапты. «Ұйқымды бір қандырып алайын» деп, Қалың қойдың шетіне барып жатты. Алаңсыз ұйықтап қалды, тіпті қатты, Қойнында еді көрсетпей буып алған Ақ семсері алтын шеге, гауһар сапты. «Сол үш қыз келген екен байқайын» деп, Бір нәрсе кеудесінде жарқырапты. Келіп көрсе, сабы екен семсерінің, Семсерге сонда үш қыз таңырқапты. «Бұл семсер тазға ылайық семсер емес, Мұнда бір сыр бар екен кәрәмат-ты». Үшеуі тұрып, тұрып қайтып кетті, Тазшаны оятуға бата алмапты. Енді үш қыз үйге келіп, ақылдасты, Бірі ол, бірі бұл деп көп таласты. Біле алмай қорқарын да, қуанарын да, Тазшаның салауаты мықтап басты. Ерте тұрып ерттеді Күрең атты, Ер салып, Күреңіне мініп апты. Таңдағы бозторғайға дауыс қосып, Шырқатып тазша бала, әр шырқапты. Сыбызғының сырындай нәзік әнді, Тамылжытып, қалқытып, сорғалатты. Ауылдағы кәрі-жас бәрі оянып, Таңертеңгі ашылды ұйқы тәтті. Таң жырымен қосылып салған әні Үш қыздың сай сүйегін сырқыратты. Тазшаның сонда мынау айтқан сөзі, Бір нұсқа белгісіндей ишаратты: —Таң атпай мен мінемін Күреңіме, Жетем бе, жетпеймін бе тілегіме. Кім білсін, әлде қастым, әлде достым, От салған шақпақ салып жүрегіме.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тоғызы кем толтырып бірдің орнын, Сегіз-ақ сан қалды деп күледі ме? Баян айтты: «Не болды, сендер, түйіп, Өне бойым барады қызып, күйіп. Білмеймін қорқыныш па, қуаныш па, Жүрегім кеудеме тұр әзер сыйып. Тазшаның даусы маған әсер беріп, Сай сүйегім сырқырап кетті еріп. Біліңдер кім де болса тазша жайын, Түсте әкеп қой жусатар қалың [шілік]». Аунасын деп жіберді Күрең атты, Жатты да шалқасынан бір саяға, Былай деп тазша өлеңді қоңырлатты: —Мен кіммін, мен—хан ұлы мінген таққа, Бөленген мәнсап, сыйлық, дәулет, баққа. Күмістен босағасы ақ ордада Жатушы ем, үрлеп ішіп, рахатта. Рахат дегенімнің бәрі—өкініш, Былғанып жатыр екенмін қиянатқа. Сол елдің мен бастадым айт пен тойын, Мен барсам, тіке тұрып, қол қусырып сояр қойын. Бозбала, қыз-келіншек жинап алып, Болғанда күндіз жарыс, түнде ойын. Төрт түлік түгелдеусіз менің малым, Лықылдап алып жатқан өлке бойын. Жол сауда қыпша сұлу талай құштар, Ай жүзді, ақша маңдай, жұпар қойын. Қолға алып жалаң найза шаптым жауға, Олжалап жанға талай бердім сауға. Ел шауып, еге болып, кісі өлтірсе, Төрелік беріп едім талай дауға. Әкемнен жас қалыппын, алған тілеп, Артымда кәрі шешем қалды-ау жүдеп.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Алда аға, артта іні болмаса да, Азулы [керік] міндім айға сермеп. Бәрін де сол өмірдің талақ етіп, Туған ел, туған, өскен жерден кетіп. Сүйгенім ақ Баянды іздеп келіп, Қойшы боп қоржын салдым, шарық мініп. Батагөй тілін алмай Тайлақ бидің, Өзгені қой, шешемді нағып қидым! Сен үшін Қарабайдың қойын жайып, Тазшаның сау басыма кебін кидім. Мен ырза сені іздеп келгеніме, «Келсін» деп сен белгіні бергеніңе. Мехнат, көрген қызық бәрі де ұмыт, Тұрмайды жүзіңді бір көргеніме. Алыстан лебің мені алды тартып, Қозғадың хан тағымнан жатқан шалқып. Мен саған аяғымнан бара алмаймын, Берсем де тіршілікте мүлде сарқып. Ырза боп бір көргеннен ашық жарын, Нұрына өлең айтып, жатыр балқып. Сен үшін өлсем дағы арман емес, Жана да сүйгенім жоқ сенен артық. Барған қыз сөзін тыңдап, ұғып алды, Ауылға көрінбестен қайта салды. Домбалдай екі көзі көп жылапты, Баян қыз көргеннен соң, шошып қапты. —Білдің бе, кім екенін тазша жайын, Жүрегім от боп күйді, барған сайын?! Әлде бір жаман хабар есіттің бе, Жылайсың неге мұнша, айналайын?! —Барып ем, қоя берді тазша зарлап, Сөзінің бір ұштығын Баянға арнап.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Зарына шыдай алмай, кеулім босап, Сол жерде жаттым тыңдап, сөзін барлап. Сол тазша сар далада көп сөйледі, «Баянға мен де ғашық» деп сөйледі. «Қалды,—деп,—малы құрсын, кәрі шешем», Өзінің қамын тағы жеп сөйледі. «Балталы, бағаналы елім,—деді, Тайлақ би ел меңгерген бегім,—деді. Қалды деп малы құрсын, кәрі шешем», Тазшаның соны айтып егілгені. «Өтірік сөз, айтпаймын, жалған,—деді, Баянға аяғымнан барман,—деді. Жана да сүйгенім жоқ одан артық, Көрмеймін өлсем дағы арман»,—деді.

Баян айтты: —Уәделі күні еді келер деген, Мен үшін Қозы ма екен қайғы жеген. «Мен сендерге кеше айттым тек емес» деп, Жүрек сорлы білгеннен дүпілдеген. Қыз Баян осы таздан үміт етті, Бір үміт көз алдында елестепті. Лайық торқа киіп үлде-мүлде, Алдынан қой қайтқансын үш қыз кепті. Баян айтты: —Емессің кешегідей бүгін, тазша, Сөйлеселік, азырақ кеңес баста. Кереметің бар екен білдік, тазым, Қыздың жолы болмайды, сенен қашса. Қозы айтты: —Қыз Баян, үкі тақтың желегіңе, Ойыңның салып тапшы тереңіне.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Мырзаға Қодар сынды қол артқанда, Тазшаның мен сықылды керегі не? Баян айтты: —Қой жайып Аякөзді өрледің бе, Көп ішіп қорықтығың терледің бе? Кешегі өзіңізге жортқан түс— Далада ақсұңқарды көрмедің бе? Қозы айтты: —Тұяғы ол сұңқардың полат тағы, Тұғыры маңайына жолатпады. Алыстан тілеп, ұшып келген сұңқар Түнде кеп қой ішіне қонақтады. Баян айтты: —Сұңқардың жалғыз ұшқан сияғы не? Сөзіңнің басын ұқтым, аяғы не? «Есіңе бір салармын» демеп пе едің, Саласың қашан еске баяғыны?

Қозы айтты: —Наныңдар тура жолдан таймасыма, Қастықпен ешкімге көр қазбасыма. Есіңе сонда салам баяғыны, Қашанда шаш шыққанда таз басыма. Бір келіп шолып қайтқан тастүлегі, Бұл келген жас балапан жас тілегі. Тұғырға қонбақ түгіл, жоламайды, Күшіген кетсе, саңғып қаскүнемі. Соны айтып, тазша батыр үйге келді, Бәйбіше «көтен, мойын қойдым» депті. Мойынын көтенімен итке тастап, Үндемей үйден тазша шығып кетті.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бәйбіше айтты: —Мінезі бұл тазшаның тіпті жаман, Бәрі де малшылардың өкпе жейді, Бұған мен жал-жаяны қайдан табам? Күреңді байлады да қазығына, Тәңірім сақтасын деп жазығынан. Қораның шетіне кеп жатып алды, Өзінің жеді дағы азығынан. Ер Қозы Баян үшін меһнат шекті, «Сездірмейік еш адамға, қыздар» депті. Теп-тегіс елдің бәрі ұйықтағасын, Қасына Қозыкеңнің үш қыз кепті.

Қыздар айтты: —Келіп ек сізді ұйқыда мықты ма деп, Сөзімді әлде теріс ұқты ма деп. Бастаймын баяғыны деп едіңіз, [Біз келдік] басыңызға шаш шықты ма деп. Көтеріп Қозы сонда алды басын, Баянға шын аударған шын ықыласын. Басынан таздың кебін алып тастап, —Мінекей, шықты деді менің шашым. Көтеріп қолтығынан отауға әкеп, Болғансын неше түрлі тамағын жеп. Ай, Таңсық екеуіне төсек салып, Жатқызды «қосағыңмен қоса ағар» деп. Жібектей күлтеленген таңдайланып, Баянның нұры тасты гүл-гүл жанып. Полатпен ......... қайнағандай, Қосылды, екі ашық мейірі қанып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Баян айтты: —Келіпсін, жалғыз саяқ, Қоңыр күз, қыс та болса, қалды таяп. Көрерсің неде болса, жаз шыққансын, Жүре бер, қойды жай да, арланбай-ақ. Баянның құмары асты күн-күн сайын, Қозының не керегі бәрі дайын. Баян мен Қозы Көрпеш жата тұрсын, Айтайық біз Қодардың біраз жайын. Бір күні жылқы жақтан Қодар кепті, Қарабай күйеуіне әмір етті. «Тойынсын жаздай сауған жабағылар, Биеден байланбаған байла»,—депті. Жылқыдан жүз биені бөліп алды, Сол күні тазша бармай қойдан қалды. Жылқыны Бақа айғырмен жинап келіп, «Тоқпақ, құрық, желі»,—деп айқай салды. Қарабай тазшасына әмір етті, Ноқтаны желі менен алып кетті. «Тоқпақты құрық пенен апар», десе, «Олардың керегі жоқ, маған»,—депті.

Қодар айтты: —Ақымақ, жаман тазша, Басыңды жұлып алып, қазық қақса. Құрықты, тоқпақ пенен әкелмедің, Ұстарсың сирағынан құлын қашса. Үш қыз бен хан Қарабай қарап тұрды, Қодар да Бақа айғырдың мойнын бұрды. Қалғанда тізесімен бір-бір басып, Қазығы ұңғысынан жерге кірді.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Тазша айтты: —Қодар-ау, сіз—байбатша, Баян—жарың, Тазшаңда білмейсің бе, қайрат барын? Сүйретіп сирағынан желіге әкеп, Байлады ылғи асау құлындарын. Қодар батыр [сол кезде] мазаттанып, Қарық-қарық күліп қақты арқасынан. «Жарайды серіктіктікке осы тазша, Ұстайды сирағынан құлын қашса, Тұрмайды бір керекке сенен басқа». Аякөзде жатады жылқы байлап, Көрінгенмен жүреді Қодар ойнап...* (Аяғы жоқ)

  • Қолжазбадағы жыр мәтіні бітпей қалған.

Шебер тіл ғой шешетін сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. «Мың соққан» деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сыйғандай жер менен көк. Көрші-қоңсы, күң менен құлдарына Тамшыдай тамызатын рақымы жоқ. Жүзінен бір кетпеген кесір сызы, Қуаныштың түспеген өмірі ізі. Айтады «ағасының қызы еді» деп, Ай, Таңсық—асыранды екі қызы. Тай-тайлағы таңбасыз, тоқтысы енсіз, Қойы сансыз, жылқысы түгендеусіз. Боранда қасқарып қой бастайтын Мың серке жамалы аппақ, меңсіз. Аю шаш, қызыл өңеш, теке ерін, Ақбас бура бастайтын түйелерін. Қарабайдан басқаны аралатпас, Бақташы сыртынан шолыр жатқан жерін. Қозы Көрпеш—Баян сұлу (Мұқыш Нукин нұсқасы)

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Мінбей жарап Бақа айғыр жазы-қысы, Соңынан шұбыратын бар жылқысы. Жаз самалға, бастайтын қыс тебінге, Жылқы бетін бұрмайтын жылқышысы. Оның түбін сұрасаң түрікпен-ді, Түрікпеннен Қарабай үріккен-ді. Қарабайға қолшоқпар төлеңгіт болып, Елден шыққан не бұзық іріктелді. Болымсыз бір сөз үшін жанжалдасып, Қарабай қыңыр болып, ауа қашып. Балталы, бағаналы елін тапты, Дария өтіп, шөл кезіп, таулар асып. Тайлақ би Балталыға қадірлі би, «Сыйға-сый,—деген дейін,—тигенге ти» Жүз кісі ертіп келеді Қарабайға, Ерулік тарту алып, тоғыз бен сый. Бермепті Тайлақ биге қонақасы, Малқорда, ақмақ бай шірінді мый. Ел-жұрты намыстанып, бек айтады: —Көшірейік, он бір сан халқыңды, жи. Би сонда қасындағы көпке айтады: —Оларың дұрыс емес, сөзіңді тый. Кеткенің тұлпар болса, құйрығын кес, Келгенін қошеметтеп, қойыңды сой. Жөншілікпен ол саған алдырмайды, Ебін тауып тамағын мақтамен қи. Қанды судай көрмейтін жаңғыз ұрттам, Сараңдықпен, ел ақтап жерді құртқан. Секілді боқ аунатқан, ол бір қоңыз, Мал үшін кезіп жүрген ел мен жұрттан. Сарыбай хан боп өткен Ормамбетке, Намысын бермейтұғын елдің шетке. Бала үшін екі қатын алса дағы, Зар болып жүруші еді бір перзентке.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Бір жынды «Сарыбай қубас» десті, Қысқа кекті, ағайын, ұзыннан өшті. «Қубас» деген сөзге шыдай алмай, Елімен өкпелесіп о да көшті. «Тоқта» десе, еліне тоқтамапты, Хан мінезі—әдеті өте қатты. Үдеріп күн-түн қатып, көшіп келіп, Бұ дағы Балталының елін тапты. Сән-салтанат сайманы елден артық, Отыз нарға келіпті жамбы артып. Шұрайлы жақсы жерден қоныс алды, Тоғыз қылып, Тайлақ биге тарту тартып. Үйіне бос қайтпады келген адам, Біреуі ат мінсе, біреуі киіп шапан. Би мен бектің толған соң көмейлері, Ел болып Сарыбайды хан сайлаған. Қарабайдың елімен жоқ қатынасы, Қалайда пайда табу ықыласы. Бір күні ерте тұрып, аңға кетті, Дәл сонда жетпіс бірге келген жасы. Сақалы белуардан, аппақ шашты, Ер қара, денелі түнек қасты. Көз сүйегі ордай еңірейген, Мұрыны елестетер қолағашты. Төрт аяқты жылқының тұрпаттысы, Аққайыңмен келіп бір белден асты. Кәрі аңшыны көрген соң түсі суық, Бұғып жатқан бір марал тұра қашты. Ат үстінен тартқанда кәрі күшті, Қос қанатты саржа оғы зырлап ұшты. Дәл тимей осы жолы атқан оғы, Маралдан әнеғұрым асып түсті.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Марал түгіл аюды атып көрген, Айнымайтын нысана алған жерден. Садағын ашуланып екі бөлді, Оғы шығын болмайтын кәрі мерген. Шықпады қиын құждан марал қашты, Қиын құж аралады ну ағашты. Марал да, өзі де әбден діңкеледі, Күн батты, әбден қарны да ашты. Жазығы жоқ маралмен болды кекті, Тар түбекке күн батты, марал кетті. «Жерге кірсең алам,—деп,—ертең сені», Қаңтарып Аққайыңды жата кетті. Себеп туса себептен не болмақшы, Себеппенен балқытар қара тасты. Себебінен бүлінер рулы аймақ, Себепсіз тілек, сыртқа шықпай жайнап. Себеппен батырдың туы құлап, Себеппен бақыт қонып, бақыт таймақ. Сарыбайдың себепкер ажалына Оқиғасын айтайын, себепке айғақ. Керқызыл мен ханымның бозжорға атын Кермеге қоюшы еді түнде байлап. Себеп болар сараңның бермесіне, Себеп кейде жаңылтар ерді есінен. Ханымның бозжорға атын мәпелеген, Түнде жарып кетіпті кермесінен. «Тоспадан тосамын» деп Сарыбай хан Керқызылмен жөнелді сарғая таң. Қарай-қарай іздерді аңғарады, Жасынан шебер еді аулауға аң. Керқызыл емен болып алған жарап, Жарасымды ер тұрман қару-жарақ.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Соны жерден із кесіп келе жатты, Сайға үңіліп, бұтаны тесе қарап. Өшігіп қорқау еді көздегені, Басқа аңдарды атпады, кез кеп еді. Ханың тауды қақ жарып келе жатып, Біреуге ат қаңтарған кез келеді. Ат алдынан Қарабай атып тұрып, Үндемей қала берді, ол қырсығып. Ақсақалды адамды көрген соң, Сарыбай сәлем берді қол қусырып. Сарыбай ақылды еді талғамы кең, Қарабайға қайратқа келмейді тең. Көрместен сыртынан істі түген, Сарыбай Қарабайдан сұрайды жөн. —Ер адамға өзімді баламаймын, Дәулетке елден озған дарадаймын. Жетпіс бес жасқа келгенше баласы жоқ, Сең соққандай сандалған Қарабаймын. Көлдей толқып жатса да зұлымдығы, Сыртына шығармайтын сырға мығым. Әдісін, ауамалын Хақпен қылған, Сен кімсің сырты жылы, іші жылым? —Бет алдың сеңгір таудың қамсағындай, Ызғарың қатты қыстың қаңтарындай. Алпыс жасқа келгенше баласы жоқ, Менде өзіңдей сенделген хан Сарыбай. Екеуміз де бірталай жасқа жеттік, Перзент тілеп, Тәңірге зарлық еттік. Бір қайғыға ортақтас жан екенбіз, Ендеше, дос болайық қияметтік.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Ақ пейіл адамдай, желдей есіп, Ботасын мойнына салып, белін шешіп. Екеуі аттан түсіп құшақтасты, Жаны бір, малы ортақ дос болдық десіп. —Достық кімге ауады сынасалық, Орынсыз өкпелеспей кінә салып. Ұл туып, қыз туатын заман болса, Қалыңмалсыз беруге шыдасалық. Бала үшін бетті жаспен жусам дағы, Дәулет құсым аспанға бір самғады. Бала десе, аңшыдай айламенен Белімді қанша қатты бусам дағы. Сол қайғымен кетіп ем, алға шығып, Босаңсып қанша қатты тусам дағы. Таң сәріден кездескен бір маралды Ала алмадым күн ұзын қусам дағы. Ат шаба алмай дүниемнің ауырынан, Сыртыма терім шықты жауырынымнан. Түн аударып, таң-кешім қажымаушы ем, Тұрғандай болдым сүзек аурудан. Тәулік шапсам, қолтығы бусанбайтын, Тер шықты Аққайыңның сауырынан. Шапқанда шашасына шаң жұқпайтын, Шаң түгіл, сорасы ақты бауырынан. Дос болдым, қонысы бір әрі көрші, Достықпен айтқан сөзді көрме ерсі. Бұл маралдың ызасы әбден өтті, Мерген болсаң, осыны атып берші. —Шын дос болсаң, Қареке, ердім саған, Жас жеткенмен түскен жоқ, көзге таған. Бұйрықты аңды кездескен құтқармаушы едім, Мылтығым ұрындыдан көрсет маған.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ —Тар түбек алдындағы шатқал арал, Атқанда оғың тис, мейірің қанар. Қашып кетіп жүрмесін, көріп қойып, Аңдап барсаң, алдыңда жатар марал. —Маралдың жатқан жері қалың томар, Жүректен дәл байласаң, оғың соғар. Маралың буаз екен ата алмаймын, Әйелім екіқабат, кесел болар. —Аң жаралған адамның пайдасына, Біреу атып, біреуге байласуға. Обалын мен тартайын, қорғанбай ат, Көріне тисін менің қай басыма. Қынжылып мылтығының оғын салды, Көтеріп нысанаға бетін алды. Жүректен дәлдеп байлап тартқанында, Кетсін бе, ұрындыдан құлап қалды. Араны үлкен Қарабай, пейілі тар-ды, Аранға қиған құрбан ұят-арды. Адамнан аң болып туған хан Қарабай, Маралдың жаны шықпай, ішін жарды. Ішінен егіз бұзау тулап түсті, Сарыбайдың көргенде зәресі ұшты. Ажарлы ақсақалын қанға бояп, Маралдың жылы қанын тойғанша ішті. Қан ішіп, хан Қарабай көңілденді, Екі беті албырап, өңі де енді. «Неге отырып қалдың?» деп орныңда, Қасына Сарыбайдың қайтып келді. —Маралың құрып қалсын, айтпа жоқты, Сені қимай шығардым, маралға оқты. Қатал едің, далаға тастап кетпе, Мен өлемін, киесі мені соқты. 16-0223

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Соны айтып, хан Сарыбай жан тапсырды, Қасында хан Қарабай біраз тұрды. «Өліміңе болайын»,—деді дағы, Досының кеудесіне тас бастырды. Қарабайдың қарасаң, қара ниетін, Шіркіннің шіркеу шалмас, сірә, бетін. Досының өлгеніне қуанды ол, «Өзім, жалғыз алам» деп марал етін. Достықты айтып еді өзі бастап, Пейілі тар мейірімсіз, мінезі сондай асқақ. Егіз лақ [пен] маралды теңдеп алып, Достысын жапан түзге кетті тастап. Қарабай бұл мінезін не сән көреді, Өзіне-өзі ақылды бір тәуір жан көреді. Шырышты төмен қуалап келе жатып, Алдында будақтаған шаң көреді. Сарыбай мергендікпен маралды атқан, Маралға ант Қарабай дінін сатқан. Ханымы Сарыбайдың буаз екен, Босанып аман-есен бір ұл тапқан. «Сүйінші Сарыбайдан аламыз» деп, Сол ауылдың адамы екен, келе жатқан. Бұлар келіп сәлем берді Қарабайға, Дұрыс сәлем алатын ол Қарабай бай ма? —Мал қадірін білмейтін көп ақымақ, Ат терлетіп барасың,—деді,—қайда? —Жылы сөзге шығады жылан іннен, Қатты сөзге қайытылар қаймал іңген. «Ақсақалды адам» деп сәлем берсек, Сен кім едің қара есекке теріс мінген? —Сендер алтау, мен жалғыз, жасым кәрі, Көптігің мен жастығың кімге дәрі.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Ала мойнақ, бұзаутіс қамшы тиер, Жаның барда кетіңдер менен әрі! —«Ақсақал» деп ойлап едік көпті көрген, Ант екенсің сөзіңнен пәле өрген. Мылтықпен маралды қайдан алдың, Хан Сарыбай емес пе атып берген? Таңертең кетіп еді, қасқыр қуып, Ойлап едік «жүр ғой» деп жерде жуық. «Сүйінші алайық» деп шығып едік, Әйелі өзі жоқта бір ұл тауып. Сарыбай сағым мініп, желге жеткен, Алты ақмақ еңбегіңді сарып еткен. Іздеме Сарыбайды босқа әуре болып, Жете алмайсың біржола мүлде кеткен. Адам туып, аң болып өмір сүрген, Алжыған арландай-ақ көрмей үрген. Жұрт иесі ханыма жора бастап, Орнына өзің кеткір мүрдем. Бұл сөзге ызаланған кәрі күшті, Қамшысын үйіреді бұзаутісті. Алтауы алты тартып қалғанда, Аттарынан домалап, бөрікше ұшты. Алтауын жаяу тастап, жүзіп кетті, Шаңқай түсте аулына келіп жетті. Ханымы Қарабайдың бір қыз тауып, Сүйінші сұрап сақау кемпір кепті. —Қарабай, кісі жоқ сізден бақты, Ойыңа алып, тәубе етсе, жалғыз Хақты. Шыр еткенге зар болып жүруші едік, Ай мен күндей бәйбіше бір қыз тапты.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Жетпіс жастан асқанда туған айың, Бір жібірсің болсаң дағы тастан қатты. Өмірде жанған жалғыз шырағың ғой, Сүйіншіңе сақауға мінгіз атты. —«Ал» дегенді естісем, жаным сүйер, «Бер» дегенді естісем, ішім күйер. Былжырамай, сақау ғар, жөнің тап, Алты таспа, бұзаутіс қамшым тиер. —Қыз баланы қуаныш көрмейсің бе, Қуантқалы келгенді жерлейсің бе? Қартайғанда көрген бір перзентің, Шынымен бір шапан бермейсің бе?! Хан Қарабай келеді күн-түн қатып, Егіз лақ, маралды қабат атып. Сегіз өрме, бұзаутіс аламойнақ, Басын жарды сақаудың сартылдатып. Сол сақау құрдай болып жорғалады, Аққан қаны мойнынан сорғалады. Жар басында бар еді жарты лашық, Сақау кемпір сонда барып, қорғалады. —Үлкеніңді-кішіңді жалмап жерсің, Маған берген жазаңды Тәңірім берсін. Сүйіншіңе қан қылып, қамшы бердің, Ұлы-қызың мендей болып бейнет көрсін. Тоқсан мыңнан түгі қалмай толықсыған, Айықпастай басыңа бәле келсін. Малдан басқа өмірі тілеуің жоқ, Қара сенің соңыңнан қалай ерсін! — Деп кемпір жылап, сарнағанда, Қойны толып кетіпті қызыл қанға. Тіл есесін қайтарып қамшымен, Араша бермей ұрды тірі жанға.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Кемпірден сорғалатып қызыл қанды, Көзіне елестетіп шыбын жанды. Қос маралдың [лағымен] етін тұздап, «Қатын саған қала» деп қуанады. «Баян» деп бай қыздың атын қойды, Ел айтты: «Ат шаптыр, істе тойды». «Ұл емес, істемеймін қызға тойды», Зорлықпен бір қойды зорға сойды. Кәрі құлақ естіген, көрген жоқ көз, Ұғынып [ал сөзімді] тыңдаушы тез. Қарабай аулына келе тұрсын, Сарыбайдың аулынан сөйлейін сөз. Көк шалғынға тігілген ақ ордасы, Керменің атқа толған айналасы. Ас үйдің жанында жер ошаққа, Сойылған тай, үйтілген қойдың басы. Жас әйелдер етегі сабсыр ала, Ішек-қарын аршыған бәрі жана. Етегіне оралып, «ет әпер» деп, Соңынан еріп жүр жас балалар. Қонақ үй ауылдан аулақ жерде, Масаты қызыл кілем жайған төрде. Үй іші лық толған ақсақал, би, Тамаққа орын таба алмай ішіп-жерге. Шешен шалдар өткенді, кеткенді айтып, Қызып сөйлеп, буылып қара терге. Иығында орамал, қолда шайың, Табақшы болып ыңғайлы жігіттерден. Тартқан желі, байлаған құлын [тізіп], Бие сауып құлдар жүр күнге шыжып. Шыбындаған құлынмен арпаласып, Оларға әсер бермес мына қызық.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Топтанып қыз-келіншек таза киіп, Шашбауы салақтаған белге тиіп. Кәмшат бөрік, үкілі маржан тізген, Күміс жүзік саусағын көмілдіріп. Далада жас жігіттер ат мақтасып, Қымыз ішіп, елігер судай тасып. Мақтаны аттан шығып, қызға ауысты, Әңгіме әбден қызып, шалқып тасып. Қалжыңмен бірін-бірі кеміткенде, Шорқақтары төмендеп қалды жасып. Жайдақ таймен жарысып жас балалар, Бір топ болып, өзі әлінше жүр жарасып. Ас үйден төріне шейін шәйі жайып, Сапы, пышағын шалбарына жанып-жанып. Мәз болып ет жасаушы шалдар отыр, Қанша ет алғаны өзіне анық. Ордада бәйбішелер қабілетті, Біреуі айтса, біреуі сипап бетті. Біреуінің біреуі сөзін тоспай, Сөзінің берекесі ұшып кетті. Сол кезде алты жаяу келді үйге, Көргендерін айтады Тайлақ биге. Іздеуге Тайлақ би әмір береді: [Елге] үйірде ат қалмасын,—деп,—айт

еркек үйде. Тайлақ келіп айтады ханымына, Ханымы сөз түрін таныды да Беріктікпен сыртына шығармады, Ішінен қан қатталып налыды да. Іздесіп алды-алдына кетті шауып, Ханым, Тайлақ ішінен қылды қауіп. Көбінің «өлді» деген ойында жоқ, «Сүйінші аламыз» деп ханды тауып.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Астында ала аты бар көзге күйкі, Ішінде бір тазша бар жаман сыйқы. Он бір адам бір бөлек келе жатыр, Бет алды шабуда ойқы-тойқы. Он бір жасар баладай таздың бойы, Дәл он бес жыл баққаны ханның қойы. Ескі-құсқы ораған сары алтындай, Тайлақ биден кем емес ақыл-ойы. Көзі көк, басы таз, ерні жалақ, Жоқшылыққа оралып, жүрген жылап. Емшекке ерні тимеген, туа жетім, Өскен сол сарқыт ішіп, жұғын жалап. Тайлақ шешен дегенің топ иесі, Дарыған десек болады сөз киесі. Өлең жағына келгенде үйлесімі, Жібекке тізген меруерт сөз жүйесі. Тазша айтты: «Таба алмаймыз албат шауып, Ханды аман табу өте қауіп. Кешегі алтаудың ізіменен, Өкше ізін Қарабайдың, алсақ тауып. Қарабайдың бір сыр бар өкше ізінде, Егер табам десең ізбен ізде. Не өліп, не мертігіп жатқан шығар, Аман болса Сарыбай, қонбас түзде». Тазшаны біреуі сөгіп, біреуі боқтап, Кейбіреуі «ұрам» деп, қамшы оқтап. Кейбіреуі «тазшаға илан» деді, Бір төбенің басына тұрды тоқтап. Іштерінде бір жігіт басшысымақ, Таздың сөзін қостады, о дағы ұнап. «Ізді тапсын, ізден ханды тапсын,

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Біз соңынан ерейік, тазды сынап». Көзінен ірің аққан, басы бүрісіп, Алтаудың өкше ізін тауып алып, Күйкі аламен жөнелді тазша жортып. Із түспейтін жер болса бетегелі, Ізінің бетіменен төтеледі. Барлығын бағындырып лажсыздан, Итше ертіп, түйеше жетеледі. Қарабайдың өкше ізін тапты келіп, Ақ қайыңның ізі от орнындай, Ізге түсіп, жөнелді тағы желіп. Сарыбайды табады жатқан өліп, Орнынан қозғалмастан жатқан күйде. Қолма-қол хабар берді Тайлақ биге, Әуелі ханымға естіртпестен, «Ұят болар апарсақ» деседі үйге. Тайлақ айтты: «Хан еді халыққа ырыс, Өлімді құрметтеуіміз болмас бұрыс. Ханымға жырлап барып естіртуге Қандай жыршы жіберсек болады дұрыс. —Сіз ғой сөздің сынайтын ақ-қарасын, Ханымға естіртуге тазша барсын,— Десті жұрт, Тайлақ би де мақұлдады, Барлығы бір ауыздан мақтағансын. Күйкі аламен бөгелмей тазша кетті, Тілге бай, ақын тазша сөзге епті. Ханым ойға үңіліп отыр еді, Тазшасы есіктен кіріп кеп, өлеңдетті. —Тұғыры ақсұңқардың, тақсыр ханым, Жаза бассам, тазшаңды басқа ұр, ханым. «Жақсы мал,—деген,—жанның садағасы», Боз жорға атты жеді қасқыр, ханым!

ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ Аман-есен босандың, жесе жесін, Табалаған дұшпандар десе, десін. Әкесі өлсе, баласы—мирасқоры, Ат өлсе, толтырмай ма тай есесін! Бала өліп, әке қалса, кім мирасқор, Тайы өліп, ат қалса, өсімге сор. Таудай қайғы, теңіздей қуаныш бар, Жалы зордың болмай ма, ығы да зор! Ханым, сен—шынар ағаш қорықтағы, Сан нашар маңайыңа қоныстады. Алты алуан түс көріп өткен түні, Әдейі сізге келіп едім жорытқалы. —Айта қойшы, көргенің немене түс, Түсіңде көрдің бе, әлде, бір ғажап іс. Түс—түлкінің құйрығы бұлаңдаған, Жорушыға бұлжытпай жору күш. —Ханым, түсімді теріс жори көрме, Өзім төмен болғанмен, көңілім өрде. Хан ием, ояндым содан шошып, Басымнан сәлдем ұшып, түсті жерге. —Сұм тазша, кеудем—кітап, тілім—қалам, Түсімді «жаман түс» деп болма алаң. Басыңнан сәлдең ұшып түссе, Жабысқан кетеді екен пәле-жалаң. —Ханым, саған жорытам көрген түсті, Түс екіұшты болған соң, сөз де екіұшты. Ханым ием, ояндым содан шошып, Қолымнан жібек баулы сұңқар ұшты. —Қара орнында отырғанда, хан тағында, Бір сұмдықты бастадың, сен тағы да. Қолыңнан жібек баулы сұңқар ұшса, Жоғары көтерілген ел бағы да.

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР Бар түсімнің шешуін ханым тапты, Басына әкеліп орнатты, мал мен бақты. Түсімде ақ ордамды құйын соғып, Орнында атын дінгек белгі қапты. Діңгек өсіп, [жетіліп] бәйтерек боп, Сансыз жан саясына саялапты. Құйын соққан орданы қайта тігіп, Бір шебер босағасын алтындапты. —Хан қадірлі болмағы елден екен, Сұм тазша бір сұмдықпенен келген екен. Алтын діңгек Қозым ғой қалған белгі, Далада Сарыбай хан өлген екен. Өмір—өлім, екі егіз, Бірі тұщы, бірі ащы. Жаратылыс заңы сол Туған соң өлім рас-ты, Айым батса, алдымнан күнім туад, Көздің жасы суалмас ұлы суат. Өлген адам тірілмес жылағанмен, Жалғызыма Құдайым берсін қуат. Ханымды тазша ертіп келеді алып, Қасіретті басына қара салып. Сонда да қайсар ханым жыламады, Көңіл айтып, көрісті шулап халық. Қайғының іші жалын, сырты мұздай, Жалын тисе, жан жүйең тұрмас қызбай. Ыстық пен суықтық арасында Көңіл күйі сақталмас қалпын бұзбай. Көз жасынан шығады сыртқа жалын, Іштен тынған адамның алар әлін. Не себепті көзіне жас алмады, Ханымға аян, бізге емес мәлім.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙