TELEGEI

Home

Ысқақтың мінезі

Сафуан Шәймерденов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ысқақтың мінезі

Сафуан Шәймерденов шығармалары адам табиғаты, мінез-құлқын тануға арналған. Еңбектеріндегі өмір шындығы шынайы немесе шынайы болуы мүмкін деген оқиғалар желісіне құрылған. Кейіпкерлер арасындағы түрлі тартыстар арқылы замандас келбетін айқын бейнелеп шыққан.

Әңгіме

Біз бір мәжілістен шыққан едік. Әнуар дейтін жолдас мені қолтықтап былай алып шықты да, жуырда ғана өзі куә болған бір қызық жәйді қызу айта бастады. Сол шақта қасымызға қырынан қарағанда таңқы мұрнын жасырып тұратын екі беті екі төбедей болып, шоң желке бір жігіт жетіп келді. Бұл біздің Ысқақ деген танысымыз. Ол Әнуар әңгімесіне құлақ салған жоқ. Қатты дауыстап жиналыс жайында бірдеме айта бастады. Сәл ренжіңкіреп қалған Әнуар:

─ Сен тұра тұрсаңшы енді, мен айтып бітірейін де, ─ деп жымия күлді.
Сол-ақ екен, Ысқақтың шикіл сары келбеті күреңітіп жүре берді.

─ Осындай аристократтықты қайдан үйренгенсіңдер осы? Қит етсе танауларыңды көтеріп, кірпияздана қаласыңдар, ─ деді ол ашуға булығып.

Әнуар ұяң жігіт еді. Ысқақтың шынға сілтеп кеткенін көріп, ұялып қалды.
─ Ойын ғой, Ысқақ, ғафу ет, ал құлағым сенде.

Маған бір ой келді: Жақсы, Ысқақтың өзі келіп әңгіме айтпақ болғанда тыңдамаған Әнуардікі теріс-ақ болсын делік, ал сонда оның осы бір мінезін не деп түсінеміз?

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙