Ақындар аманаты» қазақтың ауызша əдебиеті
Базар Оңдасұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жырқұмар қауымға Құлмамбет пен Балқы Базар есімі жақсы таныс. Көлемді жыр-дастандарды айлап жырлайтын Құлмамбет Жетісудағы айтулы ақындардың бірі болса, Балқы Базар – Сыр өңіріндегі ақындық мектептің айрықша тұлғасы. Жинақта импровизаторлық өнердің ерекше тұлғалары санатындағы саңлақ ақындардың суырып алып айтқан туындылары топтастырылды.
Балқы Базар
Оңдасұлы
Құланаян
Құлмамбет
Марабай
Құлжабайұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz»
Алматы
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 М 35 Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С. Пірəлиев, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша əдебиеті жобасының авторы Бекен Ыбырайым М 35 Балқы Базар Оңдасұлы, Құланаян Құлмамбет, т.б. Шығармалары. – Алматы «Нұрлы Press. kz», 2014 – 288 б. – (Ақындар аманаты). ІSBN 978-601-80483-3-3 Жырқұмар қауымға Құлмамбет пен Балқы Базар есімі жақсы таныс. Көлемді жыр-дастандарды айлап жырлайтын Құлмамбет Жетісудағы айтулы ақындардың бірі болса, Балқы Базар – Сыр өңіріндегі ақындық мектептің айрықша тұлғасы. Жинақта импровизаторлық өнердің ерекше тұлғалары санатындағы саңлақ ақындардың суырып алып айтқан туындылары топтастырылды. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ІSBN 978-601-80483-3-3
© Ыбырайым Б., 2014
©«Нұрлы Press.kz», 2014
Балқы Базар
Оңдасұлы
(1839-1911)
ӨЛЕҢДЕР
МƏЖІЛІСІН ҚЫЗДЫР АЛҚАНЫҢ
(Базардың сындарлы дауыс ашары)
Мəжілісін қыздыр алқаның,
ықыласын жұрттың қайтармай.
Кейінге қалсын кеңесің
үлгі қылып айтардай.
Жыраулық дəрпің жайылмас
үніңнен ырғақ төгілтіп,
тіліңнен тəтті бал тамбай.
Өлеңнің көркін келтірер
он екі перне, екі шек,
оралма жақ пен жез таңдай.
Есіткен жандар еміренсін,
ызғытып айда даусыңды
іңірде көшкен шайтандай.
Семізін сөйле сөзіңнің
мың жылқының ішінде
он жылғы қысыр байталдай.
Түйдектетіп төгілдір
бұрқасын қарша боратып,
ызғырған ақпан, қаңтардай.
Айтқыр деп сені кім айтар
көп алдында сөзіңді
күйтектеп жатсаң айта алмай.
Дəріпті ділуар дүрлермен
шаршыда талай шайқастың,
айылың жиып тайсалмай.
Құрметтеп халқың қосқанда
бəйгілі не бір думаннан
жаңғыз келдің жан салмай.
Тұлпардың толмас оясы
сулыққа сүйеп пардамен
Балқы Базар Оңдасұлы
тізгіннен орап қаңтармай.
Ойқастатып бөкенше
оқтын-оқтын жаздырып,
ойпаңдау жерден аңтармай.
Жарауын тапсаң жүйріктің,
тұрса да жолда тосқауыл,
туралап тартар жалтармай.
Екі талай жерлерде
етемін үміт ерлерден
қалмас деп шылбыр тарта алмай.
Көрісе алмай сіздермен,
көптен бері көбеңсіп,
қалыппын тоғым шайқалмай.
Кешірерсіздер кемісін,
алжасы болса сөзімнің
ағып та кеткен байқалмай.
Кəдірімді білсең, қай кезде
кəжетіңе мен дайын
көгендеулі марқаңдай.
Ойласаң, беклер, мысалы
опасы бар ма жалғанның
əуелі қызық, ақыры
ат шапқан жиын тарқардай.
Балқы Базар Оңдасұлы
СЫНАЛМАЙДЫ ЕР ЖІГІТ
Кемісін, беглер, көзіме айт,
кеңесім менің жақпаса.
Ықыласың қой да, тыңдай қал,
ұнатып құшың татпаса.
Ат мініп, шапан кигеннен
кем көрмеймін кеуліме,
«Пəли» деп жұртым мақтаса.
Разымын, тыңдаушым
көзіме мақтап, сыртымнан
ат қойып, айдар тақпаса.
Мейірі қанар халқымның
ашылып сөздің тоғаны
сарқырап селдей қаптаса.
Жеті сайын жан салмай
жол алған мен бір назбедеу
сейісін тауып баптаса.
Өрен жүйрік болғанмен,
оза алмай қалар жабыдан
жаратуын таппаса.
Көштің сəні кірмейді
қоршаулы түйе, көп дүние
қатарын түзеп артпаса.
Кермиық ару көш бастап,
қоңыраулы қара нар тіркеп,
кəлі кілем жаппаса.
Алмас қылыш сыналмайд,
айқасқан жерден аршындап
қиялай тартып шаппаса.
Ақберен мылтық сыналмайд,
сығалай көздеп сұрмерген,
асырымнан атпаса.
Балқы Базар Оңдасұлы
Сыналмайды ер жігіт
ерте тұрып, кеш жатып,
күн ара зорға бір татып,
қабағы əбден қатпаса.
Аңсыраған қыранға
аядай болар жер-дүние,
аспанда жүріп шарықтаса.
Еңбексіз тапқан дүниенің
кəдірі болмас жігітке
жоқтықтың зарын тартпаса.
Нелер келіп, не келмейд,
саулықта кісі не көрмейд,
сұрапыл соғып мезгілсіз,
өлшеулі өмірін сарықпаса.
Балқы Базар Оңдасұлы
ТАРҚАМАЙ ҚАЛМАС ҚҰМАРЫҢ
Халқым тыңдап, мен сөйлеп,
басылмаған кызығым.
Қызыл тілді сайратып,
халқым көрген кызығын.
Карқыным қатты келгенде
аңламай қалады ақылым
қай сөзімнің түзігін.
Қарамай менің кеуліме,
кəте кеткен жер болса,
түзетіңдер бұзығын.
Тарқамай қалмас құмарың,
əр көтеріп салғанда сала құлаш
сазандай алдарына сүзімін.
Балқы Базар Оңдасұлы
АТАСЫ ТЕГІН ЖЕЛ СӨЗДЕН
Сөйле десең, сөйлейін,
сөзбенен кеулің делбейін.
Жез бұйдалы мен наршаң,
қосыңды арт та, жетеле,
елпеңдеп неге ермейін.
Көптен бері сағынып,
бас қосқасын сіздермен,
барымды бүгін сермейін.
Ықыласыңмен тыңдасаң,
сөзімді бұлдап несіне,
бойымды балап кернейін.
Ардақты туған ерлерім,
атасы тегін жел сөзден
əр қайсысына жетерлік
еншіңді неге бермейін.
Балқы Базар Оңдасұлы
ХАЛҚЫМНЫҢ АУЗЫН ТҰШЫТТЫМ
Толқыным терең теңіздей,
қайратым қоңыр өгіздей.
Дұшпанды талай матадым,
тізесінен тебіздей.
Халқымның аузын тұшыттым,
сере шыққан семіздей.
Жайылды дəрпім жан-жаққа
Жиреншенің өзіндей.
Өмірге өзім ырзамын
өткердім көбін шалқытып,
ешкім кесе тұрған жоқ
несібемді жегізбей.
Қаумалаған қарындас
көрмесем сырттан сендерді,
сағынамын көргенше
бірге туған егіздей.
Бір есіткен сөзімді
тарқамады құмары
ғашық боп Мақпал-Сегіздей.
Орындалмай кеуліде,
баратыр кетіп бір арман
көрсеткен қорлық кəпірге
бір кəлимə дегізбей!
Балқы Базар Оңдасұлы
ШАЛҚЫМА
Қайыспас қара дауылға
қайырға біткен шынармын.
Кезекті нəубет келген күн,
мерзімсіз мен де сынармын.
Сол жағдай жатқа түскенде,
көрмесем жақын жар-достар,
сағынбай нағып шыдармын?
Қайда жақсы бар десе,
хабарын сұрап сыртынан
қауышқанша құмармын.
Үлкенді сыйлап алқада,
аянбай қызмет айласам,
кеуліне көптің ұнармын.
Суырыла шапқан шаршыдан,
ойқастап озған жалпыдан,
жарауым түссе жүйріктей,
жан салмай жалғыз шығармын.
Балқы Базар Оңдасұлы
МЕН – ХАЛЫҚТЫҢ ШЫНАРЫ
(Екінші түрі)
Көптен бері көрмеген
мен – халықтың шынары.
Сөйлеші, жорғам, дегенде,
белгілі сөзден сына əрі.
Алқалап келген, ағайын,
біздің сөзден болар ма,
кеуліңе ұнары?
Ұнаса, тілім, жазылшы,
тарқасын көптің құмары!
Шамаң бар да шайқап қал,
бір күні бастан өтеді
жігіттіктің мұнары.
Балқы Базар Оңдасұлы
ӨЗІМДЕЙ-АҚ ҰЛ ТУАР
Дабылымды есітіп,
құмар дейді көрмекке
сонау жатқан төменгі
Қажытархан бойында
он екі ата Байұлы.
Əлім менен Шөменнің
мен едім даңлы шайыры.
Екі енені тел емген
мен – күпшек санды тел күрең
төсімнен тартса жетпейтін,
жуандықтан айылы.
Жырау боп атқа мінгелі
Əлім, Шөмен баласы
əңгімеме байыды.
Аузымнан шыққан сөзіме
дін мұсылман қайыды.
Өзімдей-ақ ұл туар
бір кісінің зайыбы.
Халқына басы кəдірлі
қай бір жерде жігіттің
көрінсе көзге зайыры.
Қолы сақи бендеге
өлгенде тиер қайыры.
Қайыл болмай алдымнан
ешкім, сірə, кеткен жоқ
сөзімнің келсе қайымы.
Осы отырған, əлеумет,
жел сөзбен кеуліңді ауласам,
болады қандай айыбы?!
Балқы Базар Оңдасұлы
ҚАЗАҚТЫ СҮТТЕЙ ҰЙЫТТЫ
Табаны жаудан таймаған
нағыз гөзел сендерсің,
асыл туған негізің.
Екіталай жерлерде
екі көздің біріндей
мен едім қимас егізің.
Қазақты сүттей ұйытты
аузымнан шыққан лебізім.
Кереге жалды сендірсің
сақтаулы жүрген семізім.
Найза салса жетпейтін,
ақылға терең теңізім.
Кəдірімді біліп сыйласаң,
арқа-басымды сипасаң,
қияға тартар арбаңды
мен бір қайратты қара өгізің.
Балқы Базар Оңдасұлы
БҰ ДҮНИЕНІҢ ҚЫЗЫҒЫ
Арналар толып ақпайды
таспаса таудың кайнары.
Ажары кірмейд алқаптың
ақпаса жылға, сайлары.
Мал жинаған шаруаның
көлемі қораш көрінер
аз болса көшкенде айдары.
Көштің көркін кіргізер
қаптатып өрген ізінен
қорасы толған қойлары.
Жылқының сəнін келтірер
шұрқырап ерген соңынан
шұбырған құлын-тайлары.
Келедегі түйені
көрсетер сұлу қос өркеш
қомы астаудай майлары.
Төрт түлік малда сиырдың
жегенге жеңсік майы мен
ішкенге қатық, айраны.
Шаруаларды састырар
көк шыққанша күн жылып,
көктемнің бір-екі айлары.
Бойдақтың таңы түскенше,
қозының алды піскенше,
қолайлы болмас қонаққа
көшпелі елдің жайлары.
Жолаушы келсе қондырмас,
қондырса да оңдырмас,
қайырымсыз мал жиған
заманның сасық байлары.
Балқы Базар Оңдасұлы
Қонақ келсе, күйзелмес,
қабағын шытып сыр бермес,
жарлының байдан пейілі артық
жарқын мінез жайдары.
Мезгілің өтпей ескерсең,
шалқытып дəуірді өткерсең,
бұ дүниенің қызығы
тірліктің сауық-сайраны.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЕКІ ТАЛАЙ ЖЕРЛЕРДЕ
Жоғарыдан төменге
жүйесін тауып су ағар.
Жазғытұры болғанда
жердің бетін бу алар.
Күн жадырап, көк шығып,
жан-жануар қуанар.
Жапырақтары жайқалып,
ырғалып, желмен шайқалып,
гүлденер түрлі миялар.
Бұлбұлдар сайрап бағында,
байғыздар тасқа ұялар.
Батырлар жауға шапқанда,
қолына жасыл ту алар.
Садағын сала байланып,
алмасын зəрге суарар.
Палуан топқа тұрғанда,
балтырын түріп белсеніп,
ақ білегін сыбанар.
Алысқан жерде аударып,
əлі келген жыға алар.
Қияға тартсаң қайыспас,
дулығалы құба нар.
Назбедеу аттың тұяғы
тасқа тисе, – тұралар.
Екі талай жерлерде
ердің басы сыналар.
Жесірдің қамын ойласаң,
жетімнің кеулі жұбанар.
Екі мұңлы бас қосса,
тарқатып шерін шығарар.
Жабырқап достың қайғыңа,
Балқы Базар Оңдасұлы
дұшпаның сырттан сығалар.
Айбаты кетсе ауылдың,
əдепсіз жыртаң əжуаның,
жиналып басы құралар.
Өнбейтін даудың ізінен
өспейтін жігіт қуалар.
Амалын жұрттан асырған,
ұрлығын еппен жасырған,
екі төстік бір қойдан
есебін тапқан сұм алар.
Жеке біткен бəйтерек
жапырағы ұшса, қуарар.
Жан кеудеден кеткесін,
жайнаған көзің жұмылып,
ақша бетің қуарар.
Қараңғы көрге кіргесін,
айтады, өткен тірлікте
ісіңнен сауал сұралар.
Заманақыр белгісі
шаң-топырақ суырып,
жердің жүзін құм алар.
Арнасы кеуіп айдынның,
көл тартылып суалар.
Исрафил соққанда
тау қаңбақтай домалап,
тас бұршақтай жұмалар.
Сол кездері кімге кім
қайырылып мойнын бұра алар?
Алладан аһуал келгенде,
алды-артына қаратпас,
не бір нəһан гөзелдер
аузынан демін бір алар.
Балқы Базар Оңдасұлы
МЕН ТАЙЫМДА ОЗДЫМ ҚҰНАННАН
Адам болса кеуліңде,
болмай қалмас бір арман.
Екі мұңлық бас қосса,
іштегі шерін шығарған.
Өздеріңдей құмар ем
мəжілісінде сөйлеуге
жақсының басы құралған.
Мал жұтамас қыс күні,
каратүлей шұбардан.
Ердің жолын тəңрі ашса,
адаспас қара тұманнан.
Қалыңға салсаң қайырып,
аң кетпейді қыраннан.
Аш күзендей бүгілер
алтайы шалған сұм арлан.
Айт дегенде жел сөздің
тоқталайын несіне,
мен тайымда оздым құнаннан.
Құнанымда озғанмын
жеті жасар жуаннан.
Əттең, дүние, сұм жалған,
батырдан да өтіп барасың
ала байрақ ту алған.
Найзасын қарға асынып,
алмасын қанға суарған.
Палуаннан да өтіп барасың
алқалаған жер болса,
атандайын алшаңдап,
ақ білегін сыбанған.
Шешеннен де өтіп барасың
жүзден озған суырылып,
Балқы Базар Оңдасұлы
жүйрік аттай шұбалған.
Тəңірі қосқан қосағы
жаман болса, жігіттің
жатқа бойы сыналған.
Таланды ерге тап болар
ақылға дана ару жар
тал шыбықтай бұралған.
Алдарыңда барымды
аянбай бүгін сіздерден
мен бір шығарайыншы кұмардан.
Балқы Базар Оңдасұлы
ХАС БАТЫРДЫҢ БЕЛГІСІ
Қосыңды артсаң талмайды,
дулығалы үлекке.
Балдағы алтын айболат
күш түсірмес білекке.
Борасында қар түспес
қалың қарау түбекке.
Тəуір көрген досыңнан
кұлаққа тисе суық сөз
мұз болып қатар жүрекке.
Адал жолдас əр уақта
бір қалыптан айнымас
тұра тұрар тілекте.
Егесті жерде ер жігіт
жолдасын жауда қалдырмас
жан келгенше иекке.
Хас батырдың белгісі
қайырылып қиын жерлерде
шаппай қалмас сүйекке.
Би асылдың белгісі
кəдірлеп қанша күтсе де,
тартпай қалмас сүрекке.
Кісімсіп кейбір жамандар
кеудесін көкке көтерер
ілінбей жүрген тиекке.
Асықпасаң ақырында
əркімге тəңірім беред дейд,
жақсылы-жаман ниетке.
Балқы Базар Оңдасұлы
АРМАНЫ БАР МА ЖІГІТТІҢ
Хас батырдың белгісі
қайтпайды салсаң араннан.
Назбедеу аттың белгісі
Қырымнан қара көрінсе,
құлағын тіктеп қаранған.
Жарауы түссе жануар,
алдына жалғыз жан салмай,
жұма сайын жол алған.
Ғалымдардың алдында
сай-сүйегің шымырлап,
тұла бойың түршігер
айтылса уағыз кəлəмнан.
Бұ дүниенің жүзінде
біреулер артық, біреу кем,
біреулер тапшы, біреу кең,
не жандар жоқ жаралған.
Осыншама халық болып,
ұрпақтан өсіп-өніпті
атамыз жаңғыз Адамнан.
Арманы бар ма жігіттің
алдында аға, артында
інісі болса сүйенер,
əбжыландай жаланған.
Ердің кеуілін жар ашар,
əтірмен етін жуынып,
түрмемен белін буынып,
тотыдай бойын таранған.
Ойлағандарға, мысалы,
орыны толмас өзінше
артық болмайды бəрі де
əлдилеп сүйген балаңнан.
Балқы Базар Оңдасұлы
СЕНІМІ БАР МА ТІРЛІКТІҢ
Ер жігіт жауға шаппай ма
толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық
сиырма қылыш қынаппен?
Халқы үшін туған қайратты ер
айырмас жақын-жуығын,
бірдей көріп жырақпен.
Аңласаң ақыл бір болмас
алысқан жерде жығатын
бəденге біткен қуатпен.
Жаратқан өзі жар болса,
тəңірісі берген жігіттің
өтеді күні мұратпен.
Лəззатын сөздің парық етіп,
түсініп тыңдар кұлақпен.
Мен топтан озған тұлпардай
егесті жерде бойымды
емеспін, сірə, сынатқан.
Келіспесе қой деңдер,
келімін таппай сөз сөйлеп,
ретке келмес ылаққан.
Саулықта сайран етпесең,
сенімі бар ма тірліктің,
талайлардың жалғызын
жалынан тартып құлатқан.
Балқы Базар Оңдасұлы
ТҮЗЕЛЕР ЕДІ БҰ ЗАМАН
Қу қанжыға жүйріктен
қаба жалды берік артық.
Жылуы жоқ тымақтан
баса киген бөрік артық.
Жаман болса алғаның,
мақтасы қалың көрпе артық.
Ақылға шола, сөзге сау
бір көрер көзге көркі артық.
Қараға жауап бергеннен
аққа берген серт артық.
Жаманнан азар көргеннен
ұдайдың берген дерті артық.
Түзелер еді бұл заман
пейілі бұзық пендені
кетсе астына жер тартып.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖІГІТТІК
Жігіттіктің екпіні
қаптаған қара дауылдай.
Күркіреп жауған көктемде
қара нөсер жауындай.
Тұтынсаң берік тозбайтын
күдері қылыш бауындай.
Жігіттікте қайғы жоқ
кəдірін біліп үлгерсең,
он екі мүше сауында-ай!
Аңсары ауып сол кезде
əркімдер жеңсік болады
жаңа піскен қауындай.
Үнемді жүйрік ашылмас
Ұлы дуда шабылмай.
Безенген жігіт сыналар
қарындастың дауында-ай!
Басылады бір күні
бірте-бірте сол дəуір
мұнарланған сағымдай.
Желдей заулап басыңнан
өте шығар шұбалған
бəйгі атының шаңындай.
Кейбіреудің өмірі
кіжінуменен өтіп жүр
ашынған қарны тойынып,
ашылған етек жабылмай.
Рəтін көрмей тіріде
ақырында қор бопты
мал жинаған Қарынбай.
Арманда кеткен нешеулер
бойына сіңген айығып,
Балқы Базар Оңдасұлы
шеменді дерттен жазылмай.
Сыпаның сөзін тыңдасаң,
тарқатар татын кеуілдің
кетірген кірін сабындай.
Қынжылтып талай ерлерді,
кемтаршылық қинап жүр,
ерте шығып кеш келген
Сыр бойының жазындай.
Алладан ауқал келгенде
батырлар тұрмас бағында-ай!
Жəһанды жалғыз билеген
патшалар тұрмас тағында-ай!
Ажал-дұшпан, мысалы,
аңдысып тұрған көзіңнің
қарасы менен ағындай.
Мен сендерді көрмесем,
қалайынша сондықтан
шыдайын нағып сағынбай?
Алқалаған, аға-інім,
аман-сау жүрсем əрқашан,
қалағандарың сөз болса,
қалмайды ол бізден табылмай.
Балқы Базар Оңдасұлы
ӨТКЕСІН ДƏУРЕН БІР КЕЛМЕС
Жабы мінген жөнелмес,
тіріде бенде не көрмес.
Көтергенмен кеудесін
жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
қырық жыл қырғын болғанмен,
ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен күн
тырп етуге дəрмен жоқ,
ұсынып мойнын кім көнбес?
Өткізбей босқа мерзімді,
ойналық та күлелік,
сайран етіп жүрелік,
өткесін дəурен бір келмес.
Балқы Базар Оңдасұлы
АДЫР-АДЫР, АДЫР ТАУ
Адыр-адыр, адыр тау,
адыра қалар елден соң.
Елдің жайы болмайды
қолайлы қоныс, жерден соң.
Жердің көркі кірмейді
қара құрттай қаптаған,
иірсең, өріп жатпаған,
ызғып жатқан малдан соң.
Көкалалы көп жылқы
оның да сəні болмайды
шамырқанған талтүсте,
шалқып жатқан көлден соң.
Құмарың тарқар, қарындас,
керектерің сөз болса,
көптен бері сендерді
сағынысып көрген соң.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖІГІТТІҢ БƏСІН КЕМІТЕР
Аздыра ма халқыңды,
ішіңнен шыққан ер болса.
Намысыңды жібермес,
екі талай жер болса.
Жөнге басар жұмысы
талабы ердің оң болса.
Ердің атын шығарар
алған жарың ақылды
өзіңмен басы тең болса.
Жігіттің бəсін кемітер
жаман туса баласы,
əйелі шалпы, өр болса.
Жабырқап кеуіл ашылмас,
аблыққан жүрек басылмас,
бір шығасы босқа тер болса.
Жақсыменен бас қосып,
сұхбаттассаң тарқайды
көкіректе шер болса.
Мен ерінбеймін бас тартып,
кызметіңнен, ерлерім,
тек сөйлеген сөзім жөн болса.
Балқы Базар Оңдасұлы
ӨТЕ ШЫҒАР БҰЛ ДƏУРЕН
Қысқа аяқты қойға азар
толарсақтан қар болса.
Жылқы деген жануар
тоқтамайды сусылдап,
жайылған жері шар болса.
Жанастырмайды жанына,
жабы шіркін қорсылдап,
мойнында тұтам жал болса.
Жақсыға жаман теңелер,
айдарына мал болса.
Елдің көркі кіреді,
өрісі жайылым кең болса.
Айналасы көкорай,
екі жағы малға жай,
жайлауы шалқар көл болса.
Көтерілер кеуілің,
кешкітұрым болғанда,
төңірекке көз салар,
жеріңде биік бел болса.
Арқадан ауған ақ киік,
өте алмай қалар ағыстан
дария толқын, су тасу
ығысылған сең болса.
Құсты айырар шулатып,
көктемнің керім айында-ақ,
құбыладан қызыл жел болса.
Ақсұңқар құстан аң кетпес
он екі құйрық, қырық шалғы,
бəрі бірдей тең болса.
Қиған қамыс құлақты,
қашқан бөкен сияқты,
Балқы Базар Оңдасұлы
Талауратқыр жануар
егесін жауға берер ме,
күнінде ширек жем болса,
Желдей заулап басыңнан
байқаусызда бір күні
өте шығар бұл дəурен
көзіңді ашып жұмғанша.
Құба жонда қаңырап,
қалармыз бір күн құлазып,
өлшеулі біткен дем болса.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖІГІТТІҢ ҚОЛЫН ТҰР БАЙЛАП
Не қылса еркі бар дейді,
он сегіз мың ғаламның
жаратқан жаббар құдайы.
Біздер түгел əуелгі
атамыз Адам сəпидің
көп бопты жазық, күнəйы.
Заманаға зер салсақ,
заң мен закон өзгеріп,
айналған теріс сылайы.
Аңдысып, алдап, арбаумен
айтылып сөзі екі ұшты,
көбейген аяр, мүдəйы.
Жоқтықтан жолы күрмеліп,
кеңеске басы кірмей жүр
жігіттің не бір сығайы.
Тайса тек бақыт басынан,
жылыстар сырттап қасынан,
сыйласып жүрген сыбайы.
Қамқоршы көкжал қалған жоқ,
қайрылып қайғы жегендей,
қақпанға түссе жұбайы.
Ділуар боп жүр бұл кезде
сөйлеген сөздің бағдарын
сезбейтін пəмлеп анайы.
Тұлпармен басы тең болды,
дөрекі жалбыр жабайы.
Кəдірі бардай қардарға
алтын мен күміс, жез бен мыс,
қорғасын менен қалайы.
Жүн менен жібек тең болып,
мақтадан түбіт кем болып,
Балқы Базар Оңдасұлы
түрленді заттың талайы.
Басынан бағы тайған күн
көлбеңдеп жүрген гөзелдер
қоңсының болды малайы.
Кемтарлық ердің кеуілін
айналдырар қапасқа
жоқтықтың басса ылайы.
Ұсынған жерге жетпесе,
жар-досы жəрдем етпесе,
қайтады ердің ырайы.
Қыстаған қуда не сын бар,
ішер ас, киер киімге
мұқтаж болған жігіттің
шықпайды ешбір шырайы.
Балқы Базар Оңдасұлы
ТҮСПЕСІН ІСІҢ АҚЫМАҚҚА
Саз керек атты шаппаққа,
ой керек қиял таппаққа.
Жолдас болсаң жақсымен,
жетеді қолың мақсатқа.
Жолдас болсаң нəмəртпен,
аунатар бір күн батпаққа.
Жаман болса алғаның,
жасумен өтер өмірің,
бір шығармас жақсы атқа.
Есің болса ертерек,
күн ілгері күтініп,
бəледен аулақ бас сақта.
Екі талай жерлерде
адамға қайыр қылмайтын
ақшаның татын жалаған,
түспесін ісің ақымаққа.
Балқы Базар Оңдасұлы
БІР МЫСАЛ
Атасы жақсы қандай-ды,
асқар зəулім таудай-ды.
Анасы жақсы қандай-ды,
арайлап атқан таңдай-ды.
Ағасы жақсы қандай-ды,
асылсаң биік жалдай-ды.
Інісі жақсы қандай-ды,
дұшпаның көзін салмайды.
Қатыны жақсы қандай-ды,
жарқырап жанған шамдай-ды.
Баласы жақсы қандай-ды,
кеуілінде арман қалмайды.
Келіні жақсы қандай-ды,
тындырып, жаның жайлайды.
Құдасы жақсы қандай-ды,
шекер мен шырын балдай-ды.
Тағасы жақсы қандай-ды,
арқаға сүйер тамдай-ды.
Жиені жақсы қандай-ды,
үзілгеніңді жалғайды.
Жар-досты жақсы қандай-ды,
кеміңді сырттан қамдайды.
Осылар түгел сай болса,
кеуілің сүйтіп жай болса,
береке, ырыс, бедел, бақ,
ізіңнен қалмай қуалап,
сен қашсаң да, ол қоймайды.
Осы айтқандай болмаса,
өрісі ердің оңбаса,
іші лайсаң, сырты сау,
Балқы Базар Оңдасұлы
күнара жанжал, күнде дау,
жігіттің соры қайнайды.
Ескерімді ерлерге
есітіп көзбен көргенде,
бастарынан кешер деп,
кешкендер өзі-ақ шешер деп,
серлеттім мысал жағдайды.
Балқы Базар Оңдасұлы
ƏР НƏРСЕНІҢ ПАРҚЫ БАР
Жақсы менен жаманның
арасы жер мен аспандай.
Байқарсың бір күн басыңа
іс түскен кезде, сасқанда-ай!
Саки менен сараңды
салыстырсаң, шамасы
ылди мен зəулім асқардай.
Ғалым менен наданды
өлшестірсең, пардасы
көл тартылса күн санап,
дария шіреп тасқандай.
Əр нəрсенің осындай
аңлағандарға шарқы бар
кəдірін білсең, мысалы
кəрілік пенен жас қандай?
Өздеріңдей жақсының
оңай емес алдында
татаусыз сөзді табуға
кібіртіктеп жасқанбай.
Топқа кисе толымды,
тозбайтын бектік тоңдайсың
мен тек сендерге астардай.
Ойдағым мен қырдағым,
Қуаң менен Сырдағым,
қуанып бүгін отырмын
есен-сау басты қосқанға-ай!
Опасы бар ма дүниенің,
өлшеулі өмірің таусылып,
өте шығар бір күні
көзіңді жұмып ашқандай!
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖИЫРМА БЕС
Екі ауылдың арасын
қиқулатқан, жиырма бес.
Бұғалықсыз асауды
құр-құрлатқан, жиырма бес.
Тыным таппай түн болса,
сығалатып сыртынан
үй тыңдатқан – жиырма бес.
Шырт ұйқыда жатқанның
шынтақтатып қасына
тұр-тұрлатқан – жиырма бес.
Жалтарғанды жаздырмай,
қыран шалған қояндай
бұлтылдатқан – жиырма бес.
Ақысы кеткен адамдай
көшкен елді қуалап,
күн-түн қатқан – жиырма бес.
Қыз-келіншек кездессе,
қыңыртықтап құр кетпей,
бір тіл қатқан – жиырма бес.
Айдын көлдің аққуын
атып алған – жиырма бес.
Қай-қайдағы бəлені
сатып алған – жиырма бес.
Əр нəрсеге ұрынып,
аман жүріп сау басың,
шатып алған – жиырма бес.
Өлемін деген ойда жоқ,
күнəсі бар да, тəуба жоқ,
қапы қылған – жиырма бес.
Көрінгеннің қолына
əркімге бір қор болып,
Балқы Базар Оңдасұлы
тек аты қалған – жиырма бес.
Бастан заулап өткесін,
қарттық мұңдар жеткесін,
қолдан келер амал жоқ,
қимылдауға ажал жоқ,
жатып алған – жиырма бес.
Шың басына шыдамай,
шығып алған – жиырма бес.
Бойындағы бар шырын,
сығып алған – жиырма бес.
Көнбей тұрған сауданы,
басқалардан көп беріп,
жығып алған – жиырма бес.
Жас кеткесін жəутеңдеп,
көрінгеннен күйбеңдеп,
бұғып алған – жиырма бес.
Бұл кездерде билік жоқ,
бұрынғыдай қимыл жоқ,
қатын, бала-шағаның
ығын алған – жиырма бес.
Балқы Базар Оңдасұлы
АЙДАН АРУ НƏРСЕ ЖОҚ
Айдан ару нəрсе жоқ,
түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нəрсе жоқ,
күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
ол тек тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дəулет, көп бейнет,
біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенменен таппайсың,
өзі түгел бұл кезде талайдың
орны мүлде жоқ.
Ғалымның сөзін тұтпасаң,
жəһилдің жолын ұстасаң,
көретін шырақ шілде жоқ.
Іздемей-ақ əр жерден
табылар талай жамандар,
бір жерге басы қосылған,
екі жақсы елде жоқ.
Тұлғасын көріп көз тойған,
туымына жұрт ден қойған,
төресін бұрмай тура айтқан,
төбедей билер төрде жоқ.
Жауды көрсе жасанған,
бөрік ал десе, бас алған,
бес қаруын берік байлап,
бетінен қайтпай қасарған,
белсенген нағыз ер де жоқ.
Қасынан коңсы кетпеген,
өзінен барлық өтпеген,
қайырлы байды бұл күнде,
іздегенменен таппайсың,
Балқы Базар Оңдасұлы
ол аяқ жетер жерде жоқ.
Таққа мініп, тəж киген,
жұртына жағып, халық сүйген,
кəріп-касер, мұңлыға
қамқоры сырттан көп тиген,
əділетті жан түгіл
орнында тіккен ор да жоқ.
Ұлсыздарға ұл берген,
қызсыздарға қыз берген,
кереметін кезінде,
есітіп құлақ, көз көрген,
əулие түгел бұл кезде
топалаң тияр орнында
торағылы қор да жоқ.
Өйістіп жүріп бір күні
біз де білмей қалармыз
қапелімде өткенін
бастан заулап дүние-боқ.
Балқы Базар Оңдасұлы
ТЫРП ЕТУГЕ МАЖАЛ ЖОҚ
Елші қылған «Құранды»,
азаншы қылған Білəлді,
Жаратушы жан беріп,
жер бауырлап жүргізген
аяғы жоқ, қолы жоқ,
бауыры шұбар жыланды.
Атқышшыл қара сұрмерген
қырымнан байлап құтқармас
көріне қашқан құланды.
Қарсызда қалып қыраудан
қашқан аңды бұлтартпас,
қайырып салсаң қыранды.
Нағыз сейіс кездессе,
іліндірер бəйгіден
атқа қосып кұнанды.
Жаратқан өзі жар болса,
жолы ашылған жігітке
жарық қылар күндіздей,
караңғы, айсыз тұманды.
Жаманнан қорлық жетісер,
жар-досың жылжып кетісер,
тайдырып бастан бағыңды,
қисайтқан күні жығаңды.
Тұяқтан азған тұлпардай
қияға салсаң қисынсыз,
тауысарсың тұранды.
Аласы малдың сыртында,
айыру қиын адамның
ішіндегі қылаңды.
Ықыласын қойып алқада
əркімдер тыңдар құмартып,
Балқы Базар Оңдасұлы
айтылса кеңес ұнамды.
Қанағат қылған бенделер
азсынбай кеулі бұйырған
жарты нанға жұбанды.
Нысабы кеткен залымдар
дүнияның түсіп соңына,
кісі өлтіріп, жол тосып,
салып жүр жұртқа ылаңды.
Жай жүргенде əркімдер
өзінше батыр, байқасаң,
екі талай жерлерде
ердің басы сыналды.
Абылай ханның кезінде
асырған қазақ жерінен,
жүргізбей қайтып шенінен,
қарақалмақ Сыбанды.
Шаш пенен мұртын өсірген,
ықпалы өрлеп есірген,
қолайлы қоныс жерінен
қазақты күштеп көшірген,
солардан кейін бұл жерге
келімсектердің кем-кемнен
жиналып басы құралды.
Қолдан келер амал жоқ,
тырп етуге мажал жоқ,
кəлімəгөйдің баласы,
арманда кетіп барамыз,
бір шақыра алмай ұранды.
Балқы Базар Оңдасұлы
КЕЗЕКТІ НƏУБЕТ ЖЕТКЕНШЕ
Он сегіз мың ғаламның
Жаратушы панасы
барлығымды білсін деп,
көрсеткен күшін қарашы.
Байқасаң барлап, белгісіз
аспан мен жердің арасы.
Өткен күнді болжатқан
атамыз Адам сəпидің
қалдырған соңғы санасы.
Таңдағы майдан күнінде
құрылса мизан-таразы,
ажырап сонда адамнан
айрылмақ, дейді, сарасы.
Сол кезде мəлім болад дейд,
бұ жүрген барлық бенденің
ағы айрылып, қарасы.
Сондай нұсқа кітаптан
алымдар айтады өсиет
келтірсе күмəн бұл сөзге,
нанбаған болмақ шамасы.
Кей надандар білгірсіп,
бет алдына оттайды
қойға толса қорасы.
Мал жинаған Қарынбай
қор болған азабы арылмай,
есітсең оның қиссасын,
болмапты қабыл тобасы.
Зейініңді қойып тыңдасаң,
құмарың тарқар, қарындас,
белгілі будан мен едім,
хас тұлпардың баласы.
Балқы Базар Оңдасұлы
Аз ғана оттап, көп жусар
жүйріктің шықпас шарасы.
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар
адамның дегдар данасы.
Түменге түгел су берген
дарияның аққан саласы.
Сындарлы сөздің бəйгесін
өз қолымнан тараттым,
ешкімнің жоқ таласы.
Дұшпанға сырды алдырар,
аяққа қырсық шалдырар,
ағайынның қай жерде
ауызының аласы.
Қасымнан кетсе қарындас,
өзгемен орны толынбас,
бұзылғандай мысалы
отыз тістің қаласы.
Іс түскен кезде басыңа,
күндеушің келмес қасыңа,
дос күйініп сыртыңнан,
дұшпанның қанар табасы.
Есінен ердің кетпейді,
оңайлықпенен бітпейді,
жаттың салған жарасы.
Жаманмен жұрттың ісі жоқ,
елейтін оны кісі жоқ,
жақсыларға қашаннан
жабылар сөздің жаласы.
Өлшеулі өмір өткенше,
кезекті нəубет жеткенше,
тіршілікте тоқталып,
таусылмайды істің шаласы.
Балқы Базар Оңдасұлы
КІМДЕРДЕН КЕЙІН ҚАЛҒАН ЖОҚ
Алла ісінде арман жоқ,
табылған сөзде жалған жоқ.
Басы жұмыр бендесін
жаратқан жаббар құдірет
не күйлерге салған жоқ.
Егесіз қалған дүниеге
есебін тауып, еркінсіп,
кімдер еге болған жоқ?
Ортаған түскен олжадан
орайға келсе, кезінде
кімдер телім алған жоқ?
Жетім-жесір, мұңлылар
қасырет шегіп қайғымен,
кімдерден жылай қалған жоқ?
Азу тісі ақсиған,
алма мойын, қиғаш қас,
ерге ылайық қасқиған,
кеуліндегі мүдəнді
айтқызбай пəмлеп ақылмен,
өзі біліп басқарған,
көзі ақықтай сүзілген,
маржандай тісі тізілген,
келімі келген кермиық
сағағынан үзілген,
аяулы ару қор болып,
кімдерден жесір қалған жоқ?
Жылай да қалған мұңлықты
кім еңсетіп алған жоқ?
Қынабында қылт еткен,
суырсаң жүзі жылт еткен,
Балқы Базар Оңдасұлы
сілтесең қолың сүйсініп,
шегесі бостау сылқ еткен,
нарды шапсаң бүлк еткен,
итті шапсаң ыңқ еткен,
қатарға қайтып қосылмас,
тиген жері бұрқ еткен,
əждаһаның тіліндей,
өте шыққан білінбей,
тасқа тартса қайтпайтын
балдағы алтын айболат
керегеде ілулі –
кімдерден иесіз қалған жоқ?
Қазығында тігілген,
жыландай белі бүгілген,
Қырымнан қара көрінсе,
құлағын жұптап үңілген,
жауырыны жазық тақтадай,
жалы жұмсақ мақтадай,
қазығынан байланған,
сапары теріс айналған,
ойдық желке, кекшіл бас,
құлжа мойын, астау жон,
жалы сұйық назбедеу
кімдерден иесіз қалған жоқ?
Садағын сала байланған,
жауды көрсе, сайланған,
шұбалған шаңды шолғанда,
долданып теріс айналған,
Қырымнан қиқу таянса,
көкбүркіттей түйлігіп,
Балқы Базар Оңдасұлы
лашын құстай шүйлігіп,
бір шаппаққа ойланған,
қабағы қалың ер жігіт
жалғыз оққа жолығып,
жолықса, кеулі торығып,
астындағы назбедеу
оясы толмай зорығып,
сағағына жапанда
сары шыбын үймелеп,
ойдан-қырға кеудесін
көкше бөрі сүйрелеп,
халқы үшін туған ерлердің,
нешеуінің кеудесі
кұрт-құзғынға жем болып,
құба жонда қалған жоқ.
Балқы Базар Оңдасұлы
СҰМ ЗАМАН
Атамыз əуел Адамнан,
неше дүркін халық өтті,
содан бергі заманнан.
Жетсе тағдыр аумайды,
өлшеулі өмір қадамнан.
Сайраған тілім сап болар,
санаулы күнім таусылса,
аузымдағы жаланған.
Саулығыңда сайрандап,
атырапқа сал назар,
жұмылмай көзім қаранған.
Сөз кəдірін білерлік,
сіздердей жақын жар-досты,
мен еш жақтан іздеп таба алман.
Ағайындар, қашыңдар,
нəпсіңді тыйып арамнан.
Бір құдайдан тілеңіз,
нəсіп бер деп адалдан.
Атамыз Адам пайғамбар
он сегіз мың ғаламның
абзалы болып жаралған.
Ұлықтығы соншама,
құдайым əмір еткесін,
періште күллі қамалған.
Əзəзіл қалған айрылып,
нəсілім от деп о жолдан.
Құдіреті күшті құданың
дағдырына не шара
дос болғасын əзəлдан.
Өмірді тəрк еттің деп,
Құдырет мұны шам алған.
Балқы Базар Оңдасұлы
Нұсқасыз сөзім жоқ еді,
қарасаң молла, тəліптер,
осы сөзім ғəзəлдан,
Қаумалаған, қарындас,
кеңестің арзан келуі
пайда болған самалдан.
Бойымды балап қай жерде
айтуға қимай аяймын,
сөзімді пəмсіз наданнан.
Сөйлеріне келгенде,
судағы қара сүліктей
қызыл тілім қадалған!
Шабарына келгенде,
қашаған қуған жүйріктей
оңды, терісті оралған!
Озарына келгенде,
түрікпен соққан мылтықтың
толқыған шойын оғындай
қарадан шығып жоғалған.
Қызметіңді шегейін,
қаумалаған, қарындас,
шаршыңда шапсам шын терлеп,
кеуілде ешбір жоқ арман!
Опасыз мынау жалғаннан
неше хандар өткен жоқ
халықты аузына қаратып,
əмірі жұртқа таралған.
Неше əулие өткен жоқ
жапа шегіп, жан қинап,
жаһанды жеті айналған.
Неше ерлер өткен жоқ
Балқы Базар Оңдасұлы
тұлпар мініп, ту алған.
толғаулы найза өңгеріп,
алмасын қанға суарған.
Неше байлар өткен жоқ
салтанат түзеп сəнімен,
төрт түлік малды айдаған.
Неше билер өткен жоқ
қара қылды қақ жарып,
əділдіктен таймаған.
Неше ділуар өткен жоқ
сөз сөйлесе суырылып,
жүйрік аттай шұбалған.
Достының сүйген сəруары
солар да жөнеп пəниден,
соңында қалған сахаба
қойдай шулап қамалған.
Күн таусылса дем бітіп,
біз де өтерміз бір күні,
опасы бар ма шіркіннің,
кімге жолдас бұ жалған?
Мына бір шолақ дүниеден,
хандар өлмейді дер едім,
көгеріп жатқан Жайықты
жағалай көшіп жайлаған
көкорай шалғынға үй тігіп,
жағалай бие байлаған.
дар құрғызып, ту тігіп,
жауға жасақ сайлаған,
қарсы келген дұшпанын
қаңтардағы бурадай
қашыр-құшыр шайнаған.
Балқы Базар Оңдасұлы
артына қолын байлаған,
алдына салып айдаған,
Əбілқайыр, Нұралы,
Абылай, Қасым, Ерəлі,
солардан да өткен сұм заман
Мына бір шолақ дүниеден,
əулие өлмес дер едім,
отқа салса күймеген,
тоқсан түйе томардың
бір шалпуы тимеген,
дін мұсылман баласын
кереметпенен билеген,
арамды кеуілі сүймеген,
сəһар тұрып жылаған,
көзінен жасын бұлаған,
шаршы топтың алдында
кəрəмəтым көрсетіп,
өзін-өзі сынаған,
хақтан медет сұраған,
құдайына ұнаған,
Бабатүкті Шашты Əзіз,
Мағзаман, Марал, сопы Əзі,
Сейітпенбет, Қосым пір де өтті,
солардан да өткен сұм заман!
Мына бір шолақ дүниеден
ер өлмейді дер едім,
тапса теңін тайласқан,
еменнен найза сайласқан,
кіжініп кекті жауына,
азу тісін қайрасқан,
қарсы келген дұшпанмен
Балқы Базар Оңдасұлы
қарт бурадай қайзасқан,
жаңғыз жүрсе қуанған,
қолына жасыл ту алған,
найзасын қарға асынып,
алмасын зəрге суарған,
құланды кақтан қайырған,
ордадан бөкенді айырған,
қанадан асып қайраты,
байтаққа даңқы жайылған,
ерегіскен хандарды,
алтын тақтан тайдырған,
жетіде тағам бір татқан,
қысқа күнде қырық шапқан,
Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Тоғанас, Сейіл, Бұқарбай,
халық үшін жанын қиятын
ерлер қайда олардай?!
Солардан да өткен сұм заман!
Мына бір шолақ дүниеден
би өлмейді дер едім,
əзелден артық жаратқан,
жұртты аузына қаратқан,
қара қылды қақ жарып,
алдынан топты таратқан,
баласын жақын көрмеген,
төресін бұра бермеген,
адасқан болса жөндеген,
олардың айтқан сөзіне
тұла бойың шымырлап,
сай-сүйегің тебіренген,
көкірегінде білімнің
көзі қайнап бұлақтай,
Балқы Базар Оңдасұлы
қанаға сыймай кернеген,
əруағына болайын
ертеңгі атқан орыстың
зеңбірігіндей еңіреген,
– Əйтеке, Төле, Қазыбек,
Киікбай, Мөңке, би Көбек,
Күнтуар, Баубек, Сансызбай,
Өтетілеу, Сарытай,
бір бендеге тұрарлық,
оларға берген абырой,
өлшеулі демі біткен күн,
солардан да өткен сұм заман!
Мына бір шолақ дүниеден
бай өлмейді дер едім,
Бұхарға шығып пұл алған,
пұлына сатып құл алған,
бір басының қамы үшін
жетім-жесір жиналып,
жан-жақтан келіп құралған,
кімдерді күйге салған жоқ
опасы жоқ бұ жалған,
масаты, мəулімге оранып,
қарылап парша шұлғанған,
қатардан санын асырып,
төрт түлік малды құлданған,
билер мен бектің алдында,
сөйлеген сөзі тыңдалған,
алтын менен күміске
тірлігінде былғанған,
ауылының сыртына
қос шатырды құрғызған,
иман үшін ішіне
Балқы Базар Оңдасұлы
қос жетімді тұрғызған,
Қырым менен Қытайға
саудагерін жүргізген,
ұлы менен қызына
қырмызы қытай кигізген,
жылқыдан таңдап шаппайтын
жылжыған жорға мінгізген,
қатар жүрген қазаққа
байлығын сүйтіп білгізген,
Садырбай, Сыма, Жабағы,
Жарасбай, Қуаң, Көшер мен
Қыдыр көрген Ұйытқылы
байлар еді қарауда,
бағусыз малы бос өрген!
Опасы бар ма дүниенің,
қалған жоқ ондай нешеуден?
Солардан да өткен сұм заман!
Мына бір шолақ дүниеден,
дүрлер өлмес дер едім,
сайраған қызыл тіл берген,
кеуіліне сансыз жыр берген,
алжаспай сөзді ағытып,
есебін тауып үлгерген,
мəжілісінде жақсының
дəурен сүріп, күн көрген,
қарсы келген олармен
көмілмей тірі күнде өлген,
көрген түстей ойласақ,
өткен жоқ дəурен кімдерден, –
Шернияз, Өске, Бұдабай,
Серəлі, Сəдір, Орынбай,
Балқы Базар Оңдасұлы
татуы жоқ сөзінде,
шұбырған көштің жолындай.
Сындарлы сөзге байтақта
болған жоқ жүйрік олардай.
Солардан да өткен сұм заман!
Балқы Базар Оңдасұлы
ДҮНИЕ-АЙ
Біздер
дүниені қудық егленіп,
ұстамаққа кегленіп.
Дүния қырын салмады
ешбір бізге еміреніп.
Жалғаншыға келгесін
кеуіл шіркін тұрмады
əр тарапқа желденіп.
Кейбір күндер қарқындап,
қайрат сыймай қанаға,
нарбурадай көлбедік!
Дүния қызық көрінді
алдыңнан қашқан жайтаңдап,
алтайы қызыл түлкідей, –
соқпаққа қудық серменіп.
Адастырып, із тастап,
түспеді қолға қуғанмен,
неше алуан түрленіп.
Құлпырған қара құндызды,
тереңнен іздеп табам деп,
талай құлаш сермедік.
Дүния – киік, біз – тазы,
қуа-қуа қайбырттық,
жастық жігер шерленіп.
Жетерміз деп жүрсек те,
жанаспақ түгел, құрғырдың
қарасын тіпте көрмедік.
Ат арыды, тон тозды,
талма талтүс болғандай,
талықсығанға ұқсаймыз,
торықты кеуіл тебіреніп.
Мерзімді мезгіл өткесін,
Балқы Базар Оңдасұлы
күш-қайрат бойдан кеткесін,
алдаушылығын жалғанның
содан соң ғана серледік.
Кейінге нұсқа қаларлық
жар-достар жадына аларлық,
үлгере алмадық кезінде,
еш нəрсені меңгеріп.
Бағындырып өзіне,
ынандырып сөзіне,
атаның мекен қонысын
кəпірлер алды жерленіп.
Азаттыққа қару жоқ,
карусыз жауға бару жоқ,
осы күні біз тұрмыз саңылау
таппай көзденіп.
Не тіршілік етерміз
енді қалай күн көріп?
Уайым –
ердің шегесі,
тəуекел – көптің кемесі,
көтермелейтін көмекшің
кеуілге қуат, дем беріп.
Бізден бұрын өтіпті
сыбанып білек түрінген,
жұрты үшін тынбай жүгірген,
талпынған ерлер тебіреніп.
Бұл күндегі пенденің
тəубасы қабыл болар ма,
шеніне пірлер жолар ма,
зарыққанменен еңіреніп.
Осы кездегі адамның
ниеті жолдас өзіне,
Балқы Базар Оңдасұлы
опа етпес айтқан сөзіне, –
ондайға сене бермелік.
Адам менен адамның
аспан мен жердей арасы,
жақсыны жатқа санамай,
жаманды жақын көрмелік.
Бұрынғы өткен ерлердің
еске түссе істері
іш толады шерленіп.
ұмыт болар өткен күн,
қасірет-қайғы шеккен күн,
ақ жарылқап, күн туып,
түзелсе заман жөнделіп.
Дүния ақыр оңдалар,
құриды жүрген кем көріп.
Кеулім жошып сайраса,
көкірек қабы тарылып,
іретімен шығарған,
сөз сыймайды кернеліп.
Тасқа тисе таңдағым,
қараңғыда жарқ еткен,
мен бір шапқан назбедеу,
сулығын шайнап өрленіп!
Халқым тыңдап, сөзімнің
кəдірін білген жерлерде,
сағынысып көргенде,
ылғанып талай терледік.
Ортаға түсіп белсеніп,
қаракөктей теңселіп,
таңдантып талай жиында
оңды да солды сермедік!
Балқы Базар Оңдасұлы
КӨКТЕМ
Күн жадырап көктемде,
жер құлпырып көктейді.
Бəһардың айы өткенше
сəуірдің бұлты шөкпейді.
Күн ысып, шілде түскенше,
жапырақ, шайыр піскенше,
жердің сөлі кеппейді.
Жазғы жайлау қонысқа,
тіркеуін түзеп шаруалар,
үдере көшіп беттейді.
Арқаның жазық жонында,
алты ай жаздай тебіндеп,
күз түсірмей кетпейді.
Күн ара жиын, күнде той,
шалқыған кеуіл, шаттық ой,
қазақтың көрген дəуірі сол,
одан да қызық өтпейді.
Қыркүйек айы туғасын,
күземін алып шаруалар,
ши қоршап, жүгін ықшамдап,
ықтырмалар беткейді.
Жапырақ ұшып, шөп қурап,
қараша, қазан айында,
қыс нышаны басталып,
ызғырық соғып өктейді.
Қысты өткізіп Қызылда,
үш ай тоқсан өткенше,
сейселе құрып кезекпен,
қыдырып күнде ет жейді.
Мал жинаған шаруалар
Қызылды қыстап,
Қыр жайлап,
көші-қон жайын ыңғайлап,
Балқы Базар Оңдасұлы
өзге бір кəсіп өтпейді.
Игере алмай жүрсе де,
ішіп-жеу, кию, беруге
кейбір сараң байлардың
еш нəрсесі жетпейді.
Сүйтіп жүрген сорлылар
қорлықпен өтіп өмірі,
туысқан-туған, еліне
жек көрініп шеттейді.
Опасыз ондай шерменде
досына – тентек, жұртқа – шет,
көптен оқшау қалар тек,
ізіне қара ертпейді.
Ойлаңдаршы өздерің,
ондайларды есітіп,
көрген кісі қалайша
лағынет айтып сөкпейді.
Жақсы айғырдың үйірін
ат жақтайды деген бар,
сауырлай ерген саяқты
жымитып құлақ теппейді.
Əр нəрсені аңғарып,
абайлайтұғын гөзелдер
қай кезде де халқымның
ар-намысын төкпейді.
Сөз кəдірін білерлік
аға-інілердің алдында,
ұнамды кеңес айтылса,
о да бір сағынып
жеген женттей-ді!
Есіткендерді емірентіп,
жасымнан Базар атандым,
халқымнан алғыс, бата алдым,
сөзімді ешкім кемітпейді.
Балқы Базар Оңдасұлы
ƏР КЕМЕЛГЕ – БІР ЗАУАЛ
Арқаның сары белінде,
Алғидың құба дөңінде,
жусанның түбін кемірген,
бұйырған жеп семірген,
Қырымнан қара көрінсе,
кұлағын тіктеп елірген,
жан жете алмайтын қуғанмен,
жүйрікпін деп шелірген,
керқұлан деген аң болар,
аунаған жері шаң болар.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
көрген кісі таң болар.
Жер жазығын ұрлаған,
шақпақ тасын қырлаған,
елеусіз жермен еңбектеп,
бауырын тастақ тырнаған,
білтелі мылтық қолға алып,
жабындыменен зырлаған,
ұсынған оғы кетпеген,
тигені тұяқ серіппеген,
о да бір атқышшыл сұмға кез болар!
Аспанда жүріп шалықтаған,
бөктерлеп тауды қалықтаған,
мұздыбалақ, қанды көз,
аң көрмей қанат қақпаған,
балапанын ұяда
ұшқанша баулып сақтаған,
құсбегілер құмартып,
түскенмен аңдып соңына,
түсіре алмай қолына,
Балқы Базар Оңдасұлы
қарасын көкте көргенмен,
қонатын жерін таппаған,
аш құрсақ, алғыр, көк бүркіт
тартынақ көріп түйлігіп,
құлдилап көктен шүйлігіп,
айдаса бармас аранға,
өзді-өзінен килігіп,
қолға түсер кезінде
о да бір құрулы жанға кез болар!
Жал-құйрығы өрілген,
өлшеумен от-су берілген,
бастырық, жабу, жемменен
байлауда тұрып семірген,
шын жарауы түскенде
жабуын алсаң, жануар
сілкініп дүр-дүр керілген,
ұлы дүбір болғанда,
зерігіп іші толғанда,
шыр айналып қазығын,
осқырып, жерді тебінген,
кедергіден өткенде,
жер ортаға жеткенде,
көтермеші көп қолға
ұстатпай шылбыр кеткенде,
бөкенше тастап аяғын,
бұршақтап тері төгілген,
жүзден озып жол алған,
жолына бəйгі мол алған,
құйындай шаңы шұбалып,
қара терге сыбалып,
Қырымнан жалғыз көрінген,
Балқы Базар Оңдасұлы
тері кепсе, тыңайып,
сыр бермеген мұңайып,
күндік жерге қосқанмен,
ор текедей ойнақтап,
талай келген өлімнен,
таласпай ешкім жолына,
тұрғанда бағып оңына,
екі талай жерлерде
шабылмай бəйгі берілген,
сол секілді назбедеу,
кездескен күні тосуға,
келтірмей кайтып қосуға,
бір жаңғыз қазыққа кез болар!
Бес қаруын асынған,
беттескен жауын қашырған,
туралап тартқан садағы
тимеген кейін жасылдан,
ерегіскен дұшпанын
енді қайтып келместей,
көз көрмеске асырған,
тірі жан келмей бетіне,
дарымай қару етіне,
араны жүріп тұрғанда
байтаққа дəрпі шашылған,
мезгіліменен ас ішпей,
аттан түсіп, бел шешпей,
кірпік қақпай күндіз-түн,
ұйқысы шайдай ашылған,
ер өлтіріп, ел шапқан,
ел шауып, олжа мал тапқан,
қайратына мас болып,
Балқы Базар Оңдасұлы
əркімдерменен қас болып,
менменсінген ер жігіт
талайды сүйтіп басынған,
өлшеулі демі біткенде
ажалдың оғы жеткенде,
бадана көзді берік сауыт,
барабар болар панасы,
жалаңқат киген шекпенге,
қайтпайтын жаудан қайратты ер
маңдайдан шып-шып қара тер,
жанды жерден қадалған
о да бір жаңғыз оққа кез болар!
Мыңдап жылқы айдаған,
жездеп нарды байлаған,
Қызылды қыстап, жаз болса,
саланың бойын жайлаған,
қомы астаудай түйелер,
қазысы қарыс биелер,
қолайлы қоныс жерінде
семіріп əбден шайлаған,
кіреге шыққан керуендей,
наруанға буып, нарға артып,
сүрелеп жүкті тайлаған,
тірелген дүние, жасауға,
бəйшешектей түрленіп,
орданың іші жайнаған,
бір асып, бір түсіріп,
əр түрлі тамақ пісіріп,
оттан түспей қазаны,
ертелі-кеш қайнаған,
сол секілді байлардың
дəулеті қолдан кетер деп,
Балқы Базар Оңдасұлы
кедейлік мұңдар жетер деп,
кімдер, сірə, ойлаған?
Аспаннан жауған ақбасқын,
жерден борап суырған,
зымыстан болып, шаруаның
апшысын əбден қуырған,
қорадан шықпай көп түйе,
бола алмай ешкім малға ие,
қылқұйрық қалмай шұбырып,
бетімен кеткен, ығынып.
ызғырып соққан борасын,
көрсетпей күннің толасын,
адалынан айрылып,
бір жұртта жиған қорасын,
мыңғырған неше байларың
бір ақсирақ жұтқа кез болар!
Абайласаң, жігіттер,
болатын сүйтіп кезінде
əр кемелге – бір зауал.
Осыларды ойламай,
ақылсыз кейбір ақымақтар,
аз ғана күн алданған,
мал мен баққа мəз болар.
Неше алуан өзгерген,
есітсе құлақ, көз көрген,
əр заманның өзіне
ылайықты саз болар.
Өткен дəуір белгісіз,
бір жылдың жартысы қыс болса,
жадырап жартысы жаз болар.
Құлазыған жапанға
құладын тұрмас байласаң,
Балқы Базар Оңдасұлы
айдын шалқар көл болса,
үйрек ұшып, қаз қонар.
Ішкеннің мейірі қанатын,
ішпеген аңсап баратын,
кəделі қайнар бұлақта
тартылмайтын көз болар.
əркімдер іздеп түнейтін,
түнегендерді түзейтін,
арнаулы дайын əр жерде
құрулы тұрған тез болар.
Жолы болар жігітке,
ғайып ирен қырық шілтен,
жорытқанында кез болар.
Атымын тауып шаппаса,
шабарлық орнын таппаса,
айбалтаны мұқалтқан
қайыңда қатты без болар.
Азғындар кезде адамзат
бір-бірін күндеу көбейіп,
ауызбірлігі аз болар.
ханның бағы таярда
дұшпаны сырттан сұқтанып,
жанашыр досы аз қалар.
Бидің бағы таярда
үлгілі сөзден айрылып,
əркімнің мінін қазбалар.
Байдың бағы таярда
танабын құдай тарылтып,
қасынан қоңсы қозғалар.
Бұ дүниені тірнектеп,
жисаң да қанша жан қинап,
Балқы Базар
өлген күні үстіңе
киерің үш қат бөз болар.
Тіріде жанға тыным жоқ,
қызыл тілде буын жоқ,
айта берсең аяғы
таусылмайтын сөз болар.
Балқы Базар
ƏЛМƏМБЕТ ӨҢГЕБАЙҰЛЫНА АЙТҚАНЫ
Өңгебай бидің баласы Əлмəмбет сол кездері мұсыл-
манша да, орысша да оқыған, білімді, сауатты кісі болады.
Ол Қазалы үйезі бастығының орынбасары һəм тілмəші боп
қызмет етеді. Əлипаның дауы кезінде Базарға көмектескен-
дердің бірі осы Əлмəмбет еді. Сонымен, екі жақ келі седі.
Қыз иесі Жайым тентек бұрыңғы құдалығымнан ұят болды
деп, Əлипаның қалыңына жиырма түйе, жүз сом күмістей
ақша сұрайды. Ондай дəулет Базарда қайдан болсын? Ол
ылажы жоқтықтан Шөмекейдің Аспан ата лығына жататын
Сырым руындағы Өңгебайдың баласы Əлмəмбетке (оның
əйелі татар болған, оның Хасан дейтін баласынан бір кез-
дері Қазақстанда Сауда министрінің орынбасары болған
Аида Хасанқызы Өңгебаева тарайды) кеп, қонағасысын
жеп отырып, жағдайын серлетіп, мынадай өлең айтады:
Əлмəмбет, бұл сөзді арнап айттым сізге,
ауазаң болды толық Кіші жүзге.
Қалаға келгеніме апта толды,
лұхсат, қайтар едік болса бізге.
Кетуді қош айтысып рұхсат алмай,
қолайсыз көрдік бес кеуілімізге.
Жігіттің бөрі көрсе, болар жолы,
деген бар жолаушылап шыққан түзге.
Мысалы, ойлағанға дүние – түлкі,
біз де бір бейне тазы түскен ізге.
Інімсің қатарыңнан туған асып,
үстіңнен өте алмайды ешкім басып.
Тарқатып өз қолыңмен талай топты,
күлтектеп көрген жоқсың жаннан сасып.
Жақсының жүзін көрген жарым ырыс,
тірлікте жай білісіп, дидарласып.
Балқы Базар Оңдасұлы
Жанды өліп, жансыз тозар деген сөз бар,
өлімнен құтылмаған Қорқыт қашып.
Күн жақсы қауышқанша, қош бол, інім,
көрерміз болса тағы тұз-дəм, нəсіп.
Халқыңа жасыңнан-ақ болып аға,
қақтырдың назбедеуге жезден таға.
Бір туған Аспан, Бозғұл егіз едік,
секілді біреуі – жең, бірі – жаға.
Деген бар айтсаң білер, ашсаң көрер,
аршылмай арнадан су, ақпас саға.
Адамзат тіршілікте таппас тыным,
өлгенше ойлап қамын бала-шаға,
Жанассаң жаксылармен жан сүйсінер,
асылдың жұрнағындай қымбат баға.
Жан болсақ, жалғаншының миманымыз,
абзал дейд нəпсіңді əр кез тимағыңыз.
Əмірін ақтың бажайласа əркім,
табад дейд күнде кəмəл, иманыңыз.
Жар-досты жақын-жуық жабырқатпай,
құрмалап көлеңкеңе жинадыңыз.
Қарып пен касерлерге қамқор болып,
жетімді, жесір менен сыйладыңыз.
Ары үшін ағайынның əр жерлерде-ақ,
жасқанбай жанды талай қинадыңыз.
Əкеңіз Өңгебай мен шешең Мақта,
олар да қойған жандар кеулін аққа.
Беделің екі жұртқа бірдей болды,
бейне бір халифадай мінген таққа.
Алланың артық берген ықпалында,
Балқы Базар Оңдасұлы
кеткен жоқ абыройың ешбір жаққа.
Жай жерден жарып шыққан бəйтеректей
туымың болды лайқат дəулет, баққа.
Атадан азып туған баз біреулер
зорға жүр елтіп күнін өлмей шаққа.
Əлемге əлін білмей таң болады
орынсыз ой толқытып əр тарапқа.
Симұрық Сүлейменнен бір ұялып,
қамалған деп айтады көһи Қапқа.
Тыңдалмас айтушының сөзі оңбаса,
түзелмес қисық ағаш тезі оңбаса.
Қандырмас халық мейірін суы аз құдық,
ағатын тұс-тұсынан көзі оңбаса.
Кей жаман атасына асылады,
нағылсын ата байғұс өзі оңбаса.
Сейітқұлдар өскен ауыл, сегіз жүйе,
деген бар аруақты ерде болар кие.
Сол елдің бір қызына ұрынып ем,
қалыңы бір жүз сом мен жиырма түйе.
Тəуекел кемесіне мініп тұрмын,
жеткер деп қазинаңнан жаббар ие.
Алқасы ағайынның керек боп тұр,
дегендей ер қысылса, иектен сүйе.
Ғаламға шаһ Сүлеймен сұлтан болған,
оның да дəрежесі тайған қолдан.
Тұрақсыз көрген дəуір көшкен бұлттай,
ешкімге жолдас емес дүние жалған.
Бейнетпен өтті өмірі талайлардың,
итшілеп рəт көрмей жиған малдан.
Балқы Базар Оңдасұлы
Сасқанда ерді иектен сүйейтұғын
жанашыр жар-дос қымбат шын қадырдан.
Ат салып екі талай егес жерде,
ар үшін аямаушы ең мал түгел, жан.
Бір жөттің мың теңгелік қарызы үшін
Ғалыны базар сатқан баба Раушан.
Біраз күн біз келгелі өтті деймін,
базарға бүгін қонсам, бес түнеймін.
Жайлы орын, сыйлы тамақ, сыпайы сөз,
ықыласпен еткен құрмет жетті деймін.
Əр уақта абыройдан айырмасын,
жалбарып жаратқаннан көп тілеймін.
Жақсыға жай білдіріп, жағдай айтып,
білместен етіп дəме, өксімеймін.
Қолда пұл, қорада мал кемдігінен
ерлерге өздеріңдей иек сүйеймін.
Əлмəмбет Базарды қызыл кірпіштен салынған, он
шақты бөлмелі үйіне төрт-бес күн қондырып, жырлатқан
соң, соңғы күні оның астына ат мінгізіп, үстіне шапан жа-
бады да: «Жеңгемнің көрімдігі», – деп, 100 сом күмістей
ақшаны сол арада санап береді.
Қалған жиырма түйені Базарға Дəйт ұранды Шөмекей-
лер жинап береді. Сүйтіп, Базар Əлипаны алады. Одан
Пірлібек, Нұрлыбек, Нақыпбек, Əмзебек деген төрт ұл,
Күнзада, Балзада деген екі қыз сүйеді. Нұрлыбектен –
Құрақбай, Нақыпбектен Тұрмағамбет деген немерелері
болады. Олар кəзірде Өзбекстанның Тамды, Кенимех
аудандарында тұрады.
Балқы Базар Оңдасұлы
НАЗАР БИГЕ АЙТҚАНЫ
Базар жырау Қазалының түрмесінен шығып, Қызыл-
дағы аулына қайтып келе жатады. Жолшыбай ол Шөме-
кейдің үлкені –Тоқаның атақты биі, əрі байы Назарға кеп
сəлем береді. Базардың сонда биге айтқан ұзақ жырының
үзін дісі ғана сақталған:
Сəлем беріп, қол алған
мен Балқының Базары.
Дəулетіңе кез келдім,
сіз Тоқаның Назары.
Алты ай жатып түрмеде,
арып-ашып келемін,
Назекеңді көргесін,
Базардың кірді ажары...
Сақалың алтын, мұртың жез,
дəулетіңе келдім кез.
«Сөйле!» десең, Назеке,
табылады бізден сөз...
Балқы Базар Оңдасұлы
АЛМАТ САРДАРҒА АЙТҚАНЫ
1875-жылдары Шөмекей Бозғұл, оның Шобдар ата-
лығынан шыққан атақты Алмат батыр əрі би (Хиуаға сар-
дар болған) Базарды жырлап берсін деп Арқадағы Аққұм
дейтін аулына (қазіргі Ақтөбе облысына қарасты Ырғыз
ауданы) шақырады. Сол жылы Базар мінерге жарамды ат
таба алмай, шақырған жерге бара алмай қалады. Келесі
жылы ол ұят болды-ау деп, Алматтан кешірім сұрайын
деп, жаман атымен жолға шығады. Жолшыбай ол мың
жылқы біткен Шөмекей – Бозғұлдың Дөсегі Маутанбайға
кеп жағдай айтып, бір аттың майын сұрайды. Сараң бай əр
нəрсені сылтау етіп, Базарға ат бермейді. Енді амалы қал-
маған Базар жаман атымен арада бірнеше күн қонып, əрең
дегенде Алмат сардардың Аққұмдағы аулына арып-ашып
жетеді. Ол сəлем беріп, киіз үйдің табалдырығынан аттай
бергенде, төрде жатқан ашулы Алмат сардар:
– Кірме! Көзіме көрінбе! – деп ақырады.
Сонда бір аяғы іште, бір аяғы сыртта тұрып, Базар
өлеңді ағытып қоя береді:
Арғы атаң Əлібектен батырларым,
келіскен содан бермен ақырларың.
Ордаңа өзім іздеп биыл келдім,
келсін деп өткен жылы шақырғаның.
Жер шалғай, алыс жолға ат табылмай,
себебі сол еді, сардар, жатырғаным.
Ырзамын сөкпек түгел, соқсаң да, аға,
кеуліме келмейді кейіп, ақырғаның.
Тұқымы жылқыңыздың құла алады,
күлте жал, құйрығы ұзын шұбалады.
Ашқа азық, азға қамқор болып талай,
алдыңнан қайтқан күліп жылағаны.
Балқы Базар Оңдасұлы
Қайратың қара түгел ханға мəлім,
қолыңнан мені өлтірсең кім алады?
Сонда да, сардар, сіздің алдыңызда
қалмайын сөзімді айтпай сыбағалы.
Не сөз бар қайратыңды халық көргесін,
кісіге тай сұраса, ат бергенсің.
Қазақтың киіз үйлі таласы жоқ,
өлшеусіз осынша артық бақ бергесін.
Иманым тас төбеме кетті шығып,
қараудың тарғылындай тап бергенсін.
Қалайда бұл қатерден құтылармын,
сөйле деп тəңірім тіл мен жақ бергенсін.
Тұқымы жылқыңыздың өңшең құла,
өсірдің балдарыңды етіп бұла.
Бекеттен бермен қарай бабаларың
өтпеген бір-бірінен кем боп, сірə.
Тең болып текті жерден қосылып жар,
кетіпті өле-өлгенше кеулі тына.
Атаңыз Киікбайға оқ тигенде,
өзі аттап, түсіріпті анаң Қына.
Болғанда ағам Алмат, жеңгем Күміс,
ешкімге біткен емес мұндай туыс.
Ақырып Алмат ағам сыртқа шықса,
болады Əлім, Шөмен бір-ақ уыс, –
деген кезде, мақтау сүйетін Алмат басын көтеріп, База-
рды қасына шақырып отырғызады. Оның себебі де бар
еді. Оның атасы Киікбай батыр ақ табан шұбырынды
кезінде қалмақтармен соғысып, оларды қатты қырған.
Сонда қалмақтың бір мергені мұны садақпен атады. Оқ
Балқы Базар Оңдасұлы
Киікбайдың қара санына қадалып, бұлшық етті жыртып
барып тоқтайды. Батыр қансырай бастайды, ешқандай
ем-дом қонбайды. Сонда ескі ырым бойынша, өмірі басқа
еркекке көзін салып көрмеген Қына бəйбіше Киікбайдың
үстінен аттап, оқты түсіреді. Базар осыны айтқан кезде,
əруаққа шыдамай кетіп, Алмат сардар жырауды қасына
отырғызып, тездетіп шəй-суын бергізеді. Сол аралықта
жақын жердегі ауылдарға кісі жіберіп, елді жинап алады
да, Базарды жырлатады. Оны сол жылы күзге шейін жібер-
мейді. Ақырында Алмат сардар Базарға ат мінгізіп, шапан
жауып қана қоймай, оның алдына əурігі мен он қысырақ
(бір айғырдың үйірі!) салып, еліне ырза қылып қайтарады.
Базар алдына жылқыларын тізе-тіркеп айдап келе жа-
тып, Қарақұмда баяғы өзіне аттың майын қимаған Дөсек
Маутанбайдың аулына тап болады. Бұл кезде бай қайтыс
боп, елі-жұрты оны жерлеп жатыр екен. Базар да кеп, тізе
бүгіп отыра қалады. Байды жерлеп, қабырына құран оқып,
қол жайғаннан кейін, Базар сол арада суырып салып:
Би, батыр, байлар да өткен кос сабалы,
Сансызбай мырза да өткен Қошқаралы.
Итшілеп ішпей-жемей жисаң-дағы,
жоқ екен жалғаншы итті іж қарары.
Сүйген жар, айдаған мал, жиған дүние
қаңырап артында ердің бос қалады.
Арман не ең болмаса өлген кезде
құрмалап қойса қолдан дос-жараны.
Кей байлар төрт түлігі сай болғанмен,
сусынға толмай кетті-ау тостағаны.
Маутекем аттың жайын көп айтып ед,
сонда да екі қолы бос барады, –
дейді де, Қызылға қарай жүріп кетіпті.
Балқы Базар Оңдасұлы
ТҮМЕНБАЙДЫҢ ЕЛ-ЖҰРТЫНА
АЙТҚАН КЕУІЛҚОСЫ
1890-жылы, бұрынғы Қазалы үйезінің Сарытоғай болы-
сына қарасты Əлім руының Төртқара тайпасының Сейітқұл
бөліміндегі Дүйсеней аталығына жататын Темір дің жаңғыз
баласы Түменбай мырза 27 жасында, Арқада жылқыда,
отарда жүргенде, қорасан шығып, қайтыс болады. Оның
ата-анасы Қазалыда салықта қалады.
Түменбай мырзаның екі əйелі бар еді. Оның біреуі
Сырым Əлмəмбет Өңгебайұлының туған қарындасы екен.
Түменбайдың қазасын ата-ана, қайын жұртына естірту
үшін Əлім, Шөменнің басты адамдары жиналып, Базарды
Қазалы қаласына алдыртады. Базардың сондағы айтқан
кеуілқосы:
Сап, азамат, сардар бек,
сөз сөйлейін, сабыр ет.
Жəрдəм бергей тіліме
жаратқан жаббар құдірет.
Кеудеде жаным барында,
ерінбеймін алыңда етуге,
беглер, қызымет.
Кəдірін білсең, кісіге
тірілікте бəрінен
денсаулық деген зор дəулет.
Аңдып жүрген адамды,
аңсызда келіп соғатын
ажал деген бір нəубет.
Сондықтан бүгін сіздерге
айтайын деген сөзім бар,
қаумалап келген əлеумет.
Таудан аққан, тас жарып,
сарқылмас Сырдың көзі бар.
Балқы Базар Оңдасұлы
Шеберлердің қолында
еменнен кұрған тезі бар.
Орынсыз кеңес айтпаймын,
əр нəрсенің кезі бар.
Құлағың сал да, тыңлай қал,
Төртқараның ішінде
Темір байдың баласы
Түменбай атты жаңғыздың
аз ғана мұңлық сөзі бар.
Тау болмайды жүйесіз,
əулие болмайд киесіз.
Шаруаның сəні жоқ,
табаны жалпақ түйесіз.
Елжіреп баурың перзентке,
еміреніп сүйесіз.
Тірнектеп жиған дүнияңнан,
жағасыз, жеңсіз, жалаңқат
табылса, зорға киесіз.
Опасыз шіркін жалғанға,
бұ сөзімді есіткен,
ерлерім, əбдəн күйесіз.
Күйінесіз дегенім,
жаңғызы өліп, жар құлап,
Темірдің ауыр дəулеті,
бəрі де қалды иесіз.
Жад етіңдер,
жарандар,
жаратқан жаңғыз Алланы.
Бауыры суық қара жер
жан біткенді жалмады.
Күндері біткен шағында,
гүлдері солған уағында,
Балқы Базар Оңдасұлы
кімдердің ата-анасы,
кімдердің қатын-баласы
артында шулап қалмады?
Тау күйініп, тас жанар
келсе ақтың пəрмəны.
Алладан пəрмəн келгесін,
мырзаңыз тастап, аттанды
екі бірдей орданы.
Əулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
жалынғанға болмады.
Бола ма деп бір сəуе,
аямады жаны үшін
қойдан – қошқар, жылқыдан
жылжыған қос-қос жорғаны.
Əруағы күшті ауыр дерт –
Қорасан баба орнады.
Бірте-бірте меңдетіп,
күннен-күнге зорлады.
Елі-жұртын көре алмай,
көрісіп, тілге келе алмай,
кеулінде кетті арманы.
Ұйқы көрмей, ас ішпей,
екі бірдей алғаны,
тілегін тілеп жаңғыздың,
ертелі-кеш зарлады.
Сол уақыттар болғанда,
Түменбай атты жалғызың
бастан кешкен күндерін
былай деп айтып толғады:
– Он екі жастан өткесін,
мен халыққа болдым Түменбай.
Талай жерде таңданттым,
Балқы Базар Оңдасұлы
аттан озған құнандай.
Жиырма жеті жасымда
тап қылды тəңірі басыма
ашылмас қара тұманды-ай.
Осы кезде жатырмын
жаратқан жаңғыз иемнің
не қыларын біле алмай.
Амалым бар ма қылатын,
əттең, дүния опасыз,
арманда кеттім сыналмай.
Өзіммен қатар бірге өскен,
замандас, туған-теңдеспен,
кеткенім бе шынымен
армансыз ойнап, күле алмай?
Жазатайым осыдан
кетсе көзім жұмылып,
қалғаны-дағы иесіз,
көк алалы көп жылқы
Арқада тағы құландай.
Əдірə қалғыр сабаның
қымызы тұрса құйылып,
қаумалап күнде қарындас,
келуші еді жиылып.
Енді қайтып қатарға
енбесімді білгесін,
кеткені-дағы түңіліп.
Екі бірдей алғаным,
қаламдай қасың қиылып,
қабағың тастай түйіліп,
отырсыңдар күндіз-түн,
ішіңнен жарап, бүгіліп.
Ұйқы көрмей, ас ішпей,
əлдə қандай болад деп,
жаңғызға қарап үңіліп.
Балқы Базар Оңдасұлы
Жаман айтпай, жақсы жоқ,
жазатайым осыдан
кетсе көзім жұмылып,
қалғаның-дағы сорлылар,
жар басында қамалған
серкесіз қойдай иіріліп.
Амалым бар ма қылатын,
бұ шамаға келгенде,
Арқаның құба жонынан,
топырақ тұрса бұйырып.
Өзіңнен жəрдем болмаса,
Түменбай құлың сасып тұр.
Бір ауырлық еңсемнен
бүгінгі күні басып тұр.
Жұтамын деп қара жер,
аңқайтып, аузын ашып тұр.
Қасымнан кетпес қарындас
бəрі де бүгін қашып тұр.
Дос мұңайып, қайғырып,
дұшпанның кеулі тасып тұр.
Қайтпаған таудан таланым,
жабығып қатты, жасып тұр.
Боларын мұндай білгенде,
биылғы жылы Арқаға
шығар ма едім отарға?
Жаңа байқап жатырмын
кеткенімді қайтпайтын
барса келмес сапарға.
Олай демей, не дейін,
жан қиланып, жай таппай,
алқымға таяп ажал тұр,
кезеніп оғын атарға.
Балқы Базар Оңдасұлы
Оқ тисе марал өкпеден,
келеге келіп ол, сірə,
қосылар ма қатарға?
Осы бүгін күн бата,
əрі кетсе, таң ата,
одан кейін бұл дəурен
болар ма екен біздерге
енді бүйтіп жатарға?
Ағайын, туған, елімді,
көре алмай өскен жерімді,
қалғаным ба, шынымен,
құлазып жалғыз жапанда?
Ыразымын
сендерге,
кош, аман бол, алғаным.
Бұршағың салып мойныңа,
жас сорғалап қойныңа,
екеулеп бірдей жалғыздың
тілегін тілеп зарладың.
Зарлағанмен, не пайда,
тілегіңді бермесе,
көзіңнің жасын көрмесе,
көтермеске əл нешік,
құдіреттің пəрмəнын?
Атам менен анамды,
бірге өскен жолдас-жорамды,
қолдарын ұстап, қоштасып
көре алмадым, сол болды
көкіректегі арманым.
Менен сəлем бəріңе,
жасың менен кəріңе,
қош болыңдар, көре алмай,
артымда тірі қалғаның, –
Балқы Базар Оңдасұлы
осыны айтып мырзаңыз,
ұсынып мойнын, көз жұмып,
ақирет сапар жолына
аттанған, тастап мал-жанын.
Ойлап тұрсақ, осындай
əуелі шаттық болғанмен,
ақыры – харап əммəның.
Сол себепті марқұмның
нағашы, қайны, өз жұрты,
туысқан-туған, бірге ұлты,
қайырлы болсын бəріңе,
ылаж жоқ үкіміне Алланың.
Балқы Базар Оңдасұлы
ҚАРАТАМЫР ПІШƏНҰЛЫ ТӨРЕБАЙ
БАТЫРҒА АЙТҚАН КЕУІЛҚОСЫ
1901-жылы сол кездегі Қармақшы ауданына Жамансыр
болысының кəдірлі биі əрі батыры Қаратамыр Төребай
Пішəнұлының жаңғыз баласы Ысқақ 18 жасында қайтыс
болады. Сол жылы Қалыңбас деген жерде, Ысқақ қайтыс
болғаннан үш ай кейін, Құлыс Кете Бекет бидің үш жүз
қара үй тігілген үлкен асы беріледі. Осы асқа Кете, Шөме-
кейдің бар жақсысымен қатар, Ақмешіт (Қызылорда) жəне
Қазалы үйездерінің арасында, жер шалғай болғандықтан,
Төребай биге уақытында кеуіл айта алмаған елдің бетке
шығар азаматтары да болады. Соны ескерген жиын кеулін
аулау үшін, Қызылқұмға арнайы шабар жіберіп, Базарды
шақыртып алдырады. Сонда жиналған көптің алдында
Базар мынадай кеуілқос айтады:
Көп жиылған, жамағат,
атаның ұлы азамат,
бір шыбындай ғəріп жан
бəндəға кем-күн аманат.
Жарлылық пенен жаңғыздық
жаман досқа қылар мат.
Қоныстың шалғай жырағы
ағайыннан қылар жат.
Хан салғандай кəделі
орын едің рабат.
Тоңға салса, томырылып
қайыспайтұғын қожполат,
көрмегелі көп болды,
жүрмісің, мырзам саламат?
Атаңыз дегдар сығайдан,
анаңыз асыл құмайдан.
Екі асылдың сұлыбынан
Балқы Базар Оңдасұлы
сəтті күні пайда ғып,
жаратқан жаббар ылайдан.
Ажалға айла болмайды,
дəулет пен бақыт, шырайдан.
Ауазаң асқан ер едің,
Түркістандық крайдан.
Қырымнан қырқа жол шексе,
хас қазанат жануар
күннен күнге тыңайған.
Бір тер қатса, жабырқап,
жабы шіркін мұңайған.
Сабырдан өзге шара жоқ,
қайтыңыз, мырзам, ырайдан.
Бұл секілді нəубеттің
ақырын тілеп құдайдан.
Əуелден əуел болғалы,
атамыз Адам пайғамбар
жалғаншы фəни дүнияға
қатарын түзеп қонғалы,
неше күре ел өткен.
Ол өткен елдің ішінде
Рүстем, Дастан ер өткен.
Олардан да өзге ерлер көп,
сол заманнан бері өткен.
Ғəріпті көрсе, аяған,
кəпірден төніп қараған
Əзіреті Əли шері өткен.
Құдіреті күшті құдайым,
бір жерді ылди, бір жерді
асқар биік бел еткен.
Бір жерді шөл, бір жерді
айдын шалқар көл еткен.
Əңгімемнің ажары
Балқы Базар Оңдасұлы
өткерген ұндай електен.
Қай кезде де қайыл боп,
өкпелемейді коңсысы,
егесіне болса кереккен.
Халық ағасы Төребай,
ақырын Аллаң жеткерсін,
сыныпты бұтақ теректен.
Сабыр қыл, інім Төребай,
билігің бар дауға сай,
ерлігің бар жауға сай,
бұлт аспайтын басынан
Абылайдың тауындай,
жеті атаңнан келеатқан
ежелден берген абырой.
Нарға ылайық жүк болды,
мырза Ысқақ Ағытай.
Елестейтін-ді кеуліңе
бұлтқа кіріп тұрғандай
төбеден ауып Күн мен Ай.
Асықақ мырза аттанды
дəл он сегіз жасында,
мекені болғай шырақтың
сегіз пейіш – кең сарай.
Сират көпір аузында
атам деп, Сізге қауышқай.
Үрлер құшып үжмақтан,
жəннаттан алғай жақсы жай.
Көктен ұшқан көк сұңқар
тау бөктерлеп ұшатын,
тас бөктерлеп қонатын.
Жаратқан жаббар кəр қылса,
өрден аққан дария
Балқы Базар Оңдасұлы
сағасынан тынатын.
Ер көтерген көк сүңгі
күні бітсе, шарт етіп
ұңғысынан сынатын.
Қайысқан сынды полатың,
қайрылып сынды қанатың.
Өлімнің қатты əсері –
өзегің өрттей жанатын.
Жағдайсыз жерден оқ тисе,
əркімдер естен танатын.
Көтермекке хал нешік
Алланың салған санатын.
Алма мойын, құба үлек
шалқұйрықтан туатын.
Балдағы алтын айболат,
тарыққан кезде ер керек
тартып белге, буатын.
Шөл қылмағай, құдайым,
байтақтың күзер, суатын.
Əзіреті Дəуіттің
отыз ұлын алғанда,
басына қайғы-қасірет
құдіретіменен салғанда,
сонда көргені Сүлеймен.
Сізге де бергей жаратқан
солардың сабыр, қуатын.
Қосыңды сал саулықта,
тапсаң жердің беркіне.
Басын қосқан ер азбас,
тапса бір ердің мертіне.
Жақыптың көзі көр болған,
Балқы Базар Оңдасұлы
күйініп ашу өртіне.
Жүсіптің кеулі шад болған,
сұлулық, шырай көркіне.
Ақырда құл боп сатылған
ол Мысырдың кентіне.
Басы жұмыр бəндəсын
жібермейді егем еркіне.
Лұқман да айла тапқан жоқ
ажалды кұлдың дертіне.
Хан мақтанар жұрты бар,
пір мақтанар мүриді бар.
Дүния – қашқан алтайы,
көрсе, көздің құрты бар.
Алымдардың қолында
арабы, парсы, түркі бар.
Ер еңкейсе, ел сүйер,
ер тілеуін ел тілер,
атамыз қазақ ғұрпы бар.
Туысыңның кемі жоқ,
берік қақпалы шəһəрдай
даруазалы құлпы бар.
Алыстан дұшпан сескенген
əруақты ерсің, бұлты бар.
Бір адамның сұлыбынан
өзіңдей-ақ ұл туар.
Жүзді аузына қаратқан,
алдынан топты таратқан
Қарадос пенен Сансызбай,
атаңызда өткен Күнтуар.
Арғы атаңыз Ерназар
дабысы желдей гулеген.
Балқы Базар Оңдасұлы
Қаһары келіп кектенсе,
жебесін тасқа түйреген.
Адалдық жолға жан қиып,
арамды кеулі сүймеген.
Іренжітіп ешкімді,
шалпысы жұртқа тимеген.
Ай мүйізді қошқардай
мекіренген сөзіне
көрмеген жекжат күйлеген.
Өтетілеу, Сарытай,
Мөңке, Қылышы би өткен,
бес Бозғұлдың баласын
нəһəндай өрге сүйреген.
Ақ нұрынан жаралған,
сақтап өзін арамнан,
дін мұсылман халқына.
Жол көрсеткен адалдан,
ақтың досты Мұстафа, –
олар да өткен дүниеден.
Қабырғалы қара нар
қабырғадан саз кешсе,
қайыспай тартар ауырды.
Қабағын қағып білдірмес
омыртқадағы жауырды.
Алдыңда ағаң барында,
атандай бұтыңды алшайтып,
жарасар көрсең ауыңды.
Екі талай жерлерде,
кеудеден жаны кеткенше,
ер қимайды бауырды.
Қиядан дұшпан көз салар,
көрсетіп қойсаң дауыңды.
Балқы Базар Оңдасұлы
Байтаққа керек ер едің,
өзіңе өмір бергей деп,
тілейміз ақтан сауыңды.
Түгі сұлу көрінер
тұра қашқан түлкінің.
Пайдасы көп шаруаға
күздікүнгі сілпінің.
Жапырағы жайқалған
көкорай, шалғын майсаға
зияны тимей кетпейді
қазанның қара бұлтының.
Опасы бар ма дүнияның,
өте шығады шұбырған
тозаңындай жылқының.
Арманы бар ма жігіттің,
азды-көпті жинаған
егесі болса мүлкінің.
Қожа Ахмет Иассауи,
Төребай жанға бір ұл бер,
пірі едің қазақ, түркінің.
Бұл заманда би бар ма
Темір, Тұяқ, Мұраттай,
айшылық жолға азбайтын,
белді туған құр аттай?
Келе алмай қарсы кеселеп,
жұрттың бəрі жол берген,
жапырылған құрақтай.
Біліміңе болайын,
тасты жарып, қайнаған,
бəһəрда аққан бұлақтай!
Қамқорлық еткен кəріпке,
шеніне дұшпан жолатпай.
Қасарысқан кез болса,
Балқы Базар Оңдасұлы
қайыспай кеткен полаттай.
Олар да көшкен жалғаннан
бір күнгі қонған қонақтай.
Пішекем де өткен дүниядан,
атамның салған жолы деп,
анамның пішкен тоны деп,
əлсіздерді жылатпай.
Қиянат қылып орынсыз,
жылатқандарды ұнатпай,
белдескендерді мерт етіп,
қиядан тартып құлатпай,
солар да кетті пəниден, –
паяны бар ма шіркіннің,
төгілген қолдан сынаптай?!
Одан туған ер едің
тай жолбарыс сияқты-ай!
Туысыңның кемі жоқ,
ұстасқан қолды қидырған
айбалтаның бауырында
полаттан салған қияқтай!
Қиядан арға ат салдың,
қынада қайрат шыдатпай!
Қайсы бірін айтайын,
өзіңе берсін денсаулық,
көнеден қалған мешіттің
орнындағы ер едің,
жалғыз жанған шырақтай!
Базар осылай деп кідірген кезде, Төребайдың жылап
отырғанын көріп, оның кеулін жұбату үшін, кеуілқосын
жалғастырып, батырды сабырға шақырады:
Бай көркем, батыр шешен, бітсе дəулет,
жақсымен кеуіл ашылар, етсең сұһбет.
Балқы Базар Оңдасұлы
Ашпайтын Əзірейіл есік бар ма,
дем бітіп, басқа келсе кезек-нəубет.
Əйтеке, Қазыбек би, Үйсін Төле,
тапқан жоқ ажалға айла Балқы Баубек.
Арғы атаң Ерназардан бермен қарай,
əулет ең, бақ айналып, тұтқан сəулет.
Дегенмен бір, бəрі Ерназар,
тұқымы Күнтуардың – нағыз əулет.
Жарылғап, батыр Пішəн, сардар Алмат,
жүргізген ханы Елікей, үкімі хат.
Пірəлі, Тампыш, Жұбан, Мұрат, Тұяқ –
бұлар да белгілі орын, ежелгі зат.
Жабыдан жарып туған би Жанболай,
əр қалай айтар сөзге болмаған мат.
Бəшеке, би Самырза, ер Қойытбай,
күйлеген дабысына көрмеген жат.
Дүнияны үрлеп ішіп, шайқап төгіп,
бəрі де кетті мініп ағаштан ат.
Байтақ ел Қарақожа – мың жарым үй,
Қыстаубай талай жауға тарттырған күй.
Сарытай, Өтетілеу, Мөңке, Қылыш,
өтіпті би Күнтуар, бір қатар би.
Солардай жақсы барда, жұрт аза ма,
бірі – уық, бірі – түндік, біреуі – ши.
Үлгілі шəкірт азбас деген сөз бар,
бола ма көн күдері, көрмесе іи?
Бəшеке, Сарыбай Сəдір, жүйрік Бостан,
хан болған балғасымен халыққа Достан.
Табылып сөздің теңі, желікті ағаң,
бөкендей бауырын төсеп, желге жошқан.
Арғы атаң Ерназар мен Сары да өтті,
адасып айрылғанды талай қосқан.
Балқы Базар Оңдасұлы
Күмірə демі бітсе, бəндə ғəріп,
мысалы, сұр киіктей мерген тосқан.
Дос түгел, дұшпаныңа саулығыңда
кем емес сырт айбатың жолбарыстан.
Жеткізіп жеті атаға бектігіңді,
жаратқан айлап артық уел бастан.
Артылған ауыр жүкті нар көтерер,
гөзелім, көп мұңайып, жеме пышпан.
Үстінде төртінші қат Иса көктің,
жаралған əмірі сол дейд кұдіреттің.
Оқ тисе қабырғадан, қайыспайтын
қаназат тұқымы едің нағыз бектің.
Қайғыңа халқың ортақ қай кезде де,
үстінде тілектестік, тура ниеттің.
Иншалла, əруақ орны қали қалмас,
тілегі тышқары емес Сізден көптің.
Балқы Базар Оңдасұлы
ҚАЛЖАН АХУНҒА АЙТҚАНЫ
1901-жылы бүгінгі Қызылорда облысына қарасты Қар-
мақшы ауданының Қалыңбас деген жерінде Құлыс Кете
Бекет бидің үш жүз үй тіккен үлкен асы болады. Бұған сол
кездегі екі үйез – Қазалы мен Ақмешіттен (Қызылорда)
көп ел келеді. Асқа Базар жырау да шақырылады. Базар
келген ақсақал-қарасақалдардың қолын алып, сəлем бе-
реді. Солардың ішінде дін ғылымын көп оқыған, Бұхарда
медіресе бітірген, Сыр бойына дəрпі жайылған, атақты
Табын Бөлекбайұлы Қалжан Ахун да бар еді. Шөмекей
Бозғұл Сарғасқа Ораз ақынның күйеу баласы ол Базарды
сыртынан естігенмен, бірақ жүз таныс емес екен. Сол жерде
Қалжан жайына қарап отырмай, Базарды қағытып:
– Сізді сырттай есіткенім болмаса, бұрын-соңды көрмеп
едім. Келбетіңізге қарасам, ілім оқып, өсиет айтуға лайық
па деймін. Мынадай... өлең айтып, жыр жырлауға бір түрлі
қимай отырмын, – деп əзілдепті.
Сонда Базар Қалжан ақынға:
– Тақсыр, осы адам жақсылықты тілінен таба ма əлде
ділінен таба ма? – деп сұрақ қойыпты.
Қалжан сонда оған:
– Адам жақсылықты тілінен емес, ділінен (кеуілінен)
табады, – деп жауап береді.
Базар сонда тұрып:
– Олай болса халық арасында жүрген үш түрлі қауым
бар. Олардың əр қайсысының істейтін кəсібі бөлек, тілейтін
тілектері басқа. Сол тілектері мен кеуіліндегі ниеттерін
мен сізге айтып берейін, төрелігін ел-жұрт айта жатар, –
деп домбырасын қолға алыпты. Базардың сондағы айтқан
өлеңі мынау екен:
Ауру-сырқау көбейіп,
елдің құты қашсын дер,
Балқы Базар Оңдасұлы
əлпештеген біреудің
жаңа түскен келінін,
қара албасты бассын дер,
əулиеге ат айтып,
қорасанға қой айтып,
абыржып əбден сассын дер,
ат шаптырып алдырып,
басына зікір салдырып,
дəулетін судай шашсын дер,
ол – бақсылардың тілегі,
Сондай тілек бола ма,
жақсылардың тілегі?
Жаны ардақты жақсының,
күнде бірі өлсін дер,
жаназасын оқы деп,
шақырушы келсін дер,
скат, құран шығарып,
малы мен мүлкін бөлсін дер,
сол бөлінген олжадан,
өзгелерден көбірек
сыбағама берсін дер,
ол – молдалардың тілегі,
Жақсы тілек бола ма,
сонда олардың тілегі?
Моллалар, сауап іздесең,
Құраныңды оқы молаға.
Басына түне демеймін,
келіңдер қайтып қонаға.
Өлім барды шашады,
жоқтың артын ашады,
қосыла сендер тонама.
Балқы Базар Оңдасұлы
Жылап-сықтап жатқанда
олжадан ойың барларың
қараң құрсын,
жолама!
Тірінің кеуілін ауласаң,
дүние үшін жолдан аумасаң,
мен сендерден садаға!
оқып, күңіреніп,
сары уайым саласың,
Берсе, қағып аласың.
соларың дұрыс бола ма?
Кəтесі болса сөзімнің,
аямаңдар, айта бер,
кеуіліме менің қарама!
Ақ жарылқап, күн туып,
күнде қызық болсын дер,
келін түсіп, ұл туып,
үйге бала толсын дер,
жамандық тілек тілейтін
жауыздың гүлі солсын дер,
азаматы елдің аман боп,
басына бақыт қонсын дер,
ойын ойнап, жыр жырлап,
мерекелеп, той тойлап,
тамашасын көруге
жұрт жиналып келсін дер,
бұл – жыраулар тілегі.
Сол тілекті тілейтін
Базар да соның бірі еді.
Сол жерде не дерін білмей, қысылып қалған Қалжан
Ахун:
Балқы Базар Оңдасұлы
– Базеке, қайын жұртым болғасын, жəй əзілдеп айтып
едім. Сыныңыздың сыйысарлық екенін еске алып, сізден
кешірім сұраймын, айыбымды өтеймін, – деп, жігіттерін
жұмсап, Базардың үстіне екі баулы жібек шапан жауып,
қайыр-ырза қылып, жыраудың қолын алыпты.
Балқы Базар Оңдасұлы
КӨНЕК ЖАЛҒАСБАЙДЫ МАҚТАУЫ
1905-жылы Шөмекей тайпысының Көнек ата лығынан
шыққан, елдің ажарлы азаматы Жалғасбай Базарды арнайы
шабарман жіберіп шақыртып алып, бір апта бойы жырлата-
ды. Қонақтықтың соңына таман Базар Жалғасбайға арнап
мынадай мақтау сөзін толы жұрттың көзінше шығарып
айтады:
Басталық сөзді əуелі біссімілл деп,
келіспес біссімілл сіз басталған кеп.
Əл келсе, қызымет етпек айып емес,
жақсыны аты шыққан демейді тек.
Бұл сөзді айттым арнап атыңызға,
Жалғасбай, халыққа тола туып ең бек.
Бір туған Шөмекейдің төрт баласы
атамыз – Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнек.
Кейінге халық тыңдарлық қалмаса сөз,
жүрерміз, мезгілі өтсе, уайым жеп.
Күнбе күн көз алдыңда өзгеріліп,
тұрмайды бір қалыпта шарқи фəлек.
Жерлерде екі талай ердің жайын
ескеріп, ер тыңлайды айтылса кеп.
Айтылса ұнамды сөз, ғибрат алмақ,
есуас бізді қисық жолға салмақ.
Жалғаншы сырты сұлу мекер заңлас,
келеатқан жан біткеннің бəрін де алдап.
Тірнектеп тіршілікте жиған дүния,
қаңырап, артында ердің есіз қалмақ.
Күрмеуге қысқа жіптей жеткізе алмай,
Дем бітіп, таусылса өмір, үйістіп жүріп,
бір күні сұм қара жер жұтар жалмап.
Балқы Базар Оңдасұлы
Илалап, тіршілікті жүрміз жалғап
Жасыңнан жоқтық көрмей, бағлан өскен
ер едің, талай қызық бастан кешкен.
Шырмалып шиеленген іс түйінін
алдыңнан, арнап келіп, əркім шешкен.
Көзіңнің қырын салып қай кезде де,
үміт бар шығармас деп бізді де естен.
Құдірет топырағын артық үйген
бəндəсың, қай кезде де халқы сүйген.
Болғанмен қанша қиын, барса алдына,
іс болмайд шешілмейтін əділ биден.
Жамандар жаңғыз басын қорғай алмайд,
жақсының шерепеті жұртқа тиген.
Сарапта сандағы ердің бірі болдың,
падышадан шен тағынып, шекпен киген.
Азғындап, ата жолын тұтпақ түгел,
көбісі есіл ердің құмға сиген.
Жасыңнан қатарға еніп, міндің атқа,
кəдірлі болды басың дос пен жатқа.
Өзіңнен өмірлі болса, кейін болмас,
Тəждəулет қалды жарап қолғанатқа.
Оңалар орнында бар деген сөз бар,
Нұрділдə егеленді рабатқа.
Ұстарлық ата жолын қалса жүрəт,
жеткені жалғанда ердің шын мұрадқа.
Пайдасы бір жақсының көпке тиер,
қол артқан қор болмайды азаматқа.
Көп еді қайратың да, ақылың да,
күліп жүр талай дұшпан тақымыңда.
Балқы Базар Оңдасұлы
Жақсының асылы, тегін
тексерме деп,
кəрияның қалған мирас нақылында.
Мұстафа жастан жапа көп көргенмен,
таптырған дінге кəмəл ақырында.
Халқы үшін қайратты ерлер қияр басын,
жамандар жатқа санайды жақынын да.
Дабысың Бағдад, Мысыр, барды Шамға,
жігітсің ерте ілескен ұлы шаңға.
Ар үшін аянбайсың жаннан кешіп,
түйлігіп көк бүркіттей түскен аңға.
Орнымен əр уақта айтсаң жағдай,
аяқсыз қалмайд деген қадырданға.
Алланың мың бір аты, бірі – халық,
басқаны құмырсқаның өзіне анық.
Бəндəм деп өзі рахым ойламаса,
құтылмас еткен істен іжкім танып.
Белгісіз өлім – дұшпан, өмір тапшы,
шамшырақ бір күн сөнер, мың күн жанып.
Беред дейді Алла абырой сүйген құлға,
болмаған бұл дүнияға іжкім тұлға.
Ертең жоқ, бүгін көрген болып жатыр,
замана өзгеріліп жылдан жылға.
Мал-мүлік, бақ-дəрəжə, сəн-салтанат,
дем бітсе, тұрмай қалады қара пұлға.
Алланың артық берген ықпалында,
жетіп тұр созсаң қолың оң мен солға.
Бұхардың əміріне барғаныңда,
ылайқат зияпаңды алдың қолға.
Жалғасбай Қазалыдан келеді деп,
күттіріп, көп сарбазды қойған жолға.
Болмапты ондай құрмет
Балқы Базар Оңдасұлы
еш қазаққа,
сол кезде тұрдың қалай сыйып тонға?
Сізбен хан құрған мəжіліс салтанатты,
содан соң аралатқан əр тарапты.
Барғанда құсбегіге, сіз мінсін деп
күймеге жектіріпті парлап атты.
Өзімдей етіп құрмет, қарсы алсын деп,
жазыпты əмір оған арнап хатты.
Мінгізіп пайтонарба сейселемен,
жайларды жан көрмеген аралатты.
Кəдірлі ханзададай болды басың,
ұлыққа сол секілді зор айбатты.
Сайрандап абыройдың арқасында,
көтеріп қайттың, мырзам, кеуіл шатты.
Шөменнің бірі – Көнек,
баласы – төрт,
Көнекте Жолмырза еді бір жанған өрт.
Қошқардай аймүйізді соқыр туған,
нешеуді қайратымен етпеген мерт.
Сарқылып өлшеулі өмір, таусылса дем,
артпаған ажал кімге аумастай дерт.
Аумай тұр əзір оғың нысанадан,
көтеріп бармағыңды нұсқасаң серт.
Жаратқан, деген сөз бар, жаңғызға жар,
қас қапас ауыр жүкке арабы нар.
Хиуада өтті Андағұл,
Мəдəйім хан,
кісі асқан дарбазаға, құрғызып дар.
Алланың артық берген ықпалында,
сыйласып, сізбен таныс болған солар.
Жазбаса пешенеге, жағдай мəлім,
Балқы Базар Оңдасұлы
қаншама қинап жанды, қылғанмен зар.
Айламен адамды аз күн алдарқатып,
етпеген ешкімге опа бұ дүния қар.
Құмартып, көрмей сырттан əркім əуес,
гүжімге аты шыққан, миуасы бар.
Ауылың жəрмеңкенің базарындай,
жəннəттың, көрсең, көркі ажарындай.
Мейманның азы да бір, көбі де бір,
қайырып астананың қазанындай.
Алдыңа барған аңсап аш-арықты
қайтардың кеулін тауып, наза қылмай.
Үмітсіз, Сізден мырзам, адам бар ма,
иірімнің жемге айналған шабағындай.
Ұлықтың етпей мəһрум назарынан,
залымның сақтасын ерді азарынан.
Қамалып Қап тауында қалған Дажал,
алымның ертеңгі айтқан азанынан.
Деген бар, ұшырайды бір зауалға,
налытып ғəріптерді наза қылған.
Азабын əркім таңда тартад дейді,
тіріде ақ бұйрығын қаза қылған.
Халық қайыл ыпалына берген ақтың,
қанындай тамбай тұрсың қасқалдақтың.
Заманның дəупірімді тəуібіндей
қиналып ер қысылса, емін таптың.
Падышаға жүз көрісе барғаныңда,
қосшыңа ат мінгізіп, сарпай жаптың.
Зорласа өзіңдей-ақ жалғаншыда
басына қонар бақыт бір қазақтың.
Үлгеріп орынымен, жұмсап бəрін,
қызығын көрдің, сүйтіп, мал мен бақтың.
Балқы Базар Оңдасұлы
Талайдың тонын да алдық, атын да алдық,
өтпес деп бұ дүнияны қапыл қалдық.
Аударған жол ортасын жүргіншідей,
жетуге алдымызға жақын қалдық.
Бəндəның тірілікте бітпейді кемі,
келеатқан əуелінен ақыры – қамдық.
Шамаңша шариғаттың ұстап жолын,
тəртібін тұтқан ерсің мұсылмандық.
Жалғанда жарағыңның бəрі де сай,
қараға бұдан артық болмайды хандық.
Айрылар батыр бақтан, падыша тақтан,
бұйрықта болса пəрмəн жаббар хақтан.
Бір жерге жер ошақтай сыйғызады,
жүргенде зілдейсініп кəһи Қаптан.
Мысалы, абайласақ, адам – киік,
құрулы аңдып тұрған ажал – қақпан.
Ешуақта рахаттың келмейді өзі,
жан қинап, жоғында, əркім іздеп тапқан.
Ас беріп, тойындырдың талай ашты,
тон беріп, киіндірдің жалаңашты.
Бұйрықсыз болмайд деп іс жаратқаннан,
ар үшін аянбадың байлап басты.
Ықпалың ертеде өткен Ер Қосайдай,
екпінің еріткендей тау мен тасты.
Саулықта сермеп құлаш, қарыштап қал,
айырмайды ажал келсе, кəрі, жасты.
Тірілікте дүнияға тойым бар ма,
болмаса бір бəндəға бұ да пəсті?
Қуаңның қарға сақтайды нар қамысын,
білмейді жаман адам ар-намысын.
Балқы Базар Оңдасұлы
Теңшеңді теңін таппай шешпе деген,
білгендер аңлайды айтсаң сөз мəнісін.
Əркімдер ақылды ерден алар тағлым,
кім көрген ақылсыздың оңған ісін?
Адамның басы – Алланың добы деген,
білмейді болжап іжкім алдағысын.
Үйірден құтпан айғыр қумас саяқ,
өтеді сөз сүйектен, еттен – таяқ.
Кесерін қайсы кезде байқамаймыз,
алмас бар желкемізде тұрған таяп.
Рахат таптырмайды жатқан ерге,
жар кешіп, жапа шекпей жалаңаяқ.
Қамқоршы қысылғанға бағлан едің,
барымды қалғаным жоқ Сізден аяп.
Көрсетіп қызыл тілдің өнерлерін,
байтақтың білдік танып көп ерлерін.
Аралап аяқ жетер ой мен қырды,
көп кездік жоғарылы-төмендерін.
Жетіру, Байұлы мен Қаракесек,
кыдырдым Əлім менен Шөмендерін.
Ат мініп жақсылардан, шапан киіп,
үйірлеп талай малын көгендедім.
Дегендей алған нəрсе мақтанбаққа,
болмаса, дүния екен деп еленбедім.
Бас қосқан мəжілісінде сыпалардың,
атқардық не гөзел кемеңгерін.
Байтақтың бəпелеген біз жорғасы,
алқадан аянбайтын аққан терін.
Өз атым – Балқы Базар, əкем – Оңдас,
бұл сөздің білдірелік шыққан жерін.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
Мың жасқа əкім Лұқпан жеттім деген,
дүниядан о да арманда кеттім деген.
Бас қосқан достарымен мəжілісінің
əр қайсын бір жасқа есеп еттім деген.
Сонша жыл сүрген дəурен, көрген қызық,
болмай-ақ бір күншідей өттім деген.
Жаһанды жалғыз өзің билесең де,
байқаңдар баста жоғын еріктің деген.
Ақырын аңлап солар да биопаның,
мен бекер жалғаншыға келіппін деген.
Бай да өткен, батыр да өткен, патша да өткен,
түбіне жімла жанның өлім жеткен.
Мейірімсіз ажал шіркін айлап набыт,
мезгілсіз нешеулерді зар еңіреткен.
Жан бар ма жалғаншыда өлмейтұғын,
өлмесе, ата-бабаң қайда кеткен?
Балқы Базар Оңдасұлы
ТЕРМЕ
Сағымның жəуһарланған елесіндей,
зəулімнің асқар биік белесіндей,
алдыңда ағаң барда, арманың жоқ,
бұлт аспас бейне таудың төбесіндей.
Талайлар тастап нұсқа кеткен соңға,
кəрияның қалған мирас кеңесіндей.
Баз біреу бай болып жүр мал көбейтіп,
суы алғау сортаң жердің кемешіндей.
Кейбіреу таппай корек тарығып жүр,
құдіреттің өткен тағзым егесіндей.
Жақсыны көре алмайтын күншілдер көп,
жармасқан жайлымның тас кенесіндей.
Əулігіп жөн сөйлемей жұртты үркітер,
жын шашқан жөңше нардың өңешіндей.
Болғанмен өзінше озат, өрісі қысқа,
тарпаңның тарта салған өресіндей.
Ешуақта ұқсарсыз сөз орынға аспас,
олақтың олқы қаққан шегесіндей.
Сыпаның сырттан тиер қамқоры көп,
Нуһының топандағы кемесіндей.
Кəдірлеп кəрияңды құрмет тұтын,
мысалы, тал жібектің көнесіндей.
Осалдар өзді-өзінен өмір шіркін,
сөгілген Ніл дарияның көбесіндей.
Сап болар сүйтіп жүріп сарқылмас дем,
Қызылдың су иірілген дересіндей.
Тоқталмас тура келсе ажал оғы,
Шерінің тасқа тартқан жебесіндей.
Балқы Базар Оңдасұлы
БИОПА
Кім келіп, бұл дүниеге кім кетпеген,
жалғаншы түбі терең қол жетпеген.
Алданбай һауасына биопаның,
бар ма адам бастан кеуілін кірлетпеген?
Пəнидің баянсызын біле тұрып,
бендеміз дүние қуып дірдектеген.
Ақылдың ауырлығы қорғасындай,
көркейтіп адамзатты көрнектеген.
Аз ақыл аяққа күш түсіргесін,
сабылтып кімді босқа терлетпеген?
Жігіттің баста бағы тұрған шақта
кəдірлеп халықтың бəрі құрметтеген.
Басыңнан бақ тайған күн жайың мəлім,
болсаң да бір кездері жел жетпеген.
Жалғанға жаратылып келгеннен соң,
мойның бар бір борышың міндеттелген.
Шектіріп жастайынан жəбір-жапа,
талайдың өткен өмірі бейнетпенен.
Лұқпандай мың жыл өмір сүрсең-дағы,
ақыры ажал кімді еңіретпеген?
Айырып ерді егізден, жарды ашықтан,
мезгілсіз нешеулерді шерлетпеген?
Жағдайсыз жанды жерден қадалған оқ,
күн санап кімнің дертін меңдетпеген.
Туралап тар қолтықтан тиген найза,
аунатып кімдерді аттан көлбетпеген.
Құлазып құба жонда не гөзелдер
арманда көруге елін дем жетпеген.
Талайдан тіккен орда, жиған дүния,
қаңырап қалды артында тірнектеген.
Балқы Базар Оңдасұлы
Қалған жоқ кімдер шулап, жетім-жесір,
еңкейген қарт, жас пенен еңбектеген.
Нешеуін алма мойын ару жардың
таянтып аш бүйірін тебірентпеген.
Ажалдың тура құрығы түскен күні
пенденің қол-аяғын серметпеген.
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
пайдасы өз басынан артылмаған.
Алшынның адамының бəрі мəлім,
кім қалды таразыға тартылмаған?
Тақылдап, пысықсынып сөйлейтін көп,
екпіндеп ұшқыр аттай қарқылдаған.
Бəрінен тиыш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған.
Бос, босаң, жасық туған бозбала көп,
киіздей шала басып қарпылмаған.
Емпеңдеп, ет аңдыған шалдар да көп,
телміріп бір тойғанын ар қылмаған.
Қайырсыз неше бараң байлар да көп,
қайықтай дариядағы қалтылдаған.
Ақкеуіл алаң-бұлаң адамдар бар,
есептеп азын көпке аңқылдаған.
Салаң сұр өсек қуған қатындар көп,
шаруаға салдыр-салақ салпылдаған.
Зыдият жұртты құртқан кемпірлер көп,
қызына үйде отырып шаңқылдаған.
Солардың қатарында біз де жүрміз,
мəз болып мінген атқа қарқындаған.
Балқы Базар Оңдасұлы
КЕЗЕҢДЕР
Дүния бір зат екен іштеп туған,
жігіттің ақылы жоқ оны қуған.
Келгенде əр жасыма əр түрлентті,
өткізді бір басымды неше сыннан.
Дүниенің опасызын көрдім көзбен,
келіспеуші ем опасыз деп айтқан сөзбен.
Қаншама халық басқарған хан болсаң да,
шалқақтап шат болуың жиырма, отызбен.
Кезінде сол дəуірдің сермеп құлаш,
хабарың болмас онша басқа қызбен.
Қырық жас қыңырлықты түзететін
барабар қойған арнап құрған тезбен.
Шашыңа қылау түсіп тұтығарсың,
мысалы, өрмектей-ақ ауған жүзден.
Ойыңа өткендерің оғаштай боп,
өзіңді өзгертесің ол мінезден.
Елуден асса жасың, абайларсың
ауғандай таразыны басып безбен.
Алпыста аса отырып қалмасаң да,
көшке ерген кісідейсің кəрі өгізбен.
Жетпіске жетсе жасың жынсыз бақсы,
секілді жұртты алдайтын құр қобызбен.
Шаңғытта шатастырып, шарға соғып,
айрылған аңшыдайсың түскен ізден.
Сексенге барған шақта сілең құрып,
оңышпай отырарсың екі безбен.
Тоқсанда тұла бойдан дəрмен кетіп,
түңіліп туысыңның бəрі безген.
Балқы Базар Оңдасұлы
Тартылған толқындағы нəһəндайсың,
ешіріп, көзі ағарып, жарды сүзген.
Жүз жаста халқыңа ешбір кəдірің жоқ,
балшықтай балдар ойнап, қолмен езген.
Балалық сонда айналып қайта келед,
көретін өліңді тең тіріңізбен.
Аңғартып ақылы толық азаматқа,
мысалым менің осы байқап, сезген.
Балқы Базар Оңдасұлы
БІР КЕЗДЕ
Бір кезде Базар едік халық ішінде,
жоқ еді кеңесімнің қалпы ішінде.
Тыңдатып елге жари лапызымды,
дегізгем бəрекелді шаршы ішінде.
Бір кезде жұрттың бағлан бақпасы едік,
сарайдай құлпы берік қақпасы едік.
Бір туған қырғызыдан керқұмайдай
жымиып серпіп құлақ қақпас едік.
Ойыншық ойдағыдай болмас іске,
тер төгіп, қызбай сүйек шаппас едік.
Бір кезде миуа едік тоғайдағы,
қайрылмай қара өтпеген маңайдағы.
Шошиды көргендердің үркіп кеулі,
он шақты ақты көріп самайдағы.
Арлаған бедеу аттай Базар едім,
дүния-ай, бекер екенсің қалай-дағы!
Біз едік аптықпаған, алқынбаған,
қисынсыз қалып шатқа, талпынбаған.
Жиырма бес бастан заулап өткеннен соң,
тоқсаның сары аяздай сарқылдаған.
Біз едік бір кездегі бақтың гүлі,
сайраған бақ ішінде һəм бұлбұлы.
Қандырған халық мейірін шəрбат едік,
зерендей сырлы шұбар қымбат пұлы.
Бір кезде жұрттың алтын жүзігі едік,
толқытып дарияны өрге жүзіп едік.
Балқы Базар Оңдасұлы
Кезінде алма мойын аруларды
сазандай сағағынан тізіп едік.
Бұл күнде көрген түстей, бəрі бекер,
дегенмен жұрттан саңлақ, үзік едік.
Көнбестей Алла ісіне шара бар ма,
несіне өткен күннің кіжінелік?!
Көргенде əркім теңін қасынады,
мойнына қолын салып асылады.
Барында оралыңның ойна да күл,
кəртейсең, əлі-ақ желің басылады.
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Мен едім қара алтайы қалыңдағы,
қызудай өрттен шыққан жалындағы.
Алдына жұма сайын жан салмайтын
бəйгі алған озып жүзден табындағы.
Бағылған падышалық назбедеудей
Ұсынса қол жеткісіз шағындағы.
Таңдантқан талай топта сандуғаш ек,
бұлбұлдай гүлстанның бағындағы.
Не пайда, бəрі бастан барады өтіп,
мұнардай жəуһарланған сағымдағы.
Жиырма бес, білдім қайтып келмесіңді,
түтенген ши тағыдай қабыңдағы.
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Кеуілдің арып аты, тозбай тоны,
қолайлы қоныс іздейді күнде соны.
Жүйріктей жүзден озған жұма сайын
дүбірге шыдамайды қызып жоны.
Кеуіл ит шаршамайтын шабандоздай
жаттыққан бірдей болып оңы мен солы.
Бір түнде қырық шаһарды аралайды
бейне бір бай-көпестей жеткен қолы.
Белгілі əр өзенде бір күзер бар,
кетпейтін керуендердің соқпай жолы.
Мергеннің атпайтұғын аңы болмас,
оқ-дəрі оқшантайда болса толы.
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Жиырма бес, көз ұшында елестейсің,
Біздермен қайтып енді кеңеспейсің.
Оһ, дарих, ойлап тұрсаң өткен дəуір,
бір зəулім асқар биік белестейсің.
Өткен күн ойға түсіп, ұмытылғанмен,
шеніне жолататын еместейсің.
Бұл кезде бармақ түгіл, күлмек те ұят,
қол созсақ, құрсыншы əрмəн, о несі дейсің.
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Бұл кезде жігіт көрдік шіңгірлеген,
қыз көрдік күңнен жаман міңгірлеген.
Торсаңдап теріс қарар айтсаң əзіл,
кісідей еш нəрсе істеп, дым көрмеген.
Тартулы таразыға шама-шарқы,
сыртынан кімнің жайын кім білмеген?
Жаманды жарға қамап жасытып жүр,
жиырма бес бізден кетіп күмбірлеген
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Əуре еттің, əттең, дүние, шіркін мені,
көп қудым əуреленіп мен де сені.
Көш тартып көз алдымнан кеттің жөнеп,
қайрылмай жігіттіктің керуені.
Көшкесін керуені жігіттіктің,
бағасын білдік байқап аз сүріктің.
Қызыл тіл сандуғаштай сайрап талай,
кезінде таптың кеулін көпшіліктің.
Талайдың таптың кеулін сайрап, тілім,
жастықта ауытқытар жетпес білім.
Шұбырған сүрлеуіндей ақбөкеннің
қайрылмай кеттің есіл, жастық күнім.
Қайрылмай жастық дəурен, өтіп кеттің,
кеткенмен бізден өтіп, кімге жеттің?
Айтушы ең айрылмастай досыңмын деп,
опасы жоқ екен ғой айтқан серттің.
Опасы айтқан серттің болмағасын,
би кеулім, өзің де əбден ойланарсың.
Айтпасақ əшиін-ақ тек шағынғаннан,
тай тулап, үйірінен қайда барсын?
Балқы Базар Оңдасұлы
* * *
Ойладым тəуба, шүкір қылайын деп,
келтірген бұл шамаға құдайым деп.
Кеуілді көрдім қосып алтайыға,
əлде де өзімді өзім сынайын деп.
Ретке ұмтылғанмен келмегесін,
сабырлық еттім ақыр шыдайын деп.
Бұрынғы өткен күндер еске түссе,
түтейді қаңырығым жылайын деп.
Мың күндік өзімменен өмірсерік
шөлмек тұр бір мезгілде-ақ сынайын деп.
Килігіп жас жетпіске толығып тұр,
кеуіл ит көнбес жауға жолығып тұр.
Талпынған таудай кеуілім əр тарапқа
жөн таппай осы кезде торығып тұр.
Балқы Базар Оңдасұлы
ЖАМИҒЫ ҚАЗАҚ БІР ТУҒАН
Атамыз алыс болғанмен
жамиғы қазақ бір туған.
Тозғанмен түрі өзгермес,
тұтқасы күміс жез құмған.
Басында іспет бермесе,
ағартпас бетті көп жуған.
Кісімсіп кейбір келеңсіз,
көкіректен бел буған.
Бəлеге бір күн жолығар
сыпсыңдап сырттан сөз қуған.
Кездесед дейді қазынаға
жөнімен жүріп жол қуған.
Əркімдер көрмей құмартқан
əуеде бар көк шулан.
Атағы сондай болғанмен,
əуезі төмен аққудан.
Жақсының сөзі сүйкімді
əбі гəусар бал судан.
Жаманның сөзі жағдайсыз,
ызғары қатты ащы удан.
«Шу!» дегенде озбай ма,
асыл туған наж бедеу
қаптай шапқан көп дудан?!
Жиынды жерде жан салмай,
ойқастап озған мен жүйрік
қаптай шапқан көп дудан.
Алысқа шапса арымас,
тұлпардан туған мен будан!
Тынығар мезгіл жеткен күн,
кеуілге тура жол сілтеп,
алжастырма өзің ақ тудан!
Балқы Базар Оңдасұлы
ӨСИЕТ
Иттің даусы жетпейді
Ұлығанменен аспанға.
Түсі суық дарияның
бұзылып сеңі тасқанда.
Ер қаруы – бес қару,
екі талай жерлерде
сілтей алмайсың сасқанда.
Жетпесе тағдыр өлмейді,
жан-жағынан қамалап,
жабыла көздеп атсаң да.
Өлшеулі демің біткен күн,
өлім шіркін қоймайды,
тасалап сандық ішінде
тас бүркеніп жатсаң да.
Өлім – күзер, өмір – жол,
бірте-бірте күн санап,
көнерген сайын төзе алмай
солқылдайтын басқанға.
Тіршілікте талпынып,
талаптан деннің сауында
еш нəрседен жасқанба.
Атың барда жер таны,
азаматтармен əмірə бол,
берерлік қолда ас барда.
Барыңды жұмсап орнымен,
кəдірлеп аға-ініңді,
қамқорың тисін дос-жарға.
Баянсыз бақ пен дəулетке
сенем деп, жақын жар-достан
туысқан-туған, жолдастан,
құр алақан бос қалма.
Балқы Базар Оңдасұлы
БІР НƏУБЕТ
Алыңдар ойлап ғибрат
шың басындағы өліктен.
Бір жерге бəрі жиналып,
жатыр деп олар неліктен?
Сол жандардың ішінде
бар еді не бір деміккен.
Алма мойын, қиғаш қас,
құралай көз, сүмбіл шаш,
айрылғандар көп серіктен.
Адам – бүркіт, ажал – жаң,
жылжуға келмес əл-шамаң,
жуасып талай тарпаңдар,
тырп ете алмай еліккен.
Өлшеулі өмірің таусылса,
санаулы демі сарқылса,
əркімге анық бір нəубет,
бастағы киген бөріктен.
Балқы Базар Оңдасұлы
СЕРПІЛУ
Кермиығым, кербезім,
керілген аттай шандозым!
Кездескенше сендермен
құмар ем сырттай мен де өзім!
Уа, дариға, не пайда,
өтіңкіреп баратыр,
басымнан заулап дер кезім.
Ықыласыңмен тыңдай қал,
сонда да болса құмарың
тарқамай қалмас, ерлерім!
Балқы Базар Оңдасұлы
ТҮБІ ТУЫС БАЙТАҚ ЕЛ
Үріп салған қу қарын,
дарияға батпайды.
Түбі туыс байтақ ел
бірін-бірі сатпайды.
Айнала біткен көк шалғын,
ортасы бұлақ қатпайды.
Батыр туған ер жігіт,
алмасқа берен саптайды.
Дана туған білімді
ел керегін жоқтайды.
Адал кеуіл, ақ пейіл
сағырдың қолын қақпайды.
Назбедеудің белгісі
қойшы мінген жабыға
қайрылып келіп шаппайды.
Көрпе жауып, көмсең де,
жаманат елде жатпайды.
Жақсы айғырдың үйірін
саяқ ат сансыз жақтайды.
Үлгіні бұзған орынсыз
жол көміп пайда таппайды.
Балқы Базар Оңдасұлы
АЛШАҢДАҒАН БАЗАР ЕМ
Қайыңның қатты безі едім,
өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде
шебердің кұрған тезі едім!
Есіткендерді емірентіп,
өртедім оттай өзегін.
Талай жерде таңдантып,
қызыл тілді безедім.
Алшаңдаған Базар ем,
амалым бар ма, бір күні
өлшеулі өмірім таусылып,
кездессе нəубет кезегім?!
Балқы Базар Оңдасұлы
СЫНДАРЛЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ
Сөйле, тілім, жалпыдан,
дариядай болып шалқыған.
Тіл жексұрын көрінер,
тимеске тиіп шарпыған.
Жол алған жүйрік мен едім,
ойқастап озған шаршыдан.
Назбедеу аттай қарқындап,
қайтпайтын шапсаң қарсыдан.
Сарапқа салсаң сындарлы,
сөздерім сұлу жалпыдан.
Көрмесе сырттан құмартып,
жақсының жеңсік дидары
жұпардай исі аңқыған.
Затсыздан күтпе жақсылық,
не айтарын білмейтін
шамасыз, шалғай Шарқыдан.
Екі елі аузын жаппайды,
айтқаны өсек «палшыдан».
Тентектің жəйі белгілі
асау нардай тарпыған.
Елі-жұртың бұзылар
қиянат етсең зарпынан.
Өгіз ойлайды қамысты,
құтылмай жүріп қамшыдан.
Ит біледі сүйекті,
малды сұра малшыдан.
Бақ-дəулет орнап басына,
оңға айналса талабы,
ықпалы жүрген жігіттің
асығы жазбас алшыдан.
Қонбайын десе бақ-дəулет,
Балқы Базар Оңдасұлы
кейінге тартып кəсібің,
көбеймес ептеп жиғанмен,
бесеуің аспас алтыдан.
Онымен бəндə тұра ма,
талаптанып əр неге,
қолын созып талпыған.
Қанағат керек бəріне,
не жақсылар өткен жоқ,
заманында шалқыған!?
Не батырлар өткен жоқ,
жер жаңғыртқан даңқынан.
Не жүйріктер өткен жоқ,
суырылып озған шаршыман.
Не сұлулар өткен жоқ,
жібектей шашы оралып,
шыбықтай белі бұралып,
қорғасынша балқыған.
Ғаламға мəлім аттары
ертеде өткен ерлер көп
тақ шыққан талай талқыдан.
Ғали Сина, Фирдоуси,
орасан оздық білгірлер,
шыққан дейд тəжік, парсыдан.
Əбунасыр, Науайы,
шығыпты айрықша алымдар
өзбек пен қазақ халқынан.
Қожа Хафиз, Жəми, Мақтұмқұл,
деп айтады шыққан сөзге дүр
Хиуаның түрікпен, сартынан.
Солардан қалған соңғыға
үлгілі өрнек нұсқа бар
əр жұрттың сана-салтынан.
Балқы Базар Оңдасұлы
Ұстаған жолын олардың
дəріпті ділуар аз емес
жалғаса шыққан артынан.
Өтіпті не бір гөзелдер
қанаға сыймай қайраты
шарықтап кеуілі шалқыған.
Беттетпей жанды кезінде,
қастасқан жауын күйзелтіп,
жандырған, өрттей шарпыған.
Жанға жайлы жақсы сөз
татаусыз таза тыңдауға
жауқазындай аршыған.
Ажарсыз сөздің əсері
кеуліне көптің қонымсыз
киіздей шала қарпыған.
Айтылып жүрген əр жерде
Ұнамсыз сөздер аз емес,
өкпедей суға қалқыған.
Қолайлы кеңес айтылса,
түсінген тыңдап, пəр алар
сөйлеген сөздің парқынан.
Білгірсіп жұртқа жөн сілтер,
дін бұзған кейбір дүмшелер
келгендей кеулі аршыдан.
Аңқау елге арамза,
молла боп жүрген сұмдар көп
бихабар шама-шарқынан.
Барлығын білем дейтұғын,
аз емес əуре-сарсын да,
құр босқа кеулі талпыған.
Алымдар айтқан нұсқа бар,
асылына тартар əр нəрсе,
Балқы Базар Оңдасұлы
өзгермейд деген қалпынан.
Тырп етпей тарпаң жуасыр,
бас білдіріп тайында
жасынан мініп жаншыған.
Кəдірлеп қанша бақсаң да,
ере алмас қырсау қатарға
ерқашты болған қамшыдан.
Əулетпін деп алжасып,
азғындап жүрген аз емес
əуре боп ата даңқынан.
Басынан тайған бақыты,
қор боп жүр кейбір кербаздар
баса алмай аяқ паңқыған.
Бəсекеменен бұл кезде
пейілі төмен жалшыдан.
Жаздырмай қолын жоқшылық,
кетпеген кімдер кіжініп,
кемтаршылық зарпынан.
Ер көгерсе алғыспен,
жер көгерер деген бар
жаңбыр мен жауған тамшыдан.
Із тастаған алтайы
қашқанмен қысқа сонарда
құтылмас қуған аңшыдан.
Қанағат қылса кісінің
тойғызар қарнын деген бар
қайғысыз жеген жарты нан.
Алар деп нұсқа аңлаған
серлеттім сөздің түрлерін
əр саладан қамтыған.
Жетпіске жасым жетсе де,
Балқы Базар Оңдасұлы
сөзіме құмар халқымның
қайтқан жоқ кеулі қартынан.
Шынымен алсам кеудеге,
қара тас судай балқыған.
Таусылмас қайнар кен едім,
көсілген жүйрік мен едім,
жүлде алған байрақ алдынан.
Таңдантқан талай алқаны,
сындарлы сөздің зергері,
Кіші жүздің кенжесі –
біз едік Базар Балқыдан!
Балқы Базар Оңдасұлы
ҚОШТАСУ
Балқы Базар 1914-жылы күзге таман бір шаруамен
Бұхара шəһəрына барып қайтады. Жолшыбай жайсыздау
су ішіп, Қызылдағы аулына келгесін, қатты ауырады. Екі
аптадай жатып, жасы 73-ке қарап тұрғанда, сол сырқаттан
қайтыс болады.
Базардың сырқаттанып жатқанын естіп, жыраудың
қосын көп жеккен, талай жолда бірге жүріп, бірге тұрған
Шөмекейдің Тоқасының Бескемі, Тұяқұлы Байдос дейтін
кісі Сырдан Қызылдың Жалпақтау деген жерінде отырған
Базекеңнің кеулін сұрай келеді. Ол жырауды көзі тірісінде
көріп, арыздасып қоштасады. Сауатты Бескем Тоқа Байдос –
кезінде Базардың көп өлең-толғауын хатқа түсіргендердің
бірі. Осы жолы ол ұлы жыраудың елі-жұртымен қоштасып
айтқан мына өлеңін жазып алып, кейіннен Сыр бойына кеп
таратады. Ол Базар қайтқан соң, оның сүйегін Жалпақтауға
қалың ел-жұрпен бірге жерлеседі. Ұлы жырау Балқы Базар-
дың қайтыс болар алдында айтқан соңғы өлеңі осы екен:
Кез болдым бір ауруға асқақтаған,
келгендей бейнесі бар қастап маған.
Келгеннен көз ілінтпей, нəр таттырмай,
ауқымдап алды ауыр дерт ас батпаған.
Құшынашқа қаратқанмен құр əурелеп,
кейпі бар келтірместей жақсы ат маған.
Тағдырға тəнті болып, байладым бел,
жампоздай артқанға ауыр қас қақпаған.
Кезінде кім көрмеген бұл нəубетті,
тұяғын тұлпар бар ма тас қақпаған?
Дем бітіп, күн таусылса, кім болсаң да,
сұм ажал кімдерге жер жастатпаған?
Балқы Базар Оңдасұлы
Бəндəмыз тіршілікте тыным таппай,
дүния үшін бар бəледен бас тартпаған.
Аңсызда ажал-апат соғып талай,
мезгілсіз кімдерді зар қақсатпаған?
Өмірге онша айтарлық арманым жоқ,
жеттім деп кетпейді, сірə, мақсатқа адам.
Жас жетті, ұрпақ өсті, жол біздікі,
кезінде болдық Базар халық мақтаған.
Тағдырға тура келген амал қанша,
жорғасы ек Кіші жүздің алшақтаған.
Көрмеген қош болыңдар, қайран халқым,
сəлемім сендерге осы бар сақтаған.
Балқы Базар Оңдасұлы
ҚАРА ҮЙДІҢ ХИКАЯСЫ
Бірде Базекең Жайлау деген кісінің үйіне сəлемдесіп,
табалдырықтан аттап, ішке кіре береді. Сол арада оның
жыраулығын сынайын деп, Жайлау:
– Базеке, дəл осы арада, бір аяғың іште, бір аяғың сыртта
тұрғаныңда, осы қара үйді сипаттап берші, – дейді.
Сонда Базекең ойланбастан былай деп суырып салады:
Ақ жүген, екі тізгін сағалдырық,
маңдайша, босаға мен табалдырық,
кереге сегіз қанат, бас буда уық,
шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық,
аспаптың үйге керек бəрі түгел,
толған ет, бір бақан мен екі сырық,
екі үзік, бес туырлық, жаңғыз түндік,
барлығын бір арқанмен қойған буып.
Төрт кілем, сегіз жұп бау кереге көз,
оң жақта масахана қойған түріп,
алаша үсті киіз, қалың көрпе, –
қалғанын тағы айтармыз қолды жуып.
Құмарың өлең болса, қанығарсың,
өкшелеп бірін-бірі келед қуып.
Өлшеусіз бұ байлықты берген Алла,
қысқарып қалмаса əгəр өмір суып.
Балқының Базарымын бабындағы,
толысып тұрған шағым жаста қырық.
Азарын жаяулықтың шегіп келдім,
бермесең бір асауға салып құрық.
Атамыз Қара Құлбай Қыдыр көрген,
жері жоқ сауда бұзар кейін нырық.
Қалмырза Алдажан мен Матан Бəйміш,
болмасам кем несібе, ернім жырық.
Жайлаужан, шəйден кейін шалқытармыз,
баратыр тіл буынсыз бермей ырық, – депті.
Не дерін білмей қалған Жайлау Базекеңді қонақ қып,
бір апта жырлатып, ырза ғып аттандырыпты.
Балқы Базар Оңдасұлы
Құланаян
Құлмамбет
(1840-1906)
АЙТЫСТАР
ҚҰЛМАМБЕТ ПЕН ТҮБЕК
АЙТЫСЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ
Құлмамбет пен Түбек ақынның айтысқаны
(М. Байбатырұлы жеткізген нұсқа)
Дүние біреуге кең, екеуге тар,
Бұл мақал ел аузында əуелден бар.
Тарылма дүниенің бақытына,
Тарынсаң, қолдағыға боласың зар.
Адамға, айуанға бар ризық,
Тірі еткенді кұрметпенен тыңлаңыздар,
Жаралмыстың қожасы бұл адамзат,
Асылық жан иеге қылмаңыздар.
Қазақтың естуім бар хан, қарасын,
Көрмесіңді білгенің аңғарасың.
Орта жүзге хан болды дейді Абылай,
Үйсінге берген еді қай баласын?
Өнеге аға Жалайыр, Албан, Суан,
Айтуға тіл жете ме ел ағасын.
Осыларды билеген бопты Тезек,
Айтайын əңгіменің таңламасын.
Сөз қалса мін емес пе, тіл, көмейден,
Кейбіреу шатасады білмегеннен.
Тезектің шалқып тұрған заманында,
Уақиға басталады бір кедейден.
Бір кедей күн көруге жүрді жалға,
Бұл бейшара кез болды Бардам шалға.
Айға серкеш, не төрт қой жылдық ақы,
Ыңғайлы ед қарауылға жылқы малға.
Сонымен тəуекел деп жылқы бақты,
Мал аман, жылдан-жылға шалға жақты.
Құланаян Құлмамбет
Көл жағалап жылқыдан келе жатса,
Сайтандай сарыала қаз кез боп қапты.
Қаз екен сол арада ұя салған,
Жылқышы емес, əдейі іздеп барған.
Ұяда үш жұмыртқа жатыр екен,
Біреуінің тұмсығын жаңа жарған.
Айналып кете алмай жүр қаз да ұшып,
Жылқышы алды үшеуін аттан түсіп.
Тап-тақыр қызыл шақа жарылғаны,
Ит тұмсық, жарғақ құлақ бейне күшік.
Жарылған жұмыртқадан алды шығып,
Күшіктей ыңырсиды үні шығып.
Жұмыртқаның екеуін қалтаға сап,
Қойнына күшікті орап, алды тығып,
Жылқышы соныменен келді үйге,
Жерді қазып, күшігін салды інге.
Қатыны айтты: «Бұл күшік, ит емес», – деп,
Ойнайды баласымен күнде бірге.
Пендесіне беруші патша құдай,
Бұл өзі құстан туған болды құмай,
Бекедейдің қырсағын əбден кесті,
Ұстады өз қолында бір жыл ұдай.
Бөкен, елік, тауешкі талғамайды,
Қасқыр, түлкі, алмаған аң қалмайды.
Құсты да құтқармайды ұшқанынша,
Есітті бұл дабысты жанның бəрі,
Жүрсе-тұрса сөз қылды жас пен кəрі.
Тезек өстіп жіберді Төребайды,
Ел əңгіме қылады онан да əрі.
Алдымен Төребайға сынатады,
Құмайды бір көргеннен ұнатады.
Құланаян Құлмамбет
Қара халық ханына қарсы тұрмас,
«Маған итін берсін», – деп сұратады.
Итін алып Тезекке келді бір күн,
Келмесе кедей байғұс көрер қуғын.
Құмайдың сырын айтып сипаттайды,
Ендеше, осы итіңді дейді қиғын.
Қарғыға елу қойды көгендейді,
Тағы бір ат мініңіз дөнен дейді.
Бір түйе ал, шаңырағың сап жүргендей,
Қолқаңды келесі жыл берем дейді.
Атын мініп, түйені жетелейді,
Қойды айдап, аулына төтелейді,
Ит иесін тапты деп күңкілдейді.
Құмайға күміс қарғы таққызады,
Арнаулы бір адамға баққызады,
Тұмылдырық жасатып тұмсығына,
Мамықтан төсек жасап жатқызады.
Төренің төлеңгіті қыран салып,
Құмайды ит дегеннен алады айып.
Тезектің даңқына даңқ қосып,
Танытты Алты Алашқа атын жайып.
Үш жүзге аты шығар келді қисын,
Ғаділ болсаң, нашарға пайдаң тисін.
Құмайды бақытына тап қылған соң,
Тезекті түгел білді Найман, Үйсін.
Қысылса «Абылайлап» салған ұран,
Жалайыр, «Қанекелеп» Албан, Суан.
Бұл төре əмбе тентек, əмбе ерке,
Істейді Матай, Садыр, Мұрын, Сыбан.
Атақты Наймандағы Қоңыр төре,
Аумаған алтын қазық бопты дере.
Хан билеген ордаға халық ортақ,
Құланаян Құлмамбет
Тезекке құдандалы қызын бере.
Қаракерей, Сыбанда бұл бір түлек,
Үш жүздің баласына аты шыққан,
Өнері асып, өлеңмен алған тілек.
Жады қып бір қатыны, шемен болып,
Жалайыр Асан молда жазған түнеп.
Шеменін ішін жарып алған екен,
Өкпесін жүрегімен тұрған тіреп.
Найманның шаршысындай оза алмай,
Түбектің жүрген кезі қатты жүдеп.
Осы кезде Тезекке хат жазады,
Қазаққа болған еді атаң тірек.
Жыл сайын бақыты асып жалындайды,
Үйсіннен салық салып алмаймын ба,
Өзімнің нем шығад, – деп бағымдайды.
Түбекке хат қайырды келіңіз, – деп,
Бар еді бір кеп қайтар жөніңіз, – деп.
Жарайды ат байлауға жиендерің,
Біздің де есік-төрді көріңіз, – деп.
Хат арқылы Түбек те алды хабар,
Ер жігіт ерінбесе өнер табар.
Қасына бір-ақ кісі жолдас алып,
Қожамда Балтабекке келіп қонар.
Онан шығып Садырға келіп қонды,
Шал бармаққа орайлайды оңды-солды.
Аталық Маман байда түстенеді,
«Тəңір, өзің оңғар», – деп осы жолды.
Маманнан келесі күн аттанады,
Көп шерді көкіректен ақтарады.
Қалқабай Тəнекенің баласынан
Бір тоғыз, шапан киіп, ат та алады.
Қалқабайға риза болғандықтан,
Құланаян Құлмамбет
Көңілі өсіп, Түбек ақын шаттанады.
Тапқаныма, шырағым, ие бол деп,
Атшыға қасындағы жалт қарады.
Бұ Түбек аралаған əрбір елді,
Алғанмын қызыл тілмен талай ерді.
Жалайыр өзін жазған Асан тəуіп,
Əдейі қонайын деп соған келді.
Асан тəуіп арсаңдап қарсы алады,
«Ақын, қайдан жүрсің», – деп тамсанады.
«Дертіңнен айықтың ба»? – деп сұрады,
Асан да ажалсызға жан салады.
Бақсыға ақын келіп нардай шөкті,
Түнімен сөз қозғады өткен кепті:
«Найманды Арғын менен араладым,
Тезектің дара жолы, даңқы жетті.
Төрені іздеп шықтым барайын деп,
Ордасынан олжамды алайын, – деп.
«Олай болса, олжаңа тілектес боп, –
Асан ерді, – міністен қалмайын», – деп,
Сонымен жүре тұрсын Түбек, Асан,
Келет, – деп, күтіп отыр Түбек қашан.
Құланаяң бастаған өңкей шөпшек
Тезексіз бірде-бірі етпес ошаң.
Т е з е к:
Ақындарым, Түбекке не дейсіңдер,
Мен болмасам, Ордаға келмейсіңдер.
Осы жолы Түбектен жеңілсеңдер,
Ордадан қайтып жеміс жемейсіңдер.
Түбекке хан Тезекті бермеңіздер,
Өз басына мін тағып көнбеңіздер.
Құланаян Құлмамбет
Бұ жолы осы шалдан жеңілсеңдер,
Орданы тірі болып көрмейсіздер.
Құлмамбет, айтқанымды тыңлаймысың,
Түбекке не деріңді құдай білсін.
Ел аузы, ұзын құлақ естуімде,
Тезектің алам депті құмай құсын.
Қ ұ л м а м б е т:
Келеді екі елуге ердің ері,
Өзіңізден аспайды ақын сері.
Түбектің міні болса, сіз білесіз,
Таныссыз бұрыннан-ақ бізден көрі.
Арқада ол Түбектің өскен жері,
Кір жуып, кіндігін кескен жері.
Тақсыр-ау, біз жеңілсек – өз намысың,
Бар болса, үйретіп қой кемдік жері.
Т е з е к:
Ақын ғып, шіркін, сенің неңді мақтар,
Шамасы келсе Тезек сені жақтар.
Көрмей-ақ, көңілің қалып үрейленбе,
Сенсіз де хан Тезекті құдай сақтар.
Білмеп пе ең, өр Найманның дəмін татып,
Білмесең, не қыласың босқа шатып.
Үш қатынның біреуі жады қылып,
Түбек шемен болыпты үш жыл жатып.
Алатау, Сарыарқада мекендері,
Даңқты батыры мен шешендері.
Бұдан басқа Түбекте не мін болсын,
Ақынға жоқ үш жүздің бөтендігі.
Құланаян Құлмамбет
Т ү б е к:
Ассалаумағалейкүм, Ордабасы,
Əмбе төре, əмбе ұры сен болмашы.
Ұрының өзіне сай сүйелі бар,
Осының бəрі ұры ма, көп жолдасы?
Халықпенен қадірлі елдің басы,
Қараның хан қашанда таңламасы.
Ұры деген сөзіме үрпимеңіз,
Хан Тезек, аманбысың, ел ағасы.
Ұлы жүз мекен қылған жеті аралым,
Көкейінде көмілді жеті адамым.
Хан ғаділ болғанда халық азбайды,
Қай уақытта қатарыңа жатады мін.
Хан Тезек, ашулансаң жан қалар ма,
Түбек сенен қорқып жалбарынар ма?
Торғай да тобылғыға паналайды,
Сол торғай менмін десем, аңғарар ма?
Орданың сырты да алтын, іші де алтын,
Атымтайдай алашқа шықты даңқың.
Арғы атаң Абылайдан бері қарай
Қазаққа қайырымды ата салтың.
Бір тоғыз Əбілпейізден келдім алып,
Сені тəңір ұрып па одан қалып.
Өзіңнен төмен төре тоғыз берді,
Бересің үш тоғыз қып, ашуланып.
Қ ұ л м а м б е т:
Ей, Түбек, кім көнеді дегеніңе,
Таң қалған қара қазақ өлеңіме.
Құланаян Құлмамбет
Өлеңде жұмысың не, алжыған шал,
Аз қапты кəрілік жеңіп өлеріңе.
Тоғыз тұрмақ, алмайсың тоғыз лақ,
Төрені көзің жетсін береріме.
Қайтқан айғыр арқасын алдырады,
Үйсінің кез боп қалдың дөненіне.
аузыңды аша берме, алжыған қарт,
Төреден үміт қылма, қолыңды тарт.
Арқада Арғын, Найман жетпеді ме,
Жетпесе қара нанға, қызыңды сат.
Т ү б е к:
Ежелден хат ордасы халықтікі,
Қызғыштай көл қорғаған шырылдайсың.
Құлмамбет, дөнен айғыр сен бе деймін,
Сен айғыр бола қапсың демде деймін.
Қызғыштай қаражағал құйрығы жоқ,
Мен жоқта ие бопсың көлге деймін.
Бар еді бауырыңда неше байтал,
Айуан болар ма екен пенде деймін.
Хан басын қара желін байтал қылса,
Төреңді тірі жанға берме деймін.
Ақын болсаң, айтсаңшы орнын тауып,
Отыр ма айтысуға көңілің ауып.
Айғыр болсаң, ұзаққа ұзамассың,
Ит қотырша енесін алар қауып.
Ақылсыз арыстандай айға шаптың,
Басыңа орнатайын пəле жауып.
Өлеңім мен əнімді үйреніп ап,
Отырсың арсыздықпен бетке шауып.
Құланаян Құлмамбет
Қ ұ л м а м б е т:
Бай болсаң, бұл араға келдің нағып,
Алжығанда қайтесің өлең бағып.
Сескенетін мен емес құр сесіңнен,
Шамаң келсе, жібергін жерге қағып.
Мүйізің шықты ма елді жегеніңнен,
Жалақтап сұрай бердің келгеніңнен.
Үш қатынның біреуі жады қылып,
Тұра алмай жатыр деп еді шеменіңнен.
Т ү б е к:
Түбектің бұл үш жүзден алғаны анық,
Түбек десе біледі барлық халық.
Ауру сəтін берсе, жазылмай ма,
Көңілімді сұрамадың неге барып?
Түбекпен айтыстым деп қылма дəріп,
Бұрын Тезек хан болса қайда қалды,
Бақ қонды алтын шолпы қызымды алып.
Тезекке менен жақын бола алмайсың,
Қайтесің екі араға қиқу салып.
Найманнан Түбек келді, көрдің түрін,
Шалқар көлді қорғаған жаман ырым.
Бақ қонды Тезекеңе қызымды алған,
Сарт еді сары құлақ бұдан бұрын.
Қ ұ л м а м б е т:
Біліп ем, үш жүзді айтарыңды,
Келтірме бүйтіп менің сайтанымды.
Қызыңның басқан ізі қызыр болса,
Алып қайт үйірдегі байталыңды.
Құланаян Құлмамбет
Т ү б е к:
Қайтесің Түбекпенен жағаласып,
Тезекпен жақын бопсың араласып.
Төрені – айғыр, қатынын байтал дейсің,
Отыр ма Құлмамбетті қара басып?
Қорлама өйтіп менің сүйегімді,
Таппассың алып кетсем сүйінуді.
Арқанда азынатып айғырыңды,
Қызымнан қалдырмаймын жиенімді.
Қалады қыз жиенім менен нағып,
Байлап қал есегіңді арқан тағып.
Айрылған үйірінен айғыр оңбас,
Жайласын құл мен құтан желқом салып.
Айырылып жал-құйрықтан жауыр болса,
Ие бол, мойнына өзің қағып.
Құланның айғырындай ішін жиса,
Бас салсын еркегіңді оқыранып.
Т е з е к:
Найманнан Түбек келді қолын ашып,
Ордаға ортақпын деп қалды тойып.
Бір үй тік, кілем, көрпе төселінсін,
Қарт адам демін алсын ас-су ішіп.
Пайда тапты қай төре ақынынан,
Əбден-ақ айрылыпты ақылынан.
Бір тай сой, сары қымыздан көл орнасын,
Жал мен жая ел беріп тұрсын деймін.
Құлмамбет, айтар сөзден сен де адастың,
Қоя тұр ендігіңді, к...ті қысып.
Құланаян Құлмамбет
Жіңішке қылдан нəзік дейді сират,
Ұжмақта қордың қызы мəңгі тұрад.
Атамыз Ұлы жүзге берген екен,
Адассам, əділеттен болар ұят.
Атамның аруағына келген екен,
Абайла мұнан былай, Құлмамбетім,
Кəрі айғыр жас айғырды қалай қуад.
Айтыссам, ширегіме келмес еді,
Тезекті естіген ел сенбес еді.
Үш тоғыз, бір қыз алсын жол жораға,
Басқаға Тезек мұны бермес еді.
Алты арыс Орта жүзден келіп қапты,
Ұлы жүз терезесі теңлес еді.
Ордадан құры қайтқаны мақұл болмас,
Болмаса Төре-дағы көнбес еді.
Т ү б е к:
Хан Тезек, сені қазақ дейді төре,
Ордаға келіп едім сəлем бере.
Ел қылған бұл қазақты сенің атаң,
Абылайдың тойында сен бір дере.
Қылмай ма төре тəубе бір құдайға,
Жаратты ие қылып ақыл, ойға.
Сыртыңнан сені халық ұры дейді,
Осы сөз лайық па Абылайға?
Арғы атаң Абылайға қазақ жетпес,
Дүнияға жан келмес олар тектес.
Солардың орнына қарақшысың,
Болмаса ұры екенсің тоқым кеппес.
Қараны хан жылатпас, батыр Тезек,
Адам жоқ өлмейтұғын темір өзек.
Зарлатып момындардың малын жесең,
Құланаян Құлмамбет
Бір күні өзіңе де келер кезек.
Хан Тезек, төремісің, қарамысың,
Сөзіме құлағыңды саламысың.
Болғанда тас таразы, тəңірім – қазы,
Сен-дағы сол араға барамысың?
Кісіге кісі ақысы кешілмейді,
Жетер ме шашың тұрмақ тарамысың,
Табылар бір денеңнен біраз айғақ,
Мысықтай көзді жұмып танамысың.
Дұшпаныңды сыртыңнан жүргізбедің,
Сырыңды досыңа да білгізбедің.
Нан, тұз жеп, шыбық қиған атаң серті,
Сондықтан Ордаға ешкім кіргізбедің.
Əкең – Əділ, жолы бар Абылайдың,
Үш тоғыз, өз аузыңнан бір қыз дедің,
Ер-тоқымды бір толғар, құмайды қос,
Иығыма бұлғын ішік кигізбедің.
Тезекке Түбек ақын салды салмақ,
Осы жолы қалайда құмайды алмақ.
Үй тіккізіп, қыз алды есігіне,
Ордадан оқшауырақ, жатты аулақ.
Алпыс пенен жетпістің арасында,
Өлеңге жалықпапты жанды қинап.
Үш жүзден озған Түбек осы деп,
Таңқалып, таңырқады халық сұрап.
Қоңыр салқын күзбенен қайтармын деп,
Сол елде жата берді аунап-қунап.
Құлақтың құрышын Түбек қандырады,
Шын, өтірік айтса да нандырады.
Ұлы жүзден бір ақын тең келмеді,
Құланаян Құлмамбет
Тезек те намысына ар қылады.
Жас болса да Түбекке төтейді деп,
Жақыннан Сүйімбайды алдырады.
Білмейді бұл жағдайды ақын Түбек,
Сүйінбай бір ауылда жатыр түнеп.
Түбек қарт осы түнде бір түс көріп,
Тезекке түсін айтып, қойды тілек.
Т е з е к:
Тезектен алдың, Түбек, аларыңды,
Алты алаш естіп жатыр хабарыңды.
Есітіп Сүйінбай да келем дейді,
Кетерде бір ашып кет базарыңды.
Т ү б е к:
Жүрмісің сынағалы, Тезек, мені,
Ұлы жүз хан көтерген, төрем, сені.
Түсімде бір балаға кезігіппін,
Бар екен сол баланың қызыл желі.
Т е з е к:
Төреге Абақ, Тарақ жиылғай-ды,
Қартайса адамға өмір қиындайды.
Көрсін деп хан, қараның ортасына,
Сізге айтпай алдырып ем Сүйінбайды.
Сөреге ел жиналып топталады,
Тезекке Түбек еріп аттанады.
Алдынан ақсақалдың шықпаймын деп,
Сүйінбай қонған үйден аттанады.
Түбектің көрген түсін бұ да көрген,
Құры емес Сүйінбай да бар өнерден.
Түсінде «Қарасайлап» атқа шапты,
Құланаян Құлмамбет
Сонда да аса алмайды бір тік өрден.
Сүйінбай келмеді деп хабар жетті,
Көрмей-ақ бірін-бірі сыйлап өтті.
Жиналған хан, қараға қош айтысып,
Қайтуға Түбек тұрды түзеп бетті.
Т ү б е к:
Қош енді, Абақ, Тарақ, Албан, Суан,
Абылай қай қазаққа болмады ұран.
Алтынемел, Матай мен Шаған анау,
Жошы хан мекендеген ақсақ құлан.
Қарақараш барғанда хан Абылай,
Шыбық қиып, нан жеген, ұстап құран.
Түбің бек, төре едің халқы жоқтар,
Саған келіп тоқтайды ұшқан қыран.
Ортасында Орда бар ел азбайды,
Елі жылы, ерің бар, бұған қуан.
Халқың қазан болғанда, қаймағысың,
Бірі жолдас, бірі дос, бəрі құдаң.
Хан болсаң, ғаділік қыл қарашаға,
Аударма табаныңды таласыңа.
Қақ жарған қара қылды əкім болып,
Тең қара атасы мен баласына.
Елген бола есігіңе берді тəңір,
Тоқтайды алтын басты анасына.
Хан Тезек, сен де аман бол, ел де аман бол,
Барамын бұл үш жүздің арасына.
Ал енді бата берем, көтер қолды,
Халқы мен хан тағында, Түбек кетер,
Сабаншы, Диқанбай мен Қожбанбет би,
Төребай, ағаң сізге құрмет етер,
Сүйінбай сырттан сыйлап келмей қойды,
Құланаян Құлмамбет
Ойлаған мақсатына бала жетер,
Сол болар тұсындағы сұрқылтайың.
Хан Тезек, мұның бəрі сізге нөкер,
Буынсыз не демейді тіл, көмекей.
Асанға қонып өтті жол-жөнекей,
Бір түйе, бір ат берді олжасынан.
Қазақта əлі де бар жол бірегей,
Еліне Түбек ақын жетті көшіп.
Нұрланып, жасарады көңілі өсіп.
Сыбан, Мұрын жиналып той қылыпты,
Төреден бір қыз алып келді десіп.
Мұнан кейін жамандық көрген емес,
Қырсығын кетіріпті Тезек кесіп.
Білгенің Түбекке арнап дұға қыл,
Жалғыз жарық одан да кеткен ұшып.
Адам болсаң, айтылған сөзіңе жет,
Өзің үшін қайырлы қызмет ет.
Түбектің оқиғасын бітірейін,
Тыңдаушы жамиғатқа рақымет.
Құланаян Құлмамбет
ҚҰЛМАМБЕТ ПЕН МАЙКӨТТІҢ
АЙТЫСҚАН СӨЗДЕРІ
(Қазаңқап Байболаұлы жеткізген нұсқа)
Шақырған ертең ерте қызыл тауық,
Жағалап Семей, Шуды қылдым сауық.
Ертіс бойын жағалап Алматы мен,
Сарыарқа бес дуанға салдым сайран.
Қырғызда қара Бəйтік той қылыпты,
Сол тойға бармақ болдым зауқым ауып.
Сол тойға барарымды енді білдім,
Үстіме киім киіп, жең сұғындым.
Қасыма алты жігіт ертіп алып,
Елімнен бір мал айтып, атқа міндім.
Қоқаннан саудагермен келеді бөз,
Құлағың естігенді көреді көз.
Қырғызда қара Бəйтік той қылғанда,
Құлмамбет Майкөтпенен сөйледі сөз.
Барады заман, шіркін, бізден өтіп,
Заманнан не бітірдік үміт етіп.
Арада есептесер бес күн өтіп,
Дегенде алтыншы күн, келдім жетіп.
Болса да көрмеген күн жалған екен,
Əр жерге біздің нам да барған екен.
Аруағы Домалақтың, көтер дедім,
Жиылып қырғыз, қазақ қалған екен.
Əркімнің айтқан сөзін ойлап келдім,
Құлағын домбыраның бұрап келдім.
Құланаян Құлмамбет
Алыс пен жақынның кімі бар деп,
Бəрінен қазақ, қырғыз сұрап келдім.
Құлмамбет, сөзім тыңда, батыр, – деді,
Қалмайын саған айтпай ақыл,– деді.
Майырдың Құдайберген бір баласы,
Бұл тойда Рысқұлбек жатыр, – деді.
Көзіміз осындағы көрген, – деді,
Бізге де əңгіме етіп берген, – деді.
Деген бір қыздан туды өсегі бар,
Қасына Майкөт ақын ерген, – деді.
Аузыма десте-десте өлең кірді,
Жадыма ілгергі өлең тамып берді.
Құлмамбет Майкөтпенен айтысар деп,
Сауық қып қырғыз, қазақ бірге жүрді.
Əуелі сыйынамын жаппар аққа,
Сыйынам, жəрдем ет, – деп, аруақтарға.
Есігі солтүстікке қараулы екен,
Хан Бəйтік отыр екен жапсар жақта.
Əлеумет, жалған емес менің мұным,
Бұрыннан көрген едім қырғыз айылын.
Есіктен сəлем бере кіріп келіп,
Əдеппен хан Бəйтіктің алдым қолын.
Тілесе, тілек берген құдай қалап,
Сыймайды бір кеудеге екі талап.
Бəйтіктің он төрт қанат ордасында,
Апырмау, толған екен өңшең манап.
Құланаян Құлмамбет
Сол үйге толған екен өңкей манап,
Бəрінің амандастым басын санап.
Құлмамбет айтайын деп белсенеді,
Ақ үйді он төрт қанат еңсереді.
Бəйтіктің он төрт қанат ақ ордасы,
Байлаған атпен уық теңселеді.
Құлмамбет, сөз сөйлесін Құланаян,
Екенім Құланаян құдайға аян.
Тойыңа құтты болсын айтып келдім,
Жүрмісің, батыр Бəйтік, есен-аман?
Құлмамбет Құланаян дейді мені,
Жүз-жүзге мəлім болған өлеңдері.
Қарадан хан боп шыққан Бəйтік датқам,
Қырғыздың батыр Шабдан кемеңгері.
Əуелі жар қыламын бір құдайды,
Құдай үшін жаратқан күн мен айды.
Атаңның аруағына келіп едім,
Жүрмісің, болыс Байсал, күйлі-жайлы?
Құлмамбет бір құдайдан тілей келді,
Манаптан ат пен түйе сұрай келді
Қояйын амандасып, ерім, саған,
Қоршының аманбысың, Сүлеймені?
Алдыңа талай тіккен ердің құны,
Алашта адам бар ма білмес мұны.
Арғы атаң Бозбан батыр шығып еді,
Аман ба, Тінəлінің Шолпанқұлы?
Құланаян Құлмамбет
Сонда Бəйтік тұрып: «Құлмамбет, сонау жапсарда
отырған өзіңнің Дулатың, Меркідегі қора-қора қойлы
Сиқым Құдайберген майырдың баласы Рысқұлбек деген,
менің үйімде жатыр. Мың сом пұл, бір жүз қарамен келген.
Соған бір ауыз амандас», – деді. Маған соның сөзі тиіп
отыр деген соң, өзінің мінезіне қарай айтқан өлеңім еді:
Сен бе едің Рысқұлбек бұлғақтаған,
Қояйын амандасып, шырақ, саған.
Айналып ақ тұйғындай түйіп өткен,
Бар екен бір мінезің шұнақтаған.
Шырағым, Рысқұлбек, сөз айтайын кейімесең,
Албан, Дулат баласын тең көрмесең,
Ыстыдан бір ағаңды кем көрмесең, –
дегенде, «Қызталақ Албан, бағана амандассаң, көзің көрмеп
пе еді? Басыңды кесіп алайын, – деп, қылышына қол салып,
тұра келгенде, қырғыз Сүлеймен қолын бұрап, отырғызып
қойды. Далада домбыра тартқан Майкөт екен деп, аңдамай
шақырсам, жүз сомдық жанат ішік киіп, төрде отырған сол
екен. Мен мынау өлеңді айтқанда, маған тиісіп қоя берді:
Ағайын, мен айтайын, сөзім тыңда,
Əй, Майкөт, үйге кіргін, сыртта тұрма.
Албаннан алты арыс ақын келді,
Ертерек, сырбаз соймай келген мұнда.
Алдыңа Құлмамбеттей ағаң келді,
Ағаңнан өрнек үйрен, сөзін тыңда.
М а й к ө т:
Осы ма, жұрт мақтаған Құлмамбетің,
Майкөтке ауған екен бар ниетің?
Майкөтті үйде отырған далада деп,
Көңіліңді аударған ба құдіретім?
Құланаян Құлмамбет
Қ ұ л м а м б е т:
Осы ма, Майкөт ақын дауысы биік,
Бір сөзің аңдаусызда кетті тиіп.
Отырған болыстардың бірі деп ем,
Жүз сомдық отырған соң ішік киіп.
М а й к ө т:
Осы ма, Құлмамбетің дауысы биік,
Өлеңмен келген жерден кеттің киіп.
Бола ма, Майкөт, сендей құдай атқан,
Байталға жауыр, шолақ жайдақ мініп.
Құлмамбет айтады екен: «Астымдағы атым жайсыз
жорғалайтын болған соң, жолдасымның ала биесіне айыр-
бастап мініп едім. Бір қыз даңқыма ғашық болып, көз
қылып күмістелген тұмар берген болатын. Оны мойныма
тағып алып ем, соған мін таға бастады.
Қ ұ л м а м б е т:
Бұл тойға келіп едім байтал мініп,
Байтал мініп келгенді, айттың біліп.
Жүз сомдық ішігіңе мақтанғанша,
Бай боп кетсең болмай ма, дүние жиып?
М а й к ө т:
Қарашы, айтқан сөзін аңдаусыздың,
Көзі көр, көкірегі санасыздың.
Тұмарлап тұла бойын жын ұрғандай,
Қарғыс атқан сөзін сорлы арсыздың.
Қ ұ л м а м б е т:
Майкөт-ау, олай десең əуелім бақ,
Бір жаратқан құдайдан тіледім бақ.
Құланаян Құлмамбет
Алдыңа Құлмамбеттей ағаң келді,
Ал, Ыстым, шамаң келсе айтысып бақ.
М а й к ө т:
Құлмамбет, олай десең əуелім бақ,
Бір жаратқан құдайдан тіледім бақ.
Кекесін келген жерден сөзіңді айттың,
Қайтейін, ей, Құлмамбет, құдайдан тап.
Қ ұ л м а м б е т:
Айтып ем, жаным, саған, сөздің салтын,
Сауықпен араладым қырғыз халқын.
Ердім деп, Рысқұлбекке екпіндеме,
Болмассың, Албан, Дулат, менен жақын.
Дулатқа Майкөттен Құлмамбет бір ата жақын екен.
Сонда Рысқұлбек тұрып: «Қырғыздың жуындысын көп
ішкен қызталақ Албан, өзім ертіп келіп, Майкөтті өзім тас-
таушы ма едім? Өр жақта өспей қалған Албан, Суаныңды
мақтай бермегін. Шымкент, Түркістан айналасындағы
бақтармен ісің болмасын, менің атымды атамағын», – де-
ген соң, Бəйтік батыр тұрып: «Ей, Құлмамбет, екі балуан
күресіп, бірін-бірі жыға алмайын деді, екі жүйрік егесіп,
бірінен-бірі оза алмайын деді, айтар сөзге тартынба, шоң-
шоң өлең қарма», – дегенде, Құлмамбет бір желпініп қа-
лады. Ұлы жүз ішіндегі Ысты, Ошақты сияқты аз руларды
кемітіп сөйлегенді жөн көрсе керек.
Қ ұ л м а м б е т:
Бұл жерге келіп тұрған кезің, Ысты,
Бір мидан сөйлеп тұрған сөзің, Ысты.
Албанмен тең болам,– деп, ойладың ба,
Секілді ит табаны аз ғана Ысты?
Құланаян Құлмамбет
М а й к ө т:
Бір тайпа Ысты деген ел емес пе,
Үш ояз басы, аяғы жер емес пе?
Дулаттай дуа біткен болмаса да,
Сенімен, қашқын Албан, тең емес пе?
Қ ұ л м а м б е т:
Сөйлейсің қаңдай-қандай, жаман Ысты,
Ұрлықпенен өткізген жаз бен қысты.
Ұрлығынан бір-бірінің мал жимайды,
Арам ауқат, барымта бұл қылмысты.
Елің ұрлық қылмаса, жаман Ысты,
Көлбайың, Тұракелді неге түсті?
М а й к ө т:
Момынның залым жеді малын алып,
Жел сөзге кепті аузың, қалып алып.
Дулаттың тепкісіне шыдай алмай,
Өрге қашып кетіпті Албан асып.
Қ ұ л м а м б е т:
Сіргелі, Ыстың түгіл, Дулат кəріп,
Нырай қалып, келіпсің Дулатты алып.
Үріккеннен бұларға жағамын деп,
Аз ғана Ысты, қалдың ба, қуаттанып?
М а й к ө т:
Сөйлейді қандай-қандай, неткен мұндар,
Басынан не шүкірлік еткен мұндар.
Жауған нұрдай Дулатты көре алмастан,
Бабаң қашып Қытайға кеткен мұндар.
Дəркенбай мен Мақсұтың боққа ұрысып,
Бір-бірінің түбіне жеткен мұндар.
Құланаян Құлмамбет
Қырық кісі сотты боп, Сібір кетіп,
Астамшылық басына жеткен мұңдар.
Дəркенбайдың тіліне ерген қазақ,
Орыстың кетпен шауып, тасын қырнар.
Қ ұ л м а м б е т:
Атыңнан айналайын Əжібай-ай,
Бір туған Əжібаймен Дəркенбай-ай.
Дулаттан қай хан шықты сеңдей болып,
Сөз қылды аз ғана Ысты, ойбай, тəңір-ай.
Майкөт енді Меркіден Тəшкенге карай елдегі дат-
қаларды қоймай теріп, мақтай бастайды.
Қ ұ л м а м б е т:
Мақтадың сыйпатымен Аңдасыңды-ай,
Көнерген қылышын жастап жамбасына-ай.
Үмбетшінің Айтбиі деген датқаң,
Айтасың ғой датқа деп, далбасаңды-ай.
Ердесін датқам дейсің Дулатыңда,
Сөйлейтін қырғыз шықса тəубесіне.
Бар болса тағы өлгенің, баяндашы,
Бекерге айта бермей болмасыңды-ай.
М а й к ө т:
Байұзақ, Батырбек пен Батырбасы,
Елу менен қырқыңда оның жасы.
Бір Мəмбеттен туған жан бес жүз ауыл,
Жетпейді долы əйелдің берсе асы.
Ақмолда деген кісі елде жатыр,
Домалап өрге қарай атқан тасы.
Қайтесің Берназар мен Сеңгірбайды,
Əлібек, Бəстектің арғы атасы.
Құланаян Құлмамбет
Көзіңе жазған Албан көрінбейді,
Жылқысының жетіпті мыңға басы.
Қ ұ л м а м б е т:
Байұзақ батырының Батырбасы,
Орыспен керіс болған екі арасы.
Тұра алар ажалына бағана боп,
Қырғызға түсіп кеткен ашынасы.
Бұзықтың салдарынан ел талқан болып,
Ұлы жүз қырғын тапқан бір баласы.
Қоқанның ханы байлап допқа тұтып,
Орысты бастап келген Ақмолдасы.
М а й к ө т:
Қабылбек, енді айтайын Зəуірбекті,
Əкімі Бұралқының жұрттан өтті.
Арғы атасы сері, мырза, білмеуші ме ең?
Қарайғанға жүргізген өкіметті.
Райымбек датқаны білмейсің бе,
Хан, қара, шаршы топты билеп өтті.
Қ ұ л м а м б е т:
Ақыңдық, пəлі, Майкөт, елеңіңнен,
Солардың қызмет нанын жегеніңнен.
Қабылбек, Зəуірбек, Райымбек,
Бұралқы, жұртқа жақты жегенінен.
Аса, Талас Дулатын мақтай бермей,
Жауап бер, Шымкент деген өз еліңнен.
М а й к ө т:
Көрдің бе, екі Қайым, бір Исаны,
Тап тартпай оязбенен де ұрысады.
Баласы Жұмабайдың Тайтелінің,
Құланаян Құлмамбет
Алдында дау мен шатақ тынышады.
Исаға қай пенденің тартты түрі,
Адамның болып шықты қара тілі.
Баласы Батырбектің Батырбасы,
Кетпессің, нысап қылсаң еңді мұны.
Дулаттың шет жерінде Торта жатыр,
Шымырдың толғаннан соң екпе нұры.
Қ ұ л м а м б е т:
Қарыздар Қайымбегің, Исаң əрі,
Мақтайсың қошаметке бекер құры.
Жанқозыға батырың зəһəр берген,
Мойнында қияметтік ердің құны.
Баласы Жұмабайдың Тайтелінің
Белгілі жалғыз атты, мəлім сері.
Төрт əдіп Оймауытты тағы айттың ба?
Семіздік жаратқанның құмар түрі.
М а й к ө т:
Қайтесің, Қайымбекті Жаныстағы,
Артында қалып жүрген жарысқаны.
Баласы Жүмабайдың Тайтеліден
Жоқ еді олардың да қалысқаны.
Шынəлі, Белқожа мен Қабаш датқа,
Хан Бəйтік, Əжекей хан туысқаны.
Баласы Шүйбек, Нұрбек, Момынбек датқа,
Аруақ қолдай бастаған алыстағы.
Түйелі елде əзіз Төле бабаларың,
Болады Бақтиярдың данышпаны.
Қ ұ л м а м б е т:
Бұл сөзді, пəлі, Майкөт, білгеніңнен,
Бұларға ісің жақты үргеніңнен.
Құланаян Құлмамбет
Үйде-қырда Дулатты мақтап болсаң,
Біздерге берші жауап Сіргеліңнен.
М а й к ө т:
Бір жұртың сенің айтқан Сіргелі еді,
Бұл да Дулаттан соң іргелі еді.
Марқабай, Жабай, Қозыке, Бошан датқа,
Қоқанның пайтағына мінген еді.
Текей, Солтай, Білмұрат, Жолдығара датқа,
Бұлардың əркім намын білген еді.
Бүгінде Қалпыр деген біреу шықты,
Қадамы баршасынан ілгері еді.
Қ ұ л м а м б е т:
Зəнталақ, жаның шықсын, сен қызталақ,
Болып па, соның бəрі сонша манап.
Мақтайсың миға шуы дарымасты,
Шамада бір тəрізді Бошаның-ау,
Сейітпен жолда қара күңнен туған,
Басына бақ кеп қонған аруақ қолдап.
Сіргелі мен Дулатты мақтап болсаң,
Ошақты мен Ыстыңды келші жанап.
Майкөт-ау, өз Ыстыңды соң айтарсың,
Əуелі Ошақтыңнан берші жауап.
М а й к ө т:
Ошақтыда бар еді датқа Сапақ,
Құлмамбет, осыларды қылдың мазақ.
Райымқұл, Жалаңбасқа бір көрінсең,
Жазған-ау, қояр еді аттай матап.
Тоқбергенді жұрт мақтап хан деседі,
Ат қояды «Наурызбайлап» ұран тастап.
Тоққұлы, Бекқұлыны білмеймін деп,
Құланаян Құлмамбет
Енді саған сөйлеймін кімді атап?
Қолымен көбік жеуді қоймадың-ау,
Жоқ па еді, сіздің елде кедей, жатақ.
Қ ұ л м а м б е т:
Сөйлейсің қандай-қандай сен, қызталтақ,
Сендей екен Дулатта өлген манап.
Жұдырықтай Ошақтының бегі көп қой,
Айттың ба, түздегі, ойдағының бəрін санап.
Мұның бəрі қай жақта сыйып жатыр,
Майкөт-ау, енді Ыстыңнан берші жауап.
М а й к ө т:
Бір жұртың сенің Ысты еді,
Жəкей, Шоқай Ыстының өстіні еді.
Жарас датқа, Қараш датқа,
Қудан жүйрік, құланның ұшқыны еді.
Екеуі тізе қосып келген шақта,
Кісінің дау алмағы мүшкіл еді.
Қарадан хан боп шыққан Көлбайыма,
Тең келмес, бет алғанда ешкім енді.
Баласы хан Шоқайдың Тұракелді,
Басына бақ пен дəулет тура келді.
Олар да өкіметпен келе жатыр,
Ешкімге билетпестен төменгі елді.
Қ ұ л м а м б е т:
Адамдықты кім қойды, саған, Ысты,
Батырбекті қимадың, тамам Ысты.
Батырбекке билетіп қояр ма едің,
Бұрыннан келіп тұрса шамаң, Ысты.
Сыланды қара күңнің баласы едің,
Тамам жұрты қаңғырып қалған Ысты.
Құланаян Құлмамбет
Жортуылмен қысы-жазы күн көресің,
Ит табаны секілді, жаман Ысты.
Енді тағы да Құлмамбет өршеленіп,
датқаларды тергеп болған соң, ердегі Албан,
Суанның байлығын мақтай бастайды.
Қ ұ л м а м б е т:
Майкөт-ау, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Байлығы Дулатыңның Албандай ма?
Байлығын Дулатыңның айтшы маған,
Бір үйің жүз қысырақ тай байлай ма?
М а й к ө т:
Құлмамбет, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Байлығы Албаныңның Дулаттай ма?
Байлығын аз Албанның айтшы маған,
Бір үйде жүз бота ұшқындай ма?
Қ ұ л м а м б е т:
Майкөт-ау, үнің қандай, күлкің қандай,
Ойнағы жарастықты қыз-келіншек,
мүлкің қандай?
Қыр малына ауылың жоқ екен-ау,
Көңілді қош қып мінуге жылқың кандай?
М а й к ө т:
Құлмамбет, бір сөзің бір сөзіңе дейсің жүйе,
Кесір сөзің өзіңе болар күйе.
Қой мен жылқыда есеп бар ма,
Көк жоны Көсегенің толған жылқы,
Өреді сорлы ауылдан бес жүз түйе.
Құланаян Құлмамбет
Қ ұ л м а м б е т:
Майкөт-ау, сен барасың, адамды адам демей,
Ергенің Рысқұлбекке жүзің мерей.
Əуелі аз ғана Ысты тұрмақ,
Қаратаудың елінің бəрі кедей.
М а й к ө т:
Сен Құлмамбет, өлеңді күнде айтасың,
Болдың елді сорлы деп, қысқартарсың.
Дулатты да қостың ба кедейлікке,
Көбік жеген қу Албан, кімді айтасың?
Енді Құлмамбет бірнеше уақ кезге бармастан, жалпы
Қаратау, Дулат елінен қоймай теріп жырлаған жері:
Майкөт-ау, осал інің, үлкенің Дулат кəріп,
Күн көрер қысы-жазы жерді жарып.
Көрмеген өміріңде елің жарып,
Жаз шыққанда шабады атыз, арық,
Боза ашытып, жұртың жиды келданы алып.
Болған соң кешке жақын қайта салар,
Шолағын жалғыз-жарым жемдеп алып.
Байғұс Майкөт, бетіңді бір оңлашы,
Жоғарғы Албан, Суан елге барып.
Алдымдағы Майкөт-ау,
Дулатыңды айтайын:
Ерте көктем болғанда
Егіске салар өгізін.
Төрт қап тезек теңдеп ап,
Алып барып базарға,
Бір теңгеге сатқаны.
Құланаян Құлмамбет
Жарымына боза ішіп,
Ауыздарын ит жалап,
Көже даулап жатқаны.
Солай емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді құдай атқаны.
Қымыз ішіп мас болып,
Ұйықтап жатқан кісің жоқ.
Қу мойын атқа кіш-кіш деп,
Қамшыларын бір тістеп,
Қатын мен ұлың айтысып,
Көкнəршідей тырысып.
Шөптің басын егін деп,
Орып алмақ тегін деп,
Балалардың ауқатын,
Жерден құдай бердің деп,
Өмірің өткен жер жарып.
Қатыны семіз, ер иық,
Аспандағы қарғаны
«Қырылғыр», – деп, қарғайды.
Осы жалған дүниеден
Бір жақсылық көрмейді.
Бір көмбе қиды ойып ап,
Алты ай қысқа жетер деп,
Артылса қыстан қалғанын,
Базарға сатсақ не етер деп.
Жарым теңге болса да,
Ауқатымызды өтер деп.
Еркегі үйде жатқаны,
Қатыны базар қылғаны.
Жарым теңгеге ет алып,
Оны құдай атқаны.
Құланаян Құлмамбет
Жазған Майкөт, не дейсің,
Сорлы Майкөт, не дейсің.
Сары қымыз сапырып,
Сырбаздың етін жемейсің.
Онан дағы, Майкөт-ау,
Біздің елге барсаңшы,
Сары қымыз ішсеңші,
Сары қазы жесеңші.
Өлетұғын жаныңа
Бір тойынып келсеңші,
Ел мұнда екен десеңші.
Күнге күйген бетіңнің
Жібір ме екен қатқаны?
Сол емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді құдай атқаны?
Көргенім жоқ еліңнен,
Тай сойып берген мырзаны.
Жазда мехнат қылғаны,
Қыста мехнат қылғаны,
Көрмейді тыныштық қу жаны.
Дулатыңды көргенмін,
Тасына қына байлаған.
«Мына жер тынба болар», – деп,
Бастауды көрсе айналған.
Үсті-басын кір басып,
Маңдайларын тер басып,
Шыққандай қара шайладан.
Күн өтті, – деп, əуре боп,
Сүргі жеп, дəрі шайнаған.
Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр біраз деміңді,
Құланаян Құлмамбет
Арпа, бидай пісті деп,
Алшаңдаған сорлы елің.
Тары, қонақ пісті деп,
Талтаңдаған сорлы елің.
Жиын теріп алған соң,
Жеткізе алмай қарызға,
Қалтаңдаған сорлы елің.
Ұяланған күшіктей
Қызыңның жайын айтайын:
Қатынша шашын бұрғаны
Төбе шашын сырытып.
Өгізінің к...е
Үңіліп кеп тұрғаны.
Сол емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді құдай атқаны?
Қоңыздан боғын қызғанып,
Ауната салып сабанға,
Ағашқа жабар жапаны.
Қалғанын тезек қылады,
Сығып-сығып жинап кеп,
Қатының көже жылытар,
Кейіп келер ерге кеп.
«Тезек, қане, толтыр», – деп.
Қатын-балаң қуанар,
«Қыстық отын болар», – деп.
Киелі үйрек атып жеп,
Борбайын жесе мас болып,
Сыймалы боп тұрмын деп.
Көк құс салса қуанып,
Аңның бəрін қырдым деп.
Он буда тапса қуанар,
Қыстық соғым тындырдым деп.
Құланаян Құлмамбет
Лақ сойса үлесіп,
Қырық жілік қылғын деп,
Нанмен етін көбейткен
Шұлғауы шығып жылтырап,
Етіктің артын шөмейткен,
Бай болса, елің неге өйткен?
Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сағат деміңді,
Суалып қалған келіңді.
Халқыңның жайын айтайын:
Көкектен басқа құсы жоқ,
Көкпектен басқа шөбі жоқ.
Көрік басқан кісідей,
Көкпеңбек қара, түсі жоқ.
Қозы қарын, қурай бұт,
Қатыннан көп күші жоқ.
Əйелден көкпар тартасың,
Жұлқыр қара тісі жоқ.
Бозаға тойып алған соң,
Құдаймен де ісі жоқ.
Адамыңның келбеті
Жауыр аттай құрысқан.
Жын ұрып кеткен немедей,
Əуедегі құдайдың
Торғайымен ұрысқан.
Торғай ұшса жеріңнен,
Топырағы бұрқ еткен.
Ішкенің бидай қам көже,
Ақырсаң, артың тарқ еткен.
Əтегі сынған қатыннан
Құланаян Құлмамбет
Көкпар алып шабады.
Делбеңдеген етегі
Аттың артын жабады.
Екеуі екі көрісіп
Жеті атасын терісіп,
Кемітеді ағаны.
Ертесіне келгеңде,
Үлкеніне шағады.
Мас едім Жəке,– деген соң,
Орыс заңды бір іспен
Ердің құны болса да,
Бұл істерің қалады.
Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сəт деміңді.
Əулиеата, Əзірет,
Түркістан, Шымкент, Сайрамнан,
Əрі жағы Шыршық, Тəшкеннен.
Халқыңның жайын айтайын:
Боза ішкенді тəуір көреді
Қымыз бенен айраннан.
Қабақтан болған бозасы,
Қашан қабыл болады,
Сол шіркіннің тобасы.
Үлкен, кіші жиылып,
Бозаға күнде барады.
Бозагердің катыны
Таса жерге шақырар,
Байыммен бірге келгін деп.
Қайтып келіп ол адам,
Жолдасына мақтанар,
Жай отырып ішсе бір,
Құланаян Құлмамбет
Есігін тауып келем деп.
Кеткен соң қатын даттайды,
Барлығы боза ішкен бе?
Бүйтіп боза ішкенше
Сідігіңді ішсеңші.
Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сағат деміңді.
Келген кісің жиылып
Самаурынға жатқаны.
Күндіз-түні бір шылым
Қор-қор етіп тартқаны,
Неше теңге қарыз боп.
Тағы айыбың тағы бар,
Есекпен тамыр болады,
Сіздің жақтың сарттары.
Өлеңің болса жұптай бер,
Осы болды, Майкөт-ау,
Құлмамбет Жəкең тапқаны.
Сонда Рысқұлбек тұрып: «Ей, Майкөт, елдің бетін
көрсет, айтар сөзі бар елдің баласысың», – дегенде,
М а й к ө т а қ ы н: «Қызталақ Құлмамбет кезек бермей
отыр ғой, енді сөйлеп қалайын», – деп, айтқан сөзі:
Жамандама елімді,
Құдай ұрған Құлмамбет.
Жамандайсың елімді,
Төбеңнен ұрсын құдірет.
Бақтиярды жамандап,
Бұзылды сенен бұ ниет.
Қашқын Албан сен едің,
Бізбен қашан тең едің?
Құланаян Құлмамбет
Бағың бардай болғанмен,
Мал-басқа қайда тең едің?
Бабаң қашып Қытайға,
Кетіп қалма неме едің.
Қаратауға нұр жауған,
Жамандадың елімді,
Əрі қатын-баламды.
Бала менен басыма
Болады кесір демедің.
Сен даттасаң елімді,
Мен мақтаймын елімді.
Жүретұғын жеріңді,
Кіретұғын көріңді.
Ау, сонша аруақ күйзелтіп,
Құдай ұрған Құлмамбет,
Не пəле саған көрінді.
Қасында бар қабірі
Үйсін бабаң, Абылай хан,
Түмен бап пен сансыз бап,
Кіші Мекке деуші еді,
Сайрам деген жерімді.
Төрт пайғамбар туылған,
Кіндік қаны жуылған.
Пейішке кірген көп кісі,
Тірі ғайып бұрыннан.
Ішкен адам пейіште,
Ап раһар суынан.
Əбділардың дүкені,
Айналайын Əзірет,
Əулиенің мекені.
Тоқсан тоғыз машайық,
Отан қылған жерімді.
Құланаян Құлмамбет
Жүретұғын базары,
Айтып тұрған азаны.
Құлаққа майдай жағады,
Ертең ерте оқыған
Шайхылардың айтқан азаны.
Аяттан тіккен көк күмбез,
Əзірет Сұлтан қазаны.
Ұлы жүздің тұтқасы
Шашқа тəукір Тəшкенде.
Қарлығаш би атанған,
Əзіз Төле жасады,
Мышыраптың түскен назары.
Ел жамандап айтасың,
Құдай ұрған Құлмамбет.
Қайда деп естідің,
Əулие өткен Бəйдібек?
Бəйдібек пен Жарықшақ,
Домалақ анаң мазары.
Ала тұр сен де деміңді,
Табайын мен де жайыңды.
Халқымның жайын айтайын:
Бектер мінген тобышақ,
Сəлделері бір құшақ,
Сахабаларға жүр ұқсап.
Қауындар, боз мауалар,
Ашырап еді еккені,
Танапқа дақыл сепкені.
Құтырғаның, қу Албан,
Менің сатқан өнімім мен сөгім-ді,
Жамандар ма едің, қу маңдай,
Жақсы болсаң теңіңді?
Құланаян Құлмамбет
Сырдария – өзенім,
Қаратау – менің мекенім.
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Ат бауырынан саз болған.
Бүлдіргенін жегенде,
Балалардың көңілі жай болған.
Жаужұмыры аяқтай,
Балдырғаны саяқтай.
Бетеге мен жусаны
Көк мауытты бояқтай.
Қашқын Албан, сенің елің,
Жылқыдан шыққан саяқтай.
Қаратауда нұр жауған
Жамандайсың елімді.
Көбік жеген, қу Албан,
Мақтаулы жерің қай жақта-ай?
Жаужұмыры жүректей,
Балдырғаны білектей.
Бұғысы мен маралы,
Сауып тұрған үлектей.
Мың Албан барса бағады,
Дулатым менің жүдетпей.
Халқымның жайын айтайын:
Адыры мен сайы тең,
Кедейі мен байы тең.
Сен ап келген қымыздан
Сапырып ішкен шайы тең.
Қос егізі тең болса,
Көн ішігі кең болса,
Патшаға көңіл бере ме,
Баршадан мұның несі кем?
Жамандайсың қызымды,
Құланаян Құлмамбет
Оның да жайын айтайын:
Атылас, шайы кигені,
Киген сайын жүреді,
Атылас, шайы дегенді
Сенің елің кимейді,
Кимек тұрмақ, түсінде
Мұндай киім тимейді.
Арам өлген тайының терісін,
Қыз, қатының илейді.
Қатыны байын билейді,
Елің базар көрмейді.
Қаладан келген ноғайдан,
Ноғайдың малы оңай деп,
Ауқатшыны көрген соң,
Қыз, қатының күйлейді.
Бір киімдік матаны
Бере салып ноғайлар,
Бір бұтаның түбіне
Қыз, қатыныңды сүйрейді.
Өзіңе кезек келмейді,
Тоғайға барып илейді.
Алдымдағы, Құлмамбет,
Орыс заңгер бір елсің.
Мұның айып екенін
Сені елің білмейді.
Ала тұр сен де деміңді,
Табайын мен де жөніңді.
Сері Албанның айтайын,
Хабары жоқ өлімнен.
Шариғат жолын білген жоқ,
Еліңде молда тұрмайды.
Өлетұғын бар болса,
Құланаян Құлмамбет
Үш күнде молда ап келіп,
Имандарын үйіріп,
Уақтылы намаз қылмайды.
Белгілеп қояр əулие жоқ,
Əр төбенің басына,
Өлгенің жатып шөлдейді,
Жиылып елің көмбейді.
Алдымдағы, Құлмамбет,
Орыс заңлы бір елсің.
Мұның айып екенін
Сенің елің білмейді.
Сонда Рысқұлбек атып тұрып: «Қанттың дəмін сарт
білмейді, сөздің дəмін қырғыз білмейді» деген, ақымақ
қырғыздар-ау, Құлмамбеттің не айтары қалды», – деп
қызбаланғанда, Құлмамбет ақын: «Саған мен жақын емес
пе едім, қыздан туған Майкөтті менен тəуір көрдің», – деп
басқа сөзді қысқартып, Рысқұлбекті даттағандай болып
айтқан жыры еді:
Көп көрдім би мен болыс, датқаңды да,
Сөйлесе ақын өлең таппады ма?
Қаласың Майкөт айтса, құшақ болып,
Көңіліңе мен айтқаным жақпады ма?
Не дейсің, мына сөзге, Рысқұлбек,
Сыртыңнан естуші ем Рүстем деп.
Кетесің Майкөт айтса хош болып,
Қаласың мен айтқанда ұрысқың кеп.
Əділеттілік, туралық білсең өзің,
Қаңғырған ұтар ма еді, бір Ыстың кеп?
Қаңғырған бір Ысты кеп жеңер ме еді,
Бұл Ысты Албанменен тең ел ме еді?
Құланаян Құлмамбет
Рысқұлбек, бір туралық қылып тұрсаң,
Бұл менің панама келер ме еді?
Əділеттілік, туралық білсең өзің,
Жекті қолға аударып бір бермедің.
Рысқұлбек, бұл Майкөттің адамы еді,
Осының ата-тегі сара ма еді.
Рысқұлбек, бұл Майкөтті жақтаймысың,
Белгілі қыздан туған бала еді? –
дегенде, Рысқұлбек: «Қызталақ, көбік жеген Албан, мені
ұрсайын деп пе ең, басыңды алайын», – деп ұмтылғанда,
қырғыздар араға түсіп, тоқтатқан соң, Бəйтік батыр: «Ендігі
қалған əңгіме ертең болсын», – деп, дауды басып тастайды.
Жұрт қай жағы жеңгенін білмеді. Ертеңінде Бəйтік
батыр екеуін де шақырып: «Төрелік мынау болады. Жи-
налған жұртың біреуіңді мақтауы, біреуіңді даттауы бар,
екеуіңді бұл жағынан пара-пар дейміз. Енді бір-бір ауыз
өлең тыңдалық», – дейді. Ал, енді екеуі бір-бір ауыз өлең
айтқанда, Майкөт Бəйтіктің кемшілігін қосып айтады. Құл-
мамбет Қытай шекарасынан бергі жерде жүріп, Бəйтіктің
қатынынан асқан сұлу адам көргем жоқ деп, əйелімен қо-
сып мақтайды. Сонда Бəйтік: «Қызталақ, Албан Құлмамбет,
затымды пайғамбарға теңедің», – деп, Майкөтке түйе, Құл-
мамбетке ат береді. Түйе алған соң, Майкөт жеңді болады.
Құланаян Құлмамбет
ҚҰЛМАМБЕТ ПЕН ЖАМБЫЛ
АҚЫННЫҢ АЙТЫСҚАНЫ
(Үмбетəлі Кəрібаев жеткізген нұсқа)
Құлмамбет менің атым Құланаян,
Менің Құлан екенім тəңірге аян.
Албан, Дулат жиылып бата берсе,
Кеңес айтып жырлайын етіп баян.
Құланаян Құлмамбет – менің атым,
Сайрайды кеудемдегі жазған хатым.
Албан, Дулат жиылып бата берді,
Құлақ салып ұға бер, жамиғатым.
Руым Құланаян, мен Құлмамбет,
Сөйлесем көңілімнен тарқайды дерт.
Əрі-бері бұл жазған дуылдасын –
Сөзімді ұға бергін, отырған жұрт.
Қара күңнің баласы Ысты пақыр,
Кім өлсе, соған түсер заманақыр.
Жамбыл деген бар дейді бір немесі,
Ақын болса ол неме, қайда жатыр?!
Бүгінгі күн елеусіз қалғанымен,
Ертеңгі күн шаужайдан алар ақыр.
Сейтбаттал, ер Əлінің соғысындай,
Не де болса да болып қалсын, жылдам шақыр!
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды,
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Ақын болса, қайда отыр ол немесі,
Болар-болмас немесін ардақтайды.
Құдайберген, кісі жібер Жамбылыңа,
Жамбылды болмады ма алдыруға?
Құланаян Құлмамбет
Жамбыл деп осы арада жан мақтайды,
Сол неме жарар ма екен пар қылуға?
Албан, Дулат тобында мен бір жорға,
Менімен жарар ма екен шалдыруға?
Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс,
Менімен болар ма екен салдыруға?
Топтан озған о-дағы жүйрік болса,
Кешікпей шапшаңырақ шақыр мұнда!
Жамбылды Құдайберген алып келді,
Жиылған халайықтың бəрі көрді.
Жамбылды ол Құлмамбет көргеннен соң,
Жамбылға сүйкенісіп сөйледі енді.
Сондағы Құлмамбеттің сөзі мынау,
Арам тер талай ақын болды бұлау.
Жамбылға сонда тұрып былай деді,
Басқасы болмаған соң аяқ ылау.
Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін
Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан.
Аузыңда сəлемің мен аманың жоқ,
Үлгісіз көргенім жоқ сендей надан.
Жүрмегін омақаса орға түсіп,
Өмірі кісілікке баспай қадам.
Өлеңші иттен де көп, боқтан да көп,
Əйтеуір айтады ғой бірдеме деп.
Қайтқан құстай жиналып қалған екен,
Біразырақ сөйлесін Құлмамбет кеп.
Құланаян Құлмамбет
Өлеңші өршеленген толып отыр,
Бірі көшіп, біреуі қонып отыр.
Мысалы дүниенің сол секілді,
Бəрі де көрмегендей болып отыр.
Өлеңші толып отыр көбелектей,
Тоғыз ақын толғанып төңіректей.
Тоғыз тұрмақ, ақының он бір болса,
Немене, бəріңді де басып өтпей.
Жамбыл, қам теріге бүркеленбе,
Қысты күн қар астында қалған шөптей.
Меніменен жеңем деп, желікпей-ақ
Қойыңдар, абиырды шашпай, төкпей.
Апырмай, Құлмамбеттің келді кезі,
Қалай теріс болады айтқан сөзі.
Албан, Дулат бəрі кеп атқа қонса,
Ысты, Ошақты, Шапырашты дегенің немене өзі?!
Шапырашты дегеннің некесі жоқ,
Бай болады диқаншы тамағы тоқ,
Албан, Дулат бəрі кеп атқа мінсе,
Дегеннің Үш таңбалы керегі жоқ.
Шапырашты, сөйлесең жаманың жоқ,
Шүу десең, бəрің жүйрік, шабаның жоқ.
«Жантайлаған» қырғызды бөкселеген,
Баяғыдай гулеген заманың жоқ.
Кіріп келіп есіктен, үндемейсің,
Үлкенге сəлемің жоқ, аманың жоқ.
Үндемей кіріп келдің, тайпақ қара,
Өзің қандай, мен қандай, байқап қара.
Құланаян Құлмамбет
Үлкенге сəлемің жоқ, аманың жоқ,
Не басыңа күн туды, дүзі қара.
Ей, байғұс, үндемейсің дертің бар ма,
Үндемеске қылған бір сертің бар ма?
Шапқанмен к...ің белгілі Шапырашты,
Ұстасар меніменен к...ің бар ма?
Мен айтсам, айтам қалың байлығымды,
Дулаттан жиып жүрсің шайлығыңды.
Албан, Дулат жиылып бата берді,
Бұзбайды жандарал да жарлығымды.
Ашулансаң, аспаныңды тастап жібер,
Сен де аянбай қимылда барлығыңды.
Албан аға болғанда Дулат – іні,
Сөзінде Құлмамбеттің бар ма міні.
Албан, Дулат бəрі кеп айғай салса,
Ысты, Ошақты, Шапырашты не болар көрген күні?!
Домалақтың төрт ұлы есен болса,
Мəрту ішсең де қоймаспын бүгін сені.
Жөнделіп жүйткісем жөнсіз жерден,
Мен жауға алдырмаушы ем елсіз жерден.
Мылтыққа түтеп тұрған қарсы шауып,
Асықсаң ажалыңа, келші бермен!
Болғанда мен ақсұңқар, сен – бір тауық,
Сен əтеш айғайлағыш ауық-ауық.
Болмаса аты шыққан Сүйінбайың,
Басқасын қою керек жылы жауып.
Ажал түртіп жүрмесін аңламастан,
Оқтаулы ақберенге қарсы шауып.
Құланаян Құлмамбет
А, Жамбыл, Албан да ағаң, Дулат та ағаң,
Не қылса да артық тұр менің бағам.
Қасқарау Нұрқанның жылқысын мен қаптатсам,
Қырылар, Шапыраштым, бұзау-танаң.
Мылтыққа салып қойған мен бір пестон,
Асықсаң ажалыңа, келші, балам.
Бұлбұл қонақ бастанған, Екейім-ай,
Жұлып алып басыңды кетейін бе-ай!
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Түбіңе таза тақыр жетейін бе-ай!
О, Жамбыл, бүгін болар ұрын тойың,
Ертеңгі күн болады дəл шын тойың.
Тобықтай түзу жерден жол таппайсың,
Бабаның мен қаптатсам қалың қойын.
Аңлашы, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Сенің байың шолақ бай, Дулаттай ма?
Ауылы Албан солғын, Дулат жай ма?
Басқа сөз жайын қоя тұрып,
Қалың жатқан келейін Малыбайға,
Мұнан соң мен барайын Бектембайға,
Тарпаң мен Тоқсейіттей байың қайда?
Жүз мың теңге сандығында шіріп жатыр
Баласы Ниязбектің Сəрсенбайда.
Дəметкен сары майдан кеудең қайда,
Жамбылым, енді келдің ұрар сайға.
Ойың бар айтыспаққа меніменен,
Түбінде кімге зиян, кімге пайда?!
Баласы Өтегеннің Нұрақан бай,
Хан Шойбек Қараүңгірде жатыр былай.
Көбікбай Қарабай мен алыс жатыр,
Сатыбалды, Қанайды қайтесің-ай.
Құланаян Құлмамбет
Жəне бар Тілеуқабыл, Үсенбайым,
Сөйлейді шаршы топта бұлбұлдайын,
Алма тартқан кісіге ат береді,
А, Жамбыл, білуші ме ең мұның жайын?!
Тағы бар Жайылмыста Молдаш, Сəтім,
Бақ пен қызыр іздеп кеп жалғасатын.
Дəулеті Сегізбектің серке болды,
Салмағы қорғасындай қол басатын.
Бай болған Ормақайға қызыр дарып,
Ысмайыл келген еді қажы барып.
Солардың үлгі көрген ұрпағы еді,
Соғайын ер Мəңкені ауызға алып.
Алысбай, Мəлік пенен тағы да бар,
Қалай айтсам, сыйғандай шағы да бар.
Ыдырыс, Құстоты мен ер Шұманақ,
Кеңпейіл, кетпес дəулет, бағы да бар.
Аманжол, Қасқарауда, бек Ноғайбай,
Түп-түгел мал мен бастың бəрі де сай.
Ерте жатып, кеш тұрған өңшең сабаз,
Ішкені шай бұлардың, жегені май.
Атасы қызыр шалған Малдыбайдан,
Пірім медет тіледім Əжібайдан.
Күйкі тұғыр сықылды бір немені алып келдің,
Əйтеуір біреуімізден төгілді айран.
Сонда Жамбыл сөйлейді:
Ал қадір, атыңыздан ақ ол қадір,
Бұл жерге келіп отыр Екей Жамбыл.
Құланаян Құлмамбет
Көсілген аяғыңды бір жимайсың,
Не басыңа күн туды, тəңір алғыр!
Ал қадір, атыңыздан қадір дана,
Құлыңа Алла деген болғын пана.
Көсілген аяғыңды бір жимайсың,
Не басыңа күн туды, дүзі қара!
Құлмамбет, сөз сөйлейсің анықтамай,
Алды-артыңды сөйлейсің парықтамай.
Айтатұғын кісіңнің өзіне айтқын,
Делбе кезек кісідей шалқақтамай.
Ыстыда толып жатыр қой мен жылқы,
Қасабек Дəулетбақ пен қызыл түлкі.
Бабаның қата қойын маған балап,
Досқа таба, дұшпанға болма күлкі.
Ал, Құлмамбет, Құлмамбет,
Ағып жатқан сумен кет!
Сумен кетсең ел ішер,
Судан шыққан бумен кет!
Онда да кесірің тиеді,
Қызарып батқан күнмен кет!
Күн де қайтып шығады,
Оттан шыққан күлмен кет!
Күлден ауру жұғады.
Қараңғы тұман түнмен кет!
Түн де қайтып келеді,
Асқаралы таумен кет!
Тауды да халық мекендер.
Кесірің тиер, Құлмамбет,
Қу пəлекет, əрмен кет!
Құланаян Құлмамбет
Таз Құлмамбет, сен салсаң,
Мен де салам байымды,
Азын-аулақ шайымды.
Асықпасаң, Құлеке,
Табарсың əлі-ақ жайыңды.
Менің де Құттықсейіт байым бар,
Қайтетұғын ойың бар.
Қалың байды қаптатсам,
Болатын əлі-ақ тойың бар.
Жылқысының бір шеті
Алматының өзенінде,
Бір шеті Қарақыстақ,
Қастектің кемерінде,
Несі болмас Құданың бермесінде,
Бұған қайтып жетесің,
Жалған сөйлеп не керек,
Айтайын сөздің төтесін.
Жылқысының шетіне
Жарамды атпен сабаулап,
Он күнде əрең жетесің.
Оны саған салып не етейін,
Оны да тастап кетейін.
Алматыда аяңдап
Медеу байға жетейін.
Пар келмес сенің байың Медеу байға,
Бұл Жамбыл Медеуді айтпай кетпес жайға.
Тоқсан екі шолақты жинағанмен,
Жазған-ау, бұған жетер байың қайда?
Қырық мың сомға жалдатып,
Қалаша үй салдырған.
Асыл тастан үй қалап,
Қара көзді талдырған.
Құланаян Құлмамбет
Ел көшкенде қазынасын
Алпыс нарға арттырған.
Асыл кілем жаптырып,
Жібектен арқан тақтырған,
Əлемді алып байлығы,
Əсемдігін артқызған.
Оны саған салып не етейін,
Мұны да тастап кетейін.
Алатауды бөктерлеп,
Бұны да сырғып өтейін.
Қалай айтсаң, солай айт,
Құлмамбет, саған төтейін.
Бұдан да шығып аяңдап
Қастекке барып жетейін.
Ырысы судай өрлеген
Сұраншы, Саурық батырым,
Шеніне дұшпан келмеген.
Ақ кіреуке жамылып,
Ат кетпеген кермеден.
Садағын белге байланып,
Жауға қылыш сермеген.
Қамын ойлап халқының,
Тар кезеңді бермеген.
Тоятын тауып алыстан,
Тұғырда тұрып жем жеген!
Барайын енді аяңдап Сыпатайға,
Бұл Жамбыл Сыпаны айтпай кетпес жайға.
Қайыры қарашаға сондай жақсы,
Қандырар сусындатып, қант пен шайға.
Жылқысының бас жағын айтпаймын,
Қарақыстақ, Қастекте.
Құланаян Құлмамбет
Аралауға амандап,
Жылқышы мінер міскегіне.
Таз Құлмамбет, жолықтың,
Ашылмас тұман, өскінге.
Ырғайты шеткі жері Ақтеректің,
Арғымақ мінгізеді ат керекке.
Түгендеп бір жұмада бола алмайды,
Көсілтіп қамшы басып көксерекке.
Өзінде 83 мың жылқысы бар,
Асыл тұқым жинаған əр түлік мал.
Жарлы емес еш нəрсеге балалары,
Жегені шекер мен бал, жая мен жал.
Тоқсан екі жылқышы аралайды,
Оларға тіл тигізген жарамайды.
Қанша халық аралап жүрсем-дағы,
Жалғанда көргенім жоқ мұндай байды.
Мына шетін айтайын:
Қозыбасы, Қордай-ды,
Оған тіл тигізген оңбайды.
Қасиеті сонша мол,
Егіз де екі болмайды.
Жүгі қалып жұртыңда,
Керегесін көк ішінде қомдайды.
Аузы асқа жарымай,
Сөйтіп, Құдай жөндейді.
Көсегесі көгеріп,
Көгал жерге қонбайды.
Бұл сөзімді мұнда тастайын,
Сабыр қылып тастайын.
Теріскей тұрсын жайына,
Күнгей жақтан бастайын.
Құланаян Құлмамбет
Ол күнгейді жерлеген,
Желмая мініп желменен,
Түрікпен мен Түктіқұрт,
Сол кісіден тараған.
Байтелі, Қаумен, Дəулетті,
Жəпек пенен төртеуі –
Бəрі бірақ əулетті.
Үш жүз, бес жүз жылқы айдап,
Түзеген көшін сəулетті.
Асықпай тыңда, Құлмамбет,
Берейін кезек нəубетті.
Онан бері асайын,
Теріскейге қадам басайын.
Жоғарғы шеті Мырзабек,
Бар еді өңкей қара-көк.
Арғы атасы Қашке хан болған,
Қылған ісі Құлпейіске таң болған.
Аруақты бек болып,
Ауданымен көп болып,
Сондай-сондай жан болған.
Төменгі шеттен айтайын:
Əлі менен Нұрабай
Хан Қашке тұқымы.
Атасы жауға аттанып,
Ат құйрығын бұлады.
Онан былай өтейін,
Көзіңді сенің көр қылып,
Көлденеңдеп кетейін.
Ертелеп жүріп ентелеп,
Серектасқа жетейін.
Серектасты жерлеген,
Байлығы тасып көлдеген,
Қилыбайұлы Қожамбет,
Құланаян Құлмамбет
Көк беренді түптеген,
Көкірегіне Құдайым,
Тоқымай нұрды біттеген.
Айға білеп ауызын,
Əр шыңға қолын сермеген.
Көтерілсе талайым,
Түстік жерге тоқтамай,
Орынсыз мылтық оқтамай,
Өтеген, Қазыбекке барайын.
Сол жерде жатқан Өтен деп,
Атамыз қылған мекен деп,
Ыбырайымның алты ұлы,
Патшадайын өңдеген.
Ең үлкені Нұрқожа,
Онан кейін Айтқожа,
Онан кейін Байқожа,
Райыс, Дияс тағы бар,
Алланың берген бағы бар.
Ең кенжесі Аспарды,
Бұл Жамбыл қабандай қайқарды.
Шын пəлекет басталды,
Таз Құлмамбет сен болсаң,
Көлемін көктің бөктеріп,
Тіресең, таста аспанды!
Қ ұ л м а м б е т:
Жамбыл, отқа салар майың жоқ па,
Құдайға айтып сояр малың жоқ па?
Есқожаға сүйенген жорға екен,
Саларға өз еліңде байың жоқ па?
Шүу десең, Шапырашты, шабаның жоқ,
Бəрің жүйрік гулеген, шабаның жоқ.
Құланаян Құлмамбет
Қырғызды Қанай менен бөкселеген
Саурық, Сұраншының заманы жоқ.
Өлеңді бір соғайын түйдегімен,
«Əжібайлап» тиейін бүйіріңнен.
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Сен тұрмақ, үміткермін үйдегіңнен.
Ойбай-ай, мына к… түртті Құдай Тағала,
Ісіне құдіреттің не дүр шара.
Шапырашты басымен шалқақтайды,
Орыстың заманына не дүр шара.
Шапырашты мақтанба, к…ң белгілі,
Əркім-ақ тұрған шығар беп-белгілі.
Құла дүзде қайырып қуға салса,
Тышқан алған көруші ек бөктергіні.
Сен маған салғалы отырсың ба көптігіңді,
Тіпті керек қылмаймын септігіңді.
Айыл жіптен тартып кел шеттігіңді,
Ерегіссем, үземін көпшігіңді.
Салғалы отырсың ба ерлігіңді,
Ерлігің мен қыласың беклігіңді.
Ерлік пенен беклікте нең бар, сорлы,
Ерлік пенен беклігім сенен артық.
Селтеңдеген серкенің ажалы деп.
Ақыр түбі Саурық, Сұраншы жаудан өлген,
К…і де сүртпеймін ендігіңді.
Сұраншың сарттан өлген Сайрамдағы,
Ерлікпенен тапқан олжа, пайдаң-дағы.
Құланаян Құлмамбет
Қамалға қан тартқан соң қойып кетіп,
Жайғалды Сарыбайдың саймандары.
Саймансыз Сайрамдағы сарттан өлген,
Шоқпарлы сарбаздан жəбір көрген.
Ерлікте батырлық пен нең бар, жазған,
Быт-шыт қып денелерін жерге көмген.
Жамбасы Сарыбайдың сонда шыққан,
Дəлелді сөзім осы, естіп ұққан,
Иман айтып, жаназа шығармастан,
Апарып екі бүктеп, жерге тыққан.
Алдымнан айғақ болып шығады-ау деп,
Жүрмісің көлбелектеп, қорқып сұқтан.
Ж а м б ы л :
Екейден мен айтайын Байсалбайды,
Тең жорға төрт аяғы тайпалмайды.
Аңырып əніме аңдар қалатұғын,
Өлеңді бүйтіп жыршы айта алмайтын.
Апиыншы Албанды сонша мақтап,
Құлмамбет немене деп сайтандайды.
Миллион сом сандықта шіріп жатыр,
Мың сегіз жүз түйе бар бай Шалбайда.
Пақыр мен желісіне мүскін барса,
Ат пен түйе мінгізбей қайтармайды.
Мың-мыңнан қойы қоздап, шулап жатыр,
Бес жүз құлын желіде тулап жатыр.
Екі адамға бір желі орнатады,
Қонақ келсе, қой сойып, қол қусырып,
Күнде той тамашамен дулап жатыр.
Тағы бар бұ жағында Асылбегім,
Шынжырлы, шұбар балақ, қара көгім.
Құланаян Құлмамбет
Байсерке, Байғабат пен ер Шотайды,
Айта берсем, таусылмас оның кебін.
Жақсылық жамандықпен теңшеледі,
Кім жүйрік, кім шабан екшеледі.
Сатайдың сақасы өрде жатыр,
Оны да көрген дұшпан сескенеді.
Жалғыз-ақ, сен болмасаң, таз Құлмамбет,
Жамбыл да сенен өзге ақынды еңселеді.
Оның рас, таз Құлмамбет, –
Сұраншы Саурықпенен жаудан өлген,
Құдайдан шейіт болып, қаза келген,
Осы сөз қырсық болар, қойсаңшы сен.
Қажылық қып кетіп пе еді Мақсұт ағаң,
Шытыр жеген түйедей көні кеуіп,
Бір сайда іріп-шіріп, аунап өлген,
Ұрысып ағайынмен даудан өлген.
Əртүрлі жамандықты естіп өлген,
Қорлықпен буындырып, күшпен өлген.
О немең өлгенде де жөндеп өлмей,
Аузына бірдемесін тістеп өлген.
Не деп айтқалы отырсың, таз Құлмамбет,
Керейқұл мен Сақаудан аз Құлмамбет.
Алақандай басыңда бір қылың жоқ,
Боласың неменеге мəз, Құлмамбет.
Құлмамбет, мен білемін, түбің – Уақ,
Арқадан кісі өлтіріп, келдің шұбап.
Басыңды осы арада кесіп алсам,
Құныңды алар кісі жоқ, іздеп-сұрап.
Үстіңе жайдың оғын жайлатармын,
Екі қолыңды артыңа байлатармын.
Без белет, кісі өлтірген қашқын жүр, – деп,
Құланаян Құлмамбет
Жұртыңа здавайттап айдатармын.
Қызыңды төрт ат, жүз теңгеге сатып жүрсің,
Қызыққа тамаша мен батып жүрсің.
Соттан сотқа басыңды шатып жүрсің,
Сары иттей ине жеген қатып жүрсің.
Құлмамбет, ақын Шаншар, Суандалдың,
Нашар едің, бұл күнде жуандалдың.
Сенің де мақтанатын жайың да жоқ,
Қуарып үш бешпетпен қуаңдадың.
Құлмамбет, Суанды алдың Албан менен,
Албандай бай болмадың алғанменен.
Байғұс-ау, қай жеріңмен мақтанасың,
Есің жоқ, шешең жұртта қалғанменен.
Арқадан ауып келген ақтабансың,
Елді алдап, ақынмын деп мақтанасың.
«Таз Албанның баласы Құлмамбет» деп,
Дүйсенбай, Сəт, Мөңке жанын беріп ақтап алсын.
Жамбылдың жеңіп, бəйге алған жері,
Жеңіліп Құлмамбеттің қалған жері.
Ішегі Құлмамбеттің үзіліп қап,
Осы екен, бір азғантай арман жері.
Желөкпе Құдайберген тентек адам,
Жеңді деп біздің Жамбыл, не қылса да,
Ұрыс-керіс, шатақты салған жері.
Сонан соң бұл Жамбылдың даңқы шыққан,
Болған соң абыройлы барған жері.
Құланаян Құлмамбет
ҚҰЛМАМБЕТ АКЬІННЫҢ ШАБДАН
БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ
(Кенен Əзірбаев жинаған материалдардан)
Болғанда ел ағадан, тон – жағадан,
Көкжал бөрі соғады тау сағадан.
Сыртыңнан көрмесем де, ұғушы едім,
Жүрмісің, батыр Шабдан, есен-аман.
Мен өзім Құлмамбетпін – Құланаян,
Екенім Құланаян құдайға аян.
Бұл жақта мұсылманға тақ боп тұрсың,
Кеп тұрмын аруағаңа Қарқарадан.
Албанда өткен екен Қашаған хан,
Серғазы сексен екі жасаған хан.
Алты ауыз арыз айтпай қаламын ба,
Алтынды аттаған соң босағаңды.
Албанда өткен екен Абақ, Жайнақ,
Сайым, Бөлек өтіпті сан жылқы айдап.
Бір сағаттай кідіріп келмей қалсам,
Атқа міне жаздапсыз сорың қайнап.
О, батыр, бəрекелді, хан екенсің,
Алалың асып туған жан екенсің.
Аузыңда əділетің болғаннан соң,
Ақ қалпақты қырғызға нақ екенсің.
О, батыр, үмітім бар хандығыңнан,
Ай тұяқ жамбы үзілмес сандығыңнан.
Шынымен қаһарланып атқа мінсең,
Құтылмас күллі қырғыз жарлығыңнан.
Құланаян Құлмамбет
О, батыр, төрт ұл туған Қарабектен,
Төрт құбылаға бəрінің қолы жеткен.
Шиеленген алдыңызда шешіледі,
Жылап келген бейшара, күліп кеткен.
Тұқымы хан Жантайдың қанша түтін,
Бар ма екен бұл дүниеде бауыры бүтін.
Қырғызға қазақ пенен нақ боп жүрген,
Айланған Қазықұрттай жалғыз тұқым.
Жарасқан ақ боз атқа, асан тамға,
Түсіп тұр-ақ дертіңе қысылғанға.
Қояннан тақыр жұтап қалғаннан соң,
Кеп едім соны шағып хан Шабданға.
Ұғушы ем аруағыңды елде жүріп,
Аққудай тоят едім көлде жүзіп.
Атымның кұйрық майын арықтаттым,
Араға бір ай жүрдім, шөлдеп жүріп.
Мойнымды созушы едім қоңыр қаздай,
Бір құдайдан басқаға жүрмін жақпай.
Алдына хан Шабданның бір барсам деп,
Ойладым отбасында ала жаздай.
Сонда Шабдан: «Əй, абашка, сөз ұғатын кейпің бар
екен, Пішпектегі шоң жиылысқа жүргелі тұрғанда кез кел-
дің. «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» деген қырғыз, қазақ тың
мақалы бар, келген мұқтажыңды айта бер», – дейді.
Сонда Қ ұ л м а м б е т :
О, батыр, олай десең, арызым бар,
Айтатын сол арыздан тəрізім бар.
Құланаян Құлмамбет
Жақсы деп алыс жерден іздеп келдім,
Үш жүз сом Əбсеметке қарызым бар.
Атасы Əбсеметтің Əлім еді,
Ақшасын сулап берген зəлім еді.
Бексұлға дəстебрениеге қол қойғанда,
Төреге Батталғазы мəлім еді.
Сонда батыр Күйке деген жолдасына: «Бар, бəленше
деген дүкенші ноғайдан 300 сом əкеліп бер», – дейді.
Күйке шауып барып, ноғайдан 300 сом алып келе жатып:
«Атаңның көрі, бір старшын елдің азаматындай ақшаны
қаңғырған ақынға бере ме, батыр да дүниенің бетіне қара-
майды», – деп, ақшаның жүз елуін қалтасына тығып қояды.
«Дүкеншіде бар ақша осы екен», – деп, жарты ақшаны
ақынның алдына тастайды. Алдында жатқан ақшаға қара-
май-ақ, Құлмамбеттің Күйкеге арнап айтқан сөзі мынау:
Баласы Марқозының Күйке ме едің,
Тесідей өтпейтұғын түйте ме едің?
«Күйке деп, шала манап ұғушы едім,
Таза манап сен болсаң, бүйтер ме едің?
Баласы Марқозының шала манап,
Хан Шабданды жүресің жанамалап.
Жарлығын батырыңның екі қылып,
Сорлы Күйке, боларсың ала манап.
Жарлығы патшаның екі болды,
Құдайдың бұл да болса қерті болды.
Бұйрығын хан Шабданның екі қылып,
Əй, Күйке, сенің ісің шикі болды.
Құланаян Құлмамбет
Патшаның сөзі үлкен, өзі үлкен,
Патшаны осы ма екен көзге ілген.
Өз жолдасы Күйкеден сөз бұзылды,
Бұл батыр бұрын қайтіп ел билеген.
Батыр сонда қап-қара боп түтеп, ордадан қамшысына
алып шығып кетеді. Үй толған ақынға жиылған ел. Күй-
кенің бір қызға бермейтін Қарабоз деген аты бар екен.
Соны бас қылып, тоғыз аттың ер-тоқымын алдырады.
Оларды бір ала арқанға тіздіріп, ақынды шақыруға бір
жігітін жібереді. 150 сомды қойнына тығып, Құлмамбет
сыртқа шықса, тоғыз ат тізіліп тұрады. Шабдан батыр: «Ел
аруағына келіпсіз, тоғыз атты айдап қайтыңыз, 150 сомға
жеңгей шай ішсін», – дейді. Ол кезде қой – 3 сом, жылқы
– 10 сомға бағаланады екен. Шабдан сыйлаған аттардың
əрқайсысы жүз сомдық аттар болса керек. Ақын Шабдан-
мен бірге жүріп, Қарабұлақ деген жерде айрылады.
Сондағы Құлмамбеттің Шабдан батырға қош айтқан
сөзі:
Ертеде өткен екен ер Ұлықпан,
Жыланның тақ Сүлеймен тілін ұққан.
Жүз елу сом, тоғыз ат айдаттыңыз,
Батырлық бірдей екен жомарттықпен.
Жалғанда ерік берген күн мен айға,
Тəж, тақыт дүниеде тұрмас бойға.
Сізді мен көзім көріп мақтамаймын,
Туыпсыз бірдей болып Абылайға.
Жаманға қызмет қылып, қор болғанша,
Өзі де қошемет қып жүрген пайда.
Құланаян Құлмамбет
Көргенше, батыр Шабдан, қош-аман бол,
Екінші қайта айналып көру қайда?
Кеп едім шəрбетіңді білейін деп,
Кеп едім бұтағыңа түнейін деп.
Бір кестің ырсығымы, батыр Шабдан,
Мен тұрмын рұқсат берсең, жүрейін деп.
Құланаян Құлмамбет
ҚҰЛМАМБЕТ – ТҮБЕК
(Фатима Ғабитова нұсқасы)
Албанның көрдіңіздер Тезек ханын,
Тезектің бір жағы хан, бір жағы ақын.
Айтқаны патша өлең ұятырақ,
Болмаса сенің сөзің «бойдай талым».
Үш жүзден асқан Түбек келеді дейді,
Ол келгенде не айтасыңдар, ақындарым?
Тезекті шалқып жатқан көл дейсіңдер,
Ордама əр кезеңде келмейсіңдер.
Бұл Тезек – шынар ағаш, сіз – бір тұйғын,
Келгенде сағындырып жем жейсіңдер.
Үш жүзден асқан Түбек келеді дейді,
Ол келсе, ақындарым, не дейсіңдер?
Сөз сөйлесе келеді сөзден ырғақ,
Құлмамбет, тыңдап отыр мұны шырақ.
Егерде кəрі Түбек келе қалса,
Ұзақтай тұрып қалма бəрің шулап.
Қ ұ л м а м б е т:
Е, тақсыр, болып тудың ердің ері,
Үш жүздің ағып жатқан шалқар көлі.
Ей, тақсыр, біз жеңілсек – өз намысың,
Бар болса айтып бергін кемдік жері.
Т е з е к:
Бұл елге ауып Найман келген деймін,
Дəулеті өзімізден төмен деймін.
Біреуі екі қатын жады қылып,
Жеті жыл болып жатқан шемен деймін.
Құланаян Құлмамбет
Жайлау қып Сарыарқаны жатқан деймін,
Қыздарын қара нанға сатқан деймін.
Доңызда қалың Найман ауып келіп,
Олжаға біздің ел батқан деймін.
Ақыннан мұндай үлкен қаупің жоқ па,
Сыртынан бұрын сұрап, сақтан деймін.
Көк мұзда тағасыз ат тайғанақтар,
Сөзіңді мынау сенің не деп мақтар.
Ақыннан мұндай үлкен хабарың болмаса,
Бұрыннан сұрап қоймай зəнталақтар.
Бұл екі арада Т ү б е к келіп қалып, Тезектерге сəлем
беріп айтқаны:
Алейкум ассалам, жұрт ағасы,
Білінер топ ішіңде ат жорғасы.
Алдыңа сəлем бере Түбек келді,
Жүрсің бе сау-сəлемет, хан ордасы?
Санында қызыл аттың асан таңба,
Көлеңкең тегіс түскен мұсылманға.
Руым – Қаракерей, атым – Түбек,
Кеп тұрмын сəлем бере Тезек ханға.
Ішінде екпе бақтың бау жидесі,
Тезектің жолда жатыр жүз теңгесі.
Алдыңа сəлемдесе Түбек келді,
Жүрмісің аман-есен, жұрт иесі?
Алейкум ассалам, Тезек төре,
Қоймаған елде жылқы, кезеп төре.
Жалды ат, қомды түйе түк қоймаған,
Бір келер өзіңе де кезек, төре.
Құланаян Құлмамбет
Хан Тезек, қарамысың, төремісің,
Қылмасаң ұрлық-қарлық өлемісің.
Момынның зар жылатып малын жейсің,
Мақшарда бəрін жинап беремісің.
Жұтсаң да Алатауды бір тоймайсың,
Түбі жоқ бұл дүниені теремісің,
Айтқан сөз құлағыңа бір кірмейді,
Адамның бұл күндегі кереңісің.
Аруағы Абылайдың қонғаннан соң,
Төренің бұл күндегі перімісің.
Хан Тезек Үш алашқа алтын басты,
Шаңына ақын Түбек араласты.
Төреден сенен кейін алдым тоғыз,
Үш тоғыз бермеспін деп ойлама əсте.
Көріндің екпе ағашта бау алмадай,
Басасың қара жерді жауған қардай.
Аруағы Абылайдың қонғаннан соң,
Барасың құдайды да аузыңа алмай.
Хан Тезек, бала қаздай өрге жүздің,
Секілді ақ балапан көлде жүздің.
Аруағы Абылайдың қонғаннан соң,
Ағыздың сүттен бұлақ іргеңізден.
Бір тоғыз Əбілезден келдім алып,
Алып па сені тəңір одан қалып?
Төреден сенен кейін тоғыз алдым,
Бересің екі тоғыз ашуланып.
Қ ұ л м а м б е т:
Таң қалды алаш ұлы өнеріме,
Жеңілсем бұл араға келемін бе?
Құланаян Құлмамбет
Керейдің қаңғып жүрген жаман шалы,
Аз қапты кəріліктен өлеріңе.
Тіліңді тарта сөйле, Түбек шалым,
Төремді жеңілмесем беремін бе?
Т ү б е к:
Құлеке, осы сөзің жөн бе деймін,
Ойласаң, мен де өзіңдей пенде деймін.
Қара к...т, қызғыш құстай құйрығы жоқ,
Қалыпсың бауыр басып көлге деймін.
Қаңбақтай жұртта қалған салмағың жоқ,
Кетерсің қазір ұшып желге деймін.
Алаштан тары терген мен бір тауық,
Отырмын айтысқалы көңілім ауып.
Əнімді сөзімменен үйреніп ап,
Қылдың-ау, сен де пəле бетке шауып.
Алаштан ауып келген арыстан ем,
Бір күшік, к...і күйік алды қауып.
Түбекті қартайды деп ойламаңдар,
Бұл Түбек қартайса да алтын сауыт.
Қ ұ л м а м б е т:
Бай болсаң, бұл арада жүрсің нағып,
Мал іздеп қартайғанда азаптанып.
Керейдің қаңғып жүрген жаман шалы,
Өлеңге қарсы қондым қашан барып?
Алашта жақын туған жалғыз сен бе,
Сөйлегін құдайды да аузыңа алып.
Үйсіннің менен артық ақыны жоқ,
Жібергін, шамаң келсе, жерге қағып.
Құланаян Құлмамбет
Т ү б е к:
Құлмамбет, сенің мендей түрің бар ма,
Түбек – тұйғын, Құлмамбет – ала қарға.
Жетесің келген жерден кəрілікке,
Қайтқан кісі сықылды жының бар ма?
Бар еді менсіз сенің қайда күнің,
Баратын менсіз сенің жерің бар ма?
Түбектің мұнда келген көрдің түрін,
Қорыған айдын көлді жаман ырым.
Хан болған бұл батырың қызымды алып,
Сарт еді сары құлақ мұнан бұрын.
Түбектің Үш алаштан асқаны анық,
Түбінде бұдан бұрын төре ме еді,
Хан болған бұл батырың қызымды алып.
Қ ұ л м а м б е т:
Сөзіңнің қалай айтсаң, өрнегі жоқ,
Еліңнің Қаракерей дерегі жоқ.
Үйірге бір байталды қостым дейсің,
Алып кет, байталыңның керегі жоқ.
Т ү б е к:
Құлмамбет, сөз шығады ақылыңнан,
Көрінер Тезек төрең шатырынан.
Қарашы, Құлмамбеттің шермендесін,
Төрені айырмақшы қатынынан.
Сарттығың сары құлақ білінді енді,
Қызымды ашуланып алып кетсем,
Байлап қал есегіңді ақырынан.
Құлмамбет, сөйлесеңші, сөзді бағып,
Кетесің бір аздан соң сүре қағып.
Құланаян Құлмамбет
Қызымды ашуланып алып кетсем,
Байлап қал есегіңді арқан тағып.
Құланның мас боп қалған əңгісіндей,
Мазаңды алып жүрмесін оқыранып.
Тезек төренің Қ ұ л м а м б е т т і ң сөзіне көңілі айт-
қаны:
Қылдан тар қияметте сират деймін,
Ұжмақта иманды құл тұрад деймін.
Бір келген алыс жолдан мейман шығар,
Құлмамбет, айтпай-ақ қой, шырақ, деймін.
Кетесің келтеліктен жарға ағып,
Бұрыннан алсаң-дағы сұрап деймін.
Байғұс-ау, жас ақынмен тайталаспа,
Кетпегін терең сайға құлап деймін.
Мен айтсам, ширегіме келмес едің,
Айтқаны патша өлең ұят деймін.
Келтірсе қартайғанда нəсіп айдап,
Төрт түйе мен алған бір ат деймін.
О-дағы аруаққа болар намыс,
Ордамнан құры қайтсаң жылап деймін.
Құланаян Құлмамбет
ҚҰЛМАМБЕТ – ТҮБЕК – ТЕЗЕК
(Кенен Əзірбаев нұсқасы)
Т е з е к:
Үш жүздің көріп пе едің Тезек ханын,
Тезектің бір жағы ақын, бір жағы Əлім.
Айтуға терең өлең ұятырақ,
Сендердің өлеңдерің бойдай талым.
Бəрің де түйем менен атымды алдың,
Қырсығын кестім талай ақындардың,
Үш жүзден озған Түбек келе жатыр,
Бересің не жауап, ақындарым?
Тезекті шалқып жатқан көл дейсіңдер,
Ордаға өкпелесең келмейсіңдер.
Үш жүзден озған Түбек келеді дейді,
Келгенде, ақындарым, не дейсіңдер?
Ұзаққа қайсың шауып сермейсіңдер,
Түбекке қайсың ер боп бермейсіңдер?
Бұл Тезек – миуалы жеміс ағаш,
Келгенде сағындырып жем жейсіңдер.
Егізақ, Тоғызақ пен тыңда, шырақ,
Түбектің келе жатқан жері жырақ.
Құлмамбет, Шаншар ақын, Түбек келсе,
Қарғадай тұрып қалма бəрің шулап.
Қ ұ л м а м б е т:
Арқада ол Түбектің өскен жері,
Кір жуып, кіндігін кескен жері.
Ей, Тезек, біз жеңілсек – өз намысың,
Бар болса, үйретіп қой кемдік жерін.
Құланаян Құлмамбет
Мен өзім – Құланаян Құлмамбетпін,
Алдыңа айдап келген мұндай екпін.
Тақсыр-ау, біз жеңілсек – өз намысың,
Түбектің кемдік жерін бізге үйреткін.
Т е з е к:
Көк мұздан тағасыз ат тайғанақтар,
Мұндайда жаман ақын сипалақтар,
Ақыннан сондай үлкен қаупің жоқ па,
Болмай ма сұрап жүрсең зəндалақтар?
Ол Түбек Сарыарқада жатқан деймін,
Тəбін боп орыс малын баққан деймін.
Қалыңдар жеңілсең де бір ұстасып,
Қара нан малай болып татқан деймін.
Байлығы біздің елден төмен деймін,
Бай болса, мұнда неге келген деймін?
Біреуі қатынының жады қылып,
Алты жыл тең жастанып жатқан деймін.
Т ү б е к:
Ассалаумағалейкум, жұрт иесі,
Тезектің жолда жатыр жүз түйесі.
Сен едің Алатаудың бау жидесі,
Табылар, айта берсем, сөз жүйесі.
Бəйгеден күнде келген көк маралым,
Алты алаш қоныс қонған кең аралым,
Жүзіңді көрейін деп іздеп келдім,
Бəлкендік, өз əлінше жандаралым.
Құланаян Құлмамбет
Хан Тезек, қарамысың, төремісің,
Қылмасаң ұрлық-қарлық, өлемісің.
Еліңнен қомды түйе, жалды ат қоймай,
Барғанда тозаққа шар беремісің.
Сөзіңді жақтырмаған естімейсің,
Адамның аңқаусыған кереңісің.
Жұтсаң да Алатауды қақалмайсың,
Төренің жеті басты тереңісің.
Хан Тезек, ақын шықты мұсылманда,
Түспейді ақ дидарың тірі жанға.
Төресін түлкі мінез шыр айналған,
Қоясың ақыл айтып қысылғанда.
Мен келдім Əбілезден тоғыз алып,
Сені тəңір алып па, одан қалып?
Сенен жаман төреден тоғыз алдым,
Екі тоғыз бересің ашуланып.
Қ ұ л м а м б е т:
Келіпсің Сарыарқадан, Түбек аға,
Келіп пе ең балапандай түлеп, аға.
Келгеннен сыр бердіңіз жүдеп, аға,
Төреден келе салып тілеп, аға.
Алыстан ат арытып келгеннен соң,
Төренің өзі-дағы біледі, аға.
Тілемей-ақ, өлеңді айтсаңызшы,
Бұл Түбек алжыған деп күледі, аға.
Ұлы жүз құлақ салған өлеңіме,
Бұл жерге өкпелесем келемін бе?
Құланаян Құлмамбет
Төреден келе салып сұрай кеттің,
Қарамай ішіңдегі шеменіңе.
Арқасын қайтқан айғыр алдырады,
Тезектің душар болдың дөненіңе.
Төремнен келе салып сұрай кеттің,
Оп-оңай, жеңілмесем беремін бе?
Т ү б е к т і ң айтқаны:
Құлмамбет деген ақын сен бе деймін,
Қарағым, мен өзіңдей пенде деймін.
Қызғыштай қара жағал кұйрығы жоқ,
Қалыпсың ие болып көлге деймін.
Алаштан тары терген мен бір тауық,
Отыр ма айтыспаққа көңілің ауып.
Алыстан іздеп келген арыстанды,
Бір күшік к...і күйік алдың қауып.
Түбекті қартайса да жыға алмайсың,
Əлі де оқ өтпейтін темір сауыт.
Жығымтал тай, құнандай бала екенсің,
Шырағым, тоқтат сөзді жылы жауып.
Демеңдер ажал қайдан, қатер-қауіп,
Мен келдім хан Тезекке көңілім ауып.
Əнім мен өлеңімді үйреніп ап,
Қылдың ба сен де мазақ, бетке шауып?
Бұл Тезек дария шалқар, білем сырын,
Құртқаның шалқар көлді жаман ырым,
Тезегің қызымды алып төре болған,
Сарт еді сары құлақ бұдан бұрын.
Қ ұ л м а м б е т:
Салғаным садағыма ақ қайың оқ,
Шапқанда «Əжібайлап» тоқтауым жоқ.
Құланаян Құлмамбет
Түбеке, ақынмын деп мақтанасың,
Бұлбұл да сайрап-сайрап, шұқиды боқ.
Жеріңде тік сандалдай терегің жоқ,
Еліңде Тезегімдей зерегің жоқ.
Үйірге бір байталды қостым дейсің,
Байталыңды өзің ап кет, керегі жоқ.
Т ү б е к:
Болмаса кəрілігім, мінім бар ма,
Ақырған жас күндегі үнім бар ма?
Кетесің салған жерден кəрілікке,
Дегенде кəрі кісі, жының бар ма?
Кетемін ашулансам қызымды алып,
Алып қал айғырыңды арқан тағып.
Байталын үйірінен мен ап кетсем,
Бас салар еркегіңді оқыранып.
Қызымды ашулансам кетем алып,
Айғырың не болады жалғыз қалып.
Байлардың əңгі айғыры секілденіп,
Мінесің əрбіреуің тоқым салып.
Көрінер төре жақсы ақылынан,
Көрінген ноғай жақсы шатырынан.
Қарашы, Құлмамбеттің шермендісін,
Төресін айырмақ кой қатынынан.
Сонда ақындары жеңілетін болған соң, Т е з е к т і ң
Түбекке қарап айтқаны:
Бар екен қыл көпірде сират деймін,
Мақшарда иманды құл тұрад деймін.
Құланаян Құлмамбет
Алыстан қартайғанда келген екен,
Құлмамбет, тоқтат сөзді, шырақ, деймін.
Түбеке, жас ақынмен бəс таласпа,
Кетесің терең жарға құлап деймін.
Екеуің жеңілгенше қоя берсем,
Аруаққа тілің тиер бірақ деймін.
Кеп қапсың қартайғанда, Түбек аға,
Ала ғой алты түйе, бір ат деймін.
Құдайға біздің қылық тура болмас,
Ордадан құры шықсаң жылап деймін.
Құланаян Құлмамбет
КҰЛМАМБЕТ ПЕН МАЙКӨТ
АЙТЫСЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ
Кұлмамбет пен Майкөт ақынның, айтысқаны
(Белгісіз жеткізушінің нұсқасы)
Жар етіп, тіліме алдым бір құдайды,
Құлмамбет əн шырқайды бір ыңғайлы.
Атаңның аруағын жоқтап келдім,
Жүрмісің, болыс Байсал, күйлі-жайлы?
Құлмамбет Құланаян дейді мені,
Белгілі Арқа еліне өлең, жыры.
Арғы атаң кəрі Божбан, болған кісі еді,
Амансың ба, Тінəлінің Шолпанқұлы?
Құлмамбет аруағыңа түней келді,
Бергі атаң Құттымбек, ер Байсейіт,
Тұрсынның амансың ба, Сүлеймені?
Бұл сезім, көп сөзімнен дұрыс келді,
Білдірдім білмей жүрген жұмысты енді.
Байлығың мен бектігің үзілмеген,
Қанайдың аманбысың Рысбегі?
Сен бе едің, Рысқұлбек бұлғақтаған,
Келіп ем көріскелі, шырақ, саған.
Ауаға ақ сұңқардай тіліп өтер,
Бар екен бір мінезің шұнақтаған.
Айтайын тағы бір сөз ниет етсең,
Мұныма ашуланып кейімесең.
Саламын екі аруақ, бір құдайға,
Ағаңды бір Ыстыдан кейін көрсең.
Құланаян Құлмамбет
Майкөт ақын үстіне жүз сомдық ішік киіп келген екен
тойға. Қ ұ л м а м б е т ақын үйде отырған Майкөтті ке-
кетіп, сырттағы біреуді Майкөтке меңзеп, үйге кір деп
айтқан өлеңі:
Майкөт-ау, үйге кірші, сыртта тұрмай,
Жан-жаққа жалтақтамай, келші мұнда-ай.
Құлмамбет Құланаян ағаң келді,
Ағаңнан өлең үйрен, кеңес тыңдай.
М а й к ө т:
Көзіңді ашып қара, Құлмамбетім,
Майкөтпен айтысуға бар ма ниетің?
Майкөтті үйде отырған, сыртта дейсің,
Алған ба ақылыңнан құдіретім?
Қ ұ л м а м б е т:
Сен бе едің, Майкөт ақын дауысы биік,
Айтып ем танымастан жора тиіп.
Біреуі болыстардың екен деп ем,
Жүз сомдық отырған соң, ішік киіп.
М а й к ө т:
Танымай неге айтасың жанға тиіп,
Басынан келмедің бе сұрап, біліп?
Сен құсап Майкөт мұнда келмеп еді,
Желқомдап, сұр байталды жайдақ мініп.
Қ ұ л м а м б е т:
Рас-ақ, келдім, Майкөт, байтал мініп,
Келдің деп, байтал мініп, айттың біліп.
Жыртыңдап тапқаныңды кие бермей,
Бай болып кетпедің бе, дүние жиып?
Құланаян Құлмамбет
М а й к ө т:
Қарағын айтқан сөзін болжамсыздың,
Деміне нан піседі кей болжамсыздың.
Үкілеп құла байтал жаратқандай,
Кеміткен жерін қара, сорлы арсыздың.
Қ ұ л м а м б е т:
Тіліңді тарта сөйле, Майкөт ақын,
Болып тұр бір Дулатпен жүзің жарқын.
Ергенге Рысқұлбекке еркінсіме,
Болмассың Албан, Дулат менен жақын?
М а й к ө т:
Кез болдың Рысқұлбекке кезің үшін,
Айтасың қошаметті өзің үшін.
Бағана туғаным деп, көріспеп пе ең,
Ендігі былшылдаған сөзің құрсын.
Қ ұ л м а м б е т:
Ал, Майкөт, осы ретте жолың түсті,
Менімен айтыспағың қиын күшті.
Албанмен тең түсем деп ойламағын,
Секілді ит табаны аз ғана Ысты.
М а й к ө т:
Үш арыс Ысты деген ел емес пе,
Үш ояз айналасы жер емес пе?
Дулаттай дуа қонған болмаса да,
Сенімен Албан қашқын тең емес пе?
Қ ұ л м а м б е т:
Ал, Майкөт, Албан бай ма, Ысты бай ма,
Байлығың, аз ғана Ысты, Албандай ма?
Құланаян Құлмамбет
Албанның сен байлығын білмеуші ме ең,
Бір ауылың жүз қысырақ тай байлай ма?
М а й к ө т:
Құлмамбет, Албан бай ма, Ысты бай ма,
Байлығың, Албан қашқын, Ыстыдай ма?
Ыстының сен байлығын білмеуші ме ең?
Жүз бота сорлы аулыңнан ұшқындай ма?
Қ ұ л м а м б е т:
Сөйлейді мына Майкөт əлденеге-ай,
Ергенге Рысқұлбекке жүзің арай.
Шіріген аз ғана Ыстың тұрмақ,
Қазағы Қаратаудың бəрі кедей.
М а й к ө т:
Құлмамбет, сен өлеңді күнде айтасың,
Жалықсаң, күндіз емес, түнде айтасың.
Тіліңді тарта сөйле, Албан қашқын,
Кедей деп, көрмей тұрып кімді айтасың?
Қ ұ л м а м б е т:
Жел сөзге кетпейді аузым қалып алып,
Момынның малын жейді залым алып.
Дулаттың Ысты түгіл бəрі кедей,
Өмірін өткізеді егін салып.
М а й к ө т:
Сөйлейді қандай-қандай, неткен мұндар,
Басынан не шүкірлік өткен мұндар.
Əжібай, Еркінбайың сотпен ұрсып,
Түбіне өзді-өзінің жеткен мұндар.
Құланаян Құлмамбет
Албанның датқалары батырлық қып,
Ақыры өзді-өзінің басын ұрлар.
Қ ұ л м а м б е т:
Атыңнан айналайын Əжібай-ай,
Сенімен бір туысқан Дəркенбай-ай.
Дулатта сендей туған ер бар ма еді,
Сөз қылды-ау, төрт үйлі Ысты, тəңірім-ай?!
Ал Майкөт, Бақтиярдан хабар бергін,
Еліңде датқаң бар ма, болған сондай?
М а й к ө т:
Көріп пе ең, Дулатымды көрде жатқан,
Əжібай кімнен артық құдай атқан?
Сыпатай Арқа елімен алысқанда,
Жастығын Ағыбектің бір қуартқан.
Үмбет пен естіп пе Шынбетімді,
Орысқа қиын жерде жауап айтқан.
Балтаұлы Құдайберген майыр боп тұр,
Мұны да білмейсің бе, құдай атқан?
Қ ұ л м а м б е т:
Өткенді көп сөз қылма, келген басқа,
Бір бөлек жердің жайы, өлең басқа.
Мақтадың салған жерден майырыңды,
Еліңде датқаң бар ма онан басқа?
М а й к ө т:
Баласы Байзақтың Батырбасы,
Келген жоқ қырық, елуге əлі жасы.
Ақмолда деген ағам елде жатыр,
Домалай өрге қарай атқан тасы.
Құланаян Құлмамбет
Қ ұ л м а м б е т:
Майкөт-ау, не күн өтті бастарыңнан,
Солардың қызмет қылдың қастарынан.
Мақтадың Батырбастай майырыңды,
Шықпады ма, онан үлкен жастарыңнан?
М а й к ө т:
Бүркітбай, көріп пе ең Алтынбекті,
Бұралқы, естіп пе ең Сауырбекті?
Сұрасаң, арғы атасы Сарымырза,
Жүргізген қарағанға өкіметті.
Датқамды Райымбек білмеймін деп,
Бəрінен, Албан қашқын, соның өтті.
М а й к ө т т і ң бұл айтқандарының бəрі де Əулиеата,
Таластың датқалары екен. Құлмамбеттің енді Шымкент,
Сайрамды сұрап айтқан өлеңі:
Білгенге, пəле Майкөт, өлеңіңнен,
Солардың қызмет нанын жегеніңнен.
Таласты, Əулиеата мақтап болсаң,
Хабар бер, Шымкент, Сайрам төменіңнен.
М а й к ө т:
Көріп пе ең, қос Қасымбек, бір Исаны,
Исаның жан шыдамас келсе кəрі.
Исаның үлкен болған себебі сол,
Бабасы Батырбектен үлгі қалды.
Баласы Жұмабектің Тайтелі еді,
Сасқанда ақыл сұрар жанның бəрі.
Жаныста Əзіз төрем əулие еткен,
Құланаян Құлмамбет
Халыққа белгілі боп аруағы.
Момынбек, Шойбек пенен Сеңкебай би,
Солардың датқа болған баршалары.
Қ ұ л м а м б е т:
Ел жайлы, пəле Майкөт, білгеніңнен,
Солардың қызметіне үргеніңнен.
Төрт ата Дулатыңды мақтап болсаң,
Хабар бер, Бестаңбалы Сіргеліңнен.
М а й к ө т:
Бір жұрты Қаратаудың Сіргелі еді,
Сіргелі өз жұртында іргелі еді.
Кешегі Бошан датқа заманында,
Қоқанның Тоқтыбайы мінген еді.
Марқабай, Жанкісі еді сəулелері,
Өзбектен бостан болып жүрген еді.
Бүтінде Қабыр деген бір жігіт бар,
Қадамы қатарынан ілгері еді.
Қ ұ л м а м б е т:
Өлеңге пəле Майкөт, ақылыңнан,
Солардың қызметіне дақылыңнан.
Сіргелі, Дулатыңды мақтап болсаң,
Өзге Ысты, хабар берші жақыныңнан.
М а й к ө т:
Сұрасаң, өз жұртымды Ысты дейді,
Ыстының Жəкен, Шұқай өстіні еді.
Төменде Көлбай деген бір дəуім бар,
Өртейтін бет алғанын ұшқыр еді.
Баласы хан Шоқайдың Төрекелді,
Құланаян Құлмамбет
Басына бақ пен қыдыр ерте келді.
Бұлар да өкімет боп келе жатыр,
Орысқа сұратқан жоқ төменгі елді.
Қ ұ л м а м б е т:
Сөйлейсің қалай-қалай, сен қызталақ,
Болды ма, мұның бəрі сондай манап.
Өз Ысты, Сіргеліңді мақтап болсаң,
Ошақты, Ойық жаққа келші жанап.
М а й к ө т:
Тоқберген хан деуші еді қалдырмаған,
Ат шабар «Наурызбайлап» ұран атап.
Бəтшағар, бұл сөзіңді естігеңде,
Жалаң бас қояр еді, аттай матап.
Бекқұл, Тоққұлды білемін деп,
Бағана отырмап па ең өзің мақтап?
Қасымбек, Бөлтірікті білмеймін деп,
Тағы да маған, қызталақ, қылдың шатақ.
Баласын Жаншуақтың білмеуші ме ең,
Датқасы Ошақтының батыр Сапақ.
Қ ұ л м а м б е т Майкөтті датқа жағынан жеңе ал-
маспын деп, Сырдарияны жамандап айтқан өлеңі:
Мақтама, Майкөт, еліңді,
Басайын сенің деміңді.
Сонша неге мақтайсың,
Қара пұлға жуық боп,
Қарындасқа суық боп,
Мейірімсіз еліңді,
Тасына қына байлаған,
Күн төбеге келгенде
Құланаян Құлмамбет
Ыстыққа миың қайнаған.
Неге сонша мақтайсың,
Бейтарап өскен еліңді.
Жеріңнің жайын айтайын:
Көкпектен басқа шөбі жоқ,
Көкектен басқа құсы жоқ.
Қымыз ішіп, мас болып,
Ұйықтап жатқан кісің жоқ.
Қозы жауырын, қой мойын,
Күресе кетсе күші жоқ.
Бір-екі аяқ боза ішіп,
Құдаймен де ісі жоқ.
Көрік басқан кісідей,
Бір басыңның түрі жоқ.
Жəне бір жайыңды айтайын:
Қаратаудың қазағы
Тамның артын шөмейткен,
Таммен үйін көбейткен.
Нансыз асқан еті жоқ,
Етін нанмен көбейткен.
Анық кедей болмаса,
Майкөт-ау, елің неге өйткен?
Жəне бір жайын айтайын:
Қаратаудың қазағы
Ертеменен тұрысып,
Көн шалбары құрысып,
Ауадағы құдайдың
Торғайымен ұрысып.
Торғай ұшса шуылдап,
Топырағы бұрқ еткен.
Құланаян Құлмамбет
Торғайға қарап ақырып,
Тақымдары тарқ еткен.
Шөптің басын егін деп,
Орып алсақ тегін деп,
Қысы, жазы жыбырлап,
Шөппен жатқан ел екен.
Жəне бір жайын айтайын:
Қаратаудың қазағы
Жалғыз атты желеңдеп,
Күмəнді болған қатындай,
«Көкпар тілей келдік», – деп,
Ащы боза ішпесе,
«Ойбай, шөлдеп өлдік», – деп,
Қатынмен өлең айтысып,
Бір-бір мата жыртып ап,
Шекелері тырысып,
Қамшыларын берік тістеп,
Əдет қылып ақырған.
«Алдыңда болса берме», – деп,
Еңсірігіңді ант ұрған.
Жəне бір жайыңды айтайын:
Жалаң аяқ жар кешкен,
Қаратаудың қатыны.
Түске дейін болмайды,
Толықсып қыздың жатуы.
Жұмыс қылған қатынның,
Бола ма, Майкөт, ақылы?
Өтірік пе, рас па,
Бір шыбындай жаның бар,
Айтсаңшы, Майкөт, ақыры.
Құланаян Құлмамбет
Қызыңды құдай ұрғаны –
Ертеменен тұрғаны,
Қатынша шашын бұрғаны.
Ауадағы торғайды,
«Егінімді жедің», – деп,
«Қырылғыр», – деп қарғайды.
Малдарының боқтарын,
Бір-біріне бермейді.
Өмірінің ішінде
Бір рақат көрмейді.
Ойлап тұрсам, Майкөт-ау,
Ел сорлысы сен дейді.
Қаратаудың қатыны
Бір сиырын жетектеп,
Тышқан боғын етектеп,
Оны қоңыз жейді деп,
Тамға тығар жентектеп.
Бұл не себеп, Майкөт-ау,
Ұрғаны құдай келтектеп.
Қаратаудың байлары
Бір там боқты жиып ап,
«Алты ай қысқа жетед», – деп,
Артылғанын төбенің
«Базарға сатсақ не етер», – деп,
Он тиын егер болса да,
«Бір сомдық ауқат өтер», – деп,
Рақат етпей мəз болған.
Ойлап тұрсам, Майкөт-ау,
Ел сорлысы сен дейді.
Қаратаудың жігіті
Құланаян Құлмамбет
Бір теңге пұл тапқаны,
Қап, арқанын шатқаны.
Қатыны шығар базарға,
Еркегі үйде жатқаны.
Базарға барған жігіті,
Бір теңгеге боза алып,
Жолдастарын шақырып,
Жиылып келіп қасына
Бір талай уақыт отырар.
Баласы жылап шуылдап,
Салып берсе шылымын,
Түтін шығар дуылдап.
Боза ішіп, мас болып,
Бір-біріне қас болып,
Өлең айтып қайтқаны.
Бұл емес пе, Майкөт-ау,
Еліңді құдай атқаны.
Бұл қорлықты көргенше,
Ыстыққа күйіп өлгенше,
Сарыарқаға келсеңші,
Қымыз ішіп, мас болып,
Сары қазы жесеңші.
Қурап қалған теріңнің,
Жібір ме екен қатқаны?
М а й к ө т:
Ал, сөйлесін бұл Майкөт,
Сен де тыңда, Құлмамбет,
Төбеңнен ұрсын құдірет.
Бабаң сенің – Бақтияр
Өз бабаңды жамандап,
Құланаян Құлмамбет
Бұзылды сенен бұл ниет.
Сонша неге сөгесің,
Қаратау деген жерімді.
Тоқсан тоғыз машайық,
Сексен сегіз сəруəр,
Əулиелер жай еткен,
Қаратау деген белімді.
Төрт пайғамбар туылған,
Кіндік қаны жуылған.
Кіші Мекке деуші еді,
Сайрам деген жерімді.
Меккелігін айтайын:
Айтулы тұр азаны,
Құрулы тұр базары.
Сəріде тұрып тыңдасаң,
Құлаққа майдай жағады,
Шаихтың айтқан азаны.
Əзірет Сұлтан əулие,
Қай жақта деп естідің?
Аят құрған көк күмбез,
Астананың қазаны.
Бабаң сенің Бақтияр,
Үйсіннен бері қараған.
Бəйдібек бабаң, Жарықшақ,
Олардың қайда мазары?
Жерімнің жайын айтайын:
Сен жамандап тұрған соң.
Мақтамасам қайтейін.
Сырдария өзенім,
Осында жатыр көп елім.
Құланаян Құлмамбет
Қаратау – менің мекенім,
Мəуесін теріп жеп едім.
Айналайын Қаратау,
Кереметің мол еді.
Алмасы бар аяқтай,
Жуасы бар таяқтай.
Арқары мен құлжасы,
Жылқыдан шыққан саяқтай.
Түбекте жатқан құландай,
Артық жерің қай жақта-ай?
Бүлдіргені білектей,
Доланасы жүректей.
Бұғысы мен маралы
Сауып тұрған үлектей.
Мың Албан келсе бағады,
Бір диқаным жүдетпей.
Кедейі мен байы тең,
Ылдиы мен сайы тең.
Көн етігі кең болса,
Қос өгізі тең болса,
Ешкімге көңіл бермейтін,
Патшадан оның несі кем?
Аса, Талас екі өзен,
Ат бауырынан саз болған.
Балдырғанын жегенде,
Баланың көңілі мəз болған.
Жаужұмыры құмандай,
Сексеуілін жаққанда,
Кедейдің көңілі толғандай.
Бабаңды жүрсің жамандап,
Төбеңнен құдай ұрғандай.
Құланаян Құлмамбет
Біздің елдің бөктері,
Бұрынғы нұсқа көргені.
Пайғамбар салған жолымен,
Көбеу болған қыз-қызға.
Оншақты адам келгені,
Қыз, қатынның кигені,
Атылас пен шай болар,
Жеңіл салып жүргені.
Мұндай назымнаманы
Өзің түгіл, ит Албан,
Ата-бабаң көрмеді.
Қара Албанның өлгенін,
Ешкім, сірə, білмейді.
Иманын молдау иіріп,
Қасына молда келмейді.
Біреу елсе оң жақта,
Апта күн аты терлейді.
Ел-елді молда тентіреп,
Он күннен кейін көмгені.
Тіріде қоңсы қонбаған,
Өлгенде қоңсы қона ма?
Əр төбенің басына,
Өлгенді иттей сүйрейді.
Елің базар салмайды,
Қаладан келген ноғайдан,
Соның малы оңай деп,
Əке-шешең іздейді.
Орыстан келген тауарға,
Қыз-қатының күйлейді.
Орыстан келген будандар,
Тобылғының түбінде
Құланаян Құлмамбет
Бір-бір киім матамен,
Қыздарыңды сүйрейді.
Құдай алғыр Құлмамбет,
Бекер жаппа жалаңды,
Қаратаудың жұртына.
Саудагер алып барады,
Қатының мен балаңды.
Біздің елдің диқаны,
Ұны мен сөгіне,
Балаңды сатып алады.
Қаладан келген құлдай қып,
Қалмақтан келген ұлдай қып,
Есігіне салады.
Құдай алғыр Құлмамбет,
Іслəмді жамандап,
Ақырың қалай болады?
Қанша айтысса да екеуі жеңісе алмай, қырғыз датқа-
сына барады. Қ ұ л м а м б е т алдын алып, аузын алып
қояйын деп айтқан өлеңі:
Жақ етіп тіліме алдым бір құдайды,
Əмбеден раушан қылған күн мен айды.
Құлмамбет сəлем беріп інің келді,
Жүрмісің, датқа Бəйтік, күйлі-жайлы?
Домбыра əуенменен болды шешен,
Датқадан өз қатарлы болдың көсем.
Құлмамбет сəлем беріп інің келді,
Жүрмісің, датқа Бəйтік, аман-есен?
Үлкендігің Рүстем – датқадайсың,
Бір құдайдан басқадан жасқанбайсың.
Қайратың Əзірет шерідей бар,
Құланаян Құлмамбет
Төрт шарда Омар менен Оспандайсың.
Бəйбішең алдындағы Макарайым,
Бейіштің сарайындай салған жайың.
Қайратың Əзірет шерідей бар,
Қызындай пайғамбардың алған жарың.
Сонда Құлмамбеттің бұл өлеңіне датқа ашуланып,
мені пайғамбарға теңедің деп кейіді. «Енді, Майкөт, мені
жамандап айт», – деп, сөзді Майкөтке бұрады. Сондағы
М а й к ө т т і ң датқаны жамандап айтқан сөзі:
Жаманда дедің, датқа, мейлілерің,
Келмесін ашуланып зейілдерің.
Айтайын жасыңдағы мақамыңды,
Майкөттен қалмасыншы көңілдерің.
Жаманда дедің, датқа, көрді көзің,
Айтайын жасыңдағы мақамыңды,
Тағы да ашулансаң мейлілерің.
Жетім боп он жасыңда қалып едің,
Үш-төрт жыл байдың қойын бағып едің.
Бүгінде бұл дəулетті беріп құдай,
Жасыңда анық сорлы кəріп едің.
Онан соң бес-алты жыл бақтың бада,
Жауыр қып к...і де міндің тана.
Салдарынан кедейшілік кетпей қойған,
Жарығы табаныңның бітті жаңа.
Өгізбен тарғыл шолақ тойға бардың,
Болады деп мұным ұят ойламадың.
Біреудің қойын бағып, қосын айдап,
Келгенше жиырмаға оңланбадың.
Келгенде жиырма беске бітті дəулет,
Құланаян Құлмамбет
Датқа боп отызыңда құрдың сəулет.
Қанайдың қорасына қыдыр кіріп,
Қырықта ақылменен сүрдің əулет.
Майкөттің бұл жамандап айтқан өлеңін естігенсін,
датқа: «Майкөт Құлмамбетті жеңді», – деп, жеңді қылыпты.
Марабай
Құлжабайұлы
(1841-1898)
ЖЫР
ЕР ТАРҒЫН
Ертеде қырғыз заманында бір Тарғын деген батыр өзінің
қырғыз халқынан кісі өлтіріп, ханына қылмысты болып
қашыпты. Қашып келіпті қырық сан Қырым жұртына. Ол
уақытта Қырымда қырық мың мешіт бар еді, қырық ханы
бар еді. Сол ханының үлкені Ақшахан деген еді. Сол хан-
ның қол астына келіп кірді. Сонда ел арасында жүрді. Бір
талай заман болды, айдан айлар өтті, һешбір кісі мұның
батыр екенін білмеді, тек қонақ болды да жүрді. Ол уақытта
Қырым жұртының арғы жағында бір жауы бар еді. Он сан
Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт деген ханның елі еді. Ола-
лай, Бұлалай деген. Ноғайда көп батырлар өтсе де, Олалай,
Бұлалайдың елін бұрын алғандары жоқ еді.
Бұл уақытта Ақшахан талап етіп аттанды, неше мың
шерік əскер болып. Сол Тарғын аттанған əскерлеріменен
бірге аттанып кетті, һешбір кісі де оған жүр деп айтпай-ақ.
Ол Тарғынның ол əскердің ішінде екенін тағы да һеш-
кім білмеді. Бұл аттанған əскер Торғауытқа барып жетті.
Бұлар барып жеткен соң, Торғауыт халқынан шың қағылып,
барабан соғылып, неше мың көп əскер жиылып, соғыс
қылды. Жер жүзіне қан сел болды. Олай болса да, һешбір
бұзып ала алмады. Алмаған себебі, қамалдың ішіне кіре
алмады, сыртында тұрып ұрыс қылды. Ол уақытта Тарғын
батыр ұрысқан жоқ еді, һешбіреуі де мұны танып «соғысқа
бар» деп айтпаған соң, енді Ақшахан көп кісілерін өлтіріп,
Торғауытты ала алмай, кері жұртына қайтпақ болды.
Ақшахан жұртына қайтпақ болып тұрғанда:
Тарғын сынды батырың
Қайтарын жұрттың біледі,
Алладан пəрмен тіледі.
Марабай Құлжабайұлы
Құйысқанын қысқартып,
Екі айылын бек тартып,
Енді атына мінеді.
«Өлгенім жақсы, Құда деп,
Тоғыз сандай Торғауыт,
Он сандай Оймауыт
Барабан соғып, шың қағып,
Алдымнан əскер жүргізіп,
Бұйым болды бұ да» деп,
Алдалап батыр шабады.
«Жалғыздың жары – Құда» деп,
Сары ала туы салбырап,
Шапты батыр тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Сырттағы жүрген əскерге
Қарамайды бұл батыр,
Ішкі қамалға кірді желігіп.
Бұл Тарғын қамалға кірген соң, Ақшаханның əскер-
лері бұның Тарғын екенін танымаса да: – Е, тəйірі біздің
ноғайымыздың бір батыры ғой, – деп, соңынан олар да
кірді. Сонан соң бұлар қамалды бұзып алады, көңілдері
ашылды. Ақшахан қуанып еліне қайтты. Елге келген соң,
таранып тыныштанып, көңілі қош болған соң, тағында
отырып, Ақшахан үкім қылды: «Сол жауды бұзып алған
батырды тауып, маған алып келіңіз», – деп. Онан соң
ол Тарғын батырды тауып, хан алдына алып келді. Хан
оныменен көрісіп, жөнін сұрап: – «Сен кімсің?» – дейді.
Тарғын айтты: – «Мен қырғызбын», – деді. Хан айтты:
– Сен қырғыз болсаң, біздің жұртымызға неге келдің, не
жұмысқа келдің? – деп. Онда Тарғын айтады: – Мен ха-
нымыздың бір жақсы бегін шаһид еттім, онан соң жұртым
Марабай Құлжабайұлы
тынышсыздады, сол себептен сіздің қоластыңызға қашып
келдім, – деді. Сонда хан айтты: – Сен кешегі жауды бұзған
қайратыңды сені тынышсыздаған жұртыңа көрсетпедің
бе? – дегенде, Тарғын айтады: – Нақақтан өз жұртымды
жылатуға шариғат қоспайды, – деді.
Онан соң Ақшахан үкім жүргізіп, Тарғын батырды
əскербасы қылды. Бұл батыр əскербасы болған соң, күні-
түні жарақтанып, сақтанып жүрді. Ол уақытта Ақшаханның
бір қызы бар еді.
Шашын дəндерменен тараған,
Бектер мінген бедеудей
Бауырынан жараған.
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай.
Бет ажарын байқасаң,
Терісінен айырған
Жарма бидай ақ ұндай.
Қасы саржадай керілген,
Кірпігі оқтай тігілген,
Бұралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген.
Қолаң шашты, қой көзді,
Əйелдегі бір сөзді
Ақжүніс атты ару еді.
Бұ мəрттің мұндай батырлығын, ерлігін, қайратын
қарауылшы құлдары, қарауылшы күңдері Ақжүніс аруға
түсіндіріп айтты. Ол бозжігіттің асылын, қайратын есіткен
соң, төзіп тұра алмады, бір құлын шақыртып алып, құлы-
на мың ділдə беріп айтты: – Ділдəні беріп сенің тіліңді
кескенім, – деді, – осында бір қырғыз жұртынан келген
Марабай Құлжабайұлы
Тарғын дейтұғын бір батыр жігіт бар деп есіттім. Сол
жігітті һешкімге білдірмей, маған шақырып алып келіп
жолықтыр, егер де өзіңнен басқа кісіге білдірсең, сенің
неше жеріңнен кесіп өлтіргенімді көр, – деді. – Егер де
алып келсең, кісі жатпастан бұрын менің мынау ашпалы
алтын тереземнің тұсына алып кел! – деді.
Бұл құл Тарғынға барып жолығып, қыздың айтқан
сəлемін айтып, алтын терезенің тұсына Тарғынды алып
келді де, қызға хабар берді. Қыз терезеден Тарғынды үйіне
кіргізіп алып, жөн-жосықтарын сұрасып, ас-су ішкізіп,
ойнап-күлісіп, алты-жеті сағаттай отырысты. Онан соң
Тарғын қайтпақ болғанда, қыз Тарғынға айтты: – Осы жұр-
тымызда сіздей ерлігі болмаса да, қырық сан қырымның
мырзасы бір Жалмамбет дейтұғын жігіт бар еді, мен сол
жігітпенен ашына едім, сол жігітті өлтірдім. Өлтіргенімнің
мəнісі «бір бөтен жігіт екен» деп, білмей қате өлтірдім.
Соның күйігінен ішер астан, ұйқыдан айрылып жатушы
едім. Сол мырзаның қайғысы менен һəркез кетпес еді, бұл
уақытта сізді естіп, біліп, шақыртып алып, сізбенен сөй-
лесіп, ойнап-күліп отырдым. Сізден басқа һешбір кісіменен
Жалмамбет мырза өлгеннен бері сөйлескенім жоқ. Енді сіз
арқылы мырзаның қайғысы менен көтерілсін, менен хабар
болған уақытта менің жаныма келіп жүріңіз. Менің сізді
шақырған лебізімді һəркез жерге тастамаңыз, – деді.
– Бұ айтқан жарлығыңызды қабыл алдық, – деді де,
Тарғын батыр қайтып кетті.
Һəр заман Ақжүніс бұ Тарғын батырды уақытыменен
шақыртып алып жүрді. Бір замандар болғанда, бұ қызды бір
ханның баласына айттыруға жаушы келді. Сонда Ақшахан
қызына кісі жіберіп сұратты: – Мына айттыруға жаушы
келіп жатыр, менен рұқсат, қызымның өзінің күйеуге
барғысы келе ме екен, келмей ме екен? – деп білмек үшін.
Марабай Құлжабайұлы
Сонда қызы айтты: – Əкем маған үш күн фұрсат берсін,
– деді. Қыз бұл үш күн ішінде Тарғын батырды шақыртып
алды да, Тарғынға айтты: – Мына мені бір хан баласына
айттыруға жаушы келіп жатыр екен. Əкем мені ол ханның
баласына бермекші болып, менен рұқсат сұрай маған кісі
жіберіпті. Мен ондай хан баласына таңсық емеспін, өзім де
хан баласымын, сұлуға таңсық емеспін, өзім де сұлумын.
Мен сондай кісіге барамын, кімнің бақыты зор болса, – дей-
ді. – Енді мені осындай кісіге қор қылғанша, егер де батыр
екенің рас болса, сен мені ал да қаш, мен саған тиемін, сенен
басқа һеш кісіге тимеймін, көңілім бек саған ауды. Егер де
маған келмесең, мен шыдап тұра алмай, сенің қайғыңнан
өлемін, – деді.
Онан Тарғын бұ қызды Ақшаханның «қанатты қара»
дейтұғын бір жорғасына мінгізді де, алды да қашты. Үш күн
кетті, үш күннен соң, хан қызының қарауылшы құлдары
Ақшаханның бір қазысына барып, хабар берді: – Солай,
ханның қызы Ақжүніс сұлу сарайында жоқ, қашып кетіпті.
Білмейміз, кімменен қашқанын, – дейді. Онан қазы ба-
рып, Ақшаханға хабар беріп еді. Хан айтты: – Ол жалғыз
қашқан жоқ шығар, бір жігітпенен қашқан-ды, жігіттерді
түгендеңіз, – деді. Жігіттерді түгендеп қараса, Тарғын
батыр жоқ болды. Сонан соң ханға хабар берді. «Солай,
Тарғын батыр жоқ», – деп. Сонда хан айтты: – Мұнда оның
ру-туғаны жоқ, өз жұртынан қашып келген жігіт еді. Ол
жоқ болса, алып қашып кеткен-ді, – деді. Онан соң өзіне
қараған бүтін ел-жұртын жиды да, һүкім айтты: – Мен бұ
қызымның ол қырғызбен кеткеніне риза емеспін, ол қара
кісі еді, қызым кетсе керек еді хан баласыменен, сүйек
қорлап, қара кісіменен кетті, сол қызымды кім қуып жетіп
айырса, сол кісі алсын! құй бай болсын, құй ол жарлы
болсын. Құй жас болсын, Құй қарт болсын, тек кім айырса
Марабай Құлжабайұлы
сол алсын, егер де қуып жетіп өлтірсе, құны жоқ болсын.
Тек Тарғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз, – деді. Оның
үшін қызыма бек қатты көңілім қалып өкпеледім, соның
үшін айтамын, – деді.
Хан солай деген соң, жұрт қуды, бір мырза екі атпенен,
бір мырза үш атпенен, тапқан кісі атын жетелей берді, бір
атым болдырса да бір атпенен қуып жетермін деп. Əскер
былай далаға шыққан соң жиылып кеңесті: – Біз мұны қусақ
та, ол бізге бермес, оны ала алмаспыз, – деп, егер де қаһары
келсе біздерге қырғын таптырар, – деді де, жұрт қорқып,
қумай үйлеріне қайтты. Сол қуарға шыққан кісілердің
ішінде алпыс беске келген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол
қайтпай қалды: – Мен үйден бір қуамын деп шыққан соң,
қумай үйге қайтып барғаным да өлім, қуып барып өлгенім
де бір өлім, мен қайтпаймын, қуамын, қазам жетсе өлермін,
шамам келсе, ол қызды алармын, – деді де, қуып кетті. Бұл
қуып жетіп келе жатқанда, кетіп бара жатқан Тарғынның
астындағы Тарлан аты пысқырды. Ол ат артынан бір жау
келе жатқанда, пысқыратын еді. Тарғын аты пысқырған
соң, артына қараса, артында бір жалғыз кісі келеді екен.
Сонда Тарғын сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:
– Ақжүністей жолдасым,
Қыз да болсаң мұңдасым.
Қолаң шашты, қой көзді,
Əйелде ару сен едің.
Аш арыстан жүректі,
Палуан жолбарыс білекті
Жігіттің мəрті мен едім.
Құдыреті күшті Құдайым,
Марабай Құлжабайұлы
Сындырмағай белімді,
Тарылтпағай жерімді.
Нендей заман білмеймін,
Арт жағыма қарасам,
Қайнаған қара ол бұлттай,
Қайнап біткен болаттай.
Тұлғасына қарасам,
Сайдан шыққан құла аттай.
Қабағы тастай түйілген,
Лашын құстай шүйілген.
Жеңсіз берен киінген
Жалғыз қара көрінді.
Енді жүрсем, қашты дер,
Аруағым менің басты дер,
Менен қорқып састы дер.
Ажалым болса бұ жерден,
Жемей қоймас жебір жер,
Кіргізбей қоймас қазған көр.
Толғана мойнын бұрады,
Ақжүніспенен екеуі
Аз əңгіме құрады.
Жалғыз қара келгенше,
Қашатұғын қатын ба,
Қасқайып қарап тұрады.
Ертеңнен шапса, кешке озған,
Ылдидан салса, түске озған,
Томаға көзді қасқа азбан.
Біткен сүйек долантып,
Саурысын бедеу сұлантып,
Дауылдай жалы суылдап,
Құйрығы құйындайын шуылдап,
Марабай Құлжабайұлы
Теріскейден төмен желеді.
Ақжүніс пен Тарғынды
Көріп көңілін бөледі.
Алпыс бесте жасы бар,
Қорқатұғын ер емес,
Салып жетіп келеді.
Келді, Тарғын көреді,
Бұ да өзіндей ер еді.
Қарсы алдынан қараса,
Алпыстан асқан ағасы,
Ақ сақалды бабасы.
«Жасы үлкен ағам, – деп,
Ақ сақалды бабам», – деп,
Тарғындайын еріңіз
Əлгі келген қартыңа
Иіліп сəлем береді.
Қарсы алдынан қараса,
Омырауы даладай.
Əлпетіне қараса,
Тамнан соққан моладай.
Ердің берген сəлемін
Жақсы құптап алады.
Енді Тарғын сөйлейді:
– Батыр, сынап жүрмісің,
Тамам таудың арасын?
Аруағыңды байқасам,
Қаптаған қардай борайсың.
Көк бүркіттей түйіліп,
Лашын құстай шүйіліп,
Қай сапарға барасың?
Марабай Құлжабайұлы
Сонда қартың сөйлейді:
– Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Ажары сұлу көркем-ді,
Қыз да болса серкем-ді,
Ақжүністей аруды
Алып қашып барасың!
Беліме семсер ілемін,
Жазығым қарттау болмаса,
Бір Тəңірден тілеген,
Қазам жетсе өлемін.
Егер қазам жетпесе,
Қасыңдағы Жүністі
Айырып ала келемін.
Сонда Тарғын сөйлейді:
– Асу-асу бел едің,
Асудан соққан жел едің,
Жолдасымды бергендей
Қай батырдан кем едім?!
Менен қызды алғандай,
Өзің қандай, мен қандай,
Айтшы жөніңді, кім едің?!
Сонда қартың сөйлейді:
– Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін.
Мен де өзіңдей кен-дүрмін.
Менің жөнім сұрасаң,
Қырық сан қырым елінде,
Асыл жауһар белінде
Арғы атам – Ер Күлік,
Өзімнің əкем – Қоянақ,
Мен – Қоянақ ұлы Қарт Қожақ.
Марабай Құлжабайұлы
Оза шауып олжа алған,
Таласты жерде жүлде алған,
Жасанған, жауға қол салған,
Ортадан ойып жол салған
Қарт Қожақ деген ер едім.
– Өзің үлкен данасың,
Өрттей қаулап жанасың.
Ерлігіңнен мінің жоқ,
Ер де болсаң бұл қызды
Нағылып менен аласың?!
Сонда Қожақ сөйледі:
– Алда тізгін оңдаса,
Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
Тəңірі тізгін оңдаса,
Не көрмеген бейбақпын,
Ер де болсаң алармын.
Жер жазығы төмен-ді,
Сені қорқақ демен-ді.
Əуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Қалаған жерден атамын.
Айтпай туған ер болсаң,
Кезегімді бер енді.
Сонда Тарғын сөйлейді,
Толғай мойнын бұрады,
Əңгіме-дүкен құрады.
Бұл жанынан қорқар ер емес,
«Кезегін баба алсын» деп,
Қарт қояндай қасқарып,
Қарсы қарай тұрады,
Марабай Құлжабайұлы
Шошынып тізгін жимады.
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Жау жағадан алған соң,
Беренге батыр симады.
Бұ сықылды батырды
Қарт Қожақтай еріңіз
Атарына қимады.
Аруақты туған ер-дағы,
Тарғынды Қожақ сыйлады.
Тарғын бұ Қарт Қожаққа кезек беріп, «атсаң ат» деп,
қарсы қарап тұрып еді, Қожақ мұны сыйлап атарға қи-
майды: – Не үшін десеңіз, мен алпыс беске келген, сақалым
қуарған бір қарт шалмын. Қой, жас болса да қасындағы
Ақжүністей сұлуды қиып, һəм өзінің жанын қиып, маған
қарсы тұрды, бұл бек батыр екен, мұның өзін де атпайын,
атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез
оғын жалғыз доғал оқпенен атып уатайын, соныменен
өзімнің оны аяп, атпағанымды білдірейін. Сонан бұл
ақылды болса, ойлап білер де, қызды маған тастар да, жүре
берер, – деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып қалғанда,
Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын шіл пара
қылып, уатып кетті. Сонан соң Тарғын «кезегің болды ма?»
деп, қылышын суырып, Қожаққа дүрсе қоя берді. Қожақ
айтты: – Тоқта! Менің кезегім біткен жоқ, – деді, – мен сені
аяғаннан өзіңді атпай, оғыңды атып едім, өзімнің ерлігімді
білдірмек үшін. Егер де ақылың болса, менім аяғанымды
білер де, қызды тастар да, жүре берер, – деп. Сен менің
аяғанымды білмедің, ендеше барып тұр! Жаңадан өзіңді
тура атамын, – деді.
Марабай Құлжабайұлы
Сонда Тарғын ойлады: «Мұның мұнысы рас екен. Бұл
ғой менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма
тигізбей ме? Аяғаны рас екен, мен мұның қадірін білейін», –
деді де, қызды тастады да, жүре берді. Сонан Қожақ қыздың
қасына келіп еді, қыз атынан түсіп, киімін басына бүркенді
де, жылай берді. Сонда Қожақ айтты: – Сен неге жылайсың,
сен мені қарт деп жылаймысың, жə болмаса жаман деп
жылаймысың? Əкеңнің айтқан уəдесі бар. Кім қызымды
қуып жетіп айырса, сол өзі алсын. Егер де өлтірсе де, құны
жоқ деген. Көп жылай берсең, басыңды қылышпенен кесіп
жүре берермін, – деді. – Қарт та болсам, мен жек көретұғын
қарт емеспін, һешкімнен де кем емеспін, – деп. Сен бүйтіп
жылай бергенше, тұр, жылама! Басыңдағы бүркенгеніңді
ал, өзіңді маған көрсет. Басыңды да, қасыңды да, бойыңды
да, қабағыңды да, жарасаң аламын, егер де бір жерің жара-
маса да, алмаймын, – деді. Сонда қыз толғап айтады:
– Ей, қарт Қожақ, қарт Қожақ!
Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым көр!
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр.
Молдаға барсаң, қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де, қасым көр!
Емран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де, мұрным көр!
Һəр шаһарға қарасаң,
Құрулы тұрған күзгі бар,
Марабай Құлжабайұлы
Күзгіні көр де, көзім көр.
Самарқан барсаң, сандал бар,
Сандалды көр де, тісім көр!
Ұсталарға барсаң қасында,
Тартулы жатқан сымдар бар,
Сымды көр де, қолым көр!
Тоғайға барсаң, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр!
Мен Қырымның ішінде
Ақшаханың қызы едім.
Ата менен анамның
Асыранды қазы едім.
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім.
Қытай менен Қырымнан
Тамам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.
Менің немді сұрайсың?
Бұл уақыт болғанда,
Бұ заманның шағында,
Жылап тұрған көзім бар,
Жалынып тұрған сөзім бар,
Өксіп тұрған жасым бар,
Əуре болған басым бар.
Алғанымнан айырма,
Мені өзіңе қайырма!
Марабай Құлжабайұлы
Батыр Қожақпын десең,
Біз сықылды бейшара
Жылап тілек еткен соң,
Тілекті бермес болар ма,
Сіз сықылды асылдар!
Бес жасыңда Қарт Қожақ
Жас шыбықтан жай тарттың,
Жалғыз шиден оқ аттың,
Атқан оғың жоғалттың,
Кəне шыққан мүйізің?!
Он жасқа келгенде,
Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қызбалықты көрініп,
Бала болдың бір кезек,
Қане шыққан мүйізің?!
Жиырма беске келгенде,
Ақ балтырың түрініп,
Оймақтай аузың бүріліп,
Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан дұшпан сөз айтса,
Шыныңменен арланып,
Қызды бақтың бір кезек,
Қане шыққан мүйізің?
Отыз беске келгенде,
Қоңыраулы найза қолға алдың,
Қоңыр салқын төске алдың,
Жауды көрсең шүйілдің,
Жеңсіз берен киіндің,
Көк серек атты борбайлап,
Марабай Құлжабайұлы
Қамалды бұздың айғайлап,
Қане шыққан мүйізің?!
Қырық бес жасқа келгенде,
Қырым деген шəһардың
Жел жағына қаласың,
Ық жағына панасың.
Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,
Мың кісіге бір өзің
Саспай жалғыз барасың,
Қане шыққан мүйізің?!
Елу беске келгенде,
Топқа бардың бой түзеп,
Дауға бардың тіл безеп,
Билік сұрадың бір кезек,
Қане шыққан мүйізің?!
Алпыс беске келгенде,
Сақал-мұртың қуарып,
Бойға біткен тамырдың
Бəрі бірдей суалып,
Алайын деп тұрмысың,
Мені көріп қуанып?!
Өлтірсең де тимеймін,
Теңдік берсең, сүймеймін.
Бұрын батыр болсаң да,
Сенің басың бұ күнде
Жерде жатқан қу тезек.
Сонда Қожақ ойлады: «Бұ ғой менің бес жасымнан елу
бес жасыма келгенше, менің не қылғанымның бəрін де
Марабай Құлжабайұлы
тапты. Енді тап менің өзімнің қасымда жүргендей асылзада
патшаның баласы тағы енді менің бұ елу бес жасыма шейін
не қылғанымды тапқанда, алпыс жасымдағымды таппай
ма? Мұны мен алсам, обалына қалады екенмін», – деді.
«Енді бұ асылзаданың баласының тапқан сөзін таппады
демеймін», – деді, – мұны өзінің сүйгеніне қосайын!», – деді
де, Тарғын батырға қосты да, қоя берді. – Барыңыз, менен
озған дəурен екеуіңізге құтты болсын! – деп.
Тарғын ол қызды алып, сол кеткеннен кетіп, Еділдегі
Орманбеттің он сан ноғайына барды. Он сан ноғайдың
он ханы бар еді, сол он ханның ішінде бір Ханзада деген
ханы бар еді. Сол ханның қол астына барып, бір бидің
үйіне қонып еді. Би мұнан сұрады: – Сіздің асылыңыз
кімнен? – деді.
Тарғын айтты: – Біздің асылымыз қырғыздан, – деді.
– Əмə, бұ уақытта асылым қырғыздан болса да, Қырым
жұртына жақынбыз – деп. – Олай болса сіздің атыңыз
кім? – деді. Сонда Тарғын айтты: – Менім атым – Тарғын,
– деді. Ол би айтты: – Қасыңдағы жолдасың кім? – деді.
Тарғын айтты: – Жолдасым – Ақшаханның қызы Ақжүніс
сұлу, – деді.
Бек айтты: – Ақшахан патшаның қызы Ақжүніс сұлу
бұ болса, сахараға шығып, жұрт асып жүргені не себеп-
тен? – деді.
Сонда Тарғын айтты: – Мен алып қашып жүрмін, – деді.
Онда бек айтты: – Ақжүністей сұлуды алып қашып
жүретұғын сен қай Тарғынсың? – деді. Онда Тарғын айтты:
– Олалай ханның Торғауыт деген жұртын харап еткенмін,
– деді. Енді бек бұларды бегрек те сыйлады. Сыйлаған се-
бебі, мұның ерлігін есіткені бар еді, соның үшін сыйлады.
Онан соң бұл бек Ханзада ханға барып мағлұм қылды. Хан
есіткеннен соң, Тарғын менен Ақжүністі шақыртып алып,
бір алтын сарайдың ішіне кіргізді де, хан бекке айтты: –
Марабай Құлжабайұлы
Бұл батыр Ақжүністің қасында он күн, он бес күн отырған
соң, жұртын, тағы батырларын, мырзаларын, шораларын
сағынар, онан соң бұ дертті болар, іші шерлі болар. Бұл ба-
тырға менім қоластымдағы батырларымды, шораларымды,
аралатып көрсетіп, үйір қыл!
Сүйтіп аралатып болған соң, Ақжүністің қасына алып
кел, сонан соң ол мұндағы жақсыларды көріп, таныс болған
соң, өз жұртын сағынбас, – деді.
Сонан соң бұ бек ханның жарлығы бойынша Тарғын
батырды жұртын аралатып, жақсыларын көрсетіп таныс
қылып, ханға алып келді де, үйіне кіргізді. Бұ Тарғын батыр
жұртты аралап қайтып келген соң, барша Ханзада ханның
батырлары, мырзалары, жақсылары жиылып хандарына
келіп, ханменен мəслихаттасып, сөйлесіп, Тарғынның
ерлігін, батырлығын ханнан сұрап білді. Сонда барша
жиылып отырған мырзалар, билер айтты: – «Бұ Тарғын
батыр болса, біздер оны бек құрметтеп сыйладық, сіздің
жарлығыңыз жерде қалмасын», – деп.
Тағы да ханнан өтінді: – Бұ Тарғын батыр болса, біз
мұны Шаған деген судың бойындағы қалмаққа жұмсалық,
ол қалмақты Шағанның бойынан ығыстырып, бізге жерін
тартып алып берсін, – деді.
Сонда хан Тарғынды шақыртып алып айтты: – Сен өз
жұртыңнан қашып Қырым жұртына бардың. Ол Қырым
жұртының Олалай, Бұлалай деген жауын алып бердің.
Һəм сен біздің қоластымызға келген соң, мынау Еділден
шыққан Шаған дейтұғын судың бойындағы қыл жалаулы
көп қалмақты ығыстырып, солардың жерін біздерге тартып
алып бер, – деді.
Сонда Тарғын: – Бəлі, бас тақсыр, жарар, – деді. – Алла
тілесе, бірақ менім қасыма үш кісі жолдас беріңіз! – деді.
Хан айтты: – Кімдерді аларсың? – деді.
Марабай Құлжабайұлы
Тарғын айтты: – Бізге беріңіз Қарасайұлы Көбенді, Ал-
шағырұлы Тегенді, Өмірұлы Себенді. Сол үшеуімен барып
қарармыз, бізге айтқан жарлығыңыз жерде қалмас, – деді
де, үш кісі жолдасын алып, Тарғын батыр қалмаққа барып
жетіп, қалмақты Шағанның басына қарай бостырды.
Қалмақтың аруағы қашып, бұларменен босқын тауып,
ұрыса алмады. Қалмақты Шағанның басындағы белден
асырды, қонысын адыра қалдырды, сонан соң бұ батырдың
көңілі бұ Шағанның басындағы белдің үстіне бір жалғыз
біткен емен бар еді, сол еменнің басына барып шықты, егер
де қалмақтың бізбенен ұрысарға ойлары болса, əскер жиған-
да соны қарайын деп. Сол еменнің басында бір жалғыз-ақ
көлденең біткен бұтағы бар еді, сол бұтағына атша мініп
отырса, ол бұтақтың түбі шіріген екен, бұтақ сынып жерге
түсті, Һəм Тарғын да бірге түсті. Тарғынның сонда бел
омыртқасы буынынан шығып кетті. Сонда қасындағы
үш жолдасы өздерінің найзаларын төрт бұрышты қылып
қиындастырып, Тарғынның найзасының төртбұрышына екі
аяғын, екі қолын байлап алдарына өңгеріп, екі айда Ханзада
ханға алып келді. Ханзада бұл батырды неше кіре бақтырып
қараса да, һешбір жазыла алмады. Жатқан орнынан қозғала
алмады. Ол уақытта бұ Ханзада ханның елі Бұлғыр тау
дейтұғын таудың ішін жайлайтұғын еді. Бұл Бұлғыр таудың
ішінде алты бұлағы бар еді. Бұ Бұлғыр таудан ханның елі
көшті де, баяғы қалмақтың жайлауы Шағанға барып қонды.
«Тарғынды Шағанның бойына барып қонған соң, қайтып
келіп алармыз» деп, Ақжүніс сұлуды, Тарғынды Тарлан
атыменен, атын арқандап, жұртқа тастап кетті, алты-жеті
күндік азығыменен. Бұ тастап кеткен азығы таусылды.
Ханзададан һешбір кісі келмей, Тарғын менен Ақжүністің
азығы жоқ, арқандаулы тұрған Тарлан атты бағатұғын кісі
жоқ, бұлар аштан өлмекші болып, өлім халіне жетті. Сол
Марабай Құлжабайұлы
уақытта Тарғынға қайғы түсті. Мұның Қырым жұртында
қырық құрдасы бар еді. Һəм бірнеше мырзалары бар еді.
«Олардың қасында болсам, мұндай пəлеге ұшырамас едім,
– деп, – менің бір қызға бола, өз жұртымнан айрылып,
бұл жұртта жатқаным қате екен», – деп сөйлеп жылайды,
жылайды да толғайды:
– Бұлғыр, Бұлғыр, Бұлғыр тау,
Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Қаптай қонар елім жоқ,
Елім, күнім кəрі боз.
Сөйлесетұғын тілің жоқ,
Ел таптырар ма екенсің?
Арысаң да жануар,
Көрсетер едің бір қара.
Саған мінер белім жоқ,
Белге қылар емім жоқ.
Бұ шамаға келгенде,
Ажалым аштан болды ма,
Ауызға жеуге жемім жоқ?
Егер өлсем бұ жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ!
Көк шалғынның үстінде
Көгеріп келіп жатырмын.
Үстіме киер кебін жоқ!
Еңіреп жүрген ер едім
Қаптаған қара борандай,
Өткені ме дүние боқ?!
Ащылы тоғай Алабас,
Ақ сары алдым Бозағаш.
Марабай Құлжабайұлы
Алтынды сарай, қара шаш,
Ала бастан боран бораса,
Бозағаштан борамас.
Тұлпардан туған талаудың
Артынан телміріп қиқу таянса,
Қара терге боялса,
Алдынан найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Жануар түсер жерін қарамас.
Қапыда өткен дүние-ай,
Тұяғына айдай таға қақтырып,
Еділдің күзгі қатқан көкше мұзында
Шауып кетсем тая алмас.
Қарындасы кімнің бар болса,
Жамандық жер кез келсе,
Көкіректегі жанын аямас.
Жаттың жаман болмағы,
Жамандық жер кез келсе,
Ат саурысын бір берсе,
Қайырылуға жарамас.
Шағанның бойын шаңдатып,
Кешегі кеткен ит ноғай
Жұртына тірі тастап кеткені,
Есімнен қалмас бүйткені!
Ақжүністей аруым,
Болғаныма мұнан да
Ит тигендей арам ас.
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Марабай Құлжабайұлы
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жортқанмын.
Атаңа некес қалмақтың
Жайлау, қыстау жері үшін,
Еділден шыққан ен Шаған
Қалмақтан ноғайға тартып əпердім,
Атамнан арыстан туған ер үшін.
Атаңа нəлет ноғай-ай,
Елемеді өзімді,
Сыйламады сөзімді!
Жаудыратып көзімді,
Тастап кетті жұртына
Бір мертіккен бел үшін.
Қапыда өткен дүние-ай,
Тарғын, Тарғын дейтұғын,
Қолынан сарқыт жейтұғын,
Жамандық жер кез келсе,
Қайрылмай кетпен дейтұғын
Қарасайұлы Көбенді,
Алшағырұлы Себенді,
Бірге жортқан жолдасым,
Бейілі жаман оңбас!
Осындай қиын жерлерде
Келмей кетті не үшін?!
Аяукенің ауыр қол
Алты күндей атысып,
Қара қанға батысып,
Бəрін бірдей қырғанда,
Саяға шығып тұрғанда,
Балалы марал келгенде,
Қоянақұлы Қарт Қожақ
Марабай Құлжабайұлы
Баласын байлай атқанда,
Атқанына жығылмай баласы,
Ақсай басып өткенде,
Біздің деңге жеткенде,
Тарғын созып тартқанда,
Атқан оғы маралдың
Атасының қос жауырыннан өткенде,
Иегін сүйей жатқанда,
Қасымдағы қырық жігіт
Суыра алмады оғымды
Тасқа кірген тартқанда!
Қайда өткен дүние-ай,
Басымнан дəулеттің құсы ұшты ма,
Фəлактің қайғысы мұндай қысты ма?!
Ішім оттай жанады,
Жалыны жүрегімді шалады,
Бұ істерді айтқанда.
Дін кəпірге болмаған,
Оған тиген оңбаған.
Азнау деген аз қала
Алпыс атын бақтырған,
Үлкені һəр не қылса жақтырған.
Ақ сыбанның баласы
Ақ айуанды жүһуттың
Алпыс атын алған мен едім!
Сол сапардан үйге қайтқанда,
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге
Тарланды талай-талай салғанмын.
Марабай Құлжабайұлы
Еділдің арғы жағында
Атаңа нəлет қалмақтың
Сыңсып жатқан малы үшін.
Аттанбадым олжа үшін
Аттанғанмын кəуірге
Атамның ежелден
Ескі кегі бар үшін.
Қолаң шашты, қой көзді,
Қастауыш қасты Ақжүніс,
Айттым сені Құдай жолына.
Кешегі ноғай жұртына
Тастап кеткенде,
Көкіректегі шыбындай жан үшін.
Айналайын, Тарланым,
Бектер мінген бедеуге
Сен тұрғанда бармадым!
Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,
Жалғыз-ақ сені қармадым!
Қыялай қиқу болғанда,
Қараңғы тұман толғанда,
Сеніменен еді дəрменім.
Мінбей, түспей қарыдың,
Арқанда тұрып арыдың.
Алдыңа келіп бітсейші
Қамысты көлдің құрағы.
Суғаратұғын балам жоқ,
Алдадан басқа панам жоқ,
Тəңірі қылды, шарам жоқ.
Маңдайыңнан ақсайшы
Құрғыр Қаратаудың бұлағы!
Марабай Құлжабайұлы
Қаламдай қасы сүрілген,
Оймақтай аузы бүрілген
Ақжүністей арудың
Алғанынан айырып,
Сөнгені ме, енді, шырағы?!
Құдыреті күшті Құдайым,
Ақжүністей арудың
Көз алдында көлбектеп,
Ашыққаннан еңбектеп,
Көзіме менің көрсетпей,
Алдыма келіп өлсейші,
Киіктің жалғыз жетім лағы!
Менің бүйтіп жатқаным –
Өз шəһарымның жырағы!
Еңірей-еңірей кетейін,
Қырымда қалған ерлердің
Есіткей тағы құлағы!
Сол батырлар келмесе,
Жайымды солар білмесе,
Кеткен жақтан қайрылып,
Бір-бірінен айрылып,
Екеумізге кім келсін?!
Атам қалды дейтұғын
Өзімнен туған балам жоқ.
Балам қалды дейтұғын
Атам менен анам жоқ!
Бауырым қалды дейтұғын
Ағам менен інім жоқ!
Белімнен басқа жарам жоқ,
Ауызға жерге парам жоқ.
Бір қайрылып келмеді,
Марабай Құлжабайұлы
Не болғаным білмеді,
Ер Тарғынды көрмеді.
Атаңа нəлет ақсүйек
Ойлай-ойлай қарасам,
Ханзада ханнан сараң жоқ.
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт қоршайды.
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды,
Айды бұлт қоршайды.
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды!
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды.
Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды.
Көктен бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас не пайда?!
Көктегі жұлдыз сиресе,
Есептеп болмас не пайда?!
Көлденеңдеп тұрған тұлпарым,
Шабысыңнан маған не пайда?
Көріп алған көрікті едің,
Таңдап алған текті едің,
Маған теңіңнен сенің не пайда?
Марабай Құлжабайұлы
Алладан əмір болған соң,
Жас мезгілі толған соң,
Көрмеймісің жатқанын
Арыстаныңның бір сайда?
Қолаң шашты, қой көзді,
Алшаңдаған аруым,
Ажарыңды салма көзіме!
Раушан нұрың көргенде,
Өлейін деп жатсам да,
Қай-қайдағым құрсайды!
Мінбей-түспей қарыдың,
Арқанда тұрып арыдың.
Айналайын, Тарланым,
Бектер мінген бедеудей
Безетей басқан аяғын.
Сен тұрғанда бармадым,
Сен құлын да емдің, тай да емдің,
Құнан жаста арда емдің.
Дөнен жаста үйреттім,
Алты қабат ала арқан
Жібектен өріп сүйреттім!
Бес жасыңа келгенде,
«Белдің қызығын көрсін» деп,
Бес бедеуге салдырдым.
Алты жаста ақтаттым,
Аттай мұрның танаттым.
Алшақштатып ойнаттым,
Арпа-бидай асаттым!
Жеті жасқа келгенде,
Жер төпелді желгенде.
Марабай Құлжабайұлы
Дұшпанның көзі қорықты,
Көлденеңнен көргенде!
Қандай қатын қинайды
Таудан асқан тұлпарым,
Иең Тарғын өлгенде?
От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар отаудай.
Жаурыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтадай.
Құйрығыңа болайын,
Қынаптан шыққан қанжардай!
Жалыңа сенің болайын,
Күлтеленген жібектей!
Шықшытыңа болайын,
Оралып жатқан түбектей!
Құлағыңа болайын,
Көлге біткен құрақтай!
Қабағыңа болайын,
Қара албасты қабақтай!
Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сағақтай!
Екі көзіңе болайын,
Қорқыттан жанған шырақтай!
Танауыңа болайын,
Тығынын алған шелектей!
Бауыздау жеріңе болайын,
Сарттың мақтадан соққан келептей!
Омырауыңа болайын,
Еділден шыққан аңғардай!
Телміріп қиқу келгенде,
Шұбар туды шұлғанып,
Марабай Құлжабайұлы
Қара терге бұлғанып,
Ақ сүңгіні қолға алып,
Мінер ме еді заңғарды?!
Сауырыңа болайын,
Зəнтекті қара көмірдей!
Сүбелік жеріңе болайын,
Тастан соққан қорғандай!
Жанбасыңа болайын,
Ұста соққан сандалдай!
Тұрпатыңа болайын,
Тұлпардан туған жорғадай!
Қартайғанша мінбедім,
Өлгеніңше дəурен сүрмедім!
Ойлап келіп қарасам,
Жігіттегі мен байбақ
Болғаным тағы сор маңдай!
Енді Тарғын Ақжүніспенен, атыменен амандасып бол-
ды, сонда Ақжүніс ойлайды: «Мен Қырымда болсам, асыл
ханның қызы едім, бұл ел-жұртынан, атасынан, анасынан
айрылып, мені осындай алыс жерге жолдас қылып алып
келіп еді», – деп, бұл ғой өзі өлейін деп жатса да меніменен,
атыменен толғауменен амандасты. Енді мен де, толғап,
мұныменен амандасайын! Егерде дүниеден көше қалса, бұ
батырдың маған көңілі қош болсын! – деді. Сонда Ақжүніс
толғайды:
– Арыстанымның барында,
Оқалы байпақ кигенмін,
Оқасын жерге төгілтіп.
Марабай Құлжабайұлы
Əлде, неден азғырдың
Асыл туған арыстанды
Əзіз жаннан түңілтіп.
Атасы басқа жат ру
Жаман екен, дүние-ай!
Тастап кетті жұртына,
Екі бірдей асылды,
Асылдан шыққан нəсілді!
Екеумізді үңілтіп,
Қосаяқтай көшкенде,
Қатар-қатар қара нар
Көш болып қашан түзелер?
Қыл жалаулы қалмақтан
Дүркін-дүркін қуалап,
Келіп тұрған көп жылқы
Қашан келіп күзелер?
Байлауда қалған ақсұңқар
Бұрынғыдай бола алмас,
Көлден үйрек ала алмас.
Күндердің күні болғанда,
Құрағытып барып түленер.
Кетпек болсаң, алғаным,
Нағылғаным сенен қалғаным?!
Кетемін деп шыныңды айт,
Артыңда қалып не етемін?
Алдыңда сенің кетемін!
Арыстан кетіп мен қалсам,
Артыңда қалған бейбағың
Құрсаулы шелек қолға алып,
Қай шəһардан тіленер?!
Марабай Құлжабайұлы
Сүйіп мінген Тарланың
Басын көкке қаратып,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Жауырынан жауған қардай боратып!
Арқадан соққан борандай
Жер түбіне желген ер!
Атасы нəкес кəуірдің
Мəстегін айдап келген ер!
Бекіре ойнар ақ теңіз
Өңгеге терең болса да,
Сіз өтейін дегенде,
Белгілі өткел болған ер!
Ит мінезің ұстаса,
Қайсардың қара тасына
Қарауыл салмай қонған ер!
Шыныңменен тілесең,
Қайда кетті тілегің,
Тəңірің тілек берген ер!
Баданаңды баса бөктіріп,
Жаттан жолдас ертіп,
Еділ, Жайық екі су
Ерінбей жорытып, дүние-ай,
Басы-аяғын көрген ер!
Ерлігіңде шама жоқ,
Ағаштан белің мертігіп,
Қызметші қара құлдарша
Қорлықпенен өлген ер!
Қай батырдан кем едің,
Өлерде болдың қара жер!
Бұ Тарғын ойлайды екен: «Мені жұрт ағаштан құлап
өлді демес, Шағанның бойындағы көп қалмақты асырамын
Марабай Құлжабайұлы
деп жаудан өлді дер», – деп. Қатыным бұлай деген соң,
басқа жұрт та мені ағаштан жығылып өлді, – дер. Ойлап
тұрсам, менің мұным бек ұят екен», – деп, бек қатты қор-
ланды. Бұрын дəрігерлерге белін қаратқан уақытта, белін
бастырмайтұғын еді. Қаһары келген соң, «бүйтіп жатқанша
бір жолата өлейін» деп, белін қолыменен басып қалғанда,
бел омыртқасы сырт етіп, орнына түсіп кетті.
Алты құлаш белбеумен
Алып белін орады.
Алдадан медет сұрады,
«Бабадан жəрдем болғай» деп,
Таяна барып тұрады.
Тұрмасына арланды,
Төңірегін қарманды,
Ақжүніске сөйледі:
– Берер болғай, Тəңірім, тілекті,
Қуантар болғай жүректі.
Алып кел, Жүніс, Тарланды!
Алып келді Ақжүніс
Шұбала басып Тарланды.
Арқада тұрған Тарлан да
Хайуан бұ да зарланды.
Алып келді, ер салды,
Оңалмаған енді не қалды?!
Атын ерттеп болған соң, Тарлан атқа екеуі мінгесті.
Ақжүніске барша қару-жарағын асындырды, алдына мін-
гізіп, өзі артына отырып, Ақжүністен ұстатып: – Кеше
жұртына тастап кететұғын ноғайдың еліне қарай жүр, –
деді. Ал енді жүрді.
Марабай Құлжабайұлы
Бір уақыт болғанда,
Бұл Тарланы пысқырды.
Пысқырғанменен қоймады,
Жəне жерді тебінді,
Хайуан бүйтіп не білді?
Сонда Тарғын Ақжүніске айтты: – Əй, Ақжүніс, бұ
Тарлан қашаннан бергі менің жолдасым, хайуан да болса
мұның сыры маған белгілі, – деді. Сонда Тарғын Ақжүніске
айтты: – Бұл Тарлан артынан бір нəрсе келе жатса пысқы-
ратұғын еді, егерде алқынып терге бұлғанып шабылатұғын
болса, жер тебетұғын еді, һəм бұл екі əдетін бірдей қылды,
жан-жағыңа қарашы, бір кісі келе жатпасын, менің бұры-
лып қарауға əлім келмейді, – деді, – менің ауру науқас əлім
бар, біз бүйтіп келе жатқанда бір-бір жау болып беймаза
етіп жүрмесін, – деді. Ақжүніс бұлай қарады да: – Һешбір
нəрсе көрінбейді, бірақ алдыңғы жағымызда бір-екі қара
көрінеді, – деді. Сонда Тарғын сөйлейді:
– Хақ Тағала Құдайым,
Ақ тарыдай ақтарып,
Шешіп жаздың белімді!
Белім түсіп орнына,
Тағы іздедім кешегі
Тастап кеткен елімді.
Елдің шеті бола ма,
Емескі екі қара көрінді?
Сен, Тарланым, пысқырма,
Таудан үлкен күш қылма!
Көрінген қара ел болып,
Ең кірістен жау шапса да,
Марабай Құлжабайұлы
Бір шығарман теріңді!
Кім үшін сені қинайын,
Бір омыртқам мертігіп,
Жалғыздығым білінді!
Ару, саған ұнаса,
Кел, тапсам қайтер екен жөнімді.
Солай деді де, Тарғын аттың басын тартып тұрады. Сонда
Ақжүніс айтады: – Бұлай етпеңіз, беліңнің жазылғандығын
білдіріп, бұ тастап кеткен ноғайдың ішіне барып хан халқы-
на көрініп, жақсысына ой салып, жамандарын қорқытып,
сүйтіп қайтыңыз! – деді. Егерде бармай қайтып кетсеңіз,
Қырым халқынан Ақшаханның қоластынан бір Тарғын
деген батыр келіп омыртқасы сынған соң, қайтып бұйымға
аспай қарға-құсқа жем болып, Бұлғыр таудың бұлағында
өліп қалды дер, – деді. Тарғын айтты: – Ендеше жүр, – деді.
Бұл екеуі ел шетіне келіп түсті, елге бармады.
Бұл Тарғын менен Ақжүністің келіп түскенін қойшы,
малшы көріп таныды да, елге шауып барып хабар берді.
«Тарғын келді», – деп, ел биге шапты, би ханға шапты. –
Тарғын батыр ел шетіне келіп түсіпті, – деп. Бұл уақытта
ханның еліне кешегі Шаған бойынан Тарғынның қуып
жіберген көп қалмақ келіп қамап жатыр екен, «шабамын»
деп. Шабамын десе де, шаба алмай жатыр екен. Шаба алмай
жатқаны оның үшін Ханзада ханның бір сұлу қызы бар
екен, «сол қызыңды берсең, шаппаймын, егерде қызыңды
бермесең, шабамын» деп, сол қызды тірі алайын деп шаппай
жатыр екен. Əне, олар олай-бұлай деп өтірікпенен жұбатып
жатыр екен. Тарғынның келгенін естіген соң, ханы, халқы,
мырзасы, биі – баршасы жиылып барып көрісті, отырысты.
– Айыпқа бұйырмаңыз, сізге бара алмадық, оның үстіне
жұртымызға жау келіп жатыр еді, – деді. Бұл уақытта өзіміз
Марабай Құлжабайұлы
бек қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен жазылып келдіңіз
бе? – деді. Батыр айтты: – Иншалла, шүкір, келдім, – деді.
Хан айтты: – Бұ қалмақты əуелгідей қырып, қуып бізді бұ
жаудан бостан қыл! – деді. Сонда Тарғын айтты: – Менің аз
жерде жауға шабатұғын қуатым жоқ, – деді. Бұ əскер-лəш-
кердің қашатұғын айласын мен сіздерге үйретейін, өзіңіз
барыңыз сол үйреткен менің айламменен, – деді. Үйреткен
айламды қылсаңыз, өздеріңізден де қашар, – деді. Онда хан
айтты: – Ондай шабуға əліңіз жоқ болса, үйретіңіз! – деді.
Сонда Тарғын үйретті. Үйретерде сөйледі:
– Ауан, ауан, ауан су,
Ауандап үлкен балық жүзген су.
Қараша құбан қанды су,
Ақ туған бұдан жанды су,
Үш өзен Самар даңды су.
Су болғалы екеуі,
Кəпір менен мұсылман
Ерлеріменен даулы су.
Даулы жерде тұрмаймын,
Мен кетемін, кетемін,
Кеткенменен айдалаға кетпеймін,
Айналып Еділді өтемін!
Қадір білмес сен итке
Қарашы болып нетемін?!
Иірімі жоқ суларға
Иірілген шабақ не табар?
Қайрымы жоқ сұлтанға
Ерген нөкер не табар?
Қатын қалса бай табар,
Қарындас қалса ер табар.
Марабай Құлжабайұлы
Талапты туған жігітке
Тəңірім қайғы бермесін!
Алтыннан соққан кеудесі,
Ат басындай шер табар.
Əй, жебір сұлтан, сен білмейсің,
Елден кеткен ер жігіт
Ылғидың құба жонында
Тəңірім жөнін берген соң,
Тарланға мінгесіп жүріп жөн табар!
Мінбей, түспей қарыған,
Арқанда тұрып арыған.
Тарлан жауға мінілмес,
Мінілсе де бұ Тарлан
Бұрынғыдай жүгірмес.
Қалған белім үзіліп,
Балдағы алтын ақ болат
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.
Шығыршығы шираған,
Бадана көзді кіреуке
Шарайна бес қабат.
Жау қарысы жетпеген,
Жез айырдың оғы өтпеген.
Сатуға басын сұраған,
Сан ділдаға бітпеген.
Енді үстіме киілмес,
Батыр жауға шүйілмес.
Неге десең, сұлтаным,
Қатып қалған көнім бар,
Шілде түспей жібімес.
Марабай Құлжабайұлы
Қатты қалған көңілім бар,
Май құйсаң да ерімес.
Жебір сұлтан, сен білмейсің,
Мен бір аңқау туған бөрімін.
Көп екен деп саған иек сүйемен,
Нəсібімді бір Тəңірден көрермін.
Бұл барғаннан барармын,
Қырымға таман барармын.
Қырымда қалған қырық құрдас
Қырқын қасқа алармын!
Алда маған жол берсе,
Бері қарай сұлтаным,
Сапарланып салармын.
Есен барып, сау келсем,
Домалатып басыңды алармын,
Жұртыңа бүлік салармын!
Тарғын мұны айтты да: – Жаудың қашатұғын айласы
осы, кет көзіме көрінбе, – деді. Тарғынның бұ сөзіне ханы,
халқы қорықты. Ханзада хан айтты: – Олай болса райыңыз-
дан қайтыңыз? – деді. Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз тастап
кеткендігімнің ұятынан Ақжүніс сұлудың үстіне саған
жалғыз қызымды берейін, – деді. Жығы жұртымның саған
бармаған айыбы үшін қолыңды бер! – деп, қолын алды.
Сонан соң бұ батыр райынан қайтты да, Ханзада ханның
ордасына келді. Бірнеше күнде белінің ауруы бітіп жазыл-
ды. Баяғы келіп жатқан қалмақ Тарғынның келіп жатқа-
нын білмеді. Қызын бермеген соң, атқа мініп, ханның елін
шаппақ болып, барабандарын соғып, ханның үстіне келді.
Жау келгенін білген соң,
Бұл əскерді көрген соң,
Марабай Құлжабайұлы
Сар ала туы салбырап,
Сауытының шашағы
Тұс тұсына саудырап,
Қабағына қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Жаурыны жазық, мойны ұзын,
Атарына қолы ұзын,
Құланды қақтан қайырған,
Егескен ханды елінен
Алтын тақтан айырған.
Ертеңнен салса түске озған,
Ылдидан салса төске озған.
Оза-оза зырлаған,
Басын тартса болмаған,
Көк айыл болып көпірсе,
Айшылықты алты аттауға ойлаған.
Артынан қиқу таянса,
Қара терге боялса,
Дамбауыл көрсе қарғыған,
Қарғи барып атылған,
Атыла барып тік түскен.
Аяғының даңымен
Қазандай тасқа жік түскен.
Томаға көзді Тарланды
Жауға қарай тебініп,
Жалмауыздай емініп,
Толып жатқан əскерге
Келді Тарғын желігіп.
Алты құлаш ала атпен,
Үсті толған болатпен,
Сайдан шыққан құла атпен
Көңілін тоқсан бөледі.
Марабай Құлжабайұлы
Бұ да айтулы ер еді,
Келе жатқан Тарғынды
Сонда байқап көреді.
Қалмақ тағы болмаған,
Домбауыл деген бір жайсаң
Жекпе-жекке Тарғынға
Соғысуға келеді.
Келе қалмақ сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Алайын десем оңайсың,
Алмайын десем тоғайсың.
Айтшы маған жөніңді,
Нағылып жүрген ноғайсың?
Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Асудан асу бел, – дейді,
Аса соққан жел, – дейді.
Сұрасаң жөнімді айтайын,
Əкең Тарғын мен, – дейді,
Іздегенім сен, – дейді.
Еркек қара қарғадай,
Қоқаңдаған өлім құл,
Сен де бір жүрген ер, – деді,
Қағысалы [қ] кел, – дейді.
Домбауыл сонда сөйлейді:
– Асуда асу бел, – дейді,
Аса соққан жел, – дейді.
Қарсы алдыңнан қарасам,
Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер? – дейді.
Марабай Құлжабайұлы
Толғана мойнын бұрады,
Алдадан пəрмен сұрады.
Қашатұғын қатын ба,
Табатұғын сарсаң ба?
Кезегім бер деген соң,
Қасқайып қарап тұрады.
Атаңа нəлет ит қалмақ
Қорамсаққа қол салды.
Суырып алған қу жебе,
Көп оғына жол салды.
Кезегендей қалады,
Созағандай алады.
«Тарлан аттың басы» деп,
«Алтынды ердің қасы» деп,
«Қақ жүректің тұсы» деп,
«Өлер жерің осы» деп,
Толғанып тұрған Тарғынды
Толғап атып салады.
Кірістен шығып кетеді,
Тарғынға таман жетеді.
Тоғыз қабат торғауыт
Сегізінен өтеді.
Жыртыла жазды сауыттың
Қатарлатқан жағасы.
Қабыл еді Тарғынның
Ежелден бермен тобасы.
Өтер еді мұнан да,
Жібермеді бұл оқты
Сиынып жүрген Тарғынның
Бəтуаші бабасы.
Марабай Құлжабайұлы
Сонда Тарғын сөйлейді:
– Атаңа нəкес, ит Домбауыл,
Атың мінген күймелі,
Ақ сауытың түймелі,
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
Қасқайып қарсы тұр солай.
Мен тартқан соң көрсетпен,
Бəлем, саған дүниені-ай!
Желігіп келген Ер Тарғын
«Алда», – деді, ақырды,
Аруағын судай сапырды.
«Иə, бабам» дей берді,
Жарандар қамын жей берді.
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда-ақ мол салды.
Кезегендей қалады,
Созғандай алады.
«Алаша аттың жасы» деп,
«Қалмақы ердің қасы» деп,
«Қақ жүректің тұсы» деп,
«Өлер жерің осы» деп,
Толысып келген қалмақты
Толғап Тарғын салады.
Зырқырай оғы кетеді,
Қалмаққа таман жетеді.
Көкірек қысқан көбеден,
Қалмады қабыл жебеден,
Зырлауменен өтеді,
Бұған тоқтар қайрат па,
Марабай Құлжабайұлы
Мұнан да өтіп кетеді.
Бір төбеге жетеді,
Төбені төңкере тастай кетеді.
Атқан оғын көрген соң,
Мықтылығын білген соң,
Аттанып келген əскердің
Көңіліне қайғы бітеді.
Оқ тоқтаған кезекте,
Домбауыл барып құлады,
Туы қолда тұрмады.
«Ла лай, Лама лух» деп,
Бəлем қалмақ сұлады.
Толып жатқан көп қалмақ
Атына өпшін жабады.
Ары-бері кеңесіп,
Ақыл-айла табады.
Тарғындайын батырды
Тұрған жерде қамады.
Қамағанын көрген соң,
Жалғыздығын білген соң,
Сонда Тарғын сөйледі:
– Олайым да бұлайым,
Көтере көр, Жаббар Құдайым.
Алты мыңдай ауыр қол,
Өзіңнен медет болмаса,
Бұған не амал қылайын?!
Жаман-жақсы болса да,
Алданың бұлай əмірі.
Қорлық берді басыма,
Жақындап келді қасыма,
Нағылып бұған шыдайын?!
Марабай Құлжабайұлы
Алты қырлы ақ мылтық
Ата алмасам маған серт!
Мен атқанда ұсынып,
Ұта алмасаң саған серт!
Қозы жауырын қу жебе,
Алтыннан ойған алпыс кез,
Тартатұғын шақ болды,
Жан-жағыма жау толды.
Қиғаш салып жауырыным,
Тарта алмасам маған серт!
Талайдан бермен жұмсаған,
Қан көрмесең сусаған,
Қанға тойсаң жусаған,
Тауға салсам тас кеткен,
Кеудеге салсам бас кеткен,
Алты аршын ақ болат
Қынаптан алып суырып,
Шаба алмасам маған серт!
Қанға тойсаң саған серт!
Айдаһардың тіліндей,
Салсам кеткен білінбей,
Қарағайға самғатқан,
Шұбар туға шұлғаған,
Аруаққа көрсетіп,
Талай жауға мақтатқан,
Төрт қырлаған көң сүңгі
Жау ішінде жалданып
Толғамасам маған серт!
Толғауыма шыдамай,
Толықсынсаң саған серт!
Қысқа бақай, тар мықын,
Марабай Құлжабайұлы
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Құлжа мойын төгерек,
Ұмтыла шапқан Тарланым,
Алты мыңдай кісі екен,
Тіл жіберсең саған серт!
Сен желігіп жүргенде,
Таяна шапса маған серт!
Тауыса шапса бұ жауды,
Сонда бітер Тарлан бəйгесі.
Осындай жауды көрген соң,
Жау екенін білген соң,
Керегелеп кірген соң,
Қаса қатын болмаса,
Бізге ұқсаған ерлердің
Көкірегінде болар ма
Қайран Тəңірім қайғысы?!
Алтыннан соққан кіселі,
Əжептəуір мүшелі.
Бұлайша толғап Ер Тарғын,
Енді атынан түседі.
Қысқартты келіп құйысқан,
Өзінде жоқ Тарғынның
Алдадан басқа туысқан.
Мұндай, мұндай жауларға
Неше дүркін жуысқан.
Жуысқан жаудың жүрегі
Мұз құйғандай суысқан.
Тартты бекем айылын,
Жасынан көрген қайынын.
Білмесеңіз Тарғынның
Марабай Құлжабайұлы
Білдірейін зайырын.
Шабайын деп батыр тұр,
Қырылуға кəпір жүр,
Алда берсін қайырын.
Мінді батыр еріне,
Іздеген жауға көріне.
Келген қалмақ жолықты,
Тарғын сынды бөріге.
Кеудеден жаны кетпесе,
Əл-қуаты бітпесе,
Тарғын намыс берер ме?!
Ақыл-айла табады,
Келді қалмақ қамады.
Сарала туы салбырап,
Қабағы тастай түйіліп,
Аллалап Тарғын шабады.
Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады.
Қойға кірді бір бөрі,
Бүріктіре қырады.
Талай қалмақ құлады,
Ер қайратын сынады.
Атысқан жауы артық көп,
Қай уақытта тынады?
Сүйтіп мінген Тарланға
Басты келіп дойырды.
Тарлан салды мойынды,
Толып жатқан қалмаққа
Тарғын салды ойынды.
Талай қалмақ жиылды,
Қару қанға тойылды.
Марабай Құлжабайұлы
Бір уақыт болғанда,
Салды келіп қамшыны-ай.
Сауырынан тер кетті,
Көктен құйған тамшыдай.
Қысылды-ау батыр, қысылды,
Қысылмай батыр не қылсын,
Сауытын қанға малшыды.
Бір уақыт болғанда,
Толғады батыр найзаны.
Жалғыз жаумен ойнады,
Жауды еркіне қоймады.
Көтеріп салған көк сүңгі
Тіріде қанға тоймады.
Бір уақыт болғанда,
Суырды белден қанжарды.
Жауға таман ол барды,
Қалмақтың көбі жалбарлы.
Жалбарлыны сермеді,
Іліндірді сағақтан,
Бауыздады тамақтан.
Қарсы алдынан қараса,
Адам шыдар ер емес,
Қар жаудырды қабақтан.
Бір уақыт болғанда,
Қынабынан суырды
Қиялай тартып қылышты,
Жалғыз жаумен ұрысты.
Жау қарасын көрген соң,
Ұмытылмай кетер ер ме еді?
Ет арқасы құрысты.
Марабай Құлжабайұлы
Ердің жаудан қашуы
Шариғатта дұрыс па?
Алты күн айғай салғанда,
Жетінші күн болғанда,
Тарлан сонда дүзеді,
Жылмия басып жүрісті.
Сегізінші күн болды,
Көп қалмақтың басына
Атайтұғын түн болды,
Ер жігітке сын болды.
Қорамсақтан суырды
Қуалай тартып садақты-ай.
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан
Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай.
Тоғызыншы күн болды,
Мойынынан алады
Атайын деп мылтықты-ай.
Неше батыр болса да,
Түтінін қосты түтінге.
Ынтықты-ай батыр, ынтықты-ай,
Санын садақ үзген көп қалмақ
Сынған санын сүйретіп,
Тарғынның күшін көрген соң,
Қашты сайға сылтықтай,
Тап он бір күн болғанда.
Ердің жүрген намыспен,
Күні-түні шабыспен,
Қиқу салған дабыспен
Марабай Құлжабайұлы
Ұмытыла шапқан Тарланның
Мойнынан жал кетті,
Аяғынан əл кетті.
Неше жүйрік болса да,
Бір тынымы болмады,
Болдыратұғын күн бітті.
Мойнын барлай қараса,
Өкпе-бауыр жалы бар.
Аяғын барлай қараса,
Болар-болмас əлі бар.
Он екі күн болғанда,
Болдырды дейді жануар.
Аруағы қашты кəпірдің,
Сұсы басты батырдың.
Болдырған соң Тарланға,
Қаһары келді бақырдың,
Басты келіп тепкені.
Сонда Тарлан ұмтылса,
Əлі де болса бедеудің
Үй жыққандай екпіні.
Жауды қоймас білемін,
Бұл батырың сықылды.
Нағылып қойсын бұ жауды,
Ежелден жауға əйгілі
Тарғын ердің ерлігі.
Бұл уақыт болғанда,
Қарайды да күн батты,
Сарғайды да таң атты,
Қызара келіп күн шықты.
Күн шыққанда қараса,
Марабай Құлжабайұлы
Болған екен тамаша.
Қырылып жауы батырдың,
Өзі қайтты оңаша.
Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін ернінің
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан,
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
Тұла бойын қараса,
Он жеті жерден жаралы,
Сонда да Тəңірім алмайды,
Ол жараға болмайды,
Əлі де ойын салады,
Қос тізгінін созады.
Артынан қиқу таянса,
Ет арқасы қызады.
Қос тепкіні салған соң,
Қамшыны басып алған соң,
Шаршады Тарлан десек те,
Жер басқаннан озады.
Отырысы нəн болып,
Тұла бойы қан болып,
Жүрген жері шаң болып,
Марабай Құлжабайұлы
Көргендерге таң болып,
Төскейден тұман желеді,
Көңілін жауға бөледі.
Ханзада сынды ханына,
Қара ноғай еліне
Аман-есен келеді,
Бірін-бірі көреді.
Ханы, биі, мырзасы
Иіліп сəлем береді.
Бұл Тарғын жаудың қырғанын қырып, қашырғанын
қашырып, аман-есен келіп, Ханзада ханға көріскен соң,
мұның қуанышына ат шаптырып той қылып, арап-шарап
ішіп, тойдың қызығымен таңның атқанын, күннің батқа-
нын, халық білмеді. Олай да болса хан қызын беремін
деген уəдесіне тұрып, қызын бермеді. Хан айтты: – Жеті
атаңнан бергіңді сұрап келіп отырсам, қожа менен төреге
һешбір шатасқан жерің жоқ екен. Соның үшін саған қы-
зымды беруге аталарымның аруағынан қорқамын, – деді.
Енді бұл он сан Орманбеттің ішін қыдыр да, һəр қандай
сұлу қыз тапсаң да алып берейін, – дейді. Сонда Тарғын
айтты: – Биылғы Бұлғыр таудың ішіне жалғыз тастап кет-
кеніңнің күнəсін кешіп едім, енді бұл қызды беремін деп
жауыңды қырдырып алып тұрып, қызыңды бермегендігіңді
кешпеспін, – деп, Ақжүністі алды да, Қырымға қарай жүре
берді. Сонан соң хан елі бек қатты қорықты. «Бұл кетіп,
қайтып келген соң, бізді жаман қылар» деп малын баға
алмады, отын жаға алмады, ас іше алмады. Ханы, халқы
жақын болды, сонда жұрты əбігер тартты. Ол уақытта
жүзден асып жатқан бір Сыпыра жырау деген бар еді. Ол
Сыпыра жырау өз өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп,
толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді. Жұрт сасқан
Марабай Құлжабайұлы
соң, ханы, халқы жиылып, Сыпыра жырауға жиылып барды
да, Сыпыра жыраудан сұрады: – Біз Тарғын батырды екі
алдадық, əуелі «Бұлғыр тауға жалғыз тастап кетіп, қайтып
келеміз» деп, келмей кеттік, екінші «қызымды беремін»
деп жауымызды қырдырып алып, бермей қалдық, сонан
соң ол ашуланып, «Қырымдағы қырық құрдасымды алып,
келіп жұртыңды қырамын» деп кетті. Ол өзі Қырымнан қыз
алып қашты, ханына қылмысты болып жүрген кісі еді, ол
жұртына барып мұнда қайтып келер ме, иə болмаса ол бізге
өтірік айтып, алдап бізді қорқытып кетті ме? Соны болжап
бізге айтшы, көпті көрген көне едің, һəр не десең сіздің
ақылыңызбен боламыз, – деді. Сонда Сыпыра жырау айтты:
– Хан менен төрем, келіпсің,
Би мен мырза, отырсың.
Бізге ақыл салсаңыз,
Біздің тілді алсаңыз,
Тарғындайын батырға
Жиылып барып бəріңіз,
Қараң түгіл ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Батырды еске алыңыз,
Етегіне басың салыңыз!
Егер кетсе еліне,
Тату болып қалыңыз!
Буырқанып, бұрсанса,
Мұздай темір құрсанса,
Жыртпай кетпес жағаңды,
Жаңылтар келсе тобаңды.
Шулатпай кетпес балаңды,
Қан етпей кетпес қалаңды.
Марабай Құлжабайұлы
Бір түбектей бір қылар
Жалпы жатқан далаңды.
Қырым деген ағаңды,
Ағаның ісі жаман-ды.
Сонда хан қызын бермек болып, Сыпыра жырауға
айтады: – Біздің шəһарымыздың ханының да, халқының
да өтірігі шықты. Біздің ішімізде тілімізге нанатұғын бір
кісіміз қалмады. Оны нағылып тоқтатамыз. Осы өз қола-
стыма қараған кісімнен сол Тарғын тіліне нанатын бір кісі
тауып бер, – деді. Сонда Сыпыра жырау айтады:
– Батырдың жіберіңіз артынан
Қызметін қылған бүлініп
Қара ноғай халқынан.
Қасына ерген баяғы
Қарасайұлы Көбенді,
Алшағырұлы Тегенді,
Өмірұлы Себенді.
Аруақты туған ерлердің
Алдаға берген уəдесі бар болар.
Қызмет жасаған қосшының
Тарлық жері тап келсе,
Тілегін бермей кетпен деген-ді.
Бұл үш кісі Тарғынның
Соңынан қуып кетті енді,
Батырға қауып жетті енді.
Етегіне басын салды енді,
Ашуын тілеп алды енді.
Елге қарай жүрді енді,
Ел ішіне кірді енді.
Ханы, халқы жиылып,
Марабай Құлжабайұлы
Хан ордаға кірісіп,
Бірін-бірі көрді енді.
Бұл Тарғын ханның үйіне келген соң, ханы, халқы жиы-
лып, хан өзінің ұятынан һешбір сөз бастап айта алмады.
Һəм Тарғын да ешбір сөз бастамады. Сонда Сыпыра жырау
сөйледі, Тарғын батырға қарап тұрып:
– Ай, батырым, батырым!
Тауда Тарлан ақырса,
Тас інінен бөріні
Ару сұңқар шақырса,
Көгілдірін ертіп,
Көлден қулар ұшар ма?
Əділ туған хандары
Қара берен батырға
Беремін деп бермеді,
Өтірік сөзден өлмеді.
Бұл сықылды хандары
Бұл сықылды батырды
Жалған сөзбен қысар ма?
Хан мен қара келген соң,
Сіз сықылды батырға
Ашуын бермей кетсе ұқсар ма?
Ай, батырым, батырым,
Сөз айтады алдыңда
Сыпыра жырау пақырың.
Ханы, халқың жиылып
Айтып отыр біздерге.
Құлақ салып тыңдасаң,
Біз айталық сіздерге.
Марабай Құлжабайұлы
Аруақты туған ер болсаң,
Нағыласың бұл қызды?!
Жас баладай жайдақтап,
Жас тайлақтай ойнақтап,
Шыға берме түздерге!
Мына отырған ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Сый қылады, алыңыз!
Қара лашын береді,
Көлден көлге салсайшы!
Қара арғымақ береді,
Елден елге мінсейші!
Ақ падиша жіберген
Балдағы алтын ақ берен
Мұны сізге береді,
Аш беліңе ілсейші!
Бадана көзді кіреуке
Мұны сізге береді,
Баса келіп кисейші!
Нағыласың бір қызды?
Бес жүз атан береді,
Шағаннан көшсең суытып.
Бес жүз бие береді,
Желеп мұны байлашы!
Нағыласың бір қызды?
Бес жүз ауыл береді,
Өз алдыңа сұлтан боп,
Сүйген жерің жайлашы!
Неше батыр болсаң да,
Алмаймысың бұл сыйды?
Миың болса басыңда,
Марабай Құлжабайұлы
Айтып тұрмын қасыңда,
Осы жерін бір ойлашы!
Бұл батыр енді райынан қайтып, ханның, халықтың
берген сыйын алды. Қара ноғайдың ханы, халқыменен та-
туласып табысты да, Жанарыстан үш Тарғын деген тауға
барып жайлады, һəм қыстады. Һəм су жерді мысыр етті.
Сол елге Тарғынның өзі хан болды жəне батыр болды.
Сүйтіп жүргенде, Тарғынның өзі қартайды, ажал келіп
дүниеден көшті. Бұ Ақжүністен бір Ардаби деген ұл туды,
бұ да бек ер болды, бек асыл би болды, бұ Ардадан екі бала
туды. Үлкені – Əжікерей мырза. Əжікерей мырза жиырма
жасында дүниеден өтті. Енді жеті жасар кенже баласы
Айқожа қалды. Бұ Айқожа бес қалаға хан болды, сүйтіп
жұрт иесі болып, хан болып, таққа мініп бес қаланы билеп,
мұратына жетті.
Марабай Құлжабайұлы
МАЗМҰНЫ Балқы Базар Оңдасұлы Өлеңдер Мəжілісін қыздыр алқаның .......................................................... 5 Сыналмайды ер жігіт .................................................................... 7 Тарқамай қалмас құмарың ........................................................... 9 Атасы тегін жел сөзден ............................................................... 10 Халқымның аузын тұшыттым.................................................. 11 Шалқыма ...................................................................................... 12 Мен – халықтың шынары ........................................................... 13 Өзімдей-ақ ұл туар ...................................................................... 14 Қазақты сүттей ұйытты .............................................................. 15 Бұ дүниенің қызығы.................................................................... 16 Екі талай жерлерде ...................................................................... 18 Мен тайымда оздым құнаннан ................................................... 20 Хас батырдың белгісі .................................................................. 22 Арманы бар ма жігіттің .............................................................. 23 Сенімі бар ма тірліктің ............................................................... 24 Түзелер еді бұ заман ................................................................... 25 Жігіттік ......................................................................................... 26 Өткесін дəурен бір келмес ......................................................... 28 Адыр-адыр, адыр тау .................................................................. 29 Жігіттің бəсін кемітер ................................................................. 30 Өте шығар бұл дəурен ................................................................ 31 Жігіттің қолын тұр байлап ......................................................... 33 Түспесін ісің ақымаққа ............................................................... 35 Бір мысал ..................................................................................... 36 Əр нəрсенің парқы бар ............................................................... 38 Жиырма бес ................................................................................. 39 Айдан ару нəрсе жоқ ................................................................... 41 Тырп етуге мажал жоқ ................................................................ 43 Кезекті нəубет жеткенше ............................................................ 45 Кімдерден кейін қалған жоқ ....................................................... 47 Сұм заман ..................................................................................... 50 Дүние-ай....................................................................................... 58
Көктем .......................................................................................... 61 Əр кемелге – бір зауал ................................................................ 63 Əлмəмбет Өңгебайұлына айтқаны ............................................ 70 Назар биге айтқаны ..................................................................... 74 Алмат Сардарға айтқаны ............................................................ 75 Түменбайдың ел-жұртына айтқан кеуілқосы ...........................78 Қаратамыр Пішəнұлы Төребай батырға айтқан кеуілқосы .....85 Қалжан Ахунға айтқаны ............................................................. 95 Көнек Жалғасбайды мақтауы..................................................... 99 Жалған дүние ............................................................................. 106 Терме .......................................................................................... 107 Биопа .......................................................................................... 108 Қарғадан қарға туар қарқылдаған ... ......................................110 Кезеңдер ......................................................................................111 Бір кезде ..................................................................................... 113 Мен едім қара алтайы қалыңдағы ...........................................115 Кеуілдің арып аты, тозбай тоны ............................................. 116 Жиырма бес, көз ұшында елестейсің .....................................117 Бұл кезде жігіт көрдік шіңгірлеген .........................................118 Əуре еттің, əттең, дүние, шіркін мені ....................................119 Ойладым тəуба, шүкір қылайын деп ......................................120 Жамиғы қазақ бір туған ............................................................ 121 Өсиет .......................................................................................... 123 Бір нəубет ................................................................................... 120 Серпілу ....................................................................................... 124 Түбі туыс байтақ ел ................................................................... 125 Алшаңдаған Базар ем ................................................................ 126 Сындарлы сөздің зергері .......................................................... 127 Қоштасу ..................................................................................... 132 Қара үйдің хикаясы ................................................................... 134 Құланаян Құлмамбет Айтыстар Құлмамбет пен Түбек айтысының нұсқалары ..................... 137 Құлмамбет пен Майкөттің айтысқан сөздері .......................152
Құлмамбет пен Жамбыл ақынның айтысқаны .......................178 Құлмамбет ақынның Шабдан батырға айтқаны .....................194 Құлмамбет – Түбек .................................................................. 199 Құлмамбет – Түбек – Тезек ..................................................... 205 Құлмамбет пен Майкөт айтысының нұсқалары ....................211 Марабай Құлжабайұлы Жыр Ер Тарғын................................................................................... 231
Балқы Базар жырау Оңдасұлы Құланаян Құлмамбет Марабай Құлжабайұлы ШЫҒАРМАЛАРЫ Редактор: Ш. ЖҰБАТОВА Мұқабаны көркемдеген: Ж. БОЛАТАЕВ Беттеуші: Г. БАЙБОЛЕКОВА ИБ № 10(12) Теруге 25.07.2014 ж. берілді. Басуға 17.09.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Əріп түрі «Tіmes New Roman», кегль 11,5. Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 15 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 . Тапсырыс № 228. +10 «Полиграфсервис» ЖШС. 050050, Алматы қаласы, Зелёная көшесі, 13 «А».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру