Көп томдық шағармалар жинағы. Том 6
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Хамза Есенжанов
ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) - 44 А 94 Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы / Тахауи Ахтанов. – Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014. ISBN 978-601-7370-29-9 А 94
Жазушы Тахауи Ахтановтың көп томдық шығармалар жинағының алтыншы томына «Үндістан хикаясы» атты туындысы кірді. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) - 44 Барлық құқықтары қорғалған. «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС-ының жазбаша рұқсатынсыз бұл басылымның кез келген бөлігін ешқандай мақсатта да, қандай да бір үлгі-нұсқада да, фотокөшірме және магнитті таспаға жазу түрін қосқанда, яғни электронды, болмаса, механикалық тасымалдағыш ыңғайында да көшіріп басуға болмайды. © Ахтанов Т. (мұрагері), 2014 © көркем безендіру «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014 Mereke baspasy ©«Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014 Mereke baspasy ISBN 978-601-7370-55-8 (Т.VI) ISBN 978-601-7370-29-9 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ISBN 978-601-7370-55-8 Т.VІ: Үндістан хикаясы – 392 б.
Алматы Tахауи АХТАНОВ Үндістан хикаясы БІРІНШІ ХИКАЯ Түнгі сапар. Құйрықты жұлдыз. «Жатжұрттық бала»
Үндістан хикаясы Москвадан қырық-елу шақырым шық пай жатып-ақ өзіңді шекарадан өтіп кеткендей сезінетін бір жер бар. Ол Шереметье во аэродромы. Шереметьево екеу. Менің айтып отырғаным соның халықаралық аэродромы. Заттарыңды тапсырып, көк жағалы лейтенантқа тиісті документтеріңді көрсетіп, бөгеттің арғы бетіне шыққанда өзіңді шекарадан өтіп кеткендей сезінесің. Сені өткізіп жіберіп, қайта жабыла қоятын лейтенанттың кішкене ысырылмалы тор қақпасы, шынында да шекараның бір түрі. Енді бергі бетке тек алыс сапардан қайтып оралғанда ғана өтесің. Москва уақытымен кешкі сағат онның шамасында ИЛ-62 самолеті аспанға көтеріліп, Делиге қарай бағыт алды. Осы кезде біз де «уһ» деп дем алып, көңілімізді бірлегендей болдық. Біз дегенім – Советтің жазушылар делегациясы. Төрт адамбыз. Жазушы, әрі журналист, «Правда» газетінің арнаулы тілшісі Леонид Почивалов, жазушы-драматург Майя Ганина, «Совет әйелі» журналының үнді тіліндегісінің редакторы Исаак Голубев және мен. Ал «көңілімізді бірледік» дегенім... мұның әжептәуір хикаясы бар. Осы сапардың біз үшін біраз әбігері мен машақаты болды. Басында өткен жылдың октябрь айына белгіленген бұл сапар
Тахауи Ахтанов одан декабрьге, декабрьден январьға сырылды. Мұндай дәйексіздік кісінің көңілін қобалжытып, елегізітіп қоятыны өз алдына, қысқа қарай байыздап үлкен бір шығарма жазам ба деген адамды шаруасынан қалдырады. Бірақ... барар жерің Үндістан болса, оны бұрын көрмеген болсаң – қолыңды бір сілтеп бас тартуға дәтің жетпейді. Амалың жоқ, төзесің. Сөйтіп барлық уколдарын алып, дайындалып жүргенде «Индияға ұшу мерзімі 27 февральға белгіленіп отыр, 25-нен қалмай келіңіз» деген қуанышты телеграмма сарт ете қалды. Мен жиырма бесі емес, жиырма төрті күні Москваға жеттім. Бірақ жүру мерзімі бізді қобалжытып, ақырындап ысырыла беріп алтыншы мартқа, одан оныншы мартқа шегінді. Мен «Россия» аталатын алып мейманханаға орналасқан едім. Терезем Кремль жақта. Сегізінші қабаттан Кремльдің іші алақандағыдай көрінеді. – Бөлмең ғажап, «Блаженный», Спасс қақпасы, Кремль – орыстың бар сәулеті күндіз-түні көз алдыңда, несіне асығасың, жата бермейсің бе?! – деген, маған қонаққа келген орыстың тамаша шебер жазушысы Юрий Казаков. Бірақ Кремльдің көрінісі қанша ғажап
Үндістан хикаясы болса да менің сабырым сарқылайын деді. Осындай кезде бесінші март күні маған СССР Жазушылар одағының шетел комиссиясынан телефон соқты. – Тахауи, құттықтаймын! Сіздерге виза алынды. Билетті оныншы мартқа алатын болдық. Жетінші март күні кеште Үнді елшілігінің мәдениет жөніндегі советнигі Матан Синхтың үйіне қонаққа барасыз. Жетінші март күні кешкі жетіге жарты сағат қалғанда шығып, советниктің әйеліне апаратын гүл іздесем... Орталықта гүл сататын екі-үш жерге бардым. Құдайекең сақтасын, гүл емес, гүлден қалған қиқымға тұрған адам тізбегі ат шаптырымға созылған. Ертең сегізінші март... Содан әзер дегенде бір такси ұстап алып, Садовое кольцоны айнала шауып, ақыры жап-жақсы хризантема гүлін тауып алдым. Жолдастарым да менің алдымда ғана келіпті. Советник Матан Синх денелі келген, үсті-басы бапты, қырықтар шамасындағы ажарлы кісі екен. Біз амандасып үлгергенше оның келіншегі де келді. Мен аузымды ашып қалыппын. Әй, бұл әйелді көрген адамның таңыр қамағаны, сірә, бола қоймас. Көргеннен-ақ Үнді емес, Индонезия елінің қызы екенін айтпай білдім. Жіп-жіңішке қуыршақ тұлға-
Тахауи Ахтанов лы, әдемі қаз мойын, сұлу жұмыр бойында мін жоқ. Қазақ айтатын оймақ ауыз, әсем ерні үлбіреген, моншақтай қарақат көз, кішкене пісте мұрны жұқалаң құба жүзіне келісе кеткен. Небір бармағынан бал тамған шеберіңіз қуыршақ жасаса дәл мынадай нәшін келтіре алмас. Аш белін үзілдіре орап, бір шетін иығынан асыра тастаған қызғылт сариі, жалаң аяғының башайына ілген чаппасы да жараса қалған. Абзалы мынадай денеге жараспайтын нәрсе болмасқа керек. Москваны айнала шауып гүл іздеген еңбегім қайтты. Сұлулықтың төңірегін шарпитын буы болады. Сол бу осы кеште біздің бәрімізді де мол шарпыған. – Апырау, қуыршақ емес, сурет емес, мынадай нәзік сұлулықты тірі адам бейнесінде де көретін күн бар екен-ау, – деп тамсанып қалды Майя Ганина. Әйелдің сұлулығына әйел таңырқаған соң, енді мен ар жағын суреттеп әуре болмай-ақ қояйын. Советник мырза өнер маманы екен. Гималай халықтарының өнері жайында ағылшын тілінде үлкен кітап жазыпты. Суретшілік өнері және бар. Үйінде өзі салған бірнеше абстракциялық картиналары ілулі тұр.
Үндістан хикаясы Кеште елшілікте істейтін үндінің қылқандай жас жігіттері болды. Олар кәдімгідей орысша үйреніп қалыпты. Әжептәуір ұзақ отырыппыз. Соған қарағанда кеш жаман болмаған тәрізді. Советник бізге оң сапар тілеп, Индияға сапарымыздың сәтті де, қызғылықты боларына сенім білдіріп ажырасты. Сөйтіп күте-күте келіп «ал кеттік» дегенде, үнді үкіметі тарапынан біздің сапарымызды 27 мартқа шегеруге өтініш болыпты. Москвада қашанғы жатам, салым суға кетіп Алматыға қайттым. Мұндағы жұрттың көзіне көріну де қиын. «Ау, аман-сау келіп қалдың ба, ал Индия қалай екен?» деген сұрақты жұрт шын көңілмен берсе де, саған кекесін боп естіледі. Осылай екі ойлы, дал боп жүргенде Москвадан қайта шақыру келді. Ұшардан бір күн бұрын «Зенит» деген фотоаппарат сатып алып едім, жүрер кезде мойныма іле кетейін десем әлгі құрғыр жоқ. Үйдің ішін астан-кестен қып олай іздедім, былай іздедім, ақыры табылмады. Енді самолетке әзер үлгеріп аэропортқа келсем қалтамда билетім жоқ. Диспетчер «қайтадан билет сатып
Тахауи Ахтанов алыңыз» деді. Оған да шүкір. Дүниесі құрғыр жаныңа батқанмен адамға нерві яғни денсаулық керек қой. Ескі Үрім, Грек азаматтары жорыққа, не ұзақ сапарға шыққанда құрбандық беретін болған. Соны есіме алдым. Ескі заманғы қазақтар да «қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып» аттанатын болған. Сірә, Үнді сапарының менен алған құрбандығы болар деп өзімді жұбатып, көңілімді бірлеп алғанмын. Ұшар алдындағы біздің тартқан тауқыметіміз осындай болғандықтан, самолет көтерілгенде «уһ» деп дем алмағанда қайтесің. Қазақта «көңілі алып ұшады» деген әдемі сөз бар. Ұзақ сапарға, бейтаныс елге кетіп бара жатқан адамның көңілі соған жуық болуға тиіс. Самолеттің ішінде қалғып-мүлгіп отырған адамды көре алмадым. Делиге дейін ИЛ-62 самолеті бес жарым сағат ұшады екен. Бұл ИЛ-18 самолетінің Алматы мен Москваның арасына ұшатын уақыты. Мен Қазақстанның үстін басып қайтадан ұшып келемін. Ас ішіп өйтіп-бүйт кенше Ташкентке де келіп қалдық. Аздан кейін сол қапталдан Самарқандтың оттары көрінді. Оң жақтан Бұхардың оты жарқырады. ИЛ-62 он мың метр биікке көтеріледі. Арасы жүз елу шақырым екі қаланың оттары қатар көрінуі де сол биіктігінен болар.
Үндістан хикаясы Осы түні ай жарық болды ма білмеймін, бірақ, әйтеуір, төмендегі тау бедері соншалықты айқын, анық көрінді. Біз шекарадан өтіп Ауғанстанның үстімен ұшып келе жаттық. Кенет самолет командасының бір мүшесі – сол жақ иллюминатордан кометаны көрулеріңізге болады деп хабарлап кетті. Сол жақ қапталға ауысып, дөңгелек терезеден түнгі қара күңгірт аспанға қадалып тұрған кометаны көзім шалды. Бұл осы кезде жерге өте жақын келген Беннет кометасы болатын. Үлкендігі кіші-гірім тостағандай, өзі аппақ, құйрығынан ақшыл тозаң сәуле шұбатылған. Кәдімгі аспанға қарап көтерілген прожектордың сәулесі сияқты. Әсіресе самолет теріс қырындағанда жерден самолетке жол сілтеп тұрған прожектор тәрізді елестейді. Сағаттан артық құйрықты жұлдыздан көз алмадым. Бірақ қараған сайын ойым тіксініп, алғашқы қобалжуым басылар емес. Кішкене тостағандай дөңгелене жарқыраған комета ана шеті мен мына шеті талай жүз шақырымға созылған үлкен тас бітім. Түпсіз тұңғиықта кішкене ғана шеңбер сызып күнді айналып жүр. Сонда жер қандай? Әлемнің аумағынан қарағанда жұмырықтай... бармақтай... Макро-космос атты шексіз қуыстың сансыз пұшпағының бірін-
Тахауи Ахтанов де алақанның аумағын айналып жүрген титтей шар. Анау әлем тұңғиығын жалғыз кешіп жүрген кометаны көрген сайын – көз алдыма жер елестейді. О да осы түпсіз, тылсым қуыста кіп-кішкентай боп, жалғыз дөңгелеп, панасыз кетіп барады. Құйрықты жұлдыз сөне бастады. Алдымен құйрығындағы тозаң-сәулесі сейі ліп, содан өзінің дөңгелек жүзінің нұры да қуқыл тартты. Таң биіктен атты. Әуелі биік аспан бозарып, қараңғылықты етекке қарай ысырып, көкжиектің ернеуіне апарып жентектеп, нығыздап тастағандай болды. Жиырма шақырым төменде жатқан жер бедері енді көрінбей кетті. Үстіміз жарық, астымыз қараңғы – біз соның шекарасында келеміз. Жердегі «таң қараңғысы» дейтін мезгіл дәл осы болса керек. Біздің дәл алдымызда арықша келген, жұқа өңді ақ-сары орыс келіншегі отыр. Бір жасар шамасындағы жылтыңдаған қара домалақ баласын әзер ұйықтатты. Көңілі толқи ма, өзі ұйқысыз келеді. Баласы үлкен қара көзді, бұйра шашты, қоңқақ мұрын көкшіл қара... Нағыз үнді. Күйеуі Москвада оқу бітірген үнді жігіті екен. Соған келе жатыр. Оның күйеуін Исаак Голубев біледі екен. Келіншектің ойы дұрыс-ақ – егер
Үндістан хикаясы көнсе күйеуін үгіттеп Советтер Одағына қызметке көшірмек. Егер көнбесе... Күн тұсау бойы көтеріле біз Делидің аэродромына келіп қондық. Елшіліктің адамдары таможня бөгетінің бер жағына өтіп қарсы алды. Таможняға да біз көп іркілген жоқпыз. Бөгеттің арғы бетінде үнді өкілдері күтіп тұр. Почивалов балалы келіншектің затын көтеріп жәрдем етіп келеді. Таможняда әлгі келіншекті кідіртіп тастады. Келген адамы куәлік әкеліп өткізіп алуы керек екен. Байғұс келіншекті күйеуінің қарсы алмағанына, өзі тұрсын, біз де кәдімгідей қиналып, көзін жаутаңдатып жат жерге тастап кетуге қимай, тобымызбен іркіліп тұр едік. Сөйткенше бес-алты метр жердегі екінші бөгеттің ар жағынан сұңғақ бойлы қара торы жігіт қол бұлғады. Бері өте алмай тұр екен. Бері өткен соң әйелімен бас изесіп, қол алысты да, ескі танысы біздің Исаакпен шұрқырасыңқырап амандасты. Біз сыртқа қарай беттедік. – Әйелімен сонша салқын көріскені қалай? Тым болмаса бетінен де сүймеді ғой, – деді біздің мадам Ганина. – Шығыс халқы жұрттың көзінше жаласып жатпайды, – дедім мен. – Тіпті баласына да мейірі түскен жоқ.
Тахауи Ахтанов – Әлі әкелік сезімі оянбаған болар. Бір жағынан жас жігіт жұрт көзінше бала сүюге ұялатын да шығар. Бұл топшылауым дұрыс па, бұрыс па қайдам, менікі әйтеуір, біздің қызға тәуір болсын деген ниет қой. Қазақ «жатжұрттық бала» деп қыздарды қандай аяушы еді. Орыстың мына ақсары қызы шынында да «жатжұрттық», өте қиғаш, алыс жұрттық бала болған. Күні бүгін, осы қыз діні бөлек, тілі бөлек, әдет-ғұрпы алшақ, тосын адамдардың арасында – өзі үшін меңіреу ортаға барғанда жалғыз көңіл жұбатары, тіл қатары осы күйеуі ғана... Жат жерге сіңісіп кете ала ма, егер күйеуі біздің елге келсе – ол өзі елін ұмыта ала ма? Мейлі енді. Алдарынан жарылқасын. Тек біз, тағы да бір адам драмасының басталар сәтіне куә боп тұрмасақ болғаны да... Таможня бөгетінен өткенше күн арқан бойы көтеріліпті. Осыдан алты-жеті сағат бұрын Москваның аязы қалтыратып еді. Аспан қара бұлт, өңменіңнен өтетін бір жексұрын сызды жел бартын. Қазір сұйқылтым-көк биік аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Кіршіксіз таза. Көк торғынға малынған, тақтайдай жазық жасыл төңірек, күн қызар алдындағы каусар шақ.
Үндістан хикаясы Тосын көзге бірден шалынғаны – мұндағы негізгі көлік велосипед тәрізді. Жұқа ақ көйлек пен ақ дамбал киген адамдар велосипедпен қалаға қарай ағылып барады. Асфальттың үсті сол ақ көйлектерден көрінбейді. Біздің форд оларды жолдың шетіне қарай күреп тастап, сырғып келеді. Англиянікі сияқты Индияның да көше тәртібі өзге елден бөлек. Мұнда көлік көшенің оң қапталы емес, сол қапталымен жүреді. Мен сияқты шофер адамға бұл алғашқыда тіпті жаман әсер етеді екен. Қарсы келіп қалған машина үйреншікті оңға емес, солға бұрылып қалғанда «ал қирадық» деп жүрегің зырқ етеді. Мейманханаға жеткенше әбден зықым шықты. Түнімен көз ілмей келген жолаушылар ертеңгі тағамнан кейін бірер сағат мызғып алдық. Күн қызып кеткен. Москвадан киіп келген киім атаулыны түгел ауыстыруға тура келді. Түс қайта Бүкілиндиялық әдебиет академиясына визит жасадық. Онда бізді Академияның секретары Крипалани бастаған бір топ жазушы қарсы алды. Бұл Академия 1954 жылы ұйымдасқан. Академия орналасқан төрт қабат үлкен үй 1961 жылы, Үндінің ұлы жазушысы Рабиндранат Тагордың туғанына жүз жылдық мереке қарсаңында салынып бітіпті де, ұлы жазушының есімімен аталыпты.
Тахауи Ахтанов Үндінің бұл Әдебиет академиясы – біздегі ғылымдар академиясына, я оның әде биет зерттейтін белгілі әдебиет институтына ұқсамайды. Ал, екінші жағынан Жазушылар одағына да тура келмейді. Бірақ сөйте тұра осы екі саладағы екі ұйымның біраз міндеттерін қосып арқалайды екен. Индия көп ұлтты, көп тілді ел. Солардың ішінде он алты үлкен тіл бар да, сол тілдерде жасалатын белді-белді әдебиеттер бар. Бұл тілдердің әрқайсында жиырма-отыз миллионнан жүз елу миллионға дейін адам сөйлейді. Академия көп тілді әдебиеттердің беделді биік инстанциясы, шамасы келгенше әдеби қозғалыстың ұйымдастырушысы, бағыттаушысы тәрізді. Крипаланидың айтуынша Академияның алдындағы ең үлкен мәселе көп тілді әде биеттерді өзара жақындастыру. Осы тараптан олар толып жатқан жұмыстар істейді екен. Әр тілдегі жазушылардың конференциясын шақырады, антологиялар шығарады, әр әдебиеттің тарихын жасайды, анықтама материалдар жариялайды. Академияның жыл сайын беретін он алты сыйлығы бар. Ол он алты әдебиеттің ең озық шығармаларына беріледі. – Ертең сол он алты жазушыға сыйлық тапсыратын күніміз еді, – деді Крипала-
Үндістан хикаясы ни. – Біз осы сыйлық тапсыру арқылы он алты әдебиеттің өкілдерінің басын қосамыз. Олар бір-бірінің шығармаларын оқи алмайды. Осындайда бастарын қосып, бір-бірімен таныстырып, жақындастырып жібергіміз келеді. О да әдебиеттердің өзара жақындасуына септігін тигізеді ғой. Көп тілді әдебиеттің проблемалары бізге де таныс. Қайсыбір саладан ортақ проблемалар да табылып қалды. Біз сол көп тілді әдебиеттердің өзара аударысу мәселелерін біраз әңгімеледік. – Аудармадағы ең қиын нәрсе – тіл білу мәселесі боп тұр, – деді Крипалани. – Өз тілінде жазатын жазушы өзге тілді білмейді. Ал тіл білетін адамның қолынан көркем аударма келе бермейді. Көп тілді совет әдебиетінің аудармада үлкен, мол тәжірибесі бар. Бізде сан тілдер торабы орысшаға келіп түйіседі. Біз көбіне-ақ сол орыс тілі арқылы аударамыз. Әрине өзара жақын тілдер (мысалы түркі тілдер, славян тілдері) бір-бірін түп нұсқадан тікелей де аударады. Бірақ қалған әдебиеттер өзге тілге өз тілінен емес, екінші тілден – орыс тілінен аударылып жетеді. Бұл жағдай бізде аударма ісін өндіруге көп пайдасын тигізіп отыр.
Тахауи Ахтанов Үнді әдебиеттерінде мұндай тәжірибе жоқ сияқты. Олар бір тілден екіншіге тікелей аударуға тырысады. Бірақ үнділік дос тар тағы да сол «тіл білу» деген кедергіге кеп тіреледі де, аударма ісін мандыта алмайды екен. – Бір тілден екінші тілге аударылғанда көркем шығарманың біраз қасиеті кемиді. Ал, сол екінші тілден үшінші тілге аударғанда құлдырай беруі мүмкін. Бірақ бар мәселе аудармашыда ғой, – дедім мен. – Дұрыс айтасыз, мистер Ахтанов, сіз өзіңіз де бұрынырақта аударма жасаған көрінесіз, бұ жағын жақсы білуге тиіссіз. Бізде Лев Толстойдың атақты шығармаларын тікелей орыс тілінен аударғандар болды, – деді Крипалани. – Бірақ ол аудармалар көркем шығарма бола алмады. Ал, орыс тілін білмей, Толстой шығармаларын ағылшын тіліндегісінен аударған талантты жазушылардың аудармаларын осы күнге дейін сүйсініп оқимыз. Тағы да Әдебиет академиясының жағдайы на оралдық. Академияның басқарылу нұс қасын – құрылысын бірден түсіне қою да оңай емес. Кәдімгідей қиын математика. Басқарушы совет 72 адам. Оның ішінде әрбір аталас тілдің өкілі бар. Әр штаттан, яғни әр тілден бір-бір өкіл – 16 адам кіреді.
Үндістан хикаясы Индияда 70 университет бар екен, олар жиналып 20 адам енгізеді. Үнді үкіметі бес адам ұсынады. Осылай құрылған совет мүшелері – 72 адам жиналып – советтің 8 құрметті мүшесін сайлайды. Сол сегізі президент пен вицепрезидентті сайлайды. 20 адам атқару комитетінің мүшелері сайланады. Онда 16 әдебиет өкілдері түгел бар. Өз тілінен өзге тілге аударылатын шығармаларды солар ұсынады. Академияның мұндай құрамы – бірден түсіне қоюға қиын болғанмен – барлық әдебиет өкілдерін, әдебиет пен өнер саласындағы ғылым адамдарын түгел қамтып, баршасының әділ өкілдік етуіне мүмкіндік беретін сияқты. Академия әдебиеттің теориялық проблемаларын да кең талқылап отырады екен. Академияның үлкен, бай библиотекасын, мәжіліс залын аралап шықтық. Суретшілер мен скульптрлардың Академияға сыйға тартқан еңбектерімен таныстық. Мен қазақтың таңдаулы ән-күйлері жазылған пластинка мен домбыраның мүсінін сыйға тарттым. – Бәріміз бас қосқанда қазақ музыкасын талай тыңдайтын болдық, – деп Крипалани алғысын айтты. – Музыкаға тілмаштың керегі жоқ. Оған тек ұғатын құлақ
Тахауи Ахтанов керек. Ал, ұқпайтын құлаққа тілмаштың да қайраны жоқ, – деп Крипалани бәрімізді бір күлдіріп алды. – Үнді әндері біздің көкейімізге қона кетеді. Соған қарағанда үндінің құлағы да қазақ әндерін тосырқамас деген үмітім бар, – дедім мен оған. – Әлбетте. Алдын ала айтайын, қазақ музыкасын біз жатырқамаймыз. Кешке қарай Сәджад Заһир ақын шақырған еді, сонда бардық. Бұл кісі менің де, Голубев пен Почиваловтың да ескі танысымыз болатын. Сәджад Заһир үндінің ұрду тілінде жазатын белгілі ақындарының бірі. Сонымен бірге ол Үнді, Пакистан коммунист партиясының көрнекті қайраткері. Осыдан он шақты жыл бұрын Пакистан компартиясының бас секретары боп тұрғанда – осы күнгі шығыстың ірі ақындарының бірі Фаиз Ахмад Фаиз екеуі түрмеге қамалған. Сонда түрмеде жатқан екі ақын үйлеріне өлеңмен хат жазып, үй-іштері сол өлеңдерді газеттерге сатып күн көрген. Сәджид Заһир осы күні Делиде тұрады. Сәджад Заһир денесі шау тартқан, ақ шашты, ұзын, қыр мұрынды, сопақ бет қара кісі. Жүріс-тұрысы, қимылы, мінезі де аса сыпайы, осы кісінің ең аяғы өлең оқығанда да дауысының бір қатты шыққанын естіген емеспін. Майда қоңыр даусы жұмсақ
Үндістан хикаясы ырғағынан аумайды. Бұ кісінің әйелі–ұрду тіліндегі белгілі романист жазушы Разия Сәджад Заһир де бізге бұрыннан таныс. Разия апай да күйеуі сияқты келбетті адам. Сүйекті денесі жасына лайық сыпайы толысқан, нұры қашпаған үлкен қара көзді, ат жақты, әжімсіз ірі жүзді, қара торының шырайлысы. Кісіге ашық. Ерлі-зайыпты Заһирлар, үндінің белгілі классигі Прем Чандтың баласы әдебиетші Әмрит Рай үшеуі осыдан үш-төрт жыл бұрын Алматыға келген. Мен олармен кейін Азия-Африка жазушыларының симпозиу мында тағы кездескенмін. Сәджад Заһир Азия-Африка жазушыларының қозғалысына белсенді араласып жүрген адам. Сәджад Заһир шағындау тыныш көшенің қаға берісіндегі екі қабат коттедждің бірінде тұрады екен. Машина келіп тоқтай бергенде үйінен шығып қарсы алды. Қанша айтқанмен ескі таныс емес пе, шұрқырасып амандастық. Разия апай да тысқа шығып бізбен жағалай жайраңдасып, көрісіп жатыр. Үй иесінің алдыңғы қонақ қабылдайтын бөлмесі – кітапхана мен кабинеттің міндетін қоса атқаратын болар. Бөлменің екі қабырғасы төбеге дейін тірескен кітап. Стол қызметін атқаратын ашпалы секретерде қолжазбалар жатыр.
Тахауи Ахтанов Амандық жөн-жосық сөз болып, елдегі ортақ таныстардың хал-жағдайлары, сау лықтары сұралып біраз шүйіркелескенше – үй иелері ауыз тиетін жеңіл тағам мен ішімдік ұсынды. Мен вискиге су қосайын деп қолымды соза бергенде Сәджад ағай бөгеп қалды. – Жоқ, бұл жарамайды. Қазақ сияқты батыр халықтың баласына вискиге су қосу жараспайды. Ұрду тілінде «қазақ» деген сөздің мағынасы есіңізде ме? – Ұмытпасам қарақшы, шапқыншы деген мағынада болар. – Қарақшы ғана емес, оның батыр деген де мағынасы бар. Қорқақ адам қарақшы бола ма?! – деп күлді Сәджад Заһир. Разия апайдың орыс тілінде шыққан «Куртизанка» атты романының қазақ тіліне де аударылғалы жатқанын хабарладым. – Қазір не жазып жатырсыз, Разия апай? – деп сұрадым. – Қазір өндіріп істеп жатқан еш нәрсем жоқ. Бала-шаға бар. Үй шаруасы да қол босатпайды. – Содан кейін Разия апай жымиып алды: – Күйеуің коммунист болса да қазан-ошақтан құтыла алмайды екенсің. Сәджад Заһирдың үйінде ұзақ, жақсы әңгімелесіп тарадық. Біз қайтарда қараңғы түсіп кеткен екен. Мейманханамыз жақын ғана жер – екі-үш
Үндістан хикаясы шақырым шамасы. Түнгі жақсы бір көрініс жасыл ағаштардың бұтақтарына қызыл-жасыл шам іліп қояды екен. Лаулаған гүл шоғындай тіпті әсем. Бүгін көп те жүрмедік, содан ба, бес жүз елу миллион халқы бар Үндінің астанасы – Дели шаһарын әлі сезінген жоқпын. Мана ертеңгілік – аэродромнан «Джан Патх» мейманханасына жеткенше де қаланы байқамадым. Жасыл ағаштардың арасында алшақ салынған екі-үш қабат аласа үйлер. Қаладан гөрі көп санаторий тығыз дау салынған курортты елестетеді. Көшедегі қым-қуыт қозғалыс, құжынаған адам да көзге шалынбады. Индиядан алғашқы күнгі алған әсерімде экзотика аз. Тек мейманхана алдындағы сақал-шаштарына ұстара тимеген, төбесінде шоғы бар әсем сәлделі швейцар синхтер және жолаушыға қызмет қылатын жұрттың елпілдеген ерекше ықылас-ізеті болмаса – менмұндалап көзге ұрып тұрған айрықша бөлектігі жоқ сияқты. Әрине сонша ыстық, оңтүстік халқының өңі, киім киісі мен жүріс-тұрысының бөлектеу болатыны өз алдына. Ертең ерте жүреміз. Аралап айызым қанбаған Дели шаһары әзірге бітеу қалып барады. Мен үшін әлі сыры ашылмаған алып ел – Үндістан алда жатыр.
Тахауи Ахтанов Сұлулық сиқыры. Әкесін қамауға алған патша. «Жұмақ бағында» Делидегі «Джан Патх» мейманханасында таңғы төртте телефон сылдыры оятты. Шамасы кезекші болар – ағылшын тілінде маған бір нәрсе деді. Әрине, онысын мен түсінгенім жоқ. Ұмытшақтығымды ескертіп түнде барша мукамалымды жиып, буып-түйіп жатқанмын. Даяшы шай әкелді. «Адамға қамқорлық» жайлы үнділіктердің қанша айқайлайтынын білмеймін, бірақ әйтеуір іс жүзінде қамқорлығы тәуір. Почивалов бұрын Үндіде біраз болған, талайды көрген, содан болар, денсаулығын сылтауратып Делиде қалып қойды. Бізді Калькуттада қуып жетпек. М. Ганина, аудармашы Исаак Голубев үшеуміз самолетке міндік. Жол қысқа – 45 минут. Жеңіл болды. Тек әттең үш күннен бері ұйқы шала. Әйтсе де оқасы жоқ. Сариге оранған әдемі үнді қызы – стюардесса назарымызды аударды. Шетелге арналған «Советская женщина» журналының үнді тіліндегісінің редакторы Исаак–стюардесса қыздың жай-жапсарын білгісі келді. Өйткені бұ жақта әйелдің жұмыс істеуі сирек жағдай. (Журналист емес пе, журналына аяқ астынан материал іздеп жа-
Үндістан хикаясы тыр). Бірақ өзі тікелей сұрақ беруге қыз ұялып қалар деп Майяға өтініш айтты. «Сіз жай-жапсарын сұрастырыңыз, мен сіздің сөзіңізді аударайын», – деп, және қандай сұрақтар беру керек екенін де айтып берді. Аздан кейін-ақ қыз Майяның сұрағына алаң болмай Исаакпен тікелей шүйіркелесіп сөйлесіп кетті. Жасы жиырма екіде. Әке-шешесі жоқ. Бір ағасы бар. Ол Америкада тұрады. Өзі жалғызсырап жүрмей – ағасына бармақ ойда. Мұсылман семьясынан шыққан. Есімі... Мұһабуда... Әйел затының қызмет істегенін дұрыс көреді. Бірақ әйелдің жартыдан көп уақыты – үй, бала қамына жұмсалу керек дейді. Қыз кете бергенде Майя: – Жүретін жігіті бар ма екен, сұрашы,– деп еді. Бұ жақтың жайына жетік Исаак: – Жүретін жігіті болмауға тиіс, егер жігітпен жүрген сыбысы білінсе – күйеу алмайды. Бұ жақта ондайға қатал, – деп жауап берді. Сөйткенше самолет те аэродромға келіп қонды. Агра... Алғашқа көзге түскені аэродром маңы жайнаған бау-бақша. Қалың да емес, онша сирек те емес жасыл ағаштар. Аспан ашық. Көкпеңбек. Күн жаңа ғана шығып
Тахауи Ахтанов келе жатқан ертеңгі балауса мезгіл. Самолеттің моторы тынған кезде – сан түрлі торғай сайрап қоя берді. Алматының, одан зор Москваның шуынан құлағы тұнған адамға – осы ара бір тыныш бау-бақшаның ішіндей көрінді. Ауасы да жақсы, көкіректі ашып жібереді. Осы заманғы алып шаһарлардың есіңді тандырған даңғаза шуынан, қолқаңды қапқан газы мен түтінінен, арсы-гүрсі шекеңді шаққан мотор зіркілінен қапелімде құтылып, өткен ғасыр замандарынан оқыған немесе сол кездегі суретшінің көгілдір картинасынан көрген – оңаша, тыныш маужыраған түкпірге келгендей әсерленіп, қиялдана бастаған көңілді, қайтадан шыңғырып қоя берген самолет моторы бүгінгі тіршілікке қайтып әкелді. Бізді осындағы оқу бөлімінің инспекоры Ума Шанкар Шарма қарсы алды. Бұл өзі кішілеу келген, шымыр жігіт екен. Жасы отыздардың үстінде, қошқыл-қоңыр, кішкене, сыпайы жүзді, биік құс мұрынды. Аэропорттың алдында бізді кешегі «форд» сияқты жатаған, жалпақ сұр машина күтіп тұр екен. Мұның маркасы басқа, артқы екі қанаты ракетаның құйрығы сияқ ты шоршып көтерілген. Агра... Кешегі Дели тәрізді тағы да үлкен шаһарға кіргендей әсер жоқ. Қазіргі транспортқа көшесі тар болғанмен – үй
Үндістан хикаясы аралары кеңістік, жасыл ағаш. Және дені аласа үйлер. «Бұл шаһардың шет-пұшпағы болар» деп отырғанда мейманханаға қалай келіп қалғанымызды байқамадық. Жолдан жуынып, ас ішіп алған соң кідірместен Тәж-Мәһалды көруге жүріп кеттік. Әрине Аграға келген адамның арманы – жер бетіндегі жеті кереметтің бірі аталған – осы Тәж-Мәһалды көру болмақ. Біз де соның біріміз. Тәж-Мәһал... Мен біраз жерге сілтейтін шығармыз десем... машина ұзақ жүрген жоқ. Аздан кейін-ақ жан-жағы биік, әсем қызыл тас қабырғамен қоршалған көк алаңға кірді. Көлемі ширек шаршы километрге жуық алаңның көк шөбін әсем тықыр лап, қырқып алған. Жас ағаштардың арасында әр жерде түп жағына үш адамның құшағы жетпес кәрі ағаштар тұр. Ал айнала қоршалған қызыл қабырға дегеніңіздің өзі–мұсылман архитектурасының стилімен ойылған, қапталған құжыралар. Аулаға кірген беттен оңға қарасаң – жаңағы қызыл тас әсем қабырғаның қақ ортасында, мешіт тәрізді күмбездеген сұлу бір сарай көресіз. Осының өзі ескіден қалған архитектураның тамаша бір ескерткіші тәрізді. Таңырқай қарап қалыппыз. Бұл не ғажап деп сұрасаң– бұл... Біз іздеп келе жатқан Тәж-Мәһалдың оңтүстіктегі бірінші қақпасы екен.
Тахауи Ахтанов Енді солға қарасақ – жаңағы әсем қызыл сарайды айнадан көргендей болдық. Анықтаңқырап көз салсаң бұл одан әлдеқайда сұлу және аумағы да ірі жатыр. Неше түрлі өрнек оюмен айшықталып, құран сөзімен көмкерілген кең қақпасы бар. Жоғары жағы күмбезделіп келген осы ересен биік те кең қақпаны екі қабатқа бөліп, әсем балкон созылған. Балконның тереңінде сұлу ойылған үш терезе болса, балконның астында – соған тамаша ұйқасып үлкен үш есік тұр. Оның ортаңғысы ашық та, қалған екеуі – бітеу, жарастық үшін жасалған. Бұл негізгі маңдай – портал. Енді оның өзінен сәл төмендеу екі қанаты бар. Онда да әлгі үлкен қақпаға симметрия жасап, соның кішілеу қайталамасы есебінде бірінің үстінде бірі – екі-екіден төрт әшекей терезе орналасқан. Ал екі қанаттың шеті – осы құрылыстың төрт бұрышы–жуан колонна сияқты жұмырланып көтерілген. Сол төрт бұрыштағы төрт колоннаның үстінде – беседканың шатыры сияқты жіңішке бағандармен көтеріп қойған–төбесі үшкір төрт ақ күмбез тұр. Ал, бұл төртеуінен биігірек ортадағы үлкен қақпаның үстінде жұмыртқадай он бір ақ күмбез тізілген. Бұлардың да жоғарғы жағы найзаның ұшындай әсем сүйірленіп көкке қадалған. Екі жағын жіптіктей сидам үшкір мұнарашықтар көмкерген.
Үндістан хикаясы Біз ақ мәрмәрмен айшықтап оюлаған, көздің жауын алған әсем қызыл сарайға қарай бердік. Бізбен бірге келген үнді жігіт Шанкар Шарма да осы кезде сайрай жөнелді. – Мына құрылыстың төбесіндегі он бір күмбезді көріп тұрсыздар ма? Ал, мұның арғы бетінің көрінісі дәл осы бергі бетіндей. Арғы бетінде де мынадай тізілген он бір күмбез бар. Сонымен бұл құрылыстың төбесінде жиырма екі күмбез қатар түзеген. Тәж-Мәһал жиырма екі жылда салынып біткен екен. Бұл соның белгісі, – деді Шарма. Бұл Тәж-Мәһалдың оңтүстік кірер жақтағы екінші қақпасы екен. Тәж-Мәһал... Мен сенің айналаңды көріп таңырқап тұрмын. Айналаң ғажап екен. Ал, өзің қандайсың? Бірақ мен сенің өзіңді білем. Баяғыда көргенмін. Сан көргенмін. Суреттен, бояулы суреттен... кинодан. Талай кітаптың ішінде, дүние мүліктің сыртындағы этикеткада жүрсің. Әй... сенің суретіңді көрмеген адам аз-ақ шығар. Ал сені қоршаған айналаң суретке жөнді түсе қоймайтын. Ол жөнінде шу да жоқ. Шынымды айтқанда мұндай ғажайып қоршауыңның барын білмеуші едім.
Тахауи Ахтанов Мінекей, Шарма бастап келеді. Қазір Тәж-Мәһалдың өзі көз алдыма келеді. Мен кідіріп қалдым. Туфлиімнің бауы шешіліп кетті. Жоқ, шешіле қойған жоқ... Босаңдау сияқты, қайта байлау керек. Жолдастарым маған қарайлайды. Мен кідіре тұрғым келеді. Іркіле тұрғым келеді. Таңырқай алмай қалам ба деп жүрексінем. Өйткені сенің түрің таныс қой. Күмбездің төрт бұрышындағы төрт мұнараң, ою, өрнек әшекейің... Сенің өзіңнен бұрын көпшілікке көлеңкең жетті. Сенің сұлулығың сан открытканың бетінде жауыр болды. Сен беті жылтыр, іші салқын, қолдан қолға тимей кеткен сұлу келіншек сияқтысың... О, ғафу ет. Шарма бастап келеді. Түсіндіріп келеді. – Бері жүріңіздер. Мынау қақпаның қақ ортасынан өтетін сызық. Мінекей осы арадан тура қарасаңыз – бергі қақпа мен Тәж-Мәһалдың қақпасы қабысып бір қақпа боп көрінеді. Осыдан тіке жүре берсеңіз Тәж-Мәһал бергі қақпаның ішінде рамкада тұрғандай боп түгел көрінеді. Мен жүре бердім. Тәж-Мәһал... Ертеңгі мөлдір көк аспанның реңкінде күн нұрына шомылған аққудай шаңқан бейне қалықтап көтеріле берді. Танып қалдым – Тәж-Мәһал. Өзі. Менің суреттен, кинодан көргеніме ұқсайды. Бірақ сөйтсе де мына сабазыңның көркі бөлек жатыр.
Үндістан хикаясы Бұл адам қолынан шыққан мүсін бейне емес, шебер табиғаттың өзі құя салған мінсіз сұлулық. Алыстан таңырқап ұзақ қарадық. Ортадан шыққан жалғыз бір күмбез бен төрт бұрышындағы төрт мұнарадан өзге, алып-жұлып бара жатқан айшығы жоқ осы құрылысқа қараған сайын көзің тоймайды. Әшекей, әлемішсіз сұлулықтың терең сырына бойлай бересің. Әлде – осы бір сұлулықтың сиқыры қазақтың теңкиген ақбоз үйін еске салатын, алтын айшығы көкке қадалған ақ күмбезінде ме екен? Өзі күмбездің де күмбезі болады екен-ау. Мына күмбездің геометриялық формасының өзі ғажап. Жоғарғы жағы әсем сүйірленіп келіп, шаңырақтың дөңгелек ағашына ұқсас қырналып бөлектенген. Осы жартышар күмбездің төменгі жағы қыздың беліндей жіңішкере түсіп, алтындаған сұлу өрнекті кемер белбеу буынған. Белбеудің астындағы ақ мәрмәрды қырнап ойып, төменгі жағын бедерлі қара сызықпен бөліп тастаған. Тәж-Мәһалдың бүкіл ықшам, жұмыр тұлғасы осы күмбезді көтеруге жаратылғандай– қазақ әнінің шырқап көтерілер алдындағы қоңыр толқыннан ширатылып, шымырланып келе жатқан ырғағы сияқты. Үлкен күмбездің бауырына балапандай тығылған кішкене төрт күмбез, зи-
Тахауи Ахтанов раттан бөлек тұрған төрт бұрыштағы төрт ақ мұнара... Былай қарасаң осында айтарлықтай еш нәрсе жоқ. Бәрі шығыс архитектурасына белгілі элементтер. Қайта осында әшекей-айшыққа кәдімгідей сараңдық жасаған. Сонда осыншама жарастық пен сұлулықтың сыры қайда? Мұнаралар, күмбездер, жоғарғы жағы күмбезделіп келетін үйреншікті қақпа, соған ұйқас ойылған лоджия терезелер, ою, өрнек, азғана гүл бедері. Архитектураның әбден жаттанды жауыр болған детальдары. Осындай азғана дүниеден мынадай керемет жасау... Жоқ, бұл анау-мынау шебердің қолынан келер іс емес, бұл нағыз сиқыршының, ұлы сиқыршы, ұлы суреткердің ісі. Тәж-Мәһалдың сиқыры көп, тереңдеп танысқан сайын таңдайыңды қақтырып, тамсандыра береді. – Тәж-Мәһал үлкен құрылыс, – дейді Шарма. – Өз заманында мұндай алып құрылыс болмаған. Мұның етегінен күмбезіне дейінгі биіктігі жетпіс тоғыз метр. Яғни қазіргі жиырма бес қабат үйден биігірек. Мәссаған... Мынау жұмыртқадай аппақ сарай соншама зор болғаны ма? Мына сұлулық мыңдаған тонна тас болғаны ма? Жоқ, жоқ. Мен оған сене алмаймын. Сон-
Үндістан хикаясы ша үлкен, сонша ауыр дүние мынадай сұлу бола алмайды. Сұлулық сипаты – жеңілдік пен ұшқырлық емес пе. Әнекей бүкіл дене бітімі бауырынан жараған бедеудей әсем де сидам, аққудың мамығынан соққан ақ сарай аспанға қалқып кетейін деп тұр. Біз қарап тұрған қақпадан Тәж-Мәһалға дейінгі үш жүз метрдей аралық тізілген фонтан. Ал мавзолейдің ар жағы Джәмна өзені. Тәж-Мәһал іші-сырты тұтас тап-таза шымқай ақ мәрмәрдан соғылған. Арудың ақ бетіндей ақ мәрмәр да күннің көзін ұната бермейді екен. Шілденің қайнаған аңызағында фонтан мен Джәмна Тәж-Мәһалдың аптығын басып, екі жағынан екі бетіне дымқыл лебін есіп тұрады. Фонтанды жағалап келеміз. Неше түрлі қызылды-жасылды сариге оранған, әшекейлі сырға тағып, білезік киген, жүрісі сылаң үнді әйелдері, ақ киінген сыпайы, байсалды қимылды еркектері көз тартады. Осы көрініс Тәж-Мәһалдың көркіне жарасып, өзіңді осы сұлулықтың бастау бұлағына, сонау романтикалық алысқа алып кеткендей болады. Бірақ жерге сүйреп түсіріп, бүгінгі күнге тұмсығыңды тірейтін көрініс және елес береді. Батыс елдерінде хиппи аталатын сақал-шашын, тырнағын өсіріп, алау-далау боп жүретін жастар бар. Әнекей
Тахауи Ахтанов шаштары жауырынына түскен екі жирен сары сақалды хиппи Тәж-Мәһал фонтанының суын шалпылдатып, лас аяқтарымен кешіп барады. Осы мұсылман зиратына тауап қылуға келген, арып-ашқан кемпір-шалдар да көзге түсе бастады. Ыстық жақ емес пе, кілең жартылай жалаңаш, күнге күйіп кеткен ысқаяқ қара сирақтар. Фонтанның екі ернеуін биіктетіп, кеңдігі екі метр гранитпен көмкерген де, оған жалғас екі қапталына аса бір сұлу газон орнатқан. Газонға әдеттегідей тұтас аласа бұта отырғызбай, арасын алшақ тізіп, биіктігі қол созымнан артық, арша тұқымдас жасыл ағаш еккен. Газонның көк мақпалдай шөбін гранит тастан қиып өрнек салып, әшекейлеп қойған. Оған қапталдаса тағы да гранит төсеген екі кең жол жатыр. Ол Тәж-Мәһалдың өзіне апарады. Жол ернеуіне түрікпен бөркіндей дөңгелек бұйра бұталар өсірген. Қалған жер сонау екі жақтағы әсем қызыл қабырғаға жеткенше бау-бақша. Бұтақ жапырағы алты қанат үйдей дөңгеленген саялы ағаштар, шоқтай қызыл гүлдер мен жасыл кілемдей тықыр өскен көк шөп. Жұмсақ жібек шөп. Жұрт аунап-қунап жатыр. Ондайға мыңқ етпейді. Тапталмайды.
Үндістан хикаясы Әрине бұл сәл кейінірек байқағаным. Осы келе жатқанда Тәж-Мәһалдан өзге жаққа бұрылуға тағатым болмады. Біз жақындаған сайын ақ сарай биіктеп келеді. Жаңа ғана ықшам, қыздың баласындай көрінген үй зәулім болып ұлғайып барады. Ақ мәрмәрмен көмкеріп тастаған фундаментінің өзі екі қабат үйдің биіктігіндей. Әр сатысына қадамымыз әзер жететін биік басқышпен өрлеп жоғары шықтық. Мавзолейге кірер есіктің алдында тұрмыз. Енді шығыс қақпасы мен батыс қақпасы көз алдымызда. Әрқайсысы көп күмбезді мешіт сияқты көз тартады. Бірақ мені алдымен таңқалдырған мәрмәр. Бұрын мұншама мол мәрмәрді көрмек түгіл, бір жерде болады деп ойлаған жоқ едім. Мавзолейдің іші-сырты түгел мәрмәр екені былай тұрсын, оның айнала төңірегі, биік фундаменті мен кең жайылған парапеті де тап-таза мәрмәр. Соншама үлкен, алып құрылыстың алыс-жақыннан бірдей жепжеңіл көрінуі осы асыл тастың айрықша ажарының сиқыры болса керек. Аққудай аппақ тастың ортасында тұрғанда көңілің де аппақ болып көкке талпынады екен. Тәж-Мәһалдың кірер есігінің маңдайшасы мен екі қапталына шығыс салтымен Құран сөздері жазылған. Араб әріптері әше-
Тахауи Ахтанов кейлі оюға бергісіз сұлу өрнек боп түскен. Сонау биік маңдайшадағы әріппен етектегі, дәл қасыңдағы әріптің көлемі бірдей боп көрінеді. Сол кездегі суретшілер перспективаның заңын жақсы білгенге ұқсайды. Шырқау биік маңдайшаның үстінде әсем өрнек сияқты қызылды-жасылды гүл суреттері тұр. Мұндай жарастықты сурет іште де бар. Бірақ ол шебер, нәзік сурет бояумен жасалмаған, сан алуан түрлі тас тан ойып қиыстырылған. Ең бір асқан шеберлікті айтқанда қазақ «ағаштан түйін түйеді» деуші еді. Ескі сарайларда ағаштан ойып арқанша ширатылған бағандарды, небір әдемі суреттерді көргенім бар. Бірақ солардың бәрі сұлулығы жағынан Тәж-Мәһалдағы тастан түйілген түйінге жетпейді екен. Мавзолейдің ішкі екі босағасындағы екі мәрмәр баған ақ жібектен ширатып өріп қойған сияқты. Таңырқағаннан қайта-қайта сипай беріппін, бірақ жібек емес тас екен. Мұмтаз бен Шахжаһанның құлпытастарын сегіз қырлы кереге-тор қоршап тұр. Осы аппақ керегені шыбық емес бір-біріне жалғасқан сұлу гүлдер ұстап тұр. Бұл торларды тұтас мәрмәрдан ойған. Әуелде осы орынды алтын тормен қоршапты. Бірақ Шахжаһанның бас уәзірі «Алтынға көз алартушы көп
Үндістан хикаясы болады. Заманнан заманда зиратты тонап кетуі мүмкін. Арзан да болса айнымас мәрмәрдан қоршау жасатайық», – деп патшасына кеңес беріпті. Бас уәзірдің басы бар ма деп қалдым. Мына мәрмәр торда осы мәрмәрдың салмағына тең алтынға бергісіз өнер тұр. Өлмес өнер сөйлеп тұр. Мавзолейдің іші зәулім биік күмбез. Құлпытастың қасында тұрған үнді жігіт азан әуенімен айқайлап жіберіп еді, даусы алты қайтара жаңғырып, ұзақ күмбірлеп тұрды. Үлкен күмбездің астында екі кұлпытас жатса, мавзолейдің төрт бұрышында намаз оқитын күмбезді үлкен төрт зал бар. Осы залдарды аралап жүргенде бір жерде қабырғаның сыздықтап жарылғанын көрдік. «Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ болмас» дегендей, үш жүз елу жылдан бері мұрты шағылмай, бір бояуы өзгермей тұрған осы ғаламатты жасаған адам да бір жерден жаңсақ басыпты. Мәрмәр қабырғаның іші қыш кірпіш қой. Сол кірпіштерді темірмен байлаған екен. Бұл ара аса ыстық жақ. Ал ыстықта темірдің ұлғая тынын бұдан үш жарым ғасыр бұрын жасаған құрылысшы біле алмапты. Тәж-Мәһал талғам, стиль жағынан да, симметрия жарастық жағынан да тал бойында мін жоқ дүние. Оның төрт қақпасы
Тахауи Ахтанов мен үлкен алаңы да осы сұлулық заңына бағынған. Мұмтаз құлпытасының дәл басынан тұрып қарасаң тізілген фонтан, бірінші қақпаның есігі одан екінші қақпаның есігі тіп-тіке тұтас көрінеді. Осында сондай жарастықты симметрия ны бұзып тұрған бір-ақ нәрсе бар. Ол Мұмтаздың күйеуі, осы сарайды салдырушы Шахжаһанның өз құлпытасы – яғни қабірі. Мұмтаздың текше сандықтай үсті әсем жоталанып келген оюлы құлпытасы – күмбезді залдың, сегіз қырлы кереге-тордың қақ ортасында болса, жерді тарылтып, оның жол жақ іргесіне әзер сыйып Шахжаһанның үлкен құлпытасы орын теуіпті. Соншама құдіретті патша тар жерге неге тығылды екен? Оның тарихы мынау: Мұмтаз дүние салғаннан кейін Шахжаһан отыз жылдан астам өмір сүрген. Ол Тәж-Мәһалды 22 жылда бітірген де, өзіне Джәмнаның қарсы бетінен қара мәрмәрдан Тәж-Мәһал салмақ болған. Сосын екі мавзолейдің арасын көпірмен жалғамақ болған. Мұнда символ бар – өзен екі ғашықты бөлетін тағдыр талқысы да, көпір екі жүректі жалғайтын махаббат. (Шахжаһан Бабұр бабасына ұқсап өлең жазбаса да жаны ақын адам сияқты. Тәж-Мәһалдың
Үндістан хикаясы архитекторы Ахмед Лахори болғанмен, өзі көп ақыл қосқан көрінеді). Өзеннің арғы бетінде сол салынбаған құрылыстың фундаменті көрініп тұр. Екінші қара Тәж-Мәһалдың салынбауына себеп болған оқиға бар. Патшаның баласы Әуреңзәб үш ағасын өлтіріп, қартайған әкесін түрмеге қамап, патшалықты тартып алыпты. Шахжаһанның екі қызы бар екен. Оның бірі ағасын жақтаса, екіншісі өле-өлгенше сарай түрмесінде отырған әкесін күтіпті. Әуреңзәб әкесі өлгеннен кейін оны шешесінің қасына жерлей салыпты. Шахжаһанның тар жерге келіп тығылу себебі осыдан көрінеді. Жоғарыда айттық Тәж-Мәһал Үндістандағы қасиетті екі өзеннің бірі Джәмнаның жағасына салынған. Бұл маңайда Джәмна ирек-ирек. Шахжаһан соның бір шақырымға жуық түзу жағалауын таңдап алыпты. Мавзолейдің ақ мәрмәр парапетінің өзен жағы биік үйдің балконы сияқты биік қабырғамен бітеді. Арғы бетте бастала түсіп қалып қойған алып құрылыстың табаны көрінеді. Иә... Қара мәрмәр Тәж-Мәһал сол арада болуға тиіс екен. Мен қиялыммен арғы беттен дәл осындай сұлу, мөп-мөлдір шымқай қара Тәж-Мәһалды көз алдыма елестетпек болдым. Екі ортада ақ көпір...
Тахауи Ахтанов Бірақ оған қиял күші жетпеді. Көз алдымдағы тек жерден үш-төрт метр көтерілген, аралары үзіліп-үзіліп қалған, сырты мәрмәрмен қапталмаған тас табан ғана... Ғажайып дастанның екінші бөлімінің қиқалап жазып, ұнатыңқырамай сызып тасталған бастапқы жолдары... * Ескі қамал. Тәж-Мәһалдан өзенді бойлай жоғарыға көз жіберсең төрт-бес шақырымдай жерде Джәмнаның биік жарқабағында қазақтың ескі теңеуімен айтқанда айналасы ат шаптырым қызыл қамал тұр. Оның көрінісі әсіресе осы арадан сұлу. Ол кәдімгі Москва Кремлінің қабырғасын еске салады. Бірақ өзеннің биік жарқабағында тұрғандықтан – одан әлдеқайда биік, айбынды көрінеді. Біз айналып отырып ескі қамалға келдік. Жасы төрт ғасырдан асып кетті демесең – бұл қамалдың қабырғасының мұрты шағылмаған, күні кеше ғана қызыл тастан қиып қаланғандай, жайнап тұр. Ескі деп айтудың орайы жоқ тәрізді. Қамалдың айбынды мығым қақпасынан кіріп, қазіргі заманның көлігіне тар жіңішке тас жолмен жоғары өрледік. Орағытыңқырап келіп – кілем түгіндей тықыр шөп
Үндістан хикаясы өскен, жолына қызыл қиыршақ тас төккен алаңға кірдік. Алаңның төрт жағы қызыл қабырға. Осы арада машинадан түсіп сарайға беттедік. Бұл сарайдың сырт мүсіні белгілі патша сарайларынан өзгеше. Мұнда сәнді фасад, архитектуралық мүсінмен сомдалған сыртқы көрініс жоқ. Алаңнан бөліп тұрған қызыл қабырғаның есігінен кірген соң-ақ сарайдың залдары басталады. Тәж-Мәһалға, Акбар зиратына соншама сұлу сырт пішін берген патшалар, тіршіліктегі мекендерін тек тұрмыс қажетіне ғана ыңғайлап, көз сүйсіндірер сыртқы сұлулығына мән бермегені ме? Иә, бұлар фәниден гөрі бақиды көбірек ойлаған адамдарға ұқсайды. Шарма бізді кірер ауыздағы қызыл залда көбірек ұстады. Залдың күмбезді есігін, төбенің кемерін күнбағыс суретімен әшекейлепті. Төбесіндегі әшекейі мен тастан ойған бедерлерінен мұсылманнан гөрі үнді стиліне жақындығы көрінеді. – Акбар үнді дініне кеңшілік жасаған. Осы сарайды салдырғанда – бірыңғай мұсылман стиліне бұрып кетпей, үнді архитектурасы мен үнді ою өнерінің үлгілерін көбірек енгізген, – деп түсіндірді Шарма. – Акбардың бір әйелі үнді қызы болған. Осы қызыл зал соның мекені.
Тахауи Ахтанов Бұл сарайдың залдары тіпті көп. Астыңғы қабатты біраз аралап, үстіне көтерілдік. Сарай таза қызыл тастан қиып салынған. Төбесі де, едені де тас. Жай халықтың ғана емес, патшалардың да баспанасын жергілікті жердің ауа райы, яғни климат жағдайы билейді екен. Асты-үсті, қабырғасы тас мекен салқын болады. Бұл сарай желең, ашық жатыр. Мұнда біз білетін мағынадағы есік жоқ. Кең залдың, не бөлмелердің бір қабырғасы ашық. Ол алаңға үлкен балконға жалғасады. Тұрғын мекеннен гөрі музей үшін салған үйге көбірек ұқсайды. Шынында да тұрғын үйде кісі жеңіл-желпі жүргенде оңашалық, өзге көзден тасалық керек қой. Ескі қамалдың сырты емес, патша сарайының іші тозған. Мұнда әсем орнамент, алуан түрлі гүл бедері өшіңкіреп қалған. Қабырғалардағы, маңдайшалардағы тастан ойылған нақыш-бедерлер де қажалайын деген. Кісінің бойын жылытпайтын, адыра қалған ескі мекен. Азынаған ескі залдың біріне кіргенде төбенің ернеуінде қызыл шоқтай әсем бояу жарқ ете қалды. Мынау ажары кетіп тұрған, бояуы оңып, сұрқы солып, өшіп баратқан дүниенің ортасында түнгі оттай жарқырап тұр. Индияны билеген вице-ко-
Үндістан хикаясы роль Лорд Керзон тәртіп беріп, осы бір метрдей жердің ғана бояуын қайта тірілткен екен. Ал енді қиялыңыз жетсе – мынау алтыны аралас, жанып тұрған бояуды осы залдың төбесі мен қабырғасына түгел жүгіртіп көріңізші. Одан әрі манадан бері біз аралаған бөлме, залдардың, интерьерлер мен балкон, лоджиялардың су шайып кеткен жазудай өшіп қалған өрнек, суреттерін, өң-бедерлерін қайта тірілтіп, анадай жандырып бір жіберіңізші. Осыған енді мәрмәр мен сәндел ағаштан, піл сүйегінен ойып, алтынмен апталған мебельдер кіргізіп, алтын зерлі шымылдықтар, үндінің ұлпа жібегінен перделер тартып, үлде мен бүлдеге орап бір тастаңызшы. Сонда үш ғасырдай үндіні билеген Бабұр ұрпақтары бақиды ғана ойлап қоймаған, осы азғана күндік фәнидің өзінде де жаман тұрмаған ба деп қаласыз. Мұндай әсер сарайды тереңірек аралаған сайын ұлғая түседі. Біріншіден, екінші қабатқа көтеріліп біз аралағалы сағаттай боп қалды. Таусылар емес. Кілең қызыл тастың ішінде келеміз. Кенет қызыл тас пышақ кескендей тыйылып, алдымыз аппақ боп кетті. Сарайдың ендігі жартысы шымқай ақ мәрмәрдан салыныпты.
Тахауи Ахтанов Қызыл сарайды салдырған Акбар да, оны ақпен жалғаған баласы – Жиһангер екен. Әкесі мен баласының талғамы екі түрлі болса керек, бірі қызылды, бірі ақ түсті жақсы көрген. Ақ сарай қызыл сарайдан да сәнді екен. Мұнда екінші қабаттағы залдар бірыңғай тұтас, жалғас емес, кейде аралары бөлініп, бөлек үй боп кетеді. Олардың орталары – екінші қабаттың үсті – кәдімгідей алаң боп келеді. Сондай бір аралықта ақ мәрмәрдан салған құйттай ғана екі сарай тұр. Заманында патшаның екі қызының мекен-жайы бопты. Зәулім залдардың қасында ойыншық сияқты осы екі үйдің кәдімгідей есік-терезелері бар. Ал өзге зал, бөлмелерде терезе көрген жоқпыз, ашық қабырға немесе төбеден сыздықтап сәуле түсіретін саңылау. Бізді әжептәуір сұқтандырған айналы бөлме болды. Бұл патшаның тыныс бөлмесі екен. Жадағай ашық емес, қара күңгірт ауыз бөлме арқылы кіреді. Бұл бөлменің өзі де күңгірт – сәуле төбеден сыздықтап түседі. Қабырға түгел айна. Айна болғанда әйнек емес, күміске жарқырауық металл жалатқан. Және әйнектей жазық емес, қыр-қырымен келген бұжыр. Бұл сәулені сындырып, бір шырақтың сәулесін мың жерден жылтыратып ғажайып көріністер
Үндістан хикаясы береді екен. Патшаның оңашаға алдыр ған сұлуының мүсінін де мың құбылтып, нұрымен арбататын болыпты. Бөлменің ортасында қабырғадан ыстық-суық су келіп тұратын бассейн бар. Осы бөлмеге кірер есіктің қабырғасы барабан. Қабырғаға орнатылған екі ақ мәрмәр саусағыңмен ұрсаң екі түрлі үн шығарады. Қазір ескінің қалдығы – ескерткішке айналған бұл сарайдың байлығында кемдік болмаған. Ұлы моғолдар империясы құлағанда көтеріліс жасаған халық осы сарайдың бірнеше залының ортасына от жағып, төбесі мен қабырғаларын аптаған алтындарын ерітіп алыпты. Біз жоғарыға шықтық. Сарай төбесі үлкен алаң. Сол алаңда төбесін күмбездеп, қабырғасын ақ мәрмәрдан шілтерлеп жасаған әсем үйшіктер мен отау үйдей дөңгелек беседкалар бар. Осы биіктен төңіректің көрінісі жанарыңды суарады. Дәл аяғыңның астында, сонау шыңырау төменде бергі шеті жарқабаққа жасырынып қасиетті Джәмна жатыр. Иретіліп барып алыстағы көк торғынға сіңіп кетеді. Өзеннің арғы бетіндегі ойпаң – алыстап барып, ақырын бас көтеріп ар жағы сұйқылтым көкшіл мұнарға маңиды. Одан оңға таман ойыссаң – Джәмнаның биік қабағында қанатын
Тахауи Ахтанов қомданып, дүр сілкініп барып бой түзеген аққудай Тәж-Мәһал. Әшекейлі үйшіктің бір колоннасына бармақтай ғана айна жапсыр ған. Сәл шегініп тұрып соған үңіле қарасаң... Тағы да Тәж-Мәһал. Бармақтай айнаға сонша жерден суреті түсіп тұр. Сарайға жалғас, қамал ішінде, көп мұнаралы үлкен ақ мешіт тұр. Онда патшаның өзінен бастап, бүкіл төңірегі құдайға құлшылық еткен. Ақсақ Темір әулеті – жауынгер шалдың өзі мен немересі Ұлықбектен өзгесі – мұсылманшылыққа берік болғанға ұқсайды. Біздің жолбасшымыз Шанкар Шарма тойған қозыдай тоқ бітімді, сабырлы жігіт. Көп сөйлеп, алдыңа түсіп ебелектеп мазаны алатын адамның түрі емес. Әйтсе де байқаймын, осы маңда бар ескерткіштердің бүге-шүгесін қалдырғысы келмейді. Онысы қызмет бабындағы бізге деген мезіреті ғана емес, өз елінің өнеріне деген мақтанышы, патриоттық сезімі тәрізді. Осы ғажайып ескерткішті салдырушылар діні бөлек, арғы тегі бөлек, келімсек, түркі тұқымдас патшалар болғанмен – осы ескерткіштерден үнді рухына, өнеріне жақындық іздеп, со жағын басып айтады. Әрине бұларды салған қол да үндінікі. Енді бізді асқа түсіріп үлкен ашық залға
Үндістан хикаясы әкелді. Ол қырық-елудей қырлы мәрмәр колонналармен көтерген қалқа. Биікте сарайдың әшекейлі балконында патша, төменде оның дәл алдында бас уәзір отырған. Ал, әр колоннаның түбінде патшаға бағынышты маһараджалар мен низамдар, сұлтандар отырады екен. Осылайша мәслихаттар өткізген заман болған. – Мінекей, мынау патша тағының орны. Осы араға келіңіздерші, – дейді Шарма. Ал, келдік. – Енді қараңыздар, осы арадан барша колонналар түгел көрінеді. Бірін-бірі тасаламайды. Бұл сондай есеппен салынған. Патша шақырғанда бағыныштыларының жүзін түгел көріп отыратын болған. Бас уәзірдің орнынан да дәл солай көрінеді. Біз қадағалап-ақ қарап шықтық. Шынында да быжынаған бағандардың бірі тасада қалған жоқ. «Ой, рас-ай», – деп мәз боп жатырмыз. Біз бүгін сұлулық пен жаңалықты тым көбірек сіміріп жібердік. Әй, бәрі баттасып, қойыртпақталып кетпей бойымызға сіңіре алсақ жарар еді. Қыза бастаған күннің ыстығын емес, соны ауырлап келеміз. Аласа жайылған шаһар шетіне қайта кірдік. Жаяулар, велосипедшілер, машиналар. Кенет жүрегім зырқ ете қалды. Рик-
Тахауи Ахтанов ша... бар екен-ау әлі. Велосипедтің арты қос доңғалақ – кішкене қалқанды күйме. Онда салмақ бесті аттың белін қайыстырар, қуандық мұрт қара торы жігіт шынтақтап темекі тартып отыр. Шақырайған күннен басын қара шүберекпен орап алған ақсақалды арық шал өрге қарай мықшыңдап соны әзер сүйреп келеді. Қара терге түскен. Бүкіл тарамыс денесімен шіреніп велосипедтің педалін әзер айналдырады. Жуан пассажирі желке жағынан ұзын сигареттің түтінін будақтатып келеді. * Біз түскен мейманхана жалғыз қабат. Шағын ғана. Ортада кеңсесі мен рестораны, киоскілер, сәл алға қарай иілген екі ұзын қанаты – қонақжай бөлмелер. Коридор жоқ. Ұзыннан ұзақ созылған верандадан кіресіз. Өзіне лайықты шағын рестораны бар. Асты содан ішеміз. Алдымен көз тартатын сондағы официанттар. Үстерінде қынама бел ұзын ақ камзол. Белдерін түрме белбеумен қынап буған. Бастарында сәлде. Біразының ширатып тастаған мұрты бар. Жалаңаяқ. Мысықша басқан қадамдарының дыбысы білінбейді. Ізетті де сыпайы. Бұл нағып соншама ұлттық ресторан бола қалған десек, қожасы ағылшын екен. Ол көбіне ресторанның залында болады. Орта
Үндістан хикаясы бойлыдан ірілеу, ашаң денелі, көзінің алды қатпарланған, ұзын бет сары кісі. Көбіне үнсіз бақылайды да, тек оқта-текте официанттарға күңк етіп бір нәрсе айтып қояды. Бірақ аяғының ұшымен басқан епті официанттар қамшы салдырар емес. Түскі астан шығарда Исаак кішкене сөйлесіп қалып еді. Жай-жапсарын біліп келіпті. Ол өзі осында туып-өскен адам екен. Қазір қартайған, жалғыз басты. Англиядан екі нағашы қарындасы келіп жатыр екен. Олардың келгені де өзіне кәдімгідей жұбаныш бопты. Ендігі мақсаты ресторанын сатып, атамекеніне барып, қалған өмірін сонда өткізбек. Жазған құлда шаршау бар ма. Азғана тыныс алып, бесінге қарай тағы жолға шықтық. Ендігі көрмегіміз Акбар зираты. Бұл жолы манағы ескі қамалға қарама-қарсы басқа жаққа қарай келеміз. Агра үлкен қала емес тәрізді. Әйтеуір біздің жолымызда пәлендей үлкен құрылыс кездесе қойған жоқ. Тығыз орналасқан бірер қабат шағын үйлер. Үй алдындағы қалқаларда ұста дүкені, ұсақ-түйек бұйым, миуа, жеміс сататын быжынаған лавкалар, дәл сол арада көше бойында дөңгелек темір пешке қазан қайнатып, тамақ та сатып жатыр–ресторан. Көшенің өзі ескі шығыстың құжынаған базары.
Тахауи Ахтанов Шаһардың шетіне шығып, тура жолға түсер алдында оң қанатта салып жатқан шағындау үйге көзіміз түсті. Таңданатын түгі жоқ, екінші қабатын қалап жатыр. Бірақ біртүрлі әсер етіп, бізді елең еткізгені – маңында кәдімгі көз үйренген техника жоқ. Төменнен жоғары қарай тізілген қырық-елу адам кірпішті қолдан қолға жүгіртіп беріп жатыр. Анау Тәж-Мәһал, ескі қамал дәл осындай «техникамен» салынған. Содан бері... Бұ жолғы сапарымыз да ұзақ болмады. Он екі шақырымға қалт еткенше келіп те қалдық. Ал, кәнекей, әкеле бер. Көруге біз дайын. Бірақ... Кім біледі, мөлшерінен асып кетсе сұлулықтың да кісіні күпті қылатын кезі бар шығар. Әйтсе де құдай оңдап біздің көркемдікке деген қомағайлығымыз басылмай келеді. Акбар зираты да таңырқатпай қоймады. Бұл алып құрылыс – аумағы талай-талай гектар жерді алып жатыр. Төрт жағында әрқайсысының ұзындығы жарты километр төрт қабырға. Қызыл тастан соғылған, беріктігі мен биіктігі қамалға бергісіз. Сол төрт қабырғада төрт қақпа. Әр қақпасы қайталанбас архитектуралық ескерткіш.
Үндістан хикаясы Әсіресе негізгі үлкен қақпасы – шығыс архитектура өнерінің ғажап үлгісі. Сырт тұлғасы, силуэті өзге жерде болмаған, қайталанбас пішін. Мұнда да сол көтеріңкі биік портал, порталдың үстінде жеңіл көтерілген төрт шатыр күмбез. Күмбездер дөңгелек емес төрт бұрышты. Порталдың екі жағында соның әуенін қайталайтын сәл төмендеу екі қанат. Сол маңдайды түгелге жуық алып тұрған негізгі үлкен қақпасы – жоғарғы жағы сүйір күмбезделіп, екі қабырғасы тік түскен «А» әрпі сияқты. Бұл сыртқы сызық жарты метрдей ойып, қабырғаға батып тұр, енді соның ішінен осы «А» әрпін сондай түрде кішірейтіңкіреп қайталап, ортасынан қалың белбеу тартсаңыз, соның үстіңгі күмбездісі екі жағы ашық әсем балкон болады да, астыңғы төрт бұрыштысы Акбар зиратына өтетін есік болады. Архитектуралық пропорциясы дұрыс, тұлғасы шымыр болғандықтан шығар, осы үлкен құрылыс ықшам, жинақы көрінеді. Ал анау әсем қызыл тастың бетіне түскен өрнек... Бұл алып қақпаның бетін – фарсы ма, түрікпен бе, қайсынікі болса да кілемге теңеу – кемсіту сияқты. Жоқ, ең жақсы, асыл кілемге мына қызыл тастың бетіне ақ мәрмәрмен салған ғажайып өрнекті көшіріп ала алса... нарт қызыл тасқа түскен шымқай ақ ою қанша тығыз, қою болғанмен көзіңді талдырмай-
Тахауи Ахтанов ды, басыңды ауыртпайды. Кезектесіп келіп, әсем ырғағымен қайталанып отыратын ал уан түрлі ою-өрнегі – нәзік, күміс сазды музыкадай сыңғырлайды. Ал, осы бір ерке назды, сиқырлы әуенге еліге бастағаныңыз да – кенет шыңғыра шығып, шығандап көтерілген Біржан даусы құлағыңызға сақ ете қалса қайтер едіңіз? Жеңіл ақ шілтермен өңін жұмсартқан қызыл сарайдың төрт бұрышынан аспанға шырқай жөнелген төрт аппақ мұнара... От пен судай екі түс. Ақ пен қызыл. Пышақпен кесіп алғандай бөлек тұр. Және мұнаралардың биіктігі керемет, алып сарайды аласартып, көк аспанға қарай кетіп барады. Әрқайсысының сыпайы оранған үш-үштен белдеу-балконы бар. Ал, ұшар бастарында саусақтың ұшымен көтергендей жіңішке колонналар шатыр күмбездерін күнге тосып тұр. Музыка сияқты бояу мен мүсіннің де ырғағы, даму заңы, бояу мен форма үндестігі болушы еді. Мына тұрған тентек ақ мұнаралар сол заңды оқыс бұзып, ойда жоқта ырғақтан жаңылтып, шамаң келсе шоқ пен мұзды қабат қауып көр деп тұрған сияқты. Мамандардың не дейтінін қайдам, бірақ әйтеуір мына көрініс тамаша, әрі-беріден соң ойда жоқ оқыстығымен, сенің барлы-жоқты эстетикаңның шырқын бұзған сотқарлығымен-ақ ғажап.
Үндістан хикаясы Осы қақпадан өтіп Акбардың зиратына көз саласыз. Кең алаңның ортасында тұрған осы ескерткіштің екі қанаты ұзыннан-ұзаққа созылған да, үсті қатпарланып, бірнеше қабат боп жоғары өрлеген. Құжынаған күмбездер, қабаттасқан архитектуралық детальдар. Ақ пен қызыл. Тағы да асты қызыл, жоғары жағы ақ. Бірақ бұ жолғы әсер басқа. Бәрі қабаттасып, сығылыса шоғырланып, бір-біріне мінгесіп, баттасып жатқан дүние. Асықпай байыздап қарағанда барып бұл құрылыстың мәнін аңғарып, симметриясын тапқандай болдық. Қызыл тастан салған осы бір мавзолейдің астыңғы қабатының биіктігі – осы күнгі төрт қабат үйдей және ұзыннан-ұзаққа созылған. Ортада әдеттегі, күмбез қақпалы биік портал ақ мәрмәрмен оюланған, порталдың үстінде үнді стиліндегі күмбез шатыр. Пілдің арқасына қондыратын шатырдан аумайды. Одан арғы төрт қабаты біріншідей биік емес, пирамида сияқты барған сайын шегініп, кішірейіп көтеріледі. Төмен қарай тереңдеген үңгір сияқты жолмен Акбардың қабірінің басына бардық. Қабірі тұрған залдың төбесі аса биік күмбез. Жоғарыдан сызаттап сәуле түседі. Шарма бізге түсіндіріп жатыр.
Тахауи Ахтанов – Мұсылман дінінің символы – ай. Индуизм дінінің символы – күн. Түс кезінде мына саңылаудан күн түседі. Акбар мұсылман болғанмен индуизмге жақын болған адам. Үнді халқының дініне көп кеңшілік жасаған. Ал, осы зираттың өзінде үндінің стилі басым. О да үнді өнерін қастерлей білгендігін көрсетеді. Шарма Акбарды өзіне қарай ие береді. Онысына біз дауласпаймыз. Шынында жаңағы үлкен қақпа-сарай біздің Орта Азия архитектурасына қаншалық жақын болса, зираттың өзі үнді стиліне соншалық бетін бұрған. Мұнда мұсылман архитектурасының нәзіктігі, әшекейге сараң ұтқырлығы мен сидам, шымыр сызықты ұшқырлығы жоқ. Бірақ бұл зират тағы үнді стиліне жатпайды. Қысқасы, бір-бірінен алшақ екі стильдің арасы қабыспай қалған тәрізді. Шымқай қызыл тастан соққан осы зор зираттың төртінші қабаты мен құжынаған көп мұнаралары ақ мәрмәр. Осы жолы алшақ екі стиль сияқты ақ пен қызылдың да арасы ажырайып тұр. Мына зираттағы ақ тас пен қызыл тас тың тарихы да манағы ескі қамалдағы ақ сарай мен қызыл сарайдың тарихына жалғасады. Бұл зиратты Акбар көзінің тірісінде
Үндістан хикаясы салдырған, бірақ бітіре алмай кеткен. Акбар қызыл тасты жақсы көрген адам. Ал, Акбар қайтыс болғасын оның баласы Жиһангер өз талғамына тартып, қалған жоғарғы жағын ақ таспен бітірген. Акбар бастапқы жобасында стильді араластырса, енді баласы келіп бояуды араластырған. Менің жаман білгіштігім бойынша мемориал деген нәрсенің бас-аяғы жинақы, тұлғасы тұтас, сымбат-мүсіні бірден көз тартатын өзіне ғана тән бейнесі болуға тиіс. Ал мынаның етек-жеңі далиып кеткен, қаптаған терезе, мұнаралары сапырылысып, формасын божыратыңқырап жіберген. Маған салса Акбар зиратының бейнесі деп, анау ақ мұнаралары ышқына көтерілген ғажайып қызыл қақпа-сарайды айтар едім. Әрине мен сынағаннан төрт ғасыр бойы мыңқ етпей тұрған Акбар зиратының мұрты шағылмайтын болар. Қалай десек те бұл да өзінше қайталанбас, тамаша ескерткіш. Мінекей көп өрлеп бірінші қабатқа көтерілдік. Жатқан кең алаң. Айнала қыдырып, жан-жаққа көз салып серуендеп жүрміз. Одан үшінші, төртінші қабатқа көтерілдік. Әр қабат сатылап шегініп, аумағы кішірейе береді. Айнала қыдыратын алаң да тарылады. Бесінші қабат тұтас ақ мәрмәрдан ойған шілтерлі тормен қоршалған. Осы төрт
Тахауи Ахтанов бұрышты күмбезді, төбесі ашық залдың қақ ортасында – үлкен текше сандықтай оюлы құлпытас жатыр. Бұл жаңағы төменде біз көрген Акбар қабірінің үстіне тұп-тура келеді екен. Сол қабірдің үстін, ұшқан құс болмаса жоғары шыққан адам аяғы басып өтпеу үшін қойылыпты. Бесінші қабаттың торы төңіректі қалқалай берген соң, қайтадан төртінші қабатқа түсіп, айналаға көз салып тұрмын. Енді төрт қақпа түгел көрінді. Әрқайсысы бір ескерткіш. Тек теріскей қақпасы мүжіліп қапты. Одан өзге төрт ғасырдан бері мұрты шағылған еш нәрсені көре алмадым. Күн кештетіп келеді. Бұл – март айында үнділіктерге қоңыр салқын көрінгенмен, біз үшін жап-жақсы-ақ шыжғырған ыстықтың пәті қайтқан, тәуір мезгіл. Жер көкпеңбек мақпалдай. Төрт жақтан көмкерген қызыл қабырғаның іші – зираттың айналасы бау-бақша. – Мұсылман зиратының төрт жағы бірдей бау-бақша болуы шарт. Акбар зираты да солай салынған, – дейді Шарма. «Біз де мұсылманбыз» деп жүрген қазақтардың зираттары түседі есіме. «Төрт жағы бірдей бау-бақша болуы шарт...» Қазақты қоя тұрып, Самарқандағы атақты Шахи-Зинданы есіме аламын. Оны бұған
Үндістан хикаясы тіпті де тоқайластыра алмаймын. Оның төрт жағы емес-ау, бір жағынан да бау-бақша көре алмап едім. Тіпті оны қойғанда, аты әлемге әйгілі – Гөрәмірдің өзінің төңірегі жалаңаш емес пе? Ол – осы Акбар Шахжаһандардың арғы бабасы – кәдімгі дүние ні дүр сілкіндірген Ақсақ Темірдің зираты емес пе. Айтпақшы ұлы ғалым, астроном Ұлықбек те сонда жатыр-ау. Мына кейінгі ұрпақтарының батырлығы Ақсақ Темірге жете алды ма, жоқ па, ол арасын айта алмаймын, бірақ дәулеті мен сән-салтанаты асып кеткені көрініп-ақ тұр. Зират үстінде адам аз. Бізден өзге ешкім жоқ десе де болады. Сапарластарым фотоаппараттарын көздеріне тосып, төңіректегі тамаша көріністі түсіріп жатыр. Мен оңашалана бастаған айналаға үнсіз қарап тұрмын. Зираттың төрт жағы түгел бақша. Әр жерден нарттай қызыл гүлдер жарқырайды. Беттерін қара түк басқан, ұзын құйрық маймылдар асыр салып ойнап жүр. Ағаштан ағашқа секіреді. Ағаш бастарында мүлгіп гриф аталатын жауыр мойын күшігендер отыр. Төңірек торғай шырылына толы. – Мынау нағыз жұмақ қой, – деп қалыппын. – Мұның аты да солай, «Жұмақ бағы» деп аталады, – деді Шанкар Шарма.
Тахауи Ахтанов Күн батуға жақындап қалды. Сонда да төңірек көгілдір мұнартып тұр. Кешкі ауаның реңі мұндай емес, ашық болушы еді. Бұл көгілдір – сонау көз жеткісіз жазықты түгел жапқан бақтың бусанған лебі ме екен. Әр жерден сирек қана үйлер көрінеді. Алыстағы үш-төрт труба болмаса табиғаттың шырқын бұзар еш нәрсе жоқ. Сонау армандай тәтті, алыс көгілдірлікке астасып жатқан бақ. Шілтерлі перде сияқты жер бетін селдір жапқан сыпайы бақ. Міне ғажап... Көк жібектей керілген аспан аясында, мұнартқан көкжиектен бозарып, қылаң беріп тұрған Тәж-Мәһалдың бедерін таныдым. «Әнекей, анаң қара!» деп, қол шошайтып, тамсанып, шұрқырасуға зауқым болмады. Балалық қиялшыл шағым қайтып оралғандай, кеудеме құйылған нұрды шайқағым келмеді. Маужыраған тыныштық. Кешкі көгілдір тыныштық. «Жұмақ бағы» кештеткен сайын әсем қарауытып, қоюланып келеді. Өшіп болмаған күн жарығынан ұялғандай нұрсыз жылтырап қала жақтан қуқыл оттар көрінді. Қайтар уақыт болып қапты. Көз алдымда манағы Аградағы елес жалт етті. Велосипедтің руліне кеудесін тірей мықшыңдаған ақсақалды шал – рикша. Онсыз да күнге күйген қара жүзі тотығып
Үндістан хикаясы көмірдей боп кеткен. Артқы күймесінде теңкиген жуан, қырбық мұртты қара торы жігіт. Сигареттің түтіні будақтайды... От ойнағы. «Ван рупий» Қасиетті өзен жағасында. Жәннатқа баратын жандар Үнді дінінің Меккесі саналатын Бенарес шаһары – суы шипа, қасиетті. Гәңгі өзенінің бойында. Кердері Әубәкірмен айтысқан татар молдасы: «Қазанда қырық мың мешіт бар», – деп бөскен екен. Бенаресте мың жарым храм бар. Бұлары белгілі, елеулілері, ал ұсақ-түйегін қосқанда сол татар молдасы сілтеген шамаға барып та қалуы ғажап емес. Кешегі – ақын патша Захреддин Бабұр әулеті салдырған мұсылман шығысының стиліндегі ескерткіштерге толы Аградан кейін – Бенаресте нағыз таза Үнді топырағына келгендей боласыз. Агра мен Бенарес арасы жалғаспаған екі дүние. Әрине екеуі де шығыс. Бірақ... Тар көше, қайнаған базар, қызылды-жасылды киінген тобыр, есек пен түйе көрсе «О, шығыс» деп тамсанады европалықтар. Әрине бұлар шығыс көрінісі. Бенаресте де осы айтылғандардың көбі бар. (Тек есек пен түйе көзімізге түспеді.) Бірақ бұл өзгеден
Тахауи Ахтанов бөлек шығыс – бұл Үндістан. Менің өзім де шығыспын, шығыстан шығысты ажырата аламын. Европа бір-біріне ұқсас, ал шығыс та бір-біріне ұқсамайтын талай елдер, талай дүниелер бар. Кешеден бері қаймағы бұзылмаған Үндістанның қалың ортасында малтығып жүрміз. Төңірегің толған дүниенің бірден мән-мағынасын ұғып, түрін түстеп бойыңа сіңіру де қиын. Тығыз салынған тар қала, үскірік боран, аязың тұрсын, күзгі қара суыққа да бейқам ашық-тесік жадағай қала. Аттаған сайын үнді дәстүріндегі қалақбас – жалпақ күмбезді, төрт қырлы немесе жұмыр, қарлығаштың ұясындай сырты бұжыр мақ сүйір күмбезді храмдар. Жоғарғы жағы қытай, бирма құрылыстарына ұқсап әшекейленіп, ширатылып үшкір бітетіндері және бар. Бұлар бір белгілі тәртіппен салынбаған. Үлкенді-кішілі, ескілі-жаңалы, неше түрлі стильдегі, тіпті ешқандай стильде жоқ үйлері сапырылысқан қаланың кез келген бұрышынан шыға келеді. Тар көшелерде қаптаған велорикша, қайнаған халық. Ақ көйлек, ақ дамбал киген еркектер мен неше түрлі түсті сариге оранған, жеңіл орамалдарын желбегей жамылған әйел дер. Осылардың арасында, жауырынында жалғыз өркеші шошайған, ыңыршағы айналған арық сиырлар жүр сенделіп.
Үндістан хикаясы Біз бұ қалаға кеше түске таман келгенбіз. Сол Аградағы мейманханадан аумайтын, сырты дуалмен қоршалған жалғыз қабат кішкентай мейманханаға түстік. Бірақ өзінің аты дардай – Париж. Түс қайта осындағы жазушы, журналистермен кездесуге бардық. Мұнда – Делидегі біз барған Бүкілиндиялық академияның бір тармағы– үнді тіліндегі әдебиеттің академиясы бар екен. Журналистер мен жазушылардың басын қосып, бізді шақырған солар. Аз уақыт кітапханасымен таныстырып, шығарған кітаптарын көрсеткеннен кейін үлкен ұзын залға алып келді. Мұнда есіктен төрге дейін созылған ұзын столдың екі жағына қырық-елу адам отырған. Бізді бастап келген Академияның секретары орта жастағы қара торы, шымыр денелі кісі. Жиналған қауыммен таныстырып, өздерінің істеп жатқан істері жайлы, әжептеуір уақыт ұтып, айтып берді. – Бұлардың негізгі тірлігі, негізгі міндеті үнді тілін, үнді әдебиетін дамыту. Осы салада істеп жатқан істері көп-ақ. Әсіресе, біздің есімізде қалғаны – үнді энциклопедиясының он алты томын шығарып үлгіріпті. Одан кейінгі кезек маған тиді. Осы жиналған жазушылар мен журналистердің алдында Совет жазушылар делегациясының басшысы есебінде ресми сөйлеуге мәжбүр
Тахауи Ахтанов боп қалдым. «Басқа түссе баспақшыл» осылай боларын ескеріп, мына қайнаған ыстықта үстіме пиджак киіп, мойныма қылғындырып галстук тағып, сіресіп келгенмін. Төбедегі зырылдаған желдеткіш болмағанда халім мүшкіл екен. Менің бір ұнатпайтын нәрсем цифр болатын. Әсіресе баяндама ішіндегі цифрлар миыма кірмейтін. Бірақ мұным қате екен. Москвадан аттанарда біздегі Индия жайлы істеліп жатқан істердің біраз мағлұматын қалтама сала шыққанмын. Әрине екі ел арасындағы достық жайын, өзіңнің еліңнің Индияға деген ықыласын айтып тіліңді қанша безегенмен, «мың сіз-бізден, бір шыж-быж» деген емес пе, тілге тиек, сөзіңе мәйек болар нәрсе керек екен. Мен бізде аударылған үнді халықтары әдебиетінің көптеген классиктері мен белгілі жазушыларының атын атадым. Тагордың жүз жылдығы қарсаңында оның көп томды шығармалар жинағын шығарғанымызды айтып өттім. Сөз соңына сақтаған қомақты бір цифрым бар еді – соны көлденең тастай салғанда – жиналған жұрт гу ете қалды. Соңғы он бес-жиырма жылда орыс тіліне үнді жазушыларының 702 кітабы аударылып, басылып шықты. – Жұртты гуілдеткен осы цифр. Шынында да осал дүние емес.
Үндістан хикаясы Осы цифр бүгінгі газеттердің басына шыға келіпті. «Үнді жазушыларының 702 кітабы орыс тілінде» деп атапты бізбен кездесу есебін жергілікті газет. «Совет жазушылар делегациясының жетекшісі үнді ұлтының атасы Маһатма Гандидің туғанына жүз жыл толған мерекесін совет халықтарының зор құрметпен атап өткенін айта келіп, үнді халықтары да Совет елінің ұлы көсемі В. И. Лениннің жүз жылдық мерекесін соған лайықты құрметпен атап өтер деген сенім білдірді», – деп аяқтапты бұл мақаланы. Кездесу тез тарады. Өйткені журналис тер тағы бір пресс-конференцияға асығып отыр екен. Бізге сұрақтар беріп, біраз сілкілеуге уақыттары қалмады. Бірақ оның есесіне бүгінгі берген газеттегі есептері біздің көңілімізден шықты. Біз түскен «Париж» мейманханасы қаланың шетінде. Мынадай тығыз қалада мұнысы абырой болды. Қора-жайы кең, тыныс алатын жері бар. Бірақ «тыныс алуға тәуір» деп шетте шалқайып жатып алуға шамаң жоқ, сонша жерден келгеннен кейін көрмек керек. Бесін ауа Гәнгінің жағасына бардық. Кешке қарай мұндағы жұртты біреу үйлерінен көшеге айдап шыға ма, әйте-
Тахауи Ахтанов уір көше атаулы халыққа лық толады. Сол көптің арасынан сыналап жол тауып, шұбатылған велорикшалар өтіп жатады. Аграда ондай емес еді, мына Бенаресте велорикша дегеннен көз тұнады. Бұрын екі аяқ арбаға жегіліп алып, жортақтап адам таситын жаяу рикша болған ғой. Енді төбесінде қалқаны бар екі кісілік екі аяқ арба велосипедтің артына көшкен. Бұл жаяуға қарағанда аз да болса прогресс шығар, бірақ маған осы тіпті жаман әсер етті. Коляскада екі адам, кейде үш адам отырады, қол-ая ғы шидей қатып қалған қара қайыс рикша сорлы мықшыңдап, соларды әзер сүйреп бара жатады. Әсіресе ыстықта жаман, күн өтпесін дей ме екен, бастарына шүберек орап алады, қара терге шомылып ышқына қимылдайды. Мен тіпті осы көрініске үйрене алмай-ақ қойдым. Ауыр жұмысты, керек болса азапты жұмысты кім-кімде істейді ғой. Бірақ мына адамның адамды жеккені жаман екен. Осы қалада мен байқаған көше тәртібі– ең алдымен көшенің қақ ортасын жаяулар жайлап алады, екінші кезек велорикшанікі, солардың шет жағынан сызаттап жол тауып құнжыңдап өтіп жатады. Ал содан кейін көшеде бос қуыс қалса – машинаның жүруіне рұқсат. Құдай оңдап бұл қалада автомашина тіпті аз екен.
Үндістан хикаясы Біздің келе жатқан бағытымыз Гәңгі өзенінің жағалауы. Бірақ біз сол жағалауға жете алмай тоқтадық. Әрі қарай сығылысқан топтың ішімен жаяу кеттік. Оңтүстік жақ емес пе, қараңғылық тез түсті. Қара мақпал аспан реңкінде ап-анық жұлдыздар жарқырайды. Біз сол сығылысқан топтың ішімен келеміз. Көшенің екі жақ бетінде, тротуарлардың ернеуінде қаздай тізіліп, малдастарын құрып отырып алған сатушылар. Алдарына кенеп қапшыққа, шыптаға сататын дүние-мүліктерін жайып қойған. Олардың желке жағында кішкене лавкалар. Солардың арасында жатқан немесе елмен бірге теңселіп жүрген өркешті сиырлар. – Гәңгі жақын ба? – Екі-үш квартал қалды. Енді көшенің шетіне таман жайғасып отырып, кенеп қапшығын төсеніп шынтақтап жатқан еркектер, дөңгелек темір пешке ас пісіріп жатқан әйелдер, олардың етегіне оратылған балалары көзге түсе бастады. Қазақтың жаңа қонып жатқан көшпелі аулы сияқты, ығы-жығы. Я бір, жорықтан, сапардан келе жатқан топ, осы арада қоналқаға тоқтап, асын әзірлеп, жатар орнын қамдап жатыр ма деп те ойлап қаласың.
Тахауи Ахтанов Сеңдей сығылысқан халықтың ортасынан қайыршы балалар түрі бөлек біздерді танып ала қойды. Жан-жақтан қол созып қайыр сұрайды. Алдыңды орап жүргізбейді. Осылардың арасында тоғыз-он жасар шамасындағы бір қыз жүр. Лас, кірлі шашын қысқа қырыққан, кірпінің түгіндей үрпиіп тұр, жалаңаш денесін жолбарыс терісіндей жолақтан ақтаңдақ бір нәрсемен бояп алыпты. Беті мен маңдайы да сондай жолақ, тек көз төңірегін қызылға бояған. Жас бала емес, адам үркітетін сұмырай сияқты. Мұның қайыр сұрау машығы өзге балалардан бөлек. Қолында кәдімгі шыбын ұратын сапалағы бар, сонымен ақырын ғана кісіні түртіп, назарын аударып алады да, үнсіз сұқ саусағымен аузын нұсқайды. Осылардың арасында қайыр сұрамай, кәсіп істеп жүрген алты-жеті жасар қара бала бар. Ол қалың топқа жып беріп сүңгіп кетіп, жылт етіп қайта шығып, алдыңды орайды. Мойнына асқан дорбасында қамыстан қиған оншақты сырнайы бар. Қолындағы сырнайын аузына апарып бір тәтті әуеннің бастапқы екі-үш ырғағын сызылтып ойнап жібереді де – «ван рупий, ван рупий, ван рупий» деп дауыстады. («Бір рупий»). Сәбидің нәзік даусы талмаурап, аянышты шығады. Өзімнің де осындай балам болғанға ма, осы сәбидің даусы маған тіпті
Үндістан хикаясы қиын әсер етті. Сатушы баланы қуантайын деп сыбызғысының біреуін сатып алсам да көңілім орнына түспеді. Енді көзімнен таса болса да, біраз жерге дейін гуілдеген көше шуылының арасынан әлгі баланың құлағыма жатталып үлгірген, екі-үш ырғақ сыбыз ғы сазы мен «ван рупий, ван рупий» деп талмаусырап шыққан жіңішке даусын естіп бара жаттым. Біз келе жатқан бір шама кең көше тура қасиетті Гәңгіге тіреледі екен. Жағалау биік қабақ, осы көшенің шеті кең гранит басқышқа ұласады. Өзенге жақындаған сайын халықтың сипаты да өзгерейін деді. Енді сауда-саттық тыйылып, қайыршылар жағы көбейді. Кәрі кемпірлер, қабырғасы ырсиған шалдар қол жаяды. Бұл маңдағы жұрт көшенің екі жағында, суға түсетін кең сатының басқыштарында оны-пұнысын төсеп, жайғасып жатып алған. Әрлі-берлі сапырылысқан адамдарды елемей, тәтті ұйқыға кеткендері де аз емес. Басқышпен төмен қарай түсе бергенде – екі аяқ, бір қолы жоқ, арқасы бүкір, бір көзі соқыр, түрінен адам шошығандай бір қайыршы отыр. Денесінің жұлынудан аман қалған бөлшектері безгек тигендей қалшылдап, өтіп жатқандарға қалтыраған жалғыз қолын созады. Өзі біртүрлі жаман дауыспен ыңырсиды келіп.
Тахауи Ахтанов Гәңгінің арғы беті қараңғы. Қала өзеннің бергі бетінде. Біз осы жиекте – су бетіне сәулесі түскен қаланың оттарына, қарауытқан арғы бетке, жұлдыздары жамыраған қара-көк биік аспанға қарап, біраз тұрдық. Бұл арада бізді ешкім мазалаған жоқ. Мен түнгі аспанды тінткілеп, біздегіден гөрі төменірек тұрған темір қазықты тауып алдым. Біздің ел со жақта. Біз әжептәуір алыстамыз. Жиекте қашанғы тұрамыз. Ізімше қайтып оралдық. Тағы да сол құжынаған халықтың ортасымен сығылысып келеміз. Жолбасшымыздан, бір-бірімізден көз жазып қаламыз ба деп қорқамыз... Кейде шынтағыңмен қалың көптің ортасында тұрған сиырды да сүйкеп өтесің. Тағы да құлағыма сыбызғының әуені естілді. Соған жалғаса– «ван рупий, ван рупий» деп талмаусырап шыққан сәби даусы... Жолбасшымыз бір бүйірге бұрып әкетті. Онысы бізге түнгі базарды көрсетпек болғаны екен. Тап-тар иретілген ұзын көше. Көшенің тарлығы сонша – оның ішіне кіргенде терең шыңыраудың түбіне түсіп кеткендей сезінесің өзіңді. Бірақ бұл қараңғы шыңырау емес, жан-жағың жайнаған сәуле, жарқ-жұрқ етіп мың құбылған бояу. Я, неше түрлі жарқыраған бояудан көзің ұялады.
Үндістан хикаясы Солдаттың окобындай тап-тар көшенің екі беті иін тірескен дүкен. Көбісі үйлердің қабырғасына жабысып, маңдайына сәл ғана шатыр көтеріп, аядай жерге бар мүкамалын жарқыратып жайып салған. Ал, кейбір үлкендеу дүкендер үйдің қабырғасына үңгіп кіріп, витриналарын кеңірек орналастырған. Осылардың үлкен-кішісі бірдей саудаға салған бұйымдарын айқынырақ көрсету үшін электр жарығын аямаған. Екі жағымыздан бірдей жалтылдап көздің жауын алған дүкендерге жалтақтап, тар көшеге тереңдеп кіре бердік. Дүкендердің шеті көрінбейді. Біз әрқайсысының алдында іркіліп қаламыз. Мұндағы сатылатын бұйымдардың тізімін жасап шығу ешбір товароведтің қолынан келмес. Әйнектен, қоладан, күмістен, жезден жасаған әйел білезіктері, сан түрлі тастан, моншақтан, піл сүйегенінен тізген алқалар, алтын түстес сары жезге қызылдан, көктен, жасылдан неше түрлі өрнек түсірген поднос, құман, кесе, шөміш, рюмке сияқты ыдыстар, сәндел ағаштан, мәрмәрдан, піл сүйегінен ойған хайуанттар мүсіні, храмдар макеті, сары жезден құйған Будда, Шива сияқты толып жатқан құдайлар мүсіні, қызғылт, жасыл, сарғыш, шымқай қара, көк түске боялған маталар және де басқа толып жатқан ірілі-ұсақты,
Тахауи Ахтанов аты бар, заты жоқ, бірақ бәрінің де бояуы ақырып тұрған керекті-керексіз бұйымдар. Моншақ тізіп, алтын, күміс түстес зермен шалып кесте төккен әйел сумкалары, төбетейлер, шашақ салып, зер төккен неше түрлі жібек орамалдар. Арзан болсын, қымбат болсын әйтеуір осында жарқырамайтын, көздің жауын алмайтын нәрсе жоқ. Күн қақтаған қара етіне жағасыз ақ көйлек киіп, малдасын құрып, қолымен ғана ишарат етіп, бұйымын ұсынып отырған ұяң жүзді сатушылар, қызыл-жасыл сарилерін аш беліне қынай орап, тоқ бөксесі мен жұмыр кеудесін айқындай түскен, қара көздері от шашқан қыз-келіншектер, белдемшеден басқа лыпасы жоқ, күнге күйген қара қайыс балалар да сол мың бір түннен келген сияқты. Тіпті «Мың бір түнге» арабтікі деп дау айтсаңыз – әйтеуір сол ескі шығыс ертегісінің бірінен, не де болса әріден келген. Бергі жақтағы көшенің бетінде жалтырағандардың бәрі дерлік арзан қол дүниелер. Осылардың ортасында кең есік болады да, ол үңгіп ішке кіріп кетеді. Кірсең– шағындау дүкен. Былай қарағаныңда–қол өнерінің, асыл бұйымдардың көрмесі сияқты; және алақандай жерді бос қалдырмай – бар дүниесін жарқыратып түгел
Үндістан хикаясы көрсеткен. Айнала қабырға тұтас витрина, ол аз болғандай ортада, бұрыш-бұрышта әйнектелген жәшік витриналар. Бірақ дүкен іші аяқ алып жүргісіз тар емес. Керек десеңіз, сіз асықпай жайғасып отырып көретін креслолар да бар. Нені көрем, қанша көрем десеңіз де еркіңіз. Лыпып тұрған сыпайы дүкеншілер сіздің көзіңіз түспеген бұйымның өзін алдыңызға тосады. Сізге қанша көрсетуден жалықпайды және бір ғажабы сонша отырып еш нәрсе сатып алмасаңыз да қабақ шытпайды, рақметін айтып, жылы шыраймен шығарып салады. Ал, қалтасы түскіріңіз болса мұндай дүкеннен өзіңіз де құрқол шыға алмас едіңіз-ау! Осындай бір дүкеннің шығар аузындағы сатушы менің назарымды аударды. Оның ана үлкен дүкенге қатысы жоқ, жеке болу керек. Сол дүкенге кіретін өңеш-есіктің бір қапталын алып, анадан гөрі арзанқолдау дүниелерін жайып салған. Бірақ мұныкі де жерде жатқан нәрсе емес. Піл сүйегі, сәндел ағаштан ойған мүсіндер, әшекейлі қола, жез ыдыстар, матадан жасаған оюлы, өрнекті бұйымдар. Қысқасы орта қол дүниенің сатушысы. Бірақ өзінің түрі өзгелерден бөлек. Қытай әлпеттес сопақ бет, жұқа, қоңырқайлау құба жүзі тотығып қарауытпаған. Сұйқылтым қара шашын құн-
Тахауи Ахтанов дыздай жылтыратып, шекесіне жапсырып тарап қойған, ұш жағы түріңкі қалың ернінің үстінде сызықтай тартылған қуандық мұрты бар. Қарны қампайып шықпағанмен денесі тырсиып, жұмырланып алған. Күзде семіртіп, қар жауғанда түгі жылтырап шыға келген бестідей. Малдасын құрып жайғасып отыр. Бұғағы томпиған, сақалдың ізі білінбейтін майда бетінде – алаңсыз тыныштық жайбарақат жан рақаты жазулы тұр. Ана жас баланың білегіндей жылтыр жүзін ашу мен ыза, қасірет пен уайым шалмаған. Үндінің қайнаған ыстығы, ашы-тоғы, бары мен жоғы аралас сапырылысқан өмірі бұдан аулақ, бұл осы өзінің мына алақандай ғана қоңыр салқын пейішінде тұнығы шайқалмаған, рақат оқшау өмір кешіп келе жатқан жан ба деп қаласың. Жарқыраған от пен бояу дәлізі иретіліп, осы мүйістен бітеді-ау дегенде ар жағынан тағы да жарқ етіп, бізді алысқа сүйреп баратыр еді, кенет лап етіп барлық шам сөніп, қара түнек басты да қалды. Бірақ шошыған, дүрліккен жұрт жоқ, тек қараңғыда бірбірін іздеген адамдардың дауыстары ғана естіледі. Бұл соғысқа қарсы жаттығу ойыны екен. Яғни – түнгі әуе шабуылынан сақтану.
Үндістан хикаясы Басшымыз бізді қараңғыда біраз жетелеп апарып, жіңішке, сықырлауық басқышпен екінші қабатқа көтеріліп, бір үйге кіргізді. Мұнда шам бар, тек терезелерін қараңғылап қойған. Бұл мата дүкені екен. Мата дегенде жай мата емес өрнек тоқыған алуан түрлі орамалдар мен сарилар және де сондай әшекейлі маталар. Біз осы арада тревоганың аяқталуын тосамыз. «Қонақтар қарап отырмасын, кім біледі көзі түссе көңлі қызығар» дегендей осындағы ибалы сатушылар бұйымдарын алдымызға жайып салды. Бүкіл Индия бойынша Бенарес сариі атаққа шыққан. Мұнда сол Бенарес сариінің небір төресі бар екен. Өзі, өрнек, кесте төгу шеберлерінің де шегі болмайды екен ғой. Жұп-жұқа мөлдір көк, жалын қызыл жібектерге төгілген зер кестелер... әр сызығы мен әр гүлінің сұлулығы мен нәзіктігі. Бір кезде тұтас зерден, жұқа зерден тоқыған Бенарес сариін алдымызға жайып салып еді... Сари дейтін әйелдің көйлек орнына беліне орайтын бес-алты метр мата ғой. Ал енді, сол алты метр сап-сары алтын көз алдыңда жарқ ете қалғанда... Самала шам жарығымен құлпырып, «жанып-сөніп», құбылып-төгіліп тұрған алтын өрнек... Жоқ, мұны қанша аузыңды ауыртқанмен айтып жеткізе алмайсың. Тек көру керек.
Тахауи Ахтанов Осы алтын өрнекте алтын саусақтың өнері бар. Бүгін ертеңгілік шағындау қайыққа мініп, Гәңгінің бойына серуенге шықтық. Өзенге дәл кешегі ізімізбен келдік. Бірақ кеше түндегі жарқылдаған от ойнағы өшкен, түнгі сиқыр тарап кеткен. Кәдімгі ескілеу шаһарларда болатын асфальт көше. Тек өзен бойында адам көп. Біреулер кірқоңын жуып, біреулер беті-қолын шайып, біраз адам су ішінде шомылып жүр. Жиекте балық тазартып, ыдыс-аяғын жуып жатқандар да баршылық. Жағасындағы қаланы барлық қоқысы мен кір-қоңынан тазартатын осы қасиетті өзен болу керек. Иығы пышақтай арық қара кісі кеудесінен судың ішінде тұр. Әлсін-әлсін суды қауып алып, екі ұртын солқылдатып аузын шаяды-ай келіп. Мына жуындыға толы судан жиренер емес. Біз қайықпен ақырын есіп, жоғары өрлеп келеміз. Тік жар қабақты кемерлеп, ұзыннан-ұзаққа созылған қалаға көз саламыз. Кешеден бергі біздің осы қаладан алғашқы алған әсеріміз – таршылық. Ыстық жақтың балкондары көп, ашық-тесік жадағай үйлерінің өзін сығып тастаған. Шешесінің етегіне тығылған баладай үлкен үйлердің іргесіне кішкентай үйлер жапсырылған немесе екі үйдің арасындағы сәл
Үндістан хикаясы ғана саңылауға екі қабат дүкен сыналап кіріп кеткен. Кей жерде ертеде салынған екі қабат үйлердің еңсесін басып, ту сыртынан бес-алты қабат биік үйлер ентелейді. Сеңдей сығылысқан халық пен велорикшалардың қалай жол тауып жүргеніне қайран қаласың. Бір алып күш осы қаланың халқы мен үйлерін сырт жағынан сығып әкеліп, аядай жерге қысып тастаған сияқты. Көп шаһарлардың өзен жағалауы бау-бақша, аллея болушы еді. Ең болмағанда жиекпен жол өтетін. Мұнда олай емес. Үйлер бірін-бірі кимелеп, кейінгілері ілгерісінің иығына артылып өзенге төніп тұр. Тағы да сол алып күш өзенге қарай итеріп әкелгенде – қала суға аяғын малып әзер тоқтаған сияқты. Енді бір лықсытса суға күмп беретін түрі бар. Жұрт серуендейтін алаңы бар бос жағалау жоқ болғанмен мұнда өзенге түсетін гранит тастан қиған сатылар көп. Біздің одессалықтар өздерінің теңізге түсетін жалғыз баспалдағын мақтаныш етуші еді ғой. Ал, мұнда содан артық болмаса бір де кем емес, талай-талай сатыбаспалдақтар толып жатыр. Өздерін және ғасырларға шыдайтын мығым, қанша адам топырласа да сыятын кең етіп жасаған. Жаңбыр маусымында тасыған кезде Гәңгінің суы кей жылдары бес-алты метрге дейін көтеріледі
Тахауи Ахтанов екен. Кей сатылардың су тасығанда басып қалған құмын енді ғана аршып жатыр. Бұл сатылар неге көп десеңіз – олардың анау-мынау шіркеуің мен мешітің құрлы қадірі болады екен. Баспалдақтардың суға келіп таянған жерінде – төрт бұрышты биік сәкілер бар. Үнді дінін тұтынған жұрт осы арада қасиетті өзенге тауап қылады. Жағалауда төбесі шошайған храмдар да көп. Солардың бірі кішілеу ғана әп-әдемі, тастан соққан храм өзенге өте таяу салыныпты да, астындағы су шайған жер опырылып төмен түсіп кетіпті. Тас храм іргесінен жоғары судың ішінде тұр. Осындай нәрселерден әдемі аңыз туғыза қоятын халықтың әдеті емес пе. Осы Бенареске қарасты Индора дейтін кішкене хандықтың Аһиллия-бай деген қаншайымы болыпты. Ол әйел әуелден құдайдың жолын қуған, әділетке табынған тақуа, әрі жомарт кісі екен. Байлығын да Құдайдың жолына жұмсап осы Бенаресте көп храмдар салдырыпты. Аһиллия-бай ханумның жалғыз ұлы бар екен. Ол бозбала кезінен-ақ Құдайға құлшылық дегенді жинап қойып өмірдің қызығын қуыпты. Әйел мен наша, өтірік пен қиянат дегендерді судай сапырыпты. Сол жігіт бір күні күнәсі есіне түсіп кетіп, үндінің көп құдайының біреуіне арнап храм салдырмақ болыпты.
Үндістан хикаясы – Шырағым, сен храм салдырма, – депті сонда шешесі. – Ақшам жетеді. Неге салдырмаймын? – деп таңырқапты баласы. – Балам, Құдайға храм салдыру үшін ақшаң қанша көп болса да жеткіліксіз, ол үшін алдымен тақуалық пен адалдық керек, – деген екен Аһиллия-бай ханум. Бірақ баласы анасының тілін алмай осы храмды салдырған. Күнәкардың салған дүниесін Құдай қабылдамай – мінекей сол храм суға опырылып түскен. Шебердің жіберген қатесінен халық әп-әдемі ғақлия-аңыз шығарып ала қойған. Бенарес нағыз индуизмнің орталығы болғанмен мұнда да мұсылманшылықтың ізі бар. Ол мұнаралы зәулім мешіт маңындағы үйлерден шоқтығы асып, теңкиіп алыстан көз тартады. Әуреңзәб салдырыпты. Енді біраз өрлегеннен кейін өзен жиегіндегі өзгеше бір алаңға көзіміз түсті. Бұл араға баржамен әкеліп көп ағаш түсірген. Бірнеше адам сол ағашты отынға кесіп жатыр. Одан әрегіректе біреулер сол отынды текшелеп қалап жатыр. Текше ағаштың биіктігі метрге жуықтағанда жұқа қызыл шүберекке ораған өлікті әкеліп соның үстіне қойды. Сүйектің үстінен тағы да үштөрт қатар ағаш қалады. Бір бала жігіт фа-
Тахауи Ахтанов кел әкеліп текше ағашты тұтатты. Ағаш өте құрғақ болу керек, тез арада-ақ лапылдап жүре берді. Үнді діні бойынша өлікті өртейтіні мәлім ғой. Біз соны көзімізбен көрдік. Мына жағада от қоюды күтіп тұрған тағы да үш-төрт текше ағаш бар. Біз өтіп кеткенше қызыл шүберекке ораған тағы екі сүйек әкелді. Өртегеннен кейін күлін өзенге тастайды. Қасиетті Гәңгінің бойында өртелген адамдар бақытты. Үнді діні бойынша – олар кейін қайтадан туып, мына болашағы неғайбыл тіршілікті тағы да басынан кешіріп әлек боп жатпай, тұп-тура жұмаққа баратын көрінеді. Бір кісілік отынның нарқы 50-60 рупий. Кешегі Неру, Шастри сияқты атақты адамдар, не асқан байлар дүние салғанда хош иісті, сүйегі асыл сәндел ағашын жағатын көрінеді. Оны, әрине, анау-мынау адамның қалтасы көтермейді. Қайтып келе жатып алтын храмға соқтық. Біз бүгін бір емес үш храм көрдік. Алтын храм қаланың ортасында, ескі үйлердің қыспағында екен. Басында ол қабырғасы биік, үлкен үй болыпты. Бірақ сол баяғы үш бірдей бірге туған бауырын өлтіріп, әкесін қамауға алып патша болатын қасиетсіз Әуреңзәб үндінің дініне де қат-
Үндістан хикаясы ты қысым жасаған. Ол осы үлкен храмды тартып алып мешітке айналдырыпты. (Соншама қылмыс жасап жүріп мұсылманшылдығының күштілігін қайтерсің?!) Содан кейін үнділіктер өздерінің ең бас храмын соның іргесіндегі кішкене үйге көшіріпті. Бұл храмның сүйірленіп бітетін, сопақша күмбезі – таза алтынмен қапталыпты. Осында жүз килограмм алтын бар көрінеді. Біз храмның ішіне кірген жоқпыз. Айналуға келмейтін жіңішке басқышпен храмның дәл қасындағы бір құрылыстың екінші қабатына көтеріліп, құстар саңғып тастаған, лас, аядай ғана алаңға шықтық. Бұл арадан храмның терезесіне қолың созсаң жететін, ішіне кірген адамдарды анық көріп тұрмыз. Осы тауап қылушылардың ішінде алыс тан келгендері де аз болмас. Байқаймын бұлар әншейін қаза болмасын деп парызын өтей салушылар емес, шын пейілмен құлшылық етушілер. Біз қағаберісте мінәжат қылушыларды қарсы алдынан көріп тұрмыз. Іштерінде түрлері өрт сөндіргендей қарауытып кеткен, жақтары суалып, көздері от шашқан фанатиктері көп. Мехрабының алдына келіп қолын кеудесі мен маңдайына тигізіп, құлдық ұрғанда – өндіршегі үзіліп кете жаздайды. Түс қайта үниверситетке бардық. Бе-
Тахауи Ахтанов наресте үш университет бар екен. Олар Бенарес университеті, Санскрит және гуманитарлық ғылымдарды оқытатын Кашивидиапит университеті. Осы арада айтып кететін нәрсе үш университеті, Әдебиет академиясы бар Бенарес штат орталығы емес, Уттар прадеш штатына қарасты аудан ғана. Бірақ Үнді масштабы өзгеше – осы ауданда екі жарым миллион халық тұрады екен. Бұл қала әкімшілік, экономикалық жағынан үлкен орталық болмағанмен үндінің діні мен мәдениетінің ескіден келе жатқан бесігі. Шағын шаһарда мәдени-ағарту орындардың көптігі де содан. Біздің барғанымыз Бенарес университеті. Бұл барысымыз сәтті болмады. Студенттер арасында толқу болғандықтан университетті уақытша жауып қойған кез екен. Университеттің он екі колледжі қаланың сыртында – үлкен жасыл ауданда етекжеңі кең орналасқан. Бақ ішінде оқшау-оқшау тұрған екі-үш қабат үйлер – оқу корпустары мен жатақханалар. Біз үндінің ескі мүсін үлгілері тұрған университет музейін аралап, жаңадан салынған, алыстан көрінетін зәулім храмына соқтық. Храмның төрт қырлы жалпақтау келген сопақ күмбезі жып-жылмағай. Әдетте үнді храмдарының ондай күмбезі етегінен
Үндістан хикаясы басына дейін сюжеттерді баяндайтын суреттерге толы болады. Мұның қабырғасында да жөнді ою-өрнек жоқ. Кәдімгі геометриялық формадан өзге әшекейі жоқ осы күнгі стиль-модерн. Мұны осы Бенарестің бір байы өз қаражатына салдырып берген екен. Қайтар жолымызда қаланың қалың ортасындағы тағы бір храмға соқтық. Бұл да жаңадан салынған. Еңсесі көтеріңкі, жаңаның аты жаңа емес пе, жайнап тұр. Іші-сырты мәрмәр. Бірақ Тәж-Мәһалдағыдай қайдан болсын, сырты шымқай ақ емес, тамырланған көкшіл жүйелермен тарғылданып тұр. Тұтас түсі – сұрғылт боп көрінеді. Осы әңгіменің басында Бенаресте мың жарым храм бар деп айтып кетіп едім. Менің ол айтқан цифрым бұрынырақтағы ақпардан алынған. Университеттегі храм мен мынау екеуі сол мың жарымның сыртындағы дүниелер. Храмға кіргенде сол жақ мүйісте үлкендігі орта бойлы кісідей бір құдайдың бейнесі бар. Кәдімгідей киіндіріп, қасы-қабағын, бетін бояп, нағыз тірі адамға ұқсатып отырғызып қойыпты. Осы күнгі балалардың қымбат қуыршағы сияқты, мойнын бұрып, басын изеп қояды.
Тахауи Ахтанов Храмның мәрмәрмен қаптаған төрт қабырғасы түгел жазу. Санскрит жазуы. Осыған «Рамаяна» атты үлкен діни дастанның өлеңі түгел сыйыпты. Храмның ішінде кезіп жүрген сақал-мұртына ұстара тимеген кішкентай қара шал назарымызға түсе берді. Маңдайын ақтаңғақ балшықпен бояп, ортасынан қызыл сызық тартқан. Ышқырына байлап алған, әндемін әзер жасыратын бір жапырақ шүберектен өзге үстінде тұлдыр жоқ. Қарына бір кенеп қапшық іліп алған, шамасы, қонар жердегі төсек орны болу керек. «Бар байлығым тұла бойымда» деп жүргеннің нағыз өзі. Храмның ішінде қисалаңдап жүр. Қолымен қабырғадағы жазудың астын сызып, ернін жыбырлатып оқиды. Дін болған жерде диуанасыз бола ма, үндінің бір диуанасы осы болар деп топшыладым. Біздің тағы бір тамаша танысымыз болды. Ол біз жатқан мейманхананың – метр де һотелі. Былай жалпақ тілге салып айтқанда – осындағы ресторан залының бастығы. Орта бойлыдан төмен сіреңке қара жігіт. Жағы сопақ келген қайрақ бет, ұзыншалау істік мұрын, аласа маңдай. Мұндайлар қазақ арасында жиі кездеседі. Менің дәл осыдан аумайтын бір нағашым бар. Тек мынау
Үндістан хикаясы одан сәл қаралау. Осындайлар, ар жағы тайыз болғанмен, іске шапшаң, пысық болады. Жүрісі де сергек – кеудесін еңкіштеу ұстап, екі иығын изеңдетіп, аяғын екпінді басады. Өзі европаша киінген. Шаңқай түс те де галстугі мен бешпентін тастамайды. Біз тамақ ішер кезде – өзінің бұрыштағы бөлек тұрған столына барып, қағаз қарап отырған болады. Қасымызға официант келгенде менюге үңіліп, қандай тағам таңдарымызды білмей қиқалай бастағанымызда изеңдей басып біздің столға жетіп келеді. Столды орағытып барып әсем қимылмен шекесінен қарап тұра қалады. – Салатыңыз қалай, жақсы ма? – Сэлет? О, йес, сэлет гуд! – Кари? О, йес, кари гуд! Үні ашық. Даусы шықырлап шығып, тура құлақ шекеңе қадалады. Оның айтуынша бәрі «гуд», ресторанда жаман тағам жоқ. Және ерекше бір сәнмен теңселе тұрып даусын созып айтады. Оның «О, йес гуд» деген қыршылдақ даусы екі күннен бері құлағымның түбіне қадалып қалған, кейде көшеде келе жатып та соны естігендей болам. Біз столға отырар отырмастан-ақ ол ұшып тұрып, бізге қарай емпеңдейді.
Тахауи Ахтанов – Осы жігіттің ықыласы тегін емес. Бізді қайтсын, көңілі сізде, Майя Анатольевна. Байғұстың жүрегіне өшпейтін от тастадыңыз,– деп Исаак екеуміз Ганинаны әзілдейтін болдық. Бүгін кешкі ас кезінде өзімен тілдесіп жөн сұрастық. – Калькуттаның университетін бітіріпті. Осында «метр де һотел» боп істегеніне жылдан асқан. Жұмысы жайлы. Болашағы бар. Бұл арадан жақсы мінездеме алып, үлкен ресторанға ауысуға үміткер. – Университеттің қай факультетін бітірдіңіз? – Көркем өнер колледжін. – Көркем өнер?! Біз басында кішкене ыңғайсызданып қалсақ та, өзімізге мамандығы жақын адам боп шыққасын, шұрқырасып сұрақ бере бастадық. – Тагорды әрине оқыдыңыз ғой. Оның шығармаларына қалай қарайсыз? – Тагор? О, йес, Тагор гуд! – Сіз Толстойды да білетін боларсыз? – Толстой? О, йес, Толстой гуд! Бетінде де, дауысында да түк өзгеріс жоқ. «Сэлет? О, йес, сэлет гуд!» «Кари? О, йес, кари гуд» деп тұрған қалпынан тіпті аумайды.
Үндістан хикаясы Маһараджа сарайында. Күзетудегі қыз. Ақымақтар күні
Бірінші апрель күнгі қалжың, қатар-құрбы, жора-жолдастарын алдау бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен-ау деймін. Осы бір салт Үндістанда да алдымыздан шықты. Мұнда тіпті бірінші апрельде ақымақтар күнін өткізеді екен. Кешке қарай біз сол қауымға шақырылдық. Ал, қазір ертеңгі астан кейін Бенарес Маһараджасының музейін көруге аттандық. Бізді бастап жүрген инспектордың фамилиясы өзінің Аградағы әріптесі Шармаға ұйқас – Варма. Аласа бойлы, дембелше, жас ортасындағы адам. Биік құс мұрын, қырынан қарағанда күшігенге ұқсайды. Мұның да кәдімгі қуандық мұрты бар. Осы жақта сондай мұрттар көп екен. Бұл Шармадай емес, сөзуарлау, ретін тауып кісіге еркінсігісі келеді. Кездеспей жатып: – Сіздің балаңыз нешеу? Менің бес балам бар, – деп хабарлап та қойды. Біз келе жатқанда: – Маһараджа үкіметтен 500 мың рупий пенсия алады. Өз имениесінен де жарты миллион табысы бар. Сөйтіп тұрып мен кедеймін деп зарлайды бұл Маһараджа, – деді Варма.
Тахауи Ахтанов Маһараджаның сарайы қаладан аулақ екен. Қаланың жоғарғы жағындағы ұзын, биік көпірден өтіп, қайтадан өзенді қуалап төмен қарай біраз жер жүрдік. Сарайға жеткенше назар аударғанымыз үлкен төрт бұрышты бассейн болды. Төрт қабырғасын таспен қаптаған, олар тек қабырға ғана емес, екінші жағынан суға сатылап түсетін басқыш. Бұ жақта, әсіресе храмдардың маңында осындай бассейндер көп. Бұл шамасы бір жағы дінге байланыс ты, жұрттың дәрет алатын да орны сияқты. Мына тамаша үлкен бассейн күтусіз қалған– суы шалшықтанып, төңірегі аза бастаған. Одан әрі қыздың баласындай, әп-әдемі шағын храмға тоқтадық. Бұл өзі қызғылт граниттен соғылған. Ал мұндағы тастан ойған өрнек пен гүл бедері тіпті ғажап. Дәл мынадай шебер де нәзік ойылған орнамент, әй, кездесе бермейтін шығар. Ал, қабырғалары мен күмбездеріндегі барельефтер– салтанатты күймелер, өгіздер мен арыс тандар, жабуын оюлап, үстін безендіріп тастаған пілдер. Әр қақпасының екі босағасында тұрған төрт қолды Шива. Осының бәрі нәзік ойылған, үндінің байырғы мүсін өнерінің тамаша үлгілері. Абзалы, үнді храмдарының бар өнері мен сәні сыртында болады.
Үндістан хикаясы Маһараджа сарайына кірер жер әжептәуір село. Сол село жарып өткен асфальт тура сарай қақпасына келіп тіреледі. Маһараджа өзі үй-ішімен осында тұрса да–сарайын музейге айналдырыпты. Кірер ауызда билет сатып жатыр. Көру хақы – бір рупий. Кірер қақпаның сол жақ бүйіріндегі қалтарыста сәкінің үстінде жеті-сегіз солдат жатыр. Киімдерін шешіп тастап, бейқам көсілген екен, бізді көріп қысылып қалды. Бұрын Маһараджаның өз полициясы болған, қазір оның қаржысын ауырлап полиция ұстамайтын болыпты. Мына жатқандар үкімет әскері. Маһараджалар сарайын–тарихи бағасы бар ескерткіш есебінде мемлекет қорғауына алыпты. Сарайдың ішкі қорасы әсем. Қиыршық қызыл тас төккен жол, кілемдей тықыр көк шөп. Бөлектеу тұрған бір ұзын үйге кірдік. Сопақтау залда пілдің ер-тұрманы. Жалпақтығы сынық сүйем пілдің өмілдіріктері мен құйысқандары ілулі тұр. Оларды кәдімгі кемер белбеу тәрізді күміспен, қоламен оқалаған. Көрер көзге сәнді. Залдың екі қабырғасына пілдің үстіне қондыратын күймелерді тізіпті. Ол күймелер көп-ақ және әртүрлі. Шамасы осы Маһараджаның арғы зәузатынан бері қарай келе
Тахауи Ахтанов жатқан дүниеліктер болса керек. Олардың ішінде қарапайым ағаштан жасаған көзге қорашынан бастап, сәндел ағашынан ойған, піл сүйегімен түрлі-түсті асыл тастармен аптаған һәм қымбат, һәм сәнділері бар. Кей күймелердің отырғыштары қымбат ақ сақтиянмен тысталған, төбесіндегі шатыры да әсем ойылған, Пілдің үстіне қондырылған патша тағы сияқты. Осы арада «жаяу күймелері» – яғни, Маһараджаны мінгізіп қызметкерлері иығына салып көтеретін носилкалар да тұр. Осы залда оюлаған піл жабулары да ілінген. Піл жабуының аумағы әжептәуір болады екен. Қан қызыл мақпалға қалың қылып зер төгіп жасаған бір жабу әсіресе көз тартады. Ұзындығы бір кез ғана, молтақтау келген шоқпарлар жатыр. Кинодағы Украин гетмандарының булавасына ұқсайды. Жуантық басы жиырылып қалған кірпідей, шегелері самсап тұр. Анандай шоқпарларды украин атамандары – әмірін танытатын айбат үшін ұстаса, мұндағы шоқпарлар жай ғана пілдің қамшысы көрінеді. Осымен асау пілді үйретеді, шабан пілді қамшылайды. Келесі үлкендеу, ұзын зал – кейфтің залы екен. Төрде үлкен сәкінің үстінде кілем. Біреу емес, бірнеше кілем. Оның үстінде көрпе, жастық. Үндінің бір кино-
Үндістан хикаясы сында дәл осындай залда, анадай төсектің үстінде қара мұртын ширатып тастап, қальянын шегіп, жартылай жалаңаш бір сұлуды алдында майыстырып билетіп қойып, рақатқа батып жатқан бір раджаны көріп едім. Сол сахнаны дәл осы залдың ішінде түсірген сияқты. Залдың іші қоңыржай, күңгірт, тыныс алуға шақырып тұрғандай. Осы арада кальян мен хорхордың талай түрлері бар. Кәдімгі темекі шегетін трубкадан аз-ақ үлкен кішкентайынан бастап тізген екен. Содан үлкейе береді. Ең шеткісі–шыбығы сала құлаш, су құйып, темекі тартатып шанағы кіші-гірім самауырынға жуық. Бұларды, шыныдан құйып, әр тектес ағаштан ойып неше түрлі әшекейге бөлеген. Айнала қабырғаға әйнектеп витрина жасап талай-талай шапандар мен камзолдарды, сарилер мен шәлілерді іліп қойыпты. Бұлар да әріден, атадан мирас боп келе жатқан, ою, өрнектері мен кестелерінің көркемдік құны бар дүниеліктер. Шынында да музейге лайық. Осы екі зал бөлек бір үй екен. Біз содан шығып сарайға жалғас келесі үйге қарай беттегенде – қораға түрі біздің «Волгаға» ұқсастау жеңіл машина келіп кірді. Машинаның арт жағында отырған үш адам
Тахауи Ахтанов лыпып етіп шығып, алдыңғы есікті ашып, он бес-он алты жастар шамасындағы бір қызды шығарып алды. Қыз европаша және соңғы модамен киініпті. Есік ашып, ебелек қаққан адамдарға қарамастан кердеңдей басып ішке кіріп кетті. Қызметкерлер де қыздың сумкасы мен портфелін, зонтигін алып емпеңдеп соңынан жүгіріп барады. Бұл Маһараджаның қызы екен. Қалаға барып экзамен тапсырып келіпті. Қызметкерлер оны ұрлап кетпесін деп аңдып жүреді. Белгілі бай адамдарды ұрлап, құнына ақша талап ету – кейінгі кезде батыс тан шығысқа да ауысса керек. – Маһараджаның 200 қызметшісі, алты автомашинасы бар. Сарайы мінекей. Сонда Маһараджа өзін кедеймін дейді, – деп инс пектор Варма тағы бір кекетіп қойды. Келесі бөлек ұзын залда қару-жарақ. Бұл тіпті ұлттық музейге филиал етсе болғандай экспонаты мол зал. Мұндағы жиған-терген дүниелер қазіргі континент аралық ракеталардың арғы атасы – садақтан басталады. Әр заманда жасалған бірнеше бамбук (нарқамыс) садақтар ілулі тұр. Бұл садақтар маған онша мықты әсер етпеді. Өзіміздің талдан не басқа ағаштан иіп, өгіздің терісімен орап тастайтын ата садақтарымыз айбындырақ па деп қалдым.
Үндістан хикаясы Ал оның есесіне осы садақтардың оқтары-жебелері қатты әсер етті. Қоладан, шойыннан, темірден жасаған жебенің неше түрі бар. Кәдімгі көзге таныс үшкір, желбезегі шығыңқы жебеден басқа – найзадай сүйір, пышақ ұшындай жалпақ, бас жағы бұрандалы, қанаты қайқайып келген бізге бейтаныс талай формалары бар. Бұл садақтар сонау Акбар, Шахжаһан замандарындағы Маһараджаның арғы аталарының тұтынған қаруы болар. Осы арада найза мен қылыштың да небір көкелері тұр. Мұндай қаруларды жасауға шығыс халқы қашаннан шебер болған ғой. Талай бас кесерлерге қол жетпес арман болған қанжарлардың да небір сорты бар. Кнопкасын басып қалғанда оқтай атылатын, сілтеп қалып сабынан қысып жібергенде қайшыдай қақ айыратын екі жүзділері, киіктің мүйізіндей ширатылған үшкірі... әйтеуір үңіле берсең неше түрлі пәлелері шыға береді. Одан әрі пистолеттер. Әйтеуір барша замандағы пистолеттердің барлық маркасы бар десек онша мықты өтірікші бола қоймаспыз. Ұзындығы жарты кез, өңеші кең, шүріппелі пистолеттен бастап, осы күнгі уысыңа жасырсаң көрінбейтін әйел пистолеттеріне дейін бар. Ал, мылтықтардың түрі одан да көп. Бұ да сол арғы заманнан, астына екі аяқ мосы
Тахауи Ахтанов құрып, білтемен тұтататын мылтықтан, шитіден бері қарай ойыса береді. Қосауыз, үш ауыз, тіпті төрт ауызды мылтық та бар. Кәдімгі наганның барабанын орнатқан (тек үлкендеу) алты атар мылтық та көрдік. Шіркін, аңшы адам болса көзінің жауын алатын дүниелер көп-ақ мұнда. Залдың ортасында мен танымайтын үлгіде жасалған бір станокты пулемет те тұр. Қазіргі Маһараджаның әкесі асқан мерген болыпты. Қазақ бұрын қыз балалардың өңіріне ақша қадаушы еді ғой. Сол сияқты бір қабырғаға жиырма шақты теңгелік қадаған матаны іліп қойыпты. Бұл мына Маһараджаның әкесінің лақтырып жіберіп әуеде тескен теңгеліктері екен. Аңшылық деген ел билеген адамдар мен байлардың атам заманнан күні бүгінге дейін жалықтырмай келе жатқан ермегі ғой. Осы үйдің әр залына кірген сайын алдыңнан аңшының олжасы шығады. Және екінің бірі атып ала қоятын анау-мынау емес, тура жолбарыс пен қабыланның терілері жатыр. Обалына не керек, Маһараджа қолына мылтық ұстай білген екен, әттең тек, елінің тізгінін ағылшындардың қолына ұстатып қойғаны келіспеген... Осы арада мынадай бір өсек естідік. Мойнымызға қарыз болмасын, айта кетейік. Маһараджаның әкесі осы ғасырдың бас
Үндістан хикаясы кезінде Индияға вице-король болған Лорд Керзонға піл сүйегінен жасаған біраз мебель сыйлаған екен. Кейін Лорд Керзон қызмет мерзімі таусылып Англияға қайтар кезінде Маһараджаның сыйын алып кетпек болғанда, Индиядағы ағылшын әскерінің қолбасы Китченер рұқсат етпепті. Өйткені, вице-король мемлекет адамы, оған тартылған сый мемлекет меншігі. Китченер осы заңды көлденең тосып, Керзонның діңкесін құртыпты. Осы қару-жарақ залында үстіне ұзын камзол, басына сәлде киген қара шалмен кездестік. («Киген» дейтінім, мұнда сәлдені орап әуре болмайды, қатырма сәлдені бөрікше кие салады.) Үстінде ала шапаны жоқ демесең кәдімгі өзбектің шалынан аумайды. Бір көзіне ақ түскен, селдір ақ сақалды, кішкене ғана арық кісі. Төңірегіне селт етпей, көзін шала жұмып ұйып тұрған түріне қарағанда – мына фәни жалған атты күйкі тіршіліктің көрсетпеймін деген жерін көрген, ендігі ойы алысқа – ана мықты дүние нің өзіне кеткен адам тәрізді еді; бірақ біз тіл қатқанда кәдімгідей шүйіркелесе кетті. Жасы биыл жетпістің жетеуінде екен. Ата-бабасынан осы Маһараджа әулетіне қызмет етіп келеді. Қазіргі Маһараджа Адитья Нараян Синхты бір жасынан алақанына салып көтеріп, өсірген. Ес білгенше соның күтушісі болған.
Тахауи Ахтанов – Бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында осы Маһараджаның әкесіне Бельгия королі Бодуэн келген. Сол есіңізде ме? – деп сұрадық. – Ондай оқиғалар ұмытылмайды, – деді шал. – Мен оған өз қолыммен піл ерттеп бергенмін. Патшалар аңға шыққанда да қызмет қылғанмын. – Қалай, өзіңіз мәпелеп өсірген қазіргі Маһараджа сізге сый-құрмет көрсетіп тұратын шығар? – Жас кезінде жаман емес еді, қазір соқыр болды ғой, бұл Маһараджа, – деді шал ауыр күрсініп. – Соқыр болғаны қалай? – Біз сияқтыларды көрмейтін болды. Өтіп баратқанда басын да иземейді. Монтиған қара шал ақырын ғана, шабан сөйлесе де біраз сырын айтып салды. Біз одан: – Осындағы қызметіңізге қанша айлық аласыз, – деп сұрадық. – Отыз төрт рупий. – Отыз төрт рупий? Айына ма? – Айына. Сегіз рупий бір сом. Сонда ар жағын өздеріңіз есептеп шығара беріңіздер. Шалдың халі мықты емес.
Үндістан хикаясы Сарайдың екінші қабатындағы балконмен қабылдау залына өттік. Ондай зал екеу. Бірі – жиһазы жоқ, жұпынылау үлкен бөлме – Маһараджа өз қол астындағы адамдарын қабылдап, солардың арызын тыңдайды. Мұнда Маһараджаның өз креслосынан басқа отырғыш жоқ. Арыз айта келгендер, әрине түрегеп тұрады. Ал келесі зал... жоқ, бұған мұрныңды шүйіре алмайсың. «Ішіне түйе жая ма?» дейтіндей кең де биік. Төбесі мен ернеуін, босағаларын алтындап тастаған. Колонналары да алтын, күміспен аптаған жалт-жұлт етеді. Еденге фарсы кілемін төсеген. Қалыңдығы жуан елі жұмсақ кілемнің үлкендігі... әйтеуір осыншама үлкен залға жалғыз өзі мол жетіп жатыр. Төрдің қақ ортасында Маһараджаның тағы. Тақтың екі қанатында қонақтар отыратын жұмсақ отырғыштар. Отырғыштардың арқалығы жоқ, жайғасып шалқайып отырар жерің емес бұл; әміршінің алды. Бұл залдағы мебелдің орналасуы – ескі заманның елесін береді, қақшиып тақта отырған патша, екі иығында найза ұстаған сақшылар. Тақ алды бос, жұрт құлдық ұрып келіп жататын кеңістік... қазіргі замандағыдай, қонағын қарсы не қатар отыр ғызып сұхбаттасатын жай бұл емес.
Тахауи Ахтанов Маһараджа қазір де қонақсыз көрінбейді. Осы күнгі Бельгия королі екінші Бодуэн әкесінің ізін қуып, осында қонаққа келіп кетіпті. Қасында королевасы болған. Лаос тың королі, арабтың королі Сауд сияқты тәж кигендер Индияны аралағанда Маһараджа сарайына бұрылмай кетпепті. Біріккен Ұлттар ұйымының секретары У Тан осы сарайға бас сұғыпты. Маһараджамен дидарласуға келген қонақтардың суреттері ілулі тұр. Бұ да рек ламаның бір түрі болуы керек. «Қор болмайды жақсыменен жанасқан...» демекші, мықтылар келіп сәлем беріп жатса, өзіңнің де осал болмағаның ғой. Бірақ бұл әншейін көңілге медет демесе, Маһараджаңыздың айдарынан жел есіп тұрмаған тәрізді. Суреттері ілулі тұрған биік меймандардың қай-қайсы да өз елінен ат арытып, тон тоздырып, осы Маһараджаны іздеп келіп жатқандар емес. Олар Индияға келіп ел аралағанда индуизмнің орталығы Бенареске соқпай кетпейді. Бенарестің көп храмдарын көріп болып, тағы не бар? – дегенде... Бұ да бір ескіден қалған ескерткіш қой. Залды кесіп өтіп қарсы жақ балконға шықтық. Төменде зымырап түскен тік жарға тіреліп Гәңгі өзені жатыр. Маһарад-
Үндістан хикаясы жа сарайы биік жар қабаққа салынған. Төменде өзен жаққа ашылатын қақпа, судың жиегіне дейін түсетін гранит басқыш бар. Алыста, өзеннің арғы бетінен Бенарес шаһары көрінеді. Жақын жерде арғы бетке өтетін пантон көпір. Оның кімдікі екенін, не нәрсеге қажет болғанын ұқпадым. Әйтеуір үстінен өтіп жатқан ешкім көрінбейді. Сарайдан шығып машинамызға мінер жерде піл қорасы бар екен. Оған қалай бұрылмай кетеміз. Қорада екі піл тұр. Өзгелері сыртта, шаруада көрінеді. Үлкен пілдің алдыңғы аяғы мен артқы аяғын шынжырлап, екі жаққа керіп қойыпты. Басын тұқыртып, тырп ете алмай тұр. Үйретілген пілдің қайсыбірі ойда-жоқта бұзақы мінез шығарып, адамға бағынбай кететіні болады екен. Сонда ұзақ уақытқа, кейде бір жылға дейін осылай керіп қоятын көрінеді. Содан соң амал жоқ жуасиды. Тентек пілдің халін көргенде, таудай нәрсе болса да, жанымыз ашып кетті. Біз берігіректегі кішілеу пілдің қасына келгенде, күтуші төрт бұрышты үлкен ерді ала жүгірді. – Мүмкін, саһиб пілге мінгісі келетін шығар? Үндістанға келіп пілге мінбей кету ұят емес пе? Басқышпен өрмелеп шығып жатырмыз.
Тахауи Ахтанов Бұл ғажабыңыз да тегін емес. Кісі басы бір рупий. – Маһараджаның он тоғыз пілі бар. Шұрайлы жері көп, аң аулайтын орманы да бар. Қаланың ішінде де мұның меншікті жерлері болатын. Соған мейманханалар салдырғалы жатыр, – деді Варма ренішті дауыспен. – Сонда да бұл Маһараджа өзін кедеймін дейді. Ал, Маһараджаның алатын пенсиясы мен табысы өзіне аз көрінуі және ғажап емес. Бір миллионға жуық рупий. Жүз жиырма бес мың сом шамасындағы ақша. Капиталистік елдегі орта қол саудагердің табысы. Маһараджаға қанағат боларлық дүние емес. Оның үстіне Маһараджалардың пенсиясын жою жөнінде парламентте айтыс болып жатыр. Бұ жағынан да тықыр таянған. Сонымен Индияның денесіндегі аппендицит сияқты феодализмнің осы қалдықтары – қазір капиталистік организмге сіңу үшін қарекет жасауда. Пайдалы болса хан тұқымы саудагер болудан да тартынбайды. Маһараджалар хандық салтанатын жинап қойып ендігі тірлігін бизнестен іздейтін сияқты.
Үндістан хикаясы * «Адам психологиясы» дейміз. Соған қарағанда психологияның жалпы адам баласына ортақ заңдары болар. Кісіні шошытатын немесе жаныңды удай ашытатын көріністер баршаға бірдей ғой деп ойлаушы едім. Бірақ олай бола бермейді екен. Адам психикасы не нәрсеге болса да көндігіп кететін, өзінің қиналмау жағына бейімделе беретін қу ма деп қалдым. Әрі-беріден соң жүректің де қабығы қалыңдап, ыстық-суық өтпейтін түйе табан болып ала ма, қалай?! Кейін қалай боларын қайдам, әзірге менің жүрегім жалаңаш, қымтаусыз қалпында. Аш-арық кемпір-шалдың зары, қолын созып жаутаңдаған сәбидің көз жанары – бәрі келіп, жүрегіме қылқандай қадалып жатыр. Индияда рикшаға таңырқау – анохронизм, артта қалған, көргенсіздік. Оны айтып ешкімді елең еткізе алмайсың. Бірақ неше күннен бері осыған көзім үйрене алмай-ақ қойды. Оларға қиналмай қарай алмаймын. Мінекей, біз қалаға қайтып келе жатып үлкен көпірге иек арттық. Бүкір көпірдің кәдімгідей биік өрі бар екен. Теңкиген екі ірі кісіні мінгізген бір рикша велосипедінен түсіп, өрге қарай итеріп барады. Жоғарыдан құлап келе жатқан қара тасты тірегендей шіреніп барып, әзер қозғалтады. Енді
Тахауи Ахтанов осылай біраз шіренсе байғұстың жұлыны үзіліп кететін сияқты. Коляскада теңкиіп отырған инабатты екі кісі өзара әңгіме соғып келеді. Қаннен-қаперсіз. Көлігі өрге қарай қиналғанда кісі мал екеш малды да аяп, түсіп жаяу жүруші еді... Мен түсінбеймін. Анау алаңсыз әңгімелесіп отырған екі адам да нағыз шімірікпейтін безбүйрек емес шығар... Әлде кісіде, көре-көре, аяушылыққа қарсы иммунитет пайда бола ма екен?.. * Бірінші апрельге арналған кешті тамашалауға барар алдында Үнді-Совет қоғамына соқтық. Қырық-елу адам бір үйдің үшінші қабатында қарсы алды. Әртүрлі жастағы адамдар жиналыпты. Іштерінде әйелдер, қыздар бар. Қоғамның бастығы жұтқыншағы жұмырықтай, ұзын бойлы, қоңқақ мұрын, арық қара кісі екен. Өзі ақ жарқын жақсы адам болу керек, сойдақ тістерін ақситып жиі күледі. – Бүгін сіздермен кездесуге кісі жинау азап болды. Кімге телефон соқсам да – білеміз, бүгін бірінші апрель, – деп сенбейді, – деп күлді ол... – осы жұртты антсу ішіп әзер сендірдім. Кездесуде коммунист партиясының қа-
Үндістан хикаясы лалық комитетінің секретары әдемілеу келген, сыпайы жігіт және компартияның белгілі қайраткерінің бірі – аласалау, балапан көзді, жуантық қара кісі болды. Ол жуырда Совет Одағы арқылы ГДР-ға барып қайтыпты. Бұ кісінің өзі үндеген жоқ. Орта жастан асқан, келбетті әйелі бар екен. Сол жиынның соңында сөйлеп беріп еді дейсің... Біздің елді мақтағанда майын тамызып, жұртқа әлсін-әлсін қол соқтырып, сөз аяғын майталман шешендерше желпіндіріп барып бітірді. Осында жиналғандардың бәрі бізге дос тық пейілмен, оң қабағымен қарайды. Өз адамдарыңмен кездескендей жылылық бар арамызда. Айтатын сөзіңе алдын ала жақсы шырай білдіріп отыр. – Советтік шығыс халықтарында қазір әйел теңдігі қандай халде? – деп сұрады менен бір қыз. – Әйел теңдігін бір алдақашан артығымен орындадық. Енді еркектерге теңдік әперуіміз қиындау болып жүр, – дедім мен. Жиналған жұрт қол шапалақтап біраз күліп алды. Аудармамен уақыт алдырмау үшін бәріміздің атымыздан сөзді Исаак Голу-
Тахауи Ахтанов бевтің өзіне бердік. Ол осында келгелі ағылшын тілін жинап қойып тікелей үнді тілінің өзімен сілтеп жүр. Исаак үнді-ұрду тілін жақсы біледі. Қайдан білейін, көңілі үшін деп көтеріп айтпаса осындағылардың бәрі солай дейді. Москвада жүргенде тәжірибе жоқ, іштен тынып сыртқа шығара алмай жүрген тілі ғой, осында құмардан бір шығатын түрі бар. Әйтеуір келгелі жағына тыным жоқ. Және сөйлегендегі кескіні тамаша – көсіле ұзақ сілтеп, өз даусын өзі сүйсіне тыңдап, терісі кеңіп, балқып отырады. Күні бұрын күлімсіреп, кейде мырс етіп, жұртты риза қылар алдында өзі рақаттанады. Қайтсін, Москвада сонша оқыған үндішесін ұғар жан жоқ, зарығып көрген құлақтары ғой мына қалқиғандар. Мұндай тыңдаушылар табыла бере ме. * Жиырма-отыз адам сыятын шағындау қайықтың үстіңгі жағына тақтай төсеп палуба жасаған. Ал, төбең тимей еркін жүретін төменгі жағын ескекшілер орны дейсіз бе, әлде каюта, трюм кают-компания дейсіз бе, өз еркіңізде. Қараңғы түсе біз осындай бір қайықтың палубасына жиналып жатыр мыз. Адам көбейіп кетті. Сығылысып, бірбірімізді қысып барамыз. Жұрт әлі келіп жатыр.
Үндістан хикаясы Жиналып жатқандар негізі интеллигент қауым. Жастарынан гөрі егде тартқандары басым. Бір-бірін жақсы танитын аралас-құралас адамдар. Бұлар бірінші апрель құрметіне–ақымақтар күніне жиналып жатыр. Қазақша тұспалдағанда – сайқымазақтар жиыны деп атаған тура боп қалар. Келген жұрт бір-бірімен қағыта амандасып, салғаннан-ақ шымшыма әзілге кетісіп жатқан сияқты. Бір қайыққа сыймаған соң жұрт екі қайыққа бөлініп мінді де, екеуін өзен жағасынан жүз метрдей ысырып, судың ортасына апарып матастырып қойды. Содан соң бір ұзын бойлы кісі шығып сөз бастады. (Үнділіктерді сипаттағанда – «қара, қара торы» деген сөзді айтпаса да болар еді, өйт кені осы ыстық жақтың халқында әзірге мен шикіл сарысы былай тұрсын аққұбасын да көре алмай келемін. Оның есесіне «қара» деген кісілеріңіздің өзі талай түске бөлінеді екен. Шымқай қара, көкшіл қара, қоңырқай қара, қошқыл қара, керек десеңіз ақтаңдақтанып тұратын қаралар да бар.) Кеш бастаушы қызғылықты сөйлеген болар, жұрт күліп, мәз болысып тыңдады. Үнді әдетінде сыйлаған адамдарына гүлден алқа тағатын дәстүр бар ғой. Ол жабық
Тахауи Ахтанов құмыраны еденге ұрып сындырып, ішінен алқа алып әркімге тағып жатты. Бірақ бұл алқасы гүл емес әркімнің мінезіне, істейтін кәсібіне қарай таңдап алған болар, неше түрлі күлкілі заттардан тізілген. «Совьет нари» («Совет әйелі») журналының редакторы еркек болуы алдында да біраз әзілге себеп болып еді, бұл жолы да біраз қалжың айтылып, жұртты күлдіріп, бір құмыраны Исаактың алдына әкеліп жарды. Құмыраның ішінен жөргекке ораулы қуыршақ бала шықты да, оның алқасы тізілген емізік болды. Және атын атауға болмайтын заттарды емізік қып тізіпті. Жұрт қыран-топан күліп жатыр. Исаак алқаны мойнына киіп, жөргектегі «баланы» әлдилеп жұбатуға мәжбүр болды. Өйткені осы кезде тұс-тұстан жылаған баланың даусы жамырап қоя берді. Осы кезде екі жас жігіт жағалай жүріп подноспен шербетке ұқсас тәтті ұсынды. Дуылдаған ойын-күлкі басылар емес. Бірінен соң бірі шығып, суырыла сөйлеп жұртты күлдіріп жатыр. Олардың сөздерінің қаншалықты тапқыр, қу тілді екенін білмеймін, бірақ осындай кеште жұрттың өзі күлуге дайын тұрады ғой. Үнді тілінің де диалектісі көп екен. Және анау-мынау емес ол диалектіні өзгелері түсінбейтін боп шықты. Бұлар енді
Үндістан хикаясы өздерінің жергілікті Бенарес диалектісіне көшіп кеткенде біздің мақтаулы Исаагымыз меңіреу боп қалды. Ендігі әзіл-қалжыңды осында бізбен бірге келген Үнді-Совет қоғамының бастығы Исаакқа жергілікті диалектіден үндінің әдеби тіліне аударып беріп отыр. Сөйтіп ол Исаакқа, Исаак бізге аударса шарт та жұрт ұшқыр қалжыңның сілімтігі шықпай ма! Сондықтан да Исаакқа «сен аудармай-ақ қой» деп жай бақылап отырдым. Кейде түгін түсінбесең де күлген адамдарға қарап, өзіңнің күлкің келеді. Қараңғы түнде ортамызға жарқыратып газ фонарын жағып қойған. Күлкіден екі қай ық бірдей солқылдайды. Жұрттың бәрі мәз-мейрам. Бірінің әзілін бірі қағып алып жалғап та кетеді. Менің қасымда тырнадай арық тарамыс қара кісі отыр. Жағы қушиған кішкене бет, үлкен ауызды кемиек, үшкір имек тұмсық. Түрі әлі мойын жүні шықпаған күшігеннің қызыл шақа балапанынан аумайды. Әсіресе аяқтай аузын кең ашып қарқылдап күлгенде – құдды жем сұраған балапан. «Ва, ва» деп айтушыны қостап қояды. Үнді-Совет қоғамы бастығының да езуі жиылмай қойды. Үстіңгі ернін керіп тұрған сойдақ тістері бір жабылмайды. Бір жұдырықтай ғана қатпа шал ұшып-
Тахауи Ахтанов ұшып тұрып, өлең бе, қара сөз бе, әйтеуір бір нәрсені судырата жөнеліп, жұртты ду күлдіреді. Адам баласының қасіреті мен қуанышы ұқсас екен-ау. Мынау дуылдап мәз болып отырған жұрттың кескіні маған соншалық таныс сияқты. Осындай ұшқыр әзіл-қалжыңды, қарқын күлкіні қазақтар арасында да талай естігенмін. Біраз әзіл-қалжыңнан кейін толықтау келген ірі жігіт ән бастап кетті. Құлаққа жағымды жуан қоңыр дауыс. Өзге жұртты қайдам, үндінің әндерінің мен үшін бір сиқыры бар. Әдемі майда қоңыр ән ақырындап бойыңа таралып, алпыс екі тамырыңды түгел жайлап алады. Асықпай еліктіріп, өзінің тәтті сырымен баурай береді. Мына жігіттің даусы түнгі Гәңгінің үстінде жайымен өрлеп, баяу ырғалып барады. Елітіп қалған жұрт ырғақтың нәшіне келгенде «ва, ва» деп дауыстап, қостап қояды. Бұ да қазақтың «Уа, пәлі!» деген көтермесі сияқты. Жағалауда жылтыраған қаланың оттары бүкіл қараңғылықты қасиетті өзеннің үстіне сырып тастаған. Гәңгінің жоғарғы жағында жиекте лаулаған от. Байқап отырмын, мана бір әзірде тұтатып еді, қазір жалыны отау үйдей боп лапылдайды. Қараңғы түнде суға сәулесі түскен қызыл жалын сондай әсем.
Үндістан хикаясы Бұл кеше біз көрген мүрделерді өртейтін жерде. Ол жағалаудың оты күндіз-түні сөнбейтін болар. Тағы да ән басталды. Талдырмаш денелі бала жігіт ортаға шықты. Көзі жаудыраған қара торының сұлуы. Бізге сыбырлап жеткізіп жатыр, жаңа бастап жүрген талапкер ақын екен. Мұның даусы жіңішке, тал жібектей ширатылған жүрекке жағымды майда сазы бар. Нағыз үндінің лирикалық әндерін айтуға жаратылған. Даусында ынтығу, аңсау бар, талмаусырап жетіп діңкеңді құртады. Кинодан, радио, магнитофоннан естіп есім кетіп жүргені әншейін үнді әндерінің көлеңкесі боп шықты. Үндінің әнін, бүгінгі техниканы жинап қойып, үндінің өз аузынан, қалың үндінің қақ ортасында тыңдау керек екен. Бүгін бір ғажайып кеш болды. Маған тіпті осылардың әзіл-оспағын, салған әндерінің өлең-сөзін түсінудің қажеті жоқ. Өзімше бәрін ұғып отырмын. Іргеміздегі түнгі тіршілігі қайнаған тар дала, манадан бері жүзі таныс болып үлгірген, көздері жылтырап, мәз боп отыратын үнділер, қара мақпал жұмсақ түн, тамылжыған үндінің әні, анау жұлдызы жамыраған биік аспан– бәрі келіп кеудеме құйылып жатыр. Оған тілмәштың керегі жоқ.
Тахауи Ахтанов Ұзақ малдас құруға шыдамай ұйып қалған аяғымды қозғап бұрыла бергенде тағы да өзеннің өр жағына көзім түсті. Манағы от сөнуге айналыпты. Жалын тілі кішірейіп, маздаған шоғы семіп барады. Қасиетті өзеннің жағасынан тағы да бір пенденің жаны жаннатқа қарай сапар шекті. Біз байқамай екі жарым сағаттай отырып қалыппыз. Қайтатын уақытымыз болды. Біздің бастаушымыз инспектор Варма бізді де, өзге дүниені де түгел ұмытып, үлкен бір рақатқа батқан. Көзіммен ишарат етіп, кетуге ымдайын десем, көрмейді, аузын ашып қатып қалған. Қайтсін енді, бірінің соңынан бірі суырылып шығып ән салады жұрт, ән арасында жаңылтпаш, тақпақ, күлдіргі әңгімелер айтылып, мәз болысады. Варманың осы түннен алған әсері келесі күні де тарқамапты. «Кешегі әпенделер түнгі сағат он екіге дейін отырыпты» деп күлді ол ертеңгісін жолыққанда. Содан кейін «мұндай қызық мәжіліске екінің бірінің қолы жете бермейді» деді күрсініспен. Мына жұрттың бір тамшы ішімдіксіз сонша көңіл көтергені... шынында да ойландыратын нәрсе. Бізге рұқсат берер алдында төменге түсіріп, қара көлеңкеде аты белгісіз, әйтеуір бұрышы мықты бір тағаммен сыйлады – кішкене қайықпен жиекке шығарып салды.
Үндістан хикаясы Алдыңғы күнгі аралаған көшемізбен қайтып келеміз. Кешкі тіршілік әлі тоқталмаған. Сол баяғыдай құжынаған адам. – Мынау актриса тағы да мында жүр ғой, – деді бір серігіміз қағытып. Әлгі жалаңаш денесін жолбарыс терісіндей жолақ етіп бояп алған үрпек бас кішкене қыз. Оның жасаураған ашқарақ көзін көргенде менің күлкім келген жоқ. Әлгі досымыз аянышын алғашқы күні есепсіз жұмсап таусып алыпты, даусында кекесін бар. Енді кішкене жүргенімде құлағыма сыбызғының таныс ырғағы сап ете қалды. Соған ілесе «ван рупий, ван руний» деп талмаусыраған сәби даусы естілді. Тағы неше күн, неше жыл көше кезіп зарлар екенсің байғұс бала?.. Біз аттаған сайын бәрін танып келеміз. Көше алдыңғы күнгі тіршілігін айна-қатесіз қайталайды. Ертең аттанамыз. Байқаймын. Үнді еліне кәдімгідей үңгіп кіріп келеміз. Енді қандай ғаламаттары бар? Онысын алдан күтеміз.
ЕКІНШІ XИКАЯ Ақындармен айтысқанда. Ананда Шанкар Рай. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады»
Үндістан хикаясы Бұл күні мен ертеңгілік ешқайда шықпадым. Бенарес хикаясы үздік-создық қысқаша түрде ғана блокнотқа түсті. Кісілермен кездескен жерде, көбіне машинаның үстінде, үзіп-жұлып мейманханада блокнотқа түртіп отырдым. Асықпай отырып дұрыс тап жазуға уақыт болмай-ақ қойды. Ол ол ма, Аграда болған бір күн әсерін тауысуға пұрсат болмады. Бүгін түске дейін жолдастарымнан бөлініп қалып, сол Агра әсерін аяқтадым. Сағат төрт жарымда ұшатын болып аэропортқа келсек, самолет екі сағатқа кешігіпті. Қайнап тұрған ыстықта екі сағат самолет тосу әжептәуір азап. Бірақ шыдамасқа амал бар ма. Самолет Бенарестен Калькуттаға дейін сағат жарымнан сәл көбірек ұшады екен. Біз мінген фокер самолет, моторы қанатының астында, біздің АН-24 самолетінен аумайды. Мұнда да жолаушыларға қызмет етушілер қыздар. Алғашқы біз Делиден шыққан күнгі Исаактың стюардесса қызға таңырқап кеңескені есімде. Біздің тілмәшіміздің бұдан үш-төрт жыл бұрынғы көрген-білгені ескіріп қалыпты. Қазір Үндістанда қызмет істейтін қыздар мен әйелдер онша таңсық емес сияқты. Оның үстіне үнді әйелдері еркектермен қысылып-қымтырылмай, еркін, салауатты сөйлеседі.
Тахауи Ахтанов Біз мінген самолет жан қинамай жақсы-ақ келе жатыр еді, Калькуттаға жақындаған кезде мықтап тұрып шайқап берді дейсің. Біз өзімізді креслоға байлап тастадық. Қараңғы түскен мезгіл еді. Самсап қаланың оты көрінді. Шеті-қиыры жоқ от теңізі. Қалың оттың арасында иретілген қара жолақ боп Гәңгі өзенінің сілемі жатыр. Нағыз үлкен қалаға келгеніңді аэропорттан-ақ сезесің. Аэропорттың құрметті қонақтарға арналған бөлмесінен кешкі ас ішіп, машинаға мінуге сыртқа шықсақ жаңбыр құйып тұр. Қаланың ортасындағы мейманханаға дейін ұзақ жүрдік. Жауын-шашынды түнде қаланы дұрыстап қарай алмадық. Тек бір байқағаным, Бенарестей емес, осы күнгі қалаға ұқсас. Көшелері кең. Жаңбыр қатты құйса керек, шет көшелерде тізеден келетін өзен ағып барады. Машинаның терезесінен көріп қалдым: қара көлеңкеде қалтылдап рикша кетіп барады. Жаяу рикша. Тізеден су кешіп күйменің бүркеніш-тентінің астына жауыннан бұғып отырған екі адамды ентіге сүйреп барады. Бұл менің бірінші көрген жаяу рикшам. Бенарестегі велорикшаларға қараған сайын дәтім шыдамай, жаным удай ашып жүргенде – жаяу рикшаны көрдім.
Үндістан хикаясы Осы бір азабынан қорлығы, қорлығынан азабы басым «мамандық» жер бетінен әлі жойылмаған екен. Біздің программамызды әдетте қонақ иесі жасайды. Біз еркектер жағы теріміз қалыңдау, көне береміз. Бірақ ішіміздегі жалғыз әйел Майя Ганина кінәмшіл, шәркездеу. Қандай программа болса да оған жағу қиын. Әйтеуір бүйректен сирақ шығарады. Әйтсе де оның кейбір талаптары орынды боп шығады. Ол ең алдымен программаның тығыздығына қарсы. (Дауын «мен жас әйел емеспін, шаршаймын» деп бастайды. Оның жасындағы әйел «бас жағына бармас» болар еді, мынау дене бітімі, бет ажары жасаң көрінген соң «кокетничать» ететін болар). Сонымен бәріміз, ақылдасып келіп қысқартқанымыз библиотека болды. Қалғандарын қысқартуға қол батпады. Түске дейін музейді араладық. Музей әр қабаты аса биік екі қабат үй – айнала салынған. Ортасында жасыл алаң, шағын бассейн бар. Бұл бүкіл үнді мәдениеті мен жануарлар дүниесін толық көрсететін үлкен музей екен. Жер астынан табылған, ертеден сақталған біраз бағалы скульптуралары бар. Ескі мәдениет үлгілерімен өнер маманы – арықша келген, өңі де қағілез, құс тұмсық, балапан көз нәзік бенгал қызы
Тахауи Ахтанов таныстырды. Білегі де жіп-жіңішке, етсіз кішкене саусақтары сынып кетейін деп майысып тұр. Менің бір байқағаным–көптеген үнді әйелдерінің қолдарына ет бітпейді, сүйек пен тері. Музейде сонау арғы замандағы үндінің императоры Ашока дәуірінен бері қарай сақталған талай тамаша скульптуралар бар. Әр дәуірдің тамаша ескерткіштері тұр. Мұнда өнердегі өзгерісті, өзге елдердің үнді өнеріне жасаған ықпалын, үнді өнерінің бірде биікке көтеріліп, бірде төменге құлдыраған шырғалаң жолын байқауға болады. Әттең өнер маманы болса – үңіліп зерттейтін талай қызғылықты нәрселер бар. Тіпті біз сияқты «иіс алмастардың» өзі ұлы халық өнерінің сұлулығынан ләззат алып, әр нәрсені тұспалдағандай боламыз. Түске дейін азғана уақытымыз қалды да, Калькуттадағы біздің прессцентрге соқтық. Бұл центрдің бастығы түгі жылтыраған бестідей жұп-жұмыр, орта бойлы, ат жақты, әдеміше кісі. Тереңге бойлап басын қатырмайтын, бірақ бет жаққа қалқып шыққанның еш нәрсесін қапы жібермейтін еті тірі, пысық жігіт екені көрініп тұр. Осы Калькуттада тоғыз жыл істепті. Жасаған-ау, әлі де істей бермек ниеті бар. Оның қарауында менің жолдастарыма жақсы таныс–
Үндістан хикаясы кәдімгі аққұба, қайқы тұмсық, орта қол орыс жігіті Юрий Фролов істейді екен. Ол бенгал тілінің әжептәуір маманы көрінеді, ағылшыныңа да сайрап тұр. Оның кең мінез сыпайылығы, кісіге деген ұстамды, жылы ықыласы ұнады. Кейін бірге бола келе екеуіміз бір-бірімізді үндемей ғана іш тартысқан тәріздіміз. Түс қайта сағат үш жарымда бізді бас консул қабылдады. Консульствоның мықтап тұрып салған үш қабат жақсы үйі бар екен. Үйдің алдында шағын алаң, газон бар. Калькуттаның моншаның ішіндегідей тымырсық, дымқыл ыстығынан кейін кіріп келгеніңде үйдің іші мұп-мұздай, рақат. Бас консул тапалдақтау келген, кәдімгі қайқы тұмсық, жалпақ сары орыс. Обкомда, облисполкомда талай көріп жүрген адамым сияқты. Өзін ұстауы, сөйлеуі, сөйлеп отырғанда өзгелерді қойып бір адамға тесіле қарауы (шамасы өзін қуаттатып бас изету үшін бе екен) дипломаттан гөрі, ел басқарып қалған адамға ұқсаңқырайды. Аздап Калькуттадағы саяси жағдай сөз болды. Кешке қарай Әдеби академияға бардық. Академияның президенті, бүгінгі Бенгалия ның ең ірі жазушысы Тарашанкар Банерджи жоқ, ол бізді ертең үйінде тосады.
Тахауи Ахтанов (Бұ кісінің фамилиясы екі түрлі жазылады: Банерджи және Бандуопадһайя, қалай айтсаңыз еркіңіз.) Оның орынбасары – аласалау, көзге қораш, қара бұжыр кісі қарсы алды. (Индияда шешек дағы бар кісіні бірінші көруім.) Бұлардың үлкен кітапханасы, Бенгалия өнерінің музейі бар. Үйлері ескі, тозған. Іші қапырық. Сыпайылық жасап кітапхананы көзімізбен бір сүзіп өттік. Музейдегі экспонаттары да манағы көрген үлкен музейдің Бенгалияға байланысты жағының көшірмесі тәрізді. Пәлендей әсер етпеді. Сыпайылық борышын өтеп тезірек кетуге асықтық. Бірақ музейдің директоры – сұңғақ бойлы, қазақ іспеттес пісте мұрын сұлу жігіт Даас оңайлықпен жіберер емес. Оның бар айтқанынан есімде қалғаны–Майя Ганинаның: «Ескі грек мүсіндерінде геройлар тұрған, не отырған қалпында белгілі бір прозада бейнеленді, ал сіздердің кейіпкерлеріңіз екпінді қимыл сәтінде суреттеледі. Осының мағынасы не?» деген сұрағына берген жауабы болды. – «Олар адамның денесін байнелеген, біз рухын бейнелейміз. Үнді діні адамның қасиеті денесінде емес, рухында деп біледі. Сондықтан да біздің мүсіншілер адамның мән-мағынасын–яғни оның ісі мен қаракет, қимыл сәтін бейнелеген».
Үндістан хикаясы Басқыштары шаң, қапырық үйдің (ремонт жүріп жатыр екен) үшінші қабатына көтеріліп, кітапқа толы кішкене бөлмеге кірдік. Сол бөлмеде қағаз қарап отырған, қатқан қара шал ұшып тұрып, екі алақанын қабыстырып жоғары көтеріп, тағзым етіп үндіше сәлемдесті. Қазақтың халық ақыны марқұм Үмбетәлі Кәрібаевқа ұқсас жақ сүйегі шығыңқы, шолақ танау қатпа шал үнсіз ғана ұяң жымиып, зор ықылас білдіріп тұр. «Бұл кісі Бенгалияның алғашқы марксист жазушысы Босу», – деп таныс тырды оны бізге. Үндінің үлкен жазушыларының бірі, прозаик Монандж Босу жайлы алдында біз естіп келгенбіз. Өзі керемет кішіпейіл екен, жетпісті алқындырған шал беті ашылмаған қыз баладай бұйығы жымиып, үндемей қойды. Кейін төменге түсіп, бір шыны аяқ шай үстінде азғана әңгімелескенде де сөзге араласпай, тасада бұғып отырды. Бұл әңгіменің үстінде Почивалов «жоқшылыққа қарсы күресте, халықтың хал-жағдайын жақсарту үшін күресте үнді жазушыларының іс-әрекеті қандай?» – деген сұрақ қойды. Қонақ иесі сәл ойланып қалды. Шытынап қалғанын да жасыра алмады. «Әрине, халықтың тұрмыс халін жақсарту үшін әлі де көп жұмыс істеу керек, ең алдымен
Тахауи Ахтанов жұмыссыздықты жою керек» деген бағытта азырақ сөйлеп келді де, «біз өзі көбіміз оқытушымыз, сондықтан біз мәдени-ағарту жағына көбірек көңіл бөлеміз, халықтың, елдің өмірінде мәдениеттің орны ерекше емес пе, сол мәдениетті көркейтетін де жазушылар ғой», – деп әңгіменің желісін өзге жаққа орағытып әкетті. Қапысын тауып, ұзын бойлы жас жігіт Даас сөзге араласып кетті. Оның айтқаны: «Бұрын Индияда әрқайсы аражігі қосылмаған төрт каста болды. Әр каста өз орнында – өзіне тән қызметін атқарды. Материалдық байлық та әр кастаның дәрежесіне қарай бөленетін. Қазір кастаны жойдық, индустриялық қоғамға ауысып келеміз. Бірақ психологиялық бөгет пен экономикалық бөгеттен аттап өте алмай отырмыз». Қызына, жылдам сөйлеген жігіттің бар айт қаны сөзбе-сөз жадымда қала қойған жоқ. Әйтеуір тұспалы осы. Бұл өзі интеллигенттер арасында көбірек тараған теория болса керек. Оның теориясын қарапайым тілге көшіргенде: «Бұрын әркім өз парқын біліп, соған мойын ұсынған болатын – байы бай, кедейі кедей, қайыршысы қайыршы. Қазір бәрін теңестіргіміз келеді, бірақ оған халіміз келмей жатыр. Және босағадағыны төрге шығаруға, төрдегілердің зауқы да соқпайды».
Үндістан хикаясы Үнді жазушыларына қазақтың оннан артық ән-күйі жазылған грампластинканы сыйға тартып, жылы қоштасып ажырастық. Олар да біздің әрқайсымызға бенгал тілінде шыққан бес-алты қалың кітапты арқалатып жіберді. Мейманханаға қайтар жолда үлкен көшенің дәл бұрышына тоқтадық. Бұ жақта автоинспекцияның аты ғана бар болу керек. Көше тәртібі әркімнің өз еркінде. Машинаны дәл бұрышқа тоқтатып қойып, басшымыз Мукерджи біздің Мадрасқа ұшатын авиабилетімізді реттеуге кетті. Машинадан шығып төңірекке зер салып едім: соншалық үлкен қаланың орталық көшесінің екі жиегінде цығанның көші сияқты орналасқан халық. Тек арба, көлігі жоқ. Бар мүлкі – кенеп төсеніш, бірдіекілі түйіншек. Кішкене темір пешке жүрек жалғайтын қойыртпақтарын пісіріп жатыр. Қастарында быжынаған ұсақ қап-қара балалар. Кішкентайы асфальт тротуарда еңбектеп, үш-төрт, бес-алты жасарлары лас суды кешіп, өздерінше ойнап жүр. Бенаресте де осындай бір көрініске куә болғанымды жазып едім ғой. Бірақ ол шағын қалада, өзенге тірелетін тұйық көшенің бір шетінде болғанға ма, онда үй іші, от басының жылуы бар сияқты еді.
Тахауи Ахтанов Ал, мынадай зәулім шаһарда, машиналары жыртылып айрылған ығы-жығы көшенің дәл ернеуінде жайғасып, орналасып, қазан көтеріп жатқан халық, шынында да адамның ақылына сыймайды екен. Қайта-қайта жаутаңдап қарай беріппін. Осы кезде қазан қарап жатқан әйел балаларға бір нәрсе деп күңк етіп еді, олар ойындарын лезде тастай сала, бізді қоршап, қолдарын жайып қайыр сұрап тұрып алды. Бәрі жамырай сөйлеп, ақырын майда қоңыр аянышты дауыспен өз тілдерінде бір нәрсе сұрап қиылып тұр. Біздің тілге түсінбейтінімізді біліп, қолдарымен ауыздарын көрсетеді. Онысы, әрине, өте түсінікті. Бір бес-алты жасар кішкентай қыз жасқа толмаған шынашақтай қара баланы көтеріп алған. Бір қолымен оның білегінен ұстап, титімдей алақанын жайғызып тұр. Құрысын... Бүгінгі тығыз программаның соңғысы– Бүкілиндиялық ақындар конференциясына қатысушылармен кездесу. Ол сағат жетіде. Қараңғы түсе – шаһардың оңтүстік жағындағы тыныш көшедегі екі қабат әсем жеке жайға келдік. (Бұл қаланың ауқаттылар тұратын жағы.) Жеке жайдың екінші қабатына көтеріліп, ұзын кең залға кіріп, жиналып
Үндістан хикаясы отырған он шақты адаммен амандастық. Аудармашы Исаак шетімізден тізіп таныс тырып өтіп еді, бірақ үй иесі болар: «Тағы да келетін он бес шамалы адам бар. Жұрттың бас-аяғы жиналғасын қайта таныстыр уыңызды өтінем», – деп ескертті. Үндіден гөрі қытайға тартыңқыраған, орта бойлыдан жоғары, толық кісі – үнді радиосы председателінің орынбасары екенін айтып өзін таныстырып, уақытты пайдаланып менен интервью алмақ болды. Сұрақтары аяқ астынан болды және сұрақты берген бойда микрофонды тұмсығыңның астына тоса қояды. Мен дайын дықсыз болсам да, іркілмей, жаңылып шашалмай, байсалды жауап бердім-ау деп ойлаймын. 1-сұрақ. Совет әдебиетінде қазір қандай ағымдар бар? Сіз соның қайсысын жақтайсыз? 2-сұрақ. Толстойға қалай қарайсыз? Қазір оның ізін қуушылар бар ма? 3-сұрақ. Біздің үнді әдебиетінен Советтер Одағында ең белгілі болған жазушылар кім? Интервью біткенше жұрттың бас-аяғы жиналып қалды. Орта бойлыдан төмен, қатпалау қара кісі төрге шығып сөйлеп кетті. Өзі жүйкесі
Тахауи Ахтанов тозған күйгелектеу адам тәрізді. Сөйлегенде өлең оқыған ақындар екі иығын қомдап, желпініп қопаңдап отырады екен. Байсалды, биязы дана қимылды үндіден гөрі елгезек кавказдыққа ұқсайды. Бұл Бүкіл Индиялық ақындар конференциясының президенті– Сатьяканта Гуха екен. Ол конференция жайында біраз жақсы сөздер айтты. Өзін президент етіп сайлаған үлкен сенімді зор мақтаныш тұтып қадірлейтінін білдірді. Конференцияның биік мақсаты әр тілде жазатын ақындардың басын қосып, ұлттық поэзияны өркендету дей келіп, тағы басқа да әйтеуір тәуір сөздер айтты. Бәрі бірдей менің жадымда қалмапты. Сөз аяғында бізді – совет жазушыларын құттықтап, екі жағымыз пікір алысып, достықты нығайтуға ниет білдірді. Маған сәл қиғаштау қарсы – жасы алпыстарды алқындырған, тықырлау ақ шашты, ірі денелі, қыр мұрын, ат жақты қара кісі отырған. Үстінде үндінің дәстүрлі етегі ұзын, қысқа тік жағалы ақ көйлегі мен ақ дамбалы – діһоти. Өзінің түрі қызық – қалың ерні бұртиып, ұрты салбырап, толық қарнын кеудесіне тіреп қойып, екі қолын салбыратып жіберіп, ұстаздың алдындағы шәкірттей тік отыр. Бірақ сырт түрі қандай қолапайсыз болса, жымиған қуақы көзқарасы сондай ақылды. Маған
Үндістан хикаясы тіке қарап, быттиыңқыраған қара көзі қуа қы күлімсіреп, бір мейірбан сиқыршыдай әншейін іші-бауырымды тінтіп отыр. Мен өзім тіке қадалған көзқарасты ұнатпаушы едім. Бірақ мына кісіден көзімді тайдырып әкетпедім. Бұл Индияның нағыз ірі жазушыларының бірі Ананда Шанкар Рай екен. Президент өзінен кейінгі бірінші сөзді соған берді. Рай сол отырған қиянатын өзгертпестен, қолын да қимылдатпастан, байсалды сөйледі. Ақылды сөйледі. Мен де күткенім дәл шыққандай риза көңілмен тыңдадым. «Біз орыс әдебиетін ең ұлы әдебиет санаймыз. Мен он жасымда Достоевскийді оқыдым, он екі жасымда Толстойды оқыдым. Чеховты, Бунинді оқыдым. Маған жазушы есебінде Тагордан гөрі Толстой көп әсер етті. Біз орыс әдебиетіне суарылып өскенбіз. Бұдан кейін жағдай солай болды ма, отызыншы жылдардан кейін орыс әдебиетінен көз жазып қалдық»,– деп өкініш білдіре келіп, бұдан былай әдебиеттер дос тығын нығайту жайлы біраз тәуір пікірлер айтты. Ар жағында бір күрсінісі, әлде бір іркіліп, түйтпектеліп қалған нәрсесі бар тәрізді көрінгенмен, Райдың сөзі маған қатты ұнады.
Тахауи Ахтанов Бұдан кейін Примендро Митро сөйледі. Индияның ең шебер әңгімешілерінің бірі саналатын Митро деген жазушыңыз кішкене бетті, шүңірек көз, қою ақ шашты арық шал екен. Бұл кісі де біздің әдебиетіміздің атағына біраз жылы сөздер айтты. Үлкен сезімін білдірді. Біз «Сіздерден шетелге қашқандардың сөздеріне біз сенбейміз. Ал сіздердің хал-жағдайларыңызды, ішкі өзгерістеріңізді – сіздердің өздеріңізден естігіміз келеді. Бірақ сіздер тарапынан кейбір хабарлар кешігіп қалады, не тіпті біздерге жетпей қояды да, өкінішке қарай біз ондай хабарды сіздердің дұшпандарыңыз арқылы естуге мәжбүр боламыз», – деген наз айтты. Содан кейін мен біздің елдің әдебиеті жайлы, қазақ әдебиеті жайлы қысқаша айтып бердім. Үнді жазушыларының, оның ішінде әсіресе ақындарының тұрмыс-халінің мықты емес екенін ескеріп, біздің авторлық гонорар, баспа тәртібін – көздерін қызықтырып, көлденең тарттым. Үнді әдебиетінің бізде 702 кітабы аударылып, 25 млн. тиражбен басылғанын бұ жерде де қайталап өттім. Аудиторияның негізі ақындар екенін ескеріп, қазақтың ақындық дәстүрі жайлы да бір жағын күлдіре айтып бердім.
Үндістан хикаясы Әңгімеміз еркін болды. Сөз араластырып арасында күлісіп алып, алысырақ отыр ғандары жақындап келіп, түрегеп тұрып сөзге араласып, әңгіме-дүкен құрдық. Орта жастан асқан төрт-бес жазушы болмаса, өзгелері – жас ақындар екен. Олар үлкендердің алдында ибалық жасады ма, сөзге көп араласпады, бірақ болып жатқан әңгімені зор ықыласпен тыңдады. Кеңесіміздің кейінгі жағында, шай үстінде – осы жылдың күзінде Дели қаласында болғалы отырған Африка-Азия жазушыларының конференциясы жайлы сөз туып кетті де, біз осы отырған жазушылардың бұл конференцияға деген көзқарасын сұрадық. Тағы да сөзге шапшаң президент Гуха суырылып шыға келді. Ол сұрақтың өзін ұнатпай шапшып жауап берді. «Біздің ұйым регионалдық конференцияларға араласпайды. Біз дүниені жікке бөліп тұрған нәрселерден аулақпыз. Біз саяси бір бағыттағы жазушыларды жақтап, өзге бағыттағы жазушыларды ренжіткіміз келмейді. Біз ондай мәжіліске қатыспаймыз». Біздің делегация мүшелері – Делиде болмақшы Афро-Азия жазушыларының конференциясы жөнінде хабардар болатын. Сондықтан да біз өз білгенімізді ортаға салып ол бір топтың, бір жіктің мәжілісі
Тахауи Ахтанов емес, әртүрлі бағыттағы жазушылар қатысатын кең мәжіліс екенін айттық. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше», «Жылыжылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген қазақ мақалын еске алып, қандай түрде, қай дәрежеде болмасын жазушыларға тілдесу, сөйлесу керек екенін, күш біріктіру керек екенін айттым. Тіпті екі континент емес, екі тілдің жазушылары бас қосса, соның өзі бейбітшілік үшін күресте, халықтар арасын жақындастыруда аз олжа емес. Оның үстіне конференция ежелден гуманистік дәстүрі күшті, адамгершілігі, рақымы мол, пейілі кең үнді елінде болайын деп отырса, бұл жағдайдың өзі жазушылардың өзара тіл табысуына, бір-бірін тереңірек түсініп, күш біріктіруіне шипасы тиер деген үмітімді айттым. Почивалов
мұндай мәжілістердің бұрын-соңды да болғанын, оған тек коммунистер ғана емес, әртүрлі бағыттағы талай атақты жазушылар қатысқанын, мысалы Испан республикасын жақтап фашизмге қарсы Хэмингуэй сияқты ірі жазушылардың талай конференцияларға қатысқанын айтты. Қонақ иелері біздің пікірімізге қарсы тілге тиек боларлықтай мықты дәлел келтіре қойған жоқ. Тағы да сол үндіге ер-
Үндістан хикаясы сілеу шапшаң Гуха «біз әдебиет саясатқа араласпауға тиіс деген қағиданы жақтаймыз», – деп баяғыдан келе жатқан ескі әуенді көлденең тартты. Оны Примендро Митро қостады, сабырлы Ананда Шанкар Рай үндемеді. Әдебиет халықтың жоғын жоқтап, оның қасіретін бірге арқаламай ма? Әдебиет азаттық үшін, адамзаттың жарқын болашағы үшін күреспей ме? Ал, осының бәрі саясат емей немене? Сонда саясаттан тыс қалған әдебиет мағынасынан, мән-мазмұнынан айрылмай ма? – дедім. – Ал, тіпті сіз бен бізге таныс – шығыстың ертеден келе жатқан ғашықтық жырларын-ақ алайық шы. Сол дастандар махаббат бостандығы, адамның рухани азаттығы үшін күреспей ме? Сайып келгенде – бұл феодализмге, соның заңдары мен дәстүріне, яғни идеологиясына қарсы күрес емес пе? Бұл саясат емей немене? Одан әрі қонақ иелері дауласа қойған жоқ. Біз де олардың пікірін шұғыл өзгерте қойдық деп өзімізді емексіткен жоқпыз. Мұндайды дипломатия тілінде «екі жақ бір-біріне өз көзқарастарын анықтап түсіндірді», – дейді. Шанкар Рай ғана емес, жастар жағы да үндемеді. Президентінің пікірін қостаған
Тахауи Ахтанов ажарын да танытпады. Біздің делегация мүшелерінің сөзін кәдімгідей ықыласпен тыңдап, ойланып қалған түрлерін байқадым. Мәжілісіміздің аяғы да, бас жағы сияқ ты, жылы шыраймен, бір-бірімізге айтылған мол алғыс, игі тілектермен бітті. Тентек шал. Тагор шаңырағы. Миллионер әйел леди Мукерджи. Біздің бар уақытымыз өлшеніп-пішіліп қойылған. Сол графиктен шықпай өмір сүреміз. Бүгін Бенгал Әдеби академиясының президенті Тарашанкар Банерджидің (Бандуопадһайя) үйіне барып сәлемдесуіміз керек. Делегацияның өзге мүшелері басқа шаруаларымен кетті де, бұл миссияны мен өз мойныма алып, тілмәшіміз Исаак Голубев, мұндағы жолбасшымыз – аз сөзді, іске тындырымды, сыпайы ғана, кішілеу қара жігіт Мукерджи үшеуміз солай қарай кеттік. Шалдың үйіне дейін ұзақ жүрдік. Сағат тоғыздың кезінде-ақ Калькуттаның күні қызып кетеді. Ауаның дымқылдығы 90 проценттен асады екен. Машинаның ашық терезесінен жел соғып салқындатып келе жатады да, көше тығындалып тұрып қалған кезде – ыстық тымырсық тынысыңды бітеп, терлетіп қоя береді.
Үндістан хикаясы Тарашанкар ақсақалдың үйі көп үйлердің ортасындағы үлкен алаңның бір шетін жағалай салған екі қабат коттедждердің бірі екен. Біз машинадан түсе бергенде-ақ кішкене жүзді, келте мұрын, арық қара шал сергек басып, қасымызға келіп қалды. Меймандостық ықыласын білдіріп, сампылдап сөйлеп, жөн сұрап жақсы тілектерін айтып үйіне шақырды. Үнді үйлерінде коридор бола қоймайды, оның орнын айнала веранда мен балкондар басады. Верандадан тура қонақжай бөлмеге кірдік. Бізде журнал столы аталатын аласа столды айнала қойылған аласа креслоға жайғасып әңгімеге кірістік. Бірден көзге түсетін нәрсе бөлменің төрт қабырғасы майлы бояумен салған әртүрлі суреттерге толы екен. Біздің кәрі шөңге суретшілер қолданып жүрген фотографияға жуық реалистік суреттер емес, стилизациядан абстракцияға қарай ойысыңқырап келген суретшінің еңбектері сияқты. Бояу талғамы да өзінше ерекше, жасыл мен сарғыш бояу ақпен әдемі қабысады. Горький мен Тагордың суреттерін таныдым. Бірекі әйел бейнелері ұнады. Сатып алып жинаған картинаға ұқсамайды. Оның үстіне шын мәніндегі профессионализм де сезіле қоймайды. Шамасы осы үйдегі біреудің еңбегі болар деп топшыладым.
Тахауи Ахтанов Креслоға отырып болмай-ақ Тарашанкар қарт: «Осы сізді мен бұрын көрген сияқ тымын. Сіз 1958 жылы Ташкент конференциясына қатысқан жоқсыз ба?» – деп кимелей жөнелді. Мен Ташкент конференциясына қатыспағанымды айтып едім, онда да болмай, не де болса бір көрген адамымсыз, совет жазушыларының әңгімелері бар еді осында, әйтпесе сонда суретіңізді көрген шығармын деп орнынан ұшып тұрып, қабырғаға тіреу лі столдың үстінде жатқан азғана кітапты ақтарып, қапелімде қолына еш нәрсе түспеген соң қайтадан отырды. Өзі ұмытшақ, жаңғалақтау шал екен. Содан әдеттегі әңгімеге ауыстық. Шалдың төрт баласы, он алты немересі бар екен. Екі немересі докторлық қорғапты. Шал балаларын онша ауызға алмай, немерелерін көбірек әңгіме қылды. Біз әңгімелесіп отыр ғанда маған қарсы түпкі есіктен он жасар қыз бала мен жетілер мен бестер шамасындағы екі қара бала жылтыңдап қарай берді. Олар тіпті осы шалдың шөберелері болса да өздері білсін. «Екі күннен кейін жасым жетпіс екіге толады. Өз өмірімде жүз кітап жаздым», – деді Тарашанкар Банерджи. – Дәл қазір Ленин туралы үлкен мақала жазып жатырмын. Ол 22 апрель күні газетке шығады, – деді бір сөзінде.
Үндістан хикаясы – Ленин тарихтағы ең үлкен революционер. Ол адам баласына жаңа дәуір ашты. Ленинді дүние жүзіндегі барлық ниеті дұрыс адамдар құрметтейді. Менің өзім Лениннің алдында басымды иемін. Қайдан аузымызға түскенін білмеймін, осы арада да Азия-Африка жазушыларының Делиге белгіленген конференциясы тілімізге оралыпты. Сөз орайы келіп қалған соң мен Тарашанкар Бандуопадһайя қарияның осы конференцияға көзқарасын білгім келді. Бұл сұраққа ол әріден толғап, өкпе-назы аралас, әжептәуір қызынып жауап берді. Сөзінің қысқаша мазмұны мынау: – Мен Африка-Азия жазушыларының бұл қозғалысына басында қатты араласқан адаммын. 1956 жылы Индияда, Делиде болған конференцияда үнді жазушыларының үлкен делегациясы қатысты. Мен сол делегацияның басшысы болдым. Одан 1958 жылғы Ташкент конференциясына тағы да үнді жазушыларының делегациясын бастап барғанмын. Сол жылы конференция председателі Азия-Африка жазушыларының тұрақты органын құруға ұсыныс жасады. Мен бұл органға кіруден бас тарттым, өйткені біздің бүкіл үнді жазушыларының атынан енуге өкілдігіміз жоқ болатын. Үнді тарапынан енетін жазушыларды Делидегі
Тахауи Ахтанов бүкіл үнді Әдеби академиясының президиу мы ұсынуға тиісті екенін айттым. Ал кейін Каирда конференция болғанда бұрын Африка-Азия жазушыларының конференциясына үнді делегациясын екі рет бастап барған маған ешкім хабарлаған да жоқ, – деп ренжіді Тарашанкар Банерджи. – Ал қазіргі Делиде болатын конференция ға біз қатыспаймыз. Ол тек коммунист жазушылардың ғана жиналысы болмақ, біз оған араласпаймыз. Ал, әдебиет деген жеке партияға бағынбауға тиіс. – Сіз парламентке қай партиядан сайландыңыз? – Мен партиядан тыс депутат болдым. Шалды бір тосам ба деген жерім осы еді, ұстатпай кетті. Бұл кісінің көзқарасында қайшылықтар көп болғанмен, жетпістен асқан адамды даудан жеңу, оның көзқарасын өзгерту оңай шаруа емес. Мен біздің әдебиетіміздің не себепті партиялық болатынын түсіндіру үшін Октябрь революциясының біздің халыққа әкелген жақсылығын айта бастап едім, Банерджи сөзімнің басынан-ақ киіп кетті. – Октябрь революциясы сіздің халықтарыңызға тамаша жеміс әкелді. Сіздердің жетістіктеріңіз ғажап, мен оған қуанамын. Шынында да дүниеден адамзат социализм мен коммунизмге талпынбаса өмірдің де,
Үндістан хикаясы еңбектің де мағынасы болмас еді. Әнекей, сол үшін де Ленин жайлы үлкен мақала жазып жатырмын, – деп жазу столының үстінде жатқан әжептәуір өндіріп тастаған қолжазбасын нұсқады. Мінекей үндінің үлкен жазушыларының бірі Банерджидің бірімен-бірі қайшы алысып жатқан көзқарасы. Кенет төтеннен: – Жазушылар бейбітшілік үшін күресу керек. Жазушының қолында үлкен күш бар. Біздің мықты бір мақсатымыз бейбітшілік болуға тиіс, – деді. Мен соғысқа қатысқанымды, төрт рет жараланғанымды, менің басымнан кешкенімнің балаларымның басына түспеуін тілейтінімді айттым. Осы арада Азия-Африка жазушылары конференциясына қайтып оралып, оның да бейбітшілік үшін күреске үлес қосатынына үміт артып, бұл ұйымның басында Мысыр жазушысы Юсеф Эс-Сибаи тұрғанын, оның коммунист емес екенін және оған келем деген батыс, шығыс жазушыларына есік ашық деп естігенімді тағы да есіне салдым. Шалдың иі жібиін деді-ау деймін: – Егер олай болса қатысып қалуым ғажап емес. Егер денсаулығым жараса қатысармын да, – деді. Біз тағы да біраз әңгімелестік. Сөз ара-
Тахауи Ахтанов сында Тарашанкар қария: мен орыс әдебие тін өте жақсы көрем. Толстой, Чехов, Горький менің сүйікті жазушыларым. Әнекей, мен Горькийдің суретін де салғанмын,–деп қабырғаны нұсқады. Ол суретті мен көріп отырғанмын. Ендеше мына қабырға толған суреттің бәрі шалдың өз еңбегі боп шықты. Кетер де ол маған өзінің үлкен бір кітабын жазып сыйға тартты. Машинаға дейін шығарып салып қоштасып жатқанда: –Мүмкін Делидегі конференцияға келіп те қалармын, – деді. Бенгалияның кешегі өткен ұлы Тагорынан кейінгі ірі жазушыларының бірі, беделді қариясы Тарашанкар Банерджимен осылай ажырастық. Ар жағында қалтқысы жоқ, ойын жасырмай айтатын, кісіге ықыласты, жарқын адам екен. Өз басым мұндай адамның бізбен сапарлас болғанын қалар едім. Қайтар жолда Рабиндранат Тагор университетіне соқтық. Бұл – университетте–биші, әнші, музыкант, суретші тәрізді өнерпазды дайындайды. Мұнда әсіресе үндінің классикалық биі мен халық биінің шеберлерін баулиды. Кең залға кіріп ән тыңдап, бақайшағы майысқан, қимылы жібектей биязы биші қыздардың ғажап шеберлігіне таңырқадық.
Үндістан хикаясы Бұл университетке жалғас Тагордың өз үйі. Ол қазір музей. Музейдің алдында Совет үкіметі сыйға тартқан Тагордың үлкен бюсті орнатылған. Тагордың үйі П әрпіне ұқсатып салынған, екі қабат әдемі жеке жай. Қорасының іші де әдемі. Екінші қабатына көтерілдік. Біз жоғарыда айт қандай мұнда да коридор жоқ, екі жағы ұзын балкон да, ортада бөлмелер. Тагор осы үйде туып, осы үйде дүние салыпты. Біз екінші қабатта ұзыншалау бөлменің ішінде тұрмыз. Бөлменің шет жағында екі жақтағы ұзын балконға шығатын қарсы екі есік бар. Тагор осы бөлмеде көз жұмыпты. Ұлы жазушының кабинетін де көрдік. Жазу столынан басқа жиһазы аз, шағын бөлме. Төменгі қабатта қонақ қабылдайтын үлкен ұзын зал бар. Тагор мұнда жазушылардың басын қосып мәжіліс өткізеді екен. Қабырғада Тагордың А.Эйнштейн, Р.Роллан тәрізді күні кешегі дүниенің ұлы адамдарымен түскен суреттері ілулі тұр. Біз музей кітабына бір-екі ауыз сөз жазып, қолымызды қойдық. Уақыт түс болып қалды. Калькуттаның таңертеңнен қызған дымқыл ауасы–қазір бетіңе ыстық пар сияқты соғады. Мейманханаға барып аптығымызды басып, жуынып, түстік ішеміз. Содан кейін ауаны суытатын
Тахауи Ахтанов кондиционері шуылдап тұрған қоңыржай бөлмеде бірер сағат тыныс алып жан шақырамыз. Сағат кешкі бес жарымда әсем Өнер академиясына визит жасауымыз керек. Бұл Академия жайлы алдын ала білгеніміз– мұнда үндінің қол өнері, тоқыма өнері және көркем суретінің (живопись) жақсы музейі бар. Көп қаржы шығарып осының бәрін жинаған, ұйымдастырған леди Рану Мукерджи. Леди Мукерджидің семьясы дәулеті жағынан Индияда бесінші семья боп саналатын көрінеді. Бізге, осы арадағы жөн білетін жолдастар: «леди Мукерджи сіздерді күтеді. О кісіні ренжітуге болмайды, керек адам», – деп ескертті. Және де ағылшынның үлкен ақсүйек семьясынан шыққан әйелдеріне тағылатын леди» атағын алған Индиядағы жалғыз әйел осы болса керек. Сонымен бай, меценат әйелмен дидарласуды біз де жек көрмедік. Шаһардың орталық жеріндегі, ертеде ағылшындар салған атақты шіркеудің қасындағы музейдің алдына келіп машинадан * Меценат – ескі Римде өнер адамдарына қаражат бөліп, көмек еткен бай кісі. Кейін келе ол кісінің есімі – «өнер адамдарына қамқоршы» деген мағына алып кеткен.
Үндістан хикаясы түсе бергенімізде – сымбатты, ірі жүзді үлкен көзді, қағілез қара торы әйел шапшаң басып қасымызға келіп те қалды. Ол орыс тілін қиналыңқырап, үлкен акцентпен сөйлеп: – С приездом. Здравствуйте, – деп қинала күлімсіреді де, – я по русски очень плохо знаю, – деп ар жағын ағылшын тілінде сөйлеп кетті. Леди Мукерджи осы әйел екен. Сыпайы қауымда әйел адамның жасын сұрамайды, сондықтан біз де леди Мукерджидің жасын топшыламай-ақ қоялық. Бірақ әйтеуір өңін бермеген, денесі де толыспаған қағілез кісі. Бет-әлпеті әдеттегі үнді әйелінен гөрі, ескі суреттерден кездесетін үлкен қиық көзді фарсы сұлуларына келіңкірейді. Мұрны да имек емес, биік тік мұрын. Қимылы биязы, шапшаң. Тосын кісімен бұрынғы ескі танысынша қиналмай, лезде еркін сөйлесіп кететін адам екен. Машинадан музейдің есігіне жеткенше-ақ бізбен жөн-жосық сұрасып үлгеріп, өзі бастап екінші қабатқа алып шықты. Іркілмей, гидтің қызметін өзі атқарып баяндай жөнелді. Көтеріліп келе жатқанда коридордың екі қабырғасында ілулі тұрған абстракциялық стильдегі суреттерге қарайлатпай – екінші қабаттағы үлкен залға алып кірді.
Тахауи Ахтанов – Бұл залда біздің ең үлкен қазынамыз – Рабиндранат Тагордың алғашқы салған жиырма суреті бар, – деді леди Мукерджи. – Ұлы жазушы Тагор жасы жетпіске келгенде қолына қыл қалам алып, сурет салатын өнер ашқан. Оның алғашқы картиналарын көріп, Францияның атақты суреткерлері мен өнер білгіштері қайран қалған. Леди Мукерджидің бұл айтқан сөзі мен үшін үлкен жаңалық еді. Тагордың жазушылық талантына табынғанмен, өмірбаянының бүге-шігесін біле бермеуші едім. Оның суретшілік өнерін бұрын да естігем. Мана күндіз Тагор музейінде жазушының өзі салған суреттерін көріп қайран қалғанмын. Бір бөлмеде Тагордың талай белгілі суретшілер салған портреттері тұр екен. Соның ішінде маған қатты ұнағаны, Тагорды біртүрлі аруақты, киелі, терең ойлы көрсеткені оның өзі салған автопортреті болатын. Соған қарап мен оны жасынан-ақ жазушылық пен суретшілік өнерін қатар бастаған екен-ау деп ойлап қалып ем. Сөйтсем... Мына ғажап жетпіске келген шалдың жаңа бастаған өнері екен. «Құдайекең бір берсе мол береді», – деуші еді қазақ. Сондай-ақ табиғат Тагорға бар талантты аямай-ақ берген екен. (Ол композитор
Үндістан хикаясы да болған. Мана музейінің қасында хордың орындауында оның өзі шығарған әнін де тыңдадық.) Тагор бөлмесінен шығып төмен түсіп келе жатқанда: – Менің әжем Тагордың жақын туысы еді, – деп қойды леди Рану Мукерджи. Живопись залына көп аялдамадық. Мұнда әр штаттың суретшілері салған полотнолар тұр. Бәрі дерлік абстракция. Шынымды айтқанда мен өзім абстракциялық живопиське онша түсіне бермеймін. Тек кейбір картиналардың бояуын ұнататыным болады. Мұнда да сондай бір-жар еңбектер болды. Абстракциялық сурет өнерінің тілі жұрттың бәріне бірдей ортақ (дұрысырақ айтқанда жұрттың көбіне бірдей түсініксіз) болғанмен – мұнда нағыз үнді рухында жазылған бірнеше полотнолар тұр. Ести білген адамға кәдімгі бояудың да сыңғырлап тұрған үні, әуені болады. Абстракциялық живописьтен маған ұнайтыны сол бояу әуе ні. Ол көңіл күйін танытады. Қызылды-жасыл, қарасы мен қызғылт жалыны аралас лаулап тұрған бір картина түнгі Бенарестегі – маған «Мың бір түннің» бір елесіндей әсер еткен көріністі көз алдымнан жалт еткізгендей болды. Менің жадымда қалған түнгі Бенарес те мына картина сияқты, өң
Тахауи Ахтанов мен түстің арасындай, қызара қарауытып, алаулаған от ойнағы. Осы күңгірт жалқынның ар жағынан бір-бірімен қабаттасқан үй бедері байқалады. Келесі зал халықтың қолөнеріне арналған екен. Мұнда үндінің ұлттық киімдері, тоқыма қолөнері мол көрсетілген. Ескі заманғы маһараджалардың киімдері де баршылық. Ол киімдерге он саусағынан өнері төгілген үнді әйелдерінің небір сұлу өрнектері түскен. Сол сұлулықтардың ортасында әшекей, өрнексіз Тагордың қарапайым ғана шапаны тұр. Бізге бәрінен сол қаттырақ әсер етті. Леди Рану гидтің қызметін жақсы атқарады дер едім, бірақ бұл әйелдің баяндауы жатталып қалған сипаттаманы жалықпай қайталайтын гидке ұқсамайды. Ол әрбір экспонатты қуалап жүріп, күні кеше ғана әзер қолға түсіргендей – әр заттың қалай табылған тарихын қызынып баяндайды. Мұнда үш жүз жыл, екі жүз жыл бұрын тоқылған неше түрлі сарилер тұр. Әсіресе адарғысы зер, арқауы жібекпен тоқылған матаға – алтын зермен ғажайып нәзік те әсем төгілген өрнектері көздің жауын алатын Бенарес сариін көргенде, қайран қаласың. Осының бәрін леди Рану Мукерджи
Үндістан хикаясы сұрау салып, айлап іздеп, деревнялардан, маһараджалардың сарайларынан там-тұмдап жинапты. Кейбір халық өнерінің тамаша ескерткіші – асыл бұйымдарды маһараджалар шетелге сатайын деп жатқан жерінен саттырмай алып қапты. Леди Мукерджи осы музейге өзінікін де, өзгенікін де жинап баққан. Бір зал толған фарсы кілемі. Қабырғада тамаша бұхар кілемі ілулі тұр. Жерде әйнектің астында жатқан төрт-бес кілемнің біреуінің қасына әкелді бізді. Әсем өрнектелген қоңыр қызыл кілем екен. – Көрдіңіздер ме? Енді мына басына шығып қараңыздаршы, – деді леди Мукерджи. Ол басына шығып қарап едік – ғажап, кілемнің түсі тіпті өзгеріп кетті. Енді көз алдымызда бұлтсыз аспандай ақшыл көк кілем жатыр. Біздің таңырқағанымызды көріп леди Мукерджи балаша мәз болады. Осы күні «хобби» деген сөз шықты. Оның қазақша жобасы құмарпаздық. Хобби – құмарпаздықпен қоса бір жағы ермек те сияқты. Біреу марка жинайды, біреу ескі монеталарды, т. б. Жинап ермек етеді. Леди Мукерджидікі сол хоббидан гөрі үлкенірек тәрізді. Бұл өзі халық өнерінің ескерткіштерін табуға қолына шырақ алып
Тахауи Ахтанов түскен сияқты. Жатса-тұрса ойлайтыны да сол ма деп қалдым. Ол шетелден келген-кеткен адамдардың затын тексеретін таможняға жиі барады екен. Онда шетелдіктер жымқырып баратқан Индияның мәдени бағалы ескерткіштерін алып қалады. – Мына бір кішкене бюсті таможнядан арзанға сатып алдым. Ол үшінші ғасыр, – деп, тастан қиылған будданың мұжылыңқырап қалған бейнесін нұсқап қойды. – Ал мына кәшмір шәліні 1962 жылы Нью-Йоркте небәрі 25 долларға сатып алдым, – дегенді леди Мукерджи көзі жайнап, осы шәліні жаңа ғана қолға түсіргендей қуанышпен айтты. – Кейін мамандардың талқысына салып тексеріп қарағанда – бұл өткен ғасырда ағылшын королевасы Викторияға сыйға тартылған шәлі боп шықты. Королеваға Кашмирден жыл сайын бір шәлі сыйлыққа жіберіліп тұрған. Кашмир шәлісі сатылады дегесін-ақ жүрегім бір нәрсені сезіп бара қойып едім. Сатушысы мұның қымбат дүние екенін білмей қалды. Үндінің көп жақсы ескерткіштерін шетелден арзан алуға болады. Олар оның нарқын білмейді,–деп қойды леди Рану. «Леди қанша бай болғанмен ақшаның есебін біледі екен» деген ой келіп қалды.
Үндістан хикаясы Калькуттаның ауасы сыртта қандай қапырық болса, үй ішінде де сондай. Музейді аралап жүріп желдеткіші жоқ бөлмеге кірсең, мазаң кете бастайды. Музейді аралап болған соң рақмет айтып кетпек болған бізді жібермей, леди қора ішіндегі шағын екі қабат үйге – өзінің кабинетіне алып келді. – Дәм ауыз тимей сіздерге кетуге рұхсат жоқ. Шай ішеміз. Арақ ішеміз, – деді. Шамасы, орыс халқына арақ ішпеу қуыс үйден құрауыз шыққанмен бірдей деп ойлайтын болу керек. Кабинетте аласа дөңгелек столды қоршай, жатаған креслоларға отырғаннан кейін шай әкелінді. Леди өз қолымен оймақтай рюмкелерге үнді арағын құйып, біздің «күн ыстық» деп қарсыласқанымызға қарамай алдыртып қойды. Стол басында да жайраңдап, ескі таныстарынша еркін сөйлеп отыр. – Біз елге барғасын сіз туралы жазамыз, – деп едік, риза болып рақмет айтты. – Леди Мукерджи, сіз экспонаттарды жалғыз өзіңіз ғана таңдап аласыз ба? – Жоқ, менің қателесуім мүмкін. Бағалы затты сатып аларда қасыма бір-екі адам өнер маманын шақырам. Оның үстіне бұл музей қазір менің жекеменшігім емес. Кооперативтікі. Оның толып жатқан мүшелері
Тахауи Ахтанов бар. Біз жас суретшілердің еңбектерін сатып алып, оларға материалдық көмек етеміз. Музейге кіру хақы арзан. Жетісіне екі рет қаржысыз халықты ақысыз кіргізіп тұрады. Мектеп оқушылары да ұйымдасып келіп, ақысыз кіреді екен. – Леди Рану, музейге үкімет қаржылай көмек бере ме? – деп сұрады Почивалов. – А-а, үкіметті қойшы. Көмек беруші ме еді... – деп леди қолын бір сілтеді. Содан кейін кішкене ойланып: – Айтпақшы коммунистер үкіметті билеп тұрғанда осында Босу өзі келіп көріп, музейге үкімет тарапынан аздаған көмек-қаржы бөлмек болып еді. Бірақ ұзамай үкімет отставкаға шығып кетті. Қазір штатымызда үкімет жоқ. Келесі үкіметтің қандай боларын кім білсін. – Музейдегі ең бағалы зат леди Мукерджидің өз басы ма деп ойлаймыз, – деп Почивалов комплимент айтып еді. – Ви шутите, – деді леди орыс тілінде, кәдімгідей қысылып. Шынында да леди Мукерджидің өз басы қызық адам. Кісімен тез табысып кіммен болса да тіл тауып, ақжарқын сөйлесіп кетеді. Бай, ақсүйек семьяда тәрбиеленіп, ағылшын, француздардың «жоғарғы қауым» аталатын ортасымен тығыз араласып жүрсе де – әр нәрсеге балаша қызығатын ықы-
Үндістан хикаясы ласын, елгезек сезімталдығын, жайраңдаған ашық мінезін тосаңсытпаған. Әрине зеріккеннен ермек іздейтін, кей нәрсеге әуес қойланып, соның соңына түсетін дәулетті әйелдер аз емес. Бірақ леди Мукерджиді олардың санатына қосуға болмайды. Бұл әйелдің іс-қарекеті революциядан бұрын орыс қауымында болған белгілі бай Третьяковты еске салады. (Третьяков дәулетті кісі болған, өз байлығын орыс суретшілерінің тамаша еңбектерін сатып алып жинауға арнаған. Кейін ол сурет галереясын Москва қаласына сыйға тартқан. Қазіргі атақты Третьяков галереясы содан қалғаны белгілі.) Третьяков сияқты леди Мукерджи де талантты танығыш, сурет өнерінің сырын мықтап түсінетін, талғамы тамаша адам. Ол сонымен бірге үнді өнерін насихаттау шы да Калькутта сияқты үндінің ең үлкен шаһарына келген аз-кем елеулі қонақтарды музейіне соқтырмай жібермейді екен. Қысқасы, бұл кісі үндінің белгілі бір мәдениет қайраткері. Көркемөнер академиясынан қайтып келіп, кешкі асымызды ішіп, бой жазуға серуенге шықтық. Біздің жақта, тымырсыған бөлмеден кешкі салқын самалға шыға келгенде кісі рақаттанып, желпініп қалар болар еді. Бұ жақта одан гөрі өзгешелеу. Конди-
Тахауи Ахтанов ционер суытып тұрған салқын мейманханадан түнгі қараңғы көшеге шыға келгеніңде – моншаның есігін ашқандай дымқыл ыстық ауа бетіңе лап етеді. Біз тұрған мейманхананың қасында – көлденең көшенің арғы бетінде – зәулім ақ үй губернатор сарайы бар. Сарайдың алып тұрған аумағы үлкен екі квартал шамасы. Айналасы түгел бақ. Сарайдың айналасында жалғыз-жарым ғана өткінші болмаса – адам жоқ. Ал, оңды-солды Калькутта көшесінде қайнаған халық. Ол жақты аралауға қайыршылар жүргізбейтін болған соң – губернатор сарайын айнала қыдыруға ұйғардық. Сарайдың жаны тыныш, қара көлеңке көшемен келе жатып тротуарда қарайып жатқан бір нәрсені басып кете жаздадым. «Ол не нәрсе екен?» деп үңіле қарасам – ұйықтап жатқан адам. Жоқ, бұл мас болып құлап жатқан біреу емес. Губернатор сарайын айналып шыққанша біз тротуарда ұйықтап жатқан бес-алты адамды көрдік. Бір жерде он үш-он төрттегі бала жатыр. Мұндайлар көше сайын жиі кездеседі. Калькуттаның түнгі ауасы да күндізгідей ауыр. Тұла бойыңды қою дымқыл басып, денең жабысқақ, жылымшы болып кетеді.
Үндістан хикаясы Хикматы көп күн. Ақ еспе капитан. Губернатор сарайында. Түнгі ойлар Ертеңгі шайдың үстіне Юра Фролов келді. Жүзі жайдары. – Жігіттер, өте жақсы болды. Баспасөз бен радио сіздің делегацияға жақсылап назар аударып жатыр. Кеше кеште радиодан хабар болды. Бүгін «Эмрита Патрика Базар» газеті жақсы хабар берді. Ал, «Стейтсменнің» мына мақаласы тіпті жақсы, – деді қолындағы газеттің бетін ақтарып. – Бұл өзі оңшылдау газет болатын. Теріс бір нәрсені қыстырып жібере ме деп қорқып едім. Әйтеуір шындықты бұрмаламапты. Тілшісі тәуір жігіт еді. – Кәне, оқып жіберші. Тілшісі бізге де ұнап қалған. – Шайларыңды ішіп алыңдаршы. Кешегі сіздерден алған интервьюді радиодан бүгін кешке береді. Тыңдауларыңызға болады. Бүкіл үнді радиосы бойынша беріледі. Содан кейін Юра ағылшын тілінен асықпай аудара отырып, бізге «Стейтсменнің» мақаласын оқып берді. Мақаланың аты қызық: «Совет жазушылары бостандық туралы, қашқындар және Джеймс Бонд жайлы айтты».
Тахауи Ахтанов «Баяу сөйлеген орыс сөзінің үнді дыбысы аудармашының бір ырғақты ағылшын тіліне қабаттасып кетеді, – біз мейманхананың самаладай жарық, кілемге бөленген кең залында отырмыз. Үндінің жиырма шақты таңдаулы ақындары – кең денелі қазақ жазушысы Тахауи Ахтановтың әдеби өнер, әдебиеттегі хал-жағдай туралы әңгімесін тыңдап тек оқта-текте құптап, бас изеп қояды. Ол СССР – Индия әдебиетінің қарым-қатынасы жайлы мәселелерге тоқталып өтті. – «Соңғы бес жыл ішінде үнді тілдерінен 702 кітап аударылған». Совет ақындарының қаражат жағдайы жөнінде Ахтанов «Оларға өлеңнің жолына төлейді. Сол қаржы олардың өздерін, үй-ішін асырауына жетеді», – деді. Оқушы аудиториясының кеңдігі жайлы: «Әрбір ақын-жазушыны білмейтін ауыл жоқ». Халықтың поэзияға деген махаббаты турасында: «Әрбір қазақтан шұқып қалсаң өлең шығады, – деді Ахтанов жымиып. – Ғашық болған қызына өлең жазбаған қазақтың жігіті жоқ». Москва жазушысы Леонид Почивалов сөзге араласты: «СССР бойынша Қазақстанда баланың ең көп туылатыны да осыдан екен ғой. Егер бүйте берсе үкімет қазақтарға өлең жазуға тыйым салмай болмас», – деп әзілдеді ол.
Үндістан хикаясы Ахтанов пен Почивалов – қазір Индияны аралап жүрген, төрт адамнан құрылған Советтің жазушылар делегациясының мүшелері. Олардың Калькуттада өткізген үш күні аса тығыз қарбалас болды – бұл жазушылар қайнаған ыстыққа қарамастан шамалары келгенше бәрін көріп, әдебиетпен де танысып үлгергісі келеді. «Біз Москвадан шыққанда бес градус аяз еді, – деді Ахтанов желдеткіштің астында терін баса алмай отырып». Үнді жазушыларымен әңгімелескенде болсын, өзара қысыр кеңесте болсын совет жазушылары күтпеген ашық мінез көрсетті. Олар өткір сұрақтардан тайқып жалтарған жоқ – мысалы үнді жазушыларының бірі – Афро-Азия жазушыларының конференциясын орыстар ұйымдастырса, ондай конференцияларда әдетте әдебиетті емес, саясатты талқылайтын болса – онда содан әдебиетке келер пайда қайсы? – деп сұрады. Жазушы өз қоғамының бір мүшесі, – деп жауап берді бұған мыңқ етпейтін сабырлы Ахтанов, егер біздің арамыз да қайшылықтар болса талқылайық соны, түсінісейік». Светлана Аллилуева жайлы сұраққа жауап бере келіп ағылшын тілін еркін сөйлейтін Голубев оның моральдық бейнесі
Тахауи Ахтанов жайлы айтты, «айтпақшы менің осы айт қандарымды басасыздар ма?» – деп сұрады. Совет жазушыларына творчество бос тандығы жайлы сұрақтар беріліп еді, олар өздеріндегі жағдайға ешқандай наразылық білдірмеді. Батыс әдебиеті СССР-да белгілі ме? «Әрине, – деп жауап берді Голубев,– біз оны аударамыз. Бізде Гарднер, Агата Кристи, Сименон, Болдуин, Хэмингуэйлердің аттары көпке мәлім». Ал, Джеймс Бонд ше? «Джеймс Бондты біз жақсы білеміз, – дейді Ахтанов, – бірақ тікелей емес, көбіне оған жазылған сатиралар арқылы білеміз. Оның түпнұсқасын оқыған емеспіз». «Бірақ кинодағы атақты Джеймс Бонд– Шон О’Коннори – қазір Италиямен бірігіп істеліп жатқан Совет фильмінде ойнап жүр». Осы мақаланы жариялаған «Стейтсмен» Индиядағы беделді буржуазиялық газеттердің бірі. Олардың біздің делегация туралы пікірі осы. Обалы не керек, шындығын жазған. Пікірі де негізінен әділ сияқты. Бұл мақаланың стилі де маған ұнады. Онсыз да түсінікті етістікті, баяндауышты қырқып тастап, қысқа ұтқыр тілмен сөйлейді.
Үндістан хикаясы Ал, осы мақаланың менің жеке басыма ұнаған ғажап бір сөзі бар, ол: «мыңқ етпейтін сабырлы Ахтанов» деген мінездемесі. Өз елімде, жора-жолдастарымның арасында жүріп қырықтан асқанша ести алмай жүрген сөзім еді бұл. Мыңдаған километр жол жүріп, алыс сапар шеккен еңбегім ақталды. Калькуттаға біз келгелі төртінші тәулік. Анда-мында барғанда қаланың орталығын үзіп-жұлып көріп жүрміз. Бірақ кеңірек аралай алмағанбыз. Калькутта Индиядағы ең үлкен қала. Халқының саны жеті миллионнан астам көрінеді. Айтушылар халық саны одан да көп, картада өзінше атағы бар, төңіректегі кіші-гірім қалалар қазір Калькуттамен жалғасып, шаһардың бір ауданы болып кетті деседі. Мұндай шаһарды астыңда машинаң болғанмен бірер сағат тұрсын, бірнеше күнде де түгел аралап шыға алмайсың. Біз жатқан мейманхананың алдындағы губернатор сарайын айнала бергенде әрі қарай кең алаң бар. Эстакадамен көтеріліп кетіп жатқан кең асфальттың оң жағында атпен серуен құратын, доп ойнайтын ипподром десең де, стадион десең де болғандай кең жасыл алаң бар. Сол жақта одан да үлкен алаң. Онда халық серуендейді, балалар ойнайды. Аса үлкен шаһардың қақ ортасында осынша кеңістік
Тахауи Ахтанов көзге жылы ұшырайды. Жан-жағынан тас қабырға қысып, бір жағынан машина ығыс тырып тілдей тротуарға тығылып қалған халық сорлының «уһ» деп дем алып, иығын жазатын жері осы болу керек. Алаңға кірер ауызда жол айналма дөңгелекте – үндінің ұлттық геройының біріне орнатқан ескерткіш тұр. Ол әскери жинақы формада, денесі ширығып, қолын жоғары сермеп ұяң елді сергіткендей серпінді қимыл сәтінде. Одан ілгері бір үлкен постамент тұр. Үстіндегі ескерткіші жұлынып қалған тұқыл постамент. Абзалы Калькуттада, Индияның өзге шаһарларында да, осындай тоқал тұғырлар көп. Бұл кешегі ағылшын отаршыларынан қалған із тәрізді. Үндіні жаулап алуда, кейін осы елді билеп-төстеуде көзге түскен ағылшын отаршыларына қойылған ескерткішті халық жұлып тастаған, мыналар содан қалған тұғырлар. Алаңның арғы шетінде Виктория королеваның құрметіне салынған мемориал-сарай бар. Виктория өткен ғасырдың екінші жартысында Великобританияда ұзақ жылдар королева болған әйел. Мемориал таза ақ мрамордан салған үлкен ақ сарай. Бұл үйдің архитектурасында батыс пен шығыс араласқан. Мемориал бір қарағанда ТәжМәһалға ұқсап тұрса, үңіле түссең Римдегі
Үндістан хикаясы Ватикан резиденциясы Петр әулиенің соборы елес бергендей болады. Бірақ сәулет мүсін шеберлігі жағынан осы екі тамаша ескерткіштің біріне де жете алмаған. Қазір мұнда музей бар. Мемориалдың алдында тақта отырған Викторияның скульптурасы бар. Ағылшындардан қалған жалғыз ескерткіш осы-ау деймін. Үнділер кемпірге тимепті. Мемориалды суретке түсірейік деп жол жиегіндегі үлкен ағаштың қасына келіп тұра қалып едік, жер астынан шыға келгендей екі маймыл жетелеген бір үнді алдымыз ға кеп тұра қалды. Маймылын ойнақтатып, суретке түсір деп ым қағады. Сөйткенше болмай теректің түбінде тыныш отырған біреуі сырнайын сарнатып қоя берді. Оның алдындағы жәшікте тілін сумаңдатып, жалпақ басын қайқаңдатып кобра билеп тұр. О да бір қолымен біреудің өзін түсірген суретін көрсетіп, суретке түсіруге шақырады. Бұлар туристердің фотообъективінің көзіне түсуді кәсіп еткен адамдар. Түсіргенің үшін оған бір рупий төлеуің керек. Бұл ертең елге қайтқанда жолдас-жораларыңа жыланды ойнатып, маймылды билетіп отырған, бөксесінен басқа жері жалаңаш қара қайыс сиқыршыларды көрсетіп, мақтанатын сағатыңның құны.
Тахауи Ахтанов Калькуттаның сипаты Бенарестен бө лек. Бенарес нағыз үнді шаһары болса, мынау әдетте «европалық» деген ұғыммен берілетін осы заманғы қала. Кілең төрт-бес, бес-алты қабат үйлер. Бүгінгі транспортқа лайықталған кең көшелер. Әр жерде әдемі сигареттің қорабына ұқсас – сорайып көкке көтерілген жаңа биік үйлер. Сонда да осы қаланы біздің теріскей шаһарына ұқсата алмайсың. Мұның архитектурасында бір жеңілдік бар. Быжынаған, я ұзыннан ұзақ созылған балкондар, күнқағар қалқалар, әйтеуір тағы да кәнігі көз болмаса, кісі байқамайтын архитектуралық детальдар қаланы жұқартып көрсететін болар. Біздің теріскей қалалар етек-жеңі қымтаулы, жылы киінген болса, мынау желпініске желбегей шыққан адамдай әсер етті. Мұның теріскей қалаларына ұқсамайтын тағы бір жағы көше жүрісі. Мұнда қазіргі замандағы батыстың байлары мінетін Шевроле, Кадиллак, Форд сияқты жатаған, жалпақ, ішіне ауа суытқыш кондиционер орнатылған машиналардан бастап, мотороллер, велосипед, ат арба, жаяу рикшаға дей ін барша көлік бар. Бенареспен салыстыр ғанда – мұндағы көше қимылы әжептәуір тәртіпті көрініп еді. Кей жерде светофор, көше тәртібін сақтайтын полицейлер бар.
Үндістан хикаясы Бірақ жүре келе байқасаң мұндағы жағдай да қиын екен. Бірлі-жарым емес, қаптаған машина жүрген жерде – белгілі бір қатал ереже сақталмай болмайды ғой. Біздегі автоинспекцияға экзамен бергенде шоферларды зар жылататын қиын ереже – мұнда оп-оңай, екі-ақ тәртіпке тіреледі. Біріншісі мұнда жолдың сол жақ бетімен жүресің, екіншісі өте сирек кездесетін светофорда қызыл от көрінсе амал жоқ тоқтайсың. Ал, одан басқа неғылсаң да өз еркің. Көшенің кез келген жерінен, қарсы беттен ағызып келе жатқан машинаға қарамастан, бұрыла береді. Ал қарсы беттің машиналары бұрылған машинаның бүйіріне тұмсығын тірей тоқтап, ананың бұрылып болуын күтіп тұрады. Кез келген қалтарыстан машина ағылып жатқан үлкен көшеге сылаң етіп көлденең шыға келуді рульдегі әр адам борышым деп санайтын тәрізді. Қарсы келе жатқан екі қабат дәу автобустың дәл тұмсығының алдынан көлденең бұрыла салу да үйреншікті нәрсе. Ал ат арбалар мен әсіресе жаяулар машинаңнан қыңбайды. Тіпті кейбіреулерін машина жаншып кете жаздап, фарын қоң етіне тигізіп әзер тоқтағанда – тым болмаса бұрылып қараумен де ісі жоқ-ау сабаздың.
Тахауи Ахтанов Бір кәсібім шоферлық болғанға ма, қарап отырған менің өзім шыдай алмай, зығырданым қайнап, дірілдеп-қалтырап әзер отырам. Шынында да біздің көшелерде осындайдың бірі кездессе – қызыл кеңірдек боп, айқайымыз алысқа жетіп жатар еді. Ал, мына жүйкеңнен айналып кетейіндер, қабақ шытуды, небір тіксінуді білмейді. Бұл қаланың біз көріп жүрген шаһарлардан және бір өзгешелігі бар. Осы күні біздің қалалардың көшесінен, басқасын айтпағанда жылқы малын көрудің өзі қиын. Ал мұнда кәдімгі такси есебінде жүрген ат арбалар мен жаяу арбаларды (рикшалар) былай қойғанда асфальттан ауысқан алақандай көгалы жоқ көшелерде сенделіп жүрген сиырларды көресің. Тым болмаса жалайтын топырақ та жоқ, тас пен цементтің ортасында нені талшық қып жүргенін бір құдайдың өзі біледі. Ол ол ма, халқының саны Алматыдан он есе көп қаланың дәл орталығында, парламент үйінің жанында шібіш-лағы аралас жүз қаралы ешкі айдап келе жатқан адамды көрдік. Азғана жүріп Виктория мемориалынан өте бергенде жүз қаралы қой тағы да алдымыздан шықты. Мұның да қозы-тоқтысы аралас. Союға айдап барады дейін десең, іштерінде жілігі татитындары жоқ.
Үндістан хикаясы Калькутта шаһарын бұдан 270 жыл бұрын ағылшындар салған екен. Ағылшын тілінде де, үндінің өз тілінде де қаланы Кәлката деп атайды. Арғы тегі бенгалдың «Ғали һаат» («Қасиетті жағалау») деген сөзінен шықса керек. Ағылшын салған үйлер қалғанмен, бұл қалада ағылшындардан қалған адам аз болу керек. Әйтеуір біздің көзімізге түскен ағылшын жоқ. Қаланың оңтүстік жағында ауқатты адамдар, байлар тұрады екен. Бұ жағы тыныш, шағын жасыл көшелер, жасыл ағаш, пальмалардың арасында қора-жайы, бақтары бар әдемі екі қабат, үш қабат жеке үйлер. Көшелері тап-таза, нашар киінген лас адамдар көрінбейді. Орталықтан теріскейге қарай жүргенде кіші-гірім, ұсақ саудагерлердің ауданы басталады. Мұнда, әрине, жеке жайлар жоқ. Үйлердің бірінші қабаттарында, қуыс-қуыстарда, екі үй арасында жапсырылған қалқа, күркелерде быжынаған ұсақ дүкендер. Мұнда сатылмайтын нәрсе жоқ. Бірақ сатушы көп те, алып жатқан адам көзге көп түспейді. –Оңшыл Джан-Санх партиясы тек осы ауданның құрылтайында ғана көпшілік дауыс алып, билеп отыр, – деді Юра Фролов.
Тахауи Ахтанов Өйткені олардың өзі ұсақ саудагерлердің партиясы. Шаһардың өзге аудандарында түк ықпалы жоқ. Шаһардың теріскейіне қарай жоқшылық ауданы басталады. Калькутта, абзалы онша таза шаһар емес. Ал, солтүстікке өрмелеген сайын қаланың қоқысы қалыңдай береді. Үйлері де тозығы жетіп, мұжылып қалған. Үй арасындағы қуыстарда, бос далаңқайларда құжынаған, кісі жүрелеп қана кіре алатын итарқа күркелер. Калькуттада 700 мыңдай адамның баспанасы жоқ, көшеде түнейді екен. 130 мың алапес адам бар деседі. Бізді қонақ деп сыйлай ма, басшымыз қаланың жаман жағына онша жолатпайды. Бірақ сонда да көшеге қонатындарды түн сайын мол көріп жүрміз, тек алапестерді көре алмадық. Бүгін жас жарым шамасындағы бала көтерген, сақал-шашы өсіп кеткен бір алапес, машина іркіліп қалғанда, қасымызға жетіп кеп қайыр сұрады. Бізге қарай, қып-қызыл еті шығып тұрған қолын созады. Саусақтары баланың саусағындай кішкентай екен, алақанының білекпен жалғасқан түбін түгел жеп тастаған, қызыл шақа, еті шығып тұр. – Бұл жалған алапес, – деді Юра. – Жалғаны жалған емес, бірақ әсіре-
Үндістан хикаясы леп бояп қойғаны рас, – деді рульдегі үнді жігіт. – Түнде байқалмас еді, қазір күндіз сезіліп тұр. «Соқыр тауыққа бәрі бидай» деп біз оның өтірік-шынын ажырата алмай, тек шошыныңқырап қалғанбыз. Юра Фролов қайыршылардың үлкен ұйымы, өзіне керекті өндірісі барын айтты. Ол өндіріс адамның сай-сүйегін сырқырататын неше түрлі кемістікті, кескін, қиянатты жасап беретін көрінеді. Қасиетті Гәңгінің бір тармағы қаланы жарып өтетін Вугли өзенінің үстінен салынған көпірге шығып қайтып айналғанда демонстрацияға шыққандардың үлкен бір колоннасын көрдік. Көбінің қолында қызыл ту, туларында орақ-балға. Бұл өзі ұзын колонна боп шықты. – Бұлар шаруалар съезіне бара жатқандар. Ол съезді коммунист партиясы шақырып отыр, – деп түсіндірді Фролов. Біз келгелі демонстранттардың қысқақысқа колонналарын талай көріп жүрміз. Айқайлап ұран тастап өтіп жатады. Әсіресе губернатор сарайының тұсына келгенде айқай салып тұрып алады. Көбінің-ақ қолдарында қызыл ту. Бірақ қызыл тулардың мағыналарының өзі әртүрлі.
Тахауи Ахтанов Қазір Калькуттада саяси жағдайдың шиеленіскен кезі. Жергілікті үкімет отставкаға шыққан, штатты президент басқаратын болған. (Әрине президент өзі тікелей басқармайды, осындағы губернатор арқылы басқарады). Біз келерден бір ай бұрын мұнда үлкен қақтығыстар болып, жүзден аса адам жараланып, жиырмаға жуық кісі өлген. Осыдан екі күн бұрын – мұндағы ең көп дауыс алған, беделді партияның – параллельді компартияның лидері Босуға қастандық жасалған. Бірақ оқ Босуға тимей, өтіп баратқан бөгде адамды қазаға ұшыратыпты. Газеттер ол кісінің өзінің, әйел, бала-шағасының суреттерін басыпты. Батыс Бенгалия штатының халқы – негізінен прогресшіл, солшыл партияларды көбірек жақтайды екен. Мұнда жұмысшы табы да мол және жақсы ұйымдасқан. Соның нәтижесінде солшыл-демократияшыл партиялар бірігіп үкімет құрған. Бірақ олардың арасына іріткі түсіп іштен ыдырап, өза ра қайшылыққа келіп, соның нәтижесінде үкімет құлаған. Енді үкімет құрайын десе парламентте көпшілік дауыс алатын одаққа партиялар топтаса алмаған. Сонымен штат жаңа сайлауды күтпек. Бүгін күн демалыс. Дүкендер жабық, базар жоқ. Бірақ барша көшелерде
Үндістан хикаясы құжынаған адам. Таңертеңнен шыжғыра бастаған күн, сағат он екіден аса қайнап кетті. Төңірек мұнарта бусанған ыстық дүниеге айналып барады. Быжынаған қабат-қабат үйлер, құжынаған балкондар. Толықсып шайқалып қояды. Қызылды-жасылды сарилер, орамалдар, ақ көйлек, ақ дамбалдар неше түрлі бояу жігі қосылмай сапырылысып өтіп жатыр. Бірде бұрқ етіп бетке шығып, қайтадан көрінбей кетіп қайнап жатқан мына тобырдың мен де бір түйіршігімін. Өзге нәрсені сезуден қалып барам. Сырттағы ыстық ауадан суытқыш кондиционері гуілдеген мейманханаға кіріп келгенде – салқын ауа тершіген денеңе қылқандай қадалады. Иісі мұрныңды жаратып салқын кока-коланы сіміріп жібергенде, маңдайыңнан тер бұрқ ете түседі. Аз уақыт есеңгіреп барып есіңді жиып, теріңді басасың. * Сағат төртте күн әлі қайнап тұр. Біз шағын катерге мініп өзенмен серуенге шықтық. Қасиетті Гәңгінің бір тармағы Вугли – шаһарды қақ жарып өтетін, ені бес-алты жүз метр кең арна. Біз жоғары өрлеп келеміз. Алдымыз-
Тахауи Ахтанов дан алып көпір көрінді. Астында тіреу жоқ, үстінде астын ұстап тұрған зәулім темір аспалары бар. Бұл осыдан он-он бес жылдар шамасында дүниедегі ең үлкен де ұзын тіреусіз көпір болған екен. Өзенді өрлеп қарсы келе жатқанда көрер көзге мықты әсер етеді. Өзеннің екі беті кәдімгі қала. Мұнда халықтың серуендеуіне арнап әдейі бөліп қойған жасыл жағалау жоқтың қасы. Сығылысқан қала өзенге төніп келіп тұмсығын тіреп, әзер тоқтаған. Қаланың орта деңгейіне өрлегенде – үш-төрт қабат шағын үйлер көрінді. Архитектурасы әсем, балкон, лоджиялары бар тұрғын үйлер. Шамасы, ертерек кезде ағылшын байларының самалды өзен жағасына салдырған жайлары болар. Заманында сұлу болған. Енді қазір қартайып, онық үстіне өзін күтпей салақсып азып кеткен сұлу сияқты, ажары қашқан. Балкон, лоджиялары тозып, кірпіштері мүжіліп, өзен жиегімен дәл түбінен өтетін темір жол паровоздарының түтіні ыстап, сиқы қашқан. Моторлы катердің жүрісі кәдімгідей жел соқтырып, Калькуттаның дымқыл аптабын кейін серпіп, кісіні сергітіп тастады. Енді алды-артымызға байыптай қарап, төңірегімізге зер салатын болдық.
Үндістан хикаясы Біздің бастаушымыз үндемейтін, сыпайы Мукерджиге катер үстінде тағы бір жігіт қосылған. Ол осы порттың қызметкері екен. Өзі біздің Аградағы жолбасшымыз Шармаға ұқсас. Бес жүз елу миллион адамның ішінде бір-біріне ұқсайтындар көп болатын шығар. Әйтеуір менің бір байқағаным – дәл осындай орта бойлыдан сәл төмендеу, жуан болмаса да тығыршықтай жұмыр денелі, кішкене жүзді, құс мұрын қара жігіттер Индияда тіпті көп тәрізді. Бұл өзі сыпайы, ізетті жігіт екен – бізге жылы ықыласын сездіріп келеді. Өзенде мая сияқты үйілген күріштің сабанын тиеген нән қайықтар тұр. Сабанды итарқа қып үйген, іші қуыс, тұрғын үй тәрізді. Арлы-берлі баркасқа ұқсас шұңғыл қара қайықтар жүзіп жүр. Кішілеу ғана мотормен зырғып кететін осы қайықты жиыр ма шақты адам екі жақ бортында түрегеп, есіп барады. Индияда артық өндірілетін бір нәрсе болса – ол адам болар. Біз екі жағалаудағы қаланың көркін тамашалап отыр едік – әлгі порт басқармасының қызметкері сыпайы жігіт жағдайын айта бастады. Цифрлары мен проценттерін жатқа соғады. Цифрлар мен процент аталған жерде... Өндірісті жазуға әккі боп қалған со-
Тахауи Ахтанов вет жазушылары мен журналистері емеспіз бе–бәріміз де блокноттарымызды суырып алып жаза бастаппыз. Әрине Калькутта Индияда ғана емес, бүкіл Азиядағы үлкен порттардың бірі. Индияға сырттан келетін заттардың 40 проценті және Индиядан сыртқа шығатын заттардың 30 проценті осы порт арқылы өтеді екен. Елдің тіршілігі мен өндірісіне қажетті шетел валютасының қақ жартысы да осы порт арқылы көп құйылатын көрінеді. Ел қажеті цемент, астық, тыңайтқыш, химиялық препараттар, механизмдер, мұнай сияқты заттар сырттан қасиетті Гәңгінің осы өңешіне кеп құйылып жатса, шетке сататын шай, джут, болат, темір рудалары сол өзеннің сағасынан шығып жатады. Бұл портта күніне жүз қаралы кемелер болады екен. Порттың өз темір жолы 250 километр. Әрине портты ұлғайту, өркендету жөнінде істеліп жатқан көп жұмыстар, жоспарлар бар көрінеді. Оны да біз блокнотымыз ға жазып алдық. Біздің серігіміз Индия туралы очерк жазғысы келіп жүр. Бізбен бірге жүрген жүріске ол әрине қанағат етпейді. Біз программа бойынша көбіне мәдени қайраткерлермен араласып, мәдени мұралармен
Үндістан хикаясы танысып жүрміз. Бұл әрине совет жазушыларының очеркіне жеткіліксіз. Сондықтан да мен кеше Тарашанкар Бандуопадһайяға кеткенде ол госпитальға барып хирург әйелдің операциясын көрді. Бірақ көңілі толмай келді. Кәдімгі біздегі сияқты – аппаратура, сол скальпель, сол зажим, тампон. Тіпті айырмашылығы жоқ көрінеді. Мен ол жолдастың халін түсінемін. Сонша жерден іздеп келгендегі көретінің үйдегі бар нәрсе болса... Енді ол өндірісті, балықшылар мен шаруалардың өмірін көргісі кеп жүр. ...Калькутта портына байланысты цифрдан босаған соң бір-бір шыны аяқ кофе ішіп алып, өзен бойын тамашаладық. Төменгі жақтан самсаған жүк түсіргіш крандар, үлкен-үлкен шаңқан боз кемелер көзге түсе бастады. Олар өзен арнасынан бұрылыс, қолтық-қолтық суларда тұр. Ал, өзен арнасында бір кіп-кішкене ескі пароход кездесті. Аты «Мадагаскар». Мені таңырқатқаны бұл Жапонның кемесі екен. «Қазір кеме жасау да дүние жүзінің маңдай алдына шыққан, 300 мың тонналық кемелер жасап жатқан елде де осындай ескінің көзі әлі жүр екенау» деген ой еді ол.
Тахауи Ахтанов Төменірек түскен кезде өзеннің оң жағы–ғажайып бір жасыл қорық екен. Онда пальмалардың неше түрі бар, асыр салып ойнап жүрген маймылдар да көзге шалына бастады. Қонақ иелері бізге осы қорықта аялдап, біраз серуен құрып, дем алуды ұсынып еді, бірақ қанша қызықсақ та рақмет айтуға тура келді. Өйткені сағат алтыға осы портта тұрған совет кемесіне баруға уағда жасап қойып едік. Шетте жүрген адам бауырмал келеді, олар да бізді күтіп отырған болар. Біз катерден түскен пристань мен советтің сауда өкілдігінің арасы аз-ақ жер екен. Бірақ сонда да өзенмен осы екі арада ыстықтап үлгеріппіз. Бұл сауда өкілдігінде үш үй грузин бар екен. (Бұлар негізінен шайдың мамандары, үнді шайын таңдап алатын мықтылар осылар.) Бала-шағаларын ертіп олар да серуеннен қайтыпты. Өздері кәдімгі бір ауыл. Балалары грузинше сөйлейді. Портқа бізді Советтің Калькуттадағы теңіз өкілі ертіп апаруға тиіс. Оның машинасының дипломаттық номері бар – ешкім тоқтатып, тексермейді. Көп күттірмей о да жетіп келді. Бұл капитаннан алғашқы әсерім тура ала құйын соғып өткендей болды. Өзі жас шамасы отыздың орта шеніндегі,
Үндістан хикаясы еңкіштеу сұңғақ бойлы, ат жақты, қоңқақ мұрын, аққұба жігіт екен. Самай сақалын езуінің түбіне әкеліп шорт қырыққан, әсем фуражкасын бір шекесіне аударып, мөңкіте киген – нағыз теңіздің кербез серісі. Ағылшынның теңіз романдарындағы өжет капитандарға ұқсай ма, әлде соған ұқсағысы келген бе... Есіктен кіре біздің төртеумізді түгел үйіріп алды. Әрқайсымыздың қолымызды қатты қысып, беттерімізге де тесіле тез қарап, өзінің аты-жөнін, біздің барар жеріміз бен мақсатымызды да айтып салды. Сол екі арада Исаактың атам заманда одессалық болғанын біліп, Одесса жайында екеуі тамсанысып, одессалықтар мақтаныш етісіп те үлгерді. Бізді сөзге көміп тастап, есімізді жиғызбай машинаға әкеп сүңгітіп жіберді. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе айтуға болатынын мен осы жолы аңғардым-ау деймін. Совет-Үнді сауда қатынасы, Калькутта порты, біз бара жатқан кеменің жай-жапсары, Бенгалиядағы саяси жағдай мен ауа райы, тағысын тағыларды капитан біздің құлағымызға шелектеп құйып келеді. Ол аз болғандай ауық-ауық Исаак пен екеуі қайран Одессаны еске алып тамсанысып қоятыны және бар. Менің байғұс басым қазандай болғанмен осынша информация-
Тахауи Ахтанов ны сыйғыза алмай дал болдым. Әйтсе де осы капитан оңды жігіт пе деп қалдым. Ар жағында қалтқысы жоқ, ақ жарқын, ақ еспенің өзі. Біз келген совет кемесінің аты «Марнеули». Бұл сырт адамға түсініксіз, тілге ауыр есім – грузиннің шағындау бір қаласының аты көрінеді. Бұл кеме осында біздің көмегімізбен салынып жатқан жаңа металлургия комбинатына керек-жарақтар әкелген екен. Портта біраз тұрып қалыпты. Әлі де тұрыңқырайтын түрлері бар. Өйткені Калькутта портының жұмысшылары ұзақ забастовка жариялаған. Солардың бір тобы қызыл ту көтеріп, кеменің жанынан өтіп бара жатты. Кеме капитаны бізді ертіп әкелген теңіз өкіліне тіпті де ұқсамайды, екеуін от пен судай қарама-қарсы десе боларлық. Бұл елуді алқындырып егде тартқан, орта бойлыдан төмендеу, қағілез адам. Дөңес мұрынды, ат жақты аққұба жүзінен, төңірегін ұсақ әжім шалған кішілеу күлім көзінен талай ыстық-суықты басынан өткеріп, ой тоқтатқан кемелдігі көрініп тұр. Ұзақ жылдар теңізші аталатын қиын қауымды басқарып, олардың қыбын табамын деп елпектемей, оларды ықтырамын деп дөкірленбей сырты жұмсақ, өзегі қатты бір мінез жа-
Үндістан хикаясы сап алған тәрізді. Сөзге сараң. Бірақ тұйық емес, кісіге жылы шырайлы. Неге екенін қайдам, маған талай кездескен ескі танысым сияқты көрінді. Шетел порттарында тұрған совет кемелеріне барып керемет очерк жазғыш журналистер бар. Олар алыста жүрген совет адамдарының шұрқырасып көрісуінен бастап, кеме үстіндегі совет адамдарының ерекше ғажап атмосферасын, олардың әсіресе буржуазиялық елдің адамдарымен салыстырғандағы моральдық артықшылығын, биік патриоттық сезімін, қайнаған еңбегін, һәммасын тура мөлтілдеп жазып береді. Шынымды айтсам мен осындай очеркке олақтаумын. Көргенімнен артықты жазуға қиялым да, дәтім де жете бермейді. Бізді де теңізшілер жаман қарсы алған жоқ. Бірақ алыстан ағасы келгендей аптығып, шұрқырасқан да жоқ. Біз кемені аралап келе жатқандағы жолшыбай кездес кендері сыпайы ғана ізетпен амандасты. Біздің аңғарғанымыз он төрт мың тонна жүк тиейтін сонша үлкен кемеде адам аз екен. Бүкіл команда қырыққа жетпейді. Теңізшілердің тұрмыс халі де жақсы. Ыстық жақта ауа суытқыш кондиционер үзбей істейді. Әр адамға жеке каюта. Каю та-кампанияда кино болып тұрады. Кітапханасы бар.
Тахауи Ахтанов Совет жазушыларымен кездесуге команда түгелге жуық жиналды. Араларында бір-екі әйел де бар. Соңғы жылдары оқушылармен жиірек кездесіп, біраз төселгенмен осындай кездесудің әрқайсы мен үшін тосыннан болғандай әжептәуір қинайды. Әйтсе де амал жоқ, қасымдағы қулар: «Делегацияның басшысы–сен бастауың керек», – деп алға мені салатын әдеттері. Шынында да жазушы адамға халықпен сөйлесу оңай шаруа емес. Алдыңдағы аудиторияда жасы, өмір тәжірибесі, білімі мен қалауы бір-бірінен алшақ алуан түрлі жандар болады. Соның қайсысының тілін табасың? Не істеп жүргеніңді, қалай жазатыныңды айту – көптің көзінше шешінгендей–о да ыңғайсыз-ақ нәрсе. Мен өзіміздің сапарымыз, келген мақсатымыз жайында, жазушылармен, мәдени қайраткерлермен пайдалы кездесуіміз турасында жеңіл ғана жүгіртіп айтып бердім. «Осы кеменің табалдырығын аттаған совет жерінің кішкентай бір бөлшегіне аяқ басқандай ішіміз жылып кетті» деген сұлу сөзді де қыстырып жібердім бір жерінде. Анық білмесем де топшылаймын, бұл да дәл біздің халіміздегілердің талай айтқан сөзі болар.
Үндістан хикаясы Біздің өзге жолдастар да мандытып еш нәрсе айта қойған жоқ. Осындайда қызғылықты сұрақ та жұрттың аузына түсе қоймайды, тыңдаушылар жағынан сөйлейтіндер де суырылып шыға келмейді. Орыс тіліндегі үйреншікті сөзбен айтқанда – аздаған қолайсыз үнсіздік туады. Жолың болғыр бір тығыршықтай, қайқы тұмсық қара торы жігіт көп күттірмей сөйлеп кеткені. ...Бірақ сөйлегені түссін. Біздің де екі аяғымызды бір етікке тықты. Ернінің ұшымен жеңіл рақметін айтып алып, біздің жазушыларға деген өкпесін біраз тоғытты. «Біз теңіз үстінде кітапты көп оқимыз. Бірақ іздегенімізді таппаймыз. Өмірді ылғи жеңіл көрсетесіздер. Көп кітаптарда бәрі үстірт, бәрі оп-оңай. Біздің теңізшілер өмірі де тек қана бірыңғай романтика боп келеді. Жаңа «Совет жерінің бір бөлшегі» деп көтеріп жатырсыздар. Ал, осы бөлшектегі өмірдің қандай екенін білесіздер ме? Кейде осы әсем кеме, айнадай жалтыраған каютаның ішінде жынданып кете жаздаймыз. Бір жыл, не екі жыл емес, өмір бойы айлап ел көрмей көк теңіздің үстінде боламыз. Үйішімізді де айлап, жылдап көрмейтін кезіміз болады. Біз ылғи сырттамыз. Мінекей теңіз өмірінің сіздер білмейтін «романтикасы».
Тахауи Ахтанов Жалпы теңіз ғана емес, өзге тақырыпқа жазылған кітаптарда да өмірдің осындай жағы көрінбей қалады. Ал, жұрттың газеттен оқитын шетел оқиғаларының біразын көзбен көріп куә болып жүрміз. Мен өзім оның үстіне радиспін. Дүниедегінің көбін тыңдап та отырамын. Бізге газеттің бас мақаласының тілімен сөйлеудің қажеті жоқ. Көп нәрсені өзіміз де ұғамыз», – деп, бізді де түйреп өтті. Радист жігіттің сөзі сілкіндірді ме қалай, осыдан кейін сөзіміз қызайын деді. «Ұялған тек тұрмас» деп енді біз де олардың өздеріне сұрақ бере бастадық. Почивалов теңіздегі балықшылар өмірінен жазылған Владимировтың «Три минуты молчания» романы жайында сұрады. Бұл сұрағы тегін емес, «Новый мир» журналында басылған осы роман біраз сынға ұшырады. «Балықшылар өмірін теріс көрсеткен, жала» деген айып таққан да сыншылар болды. Сол теңізшілер өмірінен жазылған шығармаға қатал үкім шығарған сыншылардың қайсыбірі – ең мықтағанда Қара теңіздің жиегіндегі құмайт пляждан әрі теңіз кешін көрмеген шығар-ау. Почивалов өмір шындығын өмірдің өзімен тексергісі келді. Ол романды оқыған төрт-бес адам бар
Үндістан хикаясы екен. Бірі әйел. Олар бірте-бірте шешіліп, қызына келе жамырай сөйлеп, бір-бірін құптап – романды қызығып оқығандарын, онда нағыз өмір шындығы жазылғанын, ондағы характерлердің кейбіреулері өз араларында да бар екенін айтты. Осы бір кішкене эпизод әдебиет сыны жайлы әжептәуір ой салады. Әрине әдебиет сыны ат үсті оқушы пікірімен шектелмеуге тиіс. Шын мәніндегі маман, биік дәрежелі, терең ойлы сын керек. Бірақ өмір шындығы жайлы таласымызда сол өмірге, халықтың өзіне жүгініп отырғанның да артықшылығы жоқ тәрізді. Әрине ол алдын ала ұйымдас тырылған «көпшілік пікірі» емес, осындай ағынан жарылған әңгіме үстінде айтылған пікір болуы ләзім. Басында қонақтар мен қонақ иелері бір-бірін кішкене тосырқағанымен, ақыры шүйіркелесіп жақсы сөйлесіп кеттік. Әсіресе капитанның бөлмесінде берілген ықшам қонақасы үстіндегі әңгімеміз әбден жарас тықты болды. Екі жағымыз да шешіліп сөйлесіп, біраз гәпті шерттік. Манағы бізді сынайтын радист, жолың болғыр, оңды жігіт екен. Қолымызға бірбір бланкадан ұстатып үйлеріңізге, жақын туыстарыңызға телеграмм берулеріңізге болады. Қалаған уақыттарыңызға жеткізем,– деді.
Тахауи Ахтанов Елден шыққанымызға он күн болып қалған – үй-ішімізге амандығымызды білдіріп, телеграмм беріп қарық боп қалдық. * Бүгін күн демалыс. Программа бойынша манағы бесін кезіндегі катермен саяхаттан өзге еш нәрсе жоқ-ты. Бірақ Калькуттадағы ең тығыз күніміз осы жексенбі болайын деп тұр. Кешкі сағат сегізден аса совет кемесінен мейманханаға қайтып оралдық. Жолда келе жатып «губернатордың адъютанты бізді қонаққа шақырмақ уағдасын ұмытып кеткей-ақ» деп тіледік. Біз губернатордың адъютанты Тэлвар деген жас капитанмен алдыңғы күні кешкі ас үстінде танысқанбыз. Бұл өзі ұзын бойлы, аққұба, бидай өңді үндіден гөрі европалыққа ұқсастау дөң маңдай, ұш жағы сәл имектеу биік мұрынды жігіт. Еркін, ерке мінезіне қарағанда бір байдың бұлаң өскен мырзасы тәрізді. Онымен танысқанда қасында біз жатқан «Спенсер» мейманханасының қожасы – аласа тығыршық денелі, момақан жүзді Ананд болған. Танысқаннан кейін біз оларға аздаған сый-сияпат көрсетіп едік, алдында «әйелім Парижден бүгін ғана келіп еді»,– деп отырған Ананд елп ете қалып бізді үйіне қонаққа шақырған.
Үндістан хикаясы Үйі мейманхананың біз жатқан екінші қабатының түп жағында боп шықты. Анандтың «Парижден келген» әйелі бөксесі мен кеудесі мол пішілген ажарсыз, аласа қара келіншек екен. Үш-төрт айлық баласын көтеріп, Тэлвардың келіншегі де келді. Бұл күйеуі сияқты ұзын бойлы, арық, Кавказ әйелдеріндей биік қабақ, қоңқақ мұрын. Бірақ өрт қара өңі мен кісінің өңменінен өтетін үлкен қара көзі, оны нағыз цыган әйеліне ұқсатып тұр. Анандтың үйіндегі кеш әжептәуір көңілді болған. Сонда көңілденіп тұрған Тэлвар бізді жексенбі күні кешкі сағат сегізге қонаққа шақырған. Біздің ендігі тілегіміз «сол қызулықпен айтылған сөз боп адъютант оны ұмытып кеткей-ақ та». Бірақ ол ұмытпапты. Кешігіңкіреп қалған бізді Тэлвар мейманханада тосып отыр екен. Ол бізді губернатор сарайына апарды. Екі қабат зәулім сарайдың әр қабаты кәдімгі қалалық үйлердің үш қабатындай бар. Даладай кең коридор. Кең есікті бөлмелер. Бізбен бірге Анандтардан басқа–ұзын бойлы ашаң жігіт – Тэлвардың ағасы болды. Бір атадан ала да, құла да туады деп, бұл інісіне тіпті де ұқсамайды– бет бітімі негр өңдес, бақа ауызды қара.
Тахауи Ахтанов Және де көзге қораш біреу – бизнесмен болды. Рас болса оны бізге миллионер деп таныстырды. Ортақ тіл таба алмадық па, бұл кеш пәлендей маңызды болған жоқ. Уақыт өткізу үшін айтылатын жеңіл-желпі жаттанды сөздер. Бір шай қасық вискиге жуан стакан сода суын қосып, оқта-текте ұрттап самарқау сөйлесеміз. Оның үстіне бір тілмәштің аузына қараған соң... Осы төртеудің ішіндегі, кәсібі тілмаштық Исаакты былай қойғанда, ағылшын тіліне қара жаяуы менмін. Майя Ганинаның аздаған бір нәрсесі бар. Бірақ байқаймын, о да менен онша қарасын үзіп кете қойған жоқ. Тұттығып екі-үш ауыз сөз айтады да ар жағында қолы сөйлейді. Ағылшыншаға Исаактан кейінгі жүйрігіміз Леонид Почивалов. Бұл өзі моральдық тақырыпқа ғақлия-нақыл әңгімелер жазуға жүйрік жазушы. Жасы қырықтан енді ғана асқан, жіңішке тап, қағілез кісі. Ат жақты, ірілеу қыр мұрынды кішкене бет өңі сары ма, аққұба ма ажырату қиын, бір кезде сол екеуінің бірі болған шығар, қазіргісі біртүрлі қуқыл күлгін, артқа қайырған селдір шашы да күлгіннен бозамық тартып ағарған. Леонид бұдан біраз жыл бұрын осы Үндістанда, Азияның күнгей шығысын-
Үндістан хикаясы да тілшілік қызмет атқарған. Содан қалған жұқана аздаған ағылшыншасы бар. Ал, Леонид ағылшынша сөйлегенде ішпей-жемей тоясыз. Ол сөйлер алдында иығын қиқаң еткізіп қомдап алып, кеңірдегін үзердей созып, иегін көтеріп Умм... Ооо... Эээ... Мистер Тэлвар... Умм... Май фред... мистер Ахтанов... Эээ... – деп аттамай жатып-ақ етегіне сүрініп әлек болады. Өзі білетін азғана ағылшын сөздерінің нәшін келтіремін деп ыстық картопты аузына салып жіберіп енді не жұта алмай, не түкіріп тастай алмай қиналған адамдай– таңдайының астында тілін шүйіріп, әр дыбысты күмпілдетіп, мұрнынан шығарып әлекке түседі. Осылай бес-алты минут сөйлегенде тіпті қасында қарап отырған сіздің өзіңіз шаршайсыз. Білмеймін, басқалар сөйлегенде ағылшын тілі майлы қасықтай жылпылдайды және олар мынау сияқты әр дауысты дыбысты бүйірін қампитып, ырғап созып діңкесі құрымайды. Біздің жігіттердің тамсануына жетпейтін шай қасық виски алпамсадай Тэлварға әжептәуір әсер еткен сияқты. Сөзге араласпай теңселе басып бөлменің ортасына кеп төңірекке сүзе қарап тұрады да, ортайған стаканды толтырып кетеді.
Тахауи Ахтанов Тэлвардың әйелі нәрестесін диванға ұйықтатып тастап, ауық-ауық кішкене подноспен қонақтарға үндінің әртүрлі тәттілерін – печенье, банан ұсынады. Поднос ты алдыңа әкеп, «алыңыз» деп тостағандай цыган көзімен шарпып еткенде, қолын ұсынған тағамына тимей ауаны қармалайды. ...Түн ортасы жуықтап қалды. Калькуттаның бусанған тымырсық ауасына лып еткен бір салқын леп енетін емес. Дымқыл тұтқан көйлек, шалбарым қаудырап денеме қатты тиеді. Көшеде жалғыз жүрмін. Біраз шаршасам да түнгі Калькуттаны азғана жаяу аралағым келеді. Ертең ертеңгілік ұшамыз. Қаланың қараңғы түсе қызған түнгі тіршілігі бәсеңсиін деген. Қызылды-жасылды бұйымдары электр жарығымен алау лаған дүкендердің көбі жабылған. Жұрт аяғы сейілген. Алып қала аптығын басып, баяу тыныс алады. Мен Индияға келгелі он тәулікке толыпты. Сол он тәулік бойғы көрген жаңалығымды он жылда да көрмеген болармын. Менің көз алдымнан соны, тың дүние ашылды. Дели... Агра... Бенарес... Калькутта... Бір-біріне ұқсамайтын қайталанбас шаһарлар. Сонша адам, сонша дүние... соншама әсер. Осыншаның бәрі дәмін
Үндістан хикаясы алып, талмап жұтатын мерзімді уақытына созылмай, лақ етіп менің басыма бір-ақ төгілді. Ғажайып сарайлар мен тар қапас, лас жертөлелер, сәнді кадиллактар мен арқасына сортаңы шыққан жаяу рикшалар, миллионерлер мен қайыршылар, сан алуан көріністер қойыртпақталып кеудемді түйнеп барады. Көргенім соншалықты көп... ұшан-теңіз... Бірақ енді бір ойлап қарасам, көргенім тіпті аз. Болмашы... жоқтың қасы. «Жер» деп аталатын алып шардың экваторға қарай қампиған жалпақ бүйіріне кең көсіліп, Үндістан атты зор ел жатыр. Бұл мұхит сияқты терең де, мұхит сияқты үлкен ел. Дели... Агра... Бенарес... Калькутта... Солтүстіктен оңтүстік шығысқа қарай тартылған сызық бұл. Құмырсқаның ізіндей жіңішке сызық. Аттам жердің ар жағы мен үшін қараңғы тұман. Оның үстіне мен осының қазіргі бір сәтін ғана көріп келем, ал ар жағы ертегіге астасып бес мың жылдан әріге кетіп баратқан ұлы тарих. Ол да менің әлі сусындап қанып болмаған дүнием. Мынау төрт тәуліктен бері мен малтығып жүрген алып дала Калькутта. Үндінің он алты штатының бірі Бенгалия... Кешегі ұлы
Тахауи Ахтанов Тагор бастап, бүгінгі Бандуопадһайя, Рай, Босу, Де Вишну тәрізді кесек жазушылар жалғап, қанша үңгіп суреттесе де тауыса алмай жатқан өмір бар мұнда. Мен не білдім осыдан? Индуизмнің орталығы кешегі Бенарестен қанша қазына жыйдым бойыма? Менің білгенім де, түйгенім де теңіздің бір тамшысы ғана тәрізді. Жол ұзақ, өмір қысқа деген осы. Іші бітеу қалып бара жатқан елдің көзіміз шалған сыртқы көрінісіне қанағат етеміз де. Сағат түнгі бірді орталағанда бөлмеме қайтып оралдым. Төбені тесіп орнатқан кондиционерден төсегімнің үстіне қаракүйе жауып қалыпты. Бұл таң атқанша мені көміп тастайды ғой. Кеше Майя Ганинаның бөлмесінде сондай хал болып, оны басқа номерге ауыстырған-ды. Ертең ертеңгілік жүретін болған соң жарты түнге бола жұртты мазалап жатқым келмеді. Сөйтіп қиналып тұрғанда байқасам, іргедегі кереуеттің үсті таза екен. Соған ауысып жата кеттім. Байқаймын, біздің досымыз Анандтың бұл мейманханасы нағыз гүлденіп келе жатқан дүние емес. Әйелі Парижден келген. Өзі жуырда Совет Одағына соғып, одан Европаны араламақ. Егер мұнысы рас бол-
Үндістан хикаясы са... Әй мына тозығы жеткен кішкене мейманхана сондай мол сілтейтін табыс бере қояр ма екен. Қой, Анандтың бюджетіндегі шаруам қанша, ұйықтайын. ҮШІНШІ ХИКАЯ Вице-канцлер. Тіл қасіреті. Ардақталған ақындар
Үндістан хикаясы Калькуттадан да аттандық. Бұ жолы біз мінген Каравелла самолеті үш реактив моторы құйрығына орналасқан, әуеде дыбысы онша естілмейтін, жолың болғыр, өте жайлы көлік екен. Екі жарым сағат уақыттың қалай өткенін байқамай да қалдық. Тіпті шаршатпады. Біз көтеріліп биіктеп алғаннан соң алдыңғы жақтан қошқыл қараның сұлуы – стюардесса қыз шығып, мынадай хабар айтты: – Леди һәм джентльмендер! Біздің самолет теңіздің үстімен ұшады. Егер кездейсоқ қауіпті жағдай туып қалса қорықпаңыздар. Сіздердің қамдарыңыз күні бұрын ойлап қойылған. Отырған креслоларыңыздың астында суға батырмайтын жилет бар. – Стюардесса қыз қолындағы резина жилетті көтеріңкіреп бізге көрсетіп қимыл жасай бастады. – Былай бірнеше рет бассаңыздар болды – жилеттің іші ауаға толып шыға келеді. Сосын киіп аласыздар. Бірақ қыздың жилеті ауаға толып қампиятын ойы жоқ, сол баяғы жансыз күйі салбырап тұр. – Оқасы жоқ. Мұны өздеріңіз істеп аласыздар ғой, – дей салды ол. Осы кезде жан-жағыма қарасам жұрттың бәрі жилетін алып, сілкілеп жатыр.
Тахауи Ахтанов Бірақ біреуінің жилеті қампимайды, былқсылқ етеді. Әуелі күбірлеген жұрт гуілдей бастады да, стюардессаның сөзін бөліп жіберді. Иллюминатордан төменге көз жіберсем – астымыз көк теңіз екен. Біздің сол жағымызда отырған қызыл шақа, құс мұрын бір француз бар еді. О, ғажап әлгінің жилеті қампиып шыға келді. Француз қуаныштан дауыстап жіберді де кенет айналасындағы сәтсіздерге көзі түсіп, шошып кетті. Жилетін тез астына тыға салып, балапан басқан тауықтай үстіне жарбиып отыра қалды. Төңірегіне сезікті қызғанышпен үрке қарайды. Стюардесса қыз әлі сөзін бітірмеген екен. Жұрт гуілінің басылуын сабырмен тосып, сөзін қайта жалғады: – Жилетті кигесін сыртқа шығуға қам жасайсыздар. Біздің самолеттің екі есігі бар–бірі алдында, бірі құйрық жақта. Қауіпті сағатта уақыт ұту үшін екі есікті қатар ашу керек. Шығар кезде алдымен әйелдерге жол беруді ұмытып кетпеңіздер. Самолет су бетінде 1 минут 40 секунд қалқып тұра алады. Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Бұл хабарландыру жұртты үрейлендірудің орнына біраз күлдіріп алды. Енді қызыл шақа француз да іске асар жалғыз жилетін
Үндістан хикаясы жұрттан қызғанып үрке қарауын қойды. Әрі-беріден соң жилетінің ішіндегі желін шығарып, қайтадан орнына салып қойды. Мадрасқа түске таман келдік. Бұл Индияның оңтүстік жағы. Жері сұлу екен. Көк торғын жазық алқап самолет төмендегеннен-ақ көз тарта бастады. Оң жағымыздан алысқа бұлдырап біздің Көкше тәріздес мұнарлы көгілдір таулар көрінді. Енді селдір біткен пальмалардың шоқ-шоқ ормандары да жиі ұшырайды. Күн қызған кез. Аэродром да қайнап тұр екен. Тас бетонның қызуы ұлтанымыздан өтіп, табанымызды шарпиды. Біз самолеттен түсіп аэровокзалға қарай беттегенде алдымыздан бойшаңдау, талдырмаш, аққұба жігіт жүгіріп келді. Аласа маңдайына ұзын сопақ беті үйлесіңкіремейді, содан ба, біреу иегінен сығып ұстап төмен қарай тартып қалып, бетін созып жіберген сияқты әсер етеді. Өзі елгезек жігіт көрінеді. «Біздің біз екенімізді» білгеннен кейін: – Мадрастағы мәдениет жөніндегі вице-консул Яблоновский боламын, – деп өзін таныстырды, бізге түсініктірек болу үшін – Мадрастың Поростаевымын,– деп және қосып қойды. Поростаев – кешегі Калькуттадағы вице-консул – орта бойлы, тығыршықтай,
Тахауи Ахтанов аққұба келген осетин жігіт болатын. Ол бізді көп мазалаған жоқ, тек бір-екі рет келіп халімізді сұрап кеткен. Леди Мукерджидің музейінде де бізбен бірге болды. Бұл жігіттің тамаша бір қасиеті – оның қасыңда бар-жоғын байқамай қалатынсың. Ал, мына Поростаев-Яблоновский өзін байқатпай қоятын адамның түрі емес. Бірден іші-бауырыңа кіріп, елпілдетіп алып барады. Аэродромның бір бөлмесіне кіргізіп, Үнді-Совет қоғамын басқаратын бір профессор және бір мәдениет қайраткерімен таныстырып үлгерді. Сөйткенше бізді іздеп тағы бір-екі үнділік достар келді. Анықтай келгенде – біздің қожамыз осы соңғы келгендер – үкімет тарапынан бөлінген адамдар боп шықты. Бізге бәрібір «майды көп салғаннан ботқа бүлінбейді», – деп орыстар айт пақшы, қарсы алушылар көбейген сайын біздің мәртебеміз аса береді. Бірақ бізді қарсы алуға дайындалып екі топ, екі программа жасапты. Мұнысы аздаған шатақ. Біз әрине меншікті қожамыздың – соңғы келгендердің программасына бағынамыз. Бірақ Яблоновскийдің де далада қалғысы келмейді. Сонымен екі программаны қосып жіберіп, ортақ бір программа жасауға келістік.
Үндістан хикаясы Екеуін бірге қосып жіберсек те программа онша тығыз болмады. Мадрас Калькуттадан да ыстық. Сол ыстықта шапқылай беруге біздің де жанымыз сірі емес. Бүгінгі программамыз – түс қайта университетке барып, вице-канцлерге визит жасаймыз. Содан кейін қаланы аралау. Біз тоқтаған «Империал» мейманхана сы–ықшам. Кішкене ғана төрт қабат және сондай екі қабат – бөлек екі корпусы бар. Рестораны өз алдына бөлек бір павильон. Біздің есіктің алдында және ресторанның ар жағында екі қорасы бар. Екеуі де көк шөп өскен, құм себілген тап-таза. Менің бір байқап келе жатқаным осы жақта көп қабатты, үлкен мейманханалар жоқ. Бәрі де осындай шағын, оңаша, тиыш. Бұ да жердің климатына байланысты болар. Мынадай қайнаған ыстықта – біздің «Россия» сияқты алып мейманханада құмырсқадай құжынаған адам қалай жан сақтамақ. Университеттің орталық корпустары теңіз жағасына салынған екен. Бұл жердің пейзажы тіпті әсем. Тропикалық ұзын жапырақты жасыл ағаштар арасында екі-үш қабат әсем қызыл үйлер. Жарастықты симметриямен салынған. Біз екінші қабатқа көтеріліп, вице-канц лердің кабинетіне кірдік. Вице-канцлердің
Тахауи Ахтанов фамилиясы өте қиын. Оны дұрыс айтып шығу үшін тіліңді шиыршықтап тұрып үш бұрауың керек, қысқасы: доктор Н. Д. Сундаравадивелу. Доктор Сундаравадивелу креслосынан тұрып, біздің алдымызды тосып амандасты. Биік кең кабинеттің үлкен терезелерін, теңізге қарай айқара ашып тастапты. Теңізден кәдімгідей самал соғады. Вице-канцлер бізді отырғызып, өзі де орнына барып отыр ды. Биік, ірі кісі екен. Жас шамасы елудің ар жағына әжептәуір шығып кетсе де денесі тығыз – спортшы тәрізді, күшті жуан мойны мен сопақтау ықшам бас бітімі оны боксерге де ұқсатады. Бет-әлпеті де шымыр, уытты, дөңес кең маңдайлы, биік келте мұрын. Қимыл-қозғалысы сияқты сөйлеген сөзі де ширақ, еркін. Көсем болып ысылып қалған, іскер қайраткер екені сезіледі. Өзі көп жыл министр болған екен. Сөз саптауына қарағанда міндетін университетпен ғана шектеген адамға ұқсамайды. Вице-канцлер сөзді университеттен емес, жалпы ағарту мәселесінен бастады. Келтірілген цифрлары негізінен штат көлемін қамтиды. Осы арада штаттар жайлы бірер сөз айтқан дұрыс болар. Индияның бұрынғы штатқа бөлінісіне бірсыпыра өзгерістер енгізілген көрінеді. Енді штатты негізінен халықтың ұлттық құрамы-
Үндістан хикаясы на қарай бөліп, олардың кейбіреулерінің бұрынғы атауларын да өзгерткен. Мысалы бұрынғы үлкен шаһар есімдерімен аталған Мадрас, Бомбей штаттары қазір ұлт есіміне сәйкес Тамильнад, Махараштра штаттары боп аталады. Әр штаттың халқы сайлаған өз үкіметі бар. Сөйтіп қазіргі біз келген Тамильнад штатының негізгі халқы – тамил ұлты. Доктор Сундаравадивелу ағарту жұмысының өркендеуі жайлы біраз ақпар келтірді. Индияның қай жерінде болмасын кешегі мен бүгінгіні салыстырғандағы межесі 1947 жыл. Бұл Үндістанның ағылшын отаршылығынан босанып, азаттық алған жылы. Осы штатта 1947 жылы 14 мың мектеп бар екен – қазір мектеп саны 41 мың. Соған орай оқушы саны 1,6 миллионнан 5 миллионға өсіпті. Ал, толық орта мектеп саны 650-ден 2500-ге жеткен. Бұл әрине үлкен жетістік. Бірақ әлі де істелетін іс бастан асып жатқан сияқты. Өйткені қазір оқу жасындағы балалардың төрттен бірі ғана мектеп босағасынан аттаған. – Халық ағарту жағынан бізде ең алға кеткен штат, – біздің оңтүстік жақтағы көршіміз Керале штаты, – деді вице-канц лер. – Онда оқу жасындағы балалар түгел қамтылған.
Тахауи Ахтанов Керале штаты Индияның ең оңтүстік мүйісі және ең сұлу жері деп атайды. Біздің оған жолымыз түспей жатыр. Бірнеше сайлауда жеңіп алып, бұл штатты көп жылдан бері коммунистер басқарып келеді. Халыққа білім беру ісінің алға кетуінің үлкен себебі содан болса керек. – Балалардың мектепке қатынауы да көп қиындық келтіреді. Менің бала кезімде біздің деревняда мектеп болған жоқ. Жақын мектеп 8 миль болатын. Оған қатынау мүмкін емес. Менің әке-шешемнің жері, аздаған ауқаты болатын. Олардың мені оқыту қолынан келді. Ал, кемірек тұрмыстағы адамдар балаларын оқыта алған жоқ. Қазір мектептің арасын қысқарттық. Қазір ең қашық дегенде бастауыш мектеп бір миль, орта мектеп бес миль. Мен ішімнен есептеп отырмын. Бір милің бір километр алты жүз метр. Сонда орта мектебіңе дейінгі жол – 8 километр шамасы. Осынша халқы тығыз елдің әзірге мектебінің тығыз болмағаны-ау сонда. Балалар орта мектепке шейін өз тілінде оқиды, ағылшын тілі қатар жүреді, жоғары мектептердегі оқу негізінен ағылшын тілінде көрінеді. Қазір штат бойынша мектеп программасын бір жүйеге жеткізіпті. Бүкіл үнді мас-
Үндістан хикаясы штабын былай қойғанда өз ішінде оқу программасын бір жүйеге сала алмай отырған штаттар бар көрінеді. – Қазір үкімет тарапынан халық ағарту ісіне көп күш жұмсалып отыр. Мектептерде оқу ақысыз. Сонымен қатар колледждердің бірінші курстарында да студенттер ақысыз оқиды. Мектептерде оқушыларға ертеңгі тамақ беріледі. Бұ да төлеусіз. Қыз балаларға мектеп формасы да ақшасыз беріледі,–деп доктор Сундаравадивелу көсіле сөйледі. – Соңғы он бес жылдың ішінде Тамильнадта халықтың білім алуға деген ықыласы күшті. Бұрын қоғамның ең төменгі сатысында тұрған – хариджилар («неприкасаемые» – адам жоламайтын, аласталған деген мағынада) әсіресе білімге құштар. Үкімет олардың оқуына көп жәрдем етеді. Менің өз туған деревнямнан сауатсыз екі хариджидің баласы мектеп бітіріп, деревняға оқытушы боп қайтты. Вице-канцлер ағарту ісіне, халықтың көзін ашуға өз өмірін бағыштаған адам тәрізді. Мектеп жайлы сөйлегенде – бұл істің өз штатындағы бүге-шігесін түгел білетіні өз алдына, жалпы оқу мәселесін сөз қылғанда арқасы қозып, қанаттанып кетеді. Бұл тақырыпта қанша уақыт сөйлессең де ынтығы қайтып жалықпайтын, түбіне жетіп таусылмайтын адам сияқты.
Тахауи Ахтанов Отаршылық тепкісінде кешеуілдеп қалған қараңғы халықтың білім мен өнерге, жарыққа талпынатыны бізге таныс. Біздің сонау жиырмасыншы жылдардың аяғы, отызыншы жылдардың бас кезіндегі зор сілкінісіміз қазір осы елдің басына да келген бе деп қалдым. Ағарту ісінде үкіметтің қолы жетпей жатқан жерде халықтың өзі қимылдап кетеді екен. Соңғы он жылдың ішінде халықтың мектепке көрсеткен көмегі жүз миллион рупий шамасы болыпты. Жұрт мектеп үшін қаржы, мүлік жинайды. Қаражат беруге шамасы келмейтіндер – өзінің еңбегін береді. Мектеп үйін ремонттайды және де басқа мектепке қажетті жұмыстарды істейді. Сонымен бірге жұртшылық мектептің жағдайын тексеріп, керекті жәрдемдерін көрсетеді екен. Ал, жергілікті коммуналар балаларға ақысыз оқулықтар, қыздарға ақысыз униформалар беретін көрінеді. Штаттағы жалпы халық ағарту ісіне біраз қандырғаннан кейін доктор Сундаравадивелу өзі басқарып отырған университет жағдайымен таныстырды. Мадрас университеті 1857 жылы ашылған Индиядағы көне оқу орындарының бірі екен. Бұдан бұрын ашылған тек Калькутта мен Бомбей университеттері ғана көрінеді.
Үндістан хикаясы Қазір бұл штатта үш университет бар. Қалған екеуі Мадураи және Анамалай университеттері. Университет толып жатқан колледждерден құралады. Ол колледждер – біздіңше факультет деуден үлкен, шамасы әрқайсысы ықшам институт дәрежесінде болса керек. Мемлекеттік колледждермен қабат жекеменшік колледждер де болады екен. Бірақ барлығының программасы бір және бәріне де диплом мен ғылыми атақты университет қана береді. Біздің келіп отырғанымыз университеттің орталық корпустары. Ал, колледждер қаланың басқа аудандарында көрінеді. – Біздің білім беруіміздегі бір үлкен олқылық жоғарғы класс оқушылары мен студенттердің мамандығына сай іс тәжірибесінен өтпеуі. Бізде тіпті инженерлік факультеттердің өзінде өндіріс тәжірибесі жүргізілмей келді, – деді вице-канцлер. – Біз бұл өте қажет нәрсені енді ғана қолға алып жатырмыз. Доктор Сундаравадивелу бір жақсы нәрсені есіне алғандай қиялдана жымиып қойды. –Мен сіздің елді аралап, әсіресе оқу-ағарту ісімен кеңірек таныстым. Шынымды айтсам біз үйренетін біраз нәрсе
Тахауи Ахтанов бар екен. Бізді Киев маңындағы бір колхозға апарды. Онда тәжірибеде студенттер жұмыс істеп жүр екен. Олар жай ғана жұмыс істеп, шаруаға дағдыланып жүрген жоқ, алманың жаңа сортын егіп, бір жағынан соған ғылыми тәжірибе жасап жүр. – Бізде ауылдық жердегі мектеп балалары да колхоз-совхоздың жұмысына араласады,– деді Почивалов. – Иә, білем, білем, – деп мырс етті вице-канцлер. – Оларды «Жас Мичуриншілер» деп атайды ғой. Ал сіздердің бізге керек және бір жақсы тәжірибелеріңіз бар. Бізде оқудың бір ғана түрі бар – ол университет қабырғасында оқу. Студент өндіріске араласпайды. Ал, сіздерде оқу үш каналмен жүреді: түсіп оқу, сырттан оқу, кешкі оқу. Осы бізде бұрын болмаған сырттан оқу мен кешкі оқуларыңызды мен көбірек зерттедім. Соның нәтижесінде қазір біз он кешкі колледж аштық. Бұл бастамасы ғана. Бұл саланы біз ұлғайта түсеміз. Мен доктор Сундаравадивелуге тіл жайлы сұрақ бергім келді. Бүкіл Үндістанға ортақ мемлекеттік тіл әзірге ағылшын тілі боп келеді. Бостандық алғалы билеп келе жатқан партия – конгрестің программасы бойынша, жаңылмасам он не он бес жылда үнді тілі мемлекеттік тілге ауысып болу
Үндістан хикаясы керек еді. Бірақ бұл іс алға баса қоймаған сияқты. Осыдан біраз жыл бұрын үнді тілін үкімет ресми енгізгенде – осы Мадраста ереуіл болғанын құлағым шалғаны бар-ды. Осы жағдайдың қазір қалай екенін анықтағым келіп: – Үнді тілінің мемлекеттік тілге айналу болашағына қалай қарайсыз? – деп сұрадым. – Біздің өз тіліміз бар, – деді вице-канцлер, – өз штатымыз бойынша қарым-қатынас жасауға, іс жүргізіп тіршілік етуге сол тіл жетеді. Ал мемлекеттік масштабта немесе халықаралық аренада біз ағылшын тілін пайдаланамыз. Осы екі тіл бізге жеткілікті деп санаймыз. «У ішсең руыңмен» дегендей бұ да сол ереуілге шыққан елі жағында екен. Үнді тілін онша құптамай отыр. Қадалып қазбасам да жауабына онша қанағат етпегенімді байқап вице-канцлер пікірін жинақтап, кішкене сабақтай түсті. – Индия тілдері негізінен екі атаға бөлінеді. Үндістанның солтүстігін мекендейтін халықтардың тілі үнді-европа тілдер тобына жатады. Ал оңтүстік жақтағы біздің тілдеріміз драниди тілдері тобына жатады. Менің өз ойым осы екі бөлек тілдерді жақындастырудың бір жолы – бәрімізге ортақ етіп латын әрпін алу деп білемін.
Тахауи Ахтанов Вице-канцлердің бұл пікірі кісіні ойландыратын нәрсе. Әріп айырбастау да оңай нәрсе емес. Біз сол әріп дегенді үш қайыра айырбастап, біраз тауқыметін де тартқанбыз. Ол кешегі мәдени мұра мен кейінгі ұрпақтың арасына өткелі қиын ор да қазуы мүмкін. Ал, бүкіл Үндістанға ортақ тіл болғысы келетін үнді тілінің өзінде де қиғаш тенденциялар бар көрінеді. Мысалы үнді тілі мен ұрду – негізі де, дені де бір тіл екен. Тек үнді ескі санскритпен, ұрду араб әрпімен жазады. Ал, хат білмейтін қара халық қайсысының қалай жазылуында шаруасы жоқ – бірбірімен шүйіркелесіп сөйлесе береді. Осы екеуін біріктіріп – һиндустани – яғни Үндістан тілі деген атпен де атайды екен. Халықтың алдына, мінбеге шыққан кезде Неруден бастап көптеген саяси қайраткерлер осы тілмен сөйлеген көрінеді. Индия мен Пакистан бөлінгелі осы негізгі бір тіл екіге ажырап, арасы алшақтанып баратса керек. Қазіргі заманда тілге жыл сайын жүздеген, кейде тіпті, мыңдаған жаңа терминдері, атаулар, ұғымдар, түсініктер еніп жатады. Сөз тудырудың, жаңалыққа атау тауып берудің өркендеген кезі емес пе, сонда ұрду барып фарсы тілінің қамбасынан алса, үнді – бұдан мыңдаған
Үндістан хикаясы жылдар бұрынғы, бүгінгілердің жадынан қалыс санскриттің шаңын қағатын көрінеді. Үндінің тіл майталманы ғалымдарына, ел қамын ойлаған зиялыларына ақыл айтудан аулақпыз, оған өреміз де жете қоймас. Бірақ «бытыратып бөліп ал да – билеп-төстей бер» деген отаршылдық қағида әлі жойылған жоқ емес пе. Сондықтан да жақыныңды жатсынбай, қолдан келсе, жанаса берген дұрыс па дегенім ғой. Бізбен бірге университетке вице-консул Яблоновский де келген. Дұрысырақ айтқанда бізді осында алып келген сол. Бізге вице-канцлерді келгенше мақтаған, онымен өзінің қарым-қатынасы да тәуір сияқты. Оның үстіне Яблоновскийдің келіншегі осы университетте орыс тілінен сабақ береді екен. Бұрынғырақта келіп кеткен түрікпен делегациясының вице-канцлерге тапсыра алмаған аманат сыйы бар екен, соны да ала келген. Сөйтіп «апама да барайын, тайлағымды да үйретейін» деп, ол бізді де жолықтырып, әрі түрікпендердің аманатынан да құтылмақ. Түрікпен делегациясы бізге қарағанда ауырлау келген бе деймін. Тастап кеткен сыйы – түрікпеннің қызыл шапаны мен күдері белбеуі, жүні жібектей үлпілдеген ақ елтірі бөрігі және бар. Доктор Сунда-
Тахауи Ахтанов равадивелу түрікпен боп шыға келді. Дәл мынадай шапан кигенде – ол сәтті тарихта қалдырмау күнә ғой; доктор бірге суретке түсуге өтініш жасады. Түрікпен болмасақ та солармен ортақ үлкен шаңырақтың астынан келдік қой: сондықтан да біз шапан жабушылардың ролін атқардық. * Қаланың да адам сияқты келбеті болады. Мадрас дене бітімі сыпайы, бойын күтіп ұстайтын, үсті-басы мұнтаздай, ақжарқын адам сияқты. Алғаш көргенде-ақ кісіге жылы әсер қалдырады. Бенарес пен Калькуттадан кейін – бұл қаланың тазалығы бірден көз тартады. Соған орай шаһар халқының үсті-басы да, ажары да тәуір. Баттасып жатқан биік үйлері немесе құжынаған құжыралары жоқ, дені екі, не үш-төрт қабат ықшам ақ үйлер өздеріне лайық ықшам көшелерде сапырылыспай, сабырмен орналасқан. Бұл көшелердегі қимыл да – булығып-тұтығып, бір арнаға кептеліп қалып жатқан жоқ. Бар салаға түгел тараған баяу ағыс тәрізді–траспорт, қаланың бар көшесін қуалап үзілмей ағады. Етегін суға тиіп кете ме деп қымқырып алғандай – қала теңіз жақ шетін іркіп, бой
Үндістан хикаясы тартқан. Қала мен теңіздің құмайт жағасын бөліп асфальт жол кетіп жатыр. Біз сол жолмен келеміз. Қанша айтқанмен теңіздің аты теңіз емес пе. Ол осынша ыстық жақта да салқын леп шығарып, жайлы саясына алды. Осы теңізді жағалай аралары төрт-бес жүз метрден он шақты ескерткіш тұр. Бұлардың бәрі тамил халқының ақын-жазушылары. Іштерінде бір әйел бар. Осы ескерткіштер сонау арғы заманнан күні бүгінге жалғасқан халық жырының бейнесі. Тамил халқының өз ақындарына осыншама тамаша ескерткіш соғуы тегін емес. Бұларда да үндінің өзге халықтары сияқты өлең-жыр – бүкіл рухани өмірі мен ақыл ойын түгел жайлаған. Өлең мұнда сұлулықтың сипаты мен сезімнің сырын ғана жеткізбейді; қоғам өмірінің қарым-қатынасы мен қағидасы, күнделікті өмір даналығы, атаның балаға, ұрпақтың ұрпаққа қалдырар үлгісі ақын тілімен, ұшқыр ұйқасты сөзбен жеткізіледі екен. Ол ғана емес үнді дінінің өзі біріне-бірі жалғасқан дастандар мен ақыл-уағыз бәйіттерден жинақталған. Оның құраны мен шариғаты «Маһарабхарата» мен «Рамаяна» атты екі дәу дастан. Бұларда да біздің қазақ сияқты – поэ зия халық өмірінің қан тамырын түгел
Тахауи Ахтанов жайлап алған ба деп қалдым. Ал, қазіргі мынау ақын-жазушыларын ардақтауы – өзінің тілін, рухани байлығын ғана қастерлеу емес, өзінің халықтық қасиетін, елдігін сыйлағаны тәрізді. Абзалы ондай халық қор болмаса керек. Қиырдан келген бейхабар жолаушы мен үшін безеріп тұрған мына тас мүсіндер тамилдің өздері үшін, сыңғыр лап қоя беретін сыр емес пе?! Біз теріскейден оңтүстікке қарай келеміз. Сол жағымыз шексіз көк теңіз. Оң жағымыз шағаладай шаңқан қала. Енді оңға ойысып қаланың күңгей жанынан орағыта кірдік. Машина көкпеңбек орман ішімен баяу сырғиды. Ағаш арасында алшақ салынған үш-төрт қабат үйлер. Ыстық жақтың көп балконды желбегей жеңіл үйлері. Осы бір үлкен жасыл аудан – студенттер республикасы екен. Мұнда бірнеше коттедждер орын тепкен. Жасыл жапырақ арасынан сығалап тұрған мынау үйлер сол студенттердің жатақханасы. Әр жерден теңкиіп оқитын корпустары көрінеді. – Бұл қаланың ең жақсы ауданы. Жатақхана босаған кезде шеттен келген қонақтарды да осында түсіреміз,– деді бізді бастап жүрген қызметкерлер.
Үндістан хикаясы Ел орынға отыра біз мейманханаға оралдық. Мадрастан алғашқы әсеріміз жаман емес. Ескі храм. «Әуе айналып жерге түскенде». Тасқа жан бітірген жастар Жол үсті қасыңдағы жолдастарыңа да сын, өзіңе де сын. Мен өзім, сырт көзге мінезім қызулау көрінгенмен жол үстінде жолдасқа жайсыз емеспін. Талай аузымен от тістеген, асау ақындардың арасында айға жуық ел араласқанда ища деспей қайтатынмын. Ұзақ жолда кісіні бір-біріне үйкеңкіреп алатын жағдай кездесе береді. Ондайда кешірімшіл, көнбісті болу керек. Ал, реніш болмаған күнде – кісінің бір-бірінен мезі болуы деген құрғыр және бар. Осының бәрінен бірге жүрген жолаушыларды аман сақтайтын кәдімгі ойын-күлкі, ақжарқын әзіл-қалжың. Осы жүрген делегация біздер – әзіл- оспаққа шебер болдық, біріміздің әзілімізді біріміз түсіне қойдық деп айта алмаймын. Бірақ бір рахаты біздің қолымыз бос болмады. Күнде жаңа көрініс, жаңа кездесу, жаңа әсер. Біз бір – жаңалықты қанша құйса да толмайтын түпсіз кеспекке айналдық. Сөйтіп майлы қасықтай болмасақ та тату келе жатырмыз.
Тахауи Ахтанов Әйтсе де арамызда аздаған қыңыр қисықтығымыз да болып қалады. Ол негізінен программа мәселесіне тіреледі. Бүгінгі программа – жүз, жүз елу километр жердегі екі қаланы аралап кешке оралу. Мад растағы жолдастар «Теңіз жағасындағы Маһаббалипурамға ғана барып түске қайтып оралыңыздар. Күн ыстық, өздеріңізге қиын болады», – деген. Бұл ақылға үшеу міз жығылып едік, біреуіміз қисайып қалдық. Ал, қисығымыз шыныдай нәзік нәрсе, сындырып аламыз ба деп қорыққаннан қалғанымыз соның дегеніне көне береміз. Сөйтіп кешке бір-ақ оралатын болып ұзақ жолға шықтық. Әлі күн қыза қойған жоқ. Сағым жүгіріп, ауа мұнартып қозғала қоймаған мөлдір шақ. Оңтүстік Индияның пейзажы тіпті тамаша. Алыстан мұнартып аласа көгілдір тау лар көрінеді. Бедерінен таныдым – кешегі біз самолеттен көрген таулар. Ал жап-жазық жер бедерінің бояуы ғажап. Ойпаңдау жерде қарыс сүйем көтеріліп күріш көктеп келе жатса, сәл көтеріңкі жазықта сарғайып піскен, тығыз бітік бидайды орып жатыр. Әр жерде екі-үш гектардың аумағын алып дөңгеленіп кісі бойы қант құрағы (сахарный тростник) көгереді. Оны да шетінен шаба бастаған.
Үндістан хикаясы Шоғырлана көгерген пальма ормандары көздің жауын алады. Кең алқаптың әр тұсынан дөңгелек көлдер мөлдірейді. Кейде жүк артып кетіп бара жатқан пілдер кездесіп қалады. Өгізге жеккен соқамен жер жыртып жатқан шаруалар да жиі ұшырасатын болды. Мынау көктем мен күздің барлық боя уы араласқан – жасыл, сарғыш, ақшыл, қызғылт, көгілдір дүние, анау соқа соңынан мимырт басып баратқан ақ көйлек, ақ дамбалды шаруа, бүгінгі арсы-гүрсі машина дәуірінен, жоққа жанығып босқа асыққан күйгелек тіршіліктен бөлек сияқты. Табиғат түлегі адамның сол табиғат анасының бауырына жақын кезін еске салады. Жол үстінен басы-аяғы жоқ бес-алты үлкен-үлкен сәнді корпустар шыға келді. Үлкен қаланың ортасынан ойып алған бір бөлшек сияқты. Бұл политехникум екен. Одан өте бергенде шөп-шаламмен жабылған итарқалар быжынап қоя берді. Орыста мұндайды шалаш дейді. Бұл шаруалардың үйлері екен. Әйтеуір шақырайған күннен көлеңке, панасызға лыпа демесең... Сөйтіп осы жолдың шетінде ортасын кесіп алып тастап, бүгінгі жиырмасыншы ғасыр мен сонау оныншы ғасырды шетін түйістіріп жалғай салған тәрізді.
Тахауи Ахтанов Біздің бірінші соққан қаламыз Канчипурам – жасыл пальмаларды жамылған шағын шаһар екен. Бір заманда Мадрасты билеушілердің резиденциясы болған көрінеді. Қазіргі сипаты біздің жақтағы аудан орталығына ұқсайды. Жіңішке асфальт жол қала ортасынан иретіліңкіреп өтеді. Көшеде өзге транспорттан гөрі велосипед пен өгіз арба көбірек. Мұнда өгіздің мүйізін қызылға, көкке, сарыға бояп мүйіздің ұшына металдан жебе кигізіп, әшекейлеп қояды екен. Және екі мүйізді ылғи екі түске бояйды. Қала көшесінің екі жерінде қос доңғалақты арба үстіне жасалған храм көрдім. Ішінде Құдайдың тас мүсіні бар, үндінің кәдімгі шошақ төбелі биік храмы. Биіктігі төрт-бес метрден кем емес. Ал арбасының доңғалағы кісі бойы қол созым. Бұл қасиетті күймені – діни мейрам күндері халық жабылып жаяу итеріп, қаланың көшесін аралатады екен. Біздің бұл сапардағы жолбасшымыз мистер Канная қатқан арық, жұқа танау, қоңқақ мұрын қара. Шақша басының қасқасы майлап қойған қара қайыстай жылтырайды. Аласы үлкен қара көзі жарқжұрқ етеді. Өзі іске де жылдам, жас болмаса да алып-ұшып тұрған елгезек жан.
Үндістан хикаясы Ол бізді кішкентай мейманханаға он минуттай аялдатты да «күн қызған кезде қайтып келіп дем алармыз» деп Канчипурамның тарихи жерлерін аралатуға әкетті. «Тарихи ескерткіш» дегенде біз бұл қаладан үш храм көрдік. Солардың ең ескісі Каиласандар храмы. Мұны Маһандраварман ІІІ 674 жылы бастап 800 жылы салып бітіріпті. Бір мың екі жүз жылға таяу тұрған храм қазір тозған. Қабырғалары мен колонналары әбден мұжылып, ою-өрнектерінің бедері кеткен. Тек храмның алдында жатқан қасиетті сиырдың тас мүсіні ғана уақытыңа онша пысқырмаған сияқты. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпес» деген емес пе, қанша тозса да Каиласандар храмының қарт жүзінде ою-өрнек пен мүсін өнерінің, архитектураның ізі көрініп-ақ тұр. Төрт-төрттен бір блокқа жұптасқан колонналар тұтас карнизге жалғасып, одан жоғары күмбез орнаған. Сондай қатар түзеген күмбездердің саны оннан асады. Мұнда да Үндінің өзге храмдары сияқты Шиваның мүсіні. Бірақ мұнда бұрын біз көрмеген мүсіндер де бар, кірер қақпаның екі жағында сәукеле-тәж киген, қабан азу құдайлардың мүсіні тұр. Ал, жаңағы колонналардың астыңғы жартысы арқар мүйізді арыстандардың суреті.
Тахауи Ахтанов Біз аяқ киімімізді шешіп араладық. Өйт кені бұл храм қанша тозғанмен далада қалмаған. Ортасындағы қараңғы кең құжырасында шырақ жанып тұр. Өлеусіреген шырақ үлкендігі кәдімгі кісідей бір құдайдың бетіне қара көлеңке жарық түсіреді. Өзге елдің, өзге діннің киелі жері емес пе, мен кіруге бір түрлі... Оның үстіне біз сығалаған есіктен басқа саңылауы жоқ, төрт жағы тас бітеу құжыраның ауасы да ауыр екен. Храмның бір қабырғасында – өзбек үйлеріндегі тауша сияқты кең қуыс бар. Қуыстың едені тас. Мұнда нирванаға берілгендер отырады. Нирванаға берілгендер дүниенің сөзі мен ісінен – яғни фәниден безіп, биік ой-қиялға беріліп осындай жерде жылдап отырады, сөйтіп мұратына жетеді. Ол екі ғасырдан бері талай нирванашылардың құйрығы қажаған болар – қуыстың тас едені кәдімгідей шұңғылданып қалған, шыныдай жылтырайды. Күн болса қызып келеді, мынадай кішкене қаладан осы бір храм да жетер еді. Бірақ мистер Канная бізді жетелеп отырып тағы да екі храмға апарды. Оның бірі – Вишну атты құдайды ерекше қастерлейтін үнді дінінің бір сектасыныкі екен. Дәл храмға кірер алдында,
Үндістан хикаясы биік бақан – флагшток тұр. Қабырғада Вишнудың белгісі – аттың тағасынан гөрі сүйірлеу ақ сызықтың қақ ортасынан леп белгісі тәрізді, қызыл сызық түскен. Байқасам осындағы жұрт маңдайларына да сол белгіні бояп салып алыпты. Бұл храмның колонналарының әшекей оюы тіпті баттасып кеткен, сол ою-өрнектердің арасында–бастарына сәукеле-тәж киген, аттарын орғытып, қылыштарын айқара сермеген ашулы құдайлар тұр. Бет мүсіндердің маған бір қатты ұнағаны – мұнда экспрессия өте күшті екен. Аттың да, құдайдың да әр бұлшығы шиыршық атып тұрған қайрат сияқты. Үшіншісі – бояуы сембеген, әшекей-айшығы да мүжілмеген жұрттың күнделікті мінәжат қылып жүрген храмы екен. Қорасы кең, бірнеше қақпасы бар. Ыстықта жұрт паналайтын тас еденді саясы да мол. Сол саяның бірінде піл мен ат тұр. Кезіп жүрген туристер фотоаппараттарын суырып алып, пілді көздей бастап еді – пілдің қасында тұрған үнді жігіті оларды тоқтатып тастады. – Егер пілді суретке түсіргіңіз келсе – бір рупий ақы төлеңіз. Шығар ауызда он екі-он үш жасар шамасында қайыршы бала жатыр. Индияда
Тахауи Ахтанов қайыршы балаға кісі таңырқамайды. Бірақ мынаның түрін көргенде мен шошып кеттім. Төменгі қабырғасы мен бұғанасы жоқ, іші бүктеліп кеудесі мен бөксесі екі бөлек жатыр. Маған оның жауырыны мен жамбасын жалғастырып тұрған омыртқасы да жоқ тәрізді көрінді. Кеудесін көтере алмайды. Шынтақтап жатыр. Апырмай, мынадай денеден шығып кетпей тұрған адам баласының жаны да сірі болады екен ғой. Өзі нәзік, ашаң жүзіне ақыл ұялаған, мөлдір қара көзді сұлу бала екен. Жалынышты кескінмен қайыр сұрап қолын созады. Тарыққан адамның бәрі бірдей мейірбан, адал бола бермейді. Жоқшылық деген ит кісіні иманнан бездіріп, қаныпезер қатал да қылып жібереді. Осы баланы нәресте күнінде бұғанасын сындырып, дене мүшесін бүлдіріп, адам шошыр бейнеге түсірген. Мұны көрген адамның дәті шыдамайды. Енді ол адам емес, өзге біреу үшін қайыр-ақша жинайтын тірі жәндік, шықпаған жан. Түс мезгілі жақындап қалды. Мистер Канная – дайындалып қойған орынға барып, зауал ауғанша дем алуға шақырып еді, мен қарсы болдым. Келесі баратын қаламыз теңіз жағасында көрінеді. Сол теңіз жағасына барып тыныққанды мақұл көрдім. Жолдастарым да мені құптады.
Үндістан хикаясы Бірақ қаладан бірден шығып кете алмадық. Мистер Канная бізді тағы бір жерге бұрды. Біздің аздап сабырсыздық білдіргенімізді елемей мектепті көрсетті. Қамыс төбелі жалғыз қабат ұзын үй. Мектептің қора жағында үлкен бақ бар екен. Соның ішіне екі мың қаралы адам отыратындай скамейкалар қойыпты. Бұл арада жергілікті халықтың мектепке көмек көрсету жөніндегі конференциясы болайын деп жатыр екен. Мадрас штатында сондай төрт жүз конференция өткізіліпті. Бұл конференциялар жүйеге салынып, бюрократтық тәртіпке түскен нәрсе емес, әр жер өз ыңғайы, қажеттігіне қарай шақыратын көрінеді. Конференция үстінде жұрттың мектепке берген дүние-мүлкі заттарының көрмесі ашылады. Дәл осы арада балалардың 90 проценті, қыздардың 80 проценті мектепке барады екен. Бұл әрине жоғары көрсеткіш. Мектепке бүкіл халықтық қамқорлық жасау, көмек көрсету жөніндегі үлкен қозғалысқа мұрындық болған – кешегі университеттің вице-канцлері доктор Сундаравадивелу көрінеді. Бұл қозғалыс бүкіл Индия бойынша ең алдымен осы Тамильнад штатында басталған. Сондықтан да тәжірибе алып, үйрену үшін осында басқа штаттардан көп адам келеді екен.
Тахауи Ахтанов Канная баяндаған жайт осы. Сөйтіп кешегі әңгіменің жалғасы бүгін Канчипурам қаласында алдымыздан шықты. Ендігі жолдың бастамасы да көріксіз болған жоқ. Жол шетіндегі деревнялардың көбі жібек өсіреді екен. Әр үйдің жанында ағаштан жасаған ашамай мотокқа орап, кептіруге қойған ақ жібек. Әр қорада тізілген мотоктың өзі елу-алпыс метрге жетеді. Кей жерлерде жібекті әртүрлі түске бояп та қойған. Индияда егінді үшке дейін орады. Қазір соның бірінші орағы бидайды орып болып қалған. Мұнда негізі жекеменшік, ұсақ шаруашылық. Әркім өзінше тіршілік етеді. Шаруалар «өндіріс резервін» толық пайдалануға тырысады екен. Асфальт жол, оның үстінен машина өтіп жатыр. Ол неге пайдасыз босқа өтеді? Осыны есепке алған шаруа асфальттың үстін кәдімгі қырман жасап алыпты. Орған бидайын жолдың үстіне төсеген. Машина өткен сайын жан-жағын сыпырып, қайтадан қопсытып қояды. Менің бір байқағаным бұл жолдармен машина сиректеу жүретін тәрізді. Еңбек өнімділігінің қанша боларын кім білсін. Бірақ әйтеуір біздің машинаның доңғалағы жолшыбай талай қырманды тапап өтті.
Үндістан хикаясы Біздің жолдасымыз Леонид Почивалов «Жасыл революция» жайлы сұрап келеді. «Жасыл революция» – деген ауыл шаруа шылығын қауырт өркендету мағынасында. Бұл жігіт сол туралы жазғысы келеді. Бірақ оны ыңғайы келіп зерттей алмай жүр. Жасыл революцияның негізгі мақсаты – пайдалануға келетін жерді түгелдей егістікке қосу, егістікті суландыру көрінеді. Сонымен бірге жерге тыңайтқыш заттар енгізу. Қазір тыңайтқыш заттарды ұсақ шар уаларға үлестіру мәселесін қолға алыпты. Мал, құрал-сайман сатып алуға шаруаларға аздаған қарыз ақша да берілетін болыпты. Бұрын алыпсатарлар шаруаның өнімін арзанға алатын болған, енді мемлекет шаруаның ақысын саудагерлерге жегізбеу жағына да қам жасап жатса керек. Деревняларға жол салынып, автобус қатынасын жөндеген көрінеді. Сонымен бірге шаруаларды кооперативке ұйымдастыру ісі де қолға алынған. Селоны электрлендіру жұмысының барысы да жаман емес. Ал, агротехника жағынан Жапонның әдісін көбірек қолданамыз, – дейді Канная. Біздің жолбасшымыздың айтуынша бес жүз елу миллион ауызға нан тауып берудің қамы негізінен осылар көрінеді. Байқаймын, біздің жүрісіміз ұзап бара-
Тахауи Ахтанов ды. Аудармашыдан болды ма, әйтеуір не де болса бір түсінбестік болған. Ендігі баратын қаламыз жиырма шақты километр деп ұққанбыз. Кемінде бір елудің ар жағында жүріп тастадық. Әлі теңіз қарасы көрінбейді. Күн шақырайып төбеге келді. Енді машинаның терезесінен соққан желдің өзі денеңді күйдіріп барады. Біз жолшыбай өткен селоларда да жұрт аяғы сейілген, көлеңкеде ойнаған бала мен бірлі-жарымды адам болмаса – жүрген-тұрған жан жоқ. Жол үстінде де бізден өзге қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Таңдайымыз да құрғап барады. Бірақ жол шеті таусылар емес. Сөйтіп келе жатқанда темір жолға тірелдік. Шлагбаум жабық. Машинаның іші қайнап кетті. Отыра алмадық. Сыртқа шықтық. Тоқтағанымыз жалаңаш жер екен. Сая болар бір тал жоқ. Келе жатқан поезд жоқ. Дыбысы да естілмейді. Шлагбаумды ашып-жабатын күзетші және жоқ. «Әуе айналып жерге түскен» деген сөз келеді есіме. Шынында әуе айналып барады. Төңірек аппақ жарық. Ақ жалын. Ақ шоқтың ыстық лебі денеңді шарпып, миыңды қайнатып барады. Жер шарының дәл біз тұрған бүйірін күнге жақындатып апарып, бізді шашлықша қақтап тұрған сияқты. Мынау ыстық таусылар емес, бі-
Үндістан хикаясы тер емес. Талай күндер, айлар бойы қақтап тұр. Шлагбаум – басын жерге тұқыртқан ала сырық – тапжылар емес. Көз алдыңда тұрып бұлдырап кетеді, бұлдырап барып қайта көрінеді. Бірақ басы көтерілмейді. Есеңгіреп барып есімді жиям. – Енді қанша қалды? – деп сұраймын мистер Каннаядан. Тамағым кеуіп қалған. – Алпыс километр... – Алпыс километр... Аз ба, көп пе?.. Ол жағын түсіне алмай қайтадан есеңгіреп кетем. Көз алдымда – жол үстінде көлденең тұрған ала сырық. Жақындап келіп бұлдырап кетеді. Бірақ тапжылмайды. Ғасырлар бойы тапжылмайтын сияқты. Машинаның терезесінен жел соққанда–аздап есімді жинайын дедім. О, ғажап, біз жол үстінде қайтадан ызғытып келеміз. Мұндай бақытқа да жететін күн бар екенау! Тұрған жерімізден қалай жылжып кеткеніміз менің тіпті есімде жоқ. Әйтеуір поезд келген жоқ. Иә, иә, поезды мен көрген жоқпын. Шамасы бізді аяп күзетшінің өзі келген болу керек. Сағатыма қараймын. Міне ғажап... не бәрі бір сағат жиырма бесақ минут тұрыппыз шлагбаум алдында.
Тахауи Ахтанов Теңіздің дәл жағасындағы кішкене кемпингке жеттік. Саялы, кең верандасы бар. Бірақ көлеңкенің өзі қызып кеткен. Жан шақыруға ауа суытқышы бар бір бөлме жалдап алдық. Жүз елу метр жерден көкпеңбек шексіз теңіз басталады. Нағыз ыстық кезде суға түсу қауіпті деуші еді. Алдымен Почивалов кетті. Содан кейін мен де шыдап тұра алмадым. Теңіз жағасы маржандай таза құм. Аяғыңды қыздырған темірдей қариды. Шыдай алмай жүгіріп барып теңізге қойып кеттім. Ыстық су толтырған ваннаға қапыда құлап түскендей болдым. Теңіздің суы ып-ыссы. Бірақ бірте-бірте бой үйренген соң әжептәуір ұзақ шомылдым. Жарықтық судың қасиеті бөлек қой, теңіз суы ыстық болғанымен денені сергітіп тастады. Бесінге қарай іздеп келген кереметтерімізді көруге аттандық. Теңіз жағасында оқшау тұрған храмды мана суға түскенде көзім шалған. Алдында бір қора сиыр жатқан. Біз алдымен соған келдік. Манағы сиырлар тырп етпестен әлі жусап жатыр. Жақындап келіп байқасам – сиыр дегенімнің бәрі тас. Сиырдың дәл өз денесінің үлкендігіндей ғып жасаған тас мүсіндер. Біз келген осы ара Маһаббалипурам қаласы аталады. Бірақ біз оның қаласын көрген жоқпыз. Әзір жағалауда жүрміз. Бұл
Үндістан хикаясы жағалау Мадрастың туристер тамашалайтын ең мықты жері болса керек. Жолдың оң жағы тастақты жота. Жотаның биік бір төбесінде – алысты шолатын мұнара. Төбенің қия баурайында үлкендігі отау үйге жуық домалақ тас тұр. Қия баурайдан домалап кетпей қалай тұрғанына адам таңқалады. Бұ да туристерге әжептәуір ермек. Батырсынғандары домалап кетейін деп тұрған тастың төменгі жағында тұрып суретке түсіп, мәз боп жатады. Әрине, Маһаббалипурамның атын шығарып, туристерді магниттей тартатыны – оның тастан қашап салған үңгір храмы. О да осы төбенің астында. Біреу емес екі храм. Дұрысырақ айтқанда бір храмның екі залы болу керек. Небір кереметтерді суреттен көресің, кинодан көресің – сөйтіп адам осы күні таңырқаудан да қалып барады ғой. Бірақ Маһаббалипурамның тас храмы таңырқатпай қоймады. Тұтас тас төбені қашап отырып – кеңдігі жиырма-отыз, тереңдігі он метрге жуық екі зал жасаған. Екеуі де үнді храмдарына тән хайуанат пен адам мүсіндеріне толы. Ол мүсіндер мен өрнектер тұтас тас қабырғаның бетінен барельеф боп ойылған. Мұнда да ғасырлар бойы барша халықты таңдандырып келе жатқан
Тахауи Ахтанов үнді ұсталарының шынайы шеберлігі бар. Әсіресе балаларын шұбыртқан пілдің суреті көзіңді сүйсіндіреді. Мылқау қара тасқа жан бітіріп, оны осынша сөйлетіп, жырлата білген халық – шын сыйлауға, сүйсінуге тұратын халық. Бізді соншама сүйретіп есімізді тандырған мистер Каннаяға ызаланып келе жатыр едім. Бар ашуым тарқап кетті. Бірақ Канная әбден сүр болып қатып-семіп қалған қу. Біз шаршасақ та ол шаршауды білмейді. Бүгінгі программаны да түгесетін түрі жоқ. Енді қайтамыз ба дегенде «бір минутке ғана кідіреміз» деп тағы бір жерге әкелді. Бақ ішіндегі жалғыз қабат екі-үш үйдің жанына кеп тоқтадық. Бұлар қабырғасы түгел веранда, желең үйлер. Мемлекет қарауындағы мүсіншілер мектебі екен. Бір үлкен шеберханада жиырма шақты бала графитке ұқсас сұрғылт жұмсақ тастан неше түрлі мүсіндерді ойып отыр. Істейтіндерінің бәрі – храмдарда кездесетін үндінің дәстүрлі ескі мүсіндері мен архитектуралық деталь, өрнектердің көшірмесі. Мұндағы жастар тыңнан бейне, мүсін жасамайды. Үндінің классикалық мүсіндерін ғана қайталайды. Бір орайдан қарағанда тыңнан жол салатын өнерпаздар емес,
Үндістан хикаясы ескіні көшірушілер ме деп қаласың. Бұл үстірт, жаттанды ұғым. Ал, ойлана қарасаң бұлардың еңбегінің маңызы аса зор тәрізді. Кешегі өзіне ғана тән бейнелеу нақысын, қолөнері мен ою-өрнегін жоғалтып алып қайтадан таба алмай жүрген халық аз ба. Жаңалық мұраты – ескі мұрадан безуде болмасқа керек. Шынында да осы мектепті ашқан адамдар үлкен азаматтық істеген. Манағы Каиласандар, жаңағы Маһаббалипурамның тас үңгір храмдарын салған ескі заманғы шеберлер мұрагерсіз қалса үлкен қылмыс болар еді. Мектеп директоры мистер Ганапати санскрит оқуының үлкен ғалымы екен. Бізге ықылас білдіріп, мектебімен жақсы таныстырды. Мектепте студенттер көп емес және негізінен тұқым қуалаған шеберлердің балаларын алады екен. Бұл мектептің мақтан тұтатып бір қазынасы ескі санскритпен пальма жапырағына жазған екі томдық кітап. Пальма жапырағы ескі мысырдың папирусы сияқты осы күнгі қағаздың арғы атасының бірі. Бұл кітаптарды осыдан бес жүз жыл бұрын егіз туған ағайынды екі жігіт жазған екен. Кітап өнер туралы, біріншісі – скульптура (мүсін), екіншісі – архитектоника жайы. Ескі бабаның осы рецебі қазір мықтап кәдеге жараған.
Тахауи Ахтанов Пальма жапырағына жазылған кітапты бұрын естуім болғанмен көрмеген едім. Пальманың жапырағы ұзын, жіңішке болады. Ол өзі кепкенде қошқыл тартады екен. Бас-аяғын қырыққан әр жапырақ – кәдімгі мектеп балаларының линейкасына ұқсайды. Соған ұзыннан-ұзақ жеті-сегіз жол текст жазылады. Ол бір беті. Міне осындай жүз қаралы линейканы екі шетінен дөңгелектеп тесіп, жіпке тізіп байлап қойсаңыз бір том болып шығады. Үнді күнінің де аптабы басылатын шағы болады екен. Біз қайтарда машина терезесінен кәдімгідей самал соғып тұрды. Бесін ауып күн кештетіп қалған. Біздің де күні бойы ыстық өтіп кеткен денеміз аздап сергиін деді. Енді жан-жаққа көз салып төңіректі тамашалайтын халге жеттік. Біз теңіз жағасына жақын келеміз. Бұл өңірдің пейзажы тіпті өзгеше. Ат шаптырым кең ойпаңды атыздар әрқайсы шаршы километрден артық квадратқа бөліпті. Бар жер ақтаңдақ сортаң. Бұл тұз өндіретін алқап екен. Мына ойпаңдағы атыздарға теңіздің суын жайып жібереді. Құдай берген үндінің күні ол суды ап-азғантай күнде-ақ буға айналдырып, ұшырып жібереді. Атыздарда теңіздің суы кетіп, тұзы қалады. Ол тұзды қырмандағы астық сияқты шо-
Үндістан хикаясы шайтып үйіп қойған. Жол біраз уақыт сол тұз үйінділерін жағалап отырды. Калакшетра. Ғажайып көздер. «Қорқыт-қорқыт дегенде...» Менің бір мақал шығарғыш құрдасым бар. Соған еліктеп қазақтың «Жол ақысы–жүрмек» деген мақалына «турист ақысы – көрмек» дегенді жалғап алдым. Біздің шаруамыз – сол көре беру, қолдан келсе естігенді құлаққа құя беру. Тағы бір мақал айтайын (осы мен мақалшыл болып барам–тек түбі қайыр болғай). «Қонақ қойдан жуас, май берсе де жей береді», – біз де сол жетелеген жақтарына жүре береміз, алдымызға тосқан дүниесін көре береміз. Бүгін бізді өнер мектебіне апарды. Бұл өзі біз бұрын-соңды көрмеген қызық оқу орны екен. Директоры мистер С. Кришнаратнам – жеңіл, ұзын етек, ақ көйлек киген ұзын қара кісі – бізге бұл оқу орталығының жайын түсіндірді. Осы комплекс– Басан мәдени орталығы деп аталады екен. Бұған – балалар мектебі, биші өнерпаздар даярлайтын Калакшетра және оқытушылар даярлайтын орталық кіреді. Ең алдымен жас балалар мектебі ашылған. (1934 жыл). Содан 1936 жылы Калакшетра, 1944 жылы мұғалімдер даярлайтын орталық ашылған.
Тахауи Ахтанов Өнер мектебіне балалар алу тәртібі де қызық. Бірінші группаға екі жарым жастан бес жасқа дейін алады. Олар оқымайды, мектеп жанында тәрбиеленеді. Бес жастан тоғыз жасқа дейін бастауыш мектепте оқиды. Оннан он үшке дейін екінші дәрежелі орта мектепте, он үштен он алтыға дейін орта мектепте оқиды. Оқу бітірген бала университетке түседі немесе жұмысқа орналасады. Мектепте жылына үш рет емтихан өткізіледі. Мектепке қабылдау тәртібі кәдімгідей. Бірақ түсем деушілер көп. Сондықтан, оннан бірі ғана өтеді. – Оны қалай таңдап аласыздар? – Тест жүргіземіз. Кішкене балалардың икемділігін, талантын сынап байқаймыз. – Тым кішкене кезінде баланың талантын аңғару да қиын ғой. – Біз әрине, жаңылмайтын әділ төреші бола алмаймыз. Қателесуіміз де мүмкін, – деді мистер. – Алғашқы кезде сәби баланың талантын, икемдігін ажырата қою қиын. Сондықтан да біз оларды салғаннан өнер саласына бөлмейміз. Олар ес білгенше би, музыка, сурет сияқты үш өнермен қатар айналысады. Содан берігірек келе өзінің бейімдірек жағына ауысады. Біздің Калакшетраның аты көп жерде мағлұм. Үн-
Үндістан хикаясы дістанның ең шебер бишілерінің көбі біздің осы Калакшетраны бітірген. Бұл орталықтың Басан аталуы – осындай оқу орнын ашуға ой салған, соған мұрындық болған Анни Басан деген ханум болған. Шет жұрттың мәдениетіне табынғанша Үндістанның өз мәдениетін, ғасырлардан қалыптасқан бай мәдениетін дамытуға, балаларға сол мәдениетті үйретуге шақырған. Анни Басан осы мектепке біраз педагогикалық жаңа принциптер де ұсыныпты. Онысы ұлы жазушы Лев Толстойдың жас кезіндегі педагогикалық қағидаларына жақын. – Балалар ықыласы түскен нәрсені оқысын. Ықылассыз нәрсеге зорланбасын, үрейсіз, қорқынышсыз, қиналмай оқысын. Мұнда мұғалімдер балаға «мынауың жаман» деп айтпайды, «сенің мұның жаман емес, бірақ сен бұдан әлдеқайда жақсы істей аласың, сенің қолыңнан келеді ғой» деп ынталандырады. Мектеп үйінің бір қабырғасы толған сурет. Оны бояумен, көмірмен кішкене балалар салыпты. – Бала деген жарға сурет салуға құмар болады. Біз олардың сол ықыласын қайтармаймыз, – деді директор. – Балалар сурет сала бастаса қабырға шақ келе ме?! – деп күлдік біз.
Тахауи Ахтанов – Біз осы суреттерді екі-үш күннен кейін өшіріп қабырғаны тазартып беріп отырамыз. Қабырғада бала қиялы жеткен талай нәрсе бар. Пальма ағаштары, үйлер, пілдің суреті, теңіз үстіндегі шағала, автомашиналар, бір жерде аспанға көтерілейін деп тұрған ракета, – осы буыны қатып, саусағы ысылмаған сәби қолымен салынған суреттердің ішінде – көңіл жылытарлық, кісіні мейірлендіре жымитатын жақсы көріністер бар. Бала деген періште өзі де аңдамай әулиелік сөз айтып қалатыны сияқты – суретте де кейде машық қуған ысқаяқ үлкендер бере алмайтын сүйкімді құбылыс, көрініс терді жас бала тәлтіректеген сызығымен дәл түсіреді. «Это бяка-закаляка кусачая, я сама из головы ее выдумала» деген Корней Чуковскийдің әсем өлеңі есіңе түседі. Шынында да сәбидің «өз басынан» шыққан нәрсе еш қалыпқа сыймайды да, стандарт деген пәледен сақтайды. – Мына суреттердің кейбіреулерін мен өшіруге қимас едім. – Оны біз де қимаймыз, – деді мистер Кришнаратнам... біз мұны өшірер алдында бояулы фотоға түсіріп аламыз. Бізде балалар салған суреттің тұрақты көрмесі бар. Сонда қоямыз.
Үндістан хикаясы Бүгін де «стандарт» деген бір жойқын бар. Ол бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбайтын нәрсе атаулының қас жауы. Ол жойқын өндірісті ғана жайлап алған жоқ, өмірдің, тіршіліктің, әрі-беріден соң ақыл-ойдың әр саласына да өзінің қатып қалған қалыбын әкелді. Оның айтары – мен көпке ортақпын, өнімдімін, ыңғайлы, оңаймын, сондықтан арзанмын және тезбін. Арзандық пен тездік бәрін жеңеді. Ол тіпті ғылым мен өнерді де жеңіп барады. Ал, оқу дегеннің де бір-ақ қалыбы бар. Әр елдердегі көркемөнер оқу орындары да – аздап бұрышы, қыры шығып тұрғаны болмаса – сол үлкен қалыпқа олар да сыйып кетіп жатыр. Осындай тұста мына Басан орталығы, Калакшетра, кешегі Маһаббалипурамдағы мүсіншілер мектебі кісіні сүйсіндіреді де, ойландырады да. Іздеп, үңіліп қарасақ, осы күнгі белгілі мамандықтардан басқа – зерттелінбей, оқылмай жоғалып баратқан мамандық, өшіп баратқан өнер әр халықтың да бойынан табылып қалатын сияқты. Бұл ескілікке жармасу емес, өткеніңнің өнегелісін өркендету. Ата-бабаның тірнектеп жиған өнерін тәрк етпеу. Бұл мектептің балалар үшін бір жақсылығы – кеңістігі. Ол – үлкен бақтың
Тахауи Ахтанов ішіне салынған бір қабат үйлер арасының алшақтығы, балалардың асыр салып ойнайтын алаңның молдығында ғана емес, – балалардың оқу, өсу еркіндігінде, ұстаздардың кең пейілінде. Алты-жеті қара бала алыс жұрттың адамына жаутаңдап қарап тұр. «Қара бала» деген сөз бұл арада онша дәл емес. Жалпы оңтүстік Индия адамдарының түрі өзгеше. Әсіресе жастарының қара торы өңдерінде көкшіл нұр болады. Бойлары сұңғақ, мүшелері де, бет бітімі де сұлу келеді. Ал, көздері... Көздері ғажап. Қара да емес, қоңыр да емес, жас бұзаудың көзіндей мөлтілдеп тұрады. Жанарларында біртүрлі сұйқылтым, сұрғылт нұр бар, тұнық судың түбінен қарағандай мөлдірейді. Қыздарының сұлулығы тіпті керемет – бірақ олар өзімізге үйреншікті адам емес, ғайыптан, басқа дүниеден келген жандай әсер етеді. Солардың арасында он бес-он алты жасар аласа бойлы қазақтың қызы жүр. Көзіме жылы ұшырап кетіп сөйлесейін десем – түсінбейді. Сөйтсем, бұл елінен қашып келген Тибеттің қызы боп шықты. Калакшетра басқа жерде екен. Бізді би көрсетуге сонда апарды. Бірақ Калакшетраның басшылары кешірім сұрады. Қазір сағат он екіден асып барады. Биші жастар
Үндістан хикаясы он бірден кейін тарап кеткен. Өйткені олар ыстық кезде билемейді, дем алады. – Биді ертең келіп көріңіздер. Ал, қазір сіздерге жатақхананы аралатсақ деп тұрмыз. Біз суық жақтан келгенбіз. Ыстықта біздің де тыныс алғымыз келеді. – Ықыластарыңызға рақмет. Ертең келіп биді көргенде жатақхананы да аралармыз. – Жақсы, ендеше бері жүріңіздер, – деп бізді жалаңаш алаңда оқшау тұрған екі қабат кішкене үйге қарай сүйрей жөнелді. Күн күйіп барады. Кондиционері жоқ үйдің іші сырттан бетер тымырсық. Кешегі ұзақ жол мен аңызақ әбден соғып тастаған. Бірақ қонақ иелері сонша ықылас білдіріп тұрғанда тартыншақтай беру де қиын. Бұл үй кітапхана екен. Мұнда бір ыңғай пальма жапырағына жазылған кітаптар жиналған. Жинақтап жіпке тізген пальма кітаптар полкаларда толып тұр. Бұлар үш жүз, төрт жүз жылдың арғы жағында жазылған дүниелер. Өмір туралы, тарих туралы, би және де басқа өнер салалары жөнінде жазылған шығармалар екен. Мұндағы қызметкерлер жіпке тізген қатты, жіңішке ұзын жапырақтарды ақтарып, әр жерінен оқып аударып береді. Бұл жазбалардың қай жылғы, қашан табылғанын баяндайды. Осының негізін – ел кезіп, халық арасынан,
Тахауи Ахтанов әркімнің қолынан жинаған доктор Свами Натхайр деген кісі екен. Велосипедке мініп селодан селоға қонып, сұрау салып бүкіл Тамильнадты аралап шығыпты. Ол кісі қыр қыншы жылдары дүние салған екен. Зор мақтанышпен оның суретін көрсетті. Бір қарағанда суреті – фотоның өзі емес, ағы қара, қарасы ақ негатив сияқты көрінді. Бетін түгел жапқан қысқа ақ сақалды, ақ шашты жалпақ бетті қара кісі. Сол екі арада бір жас жігіт бізге пальма жапырағына жазу тәсілін де түсіндіріп жатыр. Пальма жапырағын белгілі бір дәрежеде кептіреді екен де, бізбен жазады екен. Біздің ізі біраздан соң қараяды да кәдімгі қара сиямен жазғандай боп шыға келеді. Өшпейді. Тыңдайтын құлақ, көретін көз болса– осында айтушылар да, көрсетушілер де жеткілікті. Барын көрсетіп, бәрін айтқысы келеді. Өз ұлтын, оның мәдениетін барша жақсылық жағын танытқысы келеді. Бұл сезім маған түсінікті. Әрбір жаңа оянған, кейін бас көтерген ұлт, көп жылдар отаршылардың тепкісінде болып, қорлық, кемшілік көрген ұлт–өзінің өзгелермен теңдігін, елдік қасиетін, ұлттық мәдениетін танытқысы келеді. Төңірекке танылып, босағасын бекіткісі келеді. Әсіресе
Үндістан хикаясы кешегі көрген қорлығы, өзін адам санатына алмағаны есіне түскенде: «бізде мынадай болған, біз де таздан туған жоқпыз» дегенді айтқысы келіп, зығырданы қайнап кетеді ғой деймін. Осындағы жігіттердің, біз бір оларды дүние жүзіне танытатындай-ақ, барын алдымызға жайып салып, жамыраса баяндап жатқаны да содан болар. Мына мистер Каннаяның ықыласы да айлығын алып, ресми атқаратын қызметінен асып кетіп жатыр. Ерте демей, кеш демей сабылып, бізді де зорықтырып осы Мадрастың көзге ілігер нәрсесінің бәрін көрсетіп жүр. Егер айтқан жеріне барғың келмесе қалақ басы қалтылдап, үлкен ала көзі жыпылықтап, қиналып қалады. Бүгін әдейі бұрып апарып «Үндістандағы ең жуан ағаш», – деп бір көп бұтақты үлкен ағашты көрсетті. Біз бұрын одан жуанын көрсек те, көңілін жықпай тамсанған болдық. Бүгін түс қайта пресс-конференция. Кеше кеште қанша шаршап келсек те бас консулға барып сәлемдескенбіз. Ондағы ойымыз жауапты пресс-конференция алдында–жергілікті жағдайдан біраз хабар алу. Бізбен бірге «Правда» газетінің оңтүстік Индия мен Цейлондағы тілшісі Вениамин
Тахауи Ахтанов Шурыгин де барған. Бұл өзі денесі нағыз ірі болғанымен сүйекті, кең иықты, ер жүзді кісі. Күнге тотыққан қара торы өңі, төңірегін ұсақ әжім шалған көкшіл-сұрғылт ақылды көзі, қарлығыс кірген байсалды кеңірдек даусы – оны журналистен гөрі мығым шаруаға көбірек ұқсатады. Ол ағылшынша сөйлегенде де сол сабырлы, самарқау қалпынан танбайды. Оған көңіл аударғаным – кейбіреулер басқа тілде сөйлегенде біздің Почивалов сияқты – өз етегіне өзі сүрінгендей тілін тістеп, қақалып-шашалып жатпағанымен, сөйлеу мақамын өзгертіп алады. Шурыгин ағылшын тілін ғана емес жапон, индонезия тілдерін де біледі екен. Бас консул зиялы ақылды адамның әсерін қалдырды. Оның үстіне әжептәуір эрудициясы да бар. Штаттағы жағдай жайлы бізге біраз мағлұмат берді. Сонымен бірге біздің Үндістанға байланысты істе кейбір жетпей жатқан жағымызды да айтып өтті. Ол әсіресе кадр даярлау мәселесіне тоқталды: – Бұл арада жұрт ағылшын тілін түсінгенімен – Советтер Одағынан келіп тамил тілінде сөйлеп тұрған адамның қадірі ерекше. Ондай адам жай халықтың ғана емес, жергілікті интеллигенцияның жүрегіне бірден жол табады. Біздегі кейбір жолдастар–Индия десе үнді мен ұрду не бен-
Үндістан хикаясы гал тілінен ғана маман даярлау керек деп ойлайтын болар. Тамил тілінде ескіден келе жатқан бай әдебиет бар. Ол да бізде аударылған жоқ. Ал, телугу, малайялам және басқа оңтүстік тілдері ше. Қазір тамил мен телугу тілінен мамандар дайындау ісі қолға алынды. Ленинград, Москва университеті жанында оқып жүргендер бар. Бас консулдың сөзі көкейімізге қонып отыр. Ол сөзін жалғай түсті де, мырс етіп күліп жіберді: – Бізде бір істі бастау қиын, бастап алсақ тоқтауымыз одан да қиын. Қазір тамил, телугу тілінен мұғалім шақыр ғасын оның шәкірттерін көбейтеді. Ол іске үлкен қарқын береді. Сөйтіп жоқ маманды бірден көбейтіп аламыз да ертең жұмыс тауып бере алмай қаламыз. Естеріңізде шығар, бір кезде неміс тілі де солай болған. Бізге қазір бұл тілдерден көп маманның керегі жоқ, ал бірақ азғана жақсы мамандар өте қат боп отыр. Содан кейін бүгінгі болатын пресс-конференцияның тактикасын ақылдасқанбыз. Мұндағы жолдастардың айтуынша – бізге қарсы оңшыл газеттердің өкілдері де баршылық көрінеді. Олардың қисық, қыңыр сұрақтары, арандату әрекеттері де болуы ықтимал. Пресс-конференцияны біздің мейман-
Тахауи Ахтанов хананың ресторанының залына шақырдық. Жиырмаға тарта жиналған журналистерге шай қойылды. Кешегі айтылған «оңшылдары» болса алдымен сілесін қатырып алайын деп, пресс-конференцияны ашардағы сөзімді ұзаққа сілтедім. Жарты сағатқа жуық сөйледім. Оның өзі аударылуымен бір сағаттай уақыт алады. Келу мақсатымыз, алған әсеріміз және екі ел арасындағы достықты нығайту мәселесі сияқты белгілі сөздермен қоса – осы жергілікті патриоттардың жамбасына жұмсақ біраз көпшік тастадым. Қайтейін, бізге қаншама қырын қарайтын журналист болса да, сай-сүйегін сыр қыратпағанымен, көңіл тоңын жібітем бе деген қарекет қой менікі. Біздің өзге жолдастар тіпті жақсы сөйледі. Реті келген жерде көпшікті олар да аяған жоқ. «Қорқыт, қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім» деген мәтел бар еді қазақта– біздің халіміз осының дәл керісінше боп шықты. Қанты түскірді көбірек тастап жіберіппіз. Пресс-конференцияны тұщытып алдық. Кішкене пікір таластырып, аз да болса айтысып, айызымыз қанбай қалды. Бірақ ресми отчеттың тілімен айтқанда журналистермен бұл кездесу жылы шырайда өтті. Мәжіліс соңынан журналистердің ішіндегі ақсақалы, мұсылман газетінің ре-
Үндістан хикаясы дакторы, бір қария сөйледі. Үстінде ұзын етек қынама ақ бешпет, басында түркі феска, кішкене сопақ бет, үлкен қоңқақ мұрын, шоқша сақалды, шақша бас шал– ескі татар молдасынан аумайды. Ол өзі тебіреніп ұзақ сөйлеп, екі елдің достығы жайлы өте жақсы, жылы сөздер айтты. Сыпайы бастық. Айызды қандырған айтыс Оның есесіне келесі күнгі Үнді-Совет қоғамындағы кездесу күтпеген жерден қызу айтыс туғызды. Мұнда сол журналис тер де, жазушылар да, интеллигенцияның басқа да көптеген өкілдері болған. Бұл кездесудің алдында бізді Тамил жазушылары шақырған болатын. Жазушылармен кездесуден бұрын бізге кітапхананы аралатты. Кең терезелі өте биік үлкен зал оқушыға лық толы. Бұл білім директоратына қарасты үкімет кітапханасы. Оқушылар ақша төлемейді. Сондықтан да болар, мұнда бір орын бос тұрмайды. Күніне мың жарым адам келеді екен. Кітап полкаларын аралатып, барын көрсетіп мақтан етті. Орыс әдебиеті мен бүгінгі совет әдебиетінің полкасына алып келді. Бірақ осы арада өздері де ұялып қалғандай болды. Мақтанарлық дүние аз. Әрине, мұндағы әдебиет негізінен ағылшын тілінде.
Тахауи Ахтанов Лениннің еңбектері, Ұлы Октябрь революциясы туралы біраз кітаптар бар. Бірақ осы кітаптардың арасында Октябрь революциясына арғы беттен басқаша көзбен қараған адамдардың жазғандары да араласып кеткен. Көркем әдебиет те белшесінен келіп тұрған жоқ. Достоевский, Лев Толстой, Пушкиннің «Евгений Онегині», Лесков, Горький. Бергілерден Шолохов, Леонов... Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы көзіме оттай басылды. Мұнда да біздің әдебиеттің ішінде Набоков, Тарсис сияқтыларды араластырып жіберіпті. Біздің қарнымыздың ашып қалғанын қонақ иелері де сезді-ау деймін. Кешірім сұраған кескінмен совет әдебиетінің жетіспей жатқандығын, оны қолға түсірудің де қиын екенін, әйтсе де бұдан былай оқушыларды совет әдебиетімен көбірек таныстыруға күш салатындықтарын айтып жатты. Әділетін айту керек, Тамилдің өз әдебиеті біздің совет тақырыбынан құралақан емес. Мақтаныш ететін елеулі дүниелері бар екен. Осы әдебиеттің классигі Һарати Октябрь туралы поэма жазған. Ал, Неру сыйлығының лауреаты жазушы һәм тарихшы Натараджен Лениннің өмірбаянын
Үндістан хикаясы жазып шыққан. Бұл арада ақын Кандасанның «Волгадан Гәңгіге дейін» атты поэмасын көбірек ауызға алады екен. Жазушылармен кездесу де шүйіркелес кен жылы әңгімеге айналды. Он бес шақты ақын-жазушылар жиналған екен – бәріміз столға дөңгелене отырып, бір-біріміздің жай-жапсарымызды сұрасып, біраз кеңес құрдық. Олар біздің Жазушылар одағының құрылысын, жұмыс тәртібін, ішкі өмірінің қандай екенін сұрады. Жазушылардың еңбек ақысы жайлы да сөз болды. Қаламақы мәселесін көбірек қозғайтыны – Индияның халқы қанша көп болса– мұнда шығатын кітаптың саны сонша аз. Бес жүз миллионнан артық халқы бар елдің кітаптарының тиражы бес миллиондай халқы бар елдің кітаптарының тиражынан көп жағдайда-ақ кем түсіп жатады. Соған орай жазушының қалам ақысы да мардымсыз, жоқтың қасы. – Бізде де аз тиражбен шығатын ұсақ халықтардың әдебиеті бар. Бірақ ол авторлар да өзгелермен тең белгіленген тиянақты қаламақы алады. Бізде мемлекеттік баспа ондай кітаптардың шығынын өзге көп тиражды кітаптардың есебімен жауып отырады, – дедім. – Мен белгілі жазушымын. Бірақ қа-
Тахауи Ахтанов ламақым күнкөрісіме жетпейді. Сондықтан бір жағынан реклама агенттігінде қызмет істеймін, – деді, қырықтар шамасындағы ірі денелі толық кісі. Бұл отырыста өзгеден көбірек сөйлеген осы болды. Өзі ағылшын тілінде жазады екен. – Мен Индияның қасіретін, кемшілік жақтарын айтып шыншыл кітап жазып едім, осында бастыра алмадым. Содан соң Америкаға беріп едім – Индиямен достығымызға зардабы тиеді, – деп олар да баспады. Ал сіздерде баспасөз еркіндігі қандай? – Біз ол жағынан қысым көріп жүрген жоқпыз. – Сіздерде секс туралы әдебиетті баса ма? – Бізде ондай әдебиетті халық қабылдамайды. – Сіз жазып апарсаңыз – бастыра алар ма едіңіз? – Менің ондай нәрсені жазуға зауқым жоқ. – Ал зауқы бар жазушы жазып апарса басар ма еді? – Баспа қызметкері үшін жауап беру қиын бізге. Бірақ халық қабылдамайтын нәрсені басуға оның да дәті жетпес... – Егер бұрын сексуалды әдебиет басып
Үндістан хикаясы көрмесеңіздер, халықтың қабылдамайтынын қайдан білесіздер? – Біздің халқымыздың дені таза. Әйел, еркектеріміз, шүкіршілік, қуатты. Оларды сөзбен қоздырудың керегі жоқ. – Біз кей жағдайда сөзден гөрі істі жақсы көреміз. Секс мәселесіне неге сонша құныққанын қайдам, біз төртеулеп жауап берсек те, әлгі ағылшын тілінде жазатын үлкен қара болар емес. Сөз аяғын қалжыңға айналдырсақ та қоймады. Ақырында барып: – Сіздерде әдебиет бостандығы бар ма екен, жоқ па екен, соны білейін деп едім,– деді ол. Жазушылармен жылы қоштасып, енді сол арадан тура Үнді-Совет қоғамына аттандық. Машинамен көше айналып келгеніміз болмаса – о да жаңағы кітапхананың артында екен. «Әдебиет бостандығының» біреудің көрпесінің астына кіріп, жыныстық қатынас тың бүге-шігесін ақтарумен қаншалықты байланысы болуын біз түсіне алмадық. Халық кішілеу ұзын залға жиналыпты. Залдың ішкі жасауы да осы қоғамның атағына сай. Бір қабырға түгел Ленинге арналған. Кәдімгі біздегі сияқты Лениннің жас кезінен бастап соңғы күндеріне дейін-
Тахауи Ахтанов гі–өмірі мен күрес жолын көрсететін суреттер. Көсем сөздерінен ағылшын, тамил тілдерінде жазылған цитаталар. Совет еліне арналған басқа да плакат, суреттер көрінеді. Бастапқыда залдағы халық сәл сұйықтау көрініп еді, бірте-бірте лық толды. Тіпті біразы түрегеп тұруға қалды. Негізі интеллигенция. Араларында оқыған жас әйелдер бар. Үнді-Совет қоғамының председателі мәжілісті ашты. Өзі адвокат көрінеді, қырықтың маңындағы адам. Бұл кісіден мен де қалған мықты бір әсер бар. Ол – сыпайылығы. Өзін ұстауы, мінезі ғана сыпайы емес, сыпайылық осы кісіңіздің тұла бойына түгел тараған сияқты. Қағілез денесі де, сәл жұқалаңдау бет бітімі де, бір жағына қайырған майда толқынды сұйқылтым қара шашы да сыпайы. Әйтеуір өн бойынан есіп тұрған бір биязылық бар. Даусы да құлаққа жағымды, ашық үнді, адвокат емес пе, сөзі де жатық, еркін төгіледі. Ұзақ және өте әдемі сөйледі. Ол сөйлегенде сүйсіне тыңдап отыр едім, бірақ... Осындай бір жақсы сөздер болады – тыңдап отырғаныңда жақсы-ақ, ал кейін есіңе түсірейін десең, миыңның қыртысына ілігіп қалатын бұдыры жоқ па, әйтеуір есіңе түсіре алмайсың. Біздің аудармашымыз Исаак Голубев
Үндістан хикаясы Москвадағы Үнді-Совет қоғамының жауапты секретары болатын. О да осы қоғамның жұмысы жөнінде біраз жерге сілтеді. Осы екі сөз уақытымызды омырыңқырап кеткен соң – ар жағын соза бермей тараймыз ғой деп едім, олай болмады. Әуелгіде аздап тартыншақтаған жұрт бірте-бірте қызынып алып, сұрақты жаудыра бастады. Сұрақтарының сыңайына қарағанда біздің елді әлі де аз білетіндері, біздің елдің ішіндегі көп жағдайдан бейхабар екендігі және оның үстіне біздің өмірдің біраз салаларынан теріс информация алғандықтары көрініп тұр. Бірен-саран біздің елге қырсығып, қыңыр сұрақ бергендері де болды. Бұл араға да біраз жазушылар мен журналистер келген. Олар кешеден бері бізді сипай қамшылап өткізіп жіберіп, ұрымтал жерін тосқандай шұқшима сұрақтарымен қадалып жатыр. Көбі сонау әріден келе жатқан жауыр сұрақтар. – Совет елінде жеке адамның бас бос тандығы бар ма? – Онда жұрт жұмысты өз еркімен істей ме? – Сіздерде жұмыс істемеген адамды қудалайтыны рас па? Оларды қайда жібереді? Сібірге жібере ме? Біраз сұрақтар осы іспеттес боп келді. Берілген сауалды жауапсыз қалдырма-
Тахауи Ахтанов дық. Әрине біз де өз тарапымыздан кейбір одағай, оғаш сұрақтардың ел намысына тиетінін ескерттік. Совет елінің аз жылда соншама ересен табысқа жеткені жөнінен аз да болса хабары бар адам: – «Сіздерде бас бостандығы бар ма?» немесе «жұмыс ты еркімен істей ме?» деген оғаш сұрақты бермес еді. Социализмнің принципі – жұмыс істемеген адам тамақ ішпейді – емес пе. Ал, Сібір болатын болса – ол құбыжық болудан қалғалы талай заман өткен. Егер дәл сондай өлкесі болса – қай мемлекет те оны мақтаныш етер еді. Бір қалтылдаған шал тұрып: – Сіздерде өмір жұмаққа айналған. Жазушылар сонда не үшін жазады. Одан да жұмысшы не инженер болып кетпей ме? – деп сұрады. – Әрине кейбір жазушылар жұмысшы боп кетсе – одан қоғамға да, әсіресе әдебиетке пайда болар еді. Ал, біздің өміріміз әзірге жұмақ емес. Жазушы қаламына жетерлік проблемалар баршылық. Жалпы адам баласы аман болса жазушыға жұмыс табылады, – деп жауап бердік. Бір негрдей қара, бетінің жалпақтығы болмаса, қабағы, пісте мұрны, көнтек ерні де негрге ұқсас, аласа бойлы дембелше жігіт қарсы алдымызда отырып алып біраз қақылдады.
Үндістан хикаясы – Жеке адамға табынушылықтың қоғамдық негізін айтыңыз? – деген сұрақты қайта-қайта қояды. Біз ондай құбылыстың табиғатынан демократияшыл социалистік қоғамға негізінен тән емес, сондықтан да оның қоғамдық негізі жоқ, кездейсоқ қателік, уақытша ауытқушылық екенін айтып жауап бердік. Жалпы бұл туралы айтыс ұзақ сонар – егер қаласаңыз ертең біздің мейманханаға келіңіз, сонда кең отырып сөйлеселік, – дедік. Бірақ қарсы алдымызда, бірінші қатарда қасқайып отырған көнтек ерін қара да қайсар екен, екі-үш адамды аралатып әлгі сұрағын қайтадан береді. Әрі-беріден соң оның «теориялық негізін дәлелдеңіз» деп қадалды. – Достым, ол біз үшін құрғақ теория емес, өмір тәжірибемізде болған, жанымыз ға жара салған құбылыс. Уақытында ол бізге оңай тиген жоқ. Қазір халқымыз боп, партиямыз болып сол жараны емдеп келеміз. Ал, басқа адамның сұғанақ қолын біз ондай жанды жерімізге жолатпаймыз,– дедім. Кейін білдік, бұл қара жігіт осындағы Маоның жолын қуып, коммунистік қозғалысқа ірткі салушылар тобынан екен.
Тахауи Ахтанов Бір ұзын тұра, кішкене бет жас әйел (қыз болуы да мүмкін) журналист,совет әйелдерінің өмірі жайлы біраз сұрақтар берді. Оған Майя Ганинаны жекпе-жекке шығарып қойып, азғана тыныс алайық деп едік, ол советтік шығыс әйелдерінің бүгінгі халіне қарай ойысып мені қайтадан жұмысқа қосты. Бұл жерде бір рақаты советтік шығыс әйелдерінің қолы жеткен дүниесі толып жатыр, бір журналист емес, Индияның бүкіл журналистері жабылса да фактыға мелшесінен келтіруге болады. Саяси-әлеуметтік жағдайдан әңгіме әдебиетке қарай ойысты. Залдың орта тұсында бірден көзге түсіп, жеті-сегіз адам инабатты бір топ отырған. Олардың кім екенін біле алмадым, бірақ әйтеуір киім киістері өзгелерден ілгері, бұлаң тұрмыстағы бапты адамдар сияқты. Өздерін сабырлы, тәкаппар ұстайды. Шамасы қоғамдық басқыштың жоғары жағында тұрған жандар болар деп ойладым. Солардың бірі: – Сіздерде сатира мен юмор өріс алған ба? Егер өріс алса сынайтыны кімдер? Қандай құбылыстар? Сатираға қойылған шекара, тежеу бар ма? Екінші біреуі: – Совет жазушылары тақырып таңдау да, өмір шындығын көрсетуде еркін бе,
Үндістан хикаясы әлде жоғары жақтың тапсырмасымен жаза ма?–деген ескі сұрақты қойды. Біз тиісті жауабын бергеннен кейін, қарсы дау айтпаса да сыпайылап үңги түсті. – Осы жаңағы сұрақты сіздерге көп береді. Жұрт көп айтады. Сол сөздің тууына себеп, сылтау болды ма? Енді басқа топтан басқа біреу кеп: – Совет жазушылары буржуазияға айналып, халықтың қамын ұмытып барады деген сөз бар. Сіздерде сондай жазушылар бар ма? – деген сұрақ тастады. Бұл сөздің төркінін біз таныдық. Ондай қауесеттің жалған жала екенін айттық. Бірақ совет жазушылары да өңкей ақ қанат періште емес, адам баласы. Олардың да адамға тән кемшіліктері болады. Жақсы, талантты жазушылармен қоса жамандары, құлқынын ғана ойлайтын халтурщиктері де кездеседі. Бірақ оған бола анадай қорытынды шығару әлеуметтік өмірден ешнәрсе түсінбегендік болар еді дедік. Кеу-кеулескен қызу айтыспен бұл арада төрт сағатқа жуық отырып қалыппыз. Екі жағымыздың іркіп қалған еш нәрсеміз жоқ тәрізді, айызымыз қанып, ақтарыла айтыс тық. Бір бірімізбен кейде келісіп, кейде келіспей де жаттық. Біздің байқауымызша: осында келгендердің бірен-сараны болмаса, дені бізге дос
Тахауи Ахтанов адамдар. Біздің елдің жағдайымен кеңірек, жан-жақты танысқысы келеді. Совет шындығы жайлы көп мағлұмат бұларға әлі жетпеген. Оның үстіне буржуазиялық баспасөз бен радио, телевидение көп нәрсенің терісін теріс айналдырып, жалған мағлұмат берген. Сондықтан да болар совет жазушыларының төрт көзі түгел тұрғанда көп нәрсені сұрап, бұрынғы естіп білгендерін екшеп, шындықты өсек-дақпырттан аршып алғысы келетін сияқты. Қорытынды сөзімде, осы жағдайды ескеріп, бізге соншама көп уақыт бөліп, зор ықылас көрсеткені үшін аудиторияға совет жазушылар делегациясы атынан үлкен алғыс айттым. «Ер шекіспей бекіспейді» деген қазақтың мақалы бар, біз шекіспегенмен бір-бірімізді мықтап сынадық. Шынында да сынасып, білісіп алмаған достық баянды болмайды, бұл сынаудан сіздер жақсы өттіңіздер. Сіздердің көңілдеріңізді білмеймін, ал біздің көңіліміз сіздерге толды, – дедім. Мәжіліс соңында үнділік достар да бізге алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді. * Біздің Мадрастағы бір артықшылығы мыз–уақыт тауып күн сайын бесін кезінде
Үндістан хикаясы теңізге шомылып жүрміз. Теңіз жағасы сусылдаған сары құм – рақат. Совет колониясының шешінетін бөлмесі, үстіңді шаятын душы бар екен. Соны пайдаланамыз. Көбіне көкпеңбек теңіздің жиек жағы ақжалданып, үйдей толқындар ырсылдап келіп жағалауды соғып жатады. Келіп қалған толқынның өркешіне қарғып шығып, жас баладай асыр салып мәз боламыз. Индия туралы жақсы очерк жазбақ болған жолдасымыз – балықшылар өмірін зерттемек болып біраз құлшынып еді – реті келмей-ақ қойғаны. Ол балықшыларға ілесіп теңізге де шыққысы келді. Бірақ біздің қожаларымыз оған мәслихат етпеді. – Онда сіз көретін, сізге үлкен әсер етерлік ешнәрсе жоқ, – дегенді меңзеді. Ашық теңізде балықты күреп ала қоймайды екен. Ертеңнен кешке дейін ауды екі-үш қана тартатын көрінеді, Мұнда сейнер деген жоқ, кішкене ғана екі адамдық жел қайық. Сонда сөйлесейін десе тіл білмейтін адам, ертеңнен кешке дейін қалтқұлт етіп шайқалған жел қайықтың үстінде, балықшылардың аядай жерін тарылтып, мазасын алғаннан басқа не бітірмек. Ақыры теңізге шыға алмаған соң – ол балықшылардың үй-тұрмысымен танысуға құштар болды. «Балықшылар посел-
Тахауи Ахтанов кесі» дегенді біз күнде тұсынан өтіп көріп жүретінбіз. Олардың үй дегені – қазақтың «итарқасы», дұрысырақ айтқанда орыстың шалашы сияқты сыртын шөп-шаламмен жапқан күрке. Далаға, есік алдында темір пешке ас даярлайды. Біздің досымыз балықшының үйіне кіріп, ішіндегі жасауымен танысуға да құмартты. Мен балықшының үйіне кіріп көргенім жоқ. Бірақ ана күркенің ішінде қандай «жиһаз» барын сеземін. Жоқшылық деген иттің реңі маған таныс. Оның тамашалайтын түгі де жоқ. Одан да очерк жазбайтын өзімдікі жақсы. Сау басымды саудаға салмай бұйырғанын көрем деп жүре берем. Бүгін біз судан шығып жиекте тұрғанда қасымызға екі балықшы келді. Бірі, талдыр маш бала жігіт, екіншісі, аласа бойлы, шүкейт қара, орта жастағы адам. Оның ұзын қара сақалы бар. Жүрісі қызық, бір бүйірлеп тәлтіректей басады. Үйдей толқын қайта серпілгенде әлгі қара сақалды бір бүйірлеп жүгіріп барып, қолын дымқыл құмға сүңгітіп жіберіп, үлкендігі құрбақаның кішісіндей бір шаянды суырып алып, бізге әкеп көрсетті. Бұл бұрын мен көрмеген – түсі боп-боз, өрмекші сияқты бунақ-бунақ ұзын аяқты шаян.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру