Алты томдық шығармалар жинағы. ІV том
Ахмет Байтұрсынұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының кіріспесі профессор Айгүл Ісімақованың талдау мақаласынан басталады. Әрі қарай «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары берілген. Екінші томда ағартушының қазақтың көзін ашу мақсатымен жазған оқулықтары туралы, соның ішінде Телжан Шонанұлымен бірл...
Ахмет Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. ІV том
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
Ахмет Байтұрсынұлы замандастары мен сол уақыттағы әлеуметтік қоғам тарапынан «қазақ халқының көсемі» деп ұлықталды. Кеңес үкіметі кезіндегі көлеңкелі тұстардың көбесі ашылып, Алаш арысының аяулы есімі ортамызға оралғанына міне, ширек ғасыр болды. Ұлт мүддесі үшін жегілген маңдай тердің ғұмырлы боларын қаламдас ізбасары Мұхтар Әуезов: «...өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер... Ақаң – еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі – артында келе жатқан жастар. ...Ақаңның бұл істеген қызметі – қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш» – деп, көрегендікпен дөп басып айтқан екен. Шын мәнісінде, ғалым негіздеген әліппе оқулықтары мен ғұлама ғибраты еліміздің жас жеткіншектерін оқытып-тәрбиелеуде күн тәртібінен түспейтін ұрпаққа жалғасты руханият қайнарына айналып келеді. Бүгінгі тәуелсіз елі ағартушыны «Ұлттық рухтың ұлы тіні» деп таныды және «Ана тілдің айбары», «Ғасыр саңлағы» деп ұлықтап, тұлғаға деген құрмет пен тағзымын көрсетуде. Бір ескерте кетер жайт: осы оқулықтарды бүгінгі емлеге түсіру кезінде төте жазудың «сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы» болып түрленіп жазылатын қиыншылықтарына орай, сөздер мен сөз тіркестерінің төтеше нұсқасын берудің мүмкіншілігі болмады. Тек жекелеген әріптер ғана екі таңбада қатар берілді. Сондай-ақ, түпнұсқадағы кестелі суреттердің телкөшірмелері, кітаптың мұқабалары сол қалпында ұсынылды.
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ ҺӘМ
КЕМЕҢГЕР КӨСЕМСӨЗШІ
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіндіктер туғызған бірегей ғалым. Ағартушының «Әліпбиі» мен «Оқу құралы» тұңғыш әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта-қайта басылуы сол кезеңдегі білім беру жүйесі үшін ауадай қажеттілікке айналғанынан. Теоретик А.Байтұрсынұлының ғылыми зерттеулер ғана емес, сол кезеңдегі сұранысты өтейтін өміршең оқулықтарының қалың бұқара игілігіне айналуы – білім беру саласындағы тамаша іскерліктің үлгісі. Кезінде ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латыншалаудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», «советке қарсы» деген айыптар тағылды. Араб жазуы ислам дінімен байланыстырылып, ғалымның сан жылғы еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт көрсеткендей, латын жазуының да өмірі келте болды. Ғалымның араб таңбаларын қазақ тілінің жазылуына, оқылуына, баспа ісіне толық бейімдеуі – осы жүйенің өміршеңдігін дәлелдеді. Төте жазуды шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған (Қытай, Ауған, Иран, т.с.с.) қандас бауырларымыз бүгінге дейін қолданып келеді. Олар осы төте жазумен тек сауатын ғана ашып қойған жоқ, кітаптарын да шығарып келеді. Ағартушы ғалымның қазақша әліппе жасауы, яғни араб алфавитінің негізінде ұлттық әліпбиге реформа жасап, өзгеріс енгізуі, қазақ тіл білімінің пән сөздерін (терминдер) алғашқы болып қалыптастыруы және оның негізгі салалары: Дыбыс жүйесін (фонетика), Сөз жүйесін (морфология), Сөйлем жүйесін (грамматика) терең зерттеп, бірнеше оқулыққа арқау еткен еңбектерін өз замандастары лайықты бағалады және қазіргі кезде де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. А.Байтұрсынұлының тіл білімі саласында ғылыми еңбектері мыналар:1. Тіл құралы, І-бөлім. Фонетика; 2. Тіл құралы, ІІ-бөлім. Морфология; 3. Тіл құралы, ІІІ-бөлім. Синтаксис; 4. Баяншы, методикалық жазбалар; 5. Тіл жұмсар, І-бөлім. Практикалық грамматика;6. Тіл жұмсар, ІІ-бөлім. Практикалық грамматика; 7. Оқу құралы (балалар әліппесі); 8. Әліппе; 9. Сауат ашқыш (ересектер әліппесі); 10. Әліппе-астар (Әліппеге әдістемелік нұсқау). Енді осы томға еніп отырған оқулықтардың құрылымына тоқталсақ.
Оқу құралы. Қазақша алифба, 1-нші кітабы насихат өлеңмен басталады:
«...Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпесжарық, кетпесбайлық,
Жүріңдер, іздептауыпалалық та!».
Оқулық «Би исми - иллаһи - рахмани - раһим» деген Құран сөзімен ашылып, бірден үш хәріп топтаса беріліп, олардың дыбысталу ерекшелігіне қарай атау сөздер берілген. Сөздер оңнан солға қарай «ар», «аз», «ара», «аза» болып оқылады. А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасын, дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтап, кестелеп келтірген. Кітапшаның соңында берілген көркем мәтіндердің танымдық мәні зор: «Туысқан-туған ілікдес, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй саймандары (киізүй), ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жер түгінің аттары, жер жүзінің атаулары, сан, жаңылтпаш, жұмбақ пен мақалдар» қысқа да нұсқа қамтылған. Соңында «Біздіңүй», «Мен қалай оқуға бардым» атты әңгімелер мен «Өтірік өлеңдер», «Шын өлеңдер» топтастырылған. Мәселен, «Малдараты» деген әңгімеде түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі атаулары беріледі де «Адам сөйлейді» деп, мал-жануарлардың дыбыстау ерекшелігі келтірілген: «түйе боздайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қозы маңырайды, ит үреді, мысық мияулайды». Оқушыларға «Жер түгінің аттары», «Ағаштармен шөп аттарын» бөліп береді. «Жер жүзінің атаулары»: тау, адыр, қыр, жон, жота, дөң, дала, сай, төбе, төмпе, шоқы, қабақ, ой, жазық, дала, сай, шың, томар, жарық. Теңіз, көл, сор, өзен, өзек, қопа, шұңқыр, қара су, бұлақ деп қырат пен суат бөле жара қарастырады. Мақалдар да бала қабылдауына сай қызықты етіп алынған. Мысалы, «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»; «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле»; «Білім жұғысады; ырыс ауысады»; «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты тіркестер оқушының қабылдауына жеңіл, әрі тәлімдік мәні зор.
«Әліпби. Жаңа құрал» атты оқулықтың шығарушыдан берілген алғысөзінде «1925 жылдың қазан айының 21-і күні» көрсетілген. 1928 жылы кітаптың 3-рет басылғаны айтылады. Қос кітаптың беташары «Балаларға тарту» өлеңімен ашылады. Шығарушы «төте оқу», яғни, дыбыс негізі әдісі туралы мағлұмат береді. Сонымен қатар, сөзді «тұтас оқу» әдісі туралы да айтады. Ғалым осы ретте ұстаздар алдына нақты сауал да қояды: бұрынғы «Оқу құралы» мен бұл «Жаңа құрал» екеуінің қайсысы үйретуге жеңіл? Ғылыми іс осылай нақты тәжірибе арқылы сыннан өтуін талап ету бүгінгі оқулықтарға да қажет. Оқулықтағы көркем мәтін де қысқа, бірақ маңызды: «Атбақыл, Балық аулау, Базар, Атта да ақыл бар, Аш шал, Тоғайға сайран, Қармақ салу, Қармақ салуға бардым, Жұмаш, Жарлы-жалаңаш тойы, Ақшақар, Теке мен серке, Таң ертең, Тігін, Біздікі, Күзет, Жүген жұмысы, Сонар, Әліп-би, Қат, Мектепке түскен күні, Біздің тәртіп» т.б. Әр мәтін соңында тапсырмалар беріледі де, «Сауалдар», «Жұмбақтар, және «Ойнаңдар! Ойлаңдар!» атты арнайы айдармен шағын мәтіндер: «Көмектестік, Жалпы жиылыс, Тазалық тәртібі, Салақтықтың кесірі, Дәрігер бізге не айтты?, Сағат, Мектептегі мереке, Менің міндетім» т.б. тікелей ата-баба этикалық тәрбиесіне байланысты топтастырылған. Бұның тәрбиелік мәні зор. «Менің міндетім» атты шағын мәтін келесі мақалмен түйінделеді: «Жігіттің ерінгені – көрімнің көрінгені». «Жетім» атты мәтінде Омар деген баланың ата-анасы жоқ екенін білген балалар онымен кітап, қарындаштарымен ғана бөліспей, «оған тимейік, болысып жүрейік» деген бала ақылымен бітеді. «Түс көргенім», «Құлақ қаттар» «Сызық шама», «Ұят-ай!», «Күн-бақпамыз», «Бұ қай кезде болады» (өлеңдер), «Қыс қамы», «Үмені көргенім», «Күзем», «Шана істегенім» мәтіндерінің де тәрбиелік, танымдық мәні атауларында тұр. Бүгінгі біздің бастауыш мектептерге арналған тым күрделеніп кеткен оқулықтарымыздан гөрі, осы аз сөзді, көлемі жұқа болғанымен, мағынасы терең кітаптың біздің ұрпақ оқытудағы бүгінгі әдістемемізге әлі де жолбасшы болары хақ.
«Сауат ашқыш» сауатсыз үлкендер үшін, 1-кітабы дыбыс әдіс жолымен тәртіптелген. Төте жазу ережесінен кейін топтастырылып берілген мәтіндер ересектерге арналғаны бірден аңғарылады. «Шорман» жинағынан «Торайғыр бидің тақпақтары» атты өлең мен «Алшын Қаражігіт би», «Қулық», «Даукестер сөзі» деген әңгімелер енген. Ыбырай Алтынсарыұлы кітабынан «Атақозы би», «Алдар көсе», «Қожанасыр», «Мүңке би», «Үш мерген», «Жәнібек батыр», «Қыпшақ Сейітқұл» атты танымдық әңгімелер алынған. Әбубәкір Диваеевтан «Көсем бала», «Әділ би», Қожанасыр ақылы (әңгіме), Шайқ Сағдидан («Асау тұлпар»), Бекеттен «Туған жер» (Жуковский), «Тұтқын зары» (Красовский), Бұйраұлынан «Өмір», «Жатырсың неге ұйықтап», Абайдан «Шырылдауық шегертке» (Крылов), өзінің «Қырық мысал» жинағынан «Қасқыр мен мысық», «Кісі мен арыстан», «Иттер достығы», Елдес Омаровтан «Қазақ салты» және «Дағдылы жол мен айлалы жол», Агрономнан «Шаруа жайы», «Қазақ малының тұқымын асылдандыру жайында» (Бенкеевич), «Сүтті сиырдың белгілері», Ауылдан «Өрбу», «Олақтық па, салақтық па?» әңгімелері, Қойайдарұлынан «Кәператсийе», Мағжан Жұмабаевтан «Түн еді» өлеңі, Телжан Шонанұлынан «Күн» (Толстой), «Тамшының тарихы» атты аудармалары, Қыр баласынан (Әлихан Бөкейхан) «Дүние қандай?», Сәрсенбіұлынан «Ленин», Жағыпардан «Ленин және ортақшыл партиясы», Ғ.Сұлтанұлынан «Қуанышты күн» атты т.б. түрлі тақырыптағы көлемді әңгімелер мен алуан өлеңдер топтастырылған.
Қазақ жұртының әлеуметтік дамуы үшін ұлттық баспасөздің атқарар орны ерекше. Ғасыр басында билігі басым ұлт өкілі аз санды қазақ жұртын бұратана санап, өз атымен атамай «қырғыз» атағаны, ал қырғыздарды «қара қырғыз» атандырғаны тарихтан мәлім. Дәл осы тұста бұратана елінің жоғын жоқтап, сол заманға лайық үн көтерген «Айқап» (1911-1915 ж.ж.) журналы мен «Қазақ» (1913-1918 ж.ж.) газеті болғандығы белгілі. Міне, осы басылымдарда өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен әлеуметтік көкейтесті мәселелерді сөз етіп, сан алуан өзекті тақырыптарды көтерген ұлт жанашыры да А.Байтұрсынұлы болатын.
Қаламгердің «Тағы да народный сот хақында» мақаласы «Айқап» журналының 1911 жылғы 6-шы нөмірінде жарық көрген. Мақалада билердің орнына сайлау арқылы енгізілген «халық соты» деп аталатын лауазымға қатысты пайда болған жағымсыз құбылыстардың себеп-салдарына талдау жасалған. Судья сайлауын қазақ түсінбей, сөзімен, шешімімен әділеттіліктің айнасы болған билердің орнына «өз елінің», «өз руының» шала сауатты адамдарын сайлауды әдетке айналдырғанын сынға алады. Соның салдарынан бассыздық, заңсыздыққа жол беріліп, адам құқы тапталатынын дәлелдейді. А.Байтұрсынұлы сайлау жәй талас емес, ол халықтың пайдасы үшін шешілуін талап етеді: «Халал мен харамды» талғауды еске салады, себебі жаман іс әркімнің қолынан келеді, жақсы іс қолдан келуі қиын. Мақалада «осы күнгі билер қағида бойынша істемейді, ойына келгенін істейді» деп ашына жазады.
«Қазақ жерін алу турасындағы низам» мақаласында ХХ ғасырдың басындағы жер мәселесінің ушығуын айқын көрсеткен. А.Байтұрсынұлы жалпы жұртшылықтың заңды білмегендіктен құқылары аяққа тапталатынын дәлелдеп, қазақтың жерін алуды мақсат еткен патша өкіметінің жарлығына нақтылы түсінік береді. Заңды білу арқылы жеке адам өз құқын қорғайды деген үмітпен халықты оятуға әрекет жасайды. Қаламгердің осы мақаламен сарындас «Земство», «Жер жалдау жайынан» атты еңбектері ұлттық мүддеге тікелей қатысты. Сол кезеңде жарияланған низам, бұйрықтардың (9/06.1909) қазақ халқына берер пайдасы мен зарарына тоқтала отырып, 22 пунктен тұратын мәлімет береді. Ол «Қазақ пайдасындағы жердің артықтарын переселендерге беруде қазақтың ата-бабасынан қалған қыстау мен жайлауларының орнықты болуын қалай шешу керек» дегенге нақты ұсыныстар жасайды. Автор Ресей губернияларында арнайы енгізілген «Земствоның» құқықтық жағдайлары мен міндеттеріне кеңінен талдау жасайды. Оны қазақ қоғамына пайдалану, енгізу өте тиімді екенін мысалдармен, әлеуметтік практикадан алынған деректермен нақтылы дәлелдейді. Негізінде «Земствоны» жақтай отырып, А.Байтұрсынұлы қазақ қоғамында жергілікті басқаруды тиімді етудің жолдарын ойластырады.
«Жер жалдау жайынан» мақаласында қазақтардың қоныс аударған орыстарға жерлерін сатып жатқанын ашына жазады.
«Қазақ һәм 4-ші Дума» мақаласы 1912 жылы «Айқаптың» бетінде Думаға қазақ депутаттарын сайлау туралы жазылған мақалаларға қорытынды жасайды. Мемлекеттік Думаға қайткен күнде де қазақтан депутат сайлаудың ауадай қажет екенін айтады. Заң шығаратын орында қазақ халқының мүддесін жақтайтын және қорғайтын тек қана қазақ азаматы бола алатынын дәлелдеп көрсетеді. Шынында да қазаққа қатысты заң қабылдана қалған күнде оның кемшіліктерін айтып, басқа депутаттарға түсіндіре алатын қайраткер тек қазақтан сайланған болуы керектігі даусыз еді. Мысалы, 2-ші Мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған Бақытжан Қаратаевтың қазақ жерін қызғыштай қорғап сөйлегені бәрімізге мәлім.
«Көшпелі һәм отырықшы норма» мақаласы «Қазақта» 1913 жылы жарияланған. Мұнда қаламгер ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында ерекше дау туғызған жер мәселесі туралы баспасөз бетінде көтерілген пікірталасқа талдау жасайды.
Біз бүгін «шағын несие» алу деп жүрген мәселе туралы А.Байтұрсынұлы осы жылы «Уақ қарыз» мақаласында ел арасында уақ қарыз беру мен алу ісін қалай ұйымдастыру қажеттігін талдап, түсіндіріп берген. Уақ қарызды тиімді ұйымдастырған жағдайда халыққа пайдалы болатыны дұрыс көрсетілген. Мақалада көтерілген мәселелер қазіргі нарықтық қатынастар қалыптасып келе жатқан кезеңде өз мәнін жоймаған.
«Қазақ һәм түрлі мәселелер» атты мақаласы бұратана халықтар тек орыс тілінде оқытылсын деген империялық бағдарламаны қатаң сынға алған. Әрі мұны үнсіз қабыл алған өз жұртына басқа жұрттың «қарсы шығып, келіспейтінін білдіргенін» мысал-өнеге етеді. «Қазақтың қарасын көрмегендер қазақ жайын қайдан білер. Қазақ аң сықылды, арам мен адалды айырмайтын халық деп біледі» сондықтан қазаққа орыс ойына келгенін істейді. Бұл жөнінде газет бетінде дүркін-дүркін көтерілген даулы пікірге өз жұртының селтетпеуін «...үндемей отырғаны естімегеннен емес, керексінбегендіктен емес, жандығының жоқтығынан, үрейсіздігінен» деп намысын қамшылайды. Сонымен қатар, қазақ арасында дінді дамыту үшін ең алдымен, бағдарлама жасаудың қажеттігі өзекті мәселе етіп қойған. Мұсылмандықты биік дәрежеге көтеру үшін алдымен дін қызметкерлерін оқытып, дайындау қажеттігін айтады.
«Закон жобасының баяндамасы» деп аталатын еңбек «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 80-ші нөмірінен бастап 1915 жылғы 105-ші нөміріне дейінгі аралықта жарық көрген. Мақалада орыс империясының қазақ жеріне қолын салып, басқару жүйесін өз мақсаттарына бейімдеуі батыл түрде ашып көрсетілген. Қазақ халқының болмысына, этнопсихологиясына, ұғымына жат, сырттан телінген заңның қажетсіз екенін өте жақсы дәлелдеген. Бұл еңбек құқық тарихын зерттеп жүрген ғалымдар үшін аса құнды материал.
Мақала ауқымды тақырыптарды қамтиды. Қазақ халқын билеу туралы уақытша ереже, Сайлау әм партия пәлесі, Осы күнгі соттың тәртібіндегі кемшіліктер, Билікті бұзуға іздену, Сот ісіне хәкімдердің қатысы, Билікті орнына келтіру, Көшпелі қазақтардың сотын өзгертудің негізі, Судьялардың еңбекақысы т.б. Осындай мақалаларды ұдайы жариялап отырғаны үшін қай Орынбор губернаторы 1500 сом айыппұл төлеуге немесе үш ай түрмеге жабуға үкім еткені мұрағат деректерінен белгілі. Жалпы, ұлт мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, жұртына еңбегін арнаған қайраткер сырттан төнген қауіпті аса көрегендікпен сезген және оны маңайына түсіндіре білген. Әрине, бұл саяси көрегендік қана емес, білгірлік пен біліктіліктің үлгісі.
«Жәрдем комитеті» ақпараттық жазылым, мұнда табиғат апатына ұшыраған мұсылмандарға жәрдем берудің қажеттігін жазады. Бұл идея қазіргі кезеңде де өзінің мәнін жойған емес.
«-ов» туралы қазаққа сырттай телінген тәуелді «жұрнақтың» қажетсіз екенін, оның орнына «ұлы», «қызы» деп жазу керектігін, сол кездің өзінде дәлелдеген. Біз бүгін үйреніп кеткен «-ов»-тың қазақ баласына «атасы, әкесі, тегін» ұмыттыру үшін қасақана жасалған нәубет екенін енді түсінгендейміз. Десе де әлі күнге қазақтарды «ұлы», «қызы» деп ресми құжаттандыруды іс жүзіне асыруда қасаңдық танытып келеміз.
«Қазаққа ашық хат» мақаласында автор қазақтың мал санағаннан қорқып, бағып-өсіріп отырған малының санын жасыруды әдетке айналдырғанын сынға алады. Әрі кең-байтақ қазақ жерінде мал көп, сондықтан артық жер жоқ, яғни отарлауға жол жоқ деген ұғымды орнықтыруға бар күш-жігерін салады автор.
«Жазу тәртібі» мақаласы оқу-ағарту ісіне арналған, ғылыми әрі тәжірибелік мәні зор еңбек. Мұнда қазаққа керек: «бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқуды» басты мәселе етіп қояды. Ғалым араб таңбасының қажеттілігін былай дәлелдейді: «Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіятерінің қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Мұның амалы менің ойлауымша мынау» дейді де, өзі түрлеген әліпбидің негізгі мазмұнын түсіндіреді. Араб таңбасы бірден мойындалмағанын
«Жазу мәселесі» атты мақаласынан аңғарымыз. Ахмет Байтұрсынұлы қарсыластарын «сабырмен отырып, ойласып, іс істелікке» шақырады.
«Қазақша сөз жазушыларға» мақаласында әліпбиді қорғап, араб таңбасын латынға ауысуына қарсылығын білдіреді. Себебі: «Түрік жұртының 90 пайызы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Сондықтан ғалым араб пен латын таңбаларының оқу, жазу, баспа ісіне қолайлы, лайықты жақтарын қарастырады. Жазу, емле, терминология мәселелері аталған мақалалада жан-жақты баяндалады.
«Оқу жайы» мақаласында ағартушы «хүкімет қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді. Сондықтан мектептерімізді тәртіпке қою, қазақша оқуды халыққа тарату өз міндетіміз» деп ауыр жүкті көтеруге шақырады.
«Орысша оқушылар» мақаласында қазақ еліндегі оқу-ағарту мәселесі туралы пікірін жазған. Тақырып Орынбордағы Қазақ мұғалімдер мектебі туралы. Мектепті орысша атауға мәжбүр болған. Мақала мәтіндегі ғибратты сөздер: «Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?», «Сол қаңғырып, қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе?», «Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ», «Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» т.б. әлі күнге ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын жойған жоқ.
«Қазақша оқу жайынан» мақаласында оқу ісіне қатысты кәсібилік туралы: «Бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол іс емес, ми ісінде де солай... Оқытуымызда қандай мін бар? Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Оларөтіп, кейінгі-жастардың да заманыжетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайрылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» дейді. Себебі басты ниет: Жұрт жұмысының түзелуіне қызмет ету! Яғни, дамып, қалыптасып жетілудегі соны жаңалықтарға оң көзқараста болып, оны әлеуметтік ортаның қабылдап, игеруіне ақыл-кеңесші бола білген. Мұны бүгінгі бала оқыту ісінде ескеруіміз керек.
«Бастауыш мектеп» мақаласы тек білім беру мәселесі емес, білім қандай болуы тиіс деген сауалға да жауап береді: «...Халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң... заң қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ». Бүгінгі халіміз де осы емес пе? Ғасыр басында ел басқару тілінің қазақшалануын тілеген зиялыларымыздың күресі мектеп жасындағы балаларды қазақша оқыту болған. Ал сол тұстағы үкіметке жағымдысы тұлға тілімен айтсақ, «...қол астындағы түрлі тілді, түрлі дінді түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттардың бір тілде сөйлегені қолайлы». Сондықтан миссионерлер арқылы оқуды орысшаға аударуға билеуші үкімет бар күшін жұмылдырған. Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, бірден орысша оқыту қағидасын ұстанған. «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз тілін, өз дінін, өз жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни, қазақтың діні, тілі, жазуы, сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек» дейді Ұстаздың бұл айтқандары бүгінгі тәуелсіз еліміздің кейбір адасып жүрген ұрпақтарын (ағылшын тіліне, тіпті өзге дінге бет бұрған) қайтсек түзейміз деп ойландыруы керек-ақ, ертең «әттеген-ай» деп өкініп, кеш қалмас үшін.
«Мектеп керектері» мақаласында: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», – деп негізгі жүктің оқытушыда екенін ескертеді. Екінші, «оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болу керек» дейді, бұл жолда ұстаз-әдіскер өз ісімен өнеге болды. Әдіскер-ғалым мектептің үшінші керегі «жоспарлы жосық» деп білген, яғни, келісілген кемел бағдарлама. Осы бастапқы үш керекті дұрыс жолға қоя білу – басты міндет дейді. Және:«Ана тілмен оқытамыз деген пікір – кіли орыстан басқа, тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір. Ана тілмен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек» деп қорытады.
«Тәні саудың – жаны сау» мақаласында мемлекетте денсаулық сақтаудың қандай орын алатыны баяндалады. Автор Қазан төңкерісінен кейін қазақ даласында бассыздыққа жол беріліп, ашаршылықтың етек ала бастағанын ашық жазады, тіпті адамдар бірін-бірі жеп жатқан жағдайдың кездесетініне күйінеді. Қазақ мәтелдерінің «Қайғысыз қарасуға да семіреді», «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама», «Мастық не дегізбейді, аштық не жегізбейді», «Бірінші байлық – денсаулық...» философиялық мәнін талдай отырып, «Тәні саудың – жаны сау деген, жақсы сабаның қымызы да жақсы болады» яғни, ауырмайтын, денсаулығы мықты халық қана ғылыммен, өнермен шұғылдана алады, сол үшін мемлекет қолдан келген барлық шараларды қолданып, халықтың тұрмысына қажеттіліктерімен қамтамасыз етуі міндетті деп қарайды. Бұл айтылғандар да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін көріп отырмыз.
«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» атты мақала «Қызыл Қазақстан» журналының 14-санында басылған. Онда қазақ ауылдарында оқуды жаңа талаптардың негізінде қалай ұйымдастыру керек екендігін баяндалған. Мұнда көтерілген келелі пікірлер дәл осы күні де мәнін жойған жоқ.
«Түрікшелер құрылтайы» мақаласында: «...Қазақ жай сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілімен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін қайсысына болса да түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды». Ал оқу-ағарту ісіне арналған мақалаларының ғылыми практикалық тәжірибелік мәні зор.
А. Байтұрсынұлының Араб әліп-биін жақтаған баяндамасының ғылыми мәні өз мағынасын жойған емес. Ғылыми стилдің үлгісі болып табылатын бұл еңбек қазақ тілі білімінің сүбелі мұрасы екені анық. «Мен мәселенің ілім мен іс жүзіндегі жағын алып сөйлемекшімін» деп зерттеуші бірден баяндамасының басын ашып алады. «Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы». Ғалым осы атаған шарттарға сай қазақ тілі дыбыстарына араб пен латын әрпінің қайсысы қолайлы екенін талдау арқылы қарастырып береді. Оқуға, жазуға, үйретуге қайсысы ыңғайлы? Түрік жұртының 90 пайызы араб әрпін пайдаланып келгенін алға тартқан тілші-маман «Араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзінде әліп-би жетпейді» деп оның тиімділігін дәлелдейді. Осы ретте латын әрпінің араб әрпіне қарағандағы кемшіліктерін саралап береді (тіл дыбысына, басылуына, жазудағы жазылу түрі, баспаға, үйретуге, көркемдік пен көзге жайлылық жағынан). Қай жағынан болсын «араб әрпі артық болып шықты». А.Байтұрсынұлы «...Солдан оңға қарай жазғанда қардың жайылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын қиындатады. Оңнан солға қарай жазғанда, қолдың қары жиылатын жағына қарай жылжиды, жиылған сайын жеңілдетеді. Көп тыныққан есепті болып, талмайды».Мақалада қарастырылған мәселелерді баяндай келе, өзінің «Пән сөздерінің жүйесі» туралы Түрік тілінің пән сөздері туралы деген тақырыптағы жасаған баяндамасын әңгімелеп береді. «Пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер тұтып, жойып жіберу дәрежеге жеткен» (413 б.). Яғни, ғалым басты кағидасы «қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты» деген айшығында.
«Партия әм кеңес құрылысындағы рушылық әсері» атты мақаласында «Совет үкіметінің орнағанына 9 жыл болғаннан кейін қазақ халқының арасында алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары бар ма?» деген сауалға нақтылы жауап берген. Қазақ қоғамында ру болып бөлінуге негіз жоқ, бірақ кейбір атқамінерлердің тікелей әрекеттерімен ел арасында рушылдықты қоздырып, қарақан басының мақсатына жетуге пайдаланатыны қатаң сынға алынған. Қазақ қоғамында рулық қатынастың сарқыншақтары әдет-ғұрып нормалары ретінде (ас беру, той өткізу, қалың мал, жылу, т.б.) бар екенін мойындайды. Сауда капиталының орыстыкі ғана емес, жалпыға тән екеніне тоқталады.
Еліне, ұлтына, келешек ұрпақ – біздерге осыншама ғибратты ғылыми негізі толық дәлелденген ойларды асыл сөздермен нақтылап берген Ұлттың ұлағатты ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл істері зиялы қауымға үлгі болып қала бермек. Бүгінгі мәселе Алаш мұрасын насихаттау ғана емес, іске асыру жағын да қолға алу. Орасан іргелі іс атқарған ғалымның рухына Алла разылығы пайғамбарымыздың с.а.с шапағаты болғай!
А.С. ІСІМАҚОВА,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ӘЛІППЕЛЕР
А.БАЙТҰРСЫНОВ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Усул сотие жолымен тәртіп етілген
ҚАЗАҚША АЛИФБА
І-нші кітап
Балалар! Бұ жол басы даналыққа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
А.Б.
Электро-паровая лито-типография
Товарищества «Каримов. Хусаинов и К»
Оренбург. 1912.
Би исми-иллаһи-рахмани-раһим
1. з ز – 2. р ر – 3. а ا1
зар
азар
араз
а ا
з ز
аا
аза
а ا
рر
а ا
ара
а ا
зز
аз
а ا
р ر
ар
4. л ل2
зар
зарла
зарлар
ар
арла
арлар
алар
ара
арал
а ا
ла ала
а ا
л ل
ал Ал, ала, алар, ар, ара, арал, арла, арлар, аз, аза, азар, зар, зарла, зарлар.
5. с س
алар
алса
салар
салса
азар
азса
саз
сазар рас лас
арлас
арлар
ал ала
алас сас
саса
сасар
ас аса
асар сал
сала
салар
Ас, аса, асар, ал, ала, алар, алас, аласа, алса, саз, сазар.
Саз аз. Ас асар. Алса алар. Салса салар. Азса азар.
6. т ت
аста
астар
таста
тастар
арт
тарт тат
татар сат
сатар
артар
тартар
тар
тара
тарал
тас
таса
тасала
ат ата
атар таз
таза
тазар
Тал, тала, талар, талас, тас, таса, тасала, таста, тастар, тазар, тазарса. Ат сат. Тал тарт. Ас асат. Ат. Ала. Тас таза. Арал тар. Татар ат сатар. Сарт алар.
7. о و 3
тор
торла
торлар
солар
толар
тозар зор
зорла
зорлар
сор
сора
сорар
ол
олар
орлар
от ота
отар op ора
орал
Ораз
орар
Opac
Op, орта, тор, торта, от, отас. Тол, толас, ор, орлас, осал. Ат озар. Тор тозар. Орта толар. Олар артар. Ол тартар. Ораз осал. Орал орар.
8. н ن
орна
атна
атан
Асан
аран
арзан
онан
оннан
тонар
тоннан
сона
сонар
нан нар
нанар сан
сана
санар
он тон зон ана
тана
сана
Нас, нар, арна, орна, ора, отан, арлан, тарлан, зарлан, зорлан, сазан.
Нан аз. Нар зор. Атан арзан. Он тана. Ат азар. Тон тозар. Асан атар. Атаннан нар зор. Асаннан Осан зор.
9. қ ق
қол
қола
қолқа
қала
қолқа
қалқан қон
қонар
қонақ
қос
қосар
қосақ
сақ
сақа
сақал
қат
қатал
қатар
ақ оқ оқа тақ
тақа
тақал
Қаз, қаза, қазан, қазақ, қарал, қатал, қатар, қарас, қарта, қасқа, тасқа, асқан, тасқан, тоқта, ноқта, соқ, соқта, тақта, тарақ, талақ, қалақ. Қар ақ. Қарт сақ. Қазан қара. Қазақ тоқ. Қос аласа. Қонақ қонар. Ақ қара аралас. Қазақ, татар қаралас.
10. б ب
бар
албар
албан
қан
қанба
қанбас
бал
бала
балалар
бор
бора
боран
саб
саба
сабан
қаб
қабар
қабан
об оба
обал тоб
таба
табан
Арба, балта, бата, бота, болат, боран, бас, базар, басқа, босқа, батқан, баққан, табқан. Ат албар. Нар бота. Болат балта. Нан қалта. Қар борар. Боран болар. Боқан бақан алар. Қоқан сабан салар.
11. у, 12. ұ ؤ 4
құл
құла
құлан
тұр
тұра
тұрақ
ұр ұқ ұн
сұр
сұра
сұран
қорқу
қотару
орану
асату
босату
балқу
ару азу алу
табу
тану
тасу
Құр, құрақ, құлақ, ұлтан, құрбан, ұзақ, тұзақ, құнан, сұлу, тұру, ұру, ұлу, бұзу. Ат ару. Тон тозу. Қазан асу. Ас салу. Бақан құлар. Құнан аттан арзан. Қар бораса, бұрқақ болар.
13. ж ج
алжу
қалжа
олжа
болжа
жатқа
жаққа
таж жат
жатақ
жорт
жорта
жортақ
жол
жолақ
жону
жору
жора
жота
жан
жана
жанар
жанақ
жар
жара Жаз, жаза, жазу, ажар, ажал, жас, жаса, жасақ, жол, жора, жоба, жосбар, жанжақ, жантақ, жаржақ, жалтақ, жұтар, жұлқар. От жанар. Ат жатар. Қар жоқ. Қанжар қару. Жатқан жатақ. Жатақ атақ. Жұрт жатқан. Жанжақта от жоқ.
14. ш ش
шортан
шолақ
шошақ
ошақ
арша
қанша
шаш
шаша
шашақ
ашу ұшу
шашу
алаш
алаша
қаш
араша
қашу
қашан
аш аша
ашар шал
шала
шалаш
Жақ, шақ, жоқ, шоқ, жана, жолақ, шолақ, жала, шала, ақша, бақша, шоқша, құлаш, қошқар, шошқа. Ашу бас. Шашу шаш. Шолақ шаш. Жолақ алаша. Шал шаршар. Шабан ат. Қара шана. Он құлаш арқан. Он құшақ арша. Бұл ақ шабақ, ол шортан.
15. ы ى 5
ықтын
ысты
нықтық
қыны
жырық
сызық
ық ыс нық қын жыр сыз
алты
алтын
салқы
салқын
асы
асыр ары
арық азы
азық
қаны
қанық
Балшы, балшық, табы, табын, жыл, жылы, құл, құлы, жыл-қы, балы, балық, қызы, қызық, жақсы, бақсы. Ол балшы. Асық алшы. Жылқы арық. От жарық. Балшы бал ашар. Балықшы балық алар. Қатын қабық аршыр. Қыс жақсы, астық арзан.
16. м م
мық
мамық мыс
қамыс мұз
мұрт
алма
алмас
алмақ
қалмақ
салмақ
талмақ
мас
маса
масақ
мол
молы
молық
там
тама
тамақ
шам
шама
шамалы
Мал, малы, малшы, тамыр, тамыз, құм, құман, құмақ, марқа, малта, мақта, мақбал, марал, жұмсақ. Мал аман. Macжаман. Тамшы тамар. Малта ашшы. Алтын салмақты.Мамық жұмсақ. Сырмақ қатты. Қармақты балық қабар.
17. ғ غ
алғыс
шалғын
қалғу
қамғу
жабығу
шалғу
алғыр
шалғыр
жалғыз
алған
қалған
жалған
шағым
сағым
сағақ
ағын
арғын
тарғыл
аға
ағар
ағаш
таға
тағар
таған
Таған, тарғақ, қарға, шағала, қызғыш, қарлығаш, тағы, тама-ғы, жабағы, тұғыр, нығыз, нағыз, тоғыз. Ат тағалат! Жорға жорғалат! Оған қарама! Маған қара! Оған он жас, бұған тоғыз жас. Ол олақ, бұл жазғыш.
18. д د
алды
қалды
барды
балдақ
балдыр
сандық
доға
доғар
доғала
жылда
жылдар
жылдам
дақ
дала
дара
дана
дабыс
дыбыс ада
адам
адал
адас
адым
адыр Қадам, қадақ, одақ, қарындас, қарындаш, құда, құдаша, құрдас, құндақ, құмдақ. Адыр адам. Дабыл жол. Жылдам жазу. Олар адас. Бұлар құрдас. Малды малшы бағады. Бала қармақ салды, алты балық алды.
19. п پ
алап
далап
шалап
ақпан
қақпан
балапан
топта
топса
опыр пұл пұд
тарпу
арпа
пара
тапал
топ
топыр доп ап апа
апан оп опа
опала Қап, қапшық, шап, шапан, шапыраш, жапырақ, сопақ, соқпақ, сорпа, аспан, жалпақ, қалпақ, аппақ, топас, торпақ, ұрпақ. Аққу аппақ. Шапан шапшақ. Аспан ашық. Қора батпақ. Жас жапырақ. Қара топырақ. Аспан зор.
Қапаш аласа. Арпа астық. Сорпа тамақ.
20. ң ڭ
шаң
шаңы
шаңдақ
мұң
мұңды
мұңдас
оң оңы
оңды соң
соңы
соңғы
аң аңы аңы таң
таңы
таңда
Ың-жың, мың, жаңа, жаңар, оңғақ, тоңғақ, шың, шыңы, шыңда, тың, тыңы, тыңда, қаңбақ, жаңғақ, қоң, қоңыр, қоңыз, доңыз, шаңырақ. Қасқыр аң. Дала шаң. Жер тоң. Жел оң. Ат маңқа. Асық оңқа. Шапан жаңа. Оның аты Оңғар. Мұның аты Мыңжасар.
21. й ي 6
қый
қыйсық
қыйсын
жыймақ
жыйын
тыймақ бой
бойа
бойақ
айу
байу
тайу
ой
ойла
ойлан
ойан
ойна
ойнар ай айа
айаз тай
тайа
тайар
суыр
суық
жуық
ұуық
ұуыз
ұуыс
айау
тайау
буаз
ұуақ
ауған
жауған
сау
сауын қау
қауын
қалау
жалау
ауыз
ау бау
бауыр жау
жауын тос төс тол төл бол бөл боз бөз тоз төз тор төр тон төн жон жөн соз сөз ор өр он өн оң өң
сөну
төну
өсу өну сүт
сүрт
жүру
жүзу
бүү
бүру
түру
түсу
түн түс түр түп жүр жүз ұр үр ұн үн тұз түз
түрлі
бүрлі
жүнді
сүтті
түсті
түрпі
жүн
жүні сүт
сүті түр
түрі
торы
төрі
бозы
бөзі
жоны
жөні
сән
сәнім
сәнің
сәні
сәнісіз
сәніңіз тән
тәнім
тәнің
тәні
тәніміз
тәніңіз әл
әлім
әлің
әлі
әліміз
әліңіз
ән
әнім
әнің
әні
әніміз
әніңіз
мес
месел
мешел
есе
есен
семсер
менде
сенде
терең
жерде
әуе
әуре
елең
ерте
езбе
зерле
берме
жеме
ел ер ез зер бер жем қыйсын жыймақ жыйын тыймақ бойақ айу байу тайу ойлан ойан ойна ойнар айаз тай тайа тайар суыр суық жуық ұуық ұуыз ұуыс айау тайау буаз ұуақ ауған жауған сау сауын қау қауын қалау жалау ауыз ау бау бауыр жау жауын тос төс тол төл бол бөл боз бөз тоз төз тор төр тон төн жон жөн соз сөз ор өр он өн оң өң сөну төну өсу жүру жүзу бүү түн түс түр ұр үр ұн өну сүт сүрт бүру түру түсу түп жүр жүз үн тұз түз түрлі бүрлі жүнді сүтті түсті түрпі жүн жүні сүт сүті түр түрі торы төрі бозы бөзі жоны жөні сән сәнім сәнің сәні сәнісіз сәніңіз тән тәнім тәнің тәні тәніміз тәніңіз әл әлім әлің әлі әліміз әліңіз ән әнім әнің әні әніміз әніңіз мес месел мешел есе есен семсер менде сенде терең жерде әуе әуре елең ерте езбе зерле берме жеме ел ер ез зер бер жем Мен, менде, менше, өре, төре, ес, есер, шеш, шеше, шешен, дем, демеу, бет, бес, еп, теп, төбет, бөтен, төмен, тебін, жебір. Дем ал. Атыңа жем ал. Жерде қар жұқа. Терезе терлеп тұр. Үш жеті – жиырма бір. Алты бес – отыз. Төрт жерде төртеу – нешеу болады?
28. к ك
бекер
тірке
күрке
көрік
көлік
кәрі
керек
кезек
терек
тезек
елек
есек
кек кер кез кек кет кем ек екі бек
бекін тек
теке
Екі теке. Жеті ешкі. Шелек ыдыс. Терекағаш. Есеккөлік. Шешек ауру.
Күн шықты. Әкем кеше кетті, кешке келеді. Серке секіреді. Келіншек тезек тереді. Киік орғиды. Теке қарғиды. Кеме жүзеді. Күйкентай ұшады. Кесерткі жорғалайды.
29. г گ
гүл гүр
жүгір
шөгір
шегір
сегіз
еге
егер
егін
жегер
жегін
жігіт жік
жігі тік
тігі ек егу көк
көгі түк
түгі тек
тегі Көп жүрген білмес, көп көрген білер. Түбі бірге түтпейді. Ексең егін, ішерсің тегін. Бүлінген елден бүлдірге алма. Жүрген айаққа жөргем ілінеді. Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. Төсегіңе қарап айағынды көсіл.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасы: ا a, ب б, پ п, ت т, ج ж, چ ш, ﺪ д, ﺭ р, ﺯ з, ﺱ с, ﻍ ғ, ﻕ қ, ﻚ к, گ г, ڬ ң, ل л, ﺀм, ڼ н, و о, ﺆ у, ى ы, ي й, ﻩ ﻪ е.
Дауысты дыбыстардың таңбалары: ا a, و о, ۊ ұ, ى ы, ﻩ ﻪ е. Дауыссыз дыбыстардың таңбалары:
ب б, پ п, ت т, ج ж, ﭻ ш, ﺪ д, ﺭ р, ﺯ з, ﺱ с, ﻍ ғ, ﻖ қ, ﻛ к, گ г, ڬ ң, ل л, ﺀ м, ڼ н.
Дыбыссыз танбалар: ا ۰ жұмсақтық дәйектісі аталады.
ғ, қ, – ылғи жуан айтылады.
к, г, е – ылғи жіңішке айтылады.
Басқалары жұмсақ белгі тұрмаса жуан айтылып, жұмсақ белгі тұрғанда жіңішке айтылады.
ТУЫСҚАН-ТУҒАН ІЛІКДЕС
Ата, баба, әке, ана, әже, шеше, аға, іні, апа, қарындас, жеңге, келін, қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын іні, қайын бике, балдыз, жезде, күйеу, бажа.
КИІМДЕР
Шапан, ішік, тон, шекпен, бешпент, тымақ, жалбағай, құлақшын, бөрік, тақиа, жаулық, орамал, бөкебай, қамзол, шалбар, көйлек, ыстан, етік, мәс, кебіс, байпақ, шұлғау.
ОЙЫН-ОЙЫНШЫҚТАР
Жалақ, соқыр теке, жасырынбақ, балтам-тап, мәлике-тотай, табақ, атбақыл, қақбақыл, доп, асық, топай, лек, жақ, ағызбақ, жылмаң, ақ-сүйек, зырылдауық, шатыраш, ортеке, қуыршақ.
ТАМАҚТАР-СУСЫНДАР
Нан, ет, тары, сөк, құймақ, бөртпе, құрт, ірімшік, жент, малта, бауырсақ, жалпақ нан, қуырдақ, сорпа, көже, қатық, айран, сүт, қымыз, саумал, шай, қант, шалап, томыртқа.
ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Бас, мойын, кеуде, қол, айақ, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, иек, тіл, тіс, көкірек, өкпе, бауыр, жүрек, қолқа, қарын, ішек, ұлтабар, бүйен, сан, жанбас, сирақ, бақай, иін, қары, білек, саусақ, бармақ.
Құлақ екеу, ауыз біреу, Көп көріп, аз тыңдауға
Ол не үшін бұлай? Жаратқаны ол солай.
Көп тыңдап, аз сөйлеуге Ауыз біреу, қол екеу,
Жаратқаны ол солай. Ол не үшін бұлай?
Ауыз біреу, қол екеу, Көп жұмысшы, аз жеуші
Ол не үшін бұлай? Жаратқаны ол солай.
ҮЙ САЙMAH ДАРЫ
Шаңырақ, уық, кереге, есік, босаға, тайаныш, маңдайша, сықырлауық, табалдырық, түндік, үзік, дөдеге, туырлық, ірге, бақан, басқұр, таңғыш, желбау, түндік-бау, белдеу.
ЫДЫС-АЙАҚ
Қазан, тегене, шара, табақ, айақ, тостаған, кесе, шыныайақ, тас-табақ, кұман, шәйнек, шелек, күбі, астау, сапты-айақ, шөміш, ожау, бақыраш, қасық, саба, торсық, мес, сүйретпе, көнек, қауға, қап, айақ-қап, баспақ, дорба.
МАЛДАР АТЫ
Түйе: бура, атан, лөк, нар, қоспақ, інген, құнанша, буыршын, тайлақ, бота. Жылқы: айғыр, ат, бие, бесті, дөнен, құнан, тай, құлын, байтал, дөнежін, құнажын, сәурік, қулық, бедеу. Сиыр: бұқа, өгіз, құнан-өгіз, дөнен-өгіз, тайынша, бұзау, дөнежін, құнажын, қашар, баспақ, торпақ.
Қой: қошқар, азбан, саулық, тұсақ, ісек, бойдақ, тоқты, марқа, қозы.
Ешкі: теке, серке, серкеш, туша, шыбыш, ылақ.
Адам сөйлейді. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қозы маңырайды. Ешкі маңырайды. Ит үреді. Мысық миаулайды.
МАЛДАН БАСҚА ТӨРТ АЙАҚТЫЛАР
Ит,мысық, тышқан, күзен, тиін, карсақ, борсық, суыр, түлкі, сусар,құндыз, қойан, қасқыр, қос-айақ, айу, жолбарыс, арыстан, киік, марал, бұғы, құлан, құлжа, бөкен.
ҚҰСТАР
Бүркіт, тұйғын, сұңқар, қаршыға, қырғи, ителгі, лашын, тұрымтай, жағалтай, күйкентай, бөктергі, кез құйрық, құладын, қарға, таған, сауысқан, аққу, қаз, дуадақ, тырна, үйрек, көкқұтан, қырғауыл, қасқалдақ безгелдек, шіл, бөдене, бұлдырық, торғай, үкі, жапалақ, байғыз, көкек, көгершін, қарлығаш.
БАҚА-ШАЙАН
Жылан, кесірткі, көл-бақа, құр-бақа, тас-бақа.
ҚҰРТ-ҚҰМЫРСҚА
Қоңыз, бүйі, шайан, көбелек, маса, шыбын, шіркей, сона, бөгелек, өрмекші, шегіртке, құрт, құмырсқа, ара.
ЖЕР ТҮГІНІҢ АТТАРЫ
Ағаштар: қарағай, қайың, емен, терек, қара-ағаш, жиде, тал, жыңғыл, мойыл, тобылғы, арша, ырғай, сексеуіл, үшқат, ит мұрын, қараған. Шөп-шөлеңдер: қамыс, қоға, қурай, ала бота, қара сора, қаңбақ, шағыр, шілік, жоңышқа, бидайық, көде, селеу, тарлау, бетеге, қара-өлең, қыйақ, жантақ, ошаған, ши, балдырған, байалыш, сасыр, көкпек, жусан, киік-оты, қымыздық, жуа, буылдық, қырық-буын, қына, мүк.
ЖЕР ЖҮЗІНІҢ АТТАРЫ
Тау, адыр, қыр, жон, жота, дөң, төбе, төмпе, шоқы, қабақ, жар, ой, жазық, дала, сай, жыра, жылға, шың, томар, жарық. Теңіз, көл, сор, өзен. Өзек, қопа, шұңқыр, қара су, бұлақ.
САН
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
ЖАҢЫЛТПАШ
Қос ет атам ет асатар, ет асатса бес асатар үш рет шапшаң айтарға.
ЖҰМБАҚ
Айдалада ақ сандық, аузы, мұрны жоқ сандық.
Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.
Үй артында бүкір терек, күресуге кісі керек.
Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім.
Жалт-жұлт етеді, жалмай жұтады.
Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.
Ерте тұрдым, алып ұрдым.
Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.
Екі айағы бар, талдан тайағы бар, арқасында құйрығы бар, төреден бұйрығы бар.
МАҚАЛДАР
Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы.
Жасыңда қалжың болсаң, өскенде мылжың боларсың.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Ақыл – жас ұланнан, жүйрік – тай құнаннан.
Ат болар тай сайаққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір.
Білім жұғысады, ырыс ауысады.
Білегі толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.
Ашу келсе, ақыл кетер, ашудан ақыл көп болса, ашу не етер?
Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.
Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
БІЗДІҢ ҮЙ
Біздің үйдің адамы бесеу: әкем, әжем, бір апа, бір қарындасым бар, аға-інім жоқ. Мен тоғыздамын. Апам менен төрт жас үлкен. Қарындасым менен екі жас кіші. Әкем түз шаруасын істейді. Әжем менен апам үй шаруасын істейді. Қарындасыммен екеуміз оқу үйреніп жүрміз.
МЕН ҚАЛАЙ ОҚУҒА БАРДЫМ
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам кітабында жұмбақ, мақал, өлең басқа да жақсы сөздер көп екен. Оқу үйренсем мен де сондай окыр едім деп ойға қалдым. Үйге қайтып келдім, оқуға барамын дедім, әкем мен әжем бұл ойымды ұнатты, ертеңіне әкем оқуға апарып берді.
ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке,
Бір туын құмырысқаның ұстап сойып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең аттың мүлкі.
Ішінде топ кісінің жығып кетіп,
Қылдың ғой, ойбай, қарсақ, мені күлкі.
Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,
Терісінен көр тышқанның жаға қылдым,
Терісін cap масаның жыртпай сойып,
Жиындық он бес қарыс саба қылдым,
Жиылып тоғыз жігіт көтере алмай,
Қылмасқа енді саба тоба қылдым.
ШЫН ӨЛЕҢДЕР
Балалық күй
Жаратқан баршамызды адам қылып,
Туғанда түк білмейтін надан қылып.
Алты айда еңбектеуге шама келіп,
Талпындық жыл толғанда қаз-қаз тұрып.
Қаз тұрып айақ бастық апыл-тапыл,
Тән нашар, жоқ есепте ес пен ақыл.
Анадан емшек еміп, түсін танып,
Байқадық онан басқа кімдер жақын.
Тіл шықты келген кезде екі жасқа,
Қоса алмай сөзді айта алдық басқа-басқа.
Бір қасық, бір тостаған арнап алып,
Таластық үлкендермен ішер асқа,
Төрт-бесте талап қылдық асық жинап,
Жүгірдім жалаң айақ жанды қинап,
Боқтасып, көрінгенді боқпен атып,
Ретке кіре алмадық кісі сыйлап.
Қазағыстан білім ордасы
Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АҚЫМЕТ
ӘЛІБ-БІЙ
Жаңа құрал
Қазағыстан білім ордасы
мектебте қолдануға ұйғарған
Байтұрсынұлы А.
ЖАҢА ӘЛІППЕ
суреттермен.
Қазақ басылымы
Қызылорда – 1926 г.
ШЫҒАРУШЫДАН
Өзгеріске дейін Ресейде қалың оқытушылар қолданған «төте оқу» деген дыбыс негізді әдіс екендігі мәлім. Бірден дыбыстарды қосып сөз қылып оқығандықтан, бірден қарыптарды қосып, сөз қылып жазғандықтан, ежікпен қадымше оқытудың қасында бұл әдіс анағұрлым төте еді. Сондықтан да «төте оқу» деп аталып еді. Дыбыс әдісімен қатар, онан тәуір сөз негізді «тұтас оқу» әдісі шықса да оны жұрт жаппай ұстай қойған жоқ еді. Өзгерістен кейін сөз негізді – «тұтас оқу» деген әдіс артық деп алдағы жұрттар соны алу шарасына кірісіп жатыр, арттағы жұрттардың алуға шамасы келмей жатыр: өйткені, жаңа әдісті жұмысқа ол жаңа әдісті білетін адам, жаңа жағдай, құрал-сайман керек. Арттағы жұрттың бірі – қазақ. Басқалар жаңаланып жатқанын көріп, біз де жаңаланғымыз келеді, бірақ, не пайда! Көңіліміз тілегенмен қолымыз жетпейді. Іске жалғыз көңіл емес, қол да керек. Сондықтан жаңаланамыз десек те, жаңалық бізден әлі алыс жатыр. Бұл әліб-бій кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегі мен қол қысқалығын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде шығарылып тұр. Үйрету жағынан «дыбыс әдісі» мен «тұтас оқу» әдісінің екеуіне бірдей жарарлығы көзделді. Мазмұн жағынан қазақ жағдайына жанастырылып, жаңа проғырамша (Гуус проғырамынша) болуы көзделді. Қазақтан сүгіретші болмағандықтан, қазақ тұрмысына лайық дайар сүгіреттер табылмағандықтан, бұл әліп-би кітабында да сүгірет жағынан кемшілік көп. Онысы оңдала жатар. Мұғалімдерден өтінеміз: бұрынғы «Оқу-құралы» мен бұл «Жаңа құрал» екеуінің қайсысы үйретуге жеңіл? Екінші сөзбен айтқанда, қайсысымен оқытқанда балалар оқу мен жазуды тез үйренеді? Осы жағынан тәжірибе түйілсе екен. 90%-ы қат білмейтін жұртқа оқу мен жазуды оңай үйрететін әліб-бій кітабынан артығы жоқ. Аш адам астың бабы мен дәміне қарамайды. Қазақ оқу жағынан қандай ашығып отырғанын топырлап мекеме алдын тоздырып, оқитын орын таба алмай жүрген қазақ балалары көрсетіп отыр. Сол ашығып отырған қазаққа бабын-дәмін келтіріп соңыра беретін асыңнан, бабы, дәмі кем болса да әзір берген асың артық. Тамақты қарны тойыңқырап, қанағаттанған кезде талғайды.
Шығарушы.
21/Х– 25 жыл.
Қызылорда.
(з)
(а)
(р)
/з/ ز
/а/ ا
/р/ ر
/з/ ز ز ز
/р/ ر ر
/а/ ا ا ا
/з/ ز ز ز
/аз/ زا
/р/ ر
/аз/ زا
/з/ ز
/а/ ا
/р/ ر
/аз/ زا
/а/ ا
Бұл дыбыс әдіс жолына ғана. Тұтас сөз жолымен үйрету келесі беттен басталу керек.
Ара аз
Ар. Ара. Араз.
Аз. Аза. Азар.
Шыққанын шырпыдан жасау (ермек-еңбек)
ар
ара
азар
аз
аза
азар
Бұлар бөлек-бөлек сызық бойымен кесіліп, қарташа үлестіріледі. Әркім өзіне шыққанын шырпыдан (оттықтан) жасайды.
Алғанын жазу (ермек-еңбек)
ар
ара
азар
аз
аза
азар
Бұларды да бөлек-бөлек сызық бойымен кесіп, екі бала немесе одақтасып екі жақ үш-үштен үлесіп алады.
Алғаннан кейін алған сөздерінің әріптерін санайды.
Әріп көп шыққан жағы ұпай салады. Ұпай түскен жақ алған сөздерінің бәрін жазады.
Әріп еш жағына артық шықпаса, әрқайсысы алған сөздерін жазады.
Ұпай салған жақ о жолы бір сөз де жазбайды.
Қисындау (ермек-еңбек)
ар
ара
азар
аз
аза
азар
Осы алты сөзді бөлек-бөлек кескеннен кейін екеу-екеуден қосып, қисынын келтіріп балалар сөйлем жасаулары керек. Жасаған сөйлемдерін жазып отырады. Екі-екіден артын-алдын алмастырып қосып, осы сөздерден оннан асу сөйлеммен лепес жасауға болады.
Ақыл қат жасау
аз
араз
азар
азар
ора (о) و ор
Ораз
Ораз зор.
Онан Назар зор.
Нар арзан. Онан нан арзан.
Нан арзан. Нар арзан.
Op. Opa. Ораз. Аз озар.
Оз. Озар. Зор. Ораз, ора!
Оз Ораз! Ораз орар!
Ораз озар. Аз орар.
Ермек-еңбек
Ораз
ора
ор
зор
озар
оз
араз
азар
аз
Бұл тоғыз сөзден: 1) Алдыңғы ретше сөйлемдер жасату, 2) Жаңылтпаш жасату.
Сөйлемдер, мәселен:
«Ор, Ораз!» Ораз озар.
«Ораз, ор!» Ораз орар.
«Оз, Ораз!» Аз озар.
«Ораз, оз!», Аз орар.
«Ора, Ораз!»
«Ораз, ора!»
Бұлар екі сөзден қосып жасағандағысы. Екі сөзден емес, үш сөзден қосып жасауға да болады.
Мәселен:
«Ораз, аз орар!» «Оз, зор Ораз!»
«Аз ора, Ораз!» «Ораз, аз ор!»
«Ораз аз орар!» «Аз ор, Ораз!»
«Ораз аз озар!» «Ораз аз зор»
«Зор Ораз, ора!» «Зор Ораз, оз!»
«Ора, зор Ораз!» «Ор, зор Ораз!»
«Зор Ораз, оз!» «Зор Ораз озар».
Осы сөйлемдерден жаңылтпаш жасатуға да болады. Мәселен, мынау төмендегі сөйлемдерді үш қайтара шапшаң-шапшаң айтса, жаңылтпаш болып шығады. 1) Зор Ораз, ор Ораз! 3) Ораз орар, аз орар! 2) Ора Ораз, зор Ораз! 4) Ораз озар, аз озар!
Нардың Он саусағын жайып Нанның
сүгіреті тұрған сүгірет сүгіреті
нар он нан
Он «а» /әліп/ салынған Он «о» و салынған
Он «а» «ا» Он «о» «و»
Баланың сүгіреті
Назар
Он. Онан. Оннан.
Нар. Назар. Арзан.
Он нан. Он нан аз.
Он нар. Он нар аз.
нар
нан
он
онан
арзан
Назар
Ораз
зор
аз
Бұлардан: 1) Сөйлеммен лепес жасату. 2) Жаңылтпаш жасату.
Сөйлеммен лепес жасату іреті алдыңғыларша, жаңылтпашты мынау төмендегі сөйлемдерді үш қайтара шапшаң айтқызып жасауға болады. 1) Назар нараз. 5) Он нан онан арзан. 2) Нан арзан, нар арзан. 6) Назар нанар. 3) Назар нараз, нар арзан. 7) Нанар Назар. 4) Назар нараз, нан арзан. 8) Назар азар, нар азар. ас
сазан сона Ас. Аса. Асар. Асан. Осан. сан.сана, санар. сонар. Асан, сана! Осан, ора! Асан санар. Осан орар. Асаннан Осан зор.
Нан – ас.
Он – сан.
Он – аз сан.
Ермек-еңбек (Он зат – он ат)
ара нан нар сан
сона ас сазан сабан
ара
нан
нар
Осан
сона
ас
сан
сабан
сазан
сонар
Мұны «ермек-еңбекке» түрліше айналдыруға болады. Бәрін байандау қажет емес. Мұнда бір-екі түрінің жоспарын көрсетіп отырмыз. 1) Зат сүгіреттері тұтас тұрады, ат жазулары сызық бойымен бөлек-бөлек кесіледі. Олар қарташа үлестіріледі. Заттар аттарымен жабылады. Заты жоқ, тек атын ұстап қалған екеуі сөзді үлесіп алады да жазып шығады. 2) Зат сүгіреті барларын да бөлек-бөлек кесіп алып, оларды да, заттарын да үлестіріп, заты жоқтармен, аты барзаты жоқ қағаз шыққан адамдарға жаздыру. Артынан жапқаны айақшы9 болып, қағаз үлестіреді. Бас-айақ кітапта басылған ретіне қарай; мәселен, 1- інші «ара», 2-інші «нан», 3-інші «нар».... ат
атан ата
сарт татар
Ат. Ата. Атан. Тар. Тара. Тарат. От. Отар. Тас. Таста. Тастар. Татар. Сат. Сатар. Таза. Тазар. Тазарт.
Асат, ат оттат!
Осан оттатар.
Осан, ат оттат! Ат отта.
Ата, ат тарат!
– Асат, таратар.
Асат, ат тарат!
– Сатан тарар.
– Сатан, ат тара!
– Ат таза.
Ермек – еңбек
Ат
Ата
Атан
Тара
Тарат
Оттар
Оттат
Татар
Таза
Тазарт
Сарт
Сат
Сатан
Сатар
Асат
Сазан
Сан
Нар
Оттатар
Арзан
Бұлардан: 1) Сөйлем жасату. Сөйлем жасату іреті алдыңғыларша. 2) Жаңылтпаш жасату. Төмендегідей сөйлемдер жасатып, үш қайтара шапшаң айтқызса, жаңылтпаш болып шығады. 1) Асат ас асат. 5) Сарт, сазан сат! 2) Асаттар ас асатар. 6) Татар ат оттатар. 3) Асат, аз асат! 7)Асат атам ас асатар, 4) Сарт, сазан тазарт! ас асатса аз асатар.
қара ақ
қас қос қазан
Қаз. Қаза. Қазан. Қазақ.
Қон. Қонақ. Қос. Қосар.
Қосақ. Қар. Қара. Қарас.
Қарт. Қас. Қасқа. Қара қас.
Қарт, асқа қара! Қарақас, қонаққа қазан ас!
Қазан қара қоста. Қарақас қонаққа қазан асқан.
Қонақта қосар ат. Аттар отта. Қонақ қоста тоқ.
Аттар отта тоқ.
(ы) ى
қазы қасық тары
Қазы. Қазық. Сары. Сарық. Қонақ аз отырар,
Тары. Тазы. Торы. Ық. анық сынар.
ЬІқтын. Ыс. Ыстық. Сын. Қаз арық. Қазы арық.
Қыс қысқа. Қар аз. Қалықтоқ. Таза арық. Тазы арық.
Тары – азық; қазы – азық, Қазы арық. Қаз арық.
Нан – азыққа қазық. азы арық, таза арық.
Сын атына зат аты
Сары ________
ЬІстық ________
Сасық _________
Қатар _________
Торы ________
Сынық ________
Қысқа ________
Қызық ________
Бұлардың әрқайсысына бір-бірден жаза білетін, оқып кеткен сөздерінен зат атын таптырып жаздыру. Жатқа таба алмаса, артындағы өткен сабақтардан қарап, осы сын аттарына үйлесетін сөз алып жазу. Нан
Қазық
Азық
Осы үш сөздің біреуінің айағын өзгертіп мақал жа- сауға болады. Қайсысының айағын қалайөзгертіп макал жасауға болады?
сабақ тоб
табақ бас қабақ
Саб. Саба. Сабақ. Сабын.
Таб. Таба. Табан. Табақ.
Сабақ. Toп қабары тақырыпты.
Басан, баста!
Қыр басы топ.
Топ, тап тартысы тақырыпты.
Топ басы Базықан. Топта Осан, Қосан, Асан, Нысан, Ораз, Назар бар. Тобықты Тоқан бар, тарақты Тоқпан бар, табын Боқан бар.
Қатыннан Қарақас бар. Онан басқа отыз-қырықтап қазақ бар.
Орыстан, сарттан бар.
Кім
Тапқан жабады.
Сабаның
сүгіреті
«Сабын» деген жазуы бар сабынның сүгіреті
Балтаның сабының сүгіреті
саба сабын саб
Табақтың
сүгіреті
Табаның
сүгіреті
Алақанын жұмған баланың
сүгіреті
Қақпанға түскен
аңның сүгіреті
Қақпақтың
сүгіреті
Қаптың
сүгіреті
саба
сабын
саб
табақ
таба
таб
қақбан
қақбақ
қаб
сүгіреті Қақпанға түскен аңның сүгіреті Қақпақты ң сүгіреті Қаптың сүгіреті саба сабын саб табақ таба таб қақбан қақбақ қаб ал
алақан ала
аққала
Бал. Бала. Балалар.
Қала. Қалақ. Қалта.
Ала. Алақаз. Ала тазы.
Ал, балалар, аққала салалық! Асан қалақ алсын. Қар қазсын. Назар қар тасысын. Ораз қар қаласын. Қосан қонақ болсын. Болатқан ақсақал болсын. Ол қонақ қасына отырсын. Ырысты қазан ассын. Тасқара табақ тартсын. Аққала асты болсын!
Торы ала қаз Ала ат Алабота
Балық Бала Алақан
Қалыб Қалта Балта
Мұныңда реті алдыңғыша.
Кім табады?
Тапқан жабады, таппаған жазады:
Алабота
Ала ат
Торы ала қаз.
Алақан
Бала
Балық
Балта
Қалта
Қалыб
Кім жаңылтпаш жасайды?
Аз
9
Қайта
Қара ала ат
Торы ала қаз
Қаралады
Осы тұрған алты бөлек сөздерден екі ауыз жаңылтпаш жасату.
Жаңылтпаш жасау үшін бөлек-бөлек кесу керек.
дақ
дала одақ
АТБАҚЫЛ
Мана алты бала одақтасып атбақыл атты. Асан, Осан, Қосан дала балалары одақ болды.
Ораз, Назар, Нысан қала балалары одақ болды.
Сақа салысып, Асандар атты, Қосан сақаны атып, алты асық алды, Назарлар асықсыз қалды, Асандардан алты асық қарыз алды. Қақбақыл қаққанда онан да Назарлар қалды.
Қата оқыған жақ қайта оқиды
Алты бала одақтасып атбақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды,
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы 6 сөйлем сөзді 6 баладан одақтасып бәске оқиды.
Бәстері қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала басына бір сөйлемнен оқиды.
Бірі қаталасса, қатасы одағының бәріне жұғады.
Қаталасқан жақтан біреуі бүтін мақаланы қатасыз оқып шықса, одақтарының қатасының бәрін жуады. Әркім оқыған сөйлемінен қата шығарса сөйлемін қайтадан оқиды, тағы қата оқыса, тағы қайта оқиды, екі ірет оқығанда қатасын түзеп оқи алмаса, қата о жақтың мойнында қалғанға саналады.
Оны жуу үшін одақтарынан біреу бүтін мақаланы қатасыз оқып шығу керек.
Ол қатасыз оқи алмаса, өзгелері оқу керек.
ау
отау тау
қыстау ауыл
Ay – аулау. От – отау. Қыс – қыстау. Бас – бастау. Сау – сауық, саулық. Балық аулау. Ау қарау. Қыстау қору.
БАЛЫҚ АУЛАУ
Ауыл қыстаудан алыс отырды.
Отау балық аулап қыстауда қалды.
Ауылдан Ақан балыққа барды.
Ay қарады.
Балықтан 5 – 6 алды.
Балықтарын қапқа салды.
Қапты арқалап алды.
Арқасы ылас болып қалды.
Мұны да одақтасып бәске оқу. Тәртіптері алдыңғыша.
Айақтың сүгіреті
Айнаның сүгіреті
Айдың сүгіреті
аяқ айна ай
Қойдың сүгіреті
Тайлақтың сүгіреті
Тайдың сүгіреті
қой тайлақ тай
Толық ай. Таза айна.
Асау тай. Нар тайлақ. Тал тайақ. Сырлы айақ.
БАЗАР
Ауыл қасында қала бар. Қалада базар бар. Базарда талай зат сатылады. Талай зат алынады. Қазақтар қой- қозы, тай-тайлақ сатады. Базардан олар айақ-табақ, айна-тарақ сиақты заттар алады, байлар базардан алып, ауылдарға сатып пайда қылады.
Қайсысын қайда қойу.
Қазақтар қой-қозы, тай-тайлақ сатады.
Ауыл қасында қала бар.
Базарда талай зат сатылады; талай зат алынады.
Қалада базар бар.
Құр-құрлап, қуа-қуа
Асан болдырды
Тайы онысына құлақ аспады.
Тайына ыза болып ұрысып, ыластап отырды.
Ауыл ат ұстай бастады.
Асан тайы ұстатпады.
Қатқан аш, арық
Ауқаты – шабақ
Сақал-шашы ақ
Мынау сорлы шал
Сусыны – шалап
Қарадан таза
Бойына назар сал
Аяқта шарық
Баладан ада
Қайраты қайтқан шақ
Бұларды ұйқасына қарай қос-қостап қойғызу.
торғай ағаш тоғай
Қарға. Таған. Тарғақ.
Қарлығаш. Сандуғаш (бұлбұл).
ТОҒАЙҒА САЙРАН
Қыстау қасы тоғай.
Тоғай толған ағаш.
Ағашта сайраған сандуғаш.
Бұталарда торғай.
Су бойында шулаған шағала,
қызғыш, балшықшы.
Оларды аңдып қалықтаған қаршыға.
Құстар даусы қосылғаннан,
тоғай басы у-шу.
Тоғайды аралап, айқайлап,
асыр салып, сайран қып,
ай туа ауылға қайттық.
Қайсысын қайда қойасың?
Тоғай толған ағаш
Ағашта сайраған сандуғаш
Қыстау қасы тоғай
Оларды аңдып қалықтаған қаршыға
Су бойында шулаған шағала, қызғыш, балшықшы
Бұталарда торғай
Істету іреті алдыңғыларша. мық
қармақ қамыс
ҚАРМАҚ САЛУ
Мұз тайғақ. Табаныма мық қақтым.
Қармақты сайлап алдым.
ҚАРМАҚ САЛУҒА БАРДЫМ
Мұзды ойдым. Ойық басына қамыс тастадым. Оған отырдым. Қармақ басына май шаныштым. Қармақты суға саларда айтатын «Ал, балық! Ал, балық! Ал, ауызға сал, балық!» оны айттым. Қармақты қозғап-қозғап қойып отырмын. Балықтар қармақты тартып-тартып қалады да тастайды. Қармақты ұзағырақ тартқан шақта тартып қалдым. Қол басындай алабұға алдым. Тағы салдым, тағы алдым; тағы салдым, тағы алдым. Қас қарайғанша он шақты балық алып қайттым.
жарлы жалау жал Ылаж. Мұқтаж. Жол. Жолақ. Жұт. Жұрт. Жас. Жаса. Жасасын. Жай. Жайа. Жайау. Жайдақ.
ЖҰМАШ
Жұмаш – жарлы баласы. Жасынан жалданып тамақ асырайды. Жұмашқа Қожабай қой бақтырады. Қожабай қатты адам. Жаз болса, Жұмаш жалақ-жалақ болып, қойды жайау бағады. Қыс қой да бағады, отта жағады.
Жаз қорада қой жанында жатады. Қыс жас бұзау, жас қозы жанына жатады. Жұмаш жайын ойлайтын жаны ашыр жақыны жоқ. Қожабайдан құтылар ылажы жоқ. Табар ма ылаж? Жұмаш ақылға мұқтаж.
Жайау қойшы – жатқан қойшы.
(Мұны кім айтқан? Тағы не деген?
Неге олай айтқан?)
оң жақ сол жақ оң қол қайсы
жалаң бас жалаң айақ жалаңаш
ЖАРЛЫ-ЖАЛАҢАШ ТОЙЫ
Қалада алғаш болғаным сол. Қала жайына шорқақпын. Шайға қанып алып, қаланы қарауға шықтым. Қаланың тауығы шулап, арбалары салдырлап жатты. Қақпаларында қызыл жалау. Азырақ тұрған соң-ақ айрықша мынадай салдырды құлағым шалды: «Тат-тыра-раттам, тат-тыра-раттам, тат-тыра-рат-там, таттам». Оның ар жағында жырлаған балалар дауысы шыға бастады. Манағы салдыр да, жырлаған дауыс та жақындаған сайын зорайды. Қаланы жаңғырықтырды. Қарасам жалаң аяқ, жалаң бас, қол-борбайы жалаңаш ылғи жас балалар. Қолдарында қызыл жалау, алдарында қызыл ту. Барабан қағып, жыр жырлап бара жатыр. Манағы айырықша салдыр барабанның салдыры болып шықты. Аң-таң болып азырақ тұрдым. Сонан соң қабырғалап қалмастан қаладан шығарып салып қайттым.
Мақал: Ылғи қойшы болсандар, құл боларсың.
Ылғи тойшы болсаңдар, қу боларсың.
(«Қу» – кедей мағынасында).
Байпақтың сүгіреті
Шапанның сүгіреті
Әйелдің сүгіреті
байпақ шапан апа
Жапырақтың сүгіреті
Жапалақтың сүгіреті
Қалпақтың сүгіреті
жапырақ жапалақ қалпақ
Оба – опа. Шабан – шапан.
Сабақ – сапақ.
Сабар – сапар. Сабыр – сапыр.
АҚША ҚАР
Шолпан ұйқысы қанып ойанды. Қойған орнынан байпағын тауып алды. Қаптал шапанын жамылды. Тысқа шықса, далада жапалақтап жауып жатқан қар. Ауыл айналасы аппақ. Қора шылқылдаған батпақ, ағаш бастарында ақ жапырақ жапқан. Шолпанның қоспақ тайлағы қосты ықтап тұр. Шолпан оған шоқпыт жаптырды. Шайдан соң Шолпан сабаққа баруға жинала бастады. Апасы Шолпанға қалпағын тастатып, жылы орамал тартты. Шолпан сабақтан қайтқанда, жолында ылғи қар атысқан, ағызбақ10 ойнаған балалар ұшырады.
(е) ە
мен ер сен
Мен тұрмын. Мен отырмын. Сен тұрсың. Сен отырсың. Ол тұр. Ол отыр.
Мен тұрдым. Мен отырдым. Сен тұрдың. Сен отырдың. Ол тұрды. Ол отырды.
ТАҢЕРТЕҢ
Мен ерте жатып, ерте ойандым. Оянып азырақ жатқан соң, терезе ағарып, жарық бола бастады. Қонақтар да ерте ойанған болар. Таң атысымен тұрып бет-қолдарын жуды. Аттарын суарып ерттеп қойды. Апам тұрып самаурын қойды.
Шайдан соңқош айтысып, қонақтар аттанды.
кесе теке елек
Елек, шелек, кесе – ыдыс.
Есек, теке, серке – мал.
Шешек – ауру.
Терек –ағаш.
ТЕКЕ МЕН СЕРКЕ
Табын Тайқарбайдың ауылы сыбай болды. Ол ауылдың қойында теке де, серке де бар екен. Мен текеден қорқамын, серкеден қорықпаймын; азбаннан қорықпаймын, қошқардан қорқамын. Бес-алты бала суға шомыла бардық. Тайқарбайдың қойы су басында жатыр екен. Серке жарды жағалап, суатқа келе жатты. Суат басында теке жатыр екен. Теке тек тұра ма? Тұра сала ұмтылды. Серке де қашпай тұрып алды. Сарт-сұрт қағысып қалған кезде, теке артындағы суға құлады. Серке суатқа қарай кете барды.
Жаңылтпаш: Бай Тайқарбай,
Қойыңды ақ шағылға жай, Тайқарбай!
(Үш қайтара шапшаң айту).
(і) ىء
ірі
біз із
БІЗДІКІ
Біздікі адам жағынан жарлы емес. Бірақ жұмыскеріміз аз. Біз ірілі-уақты жеті жанбыз: бапам, апам, екі ағам, бір інім, екі қарындасым бар. Бір ағам аурулы. Жұмысқа жарамайды. Бізді асырайтын бапам мен бір ағам ғана. Қысы-жазы екеуінде дамыл жоқ. Қыс кіре айдайды. Жаз болса көктем кезінде сабан айдайды, тезек илейді, онан кейін пішен мен орақжұмысы келеді. Ол біткенше қора-қопсы оңдайтын кез болып қалады. Қыстауға қонғанша сонымен болады.
Бұл жыл бойы істейтін ірі жұмыстары ғана. Ұсақ жұмыстары толып жатыр.
тігіс шеге егеу
ТІГІН
Етігім тозып, кийіуден қалды. Бапам тігуге Еріш етікшіні алдырды. Қобдиын қолтығына қысып, шай ішіп жатқанда, Еріш келді. Апам кебежеден былғарыны алып, етікшінің алдына тастады. Етікші былғарыдан керегін кесіп-кесіп алды. Шылапшынға су құйып, кесіп алғанын соған салды. Суға малшып-малшып алды да, киіз астына тығып қойды. Апам тарамыс есті. Етікші егеуін алып, бізін егеді. Сонан соң тігуге кірісті. Тігісін болғаннан кейін шегелейтін жерлерін шегеледі. Етігім кешкеге дайар болды. Бапам тігіншіге екі сом берді.
(ү) ۇء
үт
түлкі үр
Үтте түлкі үреді дейді.
КҮЗЕТ
Күзге таянған кез. Түн салқын, ай жарық. Қыз-бозбала алтыбақан құрып, қой күзетіп ойнап жүрді. Мен де басқа балалармен бірге сонда ойнап жүрдім. Бір мезгілде қой дір... ете қалды. Иттер үріп, адамдар айтақтап, қойға жүгіріп келе жатыр. Бізге қарай үріккен қой басып кете жаздады. Үп-үлкен бір қасқыр қасымдағы бір қойды тартып қалды да кете барды. Иттер үріп, адамдар айтақтап шулаумен қала берді. Қойлар ұйлығып жатпай маңырай берді. Қойшы барып қасқыр тартқан қара қойды алып келіп, үйдің жанына байлап қойды.
Мақал: Құтты қонақ келсе, қой егіз табады,
Құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады.
(ө) وء
өр
көрік өрім
Үт – өт. Үр – өр.
ЖҮГЕН ЖҰМЫСЫ
Бапам жүгені тозып жаңа жүген істетпек болды.
Бапамның илеген қайысы бар-ды. Сол қайысты алып түйіншіге бардық.
Түйінші қамшы өріп отыр екен. Өрімін бітіріп, топшылап жатқан мезгілде келдік. Бапам қарады да сегіз таспадан өріп жатыр екенсің деді.
Түйінші қайысты көріп, бір жүген шығарлық екен, сулық керек деді.
Сулық соқтыруға ұстаға бардық. Төс, көрік, қысқаш дегендерді сонда көрдім.
Ұста көмір келтір, соғып берейін деді.
Жасы үлкен әйел адамның сүгіреті
(ә) اء
Жасы үлкен ер адамның сүгіреті
Әбіш
әжесі әкесі
СОНАР
Оқу тоқталып, Әбіш он бес күн демалысқа келді. Бір күні мен Әбіштікіне барып қондым. Әбіштің әкесі аң аулайтын. Тазысы, бүркіті болатын. Таң сәрінен тысқа шығып келді де: Қатын, тұр! От жақ! Құрт жылыт! Бүгін сонар екен, – деді. Әбіштің әжесі тұрып құрт жылытты. Құрт ішкенше, таң да әбден атып қалды. Мен де тұрдым. Тысқа шықсам, түнде қар жауған екен. Жаңа қар ұлпаланып аппақ болып жатыр екен. Әбіштің әкесі бүркітін қолына қондырып, тазысын ертіп аңға шығып барады екен.
Үйге келсем, Әбіш әлі ұйықтап жатыр екен. Әжесі әрең ойатты.
Мақал. Ит жүйрігін түлкі сүймес.
Айбар керек, әл керек; әлсіз айбар не керек.
Әлем әлемге күлер, әлем әлдекімге күлер.
Мақал. Әке дегенмен жан қалмас.
а б п т ж д р з
с ш ғ қ к г ң д
м н о ұ у е ы й
ӘЛІБ-БІЙБүгін мұғалім үлкен қағаз әкеліп іліп қойды. Қағаз бетінде әріптер үлкен-үлкен болып жазылған. Астына «Әліб-бій» деген сөз жазылған.Мұғалім: «Біткен әріп осы. Мұнда танымайтын әріптерің бар ма?» деді.Біз: «Жоқ!» – дедік.«Әше әріптің бәрін біліп болдыңдар. Енді қандай сөз болса да оқуға жарайсындар», – деді.«Мынау әріптердің бастан-айақ іретімен тұрғаны. Бұл «әріп іреті» деп аталады. Әріптерді түгел айту керек болған кезде, осы іретімен айтасыңдар. Әріпті іретті орнынан табу керек болған кезде де осы іретімен іздейсіңдер», – деді.ҚАТҚатыш апама қат жазайын деп талай оқтанып, жазбай қойатынмын. Үйткені, білмейтін әріпке келгенде тоқтап қалатынмын. Мұғалім әріпті түгел білдіндер деген соң, қатты қуанып қалдым.Қолға қағаз бен қаламды алдым. Қағаз бетіне ылаңды салдым.Бұлай деп жаздым:Қадірлі Қатыш апатай!Мен әріптің бәрін танимын. Қандай сөз болса да оқимын. Жазуым қандай екенін осы қаттан байқарсыз.Мұғалім көп оқып, көп жазындар, көздерің қанығып, қолдарың жаттығады дейді.Мен сүгіретті де тәуір саламын. Бойауым таусылып келеді. Бойау алып берсеңіз екен.Үттің 2-сі. Ақыш.1) Жұмбақ. Ти десем, тимейді,тиме десем, тиеді.2) Жұмбақ. Үш батыр қолдарына алды найза.Су ішіп бір шұқырдан қылды қайла.Найзамен қар үстіне суды шашып,Адамдар сол суынан алды пайда.
МЕКТЕПКЕ ТҮСКЕН КҮНІ
Біз мектепке келсек, балалар көп екен. Бәрі шуылдап жүгіріп жүр екен. Бір бала шығып қоңырауды сылдырлатып еді, балалар жапырласып мектепке кірді. Мұғалім мені де бір орындыққа отырғызды. Балаларды жатырқап мен үндемей жүрмін, олар да менімен сөйлеспейді. Мұғалім біріңнің атыңды бірің сұрап біліп алыңдар деді. Балалар бірінің қасына бірі барып, аттарын сұрасты. Содан бұлай танысып үйір болып кеттік.
1) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы соқты. Қанша адам қалаға барды?
Мақал. Бір көрген – біліс, екі көрген – таныс.
Кісі бір көргенінде жылан,
Екі көргеніңде құлан,
Үш көргенінде адам.
ЛЕНИН
Мұғалім оқу бөлмесіне әкеліп үлкен сүгірет ілді. Қарасақ, кітабымыздағы Ленин сүгіреті болып шықты. Мұғалім: «Танисыңдар ма? Бұ кім сүгіреті?» – деді.
«Танимыз, Ленин сүгіреті», – дедік.
«Ленин қандай адам болған? Оны білесіңдер ме?» – деп тағы сұрады.
«Білеміз, Ленин жақсы адам болған», – дедік. Қайтіп жақсы болған деп еді, оған жауап қайтара алмадық. Мұғалім айтты: «Ленин нашаршыл болған адам. Нашар табын жақтап, өмірін соларды тендікке жеткізу жолында өткізген адам. Ленин – жалшылардың, жарлылардың досы. Қорлықта жүргендердің, зорлық көргендердің көзін ашуға бастаған көсемі», – деді.
Лениннің қандай адам болғанын сонда ғана анық білдік.
Мақал. Білегі толық бірді жығар,
Білімі толық мыңды жығар.
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
БІЗДІҢ ТӘРТІП
Мектепке бойымыз тез-ақ үйреніп кетті. Тысқа шыксақ алысып-жұлысып шулап жатқанымыз. Ауыз үйде бірімізді-біріміз қойып жіберіп, итеріп жіберіп жылатып та қойамыз. Сабақ кезінде де тыныш отырмаймыз. Шулап мұғалім сөзін естімейтін болдық. Түк нәрсе ұғудан қалдық. Сабақтан шыққан соң, жиылыс жасап жібердік. Кеңестік, сөйлестік, мынадай қаулы шығардық:
Бұдан бұлай: 1) Бәріміз тәтті, тату болайық. 2) Бірімізге-біріміз көмектесейік. 3) Құр бетімізге шулай бермейік. 4) Әсіресе сабақ үстінде тыныш отыралық.
2) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Қалада оқитын шәкірт мектебіне келе жатты. Біраз жүрген соң, арбалы алты адамды қуып жетті. Қараса, сабақтастары екен. Қанша шәкірт қалаға барды?
КӨМЕКТЕСТІК
Мұғалім сабақ сұрағанда Мұрат білмеді.
– Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
– Қолым тимеді, ағатай!
– Не істедің?
– Үй шаруасына айналыстым.
– Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
– Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім айағандай болды.
– Отыра ғой, шырағым! – деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды.
Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Мұрат отын тасып жүр екен. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Малдарының астын күреп бердік. Аттарына, сиырларына шөпсалыстық.
3) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
3 шырпыны былай қойыңдар: | | | осыған 2 шырпы қосып, 10 болдыратын кім бар?
ЖАЛПЫ ЖИЫЛЫС
Сабақ басталарда кейде бор жоқ болып қалады, кейде сүрткіш шүберек жоқ болып қалады. Тақтай бетішимай-шимай болып тұрады. Немесе орындықтар орнында дұрыс тұрмайды.
«Бұл жарамайды. Тәртіп жасау керек», – деді Нұрмаш.
«Тәртіпболу үшін тәртіпші сайлау керек», – дедіДәмеш.
Бәріміз тәртіпші сайлауға жиылдық. Әбішті жиынағасы қылдық.
Жиынды ашқаннан кейін тәртіпшінің міндеті не болмақ деп, Әбіш көпке салды.
Тұрашайтты: «Тәртіпшінің міндеті бор мен шүберекті дайарлап қойу, тақтайды сабақ алдында сүртіп қойу болсын», – деп. Менайттым: «Әр сабақтан кейін бой жазысқа шыққанда әуетартарды ашып қойатын, орындықтардың орнындатұруын қарайтын да тәртіпші болсын», – деп.
Бәкен: «Келмеген балаларды мәлімдейтін де тәртіпші болсын», – деп қосты.
Тәртіпшіге Нұрмашты сайладық.
ТАЗАЛЫҚ ТӘРТІБІ
Бүгінмектеп тазалығы туралы жиылыс болды, кеңескеннен кейін тазалық болуға керек істерге қаулыжасадық. Әуелі, тазалыққа керек істер қандай? Солар құлақ қаттүрінде оқу бөлмелерінің қабырғасына қағылсын. Екінші, оқу бөлмесі басына бір тазалықшы сайлансын. Тазалықшының міндеті тазалыққа керек істердің істелуін бақылау болсын. Үшінші, тазалықшы мен тәртіпшілердің қызмет атқаруларын бақылайтын камитетші болсын дедік.
Ертеңіне тазалық құлақ қатын жасап оқу бөлмелеріне қақтық.
Құлақ қат
Тазалық – саулық сақтаушы
1. Үй ауасын жиі жаңарту. 2. Шаңды су шүберекпен сүрту. 3. Айақты сырттан сүртіп кіру. 4. Үйде түкіргішке түкіру. 5. Шаңды шүберек пен борлы шүберекті үйде сілікпеу. 6. Киімді үйде қақпау. 7. Үйлерінен жуынып, таза келу.
4) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?
САЛАҚТЫҚТЫҢ КЕСІРІ
Бүгінгі сайлауда Жұмаштың сайланғысы келіп-ақ еді, болмады. Балалардың бәрі де оның сайлануына қарсы болды. Қарсы болатыны – мінезі жаман. Балалардың бірімен тәуір емес. Толған бойы келемеж, сықақ. Келемеждеймін деп, әркіммен дәйім жанжалдасып жүргені. Жана11 балаларға жала жауып, мұғалімге жамандап, жарамсақтанатын мінезі де бар.
Оған мінезің түзелгенше қызметке сені сайламаймыз дедік.
Мені де атаушылар болып еді, бірсыпыралары салақтығы бар. Қызметке ұқыпты, құнтақты адам сайлау керек десті.
Сүйтіп, тәртіпші Нұрмаш, тазалықшы Дәмеш болды.
5) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Тайға мінген балалар жарысып келеді екен.
Бір бала екі баланың алдында келе жатыр.
Бір бала екі баланың ортасында келе жатыр.
Бір бала екі баланың артында келе жатыр.
Неше бала жарысып келеді екен? Санаңдаршы!
«ҚОЖАЛАҚ»
Менің Мырзаш деген сабақтасым салақ-ақ. Кірсіз келгенін көргенім жоқ. Ылғи беті салтақ, қолдары кір-кір, тырнақтары қап-қара болып келеді.
Күнде сабаққа келген сайын, мұғалім бой басына қадала қарап қойады. Бір күні шыдамады білем, Мырзашқа саған су бұйырмай ма, Мырзаш? Немесе келерде түйеше күлге аунап келесің бе? Дәйім қожалақ-қожалақ болып келесің деді. Бәріміз ду күлдік, Мырзаш жаман ұйалды. Балалар атын «Қожалақ» қойып, күле беретін болған соң, беті-қолдарын жуып, тырнақтарын алып, таза келетін болды.
3) Жұмбақ жолдас
Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі! Қайда барсам, қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді, жүгірсем жүгіреді, жатсам жатады, жазсам жазады. Бірақ үндемейді.
Ертеңгілік, кешкілік үлкейіп, өсіп кетеді. Түсте тырбиып, ергежейлі болады.
Жарықта жанымнан қалмайтын жолдасым қараңғыболса, қайып болады да кетеді.
Сендерде ондай жолдас бар ма?
ДӘРІГЕР БІЗГЕ НЕ АЙТТЫ?
Кеше мектепке дәрігер келді. Бәрімізді шешіндіріп қарады. Кейбіреулердің шешінгенде тәндері де, іш киімдері де кір болып шықты. Дәрігер басын шайқап ұнатпаған секілді болды. Бүгін, дәрігер бір шыны әкеліп қолымыздың үстіне қойып, әрқайсымызға қаратты. Қарасақ, теріміз шұрқ-шұрқ тесік. Дәрігер айтты: Тер осы шұрқ-шұрқ тесіктен шығады. Тер шыққанда, термен бірге тәнімізден зианды нәрселер де шығады. Тән кір болса, осы тесіктердің бәрі бітеледі, тер шықпайтын болады. Тер шықпаған соң, тәніміздегі зианды нәрселер шықпайды, іште қалады. Тәнді аздырып, аурулы қылады деді. Тән тазалығы неге керек екенін сонда білдік.
Мақал: Денсаулық –зор байлық.
Ішің ауырса, аузың тый.
Көзің ауырса, қолың тый.
ОҚУ БӨЛМЕМІЗ
(Көптесіп жазғанымыз) Мен І-нші бөлімде оқимын. Біздің оқу бөлмеміз үлкен. Үш терезесі бар. Ұзыны 10 метр; ені сегіз метр; биігі 4 метр. Оқу бөлмемізде 10 үстел бар. Үстел басы 3 баладан отырамыз. Бір бұрышта пеш бар, бір бұрышта кітапсалған ышкап тұрады. Бір қабырғасында үп-үлкен Ленин сүгіреті ілулі тұр. Біздің салған сүгіреттеріміз, жасаған құлақ қаттарымыз да үйдің қабырғаларына қағулы тұрады. Ат-есімдеріміздің тізімі де сонда тұрады. Сабақ 9 сағаттан басталып, 2-де бітеді. Сабақ біткеннен кейін, тәртіпші оқу бөлмесін жиыстырып кетеді.
6) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр?
Түгендеуші №№
Ата аты, өз аты
Сембі
Жек-
сембі
Дүй-сембі
Сейсембі
Сәрсембі
Сейсембі
1.
Асан ұлы
Тұраш
АұТ.
Тұраш
А.ұ.Т.
Тұраш
А. ұ. Т.
Тұраш
2.
Бейсен ұлы
Нұраш
Нұраш
Б. ұ. Н.
Нұраш
Б. ұ. Н.
Нұраш
Б. ұ. Н.
3.
Тұрман
ұлы Мықан
Тұрман
Т. ұ. М.
Тұрман
Мықан
Т. ұ. М.
Мықан
4.
Жантай ұлы Әбіш
Ж..ұ.Ә.
Әбіш
Жантай
Жантай
Ж..ұ. Ә.
5.
Досан ұлы
Тұрабек
Д.ұ.Т.
Тұрабек
Д.ұ.Т.
Тұрабек
Досан
Тұрабек
6.
Сауытбай
қызы Дәмет
С.қ.Д.
Дәмет
С.қ.Д.
Дәмет
С. қ. Д.
С. қ. Д.
7.
Шоқан ұлы
Бекмырза
Ш.ұ.Б.
Шоқан ұ.
Ш.ұ. Б.
Бекмырза
Бек-мырза
Бекмырза
8.
Қалабай
қызы
Қарақас
Қ.қ.Қ.
Қарақас
Қала-бай қ.
Қ. қ. Қ.
Қарақас
Қалабай қ.
9.
Омар ұлы
Мырзаш
О.ұ.М.
Мырзаш
Омар ұ.
Мырзаш
О. ұ. М.
Мырзаш
10.
Бекбай
қызы Бәкен
қызы Бәкен Күн 12 сағат, түн 12 сағат. Күн мен түн «күн тәулігі» депайтылады. Оны бүгін мұғалім айтқанда ғана білдім.
Күн тәулігінен басқа жыл тәулігі бар екен. Жыл тәулігі 12 ай болады дейді.
4) Жұмбақ
1) Айналар күннің көзін бір диірмен,
Жасалған оң жағынан күн көрінген
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар.
Ол жіпті, қолы сыңғыр кім иірген.
2) Жеті ағайынды бала – жасы бірдей, аты ала.
МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕ
Октебір мейрамы болады деп балалар дайарланып жүрді. Мектептің үлкен бөлмесін ойын жасаймыз деп әсемдеп қойды. Қабырғаларына сүгіреттер, құлақ қаттар қағылды. Ленин сүгіреті әсемделіп қарсы алдымыздағы қабырғаға қойылды.
Түрлі түсті қағаздардан жасалған жалауларды жайнатып іліп қойдық.
Мейрам күні келді. Мектеп маңайындағы елдерден келген кісілер көп болды.
Жиылыс тәртіпті болу үшін жиын ағасы сайланды. Октебір өзгерісінің күнін мейрам етудің мәнісі сөйленді. Онан соң ойын басталды. Ойыннан кейін өлеңдер айтылды. Көп балалар қосылып 2-3 рет айтты. Екі рет Әбіш пен Нұраш қосылып ән салды. Тұраш домбырамен ән салды. Бірнеше рет шығып ақындар сөзін безендіріп айтушылар болды.
Мақал. Бәрің бірдей қойшы болма:
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма:
Қу боларсың.
МЕНІҢ МІНДЕТІМ
Мені бүгін камитетші сайлады. Мен қандай қуанғанымды білсең! Жиылыста біздің міндетімізді ұқтырды. Міндетім қандай екен деп, үйге барғанда ойласам, мыналар екен: 1. Оқу бөлмесіне, ас үйге дұжырнай қойып жүру. 2. Сабаққа келмеген балалар дұрыс көрсетілуін қарау. 3. Тәртіпші мен тазалықшы міндетін дұрыс атқаруын қарау. 4. Оларға қызметін ескертіп тұру. 5. Кезегінде жиылыс жасауға мұрындық болу.
Мақал. Жігіттің ерінгені – көрімнің көрінгені.
7) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Бір үйдің, 4 аты бар еді.
Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді.
Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып шықты. Бұ қалай?
КҮЗ БЕЛГІСІ
Күзге көз салғаннан байқағанымыз:
1. Түн ұзарып, күн қысқаруы. 2. Күн салқындап, әсіресе күн суытып, үйге от жағылуы. 3. Ашық күндер азайып, бүркеу күндер көбейуі. 4. Бүркеу күндер көбінесе ұшпа бүлтты, қатты желді, қара суықты болуы. 5. Мал желдеуді қойып, ыққа қарай жайылуы. 6. Су ішкеннен кейін жылқының ойнақтауы, жарысуы. 7. Ашық түндерде жерге қырау түсіп қалуы. 8. Ағаш жапырақтары, құрақтар сарғайа бастады. 9. Құрт-құмырсқа жоғалуы. 10. Жыл құстары қайтуы.
Күз. Көңілсіз түз.
Қыс. Қысады тыс.
Жаз. Бәрі шат, мәз
Шілде. Жақпайды кімге?
КҮЗ
(Көптесіп жазғанымыз) Күн күзге айналды. Түн салқын тарта бастады. Малдар ауылдан ұзап жайылатын болды. Ағаш жапырақтарының кейі қызғыл, кейі сарғыл тартты. Жыл құстары лек-лек болып қайтып жатыр. Құрт-құмырсқа көзге түспейтін болды. Ел күземдерін алып, қора-қопсыларын түзеп жатыр. Қатындар тон тігіп, қыздар күпі қабып, қыс киім дайарлауда. Егіншілер артылған астықтарын қалаға сатып, қысқа керек-жарағын әкеліп жүр. Киімі жыртық балалар жақ түгі үрпиіп, беттері көгеріп, еркін ойнай алмай жүр.
* * *
Мінекей шілде айағы күзге айналды,
Ауылдан малдар ұзап түзге айналды.
Байланбай жабағы-тай қосақталып,
Далаға енесімен бірге айдалды.
Құр ат та құтырғандай ойнақтаса,
Құнысып, бүріседі, жаз жайланды.
Жайғасып, жайлауында жатқан елдің
Қыстауға қайтпағына күн ой салды.
Қой қырқып, киіз басып, күзем алып,
Ықшамдап буып-таңды жүк-сайманды.
Жығып ап үлкен үйді күрке тігіп,
Жайлаудан ел қайтуға ыңғайланды.
* * *
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай.
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал, кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық, қайда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең.
МЕКТЕПТІ ҚАЛАЙ КҮТЕМІЗ
Күнсалқын бола бастады. Бір күні қара суық жел болды.Мектептің ашық-тесік жерлерінен жел гулеп, үйдін ішіазынап, суып кетті. Қолымыз қатып қалды. Қалам, қарындаш ұстауға илікпеді. Айағымыз да тоңды. Жаурап бүрісіп отырдық. Мұғалім келді. Бор мен кендір май әкелді. Біз борды түйдік. Оған кендір май құйдық та иледік. Илеген нансиақты қамыр болды. Қамырмен терезенің ашық-тесіктерінің бәрін сылап бітедік.Жел азынауын қойды. 3-4 бала отын әкеліп отжақты. Бәріміз пештің аузына үймелеп жылынып алдық.
8) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Мынау қобдишаның ішінде 4 қаламбас бар. Осыны4 балаға үлестіріп беріңдер.
Төрт бала бір-бірден алсын; бірақ бір қаламбас қобдишаның ішінде қалсын.
ЖЕТІМ
Бізбен бірге Омар дейтін бала оқып жүрді, түлеген тайлақ сиақты үсті жалба-жалба болып жүретін. Киімінен қорынса керек, ешкіммен сөйлеспейді, жақындаспайды. Мен бір күні қасына келіп: «Атың кім?» – деп сұрадым.
– Атым Омар, – деді.
– Әке-шешең бар ма? – деп едім.
– Жоқ, – деп көздері жыпылықтап төмен қарады. Мен айап кеттім де, басқа сөз сұрағаным жоқ. Байғұстың кітабы жоқ екен, оқуға кітабымды бердім. Қызыл қарандашымның жартысын кесіп бердім. Өте ырзаболып, сонан бұлай екеуміз үйір болып кеттік.
«Омарға тимейік, болысып жүрейік», – деп жолдастарымада айтып қойдым. Олар да «жарайды» десті.
Киімі жыртық-жыртық бір жас бала
Жол жүріп келе жатты ептеп қана,
Шұбырып маңдайынан тері ағып,
Тас жырған айақтары жара-жара.
Жап-жалғыз кеше анасын қойды көрге,
Қорған боп неше жылдан тұрған бірге.
Дорба алып, әр есікке телмірмесе,
Басқадан жоқ жәрдемі күн көрерге.
ҚАБЫРҒА КАЗІЙТ (газет)
Біздің мектепте қабырға казит бар. Мектепте болған, балалар басында болған оқиғалар соған жазылады. Ұнамды істерді қостаған түрде жазады. Ұнамсыз істерді мысқылдап, мазақтаған түрде жазады. 2-інші бөлімде оқитын Ысқақ деген жолдасымыз бар. Ысқақ жақ істеп алып, ойнап әр нәрсені атып жүріп, Бекіштің баласының көзін шығарып ала жаздаған.
Ертеңіне мектепке келсек, қабырға казитте мынадай сөз тұр:
Біздің Ысқақ Далаға атып,
Ой, мерген-ақ Балаға тигізеді?
Торғайға атып, Балаға атып,
Шырғайға тигізеді. Далаға тигізеді
Қарғаға атып,
Арбаға тигізеді.
ТҮС КӨРГЕНІМ
(Мақаш айтқанынан)
Түнде жатарда бапам айтты: «Күн бұлттанып тұр екен, жауатын шығар».
Жұмаш деген кішкентай ініммен екеуміз пештің жанында жататынбыз. Үйде қонақ көп болған соң, екеуміз де отауға барып жаттық. Жатысымен кешікпей-ақұйықтап қалдық. Сонан таңертең бір-ақ ойандым. Ойанғанда қызық болып ойандым. Түсімде айағыма жаңа етік киіп мектепке барған екенмін. Есік алдында Жарас күзетші тұр екен. «Айағың қар, етігіңці шеш» деп, етігімді тартып шеше бергенде «Тиме!» деп, айқайлап ойанып кеттім. Көзімді ашсам, жеңешем айағымнан қозғап, «Тұр, ортаншым! Таң атты», – деп, ойатып тұр екен. Түрекеліп терезеге қарасам, қар жауып қалған екен. Ағызбақ ойнауға жақсы болды деп, қуанғаным-ай.
ҚҰЛАҚ ҚАТТАР
Бүгін бөлмемізге камитетші әкеліп, бір құлақ қат қақты.Тазалықшы әкеліп бір құлақ қат қақты. Екеуініңде басына, айналасына әшекейлеп, өрнек салған. Біреуінің басына үлкен әріптермен «Пионер заңы» депжазған.
Ондағысы мынау:
Пионер өтірік айтпайды. Пионер насыбай атпайды.
Пионер ұрлық қылмайды.Пионер ыластап сөкпейді.
Пионер шылым тартпайды.Пионер қийанат етпейді.
Екінші құлақ қаттың басына «Саулық заңы» деп жазылған
Ондағысы мынау:
Істеу: Істемеу:
Түзу отыру. Бүгіліп отырмау.
Үстін таза ұстау. Кірлеп жүрмеу.
Ac ішерде қол жуу. Аузына қолын салмау.
Қайнатылған су ішу. Қайнатпаған су ішпеу.
Таза ауада болу. Ауыр ауада көп болмау.
СЫЗЫҚ ШАМА12
11 жастағы. 10 жастағы. 9 жастағы. 8 жастағы. қ. б. 2-інші бөлімнің бөлмесінде қабырғаға қаққан сызықты, бойаулы қағаздар тұр. Оның немене екенін көпке дейін білмей жүрдім. Бір күні бұ немене деп Қабыштан сұрадым. Қабыш 2-іншінің балаларының санын, жасын көрсететін қағаз. Мұны «сызық шама» деп айтады деді. Қалай көрсететінін, қалай істелетінін де айтып берді.
Мен де сондай сызық шама істейінші деген ой со жерде-ақ келе қалды. Келдім де өзіміздің бөлмедегі ұл балаларды өз алдына, қыз балаларды өз алдына санадым. Әрқайсысының жастарын сұрап алдым. Ұл балалар – 12, қыз балалар – 9 екен. 8 жастағысы – 10, 9 жастағысы – 6, 10 жастағысы – 3,11 жастағысы – 3 болып шықты. Кереге сызықты қағазды алдым. Әр көзін бір адамғабалап сыздым. Ұл балаларды көкшіл бойаумен, қыз балаларды қызғылт бойаумен көрсеттім.
ҰЙАТ-АЙ!
Шәкен ылғи алысып-жұлысып жүргені. Үсті-басы таза да, бүтін де болмайды. Киімінің бір жері жыртылып, бір жері сөгіліп тұрғаны. Тыс киімінен іш киімдері көрініп жүреді. Онысын ұнатпаған адамға «Жарайды! Кім сынайды?» – дей салады. Бір күні мектепке келсем, балалар ду-ду күліп жатыр. Немене екен деп қастарына келсем, біреу Шәкеннің сүгіретін салып қойыпты. Жанына қойдың, ешкінің, шошқаның сүгіреттерін салыпты. Әрқайсысының астына айтып тұрған сөздерін жазып қойыпты. Шәкеннің үстінде қара күрте. Онысы бор-бор болып тұр. Жыртылған жерлерінен көйлегі, ыстаны көрініп тұр. Ешкі жыртылған жеріне қарап:
«Апырай, Шәкен! Мұның ұйат екен», – деп тұр.
Қой бор жұққан жеріне қарап:
«Шырағым Шәкен, үстіңді қақсаң екен», – деп тұр. Шәкен оларға әдетінше: «Жарайды! Кім сынайды?» – деп тұр. Шошқа аналарға қарап: «Маған осы қалпы ұнайды», – деп тұр.
КҮН-БАҚПАМЫЗ
Декабір айы келді. Күн-бақпамызды жаңадан істеу керек болды. Қағаз алып, өткен айдікіндей қылып кереге көздеп сыздық. Басына ірі қылып «Декабір күн-|бақпасы» деп жаздық. Шетіне қыс туралы білетін өлеңдерімізді жаздық. Күн белгілерін сызық астында көрсетіп қойдық, ашық, күнге арнаған белгіміз дөңгелек – күн сүгіреті. Қарға – жұлдызша қойамыз. Бүркеу күн болса, кереге көздің бетін ирек сызықпен бүркеп қойамыз. Ала бұлттау күн болса, немесе айнымал күн болса, кереге көздің жартысын ирек сызықпен жауып қойамыз.
Сонда декабір күн-бақпасы мынадай болып шықты.
Күн қақпаның сүгіреті
БҰ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
* * *
Күн ұзарып, Жауып жаңбыр,
Қар еріп, Жер сабыр,
Су сайларға толады. Шөп, жапырақ солады.
Бұқай кезде болады? Бұ қай кезде болады?
* * *
Күндер ысып, Суда мұз бар,
Шөп пісіп, Жерде қар.
Ел пішенін орады. Боран борап соғады.
Бұ қай кезде болады? Бұ қай кезде болады?
ҚЫС ҚАМЫ
(Жұмаш айтқанынан) Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік тұрғанда, бүрісіңкіреп тұрады. Даладан келгенде суықтан шіміркеніп келеді. От жағып, алақанын отқа қақтап: «Қылышын сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ», – деп айта береді.
От ала келген қатындар да соны айтады. «Етік болмаса, күпі мен шапан сиақты нәрселердің жарасы жеңіл ғой. Бір-екі рет қыздарды жиып жіберсе, бітіп қалады ғой», – деп жүрді. Бір күні Дәметтің апасы мен Мақаштың апасын және жанымыздағы ауылдың бір қызын әкеліп, апам қабу қабытты. Бауырсақ пісірді, самаурын қойды. Қыздарға апам шай берді. Бір аздан соң қыздар мені шақырып алып, Бәтіш жеңешеме апарып бер деп, бір сабақ жіп берді. Апарып беріп едім, бір айақ құрт-май салып берді. Әкеліп қыздармен бірге жедік. Кешке таман қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтты. Апам бәріне алғыс айтып: «Айақ-қолдарыңа ауырмалдық бермесін», – деді.
Мақал. Бақ-бақ еткен текені қыс келгенде көрерміз.
Батырсынған жігітті іс келгенде көрерміз.
ҮМЕНІ КӨРГЕНІМ
(Құрмаш айтқанынан) Қалқай – қартайған адам. Ержеткен балалары жоқ. Пішен мезгілі келді. Жұртпен қатар Қалқай да пішенін шаба бастады. Қайраты кеміген адам. Өзі шауып өндіре алмады. Үме салып өндіріп алмасам болмайды екен деді.Өз ауылына, өзге маңайындағы ауылдарға барып біркүнге қолдарын сұрады. Ертеңіне Қалқай арбаға қойын салып, екі мес сусын алып, пішен басына барды. Мақаш пен екеуміз де үмені көруге бардық. Шабатын жерін келген адамдарға Қалқай көрсетіп берді. Көп адам қатар түзеп шапқанда шыдатпайды екен. Әрқайсысы қатардан қалмасқа тырысып, жарысқан сиақты болады екен. Бесінге дейін бар шөбін шауып берді. Бір қойдың етін жеп, екі мес сусын ішіп, орақшылар ауылдарына тарады. Қалқай бәріне алғыс айтып, ырза болып, үйіне қайтты.
9) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Шырпыдан 9 торкөз жасаңдар. Сонан 8 шырпы алып тастап, басқасын қозғамай қойып, 2 көз ғана қалдыру керек.
Қай шырпыларды алып тастау?
КҮЗЕМ
(Көргенімнен)
Байдікі күзем алады десіп жүрді.
Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне шекпен, жаман-жұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап, біреулері қой жығып, біреулері қой қырқып жатыр. Балалардың ересектері көгеннен қой әкеліп беріп жүр, кішкентайлары жүн жинап жүр. Мен декеліп жүн жинастым. Қап толған соң қолдасып көтеріп, үйге апарып төгеміз. Әйелдер сабауларын алып, үйге кіріп жатыр. Бір-екеуі үй ортасына тулақ төсеп жатыр. Кешікпей-ақ дүсір-дүсір сабаған сабау даусы шыға бастады. Әйелдер жан-жұң сөйлесіп, күлісіп отырып, «ірит соқ-соқ!» деп жүнді көпіртіп-көпіртіп сабайды. Қырықтықшылар әр үйге жүн беріп жіберіп құрт-май алдырды. Келген кұрт-майды жеп тойып алдық.
ШАНА ІСТЕГЕНІМ
Үйден шыға келсем, Тұраштың кішкентай інісі: «Мақатай-ау, шанамды қара! Ағатайым істеп берді», – дейді. Қасына келіп қарасам, жіңішкерек талдан істеген ойыншық шана екен. Мен де сондай шана істейінші деген ой түсе қалды. Қалай істелгенін анықтап қарапалдым. Үйге келіп шана істеуге ылайық тал қарадым. Іздеп жүріп, бұтағы жоқ түзу бір сида тал тауып алдым. Шанаға табан болғандай етіп екеуін теңгеріп бір бөлек қойдым. Үстірік болғандай жана ағаш тауып алдым. Оларды теңгеріп кесіп, бір бөлек қойдым. Табандық ағашты да, үстіріктік ағашты да көргенімше ұқсатып жондым. Табандарының басын идім. Шабақ орнататын жерлерін тестім. Шабақтарын жонып орнаттым. Жіңішке шыбықтан қарамамен бүкпелерін істедім. Бүкпелерін шабақтарынан өткізіп алып байладым. Табандарының басына қарама салып, оны да байладым. Сонан соң екі жетек тағып едім, кәдімгідей шана болып шықты.
ҚАЗАҚ ӘЛІБ-БІЙІНЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ӘРІПТЕР:
1) һ ( ھ) Бұл әріптің дыбысы қазақ тілінде де бар. Шаршаған кезде «уһ!» деп күрсінеміз.
Жақтырмағанда «түһ!» дейміз.
Өкінгенде «аһ» дейміз. Ауырғанда «әһ!», «әһ!» деп ыңқылдаймыз.
Осы сөздерден үһлеу, үһлемек деген сияқты, аһламақ сияқты барша тұрпаттарымен сөздер туады. Бұл әріпті қазақ әліб-бійінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарылып еді. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетін көрінеді.
2) X (ح). Бұл «қ»-ға жақын дыбыстың әрпі. Қалың (әл-ауқатың) қалай? – Халың қалай? Құрметті – хүрметті. Қажы – хажы.
3) х (ح). Бұл қазақ сөзінде «х» сықылды естілетін дыбыс арапшада «х»-дан қатты, тамақты қырып айтылады.
4) ф (ف). «П»-ға жақын дыбыстың қарпі. Телепон –телефон. Сапа – сафа. Қаріп – харіф. Опат – офат. Апат – афат.
5) Ч (چ). Бұл «ш»-ға жақын дыбыстың қарпі.
6) (ت) «тс»-қа жақын.
7) ... – «3»-ға жақын.13 8) ... – Бұда «з»-ға жақын. 9) ... – Бұда «з»-ға жақын. 10) ... Бұл «с» сықылды естілетін дыбыс. 11) ... «т»-ға жақын.
12) «ع» – Бұл қазақ сөздерінде «ғ» сықылдыестілетін дыбыс арабшада «ғ» – дан қатты, тамақты қырып айтылады.
13) ا – Бұл ылғи сөз басында ғана жазылып, «а» дыбысы орнына жүретін еді, енді басындағы «ء» қалды. «А» бұрын сөз басында дауысты қаріптің алдында тұрса, оқылмайтын еді, оны сүйеу тайақ дейтін едік екеу енді қай орында тұрса да бірғана дыбысты көрсетеді ала, айқын, сара, тарақ.
1. з ز, 2. р ر, 3. а ا
зар
(з) ز
(р) ر
(а) ا
(а) ا
(а) ا
(а) ا
(з) ز
(р) ر
а-зар
а-за
а-ра
(аз)
ар
зар
ар
алар
зарла
арла
ара
зарлар
арлар
арал
(а) ا
(а) ا
ла
(л) ل
ала
ал
рас
сас
сал
ас
сара
сасар
сала
аса
арлас
саз
салар
асар
сатар
тас
таза
ат
артар
татар
тар
ата
тартар
сат
тара
таз
Ат сат. Тал тарт. Ас асат. Ала ат. Тас таза. Арал тар. Татар ат сатар. Сарт алар.
7. о و
тор
op
сорар
олар
зорла
торла
от
зор
сор
ол
торлар
отар
Ат озар. Тор тозар. Орта толар. Олар артар. Ол тартар. Ораз осал. Орал озар.
8. н ن
сона
сан
тана
он
оннан
сана
нан
тон
тоннан
санар
нар
ана
Нан аз. Нар зор. Атан арзан. Он тана. Ат азар. Тон тозар. Асан атар. Атаннан нар зор. Асаннан Осан озар.
9. қ ق
қолқа
сақал
тақа
ақ
қалқа
қатар
сақ
оқ
қалқан
қол
сақа
бақ
азбар
бор
бала
об
қан
боран
саб
обал
қанбас
табан
сабан
бал
ырыс
сырық
қаны
ары
қын
ық
алты
арық
қыны
ыс
салты
азық
табу
тау
тау
ay
тану
қауын
тауық
aya
cayy
салу
ару
ayap
құлан
бұқ
тұр
ұр
құуан
бұқа
тұра
ұра
құуат
бұу
тұу
ұл
Бұзық бұзар. Құлын тулар. Құнан құла. Қулықсұр. Құрақ қу. Отын су. Тура тұр. Турабұр. Құр атқа құрық сал.
14. ж ج
баж
жол
жұл
жат
таж
жұлқы
жота
жанар
олжа
жұлқу
жоса
жатақ
От жанар. Жол тар. Ат жатар. Жоса қызыл. Жұлын ұзын. Қар жұқа. Жар жақын. Қанжар қару. Жатқан жатақ. Жатақ атақ. Ұрыс жанжал.
15. ш ش
шортан
қаш
шала
аш
шолақ
қашу
шақ
ашар
шошақ
қашан
шақша
шал
Ашу бас. Шашу шаш. Шолақ шаш. Жолақ алаша. Шал шаршар. Шабан ат. Қара шана. Құлаш арқан. Құшақ отын.
16. м م
алма
мол
шам
там
алмас
мола
шама
тамақ
танымас
молалы
шамалы
тамшы
жалғыз
алғыр
ағын
аға
қалған
шалғыр
шағал
ағаш
жалған
тарғыл
сағым
шағым
барды
жылдам
адыр
адам
балдақ
алды
адым
адал
сандық
қалды
дұға
адас
алма с мола шама тамақ таны мас мола лы шама лы тамш ы жалғ ыз алғы р ағын аға қалға н шалғ ыр шаға л ағаш жалғ ан тарғы л сағы м шағы м бард ы жылд ам адыр адам балда қ алды адым адал санд ық қалд ы дұға адас 19. п پ ақпан топыр apпa aпa балапан пұл пapa апан Оспан пылан доп опала Аспан ашық. Қора батпақ. Аққу аппақ. Шапан шапшақ. Жас жапырақ. Қара топырақ. Арпа астық. Сорпа тамақ. Ақпанда суық болады.20. ң ڭ шаңдақ соңғы оң аң мұңды шаң оңды таң мұңдас шаңы coңы таңда Қасқыр аң. Дала шаң. Бала тоңды. Мата оңды. Ат маңка. Асық оңқа. Шапан жаңа. Нар шаңдақта жатыр. Таңдаған тазға жолығар. Оның аты – Оңғар. Мұның аты – Мыңжасар21. й ي қый бой тайар ай қисық боя ой аяз қыйын бойы ойла тай Ай жарық. Бай сараң. Майы жаман, шайы сұйық. Қойшысы жалаңаш. Сай сайға құйады, бай байға құйады. Айудан қорыққан ағашқа бармас.22. ә, 23. і, 24. ү, 25. ұ ءا 14 ән ыс ұр ор әнім іс үр өр әнің ысымыз ұн он әні ісіміз үн өн сән тыс тұз ол сәнім тіс түз өл сәнің ысы тұз от сәніміз ісі түс өт сәніңіз тысы сүт тоз мән тісі сүті төз 26. е ە әуе мен зер ел әуре мені жер ер терең менің тер ез Дем ал, Дорбаға жем сал. Жерде қар жұқа. Терезе терлеп тұр. Сен оқыдың, мен тыңдадым. Үш жерде бес – он бес.27. к ك керек кем кел ек күрке кілем кет бек ерке күлкі төк бекіл жік жек ек көк жігі жегін егін көгі жігер жегу шeгe түк жүген егеу шеген түгі Барлы, барлы, барлы тау,Басы есеннің дені сау.Ұйықтамаса, қабақ жау,Ішпей жүрсе, тамақ жау.Арық атқа қамшы жау.Жыртық үйге тамшы жау.Ұрысқақ болса, ұлың жау.Керіскек болса, келін жау.Қашаған болса, атың жау.Қарыспа болса, қатын жау,Тебеген болса, биең жау.Сүйкеншек болса, түйең жауТүйең менен биеңдіАлып кетсе, жиен жау.Ұл он беске келгеншеҚолға ұстаған қобызың.Ұл он бестен асқан соң,Тіл алмаса, доңызың.Көкпектен өліп қалмаса,Жасында күйеу алмаса,Көрінгенмен ойнаса,Бәрінен үлкен қызың жау.(Шорман жиғанынан)2. АЛШЫН ҚАРАЖІГІТ БИАлшын Қаражігіт би бала күнінде бір ауылға келсе, сол ауылда Төле би мен Едіге бір үлкен дау бітіру жұмысында жатыр екен. Қаражігіт босағадан орын алып, сөйлескен сөздерін тыңдап отырып, ұнатпай:«Асқар тау, сенде бір мін бар –Асу неге бермейсің?Қара су, сенде бір мін бар –Өткел неге бермейсің?Билер, сізде бір мін бар –Елге тізгін бермейсіз», –депті де, үйден шығып жүре беріпті. Билер қайтарып, кім боласың деп жөнін сұрағанда, Қаражігіт айтады:«Шешем қара күң,Әкем қараңғы түн.Пышағым бар жетесіз,Шешем бар некесіз.Өзім туған бір ұлмын,Тегімді сұрап не етесіз?»Билер төрге отырғызып, дау билігін Қаражігітке беріпті. Қара жігіт: «Тұлпардың өзі бітпес, тұйағы кетпес» деген бұрынғының жолы бар, көптен келе жатқан, тозған мал екен, жүз жылқының тұйағы жүз тай болсын», – депті. Екі жағы ырза болып тарапты.(Шорман жиғанынан)3. АТАҚОЗЫ БИҚазақтың бір қанының заманында, елде бір Атақозы деген би болған. Ол би сөзге ұста, шешен кісі болған. Бірақ бұл қан оның сөзін елең қыла қоймаса керек. Бір күні қан жолдастарымен сейілге шығып келе жатса, бір бүйірден бір жалғыз адам келе жатқанын көріп, қан жанындағы жолдастарынан мына келе жатқан кім екен деп сүраса, жанындағы жолдастары бүл белгілі Атақозы ғой деп. Сүйткенше болмай, Атақозы келіп қалады. Қанмен амандасып болғаннан соң, қан тұрып Атақозыға: «Апырай, сіз қалай арықсыз?» – деп сұраған. Сонда Атақозы қанға айтқаны: «Тақсыр қан, мен қалай семіз болайын. Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді, қаралысында қатын семіреді, қайғысыз қан семіреді. Қазақтың жылқысын калмақ алады деп, бір түнде тоғыз ойанып, тоқсан ойланамын. Сүйтіп жүріп мен қалай семірейін», – деген.Сонда қан жанындағыларына бұл мұндай кісі екенін маған бұрынырақ неге айтпадыңыздар деп, не айтарын біле алмай, сасып қалған дейді.4. АЛДАР КӨСЕАлдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба? Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті.Көбі мынау деп, саламды шайтанға беріп, бидай біткенді өзі алыпты.* * *Бір күні Алдар көсе мен шайтан екеуі түлкі қуып соғып алып, қай жасы үлкеніміз алайық дейді.Алдар көсе шайтанға: «Кәні, сен нешедесің? Жасыңды айт», – дейді. Шайтан: «Мен туғанда көк табақтайғана, жер кеседей ғана еді», – дейді. Алдар көсе еңіреп қойа береді. Шайтан: «Неге жылайсың?» – дейді. «Менің үлкен балам нақ сол жылы туып еді, құрдас екен-ау деп жылап тұрмын», – депті. Сүйтіп, Алдар көсе үлкен шығып, түлкіні алады.5. ҚОЖАНАСЫРҚожанасыр жарлы болған адам. Бір күні жайау кіре тасып, кәсіп қылып, тамақ асырамақ болған. Базарға келіп,жайау кірешілердің жанында тұрғанда, бір сандықкесе, шыны-айақ, тас табақ сиақты шетін нәрселерді алып баруға жалданбақшы болады. Нәрсе иесі айтады: «Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз мағаналы, қасиетті сөз үйретемін», – дейді. Ақша басқалардан да табылады ғой, мұның қасиетті, зор мағаналы сөздерін естіп қалайын деген оймен Қожанасыр жарайды дейді.Сандықты көтеріп иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген соң: «Кәні, қасиетті мағаналы сөздеріңізді айтсаңыз екен», – дейді. Жалдаушы айтады: «Бірінші сөз мынау: егерде біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!». «Жақсы, бұл бек мағаналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.Тағы біраз жүрген соң: «Енді екінші сөзіңді айтсаң екен», – дейді. Жалдаушы айтады: «Екінші сөз мынау: аттыдан жайау жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың», – дейді. «Бұда зор мағаналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.Үйдің жанына келіп қақпаға кірердің алдында тұрып: «Енді үшінші сөзіңді айтсаң екен», – дейді. «Үшінші сөзім: егерде жайау кірешінің сенен де ақылсызырағы бар деуші болса, асылан нанбағайсың», – дейді.Қожанасыр төбесіндегі сандықты жерге алып ұрып: «Егерде біреу бұ сандықтың ішінде сынбай қалған нәрсе бар десе, ешуақытта сен де нанбағайсың», – дейді.6. МҮҢКЕ БИШекті ұлы Мүңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен дейді.Бір судың бойына бір бай аулы келіп қонады. Су бойында бір топ бала ойнап жүрсе балаларды келіп ауыл иесі ақсақал қуалайды. Байдың астындағы асаулау байтал екен, балалардың біреуі атын үркітіп қалғанда, байдың бөркі басынан ұшып, байталдың алдына түскен кезде, байтал тулап, бай жығылып жан тапсырады.Байдың елі балалардан құн алмақ болып жиылады. Үш күн, төрт күн жатады, бітісе алмайды; бес күн, алты күн жатады, бітімге келе алмайды. Сүйтіп дағдарып тұрған уақытта бір тайға мінген жеті жасар бала келеді. Бала қарап тұрады да, бұ жұмыстың билігін маған берсеңіздер, мен бітірейін дейді. Бала бір айтады, екі айтады, оның сөзіне баласынып ешкім құлақ аспайды. Ақырында ақсақалдар дағдарып: «Осы қой асығы демеңіз, қолыңа жақса сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жақса атадай» деген қайда? Манағы бала кім баласы екен? Тауып әкеліңдерші», – деп іздетіпті. Сұрастырып баланы тауып әкеледі. Баланың аты Мүңке деген, бала келіп айтады: «Билікті маған берсеңіздер, менің айтатын билігім мынау дейді: «Ердің құны жүз жылқы, бұл істе тентек төртеу, әуелі ойнап жүрген бала тентек, екінші, оны қуған бай тентек, үшінші үріккен байтал тентек, төртінші, бастан ұшқан бөрік тентек. Төрт тентекке жүз жылқыны бөлу керек», – дейді.Сонда жүз жылқының үш бөлімі байдың өзіне түсіп, бір бөлігін ғана бала жағы төлейді. Жұрт бала билігіне ырза болады. Сол бала үш жүзге белгілі Мүңке би атанып, аты аспанға шығады.7. ҮШ МЕРГЕНҮш мерген құс атуға шығып, күні бойы жүріп, жалғыз шүрегей атып алады. Елге қайтпай екінші күні тағы құс атпақ болып, көлдің басына түнемек болады. От жағып, шәйнекті отқа қойып отырып, үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі. Бұл үйрек үшеумізді тойғызбайды. Біреуміз жеу жөн болмайды. Мұны қалай етеміз дейді.Бұлардың біреуі қу жігіт екен, ол айтады: «Мұны қалай ету ақылын мен айтайын. Үйректі пісірейік, орап қойайық та, жатайық, ұйықтайық. Кім жақсы түс көрсе, сол жесін үйректі», – дейді. Дұрыс деп, осы ақылды ұнатады да, үшеуі шай ішіп, үйректі пісіріп, орап қойып, ұйықтауға жатады.Екі жолдасы ұйқыға кете бергенде-ақ, қу жігіт тұрады да, үйректі жеп, орнын үйрек ораған сиақты қылып, жауып қойады.Ертең жолдастары ойанған соң, қу сұрайды: «Қаны, жолдастар, не түс көрдіңдер?» – деп.Біреуі айтады: «Мен ақ боз ат мініп, алтын таж киіп, патша болып жүр екенмін», – дейді. Екіншісі айтады: «Мен жұмаққа кіріп, қор қыздарын құшып, кәусар суын ішіп, рақатта жүр екенмін», – дейді.Сонда қу айтады: «Бірің «патша болған соң, бірің жұмаққа кірген соң, отқа пісірген үйректі жей қоймас деп мен жеп қойдым», – дейді.(Алтынсары ұлының кітабынан)8. ҚУЛЫҚАлтай Айман деген қу жігіт жолдастарымен қыс кезінде қала шығып келе жатып, адамы өлген бір ауылға келеді. Ол ауыл молдасы жоқ ауыл екен. Өлікке иман айтуға ешкім табылмаған. Келген қалашылардан араларыңда молдаларың жоқ па деп сұраған соң, Айман: «Бар, мен молда едім», – дейді. Өлігі бар үйдің адамы: «Олай болса, жүріңіз, өлікке иман айтыңыз, иман білмеген соң, өлерде айта алмап едік»,– дейді. Айман: «Аты кім еді? – деп сұрайды. «Аты Қазаңқап еді», – дейді үй иесі.Айман түк оқу білмейтін, Құраннан құлағына тиетін сөздерді ғана айта алатын адам, иман айт деген соң естіген сөздерін теріп иман айтқан болады.«Ағуз билла минашшайтан ражим ан илла қазиғұл қап, қалимат, шайбат, иллаһа, илалайын», – дегенде үй иесі: «Ардағыңнан айналайын, Алтай бабамның баласы-ай! Манадан бері білмей отырған сөздеріміз тап осы еді», – деп жылап жібереді.Иман айтып болған соң, жаназасын да шығар деп өтініп, шариғат пидиасына не қосады екен деп үй иесі сұрайды. Айманның алдымен ойлайтыны жол азығы – бір ту қой, бір қағаз шай, бір шана шөп, онан кемді шариғат қоспайды дейді. Үй иесі Айманның айтқанын істейді.Жаназа намазын оқып тұрып, Айман құлақ қағып дауыстап: «Мал тараку, жан тараку, иман тараку, бір қадақ шай, бір қой тараку» дегенде артында тұрған жолдасы да өзіндей молда болса керек, Айман ұмытып тұрған шығар деген оймен есіне салайын деп сыбырлап: «Тұржағуны бар еді ғой», – дейді. Айман: «Жаның шығып бара ма? Жаңа келді таржағуны, – деп екі жағына сәлем береді де, – апарып көміңдер», деп, жүре береді.(Шорман жиғанынан)9. ДАУКЕСТЕР СӨЗІАлтай Hay деген кісі «битін жоқтап құн сұрайтын» өте даукес болған. Нау біреуден ешкі даулап, Акмырза биге жүгініске барыпты. Ақмырза би сұрағанда Наудың ешкісін сипаттағаны:Саусам бұлақ еді,Іші толған ылақ еді,Терісі бұтқа қап еді,Мүйізі пышаққа caпеді,Тоқты қарын майы бар еді,Тоқсан шақпақ кұрты бар еді, – депті.Ақмырза осының билігін өзің айтшы дегенде, Наудың айтқан билігі.«Бидің билігіне бір ат, ешкінің мойнына қосақ, соңына тіркеу, төрешіге түк жоқ», – деген. Ақмырза: «Ал, бірақ Нау құрымай, дау құрымас, өмірің даумен өтер», – деген.* * *Нау жолаушылап бір жақтан келе жатса, өзеннің ар жағынан біреу: «Насыбайың бар ма? Мұрным қаңсып өліп барамын», – дейді. Нау: «Бар», –дейді.Анау ар жақта тұрып: Насыбайың болса, атшы», – дейді.Нау шақшасын суырып алып, ердің қасына қағып- қағып, аузына салып жібергенде, ар жақтағы атынан мұрттай ұшып, құлап қалады. Біраздан соң тұрып, атын жалдап келіп, Наудан насыбай атады.Насыбай атып тұрып, тамыр болайық, шақшаңды бер, шақшаның қолқасына мен де жарармын дейді. Нау шақшасын беріп, аты-жөнін сұрап, біліп алып, жүріп кетеді.Бір жыл өткен соң, шақшасының қолқасын алуға, Нау тамырын іздеп барады. Шақшаны алған кісі тұтамдай сиыр мүйізіне не алмақшы болып келдің деп, Науға сөз бермейді. Қадалған жерінен қан алмай, айрылмайтын Нау жабысып айырыла қойа ма? Екеуі дауласып Бағаналы Барлыбай биге жүгініске барады. Наудың даукес бәле екенін білгеннен кейін, Шақша алған кісі Наудан бұрын барып бидің аузын алып қойады.Би екеуінің басын қосып отырып, Науға айтады: «Е, Нау, сонша жерден ат қинап іздеп келіп, жүгініске түскендей, қу мүйізіңде не қасиет бар еді?» – дейді.Нау: «Уай, несін айтамыз. Шақшам жақсы еді: тау текенің мүйізінен істеген тақысы еді. Қырық қой, төрт ат істеген кісінің ақысы еді, сексен маржан көзі бар еді, тоқсан қой, тоғыз ат болар деген істеген кісінің сөзі бар еді. Берген ақыны азсынып, тау жайлаймын деп, бар шамды алды. Ой қыстаймын деп, шотымды алды, қыр қыстаймын деп, балтамды алды, қалауың деп, бөрте атымды алды; жау шапты деп, төрт атымды алды, қайқы келген қара атымды алды, тілік құлақ сары атымды алды, сары аттың енесі кішкентай ғана бием еді, әкесі тұлпарға жиен еді», – дейді.Шақша алған кісі Наудың сөзінен қысылып, сасқалақтап, не айтарын біле алмай:«Қыстың қатты боларын ылақ білер,Күннің суық боларын құлақ білер,Берген нәрсең тұтамдай сиыр мүйізі,Төрелігін Барлыекең өзі-ақ білер», – дейді.Сонда Нау тұрып:«Қыстың қатты боларын тоқты білер,Қарақойын16 жайылымы қоқты келер.Пара беріп қоймасаң БарлыекеңеАйтпаған сөз мәнісін боқты білер», – дейді.Барлыбай би алғанымды біліп қойған ба екен деп қысылып, «төрешіден қалмайды, айтушыдан қалады», көп сөйлемей Наудың ақысын бер деп, шақша алғанға ақырыпты. Науды ертіп апарып, қасқа тоғыз беріп, ырзаласыпты.(Шорман жинағынан)10. КӨСЕМ БАЛАҚалмақ пен қазақтың соғысып жүретін заманында,бір соғыста қалмақ казақты жеңіп, қазақтардың жылқыларын алып кеткен. Қалмақтар жылқыны алып барған соң, артынан қазақтар кісі жіберген, ол жіберген кісіге қалмақтың қаны айтқан: «Қазақ сендерден үш ауыз сөз сұрайын, сол сұраған сөзіме жауап тауып берсеңдер, жылқыларыңды қайтарамын», – деген. Сол сөзді жіберген кісі еліне айтып келген. Қазақтан баратын адам шыға алмаған, егер барған адам жауап бере алмаса, қалмақтың қаны басын алатын болған соң.Қалық жиылып бір адам да бара алмай, сасып тұрғанда, бір жас бала келіп, қалмаққа жауап беруге мен барамын деген. Бір адам табылмай тұрған қазақ қалқы балаға, барсаң бар десіп қаулы қылысып, жібермекші болған. Сонда бала айтқан: «Маған бір түйе, бір ешкінің текесін әкеліп беріңдер», – деп. Қалық сұрағанын тауып берген.Сол нәрсе мен құралды сайлап алып, жалғыз өзі жүріп кеткен, жолда келе жатып бір аз қалыққа жолығып, менің жолымда кімдер бар деп сұраған, калық балаға баратын жолында бір білгіш данышпан адам бар, соған, соға кет деген. Бала жолда кез болып, Данышпанның үйіне келіп, сырттан сөйлес қылып тұрған. Данышпан: «Балам, түс. Тапсам қонақ асыңа бір қой, таппасам екі қой сойып беремін», – деп үйіне қондырып, баланы тамаққа тойдырып, жақсылап жайлап жатқызады. Ертеңіне баланы жөнелттірерінде, бала данышпаннан сұраған: Мен қалмаққа жауап беремін деп бара жатсам да, сіздің кешегі бір сөздеріңізге түсіне алмадым деп, сонда данышпан айтқан: «Сізге тапсам бір қой сойамын дегенім: бойдақ қойым иә қысыр қойым болса, соны сойармын деп едім, егер таппасам, екі қой сойармын дегенім: буаз қой сойармын дегенім еді. Сол уақытта маған жолдас боларлық адам екен деп, қалмаққа бірге ертіп алып кеткен. Жолда бірнеше күн жүріп, қалмақтың шәріне жақындап келіп, кірейін деп келе жатса, қалмақтың шәріне кіретін жолына абайға қойған көп иті бар екен. Бұларға қарсыласып жібермеген соң, бәрін де бала атып, қырып тастап, кіріп келе жатса, иттің бәрін қырып біреу келеді деп қанға қабар барған. Қан шақырып көрсе, жауап бере келген қазақ баласы екенін көрген. «Сен баласың, еліңнің үлкені қайда?» – деген. Бала: үлкен десең, түйе әкелдім деген. Қан: ақсақалыңды айтамын деген. Бала, ақсақал десең, ешкінің текесін әкелдім, сақалы бір кез деген. Қан, жоқ, олай сөйлеме, адамдарыңды айтамын деген. Бала, адам десең, өзім келдім деген. Қан: тіліңді тәңір кессін деп, жауаптан тоқталып, сөзін қойған.11. ӘДІЛ БИБір адам далада жол жағалап келе жатса, жайылып жүрген бір топ түйеге ұшырайды. Бұл адам өзіне жол ашпақ үшін қолындағы тайағын түйелерге лақтырып жібереді. Тайағы құрғыр ұшып барып бір түйенің көзін шығарады. Түйеші түйенің құнын даулайды. Бұл бәледен құтылайын деп түйенің көзін шығарған адам тұра қашыпты. Бір биік жардың кенерінен секіріп түскен екен, салмағымен көлеңкелеп жар астында жатқан бір бишара қартты басып өлтіреді. Мұны сол маңда жүрген қарттың баласы көріп қалады.Жолаушы қашады, мұны қарттың баласы түйешімен қуып келеді. Сорлы қашқын бір дарианың жиегіне келіп жетсе, қайықшыға ұшырайды, сасқанынан қайықшыға: «Мені дарианың ар жағына шығарып сал, бір ширек ет берейін», – дейді. Қайықшы қашқынды өткізеді. Ал, енді қашқынның қайықшыға беруге еті жоқ. Не қыларын білмей, дағдарады. Қайықшы қашқынды жағасынан алып жібермейді. Сүйтіп тұрғанда кейінгі екі даугер келіп жетеді. Даугер енді үшеу болады: біреуі түйенің көзін, екіншісі атасының кұнын, үшіншісі қайық пұлын сұрайды. Қашқын не қыларын білмейді.Қайықшы қашқынға айтады: – Егер төлеуге етің болмаса, айағыңның балтыр етін кесіп бер, – дейді.Бұлар қанша дауласса да, келісе алмай, ақырында сол маңдағы бір данышпан биге барып жүгініседі.Би түйешіге айтады:– Әй, балам, бір түйені мен анадай жерге тұрғызайын, сен қолыңа тайақ алып, сол түйенің көзіне дәл тигізсең, түйенің көзі түгіл, бүтін түйенің өзін төлеуге үкім қылайын. Тигізе алмасаң өзің жазалы боласың.Бұл сөздерді есіткен соң, түйеші ойға қалып, дауын кешіп, кетіп қалады.Би енді қарттың баласына айтады:– Шырағым, мен осы адамды (қашқынды) жардың астына жатқызып қойайын, сен жарға шығып үстіне секіріп түс; егер өзіңнің салмағыңмен қашқынды өлтірсең, мен саған өз жанымнан әкеңнің құнын төлейін, өлтіре алмасаң, өзің өлесің.– Бұл сөзді естіп, қарттың ұлының зәресі ұшып, құн даулаудан қашады.Ал енді жалғыз-ақ қайықшы қалады. Данышпан қайықшыға айтады:Мынау адамның балтырынан бір ширек ет кесіп ал, бірақ бір ширектен артық та, кем де болмасын; мұнан не артық, не кем болса, өз обалың өзіңе, басыңды аламын.Соны естіп қайықшы қашады.Бұл ертегіге қосымша бір билік өлең бар, соны төменде айтып өтелік.Әділ бидің алдынан іс кетпейді,Жебірлікті нәпсі үшін істетпейді,Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп,Абыройын кісінің еш төкпейді.Қылар жақсы түймедей түйедейді,Жөнін тауып әр істің жүйелейді,Жаман болса, төрешің ептей алмай,Ақ ісіңді қаралап, күйелейді.Дұшпандарды жақсы би дос қылады,Дауыңа дау жаман би қостырады.Бұ бір мақал: «Киікті ата алмағанАтамын деп, үркітіп бостырады».Ұрысқанды жақсы адам табыстырар,Ақылменен жапсарды қабыстырар.Жаман адам от қылып жандырмаққаСөніп жатқан шаланы қағыстырарЖақсыларға жалқын от саз болады,Жатқан бәле жаманнан қозғалады.Жақсы менен жаманның парқы басқаАйта берсең бірталай сөз болады.(Әбубәкір Диваев)12. ЖӘНІБЕК БАТЫРЖәнібек батыр бала күйінде ақыл, білім үйренуге Қаракерей Соқыр Абыз деген кісіні іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен.Жәнібекті көріп: «Сен қай ұлсың?» – деді. «Қошқар ұлымын», – дейді Жәнібек.«Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?» – деді.Жәнібек: «Болармыз», – депті.«Балам, не жұмысың бар? Бұл жақта неғып жүрсің?» – деді.«Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге қолын алып, бір-екі ауыз ақыл, білім алайын деп жүр едім», деді.«А, а... Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсінң. Алдыңа келсе, әділдігіңді айама: аймағың кетпес алдыңнан. Қол бастап, жол алайын деген екенсің. Жолдастың мыңын алма, бірін ал: мың кісіге бір кісі олжа салатұғын. Олжаңды айамасаң, жолдасың қалмас қасыңнан.Жүз жиырма алтыға толып отырмын. Жас күнінде қалың бер де, қатын ал: жігіттің қан болатын, қыздың қарым болатын кезі сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң, мылтық жи: жайау жүрсең – тайағың, қарның ашса –тамағың».Жәнібек мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді.Келсе, бидің елі көш екен. Көш үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, би: «Жаным, қай ұлсың?» – дейді.– «Қошқар ұлымын», – дейді Жәнібек.«Ұлым, неғып жүрсің?» – дейді.«Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім», – дейді Жәнібек.«Е, е... – деді би, – азуы алты қарыс арғынның Қошқарының ұлы Жәнібек, алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші!» –дейді.«Мен сөз сұрайын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой», – деп, Жәнібек атының басын бұрып алып, жүріп кетті.Анадай бара жатқанда, би: «Әй, Жәнібек!» – деп шақырды.Жәнібек артына қарады. Сонда би: «Атыңның басын бұрма, солай тұр. Жүзімнің кішілігінен бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзіңді салма, сағың сынар», – депті.(Алтынсары ұлының кітабынан)13. ҚОЖАНАСЫР АҚЫЛЫЖиын үй. Жиылған жұрт. Әркім мінбеге шығып, жұртқа білген ақылын, үгітін айтып жатыр. Бір уақытта мінбеге Қожанасыреддин шығып: «Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіндер ме?» – деді. Жұрт: «Жоқ, білмейміз», – дейді. «Білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін», – деп Қожа мінбеден түседі.Жұрт қамтама қалып, білмейміз деп ағат айтқан екенбіз, енді сұраса, білеміз деп айтайық деседі.Басқалар сөйлеп жатқан соң, Қожа шыдап тұра алмайды, тағы қалықтан сұрайды: «Жамағат, мен не жайын сөйлемекпін, білесіңдер ме?» – дейді. Жұрттың бәрі: «білеміз, білеміз», – деп шулай қойа береді.«Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын», – деп Қожа сөйлемейді. Тағы мінбеден түседі.Жиында болған адамдар, Қожа енді сұрай қалса, білетініміз де, білмейтініміз де бар делік, онда не дер екен дейді.Басқалар мінбеге шығып, анау жақсы, мынау жақсы, олай ету керек, бұлай ету керек деп, ақылдарын айтып жатқан соң, Қожа төзіп отыра алмайды, тағы мінбеге шығады.Жұрттан үшінші рет тағы сұрайды. «Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын, білесіңдер ме?» – деп. Жұрт: білетініміз де, білмейтініміз де бар», – дейді.«Олай болса, білетіндерің білмейтіндеріңді үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін», – деп Қожа мінбеден түседі.
14. ШАЙҚ САҒДИДАН
Қалтасында біреудің
Жұпары болса сақтаулы.
Жұпарын ол дауыстап
Көрмейді лайық мақтауды.
Мақтамай-ақ әркімге
Жұпардың өзі-ақ білдірер.
Үндемей-ак төңірекке
Тәтті иісін жайып сіңдірер.
Дүниеде көркем күйлер көп
Жаны бар оны сезбей ме?
Сезбейтін оны құр тұлып,
Тұлыптан кісі безбей ме?
Ән мен күйге түйе де
Шаттанар қайуан десек те,
Сезбейтін оны адамды
Салпаң құлақ есек де.
(«Асау тұлпар»)
15. ТУҒАН ЖЕР
(Жуковскийден)
Туған жер! Көрген жаман, жақсылықты,
Не түрлі татқан тәтті, ашшылықты,
Кең дала, қалың тоғай, таныс ағаш
Бірінен-бірі болып қызғылықты.
Сүйікті аспан көктің сәулелері.
Қайғысыз сабақ алып жүргендері
Бірінен-бірі басып, асып түсер
Түрлі ойын балалықтың әурелері.
Жарықтық қасиетті туған жер-ай!
Әркімге сенің жолың емес оңай.
Қалпында қандай жүрек тұрады екен?
Сен десе орынынан қозғалмай, жай!
(Бекет)
16. ӨМІР
Мана көкті қаптап еді қара бұлт,
Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт.
Көк тұнжырап, мұңайып, қабақ жауып,
Көз ашқанша аспанда жарқылдап от.
Бұрқыратқан екпінді дауыл еді.
Сабап құйған жеркеніш жауын еді,
Қорқып-сасып жан-жануар есі шығып,
Бәрі-ақ іздеп баспана тауып еді.
Бұлт айықты көк жүзі болды ашық,
Бар нәрседен қайғы-мұң кетті қашып
Күн сәулесі жер жүзін құшақтады,
Қосылуға қашаннан болған асық
Бейне алтындай көкте бұлт тұр ғой жайнап,
Енді жел жоқ мазалап оны айдап.
Жанға рақат, гүлдерден қош иіс аңқып,
Жан беріп, кең далаға құстар сайрап.
Өмір осы бірде ол болар бұлтты,
Қатты желді, дауылды, кейде отты.
Құрып демің, қайғырып жас төгерсің,
Бұлт ашылар – қайғының бәрі бітті.
17. ЖАТЫРСЫҢ НЕГЕ ҰЙЫҚТАП?
Жатырсың неге ұйықтап қара шекпен?
Жарық жаз қайта келді былтыр өткен.
Қарашы, анау сенің көршілерің,
Әлі жүр қызметінде ертеңгі еткен.
Баққаның күндіз-түні тек бір ұйқы,
Адамсың талабың жоқ мұнша неткен?
Қарашы, көз жіберіп өзіңе-өзің.
Кім білер, қата шығар менің сөзім.
Бидай жоқ сарайыңда жалғыз түйір,
Білмеймін, не ойлап жүрсің сенің өзің?
Тап-тақыр шарбағың тұр босқа жайнап.
Кеткендей шоланың тұр пері жайлап,
Атыңды алдақашан борыш алды,
Ақырда жайау қалдың сорың қайнап.
Сандығың мынау жатқан төңкеріліп,
Үйің тұр қарт кемпірше бүкірейіп.
Басыңды енді, жаным, көтермесең,
Сөз айтпас қайтып саған жұрт түңіліп.
Есіңе ал, бұрын қандай болғаныңды,
Барында бақ-дәулетің оңғаныңды.
Жөнелтіп астығыңды әр шақарға,
Толықсып сол бір күнде тұрғаныңды.
Көруге қалық сені асық еді.
Әр жерде-ақ есік саған ашық еді.
Төр болса қонақтықта сенікі еді,
Қадірің осылайша асып еді.
Бұл күнде жарлы болдың адам нанбас,
Болған соң жалқау адам ұйқың қанбас.
Бидайың көптен піскен орусыз тұр,
Жарқыным, жетер енді ұйқыңды аш!
Құс шоқып, жел ұшырып тамам болды.
Етесің, өзіңе-өзің не үшін қас?
Ұйқыңды, қара шекпен, бөлсең нетер?
Мінекей, жаз мезгілі тағы да өтер
Ауладан көзін салып күз қарайды,
Артынан қатты ызғарлы қысы жетер,
Қар жауып шанамен жұрт жүріп жатыр.
Базарға не сатасың жалқау пақыр.
Арбалап астық сатып көршілерің,
Қарашы, пайда көріп оңып жатыр.
(Бұйраұлы)
18. ҚАСҚЫР МЕН МЫСЫҚ
(Крыловтан)
Орманнан қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып,
Жалынып қасқыр сонда мысыққа айтты.
Шетінде бір ауылдың ұшырасып.
«Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Ит үрген, қиқу салған адамдардың
Дауысын естимісің тартқан керней?
Айта гөр қайырымды ел бар болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай».
«Бара ғой», – мысық айтты, Қойанкөзге,
Жігіт кем ер көңілді онан өзге.
Адамды анау-мынау тоқтатарлық
Аузының ебі де бар сөйлер сөзге».
«Оны қой, – қасқыр айтты, – ол жасырмас,
Жеп едім бір ту қойын былтыр күзде».
«Барып көр олай болса,Құрамысқа
Адамкем жасыруға онан ұста.
Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа».
Мысықжан, оны да қой өзгесін айт.
Жеп едім бір лағын өткен қыста».
«Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық, жамандықты көп көрген бай.
Қонақжай, өзі асқан дәулетті адам,
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай».
«Баруға, – қасқыр айтты, – жүрексінем:
Оның да қозыларын жеп ем талай».
«Білмеймін сілтерімді енді қайда?
Барып көр Қисықбасқа анау сайда.
Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Әр түрлі табылады онан айла».
«Мысықжан, оны да айтып әуре болма,
Жеп едім бір бұзауын өткен айда».
«Мен қайран, – мысық айтты, – істеріңе!
Залалдан басқа нәрсе істедің бе?
Байдың көбі, жарлының жалғызы да,
Тиіпті тыңдап тұрсам, тістеріңе,
Залалгер жұртқа тегіс болып әбден,
Енді не іздеп келдің, іштеріне?
Жынды жоқ, сені аман құтылдырып,
Алғандай бәле тілеп үстеріне.
«Не ексең, соны аларсың» деген сөз бар,
Ор, енді егініңді, піскенінде».
(«Қырық мысал»)
19. ТҰТҚЫН ЗАРЫ
(Красовскийден)
Күн шығып, күн батады мезгілімен,
Қаталық бұл қапаста әлденеден?
Жүреді ерсең-қарсаң күзетшілер,
Алланың ырза болып бергенімен.
Мен түстім бұл түрмеге қапылыстан,
Көңілін бұрғандықтан қатын дұшпан.
Кінәм сол – көзін жойдым құпиа емес.
Кінәсін әшкерелеп емес бостан.
Сол үшін мұндай күйге түстім міне!
Тағдырдың кезі шығар, мені тосқан.
Түбіме жеттің жауыз... менің дағы,
Еріңнің адал пейіл, ақ жолдағы
Белгілі түзік жолдан шығып, сайқал.
Жаныңа дажал болдың жана тағы.
Балалар артта қалды жетімсіреп,
Қалайша олар енді етер қорек?
Кім білед? Аш-жалаңаш болмайтынын!
Ата-ана болмаған соң тұрар демеп.
Жатырмын мен тұтқында қапаланып,
Азаптың неше түрлі дәмін алып.
Күн-түні бір тоқталмай, қиналамын,
Кей-кейде тасыған жас көзден ағып.
Темірден әдейі соққан нық шынжырлар,
Бекітіп екі айағым алыпсыңдар.
Сыңғырлап жар шақырып бір тынбайсың,
Шамам жоқ босануға айла табар.
Қарасам, күзетшідей күн мен түнге
Түнеріп бағысып тұр мені неге?
Е! Менің сыңғырлаған шынжырларым,
Сендермен өлем шығар... келмей жөнге!
(Бекет)
20. ТАЗА БҰЛАҚ
Бар екен таудан аққан таза бұлақ,
Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.
Жағалай біткен ағаш жапырақты,
Жайқалып күн мен желден тұрған құрғап.
Шілденің тас қыздырған ыстық күні,
Мөп-мөлдір суы салқын әйбат түрі
Шыныдай жалтыраған тазалығы,
Көрініп айнадай боп жатқан түбі.
Жақанкез үш жолаушы келе жатқан,
Шөлдеген ыстық күнде, таңдай қатқан.
Кез болып бақытына әлде қалай,
Су ішіп, мейірі қанған сол бұлақтан.
Рақат сусын қанып, жан жайланып,
Қарап тұр аққан суға қайран қалып.
Көреді су ағардан жазулы тас,
Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.
Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай:
Жапанда жазуы бар неткен тақтай?
Жазылған оқып көрсе сөзі мынау:
«Болсаң бол, ей жолаушы, бұ бұлақтай!»
Сәудегер екен бірі үшеуінің,
Тыңдаңыз сондағы айтқан сөзін мұның:
«Апырай, бұл жазылған ақыл екен,
Өткізбей ағар бұлақ күні-түнін.
Алысқа бармақшы ол тынбай ағып,
Қосылмас өзге бұлақ бұған нағып.
Зорайып ақырында өзен болып,
Суынан пайдаланар тамам қалық.
Меніңше, мұнан мұрат-мағана сол:
Кәсіп қыл, жалқауланбай талапты бол.
Бұлақтай мақсұтыңа сен де жетіп,
Басыңа тигізерсің пайдаңды мол».
Екінші ғалым екен аса зерек,
Ол айтты басын шайқап назданып бек:
Бұл сөздің мағанасы сіз айтқаннан
Меніңше, болса керек тереңірек.
Бұл сөзден ғибрат сол адамзатқа:
Тегін қыл, жақсылықты пұлға сатпа,
Бұлақтай кез келгенге дайар болып,
Міндетсіз біліміңді тарат, қалыққа».
Жас жігіт жолаушының үшіншісі,
Әдемі көрер көзге көркем кісі.
Тоқталып ешнәрсе айтпай тұрып еді,
«Не ойласаң, сөйле, мырза!» – деді өзгесі.
Бұл жігіт берді жауап сонда тұрып:
«Орнында ақпай бұлақ тұрса тұнып,
Шөп-шалам, шаң-топырақ, селеу басып,
Сарқылып қалар еді әлі құрып.
Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,
Жазудан мағанам сол менің ұққан:
Көңіліңді, бойың менен таза сақта,
Пәктікпен артыларсың сонда жұрттан.
Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын,
Секілді мөлдір бұлақ суы салқын,
Болғандай дертке шипа жаны сүйіп,
Шүбәсіз пайдаланар болсын қалқың».
(Азамат)
21. КІСІ МЕН АРЫСТАН
(Крыловтан)
Бір аңшы ұстаушы еді, аңды қырып,
Ішіне қалың ағаш торын құрып.
Бір күні арыстанға кез келіпті,
Сырттан құрған торын бағып тұрып.
Арыстан ақырды оған аузын ашып,
Қанекей, қимылдап көр қарсыласып.
Шекірейіп, жан біткенге патшамын деп,
Мақтанып жүруші едің, судай тасып.
Қайратың мақтанатын қандай екен,
Кел бері байқасалық күш сынасып.
«Адамым, рас бізге патша болсаң,
Жүріп көр айағыңды қадам басып!»
«Арыстан, сенен артық емес күшім,
Сөзімді ілтипатпен тыңдап түсін.
Ететін мені артық қайуаннан,
Күш емес, өнеріммен еткен ісім.
Ол рас сендей онша батыр емен,
Мақтаншақ өтірікке жақын емен.
Қаншама күш жетпейтін қиын істі,
Орнына келтіремін ақылыммен.
Бұл саған айтып тұрған нағыз шыным,
Шындығын көрсетейін кәзір мұның.
Егерде сөзім жалған болып шықса,
Жейсің ғой сонан соң да, жарықтығым.
Сен қара, қылдай өрмек анау тұрған,
Мен едім азаптанып соны құрған.
Кішкене желге де өзі селкілдейді,
Көресің темір емес, иә тас қорған,
Жүрсем де қайратыңа сырттан қанып,
Көзіммен көргенім жоқ әлі анық,
Әуелі мен өтейін ар жағына,
Өтерсің мықты болсаң бұзып, жарып».
«Тұрсың ғой күш сынарға қылдай тормен,
Ол түгіл айқасқанмын онан зормен.
Сен барып ар жағында дайар боп тұр,
Жетермін мен де қазір тура жолмен»
Жөнелді көп сөйлемей адам пақыр,
Қуанып жылдам жүріп бара жатыр.
Астынан тор-торлардың өтіп алып,
Жүрді енді келсең кел, деп біздің батыр.
Арыстан шапты торға атқан оқтай,
Қомсынып бейне алдында нәрсе жоқтай.
Өте алмай торды бұзып шырматылып,
Сол жерде қолға түсті ұрмай-соқпай.
Оралып жатты торға арыстаным,
Ақылдан білді күштің қалысқанын.
Терісін арыстанның сойып алып,
Олжалы қайтты аңшы данышпаным.
Бұл жазған бозбалаға бір өсиет,
Өнерсіз қара күште жоқ қасиет.
Ойламай күшке сеніп еткен істің
Залалы әр уақытта басқа, тиед.
Демеймін күш керексіз адамзатқа,
Өнер, ой онан да артық мал мен баққа.
Өнердің жоқтығынан азып жүрміз,
Нағыз бұл арыстандай болмасақ та.
Бұл күнде күштен ойды бұрын жұмса,
Қара күш бәйге алмайт осы шақта.
Амал ет, заманыңның ыңғайына.
Бәйгесіз құр ұлағып босқа шаппа.
Ақылдан күшіңді артық көріп жүрсең,
Жадыңа бұл кеңесті оқып сақта!
(«Қырық мысал»)
22. ИТТЕР ДОСТЫҒЫ
(Крыловтан)
Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері,
Өздері ит болса да әдепті еді.
Түнде үріп, күндіз үрмей жай жататын,
Болады әдепті иттің әдеттері.
Түс мезгіл еді төбет тойып жатып,
Кемпір наз өкпелерін қойып жатып.
Ac үйдің алдындағы күн шуақта,
Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты,
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп,
Қолға алды татулық пен араздықты.
Тілмарсып сол уақытта айтты Мойнақ:
«Менсіз-ақ қара, Төрткөз, өзің ойлап,
Дүниеде онан артық не нәрсе бар?
Тұрғаннан татулықпен күліп-ойнап.
Дос болсаң, құшақтасып жанға балап,
Сөз айтсаң бір-біріңе шырақ-қарақ.
Алты күн ашаршылық көрсең дағы,
Жемесең бірің жоқта бірің тамақ.
Достың дос жұлдырмаса жауға түгін,
Еш нәрсе айырмаса, ара жігін.
Бірінің қабағына бірі қарап,
Білмесе күннің қалай өткендігін.
Не бар деп дүниеде мұнан артық,
Мен қалып бір қиалға тұрмын бүгін.
Жолдыайақ, ақсақ Құтпан, жаман Сарқұс,
Солар да тап-тату жүр біздер түгіл.
Сөйлейді маңызданып енді Төрткөз:
«Мойнеке, мұның әбден айтарлық сөз.
Тұрмайтын бір күн тату неміз бар деп,
Мен дағы ойлаушы едім осыны әр кез,
Не келіп, тірі жүрсек не кетпейді?
Араз боп екеумізге не жетпейді?
Тамақ тоқ (өркені өссін иеміздің)
Тиіссіз сөгіп соқпай құрметтейді.
Расын рас демей танасыз ба?
Бір сәтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге,
Екеуміз таласамыз барамыз да,
Мұндай іс арасында болған емес,
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға.
Атаның жолын қумай ұлаққанда,
Тура жол сонан артық табамыз ба?»
Бұл сөзге көңілденіп Мойнақ тасты,
Ол үлкен, онан гөрі Төрткөз жасты.
Төрткөзім, Мойынекем деп бірін-бірі,
Дос болып, серт айтысып, құшақтасты.
Екеуі бірін-бірі сүйді, құшты,
Қызығы басылмаған достық күшті.
Ac үйден лақтырған бір омыртқа
Солардың нақ жанына келіп түсті.
Көрген соң майлы сүйек ит тұрар ма?
Құшағын жазып ала жүгірісті.
Достықты, айтқан сертті былай қойып,
Екеуі бір-біріне салды тісті.
Досты дос мұнан артық қалай сыйлар,
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.
Су құйып екеуіне жиылған жұрт,
Екеуін зордан ғана айырысты.
* * *
Иттерге таласса да жарасады.
Етпесе, ит әдетін адасады,
Дос болған адамдарды қарап тұрсақ,
Биікпен теңдеп болмас аласаны.
Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады.
(«Қырық мысал»)
23. ШЫРЫЛДАУЫҚ ШЕГІРТКЕ
(Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөләйттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жазды күні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда? Ән қайда?
Оныменен тұрмайды:
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Айағына бас ұра.
«Қарағым, жылыт, орын бер,
Жаз шыққанша асыра».
«Оның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап па ең?»
«Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолың тиді ме?»
«Қайтсін қолы тимепті!
Өлеңші, әнші есіл ер,
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!»
(Абай)
24. ҚЫЗ ӘКЕСІНЕ
Сөзіме, қыз әкесі, кұлағың сал!
Биыл сен іс жасадың бір ақуал.
Қызыңды бір соқырға бердің ұстап,
Қарамай обалына, ақымақ шал.
Гүлайым он төрт жасқа биыл шыққан,
Кеткен жоқ ерніндегі сүті жұққан.
Жыласа, қарт адамға бармаймын деп,
Ұрсасың білмейсің деп балалықтан
Гүлайым білмейді емес, бек біледі,
Әншейін әкем білсін деп жүр еді.
Еншісі қыз баланың алған жары,
Ол сенен онан басқа не тіледі?
Ақымақ, төрт есе қарт берген байың,
Ит еді құлқы қатты, білем жайын.
Сыпырып барлық малын өзің алып,
Қалдырдың қалай қиып қотыр тайын
Сабайсың оңашада қызыңды өзің,
Бармаса, ойамын деп екі көзін.
Баланың базынасын көтермесең,
Айтады ол бишара кімге сөзін?
Гүлайым қорқып кеткен сойылыңнан,
Жылы қан ағызасың мойынынан?
Тал түсте қара шашын қанға бойап,
Ойнасын ұстап па едің қойынынан?
Қор қылдың Гүлайымды қыз тәуірі,
Тек жанды, бағын таппай, бақ дәуірі.
Қаның мал, жаның да мал, малдың құлы,
Қадырсыз, мақұлықсың жоқ бауыры.
(Малабай ұлы Рақымжан)
25. ТҮН ЕДІ
Түн еді, көкті қаптап бұлт тұрды,
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шашы жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.
Жапан түз, отсыз-сусыз бетпақ шөлде,
Жын шайтан мекен еткен тағы жерде.
Жас бала, жолдасым жоқ жапа-жалғыз,
Мен келе жаттым, баттым қанды терге.
Көзімнен жас ақпады, қандар ақты,
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Қарқылдап, қиқу салып қарға-құзғын,
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Шашымды жұлды әлдекім талдап-талдап,
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Есіркеген жалғыз жан болды ма? – Жоқ!
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
Әлдекім: «Тәйт! Шығарма үнің!», – деді.
«Сен бір мал – бір бес байтал құның», – деді.
«Шоқысын қарға-құзғын жүрегіңді,
Тырп етпе, жылама да, күнім», – деді.
«Ойлама, деді күнді, сен мал, күң сен,
Сөксем де, соқсамдағы шыда, көн сен.
Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма,
Тұншығып көз жасыңа көміл, өл сен!».
Деді де, сол әлдекім сылқ-сылқ күлді,
Сол күлу жүрегімді жүзге тілді.
Күйік кеулеп, жүрегім от боп жанды,
Жұбатуға сол кезде қайсың келдің?
Ашу кернеп амалсыз жанып іштен,
Жалынған бәріңе де мен емес пе ем?
Сол уақыт: «Бас жақсысы пәлен ат» деп,
Саудаласқан аға екем сен емес пе ең?
Сасық доңыз, жануар, жуан қарын,
Сататын малға тәңірін, иман, арын,
Тастағандай боламын жүз тілгілеп,
Кеткенде қайнап, ойнап, ыстық қаным.
Сүйетін еркелетіп әжем, атам,
Өміріңше жыла! деп бердің батаң...
Құшақтап қысып, күрсініп жылай бердің,
Сарғайған сорлы болып бишара апам...
Қысты күні, боранды ұзын кеште,
Сорлының қасірет зары сыймай ішке,
«У-у» дегенде аузынан жалын шығып,
Отырушы ед қолына алып кесте.
Күрсініп, кестені алып тігуші еді
Мөлдіретіп көз жасын тосушы еді.
Нәркес көз жасқа толып, шала шаншып,
Кестесін қайда тағы сөгуші еді...
Үһ, Алла! Жай болды ма бізден мұңдық?
Дариға! Не көрмедік, не көрмедік?
Көргенше сонша қорлық, сонша зорлық,
У ішіп, отқа түсіп неге өлмедік?!
Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік:
Шашатын алтын сәуле таңды күттік,
Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та,
Сатылдық та, тілекке ақыр жеттік!
Мынау ту кімнің туы? – әйел туы.
Мынау шу кімнің шуы? – әйел шуы.
Улаған жанымызды сансыз жылдар
Жойылды бүгінгі күн қасірет уы.
Анау таң кімнің таңы? – әйел таңы.
Бүгінгі күн шын азат әйел жаны.
Соқыр құрт, сасық доңыз, кет жолымнан,
Басар сені төгілген әйел қаны!
(Мағжан)
26. ӨРБУ
Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Дүниенің табиғи, негіздің жолы өзгеріс, өзгергенде кер кетіп, кеміп өзгеру емес, ілгері басып, жеттіге, жетіле, өсіп-өне өзгеру. Мұны ғылым тілінде «еуолиіутсиа» (табиғат тағдыры) дейді. Үстіміздегі шегі, шеті жоқ көк күндіз болса дүниені жарық еткен күн, түн болса аспанда күлімсіреп тұрған ай мен жұлдыздар, іздесең тіршілігіңе керек нәрсенің бәрі табылып, анаша асырап отырған мынау жер, ол жердің үстіндегі жанды, жансыз мақұлықтар бәрі осы түрінде, осы күйінде, осы қалпында болмаған. Мәселен, жер осы тұр, осы күй, осы қалпына жеткенше, ғалымдар айтуына қарағанда, 5 – 6 мілілійон жылдар өткен. Жердің тұман сиақты буға ұқсаған замандары да болған, онан келе-келе қойылып, балқыған қорғасынға ұсаған замандары да болған. Онан бері келе тас болып қатып қалған замандары да болған. Сонан соң тас ұсатылып, үгіліп, топырақ болып жерге айналған. Жерге айналған соң су пайда болған. Су пайда болған соң өсімдік аталған түрлі жер түктері ағаш, бұта, шөптер, жануар аталған түрлі жәндіктер пайда бол-ған. Ол айтылған жердің түктері де, ол айтылған жәндіктер де осы тұр, осы қалпында болмаған. Өзгеріле-өзгеріле келіп, осы күй, осы түр осы қалыпқа түскен. Адам да осы түр, осы кескін, осы қалыпты болмаған. Тұрмысы, істеген кәсібі, ұстаған жолы, жұмсаған білімі, тұтынған нәрсесі осы күнгідей болмаған. Адамзат адам болғаннан бері де неше мың жылдар өткен. Неше мың жылдарды өткізе, неше түрге түсіп, жеттіге, жетіле келіп, осы күнгі тұрмыс түрін тапқан. Бұл тұрмысқа жеткенше адамның тұрмысы, қалпы, салты талай өзгерген, талай құбылған. Өнер білім де талай күйді басынан кешірген, талай жанып, талай сөніп, тағы көтерілген. Бірақ ілгерінің ақылы, білімі кейінгіге қалып, кейінгілер оған қосып жамай келіп, тіршілік әдісі артылып, ақтығында өнер-білім ауданы ұлғайа, кеңи берген. Күн көріс тәсілі молайа берген. Пайдалы тәсіл алынып, пайдасыз тәсіл қалынып, тіршілікке керек білімдер атадан балаға, үлкеннен кішіге, нәсілден нәсілге қалып, білім сабасына құйылып отырған. Осы күнгі білім-өнер дегеніміз адам болғаннан бергі адам баласының тапқан тіршілікке керек әдіс-амалы. Өнер-ғылым білген адам тіршіліктің ісіне керек әдіс, амалды жақсы білген. Күн көріс ісі оған оңай, барлық қақпасының неше есігі, неше тесігі оған мәлім. Жылдық жерден көз ашып жұмғанша жылдам қабар алып отырған, атсыз арбамен жүріп, суды балықтай кезіп, құстай аспанға ұшып отырған жұрттар ғылым мен өнер арқасында, дүниенің есік-тесігін білгендіктен істеп отыр. Бұл ғылым-өнер табиғат тағдыры бойынша аса бермек, өсе бермек. Бірақ адам баласының бәрі қатар жетілу, қатар жетігу жоқ. Табиғат тағдырының жолы – жарыс, талас, тартыс, күрес. Бәйге өнерлі жүйріктікі, әдістінікі. Қарасақ қатар жетіліп отырған жұрт жоқ. Біреу ілгері, біреу кейін, біреу көкке ұшатын, біреулер терінің де жөндеп илеуін білмей, қаудырлаған тері мен сірі киіп отыр.
27. ОЛАҚТЫҚ ПА, САЛАҚТЫҚ ПА?
Егін салу жағына көз салсақ, біздің қазақтың егін кәсібі мүлдем шала. Дұрыстап еңбек сіңіріп айырған жер мен қазақтың шашқан жерінің арасы жер мен көктей. Дұрыстап айырған жердің шығыны да таза, дәні де толық. Арам шөп болмайды. Мұның себебі мынау: алдымен, қандай жерге қандай астық шығатынын білу керек. Білу үшін жер мамандарының айтқанына құлақсалу керек. Екінші, егін шашатын жерге суды көп ұстайтын амал істеу керек. Бұл амалдың бірі мынау: жазғытұры егін шыққан уақытта жердің үстіне әр жерге бір-бірден қатарлап айқабағын шашып тастау керек, күздігүні басындағы айқабағын алып, сабағын тіке қалдырып кетсе, қар ұстауға себеп болады. Жана да жерді күзге қарай қарадай айырып тастаса, жұмсақ жер тақталанып жатқан жерден суды көбірек ұстайды. Тұқым шашқанда, қолмен тастаған тұқым тегіс түспей, бір жерге бір көп, бір жерге аз түседі, бұда егіннің шығуына шалығын тигізеді. Әрбір жерге түскен дәнге өзіне тиісті жер керек. Сол себепті бір жерге екі-үш дән түссе, біразы шыға алмай қалуы, яки шайланып шығуы мүмкін. Мұның үшін тұқымды машинамен шашқан дұрыс. Құрғақшылық жылы тұқымның сирек шашылғаны дұрыс. Қазақтың жері мол, бозы көп болғандықтан, жер айырып ескі жерді тыңайтуға тиіс. Ескі жерді де бір жыл болса да, пайдасыз жатпас үшін жоңышқа иә болмаса басқа шөптер шашып жаңартып алуға болады, бір жағынан, жер жаңарады, екінші жағынан, малға жақсы шөп алады. Біздің қазақ бақша шашуды әдет қылмаған. Шашса, оның да пайдасы мол. Мал кесіп, бұрынғыдай етпен күнелтудің заманы өткен, картоп, асқабақ жана капуста сиақты нәрселерді шашса, тамақтың түрін кіргізеді, міні осының бәрі де көрмей жүрген іс емес, бірақ істеуге құнтталмай жүрген. Құнтына алып кіріссе, қолдан келмейтін де іс емес. Қазақтың үйіне келсек, жазғы киіз үй мезгілінде жақсы, бірақ жаңа болса ғана, жыртық болып, төбесінен жұлдыздар көрініп тұрса, үйге сәндігі жоқ. Қысқы үйін алсақ қандай дәулетті болса да землеңкесі қора екенін білмейсің, үй екенін білмейсің, айырарлық емес. Бұл неліктен?.. Бұл қазақ қалқының салақтығы. Салақтықты тастап, ерінбегенде ғана үйді таза ұстауға болады. Қазақ малдың төлін кішкене ғана үй салып, бөлек қамауға ерініп, өзі отырған үйіне төлін – қотыр өгізше, қашарын бірге қамап, үйінің жартысын қора қылып, былықтырып жібереді. Бұл үйде тазалық болады деп айтуға болмайды. Өте-мөте қыстың күні далаға шығып, таза ауамен дем ала алмайтын жас балалар ауруға шалдығып өлуіне себебі мол. Үлгілі елдің, кедейінің үйі де қазақтың байының үйінен артық. Бұған себеп – жалғыз-ақ жалғыз-ақ қазақтың жалқаулығы. Бұрынғыдай мал айдап жайлауға көшіп шықпайтұғын болған соң, екі үй ұстап, екі расқот ұстап жүру өте-мөте қазақтың жарлысына пайдасы жоқ іс.
(«Ауыл»)
28. ҚЫПШАҚ СЕЙІТҚҰЛ
Қыпшақ Сейітқұл жанындағы отыз үйлі тобырын қалай етсем жұрт қатарына қосармын деп, ойға қалды. Ол уақыт аттаныс, барымта туын тіккен, есалаңдар еңбексіз елдің малымен күн көреміз дейтін заман. Барымта мен мал бағудан басқа қазақ,та бөтен кәсіп жоқ уақыты. Сейітқүл мен отыз үй тобырында мал жоқ болған. Барымтамен мал табу Сейітқұл сиақты есті адам істейтін орынды кәсіп емес, «Жортуыл басы жолда қалар» деп бабаларымыз айтқан екен ғой деп, барымтаға көңілі шаппай, егін кәсібін істеуге қолайлы жер іздейді. Көп жерлерді аралап кезіп келіп, Торғай жанамасындағы Қабырға деген судың бойына тоқтайды. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта естек, қалмақтан шетірек екен жана жаманшылық болса, қалың ел қыпшақ руына жақын екен дейді. Түркістанда қалсам, қоқаны қоқаңдап, өзбегі өкіректеп, тыныштықпен кәсіп істетпес деп, Қабырғаны ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жазына күннің жылы кезінде жалаңаш-жайдақ кедейлерін көшіріп, Қабырғаға алып келеді. Ұрлық пен барымта қызығына түскен бір ағасы бар екен. Сейітқұлдың айтқан ақылын алмай, қасындағы үш-төрт үйімен Түркістанда қалады. Қабырғаның бойына келген соң қалай егін егуді, Түркістанда көргені бар, Сейітқұл кедейлермен бірге кетпенді қолға алады. Жерді шабады, арық қазады, атыз тұрғызады. Тұқым шашып, су жібереді. Егін піскен соң, орып, өздерінен артылғанын маңайындағы көшпелі елге сатып, мал қылады. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан сайын, егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр орнатып, егінді шығырмен суаратын етеді. Егін күшейген сайын, маңайындағы елдің малына айырбастап қара-құра мал жийыуы да күшейіп, ақырында бәрі ауқаттанып, байыуға айналды. Мұны көріп көшпелі елдерден де қызығушылар болып, Сейітқұлға қосылып, бес-алты жылдың ішінде «Сейітқүл елі» деген төрт жүз шамалы үй болады. Сейітқұлдың малды табу реті басқалардан өзгеше болғанда, малды бағу, жаудан қорғау реті де басқалардан өзгеше болады. Елінің адал еңбегі, табан ақы, маңдай тері сіңген дәулетін андыған жаудан, ұрыдан, бөріден қалай сақтау қамын ойлап, шымнан биік етіп қорған салдырады, мал күндіз далада бағылып, түнге сол қорғанға қамалады. Бақташыларды іреттеп, жан-жаққа қарауылшыларды тәртіптеп қойады. Бұлардың осындай күтініп, бекініп отырғанын көрген-білген ұры-қарылар, барымта-сарымташылар оңай жатқан мал деп қызыға алмайды. Бұл жағын бүйтіп жөндегеннен кейін, Сейітқұл Бұқарға, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолы түрлі тауарлар алдырып, жылда егін піскен кезде манағы қорғанда жәрмеңке ашады. Көшпелі қалық белгілі кезде малын, жүн-жабағы, тері-терсегін әкеліп егіншілерге беріп, астық жана тауар алатын болады. Сүйтіп, бір жағы сауда, бір жағы егін – екі кәсіпті бірдей істеп Сейітқұл елі әбден байыған елдің бірі болады. Манағы жоғарыда айтылған Сейітқұлдың ағасы жұрттың малын ұрлап, барымтамен алып, байимын деп жүргенде, Қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті. Қалған мал-мүлкін ұрының малы деп, Түркістан ұлықтары талап алыпты. Ағасының қатын-баласын Сейітқұл неше жылдай іздетіп, жанына көшіртіп алдырыпты. Сейітқұл 1830-ыншы жылы дүниеден қайтыпты. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен ел қабырға суының бойында осы күнде де көп. Жарлы болып, басқа кәсібі болмаған ел Торғай жағында тез егінге айналады. Ерінбей бейнеттенгендері біраз жылдың ішінде-ақ егін арқасында жұрт қатарына қосылады.
(Алтынсары ұлының кітабынан)
29. ҚАЗАҚ САЛТЫ
Қазақ – малмен күнелтетін көшпелі ел. Бұрын қазақ түгелімен көшпелі еді, қазір де шала көшпелі болып қалды. Бұрын қазақ жаз Арқаны жайлап қысқа қарсы күні жылы Сыр бойына, Жетісу жакқа көшіп, баратын еді, қазірде олай қазақ даласының бір шетінен бір шетіне көшіп жүру сиреді. Қазақтың қысы қатты Арқада да тұрақты қыстауы болатын болды, қазақ малға пішен жиатын болды, егінге де айнала бастады. Бұрын қазақ Сырдан қырға дамылсыз көшіп жүретін заманда, қолындағы малының аман болып, өсіп-өнуі үшін, қыс суықтан қашып жылы жаққа бару, жаз оты-суы жайлы Арқаға келуден басқа, табиғаттың түрлі құбылысына қарсы ешбір амал қыла алмайтын еді. Малға түрлі індет келсе, әр түліктің құдайына өз алдына жалбарынып, жалыну шараларын істейтін: жылқы үшін Қамбар бабаға сыйынатын, түйені індеттен сақтауүшін Ойсылқараға жалбарынатын... Ол күнде қазақ табиғаттың қолайсыз құбылыстарына қарсы ештеңе істей алмайтын. Табиғатты өзіне бағындырып, пайдасын шығару қазақтың түсіне де кірмейтін еді, қазақ табиғаттың сөзсіз құлы еді. Мал өсіру үшін қолда тұқымдық мал болу керек, онсыз еңбекпен мал табу болмайтын еді. Малсыз кедей тамақ асырау үшін байдың малын бағатын, бірақ онымен кедей байи алмайтын, өзі де бай боламын деп ойламайтын; байға жалданған кедейдің есебі байыу емес, тамақ асырау ғана болатын. Малсыз кедей еңбекпен мал таба алмайтын болған көшпелі елдің түсінуінше, ұрлық-зорлық – бұзықтық емес, адал кәсіп, кәсіптің ішіндегі ардақтысы болып шыққан; ол кәсіпті жақсы істей білген кісі елге беделді батыр атанған. Адам баласының тұрмысы – талас, тартыс. Адам баласы, бір жағынан, табиғатпен тартысады, екінші жағынан, өзара бірімен-бірі таласып, тартысады. Көшпелі елде табиғатпен тартысу жоктың аз-ақ алдында болғанда, өзара талас, тартыс ашық түрде бола келген. Сонымен кошпелі елдің салтында өзара талас, тартыстың жалаңаш түрі – ұрлық-зорлыққа табыну болған. Бері келген соң қазақ орысқа бағынды, жерінен айрылды, қонысы тарылды, жалпы көшу қалды, ептеп отырықшы бола бастады. Аздап болса да табиғатпен тартысу басталды. Қазақ қысқа қарсы малына пішен жиатын болды, ептеп егін сала бастады. Сүйтсе де табиғатты өзіне бағындырарлық даражаға жеткен жоқ, табиғатқа құл болған күйінде қалды. Егінге белсеніп кірісе алмады. Темір жол жоқ, базары алыс болғандықтан, егін көп шыққан жылы арзан болатын болды да, шықпай қалған жылы сұрапыл қымбат болатын болды. Сүйтіп, бұрыннан миына сіңген еңбектен жирену салты қала қоймады.
(«Елдес»)
30. ШАРУА ЖАЙЫ
Тоқсан түрлі себептердің түйіні бір келіп, қазақ шаруасының қаласы бұзылып, саны азайып, ауданы тарылып отыр. Көп жерлерде өріс толған жылқы, қора толған қой ертегінің ауданына кетті. Шаруа көркінен айрылған елдердің тұрмыс көркі де қалған жоқ. Ендігі әңгіме: өткенді көксемей, сары уайым сала бермей, сағым қуып сандала бермей, шала жансарланған шаруаны түзеудің шарасын істеу керек. Жеке кісі түгіл, жалпақ ел – заманның бұйдалап, жетектеген түйесі. Бұдан қазақ елінің тұрмысынан бірсыпыра мысал келтіруге болады: Бір кезде қазақ бала оқытудан қашты, енді іздеп таба алмай жүр. 2) Бір кезде ырымға жаман деп сүт машинесіне жоламаған қазақ енді қолына түссе босататын емес. 3) Ұлықтыққа жуан атадан басқаны қоймайтын қазақ енді кедейдің, жіңішке атаның билегеніне бойсұнып отыр. 4) Әке-шешемді ренжітпеймін дейтін қазақ қызы сүйгенімен кетіп жатыр. Мұны ерсі көріп отырған ел де жоқ. Осының бәрін істетіп отырған – заман. Бұрын қазаққа малыңның тұқымын асылдандыр, егінді жаңа ретпен сал, бақша орнат деп айтқандай болсаң, еріккендікпен айтасыңдар, көре-біле бейнетке белшесінен бат дегенің не? Ата жана бабаларымыздың ізімен жүре береміз деп үстірт қарайтын. Енді ол болмас: заманның жетегіне жүрмеген шаруаның мұрны жырылмақшы.
Осы күні тұрмыстың қай саласына болса да шаруашылық көзімен қарау қажет. Шаруашылықтың заңы: шаруаның қай тарауынан шыққан заттар жақын базарға өтімді, пайдалы болса, сол тараудың өнімді болуына артық күш салу керек. Мәселен: үлкен қаланың айналасындағы жері аз шаруаларға астық салғаннан, топтан мал ұстағаннан бақшашылық және сүт шаруасы аса пайдалырақ болады. Темір жолдан қашық жерде бақшашылықтан астық салу пайдалы, темір жолдан 200 шақырымнан әрі жатқан аудандарда астық салғаннан мал өсірген пайдалы. Шаруашылық көзімен қарағанда қазақ даласында шаруашылықтың өнетін салалары: 1) мал өсіру, астық салу, 3) шөп, жем егу, 4) сүт шаруасы, 5) бақшашылық. Шаруаның қай саласын болса да түзеу үшін, гүлдендіру үшін білімге қоса шыдамдылық керек. Бақытсыздығымызға қарай, шыдамдылық – қазақ қанына толық сіңбеген сипат. Қазақта әлі жалқаулық, тұрлаусыздық мол, шыдамдылық жоқ: бірі істі бастаса, айағына жеткізбей, тастай береді. Бірақ жалқаулық пен тұрлаусыздық бір жола шегеленген, «қиаметке шейін қалмайды» деп ұғынуға жарамайды. Табанды тәрбиемен, заманның айдауымен шыдамдылық тумақшы.
(«Агроном»)
31. ДАҒДЫЛЫ ЖОЛ МЕН АЙЛАЛЫ ЖОЛ
Дүниеде өзгермейтін ештеме жоқ. Дүниедегі нәрселер неше түрлі болып өзгереді, құбылады, бір күйден екінші күйге түседі, зорайады, кішірейеді, қалпын, пішімін де өзгертеді. Осы күнгі қара жер бір кезде газ тәрізді болған; жүре келе суынған, бірсыпыра заттары сұйық күйге түскен; онан кейін жердің сұйық заттары қойыулана келе қатайа бастаған; сонан соң көп замандар өткен соң ғана барып, қой батпақ болып жатқан тас темірлер осы күнгі қатты күйіне түскен. Дүниедегі бар нәрселердің бәрі де солай құбылады да тұрады, дүниеде тастай қатып, бір қалыпты болып қалған жалғыз да нәрсе жоқ. Түрлі жан-жануарлар да, адам да соның ішінде солай неше түрлі болып құбылып келді де, құбыла беруге тиіс те. Бірақ құбылыстың өзі де түрлі болады. Дүниедегі нәрсе табиғаттың заңына бағынып, тиісті жөнімен де құбылады, оның үстіне ақыл-айламен табиғатты қолдан өзгертуге де болады. Данышпан Шарліз Даруиін жан-жануарлардың тұрмысын көрсетіп, табиғаттың жалғаулы заңы мен тұрмыс тартысы заңын тапқан. Жан-жануарлардың ол заңға бағынбайтыны жоқ. Қойан сол заңға бағынып, қысты күні қардай ақ болады да, жазды күні көк шөпке ұсап, көк болады. Қойанның олай түсі өзгермей қалғаны болса, ол табиғаттың талғауына жарамай, тұрмыстың тартысына шыдай алмай, жоғалуы тиіс: қысты күні ақ қардың үстінде түсі басқаша болып жүрген көк қойан да, жазды күні қара жердің үстінде өзгеше болып жүрген ақ қойан да бүркіттің тырнағына, тазының тісіне, мергеннің оғына басқа қойандардан бұрын түсуге тиіс. Ондай қойаннан тұқымда қалмақшы емес. Қойанның бұлай қысты күні ақжазды күні көк болып, тұрмыстың тартысына әдіс қыла алатын болып шығуы бірден болмаған: койан неше мың жылдай табиғаттың талғауына түсіп, сұрыптала келе, осылай түсін өзгертетін болған. Қойанның бұлай түсін өзгертуі, түсін өзгертетін болып шығуы – табиғаттың заңы, оған адамның айласы қосылмаған. Бір кезде ағылшынның ақсүйек серілері, тұрмыстың қызығына тоймайтын сұлулары, шолақ тұмсық көгершінге әуес болған, сұлу қатындардың көңілін аулау үшін қолда ұсталатын көгершіндердің тұмсығы шолақтары аса қымбат болған да, ұзын тұмсықтары бағасыз болған. Қолда өсіп үйренген ағылшынның көгершіндері тұмсығы ұзын болып, қожасына ұнамай, еркіне жіберілген соң, өз бетімен күн көре алмай қырыла берген, олардан тұқым да қалмаған. Тұмсығы қысқа көгершіндер өсіп, көбейе берген. Әуесқой әйелдердің (табиғаттың емес) талғауына түскен соң, бұл шолақ тұмсық көгершіндер де сұрыптала келе, тұмсықтары мүлде қысқарып, ақырында балапандары жұмыртқаның қабығын өз тұмсығымен жарып шыға алмайтын болған. Оларды күні толғанда қожалары жарып шығаратын болған. Араб жылқысы ежелден жер үстіндегі жылқынын жүйрігі деп саналатын еді. Ағылшынның атбегілері сол араб жылқысының жүйріктерін жиып, жүйрігін жүйрікке салып, сұрыптап өсіре келе, араб жылқысынан артық жүйрік қылып шығарды. Ағылшынның сол араб жылқысынан сұрыптап шығарған жылқы тұқымын осы күні ағылшын жылқысы деп атайды. Ағылшын жүйріктері минөтіне шақырым шабады. Міні, бұл ағылшын көгершінінің шолақ тұмсық болып шығуы, ағылшын жылқысының сұрыпталып өрен жүйрік болып шығуы өз бетімен ғана емес, жалғыз ғана табиғат заңынша емес, бұған адамның ақыл-айласы қосылған, табиғат құрылысын, адамның айласын, өзінше үлгіртіп шығарған. Сүйтіп, табиғаттың құбылысы екі түрлі болады: бір түрі – адамның ақыл-айласы қатыспаған, жалғыз ғана табиғат заңына бағынып, өз бетімен болатын құбылыс (бұған мысал: қойанның түсінің өзгеруі); екінші түрі – адамның ақыл-айласымен болған құбылыс. Мұның әуелгісіне «дағдылы құбылыс» деп, екіншісіне «айлалы құбылыс» деп ат қойылған.
(«Елдес»)
32. ҚАЗАҚ МАЛЫНЫҢ ТҰҚЫМЫН
АСЫЛДАНДЫРУ ЖАЙЫНДА
Бұл күнге шейін қазақ әлі малының санын көбейтумен болып, тұқымын асылдандыру жайында ойланған да жоқ. Сол себепті қазақ малы уақтанып, азып барады. Мұнан бірнеше жыл бұрын Орынбордан Мәскеуге апарған өгіздердің еті 15 пұттан кем болмай жүруші еді, бұл кезде орта өгіздің еті 13 пұттан артпайтын болды. Мал уақтанған екен – онан қорқуға жарамайды, білім мен еңбек сіңірген кісі малдың тұқымын түзеуге болады. Ғалымдарға және мал бағу біліміне жүйрік тәжірибелі адамдарға мағлұм, мал тұқымының асыл жері шет патшалықтарда екені, ол жерлерде жүйрік айғырдың басы 200 мың17 сомға шейін барады; бұқаның қымбаты 3 мың, қатта бес мың сом болады, жақсы қошқарларға қымбатсынбай 500-600 сом береді екен. Осы малдардың бойындағы асылы әуелден-ақ осындай болмаған, жүре түзелген. Малдың тұқымын асылдандырушылар көп еңбек сіңірген, ақылмен іс еткен, асырауы, бағып-қағуы жақсы болған, айғыр, бұқа, қошқарларды өз малдарының арасынан-ақ танып салған. Рас, бұл – ұзаққа созылатын жана көп шыдам керек қылатын жұмыс, бірақ ақыры қайырлы, неге десеңіз, малдың тұқымы асылданып, қазақтың қазіргі отырған жер-суына үйреншікті болып өседі. Екінші жол оңайырақ жана қызығырақ, бұл жол қазақ малын басқа асыл тұқыммен шатастырмақ – қан араластырмақ. Бұл ірет көрмеге оңай болса да, тәжірибеде қиын. Анық білу керек: әлгі тұқым алмақшы болған малдарға, қазақ жерінің ауасы жарамды ма екен, ол мал қазақ жерін жерсіне ме екен. Осыларды салыстырып, бұл тұқымнан пайда бар-жоғын жете білу керек. Ресейде мал тұқымын осы жолмен асылдандырамыз деушілер көп болған, бірақ соның көбі мақсаттарына жете алмаған. Себебі көбінесе тапқан тұқымдары жарамсыз болып ұшыраған, тұқым түзелу орнына бұзылған, малы жерсінбеген. Енді қазақ малына келсек, жылқы, қой, ешкі секілді малдардың тұқымын асылдандыру үшін шеттен іздемей-ақ, қазақтың өз малынан таңдап, ең жақсы тұқымынан үйірге айғыр, қошқар салу керек. Қазақ малының тұқымы өте жақсы, жалғыз-ақ соны тағы да арттыруға біраз еңбек сіңіру тиіс. Сиыр тұқымын асылдандыру үшін қазақтың өз малынан табылған жақсыларын, сұрыптап араластыруға керек, болмаса тәжірибеде тәуір пайдасы көрінген қалмақ сиырларынан тұқым алу керек (Астырқандық иаки Тсаритсіндік деген тұқымдардың біреуі болсын). Бұл айтқан іретше тұқымның тазаруына бірінші себеп болатын нәрсе – малды жақсы асырап жақсы күту, егер бұған салақтық қылса, еткен еңбек босқа кетеді. Міні, сол себепті қазаққа шөп шабатын мәшине алу керек. Жаңа шөпті қуратпай, мезгілінде шауып алу керек. Осы күнге дейін «осы жарайды» деп өлшеп шаппай, шама келгенше көп шабуға керек. Мал қыс күнінде азыққа тарықпаса, іріленіп тез өседі. Қазақтың егін салатын жерінде тай, тайыншаларды, айғыр, бұқаларды сұлымен асырау артық. Жас малды неғұрлым жақсы асыраса, өскіш келеді. Айғырлар, бұқалар күшті болса, балалары да асыл жана берік болып туады. Бірақ айғырлар, бұқалар аса семіріп кетпесін, соны ескеруге тиіс. Қазақ малын жылы орында ұстау жарамайды, аса нәзіктендіріп алып, қысқа тебінге шығуға жарамайтын болып кетпесін. Әрине, тымсуық борандарда далаға шығармай, қолда күту артық. Жұрттың көбі үйірге қосатын айғыр, бұқаларының жақсы-жаманына көз жібермейді. Малдың еркек, ұрғашы екі жағы да бірдей тәуір болса, тұқым асыл болуын естен шығармасқа керек. Жана қазақ малы құнажын, дөнежінінде балалайды. Бұ да пайдасыз нәрсе, малдың тұқымы уақтанып өспей қалады. Тұқым үшін малдың еркегі болсын, ұрғашысы болсын ең берігін, күштісін, сұлуын таңдап аларға керек. Нашарын тұқымға қоспау тиіс – ол еркектерін піштіріп, ұрғашыларын сатуға немесе сойыуға ылайық. Жақсы айғыр, жақсы бұқа өздерінде болмаған қазақтар басқа жерден сатып алсын немесе үйірге сала тұруға алсын. Бұлай реті келмесе, өздерінің жақсы биелерін тұқым алу үшін жақсы айғырдың үйіріне қоссын. Қазақ жылқысынан жүйрік, жортақ, жорға көп шығады, міні, осыларды піштіріп тастамай, тұкымға арнау керек, шет патшалықтарда осылай етеді. Қазақ жылқысының түқымын асылдандырып, өлшеуге толарлыққа жетістірсе, әскерге керек аттарды өкімет те жақсы бағамен қазақтан алып түрар еді. Қазақ сиырының тұқымы онша жаман емес, бірақ сүйегі уақ, сүті аз. Жоғарыда айттық, тұқымды қалмақ сиырынан алу керек деп. Бұл туралы жақсы тәжірибе бар. Жақсы дейтініміз сол: қалмақ сиырының тұқымы өзі әуелде қазақтан шыққан: Бұл тұқым суыққа төзімді, жайылып оттауға көнімді келеді. Бұл сиырлар қазақтың осы күнгі тұтынып отырған сиырынан ірі, етті көп береді, жұмысқа шыдамды, бір айыбы сүтті болмайды.
(Бенкевиш)
33. СҮТТІ СИЫРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қай кәсіпке болса да шаруа көзімен қарап, неғұрлым пайданы көбірек шығаруға ұмтылу керек. Сауулы сиыр ұстағанда да пайдалы жақты ескеру керек. Сиыр тұкымына қарай сүт береді. Бір тұқымнан өрбіген сиырдың да жылына 150-200 шелек сүт беретіні де, 30-40 шелек сүт беретіні де бар. Мүйізді мал ұсталатын орнына қарай үш тарау: 1) жұмыс малы, 2) ет малы, 3) сүт малы. Әр тарау малдың өзіне ылайық тұлға, бітімі болады. Жұмыс малының күші мол болуы керек. Күш – жуан сүйектен, бұқа мойыннан, кеуде, желке еті қалыңнан, әукесі үлкеннен, терісі қалың кедір-бұдырдан шығады. Ет малының еті, май жиналатын жері толық болуы керек. Ет жиналмайтын сүйек, бас, айақ қарын толымды болмайды. Ең бағалы жер арқа, белдеме, сан, қол, кеуде жентекті болу керек. Сүт малының тұлға бітімі жұмыс, ет малына да ұқсамайды. Бар денесі сүттің шығуына байлаулы. Сүтті сиырдың бас белгісі желінінің бітімінде, желін толған без. Әрбір без есепсіз көп қуықшадан құралады. Қуықшаның ара-арасын қудалаған ет, май, қан жүретін жерінде ыдыс болады. Қуықша сүтке толса, желін керіліп кетеді, сүті суалса, бұзау емсе, қуықшадан сүт кетіп, желін босап қалады. Егер қуықша арасындағы ет, май көп болса желінді өнемейін керіп сауғанда босатпайды. Мұндай ет желінді, май желінді сиыр сүтті болмайды. Сүтті сиырдың желіні төртпақ жалпақ келеді. Әрбір емшек тұрған орын бөлек қолға білінеді. Сауса да саумаса да тікиіп тұратын, жүргенде шапқа соқтығатын желін сүтсіздіктің белгісі. Жақсы желін сүт толған сайын жан жаққа керілсе де, бұлғалақтамайды, соқтығып кернелмейді. Сүйрік желін жақсы болмайды. Сүтті сиырдың желінінің терісі жиырылып, кең жатады. Сүт толып керілуіне бөгет болмайды. Тығыз жабысқан тері желінді қысып керілтпейді. Әсіресе, жиырынды тері алды-артында болады. Емшек аса ұзын да, жуан да, қысқа да, жіңішке де болмасқа керек. Емшек ортасында буылтық болмасын және атқан оқтай түп-түзу төмен қарап тұрсын, қисайып тұрмасын. Емшек үстері бір-біріне жақындасып кетпесін. Сүттің көп шығуы желінге қанның көп құйылуынан. Жақсы қанды жеткізіп жаман қанды алып қайтатын тамыр «сүт тамыр» деп аталады. Бұл желіннен бауырға қарай шығады, көзге де көрінеді. Қолымен сипау былай тұрсын, неғұрлым жуан, бұтақты, іркілдеген қанды болса, сүттіліктің белгісі. Нағыз сүтті сиырдың сүт тамырының тарауы желінінің сыртында білеуленіп шығып тұрады. Сүт тамырдың қарынға кіретін орны щұңқыр келеді. Бұл шұңқыр «сүт құдық» аталады. Мұнын тереңдігі де, кеңдігі де сүттілігінің белгісі. Терендігін сүт құдыққа саусақпен басып өлшейді. Сиырдың жүні жоғарыдан төмен қарай жығық, желін ай- наласындағы жүн төменнен жоғары қарай жығық, екі жығықтың астасқан жері тақырлау, ашықтау келеді. Мұны «сүт айнасы» дейді. Неғұрлым бұл кең болып құйрыққа қарай өрлесе сүттіліктің белгісі.
(«Агроном»)
34. КӘПЕРАТСІЙЕ (КООПЕРАЦИЯ)
Коператсійенің шаруаға қандай пайдасы бар жана жастар қалай араласу керек? Әуелі бір азғантай кәператсійенің тариқи жайын айтып өтейін. Әрбір қалықты алып қарасақ, кәператсиенің өсу себебі шаруашылықтың күйзелу түріне қарай болған. Мәселен: Ангілиеде үлкен, жуан жұдырық байлар жұмыскерлерге үнемі еңбекақы бермей тарылтқан. Мұқтаждық көбейіп, жұмыскерлер ашыққан. Керек заттарын әрқайсысы барып алып келуге күші жетпеген. Соның үшін Оуен деген бір білімді адамы Ангілиеде 1854 жылы кедей, жалшы және жұмыскерлер арасында потребител дүкенін ашқан. Бұл дүкен жер жүзінде бірінші дүкен деп аталған. Себебі мұнан бұрын еш жерде потребител дүкені ашылған емес. Керек заттары болса, қолы жететін жұмыскерлер жана жалшылар осы ортасында ашылған өздерінің дүкендерінен орта арзан бағамен сатып алып тұрған. Әуелі Ротшел деген қалада ашылу себепті «Ротшел потребител дүкені» деп аталған. Кейінге кәператсийе жолын салғаносы: Оуен болған үшін бүл кісіні потребкәператсиенің әкесі деп атайды. Ангілиеден бөтен мемлекетке кәператсийе тарай бастаған, 1864 жылы біздің Ресейде Киноуский зауытында (Орал) жұмыскерлер арасында бірінші потребител дүкені ашылған. Мұны ашқан жұмыскерлер бастығы Шернышевский деген кісі болған. Киноуский зауытынан Ресейдің бөтен жағына жайылып көбейе бастаған. 1897 жылы Ресейде 18 потребител кәператіп арасынан ұйым (сойуыз) ашуға қаулы істеген жиылыс Мәскеуде болып, орны да жаңа сонда тағайындалған. 1898 жылы 16 ийуіндегі жарлық бойынша сойыузқабылданып, сонан потребител дүкендерінің кіндік сойуызы осы күнге шейін Мәскеуде болып келе жатыр. Мұны «жалпыресейлік сентрсойуыз» деп атайды. Сонымен әр жерде ашылған дүкендер саны көбейіп, 1904 жылға шейін сойыузға қосылған кәператіп 144-ке жеткен, 71.937 мүшесі жана істеген саудасы 350 мың теңге болған. 1905 жылы Ресей тоңкерісі мен жапон соғысы 1906 жылы кәператсійе санын азайтады. 1907 жылдан бастап, алға жүре бастап, 1914 жылы сойыузге кірген кәператіп саны 154-ке жетеді. Жергілікті калық дүкенін алсақ, саны 3012 болады. Барлық мүшелері 700 мыңнан асады. Белгілі әлеумет соғысы уақытында тсентрсойыуз жаңа жергілікті кәпертіптердің жұмысы ілгері баса алмайды. Себебі әуелі шаруашылық күйзеліп, екінші, кәператсийе жұмысын істеп жүрген мамандарымыз бөтен жұмысқа араласып, шаруашылыққа қарауға мүмкін болмады, бұлар мемлекет жұмысына жасырын кірісе бастады. Сонымен 1917 жылы ескі өкімет түсіп, мемлекет кедей жана жұмыскер қолына тиеді. Бұл төңкеріс қалыққа оңай тиген жоқ. Шаруа күйзеліп басын көтере алмастай, елге қиыншылық кіреді. Бұл түрде шаруашылық ұйымын ашу қиын болды. Сонда да кеңес өкіметі барлық қиыншылыққа қарамай, соғыс біткен соң шаруаны оңдауға кіріседі. Жұмыскерлердің жана кедейлердің тұрмысын жөндеуде болып, кеңес мемлекеті 1919 жылы (мартта) жаңа декірет бойынша кәператсійе жұмысын тағы ілгері жүргізеді. Бұл декрет бойынша кәператіп дүкенінде бар нәрсені халыққа текке үлестірмекші болады. Соңынан шыққан 1921 жылғы (7 апірелде) декірет мұны өзгертіп, жаңадан іске кіріседі. Бұл декрет бойынша текке нәрсе берілуін тоқтатып, барлық затты сататын жана сатып алатын болады. Бұл қалыпта сауда жүре бастап, іс ілгеріледі. Әуелі «кәператіп не нәрсе?» деп сұраушылар болар.Бұған кәператіп қалық ұйымы деп жауап беруге болады. Не үшін десеңіздер, кәператіп жалғыз бір адамның жүргізіп тұрған нәрсесі емес, кәператіп қалық арасындағы жарлы-жақыбайдың жана жұмыскерлердің мұқтажын тауып беріп тұратын ұйым дейміз. Кәператіп әр түрлі болады. Бұл жерде жалғыз потребител дүкенін ғана алып отырмыз; соның үшін бұл ұйымды ортақ қалық дүкені деп атайды. Осы күні біздің қазақ тұрмысын алып қарасақ, бұрынғы мал кетіп, көшпелі тұрмыстан отырықшы қалыпқа түсіп келеді. Бұлай болған күнде кәсіп түрі өзгерілмекші. Сондықтан ең әуелі кедей арасына потребител дүкенін ашу керек. Бұл потребител дүкенінің жұмысын алсақ, мұның міндеті – алыпсатарлармен күресу. Біздің қазақта жүн-жұрқа, астық, мал жаңа заттар бар, бұларды сату керек. Алыпсатарларға сатса, арзан баға беріп, шаруаның ақысын өздеріне қаратып, жеп қалады, бұл – бір. Екінші, әрбір шаруаның жайын алсақ, азғантай заты үшін матаның арзан жеріне барып ала алмайды. Шаруаның алыпсатарларға жем болатыны осы. Ал, егерде 20-30 үйдің арасында дүкені болып, бар затын дүкенге беріп, өздеріне киім-кешек жаңа бөтен шаруашылыққа мұқтаж нәрсесін дүкен арқылы алдырып тұрса, әуелі шаруа қолындағы зат тиісті жолына сатылып, өздеріне керек нәрсе арзан орта бағамен алынады. Екінші, алыпсатардың құлқынына түсетін пайда өздерінде қалады. Бұлай болған күнде шаруа ілгері жүреді.
(Қойайдарұлы)
35. КҮН
(Толстойдан) Қыс бойы күніміз төмендеп жүреді: сәулесін қиалап бір бүйірден жібереді. Сондықтан қыс жер жүзінде суық болады, жанды-жансыз заттың бәрі тоңады. Сұры кетіп табиғат солады; айдай әлем жансыз өлік сықылдыболады. Жарқырап әсем жаз келеді. Жер жүзіне жан енеді. Жылынып, жібімеген зат қалмайды, қыбырлап, қимылдамаған зат болмайды. Қар басына қысым түседі өндетіп мұз бұзылып, күрсілдетіп сең көшеді. Өрден төмен су құлайды; өксіп-өксіп бұлт жылайды. Судан бұлтқа бу асады, дүркін-дүркін жер бетін қара нөсер басады. Мұның бәрін істейтін кім? – Мұның бәрін істейтін – күн. Дән ісініп өсе бастайды, ескі түбірден бұтақтар тарап, жан-жаққа кете бастайды. Ағаштар көк жапыраққа орана бастайды, көк майса айағыңа орала бастайды. Мұның бәрін істейтін кім? Мұның бәрін істейтін – күн. Айыулар жатағынан шығады, шыбын-шіркей қысқы ұйқысынан тұрады, су ішінде маса туып, көбейеді, жылымен балықтар өсіп, өнеді. Мұның бәрін күн үлгереді. Кісі бөренеден үй салады, бөренені ағаш ішінен кесіп алады. Күн ағаш ішіне сәулесін түсіреді, сүйтіп, ағашты да күн өсіреді. Адам қыш кірпіштен үй салады, беріктікке кірпіштен ізбеспен байлайды. Ізбеспен кірпішті күйдірген отын, отынды әзірлеп қойған – күн. Адамға тары мен нан керек еді, бұлар күн күшімен өнеді. Адам малдың етін жеп, сүйегін кеміреді, мал шөппен семіреді, шөпті күн өндіреді. Керек деп адам нан жейді, жеген кісіні нан қыздырады, пеш отынмен жылынады. Қысқа қарай жұрт отын жиады, ол жиғаны күннің жылуы болады. Қыс пешке отын жақтым дегенің үйге күннің жылуын жібердім дегенің. Жылу тікелей күннің өзінен болады, иә отын мен көмірге, астық пен шөпке сәуле боп түскен күннің көзінен болады. Жел дермендер, от дермендер айналып жатады, астық тартады. Оларды кім жүргізеді? – Жел мен су. Желді кім жүргізеді? – Желді жүргізетін – жылу. Жылу қайдан шығады? – Жылу күннен туады. Бір жерден ауа жылып жоғары ұшады, оның орнына қарай басқа жерден салқын ауа жылысады. Сүйтіп, жел соғады, олай болса жел де жылудан болады, Суды да жел қуады, жылудың өзі күннен туады. Пабіриктер де жұмыс қып жатады, от арба мен откемелерді мәшинелер сүйреп зырқыратады. Мәшинелерді жүгіртетін бу болады, бу отыннан туады. Отын ішінде күннің жылуы тұрады. Қимыл жылудан туады, жылусыз жаның бір сағатта шығады. Міні, енді көреміз, тек жылу болса ғана қимылдап өмір сүреміз, жылу кем болса, қимыл да кем, жылу ден болса, қимыл да ден. Жылу өте күшті бол-са, қимыл өте күшті.
Сүйтіп, қимылдағаның мен жүргенің,
Жан болып өмір сүргенің,
Қыбырлап жерді басқаның,
Қайратым мол деп тасқаның –
Бәрі күннің арқасы,
Әйтпесе қолынан келмейді басқаның.
(Аударушы: Телжан)
36. ТАМШЫНЫҢ ТАРИҚЫ
Төсін керіп, көк теңіз айнадай жарқырайды. Бір топ тамшы күн шуақта жарысып ойнайды, дірілдейді, қалтырайды. Ішінде біреуі тым еркелейді. Жолдастарының төбесіне ырғып мінеді, мөлтілдейді. Бір кезде ерке тамшының бұлтқа көтерілгісі келді; биіктен теңіз бен жерге көз жібергісі келді. Ерке тамшы күнге жалына бастады: «Тілегім бер, жоғары көтер», – деп қақсады. Жарық күнге нәрестенің ерлігі ұнады – тамшығақарай сәулелерін қуады. Сәулелер тамшыны қыздырды, қойнына қысты көзге ілінбейтін бу болып, тамшы аспанға ұшты. Жалғыз тамшының жолда іші пысады, сондықтан оның жанына сәулелері тағы жолдастарын қосады. Ә дегенше тамшылар жоғары көтерілді, бұларды аспанға жел айдап жөнелді. Жел ышқынады, күрсінеді, теңіз үстімен ұйытқып келеді. Тамшылар қызықпен құстан да шапшаң шабады, көзді ашып-жұмғанша талай жерлер артында қалады. Бір кезде теңіз де көзден жоғалады. Ауылдарды, қалаларды, далаларды көріп тамшылар қуанады. Таңданып көрмеген жерін тамшы қарайды, сүйтіп,күннің батқанын байқамайды, түн болады. Салқын соғады. Енді тамшымыз қайда қорғалайды? Жерге түсіп гүлге орануға ойланады. Жайлап тамшы төмен ұшады, бір мезгілде будан шығып суға түседі. Сүйтіп, гүл жапырағының үстіне барып жатады, әр-беріден соң сарғайып белден таң атады. Көкжиектен күн көрінеді, қуанып тамшы сәлем береді. «Жарық күнім, мені ал, – дейді, көтеріп көкке тез бар», – дейді. Тамшы сөзін айтып болмай, бу боп көкке кетті, зулады. Талай жерді дем сәтте алды, тау, тас, дала артта қалды. Күн бек тыншу, өте ыссы еді. Ерке тамшы жолдастарымен жерге түсеміз деді. Бұлар күнге жалынады: «Бізді теңізге жіберсең не ғылады!. Күн бұлардың сөзін тыңдады, нәрестелерді біріне-бірін қосақтап жинады. Енді қара бұлт шығады, қалың тұман ішінде жолдастар біріне-бірі тығылады; ақырында үлкені тамшы болады, тамшылар төмен сорғалады. Нәресте тамшы жерге тырс етіп түседі, түскенінде шуылдап, сылпылдап, сырылдағанын құлақ есітеді. Бірақ адамдар масайрап күліседі: «Жаңбыр жауды» деседі. Тамшымыз келіп үлкен тасқа соғылады, ырғып түсіп басқа жолдастарымен қосылады. Тамшылар жиылып, сел болады. Сел жиылып, сай толады. Тамшы ілгері аға береді, аралап талай жерді көреді. Сол кезде қатынға су керек еді, шелек алып өзенге келеді. Шелекпен қатын су алады, тамшымыз шелек ішіне барады. Сумен қатын кір жуып, жайып қойады, күн көтеріліп, тамшымыз тағы бу болады. Бу көзге ілінбей, жоғары шығады. Көкте мұны тағы жел қуады. Көп уақыт тынбай тамшымыз жолаушылайды. Енді күн мұны көпке шейін тыныштандыруға ойлайды. Жел ойнақтап тамшыны батысқа ала жөнеледі. Тынбай ілгері айдап келеді, тамшы да бірге ұшып кетеді. Бір кезде жалпақ ақ даланың үстінен өтеді. Бұл жеріміз Қазақстан еді. Қыс болып, жер бетін қар басқан еді. Тамшы қатты тоңа бастайды, тоңып түсі оңа бастайды. Тоңа, тоңа қатайады, жалтырайды, ағарады, жепжеңіл әдемі жұлдыз бола қалады. Түйдек-түйдек ақ жұлдыздар төмен түседі. Адамдар «қар жауды»деседі. Кішкене жолаушымыз далаға түсті. Қатты ұйқыға кірді суық жел есті – жарты жылдай тамшы ұйқымен болады. Бірте-бірте күн ұзарады, бір кезде жылы жел соғады. Күн қыздырып, қар еріп, ағады. Қатқан тамшы тағы суға айналады. Тамшылар бірігіп көбейе бастады, сай- саламен жүгіре бастады. Лайланды, шуылдады, бұлдырлады, ақырында жыраға келіп құлады. Жолшыбай бұларға басқа тамшылар құлайды. Бірте-бірте өзен ұлғайды. Бір кезде бұлар үлкен өзенге жетеді. Алдымен таныс тамшымыз өзенге жүгіріп келіп беріп кетеді. Ормандар, қалалар, таулар артта қалады, сылдыр қағып тамшылар әлі тынбай жүгіріп барады. Бір кезде көрінбей жер де артта қалады. Өзеннің уақ толқындарына таудай-таудай ашшы толқындар қарсы шығады. Жолаушылап қайтқан балаларын теңіз құшағын жайып қарсы алады, қуанады, күледі; сүйтіп, тамшымыз тағы үйіне қайтып келеді. Көрген-білгенін туғандарына келіп, сөйлейді.
(Аударушы: Телжан)
37. ДҮНИЕ ҚАНДАЙ?
Атақты есепші Ейлер діншіл еді. Берлиннің бір молдасы Ейлерге: «Қалық діннен айрылған: мен шіркеуде дүниені қандай тамаша қылып Құдай жаратқан десем, өткен пилосоптардың айтқанын айтсам, дін кітабының анасы «Библиа» сөзін сөйлесем, жарты кісі мені тыңдамайды, жарты кісі не қалғып кетеді, не мен сөйлеп тұрғанда, шіркеуді тастап шығып кетеді», – деді қамқор молда. Сонда Ейлер молдаға: «Ескі пилосопты, «Библианы» жауып қойып, осы күні дүниеге білім қалай тарайды, соны жұртыңа айтып қарашы. Ел құлақ қоймаған насиқатқа грек пилосопы Анаксагор айтқан деп, күннің үлкендігі грек аралы Пелепенстей деген шығарсың, енді екі де екі 4 болса, осындай анық есеппен есептеген күн жерден бір миллион үш жүз мың қайтара үлкен (1.300. 000). Он пұт бидайды бір жерге төгіп жаңа бір бидайды тастаса, көп бидай күн, бір бидай жер болады. Иіупитер 1300, Сатурн жұлдыздары 900 қайтара жерден зор. Жұлдыз бен жұлдыз арасы, жер мен жұлдыз арасы шақырыммен өлшеуге келмейді, мұның кезі күннің жарығының жүйріктігі болсын, күннің жарығы бір секондте 288 шақырым жүреді. Ал енді мынаған қараңыз: бір жұлдыздың жарығы жерге шейін 3 жылдан кем жүрмейді. Ал тағы көп жұлдыздар бар: бұлардың жарығы жерге шейін он, жиырма, елу, жүз жыл жүреді. Сонда жерге жетеді. Тағы мынаған қараңыз: кей жұлдыздар жоғалып, ұшып кеткеннен кейін неше мың жыл жердегі бізге көрініп тұрады. Жоғалардағы жарқ еткен жарығы неше мың жылда ғана жерге келіп жеткені сол болады». Ейлердің молдаға берген ақылы осы. Бір күні мөлиіп молда Ейлерге келіп: «Ай, Ейлер-ай! Адам баласы шіркеудің, Құдайдың қадырын ұмытты. Мен сенің айтқаныңды қылып едім, мені құрметтеп қабыл алды», – деді молда.
Сүйтіп, дүние біздің жерден үлкен көрінеді. Ал жер қандай?
Жер жұмыртқадай домалақ. Жерді тап ортасынан тесіп, өлшесек бір шеті мен бір шеті 12 мың шақырым болады, жердің белдеуі 38 мың шақырым болады.
Ай қандай?
Жер Айдан 49 қайтара зор. Ай мен жердің арасы 360 мың шақырым. Тоқтамай бұлаң құйрықпен отырған қазақ 7 жылда Жерден айға барар еді. Күн мен жердің арасы шақырыммен санасақ, саны оқуға қиын сипыр болар еді. Сағатына 60 шақырым жүретін темір жолдың арбасы тоқтамай жүре берсе, 266 жылда Жерден күнге жетер еді. Бір шақырымға бір тиін алса, темір жолдың белеті бір мілліон 400 мың сом болар еді.
(Қыр баласы)
38. ЛЕНИН
Адам баласының тариқына қарасақ, әр қалықтың өз заманында белгілі бір көш басшысы болған. Әр заманның өзіне ылайық, білгір, жүйрік, данышпандары шыққан. Бұлардың қай-қайсысы болса да, әділдік заңының таразысына тартылғанда, бірлі-жарымы болмаса, көптің тағдырын шешкен, шын адамшылыққа баға бергендері аз-ақ еді. Осылардың бәріне, шетінен қылға тізіп баға беріп өткенде, кешегі атағы жер жарып шыққан, В.И.Ленин-Улианов деген кісі, бұ заманның пайғамбары деуге болатын еді. Сабаз бүкіл жер жүзінің езілген, кедей, жұмыскер табына адалдық, адамдықтың жолын ашып, бостандық әперіп, дүние жүзін жауыздық қаптап, бұзықтық өрбіген, уақытта, бұлттан шыққан күндей болып, жылағайды күлдіріп, талайды масайратқан қайран ер! Осы 24-інші жылы дүйсенбі күні 21-інші ғинуарда опат болды. Ленин жолдас бұдан 54 жыл бұрын 2-нші Александр патшалық құрып тұрғанда, Сімбір қаласында 1870 жылы туды. Ленин жасынан-ақ талапты, өткір, жігерлі болды. Қолға алған ісін айақтамай тынбайтын, ынталы, тағанды, қандай іске болса да тексерулі болды. Оқуды әуелі гимназиада оқыды. Гимназианы бітірген кезде, оның үй іші бақытсыздыққа ұшырап, патшаға қарсы болғандығы үшін, ағасы Александрді 3-ші Александр патша дарға асып өлтірген. Ағасы өліп, Ленин қажи қоймады, қайта онан жаман залым өкіметтің қармағынан құтқаруға, кедей, жұмыскерлердің арасында қызмет істей бастады. Ол сол уақытта Қазан университетіне түсіп оқыды. Оқуының алғашқы жылдарында-ақ өкіметке қарсылық жасаған студенттердің ісіне қатысқаны үшін, университеттен қуылып, Кукушкин деген жерге жер аударылады. Қанша бейнет көрсе де, қоймай жүріп 1891-1892 жылдарда емтиқан ұстап, университета бітіріп кетеді. 1894 жылы Петербор келіп, жұмыскерлердің арасында бірнеше ұйым ашып, өзінің тілектес жолдастарымен бірге қызмет етеді. Политсиа бұлардың соңына түсіп, ақырында қолға түсіп, жеке-жеке тұтқын қылып жолдастарын абақтыға жабады да, Ленинді Сібірдегі Лена деген өзеннің бойындағы жерге айдап жібереді. Бұ кісінің Ленин атануы да, әлгі Ленадан шықса керек. Бұл оқиғасы 1895-1897 жылдарда, бұл жүрісінде де Лениннің қалықты қысымшылықтан құтқару үшін еткен қызметі жұмыскерлерді сотсиализм жолымен таныстыруы, шығарған кітаптары толып жатыр. Айдалса да, жай жүрсе де, өмірін жұмыскерлердің арасында өткізді. Сол жүргендегі уақытын кітапқана, газет, жорнал редактсиасында алатын болды. Одан 1900 жылдарда, шет мемлекеттерге барып «Ұшқын» дейтін газет шығарады. Лениннің бұл газеті талайдың көзін ашты. Ленин бұл газетінде сотсиализм жолында марксистпін деп жүрген мырзалардың адасқандығын айқын ашып беріп, жол көрсетіп жүрді. Олардың түбінде шын марксист бола алмайтындығын біліп, 1903 жылғы Швейтсариада болған сотсиал-демократтардың жиылысында көпшілік жағын алып, өзіне ергендерді бөліп әкетті. Бұдан кейінгі Лениннің істеген жұмыстары толып жатыр. Лениннің атылған оқ, шабылған қылыштың астында жүріп, жауыздықпен алысуы босқа кетпей, 30 жылдай өмірін өксітіп салған жол, көрсеткен үлгісінің арқасында, күн шығыс қалқына, оның ішінде жердің алты бөлігінің бірін билеген Ресей қалқына бостандық туғызып, құрдастық, туысқандық туын тікті. Коммунизм жолын бастап шығарған Маркс десек, түйінін шешіп, тотын аршып, қазып шығарған Ленин болатын. Лениннің білімін, ақылын басқа адамға балауға болмайды. Лениннің кім екенін, оның қызметін, әділдігін түгел жазсақ, үлкен бір кітап жазу керек болады.
(Сәрсенбі ұлы)
39. ЛЕНИН ЖӘНЕ ОРТАҚШЫЛ ПАРТИАСЫ
Ресейдің ортақшыл партиасының тариқы Ленинмен байлаулы, үйткені партияны бастап партия қылып құрып, жөнге салып, неше түрлі қатерлі замандардан шаң жұқтырмай алып шығып, октебір төңкерісінен соң ортақшыл партиасын өкіметтік партиа болуға жеткізген Ленин жолдас еді. Осы күнгі ортақшылдар партиасы әуелден бұл атақпен жүрген жоқ. Бұрын партианың есімі «Жалшылардың сотсиал-демократ партиасы» деген еді. Ертеден-ақ бұл партиа екі жолға түсіп кетті: меншевик және болшевик жолы. Меншевиктер – жалшылар әлі тап болып жеткен жоқ, соның үшін Ресейде жалшылар төңкерісі де болуға мүмкін емес. Төңкеріс байлардыкі ғана болады, жалшылар соларға көмектес болып, бірлі-жарымды шаруалық мақсаттарды ғана көздеу керек жана партиаға мүшелікке партианың жолын танып, партиалық салымды өтеген кісі алынсын деді. Ленин: Жоқ, жалшылар тап болып жетісуге айналды. Ресейде жалшылар төңкерісі ғана үстем болуға тиісті. Төңкерісте жалшыларға байлар жолдас болмайды. Патшадан жана алпауыттардан тайақ жеп жүрген қара шаруалар ғана жолдас болады. Партиалық салымды өтеген кісіні ғана алуға болмайды. Онда партиаға кім болса сол кіріп, партианың таптық сипаты жойылады. Партиаға мүше болушы партиа ұйымдарына қызмет етуге міндетті болсын, сонда ғана партиа шын төңкерісшілер партиасы болады», – деді. Ондағы Лениннің мақсаты партианы жаман адамдардан сақтап, шын таптық төңкерісшіл партиа қылып шығару еді. Осындай сайасатпен ғана бөтен жалшылар партиасымыз дегендер тозып, жалшылардан сырт айналып, майданда байлар жағына шығып кеткенде, жалғыз-ақ болшевик партиасы жалшылардың тап күресін басқарып, жолдан таймастан келді. Кейбіреулер партианы жоғарыдан билеп-төстеу керек емес, еркіншілік болсын дегенді шығарды. Бұған да жолдас Ленин тиісті төтепкі берді. Мұндай қысылшаң, тар заманда партианы бос ұстау, партианы дұшпандар жойсын деген. Партиа жаңа партианың басқарған жалшылар табын сүйген төңкерісшіл партиада қатаң тәртіп жүргізу керек деді. Бұған шыдамай қобалжығандарға Ленин қолды бір-ақ сілтеуші еді. 20 жылдай партиа көсемі болып, жолдас Ленин осы ұстаған негізгі жолдан танбастан келіп, заманының өзгеруіне қарай, партианың өзі ара аралас қатынас жаңа партианың партиадан тыс жалшылар, қара шаруалармен қатынасы туралы істі замананың жағдайына қарай жаңылмай, дәл орындаумен келді. Меншевиктер талай Ленинге қарсы үгіт ашып, жалшыларды өздеріне аудармақшы болды жана жалшылардың да қобалжыған уақыттары болды. Бірақ нақ төңкеріс күресіне келгенде іс жүзінде жалшылар кімнің дос, кімнің қас екенін айырып шыға келуші еді. Сонымен ғана жалшылар октебір төңкерісінде меншевиктерден сырт айналып (шынында меншевиктер жалшылардан сырт айналып кетті), болшевиктер артынан кетті. Жолдас Лениннің ұстаған осындай қатаң, жолдарының арқасында партианың абыройы артып, өзі де күшейіп, неше қысылшаң уақыттардан шаң жұқтырмастан таза таптық партиа күйінде келді. Жиырма жылдай партианы басқарып жүргендегі Ленин жолдастың өзгертпестен ұстаған жолы: партианың кеулі болған құрылыс ұйымдарын жана қатаң тәртіпті жоймау керек. Сонда ғана жалшылар үстемдігі сақталады.
(Жағыпар)
40. ҚУАНЫШТЫ КҮН
Бүгін 30-ыншы декабір. Не себепті болса да бір мейрам, бүгін кеңседе жұмыс жоқ, қол бос. Орынборда елдегідей ат үстіне мініп, ауыл қыдырып, көңіл сергіту жоқ болып, бұлайғы күнде өнемейін кеңсе жұмысы кісіні басыр жасайтындықтан, мейрам күні қадірлі таныстарыңа жолығасың, жүресің, қыдырасын, бірталай көңіл көтересің. Күн мейрам. Елегізіп, көңілім әр жолға бір талпынды. Күннің сәске уақыты. Көңілім енді түс болады, онан кеш болады, түн болады, ұйықтайтын уақыт келеді, ертең қайтадан кеңсеге барып, жұмысқа байланасың деп, қалған уақытты азсынып, көншімегендей, бір азырақ бой жазып, көңіл көтеріп қайтуға, бөлмемнен шығып, көшегежүрдім.Бүгінгі мейрамға бола болып тұрғандай, күн өте жылы, көшенің екі бетіндегі сиректеу-сиректеу теректердің басын зердің шоғындай көркем боз қыраулар ұстаған. Бассаң бетке соғылғандай жел жоқ. Жер бетіндегі кірлі қардың бетін боз қырау жауып, көшенің екі бойы жайып салған киіздей теп-тегіс. Тек қана ийуілдегі тас төбеге таман шақырайып келіп, ажырайып тұратын күн бүгін де әдеттегіше бесіндіктен бері шықпай, биік үйдің төбелерінің іргелігін бетіне ұстайды, тасаланады. Мені әбден сағынсын, болмаса ызалансын деп көңілімді біліп-қойғандай құрттай көрінсе, үйдің тасасына түсіп ала жоғалады. Бүгін бір жақта үлкен той болып жатқандай, ерсіл-қарсыл кісі тасып, соғылысқан езбозшіктер. Көшені қақ жарып, быж-быж етіп, жындай толкып гүрілдеген аптомобилдер. Бәрі де көшенің бұрмаларынан, атой беріп құрттай қайнап сапырылысқан. Күннің бүгінгі әсем тұрысын таңғынған сиақты, көшенің екі бетінде қарашадай қатар түзеп, әрлі-берлі қадаңдап басып жүріске түскен, өңшең әп-әдемі адамдар. Бәрі де көңілді, бәрі де шат. Қай бір жерлерде дырау етіп алдына қойған қазақ мектептерінің атағы. Бір кісінің баласындай, бір түсті киіммен киініп есіктерінің алдына қызыл керіске түсіп, сөз жоніне таласып жатқан балалар. Осының бәрін көріп келем. Көрген сайын әр түрлі ой, бойымды билеп, терең қиалға шомып келем. Көшеде келе жатқан сүлдем, көңілім қазақ сақарасын кезіп жатыр, осындай жақсы күнде қой соңына салған қазақ кедейінің баласына барып жүр. Кедейдің тұрба қондырып, терезесін жылтитқан, жападай қыстауын көріп жүр. Қазақ кедейінің қайткенде ұлтанды ел болып, бір орынға қалай қор төгерін, қазақ қызының не қылғанда көзі ашылып, қорлықтан құтылатын мүмкіндігін көздеп жүр. Тосыннан құлағыма көңілді лепілдетіп, қазақ Кызының сыңғырлаған әні естіле қалды. Әлдене деп тыңдай қалдым. «Қасірет-шерің жойылды, малға сату қойылды, көтер енді бойыңды», – деген сөз анық естілді құлағыма. Не екенін түсіне алмай, мына сөзге бүтін қазақ қызы жиылып келіп ән салғандай, қорлықтағы мен ойлаған қатын, қыздар да осының ішінде жүргендей көріп, қасымдағы кісілерді иығыммен қаға көшенің бұрмасына шықтым. Жүрегім жарылып кете жаздады. Орынбордың көшесін қақ жарып, қарсы алдына қызыл туды көтеріп ән салып келе жатқан қазақ қыздары, бұларды қошеметтеп сан-сапат кісі топ жасаған. Кең сақарада, жазық қырдың қиыр ұшына жететін қоңыраудай таза дауыстарымен бір ауыздан: «Қасірет-шерің жойылды, малға сату қойылды, көтер енді бойыңды», – деп, күңірентіп келеді, алдында қызыл ту. Қызыл ту желбірейді. Қазақ әйелдері қызыл туды бастарына көтеріп, көлеңдетіп келеді. Жүгіріп барып сұрап қалсам, бүгін 30-ыншы декабір, қазақ сақарасында қалың малды қалдыру, көп қатын алуды жойыу туралы әділ заңының шыққан күні екен. Қуанғаннан не дерімді білмедім. Көңілдегі шаттыққа шыдай алмай: «Қасірет-шерің жойылды, малға сату қойылды, енді көтер бойыңды», – деп, мен де бірге айқайлап, дауысымды қостым.
(Ғ. Сұлтан ұлы)
МАҚАЛАЛАР
ТАҒЫ ДА НАРОДНЫЙ СОТ ХАҚЫНДА
Народный сот жоғалса иә оның қуаты кемісе, талас кемір еді деген сөзді оқып, мен өз ойымды айтып өткім келеді. Менің байқауымша, сайлаудың қазаққа бәле болып жүрген себебі народный сотқа берген қуаттың молдығы емес, халықтың сайлауды сайлау деп ұқпағандығы. Сайлауды қазақ бір ерегіс деп ұғады. Солай ұғатыны сайлауға «талас» деп ат бергеннен де көрініп тұр. Ерегіс деп ұққан соң, сайлаудың мағынасы жалғыз-ақ жеңу мен жеңілуде деп біледі. Мұнан басқа сайлауда мағына бар, яғни жұртқа келер пайда, яки сор бар деп білмейді. Сайлауды ерегіс-талас деп ұқпай, сайлау мағынасында ұқса, талас дерті мұндай зораймас еді. Қазақ мұнша арып, шіріп, азбас еді. Би, болыс, ауылнай сайлауы шыққанға 40 жылдан асты. Сонша жыл сайлауды көріп келе жатып, ойға қалған қазақ аз шығар: «Сайлау атыстырып, шабыстырып, таластыруға шығарған нәрсе ме, яки мұның басқа бір мағынасы бар ма?» – деп. Сайлаудың мағынасын білетұғын жұрттар талас демейді, сайлау дейді. Народный сотты жоқ етсек, болыстық, ауылнайлық қалады. Оларды сайламаймыз ба? Сайлауды талас мағынасында ұғып тұрғанда, олар үшін талас болмай ма? Кім білсін, қазаққа депутаттық, мүфтилік беретұғын күн болар. Солардың бәрін өзіміз сайлап оңдыра алмаймыз, бізге болысты, ауылнайды, мүфтиді, депутатты хүкімет өз қалап қойсын демек керек пе, яки басқа жол керек пе? Менің ойлауымша, басқа жол керек. Ол жол – сайлауды талас емес, сайлау деп халыққа түсіндіру, құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру. Сайлауды сайлау деп білсе, пайдасына баспай, зарарына неге жүрсін? Зарарын біліп тұрса, хайуан да жоламайды. Қазақ хайуан құрлы жоқ па? Сайлауды сайлау мағынасында тұтынбайды да, қазақтар: «Сайлау бәле болды», – дейді сайлау рас бәле болса, білімді, өнерлі халықтар ісінің бәріне басынан бастап, аяғына шейін неге сайлау кіргізді? Сайлауды өз мағынасында алып қарап көрелік, бәле болып табылар ма екен? Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр. «Адам баласы ғой, пайдасын, зарарын айыра білер, өзіне-өзі қастық ойламас. Жұртқа жағымды, пайдалы болар – зарары тимес деген адамдарын өздері сайласын. Зарарлы болар деген жер иесі адамдарын өздері де сайламас», – деді де, хүкімет қазаққа сайлау берді. Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса, яғни «мынау – халыққа тынышты, пайдалы, зарарсыз адам, анау – бұзық, зарарлы, зорлықшыл, қиянатшыл адам» деп, тексеріп, таңдап сайласа, сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай, «мынау туғаным-тұқымдасым я құда-құрмаласым» деп, иәки «мынау анадан пәлендей сомын артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол – сайлау емес, құр талас я сауда. Талас болған соң, таласқан ит бірін-бірі аяй ма? Сол сықылды, жеңген ит жеңілген итті қандай талайды, – талас біткеннен соңғы қазақтың істейтұғын істері де сондай болады. Талас жұртты бүлдірді деп, жұрттың бәрі де шулайды. Таластыратұғын – жұрт, атыстыратұғын – жұрт, өзі таластырып, атыстырып отырып, жұрт сайлаудың мағынасын білсе, қалай еткенде тыныштық болады дер ме еді? Жұрт тыныштық ойласа, тыныштықтың тұтқасы өз қолында емес пе? Жұрт өзіне тыныштық, зарарсыз адамнан ауылнай сайласа, көптің пайдасын, өз басының пайдасын көздеп, ақшаға сатпайтұғын адамнан елубасыларын сайласа, бұзық би, бұзық болыс шығар ма еді? Әлбетте, шықпас еді. Олай болғанда, біздің дерттің тұқымы народный сотта емес, халықта жатыр. Бұзық билер, бұзық болыстар сыртқа шығып, көзімізге көрінген дерттің іріңі, шірігі. Іріңін, шірігін сүрткенменен, тұқымы жоғалмай, ауру кетпейді. Сайлау қазаққа балалардың асық ұтысқан ойыны сықылды көрінеді. Қарауылшыл, зорлықшыл болса да, одақтасы ұтса екен дейді. Халықтың пайда, зарары асықтай елеусіз нәрсе ме? Пайдалы адамды сайлау менен зарарлы адамды сайлау арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азды? Өз басының уәдесі табылып, ақша алып тұрған кезде, иәки жақынын сайлап, дегені болып тұрғанда жақсы болып, бар мақсаты табылғандай көрінеді, жалпақ жұртты алып қарағанда, жұрт жұрт болмай, азып бара жатқанын көреді. Халал, харамды талғамай, жақыным деп я ақша берді деп, би, болыс сайлайтындардың өздері де айтады, «жұрт бұзылды, сайлау бәле болды» деп. Өзінің не істеп отырғанын білсе, солай деп айтар ма еді? «Народный сот – жаман, жоқ қылу керек» дейміз. Народный соттың орнына болатұғын сот қандай боларына көзіміз жете ме? Бұл сотымызда туралық болмай жүргенін хүкімет білмей жүр ме? Білсе де, народный сотты жоқ қылып, өзге сот беруден тартынады. Ол сот народный соттан артық болып табыларына көзі жетпейді. Надан судиялардың орнына ғалым судиялар жіберер, бірақ ғалым болғанменен, қазақ жайын білмесе, расына жетіп іс қыла алмас. «Орысқа өтірік айтсаң, құтыласың» деген қазақта сөз бар. Орыс шенеуніктері расына жетіп, дұрыстықпенен істейтұғын болса, бұл сөз қайдан шығып жүр? Қазақтың лауазым иесі адамдарының жолсыз істері народный сотқа емес, казенный сотқа тиісті; казенный сотпенен мақсатқа жететұғын болсақ, би, болыс, ауылнайлардың бұзықтығын, қиянатшылдығын неге тыймай жүрміз? Енді қалай етпек керек дейміз ғой. Народный сот дегеніміз қазақтың ғадетіндегі қағидалар бойынша айтылатұғын билік. Бұрынғы әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді, бұл күнгі арам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у болып жұғып тұр. Дәрі жаман ба, дәрігер жаман ба? Дәрі жаман болса, басқа дәрі алу, дәрігер жаман болса, басқа дәрігер шақыру дұрыс емес пе? Бір дәрігердің қолында талай ем болып сыналған дәрі екінші дәрігердің қолында ем болмаса, шипа дәріде емес, дәрігерде. Олай болғанда, дәрігерді жаңалау керек, яғни билерді жаңарту керек, мұны істеу оңай болмас. Көп еңбек, көп уақыт керек болар, бірақ сонан шыққан жеміс дәмді һәм жұғымды болар. Бойға сіңіп, ескіріп, үйреншікті болған ауру тез жазыла қоя ма? Сол сықылды нәрсе ғой. Қазақта білімді адам жоқ емес, көп, бірақ солардың көбі, құты, бәрі білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген. Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де, келістіріп істейді. Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де, халық оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті. Өзге жұрт білімді бұзықтыққа жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйінеміз. Бұл адасқандық емес пе? Жаман іс әркімнің қолынан келеді, жақсы іс қолдан келуі қиын. Біз қуаттап, қостау керек жақсылық істі емес, жамандық істі өнер көруіміздің жөні жоқ. Бұзықтықты қуаттап, көкке көтерсек, бұзықтық өсіп, көбеймей, кемір ме? Халық бұзылмай, түзелер ме? Адасқанымызды байқағандарымыз, бетімізді түзу қойып, жөн мынау делік, ерген – ерер, ермеген – қалар. Адасқанменен бірге адаспай, тым болмаса өзіміз жөнімізбенен өлелік. Мұсылманша, орысша оқыған қазақ балалары білген жөнін не түрменен, не жолменен болса да халықтың құлағына жеткізуге тырысса, көптен не шықпайды. Айтқанымызды алатұғындар да, алмайтұғындар да болар. Сайлау кезінде жұрт жалғыз таласқанды көреді де, сайлаудың мағынасы талас екен деп ұғады. Асыл мағынасы ол емес, мынау деп ешкім айтпайды. Менің ойлауымша, «сайлау – талас емес» деген сөз қазақтың құлағына кіріп, көңіліне қонып, түсінсе, талас дерті басылар еді. Сайлаудың мағынасын түсініп сайлағанда, қандай сайлайтұғын түрін кешегі думаға депутат сайлағанда қазақ көрсеткен жоқ па? Мынау жұрттың пайдасына сөйлер я көздер деген дәмелі адамдарын сайлады ғой. Халықтың ойлаған жерінен сайлаған адамдары шықты ма, шықпады ма – ол басқа сөз, бірақ сол дәмелі адамдардан жалғыз қазақ емес, өзгелер де үмітті еді. Барын сайлады, басқасы болып, сайлай алмай қапыда қалған жоқ. Сайлаудың бәрін солай түсініп сайласа, таласқа орын аз болар еді. Біз хүкіметтен сұрарлық мұң-мұқтажымыз көп. Сұрағанымызды беруге жалғыз мұқтаждығымыз шарт емес, хүкіметтің өз есебіне дұрыс келу де шарт. Біз сұраушы, ол беруші. Сұраушы сұрағанменен, берушінің жайы, ықыласы біледі. Народный сот – өзіміздің қазақы билігіміз, өз нәрсемізден өзіміз безіп, құтқар деп сұрамай, бізге жөн сұрауға керек жат нәрсе жағымсыз болды деп. Билердің абақты кесетұғын билігі – қазақтың әдетінде жоқ жат нәрсе. Басқа шүберектен қойған жамау сықылды, қолайлы болар орны жоқ. Билер орыс законын білмейді, абақты кесу турасында қазақта қағида жоқ. Закон білмесе, қағида жоқ болса, билер не жолменен абақты кеседі? Әрине, жолсыз кеседі. Жолсыз болған соң, олар не хакім?! Екінші, народный сот турасында істерлік іс; народный судияларды бетіменен жайылтпай, қазығынан айналтып ұзатпасқа ғамал. Қазақта қандай оқиғалар турасында қандай қағидалар бар – жиыстырып, кемі болса, толықтырып, ескірегі болса, жаңартып, я ақсақалдар, яки народный судиялар сондай қағида қазақта барлығын куәландырып, тиісті орынға бекіттіріп, бастырып шығарса, билерге ол қазық болар еді. Осы күнгі билер қағида бойынша істемейді, ойына келгенін істейді. Қазақ қағидасын жийу оңай жұмыс емес, бірақ ниет болса, қолдан келерлік жұмыс. Әр жерден «Айқап» сықылды бір жерге жиыла берсе, жиылып болған соң қағида, шариғат, низам білетұғын адамдар бас қосып, жиылған нәрсені қарап, қолайлысын алып, қолайсызын қалдырып, кемін толықтырып (шариғаттан, низамнан алып), жоғарыда айтылған ретпенен бекіттіріп, «Қазақ қағидасы» деп шығарса, соған муафик салған билік хүкім болып, оған халық билік хүкім болмаса, судиялар бетіменен жайыла бермес еді деймін.
Айқап, (Қазақ 1913 ж.)
ҚАЗАҚ һӘМ 4-ШІ ДУМА
«Айқап» оқушыларға мағлұм: төртінші думаға қазақ депутаттық сұрау керек деп жазылғаны. Бірақ ол сөзді ескеріп, депутаттық сұраған ешкім жоқ. Бұл қазақтың еш мұңы һәм думада еш жұмысы жоқтығы емес, алаңсыз ұйықтап жатқандығы. Қазақтың халі не болары белгісіз: қазақтың жері турасында бекіліп закон шыққан жоқ. Төртінші Дума арқылы бес жылдың ішінде талай закондар шығар. Олардың ішінде қазаққа деп арнап шығарылған, яки қазаққа келіп ұшығы тиетін закондар шықпай қалмас. Сондай орындарда қазақтың өзінен барған депутаттардың пайдасы тимей тұрмас еді. Оны ойлаған қазақ болмады. Ондай нәрселерді ойлауға қолы да тимейді. Өз араларындағы дау-шары басқаға мойнын бұрғызбайды. Елдің бір жағын жау шауып жатса, екі қазақтың ерегесі оған барғызбайды. Ізденіп, сұранып депутаттық алып, ол жолменен қазақ Думаға кірмейтініне көз жетті. Басқа жұрттар сайлауға даярланып жатты. Орынборда тұрған қазақ азаматтары ішінде Түркістан жағынан келген Қоңырқожа Қожықов бар, ақылда-сып, басқа жолменен қазақтан депутат болу жайын қарастырдық. Ақырында, Орынбор шаһарынан сайланмыш выборщиктің біреуін қазақтан сайлаңыз деп, ноғай туғандардан сұрамақшы болдық. Бұл ойымызды «Уақыт» адресіндегі18 адамдар да мақұл көріп, Орынбор сайлаушыларына жазған ашық хатымызға газетасынан орын беріп, ағайынды жұрттың бір-біріне еткен ұмытылмас сыйы болатындығы, бір-біріне махаббаты артылуына себеп боларлық нәрсе екендігін халыққа ұқтырмақшы болды. Хатымыздың сөзі мынау еді: «Құрметті діндес, қандас сайлаушы әпенділер! Баршаңызға мағлұм, үшінші иуін19 кануны бойынша жеті облыс қазақ жұрты дәулет Думасына өкіл сайлау хұқынан мақрұм болғаны. Өткен 3-ші Думада қазақтар хұсусында сөз болғанда, мұсылман өкілдері, оғайрилар, қазақ сөзін сөйлемек, қорғамақ ниеттері болса да, жайын-күйін жақсы білмеген себепті, әсерлі һәм дәлелді еш нәрсе айта алмады. Бұ болашақ 4-ші Дума қазақтарға тағылықты хүкімет тарапынан проектілер кіргізбекші. Олардың тіршілігінің таянышы – жер мәселесі турасында проектілер қаралмақшы. Жоғарыда айтылмыш 3-ші иуін законы бойынша қазақтар бұл Думаға да депутат жіберу хұқынан мақұрым. Хал мүшкіл: соңғы жер проекті қаралғанда қазақтардан өкіл болмайды, басқа өкілдер олардың халін жақсы түсіндіре алмайды. Сондықтан бұ Думаға бір ғана болса да қазақтан өкіл кіру бек қажет. Әгерде мұсылман қарындастарымыз қазақ халінің мүшкіл екендігін ойлап, мархабат ететін болса, Орынбор шаһарының өзінен қазақтан бір өкіл кіргізуге мүмкін. Қысылған жерде қарасу, қиналған жерде болысу адамшылықтың, мұсылманшылықтың ең жоғары дәрежесінен еді. Шафқат деген нәрсе бар болғандықтан, біздер, Орынбор шаһарында тұрған һәм сайлар хұқықына мақұрым болған қазақ зиялылары, діндес, қандас қарындастарымыздан өтінеміз. Орынбордың екінші корнесінен сайланатын выборщиктікке қазақтардың біреуін сайласаңыз екен. Егер мұсылман қарындастарымыз бұ өтінішімізді қабылдаса, орыс сайлаушылар да қарсы келмес еді деген үміт бар. Қазақтан сайланатын депутат қазақ интерестерімен қатар барымызға матғұлық ғұмими мұсылман интерестеріне тырысатыны, мұсылман фракциясында болып, қызмет ететіні шүбәсіз. Татарлардан Уфа, Қазан губернияларынан бірнеше депутат бар. Енді Орынбордан болған бір орынды бізге мархабат еткеннен Сіздерге кемшілігі болмас. Әмбе алты миллион діндес, қандас қарындастарыңызға мәңгілік ұмытылмас бір ағайыншылық еткен болар едіңіздер». Бұл өтінішімізді естіп, Түркістан шаһарынан «Уақыт» адресіне Шымкент уезінің қазақтары Байтереков, Қарынбаев, Алдияров, Махмұт Шариповтар телеграмма соқты. Телеграмма сөзі: «Біз, Шымкент уезінің қазақтары, Орынбор мұсылмандарынан өтінеміз – бізге қарындастық етіп, жәрдем қолдарыңызды созып, Думаға бір қазақ сайлауыңызды, Орынбор губерниясындағы мұсылмандардың бұл еткен жәрдемі қазақтарға бек қымбат тарихи бір белгі (сый) болар еді». Ноғайлардың ашық пікірлі адамдары: «Жолымызды қазаққа берелік, бұл бұйымнан емес, хұқықтан қарасып берген сыйымыз тарихтың жүзінеде, қазақтың көңілінде қалатын нәрсе», – деді. Қараңғы пікірлі адамдары бұл істің асылына ой жіберіп қарамады. Қараңғыларға басшы болушы молдалар ғой, олар да: «Қазақ қандас қарындасымыз еді, бұлар депутатсыз қалып барады, жолымызды берелік», – деп айта алмады. Өздерінің қолайлап жүрген адамы Ғеси мырза Енекеевтен айрылмады. Енекеев мырза да: «Қазақ қарындасымыз үшін мен жолымды қиямын, менің орныма қазақтан біреуді сайлаңыз», – деп айтпады. Осы себептермен Орынбор шаһарынан қазақтан выборщик сайлана алмады. Төртінші Думаға қазақ депутатын кіргізуден үміт үзіп тұрғанда, Троицк шаһарындағы мұсылмандар Жансұлтан Сейдалинге выборщик бол деп еді, Сейдалин қабылдамай тұр деген сөз естілді. Мұны естіген соң, Орынбордағы қазақтар Жансұлтан әпендеге телеграмма соқтық: «Троицк мұсылмандарының выборщик бол дегенін қабыл етіңіз» деп. Жансұлтан әпенді выборщик болып Орынборға келген соң білдік: «болмаймын деп тұр» деген сөз бекер екен, выборщик болуды әуелден-ақ қабылдаған екен. Выборщик болған соң, ойлап едік: депутат болуға да ойы бар шығар деп. Ондайы жоқ екенін Орынборға келген соң білдік. Депутаттықтан тартынатын себебі: пенсия алуға үш-ақ жылы қалған екен. «Депутат болсам, пенсиядан айрылып қаламын. Екінші, бұл Думаның ағзаларының көбі қаражүздерден20 болайын деп тұр, ондай Думада қазаққа не пайдалы іс етемін», – деді. «Осы көптен маған не тиеді» деп, тойдан қайтып кеткен сықылды, мұнысы дұрыс емес, бірақ шыны пенсиясын қимағандық болды. Жолын Енекеевке беріп, Орынбордағы олай-бұлай жұмыстарын жұмыстап қайтты. Қысқасынан айтқанда, қазақты жатып жеген де, сатып жеген де төрелер еді. Мойнындағы борышын біліп, төлеуді ойлайтын төрелерден болып табылмады, «қатын ерге қарайды, ер жерге қарайды» деген сықылды болды. Ашық пікірлі, тарақи21 жолындағы ноғайдың азаматтарына көп-көп рақмет, қазақтан депутат болуына күш салып-ақ еді, болмады. Өзімізге болмаса, өзгеге өкпелер жайымыз жоқ.
(1912 ж.)
ҚАЗАҚ ЖЕРІН АЛУ ТУРАСЫНДАҒЫ НИЗАМ
Қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөнмен алып, қай орынға көшіреді – оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. «Қазақ жол ретін білмейді», – дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді. «Мынауың жолсыз ғой», – деп, қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бәрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз жәбір көріп, әуре болып жүрген қазақтар көп. Қыстау салған жерінен айрылып, қыстайтұғын жаңа жерді общества бермей, жер алып беріп орналастыруға міндетті мекемелер оған қабырғасы қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл, төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай, отырарға орын таппай сандалып жүрген қазақтарды көз көріп тұр. Қазақ жерін алу турасында шыққан низам, бұйрықтарды қазақ білсе, осындай жәбір көрушілер азаяр еді деймін. Жол бойынша: қазақты қыстауынан көшірмей тұрып, жаңа жерден орын сайлап беруге міндет, қазақ көшкенде даярлап, шығарып, белгілеп берген жерге көшпек. Жаңа жер бергенше орнынан қозғалмасқа. Бұл жолды білмей, «мұжық қуып шығарды, пәлен қуып шығарды, отыра алмадық» дейді. Мұжық болсын, басқа болсын, низамнан күшті емес. Жолды іске көнуге, жолсызға көнбегеннен ешкім айыпты болмайды. «Үй-мүлкімізді көшіргенде дұрыстықпенен кеспеді, арзан бағалады» деп жүрген қазақтарды да көреміз. Осылардың барлығы да қазақтың жол білмеген нашарлығының кесапаты. Жалпақ жұрттың бәрі болмаса да, жалғыз-жарым азы да болса, пайдаланар деген ниетпен қазақтың жерін алу турасындағы шыққан низам, бұйрықтарды қазақшаға аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым бар. Қазақ пайдасындағы жердің артығын алу турасында шыққан низам, бұйрықтардың ең әуелі білуге керегі – 1909-шы жыл, 9-шы июнде Министрлердің Советі ұнатып шығарған насихат бұйрық. Бұл бұйрық қазақ жерінің артығын қарастырып, шығаратын мекемелерге көрсеткен көшесі, жолы, мұның бойынша істеген істер жолды, мұнан тысқары істелген істер жолсыз болсын деп 9-шы июннің бұйрығы 12 пунктке бөлінеді. Қай анте, қалай етпек жол деп айтқанын төменгі жазылғандардан қараңдар. Түсініксіз жері болса, әркім сұрасын. Ауған мұжықтарды қондыру үшін һәм мемлекеттің басқа керегіне қажет орындар алар үшін Ақмола, Семей, Торғай һәм Орал облыстарындағы жерлердің шамасын білмекке. Жасалып, 1909-шы жыл, 9-шы июнде Министрлер Советі ұнатып шығарған инструкция, яғни насихат бұйрығы:
1-пункт: қазақ пайдасындағы жердің артықтарын мұжықтарға патшалық керегіне шығару жолы Тобылск, Томск, Енесейск һәм Иркутск губерналарды жер кесуге шығарған низамның 22 24, 127, 129, 130, 134, 154-ші статьяларының жөнімен бөліп, осы насихат бұйрықтың 2-ші пунктінен бастап, 19-шы пунктіне шейін айтылған жолдардан тысқары кетпеске.
2-пункт: қазақ пайдаланып отырған жердің мемлекет билігі жер шығарғанда, қазақтардың қазіргі күн көріс халына қарай, шаруасына жетерлік жер қалдыруға. Қазаққа қалғанда жететұғын шамасын, өздерінің жерлес отырған ыңғайына қарап, тап-табына бөлек мөлшерлеуге.
3-пункт: қазаққа жетерлік жер деп шамалағанда өлшеуіш болатұғын сол жердегі қазақтың тәуір ауқатты деген үйінің шаруасына жетерлік жер. Бұлай еткенде, жердің қай шаруаға жарамды һәм қазақтың қай шаруасы қай қалыпты, яғни отырықшы болып, мал бағудан нағыз егінші болуға тұрмысы қанша жақын я алыс. Қыстаулық, жайлаулық жерлерін қазаққа бөлек қалдыру керек орындарында: қыстаулығын өз алдына, жайлаулығын өз алдына мөлшерлеп қалдыруға, жайлауда аз, көп отыруына қарай.
4-пункт: қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін Жер министрінің әміріменен әр түрлі жұмыстар болады: жердің түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, жанын, малын, шаруа қалыбын білуге. Мұныменен көрінеді: а) қаралмыш жерді шаруасы бар қанша үй пайдаланып отыр, арасындағы қонақтарды басқа көрсеткенде; б) қанша еркек жаны бар; в) бағы-латұғын қанша малы бар; г) жыртатұғын жері қанша, шабатұғын жері қанша; д) мал, егін, пішен елдің ауқатына қарай бөліп таратқанда қаншадан келеді; ж) қандай шаруаға, қанша жер қолайлы екендігі; з) судың даяр, даяр емесі; к) бір бас малды асырауға қанша жайылым, қанша шабын жер қажет һәм орта ауқатты шаруашылықпен күн көруге қанша мал жеткілікті.
5-пункт: қарастырып, сұрастырып, есептеп білгеннен кейін, жерді қай шаруаға жарамды түріне қарап тілім-тілім бөледі һәм әр тілімге өз алдына норма, яғни план десятина жер шаруа басына я жан басына деп, мөлшер істейді. Жасалған норманы генерал-губернаторға қараған облыстарда генерал-губернатор, ол жоқ облыстарда областной правлениелер Жер министрінің бас мекемесіне тапсырады. Өз ойларын қоса айтып, оны Жер министрінің мекемесі министрлердің советіне кіргізеді, бекіту үшін.
6-пункт: қазаққа мөлшерлеп қалдыратұғын жердің есебіне қолайсыз жерлер кірмейді. Мысалы: сулар, құмдар, ащы көлдер, керуен жүретін, мал айдалатұғын жолдар; бұл жолдардың ені жайлаулық жерде шақырым жарымнан аспайды, қыстаулық жерде иә қазынаға алынған жерлерде жүз сажыннан аспасқа.
7-пункт: жер ыңғайыменен бөлген жерлес ауылдардың шаруасына жеткілікті деп қалдырған жер жеткіліксіз болса, араларында малдары көп бай болғаннан һәм егетұғын егіні, шабатұғын пішені көптіктен, ол ауылдарға мұқтаждығына қарай шамалап, 5-ші пункт бойынша қалдырған сыбағалы жердің үстіне қосымша артық жер қалдыруға болады. Мұндай артық жерді қалдырар-қалдырмас билігі министрлердің советінде.
8-пункт: қазаққа жеткілікті жер қалдырғанда (5-ші пункттағы айтылған), көп ортасындағы жайлау жерді иә қыстау қасындағы жайылым жерді, сол арадағы жер кіндік елден басқа, көшпе, келімсек елдерде пайдаланып жүрген болса, сол жердегі шаруаға қалып етілмес мөлшерменен көшпелілерге де жер қалдыру керек. Олардың отыратұғын уақытына қарап һәм соңғы жылдарда көшіп келіп жүрген үйлердің санына қарап.
9-пункт: қазақтан артылған жерді патшалық керегіне алғанда, бұл алатұғын жерлер қазақпенен аралас болып, араларын үзіп, қатынастырмастай болмасын.
10-пункт: патшалық алатын жер мен қазақ пайдасына қалатұғын жерлердің жігін ашқанда, 11-ші пунктте айтылған орындарда болмаса, сөзсіз қазақтың өзінде қалуға тиісті нәрселер: а) қазақтардың орнығып, қора-қопсы, үй салып, қыстау еткен орнындағы жер; б) қазақтардың өз күшіменен қазылған арықтары, істелген бөгеттері (байланған тоғандары); в) жеміс ағашы егілген жерлері; е) егіндік, пішендік жерлер, егінге иә пішенге қолдан суарғандықтан жарап тұрған жер иә қолдан суарса жарағандай жерлер, қазақ пайдасына сол жердегі мұжыққа анте мөлшерменен қалынады, бұл ретте қазақтың жалға бермей, өз еңбегі сіңген жерлердің бәрі де ықтималынша қазаққа қалатұғын жер есебіне кіруге керек; д) адам қойылып келе жатқан зираттар, халық қадірлейтін молалар, низам жолымен салынған мешіттер, танбие: шаруа керегіне я өздері тұруға қазақтың уақытша салған қора-қопсы, үйлері тұрған жерлерді алуға бұл уақытша салған нәрсе тоқтау болмайды.
11-пункт: мұжық поселкалары сусыз я суға мұқтаж болған жерлерде, яки мұжық жерлерімен қазақ жерлері аралас, аттамалы (через полст) болатұғын орындарда, жоғарыда 10-шы анте а, б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлердің бәрі де қазақ пайдасынан алынады. Бірақ ондай жерді алғанда, сол болыстағы жерден, болмаса өзге болыстағы жерден жері алынатұғын қазақтарға, өз жерінде егіндік, пішендік жер алып бергеннен кейін һәм а, б, в харіптерінің тұсында айтылған еңбегіменен істелген нәрселерінің бағасын төлегеннен кейін алу тиіс.
12-пункт: қазақтың егін еккен я егін егейін деп даярлаған жері патшалыққа алынатұғын болса, ол жерлер егінін жеп алғанша бұрынғы иесінің қолында бола тұрады.
13-пункт: жерінен көшпекші .............................23 қазақтарға …….………… оғайри 10-шы анте а, б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлерін алғандықтан көрген зарары үшін, осы насихат бұйрықтың 14-16-шы пункттерінде айтылған жол бойынша, көшіруден бұрын ақша төлеу тиіс.
14-пункт: көшірмекші болған мүліктерді, алынбақшы болған жерлерді, су үшін жасалған нәрселерді, еккен ағаш, егіндерін жер жұмысының чиновниктері (производитель работ) қағидаға тіркейді. Ол қағидаға жазылады: а) үй иесінің есімі; б) жерінің түрі, ұста салған мүлкі, еккен ағаштарыменен; в) үй иесі, білім иесі адамдар, қазақтың жер жұмысының чиновнигі – бәрі қосылып, мүлікті жаңадан анте қонысқа көшіруге шығатын расходы; г) бұзу расходы, қайтадан орнату расходы, сынатын, бүлінетін шығындарыменен; е) су үшін қазылған арықтардың, байлаған тоғандардың (бөгеттердің), егіп шығарған ағаштар оғайри егумен шыққан жер түгінің бағалары. Бұл қағидаға басында болған мүлік иесі, жер жұмысының чиновнигі, басында болған қазақтың білімді адамдары қол қояды.
15-пункт: бұл тіркеу қағида, алынатын жердің жігін ашқан планымен, мүлік иелерінің сұраған хақысы шығыныменен – бәрі мезгілгі (временная) комиссияға түсіп, сонда переселенческий правиланың 145-149-шы статьяларының жолымен қаралады. Егер жер жұмысының чиновнигі тіркеген мүліктің кескен бағасының дұрыстығын анықтау қажет болса, мүліктің басына барып, қайтадан қағидаға тіркеп, қайтадан бағалайды.
16-пункт: мезгілгі комиссияның кескен бағасына риза болмаған мүлік иелері областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді, оның айтқан хүкімі – бітім.
17-пункт: жер жұмысының чиновнигі жері алынатын қазақтарға үй басына бір адамнан шақырып, волостной управитель һәм ауылнай старшинаның алдында жер алатын жобасын айтып естіртеді. Естірткеніне протокол жасалады, оған шақырылған қазақтардың, лауазым иесі адамдардың, шенеуніктің қолдары қойылады, протоколға жазылады: а) шенеуніктің істемекші болған планы; б) оның планы турасында қазақтар айтып, чиновник қабылдаған, қабылдамаған арыздары; в) қазақтың қабылданған арызы бойынша түзетіліп шыққан жердің планы, граница жүретін жерлерін қалдырмай, түгел тіркеледі.
18-пункт: мұжықтарға алатұғын я патшалық запасқа шығаратын жерлер планы переселенческий правиланың (свод закон, том ІХ.) 146-541-ші статьяларының жолымен қаралып, бекіледі. Мұны қарайтын мезгілгі комиссияның ішінде, жері кететін волостной сиезбен сайланған дауыс иесі бір өкіл болады.
19-пункт: қазыналық жерге салынған қалалар қазақтарменен суды қалай пайдалану ретін переселенческий правиланың 145-149-шы статьяларының жолы бойынша мезгілгі комиссия айырады. Комиссияның хүкімдері болмаған жағы областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді.
20-пункт: отырып қала ретінде боламыз деген қазақтарға жер бөліп беретұғын партиялар қазақ пайдасында қалатын жерден (5-ші һәм 9-шы пункттерде айтылған) оған мұжықтармен теңгеріп, ан басына 15 десятинадан асырмай жер кесіп береді. Олардың хүкімет билеу турасындағы һәм сот реті общий крестьянский положенияның 47-112 һәм 154-229-шы статьяларының жолыменен болады. Бұлайша орын алған қазақтарды казенной палата үй алымынан шығарып, оброк алымына түсіреді, оған мұжықтармен қатар алым салып, сол казенной палатаның билігінде, областной правление қала ретіне шыққан қазақтардың хабарын жеткізгеннен кейін, оларды қазақ есебінен шығарып, мұжық есебіне жазу.
21-пункт: қала ретінде боламыз деп бүтін ауылнай обществаның бәрі иә бір шамасы ғана, иә жалғыз үй иесі сұраса да, аз-көбіне қарамай, 20-шы пункте айтылған ретінше орнасады. Обществаның бөлек үй болып, мұжықтардың қаласына кірісіп я өз алдына басқа қала болып.
22-пункт: жер үлесін ан сыбағасыменен алғандықтан (20-21-ші пункттердегі) артылып қалып, патшалыққа кететұғын жерлер қазақты тегіс орындастырып, жер ретін әбден түзегенге шейін жерлес үйлердің, ауылдардың пайдасында болады.
(1913 ж.)
ЗЕМСТВО
Иуілдің аяғында Орынбор губерниясының земствосы ашылып, 1-ші губернский чрезвычайный собраниесі (жиылысы) болды. Бұл земствода жұмыс қылатын адамдар сайланып, земство жұмысын қолға алғанның басы. Земство деген – әр губерния, әр облыста жұртқа керек жұмысты жұрттың өзіне билету, жұрттың өзіне істету. Жұрт ортасынан қалаған адамдарын сайлап шығарды. Олар жұртқа керек жұмысты өз білігімен басқарып, өз билігімен атқарады. Басқару мекемесі земский собрание деп, атқару мекемесі земский управа деп аталады. Собраниенің уездегісі уездный собрание, губерниядағысы губернский деп аталады. Управа да уездный һәм губернский болады. Собраниелерде жұрттың сайлаған депутаттары гласный деп аталады. Управа бір председатель һәм екі член болады. Гласныйлар үш жылға сайланады, управаның да председатель һәм члендері үш жылда қайта сайлаумен жаңаланып тұрады. Уездный земский собраниенің гласныйлары уездный сайлау жиылысымен һәм волостной сходпен сайланады. Уездный земский собраниенің гласныйлары сайланған соң, олар губернский, земский собраниенің гласныйларын сайлайды. Бұл жоғарыда айтылғаннан көрінеді: земство мекемелерінде басқарушы һәм атқарушы халықтың өзі қалап сайлаған адамдары екендігі. Олардың істейтіні халық жұмысы. Халық өзіне залал келтірмейтін, пайда келтірерлік адамдарын сайлайды. Пайда келтіретін адамдар сайланғаннан, олардың ісінде халыққа пайдасызы болмайды. Земствоның қолындағы істің бәрі де пайдалы болғандықтан жұрттың земство сұрап қақсайтыны. Ресейде земство законы шыққалы 50 жыл. 34 губернияда земство көптен бері бар. Олардан басқалары кейі не жақын арада шығып жатыр, кейі не шықпақшы болып тұр, кейі не тіпті шығар-шықпасы бимағлұм. Земство законы земский положение деп аталады. Ресей земский положениесі бастапқы қалпында да жұрт тізгінін өзіне ұстатқан закон емес еді, онан бергі жерде талай кесіліп, кеміп, земствоның басында билігі аз. Тізгіннің көбі хүкімет қолында. Законның жайсыз күйінде де земствоның келтіретін пайдасы көп. Земство қолында болатын халықтың тіршілігіне нағыз керекті жұмыстар. Ондай жұмыстар мынау: Әуелі, земский ақшаның билігі земствода болады. Земство әр жылға жұртқа керек жұмысқа смета жасайды, оны раскладкамен халыққа бөліп, үлестіреді, жиылған ақшаны орын-орнынша халыққа керек жұмысқа жұмсайды. Орынсыз халықтан тиын алынбайды, алынған тиын пайдасыз жоғалмайды. Земствоға берген тиыннан жұрт сомдық пайда көреді. Земство жоқ жерде де земский сбор деп ақша алынады, бірақ оның пайдасын ақша төлегендер көрмей, басқалар көреді. Мысалы, Торғай облысынан жиылған земский ақша оқимын деген қазақ баласына беріле бере ме? Қазақ баласы гимназияға оқиын десе, стипендия жоқ, реальный училищеге оқиын десе стипендия жоқ, учительский школада земский стипендияға қазақ баласы алынбай, Полтава губерниясынан келген орыс балалары алынады – халық ақшасы далаға кету деген осы болды. Қазақ ақшасы босқа кететін орны жалғыз осы деп айтып отырған емес, санаса, ұшы-қиырына жетіп болмас, мұны әншейін мысал үшін келтірдік. Екінші, халықтың оқу жұмысы земствода болады. Халыққа оқуды тегіс таратушы, жұртқа тегіс хат білдіруші земство. Земство бар губернияда хат білетін жүз кісіден 80, 90 болады. Ресейдегі халықтың бәрін қосып жіберіп, топтап санағанда, жүз адамнан 20 адам-ақ хат білетін болып шығады, біздің қазақ облыстарында жүз кісіден 5 кісі-ақ хат біледі. Мұнан шамалауға болады земство халыққа оқуды қандай жаятынын. Земство қала халқынан да қырдағы бізге көбірек керек. Қалада қазынадан ашылған, обществодан ашылған оқушыларға орын көп. Қала баласы оқиын десе, оқитын орын қасында, үйінен барып сабақ оқып қайту қиын емес. Қазақта қала жоқ, қала болып күн көрерлік жері жоқ. Елу, алпыс болып бір жерде үй басы құралатын қазақта ауыл аз, көбюі бытырап-бытырап, жалғыз-жалғыз я екі-үш үйден отырады. Бірінің қыстауында ашқан мектепке я школаға екінші қыстаудың баласы үйінен барып қайтатын болып оқи алмайды, қырда балалар жиылып бір жерге жатып оқымаса, болмайды. Оған әр бала азығын ала барып жату қолайсыз һәм қымбат түседі. Қырдың оқу жайындағы қолайсыз кемшіліктерін толықтырарлық нәрсе – земство. Үшінші, земствоның көбірек ілтифат ететін жұмысы халықтың денсаулығы. Адамға жаннан қымбат не нәрсе бар? Жан денсаулықпен байласулы, денсаулық болса жан тыныш, заһан24 шабытты, жұмысқа дене қайратты болады, ауру денеде мұның бірі де жоқ. Сондықтан земствоның бас жұмысының бірі денсаулық қой. Әуелі – аурудың халыққа жайылмасына тәртіпті амал жасайды, екінші – ауырған адамның орны жайлы, емдеусіз ешкім қалмасқа тырысады. Жақсы дәрігерлер, жақсы ауруханалар земский губернияларда, дәрігер мен аурухана жұртқа жеткілікті болғандықтан, ауруларға ем даяр. Земство жоқ губернияларды алсаң, уезд басына бір-екі дәрігер. Дәрі-дәрмегінің оннан бірі жоқ. Аз дәрігер аз күйінде қалада тұрады. Қырдағы ауылдарға шығып, адам емдейді. Қырдан келген ауруларға көбіне берерлік дәрісі болмайды. Ауруды жатқызатын орын жеткіліксіз. Біздің қазақ облыстарында земство жоқ, земство болмаған соң, біздің де халіміз бұлардан төмен болмаса артық емес. Қазақтан денсаулық жұмысына деп ақша алынады. Дәрігерлер қалада тұрады, қаланың адамын емдейді. Дәрігер үшін ақша төлеген қазақтар ауырса, емдеуге дәрі жоқ, жататын орын жоқ. Земствоның халыққа істейтін пайдалы ісінің бәрін баяндап, түгел жазуға газетадан орын жетпейді. Сондықтан сөзді қысқартпақ үшін жоғарыдағы айтылғаннан басқа тағы қандай жұмыстар земствоның қолында болатынын қысқалап-қысқалап айтып, жанап өтеміз. Егін шықпағанда ел астықтан тарықпас үшін, шөп шықпағанда мал пішеннен тарықпас үшін кеңнен толғап, келесінің қамы үшін іс қылатын земство. Егін егу, сауда істеу, онан басқа неше түрлі кәсіп қылушыларға көмекші болатын земство. Қазына поштасы жүрмейтін жерлердің бәрінде пошта жүргізіп, хабарласу жұмысын оңайға айналдыратын земство. Ақсақ, соқыр, мүгедек, өз еңбегімен жұмыс қылып күн көре алмайтын, асырайтын жақыны жоқ пақырларды, мойнына дорба салғызып, тіленшілік қылып қаңғыртпай, асырап-бағатын земство. Мал жұтқа шалдықса, малың отқа шалдықса, жылу сұратып телміртпей, шығынды сезгізбей, өндіріп беретін земство. Бұлардан басқа да пайдалы істері толып жатыр. Бұл земство жайынан жазғандағы мақсат, әуелі, Орынбор земствосының хабарын жазғанда қазаққа түсініксіз болмас үшін, екінші, земство пайдалы нәрсе болғандықтан һәм бұрынғы бермеген губерния һәм облыстарға да сбор берейін деп жатқандықтан, қазаққа да ескерерлік жұмыс екендігін халықтың құлағына салмақ. Мұнан былай да земство жайынан жазып, қазақтарға толық мағлұмат бермек ниеттеміз.
(1913 ж.)
ЖЕР ЖАЛДАУ ЖАЙЫНАН
Басқармаға келген кейбір хаттардан: қазақ жері алынбасқа амал таппағанымызға өкпелеушілер бар көрінеді. Жер жайынан айтарлық сөздің бірсыпырасы айтылып болып еді. Сөзімізге түсініп, ақылымызды алатын қазақ болып, сол айтқандарымызды істесе, іргесу ауып, табаны көтеріліп, жерінен айырылып, боспас еді дейміз. Айтқан сөзге түсінбесе я түсінсе де айтқанды істемесе, біз айтып отырсақ, жұрт оны істемей, ұнатқанын істеп отырса, оған етер не амал бар? Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келе ме? Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста. Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерінен. Оған біз не істерміз? Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Әркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп іс қылып, жұрт пайдасы мен зарарына тіпті қарамайды. Жұрт жері кетпесе, менің де жерім кетпес, жұрт жерден айрылса, мен де жерден айрыламын ғой деп еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп ортасындағы жер ғой деп, сатып, пайдаланып қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған әуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ. Қазақ жеріне мұжықтарды шақырып кіргізген, хүкіметтен бұрын, қазақтардың өздері емес пе еді? Қазақты бағып тұрған хакімдердің көбі келген мұжықтарды орнықтырмай, көшіргендері де болған. Дала уалаятының генерал-губернаторы Колпаковский қазақ жері өздеріне де тар, мал жаюға жер жетпеген соң, қазақ орыстардан һәм Тобол губерниясындағы орыс жерлерін жалдап, мал жайып отыр деп көрсеткен. Бірақ қазақтардың өздері келген мұжықтарға жерін беріп, құшағын жайып, қойнын ашып, қабыл алып отырған соң, Колпаковскийдің қазақ жерін қорғап, қызғанғаны босқа қалған. 1882-ші жылы Жалғызкөл деген жерге түскен қаланы ........... отырсың деп, Колпаковский көшірген, 1888-ші жылғы 17-ші мартта шыққан генерал-губернатордың бұйрығында Семей облысында еш жерге мұжықтар қала салушы болмасын деген. Бұл бұйрықтардың бәрі де орнына келмей, құр қағаз бетінде қалды. Өйткені мұжықтарға жер керек болды, жұрт қамын ойлайтын қазақтың бас адамдарына жұрт пайдасынан гөрі өз пайдалары жақынырақ болды. Жұрт келер зарарға қарамай, өздерінің жер сатып, байып алғанын артық көрді. Бір жағынан, хакімдер қазақ жерін қорып бұйрық шығарып жатқанда бір жағынан, мұжықтар мен қазақтар хакімдерден жасырын жерді бірі сатып, бірі алып жатты. Мұжықтар жиылып, қала болып көбейіп, көзге түсерлік болған кезінде ғана хакімдер біліп қалатын болды. Переселен законы шықпай тұрғанда қазақ жерінде мұжық қаласы жоқ па еді? Оны шақырып, қоңсы қондырған қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақтың көбі жер сатуды кәсіп қылып алған жоқ па? Қазақтың ауыл ағасы болған, атқамінер пысықсынған адамдарының жер сатуды кәсіп қылмағаны бар ма екен? Болса, ауылнайлардың жұртты сыртынан сатып іс қылатындарын былай қойып, жай қазақтарды алғанда да жер сатпайтындары аз болса керек. Жер сату қазаққа әдет болып кетті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген, сол жер сату әдетін жер мол болса да, жер тар болса да тастамайтын көрінеді. Қостанай уезінде Кеңарал волосында Щербина нормасы бойынша «излишке» (артық жер) жоқ еді. Артық жер болмаған соң, жер жалдау болмасқа керек еді. Қазақтар, жері артық болмаса да, жалдаудан тоқталған жоқ. Щербина есебінше, бір мұжық қондырарлық жер болмасқа тиіс, қазақ ол жерге екі поселка қондырып отыр. Каменский һәм Белоярский поселкалар, Щербина есебі бойынша, жер жоқ кезінде келіп түскен. Оған орын тауып беріп қондырып отырған переселен чиновниктері емес, қазақтардың өзі. Каменский поселка болған жерге 1891-ші жылы бір үй орыс қазақтан жер жалдап келіп отырған. 1891-ші жылы және бір үй келіп қосылған. 1897-ші жылы бұрынғыларға екі үй келіп қосылған. 1899-шы жылы 24 үй келген, 1900-ші жылы 179 үй келген. Белоярский поселка тұрған жерге 1899-ші жылы 10 үй келіп, қазақтан жер жалдап орныққан, 1900-ші жылы 63 үй келіп қосылған. Осы күнде сол екі поселкада 700 шамалы үй бар, бұлардың бәрі де «излишке» жоқ кезінде келіп орнағандар. Переселен чиновниктері бұларға жер кесіп берерде, қалай берерін білмей, қысылған. Мұжықтарға беруге норма бойынша «излишке» жоқ. «Излишке» болмаса, қазақ жерін алуға жол жоқ. Орнығып қалған екі поселкадағы 700 үйді көшіру ретін тағы таба алмайды. Ақырында жолдан тысқары жан басына 5 десятинадан жер кесіп берген. Қазақтар өздері қондырмаса, сол екі поселкаға берілген жерлер – даусыз қазақта қалатын жерлер. Қостанай уезінде Меңдіғара волосында норма бойынша «излишке» жоқ еді. Оған да орыс займкаларын қазақтардың өздері түсірді, мысалы, Гребенкин займкасы оғайрилары. Оларға да жоғарғы екі поселка сияқты жер берілді. Мінеки, біздің қазақтың ісі! Құты переселен чиновниктері: артығы жоқ, қалай аламыз деп қысылып, қызаратын жерлерден қазақтар ұялмай, қызармай, жер сатып отыр. Осыны істеп отырып, жеріміз аз, мұжыққа берерлік артық жер жоқ деп, ұялмай, қызармай, дауласпақшы. Ол дауды кім тыңдамақшы? Қазақтың ондай дауын тыңдар еді, қазақ арыз еткен мекемелер қазақтың жоғарыда айтылған сырларын білмесе. Оны білмейді деп айта алармыз ба, осы хабарлардың бәрін сол мекемелерден алып отырып? Бұлардың бәрі өткен іс. Енді оларды түзету болмайтын жұмыс. Болары болып, бояуы сіңіп қалды. Бұларды қопарып жазып отырғандағы мақсат: өткен істің қатесін байқап, ілгері істерге істемесін деген. Қазақ көшпелі нормамен болсын, отырықшы нормамен болсын – қайсысымен жер алса да, бұрынғыдай кеңшілік болмайды. Кең жердегі әдетін тар жерге де істеп, сатудан тыйылмаса, қазақтың күні қараң: жерден айрылады. Кең жердегі әдетін тар жерге істегенін жоғарғы екі поселка турасында айтып өттік. Онан да сорақы істі тағы естіп отырмыз. Ақтөбе уезінің Борлы болысының 8-ші ауылының қазағы Бакеш Дүйсенбай баласының 15 десятинадан алған жерден арендаға жер сатқанын төменде газетаға жазып отырмыз. Жер сатып әдеттенген бір Дүйсенбай баласы емес, неше мың Дүйсенбай балалары бар шығар. Бәрі де әдетін тастамай, нормамен өлшеп берген жерге де істей бастаса, қазақ жерден айрылмай, кім айрылады? Артығы жоқ тар жерге орнаған орыстарды көшірмей, сол жерден жер кесіп берген жайын жоғарыда сөйледік қой. Өздерің шақырып қондырған орыстарға ортаңнан ойып, өлшеп алған жерлеріңнен жер кесіп бересің. Бір жағынан, 15 десятина аз, онымен күн көре алмаймыз деп, зарлап жатып, бір жағынан, 15 десятина көп деп, артығын сатып жатса, 15 десятина көп екен деп оны да кемітер. Ол кеміткен жерді қазақ тағы сатар. Солай болған соң, қазақ жері қалай өзінде қалар? Қазақ жері өзінде қалуға жол тауып бермейсіңдер деп өкпелейтіндер жұртты айтқанымызға көндіріп отырып өкпелесе екен. Біз көрген-білгенімізді аяп қалмай, халыққа айтамыз, оған құлақ салмай жұрт өз білімінше істесе, оған біз не істерміз? Қазақ пен мұжық бірігіп іс қылғанада, Колпаковский бұйрығы да далада қалған. Осы күнгі қазақ жеріне келіп орналасып жатқан мұжықтарды хүкімет келтірмеске бұйрық шығарса, бәрін болмаса да, көбін қазақтың өзі шақырып қоныс берер еді. Өйткені мұжықтарға жер керек. Қазақтарға еңбексіз тегін табылған мал керек. Екі жақтың керегі бір жерден табылған соң, қазаққа мұжық қоңсы қонбай тұрар ма? Әркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайын да ойлап, пейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді. Жұрт пайдасын аяғына басып, бетімен жайылатындарын қайырып, үйірге кіргізіп отырмаса, бір қойдың қотыры мың қойға жұққан сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші.
(1913 ж.)
КӨШПЕЛІ һӘМ ОТЫРЫҚШЫ НОРМА
Біздің басқармамызға әр жақтан хаттар келеді: «Қай нормамен жер алғанымыз жағымды?» – деп. «Біреулеріміз көшпелі норма көп болған соң, мұны алғанымызды жағымды көреміз, екіншілеріміз, отырықшы норма түпкілікті дегенге, оны алғанымызды қолайлаймыз. Соңғыларымыздың сөзін переселен чиновниктері де қуаттайды», – деген хаттар көптен-ақ келіп жатыр. Бірақ біз жер сөзін ашып айтарлық қолайлы мезгілге қаратып жүр едік. Бұл мәселе турасында қазақтың білемін деген адамдарының пікірлері екіге бөлінуші еді. «Отырықшы нормамен де болса жер алып қалғанымыз дұрыс, жақсы жерді алып кетіп, жаман жерге қамалып қаламыз», – деген пікір. Бұл пікірді ұнатушылар жұртқа басшы болу үшін әуелі өздері отырықшы норманы қабыл етіп, жер алды. Жұрт тоғытатын қой сықылды. Серкесі суға түссе, топырлап бәрі тоғытқа түседі. Атақты, біледі деп жүрген адамдар алып жатқан соң, ол білмей алып жатқан жоқ шығар деп, отырықшы норма сұраушы қазақтар көбейді. Сол жылы-ақ, переселен правлениесінің хабарына қарағанда, отырықшы нормамен жер сұраушы қазақтар саны Торғай мен Орал облыстарында 16 мың 441 үйге толып қалған. Оның 11 мың 490 үйі Орал қазақтары. Осы пікірді қазақтың орысша, мұсылманша оқыған жастарының көбі қуаттайды. Бұлар қуаттағанда, көбінесе шаруадан бөтен жағын ойлап қуаттады, мысалы, қазақ отырықшы нормамен жер алып қала салып отырса, қазақ арасына ғылым, өнер таралуына жақсы болады деген ой. Бұл пікірдің дұрыс-бұрысы тағы бірде айтылар, енді екінші пікірге түселік. Екінші пікір: «Қазақ отырықшы нормамен күн көре алмайды», – дейді «Қазақтың жеріне келіп, мұжықтар күн көре алмай, көбіне патшалықтың асырауымен ғана жан сақтап отыр. Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек, нағыз жері жақсы қазақтар – я жерді арықпен суаратын қазақтар, я әман патшалықтан асырар деп дәме қылған қазақтар. Ондай жері жоқ қазақтар, я олай дәмелі болмайтын қазақтар отырықшы нормамен күн көре алмайды. Онымен жер алдым деп жаман атты болғанша, қарап отырған жақсы», – дейді. Бұл пікірді қуаттаушылар айтушы еді: «Отырықшы норма – қазақ сонымен күн көреді деп көзі жеткендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу үшін шығарған һәм көбірек алғанда, қазақтың ризалығымен алдық деп көрсету үшін шығарған норма», – деп. Осы екі пікірдің бастапқысын көбі (… оқылмады), соңғысын наразылықпен айтатынға санаңқырайтын еді. Өткен 11-ші иуілде Думада айтылған сөздерден мағлұм болды: қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управлениесінің бастығы Глинка қазақ жерін жолмен алып жатқандығын көрсетуге отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын жасырмай, ашып айтып берді. Ол айтты: «Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз екеу-ақ. Бірі – қазақтан артық жерді алу, екіншісі – қазаққа тиісті жер беріп, орналастыру. Қазақтың артық жерін алып жатырмыз – артық жерді алсын деген закон бойынша, қазаққа жер беріп, орналастырып жатырмыз – өздерінің тілегі бойынша. Қазаққа істеп отырған жолсыздық емес, әдісіміз бар – қазаққа тиісті жер беріп, орналастыру турасында Думаға закон жобасын кіргізбей тұрғанымыздың мәнісі мынау: көшпелі қалпында жер беріп, орналастырсақ, қазаққа көп жер тиеді. Артыларлық жер аз болмақшы. Оны Дума арқылы законмен бекітіп, қазаққа берген соң, ала алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу үшін, яғни переселендерге қазақтардан жерді көбірек алу үшін, біз әдіс істеп отырмыз. Әдіс қылу жолсыздық емес, ептілік. Біз Министрлер Советінен ептілік етуге рұқсат алып, қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырлап түсіп жатыр. Ол істеген себіміз мынау еді: қазаққа отырықшы болып, жер алуға риза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ мұң екен, қазақтар отырықшы нормамен жер бер деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700 мың десятина жер бердік…». Міне, переселен управлениесінің министрден соңғы басты-ғының сөзі. Бұл құпиялап ғана досына айтқан сөзі емес, Государственный Думада күллі депутаттардың алдында айтқан сөзі. Мұның айтқанын шылғи өтірік деп айта алмаймыз. Жоғарыдағы сөздің қорытқандағы қысқасы мынау: переселен управлениесі қазақ жерін жолмен алып жатқан болады. Артық жерді алсын деген закон бар. Қазақтан жер көп алынып жатқаны – ол қазақтың өзінің тілегі бойынша болып жатыр. Қазақтан отырықшы нормамен жер алушы неғұрлым көбірек болса, солғұрлым жер көбірек артылмақшы һәм переселендерге көбірек алынбақшы. Отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын, отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чиновниктері не үшін қуаттайтындығын қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөз ғой. Переселен шенеуніктері – алушы, қазақтар – беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ әуелден осыны ойлау керек еді. Олар өзіне жағымды жағын көздегенде, қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс. Құр пәленше пәлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек. көшпелі һәм отырықшы норма турасында біздің естіген, білгеніміз осы. Ендігісін өздерің білесіңдер. Отырықшы нормамен күн көрерлік болсын, болмасын, отандас орыстарымызға қарасалық десеңдер, отырықшы нормамен алып, жерлеріңді орысқа көбірек қалдырыңдар. Жоқ, оны алып күн көре алмаспыз десеңдер, көшпелі нормасын алыңдар. Берушіге бес көп, алушыға алты да аз. Жағымдысын ойлаңдар. Біздің мұнан соңғы айтатынымыз: қазақтың бас адамдары! Әуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер. Екінші, қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларыңды жермен теңгеріңдер. Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе солардан болады. Үшінші, Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.
(1913 ж.)
УАҚ ҚАРЫЗ
Уақ қарыз жайынан мағлұмат бер деп қазақтардан, әуелі, сұраушылар болғандықтан, екінші, Оренбургский государственный банктағы уақ қарыз жұмысындағы инспектордың Торғай облысында әр жерден уақ қарыз серіктігін ашпақшы ниеті бар болғандықтан, уақ қарыз деген не нәрсе екендігін айтып, халықтың құлағына салмақшымыз. Уақ қарыз серіктігі деген – серіктескен адамдардың қажетін шығаруға қарызға ақша беріп тұратын серіктік. Шаруасы бар, кәсібі бар адамдардың көбі-ақ қарызданбай тұрмайды. Қарызды бай да алады, жарлы да алады, бай мен жарлыға қосылмайтын орташа ауқаты бар адамдар да алады. Байдың қарызы ірі болады, басқаларының қарызы уақ болады. Байлар мыңдап, он мыңдап, жүз мыңдап қарыз алады, басқалары ондап, жүздеп ғана қарыз алады. Ірі қарыздар үшін неше түрлі банктар бар, уақ қарыздар үшін ондай орындар жоқ. Уақ қарыз алушылар көбіне ақшалы адамдардан қарыз алады, алғанда, көп өсімменен алады. Қажет болған шағында өсімнің көбіне қарамай, төлеу шартының ауыр-жеңілін талғамай ала салады. Сондай қысылғандарға көп өнімменен қарыз беруді кәсіп қылып алған адамдар да көп. Ауыр шартпен көп өсіммен қарыз алудан құтылуға болады, егерде уақ қарыз серіктігін ашып, дұрыстап, оны іс қылып жүргізетін адамдар болса. Уақ қарыз серіктігі пайдалы һәм ашуы да оңай. Жалғыз-ақ қиын жері – дұрыстап іс етіп жүргізу. Оны дұрыстап жүргізу үшін керек, әуелі, іс мәнісін жақсы білетін адамдар, екінші, серіктіктің тиын-сиындарына көзі қызықпайтын адамдар, осы екі шарт орнына келетін болса, уақ қарыз серіктігі серіктескен адамдарға бек пайдалы нәрсе. Біз сырттан ашыңыз-ашпаңыз деп ешкімге мәслихат бере алмаймыз: жоғарғы екі шартқа тура келерлік кісілері бар-жоғын әркім өзі біледі, біз уақ қарыз деген не нәрсе екендігін һәм қалай істелетін жайын жазсақ, қолынан келер-келмесін әркім өзі аңғарар. Қолынан келерлік болса, ашқандары пайдалы, келерлік болмаса, ашқанмен, жөндеп жүргізе алмай, пайда орнына зарар келтіреді. Уақ қарыз серіктігінің түп мақсаты серіктескен адамдарға керекті кезінде машақатсыз, оңай жолмен, жеңіл өсіммен қарыз беріп тұрмақ. Ол қарызға берілетін ақша азық-түлік, киім-кешек һәм онан басқа сол сияқты шығыны бар да, өнімі жоқ қажеттерге емес, шыққан ақшадан өнім болатын іске беріледі. Мысалы: егін саларда иә көлігі кем болып тұрса, я шашатын тұқымы жоқ болып тұрса, пішен шабуға машина алатын болса, я май алатын машина керек болса, я малға жем-шөп алу қажет болса, қысқасы, шығарған ақшасын өтерлік іс я кәсіптерге ғана беріледі. Уақ қарыз серігін ашып, бастау үшін әуелгі кезде 20-30 адам керек. Ол адамдардың әрқайсысы өз алдына шаруасы я кәсібі бар адамдар болу тиіс, жасы 21-ден кем болмайды, еркек болсын, әйел болсын, бәрі бір есеп. Доктор, учитель, фельдшер, писарь, мұғалім, мұғалималар сияқты хат білетін, көзі ашықтау адамдардың кіріскені тым жақсы, мұндай адамдар тек сол жерде тұратын болса, жарайды. Жалғыз-ақ қымбаты: таза қылықты һәм халыққа қызмет етуге ынтасы бар адамдар болсын. Уақ қарыз серіктігін ашамын деген адам әуелі екі-үш адамға ойын айтып, істің мәнісін түсіндіреді, олардың әрқайсысы тағы екі-үш адамға айтады. Сонымен, серіктікке кірерлік адамдардың саны 20-30-ға толған соң, бәрі жиылып, бас қосып, іс жайын кеңеседі. Ашатын қаласын я ауылын белгілейді һәм қанша елге, яғни бір волост я бірнеше волост елге ашу ма – оны һәм анықтап, жиылыста белгілейді. Осы іс бастап отырған 20-30 кісі учредительдер (жасаушылар) деп аталады. Учредительдер министр қол қойып шығарған уақ қарыз жайындағы уставты қарап, қолайлағандарын алып, қолайламағандарын, себебін айтып, өзгерт деп сөз етуге ықтиярлы. Бас қосып кеңесіп, ақылдасып, ойласып, сөзді пісіріп болған соң, ашарға рұқсат сұрап, арыз береді. Арыз беру, рұқсат алу – бәрі де оңай. Арыз беріліп, рұқсат алынғаннан кейін қызмет етер адамдарын сайлайды, ол үшін члендердің түгел жиылысы болады. Уақ қарыз серіктігінің қожасы – члендердің түгел жиылысы. Оны орысша общий собрание дейді. Түгел жиылыстың ұйытқаны – серіктік жұмысына закон. Оны асып ешкім іс қылуға ықтиярлы емес. Члендер жиылысында серіктік жұмысын атқаратын адамдар сайланады, мысалы, үш кісі сайланады серіктік жұмысын жүргізіп тұруға, оларды правление дейді. Олардың ісін тексеретін үш адам сайланады, оларды совет дейді. Сөйтіп, серіктік жұмысы үшке бөлінеді: члендер жиылысына, правлениеге, советке. Бәріне жол салып, жоба көрсетіп беруші члендер жиылысы: қанша өсіммен қарыз беру, қарыз алу ретін бекіту, жаңа члендерді қалай кіргізу, қандай сомаға шейін оған қарыз беруге болатындығын бекіту, жылдық расходтың сметасын, жыл өткеннен соңғы отчетты бекіту, правление менен советтің үстінен арыз болса, қарау, тексеру, правление менен совет жұмысына жасалған типтерді бекіту – бұлардың бәрі де члендер жиылысына міндет жұмыстар. Қарыз алу, қарыз беру, жылдық расходқа смета жасау, жыл өткен соң отчет беру, басқа мекемелермен қатынасу, қысқасы, жиылыста істелсін деп мақұлданған істің бәрін атқаратын правление. Советтің қарайтыны: уақ қарыз турасындағы закондерге, члендер жиылысында ұнатылып жасалған тәртіптерге х ы - л а ф іс қылынбасын көздеу, серіктік сомасы, мүлкі түгел ме – соны біліп тұру, ол үшін айында аз болса бір рет кассадағы бар ақшаны, қарызға берілген ақшаны книгеге салыстырып қарап, түгендеп тұрады. Правление менен советке сайланған адамдар хат білетін, іс білетін адамдар боларға керек, әсіресе правлениедегі адамдар. Серіктіктің маңызды ісінің бірі осылардың қолында болады, білімнің үстіне тазалық һәм керек. Серіктік серіктескен адамдарға қарызға оңай жолмен, жеңіл шартпен ақша беріп тұру үшін ашылады деп жоғарыда айтылды. Оларға қарызға беретін ақшаны қайдан алады? Ол ақшаны қазынадан алады. Іс басталып, жүріп кету үшін қазына мыңнан бастап, үш мыңға шейін қарыз береді. Орынбор уезінде ондай қарыздарға 1000 сом, 2000 сом беріліп тұр. Көп, аз беру серіктіктің үлкен, кішілігіне қарай. Бұл ұзын срокты (13 жылдық) қарыз сомына алты тиын өсіммен беріледі. Ол өсім жыл аяғында, декабрде төленіп отырады. Онан басқа государственный банк қысқа срокты (тоғыз айлық) қарыз да береді. Оны да серіктіктің үлкен, кішісіне қарай, екі мыңнан бастап, бес мыңға шейін береді. Бастапқы кезде серіктікке қазына осындай көмек береді, сонан соң серіктіктің жұмысы жөнделіп кетсе, қарызға берерлік ақша бірте-бірте өз ісінен құралады. Іс жақсы кетіп бара жатқанын көрген соң, уақ қарыз кассасына өсім үшін ақша салатындар да шығады. Тоғыз айлық государственный банк беретін қарыз да істің жүрісіне қарай беріледі, жақсы бара жатса, көбірек, олай болмаса, азырақ беріледі. Серіктік члендеріне қарыз берілгенде, бастапқы кезде бір жылдан артық срокке бере алмайды. Ақшасын көп срокке берсе, кассаға өсімі ғана түсіп, капитал қайтып түспесе, қарыз берерлік кассада ақша болмай қалуы ықтимал. Сондықтан әуелгі жылдарда серіктік қарызды бір жылдан артық срокке бермеске тиіс. Кассада капитал молайған сайын қарыздың срогін ұзайтады. Қарызды қанша өсіммен беру серіктіктің қолайлауынша, бірақ сомына 12 тиыннан артық болмайды. Өсімге салған ақшаларға қаншы өсім төлеу – о да серіктіктің қолайлап келісуімен. Уақ қарыз серіктігінің өрмегін құру реті осы. Істің жақсы, жаман болуы істеушілердің шеберлігіне қарай – жоғарыда айтылған жұмыстарды атқара білетін секілді адамдары бар болса, уақ қарыз серіктігінен пайда көп, зарар жоқ. Ондай адамы жоқ жерлерде серіктік ашу пайдалы болады деп айта алмаймыз. Қазақтардың өз бетінен ашарлық адамдары болмаса, орыстардың ашқан уақ қарыз серіктігіне қосылғанын мақұл көреміз, басқалармен қосылып, іс көріп үйренгенінен кейін өздері ашуға болады. Ашуға бел байлаған адамдар болса, қалай ашу жайынан толық мағлұмат беруге білгенімізді мұнан кейін де аямаймыз.
(1913 ж.)
ҚАЗАҚ ҺӘМ ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазаққа тәуел оңаша, яки басқалармен бірге ортақ мәселе-лердің кеңеске бұрын түскендері де бар, бүгін түсіп жатқандары да бар һәм түсейін деп тұрғандары да бар. Қазаққа қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни, жақсы болса, жақсы болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір болмашы ғана мәселелер сияқты. Сендердің кеңесейін деп отырғандарың мен туралы іс пе? Менің ісім болса, менің жайымды өзімнен артық ешқайсың білмейсің! Маған керегі мынау деп, жаны бар, есі дұрыс адам айтпас па? Ондай тірлік біздің қазақта күні бүгінге дейін көрінбей тұр. Бұрын қазаққа тәуел я ортақ мәселелер қозғалған кезде, қазақ үні шықпағанда ойлаушы едік: қазақта газета жоқ, не істеліп, не болып жатқанын қайдан білсін? Біліп тұрса, қазақ та басқалармен қатар жандығын, жұрттығын білдірер еді ғой деуші едік. Мәселен, 1910-шы жылы бастауыш мектептер туралы Думада кеңес болғанда: Мектептерде оқу орыс тілімен оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілімен оқыту тиіс деп, орыстан тілі басқа жұрттар, оның ішінде біздің ноғай бауырларымыз тұс-тұсынан телеграмды жаудырып жатқанда, қазақ дыбысы естілмеген. Қазақтар неге аузына су алғандай үндемей отыр дегендерге: Қазақта газета жоқ, Думада не мәселе қаралып жатқанын қазақ білмей жатыр деуші едік. Олай деп қазақты әншейін ақтау үшін ғана емес, өзіміз солай ғой деп ойлағандықтан айтушы едік, әттең, газетаның жоқтығы! Төбе басына қойған қарауылшыдай көзіне ілінгенін, құлағына естілгенін мезгілінде білдіріп тұратын хабаршы газета болса, осы кемшіліктер қазақта болмас еді-ау деп, тісті қайрап, бармақты шайнаумен болып едік. Онан кейін: бүйтіп отырып қазақ жұрт қатарына еріп іс ете алмас, әр орында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау болар да отырар. Бұған көз, құлақ, тілі болғандай нәрсе қажет деп, газета шығардық. Газета шыққаннан берлі қазаққа не керегін, ол керегіне қолы жету үшін не керегін әркім білгенінше, қолынан келгенінше жазып жүр, құлағына салып жатыр. Қазақ туралы мұндай мәселелер қозғалып жатыр һәм қозғалмақшы, оны да мезгілімен газета жазбай тұрған жоқ. Мүфти мәселесі қозғалады деп жазылды, билік өзгеріледі деп жазылды, екі орыс, бір қазақ мәселесі жазылды, бауыздамай мал сою мәселесі жазылды. Қазақ көре, біле отырып, басқалармен қатар іс ете алмайтынын енді көрсетті. Жоғарғы айтылған төрт мәселенің екеуі, мәселен, билік пен екі орыс, бір қазақ – қазаққа ғана тәуел мәселелер, онан басқа екеу, мәселен, мүфтилік пен мал бауыздамау – Ресейдегі барша мұсылмандарға ортақ мәселелер. Қазақтың басқалармен қатар жұрттық қыла алмайтындығы оңаша өзіндік мәселелерден сезілмесе де, ортақ мәселелерден анық көрініп тұр. Мүфтилік пен мал бауыздамау турасында басқалар не істеп жатыр? Қазақ не істеп жатыр? Қазақтың түріне қарағанда, айтылған төрт мәселе, «не болса, ол болсын, бізге бәрібір» деген сияқты. Қазақ жайын білмейтіндер қазақ солай деп отыр екен деп һәм ұғады. Қазақ шала мұсылман, оларға малды бауыздау, бауыздамау бір есеп, сондықтан олардың басқалардай күйзеле қоймайтыны дейді. Малды бауыздау, бауыздамау қазаққа бір емес екенін біз білеміз, басқалардың қазақпен араласып жүргендері ғана біледі. Қазақтың қарасын көрмегендер қазақ жайын қайдан білер? Қазақ аң сықылды арам, адалды айырмайтын халық деп біледі. Жоғарыда айтылған мәселелер қазақтың нақ жанына бата қоймайтын мәселелер десе де, тіпті керексіз мәселе деп, білмегендіктен емес. Қазақ керек қылмағандықтан үндемей отыр ма? Қазақ үндемей отырғаны естімегеннен емес, керексінбегендіктен емес, жандығының жоқтығынан, үрейсіздігінен. Малды бауыздамай сойыңдар, мүфтиліктің қазаққа керегі жоқ, дінің жоғалу үшін екі орыс, бір қазақ болып отырыңдар. Тілің жоғалу үшін балаларыңды бастауыш мектептерде орыс тілімен оқытыңдар деп біз айтсақ, үндемек түгіл, дүнияны басына көшірер еді. Дінді керек қылмайтын шала мұсылман деп отырған қазақтар діншіл болып, аузына су алғандай үндемей отырған молдалар шешен болып, үрейсіздер батыр болып, қандай бізге әкіреңдер еді! Оны басқалар білмесе де, біз жақсы білеміз. Билік туралы жазылғанда қазақтың дін ісінен басқа дүнияуй, яғни тіршілік істері, шариғатқа қарамай, билік қарауында болу керек, өйткені шариғат бір айтылып, тас сияқты қатып қалған өзгерілмейтін жол, тіршілік күн сайын өзгеріліп тұрады. Сондықтан тіршілік ісі өзімен қатар өзгеріліп тұратын жолда боларға тиіс деген сөз айтылып еді. «Шариғат тас сияқты қатып қалған» деген сөзге шамданып, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, білмейтінімізді бетімізге басып, талай адамдар ашуланып, басқармаға хат жазды. Шариғат қатқан тас сияқты дегенге жаны күйзеліп, хат жазып отырған қазақтар, мұның әкесіндей жоғарыда айтылған мәселелер болмашы, жанға батпайтын мәселелер деп үндемей отырар ма? Үндемеу себептері басқа шығар дейміз. Ол себебін бізден гөрі қазақтың өздері, әсіресе молдалары артық білсе керек. Біз дін жайынан сөйлесек, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, ауыз аштырмайды, жеріме түстің деп, аяқ бастырмайды. Сондықтан біз дін істері туралы пікір айтуға тартынамыз. Қазақтың дін істері мынадай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдаларымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп. Дін істері туралы айтып, жоба көрсетуге бірі де жоқ. Мүфти жайынан жазатын қазақтан молда шықпаған соң, ноғай молдасы жазып отыр, 6-шы майда болатын Петербургтағы мұсылман кеңесіне барарлық қазақта қандай молда бар деп сұрағанға еш молданы көрсете алмай отырмыз. Өйткені іске жарарлық қандай молда бар екенін білмейміз. Онда барған молда қазандай қылып ораған сәлдесін көрсетуге бармайды. Қазақтың дін істері қай жөнді, қай тәртіпті болу жағынан толық мағлұмат берерге барады. Қараңғы халыққа түндікті бүркеп, қараңғылап қойып, шариғат соғатын молдалар қазақ арасында көп екенін білеміз, бірақ білімін жарыққа шығарып көрсетпеген соң, Петербург кеңесіне қайсысы жарайтынын біле алмадық. Білімін жарыққа шығарып жүрген қазақта бір-екі молда бар екенін де білеміз, бірақ олардың сөзін басқа молдалар қуаттамай тұрған соң, кеңестегі сөзін де қуаттамас деп, оларды да көрсете алмадық. Сөйтіп, әуелі, біз туралы мәселелер қозғалып жатыр екен деп, көңілі селт еткен қазақтарды көре алмай тұрмыз, екінші, қазақ рухани істері мынау жөнді, мынау тәртіпті болуға тиіс деп, жоба жасаған молдаларды көре алмай тұрмыз һәм қазақтың рухани істері туралы Петербург кеңесіне барып, толық мағлұмат берерлік молдаларды да таба алмадық. Қазақтың өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, ахун, имам боларлық молдалар табылар ма? Әлде, деуге жарамаса да, ауыз жеуге жарайтын дейміз бе? Қазақ молдалары да жарыққа шығып, беті-жүзін көрсетуі тиіс шығар дейміз.
(1914 ж.)
ЗАКОН ЖОБАСЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ
Қазақ туралы шығатын жаңа закон жобасы газетамыздың 75-ші нөмірінен басталып, 79-шы нөміріне шейін басылып бітті. Сол жоба жасалғанда не мақсұт, не мәніспен жасалғандығын айтқан хүкіметтің баяндамасы бар. Осы баяндаманы Газетада басып, жұртқа естіртпекшіміз.
Ондағы мақсұтымыз мынау:
Жаңа закон шығару, ескі законды жаңалау бір мақсатпен істелмекші. Степной положениені қалдырып, жаңа закон шығаруға хүкімет жоба жасап отыр. Бір законды қалдырып, екінші закон шығаруында, әрине, мақсұт һәм мәніс боларға тиіс. Егерде закон жалғыз ғана жұрт игілігі үшін шығатын болса, хүкімет қазаққа айтар еді: өзіңе пайдалы боларлық закон жобасын өзің жасап, закон шығаратын орынға, яғни Г. Думаға депутатың арқылы кіргіз деп. Оны істемей, жобаны хүкіметтің өзі жасап отыр. Олай ететін себебі: халыққа керек игіліктен басқа хүкіметтің көздейтін өз мақсаты да бар. Хүкімет өзі жасаған жобасын өз мақсатына қолайлап, көздеген мақсатына сондай жолдармен жетерлік етіп жасайды. Хүкімет қолайлаған жоба халыққа да қолайлы болар ма? Болмас па? Оны халық айту тиіс. Міне, хүкімет жасаған жобасын газетаға басып, жұрт алдына салдық. Жоба бойынша қазаққа не істелетіні мәлім болды. Бірақ оны олай, мұны былай етпекші болғанда не мақсат, не мәніс бар? Оны жобада айтылғанынан топшылап түйіп, мұның мақсат, мәнісі мынау екен деп, нақ үстінен түсіп, тура жүре алмайтындар болар. Сондықтан закон жобасының баяндамасын да жұрттың құлағына салуды қажет деп білдік. Жоба баяндамасы біз Россияға қарағаннан берілі қазақ туралы шыққан закондардың қысқа ғана тарихы. Сонан берілі қандай закондар шығып, қалай олар өзгеріліп келеді? Ол өзгерістер не үшін болған, яғни не мақсат, не мәніспен өзгерілген һәм енді тағы не үшін өзгерілмекші? Осы баяндамадан қазақ турасындағы закондардың өзгеріліп келе жатқан бағыты (беті) қандай екенін білуге болады. Бетін білген соң, мақсат, ниетін түзу түсінуге жақсы. Әуелі, шығатын законның жобасын біліп, екінші, жоба жасаудағы мақсат, ниетін танып, үшінші, қазақ турасындағы закондардың өзгеріліп келе жатқан бағытын (бетін) біліп, түсінгеннен кейін, жаңа закон жобасының жұртқа қолайлы, я қолайсыз жерлерін лақпай дұрыс байқауға болар деп ойлаймыз.
Баяндама Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары туралы шығатын жаңа закон жобасының баяндамасында мына сөздер жазылған:
Тарихи справка Осы күнгі дала облыстарындағы, яғни Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарына қараған қазақтар бұрын үш бөлім еді. Ол бөлімдері Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атанған. Әр жүздің өз алдына ханы болған. 1731-ші жылы 19-шы февралда қатын патша Анна Ионованың грамотасымен (жарлығы) Кіші жүз қазағы түгелімен, Орта жүз қазағынан бір аз ғана бөлегі Россия қол астына кіреді. Бұл кірген қазақтардың ішкі істерінің билігін ханына, билеріне, жұрт ағасы адамдарына беріп, Ресей қазақты сыртқы жауынан қорғайтын ғана болады. Сонан соң, қазақпен шекаралас жерлерден қорғандық дуандар салады, айырбас-сауда жүре бастайды. Қазақтардың ісі пограничный порядок жолымен қаралып тұрады. Россияның саясында тұрған қазақтардың тыныштығын көріп, басқа қазақтар да Россия қолтығына кіруге Кіші жүздің жолына түседі. 1782-ші жылы Ұлы ханды қазақ хан көтерсе де, бекітуін орыс патшасы бекітеді һәм өзіне қараған қазақтарымен Омбы, Семей дуандарының аралығындағы бос жерлерде көшіп жүруге рұқсат етеді. Бұл – Орта жүздің орысқа қарағаны. 1819-шы жылдан бастап Ұлы жүздің қазақтары Ресейге қарай бастайды. 1819-шы жылы 18-ші январда Ұлы жүз ханы Абылай өзіне қараған 55 мың 462 жан елімен орыс патшасының қол астына кіруге тілеп, ант береді. Сонан 1820-шы жылдарға шейін, яғни жүз жыл шамалы, Орынбор, Сібір қазақтары пограничный порядок жөнімен Россияға қарап тұрады. Ханды көтеруші қазақ, бекітуші Россия патшасы болады. Россия өзінің бекіткен ханын сүйемелдейді, қолдайды. Қазақтармен шекара жерлерге қорғандар салып, бекінеді. Бірақ қазақтың ішкі ісіне қол салып кіріспейді. Жүз жылдай сол қалыпта билеп келіп, сонан соң жақынырақ билегісі келеді. 1822-ші жылы 22-ші июнде Сібір өлкесі губернияларға, облыстарға бөлінеді. Сонда бір облысы Омбы облысы атанады. Омбы облысына қараған жерге Орта жүздің қазағының да жерлері кіреді. Басқа қазақтардан айыру үшін Омбы облысына қараған қазақтар Сібір қазақтары деп аталады. Омбы облысы төрт округке бөлінеді. Омский, Семипалатинский, Петропавловский, Усткаменогорский округтары деп аталады. 1822-ші жылы 22-ші июлде Сібір уставы шығады. Бұл устав бойынша округтар болысқа, болыстар ауылға бөлінеді. Округтарға, ру жігіне қарай, 15-тен 20-ға шақты болыс қараған. Болысқа, ата жігіне қарай, 10-нан 12-ге шақты ауыл қараған. Ауылға 50-70 шамалы үй қараған. Ауылды билейтін старшиналар болған, оларды үш жылға халық сайлаған. Болысты сұлтандар билеген, олар сайлаусыз төре задына қарай болған. Округты аға сұлтандар билеген. Оларды сұлтандар билеген. Оларды сұлтандар өз араларынан үш жылға сайлап шығаратын болған. Әр округада окружный приказ мекемесі болған. Окружный приказдың председателі аға сұлтан болған. Онан басқа төрт заседатель болған, оның екеуі губернатордың ұйғаруымен қойылған орыс чиновниктері болған, екеуі старшиналар мен билер екі жылға сайлап шығарған халықтың қадірлі, инабатты адамдарынан болған. Округалардан жоғарғы істер губернаторға қараған. Қазақ хандықтары жоғалған. Сот істері екі топқа бөлінген: 1) Уголовный істер, 2) Дау-шар істер. Уголовный істер мынау болған: патшаға берген антын бұзу, кісі өлтіру, талау, тонау, барымта. Бұлар окружный приказда қаралып, областной соттың сынауына түсетін болған. Басқа дау-жанжалдардың бәрін де қазақтың қадірлі билері бітірген. Қазақтан Ресей хүкіметі жасаққа мал алатын болған. Түйеден басқа малдың жүзден бірін жасаққа алған. Ол үшін қазақ малының есебін үш жылда бір алмақшы болған. Жасаққа алған жылқы лау жұмысына жұмсалған. Басқа малдар әскер азығына жұмсалып, артылғаны сатылған. Онан алған ақша патшалық қазынасына түскен. Мұнан басқа лау салығы жұртқа тегіс түсетін болған.25 1822-ші жылғы уставта Ресей хүкіметі қазақ еліне Ресей ісінің тәртібін кірістірсе де, уставтың жетіспеген жерлері көп болған. Бірақ ондай жерлерін қазақ ісін басқарушы хакімдер Россияның жалпы законының жөнімен істеуге рұқсат еткен. Сондықтан қазақ ісі турасындағы Сібір уставында айтылмаған істерді хакімдер сельский обыватель положениесінің жолына қарай атқарған. Сөйте-сөйте қазақ туралы істелген істер Ресей қол астындағы басқа сельский обыватель правосындағы жұрттардың ісіне жақындай берген. Қазақ ісі қараған мекемелердің кей ұйғарған я ұнатқан істері закон болып, бекіліп те кеткен. Мысалы, 1854-ші жылы 19-шы майда бекілген Сібір комитетінің положениесі бойынша бұзық адамдарын қазақтар приговорлап, хүкімет қолына беретін болған. Сол положение бойынша билерді халық сайлап, хүкімет бекітетін болған. Жер туралы да 1854-ші жылғы 19-шы майдың положениесі көп өзгеріс кіргізген. 1822-ші жылғы Сібір уставы бойынша жер округаның мүлкі еді. Елді билейтін окружный приказ еді. 1854-ші жылғы положение әр болыс, әр ауыл өз қарамағындағы жерді өзі билейтін етеді. Құты, қыстау салып, орнығып, егін еккен жеке үйлер қора басына жер меншіктейтін етеді. Сібір комитетінің 1858-ші жылы 3-ші июнде бекітілген положениесі бойынша мұжықтардың обществосына жер жалдау туралы берілген праволар қазақтарға да берілген. Онан кейін 1861-ші жылы 4-ші апрельде шыққан законде волостной управительдікке қандай адам жарайтындығы, қалай сайланатындығы ашылған. Бұл закон бойынша волостной управительдікке төрелерден басқа қаралар да жарайтын болған. 1866-шы жылы 21-ші ноябрде мұжық туралы шығарған паспорт (билет) положениесін қазаққа да кіргізген. 1865-ші жылы көшпелі башқұрттарға мұжық положениесін жүргізіп байқайды. Мұжық положениесі башқұртқа закон болып жүріп кеткен соң, қазаққа да жүргізуге ықтималы барлығы байқалады.
(1914 ж.)
Қазақ халқын билеу туралы 1868-ші жылы шыққан уақытша положение
1868-ші жылы крестьян положениесіне ұқсасырақ қылып қазақ туралы жаңа положение шығарылды. Бұл положение бойынша қазақтардың болысқа, ауылға бөлінуі бұрынғы ретте қалып, әлеумет істері мұжықтардыкі секілді басқарылатын болды: қазақтарды ауылға бөлгенде, аталас-тұқымдас болуын ғана есепке алмай, айырған жерінің һәм шаруасының ретіне қарай бөлді, өйткені ол кезде қазақ мынау туысқаным, мынау ағайыным деп, бөгде елдерді жатырқамайтын дәрежеге жеткен еді. Болыс, яки ауыл қанша үйден құралуға мүмкіндігі хақында белгілі бір мөлшер шығарылды (бір ауылнай елде 100-ден 220-ға шейін, бір болыста 1000-нан 2000-ға шейін үй болады деп). Әр болыстың жеріне шек тартылды, әр болыстың жері өз арасында шаруалары һәм малдарының санына қарай бөлінетін болды. Әр ауылдың жеке кісілерінің де жер пайдалануы осы ретпен болды. Әр ауылға һәм әр ауылдағы адамдарға жер бөліп беру әлеумет приговорларымен бекитін болды. Бөліп алған жерлерінің шегі белгіленіп, жер бөлу хақындағы приговорлар бірте-бірте низамға айналады. 1868-ші жыл положениесі бойынша әр ауыл өз жерін бөліп алған соң, крестьяндар секілді жеке шаруа иелері де өзіне сыбағалы жерлерін меншіктеп алатын болды. 1822-ші жыл уставында қазақ істерін билеу туралы болған кемшіліктерді 1868-ші жыл положениесі бойынша крестьяндардыкі секілді волостной һәм аулный исходтар толтырды, бірақ қазақ халқының көшпелілігі себепті һәм қысқы мекендері бытырап жатқандықтан, крестьяндарды билеу тәртібіне үйлеспейтін орындары болды. Әр болыстың өкілі болып әр ауылнайдан елубасылар сайланатын болды (50 үйден бір кісі), әр ауылнайдың өкілі болып әр 10 үйден бір онбасы сайланатын болды. 1822-ші жыл уставы бойынша һәм ауылнайлыққа ақсүйек заттылар (төрелер) һәм наград алған қара қазақтар ғана сайланатын жол қалып, әлгі айтылған лауазымдарға жасы 25-ке толған, елге қадірі бар һәм басы соттан аман әрбір қазақ сайлануға хақылы болды. Болыс һәм ауылнайлардың хақтары (праволары) орыс волостной старшиналары һәм селский старосталарымен теңеледі: олардың міндеті қол астында тәртіп сақтау һәм закон жолымен халықты билеу. Олар исход жиюға, басында тұруға һәм таратуға ерікті болды. Жарлықтарын орнына келтірмегендерге жеңіл жаза һәм айып салуға да ерікті болды. Қызмет бабында қазақтың болыс-ауылнайлары крестьяндардыкінен жоғарырақ болды, мысал: болыстарды губернатор бекітеді, ауылнайларды уездный начальник бекітеді. Ал крестьянға қарағанда, волостной старшиналарды бекітуші мировой посредниктер сиезі, селский старосталары ешкім бекітпей-ақ қызмет атқара береді. 1868-ші жыл положениесі әлеумет істерін басқаруды ауылнай, болыстарға тапсырып онша көңілдегідей болмаса да, бұлардың атқаратын міндеттерін де белгілеп берді. Крестиан исходтары секілді елубасы, онбасылар сиезіне берілген ерік: лауазым иесі кісілерді сайлап шығару, оларға жалование лайықтау, ауылнай арасының һәм жеке үй иелерінің жерлерін бөліп беру, қазыналық алым һәм қара шығындарды бай-салықпен бөлу. Бұл положение бойынша қазақ тұрмысында көзге түсерлік өзгеріс – бұрынғы жасақ беру орнына түндік ақша (ауыз ақша) төлену болды. 1868-ші жыл положениесін шығарушылар алымды малға салуға қазақ малының анық есебін білу қиын екендігін сезіп, түндік бас алым төлетуді шығарды. Осы ретпен әр болыстан қанша алым жиылатындығы үй санына қарай болды. Үкімет бір болысқа түскен алымды белгілеген соң, бұл алымды әр ауылнай ел һәм ауыл адамдары өзара қалай бөлісу еркі волостной һәм ауылнай сиездерге берілді. Алымды бай-жарлысына қарай, кәсібіне-табысына қарай һәм пайдаланып отырған жерінің аз-көбіне қарай бөлу жолы, яғни «бай-салық» қылу керек екендігі көрсетілді. Алым төлеу жолы жаңадан өзгерген соң қазақтарға крестьяндар (сельский обыватель) секілді қызмет бабындағы міндетті жұмыстарды да орындауға жарлық болды; қазақтар жол түзеді, көпірлер салды, су бөгеді, төрелерге һәм әскер керегіне лау беретін болды, басқа осындай істерге міндетті болды. 1822-ші жыл уставы шықпастан бұрын қазақ билігі (соты) өзінде еді, қазақ өз тентегін өзі тыйушы еді. Ол кезде сайланған би жоқ, қазақтың қадірлі, халық қалаған билері билік айтушы еді. Биге екі жағы келіп жүгініп, бидің билігі әділ саналып, оны бұзамын деу болмаушы еді. Қазақтың мұндай билері, ілуде біреу болмаса, қиянат билік айтпаушы еді. Егер бірен-саран көріне қате, әділдікке қайшы билік айтылса, мұның дұрыс-терісін хан сынаушы еді. Мұндай билікті хан сынаудан бастап қазақ билігі жоғарылы-төменді дәрежеге (инстанцияға) бөлінді. Қазақтың бұрынғы тұрмысы-рәсімі өзгере бастаған соң, халық ру-руға бөлініп көбейе бастап, бытыраңқы тәртіп әр ел шаруасының ыңғайымен әр жерді мекен етіп, бұрынғы жұрт тегіс сыйлайтын тура билер азая бастады. Мұның бұлай болу себебі де көрініп тұр: бір бидің билігіне ырза болып, қол қусыру үшін бір атаның ұлы я бір тайпа елдің ғана ырзалығы һәм биді құрметтеуі шарт емес, бидің айтқаны екі болмас үшін әлгідей көбейіп, ыдырап кеткен рулар тегіс құрметтеп, тегіс бас июлері керек. Міне, сонан бері би сайлаумен қойылатын заң басталды. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді еске алып, 1822-ші жыл уставын шығарушылар қазақ билігін екі түрге бөлді: бірінші, жеке би. Мұның тексеретін ісіне шек қойылған жоқ, даулы істердің қандайын да болса қарады. Екінші, окружный приказ. Мұнда жеке бидің үстінен ырза болмай шыққан даугерлердің істері сынға алынады. Окружный приказға түскен істерді аға сұлтан председатель болып, заседательдерді серіктікке алып тексеретін болды. Міне, сол уақыттан бері қарай қазақ соты бірте-бірте крестьян положениесінің жолына жақындады. Әсіресе Сібір крестьяндарының соты 1822-ші жылы мынадай тәртіпке түсіп еді: бірінші дәрежелі сот – волостной правления, екінші дәрежелі – земский яки окружный сот. 1822-ші жыл уставы қазақ народный сотынан әр жұртта болатын ортақ істерді (мысалы, хакімдерге қарсылық, мемлекетке берген антқа опасыздық һәм кісі өлімі) шығарып тастап, қазақ арасында болатын өзге істерді түгел билер қарауына тапсырыды. Билер қанша сомалық ақыға билік айтады, жазықтыларға қанша айып-жаза салады – ерікті болды. Сонан әріге билігің жүрмейді деп, кескен жоқ. Қазақ билеріне билікті қазақ рәсімінше айтуға жол берілді, егер рәсім бойынша айтылған биліктері мемлекет законының негізіне қайшы келмейтін болса. 1868-ші жылғы уақытша положение 1822-ші жыл уставындағы сот істерінің ауданын онша тарылтпай, жалғыз-ақ окружный приказдарды қалдырып, оның орнына волостной сиез билерін шығарды. Волостной сиез билеріне, егер екі жағы ырза болып жүгінсе, бірінші дәрежедегі билерге (жеке би) тиісті істерді де тексеруге ерік берілді. Онан кейін болған жаңа өзгерістер: 1) Әр болысқа қараған елдер арасындағы дауды бітіретін чрезвычайный сиез билерінің соты шықты. Чрезвычайный сиез билері волостной сиез билерінің үстінен берілген шағымды істерді де қарауға ерікті болды. 2) Билер тексеретін істердің мөлшері белгіленді: жеке билер 300 сомға шейін даулы істерді тексереді, бұлардың тиянақты (окончательный) билігінің мөлшері 30 сомға шейін. Волостной сиез билері қандай сомалық дауды болса да тексере алады, бірақ тиянақты билігі 500 сомға шейін. Волостной сиез билерінің тағы да тексеретін ісі – жеке билердің тиянақсыз (неокончательный) биліктері; чрезвычайный сиез тексеретін істеріне мөлшер айтылмаған, олардың қандай билігі болса да, тиянақты деп есептеледі. Бұл общий правиладан неках26 істерін шығаруға ұйғарылған, мұндай істерді тексеруші екінші дәрежелі сот администрация хакімі уездный начальник.
1891-ші жылы 25-ші мартта шыққан степной
положение, яғни осы күнгі положение.
Сайлау һәм партия пәлесі
1868-ші жылдың уақытша положениесі бойынша қазақты хүкімет 25 жыл билейді (1868-1893). Орыс заңынан алып, қазақ ісіне кірістірген жолдарға қазақтар көндігіп, әбден үйір болады. Мұны көріп, степной положениені шығарушылар қазақ ісіне общий крестьянский положениенің кей жолдарын қалыбынша өзгертпей-ақ кіргізуді мақұл көреді. Степной положениедегі ауылный һәм волостной сиездердің лауазым иесі адамдардың міндеттері турасындағы жолдар тура крестьянский положениеден алынған, солай еткен соң, қазақ істері крестьян ісіне өте жақындайды. 1868-ші жылдың положениесі бойынша ауылный сиезге ондықтар жиылып, істі солар қараушы еді. Степной положение ондықтарды қалдырып, ауылный сиезді үй қожаларының жиылысынан жасайтын етеді. Бұлай етуде екі мәніс болды: бұрын ондықтарды жиып, үй қожаларын қалдырудың себебі – көп жиылған жерде жанжал, бөлінушілік шығады деп құп қылған еді. 25 жылдан кейін ондай бөлінушілік болмасына көз жетіп болады. Бұл бір мәнісі. Екінші мәнісі, сиез үй қожаларынан жасалса, әркім істің бас-қасында болып, ақылдасып істесе, көп ақылымен пішкен іс халыққа жайлы болар деген ой еді. Степной положениені шығарушылар бұл турада қазақ істерін крестьян істерінің жолына жақындатса да, басқа турада алыстатқан жері де бар. 1822-ші жылдың Сибирский уставында 1868-ші жылдың уақытша положениесіндегі волостной управительдерді сайлауға жарайтын адамдардың шартын ғана көрсетіп, сайлап шығару билігін қазақтардың өзіне берген еді. Сайлап шығарған адамды тиісті хакім бекітуші еді. Степной положение бұл туралы көп өзгеріс істеді. Халық қалаған адамын сайлап шығарса да, бекіту-бекітпеуге хакімдер ықтияршы болды. Халық сайлап тұрса да, губернатор бекітпей, қайта сайлауға, яки өз бетінен біреуді лайықтап қоюға хұқты. Аса қажет орындарда ішкі іс министрі, степной генерал-губернатор қазақтарды сайлау істетіп әурелемей де, өз беттерінен лайықтап қоя салуға ерікті. Сөйтіп, сайлау ықтияры қазаққа берілгенмен, бекітпеу ықтияры губернаторларға берілген соң, құты, министр һәм генерал-губернатор сайлаусыз қоюға ерікті болған соң, құр сайлау деген аты болмаса, мағынасы зор кемиді. Бұлай еткендегі мақсат қазақтың таласын кеміту еді. Сайлағанмен, бекітуі дүдәмал болса, партия жасап жаулассақ, бекітпес деген құппен, қазақта партия пәлесі кемір деген ой еді. Олай ойлау лаққандық болып шықты. Партия пәлесі бұрынғыдан кемімек түгіл, қайта күшейіп кетті. Талассақ, бола алмаспыз деп құп етушілер елді екі бөліп, арызына ерген ғана жағына болыс бөлу тәсілге түсті. Сөйте-сөйте болыстар осы күнде өте ұсақтап кетті. Ауданды үлкен болыстар, ауылдар тіпті азайды. Болыс бөлініп ұсақтап, көбеюі жұртқа зиян. Жаңа болыстың расходы жұртқа масыл болады, расход үстіне расход жамалады. Сөйтіп, партиялықты жоюға істеген тәсіл, әуелі, мақсатына жете алмайды, екінші, жұртқа пайда орнына зиян келтіреді. Солай болмасқа орын да жоқ. Қазақ партиялығын жоюға талас шығатын түбірін жою керек. Талас түбірі болыстықтың өзінде. Таласты жоюға сол түбірді тауып, талас шықпайтын етерге керек. Крестьяндарда талас жоқ. Себебі олардың болысы елді меңгеру, тергеу ісі үшін ғана жасалған хүкіметтің бір түйірі болғандықтан, халықты меңгеру, тергеу ісінен басқа шаруаға керек істерге қатынаспайды. Қазақ болысы ондай емес. Шаруаға пайда-зиян тиерлік істердің көбіне қазақ болысының дахылы27 бар: Қазақ дүниялығының негізі – жер болыс қолында, ауыл-ауылдың жерінің жігін ашатын болыс. Жер турасындағы дауларды бітіретін болыс, ауыл-ауылға таратып, салық үлестіретін болыс, билерді қалап сайлап шығаратын болыс. Болыстың бастығы, қожасы волостной управитель. Жоғарыда айтылған болысқа қарайтын істердің бәрі де қазақтың нағыз маңызды істері. Сондықтан елді жарылқаушы да, қорғаушы да болыс бастығы волостной управитель болады. Управительдің өзін сайлаған волостной сиез билер де сайлайды. Олай болған соң, сиездегілер де, олардың сайлаған билері де управитель партиясынан болмақшы һәм управительдің айтқанын қылмақшы. Жер билігі волостной сиезде болғандықтан, қарсы партиясының жерін даулатқызып, өз партиясына алып беруге управительдің қолынан келеді. Өзіне қарсы партияның ауылдарына алым ақша баса салдырып жіберуге қолынан келеді. Осы сияқты озбырлық ісіне араз болып, қазақ еш нәрсе өндіре алмайды, өйткені қазақтың партиялық жүзінен қозған істерінің ақты-қарасын айыру бір қиын жұмыс. Көбінесе арыз беруші қазаққа пәле салып, жала жауып, акт жасап, жаза кестіріп, әлекке түсіреді, сайлауға жарамастай қылып, басын кірлеп қояды. Бұл дәрежеге жеткен партиялық дертін, онан туатын түрлі пәлені жоюға қалаған адамды бекіту-бекітпеу билігін хүкіметке беру ем болмайды. Аурудың асқынған себебін тауып, соған қарай ем ету тиіс. Партия дертінің асқынған себебі жоғарыда айтылған жарылқарлық-қарғарлық управительге берген қуат. Крестьянский положениеден алынған болыстықты крестьяндағы қалпына түсіру керек. 1868-ші жылдың уақытша положениесі әр ауылдың жерін пайдаланған ыңғайыменен бөлек-бөлек шегін ашып, айырып, бөлістеріне, құты, белгі қоюға лайықталған еді. Осы жол бойынша әр ауылдың көптен бері меншіктеп пайдаланып келе жатқан өз алдына арнаулы-арнаулы жерлері бар. Бұл күнде жер тақырыпты дау шықса, ол жердің бөліксіздігінен емес, яки жетпегендігінен емес, волостной сиездің партиялық жөнінен сұғанақтық еткендігінен. Волостной сиез баяғыдан бері бөлерлік жерін бөліп болды. Ауыл-ауылдың көптен бері иемденіп пайдаланып келе жатқан жерлерінің жігі ашылып бітті. Волостной сиездің мұнан былай жер ісіне кірісуі қазақтың шаруасы ілгері басуына оралғы, бөгет болғаннан басқа, келтірер жұртқа зияны болмаса, пайдасы жоқ. Арнаулы жерді иемденіп, орнықпайынша шаруа ілгері баса алмайды. Енді волостной сиездің жер жұмысына сұғанақтық етуін тоқтату керек. Әйтпесе, қазақ жерге орнығып, еш уақытта отырықшы бола алмайды. Волостной сиезді жер жұмысынан шығарып тастағаннан кейін ауыл араларындағы, ауыл ішіндегі үй қожалары араларындағы жер дауын тексеретін жол да өзгерерге тиіс. Бұл күнге шейін иемденбей бос жатқан жер жоқ. Ондай жер бола қалса, ол үшін дау да шықпас. Біреудің иемденіп отырған жерін аламын деп шығарған дау біреудің малын, мүлкін алам деп дау шығарғанмен бір есеп. Алынған малды, ауысқан ақыны тексеретін сот. Сондықтан жер дауы да сотпен бітерге тиіс. Бірақ қазақ жерлеріне бұлай белгілері қойылмаған себепті, қойылса да жерге орналастыру жолмен берілмеген себепті әзіріне жер дауы қарындастық жолмен біте тұрса жарар еді. Олай болғанда, осы күнгі крестьянский начальниктер турасындағы положениенің 443-440 статьялары бойынша қаралуға крестьянский начальниктерге тапсырылса. Сөйтіп, жер иесі ауыл әлеуметі болмақ. Жерді билеуші ауылный исход болмақ. Жерді арендаға (жалдауға) волостной сиез приговор етпей, крестьяндарша әр жер иесі аймақ өздері жалдамақ. Волостной сиез болыс қол астындағы жерді билегендіктен ауыл-ауылға раскладка таратуды да билейді, закон шығарушылардың раскладканы волостной сиезбен таратпақ еткендегі мәнісі, түндік ақша үй басына ғана салынған салық емес, шаруа кәсібіне салынған салық: Мал бағу ма, егін егу ме, оғайри сондай шаруалық па – бәрі жерге қарайтын кәсіп, жерден өнетін кәсіптің берекесі жері жетерлік һәм шаруаға лайықты болудан. Ауыл-ауылға жер үлестіретін волостной сиез болғандықтан, ауыл-ауылдан алынатын салықты да волостной сиез тарату тиіс деген. Шаруа басына жер үлестіретін ауылный исход болғандықтан, ауыл ішіндегі үй басына салық тарататын ауылный исход болу тиіс деген. Үй басына бірдей салған салық дұрыс емес, неге десең, байдың малы көп, малы көп болған соң, жері де көп. Түндік ақша үй басына бірдей салынса, бай да, жарлы да бірдей төлейтін болады. Олай болмас үшін салықты әркімнің ауқатына қарай: Байға байша, жарлыға жарлыша салу тиіс деген еді. Бірақ салық дұрыстығы дегендеріндей болмады. Өйткені байлар байша төлеуден қашты, волостной сиездер байдың ыңғайымен бөліп, салықты дұрыстықпен таратпайтын болды. Бай-салық байдың һәм партиядан жеңген жақтың көңілін аулап салынатын болды. Салық дұрыстықпен салыну үшін кей облыстардың, мысалы, Ақмола, Семей облыстарының әкімдері малдың бәрін қойға шағып, байлық мөлшерін қой есебімен байқайтын етті. Сонан соң қой басына ақша арнап, сол қой басына түскен ақшамен есептеп, болысқа қараған ауылдарға, ауылға қараған үйлерге салық тарататын етті. Сөйтіп, бұл салық ақшаны малдан төлеген сияқты болды, жалғыз-ақ мал салығына келмейтін бір жері мынау еді: Нағыз мал салығы болса, малы жоқ, басқа кәсіппен күн көретіндер ақша төлемес еді. Жоғарғы айтылған бай-салық бойынша малы бардай салық төлейді. Бұл Ақмола, Семей облыстарында істелген жөнмен де салық дұрыстығы табылмады. Оның себебі: Нағыз законде мал есебі алынып, салық мал басына салынсын деген сөз болмаған соң, жұрт малының есебі дұрыс алынбады. Мал есебі дұрыс болмаған соң, салық дұрыстығы да болмады. Жаңа закон жобасы бойынша жер жұмысы волостной сиезден шықпақшы. Жер жұмысына волостной сиез кіріспеген соң, бай-салық жұмысына да кірісуге жөн жоқ. Салық есебі ауыл-ауылдан алыну тиіс. Бірақ мұнда да бай-салық дұрыстық, туралықпен болады деп айтуға қиын, ауыл ішінде де партиялық жоқ емес, ауылный исход та көп жағының ақшасын аз жағына, байларының ақшасын жарлыларға көтертеді. Солай болған соң, қазақтардың недаемкасы көбейеді. Көбейгенін көріп отырмыз. 1909-шы жылғы 1-ші январға шақты Ақмола облысының недаемкасы 105 мың 482 сом болған. Бұл Ақмола облысынан жылына алынатын ақшаның жартысы. Недаемка өсуі Торғай, Орал облыстарында да байқалады. Жұрт жылдан-жылға жарлыланып, салық төлей алмайтын күйге түсіп барады. Өйтетін себебі, шаруалық шарттарының қолайсыздығынан емес, салық тарату жұмысының кемшілігінен һәм салық ақша жинау жұмысының тәртіпсіздігінен. Сбор рәсім бойынша жиылады. Рәсім салық төлеу үшін бар малын сатқызады. Өз малы жетпегеннен кейін, недаемканы жұрт үстіне таратады. Малы сатылып құрығаннан кейін, қазақ әуелі үйсіздікке қосылады, жерінен айрылады, исходтан қалады, салықтан шығады. Жылдан-жылға сбор төлейтін үйлердің саны кеміп барады, олар кеміген сайын қазынаға түсетін түндік ақша да кеміп барады. Дұрыстықпен салық салынбайтын, қазынаның түсімін кемітетін, жұрттың ауқатын аздыратын осы күнгі салық салу тәртіп мұнан былай жұрттың һәм қазынаның игілігі үшін түбінен өзгерілерге тиіс. Қазақтың байлығы жерден өнетін болғандықтан, қазаққа оброчный сбор салу қолайлы болар еді, бірақ оны бұл күнде қазақтарды жерге орналастырмай тұрып істеуге болмайды. Егерде қазаққа оброчный сбор салуға жоғарғы айтылған себеппен болмайтын болса, осы күнгі қалыпта қалдыруға да болмайды. Түндік ақша байға байша, жарлыға жарлыша салынған туралық салық емес. Мұны степной положениені шығарушылар да білген еді, бірақ түндік басына салынып, түндік басынан алынуы оңай деп, әділ салықтардан мұны артық көріп еді. Ауылный, волостной исходтар дұрыстықпен жұртқа салық салар деп ойлап еді. Олай болып шықпады. Салықтың негізінде кемшілік болғандықтан, негізінен өзгертпей болмайды. Түндік ақша бұрын ішкі ордалық қазақтардан да, Астрахань губерниясындағы қалмақтардан да алынатын еді. Түндік ақшаның жоғарғы айтылған кемшіліктері болған себептен сбор малға түсті. Мал сборы подоходный салыққа жақын. Малы барлар төлейді, малы жоқтар төлемейді, малы көптер көп төлейді, малы аздар аз төлейді. Мал сборын болдырмай жүрген қазақтардың көшпелілігі еді. Бүгін мұнда, ертең онда болғаннан, мал есебін алудың қиындығы еді. Бұл күнде переселендерге жері алынып, қонысы тарылғандықтан, бұрынғы көшу жоқ. Бұл көшу ішкі орданың қазағында да, Астрахань губерниясының қалмағында да бар еді, олар мал басынан сбор алуға енді есепте еш қиындық жоқтығын көрсетіп отыр. Ондағы қызмет ететін чиновниктердің дала облыстарындағы чиновниктерден саны да кем, басы да төмен болса да, мал басынан алынатын сбор жұмысын мүдірмей-ақ үлгеріп тұр. Сондықтан, қазақтар жерге орналасып болғанша, Астрахань қазағы мен қалмағына істеген сияқты, дала облысының қазағынан да сборды мал басына салуға мезгіл жетті. Сбордың аз-көбі де сол Астрахань қазағы мен қалмағының төлейтін шамасында болу тиіс, өйткені олардың тұрмысы мен шаруасы дала облыстарының қазақтарының тұрмысы, шаруасымен бірдей. Малдарының өсу һәм сатылу шарттары екеуінде де бірдей. Сбор малдан алынса, қазынаға ақша көп түседі, қазаққа ауырлығы сезілмейді. 1908-1910-шы жылдарда Ақмола облысының малы мынадай еді: 87 мың 722 түйе, 539 мың 896 жылқы, 393 мың 693 сиыр, 1 миллион 154 мың 775 ұсақ мал (қой-ешкі). Ол жылдарда Ақмола қазақтарының жылына төлейтін түндік басы ақшасы 305 мың 348 сом еді. 1904-1906-шы жылдарда Ақмола қазақтарының малы мынадай еді: 76 мың 270 түйе, 522 мың 230 жылқы, 366 мың 34 сиыр, 993 мың 276 ұсақ мал. Ондағы жыл сайын төлеген түндік басы ақшасы 341 мың 224 сом еді. 1904-1906-шы жылдардан 1908-1910-шы жылдардағы қазақтардың малы көп болған, төлеген ақшасы аз болған, яғни мал аз жылдардың ақшасы мал көп жылдардың ақшасынан 35 мың 876 сом артық. Егерде салық ақша түндік басынан алынбай, мал басынан алынса, мысалы, Астрахань қалмақтарынан алған сияқты (түйе басынан 75 тиын, жылқы-сиыр басынан 40 тиын, ұсақ мал басынан 5 тиын), Ақмола облысының қазақтары 1908-ші жылы 535 мың 586 сом төлер еді, демек, 198 мың 738 сом көбірек төлер еді. Сбордың олай көбейгені жұртқа онша батпас еді, себебі бұл артық ақша көп жерді иемденіп, көп мал өсіріп отырған байларға түсер еді. Түндік басы сбор мен мал басы сборды салыстырсақ: 1) Семей облысының қазақтарының жоғарғы айтылған жылдардағы төлеген түндік ақшасы 485 мың 968 сом, мал басынан төлесе, 491 мың 340 сом төлемекші, демек, 5 мың 372 сом көбірек төлемекші. 2) Торғай облысының қазағы мал басынан төлесе, түндік басынан төлегеннен 205 мың 766 сом артық төлемекші, бұл артық ақшалар малы көп байларға түспекші. Сөйтіп, мал басына салған сбордан патшалық қазынасына жылда 400-450 мың сомдай ақша көбірек түсер еді. Онан халықтың шаруасы күйзелмес еді, қайта салық әркімнің уақытына қарай түсіп, әркім өзі үшін ғана сбор төлегеннен көбінің шаруасы түзелер еді. Жоғарыда айтылған жер туралы, сбор туралы өзгерістер волостной сиездің жұмысын крестьян положениесіндегі қалыбына түсірмекші, волостной сиез бен ауылный сиездің істейтін істерінің арасы ашылғаннан кейін, партиялық бүліншілігін кеміту үшін істелген сайлау жолының таршылығы енді қажет бола қоймас. Сондықтан степной положениедегі айтылған сайлау жолын өзгертіп, крестьян сайлау жолына жақындату тиіс. Мұны өзгерткенде, жаңадан бір жат нәрсе қосылмайды. Сайлау ісі степной положение шықпай тұрғандағы қалыпқа түспекші, жалғыз-ақ ондағыдан басқалығы сол: Волостной управительдерді крестьянский начальниктер бекітпекші, ауылный старшиналар бекітусіз-ақ қызметке кіре береді. Осылай еткенде қазақ пен крестьяндардың лауазым иесі адамдарының қалпында еш басқалық болмайды. Қазақ сайлауымен сайлаған адамдарын бекіту реті крестьяндармен бірдей болуының артықша қажет болатын себебі Россиядағы барша бұратана жұрттар обыватель правосында саналады, солай болған соң, олардың әлеумет істерін крестьяндардың әлеумет істерімен бірдей ету керек. 1901-ші жылғы 23 апрель законы бойынша Забайкальский облысында лауазым иесі адамдарды бекіту ісін генерал-губернатордан алып, крестьянский начальниктерге бергенде, бұрын губернаторлар бекітетін лауазымдарды крестьянский начальниктерге беру әбден дұрыс болса керек. Сайлау еркін түгел жұртқа бергенде ескерерлік бір қолайсыз жері бар. Сайлауда партиялық себебінен тас бөлініп, екі жағының да кандидаты сайлауға жетерлік тас ала алмайтын, яки жұрт сайлауға тіпті, келмейтін жерлер де болады. Сондай орындарда хакімдердің қолынан келерлік ешнәрсе болмаса, хакімдер не істерін білмей, шарасыз болады. Ондай күй болмас үшін жоғарыда айтылғандай орындарда, яки сайлаған адам жарамсыз болған жерлерде хакімдер өз бетінен сайлап жіберуге ықтиярлы болса екен. Бұлай болғаны халықтың қалаған адамын қою правосын да кемітпес еді, керек орында жөніне қарай іс етуге хакімдердің қолын да бос қояр еді. Сайлау һәм бекіту туралы өзгеріс болған соң, лауазым иесі адамдарды жазғыру, сотқа беру турасындағы областной правлениенің қарауындағы істер крестьянский начальниктердің уездный сиезіне ауысарға керек. Әлеуметтік істердің бәрін крестьянмен теңеген соң, сайлауға жарарлық-жарамастық турасындағы шарттарды да теңеу тиіс. Крестьяндар лауазымға сайлау үшін бас праволарынан ада қылатын сотты болмаса, следствияда тұрмаса болады. Қазақтың сотпен жеті күн абақты кесілгені де, 30 сом штраф төлегені де сайлауға жарамайды. Бұл правосын кемітетін жазалар емес. Крестьяндардың правосынан ада қылатын істі болғандары ғана сайлауға жарамайтын болғанда, қазақтардың правосын кемітпейтін іспен сайлауға жарамай қалуы тарлық болады. Қазақты да правосынан ада қылатын істі болғанда ғана сайлауға жарамайтын ету тиіс. Лауазым иелеріне жалования кесу туралы да әлеуметті ықтиярлы ету керек. Степной положениесінің 71-һәм 75-ші статьяларында көрсетілген шамалар аз әлеуметке ауыр, көп әлеуметке жұмысы көп болғандықтан, аздық қылмақшы, сөйтіп, қарашығын, анау-мынау деген законның жолынан басқа жолмен жүргізбекші. Бұл туралы да крестьяндарша жалованияны әлеуметтің өзіне кестірген дұрыс болар еді. Бірақ лауазым иесі адам әлеумет жұмысының әр түрлі һәм көп болғандығынан өз шаруасын істеуге көбінесе қолы тимейді, зиян шегеді. Лауазым иелерінен әлеумет жалования кескенде, шаруасының зиянын өтерлік етіп кесерге тиіс. Сондықтан да крестьянский общий положениенің 96-шы статьясында лауазым иесіне кесетін жалованиенің міндетті мөлшерін хүкімет көрсеткен. Соны қазаққа да істеу тиіс. Жоғарыда айтылған өзгерістер толық болып табылмас еді, егерде қазақтың волостной сиездерінің құрылу реті өзгерілмесе. Осы күнгі закон бойынша волостной сиез елубасылардан құрылады. Елу үйден бір адам шығарып сиез құрудың түпкі мәнісі 1868-ші жылғы уақытша положение бойынша: Көп жиылған жерде жанжал шығады деген құп еді. Степной положениені шығарушылар ондай құп бұл күнде жоқ деп, ауылный сиезді ондықтардан құрмай, ауыл қол астындағы үй қожаларынан құратын етті. Ауылный сиездің толық болуы қажет болғанда, волостной сиездің де толық болуы қажет. Волостной сиезге елу үйден біреу емес, он үйден біреу жиылу тиіс. Сонда ауыл қол асты тегіс жиылғаннан көп кісі болмайды, 200 кісіден артық жиылмайды. Ауыл қол астының үй қожалары тегіс жиылғаны кұп болмағанда, болыс қол астынан онбасылар жиылуы да құп болмайды. Жалғыз-ақ көшпелі болыстарға он үйден біреу жию қиын болар. Ондай болыстардан 20 үйден біреу келетін етсе де болады. Қазақ билігі өзінің болмысына қарағанда, құрылысына қарағанда, баяғы франкылардың соты сияқты: уголовный һәм гражданский болып айрылмай, бәрі ақы даулау есебінде. Қылмыстыны іздеу жоқ, сұраушы, төлеуші ғана бар. Екеуінің қақы бірдей: бірі талапкер деп аталады, екіншісі жауапкер деп аталады. Істі қозғау, қозғамау талапкердің еркінде. Істің қаралуы көп көзінше, сот құрылысы талапкер мен жауапкердің айтысуымен болады. Айғақтардан сұралып, жан берушілермен бітеді. Сөйтіп, қазақ соты ыспатпен анығына жетіп хүкім салмайды, екі жақтың біріне я антпен ағаруға, я антпен мойнына қоюға хүкім етеді. Ағара алмаған, яки мойнына қойылмаған күнде, пәлен болсын деп, рәсім жолын айтады. Россия қол астына кіргенше қазақтың тіршілік істері ру ыңғайынша еді. Туысқан тұрмысы жөніне қарай ауыл-ауыл болып бөлінуші еді. Ауыл басы ақсақал болушы еді. Ауыл билігі ақсақалда еді. Малың рудыкі еді. Құнды туысқандары ғана емес, ру болып төлеуші еді. Айыпты болса, ру болушы еді. Айыптаса ру болып айыптаушы еді. Қысқасы, ру намысы, ру пайдасы болып жоқталушы еді. Іс күште еді. Қай ру көп болса, сол күшті еді. Күшті руды аз, нашар рулар жақтаушы еді, әйтпесе, бірнеше ру болып қосылып, өздері күшеюші еді. Ру ішіндегі екі адам арасындағы дауын, бір-бірінен көрген жәбірін ру басы, жұрт ағасы билер бітіруші еді. Руы бір болған соң, ру намысы, пайдасы бір болған соң, екі жақтың біріне де бұрмай, билер билігін рәсім бойынша тура айтушы еді. Екі рудың арасындағы, яки ру ішіндегі тайпалар арасындағы даулар да туралықпен бітуші еді. Өйткені ондай істер той, яки асқа жиылған жерде екі жағынан да би шығып бітіруші еді. Преступление (жазықты қылмыс) деген қазақтың қарауында жоқ нәрсе. Мал ұрласа, мал төлемек, кісі өлтірсе, құн төлемек, оның үстіне қосылатын жаза айып болған. Қазақ Россияға қараған соң, жоғарыда көрсетілгенше хүкімет қазақты билеу һәм соты турасындағы істерін түзетуге тырмысты, өйткенде де бірте-бірте сақтау мен түзетуге қазақтарға жаңа жолдың пайдалы екендігін көрсетіп, ыспатпен иландырып түзетуге тырмысты. Сондықтан 1822-ші жылдың уставы қазақ қалыбының ретсіз жерлерін ғана: Өзді-өзімен жауласып күйзелген шаруаларын түзеп, ауқаттандыру үшін ғана өзгерістер кірігізді. Сол мәніспен қазақтың билігі өзгерілмей, бұрынғы билерінің қолында қалды, бірақ биге түсетін істердің бірсыпырасы, мысалы, кісі өлтіру, талау, тонау һәм патшалыққа қастық ету, хакімдерге қарсылық қылу істері билік қарауынан алынып, билік ауданы тарылыңқырады. Өзге істердің бәрі де қазақтың бұрынғы билерінде, қазақ рәсім жолымен бітірмегенде қалды. Хүкімге ырза болмаған жағы облыс бастығына толық дәлелімен арыз бермек. Облыс бастығы ол арызын қыр рәсім жолымен тексеру үшін окружный приказға түсірмек болды. 1868-ші жылы 21 октябрде шыққан уақытша положение қазақ билігін сақтай тұра, көп өзгерістер істеді, ол өзгерістердің болуы, әуелі, қазақ істері патшалық мақсаттарына тура келу үшін еді, екінші, қазақтың туысқандық жақындығының кемігендігі еді. Сөйтіп, қазақ билері 3 жылға сайланатын болды, болыс басына 4-8 би қойылатын болды. Оларды бекітуші губернатор болды. Билікке сайлануға басы сотпен кірленбеген, следствияда тұрмаған, 25-ке жасы толған адам жарайтын болды. Қызметіне ақы есебінде бітірген істеріне сомынан он тиын «билік» ақы алатын болды. Сот дәреже-дәрежеге бөлінді. Бірінші дәрежелі сот 300 сомдық (15 жылқы, 150 қойлық) істерден артық қарай алмайтын болды. Бұл тұжырусыз билігі; тұжырулы билігі 30 сомдық іске ғана жүретін болды. Екінші дәрежесі волостной судиялардың сиезі болды, бұлар жеке бидің айтқан тұжырусыз билігін, яки 300 сомнан артық істерді қарайтын болды. Волостной судиялардың сиезінің тұжырулы билігі 500 сомдық (25 жылқы, 250 қойлық) іске айтылып, тұжырусыз істерін қарайтын үшінші дәрежелі сот областной правление болды. Областной правление волостной сиездің тұжырусыз билігін я бекітіп, я чрезвычайный сиезге жіберетін болды. Бұл сиездің басында уездный начальник, яки әдейі сиез басына жіберген чиновник тұратын болды. Чрезвычайный сиезге әр даугердің жағынан екі биден кем жиылмайтын болды. Волостной сиездің хүкіміне ырза болмаған арыздардан басқа, екі болыс, яки екі уезд қазақтарының арасындағы қаралмаған тың істер де қаралатын болды. Чрезвычайный сиездің билігі қанша сомалық іске де болса тұжырулы делінді. Бұлардан басқа, екі жағының ырзалығымен түсетін қалау бидің (қойшы бидің) билігі дейтін болды. Мұнда қанша сомдық болса да, айтылған билік бұзылмайтын тыңғылықты. 1822-ші жылдың уставынан гөрі, 1868-ші жылдың положениесі народный соттың уысын тарылтты. Арам ақша жасау, қазынаны ұрлау, патшалық мекемелердің уставынан шығу һәм қызмет бабындағы жазықты қылмыстар народный сотқа берілмей, жалпы сотқа берілетін болды. Онан соң, бұл положение бойынша болған зор өзгеріс – қазақтың жесір ісіне хүкіметтің қатысуы. Орыс хүкіметі қазақ ішінде мәдениет жайылуына тырмыса тұрып, әйелдерін қазақтар қалың малға мүлікше сатып алып, мүлікше мұра жолында тұтынуына шыдай алмады. Сондықтан билердің айтқан бітіміне ырза болмаған жағына уезге арыз беруге жол ашылды. Уезд халықтың рәсімінен тысқары кетпей, адамгершілікке тиісті жолмен хүкім етуге ерікті болды. Осы түрмен народный сот 1891-ші жылға шейін келді. 1891-ші жылы 25 мартта патша хазіретінің бекіткен Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарына шыққан положениесі бойынша қазақ сотына жаңа өзгерістер кіреді. Дала облыстарының народный сотын өзгерту үшін степной положениені шығарушылар 1886-шы жылғы шыққан Түркістан положениесін алған. 1868-ші жылдан бастап, 1893-ші жылға шейін, – 25 жылдың ішінде қазақ ішінде мәдениеттің ілгері басқан еш нәрсесі білінбеген соң, 1868-ші жылғы положениеден бұрынғы қалыпқа қайта бой ұрады. 1868-ші жылдың положениесі, қазақ ішіндегі хакімдердің айтуынша, пайдалы болып шықпаған. Сондықтан степной положениеде бұрынғыша народный сот екі түрлі қалыбында: жеке би, волостной судиялардың сиезі сақталады, екі болыс я екі уезд қазақтарының арасындағы істер үшін чрезвычайный сиез де сақталады, жесір дауынан басқа іске қалау би де сақталады. Жесір жұмысына хүкімет кірісуін де қояды. Өйткені халықтың рәсімін білмеген себепті начальниктер рәсімге қылап іс қылса, жұрт рәсіміне қол салған болып табылар һәм жұрттан наразылық шығар деген құппен. Степной положениені шығарушылар істің қай сотқа тиісті болу жігін онша айырып ашпайды. Бұрынғыша уголовный, гражданский істер народный соттың қарауында тұра береді. Бірақ ырза болмаған жағының іздену жолын кеңітеді. Жеке билік билігі 30 сомнан, яки күн тұтқындықтан астам болса, тұжырусыз болмақ; ырза емес жағы екі жетінің ішінде волостной управитель арқылы билердің волостной сиезіне арыз береді (Түркістан положениесінің 233, 240 һәм 244-ші статьялары). Волостной һәм чрезвычайный сиездердің айтқан билігі тұжырулы; бұлардың билігіне ырза болмағандар законнан тысқары, яки народный сотқа тиіс емес орында салған хүкімдеріне – уездный, бұл күнде крестьянский начальниктер арқылы окружный сотқа жеткізбек үшін прокурорға арыз бермекші. Народный сотты халық рәсіміндегі қалыбынша сақтамақшы бола тұра, закон шығарушылар қазақ жұртын орыс законына үйір қылмақ ойларын да тастамайды. Өйту үшін қазақтың сот ісіне мақсатына жетерлік түрлі өзгерістер кіргізеді. Осы тақырыбынан қазақтарды орыс законы бойынша орыс сотына берерлік істердің ауданын кеңітті (Түркістан положениесінің 141 һәм 142-ші статьялары). Және де екі жағы тілесе, істері каронный (патшалық) сотта қаралуына да ықтимал жол ашылды (215-ші статья). Онан әрі жазықты адамдарға билер уголовный положениедегі жазаларды кесуге жол берілді (219-шы статья). Ондағы мақсат қазаққа жазғыратын жаза барлығын білдірмек, танытпақ еді. Онан басқа, соттың құрылысына да бұрынғыдай жалғыз ауыз билік айтумен қоймастай тәртіптер кіргізді (227-ші статья). Бұларға және қоссақ: 1891-ші жылдың положениесінің қазақ билерінің санын көбейтіп, ауыл басына бір биден болатын еткендігін, болыс қол астындағы істің қайсысына да болса, ауылының басқалығына қарамай, қай би де болса жарайтын еткендігін, екі жағы бірдей қалап тұрса, қай биге де болса түсуге ырық бергендігін, екі жағы қаламаған күнде, талапкер жағының қалаған биіне түсуге һәм жауапкерге талапкердің қалаған билерін себебін айтпай екіге шейін шығарып тастауға мұршалы еткендігін (232-ші статья); қай сотқа қарау турасында гражданский істер тақырыпты жазықты қылмыстың болған болысындағы сотқа берілмекші еткендігін (214-ші статья). Сонда қазақ даласындағы осы осы күнгі соттың жайы тамам болады. Соттың адал болуы жағынан бұл сияқты сот қалай көрінгені, халыққа қандай жағымды болып табылғаны, қазақты орыс мәдениетіне, адамшылығына қосуға көздеген патшалық мақсаттары қанша табылып тұрғаны, 1891-ші жылғы 25 март положениесінің 20 жылдың ішінде өндірген ісінен һәм қазақ ішіндегі хакімдердің народный соттың кемшілігі тақырыбынан берген мағлұматтарынан көрініп тұр.
Осы күнгі соттың тәртібіндегі кемшіліктер
Қазақтар һәм қазақ ішіндегі хакімдер көбінесе, билердің сайлауы жайынан зарлайды. Степной положение шықпай тұрғанда қазақтың болыс һәм ауылдары туысқан жігіне қарай бөлінуші еді. Сөйткен соң, би сайлау жұмысында халыққа келетін зиян болмаушы еді. Ру басы қадірлі адамдары өзара би болатын адамдарын ұйғарушы еді. Сайлауда сол ұйғарған адамдарын сайлап шығарушы еді. Степной положение шығып, қазақтың болыс һәм ауылдарын туысқан ретіне қарамай, қоныс, шаруа ретіне қарай орналастыратын болған соң, істің беті жүдә өзгерді. Болыс қол астындағы ел бір тұқымнан болмай, түрлі тұқымнан болған себепті, әр тұқымның көздеген пайдалары басқа-басқа болған себепті, әр тұқым лауазым иесі адамдарды өз пайдасы үшін өз туысқанынан шығаруға тырысты. Сайлау сұмдығы, бүліншілігі осыннан шықты: сайлау үшін ақша төгу, кісі өлтіру – бәрі осыдан пайда болды. Неше түрлі жаманшылық жолмен жеңіп тұрған жағы билердің бәрін өз жағынан сайлап шығарады. Билер сайланып болғаннан кейін қарсы жағынан өш алу үшін өтірік жала бойынша жазаны жаудырады. Закон шығарушылар қазақ сотын сайлаулы еткенде ойлаған: шаруа жөнімен біріккен түрлі рудың адамдары сайлау жолында бірігіп, орталарынан жұртқа пайдалы адамдарын шығарады деп; ол ойдан жұрт шықпады, бұған тоқтау болған баяғы қазақ арасындағы туысқандық жолындағы жақындық басқа жолдағы жақындықтан күштілігі. Өз билігін өзіне беріп, өзіңе керек кісіңді өзің сайла деген жол қазақтың ру арасындағы партиялығын зорайтып, пайдалы болып шықпады. Қазақ арасындағы хакімдердің айтуынша кейде үш жыл толуына жақындамай-ақ, көбінесе жаңа сайлаудан бір жыл бұрын, сайлау әңгімесі қозғалып, ел тарту жұмысы басталады. Бейқам, бейбітшілікте жатқан ел қимылдап, қозғала бастайды. Ақырында жұрт дүрілдеп, дүркіреп, сайлау ісіне әбден кіріседі. Партия басшылары кеңес құрып, күн бұрын кімді нендей лауазымға сайлау жайын сөйлесіп, еретін елді есептеп, жұртты қалай тартуға план жасап, елдің аузын аларлық ақша қамдай бастайды. Ең әуелі, выборнойларды сайлап шығаратын ауыл әлеуметінің ішінен өзіне адам тартады. Партия басшыларына әуелі ағайындары ереді, сонан соң руластары ереді, онан соң басқа рулардан ауылдар, үйлер тартылады. Ел тартуға істелмейтін іс аз: ақша да беріледі, басқаша сый да етіледі, қорқыту да болады, тығыздық та қылынады, кей кезде зорлық та жүреді. Қай ретпен болса да бір ауылдың көбін өзіне қаратып алып, екінші ауылға да соны істейді. Қарсы партияның шамасынан асыруға бар күшін сарып етеді. Егерде қаратқан ауылдардың бірінде ауытқушылар біліне бастаса һәм олардың ауғанынан сайлау салмағы да ауатын болса, таластың атайманы сонда болады. Елдің көбін қаратқаннан кейін басқа жаққа аумасына қам қылады. Сайлау болғанша олардың қас пен қабағына қарап, көңілін табуға тырысады; қонақасысын беріп, сыйлайды, күтеді. Айылный сиездегі көп жағын ұстап отырып, выборнойларды, ауылныйларды өз жағына шығарып алады. Ауылный сиездер болып, выборнойлар сайланып шыққаннан кейін екі жағының да күші мәлім болады. Управитель мен народный судияларды сайлаушы выборнойлар болғандықтан, таластың нағыз қызу мезгілі сонда келеді. Партия басылар өз жағының да, қарсы жағының да тасын есептейді: кем жағы асыруға тырысады. Волостной сиездің выборнойларының саны үйі көп болыстарда 30-36-дан аспайды. Олай болған соң, екі жақтың тасын есептеп, қай жағының күйін білу қиын болмайды. Қиындық аз жағы көп жағынан тас аударып алуда. Кейде екі жағы да тең болады. Сондай орындарда тас тарту таласы өте күшті болады. Екі жағы да тасын арттыру үшін қолынан келгенін аяп қалмайды: өтірік кірлеу, подлог жасау, құты, кісі өлімдерінен тайынбайды. Тас тартуға оңай жол – ақшамен алу, көбінесе, қазақтар осы жолды қолданады. Бұл жол оңай, оңай бола тұра, өте қымбат: тас алу талай мыңға түседі. Тас сату партия басыларының ерегісін күшейтеді, выборнойларды байытады. Кей выборнойлар тасын бір жағынан соң екінші жағына сатып, қиын қылады. Тастан айрылып қаламын деген құппен, тас алудан ақша аямай, көбі кедей болып, құрып қалады. Қай жолменен де болса жеңіп шыққанмен, талас тоқтамайды, қарсы партия сайланатын адамдарды, волостной выборнойларды қаралауға түседі, сөйтіп, сайлау бұзылуына себеп табу үшін өтірік жала, подлог билік, список бұзу, кісі өлтіру – бәрі де істеледі. Кісі өлтіргенде, қарсы партиядан емес, өз жағынан өлтіріп, жаласын жабу үшін.28 Жеңілген жағы, ең болмай бара жатса, сайлау бұзылуына тәсіл істеп, болысты сайлаусыз басқа болыстан қойдыру үшін бүлік шығарады (степной положениенің 53-ші статьясының қосымшасы һәм 70-ші статьясы). Жеңген жағы үш жылға аранын жүргізеді. Болыс, ауылнай, би – бәрін өз жағына шығарып алып, қарсы партиядан өшін, кегін алады, шығарған шығынын өндірмек түгіл, асырады, байиды. Қарсы партиясын жерден қақпалайды, үй салық, әлеумет салықтардың көбін сол жағына баса салады, өтірік ақы, өтірік мал сұратады. Сайлауға жарамастай етіп, өтірік жаламен хүкім кестіріп, қаралайды. Солай болған соң, народный соттың жұмысы ақтықты ашу болмайды, партия басылардың айтқанымен жүріп, халықты қысып, жәбірлеу болады. Жұрт рәсімі деген белгісіз, танық нәрсеге сүйеніп, народный судиялар ешбір жұрттың заңында жоқ жазаға бұйырады. Мәселен, Сырдария облысында Әулиеата уезінде бір народный сотта екі атшыға еһуди бауыздаған атты мұсылманға сатқаны үшін айлық абақты кескен. Екінші бір судия Құлмағамбет дегенге шіркеуге демеурін бергені үшін екі ай абақты кескен. Семей облысында Зайсан уезінде бір судия 1903-ші жылы тамырына қонақасы бермегені үшін Базаровский болысының бір қазағына жаза салған. Осы айтылған хүкіметтерді һәм онан басқа неше түрлі хүкіметтердің бәрін де рәсім бойынша деп салады, ол рәсімді жұрт жолсынбай, орыс хакімдерін, орыс сотын іздеп, әуре болады. Еш уақытта жазылмаған қазақ заңы басқа мәдени жұрттармен араласқандықтан быт-шыт болып жоғалған. Орыстың, казак-орыстың, ноғайдың, сарттың, қытайдың заңдарымен қатысып, шатасып, азып-тозып болған. Оның үстіне қазақтардың көшпелі қалпы өзгеріле бастағанын һәм қазақтың жер жалдау оғайри сондай қағаздаған міндеткер болған жұмыстары турасындағы істерін қоссақ, ондай істердің жөнін де тауып бітіру тура биге де оңай болмас. Жұрт рәсімінен істі қарағанда табан тірерлік жол таба алмай, орыс законын білмей, народный судия ақылына салынып істі тексермей, партияласының ыңғайына қарап билік айтады. Сөйтіп, биліктің әбден қадірі кетіп болған. Тәуір адамдар би болудан қашады. Егерде ондай адамдар бола қалса, әріптестерінің істеген істерін көріп жерініп, биліктен безіп құтылады. Қазақтың тұрмысының ыңғайына қарай істің ағына жетуге патшалық сотынан народный сот артық бола тұра, мұнша қадірі кетіп болғаны іш ауырарлық іс. Қазақ арасындағы жазықты қылмыстардың шын айғақтарын табу, ізін сақтау, ижбат жию қиын жұмыс. Сондықтан отырықшы жұрттың қалыбындағы тексеру жүйелері қазақ істеріне жуыспайды һәм онан қанағаттанарлық еш нәрсе өнбейді де. Халық дағдысында айғақтың сөздері толық ижбатқа жарамайды. Айғақ сөзіне сүйеніп айтылған билік мінсіз, туралық хүкімге саналмайды. Екі жағы да айғақтарын тоғытып сала береді. Олардың сөздері бытырап, бет-бетіне кетеді де, істің расына жету қиын болады. Айғақтар шеттен болса, аузын майлап қойған болады; жақынынан болса, ағайындығына тартып, дұрысын айтпайды. Қазақ ішінде болған һәм қазақ жайын жақсы білетін адамдардың айтуына қарағанда, ағайыннан болған айғақтар қаншама турасын айтқысы келгенмен, оны істей алмайды. Өйткені ағайындары ондай адамнан безеді; қысылған жерде ондай адамға ағайыны қараспайды; өтірік жазғырады; нақақтан мал тартқызады; қатынын тартып алады я малын ұстап алады; сборды оған баса салады; ұрлық жаласын жабады; өтірік шағым қылады; басын сотқа байлайды; оған өтірік айғақ болады; жер жағына да қиянат қылады. Қазақ антының жайын білуге қарастырып жүрген Аничковтың сөзіне қарағанда, ағайынына қарсы айғақ болған қазақтың үстіне жоғарыда айтылған сияқты түрлі бәлелер жаумақшы. Айғақ сөзіне инабат жоқ болғандықтан, шын айыпкер адамдарды табуға халық басқа жолды тұтынған. Көшпелі күйдегі жұмыссыздық қазақтың қыдыруына зор себепкер болып, қазақ даласында бір-біріне қатынасу көп болады. Қатынасу көп болған соң, ел ішіндегі хабарлар естілмей қалмайды, хабар жинауда қазақтың хабарға жай әуестігінен басқа, олжа түсерлік жағы да бар: кей хабарды естіртуіне қазақтар сүйінші алады. Жаңа хабар жаюды кәсіп қылып алған адамдар да болады. Ондай адамдар қазақ даласы түгіл, шет жерлердің де хабарын тасиды. Сондай адамдар даланың телеграфы, яки өз күйінше ұзық құлақ хабаршы – газетасы болып табылады. Ұзын құлақ газетаның арқасында, қаншама алыста болғанмен, болмыс оқиға естілмей қалмайды. Қазақтар қандай жазықты қылмыс істегенін һәм қылмысты болған кім екенін білу түгіл, оқиғаның қалайша болғанын да түгел естіп біледі. Оны естіп отырып билік айтатын билер расын білмегендіктен лақпайды. Рас жазықты адам мен өтірік жаланы билер жақсы біледі. Жұртқа һәм елдің ақсақалдарына мәлім хабар бойынша билер нағыз айыпкерді біліп, хүкім салады. Ұзын құлақтан еш нәрсе мәлім болмаса, күмәнға салады. Талапкер жауапкер жағының бір қадірлі адамын жанға ұстайды. Күмәнші жауапкерге қас адамнан болса, ондайда үшеу-төртеуіне дейін жауапкер қабыл етпеске ықтиярлы. Жан берушіні көрсетуге срок қойылады, жан беретін күні де кесіліп айтылады. Күмәнші жақын жерде болса, қалау срогы үш күн болады. Алыста болса – он күн, құты, жайлаудан қайтуына шейін. Жан беру срогы күмәнші қалау срогынан анағұрлым ұзағырақ болу керек. Өйткені жан берушіге әркімнен сұрастырып, істің әбден анығына қану керек. Күмәнші таңдауға сроктың керегі жердің алыс-жақындығы үшін ғана, жер алыс болып, қалаушы күмәншіге барып жолыға алмай қалар деген оймен. Екі сроктың бірін өткізіп алса да, істен ұтылады. Қаланған күмәншіге жан беретін орнын һәм билік кескен срогын естіртеді. Күмәншіге он атадан бергі ағайынынан таңдалады. Атасының алыс-жақыны күмән істің түріне һәм жауапкердің сеніміне қарай. Жан беруден кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Онан әрі дау жүрмейді. Сондықтан көбінесе екі жағы да жан беруге жібермей, қарындас болып бітіседі. Жан берушіге де жан беру оңай емес. Өйткені істің ақ-қарасын ашпай, ақтап шығасың дейді. Ақ-қарасы жұртқа анық болмаса, өтірік жан берген сияқты болып, халыққа қадірін кетіріп алуы ықтимал. Сондықтан кейде жан беруші жан садағасы деп, сұраған малын өзі төлеп жіберетін жерлері де болады. Сөйтіп, көбінесе іс антқа бармай-ақ бітіп қалады. Екі жағы я өздері бітімге келіседі, я жан беруші аласын, шығынын көтеріп бітістіреді, я болмаса жан беруші жан беруге даярмын деп, билерге мәлім етсе, билер соған да қанағаттанып, істі тоқтатады. Осылайша етілген билік, партиялық кіріспесе, дұрыс һәм әділ-ақ. Партиялық кіріссе, биліктен де, жан берушіден де туралық, дұрыстық жоғалады. Қазақта дұрыстық, әділдік дегендер ағайындықтан қымбат бола алмайды. Ондай орында өтірік ант ету қазаққа оп-оңай. Қазақтың ағайын үшін малы да, жаны да ортаға салынады. Жеңген жағынан болған биге түсуден қашып, жеңілген жағы народный сотқа жоламай, басқа сотқа бой ұрады. Істі басқа сотқа шығару үшін жай гражданский: ақы даулау, мал сұрау сияқты істерін уголовный түрде қозғап, «талады, тонады, шапты» деп білдіреді. Сондағы мақсаты – істі народный сотқа я тіпті түсірмеу, яки оқиға болған жерге, яғни өз биінің қарауына келтіру. Әсіресе мұндай істер жесір турасында көп болады. Қазақтың халқын бұзып, малының түбіне жететін бәленің ең зорының бірі – жесір дауы. Нағыз шатақ жұмыс қазақтың тұтынған дағдысы бойынша ұл мен қызды жасынан аталары атастырудан шығады. Бұл шатақ ерлі-байлы қосақталған екеуінің арасында да, олардың әкелерінің арасында да болады. Көңілі сүйіп, өз еріктерімен қосылған соң, жасынан айттырып қойғаннан, еріксіз қосылған еркек пен әйелдің арасында сүйкімшілік болмай, көрген күндері опасыз болады. Сүйкімшілік жоқтығы өсіп, іс араздыққа жетеді, онан ұлғайып, ұрысқа айналады. Күнде ұрыспен өмір шегуге болмайтын дәрежеге жетеді. Ойындағыдай болып шықпаған соң, байы ызасының бәрін қатынынан аламын деп, ұрады, қорлық береді, үйден қуып шығарады, неше түрлі азапқа салады. Егерде байына қатынның көңілі толықпаса, сүймейтін адамымен тұрғысы келмей, құтылу талабында болады. Я қашып әкесінің үйіне барады, я көңілі сүйген адамымен қашады. Сөйтіп, отбасынан ылаң шығып, ошағы бұзылады! Ол ошақты түзеу народный сотқа тапсырылған. Тасталған бай болсын, қатын болсын, я өздері, яки туысқан жақындары олар атынан дау қозғайды. Тасталған қатынның туысқандары арын жоқтап, дау шығарады, тасталған еркектің өзі я жақындары қалың малын даулайды. Әлдеқашан алып қойған малды өндіріп алу оңай емес. Би я қалың малды қайтар, я қатынды қайтар деп билік айтады. Қалың малды қайтара алмаса, қашқан қатын қайтарылып, байына келмекші. Ауызға оңай болғанмен, бастан кешіру мұндай істі оңай емес. Аяғы немен тынарына ешкімнің көзі жетпес. Адамшылық қасиеті аяққа басылады, зорлық, қорлық дегеннің шет-шегі болмайды. Мінез-құлық бұзылады. Бұл жесір жұмысының бір жағы ғана. Мұнан да гөрі сорақы іс тағы бар. Өлген адамның қатынын ағасы я інісіне қосқаннан, жап-жас қызды өлмеші шал алғаннан, я жасы жеткен әйелдер жап-жас балаға тигеннен артық сорақы іс болар ма? Жесір ісінің қиындығы қазақты түрлі тәсілге түсіреді. Өз биіне түсірсе, ағайын болған соң, қорғайды. Закон бойынша жесір дауы сияқты гражданский істер жауапкердің тұрған жеріндегі биге түспекші. Өз биіне шығару үшін гражданский іске уголовный зіл берерге керек. Қазақтар сондықтан қашқан қатын я қалыңдық турасынан іс қозғағанда, «пәленімді ұрлап кетті» деп, я «талап алып кетті, тартып алып кетті» деп, уголовный, гражданский екеуін қабаттастырып береді. Сол тәсілмен істі өз биіне шығарып алған соң, я бидің аузын майлап, я қадірлі адамдардың өтінішін жүргізіп, істі өз пайдасына айналдырады, я болмаса істі тіпті, орыс сотына шығарып жібереді. Түркістан положениесінің 23 һәм 231-нші статьялары бойынша қай іс те болса, әуелі жеке биге түспекші. Мұндай бидің хүкімінің жарамсыздығын 1908-нші жылы төрт облыста айтылған биліктерден һәм оларға риза болмай берілген арыздардан көруге болады. Ақмола облысында биге түскен арыздың саны 4088, оның қаралғаны 2248, билік айтылмай қалғаны 1840, билікке риза болмай, үстінен арыз жүргені 1962. Сөйтіп, билерге түсетін арыздың 45 проценті, яғни жүзден 45-сі тіпті, қаралмай қалған екен. 45 процентіне билік айтылған екен, айтқан биліктерінің 80 процентіне риза болмай, арыз жүрген. Семей облысында биге түскен арыздың саны 3535, оның қаралғаны 2129, қаралмай қалғаны 1406, үстінен арыз жүргені 1376. Сөйтіп, 60 проценті тіпті, қаралмай қалады екен, айтылған биліктің 65 процентіне риза болмай, арыз жүреді екен. Торғай облысында биге түсетін арыздың саны 3681, оның қаралғаны 2345, қаралмай қалғаны 1336, үстінен арыз жүргені 1548. Сөйтіп, 64 проценті қаралмаған, 36 проценті қаралған, айтылған биліктің 70 процентіне риза болмай, арыз жүрген. Орал облысында биге түскен арыздың саны 2609, оның қаралғаны 1380, қаралмағаны 1229, үстінен арыз жүргені 1163. Сөйтіп, 53 проценті қаралмаған, 47 проценті қаралған. Айтылған биліктің 86 процентіне риза болмай, арыз жүрген. Мұнан көрінеді: биге түсетін арыздың жартысынан ғана астамы қаралатындығы, о да, қазақ арасындағы хакімдердің айтуына қарағанда, өз партияласының сұраған малдары, ақысы туралы ғана болғаннан қаралмақшы. Басқа қаралмайтын жартысының қаралмайтын себебі я қарсы партияның арызы болған соң қарамайтындық, я партияласынан ақы сұраушы арыз болса, созбалап, кешіктірейін деген ниет. Екінші, мұнан көрінеді: жеке бидің билігіне риза болмаушылардың көптігі. Бәрін шағып есептегенде, айтылған биліктің 52 процентіне ғана риза болып, 75 процентіне жүгінушілер риза болмай, жеке бидің үстінен волостной сиезге арыз арыз болады екен. Түркістан положениесінің 238-нші статьясы бойынша волостағы билердің бәрінен құрылып, 2-нші дәрежелі соттың ісін атқаратын народный судиялардың волостной сиезінде де жеке билік билігінен артық дерлік еш нәрсе жоқ. Мұнда да билер қиянатшыл, руына тартқыш, қастықтың, партиялықтың құлы. Жауапкерді (Түркістан положениесінің 232-нші статьясындағы) би шығарып тастауға ықтиярлы хұқы да құтқармайды. Бәрі бір, қайсысын қаласа да, баяғы партиясын қолдаушы билер. Онан басқа табары жоқ. Сондықтан жеке бидің билігіне риза болмай, волостной сиезге берген қарсы партиядағы адамдардың теңдікке қолы жету жоқ. Жеке бидің билігі партиялық жүзінде көздеген ретіне тура келсе ғана бұзылады. Әйтпесе бұзылу жоқ. Бұл айтылған сөздің ыспаты алыста емес. 1908-нші жылғы болған биліктердің санағында төрт облыста жеке бидің билігіне риза болмай берілген арыз 4 мың 960, барша арыздың 70 проценті (жүзден жетпісі). Қаралған һәм бекілгендері 2 мың 994 билік, демек, 60 проценті қаралып, 40 проценті қараусыз қалмақшы. Бұл қаралмай қалатын арыздар, қазақ ішіндегі хүкімдердің айтуынша, көбінесе қарсы партияның арыздары. Жеке би мен волостной сиез билерінің сотынан басқа және билердің чрезвычайный сиезі бар. Чрезвычайный сиез екі волост я екі уезд арасындағы дау үшін құрылады. Түркістан положениесінің 247-нші статьясы һәм степной положениенің 117-нші статьясы бойынша чрезвычайный сиезге билер даугер мен жауапкер волосынан жиылмақшы. Әр волостан бір би; крестьянский начальниктер, билердің саны кем болса, өз бетінен толықтырып құруға ықтиярлы (Түркістан положениесінің 724-нші, степной положениенің 119-ншы статьясындағы қосымша). Чрезвычайный сиездің құрылатын орны, мезгілі, бір облысқа қараған адамдардың арасындағы дау болса – губернатор ұйғаруы бойынша, екі облыс қазағының арасындағы дау болса – сиездің мезгілі мен орны екі губернатор ымырасымен ұйғарылады. Чрезвычайный (қалыптан тысқары) сиез деген атына қарағанда, бұл сиез қалыптан тысқары істерге ғана жиылса керек еді, олай болмай, чрезвычайный сиездер дәйімдік сиезге айналды һәм бір ғана түрлі болмай, екі волост арасындағы бір уезд қол астындағы чрезвычайный сиез между волостной делініп, екі уезд арасындағы между уездный делініп, екі облыс арасындағы между областной делініп, түрлері көбейіп, баттасты. Сол сияқты баттасқан нәрсе туралы Түркістан положениесі мен степное положение статьяларында анық айтылмағандықтан, народный сотқа түсетін істің 214-нші статьяда айтылған жолымен чрезвычайный сиез үйлеспей, іс жүзінде зор қиын-шылыққа қалдыратын болды. Бір қиындығы сол, бұл чрезвычайный сиездер жеке бидің жиылысынан болмақшы. Мұндай сиездер көп болған соң, билерді өз волосындағы қалыпты жұмыстарынан айырмақшы. Сөйтіп, қалыпты істері жағына зарары тимекші. Екінші қиындық: Түркістан положениесінің 248-нші статьясы бойынша сиез басында уездный (крестьянский) начальник боларға тиіс, я болмаса губернатордың шығарған чиновнигі болмақ. Бір уезге аз болса 20 волост қарайды екен; 20 волоста жылда аз болғанда 20 сиез болмақшы; бұ да қоңсы уезде болатын сиездерді қоспағанда. Чрезвычайный сиездің мұндай көптігі қазақ арасында жүріп тұруға жердің алыстығы һәм жолдың қиыншылығы, билер мезгілінде жиылмай, сиездің созылуы – бәрі де уездный (крестьянский) начальниктерді басқа хакімшілік істерінен айырып, әр тараптан кемшілік келтіреді. Осындай қиыншылығы болған себепті облыс хакімдері чрезвычайный сиезді сиректетуді мақұл көріп еді. Чрезвычайный сиезге бөтен ауыл я волост дахылы бар істерді ғана, я партиялық тақырыбынан асқынған істерді ғана, жай сотпен тыныштық таппастай істерді ғана әбден көбейіп, жиылған кезінде чрезвычайный сиезге салуға қолайлаған еді. Солай тәртіп жасауға областной хакімдердің сүйенгені Түркістан положениесінің 247-нші статьясы еді. Бұл статьяның асыл мағынасында екі волост я екі уезд арасындағы істерді сөзсіз чрезвычайный сиезге беру керек деген еш нәрсе жоқ. Бұл сиездерді шақыру-шақырмаудың керек, керек емесі губернатор қарауына берілген. Іс жүзінде жасалған мұндай тәртіп правительствующий сенаттың қарауынша закон жолына қыңыр келгендіктен, 1895-нші жылы 2-нші декабрде 1161-нші номерлі сенат хүкіміменен істен шығарылды. Чрезвычайный сиезді кемітулері облыс хакімдерінің түсінбегенінен де болған. Чрезвычайный сиез 1868-нші жылдың положениесіндегідей қалыптан тысқары сиез болуға тиіс деп түсінулері шып-шылғи қате. Степное положениені шығарушы 1868-нші жылдың положениесіндегі айтылған сиездің құр ғана атын алған, сиездің өзіне басқа мағына берген. 1868-нші жылдың положениесі бойынша чрезвычайный сиез волостной сотқа риза болмағандардың арыз ететін һәм барымта сияқты екі уезд я екі волост арасындағы асқынған істерді бітіретін сот болғанда, 1891-нші жылдың положениесі бойынша чрезвычайный сиез екі волост я уезд қазағының арасындағы істі үлкен-кішісіне қарамай бітіретін сиез болды. 214-нші статьяда қай сотқа қарау турасындағы айтылған жолға чрезвычайный сиездің жолы туыспаса, ол 1868-нші жылдың положениесіндегі күйінде алғандықтан емес, әдейі солай етілген. Ондағы мәніс – екі волост я екі уездің қазағының арасындағы іс рулары басқа қазақтардың ісі болмақшы. Ондай орында билер де әр рудан болса, біріне-бірі тежеу болып, қиянатқа жібермеске себепкер болар, сотта әділдік молырақ болар деген ой еді. Ол ой дұрыс хұқты. Қазақтың народный сотының ең қадірлісі, жұрт сүйетіні чрезвычайный сиез. Бұл соттың ісіне басқа соттан анағұрлым көбірек сенеді. Қазақтар, шамасынан келсе, істерін чрезвычайный сиезге шығаруға тырысады. Қазақтар бұл сотты қалауында толық себеп бар. Чрезвычайный сиез сотының қазақ сотының басқасынан артық болатын себебі, әуелі, судиялар әр тараптан жиылғандықтан, партиялық өштік, қастық болмайды, екінші, партиялы соттардың аяққа басып өте шығатын халық рәсімін чрезвычайный сиездер жол орнында ұстап, соған қарап билік айтады. Сиезге жиылған билер алдағы қаралатын іс үшін ереже жасайды. Іс қаралғанда, сол ереже жолына қарап билік айтуға билер міндетті. Ереже халықтың нақ рәсімі болмаса да, әр жерден келген билердің билігі бір жөннен шығуына жақсы нәрсе; ереже бойынша іс еткенде, билер бетімен жайыла алмайды. Сөйтіп, бұл соттың халық көзіне сенімі мол болмақшы. Бұл сөздің дәлеліне 1908-нші жылы төрт облыста құрылған чрезвычайный сиезде қаралған істердің санын көрсетейік. 1. Ақмола облысында чрезвычайный сиездің қарауына түскен істің саны 3273, билік айтылғаны 1906, билік айтылмай қалғаны 1367, орнына келтірілген іс 1650, үстінен арыз жүргені 256. 2. Семей облысында сиез қарауына түскен істің саны 3122, билік айтылғаны 2061, билік айтылмағаны 1061, орнына келтірілгені 1615, үстінен арыз жүргені 446. 3. Торғай облысында сиезге түскен арыз 6737, билік айтылғаны 3890, қараусыз қалғаны 2847, билік орнына келтірілген іс 2910, арыз жүргені 980. 4. Орал облысында сиезге түскен арыздың саны 8516, билік айтылғаны 5662, қаралмай қалғаны 2854, билік орнына келтірілген іс 4245, арыз жүргені 1417. Төрт облыста чрезвычайный сотқа түскен істің саны 21648, билік айтылғаны 13519, қаралмағаны 8129, орнына келтірілген билік 10410, риза болмай, арыз жүргені 3099. Сөйтіп, чрезвычайный сиезге түсіп, билік айтылған істің төрттен біріне ғана риза болмай, арыз жүреді екен. Бұл чрезвычайный сиездің қарауының туралығын, жеке биге қарағанда туралығының тазалығын көрсетеді. Істі атқару жағынан санағанда да, даугерлердің келуінің, билердің жиылуының қиыншылығына қарамай, 60 процент (жүзден алпыс) іске билік айтады екен. Бұл жағынан қарасақ та, жеке бидің сиезінен қалыспайды. Қазақ сотын баяндағанда, осы күнгі народный соттың тәртібі жайынан айтпай болмайды. 1. Қазақ сотына қарайтын істер һәм қанша жаза кесуге народный соттың мұршасы бар, 2. Билерді шығарып тастау, 3. Сырттан билік айту, 4. Соттың құрылыс реті, 5. Халық рәсіміне салу һәм ол рәсімнің қуаты, 6. Риза болмағандардың іздену жолы һәм реті, 7. Сот ісіне хакімдер қатысуы, 8. Народный соттың хакімін орнына келтіру туралы, 9. Народный судиялардың би-лік ақысы, 10. Народный судиялардың саны. Народный сот қарамағына тиісті қазақ арасындағы гражданский һәм уголовный істер. Бұл жалпы жолдан бөлектеніп шығатын мыналар: гражданский істер орыс хакімдері арқылы куәланған қағаз бойынша болса, яки жауапкер орыс қаласының шегінде тұрған болса, ондай гражданский істер народный сотқа түспейді, орыс қаласының шегінде болған оқиға турасындағы уголовный істер, яки қазақтың лауазым иесі адамдары уголовный істі болса, народный сотқа қарамайды. Бұлардан айрықша қазақ сотына қарамайтын істер: 1) Христиан дініне қарсы істер, 2) Мемлекетке қарсы істер, 3) Хүкіметтің билеуіне қарсы істер, 4) Мемлекет я әлеумет қызметінде тұрған лауазым иесі адамдардың қылмысы туралы істер, 5) Қазынаның мүлкі мен пайдасына қарсы істер, 6) Патшалық я земский міндеттерге қарсы істер, 7) Халықтың амандық, сақтық жолына қарсы істер, мысалы, а) карантин ұстауына теріс іс, б) жұқпалы індеттер турасындағы уставқа теріс іс, в) мал індеті турасындағы сақтыққа қарсы істер. 8) Ел тыныштығына, жайлылығына қарсы істер, мысалы, а) жігіт жиып, ұрлық істету, б) патшалық сотында өтірік айғақ болу, п) қашқындарды жасырып, сақтау, т) телеграфтарды һәм жолдарды бүлдіру. 9) Қалыптық закон жолына теріс істер, 10) Кісі өлтіру, 11) Соққан таяқтың я жараның ақыры өлімге айналса, 12) Әйел басу, 13) Жолсыз біреуді тұтқын ету, мейман тоқтау ету, 14) Біреудің салынған мүлкін я жерін жолсыз иемдену, жер бөлігін бұзу, 15) Біреудің мүлкін өртеу, яки қасақана бүлдіру, жою, 16) Талау, тонау, шабу, 17) Қазына мүлкін ұрлау һәм 18) Орыс хакімдері арқылы болған іс қағаздарына подлог жасау. Сөйтіп, бұларды шығарып тастағанның соңында да қазақ сотына қарайтын іс аз емес; орыс законында уголовный жолмен каторжный работа болатын істердің көбі қазақ сотының қарауында. Народный сотқа қарайтын іс қандай көп болса, ол соттың жаза кесуге мұршасы һәм сондай көп. Жыл жарым абақты я 300 сом ақша төлетуге народный соттың мұршасы бар һәм ең кем жазасы қандай болмақ, ол айтылмаған. Бұған қарағанда, қазақтардың сотында өздеріне де басқалардан артық, айрықша жол берілген. Біреуді жанына зақым келерлік қадарлы сабағанға, яки жанын қинағанға, әйелді еріксіз ерге қосуға народный сот бірер күндік абақты кеседі, яки бірнеше сом штраф төлетеді де қояды; орыс сотында ондай істерге жаза зор. Онан соң, народный сот турасындағы законда іске қарай жазаны күшейту я кеміту жайынан көрсетілген еш жол жоқ. Сондықтан қазақ соты бұ жағынан келгенде қайырусыз бетімен жайылып, ойына келгенін істейді. Жазаны іс түріне қарамай, қалай болса, солай кесе салады. Бекітуін бұзып, ұрлаған я соққыға жығылған істерге штраф кесіледі де, тілі тиген, сөккен тұрулы абақты кесіледі. Және де Түркістан положениесінің 219-ншы статьясы бойынша народный сотқа қарайтын істердің бәрі де екі жағының ырзалығымен, қарындас болып бітуге ықтималды. Бұлардың бәрі халықты бұзықтықтан тыюға, орыс мемлекетінің тұтынған жолына үйретіп, бірте-бірте үйір қылу мақсатқа теріс келеді. Жаза кесуге еш нәрсе ара тұрмайтынын біліп, екі жақ келіссе, қарындас болып бітетін жолға сүйеніп, народный судиялар өз партиясындағы адамдар арасындағы істерді актысыз бітіріп, қарсы партияның адамдарының ісін биге һәм ақы сұраушыға ақша берсе ғана қарындас қылып бітіреді. Сотта туралық көбірек болу үшін (Түркістан положениесінің …ші статьясы) екі …мен қалаған биге түсуге хұқ берген. Екі жағы ымыраласып, істерін бір биге бере алмаған күнде, талапкердің көрсеткен биіне жүгінбекші. Жауапкер талапкердің қалаған биінен екі би шығарып тастауға хұқты. Бұл жол – партиялық қатыстырмай, дұрыстықпен пайдаланса, сот ісіне көп туралық кіргізетін жол. Бірақ партиялық бүлігі бұл жолдың да игілігін жоққа шығарды. Партиясыз волостарда би шығаратын хұқ, шығару мәнісіне қарай деп, еш нәрсе айтылмаған соң, құр істі созуға себеп болды. Әсіресе мұндайлар волостной сиезде көп болады. Партия әрекеті аралаған волост би шығару мағынасыз болып шығады. Өйткені жауапкер қаламаған билік орнына екінші сондай партия құлы би даяр тұр. Народный судиялар іске екі жақ көзбе-көз тұрғанда ғана билік айтуға хұқты ма, әйтпесе сырттан билік айтуға да ықтиярлы ма – законде бұл туралы көрсетілген жол жоқ. Түркістан положениесінің 242-нші статьясында даугер шақырылу турасында сөйлеп өткен бір сөз бар, онда да жауапкер мен айғақтарды волостной сиезге келтіру лауазым иесілерге міндеттігін ғана айтқан. Даугерлер шақырғанға келмей қалса, қайтпек керек, келмегендегі себебі құлақ асарлық, аспастық болса, қайтпек керек, сырттан билік айтуға ондай орындарда бола ма, болмай ма – ол жағын ешбір ашпаған. Өйтпеген екен деп, бұл керексіз болатын мәселе емес. Бұл жағын ашу зор қажет. Партияшыл народный сот өздерінің халық рәсімі деп жасаған жолдарына сүйеніп, соттан билік айтпақ түгіл, істің қаралатын күнін жауапкерге білдірмейді. Сөйтіп, жауапкер өзін ақтарлық, қорғарлық жағының хұқынан мақұрым қалады. Сондай қиянаттар болмас үшін қазақ ішіндегі бастықтар іс екі жақтың алдында қаралуын міндет етіп еді. Бірақ мұнан да еш нәрсе өнбеді. Мұны біліп алып, жаман ойлы жауапкерлер іс қаралатын кезде бір жаққа кетіп қалатын болды, істің көбі қараусыз, бітпей жататын болды. Зорлап келтірер народный сотта мұрша жоқ. Мұндай народный сот жолындағы қиыншылықтар ішкі іс министріне жеткеннен кейін, 1882-нші жылы 9-ншы августа 147-нші нөмерлі министр тарапынан баяндалған: «Соттан билік айтуға болар-болмасы әр істің қаралар тұсында ғана ашыларға керек. Халық рәсімінде ондай орында қалай етіледі екен? Соған қарай істеу керек, өйткені народный соттың билігі халық рәсімімен орайласарға тиіс» деп. Онан гөрі мәселе шешілуіне жақынырақ түрде Түркістан генерал-губернаторы тарапынан баяндау болды. 1902-нші жылы 28-нші ноябрьде 28-нші нөмерлі Түркістан генерал-губернаторының баяндауынша: народный сот сырттан айтуға мұршасыз емес, егерде халық рәсімінде өйтушілік болса, онда да төмендегі шарттар орнына келгеннен кейін деп. Әуелі екі жағы да шақырылу міндет, повесткада шақырғанға келмеген күйде билік сырттан айтылады деп жазу міндет. Народный сот повесткамен екі жағы шақырылғанына анық көзі жеткеннен кейін билік айтарға һәм келмей қалған жағына айтылған билікті естіртуге міндеткер. Бұл тәртіп екі жақтың да пайдасына теріс болмағанмен, законда табан тірерлік тиянағы болмаған соң, қуатты жол болып шықпады. Народный соттың сырт әлпі жеке бидің соты болса да, сиез билерінің соты болса да бірдей. Сот қыс кезінде үйде құрылады, жаз кезінде далада болады. Би де, даугерлер де жерде отырады. Даугерлер қарама-қарсы отырады. Екі жағының да жауабын тыңдап болып, би қарындас болып, ымыраласуға пұрсат береді. Ымыраласса, біткендігін книгеге тіркейді. Ымыраласпаса, би өз билігін айтып, книгеге тіркеп, орнына келтіру үшін екі жағына билігінен копия береді. Билік қысқа ғана жазылады. Екі жақтың берген жауабы жазылмайды. Егерде айғақтардың куәлігіне қарап я бидің өзінің байқауы бойынша істің анығы ашылмаса, іс жанға салынады. Би билігін шарттап, книгеге тіркейді, яғни пәленнің жанын өткізсе, жауапкер жазадан я төлеуден құтылады деп. Әйтпесе пәлендей мал төлейді, яки пәлендей жазаға кіріптар болады деп. Егерде судия партияшыл болса, істің әлпі тіпті, басқа болады. Жауапкер қарсы партиядан болса, ол шақырылмай, сыртынан билік айтылады. Ол билік тұжырылып айтылады. Іс жүзінде жауапкер шақырғанға келмеген болып көрсетіледі. Риза болмаған жағы биліктен копия сұрайды. Бидің билігі қиянатпен айтылғанын көрсетіп, арыз береді. Би қызмет бабында қылмысты болғанда, тергеуге беріледі. Іс тергеу-тексерумен көпке созылады. Оған дейін, ауылный мен болыс бидің айтқаны тұжырулы билік деп, бидің хүкімін орнына келтіреді. Сөйтіп, «болары болып, бояуы сіңіп» қалады. Қазақтың гражданский һәм уголовный істеріне мемлекет законын жүргізуге жөні келмейтін болған соң, степное положение қазақ сотының жұмысын халық рәсімінде қалдырып еді. Бірақ сот ісіне басқаны жатырқағыш шариғат кіріспес үшін қорғарлық шарасын етті. Жоғарыда айтылып өткеннен көрдік, қазақта закон есебіне аларлық орнықты жолдың болмағандығын. Қазақ өз алдына жұрт болғандағы қолданған аз ғана рәсім жолы езіліп, басқа сыбайлас жолдар қатысып, араласып, даңғыл жол белгісінен айрылған. Жеке билер билік айтқанда, рәсім бойынша істемей, руласының, партияласының ыңғайымен айтады. Егерде жұрт жол-жорасынан қалған олай-бұлай ауыушылығы болса, ол чрезвычайный сиездің ғана ережесінде іске аспаса, басқа орында тұтынудан қалған. Бірақ кейінгі айтылған сөздерден көреміз, екі адамның арасындағы іске толық жол болғандай мұнда да еш нәрсе жоқ. Мұнда да бір рәсім екіншісіне көбінесе ереуіл келеді. Ереже жол болғанмен, көбінесе соттың құрылыс жағындағы тәртіп жолы. Істің басқа жағынан да ереже жол көрсететіні рас, бірақ ол жолдары онша қуатты емес. Оны Түркістан уалаятындағы істерді тексермеген граф Паленнің жұмысынан көріп отырмыз. Түркістан уалаятындағы ереженің нашарлығын Дала облыстарына таңып та айтуға болады. Өйткені между областной (облыс арасындағы) чрезвычайный сиездерде Түркістаннан да һәм Дала уалаятынан да қазақтар болады.
Ережелер
Ең әуелі, ереже чрезвычайный сиездің қарауына қандай істер тиісті болмақ жағын қарайды. Істің қаралуға тиісті-тиіссізін айырғанда, ескірген-ескірмеген жағына көз салып айырады. Істің болғанынан кейін көп заман өткен болса, ескірген себепті қарамай қалдырады. Бұл туралы жасалған ережелерді алайық. Бір ереже, гражданский болсын, уголовный болсын, 10 жыл өткен болса, ескіргенге санайды. Екі ереже бұл 10 жылдық ескіруден жесір дауын оқшау шығарады. Жесір дауының ескіруіне 20 жыл кеседі. Үш ереже жесір дауына тіпті, ескіру болмасын дейді. Мұнан әрі ережелер әр түрлі бола бастайды. Екі ереже ұрлық турасындағы дауға ескіру шарты 7 жылдық, жесір дауына 15 жылдық болсын дейді. Бір ереже ұрлық ісіне ескіру шарты 5 жылдық, ақы сұрау дауларға 6 жылдық болсын дейді. Бір ереже уголовный істер турасындағы істерге екіталай шарт қояды. Мысалы, жауапкер ұрлығын қойғанына 5 жылдан кем болмаса, оған жаза болмасын, жалғыз-ақ ұрлаған затының бағасын төлесін, қоймаған болса ғана жаза салынсын дейді. Бұл айтылғандар: қандай іс қанша уақыт өтсе ескіргенге саналу тиіс – ол туралы рәсімнің нық ұстаған бір жолы жоқ екендігін көрсетеді. Ескірген істерді қарау-қарамаудан басқа турасында да жасалған ережелер бар. Мысалы, төрт ереже чрезвычайный сиез ашылмай тұрғанда спискаға кірмеген істер қаралмай қалсын дейді. Бір ереже мұндай істердің жұртқа мәлім болғандары ғана қаралатын болсын дейді. Төрт ереже сиез шақырылғаннан соң ашылған ұрлық, танылған мал турасындағы істер де сиезде қаралуға қабыл етілсін дейді. Қадірлі ақсақалдардың қарап бітірген істері сиезде қаралмасын, қарсы дауға штраф салынсын деп алты ережеде айтылған. Құн турасындағы ережелер де бір жөннен шықпай бытырап кетеді. Төрт ереже құн турасындағы істер сиезде қаралсын дейді. Он бір ереже құн жағынан сөз қылмай, шеккен зиян жағын ғана қарау тиіс дейді. Екі ереже құн турасындағы істі хакімнің рұқсатымен қарау тиіс дейді. Даугерлер мен айғақтарды шақыру турасындағы ережелер де бір жөннен шықпайды. Екі ережеде даугерлерге повестка жіберілмесін, волостной управитель мен ауылнайларға даугердің списогі жіберіліп, солар арқылы шақырылсын делінген, бірақ көбі повестка тапсырылсын дейді. Айғақтарын даугерлердің өздері алып келуін кейбір ережелер қолайсыз көреді, ол болмасын, айғақтарды сиезге келтіру старшиналар мен шабармандардың ісі болсын дейді. Кейбір ережелер даугерлер айғақтарын өздері келтірсін дейді. Келмей қалғанда не болмақ, ол туралы жасалған ережелер де бет-бетіне кетеді: біреулер келмегеннің сыртынан билік айту-айтпау ықтияры сиездің өзінде болсын дейді, екіншілері келмегенде сырттан билік айту міндетті жол болсын дейді. Үшіншілері повесткамен хабарланған жауапкер келмегенде ғана сырттан билік айтылатын болсын дейді. Келмеген себебінің дәлелі толық болмаса, билік сыртынан айтылсын һәм 7 күн тұтқын кесілсін дейтін де ережелер бар. Бір ережелер бойынша сиезден қашқан жауапкердің жақындары жауапқа тартылсын деген, екінші ереже бойынша кепілдері жауапқа тартылсын деген, үшінші ереже бойынша ұрлық турасындағы іс болып, жауапкер келмей қалса, билікті сыртынан айту, малды ағайындарына төлету тиіс деген. Айғақтар келмеуі турасында, айғақты народный сот онша керек қылмайтындығынан, ережеде онша сөз қылмайды, айғақ келмей қалса, ол айыпқа саналмайды, кейде айғақтарға да штраф салады, бірақ оны айғақ салушы даугерден өнетін етеді. Даугерлер орнына өкілдер келу туралы ережеде жарытымды сөз жоқ. Бір ережелер дау ісіне кепілдік тіпті, жүрмесін дейді, екінші ережелер талапкер жағынан ғана қабыл етілсін дейді, кей ережеде екі жағынан да қабыл етілсін дейді. Ереженің көбірек көз салатыны – дау ыспаты жағы. Бұл турадағы ереже екі топқа бөлінеді: 1) Айғақтық, 2) Ант. Айғақтыққа народный сот онша мағына бермейтіндігі туралы жоғарыда талай айтылды, бұл жағынан ереженің көрсететін жолы өте шағын. Талапкер дауын ыспаттау тиіс деген сөз екі-ақ ережеде бар. Басқалары ол жағын сөз қылмай, айғақ болудың қандайы жарайтындығын, қандайы жарамайтындығын сөйлеп кетеді. Екі ереже бір волостағы іске екінші волостан айғақтық жүрмесін дейді, екінші ереже жүрсін дейді. Екі ереже айғақты өз руынан ғана таңдауға қосады, кей ережелер өз волосынан тіпті, айғақ қабыл етілмесін дейді, кей ережелер айғағы кім болса, ол болсын дейді. Ережеде айғақтарды шығарып тастау бар. Ісіне айғақ салушы жағы айғақтарының инабат етерлік адамдар екендігін білетін екі қадірлі ақсақал көрсетуге міндеткер, өйтпесе айғақтығы қабыл етілмейді. Айғақ турасындағы ережеде де біріне-бірі ереуіл келетін шатақтар көп. Жалғыз ғана бір жөннен табылатын жері: айғақтар инабат иесі һәм туралығы бар адамдар болу тиіс дегені. Ұрлық турасындағы іске айғақтықтан басқа инабат иесі адамның анты жүреді. Істің ағына жетуге дұрыс саналатын жол қазақта – жанға салу. Народный сотта жанға салу қалай болатын жайы ілгеріде айтылған. Бұл арада жанға салу турасында ережеде не бар екені ғана айтылып өтеді. Бір жағынан қарағанда, ережеде көзге түсетін нәрсе қандай орында жанға салу тиістігі жайынан еш нәрсе айтылмағандығы. Кей ережелерде жанмен ағару жауапкерге тиіс екен де, кей ережелер талапкер айғақпен мойнына сала алмаса, жанмен мойнына салсын дейді. Гродековтың («Қазақ заңы» деген кітабында) айтуы бойынша, жаны ұсталатын – ұрланған малдың дерегін біліп, көп көзінше сүйінші алған айғағы бар жағы. Егерде ондай айғақтық жоқ болса, жауапкер жағының жанына салынады. Сол Гродековтың айтуынша, жан талапкер жағына да, жауапкер жағына да салынатын орындары болмақшы. Талапкер қалауынша да, жауапкер қалауынша да жанға салынатын орындар болмақшы. Талапкердің де, жауапкердің де өз жандарына салатын орындары да болмақшы. Жан берушіні кім көрсетпек? Ол жайында да ереже бір жөннен табылмайды. Кей ережелер бойынша жан ұстаушы даугерлер болмақ, кей ережелер бойынша жан берушіні сот көрсетпек. Кімнің жаны ұсталмақ турасында шатақтар көп. Бірсыпыра ережелер бөгде адамдардың жаны ұсталсын дейді. Бірсыпыралары кімнің жанын ұстау сот қарауында болсын дейді. Кімнің жаны алынбасқа? Ол туралы да ереже бытырап кетеді: кей ережелерде қазақтың лауазым иесі адамдардың жаны ұсталмасын дейді, кей ережелерде народный судиялардың ғана жандары ұсталмайтын болсын дейді. Бірсыдырғы ережелер жасы алпыстан асқан адамдардың жаны ұсталмасын дейді. Бірсыдырғысы – жан ұстауға жас шегі қойылмасын дейді. Жан түскен жағы мен дауласып жүрген адамдарды қаламасқа деп айтатын ережелер де ұшырайды. Бұлармен қатар, жан беруші туралы арнаулы еш шек болмасын дейтін де ережелер бар. Онан әрі неше адамның жанын ұстау турасында да бір ізбен шығатын ереже жоқ. Көбі бір адамның жаны ұсталады деп айтса, кей жесір дауы туралы екі адамның жаны ұсталсын, кісі құны туралы төрт адамның жаны ұсталсын дейді. Жаны қалағаннан шығарылу турасында да ережеде саралық жоқ. Кей ереже біреуін-ақ шығаруға болады дегенде, өзгелері үшке, төртке шейін шығаруға болады дейді. Тіпті, жан жүрмейтін де орындар бар: мысалы, жұртқа белгілі ұры болса, оған жанға салмай билік айтылады. Ұрының ұрлығын ыспаттаушы инабат иесі адам болса, онда жанға салынбайды. Жанды қалай алу ретінде де ережеде алалық бар. Кей ережелер жан мешітте алынады дейді. Екінші ережелер, Хантинский айтуынша, бабаларының моласының басында алынады дейді. Бабасының моласы жақында болмаса, кез келген мола басында алынады дейді. Жан беруші жан берудің алдында жауапкерді ағайындарымен алдырады, қара қойды шалдырады, өзінен айналдырып ант еткізеді: жауапкердің жазығы жоқ, ақ деп. Мұндай ережелермен қатар жүретін жай дағды да бар: жан беруге даяр екендігін білгеннен кейін жанын алмай да жіберетіндері болады.
Билікті бұзуға іздену
Билікке риза болмаған жақ екі жетінің ішінде арыз бермек. Ол арыз крестьянский начальник арқылы народный судиялардың сиезіне беріледі. Степное положение халық рәсімінде жоқ жолды кіргізіп, арызды тұжырусыз ғана биліктің үстінен жүргізетін қылды. Түркістан положениесінің 223-нші статьясы бойынша 30 сомнан я 7 күн абақтыдан аспайтын іске айтылған билік тұжырулы билікке саналады, оның үстінен арыз жүрмейді. Мүтті жұрттың сотында да қолайсыздыққа саналатын бұл жол қазақ сотына да жақсылығын тигізе алмады, қайта залал болып табылды. Қазақ сотына қатысы бар хакімдердің айтуынша, бұл жол партияшыл билердің қолына бір толық қару болып табылды. 30 сомнан я 7 күн абақтыдан асырмай билік айтып, қарсы партиясындағы адамның ізденуге діңкесін құрытып қояды. Зәуіде ізденіп волостной сиез билеріне барса, ондағы билер әріптесін қуаттап, ізденушінің арызын тыңдаусыз қалдырады. Құты ізденушінің риза болмай, бұзамын деп қуғаны үшін жазасын көбейтетін сиездер де болады. Сөйтіп, жеке бидің қиянаты сиезде қосталған болып шығады. Сиез қостаған соң, жеке би онан әрі де соны істеуге жолын ашық деп біледі.
Сот ісіне хакімдердің қатысы
Қазақ народный сотының кемшілігі көбейетіні хакімдердің бақылай алмайтындығынан. Қазақ сотының үстінен қарап, қисығын түзетіп, оңдап отыратын хакімдердің хұқы жоқ. Народный сотқа хакімдердің қатысы өте аз. Крестьянский начальниктер билік книгеге дұрыс жазылуын, билікті орнына келтіруін ғана қарайды. Жеке бидің билігін бұзуға ізденген арызды алу, сиезге келмеген билерге штраф салу – сондай ғана хұқы бар. Крестьянский начальниктер народный соттағы істі сыртынан ғана көздеп, нағыз істің өзіне қалай билік айтқанына қатыспайды. Билік закон жолынан теріс кеткен кезде де өз бетінен еш нәрсе істей алмай, прокурорға жібереді. Сөйтіп, крестьянский начальник бұл арада құр түсіп аттанатын жалғаушылыққа ғана орын болып табылады. Істің бұзылу, бұзылмау билігі прокурорда һәм окружной сотта болады. Прокурор мен окружной соттарға да оңай болмайды. Өйткені бұзу, бұзбау туралы 218-нші статья бойынша оларға берілген хұқ олардың қалыпты хұқықтарынан тар. Сондықтан, граф Палленнің айтуынша, прокурорлар бұл сияқты істерде тайсақтамақшы. Әсіресе даулы мәселе – биліктің бұзылуына себеп болатын «аса билік». Бірсыпырасы Түркістан положениесінің 219-ншы статьясында айтылған мөлшерден тысқары жаза кесуді аса билікке санайды. Бірсыпырасы соттың құрылысындағы тәртіптерін орнына келтірмегенін аса билікке санайды. Бұл соңғысы негіздірек: судебный устав бойынша да сот құрылысының тәртібін бұзу қалыпты шегінен шыққанға саналады. Бірақ судебный уставтың жолын қазақ сотына тура келеді деуге болмайды. Ол Түркістан положениесінің 218-нші статьясына орайласпас еді. Онда соттың бұзылатын себептерінің ішінде соттың құрылысы турасындағы тәртіптерін орнына келтірмеу де бар демейді, қазақ соты халық рәсімі бойынша құрылады дейді (210-ншы статья). 218-нші статьясын закон шығарушы соттың құрылыс жағын соттың қалай істесе де өз ықтиярына берілген екен деп те түсінуге болмайды, өйткені 211-нші һәм келесі статья қай сотқа қандай істер түсу, қандай жаза салу, істің басталуы, бітісі, сот құрылысы көп көзінше һәм жария болуы, бұздыруға іздену сроктері турасынан айтып, жол қылып көрсетеді. Бұл жолдар – народный сот шамасының шегін көрсетіп, анықтау үшін айтылған жолдар. Солай болған соң, ол тәртіптерді орнына келтірмеу шамадан тысқары кету боларға тиіс еді. Жолға қарағанда, бүйту дұрыс көрінсе де, бұл күнде ол жеткіліксіз; ол жолды кеңіту керек болса да, бөгет болатын Түркістан положениесінің 218-нші статьясындағы көрсетілген жолдың шағындығы. Осы 218-нші статьяның жолы көмескілігінен болатын қиыншылықтарды граф Паллен де айтып отыр. Граф Паллен Түркістан уалаятының ісін тексерген отчетында Ташкент судебный палатасына қараған окружной соттар һәм прокурорлар ісінде болған уақиғаларды айтып көрсетеді: народный соттар жаза кесерде бар жазығын қабаттап, бір жаза кесу деген жолды тіпті, ескермейді екен һәм ол жолды ескермей айтылған билік аса билік болып бұзыларға тиіс еді, олай етілмейді екен деген. Срокты арестанттардың арасында екі приговормен 20 ай жаза кесілген Мауламқұлов дегенді тапқан; оны народный сот бір приговормен төрт айға, екінші приговормен 16 айға – баршасы 20 айға отырғызуға билік айтқан екен. Түрме начальнигі мұндай болатындар жалғыз Мауламқұлов емес, көп болады деген. Прокурорлардың көрсеткен жолы бойынша Түркістандағы тұрған елдің адамдарын түрмеге отырғызуға жаза кескен қанша приговор болса, сонша рет отырып, жаза тартылады екен. Закон бойынша народный сот 18 айдан артық жаза сала алмасқа тиіс. Мұндай тәртіп, сондағы сот адамдарының баяндауынша, қазақ соты жазықты қабаттап билік айтуды білмейді деп шығарған тәртіп болса керек. Ондағылар айтқан: Түркістан положениесінің 219-ншы статьясында қабаттау туралы еш нәрсе айтылмаған, жалғыз-ақ народный соттың әр іс туралы кесетін жазасының шамасын ғана көрсеткен деп. Жоғарғы айтылған статтьялардың сөзіне қарап, бұлай баяндау айтуға сыйғанмен, ақылға сыймайды. Ол статьялардың мағынасын әлгі қалыпша түсінгенде народный сот казенный (патшалық) сотынан биік болып шығар еді, я ол сот болмай, бетімен жосу болар еді. Закон шығарушы қабаттап билік айту жайынан еш нәрсе айтпағанда, народный сот казенный соттан күшті болсын демеген шығар. Екінші көмескі мәселе – даугерлерді шақырмастан билік айту. Түркістан положениесінде биліктің дұрыстығына даугерлерді шақыру шарт деген, бірақ соттар 1899-ншы жылғы 30-ншы июнде 11-нші нөмерлі Сенат баяндамасына шейін шақырмастан айтылған биліктерді бұзу, бұзбасын білмей, екі ойлы болушы еді. Сенат баяндамасы бойынша сот екі жағын сұрап, істің анығына жетіп барып билік айту керек, өйтпей айтқан билік жолдан тысқары болып, бұзылуға тиісті. Әсіресе, дағдартқан 218-нші статьяның жесір дауы турасындағы жағы. Мұсылман кезінде әйелдің хұқсыздығы народный сотта да орын тапқан. Народный сот жесір дауын мал дауы есебінде қарайды да, әйелдерді мал сияқты бірінен алып, екіншісіне беруге билік айтады. Әйелдің адамшылық басын кемітетін мұндай қалыпты орыс хакімдері көтеріп, шыдап тұра алмады. Соңғы кезде жесір туралы айтылған биліктердің үстінен дау жүрсе, аса билікке саналып, сот хакімдері тікелей бұзатын болды, өйткені риза болмаған әйелді байға қосуға билік айту империя законының жалпы жолына қисық деп білген (жазалау положениесінің 150-нші һәм 151-нші статьяларында әйел ризалығысыз баяға қосу – айып). Бірақ бұл дәйім сол қалыпта бола бермейді. 1906-ншы жылы Хиуаға қарайтын біреуге Сырдария отделіне қарайтын 13 жасар қызды беруге билік айтылғанда прокурор бұзуға бергенде, билік бұзылмастан өтті. Бұзбағандағы дәлел Түркістан положениесінің 210 һәм 211-нші статьялары бойынша жесір дауы народный сотта халық рәсімі бойынша бітеді дегендік.
Билікті орнына келтіру
Айтылған билікті орнына келтіру турасында Түркістан положениесінде екі-ақ статья бар. Біреуі 234-нші, екіншісі 251-нші статья. Алғашқы статья бойынша айтылған билік екі жағына да естіртілмек, сұраушы болса, копия берілмек. Екінші статья бойынша билікті волостной управитель орнына келтірмек, крестьянский начальник орнына келген-келмегенін бақыламақ. Бұлай аз ғана айтып өтудің іс жүзінде қолайсыздығы көп, әсіресе шатақ болатыны – қазақтар уголовный я гражданский іс болсын – қарындас болып бітуге ықтиярлы. Қарындас болып біту билік айтыларда да, айтып болған соң да, билік орнына келген кезде де ықтимал. Сот құрылады, билік айтылады, ақырында оның бәрі далада қалып, екі жағы өзді-өзі болып, бітіп кетеді. Айтылған биліктегі ақысын алады да, приговорды мал иесі төлеушінің қолына береді. Сөйткен соң, кесілген жаза орнына келмей қалады. Қазақтың ісінің көбі екі жағының келісуімен тынады. Айыпкер бола тұра мал иесімен келісіп, жазадан құтылып отырса, народный соттың бұзықтықты тыю мағынасы жоғалады, әсіресе жұрттың ауқатының түбіне жететін ұрлықты тыю мағынасы кемиді. Народный сот турасындағы істің көп кемістігінің бірі билік ақыда. Сот міндетін атқарған бидің ақысына белгілеп кескен жалование жоқ. Түркістан положениесінің 226-ншы статьясында жалғыз-ақ айтқан: билер бітірген дауларынан 10% (сомынан 10 тиын) билік ақы алады деп. Бірақ бұл көрсеткен өлшеумен билік ақы алатын билер кем. Билер бітірген ісінен законде көрсеткен мөлшерден аса көп алады, әсіресе дауда, таласта жығылған жағы болса, шамадан артықша тысқары алады. Қарсы партияның адамынан өш алу үшін өтірік жаламен мал сұраса, ондай іске билер өзіне түсім көбірек түсу үшін көбінесе өтірік дау қозғатып, ақ-қарасын айырмастан билік айтады.
Көшпелі қазақтардың сотын өзгертудің лебізі
Жоғарыда жазылғанның бәрі народный сот осы күйінде әділ соттың ісін атқара алмайтыныдығын көрсетеді. Сол кемістігіне қарағанда, народный сотты жоқ қылып, дала облыстарына қалаулы мировой сотты, яки каронный сотты кіргізу тиіс еді. Солай ету қанша жақсы көрінгенмен, ол пікірдің іске асып, орнына келу жолында ұшырайтын көп қиыншылық бар. Әуелі, қалаулы мировой сотты кіргізуге қазақтың көбі көшпелі күйде (Семей облысында 85%, Ақмола облысында 50%, Торғай облысында 60%, Орал облысында 80% көшпелі), орысша түгіл, қазақша да хат білетіндері кем, мәдениет жүзінде орыс адамдарынан төмен тұрған кезде мүмкін емес. Екінші, народный соттарға тиісті істерді хүкімет ұйғаруымен қойылатын мировой сотқа беруге тағы жөні келмейді. Әуелі, ақша жағынан, екінші, жеткілікті лайық адам табу қиын. Қазақ салтына, қалпына жетік адам болмаса, ұсақ-түйек күнде ұшырайтын қазақ арасындағы істердің халық рәсіміне, шаруа қалпына тірелетіні көп болғандықтан, сот ісін жөндеп жүргізе алмайды. Қазақ түгіл, орыс мұжықтары туралы мировой сотқа қаратуды ыңғайсыз көріп, волостной сотты жоғалтпай, кейбір іс туралы сақтауды мақұл көргенде, халық рәсімінің ауанымен жүретін народный сотты бірден жоқ қылуға бел байлау келісті болар ма екен? Народный соттың жаман жағы толып жатса да, бір артық жері – қазаққа жақындығы, ықшамдығы, бөлтек-сөлтегі жоқ саралығы. Народный судиялар, өзі сол халықтың ішіндегі адамдардың бірі болғандықтан, даугерлердің кім екенін, көздегені не, неліктен дау шығарып отыр, ниеті нендей екенін шапшаң ұға қояды. Даугерлердің қайсысы инабатты, қайсысы инабатсыз екенін халықтың өзінен болған судия жақсы білгендіктен, қайсысының сөзі рас-өтірігін біліп тұрады. Қазақ ісінің араларындағы ұсақ қалыпты істері болады. Ол істерді қазақ қалпындағы өлшеумен пішіп, қазақтың қалыпты жолымен кесерге тиіс болады. Қазақтың қалпымен, салтымен таныс емес каронный судия қандай қиыншылыққа ұшырайтынын осыдан шамалауға болады. Қазақ ісін қарауға қойған каронный судия қазақтың білімді адамдарынсыз еш нәрсе істей алмас еді. Қазақ қалпымен таныс адамға оп-оңай нәрсені қазақ қалпын білмейтін каронный судия әлдеқандай іс көріп, не істерін білмей, дағдарар еді. Солай болған соң, каронный судия народный судиядан артық біліп, қазаққа пайдасы тиеді деп айтуға ауыз барар ма екен? Осы айтылған мәністерге қарағанда, қазақ қалпына жетік адамдар табу қиын болған себептен народный сотты тіпті, жоқ қылу қолайлы бола қоймас. Онан да народный соттың кемшіліктерін түзетіп, әділдік, дұрыстық болар жағына қам ету тиіс болар. Және де ескеру керек: патша бекітуі бойынша 1911-нші жылы болған Түркістан өлкесі туралы құрылған Г. контролер Харитонов кеңесі де осы пікірге келген. Рас, бұл кеңестің қолайлаған нәрселерінің көбін Министрлер Советі өзгертіп, Түркістан уалаятындағы народный сотты тіпті, жоқ қылуды һәм оған тиісті істерді мировой сотқа қаратуды ұнатты. Олай етуінің, бірақ, айрықша себептері болды. Түркістан көшпелі қазақтарына тиетін отырықшы мұсылмандардың салтының салқыны күшті. Онда народный судиялар халық рәсімінің орнына шариғат жолын жүргізеді. Онда шариғат жолынан басқаны жол деп білмейді. Біздің патшалық мақсаттарымызға онда бөгет нәрсе көп. Ондай шариғатқа бой ұру Дала уалаятындағы народный сотта жоқ. Мұнда шариғат билеп кеткен іс жоқ. Қайта мұжықтармен араласып, шаруа қалпы түгіл, басқа қалыптарын да орыс өнегесіне салып, жатырқау дегенді білмейді. Солай болған соң, народный соты жоғалтпай, сақтаса да, онан келер патшалық мақсатына қауіпті еш нәрсе болмас. 1912-нші жылғы 15-нші июлде шыққан закон бойынша ауыл халқы үшін волостной сот сақталғанда, қазақ ішіндегі сол сияқты народный сотын жоюдың негізі жоқ, әсіресе ол соттың орнынан жүргендей қолайлы сот жоқ бола тұрып, бұлай етудің жөні жоқ. Солай болған соң, қазақтың народный сотын да, кемшілік жерлерін түзетіп, туралық болғандай түрге түсіріп, 1912-нші жылғы 15-нші июл законінің жоспарына салыстырып өзгертсе, нағыз жақсы болмағанмен, зор кемістік қылатын жерлері жоғалар еді. Сөтіп, қазіргі народный сотты түзетіп, өзгерту үшін әуелі, бұл соттың басын ашып ап, выборнойлардың сиезінен босатарға керек, партияның шалығын тигізбей, қорғарға керек. Екінші, халық рәсіміне салынатын істің ауданын тарылтарға керек. Ақырғысы, народный соттың мұршасын азайту. Бірақ соттың өзінің түрін өзгертпей, мұндай ғана өзгеріс істесек, онан еш нәрсе өнбес еді. Солай болған соң, әуелі, народный соттың түрінде өзгеріс боларға тиіс. Жеке билік – халық ішінде инабатсыз, ақшаға, ажарға, партиялыққа сатылғыш, судия есіміне лайық емес билер екені жоғарыда айтылды. Әрине, билердің мұршасын кемітіп, қарайтын ісінің ауданын тарылтқан соң, осы күнгі билікке құмарлық кемуінде сөз жоқ, бірақ билік сайлауына партиялық кіріспей, таза сайланады деп айтуға болмайды. Мұнан топшылауға болады: жеке билер мұнан былай да қазақтың көңіліндегідей сатылмайтын судия болып шықпайтындығын. Сондықтан да қазақтар істерін жеке билерден шығарып, волостной сиез билеріне жеткізуге тырысады. Жеке бидің жанында волостной сиез билері инабаттырақ екенін жоғарыда талай айттық. Бұл бір би емес, бірнешеу болып кірсе, туралық көбірек болатындығын көрсетеді. Сондықтан народный сотта туралық болу үшін өзгеріс болса, артықтығы қазірінде көзге көрініп тұрған осы волостной сиездің жөніне қарай өзгеріс боларға тиіс. Олай болса, ендігі народный сот халық ортасынан қалап шығарған волостной билердің басын қосқан кеңесімен құрылатын боларға тиіс.
1-нші дәрежелі народный сот
Билердің волостной сиезі басқа түрінен гөрі әділ болғандықтан, народный соттың 1-нші дәрежелісі солайша болуға тиіс. Соттың бір би емес, бірнеше бидің басының құрылуынан болуының көшпелі қазақтарға онша қиындығы болмас, өйткені бір волоста 4 ауылный елден кем болмайды екен. Әр ауылный елден бір би сайланады. Солай болған соң, бір волост елден қай кезде болса, 3 би табуға болады.
2-нші дәрежелі сот һәм бақылау
Народный соттың кемшілігінің бірі – басқа соттан өзгешелігі, сондықтан істеген ісінің дұрыс-терісін бақылауға, тексеруге болмайтындығы. Көзге көрініп тұрған қиянат биліктері де сотқа берілу жағынан һәм кескен жаза жасының мөлшері жағынан тек жолға сыйымды болса, бұзылмай, орыс хакімдері орнына келтіреді. Народный соттың істеген ісінің дұрыс-терісін бақылайтын орын болса, сотта дұрыстық болуына сеп болар еді. Бұл бақылаушы қай мекеме боларға тиіс? 1912-нші жылғы 15-нші июль законіндегі жолға түссек, бұл бақылау жұмысы мировой судияларға тапсырыларға тиіс еді. Бірақ олай етуге болмайды, өйткені олай ету үшін Дала облыстарында мировой судиялардың санын көбейту керек болар еді. Ол қазынадан көп расход шығарар еді, әсіресе оның қолайсыздығы және басқа жағынан да бар: қазақтар 15-нші июльдің законіне кірген кезде, Дала облысындағы мұжықтар крестьян мекемелерімен жалғасулы ескі соттың жолында қалар еді. Сөйтіп, облыстағы сот ісі аламыштанар еді. Және де ескеруге тиіс: Забайқал облысындағы көшпелі бұратана жұрттардың соты 1901-нші жылы 23-нші апрельде 15-нші июль законіндегі жолмен тәртіп етіліп шыққан, онда бақылау жұмысы крестьян мекемесіне тапсырылған. Олай еткеннен еш кемшілік болған жоқ. Қайта соттарының дұрыстығын зорайтып, жұртты риза қылып отыр. 12 жылдан бері әділдік келтіріп, жұртқа өте жағымды сот болып тұр. Забайқал жұрты мен Дала облыстарының көшпелі халқының қалпы ұқсас болғандықтан һәм қазіргі бұл облыстардағы мұжық соттары крестьянский начальник мекемесіне қарағандықтан, Дала облысының народный сотын бақылап, ісін тексеруші орын крестьянский начальник мекемелері боларға тиіс. Ең болмағанда, 15-нші июль законінің қалпына Сібірдің үш бөлімінің бірі түсіп болғанша солай етіп тұру керек. 2-нші дәрежелі сот турасына келгенде, қазақтың народный соты осы күнгі жаман деген қалыбының өзінде де, мұжық сотынан, 2-нші дәрежелі сотынан артық еді. 15-нші июль законі шықпай тұрғанда, мұжық сотына ешбір жанаспайтын уездный сиез мұжықтың 2-нші дәрежелі сотының орнына жүруші еді. Народный сот ондай емес. Мұның 2-нші дәрежелі орны – народный судия өз ішінен шыққан халық жайына қанық судиялардан құрылып, қазаққа жақын сот еді. Бұл мұжық волостной сотында болмаған, жаңа шыққан законда ғана мұжықтың қолы жетіп отырған заң. Осыған қарағанда, қазақтың билерінің сиезін сақтап, бірақ оны түзеп, жөндеу үшін 15-нші июль законі мен 23-нші апрельдің бурят турасындағы законінде бар жолға түсіру керек. Ол сиездің басы кім болады десек? Жоғарғы айтылған жөнге қарап, бақылаушы крестьянский начальниктердің мекемесі болғанда, сиез басы да сол боларға керек, яғни участковый сиездің председателі участковый крестьянский начальник боларға тиіс. 2-нші дәрежелі сотта хүкімет адамының болуы бұл сотты орыс сотына жақындатпақшы. Аз-аздап қазақ судияларының пікіріне адамшылық, әділшілік кіріп, аз-аздан түбінде жалпы мемлекет сотына аударуға көпір салынар еді. Әрине, крестьянский начальник қазақ сотының басында болғанда, оған басқа билерден гөрі айрықша хұқ беру керек. Әйтпесе, билік айтар кезде, сиездегі судиялардың көбі қазақтан болған соң, крестьянский начальник бүктемеде қалып қоя берер. Сөйтіп, хакімшілік сұсы кем; олай болмас үшін: билік айтқанда екі жақтың тасы тең болса, председатель қостаған жағы басатын болсын.
3-нші дәрежелі сот
Қазақ сотына қолайлаған жол бойынша, 3-нші дәрежелі сот крестьянский начальниктердің сиезі болмақшы. Жалғыз-ақ, 3-нші дәрежелі сотқа түсудің жолын кеңітіп, әлеуметтік айып туралы жалғыз даугерлерге емес, полицияға да прокурор арқылы қуарлық хұқ берілсе екен.
Билер сайлау реті
Народный соттың негізгі кемшілігі – выборнойларды сатып алу, сонан соң оған шығарған шығынын өтеу үшін пара алу. Билердің сайлаусыз болуы мүмкін емес. Олай етсе, халыққа патша тарапынан берілген хұқын кеміту болады. Және де судебный устав жөнінде де халаф келеді. Қазақ арасындағы хакімдер айтуынша билер хакім ұйғаруымен қойылатын болса, крестьянский начальниктерге, губернаторларға жұрттың обал-сауабын міндетіне алу қиын болар еді. Өйткені билікке ұйғаратын қазақтың адамшылығы қандай екені оларға мәлім емес. Сондықтан сайлау жолын сақтап, бірақ сатылушы выборнойлар кем боларлық жағына қам қыларға керек. Осы күнгі би сайлаушылар волостной выборнойлар, елубасылар. Бұлардың саны волостной ішінде 50 есе кем сайлауға хұқы бар үй иелерінен. Елу үйден бір адамды сатып алу мен үй басына бір адамнан сатып алу бірдей емес. Сондықтан билерді елубасылар емес, үй қожалары сайласа, сатылу кемір еді. Онымен қатар, билердің ірі адамдардан болуы үшін, хакім жағының қатысы болмас үшін, проект 15-нші июльдегі сайлау жолын ұнатады. Әр ауылный ел ортасынан би боларлық екі адам сайлап шығарады; бұлар жиылып, крестьянский начальник алдында, құпиялап, ортасынан үш жылға волостной соттың председателін, члендерін һәм бұлардың орынбасарларын сайлап шығарады. Би сайлауын ауылный обществоға берсе де, соттың әділ болу қамы үшін сайлау тыңғылығын хүкімет бақылауына қою тиіс. Сондықтан уездный сиез бекітпеске хұқты боларға керек: сайлау законге, ретке қисық жолмен болған кезде түгіл, сайлап шығарған адам сиез қарауынша биге лайық емес, яки би міндетін атқару қолынан келмейтін адам болған кезде де.
Судьялардың еңбекақысы
Судиялардың еңбекақысы туралы мәселе де өзгесінен кем емес. Осы күнгі еңбекақыларының жолы қолайсыздығы жоғарыда айтылды. Судиялар шаруасын тастап, қызмет атқарғандағы көретін зиянын осы күнгі алатын ақылары ақтай алмайды. Сондықтан олар сол зиянды жолдан тысқары жөнмен өтеуге кіріседі. Сөйтіп, билікті малдың шығатын бұлағы сияқты көрсетіп, жаман үйретеді. Екі жағын ымыраластырып бітіріп, ол үшін артық еңбекақы алуға қалыптандырады. Билік пара алудың орны сияқты, би мен даугер арасында сауда сияқты болады. Бұл болмас үшін билерге белгілі жалование кесерге, ол жалование патшалық қазынасынан берілгені артық. Патшалық қазынасынан беру абзал болғанмен, оны бұл кезде істеуге бола қояр ма екен? Өйткенде қазақтарды мұжықтардан ардақты көрген болар еді. Мұжықтардың волостной сотының судиялары ақыны қазынадан алмай, мұжықтардан алады. Сондықтан қазақтың народный судиялары да, буряттың һәм Сібірдегі орыстардың волостной судиялары сияқты, жұрт шамалап кесуінше әлеумет ақшасынан алғаны қолайлы. Жұрт шамалап кескенде, аға судияның ақысы жылына 200 сомнан, член судиялардың ақысы 100 сомнан кем болмасқа. Крестьянский начальниктер мекемелері жұрт белгілеп кеспесе, яки аз кессе, өздері кесуге ықтиярлы болсын. Бұлай ету әсіресе қажеттігі екінші жағынан да сезіледі. Сот турасындағы қызметпен елді аралау расходы, әсіресе екінші дәрежелі соттың құрылуына баратын адамдардың расходтары судия жалованиелерімен сабақтас һәм солай ету Забайқал облысындағы көшпелі жұрттарда да бар.
Народный соттың мұршасы
Народный соттың мұршасының көптігі туралықпен іс етуге көп кемшілігі барлығы, қолайсыз қару екендігі жоғарыда айтылды. Енді сот өзгермекші болған соң, мұршасын да көрсетіп, народный соттың күшін кемітуді Харитонов кеңесі де ұнатқан еді. Осы жоба бойынша уақ-түйек қазақ арасында күнде болатын істер үшін волостной сот сақталып отыр. Волостной сотқа қарайтын уақ іс болған соң, ол соттың мұршасы да аз боларға тиіс. Солай болған соң, 15-нші июль законі бойынша мұжықтардың волостной сотына берілетін істер қазақ волостной сотына да берілуге қисыны келіп тұр. Бірақ бұлай ету қисыны келгенмен, мақсатқа тура келер ме екен? Өйткені Сібірдегі мұжықтың волостной соттары 1861-нші жылғы 19-ншы февраль положениесінде жатқанда, қазақтарға ол положениеден артық сот беру оларды мұжықтардан артығырақ көрген болар еді. Сондықтан қазақ сотын сол жерлік мұжықтар сотымен теңгеру қолайлы болар. Сөйтіп, қазақ народный сотына уголовный істердің нағыз ұсақтары ғана түсуге тиіс, яғни қарындас болып бітуден аспайтын істер ғана народный сотта қаралу керек. Бірақ қарындас болып бітпесе ғана жазалау уголовный политиканың жолына тура келмейді. Кейбір қауіпті уголовный ұсақ істерге хүкімет қол сұға алмай, шарасыз болар еді. Олай болмас үшін законда анықтап ашып көрсетерге керек: қандай уголовный ұсақ істер қарындас болып тынуға тиіс, қандай істер екі жағының қарындас болып бітуіне қарамай, айыпты жолында болмақ? Өйту үшін істердің атын атап-атап, законде санап көрсету тиіс. Бұл мәселеге келгенде, қазақ сотына тиіс істер 1860-ншы жылғы 28-нші сентябрьде шыққан сельский соттардағыдай боларға керек. Жазасын онша көп тартқызарлық зор іс болмаған соң, бұрынғы ескі волостной соттың мұршасы жеткілікті болса керек, яғни 7 күн тұтқындық пен штраф ғана боларға. Гражданский істердің сотқа берілу мәселесіне келсек, бұл жағын әлгі айтылған мұжық соттарымен теңгеруге болмайды. Мұжық сотындағыдай сомамен мөлшерлеуге болмайды. Олай етуге болмайтын істер – жесір турасындағы істер. Сомаға мөлшерлеуге болмайтын жер дауы, енші, мирас даулары. Бұлардың бәрі де халықтың рәсіміне сүйенеді; ондай істерді халық рәсімін білетін народный сот ғана тексере алады. 15-нші июль законі мұндай істерді сомасының аз-көбіне қарамай, волостной соттың қарауында қалдырғанда, қашаннан берілі ондай істі қарап келе жатқан народный соттың қолынан алудың жөні болмас. Солай болған соң, гражданский істер туралы народный соттың күшін кеміткенде, бұл сияқты емес, басқа гражданский істер тақырыпты кеміту тиіс. Жесір дауы, жер дауы, енші дауынан басқа, гражданский істерден 100 сомдық-ақ іске билік айтуға народный соттың мұршасы келетін болса, яғни қазақ сотының мұршасы да жалпы гражданский істер туралы Сібір мұжықтарының волостной сотының мұршасындай болса екен. Народный соттың мұршасының шегін ашқан кезде, оның қарауынан бұрын алынған істерді сол алынған күйінде қалдыру, мысалы, 1) Көшпелі қазақтар отырықшы – қала адамына істеген жазықты ісі болса, құты, қаланың шегінде қазағына істеген жазықты іс болса, народный соттың қарауынан алынбақшы, 2) Қазақ лауазым иесі адамдары, судиялары істеген жазықты істері – олар да народный сот қарауынан алынбақшы, 3) Қазақтан басқа адамдар қатысқан істер народный соттың қарауынан алынбақшы. Жоғарыда айтылған негізбен өзгерілген народный сот осы күнгі кемшілігінің көбінен арылар еді, хүкімет мекемелерімен сабақтасып, бірте-бірте олардан өзге өнгелер алар еді. Участковой сиезде біліп басшылық ететін председательдер, народный соттың ісін көз жазбай бақылаған крестьянский начальниктер һәм олардың сиездері, әуелі, билерді, екінші, халықты орыс законінің жолына үйретіп, жақсылық қадірін білдірер еді һәм жолмен іс қылуға дағдыландырар еді; және де қазақтар да Россия мемлекетінің мүшесі екендігін танытып, тіршілігі сабақтас екендігін білдірер еді.
1915 ж.
ЖӘРДЕМ КОМИТЕТІ
Карс облысында шабыншылыққа ұшырап, ішерге тамағы, киерге киімі, паналарға үйі жоқ, күйсіз халге түсіп тұрған мұсылмандардың жәрдемге өте мұқтаж болып жатқаны һәм оларға көмек ету үшін әр жерде мұсылман жамиғаттары ашылып, жәрдем беріліп жатқаны «Қазақтың» 103-нші нөмірінде жазылып еді. Орынбор мұсылмандары да губернатордан ұлықсат алып, осы пеуіралдің 21-нші күні жәрдем комитетін ашып, тәртібін түзеп, басқарушыларын сайлап, жұрттан жәрдем жиюға ағзалар арнады. Қазақтан ағзалыққа мен ұйғарылдым. Басқа мұсылмандар жаны ашып, жәрдем етіп жатқанда, үйі күйгенді жылулайтын, малы өлгенге қызыл көтеретін, тоналғанға киім беріп, ат мінгізетін ағайыншылық жүзінде қайырымы көп біздің қазақ, бұл туралы да салтын істемей қарап тұрмас деп, ағзалықты қабыл еттім. Таланып, шабылып, бар мүлкінен айрылып, аш-жалаңаш отырғандар жері жырақ болғанмен, қаны жақын, діні бір қарындастарың. Әлдеқайдағыны айтып, аяушылық етіп отыр демеңдер. Аз-көп демей, жәрдем ету, әуелі, адамшылық, екінші, ағайыншылық міндеттерің. Біреуіңіздің берген 5-10 тиыныңыз бір адамды бір күнгі аштықтан құтқармақшы. Қалай жіберу ретін білмегендер «Қазақ» басқармасына жіберсе, тиісті орнына тапсыруға көп-көп алғыс айтылып, қабыл етіледі.
1915 ж.
«-ОВ» ТУРАЛЫ
Газет-журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар» жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын әкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан бұлай жұртқа өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе, қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді.
Студент Ыдырыс Оразалыұғлы.
Басқарма. Біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін мақұл көреміз, мұны елеусіз тастамасқа ықтиһад етерміз. Бұл туралы айтарлық бірер сөз бар. Біздің қазақ фамилия орнына өз әкесін атаса, «ов, ин, ва, на» орнына «ұғлы, қызы» деп жазуда ыңғайсыздық жоқ, «Ыдырыс Оразалыұғлы» деген секілді. Ал жұрттың көбі фамилия орнына үлкен әкесінің я бабасының атын жазады, мысалы, «Ғалихан Нұр Мұхамедұғлы Бөкейханов» деген секілді. Мұндайда «Нұр Мұхамедұғлы» деу ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының ұлы қылып жазудың реті келмесе керек. «Ғалихан Бөкейхан» делінсе, ретке келіңкірер еді: «Бөкей хан» деген руын атағандай болар еді, «Атығай, Қарауыл, Айдабол, Қаракесек» деген секілді. Қазақтың руының өзі орыстың фамилиясына тура келді ғой. Енді бір әйел атын алайық: «Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанова» дегенде, «Құлжан» деуіміз һәм «Нұрғали Құлжанов» дегенде де «Құлжан» деуіміз, яғни әйелдің де, еркектің де фамилиясын бір қалыпта атауымыздың ыңғайсыздығы болмас па? Және де, мұндайда «ұғлы, қызы» делінбей, әкесінің атын қалдырып, «Нұрғали Құлжан» я «Нәзипа Құлжан» деп жазсақ, жай екі кісі аталып тұрған секілді болады һәм ілгері-кейін тұрғанынан байқалмаса, араласқанда қайсысы өз аты, қайсысы фамилиясы екендігі білінбей қалса керек.
Фамилияны жоғарғы айтқандай қылып қалдырамыз ба, жоқ басқа бір ыңғайлысын табуға бола А, оқушылар, не айтасыздар?
ҚАЗАҚҚА АШЫҚ ХАТ
(Мал есебі туралы) 4-нші мартта Министрлер кеңесі келер бірінші майға шейін патша қол астындағы елдердің малы жазылсын деп қаулы қылып, мұның шығынына 1 миллион 760 мың сом ақша шығарылсын деді. Мына 20 ай созылған дүния соғысы көп етті жем қылды. Бұрын ел аман, жұрт тынышта бір мұжық бір жылда 50 қадақ ет жейтін еді, соғысқа барған солдат күніне бір қадақ жейтін болды. Әскер, қасына ерген қосшы-қолаңымен, 20 миллионнан артса керек. Күннен-күнге бұлардың саны артып барады. Мал бүйтіп жылдам өспейді. Біздің патшалықта қаладағы жұрт 15 процент, яғни, әрбір жүзден 15 еді. Соғыстан бұрын біздің патшалық жұрты 160 миллионнан астам болатын. Қала адамы бұрынғы ет сыбағасын жеп отыр. Арақ тоқталғаннан соң, мұжық қалтасында жылына 700 мың сом ақша аққұла қалды. Қалтада ақша болған соң, мұжық та күнде ет жейтін болды. Қолымда ақша бар деп, мұжық қалаға мал сатуын сараңдатты. Базарға салатын мал елде әскерге алынатын болды. Қала базары сататын малсыз қалды. Осы себептермен қалада ет, май 2-3-4 есе қымбаттады. Қала адамының кедейі еттен қалатын болды. Ет туралы бізбен соғысып жатқан неміс көргені бізден неше қайтара қиыншлық. Онда, жыл асты, жетіде екі күн жұрт етке тегіс ораза. Енді бір жетіде төрт күн ораза қылады неміс деген қауесет бар. Бірер күн етке ораза болады деген бізде де естіледі. Мұнан басқа жас малды союдан тиятын закон шықпақ деген де еміс-еміс естіледі. Осымен біздің хүкімет патшалықтағы мал есебін білмек. Бұлай болған соң, біздің қазақтың малы да жазылады. Мал жазғанда, қашаннан біздің қазақ малын жасыруды үйреніс қылған. Жаңа заман – тарақи заманы, бұл кезде ұрланып жүріп бес миллион жұрт күн көрмейді. Ұрлық түбі – қорлық. 240 миллион десятина жерде 5 миллион жұрт отырып, құп-қу болса, жер пайда қыла білетін ерге берілсін деген де сөз болмай қалмайды. Келешек уақыт, қатын-бала, тұқым қамын саясат жолында қазақ жұрты еске алса, мына жазғанда малды жасырмасын! Әуелдегі абыр-сабыр жаяу жамандық, арамдылықты тоқтатыңдар! Қазақта бар мал жазылса, біздің патшалық байлығы қуатты болып көрінуіне себеп болады. Бұ да жауға бел көрсеткеннің белгісі, бұ да көмек болады.
1916 ж.
ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Тән мен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз. Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Сондай біріне-бірі байлаулы, айырғысыз нәрсе болған соң, бірінің жайына бірі қарайды, біріне келген кемшілік біріне білінбей қалмайды. Тән кемшілігі жанға білінеді, жан кемшілігі тәнге білінеді. Тәнге батқан ауру көңілге, ойға қандай әсер ететіні, жанға батқан қайғы-қасірет тәнге қандай әсер ететіні қазақ сияқты оқымаған халыққа да мәлім. «Қайғысыз қара суға да семіреді» деген сөзді қазақ қайғы-қасірет тәнге қандай әсер ететінін білгендіктен айтқан. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» деген сөзді де қазақ тәннің ашығып, қиналғаны ақылға қандай әсер ететінін білгендіктен айтқан. Қысқасынан айтқанда, мысалы, жақсы қымызды жаман сабаға құйсаң, қымыз бүлінетіні, жаман қымызды жақсы сабаға құйсаң, саба бүлінетіні сияқты. «Тәні саудың – жаны сау» деген, «жақсы сабаның қымызы да жақсы болады» деген мысалды сөз. Қай заманда да болса, адам баласы еңбегімен күнелтіп, жан сақтаған. Әсіресе, біздің заманымыз – еңбек заманы, қазіргі хүкімет басында отырған коммунист партиясының жолы «еңбек жоққа – жемек жоқ» дейді, яғни еңбек етпеген адамның тамақ жеуге қақы жоқ дейді. Күнелту үшін ас керек, ас істеуге күш керек, күшті жұмсауға ес керек. Күш пен есті қатар жұмсап ас қылу – еңбек ету болып шығады. Аурулы тәннің әлі жоқ. Әлі жоқ адам жұмысқа жарамайды. Жұмысқа жарамаса, еңбегімен қатын-бала түгіл, қара басын да асырай алмайды. Ондай адам қайырымсыз жерде аштан өлмек, қайырымды жерде тіленшілік етіп телміріп, қарны тоя ас ішпей, итшілеумен күн көрмек. Ауру адамның, аш адамның есі, ақылы орнында болмайды. «Мастық не дегізбейді, аштық не жегізбейді» деген қазақта мақал бар. Өткен қыс аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті. Мұның бәрі аштық әсерінен адамның есі шығып, ақылы қалмайтындығын көрсетеді. Аштық ақылын алмаса, адам аң дәрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін-бірі жер ме еді? Анасы баласын жеуге келгенде, ол анада ақылдан түк қалды деуге болар ма? Міне, тән сау болса, жан да сау болатындықтың сипаты. Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті. Аштықтан тән қандай азса, аурудан һәм сондай азбақ. Неғұрлым ауру күшті болса, соғұрлым тән көп азбақ. Тән қандай азса, ақыл һәм сондай азатыны жоғарыда айтылды. Тән ауырып тұрғанда, жан жай таппайды, іске көңіл шаппайды, жігер жоғалады, ақыл қалыбында болмайды. Ес дұрыс емес кезде көңілсіз, жігерсіз істелген іс оңды болып шықпайды. Бұл айтылғанның бәрінен тән азса, күш кетіп, ақыл азып, іске де, еске де кемшілік келетіндігі байқалады. Тән азуы ойды алып, есті кетіріп, іске кемшілік келтіретін болса, іссіз, еңбексіз еш нәрсе табылмайтын болса, тән саулығы қанша керек, қанша қымбат нәрсе екендігі көрініп тұр. Енді айтылатын сөз – тән саулығына не керек деген сауалға жауап болу керек. Бұған толық жауап беру үшін бірнеше том кітап жазу керек. Бұл жазылып отырған кітап емес, календарь болғандықтан, жауап толық болмай, қысқаша ғана беріледі. Тән саулығын қазақтың бәрі де жақсы көреді, бірақ тән саулығына керек істі қазақтың бәрі де істемейді десек, өтірікші болмаспыз. Сондықтан қазақтың ауру-сырқаудан аманы аз болады.
Тән саулығына керек нәрселер не? 1) Тән өзіне керекті нәрселерді мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұру (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді). 2) Ағзамыз әр түрлі қызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып тұру, мәселен, тамақ қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер. 3) Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді қорғау. Бұл үш шартты орнына келтіру үшін, әуелі, дем алатын ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жәй-мәнісін білу керек. Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар – олардың жәй-мәнісін білу керек. Үшінші, тәнге зиян келтіретін нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар, ауру құрттарының өсетін, көбейетін орындары бар – оларды білу керек. Тән саулығына керек нәрселердің ішінде тегіні – күннің жарығы мен ауа, арзаны – су. Басқасының бәрі оңай қолға түспейтін нәрселер. Ақылды айту оңай, алу да ауыр емес, орнына келтіру қиын кезде қымбатқа айналып кетеді. Ең тегіні – ауа мен жарық. Адам далада жүргенде бұларды тегін пайдаланады, үйде отырғанда тегін пайдалана алмайды. Өйткені, үйдегі ауа мен күннің жарығы даладағыдай болу үшін үй жақсы болу керек. Жақсы үй арзан болмайды. Арзан дегеніміз су екен, оның да таза болуына қолайлы орын, жақсы ыдыс, жағдайлы шарттар керек, оның бәрі оңай табыла бермейді. Ақтығында бұл да арзан түспейді. Тегін деген күннің жарығы һәм ауа, арзан деген су – бұлар мұндай болғанда, басқа тән саулығына керек нәрселер арзан түспейтіні айтпай-ақ анық. Тән саулығына керек нәрселер, істейтін істер, орындайтын шарттар толып жатыр. Олардың бәрін орнына келтіру оңай да емес, арзан да емес. Бірақ қанша қымбат болғанымен, тән саулықтан қымбат емес. «Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ біліп айтқан. Байлықтың негізі денсаулық екені рас. Мал табу үшін еңбек ету керек, еңбек ету үшін ден сау болу керек. Аурулы адам жұмыс қыла алмайды, дүние жия алмайды. Солай болған соң, әркім әуелі, дүниенің бәрінен тән саулығын қымбат деп білу керек, екінші, оған керек істерді, шарттарды қанша қымбат болса да орнына келтіруге тырысу керек. Ауру құрттары адам тәніне дем алғанда ауамен кірмек я жеген тамақ, ішкен сусынмен кірмек, яки тән жараланып, тері жалаңаштанған жерінен кірмек. Ауру құрттарының өсіп-өніп көбейетін, күшейетін жерлері күн жарығы кем түсетін қараңғы я қаракөлеңке орындар, нас, лас жерлер, иіс-қоңыс сасығы мол, салақ қатын ұстаған үйлер. Қай жерде тазалық аз болса, сол жерде ауру құрты көп болмақ. Мұның мәнісі тән саулығының негізгі шарты тазалық деген болып шығады, тазалық жоқ жерде ауру көп деген болып шығады. Қазақ бейбақта тазалық бар ма? Тазалық жоқ болған соң, ауруы жоқ қазақ бар ма? Жоқ. Ауру болған адамның күші, ісі, есі қандай болса, ауру қаптаған халықтың да күші, ісі, есі сондай болмақ. Ауру адамның шаруасы азып, қарны тоя ас іше алмай, тіленшілік етіп телміріп, итшілеумен күнелтсе, ауру қаптаған халықтың да көретін күні сондай болады. Аурулы адам бір аяғы жерде, бір аяғы көрде болып, өлімге жақын тұрса, ауру қаптаған халықтың да халі сол сияқты. Бұрын да қазақ байғұс оңған халық емес едік, енді жұтқа ұрынып, жұқанағың қалғанда оңай оңала қоймассың. Бір күн ашыққанның ақылы қырық күнге дейін орнына түспейтін болса, күнде ашығып отырған сен бейбақта не ақыл қалсын! Ең әуелі, бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл! Тән саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тән саулықта.
ПАРТИЯ ӘМ КЕҢЕС ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ РУШЫЛЫҚ ӘСЕРІ
Бұл мақаланың мақсаты, басында қойылған атына қарай, қазақ халқының қазіргі күнде қандай саяси-шаруашылық тұрмыста өмір сүріп тұрғанын тексеріп (анализировать), сол тексеріске қарай «партия әм кеңес құрылысындағы рушылық әсері» дегенге жауап беріп кету еді. Бірақ қазақ халқының әзіргі тұрмысын тексерушілер болмай, болса да осы уақытқа шейін бір пікірге келісе алмай жүргендігі, мұнымен қатар жазушының қолында осы жолда пайдаланарлық материал болмағандығы (құжаттар) мақаланың құрғақырақ болып шығуына шарт тудырады, осымен жазушы өзінің тәжірибеде көргенін баяндап өтіп, қазақ халқының ішінде партия ям кеңес құрылысындағы қандай көріністермен есептесуге керектігі туралы азырақ ұсыныстарын ғана айтпақшы болады. Энгельс айтады: 1)29 өзінің өте оңайлығына қарамастан, рушылық дәуірі айрықша қызық тұрмыс қой! Тұрмыс өз жөнімен өте береді, онда солдат та, жандарм да, алпауыт та, патша да, губернатор да, сот та, құрмет те жоқ. Әрбір егес, таластар өзінің тиісті билеріменен ғана руыменен бітеді, бірнеше рулар мен қан аралас өштерін алу ілуде болмаса жоқ. 2) Рушылық дәуірінде бірнеше рулардың ортасында жалпы үй шаруашылығы, жерге қоғам иелігі (азырақ үй шаруасы), оның қарамағына берілген кішкене шарбақшылардан басқа, барлық жерге қоғам иелігі болса да, сол дәуірде қазіргі уақыттағыдай тегіс араласқан халық билейтін әкімшілік машинасы болмаған. Жұмыстар көбісінше іске қатысқандардың өздерімен мың жылдан келе жатқан әдетпен тынатын. Кедейшілік мұқтаждық жоқ. Ортақшылық шаруасы әм ру соғыста арығын, ауру қарттарды бағады. Қатындар да ішінде жалпыға бірдейшілік, бостандық, құлдыққа шарттар, езілген рулар жоқ. Энгельстің осы айтқанына қарағанда, қазақты қазіргі уақытта сол рушылық дәуірде деп айтуға бола ма? Болмайды! Қазақта сол рушылық дәуірден қалған жұрнақтар бар деуге ғана болады. Бұған сенбегіміз үшін, Энгельстің рушылық дәуірі үшін керекті болған жоғарыдағы айтылған шарттарын қазақ халқының арасынан іздеуіміз керек. Ең алдымен қарағанда, қазақтың шаруасы меншікті, кісі күшінен пайдалану эксплуатация негізіне құрылған, жер жалпыныкі емес, әркім өз жерін меншіктеген, сонымен қатар, қазақтың шаруашылығында, рушылық дәуірі тамырымен құрыған деп айтуға болады. Бұл – бір. Екінші, қазақта бай бар, кедей бар. Өз руымнан деп тұрмайды: байлары кедейлерін жалдап, жалақы беріп, кедейлердің күшінен пайдаланып, байлығын молайтады. Біреу мың қойлы бай, біреу 5 қойлы кедей. Шаруашылық әм саяси кемшіліктерді тудырады. Сондықтан қазақ халқы тапқа бөлінеді. Рушылық дәуіріндегі бірдейлік жоғалып, бай мен кедей шыққан соң, әркім күнелтетін хұқына таласады, рушылық дәуіріндегі рудан шыққан әділ билердің орнын байлар табынан шыққан, малға сатылған парақор билер басып, ол таластарды тексереді. Көбісінше байлар ішінен шығатын атқамінерлер, билер, қазақ халқы орыс патшасына қарағаннан соң, керекті уақытында, әдет бойынша, пайдалы уақытында орыс заңы бойынша өкіметке сүйеніп, ілгеріден келе жатқан қазақ әдеті ақырындап күшсізденіп, жоғала бастайды. Қазақ елінде рушылық дәуір бұзыла бастаған кезде қазақ елін орыс патшасы да емін-еркін алып болады. Қазақ елін орыстың сауда капиталы аралай бастайды. Патша өкіметінің саясатына керекті болғандығы – қазақты оңай билеу үшін, қазақтың өзара егестерін пайдалану үшін, бір болыстық жерге үш-төрт рудың басын қосып, оларды болыстыққа таластырып қояды. Әкімшілік етіп, үкімет басына отырып, қараңғы, ұйымдаспаған елден пайдалану оңай екендігіне түсінген атқамінерлер арасында егес туады. Олар жәрдемге руын шақырады, өздерін сол руды қорғаушы етіп көрсетеді. Бұған қарағанда, қазір қазақ ішінде ру талас жоқ. Елдің бұқараны алдап, ру тонына жапсырып жүрген атқамінерлердің егестері бар. Ол рушылық дәуірде осы жолдармен бұзылғанын көрсетеді. Сөйткен рушылықтан қалған жұрнақтар бар. Өлгенге ас беру, той, қалың мал, жылу сияқты. Бірақ сол ас беру, той қылу сияқтылар рушылық жұртшылығымыздан қалған күнінде, кімнің пайдасы үшін екендігін ашуымыз керек. Бай өлсе, жетерлік дәулетпен сай, салтанатпен асын береді, бай қызы ұзатылса, тағы да сондай салтанатпен той істеліп ұзатылады. Өлетін бай болғанда, қыз ұзататын бай болғанда, ас беретін, той істейтін қара бұқара болады, бұл мерекесі де байлардың қара халықтан пайдаланғанын көрсетпей ме? Кедей өлсе, қыз ұзатса, екі адамның басы қосылмайды. Қайда біздің рушылығымыз? Қайда біздің баяғы бірдейшілігіміз? Міне, осы айтылғандар қазақ еліндегі жұртшылық жалпы ру үшін емес, оның жоқтығын көрсетеді, ру ішіндегі атқамінер алдау-арбаумен атақты болып, ел басшысы болғандар үшін, байлар үшін екенін көрсетеді. Ру жұртшылығы қазақ елінде мықты дейтіндер сол жұртшылықтың кімге пайдалы, кімге зиянды екенін түсінбеушілер, қазақтың «ұлттық» шарттарымен көп есептеспеушілер. Ру жұртшылығының жұрнақтарының еңбекші қара бұқара үшін ауыр салмақ екенін түсінбеушілер. Мұндайлар, жолдас Сталин айтқандай, қазақ қызметкерлерінің ішіндегі оң мінезділер (прав. уклон) ішінен шығатын болса керек. Қорытындымызда: қазақ елінде рушылық дәуірі жоқ. Бірақ қалған жұрнақтары бар. Ол қалған жұрнақтары қоғамның бәріне пайдалы емес, қоғам ішіндегі байлар, оның атқамінерлерінің пайдасына жұмсалады. Мұнан қазақ ішінде тап барлығы көрінеді. Қазақ елінде тап бар, ол болған соң, оның ішінде капитал жолымен әдемілеп қанаушылар бар. Қазақша рушылық дәуірі (родовой строй) бар деушілер қаталасады. Қызметкерлердің ішінде түсінбестік бар. «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей, оқушылар сүйеніш жоқ ру дәуірін көзге елестете береді. Ол неге әм кімге керек? Партия әм кеңес құрылысышдағы рушылық дәуірінің әсері емес, сол рушылық жұртшылығынан пайдаланып жүрген қазақ байлары, атқамінерлердің әсері бар деуге болады.
1926 ж.
ЖАЗУ, ЕМЛЕ, ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖАЗУ ТӘРТІБІ
Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір итфақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық. Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек һәм қолы жетерлік оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады. Сондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек? Соны сөйлелік.
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт. Тәртіпті жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі (харфі) бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған белгіміз жоқ; бір белгіменен әлде неше түрлі дыбыстарды жазамыз. Мысалы: «о -و» менен жазамыз бес түрлі дыбысты, «ы-ى» – менен жазамыз үш түрлі дыбысты. Балаларға һәр түрлі айтылатұғын сөзді бір түрлі айтып жазып қойып, һәр түрлі айтып оқу керек дегеніміз зорлық емес пе? «Бірдей жазылған сөзді қалай һәр түрлі оқысам дұрыс болады» деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салу керек. Сонан соң, сол жөнменен құрал сайлау керек. Жазу тәртібі менің ойлауымша болса жарар еді деп, жұрт алдына саламын.
Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері (харіфлері). Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты.
Дауысты дыбыстар: ا (а), و (о), ﺅ (у), ى (ы), ه (е). Дауыссыз дыбыстар: ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), چ (ш), د (д), ر (р), ﺯ (з), س (с), غ (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г), ﺙ (ң), ل (л), م (м), ن (н). Жарты дауысты дыбыстар: ؤ (у), ﻱ (й). Бұл дыбыстардың ішінде қ һәм ғ дәйім жуан айтылады, г, к, һәм й дәйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы екі түрлі айтылады: бірде жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке айтылғанына бір харіф керек десек, мысалы: تـ ،سـ30 сықылды, онда 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді, бұған дәйім жуан айтылатұғын қ-ق менен ғ-غ ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын к-ك, г-گ һәм й-ﻱ-лерді қосқанда, һәммасына 43 харіф керек болар еді. Араб әліппесінде 43-ке жететұғын харіф жоқ. Өзге жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайды. Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай амалын таппақ керек? Мұның амалы менің ойлауымша мынау:
Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың харіфлерінің жуан я жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан я жіңішке айтылмағын айырғанымыз.
Дауысты дыбыстарымыз: а-ا, о-و, ұ-ﺅ, ы-ى-лардың жіңішке айтылуы үшін алатұғын белгіміз мына «» (знак предупреждающий), бұл белгі дәйекші болып сөздің алдына қойылады. Сөздің алдында тұрған жіңішкелік белгісін көріп, ол сөздің ішіндегі дауысты дыбыстардың харіфлерін жіңішке оқимыз; дауысты дыбыстардың жіңішке оқылса, оларменен қатар дауыссыз дыбыстар да жіңішке оқылады, мысалы:
арман-әрмен, торы-төрі, тұр-түр, тор-төр,
Жіңішкелік үшін бір белгі алсақ, 43 түрлі дыбысты дұрыстап жазу үшін 28 белгі (харіф) жетеді. Сонда қазақ сөзіне жазылатұғын харіф-белгілер мынау болады: ا, ا, ب, پ, ت, ج, چ, د, ر, ذ, س, غ, ق, ك, گ, ل, م, ن, و, ؤ, ی, ي, ﻪ, ە, .
Бұлардың ﻖ, ﻍ, ﻪ, ه -лерден басқалары жіңішкелік белгісі «» тұрса – жіңішке оқылады. Ол тұрмаған жерде һәман жуан оқылады.
Мұнан басқа араб харіфлері – араб, парсы я басқа түркі тілдеріне керек болса да, қазақ сөзін жазу үшін керегі жоқ.
43 түрлі дыбысты 28 әріп-белгіменен қалай жазып, қалай оқу жайын айтайын:
5 дауысты дыбыс үшін керек мынау жеті белгі: ا (а), و (о), ﺅ (у), ى (ы), ? ،ه (е). Оларды жіңішке айту үшін бір белгі «» һәм оларға сүйеу болатұғын бір белгі ا (таяқ) «ا» сөздің басында « »31 менен тұрса ا(а) болып оқылады (Мысалы ай – луна – « » жоқ болса, ا(а) болып оқылмайды. Онда сүйеу хисабында басқа әріп қасына қойылғаны. Мысалы: ор (канал) – өр (подъем горы), өр, ор дегендей орындарда «ا» сөздің ортасында « » жоқ болса да «ا» болып оқылады. Мысалы: «اﱠ», қазақ, қалмақ, қалқа, қара «ا» ашық, анық дыбыс, оны қалдырып жазудың тіпті жөні жоқ. «ا» -ны қалдырып жазсақ, басқа түрлі оқып, басқа мағана беріп қателесуге ықтимал. Мысалы: (тағамды) «қара-қарауды» «тамақ» деп жазсақ, қара-қарауды деп жазсақ, адам-адамды деп жазсақ. Хасыл кәләм, менің ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху я ғылым сарф жолыменен ыспат етілсін.
«ا» жазылған сөздің алдында «» тұрса «ا» жіңішке айтылады сән, ән, әбден деген сөздер ішіндегідей.
боқай, тоғай, қоға деген сөздерде ﺏ-ның, ﺕ-ның, ﻕ-ның соңында естілетұғын дыбыстың белгісі. «و» – қазақ тілінде анық, ашық дыбыс, оны қалдырмай жазуға керек. «و» жазған сөздің алдында «» тұрса, «و» жіңішке оқылады: бөз-боз, төр-тор, өт-от деген сөздердегі сықылды.
«ؤ» (у), азу, қару, жабу деген сөздерде ﺯ-ның, ﺭ-дың, ب-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. «ؤ» сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі: құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын һәм анық айтылады. «و»-дан «ذ» -ды айыру керек. «ؤ» – жарты дауысты дыбыс. Бұл дауысты дыбыстардың соңынан ғана айтылады: тау, тауық, тәуір, біреу, екеу деген сөздер ішінде айтылғандай. «ؤ» сөздің бас буынында анық һәм ұзын естілсе, ол «ؤ» менен «و» қатар келгендіктен үнде «ؤ» һәм «و» екеуін де жазуға керек. Сөздің бас буыннан басқа жерде «ؤ» ұзын қысқа естілсе де, жалғыз «ؤ» жазылады: ашулану, татулық, татуласу деген сөздер сықылды. Қысқасы, сөздің бас буынында «ؤ» ұзын һәм анық естілсе, екі әріппенен жазарға: тура, тумыс, буын, буаз дегендей. «ؤ»-ды «و»-дан айыру үшін үстіне «» қоямыз. Себебі: «ؤ» менен «و»-ның жазылуы ұқсас болғанменен, айтылуы ұқсас емес. Мысалы: қоймал деген сөз бенен шәй құй деген сөздердің мағаналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. «ؤ» – сөз ішінде қысқа естілсе де, қалдырмай жазатұғын дыбыс. «ؤ» жазылған сөздің алдында «» тұрса «ؤ» жіңішке айтылады: өр-ор, тор-төр, бор-ор дегендей.
ﻯ (ы) дыбысына тура келетін араб әліппесінде әріп жоқ. Сондықтан мұның нүктесіз «ﻯ» белгісін аламыз. Оны сөздің аяғында ғана жазып, басында, ортасында тіпті жазбаймыз. Жазбасақ та болады дейтініміз: «ﻯ» сөздің басында, ортасында бек қысқа һәм көмескі айтылады, барлығы, жоқтығы аз сезіледі. Сондықтан сөздің басында, ортасында жазбасақ, онан келер кемшілік аз. Мысал: қын, қыр, қырғын, жылым, жатыр деген сөздерде «ۍ» жазсақ та, жазбасақ та бірдей оқимыз. Аяғында «ۍ» анық айтылады. Онда жазбасқа болмайды: алды, әрі, малы, жаны, қаны деген сөздерде «ﻯ» ді жазбай, ...жаны, қаны деп, оқуға болмайды. «ﻯ» өзі сөз басында жазылмаса да сүйеніш таяғы «ﺍ» жазылады: ышқын, ышқыр, ызғар, ырғақ, ынтық, ықтым деген сөздер сықылды. «ﻯ» жазылған сөздің алдында «» тұрса, «ﻯ» жіңішке айтылады: бары-бәрі, саны-сәні, бозы-бөзі дегендей.
«ﻯ»-ден «ﻯ»-ді айыру керек. «ﻯ» - «ﯟ» сықылды дауысты дыбыстардың соңынан айтылатұғын жарты дауысты дыбыс. Мысал: ай, бай, күй, қи, дауыссыз дыбыстардың соңында келсе, ол жерде жазылмайтын «ى» бар болғаннан. Мысал: қиқым, тиын, қиын «ى» ды қалдырмай жзатын болсақ, бұл сөздерді бұлай жазар едік: қыйқым, қыйын, тыйын.
«ي» дыбысына тура келетін әріп араб әліппесінде жоқ. Бұл дыбысты осы кезде сөз басында былай «?» сөздің аяғында, ортасында былай « » я былай « » жазып жүрміз. Мұны осы жөніменен жазып, бірақ қайсысы қай орында жазылады, тәртіпке түсіріп һәм басқа дыбыстан айтылуы басқа болған соң әріпі де басқа айырылса екен деп ойлаймын. Сол үшін былай « » жазылатұғын дыбыс « » енді былай жазылса деймін. Мұнан араб әріпін өзгертіп, түрін бұзатынымыз аз, жазудың тәртіпті болмағына пайда көп. Әсіресе бала оқытқанда үйретуге һәм үйренуге жеңілдігі бек зор болар еді.
Негізгі жол: айтуы басқа сөздерді басқа жазу. Бұлай болғанда: «ит» деген сөзбенен «ет» деген сөзді бірдей жазсақ, жолсыздық болмай ма? Бұл екі сөздің мағынасы қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа.
«ﯧ» сөздің бас буынында ғана жазылады. Өзге орындарда «ﻪ» жазылады. Қосылмайтын әріп соңынан «ﻪ» орнына «ە» жазылады. « » жазылатын орындар: тең, жем, қыр, ғер, ер басқалар. « » жазылатын орындар: келеке, төбе, кеме, желек, есек «ە» жазылатын орындар: керует, кедей, керек, тізе, кіре «ء» жазылған сөздердің алдына «» қойылмайды, себебі, бұл олсыз да жіңішке айтылатұғын дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: پ، ت، ج، چ، د، ر، ز، س، ع، ق، ك، گ، ڭ، ل، م. Мұнан көрінеді осы күнде қазақ сөзіне көбінесе жазылып жүрген « » пенен « »-ларды32 алмағанымыз жоғарыда айттық. Екі түрлі айтылатұғын дыбыстардың әріпін «» тұрмаса жуан оқимыз деп. Бұлай болғанда «ت»-ны «» тұрмаса ( ) сықылды жуан оқимыз. Сондықтан «ت» болған соң, (( ))-ның, «س» болған соң (( ))-ның һәм «ج» болған соң «ﮋ»-ның керегі жоқ.
«ش»-ны алмай «ج»-ны алғанның мәнісі қазақ тілінде жазылған кітаптар, журналдарды қарасаң, «ش» жазылған қазақ сөздері тіпті аз, жоқ есебінде, көбіне «ش» орнына «ج» жазылыпты. Басқа түркі тілдерін қарасаң, бізде «س» келетұғын сөздерге оларда көбінесе «ش» келетұғын көрінеді. Бізде «ش» келетұғын сөздерге оларда «ج» келетұғын көрінеді. Мысал: баш-бас, қаш-қас, таш-тас, ақша-ақща,қанжа-қанша, жора-шора «ش» дыбысы қай тілде болса да «س»-дан көрі «ج»-ға жақын. Сондықтан « » дыбысының белгісіне «ج»-ны алдым. Мұны алғаннан кемшілік келмейді, қайта ұнамдырақ болады. Мысал: еңбекжі деп жазу еңбекші деп жазудан ұнамдырақ, қанжа деп жазу қанша деп жазудан ұнамдырақ. «ق» һәм «ع» жазылатұғын сөздің алдына «ء» қойылмайды. Оны қойғанменен олар жіңішке айтылмайды. «ك» һәм «گ» жазылатұғын сөздің де алдына «?» қойылмайды, ол қойылмаса да бұлар жіңішке айтылады.
Тобы бөтен болса да, қазақ тіліне келіп сіңген, қазақтың өз сөзі болып кеткен араб я фарсы сөздері бар. Мысал: арабтан алған адал – халал, арам – харам, әл – хал. Фарсыдан алған ән –аһн, қожа – хоажа сықылды сөздер. Бұлар бұрынғы қалбында емес, өзгерілген. Міне, бұ сықылды сөздерді қазақ тілінен қуып шығару ма? Я болмаса сақтау ма? Мұны көп білсін! Мен өзім сақтау жағындамын. Өзге жұрттарда бұзып алған сөздер сақталады. Осы жобаменен әліппе бастырмақшымыз. Сол себепті оқушылардан ұнатпаған жерін көрсетіп, ұнарлығын айтса екен деп өтінемін.
А. Байтұрсынұлы
«Айқап», 1912, № 4-5.
ЖАЗУ МӘСЕЛЕСІ
Ғ. Муси мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ аяғындағы пікірінен қорытып шығарғанменен, аяқ жері турасында сөйлеймін. Ол екеуіміздің айырылатын жеріміз: ол у орнына –ды алады да, о үшін ۇ-ды алалық, яки басқа бір белгі жасалық, мәселен, و-дың құйрығын қайырып қоялық дейді. Мен у-дың орнына ۇ-ды аламын, о-ның орнына و-ды аламын. Менің олай еткенім: о дыбысы қазақ сөзінде анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің о дыбысы келетін жерлерімізге толық у келеді, мысалы: біз от дейміз, ноғайлар ут дейді. Біздер тоқ дейміз, олар туқ дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ, біз өзімізше о етіп оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше у етіп оқуына кемшілігі жоқ. У біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің у дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа у келеді. Мысалы: тур-жур ноғайлардың «Ақ жол» журналында қарасаңыз, و һәм ۇ харіфтерін нақ бізше жазып отыр; ол бірімізден-біріміз көріп алып отырған емес, екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы, о-ның орнына و-ды алып, у-дың орнына ۇ алғаннан қазақ тіліне келер кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келудің қажеті жоқ.
Бұл ۇ-дың Г. Муси мырзаға ұнамайтын жері: و үстіне үтір қойып жату қиын дейді. Онысы онша дәлелді сөз емес деймін, үйткені орыс сөздері үшін و үстіне үш нүкте қойып ۋ ғып жазуды қиынсынбағанда, қзақ сөзіне дегенде و үстіне бір үтір қою қанша қинар екен. Керек болған соң ج-ды چ етуді, ز-ды ﮋ етуді, ك-ны ڭ етуді қиынсынбаған жол бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын?
2-нші айрылатын жеріміз: ы дыбысының харфі сөздің басында, ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен ы дыбысының хәріфі ى болсын да, ол сөздің аяғында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол жазылмағанда, сөздің мағанасы бұзылып, кемшілік келерлік болса, жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағанасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса, ы дыбысының харіфін жазбағанда не залал көреміз деген ойым еді. Мысалы: қысымшылық, еркіншілік хәріфтерін түгел жазсақ, бұлай жазылмақшы: қысымжылық, еркінжілік Осы сөздерді ءى-сіз жазсақ та мағанасы бұзылмайтын болған соң, ءى-ді жазбасақ та болмай ма? деген едім: мысалы: еркінжілік, қысымжылық деп жазсақ кемшілік болар ма?
3-ші айырылатын жеріміз: мен е дыбысына ﯦ ﻳ -лерді аламын, Ғ. Муси мырза ﺌ,ى-лерді алайық дейді. Мен ﯦ ﻳ-лер сөздің бас буынында жазылсын, басқа буындарында ﻪ, ە жазылсын деймін. Ғ. Муси мырза сөздің аяғынан басқа жердің бәрінде ﺌ, ى жазылсын, аяғында ғана ﻪ, ە жазылсын дейді. Меніңше, мысал:есік, кесек, керек, келді, жүрек деп жазбақшымын, оныңша: еск, кеск, керк, клді, жүрк. Оның ﯦ ﻳ-лерден гөрі ﺌ, ى-лерді артық көретіні: ноқат қойып жатудан ноқат қоймау жеңіл дейді. Ноқат қоюдан қоймай жазудың жұмысы аз болғанмен, оның жаттығы мол емес пе? жетек, есек, желек деп жазсақ, бұрынғы есек шелек, жетек деп жүрген күйінде оқыр, егерде жетк, еск, желк деп жазсақ, жетек, шелек есек мағанасында оқымай, жетік, шілік, есік мағанасында оқулары ықтимал. Мен хәріфтерді өзгерткенде, халық жатсынбай, хат білетін адамдар үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы ﻳﺋﺊ ﻴ-лерді оқып жүргендер ﯦ ﻳ-лерді де оқып кетеді, бұрынғы و-ды оқып жүргенде ۋ-ды да оқып кетеді; ‘ -лерді үйретпей, е, ы деп оқып кетер деп айта алмаймын.
Мен бұл ﺌ, ى белгілерін былтыр әліппе жазып жүргенде, е емес, ы орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім. Мысалы: ырыс, ырық, мысық деген сөздерді ырс, ырқ, мсқ деп жазсақ, екеуін де оқушылар бірдей оқиды ғой деп ﺌ, ى-лерді алмай тастап едім. Түбінде бұл белгілер алынатын болса, е дыбысына емес, ы дыбысына алуға лайық: үйткені ы орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы ықтимал.
(Былайғысы бар)
«Қазақ», 1913, № 35.
ШАҺЗАМАН МЫРЗАҒА
Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп, таласқа кетіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп, я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ ғой. Мақсат – сіз болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына хәріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнде әркім һәр түрлі жазып жүр, бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ. Жазғанымыздың қата, дұрыстығын айырарлық емле жоқ. Оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып-арнаған хәріптер жоқ. Бір сөзді екі кісі екі түрлі жазады. Хаттә бір кісінің өзі де бір сөзді екі түрлі жазады. Мысалы, сізде өзен-еөзен екі түрменен жазып көрсеттіңіз. Соның екі түрін жазғанша бір-ақ түрін дұрыстап, кесіп айтсақ болмай ма?.. Сіздің жазған сөзіңізден байқаймын, қазақтың тілінде неше һәм нендей дыбыстар бар екен деп, һеш уақытта ойланып қарамағансыз. Өзгелердің қазақ тіліндегі дыбыстар турасында жазғанын оқымағансыз. Дыбыс пенен хәріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды айтамын, сіз арабтың хәріптерін алып келіп көрсетесіз. Сіздің қарауыңызша, араб хәріптеріне дұрыс келетін дыбыстар қазақ тілінде бар болмақшы, дұрыс келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болмақшы. Олай болғанда арабтың хәріптері қазаққа келмей тұрған уақытта, қазақта һешбір дыбыс болмасқа керек ғой. Араб хәрпінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз ойлаймыз, қазақ араб хәрпінен бұрын да сөйледі деп, сөйлеген соң дыбыстары да болды деп. Ол дыбыстарының араб хәріптеріне тура келетіні де бар, келмейтіні де бар деп. Бары, тегіс келмейтін себебі: араб әл әліппесі қазаққа деп арнап шығарған әліппе емес, араб тіліне арнап шығарған, һәр халықтың тіліндегі дыбыстардың ішінде бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс, бірінде жоқ болуға ықтимал. Мысалы: ч-ﺡ, ф-‘ﻑ‘ﺀ дыбыстар арабта бар, қазақта жоқ. ’(о), ﻯ (ы), ‘ ﺒ (е), (п) дыбыстар болмаса, бұл дыбыстарға тура келетін хәріптері де болмасқа керек. Сіз қалай ойлайсыз? Араб әліппесінде тура келетін хәріпі жоқ дыбыстарымызды тіпті жоқ қылу керек пе? Негізінен ойлаңызшы, тіл хәріп үшін шығарған нәрсе ме? Болмаса хәріп тіл үшін шығарған нәрсе ме? Әлбетте, хәріп тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса хәріпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ хәріпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді. Өзіңіздің көрсеткен хәріптеріңіздің ішіндегі «ڿ», «ﻊ», «» осындай түсін бұзумен табылған әріптер емес пе?
Бұл – ойыңыздың негізгі қатасы. Негізгі қата болған соң, әрмен қарай басқасы да қата бола береді. Қазақ дыбысының бәрі де жарты дауысты дейсіз. Оны да қазақ сөзін алып, дыбысын қарамай, араб хәріптеріне қарап айтасыз. Мысалы: «баран» деген қазақта да, руста да сөз бар (бар), «бор» деген қазақта да, руста да сөз бар (бор), осындағы «а», «о» дыбыстарын рустар жарты дауысты дыбыстар демейді. Олардың «о», «а» дыбысымыздың һеш кемдігі болмаса, біз қалай жарты дауысты дейміз? Бұл дыбыстарды жарты десек, қандай дыбысты бүтін деп айтармыз? Қазақ тілінде тіпті «о» дыбысы жоқ дейсіз. Бор, боз, жол, ол» мұнан басқа да ішінде «о» келетін сөздер толып жатыр, бұларды қазақ сөзі емес дейсіз бе? Біз бұларды қазақ сөзі дейміз, һәм олардың ішіндегі дыбыстардың бәрі де қазақ тілінде бар дейміз. «Ы» дыбысы жоқ дейсіз. азы, бары, жары, басы. Бұл сөздерді қазақ сөзі емес пе?
«Е» дыбысы қазақта «ﻪ-е» емес, «ﻪ-и»-ге жақын дейсіз. Мен қазақ тілінде бұл дыбыс қандай екенін бек жақсы білемін, бірақ арабта тура келетін хәріп болмаған соң «ﻪ»-менен жазалық деймін. Мұнан көрі «ﻪ»-менен жазу қолайлы десеңіз, олай да жазып көрелік. «ер» деген сөзді сізше «иер» деп жазу қолайлы болмақ, «кесек» деген сөзді сізше «киесек» деп жазу қолайлы болмақ, «керек» сізше «киерек» деп жазылмақшы. Қайсысын жазу қолайлы һәм не үшін қолайлы, сіз айтпасаңыз, мен айта алмаймын. Астына екі ноқатты қоюды қолайлағаным – бұрынғы жазып жүргенімізден тым алыс болмасын деген еді. «ﻪﺫ» иә «ﻪ» қолайлы, көп ұнатқаны болсын.
Сіздің айтқаныңызша, «ﻊ» «ﺆ» қазақ дыбыстары болмақшы. «ﻊ» ды қазақ тілінде бар дейсіз де, сөзіңізді ыспаттау үшін «журнал» деген сөзді көрсетесіз. Бұл сөз қазақ сөзі емес, француз сөзі ғой. «ﻊ» қазақ дыбысы десеңіз, қазақ сөзінен тауып берерге керек. Әңгіме қазақ тілінде қандай дыбыстар бар һәм оларды қандай хәріптерменен жазу турасында. Француз дыбыстарын қоя тұрып, әуелі өз тіліміздегі дыбыстарға хәріп арнап, сөзді бір жерге қоялықшы, «ﺆ» дыбысы қазақ тілінде бар дейсіз де, қай сөздерге жазылатынын көрсетпей, азырақ әдіс айтып бұлтарып кетесіз. «ﺆ» дыбысы бар сөздер қазақта есепсіз көп болғандықтан жазып көрсетпеймін дейсіз. Есепсіз болса бәрін жазу мүмкін емес, бірақ, бір-екеуін жазып көрсетсеңіз, қазақ тілінде «ﺆ» дыбысы рас бар екенін көрер едік. Көрсетпей тұрғаныңыз көптігінен емес, жоқтығынан болар. Олай әдіс жұмсайтын бұл ісіміз қазақтың сайлауы емес еді, бірақ өзіңізге ұнағаны сол шығар. Өзіңіз айтқан Ахметһази Мақсуди кітабында һәм «Төте оқу»кітабында осы екі дыбысты я ноғай, я қазақ сөздерінде бар деп, көрсетпеген ғой. «ﻊ»-ды рус сөздеріне жазған, «ﺆ»-ны араб сөздеріне жазған.
«ﺶ» (ш), «چ» (ч) турасында сөзім бұрын айтылған. Не үшін «ﺶ»-ны алмай «چ»-ны алғанымды жазғанмын, сонан басқа айтарым жоқ. Қазақта «ﺶ» дыбысы бар һәм жалғыз, оған «ﺶ» я «چ»-екеуінің біреуі-ақ алынады. Қайсысын алу қолайлы, көптің ұнатуы болсын.
чана, чаң, чаңрақ, чал, чала, қанча, ақча, қанчақ
Осы сөздердегі «چ» қазақ айтқанда бәрінде де бірдей айтылады, өзгеше айтылатыны жоқ. Олай болғанда хәрпінде де өз басқалық болмай, бәрі я «ﺶ» хәрпіменен жазылады, я «?» хәріпіменен жазылады. Біреуіне «چ» біреуіне «ﺱ» жазылмаса керек.
« »33 менен « »-ны қазақ сөзіне керексіз дегенім мәнісі мынау: «ﺯ» (з) дыбысы біреу болса, «ﺱ» (с) дыбысы да біреу; «ﺪ» (д) дыбысы қазақта біреу болса «ﺚ» (т) дыбысы да біреу. «С» дыбысы һәм «т» дыбысы қазақта бір-бірден болса, оған екі-екі әріптен алып, арнау қажеті не? Сіз айтарсыз « » менен « » жуан сөздерге жазылады, «ﺱ» менен «ﺚ» жіңішке сөздерге жазылады деп. Онда неге «ﺱ» менен «ﺚ»-ны жуан сөздерге жазамыз. Мысалы: бас, басқе, жас, жақсы, ат, ата, ету, жату бұлардың бәрі де жуан сөздер. Бұларға неге « » менен «ﺱ» жазбай, (ﺙ) менен « »-ны жазамыз. Жуан сөзге кіріскен дыбыс жуан болып айтылады. (ﺱ) менен «ﺚ»-ның һәмән жіңішке айтылмай, жуан да болып айтылуын көрсетеді. Бір дыбыс жуан да, жіңішке де айтылатын болса, оның екі түрлі айтылғанына екі хәріп алмаймыз. Ондай дыбыстардың жуан, жіңішке айтылу ықтияры дауысты дыбыстарда болады. Ол жалғыз біздің тілімізде емес, басқа тілде де солай. Өзіңіз ойлап қараңызшы! Осы күнде жазып жүрміз: ...34 бас... басқе...ету.
Бастапқы төрт сөзде «с» дыбысы екі түрлі жазылғанменен, айтылуы екі түрлі емес, жалғыз-ақ түрлі. Екінші төр сөзде «т» дыбысы екі түрлі жазылғанменен, айтылуы екі түрлі емес, жалғыз-ақ түрлі. Екі түрлі жазумыздың пәлендей мәнісі бар деп айтып беріңіз! « » менен « »-ны қазақ сөзінен шығармалық.
Қазақта сөз екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады. Жалғыз-ақ түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір-ақ түріне кіріседі. Һәмән жуан айтылатын «ﻖ» менен «ﻍ» жіңішке сөзге һеш уақытта кіріспейді, һәмән жіңішке айтылатын «ﮐ» һәм «گ» жуан сөзге кіріспейді. (ﺱ) менен (ﺚ)-ның жуан сөздерге де, жіңішке сөздерге де кіріскені жуандық, жіңішкелік екі түріне де тұтынуға жарайтындығын көрсетеді.
Онан әрі айтасыз: «қағидасыз қойылған «» дәйекші белгіден не мағана шығады» – деп. Сіз не қағидамен «ﺍ»-ның үстіне «» қойып отырсыз, мен де сол қағидаменен қоямын. Сіз қоясыз жалғыз «ﺍ»-ны жіңішкерту үшін. Мен қоямын. жалғыз ﺍ емес, басқа да дауысты дыбыстарды жіңішкерту үшін. Сіз айтасыз: «жіңішкелік белгілері бек, жақсы ретке салынған», – деп. Оны ыспаттау үшін көрсетесіз «озен» яки өзен деген сөзді. Мұныңыз дұрыс ғой, егерде, (ө) дыбысты алғы сөздің басында келсе, сөздің ортасында келсе қалай жазылады деп, ретке салынғанын? Оны да айтуыңыз керек еді. Мысалы: жон-арқа, жөн-түзу, дұрыс, боз-түс, боз-шүберек, бол-істе, бітір, бөл-бөлекте деген сөзімізді алалық. Бұлардың біреулері жуан, біреулері жіңішке. Жуандарынан жіңішкелерін айыру үшін не тәртіптер салынған, айтсаңыз екен. Менің «» ні «ﺍ» тің үстінен алып сөз алдына қойғаным мәнісі – «»-ны жалғыз «ﺍ»-тің үстіне қойсақ, жалғыз «ﺍ»-ті жіңішкертуге ғана жарайды, өзгелерді жіңішкерту үшін де тағы басқа белгі алу керек болады. мен оларға басқа белгі алынбай, осы «» бәріне де жарайтын болсын деймін. Олай болуы үшін «» жалғыз «»-тің үстінде тұрмай, сөздің алдында тұрсын деймін. «» қоюдың асыл мағанасы жіңішкерту ғой, болғанда «» жіңішкелік белгісі. Бұл белгі сөз алдында тұрса, келесі кейінгі сөз жіңішке екендігін біліп, жіңішке оқырға. Ахметһазиде хәріпті қалыңдату үшін үстіне нүкте қоймай ма? Ол не қағидаменен қалыңдық нүктесін қойған?
Бұлардан басқа сізге күлкілі көрінген мынау болса керек: «менің айтқандарымды дұрыс емес дегендер наху, сарф қағидаларынан ыспат көрсетіп, дұрыс емес жерін айтсын» деген сөз. Наху, сарф, дегеніміз тіл законының ғылымы. Тіл болса, оның законы боларға керек. Законы болса, оның ғылымы боларға керек. Су тоңса – мұз болмақшы, хлор менен натрий қосылса – тұз болмақшы, бұлар табиғаттың законы. Осындай закон тілде де бар. Хлор менен натрий қосылса, тұз болатындығын байқау, қарау, іздеуменен тапқан. Тілдің де законы сол жолменен табылады. Қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып кірмейді. Бұл тіліміздің законы емес пе? Осындай закон тауып жазсақ, айтсақ, ол наху, сарфтың қағидасы емес пе? Наху, сарфты мен грамматика мағанасында тұтынамын. Басқа жұртта грамматика үшке бөлінеді: фонетика, морфология, синтаксис. Менің бұрынғы жазған сөзім һәм осы жолы жазған сөздерім фонетиға тиісті сөздер. Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байласады. Біздің сөйлеп, қарастырып отырғанымыз қазақ фонетикасы. Сіздің ойыңыздың қателігін мен көрсетерге керек, фонетикадан ыспат келтіріп. Менің ойымның қателігін сіз көрсетуге керек, фонетикадан ыспат келтіріп. Бұлай деп сізді тағы «қорқытамын». Сіздің қорықпайтын батыр екендігіңізді көрдім. Көре тұра қорқытатыным, өткен жолы шаншып алатын найзаңызбен бұлтарып кететін айлаңызды көрсеттіңіз. Бұлардан басқа өнерлеріңізді де көрмек үшін. Мен ойлаймын сіз менің кейбір сөздерімді теріс түсініп, теріс кеттіңіз-ау деп. Сіздің қата түсінген жерлеріңіз мынау шығар деймін: әуелі мұсылманша оқудың булғалақ-шырғалағы көп деген, екінші – араб әліппесі дінменен байласқан, онан басқа әліппені қазақ қабылдамайды деген, үшінші – қазақ тілінен шығарып тасталатын хәріпті қазаққа тіпті білуге керегі жоқ – деп, айтады деген шығарсыз. Русша, мұсылманша оқу жайын сөйлегенде басқалар емес, қазақ бұл оқуларды қалай оқып жүргенін айтамын. Басқа жұрттың мұсылманша оқуы кемелденген шығар, оған таласпаймын, бірақ қазақ арасында мұсылманша оқу, азын алмай, жалпақ көбін алғанда, баяғы «қызғаныш заманның» оқуынан алысқа кете қойды дей алмаймын. Усул жәдит яки төте оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасында аз таралған соң, біздің мақсатымыз да сол – оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул жәдит жолын сіз 28 хәріп оқыту мағанасында ұқсаңыз, оныңыз қата, усул жәдит – жаңа жол. Ахметһази кітабында сіздің көрсеткен хәріптеріңізден басқарақ хәріптер бар. Мысалы: « » оныменен Ахметһази усул жәдит жолынан шығып кетпейді ғой, біз де бір-екі белгі қосқаннан усул жәдит жолынан шықпаспыз. Әлде сіз қазақ арасына усул жәдит жолы жайылып болды, мұнан артық ешнәрсе керек емес дейсіз бе? Екінші, теріс жорыған сөзіңіз – араб хәріптерін алуға зорланады деген. Мен қиналғанымды білдірейін дегенім жоқ, сол сөздердің ішінде қиналдым, зорландым деген сөз жоқ шығар. Ол сөзді келтіргенім мәнісі – біреулер араб әліппесінен қзақ тліне жақсырақ келетін хәріп бар дейді, хәтта басқа хәріптермен кітап шығарғандар да бар. Мен соларға айтқан сөзі еді. Басқа хәріптер қазақ тіліне жақсы келсе де, оларды қазақ қабыл алмайды, басқа жаққа алаңдамай, керегімізді араб әліппесінен қаралық дегенім еді. Қазақ қабылдамағанда не үшін қабылдамайтын себебін айта-йын деп, араб әліппесінің дінменен бірге байласып, сіңгендігін көрсетіп едім. Оны сіз не себептен теріс жорығаныңызды білмеймін. Үшінші, қата түсінді ме дейтінім – қзақ тілінен шығарған хәріптер. Сіз бұларды, тіпті оқытпасқа керек деп, ойлады ма деп шәһәлланамын. Бұл хәріптерді балалар қазақ сөзіндегі хәріптерді біліп болған соң оқиды. Мысалы: татарларда тіліне керек емес деп, бүлік шығарған... харіптерін « »35 оқытпай тастамайды, бірақ араб сөздеріменен оқытады ғой. Біз де солай етеміз.
Сөзіңізді бастапсыз «бірге қозғалайық» – деп. Не үшін бұлай сөз бастағаныңызға анық түсіне алмадым. Әлде сіз « » менен « »36 қазақ тілінен шықса, басқалардан айырылып кетеміз дейсіз бе? Тілімізде басқалық жоқ болып, хәріптерімізді басқаласақ, онда хәріптеріміздің басқалығы арамызға жік салады, арамыз ашылады – дер едік. Тіліміздің арасында жік болса, оны хәріппенен бітеп, жасыра алмаймыз. « » -ті шығармай тұрғанда жазатын едік: «сол солай», енді « »-ті шығарған соң жазамыз «сол-солай». Татарлар жазады: «шол-шолай» һәм «сулай» «шулай» – деген сөздерін қазақ пенен татар түсініп жүрсе, « » « » һәм « » « » деген сөздерді түсіну олардан қиын болар ма екен? Біріміздің тіліміздегі бар сөз, біріміздің тілімізде жоқ. Сол сөздерді түсінуден « » яки « » менен жазып басқалаған сөздерді түсіну оңайырақ шығар деймін. Қысқасы, « » бұл екі хәріпті қазақ тілінен шығарғандағы жазуымыздың басқаланғаны тіліміздің басқалығынан артық болмайды. Бұрын да екі тілдің сөзіне хәрпіне хәріп қойып біредей жазғанымыз жоқ. Мұндай басқалық «иер» - «ер», «осбақ» , «ошмақ», «чыдарамақ» « »37 бұрын да барды, тілімізді біріктіріп хәрпіне хәріп қойып жазалық десеңіз. Ол – басқа әңгіме, ол болмай «құр хәріпіміздің саны бірдей болса – бірге боламыз, саны басқа болса – бөлек кетеміз» – деген тіреусіз сөз.
Енді көресіз бе, Шаһзаман мырза?! Өзіңіз босқа көпіргенін. Айтқан көп сөзіңіздің бірі сұраған мәслихатымызға тура келмейді. Менің білгенім осы, мұның дұрыс емес жерін көрсетіп, қалай түзету ақылын айтып беріңдер деп сұрадым. Білетін адамдар білімдеріңнен қарасыңдар дедім. Сізде күлкіге көтермей, кекетпей-ақ, сізден білімі кем емес адамдар да, ақылын жай айтты. Мысалы: Бөкейханов әфенде айтты: «жарты дауысты ﻯﭕ һәм ٶ Англия тілінде де бар, оларға өз алдына басқа хәріптер алынбайды, неге десең, дауысты дыбыстардың соңынан келетін ﻯﭕ һәм ٶ жарты дауысты болады деген қағидалары бар», – дейді. Сол қағиданы біздің тілімізге кіргізуге болады. жарты дауысты ﻯﭕ һәм «ٶ» үшін хәріп белгілеп, арнамаймыз, екі хәріп кемиді, осындай орныменен айтқан ақылдан «етек-жеңімізді түріп қашпаймыз». Орынсыз айтылған нәрсені, сіздің көзіңіз шатынағанымен, істемейміз. Мен ойлаймын «бұлғалық-шырғалақ» деген сөзді оқыған соң-ақ, атыңыздың айылы шабына кетіп яки ері бауырына түсіп, тулауменен болып, жайғасып отырып ойланбадыңыз ғой деп. Я болмаса «жау келіп қалған екен» – деп, атыңызға міне, найзаңызды ала, аяқтарыңыз салақтап, етектеріңіз далақтап, шаптыңыз ғой, жалғыз мақсат – жауды мұқату да болып, бар өнеріңізді соған жұмсадыңыз деймін.
Жау жоқ, найзаңызды тастаңыз! Жайғасып отырып мәслихат беріңіз! Құрал сайлау керек дегенде, жауласудың құралы емес, оқудың құралын айтамын, оқу құралын сайлау оңай емес. Сіз болып, із болып, өнерімізді осыған жұмсап, осы істі аяқтандыралық. 28 хәріппенен жазып, бір-бірімізді түсініп жүрміз ғой деген сөз, қазақтың балаңды оқыт дегенде: «оқымай да өлмей, күн көріп жүрміз ғой» – деп, айтатын жауабы сықылды. Жазуымызда тәртіпсіздік, кемшілік барлығын жалғыз мен емес, басқалар да айтады. Еш кемшлік болмаса, ешкім сөз қылмас еді ғой. Қазаққа «пәлен ет, түлен ет» деп, солар күн көре алмай жүргеннен айтпаймыз, тіршілігінде кемшілік, ретсіздік болғаннан – түрлен, реттен, дейміз ғой. Сондай кемшлік, ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу, жөндеу керек. Жазуымыздың тәртіпсіздігі – оқу кітабын шығаралық десек, алдымыздан көлденең келеді. Бала оқытсақ, оқуға оралғы болады. Қазақша грамматика шығаралық десек, қадам бастырмайды. Сіз айтасыз – осы 28 хәріппеннен де оқу кітаптары таралып жатыр – деп, оныңыз рас. Бірақ ол кітаптар да кемшлік бар ма, жоқ па? – педагогика, методикадан хабары бар адамдар байқайтын шығар. Қысқасы мынау ғой: қытайша жазу үйрену қиын дейді, сонда да оқып біледі, бірақ қиын оқуменен оңай оқу бір емес. Біріне уақыт көп кетеді һәм көп қиналады, біріне уақыт аз кетеді һәм аз қиналады. 28 хәріппенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын, соныменен жазылып шығп жатқан кітаптар оқуға қолайлы-ақ болсын, бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу – алға басу. Ілгері басу керек емес – дейсіз, ә? Тараққиының да негізгі мағнасы – жақсыдан да жақсыны іздеу емес пе? Ауырды жеңілту, қиынды оңайлау емес пе? бұл неше түрлі машина, от кеме, от арба жақсыдан да жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі болса да, от кемені іздеген, ат арбасы болса да, от арбаны іздеген, енді көк кемесін іздеп жатыр. Осының бәрі де жақсыдан да жақсыны іздеу, тараққи жолы. Қыңыр келмеңіз, мырза, түзу келіңіз. Жазу түзету бірімізге емес, бәрімізге керек нәрсе ғой, «битке өкпелеп, тонын жаққан» сықылды, бір-екі хәріпті қазақ тілінен щығарғаныма өкпелеп, ғұмуми істен қол сілкіп, безбеңіз! Жүк қасындағы «аққу, шортан, шаян» үшеуіне ұқсамалық!
«Айқап» журналы,
1912 жыл, № 9, № 10, № 11.
ҚАЗАҚША СӨЗ ЖАЗУШЫЛАРҒА
Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де бұтақтаған. Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтаған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп болған – әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан. Түріктің балалары өсіп, алды-алдына тарап әр түрлі халықпен сыбайлас болған, араласқан түрлі жұрттың түрлі тілінің түрік тіліне жат сөздер, жат дыбыстар кірісіп, тіл арасының бірте-бірте жігі ұлғайған, мақсұт – сол жікті бітеп жалғау болса, оған түзуді қисық деп, дұрысты қате деп қыңыр жолмен кірмей, тура жолмен келу керек. Шөнки дұрыс пен қатені, қисық пен түзуді айыруға жаратқан көкіректе көз бар. Қате қайда, дұрыс қайда – қаралық. Дұрыс емле менен қате емлені айыруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады. Түрік тілінің бәріне хомуми емле болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған тұнық тіл, түзу емле болса, соны аларға керек. Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ. …Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, жазу шалығы тимесе, кәсібі, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші, биеші емлесі деген қазақта жоқ нәрсе. Тоқсандағы шалының, тоғыздағы баласының – бәрінің емлесі біреу-ақ, ол емлесі дұрыс па, қисық па, қаралық. Ең әуелгі біздің қисық көрінетін емлеміз «-лер» орнына «-дер», «-тар», «-лар» (жіңішке сөздерде «-дер», «-тер», «-лер») деп жазғанымыз. «Үш түрін жазғанмен, «лар» деп бір-ақ түрін жазса болмай ма?» деген. Бұл дұрыс болар еді, егерде сөздің бәрінің аяғы дауысты дыбыспен я жарты дауысты дыбыспен біте берсе. Сөздің аяғы дауыссыз дыбыспен де бітетін жері болады, һәм сондай жерде қазақта «лар» орнына «дар» я «тар» жазылады. Дауыссыз дыбыстан соң да «лар» жазсақ, болмай ма деген сөз, мәселен, «қараймын», «сөйлеймін» деп жазған соң, «бараймын», «бираймын» деп жазсақ болмай ма деген сықылды, я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң «малындай», «малында» деп жазбай – «малыдай», «малыда» деп жазсақ болмай ма? деген сықылды. Сондай-ақ «балалар», «аналар», «аталар» деген сөздер «лар» мен жазылады деп «маллар», «нанлар», «атлар» деп жазу керек деген сөз «бараймын», «бираймын», «малыдай», «малыда» деп жазу керек дегенмен бірдей. Сөздің ұшығы бірде дауысты дыбысқа тіркеледі, бірінеде дауыссыз дыбысқа тіркеледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгеріледі. Қазақ бұл екі орнын да айырады. Тіл табиғатынан қарағанда қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал» – «малдай» дегенде («н») жоқ; «малы» – «малындай» дегенде «н» неге қосылады? Әрине, «малы» деген сөздің аяғы дауысты дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен шыққан ұшықтарды «мал» дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу керек десек, тіл табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», «ата» һәм «мал», «нан», «ат» деген сөздердің бәріне де «лар» бірдей болу керек деген емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген; сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған. Мәселен, «малдар» деп айтып көріңіз, «маллар» деп айтып көріңіз. «малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады. «Маллар» дегенде тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып алуымыз қиын. Бұл орынсыз жерде тұрған «л»-дың айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірелмей, тиіп кәнә өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады.
Дұрыстыққа салып тура көзбен қарағанда, тіл турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық дыбыстары [н] көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстары [н] ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа түріктер. Дауысты дыбыстардың ашық я көмескі болмағы – ауыздың көп я аз ашылуынан болады. ауыз көп ашылғанада шыққан дыбыс ашық болады, ауыз тарылғанда шыққан дыбыс тұйықтау болады. Ауыз еркін ашылғанда шыққан дыбыс «а» барша дыбыстан ашық; сонан соң ауыздың тарылуына қарай екінші дәрежедегі дыбыстар шығады: жәй тарылса «ә» (е), дөңгелектеніп тарылса «و» (о), онан әрі тарылғанда үшінші дәрежедегі дыбыстар шығады: жәй тарылса «ى» (и), дөңгелектеніп тарылса «ﺆ» (у) дыбыстың ашықтығы қай дәрежеде болса, көркемдігі де сол дәрежеде болады. Сондықтан 1-дәрежедегі я 2-дәрежедегі дыбыстарды үшінші дәрежедегі дыбыстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол дәреже төмен түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі төмендейді; жоғары дәрежедегі жыбысты төмен дәрежедегі дыбыстарға алмастырып тілді аздырған кемшілік татар тілінде көп. Мәселен: «ا» (а) дыбысын «ه» (е), «ي» (и)-ге алмастырған, «و» (о) дыбысын «ﺆ» (у)-ға алмастырған орындар көп. «ا» (а)-ны «и»-ге алмастырған жерлері: «алмай» (алмай) деген сөзді «алмій» (алмій) деп, (е)-ні «ي» (и)-ге алмастырған жерлері: «кет» (кет)-ті «ﺖﻴﻛ» (кит), айт (ейт) «ﺖﻴا» (ит) деп, «و» (о)-ны (у)-ға алмастырған орындары: ﻞﻮﻗ (қол)-ды ﻞﻮﻗ (қул), ﺕﻭﺍ (от) ﺕﻭﺍ (ут) деп.
Бұлайша тілді бұзуға себеп болған нәрсе – жазу. Араб әліппесіндегі харіптер түрік тліндегі кей дыбыстарға тура келмеген. Ол дыбыстарды жазуға басқа дыбыстардың харіптері жұмсалған. Түрік тілінде «و» (о) дыбысы бар, араб әліппесінде оған харіп жоқ; түрік тілінде «ه» (е) дыбысы бар, оған тура келетін арабта харіп жоқ. Сондықтан «о» дыбысын «у»-мен жазған, «е» дыбысын «и»-мен жазған. Бұл дыбыстар айтылуынша оқылмай, жазылуынша оқылған. «А» дыбысы «и» дыбысына алмасуына себеп болып, түрік сөздерін де араб емлесімен жазамыз деген, мәселен: қарамай – қарами.
Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта. Дұрыс емес деген «-дің», «-ды»-ларды һәм дұрыс деген «-ның», «-ны»-ларды алып қаралық. Мен айтамын: «-ның», «-ны» дұрыс емес, «-дың», «-ды» дұрыс деп. Неге десең: тіл табиғатына қарағанда «-ны» келерге керек дауысты дыбыстар-дан соң, қазақта солай «-ның», «-ны» дауысты дыбыстардан соң келеді. Аяғы дауысты дыбыспен біткен һәм аяғы дауыссыз не жарты дауысты дыбыспен біткен сөздерді алып қарасақ, солай екендігі көрініп тұр. Мәселен:
мал – жарты малдан – жартыдан
малдың – жартының малдай – жартыдай
малды – жартыны малда – жартыда
Дауысты дыбыстардан дауыссыз дыбыстар көп. Қағида азына қарап емес, көбіне қарап жасаларға керек. Қазақша дауыссыз дыбыстан соң бәрінде «д» кіріп тұр; дауысты дыбыстан соң екі-ақ жерде «н» кіріп тұр, үш орында «д» кіріп тұр. Қағиданы аздан шығармай, көбінен шығаратын болсақ, дауысты дыбыстан дауыссыз дыбыстар көп; «н» келетін орыннан «д» келетін орын көп, қалайша қазақ тіліндегі «-дың», «-ды» дұрыс емес, «-ның», «-ны» дұрыс деп айтамыз. Онан әрі: «-нан» дұрыс емес, «-ндан» дұрыс деген – о да даулы сөз, табиғатқа салғанда екеуі де дұрыс, жолға салғанда екеуі де дұрыс емес, мәселен:
жол бойынша боларға керек: табиғат қалауынша
атасыға атасына
атыға атына
қолыға қолына
Сондай-ақ қазақтың «-нан» етіп айтуға»: табиғат қалауынша: қазақтың табиғат тартуынша: жол бойынша:
атасы атасындан атасынан
аты атындан атынан
қолы қолындан қолынан
деп айтылады. Табиғатына қарамай, жолға түсіру керек болса: «атасына» демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» демей, «атасындан» деп жазу керек. «Атасыға» деп жазған татарларды көрмеген соң, біз де «атасынан» деп жазып жүрміз. Бұлардан басқа пысық көрінетін: «ма», «ме» орнына «ба», «бе» жазғанымыз; «ш» орнына «с» жазғанымыз. Бұларды қазақ айтады: солай айтылатын болған соң, солай һәм дейміз. Османылар «бін» дейді, біз «мен» дейміз, османылар «уар» дейді, біз «бар» дейміз; османылар «дағ» дейді, біз «тау» дейміз. Осы сөздердің қайсысы дұрыс? Османыларға сендердің «бін», «уар», «дағ» дегендердің дұрыс емес, «мен», «бар», «тау» деп жазу керек дейміз, жөн бе? Сол сықылды ба, бе дұрыс емес, ма, ме дұрыс деп айтудың жөні жоқ. Солай: ма, ме, яки ш жазса да түсінер; ол бірақ қазақша болмас. Татарлар неге «атасыға», «атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасынан», «атасындай» деп жазады? Атасыға – атасынан – атасыдай деп жазса, түсінбес пе? Әрине, түсінеді, бірақ солай жазбайды. Олай жазса татарша болмайды. Қазақ та солай: -ның, -ны, -лар, -лық, -лы орынсыз жерлерде келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша әрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң, оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады. Қазақ тілін өзгертіп, татар тіліне қосу болса, онда солай деп ашып айтарға керек. Емлесін қата десек, тастап бізге келер деген ой – қата: ол жақсы мен жаманды, қисық пен түзуді айырарлық қазақта көз жоқ дегендік болады. Егер де Гаспиринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді түзету керек. Ақтығында айтатыным: бұл күнде жазылып жатқан кітаптарда, газеттерде, журналдарда қазақ тілінде болсын, татар тілінде болсын анықталған қағидалы емле жоқ. Қағида жоқ болған соң, қисық, түзу емле деп айтуға да жол жоқ. Тұтынып жүрген емлеміз сап түзеген солдаттардай болғанша, мұндай сөзді қозғау түзелуімізге себеп болады. Сондықтан бұл сөзді қозғаған Хасан Ғали әфендіге алғыс айтамыз. «Қырық мысал», «Маса» турасында айтатыным: олар халық үшін жазылған нәрсе, халық айтуынша жазылған. Өз тілімізден шығарып емле түзегенше, халықтың айту ауанынан шықпаймыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің көркін бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанымызды мақұл көрмейміз. «Уақыт» пен «Шора»-ны оқығанда, қолымызға лұғат кітабын алып отырып оқимыз. Ойлаймын, арабша оқымағандардың бәрі де солай оқитын шығар деп. «Уақыт» пен «Шорада» бастан аяғына шейін арабша сөз аз ба? Соларды лұғатдан іздеп отырып оқығанда, бастан-аяқ оқып шығуға қанша уақыт керек. Егерде нағыз түркі тілімен жазылса, арабша оқымаған адамдарға да лұғатсыз оқуға болар еді; оқығанда уақыты да көп кетпес еді. Біздің қазақтың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас.
«Қазақ» газетасының бас мухаррары: Ахмет Байтұрсын-ұлы.
«Шора» журналы,
1913, № 4, 110-113-б.
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТТІҢ АРАБ ӘЛІП-БИІН
ЖАҚТАҒАН БАЯНДАМАСЫ38
Баяндама қазақ тілінде болсын дегендерге менің алдымдағы баяндамашы орыс тілінде болсын, үйткені жұртты үгіттеу, үйіру үшін жасалып жатқан мәжіліс емес, пәнді мәселені қарауға жасалып жатқан мәжіліс, орыс жолдастардың да қатысуы керек деп еді, үйдесе баяндамасы пән туралы емес, үгіттеу, үйіру түрінде болып шықты. Мен мәселенің ілім мен іс жүзіндегі жағын алып сөйлемекшімін. Ең әуелі аңғартып өтетін бір нәрсе сол – латын әрпін алу деген – тіршілік мұқтаж қылғаннан, ділгерлік қосып туғызып отырған мәселе емес. Ділгерлік қыспақ түгіл, еш уақытта әншейін керек қылған нәрсеміз емес. Керек қылмағанымыз – қажетімізге жарататын басқалардыкінен анағұрлым артық әрпіміз болғандықтан. Әліп-би деген асылына адам арқылы жетпейтін нәрсе емес. Әліп-биде бірден мәдениет түрінің төбе басына шығарып жіберетін адам білместей айырықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс. Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы. Олай болса, әліп-би сынға түсіп жақсы-жаман жағы тексерілуге әбден келетін нәрсе болып шығады. Қазақ алдақашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстыкінен, немістікінен, француздыкінен, ағылшындыкінен оңай, оңтайлы.
Тағы немене керек?!
Жоқ! Араб әрпін тастап, латын әрпін алу керек, араб әрпі қолайсыз деп алдақашан аты шыққан әріп, онымен жақсылап емле түзуге болмайды, онымен баспа ісін жақсылауға болмайды, оны жазу машиналарына, осы күнгі шығып жатқан түрлі өнер құралдарына орнатуға болмайды, оларға араб әрпі ыңғайсыз дейді. Солай деп әріп мәселесін алдымен қозғаған әзербайжандықтар ойлаған еді. Солай деп өздерін жаңашыл, өзгелерді ескішіл көретін біздің латыншылдарымыз да ойлайды. Мұнда адасқандық болмаған күнде де анығына жетпегендік бар екені шәксіз, өйткені іс жүзінде көріп отырғанымыз олар ойлағанындай емес. Сондықтан назарларыңызды салыңқырап қарасаңдаршы деп айтуға қақымыз бар деп білемін. Араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзіне әліп-би баласы жетпейді. Араб әрпімен түзеген емлемізге бізге мәлім емлелердің бірі жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды. Араб әрпін жазу машинасына, әріп теру машинасына орнатқанын көріп отырмыз. Түзелген араб әрпі жазу машинасына бір түгіл, екі түрлі әріп қоюға болатын етіп отыр, мәселен: араб әрпі мен орыс әрпін қатар қоюға болатын етіп отыр. Әріп теру машинасында екі суретті әріп қоюға болатындығына көз жетіп отыр. Түзелген әріп терушілердің де бейнетін жеңілдетейін деп тұр. Бұрын кассы үлкен болған соң, тұрып теретін еді, енді кассы кішірейген соң, отырып теруге болады. Отырып терсе тез шаршамайды, шаршамаса жұмыс өнікті болады. Әрі кассы ұясы аз болған соң, теру оңайланады. Ол жағынан жұмыс тағы өнікті болады. Осының бәрі араб әрпінің қай жағына болса да, қалай жұмсаймын десе де келе беретін, көне беретін ыңғайлы, қолайлы әріп екенін көрсетеді.
* * * Түрік жұртының 90 %-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жасалған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті деп әріпке қатысы бар нәрсенің бәрі айтылады, мәселен: сауаттылық, оның жүзіндегі дағдылы өнер-білім, ілім, емле үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер, тағысын тағы сондайлар). Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның күші, ісі керек. Әуелі, ондай қаржы, күш пен іс екі әріппен бірдей қатар оқыту, сауат ашу істеріне керек. Екінші, баспа дүкендерінде қатар дүкен құрылмақ, қатар жұмыс жүрілмек, басылып шығып жатқан нәрселердің бәрі де екі әріппен бірдей басылып шығып тұрмақ. Мұның аты екі шығын болмақ, екі жұмыс болмақ. Артық қаржы, артық күш бұған керек. Мұндай екі шығын, екі жұмысты көтергендей қаржы мен қайрат қазақ түгіл түріктің қай жұртында да болса жоқ. Латын әрпін бірден алып, бірден соған түсіп кетуге, одан да көп қаржы мен қайрат керек. Ондай бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түрік жұрттарында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бәрін латынша үйретіп, бірден баспаханалар-дағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын былай қоя тұрғанда да, он шақты күнде, он шақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес. Солай болған соң әріп алмастыру деген жеңіл мәселе болып шықпайды. Бұл – ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске алып отырып шешетін нәрсе. Үстін қарап, ат үстінен айтқандай, сөзбен, жеңіл шеше қоятын мәселе емес. Салақ қарауға болмайтын салмақты мәселе. Латын әрпінің араб әрпінен гөрі көзге көрініп тұрған артықтығы, бадырайып тұрған пайдасы болса екен; онда ел көңілденіп, әсіресе сауаттылары көңілденіп, қолдап-жебеп, көтермелеп бірдеме етер деп дәмеленер едік. Ондай артықтығы, пайдалылығы жоқ, қайта араб әрпінен гөрі толып жатқан төмендігі, кемдігі, кеселдігі бар.
* * * Араб әрпін латын әрпіне ауыстыру мәселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Ескі әріп те жеткілікті дәрежеде терең тексеріліп, терең зерттелді. Сол терең тексеру арқасында екі әріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаттары сөзге түсті. Менің мұнан былайғы сөздерім жалғыз өз пікірім, я өз тапқандарым емес, көптің көздеп, үңіліп, зерттегеннен табылған нәрселер. Екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразыңның табан тірейтін нәрселері мыналар боларға тиіс:
1 – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?39
2 – қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3 – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?
4 – қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы о да сонда).
5 – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6 – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?
Әуелі, тіл дыбысына жеткілікті болу, болмау жағынан салыстырып қарайық. Араб әрпінен қазақ әліп-биіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық, 5 әрпіне ереже қосып алдық. Латын әрпінен ең өзгертпестен алдық дегенде 15 әрпін-ақ алған. Басқаларын өзгертіп алып отыр. Сөйтіп алғанда, 7 әрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң «ң» мен «й» дыбыстарына ойдан шығарып, ŋ, j таңбаларын алып отыр. Бұған қарағанда тіл дыбысына жеткілікті болу жағынан араб әрпі артық болып шықты.
* * *
Оқуға оңай жағынан қарап көрейік.
Оқу жағынан алғанда қандай әріппен басылған я жазылған сөз болса да сүгірет есепті. Бұ жағынан қытайдың сүгірет жазуы да, басқалардың әріппен жазылған жазуы да бірдей, жалғыз-ақ сүгіреттің құралған жөні ғана басқа. Сауаты ашылған адам жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше деген сияқты, әр сөзді тұрпатына қарап танып айтады. Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танылып, шапшаң оқылмақшы. Әріп сөз сүгіретінің көзге елеулі болу, болмауына себеп болмақ, сөздің бірінен-бірін айыруға көмегі тимек. Латын әрпінің асылы – екі түрлі сызық, тік сызық, сопақ шеңбер сызық. Латын жүйелі әріптердің бәрі осы екі түрлі сызықтың түрліше үйлесіп құралуынан шыққан. Латын жүйелі әріппен басылған сөздердің жолына қарап тұрсаңыз, екі сызықтың арасымен теп-тегіс тартқан нәрсе сияқты болып көрінеді. Әріптері біріне-бірін таяу келтіріп қатарынан қойған кірпіш сияқты көрінеді. Ілуде біреуі ғана болмаса, қатардан шығып тұратыны аз болады. Үстіне қоятын қосымша белгілері де аз болады. Немістің Майман деген профессоры, басқа сондай сана заңын тексеріп тәжірибе жасаған адамдар мынаны байқаған: басылған сөздердің ішінде не төмен, не жоғары сойдиып қатардан шығып тұрған әрпі бар сөздер, немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар әріп кіріскен сөздер тез танылып, шапшаң оқылады екен. Араб әріптері сөз ішінде сап түзеген солдат сияқты сымға тартқандай, екі сызық арасында қысылып тұрған әліп те болмайды. Жолы бір сызық бойымен тартылып, жалғыз сызықтан жоғары да, төмен де ылғи асып шығып отырады. Оның үстіне қойылатын қосымша асты, үстінде белгілері, нүктелері болады. Мұнда бірдейлік, бір өңкейлік, бір беткейлік жоқ. Мұның әріптерінің бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне айрың-үйрің ашық сүгірет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады. Әріптердің бір өңкей, бір беткей тұру-тұрмауы оқуда ауырлату-жеңілдету жағына қанша сеп болатынын мынау мысалдан көруге болады. Бір ыңғай, бір беткей қойған, бір өңкейленіп тұрған бірнеше таяқша сүгіреттерін алайық та, сонымен саны да, алатын орны да, бойы да бірдей, бірақ қойылуы бір ыңғай, бір беткей емес, сондықтан бір өңкейленіп тұрмаған екінші таяқша сүгіреттерін алайық та, аналардың астына мыналарды қойып санап қарайық, қайсысы санауға оңай болар екен. Әрине, төменгісі санауға оңай. Латын әрпінен басылған кітап я газетті алып, араб әрпінен басылған кітапты я газетті алып қарасаң, қайсысындағы сөздердің әріптерінің әлпі таяқшалар сүгіреттерінің қайсысының әлпіне ұқсайды? Әрине, латындыкі жоғарғы, арабтікі төменгі әліпті. Араб әрпінің ол артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырымы аз болады. Онда оңай оқылса, мұнда да оңай болады. Жаман жазылған хаттарды айыруға келгенде де, араб әрпі латын әрпінен артық. Мұнда да әріптің тұрпаттарымен түрлі қосымша белгілері көп көмек болады. Латын әліп-биіне ұлы әріп болатынын артықтығына дәлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы әрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар ғана солай ойлайды. Әріп санын көбейтетінімен, әріп кассаларын үлкейтетінімен, әріп теру, жазу машиналарын қиындататынымен, сауаттандыру ісін ауырлататынымен ісі жоқ адамдар ғана латын әрпінің ұлы түрін ұлы қасиеті деп ойламақшы. Балаларды орысша оқытып жүргенде ұлы әріпке қарғыс айтпасақ, алғыс айтпайтынбыз, әріп терушілер де ұлы әріпке алғыс айтпайтын шығар.
* * *
Жазуға қайсысы қолайлы? – енді сол жағына келейік.
Сөзді оқығанда тұтасынан оқысаң, жазғанда да көбінесе тұтасынан жазамыз. Сондықтан екі әріпті сынға салғанда әріп басының жазылуына қарамай, тұтас сөздің жазылуына қарай сын тағамыз. Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазып отырғанда әр әріпті ойлап барып жазбаймыз, қолымыз дағдыланған күйімен өзі кетеді. Ойың әріп тізімінде болмайды, сөз тізуінде болады. Көз жазылғанның дұрыс-терісін бақылаумен ғана болады, неғұрлым сауаты көбірек ашылған адам болса, неғұрлым жазуды көп жазатын адам болса, оның көз бақылауынан көрі қол дағдысы басым болмақ. Мұны дыбыс жүйелі емлесі жоқ жазудан көру қиын емес. Мәселен, Махмуд деген сөзді жазғанда, қолың өзі жазып кетеді. Оқыған уақытта адамның көзіне күш түсіп, етіне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі. Жазуға қай жазу ыңғайлы болатынын айыру үшін, басқа жұмыстар жүзінде қолға күш түсетін істерден жасалған ілім тәжірибелерін алып қарау керек болады. Латын жүелі әріппен жазғанда қол қимылдау бағдары сағат тілінің жүретін бағдарына қарсы келіп отырады. Сол ыңғайына қарай жазу жолы да солдан оңға қарай жүреді. Араб әрпімен жазғанда қол қимылдау бағдары сағат тілінің бағдарымен бірыңғай келіп отырады. Сол ыңғайына қарай жазу оңнан солға қарай жүреді. Машина айналдырған жұмыскерге, қол машинамен тіккен әйелдерге қарап тұрсақ, бәрі сағат тілінің бағдарымен айналдырады. Қалай да қолмен айналдыра-үйілдіре қайта-қайта істелетін жұмыстардың бәрі де, мәселен: инемен тігу, арқан есу бәрі де сағат тілінің бағдарымен істеледі, оңнан солға қарай жүреді. Оның бұлай істелетіні қол талмау үшін. Қайта-қайта көп рет қимылдағанда ыңғайсыз жағына қимылдаса, қол тез талады. Мәселен: орысша жазғанда қолдың талғаны білінеді, қазақша жазғанда білінбейді. Болонский деген орыстың тәрбие ғалымы қолдың әлгідей еткенде талмайтыны ұсақ бұлшық еттерінің бітісінен дейді. Менің оған қосатыным – қарды жаюдан, жыю жеңілірек. Солдан оңға қарай жазғанда қол қардың жайылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын қиындайды. Оңнан солға қарай жазғанада, қол қардың жиылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын жеңілденеді. Қол тыныққан есепті болып, талмайды. Олай болса араб жазуын оңнан солға қарай жазылады деп айыптаушылар, тесе қарап тексермей, құр босқа сөйлейді. Қай жазумен жазғанда қолдың қимылдауы қандай болатынын да азырақ айтып өту тиіс болады. Латын әрпімен жазғанда қолдың қимылының бәрі ірі, толық болып отырады. Араб әрпімен жазғанда стенограф40 жазуымен жазған сияқты қолдың қимылы көбінесе ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақтығы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жазуға қолайлы. Сондықтан да ұсақ иректі жазу стенографке алынған. Араб әріпіне сын тағушылардың жана бір кінәлайтын жері – нүкте көптігі. Нүкте жазуды ауырлатуға себеп болатыны рас, бірақ ол араб жазуының өз басын оңаша алғандағы кемшілігі, латын жазуымен салыстырғанда қол сермелеуі, бараша нүктелерін қосып есептегенде, латындікінен 20-30 % кем болып шығады. Араб жазуымен жазғанда жалғыз ғана қолайсыздық қылатын – цифр жазуы. Санды үлкендете атауымызға қарағанда, жазуымыздың оңнан солға қарай жазылатын бағдарына қарағанда, санның үлкенінің цифрлары оң жақта, кішілерінің цифрлары сол жақта болуы тиіс еді. Онан келетін кемшілік аз болғандықтан, басқалардың ыңғайына қарап, көпке бірдей болатын ретпен жазып отырмын.
* * *
Жазу жайын сөйлегенде жазу машиналарын да сөз қылып өту қажет болады.
Соңғы кезге дейін араб әрпін жазу машинасына орнату ісі былай болып келіп еді: бір жағынан, орыс машиналарының жүрісі араб жазуының бағдарына икемделуші еді де, екінші жағынан, араб әрпі созылып, жиырылып машина жүрісінің адымына икемделуші еді. Бұл күнде Шайқали деген инженер әріпті емес, тек машинаны ғана әріпке ыңғайлайтын тетігін тапқан. Қазірде Қазанда машина жасайтын дүкен ашылып, әлгі инженер басына қойылып, іс жүргізіліп жатыр. Олар жасап жатқан машиналарға татарша да, орысша да жазылатын етіліп, екі жұрттың да әліп-биі қойылған. Онысы екі тілмен де іс жүргізетін біздің түрік жұрттарының мекемелеріне өте қолайлы болмақ.
Тіршілік өнерінің артылуы тіршілік керек қылуына қарай болмақ. Араб әрпінің өнер құралдарына айналысуы соңғы кездерде ғана бола бастауы тіршілік күйінің мәдениет, тарих, шаруа жағына байласқан жағдайына қарай болып отыр. Патша заманында мекемелердің ісінің бәрі орыс тілінде жүргізілетін. Жай адамдар мәдениеті төмен болған соң, машинамен жазуды керек қыла қоймайтын. Өзгеріс болғаннан кейін әр жұрт республика болып, мекемелерінде істі өз тілінде жүргізетін болды. Оған машина керек бола бастады. Мұқтаждық бола бастап еді, мұқтаждықтың лажын табу шарасы да қарала бастады. Ол барып араб әрпін машинаға, машинаны араб әрпіне үйлестіруге түсірді. Ол үйлестіру жетіле-жетіле келіп, бір машинаға татараша-орысша, екі түрлі әріп орнатуға болатын еткізіп отыр. Неғұрлым тұрмыс түрленіп, шаруа ұлғайып қажеті өскен сайын, тірішілік әдісі де молайып, өнер ісі де ұлғайып, өсе бермек. Жиындар, топтар татар тілінде жасалуы, енді стенограф жазуын керек қылған соң, татарлар соны шығару шарасына кірісіп жатыр. Жазу дағдысы оңнан солға болғандықтан, стенограф жазуын да сол бағдарлы етіп шығармақ.
* * * Енді қай әріп үйретуге оңай, со жағынан салыстырып өтейік. Қай әдіспен болса да, оқуға үйрету ақтығында сөз сүгіретін тану болып шықпақ. Сөздің баспа сүгіреті мен жазба сүгіретін таныта білдірсе, сол оқуға үйреткен болмақ. Сөздің тез танылу жағына араб әрпінің латын әрпінен артық екендігін мана айтып өттік. Бұ жағынан араб әрпінде бір кемшілік бар еді, ол енді жоғалайын деп тұр. Ол кемшілігі жалғау қосылғанда сөз сүгіретінің пішіні өзгерілуі еді. Мәселен «қазақ» деген сөзге ілік жалғауын қоссақ, «қазағдың» болып, «қ» әріптің пішіні өзгеретін еді. Латын әрпінде ол жоқ, бірақ оның онан көрі де үлкен айыбы бар: латын әрпі ұлылы-кішілі қосар таңбалы болады. Оның үстіне баспа әрпі мен жазба әрпі біріне-бірі ұқсамайтын түрде болады. Бір сөзде екі түрлі сүгірет болады. Біреуін танудың орнына екі-екіден тану керек болады. Сөйтіп әріптің екі баспа түрін, екі жазба түрін, сөздің екі баспа сүгіретін, екі жазба сүгіретін тану керек болады. Мұның аты бір жұмыстың орнына төрт, төрттен сегіз жұмыс деген болады. Арабтікінде ол жоқ. Араб әрпінің үйреткенде тағы бір артық жері – алғашқы кезде жазуға қол үйренуге сызылғанның жеңілдігі. Латын әрпінің алғашқы кезде жақсылық қасиетіне саналса, саналатын жері баспа әрпінің даралығы. Бірақ ол қасиетінің өмірі аз, өйткені әрі барған сайын сөзді әрпімен оқу жоғалып, сөздің тұтас сүгіретін оқу күшейе береді, даралықтың пайдасы кеми береді. Сөз сүгіретін тез танытуға араб әрпі артық. Сүйтіп, үйретуге жеңілдік жағынан да араб әрпі латын әрпінен анағұрлым артық болып шығады.
* * * Енді екі әріптің қайсысы баспа ісіне қолайлы, өнер құралына үйлестіруге оңтайлы, баспаға сыйымды, істі өндіруге икемді екен – сонысына келейік. Араб әрпін баспаға айналдыру 16-шы ғасырдың аяғында болған. Оны баспаға арабтардың өздері айналдырмаған. Венеция шәріндегі италияндар айналдырған. Олар араб әрпінің жәйін білмегендіктен несін алып, несін тастау керек екенін біле алмаған. Араб әрпін жазуда тұрған күйінде алған да, турап-турап баспаға айналдырған. Әріптің жәйін жақсы білмей баспаға айналдырғандықтан, арабтың 29 таңбасы 200-ден астам баспа таңбасы болып шыққан.
Бұ қалайша соншама көбейіп шыққан? Мұнша көбейіп шығуы мынадан болған. 1) Жазуда түйдектеліп жазылатын 2-3 әріпті айырмай, оларды түйдек түрінде әріп түйдегіне айрықша баспа белгісін жасаған. Мәселен: «лж» етіп екі әріптен құраудың орнына, «лыж» деген жазу түріндегі түйдегін алып, өз алдына «лж» белгі алған. «мж» дегенді де «мыж» етіп үш әріптен құраудың орнына, оған да өз алдына «мж» белгі алған. Сондықтан 200-ден астам баспа таңбасы болып шыққан. Баспа әрпі сол күйінде мұсылман арасына тарап, 19-ншы ғасырдың аяғына дейін түзелместен келген. 1882-нші жылы Петерборда қырым татары Ілияс Бураганский, Қазанда Ғалиасқар Камал мен Жүзейұлы дегендер кей әріптердің түрін италияндар жасаған түрінен өзгертіп, баспа таңбасын жасайды. Онан баспа таңбасының саны кеміп 150-ге түседі. Онан әрі бірте-бірте түйдек таңбалары жоғалады. Бұдан баспа таңбасы кеміп, 100-110-ға түседі (қазақтікі 80-81). 1907-нші жылдан бастап италияндар бүлдірген жерлерін түзеу талабына кірісушілер болады. Олай түзеу дегеніміз – әріп шегін өзінің тиісті жігінен бөліп айыру болады. Әуел бастап бұ жолда 1907-нші жылы талап етушілер Алпарұлы мен Рақманқұлұлы дегендер болады. Онан кейін – 1921-1922-нші жылдары Ідірісұлы Мұхамбет те сол талапқа кіріседі. Соңғы жылдарда Бұрнашұлы мен Тоқайұлы (23-24 жылы) кіріседі. Соңғы екеуінің жобасы қолайлы болып баспаханаларға алынады. Бұлар баспа әрпін екі пішінге ғана түсіріп, кассы ұясын 50-ге жеткізген (қазақтікі – 41), мұнымен қатар әріп таңбаларын бір-ақ пішінді ету талабы тоқталмай істеле береді. Ақтығында сол талаптан толып жатқан жобалар туады. Сол жобалардың ішінен Қазанда болған әнеугі кеңес әріп таңбаларын бір пішінге түсірген жобаларды қабылдады. Ондай жобалар Алпарұлынікі, Шарапұлынікі, Ідірісұлынікі. Жалғыз пішінді әріптен сөз сүгіретіне кіретін өзгерісі аз. Орыстың жуандық белгісін тастағандығысындай ғана сөз сүгіреті өзгереді. Оны алғаннан түсетін пайда есепсіз көп. Пайдасының есепсіз көптігі сол: Әуелі, баспа әрпін кемітіп, татарлардікін 30-31-ге түсіреді. Біздікін 24-25-ке түсіреді.
Екінші, әріп жасау жұмысын жеңілдетеді (понсон, матрица41* жасау).
Үшінші, өнер құралдарына қоюға өте ыңғайлы.
Төртінші, үйрету, әріп теру, басқанды түзету істерін жеңілдетеді.
Осыншама пайдасының орнына біздің жоғалтатынымыз – жалғыз-ақ сөз аяғында созып кеткеннен шыққан әріп құйрығы. Онан басқа шығатын шығын жоқ. Енді латын әрпімен екеуін теңестіріп қарайық. Латын әліп-биінде әріп ұлылы-кішілі болып, екі-екіден келеді. Латын жүйелі әріптер баспаға әбден икемделген, ол икемделуі Еуропа жұрттарының өздеріне даяр болғанмен, бізге даяр емес. Түрік жұрттары олардың даяр тұрғандарын сол күйінде алып пайдалана алмайды. Үйткені – латын әрпін өзгертпей алуға болмайды. Ең кем болғанда 25-30 % өзгертіліп алынады. Латын әрпін өзгертпей алуға болмаса, латын әрпі орнатылған машиналарды да өзгертпей сол күйінде алуға болмайды. Оның мағанасы – өзгертпестен ешбір жазу машинасын, еш әріп теру машинасын алып, пайдалануға болмайды деген болып шығады. Бір жақтан ол солай болса, екінші жақтан түрік жұртындағы қалалардың баспаханаларында өзгертпеген латын әрпі де жеткілікті күйде табылмайды. Қызылорданы былай қойып, Қазан, Уфа, Ташкент, Самарқан шәрлерінде де табылмайды. Әзербайжан латыншылдарды латын әрпімен әліп-би жасап, бастырайын дегенде, ешбір шәрінде латын әрпін таба алмаған. Басқа жерден жасатып алдырғанша 5-6 ай өткен. Әріп келген соң латын әрпімен еркін тере білетін адам табылмаған. 40 кісілік курс ашқан. Көптен келе жатқан латыншылдары бар, жетілген кент мәдениеті бар, өнерлі кәсібі бар әзербайжандықтар әліп-би бастыруға соншама әурешілік шексе, басқа түріктер, әсіресе біздің қазақ сияқтылары оп-оңай дайын қып ала алмас. Әзербайжанның латын кассысында 46-47 ұя бар. Ұлы түрінікі де, кіші түрінікі де бәрі сонда. Латындікін алғанда қазақ кассысында 46-46 ұя болмақ. Бұл араб әрпінің 3-нші түзелген күйіндегісінен төмен болып шығады (Бұрнашұлы мен Тоқайұлының түзетуі). 3-нші түзету бойынша қазақ кассында 41 ұя болмақ. Соңғы түзету бойынша кассымыздан ұя 24-25 ғана болады. Ол латындікінен 2 есеге таяу аз болмақшы. Латын әрпінің баспаға сыйымы туралы қолымызда мағлұмат болмағандықтан, орыс әрпінің сыйымы турасындағы мағлұматтарды алып салыстырамыз. Өйткені – орыс әрпі мен латын әрпінің арасында айырымы аз, екеуі бір жүйелі әріп. Қалыпты баспа табағына42* орысша 12-кегелмен43 шпонсыз44 жиғанда, 10-кегелмен шпондап жиғанда, 40 мың шамалы әріп сыяды. Бұл кітаптар үшін жиғанда. Газеттер үшін 10-кегелмен шпонсыз жиғанда 50 мың шамалы әріп сыяды. Араб әрпінің ескі күйіндегі қалпында – 12-кегел «нормал» түрі мен шпондап жиғанда, 40 мың шамалы әріп сыяды, 14-кегелмен шпондап жиғанда, 32-35 мың шамалы әріп сыяды. 3-нші түрде түзелген әріптен сол шамалы сыяды. Соңғы түзелген түрдегі әріптен 10-ншы кегелмен шпондап жиғанда 54 мың кітап жә газет әрпі сыяды. 8-нші кегелмен шпондап жиғанда, 65 мың шамалы әріп сыймақ. Ескі әріппен, үлкен кассымен тіреу салып жиғанда, күндік жұмыстың өнімі орыстікінен 10-15 % төмен болады екен. 3-нші түрде түзелген әріппен жұмыс өнімі орыстікінен артық та емес, кем де емес – шамалас болған. Ең соңғы түзелген түрдегі әріппен жиғанда, жұмыс өнімі орыстікінен 10 % асқан. Сүйтіп, баспа жағынан ескі әріп латындікінен төмен болып, түзетілген әріп артық болып шығады. Араб әрпін теру машинасына орнату жағынан қолайлығына келсек, оған ескі әріп те жарайды. Бакуде шығатын «Коммунистер» газеті Америкадан алдырған ескі әріпті теру машинамен теріліп шығып отыр. Түзетілген жаңа әріппен бір түгел, екі сүгіретті әріп қойылып машина шықпақ.
Енді көркемдік мен көзге жайлылық жағынан бір-екі ауыз сөз айту қалды. Көркемдік деген әркімнің көңіл талғауына қарайтын нәрсе, бірақ Европа жазушылары латын әрпінің пішіндеме сызықтары сияқты көзге көсе көрінетінін, араб әрпі сызығы түрлі болғандықтан, көзге көркем шырайлы көрінетінін айтқанын білеміз. Көзге жайлы болу жағына келсек, мұнда қай әріппен жазылған жә басылған сөз оңай оқылса, сол әріп көзге зиянсыз жәйлі болуға тиіс. Үйткені ондай әріп көзді талдырмайды. Көзді талдырмайтын оқуға оңайлық жағынан араб әрпі латындікінен артық екені айтылып өтті. Әншейін үстін қарағанда араб әрпін түзету ісі дағдылы, қалыпты нәрсе сияқты болып көрінеді де, тура басқа әріпті алу төңкеріс есебіндегі нәрсе сияқты болып көрінеді. Төңкеріс немесе үлкен өзгеріс есебінде болып шығу үшін жасаған өзгерістен өнетін үлкен пайда болу керек.
Латын әрпінен өнетін үлкен пайда түгіл, кішкене де пайда жоқ. Европа жұртымен бірдей болу мақсатпен аламыз десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай отырғанда, біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың қанша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та болар. Латын әрпі цифр түрдегі таңба болса, әріп бірлестіру жағын сөз қылуға болар еді. Цифрды кім жазса да түсінеміз, түсіне беретін латын цифр сияқты жә қытай жазуы сияқты жазу таңбасы емес. Басқалармен ымыраластыруға келетін жерде ісімізді ымыраластырамыз. Мәселен, мана цифр жазуын бөтендерге қарап солдан оңға қарай жазамыз дедім. Оны олай жазу бізідің жазу бағдарымызға теріс ыңғай келеді. Бірақ теріс ыңғай болғанмен, қолайсыздығы аз болған соң, көптен шықпас үшін істеп отырмыз.
* * * Жер жүзінде бірдей әріппен түрлі тілді жұрттардың жазуын бірлестіру керек болса, онда қытай жазуын алу керек. Оны алсақ, онымен кім жазса да түсінесің. Латын әрпін алғанмен, өз тіліндегі мен өзге тұқымдас тілдегі ғана нәрселерді түсінесің. Оны латын әрпісіз де істеп отырмыз. Жана да бір айтатын сөз: латыншылдар екі әріпті салыстырғанда, араб әрпін баяғы Италия бұзған түрінде алып, түзетілген әріп жағына әдейі жуымайды. Латынға алмастырғаннан енетін пайда көп болса немесе латын әрпін алу машақаты, шығыны араб әрпін түзетуден аз болып шығатын болса, олардың түзетуді менсінбей, латынмен болуы жөн дер едік. Ол жоқ. Араб әрпін түзетуге кететін шығын мен еңбек латынға көшу бейнеті мен шығыннан мың емес, миллион есе кем екені айрықша есеп қылмай-ақ айқын нәрсе.
Манағыдан бергі айтылғанның бәрінен жасалатын жалпы қорытынды мынау: 1. Араб әрпі латын әрпінен жазуға, оқуға оңай. Онысын сауатты адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады. 2. Сауат ашу жүзінде араб әрпінің қолайлығы латын әрпінен артық. 3. Баспа ісі жағынан араб әрпінің ескісі латын әрпінен төмен, жаңасы артық. 4. Машиналарға орнатуға араб әрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр. 5. Араб әліп-биінің әрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле. Сүйтіп, екі әріпті салыстырғанда, сап-саз, ап-айқын көзге көрініп тұрған сындары әріп алмастыру мәселесін дәріптеп көтеруге орын жоқтығын көрсетеді. Бұ сияқты мәселені көтеріп, уақытын шығын қылып жүргендер болса, оны еріккен адамдардың ермегі есебіндегі құр қиял деп білемін. Әліп-би түзеу, емле түзеу жағынан соңғы кезде істелген істер жемісті болып, бұ жағынан біз Европа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз. Әріпті өнер құралдарына икемдеу жағынан да олардан асыратынымызға көз жетіп отыр. Солай болған соң аз күшімізді алға шыққан жақтағы керексіз іске салғанша, басқадан кейін тұрған жағымызға жұмсауымыз жөн емес пе деймін.
ТҮРІКШЕЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ
Түрікшелердің 1-нші құрылтайы февральдың 26-нда басталып, марттың 6-да жабылды. Түрік нәсілді жұрттардың өкілін жібермегені аз болар. Қалмақтар да адамын жіберген. Бір шеті Стамбул, екінші шеті Қиыр Күншығыстағы Жақыт – сол екі арадағы түрік нәсілді жұрттардың көбінің-ақ өкілдері болды. Бұрын қағаз жүзінде білісу болмаса, көрісуі жоқ түрік жұрттары бірін-бірі жүзбе-жүз көріп танысты. Түрікше ілімдерден академия мүшелері: Бартольд, Ольденбург, Крымский, толып жатқан жана тағы профессорлар болды. Бөтен мемлекеттерден неміс профессоры Менсель, мажар профессоры Майсереш, анатол түрік профессоры Көперлі-зада мен Құсайын-зада болды. Құрылтай қарауына арналған 14 бапты мәселе еді. Соның әрбірінен 4-5, қатта 8-9 баяндамалар жасалды. Бірақ мәселе көп болғанмен, құрылтай шақырушылардың көбінесе көздегені латын қарпы екендігі құрылтайды ашушылардың да, үкімет тарапынан құттықтаушылардың да сөзінен көрініп тұрды. Солай болған соң қарыпқа қатысы бар мәселелерге көбірек зер салынып, солар көбірек талқыға түсіп, басқалары ат үстінен айта өткен сияқты болды.
Құрылтай програмындағы мәселелер мыналар еді: 1) Түрік жұрттарының тариқын тану жүзіндегі істердің кәзіргі күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Бартольд, Баруздин деген профессор, татар тариқшысы Убайдуллин Әзиз. 2) Түрік жұрттарының мәдениетін зерттеу ісінің кәзіргі күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Руденко, Майсереш, Миллер профессорлар мен Шурсен деген. 3) Түрік тілдерінің өзара жана мұғал (монғол), тунгуз, пинугор, жапон тілдерімен тұқымдастығы. Баяндамашылар: Шобан-зада мен Кинко деген профессорлар. 4) Түрік тілдерін тану жүзіндегі істің кәзіргі күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Самойлович, Малов, Ашмарин деген профессорлар. 5) Емле [нің] жалпы негізі. Баяндамашы: Щерба профессор. Түріе емлелері. Баяндамашылар: татар қалам қайраткері Ибрайым ұлы Әлімжан, әзірбайжандық Аға-зада деген. 6) Пән сөздерінің жүйесі туралы. Баяндамашылар: Шобан-зада профессор мен Зиенат деген. Түрік тілінің пән сөздері туралы. Баяндамашылар: Зайналы, Одабаш, Байтұрсынұлы. 7) Әліп-би сыны пән жағынан, ләіп-би сыны іс жағынан. Баяндамашылар: Яковлев пен Жирков профессорлар. Түрік әліп-билері туралы. Баяндамашылар: Мамет-зада, Шарапұлы Әлімжан, Алпарұлы, Төреқұлұлы, Бердіұлы, Омарұлы. 8) Ана тілін үйрету әдісіндегі жаңа ағымдар туралы. Баяндамашы Щерба профессор. Түрік тілін оқыту әдістері туралы. Баяндамашы Епенді-зада. 9) Түрік әдебиет тілдерінің жетілуі туралы. Баяндамашы: Коперлі-зада профессор мен Әкімұлы Нығымет. 10) Түрік әдебиет тілдерін тану жүзіндегі істің кәзіргісі, алдағысы. Баяндамашылар: Коперлі-зада, Менсель профессор, Сағадиұлы Абдырақман. 11) Түрікші мекемелердің кәзіргі құрылған түрлерімен жақында істейтін істері туралы. 12) Өлке тану ісінің әдістері. Баяндамашы: Ольденбург. 13) Түрік жұрттарының мәдениет жүзінде соңғы кездегі жетілісі. Баяндамашы: Павлович. 14) Ұйымдастыру мәселесі. Осыншама толып жатқан мәселелер туралы толып жатқан баяндамалар қайсысы қай түрде жасалып, қалай қаралып өткенін бейнелеп айтуға орын тар болғандықтан жана да құрылтайда не болып, не қойғаны турасындағы барша мағлұматтар түгелімен бәрі басылып шығатын болғандықтан, құрылтай қабарын түгел сөйлеймін демей, оқуға қатысы көбірек мәселелер ғана турасынан азырақ айтып өтпекпін. Ол мәселелер: 1) емле, 2) пән сөз, 3) әліп-би, 4) ана тілін оқыту әдісі турасындағылары. Бұл мәселелер туралы әуелі орыс ілімдерінің пән пәтуасы түріндегі баяндамалары болып, сонан кейін басқалардың баяндамалары болып отырды. Емле туралы пән пәтуасын сөйлеген Щерба профессордың сөзі қысқалап айтқанда мынау болды. Төрт жүйелі емле бар: 1) дыбыс жүйелі, 2) туыс жүйелі, 3) тариқ жүйелі, 4) таңба жүйелі. Дыбыс жүйелі емле – сөзді айтылуынша жазу (қазақ пен қырғыз емлесі дыбыс жүйелі болады). Туыс жүйелі емле – сөздің тек айтылуына қарамай, тегіне де қарай жазу (орыстікі туыс жүйелі емле). Тариқ жүйелі емле – қашаннан жазып келе жатқан қалыпша жазу (арабтікі, араб емлесін өзгертпей қолданушылардікі, ағылшын, француз, немістердікі тариқ жүйелі емле болады). Таңба жүйелі емле – сөз орнына таңба салу (қытай жазуы, бұрынғы екі сулықта болған аққаттардың, шумерлердің сүйір жазулары). Бұл емлелердің ең жақсысы – дыбыс жүйелісі; үйткені бұ жүйелі емле үйренуге жеңіл. Емле жеңіл болуы тәрбиешілік жағынан да, бұқарашылық жағынан да артық. Жақсы емленің қасиеті үйренуге жеңілдігі мен ойды дұрыс ұқтыруы. Онан соңғы жақсы емле – туыс жүйелісі. Ең қиыны тариқ жүйелісі мен таңба жүйелісі деді. Ибрайымұлы Әлімжан жасаған баяндамасында емле жеңілдету жүзінде түрік жұрттарында не істелгенін, қайсысының емлесі қай күйде тұрғанын, емле қай түрде болуы керектігін айтып өтті. Емле түзеу жүзінде түрік жұрттарының алдағысы қазақ, арттағысы әізірбайжан, анатоли түркі болып шықты. Басқалары соның екі аралығында болды. Құрылтай дыбыс жүйелі емлені, керегіне қарай туыс жүйесімен үйлестіріп алуды қабыл етті. Әзірбайжандықтар араб қарпымен дыбыс жүйелі емле жасауға болмайды деп ойлайтын көрінеді. Сондықтан олар дыбыс жүйелі болған соң, латын қарпысыз болмайды деп, дыбыс жүйелі, латын негізді деген сөзді керек емес десек те болмайды, көпшілік қолында болған соң, қыстырып өткізді. Ол жерде пікіріміз айырылатынын мәлім еттік те қойдық. Пән сөздері туралы баяндаманың бірі менікі болғандықтан, өз баяндамамның да мазмұнын қысқасынан айта өтейін. Баяндамамдағы айтқаным: пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу даражаға жеткен. Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін – қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды. Ол тәртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тобында қабылданғаны айтылды.
Сол жол басқа түріктер қолдануына да теріс болмас делінді.
Құрылтай қарары да осы негізді болды. Бірақ жалғыз қазақ емес, басқалар да қолданатын болғандықтан, біздің қолданған тәртібімізге қосқандары мынау болды: түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ түрде алынсын. 1-інші басқыштағы мектептерде қолданатын пән сөздер әр жұрттың өз тілінен алынуы абзал; 2-нші басқыштағы мектептерде қолданатын топқа ортақтастырып алған пән сөздер болсын. Жоғары мектептерде әлемге жайылған Европа пән сөздері қолданылсын делінді. Латын қарпын қолдаушы 7 баяндаманың екеуін ілім пәтуасы түрінде екі профессор жасады. Яковлев профессор әліп-би қандай қасиеттерімен жақсы болатынын, не үшін латын қарпын қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, жақсы әліп-би тіл дыбысына түгел жету керек, қарып белгісі аз болу керек. Бұл екі қасиет – қазақ әліп-биінен табылатын қасиет. Қазақтан басқада ондай әліп-би бар деп айтпады. Дәйекші қойып қарып белгісін азайту – бұл табылған ақыл деп. Латын қарпын жақтайтыны латын қарпы – жайылып келе жатқан қарып, арабтікі тоқталып қалған қарып деді. Онан басқа латын қарпының араб қарпынан пәлендей артықшылығы бар деп айтқан жоқ. Жирков профессор араб қарпының сұлулығын, бірақ баспа істері жағынан қолайсыз жағын, кәзіргі жеңілдетуге жасап жатқан өзгертулер араб қарпының сұлулығын бұзатындығын сөйледі. Мұның сөзінше баспаға жеңілдету мақсатпен араб қарпының сұлулығын бұзудан да өзінен безу артық деген пікір ұғылды. Латын қарпымен араб қарпын салыстырған жерінде арабтың ескі қарыптарын алып салыстырғандықтан, айтқан сөздері дәлелді бола алмай шықты. Бұлардан кейін баяндама жасаған латыншыл бес кісінің бесеуі латын қарпы мен араб қарпын салыстырғанда (тістеріне жұмсағырақ болған соң) арабтың ескі қарпын алып салыстырумен болды. Көбі түк дәлелсіз болды. Араб әліп-биінің кемшілігі деп көрсетуге алған нәрселері біздің мұнан 15-16 жыл бұрын басын ауыртқан араб емлесінің кемшіліктері болып шықты. Біздің 10-ныншы жылдарда шығарып ескі-ұсқы қоймасына тастаған нәрселерімізді кейбіреулер 26-ншы жылдарға дейін тұтынып келіп отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кіргенін өздерінше бір артықша жаңашылдық деп біліп, өздерін әлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. Тариқ жүйелі араб емлесінің тасталқанын шығарып бұзып-жарып, араб қарпымен-ақ дыбыс жүйелі қазақ емлесін жасап алғанымыздан қабарсыз екен. Олар арабтың емлесін бұзудан қарпын тастау оңаы; қарпын тастамай, емлесін бұзуға болмайды деп ойлайды екен. Араб қарпынан латын қарпына көшеміз деуінің ең негізгі себебі осы екен. Қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, араб емлесін бұзғаннан араб қарыптары қираған жоқ, қайта түзеліп жақсы бола бермекші. Бұл басқаларға мүмкін емес нәрсе сияқты көрінеді. Мәселен, арабтың «хбз» деген сөзін арабтың бес қарпымен «хабаз» деп жазуға болмайды. Латынның ғана бес қарпымен жазуға болады. Араб қарпын қолдаушы екі баяндама болды. Оның да бірі, мәселен, Алпар ұлының баяндамасы, араб пен латын қарыптарының жақсы-жамандығын сөз қылмай, араб қарыптарына баспа жағынан жеңілдету мақсатпен жасалып жатқан өзгерістер туралы. Ол өзгерістермен жасалған тәжірибелер араб қарыптарын түбінен қопармай-ақ түрін азырақ өзгертумен да баспа жағының кемшілігі жоғалып, басқалардан артық болмаса, кем болмайтынын айтып, қандай өзгеріс жасалғандарын көрсетті. Өзгерткен қарыптардың ірілері осы күнде қолданылып, ұсақтары құйылып жатқандығын мәлім етті. Араб пен латын қарыптарын таразыға тартқандай салыстырып, артық-кем жақтарын ыспаттап көрсетіп, арабтікін тастап, латындікін алуда түк мағана жоқтығын айтып сөйлеген баяндама асылында жалғыз Шарап ұлы Әлімжандікі болды. Латынға қарсы баяндама, сөйтіп, біреу-ақ десек те болады. Бірақ бір де болса, бірегей болды. 2 сағаттан астам айтылған баяндаманың мұнда жүзден бірін сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан тек ұшығын ғана көрсетіп өтемін. Баяндамашы мәселені асылынан алып, алшысынан қойып бастады. Ол айтты; біздер сөз қылып отырғанымыз – «әліп-би қалау» мәселесі емес, «әліп-би алмастыру» мәселесі, «әліп-би қалау» деген мен «әліп-би алмастыру» деген – екеуі бір емес. Түрік жұрттары әліп-биі жоқ жұрттар болса, алдына салған әліп-билерді қарап-қарап, ұнатқан біреуін алар еді. Түрік жұрттары – тұтынып отырған әліп-биі бар жұрттар. Көбінің әліп-биімен байласқан әдебиеті, мәдениеті бар. Тұтынып отырған әліп-биді тастап, бөтен әліп-биге көшкенде, қанша сауатты адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғылімдер қайтадан қат үйренбекші, қанша баспақаналардың қарыптары жаңадан жасалып, жаңадан құйылмақшы, қанша қарып тізушілер қайтадан үйренбекші, қанша қаржы шықпақшы, қанша еңбек сарп етілмекші. Осыншама құрбандықтың бәрін өтегендей алмастырып алатын әліп-биде бұрынғымыздан анағұрлым артықшылық болу керек. Сондай артықтық алатын әліп-биде бар ма екен деп алып, екі әліп-биді түрлі жағынан салыстыруға түсті. Екі әліп-бидің де артық-кем жерлерін әншейін сөйлемей, әр түрлі ілім тәжірибелерімен ыспаттап, даусыз дәлелдер келтіріп баяндады. Ақтығында латын әліп-биінде көп құрбандықты өтерлік аса артықтық болмақ түгіл, араб әліп-биінен де көрі кемшіліктер көбірек болып шықты, бірақ құрылтай дүкені жасаушылардың қолында болғандықтан, күн бұрын қолайлап бәрін икемдеп қойғандықтан, қазанның құлағы қазаншының қалаған жерінен шықты: «Латын әліп-биінің артықтығына құрылтайдың көзі жетті. Енді алу-алмау әр жұрттың, әр мемлекеттің ықтиярында» деген қарар көпшілікпен өтті. Қанша ыспат, дәлелдер болғанын түбінде құрылтай жұмысының мағлұматтары басылып шыққанда, әркім өзі көре жатар. Қарып мәселесі турасында қазақ тарабынан айтқанымыз мынау болды: біздер мәдениет жүзінде кейін қалған жұрт болғандықтан, мәдениет қуатымыз да, мал қуатымыз да шағын, сол шағын қуатымызды қазірде өте-мөте керек нәрселерге ғана жұмсап жатырмыз. Қәзіргі бізге өте-мөте керек нәрсе – оқу кітаптары. Бар күшімізді соған салып жатырмыз. Басқа керек нәрселер де толып жатыр; оларды қоя тұрып, өте керегін істеп жатырмыз. Қарып жағынан өте-мөте керек болып қысып тұрған мұқтаждық жоқ. Осы құрылтайда айтылған пән пәтуаларынша ең жақсы емле де, ең жақсы әліп-би де біздікі болып шықты. Емле мен әліп-би жағына келгенде, біз орыстан да, немістен де, француздан да, ағылшындардан да алда тұрғанымыз мәлім болды. Азғана күшімізді озған үстіне озамыз деп, озып тұрған жерімізге жұмсауымыз керек. Бізге жаны ашитындар қарып тауып береміз демей, мектептерімізді бұзау мен қозы алатын үйлерде пысынатпай, соларға үй салып берсе екен делінді. Қарыптан соңғы жасалған баяндамалар талқыға түсіп сөз болмастан комиссияға жіберіле берді. Ана тілін оқыту әдісі ғана сөз болыңқырады, басқалары тіпті айтыс ашылмастан комиссияға кетіп отырды. Ана тілін оқыту әдісі туралы баяндама жасаған Щерба профессордың айтқан сөзінің қысқаша мазмұны мынау болды: осы кезде ана тілін оқытуға қолданатын әдіс мынау: дыбыс негізді әдіс, тұтас тұлғалы әдіс (америка әдісі дейтін). Қай әдісті қолдану қолайлы болуы емле жүйесіне қарай: дыбыс жүйелі емлені қолданушыларға дыбыс негізді әдіспен оқыту оңай, тариқ жүйелі емлені қолданушыларға тұтас тұлғалы әдіспен оқыту оңай. Тұтас тұлғалы әдіс – ағылшын емлесінің ауырлығынан туған әдіс. Ағылшын емлесі тариқ жүйелі. Дыбыс негізді әдіспен ағылшын емлесін үйрену азап, қатта мүмкін де емес. Дыбыс негізді әдіс дыбыс жүйелі емлеге өте қолайлы. Емлесі дыбыс негізді құрттар қолданған жерде үйретуге ең жеңіл, жемісі тез пісетін дыбыс негізді әдіс екені ақиқат. Тұтас тұлғалы әдістің өзін оңаша алып, дыбыс негізді әдіспен салыстырғанда, түк артықтығы жоқ. Жазылуы мен айтылуы – екеуі екі басқа, ағылшын емлесіне дегенде ғана тұтас тұлғалы әдістің артықтығы бар. Біздің орыс әдісшілерінің тұтас тұлғалы әдіске әуестенетіндері дыбыс негізді әдістен көрі оны көрнекірек дейді. Асылында, дыбыс негізді әдіс тариқ жүйелі ағылшын емлесіне қандай қолайсыз болса, тұтас тұлғалы әдіс дыбыс жүйелі емлесі бар жұрттардың қолдануына да сондай қолайсыз болады деді. Құрылтай түрік жұрттары үшін дыбыс жүйелі емлені қабыл алған соң, оған қолайлысы дыбыс негізді әдіс болған соң, осы әдісті қабылдап қарар шығарды. Ана тілін оқыту турасынан шығарған қарарға тағы да кірген баптар болды. Оның өте-мөте ескерерлігі сынау болды: 1) Ана тілін үйрену жағын жақсылау үшін түрік жұрттарының әр тілі анық танылуы керек. Тіл іліміне жетік білімпаздар шығару үшін оқытушы даярлайтын орта мектеп пен жоғарғы мектептерде тіл сабақтары елеулі орын алу керек. 2) Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде қалық әдебиеті басым боларға керек. 3) Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім түрінде өз алдына оқытыларға керек. 4) Әдебиет 2-нші басқышта әлеумет тану ілімімен бірге кез келген түрде де, жүйеленіп әдебиет тариқы түрде де оқытылу керек. тариқ түрінде оқытылғанда ана тілінің әдебиетінен басқа ағайын жұрттардың әдебиеттерімен таныстыру керек. 5) Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағана, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағана жағын тануға керекгі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Оқуға қатысы көбірек осы төрт мәселе сөзімен құрылтай әңгімесін тоқтатамын.
«Жаңа мектеп»,
1926, № 7-8, 43-50 беттер.
ОҚУ-АҒАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОҚУ ЖАЙЫ
Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенінен көріп тұрамыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі – ойлап қараса, біздің қазаққа мағлұмсыз емес. Бұл заманда не нәрсе машинаға айналды. Қазақ биыл 5 теңгеге сатқан нәрсесін келер жылы өзі 10 теңгеге қайьа сатып алады. 10-11 сомға алып отырған былғары – былтырғы 4-5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі 5-6 сомдық шұғалар, торқалар – қазақтың бір пұтына 3-4 сом алып, сатқан малының жүні. Қазақтың осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол алған нәрселерінің бірін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа-сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі де завод, фабрикаларда істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нәрселердің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20-25 жыл бұрын қазақ Бұхар, Ташкентке түйемен кіре салып қанаша пайда қылушы еді. Темір жол түскен соң ол пайда да қазақ қолынан кетті. Басқа жұрттарда өздерінің істеген нәрселері өз ішінде сатылып, жұмсаған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-біріне ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ. Жоғарыда айтылған шаруа туралы болсын, патрияға мүбталла болсы, бәрінде де қазақтың байлығы осы көлденеңге, көк аттыларға түсып, соларға жем болады. Қазақтың шаруасына бір жақтан надандығынан кемшілік келгенде, екінші жағынан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдіккежеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік. Осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған – ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген – ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен. Әуелгі заманда жұрт шаһар дегенді білмейді екен, далада аңша өсіп-өніп жүріпті, араларында «менікі-сенікі» болмапты, аңның терісін киім, етін тамақ, тарамсын жіп, сүйегін ине қылды, екі ағашты біріне-бірін үйкеп от шығарды. Жазу-сызуды көпке шейін білмеді, соңынан оны да ойлап тауып, басында аңның терісіне жазып жүріпті. Сүйткен жұрттар осы күіні қандай тамаша іс қылып тұр! Енді біздің қазақта оқудың көп-азын мөлшерлеу үшін мынау есепті көрсетеміз. әр жердегі қазақтың өнер-білімі қаралас, сол себепті бір облыс, яки бір уез елдегі оқудың таралуын көрсетсек, күллі қазақтағы оқуды шамалауға болады. Торғай облысында 1912-нші жыл бірінші ғинуарға шейін 570 мың 109 қазақ тұрған, қазақ баласы оқитын 132 школ болған.45 Бұлай болғанда, әрбір 3 мың 561 кісіге бір школдан ана келеді екен. Қостанай уезінде 1909-нші жылғы есеп46 бойынша 60 мың 594 еркек, 52 мың 63 әйел – барлығы 112 мың 657 қазақ болған. Бұлардан қазақша оқыған (хат танитын) еркек 6 мың 65, орысша хат танитын 690. Қазақша хат танитын әйел 379, орысша хат танитын әйел 29. Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша хат танитын еркек әр бір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың кісіден алтау. Қазақша хат танитын әйел әр бір үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын әр бір төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақта оқудың тіпті аздығын көрсетеді. Қостанай қазағынан кейбір жерлердің қазақтары кем оқиды. Қазақта орысша болсын, қазақша болсын оқу ісі жақсы тәртіпке қойылмаған. Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школ. Қай жерде болса да қазақ үшін ашылған школдардың көбі ауылнай школ. Сонда оқыған балалар ілгері школдарға келіп оқөымаса, тіршілікке пайдалы білім алып шыға алмайды. Азғантай үйренген орысша жазу-сызуынан қарайып, тілін тіпті ұмытып қалады. Қазақ баласы тәуірірек оқырлық школдарда қазыналық орын аз, өз күшімен оқытуға әркімнің шамасы келе бермейді. Екі класты школдар әр уезде бір-екеуден, оларға 30-дан артық қазақ баласын алмайды. Орта һәм жоғарғы школдарда қазыналық орын бұл кезде жоқтың қасында. Ә облыстың қзақтары үшін университет, институттерден 2-3-тен артық орын жоқ. Бұрынғы ашылған орындар әр түрлі сылтаумен кеміген. Сүйтіп, тәуірірек оқитын орындардың қазақ үшін есігі бекіп, жолы жабылған. Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді, тәртіппен оқытарлық мұғалімдері аз, оқу програмы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғаллимин (педучилище – ред.) жоқ. Орысша һәм қазақша оқудың екеуінен де керегінше пайдалану үшін, қазақ әуелі әр нәрсенің асылына түсініп іс етерге керек. Хүкімет қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді. Сондықтан мектептерімізді тәртіпке қою, қазақша оқуды халыққа тарату – өз міндетіміз. Жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын, орта һәм жоғарғы школдардан көбірек оқылсын десек, қазақтан қазынаға деп жиылған ақшалардың нендей орынға, оның ішінде оқу жолына қанша жұмсалатынын, хүкіметтің осы күні қазақты оқытуға жұмсап отырғаны бізден жиылып тұрған ақшадан артық па, кем бе – соны білу керек. Егер кем болса, кінәні хүкіметке аудармай, кемін толтыру керек, ақшаны артық төлеп, пайдасын кем көретін болсақ, лайықты жолымен есептесіп, школдарды көбейтіріп һәм жоғарғы школдардан молырақ орын аштыру тиіс. Қазақ халқында бұл күндегі орысша һәм қазақша оқу жайы осы. Мұнан былай оқу һәм оқыту мәселесі «Қазақ»-та түгел жазылып тұрмақшы.
«Қазақ», 1913, 21 апрель,
№ 11 (Бас мақала).
ОРЫСША ОҚУШЫЛАР
5-інші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қақына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді, я жылына 150 сом төлеп, школадан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медреседе оқып жүрген балалардан зерек-зерек балаларды таңдап алып, жылына 300 сом ақша расход кесіп, орысша, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский школаға кірді. Бұрын «Медресе Ғалияда» оқып, былтырдан берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа я семинарияға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школаға емтихан еріп кірді. Жоғарыда айтылған алты бос орынның үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті орнын емтиханнан 5-інші болып келген бір жарлы баласына беріп, өзі Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, школада жатып оқитын болды. Сүйтіп, биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орыны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға [қаржы] таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, сельский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; учительский школаға, семинария, адам фельдшері иә мал фельдшерінің школалары. Торғай мен Орал облысында фельдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы иә тіпті жоқ, иә бар болса аз, жоқ есебінде. Киргизский учительский школада қазына орны 60, оның жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала-шарпы мұсылманша хат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переводчик, хатшлық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі. Сана-саңылау түскендей иә мұсылманша, иә орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик иә хатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады. Жоғары һәм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз тәуір бар. Ең аз болса һәр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 50-60 болады. бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады, үйінде тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды. «Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыздан пайда жоқ деп, қазақ өкпелейді. Сондағы оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп жоғары я орта оқулыларды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлұғырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, көп болмақшы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе? Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең құл болмақшы. Айып47...* Егерде осы күнгі орысша, оқығандардың арасында жұртым... шығып жатса, жұрттың өткізген... төлеу үшін емес, адамшылық бо...* басынан атқару үшін. Мойындағы борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбеюі ықтимал. Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: әуелі, қзақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін, қам қылыңдар! Ол үшін һәм жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша стипендия ашу һәм...............
«Қазақ» газеті, 1913, 15 август, № 26.
(Бас мақала).
ҚАЗАҚША ОҚУ ЖАЙЫНАН
Қазақ ішінде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға програсы (жосық) көрсетілсе екен деген өтініштер келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу жосықсыз һәм жосық жасауға болмайды да. Үйткені қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар белгіленбек түгіл, әлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана әліппе шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгіленген жоқ. Әліппеден әрі оқытатын кітаптар әлі шыққан да жоқ. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын, жағрафия һәм тарихтан қысқалап хабар беретін кітаптар әлі жоқ. Сондықтан програм деген сөз әзір ертерек. Әуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс. Бұл сөзді қоя тұрып, мұнан бұрынырақ ескертетін бір жұмыс бар. Ол мынау: бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де солай. Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы48... керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында. Сол ақылға да дұрыс. Содия содиялық ғылымды оқығаннан болғанда, доқтыр доқтырлық ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім мұғалімдік ғылымын оқып шыққан адамдардан болуы тиісті. Біз болысымыз, басқа жұрттың болысындай, елді баға алмайтын мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиядай әділдік жоқ, мінін айтып жатырмыз, дәрігерлеріміз, бақсыларымыз доқтырдай ауруды емдей алмайтын мінін айтып жатырмыз, халқымыздың басқа жұрттай білімді емес, надандық мінін де айтып жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда бала оқытуымызда қандай мін барын да айтып, әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастарымыздың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс. Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школда: қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша оқығандарды оқыту һәм тәрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында. Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, қозғамаймын. Бүгін бар, ертең жоқ болатын нәрсе. Дүния тегеріші кейін айналмайды. Ескі мен жаңаның оқытуға шыдамдылығы бірдей емес. Ескі әлі-ақ тозып, жыртылып, пара-пара болып тұтынудан шығады. Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті – жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-таянғанын жұртынан аяр қалатын емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық адамдар. Әр жайдан хабардар, дүнияда не істеліп, не қалыпта тұрғанынан бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар. Бұлардың бір кемшілігі сол: бала оқыту ғылымын оқығандары ішінде кем болады. сондықтан көбіне бала оқытуында кемшіліктері – қазақ мұғалімдері түгіл, ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру жағына шорқақ көрінеді. Дбысты жақсы білмей, усул сотие жолыменжақсылап бала оқытуға болмайды. Менің көрген медресе «Ғалия», медресе «Хұсиниядан» шық-қандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін жақсы білмейді, көбі қзақ тіліндегі дыбысты араб харыфына қарап есептейді. Араб харыфы дұрыс келмейтін дыбыс қзақ тілінде де бар болса да, жоққа санайды. Қазақ тіліндегі дыбысты жақсылап білмей, қазақ балаларын усул сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды. Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге қиын емес. Қазақ тіліндегі дыбысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды айырып байқаумен білуге болады. дыбыспен жаттықтыруды олай оқыта білетін адамдардың оқытқанда істеген ісінен көріп үйренуге болады я білетін адамдардан 10-15 күн сабақ алып үйренуге болады. Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты шығынсынбас еді. Сүйтіп, мұғалім жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.
«Қазақ», 1913, 16 май, № 14 (Бас мақала).
БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургта болатын мұсылман кеңесінде мектеп мәселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы. Осы кезде қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды. Солай болған соң, қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Қазақ бастауыш мектебі қандай болу керек деген мәселені шешерден бұрын, осы күнгі тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебіне түрлі болу жайын сөйлеу тиіс. Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да қазақша хат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары. Осы күнгі тек хат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал, кітап шығарып жатқандарымыздың бәрі де сондай мектептен оқып, хат танып, жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер осыншама жайсыз, күйсіз қалыбында халық арасына оқу, жазуды мұжықтар арасынан гөрі көбірек жайып жатқаны, бұл мектептің халыққа жақындығы, балалар білімді ана тілімен үйренгендігі. Алайық енді орыс школаларын. Қазақ арасындағы орыс школалары ауылнай, волосной екі класты школалар. Бұлардан бітіргендер ілгері оқымаса, онда жоқ болып шала оқумен қалады. Елде бір-екі жыл тұрса, оқығанның көбінен айырылып, оқымағандармен бірдей болып, оқыған еңбек бос кеткен есебінде қалады. Бұл күнде екі класты школа бітіргендерден ауылнай учитель, писарь болып жүргендері бар екені рас, бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан бұлай хат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писарь, учитель, фельдшер, адвокат, содия, инженер, агроном болар демей, ең әуелі, қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен мәтбуғатының мүлкін пайдаланарлық даражалы біліммен қалсын. Әр оқимын деген халде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілтерлік демеу һәм негіз болуға жарасын. Жоғарыда айтылған қазақ ішіндегі осы күнгі екі түрлі бастауыш мектептің екеуі де көңілдегі мектептердің түрінен табылмайтын мектептер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тәртіп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ. Халық оқуды керек қылғандықтан, жаманда болса, «жоғынан бары артық» дегенмен істеліп отырған іс. Екіншісінде, яғни, орысша школаларда тәртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Бірақ, сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әрпін тастатып, орыс әрпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс әрпімен оқысын дейді. Соның үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі басылған кітаптардан бастап оқытып, әрірек барған соң, кілең орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы. Біреулері еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді. Өткен жыл 14-ші июньде патша жарлығы бойынша шыққан правилада Россиядағы бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқылсын деген. Ол правилаға Оқу министрі қол қойған. Оның бер жағында Қазан округінде бір инспектор попечительге жазған: учительдер чуваш балаларын чуваш әліппесімен оқытпай, бірден орыс әліппесімен оқытқанды оңай көреді – деп. Оны попечитель министрге жеткізген. Министр енді жазып отыр: чуваш мектебінде орыс әліппесінен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен – деп. Сүйтіп, чуваш балаларын чуваш тілімен һәм чуваш әліппесімен оқытпай, бірден орыс тілімен, орыс әліппесімен оқытуға министр батасын беріп отыр. Бастапқы екі жылда ана тілімен оқытуға тиіс деген правилаға қол қоюшы да министр, онан кейін ана тілімен оқытпай, бірден орыс тілімен оқытуды ұнатушы да министр. Бұл екі қағаздың қайсысы іске асып, қолдануда болмақшы? Қайсысы хүкіметке жағымды болса, сонысы іске аспақшы. Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Россия қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық ұнамды іс болмас. Сондықтан 14-ші июньде министр қол қойған правиланы 16-нші ноябрьде министрдің жазған қағазы жеңбекші. Ондай правилалар іске аспай қалу үшін, бір миссионер инспектор жазса, болғаны: өз әліппесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі жоғалады? Тегі, бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, бірден орыс тілімен оқыту керек – деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқыту тиіс деген сөз 1906-нші жылғы 31-нші март правиласында да бар еді. Осы күнге шейін ауылнай, волосной екі класты бастауыш мектептерде қазақ әліппесімен қазақша басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не? Правила бойынша қазақ тілі мен қазақ әрпінен бастап оқыт деген отырған балалардың ата-анасы жоқ. Халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп, правила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де хүкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған істер. Бастауыш мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң, бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Араб әрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды. Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас. Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу [керек]. Солай ойлағанда, көңілге ұнамды мектептің түрі, біздің ойымызша, мынау: Бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін 5 жылдық боларға [тиіс]. Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу [керек]. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу [керек]. Мұжық жөнімен қала болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала болатын қазақтар да болар. Қыстаулары жиын қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бәріне бастауыш мектеп қолайлы болуға тиіс. Бәрінің де оқиын деген балалары, мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмай қалатын болмасқа тиіс. Сондықтан, әуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге бөлінерге: Келіп оқитын, жатып оқитын мектептер. Келіп оқитын мектептер қала болған, яғни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер әлі сирек отырған жерлерде болу [керек]. Екінші, қыр мектебі һәм қала мектебі болып бөлінерге. Қыр мектебі – ауыл мектебі, волос мектебі болып, о да екіге бөлінерге, ауыл мектебінде кілең қазақ тілінен оқылатын үш жыл оқу оқыларға, қалғаны кілең орысша оқылатын екі жыл волос мектебінде оқыларға [тиіс]. Волос мектебіне ауыл мектебінде бітіргендер алынарға [тиіс]. Қала мектебі қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға [тиіс]. Жатып оқитын ауыл мектебі мен волос мектептеріне келіп оқи алмайтын балаларды ғана жатып оқитын есепке алуға [тиіс]. Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы. Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылында үйретілетін білім гимназияның яки реальный мектептердің төменгі кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан әрі мұсылманша я орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды.
«Қазақ» газетасы, 1914 ж., 9 май, № 61.
МЕКТЕП КЕРЕКТЕРІ
Өткен нөмірде қазаққа қандай бастауыш мектептер керегін жазып едік, енді ол мектептерге не керек, сол жайынан жазбақшымыз. Қазақ балаларын ана тілінде төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту жайын жақсы білетін мұғалімдер үш жыл оқытқанда бірталай білім үйретуге болады. Ана тілінде жазылған кітаптар, газеталар, журналдар о ғайри ана тіліндегі жазу-сызу бастауыш мектептен шыққандардың мүлкінде болады, яғни солардың бәрінен де пайдалануға қолынан келетін болады. Біздің қазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоғарғы айтылған шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз – ана тілімен оқыту. Басқа шарттары орнына келмеген соң, үйренерлік білімнің көбін білмей, балалар азын ғана біліп шығады. Бізде қазірінде төте оқу жолымен оқыта білетін педагогика, методикадан хабардар мұғалімдеріміз жоқ қасында. Бастауыш мектепке керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп пішкен программа жоқ. Сондықтан қазаққа қандай мектеп керектігін сөйлегенде, ол мектепке не керек екендігін де айту тиіс. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қанадай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді һәм құрал қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Істің толық жақсы болуына, құралдар сайлы һәм жақсы болуы шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа, Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз я мерзімді өлшеусіз істелген іс лопы-солпы, я артық, я кем шықпақшы. Керексіз нәрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбек үшін, үйретерге тиісті білімді кем үйретпес үшін, балалардың күші жетпейтін өте алысқа сүйреп кетпес үшін, бастауыш мектепке үйрететін нәрселердің кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады. Өткен нөмірде біз айтып өттік, қазақ үшін ашылған орыс школаларының мұғалімдері, оқу құралдары сайлы деп. Біздің ана тілімізде оқылатын мектептеріміздің құралдары, мұғалімі сондай сайлы болуға тиіс. Сонда мектеп программасын үлгеріп, орнына келтіре алады. Мектепке керек нәрсенің бәрі сайлы болмаса да мектеп ақсайды, программа бойынша үстіне артқан жүкті дұрыс алып жүріп, мерзімді жеріне мезгілінде жеткізе алмайды. Сондықтан мектеп керек болса, мектепке нәрселері де сайлы болуы керек. Мұғалім сайлы болу үшін, мұғалімге керек білімді үйрететін орыннан оқып шығарға тиіс. Ондай орын қазақ түгіл, қазақтың бұрынырақ қимылдап жатқан ноғай бауырларымызда да жоқ. Қазақтардың өздері дарилмұғаллимат (педучилище – ред.) ашып, мұғалімдерін сонан оқытып шығаратын заман алыс жатыр. Қолдан келмейтіндерін қоя тұрып, қолдан келерлігін дұрыстау тиіс. Орыс мұғалімдік школаларынан шығып, учитель болып жүрген қазақ жастары бар, мұсылман медреселерінен оқып, мұғалім болып жүрген қазақ жастары бар. Осылардың екеуі де толық мұғалімдікке жарайды, егерде бұлардың біреулері мұсылманша хат білу жағынан, екіншілері педагогика, методика жағынан кем соқпаса. Осы күнгі орысша оқығандардың көбі мұсылманша хат білмейді, мұсылманша оқығандардың көбі педагогика, методикадан хабардар емес. Қазақтан тәуірірек школ һәм медресе бітіргендер аз. Ол аздың үстіне орысша оқып, мұсылманша да білетіндері аз. Мұсылманша оқып, педагогика білетіндері аз. Жұртқа тәртіпті мектеп керек. Мектепке сайлы мұғалімдер керек. Мектептерге мұғалім боларлығымыз жоғарыда айтылған екі түрлі жастарымыз. Олардың сайлы мұғалім болуына жетіспей тұрған жерін бітегене жетістіру ғана қажет. Орысша оқығандардың мұсылманша хат білуіне бір-екі-ақ ай үйрену қажет, мұсылманша оқығандар педагогиканы дұрыстап үйренбегенменен методиканы біліп, жаңа усулдармен танысуына оған да бір-екі ай үйрену керек. Бұл бір-екі ай үйрену қайсысына да болса, қолдан келмейтін іс емес. Мұғалімнен соңғы сайлы болуға тиісті нәрсе оқу құралдары. Оқуға керек қалам, қағаз, қара сия, сауыт, отыруға керек нәрселер пұлға табылатын заттар. Қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ мектебінде қазақ тілінде оқытуға керек кітаптар. Өткен нөмірде қазақ бастауыш мектебінде үйретілетін білімдер мынау дедік: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, жағрафия, жаратылыс жайы. Осыларды үйретуге керек кітаптар қазақ тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын құралдар осы. Осыларды дүнияға шығару керек. Біз бұларды уақыт жетуінше қолға алып істеп жатырмыз. Бірақ, бір жағынан, басқа жұмыспен байланулы болғандықтан, бір жағынан, басы ашық мәтбуғамыз болмағандықтан, тез үлгеріп бола алмай жатыр. Шыға бастағандарына өкпесі бар кейбіреулер сын таққан болып жатыр. Сынағанда біреулері тіпті қолына алып қарамай, екіншілері қараса да танымай сынап жатқан көрінеді. Әркім сынау керек өзінің жақсы білетін нәрсесін. Білмейтін нәрсені сынаймын деп, құр өзінің білмегендігін көрсетеді. Біреудің бір нәрсенің білетін, білмейтіндігі істегенде ісінен көрінеді. «Айқап» журналында «Оқу құралы» есімді қазақ әліппесіне сын тағып отырғандар жаңа усулдарды білмейтін адамдар. Ол әліппе жазылған жаңа усулдардың ең жақссы – усул сотие жолымен. Оқу кітаптары жазылады оқыта білетін, усулдармен таныс мұғалімдер үшін. Машина һәм басқа құралдар жасалады сол машина құралдардың тетігін біліп пайдаланатын адамдар үшін. Жұмсауын білмей кінә қою көзілдірікке кінә қойған маймыл сияқты болады я аузы қисық бола тұрып айнаға өкпелеген сияқты болады. біз оқу құралдарының подретін алып істеп жатқанымыз жоқ. Біздікі жаман болса, жақсысын шығарыңдар. Жақсы шықса, жаман қалатын. Бұл оқыту жайының таласы ақыретте не болады деп таласу емес, қазақ жерді олай я бұлай алса, түбінде пәлен болады деп таласу емес. Олар алдағы нәрселер. Оқыту жайын кім жақсы, кім жаман білетіндігін көзге көрсетуге болатын нәрсе – педагогика, методикаларды кәміл білетін адамдардың алдында әліппе шығарушы һәм сын тағушы, екі жағы сынға түссін, тұтынған усулы бойынша балаларға сабақ беріп көрсін. Таласпайтын орында талассын, ауыз ауыртпай соны істеу керек. Әйтпесе, біліп сын таққанымды, білмей сын таққанымды жұрт қайдан білсін деп мінеу – жұрттың бәрі жақсы мен жаманды айырмайтын ақмақ деп ойлаған болады ғой. Бұ жағын «Айқап» ойлап я ойламай орын беретініне түсініп жете алмаймыз. Петербургта оыс күні болып жатқан кеңесте рухани істермен қатар мектеп мәселелері де қаралып жатыр, соңыра Думада да солай қаралмақшы. Ана тілімен оқытамыз деген пікір – кіли орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір. Ана тілімен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек. Назаров кеңесінде қазақта ана тілімен оқуға оқу кітаптары жоқ деп, бірден орысша оқытуды қуаттаушы чиновниктер болған. сондай сөздер болмас үшін ана тілінде оқытатын кітаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиіс.
«Қазақ» газетасы, 1914 жыл, 17 май, № 62.
ҚАЗАҚ АРАСЫНДА ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК
Қаншама талпынғанмен, қаншама күшін салғанмен жеткілікті қылып школдар ашуға үкіметтің шамасынан келмейтіндігі анықталып отыр. Қазақ республикасында ашылатын әр түрлі школдарда, кітапханаларда һәм басқа оқу орындарында қызмет қылатын 2616 кісінің ғана расходын көтермекші болып отыр. Бірақ, оқу жұмысын жөндеп жүргізіп, балаларды тегіс оқытуға 20 мыңнан артық кісі керек. Бұлардың һәм басқа расходтары керек. Оқу жұмысының шығындарының көбін үкімет орындарындағы жиналатын әр түрлі салықтардан жұмсаңдар деп отыр. Бұл турада жұмыстың көбі губисполкомдардың мойнына ауады, бірақ олардың да жарылқауы, оқу жұмысына жеткілікті ақша берулері, халықтың байлығы, шаруаның жақсылығы һәм салық тез, түгелінен жиналуымен байлаулы нәрсе. Осыған қарағанда бұл орындарда жиналатын салықтарға сеніп отыруға болмайды. Сенгенмен губисполкомдар тезден аша аламайды. Оқудың мезгілі өтіп бара жатыр, балалардың бір жыл болса да оқусыз қалулары үлкен зиян екендігі белгілі. Бұдан былай ұйқыны қою керек. Енді бұл жұмысқа халықтың өзі кіріспесе болмайды. Бұрын Николай заманында бірнеше жыл ізденіп, шығынданып ашатын школды кеңес үкіметі өзі-ақ ашыңдар деп ұран шақырып отырғанда, халықтың үндемей отыруы зор айып, күнә. Школдың расходынан қашпай, бұрынғы жалдап молда ұстап бала оқытатын расходты мойындарына алып, школ ашулары керек. Бұл жұмысты аяққа бастырып, орындап, ел арасындағы оқығандардың, учитель, мұғалімдердің мойындарындағы зор міндет – школды мынау реттермен ашу керек. Бір ауылнай не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен «договор» жасап, школ ашу керек. Бұл қалыпта ашылған школдардың оқыту, балаларға тәрбие беру тәртіптерін сырттан оқу бөлімдері бақылауға тиіс. Оқытушыларға ақы «кәсіпшілер ұйымы» белгілеген мөлшермен беріледі. Салық төлеп оқуға шамасы келмейтін кедей балаларына бірнеше орын қалдыру керек, оқу құралдарын: кітап, қағаз, қалам сықылды нәрселерді жергілікті оқу бөлімдері алуы тиіс. Ауылдың жиі жерінде балалар үйлерінен келіп оқуға болады, бірақ ауыл сирек, әр жерде отырған болса, қыс күні әсіресе киімі жоқ кедей балалары келіп оқуға өте қиын. Сол себепті балалар көбірек ауылдарда школдың қатар бөлімдерін ашу керек. Бұл қатар бөлімдердің расходы ортадағы школға деп елден жинаған салықтан берілуі керек. Бұл сықылды қатар бөлімдер ашуға, ауылдар өте сирек болып, аралары өте шалғай болса, әрине, балалар келіп оқуға болмайды, соның үшін школдың жанынан балалар жатып оқитын үй (общежитие) не болмаса интернат ашылуы қажет. Интернат ашылғанда бай балалары өз тамағымен келіп жатып, шамасы келмейтін кедей балаларына елден азық-түлік жинап беріп, сол үйде жатқызып оқыту керек. Мұндай интернат болмаса кедей балалары оқи алмайды. Жоғарыда айтылған бойынша школды бір ауылнай не бір болыс ел болып ұйымдасып ашпаса, жеке бір кісі, яки бірнеше кісі болып ашуға болмайды. Себебі ондай школдарды ашушылар меншіктеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын өздерінің дегенінше жүргізуге тырысып, үкіметтің школдар хақында шығарған жобаларын, тәртіптерін қолданбасқа мүмкін. Соның үшін жергілікті оқу бөлімдері бұл жұмысқа өте шұғыл қарауы керек. Екінші, айтылып өткен реттермен ел арасындағы «кооператив» һәм басқа ұйымдар школ ашуға кірісулері керек. Осы жұмыстарды ілгері бастыруға елдегі сенімді азаматтар зор міндетті һәм халықтың өзі де бұл жұмысқа салқын көзбен қарамай, шығатын азын-аулақ шығынға көзді жұмып жіберіп кірісулері керек.
«Қызыл Қазақстан» журналы,
1923, февраль, № 14, 12-13-беттер.
ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР
Қазақ әліпбиі немесе Байтұрсынұлы емлесі. Әліпби – тек сауат ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара жол. Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан қазақ мектебінің» ұстанымы – қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның әлеуметтік ортада ой-танымы мен талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.
Әрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді. «...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын,қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек?» – деп, «ана тіл» деген пәнсөздің негізгі мәні атау тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып, әрі төл тілдің бастау көзін ашып алады. Осы мақаладағы асты сызылған тіркестердің мән-мағынасын ашып жатудың өзі артық, бірақ осы «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деп, таза арабшамен тіл сындырушылардың да төл тілінен ажырайтынын, қазақша қалпын жоғалтатынын айтып отыр. «Қазақтың тіліменен оқытуды» көксейді, сол қазақ тілінде оқытудың амал-тәсілдерін, «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп те берді. Ең бастысы «әліпби түзелмей, іс оңалмайтынын» білген ағартушы қазақ әрпін әрлеуді қолға алады.
Байтұрсынұлы ӘЛІПБИІНІҢ КЕСТЕСІ №
1912
1927
латынша
Кирилше
Айтылуы
1
2
3
4
5
6
1.
ا
ا
a
а
а
2.
اﱠ
اﱠ
ә
ә
ә
3.
ب
ب
b
б
бы/бі
4.
پ
پ
p
п
пы/пі
5.
ت
ت
t
т
ты/ті
6.
ج
ج
с
ж
жы/жі
7.
د
د
d
д
ды/ді
8.
ر
ر
r
р
ыр/ір
9.
ﺯ
ﺯ
z
з
ыз/із, зы/зі
10.
س
س
s
с
сы/сі
11.
چ, ﺶ
ﺶ, ﺶ
с,c
ш
шы/ші
12.
غ
غ
Q
ғ
ғы
13.
ق
ق
q
қ
қы
14.
ك
ك
k
к
кі
15.
گ
گ
g
г
гі
16.
ڭ
ڭ
n
ң
ың/ің
17.
ل
ل
l
л
ыл/іл
18.
م
م
m
м
мы/мі
19.
ن
ن
n
н
ны/ні
20.
و
و
о
о
о
21.
ﱠو
ﱠو
ц
ө
ө
22.
ٷ
ٷ
ﱠ u
ү
ү
23.
ﯟ, ﺅ
ﯟ, ﺅ
ь, w
у, ұ
у, ұ,
24.
ه
ه
е
е
е
25.
ى
ى
ы
ы
ы
26.
ٸ
ٸ
j
і
і
27.
ي
ي
ь
и
й
28.
ى : ه
е
е
ие
ﱠ
ﱠ
дәйекше
ق ق q қ қы ك k к кі گ g г гі ڭ n ң ың/ің ل l л ыл/іл م m м мы/мі ن n н ны/ні و о و ц ө ٷ u ү ﯟ, ﺅ ﯟ, ﺅ ь, w у, ұ у, ұ, ه е ى ы ٸ j і ي ь и й ى : ه е ие дәйекше е дәйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстың һәрқайсысы екі түрлі айтылады: бірде жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде«...бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бірхаріф, жіңішке айтылғанына бір харіф керек десек, мысалы: «تـ ،سـ»сықылды, онда 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді, бұған дәйім жуан айтылатұғын ق менен غ-ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын«ك, گ» һәм харіптерді қосқанда, һәммасына 43 харіф керек болар еді» деп жазған алғашқы ана тілінің жүйесін салушы. Міне, осы қазақ тілінің табиғатына қарай оның дыбысталу жүйесін басшылыққа алған Байтұрсынұлы пайымын кейбір жазушылар «42 әріпті түзген» деп бұра тартып жарнамалап жүр. Реформатордың зерттеуіндегі тереңдетіле түсіндірелетін танымдарға зерде-зейін дұрыс қоя білсек, араб әліппесінде 43-ке жететұғын харіф жоқ екенін, өзге жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайтынын жазады. Ислам әліпбиінің қазақ арасына қалай келгеніне тоқталады. «...Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай амалын таппақкерек? деген өзекті сауалды өзі көтереді, әрі оның жауабын да өзі айтады.Мұның амалы менің ойлауымша мынаудеп дыбыстарды жүйелеп береді. «...Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың харіфлерінің жуан иа жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан иа жіңішке айтылмағын айырғанымыз жөн» дейді. Ғасыр басында ғалым түрлеген, әрі түзген әліпби таңбасының қазақ ұлтын сауаттандырудағы рөлі қандай? Енді осы мәселе төңірегінде кеңес үкіметі тұсындағы зиялылардың көзқарастары мен пайым-танымына үңілсек. Тура сол тұстағы санаткер-азаматтардың алдына қойған ұлы міндеттерінің бірі – ол бұдан әрі «қазақ халқы рухани келбеті, өзіндік бет-бағдары бар ел бола ма, жоқ «баяғы жартас бір жартас» деп, бодан қалпында жүріп, өзінің ұлттық сипатынан айырылып, болмысын жоғалта ма» деген өзекті мәселе болатын. Ұлттық тіл ғылымы саласындағы Ахмет Байтұрсынұлының әліпби түзудегі жетістіктерін лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов өте жоғары бағалаған. Және ол кім көрінгенге әліпбиді, тілді таптатпауға бар күш жігерін жұмсаған. Мысалы: «...возрежение не выдерживают критики, потому что всякие культурное и иное достижение, оставленное нам нашими врагами – это наше законное наследие (...) Отказываться от подобного наследия так же глупо (...) мы не откажемся ни от чего, что составляет лучшее творениях предыдущей истории, если оно в наших руках может быть полезно для нас» деген айшығынан қазақтың қай-қай оқығандарының, оның ішінде қалам ұстап, қазақ намысын жыртқан әрбір еңбектің қадір-қасиетін біліп қана қоймай, «заңды мұра» деп таныған және ұрпаққа тәрбиесіндегі қажетті құрал санағанын көреміз. Енді Ахмет жүйелеген қазақ тіліндегі атау-ұғымдардың дәлдігі мен даралығына үңілсек. Қазақ даласында қазақ мектебінің негізін салған тұңғыш ағартушы Ыбрай Алтынсарин орыс тіліндегі «Имя существительное» дегенді «Нәрселердің атауы»десе (227-б.), А.Байтұрсынұлы оны «Зат есім» деп атады (160-б). Ал «Имя прилагательное», «Имя числительное» деген сөз таптарына тұңғыш ағартушы «Зат-мақұлықтың қасиеттерінің аттары», «Есеп аттары»деп балама берсе (Б. 238, 243), кейінгі оқытушы «Сын есім», «Сан есім» деген атау-ұғым берді (162-б.). «Местоимение» деген орыс терминіне алғашқы ұстаз «Ақыры өзгерілмейтін сөздер» деп аударса (248-б.), кейінгі әдіскер «Үстеу», «Демеу»дейді (Б. 165-166). Бүгінде бұлар қазақ тілінде қалыптасып кеткен атау-ұғымдарды білдіретін пәнсөздер. Бұл қазақ тілінде қисындардың қалыптасуы үшін, алдыңғы буын өкілдерінің жіберген кемшіліктерін түзеп-түрлеу арқылы ХХ ғасырдың басында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану оқулықтарының заңдылықтарын жасаушы, Ахмет Байтұрсынұлы болғанын айғақтайтын дәйектер. Қазіргі бастауыш мектептерге арналған 1-сынып әліппесіндегі «Қазақ әліпбиінің» авторын ажырата алмайтын оқытушылар бар екені де жасырын емес. Ақиқатында, есімі аталмаса да Байтұрсынұлының төте жазудағы «24» таңбамен түзілген әліпбиі аз ғана өзгеріспен кеңес кезеңіндегі мектепке, яғни, бірінші латын, сонан соң кирил әрпіне қопарылып, көшіп отырды... Осылайша ағартушы түрлеген ана тіл ұрпағына жылдар бойы қызметін көрсете берді. Мұны бүгінгі қазақ ғылымы жоққа шығара алмайды, тек аракідік жаңсақ пікірлерге, мәселен, «А.Байтұрсынұлы 42 әріпті жасаған» дейтін кейбір қате ой-тұжырымдардың баспасөз беттерінде белең алуы ойландырады. Сондықтан «Қазақ әліпбиі, қазақ жазуын жетілдірудегі Ахмет Байтұрсынұлының рөлі» деген тақырып аясында мектеп бағдарламасына арнайы сағат бөліп оқыту өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Орыстың тіл зерттеуші ғалымдары төте жазудағы қазақ әліпбиіне 1924, 1931 жылдары «Байтурсуновская графика», «Байтурсуновский алфавит» деп атап, түркі әліпби лері ішіндегі ғылыми жүйеленген ірі жетістік деп қабылдаған. Мәселен, Мәскеуде 1931 жылы жарық көрген «Литературная энциклопедия» атты жинақтың 5-томына осы Ахаң реформалаған әліпби «Казахский (Байтурсуновский алфавит)» енгізіліп, орыс ғалымдарының тарапынан жоғары бағаға ие болған (23-б.). Біздің бүгінгі жетілген қазақ тіліндегі 40 (жуан, жіңішке белгіні есептеу шарт емес) әріптің түп негізі А.Байтұрсынұлы емлесі негізінде жасалғанын ескере бермейміз. Және ғасыр басында Байтұрсынұлы таңдаған төте жолдың байыбын дұрыс ұғынбаудан жазу мәдениетінде өркениетті елдерден кейін қалып, әлі күнге «қай жазуды алу керек» деген даулы мәселенің жетегінде жүрміз. Негізінен, төте жазуға тұрақтамауға сол тұстағы саясат та әсер еткен болуы керек. Дегенмен өркениетті елдердің ғалымдары жоғары бағалаған А.Байтұрсынұлы емлесінде тұрақтылық танытқан болсақ, оңынан жазылатын харіптің қасиетін басқаша ұғарма едік. Ислам дінімен бірге келген «әліптің» адамзат баласын игілікті істерге жетелері хақ екенін ой-түйсігімізбен қабылдағанмен, ұзақ жылдар кирил әрпімен құрсауланған құлдық сана шырмауынан шыға алмай жүргеніміз де шындық. Десек те орыс ойшылдары аса жоғары бағалаған «Байтұрсынұлы әліпбиінің» астарына әлі де үңіле түсу – біздің ұрпақтық парызымыз. Сонау қиын қыстау, сын сағаттың өзінде қазақ зиялылары елінің, жерінің мақсатына бағытталған игі істерді қашанда бағалағанын және мүмкіндігінше сақтап қалуға өз басын өлімге тіге отырып, батыл шешімдерге бір «тәуекел» арқылы барғанын – олардың артында қалған мұралары айғақтайды. Кейде сол тұстағы заман ағымына қарай бұра сөйлеуге партия алдында мәжбүр болғандарымен, ұлттық нақыштағы мәдени мұраларды, мейлі олар «халық жауының» қолынан шыққан жетістіктер болса да, бұл «біздің заңды мұраларымыз» деп қорғаған. Олардан «бас тартуға болмайды» деп, сол тұстағы оқу-ағарту саласына керегінше жаратудың тиімді жолдарын қарастырған. Олар айтқан өзекті ойлар – бүгінгі тіл танымындағы құнды ойлар болып қала берері де хақ. Өйткені, ғасырдан ғасырға заман алға озған сайын заманауи саясаттың жетегінде кетпей, ұлттық болмыстың бірден бір белгісі – әліпбиді қаймағы бұзылмаған күйде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді – ұлттық мүдде деп түсінген жөн.
ӘЛІППЕЛЕР
Оқу құралы. Қазақша алифба. Бұл кітап алғаш рет 1912жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Әрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы әліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса, «Әліппе – астары» атты әліппеге жетекші құралын 1924 жылы жазылған. Оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925 жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді(Б. 33-47).
Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дыйканов Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы басылымын 1991 жылы 5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың әр жылдары жарық көрген барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл 1912 жылғы кітаптың қандай да данасы сақталмаған. Бұл оқулықтек Тіл білімі институтының мұрағатында ғана сақталса керек.
Тіл – құрал.Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, әр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап:Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914), екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: Сөйлем жүйесі мен түрлері (1923). Барлығы да Орынборда жарық көрген. Әдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл – құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта әріптер, буындар, әріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке: Түбіршек, жалғамалы, қопармалы болып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа жататынын әрі оның негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, оқулықта қолданылуға тиісті әдіс-тәсілдердің қандай жолмен оқытылуы керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықтың тақырыбы күрделеніп, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту тәсілі сатылана қолданылып кітаптың екінші, үшінші жалғасы жазылады. Жалпы, ағартушының бала оқытудағы әдістемелік мұрасы туралы 1995 жылы тілші ғалым А.Қыдыршаев ғылыми зерттеу еңбегінде әдіскердің еңбектерінің жазылу тарихы, әліппе мен оқулықтарының әдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы жөнінде сараптамалық талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шығып, ағартушының әдістемелік мұрасының бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, тұлға мұрасының өміршеңдігін жазды. Шындығында, осы «Тіл – құрал» кітабының бірінші бөлімі – 7 рет, екіншісі – 8 рет, үшіншісі – 6 рет басылған.
«Оқу құралы. Қазақша алифба». Бұл оқулық алғаш рет 1912 жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты өлеңін оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Әрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретмен беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни, нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзынан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Осы кітаптың сол тұста оқырман қажетін өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1914, 1921, 1922, 1923, 1925 жылдары дүркін-дүркін басылым көруі айғақ. Аталмыш кітап А.Байтұрсынұлының аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институты тарапынан 1992 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. Қырғыз республикасының ғалымы Дыйканов Карбоздың өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы басылымы 1991 жылы 5000 данамен қайта жарық көрді. Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың әр жылдарда жарық көрген барлық түпнұсқасын жинақтап, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл кітаптың ешқандай данасы сақталмаған.
«Әліп-би. Жаңа құрал». Әліппе Қызылорда баспаханасынан 1926 жылы бұрынғы «Оқу құралы. Қазақша алифбаға» жалғасты құрал ретінде қайта жазылған. Кітап 14 жылдан соң қайта өңделіп, 1926 жылы басылып шыққан. 1926 және 1928 жылғы басылымдар арасында аса көп айырмашылық жоқ. Алғашқы басылым 116 бет, кейінгі басылым 114 бет. 1927 жылғы екінші басылымның түпнұсқасы табылған жоқ. 1928 жылғы оқулық ішкі мұқабасында 3-нші рет басылғандығы айтылады. Ұлттық кітапхананың Сирек қорлар бөліміндегі тіркемеде осы оқулықтың 1924, 1926, 1927 жылдары жарық көргендігі туралы картотекалық ақпар бар. 1926 және 1928 жылғы басылымдарды салыстырғанда өзгерістер байқалмады.
1928 жылғы нұсқа 1992 жылғы «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. 1992 жылғы басылымда қажетті суреттер берілмеген, кесте ішінде бос орында қандай сурет болатындығы туралы айтылады да төте жазудың сол жағына кирилше жазылуын беріп отырады. Мәселен, 1926 жылғы нұсқада әр тақырыпқа керекті суреттердің барлығы дерлік түгел берілген. Және осы суреттер арқылы сабақ оқытуда баланың ұғымына тез қонымды болатынын негізге алған әдіскер-ұстаз кейінгі басылымда да суреттердің көрнекті болғанын назарда ұстаған. 1992 жылғы басылымда суреттер құрастырылмаған, түпнұсқадағы 32 беттегі «Кім табады?» деген айдаршамен берілетін топтамалы 9 суреттің тақырыптық орны, «Тіл тағылымы» жинағында 54 бетке ауысып кеткендіктен суреттің төменгі жағында берілген шешу шарты: «Мұның да істеу реті алдыңғыша» деген түсіндірмелік, шындығынды «түсініксіздеу» болып тұр. Кемшіліктер төте жазуды қазіргі әріпке түсіргенде де кездеседі. Мысалы, «сүгірет-сурет, қарып-әріп, қадымше-қадымша, бүтін-бөтен» т.б. сөздер өзгеріске ұшыраған. Осы түпнұсқа 1998 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай, әрі соңғы басылымның жетпіс жылдығына арналып, «Рауан» баспасынан 1000 таралыммен жарық көрді. Бұл жинақтың ерекшелігі – сол тұстағы жазу емлесі қаз-қалпында сақталып, беттің төменгі жағына қазіргі жазуға түсірілген нұсқасы берілген. Төте жазудан көшіріп, редакциясын басқарған Ұлықман Асылов. Бұл кітаптың бүгінгі оқушыға берер зор көмегі сол – ғасыр басындағы ұлт зиялылары қолданған жазуды дөп басып, нақ тануға мүмкіндік береді. Және төте жазуды игергісі келген оқырманға бірден бір көмекші құрал іспетті. Бұл кітаптың 1926 жылғы басылымнан шартты баспа табақ жағынан айырмашылығы жоқ. Екеуі де 114 бетпен аяқталады. Тек кейбір сөздер, 7-бетте: «мұғалімдерден-мұғалымдардан, жанастырыб-жамастырыб, жүзіндегі-жөніндегі»; 9-бетте: «үйретуге де екеуіне бірдей» деген сөз тіркесі «үйрету келесі беттен басталу керек» деп; 11 бетте: «қарыптарын-әріптерін» тағы басқа да өзгерістерді кездеседі.
«Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін». Кітаптың түпнұсқасында алғаш 1926 жылы Семейдің губернелік баспасынан жарық көргендігі жазылады. Оқулық ересек үлкендерге арнап жазылғандықтан, дыбыс әдіс жолымен тәртіптелген. Мұнда әрбір харіптің тұсына атау сөз беріледе де, соңына осы сөздерге арнайы сөз тіркестерін қоса береді. Бір ғажабы, бұл туындыда ғалымның алғашқы «40 мысалы» сынды 40 тақырып қарастырылған. Тақырып «Торайғыр бидің тақпақтарынан» өріліп, «Қуанышты күн» деген Ғ.Сұлтанұлының шағын әңгімесімен аяқталады. Кітапқа Абайдың «Шырылдауық шегерткесі», Шорман жинағынан төрт танымдық әңгіме, Ы.Алтынсарин кітабынан: «Үш мерген», «Жәнібек батыр», «Қыпшақ Сейітқұл», Елдес Омаровтың «Қазақ салты» және «Дағдылы жол мен айлалы жол», Телжан Шонанұлының «Күн» (Толстойдан), «Тамшының тарихы» атты аудармалары, Қыр баласының (Әлихан Бөкейханов) «Дүние қандай?» т.б. ауқымды тақырыптағы түрлі әңгімелер мен алуан өлеңдер топтастырылған. Жалпы саны 40 тақырып, оның ішінде 7 өлең, 2 аударма-тақпақ, 4 мысал-өлең, 25 әңгіме, 2 көркем аударма қамтылған.
А.Байтұрсынұлының көсемсөз шебері болғандығына, оның қаламынан шыққан сан алуан тақырыптағы мақалалалары айғақ. Ал 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда шыққан «Қазақ» газетіне басшылық етуі, онда: «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы әм тілі» деп бар күш жігерін жұрт жұмысыны арнағаны тарихтан белгілі. Және бұл төртінші билік саналып жүрген үлкен ілімге жататын сала. Ғалымның публицистикадағы ұлан-ғайыр еңбегін жинап, сұрыптап, жүйелеп, игеру – бүгінгі ұрпақтың келелі міндеті. Өйткені, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген өзекті тақырыптар әлі күнге маңызы зор. Қазақ жұртының ылқым заманнан арманы – ел басқару жүйесіндегі құжатнамадағы іс қағаздары тілін қазақшалау болатын. Бұл әлі күнге шешімін таппаған даулы тақырып күйінде қалып отыр... А.Байтұрсынұлының ең алғашқы мақалаласы орыс тілінде 1895 жылы «Тургайская газетаның» 39-санында жарияланғаны туралы мәлімет бар. Мақала «Казахские приметы и пословицы» деп аталады. Өкінішке қарай, бұл еңбек табылмады. Тарихи тұлғаның аяулы есімі ақталғаннан кейін 1989 жылы «Шығармалары (өлеңдер, аудармалар, зерттеулер)», 1991 жылы «Ақ жол (өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалар және әдеби зерттеу)», 1992 жылы «Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)» атты таңдаулы жинақтары мен 1995 жылы «Айқап» журналы, 1998 жылы «Қазақ» газеті кітап болып қайта басылды. Бұл жинақтардың барлығы дерлік А.Байтұрсынұлының төл туындыларын төте жазудан қазіргі әріпке түсірумен құнды. Сондай-ақ осы кітаптар кейінгі басылымдарға бағыт-бағдар болғаны да анық. Мәселен, 1996 жылы «Жеті жарғы» баспасынан қаламгердің әр жылдары жазылған қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерген Заң тақырыбындағы мақалалары топтастырылып, «Жаңа низам» деген атпен кітап болып шықты. Құрастырушысы З.Қыстаубайұлы, алғысөзі С.Өзбекұлыныкі. Осы кітапқа енген 21 мақаланың барлығы дерлік 1991 жылғы жинақтың «Көсем сөз» бөліміне кірген 43 мақаладан сұрыпталып алынғаны байқалады. 2001 жылы «Қазақ прозасы: Хрестоматиясының» 2-томына да көсемсөздерінің «32»-сі енген. 2005 жылы «Раритет» баспасынан жарық көрген «Маса» жинағы ұлы тұлғаның ескірмейтін елшілдік ұран сөздерін топтастыра, 21 мақаланы қайта басқан. Кітаптың аңдатпасында: «Жинақ бұған дейін жарық көрген басылдармен салыстырылып, кезінде кеткен мәтіндік қателіктер түзетілді» деген ақпарат берілген. Кітапты 1991 жылғы басылыммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмады, тек орналастыру реті ғана біршама мақала мазмұнына қарай топтастырылған.
МАҚАЛАЛАР
«Тағы да народный сот хақында» атты мақала «Айқап» журналының 1911 жылғы 6-нөмірінде жарық көрген. Ақжол (Б.210-213), «Айқап» энциклопедиясы (Б.65-68), Жаңа низам (Б.12-16), Қазақ прозасы (Б.444-447) атты жинақтарға енген. Мақаладағы кейбір сөздер қазіргі емлеге түсірілген. Мәселен, «иә-я», «иаки- яки», «қалық- халық», «судиа-судья», «шенеунік-чиновник», т.б. Сондай-ақ, осы мақалада орыс тілінен енген «народный», «закон», «чиновник», «казенный» т.б. сөздері қазақша баламаланбаған, кей тұстары мәтін ішінде халық, қазына, заң сөздері аударылған тізбекпен қатарласа беріледі. Аударма ісіне өте шебер Ахмет Байтұрсынұлы сол тұстағы әлеуметтік орта зиялы қауымның ұғымына түсінікті болу үшін ұлық тілден шыққан сөзді сол қалпында беріп отырса керек. Сонымен қатар, жалпы түркі жұртына ортақ «низам, шариғат, муафик» атау сөздері кездеседі. Осы мақалада: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген жолдардан білімді де біліктілер арқылы елі болашағы дамитынынан үміт еткен.
«Қазақ жерін алу турасындағы низам». 1911 жылы «Айқап» журналында Қазақ жерін алу турасындағы низамдар, бұйрықтар деген атпен 9, 10-санында жарияланады. Мұнда 1909 жылы шыққан жер-суды пайдалану туралы Заңмен жұртшылықты таныстырған. Мақала 1913 жылы «Қазақ» газетінде сол қалпында қайта басылады. Қаламгер ғасыр басындағы жер мәселесінің өзекті тақырыпқа айналғанын айтады. А.Байтұрсынұлы жалпы бұқараның заңды дұрыс білмегендіктен құқы аяққа тапталатынын дәлелдеп, қазақтың жерін алуды мақсат еткен патша үкіметінің жарлығына нақтылы түсінік береді. Заңды білу арқылы жеке адам өз құқын қорғар деген үмітпен халықты оятуға әрекет жасайды. Мәтін – Ақ жолда (Б.222-225), «Айқапта» (Б.76-79), Жаңа низамда (Б.19-24), Масада (Б.148-154) қайта басылды. Кейінгі 1996, 2005 жылғы басылымдар 1991 жылы кирилшеленген Ақжол жинағын негізге алса керек. 1995 жылғы мәтін 1991 жылғы нұсқадан ерекшеленеді. Мәселен, 1911 жылғы нұсқадағы: «...бірте-бірте «Айқап» арқылы; ...Және де жер жайындағы низам жолын білмейтұғын қазақтар «Айқап» арқылы жол сұрауды ғадет етсе екен, шамасы келгенше әркім айтып берер еді» деген жолдар 1991 жылғы жинақта жоқ. Бұл жолдар «Қазақ» газетінде қамтылмаған.
А.Байтұрсынұлы басылым арқылы қарапайым жұртқа қажетті заң, ережелермен ұдайы құлақтандырып отыруды газеттің міндеті де санаған. Мұнда: «пункт», «временная комиссия», «волостной управитель», «общества», «старшина», «общий», «оброк», «областной», «инструкция», «десятина», «расход», «палата», «поселка», «июнь», «правила», «положение», «переселенчинск», «план», «чиновник», «протокол», «статья», т.б. толып жатқан баламаланбаған сөздер тізбегі жеткілікті. Осы мақаланың 19-пунктінде: «Комиссианың күкімдері болмаған жағы областной правлениенің общий присутствиесіне арыз етеді» деген сөйлем бар. Бұл жолдарды қаламгердің аударуға білімі мен білігі жетеді, тек дәл сол кезеңдегі орта әлі де аудармаға дағдылана қоймаған, не зиялы қауымға сол орысша нұсқасы түсінікті, әрі жатық болғандықтан болар орыс сөздерін аударусыз қалдырған, бірақ кей тұстары дыбысталу ырғағына орай қазақша қалыпқа түскен сөздер де көптеп кездеседі.
«Қазақ әм 4-ші Дума». «Айқапта» 1912 жылы 12-санында басылған. А.Байтұрсынұлы Думаға қазақ депутаттарын сайлау туралы жазылған мақалаларға қорытынды жасайды. Мемлекеттік Думаға қайткен күнде де қазақтан депутат сайлаудың қажет әрі маңызды екенін дәлелдейді. Заң шығаратын орында қазақ халқының мүддесін жақтайтын және қорғайтын тек қана қазақ азаматы бола алатынын айтады. Қазаққа қатысты заң қабылдана қалған күнде оның кемшіліктерін айтып, басқа депутаттарға түсіндіре алатын қайраткер тек қазақтан сайланған болуы керектігі даусыз еді. Мысалы, 2-нші Мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған Бақытжан Қаратаевтың қазақ жерін қорғап сөйлегені тарихтан мәлім.
Мақала мәтіні Ақ жолға (Б.214-216); «Айқап» энциклопедиясына (Б.118-119) және Жаңа низамға (Б.16-19 ), Қазақ прозасы (Б.449-452) енген. Ақ жолда адамдардың аты-жөндері: «Қоңырқожа Қожықов, Ғеси Енекеев, Қарынбаев, Алдияров, Махмұт Шарипов» деп берілсе, «Айқап» жинағында: «Қоңырқожа Қожиев, Ғайсы Иникеев, Орынбаев, Әндияров, Мұхамед Шәріпов» деп жүр. Бұл төте жазудағы «дәйекшені» дұрыс оқымаудан немесе түпнұсқадағы жазудың көмескіленіп, ескіруінің салдарынан қазіргі әріпке түсіру үстінде кеткен қателіктер. Және «мағлұм-мәлім», «қал-хал», «ийуин-июнь», «әгер-егер», «әмма-әмбе» сөздері де бүгінгі қалыпқа түсірілген. Сондай-ақ, бұл мақалада да «закон», «депутат», «выборщик», «адрес», «проект», «интерес», «пенсия», «телеграмма» сынды орысша сөз тіркестері жиі кездеседі.
«Көшпелі әм отырықшы норма». 1913 жылы «Қазақтың» 20-санында жарияланған. Мұнда ХХ ғасырдың басында қазақ ортасында дау туғызған жер мәселесі туралы баспасөз бетінде көтерілген пікірталастарға талдау жасалады. Қазаққа жерді пайдалануда отырықшы норма емес, керісінше көшпелі норма мақсатқа сай келетінін дәлелдейді. Егер қазақтар отырықшы нормамен жер алатын болса, көп жер артық қалады да, қоныс аударушыларға жер көп кесіліп берілетінін дәлелдейді. Және сөз соңын қазақ оқығандарына арнайды: «Қазақтың бас адамдары! Әуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс қылыңдар; Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» деп үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұл мақала Ақ жол (Б.230-233), Жаңа низамға (Б.31-34), Қазақ прозасы (Б.471-473), Масаға (Б.154-157) енген. Өзге мақаларға қарағанда мұнда орыс сөздері: Государственный Дума, переселен чиновниктері, закон, норма, т.б. кем кездеседі. Қат - хат, құпиа - құпия , әм - һәм сөздері болып бүгінгі емлеге түскен.
Земство. «Қазақта» 1913 жылы 25-санында жарық көрген. Қаламгер мақалада құқ ахуалы мен міндетіне кеңінен талдау жасайды. Жергілікті басқару жүйесін қазақы қоғамыда пайдалану, енгізу тиімді екенін мысалдармен, әлеуметтік іс-тәжірибеде алынған деректермен нақтылы дәлелдейді. Қазақ жерінде бұрын болмаған бұл мұндай жүйенің қандай болатындығынан, оның халыққа тигізер пайдасын санамалай отырып, жалпы жұртқа мағлұмат береді. Жергілікті басқару (Земство) деген ол – әр облыста жұртқа керек жұмысты жұрттың өзіне билету, жұрттың өзіне істету екендігін және басқарушы етіп жұрт ортасынан өздері қалаған кісіні сайлап шығаратынын айтады. Қазақ қоғамында жергілікті басқаруды тиімді етудің жолдарын қарастырады. Мақаланың атынан көрініп тұрғандай мәтін іші өрген орыс сөздері: чрезвычайный собрание, земские положение, сбор, волостной сход, гимназия, степендия, губернский, член т.б. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228 ), Жаңа низам (Б.24-27), Қазақ прозасына (Б.465-467) енген. Төте жазудан бүгінгі әріпке түсірген тілші-мамандар: А.Мектеп пен Ғ.Әнес. Түпнұсқамен салыстырудың мүмкіншілігі болмады. Сол тұстағы қолданған емле ережесіне сүйенсек, қазақ әліпбиінде «в, я, ч, х, һ, ц, щ, ю» әріптері мен «ь, ъ» таңбаларының болмағаны анық. Сондықтан мақалада кездесетін «Россия - Ресей, чрезвычайный - шерезбыйшайный, гимназия - гимназиа, степендия - істепендиа, волостной сход - болостной ысқод, член – шілен» болып дыбысталуына орай қазақша қалыпқа түсуі ықтимал.
«Уақ қарыз». «Қазақ» газетінің 1913 жылы 28-нөмірінде басылған. Қаламгер ел арасында уақ қарыз беру мен алу ісін қалай ұйымдастыру қажеттігіне тоқталады. Уақ қарызды тиімді ұйымдастырған жағдайда халыққа пайдалы болатыны дұрыс көрсетілген. Көтерілген мәселелер қазіргі нарықтық қатынастар кезеңінде өз мәнін жоймайтыы белгілі. Мақала мәтіні Ақ жолда (Б.233-236), Жаңа низамда (Б.34-37), Қазақ прозасы (Б.474-477) берілген. Мақалада государственный банк, общий собрание тіркестері, жекелеген учредитель, правление, учитель, писарь, книга, член, отчет, расход, срок, смета, касса т.б. сөздер кездеседі. Және «қалық - халық, қабар -хабар, иә - я, ықтиарлы - ықтиярлы, қат - хат, әм - һәм, мәслиқат -маслихат, сыйақты – сияқты» болып өзгерген.
«Жер жалдау жайынан». «Қазақ» газетінің 1913 жылы 34-санында жарияланған. Қазақ жеріне қоныс аударған орыстарға жерлерін сатып жатқан қазақтар туралы жазған. Тіпті, Дала уалаятының генерал-губернаторы Колпаковскийдің өзі «қазақтарда артық жер жоқ» деп торғайша шырылдап жүргенде, қазақтар мұжықтарға жерлерін сатып, ел келешегін емес, өздерінің қара бастарының қамын ойлап жатқандығына қатты күйзеліс білдірген. Бұл мақала қазір де өз мәнін жойған емес. Жер сатылса, қазақтың халі неге ұшырайтынын сол кезде-ақ қайраткер білген және: «...қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар» деп, бұқараға ой тастайды. Әркімнің қарақан бастың қамын жемей, жұрт жұмысына жұмылуын, қалайда құнарлы жерлерден айырылып қалмаудың қамын қарастыруға шақырады.
Мәтін Ақ жолда (Б.228-230), Жаңа низамда (Б.28-31), Қазақ прозасында (Б.468-471) басылды. Мұнда да переселен, излишке, аренда, займ, т.б. деген орыс сөздері бар. Ал «Белоярский поселка, Щербина нормасы, переселен чиновниктері, 15 десятина» деген тіркестердегі асты сызылған әріптердің қазақ әліпбиінде жоқ екенін ескерсек, бұлар төтеден бүгінгі емлеге түсіру үстінде түзетілген. Сол уақыттың айтылу мен жазылу ережесі бойынша: «Белоиарский поселке, Шербіина нормасы, переселен шенеуніктері, 15 десетіина».
«Қазақ әм түрлі мәселелер» 1914 жылы жазылған. Мақалада бұратана халықтар орыс тілінде оқытылсын деген мемлекеттік бағдарламаны қатаң сынға алған. Орыс тілінде оқытылсын дегенге қарсы шыққан басқа жұрттарды үнсіз қалған өз жұртына мысал етеді. Селт етпеген көзі ашық жұртына «өзгелер не істер екен» деп бұқпай, дер кезінде қимылда, ертең қапы қаласың дегенді айтады. Сонымен қатар, қазақ арасында дінді дамыту үшін ең алдымен, бағдарлама жасауды өзекті мәселе етіп қойған. Мұсылмандықты биік дәрежеге көтеру үшін алдымен дін қызметкерлерін оқытып, дайындау қажеттігі айтады.
Бұл мақала Ақ жол (264-266 б/б.), Жаңа низамға (52-55 б/б.), Қазақ прозасы (513-516 б/б.), Масаға (193-197 б/б.) енген. Қат - хат, қалық - халық, иә - я, иаки - яки, иағни - яғни, әм - һәм, Россиа - Россия, Петербор -Петербург болып бүгінгі қалыпқа түскен. Үш жинаққа да осы өзгерістер тән.
«Закон жобасының баяндамасы». «Қазақтың» 1914 жылы 80-нөмірінен 1915 жылы 105-нөміріне дейін жарияланған. Көлемді, бірнеше тараушалардан тұрады. Еңбекше мәтіні орыс патшасы өкімінің аясында өрбігендіктен, орыс тіліндегі сөздер жиі кездеседі. Сол тұстағы ортаның қабылдау қабілетіне қарай бұйрық-низамның атқарар үлесі ұғынықты болуы үшін көп сөздер баламаланбаған. Заң терминдерін баламалауда дәлдікті, мазмұн мен мағынаның өзгермеуіне мейлінше сақтықты ұстанса керек. Мәтін Ақ жолда (Б.280-315), Жаңа низамда (Б.59-109) басылды.
«Жәрдем комитеті». 1915 жылы «Қазақтың» 107-санында жарық көрген қысқа ақпараттық жазылым. Мақалада Карс облысындағы табиғат апатына ұшыраған мұсылмандарға жәрдем беру туралы жазылған. Мақала мәтіні Ақ жол (Б.315-316), Жаңа низамға (Б.110-111б) енген. Ай атауы – февраль орысша берілген.
««ов» туралы». 1915 жылы «Қазақтың» 102-нөмірінде жарияланған. Оқырманның сауалына газет басқармасы тарапынан ой-пікір бөлісу. Қазақ азаматтарының аты-жөндеріне сырттан телінген «-ов-тың» қажетсіз екенін, оның орнына «ұлы», «қызы» деп жазудың тиімді екенін сол кездің өзінде дәлелдеген. Және мұны оқырмандардың талқылауына салады. Мәтін Ақ жолда (Б.315-316), Жаңа низамда (Б.110-111) басылды. «Паміилиа – фамилия» деп өзгерген. Бір ескеретін жайт: «ұлы» ол тұста «оғлы не ұғлы» болып айтылған әрі жазылған.
«Қазаққа ашық хат». 1916 жылы «Қазақ» газетінің 174-санында жарияланған. Қазақтың мал санағаннан қорқып, бағып-өсіріп отырған малының санын жасыруды әдетке айналдырғанын сынға алады. А.Байтұрсынұлы кең-байтақ қазақ жерінде мал көп, сондықтан артық жер жоқ, яғни малыңның санын нақ көрсету арқылы «отарлауға жол бермеу» деген ұғымды орнықтыруға ұмтылады. Бұл мақала Ақ жол (316-б), Жаңа низамға (Б.111-112) енген. Мұнда процент, закон, десятина деген орыс сөздері кездеседі. Орыстың «мужик» сөзінің қазақша «мұжыққа» айналғаны сықылды, «процент - простент, закон - зәкөн, десятина – десетина» болып жазылған, бұлар бүгінгі әріпке түсіру үстінде түзетілген болуы керек.
«Тәні саудың – жаны сау». 1922 жылы «Қазақ күнтізбесінде» жарық көрген. Мақала мәні – тән таза болуы тазалықта, жан сұлулығының тамыры тән саулықта екендігін, яғни тән сау болу үшін не істеу керектігін заман талабы кезеңімен өлшеп, екшеп көрсетеді. Қай заманда да адам баласының еңбекпен күнелтіп, жан сақтағанын, «...біздің заманымыз – еңбек заманы, қазіргі хүкімет басында отырған коммунист партиясының жолы «еңбек жоққа – жемек жоқ» дейді. «...Күнелту үшін ас керек, ас істеуге күш керек, күшті жұмсауға ес керек. Күш пен есті қатар жұмсап ас қылу – еңбек ету болып шығады». Осы керектермен ел билігіндегілер халқының азып тозбауы үшін қажеттеліктермен қамтамасыз етуі тиіс. «Аштықтан адамның тәні азып… жан да азып, ар кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетеді» – деп қорытындылайды. Бұл мақала Ақ жол (Б.320-322), Жаңа низам (Б.112-115) енген. «Календарь, зиян, я, зиян, һәм» сөздері түзетілген.
«Партия әм кеңес құрылысындағы рушылық әсері». 1926 жылы мақала «Кеңес үкіметінің орнағанына тоғыз жыл болғаннан кейін қазақ халқының арасында алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары бар» деген сауалға жауап ретінде жазылған. А.Байтұрсынұлы «тексеруге – анализировать» деген баламаны жақша ішінде берген. Бұл сөз бұл күні талдау деген аударылымға ие. Мұнан басқа «эксплуатация, правый уклон, родовой строй, капитал» деген өзге тілден енген сөздерді кездестіреміз. Правый уклон - оң мінезділер, родовой строй - рушылық дәуір болып баламаланған. Бұл мақаланың толық мәтіні Ақ жол (323-325 б/б.) мен Жаңа низамға (117-120 б/б.) енген. Кирилшелеу үстінде «партиа-партия, байандап-баяндап, Енгіліс-Энгельс, екіспылыутатсиа-эксплуатация, сайаси-саяси, сайасат-саясат, байағы-баяғы, қойады-қояды» деп түзетілген.
ЖАЗУ, ЕМЛЕ, ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Жазу тәртібі» мақаласы 1912 жылы «Айқаптың» 4, 5-нөмірлерінде жарық көрген. Мақала оқу-ағарту мәселесіне арналып, қазақ балаларын қай тілде оқыту керек деген мәселені талқылай отырып, А.Байтұрсынұлы араб әріптерінің қазақ сөздеріндегі дыбыстарға жетіспейтіндігі жөнінде айтады. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшіліктеріне тоқталған. Әдіскер-ұстаз «тәртіпті жазу» деп «тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі (харпі) бар болуы керектігін айтады». Және араб әріптерінің қазақ дыбыстарына жеткізу амалын қарастырады да оның жолын былай: «Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Иағни, дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар жіңішке айтылмақшы» дейді де олардың жуан, жіңішкелігін «дәйекше белгі» арқылы ажырату керектігін айтады. Бұл мақаланың толық мәтіні Тіл тағылымына (Б.380-385) енген. Тіл тағылымы жинағына алғаш рет қазіргі әріпке түсіріліп, берілген бұл мақала ішіндегі төте жазудағы әріптер үлкен қиындық туғызғаны анық. Өйткені, біздің сол тұстағы баспадағы жазу машиналарында араб әріптері жоқтың қасы. Жинақ ішіндегі төте жазудағы әріптер мен сөздер, сөз тіркестері, кейбір мәтіндер суретке түсіру арқылы дайындалып, басылған. Мұның өзіндік артықшылықтары мен кемшін тұстары да жетерлік. Артықшылығы: сол тұстағы жазудың саф қалпында сақталуы, кемшін тұстары: түпнұсқаларды күтіп, сақтау мерзімінің соншалықты ұзақтығына байланысты жазулардың өше бастауы. Араб жазуы негізінде түзілген бұл әріптердегі әрбір ноқат не дәйекшенің атқарар мәні бар. Тіл тағылымы жинағын құрастырып, бастырушылардың қаншама жауапты іске тәуекел жасауының өзі үлкен еңбек. Осында кездесетін «һәм, харіф, харіфлер, таяқ, я, хасыл, аяғы, фарсы» деген сөздердегі асты сызылған әріптердің А.Байтұрсынұлы емлесінде жоқ екенін ескерген жөн. Мақаладағы «русша» сөзінің «орысша» екені белгілі, дегенменен сол тұста қазақ арасына үлкен саясатпен кіргізілген орысша оқу «русский» сөзі, дыбысталуына қарай «русша» аталымын иеленген. Ғалым «дәйекшеге» знак предупреждающий деп түсінік-балама береді.
«Шақзаман мырзаға» мақаласы 1912 жылы «Айқап» журналының 9-санында (Б.212-214), 10-санында (Б.229-233), 11-санында (Б.251-254) жарияланған. Жауап хат Ш.Жияшевтің 1912 жылы «Бірге қозғалайық» (Айқаптың 6-нөмірі, Б.138-140., 7-нөмірі, Б.157-160) мақаласына орай А.Байтұрсынұлы өз ойын білдірген. Жияшев қазақ тілінде шыққан кітаптар жайына тоқтала отырып, «Жазу тәртібі» мақаласына сын жазған. Бұл сынның негізсіз, бұрыс екеніне тоқтала отырып, «Оқу құралын сайлау оңай емес, сіз болып, біз болып өнерімізді осыған жұмсап, осы істі айақтандыралық. 28 қәріппен жазу жазып, бір-бірімізді түсініп жүрміз ғой деген сөз қазақтың балаңды оқыт дегенде «оқымай да өлмей күн көріп жүрміз ғой» деп айтатын жауабы сықылды» деп өзінің әліпби түзгендегі, түрлегендегі мақсатын былай: «Тариқтың да негізгі мағынасы жақсыдан жақсыны іздеу емес пе?! Ауырды жеңітіп, қиынды оңайлату емес пе? Жазу түзету бірімізге емес, бәрімізге керек нәрсе ғой» деп қорытады. Бұл мақала толық мәтіні Тіл тағылымы (Б.387-395), «Айқап» энциклопедиясына (Б123-126) енген. Бірінші жинақта Шаһзаман болса, екіншісінде Шахзаман деп берілген. Асты сызылған қос әріптің де қазіргі қазақ әліпбиіне кейін қосылғанын, ал Ақаңның әліп-биінде болмағанын ескертеміз.
«Жазу мәселесі» мақаласы 1913 жылы «Қазақтың» 34, 35-нөмірлерінде жарияланған. Мұнда әліпбиге байланысты пікір таласу, яғни Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліпбиді жақтаушылар мен жақтамаушылар арасындағы даулы әңгіме. Ғ.Муси деген мырзаның қос дауыстыларға берілген ноқатпен келіспеуі оның дұрыс түсінбеуінен «у» мен «ұ»-ны, «ү»-ні; «ы» мен «і»-ні; «о» мен «ө»-ні бір-бірінен ажырату үшін оларға берілген таңбаны «дәйекше», «үтірлермен» сүйеу арқылы дыбысталуындағы ерекшеліктерді айыру оқушыға керек екенін дәлелдейді. Қазақ пен ноғай арасындағы дыбыстың айтылу ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, өз ойының дұрыстығын, түзулігін нақты деректермен түсіндірген. Мақала мәтіні Тіл тағылымына (Б.385-387) енген. Мұнда да жоғарыда айтылғандай қазіргі әріпке түсіруде «аяқ, яки, һәм, харіф» сынды сөздер бүгінгі емлемен түзетілген.
«Қазақша сөз жазушыларға» мақаласы 1913 жылы «Шора» журналы 4-санының 110-113-беттерінде басылды. А.Байтұрсынұлы қалам ұстаған, қазақ оқығандарына өзінің тіл туралы, оның шығу тарихы туралы танымын ортаға салады. «Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтаған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілі арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілдің басқалануына себеп болған – әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан» деп шұбарлана бастаған қазақ тілінің өткенін, бүгінін, келешегін сөз етеді. Осылай тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау керек пе, әлде, емле түріне қарай тілді ыңғайлау керек пе дейді де өз ойын: «Емле – жазу үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлай керек» деп қорытады. Бұл мақаланың мәтіні Тіл тағылымы (Б.395-399), Қазақ прозасына (Б.465-467) енген. «Я, хилаф, хомуми, һәм, Хасан әфенді, харіп, мухаррар» сөздері бүгінгі емлемен түзетілген.
«Байтұрсынұлы Ақыметтің араб әліп-биін жақтаған байандамасы Қызылордада 1927 жылы жарық көрген «Әліппе айтысы» атты кітапта жарияланған. Бұл ғылыми мақаланың толық мәтіні Тіл тағылымы (Б.399-410), Ақ жол (Б.325-325) жинағына енген. Тіл тағылымында тақырып бүгінге емлемен «Байтұрсынұлы Ахметтің араб әліп-биін жақтаған баяндамасы» деп түзетілсе, Ақ жолда «Араб әліппесін жақтаған баяндамасы» болып қысқартылып, ықшамдалған. Бірінші жинақта: «баяндама - байандама, хат -қат, халық - қалық, баспахана – баспақана» болып әрқалай жазылған. Дұрысы екінші нұсқа: «Цифр, Уфа, Венеция, Европа, Америка, италияндар, француз, стенограф, матрица» сынды сөздер түзітілген. Ол уақыттың емлесі бойынша олар: «сипыр, Упа, Уенесіиа, Еуропа, Амеріике, иіталіиандар, піранстуз, істенагырап, матритса». Ал «сияқты, таяу, баяғы, қиял, жию, сыяды» деген сөздер түпнұсқа бойынша «сыйақты, тайау, байағы, қиіал, жиіу, сыйады» болып жазылған. Осындай түзетулер екінші жинақта да кездеседі.
«Түрікшелер құрылтайы» 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының 7-8-нөмірінде басылған. Бұл мақаланың мәтіні Тіл тағылымы (Б.411-416) жинағына енген. Журналдың төте жазумен шығарылғанын ескерсек, кейінгі басылым мәтіндегі кездесетін мына сөздер: «Февраль, француз, программа, профессор, Стамбул сонымен қатар адамдардың аты-жөндері: «Бартольд, Щерба, Самойлович, Менсель, Ольденбург, Павлович» тағы басқа да «баяндамашы, қарпы» сынды атау сөздер қазіргі емлеге түсіріліп, түзетілген.
ОҚУ-АҒАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Оқу жайы» мақаласы 1913 жылы «Қазақ» газетінің 11-нөмірінде басылған. Оқу-ағарту мәселесі, Қостанай облысы мен Торғай облысы халқының саны, оқушылары, мектептері жайында мәліметтер берілген. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228), Тіл тағылымы (Б.428-430), Қазақ прозасына (Б.465-467) енген. Жинақтардағы мәтіндер бір-бірімен салыстырылды. «Дүния - дүниа, Бұхар - Бұқар, халық - қалық, хүкімет - күкімет, шаһар -шақар, һәм - әм, хат - қат, цифр - сипыр» сөздері өзгертілген, түпнұсқадағы жазылу қалпын қатар бердік. Өзге тілден «институт, университет» халықаралық атау сөздер енген, бұл атаулардың сол тұстағы емле бойынша жазылуы «иіністетіут, уініберсіитет».
«Қазақша оқу жайынан» мақаласы 1913 жылы «Қазақтың» 14-нөмірінде жарық көрген. Мұнда еліміздегі оқу-ағарту ісі мен оқу құралдарының өзекті мәселесі айтылған. Бұл мақаланың мәтіні Ақ жол (Б.252-253), Тіл тағылымы (Б.432-434), Қазақ прозасына (Б.497-499) енген. Салыстыру барысында мәтінде айырмашылықтар байқалмады. Тек «пырогырам - програм, иә - я, әм - һәм, қойа - қоя, дүніиа - дүния, содіиа -содия, Ғалиіа - Ғалия, Құсіиниа - Хұсиния, қат – хат» болып түзетілген.
«Орысша оқушылар» мақаласы 1913 жылы «Қазақтың» 26-санында жарық көрген. Орынбордағы «Қазақ мұғалімдер мектебінде» оқитындар туралы деректер берген. Бұл мақала Ақ жол (Б.259-260), Тіл тағылымы (Б.430-432 ), Маса (Б.186-189) Қазақ прозасына (Б.507-509) енген. «Қазақ мұғалімдер мектебіне» деген тіркес сол тұста «Киргизский учительский школа» деп орыс мәтінде берілсе, төте жазуда «қырғыз – қазақ» деп жазылады. «Семинария, городской, киргизский, учительский, школа, стипендия, переводчик» сынды сөздер бүгінгі емлеге сай түзетілген нұсқасы берілген.
«Бастауыш мектеп» мақаласы «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 61-санында жарық көрген. Мақала бастауыш мектепке қойылатын талаптар туралы жазылған. Бастауыш мектепте білім беруді дұрыс жолға қою нәтижесінде білім беру негізі қаланатынын А.Байтұрсынұлы іс жүзінде басынан атқарған жан. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228), Тіл тағылымы (Б.435-438), Жаңа низам (Б.55-59), Маса (Б.197-201), Қазақ прозасына (Б516-519) енген. «Хат, халық, харпі, хакім, хал, хүкімет, я, яғни, Һәм, жағрафия, чуваш» сынды түзетілген сөздер тізбегі көптеп кездеседі. «Россия, июнь, ноябрь, волостной, школа, учитель, писарь, фельдшер, адвокат, судья, инженер, агроном, правила, округ, инспектор, попечитель, министр, миссионер, политика» т.б. да өзге тілден енген сөздер мәтін ішінде жеткілікті. Бұл сөздердің «Ресей, иіун, нойабір, болостной, ышкола, ушитіл, пиісар, пелідшер, адыуокат, судіиа, інжінер, агыраном, пырауила, окірүук, ініспектыр, попешіитель міністір, мисіионер, поліитика» деп қазақша қалыпқа түсуі заңды, өйткені қазақ тілінің дыбысталу табиғатына орайластырылған.
«Мектеп керектері» мақаласы 1914 «Қазақ» газетінің 62-санында жарық көрді. Мұнда бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту мәселесі көтерілген. Оқытушыларды дайындау және оқыту әдістемесі туралы жазған.
Бұл мақаланың мәтіні Ақ жол (269-271 б/б.), Тіл тағылымы (438-440 б/б.) мен Қазақ прозасына (520-522 б/б.) енген. Педогогика, методика, программа, машина, Мәтінді салыстыруда мысалы, Тіл тағылымындағы:«Ана тілімен оқытамыз деген пікір – кіли орыстан басқа, тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір» (440) деген сөйлемдегі асты сызылған сөз Ақжолда «кім» (271) болып қате берілген. Жалпы айырмашылық жоқ, жоғарыдағыдай бірлі-жарым сөздер кездесіп қалады.
«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?». 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 14-санында басылған. Мұнда қазақ ауылдарында оқуды жаңа талаптардың негізінде қалай ұйымдастыру керек екендігін баяндалған. Школ, расход, губисполком, интернат, общежитие, кооператив сынды орыс сөздерін сол қалпында қолданған. Ол тұстағы қолданыста бұл сөздердің кейбірі дыбысталу ерекшеліктеріне қарай мысалы, Школ - ышкол, расход - ырасқод, губисполком - гүбіспалком, интернат -інтірнат, общежитие - обшийжитіе, кооператив - кәператсийе болып жазылған. Жоғарыдағы бүгінгі емлеге түсірілген нұсқалары. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228), Жаңа низам (Б.24-27), Қазақ прозасына (Б.465-467) енген. Үш жинаққа енген бұл мәтіндердің арасында айырмашылық жоқ. Бірін-бірі сол қалпында қайталап отырады.
ҚОСЫМША
Анықтамалық көрсеткіш (Әліпби бойынша)
І. Ғалымның жарық көрген еңбектері:
1. Әдебиет танытқыш әдебиеттануға кіріспе. Қызыл-Орда, 1926.-286 б.; Ташкент, 1926.-286 б. – 2 рет; 2. Әліпби. Жаңа құрал. Қызыл-Орда, 1926.-116 б.; Қ-О/ Ташкент, 1927.-116 б.; Қ-О, 1928.-116 б. – 3 рет; 3. Әліппе – астары. Әліппеге жетекші құрал. Орынбор, 1924.-26 б. – 1 рет; 4. Байаншы. Әдістемелік құрал. Қазан, 1920.-15 б.– 1 рет; 5. Ер Сайын. Мәскеу, 1923.-95 б.– 1 рет; 6. Жиырма үш жоқтау. Мәскеу, 1926.-155 б. – 1 рет; 7. Қырық мысал. Крылов мысалдарының аудармалар жинағы. Санк-Петербор, 1909.-116 б.; Қазан, 1913.-96 б., Орынбор,1922.-96 б. – 3 рет; 8. Маса. Өлеңдер және аудармалар жинағы. Орынбор, 1911.-46 б.; Қазан, 1914.-94 б.; 1922.-95 б., Қолжазба. (Шыққан жылы белгісіз) – 3 рет; 9. Мәдениет тарихы. Қызыл-Орда, 1923.-беті белгісіз. (Табылмады. 1923-ші жылы басылғандығы туралы М.Әуезовтың мәліметі бар, 1929-шы жылы түрмеден жазған мәлімдемесінде өзі айтады). 10. Оқу құралы. Бірінші кітап: Үлкендер үшін. Семей, 1921.-30 б. – 1 рет; 11. Оқу құралы. Бірінші кітап: Балаларға арналған әліппе. Орынбор, 1912.-40 б.; О., 1913.-40 б.; О., 1914.-96 б.; О., 1916.-98 б.; О., 1921.-90 б.; О., 1922.-70 б.; Ташкент, 1922.-95 б.; О., 1923.-126 б.; О., 1925.-72 б.– 9 рет; 12. Оқу құралы. Екінші кітап: Алифбаға жалғасты. Орынбор, 1913.-54 б.; Қазан, 1913.-52 б.; О., 1923.-73 б.; О., 1924.-72 б. – 4 рет; 13. Оқу құралы. Усул сотие жолымен, қазақша әліпбиге байаншы. Қазан, 1913.-15 б.; Ташкент, 1921.-14 б. – 2 рет; 14. Оқу құралы. Хрестоматия (Т.Шонанұлымен бірге, Қызыл-Орда, 1926.-412 б., Қ-О, 1927.-412 б.– 2 рет; 15. Практическая грамматика. 2-ое стреотипное издание. Второе книга. – Кзыл-Орда, 1929. 16. Сауат ашқыш. Ересектерге арналған әліппе. Орынбор, 1924.-114 б.; Семей, 1926.-83 б.– 2 рет; 17. Тіл – жұмсар. 1-бөлім: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1928.-46 б. – 1 рет; 18. Тіл – жұмсар. 2-бөлімі: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1929.-90 б. – 1 рет. 19. Тіл – құрал. 1-нші жылдық: Грамматика (Дыбыс жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-53 б.; Ташкент, 1918.-32 б.; Т., 1922.-90 б; О., 1924.-48 б.; Қызыл-Орда, 1925.-39 б.; Семей, 1927.-38 б.; Қ-О, 1927.-39 б.– 7 рет; 20. Тіл – құрал. 2-нші жылдық: Этимология (Сөздің жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914.-120 б.; Ташкент, 1920.-96.; Қазан, 1920.-104 б.; Т., 1922.-96 б.; О., 1923.-128 б.; О., 1924.-128 б.; Қызыл-Орда, 1925.-122 б.; Қ-О., 1927.-122 б.– 8 рет; 21. Тіл – құрал. 3-нші жылдық: Синтаксис (Сөйлем жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1923.-68 б.; О., 1924. 67 б.; Қызыл-Орда, 1925.-73 б.; Қ-О., 1926.-73 б.; Қ-О., 1927.-73 б.; Қ-О., 1928.-72 б.– 6 рет; 22. Уголовный кодекс РСФСР. (Табылмады. Баспаға 1921-ші жылы дайындалып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағаттық мәлімет бар). 23. Шаруашылық өзгеріс./Қолжазба/. Әңгіме №4., Жылы белгісіз, беті белгісіз. (Мәлімет Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды).
ІІ. Ғалымның мақұлдауымен жарық көрген кітаптар:
1. Аға тұлпар: Қаһарман аға Ғұмар Қарашұлы. Өлеңдер жинағы. (Бастырған: Байтұрсынұлы А). – Орынбор: Дин ва магишат, 1914.-76 б. 2. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі. Орынбор, 1925.-118 б.; – Астана: ІС-Сервис, 2005, (Емле жөнінде сөйлеген сөзі, алфавит жөнінде жасаған байандамасы. Б. 27-31, 44; 47-48, 49; 53-55; Әлібби тақырыпты Ақыметтің байандамасы. Б. 72-82). 3. Орысша-қазақша әскерлік атаулары. Қызылорда, 1926. (Қазақ білім кемесиесінің төрағасы А.Байтұрсынұлы бекіткен). – Алматы: Атамұра, 2005.-136 б. 4. Өтетілеуов Б. Жиған-терген. Өлеңдер. (Бастырған: Байтұрсынұлы А). – Орынбор: Каримов, Хусаинов уә ширкәсінің матбуғасы, 1914.-60 б.
ІІІ.Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары:
1. 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде емле жөнінде сөйлеген сөзі // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 27-31, 44; 47-48, 49; 53-55; 71-72. 2. Аз уақытта көп білу жолының басы (Қол қ.: А.Б.Б.) // «Айқап» №4, Б. 82-83, 1911. 3. Алаш азаматтарына (М.Дулатвпен бірге) // «Қазақ» №233, 11 маусым 1917. 4. Алаш азаматтарына (М.Дулатовпен бірге) // «Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913. 5. Алаш азаматтарына! Мұсылман фракциясына Петроград хаты. (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №192, 11 тамыз 1916. 6. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №244, 5 қазан 1917. 7. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №250, 14 қараша 1917. 8. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №253, 2 желтоқсан 1917. 9. «Алаш» партиясы проғырамасының жобасы // «Қазақ» №251, 21 қараша 1917. 10. Алашқа (Қол қ.: Ахмет, Міржақып, Қыр баласы) // «Қазақ» №78, 16 қыркүйек 1914. 11. Алты миллион қазаққа алты ат // «Қызыл Қазақстан» №14, Б. 12-13, ақпан 1923. 12. Ана тілінің әдісі // «Жаңа мектеп» № 9, Б. 23-31, 1927. 13. «Аңдаспаған мәселе» турасында (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914. 14. Араб әліп-биін жақтаған байандамасы [А.Байтұрсынұлы] // Әліппе айтысы. Б. 16-29., – Қызылорда, 1927. 15. Ауқатты Алаш азаматтарына // «Қазақ» №151, 30 қыркүйек 1915. 16. Ауру жайынан. //«Қазақ» №27, 25 тамыз 1913. 17. Б.Л.Бурцев //«Қазақ», 1915. 18. Бас қосу турасынан // «Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913. 19. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 8, 1913. 20. Бас қосу турасында // «Қазақ» №18, 16 маусым 1913. 21. Бас қосуға рұқсат берілмеді // «Қазақ» №35, 24 қазан 1913. 22. Бастауыш мектеп // «Айқап» №6, 1911. 23. Бастауыш мектеп // «Қазақ» № 61, 9 мамыр 1914. 24. Баулу мектебі // «Жаңа мектеп» №1, Б. 22-27, 1925. 25. Бес мың десетина жер // «Қазақ» №6, 1913. 26. Білім жарысы // «Қазақ» №16, 31 мамыр 1913. 27. Білім жарысы хақында //«Қазақ», 1913. 28. Бостандық қарызы (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №227, 26 сәуір 1917. 29. Бұ заманның соғысы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №73, 8 тамыз 1914. 30. Бұ заманның соғысы // «Қазақ», 1917. 31. Бұ қалай? // «Қазақ» № 91, 13 қаңтар 1915. 32. Выступление к открытию «Дома печати» в Оренбурге 24 сентября 1922 года // Степная правда, 26 сентября 1922. 33. Выступления в прениях: Об орфографии // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 167-168; 286-289, 26 марта 1926. 34. Газетімізге штраф // «Қазақ» №115, 31 наурыз 1915. 35. Губернатордың өзгерулері (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №50, 14 ақпан 1914. 36. Ғұлама // «Қазақ», 20 қаңтар 1914. 37. Дағдарыс (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №161, 16 желтоқсан 1915. 38. Доклад о принципах казахской терминологии // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 203-208, 26 марта 1926. 39. Досмайыл қажыға ашық хат (М.Дулатовпен бірге) // «Қазақ» №52, 28 ақпан 1914. 40. Дыбыстарды жіктеу туралы // «Жаңа мектеп» № 5, Б. 65-70, 1927. 41. Егін егу // «Қазақ» №33, 9 қазан 1913. 42. Екі қажы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №139, 30 маусым, 1915. 43. Ел мектебі // 29 желтоқсан 1927. 44. Емле туралы // «Еңбекші қазақ», 27 наурыз 1929. 45. Енді «қазақ» демей болмайды // «Ақжол», 17 сәуір 1925. 46. Ержан Айманұлы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №129, 23 мамыр 1915. 47. Ёще о голоде в Киргизии (Казахстан) // «Жизнь национальностей», 25 октября 1921. 48. Әліп-би тақырыпты байандамасы: жобасы // Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 55-65; 71-73. 49. Әліппе басылып шықты («Оқу құралының» үшінші рет басылуы) // «Қазақ» №184, Наурыз 1916. 50. Ән, өлең һәм оның құралы // «Қазақ» №67, 23 маусым 1914. 51. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №34, 16 қазан 1913. 52. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №35, (Жалғасы, басы №34-те), 24 қазан 1913. 53. Жазу мәселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №36, (Соңы, басы өткен сандарда), 31 қазан 1913. 54. Жазу тәртібі (Жалғасы, басы №4) // «Айқап» № 5, Б. 104-107. 55. Жазу тәртібі // «Айқап» № 4, Б. 84-86, 1911. 56. Жақын арада басылып шыққан кітаптар әм шығатын кітаптар («Оқу құралы» кітабы туралы хабар) // «Қазақ» №1, 3, 1913. 57. Жалқылау (айырыңқы) әдіс // «Жаңа мектеп» № 11-12, Б. 45-49, 1927. 58. Жалқылаулы-жалпылау әдісі // «Жаңа мектеп» № 1, Б. 31-37, 1928. 59. Жаңа кітаптар («Оқу құралы» кітабының 2-рет басылуы туралы) // «Айқап» №9, Б. 153-154, 1914. 60. Жаңа мектепті» шығару керек болды // «Жаңа мектеп» №1, Б. 3-6, 1925. 61. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) (Сейдалин Жиһаншаның сиез туралы мақаласына жауап) // «Қазақ» №30, 14 қыркүйек 1913. 62. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) // «Қазақ» №31, (Жалғасы, басы өткен санда), 21 қыркүйек 1913. 63. Жауға түскен жан сөзі», «Қарқаралы қаласына», «Жұртыма» // «Сарыарқа самалы», 28 қаңтар 1933. 64. Желкек // «Жаңа мектеп» № 7-8, 1926. 65. Жер жалдау жайынан // «Қазақ» №34, 1913. 66. Жәрдем комитеті (Жалғасы, басы өткен санда) // «Қазақ» №108, 28 ақпан1915. 67. Жәрдем комитеті // «Қазақ» №107, 25 ақпан 1915. 68. Жоқшыға дерек // «Еңбекші Қазақ», 14 желтоқсан 1925. 69. Заключительное слово как докладчика // Первый всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследования и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет). – Баку, Б. 395-396, 26 марта 1926. 70. Закон жобасының байандамасы (Жалғасты материал) // «Қазақ» № 79-80, 1914. 71. Заявление о вступлении в члены РКП (б) // Известия Киргизского края, 15 апреля 1920. 72. Земство // «Қазақ» №25, тамыз 1913. 73. Киргизские приметы и пословицы // «Тургайская газета» №39, 24 сентября 1895. 74. Кітаптар жайынан (Қол қойған: Маса) // «Айқап» №1, Б. 12-13, 1911. 75. Көшпелі һәм отырықшы норма // «Қазақ» №20, 29 маусым 1913. 76. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізіу керек? // «Қызыл Қазақстан» №4, Б. 3-11, 1928. 77. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек // «Қызыл Қазақстан» №14, Б. 12-13, ақпан 1923. 78. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. // 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде алфавит жөнінде жасаған байандамасы. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 55-65. 79. Қазақ әм түрлі мәселелер // «Қазақ» №49, 1914. 80. Қазақ жерін алу тураасындағы низам // «Қазақ» №29, 30. 1913. 81. Қазақ жерін алу турасындағы низам (Жалғасы, басы №9) // «Айқап» №10, Б. 14-16, 1912. 82. Қазақ жерін алу турасындағы низам // «Қазақ» №29-30, 1913. 83. Қазақ жұртына (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №192, 11 тамыз 1916. 84. Қазақ һәм төртінші Дума // «Айқап» №12, Б. 259-262, 1912. 85. Қазақ һәм түрлі мәселелер // «Қазақ» №59, 23 сәуір 1914. 86. Қазақ оқырмандарына арнау сөз // «Қазақ» №49, 2 ақпан 1914. 87. Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар // «Айқап» №9, Б. 9-13, 1911. 88. Қазақ университетінің ашылуы (А.Байтұрсынұлының құттықтау сөзі) // «Еңбекші қазақ» №225, 4 қараша 1928. 89. Қазаққа ашық хат (Әлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №174, 23 наурыз 1916. 90. Қазаққа ашық хат // «Қазақ» №100, 1915. 91. Қазақстан құрылысының жаңа дәуірі // «Еңбекші Қазақ» №225-226, 12-13 қазан 1926. 92. Қазақстан мен Қазағыстан туралы // «Еңбекші қазақ», 19 мамыр 1925. 93. Қазақты ағарту халімізден // «Ақжол», 14 шілде 1922. 94. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №39, 23 қараша 1913. 95. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №40, (Жалғасы, басы өткен санда), 30 қараша 1913. 96. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №43, (Соңы, басы өткен сандарда), 22 желтоқсан 1913. 97. Қазақтың өкпесі //«Айқап» №2, Б. 12-14, 1911. 98. Қазақтың тарихы (Түрік баласы) // «Қазақ» №4, 10 ақпан 1913. 99. Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері (Е.Омаровпен бірге) // «Қазақ тілі», 22 наурыз 1923. 100. Қазақша жазу туралы жаңа ережелер (Е.Омаровпен бірге) // «Еңбекші қазақ», 19 ақпан – 22 наурыз 1923. 101. Қазақша оқу жайынан // «Қазақ» №14, 16 мамыр 1913. 102. Қазақша сөз жазушыларға // «Шора» №4, Б. 110-113, 1913. 103. Қай әдіс жақсы // «Жаңа мектеп» № 4, Б. 3-11, 1928. 104. Қалам қайраткерлері жайынан // «Еңбекші қазақ» №29, 8 шілде 1922. 105. Қара-Өзек ауданында «Жетілік» базар болса екен (Қол қ.: «А.Б.») // «Еңбекші қазақ» №364, 7 қыркүйек 1925. 106. Қойан (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №163, 31 желтоқсан 1915. 107. Құрметті оқушылар! // «Қазақ» №1, 2 ақпан 1913. 108. Қырық мысал (Аударма өлең туралы) // «Қазақ» №18, 19, маусым 1913. 109. Латын әліппесін алу туралы // «Еңбекші қазақ», 30 желтоқсан 1926. 110. Латын әліппесінің керексіздігі // «Еңбекші қазақ»,19 желтоқсан 1926. 111. Лениннің елу жасы // «Ұшқын» №22, сәуір 1920. 112. Мектеп керектері // «Қазақ» №62, 17 мамыр 1914. 113. Мұсылмандар үшін Петерборда болатын кеңес жиылысы (Қол қ.: А.Б.) // «Айқап» №7, Б. 112-114, 1914. 114. Наурыз құтты болсын! // «Қазақ» №53, 9 наурыз 1914. 115. «ов» туралы // «Қазақ» №102, 8 ақпан 1915. 116. Оқу жайы // «Қазақ» №11, 21 сәуір, 1913. 117. Оқыту жайынан // «Қазақ» №29, 7 қыркүйек 1913. 118. Орынбор әм 13 октиабір // «Қазақ» №36, 31 қазан 1913. 119. Орынбор, 2-ші пеуірал // «Қазақ» № 216, 9 ақпан 1917. 120. Орыс «мейірманшылығы» //«Қазақ», 1913. 121. Орысша оқушылар // «Қазақ» № 26, 15 тамыз 1913. 122. Просвещение и голод // «Степная правда», 28 сентября 1922. 123. Революция и киргизы // «Жизнь национальностей» №29, 3 августа 1919. 124. Речь (Зам. наркомпроса КССР на І Всекиргизский съезде работников народного образования 18 мая 1922 года) // «Степная правда», 21 мая 1922. 125. Роман не нәрсе? // «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914. 126. Сәбитке жауап // «Еңбекші қазақ» №21, 26 қаңтар1928. 127. Соғысушы патшалар (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №72, 31 шілде 1914. 128. Тағы да жат сөздерді қолдану туралы // «Еңбекші қазақ» №109, 17 мамыр 1928. 129. Тағы да жер жайынан // «Айқап» №4, Б. 1-4, 1911. 130. Тағы да народный сот хақында // «Айқап» №6, Б. 6-10, 1911. 131. Тағы да народный сот хақында // «Қазақ» №8-9, 1913. 132. Тезисы о терминологии на тюркских языках // Бюллетень организационной комиссии по созыву І-го Всесоюзного тюркологического съезда №2, С. 20-22. – Баку, 1926. 133. Тәні саудың – жаны сау // Қазақ күнтізбесі, Орынбор 1922. 134. «Тіл – құрал» (Оқулық туралы) // «Қазақ» №87, 1914. 135. Торғай һәм Ырғыз халқына (Міржақып, Сейітқазым, Мұхамедиярлармен бірге) // «Қазақ» №207, 1916. 136. Туған тілім (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №167, 31 қаңтар 1916. 137. Түзетілген әріп // «Жаңа мектеп» №1, Б. 32-36, 1927 138. Түрікшелер құрылтайы // «Жаңа мектеп» № 7-8, Б. 43-50, 1926. 139. Уақ қарыз // «Қазақ» №32, қазан 1913. 140. Ұлы жиын // «Ұшқын» №7-8, 11 қазан 1920. 141. Шаруа жайынан // «Қазақ» №24, 31 шілде 1913. 142. Шекіспей бекіспейді // «Қазақ» №167, 31 қаңтар 1916. 143. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен санда) // «Айқап» №10, Б. 229-233. 144. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен сандарда) // «Айқап» №11, Б. 251-254. 145. Шәйзіман мырзаға (Ш.Жияшевтің 1912-ші жылы №6-7-ғы «Бірге қозғалайық» мақаласына жауабы) // «Айқап» № 9, Б. 212-214, 1912. 146. Шорай ислам. Жалпы мұсылман сиезі (Ахмет, Әлихан, Міржақып, Кәдірбаев Сейдәзім, Омаров Елдес, Әлімбеков Имам, Бегіметов Нысанәлі. Ұжымдық мақала) // «Қазақ» №233, 11 маусым 1917.
ІV. 1989-2009 жылдары қайта басылған туындылары:
1. Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). – Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.; 2. Боздағым. (Қазақтың жоқтау жырлары). – Алматы: Жазушы, 1990.-304 б.; 3. Байтұрсынов А. Ақ жол (Өлеңдер, тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу). – Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.; 4. Байтұрсынов А. Оқу құралы. Қазақша алифба. – Бишкек: Периодика, 1991.-97 б.; 5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992.-448 б.; 6. Байтұрсынұлы А. Жоқтау (Құраст.: А.Байтұрсынов атындағы қоғамдық қор). – Алматы: Қазақстан, 1993.-96 б.; 7. Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер?: Маса. Өлеңдер; Қырық мысал. Аудармалар. (Құраст.: А.Байтұрсынов атынд. ҚҚ). – Алматы: Қазақстан, 1993.-112 б.; 8. Байтұрсынұлы А. Жаңа низам. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.-128 б.; 9. Байтұрсынұлы А. Әліб-бій. Жаңа құрал. – Алматы: Рауан, 1998.-120 б.; 10. Байтұрсынұлы А.«Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.-560 б.; 11. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы: Жібек жолы, 2002.-208 б.; 12. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003.-208 б.; 13. Байтұрсынов А. Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003.-224 б.; 14. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-т., (Өлеңдер, әдеби-ғылыми зерттеулер). – Алматы: Алаш, 2003.-408 б.; 15. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2-т., (Оқу құралы, хрестоматия. Т.Шонановпен бірге). – Алматы: Алаш, 2004.-480 б.; 16. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т., (Тіл – құралы: Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбек-тері). – Алматы: Алаш, 2005.-352 б.; 17. Байтұрсынұлы А. Маса: Өлеңдер мен көсемсөздер. «Алтын қор» кітапханасы. – Алматы: Раритет, 2005.-208 б.; 18. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т., (Әліппелер мен мақалалар жинағы). – Алматы: Алаш, 2006.-320 б.; 19. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-т., (Ер Сайын, 23 жоқтау, мақалалар). – Алматы: Алаш, 2006.-288 б.; 20. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – ҚХР, Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2006.-272 б.; 21. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Алматы: Сардар, 2009.-348 б.
V. Ғалым мұрасы бойынша кандидаттық диссертациялар:
1. 1992 жылы – Б.Қ.Момынова «Қазақ» газетіндегі қоғамдық саяси лексика»; 2. 1992 жылы – Ө.Ә.Әбдиманов «Литературно-публицистическая деятельность Ахмета Байтурсынова» («Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-публицистикалық қызметтері»). Орыс тілінде; 3. 1994 жылы – Н.Т.Машқанова «АхметБайтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы»; 4. 1994 жылы – Т.Қ.Шаңбаев «Мысал жанрының стилі мен тілі» (Ахмет Байтұрсынұлы 40 мысал); 5. 1995 жылы – А.С.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы»; 6. 1998 жылы – Қ.Ө.Сақов ««Қазақ» газетіндегі ұлттық саяси мәселелердің жазылуы»; 7. 1999 жылы – К.М.Ілиясова «1917-1979 ж.ж. Қазақ съездері: қаралған мәселелері, шешімдері және олардың орындалуы (1917-1918)» тарихи талдау; 8. 1999 жылы – Р.С.Үсембаева «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»; 9. 2000 жылы – Б.И.Иманбекова «АхметБайтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін педагогикалық колледждердің оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»; 10. 2000 жылы – Қ.Атабаев «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)»; 11. 2001 жылы – К.Т.Ыбырайжанов «Ахмет Байтұрсыновтың білім жайлы педагогикалық мұралары»; 12. 2002 жылы – Ж.Т.Байтелесова «Роль публицистики Ахмета Байтурсынова в формировании общественного сознания» – «Қоғамдық сананы қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлы публицистикасының ролі» орыс тілінде; 13. 2003 жылы – Қ.Н.Ашекеева «Ахмет Байтұрсыновтың философиялық көзқарастары»; 14. 2004 жылы – Г.Ш.Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі»; 15. 2005 жылы – Қ.Ш.Ибраймов «АхметБайтұрсынов еңбектеріндегі терминология және стилистика мәселелері»; 16. 2006 жылы – Р.С.Имаханбетова «Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде)»; 17. 2007 жылы – Г.О.Абитова ««Ер Сайын» жырының поэтикасы»; 18. 2007 жылы – Ұ.О.Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану контексінде»; 19. 2008 жылы – Х.Айтжанов ««Қазақ» газетіндегі әдебиет мәселелері»; 20. 2009 жылы – Г.М.Тұрғараева«Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1872-1937 ж.ж.)»; 21. 2010 жылы – А.Т.Ойсылбай «А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышындағы» сөз өнері мен поэтика мәселе-лері».
VІ. Шығармасы, қайраткерлігі қарастырылған кандидаттық диссертациялар:
1. 1992 жылы – Ш.Мәжітаева «ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ тілінің әлеуметтік және лингвистикалық сипаттамасы (мерзімді баспасөз материалдарының негізінде)»; 2. 1993 жылы – Ж.Смағұлов «Қазақтың әдеби мұрасын игеру мәселелері (20-30-шы жылдар)»; 3. 1993 жылы – Ф.К.Қайырханова «Қазақстанда мәдени ағарту мекемелері жүйесінің қалыптасуы және дамуы (1920-1932 ж.ж.)»; 4. 1995 жылы – К.А.Ахметова «Көркем шығармадағы тарихи шындық (С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» негізінде»); 5. 1995 жылы – С.Ж.Сапанов «Қазақстандағы саяси сананың қалыптасуы мен даму мәселелері»; 6. 1996 жылы – Г.К.Жұмашева ««Жаңа мектеп» журналының тіліндегі терминдер»; 7. 1998 жылы – Л.Р.Нұрғалиева «1917-1937 жылдардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері баспасөзде: тарихнамалық зерттеу»; 8. 1998 жылы– М.А.Басшыбаева «Қазақстан Республикасының білім беру саясатының қалыптасуы»; 9. 1998 жылы– С.Б.Қоянбаева «Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері теориясының қалыптасуы (ХХ ғасырдың бірінші жартысы)»; 10. 1998 жылы– Т.Қ.Әуелғазина «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі»; 11. 1999 жылы – Ә.К.Оңалбекова «Қазақ ағартушыларының ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы орны мен рөлі»; 12. 1999 жылы – Н.Асқаров ««Айқап» журналындағы саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелердің көрінісі»; 13. 2000 жылы – А.С.Мұсағалиева «Халық ағарту комиссариаты қорының құжаттары: республика зиялыларының қызметі мен көзқарасы жөніндегі дерек көзі (1920-1936 ж.ж.)»; 14. 2000 жылы – Ш.К.Тухманова «ХХ ғасыр басында қазақтың ұлттық саяси элитасының қалыптасуы»; 15. 2001 жылы – С.Ш.Мұсатаева «Қазақстан Республикасының жалпыұлттық идеяны қалыптастырудағы мемлекеттің саясаты»; 16. 2002 жылы – А.С.Ысқақ «Кеңестік қоғамдағы республикалық басқару органдарының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1920-1936 ж.ж.)»; 17. 2002 жылы – Б.О.Қойшыбаев «Орталық Азия Кеңес Республикасыларының ұлттық-территориялық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі (1924-1926 ж.ж.)»; 18. 2002 жылы – Б.С.Байменова «Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы»; 19. 2002 жылы – Л.М.Хасанаева «Қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (1920-1936 ж.ж.)»; 20. 2002 жылы – Ш.Т.Омарбеков «ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарасы»; 21. 2003 жылы – А.Т.Қоңырова «Қазақ тіл филологиялық терминдердің дамуы мен қалыптасу тарихы»; 22. 2003 жылы – Қ.Ә.Айсұлтанова «Қазақ тіліндегі терминжасамның ішкі көздері»; 23. 2004 жылы – Ж.Құрмамбаева «Қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік әдебиет стилінің қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)»; 24. 2006 жылы – М.С.Салқынбаев «ХХ ғасырдағы қазақ-араб әдеби байланыстары» (А.Байтұрсынұлы мысалдарындағы араби сарындар); 25. 2009 жылы – М.А.Көпбосынов «И.А.Крылов мысалдарының аударылу тарихы».
VІІ. Қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлігі, шығармашылығы қарастырылған докторлық диссертациялар:
1. Абрарұлы М. Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарасының эволюциясы. – Алматы, 1998.-299 б.; 2. Айтбаев Ө. Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қазақ тілінде қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 1991.-350 б.; 3. Ақаев С. Терминнің тілдік және танымдық сипаты. – Алматы, 2002.-291 б; 4. Ахметов Қ. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті. Тарих ғылымд.докт.дисс. – Алматы, 2004.-313 б.; 5. Әбдіманов Ө. Ұлт-азаттық идеяның ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашылдық сипаты. Автореферат. – Алматы, 2007.-45 б.; 6. Ильясова А. Проблемы развития педагогической теории Казахстана. Автореферат. – Алматы, 1997.-40 с.; 7. Күмісбекова Д. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Кеңестік тоталитарлық мемлекеттік жүйенің қалыптасуы жолдарындағы қызметі (1920-1938 ж.ж.). – Алматы, 2007.-155 б.; 8. Қадыр Ә. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақ мәдениеті (мәдени революциялық концепциясы, идеологиясы жүзеге асырылуы). – Алматы, 2002.-313 б.; 9. Қамзабекұлы Д. Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең). – Алматы, 2002.-365 б.; 10. Қойгелдиев М. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі. – Алматы, 1994.-547 б.; 11. Қуандық Е. Қазақстандағы «Кіші октябрь» бағыты: бастауы, барысы және салдары. (тарихи саяси талдау). Тарих ғылымд.докт.дисс. – Алматы, 2002.-269 б.; 12. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі. Автореферат. – Алматы, 1998. 13. Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. – Алматы, 2000.-247 б.; 14. Момынова Б. Қазақ газеттерінің лексикасы: жүйесі мен құрылымы. Автореферат. – Алматы, 1999.-44 б.; 15. Озғанбаев Ө. Ресейдегі Дума саясаты және ХХ ғасыр басындағы Қазақстан: нақтылы тарихи талдай (1905-1917). – Алматы, 1998.-388 б.; 16. Өзбекұлы С. ХҮІІ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы саяси-құқықтық ой-пікірдің тарихы және қайраткерлері. Автореферат. – Алматы, 1998.-52 б. 17. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының дамуы және қалыптасу жолдары. Автореферат. – Алматы, 2001.-50 б.; 18. Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. – Алматы, 2007.-330 б. 19. Ысқақұлы Д. Қазақ әдеби сынының ғылыми негіздері. – Алматы, 1994.-531 б.; 20. Ісімақова А. ХХ ғасыр басындағы қазақ көркем прозасының поэтикасы (тақырыбы, жанры, стилі) – Поэтика казахской художественной прозы начала ХХ века (тематика, жанр, стиль). Автореферат. – Алматы, 1998.
VІІІ. Ғылыми конференция материалдары:
1. Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 21 қараша 2008 жыл. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.-476, (Имаханбетова Р. А.Байтұрсынұлының мұражайының қалыптасу тарихы. Б. 344-353). 2. Алаш тағылымы және тәуелсіздік. Ғылыми-тәжірибелік конференция. 11 желтоқсан 2007 ж., (Қойгелдиев М. «Алаш тағылымы және тәуелсіздік»; Қирабаев С. «Алаш арыстары және қазақ әдебиеті»; Өзбеков С. «А.Байтұрсынұлы және ұлттық құқықтық мәдениет»; Кәкішев Т. «Алаш қозғалысы туралы деректер мен толғамдар»; Айтымбетов «Алаш қайраткерлері және ұлттық сана»; Баймағамбетова ««Алашорда» партиясы туралы мұрағат деректері және оның зерттелу мәселелелері»). 3. Ахмет Байтұрсынов және қазақ тіл білімі: А.Байтұрсынов-тың 125 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. (Жауапты ред.: Шалабай Б). – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998.-97 б. 4. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері, ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004.-208 б. 5. Ахмет Байтұрсынұлы оқулары (Республикалық І ғылыми-теориялық конференция. 30-31 наурыз). – Астана: ҚР БҒМ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.-354 б. 6. Ахмет Байтұрсынұлы оқулары. Алаш құндылықтары: Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі. Халықаралық ІІ ғылыми-теориялық конференция материалдары. 1 бөлім. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007.-180., (Пленарлық мәжіліс – 8 баяндама; 1 секция: А.Байтұрсынұлы және тіл білімінің мәселелері – 23 мақала). 7. Ахмет Байтұрсынұлы оқулары. Алаш құндылықтары: Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі. Халықаралық ІІ ғылыми-теориялық конференция материалдары. 2 бөлім. – Астана: ҚР БҒМ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007.-238., (Кіріспе сөз – 1: Байсалова А.Қ., Ахаңның жиені; 2 секция: А.Байтұрсынұлы және қазақ әдебиетінің мәселелері – 43 ғылыми мақала). 8. Ахметтану тағылымдары: А.Байтұрсыновтың 125 жылдығына орай Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. (Жауапты ред.: Уәлиұлы Н. 1-бөлім: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы – 10 мақала; 2-бөлім: Фонетика. Фонология – 3 мақала; 3-бөлім: Морфология. Тарихи морфология – 5 мақала; 4-бөлім: Синтаксис. Семантикалық синтаксис – 9 мақала; 5-бөлім: Лексика. Лексикология – 6 мақала; 6-бөлім: Ономастика. Терминология – 11 мақала; 7-бөлім: Тіл мәдениеті. Мәтін лингвистикасы – 11 мақала). – Алматы: Ғылым, 1998.-294 б. 9. Қазақ мәдениетінің жарқын беттері. (А.Байтұрсынұлының 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция матералдары).– Шымкент, Қ.А.Ясауи атынд. ХҚТУ мен М.Әуезов атынд. ПИ 1993.-69 б. 10. Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы (А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары).– Астана: Елорда, 1998., (Кәкішев Т. «Қазақ газеті және сын». Б. 58-65; Қирабаев С. «А.Байтұрсынов – тәуелсіздік жыршысы». Б. 47-58; Қабдолов З. «Ахаң – ана тілін түрлеуші». Б. 38-41).
11. Ұлттық рухтың ұлы тіні.Ғылыми мақалалар жинағы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. (Жауапты ред.: Жанпейісов Е. А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына орай: 1-бөлім – 11 мақала; 2-бөлім – 16 мақала; 3-бөлім – 31 мақала). – Алматы: Ғылым, 1999.-568 б.
12. Ұлттың ұлы ұстазы: халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы А.Байтұрсынов. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2001.-305 б.
ІХ. Ғалым мұрасы қарастырылған конференция материалдары:
1. Абай және ұлттық идея: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ баспа орталығы, 2005., (Әбдиманов Ө. Абай және Ахмет поэзиясындағы ой-үндестік. Б. 119-128). 2. Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы: Алматы мен Астанада өткен ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары. – Алматы: Unіque Servіce, 2007.-480 б., (Имаханбетова Р. А.Байтұрсынұлының ұлт әдебиетіндегі асыл сөздері. Б. 291-299). 3. Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Семей, 2008. 4. Алыптар тобының асылдары: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2005., (Әбдиманов Ө. Сәкен және Алаш зиялылары. Б. 95-101). 5. Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2006., (Әбдиманов Ө. ХХ ғасыр басындағы мысал жанрының аударылу ерекшеліктері. Б. 55-64). 6. Әдеби мұра және қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2005., (Әбдиманов Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері. Б. 134-139). 7. Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 2008 жыл 12-13 қараша. Алматы, 2008. 8. Әуезов VІІІ-ші оқулары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы: ТауСамал, 2009.-268., (Ойсылбай А. Әдебиет теориясы: А.Байтұрсынұлы және М.Әуезов. Б. 65-70; Имаханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлы және Қырық мысал. Б. 76-83). 9. Әуезов ІV-ші оқулары. Жас ғалымдардың ІҮ халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ, 2005.-225 б., (Имаханбетова Р. Ахметтанудағы кейбір ағаттықтар. Б. 172-175). 10. Әуезов ІІ-ші оқулары. Жас ғалымдардың ІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ACADEMІA, 2004., (Ойсылбаева А. М.Әуезов пен А.Байтұрсынұлының тарихи жыр және жоқтау жанры туралы ой-толғамдары. Б. 224-229).
11. Жұбанов тағылымы (YІ-Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе: АқтөбеМПУ, 2005.-530 б., (Имаханбетова Р. А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов арасындағы байланыс. Б. 197-200).
12. Көркем аударма теориясы мен тарихының өзекті мәселелері (Халықалық ғылыми-теориялық конференция материалдары). – Алматы: Қазақ университеті, 2002., (Әбдиманов Ө. А.Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы көркем аударма тәжірибелері. Б. 24-29). 13. Қазақстанның тәуелсіздігіне 1 жыл: дамудың жетістіктері мен қорытындалары. Халықаралық ғылыми конференция матеиалдары. 22-24 ақпан. – Алматы: Қайнар университеті, 2001., (Қалиев С., Мұратханова Р. Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов. Б. 155-159). 14. Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері, 24-26 мамыр. 1-бөлім. ҚР БҒМ әл-Фараби атындағы ҚҰУ. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.-292., (Исмакова А. Казахское литературоведение в констексте всемирного литературоведении. Б. 72-78; Ойсылбай А. Ахмет Байтұрсынұлы негізін салған терминдер жүйесі. Б. 198-206). 15. Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері, 24-26 мамыр. 2-бөлім. ҚР БҒМ әл-Фараби атындағы ҚҰУ. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.-292., (Имаханбетова Р. Музей – рухани, мәдени қазына. Б. 280-284). 16. Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006., (Әбдиманов Ө. ХХ ғасыр әдебиетін зерттеуге жолбасшы еңбек. Б. 16-20). 17. Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2006., (Әбдиманов Ө. Ұлттық рухтың ұлы жыршысы. Б. 55-72). 18. Ұлы суреткер ұлағаты. (М.Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай Орталық ғылыми кітапхана өткізген конференция материалдары). – Алматы: ОҒҚ, 1997., (Ойсылбаева А. Ахмет Байтұрсынов және Мұхтар Әуезов: рухани үндестік. Б. 92-98).
Х. ҒАЛЫМНЫҢ ӨМІРІ МЕН ЕҢБЕКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Айқап» энциклопедия. (Бас редактор: Нұрғалиев Р). – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-367 б., («Қазақ» газетінің қайта оралуы. Б. 21-24; Байтұрсынұлы А. Қазақ өкпесі. Б. 47-49; Тағы да жер жайынан. Б. 59-61; Тағы да народный сот хақында. Б. 65-68; Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар. Б. 76-79; Қазақ һәм төртінші дума. Б. 118-119; Шахзаман мырзаға. Б. 123-126; А.Байтұрсыноа туралы мәлімет. 295-б., Мақалалар көрсеткіші. 308-б., Тағы да жер жайынан. 316-б., Оқу-ағарту және тәрбие мәселелері. 329-б., Жазу тәртібі. 330-б., Шәйзіман мырзаға. 339-б., Кітаптар жайынан. 340-б., Қазақ өкпесі. 347-б., А.А.Б., А.Б. 364-б.). 2. «Алаш» қозғалысы. (Құраст.: Тілешов Е., Қамзабекұлы Д., Нұрахмет И). – Алматы: Сардар, 2008.-324 б., (Нұрғали Р. Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 55-58; А.Байтұрсынұлына қатысты беттер: 3-17, 179, 207, 212-213, 215, 217, 223, 227, 236, 249250, 261-262, 265; Алаш жылнамасы. Б. 271-282; 288-289, 292). 3. «Алаштың» тілдік мұрасы: Мақалалар жинағы. (Құраст.: Шүкірұлы С., Тілешов Е). – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009.-364., (Шаймерден Е. Алаш зиялыларының тілдік мұрасы: арналы бастау, өміршең дәстүр. Б. 3-9; Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 15-9104; Дулатұлы М. Тіл құрал. Қазақ тілінің сарфі. /Шығарушы Байтұрсынов А/. Б. 161-164; Шонанұлы Т. Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет саласында. Б. 250-259). 4. «Қазақ» газеті (Құраст.: Субханбердина Ү., Дәуітов С., Сахов Қ). – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998.-560 б. 5. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап. – Алматы: Ғылым, 1997.-512 б., (20-жылдардағы әдеби сын. Б. 117-145; 30-жылдардағы әдеби сын қазақ әдебиеті. Б.146-264; Ахмет Байтұрсынов. Б. 394-424). 6. Ағытайұлы И. Бабамыз – Бекзат данышпан. – Қостанай, 2000.-88 б., (А.Байтұрсынұлы әулетінің шежіресі және ол туралы деректер берілген). 7. Ағытайұлы И. Ортақ өмір арнасы. – Қостанай: Шапақ, 2005.-266б, (Аңсатқан Ақаң елі. Б. 13-17; Ахаң және оның жақындары хақында. Б. 52-55; Тұғырға Торғайдағы қайта қонған. Б. 164-168; Өшпес есім елінде. Б. 169-171; Тұтас буынның төлбасы. Б. 171-188; Ахаң адамзаттың алыбы. Б. 188-205; А.Байтұрсынұлы. «Қарагөз». «Ахау, достар». 205 б.; Қайта орлаған күй. Б. 206-207; Дархан дарын, асыл азамат. Б. 208-212). 8. Азалы кітап – Книга скорби. Атылғандардың тізімі. 1 басылым. Алматы және Алматы облысы. (қазақ, орыс тілінде). Алматы: 1996.-360 б., (Навечно в памяти народа. Б. 6-19; Байтұрсынұлы А. 53 б.). 9. Айтбайұлы Ө. Ділғұмырлар мен тілтұғырлар. – Түркістан: Тұран, 408 б.+8 б., сурет., (Қазақ терминологиясының атасы. Б. 10-17; Ұлттың ұлы ұстазы. Б. 18-43; Абай үлгісінің жалғасы дерсің Ахаңды. Б. 191-196; Ахметтану тағылымы. Б. 303-313). 10. Ақталған жазушылар мен журналистер еңбектерінің көрсеткіші (1917-1937). ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі. – Алматы, 1993.-46 б. 11. Алаш ақиықтары: Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. (Құраст.: Жұртбай Т). – Алматы: Алаш, 2006.-288 б. (Жұртбай Т. Талант талқысы /алғысөз/. Б. 7-8; Ахмет Байтұрсынов. Жазығым не? Б. 221-224). 12. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917 ж. – мамыр 1920 ж., 2-том. Қазақ, орыс тілдерінде. (Құраст.: Алдажұманов Қ., Зұлқашева А., Қойгелдиев М., Нұрпейіс К., Рүстемов С., Сайлаубай Е., Тілеубаев Ш., Чиликова Е). – Алматы: Арыс, 2005. - 496 б., (Байтұрсынов Ахмет. Б. 19, 21, 23, 28, 30, 39, 230, 248-249, 306, 316, 325-327, 349, 350, 354, 360, 367, 373, 396, 414, 455, 479). 13. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901 ж. – желтоқсан 1917 ж., 1-том. Қазақ, орыс тілдерінде. (Құраст.: Алдажұманов Қ., Зұлқашева А., Қойгелдиев М., Нұрпейіс К., Рүстемов С., Сайлаубай Е., Тілеубаев Ш., Чиликова Е). – Алматы: Арыс, 2004. - 552 б., (Байтұрсынов Ахмет. Б. 65-66, 78, 81-86, 112, 119, 120, 143, 145, 154, 166, 172-173, 185, 201-203, 217, 221, 229-230, 234, 242, 245, 288, 329, 332, 335, 349, 355 362, 366, 369, 373, 376, 383-384, 386-388, 407, 413-414, 418, 429, 441, 446, 459, 472, 474, 478, 481, 487, 495-496, 498, 505). 14. Алаш мирас (Народное наследие): Құжаттар жинағы. Қазақ, орыс тілдерінде. – Алматы: Қазақстан, 1995.-205 б.
15. Алаштың ардағы. (Құраст.: Тілешов Е., Әріпбекова Г). – Астана: Зерде, 2008.-240 б., (Қазақ жазуы. Б. 7-8; Ахмет Байтұрсынұлы. Б 95-97).
16. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. – Алматы: Ана тілі, 1994.-112 б. 17. Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). – Алматы: ИП Волошин, 2009.-400 б., (Байтұрсынұлы атындағы көше. 79-б.). 18. Алматы көшелері. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. – Алматы. БАУР, 2007.-256 б., (Байтұрсынұлы А. 45-б.). 19. Алматы энциклопедия. – Алматы, 1996.-344 б., (А.Байтұрсынұлы. 88-б.). 20. Алматының тарихи және мәдени ескерткіштері. Құжаттар тізбесі. Қазақ, орыс тілдерінде. (Құраст.: Матвеева Л). – Алматы: Өнер, 2003.-208 б., (Тарихи ескерткіш: қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі. 56-б). 21. Ана тілім – ардағым (Құраст.: Айтбаев Ө., Уәлиев Н). – Алматы: Қазақстан, 1990.-168 б., (А.Байтұрсынов. Туған тілім. Б. 81 б; «Атақты Сібір ұлы қарт Потанин». Б. 82 б.). 22. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004., (Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Ахмет Байтұрсынұлы. 70-б.). 23. Асқаров А. Ұлы Тұранның ұлдары. – Алматы: Нұрлы әлем, 1998.-560., (Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 142-144; 350-351). 24. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 б. 25. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. (Естеліктер мен тарихи деректер). – Алматы: Жалын, 1996.-224 б., (Ұлттық ұлы бұлқыныс. Б. 3-23; Ахаңның өмір кезеңдерінен. Б. 23-37, 173). 26. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттану терминдерінің негізін салушы. (Құраст.: Жалмақапов Ш., Ысмағұлов Ж). – Қарағанды, 1997. 27. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ лингвистикасы терминдерінің негізін салушы. (Құраст.: Жалмақапов Ш). – Қарағанды, 1997. 28. Әбдиманов Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.-325 б. 29. Әбдиманов Ө. Қазақ газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993.-168 б. 30. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. (Құраст.: Мақпыров С). – Алматы: Ана тілі, 1991.-184 б., (А.Байтұрсынұлы. «Әдебиет танытқыш» кітабынан үзінді. Б. 130-141). 31. Әлем: Альманах: Өлеңдер, очерктер, әңгімелер. 1 басылым. (Бас редакторы: Сейдімбеков А). –Алматы:Жазушы, 1991-496 б., (Жадыны жаңғырту: А.Байтұрсынұлы. Оқу жайы; Қазаққа ашық хат. Б. 44-50). 32. Әлім Қ. Міржақыптың оралуы – Возвращение из небытия: хикаят-сапарнама. Қазақ, орыс тілдерінде. – Астана: Фолиант, 2002.-216 б., (Ахаң, Жақаң – қос арыс: Халқының көз жасынан жаралғандар. Б. 28-36). 33. Әнесұлы Ж. Мақтанышы елімнің. – Алматы: SANJAR-U, 2010.-198., (Ұлылықтың үлгісі болған Ахмет Байтұрсынов. Б. 6-18). 34. Байдебеков Қ. Өмір соқпағында. – Алматы: Ел-шежіре, 2007.-200 б., (Ахмет Байтұрсынұлы туралы. Б. 76, 123-130). 35. Байқадамова К. Байқадамовтар әулеті: Деректі хикаят. – Алматы: Білім, 2009.-296+40 б., (Тарихи тұлғалар: Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 140-143). 36. Байтұрсын І. Алтын бесік – Золотая колыбель. – Қостанай, 1998.-260 б. 37. Бектемісұлы Н. Ахмет ұшқан алтын ұя. – Астана: Елорда, 2001.-128 б. 38. Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. (Құраст.: Әшімханов Д). – Алматы: Жалын, 1992.-544 б. (Мұстафин Ғ. Сыр ашу. Б. 7-8; Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Б. 177-262. 7 мақала енген: Жұртбаев Т. Шырмалған шындық немесе бір тергеудің тарихы. Б. 128-176; Нұрғалиев Р. Алып бәйтерек. Б. 241-260; Дулатова Г. Ардақтап өтем әкемді. Б. 478-541). 39. Дау шешеді дана сөз (Құраст.: Әбділдаұлы О). – Алматы: 1996., (А.Байтұрсынұлы туралы мәлімет және «Жауға түскен жан сөзі» мен «Қазақ салты» өлеңдері енген. Б. 247-248). 40. Деріпсалдин Қ. Торғай әуендері: Топтамалы ұжымдық әндер жинағы. – Қостанай: Костанайский печатный двор, 2007.-230 б., (Ахмет Байтұрсынов. 7-б., Екі жирен. Б8-9, Аққұм. Б. 10-11). 41. Досжанов Д. Абақты. – Алматы: Қазақстан, 1992.-288 б., (Ахмет Байтұрсыновтың істі болу тарихы. Б. 152-218). 42. Дулатов М. Шығармалары. (Құраст.: Әбсеметов М., Дулатова Г). – Алматы: Жазушы, 1991.-384 б., (Ахмет Байтурсынович Байтурсынов. Б. 295-302). 43. Дулатова Г. Шындық шырағы (Бірінші кітап). – Алматы, 1998.-298 б., (А.Байтұрсынұлына қатысты беттер: 23, 33, 48-53, 65, 69, 71, 84, 91, 104-107, 110-112, 115, 125-127, 276). 44. Дулатова Г. Шындық шырағы (Екінші кітап). – Алматы, 1998.-363 б., (А.Байтұрсынұлына қатысты материалдар: Тағдырластар. Б. 230-260; Сәкен Қалиқызының әңгімесі. Б. 286-299, 309, 361). 45. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Бесінші том: Аудармалар, естеліктер, құжаттар мен деректер. (Құраст.: Дулатова Г., Иманбаева С). – Алматы: Мектеп, 2004.-616 б., (Дулатова Г. Өмір өткелдері. Б. 288-339; Бадыров Қ. Қаз қалпында. Б. 340-341; Байтұрсынұлы Ахметтің Міржақыпқа жазған хаттары. Б. 412-417). 46. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том: Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер. (Құраст.: Дулатова Г., Иманбаева С). – Алматы: Мектеп, 2002.-368 б., (Байтұрсынұлы А. Ақын ініме. Б. 313-314). 47. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары. (Құраст.: Дулатова Г., Иманбаева С). – Алматы: Мектеп, 2003.-392 б., (Жазу тәртібі. Б. 54-56; Алашқа. Б. 205-207; Тіл құрал: Қазақ тілінің сарфі. Б. 219-222; Досмайыл қажыға ашық хат. Б. 163-167; Қазаққа ашық хат. Б. 270-271; Шорай ислам. Б.304-305; «Қазақ» баспаханасы. Б. 321-324). 48. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Төртінші том: Ағартушылық бағыттағы еңбектері мен оқу құралдары. (Құраст.: Дулатова Г., Иманбаева С). – Алматы: Мектеп, 2003.-344 б., (Байтұрсынұлы А.: Аққу, шортан һәм шаян. 26 б.; Шыбжық пен көгершін. 27 б.; Егіннің бастары. Б. 30-31; Қожа Насриддин ақылы. 31 б.; Кісі мен көлеңке. Б. 31-32; Үлес. 35 б.; Екі шыбын. 37 б.; Айна мен маймыл. Б. 38-39; Бұлбұл мен есек. Б. 40-41; Өгіз бен бақа. 43 б.; Қайырымды түлкі. Б. 48-49; Шал мен ажал. Б. 50-51; Жүргіншілер мен иттер. Б. 53-54; Оқуға шақыру. 55 б.; Маймыл Б. 56-57; Қаптесер мен көртышқан. Б. 57-58; Қасқыр мен қозы. Б. 71-73; Қасқыр мен мысық. Б. 80-83; Шал мен жұмыскер. Б. 90-91; Қарашекпен мен қой. Б. 91-92; Сары шыбжық. Б. 95-96). 49. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Үшінші том: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары, қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші. (Құраст.: Дулатова Г., Иманбаева С). – Алматы: Мектеп, 2003.-400 б., (Ахмет Байтурсынович Байтурсынов. Б. 59-66; Жаңа жазу ережелері. Б. 97-106; Баспасөзіміз не күйде. Б. 106-113; Өтірік емес, рас. Б. 159-161; Оқу кітаптары. Б. 258-259, 264, 293, 304, 316-318, 349). 50. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. С новый строки (қазақ, орыс тілдерінде). – Алматы: 1989.-288 б., (Халқының көңілін көгерткен: А.Байтұрсынұлының өмірі мен творчествосы. Б. 94-109). 51. Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік. Толғау-эссе, әдеби сын-зерттеулер. – Алматы: Білім, 1999.-328 б., («Әдебиет танытқыш – әдебиеттану терминдері туралы тұңғыш сөздік». 276-б.; «...Қазақ терминологиясында аса көрнекті ғұламаның бірі А.Б.-ұлы қалдырған дәстүр бар. Ол тіліміздің шексіз бай қорынан қазақы ұғымдар енгізу дәстүрі». 279-б.). 52. Жармұхамбетова К.Б., Шағырова Ж.Х. А.Байтұрсынұлы және қазақ тілі. (Студенттер мен мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құрал). – Қостанай: ҚМУ, 2004.-59 б. 53. Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997.-368 б. 54. Жұртбай Т. «Ұраным Алаш». – Алматы: Ел-шежіре, 2008.-472 б., («Байтұрсынов баяғы Байтұрсынов». Б. 415-466). 55. Жүсіпұлы М. (Джусупов М.) Ахмет Байтұрсынұлы және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. Алматы: Ғылым, 1998.-216 б. 56. Зауал. Мақалалар, естеліктер. (Құраст.: Қойшыбаев Б). – Алматы: Жазушы, 1991.-272 б., (Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов – ағартушы ғалым, қоғам қайраткері. Б. 141-161; Қойшыбаев Б. Көзқарас эволюциясы. Б. 161-167). 57. Имаханбетова Р.С. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде): Филол. ғыл. канд. дис.: 10.01.02 – Қазақ әдебиеті. – Алматы, 2006.-130 б. 58. Исанова А. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.-221 б., (А.Байтұрсынұлы. Б. 80-81). 59. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат. – Алматы: Қазақстан-Шапағат, 1992.-112 б. 60. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – Алматы: Атамұра, 1995.-168 б., (А.Байтұрсынұлы. 9-б.) 61. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1994.-448 б., («Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы. Б. 70-144; Жазба әдебиет және сын. Б. 144-199; Заман және көркемдік мұрат. Б. 200-212; Көркемдік тәжірибе – қисын негізі. Б. 259-275; Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы. Б. 275-300; Эстетикалық-социологиялық сын. Б. 300-326; Тұсаулы ой толқындары. Б. 326-360; Абайтану асулары. Б. 394-446). 62. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992.-264 б. 63. Кәкішұлы Т. Жанр жайлауы. 1-кітап: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.-462., (Сын мен әдебиеттану. Б. 121-150; Әдебиет тарихындағы «ақтаңдақтар». Б. 273-318; ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар хақында. Б. 374-388; Сын мен әдеби зерттеу. Б. 389-453). 64. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы: Өлке, 2005.-160 б., (Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақстандық патриотизмге қатысты алғышартар мен объективті негіздер. Б. 76-92; Ұлт ұпайын түгендеуден асқан міндет жоқ. Б. 129-135). 65. Кенжалин Ж. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: Байыптамалар, деректі әңгімелер, очерктер. – Алматы; Қазақстан, 1998.-239 б., (Алашта білім асырған: рухани көш керуеніміздің кемеңгерлері Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың Торғай топырағында өткен асынан соңғы ой. Б. 101-107). 66. Көкейкесті әдебиеттану. Азаттық идеясының қазақ әдебиетіндегі көрінісі: әдіснама, таным, көркемдік. 7-кітап. – Астана, 2006., (Әбдиманов Ө. Азатшыл сарынның ұлы дәстүрі. Б. 67-80). 67. Қабдолов З. Көзқарас (Талдаулар мен толғаныстар). – Алматы: Рауан, 1996.-256 б., (Ахаңның әдеби қисындары. Б. 70-80). 68. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. Ғылыми мақалалар жинағы. (Құраст.: Қожакеев Т). – Алматы: Қазақ университеті, 1993.-144 б., (Қабдолов З. Ахаң һәм әдебиеттің әліп-биі. Б. 3-8; Болатова Г. Ахмет Байтұрсынұлының тұрмыс-салт жырлары туралы. Б. 134-138; Әбдіманов Ө. Азаттықты аңсаған азаматтық поэзия. Б. 76-88). 69. Қазақ әдебиеттануының тарихы. Екі томдық. 1-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008.-646., (Кәсіби қазақ әдебиеттануының қалыптасуы (1900-1932). Б.64-166; Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 181-195; Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956). Б. 206-257). 70. Қазақ әдебиеті энциклопедиясы. – Алматы: Білік баспа үйі, 1999.-750 б., (А.Байтұрсынұлы. Б. 149-150). 71. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап: Оқу құралы. (Жалпы редакц. басқ.: Кәкішұлы Т). – Алматы: Қазақ университеті, 2002.-455., (Алаштың азатшыл әдебиеті. Б. 6-126; А.Байтұрсынов. Б. 64-82). 72. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1917-1940). 7-том. (Жауапты шығ.: Ақыш Н., Орда Г). – Алматы: ҚазАқпарат, 2004.-462., (20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Б. 12-20; Әдеби сын. Б. 153-185). 73. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі (Бірінші қырғыз ғылыми сиезінің еңбектері). Баспаға дайындаған: Құрманбайұлы Ш. – Астана, 2005. 74. Қазақ прозасы: Хрестоматия. 2 том. – Алматы: Ғылым, 2001., (А.Байтұрсынұлы: Ауру жайынан. Б. 480-483; Бас қосу турасында. Б. 483-486; Бас қосуға рұқсат берілмеді. Б. 490-491; Бас қосу. Б. 492; Білім жарысы . Б. 502-506; Аңдаспаған мәселе. Б. 512-513; Бастауыш мектеп. Б. 516-519; Губернаторлардың өзгертілуі. Б. 527-528; Әліппе – таңбалар жұмағы. Б. 532-545; ). 75. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1993.-224., (Жазу тәртібі. Б. 66-73; Шаһзаман мырзаға. Б. 84-95; «Қазақша сөз жазушылар диққатына». Б. 98-105; Жазу мәселесі. Б. 124-131). 76. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. – Алматы, 1992., (Қалиев С. А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары. Б. 193-210). 77. Қазақстан музейлері. Құраст.: Мерекеева С. – Алматы: Алматыкітап ЖШС, 2009.-280 б. (Имаханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі. Б. 174-184). 78. Қазақстан Республикасы 10 жыл шежіресі. (Құраст.: Нысанбаев Ә., Жұмаханов Т., Шаңбаев Т., Жақыпов Е., Жақыпова А). – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 2001.-504., (А.Байтұрсынұлының туғанына 120 жыл толуына суретімен мәлімет. 155-б., Бюст пен мұражайдың ашылуы. 374-б., А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына арналған салттанатты жиналыс. 382-б., Ұлы тұлғаға тағзым. 383-б). 79. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 1999.-720 б., (А.Байтұрсынұлы; Ахметтің Ленинге жолдаған хаттары; Байтұрсыновтың мұражай-үйі. Б. 72-76). 80. Қазақтар. Көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. 2-т. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. (Тарихи тұлғалар: Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 146-148). 81. Қазмағамбет З., Қыдырбаева А. Әржанрдағы бес арыс шығармаларын оқыту. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.-88 б., (Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, ғалым, ұстаз. Б. 5-15). 82. Қайта оралған қаламгерлер (Құраст.: Күзембаева В). – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2003. 83. Қайта оралған қаламгерлер. ҚР ҰК Библиографиялық көрсеткіш. Құраст.: Қойшыманова С., Жорабаева Г. – Алматы: Ротарпинт, 1994., (А.Байтұрсынұлы туралы. Б. 26-54). 84. Қалиев С., Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995., (ІҮ-тарау. Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің туып, қалыптасу кезеңі. Б. 241-251). 85. Қалиев С., Иманбекова Б. Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайдалану. – Алматы: Өлке, 2002.-224 б. 86. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002.-474 б. 87. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Астана: Ел-шежіре, 2008. - 360 б. 88. Қамзабекұлы Д. Руханият: мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Білім, 1997.-272 б., (Руханиятымыздың «Алқасы». Б. 5-20; 53-54; Дәуірдің кесек тұлғасы. Б. 88-100; Ахмет Байтұрсынұлының Ташкентке сапары. Б. 99-107; Арыстарымыздың мәңгілігін ойлайық. Б. 171-200). 89. Қан жүректі қайғылым. (Құраст.: Есенқарақызы Х). – Шымкент: Ордабасы, 2006.-208 б., (Байсалова А. «Қазақ халқының рухани көсемі». Б. 15-20). 90. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Оқу құралы. – Алматы: Білім, 1995.-288 б., (Қазақтың тұңғыш революцияшыл-демократтары. Б. 54-68; Ахметтің ақындығы. Б. 107-117). 91. Қожакеев Т. Қым-қуыт іздер. – Алматы: Санат, 1999.-400 б., (Тың дерек. Б. 328-330; Тарихи деректер бұрмаланбасын. Б. 355-358). 92. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992.-272 б. 93. Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт. – Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы, 2001.-369 б. 94. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.-368 б. 95. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Екі томдық монография. Бірінші том. Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы. – Алматы: Мектеп, 2008. - 480 б. 96. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. – Алматы: Қазақстан, 1990.-168 б., (А.Байтұрсынұлы. Б. 5-12; Әділет салтанат құруда. Б. 158-166). 97. Қосабаев Ж. Торғай – дуан. – Алматы: Айқап, 1995.-196 б., (Қазақ үшін шам қылған жүрек майын. Б. 79-85; Алыптар өскен орта. Б. 85-95; Ұлтты оятқан ұлы оқиға. Б. 86-102; Қилы тағдырлардың тоғысуы. Б. 103-119). 98. Құлманов Қ. Телжан Шонанұлы. Монография. – Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008., (Шонанұлы Т. Ахмет Байтұрсынов халық ағарту және әдебиет саласында. Б. 129-139). 99. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.-224 б., (А.Байтұрсынұлына қатысты деректер. Б. 4, 17, 19-22, 29, 54-61, 77-96). 100. Құрманбайұлы Ш. Алаш және терминтану (ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910-1930 жылдар). Монография. – Алматы: Ел-шежіре, 2008.-240 б., (Алаш зиялылары және ұлттық терминқор қалыптастыру міндеті. Б. 7-25; Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі. Б. 29-46;Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы терминологиялық жұмыстардың жүргізілуі. Б. 47-53). 101. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.-208 б. 102. Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы: арнайы курсқа арналған оқу-әдістемелік құрал. – Орал, 1998.-132 б. 103. Қызыл қырғын 37-де опат болғандар. (Құраст.: Касенов Қ., Төреханов Қ). – Алматы: Қазақстан, 1994.-80 б., (Байтұрсынұлы Ахмет. Б. 12-22). 104. Мамажанов М. Асыл мұра. Кітап – даналық қазынасы. – Алматы: Қазақстан, 1993., (А.Байтұрсынұлы – ұлтымыздың бас баспагері. Б. 71-77). 105. Мауленов С. Сыр мен жыр: Туған әдебиет туралы ойлар. – Алматы, 1991., (Өзен ағысы – өмір ағысы Б. 118-127). 106. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Астана, 1999.-459 б., (Бүркітов О. Ұлттық баспа сөзінің мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі). 107. Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі тілдік ерекшеліктер. – Алматы: Алаш, 1994.-145 б. 108. Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саями лексика: әлеуметтік бағалауыштық, сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.-140 б. 109. Мұсабаев Х. Наркескен. – Қостанай, 2005., (Ахмет Байтұрсыновтың монологы. 1 поэма). 110. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995.-208-б., (Ахмет Байтұрсынов. Б. 130-141). 111. Нәубет: Публицистикалық ой-толғаулар (Құраст.: Қыстаубаев З). – Алматы: Жалын, 1990.-448 б., (Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер. Б. 122-145). 112. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. – Астана, Күлтегін, 2002.-528 б. 113. Нұрғалиев Р. Арқау: Екі томдық шығармалар. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1991.-576., (А.Байтұрсынұлы. Б. 5, 160, 543-546). 114. Нұрғалиұлы Р. Әуезов және Алаш. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997.-432 б., (Әдебиеттегі ұлттық рух. Б. 277-288). 115. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995.-256 б. 116. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан (1905-1917 ж/ж.) – Алматы: 1997.-460 б., (Байтұрсынұлы А. Б. 15, 84, 88-93, 98-101, 137, 188, 204, 253-254, 257-258, 262-263, 266, 274-275, 292, 302, 306). 117. Омарова Б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.-202 б., (А.Байтұрсынұлы – ана тіліміздің атасы. Б. 45-48; А.Байтұрсынұлы – әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Б. 48-51). 118. Он ғасыр жырлайды. – Алматы, 2006.-408 б., (Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 335-345). 119. Оразаев Ф. Қазақ әдебиетін зерттеушілер. (Өмірбаяндық библиографиялық анықтама). – Алматы: Рауан, 1991.-256 б., (Байтұрсынов А. Б. 59-61). 120. Оспанұлы С. Ахмет өскен ақындық орта: көмекші оқу құралы. – Қостанай: Шапақ, 2004.-204 б. 121. Өзбеков С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. –Алматы: Жеті жарғы, 1998.-192 б., (Қазақстандағы қоғамдық-саяси, құқытық ой-пікірдің көрнекті өкілдері және олардың қазақ қоғамының саяси дамуына көзқарастары. А.Байтұрсынов. Б. 25-32). 122. Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интелегенциясы. – Алматы: Атамұра, 1997.-160 б., (А.Байтұрсынұлына қатысты беттер: 100, 125, 137). 123. Сақ Қ. Ұлт санасының ұйытқысы. – Алматы: ҚазҰМУ, 2000.-175 б. 124. Салқынбай А., Көккөзова М. Қазақтың тілші-әдіскер тұлғалары. – Алматы: Нұр-пресс, 2006.-137 б. 125. Сатыбалдыұлы Ф. Шерлі жылдар, шерулі жылдар: Өлеңдер мен поэмалар. – Қостанай: Баспа үйі, 2004.-470 б., (Тас түрмеде. Б. 62-63; Ахмет қайтыс болды дегенде. Б. 121-122). 126. Сәрсекеев Қ. Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі – Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін. – Алматы: Гауһар, 2003.-80 б. 127. Сәрсенбайұлы Ә. Ғасыр мен ғасыр беттессе. – Алматы: Жазушы, 1995.-272., (Рухани көсем – пайғамбар. /Ахмет аға туралы толғаныстар/. Б. 31-34). 128. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.-432 б. 129. Смайылов К. Жеті қыр, бір сыр. Естеліктер, публицистика. – Алматы: Атамұра, 2000., (Арыстарды ақтағанда. Б. 107-113). 130. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы (Қытай тілінен аударған: Т.Зәкенұлы). – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2001.-552 б., (Араб жазуы негізіндегі қазақ жазуы. Б. 465-467). 131. Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары: Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхан, 1999.-834., («Қазақ» Б. 50-56; Ахмет Байтұрсынов. Б. 63; 70; 98-99; 128; 131-132; 203; 600-602; 644-645; 672-673; 716-717; 757; 761). 132. Субханбердина Ү. Қазақ, Алаш, Сарыарқа. – Алматы: Ғылым, 1994.- 216 б. 133. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Білім, 1990.-52 б . 134. Тауқымет пен тағзым 1937-2007. (Құраст.: Төлепберген Б). – Алматы: РИИЦ АЗИЯ, 2007.-296 б., (Алаштың арыстары, 37-де опат болғандар. Өмірбаяндық анықтамалық. Байтұрсынов Ахмет (1873-1973). 13 б.; А.Мектептегі. Ахаң бастаған сара жол. Б. 243-246). 135. Тәжібаев Ә. Есімдегілер: Естеліктер, эсселер. – Алматы: Жазушы, 1993.-400 б., (Ахмет Байтұрсынов. Б. 331-333). 136. Терминология мәселелері. 1910-1930 жылдар 1-том. (Құраст.: Құрманбайұлы Ш., Жұбаева О). – Астана: ІС-Сервис ЖШС, 2005.-288 б., (Тіл туралы. Б. 89-92). 137. Терминология мәселелері. 1930-1990 жылдар. 2-том. (Құраст.: Құрманбайұлы Ш., Әбдірәсілов Е., Әміров Ә). – Астана: ІС-Сервис ЖШС, 2006.-288. 138. Торайғыров С.Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993.-280 б., (Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына». Б. 88-89; Таныстыру. Б. 146-164). 139. Торғай жазушылары: анықтамалық. (Құраст.: Кенжеахметов С). – Арқалық, 1991.- 3 б.т., (Әдебиеттің алыптары: Байтұрсынов Ахмет. 2-б.). 140. Тұрғынбеков С. Жерорта: Жыр кітабы. – Алматы, Жазушы, 1998.-208 б., (Ахмет. Арнау-өлең. 18 шумақ, 93 жол. Б. 99-104.). 141. Уразғалиева С.Б. Ахметтану. – Қостанай: ҚМУ, 2007.-28 б. 142. Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал. (Құраст.: Байжұманова А., www.sprіng.kz). – Алматы: ҚМРБК, 2003.- 46 б. 143. Ұлттың ұлы ұстазы: халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы А.Байтұрсынов. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2001.-305 б. 144. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000.-344 б.,(Ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар. Б. 59-61; Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар. Б. 64-65; Қазақ жазуының жетілуі, Б. 66-68; Қазақ жазуын жетілдірудегі А.Байтұрсыновтың қызметі. Б. 69-71; Поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы. Б. 73-90). 145. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1994.-248. (Сәтбаева Ш. Ахмет Байтұрсынов. Б. 133-150). 146. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. (Құраст.: Әбдіманұлы Ө). – Алматы: Қазақ университеті, 2002.-430 б. 147. Шуақаев М., Шаяхмет А. Елім деп өткен Елдос. – Алматы: Ана тілі, 1998.-112 б., (Ученая деятельность А.Б.Байтурсынова. Б. 24-32). 148. Шүкірұлы С. Қолтаңба. – Алматы: Сардар, 2009.-200., (Бір толғаудың хикаяты: Өткенге салауат, бүгінге бірлік. Б 172-184; Мұсабаев Х. Ахмет Байтұрсынұлының назасы. Толғау. Б. 177-180). 149. Шүкірұлы С. Мемлекеттік тіл мұраттары. Көмекші құрал. – Алматы: Ғылым, 2002.-352., (Мұратты істің мүддесі. Б. 126-128; Көз жетіп, көңіл сенгендей. Б 128-132; «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» Ахаң рухы бізбен бірге. 176-б.; Таңбадан жеріп, дыбыстан шошымайық. «Қазақ тілінің айтылым сөздігі» кітабынан туындаған ойлар. Б. 269-280). 150. Шүкірұлы С. Рухани өріс кернеуі. – Алматы: Мария, 2001., (Қаншеңгел немесе Ахмет Байтұрсыновтың назасы Файзоллаға хат). 151. Шүкірұлы С. Тілтану белестері. – Алматы: Сардар, 2009.-248., (Ел деп өткен адал ер. Б. 3-5; Ахаң арманын алға апарайық. Б. 6-7; Тіл базарында балық үлесіп жатқандаймыз. Б. 68-74; Алаш аманаты. Б. 91-96; Барын халқына берген жан. Б. 97-101; Мен ұлтыма жауаптымын деп жүрсе... Б.101-107; Семинар өтті, не білдік? Б. 120-124; Таңбадан жеріп, дыбыстан шошымайық. Б. 125-138; Ахаң әліпбиі һәм тіл дыбыстары. Б. 167-174). 152. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004.-304 б., (А.Байтұрсынұлына қатысты 16-б.). 153. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009.-560 б., (Ахмет Байтұрсынұлы. Б. 153-208). 154. Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы: Таңбалы, 2009.-376 б., (Ахмет Байтурсынов и Михаил Бахтин общность теоретических мыслей. Б. 131-146; Ахмет Байтұрсынұлы және көркем сөздің теориялық мәні. Б. 177-185; А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» мен Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы». Б. 186-196; З.Қабдолов және Алаш әдебиеттануы (А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхаммедұлы).
МАЗМҰНЫ
Құрастырушыдан........................................................................3
Қазақ әліпбиінің атасы һәм кемеңгер көсемсөзші.....................4
ӘЛІППЕЛЕР
Оқу – құралы. Қазақша алифба 1-кітап. Орынбор 1912 .........18
Әліб-бій. Жаңа құрал. Қызылорда 1928....................................37
Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін 1-кітап. Семей 1926................93
МАҚАЛАЛАР
Тағы да народный сот хақында................................................158 Қазақ һәм 4-ші Дума.................................................................162
Қазақ жерін алу турасындағы низам ......................................165 Земство...................................................................................... 171 Жер жалдау жайынан............................................................... 174 Көшпелі һәм отырықшы норма.............................................. 178 Уақ қарыз...................................................................................181 Қазақ һәм түрлі мәселелер........................................................185 Закон жобасының баяндамасы.................................................188 Жәрдем комитеті.......................................................................243 «-ов» туралы................................................................................. – Қазаққа ашық хат.......................................................................245 Тәні саудың – жаны сау.............................................................246
Партия әм кеңес құрылысындағы рушылық әсері.................250
ЖАЗУ, ЕМЛЕ, ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жазу тәртібі................................................................................254 Жазу мәселесі............................................................................260 Шаһзаман мырзаға....................................................................262 Қазақша сөз жазушыларға........................................................270
А.Байтұрсынұлының араб әліп-биін жақтаған баяндамасы .................277 Түрікшелер құрылтайы.............................................................292
ОҚУ-АҒАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқу жайы……………………………………………………....302
Орысша оқушылар…………………………………………....305
Қазақша оқу жайынан………………………………………...308
Бастауыш мектеп ……………………………………………...311
Мектеп керектері……………………………………………...315
Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек.........319
Ғылыми түсініктер ...................................................................321 Қосымша ...................................................................................346
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру