Тарихи ескерткіштер
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Әлкей Марғұлан — «Тарихи ескерткіштер». АЛҒЫ СӨЗ
/uploads/ec62e946-65d0-5184-8809-81bffbe3e0e3/cover.png
АЛҒЫ СӨЗ
(монографиялық еңбек)
Орталық Қазақстан - сонау көне заманнан Сарыарқа деп поэтикалық атау алған, Шу және Сырдария өзендерінің сол жағында орын тепкен өте үлкен дала кеңістігі. Ертіс алқабының шығысына, Батыс - Сібірдің солтүстік ойпатына қарай, Торғай өңірі мен Каспий жазықтығының батысында Арал - Балқаш ойпатының шығысында Сарыарқа көлемді үстірті орналасқан. Орталық Қазақстан өзінің географиялық жағдайымен жер бедері қатпарлы, көптеген өзендері мен кең гу айдындарымен ерекшеленеді. Шексіз далада көптеген таулы тізбектер өріліп қыратты дала пейзажын суреттейді.
Қазақ жерінің таулы қыраттары ежелгі жазушыларға Аспаз немесе Скиф таулары деген атпен танымал болған, ол жерден шығысқа қарай аққан өзендер Яксартқа құятын. «Иллияда» авторының баяндауы бойынша, бұл жер жылқы өсірушілердің мекені болған.
Осы уақытқа дейін Орталық Қазақстанның ежелгі тарихы зерттелмей келген. Қазақстанның аз мекенді солтүстік даласында мәдениет ошағы болмаған деген түсінік қалыптасқан болатын.
Тіпті Орта Азияның тарихын керемет білетін білгір В. В. Бартольд: «Соңғы мәдениет дамыған жер Сырдария жағасы мен Қаратау тауларының арасы» — деп санаған, оның ойынша осы жерден солтүстікке қарай елсіз дала жайғасқан. Бұл тұжырымды алғаш рет Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуші М. П. Князев бекерге шығарды.
Біздің экспедицияның археологиялық зерттеу нәтижелері бойынша үлкен серияда табылған қола дәуір ескерткіштері Орталық Қазақстанда жаңа дәуірде мекен еткен тайпалардың ежелгі өткен тарихи көрінісін елестету еді.
Қола мәдениетінің тұрақтар тобынан, діни ғибадатханалардан және кеніштерден және суару ғимараттарынан, керамикалық және тас қашау өнерінен, сондай-ақ, тас мүсіндерінің бастамасынан, металл және сүйек бұйымдарын өңдеуден айқын байқалады. Осының бәрі жиылып келіп, Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, қорғасын және басқа да металдарды игеру кезеңінде өзара туыстас көптеген этникалық дала тайпалары мәдениетінің қарқынды даму және ауысу үрдісі болғанын дәлелдейді. Жер қойнауының және табиғи жағдайының таңғажайып байлығының арқасында бүл аймақ ежелгі ірі металлургия және ежелгі мал шаруашылығы орталығы болды.
Ұсынылып отырған еңбек Орталық Қазақстанды кеп жылдық археологиялық зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Қазақстандағы скифтерге дейінгі мәдениеттің тікелей ертедегі көшпенділер мәдениетіне ауысуын зерттеу — біздің алдымызға қойған ең маңызды мәселе болды. Біз ашқан жаңалық қалыптасқан қате пікірді жойып, ежелгі тарихқа дейінгі білімнің орнын толтырады деп сенеміз.
Дала зерттеулерінде Орталық Қазақстандық археологиялық экспедиция Ұлытау, Жезқазған, Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарының ұйымдарына, Жезқазған, Семей, Павлодар, Қарағанды, Целиноград мұражайларының қолдауына сүйенді. Археологтар: М. К. Қыдырбеков, М. М. Оразбаев, Г. Н. Пацевич, Т. Н. Сенигова, А. Г. Максимова, X. А. Алпысбаев, суретшілер: К. А. Власов, Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ педагогика институтының, Қарағанды педагогика институтының студенттері және басқалар экспедицияның маусымдық жұмысына қатысты. Оларға автор өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтады.
КІРІСПЕ
Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері көптен бері саяхатшылардың назарын өзіне аудартқан. Бұл туралы Петр І - дің Тәуке ханға жіберген елшілері Солтүстік және Орталық Қазақстан даласы арқылы Тобылдан Түркістанға дейін жүріп өткен Ф. Скибин мен М. Трошин айтқан.
Осы даланың қорымдық қазынасы туралы Польшаның қоғам қайраткері Юрий Крижанич алғаш рет (XVII г.) хабарлады. Оның айтуынша, осы кезде бұл жерлерде ежелгі халықтың молаларын қазған қазына іздеушілер белсенді жұмыс істеді, олар алынған қазынаны Тобылда сатқан. 1711 жылы Тобылға жер аударылып келген, сол жерде 12 жыл тұрған швед ғалымы Ф. Стромберг (1676- 1749 жж.) Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстан археологиясы мен этнографиясы жөнінде қызықты деректер жинап үлгерді. Жергілікті халықтардың географиясын, тарихын, археологиясын және этнографиясын зерттеп жүріп, ол бірқатар археологиялық объектілердің: ежелгі тас ғимараттардың, кеніштердің, жартас суреттерін, тастарға жазылған жазулардың суретін салған. Тобыл және Есіл өзендерінің бастауында (яғни Ұлытау мен Торғай далаларында) орналасқан ескерткіштер жөнінде ол: «Это такая прекрасная древность, какую трудно найти в другом месте», — деп жазды.
Орталық Қазақстанның ескерткіштеріне Г. Ф. Миллер үлкен қызығушылық танытты. Оны сол кезде толық сақталған көне кен шығару орындары, балқыту пештердің қалдықтары, ежелгі тас ғимараттар өте қатты қызықтырды. Миллердің тек шекара аудандарын аралауға ғана мүмкіндігі болды. Өйткені, хандық билік бұл территориялардағы жұмыстарға қарсы болды.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қана Орталық Қазақстанның территориясына кіру мүмкін болды. Осы уақыттан бастап, бүл жерде Екінші академиялық экспедицияның қызметкерлері, соның ішінде: И. П. Фальк, X. Барданес, И. Г. Георги, П. С. Паллас, П. И. Рынков және т.б. болған. Олар осы аймақтың археологиялық ескерткіштеріне шынайы қызығушылық білдірген. Орталық Қазақстанның ескерткіштері туралы офицерлер Волошанин, Н. Рынков, И. Андреев, Безносиков, Алтайдағы Колыван металлургия заводының жұмысшылары Бурнашев, Снегирев, Поспелов және т.б. өздерінің жазбаларында жиі-жиі айтады. Гавердевский Г. Гене, Б. Ф. Герман, И. П. Шангин, Г. И. Спасский, X, Морен, Г. Розе, В. Леденбург, Гельмерсон жэне т.б. аймақтың археологиясы жөнінде неғұрлым қызықты мәліметтерді қалдырды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Орталық Қазақстанға қола дәуірінің ежелгі қорымдары мен молаларын тонаумен айналысқан қазына іздеушілер жүздеген өте сирек кездесетін ескерткіштерді жойды. Табылған алтын мен күмістен жасалған өнер туындылары мұражайға өткізілмей, жоғала бастады. Сол заманның кейбір олжалары туралы С. Б. Броневскийдің, А. И. Бахиреваның, Дартоның жазбаларынан ғана білуге болады. Офицер С. Б. Броневский Қарқаралы мен Кент тауларының аңғарларында орналасқан көптеген қоршаулар мен ежелгі қорымдарды қазып алғанын жазды. Көптеген олжалардың арасында ежелгі өнердің үлгілері болды. Керамиканы елемей, ол тек металдан жасалған заттарды таңдаған. Табылған бұйымдарды Румянцев мұражайына жіберген. Шенеунік Дарто сондай-ақ, «раскопками Каркаралинских курганов для извлечения древнего сокровища» айналысты.
Қарқаралы аймағының хатшысы А. И. Базирев ерекше құмарпаз қазына іздеуші болды. Дарто, Бахирев, Фроловпен табылған қола құралдар, соның ішінде әр түрлі кельттер, дүмі шығыңқы балталар, қайлалар, қанжарлар мен пышақтар 1868 жылы Ұлы князь Владимир Александровичтің7 далаға келуіне орай көрмеде көрсетілді. Экспонаттар Петербург университетінің профессоры Ф. К. Кесслер және Омбы кадет корпусының оқытушысы Н. П. Буланжемен фотосуретке түсірілді. Фотосуреттер Октябрь революциясы мен Ленинградтағы кеңес құрылымының мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы.
Қола дәуірінің және Орталық Қазақстанның ежелгі көшпенділердің мәдениеті бойынша осы аймақта үш жыл болған А. И. Шренк үлкен материал жинады. Оның жолы Петропавльдан Шу өзенінің төменгі бөлігімен өтті. А. И. Шренктың материалдары АН СССР Антропология және этнография мұражайында (АЭМ) (№35-коллекциясы) сақтаулы. Мүкәммал кітабының бетінде: «По место нахождению предметы принадлежат Киргизской степи (т. е. Центральному Казахстану - А. М.) Алтайскому округу и Джунгарии», — деп жазылған.
А. И. Шренка коллекциясында қоладан жасалған құралдар мен заттар көп, олар жердің бетінен жиналған емес, қазба жүргізілгені анық. Және бұл заттардың жарым бөлігі Орталық Қазақстанға тиісті. А. И. Шренк біраз жұмыс жазды, олардың арасында біз үшін неғұрлым қызықтысы «Путешествие и исследование по Зоонгарским Киргизским степям в 1840-1843 г.г.», «Улытауская горная группа в своем типоргафо - географическом положении», «Заметки по типографии и этнографии». Шренктың суреттері және сызбалары оның мұрағатында сақтаулы тұр.
Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы неғұрлым анық мәліметтер XIX екінші жартысында XX ғасырдың басында Н. М. Ядринцев, Г. Н. Потанин, С. Н. Гуляев, В. В. Радлов, Н. Я. Коншин сияқты ғалымдардың іс - әрекеттерінің арқасында пайда болады. Олардың жұмыстары, негізінен, археологиялық ескерткіштерді есепке алумен және белгілеумен тәмамдалды. Қарқаралы және Баянауыл және бұрынғы Семей облысының басқа аудандарының ескерткіштері туралы мәліметтер жиналды, олар В. Никитин11 мен И. А. Кастанье еңбектерінде біршама талданды.
Октябрь революциясынан кейін Орталық Қазақстандағы алғашқы археологиялық жұмыстар 1933 жылы ұйымдастырылған Нұра экспедициясымен жүргізілді. Оның құрамында белгілі археологтар П. С. Рыков (экспедицияның бастығы), М. И. Артамонов, М. П. Грязное, Н. Арзютов, В. И. Синицын және т.б. жұмыс жасады. «Дәндібай» қола дәуірі ескерткішінің Шерубай Нұра өзенінің аңғарынан табылуы экспедицияның маңызды жетістігі болып табылады. Осы ескерткішті қазу барысында қола дәуірі мәдениетінің неғұрлым ерте кезеңіне тиісті емес ғимараттар мен керамика табылды.
Геологтар және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері П. Л. Драверт, К. И. Сәтбаев, В. А. Селевин, А. В. Мухля, А. Н. Формозов, Ю. А. Орлов, Г. Н. Щерба Орталық Қазақстанның археологиясын зерттеуге бағаланбас үлес қосты.
Аймақтағы археологиялық ескерткіштерді тіркеумен және есепке алумен Ақмола және Қарағанды далаларында Л. Ф. Семенов, Қарқаралы ауданында В. Е. Ясенецкая атты өлкетанушылары тынымсыз айналысты. Олар жинаған коллекция Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында сақтаулы.
Орталық Қазақстанның тарихи өткенін мұқият зерттеудің жаңа кезеңі Ұлы Отан соғысынан кейін басталды, ол кезде ССР Қазақ ғылым академиясы құрылған және ҚазССР АН ТАЭИ құрылымында Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясында (ОҚАЭ) ұйымдастырылды. Орталық Қазақстан ескерткіштерін жоспарлы және уақытында зерттеу қажеттілігі жаңа құрылыстардағы жұмыс көлемінің ұлғаюына және ірі совхоздарды ұйымдастыруға байланысты болды, өйткені аймақтағы көптеген ежелгі ескерткіштеріне жоғалу қаупі төнді. ОҚАЭ дала жұмыстары жергілікті ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, оның ішінде, Жезқазған геологиялық-барлау басқармасымен бірлесіп жүргізілді.
ОҚАЭ Ә. X. Марғұланның жетекшілігімен (1946-1975 жж.) ширек ғасыр 1953-1954 жж. аралығындағы үзіліспен жұмыс жасады. Ғылыми-зерттеу бағытын нақты жоспарлау және дала зерттеулерін дұрыс қою, сондай-ақ, алдын ала қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу аздаған уақыт ішінде Орталық Қазақстан тарихындағы әр кезеңдердің ескерткіштерін ашып, зерттеуге мүмкіндік берді. Қола дәуірі бойынша жиналған материалдардың маңызы зор болды.
1946 жылы Мойынты, Сарысу өзендері бойынша және Бетпақдала шелінің солтүстік шегіне Ұлытау тауына дейін, Торғай, Жыланшық өзендерінің бастауынан, Кеңгір, Жезді, Байқоңыр және Бұланты өзендері аңғарынан бастап территорияларды енгізумен олардың су бөлінісіне ауқымды барлау жұмыстары жүргізілді.
Сарысу өзенінде Бөрі бас I, II неолит тұрақтары, ежелгі жартас суреттерімен Теректі әулие үңгірлі тұрақ табылды.
Жезқазғанда металлға дейінгі дәуірдегі ежелгі адамның жерленген жері зерттелді. Ұлытау тауының тау алдынан Жанайдар, Тоғыз көл, Айбас - Дарасы, Едіге (Қорған тас) қола дәуірі ескерткіштері, Ұлытау, Жанғабыл тұрақтары табылды. Олар Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің таралуының батыс шекарасын құрайды. Бұланты өзенінің аңғарында жартас суреттерінің тобы зерттелді. Қаракеңгір өзенінің бастауында ғұн қорымдарының тобы зерттелді.
Келесі жылы экспедициямен Орталық Қазақстанның негізгі су жолдары аңғарларынан қола дәуірінің ескерткіштері анықталды: I, II Қызыл - Арай жиынтығы, Беғазы, Бұғылы I, II, III, Саңғыру I, II, III, Айбас - Дарасы Ақсу-Аюлы, I, II, Бала құл болады I, II, Ақ қойтас I, II, III, Ортау I, II, III, IV, V, VI және басқа көптеген кешендер анықталды. Өзен аңғарларының шекараларында, тау аралық шатқалдарда және жазықтықтарда Беласар I, II, Егізек I, II, Қараөзек және т.б. ескерткіштер ашылды.
Атасу I, II, Бұғылы I, II, Қарқаралы I, И, Ш (Суық - Бұлақ), Тағыбай - бұлақ, Қаратомар, Ермек тас, Шақпақтас, Ақ кезең, Байбала, Шортанды - бұлақ, Қармыс, Ақсу, Ахмет ауыл, Құндызды және т.б. қола дәуіріндегі мал өсірушілер мен металлургтердің көптеген тұрақтары ашылды.
Неолит және қола дәуірімен Бетпақдала шөліндегі, Сарысу, Шерубай - Нұра өзендеріндегі, Солтүстіктегі Балқаш өңіріндегі, Ұлытау тауындағы көптеген жартастағы суреттерге байланысты.
Айғыр - Ұшқан тауының жағалауындағы метаморфтық қатпарлы тастардың жоғарғы бетінде пиктографикалық хаттың таңбалары табылды.
1949 жылы Ақшатау тауында және Соқыр өзенінің аңғарында, Шерубай-Нұра өзенінің саласында қола дәуіріндегі нұра кезеңінің ескерткіштері зерттелді.
1950-1952 жылдарда археология бөлімінің қызметкерлері Ә. X. Марғұлан (экспедиция бастығы), Г. И. Пацевич, К. А. Ақышев, А. Г. Максимова, Т. Н. Сенигова қатысуымен кең ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 1951 жылы Көрпе тай тауының солтүстік-батыс және шығыс етегінде орналасқан, Нұртай өзенінің аңғарына тұтасатын Былқылдақ I, II, Ш, Қарасай, Темір астау, Қарабие тобы және «37 жауынгер» кешені зерттелді. 1952 жылы экспедиция өз жұмысын алғаш рет ғылыми зерттеу объектісі болған Атасу өзенінің аңғарына және Шерубай-Нұра өзенінің бастамасына шоғырландырды.
Осы дала маусымында Атасу өзенінің аңғарында Ай шырақ тобы зерттелді. Ол атасу және қола дәуірінің ауыспалы кезеңінің ескерткіштерінен тұрады. Шерубай-Нұра өзенінің аңғарында Ақсу-Аюлы, Бұғылы I, II кешендеріне қазба жұмыстары жүргізілді. Беғазы өзенінің аңғарынан Беғазы кесенесі зерттелді. Шамамен 75-ке жуық бөлек ескерткіштер зерттелді.
1955 жылы Саңғыру I, Ш, Айдарлы ескерткіштерін, Атасу I тұрағын, қола дәуірінің құрбандық шалатын жерлерін және Атасу өзенінің оң жағына құятын Ақсай, Дара, Сары табан, Боқ сай өзендерінің аңғарларындағы тас мүсіндерді зерттеу басталды. Тұрақтардың және некропольдердің ірі кешендерінің жоспарлары түсірілді.
Талды - Нұра өзенінің аңғарындағы нұра, атасу және андроновтан кейінгі қолаға ауысу — қола дәуірінің үш кезеңіне тиісті Байбала тобының ескерткіштері зерттелді. Нұра өзенінің бастауында, «Бесоба» совхозының территориясында Жаман тас және Қомыттың -Қарашоқысы қола дәуіріндегі мыс балқыту орталықтары, сонымен қатар ауыспалы кезеңнің оба - қорымдары ашылды. Ескерткіштердің арасындағы ірілердің бірі Қомыттың - Қарашоқысы, Шылым, Мүсіркеп - жартас, Қамқор, Молалы - жал, Бесоба, Қараоба, Жетім шоқы, Ақтас пен Бота қара, олар Қарағанды қаласынан оңтүстік - шығысына қарай 60 шақырым, Нұра өзенінің қайнар көзінен Ульянов ауданы орталығына дейінгі қатарда орналасқан.
1956 жылы экспедиция Бұғылы I, II тұрақтарын алдын ала зерттеумен, Жамбай - Қарасу ескерткіштер тобын зерттеумен айналысты.Сынақ қазбаларының арқасында үй - жайдың құрылымы және мәдени қабаттың мықтылығы анықталды. ОҚАЭ маусымдық дала жұмыстарының негізі Бұғылы III қорымымен үлкен обаны қазу болды. Қола дәуіріндегі елеулі сәулет ескерткіштерінің бірін құрайтын күрделі ғимараттың тас қабырғалары ашылды және зерттелді.
1957 жылы Елшібек және Қанаттас топтары, үлкен Беласар кешені, сондай-ақ, оған жақын орналасқан Мәселе - сай, Дүйсен - бұлақ және Шодыр шатқалдарындағы Тай атқан тауының солтүстігіндегі атасу және ауыспалы кезең ескерткіштерінің екі алып топтары зерттелді.
1961 жылы Ұлытау даласында қола дәуірі ескерткіштерінің батыс тобы, соның ішінде Ұлытау тұрағы, сондай-ақ Қарқаралы I, II, Ш (Суық - Бұлақ) тұрағының топтары зерттелді. Сонымен бірге Қарқаралы даласының шығысында және оңтүстік-шығысында Кент, Боқты, Темірші, Көкшетау, Абралы аңғарларына, Талды, Түндік, Қазанғап, және т.б. өзендер аңғарларына барлау жүргізілді. Беласар мен Бегазыға ұқсас гранит тақталарынан жасалған, Орталық Қазақстанның орта қола дәуірі ескерткіштер тобы Түркей өзенінің аңғарында (Қазанқап өзенінің оң құйылысы) зерттелді. Құсақ өзенінің бассейнінде, Мыңбұлақ өзенінің аңғарында, көне Көктас кен шығару орнының қасында, Көкшетау және Соранг тауларында, Ақ қойтас, Қара қойтас өзендерінің аңғарларында әр кезеңнің ескерткіштер кешені табылды. Сондай-ақ, Қызыл - Арай солтүстік тау алдында, Сары -Өлең өзені аңғарынан әр дәуірдің ескерткіштер тобы анықталды. Олардың арасында: ерте Беғазы заманының көлемді қорымдары, ежелгі ғұндардың обалары және түріктердің тас мүсіндері бар қорымдары бар.
1963 және 1967 жылдардағы далалық маусымда Саңғыру I мен Беғазы I кейінгі қола дәуірінің ескерткіштері жақсылап зерттелді.
1969 жылы Қарағанды даласындағы ең ірі Бала құл болды кешені зерттелді. Мұнда әр дәуірдің ескерткіштері көрсетілген: орта қола мәдениетінен (андронов) айрықшаланатын, жаңа элементтердің пайда болуы байқалады, оның негізінде соңында беғазы - дәндібай мәдениеті қалыптасты. Дәл осы дала маусымында қола дәуірінің тұрағы Шортанды -бұлақ зерттелді.
Кейінгі қоладан ерте темірге ауысу заңдылығын анықтау мақсатында 1971 жылы Тоқырауын өзенінің бастауында, Байыштың - Қарашоқысы (Қарағанды облысы, Ақтоғай аймағы) шатқалында орналасқан ерте скиф заманындағы обалар зерттелді. Бұл обалар өздерінің қырымен қазылып көмілген, тік тақталар айналдыра көмкеріліп, кейінгі қола дәуіріндегі оба - қорымдарға өте ұқсас. Өкінішке орай, қабірлер тоналған. Тек мұқият зерттеу кезінде олардың бірінде қабірдің шетінде кездейсоқ бүтін қалған қанжар пышағынан екі алтын бастырма табылған. Әр бастырмада шеберлікпен жасалған арыстанның бейнесі бар. Бүл табылған олжалар ерте скиф заманындағы обаларды белгілейді.
1972 жылғы дала маусымында 1946 жылы ашылған беғазы - дәндібай заманындағы ескерткіштер тобының ең батысында орналасқаны зерттелді. Топ Ұлытау тауының солтүстік-батыс етегінде, Айбас - Дарасы тау шатқалының оң террасасында орналасқан. Бұл жерде үш кіші қорымдардан басқа, құрылымы Саңғыру I, III, Бұғылы III оба -қорымына ұқсас оба - қорымдар зерттелді. Сол жылы экспедиция неолит, қола және ерте темір дәуірлеріне тиісті көптеген жартас суреттерін анықтау және белгілеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
ОҚАЭ қызметкерлерінің іздеуінің нәтижесінде шығысында Абралы (Ақ қойтас) тауынан Шыңғыс жотасына дейін, ал батысында Ұлытау (Айбас - Дарасы) тауына дейінгі кең-байтақ территорияда беғазы - дәндібай мәдениетінің таралуы анықталды және нақтыланды. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі ескерткіштері өзіндік ерекшелігімен, мегалиттік жерлеу сипатымен және діни ғимараттарымен ерекшеленеді. Бұл күрделі ғимараттар (б.з.д. ХІІ-Х және Х - VІІІғғ.) қоланың шарықтау шегінде пайда болды және кейде өнердің кемел туындысына жеткен. Бұл Сарыарқа құрылысшыларының, қыш заттарын жасаушылардың және зергерлердің жоғары шеберліктерін дәлелдейді.
Орталық Қазақстанда көне ірі металлургия орталықтары ашылды және зерттелді. Көне Жезқазған, Соранғы, Шақпақтас, Мейізек, Саяқ және т.б. кеніш орындары, Атасу, Бұғылы, Шортанды - Бұлақ, Қарқаралы және т.б. металлургия тұрақтары Орталық Қазақстанның қола мәдениетінің туындау және даму ірі орталығының бірі болғанын дәлелдейді. Көне кен шығару орындарын және металлургия тұрақтарын қазу кен шығарудың және оны балқытып металл алудың әдісі туралы нақты көрініс береді. Сондай-ақ металл мәдениетін алғашқы шығарғандар неолиттік дала аңшыларының және алғашқы мал өсірушілердің ұрпақтары болғанын дәлелдейді.
Орталық Қазақстанда қола мәдениетінің қалыптасуында мыс - кеніш аудандары шешуші рөл атқарды. Осы аймақта күшті қола мәдениетінің дамуы үшін кең мәдени - этникалық негіз сонау кейінгі неолит дәуірінде даярланған болатын. Қола мен неолит мәдениеттерінің арасында дала ландшафтына байланысты болу шартында генетикалық байланыс айқын көрінеді.
Қола мәдениетін құрайтын ежелгі дала тайпалары грек әдебиеттерінде азиялық скифтер немесе орал - алтайлықтар (аргиппейлер, аримаспалар және т.б.) ретінде танылған.
Орталық Қазақстанда мыс мәдениетінің төрт кезеңінің ізі сақталған: энеолит, ерте, орта және соңғы қола. Олар генетикалық түрде, дәстүрлік сабақтастықпен терең байланыста, сонымен қатар осы мәдениетті жасаушылардың антропологиялық және этно генетикалық бітістерінің тұрақтылығы кезінде ескі пішіндерді біртіндеп шығарып, жаңаларын құруын дәлелдейтін жерлеу ғимараттарының және керамиканың пішіндерімен айрықшаланады. Есіл өзенінде, Ақмола маңындағы, Теміртаудан оңтүстікке қарай Нұра өзенінде және Шідерті өзенінің төменгі жағында, Ертіс өңірі жазықтығында геологтармен анықталған ерте қола дәуіріне тиісті мәдени қабат аса қызығушылық тудырады, ерте қола ескерткіштерінің жатқан тереңдігі олардың жайғасу орындарына және жайылма алқап қалдықтарының қуаттылығына тәуелді.
«В основании современного пойменного покрова встречаются многочисленные остатки керамики и домашних животных Egvus caballus, Ovies aries, Bos taurus, Canis sp.» Яғни Орталық Қазақстандағы қола дәуірі тайпаларының тұрақтарын және молаларын қазу кезінде жануарлардың сүйектері жиі табылған. К. В. Никифорованың мәліметі бойынша, көрсетілген барлық жануарлардың түрлері сонау неолит дәуірінде - ақ қолға үйретілген, ал энеолит кезеңінде олар үй жануарларының негізгі түрі болды.
Бетпақдала шөлімен шекаралас аудандардағы орта қола ескерткіштерінің көбісі Орталық Қазақстан тайпаларының қола мәдениетінің жоғарғы даму сатысында аймақтың оңтүстік аудандарын, Атасу өзенінің жағасын игере бастаған. Осыдан Орталық Қазақстанның оңтүстігінде Атасу өзенінде орналасқан орта қола (андронов) ескерткіштері «атасу» деген атауға ие болды.
Біздің материалдар кейінгі қола соңы ерте скиф заманы (б. з. 6.VIII-VII ғ.ғ.) мәдениетінің басталуымен байланысты екендігін дәлелдейді. Тарихи геологияның қағидаларына сәйкес, қола дәуірінің хронологиялық тарихи кезеңдерін анықтау мақсатында біз «ерте», «орта» және «кейінгі» қола терминдерін пайдаландық. Олар қола дәуірінің негізгі үш кезеңін көрсетеді. Бұл қола мәдениетінің бірізді дамуын көрсету қажеттілігімен байланысты.
М. П. Грязновтың, С. С. Черниковтың, В. М. Массонның, Б. Г. Гафуровтың және А. А. Формозовтың Қазақстан қоласының энеолит негізінде жаратылғаны туралы және оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс арасында ежелгі заманнан бері тайпалардың арасында (тайпалардың көші-қон теориясынан басқа) қарым-қатынастың болғандығы туралы ойлар әділ айтылған. Бұл идеялар нақты фактілермен расталады, қола мәдениеті Орталық Қазақстан даласында туындап, біздің заманымызға дейін көне кеніштер мен көне металлургия орталықтарының қалдықтары сақталған.
Орталық Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді зерттеуді жалғастырумен әрі көптеген жаңа, әрі құнды деректер пайда болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Messerschmidt D.G. Forschungsreise durch Sibirien.1720-1727. Teil 1. Berlin, 1962; Teil 2. Berlin, 1964; Teil 3. Berlin, 1966; Teil 4. Berlin, 1968; Радлов В. В. Сибирские древности, т. 1, вып. 1. Спб., 1888: JIO ААН, ф. 2t on. 1, д. 5; Gmelin I. G. Reise durch Sibirien von dem Jahre 1733 bis 1743. Gotlingen, 1751; Silwers J. Briefe aus Sibirien. Spb., 1796.
2. Ремезов С. Чертежная книга Сибири, составленная в 1701 г. (Чертеж Тобольской земли до Казачьей орды. Чертеж земли всей безводной и малопроходной каменной степи). Спб., 1882.
3. «Сибирский вестник». Спб., 1922, ч. XVIII.
4. Stralenbeig. Noid - und Osliche Theil von Europa und Asia Stockholm, 1730.
5. Маргулан A.X., Акишев K.A., Кадырбаев M.K. Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966. С. 19-20.
6. Броневский С.Б. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. Отечественные записки. 1830; Дело об открытии Каркаралинского и Кокчетавского окружных приказов, 1824. ЦГА КазССР, ф. 338, on. 1, д. 336; Дело о празднике «байга» между Каркаралинским и Кокчетавскими округами. 1826. ЦГА КазССР. ф. 338, on. 1, д. 412.
7. Красовский М. Область сибирских киргизов. Спб., 1868
8. Воинов В. Народный киргизский праздник по случаю прибытия в Сибирь великого князя Владимира Александровича. Современная летопись. 1868, №24.
9. Госархив Октябрьской революции и Советского строительства. Ф. 635, Г-16909. К-322, 348.
10. Шренк А.И. Путешествие и исследования по Зооангарским Киргизским степям в 1840-1843 гг. Третье путешествие. 1842 г. ААН СССР, ф. 317, on. 1, д. 7. л. 54-59; 173-184, 204-236, 255,256, 268-289. П.Никитин В. Памятники древности Каркаралинского уезда. ЗАО. Новая серия, т. VII вып. 1/2. Спб., 1896; Он же. Краткое описание памят¬ников древностей Семипалатинской области. ИАК, 902, вып. 2.
12. Кастанье И.А. Древности Киргизской степи, и. Оренбургского края. Оренбург, 1911.
13. Семенов Л.Ф. Материалы к характеристике памятников материальной культуры Акмолинского округа. ВЦМК, 1930, № 1; Он же. Находка каменного топора у реки Нура. ТИИАЭ АН КазССР, 1956.
14. Коллекции В.Е. Ясенецкой под шифром «Каркаралы» в фондах 62, 63, 65-68; Коллекции Л.Ф. Семенова в фондах 29, 61, 69-70, 71, 160.
15. Маргулан А.Х. Археологические разведки в Центральном Казахстане. 1946 г. Известия АН КазССР. Серия историческая, 1948, вып. 4.
1 б.Маргулан А.Х. К изучению памятников района р. Сарысу и Улутау. Вестник АН КазССР. 1948, № 2.
17.Основные итоги археологических работ на территории Казахстана в 1955 году. Известия АН КазССР. Серия истории, экономики, философии, права, 1956, вып. 3; Маргулан А.Х. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана. Вестник АН КазССР. № 3.
18. Оразбаев A.M. Памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана. ТИИАЭ АН КазССР, 1959, т. 7.
19. Анцимиров. Петрографический очерк восточной части Кокчетавского уезда Акмолинской области. Известия ЗСОРГО. Омск.
20. Кассин Н. Г. Материалы по палеографии Казахстана. Алма-Ата, 1948.
21. Никифорова К.В. Геоморфология и геологическое строение Прииргышской впадины. ТИГН. Геологическая серия. 1953, вып. 14.
22. Кассин Н.Г. О древних долинах Центрального Казахстана. В кн.: Проблемы советской геологии. 1936 T.XI, № 1; Штреис Н. А., Колотухина С. Геологическое строение гор Ортау и Кус-Мурун. ТИГН. Геологическая серия. 1943, вып. 101, № 23.
23. Никифорова К.В. Указ.соч.
24. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане; Он же. Северный Казахстан в эпоху ранних кочевников.
25.Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М.Л., 1960.
26. Гафуров Б. Г. Таджики. М., 1972.
27. ФормозовА.А. К вопросу о происхождении андроновской культуры. КСИИМК. 1951, вып. 39.
I ТАРАУ
НЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ ЖӘНЕ АНДРОНОВТЫҚ ТАРИХИ - МӘДЕНИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.
1 – БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЙНАРЛАРЫ
Еуразия даласында қола мәдениетінің пайда болуы тұрғысында, «ескерткіштері осы жұмыста көрсетіліп отырған мұндай тамаша мәдениет қандай негізде қалыптасты?» — деген маңызды мәселе бар. Осы мәселені шешу үшін Орталық Қазақстанның қола дәуіріне жол салған неолит пен энеолит дәуірлерінің ескерткіштеріне жүгіну қажет. Неолит пен энеолиттің даму заңдылығын ескермей қола дәуірінің қалыптасу тарихы түсініксіз болады.
Қазақстандағы неолит мәдениетінің ескерткіштерін анықтауға біздің заманымыздағы көрнекті ғалымдар Қ.И. Сәтбаев, М. П. Русаков, Р. А. Борукаев, Г. Ц. Медоев, Г. Н. Щерба, А. Ж. Машанов, И. П. Новохатский, П. JI. Драверт, Б. М. Чудинов және басқалар зор үлес қосты. Мәскеулік және ленинградтық ғалымдар: А. Л. Яншиннің, Ю. А. Орловтың, А. Н. Формозовтың, В. Ф. Петруннің және батыс Қазақстаннан, Торғай даласында, Сарысу мен Білеуті өзендерінен неолит және энеолит дәуірлерінің бірқатар қызықты тұрақтарын ашқан басқа да ғалымдардың еңбектеріне баға жетпес. Олардың ашқан жаңалықтарының нәтижелері А. А. Формозовтың бірқатар еңбегінде жарық көрді. Қазақстанда неолит мәдениетінің ескерткіштерін анықтап, зерттеу жұмыстарымен соңғы қырық жыл ішінде М. П. Грязнов, К. М. Поликарпович, С. С. Черников, А. А. Формозов, И. В. Синицын, X. А. Алпыспаев, К. А. Ақышев айналысты. Н. В. Валукинский, А. Г. Медоев. М. Н. Клапчук Орталық Қазақстанның неолитін зерттеуде орасан зор үлес қосты.
COЛTYCTІК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕОЛИТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Соңғы он жыл ішінде жас археологтармен бірқатар тамаша жаңалықтар ашылды: Қарқаралы мен Балқаш өңірі даласында А. Г. Медоев, Қарағанды ауданында, Сарысу бассейнінде және Бетпақдалада М. Н. Клапчук, Павлодар Ертіс өңірінде JI. А. Чалая. Жаңа зерттеулер материалдарынан мынаны ұғуға болады, Ертістен Торғай даласына дейінгі кең алқапта қоланың пайда болу қарсаңында аңшылықпен, балық аулау және мал шаруашылығына байланысты микролиттік мәдениет және макролиттік мәдениет дамыған. Кетпен тәрізді мықты еңбек құралының пайда болуы (Сарысу, Бөрі бас, Тұзды - сай өзендерінің ауданы) сонау көне дәуірде - ақ, құрылыс ісіне және кетпенді егіншіліктің бастамасы салынғанын дәлелдейді. Б.з.д. IV мыңжылдықта неолиттік шаруашылық дәстүрлерінің негізінде Орталық Қазақстандағы ежелгі тайпалардың өмірінде төңкеріс жасаған металдық мәдениеттің нышандары пайда болады.
С. С. Черников пен Л. А. Чалаяның зерттеулерінің көрсетуінше, неолит тұрақтарының көп бөлігі Ертіс аңғарында, Усть - Нарымнан Черноярск кентіне дейінгі оның жағалауы бойымен, сондай-ақ, Ертіс, Сілеті, Есіл және Нұра өзендерінің арасында орналасқан. Неолит құралдарының алғашқы жинағы 1925 жылы Г. А. Попов пен Қарағандының маңындағы Нияз тауынан басталатын, оған Шідерті өзенінің құятын орнынан алыс емес Жалаулы өзенінің батыс жағалауында жасалды. Қазіргі уақытта осы өзеннің арнасымен қарама-қарсы Ертіс-Қарағанды каналы өтеді. Жалаулы көлінен тік негізінің ұзындығы — 6,7 см, ені — 1,5 - 2,3 см нефриттен жасалған жебе ұшы табьшды6. Сонымен қатар Павлов кентінің маңында, Павлодар қаласынан 90 шақырым 20 солтүстік-батысқа қарай 1937 жылы ұзындығы -7,1 см, ені - 2,5 см пішіні ұзынша келген, ашық - қоңыр түсті яшмадан жасалған сапты жебелердің ұштары жиналды. Барлық жиналғандар Семей өлкетану мұражайына тапсырылды.
1954 жылы гидрогеологтар Н.Н. Владимировпен және С.М. Мұхамеджановпен неолит тұрақтарының топтары ашылды. Көбенсай7 сайындағы тік жарда орналасқан тұрақтан 30 шақты кішкентай тілікшелер жиналды. Оның жартысын қыстырмалар, ұшты қырғыштар-16, доғалданған қырғыштар-2, яшмадан және кварцталған құмдақтан жасалған, екі жақты өңделген жебе үштары-6 (оның ішінде екеуі сапты, үшеуінің негізінде ойығы бар), призмалық нуклеус және неолит керамикасының майда сынықтары құрайды. Екінші тұрақ Сілеті теңіз көлінің сол жақ жағалауынан және үшіншісі — Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Жаңасу өзенінің жағасынан табылды. Барлық тұрақтанған яшмадан, кремнийден, кремнийленген мергельден жасалған бір үлгідегі құралдар жиналды. Осы түрлерінің пайда болған жері атап өткен тұрақтардан 60-80 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Олар дайындаған құралдар мен материалдардың ұқсас түрлері осы үш тұрақтың бір заманда өмір сүруге тиісті деп тұжырымдауға негіз береді және авторлар олардың мерзімін неолиттің соңы және қола дәуірінің ерте кезеңі деп дұрыс белгілейді.
Алғашқы қауымның даму үрдісі өте баяу өтті, тіпті феодализм тәрізді салыстырмалы түрде қарасақ неғұрлым дамыған қоғамның біржарым - екі мыңжылдықты қамтитын тарихы бар.
Ертіс-Қарағанды каналының трассасын геологиялық зерттеудің нәтижесінде табылған материалдар (1963- 1966 жж.) далалық неолит мәдениетінің кең-байтақ дала кеңістігіне таралуын дәлелдейді. Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарының даласы бойынша өтетін жолдың бойынан геолог Б.Ж. Әубәкіровпен жер астына көмілген тұрақтар мен шеберханалар табылды. Олардың жарым бөлігі неолитке (V-VI мыңжылдық) тиісті.
Тұрақтардың мәдени қабаттарынан Б.Ж. Әубәкіровпен 3000 - нан астам құралдар мен жоңқалар жиналды. Олардың барлығы Қ.И. Сәтбаев атындағы АН ҚазССР Геология ғылымдар институтында сақтаулы.
Бота құл, Бестөбе, Төрт құдық кен орындарында экспедициялық жұмыстар жүргізу барысында геолог P. A. Борукаевпен Сілеті өзенінен неолит тұрақтарының мардымды бөлігі табылды. Р.А. Борукаевтың ауызша хабарламасы бойынша, неолит дәуірінің аса қызықты ескерткіштер тобы Сілеті өзенінің орта және төменгі ағысында орналасқан. Осы ескерткіштер қатарына неолит тұрақтары Самай - Қатын және Күшік жатады. Р.А. Борукаев маған өте нәзік кремнийден жасалған жебе ұштары мен қысқа сапты найзаларды, қырғыштарды және тілікшелерді көрсетті.
1953 жылы В.Д. Солочинскиймен жел эрозиясы себебінен ашылып қалған Есіл өзенінің оң ағысы, Дамсы өзенінің ежелгі жағалауынан тұрақ анықталды. Ол тұстан көтерме материалдар жиналды: нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, жебе ұштары, қырғыштың ұштары. Осы тектес жинақтар Д.И. Чекменевпен Есіл даласында Шойындыкөл көлінің маңында, М.Ф. Никитинмен Бестөбе кентіндегі Терісаққан өзенінен 50 шақырымдай батысқа қарай жасалды. Жинақтар Целиноград облыстық өлкетану мұражайына түсті.
1961 жылы М.Н. Клапчукпен Батпақ су аңғарында неолит және қола дәуірлерінің тұрақтары анықталды және зерттелді. «Неолит тұрағы №6» - деп көрсетілген жинақтар жасалды, олардың арасында алып ұшты қырғыштар (3), пышақ тәрізді тіліктер (2), әр түрлі сынықтар мен жаңқалар бар.
Батпақсу тұрақтар тобымен Қарағанды теміржолы, Шоқай станциясынан 3,5 шақырым оңтүстік - батысына қарай Шоқай тұрақтар тобы хронологиялық түрде байланысты. Топ М. Н. Клапчукпен 1961 жылы ашылды. Ол жерде неолит дәуірінің жарқын бейнесі болар 4 тұрақ орналасқан. 35 заттан тұратын кремний бұйымдары жиналған. Олардың арасында 13 пышақ тәрізді тіліктердің қалдықтары бар.
БАЯНАУЫЛ, ҚАРҚАРАЛЫ ДАЛАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ НЕОЛИТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.
Баянауыл даласындағы неолит дәуірінің тұрақтарын профессор П.Л. Драверт ашты және зерттеді. 1929 жылы Баянауыл тауларында геологиялық зерттеулер жүргізе отырып, ол үш неолит тұрағын анықтады: бірін, Жасыбай көлінің шығыс жағасынан, екіншісін, Сабындыкөл көлінің жағасынан, үшіншісін Кафар ауылына барар жолдағы Баянауылдан 8 шақырым жерден тапты. Онымен елеулі кремний материалдары жиналды. Олар нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, қырғыштар, жебе ұштары, сондай-ақ, қолмен жапсырылған қыш ыдыстарының қалдықтары болатын.
1964-1965 жж. геолог B.C. Танцюрмен Баянауыл даласында 12 тұрақ ашылды (1-12 Қойтас). Олардың арасында олжалардың көптігі бойынша неғұрлым қызықтылары 1-ші Қойтас, 2-ші Қойтас, 4-ші Қойтас, 7-ші Қойтас және 12-ші Қойтас. Олардың барлығы Баянауыл жотасының солтүстік тау алдында, белгілі Қойтас шатқалы маңында бір-біріне жақын орналасқан. 70 нуклеус, 121 пышақ тәрізді тілік, 35 ұшты қырғыш, 33 жоңқалар, 7 жебе ұшы, 1180 жоңқа жиналды.
Неолит тұрақтарының ауқымды тобы А.Г. Медоевпен Қарқаралы даласынан және Солтүстік Балқаш өңірі даласынан, В.Е. Ясенецкиймен және Л.Ф. Семеновпен Қарқаралы қаласының ауданынан ашылды. Жинақтар Қарағанды мұражайында «Қарқаралы» коллекциясында сақтаулы. Бұл коллекцияларда, көбінесе энеолит пен қола дәуірінің материалдары араласқан.
А.Г. Медоевпен ашылған неолит тұрақтары басты Қарқаралы жотасының маңында, Жарлы, Қазанғап, Түндік, Құсақ, Қаршығалы, Еспе, Тоқырауын өзендерінің аңғарларында мардымды топтармен орналасқан. Жарлы өзенінің аңғарында онымен тұрақтардың үш тобы анықталды: Жарлы I (63, 65, 66-тұрақтар), Жарл II (69, 70- тұрақтар), Жарлы III (Көктал өзенінің жағасында, Жарлы өзенінің тармағында 71, 72-тұрақтары). Қазанғап өзенінің аңғарында 9 тұрақ анықталды, олардың арасында неғұрлым қызықтылары Қазанғап I (67-тұрағы), Қазанғап II (37, 36, 35-тұрақтары), Қазанғап III (18, 19, 20, 33, 34-тұрақтары). Қарқаралы тауының оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау сілемінен неолит тұрақтары оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр және Балқаш көлінің солтүстік жағасына ұласады. Құсақ өзенінің аңғарында және Тоқырауын-Аягөз су бөлінісінде ашылған тұрақтар үлкен топтармен жайғасқан. Олардың ішінде, әсіресе Құсақ I (23, 24, 25-тұрақтары), Құсақ II (28, 29, 26, 27, 17, 31, 30, 32-тұрақтары), Құсақ III (42-тұрағы, Құсақ өзеніндегі Қошқарбай 38 және 39-тұрақтар) тобы көп. Олардан алыс емес Қаршығалы өзенінде тұрақтар орналасқан: Қаршығалы I (43, 44, 45-тұрақтар), Қаршығалы II (21, 22-тұрақтары), Қаршығалы III (48, 51, 60-тұрақтар). Құсақ өзені жағасынан 40-50 шақырым шығысқа қарай Еспе (40, 41-тұрақтары) тобы орналасқан.
Неолит тұрақтары аз тұрақтанған жерлерде жақсы сақталған: Тоқырауын (49-тұрақ) Қараменде - Тоқырауын сол тармағы (62-тұрақ), Беғазы - Тоқырауын сол тармағы (55-тұрақ), Жіңішке I (58, 59, 53, 54 - тұрақтар), Жіңішке II (56-тұрақ), Данбалан (68-тұрақ), Ақжарық – Түндік оң тармағында (10-тұрақ). Тек осы тізімнен ғана Қарқаралы даласының неолит және энеолит дәуірлерінде тығыз тұрақтанғанын елестетуге болады (неолит тұрағының таралу картасын қараңыз).
Неолиттік және энеолиттік тұрақтар А.Г. Медоевпен Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Балқаш өңірі далаларынан, Аягөз өзенінің оң жағалауы ауданынан, Шыңғыс тау жотасынан ашылды. Онымен Ағадырдан шығысқа қарай Аягөз бен Шыңғыс тау жоталарына дейінгі территория зерттелген. Бұл кеңістіктен шамамен 200-ге жуық неолит тұрақтары табылды, АН ҚазССР Геологиялық ғылымдар институтында сақтаулы тұрған кремний бұйымдарының үлкен коллекциясы жиналған.
Солтүстік және Солтүстік - Шығыс Балқаш өңірі неолит тұрақтарының арасындағы неғұрлым қызықты топтары мыналар: Қоңырат, Қара үңгір, Тесік тас, Сусыз қара, Қалмақ - Емел, Арқалық. Олардың барлығы мыс кенінің мол шыққан ауданында орналасқан. Ландшафт сипаты және неолит пен қола дәуірлері — екі тарихи кезеңнің мәдени ескерткіштерінің жиналуы бойынша, бұл тұрақтар Жезқазған, Қарағанды және Қарқаралы тұрақтарына қатты ұқсас.
Солтүстік және Солтүстік - Шығыс Балқаш өңірінің неолит тұрақтары өздерінің басты бітістерінде, Қарқаралы даласының тұрақтарын қоса отырып, аса микролиттік сипатта, мұнда көбінесе жұқа пышақ тәрізді тіліктердің кейінгі түрлері, трапеция тәрізді ұсақ кішкентай құралдар, қыстырмалар, ұсақ кескіштер, тескіштер, кішкентай жебе ұштары, майда қырғыштар және әр түрлі нуклеустар кездеседі.
1960 жылы А. Г. Медоевпен Саяқ кенішінен Шыңғыс тау жотасына дейін және Аягөз өзенінің оң жағасынан Семей облысы, Шұбартау ауданына дейінгі маршрут өтетін Тоқырауын және Аягөз су бөліністерінен бірнеше он шақты тұрақ табылды. Мұзбел, Қызылтас, Алтын - қазық тауларында, Қасқа бұлақ, Көгілдір бұлақтарында шамамен 25-ке жуық тұрақтар зерттелді, 400 пышақ тәрізді тілік, 200 қырғыш, көбісі жоңқа түрінде, 26 нуклеус, 10 тескіш, 7 жебе ұшы, 4 кескіш, 2 трапеция, екі жағы өңделген 2 шағын диск, барлығы шамамен 2000-ға жуық кремний заттары жиналды.
Неолит тұрақтарының елеулі саны Солтүстік - Батыс Балқаш өңірінде, Мойынты, Науалы, Жалаулы өзендерінің аңғарларынан, Көкдомбақ көлінен және Мойынты - Сарысу өзендерінің су бөлінісі аудандарынан А.Г. Медоевпен және геолог С.В. Лопатинмен ашылды және зерттелді. Бұл көптеген кеніштері, совхоздары және жаңа құрылыс орындары бар Қарағанды облысының ауданы. Осы ауданның неолит тұрақтары елеуреген, Бетпақдалада және Солтүстік - Шығыс Балқаш өңірінің шөл және шөлейт аудандарындағы сияқты алғашқы келбеті сақталмаған. Тұрақтардың өзіндік ерекшелігін кремний құралдары құрайды.
Солтүстік - Батыс Балқаш өңірінде жел эрозиясынан жалаңаштанған орындардағы жер үсті тұрақтары зерттелді.
Солтүстік және Солтүстік - Батыс Балқаш өңірі тұрақтары бойынша дала жұмыстарының құжаттық мәліметтері мынаны білдіреді.
1. Қараүңгір тұрағы 1960 жылы А. Г. Медоевпен Балқаш қаласынан 115 шақырым шығысқа қарай және Балқаш көлінің жағалау жиегінен 35 шақырым солтүстікке қарай бұлақтан ашылды. Жер үстіндегі тұрақтың ауданы — 2500 м. Тұрақтың үстінен шамамен 4500-ге жуық кремний бұйымдары жиналды, олардың қатарында әр түрлі пішіндегі шағын қырғыштар (225), жебе ұштары (12), ретуші бар пышақ тәрізді тіліктер (202), трапеция түріндегі кішкентай құралдар, майда кескіштер, тескіштер, сонымен қатар өңдеуіштер (20), призма тәрізді нуклеустар (52), нуклеус тәрізді пішіндер (16), нуклеустері бар көлденең сынықтар (7), дайындамалар, көбісінің ретуші бар (900), өндіріс қалдықтары (300).
Құралдарды дайындау үшін негізгі шикізат: шақпақ тас. Керамика жоқ. Қараүңгір тұрағын А.Г. Медоев бірқатар белгілері бойынша ерте неолитке жатқызады. Тұрақтан солтүстік -батысқа қарай бір жарым шақырым жерде, Қараүңгір тауында жартас суреттері бар, олардың көбісі неолит дәуірімен мерзімделеді.
2. Тесіктас I тұрағы. Тесіктас тобы 1959 жылы геолог Г. М. Козловскиймен ашылды және 1960 жылы А.Г. Медоевпен зерттелді.
Микролиттік бар жер үсті типті тұрақтар, Қараүңгір тұрағынан 4 шақырым солтүстік -шығысқа қарай орналасқан бұлақта тұр. Тұрақтың ауданы — 60x60 м. Жинақта -жоңқадағы қырғыштар (26), пышақ тәрізді тіліктер (24), нуклеустар (6), нуклеус тәріздес құралдар (5), сирек кездесетін нуклеус сынықтары, бұрағыш - қайқы пышақ, барлығы шамамен 150 зат. Керамика жоқ. Шикізат - шақпақ тас, кварцит, кварцит. Тұрақтан алыс емес, Тесік тас тауында жартас суреттері бар олардың елеулі бөлігі неолит дәуірімен мерзімделеді.
3. Тесіктас II тұрағы Тесіктас I тұрағынан бір шақырымда солтүстік - батысына қарай құрғап кеткен бұлақта орналасқан, оның ауданы — 25x30 м. Жинақтар өзіне жоңқалардағы қырғыштарды (19), арқасы өңделген, кейде ішкі жағы өңделген пышақ тәрізді тіліктер (25), өңделмеген пышақ тәрізді тіліктер (89), нуклеустар (5), көлемі кішкентай жоңқалар (28).
4. Сусыз қара тұрақтар тобы. Бұл атаумен сегіз орынның неолит тұрақтары анықталды және зерттелді. Олардың барлығы Қара үңгір тұрағынан оңтүстікке және солтүстікке қарай бір-бірінен алыс емес қашықтықта орналасқан, барлығы бір мерзімді. Олардың арасында Қара үңгірден қашық орналасқандары 18-23 шақырым, ал жақындары - 4,5 шақырым. Сусыз қара тұрақтарының барлығынан 4700 кремний заттары жиналды. Ең көп материал саны 8, 11-ші Сусыз қара тұрақтарынан табылды.
5. 8-Сусызқара Қара үңгір тұрағынан 9,5 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай Жирен суат тауының оңтүстік - шығыс тау сілемінде орналасқан. Микролиттік бар жер үсті тұрағы, мәдени қалдықты бар аудан 10000 м. Олжалардың арасында көптеген пышақ тәрізді тіліктер (58), жоңқалардағы қырғыштар (49), 2 тігінен сынған нуклеустар, жебе ұштары, жоңқалар, құралдардың бөлшектері, нуклеус тәрізді пішіндер (300), сынықтар, қабыршықтар (500-ден асады). Керамика жоқ. Материалдар: шақпақ тас, кварцит, яшмокварцит.
6. 11-Сусызқара Қара үңгір тұрағынан 23 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай бұлақта орналасқан. Тұрақ жер үсті типті және ауданы шамамен - 14 400 м. Тұрақтан микролиттік табылды: жоңқалардағы қырғыштар (кішісінің өлшемі-1x0,5 см, неғұрлым ірісі-6х4см), қимасы трапеция немесе үшбұрыш болатын, арқасы өңделген, кейде ішкі жағы өңделген пышақ тәрізді тіліктер (10), өңделмеген тіліктер - 64, қысқа сапты найзалардың және әр түрлі пішінді жебелердің ұштары, негізінде ойығы бар, лавр жапырағы тәрізді және басқалар - 14, тік бағытындағы сынған кедір - бұдыры бар жайпақ нуклеустар, нуклеус тәрізді пішіндер, құралдардың бөлшектері, жоңқалар (көбісі өңделген) - барлығы 406 дана. Өндіріс қалдығы 3000 данадан астам. Керамика жоқ. Құралдарды дайындау шикізаты — шақпақ тастар, яшмокварциттер.
7. Қалмақ-Емел тұрағы Қараүңгір тұрағынан 70,5 шақырым солтүстік-шығысқа қарай және Тоқырауын өзенінен 120 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Ол жер үсті тұрағы, ауданы шамамен — 4200 м2. Тұрақтың үстінен шамамен 500-ге жуық микролиттік заттары жиналған, олардың арасында өлшемі 1x1 кіші және 3,5x4 см ірі жоңқал ардағы қырғыштар - 63; 3 5 - пышақ тәрізді тіліктер (ішкі жағынан, кейде арқасы өңделген); қимасының, ең кіші ұзындығы 1 см және барынша үлкені 4 см, үшбұрыш немесе трапеция түріндегі қалыптар - 9; жебе ұштары (сапты, лавр жапырақты) - 3; призмалық нуклеус - 2; нуклеустардың бөлшектері - 8; жоңқалар, қырғыштар үшін дайындамалар - 100-ден асады; өндіріс қалдықтар - 300-ден асады. Керамика жоқ. Шикізат - кварц, яшмакварцит.
8. Арқарлы тұрағы Саяқ кен шығару орнынан 110 шақырым солтүстікке қарай және Қараүңгір тұрағынан 128 шақырым солтүстік - шығысқа қарай орналасқан. Бұл жерде әр заманның (палеолит, неолит, қола) мәдениет қабаттары байқалады. Нуклеус пен қырғыштар түріне қарағанда бұл тұрақ жоғарыда суреттелгендерге қарағанда ескілеу. Кремний арасында жоңқалы қырғыштар басым - (159), ретуші бар және пышақ тәрізді тіліктер (125), тік, кедір-бұдыры бар сынған нуклеустар (7), жебе ұштары (3), көлемі кіші жоңқалар (100-ден аса). Керамика жоқ. Материал - шақпақ тас, яшмокварцит. Тұрақтан біраз солтүстікке қарай, Ақжар кен шығару орнында, түбегейлі жыныстар жазықтығында көптеген жартас суреттері бар, олардың көбісі Солтүстік Балқаш өңірінің микролиттік мәдениетімен синхронды.
Солтүстік Балқаш өңірінде А.Г. Медоевпен тағы жиырма шақты неолит тұрақтары ашылды. Бұл - Тұраңғы, Қызылжар, Үшөзек, Үшқызыл, Ауғанбай, Шайдан, Сарымсақты, Қотан - Емел, Қалмақжатқан - Қарашат, Ақшоқы, Ащы өзек және басқа да тұрақтар. Осы тұрақтардан А.Г. Медоевпен 11000 - ға жуық кремний бұйымдары, оның ішінде: 744 қырғыш, 50 пайза мен жебе ұштары, 146 ретуші бар пышақ тәрізді тіліктер, 630 ретуші жоқ, 135 нуклеус, 55 нуклеус тәрізді заттар, 50 тескіштер мен майда кескіштер, (2) қазғыш, (2) қырғыш, бір диск сияқты батырғыш, үш ұрғыш, 900 дайындама, 1440 майда жоңқа, 6 800 бірлік өндіріс қалдығы табылған.
1960 жылы А.Г. Медоевпен Тоқырауын - Аягөз су бөлінісінде бірнеше ондаған тұрақтары ашылды, олардың бағыты Саяқ кенішінен Шыңғыс тау жотасына дейін және Аягөз өзенінің оң жағасынан Семей облысы, Шұбартау ауданына дейін аралықта болды. Мұзбел, Қызылтас, Алтын - қазық тауларында, Қасқабұлақ, Көгілдір кеніштерінен шамамен 25-ке жуық тұрақтар зерттелді, 400 пышақ тәрізді тілік, 200 қырғыш, көбісі жоңқа түрінде, 26 нуклеус, 10 тескіш, 7 жебе ұшы, 4 кескіш, 2 трапеция, 2 екі жағы өңделген шағын диск, барлығы шамамен 2000-ге жуық кремний заттары.
Солтүстік - Батыс Балқаш өңіріндегі және Мойынты - Сарысу су бөлінісіндегі неолит тұрақтарының арасынан төмендегілер мұқият зерттеуді қажет етеді:
1. Көкдомбақ тұрағы Көкдомбақ көлінен 18 шақырым солтүстікке қарай, Балқаш қаласынан 60 шақырым солтүстік - батысқа қарай және Бектау - ата тауынан 35 шақырым оңтүстік - батысқа қарай кен шығару орнында орналасқан. Тұрақтың ауданы шамамен 5000 м, микролиттік бар жер үсті типті. Одан 200-ден астам кремний бұйымдар жиналды, олардың арасында басым бөлігі қысқа сапты найза мен жебе ұштары (41), тұрақтың тұрғындары үшін аңшылықтың маңыздылығы туралы және бұл неғұрлым ежелгі екенін көрсетеді. Сондай-ақ, жоңқалардағы қырғыштар (40), аздаған пышақ тәрізді тіліктер, көптеген нуклеус тәрізді сынықтар және ретуші бар және жоқ барлығы 125 зат табылды.
2. Жолдас тұрағы Ақшатау кенішінен 15,5 шақырым оңтүстік - батысқа қарай Жолдас бұлағында орналасқан. Тұрақ жер үсті типті, микролиттер өте көп. Тұрақтан 320 кремний бұйымдары жиналды, олар әр түрлі тау жыныстарынан жасалған. Құралдардың арасында жоңқалардағы қырғыштар (26) басым, олардың көлемдері 1,5x1,5 см - ден 2,5x2,5 см-ге дейінгі аралықта, жебе ұштарының бөлшектерімен (2), призматикалық типті нуклеустар (2), арқасынан және ішкі жағынан жиектері бойымен өңделген пышақ тәрізді тіліктер (14), қимасы үшбұрыш және трапеция пішініндегі, ұзындығы 0,5 см-ден 4,5 см-ге дейін жететін сол типтегі, бірақ өңделмеген пышақ тәрізді тіліктер (95), көптеген жоңқалар, ретуші бар қырғыштарға арналған дайындамалар.
3. Айнабұлақ тұрағы дәл солай аталатын көлде, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кентінен 40 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай орналасқан. Тұрақ қатты елеуреген және шайылған.
Шамамен оннан аса кремний құралдары жиналды, олардың ішінде жоңқалардағы қырғыштар, призма және конус тәрізді нуклеустар, нуклеус жасауға арналған дайындамалар, жоңқалар. Керамика жоқ. Барлық құралдар осы ауданға тән кремний түрінен жасалған.
4. Егіндібұлақ тұрағы дәл солай аталатын көлде, Ақшатау кентінен 42,5 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай және Мойынты өзенінің сол жағасының 18 шақырым шығысқа орналасқан. Тұрақ микролиттік бар жер үсті типті. Жиырмаға жуық кремний құралдары жиналды, оның арасында жоңқалардағы қырғыштар (8), өңделген пышақ тәрізді тіліктер (2), жебе ұштары, жоңқалар. Керамика жоқ.
5. Талды - бұлақ тұрағы дәл солай аталатын көлде Мойынты өзенінің сол жағасынан алыс емес, Ақшатау кентінен 43 шақырым оңтүстік - батысқа қарай және Егінді - бұлақ тұрағынан 18 шақырым оңтүстік - батысқа қарай орналасқан. Тұрақ қатты елеуреген және шайылған. Жинақ мардымды емес.
6. Сұлтан тұрағы көне Ақсоранг кенішінен алыс емес жерде, Ақшатау кентінен 27,5 шақырым оңтүстік - батысқа қарай орналасқан. Мәдени қабаты 8000 м. жер үсті типті тұрақ. Шамамен 200-ге жуық кремний заттары жиналды, оның ішінде өлшемі 1x1 см - ден 3x2,5 см - ге дейін жететін, әр түрлі пішінді жоңқалардағы қырғыштар (21), ұзындығы 0,5-тен 3,5 см - ге дейін жететін трапеция және үшбұрыш қимасы бар пышақ тәрізді тіліктердің сынықтары, жартысы өңделген (54), жебе ұштарының бөлек даналары, призма және конус тәрізді нуклеустар, жоңқалар өте көп. Керамика жоқ. Мойынты - Сарысу су бөлінісі ауданында Қызылеспе, Бейіт, Сасықбай, Қараоба, Жаманшілік тұрақтары А. Г. Медоевпен ашылып, зерттелді.
1948 жылы Мойынты өзенінің төменгі бөлігінде, Балқаш т. ж. Науалы станциясының 28 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай неолит тұрақтары табылды. Жиналған кремний материалдары Жамбыл өлкетану мұражайында сақтаулы.
1953 жылы Мойынты өзенінің аңғарында және Солтүстік Балқаш өңірінде С.В. Лопатинмен неолит тұрақтарының қызықты тобы зерттелді. Алты тұрақ ашылды, оның біреуі — Үшқызыл тау етегінің солтүстік - батысындағы «көлдік тұрағы» болды. Шамамен жүзге жуық кремний құралдары жиналды - пышақ тәрізді тіліктер, өткір ұштар, сондай-ақ, дөрекі жапсырылған ыдыстың бөлшектері.
1953 жылы С.В. Лопатинмен Ақшатау кентінен 20 шақырым оңтүстікке қарай Ақжал I тұрағы ашылды және зерттелді. Тұрақ жер үсті типті, мәдени қабатының ауданы — 2500 м. Тұрақтың бетінен бірнеше жүздеген кремний құралдары мен жоңқалар жиналды, олардың ішінде пышақ тәрізді тіліктер, өткір ұштар, қырғыштар. Кремний жоңқалары мен сынықтарының елеулі жиынтығы тас құралдарының дайындалуы сол орында жүргізілді деп қорытындылауға негіз береді.
Ақжал II тұрағы жер үсті типті, микролиттік бар, Ақжал кенті ауданындағы бұлақта орналасқан, құрылыс жұмыстарынан бұзылған. Пышақтар, қырғыштар және үшбұрышты өткір ұштар тәрізді кремний құралдары шұңқыр қалдықтарынан алынған. Тұрақта салмағы 860 г. қара мыс кесегі табылды, ол қабаттың болғанын дәлелдейді, өйткені табылған олжа энеолит дәуіріне тән.
Ақжал Ш тұрағы Ақшатау кен шығару орнынан 40 шақырым оңтүстікке қарай, Ақжал кентінен алыс емес, Жамшы аңғарына қосылатын сайда орналасқан. Жер үсті тұрағының микролиттік бар. Жиынтығында тұрақтың ұқсас қырғыштар мен пышақ тәрізді тіліктер басым. Керамика жоқ.
Ақжал IV тұрағы көне Қызылеспе кен шығару орнына барар жолда Ақжал кентінен 20 шақырым оңтүстікке қарай бұлақта орналасқан. 20 кремний құралы жиналды.
Ақжал V тұрағы Жамшы аңғарында Ақжал кентінен оңтүстік - шығысқа қарай орналасқан бұлақта тұр. Кремний құралдары - нуклеустар, қырғыштар, пышақ тәрізді тіліктер сондай-ақ, жапсырылған ыдыстардың сынықтары жиналды.
Тұрақтан 170 шақырым солтүстік - шығысына қарай ұзындығы 700 метр ауданды иеленген таяз шұңқыр байқалды. Бұл - тереңдігі 30-40 см-ге дейін жететін шұңқыр түріндегі қола дәуірі қонысының қалдығы. Өлшемі — 5x7 м. және 7x14 м. пішіні сопақша келген шұңқыр. Шұңқырлардың жанында жер бетіне көмір және күл қабаты түрінде шығып тұрған құрбандық шалатын орындардың іздері табылған. Күлдік қабатта ірі жануарлардың әбден күйген сүйектері байқалады. Шұңқырларда (жертөлелерде) қызыл яшмадан және жасыл түсті кремний қатпарлы тастарынан жасалған көптеген кремний құралдарының тобы байқалады. Қоныстың жартысы жер жұмыстары себебінен жойылып кеткен. Қола дәуірінің үй-жайлары байырғы неолит дәуірі тұрақтарының орнында пайда болуы - бұл мысалдардың бірі және неолит пен қола дәуірі тайпаларының арасында этникалық байланыстың және сабақтастықтың болғанының дәлелі.
Солтүстік Балқаш өңірінде, Ақшатау кен шығару орнынан 60 шақырым солтүстік -батысқа қарай орналасқан Толағай тауында М.Г. Котовпен неолиттік тұрақтары байқалды, мұнда халцедоннан жасалған сапты жебе ұштары табылған.
Неолиттік тұрақтарының басым бөлігі Баянауыл мен Қарқаралы далаларында және Солтүстік Балқаш өңірінде байқалады, сондай-ақ, кремний құралдарының жиналуы ежелгі заманда осы орындарда тығыз қоныстанудың және бұл жерде адамның көп уақыт болғанын дәлелдейді.
БЕТПАҚДАЛА ШӨЛІНІҢ НЕОЛИТ ТҰРАҚТАРЫ
Бетпақдала шөлінде неолит тұрақтарының пайда болуы үшін екі фактор әсер етті: бай фауна және аңшылықпен айналысқан неолит адамы үшін өмір негізін құраған кремний түрінің үлкен қоры. Сол замандағы жартас суреттері неолит дәуіріндегі адамдар жабайы жануарларды қолға үйретумен айналысқанын дәлелдейді.
Бетпақдала шөлін зерттеуші Д.И. Яковлевтің байқағандары бойынша, шөлдің солтүстік -шығыс бөлігінде орналасқан Қилықожа құдығы ауданы яшмокварциттан, кремний қатпар тастарынан, кремнийленген, қабыршықтанған жыныстарынан, сүтті - ақ халцедоннан құралған.
Бетпақдаладағы кремний жыныстарының өзіне тән ерекшелігін әр түрлі түстері құрайды -жасыл, сұр - жасыл, Ақшыл көк, қызыл - қошқыл, қызыл, сұр, кейде Ақшыл түсті немесе мөлдір. Осындай көп түстілік яшма, змеевик және халцедонға тән. Халцедонның, ақ және яшманың әсемдігіне таң қалған проф. Д.И. Яковлев былай жазады: «Расцветки яшм очень разнообразны и представлены белыми, светлосерыми, зелеными, красными и лиловыми красками. При желании можно подобрать очень сложную гамму тонов». Д.И. Яковлев Солтүстік Бетпақдалада, Садақ - күйген, Қилы қожа құдықтары ауданында, Болаттау және Ергенекті - Пыстан тауларында осы минералдардың пайда болуын зерттеген. Жезқазған және Қарағанды мұражайларында сақтаулы тұрған кремний құралдары минералогиялық түсі және құрамы бойынша Солтүстік Бетпақдала және Сарысу тауы өңіріндегі яшма, халцедон, жылтыр тас және қатпар тастарға ұқсас. Өз кезінде бұл жайында Қ.И. Сәтбаев айтқан. Орталық Қазақстанның оңтүстік еніндегі тау түрлері - кремний кварциті, қатпар тастар, халцедондар, яшмалар, өте қатты змеевиктер олар палеозойт дәуіріне дейін пайда болған. Сарыарқаның қатты жыныстары жөнінде геолог Н.И. Наковник: «Самый твердый после алмаза - сапфир. Весь склон горы Семиз-Бугу состоит только из это минерала» - деп жазды. Кварцит түрлерінен корундтың табылуы М.П. Русаковты таң қалдырды. Семізбұғы көрген академик А.Е. Ферсман: «Смотрите на этот прекрасный синий камень. Где вы видели что-нибудь подобное и при этом в родстве с кварцитом?» Поистине - это жемчужина Казахстана» - деп масаттанган. Осы қатты және түрлі-түсті таужыныстарына Қазақстан даласындағы неолит тайпалары ерекше қызығушылық танытты, осыған дәлел ретінде, сол кездегі барлық еңбек және аңшылық құралдары - яшмадан, халцедоннан, жылтыр тастардан, қабыршықтардан, кварциттен, сондай-ақ, асыл жылтыр тастар мен тау су тасынан жасалған.
Бетпақдала шөлінің көптеген орындарында В.А. Селевинмен қатпар тастардан, яшмадан, халцедоннан жасалған кремний құралдары мен нуклеустар табылды. 1929 жылы Сарысу ө. сол ағысындағы, Боқтықарын алқабының үрлеуінен, 1934 жылы (Чинг) Кендерлік және Түйе жел жолы бойынша, Уванас құдығынан алыс емес Орталық Бетпақдала терең жалаңаштанған тік жарынан тапқан. Бұл тұрақтардан В.А. Селевинмен нуклеустар, тас жебе ұштары, қырғыштар, пышақ тәрізді тіліктер жиналды және ОАМУ археология бөлімінің жетекшісі, профессор М.Е. Массонға өцдеу үшін тапсырылды. Өзінің олжалары туралы В.А. Селевин: «Изделие из камня, относящиеся, по-видимому, к неолиту, известны из разных мест в песках по р. Сарысу и к северу от г. Туркестана. Нашей экспедиции в 1934 г. Удалось обнаружить в пределах Бетпакдалы в районе колодца Уванас и ключей Кендерлик наконечники каменных стрел и мелкие осколки кремня» — деп жазды. САГУ экспедициясы 1929 жылы Бетпақдаланың батыс шетінен, Боқтықарын ащы өзенінің алқабынан неолит дәуіріне балама заттар әкелінді. Дала экспедициялық жұмыстарының дамуына байланысты Сарысу өзенінің алқабынан және Бетпақдала шөлінен табылған неолит мәдениеті туралы мәліметтер көбейе бастады.
1936 жылы Жезқазғанның кен басқармасының бас геологы Қ.И. Сәтбаевпен Сарысу және Жеті – Қоңыр құм үрлеуінде кейінгі неолит пен ерте қола дәуірі тұрақтарының қатары ашылды және көп мөлшерде кремний құралдары шой балғалар, балталар, үшінші сапты жебе ұштары жиналды. Сондай-ақ, саз балшық ыдыстарының сынықтары табылды. Қ.И. Сәтбаевтің байқауы бойынша көптеген кремний құралдары Жалаңаш Дала (Бетпақдала) шегінен табылды.
Неолит құралдары профессор А.В. Мухлямен Көк ашық метеостанциясы ауданында, Бөрі тескен құдығынан 75 шақырым солтүстік-шығысқа қарай Орталық Бетпақдалада сондай-ақ, Тас бұлақ ауданындағы бұлақтар жанынан айтарлықтай жиналды. Оның байқауынша, неолит аңшылары судың қайнар көздерінде - бұрқақтарда және ашық су айдындарында тоқтап отырған, біздің уақытта бұлар тақыр жерге айналған. А.В. Мухля коллекциясында микролиттік құралдар - кремний жебе ұштары, ұшты қырғыштар, пышақ тәрізді тіліктер бар.
Бетпақдалада адамдардың аз тұрақтаған іздері бар тұрақтар кездеседі. Бұл кремний құралдарын жасайтын шеберхана - тұрақтар. Неолит аңшылары олжа іздеп жүріп Бетпақдала шөліне келген және осы жерде кремний құралдарын жасаған.
Уақытша шеберхана - тұрақтар іздері бізбен 1947 жылы Жиделі ө. жағасында, Қыпшақбай мен Көкек шатқалында, оңтүстіктен солтүстікке қарай баратын үлкен керуен жолынан 5 шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Қыпшақбай шатқалының оңтүстік-батысынан табылған. Тұрақтардың біреуі тұщы суы бар бұлақта, төбешік етегінде орналасқан. Бұлақ қазіргі уақытта да Бетпақдала арқылы өтетіндер үшін демалу орны болып табылады. Шеберхана - тұрақ жер бетінен биіктігі 20-30 см., диаметрі 1,5-3 м төмпешік түрінде шығып тұрады. Ол жерден кремний жоңқаларының, тіліктер мен сынықтардың үлкен жиынтығы табылды, бірақ дайын бұйымдар аз болған. Ақшыл түсті кремнийден жасалған, жапырақ тәрізді пішінді, екі жағынан жұқа ретуші бар, ұзындығы 3,5 см, ені 1,2 см. жебе ұшы табылған. Осы техникамен ұштары сынған екінші кремний жебе ұшы дайындалған. Олжалардың арасында шеттері өңделген пышақ тәрізді тіліктер (10) ерекше орын алады, олар өлшемі 3-3,5 см, ені 1-1,5 см сұр және ақсары түсті жылтыр таспен кремнийден жасалған.. Аяқталмаған бұйымдардың негізгі бөлігін диаметрі 2-2,5 см шеттері өңделген, жартылай мөлдір жылтыр тастан жасалған домалақтанған және сегмент тәрізді қырғыштар құрайды. Ұшты қырғыштар бір ұшы бойынша ретуші бар жұқа тіліктерден дайындалған. Ұшты қырғыштар үшін шеттері типыл сынған тіліктер пайдаланылған. Құралдарды дайындау үшін қолданылған негізгі шикізат шақпақтас, халцедон, жылтыр тас, яшма, сұр, ақ сары, ақ түсті салыстырмалы түрде жасыл және қызыл түсті кварцит сирек қолданылған.
Жиделі өзені Атасу ө. Қаражал кен шығару орнынан 180 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. 1968 жылы біздің ізімізбен ол жерге М.Н. Клапчук келді, ол осы жерден үш тұрақты тауып алды. Ол: «Множество неолитических находок встречено по берегам пустынной реки Жидели» - деп жазды. Ол Жиделі 45 шақырым солтүстікке қарай орналасқан Қайып мергеннің - Қарасуы (Клапчуктет анықсыз Қайымберген) бұлағынан тағы да екі тұрақ ашқан.
Шеберхана - тұрақ бізбен 1947 жылы Орда - Шағыл тауында, Сор бұлақтан (Байқожа) 20 шақырым солтүстікке қарай ашылған. Тұрақтың ерекшелігі Жиделі тұрағына ұқсас 1951 жылы Орда - Шағыл тауынан 25 шақырым оңтүстік - батысқа қарай және Сор бұлақтан 25 шақырым солтүстік - батысқа қарай Тоқым тыққан бұлағынан тұрақ тапты, ол жерде нуклеустар (3), пышақ тәрізді тіліктер (10), қырғыштар (9), тіліктер (4)30-.
Шеберхана - тұрақтар Шығыс Бетпақдалада, Исақ кесенесінен оңтүстігіне қарай, бұлақтан табылды. Микролиттік құралдардың жинағы осы аймақта 1936 жылы В.А. Селевинмен жасалған, 1955 жылы профессор А.В. Мухля Жамбыл және Тас бұлақ тауларының арасынан кремний құралдарын (қырғыштар) жинады. Солтүстік - Шығыс Бетпақдалада Тарлақат шатқалында, Май жарылған тауында, Жамбыл тауынан шығысына қарай, Батыс Балқаш өңіріне жақын, Азат құдығынан М.Н. Дублицкаямен жиналған. Бұл жинақтар Жамбыл облыстық өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. 1967-1968 жылдары Солтүстік -Батыс Бетпақдала неолит тұрақтарының елеулі тобы ашылды және зерттелді, мұнда көптеген яшмокварцит және басқа да қатты кремний таужыныстары, өте терең емес жерде жайғасқан жерасты суларының қайнар көздері, тақыр (құрғап қалған көлдің түбі) жерлер және қараусыз қалған құдықтар бар. Осы құрғап қалған көл жағасында тұрақтардың бірнеше тобы орналасқан: Айдарлы (1-2), Жаман-Айбат (1-2), Ала тақыр (1-6), Қос құдық (1- 8), Шыбынды (1-3), Аққұдық (1-4) орналасқан 33. Олардың барлығы бір-біріне жақын орналасқан, батыста және солтүстік-батыста Жеті - Қоңыр барқанға баратын шөл бөлігінде. Осы кейбір шөл тұрақтарының кереметтілігі ірі және дөрекі құралдар түрінде палеолит адамының іс-әрекет ізі қалған неғұрлым кейінгі кезеңнің ескерткіштерімен бірге кешенде орналасқандығында. Айдарлы тобы Қаражал кен шығару орнынан 150 шақырым оңтүстік-батысына қарай, Көктас (Өлке қыстағы) төменгі жағынан 36 шақырым оңтүстікке қарай, Айдарлы тауының етегінде, яшма мен кварцит көп жерде орналасқан. Ұзындығы шамамен 1 шақырым, ені 20-30 м тақырдың оңтүстік-батыс жағасында тар жолақ түріндегі ауданды алып жатыр. Бұл жерден көптеген нуклеустар табылған.
Ала тақыр тұрақтар тобы Айдарлы I 2-3 шақырымда орналасқан. Бұл жерден алтыға жуық тұрақтар табылды және олардың барлығы тақырлар шеті бойынша орналасқан.
Қос құдық тобы Айдарлы тақырынан 12 шақырым шығысқа қарай Шу өзенінің төмен жағынан Көктас және Сарысу аңғарынан өтетін ескі керуен жолында орналасқан. Бұл Солтүстік Бетпақдалада қара тау палеолит орны Айдарлы II бірлесіп, бір кешенді құрайды. Жанында Қос құдық 6 және 8 неолит тұрақтары орналасқан. Олар бізбен 1947 жылы, кейін 1967 жылы М.Н. Клапчукпен зерттелді. Тұрақтардың үсті сынықтармен және яшма томпақтарымен көмкерілген, тұтас құралдар өте сирек кездеседі.
Шыбынды тобы (М.Н. Клапчукта анықсыз Шабынды) Қос құдық тобынан 6 шақырым солтүстікке қарай және сол керуен жолында, Көктас (Өлке) төмен жағынан 36 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Жиделі және Қос құдық 6 мен 8 тұрақтарына ұқсас Шыбынды тобы шеберхана - тұрақтардың классикалық типін құрайды. Мәдени қалдықтары бар жалпы аудан үштен кем емес шаршы километрді құрайды. Тұрақтардың үсті өндіріс қалдықтарына (сынықтарына және қабыршықтарына), жоңқаларына, нуклеустарға және олардың сынықтарына толы. Шеберханалардың орындарында тұтас құралдар кездеспейді, дайын құралдарды аңшылар өздерімен бірге алып отырған - оның Бетпақдаланың неолит мәдениетінің ерекшелігін құрайды.
Неолит тұрақтарының тобы 1964-1965 жылдары Батыс Бетпақдалада, Жеті - Қоңыр барқандардың шығыс құм төбе аудандарында ашылды. Бұл жерден Жаман-Айбат I және Жаман-Айбат II тұрақтары анықталды. Біріншісі, шығыс Талды - Қоңыр (немесе Кент -Қоңыр) барқанының шығыс құмды төбесінде, аттас жотасынан 11 шақырым оңтүстік -батысына қарай орналасқан. Екіншісі, 8,5 шақырым жота етегінің солтүстік-батысында орналасқан. Екі тұрақтан да нуклеустар (3), пышақ тәрізді тіліктер (106), ұшты қырғыштар (15), жоңқалардағы қырғыштар (44), трапециялар (2), жебе ұштарының сынықтары (4), найзалардың ұштары (4), керамика бөлшектері (2), жоңқалар (720) табылды.
Жеті - Қоңыр құмды төбе тұрақтары Бетпақдаланың солтүстік-батыс бөлігінде Қарағанды облысы, Жезді ауданында орналасқан. Бұл физикалық - географиялық ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ, білінетін ежелгі мәдениет іздерімен қоршаған шел дала жағдайында анық көрінетін барқандардағы оазис. Бұл аудандағы грунттық және артезиан сулары күзгі-қысқы мезгілде толады және бұл жерлерде кейде терең су айдындары - суы тұщы көлшіктер кездеседі. Топырақ суының мол болуының арқасында бүл жерде өсімдік жабынының түрі көп. Осының барлығы құм төбе тұрақтарының пайда болуына негізделген.
Жеті - Қоңыр құм төбе тұрағы 1936 жылы Қ.И. Сәтбаев ашқан. Соңында бұл құм төбе тұрақтарын көптеген ғалымдар қараған. Ежелгі адамдардың мекендеген көптеген іздеріне қарағанда Жеті - Қоңыр барқандары Орталық Қазақстандағы неолит тайпалары мекен еткен орындарының бірі экспедициямен Жиделі - Қоңыр барғанда, Жиделі - Қоңыр және Талды - Қоңыр елді мекендеріндегі тұрақтар зерттелді.
Кремний материалдарының және мәдени қалдықтарының көптігі бойынша Жеті - Қоңыр құм төбелері Сарысу бассейніндегі, Жезқазған және Қарағандыдағы тұрақтармен бірге бір жүйені құраған. Құм төбелерден Бетпақдалаға тән микролиттер, сондай-ақ солтүстік далаларға, сонымен қатар Сарысу аңғарына тән алып құралдар табылды.
Жеті - Қоңыр құм төбе тұрағынан алғашқы жинақтар 1945 жылы В.Г. Григорьевпен жасалды, ол Жиделі, Қызыл кент, Қарабұлақ құмдарында бақылау жүргізген. Оның жинағының арасында нуклеустар, ұзындығы - 3,5 см, ені 1,2 см пышақ тәрізді тіліктер (9), пішіні әр түрлі қырғыштар (12), жұқа ретуші бар ақ түсті кремнийден жасалған жебе ұштары (2), қыстырмалар (2), кескіштер (2), бүйір ойығы бар құрал, бұрғы, қолмен жапсырылған керамика фрагменттері (24) және т.б. В.Г. Григорьев коллекциясының бөлігі Қарағанды мұражайында, екінші бөлігі ҚазССР ГА ТАЭИ сақтаулы.
Жеті - Қоңыр құм төбелерінен мол жинақ 1947 жылы ОҚАЭ қызметкерлерімен жасалды. Өңделу деңгейі әр түрлі көптеген жоңқалар және кремний құралдары жиналды. Құралдардың арасында: шеттері өңделген ұзындығы 1,5 см - ден 3,5 см - ге дейін, ені 1-1,2 он пышақ тәрізді тіліктер, жартылай мөлдір жылтыр тастан жасалған бір тілік, тоғыз қырғыш, олардың ішінде диаметрі 4-5 см, қалыңдығы 5 мм дөңгелек шеті бойынша қаптауышы бар алтау домалақ келген, ұзындығы 1,5 см, ақ сары түсті кремнийден жасалған пішіні үшбұрышты бір қырғыш, біреуі - домалақ, шеттері өңделген, ұзындығы 4 см, сондай-ақ, ойықты сынығы бар қырғыш; ұзындығы 4 см, екі жағынан өңделген жебе ұштары; ұзындығы 5 см, екі жағынан өңделген екі жебе ұшы, ұзындығы 10 см және 2,5 см, кремний кесек тастарынан жасалған қол шапқыштар - екеуден, жүзі қыстырмалы, кескіштер, бұрғылар, өрнектелмеген қолмен жапсырылған керамика.
1957 жылы Л.А. Слудскиймен Сарысу сол жағасынан қарай Мойын - Құмақ тұрағы ашылды. Осы жерде барқандардың шығыс үрлеулерінде Самен барқандарынан 48 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан Табан - Құдық құдығына қарама-қарсы онымен нуклеустар, қырғыштар, пышақ тәрізді тіліктер, жебе ұштары, ал Жиделі - Қоңыр тұрағынан жоғарыда көрсетілген құралдардан басқа, егелеу тастары және қолдан жапсырылған ыдыстардың сынықтары көтерілді. А.А. Слудскийдің жинақтары АН ҚазССР мұражайында сақтаулы тұр.
Бетпақдаладағы тұрақтар жануарлардың күзгі уақытта солтүстіктен оңтүстікке қарай көшу кезінде тоқтайтын орны болған. Табиғи жағдайларының қатты болуы себебінен аңшылар бұл жерде аз ғана уақыт тұрақтаған. Шамасы, ызғарлы қыстың алдында аңшылар оңтүстікке Жетісудағы Шу және Талас сағасына кеткен болар. Оны Тамды ө.бүкіл дала бойынша және Жезқазғаннан Шу ө. жағасына дейін табылған бірегей тас құралдары дәлелдейді. 1948 жылы Шу бір типті материалдар табылған Жезқазған және Сарысу тұрақтарына ұқсас тұрақ ашылды 38. Бетпақдала микролиттері жылтыр тастардан, халцедоннан, яшма мен қатпар тастардан, ал сарысу құралдары кварц пен алевриттен жасалған.
М.Н. Клапчуктың пікірінше, Бетпақдала микролиттері солтүстік далалардың неолит мәдениетінен айрықшаланатын ерекше мәдениетті құрайды. Айырмашылықтар Бетпақдаланың тау жыныстарына байланысты, оларды өңдеу кезінде солтүстік дала жыныстарына қарағанда неғұрлым ұсақтау болған.
САРЫСУ ӨЗЕНІ БАССЕЙНІНІҢ НЕОЛИТ ТҰРАҚТАРЫ
Металлдыққа дейінгі мәдениет тұрақтарының елеулі сериясы Сарысу бассейнінде ашылған. Олар Сарысу құйылу аңғарында орналасқан. Бұл 1929 жылы В.А. Селвинмен табылған Көкті көл, Төгіскен, Қызылжар, Бөрі бас, Сары - Өзен, Қаражар, (Саргот), Талмас - ата, Тұзды - сай және соңғысы Боқтықарын тобы.
Көкті көл тұрағы алғаш рет 1937 жылы Н. Харламовпен ашылды. Олар Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Көкті көл көлінің жағасында, Ортау тауының солтүстік тау сілемінде, Қарашоқы шоқысының оңтүстік етегінде орналасқан. Бізбен сынықтар, жоңқалар, нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, қырғыштар, кескіштер, түрлі-түсті тастан жасалған балта жиналған. Кейбір құралдарда көненің бітістері байқалады.
Сарысу жоғарғы ағысында сол кездері халық тығыз орналасқан және кейде олардың сыртқы бейнелеріне қарап, неолит және қола дәуірінің тұрақтарын ажырату мүмкін емес, олар не бұзылған, не жерге көміліп кеткен. Тек кей жағдайларда жер жұмыстарын жүргізу кезінде кремний құралдарының және жануарлар сүйектерінің жиынтығы түрінде неолит тұрақтарының ізі кездеседі. Осылайша, Қарағанды - Жезқазған темір жолын, Жаңаарқа және Жарық станцияларының құрылысы кезінде, осы станциялардың арасындағы учаскеде жер жұмыстарын жүргізу барысында көне мәдени қабаттары табылды, жергілікті тұрғындар олардан жинақ жасады. Бірақ, лайық археологиялық қадағалаудың болмауы себебінен олжалар тіркелмей, із-түссіз жоғалып кетті. Сарысу сирек тұрақтанған жерлерінде, оның орта және төменгі ағыстары ауданында неолит тұрақтары жақсы сақталған.
1967 жылы М.Н. Клапчукпен ашылған Құдайменде неолит тұрақтарының тобы қызығушылық тудыруда. Топ Сарысу о. оң жағасында, оған Құдайменде құйылысында орналасқан. Тұрақтан 20 шақырым солтүстік-шығысқа қарай, 1905 жылы инженер А.А. Козыревпен зерттелген танымал Қараағаш обасы орналасқан.
Жел эрозиясынан жалаңаштанған жерінде Құдайменде тұрағы анықталды, мұнда кішігірім сай өзенге қарай түседі. Бүл жағалау жолағында жайылма алқап террасасында 20-ға дейінгі тұрақтар ашылды және дайын құралдардан, дайындамаларынан және өндіріс қалдықтарынан тұратын үлкен көтерме материал жиналды. Барлық жинақ Қарағанды мұражай қорында сақтаулы.
Қызылжар жер үсті типті тұрақтар тобы М.Н. Клапчукпен 1962 жылы ашылды және зерттелді. Топта бес тұрақ бар, олардың барлығы Жезқазған т. ж. Қызылжар ауданында, Сарысу ө. Сол жағасында орналасқан. Құрақтардан Қарағанды мұражайында сақтаулы тұрған кремний бұйымдарының елеулі саны жиналған.
Бөрі бас жер үсті тұрағы Сарысу Қызылжар ст.18 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Бізбен 1947 жылы ашылды және зерттелді, 1962 жылы М.Н. Клапчукпен екінші рет қаралды, ол оны «Қызылжар 20»41 деп қате атаған, өйткені Бөрі бас тұрағын Қызылжар тобынан құмды барқандар және 18-27 шақырым елеулі қашықтық бөледі.
Бөрі бас тобында екі тұрақ бар. Олар: Бөрі бас I және Бөрі бас II. Біріншісі, Сарысу оң жағасында орналасқан, екіншісі - үстіртті террасада, Сарысу ө. ежелгі жағасына орналасқан. Мәдени қалдықтары бар тұрақ сұлбасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, тұрақтың ауданы 1800 м. 1947 жылы тұрақтың үстінен бірнеше ондаған тас құралдар жиналды. Олардың арасында нуклеустар, үлкен көлемді пышақ тәрізді тіліктер, жылтыр тастар мен кремнийден жасалған садақ ұштары, алып ұшты қырғыштар және жоңқалар бар. Ірі көлемі бойынша олар неолит немесе эпипалеолит ерте кезеңіне тиісті (П.П. Ефименко анықтамасы). Сол кезде пішіні домалақ қара дақ түрінде, диаметрі 5 м ірі тастардан айнала қаланған неолит үй-жайларының қалдығы зерттелді. Дақтардан тыс тас ошақ байқалған, оның айналасынан кремний заттары жиналды.
1967 жылы Бөрі бас тұрағында шурф салынды, нәтижесінде көне мыс балқыту орны табылды, ол жер күлдің, көмірдің және жанған жануарлар тістерінің топталуымен сипатталады. Шұңқырдың түбінде торт мыс кесек пен малахит кені болды. Ошақ -шұңқыр айналасынан ондаған тас бұйымдар, өндіріс қалдықтары және тасты кетпендер жиналған. Бұл мәліметтер Бөрі бас тұрағын кейінгі неолит пен энеолит басы мерзімін анықтауға мүмкіндік береді.
Бөрі бас I тұрағынан балық ұстайтын төрт үшін диск тәрізді батыр және кетпен тәрізді құралдар табылған.
Диск тәрізді батыр ұсақ түйірлі, жасылдау түсті диабаздан жасалған, дөңгелек шеттері бойынша дөрекі өңделген. Диаметрі 7-ден 9 см көлеміндегі үш диск табылды. Сарысу ө. оң жағасында, Қаражардан оңтүстікке қарай, Тұзды - сай тұрағынан дәл осындай диск А.Н. Формозовпен табылды. Тұрақтан бізбен сабын байлауға арналған ойығы бар, пішіні үшбұрыш секілді диабазадан жасалған кетпен табылған46.
Бөрі бас II шеберхана - тұрақ кішкентай төмпешік ретінде Сарысу сол жағасында, №1 тұрақтан жарты шақырым оңтүстікке қарай табылған. Қалыңдығы 30-40 см тас үйме түріндегі кішкентай төмпешікті құрайды, оның айналасында көптеген сынықтар мен жоңқалар шоғырланған. Тас үйінділердің маңында тас блоктардан қаланған көне ошақ қалдықтары байқалған. Көп жиналған өндірістік қалдықтарға қарағанда, бұл жерде тас құралдарды дайындайтын шеберхана - тұрағы болған. 1962 жылы М.Н. Клапчукпен 134 зат жиналған, оның 2 нуклеус, 4 пышақ тәрізді тіліктің сынықтары, 2 жоңқалардағы қырғыштар, бір қыстырма және 125 жоңқа.
Сары - Өзен тұрақтар тобы Сары - Өзен Сарыарқаға құйылысында, Қызылжар ст. 10-12 шақырым оңтүстікке қарай, М.Н Клапчукпен 1962 жылы зерттелді. Жел эрозиясының жалаңаштануынан онымен Сары - Өзен сол жағасында, құйылысы маңында орналасқан 8 тұрақ ашылды. Көтерме материалдардан басқа ашылып қалған мәдени қабаттарынан жинақталған. Барлығы шамамен 600-ге жуық заттар жиналды, көптеп табылған олжалар -4 және 6 тұрақтарда.
4-ші тұрақтан 266 зат, олардың арасында 5 нуклеус бар, оның үшеуі жоңқалардың іздері бар малтатаспен көмкерілген кварцті және екі алевролитті құрайды, жоңқалардағы қырғыштар (22), біреуі трапеция. Табылған олжалардың жалпы санынан дайын құралдар 9-10% құрайды. Дайындамалардың арасында микро тіліктердің бөлшектері (27) бар. Дайын құралдар, негізінен, Бетпақдаланың яшмасынан жасалған, өндіріс қалдықтарында және жоңқаларда кварцит пен алевролит басым.
6-шы тұрақтанған 138 зат табылды, олардың ішінде малтатастағы нуклеустар, микро тіліктер (8), жоңқалардағы қырқыштар (5), тіліктегі қырғыштар (1), қыстырма және қысқа сапты найзаның сынықтары бар. Қалған тұрақтардан табылған олжалар аз, әр қайсысынан шамамен 25-40 зат табылды. Тұрақтардың барлығы бір мезгілде болды, өйткені тұрақтардан табылған заттар бір типті.
Қаражар жер үсті типті неолит тұрақтарының тобы Сарысудан Кеңгір құйылысы ауданында орналасқан. XIX ғ. Қаражар – Сарысу аңғарындағы ең танымал, ол туралы орыс географтары мен бас штабтың офицерлері жазған. XIX ғ. ортасында осы жерде «қаражар әскери отряды» орналасты. Ежелден бері Қаражар керуендердің дем алатын орыны болған. Осы жерден ары қарай олар Бетпақдалаға жүретін. Оған Ф.Н. Формозовпен ашылған Қаражардан 20-40 шақырымда тұрған Талмас - ата және Тұзды - сай тұрақтарын қоса отырып, М.Н. Клапчук Қаражар тұрақтарын Сүргіт деп атаған. Қаражар деген географиялық атау 1842 жылдан бері белгілі, ол кезде А.И. Шренк осы орындарда болған.
Қаражар I (Клапчукта ол Сүргіт 2) тұрағы Жезқазғаннан 80 шақырым оңтүстікке қарай, сағасында, Сарысу оң жағасынан жоғарғы террасасында орналасқан. Жер үсті тұрағы ОҚАЭ 1946 жылы табылды және жел эрозиясынан ашылған жерлер М.Н. Клапчукпен 1963 жылы зерттелді. Тұрақта дайын құралдар аз, олжалардың басым бөлігі әртүрлі сынықтар мен бөліктерден тұрады, олардың арасында жоңқалар коп. М.Н. Клапчуктың жинағы — тіліктердің 2 бөлшегі мен 16 жоңқа.
Қаражар II (Клапчукта ол Сүргіт 4)50 тұрағы Сарысу сол жағасында, Кеңгір ө. сағасынан 300 м оңтүстікке қарай орналасқан. Жер үсті тұрағы. Аздаған тас жиналды. Олар: тіліктен жасалған қырғыш, жоңқалардан жасалған қырғыш, қысқа сапты найза сынығы мен кремний қабыршығы.
Қаражар III (Клапчукта ол Сүргіт 5) 51 тұрағы Сарысу ө. сол жағасында, сарғыш - сұр түсті түпкі кремний тау жыныстарынан тұратын Қаражар шоқысында, Кеңгір ө. Сағасынан 1,5 шақырым шығысына қарай орналасқан. Дайын құралдар аз, жиырма шақты жоңқалар жиналған. Барлық Қаражар тұрақтарынан табылған олжалардың жалпы саны -90 зат, олардың ішінде 4 тілік, 4 қырғыш, 5 пішіні дөрекі қысқа сапты найза және сынығы, қалғандары - өндірістік қалдықтар. Олжалардың салыстырмалы түрде аз болуы бұрындары Қаражарға саяхатшылар келіп, өздерімен бірге олжаларды алып кетуімен түсіндіріледі.
Талмас - ата (Клапчукта ол Сүргіт) тұрағы Сарысу сол жағасында, Жезқазғаннан 100 шақырым оңтүстікке қарай және Қаражардан 18 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Тұрақ 1946 жылы ОҚАЭ жел эрозиясынан жалаңаштанған жерден табылған. 1963 жылы М.Н. Клапчукпен 94 зат жиналды, дайын құралдардың арасында 2 кремний жебе ұшы, жоңқалардағы қырғыштар, 8 нуклеус, қалғандары - қырғыштар.
Тұзды - сай (Клапчукта ол Сүргіт III )53 тұрағы Сарысу е. сол жағасында, оған Тұзды - сай өзенінің құйылысында, Қаражардан 30 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Жер үсті тұрағы. 1949 жылы А. Н. Формозовпен ашылды «на солонцах правого берега р. Сарысу, 120 км к югу от Джезказгана», ол Тұзды - сай сағасының (сортаңды сай) сортаң жерлеріне сәйкес келеді. Тұрақтан көп мөлшерде кремний заттары табылды. Жинақтар 1949 жылы А. Н. Формозовпен54, 1957 жылы зоолог А. А. Слудскиймен, және 1963 жылы М.Н. Клапчукпен56 жасалды. А.Н. Формозов жинағындағы кремний заттарының басым бөлігі МТМ57 сақтаулы. Онымен 500-ден астам кремний мен яшмадан жасалған заттар табылды, олардың ішінде жоңқалардағы домалақ қырғыштар (20), ұшты қырғыштар, тік ойығы, шеттері өңделген және ойықты сынықтары бар тіліктер. М.Н. Клапчукпен зат жиналды, олардың арасында 2 нуклеус, 3 тілік, жоңқалардағы қырғыштар, ойықты сынықтары бар 4 тілік, дөрекі өңделген қысқа сапты найзалар және т. б58. Осы тұрақтан табылған жалпы жинақ шамамен 700-ге жуық кремний құралдарын құрайды, керамика жоқ.
Кенжебай - сай неолит тұрақтарының тобы, жер үсті типті, Сарысу мен Көктас ө. аңғарларының арасында, Қаражал бұлағынан 70 шақырым оңтүстік-батысына қарай орналасқан. 1960 жылы геолог B.C. Танцюрамен табылды, кейінірек Р.А. Зиновамен және Р.А. Терещенкомен 2 тұрақ зерттелді, А.С. Краюшкинмен 1 тұрақ және 1963 жылы М.Н. Клапчукпен 4 тұрақ зерттелді. Барлығы топта 9 тұрақ, барлығы жел эрозиясының үрлеуінде. Неғұрлым қызықты жинақтар 2-ші және 8-ші тұрақтан жасалды.
2-ші тұрақ Кенжебай - сай ө. сол жағасының орташа ағысында, Сарысу және Көктас ө. аңғарынан өтетін үлкен жолдан 3,5 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Тұрақтан 115 кремний заттары жиналған, оның ішінде 2 нуклеус, 22 тілік, 12 қырғыш (4-еуі тіліктерден, 8-і жоңқалардан), 2 тескіш, 2 қыстырма, 2 трапеция мен 1 қайқы пышақ бар.
8-ші тұрақ Кенжебай - сай ө. оң жағасында жоғарыда аталған жолдан шығысқа қарай 11 шақырым жерде жайғасқан. Тұрақтың үстінен 90 кремний бұйымы табылды, олардың ішінде 4 нуклеус, 12 тілік, 10 қырғыш (3-еуі тіліктерден, 7-еуі жоңқалардан), бір-бірден қыстырма және кремнийден жасалған жебе ұшының сынығы.
1956 жылы инженер М.И. Суббота мен Сарысу ө. тағы бір тұрақ ашылды, жоңқалар, жебе ұштары, пышақ тәрізді тіліктер, ұшты қырғыштар, өрнектелмеген керамиканың сынықтары және жануарлардың сүйектері жиналды. Барлық осы нәтижелер Орталық Қазақстандағы неолит және қола дәуірінде мекендеген көне тайпалардың өмірінде Сарысу ө. аңғарының маңыздылығын дәлелдейді.
НЕОЛИТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАРАҒАНДЫ ТҰРАҚТАРЫНЫҢ ТОБЫ
Қарағанды қ. маңында және қаланың өзінде неолит, қола және темір дәуірінің ежелгі ескерткіштерінің жиналуы байырғы кездегі осы жердің қайнаған өмір және қалың елді мекен ортасы болғандығын дәлелдейді. Қала оңтүстікте - Соранг тауымен, шығысында -кең Ит жөн үстіртімен, солтүстікте - Теректі гранит төмпешіктерімен қоршалған көлемді қазаншұңқырда орналасқан. Осы таулардың арасында Нұра өзеніне құятын көптеген: Соқыр, Бұқпа, Көкпекті, Байбөрі мен Алтын су ағады.
Кейінгі неолит тұрағы 1933 жылы Нұра экспедициясымен Шерубай - Нұра өзенінің сол жағасында, дала неолитіне ұқсас кремний құралдары жиналған «Гигант» 62 кеңшар аумағында ашылды. Олжалардың арасында қола бізі болды. Жинақтар Эрмитажда сақтаулы. Басқа энеолит тұрағы Шерубай-Нұра сол жағасында, Ақсу-Аюлы кентінің солтүстік-батыс бөлігінде тұр.
М.Н. Клапчукпен бірге біз Жаңа Тихоновтағы, Майқұдықтағы, Киров заводындағы, Соқыр және Бұқпа өзендерінің аңғарындағы неолит тұрақтарын қарадық, 1960- 1961 жж. Клапчукпен қазылған. Неолит тұрақтары қоршаған ландшафтыдан тығыз топырағымен және сирек өсімдік жабындысымен ерекшеленетін, домалақ алаңшалардың сұлбасы түрінде жел эрозиясының үрлеулерінен табылған. Осы алаңшаларды қарап жүріп, мен көне қазақ ауылдарының (ескі жұрт) тұрақтарымен сырт пішінінің ұқсастығын байқадым.
Қарағанды неолит тұрақтар тобының басты ерекшелігін олардың бұлақтардың, бұрқақтардың және артезиан суларының маңында, батпақты ландшафт орындарында орналасуы құрайды. Гранит жарықшақтарынан ағатын осындай бұлақтар мен бұрқақтар Қарағанды, Ақмола, Павлодар мен Көкшетау облыстарында коп. Олар әдетте тау аралық ойпаттардың жоғарғы террасаларында орналасқан. Орталық Қазақстандағы неолит тайпалары осындай ландшафтысы бар жерлерді мекен еткен.
Соңғы онжылдықта Қарағанды маңында 35-ке дейін жететін неолит және энеолит тұрақтары анықталды және тексерілді және шамамен 36 тас заттар жиналды, олар қазір Қарағанды өлкетану мұражайында сақтаулы.
Неолиттік тұрақтарының көбісі Соқыр, Соранг тауының солтүстік және солтүстік-батыс баурайына дейін жететін Үлкен және Кіші Бұқпа аңғарларының арасында шоғырланған. Үлкен Бұқпа өзенінің аңғарында шамамен онға жуық тұрақтар орналасқан, олардың қатарында 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10 тұрақтары бар. Дәл осындай тұрақтар саны Кіші Бұқпа аңғарында(1,14,15,16,17,18,26/37 тұрақтар), Соқыр ө. аңғарынан үш тұрақ (№ 21, 22, 48 тұрақтар) Майқұдық учаскесінде үш тұрақ (27, 28, 29 тұрақтар), Соранг тауының етегінен екі тұрақ (41, 46), және Жаңа Тихонов учаскесінен бес тұрақ (34, 43, 44, 45, 54 тұрақтар) табылған.
Осы байтақ кешенде қола дәуірінің белгілері бар тұрақтар (қоныстар) табылған. Оларға 1, 13 тұрақтар, 15-түрағының жоғарғы қабаты, 19, 20, 30, 33, 39, 41, 46, 49, 51 тұрақтар тиісті. Бұл тұрақтар қатарынан қола дәуірінің керамикасына ұқсас, қолмен жапсырылған саз балшық ыдыстарының сынықтары, сондай-ақ қола заттары (15-Қарағанды, 19, 20, 30, 46 Қарағанды тұрақтарының жоғарғы қабаты) табылды.
Құралдардың көне типіне қарағанда, ерте неолитке Қарағанды 15 (төменгі қабат), Қарағанды 27 мен 37 тұрақтары тиісті. Ол жерден пышақ тәрізді тіліктер мен ішкі жағына және арқасына келмейтін ретуші бар қыстырмалар (14,21). Шеберхана - тұрақтар ерекше қызығушылықты тудырады. Қарағанды 14 тұрағы 200 м екі ауданды алып жатыр, оның үстіңгі беті өндіріс қалдықтарына толы - сынықтар, қабыршықтар, үш қырлы қимасы бар тіліктер, шағын жүрек тәрізді жебелердің дайындамасы және т.б. көп. Шамамен 1000-ға жуық кремний заттары жиналды, олардың арасында жебе ұштарының 7 бөлшегі бар. Барлық құралдар Ақшыл - қызғылт түсті кремнийлі туфтан жасалған. Қарағанды 27 шеберхана - тұрақтарда көкшіл - жасыл түсті кремний құмдақ қойтасы табылды, олардан ішкі жағынан майда ретуші бар пышақ тәрізді тіліктерден қыстырмалар дайындалды.
Неолит тұрақтары арасынан мәдени қалдықтарының қуаттылығы және мол олжалардың ара¬сында 1958-1963 жж. зерттелген Қарағанды 15 тұрағы ерекшеленеді. Ол бұрынғы Спасс заводының аумағында, Кіші Бұқпа мен Соқыр ө. аңғарында, Қарағандыдан 18 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Осы аңғарда Қарағанды тұрақтар тобының көбісі шоғырланған. Бұл жерде 35-ке дейін неолит тұрақтары бар және қола дәуірінің қоныстарымен қоса олардың саны 50-ге дейін жетеді.
Қола мәдениетінің далалық неолитпен генетикалық байланысы туралы сұрақты анықтау жағынан да Қарағанды 15 үш қабатты тұрақтың ерекше маңызы болған. 1960 және 1961 жж. шамамен 140 аумақта (III-IV шаршы, а, б, в, г) қазба жүргізілді, 1962 мен 1963 жж. қазба ауданы 1,1404 м. дейін ұлғаятын болады. Үш мәдени қабат табылған.
Қола дәуіріндегі мәдениетінің жоғарғы қабаты қалыңдығы 30 см - ге дейін жететін ауданы шамамен 1000 м2 қамтиды, оны қалыңдығы шамамен 20 см сары құмдықтардың линзасы төсейді 63. 0,4 м тереңдікте кейінгі неолиттің кремний құралдарының жиынтығы бар қарашірік және қара - сұр саздақтан басталады, ең төменгі бөлігінде қалыңдығы 30-40 см. ерте неолит қабаты жатыр.
Шымның жоғарғы қабатында (III-VI шаршы, а, б, в) ауданы шамамен 135 м. астау тәрізді шұңқыр түріндегі жартылай жертөлелердің сұлбасы табылды. Үй-жайдың солтүстік-шығыс бөлігінде (V-VI шаршы, а) құмдақ тақталарынан құралған ошақ ізі байқалады. Ошақтың айналасында көптеген жануарлар сүйектері, мыс заттарының кесектері және кремний құралдары мен мыс бұйымдарының бөлшектері табылды, олар жертөле бойынша және оның айналасында шашырап жатыр.
1-ші кестеде көрсетілгендей, 15-Қарағанды тұрағының мәдени қабатынан көп еңбек және аңшылық құралдары, жануарлардың сүйектері жиналды, керамика жоқ.
Құралдардың арасында сынықтарын қоса есептегенде пышақ тәрізді тіліктер 738 дананы құрайды. Олар жылтыр тастан, яшмадан және халцедоннан (қимасында үшбұрыштың немесе трапецияның дұрыс пішінін құрайды) дайындалған. Олардың арасында ұзындығы 6-8 см, ені 1,5-2 см және ұзындығы 2-3 см, ені 5-6 см тіліктер бар (4-сурет).
Қырғыштардың саны айқын көрсетілген (389). Пішіні бойынша олар әркелкі, олардың арасында домалақталған, жайпақ, үшбұрыш тәрізділері көп. Қимасы сегмент тәрізді биіктігімен 0,8 см, диаметрі 3-3,5 см домалақтанғандары бар (5-сурет), ойықты, пішінді, қырнап, кесуге болатын тұмсық ұштылары сирек кездеседі (5-сурет). Орталық Қазақстанның қатты ауа-райы себебінен денеге жамылғы ретінде пайдаланылған жануарлар терісін ежелгі адамдар көптеп өңдеді. Сондықтан қырғыштар осы мақсатта көп мөлшерде дайындалып, пішіні ыңғайлы етіп жасалған.
Қарағанды тұрақтарынан үш домалақ қырғыш табылған. Оларды басқа аудандар бойынша танымал. В.А. Городцев: «Бұл тұрмыстық құрал емес, діни зат», - деп бағалады. Домалақ қырғыштың бір данасы Арал өңірінің Қара құмынан табылған.
Жалпы саннан тілікшелерден жасалған ұшты қырғыштар аз ғана бөлікті құрайды (55). Ұшты қырғыштың екі пішіні кездеседі, ені 1-2,5 см, ұзындығы 4-6 см; тіліктердің бірінің пішіні симметриялы, басқаларының бітістері түзу емес (4,5- суреттер).
Нуклеустар көптігімен және пішіндерінің түрлілігімен ерекшеленеді, олардың арасында қайталанбастары да бар. Барлық нуклеустар (85) Қарағанды-15 тұрағының мәдени қабатынан табылды. Олардың арасында конус тәрізді, сына тәрізді, призмалық кейде бұлтық қабығы бар және эллипс тәрізді немесе тік бұрышты кескіні бар ірі тіліктер сынығының іздері қалған диск тәрізділері кездеседі. Әрине, көптеген кең пышақ тәрізді тіліктер және ұшты қырғыштар нуклеус типіне ұқсатып жасалған (2,6-суреттер).
Тұрмыстық құралдардың арасынан 33 дананы бір немесе екі бүйір шеттерінде ірі ретуші бар кең және үлкен кварцит пен кремний жоңқаларынан дайындалған алып қырнауыш құраған (3-сурет). Нәзік жұмыстар үшін трапециялар (8), қыстырмалар (9), ұсақ кескіштер (9), тескіштер (3), өткір тастар типіндегі әртүрлі шағын құралдар қолданылған (7- сурет). Олар яшмадан, халцедоннан және жылтыр тастардан жасалған, мұқият өңделуімен және жұқа ретушімен ерекшеленеді. Қыстырмалар — сүйек немесе ағаш қаптамадағы екі жағынан үшкір қырлары бар тіліктерден жасалған, жұқа кескіш құрал (7-сурет). Тіліктердегі кескіштер - 5, оның біреуі - тетраэдрикалық пішінді, біреуі нуклеус сынығынан құралған. Ұзындығы - 5-6 см, ені - 4-8 мм үшкір ұштары бар пышақ тәрізді тіліктердегі тескіштер ерекше мұқияттылықпен өңделген. Суреттелген құралдар.
Ертістен бастап Солтүстік Каспий өңіріне дейінгі барлық далалық неолит тұрақтарына тән.
Трапецияның үлес салмағы кескіш өткір тастар мен тескіштерден қарағанда жоғары екендігін кестеден байқауға болады. Қарағанды тұрақтарының барлық топтарынан олардың шамамен 20 данасы жиналды. Егер оларға Жезқазған, Сарысу ө., Бетпақдала және Солтүстік Балқаш өңірі тұрақтарынан табылған трапецияларды қосатын болсақ, онда бұл фактілер А.А. Формозовтың Қазақстан территориясында трапециялардың болмауы туралы алдын ала айтылған тұжырымдамасын жоққа шығаруға негіз болады. Және де, осы тұжырымдамаға қарсы, осы құралдардың ең қызықты және бірегей үлгілері дәл осы территориядан табылды (7-сурет).
Олжалардың арасында қолдану маңызы анықталмаған жылтыратылған тас құрал табылды. Бірі оны түзеткіш десе, ал басқалары оны тегістегіш-үтік деп анықтайды. Мүмкін екі нұсқа да дұрыс шығар. Неолит - бүл жануарларды қолға үйрету дәуірі, адамдарға оларды жуасыту үшін құралдар қажет болды. Жартас суреттерінде анық көрсетілген арқандар сол уақытта шаштан және иленген теріден жасалған. Адам сонау палеолит дәуірінен бастап жануарлар терісін өңдеуді үйренді. Дайын арқандар мен иленбеген теріден жасалған бұйымдарды олар жұмсартқан және жылтырату құралының көмегімен түзеткен. Қарағанды-15 тұрағындағы тегістегіштердің пішінінің ұзындығы — 12 см, барынша ені — 8 см. болатын батон сынды. Осындай типтегі құрал бірнеше рет кездесті: 2 данасы Ұлытау қонысының мәдени қабатынан, төртеуі - 3, 16, 77 (Жезқазған IV) және Айна көл (Жезқазған XIII)69 тұрақтарынан табылған, бес тегістегіш Ақтөбе мұражайында сақтаулы, Жаркөл тұрағынан табылған біреуі Қостанай мұражайында, Қалбы жотасынан табылғаны С.С. Черниковпен70 сипатталған. Аққұм - Сағыздағы тұрақтан табылғаны А.А. Формозовпен сипатталған. Осындай тегістегіштер Оңтүстік Орал тұрақтарынан, біреуі Минусин даласынан табылған.
Табылған сазды қатпар тастардан жасалған балталар мен шапқылар, мергель мен құмдақтан жасалған лақтыратын дөңгелектер, сондай-ақ, тас моншақты әшекейлер мұқият жылтыратылған.
Қарағанды қоныстарынан аңшылық құралдардың үлкен сериясы табылды - пішіні мен түрлілігі көз тартатын яшмадан, жылтыр тастардан және кварциттен жасалған жебе (31) және қысқа сапты найза (21) ұштары, олардың ішінде қысқа және кең жапырақ пішіндісі, қысқа, тар сағасында ойығы бар шағын формасындағы да74, сабы ұзын ромб тәрізді, сабы ұзын жапырақ тэрізді76, сабы қысқа жапырақ тэрізді77, түбі домалақ үшбұрышты, қимасындағы пішіні сопақ ұзын, тар қашау тәрізді пішінді79, ұшы типыл және қимасы сопақ, тар, ұзынша келген пішінді түрлері бар, кейбір ұштардың қимасы трапеция пішінді болады. Жебе ұштары ретушпен өңделген (бір жақтан және көбінесе екі жақтан). Тіліктерден жасалған кейбір ұштардың тек қырлары өңделген, ал арқасында ретуші жоқ, қимасы ромб немесе трапеция пішінді.
Зеленая балка - бұлақтың қасында, жаңа Қарағандыдан 6 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай, қала маңындағы «Победа» совхозының территориясындағы жер эрозиясының үрлеуінен анықталған төрт тұрақтан құралған топ. Бұл жер сазды ландшафтымен және жер асты суының көптігімен сипатталады.
Зеленая балка 4 тұрағы М.Н. Клапчукпен 1962 - 1963 жж. зерттелді, кейінгі неолитке тиісті. Қазба жұмыстары 25 м. ауданда жүргізілді. 0,3-0,65 м82 тереңдікте олжаларға толы мәдени қабат анықталды. Мәдени қабаттан және ашық жерлерден 1530 кремний бұйымдары жиналды: 98 нуклеус, 755 пышақ тәрізді тілік, 39 тіліктерден жасалған ұшты қырғыштар, 228 жоңқалардағы қырғыштар, 25 жебе ұштарының сынықтары, 17 қысқа сапты найзалар, 15 қырнағыш, 8 қыстырма, 6 трапеция, 4 тескіш, 21 кетпен, сондай-ақ, көптеген жануарлар сүйектері және қолмен жапсырылған керамиканың бөлшектері (22). Құралдар орта көлемді, микролиттік пішіндер аз.
1960 жылы Қарағанды 18 және 27 тұрақтарында қазба жұмыстары жүргізілді, әр кезде 4 м2 ауданда. 18-түрақта 0,2-0,4 м тереңдікте қалыңдығы шамамен 0,2 мәдени қабат табылды, ол жерден 77 зат жиналды, оның ішінде 2 нуклеус, 31 пышақ тәрізді тілік, қырғыштар, қырнауыштар мен жоңқалар84. Қарағанды-27 тұрағында 0,40 м тереңдікте пышақ тәрізді тіліктері мен қырнауыштары басым 50 зат табылды (8-сурет). Қарағанды (1000-нан аса зат), Қарағанды 16 (500-ден аса зат), Қарағанды, Қарағанды 41 тұрақтарының ашылып қалған жерлерінен көп бұйымдар жиналды. Олжалардың арасында басқа Қарағанды тұрақтарынан табылған олжалар бар. Барлық Қарағанды тұрақтарына күлі мен көмірі көп үйілген тас ошақтардың болуы, ал оның жанында жануарлар сүйектерінің, тас және кремний құралдарының жиналуы тән.
Қарағанды қаласы мен оның маңайында неолит пен қола дәуірі ескерткіштерінің көптеп жиналуы, көптеген көне кен шығару орындарын сақтап қалған Жезқазған, Коунрад, Саяка және т.б. кеніштер байырғы кезде Қарағанды торабының Еуразия даласындағы қола мәдениетінің ірі орталығы болғандығын дәлелдейді.
НЕОЛИТ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАРЫ
Жезқазған орналасқан аймақ, тасты топырағы бар төбелі дала, ол жерден көптеген өзендер мен өзен тармақтары ағады. Олардың арасындағы ең маңыздылары - Кеңгір, Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді (Үлкен - Жезді және Бала - Жезді), Жыланды өзендері. Ертеде бұл өзендердің аңғарлары қалың елді - мекен болған.
Көптеген археологиялық зерттеулермен Жезқазғанда екі көне мәдениет қабаттары болғандығы анықталды. Бұл жерде көптеген тұрақтар мен олардағы жиналған кремний құралдары түріндегі неолит дәуірінің кең мәдениет кешені анықталды. Көршілес аудандармен салыстырғанда Жезқазғандағы неолит тұрақтары неғұрлым ірі болып келеді. Жезқазған дала неолиті торабының бірі болған, кейінгі неолит негізінде мұнда Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің ірі орталығы дамыған.
Неолит пен қола мәдениеттерінің пайда болуы мен дамуы үшін бұл ауданда қолайлы жағдай болған және ең алдымен, фаунасы бай болды. Бұл жерде: бұландар, құландар, бұғылар, сайғақтар, жайрандар, арқарлар, еліктер және т.б. сүтқоректілер үлкен табындармен жайылған, ол: Бұланты ө., Бұғылы, Арқарлы, Киікті тауларында, Құлан -өтпес ө. және т.б. елді мекендер атауынан көрінген. Жабайы жылқылардың, бизондардың, турлар, түйелер, құландар, арқарлар, тау ешкілер, бұғылар және басқа да жануарлардың бейнесі бар ұлы таулық және Жезқазғандық жартас нақыштары да олардың осы территорияларда мекендегенін дәлелдейді.
Суреттеп отырған жердің қолайлы шарттарының бірі — кремнийдің, кварциттің басқа да таужыныстары - шикізаттың мол болуы, олардан ежелгі дала тұрғындары аңшылыққа қажетті және басқа да құралдар жасады.
Байырғы тайпалардың өмірінде жайылымдарға үлкен көңіл бөлінді. Жабайы жануарларды қолға үйретуден бастап ірі қоғамдық отарларды құруға дейінгі көп ғасырлар бойы дамып келетін мал шаруашылы өзендердің жайылма алқаптарындағы қалың өсімдік жабындысының нәтижесі. Және бұған қоса өзендердегі балықтардың және қанатты фаунаның молдылығын айтып өту қажет. Осының барлығы Нұра, Сарысу, Кеңгір, Терісаққан, Білеуті ө. бассейнінде және Теңіз бен Қорғалжын көлдерінде ертеде қола дәуіріндегі көптеген неолит тұрақтары мен қоныстарының пайда болуымен негізделген.
Көптеген археологиялық материалдар, б.з.д V-VI мыңжылдықта мұнда бірқатар өзіндік бітістерімен ерекшеленетін және бүкіл Орталық Қазақстан бойынша Торғай даласына дейін кең таралған бір типті микролиттік мәдениеттің дамығанын дәлелдейді. Бұл мәдениет кейінгі неолитте және энеолитте (б.з.д IV-1 III мыңжылдық), яғни алғашқы металдың (мыстың) пайда болуы қарсаңында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Мыс құралдарының пайда болуымен микролиттер жойылып кетпеді және көпке дейін олар қола құралдарымен жарысты.
Жезқазған кенішінің шегінде дала неолитіне тән жарқын микролиттік мәдениетті көрсететін көптеген тұрақтар тобы зерттелді. Осы тұрақтар кешенінде жиі-жиі неолит дәуірінің жерлеу орындары кездеседі. Бұл туралы, Жезқазғанның әр жерлерінен зерттелген бірқатар обаларды қазу кезінде алынған күтпеген нәтижелер айтады. Қазба жұмыстары мен бұлар — Орталық Қазақстан территориясында ең көне жерлеу орындары болғаны анықталды. Неолит жерлеу орындары бар обалар тобы нақты бір тұрақтар топтарымен топографиялық байланыста.
Торт тас үйінділерінен тұратын неолит дәуірінің аздаған жерлеу орындар тобы 1946 ж., Жезқазған мыс комбинаты геология бөлімінің қызметкерлерімен табылды. Олар Шом тауының жоғарғы террасасында V Жезқазған неолит тұрақтарының ауданында орналасқан: екі оба - 50, 44 және 45 (13, 20а обалары) тұрақтарының жанында, Покровский кен учаскесінің солтүстік-батыс және шығыс бөлігінде және тағы екі оба - 69 және 60 тұрақтарының жанында, терасса етегіне жақын, Петрохолм87 учаскесінде орналасқан. Сол уақыттағы обалар Кресто - Север (Жезқазған VII) мен Кресто - Центр учаскелерінде, 86, 118 тұрақтар тобының маңынан табылды. Тас үймесі бар обалар Жезқазған кенішінің шығыс төбесінен, Аненский кен бұратын жерлердің (96,111 тұрақтар тобы, 98а обасы) оңтүстік-батыс бөлігінде, 67 тұрақтың маңындағы (95 обалар тобы) Милықұдық шекарасының оңтүстік-батысындағы бөлігінде анықталды; түрлі-түсті кварциттен түзілген, синхронды типті жерлеу орындарының (136) тобы 67 ежелгі тас үгетін жердің қасында, кварцитті таудан табылды; тас жабындысы бар топ 37 және 88 тұрақтарының маңында теміржол көпірінен оңтүстікке қарай шоқыда орналасқан. Осы обалардың өздеріне тән сипатын олардың барлығы қабырғаларының өлшемі 1,0 және 0,6-дан кем емес ірі тас тақталарынан қаланған.
Жезқазған кенішінің маңынан неолит дәуіріндегі жерлеу орындарының 8-ге дейін жететін тобы табылды. Олардың сыртқы келбеті олардың басты ерекшеліктері болып табылады. Барлық обалардың тас жабындылары бір типті - олар диаметрі 5-7 м, ұзындығы 0,5-тен 0,8-ге дейін жететін оба үймесі түріндегі жұқа қатпарлы тастардан құралған. Барлық қазылған обалардың жерлеу шұңқырларында қаңқа сүйектер тереңдігі 15-20 см - ден аспайтын астау тәрізді шұңқырда жатқан. Афанасьев типіндегі жерлеу орындарында ілеспе байқалмады. Жерлеу құрылымының өзіндік пішіні бар, марқұмның қалдықтары жатқан кеңістік қана қоршалған. Салт-жора заттары ретінде бұған тас құралдар мен тотыққан мыс кені (малахит, азурит, халькопирит) салынуы жерлеу әдет - ғұрпы өзіне тән ерекшелігі болып саналады. Осы минералдар, кейін металл көзі болады, неғұрлым ежелгі дәуірдің адамдары үшін мұның тек салт - жоралық мағынасы болған.
Ескерткіштердің екі тобы зерттелді: Шом тауында және Жезқазғанның шығыс төбелерінде, яғни біреуі батыста, екіншісі Жезқазғанның шығысында. Екі топтан да торт біркелкі обалар табылды, олар бір жерлеу ғұрпын көрсетті.
Зерттеудің өз тарихы бар. 1946 ж. Петрохолм мен Покровский учаскелерінің бүкіл батыс және солтүстік-батыс бөлігін қамтитын Шом тауында мыс рудасын ашық өңдеу жұмысы басталды. Ол 15 шақты тұрақтан және 4 обадан тұратын Жезқазған V археологиялық кешеніне жою қаупін туғызды. Олардың арасында 1 және 2 обалар Шом тауының төменгі террасасында, 69, 60, 75 және 73 тұрақтарының маңында, 13 және 20 обалар олардан солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай, 50, 44 және 45 тұрақтардың қасында орналасқан. Барлық обалар мысты құмдақ пен қатпар тастың ірі сынықтарының тастарымен толтырылған. Оба 1 Н.В. Валукинскиймен, 2 - ОҚАЭ осы тармақтың авторының, археолог Г.И. Пацевичтің, Н.В. Валукинскийдің және суретші Ш. Құтқожиннің қатысуымен зерттелген. Қазба жұмыстары 1946 жылдың жазында Жезқазған мыс - комбинаты жүмысшыларының күшімен жүргізілді.
Мынадай нәтижелер алынды: оба 1 (жалпы жоспары 103) сатылы қалау тәсілімен жұқа тақталардан құралған, оның диаметрі шамамен - 6 м, биіктігі - 0,6 м, 69 және 60 тұрақтарының арасындағы алаңда орналасқан. Үймені алып тастаған соң, обаның ортасында қырынан қазылып көмілген, тар қатпар тасты тақталармен қоршалған мола дағы бар алаң анықталды. Қоршау тақталарының биіктігі - 1,22 м, ені - 0,5- 0,7 м, қалыңдығы - 4 см болған. Жоспары бойынша қорым бұрыштары түгел дерлік ұзынша келген ғимарат, оның ұзындығы - 2,6 м, ені - 0,85 м.
Қорымның ішінде пішіні ұзынша келген, ұзындығы - 2,2 м, ені - 0,55 м, тереңдігі -15 см-ден аспайтын мола шұңқыр табылды. Шұңқыр бірнеше қатар жұқа қатпар тас тақталармен жабылған, едәуір үлкендеу тақталар бас жақта және аяқ жақта жатты. Тік тақталармен қоршалған шұңқырда адамның қаңқа сүйегі жатты. Жабын тақталары адам қаңқасында жатты. Шұңқырдың шығыс жағында жатқан табан сүйектері өзінің алғашқы күйінде, сондай-ақ, бас сүйек маңындағы қол буыны салыстырмалы түрде жақсы сақталған. Аяқ -қолдарының және қаңқа жатысына қарап, оның басы батысқа қаратылып, арқасына жатқызылғаны белгіленді. Бүгілгендік ізі байқалмады. Шұңқырдың батыс бөлігінде бас жақта салт-жора түрінде тотыққан мыс кенішінің бөлігі жатты (3- сурет), сондықтан шіріген сүйектер мыс қышқылын сіңіріп алған. Оба үймесінде және оның айналасында V Жезқазған тұрағындағы сияқты кремний құралдары табылды, бұл 1-3 обаларының және Жезқазған V тұрақтарының пайда болуының бірдейлігін дәлелдейді.
Оба 2 1-ші обадан оңтүстік-батысына қарай орналасқан. Ол да, оба 1 сияқты жұқа қатпар тас тақталарынан қаланған, жасаған жерлері 50-100 м маңында орналасқан. Обаның диаметрі - 8 метр, биіктігі - 0,7 м. Обаның ортасында тақталы қоршау болған, оның ішінде жерлеу шұңқыры болған. Қоршау пішіні сопақша. Тақталардың көбісі құлап қалған, бас жақтағы тақталар ғана өздерінің алғашқы кейпін сақтаған. Мола қоршауының ұзындығы -2,5 м, ені - 0,7 м, тереңдігі шамамен - 20 см. Шұңқырдан езіліп қалған, шіріген қаңқа сүйегі табылды. Тек бүтін бөлшектері бойынша ғана, бұл жерде ұзын бойшаң адам жерленген деп қорытындылауға болады, оның басы батысқа бағдарланған. Оның аяғында тотыққан мыс кенінің бөліктері болған, шіріген сүйектері мыс қышқылын сіңіріп алған.
Оба 3 салыстырмалы түрде ірі көлемді, жоғарғы террасада орналасқан, үлкен және орташа көлемді құмдық тақталарының бөліктері ретпен қаланған, ол сатылы қаланың қарапайым түріне жақын. Обаның қазбасы 1948 ж. жүргізілді. Обаның диаметрі -10 м, биіктігі - 0,8 м. Жерлеу ғимаратының пішінін және жерлеу рәсімдерін анықтау үшін обаның жалпы бейнесі, оның жоспары мен қимасы түсірілді (9-сурет), құрылым пішінінің толық фиксациясы жүргізілді. Жерлеу орны жерге тігінен көміліп қазылған, жұқа қатпар тас тақталарымен қоршалған. Тақталардың көбісі алғашқы түрінде болған. Қорым көлденең өсімен солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған, оның ұзындығы - 2,8 метр, батыс бөлігіндегі ені - 1,64 м, шығысында - 0,9 м. Батыс бөлігіндегі сырт пішіні домалақталған, шығыс жағы бұрыштарымен домалақ тұрғын жайға кіретін дәлізді елестетеді. Әрине, жерлеу ғимараттарында кейде домалақ тұрғын жайдан және бұрыштап аяқталған ұзартылған дәлізден тұратын Орталық Қазақстандағы неолит тайпалары үй-жайларының пішіні келтірілген.
Қорымның ортасында тереңдігі - 0,25 м, ұзындығы - 1,8 м, ені - 0,56 м астау тәрізді шұңқыр бар. Шұңқыр жұқа тақталармен жабылған, олардың шеттері тігінен тұрған тақталарға тірелді. Оның түбінде шіріген адам қаңқасы табылды. Салыстырмалы түрде қол буыны мен табан сүйегі жақсы сақталған, олар сол күйінде түр. Жалпы сұлбадан -марқұмның арқасымен, біраз сол жақ бүйіріне қисайып, созылған күйде, бас солтүстік-батысқа бағдарланған (Н.В. Валукинскийдің күнделігінде анықсыз «на север»), қолы шынтағынан аздап бүгіліп, буындары батысқа қаратылған күйде жерленгенін байқауға болады. Топырақтың жоғарғы қыртыс қабатынан жерлеу камерасын қазып алу кезінде түскен қара жердің жұқа қабатымен марқұмның денесін себу салт-жорасы өзіне назар аудартады. Үйме қабаттың қалыңдығы 2-3 м. Бас жағына қарама-қарсы, қорымның оңтүстік-батыс бұрышында шұңқыр шетінен жоғарырақ, пішіні әр түрлі үш тас күрек табылды, төртіншісі кішірек, қара жер үймесінен анықталды, бесіншісі қорым іргетасындағы үймеден табылған (10-сурет). Андроновқа дейінгі заманда қалыптасқан жерлеу рәсімдерінде - анимизм, табиғатты рухтандыру бітістері бар. Осы діни наным-сенім бойынша, мола шұңқырын топырақ қабатынан тұратын жермен себеді. Марқұмның жанына шұңқыр қазылған құралдар қойылады. Марқұмның бас жағынан табылған үш құрал, оның жеке заттары, ал үймеден табылғандары - марқұмға құрбандыққа берілген туысқандары болуы әбден мүмкін. Бір жағынан, шамасы, сол кезде-ақ моланы қазған аспаптарды өздерімен бірге алып кетпеу сенімі болған сияқты.
Оба 3 табылған қай құралы ежелгі тұрақтарда жиі кездеседі. Тіпті неолит дәуірінде - ақ ол жер ору жұмыстары кезінде қолданылған негізгі құралдар болған.
Жезқазған жерлеу орындарынан және тұрақтарынан табылған кремнийден жасалған еңбек құралдары бір типті және сырттай ұқсас, бұл олардың бір мезгілде пайда болғанын көрсетеді. Оба 3 территориялы және генетикалық түрде 96, 111 тұрақтарымен байланысты және кейінгі неолит кешенінің жартысын құрайды.
Жезқазған ауданында ғылымға пішіні және салт - жорасы бойынша белгісіз ежелгі жерлеу орындарының екі тобы ашылды. Олар Оңтүстік Сібірдегі афанасьев жерлеу орындарынан және андроновтық қола дәуірінен айрықшаланады.
Кейінгі неолит дәуіріндегі жерлеу орындарын зерттеу ғылымды Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті туралы дәйектермен байытты және Еуразия даласында қола мәдениетінің пайда болу мәселелерін анықтады. Орталық Қазақстанда металлдыққа дейінгі мәдениетте болған ертедегі жерлеу рәсімдерінің өздеріне тән сипаттамалары: марқұм арқасымен, созылған күйінде, сол жақ бүйіріне аздап қисайып жатқызылған, қолдары шынтағынан біраз бүгілген және бас жағына қарай көтерілген, құрысқандық байқалмайды, бас маңында дөрекі тас құралдар жатты. Бас жағында және аяқтарында тотыққан кен бөліктері (малахит, лазурит) жатыр. Соңғыларының ежелгі адамдар үшін әдет - ғұрыптық мағынасы болған.
Керамиканың және әшекейлердің болмауы осы обалардың өте ерте пайда болғанын дәлелдейді. Олардың сыртқы келбеті Алтайдағы афанасьев жерлеу орындарын еске түсіреді. Бірақ айырмашылығы біз сипаттаған жерлеу орындарында Оңтүстік Сібірдегі афанасьев жерлеу орындарына тән, бұл олардың Жезқазғандықтардан кейін найда болғандығын тұжырымдауға негіз береді.
Қабырғалары қазылып көмілген, тік тақталардан жасалған қабырғалар қаламасы және өзіндік бұрыштар құрылысы бар ұзынша композицияда бірінші тас құрылымдар жоспарын ұйымдастыру әдістері аса қызығушылықты тудырады. Алғашқы қарапайым құрылымдардың кейбір элементтері соңында қола дәуіріне ауысады және үй-жайлар мен тас кесенелердің құрылысы кезінде дәстүрлі болады, яғни кейінгі неолит пен қола дәуірі мәдениеттерінің арасындағы тарихи сабақтастық байқалады. Сабақтастық тас құралдарын салыстыру кезінде де байқалады.
Жезқазған тұрақтарының мәдени қабаттары біркелкі екендігін, олар неолиттен мысты тас (энеолит) ғасырына өту бітістерінің бар екендігін атап өткен жон.
Жезқазғандағы неолит және энеолит тұрақтарын анықтауда ғалым - энтузиаст Н.Валукинский еңбегі зор.
Жезқазғанның көнесін іздеумен ол 5 жыл (1945-1949) айналысты, осы ауданның барлық бұрыштарын тауып, көптеген тұрақтар мен қоныстар санын зерттеп, он мыңдаған көне заттарын89 жинай алды. Жезқазғанның барлық тұрақтары байырғы ашылып қалған террасалардан, шатқалдардан, аңғарлардан және көбінесе жел эрозиясының үрлеулерінде және дефляция орындарынан ашылды.
Анықталған тұрақтардың көбісі кеніштер учаскелерінде, Жезді90, Жыланды және Кеңгір. арасындағы жазықтықтарда, Милы құдық, Кресто, Петрохолм, Раймунд, Карпиенский, Никольский, Анненский, Ақши, Айна көл, Златоуст, Беловский кеніштерінің айналасында шоғырланған. Бүл аумақтардан тысқары неолит және қола дәуірі тұрақтары сирек кездеседі.
Жезқазғандағы неолит тұрақтары ашық алаң түрінде кездеседі, көбінесе шым жабындысы жоқ болады, кейде өсімдігі аз тығыз сазды учаскелер түрінде кездеседі. Кейбір тұрақтардың (6, 21, 23, 56) жоғарғы бөлігі көктемгі судың ағысымен шайылып кеткен, нәтижесінде мәдени қабаты ашылып, тар линза болып көрінеді. Мұндай жағдайда олжалар жер үстінен табылады.
Жезқазған тұрақтары әр кезеңдерге тиісті: ең ежелгісі - ерте неолитке жатады, ал көп бөлігінде - энеолит пен қола дәуірлерінің мәдениет іздері бар, оларды зерттеу тастан металға ауысу заңдылығын ашуға мүмкіндік береді. Милы құдық, Златоуст, Айна көл, Сор құдық қоныстарында екі, кейде үш мәдени қабаты болады, жоғарғы қабаты орта ғасырдың әр кезеңдеріне тиісті.
Зерттеулермен үш ландшафт типті тұрақтар анықталды.
Біріншісіне Жезқазғандағы барлық неолит тұрақтары жатады. Олардың өздеріне тән бітістерін төбе беткейлерінде, террасада немесе ұсақ шоқылардың етегінде (23, 44, 45, 50, 62, 69, 73, 82, 103, 118, 127- тұрақтары) сипаттайды. Көптеген тұрақтардың мәдени қабаттарында тек кремний бар. Әрине, барлық террасалық тұрақтар ең көнесі болып келеді.
Тұрақтардың екінші тобы анағұрлым көбірек, оған шамамен 30-ға жуығы кіреді. Олар төбелер етегінде және көбінесе 64 кішірек қазаншұңқырларда, су көздерінде орналасқан. Бұл топ үшін аса мұқияттылықпен жасалған жұқа кремний құралдары тән: кремний жебе ұштары және кремний найза ұштары (11-сурет). Осы топтың мәдени қабаттарында керамика сынықтары, малахиттің ұсақ бөліктері, түрлі-түсті кремний қатпарлы тастар мен жануарлар сүйектері кездеседі. Өзінің басты бітісінде екінші топ тұрақтары кейінгі неолиттің және неолиттен қолаға (энеолит) ауысу кезеңіндегі мәдениетті сипаттайды.
Тұрақтың үшінші тобы ең сан алуан. Бұл топтың тұрақтары тармақтар бойындағы өзен аңғарларында орналасқан.
Осы тұрақтар тобының пайда болуы осы жерлерде мыс кенішінің молдығымен негізделген. Осы топ тұрақтарының өздеріне тән ерекшеліктері ежелгі тау жұмыстарының іздері үйінділер, кен шығару орындары, байытылған мыс кенінің «разнос пен сплесктері», ежелгі металлургтер мен малшылардың жартылай жертөле түріндегі үй-жайдың, бөгеттердің қалдықтары, су айдындары, құдықтар жатады.
Жезқазғандағы неолит тұрақтары бір-бірінен 3-тен 12-ге дейінгі қашықтықта орналасқан. Тұрақтардың топпен орналасуы ежелгі рудың тұрмысымен байланысты. Тұрақтардың жеке топтарында туыс және бір фратрияға кіретін адамдар тұрған. Тұрақтардың топтық орналасу негізінде ортақ еңбек құрды, аңшылыққа топпен шыққанда жеңілді болған. Жезқазған тұрақтары жеке рулық топпен тұрған, бірақ ортақ еңбекпен біріккен және ерлері үстем рол атқарған патриархалды - рулық қауымдастықты құраған неолит аңшылары мен малшыларының өмірін көрсетеді.
Біздің қолымызда 1945 жылдан 1949 жылға дейінгі ескерткіштердің бұзылуына дейін жүргізілген бесжылдық зерттеу материалдары болды. Осы материалдарды зерттеу Жезқазғанның көп тұрақтарына неолит бейнесі тән деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Олардың мәдениетін алып кремний (кейде қойма түрінде), жануарлардың сүйектері, ошақтары бар жер үсті үй-жайлар іздерінің жиналуы сипаттайды. Керамиканың болмауы Жезқазғандағы неолит тұрақтары ерекшеліктерінің бірін құрайды. Осыдан Жезқазған тұрақтарының елеулі тобы керамикаға дейінгі неолитке тиісті деп қорытындылауға болады. Жапсырылған керамиканың ұсақ бөлшектері тек кейінгі неолит тұрақтарынан кездеседі. Осыған байланысты Н.В. Валукинский тұрақтардағы ыдыстардың осы уақытқа дейін сақталмай қалған жануарлардың терісінен жасалған деген шешімге келді.
Жезқазған тұрақтары қатарында тас құралдарының көп болуы неолит аңшыларының бір орында ұзақ болғандығын дәлелдейді.
Кресто тұрақтар тобында екі топша болған: 19, 21, 22, 23, 37, 50, 72-тұрақтарынан тұратын Кресто - Север (Жезқазған VII) және 1, 118, 127, 132-тұрақтардан тұратын Кресто - Центр (Жезқазған VIII). Екі топшада да 15 тұрақ бар. Олардың барлығы теңіз деңгейінен 440 м биіктіктегі тау аралық шатқалдың жоғарғы ашылып қалған террасасынан анықталды. Неғұрлым көне Кресто - Север (19, 21, 22, 23-түрақтар), Кресто - Центр энеолит және ерте қола дәуіріне тиісті.
Ерте Кресто - Север тұрақтарынан арасынан 23-ші тұрақ 1046-1949 жж. зерттелді. Ол бүкіл Жезқазған арқылы өтетін үлкен өзен тармағының шығыс жағасында, тар тау өтпесінде орналасқан. Тұрақтың сұлбасы жел эрозиясынан қалуы нәтижесінде анықталды, көктемде онымен өзен тармағы ақты. Тік жардан тар линза түріндегі мәдени қабат көрінді. Тұрақ оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай орналасты, оның ауданы — 300 м2. Тұрақтың оңтүстік - шығысындағы бөлігінде ортасында ошағы бар ежелгі үй-жайдың әлсіз сұлбасы байқалады. Диаметрі бір метр шеңбер ретінде құмдақ тақталарынан қаланған ошақ жақсы сақталған. Ошақтың жанынан ірі және ұсақ жануарлардың материалы табылған.
Тұрақтың мәдени қабатынан 516 зат жиналды. Олардың ішінде еңбек және аңшылық құралдары, дайындамалар (нуклеустар, жоңқалар, тіліктер) мен көптеген бөліктер мен сынықтар бар. Бұл мәліметтер тұрақтардың көп уақыт болғандығын және тас құралдар сол жерде жасалғанын дәлелдейді. Олжалардың арасында пішіні әртүрлі қырғыштар (9), пышақ тәрізді тіліктер (26), жебе ұштары, найзамен қысқа сапты найза ұштары (9) (15-сурет), пышақтар, кескіштер, үшкір тастар, тескіштер, конус тәрізді және призматикалық -екі типті нуклеустар болды. Олардан ұзартылған тіліктері мен құралдардың дайындамалары бөлініп алынды (12-су- рет). Кремний құралдарын жасау үшін түрлі-түсті кварцит негізгі шикізат болды, оның шыққан жері жақын жерде, Жезқазған қ. Шегінде, Түсті таудың ауданында орналасқан.
Жезқазған VII тобының арасынан тұрақ 36 олжалардың молдығымен ерекшеленеді. Ол 1949 ж. жол салушылармен табылды. Олар 1,3 м тереңдікте ішінде көптеген кремний заттары бар шұңқыр - ұяны анықтады, осыған байланысты құрылыс жұмыстары біраз тоқтатылды. Зерттеу нәтижесінде ұзақ уақытта болған неолит тұрағы анықталды, оны кремний құралдарының, жоңқалар мен қалдықтардың жиналуы дәлелдейді. 500-ге дейін жететін заттар жиналды, олардың ішінде пышақ тәрізді тіліктер (30), пішіні әр түрлі қырғыштар (16), жұқалап ретуштелген алып қырғыштар (4), нуклеустар (2), кескіштер (3), жақсы ретуштелген найза ұштары, сары кремнийден жасалған жебе ұштары (4), оның біреуі жұқа қабыршықты ретушпен өңделген, жылтыратылған шапқы, үккіш, уатқыш, балталар, кетпендер, көптеген дайындамалар болды. Қазіргі уақытта 36-шы тұрақ болған аумақтардан жол өтеді.
Жезқазған VII тобындағы 21-ші тұрақ 1946-1948 жж. зерттелген. Ол 2-ші тұрақтың жанында 42 шахтадан алыс емес, Карпиенский кен шығару учаскесінен батысқа қарай орналасқан. Тұрақ сопақша пішінді, жел эрозиясының үрлеуінен табылды, оның беті көктемгі су тасқындарымен шайылып кеткен және пайда болған жардан мәдени қабаттары байқалады. Бұл ірі тұрақтардың бірі, оның ауданы 2700 м2. Мұнда, негізінен, жоңқалар мен сынықтар түріндегі өндіріс қалдықтары, сондай-ақ, жануарлар сүйектері табылды. Дайын құралдар аз, олардың ішінде нуклеустар (3), қырғыштар (6), қырнауыштар және т.б. бар. Жезқазған VII тобына тиісті 37, 50,72-түрақтадан типі және саны бойынша ұқсас олжалар табылды.
Жезқазған VII тобындағы Б тұрағы ерте неолит кезеңіне тиісті, ол Кресто - Север кеніш бұрылысынан шығысына қарай және Карпиенский учаскесінен (VII топ) батысқа қарай орналасқан. Бұл жерде кремний құралдары (13, 14-су- реттер), жануарлар сүйектері табылды.
Карпиенский топшасында барлығы бес тұрақ бар (Б, 37, 50,71,72), оның арасында Б тұрағы ең көнесі және олжалары мол болып есептеледі. Ол Жезқазғандағы неолит мәдениетін жақсы сипаттайды. Тұрақтың сұлбасын солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан мәдени қабат арқылы көруге болады. Тұрақтың ауданы — 1000 м2 (25x45 м). Алаңның солтүстік бөлігінде үй-жайдың және шұңқыр түріндегі ошақтың ізі сақталған. Үлкен шұңқырдың диаметрі-8 м. Ол ежелгі үй-жайлардың диаметріне сәйкес келеді, ошақтың диаметрі 1 -1,5 м, жануарлар сүйектері бар күлдің да жақсы көрінеді. Тармақтың жағасында, тұрақтан 20 шақырым жерде кремний дайындайтын шеберхананың болғандығын дәлелдейтін үлкен өндіріс қалдықтары табылды. Осындай шеберханалар басқа да тұрақтардан байқалған, олардың тұрақтардан тысқары, су көздерінің маңында орналасуы Жезқазғандағы неолит тұрақтары үшін тән.
Күнделікті қолданыс құралдарынан тұрақта қол балталар (3), ағаш пен сүйекті өңдейтін алып қырғыштар (5), шапқылар, пышақ тәрізді (4) және шабатын құралдар (5), бүйірлері ойылған, тұмсық пішінді құралдар (кескіштер), дөрекі ретушьтелген пішіні диск тәрізді құралдар (3) және т. б табылды. Ірі құралдар арасында өзінің шағын пішінімен сүйек қаптамаларына орнатылатын және кесу құралы ретінде пайдаланылған жүз қыстырмалары (5) ерекшеленеді. Қыстырмалар жүзді етіп екі жағынан ұсақтап өңделген жұқа кремний тіліктерінен жасалған.
Олжалардың арасында коникалық, призматикалық және Солтүстік Бетпақдаладан шыққан, жұқа түйіршікті иілімді кварцит пен сары кремнийден (28) жасалған әр бағыттағы сынықтардың іздері айқын (13-сурет) нуклеустар (28) бар. Олар тұрақтың солтүстік бөлігінен жоңқалардың және жануарлар сүйектерінің арасындағы күлдік дақ қабатынан табылды.
Шаруашылық құралдарының арасында кетпендер (4), балталар мен балталар сынасы (2), шапқы, пышақ және т.б. қола дәуіріне тән опырғыштар, балталар, түйгіштер және үккіштер түріндегі тау құралдар бұл жерден табылмады, сондай-ақ, кен шығару іздері де жоқ. Табылған малахит пен азурит кесектерінің салт - жоралық маңызы болған. «А» тұрағының материалдары б.з.д IX-V ғ. Орталық Қазақстанда тұрған неолит аңшыларын анық сипаттайды.
Жезқазған IV (Ақши) неолит тұрақтарының тобы 1948 ж. гидрогеолог С.П. Калугинмен Жезді ө. сағасында шурфтарын және траншеяларын барлау кезінде ашылған. Топографикалық жұмыстар Жезді о. сол жақ көктемгі тармағы болып табылатын Ақша ө. кең аңғарда Н.В. Валукинскиймен бірге жүргізілді. Топ Жезқазған кенішінен 9 шақырым оңтүстік-батысына қарай орналасқан, 1948-1949 жж. Н.В. Валукинскиймен зерттелген. Топтан шамамен 15-ке жуық тұрақтар (61, 31, 53, 54, 55, 3, 81, 83, 84, 56, 57, 58, 52, 105) бар, олардың барлығы өзеннің жағасында оңтүстіктен - солтүстікке қарай бір-бірінен аздаған қашықтықта жайғасқан. Осы серияның арасында тұрақ 56 жақсы сақталған (16-сурет).
56-түрақ жан-жағынан кішкентай төбешіктермен қоршалған қазан шұңқырда орналасқан. Тұрақтың батыс және солтүстік-батыс бөлігіндегі тармақта неғұрлым кейінгі заманға тиісті екі мықты бөгеттің қалдықтары сақталған. Бір бөгет Бетпақдалаға баратын жолда көпірге айналған.
Тұрақтың алаңы желге эрозиясынан ашылып қалған және өсімдік жабындысы сирек, бірақ аңғар айналасы шөпке бай. Тұрақтың алаңы солтүстік-шығыстан оңтүстік - батысқа қарай тік жары бар өзенмен бөлінеді және жардан тар линза түріндегі жалаңаштанған мәдени қабаттары жақсы көрінеді. Бұл ашылымдар басқа тұрақтарды ашуға жақсы бағдар болды. Тұрақтың ауданы мәдени орнының сұлбасы бойынша 2000 м2 (40 х 50 м). Тұрақтың үстінен кремний құралдары мен жоңқалар жиналды, олардың ішінде нуклеустар (9), пышақ тәрізді тіліктер (8), (2) сары - сұр кремнийден жасалған жебе ұштары (2), найза ұштары (2), шие түсті жасалған домалақталған қырғыштар (10), ақшыл және ақшыл сұр түсті ұшты қырғыштар (5), пішіні кіші уатқыш құрал және т.б. Құралдардың көп бөлігі тұрақтың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінен табылған, шармен бірге керамиканың ұсақ бөлшектері, жануарлар сүйектері (23), тотыққан мыс кенінің кесектері де табылды. Батыста, тұрақтан тысқары көп мөлшерде шикізат пен өндіріс қалдықтары - сынықтар, қабыршықтар, сары және сұр түсті кварциттің қойтастары.
Кварц құралдарының едәуір бөлігі 31, 83, 84- тұрақтарынан жиналды, олардың ішінде нуклеустар, тегістегіш (31-тұрақ), сондай-ақ, тотыққан мыс кенінің, борит пен қождың кесектері болды. IV Жезқазған (Ақши) тобының барлық тұрақтарынан 1825 - жоңқа, 230 -кремний құралы жиналды, олардың ішіде - 12 нуклеус, 11 - пышақ тәрізді і ілік, 30 - ұшты қырғыш, 66 - домалақ қырғыш, 8 - жебе ұшы, 7 - найза ұшы, 14 - қырнауыш, 5 - кескіш, 3 -тескіш, 6 - бұрғы, 17 - өткір жүзді уатқыш құрал, бір уатқыш, \ пышақ, жылтыратылған құрал, шапқы -3,3 пик түріндегі балта, 2 - қашау, бір тегістегіш, 9 - дөрекі пішінді құрал, бүйірі ойық бір құрал, 4 түрлі-түсті тастардың кристалы, 5 і отыққан мыс кенінің кесектері, 2 - үштік, 42 - жануар сүйектері және т.б.
Неолит ескерткіштерінің арасында Жезқазған V (Петро - холм) тобы көнелігімен ерекшеленеді. Топта шамамен 15-ке жуық (43,44,45,50,60,64,69,73,75,103,124,125,126)тұрақ бар, олардың барлығы 6100 м2 ауданды алып жатыр. Топ Жезқазған кенішінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, аласа Шом тауының терассасында жел эрозиясының үрлеуінен анықталды, 1947-1948 жж. зерттелді. Барлық олжалар мәдени қабаттан жиналған.
44-түрақ Шом тауының солтүстік-батыс террасасында, 69 тұрақтың жанында, тау өзенінің оң жағасында орналасқан. Тұрақтың ауданы — 350 м2. Олжалардың арасында осы топтың басқа тұрақтарымен салыстырғанда құралдар көбірек. Мұнда, сондай-ақ, тотыққан мыс кенінің кесектері, жануар сүйектері мен өрнектелмеген жапсырмалы ыдыстардың ұсақ фрагменттері табылды. Құралдардың арасынан жылтыр тастан жасалған сабы бар жебе ұшы, пішіні әр түрлі қырғыштар (8) (19-сурет), найза ұштары (2), кескіш, қырнауыш (2), дөрекі ретушьтелген сопақша пішінді уатқыш құралдар және көптеген құралдар бөліктері мен жоңқалар (504), барлығы 539 зат102. Ошақтың түбінде тұрақ 44 ұсақ мыс дөңгелектері табылды, ол мыс кенін алғаш рет балқыту талпынысының болғанын дәлелдейді. Ұнтақ түріндегі мыс кенін балқыту іздері тұрақтың мәдени қабатынан да табылды.
45-түрақ теңіз деңгейінен 464 м биіктікте Шом тауының солтүстік-батыс террассасында дефляция үрлеуінің табылды. Жанында 44, 64 ,69 тұрақтар жайғасқан. Бұл Шом тауындағы ең ірі тұрақтардың бірі, оның ауданы — 1000 м (40 х 25 м).
Тас көптеп жиналуы алаңның шығыс жағында болды. Ашылған жердің мәдени қабатынан тас мүкәммал жиналды, соның ішінде кварцитті жебе ұштары (2), кварцитті найза ұштары (3), кварциттен жасалған домалақ қырғыштар (3), қырнауыштар (3), шапқы, өткір жүзді құрал, пышақ, сондай-ақ, көп мөлшерде жоңқалар мен жануарлар сүйектері жиналды. Керамика жоқ. Құралдар пішіні бойынша тұрақ 45 осы топтағы ең ежелгісі.
69-тұрақ — ең ірілерінің бірі, орталық орынды алады, Шом тауынан басталатын тау өзенінде орналасқан. Мәдени қабаты бар тұрақтың ауданы — 600 м2 (40x15м). Мұнда тек жоңқалар ғана табылған.
43, 73, 124, 125, 126-түрақтары Шом тауының оңтүстік террасасында, Жезқазған V тұрақтарының негізгі топтарынан 300 м оңтүстікке қарай орналасқан.
73-түрақ зерттелді. Тұрақтың ауданы - 420 м2 (15 х 28 м), оның көлденең осі батыстан шығысқа қарай өтеді. Тұрақта көптеген өндіріс қалдықтары - сынықтар, жоңқалар, қабыршықтар мен жануарлар сүйектері жиналған. Аздаған кремний құралдары санынан -жылтыр тастан және жұқа ретуші бар кварциттен жасалған екі жебе ұшы, оның біреуі сапты, сегіз қырғыш, екі өткір жүзді құрал бар.
103-түрақ Шом тауының солтүстік-шығыс террасасында, негізгі топтан 100 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Кремний мүкәммалы 540 м2 ауданда шашылып жатыр, мұнда жоңқалар, құралдар сынығы басым, олардың арасында екі пышақ тәрізді тілік бар, дайын бұйымдары - бір кескіш, керамика жоқ.
Жезқазған V (Петрохолм мен Покровский) тобының барлық тұрақтарынан 650 зат жиналды, олар: 2 - нуклеус, 5 - пышақ тәрізді тіліктер, 29 - қырғыштар (19-сурет), 16 жебе ұштары, 11 - кремний найза ұштары, 3 - тескіш, 4 кескіштер, 3 - қырнауыш, 3 - өткір жүзді тас, бір шапқы, екі опырғыш, 584 - жоңқа, 4 - керамика бөлшектері, 6 - тотыққан мыс кенінің кесектері.
Жезқазған V (Петрохолм) тұрақтар тобының ерекшелігін ондағы кремний құралдарының аз болуы құрайды. Сынықтардың, қабыршықтардың, құралдар сынықтарының жиналуы бойынша, шамасы, кремний құралдарын дайындайтын шеберханалар болған. Осы тұрақтар тобының тағы бір ерекшелігі - осы жерде диаметрі бір метрге дейін жететін және тереңдігі 0,7-0,8 м кішкентай шұңқыр – астарлар түріндегі кен шығаратын алғашқы карьерлердің болуы, олардан тотыққан мыс кенінің кесектері алынды. Осындай шұңқыр -астарлардың бесеуі анықталды және олар тұрақтардың жанында орналасты. Алғашқы кезде бұл шұңқырлар ошақтар үшін тас шығаратын қарапайым тас үгетін орын болған. Бұл тастар жоғары температурада балқып, аққан, бүл үлкен жаңалық болды, ол металл эрасының басталуымен белгілі болды. Құрамында мысы бар тотыққан кенді және саф мысы Кресто, Златоуст, Никольский аудандарынан табылды.
Жезқазған XV тұрақтар тобы Жезқазған кенішінен 3 шақырым солтүстік-шығысқа қарай Кеңгірдегі Жезқазған кенішінен, солтүстік жол бойынша IV Раймунд және Никольский кеніш бұрылыстарының арасында орналасқан. Топта 12 тұрақ (144, 9, 60, 80, 82, 12, 11, 16, 77, 78, 75, 76) бар. Олардың барлығы жел эрозиясының үрлеуінен табылып, 1946-1948 жж. зерттелді.
Тұрақтың топографиялық ерекшелігін солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін және 15-18 шақырымнан кейін Жезді ө. құятын негізгі тармақ бойында олардың меридиан бойынша орналасуы құрайды.
Тұрақтар суық желдерден биік емес төбешіктермен қорғалған жерлерде тұр. Аңғардың тарихи топографиясын неолит, қола мен орта ғасыр әр дәуірдің көптеген ескерткіштерінің жиналуы құрайды. Мұнда обалардың екі тобы орналасқан, олардың біреуі оңтүстіктен -солтүстікке қарай созылған төрт үйме обадан тұрады, екіншісі — батыстан - шығысқа созылған 8 обадан тұрады. Орта ғасыр ескерткіштері неолит тұрақтары алаңынан тыс, көне кен шығару орындары мен үйінділері маңында орналасқан. Неолит дәуірінің тұрақтарымен қатар жер бетінде үй-жай қалдығы ретінде, су айдыны, бөгеттер мен мыс кенішін шығару орындары түрінде шығып тұрған, энеолит пен қола дәуірінің ескерткіштері тұр. Осындай топография Жезқазған тұрақтарының барлық дерлік топтарына тән.
Кремний құралдарының сипаты бойынша Жезқазған XV топтарының барлық тұрақтары бір уақытқа тиісті, олжалар неолит аңшыларының тұрмысын көрсетеді, сонымен қатар олардың ішінде мыс мәдениетінің бастамасы (энеолит) бар тұрақтар бар. Солтүстіктегі топты тұрақ 76, ал оңтүстікті - 60 тұрақ аяқтайды. 16, 11, 12, тұрақтары ортада орналасқан (20- сурет). Барлық топ алып жатқан аумақтың жалпы ауданы 3600 м2 құрайды.
76-түрақ құралдарының бітімі көне неғұрлым ежелгі болып табылады, ол топтың солтүстік ұшында оқшау орналасқан, эрозия үрлеуінен табылды.
Мәдени қалдықтары бар тұрақ сұлбасының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай - 40 шақырым, батыстан - шығысқа қарай - 30 шақырым, ауданы — 1200 м. Жоғарғы бетінен шамамен 200-ге жуық зат жиналды, олардың ішінде - әр типті қырғыштар (2), сіңірді өңдеуге арналған бүйір ойығы бар құрал (4), кварциттен жасалған шабу құралы (4), қырғыш (2), қырнауыш (1), тескіштер, кесу құралдары, аңшылық құралдары - найза ұштары - 5, сабы және ретуші бар жебе ұштары - 3 (11-сурет), нуклеустар (5), түтікті сүйектердің қалдықтары - бұйымның дайындамалары, жапсырмалы ыдыстардың бөлшектері және әр түрлі сынықтар.
75-түрақ Раймунд IV кен бұрылысынан оңтүстік - шығысқа қарай, 76-шы тұрақтан 60 шақырым оңтүстікке қарай, тармақтың оң жағасында орналасқан (20-сурет). Үрлеулерде эрозия табылған. Мәдени орны бар ашылған алаңның пішіні 600 м 20 (30x20 м). Олжалар шамамен 100 - ге жуық, олар: бес қырғыш, екі найза ұшы, үш жебе ұшы (біреуі қара кремний қатпар тастан, екіншісі жасылдау келген қатпар тастан), тескіш, екі өткір жүзді құрал (біреуі қара кремний қатпар тастан, екіншісі кремнийден). Басқа олжалардан 2 нуклеус, жапсырмалы ыдыстың бөлшектері - 2, бір түтікті сүйектің сынығы, бұйымның дайындамалары, тотыққан мыс кенінің кесектері.
78-тұрақ төбешіктер арасында, 75-ші тұрақтан 150 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай, кішірек тармақтың сол жағасында орналасқан (20-сурет). Мәдени қалдықтар бар алаңның ауданы шамамен — 540 м 20. Мәдени қабатынан жоңқалардың және қырнауыш тәрізді аяқталмаған құралдар, шабу құралдар (3), пішіні әр түрлі қырғыштар (9), бүйір ойықтары бар құрал (3), қырнауыштар (2), найза ұштарының сынықтары (2), шапқы, нуклеус (2) анықталды. Тұрақтың ұзақ уақыт бойы болғанын көптеген өндіріс қалдықтары, жоңқалар және көптеген жануар сүйектері дәлелдейді.
77-түрақ 78-тұрақтың маңында орналасқан (20-сурет). Мәдени орнының ауданы бойынша ол ең ірілерінің бірі, көлемі —1200 м. Тұрақтың үстінен кремний материалы жиналды, оның ішінде аяқталмаған құралдар, дөрекі ретушьтелген найза ұштарының сынықтары көп. Тұрмыстық құралдар жақсы көрсетілген. Толық аяқталған құралдар ішінде жебе ұштары (3), домалақ қырғыштар (5), шабу құралдары (7), қол балта, шапқы, тегістегіш, сондай-ақ, нуклеустар (2), көптеген жоңқалар, жануарлар сүйектері табылған. Көне мүкәммалымен бірге тұрақтан тау жұмыстары үшін қажет құрал - опырғыш табылды.
144-түрақ негізгі топтан оқшау, оның оңтүстік-батыс бөлігінде, төбелер арасында, үлкен және кіші тармақтардың қосылатын жерінде орналасқан. Тұрақтармен қатар қола дәуіріндегі су айдынының қалдығы түріндегі екі шұңқыр бар.
Тас мүкәммалының сипаты бойынша 144-түрақ ескілеу көрінеді және ерте неолит кезеңіне жатады. Басқалары сияқты, ол да жел эрозиясынан ашылып қалған жерлерден табылған. Мәдени қалдықтары бар оның ауданы — 1250 м. Тұрақ үстінен - пышақ, тескіш, ірі ретушті құрал, көптеген жоңқалар, тотыққан мыс кенінің кесегі жиналды.
60-түрақ Жезқазған XIV тобының оңтүстік шетінде, кеніштен Никольскіге баратын жолдан алыс емес төбелер етегінде орналасқан. Мәдени орны бітісі бойынша ауданның өлшемі —1080 м2. Олжалардың арасында нуклеустар (3), қырғыштар (4), жебе ұштары, найза ұштары, дөрекілі пішіндегі кескіш, неолит дәуірінің жапсырмалы ыдыстың ұсақ бөлшектері, жануарлар сүйектері бар. Тотыққан мыс кенінің кесектері мәдени қалдықтардың құрамы болып табылады.
9-түрақ оңтүстік-батыс соңында, үлкен тармақ иілімінің ішінде орналасқан Тұрақтың үсті дефляциямен қатты ашылған, сондықтан оның сұлбасы жақсы көрінеді, тұрақтың ауданы -1232 м. Кремний материалдарының саны бойынша бұл ең ірі тұрақтардың бірі. Оның үстінен шамамен 200-ге жуық зат жиналды, олардың арасында: әр типті қырғыштар (14), жебе ұштары (3), найза ұшы, шабу құралы, пышақтар (2), ірі ретушь бар құралдар, бұранда (бұрғы), қырнауыш, призмат пішінді нуклеустар (5), қолмен жапсырылған керамиканың ұсақ бөлшектері, ірі жануарлардың жілік сүйектері, зат дайындамалары, көптеген сынықтар, кварц пен мергелдің кесектері. Дәстүрлі неолит құралдарынан басқа жаңа типті құралдар, кварциттен жасалған опырғыштар (2), егелеу тасы табылды. Заттардың барлық кешені неолиттен мысты - тас ғасырына (энеолитке) ауысу үрдісін бейнелейді.
82-тұрақ ортасында, үлкен тармақ иіліміне қарсы, оның оң жағынан аласа террасасында орналасқан. 16, 12 және 11- тұрақтарымен бірге Жезқазған XV тобының ерекше көне бөлігін құрайды. Тұрақ 800 м. тереңдікте, мәдени қалдықтар орнымен бірге жел эрозиясынан ашылып қалған жерден табылды. Жоғарғы бетінен көбінесе жалпақ ретуші бар ірі құралдардан тұрады. Олардың ішінде сондай-ақ, кремний қырғыштар, тескіштер, шеттері типыл пышақ тәрізді тіліктер, көптеген сынықтар мен жоңқалар бар. Тұрақ алаңында қара дақ түріндегі ошақ қалдығы байқалады. оның айналасынан жануарлар сүйектері және тотыққан мыс кенінің кесегі табылды.
16-түрақ жан-жағынан аласа төбелермен қоршалған жазықтықта, үлкен және кіші тармақтар түйісінде орналасқан. 11, 12 және 82-тұрақтарымен бірге Жезқазған XV тобында орта орынды алып жатыр. Тұрақтың беті өсімдік жабындысынан айырылған және қатты жел эрозиясымен ашылып қалған. Тұрақтың бетінен оның мәдени қабаттарын ашатын кішкентай тармақ ағады. Ашылып қалған мәдени орынның ауданы шамамен 1000 м2. 1949 ж. мәдени қабаттан және тұрақтың жоғарғы бетінен көптеген кремний материалдары жиналды, шамамен 600-ге жуық. Олардың арасында теріні, ағашты және сүйекті өңдеу үшін қолданылатын тұрмыстық құралдар көп, сонымен қатар домалақ қырғыштар (46), ұшты қырғыштар (9), жылтыратқыш - тегістегіш, қырнауыштар (10), ірі кескіштер (5), пик түріндегі құрал (2), пішіні дөрекі құрал (5), қашау (5), шапқы, пышақтар (2), нуклеустар (40), пышақ тәрізді тіліктер (8), көптеген сынықтар мен жоңқалар (406), жануарлар сүйектері (25), неолит керамикасының бөлшектері (5), жебе ұштары (3), найза ұштары (4). Осы дәстүрлі неолит құралдарының аумағында екі жаңа түрдегі құрал - егеу тасы мен кварцитті қойтастан жасалған опырғыштар табылды. Ол неолиттің соңында және энеолиттің басында пайда болды. Шамасы, бұл заттардың тұрақтарға еш қатысы болмаған, өйткені неолит тұрақтарымен бірге өздерімен үй - жай қалдықтарын, су айдындарын және кен үгу орындарын көрсететін жер бетіне кен шығару орындары мен көптеген шұңқырлар түрінде шығып тұрған қола дәуірінің ескерткіштері орналасқан.
47-тұрақ 48-түрақтан оңтүстікке қарай, өзеннің оң жағасында, оған кішкентай тармақтың құйылысына қарама - қарсы орналасқан. Жел эрозиясы үрлеуінен табылған, алаңның сұлбасымен көлемі шамамен — 300 м. Мәдени қабаттан және жоғарғы бетінен жинақ жүргізілді. Барлығы 103 зат жиналды, оның ішінде 20-сы құрал, 4-уі жапсырылған керамика фрагменттері, қалғандары - жоңқалар мен жануарлар сүйектері.
46-тұрақтың мәдени қабаты көктемгі су ағысымен шайылып кеткен. Сондықтан жинақтың елеулі бөлігі тармақ түбінен жиналды. 63-шы тұрақ нашар сақталған. Қазіргі уақытта ол тұтастай бақша болып тұр. Екі тұрақтан да 10 құрал, 2 нуклеус, 50-ге дейін жететін жоңқалар жиналды.
Жезқазған VI тұрақтар тобын зерттеу нәтижелері мынадай: 440 зат жиналды, оның ішінде 52 - тұрмыстық құрал, 9 - аңшылық құрал, 27 - нуклеус пен дайындама, 324 - жоңқа, 14 – саз балшық ыдыстың фрагменті, 6 - жануарлар сүйектері, 10 - тотыққан мыс кенінің кесектері. Құралдар ішінде әр типті қырғыштар - 15, өткір жүзді және шабу құралдары -14, пышақ тәрізді тіліктер - 3 (23-сурет), ірі ретуші бар дөрекі пішінді құралдар - 8, балта, қырнауыш - 2 (24-сурет), 4 - жебе ұшы, біреуінің түбінде ойығы бар (24- сурет), 3 - найза ұшы бар. Олжалардың арасында жаңа типті құралдар бар - кен таужыныстарын және тотыққан мыс кені кесектерін опыруға арналған опырғыштар, осы заттардың барлығы кейінгі неолит дәуірінде дала адамдары мыс кенінің қасиеттері туралы білгенін дәлелдейді. Жезқазған VI тұрақтар тобынан Орталық Қазақстанда алғаш рет мыс кенін балқытып, мыс ала бастаған кезде, неолиттен энеолитке ауысу кезеңін көрсететін бірегей материал жиналды.
Жезқазған IX (Милықұдық неолит тұрақтары) қала орталығынан 1,5-2 шақырым, Жезқазғанның оңтүстік маңында. Көлемді сайда орналасқан, мұнда неолит, қола және орта ғасыр әр дәуір ескерткіштерінің үш тобы бар. Неолит тұрақтарының негізгі бөлігі оқшау жайғасқан, неғұрлым кейінгі дәуірлердің ескерткіштерінен батысқа және оңтүстік -батысқа қарай ерте 200 м. Олардың арасында солтүстіктен - оңтүстікке қарай өзен ағады. Он бір (4, 5, 38, 39, 40, 41, 66, 67, 70, 121, 129) неолит тұрағы оң жағаның сортаң жерлерінен, олардың үшеуі (5, 70, 129) - Милықұдық қонысының төменгі қабатынан табылды. Төменгі мәдени қабаттың пішіні кварциттен, кремнийден, жоңқалардан жасалған құралдар, жануарлар сүйектері және жапсырманы керамика бөлшектері түріндегі неолит адамының іс-әрекеттерінің іздері бар тар линза болып келеді. Төменгі және жоғарғы қабаттардың арасында қалыңдығы 10 см. келетін топырақ төсемі бар. Жоғарғысымен салыстырғанда төменгі олжалары аз, мұнда тек кремний құралдары, ірі және ұсақ жануарлардың сүйектері табылды. Бір жерден (5 - тұрақта) ұзындығы 2 м, тал-шілік отынының қалдықтары мен қождың ұсақ кесектерінің (энеолит) қалдықтарының қабаттары бар ошақ іздері табылды.
40-тұрақ басқалардан жақсы сақталған. Ол Милықұдық қонысының батыс соңындағы ашылған сортаң жерлерінен, тармақтың сол жағасынан анықталды. Тұрақ 1949 ж. зерттелді. Оның ауданы мәдени орнының сұлбасы бойынша 300 м2 (25x12). Мәдени қабаттан және жоғарғы бетінен кейінгі (энеолит, қола) кремний құралдары жиналды, олар өңдеудің жоғары техникасымен ерекшеленген. Олардың ішінде нуклеус (2), кварциттен жасалған жебе ұштары (5), домалақ және ұшты қырғыштар (48), қырнауыш, тотыққан мыс кенінің кесектері, жануарлар сүйектерінің фрагменттері, көптеген жоңқалар мен сынықтар табылды. Барлық тұрақтар энеолит дәуіріне тиісті. Негізгі мерзімдеуші материал болып кремнийден, жылтыр тастан және тау хрусталінен жасалған нәзік өңделген шағын, сапты жебе ұштары.
Құралдардың елеулі бөлігі 5 қазба жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақтың мәдени қабатынан жиналды. Мұнда тұрақтың батыс бөлігінде көптеген жоңқалар мен нуклеустардың жинағы табылды. Кремний заттарының үлкен жинағы 70 және 129-тұрақтан табылды. Олжалардың коп болуы соншалық, тіпті олардың жартысы қазба жеріне қайта көмілді Милықұдықтың барлық тұрақтарынан шамамен 1500-ге жуық зат жиналды, оның ішінде 150-ге дейін жететін құрал бар. Неғұрлым көп санды топты қырғыштар - 60 дана, 8 - ұшты, бір қырғыш - кескіш, қалғандары - жоңқалардағы, көбінесе кварциттегі домалақ. Басқа олжалар: 6 жасалған найза ұшы, 5 - жебе ұшы (25-сурет), оның екеуі сапты, біреуі тау хрусталінен, 5 - тіліктер, 2 - кескіштер, бір қырғыш, 8 - пышақтар, 6 - құралдар сынықтары, 3 - сына, 3 - келі, 11 - нуклеус, 2 - ірі құралдар, тау хрусталінің сынығы, тотыққан мыс кенінің кесектері, жапсырмалы керамика фрагменттері (2), жануарлар сүйектері.
Жезқазған XIII (Айна көл тұрақтар тобы). Топта үш тұрақ (35, 51, 81) бар, мәдениеті бойынша барлығы бір уақытты және кейінгі неолит пен энеолит дәуіріне тиісті. Топ Жезқазған I кенішінен 5 шақырым шығысқа қарай және Никольский кеніш учаскесінен бір шақырымда, төбелермен қоршалған қазаншұңқырда орналасқан. Ол 1945 ж. Жезқазғанның бас геологы А.В. Кузнецовпен ашылды. Ол Жезқазған маңындағы ежелгі мыс бас кенін балқыту орындарын іздеумен айналысқан. Кузнецов үшін іздеудің басты бағдары, ол: көне кен шығару орындары, үйінділер. А.В. Кузнецов Никольский ауданында кен балқыту орны болған деді. Іздеу жұмыстары оң нәтиже берді, үлкен өндірістік қалдықтардың - қождар, от бақырлардың сынықтардың және еңбек құралдарының жиналуымен көне мыс кенін балқыту орындары табылды. 1946-1948 жж. А.В. Кузнецовпен және Н.В. Валукинскиймен Айнакол103 зерттелді. Шурф салынған бірнеше жерлерде Айна көл ежелгі металлургтердің қонысы екендігі анықталды. Мұнда екі мәдениеттің ізі сақталған: төменгі қабаты қола дәуіріндегі қазаншұңқырға сай келді, ал жоғарғы қабаты орта ғасырға тиісті болды. Орта ғасырдың мәдени қабаты ежелгі қабатты жауып тұрған алаңды алып жатты. Орта ғасыр мәдениеті қыш құмыра шеңберінде керамикамен мерзімделді.
Байырғы металлургтердің қонысының жанында жел эрозиясынан ашылып қалған жерлерде кремний мүкәммалына толы неолит дәуірінің екі тұрағы (31, 51) ашылды. Үшінші тұрақ (81) қоныстың батыс жағынан табылды. 31-тұрақтың сұлбасы таға пішінді, өлшемі - 100x200 м, ауданы-1200 м. Оның ұзақ уақыт болғанын бірнеше мыңдаған тас заттары дәлелдейді. Н.В. Валукинскиймен кварциттен жасалған бүтін құралдар және ерекше құнды заттар ғана теріліп алынды, қалғандары сақтау жайы болмағандықтан сол жерге қайта көмілді.
Ашылған мәдени қабаттан 1224 тасты бұйымдар, сонымен қатар 254 құрал, 22 нуклеус, 180 құралдар сынығы, 540 жоңқа, 800 өндіріс қалдықтары, 45 кристалл, айтарлықтай мөлшерде ірі және ұсақ жануар сүйектері, 14 жапсырмалы ыдыстың фрагменттері жиналды. Барлығы түгенделген. Олжалардың негізгі бөлігі тұрмыстық құралдарды құрайды, оның ішіде 38 - қырғыш (26 сурет), 32 - домалақ, жоңқалардан жасалған, 6 -ұшты тіліктерден жасалған, 2 - екі ұшы, құралдың түбінде бүйір ойығын құрайтын ретушьтелген қырғыш - кескіштер (2), үш типті нуклеустар - диск тәрізді, тілік негативі бар призмалық, конус тәрізді, жануарлардың терісі мен сүйектерін өңдейтін құралдар: 10 -тескіш, 9 - кескіштер, 2 - бұрғы, 20 - қырнауыш, 26 - шабу құралдары, сондай-ақ, қол балталар, сына тәрізді құралдар және т.б. Олжалардың арасында түрлі-түсті таужыныстарының кристалдары көп (41), сонымен қатар түрлі-түсті әк саздар бар. Жезқазғандағы кейінгі неолит тұрақтарындағы Осы минералдар мен тотыққан мыс кенінің едәуір саны ежелгі адамдардың таужыныстарына деген қызығушылықтың пайда болғанын дәлелдейді, олармен танысу адамды олардан металл балқытып үйренуге алып келді.
Жезқазған I 105 (Тасқұдық және Сорқұдық неолит тұрақтарының тобы), тармақ аңғарында, Жезқазған I кенішінен 15 шақырым солтүстікке қарай орналасқан. Алғаш рет Жезқазған мыс комбинатының геология бөлімінің қызметкерлерімен 1945 ж. және археолог Н.В. Валукинскиймен 1946-1948 жж. зерттелді. Сорқұдық пен Тасқұдық тұрақтарының топографиялық жоспары түсіріліп, траншеялар мен қазба жұмыстары жүргізілді. Неолит, энеолит, қола, ерте және кейінгі орта ғасырлардың, яғни әр замандағы мәдениет ізі анықталды. Мәдениет қабатты Милықұдық және Айна көл қоныстарына ұқсас. Қоныс екі қабаты. Н. В. Валукинскийдің айтуынша: «В нижнем слое имеются достаточно ясные следы пребявания древнего человека, оставившего орудия из кварцита, кремня и других крепких пород».
Жел дефляциясының үрлеуінде бес неолит тұрағы анықталды. Оның ішінде екеуі -Тасқұдық 18 және 74 аласа төбелермен қоршалған тар шатқалдан, екеуі - Сорқұдық 29 және 30 Тасқұдықтан 1,5 шақырым төмен, тармақтың сол жағасынан және біреуі -Сорқұдық 7 қола дәуірі қонысынан жоғары оң жағасынан табылды. 18-ші тұрақта диаметрі -1,5 м, қалыңдығы -15-20 см. күл дағы түріндегі от ізі байқалады. Тұрақтардан кремний мүкәммалы және басқа заттар, оның ішінде кремний жебе ұштары, тескіштер, кескіштер, егеулер, опырғыштар107, сондай-ақ, жануарлар сүйектері, жапсырылған ыдыстардың сынықтары, көптеген жылтыр тас, халцедон, яшма, кварц және т.б. кристалдары жиналды.
Жезқазғанның барлық неолит тұрақтарынан еңбек құралдары жиналып, түгелденді -пышақ тәрізді тіліктер (200-ге дейін), жоңқалардан жасалған алып қырғыштар (550), ұшты қырғыштар (100), жебе ұштары (72), олардың арасында қара хрустальдан, қатпар тастан, халцедон, жылтыр тастан жасалғандар; кремний найза ұштары (90), қысқа сапты найзалар (30-ға жуық), тескіштер (34), бүйір ойығы бар қырнауыштар немесе құралдар (25-ке дейін), бұрғылар (18), кескіштер (36), қырнауыштар (80), «үтік» - тегістегіштер (4), ағашты, сүйекті және тасты өңдейтін құралдар, ұсақ құралдар мен ұштықтарды жасау үшін қолданылған минералдар сынығы (тау хрусталі, түрлі-түсті мергель, яшма, кварц, амфибола, халцедон, қатпар тас), тотыққан мыс кенінің көп үлгілері, жануарлар сүйектері, өрнектелмеген жапсырмалы ыдыстардың бөлшектері (40-қа жуық). Атап өткен заттар Орталық Қазақстандағы неолит тайпаларының алғашқы қауымдық аңшылық пен терімшіліктен бақташылық, мал шаруашылығына ауысу кезіндегі тұрмысты, шаруашылықты және мәдениетті сипаттайды. Жезқазған, Қарағанды жэне Орталық Қазақстанның басқа аудандарының материалдары, осы аудандағы неолит тайпаларында әбден қалыптасқан тасты құралдарының пішіні болғанын көрсетеді. Кейінгі неолит үшін аңшылыққа арналған шағын құралдар (микролиттер) тән. Құрылыс ісімен айналысқан. Кетпенді егін шаруашылығымен және балық аулаушылықпен батырғы, кетпен, балта, шапқы, қашау тәрізді ірі құралдар арқылы адамдар үй-жай салу үшін тас пен ағаштарды өңдеген.
Жезқазғандағы неолит шеберханаларының ерекшелігін одан киім, белбеулер мен жабайы жануарларды қолға үйрету мен жуасыту үшін қолданылған арқан мен шідер үшін қамыс баулар жасайтын шикі теріні өңдеуге арналған құралдар құрайды.
Жезқазған, Сарысу о. Және Бетпақдала неолитімен Ұлытау даласының (Тамды I, II), Білеуті және Бұланты ө., Жылын шық ө., құм төбе тұрақтары бар Аққұм, Ақкөл неолит тұрақтары тікелей байланыста түр. Оларды территориалды жақындық, кремний материалдарының құрамы және құралдардың бір типтілігі біріктіреді.
Дүйсембай тармағының оң аңғарында, Білеуті ө. бассейнінде неолит ескерткіштерінің қызықты сериясы табылды. Ескерткіштер Жезқазғаннан 80 шақырым оңтүстік - батысына қарай және Сарысу (Қаражар) ө. иілімінен 50 шақырым батысқа және солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Осы ауданда Тиек бас ауылынан Ю.А. Орловпен кремний мүкәммалының коллекциясы жиналды.
1963 жылы мұнда белсенді дефляция учаскелерінде М.Н. Клапчукпен бес неолит тұрағы -1, II, III, IV, V Дүйсембай табылды.
Дүйсембай I тұрағы аттас өзенінің сол жағасында, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақпай кеңшарының аумағында, Қарсақпай кентінен поселкесінің 33 шақырым оңтүстікке қарай жайғасқан. Тұрақтан 11 нуклеус, 209 пышақ тәрізді тілік және олардың сынықтары, 47 жоңқалардағы қырғыш, 12 тіліктен жасалған қырғыш, 6 жебе ұшы, 2 қысқа сапты найза, 4 қыстырма, 2 трапеция, бір кескіш және мыңнан аса жоңқалар жиналды.
Дүйсембай II тұрағы аттас өзеннің оң жағасында орналасқан. Бүл жерден 100-ге жуық бұйымдар, сонымен қатар нуклеустар, жоңқалардан жасалған қырғыштар, тіліктерден жасалған қырғыштар, жебе ұштары, 11 керамика бөлшектері және шамамен 200-ге жуық өндіріс қалдықтары жиналды.
Дүйсембай III тұрағы аттас өзеннің оң жағасында, Қарсақпай кентінен 32 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Көптеген кремний заттары және керамика фрагменттері жиналды. Құралдар арасында - пышақ тәрізді тіліктер (158), домалақ қырғыштар (19), ұшты қырғыштар (6), жебе ұштары (27), қысқа сайты найза (6), сондай-ақ, нуклеустар (14), керамика бөлшектері (80) және 1074 сынықтар бар.
Дүйсембай IV өзеннің сол жағасында, III тұраққа қарама-қарсы тур. Барлық тұрақтарда ландшафт сипаты және мәдени қабаттар орны бірдей. Жоғарғы бетінен көтерме материал жиналды: 173 - пышақ тәрізді тіліктер, 1 - жоңқалардан жасалған қырғыштар, 4 - ұшты қырғыштар, 11 - жебе ұштары, 2 - нуклеус, сондай-ақ, қыстырма, сүйек төсемесі, 46 -жапсырмалы керамика бөлшектері және 540 бірлік өндіріс қалдықтары. Дүйсембай тобының бес тұрағынан шамамен 4000-ға жуық зат табылды, бұл Дүйсембай (Білеуті) ө. тұрақтарының ұзақ уақыт болғанын растайды.
Нұрман тұрағы ленинградтық геолог В.Ф. Петруньмен 1952 ж. Бұланты ө. (Байқоңыр) қайнар көзінен, Жиделі о. жоғарғы жағында, Байқоңыр кентінен 22 шақырым солтүстікке қарай ашылған. Тұрақ шым жабындысынан айырылған дефляция құмдақтары телімі анықталды. Мәдени қалдықтары бар ауданның ұзындығы - 400 м, ені - 150 м жолақты құрайды. Мәдени қабат бүкіл алаңнан құмдақтардың жоғарғы беттерінде, және де желденудің мезазой қабығында қалған тас индустриясының үлкен қалдығының жиналуы түрінде байқалады. Тұрақтың бетінен шамамен 200-ге жуық зат жиналды, оның 75-і бүтін және сынған құралдар, қалғандары - кварциттен, халцедоннан және басқа да таужыныстарынан жасалған жоңқалар.
1952 ж. В.Ф. Петрунь Ұлытау даласынан екі неолит тұрағын ашты, ол Амангелді атындағы кеңшар аумағында орналасқан. Тамды I және II тұрақтары аттас өзеннің төменгі ағысында, оған Сары торғай ө. құйылысынан жоғарғы 8 шақырымда орналасқан. Неғұрлым ескі Тамды I тұрағы су айырымында, Тамды II тұрағынан 1,5 шақырымда орналасқан. Мұнда ұзындығы - 12 см, ені - 5 см. көне типті пышақ тәрізді тілік табылды (29 сурет).
Тамды II тұрағы жоғарғы террасада, солтүстік желден қорғалған кішірек тасты алаңда орналасқан. Кремний бұйымдары мен керамика сынықтары жел эрозиясынан ашылған топырақ қабатынан, сондай-ақ, алаңның тасты бетінен табылды. В.Ф. Петрунның Нұрман мен Тамды I, II тұрақтарынан алынған жинағы АЭМ109 сақтаулы.
Жезқазған неолитімен Торғай даласының неолит тұрақтары территориалды байланысты, ол 1945 ж. профессор А.А. Формозовтың басқаруымен ММУ зоологиялық экспедициясымен Наурызым қорығының аумағында, Ақсуат110 көлінде ашылды. Тұрақтың бетінен көтерме материал жиналды: нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, жебе ұштары, ұшты қырғыштар, сонымен қатар шұңқырлы және тарақты өрнегі бар жапсырмалы керамиканың фрагменттері. Сол экспедициямен Наурызым қорығы ортасынан 80 шақырым батысқа қарай, Терсек - Қарағай орманында орналасқан тұрақтар тобы табылды. Тұрақтан 130-ден аса заттар, сонымен қатар қырғыштар, жебе ұштары, пышақ тәріздес тіліктер, сондай - ақ, нуклеустар, нүктелі оюы бар керамика сынықтары жиналды. Сипаты бойынша екі тұрақ та Жезқазған тұрақтарына ұқсас.
Ғалым - геологтармен микролит мүкәммалы анық көрінген кейінгі неолит дәуірінің тұрақтар сериясы ашылды. Осылайша, 1938 ж. академик А.Л.Яншинмен Солтүстік Арал өңірі мен Солтүстік Каспий өңірі арасындағы ауданда «Сексеуіл» неолит дәуірінің тұрағы Сексеуіл см. 8 шақырым солтүстікке қарай, жер асты суының маңында және кварцит таужыныстары шығатын жерлерден ашылды. 1944 ж. оны А. А. Формозов111 зерттеген.
Кейінгі неолит тұрақтары 1946 ж. А.Л. Яншинмен Сам құмынан және Үстірт жонының солтүстігінде, Милықұдық құдығынан ашылды. Барлық тұрақтардан көтерме материал жиналды: пышақ тәрізді тіліктер, қырғыштар, қыстырма, және қолмен жапсырылған керамиканың ұсақ фрагменттері.
Ембі о. аңғарындағы тұрақтар (Көкжиек, Бесбай, Жағабұлақ) 1926-1927 жж. геолог И. Ларинмен және И.П. Герасимовпен және бізбен 1950 ж. зерттелді. В.И. Самодуровпен Көкжиде тұрағынан ұшты қырғыштардың, пышақ тәрізді тіліктердің және өрнектелмеген дөрекі керамика жиналды. Ембі геологтарымен Көк түбек, Теректі - сай тұрақтары зерттелді. Сағыз ө. бассейінінде Аққұм, Борша құм, Қыз құм, Аққұдық кұм төбе тұрақтары орналасқан. Осы тұрақтар жинақтары АН СССР Археология институтының Ленинграттық бөлімінде сақтаулы".
Құм төбе тұрақтардың қатары Кіші және Үлкен Борсық құмдарынан ашылды. 1944 ж. геолог Д.П. Словягинмен Шоқсу см. (Кіші Борсық) 10 шақырым оңтүстік-батысқа қарай кремний мүкәммалы бар кейінгі неолит тұрағынан анықталды113. 1947 жылы Б.А. Федоровпен Агеспе кентінен 15 шақырым солтүстікке қарай Қызыл-Жар114 және Кара -Циста115 тұрақтары ашылды. 1944 ж. геолог С.Е. Максимовпен Солтүстік - шығыс Арал өңірінде қателесіп палеолитке жатқызылған Жаман - Қылыш тұрағы ашылды116. Көтерме материал жиналды - кремнийден, кварциттен және халцедоннан жасалған құралдар, олардың ішінде пышақ тәрізді тіліктер, ұшты қырғыштар дөрекі жапсырылған ыдыстардың бөлшектері бар.
Мәдениеті және олжалар құрамы жағынан кейінгі неолит тұрақтары Жезқазған, Сарысу ө. және Бетпақдала неолит тұрақтарына жақын. Олардың ұқсастығын тек микролиттер ғана құрамайды, сонымен қатар ірі сүтқоректі жануарлар - сайғақ, жайран, арқар, құлан аулау кезінде қолданылған тасты қысқа сапты найза үлгісіндегі неғұрлым ірі құралдар құрайды Арал өңіріндегі шөл тұрақтары дала неолитінің оңтүстік бөлігін құраған. Тұрақтардың басым бөлігі солтүстікте орналасқан, мұнда жайылым жер шүйгін және су көзі көп, ол мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болды. Сондықтан неолит индустриясы Сарысу, Кеңгір, Нұра, Есіл, Торғай, Ырғыз, Білеуті және Байқоңыр ө. аңғарларында шоғырланды. Кейінгі неолитте тайпалардың негізгі күн көру көзіне аңшылықпен қатар мал өсіру енді, бұл тас құралдардың сипатын анықтады.
Ырғыз о. аңғарынан 6-Ыргыз қ. маңында Айыр қызыл, Сор бұлақ ауылының маңында Басқұдық, Ұзын сор ө. солтүстікке қарай Жаңаауыл, Ата сор көлінен солтүстік - батысына қарай Еңбекші және Ұлы - Ырғыз ө. сол жағасында, оған Шет-Ырғыз ө. жоғарғы құйылысындағы тұрақ зерттелді.
Соңғы археологиялық зерттеулер материалдары бойынша Орталық - Қазақстанды ең маңызды тұрақтары: Жезқазған, Қарағанды және Сарысу ө. бассейніндегі тұрақтар болды. Ірі неолит мәдениетінің ошақтары сондай-ақ, Солтүстік Балқаш өңірінде, Қарқаралы мен Баянауыл даласында белгіленді.
Жезқазғанның барлық тұрақтарынан шамамен 20 мыңға жуық бір типтік тас заттар жиналды. Тұрақтың әр қайсысынан өндіріс қалдықтары (сынықтар, жоңқалар, қабыршықтар) және елеулі нуклеустар табылды. Бұл дәлел тұрақтардың ұзақ болғандығын, және кремний құралдары өндірісімен әр қайсысы айналысқанын дәлелдейді. Бұл жердің көне тұрғындары үшін тас шикізаты мол болды, ол айналада толып жатқан еді. Осылайша, Жезқазған қ. шегінде кварцитті қой тастары, бұлтықтар, сынықтар мен қабыршықтардың көптеп жиналған көне тас үгетін орын тұр.
Жезқазған және сарысудың тұрақтарының тас құралдарын макролиттер - қайла, кептен, тасты балталар, диск тәрізді батырлар және т.б. еңбек құралдары құрайды.
Жезқазған тұрақтарынан яшмадан, жылтыр тастан, қатпар тастан, халцедоннан, кварциттен және тау хрусталі сияқты қатты таужыныстарынан дайындалған көптеген жебе ұштары мен қысқа сапты найза ұштары жиналды. Сарысу о. аңғары мен Бетпақдала шөлінде Жезқазған мен Қарағанды жебелеріне өте ұқсас жебелерді кездестіруге болатыны кездейсоқ емес. Аңшылар жабайы жануарларды қуып жүріп Жезқазғаннан Шу ө. дейінгі даланы кезіп өтуі мүмкін.
Жезқазғанның ерте тұрақтарында қыстырлар, трапециялар, ұсақ кескіш түріндегі микролиттік құралдар кездеспейді. Керамикамен ілесетін жұқа пышақ тәріздес тіліктер кейін пайда болады, олар Орталық Қазақстанның кейінгі неолит пен ерте қола дәуіріне тән.
Шағын құралдарды жасау үшін шақпақ тас, яшма, халцедон, қатпар тас және т.б. сияқты қатты тау жыныстары қолданылды, олар көбінесе Жезқазғаннан 150 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Бетпақдалада шығарылған. Жезқазғандағы кейінгі неолит тұрақтарынан неолиттен мысты - тас дәуіріне (энеолит) ауысуы байқалады, ол мыс кенін шығару кезінде тау жұмыстарында қолданылған - қайла, балталар, опырғыштар.
Мыс кеніштері малахит, азурит, халькопирит - Жезқазғанның негізгі шикізаты. Жезқазғандағы неолит тұрақтарының үй ошақтары мыс кенінің кесектерінен құралған, ол жоғары температурада қатты балқып, мөлдіреп аққан. Бұл тәжірибе адамзат үшін үлкен нәтиже болды, оған шексіз даму жолын ашты. Адам үй ошағында балқыған мысты көріп, біртіндеп мысты алдымен отта, кейін арнайы пештерде және үрлеме пештерде балқытуды үйренді, олардың көбісі Милы құдық, Айна көл және Сор құдық қоныстарын қазу кезінде табылды.
Археологиялық жаңалықтар материалдары бастау мен Орталық Қазақстанда қола мәдениетінің қалыптасу мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Неолит пен қола дәуірі мәдениеттерін құрушылар дала тайпалары болған. Еңбек құралдарының және жерлеу ғимараттары пішіндерінің ұқсастығы осы дәуірлер мәдениеттерінің арасында терең сабақтастықтың болғанын дәлелдейді. Мұны қола дәуірі қоныстарының ежелгі неолит дәуірі қоныстары болған жерден табылуы дәлелдейді.
Жезқазғанның неолит тұрақтарында тұрғын үйдің болғанын айналасында кремний бұйымдары, жануарлардың сүйектері жиналған тас ошақтар жалғыз ғана дәлел болады. Жезқазғандағы ежелгі тұрғындардың үй-жайлары болған, бірақ ошақтардан басқа олардан ешқандай із сақталмаған. Неолит тұрақтары қола дәуірі қоныстарынан тау құралдарының және керамиканың болмауымен айрықшаланады.
Орталық Қазақстандағы неолит пен қола дәуірі арасындағы байланыстыру түйін - энеолит болды, ол тас ғасырдан қолаға ауысу (б.ғ.д IV мыңжылдық) кезеңі болды. Энеолит дала неолитінің мықты жалғастырушысы болды. Және де энеолит тұрақтарының Семейден Ақсуат пен Терсек - Қарағайға дейінгі жерде кездесетіні бекер емес.
Мыс кенін шығару кезінде пайдаланған мыстан жасалған заттардың және жаңа мықты тас құралдарының пайда болуы Орталық Қазақстандағы энеолиттің басты бітісін құрайды. Мыс пайда болуымен кремний құралдарының кейбір типтері қола құралдарымен бірге қолданылған. Қола жебе ұштарының кремний түп тұлғасымен ұқсастығы осыған дәлел.
Орталық Қазақстанды археологиялық зерттеу материалдары алғашқы қола мәдениетінің даму ядросы тотыққан мыс кені көп орындарында, тез балқитын саф мысы мол орнында пайда болғандығын дәлелдейді. Металдық мәдениеттің негізін салушылар дала неолит аңшыларының және алғашқы малшылардың ұрпақтары болған, олар кең-байтақ кеңістікте өздерінің мықты іс-әрекет іздерін қалдырған.
Әрине, Орталық Қазақстанның кеңістігінде сонау неолит дәуірінде ұрпақтарына жаңа металдық эраны ашуға және қола мәдениетінің негізін қалауға мәжбүр болған этнос қалыптасты. Бүл ежелгі дала этностар, олардың ұрпақтары азия скифтері немесе орал -алтайлықтар (аргиппейлер, аримаспалар және т.б.). Сонау неолит заманы (б.ғ.д. IV мыңжылдық) территориясында қалыптасқан, мәдени - этникалық қауымдастықтың нәтижесі болып табылатын қола дәуірі тайпаларының қауымдастығының анық көрінуі туралы бірқатар ғалымдардың тұжырымдары әділ".
Антропологтардың мәліметі бойынша, Оралдың арт жағындағы даланы мекендеген көліне дейін таралған орал - алтайлық монгол тектес түрі неолит дәуірінде қалыптасты. Ежелгі монгол тектес бассүйек Балтика өңірінен де табылған. Антропологтар оларды Оралдан өтіп келгендер деп санайды. Қазақстан территориясынан және Орынбор облысынан табылған бассүйекті зерттеу негізінде Г.Ф. антика заманында өмір сүрген ежелгі андроновтық ұрпақтарын анықтады. Осының барлығы өте қызық және одан әрі зерттеу қажет етеді.
Келтірілген деректер солтүстік даладағы қола мәдениетінің ирандық туындау теориясын жақтайтын кейбір ғалымдар бұны жоққа шығарады. Бұл ғылыми негізі жоқ қате пікір. Біздің ойымызша, солтүстік даладағы қола мәдениетінде оңтүстік, әсіресе ирандық тамыры жоқ. Солтүстік дала мен оңтүстік арасында зор Бетпақдала шөлі жатыр. Солтүстік пен оңтүстіктің байланысының ежелгі іздері Жетісуда және Тянь-Шань етегінде, Талас пен Шу ө. төменгі жағында кездеседі, пішіні және өрнегі бойынша Солтүстік Балқаш өңірі мен Қарқаралы даласындағы андронов мәдениетінің керамикасына ұқсас Оңтүстік пен солтүстік арасындағы ежелгі байланыстың болғанын анықтау үшін Балқаш жағалауының оңтүстік-батыс ауданында және Шу - Іле таулары оазисінде орналасқан қола дәуіріндегі ескерткіштерді зерттеудің маңызы зор. Осы аймақтың ескерткіштері солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын көпір болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сатпаев К.И. Некоторые археологические данные о памятниках Джезказганского района КазССР. Архив отдела археологии. ИИАЭ АН КазССР, ф. 2, с. 56.
2. Медоев А.Г. Новые материалы по каменному веку Северного Прибалхашья и хребта Чингис. Вестник АН КазССР, 1962, № 3. С. 86-88; Его же: Каменный век. Сарыарка в свете новейших исследований. Изв. АН КазССР. Серия общ. наук. 1964, № 6. С. 95-98.
3. Клапчук М.Н. Материалы к археологии Центрального Казахстана (1958-1961). Архив МИИАЭ, д. 182; Его же: Отчет об археологических исследованиях в Центральном Казахстане за 1962-1963 гг., д. 220, за 1964-1965 гг., д. 264, за 1967, д. 248, за 1968, д. 261.
4.Чалая JI.A. Озерные стоянки Павлодарской области. В кн. «Поиски и раскопки в Казахстане». Алма-Ата, 1972. С. 163-181.
5.Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. M.-JL, 1960. С. 109.
6. Археологическая карга Казахстана Алма-Ата, 1960. С.56.
7. Акишев К. А., Владимиров Н. Н., Мухамеджанов С. М. Находки орудий труда древнего человека в Северо-Восточном Казахстане. Вестник АН КазССР. 1955, № 5, С. 61-65.
8 Археологическая карта Казахстана Алма-Ата, 1960. С. 5.
9.Драверт П.Л. Грот с писаницей на оз. Жасыбай в окрестностях Баян-аула. Изв. ЗСО РГО. Т. УП. Омск, 1930. С. 231-234.
Ю.Клапчук М, Н. Отчет о работе археологического кружка при Ка-рагандинском областном краеведческом музее за 1964-1965 гг. Архив МИ- ИАЭ, д. 264. С. 1-2.
П.Семенов Л.Ф. Наша область. Материалы к истории Карагандинс¬кой области. Архив МИИАЭ, ф. 2, д. 26.
12. Медоев А. Г. Новые материалы по каменному веку северного При¬балхашья и хребта Чингис. Вестник АН КазССР. 1962, № 3. С. 86-88; Его же: Каменный век. Сарыарка в свете новейших исследований. Изв. АН КазССР. Серия общ. наук. 1964, № 6. С. 90-98. Его же: Топография стоя- мок каменного века в Северном Прибалхашье. Вестник АН КазССР. 1965, № 5; Его же: Наскальные изображения гор Тесиктас и Караунгур. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 12, 1961. С. 72-77.
13. Археологическая карта Казахстана. С. 357
14. Лопатин С.В. Археологические памятники в Центральном Казахстане. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. I. С. 265-266.
15. Там же. С. 265.
16. Там же, с. 265-266.
17. Там же. с. 268.
18. Яковлев Д. И. Голодная степь Казахстана. М., 1941. С. 276,302,305.
19. Там же. С. 290, 372.
20. Там же. С. 302-309.
21. Там же. С. 95-96
22. Наковник Н. И Охотники за камнями. Л, 1966. С. 129-130.
23. Селевин В. А. Введение в естественно-историческое изучение Бетпакдала. Труды САГУ, серия XII, география, вып. 12-13; Ташкент, 1935. С. 3; Дублицкий Б.Н. Стоянки и находки предметов каменного века на территории Казахстана. Архив, М., ИИАЭ, д. 163, с.
24. Там же. С. 3.
25. Сатпаев К. И. Некоторые археологические данные о памятниках в пределах Джезказганского района КазССР. Архив отдела археологии АН КазССР, ф. 2, д. 56, л. 2.
26. Мухля А. В. В пустыне Бетпакдала. С. 22-24.?
27. Маргулан А. X. Отчет о работе ЦКАЭ за 1947 г. Изв. АН КазССР. Серия археолог. Вып. 2. Алма-Ата, 1950. С. 4-5.
28. Клапчук М.Н. Клапчук М.Н. Отчет об археологических исследованиях в Центральном Казахстане в 1968 г. Архив МИИАЭ, д. 261, с. 5.
29. Маргулан А.Х. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане. Изв. АН КазССР. Серия археолог. Вып. 3. Алма-Ата, 1951. С.17.
30. Археологическая карта Казахстана. С. 196.
31. Там же. С. 370.
32. Там же.
33. Клапчук М.Н. Отчет об археологических исследованиях в Центральном Казахстане в 1967 г. Архив OA, д.248.
34. Там же.
35. Клапчук М.Н. Отчет об археологических исследованиях в Центральном Казахстане в 1968 г. Архив МИИАЭ, д. 261, с. 5, д. 248, с.З.
36. Там же.
37. Маргулан А.Х. Указ.соч.
38. Археологическая карта Казахстана. С. 196
З9. Маргулан А.Х., Агеева Е.И. Археологические работы и находки на территории Казахской ССР. Изв. АН КазССР. Серия археолог. Вып. 1. Алма - Ата, 1948. С. 132.
40. Маргулан А. X. Отчет о работе ЦКАЭ за 1947 г. Изв. АН КазССР. Серия археолог. Вып. 2, с. 4; Вып. 3, с. 21.
41. Клапчук М. Н. Отчет об археологических исследованиях на территории Центрального Казахстана. Архив МИИАЭ АН КазССР. Ф. 220, с. 2-3.
42. Маргулан А. X. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане. Известия АН КазССР. Серия археолог. Вып. 3. Алма-Ата, 1951, рис. 10,2,5.
43. Клапчук М. Н. Указ.соч. Ф. 248. С. 4.
44. Там же. С. 23, рис. 14, 1-3.
45. Формозов А.А. Новые материалы о стоянках с микролитическим инвентарем в Казахстане. КСИИМК. Вып. 31. 1950. С.145, рис. 51, 22.
46. Маргулан А.Х. Указ. соч. С. 23, рис. 14, 6.
47. Клапчук М.Н. Указ. Соч. С. 1—2.
48. Красовский М. Область сибирских киргизов. Ч. ІП, СПб, 1868. С. 262; Лобанов. Описание юго-западной части Голодной степи. Архив АН СССР.Ф. 317, оп. 1,д. 47, л. 3.
49. Формозов А.А. Указ.соч. С. 141-147.
50. Клапчук М.Н. Указ.соч. С.5
51. Там же. С. И
52. Там же. С. 15
53. Там же. С. 1.
54. Формозов А. А. Указ.соч.
55. Археологическая карта Казахстана, с. 195.
56. Клапчук М.Н. Указ.соч.
57. Коллекция. Шифр 80515
58. Клапчук М.Н. Указ. соч.
59. КассинН.Г. О древних долинах Центрального Казахстана. ПСГ, т. VI, №1, 1936.
60. Клапчук М.Н. Указ. соч. С.5
61. Там же. С. 10
62. Рыков П.С. Работы в совхозе «Гигант» (Караганда). В кн. Археологические работы Академии на новостройках. Т. II, М.- Л., 1935. С. 40-68.
63. Клапчук М.Н. Материалы раскопок на стоянке Караганда-15. Архив МИИАЭ, № 183 (планы раскопок); №185, табл.9, 10 (план и разрез).
64. Клапчук М.Н. Материалы к археологии Центрального Казахстана. Архив МИИАЭ, № 182, с. 18; № 185, табл. 9, 10; №220 (фото следов от столбов).
65. Там же. № 182, с. 9-13
66. Там же, с. 11
67. Там же. № 185, табл. 21,1
68. Формозов А. А. К вопросу о происхождении андроновской культуры. КСИИМК, вып. 39, М„ 1951, с. 16. рис. 6.
69. ВалукинскийН. Дневник№ 171, Л. 72об;№ 176, ЛЛ. 102.
70.Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Ал¬тая. Алма-Ата, 1949, табл. IX, рис. 1, 2.
71. Формозов А.А. Указ.соч. С. 17.
72. Там же.
73. Клапчук М.Н. Указ.соч. Рис. 2, 4.
74. Там же. Табл. 20, 15; табл. 26, 6, табл. 35, 1.
75. Там же. Табл. 26, 5.
76. Там же. Табл. 26, 4.
77. Там же. Табл. 26, 1.
78. Там же. Табл. 26, 2, 3.
79. Там же. Табл. 21,7.
80. Там же. Табл. 37, 7.
81. Клапчук М.Н. Отчет об археологических исследованиях на территории Центрального Казахстана в 1962 г. Архив OA, № 220. С. 6.
82. Там же
83. Его же. Отчет за 1963 г. № 220. С.2.
84. Его же. Материалы... № 182. С.19
85. Там же. С. 16-17.
86. Формозов А.А. Доандроновское погребение в Казахстане. КСИ¬ИМК, 1956, вып. 63. С. 153-155.
87. Валукинский Н.В. Дневник № 177, Л. 67, 108.
88. Валукинский Н.В. Дневник № 171, лл. 26-47; дневник № 176, лл. 13, 40-44, 78-80, 87-108, 122-132, 138-150, 154-164; дневник № 177, с. 43- 45.
89. Его же. Дневник № 177, л. 97 г.
90. Его же. Дневник № 176, л. 74 г.
91. Его же. Дневник № 176, с 156; Сатпаев К.И. Избр. труды, т. 1. С. 98- 105; Сейфуллин С.Ш. Геологические заметки. 1944. С. 136-138.
92. Валукинский Н.В. Дневник № 176, л 14—19.
93. Валукинский Н.В. Дневник № 177, л. 65—98 об, № 171, л. 28,29,32.
94. Его же. Дневник № 177, л. 98, об.; Маргулан А.Х. Джезказган - древний металлургический центр. В кн: Археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата, 1973. С. 3-42.
95. Его же. Дневник № 177, с.82.
96. Там же. С. 65.
97. Его же. Дневник № 171, л. 45-46.
98. Его же. Дневник № 170, л., 132,176, л., 157,160, 161
99. Валукинский Н.В. Дневник № 171, л.38, об.39-39 об. 149 Археологическая карта Казахстана, с. 150.
96.Валукинский Н.В. Дневник № 177, л., 67 об. 97-Его же. Дневник № 176, л., 91,94-94 об.; №177, л., 111.
98. Валукинский Н.В. Отчет о раскопках в Милыкудук. Дневник №176; Маргулан А.Х. Джезказган — древний металлургический центр. В кн. «Археологические исследования в Казахстане». Алма-Ата, 1973. С. 3-42.
99. ВалукинскийН.В. Д невник № 171. Л., 47; №177, л., 111.
100. Формозов А.А. К вопросу о происхождении андроновской культуры. КСИИМК, вып. 39, 1951. С. 12., рис 4, 13-14.
101. Археологическая карта Казахстана, с. 150.
102. Валукинский Н.В. Указ. соч. Л.72, об. Л. 42-43. ЮЗ.Егоже. Дневник № 177.
104. Егоже.Дневник № 171
105. Археологическая карта Казахстана. С. 149, 2135
106. Валукинский Н.В. Дневник № 173. Л. 13.
107. Там же.
108. Валукинский Н.В.. Дневник № 176. ЛЛ. 97-104
109. МАЭ. Коллекция № 6075.
11 О.Формозов А.А. К вопросу о происхождении андроновской культуры. КСИИМК, вып. 39, 1951. С. 16. рис. 6, 2-3.
111. Археологическая карта Казахстана. С. 149
112. ЛОИААН СССР. Ф.42, л. 72
11 З.Формозов А.А. Кельтеминарская культура в Западном Казахстане. КСИИМК. 1949, вып. 25. С. 60 114. Археологическая карта Казахстана. С. 190.
115. Максимов С.К. Находки палеолита в районе Аральского моря. Ученые записки ЛГУ. Серия геолог, наук. Л., 1944. № 70, вып. 11.
116. Археологическая карта Казахстана. С. 191, 2785
117. Там же. С.142, 2030 118.Черников С.С. Указ. соч. С. 107.
Дебец Г.Ф., Трофимова Т.А., Чебоксаров Н.Н. Проблемы заселения Европы по антропологическим данным. В сбор. «Происхождение человека и древнее расселение человечества», М., 1951, с. 438.Дебец Г.Ф. Палеоантропология СССР. М., 1948.
II ТАPAУ
БЕҒАЗЫ-ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІНЕН БҰРЫНҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің (б.ғ.д. XIII XI және X-VIII ғ.ғ.) кейінгі кезеңдерін зерттеу түйінді мәселенің бірі болып табылады.
Ерте қола дәуірі ескерткіштері К.А. Ақышев және A.M. Оразбаевтың еңбектерінде тыңғылықты зерттеліп, талданды.
Ақшатау, Ботақара, I Бұғылы, I Байбала, Қос, Қанаттас және т.б. Орталық Қазақстандағы андронов мәдениетінің нұра кезеңінің ескерткіштеріне тиісті. Олардың барлығы жерлеу салтымен, жерлеу ғимараттарының пішінімен, керамика формаларымен және өрнегімен андронов мәдениетінің дәстүрлі көріністерімен кескінделген.
Нұра кезеңіндегі жерлеу салтының ерекшеліктері өлікті өртеу және сол жақ қырымен бүрістіріп жерлеу болып табылады. Сол бір кешенде (Бұғылы I, Байбала I) кремациялау және бүрістіріп жерлеу ізі болды. Қанаттас кешенінде марқұм отырғызылып көмілген.
Ерте қола ескерткіштері үшін үймесіз тігінен қазылып көмілген тас тақталардан шиыршық қорым түріндегі мола құрылымдары тән. Осындай қорымның ортасында екі-үш гранит тастарымен қалқаланған тас жәшік, көлденең оңтүстік - батыстан солтүстік-шығысқа бағдарланған. Марқұмның бетіне қарсы, көбінесе құты пішінді салттық қыш құмыралар тұрған. Әшекейлерден осы дәуір үшін мыс моншақтар, жыртқыш андардың ақсиған тістері, қабыршақтар тән.
Жиналған материалдар Орталық Қазақстан территориясында орта қола мәдениетінің жоғарғы даму сатысында ауыспалы кезең ескерткіштері пайда болғанын, пішінімен және көлемімен андронов мәдениетін дәстүрлі ескерткіштерінен айрықшаланатын, дегенмен сол мәдениетінің кейбір бітістерін сақтағандығын көрсетеді. Бұл, алдымен, қырымен қазылып көмілген алып гранит тақталарынан қаланған үлкен оба - қорым және мола түріндегі жерлеу ғимараттары (Қызыл - Арай, Беласар, Қазанғап және т.б.). Бел асар типіндегі ірі тақталы қорымдар беғазы ғимараттарының түпнұсқасы болып табылады. Олар андронов қорымдарынан үлкен өлшемімен, шоғырланған шаршы түріндегі екі немесе үш рет қапталған қабырғаларымен, сондай-ақ, тіреулерінің болуымен ерекшеленеді.
Ауыспалы кезең үшін түбі жайдақ, аласа шар тәрізді пішінді керамикалық ыдыстар типі тән, өрнегінде андронов дәстүрінің бітістері бар. Онымен қатар жаңа, бұрын белгісіз болған ою мәтіні пайда болады. Бұл, алдымен, ыдыстың бүйірлерін орайтын сызықталған ленталар. Кейін, бүл мәтін, беғазы - дәндібай заманындағы керамикада жетекші орын алады. Осындай өрнегі бар ыдыстар алғашқы рет Беласар (142-қорым) тобынан табылды.
Андроновтан кейінгі қолаға ауысу кезеңінің мәдениеті Орталық Қазақстанда үлкен ескерткіштер тобымен көрсетілген: Ай шырақ Б, Ақсу-Аюлы II, Бала құл болды II, III, IV, Беласар II, Байбала II, Ортау II, IV, Егізек I, II және т.б. Ауыспалы кезеңдегі оба -қорымдар Орталық Қазақстанның барлық аймағында кездеседі: Нұра, Шерубай-Нұра, Талды - Нұра, Ақ қойтас, Түндік, Жарлы, Ақши ө. аңғарларында, Сарысу (Жаман - Өзен, Үркек), Тоқырауын, Талды (Кент тауында), Аппас (Ақтерек, Бөрітас шатқалы), Сары -Өлең (Қызыл - Арай солтүстік тау етегі), Қаршығалы, Қазанғап, Құсақ, Дағанды (Көкшетау тауында), Соранг өзендерінің жоғарғы жағында, Темірші, Бақты, Мыржық, Арқалық, Қуу және т.б. тауларында. Оларды сипаттап өтейік.
1-БӨЛІМ
АНДРОНОВ МӘДЕНИЕТІНЕН КЕЙІНГІ ҚОЛАҒА АУЫСУ КЕЗЕҢІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.
(б.з.д. ХІІ – ХІ ғ.ғ.)
АЙШЫРАҚ Б.
Өзіне аттас үлкен кешеннің солтүстік-батыс бөлігіндегі Атасу ө. сол жағалауында Бетпақдала шөліне апаратын жолдың жанында, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қаражал кен шығару орнынан 95 шақырым солтүстік - шығысқа қарай орналасқан. Кешенде гранит тақталарынан қаланған барлығы 102 қорым бар. Үймесіз негізгі топтан ірі көлемімен және үймесіз төбешік түріндегі пішінімен айрықшаланатын бұл оба - қорымдар ерекше топты құрайды.
Айшырақ моласында қола мәдениетінің ескерткіштері: Атасу (орта қола) және беғазы -дәндібай мәдениетінің алдында болған ауыспалы екі кезеңмен көрсетілген.
Ауқымды ескерткіштер кешенінен ауыспалы кезеңге тек 9 оба - қорымдар тиісті. Олардың көлемдері әр түрлі және қырымен қазылып көмілген тақталардан қаланған шиыршықты қорымы бар тас үймелер.
Оба - қорым 6 топшаның солтүстік-батыс ұшында тұр және тас үймесі мен екі шиыршықты қорымы бар пішіні жарты сфера түріндегі қорымды құрайды. Обаның диаметрі — 14,6 м, биіктігі —1 м. Үменің түбі бойынша жерге қазылып көмілген жалпақ тақталардан жасалған айналмалы оба түр. Оба ұшының айналасында жалпағынан салынған, кварциттің ірі сынықтарынан құралған шиыршықты оба өтеді.
Айналмалы обаның ішінде 1,6 м тереңдікте батыс - шығыс бағыты байынша бағдарланған, қосарланған тас жәшік тұр, бүйір жақтарының көлемі — 2,0 м. және 2,2 м. Ескерткіш жақсы сақталса да оңтүстік жәшік бос болды.
Солтүстік жәшікте, оның солтүстік-шығыс жағында, 0,8 м тереңдікте әйел адамның қаңқасы жақсы сақталған. Ол тізесі бүгіліп, буындары жамбасына салынып, шалқасынан жерленген. В.В. Гинзбургтың краниологиялық анықтамасы бойынша қаңқа егде әйелдің қаңқасына ұқсайды. Оны бірге жерленген заттар дәлелдейді. Жәшіктің оңтүстік-шығыс бөлігінде, марқұмның аяқ жағында қыш құмыра тұр, ал қасында сүйектен жасалған ұршықбас және тас үккіш болды. Кесілген конус формасындағы ұршықбас ірі жануардың ортан жілігінің домаланған басынан жасалған. Қаңқаны бөлшектеу кезінде оң қолдың білегінің астынан (жамбас сүйегінің жанынан) өзен малтатасынан жасалған пішіні домалақ екінші ұршықбас табылды. Оң аяғының табанының астында бет жағымен төмен қаратылып эллипс пішінді үккіш жатты. Оның бет жағында білінер-білінбес ойық бар, шеттері дөңгелектенген және үстінен жайпақтанып көрінеді. Мойын омыртқасының маңынан змеевик - түрлі-түсті тастардан жасалған жиырма моншақ табылды. Олардың екеуі цилиндр пішінді, қалғандары домалақ, тесіп өткен саңыраулары бар. Себепті еске түсіретін ақ, сондай-ақ, меруерт пен беррилл түсті моншақтар басым. Сондықтан түрлі-түсті тастардан жасалған әшекейлер Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі андронов мәдениетіне ғана тән емес, неғұрлым кейінгі заманның өнер табысы болып табылады.
Суреттелген заттардан басқа 6-шы қорымнан дәстүрлі андроновтық өрнектері бар үш ыдыстың сынықтары табылды (30- сурет).
1- ші ыдыс марқұмның табанына қарама-қарсы шығыс қабырғадағы жәшіктен 0,85 м тереңдікте табылды. Ыдыс түбі жайдақ, бүйірі шар тәрізді және мойыны анық иілген, ауыз жиегі биік, біршама домалақтанған және сыртқа қайырылған. Қоймалжыңға себілген кварц түйіршіктері түріндегі ұсақ тас қосылған. Ыдыстың сынған жері қара түсті. Өрнегі тарақты таңбамен белдік түрінде орындалған: ауыз жиегі бойынша сызықталған үшбұрыштар, мойыны және иықтары бойынша қайталанатын шыршалар иректі құрайды. Белдіктер бір-бірінен кескіні өте анық бөлінген.
2- ші ыдыс толық емес, қалың бүйірлі эдемі қыш құмыраның сынықтары түрінде, жәшіктің солтүстік-шығыс бұрышынан, 0,9 м, тереңдікте табылған. Ауыз жиегі биік, тік, біраз сыртқа қайырылған, аздап кварц құмы себілген жақсы қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сынған жері күлгін - сұр түсті. Өрнегі тарақ таңбамен және көсілген баспа -таңбаны беретін сына тәрізді таяқшалармен орындалған. Сюжеті - ауыз жиегі бойымен иректер және ромб пішіндер, олар ыдыстың бүйірінде үшбұрыштарды құрайды.
3-ші ыдыс толық емес, жұқа бүйірлі ірі фрагмент түрінде, жәшіктің батыс бөлігінен 0,8 м тереңдікте табылды. Ол ауыз жиегімен төмен қарап жатты. Шамот пен ұсақ түйіршікті құм араласқан қой мал жыңнан жасалған. Сырт жағы қою - қоңыр түсті. Сынған жері күлгін - сұр, ал сырт шеттері сарғыш - қоңыр түсті. Барлық үш ыдыстың да пішіні шар тәрізді, бұл ауыспалы кезеңге тән.
Оба - қорым 7-топшаның солтүстік-батыс ұшында орналасқан. Құрамы жағынан алдыңғыға ұқсас, үйме тек айналасындағы екі шиыршық жалпағынан салынған кварц блоктарынан құралған. Осы топшаның барлық оба - қорымдарын ақ кварцпен айналдыра қоршауы тән. Ақ кварцпен үймені айналдыра көмкерудің мифтік мағынасы болғаны анық. Обаның диаметрі — 11 м, биіктігі — 0,65 м. Обаның төбесінде саяз шұңғыма бар, осы жерден құрылыс үшін тастардың алынғаны анық. Шұңғыманың тереңінен жәшіктің шеттері көрінеді.
Жерлеу ғимараттары ерекше орнатылған. Бірінің үстіне бірі орналасқан екі жәшік екі метрлік тереңдіктен табылды. Бір метрді бойлайтын тереңдікте тонаушылардың қолы тимеген көлемді гранит тақталары болды. Бұл тақталар жоғарғы жәшіктің түбі және төменгі жәшіктің жабыны ретінде қолданылғаны анықталды. Жәшіктер ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған. Неғұрлым ірі жоғарғы жәшіктің пішіні шаршы тәрізді. Трапеция түріндегі төменгі бөлігі жағымен батысқа қараған. Жоғарғы жәшік бос болды, шамасы, оның құрбандық шалуда мәні болған. Көлденең өзегімен оны екі тең емес бөлікке бөлетін қалқа өткен. Жоғарғы жәшіктің үлкен бөлігінің түбінде 0,7-0,9 м тереңдікте қалыңдығы 15-18 см. жиналған күл табылды. Мұнда елеулі мөлшерде жиналған үй жануарларының сүйектері кездеседі. Солтүстік жағынан жәшіктің кішірек бөлігінен қойдың толық емес қаңқасы да шықты. Шамасы, марқұм жерленгеннен кейін жәшікте құрбандық шалу және отқа табыну рәсімі жасалған. Адамның қаңқасы төменгі жәшікте, 0,7 м тереңдікте екен. Марқұм арқасымен, қол-аяғы созылып, басы оңтүстік-батысқа қаратып жерленген. Қаңқаның жанында сиыр сүйектері, аттың тістері мен жауырыны, сондай - ақ, домалақ пішінді қола моншақтары, көлденең бедерлермен өрнектелген цилиндр тәрізді қол тізбектердің сынықтары болды. Жәшіктің түбінен ауыз жиегі жапсырылған ыдыстың фрагменттері жиналды. Мұндай ауыз жиекті М.П. Грязнов «воротничок» деп атайды және андроновтан кейінгі кезеңге жатқызады.
Оба - қорым 11-топшаның оңтүстік бөлігінде, Атасу ө. аңғарынан Бетпақдалаға апаратын жолдың маңында тұр және биіктігі бір метрге дейін жететін жер үймесін көрсетеді.
Обада қырымен қазылып көмілген гранит тақталарынан тұратын үш қорым бар. Олар бірігіп үш жапырақты табақшаны құрайды. Әр қорымнан бір жәшіктен табылды және олардың барлығы ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған. Батыс қорымының жәшігі (1) 0,8 м тереңдіктен табылған. Оның пішіні трапеция. Оңтүстік – шығыс қорымның жәшігі (2) 0,9 м тереңдіктен табылды. Оның түбінде адамның мыжылған бассүйегі мен дене сүйектері, керамика сынықтары, қола негізінде өрнектелген алтын түйреуіш ретсіз жатты. Солтүстік-шығыс қорымының жәшігі (3) 0,8 м тереңдіктен табылды. Бұл жерден сары жосаның бөліктері, қола негізіндегі екінші алтын түйреуіштің сынығы, керамика сынығы және кремация салтының болғандығын дәлелдейтін ағаш көмірі табылды. Өртенген адам сүйектерінің қою - күлгін түсті органикалық туындаған затпен бірге жатуы таңқаларлық көрініс. Дақты тазартқаннан кейін жәшіктің түбінде мата іздері мен майлы дақтың іздері байқалды. Марқұмды мүмкін жәшіктің ішінде жүргізілген болар.
Оба - қорым 11 бүтін үш ыдыс және төртіншісінің фрагменттері табылды (30-сурет).
1-і ыдыстың түбі жайдақ, бүйірі шар тәрізді, ауыз жиегі салыстырмалы түрде биік, біраз ішке қарай қайырылған, мойыны анық көрінеді. 2-ші ыдыс тапал, сақиналы түбі жайдақ, ауыз жиегі тік, иілген мойыны анық көрінеді. Ірі тарақты таңбамен тік бұрышты үшбұрыш ретінде өрнек түсірілген, ол ірі тарақпен сызықталған: мойыны бойынша - жұқа профильді, бүйірі бойынша - ірі мәнердегі иректер. 3-ніі ыдыстың түп асты сақиналы, иықтары өте шығыңқы, пішіні жоғарыда суреттеп өткен ыдыстарға ұқсас. Ірі тарақты таңбаның баспа - таңба түріндегі өрнек: ауыз жиегі бойынша - сызықталған үшбұрыштар қатары, мойыны бойынша олар түріндегі тарақты тік баспа - таңбалармен кезектеседі, иықтары бойынша - жарты шеңбер батырмалар, бүйірі бойынша - күрделі түріндегі тарақты таңбаның баспа - таңбасы.
Олжалардың арасында қола негізінде жасалған алтын әшекейлер бар. Қорымнан 10 бір жағы үшкір, ұзындығы — 14 см. түйреуіштің сынығы табылды, оның қола өзегі жұқа алтын қабатымен көмкерілген. Осындай әшекейлер бүкіл Орталық Қазақстан бойынша таралған және ауыспалы кезең мәдениетіне тән. Оба - қорым 11 оңтүстік-шығыс бөлігінде бедерленген алтын әшекейдің фрагменті табылды. Қола негізінде соғып жасалған алтын түйреуіш ерекше қызығушылықты тудырады. Түйреуіш адамның бас сүйегімен қатар табылған. Түйрегіштің басы домалақ және ұшы үшкір. Өзектің бойымен үш жерден басу техникасымен орындалған бедерлі өрнек салынған. Алтын әшекейдің басқа облыстардағы қола мәдениетінде баламасы жоқ. Ол өздігінен дамыған және Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері үшін тән. Айшырақ тобында суреттелген көптеген заттар андронов ескерткіштерінде кездеспейді. Олар ауыспалы кезеңде пайда болады және әсіресе беғазы - дәндібай ескерткіштеріне тән.
ЕГІЗЕК
Егізек 1967 ж. ашылды және алдын-ала 1968 ж. зерттелді. Алып некрополь екі топшадан тұрады, ғимарат құрылымы, жерлеу салты мен мәдени заттары бойынша бір типті. Ол оңтүстікте - Қызылтау, батыста - Алғабас, солтүстікте - Ортау және шығыста - Аба тауларымен көмкерілген, Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы «Қызылтау» совхозының орталық мекенінен 12 км солтүстікке қарай жазықтықта орналасқан. Әр топшада 145 жеке ғимарат, оның қатарында «мұртты» оба, Түрік қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндері бар үш қорым бар, өзгелері қола дәуірінің еншісінде. Көбісі солтүстік топшада, онда 105 қорым бар.
Екі топшадан таңдалынып шамамен 10-ға жуық қорым зерттелді, нәтижесінде өзіндік керамикалық материал алынды, мұнда ескі андронов бітістері бар ауыспалы кезеңге тән жаңа ыдыстар болды.
Қорым 23 оңтүстік топшаның солтүстік-батыс бөлігінде тұр (31-сурет).
Оның жоспары тік бұрышты, жұқа тақталардан қаланған және ұзын өзегімен солтүстік-оңтүстікке бағдарланған. Қорымдар қырларының ұзындығы 5,5 м және 4,5 м. Қорымның ішінде жонылған, бір-біріне тығыз қабыстырылған тақталардан екі тас жәшік бар.
1-ші жәшіктің оңтүстік бөлігінде, бір метр тереңдікте арқасымен, тізесі жоғары көтеріліп жерленген адам қаңқасы табылды.(31-сурет). Қаңқаның жанында екі қыш құмыра тұрды: біреуі - жәшіктің оңтүстік-шығыс бұрышында, табанға қарсы, екіншісі - батыс қабырғасында. Қыш құмыралар бүтін, өрнегі мен пішіні бір типті.
3-ші ыдыс жәшіктің батыс қабырғасынан табылды. Ауыз және бүйірлері кең табаққа ұқсас, оның түп асты сақиналы және мойыны иілген. Ауыз жиегінің жоғарғы шеті қалың және сыртқа қайырылған. Ірі түй құм араласқан қой мал жыңмен қалыпқа құйылған. Беті ақшыл - сұр түсті. Күйген түсі - сұр. Өрнек тарақты таңбамен, жарты шеңбер түріндегі батырлармен және ыдыстың үстіңгі бөлігі геометриялық пішіндермен белдіктер бөлінген көлденең сызықтар қатарымен орындалған. Ауыз жиегі бойынша белдік сызықталған үшбұрыштардан, мойыны бойынша ұштары бір-біріне жоғары қараған үшбұрыштар салынған. Иығы бойынша екі қатармен жарты шеңбер жүргізілген, төменірек бүйірі бойынша тарақпен орындалған иректі белдік, төменгі жағын сызықталған үшбұрыштар көмкереді. Геометриялық пішіндердің белдіктері арасындағы мойны бойынша екі жүргізілген, суретті композиция толықтырады (32,1 - сурет).
4 - ші ыдыс түбі кең табақ тәрізді жәшіктің оңтүстік - шығыс бұрышынан табылды. Ол аласа, үлкен көлемді, мойыны иілген және түп асты конус тәрізді. Ауыз жиектің жоғарғы жағы қалыңда және сыртқа қайырылған. Қоймалжыңда құмның қоспасы бар. Сынған жері сұрғылт - сары. Өрнек мойыны жағында құралған, бастырылып жасалған жартылай шеңбер иығы бойынша және ромбтардың көлденең қатары бүйірлері жағынан. Сурет ірі баспа - таңбамен тарақты таңбамен түсірілген (32,3-сурет).
5 - ші ыдыс табақ пішінді солтүстік жәшіктен табылған. Пішіні алдындағыларға ұқсас. Мойыны анық, ауыз жиегі жоғарғыдан қалың және сыртқа қайырылған. Қоймалжыңда ұсақтап үгілген кварц құмы араласқан. Сыртқы беті қызғылт - қоңыр, сынған жері сары -сұр түсті. Өрнек үш белдіктен тұрады: көлденең сызықтар мойын жағынан, екі қатар жүргізілген үшбұрыштар және иректер тарақты таңбамен түсірілген (32,2-сурет).
23-ші қорымнан табылған барлық ыдыстар пішіні және өрнегі бойынша бір типті. Олардың ерекшелігін аласа, кең пішінді, кең ауызы мен суретінің айқындылығы құрайды. Сипатталған белгілер бойынша олар Ақсу-Аюлы II және Беласар керамикасына, яғни ауыспалы кезеңдегі ескерткіштеріне ұқсас.
Солтүстік топшасының 2-ші қорымы оңтүстік - батыстағы ұшында, Ағадырдан «Қызылтау» совхозына барар жолда орналасқан. Бұрыштары домалақтанған, жоспары тікбұрышты қорым, ұзын өзегімен солтүстік-оңтүстікке бағдарланған, өлшемі 4x3 м тік бұрышты тақталардан көлденең қаланған (33-сурет).
Қорымның ортасында циста. Сағананың солтүстік және оңтүстік қабырғалары тақтатас тақталарынан, ал батыс және шығыс жағы бүйірімен қазылып көмілген тақталардан қаланған. Камера түбінде, бір метр тереңдікте өлшемі 0,7x0,4 м дақ - кремация ізі байқалады. Оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бұрыштарында бір қыш құмырадан тұр (34- сурет).
Солтүстік-батыс бұрышындағы 6-шы ыдыстың пішіні ауызы және сағасы кең табақ тәрізді, бүйірі шар тәрізді, түп асты конус тәрізді. Ауыз жиегінің шеті қалыңда және сыртқа қайырылған. Кварц құмы қосылған жақсы қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Жоғары беті қызғылттау, ақ - сары түсті патин дағы (казеиннен) бар. Сынық жер қызғылт -сұр. Түбінде органикалық қалдықтар табылды. Мойыны бойынша өрнек - көлденең үшбұрыштар, тарақты таңбаның ірі баспа - таңбасымен түсірілген, ауыз жиегі бойынша -сызықталған науа, иығы - бастырыла салынған порабола, бүйірлері бойынша - меандр белдігі (34,1-сурет). Ақсу-Аюлы II, Ортау II керамикасына өте ұқсас.
7-ші ыдыс камераның оңтүстік-батыс бұрышында табылды (34,2-сурет). Ыдыс пішіні шар тәрізді, сағасы кең және түбі асты жапсырылған. Ауыз жиегі тік, үстіңгі жағы жалпайған және сыртқа қайырылған. Қоймалжыңда кварц құмы бар. Беті ақшыл сұр. Күйдірілген жері - сұр түсті. Өрнек ойма техникасымен түсірілген. Каннелюрлер - ауыз жиегі бойынша, мойыны бойынша - бастырылып жасалған парабола, иығы бойынша - тарақты таңбамен орындалған иректер. Ыдыстың түбі жапсырылған, тегістелген пішінге ұқсас. Мұндай ыдыстар ауыспалы кезеңде пайда болды. Беғазы заманында кейінгі қоланың керамикасымен мерзімделетін белгілердің бірі.
15 (10) - қорым солтүстік топшаның оңтүстік-батыс бөлігінде, кесек тастан көлденең қалау әдісімен жолдың бойында орналасқан. Жоспарда шеңбердің диаметрі — 8 м. Қорым алаңы аздаған тас қабатымен себілген. Оның ішінде қатпар тастардан қаланған және ұзын өзегімен батыс - 108 шығысқа бағдарланған циста орналасқан. Циста түбінде кремация рәсімі бар. Батыс бұрышында қозғалмаған екі қыш құмыра табылды.
8-ші ыдыс бүйірлері шығыңқы және түп асты сақиналы қазаншұңқыр пішінді. Мойыны әлсіз көрінеді. Ауыз жиектің жоғарғы жағы тегістелген және сыртқа қайырылған. Қой мал жында ұсақ құм араласқан. Сынған жері сарғыш - сұр. Тарақты таңбамен орындалған және аймақты орналасқан. Ауыз жиегі бойынша қисық сызықталған үшбұрыштар, мойыны бойынша - күрделі меандр, бүйірі бойынша - үшбұрышты фестондары бар меандрлар. Қыш құмыра кейінгі андронов керамикасына тән, бірақ бүйірлерінің дөңестігі оны ауыспалы кезең керамикасына жақындатады.
Егізек кешенінде жерлеу ғимараттары құрылысында, керамиканың кейбір пішінінде андронов бітістері сақталуда. Бірақ осы тұрақты дәстүрден андроновқа тән емес жаңа элементтер көрінеді. Андронов негізінде бүйірлері шар тәрізді, сағасы кең, түп асты жапсырылған жаңа ыдыстар табылды. Ежелгі шебер осы сазды ыдысты құра отырып, әлі де андронов дәстүрінен бас тартпады, оны мойыны, иық және бүйірі бойынша өрнекті аймақты орналастыру көрсетеді.
Егізек тобы Ортау тобынан 30 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Егізек керамикасы ор тау тобының керамикасына жақын және екеуі бірігіп Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің жергілікті бөлшегін құрайды. Осы аудандағы керамиканың негізгі бітісін сурет композициясына тән компоненттері - порабола, жарты шеңбер, үшбұрыш түріндегі баспа - таңба құрайды. Олар кейінгі андронов ыдыстарынан кездеседі, бірақ аумалы және беғазы - дәндібай кезеңдерінің керамикасы үшін неғұрлым тән.
БЕЛАСАР Б
Беласар — Орталық Қазақстандағы қола дәуір ескерткіштерінің ірі кешені (35-сурет).
Бұл алып некрополь беғазы алды кезеңінде пайда болды, ол жайлаулы мал шаруашылығының және таулы - металлургиялық кәсіптердің қарқынды дамуымен байланысты жаңа жайылымдарды игеру қажеттілігімен пайда болады. Өзінің орналасуы бойынша Беласар шөл арқылы оңтүстікке Шу мен Сырдария ө. аңғарына өтетін орын болған. Ол оңтүстікте – Тай атқан, батысында - Шұнақ, солтүстікте – Арат – Үш қызыл тауларымен қоршалған жазықтықта, Мойынты см. 45 шақырым солтүстік-батысқа қарай және Қарағанды т.ж. Киік см. 20 шақырым солтүстік - батысына қарай орналасқан. Беласар кешені және Тай атқан және Шұнақ солтүстік тау алдында орналасқан көршілес ескерткіштер Орталық Қазақстан қола мәдениетінің таралуының оңтүстік шекарасын қурайды. Бұл шекара Мойынты ө. батысқа қарай, Бетпақ су (Сары Бұлақ), Шажағай, Атасу мен Қарасай (Көктас) шөл өзендерінің аңғарларында орналасқан жер бетіне тас қорымдар түрінде шығып тұрған Мұңлы және Қулы тауларына дейін барады. Қола дәуірінің ескерткіштері оңтүстікке қарай Солтүстік Бетпақдалада, Қойлыбай, Болат, Ергенекті -Пыстан, Ми қайнар, Орда шағыл, Айбат тауларында, Жеті - Қоңыр барқандарында кездеседі. Көрсетілген аудандарда Қос құдық, Ми қайнар, Шалқия қысқа мерзімді тұрақтары бар көне кен шығару орындары, сондай-ақ, кремний құралдарының дайындама жасайтын орындары (Жиделі ө.) және түрлі-түсті тастарды шығаратын (Болат тау) орындары табылған.
Беласар кешені ауданы 42 га. жазықтықта ежелгі бұлақ жанында таралған, қазіргі кезде шопандардың жазғы тұрақтар орны болып табылады. Ол жерде қырымен қазылып көмілген тақталардан жасалған қорымдары бар үлкен обалар мен қорымдар түріндегі 150 ғимарат есептеледі. Беласар кешенінен бізбен 1957 және 1968 жж. зерттелді. Сол кезде кешеннің негізгі жобасы түсірілді.
Кешен қола дәуіріндегі эр кезеңнің ескерткіштерінен тұрады. Оның негізгі бөлігін атасу кезеңінің қорымы (орта қола) қурайды. Олар кешеннің ортасында орналасқан, ал перифериясы бойынша неғұрлым кейінгі кезең ескерткіштері орналасқан. Ғимараттың құрылысында, жерлеу рәсімінде, Беласар ескерткіштерінің керамикасында андронов мәдениетінің дәстүрлі бітістері сақталған. Мұнда қырымен қазылып көмілген, тақталардан жасалған тік бұрышты және сопақша пішінді үймесіз қорымдар бар (36-сурет). Олардың арасында бүйір жақтарында балаларды жерлейтін қосымша құрылысы бар қорымдардың күрделі желісін құрайтын, көлденең бөліністері бар созылған тік бұрышты қорымдар бар.
Ауыспалы кезең ескерткіштері шетте орналасқан және андроновтықтан ірі көлемімен айрықшаланды. Ауыспалы кезеңдегі ескерткіштердің негізгі бөлігін үлкен төрт бұрышты қорымдар құрайды, көбінесе екі немесе үш шаршы түрінде кездеседі.
Ауыспалы кезеңдегі жерлеу ғимараттарының өзіне тән пішіні – оба - қорымдар болып табылады. Олар қырымен қазылып көмілген айналым қорымдары бар үлкен үймелі төбелерді құрайды. Оба - қорымдардың қазбаларымен мүкәммал бойынша андронов мәдениетінің ескерткіштерінен мүлдем айрықшаланатыны анықталды. Беласар кешенінде мұндай оба - қорымдар шамамен он шақты. Беласардың жерлеу ғимараттары орта қола дәуірінің ескерткіштерінен айрықшаланды және көлденең қалау тәсілімен кесек тастардан құрылған күрделі ғимараттарды құрайды. Осы ғимараттарда беғазы - дәндібай заманындағы Бұғылы III, Беғазы III мен Саңғыру орасан зор құрылымдардың бітімі бар. Ғимараттардың бүл пішіндері біртіндеп андроновтық дәстүрлі шеңбер мен сопақшаны ығыстырады, олар екінші мыңжылдықтың соңында құрылыс дәстүрінен ығыстырылды.
Беласар кешеніндегі әр кезең ескерткіштерін зерттеу нәтижесінде орта қоланың соңында жерлеу ғимараттары, қолөнер бұйымдары мен керамика құрылымдарының өзгеру тенденциялары біліне бастайды. Сол бір қорымдарда (5, 6) андроновқа тән, сондай-ақ, Орталық Қазақстандағы ерте және орта қола ескерткіштерінде кездеспейтін жаңа ыдыс түрлері байқалды (37-сурет).
3 (24) - қорым үймесіз шаршы пішінді, 4-ші қорымнан 35 шақырым солтүстікке қарай, некропольдың батыс бөлігінде орналасқан. Қырымен қазылып көмілген ірі гранит тақталарынан құралған. Қырларының ұзындығы 4 м. Қорымның ішінде өзегімен солтүстік-шығысқа және оңтүстік-батысқа бағдарланған қосарланған екі жәшік бар.
Жәшіктер үлкен емес, оңтүстік қырының ұзындығы 1,25 м. және 0,7 м. солтүстік жағы 1,15 м және 0,7 м, тереңдігі 0,5 м. Оңтүстік жәшіктен кальцийленген баланың сүйегі табылды. Солтүстік жәшіктің солтүстік қабырғасынан бүтін саз балшық ыдыс, ал батыстан - ыдыстың бөлшектері табылды.
Ыдыс пішіні бойынша құтыға жақын, түп асты сақиналы, ауыз жиегі тік. біраз сыртқа қайырылған. Қоймалжыңда ұнтақталған тас қосылған. Жоғарғы беті ақшыл - сұр, жылтырамаған. Күйген жері қара - сұр түсті (37,2-сурет). Тарақты таңбамен әлсіз көрінген баспа - таңба түріндегі сурет дәстүрлі өрнектен айырықша және иығынан төмен бүйірін орайтын таралған сәулені елестетеді. Қола дәуірінің белгілі ескерткіштерінде суреттің баламасы жоқ.
4. (17) - қорым некропольдың солтүстік-батыс ұшында, оқшауланған топшада, негізгі кешеннен 100 м орналасқан. Жоспарда қырымен қазылып көмілген, екі қатар ірі гранит тақталарынан тұрған шаршыны құрайды (39 - сурет).
Бұл ең ірі қорымдардың (8 х 1 м) бірі. Әр тақта қырымен қазылып көмілген тас блоктардан құралған алып тіреуіштерге бекітілген. Тіреуіштер шамамен 40-қа жуық. Ішкі қорым тонаушылармен бұзылған, кескіні туралы көріністі сақталып қалған шығыс бөлігі көрсете алады. Қорымның ортасында ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған үлкен тас жәшік орналасқан. Жәшіктің екі ұшының жоғарғы шеттеріне орнықтырылған салыстырмалы түрде терең кертігі бар. Қорымның мүкәммалы ұрланған.
5. (65) - қорым 10-шы қорымнан 100 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Жерлеу ғимаратының, салты мен қорым мүкәммалының орнығуы бойынша андронов дәстүрімен байланысты терең көне сипаты бар. Бұны некропольдың ортасында орналасуы да дәлелдейді. Сонымен қатар ғимарат сәулеті мен керамикасында жаңа бітістер байқалады. Барлық белгілері бойынша қорым орта қоланың кейінгі кезеңін сипаттайды.
Жақсы сақталған қаңқа бүріскен күйінде сол жақ қырымен жатқан, басы батысқа қаратып сақталған. Бас жағында екі саз балшық ыдыс тұр. Желкесіне қарама - қарсы оңтүстік-батыс ұшында жайпақ табақ және маңдайына қарама-қарсы солтүстік-батыс ұшында қыш құмыра. Қыш құмыра жабық болды. Үлкен ыдыстың бүйір сынықтары қақпақ болды.
7-ші бала жерленген орыннан өрнексіз, түбі жайдақ, иықтары шығыңқы, мойыны иілген ыдыс табылды. Ауыз жиек шеті домалақтанған және біраз сыртқа қайырылған. Ыдыс құм араласқан дөрекі қоймалжың орындалды, күйдірілген жері қара түсті.
Табақ немесе дөңгелек тостаған түріндегі, жоғарыға қарай кеңейетін, тік, ілмекті емес бүйірінде тұтқасы бар саз балшық ыдыс ерекше қызығушылық тудырады (42- сурет). Ыдыс өрнектелмеген, бүйірі қалың, түбі жайдақ. Тұтқаның ұзындығы - 2,7 см, ені - 3,7 см. Ұсақ құм араласқан тығыз саз балшықтан дайындалған. Орташа күйген, сынған жері қара - сұр түсті. Осындай пішінді ыдыстың баламасы жоқ.
Тұтқасы бар тостаған тәрізді ыдыстар қола мәдениетінде, мысалы, шабынды, табақ тәрізділері - неғұрлым кейінгі ескерткіштерде, әсіресе ғұн - сармат заманында кездеседі. Ыдыстың Төменгі Поволжьеде табылған мәрмәр табаққа ұқсастығы байқалады, бірақ соңғысының қабырғалары домаланған, ауыз жиегі сыртқа қайырылған және жануар түрінде стильдік тұтқасы бар.
Бұл табақ Семей өлкетану мұражайында сақтаулы тұр, тұтқасы тік жайпақ ожау тәрізді ыдысқа ұқсас. Бұл кішірек ыдыстар пішіні және көлемі бойынша өзара ұқсас және тек материалымен айрықшаланады. Беласар табағы саз балшықтан, ал семейлік бұлан мүйізінен жасалған. Тұтқалар мөлшерінде де айырмашылықтары бар. О. Мантелиуспен сипатталған тұтқасы тік, жайпақ саз балшық ыдыстар неғұрлым кейінгі заманмен мерзімделеді. Б.А. Куфтин бойынша балаларды жерлеу орындарында ыдыстардың бірінің орнына тұтқасы бар кішкентай қобдиша8 табылды, ол неғұрлым кейінгі заманмен және біздің табақпен мерзімделеді, мүмкін генетикалық байланысы болуы мүмкін. «Саптыаяқ» атты (тұтқасы бар шыны аяқ) тік немесе домалақ тұтқасы бар пішіні домалақ жайпақ типті ыдыс қазақтарда тұрмыста қолданылды және шопандардың бұйымы болды. Осындай ыдыспен балаларды тамақтандырды.
5 (65) - қорым жәшіктерден 12 саз балшық жасалған ыдыс және көптеген қола әшекейлер табылды. Олжалардың көбісі балаларды жерлеу орындарынан табылды. Көптеген жерленген жәшіктер бейберекет жағдайда түр. Әшекейлері бойынша 3-жәшікте әйел, ал 4-жәшікте ер адам жерленген. Олар бір отбасын құрауы мүмкін. Ересектер үшін бір қорымда балаларды жерлеу орындары бар.
Керамикалық материалдарды сипаттайық.
3 - ші ыдыс құм тәрізді бүйірі жұқа әсем ыдыс пішінің ұсақ түйіршікті құм араласқан тығыз саз балшықтан жасалған. Оның фрагменті қола білезіктері бар 3-ші жәшіктің түбінен ашылды. Ыдыстың түбі жайдақ, бүйірі шар тәрізді, тік, әлсіз байқалатын мойны және біраз сыртқа қайырылған ауыз жиегі бар. Күйген жері қызғылт - сұр түсті. Өрнек екі белдіктен тұрады - ауыз жиегі бойынша өтетін көлденең қызық және қиғаш сызықтар.
4- ші ыдыс толық емес, үлкен қыш құмыра тәрізді. 4-ші жәшіктен, 0,7 м тереңдікте табылған. Мұнда жанұя иесі жерленген. Ыдыстың түбі жайдақ, бүйірі қалың (қалыңдығы 1,1 см.), биік мойны және сыртқа қайырылған ауыз жиегі бар. Құм қосылған қой мал жыңнан жасалған. Күйген жері ақшыл - сұр түсті. Өрнек — екі кең каннелюр түрінде момын орайды.
Жәшіктің түбінен екінші толық емес, алдыңғысына ұқсас ыдыс (5) табылды: түбі жайдақ, бүйірі қалың, ауыз жиегі сыртқа қайырылған үлкен қыш құмыра типті. Кварц құмы араласқан тығыз саздан қалыпқа құйылған. Күйген жері қызғылт - сұр түсті. Өрнек — ауыз жиегі айналасында үш кең каннелюр түрінде.
Керамикадан басқа төртінші жәшіктен қимасы ромб пішінді кен уатқыш тас құрал табылды. Оның ер адам жерленген орыннан табылуы, осы марқұмның кен кәсібіне және металл балқытуға қатысы болғанын көрсетеді.
6-шы ыдыстың бөлшектері (езілген) 6-бала жәшігінен табылды. Қатты қақталған, бүйірі қалың, өрнектелмеген, түп асты сақиналы және бүйірі шар тәрізді қазанға ұқсас ыдыс. Ауыз жиегі тік, дөңгелек, біраз сыртқа қайырылған. Мойыны анық емес. Ұсақ құм араласқан қатты қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Жоғарғы беті дақтары бар қара, сынған түсі күлгін - сұр. Бала жерленген орнынан үлкен қазан тәрізді ыдыстың табылуы андронов дәстүріне тән емес.
Ауыз жиегінің сынығы түріндегі бүйірі жұқа 7-ші ыдыстың фрагменті бала жерленген 8-жэшіктенкөмірлени сәбидің сүйектері табылды. Ыдыстың мойны анық емес ауыз жиегі тік. Ұсақ құм араласқан жақсы қой мал жыңнан жасалған. Сырт беті сарғыш - қоңыр түсті. Сынған жері ақшыл - қоңыр түсті. Өрнек ауыз жиегі бойынша қиғаш сын түрінде тегіс таңбамен жасалған.
8- ші ыдыс бүтін, кішірек, құты пішінді, өрнектелмеген, бала жерленген 9-ші жәшіктің оңтүстік-шығыс бөлігімен табылды. Ауыз жиегі тік, жалпақ, біраз сыртқа қайырылған, мойыны әлсіз көрінеді. Кварц құмы араласқан қой мал жыңнан жасалған. Жоғарғы беті толығымен мен жабылған, сынығы қара түсті. Андронов ыдыстарының қабырғалары тік, мойыны иілмеген, ауыз жиегінің дөңесімен аяқталады. Ыдыс пішінінде кейбір андронов бітістерінің сақталуымен, жаңа - жалпайған ауыз жиегі, бүйірі кеңейтілген, мойын нышаны бар.
9- шы ыдыстың фрагменттері бала жерленген 10- жәшіктің солтүстік-батыс бұрышынан табылды. Ыдыс түбі жайдақ, жұқа бүйірлі, шар тәрізді. Тік мойыны бірден бүйіріне ауысады. Кварц құмы қосылған қой мал жыңнан жасалған. Күйген түсі қоңыр. Өрнегі ауыспалы кезеңге тән ірі таңбамен түсірілген және мойынынан көлденең сызықтардан, иректерден және тең бүйірлі үшбұрыштармен сызықталған сызықтардан турады, яғни мұнда кейінгі беғазы керамикасына тән жаңа бітістер байқалады.
10- шы ыдыс бала жерленген 11 - ші жәшіктің солтүстік - батыс бұрышынан табылған. Ыдыс құты пішінді, қалың бүйірлі, түп асты сақиналы, мойны анық, ауыз жиегі жайпақталған, сыртқа қайырылған. Қоймалжыңда ұсақ құмның қоспасы бар. Күйген жері қою - құба түсті. Өрнегі дөрекі, асығыс жасалған. Ауыз жиегі бойынша - қиғаш, батырып түсірілген үшбұрыштар, иықтары бойынша тегіс таңбамен орындалған иректер. Ыдыстың кескіні әдеттегі андроновтықтан айрықшаланады.
Конусты шиыршығы бар білезікке ұқсас нұсқалар жоғарғы жағында, Ескендір15 ауылындағы жерлеу орнынан, Саратов облысынан және Томск үлкен өзен заманы мәдениетіндегі (б.ғ.д. VII - VI)17 моласынан табылды.
Бұрынғы баламалар Оңтүстік Оралдың18 Алакөл ескерткіштерінен, Солтүстік Кавказдағы19 және Қырымдағы мәдениетінен табылды.
Орталық Қазақстанда конусты шиыршығы бар қола білезіктер андронов мәдениетінің атасу кезеңіне тән. Олардың ерте түпнұсқалары ерте қоладан ортаға ауысу кезеңіне тиісті Саңғыру II тобынан табылды.
6. (42) - қорым топшаның солтүстік-батысында, негізгі кешеннен 60 м орналасқан. Жоспарда диаметрі — 7 м шеңбер. Қорым биіктігі — 0,4 м дейін жететін қатпар тас тақталарынан көлденең қаламмен тұрғызылған (44- су¬рет). Жалпы ауданы — 49 м. Оңтүстік және солтүстік қабырғаларының ішінде алтарь маңызы болған тас қалама болды. Шеңбердің ортасында кескіні анық тік бұрышты қатпар тас тақталарынан тұрғызылған циста болды. Қалама толтырылып және біртіндеп жоғарыға қарай тарылып, жапсарларын байлаумен тік қатармен орындалған. Осының арқасында цистаның түп жағы кең болып келеді. Циста ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған. Адамның қаңқасы табылмады. Мүмкін мұнда жат жерде қаза тапқан жауынгерлер бойынша символдық мәні бар рәсім жүргізілді. Тонау ізі байқалмайды. Барлық салттық заттар орындарында турды. Цистаның оңтүстік-батыс бұрышында 1,15 м тереңдікте төрт бүтін ыдыс, қасында қойдың сүйектері табылды.
1-ші ыдыс жәшіктің шығыс қабырғасынан табылды. Ыдыстың түбі сақиналы, мойыны анық көрінген, иықтары дөңес. Ауыз жиегінің жоғарғы шеті жайпаған және сыртқа қайырылған. Кварц құмы қосылған қоймалжың. Жоғарғы жағында қызғылт дақтары бар, сынған жері қызыл түсті. Өрнектер белдік түрінде: ауыз жиегі бойынша - сызықталған үшбұрыштар, мойыны бойынша - көлденең сызықтар, иықтары бойынша - шырша мен ирек суреттер немқұрайды салынған. Өрнекті түсіру техникасында екі - тарақты (үшбұрыштар үшін) және таяқшасы бар тегіс таңба типі қолданылды.
Осылайша, 6 (42) - қорым керамикасы пішіні мен өрнегі бойынша андронов дәстүрлі керамикасынан айрықшаланады. Анықталған көптеген жарқын материалдар бойынша ерте андронов дәстүрінен біртіндеп алыстауын және оның негізінде Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің жаңа пішіндерінің пайда болғанын байқауға болады.
60-қорым некропольдің оңтүстік-шығыс бөлігінде тұр және саз ерітіндісінде көлденең қаламмен тұрғызылған. Қорым сәуле бағыты бойынша бағдарланған бір-біріне үйлескен шаршыны бейнелейді. Қорымның ішінде ұзын өзегімен шығыстан батысқа қарай бағдарланған тас жәшік тур. Негізгі қорымға оңтүстігі жағынан екіге бөлінген екінші шаршы жалғастыра салынған. Екінші қорымның ішінде параллель тұрған екі жәшік бар, ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған.
Үшіншісі, кіші қорым бір қабырғасымен негізгі ғимараттың шығыс қабырғасына қосарланған. Кіші қорымның ішінде тасты жәшік бар.
Қорымның барлық күрделі желісі цисталық қалама техникасымен орындалды. Сол бір қорымның бұрыштарының нысаны: бір бұрышы тік, басқаларының кескіні домалақ. Қорым құрылыс кезінде андроновтықтар тасты кетпендерді қолданды, олардың көмегімен жертөлелердегі сияқты көбінесе кескіні домалақ бұрыштары шыққан. Беласар жер үсті құрылыстарында (60-қорым) тік бұрыштарының пайда болуынан Беғазы, III Бұғылы пен Саңғыру ескерткіштерінен даму алған жаңа құрылыс идеясын іске асыратынын көреміз.
Беласар ескерткішіндегі жерлеу рәсімі қызығушылық тудырады. Шығыс қорымның жәшігінен аяқтары жымқырылып, шалқасынан жатқан қаңқа табылды. Айшырақ Б. тобының 6-шы қорымнан сол күйінде жатқан қаңқа табылды. Бұл фактілер андронов дәуіріне тән бүріс жатқызылған жерлеу салтының орнына адамды бүгулі түрде жерлеу рәсімінің орнына марқұмның аяқтарын жазып, шалқасынан жерлеу рәсімі келді.
60-шы қорымда бас жағында басқа қыш құмыраның ірі бүйір сынығынан жасалған қақпағы бар өрнектелмеген қыш құмыра турды (37,3-сурет). Жәшіктің солтүстік - шығыс бұрышында басқа құмыраның түп бөлігінен табылды. Әдетте, дәстүр бойынша молаға екі бүтін ыдыс қойған, оның біреуі марқұмның бас жағына, екіншісі жәшіктің бұрышына қойылды. Бұдан біз дәстүрлі әдет - ғұрыптың толық сақталмағанын байқаймыз.
10-қорым некропольдың оңтүстік-батыс ұшында, қорымдағы оқшауланған тобында орналасқан. Пішіні бойынша бүл қырымен қазылып көмілген тақталардан тұрғызылған айналма қорымы бар үлкен оба. Обаның диаметрі - 20 м, биіктігі - 2 м, айналма қорымының диаметрі - 16 м. Шығыршықты қорымның ортасында сазды ерітіндіде көлденең қаланған пішіні шаршы кесене бар (45-сурет). Қабырғаның төменгі жағының кей жерлері сақталған, батыс қабырғасының іргетасы неғұрлым анық көрінеді. Бүтін қалған қалдықтардан қабырғаның ішкі жағы қырынан қойылған тақталармен қапталған. Қаптама тақталар кесененің батыс және шығысынан байқалады, кейбірі тіктеп, алғашқы қалпында тур. Тонаушылар тесіп өткен оңтүстік пен солтүстік қабырғалары толығымен бұзылған. Тіреуіш жартысының тек бұрыштары сақталған. Пішіні тік бұрыш қорым көлденең өзегімен солтүстік-оңтүстікке бағдарланған. Оның жақтарының ұзындығы - 4,8 м және 6 м. Ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған ішінде екі тас жәшік (отбасылық сағана) болды. Оңтүстік жәшік шеттері бір-біріне тығыз қиыс жонылған тақталардан жақсы жасалған. Жәшіктерді жабын тақталары дөңгелектенген кескінде мұқият өңделген және жәшіктердің шетіне кигізу үшін терең саңылауы бар. Жерлеу ғимаратының көлемі бойынша, бұл - тайпа көсемінің және оның жұбайының қабірі болған деп қорытындылауға болады.
Таза ірі құм мен малтатасы бар ұнтақтан құралған алғашқы үйме обаның бүйір бөлігінде сақталған. Обаның ортасында тонаушылардың өтетін тесігі табылды, ол түсі басқа топырақпен себілген және обаның үсті бойынша тасты қабаты жамылған. Шамасы, тонау жерленгендердің бергі ұрпағы тірі болған уақытта жасалған. Олар обадағы үймені қалпына келтірді.
Жерлеу ғимаратының құрылымы мен керамикасы бойынша Беласар 10 оба - қорым Орталық Қазақстандағы Беғазы мәдениетінің (б.ғ.д. XII - X) ерте типін көрсетеді. Кішкентай сынықтардың көптігі қорымда көптеген сазды ыдыстардың көмілгенін дәлелдейді, тек сегіз ыдыстың ірі фрагменттері жиналды.
1- шы ыдыс (46,2-сурет) солтүстік жәшіктен табылды. Түбі жайдақ, бүйірі жұқа, мойыны биік, тік, ол бірдегі дөңес иығына ауысады. Құм араласқан қоймалжың. Сырты беті жылтыратқан ізі бар қою - қоңыр түсті. Сынған жері сары - сұр түсті. Төрт көлденең науа түріндегі өрнек мойыны маңында және ауыз жиегі мен иығы бойынша майда батар қатары бар.
2- ші ыдыс солтүстік жәшіктен табылды. Бұл түбі шығыршықты және бүйірі шар тәрізді сұлбасы бүйірі жұқа құман (46,1-сурет). Ауыз жиегі тік, жоғарыға қарай жалпайған. Биік тік мойыны бірден иығына ауысады. Ұсақ түйіршікті құмды елеулі араласқан саз томардан батыру әдісімен қалыпқа құйылған. Сыртқы беті дақтары бар қара - сұр түсті. Күйген жері қара. Торт көлденең сызықтан және ойыс - бұршақ түрінде өрнектелген.
3- ші ыдыс 1,2 м тереңдікте үйме астынан табылды. Бүйірі жұқа, түп асты шығыршықты, мойыны иілген және иығы дөңес. Ауыз жиегі биік, тік, үстінен кертіктері бас біраз сыртқа қайырылған. Құм қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті дақтары бар, қара - сұр түсті, ішкі жағы - сары-қоңыр түсті. Сынған жері қара түсті. Өрнек таяқтың типыл ұшының баспа - таңбасын қалдыратын ірі таңбамен орындалған. Ауыз жиегіндегі өрнектер үшбұрыш, қатарынан домалақ ойықтармен көмкерілген, мойыны бойынша -меандр, иығы бойынша - үшбұрышты батырмалар. Үшбұрышты және меандр фигуралары анық орындалған.
4- ші ыдыс 1,3м тереңдіктегі үйме астынан табылды. Бүйірі жұқа, шар тәрізді және түбі жайдақ. Мойыны анықтылығымен ерекшеленеді, ауыз жиегі сыртқа қайырылған. Ұсақ құм қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті дақтары бар қара - сұр түсті. Күйген жері қызғылт - сұр түсті. Өрнегі алдыңғы құмырамен бір үлгіде жасалған: дөңгелек шұңқырлармен, сондай-ақ, тігінен келтірілген сызықтармен алмасатын каннелюр және фигуралармен көмкерілген сызықталған үшбұрышты фигуралар түрінде тарақты таңбаның ірі баспа - таңбасымен түсірілген 3 пен 4-ыдыстар өрнегінің баламасы жоқ. Ірі тарақты таңбамен ою түсіру техникасы бойынша Ақсу II керамикасымен кейбір ұқсастығы бар.
5- ші ыдыс (47-сурет) тұтқасы жоқ ежелгі грек амфорын немесе сағаларынан қосылған екі кесені еске салады. ЬІдыстың мойыны тар және силуэті бір, түбі конус тәрізді. Тар мойнының шеті бойынша ыдысқа ерекше мүсін беретін жапсырмалы жиегі жасалған. Ұсақ құм қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті сарғыш - қоңыр түсті. Күйген жері сары - қызғылт сары түсті. Өрнегі каннелюр түрінде мойын, бүйірін және түп астын орайды. Қола дәуірі керамикасында баламасы жоқ.
6- шы ыдыс өрнектелмеген, солтүстік жәшіктің түбінен табылды. Пішіні бойынша түбі домалақ бүйірлері дөңес, ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған тостағанды құрайды. Ұсақтап уатылған кварц қосылған қоймалжың. Сыртқы беті қызғылт - қызыл түсті. Сынған жері қызыл түсті. Бұл ауыспалы кезеңдегі ескерткіштер кешенінен табылған алғашқы тостаған. Ерте және орта қола дәуірінің керамика арасында мұндай тостағандар жоқ. Осы типтес ыдыстар Орталық Қазақстандағы Беғазы заманында және Оңтүстік Сібірдегі қарасу заманында таралған.
Ішуге ыңғайлы қыш тостағандардың пайда болуы сүт сусындарын және қымызды қолданумен байланысты болды. Бұл типті ыдыстар ерте көшпенділер дәуірінде кеңінен таралуы заңды құбылыс.
Тайпа көсемінің қабірінен табылған әр түрлі керамикалық ыдыстар саны, оларды құрбандық заттары ретінде ұсыну салт - жоралғысы болғанының дәлелі.
БАЛАҚҰЛБОЛДЫ II, III
Некрополь көркем жазықтықта, Балақұлболды тауының шығыс етегінде, бас Қарқаралы жотасынан негізінен 60 шақырым солтүстік-батысқа қарай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Восток» совхозының территориясында орналасқан. Ол туралы алғаш рет В.П. Никитин23 айтқан.
Кешенде қола дәуірінің әр кезеңіне тиісті (48-сурет) шамамен 200-ге жуық ескерткіш бар, домалақ, тік бұрышты және шаршы қорымдар түріндегі ерте және орта қола дәуірі ескерткіштері басым. Негізгі кешеннен оңтүстікке қарай біз бен Балақұлболды II, II, IV топшаларына бөлінген ескерткіштер орналасқан.
Балақұлболды III топшасы негізгі кешеннен 1-1,5 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Ол жерде 12 қорым бар. Жерлеу ғимараттарының құрылымы және керамикасы бойынша ол ерте Беғазы заманына тиісті. 1969 жылы топша толықтай зерттелді.
2-қорым II топшаның оңтүстік ұшында, жазғы уақытта кеуіп қалатын кішкентай өзеннің жағалауында орналасқан. Пішіні тік бұрышты қорым көлденең қаламен тұрғызылған және ұзын өзегімен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағдарланған. Қорымның ұзындығы - 5,6 м, ені - 4 м, биіктігі - 1,1 м. Қорымның бұрыштарында қырынан қазылып көмілген биік менгирлер («сторожевые камни») бар. Қорымның ішінде, оның солтүстік бөлігінде тік бұрышты тастардан көлденең қаланған тасты ошақ (2x1,5 м) тұрған. Ошақ ұзын өзегімен солтүстік-оңтүстікке бағдарланған. Ошақтың батыс жағында, 0,5 м шақырымда екі менгир тур. Мұнда, ашық алаңда отқа табыну рәсімі өткен, алтарь болып үлкен тас ошақ және менгирлер болды. ошақтың түбінде және менгирлердің ірге тасында қалыңдығы елеулі құрбандық тағам қалдықтары қалған күл қабаты оған куә болады.
Қорым II топшаның оңтүстік ұшында, сипатталған құрбандық шалатын орыннан 130 м солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Жоспарда бұл шаршы түрінде көрсетілген. Тік тақталардан тұрғызылған қорым, оның қырлары жарық шетімен бағдарланған (49-сурет). Сыртқы шаршының қыры - 4,2 м, ішкісі - 3 м тең. Ішкі шаршының батыс бөлігінде қапталмаған, ұзын өзегімен оңтүстік – батыс – солтүстік - шығысқа бағдарланған, түбінде басы оңтүстік-батысқа, бүріскен күйде, оң қырынан шіріген адам қаңқасы жатқан жер камерасы бар. Марқұмның бет алдында үлкен қыш құмыра тұрды. Адам қаңқасының астында, аяқ-қолдарының жанында қалыңдығы 9 см. жоса қабаты қалады. Оң қырынан, бүріскен күйде жерлеу салты Орталық Қазақстан және Жоғарғы Оба ескерткіштерінде жиі кездеседі. М.П. Грязнов мұны қарасу заманына - жатқызады.
Камераның оңтүстік бұрышында тұрған бүйірі жұқа, күмән тәрізді ыдыстың түбі жайпақталған, бүйірі шар тәрізді мойыны тік, иықтары бірден иықтарына ауысады. Ұсақ құм қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті ақшыл сары түсті, күйген жері сары - қызғылт сары түсті. өрнегі ауыз жиегі және иықтары бойынша қайталанатын меандр түрінде және мойыны бойынша каннелюр тарақты таңбаның ірі баспа -таңбасымен орындалған. Меандр өрісі қисық сызықтармен толтырылған (50- сурет).
3-ші қорым 2-ші қорымнан солтүстікке қарай орналасқан. Үш қорым біріктірмейді, оның үлкені ортасында, ал екеуі оған батыс және шығыс жағынан қосылады (51-сурет). Барлық үш қорым қырымен қазылып көмілген, жақсы жонылған гранит тақталарынан құралған. Тақта үшін тас Балақұлболды тауының шығыс етегінде қатар орналасқан ежелгі тас үгетін орыннан алынды.
Орталық қорым ұзын өзегімен солтүстік-оңтүстікке бағдарланған, қабырғасының ұзындығы - 5 м және 2,2 м, биіктігі - 1,4 м. Қорымның ішінде батыс - шығыс сызығымен бағдарланған екі тас жәшік бар. Батыстағы жалғастыра салынған жайдың өлшемі - 2,6x2,2 м, биіктігі - 1,4 м. Оның ішінде ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған көлемді тас жәшік бар. Шығыстағы жалғастыра салынған жайдың өлшемі - 1,6 х 1,6 м. Тас жәшіктің ішіндегі бағдар алдыңғысына ұқсас. Қорымдар елеулі тіреулермен бекітілген, олар өзінің алғашқы түр сақталған. Барлық жәшіктер бос болып шықты, тек әр түрлі ыдыстардың фрагменттері табылды.
1-ші ыдыс шығыстағы жалғастыра салынған жайдағы 1-ші жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышынан табылды. Тік, біраз ғана майысқан қабырғасы бар домалақ тостаған. Ыдыс беті сарғыш - қоңыр түсті, сынған жеріндегі түсі сарғыш - сұр. Өрнегі ыдыстың жоғарғы жағын орайтын ромбтардан жасалған тор түріндегі тегіс таңбамен орындалған (52,7-сурет). Ыдыс Саңғырудан (6- қорым) және Беласардан (10 қорым) табылған тостағандарға ұқсас. Ұқсас тостағандар Жоғарғы Объ25 ескерткіштерінен табылды.
2- ші ыдыс өрнектелмеген, 1-жәшіктің солтүстік - батыс бұрышынан табылды. Ыдыстың ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойыны анық көрінбейді (52,2-сурет), бүйіріне өтер орнында иықтарында үшкір шеттері болады. Ыдыстың беті сарғыш - қоңыр түсті, сынған жері қара түсті. Мұндай қыш құмыралар Ертістен Волгаға дейінгі территорияға таралған, олар Беғазы, Айдарлы26, Ертіс және Орынбор облысы ескерткіштерінен табылды.
3- ші ыдыстың бөлшегі орта қорымның 2-жәшіктің шығыс іргесінен табылды. Ыдыс 1-ші ыдыс сияқты, тостаған пішінінде болған, айырмашылығы - ауыз жиегі қысқа қайырылған. Оның сыртқы беті сарғыш - қоңыр түсті, сынған жері сұр - қызғылт түсті. Өрнек ыдыстың жоғарғы жағын орайтын, қиғаш бұрышты тор техникасында тегіс таңбасымен түсірілген (52,3-сурет).
4- ші ыдыс өрнектелмеген, 2 жәшіктің түбінен алынды. Ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойыны әлсіз көрінеді (52,4-сурет). Жоғарғы беті сарғыш - қоңыр, сынған кездегі күйген жері қызғылт - сұр түсті. Кескіні бойынша Айдарлы, Саңғыру, Беғазы және т.б. ескерткіштерінен алынған қыш құмыраларға ұқсас.
7 - қорым солтүстік топшада, солтүстікте негізгі кешенге қосылып тур. Жоспарда тіреуіштері бар қырымен орнатылған тақталардан тұрғызылған шаршы. Қорымның ішінде тас жәшік бар. Қорымның көлемі - 3,2x3,2 м, жәшіктің көлемі - 1,8x1,7 м. Жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышында тақтадан түбі жайдақ, ауыз жиегі сыртқа қайырылған және бүйірі дөңес қазан тәрізді саз балшық ыдысының ірі фрагменті табылды. Ұсақ құм қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Ыдыстың сыртқы беті және сынған жері қою - сұр түсті. Жапсырылған ауыз жиегін қиғаш кертіктері момын иығынан бөліп турады. Біліктің қосылмаған ұштары төмен салбыраған. Осындай ыдыстардың негізгі бөлігі Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінен алынды. Осыған ұқсас ыдыстар 1-Алексеев қонысындағы жертөледен29, Усть - Нарым, Кіші Красноярка және Трупшинков30 қоныстарынан табылды. Осы типті ыдыстар Ертістен Солтүстік Кавказға дейінгі кеңістікте кеңінен тараған, тек жалғыз-жарым үлгілері ғана шабынды мәдениеттен31 табылады.
Балақұлболды II топшасы I және II топшалардың арасындағы алаңда орналасқан. Ерте андронов бітістері терең сақталса да жаңа, ауыспалы кезеңге тән бітістері байқалады. 1968 ж. сегіз қорым зерттелді.
8- қорым топшаның ортасында, 7-ші қорымнан солтүстік - шығысқа қарай 40 м орналасқан. Жоспар бойынша - бұл шеттерімен жарық шетіне бағдарланған, қырымен тұрғызылған, тақталардан құралған шаршы. Қорымның өлшемі - 3x3 м, жәшіктің көлемі -1,9x1,9 м, тереңдігі - 0,98 м. Тіреулері екі жерде сақталған. Ескерткіш тоналған. Бұл сериядағы ескерткіштердің тоналуы мұнда қола құралдарының көп мөлшерінің көмілуімен түсіндіріледі, ал олар ежелгі тұрғындарға үлкен қажеттілік тудырған.
9- қорым солтүстік топшаның ортасында орналасқан. Пішіні бойынша андронов шеңберін көрсетеді, бірақ қорымды қурайтын тақталардың үлкен көлемімен ерекшеленеді. Шеңбер диаметрі - 4 м, тақта биіктігі - 0,8 м. Шеңбер ортасында - ұзын өзегімен батыс -шығысқа бағдарланған, жақсы жонылған тақталардан тік бұрыш пішінді тас жәшік. Сыртқы қорымның тақталары да жақсы жонылған, бір-біріне тығыз келтірілген. Жәшіктің көлемі - 1,7x1,7 м, тереңдігі - 0,8 м. Жәшіктің шығыс бөлігінен адам қаңқасы табылды, жәшіктің шығыс қабырғасына арқасын сүйетіп, отырғызып жерленген. Жақсы сақталған бас сүйегі аяқ жағынан табылған.
Отырғызып жерлеу рәсімі алғаш рет Бұғылы II тобындағы 8 обадан табылды. Ол андроновтан кейінгі қола дәуіріне ауысу дәуірінде жаңа дәстүрлердің қалыптасуы кезінде пайда болды.
Жәшіктің солтүстік-шығыс бөлігінде жерленген марқұмның оң қолының жанынан бүтін қыш құмыра шықты. Ыдыс андронов типіндегі құты пішінді, анық жасалған мойыны мен сыртқа қайырылған ауыз жиегі бар. Қоймалжыңда аздап кварц құмы араласқан. Сыртқы беті қара, жылтыратылған ізі қалған. Сынған жері қара - сұр түсі і Өрнегі сызықталған үшбұрыштар, сондай-ақ, төмен жағы фестонмен аяқталатын көлденең сызықтар мен батырылып жасалған үшбұрыш түрінде тарақты таңбамен түсірілген Ыдыс ауыспалы кезеңге тиісті ескерткіштер тобынан табылса да, ол андронов керамикасының өрнегі мен пішінін сақтаған.
10-қорым (53-еурет) үймесі жоқ центрлес шеңбер ретінде, солтүстік топшаның ортасында орналасқан. Сыртқы шеңбері қырымен қазылып көміліп тақталардан құралған, ішкі жағы тік бұрышты тақталардан көлденең қаланған. Үлкен шеңбердің диаметрі - 8 м, кішіні - 3,8 м. Қорым оңтүстік жағынан тонаушылар тесігімен бұзылған. Ішкі қорымның ортасында (оңтүстік-шығыс жағына жақын) ұзын өзегімен батыс - шығыс сызығы бойынша бағдарланған, үлкендігі бірдей қосарланған жәшіктер тур. Екі жәшіктің шығыс қабырғаларында көптеген адам сүйектері болды, оған қарап жерлеу салты туралы айту қиын. Бәлкім, адам оларды жәшіктің шығыс қабырғасынан табылуы адам 2-ші қорымдағы сияқты отырғызып жерленген бол ар. Оңтүстік топшаның керамикасы пішіні мен өрнегі (бойынша айрықшаланады. Бұл келешектегі Беғазы - Дәндібай керамикасының түп нұсқасы.
БАЙБАЛА II
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылынан 12 шақырым солтүстік-батысына қарай Талды - Нұра ө. оң жағасының аңғарында орналасқан. Оңтүстікте аңғар Қотыр -Қызылтау тауымен, солтүстікте - аласа төбелермен шектелген.
Бұл ауданда қола дәуірінің ескерткіштері көп. Тауда үш кеніш орналасқан, соның ішінде әйгілі Алабұғы кеніші бар, оның үйіндісінен орта және кейінгі қола дәуіріне тән бұғы мүйізінен жасалған құрал табылды. Бұл кеніштен алыс емес Қызылтау тау шатқалында Ақ кезең, Шортанды - Бұлақ, Байбала мен Сеңкебай қола дәуірі қоныстары жайғасқан.
Байбала қонысынан 300 м шығысқа қарай үлкен некрополь орналасқан, мұндағы жерлеу ғимараттары қола дәуірінің екі кезеңіне тиісті. Неғұрлым байырғы Байбала I – Талды -Нұра ө. оң жағасында орналасқан үймесі жоқ шығыршықты қорым.
Шығыршықты қорымы бар, тас қосылған жерден жасалған үймені құрайтын бір үлкен қорым қазылған. Оның диаметрі - 28 м, үйме биіктігі - 1,8 м, айналым қорымның диаметрі - 20 м. Айналым қорым жақсы сақталған. Онда граниттен жасалған, қырымен қазылып көмілген 54 тақта бар. Тақталардың ең үлкен өлшемі - 1,4x1,2 м, ең кішісі - 0,75x0,75 м. Үйме астынан, 0,7 метр тереңдікте екі қатар етіп кеспе тастар қаласынан тұрғызылған ішкі қорымның қабырғалары табылды. Қалама қалыңдығы - 1,3 м, биіктігі - 1,2 м. Айналымнан ішкі қабырғаға дейінгі арақашықтық - 7 м, үйме етегінен айналымға дейін 4 метр. Ғимарат бөрене рамасынан жабылған жабыны болған, оны шіріген сүйек қалдықтары дәлелдейді. Қорымның ішінде ұзын өзегімен батыс - шығысқа бағдарланған үлкен тас жәшік болды. Оның көлемі - 2,3х1,55м, тереңдігі - 1,6 м. Ол бір-біріне тығыз түйістірілген алып гранит тақталарымен жабылған. Жәшіктің тақталары және жабыны жақсы өңделіп, шеттері айқын көрсетілген. Жәшіктің түбінде адам сүйектері шашылып жатты, бас сүйегі табылмады. Жәшіктің ішінде екі қыш құмыраның сынықтары шашылған: бүйірі жұқа және ромб тәрізді ойыстардан және тарақты таңбадан жасалған өрнегі бар дөрекі бүйірі қалың.
Айналым қорымы бар қорымдар - бүл кейінгі андронов пен беғазы - дәндібай мәдениетінің қалыптасу басы арасындағы кезеңде Орталық Қазақстанда пайда болған жерлеу ғимараттарының кең таралуы. Орта қоланың соңында пайда болған оба -қорымдар ерте скиф кезеңінде орасан зор өлшемдерге ие бола бастайды. «37 жауынгер» қабірі Байыштың - Қарашоқысы, Қызылтас (Ақтоғай ауданы), Бесоба (Баянауыл ауданы) айналым қорымы бар обалар ерте скиф заманына тиісті. Ақсу-Аюлы II, Ортау II, Байбала II некропольдарының бір типтілігі және олардың ежелгі нұсқалары қола дәуірі мен Қазақстандағы байырғы көшпенділерінің ескерткіштері арасындағы сабақтастық байланысы туралы айтады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 .Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана Алма-Ата, 1966. Гл. I, П, V.
2. Там же. С. 179, табл. XVII
3. Кривцова-Гракова О.А. Степное Поволжье и Причерноморье в эпоху поздней бронзы. //МИА. М., 1955, № 46. С. 115, рис. 26, 11.
4. Киселев С. В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951. С. 431, табл. XXXVII, 6.
5. Анфимов Н.В. Меото-сарматский могильник у станицы Усть - Абинской. МИА, №23. С.161, рис.1,2.
6. Семипалатинский краеведческий музей. № 1319/ 102.
7. Mantelius О. Lagrece preclassique. Stockholm. 1924.
8. Куфтин Б.А. Материалы к археологии Колхиды. Т. II. Тбилиси, 1950. С. 63.
9. Грязнов М.П. Погребения бронзовой эпохи в Западном Казахстане. II кн. Казаки. Л 1927. С. 209, рис. 25, 5.
Ю.Маргулан А.Х., Акишев К.А.. Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С. 272, табл. IV, 21-27.
И.Кадырбаев М.К. Могильник Сангру II. //В кн.: Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. //Труды ИИЭА. Т. 12. Алма-Ата, 1961. С. 52, табл. И, 1.
12. Грязнов М.П. Указ. соч. С. 205, рис. 24, 1.
13. Граков Б.Н. Работы в районе проектируемых южноуральских гидростанций. //Известия ГАИМК. Л., 1935, вып. 110. С. 105.
14. Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение и могильник.//Тр. 1 ИМ. Вып. XVI. 1948. С. 111, рис. 37,1,2,4.
15. Воронец М. Э. Браслеты бронзовой эпохи Музея истории АН УзССР. /Яр. ИИА АН УзССР. 1948. Т. 1. С. 66, рис. 1.
16. Кривцова-Гракова О. А. Указ. соч. С. 109.
П.Комарова М. И. Томский могильник. //МИА. М., 1952. № 24. С. 31, рис. 17,5.
18.Сальников К.В. Курганы на озере Алаколь. //МИА. № 24. С. 56, рис. 5, 3.
19. Уваров А. С. Могильники Северного Кавказа. Спб., 1900, ш.ш.
VIII, рис. 54.
20. Репников Н.И. Каменные ящики Байдарской долины. Извести археологической комиссии. 1909. Вып. 30.
21. Киселев С. В. Указ. соч. С. 111, табл. X, 6—12; Грязнов М.ІІ История древних племен Верхней Оби. // МИА. 1956, № 48. С. 31, рис.К, 1.2; табл. VI. 10.
22. Киселев С.В. Указ. соч. Табл. X, 7; табл. XIII 1, 2; табл. XIV. 1, 5,10, И; табл. XIX, 16-26,28-30, 32.
23. Никитин В.П. Памятники древности Каркаралинского уезда. Записки РАО. Новая серия. Т. 8. вып. 1/2. Спб. 1896. С. 211-218.
24. Грязнов М. П. История древних племен Верхней Оби. // МИЛ 1953, № 48. С. 27-28.
25. Там же. С. 31. рис. 8, 1, 2; с. 32, рис. 9, 2, И, 1.
26. Маргулан А. X., Акишев К. А., Кадырбаев М. К., Оразбаев А.М Указ. соч. С. 237, табл. XIII, 2.
27.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. //МИА. М,- Л., 1960. № 88. С. 237, табл. XIII, 2.
28. Кривцова-Гракова О.А. Степное Поволжье и Причерноморье в эпоху поздней бронзы. С. 35, рис. 7,6,7.
29. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение. С. 138, рис. 61. ЗО.Черников С. С. Указ. соч. С. 223. табл. XXVIII, 18; с. 224, табл. XXIX, 11;.
с. 236, табл. XLI, 1,12; с. 238, табл. XLIII, 3; с.248, табл. LV, 1,2,4.
31. Кривцова-Гракова О.А. Степное Поволжье и Причерноморье в эпоху поздней бронзы. С. 41, рис. 9, 1.
XXIX, 11; с.236, табл. XLI. 1. 12; с. 238, табл. XLIII, 3; с. 248, табл. LV, 1, 2, 4.
32. Маргулан А.Х., Акишев К. А., Кадырбаев М. К., Оразбаев A.M. Указ.соч. С. 192.
2-БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРТЕ БЕҒАЗЫ ЗАМАНЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орталық Қазақстанда біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта Орталық Қазақстандағы ерте андронов тайпаларының өмірінде болған терең өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан қола мәдениетінің жаңа даму кезеңін құрайтын ескерткіштердің кең тобы бөлінеді. Бұл ескерткіштер андроновтықтан ірі көлемімен, пішінімен және жерлеу і алтымен ерекшеленеді. Өткен дәуірлердің кейбір бітістері сақталған, ол әрине, өткен және басталған дәуірлердің ғимараттары арасында бар сабақтастықтың дәлелі болып табылады.
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелуіне байланысты, Қазақстанда қола дәуірінің аяқтау кезеңі болмағандығы, Оңтүстік Сібірдегі қарасу мәдениеті сияқты андронов мәдениеті тікелей ерте скиф заманы мәдениетінің алдында болды деген пікір пайда болды. Бұл пікірді OA. Кривцова-Гракова1, С.В. Киселев2, С.С. Черников қолдады. С.С. Черников Ортау II, Ақсу II, Бесоба, Қарашоқы, Беласар II және т.б. Алакөл кезеңіндегі басқа кешендерді тапжылмай мерзімдеп, «Андроновская культура, когда-то яркая, самобытная и сильная, изживает себя, переходя в культуру ранних кочевников» деп жазған. Осы пікірді қолдаудың жалғыз ғана дәлелі, ол Сарыкөл обасынан табылған ыдыс, оны Черников - Федоров заманына жатқызады. Табылған жалғыз дәлел — кешендер хронолигиялық жіктеу мәселелерінде шешуші түйін болмайтыны анық.
Айналым қорымы бар обаларда андронов мәдениетіне лайық бітістері жоқ. Бұл ескерткіштер тек Орталық Қазақстанда кездеседі және кейінгі Андронов заманынан беғазы - дәндібай заманына өтуін көрсетеді.
Қола дәуірінің көптеген кезеңдеріндегі ескерткіштер санының ашылуы жарты ғасыр бұрын фин ғалымы жүзеге асқан қола дәуірін кезеңге бөліп қарастыру қажеттілігіне әкеледі.
Орталық Қазақстанда әрбір тарихи дәуір өзінің терең ізін қалдырды. Орталық Қазақстандағы көп және әр уақыттағы ескерткіштердің баламасы қола мәдениеті тараған басқа облыстарда белгісіз. Оның мынадай негізгі кезеңдерін көрсетуге болады:
1) энеолит (мысты - тасты кезең), III мыңжылдықтың екінші жартысы;.
2) ерте андрон (б.ғ.д. XVII - XV ғ.ғ.) немесе нұра кезеңі;.
3) кейінгі андрон (б.ғ.д. XIV - XIII ғ.ғ.) немесе атасу кезеңі;.
4) андроннан кейінгі қолаға ауысу кезеңі (б.ғ.д. XII – XI ғ.ғ.);.
5) беғазы-дәндібай кезеңі (б.ғ.д. X - VIII ғ.ғ.).
Көп жылдық зерттеулер негізінде біз Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің бірнеше мыңжылдықтар барысында дамығандығын және әр кезеңдегі өзгерістерден өтті деген шешімге келдік. Энеолитте пайда болып бірнеше тарихи кезеңнен өтті және өзінің шарықтау шегіне біздің заманымызға дейінгі екіншінің соңында, бірінші мыңжылдықтың басында жетті. Қола мәдениеті кезеңдерінің бірізділігі бір-бірінен ғимараттары, жерлеу салты мен мүкәммалы бойынша ерекшеленетін ескерткіштерден анық көрінеді. Бірақ әр кезеңнің басында өткен дәуірдің кейбір бітістері сақталып отырған.
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері Енисейдегі қарасу мәдениеті ескерткіштерінен анық бітістерімен айрықшаланады. Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі мәдениеті туыстас Оңтүстік Зауралье (замараев мәдениеті), Алтай мен Енисей (қарасу мәдениеті) мәдениеттерімен тығыз байланыста дамыған. Кең дала кеңістігімен бөлінген облыстардан табылған тұрмыстық құралдардың, керамиканың және басқа еңбек құралдарының ұқсастығы ежелгі тайпалардың арасында болған мәдени және экономикалық байланысын дәлелдейді. Соның өзінде, ауысымдағы маңызды рөл Орталық - Қазақстандағы металлға (мыс, қалайы, күміс, алтын) тиісті болды.
Кейінгі қола Беғазы, Саңғыру I, III, Бұғылы III, Дәндібай, Ортау II және басқа дәуір ескерткіштерінің ашылуымен және қола мәдениетінің бірізді дамуындағы заңдылық және оның аяқталғаны анық болды. Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің кейбір маңызды мәселелері М.П. Грязновтың жұмысында баяндалған.
Ортау II, Ақсу-Аюлы II, Бесоба II, Қарашоқы, Байбала II, Беласар II ескерткіштері бір-бірімен генетикалық түрде байланысты. Десе де бірқатар жаңа бітістері байқалған. Олар -андроннан беғазы - дәндібай заманына ауысу кезеңі мәдениетінің өнімі.
Қола мәдениетінің бір сатыдан екіншісіне, қарапайым пішіндерден неғұрлым күрделі құрылыс ісіне, керамикалық және қола бұйымдар өндірісінде бірізді және сабақтасып жалғасуы Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің басты ерекшелігін құрайды.
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі мәдениеті қарасу мәдениетінен ғимараттарының алыптығымен және сәулет - жоспарлау негізінің айқындылығымен (Ақсу-Аюлы II, Ортау II , Беғазы I және II, Бұғылы III және т. б. циклоптық ғимараттар) ерекшеленеді. Беғазы - дәндібай заманындағы мола үсті ескерткіштерінде Алакөл ғимараттарына тән құрылыс тәсілдерін іске асырудағы анықтылықтың және ұқыптылықтың жоқтығы туралы айтқан кейбір зерттеушілердің тұжырымдары қате. Керісінше, Беғазы заманындағы құрылыс тәсілдері таңқаларлық. Ежелгі құрылысшылар үлкен кеңістікте тіреу, нығыздау, пирамидалық жабын тәсілдері көмегімен күрделі құрылымдар идеясын іске асыра алған. Бұл тәсілдер андронов дәуірінде белгісіз болған. Тас ғимараттарының көптігі мен алыптығы, анықтылығы және керамика заттарындағы бай өрнек әшекейі, алтын және күміс бұйымдарының көлемділігі Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің мәдени ерекшеліктері болып табылады. Атап өткеніміздей көптеген материалдық мәдениет ерекшеліктері қола мәдениеті тараған басқа облыстардан табылмады. Бүл келесі тұжырымды жасауға мүмкіндік береді. Орталық Қазақстан - бұл ежелгі металлургия орталық қола мәдениетінің даму ошағы болған. Қазба материалдарға назар салайық.
АҚСУ-АЮЛЫ II
Ақсу-Аюлы II кешені Шерубай - Нұра ө. сол жағасы аңғарында, Шет ауданының ортасында, Ақсу-Аюлы кентінен 3 шақырым солтүстікке қарай орналасқан. Ол 36 ғимараттан турады, оның 24 андронов кезеңіне және 12 ауыспалы кезеңге тиісті (56-сурет). Ақсу-Аюлы тобы қырынан қазылып көмілген, ірі гранит тақталарынан тұрғызылған айналым қорымы бар көлемі эр түрлі 12 қорымнан тұрған. 1952 жылы дала жұмыстары маусымында үш оба қазылды.
Оба екі жарты сфера пішіндес диаметрі - 18 м және биіктігі -1,8 м топырақ үймесін (57-сурет) қурайды. Обаның орталық іргетасынан біршама жоғары қосарланған қорым сұлбасы табылды. Сыртқы қоршаудың ұзындығы батыстан шығысқа қарай 10 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 9 м. Батыс және шығыс жақтары қырынан қазылып көмілген ірі гранит тақталарынан қаланған, солтүстік және оңтүстік жақтары пішіні тік бұрыш тас тақталарынан көлденең қалау әдісімен тұрғызылған. Тақталардың өлшемдері: биікті - 2,0 м, ені - 0,68-ден 1,2 м - ге дейін жетеді.
Пішін тік бұрыш ішкі қорым ұзын өзегімен оңтүстіктен солтүстікке бағдарланған, оның көлемі - 4,8x3,6 м. Тақтадан көлденең қалау әдісімен қаланған. Қорымның ішінде трапеция пішіндес екі тас жәшік бар, ол көлденең өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған.
Солтүстік жәшік оңтүстік жәшіктен кішірек, оның көлемі -1,6x0,78 м. Жәшіктің түбінен бүйірі шар тәрізді, мойыны анық және түп асты конусты езілген қыш құмыра табылды. Ауыз жиегі жалпайған және сыртқа қайырылған. Кварцтың ұсақ түйірлері араласқан қара қоймалжың. Ыдыстың беті жылтыратылған ізі бар қара түсті, сынған жері сүр түсті. Ауыз жиегіндегі өрнек сызықталған үшбұрыштардан ұсақ тарақты таңбамен түсірілген. Ыдыстың мойынында және біліктерден, ал бүйірінің төменгі жағында түріндегі өрнек бар. Түбі асты конус тәрізді және жапсырмалы білікшелермен жасалған. Ыдыс пішінімен Беғазы - Дәндібай керамикасының түпнұсқасын құрайды.
Оңтүстік жәшіктің өлшемдері: ұзындығы - 2,15 м, батыс бөлігінің ені - 1,05 м, шығыс жағы - 0,96 м, тереңдігі - 0,7 м.
Жәшіктің түбінде кремацияның ізі қалған: күлденген сүйек қалдықтары мен ағаш көмірінің бөлшектері. Осы жерден өрнектелмеген саз балшық ыдыстың сынығы және порфирден жасалған екі тас үккіш табылды. Оның бірі бүйірінен жонылған және ішкі жағынан тегістелген. Екеуінің де қалыңдығы - 6 см. Ұқсас үккіштер кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінде және әсіресе ерте көшпенділер ескерткіштерінде жиі кездеседі.
Тік қима ішкі қабырғаның төменгі қатары ұнтақтың екі қатар етіп төселген үлкен тас тақталардан туратынын, ал жоғарғы жағында - кішірек тақталар, сондықтан төмендегі қабырғалардың ені 1,2 м - ге дейін, ал жоғарғы жағы - 0,4 м - ге жеткен (59-сурет). Тақталар бір-бірімен саз ерітіндісімен қосылған. Тастардың кедір-бұдырлары ұсақ қиыршықтармен толтырылған. Домалақтаған бұрыштарын біріктіру тік жапсарларын бекіткен ұзын тас блоктардың көмегімен жүзеге асты.
Екінші қабырға қалыңдығы бойымен тесік «қадалардан» құрылған. «Қадалар» бір-екі қатардан соң, ал кейде сол бір қатарда «қасықты» тастармен кезектесе, толықтай айқаса отырып орналасады. Тақтаның жоғарғы қатарында тесік «қадалар» түрінде жатқанын айту қажет. Тік бұрышты тақталармен қапталған.
Қабырғаның төменгі жағы тік, ал үстіңгі тақталар ішке еңкейген. Осы құрылыс тәсілінің негізінде соңғы жылдары кең қолданылған толтыру қаламасы арқылы «жалған» күмбез құру идеясы жатқан. Ғимарат жабыны сақталмаған. Тек күйіп қалған сынықтары қалған, сол сынықтар арқылы ғимарат жабыны — ағаш болғаны анықталды, ағаштың үстінде қамыстан және басқа жергілікті өсімдіктерден қабат болған. Бұл материалдардың іздері тасты жәшікті жапқан тегіс тақталарда қалған.
Пирамида пішінді жабынды әрбір жаңа тізбектің бөренесін ғимараттың ортасына 15-20 см жақындатып қатарлау, яғни «толтыру» әдісімен жасаған. Осындай әдіспен кейін киіз үй тәрізді - үйтас және дің тас ғимараттарын салу кезінде «жалған күмбез» құрылған. Ақсу-Аюлы II, Ортау Беласар, Бесоба мен Беғазы кесенелері - бір типті ғимараттар. Әсіресе, Ақсу-Аюлы II кесенесінің Дәндібай 11 ескерткішімен ұқсастығы көп. Айырмашылығы Дәндібайда үймесінің түбінде айналым қорымы жоқ. Сонымен қатар Дәндібай кесенесі кіші көлемді болды. Дегенмен, Ақсу-Аюлы керамикасында андронов заманындағы қыш өнері дәстүрі әлі де мықты, әсіресе оюларында. Ақсу-Аюлыдан екі қыш құмыраның тек бірнеше фрагменттері табылды.
Жәшікті ашпай тұрып жерлеу алаңының әр жерінен өрнектелмеген керамиканың фрагменттері жиналды. Айналып өту дәлізінде құрбандыққа шалынған тағам - қой мен жылқының сүйек қалдықтары табылды. Жәшіктің оңтүстік қабырғасында 1,45 м тереңдікте әсем құманның бөлшектері - ауыз жиегі, бүйірлері және ыдыстың түбі табылды. Осы ыдыстың үлкен бөлшегі жәшік сыртынан табылды. Құман пропорциясы қатаң (ауыз жиегінің диаметрі - 18 см, бүйірлері - 20 см, түбі - 8 см, биіктігі - 16 см), оның түбі асты конус тәрізді, биік ауыз жиегі аздап сыртқа қайырылған, сырт пішіні біраз созылыңқы, бірақ бүйірлері шар тәрізді. Өрнек ауыз жиегін, мойынын және бүйірлердің жоғарғы бөлігін көмкерген. Ауыз жиегі сызықталған қиғаш сызықтармен өрнектелген, бұрышынан оған қарай тік сызықтар жүргізілген, төменірек каннелюрлер орналасқан. Ыдыстың мойнын әсем меандр орайды, төменірек каннелюр сызығы қайталанады, иығынан өлшемі бұршақ тәрізді дөңгелек ойықтар сызығы (63-сурет) өтеді. Өрнек әлі де андронов керамикасының дәстүріне ұқсас, бірақ оны көлденең кертіктері бар ірі тарақты таңбамен орындау техникасы жаңа, Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің ыдыстарына тән. Жаңашылдық ол дөңгелек ойықтардан туратын сызық, кейін Беғазы, Саңғыру, Дәндібай7 керамикасында кездеседі. Ыдыс Дәндібайдың 12-ші ыдысына және 5-қорымнан табылған беғазының екінші ыдысына ұқсас. Бұл, Ақсу-Аюлы керамикасы Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің жаңа кезеңін көрсетеді, аяқталған пішінін біз беғазы мәдениетінен көре аламыз.
Жәшіктің түбінен жақсы сақталған бойшаң адамның қаңқа сүйегі табылды, ол батысқа қаратылған, ал бет - жүзі жоғары қараған. Қаңқа ұзындығы - 1,88 м. Бұл дене бітімі шымыр, орта жастағы ер адамның қаңқасы болған. Қолдары дене бойымен созылған, аяқ саусақтары шығысқа бағытталған. Оң иық сүйегінде шоры байқалған, бәлкім, жарақат орны болар.
Қаңқа жәшіктің солтүстік қабырғасы бойында жатыр, оның оңтүстік жартысы бос болған. Керамиканың жеке фрагменттерінен басқа заттар табылмады. Ұқсас жерлеу рәсімі Дәндібай 11, 12, Саңғыру 1, 12, Айшырақ 5 және Беғазыда 5 кездескен. Соңғысында башпайлары сондай-ақ, шығысқа қаратылған. Саңғыру 1 қаңқасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, сонымен бірге осы кешеннің 3-ші қорымынан андронов заманына тән бүгілген қалпында жерленген адам қаңқасы табылды. Бір кешенде жерлеу салттарының арасындағы айырмашылық бір мәдени дәстүрден басқасына ауысуын, қоғамдық өзгерістерге, ежелгі патриархалды - рулық әдет-ғұрыптардан алыстауына байланысты кейінгі андроновтан беғазы кезеңіне ауысуын дәлелдейді.
Ақсу-Аюлы II тобында жануарлар көмілген жәшік үлкен қызығушылық туғызды. Сыртқы қорым сақталмаған, тек шұңқырлар ізі қалған. Жәшік тік бұрышты, оның өлшемі - 2x0,7 м, ұзын өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған. Тереңдеп ұнтаққа (грунтқа) көмілген, тек шығып қалған шеттерінің арқасында табылған. Жәшік алып, тегістелген гранит тақталарынан құралған. Батыс және шығыс тақталары жәшік шеттерінен 18 см және 15 см шығып турды. Олардың арасында ірі гранит тақталарынан құралған жабыны болды. Жәшіктітазартукезінде0,58метртереңдіктенбастытақтаның түбінен қойдың сүйектері және қозының тұтас қаңқасы табылды, ал жәшіктің ортасында бүтін, біраз майысқан ботаның сүйегі жатты. Ол сол қырымен, тұмсығы батысқа, маңдайы оңтүстік-батысқа қарап жатты, бота арқасымен жәшіктің оңтүстік қабырғасына тірелсе болды аяқтарымен солтүстікке тірелді. Бас сүйек пен мойын омыртқасынан басқа сүйектері шіріп кеткен (64-сурет). Ботаның басынан қой жауырыны табылды. Топырақтың дымқыл болуы нәтижесінде қозының және қойдың қаңқалары нашар сақталған. Қозының бүріскен қаңқасы жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышынан табылды. Ол сондай-ақ, сол қырынан, бас оңтүстікке, аяқтары батысқа қарап жатты.
Жануарлар сүйектерінің астынан жас баланың қол мен аяқ сүйектері және қола моншақтар табылды. Жас жануарларды жас балалармен бірге жерлеу салты қола дәуірі ескерткіштерінде алғаш рет байқалды. Андроновтық жерлеу орындарында бұл салт белгіленбеген. Ол байырғы көшпенділер кезеңіне тән.
Ақсу-Аюлы кешенінде ботаның жерленуі кейінгі андронов дәуірінде түйені қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Бұны қорым 2 және сол кешеннен табылған оба 5 қазу кезінде түйенің сүйек олжалары көрсетеді. Түйенің сүйектері тек Орталық Қазақстанның ескерткіштерінен ғана емес, сондай - ақ, Алексеев қонысын және Оңтүстік Сібірдегі10 қарасу ескерткішінен де табылды.
Қорым 5 жоспарында тік бұрыш ғимаратын көрсетеді. Ол қырымен қазылып көмілген, тік тақталарынан тұрғызылған. Олардың бұрыштарында одан едәуір биік тақталар, күзет тастары ретінде тур. Қорымға оңтүстік жағынан өлшемі - 3,5x4,3 м аздаған тік бұрыш жалғастыра салынған жайға қосылады, Беғазы қорымдарының тамбурын еске түсіреді, оның қырлары жарық шеттері бойынша бағдарланған. Қорым ішінен жерлеу камералары табылмады, тек жылқының, түйенің және қойдың сүйектері ғана табылды. Бұл фактілер кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстан халықтарында түйе негізгі қозғалыс құралына айналғанын дәлелдейді.
ОРТАУ II
Жерлеу ғимараттарын орнату пішіні бойынша, жартылай және керамика кешені бойынша Ортау II Ақсу-Аюлыға ұқсас. Ол да сол сияқты іргетасында айналым қорымы бар обалардан турады, бірақ ішінде Ақсу-Аюлыдағы сияқты біреуі екінші қабырғаға ұласқан екі қорым емес, ортасында үлкен тас жәшігі бар - бір қорым. Ортау кешенінде мұндай қорымдар 20 есептеледі. Ортау қорымын Беғазы мәдениетінің ерте кезеңіне жатқызуға болады. Бұл топтан бізбен үш үлкен оба зерттелді, олардың дені бұрын қиратылған.
Оба кешендегі ең үлкені, оның диаметрі - 36 м, айналым қорымның диаметрі - 28 м, обаның биіктігі - 3,2 м. Қорымның тақталары Ақсу-Аюлы II оба 3 қарағанда анағұрлым жақсы сақталған (65-сурет).
Қорымның ішінде батыстан шығысқа қарай созылған, пішіні сопақша тас ғимарат тұр (66-сурет). Ішкі алаңның 144 өлшемі — 3,5x3 м, сақталған биіктігі - 1,5 м. Ақсу-Аюлы II сияқты шет жақтарымен (қада) сыртқа қойылған тесік тақталармен алмасатын екі қатар тасты құрғақ қалау техникасымен орындалған қабырғаның ені — 0,5 м. Қатар арасындағы бос жерлер тас сынықтарымен және саз балшықпен толтырылған, ал жастықша ретінде құрғақ ерітінді қолданылған. Ортау II қаламасының қалыңдығы қабырға түбінде де және жоғарғы жағында да бірдей. Қабырға қимасы төменгі бөлікте неғұрлым ірі тақталар бір тас, ал жоғарғы жағында «жарты кірпіш» жүйесі бойынша тік бұрышты тақталар екі қатарда тұрғызылған. Ортасында, 1,8 м тереңдікте қырларының өлшемдері 1,5мх1,8 м шаршы пішінді үлкен тас жәшік тұр. Жәшіктің қабырғалары жақсылап тегістелген және бір-біріне нығыз түйістірілген тақталар. Жәшіктің түбінде жерлеу және материалдық мәдениет ізі табылмады.
Қорым 2 өлшемі кіші, біріншімен қатар орналасқан. Пішіні сопақша ішкі қорым ауданы шамамен 17,0 м. батыстан шығысқа созылған, биіктігі және ені бір метрден асады. Үлкен тас жәшік қорымның ортасында орналасқан, көлденең өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған, қырларының өлшемі — 1,5x2 метр, биіктігі — 1,2 м. Жәшіктің шеттері жерден 40 см. шығып турды. Жәшіктің қырлары қиыршықтан және ірі құмнан жасалған кеспе тастармен бекітілген.
Жәшіктің түбінде адам қаңқасының шіріген қалдығы табылды, ол тоналғандықтан қаңқаның алғашқы кейпін анықтау мүмкін емес. Жәшіктің оңтүстік-батыс шетінде көлемді, бір жүзді қоламен құйылған, сабы бар пышақ табылды. Пішіні бойынша ол қазақстандық және оңтүстік Сібір типті андронов пышақтарынан ерекшеленеді. Оған жақын баламалары Көкшетау облысы" замараев заманы және Би облысында және Құлынды даласындағы қарасу заманындағы пышақтар сериясынан табылды. Басқа олжалар болмады. 3-оба жоғарыда сипатталғанға ұқсас. Оның диаметрі - 31 м, айналым қорым диаметрі - 20 м. Оба бұзылған, ішкі қорымның қабырғасынан тек төменгі қаламасы ғана қалған.
Ішкі қорымның ұзындығы батыстан шығысқа дейін - 3,75 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай - 3,5 м, қалама қалыңдығы - 0,5 м. Ортасында үлкен тас жәшік болды. Тазарту кезінде үлкен тас үккіш және оның жартысындай болатын қыш құмыраның ірі фрагменті табылды (67-сурет). Үккіштің салмағы шамамен 1,5 кг, пішіні шаршы, қырының ұзындығы 18 см. Ол, тас уатуға арналған болуы керек. Топырақтан өрнектелген, әсем қыш құмыра табылды. Өрнекте шырша суреті басым, ол көлденең кертіктері бар ірі тарақты таңбамен түсірілген. Бұл ауыспалы кезеңге тән керамика өрнегіндегі жаңа элемент. Айтылған мәлімет негізінде, Ортау қорымдар тобы кейінгі андроннан беғазы мәдениетіне ауысқан кезеңіне тиісті деп қорытындылауға болады.
БЕҒАЗЫ А (ЕЖЕЛГІ ТОП)
Беғазы кешенінде қола дәуірінің барлық кезеңдерінің - атасу, ауыспалы және беғазы -дәндібай ескерткіштері көрсетілген. Бегазы (Қаратал) о. жайылма алқабында жерленген нұра кезеңінің ескерткіштері зерттелмей қалуда, олар кездейсоқ бульдозермен екі метр тереңдікте ашылып қалды.
Беғазы А кешенінде ауыспалы кезеңге тамбуры жоқ іргелес шаршы қорымдар - Беғазы тақталы кесенелерінің түпнұсқасы.
Тақталы қорым 7 оңтүстік-батысқа жақын, кешеннің ортасында орналасқан. Жоспары бойынша бұл жерге тігінен қазылып көмілген, алып гранит тақталарынан құралған екі қабырғасы бар центрлес шаршы. Сыртқы қорымның ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай - 5,7 м, батыстан шығысқа қарай - 6,0 м, ішкісі сәйкесінше 3 м және 2,5 м. Қорымдар арасында ені 2 м - ге дейін жететін айналып өту дәлізі бар. Ішкі қорымның ортасында ұзын өзегімен батыс - шығыс сызығымен бағдарланған тас жәшік тұр. Ішкі қорым марқұмды жерлеген соң, биіктігі бір метрден асатын кесене тасты көлденең қалау әдісімен тұрғызылған, қорымның шығыс қабырғасы қалама арқылы жабылған, жәшіктің шығыс бөлігі жайында айтуға болады.
Сыртқы қорымның тақталары жер үстінен 0,60-0,85 м шығып тұрады. Батыстағы және солтүстік қабырғалары өзара кесек тастан қаланған тақталардың екі қатарынан құрылған. Мұнда қабырғаларды тіреулермен бекіту идеясы байқалады. Осы құрылысты дамыту идеясы, оның кең қолданылуы беғазы - дәндібай заманындағы ғимараттардан байқалады. Одан басқа, Бегазы А қабырғаларының түбі ұсақ және қиыршық тастармен кесектелген. Түбі кесек таспен қаланған қабырға түбі Ақсу-Аюлы II, Ортау II және Байбала II молаларынан табылды. Мұндай құрылыс әдісі андронов ғимараттарынан кездеспейді.
Жәшіктің шығыс бөлігі, тонаушылар тиіспеген ішкі қорымның қабырғасымен жабылған. Жәшікте құм араласқан саздан қалыпқа құйылған қолмен жапсырылған ыдыстардың сынықтары табылды. Көп ыдыстардың сыртқы беті қызыл реңкі білінетін қара - қоңыр түсті, сынған жері қызыл - қоңыр. Ыдыстардың бірінің бүйірі шар тәрізді, биік, тік ауыз жиегі және анық көрінетін мойыны болған. Өрнектелген ою күрделі меандр және кесілген жолақ түрінде тегіс таңбамен түсірілген». Андронов мәдениетімен байланысы туралы 7-ші қорымдағы тас жәшік және керамиканың меандр өрнегі ғана дәлелдейді. Бұрыштары анық және қабырғаларының тіреулері бар іргелес шаршы түріндегі ғимарат жоспары - бұл жаңа тарихи кезеңге ауысуды білдіретін жаңа бітістер.
Ауыспалы кезең үшін жерлеудің жаңа түрінің шығуы тән. Бұл бұрынғыдай, патриархалды - отбасы қоғамдықтың рулық жерлеу орны емес, ол көсемдердің қабірлері. Олардың пайда болуы Орталық Қазақстан тайпаларының әлеуметтік өмірлерінің өзгеруімен байланысты. «Они, несомненно, по своему значению аналогичны погребениям представителей племенной знати конца срубной культуры, вроде раскопанного П.С. Рыковым десятиметрового кургана в урочище «Три брата» близ г. Степного. Они предвосхищают пышные погребения племенной знати скифской архаики», - деп жазған С.В. Киселев.
БЕҒАЗЫ А (ЕЖЕЛГІ ТОП)
Бегазы кешенінде қола дәуірінің барлық кезеңдерінің - атасу, ауыспалы және беғазы -дәндібай ескерткіштері көрсетілген. Бегазы (Қаратал) о. жайылма алқабында жерленген нұра кезеңінің ескерткіштері зерттелмей қалуда, олар кездейсоқ бульдозермен екі метр тереңдікте ашылып қалды.
Сыртқы қорымның тақталары жер үстінен 0,60-0,85 м шығып тұрады. Батыстағы және солтүстік қабырғалары шара кесек тастан қаланған тақталардың екі қатарынан құрылған. Мұнда қабырғаларды тіреулермен бекіту идеясы байқалады. Осы құрылысты дамыту идеясы, оның кең қолданылуы беғазы - дәндібай заманындағы ғимараттардан «байқалады. Одан басқа, Беғазы А қабырғаларының түбі ұсақ және қиыршық тастармен кесектелген. Түбі кесек таспен қаланған қабырға түбі Ақсу-Аюлы II, Ортау II және Байбала II молаларынан табылды. Мұндай құрылыс әдісі андронов ғимараттарынан кездеспейді.
Ауыспалы кезең үшін жерлеудің жаңа түрінің шығуы тән. Бұл бұрынғыдай, патриархалды - отбасылық қоғамдықтың рулық жерлеу орны емес, ол көсемдердің қабірлері. Олардың пайда болуы Орталық Қазақстан тайпаларының әлеуметтік өмірлерінің өзгеруімен байланысты. «Они, несомненно, по своему значению аналогичны погребениям представителей нлеменной знати конца срубной культуры, вроде раскопанного П.С. Рыковым десятиметрового кургана в урочище «Три брата» близ г. Степного. Они предвосхищают пышные погребения племенной знати скифской архаики», - деп жазған С.В. Киселев.
Салыстырмалы талдау сипатталған оба - қорымдарда андронов мәдениетіне лайық элементтер көп еместігін дәлелдейді. Бір кешенде жерлеу салттарының өзара айырмашылықтарының табылуы бір мәдени дәстүрден екіншісіне ауысуын, ежелгі патриархалды - рулық әдет-ғұрыптан алыстауға байланысты, кейінгі андроннан Беғазы кезеңіне ауысуын дәлелдейді. Өзінің құрылымы, жерлеу салты және керамикасы бойынша бұл ескерткіштер Алакөл кезеңіне тән емес. Ауыспалы кезеңде пайда болған жаңа бітістері бар айналым қорымдары, керамикасы мен қола бұйымдары бар обалар Беғазы мәдениетінде тұрақты дәстүр болып қалыптасады.
Көп жылғы зерттеулер негізінде Орталық Қазақстандағы қола дәуірі үнемі өзгерістерге ұшырай отырып, көп мыңжылдықтар бойы дамыған деген қорытындыға келдік. Энеолит туындап, ол бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және өзінің шарықтау шегіне біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың соңында, бірінші мыңжылдықтың басында жетті. Осы мәдениеттің хронологиялық даму бірізділігі ерте қола немесе нұра ескерткіштерінен - Ақшатау, Ботақара, Байбала I, Ақмола және т.б. орта қола немесе атасу кезеңі - Балақұлболды I, Бесоба, Айшырақ А, Былқылдақ I, II, III, Қарасай, Беласар, Егізек, Саңғыру II, Ақсу-Аюлы I, Жамбай - Қарасу, Жыланды және т.б., ауыспалы кезең - Ақсу-Аюлы II, Байбала II, Беласар II, Ортау II, Беғазы А және т. б., кейінгі қола немесе беғазы -дәндібай мәдениеті – Айбас - Дарасы, Ақ қойтас, Беғазы, Бұғылы II, III, Кент, Дәндібай, Қызыл - Арай, Саңғыру I, III, Айдарлы, Құрылыс және т. б.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение и могильник. // Тр. ГИМ. XVII, 1948. С. 153.
2. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951. С. 57, 93.
3. Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая. Алма-Ата, 1949. С. 69.
4. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 117.
5. Киселев С.В. Указ. соч. С. 63.
6. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 132.
7. Там же. С. 142, рис. 10.
8. Там же. С. 143, рис. И.
9. Кривцова-Гракова О. А. Указ. соч. С. 102.
10. Киселев С.В. Указ. соч. С.83.
11. Оразбаев A.M. Северный Казахстан в эпоху бронзы. //Тр. ИИАЭ АН КазССР. Т. 5, 1958, табл. X, 4-7.
12. Грязнов М. П. История древних племен Верхней Оби. Рис. 15, 1, 6; табл. V, 25.
13. Киселев С. В. Указ. соч. С. 102.
III ТАРАУ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕҒАЗЫ-ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІ. БЕҒАЗЫ-ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.
Орталық Қазақстандағы бір мезгілдегі көп ескерткіштерінің арасынан, осы елде қола мәдениетінің дамуындағы шарықтау кезеңін сипаттайтын орасан зор кешендер сериясы -қабірлер ерекше көрінеді. Жуық араға дейін бұл керемет ескерткіштер ғылымда белгісіз болды. Олар соңғы 30 жыл ішінде ОҚАЭ ашылып, зерттелді және ғылымға «беғазы -дәндібай мәдениетінің ескерткіштері» болып енді. Бұл Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің аяқталу кезең ескерткіштері, олар Оңтүстік Сібірдің қарасу мәдениетінің ескерткіштеріне синхронды және жергілікті ерте сақ мәдениетінің алдында болды. Беғазы - дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің бірізді дамуының соңғы кезеңін қурайды.
Бірақ ғалымдардың арасында сақ алдындағы заманда мәдениеттің туындау сұрағы бойынша ортақ пікір жоқ. Мұндай жағдай нашар деректану базасымен және Қазақстандағы қола мәдениетінің андроновтан кейінгі кезеңі жөнінде нақты материалдардың болмауымен түсіндіріледі. Сұрақтардың жағдайы көптеген болжамдар мен жорамалдарды туғызды. Оңтүстік Сібірдегі қарасу мәдениетіне ұқсас аяқталатын қола мәдениеті кезеңі Қазақстанда болмаған көптеген ғасырлар бойы далада үстемдік еткен андронов мәдениеті ерте сақ заманына тікелей ауысқан деген пікір бар.
Андронов заманындағы ескерткіштерге ұқсамайтын сол кезде белгілі болған жалғыз Дәндібай ескерткіші кездейсоқ, Орталық Қазақстанға тән емес деп жарияланды2. Оны қарасу мәдениетінің батыс шекарасы түрінде немесе оның салдарынан пайда болған кездейсоқ нұсқа түрінде қарады.
С.С.Черников Қазақстан территориясындағы андронов пен ерте сақ мәдениеттерінің арасында ауыспалы кезең болған жоқ деген ойды ұстанды. Кейінгі қола дәуірінің классикалық ескерткіші Дәндібайды ол андронов мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызды. Ежелгі ескерткіштерге дифференциалды емес келіс Қазақстанда II г. - б.з.д.
I мың жылдық басында байырғы халықтың дамуы және мәдениет ерекшелігінің заңнамасын түсіндіру мүмкіндігі болмады.
Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу кезінде әрбір жаңа ұрпақ, өз ата-бабаларының кейбір дәстүрлерін сақтай отырып, көп жылғы пішіндерден бас тартып, сол заманның талаптарына сай келетін жаңа пішіндерді құрғаны анықталды. Әсіресе әр дәуірде бұрынғыға ұқсамайтын ерекше типтік топ құрайтын сәулетте, керамика мен қола бұйымдарында пайда болуы ерекше белгілі. Жаңа бітістер жаңа мәдени дәуірдің санағы басталады.
Хронологияға және қола дәуірінің кейбір ескерткіштерін аудандастыруға қатысты С.С. Черниковтың тұжырымын әділ деп тануға болмайды. С.С. Черников білікшесі жапсырылған керамиканың туындауын ерте андронға3 жатқызады. Біздің қорытындыларымыз М.П. Грязновтың білікшесі жапсырылған керамика тек кейінгі қола дәуіріне тән деген пікірімен келіседі. Бұл көзқарастың әділдігі Орталық Қазақстандағы қола дәуірі қоныстарынан (Суық - бұлақ, Шортанды - бұлақ, Тағыбай - бұлақ) табылған үлкен материалдармен расталады, мұнда білікше жапсырылған керамика үстем болған. Сонымен қатар, осы үлгідегі керамика Оңтүстік Оралдың федоров ескерткіштеріне сай келетін ерте кешендерінде жоқ.
С.С. Черниковтың «інжу» өрнегінің жергілікті сипағы туралы тұжырымы қате, оның ойынша бұл тек Шығыс Қазақстан мен Енисей керамикасына тән. Осындай өрнегі бар керамика Орталық Қазақстанда, Шортанды - бұлақ,.
Тағыбай - бұлақ, II Қарқаралы қоныстарынан және Айбас - Дарасы, Беғазы, Дәндібай некропольдарынан табылды.
Дөңес - дүмі шығыңқы пышақтар Ертістің батысына қарай белгісіз деген тезис шындыққа сай келмейді. Ерекше сабы бар пышақтар мен қанжарлар ғылымға Дарто, Бахирев және Қарқаралы даласын зерттеген басқа зерттеушілер заманынан келе жатқан қола құралдарының «қазақстандық» түрі ретінде белгілі. Олар әсіресе кеңес заманында көне Степняк, Ақсу, Бестөбе8 кен шығару орындарында, I, II Қарқаралы, Сарғары, Алексеевский және т. б. қоныстарынан көптеп табылды. Осы пышақтардың Батыс Алтайдан Оралға дейінгі кең таралу ареалы туралы М.П. Грязнов және С.В. Киселев жазды.
Беғазы - дәндібай заманындағы ескерткіштердің үлкен сериясының ашылуына байланысты олардың туыстас мәдениеттерге, және ең алдымен, Оңтүстік Сібірдің қарасу мәдениетімен қатынасы туралы сұрағы туындайды.
Қарасу мәдениетінің пайда болуы туралы қазіргі уақытта төрт диаметральді қарама-қарсы көзқарас бар. Кей ғалымдар мәдениетінің эсерінен пайда болған деседі. Осы ғылыми болжам швед ғалымы Б. Карлгренның еңбектерінде жазылған. Б. Карлгреннің болжамына Хуанхэ ө. жоғарғы аңғарында, Ганьсу, Цинхай және Хэнань провинцияларында көп жылдар бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген басқа швед ғалымы - Андерсон қарсы шықты. Көп жылдық бақылауларының негізінде Андерсон қоласының Оңтүстік Сібірден басталды деген сенімді тұжырымға келді. Ол тарихи географияға қатысты айтты, ол бойынша Ганьсу провинциясы Ордоспен бірге ежелгі Қытайдың қатарына кірмей, көбінесе Оңтүстік Сібірмен байланысты солтүстік-батыстағы мал өсіруші тайпалары қоныстанған ерекше аймақты құраған. Ежелгі қытай деректері бойынша бұл ауданда «жүн» малшылары мекендеген.
Ордос қоласының тәуелсіз пайда болғаны, мәдениетінен оның айырмашылығын, сондай-ақ, оңтүстік - Сібір мен монгол мәдениетіне ұқсастық байқаған американдық ғалым М. Лоер Б. Карл Гренның болжамына өзіндік дәлелімен сынап қарсы шықты. Сонымен қатар М. Лоер және оңтүстік - Сібір қоласы, бәлкім, ежелгі мәдениеті болуы мүмкін деп санайды.
Ағылшын ғалымы В. Ватсон қарасу мәдениетінен автохтондық дамуды көруге бейімді, оның ойынша Шань - Инь дәуірінің шартты стилінен айрықшаланатын негізде Оңтүстік Сібірдің шынайы өнері жатыр. Әрине, ол андронов мәдениеті жайлы айтты.
Л.С. Васильев қарасу мәдениетінің Таяу Шығыстан көшіп келгені және оның ежелгі Қытай мәдениетіне тигізген ықпалы жөнінде көзқарасын дамытуда.
Қарасу мәдениетінің пайда болуын Батыс Иранмен, қола мәдениетімен байланыстыратын басқа ғалымдар тобының көзқарасы шындықтан алыс. Осылайша, Н.Л. Членованың ойынша, қарасу мәдениеті Батыс Ираннан шығысқа қарай жылжыған. Алдымен, ол Ауғанстанда, кейін Синьцзянда пайда болды, одан Монғолияға, Ордосқа, Забай - калье мен Минусинск қазан шұңқырларына өтті. Пауэлдың және басқа еуропалық ғалымдардың идеясын дамыта отырып, Н.Л. Членова луристан мәдениетін Орталық Еуропаға дейін жеткізеді және оның мәдениетіне тигізетін әсерін байқауға тырысады. Осылайша, Орталық Еуропадан Тынық мұхитына дейін қарасу этникалық субстраты бар ежелгі империя жасанды құрылады. Бұл қате көзқарас сынға ұшырады.
Р. Гиршманның, Э. Пораданың, Э. Террастың, Дейсонның, П. Кальмейр мен басқалардың зерттеулері бойынша, луристан қоласы Оңтүстік Сібірдегі қарасу мәдениетінен әлдеқайда кейін пайда болды.
Р. Гиршман үш кезеңді белгілейді: ерте (Сиалк «А») б.з.д. ХІІ-ХІ ғ.ғ., орта (Сиалк «Б») б.з.д. Х-ІХ ғ.ғ. - Х-ІХ ғ.ғ. және кейінгі - б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. Э. Порада луристан қоласын б.з.д. Х-ІХ ғ.ғ. жатқызады. Дейсон мен Э. Террас барлық кешенді б.з.д. IX-VIII ғ.ғ., ал П. Кальмейр - б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. мерзімдейді. Гиршман Иранда көп жылдар бойы археологиялық зерттеулер жүргізіп, луристан қоласының туындысын Азиямен байланыстырады. Оның ойынша, III мыңжылдықта Гиссара қоныстарындағы ежелгі боялған керамика, нәтижесінде Трансоксания тайпаларын көшіп - қондыру негізінде пайда болған жаңа мәдениеттің нәтижесінде сұр сазды түспен орын басады. Сол мыңжылдықтың екінші жартыжылдығында Гиссар үстіртіне солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жұмылған халық келді: олар Сиалкқа да келді, оны «А» некрополіндегі тек қара - сұр түсті керамиканың болуы дәлелдейді. Ұқсас ойды Террас та айтады. Кейінгі қола дәуірінде жылқы өсірудің маңыздылығын байқай отырып, ол «в луристанской культуре встречаются следы древнейших коневодов - кочевников каспийского района, которые принесли с собой практику верховой езды из степей Азий» деп бекітті.
Ғалымдардың үлкен тобы жергілікті адронов дәстүрінің негізінде қарасу мәдениетінің автохтонды даму принциптерінен сүйенеді. Қарасу мәселесін түсіну үшін нақты тарихи деректерге негізделген автохтонды даму үрдісі неғұрлым дұрыс. Қарасу мәдениеті туралы айтып өткен Мунисин қазан шұңқырында және Забайкальеде жергілікті негізде даму пікірін бұрын Т.П. Сосновский19 айтқан.
Қарасу мәдениетінің андроннан пайда болғанын М.П. Грязнов Монғолияны қоса отырып, екі мәдениеттің барлық таралу аумағында шаруашылық түрлерінің ұқсас болуымен дәлелдейді.
Оңтүстік Сібірдің қарасу мәдениетінде кейбір жаңа элементтердің пайда болуы, Монголия мен Забайкалье даласы тайпаларының мәдени араласу үрдісін сабақтастықтың нәтижесі деп санайды, яғни қарасу мәдениетінің пайда болуына Мунисин қазаншұңқырынан басқа Монголия мен Забайкалье эсер етті. Г.П. Сосновский осы көзқарасты ұстанады және жаңа элементтердің пайда болу себебі көрсетілген облыстардағы тайпалардың арасындағы мәдени алмасудың нәтижесі деп санайды.
С.В. Киселев қарасу мәдениетіне сыртқы эсердің ролін асыра отырып, осы мәдениеттің даму жолында жергілікті қайнарларга меңзейді. Оның ойынша, «мотивы геометрической орнаментации карасуской керамики явились результатом дальнейшего развития принципов украшения раннеа- ндроновской керамики» жэне «карасуские орудия и оружие (бронзовые) не обнаруживает западных связей и имеют на запад от саяно-Алтайских более чем ограниченное распространение. Затон а восток от Енисея мы видим по крайней мере три области - Забайкалье, МНР и Северный Китай (Ордос), где карасукские ножи, кинжалы и келльты встречаются весьма часто». Сібір қоласының қарасу мәдениетінің дамуына оң ықпалы туралы шетелдік ғалымдар да айтады.
«Один экземпляр бронзового ножа с обособленной рукояткой был найден в Суйюане и имеет выдержанна «казахстанский» вид. Вполне возможно, что он попал туда каким - то южным центральноазиатским путем» - деп айтты С.В. Киселев.
Бұл қола құралдарының шығыстан батысқа қарай емес, керісінше жүргенін дәлелдейді, өйткені ірі металлургия орталықтар сол кезде Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанда болған еді.
Зерттеушілер қарасу мәдениетінің және сол замандағы батыс облыстарының заттары, әсіресе керамикасы мен қола құралдарының әр түрлілігін бірнеше рет байқады. Қарасу мәдениетінің Орталық Қазақстандағы қола мәдениетіне тигізетін ықпалы туралы пікірталас қорытындысын нәтижелей отырып, М.П. Грязнов былай деді: «казахстанские ножи и кинжалы с обособленными рукоятками существенно отличается от ножей и кинжалов карасуского этапа минусинской бронзы». С.В. Киселев: «К юго-западу от Бийских «запад - нокарасуских» степей начинается облость иной культуры, для которой характерны прочно удерживавшие традиции андроновской керамики и орудия, лишь отдельными особен-ностями напоминающие карасуские, в целом же вполне оригинальные (особенно это можно сказать о ножах, которые ничего общего с карасукскими не имеют)» - деп жазды.
Беғазы - дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай отырып, андроннан кейінгі қолаға (б.з.д. ХІІІ-ХІ ғ.ғ.) ауысу кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескерткіштерінде өтпелі адронов дәуірінің кейбір бітістері, сонымен катар оларда бұрынғы дәуірлерге белгісіз жаңа материалдық мәдениеттің нысандары байқалады.
Беғазы - дәндібай ескерткіштерінің айрықша ерекшелігін тас архитектурасы қурайды. Қарасулық циклоптық қурылыстармен салыстырғанда беғазы - дәндібай заманында таңғажайып құрылыс ісі мен сәулет жетістіктері көрсетіледі. Жерлеу ғимараттарының құрылыс кезінде екі тас қабырғамен бірге саздан қалау және оны қырымен орнатылған алып гранит тақталарымен қаптау әдісі қолданылды. Беғазы - дәндібайдағы құрылыс мәдениетінің жетістіктерін мына қоныстардағы - Атасу, Бұғылы I, II Шортанды - Бұлақ, Ақ кезең, Суық - бұлақ (Қарқаралы III), Тағыбай - бұлақ, және т. б. қабырғасы тас кесектерінен тұрғызылған (Атасу, Бұғылы I, II, Тағыбай - бұлақ) немесе қалың бөренелерден (Шортанды - бұлақ, Қарқаралы I, II) тұрғызылған үй-жайларының қалдықтары, Беғазы, Бұғылы III, Ақсу-Аюлы II, Саңғыру I, III, Беласар, Айбас - Дарасы молалары дәлелдейді, олардың баламасы Оңтүстік Сібір ескерткіштерінен байқалмайды.
Беғазы - дәндібай керамикасы елеулі түрде Қарасулықтан пішінінің көптігімен және жоғары сапалығымен айрықшаланады. Қарасу керамикасында түбі асты биік коникалық әсем кубоктар, тостағандар және құмыралар жоқ. Кейінгі қола дәуірінің ыдыстарының бүйірі жұқа, өрнегі коп, кейде қарадай немесе қызылдай жылтыраған ізі байқалады. Керамикалық бұйымдарды шығармашылық өңдеу кезінде дәстүрлі андроновтық геометриялық өрнектерден басқа беғазылықтар бедерлеу, қысу, қара шеңберлер немесе бұршақ түрінде (Бегазы, Кент), сондай - ақ, ыдыстың иықтары мен бүйірлері көмкерілген (Беғазы, Дәндібай, Айбас - Дарасы) емізік түріндегі анық жапсырмалы элементтер -«інжу» өрнегін түсіру әдісі қолданылған. Нәтижесінде, бұл ежелгі өнер элементтері Оңтүстік Сібірдегі татар керамикасына таралды.
Қарасу ескерткіштерінде беғазы - дәндібай заманының ескерткіштерінде табылған ойылған сүйек сияқты өнер және тұрмыстық бұйымдары, бедерлі қола қаптырмалар, алтын бастырмалар және қола әшекейлер кездеспейді.
Орталық Қазақстан молаларынан және қоныстарынан қару-жарақ бұйымдары елеулі көлемде табылды. Үш хронологиялық кезеңге тиісті қола жебе ұштарының бірнеше түрі белгіленді. Олардың пайда болуы осы аймақта металлургияның жоғары даму деңгейімен негізделген. Неғұрлым ежелгі б.з.д. II мыңжылдықтың ортасына немесе атасу заманына дәл келеді. Айшырақ, Ортау II, Бесоба II, Балақұлболды II ескі молаларынан табылған жебе ұштары біркелкі: екі қанатты, көлемді, ұңғымалы және сапты. Осындай жебелердің көбісі Шортанды - бұлақ пен Нұра о. Киевқа қоныстарынан, мәдениеті бойынша орта қоладан кейінгі дәуіріне ауысу кезеңіне тиіс. Кейінгі типіне Беғазы 2 тас кесенесінен табылған екі қола жебе ұштары жатады. Оның біреуі ұңғымасы бар, екі қанатты, тікенекті, екіншісі - үш қалақты, сабы ұзын. Дәл осындай үш қалақты жебе ұшы Нұра о. Әлем ауылдан табылды.
Беғазы мәдениеті өздігінен пайда болған ерекше этникалық мәдениет құбылысы емес. Ол орта қола мәдениетінен қарапайым формалардан күрделіге заңды және бірізді ауысу жолымен бүршік жарды. Орта қоладан кейінгі қолаға ауысу кезеңі Атасу ө. Ертіс ө. дейінгі дала кеңістігінде өзіндік ескерткіштердің пайда болуымен белгілі. Бұл ескерткіштерді зерттеу егер Орталық Қазақстан тайпаларының этникалық құрамында ешқандай өзгерістер болмаса, онда осы тайпалардың тұрмысында және мәдениетінде мал өсіруді және жаңа өндіріс түрлері - қыш ісі және металлургияны дамытумен байланысты мардымды үрдіс байқалды, ол сәулет - құрылыс өнерінде және қолөнер өндірісінде байқалды.
Беғазы кешенін зерттеудің бастапқы сатысында оның мерзімін белгілеуде б.з.д. VII-VI ғ.ғ.28 қателік жіберілді, ол Беғазының тас кесенелерін Забайкалье тақталы қорымдарымен салыстырумен негізделген. Материалдық мәдениет заттарын, оның ішінде, Беғазы 2 кесенесінен табылған жебе ұштарын мұқият зерттеу Беғазы кесенелерінің пайда болу уақытын анықтауға мүмкіндік берді. М.П. Грязновтың ойынша, Беғазы қола ұштары скиф алдындағы уақытта пайда болған пішіндерге тиісті. Б.з.д. ХІІІ-Х ғ.ғ. Беғазы ескерткіштерінің ғылыми - дәлелденген мерзімін С.В. Киселев белгілейді.
Ғылыми әдебиеттерде Беғазы ескерткіштерін 200-300 жылға жасарту әрекеттері кездеседі. Осы жайында М.П. Грязнов: «Сопоставление бегазинских плиточных оград с плиточными могилами Забайкалья и Монголии является совершенным недоразумением. Те и другие представляют собой два принципиально различных типа могильных с оружений», — деді. Бегазы тас кесенелері үлкендігімен және қабырғаларының мықтылығымен ғана емес, ол ең алдымен, андронов мәдениетінен бастау алатын, көне элементтердің аз емес мәдениетімен ерекшеленеді.
Беғазылық тас кесенелеріне Сырдариядағы Төгіскен ескерткіштері ұқсас.
Неғұрлым ежелгі Төгіскен 4, 5 және 7-кесенелері үшбұрышты өңделмеген кірпіштен салынған. Бегазы 1 және 2 кесенелері секілді сыртқы қабырғасы мен ішкі камераның арасында ені екі метр айналып өту дәлізі бар. Беғазылық тас кесенелері тәріздес Төгіскен 6-шы кесенесінің қабырғасының төменгі жағы тереңдегі 1,3 кең қазаншұңқыр түріндегі материктік топырақтың тік қимасынан пайда болған. Беғазы кесенелерінде - 1,2 м. Қазаншұңқырдан жоғарғы, оның жиегі бойынша құрғақ саз ерітіндісінен кірпіштен қаланған. Беғазы 1 және 2 кесенелерінде дәл осындай қалама, бірақ ол ара цемент ерітіндісімен қосылған ұзын тас блоктардан тұрады. Төгіскен кесенелерінің жоспары дәл осындай шаршы, кіре берісі мен дәлізі шығыс жақта орналасқан. Дәліз бен қабір арасында екі кірпішті қабырғадан жасалған қалқасы бар. Төгіскен ескерткіштерінде жабын сондай-ақ, тіреу бағандары орналасқан, Беғазыда - бұл биік тас бағандар болса, Төгіскенде - ағаш бағаналарымен кезектесетін тіреуіштер. Екі кешенде де шаршы ғимараттардың қабырғасы көлемді: Беғазыдағы қалыңдығы - 2,5 метр, Төгіскенде - 3 метр. Материалдық мәдениет заттарының ұқсастығынан басқа, құрбандық шалу үстелімен және алтарь құрылысы беғазыға ұқсас. 1-Беғазы тас кесенесінде үш биік менгир түрінде орналасқан алтарь қабірдің батыс қабырғасында орналасқан. Менгирлердің арасында аздаған астау тәрізді тереңдетілген - жер үстелдері болған, оларда құрбандық шалу ыдыстары орналасқан. Менгирлердің айналасында күлдің қалың қабатты және қатты қызған ұнтақ - салттық от ізі бар. Жер үстелдері бар, бірақ менгирлері жоқ. Төгіскеннің 7-ші кесенесінде осы тектес алтарь орнатылды. 6-шы кесененің батыс қабырғасында екі шұңқыр бар, ал еденде - от іздері қалған дақтар бар.
Төгіскен кесенесін салушылар беғазылық тас кесенелерінің көшірмесі салу барысында Бегазы гранит тақталарына ұқсатып, саз балшықтан тақталарды жасады және Орта Азияға тән емес өте ірі (54x28x10 см. және 60x50x25 см.) кірпіш тақталарын жасады.
Беғазыда қабырғаның төменгі жері сопақша тастардан жасалған көлденең қаланған және биіктігі 1,2 м ірі гранит тақталарымен қапталған. Төгіскен кесенелерінде гранит тақталарының орнына қамыс қабаты болды, қабырғалары шегемен қағылған киізбен және кілеммен жабылған. Алайда, беғазылық 1 мен 2 кесенелерінің қабырғаларының кей жерлерінде органикалық заттың қалдығы бар минералдық бояудың қабаты сақталған.
Төгіскендегі ежелгі кесенелерінің олжалары беғазыға ұқсас. Мұнда да қарадай жылтыратылған керамика - табақтар, қыш құмыралар, ауыз жиегі тік және түбі жалпайған құмандар. Олардың арасында көлденең толқынды бедері бар тар мойынды құмандар, сипатты бойынша Саңғыру I мен Шортанды - бұлақ қонысындағы тар мойынды құмандарына ұқсас, ортасында шеңберлі өрнегі бар Беғазы типті сүйекті пластинкалар. Металдық заттардан Төгіскеннен тек ұзындығы 9 см. қола ине табылды. Пішіні және өлшемі бойынша Бегазы 5 кесенесі және Бұғылы III некрополінен табылған қола инеге ұқсас. Бұл иненің Орталық Қазақстандағы қоныстардың бірінде дайындалып, Төгіскенге саудалық айырбас нәтижесінде немесе Орталық Қазақстаннан шыққан тайпалардың жартысы Сырдария жағасына көшу кезінде келуі мүмкін.
Ежелгі аңғарында төгіскен кесенесінің пайда болуы Сырдария мен Орталық Қазақстанның арасындағы тайпаларда меридиандық көшулердің болғаны дәлел бола алады. Мұндай көшулер сақ, гун, үйсін, қаңлы және кейінгі көшпенділер кезеңінде кең етек жая бастайды. Бұл бір үлгідегі ескерткіштердің - Орталық және Оңтүстік Қазақстанда (Жамбыл облысы) «мұртты» обалар және соғыс алаңында жерлеу орындары (бас сүйектері бұзылған) бар обалармен расталады.
БЕҒАЗЫ НЕКРОПОЛЫ
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің арасында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы территориясында Қызыл - Арай және Бегазы әсем тауларында орналасқан Бегазының тас кесенесі ерекше маңызды. Бұл үлкен гранит кесектерінен құралған күрделі ғимараттар қола мәдениетінің жоғарғы кезеңінде пайда болды. Олар тайпа көсемдерін және көрнекті жауынгерлерді мәңгі есте сақтау үшін тұрғызылды.
Ғылымға бұл ескерткіш, академик Қ.И. Сәтбаевтың және осы еңбек авторының бастамасымен ұйымдастырылған ОҚАЭ жұмысының екінші жылында, 1947 жылдан бастап белгілі болды. Сол кезден бастап Бегазы кешені жоспарлы зерттелетін маңызды аумақ болды.
Алғашқы кезде Бегазы монументтері бізбен «тақталы қорымдар» деп Байкал маңындағы тақталы қорымдарға балама аталды. Оларды шатастырмау үшін және олардың жасалған материалдарын ескере отырып, біз оларды «тас кесенелері» деп атаймыз.
Өздерінің сипаты жағынан беғазылық тас кесенелері ауыспалы кезеңдегі Ақсу-Аюлы II, Байбала II, Ортау ескерткіштеріне, бірін-бірі қоршаған екі, үш композициясындағы шаршылар, көлденең қаланған және қырымен қазылып көмілген, тік тақталармен қапталған қабырғалар құрылымында ұқсастықтары бар. Бегазы I, II тас кесенелерінің сыртқы көрінісі таң қалдырады. Бүл циклоптық ғимараттар Орталық Қазақстанда (б.з.д. I мыңжылдықтың басы) монументтік үлгідегі тас сәулет кезеңінің басталуын көрсетеді.
Жазықтықты қоршаған ландшафтыда ежелгі уақытта молалар құрылысы үшін алынған тастар мен құздар тамаша. Тас етегінде тау жыныстарының желдің нәтижесінде жыл сайын кварц құмынан, дала шпатынан, пироксендерден және т. б. Тау жыныстары көп мөлшерде жиналады. Керамикалық бұйымдарды талдау кезінде бұл материал беғазылықтармен қыш ыдыстарын жасау үшін қолданылғанын көрсетті. Беғазы некрополінің алып жатқан ауданы шамамен -10 га. (2- сурет) жуық.
Беғазы кешенінде алты бір үлгідегі ғимарат бар, олардан циклоптық көлемде және 2 тас кесенелері ерекшеленеді (3, 4-суреттер).
Беғазы тас кесенелері жалпы құрылымдық - кіру дәлізі, жоғарғы айналып өту галереясы, тіре бағандары ұқсас болса да, бір-бірінен көлемі жағынан, қабырғаларының құрылысындағы ерекшелігімен айрықшаланады. Кесенелердің жоспары шаршы және бүйір жақтарымен төрт жаққа бағдарланған. Кесенеге кіре беріс үнемі шығысқа қарайды. Олардың ішкі қабырғалары грунтқа 1,2-1,3 м енген және қырымен қазылып көмілген ірі гранит тақталарымен қапталған (2-кесене). Қазаншұңқырдың жиегінен жоғарғы қаламасы биіктігі бір метрден асатын, ені 2 м жер үсті қабырғасы басталады. Осы қабырғаның үстінен шаршы ғимараттың жоғарғы қабатын немесе айналып өтетін галереяның қабырғасын құрайтын биікті 1,5 м сыртқы қаптау қабырғаларының ұштары төніп турады.
Сыртқы қабырғаны қаптау үшін қолданылған гранит кесектерінің пішіні тік бұрышты тақта, әрқайсысың салмағы 3 тоннаға дейін жетеді. Тақталар тік және бір-біріне нығыз қиюласқан. Тақталардың өлшемі 2,5x0,8x0,18 метрден 3,8x1,2x0,18 метрге дейін. Қабырғалардың орнықты болу үшін қаптау тақталары жерге 0,8 м тереңдікке қазылып көмілуі қажет, ол жалпы биіктіктің үштен бір бөлігін қурайды. Олар ғимараттың жиек бөлігінен 2,5 - 3 м жоғары турады. Қазаншұңқырдың түбінен тақталардың жоғарғы шетіне дейінгі ғимараттың биіктігі 4,0 - 4,5 метрден кем емес.
Ескерткіштерді сипаттауға көшейік.
Кесене 1 некропольдың солтүстік бөлігінде, Беғазы гранитті сілемінің етегінде, 2 тас кесенесінің жанында орналасқан. Өкінішке орай, кесене ерте кезде және өткен ғасырларда бірнеше рет тоналған. Кесенені алғаш қарағанда ортасында тереңдігі 4 м үлкен тонау шұңқыры табылды. Кесене жойылып кетті деген қорқыныш пайда болды. Дегенмен, күтпеген қуанышқа кенелдік. Қазба арқылы екі мықты қабырғасы және кең айналып өту галереясы бар сұр түсті граниттің орасан зор кесектерінен тұрғызылған айбынды кесене ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 128 м2, орталық бөлігі 92 м2, кіре беріс дәлізі 36 м. Өзінің көлемі мен күрделілігі бойынша бұл ең ірі ескерткіш, қола дәуірі мәдениетінде оның теңдесі жоқ.
1 және 2-Беғазы кесенелерінің ерекшеліктеріне құрылымның күрделілігін және циклоптығын, қолданылған тастардың көлемділігін, тіреу, галерея және т. б. құрылыс элементтерін жатқызуға болады.
Жоспарда кесене шаршы қурайды (5- сурет), өзінің бүйір жақтарымен торт жаққа бағдарланған. Шаршының сыртқы бүйір жағының ұзындығы 9,6 м, ішкі жағы - 6,0 м.
Ғимарат - жер асты және жер үсті бөліктен турады. Жерасты бөлігінің биіктігі - 1,2 м. Ішкі жайдың қабырғалары пішіні тік бұрыш гранит тақталарының көлденең қалау арқылы тұрғызылған. Мұндай пішінді тақталар жапсарларын біріктіруге және саз балшық ерітіндісінен қалау үшін қолайлы болған. Қазаншұңқыр жиегінен жоғары биіктігі - 1,1 м жер үсті қалама өтеді. Нәтижесінде қаламының жалпы биіктігі - 2,3 м жуық, ал оның қалыңдығы - 2,0 м. Қаптама қаламасының арасындағы бос жерлер қиыршық таспен толтырылған және сазбен құйылған.
Метрлік қаламының үстінен сыртқы қабырғалары бір - біріне тығыз, қырымен қазылып көмілген, сұр граниттің алып кесектерімен көмкерілген (6-сурет). Сыртқы қабырғаның айналасында 42 бір үлгідегі тақталар және тік бұрышты панель түрінде өлшемі бірдей болды. Орнында қалғаны - 20, қулағандары - 10, кейбірінің жоғарғы бөлігі сынған, қалған тақталар бұзылған. Жер үсті тақталарының өлшемі: 1,6x1,1x0,14 м - 2,5x1,15x0,14 м. Олар жерге 1 м тереңдікте көмілген. Сыртқы қабырға тақталары ішкі жайдың қабырғасынан 1,1 м жоғары түр, сөйтіп қабырғаның жалпы биіктігі 3,5 м ұлғайған.
1-ші тас кесенесінің ерекшелігі: сыртқы қаптама қабырғалары биіктігі 1,1 м, ені 2,0 метр, ауданы 50 м. айналып өту галерея түрінде кең кеңістікті құра отырып ішкі қабырғаға төніп тұратыны. Бұл екінші қабат түріндегі үлгі. Галерея - жерлеу мүкәммалы үшін ерекше сөре рөлін атқарды. Бұл жерде нәзік жасалған 40-50 саз балшық ыдыстары турды, олардың сынықтары кесененің әр бұрышынан, әр тереңдіктен табылды.
1-кесене ерекшеліктерінің бірі, оның ішкі және сыртқы қабырғалары торт қырлы баған пішінінде аздап өңделген граниттің алып блоктарынан тіреулер қатарын демеп тұратыны. Тіреулер қабырғаға қырымен тығыз қойылған. Сол орында үш тіреу - солтүстік қабырғасы бойында, екеуі - оңтүстік жағынан, тағы екеуі - батыс жағынан қойылған.
Шығыс жағында орналасқан кіре беріс турасынан жайға апарады (9 сурет). Ол, пұтқа табынушылар храмы - қабір маңыздылығын бейнелейтін ірі, биік тақталардан тұрғызылды. Ұзындығы - 9 м, ені - 4 м кең дәліз кіре беріске апарады. Дәліз кесек тастары тік қалау әдісімен тұрғызылған. Қалаудың биіктігі - 50-80 см, кей жерлерде бір метрге дейін жетеді. Шығыс бөлігіндегі қалама қалыңдығы - 40 см, кіре беріс қабырғасы - 80 см. Осылайша, шығыстан батыс бағытында, яғни ғимаратқа жақындаған сайын дәліз қабырғасының қаламасы биіктігі бойынша да, қалыңдығы бойынша да кеңейе түседі. Осы кешендегі кішірек қабірлердің дәліздері (тамбур) осы тәртіппен тақталардан жасалған: қалың және биік ұштары ғимараттың қабырғасына бағытталған, ал жұқа және үшкір жағы - шығысқа бағытталған. Шамасы, бұл - алғашқы қауым үй-жайларындағы кіре беріс үлгісіндегі ежелгі дәстүрден қалған үрдіс болса керек.
Дәліздің едені қиыршық таспен төселген және жақсылап тығыздалған, қырлары еңіс және көлденең өзегі бойынша біраз жоғары тұрған пандус түрінде жасалған (10-сурет).
1-кесенедегі алтарь ішкі жайдың жағының батыс қабырғасында орналасқан (11-сурет). Шын мәнінде, бұл салттық және құрбандық шалу заттары туратын жер үстелі немесе сөре. Оның ұзындығы - 3,5 м, ені 1,5 м, биіктігі - 0,4 м. Бұл жерде қырымен қазылып көмілген, жайдың оңтүстік және солтүстік қабырғаларының арасына қойылған үш биік менгир. Тас менгирлер діни зат болған. Ежелгі адамдарда тас мәңгілік пен беріктік символы болған.
Алтарь құрылымы тонаушылардан аман. Тонаушылар тесігі шығыстан батысқа қарай өтті, ол ғимараттың бүкіл ішкі ауданын қамтиды. Кіре беріс, шығыс қабырғаның елеулі бөлігі, сыртқы оңтүстік қабырғасының бөлігі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс бұрыштарының ішкі қабырғалары жартылай бұзылған. Қалған үш қабырға сол замандағы қалау кескіндерімен, құрылыс тәсілдерімен жақсы сақталған. Қазына іздеушілер алтарь қырына дейін жетіп, алдарында қабырға бар деп істерін тоқтатқан. Сөйтіп толықтай сақталған найзаның қола ұштары, езілген төрт керамиканың сынықтары және басқа заттар табылды (13-сурет).
Менгирлердің арасында 1,2 м тереңдікте маралдың (басы, жағы), арқар мен тау қойының (тістері мен асықтары) сүйектері жатты. Мүкәммалы бойынша, марқұм аңшы болған.
Менгирлердің арасынан кремация салтының ізі және кальцийленген адам сүйектері табылды. Оңтүстік-батыс бұрышын тазарту кезінде, жер үстелінен тыс адамның бүтін, күймеген жілік сүйектері табылды. Бүл, әрине, жерлеу және өртеу — екі жерлеу салтының жасалғанын дәлелдейді. Тағы да бір маңызды жайт: жер үстелінде, әсіресе батыс бөлігінің бойымен, бағаналар арасында, 1,2 м тереңдікте қалыңдығы - 2-3 см; ұзындығы - 2,8 см; ені - 1,2 м қара дақ табылды. Бұл жер үстелінің аумағына жайылған үлкен оттың ізі екендігі анық. Шамасы, мұнда марқұмның және оның заттарын қасиетті отпен тазарту рәсімі жасалған. Мұнда камерада марқұмның денесі кремацияланған.
Пішіні жапырақ тәрізді сапты найза ұштары Қазақстанға тән. Біршама басқа нұсқасы Солтүстік Кавказда кездеседі. Бұл Солтүстік Кавказ бен Қазақстанның дәстүрлік байланысын көрсетеді.
Найза ұшының жанында пішіні тік бұрыш, тұла бойы созыңқы жұмысқа қолданылатын жағы үшкір тас кетпен жатты. Құрал дүмі тік бұрыш мәнерінде жасалған, ортасында сапты бекіту үшін ойық жасалған. Мұндай тас кетпендер Орталық және Шығыс Қазақстанның қола мәдениетінде, сондай-ақ, Алексеев пен Садчиковский қоныстарынан табылды.
Қола дәуірінде тас кетпендер кеніш орындарын ашу кезінде, тұрғын үй іргетасын, құдықтарды қазу кезінде және т. б. басты құрал болған.
Кетпеннің қасында басқа тас құрал - төменгі жағынан дөңгелек және үсті жайпақ, пішіні домалақ кен уатқыш балға болды. Балғаның ұзындағы - 8,2 см, қимасындағы өлшемі - 6,9 см.
Тонау салдарынан бұзылудың нәтижесінде жерлеу салтын және кесенеде жерленген екінші адамның антропологиялық ұсқынын анықтау мүмкін болмады. Мүкәммал арасынан кездейсоқ 4 ыдыс бүтін болып шықты.
1 - ші ыдыс (14-сурет) құман тәрізді жасалған, бүйірі шар тәрізді, мойыны биік және түбінен жалпақ. Табиғи үймесі осы жерде, Бегазы тауының етегінде орналасқан, гранит құм араласқан саз балшық томарынан батыру арқылы қалыпқа құйылған. Күйігі айтарлықтай сапалы.
Ыдыстың беті қызғылт-сары түсті, сынған жері қызғылт түсті. Өрнек көлденең кертіктері бар, қысқы сызықты баспа - таңбасы анық көрінген тарақты таңбамен орындалған. Өрнек сюжеті - ыдыстың мойынын көмкеретін үш параллельді науа, иығы бойынша - басы төмен қараған және ромбы торымен сызықталған, үшбұрышты пішіндер қатары, бүйірі бойынша екі параллельді ромб торларының тізбегі өтеді. Ауыз жиегі мен түп жағын қоспағанда, ыдыстың үлкен жағы суретпен көмкерілген. Бұл ыдыстың баламасы жоқ. Мойыны ұзын шар тәрізді ыдыстардың түрлері Оңтүстік Сібірдегі қарасу керамикасында кейде кездеседі. Құман пішіні беғазы - дәндібай заманына тән.
2-ші ыдыс (15-сурет) мойыны биік, бүйірі шар тәрізді және түбі жатқан нәзік сауыт пішінінде жасалған. Иілген мойыны алмасып келетін бедерлі білік пен каннелюр түрінде қатпаршақтан. Ыдыс ұсақ түйіршікті гранит құмы мен майда кварц қосылған, жақсы араласқан қой мал жыңнан жапсырылған. Күйігі жоғарғы сапалы. Сыртқы беті қызғылт -сары, ішкі жағы сары - сұр, кей жерлерінде қара дақтары бар. Сынған жері қызғылт-сары. өрнегі аз, бірақ ыдыстың әдемі пішінін бойлайтын каннелюр және сынған сызықтар түрінде анық. Ыдыстың бүйірін орайтын, жапсырылған төмпешіктер түріндегі «інжу» өрнегі анық. Олар төртеу, және олар өзара қиылысатын сызықтарға симметриялы орналасқан. Төмпешіктер негізі бойынша нүктелердің екі шоғырланған қатарымен жүргізілген. Сынық текстурасы бұл құмандардың сүт немесе қымыз қүю үшін пайдаланғанын көрсетеді. Оның көлемі 3 литр.
«Інжу» өрнегі Орталық Қазақстан керамикасында кеңінен тараған. Ол Тағыбай - бұлақ, II Қарқаралы қоныстарының, Айбас - Дарасы, Дәндібай молаларының керамикасында кездеседі.
Жапсырылған емізік түріндегі ою ерте скиф заманына өтеді және сол замандағы керамиканы өрнектеу мәтінінің бірі болады. Суреттелген құманға жақын баламаны біз Оңтүстік Сібірдің татар керамикасынан табамыз. H.Л.Членованың айтуынша, татарлық Орталық Қазақстанның Бегазы мәдениетінің көп қайталаған, бұл беғазы кезеңі мен ерте скиф заманы мәдениеттерінің сабақтастығын дәлелдейді.
3-ші ыдыс (16-сурет) құрбандық үстелінің оңтүстік ұшында, оңтүстік менгирдің түбінен жапырайған күйінде табылды. Ірі тастардың арасындағы шұңқырда тұрғандықтан тонаушылар оны байқамай қалды. Ыдыстың пішіні кішкентай тостаған немесе құман түрінде, мойыны салыстырмалы түрде қысқа, ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған, бүйірі шар тәрізді, түбі асты жайпақталған. Бұл Бегазы кешенінен табылған ірі ыдыстардың бірі, ол ұсақ түйіршікті гранит құмы қосылған жақсы саз балшық томарынан батыру арқылы қалыпқа құйылған. Ыдыстың сыртқы беті қызғылт - қызғылт сары түсті, ішкі жағы сары - сұр, сынған жері де сары - сұр түсті.
Сипатталған құман сүт немесе қымыз сақтауға арналғаны сөзсіз анық. Мұндай ыдыстар кейін ерте скифтер мәдениетінде де кездеседі.
4-ші ыдыс (17-сурет) оңтүстік алтарьлық менгирдің түбіндегі құрбандық үстелінен басқа құмандармен бірге табылды. Ыдыс сыйымды, бүйірі қалың, хума түрінде созыңқы, табаны жайдақ, ауыз жиегі биік және тіке. Мойынының иілімі анық көрінеді. Дөңес иығы аздап иіліп табанға ауысады. Қоймалжыңда гранит құмының қоспасы бар. Ыдыстың сырты сарғыш - қызғылт сары, ішкі жағы сары - сұр. Сынған жері сары - сұр. Жоғарғы жағында екі жолақ қарапайым өрнек бар: мойынында - ұсақ нүктелер қатарымен көмкерілген жеңіл білік, иығында сегіз шеңбер орналасқан. Олар домалақ баспа - таңбасын қалдыратын таңбалармен орындалған. Бұл сүт сақтауға арналған ас-үй ыдыстарының бірі. Пішіні ұқсас керамика Шығыс Қазақстанның кейінгі қоласындағы Трушников қонысынан және Қостанай облысы Алексеев қонысынан табылды. Оңтүстік Сібірдің қарасу керамикасында мұндай ыдыстар жоқ. Ұқсас пішін ежелгі көшпенділердің43 керамикасында кездеседі. Бұл Беғазы мәдениетінің көптеген элементтері Оңтүстік Сібірдегі ерте скиф мәдениетіне өткеніне дәлел оба алатын айғақ.
2-кесене. Алғаш рет 1946 жылы қаралды, 1948 жылы археолог T.P. Кызласовамен қазылды. Беғазы кешеніндегі бұл екінші үлкен ескерткіш. Ол 1-кесенеден бес метр оңтүстікке қарай орналасқан. Композициясы бойынша оған ұқсас, ішкі жай қабырғаларының және кіре беріс дәлізінің құрылымында кейбір айырмашылықтары бар (18- сурет).
Ғимарат торт жаққа бағдарланған, қабатталған (сыртқы, ішкі) алып қабырғасы бар, жоспары шаршы. Сыртқы қабырғаларының өлшемі 9,5x9,5 м, ішкі - 5,5x5,5 м, сыртқы шаршының ауданы 90 м2, ішкісі 30 м2. Ішкі жайдың қабырғалары жерге 1,2 м тереңдікте енген, қабырға бойымен ірі тақталар қатары орналасқан, олардың өлшемі 2,0x1,0x12 м -1,2x0,4x0,12 м аралықта. Ішкі жайдың құрылымы бойынша 2 кесене Бегазының кіші тас кесенелеріне ұқсас. Қазан шұңқырдан жоғары, оның жиек бөлігінен биіктігі - 1,0 м, қалыңдығы - 1,8 м кесек тастардан жасалған жер үсті қаламасы өтеді. Сыртқы тақталардың жоғарғы жағы мен ішкі жайдың жабыны арасында орналасқан қаламының жоғарғы қабаты айналып өту галерея түріндегі екінші қабатты қурайды. Галереяның биіктігі - 2 м, ені шамамен - 2 м, ауданы шамамен - 36 м. Жай қабырғасының жалпы биіктігі шамамен 4 м. Сыртқы қабырғаның сыртқы жағынан қабырға бойымен тас қатарын қурайтын сұр граниттің ірі тақталары тік тур. Тақталар бір-біріне нығыздалып, жерге қазылып көмілген (19-сурет).
Қатарынан тұрғызылған үлкен тас тақталар сәулетті ғимараттың бейнесін береді.
Бастапқыда, сыртқы қабырғалардың айналасында көлемдері бірдей 40 тақта тұрды. Оның 20-сы бүтін, 8 - і құлаған, қалғандары шамасы, шаруашылық мақсатта жергілікті тұрғындармен салыстырмалы түрде жуық арада әкетілген болар. Бұны жер бетінен аздап шығып тұрған ұштарынан байқауға болады. Тақтаның жоғарғы жағы қабырға деңгейінен 1,6 - 2,0 м жоғары тұрады. Тақталардың пішіні тікбұрыш. Қалама деңгейінен жоғары тұрған тақта көлемі 2,2x1,2x0,13 м, 2,4x1,3x0,13. Шамамен ұзындықтың 1/3 бөлігі жерге қазылып көмілген (20-сурет).
Ішкі және сыртқы қабырғалар көп мөлшерде мықты тіреулермен бекітілген, пішіні тігінен орнатылған тегістелген төрт қырлы блок. Көлденең қимадағы оның өлшемі 15x21 см - ден 24x24 см - ге дейін. Мұндай блоктар ішкі жақта - 10, сырт жағында - 6. Блоктармен ең алдымен қаптама тақталардың бұрыш және қабырға жіктері тірелді. Еденде көптеген жайпақ гранит тақталары жатты, шамасы, ол еден ретінде төселген. Бұл жөнінде солтүстік-батыс бұрышта алғашқы қалпында жатқан шаршы пішінді екі жайпақ тақталар бойынша айтуға болады.
Ішкі жайда қаламасы жоғарыға қарай біртіндеп тарыла түсетін сатылы құрылымды жабыны болған. Ортасында жоғарғы жағы мұқалған бір тіреу бағаны орналасты. Ортадағы сатылы құрылым кішкентай күмбезді құрайды және кесененің жалпы биіктігі - 5 м.
Шығысқа қаратылған кіре беріс «мәңгілік үй-жай» қақпасы ретінде неғұрлым биік және жақсы өңделген тақталардан тұрғызылған. Оған шаршының орталық өзегі бойынша ұзындығы - 7,0 м, ені - 3,5 м дәліз барады. Дәліздің шеттері бойынша қырымен қазылып көмілген, ірі гранит тақталары болған. Мұнда бізге басқа ескерткіштерден байқалған құрылыс әдісі қолданылған, неғұрлым ірі және биік тақталардың ұштары кесене жаққа бағытталған.
2-кесене ерекшеліктерінің бірін «құпия орын» - оңтүстік-шығыс бұрышы мен дәліздің арасында орналасқан кішірек шаршы пішінді жай құрайды. Ол қырымен қазылып көмілген, сұр граниттің ірі тақталарынан құралған. Оның өлшемі - 2,8x3,0 м, ауданы - 8 м2. Жерлеу ізі және материалдық мәдениет заттары табылмады. Бұл негізгі сағанаға жалғастыра салынған жай. Бір жанұя мүшелеріне арналған мұндай жалғастыра салынған жайлар III Бұғылы, I Саңғыру, сондай-ақ Сырдариядағы Төгіскен некроплінен байқалды.
Тазарту кезінде тақталардың арасында шашылып жатқан қойдың (барлығы 30), арқардың сүйектері, асықтар (9), жылқы аяқтарының сүйектері (8) және сиырлардың тістері табылды.
Бір метр тереңдікте әр түрлі ыдыстардың фрагменттері табылды. Олар: нәзік, жұқа бүйірлі және дөрекі бүйірі қалың ас дайындайтын ыдыстар. пішіні үшбұрыш тәрізді, дөңгелек тесігі бар, оттың үстіне ілу үшін жасалған ыдыстың тұтқасы біздің назарымызды аудартты. Солтүстік-шығыс бұрышта, 1,4 м тереңдікте түбі дөңгелек, бүйірлері шығыңқы және мойны ішке майысқан үлкен, бүйірі қалың бақыраштың екі бөлшегі табылды. Осы ыдыстың ауыз жиегі мен мойыны айқындалмаған. Осы ыдыстың басқа да фрагменттері 1,1 м табылмады. Жоғарыда суреттелген тұтқа екі жағдайда да бірдей. Ыдыс дөрекі жапсырылған, қоймалжыңдау аздаған гранит құмы араласқан. Күйдіру техникасы осы топқа тән. Ыдыстың беті қара дақтары бар қызғылт түсті, ішкі жағы сары - сұр. Сынған жері қызғылт - қызғылт сары. Фестон түріндегі өрнек ұқыпсыз орындалған, жоғарыдан төмен қарай орналасқан. Қазандар және басқа ас дайындайтын ыдыстары орындау мұқияттылығымен ерекшеленбейді. Ежелгі қыш шеберлері өнерлерін нәзік, сәнді ыдыстарды, құмандарды, сауыттарды, тостағандарды және кубоктарды жасау кезінде көрсеткен.
Өрнектелген бұйымдар арасынан екі жасанды табылды. Гофриленген сүйек түйме 0,95 м тереңдікте табылды (22, 8-сурет). Оның ұзындығы 3,5 см, қимасында 8 мм. Екінші жасанды - 1,05 м тереңдікте жақсы жылтыратылған сүйек түтікше табылды. Оның ұзындығы - 2 см, қимасы - 0,5 см. (22-сурет). Екі қола жебе ұштары табылды (22, 9, 10-сурет), оның біреуі 1,05 м тереңдікте, орталық тіреу бағананың (менгир) түбінен үш қауырсынды, ұзын сайты (5,5 см). 1,9 м тереңдіктен табылған екіншісі жапырақ тәрізді, тікенегі бар ұңғымалы. Оның ұзындығы - 6 см. Бегазы 2 кесенесінен табылған жебе ұштары ерте скиф заманында еуразия даласында кең таралған жебе ұшының бастапқы пішінін көрсетеді.
2- кесенеде жерлеу салтының екі түрі байқалады: марқұмды көму және жағу. Қорымның солтүстік-шығыс бөлігінде адам сүйектері (жақ, кәрі жілік, жамбас және сан) шашылып жатты, сондықтан жерлеу салтын анықтау мүмкін болмады.
Ортада, бір метр тереңдікте қарашірік жер байқалды. Дақ сопақша келген, ұзындығы - 1,5 м, ені - 1,0 м. Мұнда ұсақталған жануар сүйектері және 4 ас дайындайтын керамиканың бөлшектері табылды. Бұл 1-кесенедегі үстелге ұқсас жер үстелі болған сияқты. Айырмашылығы, 1-кесенедегі жер үстелі батыс қабырғадағы алтарь ретінде болса, 2-кесенеде - жай ортасында, тіреу бағандарының өзегі бойынша орналасты, онда жерлеу мүкәммал және құрбандық тағам болды.
Тонаушылар байқамаған қола жебе ұштары да осы жерде болды. Солтүстік қабырғаның түбінде пісіп қалған қою қоймалжың түріндегі органикалық зат қалдығы байқалды. Шамасы, қою қоймалжың қабырғада ілініп тұрған киіз кілемдерінен қалған болар.
3- кесене 1948 ж. жазында Л.P. Кызласовтың қатысуымен зерттелді. Ескерткіш 2-ші тас кесененің батысына қарай орналасқан (23-сурет). Бұл бүйірлері торт жаққа бағдарланған шаршы ғимарат (24-сурет). Кесененің қабырғалары қабатталған, қырымен қазылып көмілген сұр граниттің ірі тақталарынан тұрғызылған. Тақтаның биіктігі - 1,4-1,7 м, ені - 0,4-1,08 м. Сыртқы тақталар ішке қарай еңкіш тұр, оларды ішінен төрт қырлы бағаналар тіреп тұрады. Ішкі жайдың (камера) қабырғалары бір метрге дейін ұнтаққа көмілген және қырымен қойылған ірі гранит тақталарымен қапталған. Қаптама қабырғаларының жапсарлары пішіні төрт қырлы тас тіреулермен бекітілген. Сыртқы және ішкі қабырғалардың арасындағы бос кеңістік қиыршық таспен толтырылған және саз құйылған. Сыртқы қабырғаның өлшемі - 6,0x6,0, ішкі - 3,8x3,8 м. Қабырға қалыңдығы 2,2 м. Шығыс жағынан ұзындығы - 2,5 м және ені - 1,5 м дәліз түрінде кесенеге кірер жер белгіленген. Дәліз батыстан шығысқа қарай бағытталған, қырымен қойылған ірі тақталардан жасалған. Дәліздің қабырғалары үшін биіктігі және қалыңдығы бірдей емес тақталар қолданылған. Кіре берістен шығыс жағына қарай тақтаның биіктігі және қалыңдығы біртіндеп азаяды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде кесененің тоналғаны анықталды. Қарашірік қабатынан кейін 0,25 метр тереңдікте қара бүйірі қалың керамиканың фрагменттері - өрнектелмеген саз балшық ыдыстарының бүйір бөліктері көріне бастайды. Керамика ұсақ тас пен шамот араласқан қой мал жыңнан жасалған, сыртқы беті сүр түсті, сынған жері - қара. Ортада, 0,6-0,8 м тереңдікте, сондай-ақ, батыс және солтүстік-шығыс қабырғалардан ересек адамның бас сүйегі мен сүйек бөлшектері табылды. Қорымның оңтүстік-батыс бұрышында, 0,8 м тереңдікте, үйілген жануарлар сүйектері, қойдың асықтары мен арқардың сақа асықтары, сондай-ақ, жылқының және сиырдың сүйектері табылды.
Алаңның ортасында 0,58-0,6 м тереңдікте, әсем геометриялық өрнегі бар бүйірі жұқа керамиканың бөлшектері табылды. Сондай-ақ, керамика фрагменттері 0,8 м тереңдікте, қорымның солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларынан табылды. Қорымның солтүстік-шығыс бөлігінде 0,58 м тереңдікте, керамиканың жанында ағаш көмірдің қалдығы табылды. Көмір бөлшектері Қазақстан ескерткіштерінде, әсіресе ерте скиф заманында кездеседі.
Кесененің оңтүстік қабырғасында, оңтүстік-шығыс бұрышына жақын, 0,55 метр тереңдікте жақсылап жылтыратылған домалақ тас «яда таш» - метеорит сынығы табылды, ежелгі көшпенділердің наным-сенімі бойынша оның сиқыршылық қасиеті болған.
Алаңның ортасында, 0,60 м тереңдікте кішкентай белбеуге ілу үшін саңылаулы қайрақ табылды. Мұнда жұмыртқа пішіндес қара моншақ, беті жылтыратылған, өрнектелмеген сүйек тізбек анықталды. Беғазылыққа ұқсас мусаттар Алексеев қонысынан, сондай-ақ, Жоғарғы Ертіс, Алтай және Жоғарғы Обь обаларынан табылды.
Барлық суреттелген заттар Қазақстан мен Оңтүстік Сібір территориясына, әсіресе көшпелі мал шаруашылығының пайда болып, қалыптаса бастаған кезеңде таралды.
3- кесенеде мөлдір тау хрусталі, малахит - минералдар бөліктері және көмірлер табылды. Мұндай құрылымда олар кейінгі қола мен ерте көшпенділер дәуіріндегі Қазақстан ескерткіштерінде жиі кездеседі. 3 кесенесінен табылған олжаларында Беғазы мен ерте көшпенділер мәдениеті үшін тән ортақ бітістері байқалады.
3-кесенеден табылған керамика ыдыстарын сипаттайық. Ол жерден бүтін ыдыстар және он немесе одан да коп саптар, соның ішіде ауыз жиектер, бүйір мен табандарының фрагменттері табылды. Олардың барлығы ұсақ тас, шамот және үгітілген гранит қосылған саздан жасалған. Жақсы күйдірілген, ыдыстардың көбісінде сыртқы беті қызғылт -қызғылт сары түсті, сынығы сары - сұр.
1- ші ыдыс (25,1- сурет) - түбі домалақ, шар тәрізді бүйірі бар жұқа құман. Ауыз жиегі тік, салыстырмалы түрде биік. Мойын иілімі анық көрінбейді. Мойынында оны бүйірінен бөліп туратын жеңіл білік бар. Ішінен батыру әдісімен қолмен қалыпқа құйылған, қоймалжыңда гранит құмының қоспасы бар. Сыртқы беті қызғылт - қызғылт сары түсті, сынған жері қызғылт - қызғылт сары түсті, жылтырату ізі байқалады. Үшкір ұштары төмен қараған өрнек ыдыстың мойынынан түбіне дейін көмкереді.
2- ші ыдыс (25,3 - сурет) - пішіні біріншіге ұқсас, түбі домалақ, биік, тік ауыз жиегі бар және мойыны аздап иілген. Гранит құмы қосылған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті қара дақтары бар қызғылт сары түсті, жылтырату ізі бар. Сынған жері сары -сұр түсті. Өрнек ұштары төмен қараған үшбұрыш түрінде тегіс таңбамен орындалған. Мойыны толқында сызықтармен көмкерілген.
3- ші ыдыстың (25,2-сурет) бітісі жоғарыда айтылғандарға ұқсас: түбі домалақ, ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Қоймалжың жұмсақ, ұсақ түйіршікті кварц құмы араласқан. Ыдыстың беті қара дақтары мен жылтырату ізі бар қызғылт сары түсті. Сынған жері қою - қызғылт сары түсті. Қиғаш кертік қатары түрінде өрнек және каннелюр ыдыстың ауыз жиегінен бастап иық деңгейіне дейінгі жоғарғы бөлігін толтырған. Ыдыстың баламасы бір де бір бізге белгілі қола дәуірінің ескерткіштерінде жоқ. Енисейдегі II Кюргенн (Эрмитаж КЛГ 2-М14/2) керамикасымен кейбір ұқсастықтар байқалады.
Біздің ойымызша, сипатталған ыдыстар қымыз бен сүт ішуге арналған.
4- кесене 1947 ж. жазында зерттелді. Кешеннің ортасында, 3-кесененің жанында және 2-кесенеден бірнеше метр оңтүстік-батысына қарай орналасқан. Тас кесектерінен жер үсті ғимараттарын салу қағидасы бойынша жоғарыда сипатталған Беғазы кесенелеріне ұқсас, тек көлемімен айрықшаланады.
Мола аздаған ауданды алып жатыр, жоспары шаршы пішінді. Оның екі қабатты қабырғалары (27-сурет) сұр граниттің тегіс тақталарынан тұрғызылған, олар қырымен қазылып көмілген. Сыртқы қабырғасы бір-біріне мықты біріктірілген 22 тақтадан турады. Жоғарғы жақтағы елеулі бөлігі бұзылған. Тақталардың өлшемі - 0,8x0,4x0,14 м -1,2x0,9x0,14 м аралығында түрленіп отырады.
Сыртқы қабырғаның өлшемі - 6,0x6,0 м, ішкі - 3,8x3,8 м, ауданы -14 м2. Жерлеу камераның тереңдігі -1,2 м шұңқырда орналасқан. Шұңқыр тігінен орнатылған жайпақ гранит тақталарымен қапталған. Жиектерінің құлап түсуінің алдын алу үшін, шұңқырлар кесек тастармен бекітілген немесе онымен сыртқы мен ішкі қабырлар арасындағы бос кеңістік толтырылған. (1,12 м). Сыртқы және ішкі қабырғалар дөрекі өңделген тас тіреулермен бекітілген. Олардың пішіні қимасында тік бұрыш немесе куб бітісі бар торт қырлы блок. Қабірдің шығыс жағында кішкентай дәліз немесе дәліз түріндегі кіре беріс бар. Оның ұзындығы - 3,8 м, ені - 1,7 м.
Қазба жұмыстары кезінде 4-кесененің тоналғаны анықталды. Ұсақталған адам сүйектері бүкіл қорым ауданында және әр тереңдікте шашылып жатты. Үш ыдыстың ірі бөлшектері табылды.
Қорымның оңтүстік-шығыс қабырғасында, 0,75 м тереңдікте үлкен қыш құмыра табылды, онда қой сүйектері: құйымшақ, мойын омыртқасы және білек сүйектері табылды, олардың Орталық Азиядағы малшылар өмірінде маңызы үлкен болған.
Қой сүйектері бар 1-ші ыдыс (26,2-сурет) бүйірлері шығыңқы, түбі жайдақ, ауыз жиегі сыртқа қайырылған және анық иілген қысқа мойыны бар үлкен құман пішініне ұқсас болды. Жапсыру техникасы дөрекі, ыдыс желденген құм араласқан қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Ішкі қабырғаларынан матаның ізі байқалады, ол ыдыстың құмы бар қаптың көмегімен қалыпқа құйылғанын дәлелдейді. Сыртқы бетінде тегістеу ізі байқалады. Бір қалыпсыз күйдірілген. Ыдыстың жоғарғы жағында ауыз жиегі, мойыны және бүйірлері бойынша үш жолақпен жүрген жарты ай түріндегі тырнақты суретпен өрнектелген. Мойны бойынша сурет екі қатар қиғаштанып келеді. Өрнегі бойынша осы ыдысқа ұқсас - Дәндібайдағы 10-шы ыдыс.
2- ші ыдыс (25,4- сурет) салыстырмалы жақсы сақталған, ауыз жиегі тік және түбі дөңес тостаған пішінді. Ол гранит құмы мен ұсақталған кварц араласқан қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Жақсы күйдірілген. Бұл мәліметтер, ыдыстың сұйықтық құюға арналғанын көрсетеді. Ыдыстың ауыз жиегінен бастап түбіне дейін тарақты таңбамен орындалған суретке толы: толқынды сызықтар мен үлкен үшбұрыштардың үйлесімі.
3- ші ыдыс құм мен үгілген кварц араласқан қой мал жыңнан дайындалған (30,1-сурет). Жартылай күйдірілген, сынған жері қара түсті. Түбі жайдақ, ауыз жиегі жапсырылған және сыртқа қайырылған табақ тәрізді пішіні бар ыдыс. Ыдыстың жоғарғы жағы сызықталған үшбұрыштармен өрнекпен көмкерілген. Өрнек тегіс таңбамен түсірілген. Білік бойынша X белгісі тәрізді кертіктермен орындалған басқа өрнектің қатары өтеді. Үшінші өрнек - ауыз жиегінің жоғарғы жағындағы жапсырылған білік. Ыдыстың нұсқалары Шығыс Қазақстан ескерткіштерінен, Трушников, Усть - Нарым және Кіші Красноярка қоныстарын қазу кезінде табылған.
4- ші ыдыстың бөлшегі камераның солтүстік-шығыс бұрышынан, 0,7 м тереңдікте табылды. Бұл ауыз жиегі тік, түбі домалақ және бүйірі шар тәрізді бүйірі қалың құман. Мойын иілімі анық көрінеді, ол біртіндеп денесіне ауысады. Ыдыс ұсақ түйіршікті құм, үгітілген гранит пен кварц араласқан қой мал жыңнан дайындалған. Бетінде жылтырату ізі сақталған. Ыдыстың жоғарғы жағын сызықталған лента мен кертік түрінде тарақты таңбамен орындалған өрнек көмкерген.
5- кесене. Кешеннің ортасында, 4-ші кесенеден оңтүстікке қарай 16 м жерде орналасқан. Гранит тақталарынан құралған, көлемі орташа моланы көрсетеді (28-сурет).
Жоспары шаршы осы ғимараттың қабырғалары бір метр тереңдікке қазаншұңқырға шомған (29-сурет). Қазаншұңқырдан жоғары саз балшықтағы кесек тастардан көлденең қалама өтеді. Оның биіктігі - 0,5 м, қалыңдығы -1,15 м. Тастар арасындағы қуыстар ұсақ тастармен толтырылған. Бітісі тік бұрыш тақталардан тұрғызылған сыртқы қабырға қаламасы ерекше айқындылығымен ерекшеленеді.
Мола ауданы ішкі өлшемі бойынша -16 м2 (4x4 м), сырты - 36 м. (6x6 м).
Кесененің шығыс жағынан ұзындығы - 2,8 м, ені - 1,5 м тамбурға ұқсас кіре беріс бар. Кіре беріс жерге қазылып көмілген гранит тақталарынан жасалған.
Қалама сыртындағы қаптама тақталар орнында сақталмаған. Ішкі қаптаманың тақталары жақсы сақталған, соның арқасында кесене бұзылмаған. Батыс және шығыс 178 қабырғаларының бойында ұш ірі тақта, солтүстік бойымен - төрт, оңтүстікте - бес тақта орналасқан.
Бүкіл ішкі қабырғаның бойында және қаптама тақталарының жапсарларында тігінен орнатылған төрт қырлы блок түріндегі көптеген тас тіреулер қабырғалардың мықтылығын нығайтты. Неғұрлым ірі блоктың өлшемі 1,07x0,22x0,24 м. Дәл осындай тіреулер жайды екі бөлікке бөлетін тас тақталарынан тұрғызылған қалқаның екі жағында орналасты. Бір бөліктен екінші бөлікке өтетін өтпесі қалқаның батыс соңында түр. Оңтүстік бөліктің ауданы - 7,2 м2 (4x1,8 м), солтүстік жағы - 5,6 м2 (4x1.4 м). Қалқаның солтүстік қабырғасы бойымен керамикалық ыдыстар мен басқа бұйымдар үшін гранит тақталарынан жасалған сөре орналасқан. Ол алтарь маңызына ие.
Камераның оңтүстік бөлігінде, әр тереңдікте адам қаңқасының бөлшектері, ал солтүстікте - марқұмға тиісті болған заттар және азық-түлік табылды, ежелгі адамдардың сенімі бойынша булар о дүниеде керек заттар.
Адамның аяқ сүйектері - сирақ пен сан жілігі 0,7 м тереңдікте,оңтүстік – шығыс бұрышынан табылды. Солтүстік - батыс бұрышында 0,45 м тереңдікте қой сүйектерінің үйіндісі, соның ішінде бас сүйегінің сынықтары, тістері, мойын омыртқалары, білек сүйектері, астрагалдар - ежелгі Қазақстан, Оңтүстік Сібір және Монгол мал өсірушілердің өмірінде әдет-ғұрыптық маңызы болған. Ең қызықтысы солтүстік жайдың солтүстік-шығыс бұрышынан, 0,75 м тереңдікте бірталай түйе сүйектері (сирақ, қабырға, бақайшық) табылуы. Түйе сүйектерінің жанында жылқы сүйектері (жауырын, білек, қабырға) болды. Бұл беғазы заманы кезінде-ақ, қой, түйе және жылқы құрбандыққа шалынғанын дәлелдейді.
Кесене ортасы ірі гранит тақталарына толы, олардан ғимарат қалқасы жасалды. Кесененің оңтүстік бөлігіндегі жабын тақталарының өлшемі - 2,25x0,45x0,14 м, 1,9x0,24x0,10 м, солтүстік бөлігі - 1,9x0,38x0,18 м.
Кесенеден кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениетін сипаттайтын көптеген қызықты олжалар табылды.
Камераның оңтүстік-батыс бұрышынан ортасында нүктесі бар сегіз шеңберден құралған ойма өрнегімен әшекейленген ұшы сынған сүйекті түтікше (ине қап) табылды (22,3-сурет). Ойма бүкіл бетіне түсірілген. Ойма шеңберінің диаметрі - 8 мм, түтікшенің ұзындығы - 4,3 см. Бұл шағын зат Еуразиядағы көшпенді малшылар өнерінде соңғы жылдары кең таралған сүйектен ойып жасалған бұйымдардың түпнұсқасы болып табылады. Мұнда, өте үшкір жұмыс ұшы бар жақсы сақталған үлкен қола ине табылды (22,2 - сурет). Оның ұзындығы - 16 см, құлақша ұзындығы - 12 мм, қимасындағы қалыңдығы - 3 мм. Осы кішкене металл аспабын ойлап табу қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларының шаруашылық тұрмысында маңызы зор болды. Буған дейін адамдар тас және сүйек инелерді пайдаланды. Беғазы инесі - Қазақстанның территориясында табылған алғашқы инелердің бірі. Ұқсас инелер Айшырақтан48, Ақмоладан, Бұғылыдан III, Бурабайдан, көне Сәмембет кен шығару орнынан (Г.Н. Шерб жинағы), Садчиков қонысынан, Семей құм төбелерінен, Алтайдан, Жоғарғы Обадан, сондай-ақ, Саратов облысындағы Степная Повольжья ауданынан табылды.
Ең ежелгі мыс ине Ақмола55 моласынан табылды. Беғазы заманында стандартты темір инелері қолданыста болған. Үлкен темір ине Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сәмембет кенішінен табылды.
Металды көркемдік өңдеу жағынан алып қарасақ, бас жағы диск пішінді және өзек маңындағы диск шетінде саңылауы бар түйреуіштің сирек данасы аса қызығушылық тудырады (22,1-сурет). Ол батыс қабырғадағы шұңқырдан, 0,78 м тереңдіктен табылды. Түйреуіштің ұзындығы - 12 см, домаланған бас жағының диаметрі - 3,3 см. Бұйымның сыртқы беті керамикалық және қола бұйымдарын жасағанда қола дәуірінде кең қолданылған тотыққан темірден (гематит) алынған қызыл түспен боялған.
Беғазы түйреуішіне баламаны біз Солтүстік - Шығыс Кавказ ескерткіштерінен табамыз. Бегазы және солтүстік - Кавказ түйреуіштерінің пішіні ұқсас, бірақ Кавказда кездесетін түйреуіштердің көлемі кішірек- Беғазыға ұқсас бас жағы диск тәрізді үлкен түйреуіштердің Кавказдағы тамыры терең емес. Олар, көбінесе, Солтүстік - Шығыс Кавказ тауларында кездеседі, ол жерге олар скиф заманында тайпалар шығыстан батысқа қарай өтуі кезінде түсіп қалуы мүмкін.
Солтүстік қорымның солтүстік-шығыс қабырғаларының түбінде, 0,8 м тереңдікте, пішіні үшбұрыш қола қаптырма және керамика ыдысы табылды. Олардың негізгі бөлігі тас сөреде тұрды. Ыдыстар төбе жабындысының құлауы салдарынан сынған. Сөреде тоғыз ыдыстың бөлшектері табылды, оның алтау өрнектелген және үшеуі өрнектелмеген. Осы ыдыстардың сынықтары еденде, 0,75 м тереңдікте табылды.
1-ші ыдыс бүйірі шар тәрізді және түбі жайдақ, бүйірі қалың құман пішінді (30,2-сурет). Ауыз жиегі биік, тік, біраз сыртқа қайырылған, білік арқылы иығынан бөлектенген мойнына ұласады. Ұсақ тас себілген жақсы араласқан қой мал жыңнан жапсырылған. Жақсы күйдірілген, сынған жері қызыл түсті. Сыртқы беті жылтырату ізі бар, сары -қызғылт сары түсті. Ішкі бетінде тегістеу ізі сақталған. Ыдыстың сұлбасы анық. Оның жоғарғы жағы қысу және батыру техникасымен орындалған кілем өрнегіне толы. Сюжет негізін ұштары төмен қараған, үшбұрышты фестондардан құралған өрнек кескіні. Жалпы композицияда сурет пен тегіс фонының қарама-қарсылығы назар аудартады. Үшбұрыштардың ұштары және тегіс фон дөңгелектер түріндегі «көзше» өрнегі әшекейленген. Үшбұрышты фестондар өрісі жарты шеңбер батырмаларының 15 қатарымен толтырылды, оның ішінде ең ұзыны - үшбұрыштардың негізінде. Фестондар жағы сызықтармен көмкерілген. Пішіні және өрнегі бойынша ыдыс сол кесенедегі 2-ші ыдысқа ұқсас. Буйымның екеуі де күмәнсіз, бір шебермен жасалған.
Ыдыстың баламасы Айбас - Дарасы мен Жоғарғы Объ59 керамикасында, Енисейдегі қарасу ескерткіштерінде (I, II Кюргенн)60 кездеседі.
Орталық Қазақстанның керамикасы мен материалдық мәдениетінің басқа бұйымдарын Алтайдағы және Жоғарғы Обадағы олжалармен салыстырып саралау нәтижесінде, Минусин даласындағы мәдениет заттарын салыстырғанда олардың етене жақындығы байқалады.
Бүйірі шар тәрізді және түбі жайдақ жапырайған күйде құрбандық сөреден 3-ші ыдыс (30,4-сурет). Бөлшектердің жартысы 0,75 м тереңдікте, құрбандық сөре қабырғасының түбінде болды. Ыдыстың ауыз жиегі тік, биік, мойыны анық емес, білігі бар. Кварц құмы араласқан саздан батыру әдісімен қалыпқа құйылған. Күйдіру сапасы орташадан жоғары. Беті қызғылт, кей жерлерінде сұр дақтары бар. Сынған жері сары - қызғылт қабаттама бар сүр түсті. Бүйірі ұштары төмен қараған үшбұрыш пішіндер суретімен жабылған. Үшбұрыштардың өрісі тұтастай батырылып жасалған жарты шеңбермен толтырылған. Үшбұрышты фестондардың қырлары жұқа ойма сызықпен жүргізілген. Үшбұрышты фигуралардың ұштарында қою қоңыр минералды бояумен (пирит) боялған бұршақ түріндегі шеңберлер бар.
Дәл осы кесенеден басқа бүйірі жұқа ыдыстың фрагменті табылды, ол да шеңбер мен ленталардан тұрады. Ыдыстардың біркелкілігі және орындалған ұқыптылығы барлық үш ыдыс бір шебермен жасалғанын көрсетеді. Баламалары кейінгі қола дәуіріндегі Айбас -Дарасы, Дәндібай және Саңғыру I ескерткіштерінде ғана кездеседі. Ыдыстарды өрнектеу үшін минералды бояуларды қолдану қола дәуірінің басқа ескерткіштерінде байқалмаған. Бұл суреттеген ескерткіштің ерекшелігін құрайды.
4- ші ыдыс түбі дөңес және мойыны иілген қазан пішінді (31,4-сурет). Оның фрагменті 0,75 тереңдікте, құрбандық сөресі қабырғасының түбінен табылды. Ас дайындайтын ыдыстардың маңызы туралы көлемі үлкен және орындаудағы немқұрайдылық көрінетін ыдыс пішіні дәлелдейді. Ұсақ тас араласқан саздан қалыпқа құйылған. Беті сарғыш -қызыл, кей жерлерінде қара дақтары бар, сынған жері сұр түсті. Ішкі жақта шөппен тегістеу ізі бар. Ауыз жиегінің пішіні анықсыз, майысқан мойыны бүйіріне ауысады. Тырнақ ізімен салынған өрнек ыдыстың төменгі жағын ауызынан иығына дейін аралықты көмкерген.
5- ші ыдыс тас сөреде турды. Бұл мойны майысқан, иықтары үшкір және түбі жайдақ, өрнектелмеген қыш құмыра (31,3-сурет). Ыдыс шамот қосылған саздан қалыпқа құйылған, күйдірілгені біркелкі емес. Беті сарғыш - қызыл түсті. Тегістеу ізі байқалмады.
Иықтары үшкір ыдыстар қола дәуірінің соңына (б.з.д.ІХ- VIII ғ.ғ.) ерте сақ мәдениетіне ауысу кезеңіне тән. Осы үлгідегі ыдыстар Айдарлы, Бегазы 6-шы тақталы қорымнан, сондай-ақ, Тағыбай - бұлақ қонысынан табылды. Оюдың болмауы осы ыдыстардың ерекшелігін құрайды.
6-кесене кешеннің оңтүстік-батыс ұшында, Қаратал ө. Жайылма алқап (Беғазы - бұлақ) террасасында, оның оң жағасынан 150 м. солтүстікке қарай орналасқан (32-сурет). Құрылымы бойынша ғимарат суреттелген Бегазы ескерткіштеріне ұқсас және кіші тас кесенелер түріне жатады (33- сурет).
Керамикасы мен негізгі топтан тысқары орналасуына қарағанда бұл, шамасы, ең кейінгісі. Жоспары: өзектерімен төрт жаққа бағдарланған шаршы ғимарат (34-сурет).
Тас қабырғалары 0,4-0,5 м жер үстіне шығып тұрады, сондықтан моланың кескіні анық көрінеді. Оның түбі қазаншұңқырға 0,6-0,7 м көмілген. Қазаншұңқырдың қабырғалары қырымен қазылып көмілген гранит тақталарынан турады. Сыртқы қабырғаны үш тік тұрған гранит тақта қурайды, олардың өлшемі - 2,0x0,97x0,12 м, 1,8x0,5x0,2 м, 1,2x0,95x0,12 м. Тақталары біраз жонып тегістелген. Сыртқы өлшем бойынша ғимараттың көлемі - 4x4 м, ішкі жағы - 2,2x2,2 м. Кіре беріс ұзындығы - 1,8 м және ені - 0,75 м үшбұрышты дәліз ретінде жасалған. Қабырғалары арасындағы қуыс қалыңдығы бір метр болатын тас сынықтарымен толтырылған. Қазба арқылы қабырға бойымен өтетін галерея анықталды. Дегенмен, бұл галерея емес, мұнда қалыңдығы бір метр мықты қабырға болған. 1, 2, 5 кесенелердегі сияқты жер үсті қалама ізі байқалмады. 6 кесененің ішкі және сыртқы қабырғалары, әсіресе, тақталардың түйіскен бұрыштарында жерге қазылып көмілген тас тіреуіштер тұр, ал сырттағысы өте мықты.
Мола ертеде - ақ тоналған. Қорым ортасы бірнеше рет қазылған, ол тас қоқысына толы. Ортаны тазарту кезінде материалдық мәдениет ізі байқалмады. Жерлеу камерасының батыс қабырғасында, әр тереңдікте адамның бас сүйегінің сынықтары және ұсақталған жамбас және жілік сүйектері табылды. Аяқ-қолдарының саусақтары 0,35 м тереңдікте, ауданның солтүстік-батыс бұрышынан табылды. Шамасы, адам бүгілген күйде, басы батысқа қаратылған. Моланың жабыны болған үлкен гранит тақталар орындарынан қозғалтылған. Кесенеден үш бүтін және екі ыдыстың фрагменттері табылды.
1 - ші ыдыс (31,2-сурет) жақсы сақталған, 0,3 м тереңдікте, моланың батыс қабырғасынан табылды. Ыдыстың мойыны қысқа, тік, иықтары үшкір, қабырғасы біртіндеп жайдақ түбіне ауысады. Ұсақ түйіршікті тас қосылған саздан қалыпқа құйылған. Күйіктің сапасы өте жоғары, сынған жері қызыл түсті. Ішкі бетінде тегістеу ізі байқалады. Ыдыс өрнектелмеген, қабырғаласы тегіс. Пішіні бойынша Беғазы 3, 4 және 5, сондай-ақ, Атасу о. Айдарлы кешендеріндегі тас кесенелеріндегі қабырғасы тегіс ыдыстарға ұқсас. Өрнек болмағанда, қызыл түс берік ыдыстың тұрпатын береді. Өрнектелмеген, түсі ұқсас ыдыстар Беғазы, Айдарлы, Саңғыру, II Бұғылы кешендерінде кездесті.
2- ші ыдыс қорымның оңтүстік-батыс бұрышынан, 0,35 м тереңдіктен табылды (31,1-сурет). Ұсақ тас пен аздап кварц құмы араласқан қызыл саздың томарынан іш жақтан батыру әдісімен жасалған. Орташа күйдірілген, сынған жері екі түсті: сұр және қызыл. Ішкі беті қара - сұр, сырты – кірпішті - қызыл, кей жерлерінде қара дақтары бар. Ішкі бетте тегістеу ізі сақталған. Ыдыс пішіні мойыны анық, ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған және бүйірлері дөңес, түбі жайдақ, қабырғасы тегіс қыш құмыра. Осы серияға тән ыдыс түрлері Атасу о. Айдарлы және кейінгі қола дәуіріне тиісті II Бұғылы топтарында кездеседі.
3- ші ыдыс қорымның сол оңтүстік-батыс бұрышында, 0,35 м тереңдікте, тас жәшіктің бұрыш түйісіндегі екі тас тіреуіштерінің арасынан табылды. Бұл орын құпия орын ретінде болды, сондықтан керамикалық ыдыстар жақсы сақталған. Ыдыс біраз ұсақ тас қосылған, жақсы араластырылған қой мал жыңнан қолмен жапсырылған. Орташа күйген, сынған жері қара түсті. Ішкі беті қара - сұр, сырты – сарғыш - қоңыр түсті.
4- ші ыдыстың пішіні бүйірлері дөңес, түбі жайдақ, ауыз жиегі тік, жоғарыға қарай біраз жалпайған үлкен қыш құмыра (30,3-сурет). Әлсіз көрінетін мойыны иіліп барып бүйіріне ауысады. Тарақты таңбаның баспа - таңбасымен түсірілген ромб тізбегі түріндегі өрнек ыдыстың мойыны мен иық тусын көмкереді. Қыш құмыра баламасы Дәндібай, II Бұғылы, I Саңғыру және Беласар топтарында кездеседі.
Беғазы тас кесенелері кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан ескерткіштерінің ерекше тобын қурайды. Бірқатар белгілері бойынша олардың II Ақсу-Аюлы, II Ортау, III Бұғылы, I Саңғыру, Ақ қойтас, Қызыл - Арай ауыспалы кезең ескерткіштерімен ұқсастықтары көп. Бұл ұқсастық тасты көлденең қалау арқылы орындалған қабірдің қабырғаларының жоспары мен кұрылымын ұйымдастырудан байқалады. Қола дәуірінің өткен кезеңдегі ғимараттармен генетикалық байланысты сақтай отырып, Беғазы ескерткіштері Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуірі ғимараттарына тән өзінің сәулет - құрылымдық нақыштарымен айрықшаланады.
Барлық Беғазы ғимараттарының жалпы ерекшелігін құрылыс құрылымдарының негізгі идеяларының, ең алдымен, кейін оларды орасан зор алып тақталарымен қаптаумен және кесек тастың төменгі жағын бекітумен, тас тақталарын көлденең қалау әдісімен тұрғызылған қабырғалар құрылымы, шатыр жабыны және т.б. идеялары нақты іске асқандығы қурайды. Ғимараттың ішкі қабырғалары үнемі айтарлықтай төменде турады және ірі гранит тақталарымен қоршалады. Жер үсті қабырғалар алып гранит кесектерімен қапталған (1,2-кесенелер). Басқа ерекшеліктерінен тік тіреу бағаналары мен тік тұрған қаптама тақталарының жапсарлары бекітілетін, көбінесе жақсы жонылып тегістелген төрт қырлы тас колонна түріндегі ұзын көмекші айтқан жөн. Орналасуы бойынша олар көбінесе қола дәуіріндегі қаңқа арқылы жасалған үй - жайлардағы тірейтін ағаш бағандарын еске салады. Ішкі және сыртқы қабырғалардың тас қаптама қабырғалардың мықтылығын жоғарылатты. Қабырғалардың тұрақтылығын және мықтылығын сақтау үшін тастардан көлденең қалау әдісімен орындалған контрфорстың қарапайым үлгісі.
Үлкен кесенелердегі дәліздің деңгейі ішкі камера еденінің деңгейінен биік орналасады. Тақталардың немесе дәліздің қалама қабырғасының биіктігі кесененің кіре берісіне жақындай келе жоғарылай түседі. Бұл Беғазыдағы 186 барлық тас молаларына тән сипат. Кесененің кіре берісінде әдеттегідей екі ірі тақта орнатылған.
Бегазы құрылыстары - тапқа дейінгі қоғамдағы адам іс-әрекетінің өнімі. Олар алғашқы -қауымдық еңбек түрі шартында ру ұжымының күшімен тұрғызылған. Орасан зор тас кесектерін қозғап, орнату кезінде қолданылған техникалық әдістер құрылыс өнерінің тамаша деңгейін көрсетеді. Жұмыстар иін тірек, каток және бөренелер арқылы жүргізілгенін сеніммен айтуға болады, ал орасан зор тас кесектерін тасымалдау қыс кезінде жүзеге асқан.
Осы бірегей ескерткіштердің, ежелгі кезеңнің материалдық тарихының және сәулет тарихының жалпы тарих үшін маңызын бағалау мүмкін емес.
БҰҒЫЛЫ III КЕСЕНЕСІ
Бұғылы тауы Шерубай-Нұра о. сол жағасында, Қарағанды қ. 80 шақырым оңтүстікке қарай, Успенка кенішінен 60 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Көптеген ескерткіштердің жиынтығы осы жерлерде халықтың коп болғанын дәлелдейді. Таулы жайылымдар мен су көздерінің көптігі, керемет ландшафт, кеніш орындарының көптігі ерте дәуірлерден бастап адамдарды өзіне тартты.
Жан-жағынан Бұғылы тауларымен қоршалған Шопа о. аңғарының тарихи -топографиялық аясы бедерлі көрініп тұрады, мұнда әр замандағы ескерткіштердің ірі кешені шоғырланған. Олардың арасында кейінгі қола дәуірінің немесе беғазы - дәндібай заманының ескерткіштері басым.
1955-1956 жж. М.К. Қадырбаевтың қатысуымен зерттелген Бұғылы III ескерткіш Бұғылы I қола дәуірі қонысынан шығысқа қарай жазық төбешікте орналасқан тас қабірді құрайды. Ескерткіш маңызы анықталмаған ерекше шұңқырлар тобының оңтүстік ұшында орналасқан. Шұңқырлар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік - батысқа қарай созылған (35-сурет).
Шұңқырлардың диаметрі - 2 м - ден 25 м - ге дейін. Барлығы топта 22 шұңқыр, оның үшеуінде сирек тас түрі бар. Бір шұңқырдың қазбасы бұл жерде отқа табыну әдет-ғұрып жасалатын, діни орын болғанын көрсетті. Отқа табынудың ізі сол қабір ішіндегі бір шұңқырды қазу кезінде табылды. Бұл шұңқырлар - от жағып, салттық би мен әр түрлі көріністер қойылатын, ежелгі алтарь қалдығы, құрбандық шалу орыны болуы әбден мүмкін.
Бұғылы III қазылмай тұрып, батыс жағында екі үлкен менгир шығып тұрған үлкен жер оба болды (36-сурет). Оның биіктігі шамамен - 4 м, диаметрі - 28 м. оба үймесінің астынан кейінгі қола дәуіріндегі ең ірі мегалиттің бірі болған ғимарат табылды.
Ғимараттың композициялық айқындылығы және оның үлкен көлемі бұның тайпа көсемінің қабірі деп қорытындылауға негіз болады.
Мола баяғыда-ақ тоналған. Тонаушылар оған жабын жағынан кірген. Адамның қаңқасы, керамика фрагменттері, қой және жылқы сүйектері әр тереңдікте табылды. Дегенмен, монументтің сақталуы қанағаттанарлық.
Өзінің өлшемі, жоспары және құрылыс құрылымы бойынша бұғылы тас моласының беғазы кесенелерімен ұқсастығы көп. Композициясы бойынша бұл - бүйір қырларының өлшемі -15x15 м шаршы (38-сурет), ғимараттың жалпы ауданы - 225 м. Бұғылы III 1 мен 2 - Беғазы кесенелеріндегі сияқты қабырғалары қабатты, бір айырмашылығы сыртқы шаршының ауданы ішкі ауданнан әжептәуір үлкен. Қабырғалардың арасындағы кең қуыс айналып өту дәліз және құрбандық шалу орны болған (39-сурет).
Бұғылы III сыртқы қабырғасы сазды ерітіндісінде көлденең қалау әдісімен тас тақтадан қаланған. Қабырға қалыңдығы - 1,5 м (40-сурет). Қалау үшін ұзындығы - 40- 70 см, қалыңдығы - 18-22 см. пішіні тік бұрыш тақталар қолданылды. Қалау әдісі Ақсу-Аюлы II, Ортау мен 2- Беғазы қабірлері құрылымында қолданылған әдіс. Қабырға қалау кезінде, ежелгі құрылысшылар жапсарларды қосу үшін қуыстарды қиыршық таспен және сазды ерітіндісімен толтырған. Бұғылы құрылымында қалау тоғыз қатар орналасады, әр қатарда тастың қалыңдығы орташа 20 см. Сыртқы және ішкі өлшемдері дәл келмейді (сәйкесінше 1,8 және 2,1 м). Бұл, ішкі қалаудың 0,3 м тереңдікте, қазаншұңқырдың түбінен басталуына байланысты, ал сыртқы қалама оның жиегінен басталатын.
Беғазы құрылымында қабырғаны қаптау болған жоқ, бірақ мола қабырғасының бойында шұңқырлар байқалады. Оңтүстік-батыс бұрышында қырымен қазылып көмілген тек екі үлкен тақта тұр. Тұтастай қаптау тек кей жағдайда орындалғаны байқалды. Көбінесе қабырғаны бөліктері ғана, және міндетті түрде бұрыш бөліктері қапталды. Бұрыштарды қаптау бұзылу қаупі бар учаскелерді сақтап қалу қамымен жасалған.
Ішкі құрылым (39-сурет) өзінің композициясында бүйір жақтары 4,1x4,1 м, жалпы ауданы 17 м2 анық шаршы. Қорымның ішкі және сыртқы қабырғалары төрт жаққа бағдарланған. Ішкі құрылым - қырымен қойылған, гранит тақталарынан құралған, үлкен тас жәшік немесе сағана түріндегі қабір. Оның қабырғасын қурайтын тақталар жақсы өңделген, биіктіктері бірдей, бірақ ендері басқа. Қабірдің батыс, шығыс және оңтүстік жақтары үш ірі тақталармен қапталған, олардың өлшемдері - 2,18x0,7x0,18 м-2,20x1,5x0,18 м аралықта. Солтүстік қабырғада тақталары тік қойылған тас тақталардан туратын қалама байқалады, қабірге кіре берісте тіреу бағандары тур. Оның солтүстік - шығыс бұрышынан сыртқы қабырғаның солтүстік - шығысына қарай ұзындығы - 3,3 м дәліз өтеді, оның орташа ені 8,8 м, тас қаламының биіктігі - 1,72 м. Дәліз қабырғасының биіктігі - 0,7 м, қырымен қазылып көмілген тақталар. Жоғары қарай көлденең «қадасы» бар «қасықты» қалау қатары өтеді. Тақталар арасындағы қуыс қиыршық таспен және сазбен толтырылған (40-сурет). Дәліз едені жайпақ тақталармен төселген, онда от жағылып, отқа табыну рәсімі өткен.
Қабірге кіре беріс ұзындықтары (2,5х0,68х1,15м) кіре беріс биіктігін қураған, қырынан орнатылған, екі тік бұрышты гранит тақталары байқалады. Қабірдің кіре берісі алдында бағаналарға және бүйір қабырғаларына сүйенген екі метрлік гранит тақталарынан құралған маңдайша (42- сурет). Қабір кіре берісі өлшемі - 1,7x1,15x0,16 м ірі тік бұрышты тақталармен жабылған. Пирамидалық жабын салмағы мықты бүйір қабырғаларына және ғимараттың ортасында тұрған гранитті тіреу бағандарына түседі. Бір тіреу бағанының көлемі - 1,65x0,28x0,17 м.
Айналып өту дәліздері Беғазы заманындағы ғимараттардың құрамды бөлігі болып табылады. Беғазыдан айырмашылығы, Бұғылы III кесенесінің дәлізі сыртқы және ішкі қабырғалардың арасымен өтеді.
Бұғылы III кесенесінде пирамидалы - сатылы жабынның сақталғаны тамаша. Аудан толық тазартылған соң, кесененің ішкі қабырғаларын жабу бұрыштан ортаға қарай жүзеге асатыны анықталды (43-сурет). Ежелгі құрылысшылар тас жабынның салмағын шеберлікпен үлестіре алды. Әдетте, торт алып гранит тақталар, ғимараттың бұрыштарына қойылды. Бұл тақталардың жүктемесі бір жағынан, бұрыш тіреулеріне түсті, екінші жағынан - бұрыштар арасында диагональды орналасқан ортадағы гранитті тіреу бағандарына түсті. Жоғарғы жабын тақталары төменгі қатысты биіктеген сайын азая түсетін кертпеш қурады. Ең жоғарғы тақтаның бітісі жарты шеңбер. Мұндай құрылым соңында кесілген конус пішінін құрады. Жабындағы барлық сатылар - 9, үш-үштен төменгі, орта және жоғарғы. Бұл сатылар олшемдері-2,12x0,81x0,16 м; 1,96x0,92x0,17; 1,32x1,13x0,27 м; 1,19x0,87x0,16 м; 0,8x0,4x0,21 м39 өңделген тақтадан тұрады. Барлық жабын тақталары және бүйір қабырғалары саз ерітіндісімен бекітілген.
Егер ішкі қабырғалардың биіктігі - 1,8 м, онда конус тәрізді ұшымен қоса есептегенде кесененің жалпы биіктігі - 3,7 м. Мұнда, біз кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда табылған «жалған» күмбез идеясы жүзеге асқан құрылымды көреміз.
Ұзындығы - 5 м, ені - 2,5 м дәліздің оңтүстік - шығыс қабырғасының тас қаламасы бұғылы ғимаратында құпия болып табылады. Тақталармен қоршалған ұқсас қалама беғазы 2 кесенесінде де бар. Мұндай қалама, шамасы, алтарь немесе отқа табыну рәсімін жасау кезінде құрметті орын.
Отқа табыну және құрбандық шалу салтының ізі барлық жерден байқалады. Дәліздің батыс және солтүстік қабырғаларының түбінде қалыңдағы 15-20 см. күлдің дақтары көп. Отқа табынатын басты орын қабір кіре берісі болды. Дәліздің едені тұтастай ағаш көмірінің жинағы түріндегі от ізі бар қалыңдығы 15-20 см. күл қабатымен жабылған. Ең үлкен от тікелей қабірдің кіре берісінде орналасқан: керамика сынықтары, қой, жылқы және басқа жануарлардың сүйектерімен бірге күлдің қалыңдығы 25-30 см - ге дейін жеткен. Қабір кіре берісіндегі дәліз марқұмның туған - туысқандары осы жерде отқа табыну және құрбандық шалу рәсімдерін өткізетін басты орын болды деген қорытынды жасауға болады. Қауым мүшелері бұл салтты кесене қабырғасындағы ашық аулада жасаған.
Моладан адам сүйектері табылды. Сыртқы қабырғалардың бойында жабыны бар үш тас жәшік табылды - бұл балаларды жерлеу орны. Олардың бірі 1,3 м тереңдікте, солтүстік қабырғада тур. Жәшік шаршы пішінді, оның бүйір жақтары - 0,8x0,8 м, биіктігі - 0,4 м (44 сурет). Көлемі сондай қалған екі жәшік оңтүстік сыртқы қабырғадан табылды. Жәшіктер бір-біріне тұтасып кеткен. Зерттеу нәтижесі олардың бұзылғанын көрсетті, ол жерден ешқандай олжа табылмады.
Ғимараттың шаршы пішіні, соның ішінде балалар жәшігі, жерлеу ғимараттары пішінінің өзгеруін дәлелдейді. Классикалық андронов ескерткіштеріне кіші көлемді жерлеу ғимараттары тән, және жәшіктер әрдайым тік бұрыш немесе трапеция пішінді.
Материалдық мәдениет олжалары өте аз: саз балшық ыдыстарының және қола инелердің бірнеше фрагменттері (45-сурет). Екі саз балшық ыдысты қалпына келтіре алдық (46-сурет).
Құрбандық қалдықтары бар 1-ші ыдыс моланың кіре берісінде бүйір тіреуі болған тігінен қойылған тақтаның түбінен табылды. Түбі дөңгелек, бүйірі шар тәрізді ыдыс орта ғасырларда қолданыста болған қазақтардың ағаш тостағандарына өте ұқсас. Ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Мойынын бүйірінен қимасындағы пішіні үшбұрыш анықсыз білікше бөліп турады. Ыдыстың биіктігі - 11 см, ауыз жиегінің диаметрі -12 см. Сыртқы беті жылтырағы бар сарғыш - қоңыр түсті. Сынған жері қызғылт - сұр түсті. Ыдыс үгілген тас аздап қосылған жақсы араластырылған саз балшықтың томарынан қысу әдісімен жасалған. Ыдыс өрнектелмеген, сары - ақ сары түспен жылтыратылған. Оның ішкі беті қатты күйген - салттық оттың ізі бар. Мұндай ыдыстар түрі Орталық Қазақстандағы беғазы заманында және сол замандағы Алтай ескерткіштерінде кеңінен тараған.
2-ші ыдыс сатылы жабынды қурайтын, үлкен тақталардың салбыраған ұштарынан табылды. Олардың астында қойдың асығы жатқан. Сауыт түріндегі ыдыстың бүйірі шар тәрізді және түбі. Мойыны биік, тік және бүйірінен жұқа каннелюрмен бөлінген сұлбада, біраз майысып, анық көрінеді. Ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған. Сыртқы беті бірқалыпты қарадай жылтыратылған ізі бар, ішкі жағы - сұр. Ыдыс кварц құмы әжептеуір қосылған саз балшық томарынан қысу арқылы қалыпқа келтірілген, сондықтан аса дөрекі көрінеді.
Ыдыстың иығын орайтын, тарақты таңбамен орындалған, кең иректі лента түрінде өрнегі бар.
Үшінші ыдыстың ауыз жиегі құрбандық тағамының қалдықтарымен бірге күлді дақтан табылды. Бүл дөрекі пішінді ерекше ыдыстың сынығы, ол Беғазы мәдениетінде сирек кездеседі. Ауыз жиегі қысқа, тік, мойыны бедерлі, оны бүйірінен үш каннелюр бөліп тұр.
Бұғылы III моласында металлды заттардың арасынан үлкен қола ине және сондай иненің сынығы табылды. Үлкен иненің ұзындығы - 15,5 см, барынша қалыңдығы - 3, 4, ең жұқа -0,5 мм. Құлақшасының ұзындығы - 1 см, ортасындағы қимасы бойынша диаметрі - 3 мм. Ине Беғазы кесенесінен табылған инеге өте ұқсас. Ине сынығының ұзындығы - 8,5 см, қалыңдығы - 3,5 мм. Құлақшасы сопақша пішінді, оның ұзындығы - 8 мм, қима диаметрі -2,5 мм.
Тайпалар арасында қақтығыстардың болғандығын дәлелдейтін негіз еріксіз назар аудартады. Адамның омыртқасының бірінен үшкір қола құрал шығып тұрды, ол тайпа аралық қақтығыста жарақаттанған. Екінші осындай жағдай, Балақұлболды кешенінде ауыспалы кезеңінің ескерткіштерін зерттеу барысында кездесті.
Кейінгі қола дәуірінің Бұғылы III керемет ескерткішін зерттеу арқылы Орталық Қазақстандағы Беғазы мәдениетін зерттеумен байланысты сұрақтар қатары кеңейді және байытылды.
САҢҒЫРУ I
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің Саңғыру I ескерткіштер тобы 1955 ж. Атасу ө. жоғарғы шатқалында, Сарысу ө. сол тармағында, Ақмоладан Ташкентке баратын үлкен керуен жолы өткен көркем Саңғыру тауының етегінде ашылды. Кешеннің әкімшілік атауы - Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы «Ақтау» совхозы.
Атасу о. аңғарында қола мәдениетінің үш кезең ескерткіштері орналасқан: кейінгі андронов – Ерке бұлақ, Айшырақ I, Қосағал, Қара - Өзек, Телжан күзеу, Саңғыру II, Боқ сай және т. б. Андроннан Беғазыға ауысу кезеңі Айшырақ II, Мыржық, Ақ шоқы мен беғазалық - Дарат, Саңғыру, Айдарлы, Сартабан, II Қой шоқы. Қола дәуірінің Нұра ө, Қарқаралыда, Баянауыл даласы мен Ертіс ө. ерте кезеңінің ескерткіштері (ерте андрон) мұнда жоқтың қасы. Ерте андронов мәдениетінің бітістерін сақтаған жалғыз ғана ескерткіш - Саңғыру II. Бұл Атасу о. аңғарында қола мәдениетінің неғұрлым кеш таралуын көрсетеді. Адам саны мен мал басының көбеюіне байланысты жаңа жерлерді игеріп, Нұра, Есіл, Ертіс аңғарынан тайпаларды жаңа жерлерге орналастыру қажеттілігі пайда болды. Беғазы - дәндібай заманында территорияны кеңейту Бетпақдала шөлінің солтүстік шетіне дейін жетеді. Бетпақдаланың өзінде атасуға ұқсас қола мәдениетінің қандай да бір ірі алқаптары жоқ. Керамика мен тас құралдар түріндегі мардымсыз ізі құдықтардың маңындағы кен шығару орындарынан табылды. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің оңтүстік шекарасы Тай атқан, Шұнақ, Болаттау, Ми қайнар, Мұңлы және Құлы желісімен өтеді. Беғазылықтар жаңа кен орындары мен жайылымдарды іздеп жүріп, Жеті - Қоңыр шатқалына дейін жетті, ол жерде олар өздерінің аз уақыттағы ізін қалдырды. Жеті - Қоңыр арқылы беғазылықтардың жартысы Сырдарияға өткен, мұнда құрылымы бойынша Беғазы кесенесін қайталайтын кең Төгіскен некрополі тұрған.
Саңғыру I беғазы заманының 40-тан аса тақталы қорым бар. Олар екі тізбекпен оңтүстіктен солтүстікке Саңғыру тауының шығыс етегін бойлайды (47-сурет): олардың арасындағы ірісі ерте пайда болған. 1955 ж. - жеті, ал 1963 жылы - бүтін сегіз қорым зерттелді, қалғандары тонаушылармен бұзылған. 1-Саңғыру қабірінен тек екінші қорым тонаушылардан аман. Қорымдар қатарынан бағалы материал табылды.
Кесене 1 төбешік етегінде, кіші тізбектің батыс бөлігінде орналасқан және басқа үш қорыммен бірге кешеннің ерекше тобын құрайды. Әрине, барлық төрт қорым бір отбасы мүшелерінің жерленген орны.
Өлшемі мен құрылымы бойынша тас кесене 1-Беғазы тақталы кесенелеріне ұқсас, бірақ мұнда кіре беріс дәлізі жоқ.
Жоспарда, бұл бүйір қырларымен төрт жаққа бағдарланған, екі қабатты мықты қабырғалары бар шаршы ғимарат (48-су- рет). Сыртқы қабырғаның өлшемі - 10x9 м, ішкі -4,36x4,4 м, ауданы - 20 м. Қабырға қаламасының қалыңдығы - 2 м, биіктігі - 1 м. Ішкі қабырғалары ұнтақта 0,3 м тереңдікте түр және қырынан қазылып көмілген ірі тақталармен қоршалған. Қаптау тақталарының өлшемі - 2,75x1,2x0,16 м; 2,36x1,2x0,16 м; 2,2x1,2x0,18 м. Ішкі қабырғаның биіктігі - 1,2 м. Шығыс қабырғаны қоспағанда, әр қабырғада екі-екіден ірі тақталары бар (49-сурет).
Қаптама тақталарының жапсарлары төрт қырлы тасты блоктарынан туратын тіреуіштермен бекітілген. 0,3 м белгісінен бастап биіктігі шамамен - 0,9 м, қалыңдығы -1,5 м ғимараттың жер үсті бөлігі қалана бастайды. Қаламының сыртқы жағында тас тақталарының қаптамасы болды. Сыртқы қабырғаның барлық тақталары жергілікті тұрғындармен шаруашылық мақсатта пайдаланылған. Оңтүстік жақта ұштары мұқалған 4 тақта, солтүстік - батыс бұрышында 2 тақта қалған. Ішкі және сыртқы қабырғалар арасындағы қуыс ені 0,8 м, биіктігі 1 м айналып өту дәлізін құрайды. Ол құрбандық шалу орны болды. Ғимараттың тегіс тік бұрышты гранит тақталарынан құралған жабыны болды, оның шыққан жері Саңғыру тауы. Жабын қалдықтары тек бұрыштарда сақталған. Олардың өлшемдері - 2,3x1,0x0,18 м; 2,2x1,8x0,18 м. Сатылы жабынның тақталары жоғарыдан периметрді азайтумен бұрыштарынан ортасына қарай шаршы түбінен басталды. Осындай құрылыс әдісінің нәтижесі Бұғылы III ұқсас аласа шатырлы төбе жабындысы.
Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігін тазарту кезінде, 0,47 м тереңдікте, үйме үстінен иттің төменгі жақ сүйектері және жылқының жілік сүйектерінің сынықтары табылды. 0,58 м тереңдікте жиналған көптеген жылқы сүйегі табылды, соның ішінде тістері бар жылқының бас сүйегенің сынықтары. Үй және жабайы жануарлар сүйектерінің елеулі жиынтығы батыс қабырғадан, 0,5 тереңдіктен табылды.
Қорымның әр тереңдігінен адам сүйектерінің және керамика ыдыстарының бөлшектері табылды. Керамиканың негізгі бөлігі, соның ішінде қара және қызыл түспен жылтыратылған бүтін ыдыстар 0,8 м тереңдікте, айналып өтетін дәліз шегінен табылды. Қорымның солтүстік-шығыс бұрышында, 1,2 м тереңдікте қызылдай жылтыратылған бүтін қыш құмыра табылды. Керамикалық ыдыстардың басым бөлігі айналып өтетін дәліздің шығыс бөлігінен табылды. Өрнектелмеген ыдыс қорымның оңтүстік-шығыс бұрышында, екіншісі, жапырайған солтүстік-шығыс бұрышынан табылды. Қорымның тереңдігі - 1,2 м.
Қорымның бірінде түбі жайдақ және домалақ ыдыстар табылды. Кілемді өрнекпен әшекейленген үш ыдыстың екеуінде (1 және 2 ) өрнек дәстүрлі шаблонмен емес, андронов пен қарасу мәдениетіне тән емес, фигура кесінін беретін ойма таңбамен орындалған. Мұнда, дәстүрлі геометриялық өрнектен алыстап, жаңа сызықты пішінді түрдің пайда болғанын көрсетеді.
1- ші ыдыс (50-сурет) пішіні бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ тостаған тәрізді. Ауыз жиегі тік емес, сыртқа шығып тур, қимасында үшбұрыш кескінін беретін бедерлі білік мойнын орайды (50-сурет). Ыдыс Саңғыру тауы маңынан алынған, гранит құмының ұсақ түйіршігі қосылған жақсы икемге келетін саз балшықтан қысу арқылы қалыпқа құйылған. Күйік жоғары сапалы. Ыдыстың беті сары – сары - қызғылт түсті, сынған жері қызғылт сары - сұр түсті. Күйдірілген, бірақ суымаған ыдыс сүтке малынды, сөйтіп ыдыстың беті күңгірт - жалтыр болып шықты. Ыдыстың түбінде казеиннің қалдығы байқалады.
Өрнек ойма техниканы қолданумен, күрделі композицияда орындалған. Кілемді өрнек мойынынан бастап бүйірдің төменгі жағына дейін ыдыстың тұтас бетін көмкереді. Тегіс таңбаның ұсақ баспа - таңбасымен орындалған, тығыз ромб торлары түріндегі өзіндік ерекше сызықты. Осы ортада тізбектеліп, диагональ бойынша торт қалақты розетка орналасқан және әр қалақ «көзше» шеңберлерімен аяқталады. Баламасы белгісіз.
2- ші ыдыс (51-сурет) цилиндірлік биік мойыны мен бүйірі дөңес пішіні құман тәрізді солтүстік-шығыс бұрышта, бір метр тереңдіктен табылған. Табаны - диаметрі 6 см. кішкентай диск. Ыдыс қарадай жылтыратылған, ұсақ құм араласқан керемет қой мал жыңнан қалыпқа құйылды. Жақсы күйдірілген. Ыдыстың беті сары - сары қызғылт түсті, сынған жері қара - сұр. Жоғарғы бетінде сүт казеиннің жылтыраған І, ІІ байқалады.
Ойма техникасымен орындалған өрнек мойны мен бүйірін орайды. Ірі тарақты таңбамен сызықталған және көлденең кертіктері бар көлденеңінен көмкерілген үш әшекей лента ыдыс мойынын орайды. Бүйірі ромб фестондармен тізбегімен өрнектелген. Ромбтың қырлары көлденең кертіктері бар тарақты таңбаның ізімен түсірілген сызықты жолақтардың торт қатарынан тұрады; ромбтың бұрыштарында шеңберлер бар. 1-ші және 2-ші ыдыстың суреттері үлкен шеберлікпен жасалғаны анық, бұл оларды Қарасу, Замараеводағы ромб фестондары бар керамикадан айрықшаланады.
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінде мойыны биік, цилиндрлі және бүйірлері шар тәрізді ыдыстар жиі кездеседі, әсіресе олар Шортанды - бұлақ және Тағыбай - бұлақ қоныстарынан көптеп табылды. Мұндай ескерткіштер, ерте скиф заманында да кездеседі.
Қызылмен жылтыратылған 3-ші ыдыс қорымның солтүстік-шығыс бұрышынан, 1,2 м тереңдіктен табылды (52-сурет). Бүйірі шар тәрізді және тік, ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған куб пішінді. Түбі домалақ, жайдақ, диаметрі 5 см. болатын диск тәрізді. Гранит құмының ұсақ түйіршіктері аздап араласқан икемге келетін саз балшықтан қалыпқа құйылған. Сыртқы беті қара - қызыл түсті, ішкі жағы қызғылт сары, сынған жері сары - қызғылт сары түсті. Күйдірілген соң ыдыс сүтке батырылды, соның арқасында ол нығызданды. Ішкі қабырғаларда казеиннің ізі сақталған. Мойыннан басқа, ыдыс тұтастай домалақ таяқшаның ұшымен түсірілген шиыршықты шұңқырларға толы. Шұңқырлы өрнегі бар ыдыстар кейінгі қоланың Дәндібай, Былқылдақ, Бұғылы II, Беғазы 566, сондай-ақ, неғұрлым кейінгі Алтай мен Оңтүстік Сібір ескерткіштерінде кездеседі. Қарасуда шұңқырлы өрнегі бар ыдыстар кездеспейді.
4-ші ыдыс өрнектелмеген (53,2-сурет), 1,2 метр тереңдікте оңтүстік-шығыс бұрыштан табылды. Қайталанбас жапсырмалы мойны және сфералы бүйірі бар, түбі жайдақ тостаған пішінді. Мойны анық емес. Қоймалжыңда гранит құмы араласқан. Беті қызғылт, сынған жері сары - қызғылт сары түсті. Мойны бойынша каннелюр белдігі өтеді.
Тостаған пішінді 5-ші ыдыс қорымның батыс қабырғасынан, 98 см. тереңдіктен табылды (54,1-сурет). Түбі домалақ, бүйірі шар тәрізді, ауыз жиегі тік, сыртқа қайырылған. Саз балшық кесегінен қысу әдісімен қалыпқа құйылған. Салыстырмалы түрде жақсы күйдірілген, сынған жері сары - қызғылт сары түсті. Жоғарғы бетінде жылтырату ізі байқалады. Өрнек, тарақты таңбамен үш сызықталған лента түрінде мойынды орай түсірілген.
2-қорым Саңғыру I кешенінің ортасында орналасқан, жоспарда екі іргелес қабырғалары бар кішкентай шаршыны қурайды (55-сурет). Қабырғалары қырымен қойылған қызғылт ірі гранит тақталарынан салынған. Қырлары оңтүстік – шығыс – солтүстік - шығысқа қарай ауытқумен торт жаққа бағдарланған. Сыртқы қабырға өлшемі - 3,5x3,2 м, ішкі -2,3x1,5 м. Сыртқы және ішкі қабырға арасындағы кеңістік ені - 0,7, биіктігі - 0,4 м айналып өтетін дәліз түрінде болған. Ішкі қабырғалардан құралған үлкен тасты жәшік 0,3 м тереңдікте орналасқан. Ол бұрыштан ортасына қарай шаршы түбіне төселген гранит тақталармен жабылған. Жабын тақталарының астында, 0,4 м тереңдікте құрбандық тағамнан қалған қойдың жіліктері табылды. Олар солтүстік қабырғада, солтүстік-батыс бұрышына жақын жерде орналасты. 0,75 м тереңдікте, жәшіктің ортасында бүріскен күйінде, етбетінен, басы батыс жаққа қаратып жерленген адамның қаңқасы табылды. Осындай рәсім И.В.Төменгі Волга ескерткіштерінен табылған.
Жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышында, адамның желкесіне қарсы қыш құмыра тәрізді үлкен ыдыс табылды (56,2-су- рет). Ыдыста қой ұсақ сүйегі түріндегі құрбандық тамақтың қалдықтары қалған. Қойдың ірі сүйектері қыш құмыра жанынан табылды.
Сфера түріндегі ыдыстың түбі жайдақ және ауыз жиегі тік, сыртқа қайырылған. Саз томарынан қысу әдісімен қалыпқа құйылған. Құрамы бойынша саз қунарсыз, гранит пен кварц құмы көп араласқан. Сыртқы беті сары - қызғылт түсті, кей жерлерінде қара дақтары бар, ішкі жағы – сары - қызғылт-сары түсті. Сынған жері күлгін - қара. Үш белдіктен туратын өрнек ыдыстың жоғарғы бөлігін орайды. Мойын маңында -Қазақстандағы кейінгі қола керамикасына тән, қиғаш кертігі бар бедерлі білік. Біліктен төмен - күрекшемен немесе тегіс таңбамен түсірілген X - тәрізді таңба тізбегі орналасқан.
Ыдыс андроновтан беғазыға ауысу кезеңіндегі керамикаға тән. Ол жаңа элементтермен бірге Орталық Қазақстандағы атасу кезеңіне тән кейінгі андронов керамикасының кейбір дәстүрлі ерекшеліктерін сақтайды. Осындай керамиканың айқын үлгілері Атасу қонысында, Саңғыру III және Жанайдар (Ұлытау ауданы), Беғазы, Орталық Қазақстанның кейінгі қола қоныстарында (Ұлытау, Бұғылы, Шортанды - Бұлақ, Қарқаралы), сондай - ақ, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда (М. Красноярка, Усть-Нарым, Трушниково) табылды. Осындай өрнек Алтай мен Жоғарғы Обътің72 ерте көшпенділердің керамикасында және тағарлық қола айналарында кездеседі. Бұл олжалар Қазақстандағы және Оңтүстік Сібірдегі ерте скиф заманының мәдениеті мен беғазы - дәндібай заманының мәдениеті арасындағы сабақтастық байланыстың болғанын дәлелдейді.
2-қорым табылған қызықты олжалардың бірі - үлкен қола айна (57,2 - сурет). Ол адам төбесіне қарсы жатты. Төрт бұрышты айнаның өлшемі - 12x12 см, қалыңдығы шамамен -3 мм. Айнаның бір жағы тегіс, ысылған ізі бар, екіншісі - жарты шеңбер ілмегі дәнекерленген, тегіс. Ілмектің өлшемі - 6x16 м.м. Айнаның қасында қойдың жілік сүйегінен жасалған сабы бар қола біз табылды (57,1-сурет). Біздің жұмыс ұшының қимасы дөңгелек, екінші ұшы - төрт қырлы. Оның ұзындығы - 12 см, торт қырлы қиманың қалыңдығы - 4 мм.
Ілмегі бар шаршы пішінді қола айна түрі Қазақстан, Оңтүстік және Батыс Сібір территорияларына кең тараған. Бұл айнаның түпнұсқасы Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі ерте қола дәуірінде болған. Ерте андроновқа тиісті неғұрлым ежелгі қола айна Бұғылы I моласынан табылды. Саңғыру айнасы осы топтағы материалдық мәдениет заттарымен бірге б.з.д. екінші мыңжылдық соңы деп мерзімдеді. Ілмегі бар айналар Минусин даласының қарасу ескерткіштерінен - Ұлыс, Федоров, Асқыз, Тесе, Быстром, Тукайдан табылды. Ілмегі бар ең ежелгі айналар М.П. Грязновпен Солтүстік Алтай75 ескерткіштерінен табылды.
Саңғыру айнасына балама Қырғызстандағы Садовое ауылынан табылды76. Мақала авторы, біздің ойымызша, мезгілін қате қойған. Ол б.з.д. екінші мыңжылдықтың аяғы мен бірінші мыңжылдықтың басымен мерзімде керек. Саңғыру айнасына ұқсас төрт бұрышты, ілмегі бар қола айна Көкшетау облысы, Бурабай курорты ауданында кейінгі қола ескерткіштерінен табылды.
Қола айналар ерте скиф заманында кең тараған. Олардың үлгілері Алтайдан, Ертістің жоғарғы жағынан, Семей және Павлодар Ертіс өңірінен, Баянауылдан, Көкшетау және Есіл даласынан табылды. Бегазы мәдениеті мен ерте көшпенділер мәдениетінің арасындағы сабақтастық керамикада және металл заттарында да байқалады.
Үлкен тізбектің ортасында орналасқан қорым 3 қабаттанған шаршыны қурайды. Қорымның екі қабат қабырғалары қырымен қазылып көмілген гранит тақталарынан тұрғызылған. Қорымның қабырғалары торт жаққа бағдарланған. Сыртқы қабырғаның өлшемі - 3,9x3,9 метр, ішкі - 2,0x1,5 м. 0,5 м тереңдікте ішкі қабырғалардан құралған пішіні тік бұрыш тас жәшік тұр. Ішкі және сыртқы қабырғалардың арасында ені - 1,0 метр (дәліздің батыс бөлігінің ені - 0,75 м), биіктігі - 0,60 м айналып өту дәлізі орналасқан. Сыртқы қабырғаның жиегі жер деңгейінен 0,4 м биік тур. Тік тақталар 0,6-0,7 м тереңдікте жерге көмілген. Сағананың ішкі қабырғасының жалпы биіктігі - 1,2 м.
Қорым тоналған. Дәліздің шығыс бөлігінде қойдың сүйегі ретінде құрбандық астың қалдығы табылды. Оңтүстік - шығыс бұрышынан тізесінен бүгілген, жақсы сақталған адам аяғының сүйектері табылды. Жәшіктің әр жерінен және әр тереңдікте төрт саз балшық ыдыстың бөлшектері табылды.
Өрнектелмеген 1-ші ыдыс (59-сурет) үлкен жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышынан қой сүйектерінің жанынан табылды. Ыдыс аздап құм араласқан жақсы қой мал жыңнан жасалған. Ыдыстың бетінде казеиннің ізі, қоймалжыңға сүттің қосылғанын, не болмаса күйдірілген соң сүтке малынғанын дәлелдейді. Жақсы күйдірілген. Ішкі және сыртқы беті сары – қызғылт - сары, ал сынған жері сары - сұр түсті. Ыдыстың сырты беті жұқа терракота тақталарының құрылысын еске түсіреді.
2-ші ыдыс оңтүстік-шығыс бұрыштан, жәшіктің жоғарғы шетінен 78 см тереңдіктен табылды (56,1-сурет). Оның пішіні түбі жайпақталған, бүйірі сфера тәрізді және мойыны биік кішкентай тостаған тәрізді. Жұмсақ сазға еленген құм араласқан иленген илеуден пішін болған. Жақсы күйдірілген. Ыдыстың сыртқы және ішкі беті сары - қызыл сары түсті, сынған жері де сондай. Сынықтың текстурасы тығыз. Сыртқы бетінде күңгірт жылтыры болды. Ыдыстың ішінде казеин ізі сақталған. Ыдыстың жоғарғы жағындағы өрнек - негізімен төмен қараған тең бүйірлі үшбұрыштар, бүйірі бойынша - меандр тізбегі орналасқан. Үшбұрыштар және меандрлар ұсақ тісті шекімемен сызықталған. Сызықталған үшбұрыштардың арасында ежелгі сына жазуын немесе крест тәрізді таңбаны еске түсіретін белгілер болды. Оларды ашып оқу әлі де мүмкін емес. Ұқсас белгілер Батыс Қазақстандағы қоныстарды қазу кезінде табылған саз ыдыстарда болды. Таңба тәрізді белгілер Дәндібай саз кубтарының конустық табандарынан табылды.
4 және 5 - қорымдар Саңғыру I кешеніндегі ең кішілер. Бұл үлкен 8-ші қорымның қасында салынған және жалпы сыртқы қорымға енген іргелес тұрған балаларды жерлеу орындары (58-сурет).
Төртінші қорымның өлшемі - 2,12x1,16 м, тасты жәшік 0,90x0,58 м; бесінші қорымның өлшемі - 2,0x1,0 м, жәшік 0,75x0,55м. Қорымдар көлденең өзектерімен ендік бағытта бағдарланған. Жалпы сыртқа қорым қатты бұзылған, тек батыс және шығыс жағындағы тақталар бөлігі бүтін қалған. Қорымдар Беғазы тақталы қорымдар қағидасымен құрылған: қырымен қазылып көмілген тегіс гранит тақталар. Сонымен бірге бұл жерде ортасында тасты жәшігі бар андроновтық дәстүрлі тік бұрышты қорымдар сақталуда. Екі қорым да тоналған. Баланың қаңқасы шашылып жатыр.
Жәшіктің шығыс бөлігінде, қабырғаның өзінде, 0,4 м тереңдіктен төрт жапырақты пішіні бар алып қола бастырма табылды (60,2-сурет). Тілік жақсы сақталған, жапырақша ғана сынып қалған. Жапырақшалар тегіс ортаның екі жағында симметриялы, өзектері бір-біріне перпендикуляр орналасады. Жапырақшалардың кескіні анық, олардың үлгілері шиыршықтың бастамасы бар шар сегменті түрінде жасалған. Тіліктің шеті жиекті еске түсіретін екі сызықпен көмкерілген. Тіліктің бетінде жылтыр қатар бар, өзектерімен қиылысқан өлшемі - 9x9 см, сегмент тәрізді ұштың негізінен радиусы - 2,8 см.
Көршілес жәшіктен дөңгелек қалпағы бар қысқы қола шеге табылды (8 мм), ол бұл жерге тонаушылардың қалдықтарымен байқаусыз түсіп қалған. Қоладан құйылған бастырмада бес тесік бар: төртеуі жапырақшаларында және біреуі - ортасында. Сәйкесінше, бес шеге болу керек, бірақ біреуі ғана бүтін. Оның ұшы өте өткір. Төрт жапырақты бастырма ағаштан жасалған қорамсаққа немесе ер тоқымға бекітілген деген қорытынды жасауға болады. Тілік химиялық талдаудан өтпеген. Шамасы, ол, мыс пен асыл металдарды балқыту арқылы жасалған, оның жақсы сақталу құпиясы осында. Тілікте мыс тотығының ізі жоқ. Шеге бастырма құйылған ерітіндіден құйылған.
6-қорым жоспар бойынша - қабатты шаршы. Оның қабырғалары жерге тігінен қазылып көмілген гранит тақталарынан турады. Сыртқы қабырғасынан тек батыс және шығыс жақ тақталары сақталған, қалғандары жергілікті тұрғындармен шаруашылық үшін алынған. Қорымның ішінде үлкен тас жәшік бар (1,2x1,2 м), оның солтүстік қабырғасы жоқ. Жерлеу орны тоналған. Өрнектелмеген керамиканың ұсақ сынықтары ғана сақталған.
7 тас кесене 1963 ж. зерттелген. Ескерткіш Саңғыру I моласының үлкен тізбегінен солтүстік-шығысына қарай орналасқан. Ғимараттың үлкендігі және оның оқшау орналасуы бұның тайпа көсемінің қабірі екенін көрсетеді.
Қазылмаған дейін бұл тас үймесі бар қорым болған, оның түбінде тік гранит тақталарынан тұрғызылған тік бұрышты қорым болған. Үйме астынан ірі гранит тақталарынан тұрғызылған ежелгі ғимараттың тас қабырғалары ашылды. Оның Саңғыру I кешеніндегі ең үлкен ғимарат екендігі анықталды, құрылымы бойынша Бегазы тақта кесенелеріне ұқсас, бір айырмашылығы мұнда кіре беріс тамбуры жоқ. Кесенеде бір-біріне ұласатын үш мықты қабырға бар, олардың ортасында үлкен тас сағана - қабір тур. (61-сурет) Жоспарда бұл бұрыштарымен төрт жаққа бағдарланған іргелес шаршыны қурайды. Сыртқы қабырғаның өлшемі - 10x0 м, екінші қабырға - 8,4x8,4 м, үшінші, ішкі - 5x5 м. Тас сағана қырынан тұрғызылған, төрт үлкен гранит тақталардан құрылған үлкен жәшік түрінде тұр. Оның өлшемі - 2,4x2,4 м, биіктігі - 1,0 м.
Орталық Қазақстандағы ескерткіштердің арасында бұл үш қабырғасы бар жалғыз қабір. Сыртқы қабырғасы көлденең қалау әдісімен тұрғызылған, мұнда пішін тік бұрыш тастардың орналасуы - тік және көлденең алма-кезек ауысып турады (62-сурет). Қалау арқылы қабырғаның ортаңғы бөлігі тұрғызылды, бұрыштарында тіреулері бар үлкен тақталар тур. Сыртынан қабырға қаламасы қырымен қазылып көмілген ірі гранит тақталары қатарымен қапталған. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғаларының тақталары жақсы сақталған. Басқа жақтардың тақталары бұзылған, көбісі шаруашылық мақсатта жергілікті тұрғындармен әкетілген. Екінші, неғұрлым мықты қабырға 4- 5 қатар етіп тік бұрышты тастардан көлденең қалау әдісімен құрылған. Ол үшін біркелкі тастар таңдалынған. Қалама арасындағы кеңістік сазы бар таспен толтырылған. Қабырға қаламасының қалыңдығы - 1,5-2 м, сақталған биіктігі - 0,6- 0,7 м. Үшінші, ішкі қабырға қырымен қазылып көмілген алып гранит тақталарынан тұрады. Ол тік контфорстармен бекітілген. Қабырғалардың арасында үш айналып өту дәлізі орналасқан: біріншісінің ені -0,8 м, екінші - 0,85 м, үшінші, ішкі - 1,1 м, биіктігі - 1,0 м.
Ғимараттың қабырғалары тіреулермен, колонна қимасында тік бұрыш және шаршы түріндегі контрофорстармен бекітілген, олардың биіктігі 0,9-дан 1,05 м - ге дейін жетеді. Әсіресе қуатты контрофорстар екінші қорымның артқы жағынан орнатылған: олар әрбір 1,5-2 м сайын тур. Солтүстік-шығыс қабырғасы бойынша олар 5, солтүстік - батыс бойынша - 5, оңтүстік-батыс - 3, дәл осы сандағы үшінші тақта ішкі қабырғаны сүйейді. Тонаушылар өткен оңтүстік-шығыс жағында қаптама тақта ары және қабырғаны сүйейтін тіреулер болған жоқ. Ғимараттың ортасында және бұрыштарында өлшемдері -1,5x0,6x0,10 м; 2,4x0,4x0,18 м ірі гранит тақталарының жиналуы байқалады. Бұл бұзылған жабынның тақталары. Шамасы, мұнда жабынның екі жүйесі қолданылған. Қабырға арасындағы дәліздер жалпақ шатыр түрінде жабылды. Ол үшін ұзындығы - 1,5-2 м гранит тақталары қолданылды. Ішкі шаршының үстінде Бұғылы III ұқсас шатырлы төбе жабындысы шығып турды. Ол жоғарғы тақталардың өлшемін біртіндеп азайтумен шаршының бұрышынан ортасына қарай тақталарды қалау арқылы жүзеге асты. Мұндай төбе жабындысының құрылымы Орталық Қазақстанның беғазы - дәндібай заманындағы: Бұғылы III, Бегазы I, II, Саңғыру I ( I қорым), Ортау (1-қорым ) және Ақсу-Аюлы II, Дәндібай циклоптық ғимараттарда болды.
Мола сағанасы қатты елеуреген. Ұсақталған адам сүйектері және ұсақ саз сынықтар шашылып жатты, олар бүйір дәліздерінде де кездесті. Адамның аяқтары ғана сол қалпында сағананың оңтүстік-шығыс ұшында жатты. Бұдан адамның басы солтүстік -батысқа, аяқтарымен оңтүстік - шығысқа қаратылып жерленгені көрінеді.
Қабірде саңғырулықтар қойларды және жылқыларды көптеп құрбандыққа шалғандарын дәлелдейтін көптеген остеологиялық материал табылды. Бірінші солтүстік-шығыс дәлізде елеулі жылқы сүйектері, оның ішінде жауырындар, қабырғалар, жіліктер, бас сүйегінің сынықтары, тістер, сондай-ақ, қойдың жақтары мен жіліктері табылды. Күйген сүйектер үйіндісінің жанында мыс (азурит) және темір кесектері, көмір, дөрекі, бүйірі қалың ыдыстың бөлшегі жатты. Мұнда, шамасы, металлға табыну рәсімі өткен болар. Мыс және темір кенінің кесектері, сонымен қатар мысты құмдақтар жерлеу камераларында да, тіреу бағандарының түбінде кездесті. Мұнда қойдың жақ сүйегі түрінде құрбандық тағам қалдығы табылды. Қойдың жілік сүйектерінің жиынтығы тіреу тастарының түбінде, екінші дәлізден табылды. Керамика кесененің көп жерлерінен кездесті, көбінесе бірінші дәліздің солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік - батыс бөліктерінде кездеседі. Бірінші айналып өту дәлізінде өрнектелмеген, дөрекі керамиканың бөлшегі, ал ішкі дәлізден - бүйірі жұқа, өрнектелген керамиканың табылуы тән.
Қарадай жыртылған, өрнегі мол керамиканың басым бөлігі жерлеу камерасынан табылды. Камераның солтүстік - шығыс бұрышына қойылған қыш құмыраның салттық мағынасы болған. Оның астында қызыл минералды бояудың және көмірдің дақтары қалған. Қызыл бояу мен көмір, сөзсіз, табыну объектісі ретінде от пен күн сәулесін сипаттайды. Металдық бұйымдардың арасында пішін анықсыз қаптырманың ұсақ мыс кесегі ғана сақталған.
Кесенеден табылған 14 ыдыстың ішінен 8 - өрнектелген, 6 - өрнектелмеген. Сынықтарына қарағанда, олардың саны 50-ден кем емес. І - Саңғыру табылған бүйірлері жұқа, жылтыратылған керамиканың барлығы кесене 1 және 3-ші қорым керамика әдісімен жасалған. Әсем ыдыстарды жасау үшін саңғырулықтар керамикаға мықтылық беретін түрлі минералдардың механикалық қоспасы бар үштік серпімді саз балшықты қолданды, ол үлкен икемге көнгіштігімен ерекшеленеді. Егер саз балшық тым майлы болса, саңғыру қыш шеберлері айырғыш ретінде тау маңынан табылған гранит пен кварцтың ұсақ қумын қосқан.
1-ші ыдыс (63,1-сурет) камераның солтүстік-шығыс бұрышында тұрды. Ыдыс бүйірі шар тәрізді, түбі жайдақ қыш құмыра пішінінде болды. Ауыз жиегі биік, тік, мойны анықсыз. Оны аздап үшкірленген жапсырмалы биік орайды. Ыдыс гранит пен кварцтың ұсақ құмы араласқан саз балшық томарынан батыру техникасымен қалып құйылған. Өте жақсы күйдірілген. Ыдыстың екі беті сацы қызыл сары түсті, сынығы - терракот. Сынықтың текстурасы тығыз, бұл органикалық заттар мен казеиннің болғанын дәлелдейді. Ыдыстың мойнынан түбіне дейін тегіс таңба орындалған.
2- ші ыдыс (63,2-сурет) - Саңғыру I тобындағы ең сәндісі Бүйірі шар тәрізді және түбі жайдақ табақ тостағанша түрде жасалған. Ауыз жиегі биік, тік, аздап сыртқа қайырылғам, Мойыны анықсыз, одан жапсырмалы білік және каннелюр белдігі өтеді. Ыдыс тығыз үштік саздан қалыпқа келтірілген. Сыртқы беті ашық терракот түсті, сынған жері сондай. Қоймалжың да сейілген гранит және кварц құмының ұсақ түйіршіктері қосылған. Ыдыстың жоғарғы жағы әр түрлі таңбамен орындалған екі белдік суреттерден турады. Жоғарғы белдік көршілес суреттер аясында әсем көрініп тұрған шырша тәрізді тарақты таңбаның ірі баспа - таңбасымен жасалған. Екінші белдік тісті таңбамен қисық сызықталған әшекейлі лентадан турады. Бұл ыдыстың баламасы жоқ. Тік, биік ауа жиек, жапсырмалы білік және шырша және әшекейлі лента түріндегі өрнек беғазы - дәндібай ескерткіштерінің керамикасына тән.
3- ші ыдыс (64,2-сурет) ауыз жиегі, бүйірі және түп ірі бөлшектері түрінде табылды. Ыдыс бүйірі шар тәрізді, ауыз жиегі биік әрі тік, біраз сыртқа қайырылған, жапсырмалы білік орайтын мойны анықсыз. Сейілген гранит және кварц құмының ұсақ түйіршігі араласқан үштік саздан қалыпқа құйылған. Ыдыстың екі беті ақшыл - сары түсті, сынығы сондай. Өрнек таяқ ұшының баспа - таңбасы үйлескен тарақ таңбамен орындалған. Мойынын білік пен дөңгелек шұңқыр қатары орайды. Одан төмен меандр лентасының, тісті қисық сызықталған волютпен бірігуінен тұратын өтеді. Пішіні бойынша сол қорымдағы өрнектелген ұқсайды. Сірә, олар бір шебердің туындысы. Бұған балама тек сол Дәндібай керамикасында бар.
4-ші ыдыс (66,1-сурет) бүйірі шар тәрізді, түбі дөңгелек, ауыз жиегі тік, қысқа, сағасы кең әсем тостаған немесе кубок пішіндес. Ұсақ гранит құмы елеулі қосылған саздан қысу арқылы қалыпқа құйылған. Ыдыстың екі беті ақ сарғыш - қызғылт сары түсті, сынған жері - террокот түсті. ЬІдыстың беті тұтастай лентаның торт қатарынан тұратын контраст суреттерінен турады. Мойнын бойынша шырша гүрінде тегіс таңбамен түсірілген қиғаш сызықталған айнала екі лента өтеді. Төменде сызықталған сынған сызық гүрінде екі лента өтеді. Лентаның біреуі ыдыстың бүйірін, ал екіншісі оның төменгі жағын орайды. Лентаның кескіні анық сызылған, бұл әсем өрнектің әсерін береді. Ленталық әшекейі бар керамикалық тостағандар Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі кейінгі қола мәдениетіне және Минусин даласындағы, Жоғарғы Оба және Алтайдағы86 қарасу мәдениетіне.
Беғазы заманының керамикасында тостағандар ең маңызды орын алады. Олар Мырза шоқы, Беғазы, Дәндібай кесенелерінен табылды. Осы ыдыстың пайда болуы және таралуы жайылымдық мал шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Тостағандар жылқы сүйектері топтанған жерлерінде көп кездеседі.
Саңғыру тостағандарының беғазы айналасындағы басқа ыдыстар сияқты ұқсас болса да, көбінесе Мунисин қазан шұңқырынан шыққан қарасу ыдыстары пішіні және өрнегі бойынша ерекшеленеді. Саңғыру тостағандарының ауыз жиегі мен мойыны анықсыз, олар көбінесе ыдыстың бүйірімен үйлесіп кетеді.
Қарасудан айырмашылығы беғазы ортасындағы ыдыстар стандартты емес, дербес бітістері бар (Дәндібай, Беғазы, Саңғыру тостағандары және кубоктары). Өрнектесі мүлдем әр басқа. Беғазы ыдыстарда сурет сюжеті мол және әр басқа. Геометриялықтан басқа мұнда алғаш рет бұршақ, фигуралы волют, көзше және торт жапырақты түріндегі өсімді мәтіндер енгізілді, олар Оңтүстік Сібірдегі қарасу керамикасында болмаған. Өрнектер түсіру үшін түрлі құралдар қолданылған: фигуралық таңбалар, бояу жаққыштар және т. б. Алтай мен Жоғарғы керамикасында кездесетін саңғыру тостағандарының жай элементтері Орталық Қазақстан, Алтай мен Жоғарғы тайпаларының арасында байланыс болғанын дәлелдейді.
5- ші ыдыс камераның солтүстік-батыс бұрышынан табылды. Пішіні және көлемі жағынан алдын ұқсайды. Ыдыстың бүйірі шар тәрізді, түбі жайдақ, ауыз жиегі Гранит құмының ұсақ түйіршігі қосылған мықты саздан жасалған. Ыдыстың екі беті сары -қызғылт сары түсті, сынығы сары - сұр. Ирекпен жүретін кең тік жолақ түрінде және таңбаның үзік баспа - көлденең сызықталған өрнек ыдыстың бетін түгел жауып жатыр. Тостаған өзінің пішін мен өрнегі бойынша беғазы ортасындағы ескерткіштерінің керамикасында баламасы бар.
Геометриялық мәтіндер андронов мәдениетінен бастау алады. Бірақ, Орталық Қазақстандағы андроновтылықтар мен беғазылықтарда әр түрлі Андроновтылықтарда -бұл қарапайым үзік сызықтар, а л беғазылықтарда - ірі тарақты немесе тегіс таңбаның ізі мен сызықталған әшекейлі лента. Қарасу өрнегінде тегіс таңбамен сызықталған үшбұрыштар, ромбтар, қарапайым сызықталмаған иректер, шыршалар және фестондар, фигуралық ленталар, тісті таңбамен сызықталғандары мүлдем жоқтың қасы. Бұл қарасу керамикасының өрнекке қатысты андроновтықтан, ал пішініне қатысты - беғазы керамикасынан қатты тәуелді болғанын көрсетеді. Тар лентамен сызықталған иректер Жоғарғы Обаның кейінгі қола керамикасында кездеседі. Осы аудандағы керамика Минусин қазан шұңқырының қарасу мәдениеті мен Орталық Қазақстандағы беғазы мәдениетінің арасында аралық орын алады. Өрнекте үшбұрыштардың және ромбтардың ұштарында сондай-ақ, суреттерден ашық алаңда «көзшелер» кездеспейді.
6- шы ыдыс пішінінде андронов керамикасының элементтері кездеседі, бірақ оның сұлбасы (бүйірі шар тәрізді мойыны тік) андроновтық емес. Осы тәрізді көптеген ыдыстар Айдарлы, Айбас - Дарасы, Кент және т. б. табылды.
7- ші ыдыс (65-сурет) дәліздің солтүстік-шығыс бұрышында, тас тұғырда тұрды. Ол жеңіл қыш құмыра түрінде жасалған, бүйірі шар тәрізді, түбі жайдақ, ауыз жағы тік, біраз сыртқа қайырылған, өрнектелмеген. Мұндай бүйірі жұқа және қарадай жылтыратылған ыдыстар Беғазы Саңғыру топтарында көп табылған. Сүт сақтау үшін дайындаған. Ұсақ гранит құмы араласқан саз балшықтан қалыпқа құйылған. Екі беттің түсі сары – қызғылт -сары, тынған жері сары - сұр түсті.
8 қорым 1963 ж. зерттелді. Ол үлкен тізбектің ортасын да орналасқан. Бұл 7 кесенеден кейін үлкендігі бойынша екінші қорым. Жоспары – оңтүстік – батыс - солтүстік - шығыс бағытымен біраз ауытқумен, төрт жаққа бағдарланған екі қабатты шаршы (67-сурет).
Сыртқы қабырғаның өлшемі - 8x8 м, ішкі - 5x5 м. Екі қабатты қорымның ортасында кесек тастардан қаланған, циста түріндегі үлкен тас камера болды (68-сурет). Цист қабырғалары 2,5 м тереңдікте грунтқа көмілген. Цистаның түбі кең, қаламасы жоғары қарай біртіндеп тарылады, ал содан кеңейеді, ол екінші қабатты елестетеді. Сағананы қурайтын төменгі қабаттың өлшемі - 2x2 м, биіктігі - 1,3 м, жоғарғы қабаттың өлшемі - 3x2,5м, биіктігі - 1,25 м, шатырлы жабынсыз ғимараттың жалпы биіктігі шамамен - 3 м. Циста құрылысында нұра кезеңінен бастау алған ерте құрылыс дәстүрлерінің элементтері байқалады.
Қорымның екі қабырғасы қырымен қазылып көмілген тік гранит тақталарынан құралған. Тақталардың негізгі бөлігі жергілікті тұрғындармен шаруашылық қажеттілігіне алынған. Тек бұрыштарындағы қаптама тақталар, тіреу бағаналары және қабырғаны және жабынды сүйейтін демеуі сақталған: батыс және шығыс бөліктерінен 5 демеуі, солтүстік және оңтүстік бөліктерінен - 2 демеуі. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бұрыштарында тақталардың орналасуы бойынша жабынның ауыспалы кезең мен беғазы - дәндібай заманындағы ғимараттарына тән сатылы күмбез пішіні болған.
Тонаушылар өтпесі қорымның оңтүстік және оңтүстік-шығыс қабырғалары бұзылған. Цистаның жоғарғы қабатының солтүстік-батыс бұрышынан екі саз балшық ыдыс табылды.
Қарадай жылтыратылған 1 - ші ыдыс (69-сурет) куб пішінді, мойны биік, бүйірі шар тәрізді және түбі жалпайған. Аздаған гранит кұмы араласқан жақсы саздан жапсырылған. Сыртқы беті сары - қызғылт сары түсті, сынған жері сары - сұр түсті. Ауыз жиегінен бастап түбіне дейін ыдыстың беті тұтастай тегіс таңбаның еңкіш баспа - таңбасы түріндегі өрнекпен көмкерілген, ауыз жиегі бойынша екі катар кертіктер өтеді. Пішіні бойынша ыдыс Дәндібай кубогына ұқсас, бірақ конустық түбі асты жоқ. Ұқсас баламалары Беғазы, Жоғарғы Обь басқа ескерткіштерінің керамикасында бар. 1 арасы, Минусин қазан шұңқырында биік, мойны цилиндр пішінді ыдыстар табылмады.
2-ші ыдыс бүтін, пішін куб тәрізді, ауыз жиегі сүйір, аздап сыртқа қайырылған, мойыны биік, иықтары шығыңқы.
9-қорым тізбектің оңтүстік ұшына қарай, 8-ші қорымның қасында орналасқан. Оған екі қорым жалғастыра салынған: үлкендеуі - батыс жағынан, кішісі - оңтүстік жағынан. Ғимарат жоспары торт жаққа бағдарланған шағын шаршы. Сыртқы қорым қырымен қойылған ірі гранит тақталарынан құралған, өлшемі З х З м. қорымға өлшемі 2x2 м граниттен жасалған шаршы жәшік қосылған.
10 - қорым тізбектің оңтүстік-батыс ұшында, 9-ші қорымның қасында орналасқан. Қорымның пішіні - шаршы, оның өлшемі - 4,5x4,5 м, төрт жаққа бағдарланған. Қорымның ортасында үлкен тасты жәшік орналасқан, оның қырларының ұзындығы 2,2 және 2,0 м. Сыртқы қорымның тақталары бөлшектенген. Жәшік қатты елеуреген. Құрбандыққа шалынған қойдың сүйектері мен сынықтары қорым алаңында шашылып жатыр. Жәшіктің оңтүстік қабырғасында, 0,48 м тереңдікте, сол қалпында қалған адам саусақтарының сүйектері табылды. Бұдан, адамның басы солтүстік-батысқа қаратылып, аяғы оңтүстік-шығысқа қаратылғанын көруге болады.
Жәшіктің әр жерінен келбеті әсем, бүйірі жұқа ыдыстың бөлшегі табылды. Ыдыстың ауыз жиегі тік және жиегіне қарай жұқара түседі, бүйірі шар тәрізді және түбі жайдақ (64,1-ыдыс). Мойнын бедерлі, қимасында сегмент пішіні беретін жапсырылған білік орайды. Ішінен батыру әдісі арқылы құмның ұсақ түйіршіктері аздап қосылған, жақсы саздан қалыпқа құйылған. Ыдыстың беті ақшыл - сары түсті, сынған жері сары - сұр. Оның жоғарғы бөлігі екі белдікпен өрнектелген; біліктен жоғары - доға тәрізді таңбаның баспа -таңбасы тізбектелген каннелюр, төменде - екі параллель лента, олардан еңкіш қатармен үшбұрышты фестондар түседі. Ленталар секілді үшбұрышты фестондар да толқынды таңбаның еңкіш баспа - таңба қатарымен сызықталған. Осындай анық із қалдыратын мұндай таңбалар, беғазы керамика өнерінің ерекшелігін қурайды.
11 - қорым негізгі тізбектен бірқатар тысқары, оның оңтүстік-батыс ұшында орналасқан. Қорымның пішіні шаршы (5x5 м.) қырымен қойылған тік гранит тақталарынан тұрғызылған. Бүйірлерімен төрт жаққа бағдарланған. Басқа ескерткіштерге қарағанда оның тақталары жақсы сақталған. Ортасында тас жәшік орналасқан, оның тек оңтүстік және солтүстік екі қабырғасы сақталған. Жәшіктің өлшемі 2x2 м, биіктігі - 0,8 м.
Қорым тонаушылармен бірнеше рет көмілген. Жәшікті тазартқан кезде, оның оңтүстік -шығыс ұшынан 0,7 м тереңдігінен сол қалпында тұрған адамның оң аяғының сүйектері және сол аяғының табаны табылды. Оған қарап марқұмның басы солтүстік-батысқа қаратып жатқызылғанын болады. Жәшіктің түбінде әр жерден ұсақ тісті таңбамен өрнектелген екі ыдыстың сынықтары жиналып алынды.
12-қорым (70-сурет) кіші тізбектің солтүстік - батысында, оқшауланып орналасқан. Жерлеу ғимаратының пішіні мұнда басқа. Бұл - сызықтарымен төрт жақта шаршы төсемелер. Шаршының өлшемі - 3x3 м. Төсемелер қырымен қазылып көмілген, бұрыштарында тік тақталары бар үш ірі тас қатарынан турады. (103-сурет)
Төсеменің ортасында бұрындары үлкен тасты жәшік болған, ол баяғыда-ақ бұзылған. Оның орнында өлшемі, 7x1,5 м шұңқыр бар. Тас жәшік тақталармен жабылған, олардың арасында, шұңқырдың оңтүстік ұшында тұрған біреуі ғана аман қалды. Шұңқырдың ортасында бір метр тереңдікте дақ байқалды, оның қайдан пайда болғанын анықталмады. 1,05 м тереңдікте көмір үйіндісі табылды. Осы тереңдікте омыртқасы мен аяқ сүйектері ғана бар адамның қаңқасы табылды. Сүйектерінің орналасуына қарап, марқұмның басы солтүстікке бағдарланғаны, аяқтары алшақ, тізесі бүгіліп жатты, ол Енисейдегі афанасьев рәсімін еске түсіреді. Тізесін жоғары қарай көтеріп бүгу рәсімі Атасу ө., Саңғырудан 28 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай Айшырақ тобында байқалды.
Камера түбінен алынған бас сүйектер мерзімін билейтін материал болып табылды. Бас сүйектер Саңғыру тобындағы барлық керамика сияқты. Жерлеу салтының сипатына қарағанда, бұл шамасы Саңғыру I тобындағы неғұрлым кейінгі жерлеу орны болып табылады. Хронологиялық түрде ол ерте скиф мәдениетінің басталуымен дәл келеді. Ескерткіштің екі жақтылық сипаты бар. Бір жағынан, ол Беғазы дәуірінің мәдени дәстүрлерімен байланысты болса, екінші жағынан осыдан көшпелі мал шаруашылығына ауысуына байланысты Орталық Қазақстандағы тайпалар дамуының жаңа кезеңі басталады (б.з.д. VIII-VII ғ.ғ.).
АЙБАС – ДАРАСЫ
Кейінгі қола дәуіріне жататын Ұлытау ескерткіштерінің ішінен Айбас - Дарасы кешені неғұрлым қызықты. Ол 1946 жылы ОҚАЭ ашылды. Кешен Едіге тауының солтүстік -батыс бөктерінен бір шақырымда Сары - Торғай өзені саласының Айбас тау өзенінің оң жайылма алқабы террасасында және Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Амангелді атындағы кеңшардың орталық ауласынан оңтүстікке қарай 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда - 3000 м2 ауданда кейінгі қола дәуіріне тиісті тас қорымдар, оба -қорымдар, VI- IX ғ.ғ. түрік және қыпшақ тас қорымдары, XIV-XVII ғ.ғ. қазақ жерлеу орындары орналасқан. Осы жерде шатқалда орта ғасырлық Айбас - Дарасы қалашығы орналасқан.
Қола дәуіріндегі ескерткіштердің арасынан Айбас - Дарасының үш үймесіз қорымы және бір қорымы бар обасы зерттелді. Олардың барлығы әлдеқашан тоналып, бұзылған.
1- қорым қырымен қазылып көмілген көлемді гранит тақталарынан құралған. Тақталар өлшемі 90x40x15 м, 75x50x20 м. Қоршау жоспарында пішіні шаршы тәріздес және өзінің шет жақтарымен ендік бағытына бағдарланған. Қорым шеттерінің ұзындығы -4,7 м және 6 м, қабырғаларының биіктігі - 0,4-тен 0,55 м - ге дейін жетеді. Тазарту кезінде оның оңтүстік-батыс бұрышында ірі тарақ тәрізді таңбасы бар керамика бөлшектері табылды, ол қорымның мерзімін анықтайтын жалғыз ғана олжа. Бұл бірқалыпты күйдірілген, ақшыл - сұр түсті, пішіні домалақ жұқа бүйірлі ыдыстың сынықтары. Ұнтақталған кварц пен ірі құм араласқан қой мал жыңнан жасалған.
2- қорым жоспары ұзын өзегімен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағдарланған, шеттерінің өлшемі 5,5 м және 6,2 м түзу емес шаршы ретінде көрсетілген. Қорым бітімі тік бұрыш және шаршы жайпақ қатпарлы тас тақталарынан көлденең қаланған. Суреттелген қорымның ішінде қырымен қазылып көмілген көлемді гранит тақталарынан құралған екіншісі болды. Екі қорымның ортасында 0,8 м тереңдіктен ұзын өзегімен солтүстік -оңтүстік бағыты бойынша бағдарланған жерлеу камерасы табылды.
Камера қатты елеуреген, түбінде сүйектер, көмір және кейінгі қола дәуіріне жататын керамика сынықтары табылды.
Қорымдарда өрнектелген және өрнектелмеген қара ыдыстардың сынықтары табылды. Негізінен, бұл ұнтақталған кварц пен ұлутас қоспасы бар жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан қолдан соғып жасалған жұқа бүйірлі ыдыстардың ауыз жиектері мен бүйір жақтары. Біркелкі күйдірілген, сынған жердің түсі қара - қоңыр, жоғарғы беті ақшыл -қоңыр, ал ішкі жағы қара - сұр түсті, кей жерлерінде күйіктің ізі байқалады.
Бірінші қорымда табылған ақшыл - қоңыр түсті жұқа бүйірлі ыдыс тамаша жасалған. Ыдыстың формасы домалақ, тік және биік ауыз жиегі бар. Ыдыстың жоғарғы бөлігін ірі тарақ тәрізді таңбамен орындалған төрт сызықталған таспалардан құралған ою көмкерген. Осындай оюы бар ыдыстың бөлшегі екінші қорымнан да табылған, айырмашылығы тек бірінші ыдыста таспалар қисық пунктир сызықтарымен, екіншісінде - көлденең сызықтармен өрнектелген.
Қорым - 2 50 шақырым солтүстік-батысына қарай 3- қорым орналасқан. Ол қырымен қазылып көмілген көлемді гранит тақталарынан құралған. Жоспарында тік бұрышты пішіні бар, өзегімен оңтүстіктен - солтүстік бағытына бағдарланған. Қорымның шет жақтарының ұзындығы - 3,08 м және 4 м, ал биіктігі - 0,5 м. Солтүстік-батыс бұрышында тақтаның жартысы жоқ. Тазартудың нәтижесінде мұның құрбандық шалатын орын екендігі анықталды. Қорымның түбінде көмірі бар күл қабаты, жануарлардың сүйектері, олардың арасында қойдың екі таспа шөбі, жылқының тістері мен тарамдалған сүйектері ерекше назар аудартады. Салттық оттың ізі бар осындай құрбандық шалатын орын Қарқаралы ауданының Балақұлболды кешенін қазу кезінде табылды. Оның да жоспары тік бұрышты және оңтүстіктен - солтүстікке бағдарланған.
Дөңгелек қорымдар түріндегі құрбандық шалатын орындар көбінесе орта қола дәуіріне (андронов заманына) жатады, олар Орталық Қазақстанда өте жиі кездеседі. Көлемді, тік қойылған гранит тақталарынан жасалған, жоспары тік бұрыш қорым түріндегі құрбандық шалатын орындар кейінірек пайда болған және ол беғазы - дәндібай заманының мәдениетіне жатады.
Оба - қорымдар топта басты орын алады және қоршаған территориядан жоғары тұрады. Оба - пішіні шаршыға ұқсас, жер мен құмнан құралған үйме. Оба диаметрі - 20 м, биіктігі - 1,4 м. Үймеден пішіні шаршы қорымның жоғарғы бөлігі шығып тұрды. Бұрындары жәшіктің жабыны болған дәу тақта тысқары жатты. Бұл мұнда тонаушылардың болғанын дәлелдейді.
Қорымның жоспары - қырлары 12x12 м және 0,6 м - ден 1,2 м - ге дейінгі биіктіктері сақталған шаршы. (71-сурет). Қорымның шет жақтары сәуленің түсуіне қарай бағдарланған. Қорым қабырғалары пішіні тік бұрыш әк тастың ірі тақталарынан көлденең қалау тәсілімен салынған. Тақтаның өлшемдері - 0,7x0,4x0,15 м, 0,8x0,35x0,25 м, 0,65x0,5x0,2 м. Жіктерін байлаумен, жерден бастап саз ерітіндісінен қалау басталады, төменде үлкен тақталар орналасқан. Көптеген тақталар бұзылған, әсіресе шығыс жақ қабырғасында, олардың кейбірі жабынның қысымынан қатты қисайған.
Қабырғадан басталып қорым ортасында тұрған үлкен тас жәшікке тірелетін камера бөліктері Айбас - Дарасының негізгі ерекшелігі болып табылады. (71-сурет).
Пішіні түзу емес трапеция тәрізді бөліктер жәшікке жақындаған жерінен тарыла бастайды. Қорымның батыс және шығыс бөліктерінде 5 камера - бөліктері табылды.
Бөліктің қабырғалары толтыру арқылы қалау техникасымен жайпақ тақталармен қаланған, еденге қиыршық тас төселген. Бөліктердің екі міндеті болды. Біріншіден, олар құрбандық шалатын орын - алтарь болды, мұнда әдет - ғұрыптық рәсімдер өтетін болған. Оған едендегі салттық оттың ізі, көмірі бар күл қабаты және жануарлар сүйегі сияқты тамақ қалдықтары дәлел бола алады. Екіншіден, олардың қабырғалары орталық тіреу бағандарының қызметін атқарды - онда бір-біріне нығыз қиюласты, пішіні сопақша құмдақтың көлденең қаланған тақталары түрінде жабын болған. Жабынның тек жеке бөлшектері сақталған, одан Айбас - Дарасында Бұғылы III кесенесіндегі сатылы жабыны болғаны байқалады. Бұл ғимараттар үшін жоғарыға қарай периметрі кішірейетін тас шаршы тақталар жасалған жабын жатады. Айбас - Дарасындағы жоғарғы тақтаның мөлшері - 1,45x1,67 м.
Қорым ортасында орналасқан үлкен тас жәшік тайпа көсемінің қабірі. Ол 1,5 м тереңдікте орналасқан. Жоспардағы жәшік шаршы пішіндес, оның қырларының мөлшері 2,8 м және 2,6 м. Тақта қабырғалары жақсы қырналған және бір - біріне тығыз қиюласты. Шығыс жағынан жәшікке кірер есік түріндегі екі бұрышты тақталар көрінеді.
Тас жәшікте әр түрлі тереңдікте ересек адамның (жақ бөлшектері, кәрі жілік және жамбас сүйектері, омыртқасы, қабырғалары), сондай-ақ, жылқының (жағы, аяқ-қолдары) және ірі қара малдың сүйектері табылды. Материалдық мәдениет заттарының арасынан керамикалық бұйымдар бөлшектері - өрнектелмеген үлкен саздан жасалған ыдыстың ауыз жиегі және бүйір жақтары, тарақ тәрізді таңбамен бай өрнектелген қабырғасы, жұқа ыдыстардың бүйір жақтары (72-сурет), керамикалық ыдыстың қабырғасынан жасалған, дөңгелектеп өңделген ұршықбас, маңызы анықталмаған қола бұйымының бөлшегі, ыдыстардың тас қақпақтары (7) табылды.
Солтүстік-батыс бұрышында қарадай тегіс ізі бар және сәнді геометрлік оюы бар әсем қыш құмыра тұрды. Солтүстік қабырғадан ұзартылған және қысқа, иілген, іші қуыс екі түтікше түріндегі алтын білезік табылды. (73-сурет). Қысқа түтікшенің ұшында екінші түтікше үшін саңылауы бар үшбұрыштармен сызықталған әшекейленген шеңбер болды (73-сурет). Түтікшелердің аяқ жақтарында екі алтын шеге қалған, мүмкін осылар арқылы зат ағашқа қағылған болар. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының лабораторияларында жүргізілген спектрлік анализ білезікте 86% алтын, 13% күміс, 1% мыстың бар екендігін көрсетті.
Қорымның батыс қабырғасына жалғастырыла салынған, пішіні таға тәрізді (1,2x0,7 м) балаларды жерлейтін орып ретінде көрсетілген жай ұласады. Баланың қаңқа сүйегі елеуреген. Қасындағы мүкәммалдан үш ыдыс табылды: екеуі өрнектелген және біреуі өрнектелмеген. Ата-ана моласына жалғастырыла салынған балаларға арналған жай ауыспалы кезеңге және кейінгі қола дәуір ескерткіштеріне (Айшырақ, Ақсу-Аюлы II, Бұғылы III, Саңғыру I, III) тән құбылыс.
Жәшіктің едені отпен тазартылған, ол өте қатты күйеленген және қыздырылған. Жәшіктің ортасында қалыңдығы 8 см - ге дейін жететін оттан қалған күлдің дағы байқалады. Отқа табыну және құрбандық шалу әдет - ғұрыптың іздері ғимараттың сыртқы қабырғаларынан да байқалады. Қорымның оңтүстік-батыс бұрышында 4 бүтін ыдыс турды, ал жанындағы оңтүстік қабырғада 0,4 м. тереңдікте жануарлар сүйегі үйілген күлдік 1 және бұл жерден екі әдемі ыдыс табылды. Оңтүстік қабырғадан тағы күлдік 2 ашылып, бүтін ыдыс табылды. Будан әрі шығыс жақ бағытында керамикасы бар күлдік 3, кейін жануарлар сүйегі бар күлдік 4 ашылды және мұнда екі бүтін ыдыс табылды. Оңтүстік қабырғаның орта бөлігінде бүтін ыдыс тұрды, шығыс жағындағы бұрышқа қарай қабырғада жануарлар сүйегі және бүтін ыдыс табылды. Осылайша, оңтүстік - батыс және оңтүстік қабырғалардың бойында 14 бүтін ыдыс табылды. Керамиканың молшылығына қарағанда Айбас - Дарасы - Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қызықты ескерткіштерінің бірі. Ескерткіштен барлығы 40-тан аса керамикалық ыдыс табылды, олардың жартысынан көбі бүтін. 218.
1-ші ыдыс орталық жәшіктен табылды. Ыдыс жұқа бүйірлі, пішіні нақышты, өрнектелмеген, түбі жайпақ және біраз сыртқа қайырылған, биік тік ауыз жиегі бар. Ұнтақталған кварц пен шамот араласқан балшықтан таспалық техникалық әдіспен қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері сұрғылт түсті.
2-ші ыдыс өрнектелмеген, түп асты жайпақ сақиналы. Бірінші бөліктен табылды. Ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Ұсақ тас араласқан қой мал жыңнан қолмен жапсыру арқылы қалыпқа құйылған. Онымен бірге типыл таңбамен әшекейленген басқа ыдыстың ірі фрагменті табылды.
3-ші ыдыс орталық жәшіктен табылды, жұқа бүйірлі, пішіні нақышты, өрнектелмеген. Ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Иіні бойымен мойынын бүйірінен ажырататын сызық өтеді. Иін жағында аздаған кертпеш байқалады. Ұсақ тас және кварц құмы араласқан жақсы қой мал жыңнан жасалған. Әркелкі күйдірілген, сынған жері сұрғылт -қоңыр і үсті болып келеді.
4-ші ыдыс табақ пішіндес. Ауыз жиегі бар бүйір бөлшегі Орталық жәшіктен табылды, осы ыдыстың басқа бөлшектері үшінші бөліктің басты бөлімінен табылды. Бөлшектерге зер салсақ, бұл жұқа бүйірлі ыдыс, ұсақ түйіршікті кварц құмы араласқан, жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті. Ірі тарақ тәрізді таңбамен сызықталған бүйірлері тең үшбұрыш түріндегі ою ауыз жиегінен иініне қарай мойынға ұласады.
5-ші ыдыс оңтүстік қабырғаның күлдігінен табылды. Ыдыстың пішіні шар тәрізді. «Жағасы» жапсырылған ауыз жиегі және түбінде кертпеші бар. Мойыны анық көрінген. Кварц құмы араласқан қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері күңгірт - қоңыр түсті. Ауыз жиегі айналасынан ірі тарақ тәрізді таңбамен салынған екі параллель өтеді, мойыны бойымен - сол таңбамен сызылған і ең бүйірлі үшбұрыш қисындарынан белдік құрылған.
6-ші ыдыс орталық жәшіктен табылды, түбі жайпақ, бүйірі шар тәрізді. Ауыз жиегі жапсырылған, сыртқа қайырылған. Мойыны иіліп біртіндеп бүйіріне ауысады. Кварц құмы жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан таспалық техникамен қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті. Ыдыстың беті тұтастай ірі тарақ тәрізді таңбамен түсірілген оюмен өрнектелген. Ыдысты бойлаған көлденең өрнекті сызықтар қиғаш қысқа баспа - таңба қатарымен сызықталған және жиектермен көмкерілген. Осындай ыдыстың бөлшегі бірінші бөліктен табылған. Екі қыш құмыра бір шебердің туындысы екендігі анық.
7-ші ыдыс (74.2-сурет) орталық жәшіктен табылды. Түбі дөңгелек, ауыз жиектері тік, биік. Мойынынан бүйіріне ауысуында кертпеш байқалады, бұл осы ескерткіштер тобына тән. Ұсақ түйірлі кварц құмы мен шамот араласқан, жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан таспалық әдіспен қалыпқа құйылған. Жақсы, бірқалыпты күйдірілген, сынған жерінің түсі қара. Таға сияқты етіп басып жасалған ою, ауыз жиегінен басқа, ыдыстың бүкіл бетін өрнектеген.
8-ші ыдыс төртінші бөліктен табылды, түбі жайпақ, өрнектелмеген, қарадай тегістелген. Ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Пішіні осы сериядағы 1, 3 және 10 ыдыстарға ұқсас. Ауыз жиегінен бүйіріне ауысуында кертпеш байқалады. Кварц құмы және ұсақ тас мардымды араласқан қой мал жыңнан жапсырылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері күңгірт түсті.
9-шы ыдыс орталық жәшіктен табылды, қарадай тегістелген, құман ауыз жиегі тік, жайпақ түбіне біртіндеп ауысатын бүйірі шар тәрізді пішінді. Таспалы техникамен қалыпқа құйылған, мұны сынған жеріндегі сызықтар дәлелдейді. Кварц құмы араласқан қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі емес күйдірілген, сынған жері қара түсті. Үшбұрыш ретінде басып жасалған жиекте, нүктесі бар тегіс бұрыш таңбамен түсірілген ою бүйір бетін өрнектеген.
10-шы ыдыс (75.1-сурет) тамақтанатын құмыралардың арасынан, сыртқы қабырғаның оңтүстік-батыс бұрышынан табылды. Әдемі шар тәрізді бүйірі біртіндеп жайпақтау түпке ауысады. Мойынның төменгі жағында кертпеші бар, ауыз жиегі тік болып келеді. Ыдыс өрнектелмеген. Шамот мен кварц құмы араласқан қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті, жоғарғы бетінде тегістеу ізі сақталған. Орындау техникасы және пішіні 1-ші және 3-ыдыстарға өте ұқсас.
11-ші ыдыс (75.4-сурет) құман түрінде, басқа ыдыстармен бірге оңтүстік-шығыс бұрышынан табылды. Биік мойыны біртіндеп шар тәрізді бүйіріне ауысады, түбі асты тегіс. Ұнтақталған ұлу қабыршағы мен ұсақ тастар араласқан жақсы езілген қой мал жыңнан жасалған. Сынған жері қызыл түсті. Ою сүйір бұрышты тегіс таңбамен орындалған және ыдыстың иіндерін жауып турады. Оюдың басты композициясы -ұштарымен төмен қараған ірі үшбұрышты фестондар.
12-ші ыдыс (75.2-сурет) оңтүстік-батыс бұрышынан табылды, өткен пішінді қайталайды. Анық көрінген мойыны біртіндеп бүйіріне ауысады. Ұнтақталған ұлу қабыршағы мен ұсақ тастар мардымды араласқан, жақсы езілген қой мал жыңнан жасалған. Жақсы күйдірілген, сынған жері қызыл түсті. Ою үшбұрыш түрінде тегіс таңбамен басып жасалған.
13-ші ыдыс (75.3-сурет) құрбандық шалатын ыдыстар топтамасынан, оңтүстік-батыс бұрышынан табылды. Пішіні құман тәрізді. Бүйірі шар тәрізді, түбі жайпақ, төменгі жағында көзге көрінетін кертпешке ауысатын тік ауыз жиегі бар. Ыдыста тегістеу ізі бар. Кварц құмы мен үгілген ұлу қабыршығы араласқан жұмсақ қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Біркелкі емес күйдірілген, сынған жері ақшыл - қоңыр түсті. Ою ұштарымен төмен қараған үшбұрышты бетондардан жасалған. Таға сияқты нүктесі бар таңбамен орындалған. Үшбұрышты фигуралардың арасындағы бос кеңістікте, ортасында нүктесі бар және нүктесі жоқ таға сияқты жалғыз - жарым белгілері де бар. Пішіні крест тәрізді олардың бірі бірнеше рет Саңғыру I керамикасында байқалған.
14-ші ыдыс (76.3-сурет) орталық жәшіктен табылды. Түсі ақшыл - қоңыр, пішіні шар тәрізді, түбі жайпақ, кертпеші бар, биік мойынына ауысатын тік ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған. Ыдыстың сыртқы бетінде тегістеу ізі байқалады. Кварц құмы мен үгілген ұлу қабыршығы араласқан жақсы сапалы қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі емес күйдірілген, сынған жері ақшыл - сарғылт. Ою үшбұрышты фестондарды құрайтын үш жапсырылған төмпешіктен тұрады.
15-ші ыдыс пішінімен өткеніне өте ұқсас (76.2-сурет). I күлдік табылды. Бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ ақшыл - қоңыр түсті ыдыс. Сыртқы бетінде қарадай тегістеудің ізі қалған. Ауыз жиегі тік, биік, біраз сыртқа қайырылған, иіндеріне кертпешпен ауысады, мойынынан тік сызық өтеді. Ұсақ тас, кварц құмы мен үгілген ұлу қабыршығы араласқан сапасы жақсы қоймалжың. Біркелкі күйдірілген, сынған жері ақшыл - қоңыр түсті. Ою бүйірдің жоғарғы жағында қос - қостан орналасқан, жапсырылған төмпешіктерден турады.
16-ші ыдыс 14-ші және 15-ыдыстарға ұқсас, 1-күлдік табылған. (76.1- сурет). Түбі жайпақ шар тәрізді ыдыс. Тік ауыз жиегі кертпеші бар биік мойнына ауысады. Мойынында науа түрінде көлденең сызық бар. Ыдыстың сыртқы бетінде қарадай тегістеудің ізі сақталған. Ұсақ тас пен кварц құмы араласқан сапасы жақсы қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Біркелкі емес күйдірілген, сынған жері ақ - сұр. Ою дөңгелек нүктелердің екі қатарымен көмкерілген үшбұрышты фестондарды құрайтын үш жапсырылған төмпешіктен тұрады.
17-ші ыдыс (77.2-сурет) пішінімен және өрнегімен 9- ыдысқа ұқсас. 3-күлдік табылған. Жұқа бүйірлі, бетінде қарадай тегістеудің ізі бар. Бүйірі шар тәрізді, түбі жайпақ және ауыз жиегі тік, биік болып келген. Кварц құмы мен ұсақ тас араласқан жоғары сапалы жақсы қой мал жыңнан қалыпқа құйылған. Жақсы, біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті. Ою жиегінде нүктелі баспа - таңбасы бар тегіс бұрыш таңбамен орындалған.
18-ші ыдыс (77.1-сурет) 3-күлдік оңтүстік жақтағы қабырғадан табылды. Ыдыстың түбі жайпақ, бүйірі шар тәрізді және ауыз жиегі сыртқа қайырылған. Ыдыстың сыртқы бетінде қарадай тегістеудің ізі сақталған. Жапсыру техникасы Айбас - Дарасы керамикасына тән. Жеті көлденең сызықталған белдіктер түріндегі ою ыдыстың бүкіл бетін көмкерген.
19-ші ыдыс (77.4-сурет) табақ түрінде үйілген жануарлар сүйектерінің арасынан, оңтүстік қабырғадағы күлдіктен табылды. Бұл бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ әжептәуір үлкен ыдыс. Ауыз жиегі аз ғана сыртқа иіліп жапсырылған, анық көрінетін мойыны біртіндеп бүйіріне ауысады. Кварц құмы бар жұмсақ қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі емес күйдірілген, сынған жері қара түсті. Өрнек тарақ тәрізді таңбамен түсірілген және қабатпен ыдыстың жоғарғы жағында орналасады: ауыз жиегі мен мойыны айналасында екі жағынан пунктир сызықтарымен көмкерілген ромбылардан жасалған тор, төменірек қиғаш кертпелер қатары өтеді ол беғазы - дәндібай заманы керамикасының негізгі ою элементтерінің бірі.
20-ші ыдыс (76.4-сурет) үйілген жануарлар сүйектерінің арасында, оңтүстік қабырғасында турды. Пішіні 14-15- 16-ыдыстарга өте ұқсас. Жұқа бүйірлі, шар тәрізді, түбі жайпақ. Ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойынның төменгі жағында кертпеші бар. Науа тәрізді көлденең сызық мойынын иінінен бөледі. Ыдыс шамот пен кварц құмы араласқан жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қызғылт түсті. Сыртқы бетінде қарамен тегістеудің ізі айқын көрінеді. Ою төмпешіктерден жапсырылған.
21-ші ыдыс (74.1 - сурет) оңтүстік қабырғада тұрды. Басқа ыдыстардан неғұрлым қатаң пішінімен, жоғары дайындау техникасымен, ал ең бастысы осы топтамадағы ыдыстарда жоқ қою қызылмен тегістеумен ерекшеленеді. Ыдыс әсем, жұқа бүйірлі, кең тік ауыз жиегі және домалақ түбі бар тостаған түрінде. Кварц құмы мен үгілген ұлу қабыршығы араласқан жоғары сапалы қой мал жыңнан қолмен жапсыру арқылы қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қызғылт - қоңыр түсті. Өте мәнерлі ою көлденең ойығы (тар тарақ тәрізді таңбамен түсірілген және қабаттармен орналасқан: мойынын пунктир сызықтарымен көмкерілген ромбалық тор жабады, иіндерін және бүйірінің жоғарғы жағын ұсақ тарақ тәрізді еңкіш баспа - таңбамен үзік-үзік орналасқан үш әшекейлі таспалар, бүйірінің төменгі жағында сызықталған таспалардан тарақ тәрізді фестондар орайды.
Қызылмен тегістелген және аса қымбат кілемнің ою - өрнегі бар тостағандар Дәндібай, Беғазы, Саңғыру I ескерткіштерін қазу кезінде табылды.
22-ші ыдыс (78.1 - сурет) оңтүстік қабырғада тұрды. Жұқа бүйірлі, қызылмен тегістелген, сыртқа қайырылған ауыз жиегі жапсырылған, мойыны қатты иілген, бүйірі аздап дөңес және түбі асты жайпақ. Кварц құмы мен шамот араласқан жақсы қой мал жыңнан жасалған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қызғылт түсті. Ыдыстық беті тұтастай ірі тісті таңбамен орындалған кілем ою өрнегімен көмкерілген. Ою ромб суретті немесе тігінен ирек жолағын елестететін, тарақ тәрізді таңбаның еңкіш баспа - таңбамен үзік-үзік сызықталған сегіз көлденең таспалардан жасалған. Ақ фонда салынған қара сурет түстер ойынын елестетеді.
23-ші ыдыс (79.1-сурет) - осы сериядағы ең ірілерінің бірі, қойдың таспа шөптерімен бірге оңтүстік-шығыс бұрыш жағындағы күлдіктен табылды. Ол қалың бүйірлі, түбі жайпақ, ас дайындайтын ыдыстар түріне жатады. Қысқа мойыны анық көрінген, ауыз жиегі сыртқа қайырылған. Кварц құмы мен үгілген ұлу қабыршықтары араласқан жақсы ұнтақталған қой мал жыңнан қолмен жапсыру арқылы қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қызғылт - қызыл түсті. Сыртқы бетінде шөппен тегістелген із байқалады. Ою екі белдіктен турады: ауыз жиек түбінен - ромбы торымен сызықталған таспа түріндегі тарақ тәрізді таңбаның баспа - таңбасы, төменірек - шырша пішінін қурайтын екі қатар кертпелерден туратын тегіс таңбаның баспа - таңбасы.
24-ыдыс (78.2-сурет) 23-кыш құмырамен қатар турды. Пішіні және өрнегі 22-қуманға ұқсас. Ыдыс жұқа бүйірлі, қызылмен тегістелген, бүйірі шар тәрізді және түбі асты жайпақ. Ауыз жиегі биік, тік болып келген. Мойыны анық көрінеді. Қабырғаның ішкі жағында күйіктің ізі қалған. Кварц құмы қоспасымен жақсы қой мал жыңнан қолмен жапсырылып, қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қоңыр түсті. Ірі тарақ тәрізді таңбамен орындалған ою, ыдыс бетін түгел көмкерген және ассиметрлік орналасқан ромбыларды елестететін тарақ тәрізді таңбаның еңкіш баспа - таңбасымен сызықталған алты көлденең таспадан тұрады.
25-ші ыдыс сұр саздан, жұқа бүйірлі, біраз сыртқа қайырылған жапсырылған ауыз жиегі бар. Кварц құмы мен өте ұсақ тас араласқан жақсы қой мал жыңнан жасалған. Сызықты таңбамен жасалған ою ыдыстың жоғарғы жағын тұтастай жабады. Ауыз жиегі бес көлденең таспалармен оранған, төменірек тегіс таңбамен сызықталған үшбұрышты фестондар өтеді.
26-ші ыдыс (78.3-сурет) осы сериядағы ең ірілерінің бірі, орталық жәшіктен табылды. Түбі жайпақ және ауыз жиегі тік, пішіні шар тәрізді ыдыс. Ұсақ тас пен кварц құмы араласқан қой мал жыңнан жасалған. Сынған жеріндегі күйік қара түсті. Ромбылық тор түріндегі ою ірі тісті таңбамен жасалған, иін бойымен өтеді.
27-ші ыдыс (79.2-сурет) сұр сазды, бүйірлері тегіс, өрнектелмеген құмыра ыдыс. Айбас -Дарасы тобындағы ең ірісі. Ыдыстың бөлшектері орталық жәшіктен табылды. Ыдыстың корпусы жоғарыға қарай созылған және түбі асты жайпақ сақиналы. Ауыз жиегі кең, қысқа, біраз сыртқа қарай қайырылған. Қысқа мойыны төменгі жағында кертпеші бар көлемді білік арқылы иінінен бөлінген. Өте ұсақ тас араласқан қой мал жыңнан жасалған, біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті.
28-ші ыдыс (77.3-сурет) табақ тәріздес, екінші бөліктен табылды. Бүйірі біршама дөңес және түбі жайпақ. Ауыз жиегі тік, сыртқа қайырылған. Мойыны бүйіріне ауысарда көзге көрінетін кертпеш қурайды. Кварц құмы араласқан жақсы қой мал жыңнан қолмен жапсырылып, қалыпқа құйылған. Біркелкі күйдірілген, сынған жері қара түсті. Түп бөлігі қатты қыздырылған. Ішкі қабырғаларында шөппен тегістеудің ізі сақталған. Сыртқы беті қызылдау және тегістеу ізі бар. Бұл андронов керамикасы түріндегі жалғыз ғана ыдыс.
Бірінші класс керамикасы мен алтын заттардың ірі сериясы табылған Айбас - Дарасы ескерткіштерінің кешенімен беғазы ескерткіштерінің таралған батыс шекарасы белгіленген, бірақ осы мәдениеттің іздері әрі қарай Жыланшық және Торғай өзендерінің аңғарларында байқалады.
ДӘНДІБАЙ
Дәндібай - бұл Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысына қарай 60 шақырым, Шерубай -Нұра өзенінің оң жағасындағы кең жайылма алқабына таралған жерлеу даласы. Оба саз балшықтан салынған құрылымдардың қираған үйіндісі ғана қалған Дәндібай ауылының территориясында орналасқан.
Ертеде Нұра ө. аңғары Орталық Қазақстандағы елді мекендердің бірі болды. Мұнда әртүрлі дәуірлердің ескерткіштері сақталған. Қарағанды төңірегінде орналасқан басқа ірі кешендерімен қатар, Дәндібай обасы Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерің тізбегінің басты түйінін құрайды.
Кешенде андронов мәдениетінің ескерткіштері көп кездеседі, дегенмен, обаның оңтүстік бөлігінде, жайылма алқап террасасының ең шетінде андроновтықтан шаршы пішініме және үлкен көлемімен ерекшеленетін тас қорымдарының жеке тобы орналасқан. Топ М.П. Грязновпен және т.б. 1933 ж. зерттелді.
Дәндібай кешенінің 11-ші қорымын қазудың нәтижесінде қызықты ақпараттар алынды. Оның құрылымы Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің басқа жерлеу ғимараттарының құрылысына, соның ішінде Беғазы, Бұғылы III, Саңғыру I, III, Ақсу-Аюлы II ұқсас.
Дәндібай 11 жоспарында - бұл пішіні шаршы, бір - бірімен қоршалған екі тас қорым (80-сурет). Шаршының ортасында жерлеу камерасы бар. Қорымның ішкі қабырғалары 1,2 м тереңдікте шұңқырға түсірілген және екі қатар болып қаланған кесек таспен қапталған. Ішкі қабырға қырының ұзындығы - 5,2 м және 5,2 м, қалау биіктігі - 2 м - ге дейін, қалыңдығы - 0,8 м. Сыртқы қабырға бір қатарға «үшкір қырымен» орналастырылған сопақша тастардан тұрғызылған. Шет жақтарының ұзындығы - 9 м және 8 м, қалау қалыңдығы - 0,5 м, биіктігі - 0,7 м. Сыртқы және ішкі қабырғаларының арасында ені - 3 м айналып өтетін дәліз бар және ол ішкі қабырғалардан жоғары орналасқан. Басқа ескерткіштердегі дәлізде алтарь болды. Бұл жерде отқа табыну және өлген адамның құрметіне құрбандық шалу салттары өтті.
Ішкі қабырғаларға қиық пирамида пішініндегі бөренелі төбе жабындысы тірелген. Оның тек жеке бөлшектері сақталған. М.П. Грязнов оларды егжей-тегжейлі зерттеп, оның алғашқы бейнесін айқындай алды. Бөренелі төбе жабындысы тал-шілік бұталарының қабатымен жабылды, ал үстіне жер себілді, нәтижесінде жерлеу төбешігі пайда болды. Еденнен төбе жабындысына дейінгі ішкі кеңістіктің биіктігі ~ 2 м болды. Осындай екі мықты қабырғалы және бөренелі пирамида тәрізді төбе жабындысының құрылымы (Сібір мен Оралдағы қола дәуірі мәдениетінде белгісіз.
Камера түбінде және күйреген тас үймелерінен 12- ыдыстың сынықтары, қоладан жасалған екі жебе ұштары, шығу арқылы өңдеу техникасымен дайындалған бадам формасындағы тас құралдары жиналып алынды. М.П. Грязновтың ойынша мұндай құрал теріні өңдеу (уқалап жұмсарту) үшін пайдаланылған".
Қанаты кең емес, екі үш төлкелері тотыққан және бұзылған. Қамыстан немесе құрақтан жасалған ағаш қалдығы байқалады. Жебенің бір жағы қамыстың сабағына, екінші, үшкір жағы - ұштың төлкесіне кигізілген құрақтың кесілген бұталары арқылы ағашпен қосылған. Бұл Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуір ескерткіштеріндегі алғашқы қола жебелері олжасының бірі.
Соңғы уақыттағы зерттеулермен қола төлкелі жебе ұштары Орталық Қазақстанда орта қола дәуірінен басталады.
11-ші ыдыстың түбі жайпақ, ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған. Иіні біртіндеп бүйіріне ауысады. Пішінімен 10 және 12 қыш құмыраларынан еш ерекшеленбейді. Ұштары төмен қараған үлкен үшбұрышты фигура түріндегі тырнақты ою ыдыстың жоғарғы бөлігінде өрнектелген.
12-ші ыдыстың ауыз жиегі тік, түбі жайпақ және иіндері тік қыш құмырасы түрінде көрсетілген. Ою тырнақты баспа - таңбамен орындалған және ауыз жиегінен түбіне дейінгі ыдыстың жоғарғы бетін көмкерген үшбұрышты фигура болып келеді. Осы үш ыдыс пішінімен және өрнегінің қарапайымдылығымен, қабырға енінің мардымдылығымен ерекшеленеді. Бет жағында кей жерлерде тегістеу ізі байқалады. Сипаты бойынша олар Айдарлы керамикасына ұқсас.
Ыдыстардың екінші тобының үлкен көркем құндылығы бар. Бұлар жұқа бүйірлі, асқан шеберлікпен жасалған әдемі ыдыстар. Дайындау техникасы өте ұқсас. Осы топтың барлық ыдыстары үгілген гранит пен пирит араласқан саздан жасалған. Керамиканың осы сериясында ішкі және сыртқы қыр бетінің тегістелуі байқалады.
Дәндібайлардың арасында жоғарғы беті қара - сұр және қара жылтыр жарқылы бар ыдыстар кездеседі. Сондықтан М.П. Грязнов қара - сұр және қара түстер «преднамеренного пропитывания их стенок органическими веществами, которые при обжиге на равномерном и умеренном огне обугливались, но не сгорали» нәтижесінде алынды, — деп жазды.
Біздің бақылауымыз, мұнда саздың майлы сүтте иленуі басты ролді атқарды. Қалыпты күйдірілгенде осындай ыдыстардың қабырғалары қара жылтыр түске боялды. ()сындай техникамен дайындалған ыдыстар Бегазы, Бұғылы III, Саңғыру I, III кешендерінен табылды.
Осы топ керамикасының пішіндері әр түрлі: кубоктар, құмандар (81-сурет).
Екі кубок табылды. Екеуі де әсем, пішіндері мен өлшемдері, өрнектері бірдей, аз ғана айырмашылығы бар. Ауыз жиектері тік, аздап қана сыртқа қайырылған. Саздың жеке бөлігінен жапсырылған биік конус тәрізді тұғырығы кубоктың өзгешілігі болып табылады. Ою тарақ тәрізді таңбаның ұсақ баспа - таңбасымен түсірілген және ыдыстың бүйірін көлденеңінен және қиғаш (1-ші кубок) орайтын шиыршық сызықтардан тұрады. 2-ші кубоктан тұғырығында «бағана» таңбасына ұқсас таңбаның баспа таңбасы бар. Олардың пайда болуы Орталық Қазақстанда мал шаруашылығының жақсы дамуымен тікелей байланысты. Олар су ішуге арналған, оны олардың көлемі және әсем формасы дәлелдейді.
Екінші түріне үш тамаша тостағандар жатады. Олар пішіні мен өлшемдері бірдей, тек өрнектерінде ғана айырмашылық бар.
3-ыдыс - мойыны ұзын, түбі жайпақ, орнықсыз пішімі шар тәрізді қыш құмыра. Өрнектелмеген, бетінде тегістеу іздері бар. Қоймалжың кварц құмы мен аздаған пирит қосылған қоспадан турады. Ішкі жоғарғы бетінде күйіктің ізі қалғам Ою екі қабатты: шыршалы (мойынында) және иректі.
4-ыдыс түбі жайпақ және ауыз жиегі әлсіз көрінетін шар тәрізді. Сыртқы бетінің түсі қара - сұр, кей жерлері пириттің қара жылтырақтары кездеседі. Қой мал жыңның құрамында үгілген тас қоспасы бар. Түбі аздап дөңес, орнықсыз. Ою күрделі ирек сызықты таңбамен орындалған, алдымен қисық сызықпен толтырылған сызықтың пішіні жүргізілген. Ыдыстың бетінде ішінен де, сыртынан да тегістеудің іздері қалып қойған.
5-ыдыс бүйірі шар тәрізді, түбі дөңес, ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған. Кварц құмы мен үгітілген пирит араласқан қой мал жыңнан қалып құйылған. Өрнек тарақ тәрізді таңбамен салынған: ромбылық фигуралардың пішіні қисық сызықтармен толтырылған. Ыдыстың түбінде 2-ші кубоктағыдай күйдірілгеннен кейін, таңба тырналып салынған. Қызықтысы, осы таңбаның бейнесі Орталық Қазақстанның ескерткіштерінде де бірнеше рет кездескен. Оны біз, Саңғыру I қорымындағы ыдыстың ауыз жиегінен, Батыс Қазақстандағы Үзеней қонысындағы қыш құмырадан, Былқылдақ I 3-ші қорымдағы 2-ші қыш құмырадан көреміз. Олардың барлығы Қазақстандағы скифтен бұрынғы мәдениетке жатады.
Дәндібай тостағандары пішіндерінің қатаңдығымен, суреттерінің әсемдігімен, әдемілігімен ерекшеленеді, ол Орталық Қазақстанда скифтен бұрынғы замандағы қыш -құмыра өнерінің жоғары деңгейде дамуын дәлелдейді. Қалған балама ыдыстар Беғазы және Саңғыру I кейінгі қола ескерткіштерінен табылды. Осындай ыдыстар сондай-ақ, Еңбек, Сүйгіш (Қарқаралы ауданы Кент тауларындағы некрополь), Егізек II ескерткіштерінде, сол сияқты қарасу жерлеу орындарында және Минусинск шұңқырдан табылды.
6-шы ыдыс шар тәрізді бүйірі бар, мойыны тік және түбі жайпақ аласа құман. Кварц құмы мен үгітілген пішін қосылған жақсы қой мал жыңнан жасалған. Ыдыс сыр жақсылап тегістелген, ал ішкі жағы аздап қана тепе келген. Өрнек осы сериядағы ыдыстар техникасына тарақ тәрізді таңбамен салынған: алдымен геометрлік фигуралардың пішіні салынып, кейін ол қисық сызықтармен шырылды. Сурет үш қабатты: ауыз жиегінен қысқа тарақ тәрізді сызықтар сызылған созылған үшбұрыштар, мойнына сызылған тікбұрышты фигуралар қатары, бүйірінде солай, жақсылап сызылған күрделі меандр.
7-ші ыдыс мойыны тік, түбі жайпақ, бүйірі шар тәрізді аса құман. Жоғарғы беті қара, сыртынан да, ішінен де ісі істеу ізі бар. Қоймалжың ұсақталған кварц құмынан пирит жылтырынан құралған. Түбі - жұқа дөңгелек саз жапсырылған. Өрнек: фонында мойынынан және бүйірінен екі қабатты ромб суреті салынған, жұқа тілікті баспа -таңбасынан құрылған ұсақ тор.
8-ші ыдыс ауыз жиегі тік, ал бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ шағын табақ пішіндес. Жоғарғы бетінде тегістеудің іздері байқалады. Қой мал жыңның құрамында үгілген тастың қоспасы бар. Ою бүйірін орайтын үш қатар нүктелермен көмкерілген, жапсырылған төмпешік түрінде өрнектелген.
9-ші ыдыс түбі жайпақ, бүйірі шар тәрізді мойыны әдемі иілген, кішкентай табақ пішіні бар. Ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған. Жоғарғы бетінде тегістеу ізі сақталған. Қой мал жың ұсақталған кварц құмынан және пирит жылтырынан құралған. Түбінде таңба түрінде тіліммен екі терең жаншулар бар. Өрнек бүйірін орайтын тырнақты шымшым қатарын көрсетеді (16-қатар).
тын шиыршық сызықтардан тұрады. 2-ші кубоктың тұғырығында «бағана» таңбасына ұқсас таңбаның баспа таңбасы бар. Олардың пайда болуы Орталық Қазақстанда мал шаруашылығының жақсы дамуымен тікелей байланысты. Олар су ішуге арналған, оны олардың көлемі және әсем формасы дәлелдейді.
Дәндібай керамикасының екі үлкен тобының сипаттамасы осындай. Кейбір жеке-дара ерекшеліктеріне қарамастан, Дәндібай керамикасының формасы, жапсыру техникасы және өрнегі Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріндегі басқа ескерткіштердің керамикасымен бір тұтастықты құрайды және шүбәсіз беғазы - дәндібай заманындағы бір мектеп шеберлерінің өнерін көрсетеді.
КЕЙІНГІ ҚОЛАДАН ЕРТЕ ТЕМІРГЕ АУЫСУ КЕЗЕҢІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ (б.з.д. VIII-VII ғ.ғ.)
Орталық Қазақстанда кейінгі қола дәуірінің мәдени дәстүрлерімен бірге, ерте темір мәдениетінің қалыптаса басталуын дәлелдейтін бітістердің пайда болғаны байқалатын ескерткіштер тобы зерттелді. Айдарлы (Атасу ө.), Бұғылы II (Құсмұрын), Кент (Қарқаралы таулары), Былқылдақ I (Б топтамасы) топтары, Тағыбай - бұлақ (Баянауыл ауданы), Суық - бұлақ (Қарқаралы III) және т.б. қоныстары хақында сөз қозғалуда. Осы ескерткіштерде кейінгі қола дәуіріне жат жерлеу құрылымдарының қарапайым түрі, керамикалық ыдыстар, еңбек құралдарының және әшекейлердің пайда болуы байқалады. Олар ерте темір дәуіріне өту кезеңінде беғазы - дәндібай заманындағы дала қоғамының өндірістік қатынастарында және мәдениетінде болған маңызды өзгерістерді көрсетеді.
АЙДАРЛЫ
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуір ескерткіштерінің арасынан ғимараттар саны және олардың түрлі формалары бойынша кең Айдарлы кешені қызығушылық тудырады (82-сурет). Ол Атасу ө. оң жағасында Ақсай аңғарында, Айшырақ ауылынан солтүстік -батысқа қарай 7 шақырымда орналасқан. Өзеннің екінші жағасында Айшырақ андронов ескерткіштерінің үлкен тобы орналасқан.
Айдарлы тобында әртүрлі тарихи кезеңге жататын шамамен жүздеген ескерткіштер бар. Олар Ақсай ө. аңғары бойымен, оның қайнарынан Атасу ө. Құятын жеріне дейінгі аралықта орналасқан. Ең үлкен топ орталықтанған шаршылардан тұрады. Барлық қорымдар үймесіз, олар үймесіз андронов қорымдарынан үлкен көлемдігімен және жоспарларының геометрлік нақтылығымен ерекшеленеді. Қорымдар қырымен қазылып қадалған гранит тақталарынан құрылған. Кейбір қорымдардың тақталары жоқ. Мүмкін оларды жергілікті тұрғындар құрылыс істеріне пайдаланып кеткен болар. Қорымдардың ішінде грунтқа шомған үлкен тас жәшіктер бар.
1-ші қорым. Оның ішінде шығыс жақ қабырғасы жоқ үлкен тас жәшік. Шет жақтарының мөлшері 1,6 м және 2 м тік бұрыш пішінді, жәшіктің көлденең өзегі батыстан шығысқа қарай бағдарланған. Тазартудан кейін қорымның тоналғаны анықталды, топырақ құрамы сондай-ақ, ескерткіштің сақталуына қолайлы жағдай туғызбады. Әр жерден ұнтақ секілді қоспа - шашыраған сүйектер табылды. Жәшіктің түбінде үш ыдыстың ірі бөлшектері табылды (86-сурет). Бірі бас тақтаның түбінде, екіншісі - солтүстік қабырғаның батыс жақ соңында, үшіншісі - оңтүстік қабырғаға жақын тұрған. Барлық қыш құмыралар өрнектелмеген, олар тұрпайы қой мал жыңнан жасалған, түбі жайпақ, ауыз жиектері тік және мойынына қарай иілген, бүйірлері дөңес және пішіндері үшкір, түбі асты тар келген (87-сурет). Ыдыстар қарапайым болғанымен олардың сұлбасы жағымды әсер қалдырады. Олардың пішіндері Орталық Қазақстан және Оңтүстік Оралдағы кейінгі қола дәуіріндегі қоныстардағы керамикаларға балама бола алады.
2-ші қорым. Айналасында қорым тақталарынан қаланған шұңқырлары бар үлкен тас жәшік қана сақталған. Шет жақтарының мөлшері 2,6 м. және 1,5 м гранит тақталарынан жасалған жәшік батыстан - шығысқа қарай созылған. Жабын тақталарының жеке бөлшектері табылған. Солтүстік және батыс бұрыштарының жапсарында оюы жоқ, жаншылып қалған қыш құмыра табылды, оның құрылым 1-ші қорымдағы қыш құмыраға ұқсайды. Жерлеу тоналғандықтан басқа заттарды анықтау мүмкін болмады.
3-ші қорым (83-сурет) басқаларына қарағанда жақсы сақталған, шет жақтарының мөлшері 6,5 м және 10 м. бұрышты формасы бар, қырлары қазылып көмілген орналасқан тақталардан турады (72-сурет). Қорымның ішінде шет жақтарының мөлшері - 1,9 м және 1,4 м, биіктігі 1,08 м тік бұрышты формасы бар үлкен тас жәшік бар. Оны жауып тұрған тақталардың шет жақтарының мөлшері - 2,0 м және 1,5 м. Тазартудан кейін, жерлеу орны тоналғандығы анықталды және сол жерден жәшіктен тысқары жатқан адамдардың сүйектері табылды. Бас сүйек табылған жоқ, қолданыс заттары да кездеспеді.
4-ші қорым Айдарлы кесененің оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Ол әлдеқайда үлкен, шет жақтарының мөлшері 5,3 м және 4,6 м, пішіні тік бұрыш. Қорым осы топтағы басқа қорымдар сияқты тігінен қойылған ірі тақталардан емес, көлденең орналастырылған біршама кішкентай тас тақталардан тұрғызылған екен. Көлденең өзегімен солтүстіктен -оңтүстікке қарай бағдарланған. Оның батыс жағы және оңтүстік пен солтүстік қабырғалары жартылай сақталған. Қорымның ортасында грунттан камера табылды, оның қабырғасы үш жағынан жылтыратылған тас тақталарынан жасалған, оңтүстік жағының тақтасы мүлдем жоқ. Камера түбінде шығыс жақ қабырғасына жақын басы оңтүстікке, аяғы солтүстікке қараған, шалқасынан жатқызылған адамның созылған, шіріген қаңқа сүйегі табылды. Бас сүйегінен тек тістері ғана қалғанына қарап, егде адамның жерленген орны деп жорамалдауға болады. Камера екі адамға есептелген, бірақ оның батыс жақ жартысы бос тур. Оның түбінде қатқыл керамикасының сынығы табылды.
5-ші қорым - қырлары қазылып көмілген тігінен орналасқан тақталардан тұрғызылған ғимарат (84-85-сурет- тер). Шет жақтарының мөлшері - 3,3 м. және 3,4 м шаршы пішінді. Шеттері сәуле жақтары бойынша бағдарланған.
1. Тігінен қазылып көмілген, тақталардан жасалған кішкентай төртбұрышты тас қорымдар. Қорымдар мөлшері – I, V 3,5 м, 4x2,8 м, 3,2x2,8 м. Олардың ішінде жерге қазылып көмілген көлемді гранит тақталарынан жасалған үлкен бар. Жәшіктердің ернеулері жер бетінен 40-50 см. шығып тур. Жәшіктердің көлемі - 2x1,5 м; 2x1,2 м; 2,2x2 м.
2. Жерге тігінен қазылып көмілген гранит тақталарынан жасалған көлемді төртбұрышты жәшіктер. Көлемі алдыңғы жәшіктердің типіне келеді. Сыртқы қорымы жоқ (89-90-суреттер).
3. Көбінесе оңтүстіктен немесе оңтүстік-батыс жағынан қырынан орнатылған гранит тақталарынан жасалған үлкен төртбұрышты жәшіктер. Жәшіктердің көлемі - 3,6x1,6 м, жалғастыра салынған жай - 1x0,8 м.
4. Қырымен орнатылған көлемді гранит тақталарынан жасалған үлкен төртбұрышты қорымдар. Бұрыштарында - биіктігі 1,45 м тігінен қазылып көмілген тастар, оңтүстік -шығыс бұрышында жануардың - «қойдың» тас мүсіні түріндегі үлкен тақта бар. Оның көлемі: биіктігі - 1,7 м, ені - 30-дан 50 см. дейін. Қорымның шет жақтарының көлемі 8 және 7 м.
5. Биіктігі 0,4 тең 1 м. дейін, диаметрі 5-тен 12 м дейін үйіндіде тақталардан шығыршықтап қаланған аласа обалар.
6. Төбесі үйіндіге етпетінен салынған тастардан шығыршықтап қаланған домалақ обалар.
7. Сүйірленген шаршы пішінді қорымдары және ішінде үлкен тас жәшіктері бар обалар. Қорымдар мөлшері орташа етпетінен жатқан тақталардан құралған. Обаның диаметрі - 12-15 м, биіктігі - 0,8-1 м (91- сурет).
8. Түбінде етпетінен жатқан тастардан қаланған шығыршықты қорымдары бар, биіктігі 80-90 см. домалақ қорымдар.
9. Құрылымы жағынан беғазы қорымдарына кіре берісті елестететін, тік бұрышты жалғастыра салынған жайы бар, ортасы шаршы және тікбұрышты болып келетін аласа обалар. Шет жақтарының көлемі 7 және 6 м қорымдар.
10. Шеттері етпетінен жатқан, тастармен қоршалған пішіні домалақ тегіс тас.
11. Жиектері шығыршықтан көмкерілген және ортасында қырынан қазылып көмілген, ірі ұзартылған блоктардан құралған, көлемді жәшігі бар жайпақ тасты қалалар. Жәшіктердің көлемі - 1,4 м және 1,6 м, қорымдар - 3,7 м және 4,8 м.
12. Биіктігі - 0,8 м, диаметрі - 10 м пішіні домалақ тас үйінділер. Шығыс бөлігінде мөлшері кіші, дәл сондай тас үйіндісі бар тағы бір оба орналасқан. Одан шығысқа қарай доға сияқты екі тас жол - «қылқан» өтеді.
Кешеннен 12 объект зерттелді. Нәтижесінде, олардың көбісі кейінгі қола дәуірінің ескерткіштері, ал түбі жалпақ тас қалалар және «қылқаны бар» обалар ежелгі көшпенділер дәуіріне тиісті екені анықталды.
1-ші қорымның пішіні шаршы және ол тігінен қазылып көмілген тақталардан құралған. Қорғанның шет жақтарының өлшемі - 2,9 м. Оның ортасында шет жақтарының көлемі 1,75 м. және 1,85 м шаршы тәрізді пішіні бар үлкен гранитті жәшік бар. Жәшіктің тереңдігі - 95 см, тақта бүйірлерінің биіктігі 0,9 м - 1 м. Қорымның сыртында жәшіктің оңтүстік - шығыс бұрышына қарама-қарсы биіктігі шамамен 1 м, ені 40 м. болатын солтүстік-шығысқа еңкейген тас бағаны тұр. Қорым бұрыштарымен сәуле жақтары бойынша бағдарланған. Қазба жұмыстары кезінде 0,5 м тереңдікте жәшіктің ортасында геометрлік өрнектермен әшекейленген, бүтін дерлік қыш құмыра табылды. Ауыз жиегі эдемі иілген, бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ, қолмен жапсырылған қыш құмыра. Мойыны мен ауыз жиегі арасынан бедерлі белдік өтеді. Орташа күйдірілген, сынған жерінің түсі қоңыр. Өрнек қошқар мүйіз түрінде жасалған ерекше таңбамен түсірілген, ол ыдыстың тула бойын көмкерген (92.1-сурет). Дәл осы тереңдікте солтүстік-батыс бұрышында бас сүйектің ірі бөлшегі табылды, ал қалған бөлшектер 85 м тереңдікте жәшіктің басқа бөлігінен табылды. Будан әрі қарай тазарту барысында солтүстік-батыс бұрышында 0,7 м тереңдікте саз балшықты ыдыс табылды. Ыдыстың пішіні шар тәрізді, түбі жайпақ, ауыз жиегі тік. Мойынында қиылысқан сызықтар түрінде, айрықша таңбамен орындалған өрнек бар. Материалдың бей-берекет орналасуы жерлеу орнының тоналғандығын аңғартады. Материалдық мәдениеттің басқа заттары табылмады.
3-ші қорым кешеннің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол қырымен қазылып көмілген, ірі гранит тақталарынан тұрғызылған, ұзын өзегі батыстан шығысқа бағдарланған. Оның ішінде пішіні шаршы, шет жақтарының ұзындығы 4 м - ден жәшік бар. Жәшіктің тереңдігі - 0,6 м, оның түбі малтатас және қиыршықтас араласқан жермен толтырылған. Жәшіктің қабырғалары тігінен орнатылған ірі гранит тақталарынан тұрғызылған. Солтүстік қабырғаның биіктігі - 0,75 м, шығыс жағы - 1,5 м. Жаңа сынықтарға қарасақ, тақтаның жоғарғы жағы жақында ғана бөлінген, олар жер бетінен 20-60 см. шығып тұрды. Қорымды тазартудың нәтижесінде жәшіктің солтүстік-батыс бұрышында, 0,50 м тереңдікте қойдың жілік сүйегінің және мойыны доға тәрізді әдемі ыдыстың бөлшегі табылды. Ыдыс ақшыл -қоңыр түсті, біркелкі күйдірілген. Ыдыстың аздап қайырылған биік ауыз жиегі және шар тәрізді бүйірлері болған. Өрнек ұсақ тісті таңбамен ұзартылған қисық үшбұрыш және меандр, парабола сияқты шұңқырлар гүріндегі түсірілген (93.4-5- суреттер). Өрнектері тісті безеубаспен жасалған екі жеке параллель сызықтарымен бөлінген. Ауыз жиегін ұштары жоғары қараған үшбұрыштар, мойнын - меандрға жақындаған өрнектер безендірген. Басқа олжалар табылмады.
5-ші қорымның анық пішіні жоқ, ірі тас блоктарынан және қойтастардан туратын шығыршықты қалама. Қорым сүйірленген, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 5 м, солтүстіктен оңтүстікке - 3,7 м. Батыс жақ ұшында қырымен қазылып көмілген үлкен тақта (күзет тасы) тұрған. Қазба жұмыстары шаршы бойымен қорымның тұтас ауданында жүргізілді. Оның ішінде көлденең өзегі батыстан шығысқа бағдарланған, тік бұрышты жәшігі бар жерлеу камерасы анықталды. Тазарту кезінде 0,65 м тереңдікте камераның оңтүстік қабырғасынан адамның сүйектері табылды. Осы тереңдікте солтүстік қабырғада дұрыс сақталмаған қатқыл жапсырылған сазды ыдыстың бөлшектері жиналып алынды. Ыдыстың жоғарғы бөлігі мойнынан бүйіріне дейін көлденең ойылған ірі тарақ тәрізді таңбамен салынған шыршалы өрнекпен көмкерілген. Ыдыстағы өрнек пішіні және орындау техникасы бойынша Дәндібай, Беғазы керамикасында, сондай-ақ, Оңтүстік Сібірдегі қарасу керамикасында көптеген баламалары бар.
6-ші қорым кешеннің солтүстік-батыс ұшында, оңашаланған топта түр, пішіні тік бұрышты. Шет жақтарының мөлшері 3,5 м және 4 м. Қорымның өзі тұрған тігінен қазылып көмілген гранит тақталарының ұштары жер бетінен 0,45-0,7 м шығып тур. Оның ішінде 0,8 м тереңдікте шет жақтарының мөлшері 2 м және 2,2 м тас жәшік орналасқан. Жәшікте әр тереңдікте ыдыс бөлшектері бар. Ыдыстың ауыз жиегі аздап қайырылған, түбі жайпақ, бүйірлері домалақ және оюланбаған. Түптің диамерті - 7,5 см. Ыдыстың түбінде белгі (таңба) ізі болған.
Осы жерде ұсақтас және бүркілген кварц құмы араласқан ақшыл - сарғылт түсті саздан дайындалған басқа ыдыстың ірі бөлшегі жиналып алынды. Ыдыс жұқалап күйдірілген, сынған жерінің түсі - қара. Ыдыстың биіктігі - 12 см, ауыз жиегінің диаметрі - 14 см, түбінің диаметрі - 8 см. Ыдыстың мойыны сәл ғана иілген, ауыз жиегі ұзартылған, тік деуге болады, түбі жайпақ. Түптің сыртқы жағында белгісі бар сүйір дөңгелек. Ыдыстың үш қиылысқан сызық түрінде түсірілген өрнек тарақ тәрізді таңбамен орындалған (92,3-сурет). Осы тәріздес өрнек Беғазы және Дәндібай керамикасында да кездеседі сондай-ақ, Енисейдегі қарасу керамикасының өрнегімен ұқсастығы байқалады.
Жәшіктің түбінен үшінші ыдыстың бөлшектері алынды. Ыдыстың түсі ақшыл - сарғылт, сынған жері қоңырқай реңге боялған, пішіні шар тәрізді, ауыз жиегі тік және мойыны сәл ғана иілген. Оның дөңес бүйірлері жайпақ түбі астына ауысады. Иіндерінің қасында және бүйірдің жоғарғы жағында сүйір бұрыштардың бірнеше қатары түріндегі өрнек тегіс таңбамен түсірілген. Композициялық құрылысы өзгеше, ол кілем ою өрнегін еске салады. Бұл олжа Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің қыш құмыра өнерінің жарқын тол үлгісі болып табылады (92.2-сурет). Суреті басқаша осындай ыдыс Дәндібайдан табылды. Типі және өрнек түсіру техникасы бойынша, қорым керамикасы дәндібай және беғазыға балама бола алады. Жәшіктің түбінде адамның жілік сүйегінің бөлшектері табылды, осыған қарап жерлеу салты туралы айтуға болады. Жәшік тоналған, сондықтан онда ешқандай олжа болмады.
Осы жерде ұсақ тас және бүркілген кварц құмы араласқан ақшыл - сарғылт түсті саздан дайындалған басқа ыдыстың ірі бөлшегі жиналып алынды. Ыдыс жұқалап күйдірілген, сынған жерінің түсі - қара. Ыдыстың биіктігі - 12 см, ауыз жиегінің диаметрі - 14 см, түбінің диаметрі - 8 см. Ыдыстың мойыны сәл ғана иілген, ауыз жиегі ұзартылған, тік деуге болады, түбі жайпақ. Түптің сыртқы жағында солярь белгісі бар сүйір дөңгелек. Ыдыстың үш қиылысқан сызық түрінде түсірілген өрнек тарақ тәрізді таңбамен орындалған (92,3-сурет). Осы тәріздес өрнек Бегазы және Дәндібай керамикасында да кездеседі сондай-ақ, Енисейдегі қарасу керамикасының өрнегімен ұқсастығы байқалады.
7-ші қорым кешеннің ортасынан орын алған. Пішіні тік бұрышты, батыстан - шығысқа қарай созылған, шет жақтарының ұзындығы - 2,9 м және 3,5 м. Алаңның ортасында шет жақтарының мөлшері 1,8 м және 1,25 м тік бұрышты пішінді үлкен тас жәшік бар. Қырымен қазылып көмілген торт гранит тақталарынан құралған. Тақтаның жоғарғы ұштары жер бетінен 10-35 см шығып түр. Қорымды тазарту кезінде жәшіктің солтүстік-батыс бұрыш түбінен пішіні созылған саздан жасалған ыдыс табылды. Оның үстінде кішірек қатпарлы тақта болды. Ыдыстың биіктігі - 12,5 см, ауыз жиегінің диаметрі - 14,54 см, түбінің диаметрі - 8,5 см. Ыдыс аздап қана ұсақ тас қосылған саздан жасалған, сынған жері қара түсті. Ыдыстың мойнына ірі тарақ тәрізді таңбамен тұтас ирек түрінде өрнек салынған. Геометрлік иректер мәтіні көбінесе қола мәдениетінің керамикасын¬да кездеседі, әсіресе Оңтүстік Сібірдегі қарасу заманында. Ирек түрінде бедерлі өрнегі бар Құсмұрын тобындағы ыдыс (82.5-сурет), Дәндібай керамикасына және Көкшетау облысы қоныстарындағы кейінгі қола керамикасына жақын.
Жәшік түбінде адамның шіріген сүйектері (аяқ-қолдары және төменгі жақ сүйегі) табылды. Басқа олжалар табылмады.
8- оба - қорым ортасында тас қаламасы бар, пішіні сфера түрінде болып келеді (79-сурет). Обаның диаметрі - 15,8 м, биіктігі - 0,85 м. Үйінді шлейфінен жоғары етпетінен жатқызылған тақталардан, трапеция пішініндегі тас қаламасының келбеті көрінеді. Қорым ұзын өзегімен, аздап солтүстік-батысқа ауытқумен сәуле жақтары бойынша бағдарланған. Шет жақтарының көлемі: батыс жағы - 8 м, солтүстік жағы — 9,8 м, оңтүстік және шығыс жақтары - 9,5 м - ден. 0,5 м тереңдікте сыртынан қоршалған ішкі қорым табылған. Олардың арасындағы бос орын - ені 1,5-2,2 м айналып өтетін дәліз орналасқан. Ішкі қорымның пішіні бірнеше дөңгеленген бұрыштары бар қисық шаршы. Шет жақтарының ұзындығы: солтүстік жағы - 3,9 м, оңтүстік жағы - 3,6 м, батыс жағы - 4,45 м, шығыс жағы - 4,10 м. Қорым кіші жағымен оңтүстік-батысқа қараған. Үйіндінің бетімен тас тақталар шашырап жатыр, ең ірілері ортасында жатты. Тақталардың мөлшері: 1,10x1,55 м, 0,95x0,85 м, 1,5x1,0 м, 1,8x1,35 м. Мүмкін, олармен ішкі қорым жабылған болар. Қабатты -шаршы әдісімен тазарту кезінде ішкі қорымның ортасында арасында кішкентай тесігі бар, пішіні үлкен тік бұрышты тақталардан қаланған шаршы тәрізді пішіні бар жерлеу камерасы табылды. Оның ортасында жабын болған орасан зор гранит тақталары жатты.
Пішіні тік бұрышты камера шет жақтарымен сәуленің түсу бағыты бойынша бағдарланған. Шет жақтарының ұзындығы батыстан шығысқа қарай - 2,2 м, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай -1,5 м. Қорымдардың арасында әр жерлерде 0,55 м тереңдікте жануарлардың сүйектері, тамақтану іздері табылды. 1,6 м тереңдікте адамның түгел емес қаңқа сүйегі анықталды: омыртқа, жамбас және ортан жілік, сондай-ақ, аяқ сүйектері. Камераның солтүстік-шығыс бұрышында нашар сақталған адамның бас сүйегі табылды. Адам оңтүстік - шығыс бұрышында аяғы кеудесіне бүгілген, отырған кейпінде көмілген. Қаңқасына қарасақ, ол бойшаң адам болған. Басқа олжалар болған жоқ.
9-ші қорым шет жақтарының мөлшері 4,2 м және 3,5 м пішіні тік бұрыш, ұзын өзегі солтүстік-батыстан оңтүстік - шығысқа бағдарланған. Дәл ортасынан 0,8 м тереңдікте үлкен тас жәшік табылды (80-сурет). Шет жақтарының ұзындығы 1,57 м және 1,1 м. Жәшіктердің тақталары 0,3-0,5 м. жер бетінен шығып тұр. Қорымның батыс жақ бұрышының сыртынан биіктігі - 1,78 м, ені - 0,2 м күзет тасы орналасқан. Осы топта қорымның бүкіл бұрыштары бойынша үлкен тастар тігінен қазылып көмілген. Осындай сипаттама Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірі қорымдары және Оңтүстік Сібірдегі қарасу заманындағы ескерткіштерге тән.
Адам қаңқасының сүйектері қорымның әр жерлерінен табылды. Жәшіктің түбінен (0,75 м тереңдікте) үгілген гранит және дала шпаты араласқан қой мал жыңнан саз балшықты ыдыстың фрагменттері алынды. Оның беті қызғылт - сұр түсті, бұл оның салыстырмалы түрде жақсы күйдірілгенін дәлелдейді. Аласа ауыз жиегі, аздап иілген мойыны және түбі жайпақ шар тәрізді ыдыс. Мойыны тегіс таңбамен сызықталған үшбұрыштар түрінде өрнектелген. Осындай ыдыстар Беғазы және Дәндібай ескерткіштерінен табылған.
10-шы қорым. Гранит тақталарынан құралған үлкен жәшік қана сақталған. Оны қоршаған қорым енді жоқ, оның қасында басқа қорымның жәшігі орналасқан, олар Құсмұрын кешенінің ерекшелігін көрсетеді. 10-шы қорымның жәшігі - шет жақтарының көлемі 2,4 м және 1,45 м формасы тік бұрыш, бұрыштарымен сәуле жақтары бойынша бағдарланған. Оның сыртқы бұрыштарында тас бағандар тұр. Оның қыртысты қабатының астынан әдемі ыдыстың бөлшегі табылды, ал қалған бөлшектер қазбаның әр қабатынан табылды. Ыдыс өте ұсақ тас қосылған қой мал жыңнан жасалған, орташа күйдірілген, сынығы күңгірт түсті. Ұзартылған бүйірі және биік ауыз жиегі ыдыстың өзгешелігін көрсетеді. Осы кешендегі басқа ыдыстар сияқты оның мойыны аздап қана иілген. Ою үлкен ромбылар түрінде ұсақ безеубаспен жүргізілген, ішінде параллель сызықтары бар ромб және кішкентай үшбұрыштар түсірілген (93.1-сурет). Орталық Қазақстандағы қола дәуіріндегі ескерткіштерде осы тәріздес ыдыстар көптеп кездеседі. Ромбы түріндегі өрнек Дәндібай керамикасына, сондай-ақ, Оңтүстік Сібірдегі қарасу заманы керамикасына тән.
11- қорым - бұл есігі оңтүстік-батысқа қараған үлкен тас жәшік, 8-қорганнан солтүстікке қарай кешеннің солтүстік-батыс тобының ортасында орналасқан. Жәшіктің көлемі -2,6х1,8х,1, м, кіре берістің көлемі - 1x0,9 м. 0,78 м тереңдікте торт ыдыстың бөлшектері табылды, олардың үшеуінде геометрлік өрнектер бар, біреуіне ою салынбаған. Барлық ыдыстар үгілген кварц пен пирит жылтыры мардымды қосылған қой мал жыңнан жасалған. Сынығы қою - қызғылт сары түсті. Мойыны биік және бүйірі шар тәрізді ірі ыдыстың құрылымы көзге қызықты көрінеді. Тарақ тәрізді таңбамен салынған өрнек барлық жоғарғы бөлігін қамтиды. Ауыз жиегінен созылған үшбұрыштар, одан кейін каннелюрлер, төменде үтір түріндегі тырнақты өрнек салынған, мойынында меандр фигурасы орналасқан, одан кейін үтірлер сызығы және каннелюрлер өтеді (93.6-сурет). Ыдыс пішінімен және өрнегімен Дәндібайдағы 6 - қыш құмырасына ұқсас келеді.
БЫЛҚЫЛДАҚ (Б ТОПТАМАСЫ)
Былқылдақ кешенінде жерлеудің байырғы, архаикалық, сол сияқты жаңа түрлері де (3 және 7 қорымдар) кездеседі. Бұл Былқылдақ тобының ғимараттары көптеген ұрпақтардың тарихын бейнелейтінін көрсетеді.
3-қорым 7-қорымнан екі шақырым қашықта орналасқан және олар бірігіп, үлкен андронов кешенінің шығыс жағынан оңашаланған топты қурайды. Диаметрі батыстан шығысқа қарай - 4 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай - 3,7 м пішіні түзу емес шеңберді құрайды. Қорымның ортасында пішіні тік бұрыш тас жәшік бар, оның көлденең өзегі батыстан шығысқа бағдарланған (94-сурет).
Жәшік бір-біріне тығыз қиюласты жонылған гранит тақталарынан құралған. Жәшіктің шеті жер бетінен X 10 см. шығып турады. Жәшік үлкен гранит тақталарымен жабылғаны сондай, тіпті олардың ұштары шығып тұр. Жәшікті тазарту кезінде 0,4 м тереңдікте солтүстік-батыс бұрышында бүтін қыш құмыра табылды, дәл осы жерде қой сүйектерінің үймесі жатты. Жәшіктің ортасында, адам қаңқасының кеуде бөлігінде езіліп қалған ыдыс табылды. Жәшіктің оңтүстік-батыс бұрышында үшінші, пішіні дөңгелек қалтқысыз бүтін қыш құмыра және төртінші ыдыстың бөлшегі табылды.
1-ші ыдыс бүтін, түбі жайпақ, ауыз жиегі сыртқа қатты қайырылған, мойыны бірден шығыңқы иіндеріне ауысады, шар тәрізді бүйірі төменге қарай тарыла түседі. Қолмен жапсырылған, тұрпайы, түбі кедір - бұдыр және жалпиған. Қыш құмыраның жоғарғы жағы кертік және шырша қатарынан туратын өрнекпен көмкерілген (95.1-сурет).
2-ші ыдыстың түбі жайпақ, құм араласқан қызыл саздан жапсырылған, салыстырмалы түрде жақсы күйдірілген, сынығы қызыл түсті. Пішіні қатқыл, жоғарғы беті ойлы - қырлы. Ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойыны біраз иілген. Шар тәрізді бүйірі түбіне қарай тарыла түседі. Өрнектелмеген. Грунтта көп уақыт болуы нәтижесінде ішкі және сыртқы беті мүмкін болар, ақ ұнтақтың қабатымен жабылған.
3 - ыдыстың түбі жайпақ, ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған, мойыны иілген, иіндері сүйір (95.2-сурет). Аздап құм қосылған қызыл саздан жасалған. Күйдірген соң қара түске енді. Ыдыстың ішкі беті сұр түсті көмкерілген. Иіндерінде шырша нүктелері түрінде тарақ тәрізді таңбамен орындалған шыршалы өрнек салынған. Бүйірдің төменгі жағынан крест тәрізді таңба көрінеді.
4-ыдыстың түбі дөңгелек, құм қосылған қызыл саздан қолмен жапсырылған. Орташа күйдірілген, сынығы күлгін - сұр, кей жерлері қызғылт - қызыл түсті. Ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойыны қатты иілген және бірден сүйір шығыңқы иіндерге ауысады (95.3-сурет). Ыдыстың бүйірі төменге қарай, неғұрлым кейінгі заманға тән домалақ пішінмен жасалған. Жоғарыда атап өткен ыдыстардағы сияқты, ішкі жақ беті тәрізді сұрғылт қабатпен көмкерілген. Өрнек тік және көлденең кертіктер түрінде, тарақ тәрізді таңбамен ыдыстың жоғарғы жағына түсірілген.
7-ші қорым андронов ескерткіштерінен үлкен көлемімен, тас жәшіктің екі реттік центр жиектелуімен және жерлеу салтымен ерекшеленеді. Қорымның сыртқы қабырғасы түзу емес шеңбер немесе сопақша түрінде етпетінен қойылған ірі гранит тастарынан құралған. Оның ұзындығы батыстан шығысқа қарай - 5,8 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 4,7 м. Қорымның ішкі қабырғасы да қырынан қазылып көмілген сұр гранит тақтасынан құралған. Оның жиектері жерден 15- 20 см. шығып тұрады, ұзындығы батыстан -шығысқа қарай - 3,8 м, ал солтүстіктен - оңтүстікке қарай - 3,2 м.
Басқа олжалардың арасынан түбі жайпақ, ауыз жиегі тік, біраз сыртқа қайырылған, бүйірі қалың ыдыстың бөлшектері назар аудартады. Өрнектелген ыдыс ұсақ тастың ірісі қосылған қатаң қой мал жыңнан жасалған, нашар күйдірілген, сынығы қара. Жәшіктің ортасында адамның және қойдың сүйек қаңқасының арасында, адамның бас жағында екі тас үккіш болды. Біреуі қалың жасалған, пішіні кішкентай домалақ келген, диаметрі - 4,5 см. Неше рет келі саппен істеген жұмыс салдарынан түбі жағының бөлігі тегістеліп қалған. Екінші үккіш ұсақ түйірлі құмдақтан жасалған, жиектері дөңгелектенген және диаметрі 9 см. Ұзақ уақыт қолданудың салдарынан оның түбі бүйірлеріне қарағанда жұқарған. Үккіштің түбінде ұсақ шұңқырлар сақталған - ол үшкір құралдың ізі.
КЕНТ
Кент тауының аңғарлары мен шатқалдарында беғазы тәріздес кейінгі қола дәуірінің көптеген ескерткіштері шоғырланған және осы дәуірдің басқа ескерткіштерімен бірге скифтен бұрынғы замандағы мәдениеттің біртұтас тобын құрайды. Кент таулары Беғазыдан солтүстікке қарай 80-100 шақырымда орналасқан. Неғұрлым маңызды ескерткіштер Жанақ, Бес тамақ сай-салаларында, Талды ө. басында және Қызыл кент ө. (Қызылсу) аңғарында орналасқан.
Қызыл кент ө. ағатын шатқалдың тереңінде, Қызыл кент сарайының қираған үйіндісінің маңында сыртқы қорымы жоқ 26 шаршы тас жәшіктерден құралған Нар бас ірі кешені орналасқан. Жәшіктердің пішіні және көлемі жағынан Бұғылы II және құрылыс топтарындағы қорымы жоқ тас сағаналарға үйлес. Материалдық мәдениеттің заттары табылған жоқ.
Еңбек - Сүйгіш әр замандық ескерткіштерінің басқа тобы Қызыл кент ө. оң жағасында, оның Кент шатқалынан шыға берісінде орналасқан. Мұнда үш ескерткіштің типі бар. Бірінші тип, Еңбек - Сүйгіш ауылының ортасында орналасқан үйіндісі жоқ тас шеңберлер. Олар Орталық Қазақстандағы андронов мәдениетіне жатады. Ал екінші типінде Айшырақ, Атасу ө. Мыржық - Жартас, Ортау, Ақсу-Аюлы, Байбала, Бесоба, Қарашоқы, Ақ қойтас және т.б. ескерткіштері сияқты үйіндісі бойынша екі шығыршықты қорымы бар оба түріндегі кездеседі (96-сурет). Олар орта қола дәуірі мәдениетінің жоғары даму кезеңіне жатады және Беғазы - Дәндібайдың тікелей ізашары болып табылады. Ескерткіштердің үшінші типі – Беғазы - Дәндібай заманына жататын қорымы жоқ шаршы тәрізді көлемі үлкен тас жәшіктер. Олардың неғұрлым ірілері Нар бас (Кент тауы), Айдарлы, Дара (Атасу ө.), Бұғылы II, Құрылыс Нұртай ө.), Ескене (Қазанғап ө.) сай - сағаларында орналасқан. Еңбек - Сүйгіш кешенінде шамамен он шақты үшінші типтегі жәшіктер бар, олардың үшеуін Л.Ф. Семенов зерттеген.
Пішіні шаршы тәрізді 2-жәшік ұзын өзегімен батыс - шығыс сызығымен бағдарланған. Ұзындығы - 1,69 м, ені 1,33 м, биіктігі - 1,3 м. Жәшіктің өзі және адамның қаңқасы қатты елеуреген, керамика бұзылған. Жәшіктің түбінде саздан жасалған ыдыстардың сынықтары кездесті, олардың біреуінде тегістелген із бар. Суреттеліп жатқан дәуірге ауыз жиегі жапсырылған, мойыны жоқ пішіні цилиндр ыдыс (оның екі бөлшегі табылды) тән. Әдібі кең және диамерті кішкентай терең түбі бар тәрелке сияқты, асимметрлік керамикалық зат біздің назарымызды аударды (97.1-су- рет). Табылған бөлшек бүтін заттың 3/4-ін қураған. Оның қолдану аясы анықталмаған. Шағын көлеміне қарағанда, бұл жарық беру үшін білте орнатылған табақ тәрізді май шам сауыты. Бәлкім оның тұтқасы болған болар (бірақ бұл бөлігі жоқ). Оның пішіні Беласар тобының 5-қорымындағы май шам сауытын, сондай-ақ, Мойылды (Қалба тауларында) қайнарынан табылған тұтқасы қысқа, бұланның мүйізінен жасалған ожау және Қалба кеніш ауданынан табылған оған ұқсас пішіні домалақ тас шамшырағын еске салады. Әр түрлі материалдардан (тас, саз, сүйектен) жасалған май шам сауыттары шамшырақтар ретінде шахталарда, забойларда, ұңғымаларда пайдаланылған. Олардың біразы Жезқазған, Степняк, Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанның басқа да, көне кен шығаратын орындарынан табылды. Пішіні бойынша кенттік май шам сауыты кейінгі болып есептеледі. Негізінен осы топтағы керамикалық ыдыстардың шығу тегі кейінгі беғазыға қарағанда неғұрлым кейінірек. Осы топтың материалдары сақ заманындағы мәдениеттің басталуымен дәл келеді.
4-жәшіктің көлемдері салыстырмалы түрде ірі: оның ұзындығы -1,92 м, ені -1,13 м, тереңдігі 1,08 м. ұзын өзегімен батыс - шығыс сызығына бағдарланған. 0,36 м тереңдікте жәшіктің оңтүстік жақ қабырғасында адамның бас сүйегі және жеке-жеке сүйектері кездеседі, батыс қабырғасынан үш толық емес және бір бүтін ыдыс табылды.
1-ыдыс құман пішіні тәріздес, ауыз жиегі аздап сыртқа қайырылған, мойыны анық, иіндері шығыңқы және бүйірі дөңестеу (97.2-сурет). Жоғарғы беті қызғылт, тегістеу ізі байқалады. Қоймалжыңда ұсақ түйіршікті құм қоспасы бар. Жұмсақ демеуі дөңгелек қима үлгімен басу әдісімен, саз балшықтан жасалған. Өрнектер қисық сызықша мен көлденең сызықтар қатарымен таспа түрінде ыдыстың мойынын және иінін орай бейнеленген. Осы тостағанның баламасы Беғазы, Саңғыру I және Дәндібай керамикасында бар.
Кенттік тостаған кейбір ерекшеліктерімен айрықшаланады және алдымен пішінінің тапалдығымен. Өрнек салу техникасына қарасақ, ол неғұрлым кеш және б.з.д. VII ғ.ғ. мерзіміндегі Алтайдағы үлкен өзен мәдениетінің техникасына жақын.
2-ыдыс құман сияқты жасалған, бүйірі жұмыртқа сияқты, мойыны тар, ауыз жиегі жапсырылған және түбі жайпақ (97.3-сурет). Ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған. Иіндері әзер көрінеді. Түптің диаметрі мойын диаметрінен үлкенірек. Жоғарғы бетінде тегістеу ізі бар, сұр түсті. Таспалық тәсілмен қалыпқа құйылған. Шығыршықты таспалардың түбінен бастап қабырғаларына ауысуы жақсы байқалады. Қисық кертік түріндегі ою жапсырмалы ауыз жиегіне және бүйірі бойына өрнектелген. Ыдыстың осындай пішіні қола мәдениетінде кездеспейді. Тек тар мойыны оның Беғазы - Дәндібай керамикасымен сабақтас байланысын еске салады. Ыдыс скиф заманындағы (б.з.д. VII ғ.ғ.) «мұртты» обалардағы керамикаға және Алтайдағы үлкен өзен мәдениетінің керамикасына жақын.
3-ыдыс пішіні жағынан 2-ыдысқа ұқсас. Оның ауыз жиегі жапсырылған, біраз сыртқа қайырылған, салыстырмалы түрде мойыны тар және түбі жайпақ. Иіндерінің сол заманға сай емес сәл ғана кертпеш көрінеді. Жоғарғы бетінде жылтырату ізі бар сұр -қоңыр түсті. 2-ыдыс жасалған әдіспен қалыпқа құйылған: тегіс негізге шығыршықты таспалар жапсырылған. Ою жапсырылған белдік, мойын және бүйір бойынша қисық кертпелермен тұрпайы өрнектелген. Осы ыдыстың баламасы «мұртты» обалардағы керамикада және Алтайдағы үлкен өзен мәдениетінің керамикасында ғана бар.
4-ыдыс - ауыз жиегі жапсырылған, иіні әлсіз ғана еңкіш және түбі жайпақ ұзартылған құман пішіндес. (97.4-сурет). Бетінде тегістеу ізі бар, сұр - қоңыр түсті. Сол әдіспен қалыпқа құйылған. Ыдыс өрнексіз. Бұл ыдыстың баламасы Бұғылы II, Айдарлы керамикасында, ерте скиф заманында, соның ішінде б.з.д. VII ғ.ғ. мерзімдегі «мұртты» обаларда және үлкен өзен мәдениетінде бар.
5-жәшіктің өлшемі, жоғарыда сипатталған ыдыстарға ұқсас: ұзындығы - 2,0 м, ені -1,05м, жоғарғы жиегінен тереңдігі -10,7 м, батыс қабырғасының тереңдігі -1,26 м. Тазарту кезінде оңтүстік-батыс бұрышында жақсы сақталған төменгі жағы жоқ адамның бас сүйегі табылды. Шығыс жақ қабырғасынан түсі қоңыр ыдыстың ірі бөлшегі табылды. Солтүстік қабырғаға жақын жерде осы топтаманың мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін бүтін ыдыс анықталды. Ыдыстың бүйірі шар тәрізді, мойыны анық емес және түбі шығыршықты. Жоғарғы беті тегістелген, кірпіш түсті. Қоймалжыңда үгілген тас бар. Әр түрлі техникамен қалыпқа құйылған: шығыршықты түп асты тегіс демеуі жеке жапсырылған, ал шар тәрізді бүйірдің қабырғалары - шеңбер жұмыр тас көмегімен саздан бастыру әдісімен жасалған. Ыдыс домалақ қара түсті шұңқырлармен әшекейленген. Осындай өрнек Беғазы 5 кесенесінен табылған ыдыста, Саңғыру I тостағанында бар. Неғұрлым кейінгі (б.з.д. VII I F.) керамикасында осы ыдыстың болуы беғазы типіндегі керамиканың ұзақ уақыт қолданылуын растайды.
Кенттік керамиканың баламасы андронов керамикасында да, қарасу керамикасында да кездеспейді. Сипаты, пішіні, өрнегі және дайындау техникасы бойынша ол ерте сақ заманындағы (б.з.д. VII ғ.ғ.) керамикаға, соның ішінде Алтайдағы үлкен өзен мәдениетінің обаларынан табылған ыдыстарға жақын. Суреттеліп жатқан ескерткіштер тобындағы керамикадан басқа Орталық Қазақстандағы байырғы мәдениеттің кенттік кезең туралы толық сипат бере алатын тұрмыстық керек-жарақтар немесе әшекейлер табылмады. Тек С.Б. Броневский әкелген және МТМ сақталып тұрған кент мәдениетінің металдық бұйымдар коллекциясы ғана осы кезеңнің мәдениеті туралы біздің білгенімізді толықтыруы мүмкін. Броневскийдің зерттеуінің нәтижесінде табылған заттардың арасында «золотые серьги, род женской гребенки из чистого золота очень хорошей работы. Поднято несколько медных обломков от конской сбруи и оружия, много разбитых узорчатых горшков из обыкновенной глины» болды. Осы заттардың кейбірі - алтын сырғалар, оюмен өрнектелген қыш құмыра бөлшектері, күмәнсіз беғазы - дәндібай заманы заттары. Салыстырмалы талдаулардың негізінде, кент некропольдің кейінгі ескерткіштері кейін қола дәуірінің соңына және ежелгі көшпенділер мәдениеті басталуына дәл келеді деп қорытынды жасауға болады.
Қола дәуірінің соңы – темірдің басындағы ескерткіштерді материалдары ежелгі өндірістік дәстүрді ығыстырып, ерте темір дәуіріне тән жаңа мәдениеттің басталуын дәлелдейді. Айдарлы, Былқылдақ (Б топтамасы), Кент, Саңғыру I (ерте темір топтамасы) кешендері, Тағыбай - бұлақ, Күлман және т.б. қоныстары бар қоладан темірге ауысу кезеңі үшін, дөрекі қарапайым керамиканың пішіні тән, оны дайындауда тиянақтылық болмаған, көбінесе өрнектелмеген, яғни қола соңы мен темір басындағы керамика Орталық Қазақстандағы (тасмола мәдениеті) және Төменгі Сырдария обаларынан табылған ерте сақ заманына тән құлдырау пішіндері орып ала бастайды. Беғазы - дәндібай заманындағы кейінгі қола ескерткіштерінде өрнектелмеген ыдыстар мол, бұл ыдыстар пайдалануға ыңғайлы болды, бірақ сонымен катар сәнді өрнектелген кереметтей эдемі ыдыстар көптеп табылды. Бұл - қыш құмыра өнерінің төл тума жауһарлары.
Ерте темір мәдениетінің қалыптаса бастауын, сол кезде әлі беғазы - дәндібай мәдениетінің ескі пішіндерін сақтаған Саңғыру I тобындағы, Жақсы - Қызылтау тауларындағы қорым -обалар көрсетеді. Олар беғазы - дәндібай ескерткіштеріне жақын, бірақ, осы қорымдардың керамикалары қатаң, түссіз, Айдарлы керамикасын еске түсіреді.
Сол уақытта Суық - бұлақ (Қарқаралы III), Тағыбай - бұлақ, Шортанды - бұлақ қоныстарының мәдени қабаттарынан, Саяқ байырғы кеніші ұңғымасынан табылған темір қождары, темір кенінің үймесі, темір кесегі темір балқытудың басталуын айтады. Бұл уақытта Шортанды - бұлақ қонысының 21-ші тұрғын-жайдың мәдени қабатында, Құлман және т.б. қоныстарындағы табылған алғашқы темір заттар және қарулар пайда болды. Кейінгі қола дәуірінің Орталық Қазақстандағы ескерткіш материалдары мұнда б.з.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ. темірдің пайда болуы туралы дәлме-дәл мәліметті береді, ол олжалардың көбіне жасалған спектрлік анализбен расталды.
Орталық Қазақстанда ерте темір мәдениетінің одан әрі дамуы және орнығуы Жамбай -Қарасу (Толағай), Тасмола I, V. VI, Қара мұрын I, Нұрмамбет I, II, IV және т.б. классикалық ескерткіштерден көрінеді. Олардың арасында, әсіресе Жамбас - Қарасу тобы қырынан қойылған, сыртқы қорымы жоқ гранит тақталарынан құралған үлкен жәшіктер түріндегі ескерткіштер әсіресе көрікті. Бұл көп қырлы жаңа дәуірде пайда болған жәшіктер, әлі де өткен дәуірдің құрылыс дәстүрін ақтайды. Қола дәуірі соңындағы Орталық Қазақстан ескерткіштерінің үлкен тобы б.з.д. VIII-VII ғ.ғ., мұнда темірдің пайда болуы туралы нақты мәліметтер береді, олжалардың көбіне жасалған спектрлік анализбен расталды кестені қара).
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кривцова - Гракова О.А. Алексеевское поселение. С.153; Киселев 1 Н. Древняя история Южной Сибири. С.99, 103-104, 143.
2. Киселев С.В.Указ.соч. С. 143.
3. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. МИА, 1960, №88. С. 99-101.
4. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 162.
5. Черников С.С. Указ. соч. С.70.
6. Там же. С.85
7. ЦГА КазССР. Ф. 374, оп.1, д. 663, 2897. Воинов Л.В. Народный киргизский праздник по случаю прибытия в Сибирь Великого князя Владимира Александровича. СЛ. 1868, №24.
8.Оразбаев A.M. Северный Казахстан в эпоху бронзы. ТИИАЭ АН ІчпССР. Т.5, 1958, табл. X, 1-7.
9. Karlgren В. Some weapons and Tools from the Yin Dynasty.- BMFEA, I / Stockholm, 1945, p. 112-113; Киселев С.В. Указ. соч. С.124-127, 143- N6, 162, 166-168, 170-172.
1 O.Anderson J. Hunting Magic in the Animal Styl. -BMFEA, 4, Stockholm,.
|932.
11. Loehr M. Chinese Brone Age Weapons. University Michigan. London, 1956, p. 83.
12. Watson W. China before the Han Dinasty. London, 1961, p. 88.
13. Членова Н.Л. Карасукская культура. В кн: История Сибири. Т.1. Улан-Удэ, 1964. С. 7.
14. Волков В.В. Бронзовый и ранний железный век Северной Монголии. Улан-Батор, 1967. С.33; Новгородова Э.А. Центральная Азия и кара сукская проблема. С.23-26.
15. Ghirschman R. Notes iraniennes IV. Le tresor de Sakkes, les origines de l,art Mede et les bronzes du Luristan.- «Artibus Asiae», vol. XIII, Askona, 1950; Он же. Notes iraniennes VIII Le dieu Zurvan sur ее bronzes du Luristan. «Artibus Asiae» vol. XXI, Askona, 1958; Он же. Persia from the origins to Alexander the Great. London, 1964; Porada J. Iran ancien. L,art a l,epoquc preislamique. Paris, 1963 p. 129-130; Dyson Ninth Century Men in Westen Iran.-«Archalogy», vol. 17; New Jork, 1964, p. 8; Terrace E.L. Some Reccnl Tinds frau Norwest Persia.- «Syria», Paris, 1962, t. 39, p. 214, 215. Calmeyer P. Altiranische Bronzen Sammlung Brockelschen. Berlin, 1964.
16. Грантовский Э.А. Ранняя история иранских племен Передней Азии. М„ 1970. С.40.
17. Terrace E.L. Some Recent Tinds frau Norwest Persia. P. 214, 215.
18. Грязнов М.П. Указ. соч. С.129-131; 157-162; Он же. История дрен них племен Верхней Оби. С.26, 36-43; Грязнов М.П., Комарова М.Н. Ка расукский могильник Кюргеннер. В кн. Археологические открытия 1966 г. М., 1967. С. 137-138; Комарова М.Н. Относительная хронология памят ников андроновской культуры. Археологический сборник. ГЭ, 1962, №5. С. 62-75; История Сибири. Т.1. 1968, гл. IV; Дуке X. Вопросы периодиза ции эпохи поздней бронзы в степях Средней Азии и Казахстана. Ташкен т, 1970; Рахимов С. Памятники андроновской культуры в степях Среднего Енисея. Автореферат на соискание ученой степени к.и.н. JL, 1966; Пятким П.Н. Датировка карасукских изогнутых ножей. Кемерово, 1967.
19. Архив ЛОИА. Ф. 172.
20. Грязнов М.П. Некоторые вопросы сложения и развития ранних ко чевых обществ Казахстана и Южной Сибири. КСИЭ, 1965, №24. С.22-23; Он же Степные скотоводческие племена Средней Азии в эпоху развитой и поздней бронзы. Л., 1968. С. 180-181.
21. Киселев С.В. Указ. соч. С. 127, 138.
22. Loehr М. Ordos Daggers and Knives. « Artibus Asiae», vol. 14, 1-2, 1951, p. 142; Anderson G. Hunting Magic in the Animal Styl. P. 224.
23 Киселев С.В. Указ. соч. С.158.
24. Грязнов М.П. Казахстанский очаг бронзовой культуры. В кн. Ка захи. Л., 1930. С. 162.
25. Киселев С.В. Указ. соч. С.158.
26 Членова Н.Л. Происхождение и ранняя история племен тагарской культуры М„ 1967. С.204-205.
27. Археологические работы Академии наук на новостройках. Известия ГАИМК. Вып. 110, 1935. С.57, рис. 43.
28. Кызласов Л.Р., Маргулан А.Х. Плиточные ограды могильника Бегазы.
29. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном казахстане. С.158.
30. Киселев С.В. Указ. соч. С. 158, прим. 4.
31. Новгородова Э.А. Центральная Азия и карасукская проблема. | .24; Кузьмин Е.Е. Семиреченский вариант культуры эпохи поздней брон И.КСИА. 1970, №122. С.46.
32. Толстов С.П., Жданко Т.А., Итина М.А. Работы Хорезмской архе - шюго-этнографической экспедиции АН СССР в 1958-1961 гг. МХЭ, вып. I М„ 1963. С. 12.
33. Кызласов JI.P., Маргулан А.Х. Плиточные ограды могильника Бегазы.
34. Кривцова-Гракова О.А. Указ. соч. С. 82, рис. 13,1, с.109.
35. Лесков А. Новые сокровища курганов Украины. Л., 1972, ил. 2.
36. Черников С.С. Указ. соч. С.255, табл. XII, 1-2.
37. Материалы и исследования по археологии Северного Кавказа. МИА. М„ 1952, №30. С 166. табл. XXX, 1.2.
38. Кривцова-Гракова О.А. Указ.соч. С. 86, рис.19; Маргулан А.Х., \мішев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана, с.214, табл. XXIII; с.245, табл. XLIII, 1,2; с.232, табл. ВШИ, 15; с.251, табл. XLVII, 1-8; с. 231, табл. XXXII, 1; Черников С.С. VKH>. соч. , с. 221; табл. XXIV, 3-5; с. 242; табл. XXIX, 2; с. 267, табл. XXVII, 6,8.
39. Членова Н.Л. Указ. соч. С. 291, табл. 41, 1,2; с. 292, табл. 42, 1, с. 204-205.
40. Грязнов М. П. История древних племен Верхней Оби. С. 30, рис. К 1,7,8, 9; табл V, 26-32.
41.Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. Табл. X, 8.
42. Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение. С. 138-139, рис. 61,62.
43. Грязнов М. П. История древних племен Верхней Оби. Табл. VI, 4.
44. Толстов С. П., Жданко Т. А., Итина М. А. Работа Хорезмской армолого – этнографической экспедиции АН СССР в 1958-1961 гг. С. 36-47; I ри шов М. П. Восточное Приаралье. В кн.: Средняя Азия в эпоху камня и прішзы. М.-Л., 1966. С. 234, рис. 51.
45. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Іровняя культура Центрального Казахстана. С. 315, рис. 6,1-4; рис. 66,59-рис. 31, 1-4; Акишев К.А. Памятники старины Северного Казахстана. I руды ИИАЭ. Т. 7, табл. VI.
46. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. XVI, I; Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. С. 299, табл. XXIX, Берников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. Табл. XVII, 12-13; Гирницова- Гракова О.А. Алексеевское поселение. С. 120, рис. 44, 1.
47.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 225, табл. XXX, 1-4, 7; табл. IV, 1; Он же. Отчет о работе Восточно - Казахстанской экспедиции 1947 г. Известия АН КазССР. Серия археологическая.
48. Маргулан А.Х., Акишев К, А., Кадырбаев М.К., Оразбаев AM Древняя культура Центрального Казахстана. С. 272, табл. LV.
49. Оразбаев A.M. Северный Казахстан в эпоху бронзы. С. 251, табл 5, 2-4.
50. Кривцова-Гракова О.А. Садчиковское поселение. С. 166, рис. 16, I.
51. Педашенко Ф. Н. Об археологических находках в окрестност\ Семипалатинска. ЗСПО РГО, 1912, кн. 6. С. 52-53.
52. Грязнов М.П. Археологическое исследование территории одною древнего поселка. КСИИМК. Вып. XI, 1951, рис. 29, 70, 71.
53. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. С. 31, рис. 7, 28, 29, табл- XV.
54. Кривцова-Гракова О.А. Степное Поволжье и Причерноморье й эпоху поздней бронзы. М., 1955. С. 55, рис. 2, 28.
55. Кадырбаев М. К. Акмола - памятник андроновской культуры. (' 103, табл. Ill, 1.
56. Материалы археологической комиссии, т. VIII. Спб., 1909, табл XXVI, рис. 3; Марковин В.И. Культура племен Северного Кавказа в эпоху бронзы. МИА, М., 1960, № 93, рис. 43, 13, 14; Смирнов К.Ф. Археологическое исследование в Дагестане в 1948-1950 гг. КСИ ИМК, XIV, 19526. с. 92, рис. 38, 5.
57. Джапаридзе О.М, Квасатальский могильник эпохи бронзы в Юго - Осетии. КСИИМК. Вып. 60. М„ 1955. С. 26, рис. 3, 1-4.
58. МарковинВ. И. Культура племен Северного Кавказа в эпоху бронзы. С. 96, рис. 27, 9; с. 94, рис. 43, 14.
59. Грязнов М.П. История племен Верхней Оби. С. 30, рис. 6, 1,7, 9; табл. V, 26-28, 32.
60. Госэрмитаж, кол. 2409/26, 2408/82, 2411/3.
61. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. XVI, 8, 9, 14, 15.
62. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 73-78, 190-196, 219-228.
63. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. С. 31. 82: Он же. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 137, рис 5,4, 5; с. 139, рис. 17,3,4.
64. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. XIII, рис. 3.
65. Грязнов М.П. История племен Верхней Оби. Табл. XXIX, рис.
8-10.
66. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 140, рис. 8—9.
67. Грязнов М.П. История племен Верхней Оби. Табл. XI, 3.
68. Синицын И.В. Археологические работы в зоне строительства ( пишнградской ГЭС. КСИИМК. Вып. 50, 1953, С. 80, рис. 33, 2; МИА, М„ 1960, № 78, 140, рис. 50, 8, 9.
69. Маргулан А.Х., Акишев К,А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А,М. Древняя культура Центрального Казахстана. Табл. XXVTI, 2; с. 153; табл. XV; с. 14.
70. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Ка- шхетане. Рис. 18, 2.
71. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. Табл. XXXI, 2; табл. XXXV, I 2, 14; табл. XIV, 1-2, 5-6, 9; табл. I, 10, 11, 13, 14, 15; табл. XXXVII, 4; іабл. XLH, 1, 3, 7, 10, 11, 14; табл. XLIV.
72. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. XIV, I, 9; табл. XIX, 19, 27.
73. Членова H.JI. Карасукская культура. Табл. 21,1.
74. Кузнецов - Красноярский М.П. Отчет о раскопках, произведенных || Минусинском уезде Енисейской губернии в 1884 г. Томск, 1907, табл. IV, 5.
75. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. Ill, 3.
76. Кибиров А., Кожемяко П.Н. Новые памятники эпохи бронзы. Труды АН КиргССР. Вып. II. Фрунзе, 1956. С. 41, рис. 5.
77.0разбаев A.M. Северный Казахстан в эпоху бронзы. С. 271, табл. VIII, 17.
78. Черников С.С. Отчет о работах Восточно-Казахстанской экспедиции. 1948. С. 64-80.
79. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. VIII, XXIX, Агеева Е.И., Максимова А.Г. Отчет Павлодарской экспедиции 1955 г.
І руды АЭ АН КазССР. Т. 7. Алма - Ата. Табл. I, 56, 57.
80. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М,К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С.314, рис. 5, 10; с. 332, рис. 26,3; Грязнов М.П. Северный Казахстан в эпоху ранних кочевников. КСИ- MK, вып. 61. 1966, рис. 4, 2; рис. 3, 8; Акишев К.А. Памятники старины ( еверного Казахстана. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 7. С. 30, табл. VI.
81. Синицын И.В. Археологические исследования в Западном Казахстане. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 1, 1956. С. 91, рис. 2.
82. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 131.
83 .Там же. С. 140, рис. 8,6.
84. Там же.
85. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. X, 6-12; табл. XIII, 2-3, 12-13; табл. XVI, 2.
86. Грязнов М.П. К вопросу о культурах эпохи поздней бронзы в Сибири. С. 35, рис. 10, 2-3: Он же. История древних племен Верхней Оби. С. .11, рис. 8. 1-2. табл. VI, 10.
87. Маргулан А.Х,, Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М, Древняя культура Центрального Казахстана. Табл. IX, 1, 4, 6, 7.
88. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. X; Грязнов M.I I., Пшеницына Н.М. Курганы ІҮ-ІП вв. до н. э. на оз. Сарагаш. КСИИМК. Вып. 107. М„ 1966. Рис. 19. 9.
89. Грязнов М. П. К вопросу о культурах эпохи поздней бронзы в Сибири. Рис. 10,2-3; Он же. История древних племен Верхней Оби. Табл. XIII, 1-2.
90. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 281, табл. IX, 1,4,6,7.
91. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. Табл. X. 5-12; табл. XIII, 1-3,11-13. 16.22-23: табл. XVI, 2-15.
92. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. V, 26- 28,31-32; табл. VI, 3,4, 8, 9.
93. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя Культура Центрального Казахстана. Табл. XIX, 4; табл. XX, 3.
94.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 253, табл. X, 9; Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. Табл. XVIII; XIX, 6-9; табл. XX, 3; табл. XVI, 21; табл. XIX, 1, 6, 11.
95. Там же. Табл. XVIII; XIX, 6-9: табл. XX. 3: табл. XVI. 21; табл. XIX, 1,6, 11.
96. Кривцова-Гракова О.А. Садчиковское поселение. С. 189-193.
97. Грязнов М. П. К вопросу о культурах эпохи поздней бронзы в Сибири. Рис. 10, 2, 3.
98. Рыков П.С. Работы в совхозе «Гигант» (Караганда). Известия ГА- ИМК. Вып. 110. M.-JL, 1935. С. 49; Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 129-162.
99. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 146.
ЮО.Хранятся в Карагандинском краеведческом музее. Ф. 29. № 34-35.
Хранятся в Карагандинском краеведческом музее. Ф.65. Карка- ралы, 5, № 16; Агеева Е.Н., Максимова А.Г. Отчет Павлодарской экспедиции 1955 г. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 7. С. 57, табл. I, 43. Археологические работы Академии на новостройках. Известия ГАИМК. Вып. 110, 1935. С. 53, рис. 43.
ЮЗ.Кривцова-ГраковаО.А. Алексеевское поселение. С. 108, рис. 33,1. 104.Археологическая карта Казахстана. Табл. IX, 143. 105.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. МИА. М.- Л„ 1960, № 88, табл. Ill, 2.
Юб.Синицын И.В. Археологические исследования в Западном Казахстане. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. I. С. 91, рис. 1.
107. Маргулан А.Х. Комплекс Былкылдак. С. 182—183,рис. 14, 1, 3; 1.1, 2, с. 195, рис. 21, 2, 22,2.
108. Маргулан А.Х., Акишев В.А., Кыздырбаев М.К.., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 186, табл. III, с. 188.
109. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 237, гибл. X.
110. Сенигова Т.Н. Отчет о работе Западно - Казахстанской археологической экспедиции 1953 г. Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 1, 141, иібл. II, 7.
111. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 148.
112. Синицын И.В. Археологические исследования в Западном г пахстане. С. 91, рис. 2.
113. Семенов Л.Ф. Отчет об археологических работах 1954 г. Архив ИИАЭ АН КазССР. Инв. № 346, л. 8.
114. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. XI, 2.
115. Там же. Табл. XIX, 17,21,24,29; табл. XXIX, 1,3,11.
116. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 303, рис. 61.
117. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. Ч XIX, 1,3,4.
118. Броневский С.Б. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. | иб„ 1830. С. 250.
119. Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи. М . 1973. Табл. I, 1-4.
II БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ҚОНЫСТАРЫ
Қола дәуірінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар өзен аңғарларында және тау бөктерлері жазықтығында отырықшылық өмір сүрді, мықты үй-жайлары, жартылай жертөлелері болды. Өзен жайылма алқаптарындағы, аңғарларындағы және тау бөктерлеріндегі бай жайылым дар бақташылық мал шаруашылығын дамытуға, құнарлы жайылма алқаптар - кетпенді егін шаруашылығын дамытуына мүмкіндік берді. Тайпалардың жартысы кен табумен және одан металл қорытумен айналысты. Кейінгі қола дәуіріндегі қоныстар көбінесе өзен аңғарларының сыртында, өзен бассейндерінен шалғай жатқан елді мекендерде қоныстануы тарихи топографияның өзіне тән ерекшелігін құрды. Бұл Солтүстік Бетпақдала (Жеті - Қоңыр, Талды - Қоңыр, Ми қайнар), Жезқазған (Милы құдық, Сор құдық, Айна көл), Солтүстік Балқаш өңірі (Ақжал, Саяқ, Қара - Үңгір, Тесік тас) қоныстары. Қалдықтары Жезқазған (Милы құдық, Сор құдық, Айна көл) және Ұлытау қоныстарында қалған көптеген құдықтарды және сужинағыш бассейндерді салу жолымен мұнда сумен қамтамасыз ету жүзеге асырылды.
Қоныстану кезінде ежелгі мал өсірушілер елді мекеннің климаттық шарттарын және бедерлерін ескерген. Қазақ қыстаулары сияқты (қыстақ), қола дәуіріндегі қоныстар етегінде ағыл-тегіл судың қайнары және отынның мол қоры бар (Атасу, Бұғылы I, II, Шортанды - бұлақ, Суық - бұлақ, Қарқаралы I, II және т.б. қоныстары) таулы төбешіктермен қорғалған. Орталық Қазақстанның қатты климаттық шарттары тұрғын жайлар мен шаруашылық құрылымдар құрылысы кезінде ескерілді: көбінесе олар көлденең өзегімен батыстан және солтүстік-батыстан шығысқа және оңтүстік-шығысқа бағдарланған, яғни соққан жел бағытында.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары Қарқаралы мен Баянауыл жазықтарында, Балқаш көлі мен Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шідерті, Күндік, Жарлы өзендері және олардың құйылыстары, Терісаққан, Батпақ су, Шерубай-Нұра, Талды - Нұра, Да бастау, Қазанғап, Қусақ, Беғазы, Жіңішке және т.б. төмен аңғарлары арасында өте қалың орналасқан. Олардың барлығы суы және шабындығы мол ұлан-ғайыр шұрайлы арларда орналасқан.
Қазба материалдарынан қола дәуіріндегі үй-жай құрылымы ұжымдық шаруашылық түрімен және рулық ұйым қағидасымен ажыратылғаны байқалады. Ұлғайған патриархалды отбасылар сол уақытта бір үйде, бір ошақ басында тұрды. Қора-қопсылар, қоймалар, мал қашалары (Атасу, Бұғылы I) ортақ болды. Үй-жайлар және қора-қопсылар әдетте бір-біріне жақын орналасты. Ашық алаңда шеңбер ішінде отар турды (ашық қаша). Қоныстарда 15-тен (Жамбай - Қарасу) 80-ге дейін құрылымдар (Бұғылы I, II, Шортанды -бұлақ, Ақ кезең, Атасу, Суық - бұлақ) болды. Мал ұстайтын алаңның шурфтау кезінде Атасу қонысында қиды қалып қабаты (0,7 м - ге дейін) табылды, ол осы жерде ірі және ұсақ мүйізді малдың ұзақ уақыт бойы тұрғанын дәлелдейді. Ашық қаша тек жазғы уақытта пайдаланылды. Қысқы уақытта мал үй-жайлардың маңында орналасқан арнайы жайларда ұсталған. Осы тектес жабық қашалар Атасу, Бұғылы I, II, Шортанды - бұлақ, Алексеевка сынды ежелгі қоныстардан байқалады. Үй-жайлардың қасында арнайы салынған тамбурларда, кейде сол тұрғын құрылымдардың ішінде металлы қорыту мен өңдеу үшін шеберханалары болған. Сол жерде, бәлкім, қыш құмыра шеберханалары болған шығар. Қоныстардың шегінде, төбешіктерде ру қауымдастығының қабірі және ғибадатханалар болған.
Ерте қола дәуіріндегі үй-жай құрылымы ұжымдық шаруашылығы болған рулық -патриархалды қоғамдық құрылыммен негізделген.
Қола дәуірінің соңында Орталық Қазақстандағы мал шаруашылығы тайпаларының өмірінде өзгерістер алып келді және қыш құмыра, құрылыс өнері дамыды, және де ең алдымен үй-жай құрылысы ерте басады. Осы дәуірде адам өздерінің үй-жайын жер астынан шығарып, тастан жасалған мықты жер үсті үй-жайларын (Атасу, Бұғылы I, II, Тағыбай - бұлақ қоныстары) сала бастайды. Көп камералы тұрғын жай құрылыстары пайда болады, яғни ошақтары жеке (Ақ кезен, Бұғылы I, II, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбай - бұлақ, Атасу, Суық - бұлақ және т.б.) қатарға бөлінген жайлар. Көп камералы үй-жайлар құрылысы ішкі бағандар қаңқасының көмегімен және негізгі тас қабырғаларын (Атасу, Ақ кезен, Бұғылы I, Қаратомар, Тағыбай - бұлақ және т.б.) көтеру арқылы жүзеге асырылды. Үй-жайлардың және мемориалды ғимараттардың өздеріне тән сипатын ірі гранит тақталарымен қапталған қабырғалар және өзара үй-жайларды біріктіретін жерасты өтпе (Атасу, Шортанды - бұлақ) қурайды. Кейінгі қола дәуірінде үй-жай және қабірлер құрылысында жер жұмыстары сол кезде-ақ, металдан жасалған құралдар көмегімен жүзеге асырылды, олардың көмегімен тік сызықтар мен бұрыштар (Садчиков қонысы, Беғазы) жасалды.
Өкінішке қарай, соңғы 30 жылда ашылған Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің көптеген бірегей қоныстары толық көлемде зерттелмеген. Атасу, Бұғылы I, II, Ақ кезен (Бада), Шортанды - бұлақ, Тағыбай - бұлақ, Меңзе, Саяқ қоныстарындағы қазбалардың жалғасуы Орталық Қазақстандағы қола мәдениеті туралы көптеген жаңа қызықты мәліметтер беретіні анық.
Атасу I
Ол 1955 ж. Атасу ө. (Сарысу ө. сол құйылысы) оған Мыңбай - сай өзені құятын жерде ашылды. Шамамен 5 га. ауданда шамамен 40-қа жуық тұрғын үйдің, шаруашылық құрылыстардың және шеберханалардың қалдығы сақталған (98-сурет).
22 үй-жайдың ішінен әзірше алтау зерттелген: 1955 ж 4- іші үй-жайда, 1975 ж - 20,21,1976 ж.- 5,6,7 қазба жұмыстары жүргізілді.
4-ші үй-жай сол маңдағы ең ірі жайлардың бірі. Жоспары тік бұрышты, ұзын өзегімен солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа бағдарланған. Қоныстың дәл ортасында орналасқан оның құрылымы өзгеше болып келген. Үй-жайдың қабырғалары қырынан қойылған ірі гранит тақталарының екі қатарынан құралған, ішкі жағы жер араласқан қиыршық таспен және малтатаспен толтырылған (99-сурет).
Қабырғаның қалыңдығы-1,5-2 м, үй-жай ауданы 156 м2 (13x12 м). Тастан жасалған осындай орасан зор қабырғалардың қалдығы, соңында Баянауыл ауданының Бұғылы I, II, Тағыбай - бұлақ қоныстарындағы үй-жайлардан табылды.
Жайдың солтүстік-шығыс бұрышында үлкен тасты ошақтың қалдығы табылды. Үй-жайдың едені екі қабаттан тұрды: төменде ірі құм мен саз қабаты, жоғарыда саз қабаты. Мәдени қабатынан кен шығаруға және өңдеуге арналған тас құралдар табылды: қайла, кетпен, келі сап, балға, келі, үккіштер түріндегі және т.б. кен үгетін құралдар.
Ошақта және қабырға бойымен мыс қождары, мыс кесектері, от бақыр сынықтары және құю формаларының мардымды шоғыры табылды. Осылардың барлығы үлкен тас ошақ үй-жайды жылыту үшін ғана емес, сондай-ақ, мыс кенін балқыту үшін де пайдаланылғанын дәлелдейді.
Басқа олжалардың арасынан табылған,сүйектен жасалған бұйымдар, сонымен қатар тескіштер, біз қалдықтары назар аудартады (101 - сурет).
Алғаш рет әр түрлі сүйектен жасалған (100.3,4,5-суреттер) табылды. Көптеген керамикалардың арасында атасу кезеңіндегі керамиканың бұрынғы пішіні түріндегі оның байырғы типтері кездеседі, бірақ сонымен қатар беғазы заманындағы керамикалар да аз емес (102 су¬рет).
Үй жануарларының және әсіресе жылқылар мен қойлардың үйілген сүйектері қоныс тұрғындарының жылқышылар мен қойшылар болғандығын көрсетеді. Атқа салт мінудің болғанын дәлелдейтін алғашқы мәліметтер Атасу қонысынан табылғаны кездейсоқ емес.
21-ші үй-жай қоныстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жоспарында бұрыштары доғалданған пішіні тік бұрышты (103-сурет), ұзын өзегімен солтүстік-шығыс - оңтүстік-батысқа бағдарланған. Ұзындығы - 15 м, ені -11 м. Бұл жартылай жертөле, негізі 40 см. тереңдікте орналасқан. Еден 4-ші үй-жайдағы сияқты кей жерлерінде саз жағылған ізі бар тығыз тапталған грунттан турады. Қазба жұмыстары үй-жайдың мынадай топырақтың құрылымын көрсетті: қарашірік қабаты 18 см., ақшыл түйіршікті құмдақ 29 см., құм қосылған қара түйіршікті топырақ - 16 см., қара батпақ қабаты -17 см. Ақшыл түйіршікті құмдақ және құм қосылған қара түйіршікті топырақ мәдени қабаттың 45 см. енін қурады. Топырақты қабаттан бастап, қазынды ауданы жануарлардың (жылқылардың, ірі малдың, қойлардың, жабайы аңдардың) сүйегіне, қыш ыдыстардың, мыс кенімен мыс қождың фрагменттеріне толы. Дәл осы жерде ағаш күлінің шоғырлануы байқалды. Олжалар ең алдымен, жер бетінен 40 см. тереңдікте жартылай жертөлелердің қара пішінінің шекарасы сыртына топталды.
Жертөленің солтүстік қабырғасынан қазбаның шегінен шыққан алып күлдікке қарай дәліз болған. Барлық қалған мүкәммал (керамика, тас құралдар, керамикалық ұршықбас және ожаулар) және жануарлардың сүйектері 40 см. тереңдіктен бастап жартылай жертөледе толып тұр.
Мәдени қалдықтардың сипатына қарағанда бұл жерде мыс кенін балқыту және қыш бұйымдарын күйдіретін шеберхана болған сияқты. Үй-жайдың орталық бөлігінде тереңдігі - 20 см. және диаметрі - 7 м домалақ шұңқыр байқалады. Оның ортасында биіктігі шамамен 40 см. күмбез тәрізді бұзылған құрылыс болған. Оның жоспары шеңберді (диаметрі - 1,45 м) қураған. Түбіне екі жайпақ гранит плиталары төселген. Тақталарда сазды үстірт бар - ұзындығы 60 см. сопақша келген үстел. Үстелдің үстінде түбі жайпақ, езілген сазды қыш құмыра болды. Шұңқырдың ішінде және айналасында қатты қыздырудың ізі бар. Сипатына қарағанда, біздің алдымызда қыш құмыра жасайтын пеш тұр. Оның қабырғалары саз ерітіндісінде орташа кеспе тастардан жасалған.
Пештен оңтүстікке қарай бір метрде 0,7 м тереңдікте сегіздік пішіндегі екінші грунт шұңқыры табылды. Шұңқыр - жануарлардың сүйектерімен, керамика бөлшектерімен, екі жылтыратқыш таспен, екі тас келі саппен, домалақ кен үккішпен, мыс қождармен толтырылған, жоғарғы жағында күлдің және ағаш көмірдің қалың қабаты бар. Шығыс жақ қабырғасында тас тақталарының қаламасы сақталған. Шұңқырдың айналасында қатты қыздырудың ізі бар. Қождар, ағаш көмірдің қалың қабаты және тау құралдары бұның мыс қорытатын пеш екендігін дәлелдейді. Домалақ және сопақша келген, түрі сегіздік секілді көптеген мыс қорытатын пештер Жезқазған, Тер аққан ө. алқабы, Қарқаралы ө. маңы және Қалба тауларынан табылды.
Қазбалардан 800-ден астам ыдыстың ауыз жиектері табылды. Бұл ас ішетін және ас дайындайтын ыдыс-аяқтардың бөлшектері. Ас дайындайтын ыдыс-аяқтар негізінен екі типті: ауыз жиегі тік, бүйірі қалың, өрнектелмеген қазандар және қысқа мойынында сазды ширақ шығып туратын білікті керамика, кейде қисық немесе таңба тәрізді кертіктермен өрнектелген.
Ас дайындайтын ыдыс-аяқ құты тәрізді қыш құмыралардан құралады, мойынының және иіндерінің қыры толқынды және бүйірінің жоғарғы бөлігінде кертпеші бар. Түбі жайпақ шағын ғана бірнеше ыдыстар табылды. Қыш құмыралардың кейбірі сызықты және таңбаланған ою қиюласты қисық кертіктермен өрнектелген және тарақ тәрізді таңба екі типті: ірі тісті және ұсақ тісті. Сызықталған үшбұрыштар, сынған таспа, шырша түріндегі тарақ тәрізді таңба үшбұрыш тәрізді және тырнақты басылған ірі жолды каннелюр комбинациясында ұшырасады. Егер 21-ші жартылай жертөле керамикасын нурин (федоров) және атасу (Алакөл) ыдыстарының типімен салыстырсақ, онда көптеген ұқсастықтарын байқауға болады. Сонда да, үй-жай стратиграфиясы ешқандай хронологиялық айырмашылық көрсетпейді.
20-шы және 21-ші үй-жай керамикасында атасу және өтпелі (ерте беғазы) кезеңдері үшін тән ыдыстар коп, пішіні шар тәрізді, бүйірінің жоғарғы жағында кертпеші және ірі тарақ тәрізді таңбамен орындалған оюы бар (104-сурет).
Атасулық 1-ші қоныстағы керамика беғазы типі екендігін ернеу тәрізді жапсырылған ауыз жиегі бар ыдыстардан, ауыз жиегі қисық жапсырылғандығынан, Х - тәрізді белгілерінен, шыршалы, үшбұрышты және жартылай домалақ баспалардан, ірі тарақ тәрізді қысқа таңбалардан және т.б. кертіктері бар ыдыстар дәлелдейді. Беғазы типіне мойыны биік, цилиндр тәрізді және кең және анық каннелюрдің қос қатары сызылған таспалар түріндегі оюмен өрнектелген ыдыстар, пішіні анық, ауыз жиегі биік және тік, біраз сыртқа қайырылған, ауыз жиегінің түбінде ірі жартылай домалақ немесе үшбұрыш қатары басып жасалған, қарамен және қызылмен тегістелген, бүйірі жұқа ыдыстардың бөлшектері жатады. Бұндай элементтер андроновтық керамикаға жатпайды.
Шеберханалардың мәдени қабатынан табылған олжалар екі өндірістік типке бөлінеді: металлургия өндірісінің және қыш құмыра ісінің қалдықтары. Металлургиялық үрдіске кенді үгітуге арналған құралдардың қатысы бар: жақсы қайралған тас келі саптар және ағаш сапқа келтіру үшін ойылған ойықтары бар балғалар (105-сурет). Бұл құралдардың мөлшері — 7,5x8,5x5,5 см. - 12x9x5 см. аралықта. Одан басқа тас келі және домалақ, шаршы, тік бұрышты үккіштердің (өлшемі — 11x13x4 см., 11x8,5x4 см., 12x9x4 см.) түрлерінің топтамасы, тас кетпендердің қалдығы және өңделген тастардың топтамасы, соның ішінде кен үгіту үшін пайдаланылған малтатас табылды (106-сурет). Жұмыртқа тәрізді малтатастардың көбісі 4-ші үй-жайдың түбінен табылды. Осы барлық құралдар нөлдік қада белгісі - мон үлкен 80-90 см. тереңдікте табылды. Дәл осы тереңдікте елеулі жиналып қалған қож (94 бөлшек), кен бөлшектері, сонымен қатар темірі болған үлкен штуф табылды. Темір кенінің үймесі Орталық Қазақстандағы қола дәуірі қоныстар қатарынан, сонымен қатар Суық - бұлақ (Қарқаралы III), ІІІортанды - бұлақ және Тағыбай - бұлақтан табылды. Мұнда қоланың бөліктері, қола бытыра, қола білезік, жасыл түсті минералдың (азурит), тау хрусталінің және ағаш көмірінің (бөліктері болды. Булар түсті тастар өңдеу кәсібінің болғанын дәлелдейді, жасалған бұйымдар биссер түрінде бірнеше рет табылды.
Қыш құмыра жасайтын пештің айналасында керамикалық бұйымдар, сонымен қатар қола өзектерін құюға арналған пішіндер, күйдірілген саздан жасалған ұршықбас, сазды ыдыстар үшін қақпақ ретінде пайдаланылған ыдыстың бүйірлерінің домалақ бөлшектері болды. Олардың кейбірінде ою болды. Керамикамен қатар сазды ыдыстарды тегістеу үшін тас жылтыр, өңделген жаңқалар, тас жасырынан қалған заттар және көлемді пышақ тіліктері табылды. Ортасында шаршы саңылауы бар, пішіні тік бұрыш сүйектен жасалған псалийлер көп кездеспейтін олжа болып табылады. Балама псалий 4-ші үй-жайдан табылды.
20-шы үй-жайдың жоспары домалақ, мөлшері - 12x11 м. Оның страгифиясы 21-ші үй-жайдың стратиграфиясына балама (107 сурет).
Керамика, жануарлардың сүйектері, қож және күлдіктер үй-жай маңайында топтасқан және тек 40 см. тереңдікте жартылай жертөле толымында жиылған. Үй-жайдың түбі тапталған. Еденде, солтүстік-батыс бөлікте, ортадан жақын жерде тереңдігі 1,2 м, пішіні домалақ құдық жақсы сақталған. Үстінен, шамамен үштің екісі, құдық етпетінен салынған тас тақталармен қаланған. Құдық сағасы айналасындағы аудан тас тақталармен қаланған.
Мәдени қабатындағы олжалар 21-ші шеберхана ол жаларына балама: қож жиынтығы (өткен жайдан біршама кішірек), кен үгітуге арналған құралдар (тас келі саптар, үккіштер), кен бөліктері, ағаш күлдері, мыс, қола бөліктері, ернеуі биік қасық түріндегі керамикалық ожау, керамикалық қүю пішіндері және т.б. (106.16, 20, 21, 26-су- реттер).
Қола , қимасы дөңгелек пішіні білік тәрізді жебенің қола ұшы, әсіресе шалғы типтес ұштары жалпақ көлемді қола орақ үлкен қызығушылық тудырады, бұлар Атасу тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді. (106.7, 8, 10-суреттер).
Керамиканың ірі бөлшектері (108-сурет) және көлемді қысқа кертіктермен әшекейленген, ауыз жиегі бар, анық көрінетін қысқа мойыны тігінен сызықты ирекпен өрнектелген домалақ бүйіріне ауысқан, бүтін ірі ыдыс табылды. Мәдени қабатынан шамамен ~ 650 ыдыстардың ауыз жиек қалдықтары жиналып алынды. Басқа керамикалық бұйымдардан ыдыстың бүйір шеңберлерін, тері өңдейтін құрал ретінде қолданылған орта тұсында тесігі бар керамикалық және тас ұршықбастарды атауға болады.
Шеберхананың түбінде екі типті: шығып тұрған қысқа шыбығы бар және жоқ (106.1, 2, 3, 5), мұқият өңделген, кремнийден жасалған бірнеше жебелердің ұштары табылды. Әрине, олар шаруашылықтан гөрі салт жоралық маңызы болған көненің көзі ретінде сақталып қалған. Осындай ұштардың ұқсас даналары кейінгі қола кезеңіне жататын Шортанды -бұлақ, Суық - бұлақ, Қарқаралы II, Тағыбай - бұлақ қоныстарын қазу кезінде табылды.
Мынадай жағдайлар назар аудартады: 20-шы және 21-ші жартылай жерасты үйлерде төбе жабындысын демеп туратын бағана құрылымының ізі қалмаған. Жеңілдетілген құрылым түріне қарағанда тұрғын жай өмір сүру үшін емес, шаруашылық жүргізуге арналған жай екендігін аңғаруға болады.. Қоныстардың қабырғалары ізі сақталмаған өріп істелінген немесе саздан жасалған тұрғызылған. Металлургиялық және қыш құмыра өндірісінің қалдықтары бұл жайдың өндірістік екендігін дәлелдейді. Мәдени қабатта В Тасу және ерте беғазы кезеңдеріндегі керамиканың болуы осы екі кезең мәдениеттерінің тарихи сабақтастығын және қоныстардың ұзақ уақыт болғандығын көрсетеді.
5-ші, 6-ші, 7-ші үй-жайлар Атасу I қонысының ортасында орналасқан және солтүстік-шығыс жағымен 4-ші үй-жайға ұласады. Қазбаның солтүстік-батыс бұрышында тұрғызылған тік қазба мынадай стратиграфиялық суреттеме берді: бүгінгі таңдағы топырақ қабаты 18-20 см., мәдени қабат 40 см. (жоғарғы бөлігінде 10-15 см. өсімдік тамырының қалдықтарымен толған), материк. Тереңдігі 10 см. тал-шілікті және биік өскен шөпті алып тастаған соң, бүткіл қазба алаңында керамиканың бөлшектері табыла бастады. Керамика сынықтарының негізгі бөлігі 20-40 см. тереңдіктегі үш жертөле шегінде топталған (108-сурет). 60 см. тереңдікте қазба ауданында одан кішірек болды, бірақ мұнда ыдыстың неғұрлым ірі бөлшектері табылды.
Үш жартылай жертөлелерінің қара дақтары 40 см. тереңдікте айқын көріне бастады. Олардың екеуі домалақ дерлік, ал біреуі сопақша келген. Дақтар батыстан шығысқа қарай созылған.
5-ші үй-жайдың көлемі 9,7x8 м, 6-ші үй-жай - 9,5x9 м, 7-ші үй-жай - 7x6 м. Үй-жайлардың төменгі жақтары 40-50 см. жерге көмілген. Әр жартылай жертөлелерінің жиектері бойынша борттарынан 60-70 см. үй-жайдың төбе жабындысын демейтін тіреу бағандарынан бес дөңгелек шұңқырлар табылған. Шұңқырлардың диметрі 16-20 см. шамасында, ал тереңдігі 6-дан 20 см - ге дейін.
«Үлкен үйдің» (4-ші жай) солтүстік-шығыс бұрышынан 5-ші жартылай жертөленің солтүстік-батыс ұшына қарай ұзындығы - 2 м және ені - 1 м дәліз болған. 5-ші жартылай жертөленің солтүстік шетінде диаметрі -1,5 м және тереңдігі - 1,3 м дөңгелек шұңқыр болған. Шұңқырдың қабырғалары саз балшық қабатымен сыланған, ал солтүстік жағы жайпақ тас тақталармен қаланған. Саз балшықта да, таста да оттың ізі қалған.
Жартылай жертөленің солтүстік және шығыс қабырғаларына жалғастырылған тамбурларынан осы тектес екі шұңқыр табылды (111-сурет). Олардан сондай-ақ, сазбен сыланған және оңтүстік қабырғасы таспен қаланған ізі бар. Шұңқырлардың бірінің солтүстік-батыс бөлігінде тас тақталарының сынықтарымен қаланған, диаметрі 50 см. пішіні домалақ қаланған - түтіндік анық көрініп тұр. Ол аласа құбырға ұқсатып жасалған, бір ұшы шұңқырдың жоғарғы жағында, ал екіншісі еңкіштеу қазбаның солтүстік-батыс бұрышынан шыққан. Шұңқыр айналасындағы, әсіресе түтіндік маңындағы топырақ қатты қызған.
Шығыс жақтағы жалғастыра салынған тамбурда орналасқан үшінші шұңқырдың қазынды, мұнда мыс балқытатын пештің болғанына күмән келтірмейді. Жоғарғы шетінің өлшемі -1,6x1,2 м, тереңдігі - 0,8 м. Шұңқырдың айналасында бәлкім, жоғарғы жағын қураған немесе мүмкін балқыту пешінің жабыны болған тас тақталар шашылып жатыр. Шұңқырда қомақты сыланған саз сақталған. Оның түбінде - сондай отқа шыдамды сазбен сыланған терең ойыс бар. Шұңқырдың солтүстік жиегінде пештің батыс бөлігін солтүстіктен оңтүстікке шиыршықпен ораған, әлбетте ауа үрлейтін каналдың (фурма) жоғарғы шеті болған, шұңғыма сақталған. Ауа үрлейтін каналдың қимасы жартылай сопақша және қабырғаға 8-10 см. тереңдейді, оның пешке қараған кең жағы 18-20 см. жеткен. Пештің барлық ішкі қабырғалары секілді, ол да сазбен сыланған.
Мәдени қабаттың бұзылуы нәтижесінде осында үлкен керамика сынықтарынан басқа, мыс қождың, кеннің тамшы тәрізді мыс кесектің бөлшектері осы үш пешті толтырған. Осында, шихта қатарланған болар. Қызудың жоғары температурасы пештің барлық сыйымдылығына бірқалыпты тараған, жоғарыда айтылған канал арқылы жіберілген ауа есебінен сақталған. Түтіндік, пештің сақталмаған бөлігінің жоғарғы жағында орналасқан болуы керек. Пештегі ойық (шұңқыр) мыстың ағуына арналған.
Қалған неғұрлым мықты және неғұрлым жетілген мештерде мыс балқыту үрдісі жүзеге асқан (110-сурет). Бірақ оларда балқыту технологиясы басқа болуы мүмкін. Солтүстік пештің түбінде тас сыр қырғыштар — пішіні ладья тәрізді құрбандық шалатын жерге ұқсас керамикалық от бақыр табылған. Мұнда мүмкін от бақыр әдісімен балқыту жүргізілген. Төртінші пешті зерттеу кезінде біз қызықты жағдайға тап болдық: пеш оқшауланған шаршы пішінді жалғастыра салынған жайда, қазынды оңтүстік бортында алтыншы және жетінші жартылай жертөлелердің арасын¬да орналасқан. Жоғарғы шет жағының көлемі — 1,6x1,6 м, тереңдігі -1,4 м. Пеш өткен үшеуі секілді түбіне конус тәрізді етіп барады және қалыңдығы 2,5-3 см. сазбен сыланған. Ауа үрлейтін каналдың сағасы пештің солтүстік жақ бетінен 20 см. шығып тұрды. Каналдың өзі пеш қабырғасының орта бөлігінен өтті, кейін оның батыс жағын қамтып, бірден төменге, пештің астына кеткен. Пеште көптеген мыс кені сақталып қалған. Мөлшері 4x7 см., 6-8 см. оның кесектері ортасы майысқан пештің батыс қабырғасынан шығысқа қарай орналасқан шихтаның біржарым метрлік қабатына сығымдалған. Осындай ағаш күлі қабатының шіруінен шихтаның екі қабаты бірігіп, шихта қабаты қалыңдай түскен. Пеш кенді балқыту мақсатында толтырылып тұтатылған, бірақ қандай да бір себептен балқыту жүзеге аспаған және 20 кг кен пайдаланылмай қалған. Пештің түбінде, ағынды шұңғымада мөлшері 20x25 және тереңдігі 30 см. бірнеше тамшы тәрізді мыстың кесегі болды. 5-ші, 6-ші, 7-ші үй-жайлардың керамикасы сондай-ақ, көбінесе ас ішетін және ас дайындайтын ыдыс-аяқтардан тұрған. Бірақ ауыз жиегі тік керамикалық қазандар түріндегі ас дайындайтын ыдыс-аяқтар 20-шы және 21-ші үй-жайларға қарағанда әлдеқайда аздау. Ыдыс-аяқтардың пішіндері біркелкі. Бұл құты тәрізді қыш құмыралар, мойынының және иіндерінің пішіні толқынды ыдыстар, бүйірінің жоғарғы бөлігінде кертпеші бар қыш құмыралар (112-сурет). Әзірше, ірі ілмек түріндегі көлемді тұтқасы бар, сфера пішініндегі қыш құмыраның табылған жалғыз ғана олжасы қызықтырады.
Керамикадағы оюдың басты элементі кең көлденең науа (каннелюр) және орындалу тәсілінде тырнақпен, дөңгелекті және сопақ пен басылған қисық кертіктері бар, сызықталған сызықтар және жиегі қисық сызықпен толтырылған, ұштары темен қараған ірі үшбұрышты фестондармен тігінен және көлденеңінен сызылған сызықтардан жасалған шыршалы сурет.
Керамикалық ыдыстардың арасында ұсақ тісті таңбаның сызықтарымен және тырнақпен басылған, қисық сызылған үшбұрыштар мен төменірек меандрлік өрнегі бар, тарақ тәрізді оюмен өрнектелген, мұқият жасалған қыш құмыралар бар. Кейбір ыдыстардың төменгі бөлігі үшбұрыштармен әшекейленген. Кей жерлерде ыдыстың бүйірінің жоғарғы жағынан жалау тәрізді өрнектердің мәтінін көруге болады.
Керамикамен қатар мұнда тасты кен ұсатқыштар және кен үгітетін үккіштер (113-сурет), кетпен, кремнийден жасалған жебенің ұштары және найза, тас тегістегіштер, жебенің сүйек ұштығы (114-сурет), керамикалық ожаулар, ірі жануарлардың төменгі жағынан жасалған түткіштер, көлемді қола пышағы (115-сурет) табылды. Сондай-ақ қызметі анық емес жануарлардың төменгі жағынан жасалған құрал болды. Осы құралдардың көлденең бөлігінде жақтың бір қабырғасын алып тастағанда пайда болатын кең саңылауы болады, ал қысқа ұшындағы саңылау сапты қондыруға арналғаны анық. Бірақ, булар сүйек орақтарына ұқсас, жұмысқа лайықты жағында кремний астары пайдаланылған болуы мүмкін.
БҰҒЫЛЫ I
Бұғылы I қонысы Қарағанды қаласынан 120 шақырым оңтүстікке қарай және Қарағанды облысының Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылынан 35 шақырым солтүстікке қарай Бұғылы тауының шығыс етегінен ағатын тау кенінің оң жағасында орналасқан. Бұғылы кең тау аралық қатпарлары мен қою ормандарымен тұйық тау тобын қурайды. Шөбі шүйгін жайылымдығы және салыстырмалы түрде жер асты суларының жиі шығуы, осы таулардың жағымды ерекшеліктерінің бірін құрайды.
Бұғылы I Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ең ірі қоныстарының бірі, оның ауданы шамамен 0,7 га. Шамамен 100-ге жуық қалдықтар қалған, олардың көбісі үй-жай қалдықтары (116-сурет).
Қоныс 1955 жылы, жер бетіне үй-жай қабырғалары қаланған гранит тақталарының шығып тұрған жиектері арқылы ашылды. Тақталар 60-80 см. тереңдікте қазылып көмілген, олардың жоғарғы жиектері жер бетінен 30-40 см. шығып тұрды.
Үй-жай құрылысын және үй-жайлар қатарларындағы мәдени қалдықтардың сипатын анықтау үшін тік қазықтар тұрғызылды. Нәтижесінде, үй-жайдың жоспары тік бұрышты және ұзын өзегімен солтүстік-батыстан оңтүстік - шығысқа бағдарланғаны анықталды. Бұғылы I қонысының топографиялық ерекшелігін оның айқын түрде бөлінген екі бөлігі құрайды: неғұрлым ежелгі оңтүстік және солтүстік. Олардың арасында жалғастырылып салынған жайларымен кезектескен кішкентай мола орналасқан және сипаты бойынша ғимарат оңтүстік топқа жатады. Осындай жерлеу орындары солтүстік топтың оңтүстік және оңтүстік - шығыс бөлігінде Пар. Мұнда кесек тастан қаланған және неғұрлым кейінгі заманға жататын «ұзын үйлердің» қалдықтары белгіленді. Бұғылы I оңтүстік бөлігінің үй-жайлары ішкі алаңқайы ашық тұрыс шеңбер түрінде жоспарланған солтүстіктен ерекшеленеді. Одан басқа жоспары доғалданған немесе бұрыштары доғал келген тік бұрышты қоныстың барлық үй-жайлары бір камералы болып келген. Жертөлелердің ауданы 120-дан м2. Дербес жертөлелерде тұрғызылған тік қазықтан өте көп кремний құралдары және жаңқалар (117-сурет), сондай-ақ, неолит пен ерте қола дәстүріне жататын керамика сынықтары табылды (118-сурет).
Кремний құралдарының арасында нуклеустар, қырғыштар, жебе, найза, қысқа сапты найзалардың ұштары және бір ретушьтер болды. Ірі тас құралдарының арасынан Жезқазған және Қарағанды тұрақтарына тән құрал қырғыш өзіне ерекше назар аудартады. Кремний ұштары үшеу. түгелдей миндаль формалы, беті тұтастай жұқалап өңделген Осындай ұштықтар типі Жоғарғы Прио Ирба неолит тұрағынан белгілі. Қоныстарда қола дәуірі мен неолит мәдениеттерінің сабақтастығын дәлелдейтін, олардың ескі ден қалған пішіндері қоныстарда кездесті.
Бұғылы I қонысының ежелгі бөлігінде, көптеген қомақты найза және қысқа сапты найза ұштары анықталды, әдетте ұштардың негізі тік үшбұрыш болып келеді (117-сурет). Осыған қарағанда, тұрғындар аңшылықпен айналысқан болар. Бұл жерден пішіні домалақ, кейбіреулерінің ойығы бар қырғыштар және қысу арқылы өңдеу техникасымен, кремнийден жасалған үшбұрышты пышақтар табылған.
Керамика қолдан қалыпқа құйылған. Бөліктердің арасында төрт ыдыстың ауыз жиектері сақталған. Неғұрлым ірі бөлік түбі домалақ және ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған қыш құмырадан қалған. Ауыз жиегінің шеті қалыңдау және аздап қисайған. Ою қалай болса солай, сызықты сызық баспа - таңбасын беретін және ирек иен орындалу тәсілі үшбұрыш түріндегі 4-5 тісті тарақ тәрізді таңбамен өрнектелген. Екінші және үшінші ыдыстардың ауыз жиектері көлденеңінен және тігінен орналасқан сызықты сызықтың баспа - таңбасымен ірі тарақ тәрізді таңбамен өрнектелген.
Төртінші ыдыс ерекше әсемдігімен ерекшеленеді. Ол тік және біраз сыртқа қайырылған. Ыдыстың бүкіл беті параллель ирек және конус пішінді басылған фигуралар қатарынан тұратын ұсақ тісті тарақ тәрізді баспа - таңбасымен оюланған. Соңғыларында бес көлденең - көлденең тістері бар, ұзынша келген шұңқырлардың баспа - таңбасын беретін ерекше таңба бейнеленген. Осындай таңба кейінгі неолит керамикасына тән. Ыдыс бетінің тарақ тәрізді таңбамен тұтастай көмкерілуі байырғы өрнек техникасының бір ерекшелігі. Бұғылы I қонысының оңтүстік топ жайларынан табылған олжалар, Қара жерлердегі (Төменгі Поволжье) 6-шы тұрақтан табылған олжаларға, неолиттік Чебаркөл (Оңтүстік Орал) ауданындағы 7-ші тұрақтағы және неолиттік Жоғарғы Прио тұрағындағы олжаларға ұқсас болып келеді.
Егер Бұғылы I қонысының оңтүстік бөлігінің бітістері тұрақтарына ұқсаса, онда оның солтүстік бөлігі камералы жайлардың болуымен сондай-ақ, қалың типографиялық жоспарымен ерекшеленеді, оған қоғамдық құрылымның өзгеруі және сәулет деңгейінің ұлғаюы дәлел болады.
Бұғылы қоныстары үй-жайларының өзіне тән құрылыс ерекшелігін қырымен қазылып көмілген ірі гранит тақталарынан қаланған қабырғалар құрайды. Қалаға кесек тастардан қалау әдісі кең пайдаланылған, оның қалдықтары Бұғылы I, II, III қоныстарынан табылды. Бұғылының құрылыс үй-жайдың тас қабырғаларының құрылымдары Бұғылы III мазарына ұқсас. Бұл оның бір уақытта пайда болғандығын дәлелдейді. Бұғылы III жерленген адам Бұғылы қонысының басшысы, тайпа көсемі болғаны анық.
Қоныстың солтүстік бөлігінде шаруашылық құрылыстар үшін: мал ұстайтын қашаға, кен балқыту мен металл өңдеу үшін ошағы бар шеберханаларға, қойма бөлмелеріне көп орын қалдырылған. Олардың барлығы тұрғын жаймен қатар, кейде бірге орналасқан. Құрылымы жағынан 17, 22, 23, 26, 28, 32, 35, 37, 38, 40, 43 құрылыс кешендері ерекше қызығушылықты тудырады.
17-ші үй-жай қабырғалары іргелес (119.3, 4-суреттер) жай құрылысынан және екі қора-қопсыдан (119.1, 2-су- реттер) турады. Бірінші үй-жайдың ауданы — 220 м2, екіншісінікі -130 м2, шеберхананың - 100 м2, қосалқы жайдың 80 м2. Кешеннің жалпы ауданы - 530 м2.
22-ші үй-жай ортақ қабырғамен біріккен тұрғын жайлар, шеберхана, жоспары домалақ мал ұстайтын қашасы болған. Кешеннің жалпы ауданы - 660 м2.
24-ші үй-жай қабырғасы тастан жасалған жер үсті типіне жатады, ауданы 360 м2. Бұл 25-ші үй-жаймен байланысты шаруашылық жалғастыра салынған құрылыс. Оңтүстік -шығыс бұрышында шеберхана орналасқан, еденінде мыс кені, қож, құралдар мен керамиканың сынықтары ретінде өндірістік қоқыс қалған.
26-ші үй-жай ірі жайлардың бірі. Ортақ қабырғамен қосылған екі тұрғын жай құрылысының және екі шаруашылық жайларының пішіні бар. Үлкен жертөлені ауданы 208 м2, кішісі 128 м2. Жерасты дәліз оны 25-мп үй-жаймен байланыстырады. Тігінен қаланған тақталар үй - жайдың тек бұрышында сақталған. Әрине, бұл жалғастырып салынған құрылыстар (24,25,26,27) бір патриархалды отбасына тиісті болды.
28-ші үй-жай нақты тік бұрышты жоспарымен және сақталған тас негізімен айрықшаланады. Жалғастыра салынған үйде ішкі қабырғалармен бөленген (120-сурет) және тізбектеліп оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан бес тұрғын жай бар. Бұл ғимараттың жалпы ауданы шамамен ~ 1500 м2. Олардың ішінде ең ірісі (400 м2), тізбектің оңтүстік-батыс ұшында неғұрлым ертерек орналасқан. Қалған жайлардың көлемі 240-тан 340 м2-ге дейін жетеді. Тізбек отбасы мүшелерінің (отаудың) көбеюіне қарай ұлғайып отырған. Ғимараттың көлемі мен қатаң пішініне қарап, бұғылы қонысының басшысына тиісті болған деп топшылауға болады.
32-ші үй-жай қабырғасы ортақ және оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан үш ірі кешеннен турады. Ғимарат жоспары тік бұрышты, солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа бағдарланған. Үй-жайлардың көлемі 180- 200 м2. Екінші жайда тас ошақтың және ішкі қоршаудың ізі сақталған. Үй-жайдың негізі жақсы сақталғанымен тік тақталардың кей жерлері бұзылған, олардың жартысын жергілікті тұрғындар пайдаланылып кеткен.
37-ші үй-жай пішіні тік бұрыш екі жай құрылымының, үшбұрышты екі шағын құрылымның және пішіні шаршы бір құрылымның қалдығы сақталған күрделі кешен. Соңғы үш жайдың шаруашылық маңызы болған - шеберхана және қойма ретінде пайдаланылды. Үй-жайлар бір сызықта, көлденең өзегімен батыстан шығысқа қарай орналасқан. Олардың өлшемдері 240 м2 және 260 м2. Үй-жайлардың негізіндегі тастар алғашқы қалпында сақталған.
38-ші үй-жай бүйір жақтарымен қосылған және көлденең өзегімен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа (тік бұрышты екі жартылай жертөледен құралған. Үй-жайдың қабырғасы тұрғызылған тақталар алғашқы қалпында сақталған. Үй-жайдың мөлшері: тыс жағы - 320 м2, шығыс жағы - 288 м2.
43-ші үй-жай қоныстың шығыс шетінде оңаша орналасқан. Жай қатаң тік бұрышты жоспармен салынған, ұшын өзегімен оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа (бағдарланған (121-сурет).
Оның шығыс қабырғасына кескіні тік бұрыш, жалғастыра салынған екі шағын үй тақалған. Гранит тақталарынан тұрғызылған қабырғалардың төменгі жағы жақсы сақталған. Үлкен жайдың ауданы - 168 м2, кіші құрылым - 36 м2-ден. Жайдың ішінде солтүстік-батыс бұрышына қарай тек қолданыс маңызы ғана емес, сондай-ақ діни мәні болған үлкен тас ошақтың пішіні сақталған. Бұны күлдің қалың қабаты және жануарлар сүйектері тамақтанған тамақ қалдықтары дәлелдейді. Ошақтың диаметрі - 1,8x1,2 м.
Бұғылы I қонысында құрылыс ісі және мәдени көзқарасынан ғылыми қызығушылық тудыратын басқа көптеген тұрғылықты құрылымдар бар. Олардың негізгі көлемі әлі аршылмаған.
Бұғылы I қонысындағы ең ірілері 2-ші және 3-ші құрылыстар ерекше қызығушылық тудырады. Олар өте ұзарған пішінімен ерекшеленеді. Осы белгілері бойынша сәулет тарихына белгілі «ұзын үйлер» типіне ұқсатуға болар еді. Бірақ, мәдени қабаттарда оның үй-жай екендігін растайтын белгілер болмаған. Құрылыстар қоныстың оңтүстік - батыс бөлігіндегі дөң де байырғы жерлеу орындары мүлдем оңаша орналасқан. 2-ші құрылыстың ұзындығы - 42 м, ені -17 м, жалпы аудан көлемі шамамен ~ 714 м2, 3-ші құрылымның ұзындығы - 88 м, ені - 32 м, жалпы аудан көлемі шамамен -2816 м2. 3-ші жайдың оңтүстік - батыс бұрышында қызметін атқарған тас төсемдер, оңтүстік - шығыста, жайдың кіре берісінде орналасқан табыну және құрбандық шалу орны екі тас қалама (жол) сақталған. Ежелгі жерлеу төбешігінде орналасуы, тас көпірлер мен жолдар түріндегі табыну және құрбан шалу орындарының болуы осы екі құрылыс діни әрекеттер жасалған путқа табынушылық маңызы болған деп ой қорытуға негіз болды.
Жақсы сақталған «ұзын үй» Ортау кешенінде зерттелді, сондай-ақ, орта және кейінгі дәуірлерге тиісті байырғы жерлеу орындары алаңында орналасқан. Ғимарат түбін тазарту кезінде күлдің және жануарлар сүйектерінің қалың қабаты табылды.
Тағы бір «ұзын үй» Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Бесоба» кеңшарының орталық ауласынан 28 шақырым солтүстікке қарай, Нұра ө. (Бай ғана) оң жағасының жайылма алқабынан табылды. Үйдің қасында жоғарғы террасада тігінен қойылған тақталардан қорымы бар үлкен оба түріндегі беғазы заманындағы кең мола орналасқан. Нұра құрылысында тұрғын жайға тән белгілері жоқ. Ғимарат қоныстың шығыс жағында, біздің ойымызша текті ру өкілдеріне тиісті үлкен үйдің маңында орналасқан. Ғимарат жоспары тік бұрышты, көлденең өзегімен оңтүстіктен солтүстікке бағдарланған. Оның ұзындығы - 20 м, ені - 10 м, жалпы көлемі - 200 м2. Тұрғын жайдың кіре берісі батыс жағында орналасқан. Шығыс қабырғасынан шығысқа қарай жалпы ұзындығы 130 м тас жол өтеді. Бұрыш жасап, ол төбешікке бұрылады. Жол төбешікте орналасқан путқа табынушылық ғибадатханаға апарған.
Неғұрлым мықты тас жол беғазы заманына тиісті Ортау IV тобынан табылды. Ол ірі малтатас төселген және мықты жасалғаны соншалық әлі күнге дейін алғашқы күйінде тур. Пұтқа табынатындардың храмы типіндегі ғимарат Бұғылы I қонысында ерекше құбылыс болып саналмайды. Осындай ғимарат Бұғылы I қонысымен бірге болған Бұғылы II қонысында да осындай ғимарат болған және ол одан оңтүстікке қарай 1,5 шақырымда орналасқан болатын.
25-ші және 40-шы үй-жайларының тік қазбаларынан кен ісінде және металл өңдеу кезінде пайдаланылған құралдар қатары табылды. Олардың қатарында порфириттен дайындалған, жұмысқа лайықталған, жиектері қалың және беті мұқият жылтыратылған шеттері дөңгелектеніп келген, пішіні цилиндр тәрізді келі сап. 40-шы үй-жайдың түбінен жиектері бар цилиндр тәрізді қалпақ түрінде жұқа мыс бұйым дайындау үшін негіз болған тасты таңба - матрицаның кесегі табылды. Таңба - матрицаның ұзындығы 8 см., ені - 3,5 см., биіктігі - 2,5см. Осындай зат Шортанды - бұлақ қонысынан табылды, бірақ оның қолданылу мәні шын емес.
Домалақ, ромбы және тік бұрышты кеспе тастар Орталық Қазақстанда өте көп кездеседі, әсіресе қарқаралы - көне қарағанды тұрақтарында. Басу әдісімен (зеленая балка) жұқа мыс тіліктерден әшекейлер дайындау үшін терең ойықтары бар неғұрлым күрделі матрица табылды. Форма ұзындығы - 14 см., ені - 5,5 см., биіктігі - 3 см. тік бұрышты кеспе тастан жасалған. Ол Алексеев тұрағының 4-ші жартылай жертөлесінен табылған матрицаға ұқсас.
40-шы үй-жайдың мерзімін беғазы - дәндібай заманының керамикасына тән, тұтастай тырнақты оюмен өрнектелген керамиканың фрагменті бойынша оңай белгілеуге болады.
БҰҒЫЛЫ II
Қоныс Шопа о. шатқалдан жазықтыққа ұмтылып, Қара тұмсықтауының етегінің қалтарысын жасайтын Бұғылы (Қос тұмсық және Қара тұмсық) таудың солтүстік - шығыс өлшемдері арасындағы тау аңғарларында орналасқан. Қарама - қарсы сол жағада алып Бұғылы II моласы орналасты. Кең бірақ зерттелмеген мола қоныстан оңтүстік-шығысқа қарай бір жарым шақырымдағы төбешікте орналасқан. Бұғылы I және Бұғылы II қоныстарының жанында екі ірі молалардың болуы бүл қоныстардың ұзақ уақыт тұрғанын дәлелдейді.
Қоныс қабырғаларынан 10-20 см. шығып тұрған жай және шаруашылық құрылымдардың пішіндерінен табылған. Осы белгі бойынша, қоныста отыздан аса құрылымдар анықталды, олардың шамамен жиырмасы - үй-жайлар. Әрбір үй-жайдың шаруашылық маңызы бар (мал ұстайтын қаша, шеберханалар, кішкентай қоймалар және т.б.) бір немесе екі жалғастыра салынған жайлардың болуы тән. Тұрғын және шаруашылық құрылымдардың қабырғалары қырымен қойылған ірі гранит тақталарымен қаланған. Барлық ғимараттардың жоспары анық тік бұрыш немесе шаршы формасында болған. Ірі үй - жайлар шығыс және оңтүстік-шығыс бөлікте орналасқан. Неғұрлым ірілерінің ауданы - 100 м2, кішісі - 30 м2. Олардың өлшеміне және оңаша орналасуына қарағанда, әрбір жертөле жеке отбасына арналған. Бұғылы II қонысында 100-ден кем емес адам мекендеген (бір отбасында 5 адам деп есептегенде), ал көршілес Бұғылы I қонысында тұрғындар әлдеқайда коп болды, 300-ден кем емес.
1-ші үй-жайдың батыс қабырғасы бойымен салынған тік қазық мынадай қорытынды берді: үй-жай қалыңдығы 20- 25 см., шым қабатымен және мол қарашіріктің қабатымен толтырылған, мұнда қойлардың, жылқылардың және сиырлардың сүйектері табылды. Әсіресе сүйектердің үлкен жиынтығы үй-жайдың оңтүстік-батыс бұрышынан 0,6 м тереңдіктен табылды. Осы маңнан тас үйіндісі табылды. Бұл жерде құрбандық оты болған сияқты. Тастардың қорқырауы үй-жайдың басқа бұрыштарынан да табылды.
Бұғылы II қонысында үш путқа табынушылық ғибадатханасы табылды: екеуі - қоныстың батыс шетінде, біреуі - шығысында. Қоныстың батыс бөлігіндегі ғибадатханалардың бірі Бұғылы I қонысындағы путқа табынатындардың храмдарына ұқсас. Бұл өлшемі 5x6 м, тік бұрышты ғимарат, оның солтүстік қабырғасының бұрышынан өзен тастары төселген малтатас жолы өтеді, ол 10 м - ден кейін батысқа бұрылады. Жолдың жалпы ұзындығы 25 м.
Осы пұтқа табынатындардың храмымен қатар, ірі тас блоктарынан қаланған екіншісі орналасқан. Оған кіретін есік солтүстік жақтан болған. Кіре берістің екі жағында тас үймесі бар екі кішкентай обалар орналасқан. Бәлкім, ол байырғы шамандардың жерлеу орындары болған. Қоныстың шығыс шетінде үшінші путқа табынатындардың храмы орналасқан. Бұл тік бұрышты, көлемі - 7,5x10 м ғимарат. Кіретін жері оңтүстік-батыс жағынан орналасқан. Оңтүстік-батыс бұрышында шағындау тұрғын жайдың ізі сақталған, мүмкін алтарь болған. Осы бұрыштан шығысқа қарай ұзындығы 18 м тас жол төселген. Егер оңтүстік қабырғасын алып тастасақ, онда ғибадатхананың жоспары тек үшбұрышты құрайтын болады. Осыдан қола дәуіріндегі геометриялық фигуралардың мифтік мәні болғанын байқауға болады. Оларды қыш құмыра, металдық және сүйек бұйымдарының шоларынан, сондай-ақ, ғимарат композицияларынан кездестіруге болады.
Кейінгі қола дәуірінің ғимараттарындағы алтарь бөлігінің тас қаламасы немесе ұзындығы -3 м, ені-1,1-5 м, биіктігі 30-дан 80 см - ге дейін көпір түрінде батыс және оңтүстік қабырғаның бойынан табылады. Неғұрлым мардымды алтарь төбелері Бұғылы I, Бұғылы III мазарларымда, Бұғылы I қонысының 1-ші үй-жайында, Бұғылы I қонысының 2-ші пұтқа табынатындардың храмында байқалған. Ғибадатханалардың ескі түрлері үлкен ашық тас көптеген мазарлардан және қоныстардан табылған. Осындай ғибадатханалар басқалардан бұрын Бұғылы қоныстарында пайда болды. Кейінірек қасиетті от жайға ауыстырылды. Үлкен оттың ізі Беғазы, Бұғылы III, Саңғыру III, Айбас - Дарасы мазарларында, Бұғылы I, Бұғылы II пұтқа табынушылар қоныстарының құрбандық жерлерінен көрінеді. Оқшауланған тас ошақтар Бұғылы II қонысының үй-жайларынан табылды.
1-ші, 2-ші үй-жайларды қазу кезінде керамикалық материалдарды (123-сурет), қола бұйымдарының сынықтары, тас кетпендердің, жылтыратқыштардың, үккіштердің, жануарлар сүйектерінің елеулі көлемі жиналды, ол кешен бұғылы қоныстардың мәдениетін сипаттайды. Қоныстардың мәдениеті орта қоланың соңын және кейінгі қоланы, тіпті ерте сақ заманына дейінгі аралықты қамтиды.
Өзінің негізінде керамикалық материал беғазы - дәндібай заманындағы қисық ұзынша келген баспалардың, кертіктердің, қисық бұрышты торлардың, ұсақ тісті тарақ тәрізді таңбалардың немесе иректі тегіс таңбаның еңкіш баспа - таңба қатарымен ауыз жиегі жапсырылған саз ыдыстарға сәйкес келеді. Көлденең шаппаларымен немесе домалақ шұңқырлар қатарымен каннелюр түріндегі көлденең жолақтардан өрнектелген оюы бар ыдыстардың, сондай-ақ, нүктелері бар тігінен орналасқан жолақтармен немесе көлденең басып жасалған жатық сызықтарымен өрнектелген ыдыстардың бөлшектері көп. Пішіні әдемі, жоғарғы беті тегіс және ұсақ тісті таңбамен өрнектелген беғазы типтес, бүйірлері жұқа ыдыстардың бөлшектері көз тартады. Үшбұрыш, трапеция түріндегі ірі ирек тастың баспа - таңбасын беретін ірі таңбамен өрнектелген ыдыстар, сондай-ақ, Бегазы және Кент керамикасында айтылған қыш құмыралардың бөлшектері ерекше топты қурайды. Кейде таңбаға керамика бұйымдарында нақты сурет қалдыратын қара сыр жағылған. Керамиканың кейбір бөлшектерінде неғұрлым күрделі белгілер Орталық Қазақстанның ескерткіштерінде кездесетін таңбаның бейнесі де бар.
Тас ғимараттар мен керамика типі бойынша бұғылы қоныстары беғазы - дәндібай заманымен және кейінгі қола дәуірімен белгіленеді. Сонымен қатар осы қоныстардың мәдениеттері ежелгі дәуірлерге тірелетін бітістерін сақтайды, ал бұл олардың жылдар бойы болғанын дәлелдейді.
Бұғылы қоныстарынан алыс емес, Шерубай - Нұра ө. кең бассейнінде шамамен 20 қоныстың қалдығы сақталған. Ақсу қонысы Шет ауданы «Нұр талды» (Қошқарбай) совхозының орталық ауладан 6 шақырым жерден, екіншісі Шерубай - Нұра о. сол құйылысының Қармыс ө. аңғарынан табылды.
Табылған қоныстардың жартысынан көбі Талды - Нұра ө. аңғарынан анықталған. Барлық осы қоныстарда ауқымды қазба жүргізудің нәтижесі өте көп жаңалық әкеледі.
АҚКЕЗЕҢ
Ақкезең қонысы (заимка Бада) Қотыр - Қызылтау тауының шығыс бөктерінде, Байбала қонысынан оңтүстік - шығысқа қарай 7 шақырым, және Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылынан батысқа қарай 7 шақырымда орналасқан. Қоныстың ауданы шамамен 5 га.
Ақкезең қонысындағы әр түрлі қалдықтардың жалпы саны шамамен 60, олардың жартысы үй-жайлар (124-су- рет).
Қоныс жоспарының Орталық Қазақстаның қола дәуіріндегі басқа қоныстармен ұқсастықтары көп: құрылыс шығыс және солтүстік шығыс жағынан ашық ортасында бос алаң қалдыра жартылай шеңбер түрінде орналасқан. Қоныс екі бөлікке бөлінеді: неғұрлым ежелгісі солтүстік және оңтүстік. Солтүстік бөлігіндегі үй-жай тек қана жертөлелерден (олар 20) турады, көбінесе пішіні овал, бірақ тік бұрыш, шаршы тәрізділері де кездеседі. Ең ірі жертөленің ауданы - 325 м2, орташа - 130-150 м2, кішісі - 50-60 м2, тереңдігі 40-тан 80 см - ге дейін. Бұғылы I қонысының байырғы бөлігінде байқалған жерлеу ғимараттары үй-жайлармен кезектеседі.
Ақкезең қонысының оңтүстік бөлігінің басқа жаңа топографиясы бар. Жер үстіндегі үй-жайлар мықты тас қабырғасымен және көлемді өлшемімен ерекшеленеді. Олар ұзын тасты блоктардан көлденең қаланып салынған және ірі тіреу тақталарымен бекітілген. Тастан жасалған тұрғын құрылыстардың саны - 9, оның үшеуі «ұзын үйлер» типіне жатады. Неғұрлым ірілерінің ауданы - 330 м2 (30x11 м), орташа - 264 м2 (22x12 м).
Шығыстан батысқа қарай созылған көп камералы жайлар «ұзын үйлердің» қалдықтары қызығушылық тудырады (125-сурет).
Осындай «ұзын үйлердің» көлемі - 32x7 м, оның ауданы - 225 м2. Үй кесек тастан қаланған. Солтүстік-батыс желінен қорғану үшін, тас блоктарынан жасалған сыртқы қорымдар болған, олардың қалдықтары тек батыс жағында сақталған. Үйдің құрылысына өзара көлденең қабырғалармен бөлінген он жай енген. Салыстырмалы түрде орталық (30 м2) және өлшемі орташа (18 м2-ден) үш бөлмеден тұратын үлкен патриархалды отбасы басшысының тұрғын жайы ортада түр. Оңтүстік жағынан үлкен бөлмелерге тағам қорын сақтау үшін қосалқы жай жалғастыра салынған. Шығыс қабырғасы бойында біреуі күнделікті қолданысқа арналған, екіншісі діни маңызы бар екі тас ошақ қаланған.
Орталық жайға ені - 1,8 және 2 м ұзын дәліздер өтетін екі қанат ұласады. Батыс қанатында үш бөлменің қалдықтары сақталған. Оның біреуі салыстырмалы түрде үлкен, оның мөлшері 4x6 м. Оңтүстік-батыс бұрышында тас ошақтың пішіні сақталған, одан қалыңдығы 20 см. күлдің қабаты анықталды. Қалған екі бөлме үлкен емес, әрбірінің ауданы - 12 м2. Шығыс қанатында 30 және 15 м2 екі бөлме орналасқан.
«Ұзын үйдің» тұрғындары, сөзсіз, бір патриархалды отбасының мүшелері болған. Дәл осы уақытта үлкен үйді бірнеше жайларға болу - отбасы дамуының жаңа дәрежесін жеке ошағы бар, жеке жайларға кіші жанұяның бөлгенін дәлелдейді.
Қоныстардан тыс еске алу төбешіктерінде путқа табынатындардың храмы және ру басының қабірі орналасқан. Путқа табынатындардың храмы жоспарында шет жақтарының көлемі 13 м және 12 м, шаршы секілді тұрпайы өңделген тік бұрышты тастардан қаланған. Ғимарат сипатына қарағанда путқа табынатындардың храмы қоныстың оңтүстік бөлігіндегі жалғастыра салынған үйлерге ұқсас және беғазы - дәндібай заманына тән қоғамдық белгіні айқындайды.
Ақкезең қонысында қола дәуіріндегі екі кезеңнің ескерткіштері олардың мұнда жүз жылдықтар бойы тұрғанын дәлелдейді.
БАЙБАЛА
Байбала қонысы Ақкезең қонысынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырымда, Талды - Нұра ө. оң жағасында түр. Ол 1947 ж. ашылды. Үй-жай және шаруашылық жалғастыра салынған үйлердің пішіндері жер бетіне шығып тұрған тақталар шетінен көрініп қалды. Өзінің тас қабырғаларының арқасында жоспарын түсіріп, бір жертөленің қазбасы жартылай жүргізілді. Өкінішке орай, оның солтүстік қабырғасы трактормен бұзылып кеткен.
Үй-жай шаршы тәріздес (126-сурет) шет жақтарының өлшемі - 11 және 10 м, оның ауданы - 110 м2. Үй-жайдың қабырғалары 0,6 м тереңдікте топырақтың астында (грунтта) болды, олар қырынан орналастырылған екі қатар гранит тақталарынан қаланған. Қатарлар арасындағы кеңістік қиыршық таспен және мықты тастармен толтырылған. Жабыннан түскен салмақ қабырғаларға және ішкі тіреу бағандарына түседі. Құрылысы бойынша үй-жайдың Бұғылы I, И, Атасу (4-ші үй-жай), Тағыбай - бұлақ, Ортау қоныстарының үй-жайларымен ұқсастықтары көп.
Формасы ұқсас үй-жай Баянауыл ауданы, Қалба тауының Қаратомар қонысынан табылды (127-сурет). Бірақ жоспары бойынша ол жартылай домалақ бұрыштармен құрылымдық түрде қаныққан күрделі ғимарат. Осылайша Орталық Қазақстан қоныстарының жеке үй-жайларындағы жалпы құрылыс қағидалары толық сақталғанымен, жергілікті ерекшеліктер де байқалады.
Жамбай - Қарасу қонысы Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Кеңшоқы» орталық үй жайынан 30 шақырым оңтүстікке қарай, Құнанбай тауының оңтүстік-батыс етегінде ашылды. Қоныстың топографиялық пішіні шамамен 3 га. терең шұңқырлар ретінде белгіленген, шоп басып кеткен. Ауданы 100-ден 250 м2-ге дейін жететін 15 жартылай жертөлелер қалдықтары сақталған. Балама қоныстардың қалдықтары Ақмоладан жоғары Есіл е., Нұра о. Ахмет ауыл ескі қыстақ маңында, Талды - Нұра о. Сеңкебай шатқалында, Шерубай-Нұра оң құйылуындағы Баспалдақ о. аңғарында, Шет ауданының Орджоникидзе атындағы кеңшар аумағында байқалды. Бұл қоныстардың қазбалары әлі жүргізілмеген, керамика, қола, жануарлардың сүйектері, еңбек құралдары және т.б. бөлшектері сияқты көтерме материалдар жиналды.
ШОРТАНДЫ – БҰЛАҚ
Шортанды - Бұлақ — бұл Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі ірі қоныстарының бірі. Талды - Нұра сол жағасының көркем аңғарында, Айнакөл ескі қыстағының 10 шақырым оңтүстікке қарай және Байбала қонысынан 14 шақырым оңтүстік - батысқа қарай орналасқан. Қоныс биіктігі бір метрге жететін мықты топырақ жабындысымен екінші жайылма алқап терассасында орналасқан. Қоныстың орналасу ауданы Қотыр - Қызылтау тауының айналасында және Талды - Нұра аңғарларында және оның құйылысында 45-50.
шақырым радиуста орналасқан қола дәуірі ескерткіштерінің жинақталуымен ерекшеленеді.
Шортанды - бұлақ ыдыстарының бір де біреуі андроновтық керамикаға ұқсамайды. Мұнда бәрі де жаңа. Мәдени қабаттарда Орталық Қазақстанның өте ерте қоныстарына тән кремнийден жасалған заттар — жебелердің ұштары, қысқа сапты найзалар, қырғыштар және пышақ тәрізді тілімдер кездеспеді. Бұл неолит дәуірінен мура болып қалған, дәстүрлі кремний құралдарынан толық алыстап, оларды жаңа қоламен ауыстырғанын дәлелдейді. Көненің көзі ретінде тек бір ғана, екі жақты өңделген кремнийден жасалған үлкен жебенің ұшы кездесті. Пішінімен ол Қарқаралы II, III (Суық - бұлақ) және Тағыбай - бұлақ қоныстарынан табылған кремний жебе ұштарына балама.
Осы жерден табылған еңбек құралдарынан биконус пішіні бар керамикалық ұршықбас көңіл аудартады (138.3- сурет). Құралдың ыңғайлы, пішіні ұтымды, иірілген жіп алу және одан мата дайындау, сол жер қоныстанушылардың негізгі кәсібі болғанын көрсетеді. Ортасында тесігі бар шеңбер түрінде саздан дайындалған басқа ұршықбастардың сынықтары табылды.
Үй-жайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ертедегі шебердің бұрышы қызықты олжаларға толы. Кристалл, мыс кесектері, қож қалдықтары түріндегі ертедегі үй өндірісінің қалдықтары елеулі жиналған үйменің арасында кесілген бұғы мүйізі, ірі жануарлардың жілік сүйектерінен жасалған дайындамалар (метаподиялар) және т.б. қалдықтар табылды.
Сүйекті өңдеу өнері түп тамырымен жоғарғы палеолиттен және неолиттен бастау алады19. Табылған олжаларға қарағанда, шортанды үй кәсіптерінің арасында сүйек ою ісі үлкен орын алған. Сүйек бұйымдарының қатары сүйекті өңдеу техникасы туралы көрініс береді. Осылайша, сүйекті түйме (138.10-сурет) артқы жағында кең ілмегі бар, кішкентай ғана жартылай шар ретінде жасалған, оның жоғарғы беті түгел жылтыратылған. Түйменің диаметрі - 1,8 см., биіктігі - 1 см. Жасалған тиянақтылығымен және функционалдық тағайынды, ол дәндібайдан табылған мүйізді түймелікті елестеді. Баламасы жоқ, пішіні өте ұқсас қола түймелері жиі кездеседі. Төрт қырлы пішінімен және үшкір ұшы бар сүйекті біз. (138.5-сурет). Ұзындығы - 9 см. Заттардың арасында аттың жілік сүйегі (метаподия), яғни өрнегі бар метаподияның дистальды ұшының кесіндісі (139.1- сурет) ерекше. Ромбы және үшбұрышты фигуралар түріндегі өрнек үшкір аспаппен орындалған. Өрнекті түсіргенге дейін сүйек кескінінің жоғарғы беті жылтыратылған. Кесінді ұзындығы - 15,5 см., ені - 3,5-5 см. Осы буйымның қолданыс маңызы әлі анық емес. Бәлкім, бұл біздер, үшкір түйреуіш, тескіш сияқты үшкір қола құралдарының қаптамасы болар.
Кейінгі қола заманының малшыларында ірі және ұсақ малдың жілік сүйегін, әсіресе жылқы матеподиясын өңдеу кең ауқым алады.
Жақсы жылтыратылған метаподиялар дайындамалар түрінде бірнеше рет табылды20. Олар Атасу қонысынан - 10, Қарқаралы ІІ - ден - 6, Шортанды - бұлақтан - 6, Бұғылы II-ден - 3 табылды. Басқа сүйектердің арасында метаподияның айрықша екені, олардың дала тайпалары үшін ерекше маңызы болғанын айтады.
Өндірістік ошақтың қасында табылған, пішіні цилиндр сүйекті құты үлкен сиректік болып табылады. Қуғынның түбі жайпақ, қабырғалары тік және жақсы жылтыратылған (138.4-сурет). Олжалардың арасында қолдану ізі бар ірі жылқының жауырыны және бұғы мүйізінен жасалған балға болған. Осы тектес жауырындар ежелгі Жезқазған, Степняк, Бестөбе және т.б. кеніштерден табылған және күрекше кызметін атқарған, ал бұғы мүйізінен жасалған балға пеш ісінде пайдаланылды (139.2-сурет). Балғаның домалақтау келген жұмысқа лайықталған ұшы және цилиндрлік сабы бар. Бұғы мүйізінен жасалған қару Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанның қола мәдениетінде өте кең таралған. Ол әдетте ежелгі Жезқазған, Саяқ, Тесік тас, Степняк, Дала бұға кендерінде кездеседі.
Сүйек бұйымдарының ішінен (140-сурет) үш тесігі бар, оның арасында орташа тік бұрышты - сопақша келген парабола пішіндес сүйек псалийдің өте сирек кездесетін үлгісі, сондай-ақ, пішіні цилиндр, қиығы анық және жоғарғы беті мұқият жылтыратылған тізбек, үшбұрышты фигуралардың қатары ретінде жұқалап ойылып жасалған өрнектері бар, пішіні тік бұрыш тілім сынығы өте қызықты. Пішіні тік бұрыш жапсырманы да айта кеткен жөн, оның бір жағы дөңес, екінші жағы ішке қарай батыңқы. Жапсырманың жиегі шағын ғана үшбұрыштардың екі қатарымен сәнделген, ал жапсырманың ортасында орналасқан соляр шеңбері ойықтармен көмкерілген. Жұқалап ойылып, шебер өңделген сүйектен жасалған құралдың сабы және қарудың (біздер, қанжарлар, пышақтар, таңбалар) сынған бөліктері назар аудартады. Дөңгелектенген және цилиндр тәрізді екі пішінді саптар кездеседі. Екі үшкір ұшы бар, сүйек циркуль таңғажайып, оның бір ұшы ұзын, екіншісі қысқа. Циркульдың негізі шеңбер, іліп жүру үшін жасалған ілмегі бар. Аспаптың ернеу сызығы ұштары бірде жоғарыға, бірде төменге қараған бүйірлері тең, шағын үшбұрыштардың екі қатардан туратын жұқа ойықтармен көмкерілген. Циркуль ойықты өрнек түсіруге және объектілерді өлшеуге арналған таңба ретінде пайдалануы әбден мүмкін.
Ошақтардың маңында түрлі қола заттары және олардың дайындамалары, соның ішінде, жиегі тар цилиндр қалпақ түріндегі түтік (138.12-сурет), формасы жарты шеңбер (138.9-сурет), таспа тәрізді құйылған тілімдер - түрлі ұсақ-түйектер үшін және мыс әшекейлердің дайындамалары, біздер және т.б жиналған. Бір жағы тегіс, екінші жағы дөңес қола тілімі ерекше көрінеді. Дөңес жағы қара бояумен және ұсақ тор мен ромбы түріндегі суретпен көмкерілген. Тілімнің ұзындығы - 3 см., ені - 1 см. (138.6-сурет).
21-ші үй-жайдың түбінде үш алып жебенің ұштары табылды. Оның біреуі шыбықты, қалған екеуі - төлкелі. Олардың барлығы көлденең өзегі бойынша бедерлі білігі бар және басы үшкір жапырақ тәрізді (140.8-10-суреттер). Оның 5 см. қауырсынданған ені назар аудартады. Спектральды анализ арқылы екі ұштық қоладан құйылғаны, ал біреуі - басқа элементтер қосылған темірден құйылғаны дәлелденді және ол жақсырақ сақталған. Ұштықтардың қауырсындары жүз ретінде емес, мұқалған ернеу жиегі түрінде жасалуы тән.
Басқа олжалардың арасында төрт қырлы үлкен біз (140.15-сурет), қола сақинасы шикі қайысты жұмсарту мен өңдеу үшін және жебенің адырнасын түзетуге (140.13 - сурет) арналған құрал, қалпағы бар үлкен шегенің сынығы (140.14-сурет) және т.б. табылды.
Кен ісінің құралдары табылды: алып тас келі саптар, келілер, балғалар, үккіштер Шортанды бұлақ қонысының тұрғындары мал шаруашылығымен қатар кен ісімен және темір өңдеумен айналысқанын дәлелдейді.
1-ші келі сап (141.1-сурет) сабы домалақ және басы жұмысқа лайықталған, қалыңдау цилиндр тәрізді. Тастан жасалған, бүкіл беті мұқият жылтыратылған. Қолданудың нәтижесінде жұмысқа лайықталған ұшы мұқалған.
2-ші келі сап (141.2-сурет) торт қырлы кетпен түрінде, жұмысқа лайықталған басы тегіс, ал сабы тік бұрышты. Алевролиттен дайындалған. Жан-жақтары мұқият жылтыратылған.
3-ші келі сап алевролиттен жасалған, пішіні цилиндр, қимасы домалақ, жоғарғы беті түгел жылтыратылған.
4-ші келі сап өлшемі - 11x11 см., қалыңдығы - 7 см. ұшы сынған цилиндр тәрізді. Сұр құмдақтан жасалған, барлық жақтары жонып тегістелген және жылтыратылған.
2-ші келі (141.3-сурет) қызыл құмдақтан дайындалған, жиектері дөңгелектенген үшбұрышты пішіні бар, жоғарғы беті тегіс ажарланған. Бұл құралдың баламалары көп. Пішіндері әр түрлі келінің және келі саптың көбісі ежелгі Жезқазған металлургия орталықтарының Милы құдық, Сор құдық, Айна көл қоныстарында, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда табылды.
Тас құралдарынан жұқа қайыс үшін, жұмыртқа тәрізді, тар ұшында ойығы бар шар ерекше көзге түседі (138.1-су- рет). Шар жұмсақ құмайттан жасалған, оның бір ұшы екінші ұшына қарағанда салыстырмалы түрде кеңірек. Шардың бетінде жарты ай түріндегі пішіні көрінеді. Дәл осындай белгі Қарқаралы II қонысының I - үй-жайынан табылған керамикалық ыдыстың ауыз жиегінде және Әзірбайжандағы Кета ауылынан табылған қола қанжарынан кездесті. Бұл белгінің көне тайпалардың батырлық дәстүрлеріне қатысы бар екендігіне күмән жоқ. Толық өңделмеген шар ежелгі шебердің бұрышында, оның өндірістік ошағының маңынан табылды. Шар тығыз тастан жонылған. Лақтыратын шарлар ежелгі жауынгерлердің және аңшылардың тиімді қаруы болған. Олардың қасиетті маңыз ғана болғанында таң қаралық ештеңе жоқ, мысалы, орта ғасырдағы қазақ батырларының кейбір қару-жарақтары қастерлеу объектісі болып қалған. Шыбынды қонысынан табылған энеолит заманындағы шарлар ірілеу болған, өлшемі 6x10 см. Орталық Қазақстан ескерткіштері арасынан лақтыратын шарлар Қарағанды және Қарқаралы маңы, Жезқазған тұрақтарында көп кездесті. Лақтыратын шардың қызықты бір үлгісі қола дәуірдегі Досан моласын қазу кезінде, Қарқаралы ауданы, «Бесоба» кеңшары аумағынан табылды. Шар жұмсақ тастан нақты пішінде жонылған (138.7-сурет). Баламалы шар Солтүстік Кавказдағы Қабарды ауданынан табылған.
Шортанды - бұлақ тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы басты роль атқарған. Олар ірі және ұсақ мал, жылқы ұстады. Сүйек қалдықтарына қарағанда қоныс тұрғындары қой, жылқы және ірі мал етін жеген. Л.А. Макарованың мәліметіне қарағанда ұсақ малдың сүйегі (қойлар мен қозылар) 45%, ал жылқы - 30%, ірі қара - 25% құрайды. Тек бір үй-жайдан ғана кеншілер мен металлургтердің қонысына (Жезқазған, Суық -бұлақ, Қарқаралы II, Тағыбай - бұлақ) қарағанда екі есе көп сүйектер табылған. Бұл шортанды Атасу және Алексеевка қоныстарының тұрғындары сияқты көп мал ұстағанын білдіреді. Жабайы аң сүйектері байқалмайды. Тек өңделген бұғының мүйізі және құндыздың төменгі жақ бөлшегі кездесті. Бірақ, бұл шортанды аңшылық кәсіптен алыс болды деп тұжырымдауға дәйек емес.
Олжаларға қарағанда, қоныс отырықшылық - малшылық, бірақ жайылымдылық - жайлау түрінде болған. Оны малдың көп болуы және одан басқа жайылымдарды жиі ауыстыруға байланысты жылжымалы шаруашылыққа ыңғайластырылған отар түрінің құрамы нұсқайды.
Үй-жай еденінде бірнеше дән үккіштер кездесті, бағыныштылық маңызы болған егіншіліктің болғанын дәлелдейді.
Шортанды - бұлақ қонысы беғазы - дәндібай заманындағы ең ірі ескерткіштердің бірін қурайды. Қазба нәтижесінде алынған құнды материал мал шаруашылығы басым болған қоныс мекендеушілері шаруашылығының кешенді сипаты туралы анық көрініс береді. Қоныс тұрғындары сондай-ақ, кен кәсібімен және металлургиямен, егіншілікпен және үй өндірісінің әр түрлерімен айналысқан.
ҚАРҚАРАЛЫ ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТОБЫ
Қола дәуірінде қарқаралы даласы Орталық Қазақстандағы ең ірі кен-металлургиялық орталық болды. Солтүстікте - Баянауыл, оңтүстікте - Балқаш, батыста – Есіл - Сарысу даласымен, ол Еуразия құрлығының бүкіл даласына қола дәуірінің таралуына ықпал еткен аймақтың басты тарихи-мәдени түйінін құрды. Бұған ежелгі Атабай, Әділ, Шұрық, Кен төбе, Қызыл еспе, Қорған тас, Саяқ және т.б. ірі кендер, көптеген қоныстар, кең-байтақ жерлеу алқаптары, күрделі тас ғимараттар дәлел бола алады.
Қарқаралы I. Мәдени қалдықтарына қарағанда бұл Қарқаралы өзенінің әсем аңғарында, оның тау шатқалынан шығар жерінде орналасқан ірі қоныс. Біздің заманда ежелгі мәдениеттен түк қалмады: қоныс алаңдарында толықтай қалалық құрылыстар мен қоршаулар салынған. Жер ору жұмыстары кезінде керамика, еңбек құралдары, жануарлардың сүйектері және кейде күлі жиналған тас ошақтар ашылып қалады.
1940 ж. Қарқаралы ө. қулама жарында қоныс алаңынан геолог И.А. Могилевскиймен түбі домалақ және қождары сақталған мыс балқытатын пештің қалдықтары ашылды.
В.Е. Ясенецкаяның айтуы бойынша: «в оврагах вблизи города есть очень много шлаков и остатки плавильных печей небольшого размера в виде ям с обнаженным подом».
Сипаты бойынша қарқаралы балқыту пештері Қалба таулары және Бала - Терісаққан ө. пештеріне ұқсас.
Өлкетанушы В.Е. Ясенецкаямен бай көтерме материалдар қоныс алаңынан және оның мәдени қабатынан жиналды. Қарағанды өлкетану мұражайында сақталған оның коллекциясында қызықты және сирек кездесетін еңбек және үй құралдары бар, олар кейінгі қола дәуірі заманындағы қоныстардың шаруашылық және мәдени өмірін дәлелдейді (142-сурет). Олардың арасында саз ыдыстарының сынықтары, қайла түріндегі кен ісінің құралдары - кеткен, танап, балта, кен үгетін құралдар (143 сурет), келі саптар, балғалар, келілердің түрлері, ортасында тесігі бар тас шеңберлер (144-сурет), жебелердің тас және қола ұштары (145-сурет) кездеседі. Олардың негізгі бөлігі Қарқаралы ө. жарындағы жалаңаштанған мәдени қабатынан табылды.
В.Е. Ясенецкаямен кейінгі қола дәуіріне тиісті Қазақстанның неғұрлым теңдесі жоқ пышағы табылды (145.1-сурет). Пышақ қоладан құйылған, ол Қарқаралы II қонысынан табылған қола пышағына ұқсас: екеуінің де пішіндері доға тәрізді, сабын жүзінен бөлетін тік шығыңқы кертпеші бар. Бірақ ол тар, сынасы біраз майысқан, жүзінің ұшы үшкір және тұтқыр домалақтанбаған жұқа тік бұрышты сабы бар. Сап соңындағы тесік орны тесілмеген, құю кезінде тік бұрышты ілмек ретінде жасалған.
Салмағы 8 килограмм қола кесегі назар аудартады. Қоныстың олжалары және топографиясы осы жерде мал шаруашылығымен айналысқан металлургтердің өмір сүргенін анық көрсетеді.
Қарқаралы Суық - бұлақ және Шортанды - бұлаққа қарағанда ерте пайда болған қоныс. Дегенмен құрылымы бойынша және мәдениеті бойынша Қарқаралы II оларға өте ұқсас (146-сурет).
Үй-жай тақталармен қаланған, оның төменгі жағы 45- 60 см. тереңдікте орнаған. Үй-жайдың бітімі ұзын өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрышты.
1955 жылғы түсіріл кезінде қоныс алаңында кең ойпаңдар түріндегі сегіз үй-жайдың пішіні көрінді. 1962 жылға дейін өзеннің қулама жарында орналасқандықтан олардың жартысы ғана сақталған және қалыңдығы 30-40 см. мәдени қабаттары жалаңаштанған. Кеншілер және металл балқытушылар тұрған Қарқаралы II тау қонысының ауданы 7500 м.
Үй-жай ізінен басқа, мұнда домалақ және сопақша келген шаруашылық шұңқырлар, соның ішінде кенді су арқылы байыту үшін су жинайтын шұңқырлар, байытылған кенді сақтауға арналған қоймалар және т.б. сақталған. Осы шұңқырлардың сипаты Милы құдық және Жезқазған шұңқырларына ұқсас.
Қарқаралы II қонысынан үш үй-жай қазылды. 1-ші үй - жай жақсы сақталған, қалғандары қатты зақымданған және қызықты олжаларымен ерекшеленбейді.
Өзеннің қулама жарына ұласатын 1-ші үй-жайдың батысы көктемгі су тасқынымен шайылып кеткен. Жертөленің сақталған ауданы шамамен - 240 м2 (12x20 м). Үй-жай үш қабатпен толтырылған: қарашіріктің қалыңдығы - 60 см., саздың қалыңдығы - 35 см., құл асты қабаты - 35 см. Үй - жай жартылай жертөле типіне жатады, төменгі жағы 50- 60 см. тереңдікте грунтта орналасқан. Үй-жай жоспары тік бұрышты, батыстан шығысқа қараған, жуан бөренелерден салынған. Бөренелі қабырғалардың іздерінің ені 20-25 см. құба - сары жолақ ретінде шіріген бөрененің дақтарының пішінінен көрінеді. Дақтарда қайың қабығының бөліктері табылған, ол қайың діндерінің пайдаланылғанын дәлелдейді. Жолақтар қабырға бойымен анық бұрыш жасап өтеді. Бұрыштарда және қабырғалар бойында төбе жабындысын тірейтін бағаналардан қалған шұңқырлар табылды. Шұңқырлардың диаметрлері (30-35 см.) бағаналардың жуан болған көрсетеді.
Қарқаралы II қонысының тұрғындары өз үй-жайларын тастан емес, жаңғырықтардан және бөренелерден салған. Үй-жайдың ағаш қабырғалары көршілес орналасқан Суық - бұлақ қонысынан да табылды. Қарқаралы тауы ауданында тастар жоқ деуге келмейді: қоныс маңында кейде қыртыс болып қалған тас жартастардың және гранитті шөгінділердің үйіндісі кездеседі. Үй-жай салу кезінде, қоныс тұрғындары өңдеуге оңай келетін материалды қолданған сияқты.
Үй-жайдың едені 0,7-0,8 м тереңдікте орналасқан. Бірден тегіс емес, ортасында аздап ойпаңы бар. Шабынды құрылыстың бұрыштары анық көрінетін оңтүстік қабырғаның сұлбасы жақсы сақталған. Оның солтүстік - шығыс бұрышында домалақ келген үлкен ошақ болған. Оның диаметрі - 3 м, тереңдігі 35 см - ге дейін.
2-ші үй-жайдың сұлбасы мәдени қабатының қалыңдығы 30-40 см. астау тәрізді терең ойық түрінде Қарқаралы ө. қулама жарынан көрінді. Үй-жай тұрмыстық заттардың қалдықтары бар шым және қарашірік қабатымен бітелген, төменірек ірі құммен араласқан таза құмдақ жатты. Үй-жай шамамен 300 м2 ауданда (сақталған мөлшері 14x18) жоспары тік бұрышты бөренелерден салынған. Атасу үй-жайлары сияқты еден қалың саз балшық қабатымен сыланған. Төрт бұрышты шұңқыр түріндегі ошақ солтүстік-батыс бұрышында болды. Домалақ шұңқыр түріндегі басқа ошақ үй-жайдың ор¬тасында, оңтүстік қабырғаға жақын орналасқан. Мәдени қалдықтар, негізінен, жайдың ортасында, ошақ маңына қарай шоғырланған. Көптеген ұсақ сынықтардың арасынан 1-ші үй-жай керамикасына өте ұқсас ірі ыдыстардың бөлшектері табылды. Мұнда тастан жасалған кен үгітетін құралдар, тас кетпендер, жануарлардың сүйектері, сүйек құралдары - тері өңдеуге арналған сиырдың жілік сүйектерінен жасалған лөкет пышақтар болды.
3-ші үй-жайдың өзеннің құлама жартасына ұлас қап солтүстік-батыс жартысы толықтай шайылып кеткен. Құрылымы бойынша ол бөренеден салынған 1-ші және 2-ші үй -жайларға ұқсас. Ұзын өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған, тік бұрышты пішіні бар үй-жай. Үй-жайдың сақталып қалған ауданы - 112 м. Мәдени қабатта көптеген керамиканың сынықтары, жануарлардың сүйектері, қождар, жанып кеткен ағаштың бөліктері, ағаш көмірлер, тас құралдар және т.б. кездесті. Мәдени қабаттың сипаты 1-ші және 2-ші үй-жайларға әбден ұқсас.
1-ші үй-жайдың олжаларына толығырақ тоқталайық. Мәдени қабаттар көбінесе солтүстік және солтүстік - шығыс бөліктерінде, ошақ маңында шоғырланған. Негізінен, бүл керамиканың, кейін қоладан жасалған бұйымдар, әшекейлер және еңбек құралдарының бөлшектері (147-сурет). Қарқаралы II қонысында Шортанды - бұлақ, Суық - бұлақ және Тағыбай - бұлақ қоныстарындағы сияқты мәдени қалдықтарының арасында кремнийден жасалған бұйымдар жоқ дерлік. Жәдігер ретінде екі жағынан өте жұқа жонылған, әсем жапырақ тәрізді пішіні бар кремнийден жасалған жебенің ұшы ғана кездесті (147.14-сурет). Осындай найза ұшының данасы Қарқаралы II қонысының алаңынан табылды.
Үй-жайдың солтүстік-батыс бұрышында езіліп қалған екі қыш құмыралар тұрды. Олардың түбі жайпақ. Бір ыдыстың ауыз жиегі сыртқа қайырылған, мойнының төменгі жағы крест тәрізді өрнекпен сәнделген. Екінші қыш құмыраның бүйірі қалың, мойыны түбінен білікпен жапсырылған, сызықты таңбамен орындалған ромбы пішіндер қатары түрінде білікке өрнек түсірілген.
Керамиканың барлық бөлшектері кейінгі қола дәуіріне жатады. Үйінділердің бірінің ішкі қабырғасында құм толтырылған бос кенептің көмегімен орындалған ыдысты жабыстыру техникасын көрсететін матаның ізі жақсы байқалады. Кейінгі қола дәуірінде осы техника Қарқаралы және бұғылы қоныстарына, сондай-ақ, Шортанды - бұлақ қонысына таралған.
Иірілген жіп дайындайтын кәсіптің болғандығы туралы 1-ші үй-жайдың мәдени қабатынан табылған көптеген ұршықбас олжалары айтады. Ұршықбастың екі түрі кездесті: бірі пішіні домалақ малтатастан жасалған, екіншісі ірі жануарлардың жілік сүйектерінің бастарынан жасалған (147.15, 16-сурет). Малтатастан жасалған ұршықбастардың диаметрі - 6 см., қалыңдығы - 4-5 см., сүйекті ұршықбастардың диаметрі - 2,5 см., қалыңдығы - 7 м.м. Сүйекті ұршықбастар оз кезегінде екі түрлі болған: ортасында саңылауы бар жарты сфера және ұшы домалақ әйелдер қалпағын еске түсіретін қиылған конус түрінде. Өлшемі және пішіні бойынша олар кейінгі орта ғасырға дейін қазақ әйелдері пайдаланған ұршықбастарға ұқсас.
Ірі құстардың немесе терісі қымбат аңдардың жілік сүйектерінен жасалған екі түтікше (147.19, 20-сурет) ерекше көзге түседі. Қолдану ізі байқалмағандықтан, олар өңделіп болмаған деп топшылауға болады. Екі түтікше де цилиндр тәрізді, анық кесілген ұштары бар қандай да бір өткір құралды қолданудың дәлелі. Бірінің жоғарғы жағы өрнектелмеген. Екінші түтікшенің тереңдігі 1,5 м.м. шұңқырлары бар. Қарқаралы түтікшелері сипаты бойынша беғазыға ұқсас, тек беғазы түтікшелерінде көп қолданыс ізі байқалады. Осы түтікшелердің тұрмыстық маңызы өлі де түсінікті емес. Мен, бала кезімде мұндай сүйек түтікшелердің ат әбзелдерін, ер-тоқым дайындауға, қамшы ору және ат жүгені үшін жасалатын шикі теріден (таспа) жұқа қайыстарды жұмсарту және өңдеу үшін пайдаланылатынын көргенмін.
Сүйек қималарының арасында пішіні домалақ, ұзындығы - 0,5 см., диаметрі - 1,5 см. зат болған, ол сол түтікшелердің диаметріне сәйкес келеді (147.17-сурет). Шамамен, бұл моншақтың дайындамасы болар.
Мәдени қалдықтарда Қарқаралы даласында ежелгі металлургия өндірісінің болғандығын дәлелдейтін мыс және қола бұйымдары, кен ісінің құралдары, қождар ерекше орын алады. Қола бұйымдарының қалдықтары 1-ші үй-жайдың орталық бөлігінде, үлкен ошақтың қасында орналасты. Бұл жерде қождар, балқытылған қола, темір кенінің кесектері, тас кен үгітетін құралдар, соның ішінде кенді үгу ұшып қолданылған цилиндр немесе конус тәрізді пішіні бар тас келі саптар (үккіштер), тас балғалар, қайлалар. Қождар және кен ісінің құралдары Қарқаралы II қонысының 2-ші және 3-ші үй-жайларының мәдени қабаттарынан табылды.
Аспапты ортасынан орайтын бір науасы бар формасы куб тәрізді шағын ғана тас балға, ағаш сапты тағу үшін үш шығыршықты науасы бар парабола түріндегі тас балғалар біздің назарымызды аударды. Осындай балама келі саптар Ұлытау, Жезқазған, Қарағанды және Қарқаралы қоныстарынан табылды.
Металл өңдеу құралдарының ішінен фаллос түріндегі тар конус тәрізді басы бар, пішіні созылған аспап ерекше қызықты. Дәл осындай құралдар Қарағандының астындағы Зеленая Балкадан, Суық - бұлақ (Қарқаралы III) қонысынан, ежелгі Текелі кенішінің үйіндісінен және Жоғарғы Ертістегі Малая Красноярка қонысынан табылды. Осы аспаптың айнымас бөлігі сатылы - цилиндрлік бұрғыланған тесік саңылауы бар жалпақ дөңгелек. Саңылауды бұрғылаудың жоғарғы сатысы төмендегі 3-5 м.м кеңірек болуы тән. Жоғарғы бұрғылау ұясының диаметрі толықтай соқпалы балғаның конус тәрізді басының диаметріне тең. Екі зат та соқпалы балға және жалпақ дөңгелек үнемі бірге кездеседі. Олар бір тұтастықты қурайтыны белгілі. Біреуі соқпалы аспап, екіншісі - мыс қаптырмаларын және домалақ немесе цилиндр тәрізді әшекейлерді суықтай таңбалау үшін арналған матрица немесе қалып.
Әсіресе қола заттары үлкен қызығушылықты тудырады: доға тәрізді дүмі бар үлкен пышақ (147,7-сурет), төрт қырлы он (145,2-сурет), дөңгелек сым түріндегі өзектер (147,1- І - суреттер), ұштары үшкір аспап (147,5-сурет), жоғарғы тегіс оюы жоқ тілімдер (147,6-сурет), пішіні цилиндр болып келетін құрсау және т.б. Металға, тасқа, ағашқа және керамикаға ою салу үшін қолданылған ұштары үшкір құралдардың түрлілігі көзге түседі.
1-ші аспап мыс сымынан жасалған (147,1-сурет). Екі ұшы бар пішіні иілген біз сияқты және де бір ұшы салыстырмалы түрде жуан және мұқалған, қимасы домалақ, ал екінші ұшы өте жұқа және үшкір, қимасы тік бұрыш. Жуан бөлігі біраз иіліп келген. Домалақ және тік бұрыш бөліктерінің құрылысында әшекей салу кезінде шебердің қолы тірелген қалындық бар. 2-ші аспаптың (147,2-сурет) пішіні сондай, бірақ ірілеу келген. Ол бір ұшы тегіс және екіншісі аздап иілген үшкір ұшы бар жуан мыс сымнан жасалған. 3-ші аспап (147,3-сурет) тік, бір ұшы үшкір, екіншісі сынған. Ол қимасы домалақ мыс сымнан жасалған. (147,4-сурет) пішіні 1-ші және 2-шіге ұқсас. Екі ұшынан. Үшкір ұшымен суреттің сұлбасы жасалып, екінші оны тереңдеткені анық.
Орталық Қазақстанның мәдениетіне сыны тік және ұзын сабының соңы домалақтау пішіні тілім қола пышақтар жатады. Неғұрлым қызықтылары Қарағанды 15 қонысынан табылды, басқасы біршама бұзылған Степняктан, үшіншісі Баянауыл және Қарқаралы далаларынан шыққан, А. И. Шренк жинағында АЭМ сақталуда (саны 35-88). Ұзын тілім пышақтардың ұқсас үлгілері ерте сақ заманының ескерткіштерінде кездеседі44. H. Л. Членова мәліметі бойынша, қарағандылық пышақтың ең жақсы данасы Красноярск мұражайында сақталған.
Қарқаралы II қонысы қазба кезінде кейінгі қола дәуіріне (б.з.д ХІІ-Х ғ.ғ.) жататын өте құнды материал болып табылды. Ол Қарқаралы I қонысы сияқты ежелгі металлургтерді болды.
ҚАРҚАРАЛЫ III (СУЫҚ - БҰЛАҚ)
Қоныс Суық - бұлақ өзенінің сол жағасында, Қарқаралы қаласынан 2,5 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, үлкен Мұхтар - сай шатқалының тереңінде орналасқан45. Елді мекен жан-жағынан биік орманды таулармен қоршалған және тек солтүстік-шығыс жағынан ашық. Жоспарда 1947 ж. - бұл құрылыс қаңқа типті ауқымды 12 жайдың қалдықтары бар ірі металлургиялық қоныс. 1955 жылы қоныстану алаңынан бізбен көптеген керамика сынықтарынан, қож кесектерінен, кен үгіткіш құралдардан, бүйірі қалың қыш құмыралар және от бақырлар бөліктерінен, жануарлар сүйегінен және тас құралдардан туратын көлемді көтерме материал жиналды.
Тігінен қазу кезінде бір жайдың ортасынан қалыңдығы (1,4 м жететін күлдік қабаты бар пішіні домалақ үлкен тас ошақ табылды. Ошақтың түбінде көмір және қож үйіндісі болды. 1960 жылы қоныс ауданы толықтай дерлік жыртылды. 1962 жылға қарай қазба жұмыстары басталған кезде тек бір ғана үй-жай, шеберхана және өзеннің дәл жағасында орналасқан үлкен күлдік аман қалды. Үй-жайдың және шеберхананың мәдени қабатында металлургиямен және кен мен байланысты еңбек құралдарының үлкен көлемі табылды. Мәдени қабаттың қалыңдығы - 1,2 м, ал кен үгілген қабаты - 0,5 м - ге дейін. Қалған мәдени қалдықтары бойынша қоныс Милы құдыққа ұқсас.
Қоныстан табылған дән үккіш және дән жаратын қол диірмен тасының жоғарғы жағы қоныстанушылардың жер шерумен айналысқанын дәлелдейді. Басқа олжалардың арасында беғазы - дәндібай заманына жататын көптеген керамика сынықтары, сазды дөңгелектер, саңылауы бар тас сақина және т.б. байқалды. Қарқаралы ө. қулама жарынан табылған еңбек құралдары, балқыту пештерінің қалдықтары көне қоныстан жақын жерде орналасқан көптеген кендер қоныс мекендеушілері үшін металлургияның қаншалықты маңызды болғандығын дәлелдейді.
ТАҒЫБАЙ – БҰЛАҚ
Тағыбай - бұлақ қонысы Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында, Тағыбай -бұлақ өзенінің сол жақ биік террасасында, Әулие - Қызылтау тау сілемінің солтүстік -шығыс баурайында, Жосалы кеңшарының орталық ауласынан ' ( шақырым оңтүстікке қарай және ескі Тайшық қыстағынан і) ір шақырымда шығысқа қарай орнал асқан. Қоныстан екі-үш шақырым солтүстікке қарай, Жантайма бөктеріне қарсы кең - байтақ аңғарда қола дәуірінің әр түрлі кезеңдерінің ескерткіштер кешені орналасқан. Қола дәуірінің басқа ескерткіштер кешені Әулие атанған Қызылтау тауының ең биік ұшындағы шатқалынан ағатын Қобдық ө. аңғарында тур. Көлемді ежелгі кешендер Жосалы көлінің маңында да кездеседі, онда мыс кенін өңдеудің ертедегі үлгісі сақталған. Қалған өндірістік материалға қарағанда, Тағыбай - бұлақ қонысында ежелгі кеншілер және металлург өмір сүрген.
Қоныс тізбектеліп солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан, алты жалғастыра салынған жайлары бар тұрғын үй құрылысынан тұрған (148-сурет).
Барлық үй-жайлар қалыңдығы 2 м - ге дейін жететін мықты тас қабырғалары бар жерде орналасқан. Олардың ішіндегі неғұрлым ірісі оңтүстік-батыс соңында түр. 4-ші Атасу қонысының үй-жайына ұқсас, барлық үй-жайлардың және құрылыстардың негізі гранит пен құмдақтың алып шомбалдарынан құралған. Барлық ғимараттар тік бұрышты. Неғұрлым ірісінің ауданы - 375 м2, кішірегі - 88 м. Үй - жайлар бір-бірінен 4-тен 10 м - ге дейін аралықта орналасқан. Жайдың қабырғалары жер бетінде - 0,40-0,60 м, жалпы биіктігі - 0,8-1,2 м, жерге екі қатар тігінен қазылып көмілген алып гранит тақталарынан тұрғызылған. Ішкі және сыртқы қатарлардың арасындағы еден кеңістігі тастардың ұсақ кесектерімен толтырылған және тапталған. Шамасы, жабыны бүйір қабырғаларынан және жайдың ұзын өзегі бойынша орнатылған тіреу бағаналарына жайғастырылған. Ғимарат құрылымы және үй-жайлар қабырғаларының қалыңдығы бойынша Тағыбай - бұлақ қонысы Бегазы және Бұғылы III ғимараттарына ұқсас.
Тағыбай - бұлақ қонысындағы алты жайлардың арасынан ең ірі ғана зерттелді. Ол ұзын өзегімен сызық бойынша оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағдарланған, кейбір бұрыштары домалақтанған тік бұрышты пішіні бар (149-сурет).
Үй-жайдың ішкі және сыртқы қабырғалары қырымен орнатылған үлкен түйіршікті құмдақ тақталардан жасалған. Қабырғалардың арасындағы кеңістік тастардың ұсақ кесектерімен тапталған. Ішкі қабырғалар неғұрлым ірі тақталардан (1,5x0,78x0,28 м және 1,5x0,96x0,27 м) тұрғызылған.
Үй-жай ішкі қалқалармен екі бөлікке бөлінген: оңтүстік - батыс (180 м2) және солтүстік-шығыс (150 м2). Үй-жайдың оңтүстік жағынан жалғастыра салынған жай бар, негізгі үй-жайға кіретін жер, ал шығыс бөлігінде жабық солтүстік қабырғасы бар құрылысы тур. Үй-жай қабырғалары арасынан жартылай батыс және шығыс жағы сақталған (150-сурет).
Үй-жай ұсақ тас (қалыңдығы - 12 см.), қарашірік см.) және мәдени (20 см.) қабаттармен толтырылған. 40 см. тереңдікте анықталған үй-жайдың еденнің кей жерлері тегістелген тау жынысының табиғи шыққан орнымен көрсетілген. Тау беті ұсақ тастар төсемімен, одан кейін саз қабатымен және тапталған жермен жабылған. Жайда үш тас шапақтың қалдықтары табылды.
1-ші ошақ солтүстік-батыс бұрышында тұр, кесек тастардың бөлінділерімен салынған, оның өлшемі - 1,5x2 м. Ошақтың сағасынан шыға беріске қарай ұзындығы шамамен бір метр екі қатар тастар өтеді. Ошақта қалыңдығы 15 см. күлдік қабат сақталған. Ошақтың тастары және оған іргелес учаскелер қатты күйген, дәл мұнда күл қабаты жатыр.
2-ші ошақ оңтүстік-батыс бұрышынан табылған және 1,0x0,8 м күл дағы бар тас қалама.
3-ші ошақ үй-жайдың шығыс бөлігінде, шыға берісте орналасқан. Ошақ үлкен емес, өлшемі - 1,0x0,7 м, тік бұрыш пішінінде жонылған құмдақ тақталарынан құралған. Ұзындығы шамамен 0,5 м сақталған саға шыға беріске бағытталған. Ошақта қалыңдығы -0,8 м күлдік қабаты бүтін қалған.
4-ші ошақ шыға беріске жақын, солтүстік жалғастыра салынған құрылыстың орталық бөлігінен табылды. Көлденең салынған ұзын жонылған тақталардан қаланған. Пішіні тік бұрыш, ошақтың өлшемі 1,2x0,5 м. Ошақтың түбінде қалыңдығы 10 см. күл қабаты қалған, одан 6 ақтаспа және кальцийленген жануарлар сүйегі табылды. Олжаларға қарағанда, солтүстік жалғастыра салынған құрылыс өндірістік жай металлды және керамикалық бұйымдарды өңдейтін шеберхана болған. Жалғастыра салынған құрылыстың батыс бөлігі толықтай қалыңдығы 5 см - ге дейін күлдік дақпен толған. Күлдік дақта және ошақтың айналасында көмірдің, қождардың, керамика сынықтарының үйінділері бар.
Тағыбай - бұлақ қонысының 1-ші үй-жайдағы ошақтар құрылысы бойынша Атасу қонысының 4-ші үй-жайындағы ошаққа ұқсас.
1-ші үй-жайдың мәдени қабатында әр түрлі тұрмыстық заттар, кен ісінің құралдары, от бақырлардың сынықтары, қождар, жануарлардың сүйектері, соның ішінде жілік сүйектер және аттың жағы табылды (151-сурет). 23 тас кетпен, 5 кен үгетін құрал, үлкен және кіші от бақырдың сынығы, сыналар және т.б. табылды. Тас кетпендер үй - жайдың сыртқы қабырғасының негізінде ұқыптылықпен қойылған, әр қабырғада 8 кетпеннен. Тағыбай -бұлақ үй - жайынан табылған тас кетпендер пішіні және дайындау техникасы бойынша Орталық және Шығыс Қазақстанның басқа қоныстарынан табылған кетпендерге ұқсас (152-сурет). Олар бәрі бірдей дерлік, домалақ келген дүмі, нақышпен түзетілген соғатын бөлігі бар және екі бүйірі бойынша симметриялық ойығы болады. Неғұрлым ірілерінің өлшемі - 14x12 см., ең кішкентайы - 9x6,5 см. Басқа олжалардың арасынан ұзын ұшы екі жақтан өңделген және тік жүзі бар пышақ тәрізді тас құралын айта кеткен жөн. Шамасы, ол теріні өңдеуге арналған. Оның қасында диаметрі - 4 см., қалыңдығы - 9 м.м. домалақ тас ұршықбас табылды (151,3- сурет). Жақсы өңделген тас құралдарының арасынан ортасында ойпаңы бар және бүйір жағы жақсы кішірек келген үккіштің бөліндісі (151,2-сурет) және ұзындығы — 6 см., қалыңдығы -1,3 см. қайрайтын тас қызығушылық тудырады. Бұл құралдар кейінгі скиф заманында кең таралды.
Үй-жай еденінде нуклеустың екі бөлігі және жан - жағынан жақсы өңделген жебенің үлкен тас ұштығы табылды. Типі бойынша ол Қарқаралы II және Шортанды - бұлақ қоныстарының ұштарына ұқсас (151,4-сурет). Осы қоныстардың барлығында тас ұштықтардың тек бір ғана данасы табылды. Ерте қола дәуірінде басым еткен және әлі де орта қола дәуірінде (атасу кезеңі) кездесетін микролиттік кремний құралдары, беғазы -дәндібай заманында мүлдем жоғалып кетті дерлік. Бір данасы ғана кездесетін нуклеустардың және кремнийден жасалған жебе ұштарының салттық маңызы болған.
Үй-жайда сазды ыдыстардың (145) көптеген қалдықтары, ең бастысы оңтүстік және шығыс жақ қабырғаларда, сондай-ақ солтүстік жалғастыра салынған жайда, ошақтың маңында жиналған. Түбі жайпақ, бүйірі шар тәрізді және мойны анық көрінбейтін, бүйірі қалың, тұрпайы қазан тәрізді ыдыстардың бөлшектері көп кездеседі. Ауыз жиектерінің көптігі назар аудартады. Көбінесе олар тік, біраз сыртқа қайырылған және жиегі қисық, бірақ сыртқа қатты қайырылған, ірі таяқпен жасалған еңкіш кертіктердің қатары өтетін бедерлі білігі болады. Сыртқы және ішкі жағынан қисық жиегі бар домалақ пішінді ауыз жиегі кездеседі. Жаға тәрізді жапсырмалы ауыз жиектер көбінесе қара түсті қазан тәрізді ыдыстарда кездеседі. Мойнына жапсырмалы біліктер, соның ішінде екіге бөлінген, негізінде ыдыстың ішімен бастырылған емізік секілді төмпешіктер қатары өтетін нұсқалары көп. Баспа - таңбалары да әр түрлі: ірі тарақ тәрізді, шұңқырлы, тегіс сызықты, тырнақты және т.б.
Барлық ыдыстар табиғи себілген құм, шамот және ұнтақталған тас қосылған саз балшықтан қолмен жасалған. Жақсы күйдірілген керамика, сынған жері қызғылт, ақшыл -сұр, кейде қара түсті. Ыдыстар бетінің түсі қызғылттан кірпішті - қызылға дейін, сондай-ақ, қара - сұр және қара түсті. Кірпішті - қызыл және қара түсті ыдыстар қатты түтіндіктің ізін сақтайды. Кейбір ыдыстардың бетінде саусақ іздері түріндегі тегістеудің ізі бар.
Ауыз жиегі біраз сыртқа қайырылған шар тәрізді ыдыс ерекше (153,1-сурет). Оның ерекшелігі - 2 см. шығып тұратын шүмегі. Мойынын төмпешіктер түріндегі «інжу» оюы қатарлары өрнектеген. Пішіні сақ керамикасына өте ұқсас. Әрине, бұл ерте сақ заманында кең таралған шүмегі бар ыдыстардың түпнұсқасы болып табылады.
Ауыз жиегі бірден сыртқа қайырылған және қимасы жарғы шеңбер алып білік болып, бедерлі шығып тұрған мойыны бар ыдыстың ірі бөлшегі өзіне назар аудартады (153,6-сурет). Білік қисық кертіктермен әшекейленген. Біліктің бұл нұсқасы басқа ыдыста да көрінеді, бірақ айырмашылығы оның қимасы үшбұрыш. Біліктің қасында ауыз жиегінің негізінде домалақ шұңқырлардың қатары өтеді, олар ыдыстың жалғыз ғана оюын құрайды.
Осы үй-жай керамикасының өзіне тән ерекшелігі барлық қазан тәрізді ыдыстардың мойындары басу техникасымен орындалған «У» өрнегімен немесе төмпешіктермен көмкерілген (153.5, 9, суреттер), кейде тырнақтың іздері көрінеді.
Бүйірі жұқа әсем ыдыстар өте аз. Барлық ыдыстардың көбінесе түбі жайпақ, домалақ түптер табылмады. Беғазы - Дәндібай дәуіріне тән, әсем өрнек бір де бір ыдыстан табылған жоқ. Інжу өрнектерінен басқа, саз ыдыстарында ою ретінде тырнақ таңбалар, сызылған сызықтар және үшбұрыштар немесе таяқтар ұшымен басып жасалған жарты шеңбер баспа - таңбасы кездеседі. Керамикалық бұйымдарды жасауда және өрнекті мол етіп түсіруде бұрынғы мұқияттылықтың болмауы, Тағыбай - бұлақ қонысының тұрғындары буйымды өнерлі өңдеуге ерекше мән бермегенін, затты маңызымен пайдаланғанын көрсетеді.
Қарқаралы II және Ш қоныстарында Тағыбай - бұлақ қонысында металлург мен кеншілер тұрған.
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТОБЫ
Ежелгі материалдық өндірістіктің іздері қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ірі металлургиялық орталығы ретінде, Жезқазғанның экономикалық және мәдени маңызы туралы мәлімет береді (154-сурет). Геолог С.Х. Бола мәліметі бойынша Жезқазғанда шығарылған кеннің саны миллион 48 тоннамен есептелген.
Жезқазған ескерткіштерінің бірқатар жергілікті ерекшеліктері болса да сонымен қатар Орталық Қазақстанның басқа аудандарымен коп ұқсастығы болған. Жезқазғанның қоныстарында үй-жайларының қабырғалары мықты тастан жасалған, мол жерлеу алқаптары, кеніштер, карьерлер, өнімдер, таратқыштар үйінділер, мыс балқытатын пештер, қождардың, кен құралдарының жиынтығы, көптеген шаруашылық және иррагациялық ғимараттар (бөгеттер, жасанды су қоймалары, қойма - шұңқырлар, құдықтар) және т.б. болған.
Өкінішке қарай, Жезқазғанның көптеген ерекше ескерткіштерінің арасынан сақталғандары аз. Жезқазған қаласының шекарасында болған (Кресто, Златоуст) ежелгі металлург мәдениетінің қалдықтары бар пласт қазіргі кезде жаңа құрылыстарға толы.
Мәдени қалдықтардың көптігі бойынша 1929 жылы ашылған Милы құдық және Крестоның орны ерекше. Кресто - Центр ауданында тереңдігі 12-15 м, бірнеше шақырымдарға созылған үйіндісі бар байырғы алып карьерлер табылды. Кейінірек Кресто карьерлеріндегі және Милы құдық қонысының батыс жағындағы (траншей) жұмыстары кезінде балқыту үшін ертеде дайындалған, құрамында мысы бар бай, бірнеше жүздеген тонна жақсы үгітілген тотыққан кен анықталды. Көне Кресто - Центр кен шығару орындарынан кен ісінің көптеген құралдары, тас опырғыштар, қайлалар, балғалар, саз шамшырақтары, көмір болған сексеуіл және 1.6. табылды.
1941 жылы инженер - геолог Д.Я Анисимов осы жерден көптеген заттарды тапты, соның ішінде тас ожау, саз құман, қайрайтын тас, жұмысқа лайықталған басы қатты коррозияға ұшыраған мыс сүймен немесе дұрысы жұмысқа лайықталған басы үшкір төрт қырлы қайла. Крестоның солтүстік бөлігінде кремний құралдарының қоймасы анықталды, оның ішінде жақсы өңделген жебе пен найзаның ұштары, керамиканың сынықтары болды. Оңтүстік бөлігінде тотыққан мыс кенінің, мыс балқыту үрдісінде пайда болған қож, саз балшықтап жапсырылған ыдыстардың үлкен үйіндісі анықталды.
Тарақ тәрізді таңбасы бар керамиканың сынығы опырғыштармен бірге Анненск карьерінде де табылды. Ауыз жиегі тік және жапсырылған қолмен жасалған саз ыдыстарының бөлшектерінің көбісі Златоуст учаскесінен табылды. Керамикада өрнек шырша, меандр және Z - тәрізді пішіндегі қатарлар түрінде тарақ тәрізді ірі таңбамен жасалған.
Ежелгі Жезқазған қоныстарының топографиясы күрделі және көптеген кеншілер мен металлургтердің көп ғасырлық жұмыстарының нәтижесінде, сондай-ақ әр түрлі дәуір мәдениеттерінің қабаттануы нәтижесінде қатты шиеленіскен. Сонда да әрбір дәуір ескерткіштерінің сұлбасы мұқият зерттеу кезінде жеткілікті түрде анық көрінеді.
МИЛЫҚҰДЫҚ
Милықұдық қонысының тарихы қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі ғасырлармен есептеледі51. Қазақтар оны Елуқұдық деп атайды. Ол өзен аңғарында, Жезқазған кенішінің ортасынан оңтүстікке қарай бір шақырымда орналасқан. Қоныстану ауданы өте кең, оның зерттелген бөлігінің ұзындығы батыстан - шығысқа — 800 м, солтүстіктен оңтүстікке — 600 м, Қ.И. Сәтбаев өлшемі бойынша оның жалпы ауданы -— 10 га52 кем емес (155-су- рет). Мәдени дақтардың елеулі бөлігі (барлық ауданның шамамен 40%) 1945 жылы теміржол үйіндісімен жабылып, мәңгілікке жойылды. Әсіресе жер үсті ғимараттарының және ерте орта ғасырдың мыс балқыту пештерінің қалдықтары бар қоныстың оңтүстік жағы шеккен. Осы жылдан бастап қоныс учаскесінде солтүстік жағынан да, оңтүстік жағынан да құрылыс салына бастады, уақытша тек қана орталық сақталды. Бұл Н.В. Валукинскийге археологиялық қатынаста неғұрлым қызықты Милықұдық учаскесін егжей-тегжейлі зерттеп (1946 жылдан 1949 жылға дейін), оны ғылым үшін сақтауға мүмкіндік берді.
Милықұдық геологтардың назарын бұрыннан - ақ, өзіне тартқан. Алғашқы терең ор революцияға дейін қазылды, оның нәтижесінде үгілген мыс кенінің үлкен бөлігі және онымен бірге кен құралдары тасты опырғыштар, келі саптар, келілер және т.б. ашылды. 1939 жылы Жезқазғанның бас геолог Қ.И. Сәтбаевтің бастамасымен байырғы байытылған кен көлемін және мәдени қалдықтардың сипатын анықтау мақсатында қоныстарда кең және терең ор қазылды.
Қоныстың мәдени қабаттары жер қазу жұмыстары кезінде, әсіресе темір жол төсемінің құрылысы кезінде жалаңаштанды. Ор кесіндісінің кейбір жерлерінде қалыңдығы — 2,5 м мәдени қабат байқалды, одан төменірек қоңыр саз балшық жатыр. Жезқазғанның жаңа құрылыстарына археологиялық қадағалау жүргізген Н.В. Валунский осы ашылғандардың негізінде ауданның жалпы ішінің сұлбасын 800x600 м деп анықтады. Н.В. Валунскийдың бес жылдық қазбаларымен 700x100 м алаң ашылды. Қоныстың неғұрлым ежелгі бөлігін қурайтын басқа жағы және алаңында саз балшықтан,тастан жасалған елеулі жер үсті құрылыстарының қалдығы сақталған және қыш құмыра шеңберінде керамика табылған шығыс жағы шектеулермен қамтылған, шығыс бөлігіндегі жер үстіндегі құрылыстары және керамика орта ғасырға (XII-XV ғ.ғ.) тиісті. Қазбалар қоныстың солтүстік және солтүстік-батысынан кең ауқыммен жүргізілді.
Қазбалар арқасында Милықұдық қонысының мәдени қабаттары біркелкі еместігі анықталды, әр жердегі кесіндісі олардың түрлі қалыңдығын көрсетті. Мәдени қалдықтарының орасан зор үйінділері қоныстың орталық алаңында шоғырланған, олардың қалыңдығы 3 м дейін жетеді. Олар 0,25 м - топырақ қабатынан, 1,2 м - үгілген кен қабатынан және кейінгі орта ғасырдың мәдени үйіндісінен, 0,15 м - сүр саздың қатпарынан, 0,8 м - ерте орта ғасырдың мәдени қабатынан, 0,18 м - құмдақ қатпарынан, 0,3 м - төменгі қабатынан тұрады.
Осылайша, Милықұдық - төменгі, орта және жоғарғы деңгей жиегі бар, сәйкесінше төменгі қола дәуіріне, ортасы - ерте орта ғасырға, жоғарғы - кейінгі орта ғасырға жататын, үш қабатты қоныс екендігі анықталды. Төменгі қабаттың материалдарын қарастыра отырып А.А. Иессен 1945 ж. былай деп жазды: «Ранняя группа вряд ли относится ко времени значительно более позднему, чем бронзовый век. Целый ряд каменных орудий (сребки, наконечники стрел) характерны именно для бронзового века».
Төменгі қабат жоғарғы қабаттан саз балшықтың түсі бойынша және материалдық өндірістің қалдықтарымен ерекшеленеді. Осы қабат үшін тарақ тәрізді таңбамен жасалған оюы бар жапсырмалы керамиканың бөлшектері, кварциттен, кремнийден және басқа қатты тау жыныстарынан жасалған құралдардың болуы тән.
Төменгі қабаттың түбінде ортасында ошақтың қалдықтары бар терең емес шұңқырлар түріндегі торт жартылай жертөлелердің іздері табылды. Үй-жай қабырғалары құмдақтың ірі тақталарынан тұрғызылған, оны шұңқырлардың ішінде жиналған үлкен тас тақталар және солтүстік жағындағы жартылай жертөлелердің бірінің кіре берісіндегі қабырғаның сақталған бөлігі дәлелдейді. Домалақ немесе шаршы тәрізді жартылай жертөлелердің іздері қатар - қатар орналасқан, олардың арасындағы арақашықтық 1,5-2 м - ден аспайды. Кіре беріс солтүстік - шығыста орналасқан.
Осындай үй-жай — жартылай жертөлелер Айна көл және (Сорқұдық қоныстарынан табылды. Құрылымы және басқа белгілері бойынша олар Атасу, Бұғылы және Тағыбай -бұлақ қоныстарындағы үй-жайларға ұқсас. Барлық үй-жайлардың төменгі жағының биіктігі бір метрден жоғары, қабырғалары тік кең қазаншұңқырда орнаған. Қазаншұңқырлардың қабырғалары ірі гранит тақталарынан немесе құмдақтан қаланған. Қазаншұңқырлар тас қайлалармен орылған, олардың үлгілері көптеп Милықұдықтың мәдени қабатынан табылды. Үй-жайдың ерекшелігі мынада: шатырдың салмағы тек тас қабырғаларға түскен, өйткені тіреу бағаналарының өздері байқалмады. Кей жерлерден табылған 1,5 м тереңдік диаметрі 8 м жұпты шұңқырлар бұл қаңқалы түріндегі тұрғын жайдың белгісі, мұнда қазаншұңқыр қабырғасының бойымен тас тақталар емес, бөренелі бағандар тұрған.
Ежелгі кеншілер мен металлургтердің үй-жай іздері Милықұдықтың төменгі қабаты, Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің беғазы - дәндібай заманымен мерзімдеді. Бұл уақыт керамикамен дәлелденеді.
Тас ошақтар Жезқазғанның ежелгі металлургтердің үй-жайларының серігі болды, олардың қалдықтары әр жертөледен табылды. Әдетте олар үй-жайдың ортасында орналасқан, қырынан қойылған мысты құмдақтың тақталарынан құралған, ұзындығы - 2 м, ені - 0,7 м, күлдік қабатының қалыңдығы - 0,3 м пішіні сопақша келген. Жезқазғанның тұрақтарында және қоныстарында диаметрі бір метрге дейін жететін пішіні домалақ ошақтар кездеседі. Ошақтардың түп жағы қатты қызған (8-9 см - ге дейін). Күлдік қабатта көмірлер, мыс кені қожының ұсақ кесектері бар. Ошақтардың маңында кремний құралдары және қойлардың, жылқылардың, қара малдың, сондай-ақ жабайы аңдар салмақтардың, арқарлардың сүйектері табылды. Бір жағдайда ошақтан тыс жерде салт-жоралар сипатындағы түйенің бас сүйегі табылды.
Төменгі мәдени қабатта шаруашылық құрылыстар, байытылған кенді сақтауға арналған шұңқыр - қоймалар, сондай-ақ ежелгі бөгеулердің, бөгеттердің қалдықтары және тастармен қоршалған көптеген құдықтардың іздері сақталған. Үш қудық 1945 жылы жер ою жұмыстары кезінде табылды. 2,4 м тереңдікте эксковатормен екі құдық бұзылды, біреуі аман қалды. Ежелгі бөгеттердің іздері 12 пунктке көрінеді, соның ішінде Милықұдықта, Кресто - Центрде, Златоустта, Айна көлде, және Сор құдықта. Су жинайтын шұңқырлардың көбісі Милықұдық қонысынан табылды. Бөгеттер су жинауыш су деңгейін реттеу мақсатында құрғақ арнаның жоғарғы бөлігінде орнатылған.
Диаметрі көбінесе 100 м үлкен су жинайтын шұңқырлар мыс кенді жуу және су арқылы байыту үшін қолданылған. Су жинайтын шұңқырлардың айналасында (су бассейндерінің қалдықтарында) көптеген қойма - шұңқырлар, төмпешіктер, үйінділер, «сплесктер» түріндегі мыс кенін уату және байыту орындары табылды. Шұңқырлардың арасында диаметрі 3 м- ге дейін, тереңдігі 1 м құмдақ тақталардан тұрғызылған, диаметрі 10 м - ге дейін, тереңдігі 1,5 м-ге дейін жететін пішіні конус тәрізді қойма - шұңқырлар бар. Осындай шұңқырлардың түбінде балқыту үшін дайындалып жұқалап үгілген кеннің үймесі сақталған. Құмдақ тақталарынан тұрғызылған шұңқырлар уатылған және байытылған кен сақталатын орын болды деп топшылауға негіз болады.
Кенді үгіту техникасы өте қызықты. Милықұдық қонысында араларында сұр түсті, қалыңдығы 16-18 см. салынды саздың қабаты бар үш кезеңге тиісті уатылған кеннің үш қабатты үйіндісі табылды. Кен қабатының қуаттылығы 1,5-2 м. Алаңның аз бөлігін иемденген, қола дәуіріне тиісті төменгі қабатта жоғарғы қабаттарға қарағанда кеннің жұқалап үгітілуі тән.
Милықұдық қонысының әр түрлі учаскелерінде 15 мыс балқытатын пештер анықталды, олардың көбісі қола дәуіріне тиісті (156-сурет).
Қоныстың оңтүстік-батыс мәдени қабатында, ежелгі жертөлелердің маңында Орталық Қазақстандағы қола дәуіріне тән екі шоқ үрлегіш пештің ізі табылды. Пештер жердің үстінде, террасаның тегіс бетінде сағаға қарай еңкейтіп жасалған. Жоспарында диаметрі -4 м, тереңдігі 2 м шеңбер тәрізді пішіні бар. Қабырғалар қатпарлы тас тақталарының қаламасы тұрғызылған, қиылған конус түріндегі күмбезден түтін шыққан. Кейбір пештердің қабырғалары сазбен сыланған, оны пештердің күлдік қабатында сақталған адам саусақтарының ізі қалған саз жұмырлары дәлелдейді. Қоныстың дәл осы бөлігінде ұзындығы 4 м - ге дейін, ені 0,8 м пештің басқа түрі табылды. Пеш грунтта астыңғы жағын еңкейтпей қазылған. Қола дәуірінің пештері кішірек, домалақ, диаметрі 3-4 м, тереңдігі I м - ден 2 м - ге дейін жетеді. Олар әдетте су маңындағы еңкіш террасаларында немесе өзен аңғарларында орнатылған.
Н.В. Валукинскийдің байқауынша, Жезқазған пештерінің қолданысы әр түрлі болған: көмірді жандыру үшін, қалыпқа келтіруге дейінгі кенді ұсақтау үшін, топтап күйдіру үшін, бақырларда күйдірілген және үгітілген мыс кенін балқыту үшін. Барлық балқыту пештерінің астыңғы жақтарында көмірлер, қож кесектер, мыс дөңгелектері және т.б. сақталған. ІІ.В. Валукинский жасаған негізгі балқыту пештерінің суреттері қазіргі уақытта Жезқазғандағы тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.
Жұқа бүйірлі ыдыстардың барлық бөлшектерінің өрнегі әдемі, әр түрлі техникамен орындалған: тарақ тәрізді, шұңқырлы, тегіс - сызықты баспа таңбалармен, сондай-ақ, ойып жасалған көлденең науалар, кертіктер, шыршалар, қисық сызықтармен орындалған таспалық өрнектер, кесе - көлденең кесінділермен сызықталған меандрдың Е - тәрізді пішіндер қатарынан өрнектелген ою және т.б. Барлық айтылып өткен өрнектердің элементтері кейінгі қола дәуіріне тән.
Қола бұйымдары салыстырмалы түрде көп емес оншақтысы табылды. Олардың арасында жартылай дайындалған өнімдер және мыс тілімдер көп, бүтін бұйымдар табылған жоқ (157.15-19-суреттер).
Кресто үйіндісінен үлкен төрт қырлы қайланың жұмысқа лайықталған басының сынығы табылды. Жезқазғанның ежелгі үйінділерінен табылған осы үлкен құралдың олжасы кеншілердің мықты тас қайлаларымен қатар мыс қайлаларын пайдаланғанын дәлелдейді. Екі жұмысқа лайықталған басы бар торт қырлы мыс қайлалар Орталық және Солтүстік -Шығыс Қазақстан аумағында кең таралған. Олардың үлгілері бүгінгі күні Семей мұражайында және Эрмитажда және МТМ сақтаулы тұр.
Милықұдықтың төменгі қабатында үлкен остеологиялық материалдар ірі қара малдың, жылқының, түйенің сүйектері табылды. Олардың арасында өңделген, мысалы: саз балшықты кесуге арналған жақсы қайралған сүйек пышақ, үгітілген кенді, күлді және қоқысты жинау үшін қалақ түрінде жылқының жауырыны кездеседі. Одан басқа, аңшылықтың қосалқы рөлін дәлелдейтін жабайы аңдардың сүйектері сайғақтардың, құландардың, мүйіздері кесілген арқардың бас сүйегі кездеседі.
Мәдени қабатта және өнім шығаратын жердің түбінде кен ісінің құралдары: опырғыштар, кетпендер, қайлалар, балғалар, келі саптар, от бақырлар және т.б. табылды. Төменде оларға берген Н.В. Валукинскийдің сипаттамасы суреттелген.
Үлкен опырғыш 1 - пішіні домалақ, соғатын құрал түрі. Кресто - Центр көне кен үйіндісінен табылды. Кварциттен жасалған құралдар арасынан ең ірісі және ең мықтысы, оның салмағы 40 килограммға дейін жетеді. Опырғыштың үлкен диаметрі - 44 см., ең кішісі - 32 см. Құрал салбыраған тау жыныстарын және тұтасқан кен жолақтарын жоғарыдан, яғни үстінен соғуға арналған. Оны қолдану үшін екі адам күш салған. Ұзақ пайдаланудың ізі сақталған төменгі жағы, жұмысқа лайықталған бөлігі болып табылады.
Үлкен опырғыш 2 - Петро III көне кен үйіндісінен табылған пішіні көп қырлы құрал. Салыстырмалы түрде салмағы 22 килограмм ірі кварцит қойтасынан жасалған. Оның қолдану маңызы 1-ші опырғышқа ұқсас.
Үлкен опырғыш 3 көп қырлы ойық пішіні бар кварциттен, әдейі қолмен ұстауға ыңғайлы етіп жасалған. Кресто - Центр көне кен үйіндісінен табылды. Төменгі жағы жұмысқа лайықталған бөлігі болып табылады.
Үлкен опырғыш 4 кварциттен жасалған. Сабы үшін жасалған ойық суреттеп өткен опырғышқа қарағанда біраз тереңірек. Златоуст көне кен үйіндісінен табылды.
Үлкен балға (зіл балға) 4 сұр түсті кварциттен жасалған. Құралдың ойығы жоқ, бәлкім бұл тау жынысының қаттылығымен түсіндірілген болар. Салмағы шамамен 8 кг. Кейінгі неолит заманындағы кремний құралдарының тобында, «А» тұрағының мәдени қабатынан табылды. Шамасы ол қола дәуіріндегі опырғыштың (балғаның) түпнұсқасы болар.
Тас балға 4 жұқа түйіршікті сұр құмдақтан жасалған, сапты байлауға арналған ойығы бар. Тау жыныстарының және кендердің ірі кесектерін уатуға арналған. Милықұдық мәдени қабатынан табылды. Балғаның балама түрі Жоғарғы Ертісте Трушниково қонысынан кездестірілді.
Кен шығару құралдарының үлкен тобын салмағы кейде 10 кг - ға дейін жететін алып тас қайлалар қурайды. Жезқазғанның көне кен шығару орындарында және үйінділерінде Н.В. Валукинскиймен шамамен 30-ға жуық бүтін және сынған тас қайлалар жиналды. Олардың арасында сына тәрізді екі жақты және бір жақты, ұшы бір немесе екі үшкір жұмысқа лайықталған қайла бар.
Қайла 1 (4) сына тәрізді, сабына байлау үшін жонылған ойығы, бір конус тәрізді жағы және көптеген соққының ізі сақталған мықты дүмі бар. Құрал қазу үшін ғана емес, сонымен қатар тау жыныстарын қопарып алу үшін қолданылған. Жезқазғаннан 45 шақырым солтүстікке қарай Айран бай көне кен шығару орнынан табылды.
Қайла 2 (3) кетпен түрінде екі жұмысқа лайықталған ұшы бар, оның біреуі дүмі тәрізді тау жыныстарын соғуға арналған. Соққы ізі екі ұшында да бар. Дүміне қарай, сап байлау үшін терең емес ойықтары көрінеді. Құрал кварциттелген әктен жасалған, Айран бай үйіндісінен табылған.
Қайла 3 бір жақты, жұмысқа лайықталған жағы кең және дүмі тар сопақша пішіні бар. Сұр құмдақтан жасалған, жан - жағынан аздап сүргіленген. Тау жыныстарын опыруға, сондай -ақ тас ұнтағын (грунтын) алып тастауға және кеннен бос тау жыныстарын алып тастау үшін қолданылатын әмбебап құрал. Кресто - Центр көне кен үйіндісінен табылды.
Қайла 4 (7) конусымен және тік бұрышты екі дүмімен жұмысқа лайықталған ұшы бар ұзартылған сына тәрізді пішін. Күйік қабатымен жабылған ірі кварцит қойтасынан жасалған. Златоуст көне кен шығару орнынан табылды.
Қайла 5 (10) екі жұмысқа лайықталған ұшы бар және байлау үшін ойығы бар кетпен пішініндегі ірі кварцит қойтасынан жасалған. Оның жоғарғы бетінде тұрпайы жону байқалады. Златоуст көне кен үйіндісінен табылды. Дүмі және үшкірленген жұмысқа лайықталған басында тас соққан және көп жылдық қолданысы көрінеді.
Кен шығару және өңдеу кезінде қолданылған ірі құралдар типімен танысу үшін келтірілген мәліметтер жеткілікті.
«Сына жұмысы» - ежелгі Жезқазған кеншілерінің кең таралған кен табу әдістерінің бір түрі. Н.В. Валукинскиймен Милықұдық, Айнакөл, Сорқұдық қоныстарының мәдени қабаттарынан және Кресто - Центр, Петро, Златоуст көне кен шығару орындарынан және үйінділерінен таужынысы шомбалдарын опыру үшін қолданылған тас сыналарының үлкен тобы табылды. Ол үшін оларды үлкен тас балғамен тау жарықтарына соққан. Төменде тас сыналарға қысқаша сипаттама беріледі.
Сына 1 (8) пішіні сопақ кварциттен жасалған, жоғарғы беті тұрпайы өңделген. Златоуст көне кен үйіндісінен табылған.
Сына 2 (9) айтып өтілгенге ұқсайды. Златоуст көне кен үйіндісінен табылған.
Сына 3 (13) кварциттен жасалған, конус тәрізді ұшы бар тік бұрышты қайрақ, тұрпайы өңделген. Кресто - Центр үйінділерінен табылған.
Сына 4(12) конус тәрізді аяқталатын, негізі тік үшбұрыш тас түріндегі кварциттен жасалған. Златоуст көне кен үйіндісінен табылған.
Сына 5 (2005) жұмысқа лайықталған ұшы үшкір және дүмі аздап жонылған ұзын - сопақ пішіні бар кварциттен жасалған. Бір жақты қайланы еске түсіреді, қимасы сопақша келген. Кресто - Центр көне тұрағынан табылған.
Сына 6 қимасында торт қыры бар ұзын - қашау түрінде кварциттен жасалған. Кресто -Центр үйінділерінен табылған, біраз жонылған.
Сына 7 ұзын - тік бұрышты пішіні бар кварциттен жасалған, жоғарғы беті тұрпайы өңделген. Кресто - Центр үйінділерінен табылған.
Кен ісі құралдарының неғұрлым кең тобын мыс кенін уату және үгіту үшін, тотыққан мыс кенінің басқа қоспалардан тотығуынан тазарту үшін қолданылатын тас құралдар құрайды. Осы мақсатта неғұрлым жеңіл құралдар түрі қолданылды: қол балталарының, балғалардың және келі саптардың әр түрлері. Олардың көбісі Кресто - Центр көне кен үйінділерінен және Милықұдық қонысынан табылды. Осы құралдар сынығының үймесі кен сұрыптау орындарынан кездеседі. Қолдануға жарамсыз болған құралдарды жақсы ұстау факты Жезқазған қоныстарында бірнеше рет байқалды. Барлық жеңіл типті құралдар жұқа түйіршікті жұмсақ материал құмдақтан немесе өңдеуге және ажарлы оңай көнетін үшінші окоптан жасалған, және олардың пішіндері анық, жұмыс үшін ыңғайлы болған.
Бос тау жыныстарынан және кені аз қосылулардан мыс кенін тазарту үшін дайындалған балғалар түріндегі сына тәрізді құрал түрі елеулі топты қурайды. Олар көбінесе құмдақтан, қимасында сопақша пішінін беретін, үшкір қырлары домаланған, торт қырлы қайрақ түрінде жасалған. Осы типтегі көптеген құралдар кесек болып кездеседі, бүтіндері өте аз. Олардың көбісі Кресто - Центр үйінділерінде және көне мыс сұрыптау жерлерінде Милықұдық және Сорқұдық қоныстарының мәдени қабаттарынан табылды. Кен ұсату және үгіту орындарында олар түрі кездеспейді.
Сына тәрізді 1-құрал бір ұшы мұқалған сопақша түрінде сұр жұқа түйіршікті құмдақтан жасалған. Жоғарғы беті өңделген және ажарланған, үшкір қырлары домалақтанған. Милықұдық мәдени қабатынан табылды.
Сына тәрізді 2-құрал қырлары домалақтанған, тік бұрышты қайрақ түрінде сұр құмдақтан жасалған. Көне Кресто - Центр үйіндісінен табылды. Бетінде қолданылған ізі бар.
Сына тәрізді 3-құрал сопақша келген қайрақ түріндегі сұр құмдақтан жасалған. Беті тұтастай өңделген және ажарланған, үшкір қырлары домалақтанған. Бір ұшы мұқалған. Бір жақ бүйірінде көп соққының ізі байқалады.
Сына тәрізді 4-құрал ұштары мұқалған, тік бұрышты - сопақша қайрақ түріндегі қара - сұр құмдағынан табылған. Шеттері тұрпайы өңделген, қырлары домалақтанған. Көне Кресто -Центр үйіндісінен табылды. Іздеріне қарасақ, соққылар қырынан, бүйірінен және кейде жалпағынан соғылған.
Сына тәрізді 5-құрал ұштары мұқалған және үшкір жиектері домалақтанған, қайрақ түріндегі жұқа түйіршікті сұр құмдақтан жасалған. Жоғарғы беті тұрпайы өңделген. Кресто - Центр үйіндісінен табылған. Бүкіл бетінде қолданыс ізі сақталған.
Сына тәрізді 6-құрал қисайған және үшкір жұмысқа лайықталған ұштары мен домалақтанған сабы бар, бір жақты қайла түріндегі сұр құмдақтан жасалған. Жұмысқа лайықталған бөлігінде көптеген соққының ізі бар. Осындай құрал (келі сап) Трутников қонысында кездеседі.
Сына тәрізді 7-құрал бір ұшы мұқалған және қимасы сопақша ұзартылған, қайрақ түріндегі қызыл құмдауыт кесегінен жасалған. Бүкіл беті өңделген, үшкір жиектері домалақтанған.
Сына тәрізді 8-құрал бір жағы мұқалған, тік бұрышты қайрақ түріндегі жұқа түйіршікті сүр құмдақтан жасалған. Жиектері жақсы өңделген. Милықұдық мәдениет қабатынан табылған. Жоғарғы бетінде көптеген соққылардың ізі байқалады.
Сына тәрізді 9-құрал үшкір қырлары домалақтанған, торт қырлы қайрақ түріндегі сүр құмдақтан жасалған. Жоғарғы бетінде соққы іздері сақталған, олар қырымен және жалпағынан соғылған. Көне Кресто - Центр үйіндісінен табылды. Бір жағы мұқалған.
Сына тәрізді 10-құрал беті аздап қана өңделген, тік бұрышты - сопақ пішіні бар, қайрақ түрінде сүр құмдақтан жасалған. Көп қолданыстың нәтижесінде ұштары мұқалған. Көне Кресто - Центр үйіндісінен табылды.
Жезқазғанда 10-нан аса шолпылар (қол тоқпақтар) табылды, оның ішінде 5-і көне Кресто -Центр үйіндісінің қабаттарынан, 3-і Златоуст үйінді қабаттарынан, 3-і көне Петро III кен шығару орындарынан табылды. Олжалардың арасында бүтін, жұмыс кезінде сынған және дайындамалардың екі данасы бар. Әдетте сабынан жұмысқа лайықталған бөлігіне ауысатын жерлерден сынған. Кейбіреулерін суреттеп өтейік.
1-шолпының (67) жұмысқа лайықталған бөлігі жоқ. Ол сұр құмдақтан жасалған. Беті жақсы өңделген. Домалақ сап үшін де қолданылған ізі байқалады.
2- шолпының(1447) жұмысқа лайықталған жағы мұқалған. Сұр жұқа түйіршікті құмдақтан жасалған. Беті тепе ажарланған.
3-шолпының (1448) жұмысқа лайықталған жағы мұқалған. Сұр жұқа түйіршікті қызыл құмдақтан жасалған. Беті тұтастай жылтыратылған.
4-шолпының (15072) жұмысқа лайықталған жағы мұқалған. Сұр жұқа түйіршікті құмдақтан жасалған. Беті тұтастай тегіс өңделген. Сабының ұшында жұмыс ізі сақталған.
5-шолпының(11349) сабы сынған. Жұмысқа лайықталған жағы көлемді көрінеді. Жұқа түйіршікті сұр құмдақтан жасалған. Беті мұқият жылтыратылған.
6-шолпының (14436) сабы сынған. Шар тәрізді жұмысқа лайықталған жағы қалыппен белгіленеді. Жұқа түйірлі сұр құмдақтан жасалған. Беті жақсы жонылған және ажарланған.
7-шолпының (13429) бүтін, жұмысқа лайықталған бөлігі сабынан екі есе кішкентай. Тығыз жұқа түйірлі құмдақтан жасалған. Беті тұтастай мұқият жылтыратылған. Салмағы 3 кг.
8-шолпының (13406) жұмысқа лайықталған басы біраз домалақтанған сүр түсті құмдақ кесегінен дайындама - қалып түрінде жасалған. Салмағы шамамен 3 кг.
9-шолпы (14236) — ол да торт қырлы қалып түріндегі сұр түсті құмдақ кесегінен дайындама. Сап сұлбасы және жұмысқа лайықталған басы біраз домалақтанған. Салмағы шамамен — 3 кг. Бұл екі дайындама тас шолпыларын дайындау үрдісі туралы көрініс береді.
10-шолпы осы құрал түрінің ең жақсы үлгісі. Жезқазған қаласынан 70 шақырым солтүстік-шығысқа қарай Қаракеңгір о. аңғарынан, қола дәуірінің ежелгі кен шығаратын орнынан табылды. Жұқа түйірлі құмдақтан жасалған. Беті тұтастай мұқият жылтыратылған. Салмағы — 2,5 кг.
11-шолпы Қарағанды облысы Ағадыр ауданы, Саяқ кенішінің көне шығу орындарынан жақсы сақталған күйінде табылды. Тығыз алевролиттен жасалған. Беті тұтастай мұқият жылтыратылған. Жұмысқа лайықталған бөлігінде қолданыс ізі жақсы көрінген. Салмағы — 2,4 кг.
Шолпылардың қызықты түрі Қарағанды астындағы қонысы Зеленая Балкадан табылды. Пішінімен ол кейінірек пайда болған ағаш қол тоқпақтарды еске түсіреді. Шолпылардың түпнұсқасы болып, кейінгі қоладағы және ерте көшпенділер дәуіріндегі ағаш қол тоқпақтар деген ой мезгілсіз емес.
Жезқазған қонысынан дөңесті-ойысты әшекейлерді басу немесе өрнек салу үшін тас матрицалар табылды. Таңбалар кедір-бұдырлы, өрнек матрицалары ойылған домалақ, шаршы және тік бұрышты тақталар түріндегі жасалған.
Көне Жезқазған тас қашау ісі туралы қайрау және ажарлағыш тастар тобы айтады (161.1,4,5,7-суреттер). Ажарлағыш және қайрау тастары сонау неолит дәуірінде қолданылған, бірақ ол металл құралдары мен қаруларының дайындалуына байланысты қола мәдениетінің қалыптасу кезінде кең таралады. Құюдан кейін көптеген бұйымдар қосымша өңделді және ажарланды.
Металл игеру кезеңінде адам көп уақытқа дейін егеу, асыл түрпі және ара сияқты металл құралдарын пайдаланбады, олар кейінірек пайда болды. Ажарлау үшін тас жылтыратқыш, ажарлағыш және қайрау тастары пайдаланылды. Жезқазған қола дәуірі қоныстарының мәдени қалдықтарынан шамамен оннан асатын егеу және ажарлау тастары табылды. Оның ішінде 4 — Милықұдықта, 5 — Кресто - Центрде, 2 – Айна көлде, 1 - Сорқұдықта, 1 -Златоуст үйіндісінде, 2 — Никольск тұрағының батысынан табылды. Олар жасалған негізгі материал жұмсақ қатпарлы тас және жұқа түйіршікті құмдақ.
Қайрау тастарында әр түрлі геометрлік пішіндер бар, белде іліп жүру мақсатында ілмек байлау үшін, науасы тар және парабола тәрізді бір жағы қисайғам 10-шы қайрау тасы өзіне назар аудартады. Осындай науасы бар қайрау тастары Орталық Қазақстандағы орта қола дәуірінің соңғы кезеңіне тән. Осы тәріздес науасы бар қайрау тастары Қарқаралы II, Қарашоқысы шатқалында, Тоқырауын ө. жоғарғы ағысында табылды. Беғазы заманында науалардың орнына мусаттарда тесіктер пайда болады, мусаттың өзі жеңіл әрі ыңғайлы пішінге ие болады74.
Мусат әсіресе Орталық Қазақстанда және сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінде Оңтүстік Сібірде таралды.
АЙНАКӨЛ
Айнакөл қонысы Жезқазғандағы мыс кенін балқыту орталықтарының бірі. Ол бүгінгі Жезқазған қаласының маңында, Кресто - Центр бас кенінен 5 шақырым, Никольск учаскесіне таяу орналасқан. Бұл орын тұтас төбешіктермен жан-жағынан қоршалған кең қазаншұңқыр құйылу кезінде жең жүйесін қурайтын көптеген ағындармен кес - кесте (164-сурет).
Қоныс ауданы — 2 га. Оның өмір сүру ұзақтығын алып мәдени қабаты және мыңдаған олжалар дәлелдейді. Қоныс екі қабатты. Жоғарғы қабаты қола дәуірінің мәдениетін көрсетеді, төменгі кейінгі неолит және энеолит мәдениетін сипаттайды. Төменгі қабатта нуклеустер, найзалар мен жебелердің кремнийден жасалған ұштықтары, домалақ қырғыштар, пышақ тәрізді ірі тілемдер, тегістегіштер, тескіштер, тұмсықты провертки, шот балта, қол балталар, қырғыштар, жарғыштар, екі жақты өңделген құралдар, кристалл кесектері және тотыққан мыс кені табылды. Жоғарғы қабатта тік бұрышты шұңқырлар түріндегі сегіз үй – жай - жертөленің іздері табылды. А.В. Кузнецова мен Н.В. Валукинскийдің мәліметтері бойынша, Айнакөл мәдени үйінділер сипаты бойынша Милықұдықпен өте ұқсас. Бұл жерде су жинайтын шұңқырлардың, қойма -шұңқырлардың, тастармен қоршалған құдықтардың, жеке төмпешіктер, «сплеск» түріндегі мыс шығару және байыту орындарының, мыс балқытатын пештердің қалдықтары, шақырлардың сынықтары және т.б. анықталды.
Мұнда коррозияға ұшыраған қола қадау табылды. Остеологиялық материал қой, жалқы және ірі қара мал сүйектерінен тұрады. Керамикада сұр саз - балшықтан жасалған оюы жоқ ыдыстардың сынығы көп. Ыдыстардың ауыз жиектері тік және жапсырылған, кертіктері және еңкіш сызықтармен сызықталған таспамен өрнектелген тарақ тәрізді таңбамен әшекейленген. Суреттелген бітістер Орталық Қазақстанның беғазы - дәндібай уақытының керамикасының ерекшелігін құрайды.
СОРҚҰДЫҚ
Сорқұдық қонысы - қола дәуіріндегі Жезқазған ауданындағы үлкендігі бойынша Милықұдықтан кейін тұрған екінші металлургиялық орталық. Ол Жезқазған кенішінің солтүстік жағында, ортасынан 15 шақырымда, жайылма алқаптың кең тармағында орналасқан (165-сурет).
Ол 1945 жылы А.В. Кузнецовпен, В.Н. Валкунскиймен ашылды және зерттелді. Екі тармақ тоғысатын кең ауданда екі дәуірдің — қола және ерте орта ғасыр (қыпшақ) ескерткіштері орналасқаны анықталды.
Қола дәуірі металлургтерінің қонысы алаңның солтүстік жартысында орналасқан және Милықұдық сияқты көптеген шұңқырлардан, тұрғын және шаруашылық құрылыстардың қалдықтарынан, сондай-ақ материалдық өндіріс заттарынан тұрады.
Үй – жай - жертөлелерінің іздері шұңқырлардың оқшауланған түрі ретінде бір-біріне жақын орналасқан. Жоспарында олар тік бұрышты пішіні бар. Олардың өлшемдері - 6x8 м - ден 8x12 м - ге дейін, тереңдігі -1,3 м. Қалыңдығы - 30 см - ге дейін жететін жиналған күл қабаты түріндегі ошақтың қалдықтары бар 18 үй-жайдың ізі байқалды. Шетке қарай орналасқан жартылай жертөлелер неғұрлым кейінгі болып саналады, беғазы дәліздері тәріздес дәліздері болған. Дәліз уатылған кеннің «сплески» орналасқан ағын жағына қараған. Жоспары бойынша олар Шортанды - бұлақ қонысындағы 14-ші үй-жайымен ұқсас. Шұңқырлардың ішінде, негізінен, периметрі бойынша, құмдақ тақталары болуы, олардың кейбірі қабырғасымен жерге қазылып көмілуі тән. Бұл үй - жайдың құмдақ тақталарынан құралған, қырынан көміліп қазылған тас қабырғалардың болғанын дәлелдейді. Еден тегіс, кей жерлері құмдақ тақталарынан тұрғызылған, арасындағы жарықтары саз балшықпен сыланған. Еденде бағана іздері жоқ. Бұл үй-жайдың шатыры тас қабырғаларға тірелгенін көрсетеді. Үлкен тас ошақ үй-жайдың дәл ортасына орналасқан. Үй-жайдың қасында диаметрі - 2-ден 3 м - ге дейін, тереңдігі - 0,8-1,0 м домалақ және сопақша келген пішіні бар шағын қойма - шұңқырлар орналасқан. Шұңқырлардың бірінде құмдақ тақтасының төсемі сақталған, және уатылған кен қалдығы қалған. Химиялық құрамы бойынша үгітілген кен суық - бұлаққа ұқсас.
Үй-жайға жақын жерде, ағынның жағасында кен уаты, байыту және балқыту орны орналасқан, онда төмпешіктер, үймелер, алаңдар, үгітілген кен кетері және балқыту пештерінің астыңғы бөліктері сақталған. Тегіс алаң түріндегі уату және байыту орны кей жерлері тас тақталар төселген, төмпешіктермен және сплекстермен қоршалған. Ең басты ағыннан алаңға көп метрлік канал жүргізілген, оның сағасында ені - 6-8 м, ұзындығы - 60-80 м тас бөгет жүргізілген. Канал соңында диаметрі - 6-8 м, тереңдігі - 1,5 м - ге дейін шұңқыр түрінде сұлбасы сақталған 6 су айдыны сақталған. Су айдыны қасында үгітілген кен үймесі және «сплеск» болған.
Бас бөгеттен басқа, алаңда мол суды сақтауға арналған бөгеттер мен тоғандардың қалдығы табылды. Екі ағынды да тігінен жерге қазылып көмілген, ірі құмдақ тақталарынан жасалған үш бөгеттің қалдықтары байқалады. Ені 3 м - ге дейін жететін, саз балшықпен және ірі құм араласқан, ішкі кеңістік тас кесектерімен толтырылған, екі қатар орнатылған тақталар анықталды. Осындай әдіспен тас қалалары арасындағы жарықтар да толтырылды.
Қоныстану алаңында милықұдыққа және айнакөлге ұқсас сегіз балқыту пешінің қалдықтары табылды. Көбісі домалақ, сағасы төменге қараған. Пештердің маңында тастар мен қоршалған саяз құдықтар орналасқан. Сорқұдықтан шамамен оншақтысы табылды.
Мәдени қалдықтардан балқыту пештерінің жанында қождардың және тотыққан мыс кенішінің үлкен үйіндісі, сондай-ақ от бақырлар сынығының біршамасы табылды. Қождың кесектерінің біріне от бақырдың сынығы дәнекерленген болды, ол мыстың ерітілгенін дәлелдейді. Бақырлар тотыққан мыс кенінің екінші өнімін қорыту үшін қолданылған. Басқа олжалардан опырғыштар және кварциттен жасалған қайлалар түріндегі кен ісінің құралдары, мыс кенін үгітетін құралдар: төрт қырлы және куб тәрізді пішіні бар тас балғалар, домалақ, диск тәрізді, тік бұрышты келілер және т.б. Жұмысқа лайықталған ұшы жалпақ - домалақтау және сабы цилиндр тәрізді өте қатты тастан дайындалған қол тоқпақ құралы үлкен қызығушылық тудырады.
Қоныстану алаңында және үй-жайдың мәдени қабатында, сондай-ақ, ошақтың қасында өрнектелмеген керамиканың бөлшектері жиналды. Осыған ұқсас сұр саздан жасалған ыдыстардың қалдықтары Сорқұдықтан 1,5 шақырым Тасқұдық - сай шатқалындағы кен үймелерінде кездеседі. Оттың күлдік қабатында және оның қасында жылқының, қойдың және ірі қараның сүйектері тамақтану қалдықтары табылды. Кен үгіту маңында уатылған кенді және өндіріс қалдықтарын жинау үшін қолданылған жылқы жауырыны табылды.
Төбешіктің етегінде, ағынның саладан шығатын жерінде энеолит дәуірінің тұрағы табылды. Энеолит мәдениеті кремний және кварцит құралдардың үлкен тобымен сипатталады. Олардың арасында нуклеустар, жаңқалар, сынықтар, жақсы өңделген жебе ұштықтары, тескіштер, қырғыштар, жоңғыштар, егеулі және т.б. Осы құралдардың кей бірі Милықұдық, Сорқұдық және Айнакөл қоныстарының мәдени қабаттарынан табылған. Бәлкім, олар Орталық Қазақстандағы ежелгі энеолиттік тайпалардың ұрпақтары бірнеше жүздеген жылдар өткен соң, кеншілер мен металлург болған шығар.
ҚҰЛМАН
Құлман қонысы Жезді кенішінен 16 шақырым солтүстік - батысқа қарай Жезді өзенінің оң жағасында орналасқан. Оның жоспары Тағыбай - бұлақ қонысының жоспарын еске түсіреді. Мұнда үй-жайлар тас қабырғалары бар жартылай жертөлелерге тән. Қоныс ұзындығы - 200 м - ден асатын, ені - шамамен 120 м тік бұрышты кең төмпешік секілді көрінеді. Осы алаңда өлшемі - 12x8 м.тік бұрышты тас тіліктер түріндегі бірқатар үй-жайлар мен шаруашылық құрылыстар қалдығы сақталды. Жезді ө. ағысында орналасқан ежелгі бөгет қонысқа тірелген. Бөгеттің ұзындығы - 50 м, негізінде ені - 4 м, биіктігі -1,3 м. Бөгет тастан, саз балшықтан және қиыршық тастан құрылған. Ағындардың сағасынан үй-жайлардың қабырғасының сыртында астық сақтайтын қойма - шұңқырлар болған. Осы шұңқырлардың маңында таспалық тәсілмен қолмен жапсырылған сұр сазды ыдыстардың (14) ұсақ сынықтары сақталған. Ыдыс қабырғаларының қалыңдығы 6-8 мм. Жоғарғы бетінде тегістеудің ізі байқалады. Жапсырмалы керамикадан басқа жұқа түйіршікті қара кварциттен, торт қырлы құмдақтан жасалған мусаттан (кесектен), үш саңылауы бар доға тәрізді түрі және беті мұқият өңделген темір псалийлер (2) табылды. Темір псалийлердің болуы Құлман қонысы қола дәуірінің соңында және ежелгі көшпенділер дәуірінің басында өмір сүрді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 .Яковлев Д.Н. Голодная степь Казахстана. С. 309.
2. Исследования проведены М. К. Кадырбаевым в 1975-1976 гг.
3. В плане 1955 г. оно ошибочно обозначено топографом номером 22.
4. Промеры глубин даются от нулевого репера, расположенного в центре северо-восточного борта раскопа.
5. Яговкин И.С. Успенское медное месторождение Акмолинской губернии в КазАССР. Л., 1928, с. 10.
6. Минаева Т.М. Стоянки с микролитическим инвентарем на черных млях. КСИИМК, вып. 59. М„ 1955. С. 51, рис. 15, 8-14.
7. Кипарисова И. П. Чебаркульская неолитическая стоянка. КСИИМК, вып. 59. С. 59, рис. 17.
8. Комарова М.Н. Указ. соч. С. 99, рис. 41, 1- 4, 7-18,24.
9. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение. С. 126, рис. 42. Ю.Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M.
Древняя культура Центрального Казахстана. С. 219 -228.
П.Кольцов С. В. Ишимская стоянка. //Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. I, 1956. С. 266-267.
12. Архив музея ИИАЭ, ф. 225, д. 33. Материалы Акмолинской археологической экспедиции. 1955 г.
13. Антипов И.А. Рудники, каменноугольные месторождения Киргизской степи. Горный журнал. 1892, т. 1, ч. 2. С. 333-334.
14. Кривцова-Гракова О. А. Указ. соч. С. 140, рис. 63,4.
15. Синицын И.В. Древние памятники в низовьях Еруслана. //МИА, №23. С. 161, рис. 1,2.
16. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. VI, 10.
17. Кривцова-Гракова О.А. Степное Поволжье и Причерноморье в эпоху поздней бронзы. //МИА, М., 1953, № 46. С. 115, рис. 26,11.
18. Валукинский Н.В. Древняя добыча медной руды в Джезказгане. Дневник № 177. С. 60—61, 74.
19. Карагандинский музей. Коллекция В. Е. Ясенецкой. Каркаралии- ская стоянка № 28; Гвоздовер М. Д. Обработка кости и костяные изделия Авдеевской стоянки. //МИА. M.-JL, 1953, № 39. С. 205, рис. 10.
20. Грязнов М.П. Неолитическое погребение у с. Батени на Енисес, //МИА. С. 333, рис. 1-3; Валукинский Н.В. Древняя добыча медной руды в Джезказгане. С. 36, 76; Кривцова-Гракова О. А. Садчиковское поселение. С. 164, рис. 14,6; с. 165, рис. 15, 1-6; Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 233, табл. XXXVIII, 3; Турина Н.Н. Памятники эпохи раннего металла на северном побережье Кольского полуострова. //МИЛ, М„ 1953, № 39. С. 269, рис. 17,4.
21. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 234.
22. МИА, 1951, № 23, с. 67, рис. 25, 6.
23. Гриневич К.Э. Новые данные по археологии Кабарды. //МИА, М., 1951, №23. С. 127, рис. 2,3.
24. Археологическая карта Казахстана. С. 170.
25 Архив ИИАЭ АН КазССР, ф. 2, д. 124 (переписка 1949 г.).
26.Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. С. 30, рис.
6, 11.
27.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. С. 253, табл.
X, 8.
28. Там же. С. 234, табл. XXXIX, 7.
29. Кривцова-ГраковаО. А. Алексеевское поселение. С. 109.
30. Оразбаев А. М. Северный Казахстан в эпоху бронзы. //ТИИАЭ АН КазССР. Т. 5. Археология. Алма-Ата, 1958, табл. V, 3.
31. Кривцова-Гракова О. А. Указ. соч. С. 109,81, рис. 1-4.
32. Там же. С. 165, рис. 74.
33. Оразбаев A.M. Указ. соч.С.289, табл. VII, 1.
34. Маргулан А.Х. Комплекс Былкылдык. С. 193, рис.6.
35. Коншин Н.Я. Памятники старины Семипалатинской области. ЗСПО РГО, вып. I. Семипалатинск. 1903.
36. Воинов В. Народный киргизский праздник по случаю прибытия в Сибирь Великого князя Владимира Александровича. //Современная летопись, 1868, № 24. 37.Красовский М.М. Область сибирских киргизов. Ч. III. Спб., 1868. С. 259-260; ЦГА КазССР, ф. 328, on. 1, д. 638.
38. Переписка с каркаралинским окружным приказом о медном котле, найденном в горах Кент, переданном в Омское войсковое училище. ЦГА КазССР, ф. 338, on. 1, д. 584.
39. ГИМ. Собрание Гуляева. Коли. 38160, хр. 85/За, 69/606.
40. Кривцова-Гракова О.А. Указ. соч.
41. Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Казахстана. //ТИИАЭ АН Каз ССР, т. 7. Археология. Алма-Ата. С. 161, табл. XXIII, 5.
42. Комарова М.Н. Томский могильник. //МИА. С. 24.
43. Грязнов М.П. Указ. соч. С. 41, рис. 15, 2.
44. Максимова А.Г. Курганы саксюш времени могильника Джуантобе. // КСИИМК 1960, вып. 80; Членова НЛ. Происхождение и ранняя история племен татарской культуры. М., 1967. С. 250,288, табл. 38, рис. 38.
45. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 245-255.
46. Карагандинский музей. Ф. 61, № 10-38.
47. Исследовано М. К. Кадырбаевым в 1974 г.
48. Болл С.Х. Геологический доклад о владениях Атбасарских медных промыслов. Рукопись. 1910. ИГН АН КазССР, архив акад. К. И. Сат- паева; Сатпаев К. И. Избранные труды. Т. I, с. 142; т. V, с. 30, 44; Пазухин.
B. А. Металлургия в Киргизской степи. M.-JL, 1926. С. 142.
49. Валукинский Н.В. Дневник № 177, с. 83.
50. Валукинский Н.В. Дневник № 176, с. 74.
51 .Маргулан А.Х. Джезказган — древний металлурги ческий центр. В кн.: Археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата, 1973.
52. Сатпаев К.И. Избранные труды. Т. 5. С. 44.
53. Валукинский И.В. Дневник № 143, с. 1—4.
54. Там же, л. 12.
55. Валукинский Н.В. Дневник № 173, с. 4.
56. Там же. Дневник № 170, л. 12 об.; Сатпаев К. И. Избранные труды. Т. 5. С. 44-45.
57. Валукинский Н.В. Дневник № 171, л. 49.
58. Там же, л. 3-4.
59. Валукинский Н. В. Дневник № 176, л. 30.
60. Черников С.С. Восточный Казахстан... С. 245, табл. Dl, 1.
61. Там же. С. 243, табл. L, 4.
62. Там же. С.268, табл. LXXV, 3.
63. Там же. С. 268, табл. XXV, 5.
64. Там же. Табл. XXVII, 12; L. 1.
65. Там же. С. 267, табл. LXXIV, 4, 5.
66. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С. 214, табл. XXIII, 5; с. 245, XLIII, 3; с. 251, табл. XLVIII, 6-8.
67.Черников С.С. Указ. соч. С. 245, табл. LII, 1а; с. 234, табл. XXXIX, 1.
68. Там же. С. 244, табл. LI, 10.
69. Маргулан А.Х., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ.соч. С. 242, габл. XL, 6; с. 251, табл. XLVII, 4, 6; табл. XLVIII, 2, 3, 4; с. 232, табл. XXXII, 2; табл. XXXII, 8,16; Черников С. С. Указ.соч. С. 222, табл. XXVII, 1, 6, 11, 13; с. 244, табл. LI, 3, 4, 6, 7, 10; Кривцова-Гракова О.А. Указ. соч.
C. 86, рис. 19.
70. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А. М. Указ. соч. С. 214, табл. XXIII, 3, 7.
71. Семенов Л.Ф. Находка каменного топора у реки Нуры. //Труды ИИАЭ АН КазССР. Т. 1. Археология. Алма- Ата, 1956. С. 263-264, тиОи I, 4.
72. Кривцова-Гракова О. А. Указ.соч. С. 116, рис. 42.
73. Хранится в Археологическом музее АН КазССР.
74. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном К i захстане. С. 56, рис. 17, 7.
75. Кривцова-Гракова О.А. Указ. соч. С. 120, рис. 44, 1; Маргулин А.Х., Акишев К.А.,.
Кадырбаев М. К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С.315, рис. 6; с. 337, рис 31; Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долимы р Или. Алма-Ата, 1963, табл. II, 16.
76. Валукинский Н.В. Дневник № 173, л. 1-2, № 176, л. 99.
77. Валукинский Н.В. Дневник № 177, л. 81; л. 103, рис. 53,54; л. 88.
78. Валукинский Н.В. Дневник № 177, л. 88, 90, 91.
3-БӨЛІМ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР СУЛАНДЫРУ
Кейінгі қола дәуірінде мал шаруашылығының, кен және металлургияның, үй кәсіптерінің қарқынды даму үрдістері өтті. Кеншілер, ірі кен балқытатын орталықтар және мыстар алғашқы экономиканың жетекші салаларының ретінде көне кен-металлургиялық өндірісінің ауқымы туралы, Орталық Қазақстанда осының негізінде ежелгі өркениеттің болғаны туралы дәлелдейді. Бұл дәуір қарқынды мил шаруашылығының, жылқы мен түйені көлік құралы ретінде пайдаланып, біртіндеп, алдымен жайылымдық мал шаруашылығына, ал кейін маусымдық көшуге ауысумен сипатталады.
Кейінгі қола дәуірінің экономикасын қурайтын көп шаруашылық Орталық Қазақстан тайпаларының әлеуметтік өміріндегі терең өзгерістерімен негізделді.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығы сонау энеолит дәуірінен дами бастағаны археологиялық зерттеулермен анықталды. Неолиттік тұрақтарды зерттеу кезінде үй жануарларының сүйектері табылды, соның ішінде сиырлар, қойлар мен жылқылардың сүйектері. Көптеген үй жануарларының сүйектері Сарысу, Есіл және Нұра (Қарағанды түбінде) өзендерінің бассейндерінен табылды. Неолит заманының ескерткіштерінде түйенің сүйектері әлі табылмаған еді.
Қола дәуіріндегі мал шаруашылық өндірістердің негізгі бір түрі бола бастайды. Осы саланың қарқынды дамуы алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі ежелгі тұрғындардың арасынан бақташылық тайпалардың бөлінуіне негіз болды. Бұл оқиға патриархалдық -рулық қоғамдық ұйымының қалыптасуына және шаруашылықта және қоғамдық өмірде ерлердің жетекші рөлін нығайтуға әкелді.
Қола дәуірінде мола ішіндегі марқұм үшін тамақ – қойдың, жылқының, түйенің тұтас етін, сондай-ақ жеке сүйектер қабырғалар, омыртқалар, алдыңғы аяқтар, ірі жануарлардың бастарын (жылқы, ірі қара, түйе және т.б.) қалдыру әдет - ғұрыптары пайда болды және бекіді. Милықұдық мәдени қабатында тас ошақтың жанында алғашқы рет түйенің бас сүйегі табылды. Ересек түйенің ірі бас сүйегі Атасу күзеу орта қола дәуірі моласының тас жәшігінде кездесті. Тұтас түйе сүйегі Ақсу-Аюлы тобындағы андронов, беғазы - дәндібай заманына ауысу кезеңіндегі ескерткіштің үлкен тас жәшігінен табылды. Түйе сүйектерінің елеулі саны жілік сүйектер, сирағы, алдыңғы аяқтарының топай м. қабырғалары және басқалары Беғазы 5 тақталы кесенесінде жылқының алдыңғы аяқтарының сүйектері жанынан табылды. Атасу және Алексеев 4 қоныстарында сондай-ақ түйенін сүйектері (жауырыны, жілік сүйектері, жақтары, қабырғалар) табылды. Өте көп жылқы сүйектері Атасу, Бұғылы II, Қарқаралы И, III (Суық - бұлақ), Милықұдық, Шортанды бұлақ, Тағыбай - бұлақ, Ұлытау, Алексеев (1-ші кесте) барлық зерттеу қоныстарынан, сондай-ақ Айбас - Дарасы, Айшырақ, Беғазы, Бұғылы III, Былқылдақ I, II, III, Жанайдар, Саңғыру.
Қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, ірі қара және түйелер, негізгі тамақ өнімдері және шаруашылық қажеттіліктер үшін шикізат беріп, тайпалардың өмірінде анықтауыш рөл атқарды.
Дала тұрғындарының өмірінде атқа міну ерекше орын алды. Атасу кезеңінен басталып, негізгі қозғалыс құралы болады. Салт аттылы тайпа территориясын қорғауда және жауға төтеп беру кезінде үлкен маңызға не болды. Жануарлардың арасында ең жүйрікті мал шаруашылығының пайда болуымен ерекше ықыласқа және мейірімге не болды. Атқа табыну туралы тастардағы, петроглифтердегі көптеген мүсіндік бейнелер және марқұмды жылқы басымен жерге көму сияқты ежелгі әдет-ғүрып дәлелдейді. Жылқыны марқұммен бірге көму әдет-ғұрпы ежелгі көшпенділер дәуірінде және неғұрлым кейінгі кезеңде таралды.
Асық ойнау дәстүрі қазақ, қырғыз, монгол, тува және өзге де көшпелі халықтарда осы күнге дейін сақталған.
Жануарлардың сүйектері тұрмыста еңбек құралы және әшекей ретінде кең қолданылды. Қола дәуірі қоныстарын қазу кезінде иленген теріні өңдеу үшін ірі жануарлардың төменгі жақтарынан жасалған көптеген құралдар табылды. Ірі жануарлардың жауырындары үгілген кенді жинап алу үшін қалақ ретінде пайдаланылды. Иіру үшін негізгі құрал болған сүйек ұршықбастар жиі кездеседі. Үй жануарларының сүйектері жауынгерлер сауытын әшекейлеу үшін, ат әбзелдері үшін кең қолданылған. Сүйектерден жұқа оймамен әшекейленген әсем тіліктер жасалды.
Мал шаруашылығын қарқынды дамыту, мал төлдету Орталық Қазақстандағы ежелгі тайпалар шаруашылығының мен тұрмысының елеулі өзгеруіне, алдымен жайлау, ал көшпелі мал шаруашылығына ауысуына мүмкіндік берді. Э.А. Новгородова жайлау шаруашылығы үлкен экономикалық басымдылықтарға әкелген жоқ деп саналады. Бұл қате пікір. Жайлаулы мал шаруашылығының (сыйымдылығы мал өнімінің жоғарылауын және мал басының көбеюін қамтамасыз ететін жайлау алқаптарын кеңейтуге аталған, отарлы мал шаруашылығын ұйымдастырудың жаңа түрі.
Андронов заманында отар аз болғанда жайылымды кеңейту қажет болған жоқ. Ал беғазы -дәндібай заманында мүлдем басқа жағдай қалыптасты. Мал шаруашылығының дамуы және елдің өсуі соншалық, өзен аңғарлары тар болып, жаңа орындарды, құрғақ және суы жоқ шөлдерді тіпті кеңістіктерді игеру қажеттілігі туады.
Тайпалардың өзен аңғарларынан шығып, олардың кеңістігіне орналасуы атасу кезеңінен басталады, оны солтүстік Бетпақдала шегінде орналасқан осы кезеңдегі ескерткіштер дәлелдейді. Одан кейінгі өткенмен мүлдем салыстыруға келмейтін кезең беғазы - дәндібай заманында өтеді.
Егер атасу кезеңінің ескерткіштері дала суларының аңғарларымен байланысты болса, онда беғазы - дәндібай заманы өзен аңғарларынан тыс, Орталық Қазақстандағы ең алыс бұрыштарында, су қайнары құдықтар, тоғандар, көктемгі су жинайтын бөгеттер болған Жеті - Қоңыр шөлінің алқабында, Солтүстік Бетпақдала, Солтүстік Балқаш суы жоқ шөлдерден және жартылай шөлдерде кездеседі.
Атасу кезеңіндегі ірі ескерткіштер — Беласар, Батпақ су, Ай шырақ және беғазы -дәндібай кезеңі — Солтүстік Бетпақдала және Солтүстік Балқаш маңында орналасқан — Саңғыру I, III, Мыржық - Жартас, Айдарлы, Тай атқан және т.б. Көрсетілген аудандардың климат шарттары бәлкім, осыдан үш-төрт мыңдаған жыл бұрын қазір мен салыстырғанда өмір сүру үшін жағымды болған шығар. Одан басқа, Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындарды мұндағы мыс және қалайы кеніштерінің бай орындары қызықтырған.
Жеке ғимарат саны 500-ге дейін жететін ірі ру қабірлері қола мәдениетінің даму кезеңінде тайпалар Атасу, Шортанды - бұлақ, Қарқаралы, Тағыбай - бұлақ, Жезқазған және Қарағанды қоныстарында орталықтары бар тайпа территорияларын қура отырып, ірі одақтарға біріккенін дәлелдейді. Беғазы 1 және 2, Бұғылы III, Ақсу-Аюлы II, Саңғыру I және басқа да алып ескерткіштер тайпа одақтарының өсуі және нығаюы туралы, естелік ретінде осы ғимараттар тұрғызылған рулық тайпаның ақсүйектер мен көсемдері шыққанын дәлелдейді.
М.П. Грязнов және С.В. Киселев зерттеулері бойынша жартылай көшпенді, жайлаулы мал шаруашылығымен жылжымалы өмір салтына ыңғайлы үй ыдыстарының кейбір түрлерінің шығуына байланысты. Бұлар түбі домалақ ыдыстар, сүт, қымыз, қатық, айран ішуге арналған кесе тәрізді тостағандар. Отырықшы мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар, бүгінгі күні де осындай ыдысты қолданады. Сүт толған түбі домалақ ыдыстар көшпелі киіз үйдің ішінде қазылған жер шұңқырларында сақталады. Дымқыл өзен құмы бар мұндай шұңқырларда қымызды сабада аттың терісінен жасалған мес жақсы сақтауға мүмкіндік беретін салқын температура ұсталынады. Сүт пен қымызды осы тәсілмен сақтау әдісі қола дәуіріне тиісті. Белдікті керамиканың пайда болуын М.П. Грязнов сондай-ақ, отарлы мал шаруашылығының шығуымен байланыстырады. Оның ойынша, белдіктің шығармашылық маңызы емес, қолданыстағы пайдасы маңызды болған. Ол ыдысты белбеуде тағып жүру үшін қажет болды.
Ерте қола дәуірінде егіншілік үшін дала өзендерінің шұрайлы жайылма алқаптары игерілді. Орта қола дәуірінде табиғи қойнаулардың суармалы телімдері жер өңделді, мұнда тары және бидай өсірілді. Кейінгі қола дәуірінде егістіктер қойнау суарылған. Жерді жыртар алдында оны арықтардан суарып, топырақ аздап кепкеннен кейін олар бапталды. Бастауын қола дәуірінен алатын, қазақтардың егістіктерді суландыру және жырту тәсілі дәл осындай болды.
ЖЕР СУЛАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ
Ежелгі малшылар мен металлургтердің шаруашылық өмірінде жер суландыру құрылыстары, суландыру каналдар, құдықтар, бөгеттер, тоғандар, көктемгі су тасқынын және жаңбыр суларын жинау үшін ауқымды бассейндер жүйесі маңызды рөл атқарды. Егістіктерді суару мақсаты мыс және қалайы кені шоғырланған, мал шаруашылығының дамуы үшін негіз болған кейінгі қола дәуіріндегі ауқымды жайылымдық алқаптары болған Орталық Қазақстандағы жартылай шөлейттерді шаруашылыққа пайдаланумен жүзеге асты.
Орталық Қазақстандағы ежелгі малшылар мен металлург үшін шөлейттерді игеру өте маңызды мәселе болды. Жайылымдық алқаптарды кеңейтумен және бос жерлерді игерумен қатар, мыс пен қалайының жаңа кен орындарын анықтау бойынша барлау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстардың іздері Солтүстік Бетпақдалада, Шажағай және Атасу өзендерінде шурф, шұңқырлар және ірі кен шығару орындары үйіндісі үйілген (Қосқұдық, Кенқазған, Шалғия, Тасқара және т.б.) түрінде кездеседі.
Шөлейттерді игеру малшылардың алдына гидро - техникалық ғимараттарды (бөгеттер, тоғандар және каналдар), еріген және жаңбыр суларын жинайтын кең бассейндерді орнату арқылы жер үсті және жер асты су ресурстарын қолдану және құдықтар қазу міндеті турды. Байырғы бөгеттердің, тоғандардың және құдықтардың көбісі Бетпақдала шөліне іргелес және Солтүстік Балқашты қамтитын Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі. (166,167-суреттер) Бір Жезқазғанның өзінде кейінгі қола дәуіріне тиісті тастармен қоршалған жүздеген бөгеттер мен құдықтардың қалдықтары сақталған. Ежелгі балқыту орталықтарында жазғы уақытта өзендердің арнасы кеуіп қалатын бөгеттер мен тоғандар мыс кенін сумен байыту үшін қажет болған.
Қырымен орнатылған ірі гранит тақталарынан жасалған бөгеттермен терең сайлар, шатқалдар, жарықшақ суларымен қоректенетін кішкентай өзендердің арналары қоршалған. Осындай өзендерді бөгеттермен қоршау кезінде оның түбінде тік бұрышты саңылау түрінде су ағызғыш жасалды. Су ағызғыштың биіктігі — 40-тан 80 см - ге дейін, ені 20-30 см. Қажет болған кезде ол тегіс гранит тақтасымен (Алтын - Қазған, Керегетас, Қыпшақбай және т.б. бөгеттері) жабылған.
Қорғантас бөгеті (168,169-суреттер) — кейінгі қола дәуірінің ең ірі жер суландыру ғимараты. Баянауыл ауданындағы Әулие - Қызылтау тауының батыс етегінде орналасқан. Қырымен қазылып көмілген гранит кесектерінің екі қатарынан тұрғызылған ғимарат. Тас қаламасының қалыңдығы — 2,5 м, ал жалпы сақталған тас - жер үймесінің ені — 12 м. Бөгет батысқа қарай еңіс, кең тау аңғарын бөгейді. Оның ұзындығы шамамен — 600 м, сақталған биіктігі — 1,5 м, жасанды су айдынының ауданы (ежелгі су айнасы) шамамен — 200 мың м2. Көлденең қимасы тастар тігінен 60 см. тереңдікке қазылып көмілгенін көрсетті. Бассейн тек бас сайдан ғана емес, сонымен қатар Әулие - Қызылтау тауының тұтас батыс баурайымен тілінген бүйір сайларынан да су жинай алған. Негізгі сайдың қосылған сығымен бөгет ортасында шлюз қызметін атқарған тік бұрышты терезе түріндегі су ағызғыш жасалған. Бөгеттен жанында ежелгі кеніштер және қола дәуірінің жерлеу орындары орналасқан. Қызылтау тауының шығыс жағында Тағыбай - бұлақ кейінгі қола дәуірі қонысы орналасқан.
Түндік бөгеті (170-сурет) Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты совхозының орталық ауласынан 16 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай, Ұшан тауының солтүстік етегінен ағатын Түндік ө. қайнарында тур. Бөгет дәстүрлі құрылыс нақышымен жерге тігінен қазылып көмілген екі қатар жайпақ тақталардан тұрғызылған. Тақталар қатары арасындағы кеңістік тастардың ірі кесектерімен, ұсақ тастармен, су қарашірігімен, саз балшықпен толтырылған және тапталған. Бөгет ұзындығы — 70 м, тас қалама қалыңдығы — 2 м. Тас қаланың екі жағынан жерден, ұсақ тас және тас кесектерінен жасалған мықты үйме бар, оның арқасында бөгет қалыңдығы 10 м - ге дейін жетеді. Үйменің қыртыстанған қалдығы тек шеттерінде сақталған. Оның орта бөлігі көктемгі тасқындармен шайылған. Екі метрлік қаланың ені жақсы сақталған, ал гранит тақталарының жоғарғы жағы 5-10 см. шығып тұрады.
Керегетас бөгеті (171-сурет) Қарқаралы ауданы, Нүркен Әбдіров атындағы кеңшардың территориясында, ескі Баймырза қыстағының қасында, көне Керегетас кен орнында тұр. Ол да қырымен тік орнатылған екі қатар тас кесегінен тұрады. Тас қабырғаның қалыңдығы - 3 м - ге дейін, жер үймесі бар бөгеттің ені - 12 м, ұзындығы шамамен - 305 м, сақталған биіктігі - 60 см., ежелгі жасанды су айдынының ауданы шамамен - 108580 м2. Бөгет жаңбыр, көктемгі суларынан басқа, Керегетас гранит үйіндісінен агатын жарықшақ суларын да жинаған.
Жетімшоқы бөгеті (173-сурет) құрылымы бойынша алдыңғыға ұқсас. Бұғылы II қонысынан алыс емес, Бұғылы тауының солтүстік етегінде тур. Бөгетпен егіншілік, шоп шабу және кен шығару орны Бұғылы тауының солтүстік баурайында тұрған қалайы кенін сумен байыту үшін қолданылған ауқымды сай бөгелген. Бөгет ұзындығы - 170 м, үйме ені - 5-8 м, биіктігі - 0,80 м, ауданы - 10000 м2. Ежелгі су айдынының жаға бөлігінде қара төмпешіктер түрінде «сплески» және «хвосты» сақталған, ол кенді қолмен балқытқанын дәлелдейді.
Қанаттас бөгеті ғимарат түрі бойынша алдыңғыға ұқсас. Ақтоғай ауданы Коунрад кеңшарының территориясында, сондай атауы бар таудың солтүстік-батыс етегінде, Нұртай өзенінің сол жағасында тұр. Бөгетпен жылғалармен өтетін және жарық суларынан құралатын кішкентай өзен қалқаланған. Тоған ұзындығы - 60 м, үйіндісі бар тас қаламасының ені шамамен - 4 м, жер бетінен биікті — 0,5- 0,7 м. Бөгеттің астында орналасқан су ағызғыш бұрыннан - ақ бітелген. Жер үйіндісі тегіс шайылған.
Қушоқы бөгеті (167,4-сурет) құрылымы бойынша алдыңғыға ұқсас, бірақ мөлшері кішірек. Бұл мыс және қалайы кенін жуу және сумен байыту үшін ежелгі жасанды су айдыны болды. Ақтоғай ауданы Коунрад кеңшарының территориясында, солай аталған ежелгі кеніш маңында, Қушоқы оңтүстік тау алдында тұр. Бөгет ұзындығы - 120 м, тас қаланың ені - 2 м, жер үйіндісімен 8-10 м, жер шығып туратын тақталардың биіктігі - 0,6 м, су айдыны ауданы - 18000 м2.
Сол тармақтың жоғарғы ағысында тұрған көне Тасқұдықтағы бөгет кенді сумен байыту үшін қолданылды. Осы жерде құрғақ арна екі жерден қалқаланған және ұзындығы 50 м кең су айдыны құралды. Арнаның ені шамамен - 25 м, бөгеттің ұзындығы да осындай. Ежелгі су айдынының екі жағасында да «сплеск» қоршалған домалақ шұңқырлар түріндегі кен уату және байыту іздері қалған.
Милықұдық бөгеті - ежелгі Жезқазғанда ең ірісі (174-су- рет)10 болып табылады. Ол қоныстан биік деңгейде, көптеген су жинайтын бассейндері бар су ағысын ыңғайлы реттеу үшін құрғақ арнаның жоғарғы ағысында салынған, тұрғындар осы жерде кен уатқан және байытқан. Бөгеттің ұзындығы үлкен сайдың еніне тең (80 м), қосылу сызығынан құрғақ арна өтеді. Біліктің ені - 3-тен 6 м - ге дейін, биіктігі - 0,8-ден 3 м - ге дейін. Бөгеттен басқа Милықұдық қонысы алаңында құмдақ тақталармен қоршалған көптеген құдықтар қалған. Тас құдықтардың қалдықтары Айнакөл және Сорқұдық мыс балқыту орталықтарында, сондай-ақ, Тасқұдық және Қосқұдық шатқалдарында табылды.
Ақшы бөгеті Жезді өзені бассейнінің бөлігін құрайтын, Жезқазған кенішінен 5 км оңтүстік-батысқа қарай кең аңғарда орналасқан. Бөгеттен солтүстікке қарай 300 м. сол аңғарда кейінгі қола дәуірінің ескі қонысының іздері сақталған. Бөгет осы қоныстың тұрғындарымен аңғарда орналасқан аздаған егістік телімдерін суландыру мақсатында салынғаны сөзсіз. Өзеннің бұрылыс радиусы ~ 150 м, арна ені 10-15 м доға тәрізді бассейн қурайтын бөгеттермен екі жерден қалқаланған. Бөгетте су ағызғыш болған, сол арқылы өзеннің екі жағынан аңғар суландырылған.
Кресто - Запад бөгеті Жезді өзенінің сол жағынан алы с емес, Жезқазған кенінің оңтүстік-батыс төбешіктердің кішкентай сайында орналасқан (175- сурет). Бөгет қатар арасы ұсақ таспен араласқан жермен толтырылған ірі құмдақ тақталарының екі қатарынан құралған. Пішіні бойынша бөгет диаметрі 10 м жабылмаған шеңбер қурайды, биіктігі - 1 м. Тас -жер үймесі көктемгі ағындармен шайылған, тек ірі тақталар мен бөгет жиектерінде жер үймесінің іздері қалған.
Жанай тауындағы бөгеттер (176-сурет) Жезді өзенінде, Жезқазған кенішінен 8 шақырымдай батысқа қарай орналасқан. Жанай тауының тар шатқалында екі бөгеттің қалдықтары қалған. Бір бөгет шатқалдың биігінде құрылған және кен шығару үрдісімен байланысты болған. Екіншісі төменірек, біріншісінен — 250 м қашықтықта орналасқан және ауыл шаруашылық маңызы болған.
Қыпшақбай бөгеті ескі Айран бай қыстағының қасында Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 30 шақырым орналасқан. Бөгеттің қасында көне Айран бай (Қара - Жыланды өзенінің оң жағында), Қыпшақбай (бөгеттің дәл қасында) және Қарашошақ (бөгеттен 3 шақырым шығысқа қарай) орналасқан. Қыпшақбай бөгеті осы ауданда ең ірілерінің бірі. Ол көне кеніштің қасында үлкен Тасқұдық сайын қалқалайды. Көлемі және құрылыс үрдісі бойынша ғимараттар Қарқаралы және Баянауыл аудандары бөгеттеріне ұқсас. Бассейн ұзындығы — 100 м , ені — 12 м, биіктігі — 3,5 м, су бассейнінің ауданы — 9000 м. Су ағызғыш әлдеқашан шайылған, бүйір қабырғаларының арасында ой бар. Бассейннің солтүстік жағасында үйінділер және «сплески» түрінде көптеген төмпешіктер сақталған, ол мыс кенін шығару және байыту үрдісінің жүзеге асқанын дәлелдейді. Қоршаған ландшафтының сипаты су бөгеттен су ағызғыш арқылы Қара - Жыланды өзенінің аңғарына тікелей қосылатын сайдың төменгі бөлігінде орналасқан кішкентай арна жерді суландырған.
Өзінің мәдени және экономикалық маңыздылығы бойынша Орталық Қазақстан бөгеттері Қазақстанның ежелгі тарихи ескерткіштері қатарына жатады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Формозов А.А. Доандроновское погребение в Казахстане. КСИ ИМК, вып. 63. М., 1956. С. 153-155.
2. Валукинский Н.В. Дневник № 171, л. 27-28, 36-38, 72, 72об.; № 176, л. 92, 130, 160-170.
3. Маркс К., Энгельс Ф. Соч., Т. 21. С. 162.
4. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение... С. 102.
5. Маргулан А.Х,, Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 175, 176.
6. Новгородова Э.А. Центральная Азия и карасукская проблема. С.
20.
7. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. С. 161.
8. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. С 74.
9. Валукинский Н.В. Дневник № 177, с. 16.
10. Валукинский Н.В, Дневник № 176, л. 50, 53. И.Там же, л. 52, 53.
4-БӨЛІМ
ТАБЫНУ ТАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ МҮСІНДЕР
Қола дәуірі кезеңінде Орталық Қазақстандағы дала тайпаларының қоғамдық өмірінде болған өзгерістерден басты бағыттары мал шаруашылығы және металлургия болған. Өндіріс шаруашылығының қарқынды өсуіне себеп болды. Шаруашылық ісінің негізгі түрлері: ми күтімі және қоғамдық отарларды қорғау, мыс шығару және балқыту қоғамдық өндірісте ерлерді бірінші орынға шығарды. Материалдық шаруашылық өндірісінде жөн рулық - қауымдық қатынастарда ерлер рөлінің басым болуын күшейту мен әкені патриарх, ақсақал ретінде құрмет және дәріптеу идеясы туды. Осы негізде ата-бабаға табып\ пайда болады.
Сартабан өзенінің кең аңғарында сондай атауы бар ескі қыстақтың жанында, Жаңаарқа ауданының «Ақтау» совхозының орталық ауласынан 38 шақырым солтүстік шығысқа қарай менгирлер тізімі орналасқан (184-сурет). Сақталған алты менгирлердің арасында төртеуі тізбектелін, арақашықтығы 1,5-тен 3,5 м - ге бағыты бойынша орналасқан. Екі менгир диагональ бойынша бұрыш құрайды.
Менгирлердің оңтүстік-батыстан солтүстік - шығысқа қарай дәстүрлі орналасқан. Менгирлердің тізбегі Нұртай о. аңғарында (Қызылшоқы тобы) және Қызыл - Арай (Көлденең) тауында бар. Осындай тас мүсіндер тізбегі А.Н. Липскиймен Оңтүстік Сібірден табылды.
«Қанаттас» менгирлерінің екі тобы Қызылшоқы тобынан 2-3 шақырым оңтүстікке қарай Нұртай өзенінің сол жағасында орналасқан. Осы топтың менгирлері диаметрі 2,5-3 м жабылмаған шеңбер түрінде орналасады. Ішкі алаңы қатты қыздырылған тастармен қаланған, оны отқа табыну салтының болуы дәлелдейді.
Темір астау шатқалында, Көрпетай тауының солтүстік - батыс етегінде батыстан шығысқа тізбектеліп орналасқан менгирлер тобы бар. Тігінен тұрған жеті менгирдің үш тобы диаметрі 6-6,5 м жабылмаған шеңбер құрайды. Шығыс тобының айнал ымы жерге үштен бірі жерге қазылып көмілген тік бұрышты тоғыз менгирден тұрады, кейбірі аударылған. Солтүстік жақта орналасқан менгирлерді қазу кезінде, 60 см. тереңдікте күл мен көмірдің үлкен үйіндісі, сондай-ақ жануарлар сүйегі түріндегі құрбандық қалдықтары байқалады. Бұл менгирлердің салттық маңызы болған және кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы дала тайпаларының идеологиясымен байланысты болғандығын дәлелдейді. Шеңбер бойынша қазылып көмілген менгирлер кейінгі қола дәуіріндегі (андронов мәдениеті) құрбандық шалу шеңберлерінің дәстүрлі құрылыстарының жалғасы ретінде қола мәдениетінің шарықтау кезінде туындады.
Қарқаралы ауданы, «Бесоба» совхозының территориясында, Нұра өзенінің жоғарғы саласының Бай ғана өзенінің аңғарында және Қарқаралы ауданы, Нүркен Әбдіров атындағы кеңшардың аумағында менгирлердің төрт тобы бар, оның арасында екеуі — Қаражал тауының солтүстік - шығыс етегінде, көне Алайғыр кенішінің маңында, ал қалған екеуі - көне Қаражал кен шығару орнынан алыс емес Бай ғана өзенінің басында орналасқан. Біздің бақылауымыз, менгирлер әдетте көне кеніштердің және кеншілер қонысының маңында кездеседі.
Төрт қырлы бағандар түріндегі жалғыз менгирлер Қарағанды қаласынан оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа және оңтүстік-батысқа қарай жиі кездеседі.
Қарағанды облысындағы Берекетті тауларында үстіңгі жағы мұқалған төрт қырлы бағандар түріндегі қысқа менгир тұр. Оның сақталған биіктігі - 1,2 м, ені - 48 см., қалыңдығы - 22 см. Шабан - сай аңғарында, Қызыл - Арай (Ақтоғай) совхозының орталық ауласынан 12 шақырым шығысқа қарай, төрт қырлы пішінге ұқсас гранит кесегінен жалғыз менгир тұр. Алып бұрышымен жерге қарап тур. Оның биіктігі - 3,5 м, қимасының өлшемі -1,2x0,6 м. Төрт қырлы бағана түріндегі менгир Егіз қойтас тауына (183,1-сурет) қарама - қарсы Ақтоғай ауданы Коунрад кеңшарының аумағында, Тоқырауын өзенінің сол жағасында тұр.
Төрт қырлы бағана түріндегі менгирлер Бұғылы тауында жиі кездеседі. Осындай алып менгирлердің бірі Шет ауданы, Нұра талды кеңшарының аумағында, Бұғылы (Қара қойтас) тауларының оңтүстік тау сілеміне қарсы Аққұдық шатқалында тұр. Ақшыл -қызғылт түсті граниттен жасалған менгир (биіктігі - 2 м, қимасындағы өлшемдері — 44x28 см.) тік бұрышты қалама түрінде тастардан қаланған көне ғибадатхананың орнында тур. Тастар шамасы күйдірілген болар, ол отқа табыну салтының жасалғанын көрсетеді.
Қылыш пішінді «қойтас» Ақтоғай ауданы, Көктас шатқалында орналасқан (182,3-сурет).
Қарқаралы қаласынан 40 шақырым оңтүстікке қарай стела түрінде бір қыры тегіс, екіншісі тар, қимасындағы өлшемі - 52x24 см., биіктігі - 1,8 м. менгир тұр. Оның жоғарғы жағы үшбұрыш болып келген, ол қойдың басын бейнелейтін стиль болып табылады.
Көкшетау және Соранг тауларына жақын орналасқан Ақ қойтас өзенінің аңғарында, Қарқаралы қаласынан 140 шақырым шығысқа қарай менгирлер қой басының ақшыл граниттердің ұзын жайпақ блоктарынан тұрады. Биіктігі шамамен 3 м тік бұрышты пішінді екі менгир Ақ қойтас өзенінің сол жағасында, біреуі Көкшетау тауында тұр.
Менгирлер тобы Сары табан өзенінің аңғарында тұр. Ең ірі қылыш тәрізді менгир №6 тізбектің солтүстік - шығыс ұшында орналасқан. Бұл құйрығы және аспанға қараған тұмсығы әлсіз көрсетілген қой бейнесінің стилі келтірілген. Менгир биіктігі - 4 м, қимасындағы өлшемі - 65x20 см. Қарама-қарсы ұшында биіктігі - 3,5 м. және қимасындағы өлшемі - 25-21 см. төрт қырлы баған түріндегі менгир №5 тұр, оның қасында биіктігі - 4 м. және қимасындағы өлшемі - 40- 15 см. үшбұрыш пішініндегі менгир №4 тұр. Соңғы екі менгирде біртіндеп басына ұласатын аттың жіңішке мойнының бейнеленген стилі көрінеді. Қалған үш менгирдің жоғарғы бөлігі мұқалған. Менгирлердің қасында үй-жайлардың қалдықтары және диаметрі 5 м домалақ тас ошақтың іргетасы байқалады. Оның орталық бөлігін шөп пен тал-шіліктер басып кеткен. Ошақтың түбінде 30 см - ге дейін жететін күлдіктің үлкен қалың қабаты және жануарлардың сүйектері табылды. Ошақтың тек әдет-ғұрыптық маңызы болған.
Ақсай I тобынан 600 м солтүстікке қарай, кең жазықтықта Ақсай II менгирлері бар (186-сурет). Бастары жоғары қараған қой мен аттың сұлбалары бейнеленген, пішіні төрт қырлы екі мұқият өңделген менгир. Менгир №1 алып ұшымен жоғары қараған. Биіктігі - 1,8м, қимасының өлшемі - 38x34 см. Менгир №2 биіктігі - 3,8 м, қимасының өлшемі - 40x36 см., аттың сызбалық бейнесін көрсетеді.
Тұмсықтары аспанға қараған қой мен аттың пішініндегі стилі бейнеленген Атасу менгирлер, қола дәуірінің басқа ескерткіштерімен бірге мегалиттердің батыс шекарасын қурайды.
Орталық Қазақстандағы әр түрлі менгирлердің бірін жартылай шеңбермен аяқталған жайпақ төрт қырлы стела құрайды.
Жоғарғы бөлігі жартылай шеңбер менгирлер қола дәуірінің соңында темір ғасырына ауысар кезде пайда болады. Олар көбінесе Қарқаралы даласында көне кеніштердің және қоныстардың қасында, соның ішінде Темірші, Кент, Қызыл - Арай тауларында жиі кездеседі. Жартылай шеңбермен аяқталған жайпақ стела түріндегі менгирлер Бұғылы, Қотыр - Қызылтау, Қаражал тауларында кездеседі. Олардың көбісі соңғы уақытта жойылған.
Циклоп өлшемді менгирлер Ақтоғай ауданы, Қызыл - Арай совхозының территориясында, Бегазы 28 шақырым солтүстікке қарай, Көлденең шатқалында тұр. Топта он менгир бар, және олардың барлығы алып көлемді. Олар араларында алшақ үш түйіннен тұратын тізбекпен орналасады. Сыртқы бітістері бойынша биіктігі - 3-4 м, ені - 1,5-3 м, жоғарғы жағы домалақтанған жалпақ гранит тақталар.
Домалақ мүсіндер типіне Ағадыр ауданы, Шүмек өзенінің аңғарында (183,3-сурет), сондай-ақ Жошы хан кесенесінен алыс емес Кеңір өзенінің сол жағасындағы «қойтастар» ұқсас. «Қой тастар» тобы Қарқаралы ауданы, «Бесоба» совхозының территориясында, Ақбастау өзенінің аңғарында тұр (188-сурет).
Баянауыл тауынан батысқа қарай, Қарағанды облысы, Ульянов ауданы, Керней кентінен 6 шақырым солтүстік - шығысқа қарай менгирлер тұр, жергілікті тұрғындар оны «серек тас» және «қалпақ тас» деп атайды. Алып ұшымен ол жоғарыға қараған. Менгир пішіні өніп-өсу органдарын дәріптеумен байланысты табынуды бейнелейді.
«Қанаттас» тобында Нұртай өзенінің сол жағасында үш жалпақ менгирден орналасқан (181-сурет), олардың екеуі жарты шеңбермен аяқталған, үшіншісі қой басының сұлбасы және денесінің алдыңғы аяқтары стилі бейнесі түрінде. Менгирлер биіктігі - 1,2-1,3 м, қимасының диаметрі 80-90x18-22 см.
Домалақ мүсін пішініндегі тас мүсіндер өте сирек кездеседі. Г.Ф. Миллер Семей Ертіс өңірі ескерткіштерін талдауға арналған өз жұмысында тауынан табылған қой мен аю екі тас мүсіндерін суреттейді.
Қой тас мүсінінің көптеген тобы Жаңаарқа ауданы «Ақтау» кеңшарының территориясында, Атасу өзенінің жоғарғы аңғарынан 25 шақырым солтүстігіне қарай, Қызылтау тауының оңтүстік-батыс етегінде, Қой шоқы шатқалында тұр. Қола дәуірінде осы жерде, әрине, салттық әдет-ғұрыптар өтті. «Қойтастар» солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 250 м созылып, тізбектеліп орналасқан. Жануарлар тұмсықтарымен оңтүстік және оңтүстік - шығысқа қараған. Неғұрлым ірі тас мүсіндер тізбектің бас жағының оңтүстік-батыс соңында тұр.
Қой шоқы тобында менгирлердің бірі қойдың шынайы бейнесін көрсетеді. Бұл граниттің ірі кесегінен жасалған қойдың домалақ мүсіні, мұнда мүйіздері алып, арқасы бүкір және құйрығы салбыраған қойдың келбеті анық көрсетілген. Тас мүсіннің биіктігі - 2,3 м, қимасының өлшемі - 60x18 см.
Осы тәріздес қойдың тас мүсіні менгирлердің үлкен тобынан алыс емес, Көрпетай тауының солтүстік-батыс етегінде, Темір астау шатқалынан табылды. Тас мүсіннің басы болған жоқ. Бұның қойдың тас мүсіні екендігін құйрығы салбыраған домалақтау, бүкірейген жотасы дәлелдейді.
Қойдың тас мүсіндерінің бірі Бұғылы II қонысына жақын, Шет ауданының Бұғылы тауынан табылды (189-су- рет). Ол үлкен қорымның шығыс қабырғасында орналасқан және бет-жүзі оңтүстік-батысқа қараған. Тас мүсіннің домалақ мүсін пішінінде ұсақ түйіршікті граниттің ірі кезектерінен қысып шығарылған. Шиыршықты мүйізінен тек болмашы іздері сақталған. Тас мүсін биіктігі - 1,5 м, ені - 42 см., қалыңдығы - 20 см. Пішіні бойынша Теміртас қой мүсіні Қой шоқы тобынан табылған тас мүсін №3 балама. Қой шоқы тас мүсіндеріне ұқсас қой мүсіні Кеңгір өзенінің і ол жағасында, Домбауыл кесенесінің маңында, Жезқазған і аласынан 46 шақырым солтүстікке қарай түр (190-сурет).
Бұғылы тас мүсіндерінің арасынан Шет ауданының Нұртайды совхозы Кенжебай фермасының жанында, Бұғылы тауының шығыс етегінің жайпақ төмпешігінде тұрған аюдың тас мүсіні ерекше қызығушылық тудырады (191-сурет). Тас мүсін диориттен жасалған, биіктігі - 1,5 м, қимасының өлшемі - 48x28 см. Жануардың сипаттамалық бітістері анық берілген: оның алып кескіні, мықты жотасы, мойыны, құлақтары, үшкір мықты басы және жоғары қараған тұмсығы анық көрсетілген.
Жақын уақыттағы қызықты олжаның бірі суретші А. Мұсатаевпен Қусақ өзенінің оң жағасы, Бидайық шатқалынан табылған түйе басының мүсіні (192-сурет).
Шатқал Беғазыдан 40 шақырым оңтүстік - шығысқа қарай тұр. Басы қою - жасыл түсті пагодиттен жасалған, оның шыққан жері Құсақ өзенінің оң құйылмасы, Қазанғап өзенінің аңғарында, Бидайық шатқалынан 20 шақырым солтүстік-батыста түр. Түсі және текстурасы бойынша тас адамның басы бар тас келі сапқа ұқсайды, ол Эрмитажда сақтаулы (инв. №1645/1 ).
Жоғарыда аталғандай, Орталық Қазақстанда жануарлардың екі мүсіндік бейнелері кездеседі. Бірінші түрі жануарлар бейнесін стильденген түрде, ежелгі қола дәуірінің мәдениетінен бастау алған мәнерін үшкір үшбұрыш түрінде көрсетеді. Стильденген жануарлар (қой, ат, түйе) басы бейнеленген қылыш тәрізді стелалар Ақ қойтас, Сары табан, Ақсай, Қой шоқы және т.б. елді мекендерінде тұр.
Мүсіндердің екінші түрі жануарлардың өздеріне тән бітістері салыстырмалы түрде егжей-тегжейлі көрсетілген олардың шынайы бейнелерімен ерекшеленеді. Оған Қой шықтан табылған қойдың мүсіні, Бұғылы мен Теміртастағы қой мен аю, Қызыл - Арай ауданынан табылған түйе басының мүсіні дәлел бола алады. Осы тәріздес сібірлік тас мүсіндерді М.П. Грязнов, Е.Р. Шнейдер және С.В. Киселевтар да суреттеген. Олар бұл мүсіндерді қарасу заманына тән деп есептейді. С.В. Киселевтің пайымдауынша, «вне пределов Минусинской котловины такие изваяния не встречаются нигде» қойдың тас мүсіні тек Абакан даласына тән. Негізінен С.В. Киселевпен келісе отырып, Л.P. Кызласов басқа көзқарасын білдіреді: қарасу өнерінің дамуы ежелгі андронов негізінен бастау алады, ол ақыл-ойға әбден қонымды. Сонымен қатар қарасу стелаларындағы күрделі суреттердің сипаты бойынша ежелгі шамандық табынушылықпен байланысты және «жоғарыға қарай үшкірленетін пішіні бар қылыш тәрізді» стелалар кейінірек пайда болуы мүмкін. Орталық Қазақстандағы қылыш тәрізді стелалар белгілер түрінде қосымша бейнелер мен суреттерден бос болуымен айрықшаланады.
Орталық Қазақстанның тас мүсіні мүлдем өзгеше. Бұл өнер стильдік пішіндегі жануарлар бейнесінен шынайы беғазы - дәндібай заманына және ежелгі көшпенділер дәуіріне дейін біртіндеп дамыды.
Осы бөлімнің материалдары идеологиялық көріністердің, ежелгі путқа табынушылық ғибадатханаларымен байланысты діни салттардың көп жоспарлы және толықтай анық емес әлем суретін бейнелейді. Осы күрделі ескерткіштерді қалдырған Орталық Қазақстанның кеншілері және металлург, малшылары және жер игерушілер өздерінің табиғат және қоғам танымдар гаммасын көрсетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Липский А. Н. Новый вид каменного изваяния из Южной Сибири. КСИИМК, 1955, № 59. С. 160, рис. .71.
2. Appelgren-Kivalo. Alt-Altaische Kunstdink maler. Hilsinki, 1931. Рис. 130.
3. Miller G. Observations histaricae, 1735. Архив ЛОИА АН СССР, ф. 46, on. 1888, д. 46, л. 64.
4. Мошинская В.И. О некоторых каменных скульптурах Приирты¬шья. КСИИМК, XLIII, 1952. С.45-54.
5. Наковник Н.И. Охотники за камнями. JI., 1966. С.168-169.
6. Грязнов М.П., Шнейдер Е.Р. Древние изваяния Минусинских степей. МЭ, т. IV, вып. 2. Л., 1929; Грязнов М.П. Минусинские каменные Ппбы в связи с некоторыми новыми материалами. СА. 1950, XII. С. 131. Киселев С. В. Древняя история Южной Сибири. С. 160-172.
7. Киселев С.В. Указ. соч.С. 166.
8. Кызласов Л.Р. Андроновские антропоморфные фигурки из Средней Азии. КСИИМК, 1956, вып. 63. С. 20-21.
9. Хайрутдинов Д.Х. Древние каменные изваяния в Северном При-балхашье. Вестник АН КазССР, 1960, № 4. С.8.
5-БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ӨНЕРІ
Бүкіл қола дәуірі бойы көптеген этникалық туыстас дала тайпаларын өзара біріктірген мәдениеттің күрделі даму үрдісі өтті. Орталық Қазақстанда қола мәдениетінің дамуындағы өзгерістер кейінгі қола дәуірінде пайда болады. Кен ісінің, металлургия және бақташылық мал шаруашылығының дамуы негізінде құрылыс және тас қашау ісінде, металл өңдеу өнерінде және керамика өндірісінде бұрын-соңды болмаған даму үрдісі өтті. Бұл «мыс және қалайы, сондай-ақ қоладан балқытылатын... жарамды құралдар және қарулар беруімен ...» байланысты болды.
Тастан қарағанда неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуымен адам ағашты, тасты, сүйекті, металлды нәзік өңдеу, яғни жарқын ерекше өнерді дамытуға мүмкіндігін алды. Үй кәсіптерінде қола балталар, балға - шоттар, дүмі шығыңқы шоттар, шот балталар, қашаулар, бұрғылар және басқа да құралдар кең қолданылды.
Тас сәулет ескерткіштері, керамикалық өндіріс құралдары және басқа үй кәсіптері улы қола дәуірі мәдениетінің жасаушысы болып табылатын, Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі дала тайпаларының өмірінде терең өзгерістердің болғанын дәлелдейді.
ҚҰРЫЛЫС ӨНЕРІ
Тас құралдарынан металға және алғашқы аңшылықтан жаңа шаруашылық іс-әрекеті формаларына ауысуымен туындаған, бүгінгі замандағы Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың өміріндегі түбегейлі өзгерістер, біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың басында өтті. Бұл жетістіктер жануарларды қолға үйретуге және мал өсірумен, мыс металлургиясын игеруге, кетпендік егіншілікті дамытуға негізделді. Металдық құралдардың пайда болуы адамға ағаш пен тасты неғұрлым тиімді өңдеуге мүмкіндік берді.
Өндірістің жаңа формаларына ауысу, жаңа шаруашылық пен мәдени дағдыларды жинады, адамның дүниетанымын кеңейтті, жасанды үй - жайлардың пайда болуына, сөйтіп құрылыс ісінің туындауына түрткі болды. Осының барлығы б.з.д. екінші мыңжылдықта Қазақстанда кең етек алған, мыс пен қалайы металлургиясының пайда болуы арқасында мүмкін болды.
Кейінгі қола дәуірінде құрылыс ісі өте жоғары деңгейге жетті. Ол туралы үй-жайлардың құрылысын зерттеу, күрделі қабір үстіндегі ескерткіштер, сондай-ақ, гидротехникалық құрылымдар, бөгеттер бойынша жорамалдауға болады.
Көпжылдық зерттеулермен шамамен жүздеген ежелгі қоныстар анықталды, оның негізгі бөлігі Қарағанды, Жезқазған, Ақмола, Павлодар және Көкшетау облыстарының территориясында орналасқан.
Орталық Қазақстанның барлық қоныстарында үй-жай құрылысының жоспары бірдей. Бұл, негізінен ұнтаққа 30-40 см. батып тұрған, пішіні шаршы және тік бұрыш құрылыстар. Әсіресе Атасу, Бұғылы I, II, Ақкезең, Бекберген (Темірші тауында), Тағыбай - бұлақ қоныстарындағы үй-жай құрылыстарының қалдықтары айбынды.
Неғұрлым ерте дәуірлерде қатты қыс шарттары Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындарын үй-жайларын жерге батыруға, қабырғаларын ұсақ тастан қалауға немесе түріндегі жермен жауып тастауға мәжбүрледі. Тас қабырғалар ерте қола дәуірінде пайда бола бастады. Атасу кезеңінен (орта қола) тас құрылымдар құрылыс ісінде жетекші рөл атқара бастады. Буған Орталық Қазақстандағы тастардың молшылығы ықпал етті. Осы уақытта құрылыс материалы ретінде гранит, диорит, құмдақ, мергель, порфирит, қатпарлы тастар, туф және т.б. қолданылды.
Қола дәуірінде құрылыс ісінің шартсыз қол жеткізгені ішкі еден кеңістігін қиыршық таспен және саз балшықтың ерітіндісімен толтырып, гранит тақталарының көлденең екі қатар қаласынан құралған тас құрылыстар болып табылады. Құрылыстың екінші типі үшін тік бұрышты пішінге ұқсас тас кесектер таңдалды, осының арқасында қабырғалар тік қатар ретінде көрінеді.
Қола дәуіріндегі құрылыс өнерінің жетістілігі, әсіресе қабір үстіндегі ескерткіштерімен анық көрсетілген. Қабірлер үнемі обалар үймесінің астында болғандықтан, олар біздің күнге дейін жақсы сақталған. Осы алып ғимараттардың сол замандағы үй-жай құрылысымен көп ұқсастықтары болған (193-сурет).
Орталық Қазақстанда көптеген және ерте қабірлер тобының бірі сазды балшықта жұқа ұсақ тас тақталарынан көлденеңінен қаланған, жоспары шаршы немесе тік бұрыш пішінді. (194-сурет) Жер бетінде олардың айналасында диаметрі - 7-8 м, үйменің биіктігі - 30 см. шығыршықты қалама болады. Қосарланған және қатарланған шығыршықты қалалар бір-бірінің астына қатарланған. Андроновтан беғазы - дәндібай заманына өту кезеңінде цисталардың көлемі ұлғаяды, ал шығыршықты қалалар жерге тігінен қазылып көмілген жайпақ тас тақталарынан жасалған алып тік бұрышты немесе шаршы қорымдармен ауыстырылады (195-сурет). Ауыспалы немесе ерте беғазы заманына Ақсу II, Ортау II (б.з.д. ХІІІ-ХІ ғ.ғ.) молалары тиісті.
Ақсу-Аюлы II моласы диаметрі - 30, биіктігі шамамен - 2 м - ге дейін жететін оба үймесінің астынан табылды және бұрыштары домалақтанған шаршы тәрізді ғимарат. Ол екі тас қабырғамен қоршалған, олардың арасындағы бос орын ені шамамен 2 м айналып өтетін дәліз болған. Қабырғалар ең алдымен қырымен орнатылған, үлкен гранит тақталарынан тұрғызылған сыртқы айналма қорымға тірелген. Сыртқы айналма қорымның диаметрі - 24,5 м, тігінен тұрған тақталардың биіктігі - 1,2-1,6 м. Ішкі қабырғалар дәл грунт үстіне екі қатар орнатылған жайпақ және ұзартылған тас кесектерінен көлденең қалау әдісімен жасалған. Ұзартылған кесектерден қалама «жатқан күйінде» бір-екі қатардан соң тастармен алма-кезек ауысатын тесік «қадық» арқылы жүзеге асты. Осылайша толық байлам туындайды. Ғимарат қалқасынан күйіп қалған жуан бөренелі жақтаудан тұрған шатыр ғана қалған.
Ақсу-Аюлы II және Ортау II сәйкес, оба үймесінің астында екі, үш қабырғалы ғимараттар ертеде айналма қорымдардың трансформациясын көрсетеді және орта қола дәуірінің соңы кейінгі қола дәуірі, яғни ерте беғазы заманы (б.з.д. ХІІІ-ХІ ғ.ғ.) ескерткіштеріне тиісті болады.
Өзінің құрылысы және тағайындалғаны бойынша қабір үстіндегі ғимараттардағы тас тіреу бағандары тіреу тастарына және қола дәуірі үй - жайларындағы ағаш бағандары сияқты және қимасы тік бұрыш немесе шаршы өңделген тас бағандарды қурайды.
Беғазы қабірлерінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірін шыға беріске апаратын ұзын дәліз құрайды. Есігі шығыс жағынан жасалған және ғимараттағы екі ең ірі тақталармен белгіленген.
Кесенелердегі алтарь, отқа табыну және құрбандық шалу орны болған. Оны құрбандық оттың іздері және жану арлар сүйектерінің үлкен жиынтығы дәлелдейді.
Кейінгі қола дәуірінде тұрғын үйлерді салу кезінде сондай-ақ, ағаш та қолданылған. Ағаштан жасалған сәулет ғимараттары жайпақ балталар, шот балта, қашау, бұрғы көне т.б үшкір металдық аспаптардың пайда болуымен байланысты. Металдық аспаптардың көмегімен ежелгі шебер шаштарды шапты, оларды жонды, бұрғылады және элементтерін қиыстырды. Ағаштар бөрене, жаңғырық ретінде пайдаланды. Оны Шортанды - бұлақ және (III Қарқаралы ) қоныстарындағы үй-жайдың шабынды қалдығы дәлелдейді (196-сурет).
Бөгеттер қырымен орнатылған ірі гранит тақталарынан тұрғызылды. Олармен терең емес сайлар, шатқалдардың суларымен қоректенетін кішкентай өзендердің арнасы қоршалды. Бөгеттердің іргетасында биіктігі - 40-тан 80 см - ге дейін, ені - 20-30 см. тік бұрышты саңылау түрінде су ағызғыштар жасалды.
Беғазы - дәндібай заманының ескерткіштері Орталық Қазақстанда үнемі кездеседі және қола дәуіріндегі сәулет ескерткіштерінің тізбегіндегі соңғы түйіні болып табылады.
Қарастырылып жатқан дәуірдегі құрылыс ісінің жетістіктеріне, ең алдымен, көлемдік -кеңістіктік есептерінің шешімін, тік тастар мен ағаш бағандары көмегімен тіреу идеясын іске асыруды, пирамидалы - сатылы қалқа түрінде шатыр құрылысын шешуді, мегалит құрылысында алып тас тақталарын пайдалануды жатқызуға болады.
Кейінгі қола дәуіріндегі үлкен сәулет ескерткіштерінің тобын зерттеу, Орталық Қазақстандағы ежелгі құрылысшылар өз өнерлерін жаңа идеялармен толтырып, жетілдіргенін көрсетеді. Ежелгі шеберлер саз балшықтың иілімділігін, тас пен ағаштың құрылыс сапасын анықтады, ол әр түрлі пішінді құрылыстардың пайда болуымен, ең алдымен, мықты және берік ғимараттарды салумен негізделді. Құрылыс ісінің ауқымды дамуы, оны Орталық Қазақстанда өнер биігіне дейін жеткізу кейінгі қола дәуірінде өтеді.
ТАС ҚАШАУ ӨНЕРІ
Тас қашау өнерінің дәстүрлері неолит заманынан басталады. Қола дәуіріне адам тас өңдеудің мың жылдық тәжірибесімен келді. Кварц, халцедон, жылтыр тас, яшма кесектерін өңдей отырып ірі, орта және мөлшері кішкентай құралдарының арасынан адам тастың қасиетін таныды. Қола дәуірінде металдық құралдардың пайда болуына байланысты тас қашау ісі дами және жетіле берді.
Осы дәуірде тас өңдеу өнері ұтымды пішіні бар, жақсы жонылған және ажарланған тас құралдармен жасалған адам мен жануарлардың бейнесін түсірудің алғашқы тәжірибесін көрсететін тас менгирлер анық көрсетілген. Әсіресе, келі саптар, балғалар, үккіштер, келілер, белдік ілмегіне байлау үшін тар ұшында науасы ойылып жасалған дөңгелек және жұмыртқа тәріздес тас атқыштар үшін мұқият өңделген лақтырғыш тас дөңгелектер, кен уатқыш құралдары.
Лақтырғыш дөңгелектер ежелгі жауынгерлер мен аңшылар үшін тиімді қару болды. Осыдан олар маңызға ие болып, бойтұмар болды, мысалы, қазақ батырларының кейбір қару-жарақтарының құрмет тұту объектілері болды. Лақтырғыш тас дөңгелектер Шортанды - бұлақ, Қарқаралы II және т.б. қоныстарының, Қарқаралы ауданы, «Бесоба» кеңшарының территориясындағы Досан моласын қазу кезінде табылды. Кейде дөңгелектерде соляр шеңберінің бедерлі бейнесі болды, ол бойтұмар ретінде маңызды болды.
Басқа ажарланған және жиі-жиі жылтыратылған шағын дөңгелек тастардың басқа түрі ойын үшін арналған. Саңылаулардың және науалардың болмауы, оларда әшекей элементтері болғанын дәлелдейді.
Жұмыртқа тәрізді және шеңбер тәрізді тастар қоныстардың мәдени қабаттарында жиі табылды. Бұл олардың алғашқы қауым тұрмысымен және Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындарының соғыс дәстүрлерімен тығыз байланыстылығы туралы айтады (197-сурет).
Өткен бөлімдерде тас кесу өнерінің ескерткіштері менгирлер және ерте антропоморфты мүсіндері егжей - тегжейлі қарастырылды. Кейінгі қола дәуірінде тас кесу өнерінің күрделі түрлерімен қатар кішірек тас мүсіндер аса таяқтар, түйенің, аттың басы бар келі саптар пайда бола бастайды. Маңдайы кең, көздері сығыр, жалпақ үшбұрыш мұрны бар монғолдың беті қашалған тас тегістегіш Ақкөл қонысынан (198-сурет) табылды, ол ҚазССР Орталық мұражайында сақтаулы.
МЕТАЛДЫ КӨРКЕМДІК ӨҢДЕУ
Орталық Қазақстанның қола дәуірі тайпаларының арасында негізгі кәсіптерінің бірі металл өңдеу болды. Өндірістің бұл саласы соғу, басу, таңба салу және қүю өнерінің жаңа техникаларын қолдану негізінде дамыды. Қола бұйымдар Орталық Қазақстанда көптеп және жиі кездесті. Олар еңбек құралдары, тұрмыстық заттар және әшекейлер түрінде көрсетілген.
Металл өңдеудің темір соғу әдісі Орталық Қазақстанға бастапқы және қола дәуірінің барлық кезеңдері үшін тән болғанын айтып өту қажет. Соғудың, таңба салудың және құюдың ең ерте техникалық әдісі Ақшатау, I Бұғылы және Ақмола молаларынан табылған қола бұйымдарынан байқалады. Оларға көлемді домалақ мыс моншақтар (Ақшатау), құйылған қола айна (I Бұғылы ), ою бастырылып (пуансон) салынған қаптырма (Ақмола) тиісті (201, 202- суреттер). Осы барлық заттар ежелгі қолаға тиісті (нурин кезеңі).
Орта (атасу кезеңі) және әсіресе, кейінгі қола кезеңінде (беғазы - дәндібай мәдениеті) шығарылатын металдар саны жоғарылады және олардың саны жоғарылайды. Шыңғыс тауындағы Арқат-Әлжан көне кенішінен, Семей маңынан, Орталық Қазақстаннан (Киргизская степь), Баянауылдан, Қалба жотасынан, Марқакөлден, Курчум Алтайынан және т.б. табылған дүмі шығыңқы балталарының үлгілерінен анық көрінеді. Өнер шығармаларына Қалба жотасынан, Күршүм Алтайынан, Май Қапшағайдан (Зайсан ауданы)10 шыққан сәнді геометрлік өрнектермен әшекейленген балға - шоттар жатады.
Қан жалды, пышақтарды, жебе және найза ұштарын, жауынгерлік безеубастар және т.б. әшекейлеу үшін әр түрлі бейнелеу құралдары қолданылды. Бұл жануарлардың мүсіндік бейнесі, геометрлік пішіндер түріндегі (ромбы, үшбұрыш, сақина) өрнектер. Шығыс Қазақстан облысы, Самарск ауданы, Жұмба өзенінің аңғарынан кездейсоқ табылған және Иркутск мұражайында сақтаулы тұрған пышақ үлкен көркемдік құндылығын көрсетеді. Пышақ жоғарғы жағында жануарлардың стильденген кескіндері бар, көркемдік бейнесімен көрікті. Ежелгі өнердің үлгілерін Күршүм Ал-тайынан12 (МТМ сақтаулы) қола пышағы, Қарқаралы I, II қонысынан пышақтар, Ақ жала (Семей облысы) көне кенішінен, Қалба, Нарым жоталарынан, Бестөбеден, Степняктан және Ақсудан табылған алып қола пышақтар қурайды.
Жұқа және ойылған сабы және айналым тұтқыр бар пышақтар үлкен топты құрайды. Осы пышақтардың тобы 1868 жылы Қарқаралы округінің ауылдарының бірінде көрмеде көрсетілді.
Кертік, қылыштың сабы, айналма және дөңгелек тұтқыр (қалпақша) түріндегі бейнелеу өнері қанжалдарда да кездеседі. Орталық Қазақстанның әр жерлерінен табылған жебелердің қола ұштықтары әдемі және қайталанбас (203- сурет).
Б.з.д. II мың. аяғында мұндай жебенің қола ұштарының екі типін дайындады: екі қанатты пішінді білікті және кесінді. Олар бір-бірінен қатаң дәстүрлік пішіндерімен ерекшеленген.
Беғазы - дәндібай заманында (б.з.д. X-VIII ғ.ғ.) жебелердің қола ұштары әр түрлі бола бастайды. Осы замандағы білікті - екі қанатты жебе ұштары үшін тікенектердің болуы тән, кесінді - екі қанатты жебе пішіні үш табанды (Беғазы). Кейбір қола ұштары оюмен өрнектелген. Осылайша, Саңғыру III шағын жебе ұшының жалпақ қанаты сызықталған үшбұрыштардан тұрады.
Ерекше анықтылықпен металды өңдеу өнері зергерлік бұйымдардан көрінеді. Оларға қарап, кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстан қоныстарының тұрғындары арасында асқан шеберлердің болғанын байқауға болады. Ерте қола дәуірінің мыс әшекейлері неғұрлым ірі көлемімен ерекшеленеді. Мысалы Ақмола, Ақшатау және Бұғылы I тобынан қола моншақтарының қимасы 1 см. - ден кем емес, ал атасу кезеңіндегі моншақтардың диаметрі 5-6 мм - ден аспайды. Орталық Қазақстандағы ерте қола бұйымдарының қола әшекейлерінің өзіне тән ерекшелігін, ішінен қысу тәсілімен және ұсақ шұңқырлар мен олардың комбинациялар қатарының пайда болуымен орындалған сәндік өрнектер қурайды.
Атасу кезеңінен бастап, металды көркемдік өңдеу жетіле түседі. Қола әшекейлері аяқталған пішінімен және жеке детальдардың орындалу мұқияттылығымен сипатталады. Сәндік, ашық оюдың орнына пластика, геометрлік пішіндердің нақыштылығы келеді. Оны домалақ, жарты шеңбер, сопақ, тік бұрыш, шаршы, үшбұрыш және басқа формадағы қаптырма түріндегі көптеген жапсырма әшекейлер дәлелдейді. Қаптырмалар дәстүрлі пуансонмен, бедер салумен, қатпар мен және т.б. өрнектелген (20- сурет).
Әртүрлі пішіндегі қаптырмалардың арасынан жалпақ ілмектер, әсіресе қызықты. Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстан территориясында 9 жалпақ ілмек табылды. Ақмола моласында (Павлодар, Ертіс өңірі) ең ежелгі нурин кезеңіне тиісті жарқын геометриялық өрнегі бар, алты басты ілмек табылды. Кіші Қойтастан табылған төрт басты және тағы бір Мырза шоқыдан табылған үш басты ілмектің өрнегі осыған ұқсас. Былқылдақ III, Ақсу-Аюлы және Қара шоқысындағы (Тоқырауын ө. сагасы) жалпақ ілмектерінің өрнектері оларға ұқсас. Ақмола және Мырза шоқыдан табылған ілмектен өзгелері атасу кезеңіне (б.з.д XVI-XIV ғ.ғ.) жатады.
Саңғыру II (2), Ай шырақ (3), Беласар (4), Былқылдақ (1), Алексеев қонысы (3) тобынан табылған, бедерленген шырмауық түрінде конус тәрізді, аяқталған конусты шиыршығы бар, алып қола білезіктері ежелгі зергерлік өнердің жауһары болып табылады. (205-сурет). Қола тілімді білезіктер едәуір көптеп кездесті. Ондай сирек кездесетін заттарға Саңғыру III тобынан табылған қола іскек жатады. Осы қола мәдениеті заттарының баламалары Еуразияның басқа аумағында кездескен жоқ. Ол ежелгі Египет ескерткіштеріне ұқсайтын жалғыз ғана іскек.
Саңғыру I қабірінен Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Сібір, Каспий жазығы және Солтүстік Кавказ байырғы көшпенділердің тұрмысында кең қолданылған өрнектің негізі болған, ұштары домаланған торт жапырақты (крест тәрізді) гүл өрнек түріндегі қола бастырма табылды. Ол байырғы көшпенділер мәдениетін Бегазы мәдениетімен байланыстыратын мардымды түйін.
Археологиялық әдебиетте беғазы мәдениетінде пайда болған төрт жапырақты тілім, көшпенді әлемде дамып, оның сәндік өнерінде оюдың негізгі сюжеті болатынын дәлелдейтін мәліметтер аз емес. Осы мәнер әр түрлі нұсқада және әр түрлі материалдарда киізде, ағашта, саз балшықта, металда, сүйекте және т.б. кездеседі.
Торт жапырақтан жасалған гүл өрнектер байырғы ғұндардың сәндік өнерінің басым сюжеті болды. Оны Пазырық обаларында табылған олжалар дәлелдейді. Алтын табақпен жабылған және төрт жапырақты гүл өрнек пішіні бар ағаш және қола әшекейлері Алтайдағы екінші Башадарам обасынан табылды.
Төрт жапырақты гүл өрнек ат әбзелдерінің әшекейі болды. Бірінші Пазырық обасында ер-тоқымға жапсырылған, теріден жасалған торт жапырақ гүл өрнек пішіні табылды. Бесінші Пазырық обасындағы әсем ер-тоқым пішіні жартылай бойынша I Саңғыру жапсырмаларға ұқсас торт жапырақты гүл өрнек оюымен тігілген.
Төрт жапырақты жасалған крест тәрізді пішін, күнделікті пайдаланылатын заттардың негізгі әшекейі болды. Біз оны Пазырық оба 2 тері әмиянынан және 5-ші обадан («торт сәулелі жұлдыз») табылған кілем түгінен көреміз. Осы мәнер бас сүйегі деформацияланған жерлеу кезінде ілесе жүретін заттарда кездеседі.
Ғұн обаларында төртеуі бұрыштарында, біреуі ортасында бес дөңеспен өрнектелген, шаршы түріндегі, жапсырмалы қаптырманың торт жапырақты пішіннің нұсқалары табылды. Кейінгі ғұн өнерінде тілімдердің селдір нұсқасы, сондай-ақ, оның әр үш және бес жапырақ түрлері пайда болады. Ұштарында және ортасында тастары бар ғұн тілімдерінің нұсқасы М.П. Грязнов қызықты суреттейді.
Нәтижесінде торт жапырақты гүл өрнек құрылымы қыпшақтардың, кейін қазақтар мен қырғыздардың өрнек өнерінде негізгі элемент болып табылады. Ою ретінде біз оларды металдық, ағаш, сүйекті және керамикалық бұйымдардан байқаймыз, мұнда төрт жапырақты гүл өрнек орталық композицияның негізін құрайды.
Ұштары шиыршық төрт күлтеден тұратын гүл өрнек қыпшақ қола айналарында бейнеленген, олардың бірі Батыс Қазақстан Кіші Өзен ө. аңғарындағы Қараобадан табылған, екіншісі Эрмитажда сақталған. Үшінші айна Г.А. Федоров - Давыдовпен суреттелді, ол шиыршықты төрт жапырақты гүл өрнекті крест тәрізді күрделі ою ретінде анықтады.
Г.А. Федоров - Давыдов жұмысында ғұннан қыпшаққа дейінгі төрт жапырақты гүл өрнек эволюциясына талдау беріледі. Автормен торт жапырақты гүл өрнекпен әшекейленген оннан аса металдық бұйымдар табылды. Негізгі бөлігі бел буу жиынтығы болып табылады.
Қола айналар, әйелдер сәндік заттарының айнымас бөлігі болып табылатындықтан, қола заттарының арасында елеулі орын алды. Орталық Қазақстан территориясында қола дәуірінің әр кезеңінде дайындалған, қола айналарының үш типі табылды. Ілмегі бар, пішіні дөңгелек, неғұрлым ерте типі I Бұғылы тобынан табылды. Айналардың екінші типі сырт жағында айқын көрсетілген ілмегі бар шаршы пішінді. Бір айна I Саңғыру және екіншісі Бурабай курортында табылды. Қарқаралы ауданы, Досан тобынан табылған неғұрлым кейінгі, айнаның үшінші пішіні дөңгелек алып сабы бар.
Қола айналардың шығу тегі дәстүрлі түрде Солтүстік Иран және Месопотамиямен байланысты. Біздің заманда зерттелген материалдар ежелгі өнер ескерткіштері металлургиясы дамыған әр түрлі аймақта өздігінен пайда болғанын дәлелдейді.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірі қоныстарын және молаларын қазу кезінде көптеген қола еңбек құралдары, мыстан, қоладан және алтыннан құю, соғу, нақыштау және тығыздау техникасымен дайындалған қару-жарақтары және әшекейлер табылды. Бұл металды өңдеу және одан әр түрлі бұйымдар жасау әдістері Орталық, Солтүстік - Шығыс Қазақстанда, Оңтүстік Орал өңірінде, Алтайда, Енисейде, Төменгі Поволжьеде кейінгі қола дәуірінде кеңінен таралды.
Байырғы зергерлермен дайындалған көптеген алтын бұйымдар: жүзіктер (206-сурет), бел буатын белдіктің әшекейі болып табылатын алтын құрсаулар, алтын сырға (домалақ, шиыршықты, оралған алтын жіптен жасалған алқа (207-сурет), екі майысқан іші қуыс түтік түріндегі алып алтын білезіктер (207-сурет) аса қызығушылық білдіреді.
Қола және алтын әшекейлер олжасының көптігі Қазақстанның орталық және солтүстік-шығыс аудандарында ежелгі шеберлерге шеберлігін жетілдіруге және ежелгі зергерлер өнері жаһандарын дайындауға мүмкіндік беріп, алтын мен мыс шығару қарқынды дамығанын дәлелдейді.
СҮЙЕК ОЮ ІСІ
Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда үй кәсіптерінің айнымас бөлігі болып табылатын сүйек ою ісі кең етек алды (195-сурет).
Өзінің қайталанбас пішінімен Атасу және Шортанды - бұлақ қоныстарын қазу кезінде табылған нәзік өңделген сүйек псалийлері көз тартады. Керамикасы орта қоланың соңын белгілейтін (б.з.д. XIV-XIII ғ.ғ.), Атасу қонысының 4-ші және 21-ші үй-жайларының мәдени қабаттарынан табылған псалийлер алғашқылардың бірі болып табылды. 4-ші тұрғын үй псалийі ұшы сынған, ал 21-ші тұрғын үйде - үш тесігі бар майысқан сүйек түтігі түрінде болды. Бір ұшы сынған сүйек псалийі Шортанды - бұлақ қонысынан табылды. (198,33-сурет). Өңдеу нәзіктілігі мен мұқияттылығы бойынша шортанды - бұлақ псалийлері атасудан асып түседі. Сүйек псалий сондай-ақ Тасты - бұлақ (Ақтөбе облысы) қонысынан табылды.
Жұмсақ жылтыратылған сүйек жіліктер, түймеліктер, ілмектер, моншақтар коп табылды, кейде іргелес дөңгелектер, үшбұрыштар және ромбы тесікше мәнеріндегі тұтас өрнегімен көмкерілген. Осылайша, ұштарында жарты шар шоқысы барған және іргелес дөңгелек оюымен ойылған пішіні сопақша тас түймеліктер Алексеев қонысынан табылды. Пішіні ұқсас ұшында дөңгелек төмпешіктері бар және шиыршық түрінде оюы бар тас түймеліктер Бегазы 2 кесенесінен, түймеліктің неғұрлым қарапайым үлгісі - Кіші Красноярка31 қонысынан табылды.
Сүйек ілмектерін және түймелерін дайындау үшін құстар мен ұсақ дала аңдарының жіңішке жілік сүйектері пайдаланылды. Бүйірлері цилиндр пішінді сүйек ілмектері Беғазы 2 кесенесінен (208,39-сурет), Ай шырақ I тобынан, Алексеев I қонысынан, Қарқаралы II қонысынан табылды. Қарқаралы ілмектерінің бірінде біз оюды көреміз (208,2-сурет). Әсіресе, Алексеев қонысынан табылған аттың басы түріндегі сүйек ілмектері тамаша. Осы шағын буйымда ат басының элементтері айдары, жалы және маңдайы шағын үшбұрыштар қатарынан шартты сызықтармен бейнеленген.
Сүйек бұйымдардың арасында жануарлардың жілік сүйегінен ине қаптар, ойылма бастырмалар, тілмелер және т.б. бар. Шортанды - бұлақ қонысында ромбы және үшбұрышты өрнек ойылған аттың (жілік сүйек) табылды (208,38-сурет). Үшкір аспаппен орындалған, ортасында нүктесі бар, центрлес дөңгелектер қатарынан, оюмен көмкерілген, құстардың жілік сүйектерінен жіңішке жілік (ине қап) сүйек ою өнерінің үлгісі болады. Осындай жілік 5-Беғазы тақталы кесенесінен табылды. Дөңгелек ойықты оюмен өрнектелген балама ине қап, Қарқаралы II қонысы 1-ші үй-жайдың мәдени қабатынан табылды.
Сырт жағында ілмегі бар жарты шар пішінді, жұқа жылтыратылған тас түйме Шортанды -бұлақ қонысының 14-ші үй-жайынан табылды. Осы балама сүйек ою өнерінің заттары арасынан олардың кейінгі нұсқалары Жоғарғы Обаның ескерткіштерінен табылды.
Шортанды - бұлақ қонысынан екі үшкір ұштары бар сүйек циркуль табылды, оның арасында біреуі - ұзын, екіншісі — қысқа. Ол, шамасы сулы саз бойынша ою ойылған, сондай-ақ, сызықтарды өлшеу және дөңгелектерді түсіру үшін қолданылды. Сүйекті циркульдің бір ұшы ілмек үшін жіңішке ойығы бар домалақ қалам түрінде жасалған. Циркульде ұштары біресе төменге, біресе жоғарыға қараған шағын үшбұрыштар қатарынан туратын ою ойылған.
Ою түсіруге арналған бір ұшы үшкір, екіншісі дөңгелек доға тәрізді пішінді сүйек ұшы Айшырақ Б тобынан табылды. Осы жерден ортасында үлкен тесігі бар сүйектен жасалған түзеткіш - шеңбер табылды. Осындай сүйек түзеткіштер және олардың дайындамалары Беғазы, Былқылдақ кешендерінен, II Қарқаралы қонысынан табылды (208,21-сурет). Мұқият жылтыратылған сақиналар Қостанай астында Алексеев қонысынан табылды. Жұқа өңделген сүйек түзеткіштер садақшылардың, жауынгерлердің және аңшылардың заттары болды.
Түбі жайпақ, қабырғалары тік және беті жылтыратылған цилиндр пішінді сүйекті стакан өте сирек кездеседі. Ол ірі жануардың жілік сүйегінің дистальды ұшынан жасалған, Шортанды - бұлақ қонысының 14-ші үй-жайының мәдени қабатынан табылды.
Қашалған сүйек заттар кейінгі қола дәуірінің Орталық Қазақстан қонысы тұрғындары арасына таралған сүйек ою өнерінің айрықша ерекшелігін қурайды. Сәндік оюмен өрнектелген циркуль, мор, стакан, ине қап сияқты осындай заттар Орталық Қазақстаннан ғана табылды.
Жануарлардың, әсіресе аттың жілік сүйектерін көркемдік өңдеу қола дәуірінде кең етек алады. Жоғарғы жағы жақсы жылтыратылған немесе дайындама түріндегі метаподиялар Жезқазған тұрақтарынан, Садчиков қонысынан, Атасу, Қарқаралы I, II, Шортанды - бұлақ қоныстарынан табылды. Өндеу ізі сақталған аттың метаподиясы Кольский түбегінен қола дәуірі жерлеу орындарынан, Кіші Красноярка қонысынан, Енисейден табылды. Метаподиялар ине қаптар немесе біз, түйреуіш, шанышқы, жебелердің қола ұштары сияқты үшкір заттарды салу үшін қаптама ретінде қолданылды.
Сүйектерді неғұрлым жақсы қашайтын шеберлер Шортанды - бұлақ қонысының ежелгі тұрғындары болды. Сүйектен жасалған заттарды өрнектеудің негізгі көркемдік әдісі сына жазу белгілерін еске түсіретін ұштары ұзартылған мәтіндегі дәстүрлі үшбұрышты қашалған ою, ортасында нүктесі бар іргелес дөңгелектер қатарынан туратын ою, сондай-ақ, ұштары біресе үстіне, біресе төменге қараған, шағын үшбұрыштар қатарынан жасалған ою (208,24-27-суреттер).
Қола дәуірінде сүйектерді өңдеу және оны қашау өнері Орталық Қазақстанда дамыған кәсіптердің бірі болды, әсіресе беғазы - дәндібай заманында (б.з.д. X-VIII ғ.ғ.). Бұл өнер ерте сақ заманында дамуын жалғастырды (б.з.д. VII-VI ғ.ғ.). Оюмен өрнектелген, сүйектен жасалған олжа заттары қонысындағы айрықша ерекшелігін құрайды.
КЕРАМИКА
Орталық Қазақстанның қола дәуірі мәдениеті туралы беғазы - дәндібай заманында шарықтау шегіне жеткен керамика жарқын көрініс береді. Керамика арқылы жазба көзі болмаған тарихи кезеңдердің хронологиялық шекарасында орналасады. Өйткені дәл осы керамика мәдениеттің басқа заттарына қарағанда жеке кезеңдер өндірісінің өзіне тән ерекшелігін қурайды.
Әр түрлі тарихи кезеңдеріндегі сәулетіне ұқсас, қола дәуірінің барлық кезеңдеріндегі керамика өрнектеудің басым пішіндерінің және дайындау тәсілінің типологиялық ерекшелігімен сипатталады.
Орасан зор керамикалық материалды зерттеу неолит дәуірінің соңынан бастап (б.з.д. V-IV мың.) ерте темір дәуіріне дейінгі кезеңде Орталық Қазақстандағы керамика өнерінің өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Көптеген неолиттік тұрақтардың және қола дәуірінің қоныстарының керамикасын зерттеу энеолит, ерте, орта және кейінгі қола торт негізгі тарихи кезеңдердің хронологиялық шекарасын анықтауға әкелді.
Орталық Қазақстанда табылған ең ерте керамика кейінгі неолитке және энеолитке тиісті. Осы керамиканың елеулі бөлігі шұңқырлы және сызықты оюы бар, қолмен жапсырылған кішкентай құты ыдыстарының бөлшектері түрінде Бетпақдала 240 (Қасалбай табаны, Итөлген, Нарөлген, Тарөзек, Қосқұдық, Шыбынды, Жаман-Айбат тұрақтары) құм төбе және өзен тұрақтарынан жиналды. Сары - сұр түсті энеолиттік керамиканы бөлшектері Жеті - Қоңыр, Қарабұлақ және Сәмен құм төбелерінен табылды. Кремний мүкәммалы бар тұрпайы жапсырылған керамика Сарысу өзенінің (Бөрі бас, Тұзды сай, Бас үйген және т.б.) тұрақтарынан табылды.
Энеолиттік керамика елеулі көлемде Н.В. Валунскиймен Жезқазғанның Милықұдық, Златоуст, Беловское тұрақтарынан, Кресто - Север, Петрохолм террасалық тұрақтарынан жиналды. Жиналған материалдарда қабырғалары тік және шұңқырлы, тегіс және сызықты өрнегі бар, құты ыдыстарының бөлшектері басым. Осы тәріздес керамика Зеленая Балка, Қарағанды, Бөрі бас, Бөрі ойнақ, Шерубай - Нұра, II, V, VI, VII Қарқаралы энеолиттік тұрақтардан жиналды.
Материалдарды салыстыру анализі Орталық Қазақстанның энеолиттік керамикасы Саксаульская бекетінің, Кіші Өзен, Ертістің құм төбе тұрақтарының, Торғай даласының құм төбе керамикасына ұқсас.
Атасу кезеңінің керамикасы (б.з.д. XVI-XIII ғ.ғ.) ерте қола керамикасы пішінінің әр түрлілігімен, ірі мөлшерімен және елеулі сыйымдылығымен ерекшеленеді53. Негізінен, бұл қыш құмыралар, пішіні құты тәрізді ыдыстар және қазан тәрізді ыдыстар. Олардың арасында ең ірілерінің биіктігі - 28- 30 см., ауыз жиегі диаметрі - 32-33 см., түбінің диаметрі - 12- 15 см. және одан үлкен; ең кішісі сәйкесінше — 12-14, 15, 7. Барлық ыдыстар әдетте жайпақ түпті, иіндері шығыңқы, мойындары кейде иілген және түп асты шығыршықты. Атасу заманының қыш құмыралар сұлбасында Орталық Қазақстанның ерте қола керамикасынан бастау алатын бұрынғының бітістері сақталған. Осы серияның арасында иіні шығыңқы, түп асты биік конус тәрізді және мойыны қысқа созылыңқы пішіндегі үлкен ыдыс көңіл аудартады. Кейінірек бұл пішін скифтік қола қазандары үшін үлгі болады.
Атасу заманындағы керамиканың ерекшеліктерінің бірін осы уақытта ыдыстың мойыны бойынша жапсырмалы қойтастардың бастамасы пайда болуы қурайды. Ерте қола керамикасында олар болған жоқ, ал беғазы - дәндібай заманындағы керамикалық ыдыстар үшін олар өздеріне тән сипаты бола бастайды.
Атасу кезеңінің өзіне тән сипатын мойынын бүйірінен бөлетін ерекше кертпеш қурайды. Иіндері шығыңқы және мойыны анық қырлары үшкір қыш құмыралардың үлкен тобы салыстырмалы түрде шектеулі таралған. Оған балама Оңтүстік - Шығыс Зауралье, Төменгі Поволжье шабынды мәдениеті керамикасында кездеседі. Енисейде ондай ыдыс жоқ.
Атасу керамикасын дайындау кезінде оның қолданысына көп көңіл бөлінгендіктен ол қарапайымдылық және оңай жасалуы тән. Сонымен қатар ол да өзінше әдемі. Оған: қатаң тепе-теңдік және ішкі, сыртқы беттерін мұқият өңдеу тән. Атасу кезеңіндегі керамикалық ыдыстардың беті арнайы жылтыратқышпен мұқият жылтыратылған. Осындай керамиканың елеулі бөлігі Ай шырақ, Бегазы А, Беласар, Егізек, Жамбай - Қарасу молаларын, Атасу, Бұғылы I, II және т.б. қоныстарын қазу кезінде табылған. Тегіс және ұсақ тарақ тәрізді таңбамен орындалған өрнек ыдыстың барлық жоғарғы бөлігін (ауыз жиегі, мойыны, иіні және бөлігі) көмкереді. Геометрлік өрнектер, көбінесе тік бұрышты және қырлары тең үшбұрыштар (ауыз жиегі, мойыны бойынша), каннелюрлер, меандрлар (мойынында), иректер, күрделі меандрлар және фестондар (иіні және бүйірінің жоғарғы жағы бойынша) оюдың басым сюжеті болып табылады. Нақты пішіндермен және бай өрнектермен Қарқаралы, Балқаш өңірі аудандары және Сарысу ө. бассейінің керамикасы ерекшеленеді.
Атасу кезеңінің керамикасы өзінің басты бітістерінде ерте қоладағы керамикалық өндіріс дәстүрлерін сақтайды. Ол дәстүрлі құты пішінді ыдыстар (Былқылдақ I) және түп асты шығыршықты қыш құмыралар (Ай шырақ, Былқылдақ, Егізек) бойынша өрнек мәнерінің сабақтастығынан жақсы көрінеді. Сонымен қатар атасу кезеңінің соңында орта қоладан кейінгіге ауысу кезеңінде анықталған жаңа бітістер пайда болады. Осы ыдыстар андронов мәдениетіндегі пішіні мен және өрнегімен ерекшеленеді, олар тапал, шар тәрізді құмандар, түбі жайпақ және шығыршық тәрізді, мойыны анық көрінген, ауыз жиегі тік, үстіңгі жағы біраз қиылған және сыртқа қайырылған (Ай шырақ Б, II Ақсу - Аюлы , Бала құл болды Б, II Егізек, Беласар). Ай шырақ Б тобында ыдыстардың диаметрі олардың биіктігінен үлкен. Ыдыстардың өрнегінде дәстүрлі андронов бітістерімен қатар, ірі тарақ тәрізді таңбаның элементтері, сопақ және жарты шеңбер пішіні басылып жасалған, ерте грек ордер метоптар, тік бұрышты валют және т.б. түріндегі мәтіндер бар.
Орталық Қазақстанда қола дәуірі кейінгі қола дәуірінде шарықтай түседі, ол металлургияның, құрылыс ісінің, мал шаруашылығының және үй кәсіпшілігінің қарқынды дамуымен негізделген.
Сол замандағы керамика қайталанбас өзгешелігімен ерекшеленеді. Анық пішіні және өрнегінің мол болуы, скиф алды заманында Орталық Қазақстанның керамика жасаушыларының жоғарғы шеберліктері туралы айтады. Беғазы, Саңғыру, Дәндібай, Айбас - Дарасы және т.б. жарқын керамикалары үйлесімділік заңын таныған шеберлермен туған. Беғазы - дәндібай заманының керамикасының баламасы не Замараев ескерткіштер шеңберінде, не Төменгі Поволжье шабынды мәдениетінде, не Жоғарғы Обь керамикасында және Томск моласында, не қарасу Енисей мәдениетінде де жоқ. Бұл өз дамуында мүлдем өзгеше және ерекше керамика, оған қола мәдениетінде тең келері жоқ.
Атасу, Бұғылы, Шортанды - бұлақ, Суық - бұлақ (Қарқаралы III), Тағыбай - бұлақ қоныстарынан, Беғазы, Саңғыру, Дәндібай, Айбас - Дарасы, Бұғылы III, Айдарлы, Кент, Былқылдақ қабырынан беғазы - дәндібай заманының көптеген керамикасы табылды. Олардың молшылығы скиф алды заманда далалықтарда керамикалық ыдыстардың маңызын дәлелдейді. Керамика дайындау сол замандағы үй өндірісіндегі ең маңызды салаларының бірін құрады. Бұл сондай-ақ Орталық Қазақстан қоныстарындағы қыш құмыра күйдіретін пештердің қалдық олжаларымен дәлелденеді. Беғазы - дәндібай заманында қыш құмыраларды жасау (шикізатты таңдау, қоймалжың дайындау, қалыпқа құю және күйдіру) өткен кезеңдерге қарағанда неғұрлым жоғарғы деңгейде болды. Күйдіру ерекше ошақта жүргізілді, олардың қалдықтары Атасу, Шортанды - бұлақ қоныстарынан табылды.
Бегазы кезеңінің керамикасы пішіннің және өрнектің әр түрлілігімен айқындалған. Қоныстардан және қабірлерден табылған ыдыстар бірін бірі қайталамайды. Жабық үй өндірісі жағдайында шеберлердің жұмыстары бір-біріне ұқсамайтын, өзгеше.
Керамикалық ыдыстар өндірісі екі қолмен жапсыру әдісімен жүзеге асты. Түбі жайпақ ыдыстар тегіс үйке таспалық әдіспен қалыпқа құйылды. Керамиканың көптеген бөлшектерінің арасында шығыршықты белбеуде дәнекерлеу іздері бүйір жағында аз емес. Қалып ретінде құммен толтырылған кенеп қап пайдаланылды, Орталық Қазақстандағы керамикалық өндірісінің ерекшелігі болып табылады. Оны кейбір ыдыстардың ішкі қабырғаларында қалған матаның іздері дәлелдейді. Жапсырудың таспалық әдісімен шар тәрізді әсем ыдыстар жасалды.
Керамиканы өндірудің екі әдісі бар. Ол таспалық және саз балшық түйірінен басу. Бұл әдіс бүкіл Қазақстанда, Сібірде, Оралда және Төменгі Поволжьеде жаппай таралды.
Осы замандағы керамикалық ыдыстардың кең сериясы негізінен екі топқа бөлінеді: бүйірлі жұқа ас ішетін және бүйірі қалың ас дайындайтын.
Барлық бүйірі жұқа ыдыстар жұқа, майда ұсақталған гранит құмы араласқан саз балшықтан жақсы дайындалған. Майлы саз балшықтан майды ажырату үшін осы керамикалық қоймалжың құмы мінсіз құраушысы болды.
Көптеген бүйірі жұқа ыдыстардың беті қара түсті болды. Өйткені ыдыстар күйдірілгеннен кейін майлы сүтке батырылды, осы кезде казеин күлденіп, ыдысты қара жылтыр түске бояды. Қызыл түсті ыдыстар бетін гематиттік ұнтақпен жылтыратудың негізінде пайда болған. Қарамен жылтыратылған керамика Беғазы, Саңғыру I, Айбас - Дарасы, Бұғылы III мазарларынан табылды.
Бүйірі шар тәрізді, ауыз жиегі тік, мойыны анық және түбі жайпақ құмандар, пішіні шар тәрізді биік цилиндрлі мойыны бар, түбі жайпақ немесе дөңгелек құмандар пішіндерінің көптілігімен және нұсқаларымен айрықшаланады.
Өзіндік өрнегімен сәнделген құмыра түріндегі ыдыстар түрі кең көрсетілген. 1-Беғазы тақталы кесенесінен табылған түбі жайпақ құмыра тапал келген, олардың арасында аса көріне қоймайды. Бұл сұлбасының нақтылығымен және әсемділігімен көзге түсетін жалғыз ғана құмыра. Оның мойыны биік, толқынды, бүйірі шар тәрізді және түбі жайпақ. Ауыз жиегінің диаметрі және ыдыстың биіктігі бірдей дерлік. Екі бедерлі білік түріндегі ою мойыны қасында, олардың арасында көлденең толқынды сызықтар жіңішке сызықталған. Иіні бойымен жапсыру арқылы жасалған, емізік тәрізді шығыңқы төрт бедерлі төмпешіктер түріндегі «інжу» қатары өтеді. «Інжу» өрнегі ұсақ шұңқырлар қатарынан екі іргелес шеңбермен қоршалған.
Бүйірі шар тәрізді, қысқа, тік немесе имек мойыны бар, ауыз жиегі сыртқа қайырылған сағасы бар және түбі асты жайпақ сыйымды саз табақтар көрсетілген. Сағалары кең табақтар түп тұлғасы атасу кезеңінің соңындағы (Ай шырақ Б, Егізек II ) керамикадан кездеседі және ауыспалы кезең (Егізек II, Беласар) ескерткіштерінде тарала бастайды. Мойындары кең, бүйірлері тұрпайы, мойыны иілген және түп асты шығыршықты келген II Егізек тобының табақтары нурин кезеңін керамикасына барып тірелетін архаикалық белгілері болады. Ол, ыдыстың сұлбасында, конус тәрізді түп астында және өрнегінде кездеседі.
Кейінгі қола дәуірінің керамикасы үшін бір, екі, үш, әдетте бедерлі, қисық кертіктермен, қысулармен, еңкіштей ұзынша келген басулармен, қисық бұрыш торларымен, X - тәрізді пішіндер қатарымен әшекейленген, жапсырмалы біліктер тән. Жапсырмалы біліктер бүйірі жұқа ыдыстардың мойынын көмкереді. Жапсырмалы біліктердің көптеген нұсқалары Суық - бұлақ, Шортанды - бұлақ, Тағыбай - бұлақ, Қарқаралы II және Ұлытау қоныстарының керамикасында кездеседі.
Жапсырылған біліктердің бедерлі нұсқалары қабір үстіндегі ғимараттардың керамикасынан анықталды. Ол қоныстар мен молалардың бір уақытта болғандығын дәлелдейді. Біліктері жапсырылған ыдыстар Бегазы 1,3,4,5, Саңғыру I, Бұғылы III, Айбас -Дарасы және т.б. кесенелерінен табылды.
Жапсырмалы біліктер беғазы - дәндібай заманындағы ескерткіштер мен керамикалардың мерзімін анықтау үшін ең сенімді элемент болып табылады. Атасу керамикасында жапсырмалы біліктер әлі кездеспейді, біліктердің орнына ыдыстардың мойынын науа -каннелюрлер әшекейлейді. Біліктер орта қоладан кейінгіге (б.з.д ХІІІ-ХІ ғ.ғ.) ауысу кезеңіндегі керамикадан байқалады.
Беғазы - дәндібай заманының керамикаларының мерзімін белгілеудің тағы бір маңызды элементі Орталық Қазақстанға ғана тән, кейбір сирек таңбалар. Бұл табан пішіндері, қара түсті сырмен боялған бұршақ түріндегі шеңберлердің баспа - таңбасын беретін таңбалар, ыдыстың ішінен басылған төмпешіктер түріндегі «інжу» өрнек. Ауыспалы кезеңде және беғазы - дәндібай заманының керамикасын өрнектейтін элементтер тырнақты, жарты шеңбер, таға тәрізді, үшбұрыш болып басылған, көбінесе қара сыр құйылған болып келеді. Типтері әр түрлі штамптарды және басқа құралдарды пайдалану өрнектің сюжетін байытты және сурет құрылымындағы жаңа бітістердің туындауына әкелді.
Орталық Қазақстанның керамикасында сызықталған таспа атасу кезеңінің соңында және көбінесе ауыспалы кезеңнің керамикасында жиі кездеседі. Өрнекті таспалардың неғұрлым ерте бейнелері Былқылдақ кешенінен және Беласар тобының 6-шы қорымында кездесті. Оюдың элементтері волютасы бар меандр және Z - тәрізді пішіндер архаикалық және нурин кезеңіне, яғни ерте қолаға келіп тіреледі.
Беғазы керамикасындағы сәндік элементтер ретінде бұрышты және таға тәрізді таңбалардың, кілем ою-өрнегінің композициялық сюжетін құрайтын жарты шеңбер және тырнақты (Бегазы 2,4-ші ыдыс; Беғазы 4,1-ші ыдыс; Беғазы 5, 1,2,4-ші ыдыстар) басулар нақышы (Бегазы, Айбас - Дарасы, 7-13-ші ыдыстар) пайдаланылған.
Жарты шеңбер немесе үшбұрышты басулар, сәндік элементтердің бірі ретінде, атасу кезеңінің соңында және әсіресе ауыспалы кезең керамикасында пайда болады. Бұл элементтерді біз Ай шырақ Б қабірінің (11-шіоба-қорым, 3-ші ыдыс) керамикасынан, Егізек I (3,4,5-ші ыдыстар), Егізек II (6,7-ші ыдыстар) тобынан, Атасу, Бұғылы II, Қарқаралы II қоныстарынан табамыз.
Құрылыс ісі, керамика, үй кәсіпшілігі Орталық Қазақстандағы дала тайпаларының мәдениеті мыңдаған жылдар бойы эволюциядан өту суретін береді. Орталық Қазақстандағы қола мәдениеті дамуының негізгі бітісі жаңа ұрпақтың ескі дәстүрді шығармалық өңдеуі, ол ескі пішіндерден жаңаға өту кезеңіндегі сабақтастығымен сипатталады.
ОҚАЭ жұмысымен Каспий жазықтығынан бастап Сарыарқа территориясын және батысында Торғай төмпешігі елдерін, шығысында Ертіс аңғарынан, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаты және оңтүстігінде Арал - Балқашқа дейінгі су айрықты мекендеген тайпалардың тарихи өткенін, үлкен қабатын ашты.
Қола дәуірінде көптеген этникалық өзара туыстас дала тайпаларын біріктіретін мәдениеттің күрделі даму үрдісі өтті. Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің даму шегі соңғы кезеңде, кейінгі қола дәуірінде дамыды. Кен ісінің және металлургияның, мал шаруашылығының және үй кәсіпшілігінің дамуы негізінде құрылыс және тас қашау ісінде, металл өңдеу өнерінде және керамикалық өндірісте қайталанбас үрдіс өтеді.
Осы заманның керамикасы қайталанбас ерекшелігімен айрықшаланады. Нақты қалпы және әсем өрнегі скиф алды заманда Орталық Қазақстан керамикалардың таңғажайып асқан шеберліктері туралы айтады. Беғазы, Саңғыру, Дәндібай, Айбас - Дарасы және т.б. жарқын керамикалары үйлесімділік заңдарын таныған шеберлермен жасалған.
Қола және алтын әшекейлерінің көптігі Қазақстанның орталық және солтүстік-шығыс аймақтарында алтын мен мыс шығару қарқынды сипатта болғанын дәлелдейді, ол ежелгі шеберлерге шеберліктерін шыңдауға және көне зергерлік өнердің жаһандарын құруға мүмкіндік берді.
Кеніштер, ірі кен балқыту орталықтары және қоныстар алғашқы қауым экономикасының басты салалардың бірі ретінде кен-металлургиялық өндірісінің көлемі туралы, осы ежелгі өркениет негізінде Орталық Қазақстанда болуы туралы дәлелдейді. Бұл дәуір мал шаруашылығының қарқынды дамуымен, ат пен түйені көлік құралы ретінде пайдаланумен және алдымен жайылымдық отарлы мал шаруашылығына, ал кейін маусымдық қоныс аударуға біртіндеп ауысумен сипатталады.
Өздерінің көлемдерімен және сәулеттік аяқталғандығымен таң қалдыратын Беғазы 1 және 2, Бұғылы III, Саңғыру I кесенелері, күрделі мүсіндер, керамикалық өнердің бұйымдары Еуразия дала тайпаларының көне мәдениетінің көрнекті құбылыстар қатарына жатады.
Беғазы 1,2, Бұғылы III, Саңғыру I және басқа циклоптық ескерткіштер тайпалардың өсуі мен шоғырлануын, рулық тайпаның көсемдерін, ақсүйектерінің шығуы, оларға деп осы кесенелердің тұрғызылуын дәлелдейді.
Қола дәуірінің улы мәдениеті осы орасан зор аймақта туындаған ежелгі өркениеттің факторларының бірі болып табылады. Орталық Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді одан әрі зерттеу, осы дәуір туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 21. С.161.
2. Хранится в Семипалатинском музее. Колл. 1020/3.
3. Армстронг И. А. Семипалатинские древности. ИАО, т. II, вып. 4. Спб., 1861. С. 271, табл. 1,3.
4. Хранится в МАЭ. Колл. 35-11.
5. Хранится в Омском музее. Колл. 54/6.
6. Гос. Эрмитаж. Колл. 1138-1.
7. Гос.Эрмитаж. Кол. 1136-59.
8. Гос.Эрмитаж. Колл. 1122—84.
9. Хранятся в Усть-Каменогорском музее.
10. Хранятся в Семипалатинском музее. Ксшл. 1231/1- 34.
11 .Ядринцев Н.М. Описание сибирских курганов и древностей. Древнос-ти ТМАО, 1883, т. IX, вып. 2/3. С. 181.
12. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. Табл. LXV, 1.
13. Музей ИГН АН КазССР. Колл. 11/644.
14. МАЭ. Колл. 35-16, 17, 20, 68, 3211-1188, 928.
15. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. М. 1951. С. 198-200.
16. Руденко С.И. Башадарские курганы. КСИИМК, вып. XLV, с. 36, рис. 15, 2.
17. Грязнов М.П. Первый пазырыкский курган. Л., 1950. С. 69, рис. 27, 2, 7; Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. М.-Л., 1953. С. 181, рис. 111.
18. Руденко С. И. Указ. соч. С. 213, рис. 128, табл. УП, 1.
19. Там же. С. 97, рис. 49; с. 352, рис. 192; с. 353, рис. 195.
20. Минаева T.M. Археологические памятники на р. Гиляч в верховьях Кубани. МИА, 1951, № 23. С. 286, рис. 13, 1; Ростовцов М.И. Курганные находки. Оренбург. С. 44, табл. II, 7.
21. Руденко С.И. Культура хуннов и ноинулинские курганы. M.-JL, 1962. С. 35, рис. 27.
22. Там же. Табл. XXXII, 3, 5.
23. Киселев С.В. Указ. соч. С. 242, табл. XXXVII, рис. 13-25, 28-31; Грач А.Д. Археологические раскопки в Сутхоле и Байтайге. //Труды Тувинской комплексной археолого-этнографической экспедиции 1959 -1960 гг.». М.-Л., 1966. С. 98.
24. Вайнштейн С.И. Памятники Казылганской культуры. //Труды Ту-винской комплексной археолого-этнографической экспедиции 1959-1960 гг. Табл. VIII 25. Там же. Табл. X, 1-2; Федоров-Давыдов Г.А. Указ. соч. С. 56, рис. 5; с. 66, рис. 12.
26. Материалы второго совещания археологов и этнографов Средней Азии. С. 140, рис. 13.
27. Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под влас¬тью золотоордынских ханов. М., 1966. С. 66, рис. 12.
28. Сенигова Т.Н. Отчет о работе Западно-Казахстанской археоло-гической экспедиции 1953 г. //Труды ИИАЭ АН КазССР, т. 1. Алма-Ата, 1956. С. 55, табл. 1.
29. Акишев К. А. Саки азиатские и скифы европейские (общее и осо-бенное в культуре). //В кн.: Археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата, 1973. С. 53.
30. Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение. С. 87, рис. 22,3.
31. Черников С. С. Указ. соч. С. 234, табл. XXXIX, 6.
32. Кривцова-Гракова О. А. Указ.соч. С. 87, рис. 22, 4.
33. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. XIX, 1.
34. Валукинский Н. В. Дневник № 171, л. 36, 76.
35. Кривцова-Гракова О.А. Садчиковское поселение (раскопки 1948 г.). С. 164, рис. 14, 6; с. 165, рис. 15, 1-6.
36. Черников С.С. Указ. соч. С. 233, табл. XXXVIII, 3.
37. Турина Н.Н. Памятники эпохи раннего металла на северном побережье Кольского полуострова. МИА, 1933, № 39. С. 269, рис. 17,4.
38. Грязнов М.П. Неолитическое погребение у с.Батени на Енисее. МИА. 1953, № 39. С. 333, рис. 1-3.
39. Маргулан А. X., Акишев К. А., Кадырбаев М. К., Оразбаев А. М. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 326, рис. 19; с. 329, рис. 22, 23; с. 342, рис. 35; с. 397, рис. 62.
40. Коллекция В.Г. Григорьева. Хранится в Карагандинском музее и частично в Центральном музее КазССР. Коллекция А.А. Слудского хранится в музее ИИАЭ АН КазССР. Коллекция А.В. Мухли, А.Х. Маргулана и М.Н. Клапчука хранится в Карагандинском музее. Коллекция В.А. Селевина передана проф. М.Е. Массону (Ташкент).
41. Валукинский Н.В. Дневник № 171, л. 36, 36 об., 41, 41 об., 72 об; № 176, с. 39, 90, 130; № 177, с. 82, 84, 87; Джезказганский музей, инв. № 1207-12073, 12300-12395, 12816, 12817, 13404, 16301, 16751-16760, 18126.
42. Клапчук М.Н. Отчет по открытию и охране археологических па-мятников Центрального Казахстана. Архив ИИАЭ АН КазССР, ф. 220, с. 2, 5; Он же. Материалы к археологии Центрального Казахстана (Руко¬пись). Архив ИИАЭ АН КазССР, ф. 185, табл. 33, 6-8; табл. 35, 12; Он же. Отчет об археологических исследованиях в Центральном Казахстане в 1967 г. Архив ИИАЭ, ф. 248, с. 4.
43. Карагандинский музей. Колл. 61/34,38; 62/1,65/1,66/6.
44. Формозов А.А. Энеолитические стоянки Кустанайской области и их связи с ландшафтом. БКИЧП, 1950, № 15. С. 64-75; Он же. Кельте - минарская культура в Западном Казахстане. КСИИМК, 1949, вып. 25. С. 49-58.
45. Синицын И.В. Археологические исследования в Саратовской области и Западном Казахстане. КСИИМК, 1952, вып. XLV. С.72-73.
46.Чалая JI. А. Озерные стоянки Павлодарской области. Пеньки 1,2. //В кн.: Поиски и раскопки в Казахстане. Алма-Ата, 1972. С. 163-181, рис. 7,8, 10, 11.
47. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби.
48. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С. 62, табл. 1, 1—6; с.71, табл. IV; с. 282, табл. X, 1-5, 9-10.
49. Зданович С.Я. Могильник эпохи бронзы Бурлук I. // В кн.: По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970. С. 158, рис. 2, 1-8; с. 159, рис.3, 1-10, 15.
50. Оразбаев A.M. Северный Казахстан в эпоху бронзы. ТИИАЭ, т. 5. Археология. Алма-Ата, 1958. С. 283, табл. I, 1-15.
51. Кадырбаев М. К. Акмола - памятник андроновской культуры. //В кн.: Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. Алма- Ата, 1969. С. 99, табл. I, 1-11, II, 1-12.
52. Кадырбаев М.К. Могильник Сангру II. //Труды ИИАЭ АН КазССР, т. 12, 1961. С. 61.
53. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С.279. табл. LVIII, 1-15.
54. Там же, рис. 3, 7, 9, 11-13.
55. Маргулан А.Х. Комплекс Былкылдак. //В кн.: По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970. С. 183, рис. 15, 2.
56. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К.,Оразбаев A.M. Древняя культура Центрального Казахстана. С. 66, табл. Ill, 1-13; табл. LVIII, 1-15.
57. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа Центрального Казахстана. С. 157, рис.5,1,2.
58. Грязнов М.П. История племен Верхней Оби. Табл. VI, 10.
59. Там же.
60. Валукинский Н.В. Дневник № 177, л. 21, 55, 56, 153; № 176, л. 33, 38, 38 об.
61. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М. К.,Оразбаев A.M. Указ. соч. С.217, табл. XXVI, 19; XXX; Грязнов М.П. Памятники Карасукского этапа в Центральном Казахстане. С. 155, рис. 16, 1.
62.Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби. Табл. X, 1-6, 8-9; табл. XIII, 1, 3-7, 9-10; табл. XIV, 8-9, 11-13.
63. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев A.M. Указ. соч. С.279, табл. LVIII, 15.
64. Там же. Табл. XXV, XXX, XXXI, XXXV, XXXVI, LIX, 5.
БІРІНШІ БӨЛІМНІҢ СУРЕТТЕРІ
4-сурет. Пышақ тәрізді тіліктер
5-сурет. Қырғыштар. Қарағанды 15,19, 46, 41, 29
6-сурет. Нуклеустар және қырғыштар. Қарағанды 15, 16, 29, 37, 41.
7-сурет. Қыстырмалар, трапециялар, тескіштер, ұштар, жонғыштар, тегістегіш үтік, лақтыратын дөңгелектер, тас моншақтар. Қарағанды 15, 27, 41.
8-сурет. Жебе ұштары. Қарағанды 15, 27, 20, 19, 11
9-сурет. 3-ші қорымның қабаты және ондағы жерлеу орнының жоспары.
10-сурет. Марқұмның бас жағынан табылған тас құралдар. 3-ші қорым.
16-сурет. Жезқазған IV. 56-шы тұрақтың жоспары (тұрақ, олжалардың табылған жері, жол, бөгеу - көпір, сүрлеу жол, бөгеу - көпір)
17-сурет. 1-3 бифастар, 4-чопинг тәрізді құралдар. Тұрақ А.
18-сурет. Жебе ұштары. Тұрақ
19-сурет. Қырғыштар. Жезқазған XIV, Петрохолм, Милықұдық
20-сурет. Жезқазған XV тұрақтар тобының жоспары:
21-сурет.
1-тұрақтар, 2-қорым, 3-су айдыны, 4-бөгеулер, 5-тармақтар (жол). жоспары (Жезқазған)
24-сурет. Ұштар, қырғыштың қыстырмалары, уатқыш тәрізді құралдар.
26-сурет. Қырғыштар, жебе ұштары. Айнакөл
25-сурет. Жебе ұштары. Милықұдық
27-сурет. Тескіштер. Айнакөл
30-сурет. Айшырақ Б. 6 (3) және II (1, 2) оба - қорымнан табылған.
31-сурет. Егізек I, 23-қорым. Жоспары және қимасы.
32-сурет. Егізек I, 23-қорым. Керамикалық ыдыстар
33-сурет. Егізек II, 2-қорым. Қимасының жоспары
34-сурет. Егізек II, 2-қорым. Керамикалық ыдыстар
35-сурет. Беласар моласының жоспары
36-сурет. Беласар. Қорымдардың түрлері
37-сурет. Беласар. Ауыспалы кезеңнің керамикалары: 1,4- 6-шы қорымнан, 2 - 3-ші (24-ші) қорымнан, 3 - 60-шы қорымнан.
38-сурет. Беласар. 3-ші қорымның (24-жоспар бойынша) жоспары және қимасы.
41-сурет. 5-ші қорым, 7- жәшік. Сол жақ бүйірінде бүгілген күйіндегі жерлеу.
42-сурет. 5-ші (65) қорымнан табылған тұтқасы бар қыш тостаған.
43-сурет. Беласар. 5-ші (65) қорымнан табылған олжалар: 1-қола білезіктер және олардың бөлшектері; 2 - тігілетін қола қаптырмалар; 3 - қола сырғалар; 4 - қола моншақтар.
44-сурет. Беласар. 6-шы (42) оба - қорымның түрлері
47-сурет. Беласар. 2-ші оба - қорымнан табылған құман
49-сурет. Балақұлболды III. 2-ші (9) қорымның жоспары және қимасы.
50-сурет. Балақұлболды III. 2-ші қорымнан табылған ыдыстар.
51-сурет. Балақұлболды III. 3-ші қорымның жоспары
52-сурет. Балақұлболды III. Керамика
53-сурет. Балақұлболды II. 54-сурет. Балақұлболды II.
3-ші (10) жоспары және қимасы қорым. Адамның жамбас
сүйегіне қадалған қола жебенің ұшы
55-сурет. Байбала II қорымы
56-сурет. Ақсу-Аюлы II кешенінің жоспары
57-сурет. Ақсу-Аюлы II 2-ші қорымының жоспары және қимасы
58-сурет. Ақсу-Аюлы II. тас кесененің іргетасы
59-сурет. Ақсу-Аюлы II. Айналымнан тұратын 3-ші қорымның жоспары және қабаты: 1-қарашірік қабаты, 2-тас үйінді, 3-көмір жиынтығы, 4-кесек тастар, 5-материк г. Ақсу-Аюлы II, солтүстік және солтүстік-шығыс қабырғасының бөлігі.
62-сурет. Ақсу-Аюлы II тас қабір (қалпына келтірілген жабын)
64-сурет. Ақсу-Аюлы II. 4-ші қорымның жоспары және ботаның жерленген орны.
66-сурет. Ортау II. 1-ші қорымнан табылған тас қабірдің бейнесі.
67-сурет. Ортау I. Қола дәуірі қорымынан табылған заттар: 1 және 3-қорымнан табылған саз балшық ыдыстар, 2 - 2-ші қорымнан табылған қола пышақ, 65-сурет. Ортау қорымнан табылған тас үккіш 1-ші қорымның жоспары және қимасы.
68-сурет. Ортау II. 2-ші қорымның жоспары және қимасы
69-сурет. Ерте беғазы заманының жерлеу сағаналарының бейнесі: жоғарғы - Байбала II кешенінен табылған, 1-ші қорымнан, төменгісі - Ортау II кешенінен табылған.
ЕКІНШІ БӨЛІМНІҢ СУРЕТТЕРІ
2-сурет. Беғазы кешенінің жоспары
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕҒАЗЫ-ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІ
1-сурет. Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуіріндегі ескерткіштердің картасы. 1 -менгирлер; 2 - зооморфтық тас мүсіндер; 3 - жартас суреттері; 4 - тас үймесі бар оба -қорымдар; 5 - кесенелер; 6 - қоныстар; 7 - үймесі араласқан оба - қорымдар.
3-сурет. Беғазы. Солтүстік-батыстан 1-ші және 2-ші кесенелердің жалпы бейнесі.
4-сурет. Беғазы I. Батыс қабырғасы
7-сурет. Беғазы. Солтүстік-шығыс бұрышы.
5-сурет. Беғазы. 1-ші кесененің жоспары және қимасы
6-сурет. Беғазы. 1-ші кесене. Оңтүстік қабырғасы
8-сурет. Беғазы. 1-ші кесене. Солтүстік-батыс бөлігінің көрінісі.
9-сурет. Беғазы. 1-ші кесене. Кесенеге кіре беріс
13-сурет. Беғазы. 1-ші кесене. Ыдыс және найзаның мыс ұшы
14-сурет. 1-ші кесенеден табылған құман 1 15-сурет. 1-ші кесенеден табылған құман 2.
16-сурет. 1-ші кесенеден табылған құман 3 17-сурет. 1-ші кесенеден табылған құман 4.
18-сурет. Беғазы. 2-ші кесене. Жоспары және қимасы
19-сурет. Беғазы. 2-ші кесененің жалпы түрі
20-сурет. Оңтүстік-батыс бұрышының бөлігі
21-сурет. Беғазы. 2-ші кесененің көрінісі
22-сурет. Беғазы кесенелерінен табылған олжалар: 1, 2, 3, 6 - 5-ші кесенеден табылған; 5, 8, 9,10 - 2-ші кесенеден табылған; 4, 7, 11 - 3-ші кесенеден табылған. 1 - қола түйреуіш; 2 -қола ине; 3 - өрнектелген сүйек қаптама; 4-5 - сүйек түтіктер; 6 - қола бастырма; 7 -домалақ тас; 8 - сүйек түйме; 9, 10 - жебенің қола ұштары; 11 - қайрағыш тас (мусат)
23-сурет. Беғазы. 1 - 3-ші кесене. Шығыс жағынан қарағандағы түрі. 2 - 4-ші тас кесененің қалдықтары.
24-сурет. Беғазы кесененің жоспары және қимасы 4 - 4-ші кесенеден табылды.
27-сурет. Беғазы. 4-ші кесене. Жоспары және қимасы
29-сурет. Беғазы. 5-ші кесененің жоспары және қимасы
28-сурет. Беғазы. 5-ші тас кесененің қалдықтары. 4 - 5-ші кесенеден табылған ыдыс 4.
31-сурет. Беғазы. Керамика: 1 - 6-ші кесенеден табылған ыдыс 2; 2 - 6-ші кесенеден табылған ыдыс 1; 3 - 5-ші кесенеден табылған ыдыс 5; 4 - 5-ші кесенеден табылған ыдыс 4.
34-сурет. 6-ші кесененің жоспары және қимасы
33-сурет. 6-шы тас кесене Беғазы.
36-сурет. Қазбаға дейінгі Бұғылы III қорымы
35-сурет. Бұғылы III тас кесенесінің және табыну шұңқырларының жоспары.
37-сурет. Бұғылы III кесенесінің жоспары және қимасы
39-сурет. Бұғылы III. Ішкі ғимараттың құрылымы
40-сурет. Бұғылы III. 1- кесененің шығыс қабырғасы; 2 - солтүстік қабырға.
42-сурет. Бұғылы III. 1- ішкі дәліз; 2 - тақтамен жабылған ішкі кіре беріс.
41-сурет. Бұғылы III. Дәліз үстіндегі маңдайша
45-сурет. Бұғылы III кесенесінен табылған керамика және қола ине 46-сурет. Бұғылы III кесенесінен табылған қыш ыдыстар.
47-сурет. Саңғыру I. Некрополь жоспары
48-сурет. Саңғыру I. 1-ші тас кесененің жоспары және қимасы.
49-сурет. Саңғыру I.
50-сурет. Саңғыру I.
51-сурет. Саңғыру I. 1-ші кесенеден табылған ыдыс 1 1-ші кесенеден табылған құман 2.
53-сурет. Саңғыру I табылған керамика
52-сурет. Саңғыру 1.1-ші кесене. 1 - 3-ші ыдыс; 2 - 3-ші ыдыстың түбі.
54-сурет. Саңғыру I. Қыш тостағандар:
1-1-ші кесенеден табылды;
2- 3-ші қорымнан табылды
56-сурет. Саңғыру I. Керамика:
1- 3-ші қорымнан табылған ыдыс;
2- 2-ші қорымнан табылған ыдыс
55 - сурет. Саңғыру I. 2-ші қорымның жоспары және қимасы
61-сурет. Саңғыру I. 7-кесененің жоспары және қималары
60-сурет. Саңғыру III 1-ші қорымнан табылған олжалар: 1 - жебенің қола ұшы; 2 - пішіні крест тәрізді қола бастырма; 3 - Саңғыру I. 4-ші қорымынан табылған қола пирцет.
62-сурет. Саңғыру I. Көлденең қалау техникасы
63-сурет. Саңғыру I. 7-ші кесененің керамикасы
64-сурет. Саңғыру I.
Керамика: 10-шы кесенеден табылған
ыдыс; 2 - 7-ші кесенеден табылған ыдыс 3
65-сурет. Саңғыру I. 7-ші кесенеден табылған ыдыс 7
66-сурет. Саңғыру I. Керамика: 1 - 7-ші кесенеден табылған ыдыс 4; 2 - 8-ші қорымнан табылған ыдыс.
67-сурет. Саңғыру I. 8-ші қорымның бірінші, екінші қабаттарының жоспары және қималары.
70-сурет. Саңғыру I. 12-ші қорымның жоспары және қимасы
68-сурет. Саңғыру I, 8-ші қорым. Төменгі қабаттағы цистаның бөлшегі.
69-сурет. Саңғыру I. 3-ші қорымнан табылған ыдыс 1
72-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика
73-сурет. Айбас - Дарасы, а, б - алтын білезік; в, г - үлкейтілген көріністері.
74-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 21; 2 - ыдыс 7.
75-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 10; 2 - ыдыс 12; 3 - ыдыс 13; 4 - ыдыс 11.
76-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 16; 2 - ыдыс 15; 3 - ыдыс 14; 4 - ыдыс 20.
77-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 18; 2 - ыдыс 17; 3 - ыдыс 28; 4 - ыдыс 19.
78-сурет. Айбас - Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 22; 2 - ыдыс 24; 3 - ыдыс 26.
79-сурет. Айбас -Дарасы. Керамика: 1 - ыдыс 23; 2 - ыдыс 27.
80-сурет. Дәндібай моласы 11-ші қорымның жоспары және қимасы.
81-сурет. Дәндібай керамикасы
82-сурет. Атасу ө. Айдарлы ескерткіштерінің жоспары
83-сурет. Айдарлы. 3-ші қорымының жоспары және қимасы (А 6 бойынша қимасы)
84-сурет. Айдарлы. 5-ші қорымның жоспары және қимасы (А 6 бойынша қимасы)
85-сурет. Айдарлы. 5-ші қорым
86-сурет. Айдарлы керамикасы. 1-3 - қорым 1; 4-9 - қорым 5.
87-сурет. Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің керамикасы. Айдарлы, 1-ші қорым.
88-сурет. Бұғылы I кешенінің жоспары. 1 - оба, 2 - қорым, 3 - мұрты бар оба.
91-сурет. Бұғылы II. 8-ші обаның
92-сурет. Бұғылы II керамикасы.
жоспары және қимасы 1 - қорым 1; 2, 3 - қорым 6; 4 - қорым 10.
93-сурет. Бұғылы II керамикасы. 1 - қорым 10, 2, 3; 6- қорым 11; 4-5- қорым 3.
94-сурет. Былқылдақ I Б. 3-ші үлкен жәшіктің жоспары.
95-сурет. Былқылдақ I Б. Қорымнан табылған керамика: 1 - ыдыс 1; 2 - ыдыс 3; 3 - ыдыс 4.
96-сурет. Кент таулары. 1-ші оба - қорымның жоспары және қимасы.
97-сурет. Қарқаралы ауданының \ Кент тауларындағы оба – қорымдардан табылған керамика.
100-сурет. Атасу қонысы. 4-ші үй-жайдан табылған олжалар: 1,2- жабайы жануарлардың тістері; 3,4,5 - псалийлер; 6,11,12,13-құю қалыптары; 7-ұршықбасы; 8-10, 14, 15 -отбақырлар; 16 - шар тәрізді тас; 17-30 - тегістегіштер.
102-сурет. Атасу I қонысы. 4-ші үй-жайдан табылған керамикалар.
103-сурет. Атасу қонысы. 21-ші үй-жай мәдени қабатының жоспары және қабаты: 1 -қарашірік, 2 - мәдени қабат; 3 - саз балшық сыландысы; 4 - күл, кемір, ағаш; 5 - керамика; 6 - жануарлардың сүйектері; 7 - мыс қождары; 8 - тас құралдар; 9 - мыс кені; 10 - мыс; 11 -тас кетпендер; 12 - тас тегістегіштер; 13 - ұршықбас, 14 - керамикалық қож; 15 - сүйектен жасалған ұштар; 16 - тастан жасалған ұштар; 17 - қыш құмыра пеші; 18 - тереңдік белгісі; 19 - тас қалама.
105-сурет. Атасу I қонысы. 20 және 21 үй-жайдан табылған кен ісінің тас құралдары.
106-сурет. Атасу I қонысы. 20 және 21 үй-жайдан табылған олжалар.
107-сурет. Атасу қонысы. 20 үй-жай мәдени қабатының жоспары және қимасы: 1 -жануарлардың сүйектері; 2 - керамика; 3 - мыс қожы, 4 - тас кетпендер; 5 - тастар; 6-9 -заттық олжалар; 10 - тас тегістегіштер; 11 - қарашірік; 12 - мәдени қабат; 13 - күл, ағаш көмір.
109-сурет. Атасу I қонысы. 0,4 м тереңдіктегі 5, 6, 7 жартылай жертөлелердің жоспары (шурф, қола пышақ Шарттық белгілер, керамикалық ыдыстардың бөлшектері: ауыз жиегі, бүйірі, түп жағы, белгісіз фрагмент, жануарлардың сүйектері: қой, ірі қара (сиыр, жылқы), кальцийленген, анық емес, сүйек құралдар, қождар, кен, мыс, жаңқа, ағаш көмір, тас ұштық, сүйек ұштық, өңделген тастар, тастар, 40 м тереңдіктегі жертөленің дақтар бейнесі, шұңқырлы дақтар)
111-сурет. Атасу қонысы. Мыс балқытатын пештері бар 5, 6, 7 жартылай жертөлелердің жоспары (№ 3 шұңқырдың қимасы; пеш, № 2 шұңқырдың.
қимасы; пеш, №4 шұңқырдың қимасы; пеш, №1 шұңқырдың қимасы; Пеш, №5 шұңқырдың қимасы; №6 шұңқырдың қимасы; күйе, қызыл саз балшық, күл; Шартты белгілер: қож, кен, мыс, жаңқа, тегістегіш, ағаш күлі, күйе, ақ саз балшық, тас шұңқыр.
110-сурет. Атасу I қонысы. 5, 6, 7 үй-жай. 4,5 мыс балқытатын пештер.
112-сурет. Атасу қонысы. 5, 6, 7 үй-жайдың керамикасы
113-сурет. Атасу I қонысы. 5, 6, 7 үй – жайдың тас құралдары.
115-сурет. Атасу қонысы: 1,2- қола пышақтар; 3 - найза үшы; 4 - қола пышақтар.
116-сурет Бұғылы I 118-сурет. Бұғылы I қонысының жерлеу
қонысының жоспары орындарынан табылған керамика
117-сурет. Бұғылы I. Шурфтардан табылған олжалар: 1-15- тас құралдар; 16 -керамиканың бөлшегі.
119-сурет. Бұғылы I. 17 үй-жайдың жоспары
121-сурет. Бұғылы I.
120-сурет. Бұғылы I. 28 үй-жайдың жоспары
126-сурет. Байбала. Тас үй-жайдың жоспары
124-сурет. Ақкезең (Шет ауданы) қонысының жоспары
125-сурет. Ақкезең. Ұзын үйдің жоспары
128-сурет. Шортанды - бұлақ. Қоныстың жоспары
130-сурет. Шортанды - бұлақ. 14-ші үй-жайдың сатылы кіре берісі.
127-сурет. Қаратомар. Үй-жайдың жоспары
131-сурет. Шортанды - бұлақ. 14-ші үй-жайдың шабынды құрылымының жоспары.
129-сурет. Шортанды - бұлақ. 14-үй-жай III мәдени қабатының жоспары және қимасы.
136-сурет. Шортанды - бұлақ. 21-ші үй-жайдың керамикасы
137-сурет. Шортанды - бұлақ. 14-ші үй-жайдан табылған саз балшық тостаған және май шам сауыты, жайпақ табақ.
140-сурет. Шортанды - бұлақ. 21-ші үй-жайдан табылған олжалар: 1 - ойма сүйек циркуль; 2, 3 - ойма сүйек сабының сынықтары; 4,6 - ойма сүйек тіліктер; 5 - сүйек тізбек; 7 -жебенің кремний ұшының фрагмент!; 11,17- сүйек заттарының сынықтары, 8-10 - жебенің қола ұштары; 12 - тас жарты шар; 13 - қола сақина; 14 - шегенің қола басы; 15 - қола біз. 16 - сүйек псалий; 18 - балға пішініндегі тас аспап; 19, 20 - құю қалпы; 21 - тегістегіш.
141-сурет. Шортанды - бұлақ. 1 4-ші үй-жайдан табылған тас құралдар: 1,2- келісаптар, 3, 4 – келілер.
142-сурет. Қарқаралы Қарағанды мұражайының коллекциясы: 1-7, 11,12 - жебелердің тас ұштары; 8, 9 - тегістегіштер; 10 - нуклеустар; 13 - мыс стержень; 14, 17,18 - тас дөңгелектер; 15, 16 - тас ожау.
143-сурет. Қарқаралы I. Тас құралдар: 1-4, 7 - келісаптап, 5 - кетпен, 6, 8 - үккіштер.
144-сурет. Қарқаралы I. Тас құралдар: 1,3- зергерлік балғалар; 2 – дөңгелек – түп қойма; 5, 6, 9 - балғалар; 7 - қайрағыш тас; 10 - үккіштер;.
11 - тас пішін; 4, 8 - зергерлік балға және Текелі (Талдықорған облысы) кенішінен түп қойма; 12 - Мойынты ө. Аңғары қонысынан табылған түзеткіш 145-сурет. Қола бұйымдар: 1, 5-9 - пышақтар; 2-біз; 3,4-жебеұштары. 1 - Қарқаралы I табылды; 2-5, 7, 8 - Қарғанды мұражайының коллекциясы (Нұра ө. аңғары); 6 - Ортау I кешеніндегі 1-ші оба – қорымнан (Жаман өзен) табылды; 9 - 15-ші Қарағанды қонысынан табылды.
146-сурет. Қарқаралы II қонысының жоспары (1955 жылғы түсірілім)
147-сурет. Қарқаралы II қонысынан табылған олжалар: 1-5 - ойық жасауға арналған мыс аспаптар; 6 - мыс тілік; 7 - үлкен қола пышақ; 8, 9, 12, 13 - кристаллдың сынықтары;.
10 - қола оқсауыт; 11 - керамикалық ұршықбас; 14 - жебенің кремний ұштары; 15, 16 -сүйек ұршықбастар; 17 - сүйек моншақ; 18 - тас кішкентай моншақтар; 19, 20 - сүйек түтіктер.
149-сурет. Тағыбай - бұлақ. 1-ші үй-жайдың жоспары және қимасы.
150-сурет. Тағыбай - бұлақ. Солтүстіктен қарағандағы үй-жайдың бейнесі.
151-сурет. Тағыбай - бұлақ. 1-ші үй-жайдың мәдени қабаттарынан табылған олжалар: 1,2-отбақырлардың сынықтары; 3 - керамикалық ұршықбас; 4, 8, 9 - кремний құралдары; 5 -тас үккіш; 6 - темір стержень; 7 - қола қож; 10,11 - астрагал.
154-сурет. Жезқазған ескерткіштерінің сызбалық картасы (Шартты белгілер: ежелгі тұрақтар; кварциттер сынған ежелгі орын; обалар; қызыл құмдақтың сынған орны; кірпішті күйдіруге арналған дала пеші; тотыққан мыс алу орны; кендер және дайындау орны; темір рудасын алу орны; кен уату және мыс балқыту орны; көктемгі сулардың ағысы, түрлі-түсті таулар, құдық)
155-сурет. Милықұдық. Қоныстың жоспары және қимасы
156-сурет. Милықұдық. Мыс балқытатын пеші бар шеберхананың жоспары.
157-сурет. Жезқазған. Кен уатқыш құралдар, тас келісаптар және балғалар.
159-сурет. Милықұдық.1 - тас келі, 2, 3 - сүйек күрек- қалақша; 45- - тас балғалар.
160-сурет. Жезқазған. Кенді ұсатуға арналған тас келісаптар.
161-сурет. Милықұдық. Тас құралдар: 1, 4, 5, 7 - қайрағыш тастар; 2, 3, 6 - кен уатуға арналған келілер.
166-сурет. қола дәуіріндегі суару каналдарының сызбалық картасы (Шартты белгілер: суару ғимараттарының қалдықтары). 1 - Қызыл-Шілік шатқалындағы Қорғантас бөгеті; 2 -көне Керегетас бөгетінің қалдықтары; 3 - Нұртай ө. Аңғарындағы бөгет; 4 - Қушоқы бөгеті.
168-сурет. Баянауыл ауданы. Қорғантас бөгеті
169-сурет. Қорғантас бөгетінің жалпы түрі
170-сурет. Түндік өзеніндегі тас бөгеттерінің қалдықтары
172-сурет. Алтын - Қазған бөгетінің қалдықтары
174-сурет. Жезқазған (Милықұдық) кенінің ауданындағы бөгет жоспары.
175-сурет. көне Жезқазған кенішінің (Кресто - Батыс) бөгеттер жоспары.
176-сурет. Жезді өзенінде Жанай тауындағы бөгеттің қалдықтары.
177-сурет. Менгирлер: 1- Қалмақ - Қырған тауы; 2 - Аққұдық шатқалы, (2а - оңтүстік көрінісі, 26 - батыс көрінісі)
178-сурет. Менгирлердің үлкен аллеясы. Қызылшоқы шатқалы, Көрпетей тауының солтүстік-шығыс етегінің (Ақтоғай ауданы) 1-ші тобы.
180-сурет. Қызылшоқы. Менгирлердің үлкен аллеясы. 2-ші топ.
181-сурет. Нұртай ө. Аңғарындағы менгирлер: 1 - 1-ші топ; 2 - 2-ші топ.
182-сурет. «Қой тастар»; 1 - Шопа ө. Биігінде (Бұғылы тауы); 2 - Сарышоқы шатқалында; 3 - Көктас шатқалында; 4 - Ақсай шатқалында 183-сурет. Менгирлер: 1 - Ақтоғай ауданы, Конунрад совхозы, Тоқырауын өзенінде; 2 - Көкшетау тауы аңғарының солтүстік-шығыс бөлігі (Қарқаралы ауданы); 3 - Шүмек өзенінің аңғарынан (Ағадыр ауданы) табылған «қой тас»; 4 - көне Ала айғыр кенішінде (Шет ауданы)
187-сурет. Қойдың бейнесі: 1,2- Нұртай ө. аңғарынан 188-сурет. Қарқаралы ауданы, Бесоба совхозы, табылды; 3 - Бұғылы III; 4 - Қызылшоқы аңғарындағы Ақбастау ө. «қой тас»
190-сурет. Домбаул кесенесінің маңындағы Кенгир ө. «қой тас»
191-сурет. Бұғылы I. Аюдың мүсіні
192-сурет. Тас мүсіндер: 1 - Құсақ ө. Аңғарынан табылған түйенің басы; 2 - түйенің өркеші, Ақсу-Аюлы.
195-сурет. Ауыспалы және ерте беғазы кезеңдерінің ескерткіштері:
196-сурет. қола дәуірі үй-жайының құрылымы (іргетас жоспары; жабын жоспары; қима.
197-сурет. Зленая Балка қонысынан табылған тас қашау ісінің заттары. (Қарағанды мұражайының коллекциясы)
198-сурет. Семей облысынан табылған адамның бас мүсіні бейнеленген тас жезл (Эрмитаж коллекциясы)
199-сурет. Тас мүсіндер: 1 - аттың басы бар келі; 2 - түйенің басы бейнеленген (Омбы мұражайында)
200-сурет. Ақкөл көліндегі қоныстан табылған адамның бет-жүзі бейнеленген тас тегістегіш (Торғай облысы)
202-сурет. Қола әшекейлер: 1-7, 9-11,13-18, 24, 27- бір саңылауы бар сопақша ілмешіктер; 8, 12, 23, 74 - екі бір саңылауы бар сопақша ілмешіктер; 19-22, 35, 36 - пуансонмен өрнектелген сопақша ілмешіктер; 28-31,75-81 - әр түрлі пішіндегі жапсырмалы қаптырмалар; 32-34 - пуансонмен ернектелген қаптырмалар; 37 - геометрлік оюы бар бастырмалар; 38 - ромбылық жапсырмалы қалтырма; 39, 40 - домалақ жапсырмалы қаптырмалар; 58-62, 65-69 - табанды ілмешіктер;.
70-73 көзілдірік ілмешіктері; 82, 83 - түймелөр; 84-86, 91-96 - өрнектелген қаптырмалар; 87-90, 97 - ілмешіктер; 1-3,11, 37, 56, 57, 70, 74-90 - Айшырақ; 8-10, 62, 73, 94 -Былқылдақ; 4-7, 35, 36, 95- Беғазы; 13,14, 65-67 - Ақсу-Аюлы; 12,15, 71, 91-93 – Қыр келді; 16-21 - Беласар; 22-25, 28-31, 38-40, 42-46, 48-55, 61 - Бурабай; 26, 27, 96 - Қарабие, 32-34, 60 - Ақмола; 41, 47, 59 - Кіші Қойтас; 63-64 - Саңғыру III; 58 – Мырза шоқы; 68, 69 -Байыштың Қарашоқысы; 97 - Бұғылы I.
205-сурет. Конус тәрізді ұшы бар қола білезіктер:
1,2 - Саңғыру II; 3,7,9,10,11,12 - Беласар; 4 - Айшырақ; 5,6 - Ақсу-Аюлы; 8 - Былқылдақ III; 13,14,15-Алексеев қонысы.
204-сурет. өрнегі бар домалақ пішінді қола бастырмалар: 1-2 - Былқылдақ I, 8-ші қорым; 3 - Былқылдақ III 1-ші қорым; 4 - Айшырақ 2-ші қорым; 5-6 - Мырзашоқы, 1-ші жәшік; 7-9 -Алексеев жерлеу орны 13; 10-12 - Бұғылы.
207-сурөт. Қола дәуірінің алтын әшекейлері: 1-15-жапырақты алтын мен қапталған қола бел бумалар (1-10, 14-Айшырақ; 11-13-Ақсу-Аюлы 1; 15-Алексеев қонысы); 16-36 -жапырақты алтын мен қапталған қола шиыршық сақиналар (16-20, 29, 31-Айшырақ; 21, 22, 36 - Ақсу-Аюлы; 33, 35 - Беғазы); 37, 39 - пішіні кіші алтын сырғалар (37, 38-Айшырақ; 39-Беғазы); 42, 51, 52-негізі ағаш алтын сырғалар (42-Беғазы; 51-Бурабай; 52-Павлодар мұражайы); 40, 41, 43-48 - кең қонышты алтын сырғалар (40, 41 - Саңғыру II; 43-48 - Бурабай); 49 - спиральды алтын сырға (Мырзашоқы); 50 - оюлы алтын білезік (Айбас - Дарасы)
208-сурет. Қола дәуіріндегі сүйекке ойма салу: 1, 2, 8, 9, 13 - Қарқаралы; 1, 3, 5, 12, 14, 34 -Беғазы; 4, 6, 15,16, 18, 21 - Алексеев; 7,11, 17, 24-31, 33, 38 – Шортанды - бұлақ; 10, 11, 32, 35, 36-Айшырақ; 20, 23 - Саңғыру II; 22 - Дәндібай; 37 – Бурабай.
210-сурет. Саңғыру III 1-ші кесенеден табылған керамика: 1-ыдыс 2; 2-ыдыс.
206-сурет. Алтын жүзіктері бар кола гривна (Жыланды)
209-сурет. Бұғылы I. 28-ші үй-жайдан табылған керамика
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқырманға ұсынылып отырған бұл монографиялық еңбек Орталық Қазақстанды қола дәуірінің сан алуан ғажайып ескерткіштері көп шоғырға айналдыратын көп жылдық археологиялық зерттеулердің нәтижесінің жазбасы.
Автордың алдында осы өлкедегі мыс өндірісінің басталуы мен дамуының бірқатар мәселелерін шешу міндеті тұрды. Жезқазған өңіріндегі неолиттің соңғы кезеңіндегі бірқатар тұрақтарды зерттегенде мысты балқытуға арналған құмдақ тастардан қаланған ошақтар табылды. Осы ошақтарда жоғарғы температурада мыс кені балқытылған. Үй ошағында балқыған мыстың ағуын жылдар бойы бақылай отырып адам, мыс кенінен алдымен отта, ал кейін арнайы кен және көрікпен үрлейтін пештерде қорытып алуды үйренді.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде энеолит заманындағы (III мыңжылдықтың екінші жартысынан) қоланы өңдеудің мәдени негізі анықталды. Қола дәуірінің ескерткіштері нурин кезеңі — ерте қола (б.з.б. XVII-XV ғасырлар), атасу кезеңі — орта қола б.з.б. XIV- XIII ғасырлар), андроновтан кейінгі қолаға ауысу кезеңі (б.з.б. ХІІ-ХІ ғасырлар) және беғазы - дәндібай (б.з.б. X-VIII ғасырлар) — кейінгі қола деп бөлінеді. Бұл кезеңдердің әрқайсысынан қалған айқын белгілер бізге таңғажайып мол ескерткіштер түрінде жетті.
Қола дәуірінде осы ескерткіштердің жасаушылары сол бір дала тайпалары болды. Еңбек және тұрмыс құрал - жабдықтарының ұқсастығы, шаруашылығы мен діни сенімдері, жерлеу ғимараттарының дамуындағы ерекшеліктер мен ортақ белгілер қола дәуірі мәдениеттерінің түбірінің бір және олардың тамыры тереңде екендігін дәлелдейді.
Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің ескерткіштер тобын мыналар құрайды: Жезқазғанның көне кен орындары (Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд), Саяқ, Алабұға, Үрпек, Имантау, Қызылеспе, Коунрад, Шақпақ және т.б.; Жезқазғанның мыс балқыту орталықтары (Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ III, IV, Суық - бұлақ, Тағыбай - бұлақ, Атасу, Шортанды - бұлақ I, Қарқаралы II және I, т.б.; ірі қоныстар: (Бұғылы I, II, Атасу, Шортанды - бұлақ, Ақкезең, Қарқаралы I, II); тоғандар, бөгеттер, тоспалар және аумағы 60-80 га. - ға жететін жасанды су бассейндері түріндегі гидротехникалық құрылыстардың қалдықтары; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер (Беғазы, II, III Бұғылы, Ақсу-Аюлы II, Саңғыру I, Дәндібай, Айбас - Дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары — менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпар тас, түйе тас және аю тас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы суреттер (Бұғылы, Қарасай, Қой шоқы, Сартабан, Қанаттас, Ақ қойтас, Байқоңыр, Теректі әулие және т.б.).
Археологиялық зерттеу материалдары қола кезеңдерінің хронологиялық бірізділігін және сабақтастығын дәлелдейді. Демек, беғазы - дәндібай мәдениеті бірізді дамыған мәдениеттің заңды нәтижесі деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер бұл дәуірде Орталық Қазақстанның этникалық тайпалар құрамында қандай да бір өзгерістер байқалғанымен дұрысы мен мәдениетінде мардымды өзгеріс болғандығы, әсіресе сәулет-құрылыс ісінде, керамикалық және металлургиялық өндірістерінде байқалды.
Беғазы - дәндібай кезеңінің айрықша ерекшелігін жоғары дамыған тас сәулеті құрайды. Алып қабір кешендерінің тобы қола мәдениетінің шешуші даму кезеңін көрсетеді. Көне құрылысшылар кесенелерді ірі қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Барлық беғазы құрылыстарының жалпы сипатын сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр пішіндес төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс идеясы біріктіреді.
Жаңа шаруашылықтың негізгі түрлері қоғамдық отарларды қорғау, мал күтімі және мыс шығару, балқыту ісінің қарқынды дамуы қоғамдағы ерлердің рөлі артты. Материалдық шаруашылық өндірісінде және рулық - қауымдық қатынастарда ерлер рөлінің басым болуын күшейтумен әкені ақсақал, патриарх ретінде құрметтеу және дәріптеу идеясы туды. Осы негізде ата-бабаға табыну пайда болады. Алып қабір үсті ескерткіштерін тұрғызу ата-бабаға табынуға негізделген. Орталық Қазақстандағы некропольдар, пұтқа табынатындардың қасиетті храмдарында отқа және Күннің көзі, Ай және Жұлдыз (Желтау, Батпақ су) түрінде бейнеленген, аспан шырақтарына табыну, құрбандық шалған от қалдықтары, оған қайтыс болған адамды көмер алдында жерлеу камерасын отпен тазартудың іздері сақталған (Бегазы I, Бұғылы 11, Саңғыру I, Айбас - Дарасы). Тас сағаналарда от және күн стихияларын (Бала құл болды, Беласар) бейнелейтін қызыл жоса және үстінде ағаш күлінің бөлшектері жиі кездеседі. Отқа табынудың жарқын іздері Бұғылы I және II, Нұра өзенінде, Ортау, Бала құл болды қоныстарының, Беғазы I. Бұғылы III, Саңғыру I, Айбас - Дарасы мазарларында пұтқа табынатындардың храмдарынан табылды.
Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған, кейіннен төрт жапырақты құрылым қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнек өнерінің басты белгісіне айналады.
Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар — білезік (Айбас дарасы қонысы), алтын сырға және иіп жасалған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың, әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығандығын көрсетеді, осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған.
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі — керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған: түбі жайпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете қабырғасын көтерген. Шар тәріздес және жұқа ыдыстарды ішінен ойып қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындап тын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстарды м қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Ас дайындайтын ыдыстардың түбінде күйген тамақтың және күйенің ізі болуы тән.
Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстардың негізгі түрлерін - құмандар, құмыралар, табақтар, тостағандар, кестелер, кубоктар, қыш құмыралар, ожаулар, шүмегі бар ыдыстар құрайды.
Өздерінің көлемдерімен және сәулеттік аяқталғандығы мен таң қалдыратын кесенелері, күрделі мүсіндер, керамикалық өнердің бұйымдары Еуразия дала тайпаларының көне мәдениетінің көрнекті құбылыстар қатарына жатады.
Циклоптық ескерткіштер тайпалардың өсуі мен шоғырлануын, рулық тайпаның көсемдерін, ақсүйектерінің шығуы, оларға деп осы кесенелердің тұрғызылуын дәлелдейді.
Қола дәуірінің ұлы мәдениеті осы орасан зор аймақта туындаған ежелгі өркениеттің факторларының бірі болып табылады. Ежелгі ескерткіштерді одан әрі зерттеу осы дәуір туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
ҒAM - ССР Ғылым Академиясының мұрағаты
ТУАМ - Томск университетінің археологиялық мұражайы
АОВ - Ақмола облыстық ведемостар
ГҒИК - ҚазССР Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтының кітапханасы.
ҚазССР FAX - ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысы
БГҚ - Бүкілодақтық географиялық қоғамдастық
ОГҚХ - Орыс географиялық қоғамдығының Хабаршысы
ҚОМХ - Қазақстандағы Орталық мұражайының Хабаршысы
ОРКҚММ - Октябрь революциясы және Кеңес құрылысының Мем. мұрағаты (Ленинград)
МММТА - Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы Академиясы.
КЖ - Кен журналы
МТМ - Мемлекеттік тарихи мұражай
СТЖГЗБЖ - Сібір темір жол желісі бойынша геологиялық зерттеулер және барлау жұмыстары.
РТӨК - Ресейдегі табиғи - өндіргіш күштер
АҚЖ - Археологиялық қоғамдастықтың жазбалары
ОАҚШБЖ - Орыс археологиялық қоғамдастығы Шығыс бөлімінің жазбалары.
ОАҚБСБЖ - Орыс археологиялық қоғамдастығы Батыс - Сібір бөлімінің жазбалары.
МҚЖ - Минералогиялық қоғамдастығының жазбалары
ОАҚЖ - Орыс археологиялық қоғамдастығының жазбалары
ОГҚЖ - Орыс географиялық қоғамдастығының жазбалары
ҚСБЖ - Орыс археологиялық қоғамдастығы Семей бөлімшесінің жазбалары.
ЖӘОҚЖ - Жаратылыстанумен әуестенетін Орал қоғамдастығының жазбалары.
АКХ - Археологиялық комиссияның хабарлары
Қаз ССР FAX - Қаз ССР Ғылым академиясының хабарлары
ДҚХ - Археологиялық қоғамдастықтың хабарлары
ГКХ - Геология комитетінің хабарлары
БСБХ - Орыс географиялық қоғамдастығы Батыс - Сібір бөлімінің хабарлары.
АЭХ - ҚазССР FA хабарлары. Тарих, археология және этнография сериясы.
ТАЭИ - ҚазССР Ғылымдар академиясының тарих, археология және этнография Институты.
FA ҚФХ - СССР FA Қазақ филиалының хабарлары
A3JIX - Археологиялық зерттеулер лабораториясының (Кемерево)
хабарлары
ОГҚХ - Орыс географиялық қоғамдастығының хабарлары ТУХ - Томск университетінің хабарлары.
ТЭФҚ - ҚазССР FA хабарлары. Тарих, этнография, философия және құқық сериясы.
ММТИҚХ - Материалдық мәдениет тарихы Институтының қысқаша хабарламасы.
FАҚФ - СССР Fылым академиясының Қазақстандағы филиалы
АИЛБ - Археология институтының Ленинградтық бөлімі
ТИЛБ - Тарих институтының Ленинградтық бөлімі
АЭМ - СССР FA Антропология және этнография мұражайы
БҒЗИМ - Бүкілодақтық ғылыми - зерттеу институтының материалдары.
ГҚПҚМ - Геология және Қазақстандағы пайдалы қазбалар жөніндегі материалдар.
МҚКОГ - Минералогия және Қазақстандағы кен шығару орындарының геохимиясы.
КОПМГМ - Кен шығару орындары, петрография, минералогия және геохимия жөніндегі материалдар.
ОҚГМ - Орталық Қазақстанның геологиясы жөніндегі материалдар СССР FA баспасы.
АМЗ - СССР археологиясы жөніндегі материалдар және зерттеулер ТАЭИМ - ҚазССР FA тарих, археология және этнография институтының мұражайы.
ОАРЗЕКМ - Одақтас автономды республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше Комитеттің материалдары.
ХЭМ - Хорезм экспедициясының материалдары
ААХ - Азия және Африка халықтары
КИҒТЖ - Кен институтының ғылыми - тарихи жинағы
АЭЖМ - Археология және этнография бойынша жаңа материалдар.
ОААМ - Орта Азия археологиясының мәселелері
ММТМ - Материалдық мәдениет тарихының мәселелері
СОЕК - Семей облысының естелік кітабы
КГМ - Кеңес геологиясының мәселелері
РСҒТЖ - Ресей бойынша саяхаттаған ғалымдардың толық жинағы.
КА - Кеңес археологиясы
ЗЖ - Заманауи жылнамалар
АМЖ - Азия бойынша географиялық, топографиялық материалдар жинағы.
MТME- Мемлекеттік тарихи мұражайының еңбектері
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру