Бозжусан бүр жарғанда...
Ұмтыл Зарыққан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жас ақынның кейде шығыстың шертпе күйіндей шерлі, шымыр, қоңыр да бұй ра толқынды келетін, кейде бойлауық күйлердей өршіл жырларында ел мен жер, адам, тағдыр, махаббат, сағыныш турасындағы тұнық та мөлдір сезімдері көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Зарыққан Ұ.
З 26 Бозжусан бүр жарғанда...: Өлеңдер / Ұмтыл Зарыққан.
– Алматы: Жазушы, 2013. – 112 бет. – «Жас толқын» сериясы.
ІSBN 978-601-200-431-1
Жас ақынның кейде шығыстың шертпе күйіндей шерлі, шы-
мыр, қоңыр да бұй ра толқынды келетін, кейде бойлауық күй лер дей
өршіл жырларында ел мен жер, адам, тағ дыр, махаббат, са ғы ныш
турасындағы тұнық та мөлдір сезімдері көрініс тапқан.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
© Зарыққан Ұ., 2013
ІSBN 978-601-200-431-1
© «Жазушы» баспасы, 2013
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
З 26
Бірінші бөлім
Алтайдың
ақбас шыңдары
Бозжусан бүр жарғанда... ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ЖЫРЫ (Хасен Оралтайдың рухына) Иесіз өзім кестім кіндігімді, Зорға аштым тар үңгірде түндігімді. Шəкəрім І Ұлы шығыс, Қайран шығыс, Ұлы өлке. Үш ұлы тау, үш өзенім, үш өлке. Үшеуіңе үш күн қонған Бостандық, Ұшып кетті-ау тым ерте. Өр Алтайдың ақпанындай қыс өмір, Сұр мергеннің саусағындай сұс өмір.
Ұмтыл Зарыққан
Сұлубайдың зарлы үніндей құс өмір,
Қапастағы қара торғай ұш өмір.
Құбы құмын қаранармен тілгізіп,
Хантəңірде қарагермен мұз бұзып.
Бұл даладан «елім-айлап» көш өткен,
Сары əскерден сары төбе тұрғызып.
Бұлдыр-бұлдыр,
бұлдыр қаққан дүние,
Қалибектен қалған елге кім ие?..
Бүркітбайша толғар едім бұл жырды,
Домбырам да келмей тұр-ау күйіне!
………………………
Қасіреті қалың қара қорымдай,
Қара түнде жарық етсін жолыңды Ай.
Ғұн жылқысын азынатып төбеңнен,
Тұяғыма таптар ма едім тобырды-ай?!.
Мені арбап əб жыланның биі мың,
Саған рух нұрын шашпас қыли күн.
Бөлтіріктей апанынан адасқан,
Жеті түнде саған қарап ұлимын.
Қайран шығыс…
Бозжусан бүр жарғанда... ІІ Алаштың оғлан ұлдары, Жадымда жаңғырып ұраның Оқылар соңғы жыр – құраным. Анамның жұлынған шаштары, Бабамның ілінген бастары, Төбесін басқа бұлт торлаған, Даламның бұлыңғыр аспаны. Кеудеңнен көктеген жусанды, Доңыздың басқаны… Жесірдей жаны жас, Жетімдей қаңғыбас, Көзімнен ағады қанды жас. Кек толы кеудемді
кім келіп жоя алар,
Күп-күрең қаныма
күн шығыс боялар.
Сен жайлы аңыздан,
Сен жайлы ертектен,
Абыздан…
Керуен-керуен көштерім оралар.
Іштегі жанымның даусынан,
Сəбиім оянар…
Ұмтыл Зарыққан Аңғалдау даланың ұлымын. Жанарым қанжардай, Қабағым қайғылы таулардай. Қарт Алтай əкем боп, Қара Ертіс шешем боп, Қара жер төсіңнен көктеген. Дəтіңді ататын таңға айтар, Сертіңді бататын күнге айтар, Бабамның қолымен жонылған, Мен сенің тобылғы домбыраң. ІІІ Мендегі еркіндік, Жерде де, Көкте емес. Мендегі еркіндік – Ер түрік еліне жол ашқан Отпенен отасқан… Ең соңғы күбірін айтқан Ол, Қол бұлғап ұшқанда қапастан… Ең соңғы армандай талыққан, Сөнді күн. Сөнді ай.
Бозжусан бүр жарғанда...
Ғаріп маң…
Ең соңғы адамдай күрсіндім,
Ең соңғы батқандай жарық таң.
…Арылып бар шындық күнəдəн,
Моласыз қалам деп налыман…
Мен сені құшақтап құлаймын
Қара жер əрі көр, əрі анам.
Ұмтыл Зарыққан
ҚОШТАСУ
Сапар алыс білесің…
Асығыстау аттандым.
Төгілердей тұр едім,
арнасынан аспанның.
Анау менің шығысым жанарында жасы бар,
Ал мынауың батысқа бату үшін қашқан күн.
Қоштаспайын сенімен күрсінгенің жетеді,
Перілермен ежелден періштенің мекені.
Менің күмбез тұғырым –
Сен берік бол!
Есен бол!
«Үйде туып түзде өлу» ер жігітке серт еді.
Күні-түні аңсаймын алты ай алыс жорықты,
Жуса деймін бұлақтар былғанышын өлкемнің
Ай мүйіздеу ерлікті аян еткен болмаса,
Мынау жердің бетінен мекен іздеу не теңім?!..
Торып жүрсің жолымды тағы қандай суық қол,
Намысыма тағы да таңылар ма ауыр сын?..
Бозжусан бүр жарғанда...
Қарт жартастар əлі де қайталайды екен ғой,
Еркіндікке шақырған кербұғының дауысын.
Күннен күнге өршіген жүрегімде өртім бар,
Азаматтық дауысым,
намысым бар,
сертім бар.
Аспанымнан бір құйын аласатып өткелі,
Жасқаншақтау боп барат мен табынар көкбөрі!
…Мынау түпсіз орманның керегі не керегі,
Мен көктемге жетпеген күздің бір түп емені
Ертеңгілер таңырқар тау болып бір тұрғанша,
Мынау жердің бетінен шөгіп кеткің келеді.
Шөгіп кеткім келеді …
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Біз ертеңге жететін жетім жолмыз,
Жолбарыстың етімен жетілгенбіз.
Түрмеден түнделетіп жолға шықтық,
Аңсаймыз бір жорықты өшінген біз.
Естілді ескі əннің қайырмасы,
Қасымдағы алты дос қайғырмашы.
Белімдегі беренге жарқыраған,
Аспанда тамып тұрды Айдың жасы.
Сұр жылан өрмеледі азап шыңға,
Менің даусым нəн даусым азатшыл, ə!
Біз жетеу ек –
Аманат тағдырымыз,
Аспанда жеті жұлдыз Қарақшыға.
Ұмытып өкінішті, күрсіністі,
Бетке алып сапар шектік күншығысты,
Бозжусан бүр жарғанда...
Өз бетін тырмалаған, Қызыл көздер,
Тыпырлап тымық түнде тұншығысты.
Кім білсін?..
Олар тағы жеңер бізді,
Соңғы рет жарқ еткенде семсер жүзі
Жеті жұлдыз жанына жерлеп қояр,
Ай нұрымен арулап денемізді.
Ұмтыл Зарыққан АЛТАЙ САҒЫНЫШЫ І Алтайдың ақбас шыңдарынан етекке жарыса құ лаған жеті өзен, бір арнаға тоғысып, алқынып Ертіске құятын. Жұрт оны Жетіқаба дейтін. Біздің ауыл сол өзен нің жағасында еді... Ағарған шашым Алтайдай, Қайғымды қалдым, айта алмай. Түндерім төніп төбемнен, Күндерім өтті байқалмай. Аязын алып үскірік, Көшеме күнде қысқы бұлт. Қанаты сынған халі бар, Ұшырар едім құс қылып.
Бозжусан бүр жарғанда...
Малта боп малға жас талы,
Арқаға батып қыс қамы.
Қабада өскен қайың ем,
Қалаға əкеп тастады.
Жеті түнінде жылқы ұрлар,
Жетіқарақшыдай жер пірі.
Ұйқымнан менің тұр-тұрлар,
Жеті өзенімнің күр-күрі.
Қайыңды отта қара су,
Қара қос болған қонсы жай.
Мұзбалақ атын бос байлар,
Жоқ іздеп жігіт жолшыбай.
Жолды да болар Жолдыаяқ,
Қара жон беті қансонар.
Ақ көбік қарды омбылап,
Ақ жолтай айтып жол салар.
Ақ теңіз үсті аппақ түн,
Ақзудай əлем үгілме.
Қиссашыл ұлың жоқ бүгін,
Ақ білте шамның түбінде.
Ұмтыл Зарыққан
Ілесті дерсің жындарға,
Жетелеп тағы жыр пірі.
... Оятар енді күн бар ма?
Жеті өзенімнің күр-күрі.
Бозжусан бүр жарғанда... ІІ Өлең мені сипаған жоқ басымнан, Анам боп та иіскемеді шашымнан. Қабырымда сенен қатты сұрардай. Құмар болдым неге сонша жасымнан. Өлең мені ораған жоқ бүлдемен, Керуендей көше берді жылменен. Қоңыр ғана шаруаның ұлы едім, «Əкем топқа кірмеген, Шешем жібек кимеген». Ару боп та сүймеді Ол бетімнен, Жарысып жел ойнамады кекілмен. ...Тас төбемде жарты Ай жалаңаш, Бала күнгі бақытымдай кетілген... Табанымды тар жолдарға тілдіріп, Қанатымды қаққан сайын жетілгем. ...Жалғыз анам жол қарайды түсімде, Ақ кемедей оралам деп кетіп ем... Содан бері өтті көктем...
жыл неше,
Ұмтыл Зарыққан
Сағынышым қаулайды өрттей үрлесе.
Сарыарқа мен біздің Алтай арасын,
Ақ жауын боп шайып өттім мен неше.
Өкінішім,
Өксігім де,
Өкпем де,
Жоқ еді ғой...
Жетсемдағы қалжырап.
Алтай асып қайтады құс көктемде,
Оларға еріп қайта алмадым мен бірақ.
Жүрегіме көмген жалғыз отпенен,
Жанарымда жасым қалды кеппеген.
...Мен Алтайдың бозжусаны емес пе ем,
Арқа барып көктеген.
Бозжусан бүр жарғанда... ІІІ Сəуірдің бұл алғашқы жауыны, Менің сағыныш жасымдай себелеген. Алтайдан келген
аршын бұлттар ғой мынау,
Жаныма бір жақындық сеземін мен...
Мені іздеп келдіңдер ме?
Ғазалдарым-ау,
Оқимын үнсіз түн жырын.
Ақшағи қыздың орамалы ма мынау,
Бейуаққа жоғалған мұңлығым.
Ақтарылыңдаршы,
Алып барыңдаршы,
Мені Алтайға.
Таусылып біттім төзімнен.
Жетімек жұртым қалды ғой онда,
Алаш ‒ анамнан бөлінген.
Жазылмай жырларым қалды-ау,
Үзілген жолдарым қалды-ау,
Қорғансыз орманым қалды-ау,
Үміттің оты сөнер ме?!
Ұмтыл Зарыққан
Сендерге ұқсап ақбас бұлттар-ау,
Олар да көшіп келер ме?..
Сендерге ұқсап асқақ арманды жалғап,
Көлдерім бар ма?
Шөлдерім бар ма?
Өтпеген...
Көз ілсем болды айдаһар арбап,
Шығыстан қызыл өрт көрем.
Кінəсіз өңкей мөлдір көз көрем,
Мөлдір көз көрем жұтылған.
Айхай!..
Бұл неткен ащы азап еді..?
Бөлінсең бауыр жұртыңнан.
Алтайдан ауған бауыр бұлттар-ау,
Қай тауды қалдың сағалап?
Иесі бар ғой,
Киесі бар ғой,
Жұртымның,
Аллама айттым аманат.
Алтайдан асқан арман бұлттар-ау,
Қарпіндей алтын құранның.
Бозжусан бүр жарғанда...
Алатаңда мынау,
Аллаға жайған алақандарым-ау,
Нұрындай ыстық дұғамның…
Ұмтыл Зарыққан
ШАМЫРЫҚ
Қарлы боран,
Қанды түн,
Қаһарыңнан қайтпадым.
Дұшпанның да,
достың да,
тыңдамадым айтағын.
Ей, Түркінің бесігі – менің нұрлы, Алтайым,
«Алтайым» деп жырласам
Алты Алашты айтқаным.
Айдынымнан наз кетсе,
Аққу үркіп қаз кетсе,
Ана жұртым құлазып
Аруанадай зар төксе,
Қара қазық қағусыз,
Атағаштан ат кетсе,
Қарындасты қор ғылып,
Ат көтімен ап кетсе,
Бозжусан бүр жарғанда...
Емендейін иілдім,
Ерегестім сынбадым!
Құбыла бұрып жүзімді,
Жүрегімді тыңдадым...
Əй!..
Зарлымын!
Зарлымын...
Көзімнен ағып қанды ірің.
Шүлдірлеген шүршітке,
Ана жұртты таптаттым.
Шегір көзді көк бетке,
Ата жұртты таптаттым.
Қаным бір қайтпай қарыздан,
Мойным бір түспей парыздан,
Бір күні көрге кірген күн,
Қай бетімді айтпақпын.
Əй!..
Шерлімін!
Шерлімін...
Түймесін сүйіп шендінің.
Тар заманға илендім.
Қаршыға құстай көк тіліп,
Найзағайды сүймедім.
Ұмтыл Зарыққан
Бес күндік мына жалғанда:
Бес уақыт сəжде сүйе алмай,
Отыз күн руза сүре алмай,
Қағыба жүзін көре алмай,
Қараға қалқан бола алмай,
Қарашаның желінде,
Қара сұры қан жебе
Қабырғам сөгіп жан Алла-ай,
...Шырылдап ұшса шыбын құс,
Тұрағым болар бір қуыс.
Топырақ сонда кім салар..?
Алтайдан қалап бір уыс.
Бозжусан бүр жарғанда...
ШЕШЕМЕ
Шеше, қормалым, жалғызым менің,
Жарамды жазар жалбызым едің.
Қара бір жолға қарадың ба ұзақ,
Манаурап тағы алқызыл өңің.
Өмірді көрмей ештеңе құрлы,
Өзіңе ғана кестелеп жырды.
Сапарым алыс, жолдарым жырақ,
Білерсің одан кеш келерімді.
Сағыныш бүгін оттарын көсеп,
Көзімнен ыршып шоқтарым кесек.
Қалжырап келіп ұйықтармын қанбай,
Кеудеңе ыстық басымды төсеп.
Өктемдеу үнім өркенін жайды,
Қам жеме,
шеше, ертеңім жайлы.
Ұмтыл Зарыққан
Білемін саған ауыр да шығар,
Жалғыз да ішсең күп-күрең шайды.
Бүгінгі күнім аңыз ғой ертең,
Ақ бұлақ едім теңізге жетсем.
...Өткен бір күнге өкпелеп жүрмін,
Ақ жаулығыңды ағызып кеткен.
Қайратымды қарт тауға жанып,
Аспанда əсем жұлдыз боп жанып.
Ақ кемедейін оралам, шеше,
Ақ жаулығыңды желкен ғып алып.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Шеше, сен мені кешірші...
Айықпай қабағымнан батпандай мұң,
Байқамай басқа əлемді басқандаймын.
Мен сенің мейіріңе шөлдеп жүрмін,
Асылып Алатаудан атқандай күн.
Көйлегіңнен жусанның исі аңқып сен,
Татыр ма бар қазынам жисам тіптен.
Тіліне қолым тисе бебеу қағар,
Көңілі күңіренген күйсандық па ең.
Шыға алмай бұл қаладан ол-пұлы көп,
Жаным жүдеп, жүргені дертім үдеп.
Түсімде де жете алмай жүрем елге,
Қуалап Жетіқаба толқыны боп.
Тағдырдың сан шайқалған кесесінде,
Ұлтанмын өз елімде есесіне.
Ұмтыл Зарыққан
... «Əлемнің жарығы...»
деп əн бастаймын,
Алматы.
Шəмші ағаның көшесінде.
Алматы.
Қайырсыздар қаласындай,
Ұлың жүр маңдайының бағы ашылмай.
Сағындым,
Саған жетем,
Сапар шегем,
Алтай мен Алатаудың арасындай...
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Анамның ақ сүтіндей аппақ дінім.
Анамның ақ сүтіндей аппақ тілім.
Тілімді шұбарладың,
Дінімді шимайладың,
Тар кеудеме тұншығып сыймайды əнім.
Ойымды қарақат түнге орап,
Жырымды аппақ бір нұрға орап,
Жар нұры-ау,
Жалғыз-ақ сен жаққа
жол алсам деп едім,
Осынау дертімнен оңалсам деп едім.
Күн батыс садақтай керіліп,
Күңіреніп күн батса,
Көкжиек ерінің күбірлеп,
Қоштасып барасың өлеңім…
…Мен не дейін?
Тағдырым – таразы тартылса,
Ұмтыл Зарыққан
Жолыма жарық боп Жар тұрса.
Сəлден соң ай туар аспаннан,
Сақалы сорғалап абызша.
Мен оған не деймін?!.
Булығам,
Тұншығам,
Күйімді кім шертер?
Қайғымды кім серпер?
Жаралы күшіктей қыңсылап,
Иесіз аулада ұлыған…
Бар менің өмірге керегім,
Аллажар!
Арыңмен демедің.
Ақ бұйра бұлттарға қарашы,
Ақ жусан өлеңім.
Ақ найза ұшында
Найзағай ойнатып,
Ақ азу тістерім ақсиып
Аспан боп күлемін.
Жолбарыс жонымды тілгілеп,
Тапталған намысты шабақтап,
Арынан тоналған ғаламды,
Арқаның аязы секілді,
Бозжусан бүр жарғанда...
Қарысам деп едім.
Алтайдың ақсарбас жауыны секілді,
Ақ жұпар күй болып,
Аңқысам деп едім.
Бабамның тасқа ойған аманат сөзіндей,
Ең соңғы жырымды қалдырсам деп едім.
Өлеңім!
Ұмтыл Зарыққан
КӨНЕ МЕККЕ. САҒЫНЫШ
О, асыл нұр,
Беу, иллаһи самалым...
Қабыл көргін мендей міскін амалын.
Мен түсімде жиі көрсем деуші едім,
Көне Мекке шаһарын.
Көне Мекке,
Қарт Қағба,
Өлшемім...
Саған жетер жолда арып өлсе құл.
Күмбір-күмбір
күмбездердің ішінде,
Азан даусы əлдилесе деуші едім.
«Иманы аш,
Рухы саяз,
Пəс құлға,
Кəусарыңның саумал нұрын шаштың ба?
Бозжусан бүр жарғанда...
Босағаңды сəжде етіп құларға,
Маңдайыма бақыт мөрін бастың ба?
Кешір, Алла,
Атар таңмен мінəжат.
Несіп, Алла,
Батар күнмен салауат.
Маһшар таңы жүзі қара деместен,
Маңдайымнан тұрса нұрың сорғалап.
Тал бесікке тербелгеннен жуылып,
Жер бесікке енгенше үш буылып.
«Аллағым...» деп
аққан жалғыз жаспенен,
Көлдей күнəм кетсе бірге жуылып».
Көне Мекке,
Көн тарих,
Еңселім...
Көкке қолым жайсам сені көкседім.
Біздің ғұмыр егіншінің өмірі,
Ертең соны орады ғой ексе кім.
Қара жолдар қанаттарын сабалап,
Мені азанмен оятады...
Ұмтыл Зарыққан
О, ғажап,
Сағынышым күрең жалды тұлпарым,
Күн түбінен кісінейді мазаны ап.
Хас жүректің,
Ізгілердің арманы,
Қайран, шаһар,
Кімге дəру қалғаны?..
...Шөлдеріңе боздап жетем бір күні,
Солай боздар біздің жақтың нарлары...
Бозжусан бүр жарғанда...
ҮШ АНЫҚ
1. Қасым
Аға, сенің қасіретің,
Арманың,
Кімге мұра?
Кім көтерер салмағын?..
Жаурынында «шайыр» дейтін мөрі бар,
Пайғамбардай ақын құлы Алланың.
Домбыраңда тартылмаған күйіңдей,
Мені ауыр жер тартады иірімдей.
Дауыл алды ышқынады жыр-теңіз
немесе асқақ езудегі өлімдей.
Ол Исадай көкке ұшқан жоқ көлбеген,
Тірі ақынды көргеміз жоқ өлмеген.
Ұмтыл Зарыққан
Топырақтан жаралды да өлең боп,
Топыраққа кетті қайтып жырменен.
Көн шанағы,
Кəр саусағы,
Шертісі...
Жер анаң сол аққан Жайық, Ертісі...
Екі өмірдің жырмен өр деп бұрымын,
Тағдырына Тəңір тартқан елшісі. 1. Мұқағали
Жүргені-ай, ту алысқа кеткім келіп,
Қалымды сұрамайтын ешкім келіп.
Қалың құмда қалса бір жұмбақ ізім,
Шыңғысханның бейіті секілденіп.
Жапан түзде жұпыны мола тұрса,
Бармаса оған ешкім де аза тұтып.
Менің тарғыл даусымдай таң алдында,
Отырса жалғыз бөрі ұзақ ұлып.
Бір ару шақырса ол кез ғарыштан дəл,
Таныс дауыс болса ол, таныс жанар.
Бозжусан бүр жарғанда...
Мен онда жұлдыздармен бірге жүрсем,
Түсіме кіріп ылғи арыстандар.
Қайталық десе ол маған шарап ішіп,
Мəйхана ‒ күн отаным оттан да ыстық.
...Ал, тыста біздің Мұқаң, дархан Мұқаң,
Айғайлап келе жатса аттан түсіп...
1. Кеңшілік аға
Кеңшілік аға,
Кең емес екен бұл жалған.
Кеңшілік аға,
Кеудеңде кетті қанша арман.
Кеңшілік аға,
Менің де мұңым махаббат ‒
Мизам шақтарда мысық көзденіп бүр жарған.
Кеңшілік деген кең етек шың ба мұз-қарлы,
Кеңшілік деген Құсжолы сынды із қалды.
Аспан ағам-ау, жырласам ба екен мен сенің,
Омырауыңнан аққан жұлдыз қыздарды...
Кеңшілік деген қарлығаш құс па шамасы?..
Қарлығаш жырдың безбенсіз қалды-ау бағасы.
Ұмтыл Зарыққан
Айыр қанаттым-ау, айырыла ұшқан сəтіңде,
Жабырқап қалған Торғайдың жарлы даласы.
Тобылғы толы құм ба екен Торғайдың шеті,
Сайгез жыр қалар сайғақ боп саған бір белгі.
…Кеңшілік кеші керемет өтті деп жүрем,
Жұлдызы жарық түндерді.
Кеңшілік аға,
Кең емес екен бұл жалған.
Кеңшілік аға,
Бізден де өтер бұл жалған.
Кеңшілік аға,
Менің де мұңым махаббат ‒
Қасатта қасат қарлы шыңдарда бүр жарған.
Бозжусан бүр жарғанда...
ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ
Түсіме кіреді...
Қып-қызыл толқындар,
Ағатын бір алаңды қанға бояп.
Осы түн ұлыды бөрі біткен,
Тұмсығын айға қадап.
Өңкей бір нөкерлер,
Еркіндік тілеген.
Көздері – от,
сөздері – жебеден.
Айналдым, бостандық, атыңнан,
Бабамның рухы жебеген.
Ұқтырып мəңгілік өлімнің жоқтығын,
Көк зеңгір аспанға шашылды от нұрың.
Мендағы күні ертең
аттанам сен жаққа,
Жастанып жез қанат тұлпардың шоқтығын.
Ұмтыл Зарыққан
Лаулады жаңа оттар,
Қоламта өшпестен...
Ұмытпан ол күнді ұландар өрт кешкен.
Төрімде ілулі батырдың жейдесі,
Кеудесін оқ тескен.
Осы күн.
Желтоқсан.
Қазаққа Нұр келді.
Талқан ғып тар қапас темірлі түрмеңді.
Өзімнің аспаным,
Өзімнің топырағым,
Өзіңнен екі елі бөле алман іргемді.
Мəңгіге өшер ме,
бір сіңсе қан дағы.
Өмірлік өзгер ме,
ерліктің салмағы.
Сəбиің ұйқыда, басына жастанған,
Бабамның қанжары.
Білемін,
Ақжайық,
Атырау өзендер...
Сендерсіз жанымның жарасын кім емдер?
Бозжусан бүр жарғанда...
Көзімде шашырап тұр əлі сол оттар,
Белімде жарқырап жүр əлі берендер.
Осы таң ‒ ұлы таң шығатын шығыстан,
Ақ бұлттар таулардың артына ығысқан.
Көгілдір аспаннан бұлғаймын көк туды,
Көгілдір жершары шыққанша уыстан.
Ұмтыл Зарыққан
МАХАМБЕТКЕ
Туырлықсыз тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма.
Махамбет
Абыздардың...
Қайран, соңғы ақыны.
Аңыздардың...
Қайран, соңғы батыры.
Жасыл шарда жай ойнаса жап-жасыл,
Сенің соңғы семсеріңнің жарқылы.
Алатауға сыймай ұшқан ақсұңқар.
Қаратауын қимай ұшқан ақсұңқар.
Көк аспанда күркірейді күндей боп,
Сенен қалған жарау тұлпар, ақ тұлпар...
Найза ұстаған саусақтарың сасқанда,
Ай тұтылып тұрып алды аспанда.
Бозжусан бүр жарғанда...
Енді, міне, күн тұтылды...
Жұтылды.
Бүкіл қазақ сені тастап қашқанда.
Көзіңді бер,
Сөзіңді бер,
Сезімді,
Мен айтайын енді қалған сөзіңді.
Шұрық-шұрық жүрегіңнен қарасам,
Кешіре сал,
Кешірілмес «еріңді».
Қызғыш құстар көлін жоқтап ақпанда,
Дулығаңды əрең іздеп тапқанда.
Əлі де ата,
Кесер қылыш бізде көп,
Сенің басың қайта «өсіп» шыққанда.
О, Махамбет!
Ұмтыл Зарыққан
МАДАҚ ЖЫРЫ
Мен көшпенді ұлымын.
Қара жер – шаңырақ,
Көк аспан – түңлігім.
Тамырымда тасиды
Қара Ертіс,
Қарт Алтай – кіндігім.
Жаурыным – дештінің даласы,
Жон-жотам – Қаратау сағасы.
Маңдайым – күн сүйген Сарыарқа,
Таңдайым – домбыра шанағы.
Орақ ай – от садақ,
Найзағай – жебесі,
Көкше мен Хантəңір – көбесі.
Астымда аймаңдай
арғымақ кісінер,
Жер тіреп
жез тұяқ,
Көк тіреп төбесі.
Бозжусан бүр жарғанда...
Маған құл болуға арымас,
Айнала көк көздің еркектісі.
Маған күң болуға жарымас,
Қысық көз əзіздің етектісі.
Көк Тəңір – панасы.
Көк Түрік – анасы.
Мен көшпенді баласы.
Екінші бөлім
Аспан сыйған жанарыңа
мен сыймай...
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Сенің жалғыз сыңғыр еткен
бір күлкің,
Жүрегімнен өшіреді мұң бұлтын.
Енді маған жалған емес
«мың бір күн»,
Енді маған арман емес
«мың бір түн».
Маған мəңгі қайта оралмас көктемім,
Неге сонша көздеріңмен өртедің.
Сенің көзің толмап па еді жасыңа,
Мені өзен толқынымен тепкен күн.
Суға салған, құмда қалған іздердей,
Қалады екен кей бақытты көз көрмей.
Сенің құсың өзге жанға қонғанда,
Менің құсым ұшпай жатып өлгендей.
Ұмтыл Зарыққан
Бұл азаптан енді қалай емделдім,
Жанарыңда жалғыз жас боп тербелдім,
Сенің құсың молама кеп қонар ма,
Мені сенің жүрегіңе көмген күн.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Қасыңнан,
қалқатай-ау,
неғып кеттім,
Жас болып жанарыңнан тамып кеттім.
Бозарып жапырақтай тоңдымдағы,
Көзіңнен түскен шоққа жанып кеттім.
Күл болдым...
Содан кейін желмен ұштым,
Ақ бұлтпен араластым жерге түстім.
Сен менің өңімдегі күрең күзсің,
Мен сенің көгіңдегі көрген түспін.
Тотыдай тұнық түнде толған айым,
Жұлдыздай жүрегіңнен жол қарайын.
Көгіңде көлің болып толқиында,
Көзіңде өмір болып ойланайын.
Ұмтыл Зарыққан
Күрсінбе аспанымның қайғылы елі,
Адаспас арманшылдың қай жүрегі.
Сен ай да, мен күн емес,
Бірақ, қалқам,
Күннің де түсіне ылғи ай кіреді.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Аспан сыйған жанарыңа мен сыймай,
Ақ шам қыздың бетіндегі мең сынды ай.
Шəйірларша шаһар сыйлап қайтейін,
Жүрегімді қолыңа алшы қомсынбай.
Ай қара боп көрінеме ақ түнде,
Бұл бақытты таппадың не,
таптың не?..
Сен түсімде мені көміп тастапсың,
Қызыл,
жасыл,
ақ гүлге...
Кірпігіңнің төгілердей моншағы,
Нені ойлады, нені күтті, аңсады...
Менің үнсіз қаламыма тіл берген,
Сенің айна көздеріңнің аспаны.
Ұмтыл Зарыққан
Сені көріп періштені ұмытқам,
Сені көріп тамұқты да жылытқам.
Енді маған сезіміңе суарған,
Шарап керек бір ұрттам.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Кеттім мен алыс тастап мекенімді,
Тағдырдың тəлкегін кім жете білді.
Кешігіп сезсең-дағы қиын екен,
Ешкімге керек емес екеніңді.
Аспаннан ашық күнде жай түстің бе,
Адасып аман қалдым айсыз түнде.
Əлі де бар екем-ау деп қаламын,
Есіме анда-санда сен түскенде.
Төбемнен төгіп өтті түнгі жаңбыр,
Көгілжім көкжиекте сырғыған нұр.
Бүгін ғана емес қой жоғалтуың,
Аспаным кімді жоқтап... кім жылап жүр.
Алдыңда енді недеп ақталамын,
Су іздеп сусап жүріп от боламын.
...Ажалдай ағараңдап келе жатқан,
Тек түннің искей бердім ақ тамағын.
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Алматыда түнгі он екі.
Сен ұйқыда шығарсың,
Мамық көрпең жауып тəнін,
күнəсін...
Гүл бетіне сұлу бір шық тұнғандай,
Дəптеріме алтын əріп құласын.
Терең-терең тереңдерден сүзіп ап,
Тұнжырайды,
Нұр шырайлы күзгі бақ.
Қиялымда қалған соңғы бейнеңді,
Отырайын қауырсынмен сызғылап.
Қандай ауыр?..
Тыңдашы өзің түн даусын,
Саған қарай ұштым,
міне, мұңдасым.
Қолдар мені тартып алды қорғасын,
Жолдар мені жұтып алды кім барсың?..
Бозжусан бүр жарғанда...
Сендік шанақ, сендік əуез иіткен,
Сол бір əнге сүттей ұйып биіктен.
…Ұқпайыншы төбет желдің үргенін,
Ұйықтайыншы көздеріңнен сүйіп мен.
Сен ұйқыда шығарсың?..
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Сенсіз таңым атқалы,
Сенсіз күнім батқалы,
Адастырып бітті мені бұл бес күн,
Екі оттың арасында күн кештім.
Мекен етіп алды мені бар қайғы,
Сағыныштан қара түн де сарғайды.
Түсінем ғой жаныңды үнсіз жылаған,
Жан жарым ең бір Алладан сұраған.
Тақ төбемнен құлардай боп құзар-шың,
Енді сенде басқа жанға сыңарсың.
Ал, мен болсам ескі мұңнан айықпай,
Жарға ұрылам желкені жоқ қайықтай.
Күл боламын... аспан барып шашылам,
Қарашада жаңбырласам басылман.
Сендік арман езсе-дағы еңсені,
Бір сапарға шақырмадым мен сені.
Жо-жо-жо-жоқ...
Сүйемін ғой, сүйгендей-ақ сол Нұрды.
Бозжусан бүр жарғанда...
Сүйемін ғой, сүйгендей-ақ сол Жырды.
Көйлегіңдей аппақ еді мына күн,
Иманыңдай тап-таза еді мына түн.
Сұрауы көп белгісіндей сөйлемнің,
Қай жыртығын жаматайын жейдемнің.
Қатпар-қатпар маңдайындай сорымның,
Дауылы көп, жауыны көп жолымның,
Құрбанына қия алмадым мен сені.
Кеш мені.
............................
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Қала мынау,
айықпай еш күнəдан,
Кеудесіне қоп-қоңыр кеш құлаған.
Мен аттанып алысқа кете бердім,
Қолын бұлғап қалмады-ау, ешбір адам.
Кеберсіген көңілдің кесесіне,
Удан өзге, қалқам-ау,
не бересің...
Жанарыма ұқсатып бара жаттым,
Жаңбыр жуған автобус терезесін.
Құм едім,
Қуаң едім,
Кермек едім,
Жарты ауыз жылы сөзге шөлдеп өлдім.
Естен танып, емделіп ес жиғанша,
Өзге ошаққа боларсың сен де келін.
Бозжусан бүр жарғанда...
Сен жаққан жалғыз отпен жан сақтадым,
Сыйланбай қалды саған гүл шоқтарым.
Өмірге ертең келер сəбидейін,
Тепкілей бердім түннің құрсақтарын.
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Қара ағаштың қалтырап жапырағы,
Қаңтар бізді қай күйге шақырады.
Мені саған байлаған сол бір əуен,
Көкірегімде көктем боп жатыр əлі.
Мың қайталап сол əннің қайырмасын,
Деймін тағдыр өзіңнен айырмасын.
Қас қарайып келеді түнге қарай,
Күннің күмбез қанаты қайырылғасын.
Науайдың ғазалына малып ұшқын,
Хафиздың муза мұңын қанып іштім.
Гүлзар елде гүл жару қандай бақыт,
Недеген қайталанбас сағынышпын.
Есепсіз атуда таң,
батуда күн,
Тақпағын тыңдармысың тақуаның.
Бозжусан бүр жарғанда...
Ескірген көкжиектің кеудесіне,
Жаздым мен махаббаттың ақырғы əнін.
Саумал жұлдыз саудырап етегімнен,
Дауыс шықса аспаннан етер елең.
Саған бастар жолдарды көріп тұрып,
Қара басқан жолдармен кетемін мен.
Мені құртар қасірет қалмағандай,
Беу, мына домбырамның зарлағаны-ай.
Қорғасын жыр құяр ем таңдайына,
Құсқа айналып кетпесе таңға қарай.
...Көңілі көбелектей күйгені үшін,
Өмірді менше өртеніп сүйгені үшін,
Қайғыдан қара садақ игені үшін,
Тағдырдың тарғыл оғы тигені үшін.
Сен менің сүйгенімсің,
Сүйгенімсің!
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Бүгінгі күн сенің көзің секілді.
Əрі мұңлы, əрі мөлдір, əрі əсем,
Бақтарға да тіл бітіпті бір əсем.
Дариядай ақын болып тумаппын,
Теңіздердей тебірене жырлас ем...
Шар ғаламнан шанағыма сыйса екпін,
Мама дала, мамырлата күй шерттім.
Қазақы бір қан жүгіртіп бетіне,
Сен жырлаған сол қыздарды биші еттім.
Сағыныштар сарын тауып пернеден,
Сары құстар зар үн тауып кеудеден.
Жарыла ұшқан қанаттардың астынан,
Сабылысқан сан ғажайып жол көр ем.
Қоңыр-қоңыр күйге малып қолды да,
Таптым ақыр баққа барар жолды да.
Бозжусан бүр жарғанда...
Мөлдір-мөлдір күй аңсаса жүрегің,
Күмбір-күмбір кеудем толы домбыра.
Ей, өмірден озу үшін келгендер,
Пенделердің етегіне ермеңдер.
Домбырадай ақын едім өзім де,
Қазанғаптың күйлерімен жерлеңдер.
...........................
Бүгінгі күн сенің көзің секілді...
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Қарашығым,
Жазады жүрегімнің
жарасын кім?!
Иендегі иесіз өлеңдеймін,
Сайғағындай сарғайған моласының.
Қарашығым,
Мен жетім жағалаумын қаз аңсаған.
Сен киелі шанақсың саз аңсаған.
Күмбездей көтерілсең көкжиекке,
Қолымды күн астынан созам саған.
Қарашығым,
Бал мен қатар өмірдің уын іштім,
Домбыраңдай түсінбес сырымды ешкім.
Бір сағыныш еңсемді көтертпей жүр,
Қара түндей ауырлап күрсінісім.
Бозжусан бүр жарғанда...
Қарашығым,
Қанатым талса бұтаң қондыра ма?
Соңғы жұлдыз сəулесі сөнді жаңа.
Өмірімді күй ғылып əспеттеші,
Жүрегімді тиек қып домбыраңа.
Жібек болсаң жаныма жамылайын,
Түнек болсаң шырақ боп жағылайын.
Күй аңсаған кеудемді күмбірлетші,
Сағасына ішек боп тағылайын.
Қарашығым,
Кірпігімнен жас құлар сəл ырғасам,
Аспандай боп ашылам жаңбырласам.
Тоқсан тоғыз күй болып төгілер ем,
Менің тоғыз пернемді басар болсаң.
Қарашығым,
Сені аңсаумен шөлдеді шырайлы өлкем,
Жел ғып аңыз айтады біз жайлы ертең.
Алла адамға керемет сый берерде,
Алдыменен осылай сынайды екен.
Қарашығым,
Құста келді өзіңнен келген хаттай,
Ұмтыл Зарыққан
Жылуы жоқ жалған бұл сөнген оттай.
Басымды сүйейінші... саған келдім,
Мынау жетім ғаламнан мекен таппай.
Қарашығым...
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Неге осы шегем мұң,
Тартам қайғы,
Неге менің шерім бір тарқамайды.
Менің осы əн ғана жанымды ұғып,
Мені осы күй ғана алдамайды.
Нем бар еді тірлікте қимай қалған,
Жанарымнан жас болып сырғиды арман.
Ана бұлттар бақыттың елесі ме?
Менің ғана кеудеме сыймай қалған.
Көлді аңсаймын,
Көл іздеп шөлге жетем.
Əнді аңсаймын,
Əн қайда зарға бекем.
Жесір бұлттан бір тамшы тамған еді,
Жетімектің жасындай кермек екен.
Ұмтыл Зарыққан
Неге осы шегем мұң,
Тартам қайғы,
Құлаш-құлаш күй тартшы,
Тарқар қайғы.
Мен бақытқа қол созбан ауыр ғой ол,
Ал, қасірет,
Қасірет алдамайды.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Қанбайтын бір шөл қысып кенеземде,
Нені күтем...
Телмірем терезеге.
Құлазып қалар сонда қайран көңіл,
Өмірді бір қырынан көре-көре.
Қаһар жоқ қарашада жауған қардай,
Мейір жоқ сəуірде бір тамған нұрдай.
Көз алдың көне ізге көлбей қалар,
Баяғы шайырлардың тағдырындай.
Көзге ілмей дүр дүние дүрбелеңін,
Қауызын жарып түннің бүрлеп едім.
Осынау кеудемдегі іңкəрлықпен,
Мен сені шексіз сүйсем деген едім.
Мен саған айтсам деп ем сыр жасырмай,
Мен саған күй боп сіңсем, жырға сыймай.
Ұмтыл Зарыққан
Ып-ыстық маңдайдағы аппақ жұлдыз,
Ып-ыстық жүрегімнің дұғасындай.
Сапырып сағынышын бұл ғаламның,
Бейуақыт жолға шығып боздағанмын.
Менде саған жетермін сол ақ жұлдыз,
Туған жер топырағына құлаған күн.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Бір көзде өмір.
Бір көзде өлім.
Безерген;
Бір көзде жас бар,
Бір көзде қан бар,
Сезем мен;
Бір көзім ашық,
Бір көзім жабық,
Байқадым,
Бейнесі ғана дірілдеп тұрды көзімнен.
Бір көзде өмір,
Бір көзде өлім,
Бір тамшы.
Жанардан сырғып,
Құмдарға сіңер,
Кім қарсы.
Өмірдей саған сұпсуық болып жүргенше,
Өлімдей ғана жолыңды күтіп тұрсамшы.
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Мазалайды-ау,
қасіреттер көне бір,
Өлім жайлы ойландырма мені өмір.
Жазды қанша сағынса, мен сағындым,
Қар астында қалған солып селеу гүл.
Күнді,
Түнді,
Мен өмірді сүйемін.
Қыл ішекте қалған соңғы күй едім,
Ай сəулесі аңғартады-ау,
ажалдай,
Ағараңдап жатқан түннің сүйегін.
Мен өмірді толғағым-ақ келеді,
Мен өмірде болмағым-ақ келеді.
Жерде қалған жүрегімді қолыма ап,
Көк жүзіне орнағым-ақ келеді!
Бозжусан бүр жарғанда...
Иық жамау,
Жүрек жамау,
Жалаңаш…
Түннің жасы меніменен шамалас.
…Ешкімді де шақырмады ол,
Бармады
Төбемізде тұрды тоңып Дарағаш.
Үшінші бөлім
Менің тілім –
қоңыр тілі даланың
Бозжусан бүр жарғанда...
БОЗДАҚ
Бір Құдайдың дидарын
Сен көрмегенде кім көрер?!
Бұхар жырау
Он сан Алаш тұсында,
«Абылайлап» таң атқан,
«Абылайлап» күн батқан,
Тар құрсақты анадан,
Таудай болып туылып
Тəңірі текті жаратқан.
Арқада тұрып алқына
Адырнасынан ағытып,
Қытайға кекті оқ атқан.
Орманын нулы ойратып,
Қаласын шулы қиратып,
Төрт тұяқтыны тулатып,
Ұмтыл Зарыққан
Күнбатысты күңіренте,
Күн түбіне жол артқан.
Аспан текті далада,
Маңдайы айдай нұрланып,
Абызы терең толғатқан.
Қолына болған қаруы,
Жолына болған жарағы,
Нөкері талмай түн қатқан.
...Көктемгі бүрдей көгерген,
Төрт құбыламды теңерген,
Хан Абылай тұсында:
Жағамды жыртып жау алмай,
Арнамды бұрып дау алмай,
Қылышым қынға сұғылмай,
Көйлегім қаннан жуылмай,
Кескілескен дұспанның,
Кеудеден жаны шырылдай.
Елім елше күнелтіп,
Ерім бөріше түн жортып,
Көкшені күнге сүйдіріп,
Арқаның белін идіріп,
Оң иығымда – Қаратау.
Сол иығымда – Алатау.
Айбатымды асырып,
Айламды ішке жасырып.
Бозжусан бүр жарғанда...
Ер түркінің тұқымы,
Ер Шыңғыстың рухын,
Жарты əлемге жаңғыртып,
Жатқан бір дарқан ел едім!
Шағала шалқар көл едім!..
Ажал бір айтпай жеткенде,
Сапарға қайтпас кеткенде,
Дүния бастан пыр ұшып,
Хан Абылай өткенде:
Жігерімді жер қылдым,
Шаттығымды шер қылдым,
Көзімнің жасы көл болдың,
Хан Тəңір қаққа айрылып,
Алтайды төртке бөлдірдім.
Азу тісі қағылған,
Арландай ащы ұлыдым.
Қыл арқаннан қиылған,
Құлындай болып шыңғырдым.
Ата бір дұспан асқан соң,
Абдырап елім сасқан соң,
Қойнымнан алып жарымды,
Алдына салып малымды,
Шығармай алып жанымды,
Он саусағыңдай жұмылған,
Ұмтыл Зарыққан
Өзіңнен қалған Он Алаш,
Алты Алаш болып арыдық.
Жат бауыр тартқан қияға,
Суып бір қалған ұяға,
Тəуелді рухым қона алмай.
Таңында арең атырып,
Күнінде зорға батырып,
Қарны бір тойса қуанған,
Тексізден төре тайраңдап,
Тайтұяқ жұтып пара алған,
Мойнын да қаны бодаусыз,
Ақиқат судай сұраусыз,
Жиырма бір дейтін қатыгез,
Қабағы күрең ғасыр да,
Қайыра қайта жыл санап,
Қария таудай күңіреніп,
Қаныммен жазған жырыма,
Қайран да, көңіл толар ма?
Торғыннан жібек кидіріп,
Торқадан белін будырып,
Тоғыз ай елін күттіріп,
Тоқсан да қатын толғатса;
Алты Алаштан алпыс ер,
Бозжусан бүр жарғанда...
Үш жүзімнен үш жүз ұл,
Жолына құрбан аталса,
Қапыда кеткен қасқалар,
Қапыда кеткен қасқалар,
Қайранда орның толар ма?
Қайранда орның толар ма?!
Ұмтыл Зарыққан
АМАНАТ
Шіркін-ай,
Даланы айтшы...
Жылқылар сайдан құлай шұрқыраған,
Асауға құрық тисе шырқыраған.
Бір ащы кермек жырға шөліркеймін,
Кəдімгі қидың исі бұрқыраған.
Дүние-ай!
Бастан аунап бес күндігім,
Шет жайлап, қиыр қонып ескірді күн.
Астынан алты қырдың арша арқалап,
Бір кеңіп қалушы еді-ау кеңсірігім.
Көлінен күй,
сапырып суынан əн,
Жардай атан жаратып жабағыдан.
Аспанда білгеннен соң құстың тілін,
Көн терін көк шуланның жаға қылғам.
Ойларым ормандайын түпсіз еді,
Қиялым қашағандай ұшқыр еді.
Бозжусан бүр жарғанда...
Тілімде тиек бар ет домбырамдай,
Бейуаз ем белде жортқан қоңыр аңдай.
Ашуым алдың өткір,
Артың қайраң,
Қоп-қоңыр болдым сосын қоңыр ойдан.
Қобыздай күңіренер күнім қайда?
Безінен қу қайыңның ойып алған.
Бұл күнде...
Қайда барам,
тудым неден?
Қап-қапа жартастаймын күңіренген.
Санамнан бар тарихым сал боп ағып,
Тіл мүкіс,
ойлау бөтен міңгірлеген.
Аңырап аруанадай адасса нар,
Ақ төсі айғызданып Алаш қалар.
Ұл мынау көзінде от жоқ, сөзінде нұр,
Қыз анау,
жел өкпелеу тұзы жеңіл.
Қайда сол қазақы рух қарқарадай?
Қайда сол қазақы иіс аңқаны алмай?
Обыраз жасап сұлу қиялдардан,
Жалған-ай,
жасандыққа жиі алданған.
...Осылай болатынын біледі ақыр,
Ұмтыл Зарыққан
Осылай үзіле ме күре тамыр?
Осылай өрт алар ма өрісімді?
Бас кетіп, жең ішінен қолым сынды.
Топырақ аруладым аманат қып, –
Бозжусан болмысымды.
Бозжусан бүр жарғанда... КҮЙ − Мұхаң айтыпты ғой «Қа зақ тың ары мен ұяты, кі сі лі гі күйде ғана қалды», – деп. Сол рас сөз... А.Сүлейменовтен Кəрі саусақ, Күй бастады, Қорғалап... Жеткен үн ғой, Ұзақ сапар, Жол қажап... Менің жырым – Алтай асқан қаршыға, Сенің күйің сұңқардайын сорғалап. Жеткен үн ғой, Толқын ұрып, Жал қажап... Күйден-күйге көштің тағы қоңырлап, Қоңыр түнде қорғасындай ауырлап.
Ұмтыл Зарыққан
Сұңқылдайды үн...
Саусағыңнан сорғалап.
Отырмын мен қос қабырғам саудырап.
Күмбір-күмбір, күмбірлеген күллі ырғақ,
Шымыр-шымыр, шымыр етті жанды улап.
Жанған шамдай жел үрлесе дір етем...
...Өлмепті сөз!
Күйде əлі тірі екен.
Алдына алған алты құрлық аймақты,
Бақ тайса да, алаштан күй таймапты...
Кəрі саусақ көн шанаққа қағылса,
Ешкі ішегі сөйлеп отыр абызша...
Күйден-күйге көше бердің ауырлап,
Көшеді бұлт қара жерді бауырлап.
Ықылым бір заманадан жеткен үн,
Көшелерді шайып өтші шуылдақ.
Қобыз текті қайран, қоңыр домбырам,
Жеттің маған болса да алыс жол бұраң.
Алашымның аруақты даласын,
Жұпар күйің енді қардай борасын.
Жолдарым бір тоғысар ма бөлінген?..
Ботасымен қауышар ма бозінген?..
Жеті жұрттың сөйлесем де тілімен,
Жеткізе алмай қойып едім бұны Мен.
Бозжусан бүр жарғанда...
Ей, екі ішек, енді мен боп боздашы,
Екі көзден үзілген...
Ей, ащы ішек, бозжусан боп бұрқыра,
Өмір керек!
Рухың керек!
Ұлтыма.
Шертші қане,
Шерге де бір тояйын...
Келші қане,
Үкі қадап қояйын...
Жүзші қане,
Аппақ бұлттар ішінде...
Алтын қанат аққу құсты пішінде.
...Үкілі бір домбырасын көтеріп,
Үкілі қыз көп кіреді түсіме.
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Домбыра, сен де жетім, мен де жетім,
Өмір қалды қоңсытып сөнген отын.
Аңырап Алаш қалды ана жұртта,
Ақ сүтін емірене емген едім.
Домбыра, дала тілдес боздасым ең,
Сөзіме салдым салмақ қорғасынмен.
Шыға алмай шерге тұнған шанағыңды,
Суарып қоям үнсіз көз жасыммен.
Дүние-ай, ескі əуенге шөлдедім көп,
Аңсаудан ауыр азап көргенім жоқ.
Сыңарын қанатымның сабалаймын,
Жасыл шар сені сазбен тербегім кеп.
Домбырам, оң бұраулы, сол бұраулы,
Шанағы шыға біткен омыраулы.
Мен шығыстық шайырмын дертіміз бір,
Бозжусан бүр жарғанда...
Менде сендей тереңмін шыңыраулы.
Күй болып көкіректен көшкен мұнар,
Ғасырлық сағынышты еске салар.
Қанаты қоңыраулы көшке ілескен,
Қайда сол Қаратаудан ескен самал?
...Бұл күнде төбелер көп тауларым аз,
Сусатты назы бөлек сусамыр жаз.
Сарылып жатқан мынау Сарыарқа ма,
Қонар ма сыңсып ұшқан сар бауыр қаз?
Көк аспан қара жерді ұластырып,
Көн шанақ көскен сайын құлаш ұрып.
Маңдайы айға оранған ақ боз үйдің,
Боздайтын түңілігінен түн асылып.
Баурыма баса түсіп кең даласын,
Зарлы бір сазға қосыпып шер наласын.
Қос ішек, сен боп жалғап көрсем деп ем,
Қос бесік өмір – өлім екі арасын.
Ұмтыл Зарыққан
* * *
Жаңбырлы маусымдай жылаған,
Сүйемін мөп-мөлдір көзіңді.
Мен қалай жырламай тұралам,
Күйіңдей қоп-қоңыр өмірді.
Көңілдің бар кірін шайған соң,
Сап таза əуенмен тыныстап.
Шалдай боп отырам шайдан соң,
Шекесі жазылған тырысқақ.
Қарашы,
мен жүрген жолдарға
Табаны таусылып шаршаған.
Күзгі аспан толады қаздарға
Базары тарқаған...
Сол күйді қайта бір басташы,
Жетілмей тым ерте үзілген.
Бозжусан бүр жарғанда...
Жасыңды төгіп бір тасташы,
Көзіңе тым терең көмілген.
Сол күйді қайта бір қайыршы,
Таулардың сүйегі сырқырап.
Көшеді түнгі аспан бұлттары,
Жылқыдай шұрқырап.
Сен алғаш əуенмен жуылдың,
Жаныңды сол ғана жұбатпақ.
Сен осы күймен бір туылдың
Домбыра құшақтап.
Жаңбырлы маусымдай жылаған,
Сүйемін кіршіксіз көзіңді.
Сен шерткен сол күйге жұбанам,
Іздеймін жоғалған кезімді...
Көңілдің күйін бір бұрашы,
Көмейде қорғасын балқыған.
Сол Ханның алдына апаршы,
Ажалдың иісі аңқыған.
Қара нар иісін елсізде
Қасқырға ботасын алдырған.
Ұмтыл Зарыққан
Сол кездің куəсі сенсің бе?
Жадымда дауысы жаңғырған…
Білер ме бұл ұрпақ кімдігін?
Тамыры тереңге құлаштап.
Күйменен кесер ме кіндігін,
Туар ма домбыра құшақтап?!.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Ұстатпа домбырамды надан қолға,
Кеудемді жамандарға бастырмағын.
Жұмекен
Арқаның ақ жауынындай мөлдірім,
Көздеріңнен үзілердей өмірім.
Сарыарқаға жауған қардай кіршіксіз,
Қайран, менің көңілім.
Қайран, Арқа ауасындай жұпарлым,
Құмарыңа қана алмай бір жұтармын.
Құрығынан құтылғандай тағдырдың,
Бұрымыңдай тарқатылса шынар күн.
Домбырамның бұрай-бұрай құлағын,
Ағыта алмай қойдым көңіл бұлағын.
«Қара торғай» қанатына хат байлап,
Кер бестінің жалын талдай сыладым.
Ұмтыл Зарыққан
Күйі терең,
Сазы самал,
Байтақ ең...
Сол далада тусам деушы ем қайта мен.
Шанағы бір шаңға бөккен домбыра ем,
Сендей күйші жолықпаса қайтер ем.
Көңілімнің ішектері үзіліп,
Тұрар ма едім керегеде ілініп.
Жылар ме едім жанарымнан жас тамбай,
Сынар ма еді шабақтарым үгіліп?
Енді міне қоңыр күйім бебеуле,
Тоғытылып тұра бермей көгенде.
Қоңыр қойдың ішегінде – қоңыр жыр,
Қозыдай мұң жамырайды өлеңде.
Өлең не ол?
Мынау, жалған фəниде,
Салмақ кетіп самал қалды əр үйде.
Ал, домбыра, қу ағаш қой ол да бір,
Сендей күйші жолықпаса, əрине…
Бозжусан бүр жарғанда...
ҚОҢЫР
Қоңыр күзде қайтқан қаздың сəлемі,
Қоңырауын қағады аспан əлемі.
...Қоңыр кеште маңырайды қоңырлық,
Менің де бір Қоңыр Қозым бар еді.
Сол ауылда қоңыр үйім қап еді,
Домбырамда қоңыр күйім бар еді.
Қоңыр жолдар менің қоңыр қанатым,
Биік біткен маған ғана тəн еді.
Қоңыр түн кеп жапса дала қанатын,
Қоңыр Қаба омыраулап ағатын.
Менің жаным секілді еді сол өзен,
Сондай сыршыл, сондай терең болатын.
Аспанымда қоңыр қазым бар еді.
Домбырамда қоңыр сазым бар еді.
Өмірімнің қоңыр жазы бар еді.
Ұмтыл Зарыққан
Қоңыр ғана түтінімді шұбатып,
Қоңыр елде мəңгі қалғым бар еді...
Жұлдыздары жиі құлай ағатын,
Қоңыр желі қуалай бір соғатын.
...Құсжолындай сұлап жатқан сұр соқпақ,
Бұл сапарға шақырған сол болатын.
Айы балқып оң иықтан туатын;
Күні күліп сол иықтан шығатын;
Жұлдыз біткен белін безеп тұратын;
Сағыныштай салмағы ауыр, сазы алтын;
Мен сендерге қос мұнара орнатам,
Бірі жырдан, бірі күйден тұратын.
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Қайран өлең,
Қайран саз,
Қайран арман...
Қылаң етер,
Құбылар,
Құба қырдан...
Таңдайдағы мына жыр хатқа түспей,
Домбыра шанағыңа тұна қалған.
Мен бірақ сол шанақты
қаға алмадым,
Сағасын сылап перне
таға алмадым.
Иімей қойды менің шерлі кеудем,
Желіні құрлы болмай қара нардың.
Құбыламдай қастерлі басқа заңнан,
Тарихым ғой ол менің тасқа жазған.
Ұмтыл Зарыққан
Жұлдыз біткен өлең боп өрілетін,
Қоңыр түн.
Қоңыр дала тартқан саздан.
Қоңыр күй,
Қоңыр өлең – қос қанатым,
Осы еді аламанға қосқан атым.
Қоңыр қыздың күйінен жусан аңқып,
Тарқатыла қалатын қос қара түн.
Жусан – қыз.
Жусанды өлең,
Жусанды өңір,
Бөрте қыр бауырында бусанды өмір.
Беймезгіл боқырауын соқты да ғы,
Бозарып қалды содан тұмса көңіл.
Сол тұманға тұншықпай арылғым бар,
Сол жусанның бүрінде тағдырым бар.
...Жер бауырлап барады жетім өлең,
Неге мені қанатсыз қалдырдыңдар.
Бозжусан бүр жарғанда...
САЙҒАҚ
Бір ауыз сөз айтқым келеді:
Домбыра тілімен,
Қобыздың үнімен,
Көктемгі көк жусан нілімен,
Аспанын бөрідей шулатып,
Тастарын тұяққа туратып,
Асаулар жалында дүркіреп,
Бұлттардың баурынан сіркіреп,
Бір ауыз сөз айтқым келеді,
Соңғы бір сағатым
соққандай,
Ажалдың аузында
жатқандай.
Жылқыдай жұлқынғым келеді,
Жолсызбен жортатын түн қанша!?
Құйындай құтырғым келеді,
Ішімнен тынғанша.
Ұмтыл Зарыққан
Шыңырау шыңдардан,
Құлағым келеді.
Иенде елсіз қап,
Жылағым келеді.
Бұрымы бұлаңдап бұлданған бұланың,
Ұйқысын,
Күлкісін ұрлағым келеді.
О, менің күй кеудем сырнайлы,
Даланың желіндей боздайды.
Менсінбес бұл ғапыл дүние,
Бір шумақ жырыма тұрмайды.
Табиғат шыншыл ем өзіңдей,
Мөлдір ем һəм таза көзіңдей.
Жанымды жегідей жейді мұң,
Айтылмай қалған бір сөзімдей.
Мұң артып жүргенде мезгілге,
Сол сөзім кетердей ішімде.
Тосырқай қараушы ем тағдырға,
Шөліркей өсіп ем мейрімге.
Өлімдей тым өткір,
Өмірдей шұбалшаң.
Бозжусан бүр жарғанда...
Бір сапар күтеді,
Кешікпей жол алсам.
...Сол бір сөз қабырым басына жазылар,
не бір уыс топырақ боп салынар...
Туған жер, сайғағың бола алсам.
Ұмтыл Зарыққан
ЖҰМАҒҰЛДЫҢ «АҒАШ АТЫ»
...Ағаш ат иесін іздеп ақыры темір сарайдан та-
уып ты. Содан күнде терезеден ұшып кіріп, кеуде сі не
басын қойып мауқын басады екен. Бұны байқап қал ған
жасауылдар тасада жасырынып тұрып ағаш атқа
лап қояды. Сонда ағаш ат тізесіне жармасқан жан-
дайшаптарды бір-бір шайнап өлтіріп, арлы-берлі жұл-
қы нып қанатын сермеп-сермеп темір сарайдың быт-
шытын шығарып аспанға самғап ұша жөнеліпті. Сол
ағаш ат аспанда «Жұмағұл қашан тіріледі екен» деп
əлі ұшып жүр деседі...
Сол заманнан бізге «Ағаш ат» деген күй жетіпті...
Т.Əсемқұлов
Қоп-қоңыр кеш.
Дала жаңбыр.
Жылаған...
Қараша үй.
Бозжусан бүр жарғанда...
Қария отыр,
Алдында шай суыған.
Сəлден кейін күй төгілді
күңірентіп күн астын,
Санай-санай қабырғамды сөгілтіп,
Жұла-жұла жүрегімді суырған.
Қандай ауыр,
Қандай ащы бұл қағыс?!
Жеткізе алар тіл емес,
Айтқыза алар сөз емес.
Алқара көк аспан жақта азынап,
Ұшады екен ақ боз атты бір жігіт,
Періште иə, пері емес.
Сол қазақы еркіндік қой,
Сол далалық азаттық.
Ұшады екен...
Жер бауырлап жүргендерді мазақ қып.
Ұшады екен...
Қоңыр желге таратып ап кекілді,
Түмен бұлттар табанында тапталып,
Тұяғынан жұлдыз жауған секілді.
Ұшады екен...
Қарайламай,
Ұмтыл Зарыққан
Алаңдамай,
Тым асқақ,
Ұшады екен түн бауырын құлаштап.
Ұшқырлығы желден жүйрік секілді,
Құс жолы оның қыл құйрығы секілді,
Сол қазақы жомарттық қой!
Сол далалық мəрттік қой...
Ал, топырақ тартады кен,
Тартпай қайтсын тереңдік.
Шебер жігіт жерге түсті –
Көрге түсті дұрысы
Түсірді оны жер бетіндік кереңдік.
Домбыра мен ақ боз аты қос қанаты секілді,
Тағдыры оның таңда жауған құс қанаты секілді,
Бір қанаты күй боп сіңіп шанаққа,
Бір қанаты аспан асқан деседі...
Қандай ауыр,
Қандай шерлі бұл қағыс?!
Хабар айтып жатқандай ма түнге алыс.
Ал ақ боз ат айналып жүр аспанда,
Қонар қашан өз иесін тапқанша.
.................................................
Шай суыған.
Бозжусан бүр жарғанда...
Дала тыныш.
Жаңбыр тынған секілді,
Момақан түн тауға асылып жусап тұрған секілді.
Шаңырақтан туған жұлдыз –
Ақбозат
Жұмағұлдың ағаш аты секілді.
Ұмтыл Зарыққан
ТАҒДЫР
Дүниенің бүкіл байлығы
сəбидің көз жасына тұрмайды.
Достоевский
Жоқ менде махаббат,
Жоқ менде бақыт та,
Бəрінен тұл қалғам, кешіккем,
Осылай ашылған өмірлік əліппем.
Əкемді тағдырға талатып,
Анамды жұтқамын бесіктен.
Екі иық үгіліп,
Қос тізе тілініп,
Жəудіреп босаға-есіктен.
Күнəсіз балалық есімде,
Ол да алыс туған жер төсіне көмілген.
Менікі емес қой ол ел де,
Менікі емес қой ол жер де,
Жалауын жат қолға құлатып,
Бозжусан бүр жарғанда...
Шырағын бір жола сөндіргем.
Жалғанбай қалған бір жолдардан,
Жағылмай қалған бір оттардан,
Жоқ менде бір туған қарындас,
Бауырым баяғыда тас болған.
Ағамды ағызып кеткесін ағындар,
Көрінген жұлатын жұлымыр жағам бар.
Бір үзім нан үшін жегілген жаным бар,
Бір жұтым су үшін сатылған арым бар,
Шырқаусыз қалған бір əнім бар,
Тыңдаусыз қалған бір зарым бар.
Жоқ менде махаббат,
Менде жоқ бақыт та,
Сорым бар таңылған бесіктен.
Қанды көз бораны мұзға орап соғатын,
Мен туған желтоқсан жаңбырлы болатын.
Дауылдар тұрса да, алағай-бұлағай,
Қарғысқа төселген жолыма қарамай,
Досым жоқ жанымнан табылар,
Жарым жоқ алыстан сағынар,
Суынып қалса да жүрегім,
Тілініп тозса да табандар.
Жанымның түбінде сөнбеген сəулемді,
Жанарым ішінде өлмеген отымды,
Жадыма медеу ғып,
Ұмтыл Зарыққан
Мен осы сапарға бел буғам.
Жоқ менде басқалай ештеңе,
Жоқ менің меншігім, мекенім,
Езуде досымның күлкісі.
Өңімде дұспанның табасы.
Тумаған анамның шашындай қобдырап,
Болмаған əкемнің жүзіндей тым ескі,
Қараша аспанға қол созып,
Қасат қар астында қамыққан,
Мен бір түп жусанмын...
Бозжусан бүр жарғанда...
* * *
Тəркі етіп дүние қан базарын,
Желменен жалғыз жоқтап жалған əнін.
Мына түн аппақ шашты кейуанадай,
Алладан іштей күткен ақ ажалын.
Алысып асау толқын,
Бұрқасынмен,
Жасы оның тарам-тарам құмға сіңген.
Қара жер оның жалғыз қасіреті,
Құйылған жүрегіне қорғасынмен.
Табаны тілім-тілім,
Тайқы маңдай,
Тағдыры таңғажайып шайхылардай.
Жұлдыздан таспиқ санап таң алдында,
Ішінен аманатын оқығандай.
Ұмтыл Зарыққан
Күрсінсе ол теңіз тулап,
Тау құлаған,
Қабағы тастай суық,
Қалжыраған.
Оранып айдың аппақ кебініне,
Секілді сүйек біткен саудыраған.
Онсызда бұл кеудемде жарам аздай,
Ендігі өмір мен білмес жағалаудай.
Шығыстан көтерілген мына жалау,
Шығарған сол əжеме жан азадай.
Бозжусан бүр жарғанда...
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
Маңайым меңіреу,
Құз жартас,
Түксиген, түнерген қабағы,
Жұтып бір алардай тұңғиық жанары.
Күтеді мені ескі сүрлеулер...
Сүңгимін тұманға,
Сүңгимін жолдарға жаралы.
Бір биік əдемі əлемді аңсаймын,
Жанымның шыңына дауысы жететін.
Өлімді көңілді қарсы алып,
Өмірден өксімей өтетін.
Жылатып сөнген күн шапағын,
Бəлкім бұл оралмас сапарым...
Ал, мені бұл қоғам ұмытқан,
Оның да бағасы шамалы.
Бейуаздың қан сіңген қолымен,
Ізгілік жайлы жыр жазады.
Ұмтыл Зарыққан
Ең ұлы сұлулық ‒ шынайылық.
Сүйемін даланың гүлдерін.
Ал, маңым ‒
Көлгірсу, ұсақтық...
Сөгеді көбесін іргемнің.
Жыр жазам,
Бүрлейді ол тасада,
Қара өлең киелі қанатым.
Тəңірдің сөзі жүр аспанда,
Мен оны жұлдыздан қашадым.
Мен оны жаздым да іңірде,
Таң алды кеудеме құлаттым.
Иімес пенделік күбірге,
Парағы ол ақ тісті кітаптың…
МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім АЛТАЙДЫҢ АҚБАС ШЫҢДАРЫ Шығыс Түркістан жыры (Хасен Оралтайдың рухына) .................. 4 Қоштасу .............................................................................................. 9 «Біз ертеңге жететін жетім жолмыз...» ........................................... 11 Алтай сағынышы ............................................................................. 13 Шамырық .......................................................................................... 21 Шешеме ............................................................................................ 24 «Шеше, сен мені кешірші...» ........................................................... 26 «Анамның ақ сүтіндей аппақ дінім...» ........................................... 28 Көне Мекке. Сағыныш ..................................................................... 31 Үш анық ............................................................................................ 34 Желтоқсан жыры .............................................................................. 38 Махамбетке ....................................................................................... 41 Мадақ жыры ..................................................................................... 43 Екінші бөлім АСПАН СЫЙҒАН ЖАНАРЫҢА МЕН СЫЙМАЙ... «Сенің жалғыз сыңғыр еткен бір күлкің...» ................................... 46 «Қасыңнан, қалқатай-ау, неғып кеттім...» ...................................... 48 «Аспан сыйған жанарыңа мен сыймай...» ..................................... 50 «Кеттім мен алыс тастап мекенімді...» ........................................... 52 «Алматыда түнгі он екі...» ............................................................... 53 «Сенсіз таңым атқалы...» ................................................................. 55 «Қала мынау, айықпай еш күнəдан...» ............................................ 57 «Қара ағаштың қалтырап жапырағы...» ......................................... 59
«Бүгінгі күн сенің көзің секілді...» ................................................. 61 «Қарашығым, жазады жүрегімнің жарасын кім?!» ....................... 63 «Неге осы шегем мұң...» .................................................................. 66 «Қанбайтын бір шөл қысып кенеземде...» ..................................... 68 «Бір көзде өмір...» ............................................................................ 70 «Мазалайды-ау, қасіреттер көне бір...» .......................................... 71 Үшінші бөлім МЕНІҢ ТІЛІМ – ҚОҢЫР ТІЛІ ДАЛАНЫҢ Боздақ ................................................................................................ 74 Аманат ............................................................................................... 79 Күй ..................................................................................................... 82 «Домбыра, сенде жетім, менде жетім...» ........................................ 85 «Жаңбырлы маусымдай жылаған...» .............................................. 87 «Арқаның ақ жауынындай мөлдірім...» ......................................... 90 Қоңыр ................................................................................................ 92 «Қайран өлең...» ............................................................................... 94 Сайғақ ............................................................................................... 96 Жұмағұлдың «ағаш аты» ................................................................. 99 Тағдыр ............................................................................................. 103 «Тəркі етіп дүние қан базарын...» ................................................. 106 Жалғыздық ...................................................................................... 108
«ЖАС ТОЛҚЫН» сериясы
Ұмтыл Зарыққан
Бозжусан бүр жарғанда...
Өлеңдер
Редакторы Сəндібек Жұбаниязов
Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова
ИБ № 7259
Басуға 02.06.2013 қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman».
Офсетті басылым.
Шартты баспа табағы 6,0. Баспа табағы 7.
Таралымы 2000
Тапсырыс № 983.
Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы,
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
ЖШС РПБК «Дəуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру