TELEGEI

Home

Дүние жалған, Дүрия арман

Ш.Серікбайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дүние жалған, Дүрия арман

Дүние жалған, Дүрия арман. Ш.Серікбайұлы

Дүние – жалған, дүрия – арман...

Осы кітапты шығаруға қамқорлық жасап, демеушілік көрсеткені үшін Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы,профессор Б.ИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлына, осы мекеменің ұжымына әкелік алғысымды айта отырып, жұмыстарына телегей, мол табыс,зор денсаулық тілеймін.

Автор

Інілік ишарат

Әр талы жырмен тербеліп,әр гүлі әнмен ырғалған қасиетті Сыр топрағында қандай жанның болса да өлең өрнектеп,күй толғамайтыны жоқ.Олардың арасында дүйім дүниені дүрліктірген дүлдүлдері де, жүзден озған жүйріктері де бар. Ел, жер тарихын,шежіресін мейілінше жетік білетін,оны жеріне жеткізе айта, жаза алатын кеудесі алтын сандықтай асыл ағаларымыз да аз емес. Бүгінгі оқырман қауымға жыр кітабын ұсынып отырған Шайхислам Серікбайұлы да осындай өзі ьзиялы, сөзі дуалы ағаларымыздың бірі. Бұл жөнінде бөзіне арнаған өлеңінде жергілікті ақын Жетіскен Мәкенәлиев:

....Сөйлесе майын тамызған,
Қыл суырған сағыздан.
Ақылын айтса ағалық,
Кем емес бірде абыздан.

Тарихын елдің сұрасаң,
Адам ата Анадан
Бері қарай ағызған...
Қанаты ұшса талмас та,

Азаматымыз Марқасқа,
Сөз беремін Шәкендей
Жарқылдаған алмасқа... –

деп өз пікірін ортаға салған... Ал, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шахизада Әбдікерімов - «Ақиқат пен адалдықтың ақ туын биік ұстаған, Ақмешіттің тура биі Шайхислам аға» - деп өте орынды айтқан. Туған ел, жыр тарихына, Сыр өңірінен шыққан батырлар, билер және басқа тарихи тұлғалар өміріне байланысты орталық және жергілікті баспалардан ондаған деректі публистикалық кітаптары жарық көрді. Ол Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, республиканың мәдениет қайраткері, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы. Ш.Серікұлының оқырмандар назарына ұсынылып отырған жыр кітабына әр жылдары жазған өлең, толғауларының таңдаулылары енгізіліп отыр. Атақты Сыр сүлейлерінің үздік үлгілерімен үндесіп жататын бұл жырларда шығарма шырайын келтіретін шынайлылық, көркемдік бар. Оқырмандар ойын қанаттандыратын озық өлең үлгілері де аз емес. Жыр кітабын қолына алған адамды ойландыра, толғандыра алатынына танымдық, тағылымдық қуатымен қуандыратындығына сеніміз мол.

Махмұтбай Әміреұлы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

І

бөлім

ҚҰЛАҒЫҢ САЛ, ОҚУШЫМ

Күн қандай көктен тұрып нұрын шашқан,
Үн қандай сандуғаш боп шықса дастан.
Достарым сыйласа біл жақсыменен,
Қадірле, қайрымды бол өмір бастан.

Турашыл,тиянақты жүрген дұрыс,
Өмірде болған жақсы адал туыс.
Қадірменді, кәделі аға жақсы,
Басыңа іс түскенде іні-тыныс.

Сөзі алтын,ісі-күміс данышпанның,
Ана-артық, алыбы ол-алыптардың.
Өсиетін ойға түйсек білімдінің,
Самғарсың биігіне ғарыштардың.

Қыран құс мекен етер шынар шыңда,
Жақсының әр қадамы тұрар сында.
«Жақсы сөз-жарым ырыс» деген сөз бар,
Жақсының жан сарайы тұмар-сырға.

Өсиетті мен жазбаймын ермек үшін,
Қас палуан танытпайма елге күшін.
Тау жарып,тас балқытар нақыл сөздер,
Керек қой көкіректі зерлеу үшін.

ЕР ІСІ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Әр адам әр мінезді туған күннен,
Оны тек үлкен зерде халқы білген.
Тәлімді,тәрбиені көрген жандар,
Қауымның қатарынан алда жүрген.

Жақсының жанашырлық ісі жақсы,
Көрініп күн көзіндей күлімдеген.
Еңбегі ер жігіттің танылады,
Адал іс парасатты еңбегімен.

Еңбекпен ел намысын қорғар жанның
Бес қару бір түспейді белбеуінен.
Жақсының жақсылығын айт-иманы тассын,
Әрдайым берері көп, бергенінен .

Турашыл жаңа іске бастаған жан,
Болады берік тұлға елге бірден.
Талаптың таңғажайып істері көп,
Байқалар жақсы, жаман бір көргеннен.

ТАМАША ТАБИҒАТ

Жаз келді жайраң қағып нұрын шашқан,
Қазбенен жадырады күліп аспан.
Тырналар түйіндесе ақ моншақтар,
Қарғалар қаңқылдасты сұры қашқан.

Табиғат таңғажайып дидарымен,
Жаралған құдіретімен сонау бастан.
Ішінде сәнді өмірдің мен де келем,
Үйреніп өнер білім бала жастан.

Табиғат біле білсең үлкен жұмбақ,
Жұмбақты шеше білсең бәрі қымбат.
Абзалы әрбір адам білген жақсы,
Даналық данышпан сөз мәңгі тұрмақ.

Білгенге бұл өмірде –бірлік жақсы,
Жаздым мен оқырманға аздап шумақ.
Халқыңның қадірменді ұлы болсаң,
Тұрады тегіс қауым сені тыңдап.

Бақ құсы босағаңды бағып тұрса,
Қалады қас дұшпандар босқа шулап.
Қадірлі ел ағасы бола алмайсың,
Сөз бермей секектесең босқа тулап.

Қыранды қиядағы сен аласың
Әділ сөз қисынымен тұрсаң турап.
Түсінбес сөз мәнісін болса милау.
Сөзіңді етпе зая оған бұлдап.

Азғана замандасқа сыр болсын деп,
Қиялым жеткенінше бердім жырлап.

ДОСТЫҚ

Шын достық мықты дейді болаттан да,
Мықтыны құлата алмас ор-оқпанда.
Жауыздық әділетті жеңген емес,
Тасадан тақау іздеп оқ атқанда.

Мызғымас достығым зор асқан елмін,
Байлығым сарқылмастан тасқан селмін.
Қадірлі мейманшыл жан қазақ елі,
Ауырға қайыспайтын асқар белмін.

ҚАРА ТАУ

Жаз жайлау, қыста-қоныс мекенімсің,
Қытайдың қорғанындай бекемімсің.
«Шалқия»шапағатты ырыс кені,
Күн сайын көркің сенің көтерілсін.

Қара тау қонысымсың, ырысымсың,
Арналы алтынымсың, күмісімсің.
Бауырың – той, төсің-думан, ылдиың-бақ,
Жұмақсың самалындай тынысымсың.

Сырыңды бір пендеге аштырмаған,
Қойнынңа қазыналы бастым қадам,
Қадірлі, қадірменді Қара тауым,
Сыйыңды, сыбағаңды тапсыр маған.

СЫР ЕЛІ

Ойлайды әрқашанда тереңді ерлер
Қол бастар ауыр күнде кемеңгерлер.
Жүрсе де қиыр шығыс, батыс елде.
Халқының алғысына бөленіңдер.

Өзіңсің өнерге өркен, жырға желі,
Иранбақ тұнып тұрған нұрға белі.
Жаннаттай Жетісуда болмам дағы,
Сүйем мен топырағыңды Сырдың елі.

МӘҢГІЛІК БОЛСЫН ӘРҚАШАН

Күлімдеп көктен күн шықты,
Алтын нұрға малынып.
Шалдығып шаршап тұрып ем,
Кеткендей болдым сауығып.

Шығыстан шығып сұлу күн,
Құшақтап алды сағынып,
Шаршамай шалар шабыт бар.
Сезімін оты жағылып,

Күн бетін бұлт баспасын ,
Қалмасын дүние тарылып,
Мәңгілік болсын әрқашан,
Күтемін соны зарығып.

ӘДІЛДІК БОЛСЫН

Тіршілік қандай ғажайып,
Түбі терең тұңғиық.
Артық сөз айтқан зор айып,
Кім аласа кім биік?

Жақсы адамнан сабақ ал,
Жаныңа жайсаң нұр құйып.
Ақысын жеме адамның
Құлқынға құрдым құн жиып,

Ақылмен істе әр істі,
Сүрініп қалма қылжиып.
Тыңдаушым ұқ бұл сөзді,
Құр босқа күлме ыржиып.

Асылды әркез ардақта,
Жақсы істерін үлгі қып,
Дұшпаннан сақ бол, ол саған,
Жүрмесін жасап бір бүлік,

Әзәзіл апат келтірер
Сыртыңан сырдаң күлдіріп,
Қадірлі білмес кем бағал,
Жүреді жамау ілдіріп.

Аулақ болсаң осыдан,
Жоламас саған мың бүлік.

АДАЛДЫҚ

Жеңілтек, жылпос қариядан,
Ойланып сөйлер бала артық.
Әділетсіз жұмыс істеме,
Алтыннан артық адалдық.

Бала да болса бағала,
Қонады сонда саған құт.
Қадірді білер құрбыға
Жасай көрме арамдық.

Алдына келер кімнің де,
Ойласа дәйім жамандық.
Жақсыны жалған атаған,
Ол муафық, надандық.

Жасы үлкенді сыйлай біл,
Кішілік нағыз адамдық.

ТУҒАН ЖЕР

Шаңдағың шығып жатса да,
Ыстықсың жұмсақ мамықтай.
Шеңгелің тырнап батса да
Бәйшешек гүлсің нарттай,

Сылаңдап аққан Сыр сұлу,
Бетінде жүзем қайықтай,
Топырағың торқа мекенім
Құтты болсын Жайықтай.

Бойында қанша сыр жатыр,
Мен жүрген әлі қанықпай
Айқара ашып тасташы,
Қазынаңды алып бай.

ЕСЕПШІНІҢ ЕСЕБІ

Отыз бес жыл шот қақтым,
Әбден әккі боп қаппын.
Бес бастықты бездіріп,
Үш –төртеуін соттаттым,

Жас маман келсе жаңадан,
«Қамқорға» алып «баптаттым»,
Әккі болған ағаңмын,
Қоймашыларды сақтаппын,

Түгімен жұтып түйені,
Түрмеде енді жатпақпын.

МЕНІҢ ҚЫЗЫЛОРДАМ

Ежелгі Сырдың бойында,
Көшіпті талай ел өтіп,
Талай тарлан жетілді.
Топырағын тоқсан тәу етіп,

Қаһарын шашты Хан Темір,
Дүниені еңіретіп.
Қоразданып Қоқандық,
Жігерімді жер етіп.

Ақыры көрге кірді өзі.
Арамза ойы кер кетіп.
Ғасырлар жасап келесің,
Тарихи қамал Ақмешіт.

Астанам қызыл атандың,
Майданға белден қан кешіп.
Кеңейе түссін өрісің,
Ырысы мол Сыр елі,

Молая түссін жемісің...

ДАНЫШПАН

Жақсыдан шыққан ғибрат-
Салмағы ауыр қорғасын.
Ұялап қалар жүректе,
Шамаңды біліп шалқысаң

Тұлпар, не жүйрік жорғасың.
Ақылын ал ағаның,
Қадірлей біл Ел басын.
Кертартпа болсаң керіліп,

Ақиқат онда оңбасың
Мойныңа анық ілесің
Есектің ала дорбасын.

БАУЫРЫМ

Ежелден ескі көршіміз,
Аралас қоныс ауылым.
Әрі досым, әрі ортақ,
Өзбегім өз бауырым.

Бірі құда, бірі дос,
Кеңейген өріс, қауымым,
Достығым мықты мызғымас,
Күшіміз құрыш, адуын,

Біріміз «укә» «ака» деп
Көтердік жүктің ауырын.
Шығыңыз төрге ортақлар,
Бір жейік сырдың қауынын.

Бақтары жанған баһарда,
Көріңіз елдің сауығын.
Мейман күткен елміз біз,
Сыйлағандай аруын....

АНАНЫҢ КӨЗІ – ЖАРЫҚ КҮН

Жасқынбайтын жолбарыс,
Жолын беріп анаға,
Бақылапты алыстан.
Ана десе «аһ» ұрып,

Бала болдық жарысқан.
Шіркін албырт балалық,
Алаңсыз ойнап алысқан.
Айналайын аналар,

Көңілімізден сан ұшқан.
Ананың көзі жарық күн,
Анасыз жерде тарықтым.
Ананы мәңгі қастерлеп,

Өсетін жайсаң халықпын.
Ана алдында баламын,
Бала болып қаламын.
Ана менің тірегім,

Онсыз соқпас жүрегім.

ТЕНЕЛГЕ

Бұл аған туғаннан-ақ ұқыпты адам,
Саясат саласына басқан қадам.
Көп нәрсе бір басына жинақталып,
Өзінше әмбебап боп ұялаған.

Кешегі сұм-сұрапыл соғыста боп,
Бірнеше денесіне жара алған.
Жеңіске елге оралып, абройлы,
Шықты ол қазыналы Қазалыдан.

Қиындық қырқасынан талай өтіп,
Бәрінен Тенел-ағай аман қалған.
Ұзақ жыл әр салада қызмет жасап,
Бұл Такен ол жұмыстан аброй алған.

Өмірлік жолдас болып Харипа мен,
Бір ғасыр жартысындай семья құрған.
Өмірге төрт ұл мен қыз әкеліп,
Бәрі де азамат боп семья құрған.

Жарайсыз бұйра басты Тәке-аға,
Көбінен ерекше боп дара туған.
Жетпіс бес мерей тойын құтты болсын
Сөз жазған інің шайыр, бұл Шахислам...

Қызылорда
26 қыркүйек, 1988ж.

ТАКЕЙГЕ

Бір Алла жалғыз дана зор керемет,
Жақсының жақсы ісіне жасар себеп.
Адам менАуа анамыз ұрпақ беріп,
Таратты түрлі жанды екшеп-елеп.

Жер бетін су басқанда Нұқ пайғамбар,
Алладан сұрапты дейді үлкен көмек.
Жан жануар адами зат тең теңімен,
Мініпті бір кемеге іздеп көмек.

Үш ұлы пайғамбардың Хам, Сам, Иафес,
Адами зат көбейіпті сонан өрлеп.
Талай жыл, неше ғасыр өтседағы,
Шындыққа мұсылман қауым қатты сенет.

Кейінен үш жүз болып қазақ ұлты,
Әз-Тәуке басын қосқан адал ниет.

Ішінде Төле, Қазыбек, Әйтеке-би,
Сөздерін халқы тыңдап қауым білед.
Әулиелер Мүсірәлі, дана Мағзам,
Болыпты олармен ер Сейтпенбет.

Солардың бір ұрпағы біздің Такей,
Сабарлы салмақты боп туған бөлек,
Талай сын, талай қиын болмадағы,
Бұл Тәкең асыл адам шыдап көнет.

Талай жыл ел басқарып басшы болдың,
Айтайық сірә, Сізге кім тең келед?Екі рет отызбеске келдің міне,
Ұзақ жыл өмір жаса, болшы тірек.

Ақтамақ туған айдай Тазагүлмен,
Жасаңыз ұзақ өмір соқсын жүрек.
Құттықтау сөзді жазған бұл ініңіз,
«Жақсы сөз жарымен ырыс» - біздің тілек.

Қызылорда
13 қараша ,1993ж.

ТАЗАГҮЛГЕ

Жүзіңді күлкі мейрім,
Ажарың арай қылаусыз.
Мінеусіз һәм сынаусыз.
Аталы жанның өзісің,

Баталы жанның өзісің.
Үлкеннің жолын кеспейтін,
Өткеннің тірі көзісің.
Такең мен ұзақ өмір сүр,

Махаббат оты сезілсін.
Өнеге болсын жақсы ісің,
Болмасын менің кемісің...

ХАТЫН СЕЛОСЫ

Ұмытпас халқы тегіс ердің атын,
Ерлердің ерлігі бар атанатын.
Ойпырмай қандай жауыз тиді саған?
Күл қалып мұндай сені жандыратын.

Құлшынып құрыстанып жау тисе де,
Сен емес жауыздарға бағынатын
Саған мен бас иемін жайсаң жандар,
Жүректе тірісіңдер бауырларым,

Сақтаулы ұрпақтарға аманатын.
Жауыздық әділетті жеңген емес,
Әр қашан тарих сақтайды асыл затын.

БРЕСТ ҚАМАЛЫ

Жайдары жарқын мінез халқы қандай,
Атасаң атын айтып даңқы қандай.
Түнеріп ажал оты төнсе дағы,
Тұрды –ау сол Брест қамал отқа жанбай.

Неткен сен төзімді едің дүнедегі
Таудағы қыран бүркіт алып аңдай,
Сұм ажал жауыз фашист, қамаса да
Сөнбедің, лапылдадың от жалындай.

Денең от, өрісің биік құрыш қамал,
Жерің бай, ауаң таза, қоңыр самал.
Буга өзен, орман тоғай орап жатыр.
Таппады дұшпан саған айла амал.

Отыз күн, отыз түн сен алыстың,
Арыстан , жолбарыс боп төнсе де ажал.
Бейбітшіл халқы сүйген қамал едің,
Жібектей қолға жұмсақ көк орамал.

Қаһарың Қап тауындай қайыспайтын,
Бірде сен баға жетпес алтын арал.
Бресті білмейтін жан кемде кем ғой,
Дос түгіл дұшпан таппас саған зауал...

БАҚША САРАЙЫ

Жаннаты болып жаныңның,
Сағымнан соққан самал жел.
Хан мен билер бас қосып,
Басқарған зорлап талап ел,

Бір жағы тау тас қорғаның,
Бір жағы өзен аққан сел.
Жазықсыз жандар зар қағып,
Болып ед талай қара жер.

Хан жарлығы қаһарлы,
Еңіреп өткен талай ер.
Салынған күшпен сарайсың,
Ағызып құлдар қара тер.

Тұңғиық тұнған дүние,
Гүл бәйшешек, бау –бақша.
Тастар тұр сонау мөлиіп,
Бір жағы күмбез тамаша.

Куәсісің тарихтың,
Көріп елі ел қанша.
Пушкин, Чехов жүрген жер,
Ағызған жырын фонтанша.

Хан сарайы ғажайып,
Астана болған оңаша.
Көз жасын төксе көп адам,
Қуанған барды кей біреу

Масайырап билеп балаша.
Ғасырдың талай куәсі,
Бір жағың Ялта, Алушта....

ҒАЖАЙЫП ҚҰРЫЛЫС

/Воронцев сарайын көргенде/

Қырымның қиядағы тасы қандай?
Әр тастар сөйлеп тұрған тірі жандай.
Қас шебер қолымен қорған соғып,
Адамға бас игізген бүйтіп қалай.

Әр бөлмең, әр құрылысы жарасып тұр,
Бозарып сәулесімен атқан таңдай.
Адаммен амандасып мәрмәр тастар.
Тірескен құшақтасып тіреп маңдай.

Таңғажайып көркіңді сан көрсем де,
Сырыңды мен аша алмай қақтым таңдай.
Жиырма жыл күндіз, түні дабыл қағып,
Салыпты құрылысшылар сексен мындай.

Ғаламат көз тоймайтын ғимаратсыңң,
Воронцев атындағы үлкен сарай.
Жақсыныжан сырындай білген жақсы,
Көрермін аман болсам әлі талай.

ОДЕССА

Тамаша сұлу қалай көз тартатын,
Тарихқа сен белгілі таныс атың.
Оңтүстік қақпасы боп Ресейдің,
Тиіп еді талайларға шапағатың.

Бастадың талайларды жаңа жолға,
Қолға алдың Потемкиннің аманатын.
Берілмей жау қолына алып кеме,
Көрілмей зор ерліктің салтанатын.

Одесса сен қаласың алып батыр,
Ерлігің жазылатын мыңға татыр,
Көзімен көрген жандар баға берер.
Төнді деп ел басына заманақыр.

Тамаша таңғажайып әсем қала,
Еңбекпен құрып жатыр күмбез шатыр.

ЛАТВИЯ ЖЕРІНДЕ

Рига түбі,
Тамаша гүлі,
Көз тартады қарасаң.
Табиғат қандай,

Тірі жандай,
Аяқ басып аңдасаң.
Бір жағы шындық,
Бір жағы мұңлық,

Тарихты тыңдап аңғарсаң.
«Турайды жері»,
Орман мен көлі,
Ғажайып қой басынан.

Желіккен швед,
Пайдасын білед,
Орын тепкен қасынан
Жерін алып,

Салығын салып,
Зұлымдығын асырған.
Талай өлген,
Зорлыққа көнген.

Байғұс ел,
Ішінде соның,
Тірі қалған жалғыз қыз-
Аты Мая

Жаңға сая,
Теңеуге тұрар,
Шипалы судай сары уыз.
Маяның аты,

Сұлулық заты,
Әркімді таң қалдырған.
Айдай боп туып,
Әсемдік қуып

«Тұрайдың гүлі» атанған.
Он тоғыз жас,
Қарақат қас,
Толған айдан толықсып,

Әркімдер құмар,
Жол күтіп тұрар,
Мая десе жер құшып.
Бірақ сұлу,

Сылаңдап жүру
Мұның жоқ еді ойында.
Амал не оған,
Кесе тұрған,

Алдынан шықты бір жауыз:
«Тиесің маған,
Арналдым саған» дейді офицер сары ауыз.
Бірақ Мая,

Жүрегін жая,
Берілген еді Викторға.
«Махаббат сыр,
Өзінше жыр,

Маған өтеме!
Біз сүйгенбіз,
Бәріне де көнгенбіз»
Әрқашан да,

Ақыреттің азабында,
Қинасада, қимасада,
Сенгенбіз!
Бұл сөзімді,

Таныстырдым мен өзімді,
Біз кішкентай пендеміз»-
Деген екен сол ару,
Бірақ жауыз қалайша оны,

Өзіне алу,
Ниетімен іздепті айла,
Өзіне пайда,
Жалмауыз

Бір күні оған,
Қарны тойған,
Офицер сұм хат жазған.
Жазған хаты,

Аманаты,
Виктор болып жалған аты-атанған.
Әттеген-ай
Жас құрғыр ай,

Сұлу оны сезбеген.
Бірақ жауыз талабы оңбай,
Айтқаны болмай
Қызға қатты көздеген

Байғұс сұлу
Алданса да, арбалса да,
Берілмеген жауына.
Орамал байлап,

Терең ойлап,
Өзін сайлап,
Өлімге,
Ұмытпаған жолдасын.

«Шіркін дүние,
Жарайсың қай кезде де,
Менің, мына қиналған да күйіме.
Бұл шындығым,

Ақ мұндығым,
Ырасым.
Ажал оғы алыс емес,
Мені өзіңе қиясың.

Осылай деп мұңлы ару
Найза ұшына өзін қадап кетіпті
Аяулы жар, дүниеден бақыт көрмей өтіпті.
Сұмдық дүние,

Кімге бие,
Кімге түйе,
Суық хабар Викторияға да жетіпті.
Келсе жары,

Таза ары,
Сол күйінше демі оның бітіпті.
Жауыз дұшпан,
Қамап тұстан,

«Өлтірді»-деп,
Лап қойыпты қуыстан.
Бірақ оған,
Шындық шудан,

Ақиқаттай үкім бар.
Адал жанды,
Таза қанды,
Ақыл айтар адамдар.

Табылыпты адал ниет жараңдар.
Маяны да шын көңілімен аяды да,
Жерледі оны сол жандар.
Осы жерде,

«Турайды гүлі»,
Атаныпты сол мола.
Сөнбес оттай,
Дара шоқтай,

Тұр екен қазір долана.
Сол ескерткіш,
Махаббат күш,
Тұр екен әлі қозғала.

Бас иеді,
Кәрі жас,
Замандасы,
Осы жалғыз молаға...

КАВКАЗ ЖЕРІ

Жасыл гүл,
Қоңыр самал,
Жер ұжмағы,
Қарлы тау,

Хош иісті,
Гүл мен бағы.
Бір көрген жан азамат,
Саған ғашық.

Аспаның кейде жауын,
Нөсері мен,
Кей кездері жарқыраған,
Күнің ашық.

Кавказда бір жер жаннаты Жетісуда,
Көрген жанның көңілі толған.
Тауың мен ор-ойпатын, ылдиың-ырыс,
Қаздар қонып, үйрек ұшып,

Аққу қонған.
Жұтсаң дағы таңғажайып жер екнсін,
Алғысын айтып кеткен емделген жан.
Әр нәрсенің жанға шипа, қуат берер,

Мөлт-мөлт етіп ағып жатқан,
Суың нарзан.
Шілде, 1980. Кисловодск

МАМЫР

Жарқырап жайнап жаз келді,
Көгертпек боп жерімді.
Үйрек пен ұшып қаз келді,
Айналып дария, көлімді.

Жайнаған әсем мамырмен,
Өріске өріп мал шықты.
Қан жүгіріп тамырмен,
Күн нұрымен тал шықты.

Күн шұғыласы құлпырып,
Жеріме нұрын төгіп тұр,
Дариям тасып бұлқынып,
Сыр сұлу суын беріп тұр.

Әсем ару мамырым,
Сірә кім саған тең келер.
Жүректе алау жалындай,
Мен емес сөзге бөгелер.

Сыр сабасы Сырдариям,
Саф ауа келеді көгіме
Шопан қыз сонау мариям,
Жеңістің шықты төріне.

КҮЗ

Алтын күз, асыл күзім, міне келді,
Қуантып, құттықтады бүкіл елді.
Қадірле, қадірменді ер азамат,
Торқалы топырағы ана-жерді.

Мол астық ала келді алтын күзім,
Бағымда балбырады алма жүзім.
Береке, мереке мен қазан толы.
Көңілім көтеріңкі нұрлы жүзім.

Дән дария қырманымды ағып жатыр,
Өндірген жер диқанды алып батыр.
Тасиды тұлпары мен эшолондап,
Машинист жалғыз өзі мыңға татыр...

ҒАСЫР САҢЛАҒЫ

Алатау айбаттысың әр қашанда,
Қара тау қадірлісің әр бір жанға.
Мойынқұм бұлағынан қыран ұшып,
Нәр берген батыр тұлға Бауыржанға.

Батыры қазағымның қара бала,
Туғаннан тұлға болған жеке дара.
Көз тігіп төңірегіне қараса ол,
Тұман боп кетеді екен қала, дала

Қақары Қап тауындай Момышұлы,
Дұшпаны оның болған тыңдар құлы.
Генерал, маршалдар да оны көріп,
Ішінен бағалаған тыңдап бұны.

Алдына қабылданып Сталиннің,
Көсемде тыңдап көрген оның үнін.
«Қазақстан бұндай тұлға қалай туған?
Таңдаған Бауыржанның көріп түрін,

Сабырлы, салмақтылық мінезімен,
Сен өзің қайда жүрдің бұдан бұрын?

Бауыржан ұшып тұрды орнынан
Көсемнің тез аңғарып ішкі сырын.
Қуанды онан аман шыққанына,
Қазақтың биік ұстап намыс туын.

Соғыстан оралған соң елге аман,
Бауыржан қолға алды ұшқыр қалам.
Шығарма, шын туынды кітап жазып,
Досы тұрсын дұшпанын да таң қалдырған.

Назары жай оғындай жайсаң жанның,
Мұрты оның шеңгеліндей сары даланың.
Жыбырласа мойылдай қара мұрты,
Біледі әркім өзіннің «ант ұрғанын».

Қызылорда,
7 желтоқсан, 2000 ж.

БАҚЫТ МЕН МАЙГҮЛГЕ

Бұл өмір дариядай тұрған ағып,
Жаһанда өмір сүрген талай халық.
Бір ірі бай, бірі ірі жарлы болып өскен
Тарихта болғаны рас кеміс ғаріп.

Данышпан, дарындылар, мылқаулармен
Адами зат құрылысы бұл бір анық.
Бағымен бал тамызған кей бір дарын,
Қайсы бір пенделерге берген жарық.

Сабырлы, салқын қанды ел қорғаны,
Полковник шенінде жүр біздің Бақыт.
Майгүлмен отыз жылдай отау құрып,
Жылсайын бұл өмірден алған шабыт.

Торқалы сенін тойын құты болсын,
Ұрпағын өсе берсін, болсын алып....
Қызылорда
22 ақпан, 1997 ж.

АРУҒА

Құданың құдіреті таңғажайып,
Кетіпті арам тамақ өте байып.
Алланың әмірімен Қарынбайда,
Қалыпты көп байлықтан ол айырылып.

Атымтай өте жомарт адам екен,
Кермепті еш уақытта іске налып.
Себебі: қанағатқа риза болып,
Әр істің көрген екен артын бағып.

Өнерің-өлең болса Мәрзия жан.
Жүре бер сол өнерден алқа тағып.
Қаламның найза болып жауға тисін,
Дұшпанның жолда қаласын «ойбай» салып.

Ақтамақ аққу құстай, ылашынсын,
Жүре бер Астанада оттай жанып.
Ағаның ақыл сөзі, аруақты ісі,
Кетеді кей кезеңде ауа жарып,

Бұл, Шәкең, жай басатын емес деп біл,
Қатардан озып шыққан жеке алып...
Алматы,
10 тамыз,1996 ж. «Түркісіб»

ЖАЛАҒАШ ТУРАЛЫ ЖЫР

Әр елдің өзіне тән тарихы бар.
Әр жердің мекендеген төл халқы бар.
Сараптап, салмақпенен сөз қозғасам,
Шынайы шын достарың бір таңқалар.

Жалағаш-Сыр бойының қазынасы,
Тарихы бар, талғамы мол таңдандырар.
Бұл жерге қаны тамып, жанын берген
Бұхарбай ақын шайыр Шортанбайлар.

Аттарын атай берсем азамат көп,
Мөрәлі Шәменұлы, Далдабайлар.
Майталман, Еңбек ері қыздарымен,
Өзінше дара тұрған Күләндалар.

Мәлика Басанқызы канал қазса,
Төлеген ел басқарған ағалар бар.
Қазірде көзге түсіп көрініп жүр,
Бұхарбай ауыл әкімі Марзиялар.

Бәрін мен қалам тартып жаза алм ба?
Әбіраш, Төлеубай тұр дарындылар.
Олардың ізін басқан талант жетер,
Ақын бар, журналист бар, жазушы бар.

Финансист сөзге сараң Бименді мен,
Оны мен қатарласып Кемал тұрар.
Аруана шаршамайтын ол бір тұлға,
Адасып, арымайтын ол қана нар.

Аржағы Сарыбай, Сәдір айта берсек,
Тоғанас, Ер-Сейтпембет әулие бар.
Міне, бұл табын, тама, кете елі,
Кездесер іздей берсем тамашалар.

Қазіргі қиын-қыстау заманында,
Бұл елдің мақтанарлық табысы бар.
Басқарған Жалағашты әкім інім,
Өзінше ұйымдастырар шабысы бар.

Сөзімен ісі оның бір бағытта,
Қожахметтің ел басқарар әдісі бар.
Күріштен таңқаларлық өнім алып,
Бәйгі алды халық алдында темір тұлпар.

Алпыс жыл аудан тойы құтты болсын,
Жасай бер, Жалағаштық ағайындар...

МАНАПҚА

Мынау жатқан қандай жер?
Сауықпен сайран құрған ел.
Бес өзені бел басып,
Сарқырап аққан таудан сел.

Бозарып жатқан боздала,
Қараймын оған таңдана.
«Мен мұндамын» - деп айқай сап,
Дүниеге келген сары бала.

«Ақын боп сен тудың» - деп,
Ескерткен оны Аллатағала.
Сыр перзенті бір ғажап,
Келемін жолмен жағалап.

Сол түстігі Қара тау,
Оңтүстігі бақша – бау.
Шығысы шалқар Түркістан,
Естілген даңқы алыстан.

Қайда келдім япырмау?
Аруақты силау салтым-ау.
Шарықтайтын шамамен,
Ақылдасам данамен.

Әр нәрсені бағалап,
Ойлана түстім өзімше,
Жан-жағыма бірқарап.
Ардақты жанның ауылы,

Сыр бойында бір ғажап.

Ауылы бар түр «Талап»
Осы өңірде туыпты,
Белгілі ақын бұл Манап.
Мәкең бір сақ жан еді,

Жүретін еді абайлап.

Отырған жері гүл еді,
Жыр айтушы еді сралап.
«Жалғыз өзі театр», -
Деп айтушы еді ұлықтар.

Өзінше оны бағалап.

Айтысқа түссе адуын,
Тұлпар боп туған қазан ат.
Мір оғындай әр сөзі,
Сарқырап аққан бір бұлақ.

Айызы қанып әркімнің,
Сұраушы еді онан қолқалап.
Қысып-ап көзін сол Мәкең,
Қараушы еді жұртқа сығалап.

Майталман жорға сабазым,
Хрущевка қалған көп ұсап.
Көшеді көрсе Хрущев-деп,
Орыстар жүрді қоршалап.

Бұл өзі нағыз шындық еді,
Болған емес бұл лақап.
Шындық сөз айтам әрқашан,
Пайғамбар ақ, алла һақ.

Жатқан жерің жай болсын ,
Жарқырап тұрған ай болсын.
Пейіштен болсын қонысың,
Ұмтылмайды сөзің, ұлы ісің.

Халқың жұр сені ардақтап.
Мен ойымды білдірдім,
Халық ақына сөз арнап....

Қызылорда,
20 қараша, 1998 ж.

ОРАЗҒАЛИҒА

Орекен, Оразғали ел адамы,
Жарқырап, жанып тұрған «маяк» шамы.
Азамат, ардақтысы Аралымның,
Мықты оның, басқан ізі, әр қадамы.

Көп жылдай абройлы басқарған ол,
Транспорт мекемесін жақсартып сол,
Баз біреу қарсы болып, қызғанышпен.
Құмақшы болды оған шынжырлы тор.

Алысып арыстандай дұшпанымен,
Жер қылды, жастандырды оны Орекен.
Үкімет бағалады ардақтысын,
Төсіне тақты оның талай орден.

Қадірін азаматтың халқы білген,
Бір кезде Орекен мен Ғабит жүрген.
Ғалымдар, ел басқарған дарындылар,
Оларды бұны силап орын берген.

Төрінен төрелердің орын алып,
Силаған Орекенді барша халық.
Келбеті, көркемі бар, азаматым,
Қайсы бір пақырларға болған жарық.

Жүрсін азаматтын көре алмай,
Қайсы бір дұшпандары қаққан таңдай.
Тор құрып, тұрмысына тұрсадағы
Орекен арпалысты арыстандай.

Әділдік ір қашанда жеңіс тапқан,
Ақыры арамдарды құдай атқан.
Ор қазған Орекене баз біреулер,
Ақыры өз көріне өзі жатқан.

Әділ заң әділдігін өзі тапты,
Болған ол залымдарға болған қатты.
Он үш жыл от бассада ер азамат,
«Ақсын»-деп әділ қазы дабыл қақты.

Орекен ортан қолдай ер азамат,
Бұл күнде оған қонған болат қанат.
Жетіспістін желкесіне мінседағы,
Жарап тұр, нағыз мықты, ол қазан ат...

25 сентябрь, 1988 ж.

ЫДЫРЫС ПЕН ҚАНЗИРАҒА!

Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,
Ыдырыс пайғамбар да олда өткен.
Ғажайып жетпіс елдің тілін біліп,
Көргендер бұған қатты елең еткен.

Ғарыштан отыз парақ кітап түсіп,
Қауымын имандыққа көп үйреткен.
Алладан өзі сұрап ажал алған,
Қиямет көпірінен тағы өткен.

Отыз жыл бұл пайғамбар үжмақ тұрып,
Бұл хабар әркімдерді елеңдеткен.
Қазірде ол тұрады дейді сол ұжмақта,
Хабар бар осылай деген сонау көктен,

Осындай пенделер бар бұл өмірде.
Шын таза, аулақ болған қасіреттен.
Мінекей, той егесі Ыдырыс аға ,
Жетпіс бес мерей тойға жасы жеткен.

Арға атаң Ораз-Қажы дара туып,
Үш рет Мекке жерін күңіренткен
Ғажайып Білімпаз жан болған дейді.

Гур-Әмір оны біліп еркелеткен,
Ақылғой-кеңесшісі оның болып,
Арнайы оған арнап отау тіккен.
Міне, сен, Ыдырыс-жан сол ұрпақтан,

Қозғадым сөз асылын кереметтен.
Облыстың бір басшысы болдың өзің,
Өттің-ғой қиын-қыстау көп өткелден.
Елу жыл Қанзирамен отау тігіп,

Ылдыкең жетпіс беске бүгін жеткен.
Балдарың бас қостырып той жасады,
Жасаған дастарханын кереметпен.
Құт болсын, мерей тойың Ыдырыс-аға,

«Жан Рос» кең сарайын гүрілдеткен.
Қызылорда,26.05.2000 ж.

ИМАНҒАЛИ СЕЙТОВКЕ

Адами заттын өмірі,
Шымшытырық көп белес.
Ғажайып десе болады,
Бірі мен бірі іргілес.

Мәдинетті жандар бар,
Еш уақытта өзгермес.
Сөзімен ісі бір шығып,
Болаттай берік іргелес.

Сонын бірі Имекең.
Мені мен тұрған көршілес.
Заң жолың ұстап әрқашан,
Сонымен болған көңілдес.

Соқылдамайтын сот болып,
Прокурор болған ерінбес.
Әділет үшін айқасып,
Жасады жұмыс тең келмес.

Генерал шенін алып ол,
Жай басып жүрді білдірмес.
Сыр шашпаған сабазым,
Тұлпар боп туған желдірмес.

Құтты болсын мерей той,
Екірет болған отызбес...
Қызылорда,
20қараша,1998ж.

МАХМҰТБАЙҒА

Ғалымды жарық қылған күн менен ай,
От пен су, салқын ауа самалын-ай.
Түрлі адам бұл өмірге келді, кетеді,
Ішінде соның да жүр Махмұтбай.

Жай басып, жымың қағып жүрсе дағы,
Бұл інім ақындықты таңдаған-ды.
Еселі еңбек етіп, қалам тартып,
Бірінші шығармаң болды «Жүзім бағы».

Жинағың жарық көрді «Қызыл жыңғыл»,
«Ақ сәуле», «Сыр әндері», болды бұлбұл.
«Вальсі Қызылорданың» ән боп шығып,
Жастарым шырқап жүр ғой ондаған жыл.

Махмұтбай көп әндердің авторысың,
Халқыңа жағып жүреді жақсы ісің.
Азамат ардақты ақын асып-саспай,
Екі рет отыз жасқа сен келіпсің.

Махмұтбай сыйлайтұғын жақсы інім,
Сазгерлер салды күйге ақын үнін.
Қажымай, қапаланбай шығарма жаз,
Алаштың салтанат қыл күн мен түнін....

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ

(Жәлел Қизатовқа арналды)

Көрінеді самғап алыстан,
Көкшенің көркем даласы.
Көзге түседі ғарыштан,
Орман, тоғай саясы.

Көбік шашып көлдері,
Шақырады, сені қарашы.
Бурабай тұрса бүлінбей,
Артады оның бағасы.

Жетісу болса жер жаннат,
Көкшетау оның ағысы.
Қас батыры қазақтың,
Қизатұлы ер Жәлел,

Осы өлкенің баласы...
Ғрышта болса жетіқат,
Жерде де бар асыл зат.
Бұл шынында ақиқат.

Нұрын шашқан жер, көкке
Бір Алла шын керемет.
Біз өзіңнің құлыңбыз
Бере көр бізге шапағат.

Батыр боп туса баласы,
Ата-анасы қуанат.
Көкшенің ұлы жас Қизат,
Ардақты болды азамат.

Жанұя құрып Жамалмен,
Ұл көрді, шүкір, бір ғажап.
Азан айтып ат қойды,
Жиналып қауым жамиғат.

Арыстай ұя айбатты,
Қолдапты оны шариғат.
Уа,Алла өзің дансың,
Екі жаста жетім қап,

Осы нәресте қиналат.
Недеген қатал бұл өмір,
Әкесіз қалып қайғырат.
Жетім қылмай жесірді,

Жетелеп жүріп өсірді.
Иманды жандар асырап.
Жігерлі жігіт ер Жәкең,
Дұшпаны көріп батырды

Көргеннен жауы қалтырап.
От кешіп, мұз төсеніп,
Бетпе-бет жаумен қауышты.
Жүз өліп, жүз тіріліп,

Ажалмен талай алысты.
Өліммен өмір шайқасып,
Жауының жағы қарысты.
Днепрді дөп басып,

Соғыс майданы батысқа
Жау жеріне ауысты.
Қамал бұзған қас батыр,
Бермеді қолдан намысты.

Бейбіт өмірі бір бөлек,
Оғанда қосты жарысты.
Ерлігің елдің есінде,
Сьездің тұрдың төрінде.

Арал үшін айқасып,
Байқоныр үшін шайқасып,
Не көрмедің өмірде.
Әділетсіздікке бас имей,

Халқың үшін қаймығып,
Жүрдің ғой, Жәке сенімде.
Ардақтысы Алаштың,
Өмірдің жүрдің өрінде.

Жеті бала өсіріп,
Он төрт немере сен сүйдің,
Әлі менің есімде.
Шәмшібану жарыңыз,

Сізді алады күнде есіне.
Ардақты батыр, әрі ақын,
Лирика жаздым өзіңе....
Қызылорда,

16 наурыз, 2001ж.

КОМСОМОЛ АҚЫН

Асқар Тоғмағанбетовке арнаймын

Жақсының жарқын сөздері,
Бірде өрт, бірде от жалын
Батырлар шықса майданға,
Ойлайды ақын ел қамын.

Сөзімен семсер сермеген,
Әйгілі көпке сен мәлім.

Сықақпен сынап сұмырайды,
Менменді талай күйреттің.
Қырғи тілді Асқар боп,
Суаитты сөзбен түйреттің.

Жырладың әйел теңдігін,
Жасампазы деп халқының.
Көрсеттің асқақ ар туын.
Түркісіб қалса түйісіп,

Жырладың оның ерлерін.
«Сырдағы жырдың күмбезін»
Саған деп шаршап терледің.

Орынсыз олақ озбыр жан,
Таба алмайды деңгейді.
Шындық сөз терең айтсанда,
Надандар сөзге сенбейді.

Ғасырлар зымырап өтседе,
Жақсы сөз әсте өлмейді.
От жалын өшіп сөнбейді.
Жалында халқына жаттап жүр

«Желіккен өңкей жеңгейді».

Табысымен танылмақ,
Еліне еңбек еткен ер.
Есінде елдің әлі жүр,
«Дейді, дейді, дейділер».

Жақсы сөз жарым ырыс қой,
Ұлы ерлікке шақырған.
Шығармаң сенің «Мұнай бер»,
«Келес қазы» поэмаң,

«Фатиманың хаты» да,
Жазылып еді ол шебер.
Сатираң самғап көкке ұшса,
Лирикаң, юмор, сықағың,

Қызыққой жүйрік термелер.
Сыр саңлағы Асқарым,
Жүзден озған кемеңгер.
Қызылорда, Қазан 1975ж.

ӨЛЕҢІҢ ОТ БОП ЖАНАТЫН

(Әбділда Тәжібаевқа)

Әрі ғалым, әрі ақын,
Дұшпанына бөрі ақын.
Драматург Әбілда,
Сөзіңіз жұртқа жағатын.

Сыр бойының саңлағы,
Шаршамай талмай шабатын.
Кемітем десе кейбіреу,
Мін жоқ Сізге тағатын.

Жасыңыз мүшел құт болсын,
Талмасын аға қанатың,
Алматы әсем астанам,
Ала тауым айбатым.

Қара тауым қайратым.
Баурыңда бұлақ ағатын.
Алтын күн әсем көкте тұр,
Нұрын төгіп бағатын.

Тамаша қуат күшім бар,
Аруақты іні табылар,
Алладан қуат алатын.
Жігерлі жайсаң жансыз Сіз,

Өлеңің от боп жанатын.
Қызылорда
26 Қыркүйек ,1991 ж.,

АРУАҚТАРҒА

(Әбжалил-бап-Хорасан-атаға)

«Биссимила»-деп мен бастаймын сөздің басын,
Тыңдаңдар бұл сөзімді кәрі, жасың.
Сөзі алтын, ісі-күміс кей адамның,
Халқымыз берген оған өз бағасын.

Тарихи деретерге біз жүгінсек,
Ислам дін жіберіпті төрт халифасын.
Ішінде сол халифтердің Әбжалил-бап,
Аруағына бұл бабаның сиынасын.

Бабамыз қасиетті адам екен,
Ем жасап, талайларға берген асын.
Қойаншық, жүйке тамыр,шешек ауру,
Талайлар осы дерттен жазылғасын.

Бабамыз мекн еткен кең далада,
Сусындап Сырдың сұлу дариясын.
Оқ өтпей, қылыш кеспей, суға батпай,
Көңілінен шығармаған бір Алласын.

«Тоты құс» қасиетті арал Сыр бойында,
Мекен ғып көріпті оның тамашасын.
Дұшпандар қызғаныш пен оған қарап,
Байқаған әр қайсысы өз шамасын.

Бас ием құдіретіне Хорасан-ата,
Әр дайым Алла, Аруақтар жарылқасын.
Сейд-бабам, Құлсараптың мен ұрпағы,
Қолдай көр, дұшпан бізгее жоламасын.

Мұхаммед-ғалайиссалам, қожа Ахмет,
Періште, Қызыр –ата қолдағайсың.
Сенемін, тағзым етем аруақтарға,
Әбжал-бап-қасиетті адам ел данасын.

Сөз жаздым бабаға арнап бір азғантай,
Жамиғат құлақ тосып бағаларсын....

САҚТАЙ БІЛ, АДАМГЕРШІЛІК АР-ҰЯТТЫ

Бастаймын «биссимилла» - деп Алла атын,
Оқушым, Шайхислам менің атым.
Бір кезде оқып орыс нұсқасымен,
Білмеппіз не болады оның артын.

Байқасам ислам діні үлкен ғылым,
Екен ғой инабатты халыққа-жақын.
Иман жүз қайырымды адал болу,
Шығарған екен әркез адам атын.

Арамнан байлық жинап, бақ асырып,
Кейбіреу шығарыпты солай даңқын.
Мансапқор, жылпостықпен жиған мүлік,
Таппайды еш уақытта салтанатын.

Ия, Алла мен әрдайым сендім саған,
Құлыңмың Үмбетіңмін жамиғатым.
Тазалық, әділдік жол маған серік,
Пендеміз артық емес таңқалатын.

Кейбіреу ұнатпаса өзі білсін,
Білгенге менің шексіз таза затым.
Мұқаммед пйғамбардың біз ұрпағы,
Сөзім бар әліде жазып шығаратын.

Өз атам Сейіт баба өткен екен,
Түсінсең, тыңда қауым, асыл затын.
Бергі атам киік сауғани Құлсарап-қожа,
Үрлесе мақтадан от шығаратын.

Тарихын ислам діннің білдім оқып,
Жүрмін мен білгенімді ойға тоқып.
Түбіміз Адам-Ата ғаләйссалам,
Адамзат өрбіпті ғой сонан шығып,

Бар пенде сонан бері өсе берген,
Бірі дос, бірі қас боп жасап шылық.
«Ислам»-дін бір Аллаға бой ұрушы,
Түсінсең халқым тыңда бұны ұғып.

Әділдік, сыпайылық, имандылық,
Бойыңа осыны ұста ойла тұнық.
Қайсы бір пақыр пенде оны білмей,
Жасамақ болған екен түрлі қулық.

Аллада қаһар қатты, мейрім мол,
Жойыпты залымдарды салған бүлік.
Ыдырыс, Нұх пайғамбар, Лұт, Ысмағұл,
Ибрайым, Ысқақ,Жүніс, Әйб, Салық.

Пайғамбар Мұса, Арон,Дәуіт, Ильяс,
Сүлеймен, Жүсіптейін өткен ұлық.

Әлясаг, Зүлкәфия, Закәрия,
Данышпан болған екен ер Шұғайып.
Япырмай қателессем кешір Алла,
Мұқаммед, Иса менен өткен Жақып.

Басқасын мен қозғамай қоя тұрдым
Болма деп жер бетінде жаманшылық.
Бұлардың әрқайсысы алып дана,
Тарихи тұлғанлар ғой мұны шын ұқ.

Бәрін мен айта алмаспын жеке дара,
Өйткені әрқайсысы неше мыңдық.
Мұқаммед жан боп туған өнегелі,
Қалдырған артына іс зор даналық,

Тілеген мұсылманға аманшылық.

Дүниеден өткен бір кезде,
Данышпан Нұқ пайғамбар.
Мың жылдай өмір сүріпті,
Алдынан өткен талайлар.

Топан су басып жер бетін,
Адам, жәндік болған зар,
Қауымы уағызын тындамай,
Болыпты дейді күнәкәр.

Әмірімен Алланың,
Қырық күн тасып топан су,
Қирапты ел мен көп шаһар,
Амал таппай ажалға,

Жылаған зарлап адамдар.

Нұх пайғамбар шыдамай,
Соғыпты кеме, зұлпықар.
Жалынпты Аллаға,
Біз құлыңбыз саған зар.

Күнәсін кешір пенденің,
Сақтайтын оны амал бар.
Ол өзіңнің қолында,
Дүние, шіркін бұл заңғар,

Әр бір жәндік адамнан,
Түрлі түсті мақлұқтан,
Аламын тұқым пар мен пар.
Өсіп-өнсін адамзат,

Ертеңге тұлға осылар.
Нұқ мінгн сол Кеме,
Әмірімен Алланың,
Бір таудан тоқтар тапты арал.

«Жұды тауы»-дейді жұрт,
Ол Қазығұрт боп қалар.
Тарихи талғам осылар,
Өзінше жатыр аңыздар.

Ғасырлар өтіп жатсада,
Біреу артық, біреу кем
Адами затта талай бар,
Кездеседі өмірде,

Шындықтан тайып азғандар,
Замананда дара екен
Ибрақим пайғамбар.
Өмірге ол шырылдап келген кезде,

Падиша Намрут залып болған өзге.
Жақтырмай ешбір жанды астамсынып,
«Мен құдай» десе керек көрер көзге.
Иә, Алла өзіңң артық данышпансың,

Бәрі ая, бәрі айқын өзіңізде.
Ай мен Күн, жұлдыз, аспан барлық ғалам,
Бас иер, құлдық ұрар өзіңізге.
Ибрақим нақ осылай түйін түйіп,

Келіпті осыны біл деп бір негізге.
Әкесі Ибрақимның Азар деген,
Пұт сатып күн көріпті жапан түзде.
Бір күні сатып кел деп жұмсап ұлын,

Базарға жіберіпті қоңыр күзде.
Ибрақим ғаләйссалам бұны тыңдап,
Үн қатпай пұтты алырпты әке силап
Базарға алып келіп былай депті:

«Жараңдар, алыңыздар, кел» - деп ымдап.
«Жаны жоқ, пайдасы жоқ бұл бір ағаш,
Көріңдер өтірік айтсам мені сынап.
«Су іш»-деп пұтты ол мазақ қылды,

Бірақта ол кетпеді жөнсіз тулап.
Әкесі «сатпадың» -деп тұрсадағы,
Баласы сыр шашпады еш бұлтыңдап.
Бір күні бәрін жойып пұт құдайды,

Ибрақим жаңа дінді тапты шындап.
«Жансыз ғой қолдан соққан пұты» деді
«Несіне табындыңдар оған қарап!?
Адасу ақымақтық деген осы,

Алланы тану керек шын бағалап.
Ал оның осылайша қылығы үшін
Намруд тұтқындады оны қамап.
Өртемек, өлтірмек боп от жалынмен,

Жазықсыз жанды ол отырғызды отқа қалап,
Лақтырды от ішіне Ибрақимды,
Жәбіріррейіл жетіп келді сол бір замат.
Ибрақим жаратқанға асылды да,

«Кетемін күнәм болса отқа күйіп»,
«Көр халқым, әділетті көп жамағат»
Алладан әмір келді отқа тіке,
«Күймесін, құтқарылсын бұл фәни зат»

Оқиға Түрік елінде болған екен,
Атанған Гурпа деген жерде аманат.
Өртемек болсадағы осы жерде,
Ибрақим аман қалған шын азамат.

Кейіннен Мысыр барып Сараменен,
Қосылып жанға алған бір рақат.
Өйткені аймен күнге пар келетін,
Сарасы болған екен нақ перизат.

Бірақта перзент таппай қапа болған,
Әртүрлі қайғылы мұң ой қамалап.
Патшасы Мысыр елдің ғашық болып,
Таппақшы болған екен ол жамағат.

Қайтыпты райынан залым патша,
Ажарды әйелдікке берген арнап.
Ажардан туған екен сол Ысмағұл,
Бұл өзі болған емес бекер лақап.

Қызғанып сара сұлу бұл екеуін,
Апаратқан байғұстарды шөлгет тақап.
Ысмағұл Ажармен қалды осында,
Жас сәби су табалмай зар шырылдап.

Меккенің сол кездегі аты бөлек,
Шөл екен сусыз жатқан «Үммүл құрап».
Сонда Ажар Ибрақимнен жөн сұрапты:
«Не үшін біз отырмыз шөлге қарап?

Болмаса бұл Алланың әмірі ме?
Айтыңыз Құдай үшін болсын сауап»
Дегенде осы сөзге ғаләйссалам:
«Әрине»-деген екен бір Аллалап.

Басқа сөз сөйлесуге рұқсат болмай
Қайтыпты Сарасына шөл жағалап.
Сонымен Ажар, Ысмағұл қалды байғұс,
Жапан жүз шөл далада жан сауғалап.

Уа, жасаған бір Алла,
Емеспе едің көреген.
Өзіңе сендік біз пенде,
Жарылқа мені демеп ем.

Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалсыз пенде өлмеген.
Ысмағұл туған жас сәби,
Емшекпен жалғыс күн көрген.

Құрмасы, суы таусылып,
Қайрат-күш қашты денеден.
Анасы байғұс су сұрап,
Жасаған Жаппар, Егеден.

Сапа,Мәруа төбешік,
Ананың жолын юөгеген.
Сусын сұрап талықсып,
Төңбекшіп жатыр көбеген.

Ғажайып ісі Алланың,
Рақым етсе зәреден.
Бір кездері қараса,
Бұлақ болып бұрқылдап,

Су шығып жатыр төбеден.
Бал татыған зәмзәмға,
Қапелімде олар кенелген.
Мейрімі қанып бұлаққа,

Туғандай қайта денеден.
Құдіреті күшті Құдайым
Аулақ қылған бөледен.
Күндер өтті осылай,

Бір күні келді керуен,
Шам шаһардына сапармен.
Ғұмыры ұлы Шамидағ,
Ғұмар ұлы Мазармен.

Келеді екі жолаушы,
Амандасуға Ажармен.
Рұқсат сұрап су ішті,
Қасиетті ыдыс зереннен.

Үй салуға рұқсат ап,
Осы жерге бөгелген.
Қасиетті Мекке осы екен,
Бұл күнде жалғас көп елмен.

Ысмағұл он жас шығып сайраң қақты,
Ыбрақим жан еді артық салтанатты.
Бір күні Алла оны сынамақ боп,
«Балаңды құрбандық қыл» деп сұрапты.

Алланың әміріне құлдық етіп,
Кірісті шалмақ болып құрбандықты.
Осы оймен Ибрақим-ата тау беттеді,
Меккенің жанындағы Мина атты.

Бір жағы шөл болса да жар қабақты,
«Алланың құрбандығы Ысмағұл»-деп
Кеңірдекке салмақ болды бір пышақты.
Қаншама бауыздамақ болсадағы,

Балаға пышақ өтпей қиналыпты.
Алланың құдіреті керемет қой,
Көк қошқар көктен түсіп жар құлапты.
Сойылып құрбандыққа сол көк қошқар,

Тарапты сонан дейді Түрік-тегі.
Ысмағұл өсіп-өнгент жұриятты,
Тарады Ибрагимнен Сүннәт жолы.
Пайғамбар Ысқақ, Жақып асыл затты,

Жүз жастан асқанында Сара туып,
Балдары болды дейді керематты.
Қазіргі Қағба тұған қасиетті жер,
Бір кезде «Қызыл төбе» атаныпты.

Алғашқы жаратылған сол жер екен,
Алланың бұйрығымен инабатты.
Атамыз Адам-ата ғибадат ғып,
Осылай «Байтул мағмүр» тұрып жатты.

Топан су басқанында дүние жүзін ,
«Көкке ұшып көтерілген» деп айтыпты.
Болыпты мекен жайы періштенің,
Қорғаған уақытында адамзатты.

Қағбаның ірге тасы өте ертеде
Ибрақим, Ысмағұл мен қаланыпты.
Біздерді мұсылман деп-Ибрақим-ата,
Уа, халқым, нақ сол кезде сол атапты.

Осылай Құран-Кәрім жазған екн,
Түсін деп бізге осылай біл деп нақты.
Ислам дін «бой ұсыну», «тапсырылу»
Біліп қой, халқым түсін, Алла ақты.

Баршамыз – милләтіміз Ибрақимның
Үметі Мұқаммедтің бұл бір факті.
Осыны ұққан жақсы мұсылман қауым,
Сақтай біл, адамгершілік ар-ұятты...

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТӨРТ АСЫЛ

Тарихты талдап қарап оқысам мен,
Таусылмас бұлағы бар өте терең.
Нәріне соның қанып іше қойсаң,
Балқиды болат болып менің денем.

Шіркін-ай тарих сөзі қандай ғажап,
Ауа-ана, Адам – атадан біздер өрген.
Тараппыз солардан біз өрбіп-өсіп,
Не деген Алла ғажап зор көреген.

Жан беріп топыраққа таң қаларлық,
Дүниені көріңдер деп жол сілтеген.
Әр қауым түрлі ғажап ойда болып,
Бірі артық, бірі кеміс жолмен жүрген.

Алланың әмірімен әрбір пенде,
Дүниенің жарығына келген кезде.
Бөлінген әркімге ырзық несібесі,
Бірі асыл, бірі әулие, бірі дана,

Қайсы бір шешен-шайыр озық сөзге.

Келіпті осы фәни дүниеге,
Кей пенде ақылы артық туған өзге.
Дүниеде таңғажайып тарландар бар,
Жаралған ақылымен түсіп көзге.

Әр ғасыр Мұса, Дәуіт, Иса сынды,
Силаған даналарды бәрімізге .
Әр қауым өзі танып пайғамбардың,
Орнатқан тәртіп, өсиет жерімізге.

«Мұқаммед ең ақырғы пайғамбар» - дейді,
Исламның шамын жаққан төрімізге.
Осылай Құран-Кәрім жазған екен,
Тауап қыл, Кәлем сөзге сеніңіз де.

Алпыс ғасыр болыпты,
Мұса өмірге келген кез
«Тәурәт» діни кітап боп,
Сондағы осы айтқан сөз.

Дұшпаны қуып Мұсаны,
«Бағын» депті бізге тез,
Аллаға сенген айнымас,
Таяғымен Мұсаның,

Бөлінбеген дария неше кез.
Таң қалып бұған кәпірлер
«Ғажайып»-депті мұнан без.
Католик діннің атасы,

Мұны оқушым біліп сез.
Қасиетті Дәуіт пайғамбар,
Отыз ұлдың атасы.
Болыпты қабыл әрқашан,

Дәуіттің берген батасы.
Асылық кіріп көңіліне,
Әзәзіл еніп еліне,
Опат болған бір кезде.

Түгелдей отыз баласы.
Алла әрдайым рақымшыл,
Отыз ұлға татитын,
Ғаламға аян бағасы,

Бір ұл берген Дәуітке,
Даналардың данасы.

Құс тілін түгел меңгеріп,
Он сегіз мың ғаламда ,
Болмаған оған таласы.
Жер жүзін кезіп желменен,

Болыпты қауым ағасы.
Дәуіттің асыл ұлына,
Келмеген ешкім шамасы.
«Забурды» оқып жамиғат,

Бағынған оған түгелдей
Аспанмен жердің арасы.
Сүлемен сол пайғамбар
Өзгеден артық санасы.

Имранның бел баласы,
Мариямнан туған кемеңгер.
«Інжілді» жазған сол адам.
Қауымға таныс Иса ер.

Қадірлі хадис жазылып,
Ашылған жаңа дүниелер.
Кемісі болса сөзімнің,
Сыпайы сазгер сыншылар,

Жеткізіп жазып түгелдер.
Кезінде Иса пайғамбар,
Сақтамақ болып талайды,
Ағызған екен мандай тер.

Жан-жағына дұшпаны,
Бәле ойлаған немелер.
Ажалға қиып Исаны,
Өлтіріп қолын шегелер.

Әмірімен Алланың,
Көтеріп көкке Исаны ,
Кетіпті алып перілер.
Осылай «Інжіл» жазыпты,

Қатесі болса сөзмнің
Ғалымдар мені кешірер...
Бір күні Мұқаммед бабаға,
Келіпті хабар Алладан.

Жетіп келіп Жебірейіл,
Жағдайын жайлап сұраған.

Қырық жасқа шықтың, мінекей,
Бақыладық сені біз.
Сонау күн сен туғаннан.
Әкеңнің жүзін сен көрмей,

Алты жасында тағыда,
Айрылдың сен анаңнан.
Пайғамбар сен боласың,
Дара тудың қауымнан.

Ислам дінін дәріпте,
Аласын дәріс Аллаңнан.
Бой ұсынсаң ақ жолға,
Іздегенің табылр,

Алыс емес жадыңнан.
Әлемге атын жайылар,
Табылар қасиет бағыңнан.
Алланың сөзін қабыл ал,

Аруақ қолдар әрқашан.
Табылар досың жаныңнан.
Пайдасы тиер өзіңе,
Әзіреті Омар, Османнан.

Әли шері, Әбубәкір,
Көмекш болар әрқашан.
Тіреніп тіреу болады,
Төрт шадияр алдыңнан.

Оған қоса болады,
Отызүш мың сақабаң.
Ислам дінін уағыздап,
Табарсың құдірет жемісін,

Қасиетті Құран-Кәрімнен.
Досыңнан дұшпан аз болмас,
Таймассың бірақ тағыңнан.
Қасиетті Мекке, Мәдина,

Кіндігі болар Исламның
Бақ дәулет орнап шадыман.

Аят беріп Жәбірейіл,
Ғайып болып кетіпті
Мұқаммедтің алдынан.
Перште келген кезеңде

Мұқаммеддке көрінген
Алты жүздей қанатты,
Ғарыштан келген бір адам.
Ол періште жәбірейіл,

Жіберген Алла тағалаң.
Міне, сол Ислам бағыты,
Қазіргі кезде ғаламда ,
Есепке дұрыс алынған.

Жан бар екен есепте,
Миллиардтан асқан мұсылман.

ӘЛ ШЕРІНІҢ ДИЮДІ ӨЛТІРУІ

/немесе Кесікбас үшін күрес/

Тарихтың талғамына көз жіберсем ,
Мұқаммед пайғамбардың болғаны рас.
Әбубәкір, Омар, Оспан, Әлі шері,
Ұстаған Ислам дінін жолдан таймас,

Ол бастан пайғамбарға болған жолдас.
Тағы да отыз үш мың сақаба бар,
Бір күні мәжілісте бас қосқанда,
Келіпті осыларға бір Кесікбас.

Еңіреп көзжасымен сыр шертеді,
Оқиға болғандықтан орны толмас.
Сол кезде домаланған Кесікбасты,
Әлішер қозғамақшы болды ағаш.

Бірақ ол көтере алмай жалғыз басты,
Көрінді жалғыз босқа өзі қораш.
Мәнісін сұрастырып біліп көрсе ,
Болыпты періштемен ол сыбайлас.

Бұл бір іс шын ақиқат оқиға екен.
Жан екен тәңірменен ол сұқбаттас.
Қажыға елу рет сапар шегіп,
Аспанға періштемен ұрған құлаш.

Киелі заманында адам екен
Пайғамбар Исаменен боп замандас.
Жол сілтеп, бақыт берген көрінеді,
Кемеңгер данышпан жан Қызыр Ільяс.

Шығындап Нұр шақардан аспанға ұшып,
Болыпты Періштеге жолдас қимас.
Бір күні Дию келіп ойда жоқта,
Жепті оның денесі мен ұлын тұтас.

Әйелін шыңырауға алып кетіп,
Бұл жанды көрер көзге қылған қубас.

Алланың елшісінен жәрдем сұрап,
Күтіп тұр жалбарынып енді ықылас.
Әлішер мұны көріп қақарланды,
Ол өзі бұрын көрмей бұндай жанды.

Қол үшін бермек болды Кесікбасқа,
«Ол кім еді зәбірлеген мұсылманды»
Деп сұрап пайғамбардан ол рұқсат,
Дүлдүл мен зұлпықарын қолында алды.

Пайғамбар «сабырлық пен»-деді оған,
«Ол өзі нағыз залым дию екен»,
Байқап көр өз әлің мен, өз шаманды».
Осылай ақыл айтып ғаләйссалам,

«Арнадым өзің үшін шын дұғамды.
Жәрдемшің Жәбірейіл болсын сенің,
Ұмытпа еш уақытта бір Аллаңды.
Дұшпаннан еш ықпаған Әлішері,

Таппақ болды сол диюға бір амалды
Қасына Кесікбасты ертіп шығып,
Алмақшы болды батыр жын қамалды,
Кесікбас өзі ұшты қанатымен,

Есінен шығармады ол құранды.
Бес уақыт намазында тастамады,
Әдлдік іздеп келді ол ұранды .
Осылай жеті тәулік сапар кешті,

Жеткенше жын-диюға қолды қанды.
Тау, тас пен өзен сулар артта қалып,
Өткізді қиындықпен күн мен танды.
Бір кезде жапан түзден құдық шығып,

Қолына Әлішері арқан алды.
Уа, Алла әміріңе мен құлдықпын,
Беріп ең пайғамбар сен ақ батанды.
Қолдай көр, періштелер аруақтар,

Жіберсем, кешір менің өз қатамды.

Ал енді пайғамбар хах, Құран рас,
Әлішер жіпті алды кере құлаш.
«Әруақтар қолдай көр» деп төмен түсті,
Бұндай жан жүрек жұтқан сірә тумас.

Сыртта тұр Кесікбас пен дүлдүл досы,
Жау үшін жағаласар қолда алмас.

Жеті күн, жеті түн өтіп таң атады,
Ай тып, күн жарқырап кеш батады.
Сол кезде табан тиіп қара жерге,
Әліні аруақтар қуантады.

Шаршаған, шалдыққанмен қайсар шері,
Дұға оқып тағы еске алды Алланы .
Бір кезде алып қақпа алдында тұр,
Сарайдан көрініп тұр әйел заты.

«Бұл кім»-деп сұрастырып біліп көрсе,
Нағыз ол Кесікбастың махаббаты .
Қайғымен қара желдей мұңайып тұр,
Бұл сұлу мұсылманды ұнатады.

Жабыққан, жалтақ болған сұлу бикеш,
Батырға жағдай айтып тіл қатады
«Уа, батыр құтқарушы пенде болсаң,
Бұл дию күнде адам жеп жатады.

Бес жүзі мұсылманның жамиғаты
Ажалын күтіп отыр олар зарлап,
Күніне бес адамды сорлатады.
Осыларды құтқара алар болсаң батыр,

Онда сен мұсылманның асыл заты.
Диюді шын іздесең анау сарай,
Залымның басында жоқ ар ұяты»-.
Осылай әйел байғұс баян етті.

Үңгірдің осылай еді жағдаяты.

Сарайға кірсе бір кезде,
Дию жатыр көсіліп.
Мұнарадай мұрты бар
Басы күмбез төбедей,

Деміне тағам пісіріп.
Залымның алған тынысы,
Жан тұрғызбайды ұшырып.
Саусағы тайдың таяғы,

Танауы тауды көшіріп.
Қорылы жерді жарғандай,
Күндік жерге естіліп.
Алпауыт дене Асқар тау,

Сарайды жатқан көшірп.
Әлішері қарап тұр,
Батырлық емес өлтірсем,
Ұйықтаған жанды өшігіп.

Не болса да көрейін,
Хан майданда шешеніп,
Осылай батыр салды айқай,
Сезетін емес бұл залым,

Жекпе-жек деп төс ұрып.
Диюың бірақ ұйқыда,
Дем алып жатыр шешініп.
Тағы айқайлады Әлішер,

Бетіне қарап тесіліп.
Даусына тау тас жанғырды,
Жаһанға дыбыс жосылып.
Тек қана осы дауыстан.

Оянды жауыз шошынып.
Бетпе бет жауын көргенде ,
Диюда қалды аз тосылып.
Жүз батпандық шоқпарды,

Қолында алды есіріп.
Бір соққанда Әлішер,
Дем алды ауыр күрсініп.
Дізеден жерге кетті еніп.

Бір ысынды, бір суып.
Ажалды ойлап Шерінің
Кетті бір бойы түршігіп .
Бірақ Алла жар болды,

Сақталды ерде тіршілік.
Қатты ұстап қолға қалқанын
Ұмтылды жауға құлшынып.
Осал дұшпан ол емес,

Қылыштан кетер ыршынып
Шері де қалды ойланып,
Алуды жауды қусырып.
Халқының халі не болар

Майданда қалса бұл сынып.
«Қабыл ал біздің тілекті,
Жаратқан Алла жасаған.
Зұлфикарым қайдасың

Қара тасты қашаған.
Мен жасқаншақ емес ем,
Оқ атқан сірә тасадан.
Бетпе –бет жаумен кездестім,

Әзірге жан бар бас аман.
Медет бер атам, пайғамбар,
Сынбасын менің босағам».
Ақырды солай Әлішер,

Деді де жаудан өш алам.
«Дініне кір исламның,
Кешірім сұрап Аллаңнан.
Айтқаныма көнбесең,

Айырыласаң басыңнан».
деп Әлі осылай ескертті,
Дәу диюды тағы да!
Көнбеді бұған ант ұрған.

Суырып қылыш қынаптан,
Залымды ұрды басынан.
Домалап басы доп болды,
Қаны судай шашылған.

Жаһанамға жан кетті,
Қаруы қалды асынған.
Құмырсқадай көп дию,
Жабылда түсіп жармасты,

Шыға келіп қасынан.
«Уа, жасаған жан ием,
Мен саған дәйім бас ием.
Мұсылман үшін қашанда,

Табылған маған несібем.
Диюмен жын шайтандар,
Шықпаған таза нәсілден.
Мұылманның қас жауына,

Ұрамын қылыш төсінен»
Үш жүз дию мерт болды.
Әлішерінің күшінен.
Быт-шыт болып қалғаны,

Айырылды түгел есінен.
Мінекей,Әлі осылай ерлік етті,
Диюдың қалғандары қашып кетті.
Бесжүзі мұсылманның азат болып,

Қуанып көз жастарын олар төкті.
Барлығы басын қосып деді тағы,
Ұмытуға мүмкін емес бұл ерлікті.
Әліні аруағы түгел қолдап,

Мұқаммед атасына ол сеніпті.
Енді олар шыңыраудан қалай шықпақ,
Дұға оқып бір Аллаға беріліпті.
Қанат жоқ, сатыда жоқ шығу үшін.

«Жасаған өзің жаса үлкен епті.
Ақ тілек біз пендеміз жағдай жаса.
Тәңірім, Жаратушым кереметті,
Біз бүгін тілек тілеп қол жаямыз,

Мұсылман қауымыз ақ ниетті».
Дұға оқып жаратушы бір Аллаға,
Әлішер көмек сұрап тағзым етті.
Жасаған қабыл алып өтінішін,

Періштенің қанатына мініп алып,
Жер бетін қас қаққанша бұл көріпті.
Алланың рахымы түсіп мұсылманға,
Көрсеткен кереметі мен құдіретті.

Кесікбас адам қалпына қайта түсіп,
Пайғамбар қатарына ілігіпті.
Қолын ап Кесікбастың Алла елшісі,
Жарында қосылуына рұқсат етті.

Он екі мүшелері орын тауып,
Қайғылы күн мен түндер бастан өтті.
Етін жеп сүйегі қалған баласына,
Алланың әмірімен жан беріпті.

Мінекей алла рақымы керемет қой,
Пендені жарылқаған қандай епті.
Мен мұны ойдан ойлап жазғаным жоқ,
Тарихтан алдым ғажап мәліметті.

Тарази Шамс деген дана жазған,
Қалдырып артына зор өсиетті.
Бұл өз ойланарлық оқиға екен,
Кесекбас Нұр шаһардан еткен мекен.

Өзіне бағынышты бұл бір қала,
Әулие-әнбиелер, ғалым шешен.
Тұрыпты көбі осындай түпкіліпті.
Қанаты кең жайылған өсіп өркен.

Күмбезі, мешіті мен қорғандары,
Көз тартып тұрған екен, әсем көркем.
Бұл шақар Сыр бойының сол жағында,
Бұқара жақын болып тұр көлденең.

Шығыс хан жорығы мен Қызыл асып,
Осыдан Самарқанға барып кірген.
Деп айтады тарих тағлым осы жайды.
Кесікбас өзі шыққан осы жерден.

Әлішер батыр, батыл, шын азамат,
Күшімен диюларға төтеп берген.
Тарихта болғаны рас бұл Әлінің,
Ізіне мұсылман қауым түгел ерген.

Рахмет Таразиға мұны жазған,
Өмірге кімдер келіп кім кетпеген.
Оқиға аңызы мен осы дерек .
Мағанда күшпен қуат жігер берген.

Шайхислам Сейт ұрпағы мұны жазған,
Алланың ақтығына нағыз сенген.

СЫР САҢЛАҚТАРЫ

Жақсы жанға жарасар,
Атқарса дұрыс қызымет.
Темірдей тәртіп темір жол,
Басқардым соның қадірін,

Бірнеше жыл наның жеп.
Депутат болдым тағы мен,
Халқым берген сенім деп.
Жасаймын жарқын жолменен,

Бабалар берсе өсиет.
Аруақ қолдап ақ жолмен,
Күш адам қуат дөңгелеп.
Талай тарлан сүрді өмір,

Ғажайып жандар керемет.
Солардың бірі белгілі,
Көлдейбек ұлы Ерімбет.
Сөзі семсер самғайтын,

Жауын боп жанған нөсеррлеп.
Әр сөзінде астар бар,
Толулы дүние берекет.
Көмулі жатқан қазына,

Қолыңа тисе, ағайын,
Өсиет сөзін қабыл ет.
Жақсы сөзге құлақ тос,
Топасқа айтсаң бос кетет.

Надандарды нан қылып,
Сөзімен кеткен жетелеп.
Жанынан шығып жарлының,
Кетіп еді халқы көп силап,

Ерімбетті көкелеп.
Жыр қазынасын жазыпты,
Кенжегүл ұлы Нұртуған.
Аманөткелдің алыбы,

Ол еді ақын бір туған.
Әр сөзі сырлы ғажайып,
Құстан құмай туғызған.
Нұртуған нұрлы жан еді,

Жыр дариясын ағызған.
Әр дастаны ақ алтын,
Қағазға қалай сыйғызған.
Қазаның қыраны,

Мұратбаев Ғаниым.
Шығыстың жұлдыз шырағы,
Көрмесемде танимын.
Басшысы болып баршаның,

Көрсетті күшін адуын.
Өмірден алған сара жол,
Таланттың таудай ғажайып.
Қап тауындай қаруың,

Есімің елге белгілі.
Жарайсың, жайсаң бауырым.
Әрқашан еске алады,
Қала мен дала ауылың.

Бітімбайдың баласы,
Жаңаберген жан еді.
Жырау деп міне, осыны айт,
Сүйегі сұлу хан еді.

Шырқаған үні сандуғаш,
Жымыңдап жұлдыз күледі.
Өнеріне Жәкеңнің
Досы емес дұшпан түледі.

«Жәкеңң-«Жәкең» атанған,
Мекені Арал жері еді.
Суырып салма Ержанды айт,
Шырқаған даусы ғажайып.

Әркім боп құмар сөзіне,
Айтушы еді «тыңдап қалайық»
Нағыз дүл-дүл жырау еді,
Балқы Базарға ылайық.

Аузына салып насыбай,
Ұшар еді құстай бидайық.
Қомданатын қонжиып,
Арғымақ еді ақиық.

Әр сөзі маржан гаухар тас,
Ашылмай жатқан тұңғиық.

Сабырлы мінез салмақты,
Қазалының қыраны
Аты жөні әйгілі
Қонақбаев Жамалды,

Есіткен дұшпан тынады.
Өлең мен өнер көрсетіп,
Болып еді сөздің бұлағы.
Сөз маржанын жинаған

Жанып еді шамдай шырағы.
Кешегі қырғын соғыста,
Қаза болған сияғы,
Сыр бойының сабазы,

Белгілі «Бекең Бегімбай».
Күміс емес сөзі алтын,
Кім екен бұның тегіндей?
Байсалды сөзі бал татып.

Бәйгіге түскен құлындай.
Адам емес аң тындап,
Құлаған тіккен тұрымтай.
Ардақты адам абройлы,

Азамат еді Ақбаев,
Шешендік сөздің шебері,
Жақсыны сондай мақтайық.
Сыр бойы тегіс айтады

«Жетекеңді еске сақтайық»
Жүйріктер сірә барма екен.
Тең келер бұған ылайық?
Сыр емес оны тындаған,

Сонау Орал, Ақжайық.
Қазалының қадірлі,
Перзенті еді Байназар.

Талай толғай туғызып,
Тындаушысы болған зар.
Қайсы бір өлең жазса да,
Қажытпай халқын тындырар.

Шын жүйрік тұлпар, саңлағым,
Шапқан сайын құлпырар.
Айтысқа түссе адуын,
Алдында оның кім тұрар?

Сүйегіне қарасам,
Күреске түсер палуан.
Абзал жанды азамат,
Қылмаған жанға қиянат.

Бір көргенге ол жұмбақ.
Сабырлы мінез салқын хан,
Айнымаған Хажыммұхан.
Өлеңін тындап талғасам.

Маңызы терең алуан.
Алқаға түссе зор ақын,
Тайсалмаған тарланнан.
Қадірменді Қожантай

Өзінше дара бір туған.

Бұл ағаңыз кербез жан,
Ахметұлы Өмірзақ,
Әрі ақын,
Әрі шежіре,

Маңғаздап сөзді құрамақ.
Қамбаның аузын ашса ол,

Таусылмайтын кең бұлақ.
Ағызып майын әр сөздің
Өмекең дастан туғызбақ.
Сабазым сайрап самғап қал,

Сонда жұртың таң қалмақ.
Түсінген сөзде түйін бар
Арнадым оған сөз жұмбақ.

ЖАНҚОЖА

Көз жұмып, ойға батайық,
Бір кезде біздер кім едік?
Құлақ сал бермен халайық,
Тарихқа терең барайық.

Сол кезде ел боп іргеміз,
Бостандық, тендік тіледік.
Атой сап әркім әр жерден,
Шырымыз кірмей жүдедік.

Барымталап малымды,
Ұл мен қыз, ана, жарымжы,
Қорғай аламай жүр едік.
Езілген елдің қамқорын,

Қорғаған кім ағайын?
Соны зерттеп білелік.
Ежелгі елдің мақалы:
«Жақсы ұл туар атадан,

Ер көгерді-батадан»
Нелер оқиға айтсамда,
Берейін серт қауымға,
Болмаққа аулақ қатадан.

Жанқожа жайлы деректі,
Менеде бұрын атаған,
Жұрт таныған не тарлан.
Жау қанатын отаған.

Қадірлі халқым тыңдасаң,
Шежіре бұл бір ғажайып.
Ойласаң ақыл аздырмас,
Сондықтан жыр қып жазайық,

Дүниенің түбі тұңғиық.
Кім келіп, кімдер кетпеген,
Батырлар туып ақиық.

Ел қамын жеген көппенен,
Әр қайысының орны бар,
Мәнісін біліп таниық.
Сүйсінер көңіл жүректің,

Еміріне түсер қаны ұйып.
Күні кеше ел болып,
Қапа шегіп налыдық.
Шындықты айтпай шыр болып,

Күйеуден қашты қалыңдық.
Жаңашыл жария жол ашты,
Тарихын елдің зерттедік.
Көмулі жатқан қазына,

Ашуға соны беттедік.
Жәкенді айтсам жасарам,
Ел қамнын жеген ерім деп.
Ер қорғаған ерлерге,

Халық атынан сеніп көп.
Сыр бойының халқының,
Басына талай күн туды,
Жыландай шағып өрмелеп.

Мал менен жанға ұмтылды,
Жас қыз бен бала олжалап,
Талауға салды мүлкінді,
Хиуаның залым жендеті,

Талай келді төтелеп.
Озбырлық деген осындай,
Төбеңнен тұрды себелеп.
Көрсетті елге зомбылық,

Бірден-бірге жебелеп.
Сатқын мен қорқақ азғындар,
Сол жауға барып бас ұрды.
Ұстап берді азамат.

Халқына қорған асылды.
Адал туған азамат,

Табанға неше басылды.
Халқының қамын ойлаған,
Ерлерім қару асынды.
Ойнатты сөйтіп жауларға,

Жан алатын жасынды.
Дәлірек айтсам, ағайын,
Біреуі соның Нұрымбет.
Жүз кісіге бір өзі,

Көрсеткен қайрат керемет.
Құттықтың Майдан батыры,
Болмап еді босқа тек.

Тағдырдың тамашасы толып жатыр,
Біреу бай,біреу жарлы,біреу батыр.
Ақбай көл жағасында мекен еткен,
Нұрымбет отау тіккен жібек шатыр.

Төрт түлік өзіне ылайық малы болып,
Жағдайы аз болса да мыңға татыр.
Айшасы бәйбішесі берекелі,
Болушы еді қайбір сөзі кейде батыл.

Көптен ол жазылмады науқасынан,
Жатқаны оның мынау болып пақыр.
Емші мен тәуіп молда табылсада,
Ауруға табалмады айла-ақыл.

Нұрымбет көп ойланып, көп толғанды,
Деуменен болады деп қайтсем мақұл.

Бір күні Айша былай белгі берді:
«Нұреке,жерік едім,аңшы шақыр –
Бөрінің жүрегіне жерікпін мен,
Ол сұмырай тауда болар,жаны тақыр.

Батырым өзің білші арғы жағын,
Мен сіздік,науқасым сол,шешші батыр».
Нұрымбет ақылы мол алғыр адам,
Баспаған ызалы жер,артық қадам.

Төркінін төте сөздін ол білетін,
Болушы еді өз зердесінде мықты бағам.
Ойлаған ел намысын ердің бірі,
Адамның арыстаны жауды қуған.

Аулының қадірменді адамы еді,
Шыдамды ақылы мол,сөзге тұрған.
Әйелдің өтінішін ойға салды,
Ақыры бөрі іздеуге ниет қылған

Атқосшы сенімді адам Бөрібайы,
Болғандай нағыз адал бірге туған.
Шақырып сол жігітті қасына алды,
Айтты ол сапардың да жайын бұған.

Тіс жарып, тілді безеп сырды шашпа,
«Тебіренбес» тауын байлап ау құрайық,
Орынсыз аулақ болсақ айқай шудан.
Кездесер көкжал-қасқыр тамақ қуған.

Жүрегі сол көкжалдың бізге керек,
Бәйбішем біздің Айша жерік болған.
Тағдырдың құдіреті осылай ғой,
Пенденің жарылқасын ісін оңнан.

Қиянат істемейік ұлы анаға,
Қалтықсыз орындалсын асыл арман.
Екеуі сапар шекті қасқыр іздеп,
Бөрібай, Нұрымбеттің ойдан-қырдан.

«Тебіренбес» тауы қолай жер болатын,
Көп жүрер аю, қарсақ түлкі арлан.
Бұлардың сапарлары сәтті болып,
Нұрымбет, Бөрібайлар қайтты таудан.

Қуанып ұл тапқандай ақ Айшасы,
Бөрінің жүрегін жеп жерік қанған.
Табылмаса жерігі,
Болар ед Айша бір ғаріп.

Түн ішінде от жақты,
Келген соң енді нұрланып,
Қанша пісер салған ет,
Айшада отыр асығып.

Өкпе бауыр жүрекке,
Тәбеті әбден ашылып.
Бір қайнаған қазанға,
Айша ұмтылды қол салып.

Пісуге де шыдамай
Асығулы соншалық.
Сорпа мен жүрек көкжалдың
Емі болды жеріктің.

Ойнап кетті ақ Айша,
Лағындай еліктің.
Адамға айтпай сырларын,
Ұйқыға кетті бұл аруың.

Сыр бойы жырдың бұлағы,
Батыры бөлек дүр еткен.
Ақыны, күйші, жырауы
Отырған жерін гүл еткен.

Ақирек жерін жасартып,
Күн шұғыласы нұр еткен.
Жасаулы жердің жаннаты,
Түскендей кілең бір көктен.

Айдың беті әжімсіз,
Суырылып шыққан түнектен.
Шалқары шалқып су шашып,
Қаз қонды, ұшқан үйрекпен.

Шабағы тулап көлінің,
Сазаны жүзіп бір өктем.
Табиғат қандай тамаша,

Дүниені мың сан түлеткен.
Сыр бойы қоныс құт мекен,
Қауын мен қабыз өзгеше
Маңырап малы шу еткен.

Той болды батыр ауылында
Ұлды болған себеппен.
Айша еді арыс ұл тауып,
Қуантып халқын кенелткен.

Осы ғой арман ақталып,
Басына бақ кеп жеткен.
Қуаныш симай қойнына,
Айналдым деді құдіреттен.

Жанқожа деп ат қойды,
Көп қауым шын жүректен.
Ақ түйе қарнын жарылып,
Қариялар киді жүн шекпен.

Қыз жігіт бір кенелді,
Өлең мен жырды үдеткуен.
Жыраулар шығып жарысқа,
Күйшілер күйді күңіреткен.

Бәйгесі бедеу арғымақ,
Тер ағызар теректен.
Атан түйе аруана,
Бас бәйгіге мол тіккен.

Міне осылай той думан,
Өтті де кетті дүрмекпен.

Жанқожа сөзге сараң жан боп туды,
Келбеті келісті еді айдай нұрлы.
Түлғасы мінез құлқы елден бөлек,
Ішінде ерекше еді қатар құрбы.

Болды оның шашы қалың туғаннан ақ,
Жалы бар, қыр арқада оңды солды.
Айбаты арыстандай нәресте екен,

Жүз емес басқаратын мың сан қолды.
Жастар мен жарасымды тіл табысқан.
Жасы үлкен риза болып көңілі толды.
«Мінекей, Нұрымбеттің бұл баласы,

Табады қараңғыда сүрлеу жолды.
Сеніңдер сенімменен сөйлесіңдер»-
Деп, үлкен жасы кіші бата қылды.
Көбіне бала болып ойнамайды,

Ойнаса майда- шүйде ойға алмайды.
Керісіп, ұрысудан хабары жоқ,
Біледі ақылға сап болған жайды.
Жарамсыз іс көрсе егер түсіменен,

Аңғартып көңілге еш бір қарамайды.
Жарлының ақысын жеп кетсе біреу,
Жанқожа залымдарды аямайды.
Халқының қамын жеген бала батыр,

Балтамен бір күн шапты қылышбайды.
Жарлының тартып алған жалғыз малын.
Мұндайлар недесеңде,сірә, оңбайды.
Әлсізді әлділерден қорғау үшін

Жанқожа әрдайым да жеген қайғы,
Қылышбай елді шауып, зорлық жасап,
Әлсізді ақылсыз деп бағалайды .
Бұндай хан Ханқожа үшін нағыз залым,

Халқының қамын жеген адам болса,
Бүркітке жем қылмайды бозторғайды.
Қылышбай қахарлы хан болсадағы,
Қарсы кеп Жанқожаға бата алмайды.

Батырдан шошып кетіп қалтырайды.
Неткен жан, жас Жанқожа аса айбатты.
Жауына арыстан боп арқырайды.
Мінезі сабырлы боп туғанменен,

Егессе құлатқандай аспанда айды.
Халқы үшін ол осылай талай мәрте,
Қылышпен талқан қылған сұмырайды.
Ерлігін ер Жәкеңнің қысқы айтайын,

Оқушы түсінеді айтқан жайды.

СОЗАҚ САПАРЫ

Сәті түссе әр істің,
Сандуғаш қонар бағына.
Ұжмақ болар мекенің,
Әр істің көшсең ағына.

Дұшпанның туса оңына.
Әділ іс алға бастырар,
Тұлпарыңды таңдап ал,
Бәйгінің салма соңына.

Бағың жанса басып қал,
Қаруың түссе қолыңда
Ел қамын жеген ерлер бар,
Түспеген жаудың торына.

Адалдық үшін шайқасып,
Шабады саспай арына.
Бір кезде білмей шындықты,
Әркімнің жүрдік қолында.

Тағдырың ісі ғажайып
Жақсыны жайлап жазайық,
Мән берп істің сыртына.
Шындықты шындап оқиық,

Тарихтың шығып шыңына.
Не болды кеше кетейік,
Оң менен солға бұрыла.
Жанқожа батыр бабамыз,

Жайылған аты Қырымға.

Ерлігі дастан емес пе
Ақынның асыл жырына.
Қаратаудың сыртында,
Қамал тұр аты сол Созақ.

Қоқанның ханы құтырып,
Қазаққа құрған зор тұзақ.
Малы мен қоса жан алып,
Құтырды әбден мазалап.

Күн сайын сұрап жас қызды,
Көрді ғой халық ғазабат.
Еркіне қоймай сәбиді,
Көбейе берді жан азап.

Қоқанның бегі құтырып,
Істейді солай бейбастақ.
Азап беріп қазаққа,
Жасады жаулық қиғаштық.

Ақыры бір күн алты Алаш,
Азапқа мына күйініп,
Үш жүз болып бас қосты.
Батыр мен билер жиылып.

«Отырмайық»-деді олар,
Отбасында бұйығып,
Берейік бектің сазайын,
Қыран боп көктен түйіліп.

Бастаушы бәрін хан Кене.
Сарбазды жиды саралап.
Қорғанда бұққан қорқауға,
Көрсету үшін ғаламат.

Үш топқа бөлді көп қолды,
Әр жүзгеи жеке даралап.
Бірінші кезек Ұлы жүз,
Үш күнде алу қамалды.

Алдына қойып зор мақсат,
Сол бетпен қорған ішінде,
Лақтырды жағып алауды.
Айбалта, найза әр қолда,

Астында жүйрік жараулы.
Ал ана жатқан қорқаудың
Қол менен күші санаулы.
Көруі хақ күні ертең,

Қазақтан-айла амалды.
Ұлы жүз үш күн ұрыс сап,
Қорғанды түтін шаң алды.
Шошынды сүйтіп қазақтан,

Ашқан жау әбден аранды.
Батырлар жүрді атойлап,
Алдырар емес залымдар.
Басылды біраз әуелгі

Қазақтан қуат арындар.
Қақпасы мықты Созақтың,
Шаршады ойлы дарындар.
Орта жүз кірді майданға,

Алаштың атын ұрандап,
Батырлар батыл жау жүрек
Дұшпаннан кекті бір алмақ.
Жатты сүйтіп қорғанның,

Іші сырты тұмандап.
Бар мақсат жауды қорғаннан,
Ышқынта қуып шығармақ.
Бөрілер емес залымдар,

Қорғанды берік сауыт қып.
Күн сайын тұрды тағдырың,
Таразысы ауытқып.
Сыр бермейді дұшпандар,

Жатса да қаншаи хауып қып.
Созақтың бегі сенеді,
«Қамқорым»-деп Қоқан жақ
«Аман болсын әйтеуір»-

Анда санда «ортақлап»
Қамаған мен қазекең,
Болар емес дұшпан мат.
Жымиып қойып миықтан,

Болмаймын дейді ақымақ.
Кенесары сабырлы,
Әскерін жүр жағалап.
Өткізді үш күн ұрыспен,

Жеңіссіз болды ғадауат.
Ендігі кезек Кіші жүз,
Үш күн мерзім мәрелі
Қолбасшы болар бұл жүзге,

Жанқожа жайсаң жан еді.
Алдын артын терең ойлайтын.
Іс бастарда әуелі,
Басына пайда тигізер,

Ақылды ердің айласы.
Халқының қамын ойлаған,
Жігіттің болар пайдасы.
Ел қамын жеген ерлердің,

Қарада болса хан басы.
Етігі мен су кешкен,
Жоғары ердің бағасы.
Жанқожа сондай қас батыр

Сыр бойының дарасы.
Арыстандай айбатты,
Жаратушы панасы.
Аруақты батырға,

Жетпеген мыңның шамасы.
Қоқанның Таған батыры,
Алысқанда қан құсып
Далада қалған моласы.

Қоқаннан келіп озаққа,
Таған батыр «жол» алды.
Ең әуелі құртпаса,
Қиын болар соларды.

Созақ қалса қорғаусыз,
Дей бер бегі омалды.
Сөйтіп Қоқан батырын,
Түсіруге тор алды.

Деп келді ол қазақтың,
Менікі ғой төр алды.
Сөйтіп батыр Жанқожа,
Пенде ғып алды Тағанды.

Олда еді қас батыр,
Егескен жерде табанды.
Астамсып кеткен дұшпанның
Ақыры сөйтіп тоналды.

Әкелді оны хан Кене,
Алдына ізбен жарлығы
Жайсаң жан туған Жанқожа,
Алмақшы болды қамалды.

Қолданбақшы болды ол,
Өзінше бір амалды.
Амалы оның іске асты.
Аруақ қолдап батырды,

Төбеге бұлты оралды.
Тас түйіліп хангКене
Қылғанды іштей қызғаныш,
Тағанды көріп таң қалып,

Бетіне тепті ызғары.
Түріңді көрсем, алыпсың,
Қоқандық батыр ер Таған,
Қалай қалдың пенде боп,

Түсіндірші сен маған.
Хан Тәңірдей тұлғаң бар,
Алға еш жан салмаған.
Осындай оқшау түріңмен

Қандай үш сені арбаған.
Денеңде жара және жоқ,
Таппайды бойың барлаған.
Қалайша қолың байланды,

Сененде мықты бар ма адам?
Қалдың ба алмай көмекті,
Жаратушы Алладан.
«Дұрыс айтасың Хан ием

Мен өзімде таң қалам.
Сегіз жүздей қолменен,
Созақтың жолын таңдағам.
Деп бастады ол сөзін,

Дегем жоқ бар ау сор маған.
Жекпе жек те сияқты
Маңымды тұман торлаған.
Қарасам қанша көре алмай,

Екі көз сынды көр болған.
Әп сәтте әлім құрыды,
Жүре алмай қалдым он қадам.
Не болғанын білмеймін.

Айналдырды жын шайтан.
Көзді ашып жұмғанша,
Ор болып кетті айналам.
Жанқожа маған көрінбей ,

Артыма қолым байланған.
Аруақты екен ол менен,
Несіне салам байбалам.
Алланың ісі керемет,

Шықпайсың жерден ойлаған.
Мінекей, ханым сенсеңіз,
Қазандай іш тұр қайнаған.
Сарбазым үш жүз шақит болып,

Қалды ғой ажал айдаған.
180 дей сарбаз жаралы,
Бармағын мықтап шайнаған.
Мен бағындым Жанқожа,

Мықты екен күштен айладан».
Осылай деп ер Таған,
Кенесары алдында,
Жағдайын айтып жайраған.

Созақтың сырлы қамалын,
Алу үшін не керек
Айла мен әдіс аралас,
Емендей мықты ер керек.

Қайталап қойған бойына
Ұлы жүз кетті өрмелеп.
Қазақтар үшін дұшпан да,
Оқ жаудырды термелеп.

Ал, қазақтар қорғанды,
Балталап шауып көрген ед.
Дуалы қалың құйылған.
Бұзуға мықты қол керек.

Берісер емес қоқаңдар,
«Қазақтар бері келме»-деп.
Қанша жаңдар оққа ұшты,
Азая бері біртіндеп.

Қазақтың қалың әскері,
Көбейе түсті дүркіреп.
Қамалды тесіп тұс тұстан
Батырлар алға ұмтыл деп,

Жанқожа шықты жорыққа,
Шын батыр қалай іркілмек.
Қамалды алса енді ол
Құтқарар жаудан жұртын көп.

Жасы үлкен аға Дәрменқұл.
Бата мен демеп батырды,
Тыныссыз күнді батырды,
Ұйқыссыз таңды атырды.

Шайқас еді бұл деген,
Қоқандық бекпен ақырғы.
Сол батамен Жанқожа,
Оқ болып жауға атылды.

Жанқожа жинап сарбазын,
Қорғанға бұрды ат басын.
Деді ол ерлер қимылда,
Бір Алламыз сақтасын.

Шұбар жылан қорғанда,
Ордаланып жатпасын.
Қызымызды күн қылып,
Ұлымыз арын сатпасын.

Бұзу керек күшпенен,
Әуелі қорған қақпасын.
Қақпаның аузы ашылса,
Етеміз ойран отбасын.

Аспаннан түскен ажалдай,
Шығарайық соқтасын.
Созақтың бегі сұмырай,
Өлімнің киіп ноқтасын.

Білемін сонда Қоқанның,
Бұл жерге қайтып соқпасын.
Батырдың сөзі дем беріп,
Сарбаздар шықты майданға.

Қақпаны алды қоршалап,
Мұрса жоқ басқа ойлауға.
Бар мақсат соққы беру тек,
Қорғанда жатқан хайуанға.

Адуын күшке шыдамай,
Болаттай қақпа бұзылды.
Қорғанға ерлер лап қойып,
Жүргізді әмір құзырды.

Созақтың бегі ұсталып,
Желкесі жедел үзілді.
Сарттардың сағы сынды да,
Тұтқындар сапқа тізілді.

Созақты жеңген батырың,
Жанқожа еді әлеумет,
Жұртым деп соққан жүрегі .
Оған деген халқының,

Қабыл болып тілегі.
Жанқожаны есіткен,
Жау жүрегі жүдеді.
Сырға аяқ баса алмай,

Қалды олар бір елі.
Оқырманым бұл жайды
Тарих-тағылым біледі.
Сол тарихпен сырласқан

Жандардың мен біреуі.

ЭПИЛОГ

Тағаннан соңғы бір батыр,
Қоқаныңда Аманбек.
Жанқожамен алысып,
Қолданса да амал көп.

Күшпен сынап көріп еді,
Тиді өзіне зауал боп.
Жекпе жекте мерт болып,
Қалды күні қараң боп.

Қанын сорып қазақтың,
Бабажан да болды бек.
Зомбылық зорлық жасап ол,
Езіп еді елді көп.

Қызы мен ұлын қазақтың,
Берген еді азар зәбірлеп.
Ел қамын жеген батырға,
Тапсырды халқы «кек ал»-деп.

Азар көрген ағайын:
«Құрсын»- деді көп жендет.
«Ел намысы-ердікі»,
Жанқожа үшін болды серт.

Бабажанды бақыртып,
Артына қақты қазық кеп.
Өтеді жылдар өтеді,
Оқиға небір өзгерді

Өркендеп ұрпақ жетеді.
Оны да тірі көз көрер
Ұлылардың ұлы ісін,
Ұрпақ етер тағылым.

Отан, намыс дегеннің,
Ақылға сап парағын.
Мақтар етер ұлтының,
Өрен күшін, дарынын...

ШАМШЫРАҒЫ ШЫҒЫСТЫҢ

(Ғани Мұратбаевқа)

Адамзаттың тарихы,
Тұңғиық терең мұхиттай.
Басына түссе уайым,
Кейбір адам ұқсайды,

Қуарып сынған уықтай,
Ерекше туған ерлер бар,
Маңына дұшпан жуытпай.
Өмірдің заңы тамаша,

Әртүрлі адам туыптай.
Аузын ашпай кей жігіт,
Оқшау жүреді қауымнан,
Есікке салған құлыптай.

Жан ілеспей жанына,
Икемсіз пенде кездесер,
Қаңтарда қысқан суықтай.
Жайдары жан жарасар,

Әділ әкім ұлықтай.
Жақсының жарқын мінезі,
Қауымды, қанша халықты,
Баурына тартып тұрыптай

Дара туған азамат,
Арғымақ, аттай туыптай.
Кіші жүздің атасы,
Атаныпты Жанарыс,

Жанарыстаан тараған,
Арғымақ, Алау бұл таныс.
Алшыннан тарап Әлімдер,
Еліне болған қолғабыс.,

Шежіре, тарих қозғасам,
Болмашы деп тілеймен,
Сөзімде ешбір жаңылыс.
Әлімнен тарап алты ұл,

Біреуі жақын бірі алыс.
Қарасақал Шіңгірден,
Еліне болған қорғаныш.
Мұратбаев Ғаниым,

Көрмесемде көзіммен,
Тарихтан терең танимын.
Шамшырағы Шығыстың;
Жаста болса адуын.

Сырдың сырлы ұлы боп,
Тіл болған найза қаруың,
Топырағың торқа Қазалы,
Туған жер сенің ауылың.

Жас болса да бас болып,
Суырылып шықтың ортадан.
Тарихта солай қалуың.
Көмегің тиді жетімге,

Жарайсың,Ғани бауырым.

ТАШКЕНТ ТАҢЫ

Қазалы қазыналы, сырлы қала,
Өсірді өрбітіп ол түрлі бала.
Ішінде сол ұландар Ғанида бар.
Өзінше ұл боп өскен жеке дара.

Жасынан жас шығынан білім құмар
Албырт жан алып ұшқан кімге тұрар,
Оналты-онжетіге келер келмес,
Жан болды дәуірінің сырын ұғар.

Тәрбие ол алады шешесінен.
Абзал жан артық туған қос жетімді,
Өсірді көрсе-дағы неше сүрен.
Жасынан қонды оған хат өнері,

Анасы, ардақтады, мәпеледі.

Сол болар ертенгі күн елге басшы,
Жетімге көктен жұлдыз әпереді.
Жас Ғани жарлы болып тусадағы,
Оқуға шәкірт еді бір саналы.

Оқыды ол орыс-қазақ бөлімінде,
Меңгеріп шықты ақыры бұл саланы -
Жақсы оқып, албырт жүрек алға басып,
Ізденді таудай талай қалмай жасып.

Таңын ол бостандықтың көзбен көрді,
Тұсында онбес жастың қауымдасып.

Жиырма жас Ғани үшін бақытты жас.
Кірді ол партияға сол шамалас.
Ленин партиясы сара жол боп,
Боп есті жасынан-ақ өткір алмас.

Бақытты мен табамын осы жолдан,
Құтылады барша жандар тұман-тордан.
Бастаушы бәрімізді бір дана бар,
Ұлы Отан көркейеді алтын ордам.

Деп Ғани басшы болды барлық жасқа,
Ойы жоқ еді оның бұдан басқа.
Оқуға өзі бастап басшы болып,
Жасады қамқоршылық замандасқа.

Жас жігіт шешен тілдің шебері ол,
Сөзіне оның ерді қалың ел-қол.
Дананың данышпандық сөзін оқып,
Атанды от жалынды жас комсомол.

Лениннің жастарға айтқан сөзін оқып,
Көңіліне, жүрегіне жүрді тоқып.
Аударды қазақ тілге көсем сөзін,
Тайсалмай қас жаулардан ешбір қорқып.

Ғаниым, Қазалылық сен жұлдызым,
Әлі тұр сенің басқан сара ізің.
Ташкентге жарық жұлдыз тұрдың болып,
Жиырмаға жетер-жетпесс келген кезің,

Жас жігіт сұңқар сымбат, барыс жүрек,
Қорықпас ақылы мол, қабылан білек.
Ғанидың мірден өткір айтқан сөзі,
Халқына баянды зор бақыт тілеп.

Он сегіз жасында ол басшы болды,
Жастардың газетіне қойды қолды.
Міндетін төреағалық адал ақтап,
Ұстады бұлтарылмас сара жолды.

Он тоғыз ойлап тұрсаң бала жасы,
Ғанидың ақылы мол өрде басы.
Түркістан одағына хатшы болып,
Таңқалған оған оның замандасы.

Қажырлы қайсар жігіт, парасатты
Әркімдер қадірлеген асыл затты.
Ішінде осындайдың біздің Ғани,
Адал жол құрметтеген саясатты.

Жолдасы, замандасы оның Дүйсен ,
Ташкентте бірге жүрген сұрай білсең.
Қасында Әлімгерей, Петрде бар,
Басында малақайы киген сеңсең.

Турашыл әділет іздеп асыл жандар,
/Оқушым, жақсы сөзді біліп аңғар/.
Мінезде жеңіл-желтек кей адамдар,
Пысықсытып көр-жерінді білмей талдар.

Дұшпанның көңілі қара, ісі қисық,
Жақсының жақсылығын айт сөзі пысық,
Көргенде көз алдында түлкі болып,
Қарсы алған сені көріп бауыр құшып.

Жас Ғани жарым ырыс жарлыларға,
Бірі-іні, бірі-үлкен болған аға.
Қамқоршы, халық ағасы, қайырымды,
Болған ол азамат қой жетпес баға.

КУЙБЫШЕВПЕН КЕЗДЕСУ

Ташкенттің таң қаларлық күні ыстық,
Көп адам осы ыстыққы қалған пысып.
Жиналып ордан-қырдан жалында жас,
Әрдайым жақсы заман күткен құшып.

Жиналған жас өспірім, болған түлек,
Шығарған үлкен жеңнен болат білек.
Басшысы жас Ғанидың Смородин,
Шақырды барайық деп сонда тілеп.

Басшысы партияның Куйбышев ер,
Ол білген көп нәрсені зор кемеңгер.
Ташкентте ол басқарып саясатты,
Түркістан майданында ағызған тер

Ғаниды сонда көріп байқап еді,
Аң-таң боп басын кенет шайқап еді.
Өсетін талантты бар, жігіт екен.
Қолынан бұның жақсы іс келеді.

Дегенді сонда Валериян мұны дұрыс,
Жас екен от жалында қуат құрыш.
Көрмеген мұны енді ешкім артық,
Ғаниға қол соғыпты бүкіл шығыс.

Үмітін сонда артқан басшы аға,
Байқаған жас Ғаниға беріп баға.
Еліне қамқор болар жасөспірім,
Өсіпті зерделі боп жеке дара.

Міне, сол басшы кісі шақыртыпты,
Партия ол хатшысы еді, аса мықты.
Жастардың бас басшысы Смородин,
Ғанимен пікір ойы бірге шықты.

Үлкен үй кең коридор таза кеңсе,
Күтуші қабылдапты бұлар келсе.
Хатшы қыз жатырқамай қарсы алыпты
Ғани мен Смородинді алғаш көрсе.

Көсем-бас, Отан үшін партия-ми,
Талантты етеді ол адамға сый.
Лениннің үлгісімен Куйбышев те,
Келеді жол көрсетіп жастарға ылғи.

Бәріңде біздің Ғани отыр тыңдап,
Смородин бас изейді ол да силап.
Куйбышев жастар жайын айтып терең,
Ғаниды бір ұйымға мүше қылмақ.

Міндеттер жеткілікті жастар үшін,
Сен мұны Мұратбаев мықтап түсін.
Ауыр-ақ жастар ісі, болса да ауыр.
Жетеді басқаруға сенің күшің.

Білмесең біз өзіміз үйретеміз,
Ертеңді жас ұрпаққа билетеміз.
Сіздер бар, біздер мұнда-талап біреу,
Бірлесіп жау ордасын күйретеміз.

Деп солай Валерян бір күліпті,
Ақылын, ой мақсатын білдіріпті.
Пікірін жас Ғанидың білмек болып,
Ол оған қойды талап тыңғылықты.

Партия тапсырмасын тыңдап болып,
Бәрін де алды Ғани ойына өріп,
Деді ол түсінеміз, орындаймыз,
Шыңдайды бізді осындай үлкен жорық.

Ташкентте сөйтіп Ғани іс бастады,
Өзіне тарта білді кіл жастарды.
Көрсетіп – қамқор көмек жұмылдырады,
Игі іске бұқаралық қандастарды.

Көмегін қолма-қол-ақ көрсетті ол,
Қиыннан қиюласар табанды жол.
Жауапты хатшысы боп ол жастардың,
Дұшпанға,жауыздарға құрғызды тор.

Жақсыда жат мінездер болмас көлбең
Өйткені ол адамда ақыл кенен.
Өзбек,түрікпен бол,тәжігің бол,
Бәрінде қолбасшымыз Ғани деген.

Ғанидың орындалып ізгі арманы,
Бастады,бостандық деп істі арналы.
Хорезм мемлекеті құрмет тұтып,
Төсіне орден тағып сый арнады.

Бұл орден кез келгенге берілмейді,
Тек қана аса ерлікті қадірлейді.
Бірінші осы орденді алған адам.
Қасиетті көсеміміз Ленин дейді.

Жас Ғани, албырт Ғани қадірменді,
Партия оны баулап қатты сенді.
Түрікпен, өзбек, тәжік балалары,
Риза боп көріп жүрді көрмегенді.

Жас Ғани қадірменді басшы болып,
Ақ жолмен ,әділ іске көңілі толып.
Оқыды,жетілдірді,терең ойын,
Күрескер ұлы істерде болды толық.

Он сегіз жасында ол Верный келді,
Қысқаша курс оқуға икемделді.
Фурманов ақылшысы, кеңесшісі,
Саяси ұғымдардан дәріс берді.

Күресін әділ іспен қас жауларға,
Шыдайма жақсы адамдар тисе арға.
Дұшпандар төңкеріске қарсы шығып,
Верныйде әлек салды, ашып арна.

Соларға жан аямай шыққан Ғани,
Дұшпанды өз ініне тыққан Ғани.
Фурманов қолбасшыдан дәріс алып,
Білімін Лениннің ұққан Ғани.

Ғанидай жас ұрпақтар болса дәйім,
Болмас еді ешқашанда сары уайым.
Қадірін сол кезеңнің білген Ғани,
Өсіп еді өрісі оның сағат сайын.

Оқыды Маркс, Ленин еңбектерін,
Ұмытпай қайда жүрсе туған жерін.
Көсемнің қасиетті сөзін тоқып,
Мүшесі Ғани болды Коминтерн.

Жастардың шығыстағы қамқоршысы,
Ғанидың үлгі болды жақсы ісі.
Достары жас Ғаниға риза болып,
Құрметтеп, қадірледі үлкен кіші.

Айтайық жолдастары қыз Шафира,
Николай,Фокин менен Рашида.
Кәмілжан,Сәдібек пен Науым досы,
Ғажайып жастар болды расында.

Ғанидың өсиетін ойға сақтап,
Жүрді айтып айтып адал достық тұзын ақтап.
Бірге істеп,біте қайнап,жүрген жандар,
Ғаниды көрген емес бекер мақтап.

Білікті,білімді де әділ іскер,
Ғаниға риза болды коммунистер.
Лениннің сара жолын ұстайды деп,
Тапсырды нелер қиын ауыр істер.

Білімге ол шақырды жастар жағын,
Білім деп келешекте бақ пен наның.
Көп оқып,көп үйренсең бұл өмірден
Жанады шамшырақ боп сенің бағың.

Әрдайым ақылын ал аға сөзін,
Жақсы аға шамшырақтың жағар көзін.
Жаман іс жараспаған біздің жасқа,
Қиындық көрсе дағы керек төзім.

Осылай ақыл жолын білді Ғани,
Күндіз түн тыным таппай жүрді Ғани.
Көп іске тікелей ол араласып,
Дімкәс боп ақырында тынды Ғани.

Төсекте жан қиналып жатсадағы,
Жанына ауыртпалық батсадағы.
Жас Ғани дана ісін басшы қылды,
Жиырма үш жастан ол ассадағы.

Мәскеуде сәуір айы, көктем кезең,
Жиырма үш жаңа ғасыр аққан өзен.
Осы кез көзін жұмды дарынды жас,
Амал не таусылса егер ішер көжең.

Міне, ол қыршын күйде көзін жұмды,
Көп көріп жас болса да қиын сынды.
Қажымай,талмай кетті осы өмірден,
Ұмытар қашан халық мұндай ұлды...

ВАГАНЬКОВ ҚӘБІРІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ СӨЗ

Өсерді өрбіп азамат,
Көркейіп асыл тілектен.
Алтын алма – дұға ал -
Депті дейді бабалар,

Алтын сөз шыққан жүректен.
Тасты жарған қызыл тіл
Өсиетін халқы ту еткен.
Құдреті күшті халқымыз,

Жақсыны жақтап ұл еткен.
Жаманға жағдай жасасаң,
Ұрады келіп өзіңді,
Айбалта,найза, күрекпен

Халқыңа қайран қаласың,
Тәрбиелеп талайды,
Бәрімізді бір еткен.
Шығыстың жұлдыз шырағы,

Дүниеге берген Ғаниды,
Айналайын Құдіреттен.
Жаста болса бас болып,
Жетімді қорғап үйреткен.

Ісіне сеніп Лениннің,
Ғылымын оның пір еткен.
Дананың сөзі тамаша,
Ғаниды сыйлап әрқашан,

Үлкен-кіші жыр еткен.

Сүм ажал келіп сұрқия,
Ұстады оны білектен.
Ажалға амал табылмай,
Қайсы бір батыр болса да,

Алдында оның дір еткен.
Аң патшасы-арыстан,
Шыдамай сұм ажалға,
Арс етіп құлап гүрсеткен.

Подвойский Николай,
Лениннің болды серігі.
Көсемнен алып өнеге,
Шоқ болып жанып көрігі.

Ұраны болды бостандық,
Татулық болды тілегі.
Нағыз шыыншыл большевик,
Ғаниде еді сенімі.

Саспайтын сабаз азамат,
Жанына батты оныңда,
Ғанидың тосын өлімі.

Ғани біздің жас тұлпар,
Ылдидан өрге ұмтылған.
Шаршамайтын сабазым,
Жан емес еді сөзден ұтылған.

Дұшпанын сөз бен байлап ап,
Асаудай басын тұқырған.
Таңғажайып бұл өмір,
Біреу-зәру, біреу-шат.

Біреуге берген озбырлық,
Біреуге берген қанағат.
Біреуге тозақ орнатып,
Біркеуге қонған шапағат.

Мақтаныш етем әр жерде,
Жиналса қауым жамағат.
Біздің Ғани солардың,
Бірінен озған азамат.

Жырға қостым мен бүгін,
Асылдың артын азалап...

ҚЫЗ КЕТКЕН

Анам Жақсылыққызы Жаңылға арнаймын.

Жайнаған жаздың күні еді,
Келіп ем Сырдың бойына.
Төңірек тұған нұр еді,
Төгілген еркім қойныма.

Жағаңа келдім ойланып,
Теңіздей терең сезіммен.
Жыр жазам саған толғанып,
Балалық жастық кезімнен.

Екі ауыз сөздің бірі етіп,
Өзіңді Сырым жер етем.
Жіберем ойды өрлетіп,
Толғана тербеп сыр етем.

Жағада жатыр қос қабыр.
Құлама жардың жағасы.
Ғажайыпсың-ау сен өмір,
Беймәлім кейде бағасы.

Самғап жылдар өтіпті,
Мерт болды қай кезеңде?
Кімді-кім қайдан біліпті,
Тап болған талай кезеңге?

Жағасында өзеннің,
Тұратын еді ау Мышқыл қарт.
Сол бір дүние кезеңнің,
Болдыма екен оған жат?

Өзі кедей шаруа,
Азғана егін егетін.
Бостандық біздей қауымға,
Бір келеді деп сенетін.

Бірақ, күткен ол үміт,
Қашық еді әліде.
Жер мен суға құдірет,
Байлар еді бәріне?

Өмір жолы әрқашаң
Өтеді адам басынан.
Дұшпаның торлап тасадан,
Бақылайды сені қасыңнан.

Ақпанның қарлы кеші еді,
Төрт атты кісі келеді.
Ішінде кернеп не жатыр,
Оны бір Аллаң біледі.

Қызарап батып күн батқан,
Қонақтар үйге келгенде.
Суыт жүріс төрт атты,
Көзіне жанды ілген бе?

«Кім бар-ау» деп бұл күйде,
Қалтаға салған ұятты.

Қонақшыл бауыр қазағым,
Мейманға тартқан мәзірін.
Көрседе өмір азабын,
Аямай дәмді азығын,

Көңілінде кірі жоқ,
Мышқыл бір әділ жан еді,
Жасыратын сыры жоқ,
Жарлы да болса паң еді.

Түсіңіздер үй мынау,
Келіңіздер алдияр.
Болса да дала боз қырау,
Көңіліміз кең, дәм даяр.

Осындай бір лебізбен
Қарсы алған дәйім қонақты.
Балалық жас кезінен,
Адам еді ол бір тұрақты.

Жайғасып бұлар алған соң,
Әңгіме кетті жалғасып.
Көңілді тіпті бәріде,

Дастарханда кең жайғасын.

Көп кездік дала шарладық,
Қалыңдық ылайық таппадық.
Келеміз соны арман қып,
Сосын да сізге тоқтадық.

Балаңыз Ажар біздікі,
Жұбайы оның Байекең.
Нашар бала жүздікі,
Не керек оған дүние кең.

Әкелдік мол базарлық,
Сізге арналған дүние.
Сен болсаң сертке тұрарлық,
Бәрі бар атан, боз бие.

Ал базарлық мынау деп,
Қос қоржынды ұсынды.
Әкетеміз әлдилеп,
Ажардай сұлу құсынды.

Төтеннен айтқан тура сөз,
Мір оғындай тиіп тұр.
Неткен заман қатыгез,
Үй іші басты иіп тұр.

Мышқыл қарт қатты қысылды,
Ойласар адам тағы жоқ.
Дұшпан салды қысымды,
Тамағы мол, қарны тоқ.

Осылайша қария,
Бір тұрып, бір бүгілді.
Малына сенген бай отыр,
Құшам деп мөлдір сұлуды.

Қазанның қара бұлтындай,
Дүние тұр түнеріп,
Ол бір құс қой тұрымтай,
Бас тұр жарға тіреліп.

Теңін тауып кетсе егер,
Арманы бар ма пенденің.
Болғанша сұмның ермегі,
Артық ау тіпті өлгенің.

Кеңиме екен бұл дүние,
Басынды ау бізді кез келген.
Келер ме адам күйіне,
Болар ма заман өзгерген?

Тоқсан ойлап толғанып,
Таппады амал Мышқыл қарт,
Қаламын қалай алданып,
Табылар ма екен жігіт мәрт?

Ақылдасар адамы,
Кемиек кемпір Сәнімі.
Тарылды жүрер қадамы,
Сонан да көңіл арыды.

Кемпірден ақыл сұраса,
Талғайтын емес кәріні.
Алыстан самғап шалатын,
Қайдасың Сырдың қыраны?

Құда түсіп, қыз алып,
Жалғайтын ата мұраны.
Деп жүргенде құдайым,
Айдап келді құданы.

Ақылға салып алға бас,
Шалымның болсын шыдамы.
Күйеу мен құда дұп дұрыс.
Қызыңда оған ұнады.

Қыз деген жүздің баласы,
Бөлек қой қоныс түрағы.
Деп отыр шалға кемпірі,
Табылды қыздың сыңары.

Ажарын қимай бірақта,
Қайғылы қартың жылады.

Ажар кыз еді ажарлы,
Гүл бақшадай базарлы.
Қарақат көзі мөлдіреп,
Жаулайтын бірден назарды.

Сұлу дене, қара қас,
Шалынар еді алыстан.
Жазық маңдай, сүмбіл шаш,
Қалайша қалай табысқан?

Жарқырап жанған бота көз,
Үлбір ерін қыр мұрын.
Аузынана шыққан әрбір сөз.
Балдай тәтті бір шырын.

Сүйкімді сұлу аққудай,
Қас шебер қалай жасаған.
Бәйгі атындай тұпарды
Шығарар кім көз тасадан?

Адамда бар қасиет,
Бойынан бәрі табылған.
Әр сөзі асыл өсиет,
Дос түгіл жатқа танылған.

Мезгілсіз келген қонақтар,
Ажар үшін жұмбақты.
Өрісің қысқа дүние тар.
Жолыңды қалай бұрмақты.

Терең ойлап толғанып,
Аңсады Ажар кеңдікті.
Келеміз ылғи зарланып,
Кім берер бізге теңдікті?

Қайғылы қасірет дүние,
Мен үшін бәрі тарылған.
Ботасыз інген боз бие,
Құлынын іздеп сағынған.

Беркімбай қазір қайда едің,
Жолдас ең, дос түлегім.
Туған жер мұңлы балаң мен,
Сынғандай белім тірегім.

Жүрегімде жалғыз сен,
Мұқалмас менің қаруым.
Таба алмадым саған тең,
Жан досым, қымбат бауырым.

Ашылар ма екен жарық күн,
Түнере төнген бұлттан.
Естілер ме біздің үн,
Құтыламыз ба құрықтан.

Көрмегелі көп болды,
Қалайша шыдап жүрсің сен.
Жүрекке қайғы кек толды,
Демім бір жалын күрсінсем.

Тепсіне терең иріммен,
Ағады сырлы дария.
Табынып саған келемін,
Берекелі бейне қария.

Тарылған дүне далам – ай,
Қонар ма бақыт басыма?
Қалайша теңдік алам-ай,
Кім келеді менің қасыма.

Сенімді серік Беркімбай,
Қайдасың маған келсейші.
Ажарым жаным, көркім-ай,
Жағдайды келіп білсейші.

Адам емес сұм жауыз,
Байлығымен басынған.
Отырған едім сары уыз,
Тыныштық тілеп жасымнан.

Араша болар адам жоқ,
Шырағданым Ажар»-деп.
Қашан да болар көңілің тоқ,
Көкірегімде арман көп.

Кеткені ме шынымен?
Болмай-ақ бізге бостандық.
Жауыздың мына түрінен.
Көрініп тұр-ау қастандық.

Көп ойланып толғанып,
Ажар жатты төсекте.
Аяз тұр сыртта ыңранып,
Мінгендей теріс есекке.

Қақпады кірпік сұлу қыз,
Төсекте жатты сан аунап.
Нәрейі еді сары уыз,
Өжет боп өскен алаулап.

Ажардың ойы басқаша
Асыға таңды күтеді.
Өзімен өзі оңаша,
Далада ақпан түтегі.

Қыз шіркін қатты толғанды,
Ағарып атты алтын таң.
Жасанды дүние жанданды,
Тірлік деп бар жан талпынған.

Сездірмей сыбыс басқаға,
Қамзолын киді асығып,
Сары аяз кімге баспана,
Далада тұрған ашынып.

Мақсатын қыздың сезгендей,
Табиғат долы түнерген
Уілдеп соққан долы жел,
Бейне көш суыт үдерген.

Желмен өзі жарысып,
Келді ол суға жақындап,
Өзімен өзі алысып,
Жүрегі жанып лапылдап.

Дүниеде не қымбат?

Ғашық боп өскен жар қымбат,
Білгенің сөзін ұғып ал,
Адамзатта ар қымбат.
Жазиралы жазыңнан

Ақпанда жауған қар қымбат.
Қартайса да Ажардың
Анасы еді асыл зат.
Қызының біліп кеткенін,

Шығып еді үйден зырқырап.
Дүлей дауыл соғып тұр,
Бурадай боп бұрқырап.
Төңірекке көз салса,

Дарияға қызы таянған,
Өзімен өзі далбаса,
Өмірден қашқан қандай жан?

Жағасында өзеннің,
Ажар тұр терең ойланып.
Кідірсе енді болмайды.
Қалады қолға байланып.

Құлыным қайда кеттің?-деп,
Анасы келеді айналып.

Сүйікті менің анашым,
Ақ сүтімді кешесің
Әр қашанда айтушы ең,
Ажарым менің көкешім.

Қиындыққа төздің сен,
Оны ана өзің білесің.
Сау бол әкем, жан анам,
Жыла, мейлің, төзесің.

Алысар едім әліде,
Бірақ уақыт жоқ менде,
Бауыздар едім қолыммен
Бір күн бұрын өткенде.

Қаз қатар етіп қамар ем,
Өлтірер едім өткелде.
Тарлық қылдың уақыт,
Шынымен демім біткен бе?

Қараңғы болды жарық күн,
Құсадан әбден зарықтым.
Керегі жоқ өмірдің,
Жалғанда әбден тарықтым.

Осыны айтып Ажар қыз.
Күншығысқа қарады.
Ұядан шыққан алтын күн,
Нұрын төгіп барады.

Қош бол жарық дүние,
Көре алмай барам нұрыңды.

Айта алмай барам жырымды.
Қалдырып тек мұңымды
Жарқырар әлі алтын күн,
Жер жүзіне нұр шашып.

Біз жүрміз міне,бейшара,
Жол таппай қаңғып адасып.

Керегі жоқ тірліктің,
Керегі жоқ бақыттың.
Жарық күнде дүрліктім,
Құлы болып уақыттың.

Қош бол достым, Беркімбай,
Жолдас ең жақын жарасқан.
Білмегенім көп әлі,
Мен бір жанғой адасқан.

Кешірсең ел тегіс,
Ағайын, туыс, алаштан.

Ажар мен ажал бетпе-бет,
Кездесіп тұрып бұрылды.
Жас болсада керемет.
Ару еді туымды.

Арманда туған Ажар-ай,
Су түбіне шолп етті.
Сол бір өткен заман-ай,
Талайды ерте мерт етті.

Сырлы Сырдың бойында,
Мекендеп түрлі ел өткен.
Ажар өлген осы жер,
Атаныпты, «Қыз кеткен».

Сұмдық ажал оқиға,
Беркімбайға тез жеткен.
Құдалар, күйеу, қыз іздеп,
Талай түнді күзеткен.

Төтеннен келген сұм ажал,
Ер мен елді күйзелткен.
Амалын таппай ажалға
Қайғының ызғар сызы өткен.

Бірде тар дүние, бірде кең,
Ажал деген арыстан.
Табылар ма екен саған ем,
Жер түгіл сонау сұр көктен?

Арманда кеткен Ажарым,
Саған қауіп төнгенде.
Қасында неге болмадым,
Жаныңа жауыз келгенде,

Туысыңдай неге тұрмадым?

Көзім жетті, мінекей,
Өмірдің көрдім жалғанын.
Бітті ме екен менің де,
Алдағы ойым, арманым?

Беркімбай солай зарланып,
Тебірене толғанды.
Адамға теңдік бермеген,
Заманды сілеп қарғады.

Ажардың киген қамзолын,
Беркімбай сақтап үйіне.
Ескерткіш етіп ұстады,
Көрген сайын күйіне.

Сексен жыл жасап Беркімбай
Қоштасыпты өмірмен.
Мақаббат оты осылай,
Қос жүректе көмілген.

Қос қабырдың тарихы,
Сыр бойына тараған.
«Қыз кеткеннің»-жер дер,
Тұсынан өткен әр адам.

Осы азғана оқиға,
Жырыма ірге қалаған.
Құрысын сұрқай пиғылдар.
Адамды-адам қанаған.

ӨЛЕҢІМ-ӨЗІМ; ӨЗІМ-СӨЗІМ

Сөз маржанын теремін,
Шабытым келсе шалықтап.
Ойланам кейде толғанам,
Дерегін сөздің анықтап.

Ойым-озық, көңілім тоқ,
Жүрегім таза, пейілім ақ,
Мақтаныш емес бұл сезім,
Түсінсең халқым, жамиғат.

Алладан нұр келсе егер,
Жүреді деп ойлаймын,
Періштелер шын қолдап.
Ең ақырғы Пайғамбар.

Нәсілі таза Мұхаммед.
Әли шері бабамыз,
Өзінше дара асыл зат.
Бибі-Фатима анамыз,

Көрмеген жанды алалап.
Біз тарадық сол нәсілден,
Бұл шын тарих ақиқат.
Уа, Алла, өзің жарттың,

Әр саладан таза ұрпақ.
Сейдзадалар сезімтал,
Шын мұсылман түсінер,
Біз жүрмейміз айқайлап.

Сара жолдан таймайық,
Аяқты басып абайлап,
Сақтансаң Алла сақтайды,
Өз пендесін қорғаштап.

Өнсегізмың ғалымды,
Бір қауызға сиғызып,
Ұстап тұр, Алла бір ғажап.
Бас ием Алла өзіңе,

Қолдай көр мені аруақ.
Өз атамды мен айтсам,
Киік сауған Құлсарап.
«Ол кім»-деп қауым сұраса,

«Шөре-шөре»-деп шақырып киікті,
Сауыпты сүтін сол Құлсарап.
Көзімен көріп жамиғат,
Қаңдырып шөлін киік сүтімен,

Таң қалған жандар аллалап.
От шығарып мақтадан,
Достары жүрген атамды,
«Қожаеке»-деп қамалап.

Бұл шындық, халқым тыңдасаң,
Әр іске кере қанғат.
Құдай қалаған пенднге,
Ісінде болмайды еш ақат.

Аруақтар мені қолдай көр,
Мені ұрпағы солардың
Өз дәуіріндегі азамат...
Тасымаймын, таспаймын,

Сабырмен істеп әр ісіті.
Жақсы адамнан қашпаймын,
Істесе еңбек жемісті.
Өнерлі адам асқар шың,

Жұмысы оның келісті.
Өнерлі адам асқар шың,
Жұмысы оның келісті.
Жақсының ісі бал қаймақ,

Білмейді олар егесті.
Жаманның ісі жапалақ,
Түнде ұшатын жарқанат,
Көре алмайды таң елесті.

Өсиет сөзім өрге бас,
Сыр асып Арал, Ақмешіт,
Қазғұрт тау мен Келесті.
Шайырлар бар шаршамас,

Кеңейте білген өрісті.
Қармақшының жерінде
Шайырлар шыққан келісті.
Жиенбай жырау, Даңмұрын,

Талай атақты бөлісті.
Тұрмағанбет, Базарың,
Жан салмаған алдына,
Бөліп жармай туысты.

Шораяқтың Омары,
Тағысын тағы тағы бар,
Кетеден шыққан шайырлар,
Бітірген талай жұмысты .

Сыр бойындағы Кетені,
Кетенің болмайды бөтені,
Талай шайырлар туғызған
Сөздерің оның тыңдасаң,

Өңменіңнен өтеді.
Кетелер мен айтыссаң,
Түбің олар жетеді.
Қазалылық Ерімбет ,

Болған шайыр, керемет.
Әр сөзін талдап қарасаң.
Өлең емес, өсиет.
Пәлсафалық сөздері,

Алтын, гауқарға теңкелет.
Күміс көмей Кәрібоз,
Тұпар аттай шабандоз,
Шын қақарына келгенде,

Кетеді екен жырлап дөңгелеп.
Байназар, Жамал, Дасқал бар,
Тыңдаған жандар таңқалар.
Қадірмен іні, ағалар,

Шайырлар сөзі тас бұзар.
Құр мақтау емес бұл бұзар.
Ержан жырау тамаша еді,
Ұшатын құстай қомданат.

Тыңдаған даусын ұшқан құс,
Қанатын қағып оралат.
Ғашық болғандай даусына,
Қаз бен үйрек , тұлпарат.

Аманөткелдік Нұртуған,
Күн нұрынан жаралған,
Артық емес шығар бұл бағам.
Нұртуған жырын есіткен,

Талай жандар таң қалған.
Таң қалып тағы қоймай-ақ
Шырт ұйқысынан ойанған.
Жыр дастаны тарланым,

Қара қылды қақ жарған.
Тарихи сөзі ғажайып,
Абайдан сонау үлгі алған.
Талай шайырлар туыпты,

Сырбойы, сонау Аралдан.
Жер кіндігі Қазалы,
Талай дарындар туғызған
Қайсысын мен айтайын,

Көбісі көкке самғаған.
Роза менен Мәдина,
Дүлділдері Туранның,
Талай ғаламды шарлаған.

Майталман жырау Набатым,
Нұртуған шыққан атадан.
Ғажайып сөзі тереңнен,
Қозғайды талай дастаннан.

Керемет қызы Аралдың,
Кемітеді сені қайсы адам?
Дүлділ жырау өзіңсің,
Тыңданғандар тамсанған.

БАЛАЛАРЫМА, НЕМЕРЕЛЕРІМЕ

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз жанұяңыз қара мекен.
Алладан перзент күттік жасымызда.
Шүкіршілік, шын тілек қабыл болады екен.

Ата-ана тілектері қабыл болып.
Ұямыз өсіп-өнді жанға толып.
Үш қыз бен екі бала келді өмірге,
Мінекей, немере сүйдік бақыт қонып.

Ұстаздық маман алды Зәуреш, Айнам.
Ұлдарым Асылханым, Әділханым,
Бірі юрист, бірі инженер маман болған.
Олардан Ерлан, Ерке, Ислам туып,

Мен жүрмін «ата» атанып белді буып.
Алланың бұл бір берген «нұр-шапағаты»,
Жүрмін мен жас жігіттей мың құлпырым.
Әділден-Темірлан мен Олжасым бар,

Мойныма таққандаймын алтын тұмар.
Немерелер қамқор жасайды атасына,
Саяхаттап жүргендеймін мініп тұлпар.
Келіндер өз баламдай «папа» дейді,

Айналдым мен сендерді Айнаш, Гүлнар.
Шөбере мен көрдім ғой, ағайындар,
Сұрасаң оның аты бала Санжар.
Құда мен құдағилар болды өріс,

Шәкеңмен Ұрдаш-апай шын қуанар.
Ұрпақтар өссін, өнсін,бұл өмірде,
Біздің ол әр қайсысы ізді басар.
Қыздардан өмір келді Жәнел, Данияр.

Жігт боп өсіп келеді сұлу Асқар.
Өрісім боп келеді жиендерім.
Айнұр бар атасына қамқор жасар.
Балдарым,ұрпақтарым бақытты бол,

Әр қайсың баға жетпес ғауһар,сұңқар

Қызылорда. Қараша, 2001ж.

ІІІ

бөлім

(Авторға арнаулар)

АҚИҚАТТЫҢ АҚ АЛМАСЫ

Ол әлдекімдер шындықты бұра тартып, қарақан бастың мансабы үшін жылпостық танытпайды, тіке айтқаны үшін тіпті туғанына жақпаған кездері көп болды. Шәкеңе бас иіп,басшының алдында құрдай жорғалауды Алла жазбаған. Қасқайып тұрып,әділін айтатыны бар. Басшы атаулының осал жерін дөп басып,хан демей, қара демей, шындықты бетіне айтатыны мінезі өзгеге емес,өзіне жарасып-ақ тұрады.Содан ба Шәкең талай жерде бұйырып тұрған мансаптан қағажу қалды. «Ә,Серікбаев екен ғой» деп, өмірбаянын көрген лауазымды басшылар талай кері ығыстырып,оң қабақ танытпағанына куәгерміз. Теміржолда,одан соң мерзімді баспасөз бен бақылау комитеттерінде қызмет атқарғанда Шәкеңе тырнақ астынан кір іздеп, шам ала жүгіргендер болған. Бірақ ақтың ісін ақымақ өшіре алған ба, Шайхысылам Серікбаевқа бәрінен де күйе жағылмаған. Біз білетін Шәкең екі тілге бірдей еркін қалам сілтейді. Сонау бір жылдары Мәскеуден шығатын «Правда», «Гудок», содан соң «Дружба народов» журналында, республикалық «Казахстанская правда» мен «Простор» журналдарында күрделі тақырыптарды бұрқырата жазып көсілте қалам сілтейтініне талай таңырқағанбыз. Көп жыл осы күнгі «Кызылординские вести» газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі болып,кеудемсоқ басқа тіл өкілдерімен талай рет үзеңгі қағыстырып,өкпесін басқаны бар. Әдетте, біздің қаламдастарымыз күнделікті күйбең тірілікпен өрісін кеңге жаза алмайтыны жасырын емес. Ал, Шәкең болса бәрін үлгіріп, бәріне қалам тартып жүретін еңбекқорлығы оны екінші бір қырынан таныта түсті. Ұлттық өнер, имандылық,Сыр бойының тарихи тұлғалары, ескі қорғандар мен қалалардың көне шежіресіне көз майын тауысып, талмай ізденіп,оны баспалармен тіл табысып,кітап етіп шығарғаны ерлікпен пара-пар еді. Баса біткен маңайлатпаған сәттерде ізденімпаз журналист лауазымды басшылардың есігіне еркін кіріп,өз мақсатын айқындап талай рет дәлелдеп шықты. Содан болар, Шәкеңнің «Жалын» баспаларынан «Арал аяасында», «Сырғанақ туралы сырлар», «Қазақтың би-шешендері» мен тағы басқа топтама-жинақтары басылып шығып тез тарап кетті. Орыс тілінде шыққан «Две судьбы», «Сын Арала», Казахский «Корчагин» атты очерк-повестері жанында «ә» дегеннен баурап алатын құнарлы дүниелер. Облыс тарихы жайында жазылған шығарманың топ авторларының бірі де осы Шәкең. «Пайғамбарлар-пырағым,шадиярлар-шырағым», «Жақсы сөз-жарым ырыс» атты өлең-жырлары басылып шықты. Ал, республикалық «Халық кеңесі» газеті мен «Иман» қоры Шайхысылам Серікбаевтың «Үш тұлға» атты жинағын ең үздік тарихи, көркем публицистикалық шығармалар тобына жатқызып, екінші сыйлық беруге бірауыздан шешім қабылдады. Бұл да болса Сыр перзентінің еңбегіне бас июден туғанды. Бірде Шәкең өз сырын ортаға салғандай болды: «Қазір «Көргендерім мен білгендерім» атты естелік, орыс тілінде «Люди и легенда Сыра» атты кітап жазу үстіндемін. Бұл кітаптарым амандық болса оқырмандар қолына алдағы жылы тиіп қалар. Иншалла, тілге кенде емеспіз, Абай айтқандай «Қазақтың бір-бірінен сөзі ұзын». Бірақ сөздің де сөзі бар ғой. Ақылдан да ада емеспіз, тағы да Абайша «біреу біреуінің ұқпас сөзін» болып кетіп жүрмесе». Сөздің сарасын, ойдың орамын тауып ойып тұрып айтатын қазақтың өзі де саусақпен санарлықтай. «Мың қосшыдан, бір басшы» дегендей мұндайда әңгіме бастап, ол әңгіменің алтын арқауына халықтың сырын қосып, тар жерде тайпалмай тартып кету де - қасиет. Ал, шебер сөйлей білсе де өз мүдесінен аспайтын қанша қазақ жүр? Елім деп туған перзент әлімсақтан арман. Сыр бойында дүниеге келген сондай азаматтардың бірі, көпке танымалы - Шайхислам Серікбаев ағамыз. Шәкеңнің адам таңқаларлық қасиеттері көп. Кешегі Кеңес өкіметі керегесін керген соң дүниеге келгендер-бүгінде керуеннің соңғы түйесіндей. Бәрі де ақ шашты,ақ сақалды қария болды. Көргені көп көнекөздеріміз солар. Соның ішінде де Шайхислам ағаның орыс-қазақ тілдерінде еркін сөйлеп қос тіл қос қанатындай еркін сілтейтіні ғажап. Қай жағыңа да қайлы адам-деп інілері мақтаныш тұтса, Шәкеңнің оған лайық қадір-қасиеті жетерлік. Кешегі Кеңес өкіметі дәуірінде ұлтымыздың тарих қойнауында танылмай қалған талай перзенттері болды. Үш жүзге пір болған Мүсірәлі де осындай игі жақсылардың бірегейі. Арғы атасынан бергі ұрпағына дейін кие қонып, білім дарыған әулет жөнінде орыс заманында әңгіме айту да қиын еді. Міне, Мүсірәлі бабаның ерекше қасиеттері жайлы ел аузындағы әңгімені жинап, республиканың бір кездегі беделді басылымы «Жұлдыз» журналына жариялаған да осы Шайхислам ағамыз болатын. Шәкең осыдан кейін Қазалы жеріндкгі қариялардың құлағында қалған әңгімелерін қайта тірілтіп, халыққа жеткізуге көп еңбек сіңірді.Мүсірәлі баба жөнінде көлемді де өнегелі мақалалар жазды. Сонау Өзбекстанда болып, Самарқан сапарынан Жалаңтөс баһадүр жөнінде құнды деректер ала келді. Ал, Батыс Қазақстан өңіріне барған жолы қазақ халқының қалыптасу дәуіріне үлес қосқан қанша қасиетті есімдерді еліне тарту етті. Оның бергі жағында аты аңызға айналған пайғамбарлар мен әулиелер өмірі туралы талай мәрте қалам толғаған екен. Іздену, зерттеу, тарихи сараптан өткізу нәтижесінде деректі және аңыз сипатында, оған ғылыми тұрғыда баға берген Шәкеңнің екі бірдей кітабы өткен жылы жарық көрді. Арал мен Қаратаудың арасын жайлаған Сыр бойындағы қалың қазақ Шәкеңді жасы-жасамысынан бастап таниды. Кездесе кетсе, құрмет тұтады, әңгімесін тыңдап, лебізін естігісі келеді. Себебі, Шәкеңде екілесе келгенде ешкімнің бет-жүзіне, туған-туыстыққа қарамай кесіп айтатын қасиет бар. Жалтақтамайды,жарамсаққа жаны қас, өзі көрген-білген істің әділін ғана алдыңа жайып салады. Сондықтан ағамыздың то ауызды,орақ тілі ,мыңға ұнаса да, бірге ұнамауы ғажап емес. Ал, өз басым, жетпіс бес деген жасқа жеткенше анасының ақ сүтімен дарыған мінезінен айнымай, сөзін саудаға салмай, арын адал сақтап жеткен қарияға таң қаламын. Біз-пендеміз, Шәкең де мінсіз еді деу құдай алдында күпірлік болар. Әділет іздеген,шаршаған,тарыққан жандар жәрдем сұрап неге алдымен Шәкеңе келеді. Алқалы жиын өтеді, талқыға түсер таласты мәселені неге Шәкең бастайды? Қиянат пен әділет күресінде белін буып шығып, әлсізге болысатын да осы Шәкең, Миығынан күлетіндер күле берсін, олардың ондай ерлік қанында жоқ. Ал, Шәкеңнің ерлігі асқан адамгершіліктен барып тамыр тарады. Оның қарағайға қарсы біткен бұтақтай болып көрінетіні де сондықтан. Аз абыройынан айрылмай бас бағып жатуға әбден болады. Бірақ әр заманның жауап күткен сауалы бар. Запастағы полковник болсам да, запастағы азамат емеспін деп Б.Момышұлы айтқандай, Шәкеңнің ешқашан запаста қалған азамат емес, Халықтың қалаулы азаматы. Біз қуанған кезде ұмытып, қысылған кезде жанынан табылатын Шәкең ,ең бастысы, халықтың қадірлісі. Одан өткен бақыт бар ма?

Нұртаза Саянов, журналист

Шәкен шындықты айтып отыр

«Тіршілік» газетінің 24 қазан 2001 жылғы санынан ардагер-журналист Шайхыслам Серікбайұлының «Халық қаражаты босқа шашыла бере ме, әкім мырзалар»? атты мақаласын оқыдым. Мен де ауыл ардагерімін. Біз көнекөз қариялар әлі де шаршап-шалдықпай, баспасөзге қатысып, бірлі-жарым мақалалар жолдап тұратынымыз - ол өз ауылымыздың, ауданымыздың тіпті обылыс халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының жақсарғаның ел басқарып жүрген лауазымды басшылардың, әкімдердің қарамағындағы қалың көпшіліктің әрдайым қамын ойлап, қолынан келгенінше көмектесіп,әділ, адал жауапкершілікпен жұмыс істегенін қалаймыз. Шәкеңді мен көптен білемін. Ол әрбір мақаласын нақты деректермен ешкім дау айтпайтындай етіп, ретті жерінде лауазымды басшылардың да бет-жүзіне, қызметіне қарамай әрі жалтақтамай шындықты батыл жазады. Халықтың сөзін сөйлейді, ел қамын ойлайды.

Міне, ардагер журналистің осы ісіне риза боласын.

Оның жоғарыдағы мақаласында да нақты деректермен облыс бюджетінен басқа жаққа кетіп жатқан ақшалай қаржыны айтып отыр. Бұл жайлы обылыс көлемінде қатардағы қарапайым көпшілік біле де бермейді. Білсе, Байқоңыр қаласының тұрғындары лауазымды басшылар ғана білетін болар. Ал, журналист Ш. Серікбайұлы бұл мақаласында облыс халқының,оның ішінде апат аймағындағы елдің қамын ойлап, сөзін сөйлеп, облыс бюджетінен Ресей азаматтарына беріліп жүрген қыруар қаржы қайтарылып, облыс азаматтарына жұмсалса, ол үлкен қаржылай көмек болар еді дегенді білдіреді. Бұл- орынды пікір. Әсіресе апат аймағындағы Арал, Қазалы аудандары тұрғындарының соңғы жылдары біраз жеңілдік, өтемақылары тоқтап қалды. Мақаладағы көрсетілген қаржылар облыс бюджетіне қайтарылса, ол біздің де біраз кәдемізге жарар еді деп ойлаймын. Енді меніңше, бұл мәселе обылыс халқының есінде болады, оның орындалуын жоғарыдағы басшылардан күтеді.

Мақсат Оразұлы

Қазалы ауданы

ШАЙХИСЛАМ ІНІМЕ

Сіз Нұқтан бастап, ақырдың Мұхаммед пайғамбары туралы тарихи хикая жазыпсыз. Не бір білгірлер бас иіп Сізді тыңдады. Таңдай қақты. Бәрі де көшіріп алуға ұмтылды. Соған арнау сөз жазып отырмын.

Арнадым бұл сөзімді Шайхисламға,
Сыры бар түсінікті аңдағанға.
Тарихын пайғамбардың жазу сауап,
Су шебер қарлығаштай мақтар таңда.

Таратса термешілер әулиені,
Сауабы тиер хах тірі жанға.

Иншалла,талабыңа берсін шабыт,
Хах жолын Мұқаммедтің ұстап бағыт.
Тізіліп сөз маржаны қаламыңнан,
Жетіп тұр тыңдаушыға майдай жағып.

Өйткені пайғамбарлар шежіресін,
Әлі ешкім айтқан емес айдар тағып.

Бастауы Нұх пайғамбар тұңғыш рет,
Тірліктің кеткен екен отын жағып.
Арада не бір заман,не бір дана,
Дін үшін майдандасқан дабыл қағып.

Ақырдың пайғамбары Нұр Мұхаммед,
Исламды орнықтырды қабыл алып.

Ақ жолын пайғамбардың баяндапсыз,
Тер төгіп ұрпақ үшін аянбапсыз.
Жорғадай су төгілмес жүріспенен,
Әр істің байыбына аялдапсыз.

Ұғынар жүрегімен жандар болса,
Ұрпаққа жаназығын даярлапсыз.

Білмейтін жеті атасын адамдарға,
Әріден шежірені хабарлапсыз.
Солардың көзін ашып парасатқа,
Ой тауып шеберлікпен бара алғансыз.

Бір Алла қадамыңда қанат берсін,
Шынайы мұсылман боп жаралғансыз.
Дем алдық Алатауда жұтып жұпар,
Курортта жиналған жұрт сөзге құмар.

Әр елдің білгірлері сарапталды,
Бас қосып небір жүйре не бір тұлпар.

Ортада Серікбайдың Шайхисламы,
Қомданып ұшатындай бейне сұңқар.
Тарихын пайғамбардың жырлап отыр,
Көзіңнен өтіп жатыр асқар шыңдар.

Япыр-ау, парасаттың биігі деп
Отырмыз таңдай қағып, ылғи мұндар.
«Шығыстың білгірі» деп баға берді,
Шәкеңе басын иді жиналғандар.

Жерлесім әрі ақсүйек,інішегім,
Танылды шешендігі халқы тыңдар.
Тауында Ордабастың жиын өтті,
Тарихтың соқпақтары қиын депті.

Өсиеті Пайғамбардың үмбетіне,
Тәуекел бір Аллаға сиын депті.
Бақытын Шайхисламның байыптасын,
Хах Жолын өсиетке түйіндепті.

Және де Ордабастың арғы мәнін,
Сабақтас екендігін тереңдетті.
Жүрекке жылы тиіп қозғау салып,
Сондықтан сөз арнадым мен міндетті.

Ал, Шәке ел таныған саясаткерсің,
Сөзімнің кешіресіз оң-терісін.
Шығармаң шуылдақтан аулақ болып,
Аруағы Қожа Хафиз қолдай берсін.

Бұлақтай сарқылмайтын сусындатқан,
Бойыңа ұлы Абайдың нәрі сіңсін.
Сөз жазған күні еңкейген бір ағаңыз,
Майдангер Бағаналы Баттал дерсің.

Жүсіпбеков Баттал
Соғыс, еңбек ардагері
«Түркісіб» шипажайы,
маусым,1993 жыл.

БӘЙГІДЕН ТАЛАЙ КЕЛГЕН БОЗТАРЛАНЫМ

Қаламдас сапардағы боз тарланым,
Байлық пен билік іздеп,қол созбадың.
Артына шам шырақтай із қалдырдың,
Халық үшін қалам тарту ізгі арманың.

Тарих пен сөз өнерін қанат етіп,
Ерінбей жұрт аралап, ел шарладың.
Рухани асыл-мұра гауһарлардың,
Мекендеп келе жатсың құз-жарларын,

Жалғаншы сұм өмірдің мансабына,
Қызығып қыздай көріп алданбадың.

Мағналы бір сөйлем мен сан ой айтып,
Сен жықтың журналистің мың палуанын.
Одақтың төрт жүлденің төресісіз,
Ойнатқан найзағайдай ой алуанын.

Жетпісте әлі шашты ағартпапсыз,
Соңында қиналсаң да көп шаруаның,
Мұхаммед пайғамбардың ұрпағысыз,
Кемеңгер киелі ұрпақ зор аруағың.

Ерекше Сенім, Үміт, Махаббатың,
Қалайша халық сүймес ел бағланын
Бойыңа шаң шалдырмай келе жатсыз,
Киелі Иман деген Ақшалманың.

Байлық жоқ бұдан асқан адамзатқа,
Арты бос пен таққа мәз болғанын.
Артында ізгілікті іс қалмаса,
Несі бай құлық қуып мақтанғаның?

Ұрпаққа рухани байлық сыйлап,
Дүниеден арманы жоқ аттанғанның.
Тілеймін ұзақ өмір,зор денсаулық,
Бәйгіден талай озған Бозтарланым.

Ибраһим Мұхамеджанұлы.
Қызылорда, тамыз 1996ж.

АЗАМАТ АҒА ТАБАНДЫ

Жақсымын десең жараңдар,
Ел аңдасын шамаңды.
Жүйрік деп мақтап бола ма,
Топта озбас шабанды.

Ел біледі шын сөзім,
Қасиетті Шайхисламды.
Өмірден зор үлесі,
Азамат ол табанды.

Тіріде білсең қадірді,
Болғандарың жарамды.
Қаламы оның үзілмес,
Тарихын тапқан орамды.

Айтып жүрген ақынмын,
Сергіткен сері санаңды.
Сабасына түсірем,
Сөз білмес мылқау жаманды.

Ауызша сөзім ардақты,
Түсінбестер түсінер
Жолдас еттім қаламды.
Түн ұйқысын төрт бөліп,

Тірілтті қанша бабаңды.
Ізденіс етіп бұл көкем,
Шындықпен басқан қадамды.
Халық айтса-қалып айтпас,

Сыртыңнан берген бағаңды.
Күншіл көңіл айтқан сөз,
Суытып сырттан араңды.
Ондай жандар не білсін,

Түсінбейді қоғамды.
Оттайды босқа білгірсіп,
Ала құта сораңды.
Дәрежелеп дәріптер,

Қалтасы мол наданды.
Ерқазына бақ дәулет,
Сабырға ақыл орнады.
Ой нүктелі болады,

Зепілдеп білсін шамаңды.
Шәкеңнің жолы ақиқат,
Тарихи шерткен мұраңды.
Мырза тілді шайырмын,

Сахи еткен сараңды.
Жаттығым жоқ жақсыға,
Жайлау еткен жағамды.
Азғана ғұмыр Сіз-бізсіз,

Сай тұтып сондай ағаңды.
Ажал айтып келмейді,
Уақыт жетсе тәмамды.
Ата жөнін қозғайын,

Байқатып көңіл шаманы.
Ғазіретті-Әлі бабамнан,
Бибі-Фатима анамнан,
Зилабадин туады,

Түп негізі Мұхаммед,
Сейіт қожа тарады.
Киік сауған Құлсарап,
Қасиетті қырағы.

Заманында сөнбеген,
Көріпкелді шырағы.
Сынамақ болған пендеге,
Көрсеткен көзге шамалы.

Мақтаны үрлеп жағады.
Оттың көріп жанғанын,
Керуенші кешірім сұрады
Ұлсыздарға ұл берген,

Кім халқым сұраса,
Сейіт қожа Мүлкіланды.
Сор жерден шыққан тұщы су.
Ішкенде мейірің қанады.

Ем үшін суын құйдырып,
Алыстан ауру алдырды.
Қағып кетсе жын-пері,
Басына баба қондырды.

Кеселінен арылып,
Бірлікке тартқан адамды.
Қасиетті адам көп емес,
Айыра біл бағаңды.

Осы мен сөзді доғарам,
Ұмытпаспын Шәкең ағамды...

Жәмила Ахметова
Қызылорда, 2000ж. шілде

ТҰР ӘЛІ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ҚҰЛАҒЫМДА

Тұманның түбі терең тұнығындай,
Асфақани алтынның сынығындай.
Жырлармен сырласып тарап, еріп,
Арудың жұпар шашқан бұрымындай.

Төлеби, Қазбек пен Әйтекені,
Көгіме асқақтаттың уығымдай.
Аруағы Жалаңтөстің риза шығар,
Көгерттің оны да емен шыбығындай.

Құс қанат құлын денең құлпырады,
Мәңгі жас Иранбақтың ұрығындай.
Жақсыларға жаныңды жаялық қып,
Күтесің төріңе ұстап ұлығындай.

Шалса егер қыран көзің кей қасқалар,
Мінезімен баланың қылығындай.
Онда тез аш бөрідей қадаласың,
Қаңтардың қалтыратар суығындай.

Кей қулар намысыңа ши жүгіртсе,
Жабысып Қазалының ұйығындай.
Оларды қыл шылбырмен қылғындырып,
Ұстайсың асау аттың құрығындай.

Тұр әлі көсемсөздің құлағымда,
Бақарда ұшқан аққудың суылындай.
Жасаған Сізге саулық, жас сыйласын,
Шежіре қарт Жамбылдың ғұмырындай.

Жанұзақ Қожабергенов

ҚҰРМЕТТІ ШӘКЕҢЕ!

«Екі тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» дегендей, қос-қос қуныш құшағында отырсыз. Бәрі құтты болсын!

Уа, Шәке, құтты болсын жетпісің,
Жетпіс жылда бастан талай өтті сын.
Еліңменен, еріңменен бір көрдің,
Қиын қыстау заманының тепкісін.

Қос апаттың ауыр азап нәубеті,
Сөндіре алған жоқ жүректің от күшін.
Өйткені сен-Зиялысың, тектісің,
Замн жеңіп, өзгермеде бет-пішін.

Ақыр, міне, ауылға аға атандың,
Қамын ойлап, ел халық пен отанның,
Өйткені Сен қасиетті бабалар,
Әулиелік шарапатынан от алдың.

Ес білгелі қолда қалам қайралды,
Ол айбатты қаруыңа айналды.
Ол толғадың тербетілдің теңіз боп.
Тигізем деп көп қауымға пайдаңды.

Мақсат қусаң, жетіп соған жүлде алдың,
Әр кітабың жүр қолыңда мыңдардың.
Айтатының дін ислам дәрісі,
Ертеңі үшін мұсылман боп туғанның.

Сырда туған бірі өзіңсің дарынның,
Қиял тербеп талай-талай таң ұрдың.
Жыр жазасың, шежірелер шертесің,
Бірі болып ғылым қуған ғалымның.

Сақтаған Есмаханов

СЕН БІР СҰЛУ ЖІГІТ ЕДІҢ ДАРЫНДЫ

Құтты болсын сіз жасаған тойыңыз,
Қартайдым деп қамығуды қойыңыз.
Қатар өсіп, сыйласумен жүрген соң,
Бұл қуаныш бәріміздің тойымыз.

Байқамаппыз көп өмірдің өйткенін,
Жастық шақты бірге алып кеткенін.
Қызығымен сол жастықтың жүргенде,
Кәріліктің бізді қуып жеткенін.

Жылдар-жылдар асығумен бар ма?
Ойланшы өзің өткенге бір қара да,
Біз танысып, силасумен жүргелі,
Ширек ғасыр өткен екен арада.

Сен бір сұлу жігіт едің дарынды,
Отты сөзде қаламдардың қарымды.
Тура айтқан әдлетті сыныңнан,
Қара тас та қақ бөлініп жарылды.

Өміріңді өз халқыңа арнадың,
Қиянатқа еш уақытта бармадың,
Жағымпаз бен жантықтарды найзалап,
Жеңгеніңше қыр соңынан қалмадың.

Журналистік,жазушылық майдан да,
Еңбектерің анық болды айдан да.
Шабысыңнан таңған жоқсың әлі де,
Қалған жоқсың қартайдым деп қайраң да.

Көп жасай бер, көп жасай бер тағы да,
От басыңмен, достарыңның бағына.
Денсау болса силасумен өтерміз,
Құшақтасып кездескен де сағына ....

Әбдісәлі Рысбеков

АСЫЛ АҒА АЛДЫМЫЗДА БАР БОЛСЫН

Көзге көсем, сөзге шешен ғұлама,
Озық ойлы, дүлділ аға, дүр аға.
Жерін сүйген, елін сүйген,перзентін,
Жетпіс бес жыл тербетіпті Сыр ана.

Өткір тілі оранған от жарқылға,
Аброй мол, алған атақ, даңқыңда.
Жетпіс бесте мөлдір қара шашы бар,
Келіп отыр жас жігіттей қалпында.

Қанат еткен бірдей сермеп қос тілді,
Мақтан еткен қатар жүрген дос-құрбы.
Жалғандыққа Шәкең сөзі жайдай боп,
Енжар-бейжай қалдырмайды ешкімді.

Асыл аға алдымызда бар болсын,
Әділ сөзі жалғандыққа жай болсын.
Қуанышпен, бақытпенен жүз жасап,
Қуат беріп жанына Алла жар болсын...

Мақмұтбай Әміреұлы

22 наурыз 2001 ж.

АМАН ЖҮРШІ, ЕР - ШӘКЕ

Тіршілікте топ жарған,
Аумайсыз-ай «пәк» жаннан.
Қазылықтың көзіндей,
Қара қылды қақ жарған.

Қорған болып ғұрпына,
Орман болып ұлтына,
Аман жүрші, ер Шәкем,
Жалау болып жұртыңа ...

Шәкизада Әбдікәрімов

28 маусым, 2001 ж.

АЗАМАТСЫЗ МАРҚАСҚА

Сөйлесе майын тамызған,
Қыл суырған сағыздан
Ақылын айтса ағалық,
Кем емес бірде Абыздан.

Тарихын елдің сұрасаң,
Адам ата Анадан
Бері қарай ағызған.

Қанаты ұшса талмас та,
Азаматсыз марқасқа,
Сөз беремін Шәкеңдей,
Жарқылдаған алмасқа!

Ақын - Жетіскен Мәкенәлиев

ІНІМ ШАЙХИСЛАМҒА

Бітпеді деп айтпаймын арманымды,
Өмірден алдым талай алмағымды.
Болайын неге риза өміріме?
Гүлменен көмкерген соң жан-жағымды.

Қатардан кем емеспін қарап көсем,
Жұртпенен салыстырам әр жағымды.
Темірдей денсаулығым, шүкір, бұған,
Тағдыр білер не болар алда күнді,

Қас болып досым түгіл дұшпаныма,
Салам деп ойламадым қармағымды.

Асқынып тасқынбады еш уақытта,
Өзімше аңғарушы ем салмағымды.
Сүйсініп төңірегім сөздеріме,
Достарым мінезіме таң қалыңды.

Кісіге салғыртсынып сыр сақтамай,
Атқарып салушы едім аржағымды.
Дұшпандар осынымды пайдаланып,
Дос болып жылмаң қағып жанға кірді.

Жеткізіп сырдың бәрін жоғарыға,
Орнымнан бір-ақ білдім қалғанымды.
Достарым бауыр тартқан қас болған соң,
Мен қалдым шайнай-шайнай бармағымды.

«Үмітсіз шайтан болсын» - деген бар ғой,
Кім білер не боларын алдағымды.
Кеменгер халық ағасы інім едің,
Жай ғана білдіремін жағдайымды.

Сұраймын, өтінемін ойластырып,
Есіңе бұл ағаңды алғаныңды...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙