Альбатрос
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Поэма елі үшін күрескен қаһармандар жайында. Жаңа өмір мұраттары үшін сан майдандағы ерлерді Альбатросқа теңейді. Туған елін сол қайсар құс Альбатрос іспетті жарқылдап, дұшпанға жай түсірер қайратты болуын тілек етеді. Сонымен қатар патша өкіметі құлағанымен, отаршылдықтың бір күнде оп-оңай тоқта...
1. СӘЙГҮЛІГІМ
Бесжылдықты
Бес қырқадан асқанда,
Біздің поезд
Үдеп алға басқанда:
Қалам желіп,
Жүйткі еріп,
Совет елі
Тарихтың шын
Алтын бетін ашқанда!..
Сом білегім, ірікпей күшті қарышта,
Бұлшық етім,
Бұлтылда ойнап маршта.
Жүйткі, талма!
Іркіп қалма,
Деміңді алма
Бес қырқадан
Асқан ұлы жарыста!
Совет елі
Шыққан өрлеп бұл асу, —
Социалдық
Ұлы биік, ұлы асу,
Әуел толғап,
Туды қолға ап,
Шықтық жолға ап.
Керек болған
Сонда-ақ белді қынасу..
Сәйгүлігім,
Кеше қырдың жабысы,
Дүрсілдесін
Жерді жарып дауысы.
Кер құлашты!
Жер қыл тасты!
Жел қыл қасты.
Тұлпарымның
Белгілі екпін шабысы.
2. ЛЕНИН ТУЫНЫҢ АСТЫНДА
Марксизммен
Белді бекем буына,
Салып ұран
Жұмыскер тап нуына,
Майдан бастап,
Ұран тастап,
«Алға бас, тап!.
Ленин шыққан
Шақырып өз туына.
Бұлшық ет,
Бұлт! Бұлт!
Қайрат, от,
Жылт — Жылт!..
Найза — Шоқ,
Қылт!
Соқпа, оқ,
Ұрт,
Мүлт!
Ленин бастап,
Ленин туы тігілген.
Сол туға кеп
Тап ерлері жүгінген.
Құрал — алмас,
Қаяу салмас,
Қажып қалмас, —
Қағысқанда-ақ
Жау тізесі бүгілген.
Ленинизм, —
Білім, құрал құрышы,
Майдандағы
Жұмыскер тап қылышы.
Алмас қылыш,
Өткір — қылыш!
Болат құрыш,
— Алмасты ердің
Жауды оңдырмас ұрысы!
Алмас қолда,
Жұмыскер тап майданда,
Шапты қайтпай
Патшадан да, байдан да.
Ленин алда...
Болат, балға...
Жау жақ, — далда
Алмас отты
Көктен атқан жайдан да...
Жұмыскер тап
Майданда алға өрледі.
Талай шапқан
Жауға туын бермеді.
Жау шабынды...
Жау жабылды,
Күш сабылды,
Жұмыскер тап
Оңға, солға
Ақ алмасты сермеді:
Раз, Два, Тап!
Раз, Два, Топ!
Лек- Лек, Сап!
Лек- Лек,
Сап! Тап,
Зұлым,
Тақ,—
Бай, Молда,
Жақ...-
Раз, Два, Тап!
Шың Болат
Шап!
Деп отырған:
«Қойша айдаймын құлымды
Алмас шапты
Ең жоғарғы зұлымды:
Патша бақ та,
Алтын тақ та,
Зұлым тап та,
Тажды басы
Домаланып жұлынды...
Жау шебінде
Бай табының
Лек, лек болған ұлдары,
Ақ жасыл ту,
Ала тулы сұмдары —
Өңкей жылан.
Топ-топ ұлан
Салысты ұран,
Арам пиғыл
Қанаушы тап мұңдары...
Ар иманы —
Қанаушылық атасы,
Бойтұмары — арам, ластық батасы,
Жанталасад, ұран шашад,
Майдандасад.
Күні бітсе дағы
Келмей «жатасы».
Аңдыған жау,
Қанды қанжар кезеңнен,
Сұм ұлдары
Тосқан талай кезеңнен.
Болып жоймақ,
Малша соймақ,
Қанға тоймақ,
Арам сұмдар,
Жаудырып оқ безенген...
Қанаушы тап
Әдістеп оқ атпағын,
Шашты түрлі
Былғанышты батпағын.
Бояп түсін,
Мықтап ісін,
Қайрап тісін.
Аласұрды
Жұмсап түрлі шатпағын.
Тісін қайрап
Қалың қара албасты
Әр кезеңде
Оғын кезеп арбасты.
Құртамын деп,
Тұтамын деп,
Жұтамын деп,
Қабан тісті
Ауыздарын жалмасты.
4. ЕКІ КҮШ
Жұмыскер тап
Алып жаудың ордасын,
Қан майданда
Талқан қылып мордасын.
Жайқап туды,
Лектеп нуды,
Жауды қуды,
Көкке ұшырып
Күлін — арам қордасын!.
Жау жұмсады,
Неше түрлі айласын;
Білсе де сұм
Біздің табан таймасын.
Іштен, тыстан,
Әрбір тұстан,
Деді мыстан: «Социалды
Тілек қанат жаймасын!»
Іштен, тыстан,
Жау сұм тілін безеді.
«Ай, сені ме!» —
Дегеніңе оқ кезеді.
Арам нәсіл,
Туы ақ, жасыл,
Қандай тәсіл.
Қолдануын,
Сұм залымдар сезеді.
Сұм ұлдары,
Түрлі құрал қармасты.
Айқасып сан,
Кезеңдерде жармасты.
Қылыштасып,
Қал май жасып,
Шықтық асып,
Оңды-солды
Жарқ-жұрқ сілтеп алмасты
5. ЖАУ ШЕБІНДЕ
Жау неше рет
Топ-топ болып саптанды.
Неше түрлі
Құрал, сауыт қаттанды.
Капитал тап,
Қолдасып ап,
Бар жанын сап,
Бізге қарсы
Іштен, тыстан аттанды.
Топ-топ қылып
Аттандырды ұлдарын;
Алдына сап
Паш меньшевик құлдарын.
Крес, сәлде,
Арам кәлле.
«Исус — Алла»
Итше ұлытып,
Далбастаған тұлдарын!..
Капиталдың
Құзғындары бұрсанды,
Сөсінеді
Сұм ұлдары мың санды.
Жинап жынын,
Коммуна үнін,
Алтын күнін
Өшірем деп
Оқ пен темір құрсанды,
Газ, бомбы үйіп,
Зеңбіректер сүйретіп,
Танк, пулемет,
Аэроларын күйлетіп,
Қанды тырнақ,
Малша қырмақ,
Бықпырт қылмақ,
«Құл болмаймын», —
Деген тапты күйретіп.
Әпсүндетіп
Пастор, молда, поптарын,
Қан жарақтап,
Қанаушы жын топтарын,
Тізіп сап-сап,
Қанаушы тап;
«Қырғын қыл, шап!»
«Аяма!» — дейді,
— Газ бен бомба оқтарын.
Қатар-қатар Зеңбірегін кезеді.
Ауыздарын доп үңілтіп көзеді.
Аэросы ызғын,
Көкте құзғын,
Жерде де ызғын, —
Танк, зеңбірек,
Пулеметін безеді.
Аэролары
Көктен төнді гүрілдеп.
Танктары
Аңдыздады дүрілдеп,
Тізбек-тізбек,
Қанға жүзбек,
Өңменді үзбек.
Пулеметтер
Өлім тілейд дірілдеп
Лек, лек, жындай
Жау айнала құрсады.
Қансорғыштар
Бар құралын жұмсады.
Антанта сұм,
Анттасып,
Жанталасып,
«Қыр, қыр!» — десіп
Жынға сұмдар ұрсады,
Бомба,
Оқ,
Газ,
Топ,
Кольт.
Жау
Обыр, —
Интервент,
Ала ту,—
Интер —
Жолт.
Үреді
Ит,
Вандер
Вельт!
Жандаралдар
Жынша арсылдап, ырылдап,
Қанға жерік
Арам кеуде сырылдап,
«Коммунды ат, ұр!
Қанға батыр!
Дәмін татыр!»
Жындарына
Бұйырды сұм қырылдап.
Совет нуын,
Құрсаған жау жарақты.
Көл қып ішер
Қан тілеуші арақты,
Капитал мас,
Теңдікке қас,
Шіріген лас.
Сақ-сақ күлед
Десе: «Көл боп қан ақты!..»
У жіберед,
Тұманмен де, желмен де
Қаптатад танк
Жермен, оймен, өрмен де,
Жаудырад оқ,
Бомбалы топ,
Найзағай шоқ,
Аспанмен де,
Теңізбен де, жермен де.
Біздің шепте, жерде
Біздің құрал
Жаудікіндей көп емес,
Біздің құрал
Жалғыз ғана оқ емес,
Обыр, сұм, сұқ
Итше қыңсып,
Сұқса тұмсық,
— Дәл тұмсыққа
Атар оқ та жоқ емес.
Ұлы демді
Жаудың күші жиылды:
Қара жылан
Шапшып әнін жиырды.
Шашты уын:
«Совет туын,
Құл қыл нуын!» —
Деп жалмауыз
Қырылдады, бұйырды.
Біздің әскер
Айнала жау шегінде
Қорғап табын
Жатты майдан шебінде.
Найза құрыш,
Алмас қылыш,
Алмас тыныс,
— Кежуілші ем
Ұшқыр атты легінде,
Ал қызыл ту
Тұрды ортада жайқалып,
Сыналар жер
Таптың күші байқалып,
«Ақтық майдан!..»
Одан тайған,
— Өлмек байдан,
— Кызыл әскер
Сескенбеді тайқалып.
Тудағы ұран,
Лениннің үн — сөзі еді.
Қиыр жолды
Болжаушы оның көзі еді.
Штаб жарын
Нықтап бәрін,
Командарм — Бұйырушы
Бастық — Ленин өзі еді.
Раз,
Два! Раз!
Раз!
Құрыш лек,
— Шың Тас.
Дүрс. Дүрс.
Нық Бас!
Көк
Құрыш, —
От Шаш!
Саңқ-саңқ бұйрық
Беріп майдан басында,
Ленин тұрды
Штабтың ортасында...
Шепте тұрды...
Ленин тұрды,
План құрды.
Штаб - ЦК,
- Командирлер қасында.
Қызыл әскер
Жер бұдырын сағалай,
Ұзақ желі
Жатты тізбек жағалай.
Шепте жатты,
Көздеп қатты,
Кезек атты...
Ленин тұрды
Жауды болжап бағалай,
Құйған құрыш,
Лениннің нық тұлғасы.
Бар шындықты
Қорытқан ми бір басы.
Дүрбі қарап,
Жауды санап,
Күшін балап.
Қос қолында
Маркстің нық тұр басы...
7. ЖАУ
Құрсаған жау
Ақ, көк, ала түменен,
Жер үстімен,
Аспанменен, суменен.
Гүрс-гүрс тажал,
Жаудырды ажал,
От боп ажар.
Көктен бомба,
Жерден — оқ, газ, уменен.
Ағылшын,
Юденич,
Поляк,
Каладин,
Кадет,
Эсер
Меньшевик
ІІ Интерн
Анненков,
Ала Ту,
Жасыл, Ақ
Қалш — Құлш
Тақ Тақ
Ит
Тісі, — Сақ- Сақ Юд, Дут, КолЧак!..
Капитал мас —
Өзін мәңгі бұл қылмақ
Еңбек тапты,
Езіп-жаншып, құл қылмақ,
— Құлдықты жоқ
Қылмақшы боп,
Жасаса топ, —
Оқ жаудырып,
Көл қып қанын тұл қылмақ.
8. БІЗДІҢ ШЕПТЕ
Ленин тұрды,
Нығып басып табанды.
Қолын сілтеп,
Берді қатты команды:
«Майдан ақтық!..»
Дабыл қақтық,
Қарсы ап аттық.
Қанға құмар,
Қанды тұмсық қабанды.
Зеңбірек топ,
Бомбы талқан гүрсілдеп,
Жер менен көк
Қалшылдады дүрсілдеп.
Гүрсілдеп топ,
Дауыл боп оқ,
Қайнаған шоқ.
Өрт боп күлді:
«Екі тапқа бір сын!..» деп.
Біздің әскер
Атып шепте жатпады.
Оқ пен отқа
Қарсы атқылап қаптады...
Найза жасыл,
Алмас асыл
Емес жасыр,
— Біз — атты лек
Бір бүйірден таптадық...
9. ЖАУДЫ ҚУДЫҚ
Сұм ұлдары,
Қанды аузын жалмасты,
Екі қылыш
Ысқырысып шалмасты.
Араластық,
Қылыштастық,
Атпен бастық,
Оңды-солды
Жарқ-жұрқ сілтеп алмасты.
От, Оқ
Жарқ — Жұрқ
Гүмп — Гүрс,
Шарт — Шұрт.
Газ
Түтін,
Бұрқ — Бұрқ.
Шап!.. Ат!.. Сарт —
Сүрт!..
Ақ Алмас,
Жалт-Жұлт!..
Қайрат пенен
Күшті көріп састы жау.
Серт майданда
Жеңілді де қашты жау.
Ленин күшін,
Құрған ісін,
Бөгеу үшін,
Басқа әдіспен
Басқа күрес ашты жау...
Сол майданда
Болғансындар талайын.
Дегенсіңдер
«Қайтіп бұдан қалайын!..»
Атты лекте,
От білекте
Шауып шепке.
Жүргендердің
Төрт-бесеуін санайын:
Асылбеков, Әлиев пен Жангелдин,
Тәтімов пен Ярмұхаммед пар келді...
Найзалы лек,
Қызыл желек,
Алдыңдар шеп,
Басқаларды
Тізуге өлең тap келді...
10. ЛЕНИНШІЛДІК
Ленинизм
Білімнің шын құрышы,
Социалға
Тартқан жолдың дұрысы.
Жол дұп-дұрыс
Қолда қылыш,
Алмас, құрыш,
— Қарыштағалы
Аттың қамсыз жүрісі.
Темір таға
Құрышпенен шыңдалсын,
Жолдан құрыш
Таймайтын боп жымдалсын,
Коммунизм — Марксизм,
Ленинизм
Ғылымымен
Сана-сезім сымдалсын!..
11. МЕН
Сол майданда
«Болдым, — демен, — ірі едім,
Біркелкі лек ішіндегі дыры едім...»
Бірде атты қос,
Бірде матрос,
Көп ұланның
Эскадронда, Эскадрада бірі едім.
Қызыл жалау
Алып стан шетінде.
Кежуілде
Жүрдім жаудың бетінде,
Ұшқыр лекте,
Күш білекте...
Кейде шекте
Түтіндеткен
Газ бен оқтың өтінде.
Эскадронный
Кейде алдында, соңында,
Кейде оңында,
Жүрдім кейде солында,
Талап жасып,
Талап тасып,
Асу асып,
Ат үстінде
Жүрдім жал мен қомында...
Бір қиын жай —
Жаудың газды мұнары.
Жігітті бұл
Майданның бір сыңары,
Тұман сасық,
Кейде адасып,
Теріс басып,
Шатастырды
Дұшпанның сұм құралы.
Кейде жаудың
Жығылып ат орына,
Жүрдім кейде ілініп те торына.
Шапқан желіс,
Бірде теріс,
Бірде келіс,
Бірде кеміс.
Жүйткіп орап
Шығып жүрдім жолыма...
Астымдағы ат,
Кейде жалт-жұлт елікпе,
Сылаңдаған
Қызу шіркін желікпе.
Кейде ұрт басад,
Кейде мүлт басад,
Кейде от шашад,
Күйшіл шіркін
Жай аяңдар көрік пе?..
Ат, Шіркін
Жөн, Шап!
Нақ Бас,
— Бол, Сақ!..
Құлаш кер,
Нақ-Нақ!
Аңдап бас,
Тақ — Тақ!
Лек
Жөнің
Сақ Бас...
Және кейде,
Жұрттың жөнді табасы:
Кейде ауыттау
Соғады алмас сақасы.
Құлаған тап,
Тұзағын сап,
Аяқтан ап,—
Сүрінеді ат
Кейде жұқа тағасы.
Көз — қарақ,
Сақ Бол.
Тез
Қарап бақ,
Шол!..
Көп қауіп,
Жау мол.
Кетпе
Ауыт, — оң,
Сол!..
Дәл шап,
Құс - қол!..
Кейде ат жүйткіп,
Кейде өткелде жалдайды.
Майданды жол
Мықты білім талғайды.
Қызу тілім,
Жұқа білім...
Дұшпан жылым —
Дұшпан сана
Шырмауық боп алдайды.
Мардамсынам
Сол майданды көрдім деп,
Кеудені ашып
Құлаш төсті көрдім деп..
«Ескі жалған — болсын талқан!..»
Деп ат салған.
Бас командарм
Ұранына ердім деп.
Майданды алған
Лениннің отты ұраны...
Болдым сонда
Ұшқыр лектің бұлаңы.
Бірде атты қос,
Бірде матрос,
Бейне альбатрос.
Эскадронный,
Эскадраның ұланы,
Сонда-ақ Ленин
Туына иман сенгеміз.
Сол туға еріп
Ұлы майданға енгеміз,
Партия алда,
Ту нық қолда
Командирда,
Сол команды
Астында жау жеңгеміз.
Коммунизм
Маяғын көз үшінде.
Тұтып алға
Бастаған ту күшінде,
Суда юнгі,
Жерде сүңгі...
Қызмет еттім
Күндіз-түнгі,
Жерде эскадрон,
Теңізде эскадра ішінде.
Көк
Құрыш,
Жылт, — Жылт.
Болса
Ұрыс,
Соқпа ұрт!
Соқ, Сақ!
Жалт!
Жұлт!
Соқпа
Ауыт — ұрт
Мүлт!
Тудағы ұран Маркс,
Ленин сөзі еді.
Маякқа жол
Тартқан қыран көзі еді.
Штаб жарын
Диктап бәрін,
Бұйрықшы бас
Командарм
Жерде де өзі,
Теңізде де өзі еді.
Теңіздегі
Флот вахта басында,
Бұйрық беріп
Штабтың ортасында,
Биік тұрғы,— Ленин тұрды,
Совет құрды.
Штаб - ЦК,
Капитандар қасында.
Басып тұрды,
Командарм тұрғысын.
Коммунизмге
Сап Маркс дүрбісін,
Тұрды нұсқап,
Рульді өзі ұстап,
Қасында штаб,
Жауға айнала
Қадап көздің бұрғысын.
Военфлот
Жүзіп коммун жолында,
Гүрс-гүрс атыс
Алды-арты, оңды-солында.
Тұрғыда өзі,
Саңқ-сұңқ сөзі,
Жауда көзі, Маркстің нық
Тұрбасы бір қолында...
Тұтып коммун
Маягын көз үшінде,
Жаумен майдан —
Жосқан флот күшінде,
- «Иесі!.. Гут...» —деуде
Ашық кеуде,
Ашык жейде,
Матрос едім
Эскадронный ішінде.
13. ЖАУ ФЛОТЫ
Жаудың толық
Елді езетін құралы:
Қанаушы тап
Көп ғасырдан мұралы.
Крейсер көп,
Дредноут шеп,
Зеңбірек доп,
Қалың әскер
Құл мен ұлы «бұлалы».
Дредноуттар, Крейсерлер жанындай,
Канонерка, Миноностар тайындай.
Темір киіп,
Күшін жиып,
Оғын үйіп.
Қанаушы тап
Бүлінеді оқ дайындай.
Граф, Тақ Пан Лорд.
Тудағы ұран Маркс,
Ленин сөзі еді.
Маякқа жол
Тартқан қыран көзі еді.
Штаб жарын Диктап бәрін,
Бұйрықшы бас Командарм
Жерде де өзі,
Теңізде де өзі еді.
Теңіздегі
Флот вахта басында,
Бұйрық беріп
Штабтың ортасында,
Биік тұрғы,— Ленин тұрды,
Совет құрды.
Штаб - ЦК,
Капитандар қасында.
Басып тұрды,
Командарм тұрғысын.
Коммунизмге Сап Маркс дүрбісін,
Тұрды нұсқап,
Рульді өзі ұстап,
Қасында штаб,
Жауға айнала
Қадап көздің бұрғысын.
Военфлот
Жүзіп коммун жолында,
Гүрс-гүрс атыс
Алды-арты, оңды-солында.
Тұрғыда өзі,
Саңқ-сұңқ сөзі,
Жауда көзі,
Маркстің нық
Тұрбасы бір қолында...
Тұтып коммун
Маягын көз үшінде,
Жаумен майдан —
Жосқан флот күшінде,
- «Иесі!.. Гут...» — деуде
Ашық кеуде,
Ашық жейде,
Матрос едім
Эскадронный ішінде.
14. БІЗДІҢ ҚҰРАЛ
Біздің құрал
Жаудікіндей шон емес.
Біздің құрал
Жалғыз ғана оқ емес.
Созса тырнақ,
Құлы қылмақ,
Желкеге ұрмақ,
Жауға қарсы
Атар оқ та жоқ емес...
Біздің құрал — Маркс
— Ленин ұраны,
Қанау тапқа
Қарсы, шындық тұраны,
Біздің құрал,
Жауды қырар,
Мәңгі тұрар,
Біздің құрал —
Құралдың зор құралы...
Жау құралы
Бізді жеңер құрал ма!
Біздің флот
Қорқып бетін бұрар ма?
Ленин — туда,
Ленин нуда,
— Жерде, суда
Бізге қарсы
Шыдап дұшпан тұрар ма!..
Ленин қолын
Алға сілтеп созып ед,
Біздің флот
Жауды атқылап озып ед,
Майдан қызып,
Жауды бұзып,
Шебін үзіп,
Құрсаған жау,
Быт-шыт болып тозып ед.
Еңбекші елдің
Кегін жауға татырдық
Мырш топты
Дәлдеп ылғи қатырдық.
Жау уласты,
Тітіреп састы,
Оттан қашты,
Сан кемесін
Быт-быт қылып батырдық.
Жау
Уласты, Жау
Шуласты,
Састы.
Қашты...
15. МЕН
Глиссерге
Қызыл жалау байлана.
Кежуілге
Шықтым талай сайлана,
Талай ирек,
Талай бүйрек,
Шықтым жүрдек Глиссермен,
Орағытып айнала.
Жаудың салған
Тұман түтін буымен
Неше түрлі
Газды мұнар уымен
Кейде адасып,
Шектен асып,
Жүріс асық,
Орағыттым
Теңіз толқын суымен.
16. МАЙДАННАН МАЙДАНҒА
Сан қиындық.
Жоқшылыққа қайыспай,
Жұмыскер тап
Алға аттады майыспай.
Партия бас,
Қаруы алмас,
Қажыры тас,
Түрлі жаумен
Күресте бет тайыспай.
Сан қиындық.
Бәрімен нық, ұрысты.
Қолға ап бұрын
Болмаған зор ірі істі.
Мың-мың санды,
Түрлі банды,
Сан майданды —
Бірдей ұстап,
Бір жағынан
Құрылысқа кірісті.
Серт соғыста
Талқан болып қашқан жау,
Быт-шыт болып
Сан құралын шашқан жау
Ленин күшін
Құрған ісін.
Бөгеу үшін,
Басқа әдіспен
Түрлі күрес ашқан жау.
Енді бұғып
Майданның әр жерінде.
Қылды әрекет
Майданның сұм кенінде,
Жау құрғалад
Жау жорғалайд,
Жау жол қарайд.
Қанды қанжар,
Оқтаулы кольт жеңінде.
Енді бұғып,
Тістерін жау қайрады.
Ит аузын
Қанды ұрттарын шайнады.
Оғын ұштап
Жұмысшы тап,
Бастық — штаб,
Көсемдерді
Аңдып оғын сайлады.
Қанаушы тап
Жауыз қара пиғылды;
Оғын сайлап
Кей жерге жау тығылды.
Жау сұм аңдап,
Атты таңдап, —
Біздің таңда-ақ.
Командирден
Бірнешеуі жығылды.
Біздің әскер
Оған сасып бұқпады.
Жасқанбады,
Жасып есі шықпады.
Тас боп пішін
Басып тісін,
Жиды күшін,
Қырмыз қызыл
Ленин туын жықпады...
17. ЖАСҚАНҒАН БА ОЛ!
Бір күні тез
Бір флангті көруге,
Келді автомен
Алдыңғы шеп шеруге.
Фланг ішін,
Қайрат күшін,
Шыңдау үшін.
Бас командарм
Өзі бұйрық беруге.
Өйтіп келу,
Еді өте қауіпті.
Емес еді
Оқ өтпейтін сауытты.
Жүрсең қамдау
Аңдыған жау,
Атса шаңжау,
Бірде тиед,
Бірде кетсе де ауытты.
Бірақ ол бас
Командарм Ленин ғой,
Қаһар жауға
Қарсы аттанған ерің ғой.
Ұран тастап
Жұмыскер тап,
Нуын бастап,
Капиталға
Майдан ашқан шерің ғой.
Бас большевик
Сескенуді білген бе!
Басын сақтау
Ойына оның кірген бе!
«Сізді құрсап
Жүрсек, тұрсақ,
Сақтық қылсақ!..»
Деген сөзді
Құлағына ілген бе?
Жалғыз келіп
Фланг күшін сымдады,
Күш-қайратты
Көк құрыштай шыңдады.
Фланг қайнап,
Тасып қайрат.
От боп жайнап,
Бас командарм
Жалынды үнін тыңдады.
Дәл сол кезде
Оқтаулы кольт тыққан жау.
Серт майданда
Итше ұлысып ыққан жау,
Бағып маңды,
Көсемді аңдып,
Залым банды.
Ұрланып кеп
Атты жауыз бұққан жау.
Бұққан дұшпан
Атар жауын таңдады.
Улы оғымен
Тап көсемін қандады.
Бастап штаб
Жұмысшы тап,
Оғын ұштап,
Қаһарланып
Жауды қуып аңдады.
Қара жылан
Бұғып келіп тістеді;
Арам қанды
Жау істерін істеді.
Ленин тұрды..
Алып қырды,
Дабыл ұрды,
Үндеп нуға
Штаб қайратты үстеді...
Қоршаған жау
Атқан итті мақтады.
Деді күліп:
«Жеген нанын ақтады!»
Жау сасқалақ,
Сұм көзі алақ...
Тағдыр қарақ,
Біздің баққа
Бұл жолы да сақтады.
Баққан жау жан-жақ.
Туы ала, көк, ақ, қызыл ер,
Күзет, бақ!
Тисе жау ақмақ.
Көздеп ат, дәл, нақ!
Сергек тұр,
Сақ — Сақ!..
Сонсоң Ленин
Көздеп тұрып қиырды,
Командыны
Саңқылдатып шиырды.
Сілтеп қолын,
Нұсқап жолын.
Оң мен солын
«Жұмысшы тап, жасыма!..» деп бұйырды.
18. ЛЕНИН ПЛАНЫ
Ұғындырып
Компартия қостарын,
Қасына алып
Штабтағы достарын,
Ленин енді
Қолына алды,
Жазып салды.
Социалдық
Құрылыстың жоспарын.
Деді Ленин...
Бізді Европа жемесін:
«Аспап берем, зат берсең» деп келмесін,
Советстан,
Сұрап тыстан;
Жәлләп-мыстан,
Байекелер
«Машина сат!..» демесін.
«Техникамен Американы бастырып,
Қуып жетіп
Озу керек астырып!..»
«Есть!» — деді штаб
Ұшпыр ұштап
«Есть»...— деді тап, — «Америкаға
Жалынбайық басты ұрып
Граф, Тақ,
Пан, Лорд.
Бай, Пан, Форд.
Палач Лaн Вест Норд,
Обыр, Жын, Сұм Чорт!..
Құрылыстың
Жобаларын оқытты.
Талқылатып,
Ұғындырып тоқытты.
Сөзін шыңдап,
Айтқан шыңдап,
Жазып тыңдап,
Алды жаттап
Серіктері ұқыпты.
Жаңа тұрмыс,
Қыздырды отын жайнатты, іс дүкенің
Екпінге сау айдатты.
План алда,
Циркуль қолда,
Тынбай істеп,
Төңкерістің
Мыс қазанын қайнатты.
Еңбек сорған
Жеті басты жыланды.
Быт-шыт қылып
Жауын.
Қалың ұланым.
Жұмысшы тап
Өзгертіп сап,
Аспабын ап,
Алды қолға
Ленин құрған планды.
Жұмыскер тап
Ленин-сынды ұсталы,
Партия алда,
Ленин соққан сталі.
Жауын жықты,
Қожалықты құрды мықты.
Сөйтіп, Ресей
Болды Советстаны!..
19. ЛЕНИН КЕТТІ
Жау бар ма еді
Оған оғын атпаған?
Ащы тұрмыс
Қай уын ол татпаған?..
Құрыш тәні,
Ыстық жаны,
Жүрек-жаны
Коммуна үшін
Өрт боп жанған, жатпаған.
Табиғаттың
Бар ма тозбас темірі?
Мәңгі жанған
Бар ма май, тас көмірі?..
Өрт боп жанған
Өрттен шаңқай,
Көкті шалған
Бас көсемнің
Үзілді тез өмірі...
Адамзаттың
Сирек туар данасы,
Коммунаға
Жол бастаған санасы
Барлық жәйтті,
Нұсқап айтты,
Мәңгі қайтты...
Қайта жұтып
Жаратылыс — анасы...
Тап ақырда:
«Жер тобы, кең,
Қайда зырлап жүзесің?..
Тым мезгілсіз
Неге өмірді үзесің?!.
Ленин елді!.
Күңірентті елді!..
Бүк тізеңді...
Тоқта!..» деді...
Жер де, көк те
Бүкті иіліп тізесін!..
20. ЛЕНИННЕН КЕЙІН
Ленинсіз жыл
Өтті тоғыз, сегізі...
Ленинизм
Мәңгі мұхит теңізі.
Туын ұстап Ленин — штаб.
ЦК бастап, Социалдың
Салынды нық негізі.
Ленин жолы —
Жолдың жалғыз түзуі.
Мәңгілікке
Жоқ оны ешкім бұзуы.
Екпінге ұран,
Білек сыбан,
Ұлы план Лениннің, сол
Тартқан ұлы сызуы...
Еңбекші ну,
Колхоз орақ, балға бас,
Ленин туын
Биік ұстап алға бас!..
Өндірісті
Өндіре істеп,
Көтер үстеп,
Бесжылдықтың
Қызулы ісі қарбалас.
Сұмды жойып,
Кемістікті түзелік.
Сұм кеселдің
Өңмендерін үзелік!
Жаңа тұрмыс,
Шаңқай қырмыз.
Жас құрылыс Майданында
Ескілікті сүзелік!..
Ар, иманы,
Қанаушылық атасы;
Бой тұмары.
Лас, арамдық батасы.
Қуға қару,
Сұмға дару,
Керек қару.
Біздің нудың
Болса кеміс қатасы.
СССР-ге
Сыртқы қалың сұм-сұғын,
Тон жамылған іштегі иттің жымсығын,
Қарсы ал отпен,
Алмас шотпен,
Үшкір оқпен.
Айлалы жау
Сұғып көрсін тұмсығын!..
Бұзық Сұм
Итті.
Жеп,
Ішкен,
Битті.
Тап!
Теп!
Құрт!
Қу!
Інің
Қаз!
Күй,
Су!..
Жұмыскер тап
Дүкеннің отымен,
Социалдық
Машинаның ходымен
Сомдал сана,
Сымдал сара,
Ұлы дана Маркс — Ленин
Құрыш балға-шотымен.
Социалдық
Индустрия буымен,
Екпінді істе
Жұмыскер тап нуымен!
Білім қайна,
Гәуһар айна,
Өрттей жайна,
Маркс — Ленин
Құрышының суымен.
Штаб - ЦК Ленин салған жолында,
Ленин жасап
Берген план қолында.
Адым шіреп,
Нық-нық тіреп,
Күшін білеп
Жұмыскер тап
Штабының соңында.
Туы Ленин.
Партия адым кереді.
Еңбекші ну
Көсеміне ереді.
Еңбек нуы,
Болат буын!
Ленин туы —
Тек сол ғана
Дүниені алып береді
Лек, Лек, Ас! Бас!
Нық, Нық, Марш, Бас!
Құрыш,
Күш,
От,
Шаш!
Сап, Сап, Нәш, Бас!..
Алға
Адым Марш
Бас!..
Топ, Тап, Алға Ас!
БІЗДІҢ СТАН
Жаңа тұрмыс қалайды.
Айнала жау
Шабуға көз қадайды.
Уақыт күтіп,
Қанжар тұтып,
Демін жұтып,
Көзіңді аңдып,
Қан тырнағын жалаңды.
Іште де бар
Шарлатандар, күшіктер,
Тон жамылған
Жорғалаған бүшіктер,
— Соны да бақ
— Соны да қақ,
— Бет қақпасан
— Күшік өсіп күшіктер.
Қырағы көз,
«Қалғып кетті!..» дегізбе
Жау тұмсығын
Шекке жақын енгізбе!
Айнала жол,
Айнала шөл!
Биікте бол,
Сен, Альбатрос,
Жерде, көкте, теңізде!..
Айнала жау
Сақ бол күзет, жалықпа,
Жерде, көкте
Кірпік қақпа, қалықта!
Оқты сайлап,
Допты майлап,
Тас қып байлап.
Бейне Альбатрос,
Көкте гүрлеп шарықта!..
Қай жағыңнан
Шықса да жау, қай дүсір,
Найзағайша ат,
«Төбесінен сай түсір!..»
Жарқ-жұрқ отпен
Алмас оқпен,
Жанған шоқпен
Ер Альбатрос,
Дұшпанға мерт жай түсір!
Алматы,
1932 жыл, 27 қыркүйек.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру