Өмір мектебі. ІІ
Сәбит Мұқанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Өмір мектебі» – жазушы Сәбит Мұқановтың үш томдық мемуарлық романы. Шығарма халықтың жарты ғасырға жуық өмірінің: еркіндік, теңдік жолындағы күрес, еңбек, білім алу жолындағы тынымсыз аттаныстары мен ізденістерін тұтас суреттейді.
ЕКІНШІ КІТАП
РОМАН
АЗАТТЫ ЖОЛДА
Бұл еңбегімді — азамат соғысының
құрбандары, қанды көйлек жолдастарым:
Владимир Иосифович Гозакқа,
Баймағамбет Қанапияұлы Ізтөлинге,
Жақып Қыстаубаевқа арнаймын.
Автор
БІРІНШІ ТАРАУ
ОҚУ ЖОЛЫНДА
МИЛЛИОНЕРДІҢ ҮЙІ
Сонымен біз ауылдан Қызылжарға1 аттануға ат жектік. Серіктерім Боржабай мен Бәкең. Бәкең біздің елдің атақты байы Торсанның баласы. Ол — ортадан жоғары бойлы, имектеу ашаң денелі, сопақтау бетті, әдемі қыр мұрынды, үлкен қара көзді, қою қара мұртты, сақалын қырып жүретін аққұба сұлу жігіт. Ол шаһар ғұрпымен сәнді киінеді: басында қаракөлден тіктірген ноғайша дөңгелек бөрік, сырында Австрия офицерінің жалбағайлы дождевигі, оның ішінде фабрикадан шыққан трико костюм, оның, ішінде жаға - жеңі кестеленген украинша көйлек, аяғында қисық табан шегірен етік, оның сыртында біз тұмсық резинка калош. Солайша киінген Бәкеңнің түр-тұрпатын қалалық бай - батшадан айыруға болмайды. Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара - жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау май мұрынды, қоңыр енді кісі. Сол кезде Боржабайдың үйінде жүз елудей қой, жиырмадан астам жылқы, қырық - елуге жақын сиыр бар. Оның үстіне жұрт Боржабайды ақшалы да деседі. Дәулеті сондай бола тұра, Боржабай аса жұпыны киінеді. Мына сапарға шыққанда ол үстіне қайдағы ескі - құсқыларын артып, ауылда жоқшылық көріп жүрген кедейлердің біріне ұқсап кетті.
— Бұның не, Боржабай - ау, осынша сорлы боп киініп?!
Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы» демей ме, атаң қазақ? Жолшыбай жат ел. Ар жағы — Қызылжар. Ауыл арасы болса бір сәрі. Шаһар халқының ең сорлысы ауылдың тәуірінен артық киінеді. Сонда, осы киіммен қалай жүресің? Киімің жоқ болса бір сәрі. Тәп - тәуір киімдерің бола тұра мұнша жұтайтын не болды саған? Таста, тәуіріңді ки! — деп әркімдер ақыл айтып еді, Боржабай әуелі:
— Қайтем, сыланып? Менің әкем — Орынбор, Сібір тегіс білетін Торсан емес, ат шаптырым жерден арғы ел білмейтін Тәпіш. Сыланса Бәкең мырза сылансын, маған осы шоқпыт та жараса береді,— деп қалжыңды жауап берді де, жұрт өз сөзін айтып баспалатып кеткен соң:
— Таста, ақылдарымен өздерің бай болыңдар! Баяғыдан бері сендердің ақылдарыңмен күн көріп жүрген жоқпын! —деп тік қайырып тастады.
Жұрт менің киімдеріме де көңіл бөлді. Менің үстімде: басыма кигенім ситсамен тыстаған елтірі берік, ішімде қапқа арнап тоқыған кенептен көйлек-дамбал, сыртымда қолдан тоқылған шекпенмен тыстаған жабағысы ескі күпі, аяғымда ала жылқының малмаға сап илеген, жүні қырылмаған қайысынан тіккен етік, ұлтаны қалың сірі.
— Мына киіммен бұл қайда барады? — десті әркімдер.
— Бұдан басқа киімің бар ма? — деп сұрады біреу.
Мен басымды шайқадым.
— Апаларына не болған?! — десті бірнеше адам.—Осы қаршадай баланы бүтіндеп жіберуге, екі бірдей апасының күші келмегені ме? Ауқатты жездесі Сүлейменге не болған. Өзге малына тимей-ақ, қырық-елу қойының бірін сатса ғой, осы баланы бүлдіршіндей ғып аттандыруға болады. Осынша жұрдай ғып жібергені несі?!.
— Малы бар кісі, жоққа жәй қарасқанын қашан көріп еңдер, — деді біреулер,— өзіңде жоқ болды — өлдің!..
— Ақшасы бар ма, осы баланың? — деді біреу.
— Аздап бар, — деді Бәкең.
— Қанша, сонда?
— Қырық-елу сомдай сумақ бар ғой деймін, бала? — деп сұрады Бәкең.
Мен үндемедім. Бәкең мана санаған, одаң артығым жоқ.
— Бары сол,— деді Бәкең, мен үндемеген соң.
— Ойбай-ау, онымен не күң көреді? — деп шу ете қалды көпшілік.— Бір айына да жетпейді ғой ол. Ар жағында не істейді?
Әркімдер «өлмегенге өлі балық жолығады» деген, «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген, «талапты ерге нұр жауады» деген... сияқты жігер беретін сөздер айтып жатқанда: Ал, мін, бала тарантастың алдына,— деді Боржабай, Бәкең екеуі арбаның артына мініп, мен де міндім.— Айда, атты!...
Біз жүріп кеттік.
Біздің мінгеніміз — үстіне тоқыма кең қорап салған тарантас, жеккеніміз екі ат: ортада Боржабайдың балуан денелі, қырсаулау жүрісті, алып күшті торы аты, шетте жіңішкелеу денелі, асығыс қимылды Бәкеңнің қара көк аты. Бәкең мен Боржабай қорабтың ішінде қатар отыр, мен қорабтың алдында божы ұстап отырдым.
Аттанар алдында Боржабай мені оңаша шығарып ап мынадай тапсырма айтқан еді:
— Сен бала, салмақты шеткі атқа сала айда! Бұл сапарда біздің сенетініміз ортадағы ат. Ол болдырса жаяу і.аламыз. Шеткі ат болдырса оқасы жоқ, жетектеп алуға да оюлады.
Аттанғаннан кейін көріп келем, шеткі атты айдамасам да, барынша қимылдап, ауыздығымен алысып отырады. Бұл жүрісімен болдырып қалар деп ойлаймын да, шеткі аттың божысың тежей берем. Онымды ұнатқандай, Бәкең Божабайдан жасырып маған көзін қысып қояды, ал, Боржабай Бәкеңнің көзін жасырып: «Шеткі атты айдап отыр!» деген бұйрық белгісін көрсетеді. Кешке қарай Бәкеңнің аты босаңсуға айналды. Оған біз қаңғыра да қойған жоқпыз, өйткені, бұл атты Бәкең жолда Тайгөттің Сүлеймені деген кісінің үйіне тастап кетіп, одан ат сұрап мінгелі келе жатыр. Аттар тың болғанда, олар Тайгөт аулына жетіп қонбақ еді... Бәкеңнің аты жарамайтынын көрген соң, Боржабайдың жолда қонғысы келді. Қайда қону туралы екеуі таласыңқырады. Бәкеңнің еркіне салса Тәштиттің Қамзасы дегендікіне қонбақ.
— Қай Тәштит? — деп сұраймын мен.
— Неше Тәштитті білуші ең? — деп, Боржабай сөзге араласқанымды ұнатпағанмен, мінезі елпілдек Бәкең:
— Табайдың Тәштиті,— деп жауап береді.
Мен де жайдан-жай сұрап отырған жоқпын. «Табайдың Тәштиті деген бай болған, патшадан шен алып, шекпен киген. Есенейдің аға - сұлтан көзінде, соған заседатель болған, қалдық құрып, өмірін сауықпен еткізген...» деген сөздерді үлкендерден еститінмін.
Ол туралы:
«Баласы Табай байдың Тәштит сылқым,
Болыпты жүрген жері думан - күлкі.
Бір перзент өз белінен болмаған соң
Қалыпты ағайынға жиған мүлкі». деген өлеңді талайдан естігем. Баласы жоқ дейтін сол Тәштитке Қамза атты бала қайдан сая болғанын таң көрін сұрап отырмын.
— Өз баласы емес, асырап алған жиені,— деп жауап берді Бәкең, менің сол сұрауыма.
— Сіздерге жақындығы бар ма еді, ол Тәштиттің?
— Есенейдің жиені. Соның апасы Матақтан туған. Өле-өлгенше біздің үйге жиен боп келіп жүрді. Өзі өлгеннен кейін, асыранды баласы біздең суынды.
— Суынбағанда қайтсін,— деді Боржабай қуланған боп,— ол — кедей, сен — бай. Бай мен кедей қашан ілік болушы еді.
Бәкең үндемей қалды.
— Неге кедей болған ол? —дедім мең.
— Мал баға білгенге бітеді,— деді Боржабай,— өзі асыранды, өзі ақылы жоқ бала, ауыр дәулетті ұстаудың орнына ит жүгіртіп, құс салып кетті де, қолдағысынан айрылып қалды.
Бұл сөз Бәкеңнің қытығына тиген сияқтанды, өйткені, Торсан балалары да серілікті көбірек құрып, малға аз қарайтын, соңдықтан Бәкең Боржабайды да қырнап өткісі келген адамша:
— Қайтқысы келген дәулет, сенің пысықсығаныңды не қылсын. «Бай бір жұттық» демей ме қазақ. Мал есірген талай бай, бір жұтта тақыр кедей боп қалмайтын ба еді, малы қырылып? — деді.
— Ақылы жоқ бай ол,— деді Боржабай,— Ақылы бар Әлти, Сәпінің малы неге қырылмайды? Доңыздың2 жұтында да олардың түгі құрыған жоқ. Неге құрысын: күн бұрын қам жеп жыл сайын жаздыгүні мая-мая шөп шаптырып үйгізеді. Салақ бай оны істемейді де, қыс қатты болса жұтайды.
Боржабай Бәкеңді осы Әлтидің үйіне сүйремек ниетін көрсетті.
— Баяғыда бір ілігім еді деп несіне іздейсің, біреудің асыранды баласың— деді ол Бәкеңге,— қонақ күтер жайы жоқ деген оның. Жолаушы шыққанда тамақ тоятын жер керек. Әлти үйінің күтпегені, Қамзаның күткенінен артық. Бүйіріміз шыға ас ішетін Әлтиге барып түсейік.
Әлти деген сөзге менің құлағым тағы елең ете қалды. Ол баяғыда, менің әкемде «елу шөмеле шөбім бар еді» деп, жалғыз сиырдың торпағын алатын Әлти. Оның байлығы туралы мен қайраң қаларлық неше түрлі аңыздар естігем, үйін көруге құмартатынмын. Оған қосымша, қажетті жұмысым да бар: Омбыға оқуға бару үшін. болыстан менің куәлік - қағаз алуым керек. Болысымыз Әлтидің Сейтақ деген баласы. Оның жол үстінде болғаны маған қуаныш боп келеді, әйтпесе, қиғаш жаққа серіктерім мені апара ма, апармаса, мен Омбыға бара алам ба?! Бәкең Әлти үйіне қонуға ризаласты, содан кейін Боржабай екеуінің сөзі, Әлтидің байлығы туралы Бәкең:
— Жылқысы екі мыңды алқымдап жүр дейді-ау, осы үйдің!.. Сиырды да мол ұстай бастапты ғой... және, немістің қызыл - қасқа швиці болса керек. Әрқайсысы күніне үш шелектен сүт береді дейді... Бір-бірінің ауырлығы қазақы сиырдың үшеуіне татиды білем!.. Қойды да мыңнан асырып ұстайды деседі! Сауда малы қанша!..— деп мал жағын айта бастаса:
— Тәйірі - ай, малды байлық дегенің не қылғаның!.. Ақшада емес пе байлық?.. Ақшасын айтсаңшы оның! —дейді Боржабай.
— Сонда қанша екен? — деген сұрау береді Бәкең.
— Оның ең сенімді приказчигі — Қопабайдың Ысыманы менімен дос еді ғой, — деп жауап береді Боржабай,—екеуміздің айтыспайтын сырымыз болмайды. Соның сөзіне қарағанда, бұл Әлти Қорған қаласындағы бәңке ұстаған төрт миллионердің біреуі екен ғой. Былтыр патша түскеннен кейін, Әлти қағаз ақша қалады деген сөзді естиді де, бәңкедегі бар ақшасын алтынға айырбастап алмақ болады. Соған Әлти өзінің үлкен баласы Садуақас пен Ысыманды жұмсайды. Бәңке бастығы пара алады да, алтын беруге ризаласады.
— Иә, оны естіп ек,— дейді Бәкең,— сонда қанша алтын алған екен?
— Ысыман өтірік айтпайтын кісі. Оның сөзіне қарағанда, суммасы бір миллион сомдай болса керек!.. Темір сандыққа салған алтынды құрым кигізге орап, ауылға елеусіз түрде әкетіпті. Одаң кейінгісін Ысыман білмейді. Қауесет сөзге қарағанда елеусіз жерді қазып тықса керек. Қайда екенін Әлти мен Садуақастан басқа жан білмесе керек.
— Шіркін, соның үстінен түсер ме еді! —деп арман етеді Бәкең.
— Миллион сомның алтыны, көп дүние - ау! — дейді Боржабай,— саудаға салса қандай тамаша болар еді!.. Біз Қалшақтың құнсыз он мың сом қағаз ақшасымен де сауда жасаймыз деп келеміз, Бәкең, ә?!..
— Ол рас,— деп Бәкең қоштап қояды да, — осы Әлти жыл сайын Атбасар, Тайша, Қоянды сияқты жәрмеңкелерден мыңдаған өгіз жинап, Қорғанның ет заводына құлатып тұрушы еді. Биыл сол саудасын істемей, үнсіз отырып қалды-ау!.. Сонысы несі екен?! —деп сұрады Боржабайдан.
— Жұрттың бәрі соны айтады,— дейді Боржабай,— заман аумалы-төкпелі боп тұр ғой, қызыл жеңері, ақ жеңері белгісіз боп. Біреуі жеңіп, ақшасы тұрақты болғанша, сауда істеп не ақысы бар. Және іш майы қалың адам, бір миллион сомның алтыны жамбасында басулы, оған өзге сауданың керегі не?..
— Ендеше, сауда істеп, біз несіне азаптанып жүрміз? — дейді Бәкең жымиып.
— Тәйірі, біздікін қойшы! Біздікі — көктемде жауған көбік қар сияқты бірдеме емес пе, бүгін жауып, ертең еріп кететін? Біздің бес-он тиын тапқан пайдамыз күнделік құлқынымыздан артады деймісің... Әлтидей алтыным болса, ат қинамай мен де үйімде шалқайып жатар ем,— дейді Боржабай.
Қалың қара ағаштық ығына орналасқан Әлтидің қыстауына біз ымырттатып жеттік. Бұл қыстау, қазақтың мең керген өзге қыстауларының біреуіне де ұқсамайды. Мұндағы қыстау қала тәртібімен көше боп салынған, қаңылтыр3 шатырлы, биік қарағай үйлер. Олардың, араларына шұбала салынған қоян - жон ағаш сарайлар.
— Шіркін, байлық - ай,— деп таңданады Боржабай, — үйлерді, қора қопсыларды салуын - ай!..
— Жаңа көріп пе ең, мұндай қора-қопсыны? — деп Бәкең Боржабайдың сөзін ұнатпайды. Олай демегенде қайтсін: бір кезде өзінің де үйлері мен қора-қопсылары осындай болған. Олар кейінгі — дәулеті шағындалған жылдарда орыс поселкелерінің байларына сатылып, биік қарағай үйлердің орнына аласа шым үйлер орнаған. Тек Торсанның өзі ғана болмаса, қазір оның балалары түгелімен шым үйлерде тұрады. Ендеше, Әлтидің мынадай биік қарағай үйлерін көргенде, ол күрсінбей кім күрсінеді...
Біз көшесіне кіргенде ауыл әбігер екен: біреулер табын - табын малдарды қоралап жүр, біреулер бричкаларға тиелген шөптерді албарға үйіп жатыр, біреулер отын үю жабдығында... Көше сапырылысқан малдар мен адамдардың дауысынан ың-жың. Менің серіктерім Әлтидің Садуақасының үйіне түсті. Оның әйелі Ыбыш Бәкеңнің немере апасы екен. Біз кірсек, бұл үйде қартаңдау қызметкер әйелден басқа жан жоқ екен. Оның айтуынша, Садуақас шөп үйісіп, Ықыш мал қораласып жүр. Бәкең бұл қылықтарын ұнатпай:
— Қаншама жалшы ұстап отырып, өздері жұмысқа араласып, не жетпейді екен бұларға?!.. Жалшыларын жұмсап неге жатпайды екен?! — десе:
— Осынша байлыққа ие боп отыруы да сондықтан ғой иулардың?! — дейді Боржабай,— піркәшіктері мен жалшыларына сеніп отыра берсе, жай ғана байдың бірі боп, мұншама мал-мүлікті жинамас еді. Басы Әлтидің өзі боп, осы үйде қара жұмысқа араласпайтын бір жан жоқ. Және жалшыларынан ерте тұрады, кеш жатады...
— Ә, қойшы, соны да мақтамай! — дейді Бәкең, кейіп — Рақатын көрмеген байлықтың несі қызық!..
Садуақастың ағаш үйінде кең бес бөлме бар екен, менің серіктерім бәрін де аралап көрді. Бөлмелердің бәрі де мен бұрын кермеген жақсы мебельдермен жиналыпты. Қазақы жасауларға ғана көзі үйренген Боржабай, мына мүліктерге кеңілі толмаған дауыспен:
— Кілем, көрпелері қайда мұның? — десе:
— Ондай жасауларын бұл үй теңге буып сарайға қояды деген,— дейді Бәкең.
— Көгі пе екен, сонша?
— Өткен жазда алашорда азаматтары келіп, елден солдат сұрады ғой,— деді Бәкең,— сен онда болған жоқсың ғой, Боржеке. Мен болдым. Әлти хажы былайғы жұртқа Ауылдан келген жабайы қонақтарды сендер күтіңдер, оқыған азаматтарды өзім күтейін» депті. Азамат саны жүзге тарта кісі екен. Соларды Әлти хажы өзінің жазғы үш үйіне бөліп түсіреді де, шаһар ғұрпын істеп, асты әркімге жеке ыдыспен бергізеді. Сонда осы үйдің сандықтарынан бұрын ешкім көрмеген, неше түрлі кәрлен шәшкелер мен фарфорлық қымбат тәрелкелер дюжиналап шығыпты. Қызылжардан, Омбыдан келген азаматтар «апыр-ай, қазақта да мұндай мүлік болады екен!» деп, аузын ашып, көзін жұмды. Кешке қонақтар жатарда, теңдеп буған кілемдерден, ине - жіптен жаңа шыққан нелер асыл көрпе-жастықтар алынып, жүзден аса қонаққа мол жетті...
— Сонша байлықпен осы Әлти үйінің тасымайтынын айтсайшы! — дейді Боржабай,— жарқырап киім де кимейді, саймандап ат та мінбейді, жабайы шаруаның, қатарыңда жүре береді...
— Дүниеқоңыздық та,— дейді Бәкең тағы да ұнатпай.—Қарымбайдан бай деймісің, бұл?.. Сараңдығынан жер жұтқаннан кейін, оның да бар малы жер жүзінің аңы боп тарап кетті деген... Бұл да ұзап қайда барар дейсің!..
— Ертең кімнің не боларын кім біліпті,— дейді Боржабай, — «жемесе де май жақсы, бермесе де бай жақсы» деп неге айтты дейсің бұрынғылар.
— Бермеген байдың несі жақсы дейсің,— дейді Бәкең,— жақсы болса, «қайырсыз болса байдан бөз, панасыз болса сайдан без» — деп неге айтқан бұрынғылар? Бұдан қайырсыз бай болады деймісің. Нанбасаң,— дейді Бәкең мені иегімен нұсқап,— мына балаға ақша алып берші, бір қыс оқып шығатын!.. Жетім десең осы, ақшасыз - пұлсыз десең осы!.. Көрерсің, бұған бір тиын да бермейді...
— Неге берсін,— дейді Боржабай,— айдалаға қаңғырып кетіп бара жатқан біреуге ақша беріп құтырып кетіп пе?..
Үй иесі — Садуақас, қонақтар шай ішіп жайланғаннан кейін ғана келді. Менің оны көз тоқтатып көруім осы жолы ғана: ұзын бойлы, қоңқақ қыр мұрынды, иегін түгел жапқан қалың сақалды, қара мұртты, қоңыр өңді адам екен,— үстінде жамаулы жұмыскер киімі, беті-қолы шаң. Қонақтарымен сәлемдескеннен кейін, ол тез жуынды да, іле шаруа жабдығын кеңес қып кетті:
— Биыл біраз малды осы маңға алып қаламыз деп, қысқы азығың қамдау қиын боп жатыр. Жалшыларға көмектеспесек болатын емес. Шөп үйісіп кешігіңкіреп қалдым, ренжи көрмеңдер!..
— Қанша мал салмақ едің? — деп сұрады Боржабай.
— Бес жүздей сауда өгізі бар еді, соның тең жарасы участокте, тең жарасы осында болмақ. Сауын сиырдан мұнда жүз шамалысы қалар дейміз. Өзгесі қой-ешкі, бұзау -торпақ дегендей ұсақ мал.
- Дүнияның шөбі керек екен-ау оған! — деді Боржабай өзі асырап шығатындай-ақ, көзін бажырайтып қойып.— Сауда өгізін неге сатып жібермейсің, осындай семіз көзінде? Азапқа батып қайтесің оны асырап?
Сатсаң алатының ақша. Оның керегі қанша қазір? Ақ жеңері, қызыл жеңері мәлімсіз боп тұрған жоқ па, қазір. Қайсысы жеңсе, сонысының ақшасы жүрмей ме? Өгіздерді Колчакқа сатып, ертең ақшасы іске аспай қалса қайтем? Одан да өгіздерді сақтап, кім тұрақталса соған сатайын. Шөп жетеді. Келер жылға дейін заман бір жәйлі болар... Біраздан кейін Садуақастың інісі Сейтақ келді. Қораштау денелі, кескінсіздеу қара бұжыр, бұл жігітті бұрыннан білем. Ол қаладағы байдың балаларынша сәнді киініп келді. Қылық -мінез жағынан ағасымен екеуі бір-біріне ұқсамайды екен: ағасы шаруашылыққа байланыссыз сөзді айтпайды, соның өзінде сараң сөйлейді: ал інісі — сөзуарлау, сықақ қойлау жігіт. Менің оқуға бара жатқан жайымды білгеннен кейін:
— Бұл өзі кім дегеннің баласы дедің? — деп сұрады ол Бәкеңнен.
— Мұқан дегеннің баласы, дедім ғой.
— Сонда, қай Мұқан? Баяғыда «Мұқан правитель» деген бопты деуші еді, соның нәсілі ме?
— Жаманшұбардағы Мұқан,— деді Бәкең Сейтақтың сықағанын ұнатпаған кескіңмен.
— Ә-ә, сол Мұқан ба? Ондай Мұқан барын да естіп едік. Қарай гөр бұның талаптысын!.. Осы немең оқып кеп, түбінде елді билеп жүрмесе не қылсын!
Былай да қитығып отырған Бәкең, Сейтақты осы арада бір шалып қалғысы келгендей:
— Е, несі бар, билесе билейді де!..— деді салмақты дауыспен,— ертең қызылдар келсе, осыларға билетпегенде, сені мен маған билетер деп отырмысың?
Бәкеңнің ілгіш сөзіне ілгіш жауап беріп:
— Маған не істер дейсің, қызыл? Тұқымымда Советке қарсы шығып алашорда боп жатқан ешкім жоқ,— деді Сейтақ.
Бәкең бұл сөзге сұрланып, ашуланған белгі көрсетті, өйткені, оның інісі Қази, Омбыдағы алашорда бастықтарының бірі, сондықтан, Сейтақтың ілгіш сөзіне қиқая жауап беріп:
— Қызылдар келе қалса, үйіне ұялы алашорданы түсірген кісілерді де елеусіз тастамайтын шығар,— деді.
Сейтақ та бұл жауапқа қызып қап, тігіндеу бірдеме айтатын кескін көрсетіп еді.
— Қойсайшы!—деп Садуақас тоқтатып тастады.
Сейтақ пен Бәкеңнің ілініскен кесірі маған тие жаздады.
— Соғыс көзі,— деді ол, менің куәлік қағазым сөз болғанда,— үкіметтен «солдат жасындағы жігітке, шетке шығатын қағаз берме» деген бұйрық бар, оны орындамауға хақым жоқ,— деп қасарып біраз отырды да, Боржабай:
— Жетім бала ғой, шығарым Сейтақжан. Бәрі бір күн көрістің қамы да. Қайтесің мұнымен есептесіп? Сауабы тиер, бер, керек қағазың! —деп жалынды.
Оған да көнгісі келмей отырғанда:
— Берсең бер,— деді Садуақас,— бірақ қолды өзің қоймай, хатшыға ғана қойдыр да, мөріңді бас.
Тегі, Садуақастың сөзін Сейтақ тыңдайтын болу керек, орыс хатшысын шақырып алды да:
— Мынаған оқуға Омбыға барады деген удостоверение жазып бер де, өзің ғана қол қой! — деді.
— Мөр ше? — деді хатшы.
— Басып берем.
— Үш сом! — деді хатшы.
— Берем! — дедім мен.
Колчактың үш сомдық тілдей қағазын бердім де, қол қойылып, мөр басылған алақандай қағаз алдым. Біраздан кейін шәй, одан біраз кейін ет келді. Ас мол болғанмен, Торсан баласына лайықты мүшелер көрінбеген соң, әрі арнаулы мал сойылмай, өлі ет асылған соң, Бәкең кіртиген қабақпен асты көңілсіз ішті, Боржабай екеуміз қарын тойғанша төпеп соғып алдық.
— Бала,— деді Бәкең маған, Әлти балалары ас ішіп тарағаннан кейін,— аттар сарығын басқан болар, отқа қою керек, тақ біліне жүреміз.
Мен аттарды қорада үйілген маяға апара жатыр ем:
— Әй, қайда барасың? — деді біреу. Қараңдап қасыма келген кісіні тани кеттім, Сейтақ екен.
— Аттарды шөпке қоям,— дедім мен.
— Қайдағы шөпке?
— Қорадағы.
- Осындай, далада от тұнып тұрған кезде ме? Тәй, оттама! Әкет, далаға!
Аттарды орнына апарып байлап, серіктеріме Сейтақтың бұл қылығын айтып ем, олар:
— Мына ниетінде бір пәле бар да, бұл иттің!.. Далаға барсаң бар, бірақ таң қараңғысында қайтып кел, ертерек жүріп кетейік,— деді.
Дала аса көңілсіз екен. Аспанды қалың қара сұр бұлт қоршап алғандықтан, төңірек көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Теріскейден соққан өкпек желдің екпіні әрі күшті, әрі суық. Дымқос иісті далаға қалыңдай түскен бозқырау, сипап көрсең қолыңа түрпідей тиеді. Осындай жағдайда адам түгіл мал да елегізіп, ашыққан тұсаулы аттарым, дымқос жұмсақ бетегені құшырлана жұлып, тістерін қышырлата шайнағанмен, бастарын жерден әлсін-әлі көтеріп алады да, құлақтарын қайшыландыра төңірегіне қарап, үйірсіреген дауыспен анда-санда кісінеп қояды... Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Сиреген бұлт арасынан зымырай жүзіп бара жатқандай көрініс берген жартылау айдың жарығынан қараңғы дала күңгірттенуге айналды. Со кезде. оты қанып қалғандай, аттар да жусағысы келген белгісін көрсетті, өзім де маужырай бастадым. «Далада отырып не алам? —деген ой келді маған,— ауылға қайтайын да, аттарды байлап қойып ұйықтайын». Ойлағам, «ауыл шырт ұйқыда болар» деп. Келсем олай емес. Әр жерде әлденеменелермен шұғылданып ербеңдеген кісі. Солардан ұрланғандай, араларынан қымсына өттім де, ұзыншалау бір балшық үйдің ығында тұрған арбама аттарымды байладым. Балшық үй туралы: оның жалшыларға арналған үй екенін, осы ауылға келген сағаттан - ақ білгенмін. Жамау - жасқаулы киімі бар жалшылар іңір бастала - ақ сол үйге сапырылысып кіріп-шығып жатқан. Мана мен атты отқа әкетерде, бұл үй маңының сыртқы қимылы бәсеңдеген, бірақ, жыпырлаған терезелеріне қарасаң, әлсіз жанған кәрәсін шамдардың жарығында сапырылған адам көлеңкелері жынның ойнағы сияқты қайнап жатқан, үйі іші азан-қазан, у-шу да. Енді, аттарды оттатып келсем, сапырылған көлеңке де, ызың-шу да басылыпты, шамдар сөнген жоқ, терезелерден гиганттық мөлшерде бірер адамның ғана қимылдаған көлеңкесі байқалады, көтеріңкі шу орнына, тұтаса күмбірлеген баяу дыбыс естіледі. Аттарымды жайғастырғаннан кейін, менің осы үйге кіріп-шығып, реті келсе сонда жатып мызғып алғым келді. Неге екенін кім білсін, мені елеген де, жатырқаған да адам болған жоқ. Орта арқалықтарын ашалармен тіреген ұзын балшық үйдің іші бөлшексіз тұтас екен. Әр жерде терезеге қойылған кәрәсін шамдардың бәрі бұқтырылып, қызғылт оттарының қылтиған сүйрік ұштары ғана жылтырайды, одам үйдің іші күңгірт. Кәрәсіннің және кір-қоңның иісінен, сыртқы еркін ауадан келген менің тынысым тарылып жүре берді. Жұрт төрге басым бере қаз-қатар жатыпты. Кейбір ыңырсыған, жылаған балалардың дауысына қарағанда, семьялы адамдар, немесе балалы әйелдер екі жақ түкпірде - ау деп шамаларлық. Көпшілік қалың ұйқыда, сондықтан қор-қор, пыс-пыс дыбыстар, құлаққа аса мазасыз естіледі. Әлдекімдер ұйқысырайды... Әлдекімдер күбірлесіп кеңесіп жатыр... Босаңдау бір орынға мен де сынадай сығылыса кеттім. Со бір тұста күбірлескең екі адамның, мен жақтағысы:
— Бұ қайсысың? —деді маған.
— Жолаушымын,— дедім мен.
— Қайдағы жолаушы?—деп анау басын көтерді: ақ буырыл сақалды, зор денелі кісі екен. Ол жастығының басынан шақшасын ап, насыбайын атты да, босағаға қарай шыртылдата бір түкіріп ап, ақ буырыл ұзын қасы желкілдеген қалың қабағын маған шүйілдіре бір қарап қойып,— қайдағы жолаушысың, бала? — деді.
— Торсан ауылынан.
— Онда кімнің баласысың?
— Мұқанның.
— Ол ауылда Мұқан деген кісі жоқ еді ғой?
— Сәрсеке, қайтесің оны? — деді ар жағынан қаба сары сақалды біреу басын көтеріп,— қай Мұқан болса да нең бар онда?
— Сұрайық та,— деді ақсақал,— неміз кетеді білгеннен.
— Жаманшұбардағы Мұқанның баласымын,— дедім мен.
— Шүкейдің бе? Иә!..
Алда қарағым - ай, сен бе едің, Мұқаннан қалды деген жалғыз жетім? Бері келші, бетіңнен иіскейін! — деді де, «әкемнің жақыны болды ғой бұл шал» деген оймен, мен басымды көтеріп қол бергенде, ол мені бауырына басып, екі бетімнен кезек иіскеді.
— Көп жыл жолдас боп ем әкеңмен,— деді ол құшағын жайып,— Сәпінің жылқышылығында бірге болдық. Одан кейін осы Әлтиге жалдандық. Бейнеттен ол өліп құтылды. Мен осы есікте әлі жалшы боп жүріп келем.
— Өзіңіз қай елсіз? — дедім мен.
— Мен Тоқпамбет Сибанда, Сәрсекей деген кісімін. Баласың ғой, қайдан білейін деп ең мені? Және мен білгілікті кісі де емеспін, өз әкең сияқты, ес білгелі кісі есігінде келе жатқан, еңбегі жанбаған бір бейбақпын.
— Ұйқы бер, Сәрсеке,—деді ар жағынан біреу.— Қайтейін мұңыңды ол балаға шағып? Не бар дейсің оның қолында? Қызылдар келеді деп жүр ғой, кешікпей?.. Жарлыны байға теңестіреді деседі ғой, сонда теңесерсің.
— Жоқты айтатындарың - ай! — деп, мына жағынан аунап түскен біреу кейіп қалды.— Қызыл дегенді қайдан шығардың тағы?
— Атаса несі бар?
— Естімей жүрмісің, қызыл деген сөз аузынан шыққан кісіні бұл үкіметтің оңдырмай жүргенін?
— Не істепті, оңдырмай? — деген біреудің сұрауына:
— Сол сөзді айттың деп, мына қасымыздағы Бақырілгеннен4 он шақты орысты ұстап әкеткен жоқ па, әнеугүні? Солардың кейбірін атып тастады деп естіген жоқпыз ба?
— Естідік. Бірақ, кімнің аузына қақпақ бола алады үкімет? Орыс, қазақтың кедейі боп, қызылдың келуін түгел тілеп отырған жоқ па?..
— Жағың қарыссын! — деді де, анау жамылған киімімен басын тұмшалап алды.
— Қорықсаң сен қорық! — деді манағы сары сақал оған.— Біз қорқа алмаймыз Әлтиден.
— Неге қорқамыз? Отыз үйлі Кешек боп, тайлы - таяғымыз қалмай, өмір бойы жалшылығында келеміз. Сонда, азғантай алатын ақымызды да дұрыстап бермейді...
— Сен оны айтасың, — деді, арғы жақтан біреу басын көтере түрегеп,— манағы берген асын айтсайшы!.. Көке - жасық ет, ит болмаса адам жерлік емес. Сорпасы қатықсыз қара көже, өзі сұп - сұйық. Тым болмаса нанды тойғызып берсейші!..
— «Татырсайшы» деп неге айтпайсың? — деді басын бүркеп жатқан біреу,— иттің қиы сияқтанған құрт - ірімшікпен іштік қой, сол сорпаны...
— Саған не жоқ? — деді ар жағындағы біреу оған,— анау Нұралы мен Сибан сөйлесін, Көшебе, сенікі не?
— Бұ қайсысың, руға бөліп жатқан? — деп бет-аузын ұйысқан сақал жапқан, далба көйлекті біреу түрегелді.
Сибан мен Нұралы ғана ма, Әлтиден тепкі көріп келе жатқан? —деді ол, күрілдеген дауыспен,— ата жағынан қуғанда, мен Әлтидің туысымын. Сонда, аяп жүр ме, туысым деп? Осы арада Отыншы, Салқай, Мамаңай, Айдабол, Таңат — бес ауыл Көшебе бармыз. Көшебе ішінде Мәмбетпіз. Әлти де Мәмбет. Туысым деп аяп отыр ма, бізді ол. Бұғалығын жақыннан сап, ең алдымен бізді қылғындырып отырған жоқ па?.. Жаңағы бес ауылда, Әлтиде ақысы кетпеген кісі бар ма екен, сұраңдаршы!.. Көрерсіңдер, ертең қызылдар кеп, байдан кедейге теңдік әпергенде, Әлтиге жабылатын, ең алдымен өзінің Мәмбеті болады...
— Апыр-ау, қоймадыңдар - ау! —деді манағы қорқақ,— айта бердіңдер - ау, қызылды?.. Әлти естісе ғой, сілелеріңді қатырады!..
— Не істейді қатырғанда? —деді бірнешеуі,— қыра ма жұртты?.. Бірлі-жарым болса қырар еді, көпті қалай қырады?..
Дау үдей түсті... Біраздан кейін, есіктен кірген әлдекім:
— Таң қараңғысы болды, тұрып жиналыңдар! — деді...
Сәрсекей далаға менімен ере шықты.
— Жай-жапсарыңды да сұратпады - ау, әлгілер у-шу боп! —деді ол былай шыға,— иә, жол болсын?
Мен жол жайымды айтып ем:
— Бәрекелді,— деді ол,— жалшылықта тұрғаннан, Мұқан мен маған мүйіз шыққан жоқ. Жақсылық болады, кедейдің күні туады деп те жүр ғой жұрт, кім біледі, оқысаң, бағың ашылса, ілікке ілігіп кетерсің!..
— Әлтиге өш қой, Сәрсеке, әлгілерің! — дедім мен.
— Өш болмай қайтсін. Бір жыл емес, екі жыл емес, өмір бойы жалшы боп келе жатқандар көп. Ақыларын дұрыстап бермейді, жарытып киім - тамақ бермейді...
— Көп пе өздері?
— Жүзден аса жалшы жүр қазір. «Ал, теңдік тиді!» десе, Әлтиді тарпа бассалғалы отыр.
Сәрсекеймен қоштасып серіктеріме келсем, олар да оянып, киініп жатыр екен. Аттар жегілгеннен кейін:
— Ықыш қайда екен, бала,— деді Бәкең,— білші, амандасып кетейік.
Мен іздеп шықсам, Ықыш кең, ағаш сарайдың ішінде үлкен сепараторға кәрәсін фонарьдың жарығымен сүт тарттырып жатыр екен. Мұндай сепараторды мен қазақ-орыс старшиналарының сүт заводында ғана кергем. Құлағын екі қарулы жігіт кезектесіп, мықшия әрең айналдырып тұр. Қырынан қойылған кең қарағай бөшкеден екі әйелі сүтті шелектен кезек көсіп ап, сепаратордың көмекейін әрең дегенде толтырып тұр. Сүттің қаймағынан айрылған абыратын екі-үш әйел үлкен науаларға қотарып жүр.
— Бұл абыратты қайтеді? — деп сыбырласам, мені ертіп барған бала:
— Көп бұзау бар бұл үйде, соларды суарады,— дейді.
— Қанша?
— Жүзден астам.
— Сонша сиыр саудыра ма, бұл үй?
— Одан да артық. Бұзауларының көбін сатып жіберді.
— Қанша май алады сонша сиырдан?
— Кім білсін. Әнеугүні Қорғанға апарып, сексен пұт май сатты деп естідік.
— Қой да сауа ма?
— Әрине!.. Май береді десе, қой түгіл итті де сауады бұл үй!..
— Қанша қой сауады сонда?
— Төрт-бес жүздей. Ондағы бас сауыншы — Әлти хажының бәйбішесі, Ділдабайдың өзі. Қазір ол кісіні іздесең көгенделген қойлардың арасынан табасың.
— Осындай күн суытқан кезде де ме?
— Бұл үйге қыс болса да мейілі, тек, малдың сүмесінен сүт шықса болды. Сиырды қыстыгүні де саудырады...
Сепаратормен арпалысқан Ықышқа мен Бәкеңнің қоштасуға шақырғанын айтып ем:
— Қап, қол тимей жатқанда! — деп ол қабақ шытып қалды да,— тездетіңдер жұмысты!.. Мен қазір келем! — деген команда беріп, маған ерді...
Ықыш кеп амандасқаннан кейін біз жүріп кеттік.
— «Дүние ұстай білген кісінің қолында тұрады» деген рас-ау!—деді былай шыға Боржабай.— Көрдің бе, Бәкең, әлгі үйдің адамдарының шаруаны қалай бағуын? Миллионер болуы да сондықтан ғой бұл үйдің. Өзгеміз миллионер болсақ, көзіміз кермей жүр ме!..
СЕРІКТЕРІМНІҢ СЫРЫ
Әлтидің үйінен біз таң бозара аттандық. Түндегі түнерген бұлттан сол кезде сіркіреп жауын жауа бастады. «Тайгөттің Сүлейменіне соғамыз» деген сөзбен, мен Әлтидің үйінде жол жайын білетін біреуден қалай жүруді кеше сұрағам.
— Осы ауылдан шыға, үлкен қара жол екіге айрылады,— деген ол,— оңға қарай кететіні - Толыбай аталатын кішірек орыс поселкесін басып, жолда Дәулетімбет аталатын рудың ауылдарын өтіп, ар жағында Тайгөтке барады: солға қарай кететін жол, Бақырілген арқылы Кпитанға5 тартады.
Әлти аулынан шыға, екі айыр жолдың тарар жеріне келгенде, мен оң жағыңа атты бұра беріп едім:
— Солға! — деді Бәкең.
— Неге?
— Тіл қайыратының - ай сен баланың! — деді Боржабай кейіп,— «бұрыл» деген соң неге бұрыла салмайсың?
— Тайгөттің үйіне соқпаймыз ба?
— Жоқ, Кпитандатып жүреміз, — деді Бәкең.
— Неге?
— Не ақың бар, неге екенінде! — деді Боржабай, — бұр деген жаққа бұр да, айда аттарды!
Сол жаққа бұрылған жолмен жөнеле бердік. Сіркіреген жауыннан бұйығыңқырап отырған серіктерім, аздан кейін өзара әңгімелесіп кетті де, маған айтпаған сырлары өзінен өзі ашылды.
— Осы Тайгөттің түбі шеркеш деген сөз рас па?—деп сұрады Боржабай Бәкеңнен.
— Солай деседі.
— Шеркеш деген алыста дейтін еді ғой, бұ жаққа қайдан келіп жүр?
— Кавказ деген жерде тұратын көрінеді ғой ол халық, Тайгөт одан жер ауып келсе керек.
— Не қылмыспен?
— Оншасын білмедім.
— Әй, дәу де болса, ұрлықпен ауып келген болар,— деді Боржабай,— балалары да баукеспе ұры деседі ғой. Әкесіне тартпады деймісің олар?
— Қайдам,— деді Бәкең, ұры деген сөзді қостағысы келмеген дауыспен.— Өжет адам еді деседі оны білетіндер.
— Өз қызын өзі шауып өлтіретін қайсысы, осы Тайгөттің?
— Оны естіген екенсің ғой,— деді Бәкең.
— Е, естімей!.. Ел аузында баяғыдан бар сөз ол. Тайгөттің өзі ме сол?
— Баласы Садақпай, Сүлейменнің әкесі.
— Қалай болған оқиға. соның өзі?
— Тайгөтті білмеймін, оның баласы Садақпайдың қанды балақ қарақшы болғаны рас дейді. Бір кезде соны ұстауға, Малдығұл дейтін болысқа жоғарыдан бұйрық келеді. Малдығұл шабармандарын жіберсе, Садақпай оларды ұстап байлап тастайды да, пәле салу үшін, өзінің бойжеткен қызын шашынан сүйреп әкеп, балтамен шауып өлтіреді.
— Астапыралда! — деді Боржабай шошып кетіп,— не деген қаныпезер ит еді...
— Со пәледен,— деді Бәкең,— Малдығұл көп мал шашып әрең құтылыпты ғой!..
— Мына Сүлеймен де содан кем емес дейді ғой, батылдығы?—деп сұрады Боржабай.
— Бұ да ежет адам,— деді Бәкең,— өжеттігі емес пе, Колчактың бес бірдей милиционерін өлтіргені?..
— Әрине,— деді Боржабай.— Қалай-қалай болған десе - ді соны?
— Ұстауға бес милиционер келеді. Сүлеймен олардан қашпай, құрметпен қарсы алады да, ет асып беріп, араққа мейлінше суарады. Аналар мас болған кезде, қаруларын сыпырып алады да, жігіттеріне қамшымен дүрелетеді кеп. Үлкен қазанға суды шым-шым ғып қайнатып қояды да, ішіне көп тұз сап, соққы жегендердің еттері көгергенде, сол суға малып алады. Сонда, соққы тиген жер білінбей кетеді екен дейді...
— О, жауыздар - ай!..— дейді Боржабай үрейленіп.
— Сөйтіп сабап - сабап, өлермен халге жеткенде, қаруларын үстеріне асады да, келген пар аттық арбасына салып, Арханскийдің жолымен қоя береді. Миллиционерлер қалаға жеткенше өліп қалады...
— Енді содан, Тайгөт тұқымы түгел қашып жүрген көрінеді ғой?..
— Е, қашпағанда қайтсін? Ұстаса оңдыра ма?.. Бірақ, бейшаралардың қатын-балаларына қиын болған. Колчак соларды тегіс ұстап әкеткен дейді. Енді қырып тастамаса не қылсын!..
— Еркектері оған жібермес. Қатын-балаларын қырғызбай, өздері барып қолға түсер.
— Түспейді,— деді Бәкең,— қасқыр сияқты тұқым ол. Бірінің өлгеніне бірі қарамайды.
— Ит десейші, онда барып тұрған!.. Сондайлармен сендер қайдан үйір болғансыңдар осы?
— Шери ғой, әуелде танысып жүрген. Біздің үйдің дәулеті аздап шайқалған соң, Шери ептеп ұры да ұстады ғой.
— Білеміз ғой,— деді Боржабай,— егіздерді, аттарды топтап айдап әкеп жүрді ғой, бір кездерде. О бір жылы қырық шақты қара кек ат айдап әкеп, Жалмаңқұлақтың жағасына бір жаз бақтырды ғой, сол аттарды осы Сүлейменнен алды деген сөз рас па?
— Солай дейді ғой,— деді Бәкең күмілжіп.
— Сонда да жақпады ғой, сол ұрлық сіздің үйге. Дәулеттерің төмендемесе, ілгері баспады ғой, одан!
— Рас, кеңеуі кеткен дүние оңатын ба еді!
— Арамнан жимаған дұрыс қой, сонда да.
— Адалдан жиған мал қайда бар? — деді Бәкең.— Қай бай кісі ақысын жемейді? Өзгені былай қойғанда, біздің осы келе жатқан жолымыздың өзі арам емес пе?
— Неге? — деді Боржабай Бәкемге үрейлене қарап.
— Біз ғой, елге кооперация ашқан боп келе жатырмыз. Бұл әкеп, қант-шай әкеп жарытамыз деп, елдегі момын шаруаның қалтада бар ақшасын түгел қақтық...
— Тартып алған жоқпыз ғой, өз ықтиярымен берді ғой бәрі де.
— Бермегенде қайтсін. Соғыс басталғалы, міне, төрт жыл. Содан бері, жұрт дүкеннен еркімен сатып аларлық бір көз мата шыққан жоқ, бір қайнатым шай шыққан жоқ. Сәудегердің қолынан ұрланып сатылатын мүлік — күйіп тұрған қымбат. Бір әшмөшке шайдың құны, елде бір қой болды. Бір көйлекті бір қойға ала алмайсың. Төсек - орны, киім-кешегі тозды жұрттың, әсіресе кедейлердің. Кей кедейдің түріне қарауға да ұят...
— Соған жәрдемдесеміз бе деп шығып келе жатқан жоқпыз ба, бұл сапарға?— деді Боржабай, зұлымдана жымиып кескінмен.
— Жәрдемдесесің, атаңның басын,— деді Бәкең, үлкен, көзін бажырайтып,— жазғытұрғы әкелген матаның бір көйлектігін бір тайыншадан сатқанын, есіңде ме? Бес инеге бір қадақ майдан алғаныңды ұмыттың ба?
— Ұмытқан жоқ, — деді Боржабай, енді шындаған дауыспен,— бірақ, бұл пәлені бастаған кім, білемісің? Өзіңнің інің Қази емес пе? Сол емес пе, «кооперация ашқан боп піргеуір6 жасап әкелсеңдер, үкіметтен бұйым аласыңдар» деп үйреткең? Соның үйретуімен, осы арам кәсіпке былтырдан бері кіріп жүрген жоқпыз ба, екеуміз? Алаштың ақ жүрек азаматымын деп жүрген ол халықты жеудің әдісін үйреткенде, бізге не жорық?..
— Жә, болды! — деп Бәкең бұл сөздерді ұнатпай қалды.
Одан әрі екеуі кикілжіңдесіп, өзара есеп айыруға кетті.
Сөздеріне құлақ түріп отырсам, жарналық үлестен түскеннен басқа ақшаның көпшілігі Боржабайдан, азшылығы Бәкеңнен шығады екен. Бәкең бірге жүретіндігін бұлдап, пайда -ортақ болайын десе, Боржабай саудаға әрқайсысынан шығатын ақшаның мөлшеріне қарай бөлгісі келеді екен, осыдан барып араларында қырғи-қабақтық туады екен. Ел жайына келгенде, олардың айтуынша, саудадан түскен пайдадан, ауылдың атқамінерлері үлес алады және олар сатып алатын бұйымдарына, қазыналық бағасын ғана береді, сонда арзанды қымбатқа алып сорлайтындар — момындар. Бұл сапарға олар балды да, балсыз да болмай келе жатыр екен. Балды болатыны,— бұдан бұрын Қызылжар мен Омбыға осылай бірер рет барғанда, кооперация атына алған бұйымдарынан, елге қымбат өткізу арқылы шаш-етектен пайда көрген; балсыз болатыны — соңғы хабар бойынша, Колчак үкіметінің халі нашар, сондықтан, оның қолында бұйым да өте аз. Бұл хабардың анық-танығын олар Кпитаиға барып білмек. Бәкеңнің айтуынша, онда Опанас7 Баярский дейтін, әрі саудагер - бай, әрі дәрігер боп тұратын қазақ-орыс бар. Ол Торсан үйінің ежелден бергі тамыры. Дөңестеу жердегі Кпитан, біз келе жатқан жолдан, алысырақ жерден көрінеді екен. Бұрын бір рет керген бұл станица, менің ұғымымда дүние жүзіндегі ең сұлу қала сияқтанатын. Бірақ, мен оны қыстыгүні көргем. Онда, станица жағасын орай орнаған кең, шалқар кел қатып жатқан, төңірегі түгіл көшелерін де қар көміп, күртіктер теңкие үйіліп жатқан. Міне, енді, мезгіл суық күз болғанмен, қара жерде келе жатырмын және оның қардан таза бойын түгел көруге құмартып келе жатырмын. Станицаның ол кезде екі биігі бар: бірі — шіркеу, бірі — каланча Солар көрінген соң-ақ:
— Аттарды ақырын айда,— деді Боржабай маған,— қалаға тыныстаңқырап кірсін, босаңсып келе жатқан аттар, көшеде малтығып жүргеніміз ұят болар.
Аттарды мен аяң-жортаққа түсірген кезде:
— Бәкең, сенің орысшадан хабарың бар ғой,— деді Боржабай,— бұл «Кпитан» деген не сөз?
— «Капитан» деген сөз,— деді Бәкең.
— О не деген сөз?
— «Әпесер» дегенді білесің бе?— деді Бәкең күліп.
— Әскерді басқаратындар емес пе?
— Білдің,— деді Бәкең,— мұнда сондай капитан - әпесер тұрған.
— Қашан тұрған?
— Баяғыда. Бұдан жүз елу жыл бұрын.
— Неге тұрған?
— Қазақтың Россияға жаңа бағынған көзі болса керек ол. Сонда, мына шеті — Тұрайский, мына шеті — Қызылжар,— осы екі араға, бекініс ретінде қазақ-орыс қалалары орнаған. Кпитан солардың бірі екен және ең үлкенінің бірі екен. Кпитан тұруы да сондықтан. Сол кезде бекініс болғанына белгі боп, бер жақ шетінде қазылған орлар тұр.
— Иә, бар, ондай орлар және түлкінің іні сияқты, айқыш - ұйқыш, қым-қиғаш боп қазылған терең орлар.
«Г» әрпі сияқты боп, шалқар көлдің шығыс күнгейін орай салған бұл станица әлі күнге дейін ол маңайдағы поселкелердің керіктісі, сол кезде де көріктісі екен. Қазақ-орыс станицаларының крестьяндық селолардан бір өзгешелігі, - ағаштың бұл өлкеде мол көзінде орнағандықтан, үйлері, қора-қопсылары түгелімен ағаштан қиылады, үйлерінің қасында огород болмайды, оны көлдің жағасына жасайды, үйлерінің арасы тығыз, көшелерінің арасы тар болады. Кпитан да сондай екен. Бірақ, мұнда, өзге ұсақ станцияларда ұшыраспайтын, бірнеше екі этажды үйлер бар және бірер қызыл кірпіштен салған үйлер бар, солардың біреуі Опанас Баярскийдікі екен. Опанастың өзі ме, басқа бір туысы ма, — онысы есімде жоқ,— қақпа алдына кеп атымызды тіреген бізді, қырған қалың буырыл сақалы қабындай шыққан, қалың және ұзын ақ буырыл мұртты орыс қарсы алды. Сібірлік қазақ - орыстардың бір өзгешілігі — кебі қазақ тіліне жүйрік болады. Аздап акцентпен сөйлегенмен, мына шал да қазақшаға ағып тұр. Бәкеңді тани кеткен ол:
— Ә-ә, Торсандікі бала, атай, бәйбіше, Шақан аман? Өзге бала аман? — деп қолдасып амандасты да:
— Сенікі ат кім қойған? — деді.
— Бәкең,— деп жауап берді Бәкең.
— Ә-ә... Торсандікі бала бесеу. Мен бәрін көрген олардың. Оныкі қатын корком, одан болған бараншук бәрі корком. Торсанға құдай жақсы балалар берген.
Боржабай да арбадан түсе қап, шалға жалбақтай амандасқанмен, оған шал менсінбеген түрде қарады, онша шүйіркелесіп сөйлеспеді.
Бізді шал бос тұрған ағаш сарайына орналастырды.
— Бұрын бидай мен сұлы үйіліп тұратын еді ғой, мұнда. Бұл неге бос тұрады?— деген Бәкеңнің сұрауына:
— Бог знайт, биыл не болады! — деп жауап берді шал,— заман жаман. Большевиктер қатты төбелеседі. Колчак, Деникин жана коп актар оған жабылған. Мықты моклаш берген. Соңда да болмаған ол. Сол алып қояды деп қорқады біз. Егін екпеген содан. Неге егеді оны? Большевикке нан бермеу керек...
Одан әрі шал майдан жайын айтып кетті. Географиядан аздап хабарым болғандықтан, шал қазақшылап айтқан майдан жайын, Бәкең мен Боржабайдан мен тәуірірек түсінем. Егер шалдың сөзі рас болса, барлық майданда да большевиктер ілгерілеп барады.
— Бірақ,— дейді шал, қауыпты біраз төндіріп aп,— бәрі бір, біздікі ақ жеңеді большевикті. Бізге Антанта болысқан, Америка болысқан, Япония болысқан, оларда мылтық көп, пушка көп, оқ-дәрі көп...
Солай серпе отыра, шал менің серіктерімнің Қызылжар баруын мақұлдамайды.
— Колчак қазір оқ жасаған, мылтық жасаған, мата жасамаған, оған күш жоқ, шай, қант тожы жоқ сен босқа барады Кызылжарға Омбыға босқа барады, онда ештеңе таптайды, ат напрасна қиналады...— дейді.
Боржабай бұл сөздерге солқылдайын десе, Бәкең:
— Нар тәуекел. Үйден шықпағай ек, шыққан соң кейін қайтқанымыз ұят. Шығын біздікі емес, халықтікі. Аттың басын бұру ырымға жаман, барып қайтайық Қызылжарға,— деп болмайды.
Ол күні күн кешкіріп кетіп, біз Кпитанға, Баярскийдің сарайына қондық. Күндіз сіркіреген жаңбыр, кешке қарай басылып, жұлдызды ашық әдемі түн басталды. Күн жексенбі еді. Орыс поселкелері мен станицаларының жастары жексенбінің кешіне сырнайлатып, әндетіп көшеге шығу, ата дағдысы. Олар бүгін де сонысын істеді. Біз сарайда ұйқыға жата, көше - кешенің бойы сырнайға қосылған қыз, бозбалалардың әндеріне толып кетті. Бұл менің салқын қанмен қарайтын сауығым емес. Ән-күйге құмар жастың бірі болудың үстіне, мен орыс поселкелерінде жасымнан тұрып, орыс музыкасы мен орыс әндерін шексіз сүйіп өскем. Ендеше, мына жастардың сауығына қосылмай қалай жата алам?.. Әрине, жата алмаймын!.. Ендеше баруым керек. Бірақ, қалай?.. Рұқсат сұрасам, Бәкең бергенмен, Боржабай бермейді. Қысқа жолдық серік болғаныммен, менің байқауымша, ол мені жалшысы көріп алған сияқты,— ат күтуден табанымды аудармайды, көнбейін десем, тастап кетуден ұялатын ол жоқ, іштей ренжігенмен қарсы тұрар қауқарым жоқ. Бүгін де солай жұмсаса, мен қуана-қуана кететінмін, ондағы ойым,—Боржабайдан қулығымды асырып, қырға кетпекпін де, аттарды отты жерге тұсап тастап, өзім ойынға келмекпін, аттарға әкелер кезде ғана бармақпын!.. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, менің «арам» ниетім іске аспай қалды. Аттар тыныққаннан кейін:
— Оттатуға барайын,— деп жинала бастап ем:
— Бармай-ақ қой,— деді Боржабай.— Опанастың жалшысы аттарға шөп беретін болды, бүгін аттар қорада - ақ оттасын...
Бұл үмітім кесілген соң, ойынға баратын құлқымды сездіріп ем:
— Тәйт әрі, оттамай!—деп Боржабай ақырып тастады. «Тышқан інге кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлайды» дегендей, не керек саған, өле алмай жүріп ойын - сауық? Жат әрі, қыңқылдамай! Таңертең ерте жүреміз. Ұйқыңды қандыр, әйтпесе жолда қалғи бересің!
Еріксіз жаттым да, көшелерде шырқалған әндер мен сайраған сырнайлардың әдемі сазына ұзақ уақыт бөленіп, .қатар даусы бәсеңдеген кезде ғана ұйқыға кеттім...
ҚЫЗЫЛЖАР
Кпитаннан шыға біз, «линия» аталатын қазақ-орыс станицалары: Болатнай (Новорыбинск), Кіләбін (Кладбинка), Біржан (Сенжарка), Добраунай (Дубровный) арқылы жүрдік. Менің серіктерім бір жерден таң еркін ата шығады да, күн бата жеткең жеріне қонады. Түнде жүруге олар «төтенше өлтіріп кетеді» деп ұрыдан қорқады. Жолшыбай, ондай жаманат хабар көп естіледі. Торсан Қызылжар, Омбыға көп баратын адам болған. Ол да «жолы арбаға тиышты» деп, көбіне осы «линиямен» жүреді екен, сондықтан әр станицада тамыр-танысы болады екен және олар, көбінесе, станицаның байы, атаманы сияқты, ылғи шонжарлары болады екен. Менің қайран қалғаным, солардың бәрі қазақша жақсы біледі, кейбірі акцентсіз таза сөйлейді. Азамат соғысының тынысы жолшыбай сезіліп отырды. Біз түскен үйлердің бәрі большевиктерге қарсы, сөздері қырамыз да жоямыз». Сөйте тұра қорқынышын да жасырмайды. Бәрі уәделесіп қойғандай: «Егер қызылдар жеңсе Қытайға кетеміз» дейді, біреулері буынып-түйініп отырғаның да айтады. Торсанға аса жақынмын дейтін біреулері:
— Сәлем айт шалға,— дейді Бәкеңге,— ол да жиналған. Қызыл келсе оған да жаман болады. Ол да бізбен Қытайға кетсін.
Біреулер Әлтиге де сондай сәлем айтады.
Соғыс тынысы бұл сөздерден ғана емес, дүниенің тарыншылығынан да байқалады. Мысалы, Кпитаннан шыққалы бір ғана жерден бірер пұт қана сұлы табылып, өзге жерден табылмай, аттарымыз шөппен ғана күн көріп келеді. Жер дымқос боп жолдың ауырлауынан, жемнің жоқтығынан Бәкеңнің солқылдақ қара көгі алдақашан босаңсып, көп жерде арба тарту түгіл, өз денесін зорға сүйреп келеді, кейде соны шалдырып, тыныстатып алу үшін әдейі тоқтаймыз. Болдырмайтын Боржабайдың торысы. Ұрғаныңмен ол қатты да жүрмейді, ұрмағаныңмен аяңдап та қалмайды, жерді ұтып отыратын бүлкек бір жортағынан танбайды, ол жүріске, ертеден қара - кешке қажымайды.
— Міне, жылқы! — деп мақтайды Боржабай атын,— шаруа қолы осындай ат қой. Мынау қара кектер немене? Сұлулығын қайтейін оның, бойында түк қайраты болмаған соқ? Бұдан, аяңдаса да алысқа баратын өгізім жақсы!..
Бұл кекеу сөзді атының ғана емес, өзінің де адресіне қабылдағандай, Бәкең:
— Айтарсың!.. Бетің жүріп тұр ғой!..— дейді де қояды...
Жолшыбай сұлы ғана емес, сатып аларлық ешбір азық жоқ. Егер Бәкеңнің тамыр-танысы болмаса, ашығатын түріміз бар. Соған қарап:
— Бұ дүние деген қаран - суалуға қалған екен! — деседі менің серіктерім.— Мұның арты неге соғар екен?!
Олар да, оларға таныс адамдар да, қыспақта тұрған заманның қайда соғарын болжай алмай дал болады. «Большевиктер кедейді жақтайды» деп естігендіктен, оның төз орнауын, мен іштей тілеймін, бірақ ол ойымды ешкімге білдірмеймін, білдіруге қорқам. Дубровныйда менің әке-шешемді жақсы көретін Жама дейтін кісі кездесті, кескіні әкеме ұқсайды, кейін естісем, ол әкемнің әкесі — Шүкейдің заңсыз баласы екен. «Жама қарақшы» деген атты мен бұрын да естігем. Ол шығарған:
«Таққаны Жама ағаңның алтын түйме,
Құдайым салды мені осынау күйге.
Ұлық кеп Жама ағаңды ұстап алып,
Апарып қамап қойды қараңғы үйге»,—
деп басталып, ар жағы Сібірге жер ауып барып қайтқанға дейін айтылатын өлеңді, мен әнімен жатқа да білетінмін. Жама менің әкем сияқты алып денелі, бірақ ондай момын емес, пысық, ойыншы, күлдіргі, домбырашы, өлеңді термелеп екпіндете айтатын термеші адам екен. Ол менің әке-шешемді ғана емес, ата-бабамды да жақсы біліп шықты. Үлкендерден естуімше менің ата-бабам әуелі Мәулітте (қазіргі Мамлютка темір жол станциясы), одан қазіргі Мүсін (Явленка).тұсындағы Есіл өзенінің бойында тұрған, ол тұс біздің соңғы мекеніміз — Жаманшұбардан жүз елу километрдей. Аталарымыз бұл арадан кешкенде, ұзатқан қыз, нағашы, жиен деген сияқты туыстар қалып қойған. Оларды көру — маған арман болатын. Жаманың айтуынша, менің ол туыстарым әсіресе бірге туған ең үлкен апам Дәмеш осы тұста қырық-елу шақырым жерде ғана.
— Сен бала, мына күйіңмен оқу іздеп қайтесің,— деді маған Жама,— заман болса тарыншылық. Бір жерде аштан өліп қаларсың. Одан да, туыстарыңа бар. Мен алып барайын. Заман тишыққанша тұр солардың қолында. Білетін адамдардың айтуынша, заман осы бірер жылдың ішінде бірыңғайлы болатын. Бағыңа қызылдың үкіметі орнаса, жетіліп кете барасың! . Серіктерім де осыны мақұлдап еді, оқуға талпынған көңіл ерік бермей, мең қалмайтынымды айттым.
— Ынтаң жақсы екен, бала, бетіңнен жарылқасын! — деді Жама.
Біз ілгері жүріп кеттік. Темір жолдан біз Кондратьев разъезінің, қасындағы көпірден өттік. Бұрын естігенмен «от арба жүреді» дейтін темір жолды бұл менің бірінші көруім. Бұған дейін мен арба доңғалағы мен ат тұяғынан түскен талан жолдарды көргем, олардың қалай жасалуы көңілімде сайрап тұр, ал, «темірден жол жасалады» дегенді құлағым естігенмен, көзім көрмегендіктен, көңілім «соңдай жол болады» дегенге сенбейтін. Енді көрсем — рас!.. Мен білетін жолдардың ізі ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол — үстіне қарай шығыңқы!.. Арба қалай жүреді бұған?!.. Тайып кетпей ме?!.. Әлде, көтеріңкі жолда қаба жүретін, от - арбаның доңғалағының, табаны ойық бола ма екен?!.
Соның бәрін кергім кеп, көпірден өте тоқтайын деп ем.
— Құмартсаң көзің қанар, әлі!.. Келе жатырсың ғой, қалың темір жолдың ішіне! — деп, Боржабай ілгері жүріп әкетті.
Кондратьевканың ар жағы қайқаңдау келген тоғайлы кең өлке екен. Даланың өн бойында мыңдап өрген малдай қаптаған бірдеме.
- Бұ не, мынау қаптап жатқан?! —дейді, алысқа көзі буалдырланатын Боржабай.
- Есіл алқабынан шабылған шеп қой,— дейді Бәкең,— маялар мен шошақтар ғой үйіп қойған.
— Апырау, не деген көп мая мен шошақ?!. Сан жетпес, мынаған!..
— Биыл Есіл қатты тасыды деген. Суы асыл ғой, жарықтықтың жайылған жерін құлпыртып жібереді ғой!.. Шалғыны өсіп тұрған кезде, белуардан келген болар!..
— Әрине,— дейді Боржабай.— Мұншама жыпырлаған жиі мая соңдай қалың шөптен ғана тұрады ғой. Қызылжар Есілдің осындай құнарлы алқабының жағасына салынған екен-ау!..
— Со Қызылжар қашан көрінеді?— деймін мен.
— Өй, сен соқыр ма ең?— дейді Боржабай.— Көзім желге қарығып бұлдырап келе жатқаң кәрі мен де көріп келе жатқан, көзге баттиып тұрған қаланы көрмей көзің шықты ма?
Менімен қалжыңдаспайтын да, кекетпейтін де Бәкең:
— Сонау, тау сияқты теңкиген күрең-қызғылт биікті көріп келемісің, бала?—дейді маған.
— Көріп келем,— деймін мен,— сол не өзі?
— Есілдің биік жары. Соның төбесінде, әне бір сорайғандарды және ағараңдағандарды көремісің?
— Ия! — деймін мен, жардың биігінде жыпырлай ағараңдаған, олардың арасында аспанға шаншыла сорайған бірдемелерге тіккен көзімді қадай түсіп.
— Қызылжар сол! Қызғылт биік жарқабаққа салынған қала болғандықтан жергілікті ел Қызылжар атаған.
— Петропавл дейтін себебі не?
— Ерте кезде қазақ жері екен дейді мұны. Осы жарқабақта Дәулеткелді дейтін бай қыстайды екен дейді, руы атығай. О заманда, біздің елдің ханы Абылай болған. Бурабайда отырған Абылайға Петр және Павел деген ағайынды екі жігіт барып, Дәулеткелді отырған қабақтан, бір өгіздің терісіндей жер сұраған. Абылай бұл сөзді қызық көрген де, ал деген. Әлгі екі жігіт егіз терісін шарық жіптей жіп-жіңішке қып тіліп әкелген екен дейді, соны жазып жібергенде, осы қаланың орнын түгел алып кеткен. Абылай уәдесін жұта алмай, сұраған жерін берген, соған екі жігіт қала салып, солардың, атымен «Петропавл» боп кеткен.
— Керемет жігіттер екен! — деп қояды Боржабай.
— Қызғылт жарқабаққа төніп тұрған сонау бір ұзынша ақ үйді көремісің?— дейді Бәкең маған.
— Иә, көрем.
— «Абылайдың ақ үйі» дейді соны. «Еркіңмен бағындың» деп орыс патшасы Абылай ханға сол үйді сыйға сап көрген.
- Хан мен патша біріне бірі сыйлайды екен-ау! — дейді Боржабай.
- Бұл арадан кішкене көрінгенмен, ол үш қабатты, бір орамды тұтас алған үлкен үй, іші толған бытықы-шытықы бөлме. Әртінірек кезде Бұқар, Хиуа жақтан осы Қызылжарға саудамен келген купестер (купец) түсетін қонақжай екен, бертінде патша оны абақтыға айналдырған. Колчактың да абақтысы сонда деп естимін.
Көп адам сия ма екен? — деп сұрайды Боржабай.
- Пәлен жүз кісі сиятын үй деседі. Ал, Колчак өзіне қарсы болғандардың бәрін, тоғытқан қойдай қып қамап жатыр ғой. Білетіндер ол абақтыда әлденеше мың адам бар деседі...
- Астапыралда, ар жағын айтпа! — деп Боржабай шошады...
— Сонау сорайғандар не екенін біліп келесің бе, бала —дейді Бәкең маған.
— Жоқ.
- Біразы мешіт, біразы шіркеу...
Қанша екен солар?—дейді Боржабай.
— Татарлардың өлеңінде бар ғой:
«Питрапуыл қаласында, Алты масжит, биш ширкәу», — екен, расында одан көп қой деймін.
— Алты мешіттің нешеуі қазақтікі?—дейді Боржабай.
— Қазақ қалада аз тұрады ғой. Көбін татар байлары салдырған. Қазақ байларының салдырғаны біреу ғана, о да « бұл арадан көрінбейтін, кішірек ағаш үй.
- Қазекем дінге салақ - ау! — дейді Боржабай.
— Өзің мұсылман бола тұра, өмірінде намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын сен сияқты!—дейді Бәкең күліп.
- Сонау ерекше сорайған биіктер,— дейді Бәкең маған, — завод пен фабрикалар пешінің тұрбалары. Патша заманында олардың бәрінен будақтап шыққан түтіндер, қаланың үстінде бұлттай үйіріліп, тұтасып жататын еді,енді бәрі де сөнген...
— Неге? — дейді Боржабай.
— Колчакта күш бар ма, оларды жүргізетін? Соғыстан басы қатып жатқан жоқ па оның?
— Зауыт - пәбірігі жұмыс істемесе, дүниені қайдан алады бұл?! —дейді Боржабай.
— Қайдан алсын. Шет елдің байларына телміреді.
— Өйткен күні құрысын!..
Бәкең одан әрі маған Қызылжар қаласының ішкі құрылысын сипаттай бастады:
— Бұл қала екіге бөлінеді,— деді ол,— бірі —«Ойқала», бірі —«Дөңқала». Біз әуелі Ойқалаға кіреміз де, Дөңқалаға содан кейін көтерілеміз...
— Әй, Бәкең-ай, қызықсың-ау, сен,— деді Боржабай мырс етіп,— жоқты кеңес қыласың-ау, кейде! Неменесің, соншама түгел түсіндіріп отырсың бұған?!
— Сағам, әрине, солай, Боржеке, — деді Бәкең.— Сен ауылда тұратын адамсың, қалаға бүгін барсаң, ертең қайтасың. Товар алған дүкен мен пәтер үй ғана керек саған, өңгесін біліп керегі жоқ, ал, балаға білу керек...
— Неменеге? — дейді Боржабай кейіп.
— Боржеке-ау, қала емес пе, бұл баланың іздеп келе жатқаны?
— Ә, қойшы!—деп Боржабай теріс қарады да,— жә, ендеше айта бер! — деді.
— Білетін адамдардың айтуынша,— дейді Бәкең, — ең алдымен «Ойқала» түскен екен. Жардың биік қабағында әскерлік казармалар мен «Меневой двор» аталатын сауда -саттық орны ғана болады екен. «Дөңқала біздің әкелеріміздің жігіт көзінен бастап орнаса керек...
Одан әрі Бәкең өзі білетін әлдене бір байдың байлығы туралы серпе сөйлеп кетеді... Темір жолмен тура тартса, Кондратьевкадан Қызылжар жиырма бес шақырым, ат жолы көлденеңдеп Арханский аталатын селоға соғады да, әрі қарай Есілдің шабындығы қалың сазды өлкесін орағыта отырып. Ойқаланың түбіндегі көпірден кіреді. Бұлай жүргенде, Кондратьевкадан Қызылжар қырық шақырымдай. Сол жолмен жүріп келе жатқанда, менің көзімді тұндырған — манағы айтқан маялардың жиілігі!.. Сонша шөп ескен не деген құнарлы жер!.. Маялардың арасында, кейде опатқа, кейде дөңеске қалың тал өседі екен. Кейбір тұста, дөңгелене, сопақтала, имие біткен, төңірегіне қалың қожағай шыққан сулар.
— Есіл тасығанда толтырып кететін бұл көлсымақтарды,— дейді Бәкең маған,— «Қарасу» деседі.
«Есік алдың қарасу балдырғандай,
Мен не жаздым көңілімді қалдырғандай»
деген өлең содан шыққан екен ғой,— деймін мен.
Бір қарасудың жағасына өскен қалың талдың ішінде, қараңдап әлденеше үй және сорайған биік труба көрінеді.
— Бұл не? — десем.
— Былғары заводы,—дейді Бәкең.— Шіркін, бір кездегі бұ да күпсіп тұрған завод еді. Хромның талай тамашасын шығарушы еді. Ұлтаны қандай тамаша болушы еді, әмірқанға беріспейтін!.. Бұл заводтың былғарысын, жұрт барда таласып алушы еді!.. Енді бұ да тұр, есіз үйдей тым-тырыс боп!..
— Солдатына етікті қайдан тауып беріп жатыр, бұл Қалшақ?!— дейді Боржабай.
— Сатып алады да,— дейді Бәкең.
— Ақшаны қайдан табады, соның бәріне.
— Әкесінің, малын сатады деймісің? — дейді Бәкең,— мойны жуан сорлы халық емес пе, соның бәрін көтеріп жатқан? Елден жинайтын шығынның көбейіп жатуы да содан емес пе?
— Иә, шығын көбеюлі! — дейді Боржабай— Титығына да жетіп болды жұрттың. Қашанға дейін шыдарын кім білсін!..
Менің ендігі арманым өзгеде емес, Бәкеңнің сипаттауынан да, бұрын естуден де көруге ынтыққан Қызылжардың көшелеріне төз кіріп, «кереметтерін» өз көзіммен тамашалау... Құмартқан Қызылжардың Ойқала жағынан біз күн батар кезде кеп кірдік. Оған менің көңілім тоя қойған жоқ. Асты қызыл кірпіш, үсті қарағай,— екі қатарлы үйлерінің көбіректігі болмаса, мұның сән-салтанаты Кпитаннан арық емес сияқты. Бұнда көзге оғашырақ көрінетін, көшелерді бойлай орнаған жиі бағандар мен олардың жоғарғы жағына жиі қып тартқан сымдар екен. Кпитан көшесіндегі бағандар мен сымдар, бұдан әлдеқайда сирек... Біздің босаңсып келе жатқан аттарымыз ойдан деңге көтерілгенде үшеуімізді алып шыға алмайтын болған соң, Боржабай екеуміз божыны Бәкеңге бердік те жаяу жүрдік. Бұндайда Бәкеңнен жасы үлкен болғанымен Боржабай оған коңсылығын істеп, сыбағалы жердің бәрінде үнемі құрмет көрсетеді. Дөңқалаға көтерілетін жар бірсыпыра биік екен, соның қырына шығып алғаннан кейін:
— Енді мініңдер арбаға,— деп Бәкең атты тоқтатып еді:
— Аяңдата берсейші,— деді Боржабай, — бала екеуміз жаяу жүре берейік.
— О қой, Боржеке! — деді Бәкең кейіп,— со да сөз бе екен? Қызылжардың көшесінде жаяулап жүру ұят емес пе?
— Несі ұят? Кім танып жатыр бізді?
— Күн кешкіріп барады, Боржеке. Тезірек пәтерге жетейік, мін, тез!
Боржабай екеуміз арбаға міндік. Аз уақыт жүргеннен кейін:
— Аттарды тоқтатшы, бала,— деді Бәкең. Мен тоқтай қалдым.
— Неге?..— деді Боржабай.
— Мына бір үй,— деді Бәкең, бұған дейін мен көрмеген, үш қабат әдемі бір үйді қолымен нұсқап.— 1913 жылы Романовтардың патша болғанына үш жүз жыл толу мерекесіне арналып салынған. Мұны «Дом романовых» дейді. Бұрын гимназия болған. Біздің Қази осында оқыған. Енді солдаттың казармасы деп есітем.
— Айтпаған сөзін, қалмасын да, Бәкең мырза,— дейді Боржабай кекетінді дауыспен,— Қызылжардың бүгесі мен шігесін, алшысы мен тәйкесін, омпысы мен шомпысын түгел айт. Кім біледі, бұл қаланы түбінде осы басқарып жүрер, көзі көрігі, құлағы қана берсін!..
«Дом романовыхтың» ар жағында кең алаң бар екен, ортасында бұрын мен көрмеген биік ақ шіркеу тұр. Алаңның арғы жақ жиегінде опырыла құлаған, қабырғалары үңірейген бір биік үй тұр.
— Бұ не? —деген сұрауға:
— Ганшин дейтін байдың магазині еді,— дейді Бәкең;— ол бір жауыз бай болса керек, патша түскен күндері қала халқы мүлкін талап апты да үйін өртеп жіберіпті...
Аздан кейін:
— Ал, бала,— деді маған Бәкең,— енді Қызылжардың ең үлкен көшесіне кіреміз. Ондағы үйлердің биіктігі сондай, іргесінде тұрып төбесіне қарасаң бөркін, түседі, төбесіне шығып іргесіне қарасаң басың айналады.
Боржабай да бұдан үлкен қаланы көрмеген болу керек.
— Рас, — деді даусын созып,— несін айтасың, мұның үйлерінің! Осының бір тас үйіне, өзге байдың былай тұрғын, Әлтиіңнің малы жетер ме екен!.. Шіркін, шын бай қалада ғой!..
Қазір «Ленин», бұрын «Вознесенский проспект» аталатын Қызылжардың ең зор көшесіне түстік. Екі-үш этажды болып біркелкі салынған бұл көшедегі қарағай және тас үйлердің төбесі маған көкті тіреп тұрған сияқты. Солардың бәрін тамаша көріп аттың божысына ие болмайтын халімді байқаған соң:
— Былай да көрінгеннен көз ақы алатын неме едің, енді сенде не ес қалады дейсің! Біреуді қағып кетіп масқара қыларсың, бері әкел, божыны! — деп менің қолымнан Боржабай жұлып алды. Бәкең сықылықтап күлді де қойды.
Көшені орталап келген кезде, сол жақ қолымызда төңірегін темір тормен қоршаған, қалың ағаш кездесті. Ортасында, манадан бері керіп келе жатқан үйлерімнің бәрінен әлдеқайда биік салынған қызыл кірпіш үй тұр. Өзгелерден бойы озық болғанмен көлемі ықшам.
— Апыр-ау, мынау неғылған үй? —деппін қайран қалып.
— Есілден тартып осы қалаға түгелімен су беретін, - деді Бәкең,— орыстар мұны водокачка дейді. Қызылжардың ең биік үйі үш қабат қана, бұл водокачка төмен қабат!.. Қызылжардың қай жақ шетінен қарасаң да ең алдымен көзің осы үйге түседі. Бұл қалада бірер күн боласың ғой. Егер адасып кетсең, ең алдымен осы үйді тап. Содан біздің сонау пәтерді табасың,— деп, Бәкең биік кеп үйдің арасына, көп түйенің ішіндегі ботадай ғана боп шоқиған, жасыл шатырлы кішкене ағаш үйді нұсқады.
Кейін білсем, со кезде қалаға біздің елден ең көп қатысатын Бәкеңнің өзі, көшелердің аты болатынын, үйлерінің номері болатынын білмейді екен, іздеген үйін көше атымен емес, үй номерімен емес, тек белгілеп қоюмен ғана табады екен... Кешкірген күн ол кезде буалдырланып баратыр еді. Ол кезде көшедегі бағаналардың басынан, сіреңке тұтанғандай, әлде не жарықтар жылтырай қалды.
Бұ не? — дедім мен таңданып.
— Электрдің шамы.
— Не шам ол? — дедім мен «электр» деген сөзге түсінбей.
— Майсыз жанатын шам.
Қызылжарда ондай шам барын, ауылда мен Нұртазадан естіген ем. Бірақ, ол, «сәулесінің жарықтығы сондай — күндізден бір кем емес» деген еді. Мынау оншалық шаңқиған сәуле емес, бозамық қана. Терезелерден, немесе, бағана бастарынан жылтыраған электр лампаларының әлсіз сәулелері, іңірдің қоюлана түскен буалдырын жеңудің орнына көмескілендіре түсті. Төбесін түн орай бастаған Қызылжардың үйлері бұрынғыдан да биіктеп кеткен сияқтанды. «Міне, қайда зор шаһар!.. Міне, қайда биік үйлер!.. Осы екен-ау, Қызылжар!..» деп таңдандым мен ішімнен.
Қызылжар менің ұғымымда биіктей түсті...
АҚПЕЙІЛ ҚАРТ
Бәкеңнің пәтері «Хадиша қатын» дейтін адамның үйі екен. Жасы сол кезде жетпістерді алқымдаған, жуан денелі, орта бойлы, заманында кескінді болған татар әйелі. Қолында Маһитап дейтін қызы бар, жасы отыздарды алқымдап, денесі толығып қалған қыз екен, күйеуге әлі шықпапты. Одан басқа: ортасы ойық қайқы мұрынды, дүрдиген қалың ерінді, шүңірек қара көзді, қара бұжыр кескінді, кішірек бойлы Ғариф дейтін жиені бар. Бұл үй Торсанның жас шағынан бергі пәтері екен. Ері бар кезде шағындау дүкен ұстап, өзіне өзі тоқ тұратын үйдің шаруасы қазір төмендеп, күн көрісі Ғариф ылауға айдайтын жалғыз атта қалыпты. Біз барған кезде халдері тіпті нашар екен. Соны көрген Бәкең:
— Қой алып сойдырсақ қайтеді, Боржеке? Өзімізге де, бұл үйге де сорпа-суан болсын,— деп еді:
—Айдаладағы татардың жетім-жесіріне қой сойып беpіп бізді жын ұрып па? Ауылдан әкелген құрт, майымыз өзімізге жетеді. Әлдекімге жем бола алмаймын,— деп көнбеді.
Маған бұл қаладан Омбыға поезбен кету қажет. Барған күні жүріп кетсем де, «тоқтай тұр» дейтін ешкім жоқ. Соны біле тұра үш-төрт күн тоқтауға тура келді, оған бір себеп, қаламен танысқым келуі болса, екінші себеп, Қызылжардағы бағаға қарағанда, дүние қымбатшылықтан күйіп тұр, айтушылар Омбы одан да қымбат дейді, олай болса, менің қалтамдағы ақша түкке тұрмайды, ендеше мүмкіндігім жеткенше қаражат жинап алуым керек. Со жөнде Бәкеңмен ақылдасқанда:
— Осында Қасқұлақ, деген туысың барын білуші ме ең? —деп сұрады менен.
— Естігем. Бірақ көрген жоқпын. Әкесі Жұмабайды көрдім.
— Қасқұлақ ағаң қазір күпсіп байып тұр дейді. Інісі Көкери де ауқаттанып тұр деседі. Солардан жәрдем сұрасаң, құр алақан қоймас. Одан кейін осы қаладағы Алашорда комитетіне бар, онда да оқу іздегендерге қаражат береді деген.
Қариялардан естуімше, Қасқұлақтың қысқаша өмір тарихы былай: маған ол алтыншы атадан барып қосылады. Шын аты Айтжан, құлақтары қасықтай қалқиған үлкен болғандықтан, бала көзінде жеңгелері мазақтап қасық құлақ» қойған да, содан «Қасқұлақ» атанып кетті. Оның әкесі Жұмабай ерте кезде Торсан үйінде жалпылықта тұрыпты. Қасқұлақ сол үйдің қойы.н бағыпты. Бір күні қойға ұялы қасқыр шабады да, көбін қырып кетеді. Сол үшін Торсан Қасқұлақты сілейте сабайды да, «сені ұры деп жер аудартам» деп қорқытады. Зәресі кеткен Қасқұлақ біреудің ақылымен, Қызылжарда тұратын туысы Ералыға қашып кетеді. Ералы оны панасына алып өсіреді, үйлендіреді. Кейін Қасқұлақтың қолына әкесі Жұмабай да, інісі Көкери де көшіп барады. Көкериді мен жақсы білем. Оның шын аты Аманжол, бала көзінде жылауық болғандықтан, жеңгелері оны тауықтың дамылсыз шақыратын әтешіне ұқсатып «Көкери -көк» қойған да, содан «Көкери» атанып кеткен. Менің он үш, он төрт жасқа келген шағымда Көкериді біздің ауылдағы Шәйкең деген кісі бала ғып қолына алып, Хатира атты татар қызына үйлендірген. Кейін, татар қызы ауылды жерсінбей, Көкериді Қызылжардағы ағасы Қасқұлақтың қасына көшіріп әкеткен. Менің ол кездегі ұғымымда «түбі бірге түтпейді», «жоқ болса амал жоқ, егер бар болса, ағайындас, қандас адамдар, бір-біріне қайырылмай, қараспай қоймайды...» «Ендеше, Қызылжарда байып тұрған туыстарым — Қасқұлақпен Көкериге мен неге бармаймын? Неге жәрдем сұрамаймын?» Ойымды осыған бекіттім де, адресін Хадиша мен Маһитаптан біліп алып бардым, «Хлебниковская» аталатын көшеде, төбесі жасылмен боялған, еңсесі биік, жаңа қарағай үй екен. Мен қақпаны ашып кіре бергенде, қора жақтан қолына құман көтерген: шықшыттары шығыңқы, ұрты үңірейген, көзі де шүңірек, кішірек мұрынды, ұзынша арық бойлы татар әйелі кездесе кетті. Айтжанның әйелі татар, аты Мауғиза екенін Маһитаптан естігем. «Сол кісі осы болар» деген оймен, амандасуға жақындағанымда:
— Ей, алла, хайыршыдан тойдым әлі!.. Бұнысы да келіп жеткен екен!.. Кирі қайт, әлі, кирі! — деді әйел.
— Маған Мауғиза жеңгей мен Айтжан ағай керек еді,— дедім мен.
— Ей, алла, сіз кім боласыз? —деді әйел.
— Айтжан ағайдың інісімін.
— Қайдағы інісі?
— Жаманшұбардағы.
— Қазақтың бәрі іні. Нұртаза ағайдан башқа біркімні де білмим, барып тұр! —деді әйел жекіп.
Со кезде, үйден сұйық мұртының, екі ұшын жоғары қарай ширата қайырған, қырма сақалды, басында татарша қара барқыт тақиясы бар, үстінде татарша шапаны бар, бұжырлау орта жасты еркек шыға келді де, менің берген сәлемімді алмастан:
— Кім баласысың?—деді, салқын дауыспен.
— Мұқанның баласымын.
— Қайдағы Мұқанның?
— Айтжан ағай сіз боласыз ба?
— Иә, мен болам.
— Ендеше, мен сіздің туысқаныңызбын.
— Қайдағы туысқан?
— Жаманшұбардағы. Мен Нұртазаның ағайынымын.
— Кім дедің әкеңнің атын?
— Мұқан.
— Мұқан?.. Мұқан!.. Мұқан... Қайдағы Мұқан ол?! — деп жаңағы кісі аз ойланып тұрды да,— ие, әлгі бір қара шал болмаса игі еді, — деді.
— Нұртаза мен менің әкем немере,— дедім мен, Нұртазаны Мауғиза жақын көріп тұрған соң.
— Қайдан жүрген баласың? — деді Айтжан.
Мен жол жайымды айтып ем:
— Ей, алла, бұның да оқығысы бар екен! — деп таңдана тамсанған әйел үйге қарай жүріп кетті.
— Жеңгей осы кісі бола ма?— деп сұрадым мен Айтжаннан.
Айтжан басын изеді. Ол екеуміз сөйлесіп тұрғанда қақпадан өзім танитын Жұмабай қарт кіріп келді. Сәлем беріп қолдасқаннан кейін, Жұмабай менің хал-жайымды қысқаша сұрап алды да:
— Үйге кір деп неге айтпайсың?— деді Айтжанға.
Айтжан үндей қоймаған соң, Жұмабай кескініне алая бір қарап алды да:
— Шырағым, мына үйге жүр! — деп қора ішіне салынған екі бөлмелі ағаш үйді көрсетті. Жұмабайға еріп ол үйге кіргенде, баяғы өзім керген Көкериді тани кеттім. Одан бергі өзгерісі: бұрынғы сұйық мұрты қалыңдап, ашаң денесі толыққан, өзі татарша киінген. Қазір оның аты Көкери емес, Аманжол екен. Жұмабай қанша түсіндірмек болғанмен менің кім екенімді Аманжол ұқпай-ақ қойды. Онысы — туысқан болғысы келмеудің айласы екені көрініп-ақ тұр. Ауылдан кеше ғана кеткен Көкеридің аз күнде мұнша көтергеніне мен қайран қалдым да қойдым.
Оқу іздеп келе жатқан жайымды айтқанда, мақұлдаудың орнына, татар және орыс сөздерін араластырған тілмен, Көкери маған ұрсып алды да, өзінің аздаған сауда - саттық ісіне жәрдемші болуды ұсынды.
— Күн бұрын кешіріп айтим,— деді ол, — саған мин һишбір жалование бирмим, тузған киімләр бирам, харчаң минда була и все... Ну, жатарға уголок бирам... и баста!..
Көкеримен келісе алмадым.
— Файдаңны білми тұрған малай икәнсің, саташып уләсін син, бу үйгә килмә инді! —деп Көкери мені үйінен қуып шықты.
Жұмабай маған ере шықты. Айтжан үйіне кірмек боп ем:
— Бармай-ақ қой оған да, — деді Жұмабай.—Одан да көңілің қалады.
— Неге?
— Қала жәйі осылай болады, шырағым. Мұнда ең аяғы ішер суыңа шейін сатулы. Менің екі балам, сенің әкеңді де, өзіңді де білмей отырған жоқ, біле тұра, әдейі білмегенсіп отыр.
— Неге?!
— Қалада дүниенің бәрі сатулы болғандықтан. Саған шай да татыра алмады ғой екеуі. Елде олай емес қой, шырағым...
Мен Жұмабай қартқа «дүниесі сатусыз» деген елдің де жәйін қысқаша баяндап, бай ағайын — Нұртаза бір қараның құнын беруге жарамағанын айтып ем:
— Рас,— деді Жұмабай күрсініп,— «ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды» деген осы. Мен де көргем, шырағым, «ағайынның» қайырымы қанша екенін!.. Осы Қызылжарға ит - арбамды сүйретіп жаяу келгенімде, елу үйлі Андабай — Отарбайдың біреуі әкеп салуға жарамаған. Енді үй боп, кісі болғанда, ағайын да, бауыр да көп. Қисая кетші қазір, басыңды тағы да көтере алмайды сол ағайын. Өзіңе өзің жалынғаннан, өз еңбегіңе жалынғаннан қызығы жоқ...
— Өзім де соны көріп жүрмін, Жұмеке!
— Елдегі ағайынды да көріп келдің, мұндағы ағайынды да көріп отырсың.- Өзіңнен басқа сенерің жоқ. Оқимын дейсің, қалай оқисың, мына түріңмен?— деді Жұмабай.
— Сонда, не істеу керек?—дедім мен.
— Ұнатсаң, бір ақыл айтқым кеп тұр саған.
— Айтыңыз!
— Қызылжарда қазір не кеп, жесір әйел кеп. Әсіресе — татарда. Солдатқа алынады ғой татар. Соғыс басталғалы төрт-бес жыл. Соғысқа кеткен татардан кеп жігіт шығын болды. Кей үй иесіз қалды. Сондай үйлердің біріне кірем десең, сені құшақтай алады.
— Бала боп па?
— Ойбай, балалығын - ай, мынаның!..—деді Жұмабай.— Татардың нелер әдемі келіншектері мен қыздары күйеусіз отыр. Байдың да сондай қыз, келіншектері бар. Қайсысы болса да құшақтай алады сендей уылжыған жас жігітті. Біздің Айтжанның осы әйелі үй-күйі бар жесір келіншек болатын. Ералы марқұмның жәрдемімен, Айтжан «салулы төсек, салқын үйге» кірді де, құдайға шүкір, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» бола кетті. Сен де сөйтесің, Жақсы үй тауып берейін, ретін өзім - ақ келтірейін, сен оқуды қой да үй-күйі, дәулеті бар бір татардың қолына күшік күйеу боп кір!..
Бұл ақылды алу, алмау менің ойымда күресе қалды: «Алдың» айтатыны —«туғаннан көргенің жоқшылық... жетпей ме, бұған дейін керген бейнетің?.. Даяр үй, даяр әйел, даяр мал-мүлік табылса, қашатын сайтанын, бар ма?.. Аяққа құйып әкеп алдыңа тосқан асты төгетін жындымысың?.. Есің дұрыс болса, ал, мына шалдың ақылын?..» «Алманың» айтары, Абайдың:
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді төз суалар».
Немесе:
«Білім таппай мақтанба!»
деген өлеңдері.
Екі ойды салмақтай келе, мен Абай жағына шықтым. Онымды ақпейіл шалдан жасырмай:
— Ақылыңызға көп рахмет, ата! — дедім мен— Оқығым келеді менің. Бақыты болса да, соры болса да шыдағым келеді...
Қарт аз ойланып тұрды да:
— «Ілгері басқан жасты, кейін кеткен кәрі тоқтатады» деп еді, шырағым, «талапты ерге нұр жауар» деген де сөз бар, бетіңнен жарылқасын,— деді.
— Ал, қош, ата!—деп қолдасып жүре беріп едім, аздан кейін Жұмекен:
— Әй, бала! — деп дыбыс берді. Жалт қарасам, Жұмекен бері қарай келе жатыр екен.— Сонымен, шырағым, қалтаңда қанша бұлың бар?— деп сұрады ол.
— Бас-аяғы отыз-қырық сомдай болар.
— Байғұс бала - ау, не нәрсеге жетеді ол? Омбыға шейінгі поездың, билетіне жетсе сол!.. Ар жағында күн көру керек емес пе?
— Бір жөні болады да, ата, уайымдағанмен маған ақша беретін кім бар?—дедім мен.
Жұмекен басын шайқап аз тұрды да:
— Шырағым,— деді күрсініп ап,— анау бақша ішіндегі мешітке барайық екеуміз!
— Неге, ата?
— Бесін намазы боп қалды. Бүгін жұма. Намазға көп .і;үрт жиналады. Намаз алдында мен имамға хал-жайыңды айтып, хұтпа соңынан, халықтан жылу жинауын өтінейін.
— Рахмет, ата, мен онда бармаймын,— дедім мен.
— Неге?!
— Садақаны кемтар кісі алады. Мен денім сау жігітпін.
Жұмекен, «әй, балам, балам!» деп басын шайқап аз тұрды да:
— Ал, жолың болсын, ендеше! — деп қолын ұсынды.
Шын жүректен қамқорлық жасағысы келген қартқа алғыс айттым да, тағы да қоштасып жүріп кеттім.
ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҮҢГІРЛЕРІНДЕ
Жұмабай қартпен ажырасқаннан кейін, есіме Жәмпейістің үйі түсті. Оның кім екенін оқушылар «Өмір мектебінің» бірінші кітабынан біледі. Сұрастырып көрсем Жәмпейістің үйі, — қаланың батыс жағында, биік жардың етегіндегі «Кірпіш сарай» деген жерде екен. Білемін деген біреу маған Жәмпейістің абақтыда жатқанын айтты, сондықтан, оның үйін іздемесем де болатын еді, бірақ, мен екі себеппен іздемек болдым, бірі — абақтыға түскен себебін сұрау, екіншісі — ол «ғашық боп қосылдым» деген Жаңыл жеңгейді көру. Жәмпейіс үйіне барардан бұрын, мен жүгіре басқан аяңмен қаланың көшелерін ерсілі-қарсылы аралап шықтым. Сонда байқағаным, орталық көшелер болмаса, шеткері көшелердің көпшілігі Кпитан көшелерінен артық емес екен, кейбіреулері одан да жаман. «Қала» аталатын тұрғылықты, орынды бірінші рет көргендіктен, Қызылжардың орталық көшелері маған өте ұнады, оларды аралап жүріп мен «мұндай да тамаша болады екен-ау?!» деп таңдандым, сондағы қайран қалғаным екі ғана нәрсе, бірі қазіргі: «Ленин» және «Торговая» аталатын екі көшеге тұрпайы түрде төселген тас, екіншісі — орталық бірнеше көшенің екі жақтауына тақтайдан төселген тротуар. Қазақстанның сібірлік қалаларындағы ең жақсы бақша, Қызылжарда. Ерте кезде де солай болатын. Қазір де солай. Мен бұл бақшаға да кірдім. Оның ерсілі-қарсылы жасалған тұп-тура аллеяларының екі жағына биік өскен жуан теректер мен қайыңдардан күн көзі көрінбейді екен. Бірақ, осы аллеялар да және бақша ішіндегі кейбір әп - әдемі салынған үйлер де мен аралаған шақта қаңғырап бос тұр екен, анда-санда қараңдаған аз ғана адамнан, бақша ішін сыпырған бірер күтушіден басқа ешкім көрінбейді. Сөйтіп жүріп мен, алдына кенеп алжапқыш байлаған, жұпыны киінген, қолында сыпырғышы бар, аллеялардағы көп орындықтардың бірінде салбыраңқы түспен отырған, тебендеген қырма сақалды, ширатқан сұйықтау қара мұртты, кішірек арық денелі, көзіне алтын жақтаулы көзілдірік киген адамға көзіктім. Жасы үлкен кісі болған соң, ауыл ғұрпымен сәлем бердім оған. Ол менің кескініме, үсті-басыма көзін төменділі - жоғарылы төңкере аз қарап алды да:
— Қай баласың?— деді.
Мен жөнімді айттым да, өз жөнін сұрадым.
— Бейсекей дегенді естіп пе едің?— деді ол.
— Жоқ,— дедім мен.
— Бейсекейді бүкіл Қызылжар біледі,— деді ол маңызданып,— оны сенің Торсаның да біледі.
— Сонда, кім ол?—дедім мен.
— Мен! — деді ол, оң қолының үсік саусағымен кеудесін шұқып.
— Сіз?!—дедім мен, таңданған кескінмен, ішімнен өзін-өзі мақтап, есі дұрыс па, өзінің?!» деп ойлап.
— Иә, мен, Бейсекей...
— Сіз қайда істеген едіңіз?
— Мен Окружной сотта, жиырма бес жыл разносщик болғам!..
— Ол не қызмет?—дедім мен түсінбей.
— Соттың барлық қағаздарын тасу! — деді Бейсекей салмақтана түсіп, мұрттарын екшей қозғап қойып,— ондай істі барлық адамға сеніп тапсыра бермейді. Ол сенімге жету үлкен жұмыс!
«Сот», «судья» дегендерді мен бұған дейін естігенім болмаса, көрген емен, сондықтан, Бейсекейді шынында үлкен қызметте болған адам екен деп түсініп, бірақ, мына отырған түріне түсінбей:
— Қазір не қызметтесіз?— дедім мен.
— Бақша сыпырам! — деді Бейсекей күрсініп.
— Неге?
— Қызмет жоқ. То - есть,— деді ол жұлып алғандай,— қызмет бар, бірақ әділеттік жоқ.
— Неге?
— Заң жоқ. Колчак заңды білмейді, өзіне қарсы сөйлеген кісіні қамай береді, ата береді!..
— Сізді қызметке алмай ма ол?
— Алар еді, мен кірмеймін.
— Неге?
— Мен заңға үйренген кісімін. Заңсыздыққа шыдай алмаймын. Ной Колчак! — деді Бейсекей басын шайқап, ызаланған кескінмен,— нойқан - ішер!.. Кісі өлтіргіш!..
— Бұл сөзді айтуға қорықпайсың ба, сен?—дедім мен.
Сенен қорықпаймын,— деді ол күліп,— өзгеден қорқам.
— Менен неге қорықпайсыз?
— Түріңнен көріп тұрмын. Сен әлі қаланың қулық-сұмдығын білмейсің.
— Сонымен қазіргі қызметіңіз не?
— Осы бақшаны сыпыру.
— Оқыған адамсыз ба?
— Оқыған жоқпын. Бірақ, сот жұмысында практикам кегі!.. Жиырма бес жыл!.. Ойла, оның қанша жыл екенін.
— Семьяңыз бар ма?
— Жоқ, үйленген жоқпын,— деді Бейсекей тағы да салмақтана қап.
— Неге?
— Ол — құпия.
— Туыстарыңыз бар ма?
— Жоқ. Жалғызбын. Әкеден жетім қап, қалаға бала шағымда келдім. Содан әлі осындамын.
— Мына қызметіңіз күн көріске жете ме?
— Маңайын да көрмейді.
— Онда қалай тамақ асырайсыз?
— Қызылжарды білмейді екенсің,— деді Бейсекей мұртын ширатып,— білсең мұны айтпас едің. Татарлардың «Ғафифә» деген биін білесің бе? — деп сұрады ол менен.
—Жоқ.
— О, надан екенсің ғой. Тамаша би бар сондай. Өлеңі (Бейсекей түрегеп, билеп көрсетті):
Бас, қызым, Ғафифә,
Син басмасаң, мин басам!..
— Осы бидің өлеңін татарлар қазақшалағанда,— деді Бейсекей тағы да билей, күле сөйлеп:
Хаптыр-хаптыр Бисәксй,
Хаптыр-хаптыр Бисәкей,
Сиыр сауып ұтырғанда,
Сиыр сауып ұтырғанда
Нығырақ ұтыр, Бисәкей.
— О не дегені?—дедім мен күліп.
— Оған сен түсінбейсің,— деді Бейсекей, билегеннен аздап алқынған демін алып.
— Сонымен, қалай күн көресіз?— дедім мен.
— Петропаул бар жерде мен аштан өлмеймін,— деді ол.
Со кезде, аллеяның алысырақ тұсынан бір адам қылтың етіп жоқ болды.
— Милиционер!—деді Бейсекей сұстана қап,— Колчактың!.. Жоғал, төз!..
— Неге?
— Ну, кет! — деді Бейсекей сыздана жекіп,— мына жақпен кет! — деп ол жөн сілтеді.
"Біp пәлесі бар екен ғой» деген оймен, мен бақшаның қалың ағашына сүңгіп кеттім. Кейін білсем, осы Бейсекей 1917 жылы Қызылжарда ұрылған Совдепке де қағаз тасушы боп, соның ісіне шын берілген екен де, Колчак көзінде қорғалап жүріп күн көріп, большевиктерге қиянат жасаған адамдардың кімдер екенін көңіліне тізе берген екен, кейін, совет үкіметі орнағанда, кеп шындықты ашып берген екен. Бақшадан шыға, мен дүкендерді араладым. Бәрі де қаңырап бос тұр. Көбі жабық... Менің мақсатым, егер реті кеп қалтамдағы ақшам жетсе, үстіме тым болмаса көйлек - дамбал алу еді. Дүкендерден олар табылмай сандалған кезде:
Киім іздесең барахолкаға бар, — деді жөн сұраған біреу.
— Ол не?
- Ескі-құсқы киімді қолдан сататын жер.
Оны да таптым.
Қызылжардың Ойқаласы мен Дөңқаласының аралығындағы кең, алқапқа жиналған бұл барахолкада адам деген құмырсқаның илеуіндей қайнайды екен. Мұндай мол жиын, көп адамды, бұған дейін мен көрген емен. Қымбатшылық деген онда өрт боп күйіп тұр екен. Менің қалтамдағы бар ақшам, көнетоз бір көйлекке де жетер емес, ондай көйлек жүз сомнан бері табылар емес!.. Жаңа киімнің барахолкада иісі де жоқ, бәрі ескі, кейбірін киім дерлік те емес, сонда да шіреніп қымбат сұрайды... Киімге тісім батпаған соң «азық-түлік сатылады» деген барахолкаға бардым. Нан атаулыдан онда ештеңе жоқ, Етті біреулер қадақтап қолға ұстап жүр. Бірен-саран тауық кездеседі. Менің қалтамдағы бар ақшам бір тауыққа жетер емес. Мынадай жағдайда тамақ асырап көр!.. Күн көріс жағынан қаладан көңілім суыған мен, Жәмпейістің үйін іздеп «Кірпіш сарай» жаққа кеттім. Қаланың ол бөлімі, Есілдің биік жарының етегін ала, ығы-жығы боп орнаған екен. Мұндағы үйлердің түрі, Кпитан түгіл Жаманшұбардан да жаман сияқты. Көше тәртібімен салынбағанмен, Жаманшұбардың шым үйлерінде үйге ұқсастық белгілер болушы еді, «Кірпіш сарайдың» ығы-жығы орнатып үйлерінің көбі үй емес, биік жарқабақтың етегінен үңгірлеп жасай салған апан. Сондай «үйлердің» арасында жоталанып кеткен кейбір биік төбелердің неліктен бұлай жасалғанын жөн білетін біреулерден сұрасам:
— Бұл тұстың «Кірпіш сарай» аталатын себебі, — дейді маған,— осы етекте үнемі кірпіш соғылары да, күйдіретін заводтарға тасылады. Кірпішті жеке адамдар немесе ұйымдасқан артельдер соғып, заводтарға қазына бағасымен сатады. Бүкіл Қызылжардағы кірпіш үйлердің бәрі осы арада соғылған кірпіштен жасалды десем қателеспеспін.
Жарқабақтың астындағы ойлы-қырлы өлкеге жиналған «Кірпіш сарайдың» ұшы-қиырына көз жетпестей кең. Жөн сұраған адамым, «Кірпіш сарайда» қанша үй барын мөлшерлей алмай:
— Қызылжар аталатын қаланын, тәртіппен салынған жоғарғы жағынан, тәртіпсіз салынған бұл жағынын, халқы әлдеқайда көп,— дейді.
— Немен тіршілік етеді, бұлар?
— Көзі келген жұмыспен. Жұмыс таба алмағаны,— ұрлық-қарлықпен.
— Бала, сен сақтан,— дейді ақылшым,— бетін,мен жүрме, және мезгілсіз жүрме, біреу-міреу өлтіріп тастар.
— Мені ме?!. Неме қызығып?..
— Өй, ақылы жоқ!.. Бір үзім нан таба алмай жүрген аштарға, үстіңдегі киімін, жаман болғанмен, бір күндік тамағын өтемейді деп білесің бе?..
Ақылшым Жәмпейісті білетін адам екен. Оның айтуынша, большевик болғандықтан, оны Колчак үкіметі абақтыға салып қойған». Бұл хабарды естіген соң және ақылшымның ұрылар туралы айтқан сөздері жүрегімді сескендірген соң, кейін қайтып кетуге бір оңтайландым да, Жәмпейіс үйінің нақ қасына кеп бармай кетуді ыңғайсыз көрдім. Көшелері жоқ, көше сияқтанған кей жерде белгілі аты жоқ, ат қойылған көшесымақ үйлердің номері жоқ, ойлы - қырлы жарқабақтың астына, қиқы-шойқы, үйме-жүйме боп салынған «қаланың» ішінен Жәмпейіс үйін табу маған оңай болған жоқ. Біраздан кейін, іздегеніме қуанған да жоқпын, өйткені, үйлердің арасына үйден, қорадан шығарылатын Қоқыстың бәрін ыбырсытып тастай беретіндіктен, көп жерде жүруге мүмкін емес. Кей жерге өлген ит, мысық сияқты хайуандарды тастап, олардың сасыған исі аңқаңды атады. Бұған дейін Қызылжар аталатын қала, менің ұғымымда «жердегі жұмақ» еді, орталық көшелерін көргенде «жұмақтығы рас та екен-ау!» деп қалып ем, шетірек көшелерін көргенде, ол бағама күдіктене бастап ем, енді, мына «Кірпіш сарайға» қарасам, көзім көрмегенмен, құлағым естіген тамық осы сияқты!.. Бұл менің бұрын көрмеген сұмдығым!.. « О, шаһар, ауыл сияқты, сен де ақ үйлі, қара үйлі екенсің - aу!.. Сенің де байын, мен сорлың бар екен-ау!..» деймін ішімнен... «Сұрай-сұрай меке барадының» кебімен, Жәмпейістің үңгірін де таптым: бір биік төбенің етегін жырып жасаған кішкене ғана бөлме екен. 1950 жылы жетпістер шамасында қайтыс болған Жаңыл жеңгей, ол кезде қоңыр түсті, үлкендеу қой көзді, қыр мұрынды, толықша орта денелі, көркем әйел екен. Абақтыға түскен ерін сағынды ма екен, немесе, Жәмпейіспен еріп кеткелі кермеген туған елі есіне түсті ме екен — аты-жөнімді сұрап алғаннан кейін, Жаңыл мені құшақтады да, дауысын көтеріп қазақша көрісті. Мұң – мұқтажым айтқан оның зарлы үні, менің де көзімнен жас шығарды... Жаңылдың айтуынша, Жәмпейіс май айынан бері абақтыда жатыр, айыбы — «үш жүз» болуы. «Үш жүз» дегендей менің аздап хабарым болатын. «Алашорда газеттері: « Сарыарқа» мен «Жас азаматтың» баяндауынша «Үш жүз» партиясы — Алашорданың жауы. 1918 жылдың мартынан бастап май айына дейін Петропавлда шыққан «Үш жүз» газетінің бірнеше номері Торсан үйіне де келген еді. Со газеттің сегізінші номерінде «Алаш» партиясында жүрген қу табандардың мұрындары қанап, жарға құлады» деген бас мақала шықты. Мақаланың авторы Көлбай Төгөсов «Алашорданың» басты адамдарын сыбай жамандап, былай Деген: Қалақтан шыққан қара албасты Ғалихан (Бөкейханов С. М.) 31 декабрьде. 1917 жылда І ) Омбы қаласына келіп, маңдайша, табалдырығы жоқ, шірік ағаштан кереге, уық жасап, қиқайтып, шаңырақсыз, қатты бір соққан желден жығылатын Алаш партиясы атты отay жасап кетті... Семейдің списогін алып қарасақ, өңшең арам құзғындар, қастарына күздігүні адасып қалған соқыр тырнадай қылып, кемиек Халел Ғаббасов қуды алып, алаш партиясының керегесін жайған...» Мақаланың авторы одан әрі, 1918 жылдың 12 февралында Петропавлдағы Алашорда комитетін жергілікті Совдеп құлатып, бастықтарын абақтыға жапқанын хабарлайды. Мақала «Алаш партиясында жүрген қу табандардың үндері өшті, тістері сынды, мұрындары қанады, адам қатарынан жарға құлады» деген сөздермен бітеді. Кейін, тарихи деректерден қарағанда, «Үш жүз» партиясы 1917 жылы Петропавл қаласында ғана құрылып, Қазақстанның өзге өлкесіне тарамаған. Екі жарым айда азғантай ғана сандары шыққан «Үш жүз» газетін оқысақ, бұл «партияның» да ұлтшылдық бағытта ұйымдасқанын көреміз. Программалық жағы әсер партиясына келеді. «Үш жүз» Петропавлдағы Совдеппен бірігіп қызмет істеген де, 1918 жылы чехословактардың Сібірде революцияға қарсы жасаған перевороты болғанда, Совдеп адамдарымен бірге, «Үш жүздің» адамдары да абақтыға алынып, бастығы Төгөсов қып, Колчак олардың көбін атқан. Жәмпейістің «Үш жүзге» мүше болуы рас екен, (кейін, дұрыс адамдар қатарына қосылып, көп жыл советтік мекемелерде қызмет атқарған, ақырында бандиттер қапысын тауып азаптап өлтірген Жәмпейістің өмірі қызық роман). Оған да бірде оралуымыз мүмкін. Қызметпен ғана қалтақтап күн көретін Жәмпейістің үйі, ол абақтыға түскен соң жүдеу екен. Со жәйін айта кеп:
— «Қуыс үйден құр шықпа» деген сөз бар, шырағым,— деді Жаңыл,— ағаң болса бұндай қонақасы ішпес ең, шай да болса дәм тат.
Кішірек ақ самауырға қойылған сүтсіз шайды қара нанмен ғана сораптай тартып отырғанымызда, үйге арық денелі, сақал-мұртын қырған, беті әжімді, орта жастағы біреу кеп кірді.
— Жоғары шық, Адамқұл! — деді оған Жаңыл.
— Осы ара да жетеді, — деп, ол босағадағы сандықтың үстіне отыра кетті де, — бұл қай жігіт? — деп сұрады мені.
Жаңыл білгенінше менің аты-жөнімді айтты.
— Өзі бір сөзге үйір бала екен,— деді Жаңыл Адамқұлға, мені иегімен нұсқап,— Жәмпейістің абақтыға жабылғанын бұл сұрап, мен дұрыстап айта алмай, әуре-сарсаң боп отыр ек, сен білесің ғой оны, қысқаша болса да дұрыстап айтып берші — деді.
Мен де өтіндім.
— Сен өзің газет-журнал оқитын жігітпісің? — деп сұрады Адамқұл менен.
— Аздап.
— Мысалы, қандай?
— «Жас азамат», «Сарыарқа»...
— Олардан басқа?
— Жоқ.
— Онда білетінің аз екен,— деді Адамқұл.— Сен өзің «ақ», «қызыл» дегенді, «большевик», «меньшевик» дегенді білетін жігітпісің?
— Жөнді білмеймін.
Онда, түсіндіру де қиын болды ғой саған.
- Есім кіріп қалған баламын ғой, ағай,— дедім мен, оның кемсіне сөйлеуіне намыстанғандай,— айтсаңыз түсіремін.
- Ширақтау бала екенсің, айтсам айтайын: большевиктердің өзің сияқты жоқ-жітіктерге пана болғысы келейін білесің ғой.
— Естідім.
- Революция жасаған, патшаны құлатқан солар.
- Одан хабарым бар.
Большевиктердің ұйымы біздің Қызылжарда да ерте орнаған. Сен Валерий Куйбышевті білемісің?
Естіген жоқпын.
Қарт большевиктердің біреуі және басшыларымен, біреуі. Туған жері — Көкшетау үйезіндегі Шортанда (Шучье). Омбыда оқыған. Сол кісі большевиктердің ісіне жас көзінен араласып, 1905 жылдар көзінде осы Петропавлға келген де, жұмысшылардан большевиктер тобын ұйымдастырған. Сол ұйым кешегі патша тақтан құлайтын февраль революциясына дейін келді де, революция күндері, жергілікті большевиктер Совдеп құрды. Білесің бе, оның не екенін?
— Естігенім бар,— деп мен түсінігімді қысқаша айтып бердім.
- Жобаң дұрыс,— деді Адамқұл.— Совдеп құрылғанмен үкіметті ұзақ ұстап тұра алмады.
— Неге?
— Орталықтан, яғни Москва мен Петроградтан алыс болды. Жергілікті күш аз болды. Сөйтіп жүргенде чехословиактардың перевороты басталып кетті.
- Со не өзі? — дедім мен, бұрын естігенмен, бұл оқиғаның не екенін түсінбей жүргендіктен.
Империалистік соғыс тоқталғаннан кейін, жеріне Америка арқылы қайтуға шыққан чехословактардың корпусы бастығы генерал Гайде. Ақтардың үкіметі оларға қару берді де, чехтар Самар мен Новосибирь арасындағы Совдепті құлатып, Колчак үкіметін қолынан тұрғызып кетті. Түсінікті ме?
Шамалы түрде...
Одан артық түсіндіруге өз білімім де жете бермейді, - деді Адамқұл.
— Сіз өзіңіз кім боласыз? — дедім мен.
— Оның саған қажеті не?
— Қажет болмаса сұрамаймын ғой.
— Мен бір жұмысшы адаммын...
— Көзіңіз ашық сияқты ғой...
— Қалада туып, қалада өскесін, ол-пұлды білсек білетін шығармыз, оқығаным жоқ кісімін...
— Тоқығаны көп,— деді Жаңыл,— сен,— деді ол Адамқұлға,— түсінуі қиын ауыр сөздерге бармай-ақ, қызылдардың осы қалада қалайша құлағанын айтып берші осы балаға!..
— Ол кеп сөз емес,—деді Адамқұл, — Февраль революциясынан кейін, Қызылжарда ақтың да, қызылдың да үкіметі қатар жасап тұрды. Аққа Алашорда қосылды. Жәмпейіс ішінде болатын Үш жүз қызылдарды жақтады. Сонымен, биылғы жылдық майы туды. Майдың он сегізі күні, Қызылжар вокзалына чехтардың эшелоны келіп тоқтады деп естідік. Совдеп бұл хабарға көңіл бөле қалды.
— Сөзіңізге қарағанда, сіз сол Совдеппен байланысты сияқтысыз ғой, ағай,— дедім мен,— менен несін жасырасыз, кімі боп қызмет істеген едіңіз оның.
— Ешкімі болып та емес...
— Сонда да?
— Оны қоя тұр, бала,— деді Адамқұл,— бастаған кеңесімізді аяқтайық. Совдеп жинала бастады. Бірақ, қолында қанша күш бар. Бар мүшесін жинаса, жүзден аз - ақ асады. Жұмысшылар көпшілігінің симпатиясы соның жағында болғанмен, ұйымдасып жетпеген, қаруланбаған көз...
— Ал, ақтар,— деді Адамқұл дауысын көтеріп,— чехтардың эшелоны келгенін естіген соң қала мен вокзал арасында дамылсыз шапқылап құтырып кетті... Сол күні түнде переворот жасалды...
— Қалай?
— Түн ортасында қарулы чехтар мен ақтар бірігіп қалаға шабуыл жасады да, Совдептің үйін қамап ап, күзеттегі адамдарын тұтқынға алды...
— Өзгелерін ше?..
— Үйді-үйлерінен ұстады...
— Қайдан біледі үйлерін?..
— Ақтардың жергілікті үкіметі аңдып отырған адам емес пе олар?
— Не істеді сонан кейін?
Көбін табан аузында атқан, одан қалғанын абақтыға жапқан...
- Екі адамның өлімі аса аянышты болды,— деді Адамқұл ,— бірі Кәрім Сутюшев, бірі Хафиз Базарбаев.
— Кімдер еді олар?
Сутюшев мұғалім еді. Ақтар оның мойнына арқан байлап, салт атпен желе жортып жетектеп жүрді, артынан екі салт сабап айдап отырды. Халі біткен Сутюшев құлағанда, ақтар оның денесін сүйретіп шауып кетті. Сол қалпында өлсе де тастамай, көшелерді кезіп көп уақыт шауып жүрді...
Обал - ай!
- Базарбаевтың өлімі одан да аянышты...
- Ол кім еді?
- Тері заводындағы жұмысшының баласы еді. Он сегіз жасында большевик болған. Совдепте жастар жұмысын атқаратын ақтар оны Мұратов дейтін татар байының от диірменінің алдындағы темір бағанаға сыммен шырмап байладым да, үстіне кәрәсін құйып, тірідей өртеді... «Көріңдер!» деп халықты қарулы әскерлер маңына иіріп тұрды...
— О, хайуандар!..
- Сонда жас большевик жауға қарсы тұрып, «жасасын пролетариат революциясы!» деп айқай салды...
Мынау ерлік, менің жан-тәнімді түгел аралады да кетті.
- Ол шеккен ауыр азапқа жаным қатты ауыра отыра, ерлігіне қатты сүйіндім мен...
«Міне, қайда, бет бұрған ісіне берік адам!» деп ойладым мен...
— Міне, большевик дегендер осындай болады! — деп бітірді Адамқұл сөзін.
Ол қалта сағатына қарады да:— «көбірек отырып қаппын ғой, кетейін» деп түрегелді...
— Ал, бала, қош! —деді ол маған басын изеп,— менің берер батам — большевик бол! Адамқұл шығып кетті.
— Не қылған адам бұл?—дедім Жаңылға.
- Дәулеткелдиев дейтін бір бай ноғайдың атшысы болушы еді,— деді Жаңыл,— қазір жұмыссыз білем. Соқа қара басы. Тегі бұны да қызылдарға тілектессін, деп қужай ма деп, қайтеді екен, осы кезде зады, сырғып жүр ғой деймін, мекені көбінесе Кірпіш сарай. Біздің үйге де келіп-кетіп жүреді...
— Фамилиясы?
— Алданазаров. Мұндайлар осы қалада толып жатыр...
Жәмпейіс үйінде отырып, тағы бір туысымды тауып алдым. Ондай туысым барын қыдырып келген бір шал айтты. Шал менің әке-шешемді білетін кісі боп шықты.
— Андағұл дейтін елде, Шопан аулының адамымын,— деді ол.— Әкең Мұқан біздің ауылға жиен болатын. Бала күнінен жігіт шағына дейін бірге өскеміз. Содан кейін ол өз еліне көшіп кеткен. Әкеңнің шешесі — Қағаз деген кісі. Оның інісінен туған немере сіңлісінің үйі осы арада. Аты Айша, күйеуінің аты Төребай. Барып амандас. Жөніңді айтсаң біледі.
Жаңылға еріп барып таныссам, Айша апай тұйық мінезді, үсті-басын салақ ұстайтын, нашар киінген, орта жасты, толықтау орта денелі адам екен. Бір төбенің, етегінен жырып жасаған бұл үңгірде «сілкіп салар сырмақ жоқ» дегендей, көзге ілігетін тәуір түк те жоқ, азын аулақ бар «мүлкі», бұған дейін мен сирек керген ескі - құсқылар... Айшаның айтуынша,— күйеуі Төребай қырманда мал сояды екен. Ері сорпа-суандық бірдеме әкелгенше, бұл үйде татар дәм жоғын айтып, дәм татпай кетуіме ренжитінін білдіріп, Айша апай мені Төребай жұмыстан қайтқанша бөгеді. Аздан кейін үй әбігерге айналады: Айша апай құдықтан су әкеп, пешке орнатқан үлкен қазанға құйды да, астына сиырдың тезегін тұтатты; он, он екідегі тетелес балалары — Шұғайып пен Мұхаметжан пышақтарын қайрауға кірісті. Сондай әбігердің үстіне, аласа бойлы, жуантық денелі, көсе сақалды, сирек мұртты, жалпақ бетті, жуан басты кісі кеп кірді. Кісінің басындағы орысша кепкесі, үстіндегі шалбарланып алған фуфайкесі, жүнін сыртына айналдырып киген тері шалбары сойылған малдың қан-жынымен мейлінше былғаныпты. «Төребай осы болар» деген оймен сәлем беріп, қолын алғанымда, оның саусақтары быртықтау жалпақ алақанының қасында менің алақаным, түйенің табанына салыстырған ешкінің бақайы сияқтанып қалды. Сәлемнен басқа сөзге келмей, Төребай пештің қуысына қарай жөнеле берді де:
— Қатын, леген даяр ма? — деді.
Айша сопақтау қаңылтыр астау мен ескі үлкен жез құманды босағадан пештің қуысына апарып қойды да, Төребайдың бер жағын ескі кенеп шекпенмен қалқалай берді... Көрмегенмен естіп тұрмын: Төребайдың тұла бойынан қаңылтыр астауға әлденелер шылпылдап түсіп жатыр... «Бұл несі екен?!» деп таңданып тұрмын мен.
— Ал, әкетіңдер, мына астауды, төгіңдер, таза шептің үстіне! — деді Төребай.
Мұхаметжан мен Шұғайып шешесінің шекпенмен қалқалап тұрған ар жағынан қаңылтыр астауды бері қарай суырып алып шықты, ішінде сойған сиырдың өкпе-бауыры, шек -қарыны сияқты «көр-жерлер». Қалқалаған шекпеннің ішінде, Төребай жуына бастады... Астаудағы «кер - жерлер» семіз екен. Төребай оларды қойны - қонышына тығып ұрлап әкепті.
— Неге ұрлайсыз? — десем.
— Ұрламағанда қайтейін, шырағым,— дейді Төребай,— еңбек ақы түкке жетпейді. Ақша құнсыз. Бойнаның ақшасы емес, осындай олжасына қызығып жүрмін.
— Ұстап алса қайтесіз?
— Амал қанша оған!.. Былай да, былай да өлу!.. Ұсталып та, сотталып та жатыр жұрт... Сонда да ұрлайды... Ұрламағанда қайтсын, Өлсін бе?.. Басқаша күн көрер кәсібі жоқ!..
Аз отырып жайланғаннан кейін, Төребай арғы тарихын сөйлеп кетті.
— Менің жасым биыл елу алтыда,— деді ол,— әкем Сарыбай осы арада өмір бойы кірпіш соғумен өтті. Мен тоғыз жасымда жетім қалдым. Содан бастап, кеше патша түскенге шейін кірпіш соғудан жазы-қысы босаған емен... Мен артық сөздің кісісі емеспін, шырағым, қата айтты десең көршілерден сұра, осы бір тұстағы кең ойықтың балшығын мен қазып түгестім... Осы жуан табаныммен,— дейді Төребай, жалпақтығы пілдікіндей табанын көрсетіп,— нелер мыңдаған кірпішті жаяу иледім... Жылына қырық мың, елу мың кірпішті подрядчикке өткізіп тұрған кездерім болды...
— Онда неғып байып кетпегенсіз? — дедім мен.
— Ойбай, балам - ай, білмегенсін айтасың ғой! Қайдан байисың, кірпіштің біреуін жарты тиыннан әрең өткізетін күніміз болды!... Сонымен байи ала ма кісі?.. Подрядчик бізден жарты тиынға алса, заводқа бір тиыннан сатады...
— Заводқа тура неге сатпайсыздар?..
— Ойбой, шырағым - ай, оған күш қайда, көлік қайда!..
— Ол жұмыстан неге шықтыңыз?
— Шығайын деп шықтым ба, балам - ау!.. Аударыспақ заман басталғалы кірпіш күйдіретін заводтар тоқтады. Басқа кәсіп табылмады. Содан, мына ши - аяқ балаларды асыраймын деп, былтырдан бері бойнаға кірдім... Бұған кіргенше біреудің ала жібін аттаған жан емес едім, қандай ауыр азапта жүрсем де, біреудің мүлкінен тал шайнап, қыл жұтқан күнім жоқ еді... ашты-тоқты отырсам да, адал еңбегіме жалынатын ем. Баяғыда біреу айтқан екен «байлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді»— деп. Жоқтық жеңеді екен, шырағым!.. Аштан өліп баратқан соң арамды да ауызға салады екенсің!.. Арам емей немене, мынау қуырылып жатқан шек - қарын?.. Ұрлап әкеп отырған жоқпын ба, мен оны!.. Ұрлаған соң арам емей немене?.. Ұрламайын десең аштан өліп барасың, өзің ештеңе етпес ең, қатын-балаң аштан өледі!.. Ақыретке барғанда не деп жауап берерімізді қайдам, әзірге ұрлықтың қуырдағына тойып жатырмыз!..
Біздің алдымызға әкелген үйеме қара табақ, майы шылқылдаған қуырдақ, тамаша тәтті екен... Қолыма тиген кетіктеу ағаш қасықпен қуырдақты майына батыра көси соға бастадым...
— Же, шырағым,— деп қояды, маңдайынан тері сорғалай, қуырдақты мол асап отырған Төрекең маған анда-санда қарап қойып,— «адам айдаса барман, дәм айдаса қалман» депті ғой бұрынғылар. Дәм айдап келе қалған шығарсың, бар мәзір, жоқ жайымыз осы, же, тойып!..
Қанша қомағайланып жегенімізбен мол қуырдақтың мұрты сынар түрі жоқ... Қуырдақ артынан қою қара шай келді. Соны сораптай тартып кеңесіп отырғанда түн ортасы ауып кетіпті...
— Қазақта «кел демек бар, кет демек жоқ» деген мақал бар,— деді Төребай, мен уақыт жайын сол үйдің қабырғасында тықылдай соғып тұрған қаңылтыр арзан сағаттың тілдерінен көріп, пәтеріме қайтпақ ойымды білдіргенде,— бар мәзір, жоқ жайымыз осы. Бұдан басқа берер тамағымыз жоқ. Бірақ сен осы үйге ұйықта да, таң біліне менімен бірге тұрып кет пәтеріңе.
— Неге, Төреке?
— Ұры көп. Ең алдымен, осы Кірпіш сарайда, екінің бірі ұры. Біреу-міреу өлтіріп кетер...
Амалсыз қонуға тура келді.
Күні бойы қаланы аралап шаршаған да болуым керек және асқа тыңқиып тойып алған кісімін, өліп ұйықтап қаппын... Күбірлеген дыбысқа ояна кетсем, Төребай мен Айша тұрып, сығырая жанған білте шамның қара-көлеңке сәулесімен жабдықтарын жасап жатыр екен: Төребай жұмыс киімдерін киіп жатыр, Айша оның ішіп кетер асын қамдап жүр... Ас — түндегі қуырдақтың қалдығы мен шәй. Оған мен ортақтаса кеттім. Ac үстінде:
- «Ал»— тілі деп ойлама, шырағым,— деді Төребай,— асықпасаң бүгін де жат! Тіпті жұмалап жатсаң да мейлің. Осы қуырдақтан артық береріміз де, кем береріміз де жоқ.
Рахмет, Төреке,— дедім мен.— Қуырдағыңызға да, ниетіңізге де тойдым. Пәтер жағыма барайын, мені іздеп жатқан болар.
Өзің біл.
Тысқа Төребай екеуміз бірге шықтық. Маған бүкіл Қызылжарда ең жақсы адам осы кісі сияқтанды. Екеуміз қолымызды ұзақ уақыт қатты қысып қоштастық: Төребай ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті, мен жарға асылған жолмен биікке ерледім... Биік жарға ерлеп келе жатқан менің ұзақ уақытқа дейін есімнен Төрекең шықпады. Не деген жақсы кісі ол!..
«ҚҰЛАП ҚАЛМАҢДАР!»
Мен таң бозара пәтеріме келсем, Боржабай қора ішінде ат күту жабдығында жүр екен. «Қайда болдың?» деп бастап, ол мені жерден алып, жерден салып, боғауызын араластыра біраз ұрысты.
— Түске жақын кел дегенім қайда? — деп келді ол,— қаладан шығарып кешке дейін аттарды оттат дегенім қайда?.. Көлікті осынша ашықтырып, күндіз қаңғырғанды місе тұтпай, түнде қаңғырғандай, онымен де қоймай таң біліне келгендей, бұл Қызылжарда әкең Мұқанның қай құдасы бар еді?
Мен бұл сөгулер мен бұл ұрсулардың ешқайсысына да жауап қатқан жоқпын. Несіне қатам, Боржабаймен сөз таластырғаннан шығар пайда жоғын білем, бірер күннен кейін айрылатын кісімен керкілдесуден маған түсер пайда қанша?.. Боржабайдың қабағы мұншама қатуының себебін мен күн көтеріле оянған Бәкеңнен ғана білдім. Бұл сапарға олар шықпастан бұрын, әлдекім «ұлан байтақ товар әперем» деп уәде өткен екен. Кеше ол адам, ылаулаған товардың орнына мық тақта кірпіш шай ғана әпереді, оның да жүз тақтасын мараға алады. Ол да, әрине, аз пайда емес, бір тақтаға бір қой беруге, шайдан қаңсып отырған ел әзір екенін білем. Боржекеннің бұл пайданы місе тұтқысы келмейді:
— «Пәлен жерде бақыр бар, барсаң бақыр табылмас, азаптанбай жатыңдар» дегендей,— дейді ол,—ат тері шығын болған жол екен бұл! Мұндайын білгенде, Қызылжарға сүйресе келетін емес ем!..
Боржабайдың бүгін ниеті ерекше тарылу себебі осыдан екен. Сондықтан да ол, жолда келе жатып «сұлы алатын ұсағың бар ма, бала?» деп сұрап алған бес сомды бермейтін қалпын көрсетті. Маған соның кегін қайтару керек, бірақ, қалай? Кек қайтарудың сәті түсе кетті: Боржабай мені далаға ат оттатып келуге жұмсады. Менің ойым,— Бәкеңнің атын от жерге тұсау да, Боржабайдың атымен қыдыру. Осы мақсатпен аттанып, былай шыға оты бар жерді сұрастырып ем:
— Сонау бір сұрлау биік үйді көресің бе? — деді жөн сұраған адамым.
— Көрдім. Не үй ол?
— Қаланың астық үйетін сарайы, атын элеватор дейді. Содан әрі шықсаң - ақ көкмайса. Ат оттатуға одан қолайлы жер жоқ.
Сілтеген жөнге кете бардым. Элеватор тұсынан маған кесе - көлденең айқыш-ұйқыш темір жолдар ұшырасты. Одан әрі өтсем, дөңестеу жер, шынында қалың бетегелі от екен. Сол араға Бәкеңнің қара көгін шідерлеп тұсадым да, Боржабайдың торысын мініп жөнелдім... Қайда бару керек?.. Мен ертең поезға мініп, Омбыға кетпекпін. Бірақ, поезд дегеннің не екенін кеше Кондратьев станциясынан көргенім болмаса, мінген пенде емеспін. Ендеше, мінерден бұрын, поезды, оның вагонын көріп алуым керек... Бұл ойды қалай іске асыруға білмей келе жатқанымда, маған салт мінген бір қазақ кездесе кетті. Мән-жайымды сұрастырып алғаннан кейін:
— Ойбой, інішегім - ай,—деді қазақ,— әлі шикі екпе біреу екенсің ғой, жолға шығып көрмеген!.. Поезд деген, әрине, сенің қазақ арбаң емес, ырғып мініп тартып жүре беретін. Мінуді білмесең астына түсіп өлесің. «Билет» дегені болады оның. Ақшаға сатып алады. Қалтаңда ондайың бар ма еді?
— Қанша тұрады екен билеті?
— Дүние күйіп тұр ғой қазір, қымбаттықтан. Омбыға дейін екі жүз сомнан кем алмас.
Ондай ақша менде жоқ, ағай,— дедім мен шошып кетіп.— Менің қалтамда отыз-қырық сомдай ғана бар. Ойбо – о - ой, шырағым - ай,— деді қазақ кейіп,— ендеше иеменеңе оқу іздеп барасың?!.
— Өкіметтің стипендиясына сеніп...
— Кім «өкіметің?» Колчак па? Мә, береді саған мынасын! — деп қазақ маған қарап қолын шығарды.
Мен оған қатты мойып қалдым. Өйтпегенде ше? Қайда барсам да «бір тәуекелден» басқа, маған «оқуға бара ғой» дейтін ешкім жоқ. Қанша берік дегенмен, «тәуекел» де қажиды екен. Ол да, мен де қажыдым!.. Сондықтан ғой деймін, қазақтан енді не істеуді сұрап ем:
— Тілімді алсаң,— деді ол,— маған ер, сен!
— Сіз қайда апарасыз?
— Мен осы арадан 35 шақырым жерде мясокомбинаттың малын бағып отырмын. Маған серік боласың.
Қазақ осы ұсынысын қайталап айтып көндірмек болғанмен, іштей солқылдасам да, сырттай ризаласпадым, ризаласуыма «тәуекел» жібермеді... Қазақ «сен оңсаң, мен мына мұрнымды кесіп берейін!» деп кейіп қалды. Тәуекел мені вокзал жаққа бастап әкетті, ондағы ойым,— ертең мінетін поездың да, оның билетінің де жәйін күн бұрын біліп қою. Шабан атты шылбырмен борбайға осқылап, шым-шытырық темір жолдың арасымен вокзал жаққа шоқыта жортып келемін... Бір кезде, арт жағымнан да, алдыңғы жағымнан да өкірген паровоздың дауысы естілді. Мен қарап үлгергенше, артымнан да, алдымнан да ағызып келе жатқан екі поезд кездесті...Қаным тас төбеме шықты... Естуімше, поезд деген «жануар» көз ұшында көрінсе болғаны—жолдағыны әп-сәтте басып кетеді!.. Мені де сүйтер деген оймен, әуелі тұра қалдым да, ақылымды қорқыныш билеп, бір бетке қарай атты борбайлай қаштым. Егерде әлдекім мені жүгіріп кеп тізгінімнен ұстап алмаса, со бетпен қанша қашарымды және не боларымды білмеймін. Ол мені ұстап үлгірген кезде, екі поезд да екі жақ бүйірімді жанай өтіп кетті. Паровоздардың өкірген даусы мен вагондардың гүрсілі құлақты тұндырып жіберді...
— Не деген ақымақ баласың! — деп ұрысты маған, поездар өтіп кеткеннен кейін, шылбырымнан ұстаған буырыл мұрт, қара май киімді орыс,— өліп қала жаздадың ғой...
Поездың астына қарай қашып, жаныңды далаға тастай алмай жүрген баламысың?.. Менің алқынып әрең қайтарған жауабымды естігісі келмеген буырыл мұрт, «айда к чорту,.. вон туда!» деп, өз шылбырыммен өзімді жауырынға бір тартты да қоя берді. Мен тағы да вокзалды іздеп, кешікпей таптым, қала жағындағы алаңға атты байлап, вокзал үйінің ішіне кірдім. Онда сығылысқан адамнан ине тастар жер жоқ. Сыймаған жұрт ұзын, кең үйдің айналасын қоршап, көшкен елдей жүктерін тиесіп, ығы-жығы боп жатыр... Қанша ұзақ аралағанмен, бұдан ешнәрсе білер түрім жоқ. «Касса сонау жерде» деген маңға барсам, билетке тұрған адамдардың бір шетімен бір шетіне көз жетпейді.
— Сен бала, билет алам деп әуре болма, оны саған ешкім сатпайды да, сатқанмен сен ала алмайсың да. Омбы дегені осы тұрған жер. Кешке мінсең таң атпай барып қаласың. Ол жаққа баратын жұрттың көбі ұрланып мініп жатады. Сен де ұрланып мініп кет! —деп ақыл берді біреу.
Белімді бұл ақылға байлап тұрған кезде, темір жолдың шығыс жағынан екпіндей жүйткіген поезд көрінді. Оған тамашалай қарап тұрған менің есіме, Баймағамбет Зтулиннің, осылай келіп тоқтайтын поезға шығарған өлеңі түсті. Өлеңді мен жатқа білетінмін. Кейін оқығанда, поэзиялық жағынан көп кемшілігі бар бұл өлең, маған ол кезде, поездың не екенін бірінші рет танытумен қатар, керемет әдемі өлең көрінетін. Поезд көруге мені бірінші рет құмарттыратын осы өлең болатын, сондықтан, баспасөзде, жиырманшы жылдардың ортасында бір-ақ рет жарияланып, одан бері көрінбей кеткен осы өлеңді, құрметті оқушы, сіздердің алдарыңызға түгел тартқым кеп отыр.
«Көзге елестеп жырақтан,
Даусы өтіп құлақтан.
Көрінеді тізбек көш,
Жел - құйындай зулатқан.
Түтіні бұрқ-бұрқ будақтап,
Шұбырып кейін шұбақтап.
Отарба екен қарасам,
Келе жатқан бұрқақтап.
Жер жарғандай дүрілдеп,
Желмен бірге уілдеп,
Шойын жолдың бойымен
Келіп қалды күрілдеп.
Екі езуі көпіріп,
Айғай салып зекіріп.
Әлден уақыт болмай-ақ
Келіп қалды-ау өкіріп!
Ызғарланып қалтырап,
Жалғыз көзі жарқырап,
Келе жатқан бетінен
Тұрар емес жан шыдап.
Пыс-пыс етіп пысқырып,
Айдаһардай ысқырып,
Екі иіннен дем алып,
Долданады ышқынып.
Күтіп тұрған дабырлап,
Дәйек қылмай сабырлап,
Шықты алдымнан барлық жұрт,
Қара құрттай жабырлап.
Жұрт көшеге сыңысып,
Орнаса алмай сыйысып.
Бір-біріне көптіктен
Иықтары тиісіп.
Бәрі арбаға жиналып,
Төз мінсем деп таласып.
Сығылысып тіреліп,
Жан - дәрмен күн қарасып.
Багаждарын көтеріп,
Жүруге алды бітеліп,
Сырттағы мен іштегі
Бірін-бірі итеріп.
Кейбіреуі арбадан
Түсе сала жалма-жан.
Жанталасып алуға
Даяр судан қайнаған.
Шәйнегін алып шұбырып,
Топырласып жүгіріп,
Алып жатыр кезекпен
Арт - артына тізіліп.
Біреулер жүр мінбелеп,
Баса-көктеп кимелеп.
Тамақ сатып тұрушы
Әйелдерге үймелеп...
Бірі олай, бірі булай,
Сапырылысып жұрт солай,
Әрбіреуі әр жерде
Жүгіріп тым-тырақай.
Бір мезгілде қара арба
Ұқсап бейне тажалға
Ішін тартып жиналды,
Жүруге беттеп тағы алға.
Жынын шашты, шашынды,
Пысқырынды, қабынды.
Қоңырау да сол кезде
Шіңгір етіп қағылды.
Өріп жүрген барлық жұрт,
Секілденіп қара құрт,
Арбаға енді лап қойды.
Орны-орнына ұмтылып.
Сасқалақтап, жармасып,
Отырды - ау жұрт орнасын!..
Қара арба да сол кезде
Шіренді келіп тармасып!
Зорға уһілеп қозғалды,
Салды айғайды ызғарлы.
Ақырындап, баяулап
Көрдім баурын жазғанды.
Шыға - ақ, басты қимылын,
Бір-ақ шанышты құйрығын.
Көрдім айқын, шіркіннің,
Ұшқан құстай жүйрігін!..
Әлден уақыт шамасы
Алыстады арасы!..
Түсті ойыма көп қиял
Үзілген соң қарасы.
Сонда ойладым. «Бұл не іс?
Секілденген көрген түс!..
Елестеген шайтан ба,
Яки жын ба, көз буғыш!..»
Тағы былай ойладым:
«Жарамас таң қалғаным,
Бұны былай істеген,
Ғалымы екен жалғанның!...
Білім тапсаң сірә да,
Білмес нәрсе бола ма?
Көрінгенге алаңдау,
Ол білімге сия ма?
Оқу оқы таңданба,
Текке жүріп алданба,
Сыр ашылмас оқысаң,
Нәрсе бар ма жалғанда!..»
Қосылып сөз құралып,
Ден көңілім жұбанып.
Қиял түбін осыған
Қойдым әкеп доғарып.
Қайталап айтқанда, поэзиялық жағынан бұл өлеңде кемшілік көп. Бірақ, ол кездегі мен үшін, осы өлең, өмірдің программасы сияқты еді, әсіресе, соңғы төрт шумағы. Одан менің ұққаным,— оқу оқып білім алған кісі, ішіне поезды қоса, дүниедегі не кереметтің бәрін жасайды. Ендеше, мен неге оқымаймын? Сол кереметтерді жасауға мен неге араласпаймын? Ауылдан Қызылжарға келгенге дейін, Қызылжарға келгеннен кейін, оқу жолынан кейін қайтармақ боп бетке соққан қиындықтардың бәрімен арпалысып, таяқ жесем де ілгері ұмтылып келем, сонда мені алға сүйреуші ақылымның біреуі осы өлең, ендеше, мен оны неге ұмытам?.. Баймағамбеттің осы өлеңін іштей айтып тұрғанымда поез да келіп қалды. Маған оның барлық тұлғасын және қимылын Баймағамбет дәл сипаттаған сияқтанды. Тек қана айырмасы,— Баймағамбет айтқандай, бұл поезға мініп кету оңай боп жатқан жоқ. Дау-жанжал, ұрыс – төбелестің бәрі соның маңында... Бір кезде поезд қозғалып та үлгерді... күткен адамның көпшілігі міне алмай қалып қойды. Ертеңіне күн райы бұзылды. Күндіз аспанда ерсілі-қарсылы жөңкілген сирек бұлттар, күн батуға таялған кезде қалыңдап, аспанды түгел жауып алды. Күндіз айнала жүйткіген жел, кешке теріскейге шықты да, ызғарын қатайта түсті... Бұның бәрі, бүгін түнде не нөсер жаңбыр, не сұрапыл боран боларын хабарлап тұр. Іңірде дүние алай-дүлей боп кетті. ЬІшқына соққан желдің екпінімен құйындай үйірілген қарлы - жаңбырдың нөсері, тамшылап емес, шелектей құйды - ай кеп!.. Сонда да менің Омбыға жүргім келді, іздеген оқуыма жеткім келеді!.. Сол ойымды айтып, серіктерімнен ұлықсат сұрап ем, Бәкең:
— Жаңбыр мен қар басылсын да! — деп бөгегісі келгенмен:
— «Жолаушының ақысы жүрсе енеді» деген,— деді Боржабай,— бет алған сапардан тоқтатпау керек, қолды - аяқты жігіт, жүгі жоқ, мына тұрған вокзалға жаяу жүгіріп, лезде барады...
Боржабайдың бұл сөзіне Бәкең түгіл Хадиша мен Маһитап та таңданған кескін білдірді.
— Ғариф атыбілән илтіп ташлар иді, ауылға китті, сіз атыңыз білән апарып ташлағыз, әлі! — деді Хадиша Боржабайға.
— Уа, қой, жеңгей,— деді Боржабай кейіп,— осындай қарлы боранда апаратын, бұл менің қай бір екі туып, бір қалғаным еді?.. Біреу зорлап жіберіп жатқан жоқ. Кетіп бара жатқан өзі... Өлмесе жаны шықсын!..
Үй ішіндегілердің бәрі «астапыралда!» деп жағаларын ұстасты. Бәкең үн-түнсіз қалтасынан күмәжнігін суырды да, ішінен Керенскийдің 40 сомдық маркесін ұсынып:
— Бар мәзір, жоқ жайым осы, шырағым, бұдан көбірек берсем, де оқасы болмас еді, шамамның келгені осы-ақ,— деді. Содан кейін Боржабайға қарап,— ия, Боржеке, қарап қаламысың?— деп еді.
— Өз ішіңнің елжірегені де болмай ма?—деп Боржабай теріс қарап,— аттың терін сатпағаным да жетеді бұған.
— Ендеше, өзінен алған бес сомды бер!
— Ол маған берсін!..
— Сол бес соммен жүрегімді жалғамаспын, Бәкең ағай, сақалды басына лайық болса, алсын да қалсын!..— дедім мен.
Кетерде Боржабай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқан жоқпын... Күндіз жобалап қойған тас жолмен вокзалға жаяу тартып келем. Қарлы жаңбыр да, жел де алды-артымды орай, ышқына түседі... Түн көзге түртсе көрместей қараңғы... Жол үстіндегі тасты көзіммен емес, сірі етіктің жұқа табанынан аяғыма батудан ғана байқаймын... Ол кезде Торговая аталатын көше «Смольная» аталатын паровой диірменнің тұсынан кеп бітеді де, вокзалмен екі ортада жазық алаң жатады. Қарлы жаңбырдың бөгеуінен бе, қорқып тулай соққан жүректен жүрістің әлсіреуінен бе, күндіз көргенімде шап-шағын ғана алаң, қазір кеңіп кеткен сияқты... Жанталаса жүгіріп отырып, міне, вокзалға да жеттім. Боран мен желдің қатаюынан ығудың орнына, күндізгі қайнаған жұрт әлдеқайда көбейіп кеткен. Далада сапырылысқан көпшіліктің жан сая қылар жері жоқ. Вокзалға сыймаған жұртты кимелетпеу үшін, есік -есіктерге милициялар қойылған... Сияр жері жоғын көре - тұра кимелеп шулаған жұрттың, даусынан құлақ керен, боларлық... Әр жерде ұрыс - жанжал... Төбелес... Жаңбыр астында жылаған балалардың даусынан адамның иманы қасым болатын!.. Сол топқа мен де араласа кеттім...Біз күткен поезд мезгілінен әлдеқайда кешігіп, түн ортасы ауғаннан бірталай кейін келді. Оған дейін далада жүрген менің үстімдегі киімдерім қарлы жаңбырдан суға малып алғандай... Кассадан билет алғым келгенмен, иін тірескен жұрт маңайлатпады. Келген поездың вагондарында орын жоғы, жөңкілген адамдардың жүрісі мен даусынан көрініп тұр... Ондайлардың бәрі вагондардың үстіне өрмелеп шығып жатыр... Соларға ере, бір вагонның төбесіне мен де шықтым... Түн әлі де көрдей қараңғы, бірақ, вагонның ашық төбесіне мінген көпшілікті аяғандай қарлы жаңбыр сиреңкірей бастады да, ал, желдің екпіні бәсеңдеу орнына үдей және ызғарлана түсті... Темір жол қызметкерлері ме, әлде милиция адамдары ма, әлдекімдердің вагон үстіндегілерді түсіруге әрекет жасап еді, орнығып алғандар дау-жанжалмен көнген жоқ. Онда, бәрінің, бір ауыздан қосылып айтатын сөздері: Колчак бізге вагондардың үстін қимаса, арнаулы поезд берсін, әйтпесе, осы араға кеп өзі мініп көрсін!..» Жанжал үстінде поезд қозғалып та үлгерді. Баймағамбет өлеңінде айтқандай, әуелі баяулап жылжыған поезд, жерді ұтқан сайын жүрісін жылдамдата түсті... Поездың екпінінен бе, әлде өзі де бұрынғыдан қатайды ма, желдің күші сондай — егер менің қасымда отырғандар, вагонның мұржасына байлаған жіптен айнала ұстап және бірінен бірі ұстап отырмаса, өкпек жел оларды вагон үстінен сыпырып түсірерліктей... Адам деген нендей қиындыққа төзбейді. Вагон үстіндегілер біраздан кейін өкпек желмен де ауыл-үй қонып алды... . Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, көрдей қараңғы түнге зымыраған поезд сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса, жұптарын нығайта түсті... Осы топтың аузынан анда-санда ғана шығатын сөздер:
— Уа, берік болыңдар!.. Құлап қалмаңдар!..
ЕКІНШІ ТАРАУ
ОҚУДА
ТОНАЛУ
Қарлы жаңбыр Қызылжардан қырық шақырым жердегі Тоқушы станциясына таянғанда толастады да, Есіл - көл станциясына жеткенде біржола тоқтап, жел де саябырлады. Бірақ, ауа райы ширап, суланған сыртқы киімдеріміз сіресе мұз боп қатуға айналды... Біраздан кейін аяз қатая түсті. Соған шыдамай ма, әлде мерзімді жеріне жете ме, вагон үстіндегілер станция сайын түсіп азая береді. Қалғандары поезд тоқтаған әрбір станцияға түседі де, вагон ішінен орын алуға тырысады. Бірақ, олардың азшылығы ғана ұрыс -төбелеспен сығылсып кіріп, көпшілігі вагондардың ішінен иығын сұғар жер таппайды. Мен де соның бірімін. Маскаленко станциясынан өткенде біз бір вагонның үстінде төрт - бес-ақ адам қалдық. Мана көп кісі отырғанда біріне - бірінің панасы қалың ағаштай екен. Енді кісі азайғанда аяз да, жел де бізді басынып алып, орман шетінде өскен шыршадай қалтыратып жіберді. Уақыт өткен сайын су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсті, мұз оранған дене дірілдей түсті... Бұрын біреу «етігін, тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» деген екен. Сол айтқандай, менің шикі қайыстан тіккен етігім су тиіп мұздағаннан кейін, тоңазыту үстіне аяқтарымды қысып, жанды шығарып барады... Маскаленконың ар жағындағы бір разъезде поезд ұзағыраңқырақ тоқтамағанда, біздің үсіп өлуіміз сөзсіз еді. Жанды қоярға жер таппай отырғанда, поезд разъезге кеп тоқтады - ау!.. Сол арада біз вагон үстінен түсе қалдық та, составты аралап жүріп, әрең дегенде бір вагонға сынадай сығылысып кірдік... Вагон ішіндегі адамның кептігі бөшкеге толтыра салған балықтай екен, сондықтан, есігінен кіргенмен, әрі қарай жылжи алмадық. Жылжиын десең, жан - жағыңдағы сығылысқан жұрт тұс-тұсыңнан итермелеп қыса бастайды... Сонша тарлығынын, үстіне вагонның іші көрдей қараңғы және дем ала алмастықтай сасық түтін... «Өй, өздің!.. Өлдім, ойбай!.. Аяғым сынды!.. Қабырғамды қираттың!.. Көзімді шығарамысың!.. Баланы өлтірдің!..» деген сияқты дауыстар араның ұясындай ың-жың... Төбелескен, тұрпайы сөздер айтысқан, жылаған, шыңғырған дауыстар құлағыңды тұндырады... Әлдекімдер «пәленім ұрланды, түгенім ұрланды» деп бақырады. Біреулер қалталарыңа сақ болыңдар» деп сақтандырады... Мұндағы соншама ауыр жағдайдың өзі, вагон үстіндегі тоңумен салыстырғанда тамұқтан жұмаққа келгендей болды. Вагон қанша тар дегенмен, маңымдағыларды итермелей, біреулермен соқтығыса, боқтаса, жұдырықтаса отырып, вагонның бір түкпірінен мен де орын таптым. Лық толған адамның демінен тыныс алу ауыр болғанмен, денем жылына бастады. Осы «жұмағымнан» айырылғым келмей, поезд тоқтағанда кейбіреулер таза ауаға шықса, мен қою түтінге тұншыға отырып, орныққан жерімнен тырп өтіндім... Біраздан кейін маужырап қалғи бастадым. Бірақ еркін қалғуға, маңайымдағы сапырылыс мүмкіндік беретін емес және егер қалғысам, «жайлы» орнымнан біреулер сырғытып тастай ма деп қорқам, сондықтан қалғи сала оянып кете берем... Әлдекімдердің қолдары денемді шарлайды, «тегі ақша тапқылары келеді-ау» деп ойлаймын, бірақ, одан қымсынбаймын, азын-аулақ ақшамды салған күмәжнігім оң жақ қолтығымның астында, күнімнің ішіне дорбамен тігулі... Вагон ішінде жанжалдан басқа күбір сөздер де аз емес. Бір жүйелі сөздер, қай жерде ненің арзан, ненің қымбат екендігі туралы... енді бір жүйелі сөздер саяси жағдайлар туралы... Сөз жобасына қарағанда, менің маңымда білгіштеу бір орыс отырған сияқты. Ол аузымен орақ орып, дүние жүзінің және Россияның әр жерін көзеді де, сондағы саяси қалдарға өзінше пішулер айтады. Оның ойынша: большевиктер ақтарды жеңуге тиісті, өйткені олар көпшілікті жақтайды, және қазіргі көпшілік бұрынғыдай өзінің кім екенін білмейтін көпшілік емес, бойына бостандық ұраны сіңген көпшілік.
— Уақиға соған айналып келе жатыр,— деді онымен әңгімелесіп отырған екінші біреу.— Большевиктерге қарсы күштердің өңгесі сарқылып кегі, соңғы күш Колчак үкіметі ғана боп қалды. Бірақ, бұл да қызылдарға төтеп бола алмайды. Төтеп болар еді, қолында құрал жасайтын завод, фабрикалар отырса. Ондай өндіріс орындарының барлығы большевиктердің қолында...
— Оның сөз емес,— дейді үшінші біреу,— мәселенің тетігі қару-құралға қалғанда, Колчак кеңде болмайды, оған мына жағы Япония мен Америка, ана жағы Англия мен Франция құрал береді. Менімше, мәселе құралда емес, адамда. Большевиктердің артықшылығы, әрбір еңбекші адамның бойына, бостандық үшін күресу деген сананы сіңіреді. Ондай адамды ешбір қарумен ырқыңа көндіре алмайсың, оған ешбір Американың әлі келмейді...
— Кто там, за болыдевисткая агитация?— деп жақындау бір бұрыштан әлдекім өкірген бұқадай күжілдеп қояды.
— Егер, сен колчакшыл болсаң,— дейді оған шешен адам,— бұл айтылған сөздерге дәлел тауып қарсы бол.
— Кескініңді көрсем, — деп қорқытады күрілдек,— мен саған дәлел тапқанды үйретер ем...
— Кімді кімнің үйретуі алдағы күннің мәселесі...
— Мұның бәрі бос сөз,— дейді көлденең біреу,— кімді кім жеңсе де мейлі, тек аштан өлмесек екен. Колчактың мына түріне қарағанда, егер ол енді бір жыл тұрса, халықтың талайы аштан қырылар...
Бір кезде ұйқы жеңіп қаттырақ қалғып кетсем керек, ду ете түскен дауысқа ояна келдім де, қайда екенімді ұмытып қап, есеңгіреген дауыспен «һа, һа» - лап, жан-жағымды қармалай түрегелдім. Біреу мынау «жынданудан сау ма өзі» деп кеудеме түйіп жібергенде, қатты жұдырықтың күшімен ғана есім кірді. Жұрттың неге шулағанын сонда ғана білдім — Омбыға кеп қаппыз. Жұрт абыр-сабыр боп жатқан кезде поезд да тоқтады. Бірақ соншама иін тірескен адамның ішінен тысқа шыға қою оңай да болған жоқ. Жаппай қимылдаған жұрт бірін -бірі итергенде, жел айдаған толқындай кейде ілгері, кейде кейін, кейде оңға, кейде солға лықсып, әрең дегенде тысқа шықтық - ау!.. Дала әлі түн екен, жел саябыр, аяз шымырлана түсіпті. Мана вагон үстімен салыстырғанда, вагон іші жұмақтай көрінсе, енді вагон ішімен салыстырғанда даланың аязды тұнық ауасы жұмақ көрініп, жанды жадыратып жіберді... Шіркін, еркін ауа - ай!.. Қызылжардікімен салыстырғанда Омбы вокзалы әлдеқайда үлкен де, салтанатты да көрінді. Бұл вокзалдың іші де тығызшылық, бірақ Қызылжардікінен гөрі бостау. Сұрастырып көрсем, Омбының вокзалы мен қаласының арасы бес-алты шақырымдай, екі араға «ветка» атты поезд жүреді. Оған мініп кетуге, таң әлі атқан жоқ, түн ішінде қайда барам? Таң атып, қызмет басталғанша, вокзал ішінде отыруға ұйғардым да, қарным ашқан coң, тамақ іздедім. Алдымнан буфет кездесті. Оның шыны астына жайған тамақтарын сұрасам, ақша төлеген кісіге сата береді екен. Мен күнімнің ішкі қолтығына тыққан күмәжнігімді алдым да, кішірек булочка мен екі жұмыртқа ап жедім. Қарынға аздап «ауыл қондырғаннан» кейін түкпірдегі қызуы сыртына тепкен үлкен қара пешке арқамды тірей отырдым... Бойым жылынған соң қалғып кетіппін. Менің кейбір кездегі ұйқышылдығым ғажап болатын. Бала көзімде ораза ұстаймын деп, бір күні кешке ауыз аша қалғып, келешек ауыз ашарға шейін, яғни жиырма төрт сағат ұйықтағаным, онда да оятқан соң ғана тұрғаным әлі күнге дейін есімде... Сол дағдымды Омбы вокзалының ішіндегі пешке сүйеніп ұйықтағанда да істеп, күн - ұзын ұйықтап, күн еңкейгенде ғана ояныппын, онда да, үй сыпырушы әйел оятыпты. Ояна келсем, әкемнің үйінде жатқандай шалқамнан түсіп, далия ұйықтаған екем. Ұйқым қанып қапты... Түрегеп, мезгілді білгеннен кейін, есіме ақшам түсіп, қолтығымды қарасам, орны тып-типыл, күмәжнігімді біреу қалта - малтаммен түбінен кесіп алып кетіпті... Зәрем тас төбеме шықты... Ақша да аянышты, бірақ ең аяныштым — документтерім және адрестерім!.. Жуан қара пештің қасына жылап отыра кеттім...
ТЕМІP ЖОЛ ТОРАБЫНДА
Жылаған мені, жұпыны киімді қартаң қазақ ұрсып уатты. Жөнімді сұрап алғаннан кейін:
— Мұндай жасық болсаң,— деді ол,— осынша алысқа оқуға келетін нең бар еді? Аяқ-қолың, балғадай жас жігітсің, аштан өлем деп отырмысың? Қой әрі, көзіңнен сораңды ағызбай! Мен сияқты жүк көтерсең, де аштан өлмейсің.
Бұл сөздерден бойым ширап, жылауымды доғарғаннан кейін, қарттың аты-жөнін сұрасам, бала көзінен осы вокзалда жүкші боп істейтін Қайырбеков Қадыр деген адам екен. Хал-жайымды біліп алғаннан кейін:
— Күн кешкіріп қалды,— деді қарт,— мекемелер қазір жабылды. Қалалы жердің адамы, танымаған кісісін қондырмайды.
— Неге?— дедім мен, қонам деп келген кісіні таныса, танымаса да бетке қақпайтын ауылдың дағдысымен.
— Кім көрінгенді қондыра беретін ауылын, емес бұл,— деді Қадыр менің ойымды түсінгендей.— Қалалы жерде ұры-қары көп болады, әсіресе, мынадай кезде. Осы Омбыда не көп, аш, жалаңаш көп. Оларға жәрдем беретін ешкім жоқ. Содан кейін ұрлық қылмағанда не істейді. Көшелерде ғана емес, үйлерде де тонап кету, өлтіріп кету Омбыда қазір дағдылы іске айналды. Сен бала, қалаға түнде бармай-ақ қой, ұры-қарыға кездесіп жазым боларсың, ешкім тимегенде де, осындай суықта, көшеде сандалып бос жүрудің сәні жоқ. Одан да біздің үйге барып бүгін қон. Тамаққа қарық болам деп барма, ықыласқа қарық болам деп бар.
— Өз үйіңіз бе?
— «Үй» деп қайбір үй дейсің. Кішкентай ғана баспана. Кемпірімізбен екеуіміз ғанамыз.
— Балаларыңыз жоқ па еді?
— Туған да, өлген,— деді Қадыр күрсініп,— екеуден екеу-ақ тұрамыз. Әйелім сырқат, жұмысқа жарамайды. Менің азын-аулақ табысыммен зорға деп күн көреміз, дүние күйіп тұрған қымбатшылық!.. Ал, сонымен, жүр, шырағым, біздің үйге! Бүгін тынығып ұйықта, ертең өзім веткаға мінгізіп жіберем.
Қартқа еріп кете бардым. Кешкірген далаға қою тұман түскен екен, көз алдыңдағы әрең көрінеді. Біз бытықы-шытықы темір жолдардың үстімен кеттік. Мұншама кеп жол болар ма!.. Және өрмекшінің ауындай айқыш-ұйқыш кезіккен жолдар... Олардың бойын өрлей, ерсілі-қарсылы поездар да жүріп жатыр, қиқуын сала, паровоздар да жүйткіп жүр. Әлдеқайда, аласалы - биікті бағаналардың басында қызылды-жасылды, ақты, сарғылтты, дегендей әлденеше шамдар жанып - сөніп тұр. Әр жерде қиқулаған паровоздардың тұтасқан даусы құлақты тұндырады... Әлденелерді істеп, әр жерде әбігер боп жүрген адамдар... Қызылжар вокзалының маңында, салт мінген қалпыммен байқамай жүрем деп поездың астына түсіп қала жаздаудан жүрегім шайлыққан мен, Омбының бытықы-шытықы темір жолдарының үстін кезіп келе жатып, жан-жағымды жөңкілген составтар мен паровоздардан жасқанып жалтақтасам:
— Қорықпа,— дейді Қадыр,— менімен жүргенде, сені бәрібір поезд баспайды. Бұл бізге ауылда мінетін атың, сияқты.
Қадырмен қолтықтаса келе жатып, тарсыл-тұрсылға бойым үйренгеннен кейін, поездың баспауына сенгеннен кейін, қарттан мен, «Анау не?.. Мынау не?» деп көрінгеннің бәрін сұрай бастаймын...
— Айтқанмен түсінемісің, оның бәріне,— дейді Қадір.— Темір жол бойында мән кеп. Бұл үлкен шаруа. Не көзі қанықпай, не оқымай мұның мәнін адам біліп болмайды.
— Сен бала, қандай оқуға келдім дедің?— деп сұрайды Қадыр менен.
— Мұғалімдік курсқа.
— Бала оқытатын ғой, ол «мұғалім» дегенің.
— Иә.
— Соның саған керегі не? — дейді Қадыр,— сомадай боп, тай үйреткен адамдай, кішкене балаларды оқытып тұрасың ба? Одан да осы темір жолдың оқуына неге түспейсің? Білгенге бұл тамаша жұмыс қой.
— Бар ма, ондай оқу?
— Бар еді, бірақ қазір жабылды.
— Неге?
— Колчактың жауып тастап жатқан школасы бір бұл емес, талай школалар жабылып жатыр...
— Неге?
— Күші жоқ. Бар күші соғысқа кетіп жатыр.
— Ендеше, маған неге айтасыз, «Темір жол оқуына түс» деп?
— Тілеуіміз алдымызда емес пе? — дейді Қадыр күтіп,— үнемі осындай қысаңқылық бола береді деймісің. Заман кеңімес деймісің?
— Колчак құлап па?
— Оны заман көрсетеді де,— дейді Қадыр.
— Заман түзелгенше мына оқуда бола тұрмаймын ба? —деймін мен қуланған боп.
— Әй, сол оқуыңның да реті келсе игі еді! — дейді Қадыр.
— Неге келмейді?..
— Алашорда ашқан курс деген жоқсың ба?
— Иә?
— Сол Алашордаңда күш жоқ қой.
— Неге?
— Қоңсының күні жақсы болғанын қашан көріп ең? Колчакқа қоңсы қонып отырған жоқ па, Алашорда? Өзінен артылғанын бермей ме, оған Колчак?.. Колчактың өзінен артылары жоқ, артылу түгіл жарып та отырған жоқ. Өзі аш кісі, қоңсының аштығын не қылсын, «өлмесе жаны шықсын» деп отыра бермей ме?
— Өзіңіз барып кердіңіз бе, Алашордаға? — деп сұраймын мен.
— Неменеге барам, онда?
— Қазақтың мекемесі емес пе?
— «Қазақтың!»—дейді Қадыр кекеткен дауыспен.— Қай қазақтың қамын жепті ол, «қазақтікі» болатын?..
Мен алашорда газеттерінен оқығанымды айтсам:
— Бәрі былшыл сөз! — дейді Қадыр — Қазақтың байлары мен бектеріне ғана қамқор болғысы келеді. Онымен қанша ұзаққа барады ол? Ауыз жаласқан досы Колчак. Оның жолы да бір, кешегі зәндем түбіне кеткен Николай патшаның да жолы бір. Николайды құлатқан халық мұны да құлатады. Онымен бірге, Алашорда да мүрдем кетеді...
Солайша кеңесіп отырып, біз Қадырдың үйіне де келіп қалдық. Оның «үй» дегені, шынында да күркеден аз - ақ қалқыңқы, бір бөлмелі кіп-кішкене үйшік екен. Сол арада, араның ұясы сияқты, біріне-бірі ұқсаған және бірнеше үйшік бар, маңайларында қора-қопсы жоқ. Бұл үйшіктер, жан-жағын түгел ораған шым-шытырық темір жолдардың ортасындағы бір тар алаңдағы қыспақта екен. Қадырдың әйелі төсек тартып жатқан сырқат боп шықты. Бұл ауру көптен жабысып, шаруаға қарай алмағандықтан, үй ішіндегі төсек-орын, ыдыс-аяқ... деген сияқты мүліктердің бәрі аса жүдеу... Астарының жайы да шамалы екен, қара нан мен ішкен қара шайды Қадыр қарт әрең ұйымдастырды.
— Көрген күніміз осы,— деді ол,— бұлай болмағанда қайтсін!.. Еңбек ақы әрі аз, әрі құны жоқ...
— Бұрын ше?
— Бұрын ақшаны аз алсақ та, кекірік атпағанмен, тәп - тәуір тойынып отыратын ек. Онда ақшаның құны бар еді. Колчак тиындық маркеден басқа ақша шығарған жоқ, ұстайтыны Керенскийдікі. Ол да бір, қағаз да бір, ешнәрсені сатып алуға болмайды және жоқ қой, сатып алатын ештеңе!..
— Қайдан аласыздар сонда, күн көрерлік нәрсені?
Қолдан, көбінесе, бірін мыңға сататын спекулянттан. Біз осы маңда туып-өскен адамбыз. Қала-далада тамыр-танысымыз көп, солармен елбесіп-селбесеміз. Ондайы жоқ адамдардың қалта толған ақшасы түкке аспай, ашығып, бет-аузы ісіп жүргендері толып жатыр. Кейбіреулері өліп тe қалды... Шайдан кейін Қадыр әйелін жайғастырды да, өзі тер алдына менімен қатар жатты. Кешегі түннің азабынан дем алуым болу керек, өткен күнді ұйқымен еткізе тұра, шайдан кейін мен маужырай бастаған ем, төсекке жата ұйқым ашыла қалды. Өйтпеуге болатын емес. Біз жатқан үйшікті айнала, дамылсыз жүйткіген поездар, үйшік түгіл жерді солқылдатады... Тарс-тұрс, сатыр-күтір, айғай-ұйғай дыбыс... Үйренбеген адам, мұндайда қалай ұйықтамақ. Үйренген Қадыр, жастыққа басы тие қор ете түсті. Бірақ оның ұйқысы қызық екен, аумаған жылқышының ұйқысы. Далада жылқы баққан жылқышылар да қосқа кіре қисайып, төз қор ете түсіп, аздан кейін ояна беруші еді а:әне оянған сайын басын көтеріп ап, кейде жата қап, кейде дене еркімен тысқа шығып кетуші еді, қорылдаған минуттарында да тиышсызданып, әлденені былдырақтап, кейде қаттырақ сандырақтап кетуші еді. Қадыр де сөйтеді екен... Бірер рет басын көтеріп ап қайта жатып, тағы бір ретте тысқа шыққан оған, мен ере шықтым. Тұман тіпті қалыңдап апты. Үйге қайта кіре, ол ыңқылдаған әйелінің халін сұрап, сусын беріп жайғастырды да, менімен тағы қатар жата беріп:
— Қазақта «тымау түбі құрт, тұман түбі жұт» деген мақал бар еді, бала,— деді ол маған,— тұманның түрі жаман екен, биылғы қыс жұт болмағай да.
— Сізге қанша залалы бар оның? — дедім мен,— жұтайтын малыңыз жоқ.
— Неге жоқ? — деді Қадыр,— осы бағып отырған темір жол мен поездар емес пе, біздің малымыз?
— Олар да жұтай ма?
— Жұтайды.
— Қалай?..
— Қар кеп жауса, темір жолдарды аршу қиынға түседі, оған жетерлік күш жоқ. Жолды қар басса поезд тоқтайды...
— Өзі сырып кете алмай ма?
— Ойбой, бала - ай, білмейді екенсің ғой, темір жол жайын. Жолды қар басса, поездың тырп ете алмайды.
— Күші көп емес пе, паровоздың?
— Доңғалағы қарға малтыққанда, түк те күші болмай, шіреніп тұрып алады. Қар аршитын машиналар болушы еді, қазір Омбыда оның бірі де жоқ.
— Неге?
— Ол түгіл паровоз да, вагон да жетпейді.
— Неге?!..
— Вагондардың да, паровоздардың да шығатын жерлері қызылдардың қолында. Америка, Япония сияқты шеттен сатып алайын десе, әрі алтын мен кеп ақша керек...
— Қағаз ақшаға бермей ме?..
— Ақша ма, мұның қағазы?.. Қол сүртетін қағазбен бірдей емес пе, бағасы...
— Алтыны ше?
— Ондай қымбат, Колчактың банкесінде жоқ. Ірі банкелердің бәрі қызылдардың қолында.
— Сонда, несі бар, мұның?!..— дедім мен.
— Түгі де жоқ. Бары —- шет жердегі байлар мемлекеті берген соғыстық қару-құрал... Тамақсыз, киімсіз, темір жолсыз не істейді ол қарулармен?..
— Паровоз бен вагонды неге бермейді ол байлар?
— «Әрі алтыны жоқ» дедім ғой, әрі, бере қалған күнде де, біздің Россияның темір жолдарымен жүре алмайды олар.
— Неге?
— Біздің жолдар кең, олар жасаған паровоздар мен вагондардың доңғалақтарының арасы тар...
— Кеңітуге болмай ма?..
— Жо-о-оқ! — деді Қадыр күліп,— Ол қазақ арба емес, арасын қалай қысқартсаң да көне беретін. Заводқа жасалған доңғалақтарын да, арасын да өзгерте алмайсың.
— Солай ма? —деп таңданып қойдым мен.
— Бұл Омбы,— деді Қадыр ауыр күрсініп ап,— Сібірдегі темір жолдың ең күшті станциясы еді. Батысында — Самара, шығысында — Новониколаевка, осы екі араның ең үлкен темір жол басқармасы осында тұрушы еді. Жыл сайын жаңа вагондар, жаңа паровоздар келіп, ескілеpін қарамағындағы басқа станцияларға жіберуші еді. Он төртінші жылы соғыс басталғалы, олай жаңару тоқталды. Революциядан кейін, ескілердің де дұрысы келмейтін болды. Қазір паровоздар да, вагондар да тозды. Осындағы депода түзейін десе, керекті құралдар да, запас бөлшектер де жоқ.
— Сонда не болғаны? — дедім мен.
— Не болсын, осылай тозады да бітеді....
— Колчак не мінеді?
— Жел мінеді! -— деді Қадыр күліп. — Қазір де желді мінуге жақын. Тас көмірмен жүреді ғой паровоз. Ондай көмір Кузнецкіден келетін. Колчак ол көмірді дұрыстап қаздыра алмай, шахталардың көбі жабылып қалды. Қазір Омбыда көмірге аса тарыншылық. Паровоздарға әрең жетеді. Қыстыгүні көмірмен жылынатын пассажирлық вагондар, қазір жағылмайды...
— Оны жолшыбай көріп келдім...
— Завод-фабриктер де кемірмен ғана жұмыс істейді ғой, көмір жетпегендіктен, олардың да көбі тоқтап тұр... Киім-кешек, азық-түлік жетпеуі де соған байланысты... Көмірмен жылынатын үйлердің, көбі қазір суық...
Сонымен, Колчагыңның өзі іштей мүжіліп, таусылуға жақын екен ғой?..
— Соған келе жатыр,— деді Қадыр...
— Кеңес айтам деп қонақты ұйықтатпадың ғой,— деді Қадырдың анда-санда ыңырси оянып жатқан әйелі,— өзің де ұйықтасайшы, жұмыстарың көп қой...
— Ал, бала, қалғиық онда! — деді Қадыр әрі қарай аунап түсіп.
Елегізе, шатаса, түс көре қалғып жатып қатып қаппын. Түрткенге оянсам,— Қадыр. Үй іші сәулеленіп қапты.
— Ал, шырағым, мен жұмысыма барам,— деді ол,— сені веткаға мінгізіп жіберейін. Нан жеп ал, азырақ. Одан басқа тамақ жоқ.
Ұйқым қанбағандықтан, керіліп-созылып, нанды жөнді жеген жоқпын. Бір кесе ғана қара шай іштім.
— Біздің үй осы,— деді Қадыр,— оқуға кіре алмасаң қайтып кел де, осында тұрып, жұмыс қып тамақ асыра.. Колчак енді көп болса бір-ақ жыл шыдар, ар жағында заман түзеліп кетуі мүмкін. Оған дейін, аш та, тоқ та болмай, осылай күн керерсің. Ал, егер, оқуға орналаса қалсаң, қолың тигенде, ара-тұра, келіп кет, біз сен сияқты адамды жатырқамаймыз...
— Иә, шырағым, сөйт!—деді әйелі.
«Қандай жақсы кісілер!» деп ойладым мен ішімнен.
Біз барсақ, ветка тұр екен. Қоштасып, вагонға мінерде:
— Айттым ғой, шырағым,— деді Қадыр,— «Алашорданың қайда екенін білмеймін» деп. «Сұрай-сұрай меке барады» дегендей, қалаға барып сұрасаң, білетін біреу табылар. Таба алмасаң кешке қайтып кел!..
Қадырдың орысша газет және жеңіл-желпі кітап оқуға шамасы келетінің орысша таза сөйлейтінін кешеден бері көргем. Бұл маған саясаттан да, тіршіліктен де хабары мол, ақылды адам көрінген. Оның үстіне, соншалық жылы шырай бергендіктен, мен оны туысымдай керіп қалған екем, сондықтан қимай аз тұрдым да:
— Жақсы, келіп жүрейін, ағай, адресіңізді жазып беріңіз, маған! — дедім.
Ол адресін жазып берді де, қалтама үш сом ақша салып, веткаға отырғызып жіберді.
ҚАҢҒЫРУ
Жүрісі шабандау ма, әлде жері жырақ па, ветка қалаға недәуір жүріп жетті. «Қала» дегенмен, ветка тоқтайтын жер, алысырақ шет-пұшпағының біреуі екен. Поездан қаптай түскен жұртқа еріп, мен де жүріп келем. Омбының да шеті, Қызылжар сияқты, тапырайған кішкене ағаш үйлер мен жер үйлер екен. Еріп келе жатқан жұрттың қазағынан да, орысынан да, татарынан да «Облыстық Алашорда комитеті қайда?» деп сұрасам, біреулері:
— Білмеймін,— деп қысқа жауап береді де, енді біреулері:
— Адресін білмеген мекемені сұрап, жындымысың, өзің?! — деп ұрсады. Енді біреулердің:
— Ол сонау жақта! — деп сілтеген жөніне кетсем, алдаған боп, босқа қаңғырып қайтам.
Сөйтіп әуре-сарсаң боп жүргенде, қас қарайып, түн боп кетті. Сонда да табам ба деген үмітпен қаңғырып жүргенде, түн ортасы жақындап қалды. Ол күні табудан күдер үзіп, Қадырдың үйіне қайту мақсатымен ветка тоқтайтын жерге барсам, жүретін уақыты өтіп, кешігіп қаппын. Жаяу жетуге болмайтын жер, әрі, тағы да тұман түсіп тұр. Сол арадағы бір бос үйшікке жата кетуге бір ойлап тұрдым да, ұры-қарыдан қорқып, қалаға тағы қайттым. Енді не істеу керек? Ол кездегі менің ұғымымда қазақ, татар сияқты мұсылман адамдар біріне бірі қайырымды болуға тиісті. Сол ұғыммен, «осы татардың»... немесе «қазақтың үйі» дегеннің қақпаларын қақсам, біреулері ашпайды да, енді біреулері ашқанымен түрімнен шошып, «кет, кет!» деп итермелеп қуып шығады... Сол сенделумен Ом өзені арқылы салынған сатылы биік көпірдің маңында ерсілі-қарсылы жүргенімде, көшенің көп жүрісі сиреп, адам азая бастады... Бір кезде қасыма қақпақ мұрт, мосқалдау бір милиция келді де, «Кімсің?» деп аты-жөнімді сұрап ап, документімді тексермек болды. Документім жоқ мені милиция күдікті адамға санап, штабына апарайын деп еді, мен білген тіліммен мән-жайымды айтып жалбарынғаннан кейін.
— Ендеше, бұл маңайдан кет,— деді ол.— Шеткері бір жерге барып жат!
Жарығы бар үлкен көшеден кетуге тура келді. Былайғы көшелердің, бәрі де қараңғы екен. Кейбір үйлердің қақпаларына ілінген кәрәсін лампылары қою қараңғылықты жеңе алатын түрі жоқ... Танымайтын қала, танымайтын көшелер!.. Анда-санда сып етіп өте шыққан бірен-саран арбалылар болмаса, қай көшеге шықсам да менен басқа жан ұшырамайды. Көңілім көрінген үйдің қақпасына кіруге соққанмен, батылым жетпей тайқақси берем... Әлде небір ұрыларға я бұзықтарға кездесіп өлтіріп кете ме деп те зәрем ұшады.... Сөйтіп жүргенде, алдағы бір орамнан арбалы біреу кездесе кетті, жеккен фаэтоны мен үстіндегі киімі извозщикке ұқсайды. Көлденеңдеп кегі қалған ол, менен сескенгендей, атын құнтпен бір-екі рет тартып қап өте берді, жобасы қазақ сияқты...
— Ағатай, тоқта! — дедім мен, дірілдеген дауыспен.
— Иә, не керек?— деді ол атын тежеп.
— Ағатай, мен елден оқу іздеп келген баламын... ақшамды, документтерімді жоғалттым... тоңдым... ашықтым...
— Қай жақтан келдің? —деп сұрады ол.
— Қызылжардың ар жағынан...
— Мұнда танысың бар ма еді?
— Торсанның Қазиы дейтін танысым бар еді...
— Білем,— деді извозщик, — бірақ, қызмет істейтін жерін білем де, пәтерін білмеймін.
— Ендеше, ағатай, мені бір күнше үйіңізге алып барыңыз да, ертең Қазидың қызмет орнын сілтеп жіберіңіз.
— Жарайды, мін арбаға! — деді извозщик.
Ол кеңесші кісі екен. Жөн-жобамды толығырақ сұрастырып алғаннан кейін:
— «Шпана» дегенді білесің бе?— деп сұрады ол.
— Ол не?
— Ұрылар. Бұл қалада қазір не көп,— панасыз, үйсіз жетім көп. Солар бастарын қосады да, шайке боп ұрлық жасайды: пәтерлерге түседі, қораға жайған кірлерді әкетеді, базарға барсаң қалтаңа түседі, дүкендерді де ұрлап шыдатпайды, өздері ұйымшыл келеді, бірін-бірі ұстап бермейді. Түнде кездесе қалсаң, өзіңді де тонап алады...
— Милиция тыйым салмай ма оларға?
— Қайдан салады? Біреу болса, екеу болса, тіпті бес, он бес болса тыйым салар еді. Бұл қалада олардың жүздеген тобы жүреді. Оның бәрін аулап қашанғы тауысады...
— Қайда мекендейді олар?
— Осы қалада есік, терезесі жоқ, бүлінген, я күйген, кісі тұрмайтын үйлер көп, соларды мекендейді.
— Қыстыгүні қалай күн көреді?
— Қай бір күн көріп жариды дейсің. Өлмешінің күні де!..
Одан әрі бұл темада сөйлесуді мен қажет көрмедім, өйткені, мына қалпымда «мен солардың бірі боп кетпегей ем» деген қауіп туады. Сол ойымды сезгендей, біраз уақыт тым-тырыс отырған извозщик:
— Іздеп келген Торсаныңның Қазиы көмектессе жөн ғой, оқуға орналассаң дұрыс, егер, орналаса алмасаң «есің барда етегіңді жап» дегендей, шермаш болмай тұрғанда амалдап еліңе қайт. Бұл қалада кесіпсіз тұрсаң, амалсыз шермаш боласың,— деді.
Ұмытып барады екем, извозщиктің аты Бексейіт екенін мана сұрап алғам. Бойы үйренгеннен кейін, ол маған үй - ішінде кімдер барын айта бастады.
— Әйелім шала қазақтың қызы еді,— деді ол,— әкесі қазақ, шешесі татар. Одан көрген екі перзентім бар,— біреуі — ұл бала, аты Мақсұт, биыл гимназияның алтыншы класында оқиды. Және бір кішкентай бұйра шашым бар, биыл беске шығады, оның түсі басқалау... Өзім бұрын пимокат заводында жүмысшы едім. Былтырдан бері завод жабылды, басқа жұмысқа түсейін десем, денсаулығым кеміңкіреп жүр. Сонымен, былтырдан бері осы бір істемеген кәсіпті істеп, извозщик болдым. Күн көру керек қой. «Ұрлық қылсаң өлесің, шөп жесең қақаласың». Измизщик дегенің де түсімді боп тұрған жоқ. Бейнеті де аз емес. Құлқын - сәріден тұрып, үйге осы кезде қайту оңай деймісің. Бірақ, жүк көтеруден жеңілдеу. Табысы аз. Шықпа жаным шықпа деп, қысқа жіпті күрмеуге әрең келтіріп, қатын-баланы асырап отырған жайым бар, шырағым...
Бексейіттің үйі қаланың шығыс жақ шетінде екен. Үй дегені: маңайында қора-қопсысы жоқ, есігінің алдында ат иен арба ғана сиятын кішкене сарайшығы бар землянка екен. Жеңгейдің аты Мафтуха боп шықты. Татаршалау жұпыны киінген, татаршыландырап сөйлейтін адам екен. Мақсұт деген бала сабақтарын оқып отыр екен, үріп ауызға салғандай, аққұба кескінді, талдырмаш денелі, сұрықтылау келген бала. Әкесі «Бұйра шаш» деп атаған кішкене семізше қыз біз үйге кіргенде нарттай жанған пішінмен кроватта ұйықтап жатыр екен. Шешесі ас қамдау жабдығында жүргенде, сағынып келген әкесі сырт киімін шешінгеннен кейін тұмсығын ғана тигізіп иіскейін деп еді, бала оянып түрегелді. Бүлдіршіндей бала «пәпә» деп саусақтары быртиған семізше білегін соза бергенде, мейірімді әке қолына көтеріп ап, «Бұйра шашын» құшырлана сүйді. Кешікпей алдымызға жайған дарстарханның үстіне, кішірек шөгенге асқан кеспе қойылды. Тауық етінен жасаған бұл кеспе аса дәмді піскен екен. Әрқайсымыздың алдымызға қойылған қаңылтыр тарелкелерге Мафтуха жеңгей кеспені толтыра құйып берді, біз іше бастадық... Ac үстінде менің байқағаным: осы бір іші үйшіктей ғана тап - тар бөлмедегі төрт жанның өз ара бір-біріне деген тәтті махаббаты... Бексейіт мені ертеңіне «Ақмоланың облыстық Алашорда комитеті» деген мекемеге алып келді. «Комитет» шағындау екі қ.абат үйде екен: астыңғы кірпіштен қаланған қабатында арақ-шараптардың дүкені, үстіңгі қарағай бөренелерден салынған қабатында «комитет». Төрт-бес бөлмелі «комитеттің» әр бөлмесінде бірер ғана адамнан. Бұл үйге сапырылысып кіріп, шығып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан ба, әлде істер қызметтері жоқ па, барлық бөлмедегі комитет адамдары да жайбарақат кеңесіп, өз ара қалжыңдасып отыр. Олардың, қайсысына жолықсам да, менің сұрағаным Қази болды. Біреулері менің үсті-басыма қарайды да, теріс айналып жауап бермейді, енді біреулері:
— Ол кімің еді?— деп сұрайды.
— Туысым еді,— деймін мен, өзімді бұлды көрсету үшін.
Біреулері «туысым еді» дегенге таңданған кескін білдіреді де, енді біреулері «сендей де туысы бар екен-ау» дегендей күліп жібереді. Іс жүргізушілік қызметін атқаратын бір жас жігіттің айтуынша, Қази комитет председателінің орынбасары Ережеп Итбаевтың кабинетінде отыр. Егер рас болса, Қази онда ұзақ айналады. Кабинетке кірейін десем, іс басқарушы «рұқсат жоқ» деп жібермейді. Біраздан кейін сәті түсе қалды. Іс басқарушы әлденемен бөлмеден шыққанда, мен кабинетке сып беріп кіріп кеттім. Алдымнан ғажап картина шыға келді: маған таныс Қазидың қарама - қарсысында танымайтын шоқша қара сақалды, қалынң қара мұртты, қара кескінді, кішкене денелі біреу отыр, екеуінің ортасындағы кішірек столға арақ және ол-пұл жеңіл закуска қойылған. Ойда жоқ біреу кіре бергенде, екеуі де сасып қалған сияқтанды. Қази столды газетпен қалқалай бергенде, қара сақал тәлтіректей түрегелді де, мастықтан өлеусіреген кездерімен маған сүзіле қарап, тілі күрмеле, тұтыға сөйлеп:
— Это что за мразь?! — деді.
— Өй, сен қайдан жүрсің?— деді Қази маған жалт қарап.
— Ауылдан.
— Выгони, сволоча! — деп қара сақал Қазиға қолымен мені нұсқады.
— Бар, бала, бар! — деді Қази маған жақындап.
— Сізге келдім мен...
— Ол туралы кейін сөйлесеміз. Менің пәтеріме бара бер!
— Адресіңіз?
— Шыға тұр, жазып берейін.
Кабинеттен шықтым. Бірақ, «кеңседе де кісі арақ ішеді екен-ау!» деп таңдана шықтым. Артынан білсем, Алашорда комитетінің мүшесі Ережеп Итбаев сол екен, атақты алькаголик екен ол. Кейін араққа күйіп өліпті деп естимін.
Қолына тілдей қағаз ұстап шыққан Қази, маған уысына беріп:
— Сен біздің ауылдағы Ыбырай хажының ЬІсқақ, Мұхаметжан деген балаларын білесің ғой?—деп сұрады.
— Білем.
— Білсең, сол ЬІбырай хажының Кәмилә деген қызы, ана жылы ояздың почтабайы Атымтай деген жігітпен қашып кеткен. Артынан Атымтай екеуі айрылып, Сейтахмет деген жігітпен қосылған. Менің пәтерім сол Сейтахметтің үйінде. Сен мына записканы ал да сонда бар.
Мен жылдамдата мән-жайымды айта бастап ем:
— Ол туралы кейін дедім ғой саған,— деді Қази кейіп,— бара берсейші, бар деген соң!..
Былай шыға записканы оқысам «Кәке! — деп жазыпты Қази,— мына бала біздің елден келіпті. Жаманшұбардағы Сибан, Мұқан деген кісінің баласы. Өткен күз елге барғанымда оқуға келем деген соң, «келсең кел, орналастырармын» деп уәде берген ем. Сол уәдемен келіп қапты. Өзге жайын кейін сөйлесерміз, мен барғанша ас-су беpіп күте тұрарсыз!» Сейтахметтің пәтері жатағандау кішірек ағаш үй екен. Жабық қақпаны мен ұзағырақ қаққаннан кейін, ар жағынан біреу кегі ашты: биік бойлы, сүйегі томпақтау бетті, шүңірек көзді, кертештеу мұрынды, үстін басқан сиректеу сарғылт мұртты, қапсағай денелі сақа жігіт. Мен сәлем беріп үлгірмей, ол «кет, кет» деп кеудемнен кейін итермеледі де, қақпаны жаба қойды. Мен қақпаны қайта қағып ем:
— Әй, таяқ жегін, келмесе кет, кет деген соқ! — деп ақырды ол іш жақтан.
— Сейтахметтің үйі осы ма?— дедім мен.
— Онда нең бар еді?
— Қазидан записка әкелдім.
Жігіттің дауысы аз саябырлады да, қақпаны қайта ашты. Мен записканы ұсындым. Со кезде, ар жақтан «о кім, әй?» деген әйел дауысы естілді де, үйдің бұрышынан бері қарай: орта бойлы, толық денелі, сопақтау қызыл шырайлы бетті, үлкен қара көзді, қыр мұрынды, қалың қасты, көркем әйел шыға келді, үстінде қара барқытпен тыстаған, жағасын құндыздатқан түлкі ішік, басында жұқалау қара түбіт шәлі, қызғылттау түсті көйлегін тобығына жақындата түсіріп киіпті, аяғында оюлы өзбекше мәсі, оның сыртында жұқа резеңке.
— О кім, әй?—деді әйел тағы да қақпаға жақындай беріп, маған ит керген ешкідей одырая қарап.
— Мына бір жігіт,— деді еркек, қылжақтаған кескінмен екі көзі әйелде боп, мені иегімен ғана нұсқап,— сенің інің көрінеді.
— «Кәмиләсі осы екен» деп ойлап, оның аузынан мейірімді бауырмалдық сөз күттім.
— Қойшы әрі!—деді әйел иланбағандай, шырайлы кескініне күлкі жүгіртіп, былай да әдемі кескіні күлімсірегенде одан да әдемілене түсіп, жымия ашқан аузынан ұзын аппақ тістері көрініп.
— Қази мырза солай деп записка жіберіпті...
— Көтек - ай, не дейді! — деп әйел күлкісін тыйды да, сұлу көзін маған бажырайта бір қарап ап, «кәне, оқышы» деді жігітке. (Артынан білсем, бұл әйел орысша да, қазақша да хат танымайтын сауатсыз адам екен.) Жігіт записканы оқып берді. Әйел: «әй, Қази мырза -ай!» деп таңданған кескінмен иығын кетерді де қойды.
— Иә, бала, жүр үйге,— деді жігіт. Үшеуміз үйге қарай келе жатқанда:
— Сейтахмет жездей сіз боласыз ба?— деп сұрадым мен жігіттен.
— Болсақ болармыз.
— Кәмилә апай осы кісі ғой?
— Енді кім деп ойлап ең?
Алдында басқышы бар үйдің сенегіне кіре бергенде, Кәмилә апай «әй бала, мында кел, мында!» деп мені бастап қараңғылау бір бөлмеге кірді, ішінде ас-су салған ыдыстар, үй ішінің кейбір тозған керексіз жиһаздары тұр, өзі мұздай суық...
— Бала, сырт киіміңді осында шеш,— деді Кәмилә.
Ішімде костюмім жоғына қымсынған мен, күпімді шештім де шегеге ілдім.
— Етігіңді де шеш,— деді Кәмилә.
— Оны шешпесем қайтеді, апай?— дедім мен.
— Неге?
— Ішінде шұлғаудан басқа дәнеңе жоқ.
Кәмилә менің бас-аяғыма дейін таңдана қарап алды да:
— Өзің бұл Омбыға неге келген баласың?— деді.
— Оқуға.
— Оқуға?! Мына түріңмен бе?!.
— Оқуды адамның түрі емес, ақылы оқымай ма, апай?— дедім жәбірленіп.
— Сөзі нығыз! — деп қойды Сейтахмет қалжыңды кескінмен. Әйел: «О, сорың құрғыр, бейбақ» деп, ернін бір тамсанды да:
— Сонда да етігіңді шеш, табаның саз көрінеді, аяғың одан таза шығар,— деді.
— Жоқ, шешпеймін, апай! — дедім мен.
— Апасы болған соң еркелейді де,— деді Сейтахмет күліп,— «құлан өз қағынан жерімейді» деген. Туысыңнан месіне жеркенесің, кірсін үйге!
Біз кірген бөлме, іші жылы кухня екен.
— Бала, әне бір жерге отыр! — деді Кәмилә апай, бұрышта тұрған леген мен құманның қасындағы орындықты көрсетіп.
— Асығысы не. Отырам ғой,— дедім мен, ол араға отырғым келмей.
Сейтахмет әйеліне бір, маған бір күлімсірей қарап алды да:
— Баяғыда бір ұзатқан қыздың інісі іздеп барған екен дейді, сонда, біреулер келіншекке «інің кеп қалды» десе, келіншек, «інім інге кірсін» деген екен дейді, сонда біреу ініңнің сенен басқа несі бар» деген екен дейді. Сол айтқандай, қоржынында тесі болмаған соң ініңді менсінбеуге айналдың - ау, сен! — деді.
— Ә, қойсайшы, қалжыңды,— деді Кәмилә наздана қарап қойып.
— Қази мырза бұл балаға ас беріңдер деп жазыпты, даяр ас бар ма еді? — деп сұрады Сейтахмет.
— Шәген түбінде кешеден қалған кеспе болу керек, соны жылытып берейін,— деп Кәмилә терезеде аузы ашық тұрған шойын шөгенді алды да, оты жанып тұрған плитаның үстіне қойды. Лезде ысыған кеспені Кәмилә қаңылтыр тәрелкеге құйып маған ұсынды, татып көрсем шулығып, ашып кетіпті, ауыз тидім де қайтып бердім.
Бауыр санап келген апайдың кекірлігін, күйеуінің қылжақбастығын көргеннен кейін, Қази келгенше олардың қасында отырғым келмей, мен киіндім де, қала аралап кеттім.
Омбы!..
Бірінші Петрдың бұйрығымен, 1716 жылы іргесі қаланған бұл қала, екі жүз жылдың бойында сібірлік қазақтардың, экономикалық, әкімшілік және мәдениеттік орталығы боп келді. Қазақ халқының бірінші просветителі Шоқан Уәлиханов Омбыдағы кадеттік корпустың ұясынан ұшқан балапан. Одан кейін де нелер балапандар ұшпады оның төменді - жоғарылы мектептерінен!.. Орыстың көлемі кең, арнасы терең, бейнесі жарқын мәдениет сәулесін сібірлік қазақтарға екі ғасыр бойына алғаш таратқан Омбы емес пе!.. Ендеше, оның атын қай қазақ білмейді, қай қазақтың оны көргісі келмейді!.. Омбыны көруге, менің, туған елімнің адамдары да құмартатын. Бірақ оның бәріне көру қайда!.. Жүз шақырымдай жердегі ең жақын темір жол станциясына атпен, одан әрі бес жүз шақырымдай жерге поезбен жүріп Омбыға баратын күш, революциядан бұрынғы ауылдың кедейіне қайдан кепті!.. Және, неменеге барады ол?.. Саудамен баруға пұлы жоқ... Мұңын айтып баруға, патшаның әкімдері тыңдай ма оларды!.. Сондықтан, революциядан бұрынғы ауылдан, әсіресе мойны қашық мен туған өлкеден Омбыға не саудагерлер, не әкімшілік қызметтегі байлар ғана баратын да, кедей шаруалар «барсам - ау!» деген арманмен күн кешетін. Осы қиял, ес білгелі менің де басыма орнаған... Міне, мен, сол қиял еткен Омбының ішіндемін!.. Ауылмен салыстырғанда — Исаевқа шаһардай көрінсе, онымен. салыстырғанда Кпитан шаһардай көрінсе, онымен салыстырғанда Қызылжар керемет көрінсе... Омбы одан да керемет сияқтанды... Мысалы, Омбының сол кездегі ең зор үйі — Омбы темір жолының басқармасы, Қызылжарда жоқ. Қызылжардың ең зор үйі, ол басқарманың қасында, маған түйенің қасындағы қой сияқтанды... Кадеттік корпустың бір орамды түгел алып тұрған төрт қабат үйі ше?.. Қызылжарда оңдай үй де жоқ... Өзге биік үйлердің көпшілігі Қызылжар үйлеріне ұқсайды... Тек, олардың саны Қызылжардағылардан көп... Екі-үш қабат үйлер Қызылжардың бірер көшесін ғана бойлай салынып, өзге көшелерде сирек ұшырасса, Омбыда бірнеше кешені бойлай салынған... Омбының да «Ойқаласы» мен «Дөңқаласы» бар екен, екі қаланы орысша «Ом», қазақша «Омбы» өзені біледі екен. Бұл өзен бүйірлеп барып, қаланың батысын жиектей ағатын Ертіске құяды... Соның бәрін күн ұзын аралап, Сейтахмет үйіне іңірде оралсам, Қази дем алып жатыр екен. Түн ортасы жақындай оянған ол, ел жайын біраз сұрастырып отырғаннан кейін:
— Мен елге барғанда саяси жағдай бір халде еді, енді бір халде, ол кезде қызылдарға қарсы күштің басым боп тұрған көзі еді, сондықтан Колчак үкіметінің бейілі де кең, болатын. Қазір қызылдар шабуыл жасап, бергі бетте Қазан мен Самарды алып қойды. Ендігі беті Орал тауы. Колчак үкіметі қазір қолдағы бар қаражатты жаумен күресуге жұмсап жатыр. Омбыда қазақ тілінде мұғалімдер курсы ашылуына рұқсат июнь айында берілген. Колчак үкіметі керекті қаражатты бермек болған. Оқушылар жатақ үймен, стипендиямен қамтамасыз етілмек те. Қазір оның бірі де болмайын деп тұр: жатақхана жоқ, стипендия жоқ, тек қана оқу үйі мен оқытатын мұғалімдер ғана қазына күшінде болады. Оқушылар өз қаражатына ғана сүйенеді: пәтерді өздері табады, тамақ, киімді өз ақшаларыңа алады,— деді.
— Онда мен қайтем? — деп сұрадым.
— Қайдам!—деп, Қази біраз үнсіз отырды да,— бұлай деу саған ауыр да болар, бала. Әдейі келген соң, оқымай қайтуын, да қиын. Дегенмен қаражатсыз қалай оқисың? Менімше, қиналсақ да елге қайтасың ғой деймін,— деді.
— Жоқ, мен қайтпаймын, жұмыс қылсам да оқимын.
— Егер табылса...
— Осынша үлкен Омбыдан тамақ асырарлық жұмыс неғып табылмайды?..
— Ойбой, байғұс бала - ау, білмейсің - ау, әлі ештеңені! Безработный» дегенді білемісің?
— Жоқ.
—Білмесең, Омбыда тұратын халықтың тең жарасы безработный, то-есть жұмыс таба алмай жүргендер...
— Неге жұмыс жоқ?
— Оған сен түсінбейсің, бала.
— Неге түсінбеймін?
— Оны қой, бала, — деді Қази, сағатына қарап,— мен қызметке кетем. Бүгін осында қон. Ертең курстың директорына алып барайын, мүмкін бір ретін келтірер.
Кешікпей Қазиға ат келді де, жүріп кетті. Маған апай» боп әлі де жылы қабақ көрсетпеген Кәмилә, Қази кеткеннен біраз кейін:
— Бала, жататын боларсың енді,— деді.
— Жатсам жатайын, — дедім мен.
— Ендеше шоланға төсек сап берейін.
— Жоқ, мен онда жатпаймын.
— Неге?
— Суық қораға қамайтын мал емеспін.
— Ойбой, не дейді мынау?!—деп Кәмилә тікіленіп келе жатыр еді:
— Тимеші осыған,— деді төргі бөлмеден бері қарай шыға берген Сейтахмет,— өзі бір ағып тұрған тіл мен жақ. Қазиға таныс болған соң дәсиді де, әйтпесе біздің немізге керек бұл? Желкесінен алып далаға бір-ақ лақтырмаймыз ба? Бүгінше жатсын, осы кухняда. Сасық күзенше шақылдатпай, ертең қуу керек, қайда барса да мейлі.
Кәмилә үн-түнсіз тергі бөлмеге кірді де:
— Мә, төсек,— деп тілдей ескі кигіз бен қамыстың ұлпасынан істеген ескілеу жастықты маған қарай лақтырып тастады.
«Мәссаған туыс!.. Мұндай да мейірімсіз туыс болады екен-ау!» — дедім мен ішімнен.
ҚОРА ТАЗАЛАУШЫ
Ертеңіне Қази мені фаэтон арбасына мінгізді де, курстың үйіне алып барды, — екі қабат, ұзыншалау қарағай үй екен. Курстың бастығы белгілі байшыл - ұлтшыл, кейін революцияға қарсы болған ақын Мағжан Жұмабаев боп шықты. Оның 1913 жылы «Шолпан» деген атпен басылған кішкене өлеңдер жинағын «Абай» журналына, «Сарыарқа» және «Жас азамат» газеттеріне басылған бірнеше өлеңдерін оқығам, өзін көрген жоқпын да. Енді көрсем: үлкендеу қой көзді, дөңгелектеу жүзді, қыр мұрынды, бұйра қара шашты көркем жігіт екен, сақал, мұртын қырады екен. Қази мен ол «сіз, бізбен» аса сыпайы сөйлесіп отырды. Қази менің жайымды Мағжанға айта кеп:
— Курс ашыларда жарияланған жағдай мен қазіргі жағдай басқа екенін, өз күшіне сенбесе, қазынадан жәрдем жоқ екенін бұл балаға мен айттым. Бірақ, баланың жұмыс қылса да оқығысы келеді. Жобасына қарасам, ептеп ақын болуға да ынтасы бар сияқты. Мен ақын кісі емеспін, өлеңнің мәніне сіздердей түсіне алмаймын, дегенмен айтқызған елеңдері маған тәп-тәуір көрінеді. Сондықтан да сізге алып келдім, мүмкін бұдан ақын шығып кетуі,— деді.
— Ә, солай ма,— деп Мағжан жымиды да қойды.
— Бала мені жұмысқа орналастыр дейді, — деді Қази,— мен білетін ондай жер жоқ. Мүмкін, сіз табарсыз, бір лайықты жерді?
— Ойланайық,— деді Мағжан,— мен қазір бір жерге кеткелі отыр ем, түстен кейін жолықсын, біреулермен ақылдасып көрейін.
Түстен кейін келсем, Мағжан орнында екен.
— Егер, тұрғың келсе,— деді ол,— орын таптым,— менің тұрған пәтерім — Ғазизбай деген кісінің үйі. Оның әйелі менің шешемнің сіңлісі. Со кісімен сөйлесіп дворниктің қызметіне ризалассаң алғысы келеді.
— «Дворник» деген не? — деп сұрадым мен.
— Қора-қопсыны күту. Жан қиналатын шаруа жоқ: бір аты, бір сиыры ғана бар, соларды жемдеп суарасың, ораларын тазалайсың, шарбақ ішіне қар түссе күрейсің. Ертістен атпен барып мұз әкелесің, өзгелері ұсақ-түйек. Мұның бәрі де сені оқуыңнан қалдырмайды, күшіңе тимейді.
— Жақсы, ризамын,— дедім мен.
— Бірақ күн бұрын айтып қояйын, бала,— деді ол, — саған еңбек ақы бермейді, киім-кешек те бермейді, тек, ішетін тамағың мен жатар орныңа ғана ақы алмайды.
— Оған да ризамын.
— Ендеше,— деп Мағжан Ғазизбайға хат жазды да, сыртына адресін көрсетіп, қолыма берді,— бірақ,— деді ол, хатты беріп жатып,—есіңде болсын, бала, мен сені аяғандықтан ғана орналастырып отырмын. Бүгін уәде беріп, ертең қипақтасаң жарамайды. Ұятты кісі ол. Күн бұрын ойла да, ретім келмейді десең барма. Барсаң, айтқандарын ренжітпей істейтін бол.
— Жақсы, ренжітпеспін,— дедім мен.
Мағжан көрсеткен запискамен Ғазизбайдың үйін іздеп таптым. Кең келемді қорасы тақтаймен қоршалған, төрт бөлмелі қарағай үй екен. Қорада ат пен сиырдың және отынның сарайы бар. Ғазизбай деген, бетіне шие шыққандай күрең - қызыл кісі екен. Көмірдей қара сақалы мен мұрттарының қылтандары бір - бірінен үрке, ыдырай шығыпты. Еті қызыл, кішірек қара көзі үнемі жасаурап, жиегі былшықтанып жүреді екен. Домалақтау мұрнының ұшы да безеуленген қызыл күрең. Әйелі Фатима төсек тартып жататын туберкулез ауру екен, басын әрең көтереді, демін ентігіп әрең алады, қинала жөтеледі, еттері бітіп, салдыраған сүйектері ғана қалған. Ерлі-байлы екеуінің ортасындағы жалғыз бала — Ғазиза атты он алты, он жеті жастағы қыз. Бойының шарғалығы болмаса, бет пернесі көркем екен, әсіресе екі бұрым ғып ерген қолаң шаштары тірсегіне тиіп, талдырмаштау денесін ерекше көріктендіріп тұрады. Қыз «Вардинская женская гимназия» аталатын орысша школаның жетінші класында оқиды екен. «Жас азамат» газетінде басылған Мағжанның «Ғазизаға» деген елеңін Торсан үйінде оқығам. Сол Ғазиза осы боп шықты. Бұл үйде Маруся атты қызмет.кер қазақ-орыс әйелі тұрады екен, жас шамасы сол кезде жиырмаларда, биік сымбатты денелі, кішірек сұлу бетті, желкесінен түйетін ұзын алтын шашты, кеңірек көгілдір көзді, қыр мұрынды, өте көркем әйел. Ғазизбай мені көңілді кескінмен қарсы алды. Оның сөздері татарша мен қазақшаның аралығынан шығады екен. Бір сөздің өзін сол сәтте, кейде қазақшылап, кейде татаршалап айтып жібереді, мысалы, «істі башлайық» деп ұрып, «ішні бастайық» деп, немесе «існі баслайық» деп шатастыра сөйлейді...
— «Қош келдің!» деп қарсы алған ол, мені әп-сәтте барлық шаруасымен таныстырып шықты. Оның екі малы бар екен: біреуі — белі қайқаңдау, арғымақ қарагер бие, аты Люкс; енді бірі — бір мүйізі жоғары, бір мүйізі төмен қараған, шолақ құйрық тарғыл сиыр. Олардан басқа, бұл қорада бір жақ құлағы мен шекесі ғана қара, өңге денесі ақ, кәрілеу ит бар. Ол мені алғаш көргенде шабаланып үрді де, қораны аралап шыққанша үйір боп алды. Аты Бопсик. Іші бос тұрған бір сарайға. Ғазизбайдың айтуынша, қысқа қарай саудамен жиналатын терілер үйіледі...
Ғазизбайдың мінезі қызық екен. Дыбдырлап асығыс сөйлейтін ол, шаруа жайын маған аз уақытта айтып болды. Сонша ашық сөздің ішінде маған тек қана көмескі болғаны, Ғазизбайдың бір сәтте:
— Малай, атқа мінгән кіші олай да жүрәләр, былай да юрәләр, андайына сақ буларға кирәк, айтмасқа кирәк, бір кімгә да,— деді.
«О не сөз?» деп ойлап қалдым да, жата-жастана білермін деп сұрағам жоқ. Бастапқы күндері бұл үйдің жұмысы маған оншалық ауыр болған жоқ. Таң біліне турам да, сиырды қора ішіндегі құдықтан суарып, шеп салам. Одан кейін шанаға атты жегіп Ертістен мұз алып қайтам. Одан келе қораны тазалаймын. Бұның бәрі оңай. Тек, бір ғана қиыны —Ғазизаның сабағы да, менің сабағым да таңертеңгі тоғызда басталады. Алыс жердегі гимназияға Ғазиза атпен ғана барады. Мен кошева шанаға атты жегем де Ғазизаны мезгілінде оқуына апарып тастап, қайтып кеп атты доғарып, отқа қойып, сабаққа содан кейін ғана барам. Ол арада алғашқы бір сабақ өтіп кетеді. Оқудан Ғазиза да, мен де кешкі сағат төртте шығамыз. Бірақ, Ғазиза жаяу қайтпайды. Оны ат жегіп алып қайту керек. Сондықтан, мен соңғы бір сабақты тастаймын да, үйге кеп ат жегіп, Ғазизаны алып қайтам. Қалған сабағымды конспект жазып алған жолдастарымнан кешіріп, түнде оқып қоям. Ұмытпасам, курста бізге берілетін сабақтардың саны ом: қазақ тілі, орыс тілі, география, есеп, жаратылыс, педагогика, тарих, дін сабағы, ән-күй (пение), гимнастика. Бұлардың ішінен ән-күйді ғана орыс мұғалімі оқытады, өзгелерін қазақтар оқытады. Мағжанның оқытатындары: қазақ тілі, педагогика, тарих және дін сабағы. Соңғы сабақ намаз шарттарын үйренгеннен кейін, класта Мағжанға ұйып намаз оқумен аяқталып жүрді. Тарихтан оның оқытатыны — ескі дәуір. Ең алғаш біз Египеттің, одан кейін Гректің, одан кейін Римнің тарихын өттік. Бұл сабақтардың қазақша конспектілерін жазғанда мен Мағжанның хатшысы сияқты боп алдым: кешкі уақыттарда ол мені өз комнатасына шақырып алады да, диванға қисайып жатып, орысша кітаптағы тексті маған қазақша диктовать етеді. Мен оның айтқандарын араб әріптерімен жазып отырамын және төз жазам. Оның оқушыларға «көшіріп алыңдар» деп беретін конспектісі осы мен жазғандар. Сол қыста мен диктовкамен екі-үш қалың кітапты жазып шыққан сияқтымын. Оның маған пайдасы да болды, мен тарих сабағын өте жақсы білетіндердің қатарында жүрдім. Мақтанғаным емес, өзге сабақтан да жаман болған жоқпын. Сол қыста сабақ атаулының орыс тілі мен гимнастикадан басқасын ылғи «бестік баллға» бердім. Егер, оқу осылай бара берсе, менің көңілімде ешбір мүдде болатын түрі жоқ. Сабаққа да, жұмысқа да үлгерем. Бірақ, маған бұл «рахатты» әлдене «күш» көпсінгендей - ақ, қыс ортасы ауа, берекем кете бастады.
Қырсық Мағжанның маған көзқарасы бұзылудан басталды.
Менің өлең жазатынымды Қазидан естіген ол, Ғазизбай үйіне барғаннан аз күн кейін, оңаша кеңесіп отырып, өлеңді қайда және қалай жазып жүргенімді сұрап алды да:
— Кәне, әкел, өлең жазып жүрген кінешкеңді, оқып көрейік! — деді.
Менде жалғыз ғана кінешке болушы еді, ол — біздің елде ауылнай болған Мәшіктің түндік басынан қазыналық шығын жинағанда беретін квитанциясының түбірі: қалыңдығы екі елідей, сол жақ бетінде таспен басылған және қолдан жазылған распискалар, оң жақ беті ақ, қағаздары аса сапалы және қалың, сырты қалың қатырмамен тысталған түбі қалың шүберек, жалпақтығы дәптердің жартысынан аз-ақ артық, ұзындығы екі дәптердей. Менің елең жазатынымды көрген және көбін оқытып көріп ұнатқан Мәшік, «бұдан былай осыған жазып жүр» деп бұл кінешкені сыйға берген. Хат білгеннен бастап, Омбыға келгенге дейін мен жазған өлеңдердің бәрі осы кінешкенің ішінде. Осы кінешкені мен Мағжанға, өз бөлмемдегі жуырда сатып алған кішкене қобдишамнан алып келдім, ол оқи бастады. Менің өлеңдерім үш жүйеге бөлінеді: бірі -— бозбала көзімде қыздарға шығарған өлеңдерім және әркімдермен айтыстарым. Бұл өлеңдерімді оқып шыққан Мағжан, «жақсы екен» деп мақтады. Екінші жүйелі өлеңдерде мен ауылдағы кедейлер мен жалшылардың байлардан көретін қорлығын көбірек жазған екем. Олардың көпшілігін «сұрғылт өмірді сипаттап керегі не?» деп Мағжан ұнатпады. Үшінші жүйелі өлеңдерім,— ауылдан шығып Қызылжарға, одан Омбыға келгенде көрген - білгендерімді сипаттайтын еді. Бұл елеңдерді басынан ұнатпаған көзбен оқыған Мағжан, түгел қарап шыққаннан кейін, өзіне өзі:
— Қарай гөр, қайда беттеуін! — деп бір қойды да.
— Орыс әдебиетін оқимысың сен? — деп сұрады.
— Жоқ,— дедім мен.
— Неге? — деді ол.
— Хатын да білмеймін, тілін де білмеймін.
— Мен сені, Максим Горькийді оқыған екен деп ойлағам.
— Ол кім?
— Естіген жоқсың ба.
— Жоқ.
— Ә-ә...
— О не қылған кісі? — дедім мен, көңіл бөле қап...
— Орыстың бір жазушысы, ылғи босяктардың өмірін жазатын.
- Босяк деген кімдер?
— Сен сияқты күнін көре алмай қаңғырып жүргендер!..
— Не дейсіз?! —дедім мен орнымнан ұша тұрып, мына сөзді өзіме қорлау көргендей, намыстанып кетіп,— қаңғырып қайда бардым мен?..
Тегі, түсім бұзылып кеткен болу керек, мені тиыштандырғысы келгендей, Мағжан өтірік жымиды да:
— Оған неге намыстандың? Боғауызы жоқ сөз оның, қазақтың «жоқ-жітік» деген сөзі сияқты. Жоқшылық көріп жүргенің өтірік пе?
— Бірақ мен ешкімнен әлі қайыр сұраған жоқпын.
— Горькийдің геройлары да қайыр сұрамайды, олар да өздерінше, кісіге кеудесін бастырмайтын тәкаппарлар...— деді Мағжан, тағы да күлген боп.
— Сізден мен, мені басқамен өлшеп емес, өзіммен өлшеп бағалауыңызды өтінем! —дедім мен.
— Солай ма?!—деп Мағжан кездерін жоғары бір төңкеріп қойды да,— мен саған ақыл берейін, бала,— деді.
— Айтыңыз! — дедім мен.
— Турасын айтқанда, бұл өлеңдерің, қазір жасап отырған үкіметті тұп-тура жамандау...
— Неге?!—дедім мен,— үкімет туралы бір ауыз да сөз жоқ қой мұнда?
— Ол қулық болмайды. Сенің өлеңдеріңе қарағанда, ауылда да жаман, қалада да жаман, темір жолда да жаман, сонда, «жақсы» не?
— Жоқ жақсыны қалай сипаттаймыз? — дедім мен...
— Бұл сөзіңнің аты не екенін білесің бе?
— Не?
— «Кон-тр-р-ре-вол-лю-ция!..» Түсінемісің, бұл сөзге?
— Түсінем!
— Дұрыс па, менің сөзім?
«Бұрыс» деуге бата алмай:
— Түсінем, Маке, сөзіңізге,— дедім мен,— саяси сөз ғой ол, «революцияға қарсы» деген сөз ғой. Не істедім мен, революцияға қарсы боп? Ешбір үкімет туралы бір ауыз сөз де жоқ қой, мұнда? Бұл — көргенді көрген қалпында ғана айту ғой?..
— Көргеннің бәрін көрдім дей беруге болмайды,— деді Мағжан,— қазақтың «көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз» деген мақалын естіп пе ең?
— Естідім.
— «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген мақалын ше?
— Естідім.
— «Тек жүрсең тоқ жүресің» деген мақалын ше?
— Оны да естідім.
— Естісең, аузыңды басып тек жүр! «Тышқан інге кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлайды» дегендей, саған саясат не керек?
— Қайда, ол саясатым?
— Бұл өлеңдеріңнің бәрі, барып тұрған саясат. Жаным ашып айтам: біріншіден—бұл өлеңдеріңді менен басқа жан адамға көрсетпе!.. Көрген біреу-міреу үкіметтің құлағына шалдырды бар ғой,— мүрдем кетесің, көзің абақтыда жылтырайды, ешкімнің көзіне түспеу үшін, бұл өлеңдеріңді жағып жібер!..
— Кінешкедегі өзге өлеңдерімді қайтем? — дедім мен қуланған боп.
— Оларды көшіріп ал! — деді Мағжан, менің қулануымды аңғармағандай, — екінші айтарым — мұндай өлеңді жазуға енді әуестенбе!..
— Не көрсек те үндемейміз бе, сонда?
— Қайымдаспа сең! — деді Мағжан, бұйыра сөйлеген дауыспен,— пайдалы сөзді ұқ.
— Өлең жазба дейсіз бе, сонда?
— Жаз, бірақ өтімді елеңді жаз!..
— Қандай өлең етімді болады?
— Мысалы, махаббат туралы өлең. Қандай жақсы, ондай өлеңдерің!.. Сондайларды көп жазу керек!..
— Ондай өлең жазу үшін, біреулерді сүю керек қой?
— Сүйсең, сүй! — деді Мағжан, менің сөзімді қызық кергендей, сақылдай күліп, — кім тоқтатады сені?
— Ойынды қоя тұрайық,— деді Мағжан күлкісін төз тыйып, салмақты дауыспен,— махаббат, әркімнің жеке басының ісі. Көптің, ісі де бар, Мысалы, біздің қазақ халқы революциядан бұрын қорлықта келген еді. Революциядан кейін қазақ бостандық алып, өзіне тәуелді «Алашорда» атты отау тікті. Әзірге ол отаудың алдында малы, үйінде жасауы жоғы рас. Бірақ оған «Алаш» айыпты емес, заман айыпты...
«Қай заман?» деп қала жаздап, мен үнімді өшіре қойдым. Манадан бергі қылығына қарағанда, егер мен, Алашорданың сорлылығы туралы көрген - білгенімді айтсам, «тура төбелесер, әйтпесе абақтыға өз қолынан апарып салар» деп ойладым, сондықтан не айтса да үндемей тыңдауға бекідім.
— Бірақ, бұл заман, бұлай түнеріп тұра бермейді,— деді Мағжан,— бүгін болмағанмен, ертең түзеледі. Алаштың тілегі соңда қабылданады, сонда ғана ол, өз қотырын өзі қаситын ел болады...
Одан әрі Мағжан «Алаш» автономиясының өркендеуі туралы әлдене бір қиялдарын айтып кетті...
Бұл сөздердің біреуіне де мен қосылмай, үнсіз тұнжырап тыңдадым да отырдым.
— Міне, шын қазақпын деген ақын осылар туралы жазу керек! — деп бітірді ол сөзін.
Менің ұғымымда, өз жаныңды тербетпеген нәрсе туралы жазуға болмайды. Ендеше, ешбір қылығымен жаныңды тұшытпаған Алашорданы мен қалай мақтаймын, сондықтан Мағжанға қарсы сөз айтпағанмен, ішімнен: «оттай бер, мақтасаң өзің мақта, жақсылығын көрмей мен оны мақтай алмаспын» деп қойдым. «Осының өзі қалай жазады екен?» деген оймен, менің Мағжан өлеңдерімен танысқым келді. Менің бұл өтінішімді ол қарсы алып, боспаға жарияламаған өлеңдерінің ешқайсысын менен жасырған жоқ, ара-тұра маған өз өлең,- дерін де оқып қояды. Ол махаббат туралы көп жазады екен, оңдай өлеңдері маған ұнайды, ал саяси темаға жазған өлеңдері ұнамайды, өйткені олар Колчак пен Алашорданы мақтауға арналады, ондай өлеңдерін оқығанда, сыртқа сыр бермегенмен, іштей тыжырынып қоям. Бір күні кешке, менімен оңаша шай ішіп отырып, Мағжан «Жауынгер жыры» деген өлеңін оқыды да пікір сұрады. Өлеңнің мазмұны,— қазаққа Колчакты мақтау, Советке қарсы күреске шақыр. Екеуміз осы тақырыпта айтысып қалдық: Колчакты ол мақтады, мен жамандадым. Қызба - қызға түсіп кетіп, мен Алашорданың сорлылығын да айтып қойыппын. Мағжан оған қатты ашуланды да, бел - күшке сап:
— Доғар, бұл ойыңды!.. Егер доғармасаң курста бір күн де тұрмайсың. Жай құтылсаң жарайды, одан да жаманын көресің! — деді.
Мен қорқып кеттім де, ондай сөзді қайталамауға «уәде» бердім. Содан кейін, Мағжан маған өлеңдерін көрсетпейтін де болды, бұрынғыдай жылы ұшырамайтын да болды. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, «қырсыққа қырсық» ұштаса түсті. Бір зор қырсық — қақаған қыс. Жаңа жылдың басына шейін қоңырсып, май тоңғысыз жылы боп тұрған ауа райы, қыс ортасы ауа қағынды. Теріскейге шығып қатайып алған жел, бетін ол жақтан бұруды мүлдем қойды. Күн сайын төпеп қар жауып, алай-дүлей бораннан көз ашылмады. Ғазизбайдың кең, ауласына түскен қарды күремейін десем, тау-тау боп үйілген күртік қора түгіл үйді де көміп кететін. Қарды олай басындырмау үшін таң қараңғысынан тұру керек те, сабаққа дейін шаналап тасып далаға төгу керек. Сабақтан орала тағы да сол жұмысқа кірісіп, қалжырағанша жүру керек. Соңда да жота-жота боп үйілген күртіктердің мұртын сындыруға бір кісі мен бір ат түгіл, ондаған кісі мен ондаған аттың шамасы келер емес... Қарын алып болдым деген жеріне, ұйытқи соққан боран әп-сәтте тағы да толтырады да тастайды... Бұл бір қырсық... Екінші қырсық — Ғазизбайдың өзі. Оның әйелі Фатима бұл кезде өлген. Әйелінің күйігі ме, әлде ежелгі дағдысы ма, күндіз сауда-саттық жұмысымен жүретін ол, кешке атты жеккізіп алады да, алдына мені мінгізіп сейілге шығады. Ат дегеніміз жоғарыда аталған Люкс. Ол осы қаладағы атаққа шыққан екі желгіш жылқының біреуі, екіншісі Вихрь аталатын арғымақ көк айғыр. Ол кезде, Омбыда түн мезгілінде үлкен кешені бойлап аттардың желісін салыстыру әдеті бар екен. Осы жарысқа түскен Люкс пен Вихрь өзге талай ірсәктардың (рысак) ешқайсысын маңайлатпайды, екеуі өз ара алма-кезек озып жүреді. Люкске тікшілдеу ғана, артына бір кісі, алдына бір кісі сиятын жетегі ұзын шана жегіледі. Жарыстың алғашқы күндерінде божыны Ғазизбайдың өзі ұстап жүрді. Атты қатты, не орта саябыр желгізер уақытта қолға кие қоятын божының түйіншектері бар. Люкс басын неғұрлым қатты тартсаң, соғұрлым екпіндей желеді. Ақырын тартсаң, айдасаң да шоқақтап желе алмайды. Егер, сірестіре тартсаң, ілгері созған екі қолыңды, қарыңды талдыра сірестіріп, дедектеп ұшады да отырады. Ол кездегі ұшқырлығы тымықтан жел тұрғызып, көз жасыңды парлатып жібереді... Аттың божысын осылай ұстауды үйретіп алғаннан кейін, Ғазизбай қызба - қыз басталғанда бар даусымен: «һа-и-и-ит!» деп ақырып қалады. Люксты біраз жарыстырып, түн ортасы ауған кезде, Ғазизбай «Алтын мүйіз» («Золотой рог») аталатын ресторанға барады да, тамақ және арақ ішеді. Кейде ұзақ отырып қалады... Ол шыққанша мен Люксты ерсілі-қарсылы аяңдатып, «ағаш құдайдай» қақиям да жүрем. Кейде аяз қысып, мұздап та кетем, бетім, аяқ-қолдарым да домбығады, бірақ амал қанша!.. Кейбір күндері рестораннан өлердей мас боп шыққан Ғазизбайды ресторан адамдары шанаға сүйреп әкеп мінгізді... Ал, кей күндері ол, рестораннан қызып алғаннан кейін, айдап отырып «Қызыл шамға» барады. Қалада әйелдердің арын сататын осындай «үй» болатын сұмдықты мен Ғазизбайдың жүрісінен ғана білдім... Ғазизбай ол «үйге» кейде көп, кейде аз аялдайды, бірақ еш уақытта қонып қалмайды... Оның осындай «серуендеуінен» кейде біз таң бозара қайтамыз... Үшінші қырсық — Ғазиза. Маған алғашқы кезде момындау, ұялшақтау көрінген бұл жас қыз кейін, әсіресе әкесі Омбыдан жолаушылап кеткен кездерде байқасам жігіттерге үйір. Оның әсіресе құмартатыны, Мағжанның:
«Айтпақшы қасымызда бар ғой граф ,
Отыр ғой сұлуы мұртын сылап, бұрап,
Сұлудың біз білмейтін сыры болса,
Алайық біразырақ содан сұрап»,
— деп, және сол өлеңде:
Графтай адал көңіл адам сирек,
Айта ма сұлуға ол сөзді түйреп,—
деп сықақтаңқырай өлең шығаратын жігіті. Қазақтың аталықты бір байының мырзасы боп өскен бұл жігіт:
«Елден шығып Омбыға келгеннен соң,
Құмар боп көтеруге граф атын,» —
өзін үнемі қазақтан шыққан ақсүйек көрсету әрекетінде жүреді, Орысша гимназия бітіріп, Ауыл шаруашылық институтына түскен ол, неге екенін кім білсін, кавказ модылы ғып офицерше киінеді. Өзі қияпатты көркем де жігіт, оның үстіне барып тұрған джентльмен, әрі танцор. Графтың осы сипаттары тартады ғой деймін, Ғазизаның оған ғашықтығы, Онегинге ғашық болған Татьяна сияқты. Ғазиза да Татьяна құсап, талай түндерді тәтті қиялмен өткізетін сияқты, онысы графқа мен арқылы жіберетін хаттарынан көрінеді. Орысшаны шала білген мен, конвертке жауып берген хатты ашам да, орысша сұлу почеркпен жазылған сөздерді түгел ұқпағанмен, жобасын аңғарам... Графтан қайтатын жауапты да сөйтем... Кейде, жауаптасудың аяғы Люкспен түнде серуендеуге шығуына соғады... Бұл, әрине, Ғазизбайдың үйде жоқ көзі... Олар да Люксты біраз жарысқа салады да, «Алтын мүйізге» келеді... Граф пен Ғазизаның бұл сүйіспеншілік қарым-қатынастары маған қызық көрінеді де, араларында хат тасуға да, серуенге шығуға да ерінбеймін. Мені қинайтын бұл емес, Мағжанның қыспағы. Сөз әлпетіне қарағанда, ол да Ғазизаға ғашық сияқты. Тегі, оның ойы, осы бір «балапанды» қолында өсіріп, болашақта бақыт құсы ғып ұстамақ. Сондай мәпелеп жүргенін граф сияқты әлдекім қағып кетсе, оған, әрине батады... Шынында да солай. Ол граф пен Ғазиза арасында махаббат барын сезеді де, «не білесің?» деп мені қинайды... Ғазиза «Мағжан ағайға сездірме!» деп бұйырады... Екі оттың, ортасында кебеп боп мен жүрем... Кейде Мағжан шынымды еріксіз айтқызады... Бұның арты «тастаған шоқпар сорлыға тиедіге» соға ма деп қорқам... Төртінші қырсық — Маруся. Ғазизбайдың үйіне тұра келе байқасам, бұл сұлу келіншекпен Мағжан көңілдес. «Жалшыға да жалшы керек» дегендей, Мағжанға бауыр басып алған Маруся, бұл үйдің, отын жағу, күлін төгу, суын әкелу, тіпті, үйін жуу сияқты қызметкер әйелдің мойнындағы жұмыстардың бәрін маған артпақшы болады, менің оған көнгім келмейді... Осыдан Маруся екеуміздің арамызда қырғи-қабақтық басталады... Біз бетіміз ашыла келе бір-бірімізді «собакә», «сука» деген сияқты тұрпайы сөздермен де тілдеуге айналдық. Оған мен қынжыла қоймас ем, егер Марусямен екеуіміздің арамызға Мағжан араласпаса... Тегі, Маруся шағыстырады ғой деймін, мен Марусямен араздасқаннан кейін Мағжан күн санап тіпті салқындай бастады. Байқаймын: жүріс-тұрысымның, қылығымның көбін ұнатпайды, байланыса береді, кейде ұрсарманға дейін барып, қатаң сөздер айтады... Марусямен араздасқанға дейін, көретін рахатымның біреуі,— түнде қызметтен қайтқан Мағжанмен бірге отырып шай ішу еді. Марусямен араздасқаннан кейін, бұл тәтті шайдан мен айырылдым. Мұндай жағдайда, Ғазизбайдың үйінде тұруға, әрине, болмайды. Не істеу керек? Кімге ақылдасу керек?.. Курста менімен көңілдестеу үш жігіт болушы еді: біреуі, менен жеті-сегіз жас үлкен, шыққан тегі Екібастұз шахтасының жұмыскері, кейін Қарағанды өндірісінде тау-кенінің инженері болып жүріп, соңғы кезде сырқаты арқылы пенсияға шыққан қарт коммунист Балабек Құндақбаев; екіншісі — Неғметолла Нұрғалиев дейтін татар жігіті, бірақ қазақ арасында өскендіктен қазақша таза сөйлейді, қазір халыққа еңбегі сіңген қарт мұғалім; үшіншісі — Дәрмен Длин дейтін жігіт. Ол — қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданынан шыққан адам еді, курстан қайтқаннан кейін мұғалім болды да, 1921 жылдың күзінде ауырып өлді. Осы үш жігітке ауыр хал-жайымды айтып едім, әрқайсысы әр түрлі ақыл берді.
— Сен өлең жазып жүрсің ғой,— деді Неғметолла,— осы халдеріңді баяндап өлең жазып әкел. Біз курсанттардың арасына оқытайық, та, саған қаражат жинап берейік.
Менің өлеңдер жинағымның 1936 жылы шыққан бірінші томындағы «Зарығу» атты өлең сонда жазылып, курсанттар арасында оқылды. Одан жүрек жалғарлық еш нәрсе жинала қоймады. Ол сәтсіздікке қатты кейіген Дәрмен, маған елге қайтып кетуді ұсынып еді:
— Болмайды ол, — деді Балабек.— Не қиыншылыққа болса да шыдап, оқуды тастамау керек. Біз тұратын пәтердің иесі — Жаңбыршы, әнеугүні «бізге де қора-қопсыны тазалайтын қолбала керек» деп отыр еді, бүгін сөйлесейін, ризаласса хабарлайын.
Ертеңіне Балабек «қуаныш» хабар әкелді. Жаңбыршы ризаласыпты. Осы жәйді айтып Мағжаннан ұлықсат сұрап ем, ол:
— Басында айтпадым ба саған, түбінде бұлтақтар болсаң жолама деп? Саған сенбегенде Ғазизбай кісі тауып алатын еді. Енді, қыс ортасында қайдан табады? Біреуді алдап тақыр мұзға отырғызады деген осы. Егер, бұлай кететін болсаң, онда біржола курстан да кет! — деп, жатты да кейіді.
— Сіз оқыған азаматсыз,— дедім мен Мағжанға,— оған қоса оқыңсыз. Менің де әдебиетке талабым барын білесіз. Сондықтан, маған мұнша мейірімсіз болмаңыз. Бұл үйден кетуге рұқсат етіңіз. Оқудан шығармаңыз!
Ақыры, Мағжанды көндіріп, Жаңбыршының үйіне келдім. Жаңбыршы деген ұсақ қана саудасы бар, жасы алпыстарды алқымдаған, сары буырыл сақалды кісі екен, әйелі (атын ұмыттым) отыздар шамасында ғана. Ғайныш атты, со кезде он екі, он үшке келген гимназияда оқитын көркемше жалғыз қызы бар. Ғазизбаймен салыстырғанда Жаңбыршы үйінің жұмысы әлдеқайда жеңіл боп шықты. Оның қарамағыңда жалғыз ғана сиыр бар. Тұратын үйі Жексембай дейтін атақты миллионердің қорасындағы флигель. Барақ сияқтандырып шұбалта салған бұл флигельде әлденеше семья тұрады. Қора ішін олар бөлісе келгенде, Жаңбыршыға алақанның аясындай ғана жер тиеді, оны тазалау маған түк те емес. Суды алыстан әкелмейміз, құдық қораның ішінде... Бұл үйдің тамағы да тоқ, «әрі отыр, бері отыры» да жоқ... Әйелі жас болғанмен, қылтың-сылтыңсыз нысапты адам. Жаңбыршы үйінде сабақ бұрынғыдан әлдеқайда көңілді етті. Мұнда оқу үшін қанша уақыт керек қылсаң да бар. Және мұңда менің курстас серіктерім тұрады да, сабақты бәріміз жиналып пысықтағандықтан, қонымы күшейе түсті. Мен енді курстағы ән-күй және әдебиет үйірмелеріне жазылып, үздіксіз қатынасатын болдым, театрға жүре бастадым. Тек қана қорланатыным—киімдерім. Елден не киіммен келгенім белгілі. Ғазизбай тозығы жеткен костюмін беpіп еді, шығып кеттің деп ерегісіп алып қалды. Жаңбыршы үйіне келе, арзан қол ескі қамзол шалбарды әрең құрастырдым. Дәрмен жамау кірген пальтосын берді. Қожайыным барахолкадан солдаттық көнетоз көйлек-дамбалын әперді. Аяғымда Мағжан берген жамаулы бәтеңке. Бар киімім осы... Курсанттар ішінде ең сорлы киінетін менмін, бірақ, оған амал қанша!.. Әлі есімде, ескі көк шұғадан тігілген шалбардың, әлденеше сөгіліп тігілген ауын құрастыра алмай, оңаша бір бөлмеде азаптанып отыр ем, Ғайныш кеп есік қақты да:
— Сәбит ағай, сізді бір туысқаныңыз іздеп келді, тыста шақырып тұр,— деді.
Шалбарды икемге келтіре алмай, туысыма сағаттан артық уақыт көріне алмағаным ғой. Мені күтіп шыдамынан айрылған туысымның өзі келді. Ол, қазіргі философия ғылымының мұғалімі Үміт Балқашев екен. Мен оны бұрын естіген де, білген де жоқпын. Сұрастыра келсем, руы біздің Керейдің ішінде Шағалақ екен. Соңғы екі жылда Троицкі қаласында «Вазифа» атты татар медресесінде оқиды екен. Жуырда оқулары жабылып, Омбыға оқу ниетімен кепті. Оның айтуынша, ар жақтан Қызыл Армия Орал тауына кіріп қалған да, Колчак үкіметі Оралға маңайлас қалалардың бәріндегі оқу орындарын таратқан. «Вазифада» оқушыларға белгілі Баймағамбет Ізтөлин де бар. Ол жолда Петухово станциясынан түсіпті де, еліңе кетіпті. Үміт мені Баймағамбеттен алған адресіммен тауыпты. Ол екеуіміз хат жазысып тұратынбыз. «Құрметті Сәбит,— деп жазыпты Баймағамбет, Үміттен жіберген запискасында,— қиыншылықпен оқып жүргеніңнің бәрін жазған хатыңнан білем ғой. Мүмкіндігі болғанша оқудан арылмау керек. Қазақта мақал бар ғой, «сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген. Сенің де сарғайып күткен жақсылығын, көп ұзамай көрінер. Өзгесін Үміттен сұрарсың».
Үмітке «бұл не сөз?» десем:
— Қызылдардың бері беттеп келе жатқанын жұмбақтап айтқаны да. Совет үкіметі орнаса, көзіңнің ашылатыны рас, — дейді.
Бұл кезде де сөзге сараң Үміт, ол кезде де сараң. Қызылдар жайын шұқшия сұрағаныма ол желпеңдемей, өзіне тәуелді жымысқы қулығына сап.
— Не боларын тұрмыстың өзі көрсетпей ме, несіне асығасың,— дейді.
Мен аңқылдақтық дағдыммен, Колчак пен Алашордадан күдер үзгендігімді айтсам:
— Асықпа,— дейді Үміт қоңқақ ұзын мұрнын тартып, қою қасын қимылдатып қойып,— қырқына шыдаған соң, қырық біріне де шыда!..
Үміт оқуға орналаса алмай еліне қайтып кетті. Мен қалып қойдым. Қолым бос кезде мен баяғы Бексейіт извозщик пен теміржолшы Қадырдың үйлеріне барып жүрем. Олар маған «болса асың болмаса түсін береді» дегендей, туысқандық шырай көрсетеді.
«КӘПІР-АЙ»
Колчак үкіметі Россиядағы революцияға қарсы күштердің ішінде өзін ең бас күш көріп, 1919 жылдың басында Москваға шабуыл жасауға жиналғаны тарихи документтерден мәлім. Бұл жиналудың қарқыны, Колчак үкіметінің орталығы болған Омбыда ерекше байқалды. "Үкіметтің тілі «Заря» газетінің хабарларына қарағанда, Совет үкіметін Кавказ жақтан да, Украина жақтан да, Солтүстік жақтан да Антантаның жәрдемімен Ақ армиялар қысып келеді, енді Сібір жақтан мықты бір шабуыл жасалса, Совет үкіметі біржола тұншықпақ. Осы әрекетті жүзеге асыру үшін Колчак үкіметі қаражат жинау жөнінде де, әскер жинау жөнінде де бұйрық үстіне бұйрық беріп жатады. Бұл бұйрықтарда Колчак «Верховный правитель и верховный главнокомандующий всеми сухопутными и морскими вооруженными силами России» деп қол қояды. Колчак газеттерінің қиқуынан Алашорда газеттері де қалыспайды. «Сарыарқа» газетінің хабарлауынша, Батыс Қазақстанда «Ойыл полкы» деген атпен құрылған, Торғайда, Семейде және Жетісуда құрылған Алашорда әскери бөлімшелері де «Большевиктерді қырып жатыр». Газет, әсіресе Жетісу жақта большевиктермен соғысып жүрген «Торыала атты Алаш полкы» дегенді ерекше мақтайды... Бұның босқа көпіру екенін, көшеде кім көрінген айтып жүреді... Колчак туралы да жұрттың сөзі солай. «Егер,—- деседі олар.— Колчактың беті соншалық жүріп тұрса, тынысы осынша неге тарылады?.. Алым-салықтан елге дем алдырмайтын болды ғой бұл!.. Әкімдері де қол күш жұмсап елді қырып барады... Күйіп тұрған қымбатшылық мынау!.. Маңына жан жолай алар емес... Ақшасы қағаздан арзан... Қолынан шығарып жатқан түк бұйымы жоқ... Ең аяғы сіреңкені де шет мемлекеттен алады... Заводы қайда мұның?.. Фабрикасы қайда мұның?.. Осындай түгі жоқ үкімет бола ма екен?!. Түгі жоқ үкіметте күш бола ма?.. Ендеше, мұның «большевиктерді қырып жатуы» былшыл... Көрерсіңдер, мына алқынуымен ол ұзаққа бара алмайды... Осыныкі— елер алдындағы жан ашуы!..» Революцияға қарсы Колчактың асыранды итіндей шәуілдегенмен, Алашорда «үкіметі», материалдық жағынан да, әскер беруден де Колчакқа айта қаларлықтай жәрдем көрсете алған жоқ. Мысалы, өткен күзде Қази Торсанов Колчак армиясына қазақ елінен ат жинауға шыққан екен. Сол сапарынан ол сәтсіздікпен қайтып, бірен-саран байлар ғана берген жүз шақты аттың басын әрең құрастырған. Оларды айдап әкелуге ұялып, базарларға сатқан да, Колчак үкіметіне ақшасын ғана әкеп берген. Халықтың еркіне салса жарымайтынын көрген Колчак үкіметі, енді қол күшке сап, зорлықпен талап алып жатыр... Колчак үкіметі Москваға қарай шабуыл жасауға жиналған кезде, Омбыдағы Алашорда адамдары, Колчак армиясының пайдасына жәрдем жинау мақсатымен сауық кешін жасау мәселесін көтерді. Алғашқы ұйымдастыру жиналысы қаладағы «Учительская семинария» аталатын мектептің клубында етті. Жиналысқа Алашорданың басқарушы қызметкерлері, орта және жоғары мектептерде оқитын жастар қатынасты, біздің курстан да біраз адамдар барды, барлығы екі жүздей кісі. Жиналыста баяндама жасаушы жалпы саяси халді айта кеп, Колчак үкіметінің болашағын зорайта көрсетті де сөзінің аяғын:
— Колчак армиясы қызылдарды әрине, жеңеді. Алдағы жазға дейін Москва алынады. Содан кейін Учредительное собрание ашылады. Біз Алаш автономиясын жариялаймыз. Ендеше, Колчак үкіметінің большевиктерге қарсы бұл шабуылына мүмкіндігі бар барлық жәрдемді аямауымыз керек. Бүгінгі талқылағалы отырған «сауық кеші» Алашорда азаматтарының Колчакқа беретін жәрдемінің бір түрі,— деп бітірді.
Сауық кеші қалай өтудің планын алашордашылдардың екінші біреуі баяндап шықты. Оның айтуынша, бұл жөнде қолданылатын шаралар төмендегілер: 1. Бір шеті Семей, бір шеті Орынбордан бастап артистікке бейімі бар алаш жастарының бәрі жиналады да, Омбының театрында қазақша спектакль қояды. Спектакльдің билеттері қымбат бағамен арнаулы кісілерге түгел сатылу керек. 2. Спектакль уақытында театрда буфет ұйымдасады. Ол үшін фойенің ішінде қазақша қостар тігіледі, әр қосқа қазақша киінген сұлу қыз-келіншектер отырып, ащы-тұщы құрт, құйрық-бауыр, қазы-қарта, қоспа - жент тағы сол сияқты қазақша тамақтарды сатады. Бұлардың бәрі күн бұрын қаладағы және ауылдағы қазақ байларынан жиналып даярланады. 3. Сауық кеші күні, антракт уақыттарында, фойеде. Американский аукцион болып, онда: алтын, күміс сияқты қымбат металдардан, немесе қымбат тастардан жасалған білезік, жүзік, сақина, сырға, алқа, пышақ, қасық, вилка, табакерка сияқты қымбат заттар бәсекемен сатылады. Ол заттар күн бұрын қазақ байларынан жиналады. 4. Сауық кешіне байланысты, Ақмола мен Семей облыстарына қарайтын қазақ болыстарына арнаулы кісілер шығады да, қазақ байларынан жылу жинап әкеледі. 5. Спектакльден жиналған түсімнің бәрі түгелімен Колчактың қазынасына түседі. Бұл жұмыстардың бәрін басқаруға Алашорданың басқарушы адамдарынан комиссия сайланды. Жоғарыда аталған бес жүйелі жұмыстың әрқайсысын басқаруға комиссиялар құрылды. Қази Торсанов спектакль күнінің тәртібін басқаратын комиссияның бастығы болды.
— Бала,— деді маған Қази, бір күні пәтеріне барғанда,— саған тегін алатын ақша таптым.
— Қандай?..
Вешалка дегенді білесің ғой, сен?
— Киім ілетін бе?
— Иә, сол. Спектакль күні, қасыңа бірер бала қосып, сені вешалка жұмысын басқаруға қойдым. Саған одан көп пайда түседі. Киімдерді қалай алып, қалай берудің жобасын сендерге маман адам түсіндіреді,. оны орындау қиын емес. Спектакль бітіп, жұртқа киімін үлестіріп бергенде, «за охрану» десең, саған ақша береді...
Қази мені осыған көндірді. Оның ойынша, «за охранудан» көп ақша жиналуға тиісті. Шамасы ай жарым көзінде комиссия ісінің қорытындысы туралы жиналыс шақырылды.
— «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендейден бастады комиссия бастығы сөзін,— біз ойлағанның ешқайсысы да көңілдегідей боп шықпай отыр. Жоспар бойынша елге жылу жинауға шыққандар ең кемінде бір мыңдай мал әкелуге тиісті еді, жиналғаны: елу шақты қойдың, жиырма шақты сиырдың стагы олардан басқа жиналғандары: қойы, ешкісі, жылқысы, сиыры бар — екі жүз шақты малдың терісі... одан басқа — қырық-елу қарындай май бар...
— Бұларды жәрдем деп үкіметке көрсетудің өзі ұят,— деп кейіді баяндамашы,— неліктен бұл? Кедейлерге қызылдың келгені жақсы. Ал, байларға не болған? Тіршілігі Колчак үкіметіне байланысты екенін неге ұқпаған олар?!
Ойыны ма, шыны ма, қылжақбастау біреу:
— Оның несіне таңданасыз? Марксистер айтпай ма «жеке шаруалар, әсіресе буржуалар, антагонист келеді, басы бірікпейді» деп?.. Сол емес пе осы?.. — деп күлімсірей беpіп еді...
— Сондай да ойын бола ма екен?.. Қою керек, орынсыз қылжақты! — деп баяндамашы кейіп тастады...
Сөз қаладан жәрдем жинаушы комиссияның бастығына берілді. Трибунаға ол, қолына қампиған бір дорбаны ұстай шықты.
— Ұзақ сөзді мен білмеймін,— деп бастады ол,— мен фактыны ғана айтамын. Менің фактым мынау қолымдағы дорба,— деп дорбасын оң қолымен жоғары қарай көтерді. Жұрт қыран-топан күлді. Өзі де біраз күліп алған баяндамашы,— аз болсын, көп болсын қаладан жиналғанның барлығы осы дорбада, ауырлығы да осы,— деп дорбаны тағы да жоғары көтеріп, салмақтап - салмақтап қойды...
— Ойбай-ау, бары сол ғана болса, жеп-жеңіл ғой,— десті әркімдер.
Жұрт та, баяндамашы да тағы біраз күлісіп алды.
— Сонымен, қысқасы,— деді баяндамашы,— мен бұл дорбаны сіздердің алдарыңызға ақтарып төкпей-ақ қояйын. Мұның ішінде асыл да көп, жасық та көп. Кейбір заттарды беруші ұялмағанмен, сіздерге көрсетуге мен ұялып тұрмын. Қысқасы, бұл дорбаның ішіндегі дүние, сараң байдың, өлген кәрі әкесіне шығарған педия малындай ала-құла. Жорға, жүйрігі жоқ. Бірен-саран құлынды бие, бұзаулы сиыр сияқтылары бар, бірталайы ақсақ ешкі, қотыр қой сияқтылар...
Жұрт тағы да ду күлді.
— Азаматтар, бұларын, не? Ойын деп отырсыңдар ма бұны? — деп жиылыс бастығы кейіп қалды.
— Сонымен,— деді баяндамашы — дорбаны ақтармай - ақ, мөлшермен жалпы суммасын айтайын...
— Сөйт, сөйт! — деп ду етті жұрт.
— Суммасын Николай ақшасының бағасымен айтайын ба? Керенскийдің бе, болмаса Колчактың ба?
— Николайдың! — деген дауыстар шықты көпшіліктен.
— Ол ақшаның құнымен айтсам,— деді баяндамашы,— мұнда мың, сомның бұлына жетсе жетіп, жетпесе жетпейтін ғана мүлік бар...
— Онда түк емес екен ғой!.. Қалаң да өндірмеген екен ғой онда! — десті әркімдер.
— Дегенмен,— деді жиналысты басқарушы,— ел берген жәрдемнен бұл әлдеқайда артық. Бұл, американский аукционмен сатылады ғой...
— Сол өзі немене? — деген сұрау қойды біреу.
— Мен айтайын, — деді баяндамашы,—мысалы, күміс сағатты американский аукционмен сатады екенбіз дейік. Оған орта мөлшермен, мысалы — жүз сом баға қоямыз да, «кәне, осыдан кім артық береді?» деп көпшіліктен сұраймыз. Біреу «мен бес сом артық берем» деп бес сомын салады, енді біреу «он сом артық берем» деп оның салады, солайша, біреуден біреу асырып, ақыры тоқтаған бағаны берген кісі алады. Сол тәртіппен жүз сомның сағаты екі-үш жүз сомға өтуі мүмкін...
— Түсінікті,— деді сұрау беруші,— бірақ, жұрттың бұлайша қызығып саудалауы үшін, қызғылықты нәрсе керек қой. Ондай нәрсе аз деп тұрсыз ғой сіз?
— Көзінде көрерсіз оны...
Ендігі сөз буфетке азық жинаушылар комиссиясының бастығына берілді. Ол аузын толтыра сөйледі.
— Мен жинаған жал-жая да, қазы-қарта да, құрт-май да, қоспа - жент те бір сауық түгіл әлденеше сауық кешіне жетеді,— деді ол.— Ата десеңіздер қадақтап емес, пұттап - ақ атап берейін.
— Өтпейтін нәрсенің қажеті не? — деді біреу.
— Неге өтпейді? — деді баяндамашы.
— Менің естуімше,— деді анау,— спектакльдің билетін қазақтың және татардың байлары ғана алған. Орыстан алушылар бірлі-жарымды ғана деседі. Татар мен қазақтың байлары, әсіресе, ауыл қазағының байлары билеттерді алуын алатын көрінеді де, «ақшасын сенің көңілің үшін төлеп отырмын, әйтпесе өзім бара қоймаспын» дейтін көрінеді. Көрерсіз, билет түгел жатылғанмен театр залының тең жарасында кісі болмайды. Ал, болған кісілер, өз үйінде қазы-қартасы, құрт-майы толып тұрғанда, театр ішіне тігілген қостан жапырақтаған тамақ сатып алып жей ме?
— Ұйымдастыру керек қой соны, түсіндіру керек қой,— деді жиылыс бастығы.
— Сол ұйымдастырушылар мен түсіндірушілердің біреуі өзіміз ғой,— деді қосарланушы,— бірақ түсінбейді жұрт. Түсінсе де түсінгісі келмейді...
Сонымен, қысқасы, алашордашылар, қолда бармен спектакльді өткізбек болды... Біздің, яғни киім ілушілердің комиссиясы қызметіне спектакльден төрт - бес-ақ күн бұрын кірісті. Вешалка ісіне кәнігі біреу бізді Омбының Дөңқаласындағы театр үйіне алып барды да, әдеттегі спектакльге келушілердің киімдерін, дағдыланған киім қабылдаушылардың қалай алып, қалай беретінін көрсетті. Осы «репетиция» үш-төрт күнге созылып, біз де кәнігіленіп алдық. Менімше, онда тұрған түк қиындық көрінбейді: киімді алып номерлеген орынға қою, иесінің қолына номер беру, сол номермен иесіне киімін табыс ету оп-оңай-ақ сияқты. Спектакль болатын күні біз, киім ілушілер, өзгелерден театрға бірер сағат бұрын келдік. Жұрт жиналғанша бастығымыз бізді:
— Әйтеуір, жігіттер, сақ бола көріңдер, не ұрлатып, ие ауыстырып ала көрмеңдер, тірі масқара боп жүрмейік,— деп әлсін-әлсін сақтандырады.
Міне, жұрттың алды енді келе бастады... Алғашқы киімдерді бойымыз қалтыраңқырай, абыржыңқырай қабылдасақ, аздан кейін үйреніп алып, киімдерді қабылдап, иелеріме номер бергенде, аяқ-қолымыз жып-жып етеді... Міне, енді вешалканың көпшілігі толуға да айналды... Киім берушілер сирей бастады... Міне, енді киім берушілер бітті... Біраз вешалкалар бос тұр. Біз солардың иелері келер деп күтеміз, әйтпесе, ана жақтағы залда ойнаған духовой оркестрдің даңғаза әдемі даусы бойды желіктіріп, көңілді көтеріп барады... Біздің де кезектесіп залға барып, жиналған жұртты көріп, музыка тыңдағымыз келеді... Бір кезде музыка тынды, шу басылды, зал мен фойе жақ тым-тырыс бола қалды. «Неге бүйтті?» деп біреуімізді жіберіп ек, ол біраздан кейін оралды да:
— Американский аукционный, да, буфеттің де халі нашар екен, нәрселері жөнді өтпепті... спектакль басталыпты,— деп қайтты. Спектакльдің картиналарын біз кезектесіп көрмек болдық.
Менің көзегім спектакльдің екінші антрактысында келді. Фойеге шықсам, төрінде ойнаған оркестрдің күшті даусынан үй дірілдейді. Жұрт опар - топар араласып билеп жүр, үстерінде әр түсті қағаздардан мәнерлеп, ұсақтап кескен конфетти. Осы топтың ішінде, орыс офицерлерімен араласып бірен-саран қазақ офицерлері де жүр. Би арасында американский аукцион бастады. Оқушылар атын «Сары шаян» қойған, гимназияда оқитын бір байдың баласы, орындық үстіне шықты да, қолына алтын білезік көтеріп, саудаға салды. Ол әрине, кешікпей өтті... Одан кейін, көнетоз қызыл жібекке тіккен күміс алқаны көтеріл еді, саудалайтын жан табылмады. Аукцион саудасы солай жүріп жатқанда, мен фойенің буфет жасалған жағына бардым. Онда тігілген қостардың ішінде бірен-саран ғана адам болмаса, тамақ жеуші жоқ... Тек қана, беттерін опа-далаппен бояп, қасы - кездерін әдемілей керілген, қазақша малынып киінген сұлу қыз, келіншектер отыр, олардың бірталайын танимын. Омбыдағы, Қызылжардағы байлардың қыз, келіншектері. Антракт бітіп, спектакль басталғанда, мен сахна жаққа бардым. Артистердің көпшілігін танимын, олар осы ойында роль атқару үшін Семейден, Орынбордан, Қызылжардан әдейі арнап келген алашордашыл оқыған жастар, біразы омбылықтар... Менің мақсатым Колчакты көру. Сыбыр-күбірден естуімше, Омбыдағы Алашорда комитетінің бастығы әдейі барып Колчакты спектакльге шақырған, ол ризашылық беріп, армиясының бас қолбасшысы генерал Сергеевті ертіп келген... Сыбырлаушылардың айтуынша, Колчак свитасымен жеке ложада отыр... Сұрастырып көрсем, артистердің біреуі Колчак отырған ложаны біледі екен. Сахна шымылдығының тесігінен сол ложаға сығаласам, арық ұзын бетті, сүйриген кем иекті, имиген ұзын мұрынды, қушық арық денелі, сақал-мұрты жоқ біреу шамы сөнген залдың ложасынан бұлдырап әрең көрінеді. Сол көрінісінде ол, Көкшетаудағы хан тұқымдарының қолында кездесетін жүні тақыр арық тазы иттерге ұқсайды... Оның қасында мұрты қақпақтай боп отырған біреудің басы, жүндес мысықтың басы сияқты...
— Көрдің бе? — дейді маған артист, сығалап тұрғанда.
— Көріп те оңдырып тұрған жоқпын, — деймін мен.— Бұл арадан тым көмескі, ал көмескі көрінген түрінде маған ұнаған түгі де жоқ.
— Тек, жағың қарыссың — дейді артист,— менен басқаға естіртпе оныңды! Колчактың құлағына тисе, кәлләңді жұлып алады...
Біз киім ілушілер, спектакльді кезектесіп көріп те болдық. Тарауға ыңғайланған жұрт киімдерін алып жатыр, біз номерлерімен беріп жатырмыз... Әрбір номерді алып, иесіне киімін берерде, мен Қази үйреткен «за охрануды» сыбыр ете түсем... Киім иелерінің маған кейбірі күле, кейбірі кейін қарап қояды да, біреулері қалтасынан алып қолыма Колчактың почта маркесіне ұқсаған ұсақ тиындарынан кейде кішілеу, кейде үлкенірек қып ұстатып кетеді... «Көп түкірсе көл болады» дегендей, жиналған тиын - сиындар молайып, қалтамды қалыңдата түседі... Менің серіктерім де соны істеп жүр. Уәдеміз — бәрін араластырып, бірдей ғып бөліп алу... Бір мезетте киім алушылар сиреп барып, аяғы сұйықталды. Со кезде алашордашыл бір гимназист, «мә» деп номерін ұсына берді. Мен номерге қарап құлақшының пальтосын және галошын алып берсем, гимназист өзге киімін алады да галошты «менікі емес» деп алмайды. «Сіздің номеріңізде тұрған осы» десем, «галошымды танимын, менікі жаңа, мынау ескі, өзімдікін тауып бер, әйтпесе ақысын төле!» — дейді... Ақыры, амал қанша... «за охранудан» жиналған тиын-тебенді гимназистің алдына тастадым да, шығып жүре бердім! Гимназист қанағаттанды ма, жоқ па, ол арасы маған күні бүгінге дейін белгісіз... Менің жинағыма кіріп жүрген «Кәпір-ай!» деген өлеңім сол күні түнде жазылған еді...
КӨТЕРІЛІС СОҢЫНАН
Ешбір жақсылығын көрмегенмен, «ел қазағына» санап, мен ара-тұра, бізге белгілі Торсанов Қазидың пәтеріне барып тұратын ем. Бір барғанда ғажап оқиғаға кездестім. Күн кешкірген мезгіл еді, ән-күйге әуестігі бар Қази, кроватында шалқасынан жатып, маған домбыра тарттырып, өлең айттырып отырған. Со кезде сырттан Сейтахмет кірді де:
— Қази мырза, сізді сұрап, сыртта шанаға пар ат жеккен екі адам кеп тұр,— деді.
— Кімдер екен? — деді Қази.
— Бар жақсымыз,— дейді.
— Қайдағы?! — деді, Қази елең ете қап,—біздің елдегі ме?
— Иә. Нүрке деген кісімін дейді...
— Нүрке?! — деп Қази басын кроваттан көтеріп алды да, кескіні құбылыңқырап кетіп,— не дейді! Түсем дей ме осында? — деп сұрады Сейтахметтен.
— Оншасын айтпады. Есік алдының қарын күреп жүр ем, тура кеп біздің қақпаға тоқтады да, сізді сұрады. «Осында» деген соң түскелі жатыр еді, өзіңізден рұқсат алайын деп, мен «үйде ме, жоқ па, біліп шығайын» — дедім.
— Ендеше, «жоқ екен» де,— деді Қази.
Мен «оныңыз қалай, ағай?!» деп ем.
— Сенің жұмысың емес ол! —деді Қази маған ызбарлана қарап қойып,— бар, Сейтахмет, айт соны!..
Сейтахметке мен ере шықтым. Күн райы манағыдан суытып, дала шаңытыңқырап тұр екен. Қақпа сыртына шықсам, үсті-басы қырауытқан аттардың буы аспанға шығады. Шана қасында қалың киінген екі адам түрегеп тұр, бірінің сақал-мұртын қалың қырау жапқан, біреуі сақал - мұртсыз жас жігіт. Мен оларға сәлем беріп қолдастым.
— Қази мырза үйде жоқ екен,— деді Сейтахмет оларға.
— Қой, шырағым, қате болар оның — деді сақалды,— үйге жаңа ғана келді деген. Қайта кіріп айт: «Жұмабайдың әкесі Нүрке» де, «сенде аса қауырт жұмысы бар екен, соны айтады да шығады, басқа пәтерге түседі» де.
— Мені жауырын көріп тұрмыстық отағасы?—деді Сейтахмет кейіп,— үйдегі кісіні, неғылам жасырып? Жоқ дегенге илану керек қой!
Мынау қылық, маған барып тұрған иттік көрінді де, Сейтахметтен көзімді ұрлап, сақалды адамға «бұл өтірік айтып тұр» деген белгі бердім. Сонымды ұққандай, сақалды адам өршелене түсіп:
— Шырағым,— деді Сейтахметке,— өзің де бөтен адам емессің, біздің елге күйеусің. Атымыздың мойны қатып алыстан кеп тұрмыз. Қази — түбі бірге туысым, ол — Шәйгөз, мен — Баржақсы, екеуі бірге туған адам. Әрі, Қази менің баламмен жасты, тіпті рұқсат. сұрайтын да жөнім жоқ еді, қаланың салтын сақтап тұрмын. Тілдесем де кетем, бар айтып шық, тағы!..
— Уәй, өзің бір, сөзге түсінбейтін қисық шал екенсің, ғой! О, не қылғаның айнала сөйлеп?.. Бар, тарта бер жөніңе, сөзге түсінбесең! — деп Сейтахмет қақпаға қарай бұрылып жүре берді.
— Үйінде! — дедім мен Нүркеге сыбырлап.
— Бар, шал! — деді жігіт,—өзің кіріп шық. Құдай біледі, әлгі итің айтқан жоқ оған. Егер айтса Қази мұны істемейді.
— Айтты,— дедім мен, Сейтахметтің қақпа ішіне кіріп кеткенін пайдаланып,— «үйде жоқ деп айт» деген Қазидың өзі.
— Сен өзің қай баласың? — деді сақалды маған.
— Сибанмын.
— Қайдағы?
— Жаманшұбардағы.
— Мұнда қайдан жүрсің?
— Оқудамын...
Тағы бірдеме сұрауға ыңғайланған қартқа:
— Нүрке,— деді жігіт,— күн кешкіріп барады, Қазиға кіріп шығам десең төз кір, көз барда пәтер тауып алайық.
— Пәтерді мен - ақ тауып берейін,— дедім мен. Ойымда Бексейіт үйі тұр.
— Ал, онда, кіріп шығайын! — деп қарт жөнеле берді.
— Нүрке осы кісі ме? — дедім жігітке.
— Осы.
Қазидың бөлмесіне Нүркені бастап кірсем, кескіні сұрланыңқыраған ол, әлдеқайда баратындай киініп жатыр екен. Салқын амандасқан оған, Нүрке:
— Қази шырағым, о не қылғаның үйде бар бола тұра жақпын деп? — деп екпе айтқалы келе жатыр еді:
— Қазақшылықты қою керек, ақсақал! — деді Қази тігін кеп,— турасын айтқанда, менің қызмет бабым, сізбен жақындасуды көтермейді. Сіздің балаңыз большевик, мен большевиктерге қарсы өкіметтің өкілімін. Сондықтан, менен аулақ болыңыз!..
— М-м, мһ, солай ма?! —деді Нүрке дыбысын сыздана шығарып.— Тілеміс тұқымы, керек боп қалса, өз балаңды сойып жеуге шіміркеңбейтін ең, со күйіңе басқын, келді ме?.. Жақсы,— деді түрегеп,— қанжығада керіскеніміздің алды Осы болсын!..
Нүрке шыға жөнелді. Қази сазарып тұрып қалды. Мен де жөнеле бердім.
— Сен қайда барасың? — деді Қази маған.
— Үйге.
Тысқа шықсам жолаушылар шанаға мініп жатыр екен. Мен оларға Бексейіттің үйін айтып ем:
— Мін, онда, шанаға! — деді Нүрке,— өзің, бастап апар!..
Бексейіт үйінде екен. Жолаушылардың мән-жайын қысқаша айтқаннан кейін, ол құшақ жая қарсы алды. Болмашы қызметіме аса риза болған Нүрке, «ал, бала, елден келген дәм бар, бүгін осында қон да, содан татып кет» деп мені ол күні босатқан жоқ. Мана Қазидің Нүркеге «сіздің балаңыз большевик» деген сөзі менің құлағымда қалған. Колчак пен Алашорданың большевиктерге еш екенін, қолына түссе абақтыға жабатынын білем... Сондай большевиктің біреуі, мына Нүрке қарттың баласы екен!.. «Қайда жүріп большевик боп жүр?.. Қазір қайда ол?..» деген сұрау туды менің басыма, Нүркеден сұрағым, білгім келді... Нүрке ақжарқын, ашық мінезді кісі екен. Қона жатып сұрағанда, ол білген мөлшердегі кеңесін менен іріккен жоқ. Оның большевик баласының аты Жұмабай екен, жасы со жылы жиырма сегізде, қазір Омбы абақтысында отыр. Оның қалай большевик боп, тұтқынға қалай түсуі туралы Нүркенің бар білгені төмендегідей ғана боп шықты:
— Жұмабай деген бала тұла бойы тұңғышым еді,— дейді ол сырласып отырып,— отымның алды, суымның тұнығы еді. Өзім орыс саудагерлерінің жазы-қысы малын айдап, жалшылығыңда жүріп, тырнақтап жиған азғантай тиынымды аямастан, Жұмабайды қаршадайынан орыс оқуына беріп ем. Әуелі Тілес қаласында алты жыл оқыды да, ауылдық учитель боп шықты. Екі жыл бала оқытқаннан кейін Омбыға кеп, семинарияға түсті. Одан екі жыл оқып жазғы демалысына үйге келген баламның аужайына қарасам, менің құлағыма жат естілетін сөздер айтады...
— Не деп?
— «Патша түседі, бостандық болады» деп. Ауылдағы қараңғы қазақ, мен не білем. Баламның сөзінен жаным түршігіп, «ойбой, қарағым, естірте көрме, мына сөзіңді!.. Патша кім? Біз кім?.. Мына сөзің ұлықтардың құлағына тисе, атпас таң, шықпас күнге қалармыз» деп байбалам салдым. Балам оқуына қайтып кетті, содан кейін үйге келмеді. «Оқуын бітіріпті, Ақмола оязындағы Құрсары Керейге учитель боп кетіпті» деп естідік Ара-тұра хат жазады, бірақ амандық - саулықтан басқа ештеңе айтпайды. Кейін, патша түсіп, жұрт «ақ», «қызыл» боп бөлініп жатқанда, балам «қызыл бопты» деп естідім. Тыйым салуға жер алыс, хатыма жауап бермейді... Сөйтіп жүргенде, ақтардың перевороты боп, Жұмабай қолға түсті деп естідім. Одан кейін, осы Омбының абақтысына әкелді деген хабар алдым. «Бала адамның бауыр еті» дегендей, бала шіркінге шыдай алмай «ит арқасы қияннан», ақ қар көк мұзда атпен келген жайым осы, шырағым...
— Поезбен неге келмедіңіз?
— Үміт дүниесі емес пе, шырағым. Колчак әкімдері параға сатылады, тұтқындағыларды ұрлап шығарып береді деген сөз естідік, содан үміт қып, елден жылу жинап біраз даярланып келдім.
Нүркенің, үміті алдады. Күн сайын келіп біліп кетем, әркімдерді сатылап, өкіметтің әр түрлі адамдарымен сөйлессе, маңайлататын түрі жоқ. Өткен күзге дейін, абақтыға қатынасы бар кейбір өкімет адамдары, кейбір тұтқындарды пара алып қашырып жіберген екен, кейін жоғарғы өкімет оған қатты тыйым сап тастапты. Большевик боп абақтыға түскендерді жақындарына жолықтырмайды екен, оларға тек ас-су ғана бергізеді екен. Нүрке Жұмабайға күн сайын ас апарады, күн ара мен де еріп барам. Ертістің биік жарқабағына салынған абақтының айналасы зәулім тас қорған, түсі қара сұр... Түстері сол қорғанға ұқсаған күзетшілер, тұтқындардың жақындарын, қорғанның биік темір қақпасына жолатпай, апарған астарын алыстан ғана қабылдайды... онда да жиі емес, анда - санда ғана!.. Сібірдің қысаңқы аязында бүрсеңдеп ұзақ тұрған адамдардың ыстық астары суып, кейде мұзданып қатып қалады... Оған, өз жаны мұзданып қатқаннан кем қынжылмайды олар. Нүрке де сөйтеді... Ұзақ тұрып, жылы асын суытып алған оның кейде көзінен сорлаған жас сақал - мұртына сүңгі боп қатып қалады!.. Нүркеге еріп абақтыға барған сайын маңайы тым-тырыс, түсі суық қара сұр қорғанды көрген сайын, «оның ішінде қамауда отыр» деген большевиктерді, әсіресе Жұмабайды мен көруге құмарта түсем... Бір күні; со құмарым тарқаудың сәті түсе қалды. Жексенбі күні. Бексейіт үйіне қыдырып барсам, қонақтары шәй ішіп отыр екен, өзі де үйде екен. Шайға мен де араласа кеттім. Кешікпей шәуілдеп Бопсик үре қалды. Ол өршелене үрді.
— Байқашы,— деді Бексейіт әйеліне,— бейсаубет біреу жүр ғой деймін.
Әйел түрегелгенше, аяқ-қолында шынжыр бар, киімі жүдеу, сақал-мұрты, шашы өскен, кескіні құп-қу біреу есікке кіре берді. Мафтуха жеңгей «ай, алла!» деді де, қаны ішіне тартылып шегіне берді... Үйдегілер түгелімен одырая қалысты... Кандалалы адамның артынан мылтықты екі солдат кірді...
— Неге үрейлендіңіздер? — деді кандалалы есік алдында кідіріп.
— Алла - ау, қарағым - ау, Жұмажанбысың, сен?—деді Нүрке түрегеп.
— Мен танымас деп ойлаған едім,— деді кандалалы.
Енді тіпті айқын танығандай, Нүрке жылап, құшағын жая ұмтылып еді, екі солдат винтовкаларын көзеуге ыңғайланды.
— Көрісуге болмайды, әке! — деді Жұмабай,— рұқсат жоқ...
Жұмабай боп, үй ішіндегілер боп, екі солдатты шайға отыруға әрең көндірді. Араларына жарты литр самагон қойылды.
— Бірақ ұзақ отырмайық,— деді солдаттар Жұмабайға.
— Жақсы,— деді ол,— сіздер тамақтанғанша, мен туыстарыммен амандасып та үлгерем.
Жұмабайдың айтуынша, абақтыдағылар сүзек пен халерадан қырылып жатыр екен. Үкімет тарапынан оларды емдейтін врач жоқ. Тұтқында отырған бірен-саран врач, ауруларға дәрі-дәрмек жазады екен де, соны аптекалардан әкелуге кісі жіберіледі екен. Жұмабай сол қызметпен шығыпты да, осында туысы барын айтып, солдаттарды соға кетуге көндіріпті. Абақтыға бір барғанда, Қази жайын Нүрке маған араб әрпімен қысқаша хатқа жаздырып Жұмабайға жіберіп еді, оны алған екен.
— Қазиға бекер барғансың,— деп ренжіді ол әкесіне,—бұрынғы «қазақшылық», «рушылдық» қазір адыра қалған. Қазір жұрт «қанаушы», «қаналушы» аталып, екі тапқа бөлінеді. Олардың бір-біріне мейірімі болмайды. Қази бізге тап дұшпаны. Бүгін ол бізге мейірім істемесе, ертең өкімет біздің қолға тигенде, біз оған да мейірім істемейміз.
— Сол өкімет тие ме, өзі қолға? — деді Нүрке.
— Әрине, тиеді,— деді Жұмабай.— Абақтыда отырсақ та біліп отырмыз. Колчак өкіметі келер осы уақытқа жетпей құлайды...
Біраз сөздерді әкесіне оңаша айтқысы келген қалпын көрсетіп, Жұмабай солдаттардан аз уақытқа тысқа шығуға ұлықсат сұрап еді, бөтелкедегі самогонға дендеп, қызыңқырап алған ол екеуі:
— Көп айналма, бірақ — деп көне кетті.
Әкесі мен Жұмабай далада недәуір айналып кірді. Менің кім екенімді Нүрке оған мана қысқаша ескерткен. Тегі, далада молырақ түсіндірген ғой деймін, үйге кіре:
— Бала, сен, не қыласың мұнша жүдеп оқып? — деді ол маған,— одан да мына менің әкеммен елге қайт. Алдағы жылы Советтің мектебінен оқисың. Совет өкіметі, сен сияқты аш - арықтың өкіметі екенін білесің бе өзің? —деп сұрады ол менен.
— Естимін,— дедім мен.
— Төз көресіңде!.. Шын мағынасындағы білім жолына сонда ғана түсесің. Білесің бе, ол жолдың атын?
Сұрауға түсінбедім де, басымды шайқадым.
— Ленин жолы!—деді Жұмабай.— Еңбекші адам баласының бақытқа жететін жолы. Одан әрі түсіндіруге қазір жер де тар, уақыт та жоқ.
Жұмабайды солдаттар алып кетті. Сонша арық дене, сонша жүдеу кескінде, болашағына соншалық берік сенім барлығы мені қайран қалдырды. «Большевик дегендер осындай болады екен-ау!» деп таңдандым мен. Нүркеге мен одан кейін де қатынасып, қол тигенде Жұмабайға тамақ апарысып жүрдім. Сонда, маған келетін ой,— «бұл кісі бұлай сарылып неге жата береді?» Өзінен сұрасам, «амалсыздың күні де, шырағым... Жәй далбаса да!..» дейді. Оңысы рас та сияқты, ылғи бір салбыраңқы пішін... Сөйтіп жүрген Нүрке, бір кезде шана - сайманын түзеп, аттарын баптап жинақылана бастады. Кескін - кейпінде де әлдене бір іске әзірленгендігі байқалады. Со қалпын бақылап жүріп бір күні сұрау қойғанда, ақ көңіл Нүрке жатты да қысылды. Әуелі ол:
— Жоға, шырағым, жол үстінде жүргенде жинақы болмауға бола ма? —деп жалтақтаңқырады да мен:
— Бала да болсам байқаймын, Нүрке жүріске ыңғайланған түріңіз бар. Менен несін жасырасыз оның? Әлде сенбейсіз бе? — деп қадала сұраған соң:
— Апыр-ай, балам - ай, жоққа қыстың - ау! — деп қысылып қалды.
— Өзіңіз біліңіз, — дедім мен,— айтпайтын нәрсе болса айтпаңыз. Мен өзімді сізге ең адал кісі көріп сұраймын да, әйтпесе нем бар!..
Тағы аз кеңескеннен кейін Нүрке шынын айтып қойды.
— Аз күн дәмдес болғанда, өз балам сияқты боп қап едің, шырағым,— деді ол аса қынжыла сөйлеп,— жанымды суырып берермін, жатқа аузымнан шығармаспын деген сөзім еді, өзім көріп айтайын, одан әрі өлтірсең де, тірілтсең де қолыңдамын.
Жанының аса толқығандығы, Нүркенің кескінінде көрініп тұрды: оның кездері жасаурап, бет-аузы қимылдап кетті.
— Нүке,— дедім мен, аяп кетіп,— айтуға болмаса айтпаңыз. Егер айтсаңыз, өзіңіз айтқандай, жанымды суырып алар біреу, сырымды суырып ала алмас.
— Болды, балам,—- деді Нүрке,— жетті! Қысқасын ғана айтайын және білетінім де сол: осы үйдің иесі «жуырда бір жақсылық болады, балаң босанады, әзірлене бер» деді. Ар жағын айтпады. Бар білгенім осы.
— Мен сұрасам қайтеді? —деп ем.
— Ойбай, атай көрме, қарағым, бүлдіресің! — деп Нүрке зыр ете қалды.
Асыға күткен жұмбақ оқиға ұзаған жоқ. Бір күні түнде ұйқыдан шошып ояндық: қала іші сатыр-күтір атыс, тасыр - тұсыр шабыс!.. «Не болды?!» деген сұрауға, Жаңбыршының үйінде үрпиісіп бір бөлмеге жиналған аз ғана жаннан ешкім жауап бермейді. Тек, орысша әдемі сөйлейтін Жаңбыршы ғана томпақтау көзін шарасынан шығара түсіп, үрейлі кескінмен «неужели это восстание?!» дейді. Оның жорамалы рас екен. Таңға жақын басылған атыстық себебін ертең естісек, большевиктердің қаладағы жасырын ұйымының басқаруымен, өткен түні көтеріліс жасалыпты, оған қаладағы заводтардың, фабрикалардың, темір жолдың жұмысшылары түгел қатыспақ екен, бірақ, сатқындар өкіметті күн бұрын хабарлап, көп жерде көтерілісшілер еркін қимылға үлгіре алмай қапты. Дегенмен, көтеріліп үлгергендерді басу, Колчак өкіметіне оңайға түспепті. Көтерілісшілер абақтыдағы большевиктерді босатып алыпты. Әскерлік қару-құралдың бірнеше складын қапыда басып қапты. Содан кейін Колчактың тұрған жерін алуға беттегенде, ақтардың қатты қарсылығына ұшырайды. Екі жақтан да көп адам шығың болады. Көп арпалыстан кейін, регулярлық армия көтерілісшілердің қалың тобын ыдыратады да, бөлшектеп алып кетіп жеңеді. Содан кейін жаппай қырғын басталады. «Бексейіт үйі не халде?!» — деген қорқыныш туды маған.— Нүрке не халде?!.. Жұмабай не халде? .. Барып білуге, төрт-бес күнге дейін тырп етер шама болған жоқ. Қалада күндіз-түні соғыс халі... Күндіз-түні тінту, арест... Газет хабарларына қарағанда, көтеріліске қатысқандарға жаппай қырғын жарияланған... Кімдер қолға түсіп, не жаза алғанын да газеттер жасырмайды... Колчак бұйрық үстіне бұйрық беріп, бағынған адамдарын большевиктерге, оларға тілектестерге мейірімсіз болуға шақырады... Төрт-бес күннен кейін ғана барып білсем, Бексейіт үйінің соры қайнап қапты: көтеріліске қатынасқан Бексейіт қолға түсіпті, оның өлі - тірісін үйі білмейді. Тінтуге келген ақтар Мафтуха жеңгейді өлімші ғып сабап кеткен, ол төсек тартып жатыр. Ақтардан қорқып тығылып қалды ма, әлде оны да ақтар алып кетті ме,— екі-үш күннен бері Мақсұт үйде жоқ. Кішкентай қызды, көрші үй қолына алыпты. Үй іші, азық-түлік таланған, ат, арбаны ақтар алып кеткен... Нүрке көтерілістен бір күн бұрын атын жегіп кетіп қапты, қайда кеткені белгісіз... Жұмабай бұл үйге келмепті... Одан курсқа келсем, тінту жасалып, бірнеше оқушыны тұтқынға алыпты. Хатшының айтуынша Мағжан қазір үкіметтің көтерілісті тексеру комиссиясының мүшесі боп отыр... Қазидың пәтеріне келсем, Сейтахметтің айтуынша, ол түрмеден қашқан қызылдарды қуып кеткен... Бір жұмадан кейін басталған курстың сабағы ұзаққа созылмады. Неден екені белгісіз, курстың үйі бір түнде күйіп кетті, соған байланысты, курстың оқуы жабылды. Мен өкінген жоқпын. Несіне өкінем, курс жабылмағанда да, одан әрі оқитын хал менде жоқ еді. Тарар алдында, «алдағы жылы оқуды қайта бастаймыз, оған дейін үй табылмады» деп дирекция жұбатпақ болды. Кім нанады оған?.. Қызылдардың Орал тауынан бері шығып, жаппай шабуылмен жылжып келе жатқанын, қазір көшеде коньки тепкен балаларға дейін айтып жүр... Қазір, әр қораның балалары «ақ», «қызыл» — екі дай боп «соғысады», бұл ойын Колчактың нервасына тиіп, милиционерлері «қызыл» болған балаларды көрінген жерде сабайды... Онымен, белең алған«ойын» тиыла ма!.. Ойынға ғана тарыла ма, Колчактың тынысы?.. Оның тынысы шыныңда да тарылып баратқандығы әрбір қимылынан байқалады. Оған дейін де халықтың алқымын сыға ұстаған Колчактың уысы, жуырда қалада болған көтерілістен кейін тіпті қатайып кетті. Қазір екі күннің бірінде күн сайын тінту, күн сайын әлденені сылтауратқан арест... Біреуге біреу жолыға кетсе ең алдымен сұрайтыны «жарқыным, арестен амансыңдар ма?.. Иті үрсе де иесі қалтырай бастайды, өйткені, — «ақ келіп қалуы мүмкін». Соны сезгендей, Колчактың жендеттері қаладағы иттердің де көбін қырып болды, сол «құрбандардың» ішінде Бексейіттің Бопсигі де кетті — Бексейіт ұсталған күні ақтар атып кетіпті... Вокзал барып білсем, Қадыр да сол трагедияға ұшыраған. Әйелі бұл қайғыны көтере алмай өлген... Күндізгі тыныс осындай болса, түндегі тыныс одан да тар, өйткені, күн батқаннан таң атқанға дейін көше көшенің бәрінде мылтықты патруль жүреді. Қаладағы жағдай қорқынышты - ақ. Пропускасыз жүрген адам тұтқынға алынады... Саяси хал сондай болса, азық-түлік жағы ше?.. Көтеріліс болғалы қалаға кірген -шыққандардың бәріне тінту басталды, сылтауы — «Қызылдар жасырынып кіріп-шығып жатқан жоқ па?..» Содан қорыққандықтан, қалаға деревнялар мен ауылдардан азық әкелушілер тоқталды. Қалада азық жоқ. Колчактың азығы халық түгіл өз қызметкерлері мен армиясына жетпей, елдегі азық-түлікті зорлықпен тартып алуға кірісті... Біз оқыған курстың үйі күйгеннен кейін, Колчак пен Алашорданың халіне көз салсам, олардың бір ғана оқу үйі емес, жалпы бет алған бағыты өртеніп, болашағы біткен сияқты, ендеше мен не жақсылық күтем олардан?.. Хал-жай солай болғандықтан, оқыған курстың үйі күюмен байланысты елге қайтпақ болғанда, мен ренжу орнына қуандым. Ойым,— Жұмабай Нүркен айтқан жаңа курс ашылғанша, туған еліме бара тұру. Сол ниетпен Омбыдан Қызылжарға жүріп кеттім...
ҮШІНШІ ТАРАУ
АЗАП ТАУЫНАН АСУ
ТЫРНАҒЫН ТЫҚҚАН АҢДАР
Қызылжарда мен, бұдан бұрынғы тарауда аталған ағайыным — Қасқұлақтың үйіне түстім. Бұл жолы ол, құшақ жая қоймағанмен, ытырыңған да жоқ. Елге қайту жабдығын кеңескенде, өзі апарып салуға мүмкіндігі жоғын айта кеп:
— Сен Абылай хажы деген кісіні білесің бе? — деп сұрады ол.
— Білем,— дедім мен. Өткен жазда ол кісіні, біздің елден солдат сұрап келген алашорда адамдарына еріп, Әлти хажының үйіне келгенде көруім оқушылардың есінде. Кейін, алашорда газеттерінен керген хабарларына қарағанда, ол — Абылай Рамазанов, Петропавлдағы үйездік алашорда комитетіне мүше боп өткен, «Талап қауымы» деген атпен алашорда адамдары құрған қоғам басқармасының мүшесі болған, қоғамның мақсаты,— Алаш пайдасына үгіт - насихат жүргізу, қаражат жинау; Алаш жастары «Жас азамат» атты жастар партиясын құрып, Қызылжарда сол атпен газет шығарған, газет, «қарыз серіктігі» аталатын ұйымының мүшелеріне жиналған қаражатқа шыққан соған мол жарна берушінің бірі Абылай.
— Білсең,— деді Қасқұлақ,— ол кісі қазір осы Қызылжарда жатыр.
— Не жұмысқа келген екен?
— Земствоның жиналысына келсе керек. Сен соған барып жолық. Ол ер адам, хал-жайыңды айтсаң, сені сөз жоқ, еліңе ала кетеді.
Сұрастырып тапсам, жиналыс «Сухотинское русско - киргизское двухклассное училище» аталатын екі этажды зор қарағай үйде екен. Үйдің жанында шанаға жегілген аттар тұр. Үйге кірсем үзіліс жаңа ғана жарияланып, коридорға шыққан жұрт гу-гу кеңесте. Тартылған шылымның түтіні мен адамның демінен қырауытқан суық коридор бұп -буалдыр. Қалың адамның арасынан Абылайды тауып, қазақшалап сәлем беріп, қолымды ұсынғанда, ол менің сәлемімді де алмастан, қолын да берместен:
— Сен кімсің? — деді даусы күрілдеп.
Жердің қысаңқылығын еске алып мен аз сөзбен ғана жайымды түсіндіргеннен кейін, Абылай маған жауап берудің орнына, үсті-басымды қабағын түйген көзбен бастан - аяқ шолып өтті. Содаң кейін, жақындап кеп амандасқан біреулерге кеңескісі келген қалпын көрсетіп:
— Сен далаға бар,— деді маған.— «Кемікпайдың Ғабдолласы бармысың?» — деп айғай сал. Ол менің атқосшым. Ешқайда кеткен жоқ шығар. Соны тауып ал да, «сені Абылай шақырады» деп алып кел.
«Кемікпайдың Ғабдолласы» деген адам аласалау бойлы, сақалы мен мұрты жирен, шикіл сары кісі екен. Мен оны Абылайға шақырып кеп ем:
— Сен,— деді Абылай Ғабдоллаға,— мына баланы қасыңа мінгізіп барахолкаға бар. Содан бұған пальто, костюм әпер. Аяғына етік ал. Үстіне екі пар көйлек-дамбал, басына құлақшын ал. Содан кейін екеуің моншаға барыңдар. Моншаға түсер алдында, мына жалбыраған шашын подполька ғып қырықтыр. Ұқтың ба?
— Ұқтым,— деді Ғабдолла.
— Содан кейін,— деді Абылай Ғабдоллаға,— екеуің моншаға түсіңдер. Сабын ала барып, өзін жақсылап шомылдыр,— етіне жабысқан қырсығы кетсін. Моншадан шыққан соң, мына жаман түйенің жабуындай шоқпыттарын бір жіппен бу да, моншаның ар жағындағы терең жыраға лақтырып жібер! Ұқтың 6а?
— Ұқтым.
— Барыңдар ендеше! Моншадан шыға біздің пәтерге келіңдер!
Ішімнен «бұл не деген жақсы кісі еді!» деп ойлап қойдым мен. Ғабдолла екеуміз Абылайдың арғымақ қара көк айғырына жегілген жеңіл кошевамен барахолкаға кете бардық. Барахолка түбіне барған соң, Ғабдолла айғырдың аяғын кісен деді де, мені алып ішіне кірді... Бұл барахолка да Омбынікіне ұқсас екен,— ескі - құсқы киім-кешек толып жатыр, іске татыры аз. «Байдың асын байғұс қызғанады» дегендей, мен тәуірлеу киімдерді алайын десем, Ғабдолла бір ретте «оңы қойшы» деп менсінбеген боп, енді бір ретте «ойбай, мынау қымбат қой деп, тәуірлеу заттардың маңына жолатқысы келмейді, менің жөнсу киімді алғым келмейді. Ақыры, екеуміз керкілдесіп жүріп, киюге жарайтын бір сыдырғы ішкі - тысқы киім алдық. Абылайдың өзге тапсырмалары да орындалды. Моншадан кейін Ғабдолла екеуміз шанаға қатар мініп Абылайдың пәтеріне келе жатырмыз. Бұрынғыммен салыстырғанда жұнттай боп киінген маған Ғабдолла жымия қарап қояды да, әуелі:
— Сен өзің неғылған бала едің, хажының ықласың осынша түсірген? — деп, мән-жайымды сұрайды. Мен қысқаша баяндасам, ә, солай ма?—деп ыңылдап отырып, ім-м-м, мұнда да бір гәп болар, бала,— дейді маған,— біздің хажы пайда түспейтін жерге шығындала қоймайтын еді.
— Не пайда? — деп сұраймын мен.
— Қызылдар кеп қала ма деп, бай атаулының бәрі сасулы ғой,— дейді Ғабдолла,— олар келсе, сен сияқты жоқ - жітіктерді әкім қойып, байларды қатты ұстайды дейді ғой. Біздің хажы да соны ойлайды ғой деймін тегі. Ол алыстан болжайтын кісі,— ертең қызылдар кеп қалса, сені де бір керегіне жаратуға ойлаған ғой ол. Сол үшін, сені аз ғана дүниемен алдағысы келген ғой, әйтпесе, осынша киімді тегін әперетін кімісің оның? Ешкімі де емессің ғой?
Бұл кеңесті ішіме түйіп қоям да, мен оның ата-тегін, шаруа күйін сұраймын.
— Көшебе деген рудан ғой, бұл хажы,— дейді Ғабдоллал,— оның ішінде — Үмбет. Бұның аталары асып кеткен бай болмаған, бірақ, атақты би болған. Екінші атасы — Майлы Абылай ханның оң тізесін басатын биінің бірі екен, бұл Абылайға әкесі, сол Абылай ханның атын қойған. Өз әкесі — Жамақ Бұқардан оқыған үлкен ғұлама кісі екен.
Есіме түсе кетті: біздің елде айтылып жүретін бір өлеңде:
Піскен асқа кім келмес табақтағы,
Молдадан хат біледі сабақтағы.
Оқуы дариядай ғұлама еді,
Кешегі өтіп кеткен Жамақ тағы..
дейтін. Мына Жамақ сол боп шықты.
— Абылайдың әкесі Жамақ болса, фамилиясы неге Рамазанов — дедім мен Ғабдоллаға.
— Рамазан Жамақтың туған ағасы. Абылайды ол бауырына салған.
— Бұл Абылайдың өз дәулеті қалай болды?
— Жас көзінде шағын болды.
— Ендеше, хажылыққа қалай барған?
— Онда, көп мән бар.
— Иә?..
— Бұл хажы жас күнінен қағына шыққан. Он бес жасында біреудің қалың мал беріп отырған қызын алып қашып, әкесінің, көп малың шығынға ұшыратқан, елде беделін түсірген... Он сегіз жасында, көп жылдар би болған Сәмти дейтін адаммен билікке таласып, қанша малын шығын қылған. Сөйтіп жүріп, Көшебеде Аңдамас дейтін момын баймен танысып, ақшасын ұстап, саудасын жүргізген. Содан өзі де байыған. Хажылыққа Аңдамастың күшімен барған.
— Ие, не, естігем оңы,— дедім мен, Аңдамастың хажылыққа қалай баруы туралы бала көзімде естіген бір әңгіме есіме түсе қап.
Құрметті оқушы, айтып келе жатқан әңгімеміздің желісін үзе тұрып, осы қызық әңгімені айтып беруге рұқсат етіңіздер! Ғасырлар бойы көшпелі өмір сүрген қазақ ауылдарына ислам діні ерте кіргенмен, халықтың санасына соңғы ғасырларға дейін сіңбей келген ғой. Шоқан Уәлихановтың (1837—1865) айтуынша, кешегі он тоғызыншы ғасырға дейін ауыл қазақтарының көпшілігі Мұхамметтің оқуын білмек түгіл атын да естімеген. Мұхамметтің атын естімеген адамның біреуі, — жоғарыда атаған Аңдамас. Ол, молданың алдын көрмеген, әліпті «таяқ» деп білмейтін, намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын, діннің ешбір шартын сақтамайтын, мал бағып байлығын өсіруден басқада жұмысы жоқ кісі екен. Жасында мұсылманша да, аздап орысша да оқыған Абылай, Аңдамастың саудасын жасап жүреді де, оның мол ақшасын пайдаланып, Мекеге барып қайтуға ойлайды. Осы ойын Аңдамасқа айтса, ол Мекені де, Мұхамметті де білмейтін кісі боп шығады. Абылай оған Мекені де, Мұхамметті де мақтап, кеп күн үгіттегеннен кейін, барып қайтуға көндіреді. Ол кезде, ақшасы аздау байлар Мекеге атпен кетіп, Каспий теңізінің күнгейі арқылы Иранды, Иракты, Құддысты басып сапарлап, хажылықтан жыл, жыл жарым уақытта әрең оралады екен. Мол ақшалы Аңдамасты, Абылай әуелі поезбен Одессаға, одан кемемен Қара теңіз, Жерорта теңіз, Қызыл теңіз арқылы Мединеге апарып түсіреді. Қызық әңгіме осы арадан басталады. Медине мен Мекенің арасы түйемен жүргенде, он екі күндік жер екен дейді. Абылай мен Аңдамас та хажыға бара жатқандарға еріп түйеге мінеді. Мұхаммет Мекеде туып-өсіп, сонда пайғамбарлық құрам дегенде, Меке халқы оған бағынбай, өлтірмек боп қуған ғой. Сонда Мұхаммет түйеге мініп Мединеге қашып келе жатқанда, шаршаған түйесі бір жерде шөксе керек: хажыға баратындар сол араға түйелерін шөгеріп, тұрғызатын сияқты. Ал, Аңдамастың ұғымында, «жүріп келе жатқанда түйені шөгеру,— жамандықтың нышанасы». Аңдамастарды бастап бара жатқан, араб, әлгі жерде түйелерді шөгергенде «қырсық шалды» деп түсінген Аңдамас, тұра төбелеседі. Жанжал жасадың деп, жергілікті үкімет оны абақтыға жауып қояды, көп пара беріп, Абылай оны әрең құтқарып алады. Екінші жанжал, Мекедегі «қасиетті тас»— қағбаның басында шығады. Хажылар ол арада тырдай жалаңаш шешінеді екен де, абыройларына алжапқыш қана байлап, қағбаны жеті айналады екен. Өзгелер шешінгенде, Аңдамас шешінбейді.
— Неге? — десе:
— Жат елге кеп, абыройымды ашар жайым жоқ,— дейді ол,— және күні күйіп тұр, киімдерімді тастасам ыстық өтіп ауырам.
Абылай да, басқалары да:
—Ендеше хажылығың қабыл болмайды,— десе:
— Болмаса болмасын, хажы болам деп абыройымнан айрылар, күнге күйіп өлер жайым жоқ,— дейді.
Үшінші жанжал Ғарафа тауына шыққанда басталады. «Мұхаммет төбесіне шығып, құдаймен сөйлесіпті» деген бұл тауға хажылар да шығады екен. Бірақ, ислам төрт мазһапқа бөлінеді, солардың бірі, «қазақтарда жатады» дейтін — имам - ағзам мазһабы. Бұл мазһаптағылар Ғарафаның, орта тұсынан әрі көтерілмейді екен. Аңдамас оған қарамай, төбесіне қарай тарта жөнеледі. Абылай оған:
— Ойбай, бұдан жоғары көтерілуге болмайды! — деп етегінен тартса:
— Аналар неге кетіп барады? — дейді Аңдамас.
— Оларға бұйрық солай. - — Басқа дінде ме олар?
— Осы дінде.
— Ендеше, олар барған жерге мен де барам! — деп, етегінен тартқан Абылайды тұмсыққа қойып жібереді де, таудың төбесіне кете барады.
Төртінші жанжал құрбан шалғанда шығады. Аш - арығы көп Мекеде, қайыршылар, хажылар құрбанға шалатын қойлардың аяғын ұстап отырады екен де, бауыздаған соң-ақ сүйреп алып кетеді екен. Аңдамас бауыздаған қойды да олар сөйтейін десе, қарулы Аңдамас қойып-қойып жіберіп, қойын қолдарынан тартып алады.
— Неге өйттің? — десе:
— Келгенімізге көп күн болды,— дейді Аңдамас,— біреуі бір лақ сойып қонағасы бере білмейді. Енді өз қойымды өзіме Жегізбей ме?
— Құрбанға шалған қой, кәріп - қасардың сыбағасы емес пе? — десе:
— Ол сыбағаны елге барғанда берем, бұларға ерегіскен соң түк те татырмаймын,— дейді.
Бесінші уақиға, зәмзәм құдығының басында туады. «Смағұл пайғамбардың туған жеріне шыққан екен, бұл суды ішкен жұмаққа барады екен» деген аңызбен, хажылар ол құдықтың суын үлкенді - кішілі құтыға құяды екен де, еліне апарып таратуға алып қайтады екен.
Абылай мен Аңдамас та сол құдықтың басына келсе, жұрт құтылап алып жатыр.
— Бұл не су? — деп сұрайды Аңдамас.
— Қасиетті су,— деп Абылай мән-жайын түсіндіреді. Аңдамас татып және иіскеп көреді де:
— Біздің арадағы «Ит балық» көлінің суы сияқты сасық қой, мынауың! — дейді.
— Сонда да, алу керек,— дейді Абылай.
— Алсаң ал,— дейді Аңдамас, бұл қу - аяқтың елі, хажыларды ақымақ көріп, сасық суын да бұлдап сатайын деген екен. Онымен, бізден бай болмайды бұлар. Алған соң мол ал,— үлкен бір бөшкесін ал!..
Алтыншы уақиға, Мекеден қайтар алдында басталады. «Ертең жүреміз» деген күні, Аңдамас Абылайға:
— Осы, біз іздеп келген адамның аты кім еді? — дейді.
— Мұхаммет,— дейді Абылай.
— Сен қаланы көп аралап жүрсің ғой,— дейді Аңдамас, — со кісіден тұқым бар ма екен?
— Бір, қырық шақты үй бар екен,—Дейді Абылай қуланып.
— Ендеше сен соларға бар да, он шақты үйіне менің есебіме біздің елге көшіп жүр де!
— Оларды қайтесіз?
— Елінің де, жерінің де ұсқыны жаман екен. Жері, күні оттай лаулап күйіп тұрған әрі ыстық, әрі жап-жалаңаш тақыр құм. Елінің көбі аш-жалаңаш. Мұнда тұрып не күн көреді олар? Одан да біздің елге көшіп барсын! Күллі Керей боп, үстеріне үй тігіп, алдарына мал салып берейік, «Мұхаммет ауылы» деген бір ауыл боп отырсын!..
Соңғы қызық Аңдамас аулына келгенде болады. Бай адам хажылықтан келді деген соң, амандасуға жан-жақтағы дос-жарлары, құда-анда, тамыр-таныстары жиналады. Олар Аңдамастан:
— Жері қалай екен? Елі қалай екен? — деп сұраса:
— Менің тілімді алсаңдар,— дейді Аңдамас,— о жаққа барам деп әуре болмаңдар. Ит байласа тұрғысыз жер ол?..
«Момын» байдың есесіне, Абылай, хажылыққа, бірінші рет солай барса, екінші рет,— бірінші империалистік соғыстың алдында, біз білетін миллионер,— Әлти Көкеновті ертіп апарады. Оның мол ақшасына қолы жеткен Абылай, ретіне қарай поезбен де, пароходпен де, самолетпен де жер шарының шығыстық жартысын түгел аралатып түсіреді.
— Осының бәрі рас па екен? — деп сұраймын мен Ғабдолладан, моншадан Абылайдың пәтеріне шаналы атпен келе жатып, жоғары жайларды қысқаша баяндап.
— Оның бәрін біле беретін мен оқыған кісі емеспін,— дейді Ғабдолла.— Естуімше, дүниеде кезбеген жері жоқ деседі бұл кісінің.
— Қазіргі шаруасы қалай?—деп сұраймын мен.
— Жаман емес. Былтырдан бері сауда-саттыққа айналып, бұрын әлсіздеу шаруасын нығайтып алды. Қазір үйінде жиырма - отыздай жылқысы, екі-үш жүз қойы, жиырмаға тарта сауын сиыры бар...
— Сауда ақшасы?
— Ол жасырын сөз ғой,— дейді Ғабдолла күліп,— бірақ, ақшада құн болмай кетті ғой. Бұ кісі қазір ақшаны емес, бұлдығын жоймайтын бұйымды көбірек жинайды...
Кеңесіп отырып Абылайдың пәтері — Дүйсенбайдікіне кеп қаппыз. Еңсесі биік, көп бөлмелі, бір этажды қарағай үй. Абылай отырған кең бөлме лық тола кісі екен. Бәрі де сәкіге жайған кілем мен оның үстіне төсеген көрпелерге малдасын құрып қазақша отыр, қисайған кейбірінің шынтағында жастық... Біз кіргенде олар әлденені айтысып, самбырласа кеңесіп, сыңқылдаса күлісіп отыр екен... Есіктен кірген маған, Абылайдың көзі түсе кетті. Мен төрдегілерге сәлем беріп, қолдасуға ыңғайланғанда:
— Уай, пұштиған мұрныңды ұрайын,— деді Абылай күліп,— жылтиып қапсын, ғой, әп-әдемі боп!.. Кел, мұнда кеп отыр!
Ол сырылыңқырап, қасынан маған орын нұсқады.
— Кім еді мұның? — деп әркімдер таңданайын деп еді:
— Менің бір жақыным,— дей салды Абылай.
Сол күні кешке Абылайға елге қайту жайын сөйлесіп ем:
—Асықпа бала,— деді ол,— мұнда бір жұмалық жұмысым бар, соны бітірген соң қайтамыз.
«Бір жұмалық жұмыстың» жайын ертеңінде - ақ білдім: ол да, баяғы мені Қызылжарға әкелген серіктерім — Бәкен мен Боржабайға ұқсап,— «ел атынан» кооперация ашуға приговор әкелген екен. Бірақ, ол сәтсіздікке ұшырамай, әлдекімдерді сатылап отырып, мол товар алыпты да, алдын бірнеше ылаумен еліне жөнелтіп, артын жинауға қалыпты. Абылай ылауларын еліне қазақ ауылдары арқылы жөнелтті де, өзі Есілдің күнгей жағын бойлай отырып, Андағұл болысындағы қайнының үйіне соға кетпек болды. Оның қайны: Бескөл (Бишкул), Дәнежін (Надежька), Кегерін (Ново-Николаевка), Мүсін (Явленко), Ақжар (Петровка) атты станциялар мен поселкелерді басып жүргенде, Қызылжардан сексен бес шақырым жерде екен. Күн райы сол бір кезде жылынып, жерді жапқан қалың қардың беті қабыршықтанып жіпси бастады.
— Биыл қар ерте кетеді екен,— деді Абылай, оны көріп,— осы марттан қалмас тегі.
Біз жүріп келе жатқан жолдың үстінде қазақ ауылдары да бар екен. Абылай солардың байларына қона, түстене асықпай жүреді, олардың бәрі Абылайға таныс болып шығады. Не туралы сөйлесетінін кім білсін, — қай байдың үйіне түссе де, аздап жайланғаннан кейін, Абылаймен екеуі оңашаланады да, ұзақ уақыт сөйлеседі... Қайын жұртының бұрын қандай болғанын, қазір қандай жағдайда екенін, Абылай Мүсінге жақындаған кезде былайша баяндап кетті:
— Зілғара, Шопан деген адамдарды естуің бар ма? — деп сұрады ол менен.
— Естуім бар.
— Кім деп естідің оларды?
— Сондай бір байлар болды десетін.
— Рас. Менің қайным — Шопаннан жеті ұл туған, солардан жалғыз Сандыбай ғана Александр второйдың таққа отырған тойына барып, патшадан шен-шекпен алған көп жыл болыс болған. Өзгелері момын байлар екен. Шопанның бір баласы Сәлік. Одан Жүсіп. Менің әйелім Жүсіптің қызы. Оның Біләл, Әбу деген екі інісі бар. Әбуі — өзін, Қызылжарда көрген,— Алашорда комитетінің оқу инспекторы, Біләлі ауылда. Біз соған келе жатырмыз. Мен апасын алған кезде үйі бай болғанмен қазір кедей.
Жолшыбай біз саяси жағдайды да кеңесіп қоямыз. Қамқорсып елге алып келе жатқанмен, маған сенбегендей, саяси мәселеде Абылай әрдайым менен бойын тарта сөйлейді. Алашорданы да, оның бір мүшесі — өзін де ол бейкүнә жандар ғып көрсетпек болады.
— Патшаға қарсы болдық қой бәріміз,— дейді ол,— таяқ та жедік қой содан. Патша түсіп, бостандық алғанда, қазақ та жеке ел болсын деп, Алаш туын көтергеніміз рас. Енді заман мынадай аумалы-төкпелі боп барады. Жасыратыны жоқ, қызылдар бері жылжып келеді. Егер Совет өкіметі орнай қалса, ау - жәйін байқармыз, қазаққа тиышты өкімет болса, біз де қолдай кетерміз.
— «Қазақ» дегенде бәрін емес, кедейін жақтаса қайтесіз? -— деймін мен.
— О, мұрнын, бар болсын, пұштиған! — дейді Абылай қуланған боп, мені бүйірден түртіп қап,— кім айтты саған мені бай деп? Кісі ақшасымен қажыға барған кісі бай бола ма екен?.. Және сен біздің елге барып сұрашы, кедейге мен қалай қайырымды екем? Қайырымды болмасам, мен сені осы ақ қар, көк мұзда атыма ауыр ғып алып келем, неге әкелем? Содан байқамаймысың, кедейге қалай қарайтынымды?.. Совет өкіметі осының анығына жетпес деймісің?.. Сендер жеткізбейсіңдер ме, ә?
— Бізден сұраса, жеткіземіз ғой,— деген болам мен. Ауызша солай дей отырып, ішімнен «менен жәрдем күткенің, сыртыңа сыр бермегеніңмен, іштей қысылғаның - ақ екен!» деймін.
Абылайдың іздеп келе жатқан қайны —" Біләл шыныңда да нашар тұратын кедей кісі екен. Інісі Әбудің әйелі, онымен бірге тұрады екен. Тағы бір бойшаң және өте көркем әйел, Әбудің немере қарындасы боп шықты!.. Абылайдың түсуі — қайнының үйі болғанмен, күтуі сол арадағы байларда болды. Олар Абылайды күндіз-түні кезекпен қонаққа шақырысты. Абылай мені үйіне апарып, біраз жатқызып, содан кейін маңайындағы бір ауылға мұғалімдікке орналастырмақ еді, оның сәті түспеді, менің, алыстан аңсап жүретін бірнеше туыстарым осы маңайда боп шықты. Мен Абылайдан рұқсат ап, оларға бара кетпек болдым. Іші - бауырына кіре қоймауымнан, бойымды жинақ ұстауымнан, күдіктенетін сұрауларды көбірек беруімнен сескенді ме, немене,—Абылай да маған «бірге жүре гөр!» деп жабысқан жоқ. Туыстарыма төз жетудің сәті түсе қалды. Біләл отырған ауылдың бір жігіті, менің апам — Дәмештің тұратын ауылынан келіншек алуға барады екен. Қар сол кезде күрт еріп, Есілдің үсті жуық арада жүргізбеу қаупі туған соң қалыңдығын төз алып қайтуға күйеу мен қосшылар екі-үш шанамен аттанды. Мені олар ала кетті. Есілдің ар жағыңдағы Пыласкеу қаласынан айрылмақ боп, Абылай да бізбен бірге аттанды. Пыласкеуге дейін, мен оның шанасына отырдым. Мұзының үстіне «қызыл - су» жүгірген Есілден біз малшынып әрең өттік. Пыласкеу арғы қабағында жақын екен. Соған кіре бере:
— Уа, жездеке, тоқтай тұр! — деп күйеу - қосшыларды бастап бара жатқан Қожахмет Абылайды бөгеді де, — үстіңіз суланды ғой, осы поселкеде Семен Сычной деген бай тамырым бар еді, үйі жылы, соған барайық та үсті-басымызды кептіріп, жылынып алайық,— деді.
— Болсың,— деді Абылай.
Үйлерінің көбі саманнан салынып, шатырлары қамыспен жабылған бұл үлкен поселкенің әр тұсында сорайып тұрған қарағай үйлердің біреуі Семен Сычнойдікі екен: Қожахмет қақпасын қаққанда, ар жағынан бойының биіктігіне орталау адамның созған қолы әрең жететін, екі иығына екі кісі мінгендей кең, жуан денелі, қаба сары сақалды, жирен өңді орыс шыға келді. Қожахметпен ол шүйіркелесіп амандасып жатыр. Семен Сычной осы екен. Ол бізді қорасының ішіндегі ас үйіне түсірді. Үй аса жылы екен. Киімі суланғандар кептірініп жатқан кезде, үстім құрғақ мен, Сычнойдың қорасын аралап кеттім. Оның бір қорасында әрқайсысын жеке үйшікке қойған бес-алты арғымақ семіз жылқылар тұр. Әрқайсысының биіктігіне адамның ұсынған қолы әрең жететін. Оларға қайран қап, біраз тұрып, ат қораға жалғаса салынған сиыр қорасына барсам, үлкендігі атан түйедей қызыл қасқа сиырлар мен өгіздер екен. Ірілерінің саны қырық -елудей. Оның ар жағындағы бұзау қораны есігінен сығалап көрсем, торпақтарының үлкендігі қазақы сиырдың құнан егіздеріндей... Одан арғы бір қорада қорсылдаған шошқа даусы естілген соң, есігін ашып кіріп барып едім, үлкендігі кіші-гірім өгіздей бір қабан, үлкендігі етектей екі құлағын кезек-кезек желпіп, «жарып тастайын ба» дегендей маған қарай жылжи берді, мен қорыққаннан есікті жаба қойдым.
— Ну, как, кабан добрый? — деп сұрады менен қасыма келе қалған, жұмыс киіміндегі орыс жігіті.
— Конечно добрый,— дедім мен, — қанша пұт болады бұл қабан?
— Әнеугүні,— деді жігіт,— бұдан кішірек бір қабанды өлшегенде отыз сегіз пұт шықты. Бұл қырық пұттан артық болмаса кем емес.
Сол араға: басына жеңілдеу шәлі ораған, сыртына қолдан тоқылған қара шекпеннен белін бүріп шапан киген, аяғында жуан етігі бар, биік бойлы, толық денелі, қаны сыртына тепкен қызыл бетті, аяқ-қолдары сом балғадай жас әйел шелек көтерін келді де, шошқалар қорасының есігін ашып кіріп кетті.
— Кім? — дедім мен, жігітке сыбырлап.
— Хозяйннің қызы.
— Ұзатылмаған қыз ба?
— Осы қыста ұзатылмақ еді, күйеуі армияға кетті, онда офицер боп қызмет істейді. Үйленуі алдағы жылға қалды.
— Жасы нешеде?
— Жиырма төртте,— деді жігіт жымиып.— Оны неге сұрадың?
— Мен келіншек пе деп ойлап ем.
— Неге олай ойладың?
— Денесі тым толық, қызға лайықсыз екен!
— Ха-ха-ха! — деп жігіт күлді.
— Неге күлесің?
— Ия, толыққан қыз!
Жігіттің өзі осы үйдің жылқышысы екен. Сымбатты, кескінді, ойнақы жігіт. Бойжеткен қызы бар байдың үйінде тұратын бұл сияқты жалшылардың жәйі қалада да, ауылда да өзіме мәлім, со жағынан жігітке сөз тастап көріп ем, ойнақы жігіт бұлтақтап, қолымды лектірмеді. Көз құбылысы мен қылжақ жауабы,— «үстімнен түстің» деген сияқтанады.
— Шаруасы ауыр үй көрінеді ғой,— деймін мен,— қалай басқарады?
— Хозяйннің өзі басқарады да,— дейді жігіт жымиып.
— Жұмыс істейтін кісілерді айтам.
— А-а-а... жетеді олар.
— Кімдер сонда?
— Осы селода не кеп, кедей көп, әсіресе қазір, соғыс көзінде. Патша тұсындағы соғыста, одан кейінгі соғыста, жұмысқа жарайтын еркек таусылуға жақындады. Ендігі жұмысшылар — қатын-қыздар. Көбі — солдатқа. Олардың көбінде көлік те жоқ, соқа да жоқ. Сондықтан егін екпейді. Ендеше, немен күн көреді олар? Әрине, осындай кулактардың жұмысын істеп!.. Кулак аз, кедей көп. Кулактардың жұмысы егін себу, шөп шабу, егін соғу сияқты маусымды кезде ғана. Сондай кезде кедейлер олардың жұмысына таласып кіреді. Кулак олардан таңдағанын алады және арзан бағаға!.. Біразы тамағы үшін жүреді... О – о - о, біздің бұл Сычной ма? Бұның, жалмауыздығы қабан шошқадан да жаман...
— Барлық бай атаулы солай ғой! — деймін мен,— ал өзің солдаттан қалай қалып жүрсің?..
— Менің саған ғана құлағым бар,— дейді жігіт күліп,— былайша түк естімейтін кереңмін. Ұқтың ба?
— Ұқтым.
— Ұлдары бар ма Сычнойдың? — деп сұраймын мен, жігіттің «кереңдік» себебін әрі қарай қазғыламай.
— Төртеу еді, үшеуі жеке үй боп кеткен, біреуі үйленген жоқ-ты. Төртеуі де солдатқа кетті бәрі ақтардың армиясында және қатардағы солдат емес, офицерлер... Біреуі под -полковник.
— Ім-м-м,— Дедім мен,— мына қызды осынша бой жеткізіп ұстап отыруы содан екен ғой.
— Не-е-е-ет! — деді жігіт.— Тіпті олай емес. Ұлдары бар көздің өзінде Сычной қызының алдын отызға келтірмей ұзатпайтын. Мына қызын да күйеуге төз бере қоймас еді, еріксіз көндірді. Бірақ сорлы қыздың бағы жанбай, тойға жиналып жатқанда күйеуі соғысқа алынды.
Жігіт екеуміз тағы да Сычиойдың шаруа халін әңгімелеп кеттік.
— Қойы көп пе мұның? — деп сұрадым мен.
— Екі жүзден артық — деді ол, — және қандай қойлар олар,— бір - біреуі қазақтың бес қойына тұрады. Бәрі меринос, әрқайсысы сегіз, он қадақтан жүн береді және қандай жүн ол,— жібектей!..
— Өзге не малы бар?
— Түйені,— деді жігіт күліп,— бұл кулак асырамайды. Ешкіні де жек кереді. Құсты жақсы кереді. Сен бұның қаздарын, үйректерін, тауықтарын кердің бе? Кейбір қаздары қойыңнан артық.
— Құсы қанша?
— Қазы жүзден артық. Үйрегі де сол шамалы, тауығы екі есе көп. Көресің бе?
— Көрейік.
Жігіт екеуміз құстардың қорасына беттей беріп ек, Көшікпайдың Ғабдолласы мені шақырған айғайы естілді. Үйге қайтуға ыңғайланған мен жігіттен:
— Мұның астығы да кеп пе? — деп сұрап ем:
— Биыл қырық - ақ, десятина екті, — деді жігіт.— Шығымы жақсы болды — сексен бұттан айналды, содан ішімдігі мен малдарыңа керек жемін алып қалды да, өзгесін түгел қазынаға берді.
— Қай қазынаға?
— Өй, ақмақ! — деді жігіт,— Колчактан басқа қазына бар ма бұл арада қазір?
— Ия, солай екен ғой. Еркімен берді ме сонша асықты?
— Әрине. Әлі ақшасын да алған жоқ.
— Тағы не берді?
— Осы қыста 30 шошқа, 12 өгіз, 50 шақты қой берді...
— Бәрін де кредитке ме?
— Енді қалай? —деді жігіт күліп,— қолма-қол төлеуге Колчактың сандығы әлі бос деседі ғой.
— Соншама неге шығынданады бұл Семен Сычной?
— Енді қалай? — деді жігіт, бұл жолы салмақты дауыспен,— қызылдар келе ме деп байларда зәре жоқ, сондықтан, қызылды жеңуге қажет десе, мал-мүлік түгіл, қойныңдағы әйелін де береді.
— Сычной жеңеміз дей ме, қызылдарды?
— Әрине, солай дейді. Бірақ, сөзбен жеңу бар да, іспен жеңу бар ғой.
— Бұлар қайсысымен жеңетін сияқты?
— Әзірге сөзбен.
— Түбінде?
— Оны мен білмеймін...
Одан әрі тағы бірдемелерді сұрауға ыңғайланып келе жатқанымда, бір бүйірден Абылай мен Сычной шыға келді. Тегі олар да қора-қопсыларды аралап келе жатқан сияқты.
— Ия, қайда болдың? — деп сұрады Абылай.
— Осы үйдің қорасын араладым,— дедім мен.
— Ия, несі бар екен?
— Малдары ғажап екен!
— Уа, көзің бар болғыр, сондайды көргіш - ақсын,- ау! — деді Абылай күліп.— Рас айтасың, мен де көрдім. Біздің қазақта мұндай мал мал ма тәйірі. Малдың асылы орыста. Қазақтың жылқысымен алыс жолға шықсаң, жиырма пұттан артық жүк сала алмайсың, ал, мұның жылқыларына елу-алпыс пұтты еркін сап жорта бересің. Қазақтың сиыры екі-үш-ақ литр сүт береді, ал, мұның, сиыры жиырма-отыз литр сүт береді.
Сол араға Қожахмет те келе қалды. Сычнойдың шаруасына қайран қалған ойын Абылай оған да айтты.
— Жобаңызға қарағанда өзіңіз де осылай қарай беттеген көрінесіз ғой, жездеке,— деді Қожахмет жымиып.
— Беттеп қанша ендіреді дейсің, бірер жылдан бері ғана ғой менің бұндай шаруа бағуға кіріскенім.
— Алда да өмір бар ғой.
— Сол «өмір» дегенің болса жарар еді-ау! — деді Абылай күрсініп,— бірақ, болмай жүрмесе!..
— Неге болмайды? —деді Қожахмет, не түсінбегендей, не түсінсе де Абылайды сынағысы келгендей.
— Дүниенің өзі сынаптай толқып тұрған жоқ па,— деді Абылай тағы да ауыр күрсініп ап.— Бүгін ғой жасап отырғаныңмен, ертең не боларына көзің қалай жетеді!
Үйден біреу кеп, астың әзір болғанын хабарлады.
Тамаққа жұрт кірісерде, Қожахмет кідіріп жымия бастады. Оған көңіл аударған Абылай:
— Иә, балдызым, неге тоқтадың? — деді.
— Жәй, әншейін,— деп Қожахмет тағы бір жымиып алды да — хажылығыңызға қарасам айтар сөзім емес, бірақ жездем деп еркелеп айтатын болсам, күн болса салқын,
өзіміз суға малшынып тоңынқырап та қалдық, ептеп бірдеме...
Қожахмет ар жағын айтпай, Абылайға жымия қарап еді.
— Құлқыныңды түсіндім, сен Қызылжарға бір арба, не бір шана ағаш кесіп апарып сатып, содан кейін пивнайға кіретін Атығайдың баласы емеспісің, құлқының құрып отырса, несін сұрайсың менен, ал да іше бер! — деді Абылай.
— Жақсы,— деп Қожахмет стол шетінде отырған Сычнойға көзін қысып еді, ол бойы өзінен екі есе аласа болғанмен, көлденеңі екі есе жуан әйеліне көзін қысты. Олар өзара күн бұрын түсініп қойған ғой деймін,— әйел де жымиып шығып кетті де, аузы тығындаулы үлкен бір сары құмыраны алып кіріп Қожахметке ұсынды. Қожахмет құмыраның тығынын ашқанда, самогонный, қышқылтым исі бөлме ішіне бұрқ ете қалды.
— Кәне, бұны құяйық,— деп шәшкелерге Қожахмет самогонды шүпілдете құйып болды да:
— Ал, жездеке,— деді Абылайға қарап.— «Молданы жықпас па, аузына тықпас па» деген сөзді айтқан мен емес, молданың өзі. Хажы, молда — бәріңнің атан, бір. «У ішсең, руыңмен» депті, мына жұрттан сіз де қалмайсыз - ау деймін. Алғашқы шәшкені сізге ұсынғым кеп отыр.
Абылай «жоқ, атай көрме» деп қашқалақтағанмен, үстел айнала отырғандар «алыңыз» деп шулап кеткен соң, «қап, Атығайдың баласы - ай, Есіліне бір батырып жібере жаздадың, енді күнәға да батырайын деген екенсің» деп қынжылған болды да, шәшкеге толтыра құйған самогонды шіміркенбей жұта салды... Шай артынан ет келді. Онысы — қаз бен үйректер екен. Құстар семіз де және мол да. Және жуан жеңгей етке жақсылап тұрып жұқа нан салып, кәдімгідей бесбармақ жасапты.
— Бұл Сычнойдың несін айтасың,— деп мақтап қойды Қожахмет,— қоң етінде мейірім жоқ, мырза кісі. Қазақуарлығы да тамаша,— байырғы қазағыңның ешқайсысынан қонақасыны кем бермейді.
Астан кейін Абылай мен Сычной тағы қораның түкпіріне оңаша кетті де, әлденені ұзақ сөйлесті. Өзге жолаушылар асыға бастады, өйткені бұл кезде аттар суарылып, шалып тыныққан, киімдері кеуіп, тамағы тойып, иелері жайланған. Асыққанның біреуі:
— Ауыздары неге жабыса қалды, бұлардың, сонша кеңесіп!?.. Бірін-бірі танымайтын адамдар сонша неге шүйіркелесе қалды?! —деп таңданған наразылығын айтса, қу мінезді Қожахмет мұртынан күледі де:
— «Ойда отыз сиырдың мүйізі сырқыраса, қырда қырық сиырдың мүйізі сырқырайды» демей ме? Қызылдың дауылы күшейген сайын, Колчак ордасының солқылдауы да күшейіп бара жатқан жоқ па? Ойдағы байдың да, қырдағы байдың да мүйіздерін сырқыратып жатқан жоқ па сол? «Айлас қатын мұңдас» деп, қазақтың байы мен орыстың байы ертеңгі күндерін кеңес қып мұңдасып жатыр да! — деді.
— Олар жәй ғана мұңдасып тұрған жоқ,— деді біреу,— қайткенде қызылдарды келтірмеу шарасын да ақылдасып тұр. Қолдарынан күш кетіп бас имесе, былайша бас имейтін сұмдар емес пе? Біздің көзімізге мүләйімсіп тұрғанмен, олар тырнақтарын ішіне тыққан аңдар, кішкентай ғана мүмкіндік берілсе, талап жеуге тарпа бас салады...
СОРЛЫ САУЫТ
Пыласкеуден аттанғаннан кейін, біз менің жездем Сауыт үйі отырған Құсайын хажының аулына тарттық та, оған ымырттатып жеттік. Күйеудің. қайны, — сол ауылдың әрі байсымағы, әрі бишігеші — Құсайын хажының Оспаны деген кісі екен. Мен ол үйге күйеумен еріп бармай, жолдағы Сауыттың үйіне түсіп қалдым. Бастаған балаға еріп, қора -қопсысы шағындау үйдің шарбағына кірсем, Қаракөлеңке шақта кішірек бойлы, сақалды әлдекім сыпырып жүр екен, қасында шамасы жеті-сегіз жастағы еркек бала ойнап жүр.
— Ассалаумағалайкүм,— деп мен сақалды адамға сәлем беріп, қол ұсынғанымда ол:
— Уағалайкүмүссәлем, — деп қолымды алды да жатырқағандай кескініме үңіле қарады.
— Ия, қайдағы баласың? — деп сұрады ол.
— Бұл үй Сауыт деген кісінікі ме? — дедім мен.
— Ия.
— Ендеше, мен сол Сауыт деген кісінің балдызы болам, Мұқан деген кісінің баласымын.
— Өй, бала, не деп тұрсың? — деді сақалды адам селт ете қап, таңданған дауыспен.— Рас, Мұқанның баласымысың?
— Рас.
— Қарағым - ау, не дейді?!.. Нанайын ба, нанбайын ба?!. деп кескініме төне қараған сақалды адамға қысқаша мән - жайымды айта бастап ем:
— Ендігісін айтпай-ақ қой! Келе ғой, жетім бақыр! — деп сақалды адам мені құшақтай ап бауырына қатты қысты да, екі жақ бетімнен құшырлана иіскеді.
— Ой, астапралла - ай! — деді ол құшағын жазғасын, — құлақ естігенді көз көреді деген рас екен-ау! Өткен күз Омбыға оқуға кетіп баратқаныңды Мәулітте тұратын бір танысымнан естігенде нанбап едік, енді міне көрдік те!..
Сақалды адам жылаған қалпын көрсетіп, жеңімен көзін сүртті. Қасындағы кішкене бала маған таңдана қарап үңіле түсті.
— Кім деп тұрсын, мені? —деді сақалды адам қоңқақ ұзын мұрнын сіңбіріп ап.
— Білмей тұрмын...
— Ендеше, Сауыт деген жаман жезден, мен боламын, шырағым.. Мынау кішкентай,— деді ол қасындағы баланы нұсқап,— кіші жиенің. Бара ғой, Ғабдеш, нағашыңа! — деп, Сауыт баланы бері қарай итеріп еді, жатырқады ма, әлде қымсынды ма,— бала шегіншектеп жоламады.
— Апаң үйде,— деді маған Сауыт.— Сенің барыңды естігелі көрер күнім бола ма, деп ағыл-тегіл жылауда. Ал, енді, сені ол ойда жоқта көрсе жүрегі жарылып кетер. Мен әуелі айтып шығайын.
Үйіне жүгіре басып кеткен Сауыт, төз қайта шықты. Оған ере ұзын бойлылау әйел шықты да, жыламсырағаң дауыспен.
— Бетім - ау, не дейді, осы тұрған бала ма? — деп қарсы жүрген мені құшақтай алды да, сыңсыған дауыспен, төркінін сағынған кеп сөздерін айтып, ұзақ уақыт жылады. Егер, сол араға жинала қалған әркімдер, «Дәмеш о неғылғаның сонша жылап? Іздеп келер інің, болмаса қайтер едің? Бұ да құдайдың, саған бергені,— артыңнан қара ергені! Қой, жылама!..» деп айырмаса, Дәмеш құшағын әлі де біраз уақытқа дейін жазбас па еді, қайтер еді... Дәмеш құшағын жаза берген кезде:
— Біздің әлгі Әшкәр күйеу келген үйде жүр-ау,— деді Сауыт,— нағашысының келгенін білмейді - ау, ол. Жүгіріңдерші біреуің, барып шақырыңдаршы!..
Ересектеу бір бала жүгіріп кетті, біз үйге кірдік, Ағаштан салынған бұл үй, шағындау ғана жалғыз бөлме екен. Үйдің бір бұрышындағы пеште лаулап жанған оттың қызғылт сәулесі, бөлме ішіндегі көлеңкені жеңе алмай тұр.
— Кәне, шам жақсаңдаршы! — деген біреуге:
— Осы үйде кәрәсін жоқ шығар,— деді Сауыт,— білтең қайда, Дәмеш? Соны тұтат!
— Құда келгенде білте шам жағу ұят болар,— деді бір шал қалжыңды дауыспен.— Біреуің біздің үйге барып, кәрәсін лампыны әкеле қойыңдар.
Шамнан бұрын топырлап кіріп жатқан жұртқа араласа, жасы мен шамалас, кескіні де маған ұқсастау, бірақ бойы менен сұңғағырақ, мұрны менен гөрі қырлырақ бір жас жігіт «кәне, нағашым?» деп қуана кірді де, ешкім «мынау» демей-ақ, менімен құшақтаса кетті.
— Әшкәр деген жиенің осы,— десті әркімдер.
— Екеуінің қаны бір - ау, қанша айтқанмен, жобаларының, ыңғайлас келуін қарашы! — деп таңдана күлісіп ж атты біреулер.
Кешікпей басқа үйден әкелген шам да жағылды. Мен апамның шын бейнесін енді ғана айқын көрдім. Тек, бетінің сүйектілігі, орта жасағандықтан бет ажарының әжімденуі, денесінің толықтығы болмаса, бұл апайдың кескін - кейпі мен тұлғасы менің тетелес апам Ұлтуғаннан аумайды. Бұл да заманында сымбатты, көркем кісі болған. Жездем Сауыт күйкілеу, еңістеу кішірек денелі, қоңқайған зор және ұшы ерніне асыңқырап тұратын ұзын мұрынды, сопақтау ұзын бетті, шоқша ұзын қара сақалды адам екен. Жүріс-тұрысына, сөз әлпетіне қарағанда бұйығылау, момындау біреу сияқты, билігі менің апамда сияқты. Мәна, тыста көбірек сөйлеген қартаңдау адам — Сауыттың інісі Сәду екен. Ол әуелі, «Дәмеш інісінен бүгін бар дәмді аяйды деймісің» деп қалжыңдады да, артынан шайға жасалған дастарқанның үстіне нан мен май молырақ келе бастағанда:
— Әу, Дәмеш, сен ініңнен аянбайды дегенге, кебежеңді тақырлап, бұдан кейінгі қонағыңа ештеңе таба алмай жүрме! — деп еді:
— Табылмаса, ештеңе етпес. Баяғыдан бері осы үйдің асын ішкен қонаққа мүйіз шыққан жоқ. Бар болса ішер, жоқ болса қояр. Көрдегім тіріліп келмеді демесең, төрдегі барым осы. Бұдан аяғанымды ит жесін,— деді.
Біраздан кейін шөгенге піскен ет те түсірілді. Ескілеу кең ағаш табаққа салынып біздің ортамызға келген ет семіздеу торпақтікі екен. Бұл үйдің шаруа күйін әлі сұрастырмағаныммен, мына етке қарап шамалай қойдым. Соғымы бұзау-торпақ болған үйдің, шаруасы одан артықты көтере алмайтынын, мен бұдан бұрын да талай кедей қазақтың үй тұрмысынан көретінмін. Ертеңіне мал жайлауға ерте тұрған жездеме еріп тысқа шықсам, түндегі жобам дұрыс екен. Бұл үйдің бар малы бұзаулайтын екі сиыр және бір құнажын байтал. Қой-ешкісінің бар саны бесеу – алтау - ақ. Солардың қорасын күреп, жемін беріп жүріп Сауыт жездем маған шаруа күйін қысқаша таныстырады.
— Бұрынғылар айтады екен,— дейді ол ұзын мұрнын, қора ішін басына көтере бір сіңбіріп қойып,— «сыпайы сырын жасырмайды, пұшық мұрнын жасырмайды, жақсы таз басын жасырмайды, жақсы кісі асын жасырмайды» деп. Сол айтқандай, сенен несін жасырайын, шырағым, мен он жасымнан бастап жалшылыққа тұрған адаммын. Апаңа үйленген соң, екеуміз де жалшылыққа тұрдық,- Содан босанып шыққанымызға бес – алты - ақ жыл болды. Бір ретте есептеп көрсем, мен кісі есігінде қырық екі жыл тұрған екем. Апаң отыз жылдан артық тұрған екен. Сонда осы маңайда біз жұмысын істемеген қазақтың да, орыстың да байы жоқ. Орыс арасында да көп жүрдім. Бірақ, құданың құдіреті, ақпа құлақпын ба, немене, әлі күнге дейін орыстың «но» дегенін білмеймін. Өзім қазақша да оқыған кісі емеспін, әліпті таяқ деп білген емен.
— Сонан,—- дейді Сауыт, істеп жүрген жұмысын біраз меңгеріп ап, күрегіне сүйеніп тұрып, — әлгі бір Әшкәр деген жаман жиенің туды. Сен туған жылы мен сенің үйіңе барып қайтқам. Біздің Әшкәр да сол жылы туған, екеуің құрдассыңдар, жылдарын, «сиыр». Әшкәрдің артынан ұзақ уақыт ұл тумай жүріп, әлгі бір Ғабдеш деген кішкентайды көрдік. Ол екі арада туған бес қыздың үшеуін өсіріп ұзаттық, екеуі кішкентай күнінде өлді. Сонан мынау Әшкәр ер жете бастаған соң, өзімнің қаршадайымнан кісі есігінде жүргенім жетер, мұны да кісі есігіне сап, тесік екпе қылмайын дедім де, туған ауылыма көшіп келдім...
— Бұрынғылар айтқан емес пе,— деді Сауыт күрсініп ап,— «ағайын малын, болса көре алмайды, кедей болсаң үлесіп бере алмайды» деп, «жыласуға өзі жақсы, сыйласуға жат жақсы» деген екен. Сол сөз рас екен. Алыста, жалшылықта жүргенде бауырсырап кісінесетін туыстар, енді мұнда кеп, ауыл-үй қонғанда, тістесуге айналды. Мен дау -шардың кісісі емеспін. Ұя бөрік, жуан қоныш қана, момын шаруаның біреуімін. Біреу айтқан екен «момын дегенше, б... десейші» деп, сен момынсың деп ешкім аямайды екен! Момынның ақысын күшті жей береді екен, күшті туысын, саған алыста жүргенде ғана «ағайын» екен. Жақындасып кетсе, ең алдымен желкеңе сол мінеді екен...
— Олай дейтінім,— деді Сауыт тағы бір күрсініп ап,— біздің бұл ауылдың дәулет жағынан да, атқа мінерлі жағынан да шек - шығары Құсайын хажының Оспаны. Андағұл руының ішінде бізді Өтеміс дейді, Оспан да, мен де Өтемістен тараймыз, арамыз төрт-бес - ақ атаға келеді. Бірақ, менің, қас жауым сол Оспанның өзі боп шықты. Алыста жүргенімде бауырсырап кеп, «қасыма кеш, ашты-тоқты болсақ та бірге отырайық» дейтін Оспан, енді, көшіп келгенде, өзге жақсылығы былай тұрсын, осы бір-екі қарама шөп шауып алатын жер де бермейді. Біздің бұл арада шабындық жер— Есіл бойында ғана. Оған біздің қол жетпейді, жетпейді емес-ау, жеткізбейді.
— Біздей кедейлер,— деді Сауыт күрсініп ап,— осы маңайдағы бозды, жарықшаларды, томардың төңірегін ғана шабады. Ал, маған тиген жерді өзіңе көрсетсем, зәрең кетіп, жағаңды ұстар ең: айналасы бірер шошақ шеп жаңбырлы жылы ғана шығады, жаңбырсыз жылы бірер арба шөпті ұстарамен қырған шаштай ғып әрең қырып аласың.
— Сол жердің өзі де елдің жайлауға көшетін жолында.. Ел жайлауға көшіп бара жатқанда үстін баса өрген мал, ол араны бір таптап өтеді. Оған кейін тірілген шөпті, ел жайлаудан қайтқанша шауып, қораңа тасып алмасаң, қайтқан елдің малы тағы да тапап кетеді...
— Биыл сондай күйге ұшырадым, шырағым. Әлгі Әшкәр деген жиенің жасы жетіп қалғанмен, жұмысқа жалқаулау және жалғыз бала болған соң, жанын ауыртып жұмысқа да салғым келмейді. Апаң болса, қартайды. Ол енді, бел буып шалғыға түсе алмайды, сондықтан, осы үйдің азың – аулақ шаруасын бағып-қағатын менмін.
— Мен де қайбір құлан-таза сау кісімін. Қырық жыл тұрған жалшылықтың сарқыншағы денеде қалмады деймісің. Бойымда сарсығым көп, кейде тер қысып, домаланып жатып та қалам. Құяң ба, немене, кейде жұлын тұтам да көтертпей, белім де бастырмай қалады. Сарсық түскені ме, немене, буындарым да баяғыдай емес, кейде кілтілдеп жүргізбей қояды. Оның үстіне жас та жетіп қалды, және қай бір жас ол,— ылғи бейнетте өткен жас!..
— Соның бәрінің кесірінен биыл сыбағалы жерімді көзінде шауып ала алмай, айналасы бірер арба ғана шөп жинап алуға құдіретім әрең жетті. Онымен мынау азғантай малды асырап шыға алмайтын болған соң күздігүні әлгі Әшкәр жиеніңді, мына жақын жердегі Арқалық аталатын орыс қаласының бір байына егін жинасар кезде жұмысқа беріп, малымды соңын, ақысына алған сабанмен ғана асырап келем.
— Әме бір,— деді Сауыт, шарбағының түбінде шоқиып үюлі тұрған азын-аулақ шөпті саусағымен нұсқап,— азғантай жоңышқаны ертең малдың жас теліне керек болар деп сары майдай сақтап тістелеп отырмын...
Сәду айтқандай, апам Дәмеш өткен түні менің келуімді қуаныш көргендіктен, расында бар етін асып бітірген екен. Одан кейінгі қалған-құтқаны бірер күн турамшылап сорпа болуға әрең жетті. Оның артынан Сауыт менен ұялғандай әр жерден ет іздеген болып еді, ақысыз ет қайдан табады!.. Біздің одан кейінгі күн көрісіміз шайда ғана қалды. Ол да сүтсіз қара шәй. Және тағы да шай алуға қалтасы қағылып отырғандықтан, апам шүмегі кетік аққұманға ақ судың түсін ғана өзгертерліктей ғып шайды сұйық шығарады... Сонда, тойып жейтін нан жетіп тұрса бір сәрі ғой. Бұл үйдің шағынсынуынан емес, ұнының тапшылығынан, тағы да ұн сатып ала қоюға күшінің жоқтығынан нанға көбінесе тақыл-тұқыл боп қаламыз... Жездем үйінің осындай әлсіз халін көргеннен кейін, масыл боп отыра беруге ұялып, мен кәсіп іздеуге тырыстым, ойым егер ретті ауыл табыла қалса мұғалім боп балаларын оқыту. Сұрастыра келе ондай ауыл табылды да. Оған барардың алдында, мен бұл маңайдағы ен, қарт туысым деп естіген Жабайды көріп, сәлемдесуге аттандым . Естуімше, Жабай менің әкем Мұқанның шешесі — Қағазбен бірге туысқан адам. Сауыттың айтуынша ол қазір тоқсан жастан асып отыр, бірақ, есі де, жүрісі де тын, шаруасы өте нашар... Ол тұратын Сақтаған ауылы Сауыттың аулынан жеті-сегіз шақырым. Сондай жақын жерге, менің Сауыт үйіне келген соң-ақ барып қайтқым келді, бірақ оған ат табылмады. Сауытта жалғыз-ақ жылқы бар, о да болса көтеремнің аз-ақ алдындағы арық. Мен Сауыт үйіне келе қар еріп дүние ылайсаң болып кетті. Ондай кезде Сауыттың көріп кісі көтермек түгіл аяғын да алып жүре алар емес. Қар кетіп, жер дегдігенше біраз уақыт өтіп кетті. Жер құрғап кек шығуға айналған кезде, Сауыттың керігін мініп, көптен көруге аңсаған Жабай қартқа аттандым.
ТІРІ ТАРИХ
Жабайдың баласы Төлебай екеуіміз Есіл өзенінің жарқабағын жағалап келе жатырмыз. Тоңы жібіген жердің миы шыққан сазы етікті табанынан тартып, аяқты әрең ғана жылжытады... «Қара дауыл» атанатын оқпақ жел жағадан, жеңнен суық қолын сұққанда, жердің сазын табаңмен ғана емес, барлық денемен басқандай боласың. Біз ілгері аттаған сайын жел желіге түседі, көкіректен кейін қарай итере түседі. Біз де ерегісе ілгері ұмтыламыз. Кейде жел бізді жеңгендей боп бөгеп те қалады, кейде желді біз жеңгендей боп ентелеп ілгері аттаймыз...
— Есіл қатты тасырда желдің екпіні осылай болатын әдеті еді,— дейді Төлебай,— биыл сөйтер, тегі!..
— Өзенің қайда өзі? —деймін мен.
— Өзеннің осы бір тұстағы жарқабағы аса биік,— дейді Төлебай,— қатты тасыған жылда болмаса бұл аңғарға су келмейді. Аңғардың арғы жағы қайқаң жазық боп кетеді де, сонау бір бұтақтары қылтиып қана көрінген тоғайға ұштасады. Есілдің арғы арнасы со тоғайлардың арасында.
— Тоғай қанша жер бұдан?
— Жарқабаққа жап-жақын сияқтанғанмен, ең жақын тұсы бұл арадан бес-алты шақырым.
Одан әрі сөйлесуге екпек жел екпінді лебімен ауыз бен мұрынды құмықтырып, еріксіз үндетпейді. Төлебай екеуміз қыраттау, кәделілеу жерді қуалап келеміз, ойпаң, тақыр жердің сазы толарсақтан келеді. Біздің іздеп келе жатқанымыз — Жабай қарт.
— Әлі де алыс па?—деп сұрадым мен шаршаңқыраған кезде.
— Бірталай жер бар,— деді Төлебай.
— Сонша алысқа неге кеткен Жәкең?
— Есілдің таси бастаған хабары бізге жоғарғы «Алакөл - Салпық» жақтан келеді. Со хабарды ести сала - ақ, әкем күн сайын таңсәріде тұрып, буынып-түйінеді де, өзеннің жағасына кетеді. Жыл сайың барып отыратын дағдылы орны бар, біз оны сол арадан табамыз.
— Қарт кісі мынадай сазда, ондай алыс жерге қалай жетеді?!.
Төлебай маған жымия қарап қойды да:
— Біздің шал әлі жасыңның көбін қанжығасына ұрып байлайды. Оның аяқ алысы әлі пысық,— дейді.
Мен нанар - нанбасымды білмеймін де:
— Жасы нешеде?— деп сұраймын.
— Биыл тоқсан үште.
— Сен нешедемін дедің?
— Отыз бірдемін.
— Сонда сен шалдың алпыс екі жасында туғаның ба?
— Солай болады да, — дейді Төлебай жымиып,— өзің көрген шешеміз Бөлекті әкем елу алтысында алған екен, шешем ол кезде он алтыда екен, менен бұрын екі құрсақ көтеріпті, менен соң үш құрсақ кетерді. Қазір әкемнен ол кәрі...
Тағы біраз жер жүріп Есілдің жарқабағына жетіп ек, алдымыздан о шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін, бетінде қалқыған сеңдері сатыр-күтір соқтығысып сапырылған теңіз ұшыраса кетті.
— Бұ не?! — дедім мен қайран ғап.
— Есіл! — деді Төлебай.— Жарықтық тасыған екен ғой! Кең - ақ тасыған екен, шіркін!.. Мен кермеген тасу мынау!.. Ойпыр - ой, жердің жүзін, күннің көзін тұтас алып кетіпті ғой, тіпті!..
Көлемі кішкене келдің маңайында ғана туып өскен маған мына телегей теңіз аса бір ғажап дүние сияқтанды. Және тиыш жатқан дүние ме ол!.. Тасыған теңіздің ағыс екпіні қандайлығы, судың бетінде қалқыған сеңдердің, ағаштардың, қоғажайдың, тағы әлденелердің жылжуынан байқалады: көз ұшында көрінген олар лезде зымырап келіп қалады да, сып етіп өте шығып, көріп үлгергеніңше әлде қайда алыстап сала береді.
Осы көріністердің арасында кереметтер де кездесті.
— Ананы қара! — деп Төлебайдың нұсқаған жағына көз тіксем,— жеке қалқыған бір сеңнің үстінде шоқиып жалғыз қасқыр кетіп барады.
Мал баққан ауылда өскен адамның, қасқырдан артық қас көрері жоқ. Маған да талай ызасы өткен «сабаз» ол!.. Сонда да сең үстіндегі халін көріп аяп кеттім,— бізге жап -жақын жерден жайнамазда мүлгіп отырған молдадай момақансып, жәрдем сұрағандай жаутаңдап өтті!.. Одан да аянышты хал кездесті: телегей судың орталау көзінде, тұтас қалқыған сеңнің үстінде, бір қорадай қой ағып барады!.. Ішінде ербеңдеген адам көрінеді!.. Маңырасқан қойлардың, алыстан талып естілген даусы, нәресте балалардың іңгәлап жылауына ұқсайды!.. Қойлардың халі солай болғанда, олардың арасында тұрған адамның халі нешік екен!.. Со халді көз алдыма келтірген мен ауыр күрсініп ем, Төлебай да қосыла күрсініп ап:
— Мейірімі тәтті, қаһары қатты өзен ғой бұл!.. Бұл бұл ма, бұның кейбір ауылдарды ұлт - отанымен ағызып әкететін мінезі де бар. Талай табын малдар да ғарық болады бұған!..— деді.
Төлебай мойнын соза алдыңғы жаққа бір қарап алды да:
— Әкем сонау бір үйеңкінің бұтақтарының арасында отырған болу керек! — деді.
Біздің ауылдағы Қымбат бақсының сарынында:
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым...—
деген сөзді естіген ем, соған қарағанда, үйеңкінің ағашының бір. түрі екенін жобалағаныммен, дәл өзін бұған дейін көрген емеспін де. Енді Төлебай нұсқағанда көрсем, саздау жерге өскен ол ағаштың діңгегінің жуандығына төрт-бес кісінің құшағы жетер емес, бірақ діңгектің биіктігі атты кісінің созған қолы жетерліктей ғана, одан әрі тармақталып жуандылы - жіңішкелі қалын, бұтақ тарайды екен, олардың аумағы өтірік айтқан кісіге, кіші-гірім қораға симастықтай!.. Және оның өзі қызық үйеңкі екен: дәл жарқабақтың етегіне өсіпті, қабақтан аттаған кісінің аяғы, бұталардың тарала өскен жеріне жететін!..
— Менің әкем, дәуде болса, со тармақталған бұтақтардың арасында отырған болар! — деді Төлебай, үйеңкіге жақындай беріп.
Қасына кеп қарасақ, бұтақтарының арасында, бері қарай жонын тосып, қалың киімді, тымақты біреу отыр.
— Келді айтқаным!.. Әкем!—деді Төлебай.
— Біздің дауысымызды неғып естімей отыр?..
— Құлағының мүкісі бар және жел әрі біз жақтан, әрі қатты ғой, сатыр-күтір сең жүріп жатыр, содан естімей отырған болар, мен дыбыс берейін.
Төлебай «әке!» деп дыбыс бергенде, желкілдеген ұзын ақ қасы көзін жапқан, бетінің мұрнынан басқа жеріне тұтас шыққан қою, қаба ақ сақалды, кішірек имек мұрынды қарт, бізге одырая қарап бетін бұрды да, шүңірек кішкене көзіне алақанын қалқалап аз тұрып:
— Төлебаймысың?— деді сөзін бөлшектей, ұртын толтыра сөйлеп.
— Иә, әке!
— Қасыңдағы кім?
— Әуелі түс жерге, содан кейін айтайын. Кәне, көтеpіп түсірейін! — деді Төлебай.
Үйеңкінің бұтағына аттап шыққан Төлебай әкесін көтеріп жарқабаққа шығарған соң, мен сәлем беріп қолын алдым, бірақ жауап қатпадым.
— Бұл жігіт кім дедің?— деді қарт баласына.
— Жиен,— деді Төлебай аузын қарттың құлағына тақап.
— Қайдағы?
— Мұқан, Тайжақы дейтін жиендерің бар емес пe? Соның Мұқанының баласы!
— He дейді?! —деді Жабай таңданған дауыспен.
— Рас айтам. Омбы жақтан оқудан келе жатыр екен. Саған сәлем берем деп келген еді, үйде болмадың, осында келді...
— Алда, қарағым - ай, онда бері келші! — деп, шал мені құшырлана қысты да, екі бетімнен, мойынымнан иіскеп, құшағын жазды... Қарттың бетіне қарасам, көзінен сорғалаған жас тамшылары ақ сақалына домалап түсіп тұр екен. Менің де жүйем босады...
— Жер құрғақ қой, отырайық,— деді қарт көзін сүртіп отыра беріп. Төлебай екеуміз де қартты ортаға ала отырдық.
— Сап - сабымен өтіп жатқан дүние,— деді қарт күрсініп ап,— әкең Мұқан, оның әкесі Шүкейді, оның әкесі Бектемірді көрдім. Шешең Балсарыны, оның әкесі Бәйтілеуді көрдім. Олар жүйе-жүйесімен өтіп кетті. Көшкен ауылдың тозған жұртына қонған кәрі күшігіндей, дәм-тұзымыз таусылмаған соң, міне, біз тоқсанға кеп торығып отырмыз, шырағым. Әкең ертерек қайтты деп еді, шешең де қайтты деген, қайырын берсін! Жер арасы шалғай, ит арқасы — қыян. Әкең қолымызда туып еді, марқұмға бата ғып қайтайын деп талпындым,-—қысқа жіп күрмеуге келмеді, жиенжан!.. Өз қолымызда, жазы-қысы шыр бітпейтін жалғыз кәрі мәстектен басқа жылқы жоқ. Онымен ұзап жол шыға алмайсың. Балаларым өлігі - өліп, өлім сарқытындай болған мынау жалғыз бала,— деді қарт Төлебайды саусағымен нұсқап,— біріншіден, жуас, өз бетімен ұзақ жолға шыға алмайды; екіншіден, тон келте, қол қысқа болған соң, жарғақ құлағы жастыққа тимейді, кемпір-шалды асыраймын деп, жазы-қысы тізесін бүкпейді.
Сол кезде, тұсымыздағы жолмен, жайдақ тарантасқа зор денелі кек ат жеккен, сарғылт қаба сақалды орыс өте берді.
— Андрей ғой мынау,— деді Төлебай,— беті біздің ауыл екен, тамыр орыс еді, ала кет дейін бізді.
Төлебай дыбыс беріп орысты тоқтатты да, қасына барып сөйлесіп атын бұрып алып келді. Ұзын бойлы, ашаң жүзді Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті. Жабайдың тіліне қарасам,— орыс сөздерін маймаңдатып, акцентсіз әдемі сөйлеп барады. Со жәйді айтып, мен Төлебайға сыбырлап ем:
— Орысша оқығаны бар,— деді маған Төлебай ақырын дауыспен.
Тарантасқа Жабай қарт пысық адыммен барып өзі мінді. Мен сыпайылық қып, Төлебайға:
—• Жалғыз ат, жер саз, жаяу барсақ қайтеді?—деп ем, сөзімді естіп қалған Андрей:
—• Қорықпа, жігіт!—деді маған.— Ат мықты, тағы төрт кісі мінсе де тартады.
Тарантасқа мініп жүріп кет.тік. Шал Андреймен кеңесе бастады. Әуелгі сөз — Есілдің тасуы туралы болды. Жабайдың айтуы бойынша, көп уақыттан бері өзеннің биыл аса бір мол тасуы. Діншіл, ырымшыл Жабайдың жоруы бойынша, «бұндай тасу, елге ырыс орнар жылда ғана болмаң...» Одан әрі Андрейден селосының хал-жайын, егінге даярлығын біраз сұраған Жабай:
— Қызылдардан не хабар бар?— деді оған.
Андрей маған күдікті көзбен қарап еді:
— Біздің туысқан,— деді Төлебай,— бұдан қымсынба!
Кідірген Андрейге Жабай сұрауын қайталап еді:
— Кім білсін,— деді Андрей,— Колчактың сөзіне қарасаң, қызылдар Москваға қарай қашып барады дейді. Кейбіреу «Челябадан бері шығып қалды» деп қызылды жақындатып қояды.
— Соңғы сөз дұрыс болар,— деді Жабай.
— Неге?— деді қуланған кескінмен Андрей.
— Қашанда, қашқанның тынысы тар, қуғанның тынысы кең болар!.. Колчагыңның тынысы торылып кетті ғой, өзі!..
— Оны қайдан білдің, қарт? — деді Андрей жымия түсіп.
— Күнде дікеңдеп маза бермеуге айналды ғой ол. Өзге былай тұрсын, біздің жалғыз мәстекті де әнеугүні ылауға қуып кетті, енді ол мәстек өлген де болар.
— Сақыпкерейдің, Қаппастың көп жылқысы тұрғанда, неге алған жалғыз мәстекті?— деді Андрей.
Бұл сұрауға жауап бермей аз отырды да:
— Қызыл келетін болса, төз келсе екен! — деді дыбысын шымыр шығарып,— Колчактың ызасы өтіп болды елге.
Бұл темада Жабайдың кеңесе түскісі келгенмен, Андрей қалжыңды сұрау-жауаптан әріге бармады. (Артынан сұрастырсам, ол жасырын жұмыста жүрген қызылгвардеец екен). Бізді әкеп Жабай үйінің алдына түсірген Андрей үй иелерінің «асқа қара» дегеніне кідірмей жүріп кетті. Жабайдың үйін мана көріп кеткем. Шымнан салынған бұл үйдің төбесіне еңсесін көтерген кісінің басы тиеді. төріңе жатқан кісінің созған аяғы есігіне жетеді, кішкене терезенің шынысы сынған бірнеше көзіне қойдың қарнын керіп қойған, бір қабырғасында қазандықты пеші бар, төсеніші— ескі туырлық... Үйдің ішіне лық толған будан, біз кіргенде түк көрінбейді екен. Қазандық астында от жылтырайды. Үйдегі иіске қарағанда, тегі, қазанға ет салын жатқан болу керек.
— Кемпір! — деді Жәкең, үйге кіре.
— Әу! — деген дауыс естілді денесі будан көрінбеген әйелдің.
— Уа, кемпірім, мен кебежеңнің түбі қағылды ма деп жүрсем, ет иісін шығарып жатыр екенсің ғой, бәрекелді. Бірінші келуі ғой жиеннің... Нұр ауыз болмағаны жарады. Ал, тездет енді, тоңып келді білем, жиен!..
— Жиенжан! — деді қарт мені қасына ала төрге отырғаннан кейін,— өзіңнің Керейің Тоқсан би дау-дамайға баратын болса, Таз Керей Киікбай енді ала кетеді екен дейді. Киікбайды тоқсан «кілтім» дейді екен. Киікбай жақ біткеннің шешені болса керек, жиын топта сөзді Киікбай бастап, даудың бетін ашып береді екен де, Тоқсан кезегі келген жерде бір ауыз тетігін таба қояды екен.
— Сонымен,— деді Жәкең аз кідіріп,— бір кезде Жоғарғы Арғын, Найманның арасында зор дау болып, қос атпен Тоқсанға шапқын келіпті. Тоқсан Киікбайды ала кетпек болады. Бұрын ол үйге Тоқсан барып көрген жоқ екен дейді. Тан, жаңа атып, қой жаңа ғана өре бастаған уақыт болса керек. Киікбайдың үйі ауылдың қай тұсында екенін Тоқсан шамалай алмай келе жатса, құман ұстап, күпі жамылған біреу дәретке шығып келеді екен. Қасына келсе — Киікбай!.. Үсті жүдеу!.. Тоқсан аттан түсе ғап, Киікбаймен құшақтасып, көрісіпті. Сонда Киікбай:
Уау, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Бұл бір көзім тоқталған,
Үй артынан жау келді,
Сұр жебесін оқтанған,—
депті. Бұл сөзден Киікбайдың қонақ келгенге қысылып қалғанын түсінген Тоқсан:
— Киеке, сонша неге таусыла сөйледің десе,—
— Қара өзек шақтың көжесі
Қарында емес, қуықта,
Қара торсық жерде емес,
Ілулі тұр уықта,
Болған соң солай, Тоқсанжан.
Жоқпын деп қалай мақтанам?
Мақтанайын несіне,
Жан алатын әзірейіл
Алыста емес, жуықта,—
депті.
— Сол Киікбай айтқандай,— деді Жабай күрсініп,— нағашы апаң ет иісін шығарғанмен, атағы «ет» демесе, мәні болмас, жиенжан; бала жасық - жауған бірдемеге ортақтасып, сирақ - мирақ дегендей, күздігүні бірдеме алған, жылтырары шамалы шығар, ықласқа разы боларсың.
— Рахмет, нағашы, мен асты емес, сізді іздегі келдім.
— Ал, жиен,— деді Жәкең, ас ішілгеннен кейін,— кәрі кісінің сөзі кеп болады, мылжыңсың деп сөкпе!
— О не дегеніңіз, нағашы? Маған керегі — кеңес.
— Баяғыда Әз-Жәнібекке Қошқар би айтты деп еді: «қол бастап жол алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсің» деп, сол айтқандай, кеңеске үйір болсаң, жаман ұл болмассың, жиен.
— Құлағым сізде, нағашы.
— Аулында Нұртаза дейтін шешен бар деп естіп ем, аман ба ол?
— Мең ауылдан былтыр күз аттанғанда аман еді, одан бері хабарым жоқ.
— Өзін көрмегенмен, әкесі Оспанды көріп ем, жиен, шежіре кісі еді, көрген жұрт Нұртазаны соған тартты деседі, Ата жайларыңды сұрастырдың ба, одан?
— Сұрастырдым және жазып та алдым.
— Кәне, таратып көрші аталарыңды, жазып алсаң!..
Мен білгенімді айта бастадым: әкем Мұқан, оның әкесі Шүкей, оның әкесі Бектемір, оның әкесі Байбарақ, оның әкесі Сырымбет, оның әкесі Отарбай, оның әкесі Қосай, оның әкесі Сыйбан, оның әкесі Тамаш...
— Біледі екенсің. Ар жағын айтпай-ақ қой,— деді Жабай сөзімді бөліп.
Со кезде ас та даяр боп қалды. Астан кейін Жабайдың өз жайын сұрасам, ол 1826 жылы туыпты. Оның әкесі— Жарқымбай дейтін бір немересін Қызылжардағы орыс оқуына бергенде, Жабайды күтуші есебінде қасына ертеді. Топас Жарқымбай әлденеше жыл оқып түк білмей қайтқанда, Жабай орысша жақсы сауатты адам боп шығады. Со кезде ол маңайдың аға сұлтаны — Зілғараның Мұсасы деген кісі екен. Мұса әрі пысық, әрі сауатты Жабайды өзіне тілмәш қып алады. Бірақ ол қызметтен төз қуылады. Оның себебін кейін айтамыз. Қызметтен босаған Жабай, Шопанның Қошығұлы деген байға піркәщик болып, саудасын жүргізеді. Осы сапарында ол: бір шеті Кетрампор (Екатеринбург), Самар, Орымборды: бір шеті Хиуа, Үргенішті, бір шеті Қоңыр, Құлжаны аралайды... Кейін бұл қызметтен шығып атқа мінуге жарамай қартайғанға дейін лесниктің міндетін атқарады. Жабайдың ертеде алған әйелі де, балалары да өледі. Мен көрген әйелі — Бөлек: тапырықтау мұрынды, қара өңді, қалыңдау ерінді, ұзындау арық денелі, өңсіз әйел екен, шаруа бағудан басқада жұмысы жоқ, шалын аса күтеді. Бөлектен туған қыздар ұзатылған, ұлы — жалғыз Төлебай. Жабайдың үйіне мен екі-үш қонып, асықпай ұзақ кеңестім. Сонда келген қорытындым: қазақтың талай шежіре қартын көре жүре, мұндай білімдісін кездестірген емен, Ол халық аузында жүрген сөздерді шексіз көп білумен қатар, орысша да сауатты, орыс тілінде жазылған әдебиеттен, тарихи кітаптардан бірталай мәліметі бар, орыстың тілін қатесіз сөйлейді. Кеңесіп отырған сағаттарда, Жабай маған, қазақ халқының тірі тарихы сияқтанып кетеді. Бұрынғы хат білмейтін ауылда, «шежіре» атанған адамдар болған ғой, олар қазақ халқының басынан өткен күндердің бәрінен хабардар боп, әрбір тарихи уақиғаларды қызық түрде ауызша айтып беретін ғой. Жабай да сондай памяті күшті және сол күшті памяті, жасы тоқсаннан асқанмен мұқалмай тын, сақталған адамның бірі. Кейін «Колхозды ауыл осындай» деген атпен жазған бір өлеңімде мен, ойда қалған Кеңбай қартты:
Ертегі, өлең-жырдың шежіренің,
Миы бай, көркем, сұлу антологиясы,—
деп сипаттадым. Сонда, есімде отырған «антологияның» бірі, осы Жабай қарт болған еді. Шежіреші де екі түрлі болатын: бірі — атымен сауатсыз. Олар ақылды және зирек адам бола тұра, ел өмірінің бертіндегі уақиғалары болмаса, әртіндегі бұлдыр тартқан уақиғаларына келгенде әр шоқысынын, басына бір қонып, кең өлкесін дәл басып, тегіс аралауға тайғанақтайтын, сондықтан, олардың әрқайсысының сөзінен жарықшақтар, қайшылықтар табыла беретін. Ал, енді бір шежірешілер, не мұсылманша, не орысша хат білгендіктен, естіген не оқыған уақиғаларын жазып ап, көбінесе дәл түсетін. Жабай қарт соңғы жүйелі адамдардың қатарына жатады. Мұсылманша аздап, орысша жақсылап оқыған ол, күші бар көзінде, орысша, түрікше тарихи кітаптарды көп қарап жай мәлімет алған, ол мәліметтерге, халық аузындағы мәліметтер қосылған. Солардың көбі есінде дұрыс сақталған. Естіген - білгенін Жабай жазып та жүреді екен. Ол тетрадьтарын сол елде, халықтың ауыз әдебиетін жинаған Мейрам Исхахов деген қарт мұғалім менен бұрын алып кеткен екен. Кейін сұрасам, ұрлатып апты. Жабай қазақ халқының тағдырына көп қайғыратын адам екен. Бұл мәселедегі оның ой-пікірлері, кеңесіп отырған шақта, сұрау, жауаптардан көрініп отырады.
Бір сәтте ол маған:
— Шежірешілер «Аламан деген адамнан Сейілхан, Жайылхан» туды дейді. Сейілханнан сегіз арыс Түрікпен тарайды, Жайылханнан: Қазақ, Созақ, Созақтан — Қарақалпақ тарайды дейді, соған қалай қарайсың? — деп сұрады.
Тарихтан аздаған хабарым бар мен, «қай елде болса да, бір ғана адамнан тарады деу қате» деп өз пікірімді айтсам:
— Мен де солай ойлаймын, саған мен, тек шежіре жайын айтып отырмын дейді.
Одан әрі Жәкең,— «біз, қазақ: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз боп, үш жүзге бөлінеміз ғой» деп қалай бөлінетінің қай жүзге қандай рулар кіретінін айта кеп:
— Осы үш жүздің ешуақытта басы бір жерге қосылған емес,— деп аяқтайды сөзін,— бір кезде оны Моңғол Шыңғыстың алтын орда, көк - орда деген хандықтары бөліп ап құлданды. Одан кейін, мынау Орта Азияның: Хиуа, Бұқар, Қоқан аталған хандықтары бөліп ап құлданды. Ақыры, қазақ екіге бөлініп кетті: көпшілігі Россияда, азшылығы — Қытайда.
— Қытайда қанша қазақ барын білдіңіз бе?— деймін мен.
— О бір жылдары Қоңыр - Құлжаның жәрмеңкесіне барғанда, қытай қазақтарымен жолықтым, солардың айтуынша, екі жүз мың түтіндей бар көрінеді, шамасы ол миллионға жақын халық қой. Ал, біздің Россияда үш миллиондай халық бар десіп жүр ғой, тарихшылар.
Россияға бағынуды Жәкең, қазаққа зор бақыт деп санайды.
— Көшпелі, өнерсіз ел болдық қой біз,— дейді ол,— сондықтан ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүрдік қой. Көрші елдерден, бізді қай ел шаппады, қай ел таламады...
— Ең соңғы ойсырай талануымыз, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» көзі,— дейді Жәкең,, демін ауыр алып,— білесің бе, жиен, оның не екенін?
— Есіттім,— деймін мен,— бірақ тым қанық емеспін. Айта беріңіз.
— Алматы, Қапал дейтін қалалар бар. Қошығұлдың саудасымен, мең ол қалаларға да бардым. Сол жерлерде, бұдан екі жүз жылдар бұрын Жоңғар - Қалмақ аталатын хандық құрылып, көршілес қазақ ауылдарын шапқан да отырған. Соңғы шабуыл — 1723 жыл. Сол жылы жаңбыр болмай, жайылымдағы малдар жаздыгүні оттан ашыға бастаған. Халық алдағы жылда жұт болудан қорқып жүрген кезде, Жоңғар хандығы қазақ ауылдарың тағы кеп шауып, көп адамын қырған, кеп мал-мүлкін талаған. Ұлы жүзді ол түгелімен басып алған. Дүркірей қашқан Кіші жүздің аман құтылғаны Еділ, Жайық бойындағы орысқа барып паналаған, Орта жүз, Ертіс пен Есіл бойындағы орысқа барып паналаған. Орыс оларды құшақ жая қарсы алып пана болғаннан кейін, сырттағы жау, енді келіп шабуға бата алмаған. Біздің Россияға бағынған тарихымыз осылай, жиенжан.
— Бірақ, Россияның патшасы да қазақты аз жәбірлеген жоқ қой?—деймін мен.
— Ол,— патша! — дейді Жәкең.— Халық ше? Орыс халқын жаман дей аласын, ба?
— Әрине, халқы жақсы.
— Мәселе сонда! — дейді Жәкең,.— Ал, патшаға келсең, ханы бар, сұлтаны бар, болысы бар,— қазақтың өз ішінен шыққан әкімдері оңдырды ма, қазақты?..
Жәкең бұл сөзіне дәлел есебінде, менің бертіндегі аталарымның, тарихынан біраз мысал келтіреді.
— «Сырымбет» аталатын тауды білемісің?— дейді Жәкең.
— Білем. Көкшетау үйезінде. Бала көзімде көрдім де.
— Оның неге «Сырымбет» аталғанын білемісің?
— Өзіңнің бесінші атаңның аты Сырымбет қой?
— Иә.
— Ендеше, сол «Сырымбет» тауы, сенің атаң Сырымбеттің мекені.
— Қалайша?— деп сұраймын мен, Нұртазадан естіген бұл сөзді анықтап алғым кеп.
— Атан, — Сырымбеттің әкесі Қосай батыр болған екен. Кіші жүз бен Орта жүз жайлауға таласып соғысқанда, Кіші жүздің ханы Әбілхайырды найзаға шаншып өлтіретін сол — Қосай екен. Орта жүздің ханы — Абылай Қосайдың, бұл ісіне риза болады да, сен «осы тауды мекенде» деп, «Өркешті» аталатын тауды береді. Сол жылы Қосайдан ұл туады. Оның нағашысы, Ұлы жүз Дулат руында, Сырымбет аталатын елде екен. Қосай баласына сол Сырымбеттің атын қояды да, орныққан тауын да, баласынын, атымен «Сырымбет» атайды.
— Ол таудан неге көшеді біздің аталар?
— Абылай өлген соң, орнына үлкен баласы — Уәлі хан болды ғой. Уәлі сол Сырымбет тауына қызығады да, сенін, аталарыңды күшпен қуып жіберіп, өзі сонда мекендейді...
— Біздің аталар қайда барады?
— Орыс ауылдан алпыс шақырым жерде қазақша «Мәуліт», орысша «Мамлютка» аталатын темір жол станциясы бар. Сырымбеттен қуылған аталарын, сонда кеп қоныстайды.
— Одан неге кетеді?
— Зілғара деген кісіні естуің бар ма?
— Шамалы түрде, — деймін мен, Зілғара жайында бірталай естігенім болғанмен, Жәкеңнен анығын естіңкірей түсейін деген оймен.
— Қазақ Россияға ерте бағынғанмен, патша үкіметі қазақ хандығын біраз уақыт сақтап тұрған ғой. Мен туар жылдың аз-ақ алдында, патша хандықты жойған да, сібірлік қазақтарды Қосмұрын, Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аягөз атанған алты дуанға бөлген, әкімдерін сұлтан-правитель деп атаған. Сол сұлтандардың төртеуі хан тұқымынан емес, қара қазақтың. ішіндегі жуан тұқымдардан солардың бірі Зілғара Қаратокин.
— Солай ма?— дедім, бұл хабарды бұрын мұншама анық білмейтін мен.
— Ия! — деді Жәкең, — Зілғара патшаға ете жағымды султан болды: чиндер, шекпендер, грамоталар алды, дворян атын берді, қазақтан бірінші боп меншікті жер кестіріп алған адамның бірі Зілғара. Оған кесіп берген жерге қазір бірнеше қазақ болысы және орыс поселкесі сиып отыр...
— Керемет болған екен ғой! — дедім мен.— Мұндай ірілігін естіген жоқ ем.
— Естімесең сол. Патша өзін сонша сүйегендіктен, ол зорлықшыл да болды. Момын халыққа оның істемеген қиянаты жоқ. Сенін, аталарыңа да ол үлкен екі зорлық көрсетті.
— Ия, қандай?..
— Сенің үшінші атаң — Бектемір ғой?
— Ия!
— Соның Бекқара, Тоққара деген інілері болғанын білемісің?
— Естідім.
— Бекқараның балуан екенін естідің бе?
— Естідім.
— Балуан аты қайдан шыққанын естідің бе?
— Жоқ.
— Естімесең, былай ол: әкелері — Байбарақ ертерек еледі де, балалары Бектемір, Бекқара, Тоққара жетім қалады. Сол кезде, Баянауыл дуанындағы бір байға, Зілғара қарындасын ұзатпақ болады. Ол заманның байлары мен шонжарлары ұзатқан қызына берілетін бай жасау мең көп көлікке қоса, құлдық пен күңдікке жетім ұлдар мен жетім қыздарды береді. Сондай жетімдердің біреуіне, Зілғара Бектемірден кіші інісі —Тоққараны сұрайды, Бектемір бермейді...
— Құлдыққа неге берсін!
— Ол, жиенжан, сеңі мен менің ойымша солай ғой. Ал, күші жетіп тұрған бай, бермеуіне қарасын ба, тартып алады да, өзге құлдар мен күңдеріне қосып, ұзатқан қызына беріп жібереді. Сенің атаң Бектемір момын кісі екен, оның інісі Бекқара намысқор және балуан боп өскен жігіт екен. Бірақ, ол да құлдыққа берілген кішкене інісін тартып ала алмай, қалып қоюға шыдамай, ұзатқан қыздың көшіне еріп кете барады.
— Иә, сонымен? — деймін мен, әрі қарай естуге құмарта түсіп.
— Қызды ұзатып апарған бай ұлан-асыр той жасайды да, балуанның және жүйіріктің бәйгесіне тіккен «қасқа тоғыздың» ішіне, қызбен барған жетімдерден қосады.
— Сұмдық қой, мынау?
— Ықпалы жүріп тұрғанда, күштілер не зорлық-зомбылық істемеді дейсің, жиенжан!..
— Иә, айта беріңіз.
— Сол тойда, бас балуанның бәйгесіне кішкене Тоққара тігіледі. Бас балуанға Бекқара түседі де, абырой бергенде, қарсы балуанды жығып кетіп, өз інісін өзі бәйгеге алады...
— Жақсы болған екен! — деймін мен.
— Міне,— дейді Жәкең,— сенің аталарыңның Зілғарадан керген бірінші зорлығы осы.
— Екінші зорлығы?
—«Бір ағашта бес алма, Мен де алмайын, сен де алма, Ауылың шалғай кеткенде, Түстің, сәулем, не халге?» — деген әнді білесің бе, жиен,— деп сұрады Жәкең.
— Білем.
— Со әннің неден шыққанын білемісің?
— Білмеймін.
— Осы «Бес алма»— сенін, атаң Бектемірдің бес баласы екенін естідің ,бе?
— Жоқ. Қалайша ол?
— Бектемірдің бес баласынын, шаруасы шағын демесе, туысы ешкімнен кем болған жоқ. Шағын шаруалы дегенмен ешкімнен ат та, ас та сұраған жоқ, өздерінікі өзіне мол жетті. Бесеуі тетелес өсті. Үлкені мен кішісінің арасы, көп болса он жас болар солардың. Бесеуі де бойшаң келген, көрікті, аршын жігіттер еді. Мінез жағы әр түрлі бола береді ғой: үлкені — Омар — бүтінші, мал баққыш, ұжымшы, момын кісі де; одан кейінгі — Оспаны — аздап орысша оқығаны бар, тілмар, өткір, заңшы кісі болатын: үшіншісі — Мүжән — қазан бұзар тентек, тік мінез, басынан сөз асырмайтын, «е» десе, «ме» дейтін ер жігіт те, төртіншісі — сенін, туған атаң Шүкей,— ойын-сауықтан басқада жұмысы жоқ, атты жақсы мінетін, киімді жақсы киетін, көмей біткеннің әншісі, саусақ біткеннің домбырашысы, өлеңді жанынан суырып айтатын ақын болатын; ең кенжесі — Смайыл — тоқал баласы да, ол біздің елден жас кетті, мінезін түйе алған жоқпын, тілі аздап кекештеу де. Көрдің бе сен ол Смайылды?
— Көрмедім, нағашы. Мен тумай өліпті, Қасым дейтін жалғыз баласы бар.
Жәкең дін салтымен іштей күбірлеп Смайылға дұға оқыды да, бетін алақандарымен сыйпап ап:
- Бектемір балалары,— деді кеңесін созып,—• үлкен ағасы — Омарды әкелеріңдей сыйлайтын еді. Өйтпегенде қайтсін, бәрінде сол тәрбиелеп өсірді. Қатынды Омардың өзі ғана қалын, беріп алыпты. Жедел өскен екі інісі Оспан мен Мүжән қызды қалыңсыз алып қашып, заң білетін Оспан орысқа паналап, қыздардың төркініне теңдік бермеді.
— Шүкей ше?
— Соны айтқалы келе жатырмын ғой. Менің әкем Бай рулы ауқатты кісі болды. Оған жылқы көп біткен жоқ, ең көбейгенде жүзге ғана жетті, сиыр малын атымен ұстаған жоқ, түйесі он-он бестен аспады, кеп ұстағаны — қой, оның басы кейде екі мыңға тарта болды. Әкем қызық кісі еді. Есеп білмейтін ол. Қойын санағаны қызық болатын. Неше қойы болса, дорбаға қойдың сонша кепкен құмалағын салатын. Қойы не өлсе, не сойса, шығын болған қойдың санындай құмалақты дорбадан алып тастайтын, неше қой қозыласа сонша құмалақты дорбасына үстеп салатын. Ай сайын қойларын көгендейтін де, шетінен санағанда, әр қойды өткен сайын, бір құмалақты екінші дорбаға ауыстырып сала беретін. Қойын түгел санап шыққанда, құмалақ санына дәл келсе түгел деп ойлап, артық я «ем шықса қосылған я жоғалған қой бар деп есептейтін. Малжандылығы керемет болатын. Бір қойы жоғалса, бірнеше күн қабағы түсіп, үй ішін шыжғырып бітетін. Қойы қоздаса, қатыны бала тапқандай қуанатын.
— Саран, кісі ме еді сонда?
— Саран, емес те. Қонағасыға мырза да. Тек өз еркімен ғана бергенін жақсы көретін. Сондықтан біздің үйде қонақ кеп болатын. Малды ақшаға сатуды жек көрді. Өмір бойы ақша ұстамай кетті ол. Біз оның қойларын ұрлап сататын ек.
— Қалай?
— Дорбадан құмалақ ұрлап ап, сол мөлшерде ғана сатсақ, неше қойы ұрланғанын білмейді. Жүн-жұрқа, тері-терсекті де сатпай - ақ өтті ол кісі.
— Қайда қойды оларды?
— Қызылжарда Ораз хажы деген бай ноғай болды. Әкеммен тамыр еді. Барлық жүн-жұрқа, тері-терсегін соған жай беретің. Жай емей немене, он-он бес ылаумен әкететін жүкке беретіні — төрт-бес қадақ шай, бірер бас қант, немесе аздаған ғана кездеме болатын, кейде ештеңе де алмайтын. Жалғыз Ораз хажы ғана емес, Қызылжардың талай саудагерлері менің әкем сияқты сауда білмейтіндерді сорып байыды ғой. Қызылжардың зор байының біреуі — Данияр хажы болды. Соның да әкесі Тәшкеннен жалғыз есекпен келген өзбек екен, ол да қазақтың момын байларын алдаумен дәулеттенді. Дәулеттенбей қайтсін, Қызылжарда сек қойдың қырық тиын болғанын, тоқ майдың пұты 15—20 тиын болғанын өзіміз де көрдік.
— Бірақ қазақ байының бәрі сіздің әкеңіздей болмаған ғой деймін. Шопанның Қошығұлы сауданы бір шеті Екатеринбург, бір шеті Қоқан, бір шеті Құлжаға жүргізді дедіңіз өзіңіз. Сонда ақша жинамай, не жинады олар.
— Рас, Қошығұл ақшалы болды. Ақшаны ол дорбалап емес, сандықтап ұстады.
— Сондай қазақ байлары әр жерде болған жоқ па?
— Болды. Ол өз алдына кеңес. Мен әкем туралы айтайын. Әкем әрі дәулетті, әрі момын, әрі дастарқаны кең кісі болған соң Омар кеп құда түсіп, біздің апамыз қағазды, атаң — Шүкейге айттырыпты. Қағаздан туған Зейнеп апаңды көрдің ғой?
— Көрдім.
— Ашаң жүзді, аққұба өңді, көрікті кісі ғой. Жасында сымбатты да болған адам. Сол апаң Қағаздан аумайды. Қағаз момын кісі еді, момындығы емес пе,— Шүкей оны отаулап алғаннан кейін де, жігітшілігін доғармай, салдық құрып, ел кезіп кетеді. Үйіне келсе де, қыз-бозбаланы жинап ап, жасайтыны сауық. Сонда Қағаз әй-шәй деп үн қатпайды.
— Туысқандары, сіздер ше?
— Ағам Бабай — әкем сияқты мал баққыш қана адам болды. Інім Тәте — ынжық адам еді. Шал — ол кезде бала.
— Сіз ше?
— Мен Шүкеймен жан аяспас дос боп өстім, екеуміз жігітшілікті де бірге құрдық. Жезделігінен достығын жақын көретін едім мен оның.
— Жас мөлшерлеріңіз қандай еді?
— Менен екі жас үлкен де ол. Оның жылы — «Ит те», менің жылым — «Сиыр». Тірі болса Шүкей биыл тоқсан бесте болар еді, сүйегі пысық, қағылез жігіт еді, жығы да , қартая да қоймас еді әлі.
— Ендеше неге ерте өлген ол?— дедім мен қалжыңдап.
— Өлейін деп елді деймісің, уақыт солай болды да.
— Не уақыт ол?
— Нұртаза ештеңе айта ма, Шүкейдің қалай өлуі тралы?
— Жіңішке аурудан өліпті деп отырғанын естідім.
— Неге жіңішке ауру болғанын айта ма?
— Айтқан жоқ.
— Оның мәні былай болды, жиен. Зілғараның үш қатынынан он төрт ұлы, жалғыз қызы болды. Қызынын, аты Балжан. Әр ұлы жеке бір бай ауыл боп отырды. Солардың арасында ерке боп өскен Балжан, Шүкеймен көңіл қосты. .
— Сіз қызғанбадыңыз ба?
— Несіне қызғанам? Жездем еді деп пе? Айтпадым ба әлгінде, жезделігінен достығы жақын еді деп? «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дегендей, қызғану былай тұрсын, Балжанмен екеуінің араларыңа дәнекер болдым, Шүкей қыздан тілді мен арқылы алатын болды. Өйткені, қыз Зілғараның Мұсасымен бірге туысқан. Қыз ол үйге көп келеді. Мен — Мұсада тілмәшпін. Және жасымда епті де едім... Сонымен, қысқасын айтқанда, Балжан мен Шүкей бір-біріне ғашық болды. Сырларын айтар адамдары мен ғанамын. Еріктерімен қосылуға заман көнетін емес: Зілғара сияқты шынжыр балақ, шұбар төс дворян адам, қызын Шүкей сияқты қара қазаққа өлсе берсін бе!.. Және қыздың айттырып қойған жері — алты ояздың үстінен гүбернаторға советник боп қызмет атқарған атақты Тұрлыбектің, туысы.
— Сонымен, аяғы неге соқты?— дедім мен асығып.
— Сөйтіп, екеуі не істерге білмей жүргенде, күйеу ұрын кеп қалды. Мезгіл күз, лайсаң боп жатқан көз еді. He істеу керек?
— Рас-ау!..
— Шүкей мен Балжан сол түні жоғалып шықты, бірақ құтыла алған жоқ, лайсаң кездегі аттың ізі ұстап берді. Есілдің қойнауындағы бір тоғайға жасырынған екен.
— Содан кейін?..
— Зілғара балаларына бұдан артық қорлық бола ма?.. Ызалы олар Шүкейді кісендеп, Есілдің күзгі мұздай суына салып қояды. Ертеңіне көптің көзінше мойнына тас байлап суға ағызбақ болғанда, бір досы жасырын құтқарып жібереді, Шүкей қашып ағаларына барады.
— Ағалары не істейді?
— Зілғара тұқымына әлі келе ме олардың?.. Оспан ойға-қырға шапқан болады. Дауласады. Зілғара балалары теңдік беру түгіл, Оспанның өзіне жала жауып, абақтыға жаптырады, Оспан сонда өледі. Қалған еті тірісі — Мүжән. Оны да ұстатпақ болған соң қашып, өзін, туған мекенде отырған қалың Сыйбанға кетеді.
— Шүкей ше?
— Бір күн бойына мұздай суда жатқан Шүкейдің өкпесі қабынып ауырады да, содан құрт ауру боп, бір қыс төсек тартып жатып, келер көктемде жиырма жеті жасында өлді!..
— Балжан ше?
— Оны ағалары қалын, берген адамына ұзатып жіберді. «Бес алма» деген өлеңді Балжан ұзатқан жерінде шығарыпты.
— Шүкейден қалған өлең жоқ па?
— Өлеңі кеп болатын, бірақ не заман оған!.. Есте қалды деймісің!..— деп, Жәкең, қабағын қатуландырып аз ойлап, отырды да,— иә.. бір ауыз есімде бар сияқты,— деді.
— Айтыңызшы!..
— Шүкейдің сырқаты нашарлаған кезде бір барсам, құр сүлдері ғана жатыр екен. «Жабай - ай, басымды көтерші!» деді ол маған, аз уақыт отырғаннан кейін, көтердім. Бас жағында домбырасы сүйеулі тұр екен, «әперіп жіберші» деді, әпердім. Бұрын құрдай жорғалайтын саусақтары, икемге келмей, қайдан келсін, шілбиіп шидей боп қалған!.. Сонда да лебіз шығарғысы кеп, зорға шегін қозғаған домбыраға үн қоспақ боп еді, бұрын аққудай сұңқылдайтын үні, булықтырған жөтелден шықпай қалды. «Жатқыз» деп ымдады ол. Жатқыздым. Көзінде жас мөлтілдеген Шүкейдің ерні күбірлегенге, «не деп жатыр бұл» деп құлағымды тосып ем, бір ауыз өлең айтты:
«Ажал - ай, ақылды естен аудырасың,
Шіркін көз жан шығарда жаудырарсың.
Пернеге аттай желген он саусағым,
Ішінде бос қалтаның саудырарсық!»
—деп
— Сол үні әлі құлағымда, — деді Жәкең, ұзақ уақыт ауыр күрсініп ап. Оған жетпіс жылдай болғанмен,— деді ол аз кідіріп, іштей санап ап,— сол Шүкей әлі күнге дейін көз алдымда!..
— Шүкей өлгеннен соңғы халді айтыңыз,— деп өтіндім Жәкеңнен.
— Шүкей, ұмытпасам, сиыр жылы, март айының ішінде қайтыс болды ғой деймін. Одан Ахмет дейтін төрт жасар ұл мен Зейнеп атты екі жасар қыз қалды. Сенің әкең, Мұқан, әкесі өлгеннен екі ай кейін,—- сиыр жылы қар кетіп болып, жұрт қырға шығып жатқан кезде туды.
— Нағашы, сізден бір сұрауым бар,— дедім мен.
— Айт, жиен, — деді ол.
— Сіз менің атам Шүкейді сиыр жылы елді дейсіз және әркімнің туған я өлген жылдарын белгілі бір хайуанның атына байланысты жылға мөлшерлеп айтасыз. Осы «жыл» дегеніңіз не өзі?
— Білмеуші ме едің, жиен?— деп сұрады нағашым.
— Білмеймін.
— Білмесең, былай, жиенжан: өтірік пе, шын ба, кім білсін,— ерте заманда көктемге қарай көктен жерге «жыл» деген түседі екен дейді. «Жылды» хайуан атаулының барлығы қарсы алады екен дейді. «Жыл» келгенде, мақлұқ атаулының бәрі оны қарсы алуға әзірленеді. Сонда түйе «өзгеден бұрын көрем»,— деп бойына сеніп; сасырды оттап тұра береді. Тышқан «а, тәңірі, менің бойымды кіші жараттың, жылды мен қалай көрмекшімін деп жылайды. Тәңірі тышқанға «түйенің өркешіне шық, сонда мақлұқтың бәрінен бұрын сен көресің»— деп үйретеді. «Ұлу» дегенді білемісің, жиенжан,— деп сұрады Жәкең менен.
— Жоқ, нағашы,— дедім мен.
— Үлкен көлдердің жағасында: сырты қабыршақты, іші былқылдаған жұмсақ, қабыршақ басы сүйір, жұмсақ басы жалпақ, тырнақтың көлеміндей ғана бір жәндік жатады ғой. Оны көрген боларсың?..
— Ия... Ия...
— «Ұлу» деп соны айтады, жиен. Сол ұлу да «Не суда, не қырда еспедім, басып жүрер аяғым жоқ, көлдің жағасында жатамын, «жылды» мен қалай көрмекпін»— деп тәңірге зар илепті дейді. Тәңірі оған: «со күні көлді қатты толқынға айналдырам да, сені жардың басына шығарып тастаймын, содан кересің»— депті дейді. Соңымен «жыл» жер жүзін аралап келе жатқанда, алғашқы күні оны он екі мақлұқ өзгеден, бұрын кереді, олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылқы, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осылардың бәрінен түйенің еркешінде тұрып «жылды» тышқан бұрын кереді де, «жыл басы» со боп саналады. Түйе бойына сеніп «жылды» көре алмай қалады. «Жылды» өзгеден бұрын көрген осы он екі мақлұққа, жұрт он екі жылдың атын қосады да, бәрін жиып «бір мүшел» деп атайды...
Жәкеңнің бұл сөзін тыңдап отырғанда, менің есіме, өткен қыс оқу мезгілінде гректің ескі тарихынан көрген бір мәлімет түсті. Ол мәліметтің баяндауынша грек елі де кәрі заманда, көктем көзінде тәңірі көктен жерге түседі, жан - жануардың, өсімдіктің бәріне ұрық шашады деп ойлаған ғой. Тәңірі ұрықты көңілденіп шашсын деген мақсатпен, оның келер көзінде құрмет қып той жасап, ойын-сауық құрған ғой. Гректің «Днанисовтік» аталатын ескі театры осы ойын-сауықтардың көзінде туған еді. Жәкеңе мен осы мәлімет туралы айтқанымда:
— Біздің «Наурыз» сияқты ол, — деді қарт,— қыс аяғына қарай қазақта «наурыздама» жасайтын. Бұл — зор мейрам боп өтетін. Осы мейрамда жұрт қысқы соғымның шекесін асып, бір-бірін қонаққа шақырып, қарындағы майды бастайтын. Сонда, үлкендерден «бұ не той?» деп сұрағанымызда, осы кезде жерге түсетін «жылдың» құрметіне десетін.
— Түсінікті. Сіз әлгінде «мүшел» дегенді айттыңыз ғой, соны толығырақ түсіндіріңізші!..
— Мысалы сенің әкеңді «Сиыр» жылы туды дедік қой. Келесі «сиыр» оған бір мүшел толады. Бұл — он екі жасы. Одан кейін «мүшел» 25 те, 37 де, 49 да, 61 де, 73 те, 85 те, 97 де келіп отырады. Одан арғысын кім есептеді дейсің, жиен? Және есептеудің керегі қанша? 97 ден бірен - сараң ғана адам аспаса кім асады дейсің?
— Нағашы, сіз айлардың аттарын да айтып қойыңызшы, жазып алайын,— дедім мен.
— Оның қанша керегі бар, жиен?— деді Жәкең.
— Біз қазір европалық айлардың аттарын атап жүрміз ғой. Қазақша айлардың аттарын қазіргі жас біле бермейді. Жазып алсам есте болар.
— Ә-ә, олай болса айтайын,-— деп Жәкең санай бастады:— Январь айынан бастайық. Январьды қазақ — Ақпан дейді. Одан кейінгі айлар — наурыз, отамалы, сәуір, көкек, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан, қаңтар.
— Түсінікті, нағашы,— дедім мен жазып алып.— Сізді мен көлденен, кеңеске бөліп әкеттім, әңгіме Шүкей өлгеннен кейін, оның туысқандары мен балаларының хал-жайлары қалай болғандығында еді ғой? Енді, сол жайында айтуыңызды өтінем!
— Жиенжан, аулында Тоғанас деген қарт бар ма?— деп сұрады Жәкең.
— Бар, әлі тірі.
— Апырау, тірі дейсің бе?!—деді Жәкең, таңданған кескінмен.— Ол кісі менен үлкен. Оның жылы «мешін» болу керек Мешіннен мешін сексен бес, тауық сексен алты, ит сексен жеті...— деп Жәкең, ар жағын күбірлеп іштей санады да,— биылғы жыл «қой» ғой, сонда тоқсанның жетеуіңде болу керек, менен бес жас үлкен болатын!
— Бірақ ол кісінің сақал-мұрты әлі де қара буырыл,— дедім мен.
— Болса болар,— деді Жәкең.— Сүйегі пысық кісі болатын, әкем Тұяқ сексен жасында Одырайдың қара шоғы деген жерге шаңғымен барып, киік атқанда қасында болдым деп отыратын. Ағасы Рысқұл да ашаң өңді, төз қартая қоймайтын кісі көрінген, тұқымымен солай болатын да олар!..
— О, кісіні не себепті еске алдыңыз?— деп сұрадым мен.
— Еске алған себебім,— деді Жәкең,— Шүкей өлгеннен кейін бала-шағасын, туысқандарын со кісі кешіріп әкеткен. Шүкейдің жылын бергеннен кейін көшті олар. Омар Мәулітте қалып қойды. Оның Сыздық деген баласы болды. Сыздық Мәулітке приписной боп жазылып, крестьян қатарында жер алды. Оспан қолға түскеннен кейін ағасы Мүжән бұл арадан қашып кетті дедім ғой. Со қашқаннан Мүжән Шүкей өлгеннен кейін Тоғанаспен бірге келді. Оспан тұтқында өлді дедік қой, соның бала-шағаларын, Смайылды, Шүкейдің бала-шағаларын алып Тоғанас пен Мүжән еліне кетті. Мен апарып салдым. Ол елге барған соң Қағазды Мүжәнға қосты.
— Үлкендердің айтуынша,— деп сұрадым мен,— әкемнің шешесі осы араға қайта көшіп келіпті ғой. Қай көзге келді олар?
— Оған да көп жыл болды. Мүжәнға қосып қайтқанның артынан төрт-бес жылдан кейін апам «кемшілікте тұрмын, мені алып кетсін» деп хабар салыпты. Қасыма үш - төрт кісіні ертіп барсам, апамның халі расында нашар екен. О кезде, қазақ баласы арақ ішу дегенді білмейтін. Ілуде біреу ішсе, жұрт оны ит етіндей жек көретін. Бір інісі соққыдан өлгеннен кейін, бір інісі ұстауда өлгеннен кейін, қалғандары сиырдың бүйрегіндей бытырап, тозғаннан кейін, соның күйінгеннен Мүжән араққұмар боп, күні-түні мастықтан көз ашпайды екен. Mac кісіде ес бола ма, менің апамды отырса басқа, тұрса аяққа сабайды екен. Осы жәйді ол елдің адамдарымен кеңескеннен кейін, Мүжәннің ризашылығымен апамды балаларымен ауылыма алып қайттым. Мүжәңнан Мұстафа дейтін ұл туған екен, о да шешесімен еріп келді.
— Бұл арадан не себепті қайта көшті?— деп сұрадым мен.
— Оның мәні былай,— деді Жәкең.— Қағазға еріп бұл араға Ахмет, Зейнеп, Мұқан, Мұстафа дейтін төрт баласы келді. Менің ә.кем — Байғұлыдан туған балалардың ішінде байы — үлкен ағам Бабай болды. Өзгеміз енші алғаннан кейін кедейлендік. Мен үнемі ат үстінде болдым да, мал жинамадым. Қағаз .балаларымен Бабайдың қасында тұрды. Мен Шүкей мен Балжанның уақиғасынан кейін Зілғара балаларымен араздастым да, лесник қызметінде жүрдім. Бабайдың қолына келген соң қағаз да, балалары да кемшілік көрген жоқ. Зейнепті бой жеткен соң өзіңнің шегір көз жездең Көпжасарға ұзаттық. Көпжасардың әкесі Бектібай — дәулетті кісі еді. Зейнепті баласына ота.улап әперді. Ахметтің кескіні де, тұлғасы да аумаған әкесі еді.. Өте көркем және сері жігіт боп өсті. Бізбен көршілес Балта Керейде Бәйтілеу дейтін, өзіне өзі тоқ балаларының басы бар, ағайыны қомақты, ұжымшыл адам болатын. Өзі Бабаймен көңілдес те. Ахмет ержеткеннен кейін Бабай оған со Бәйтілеудің қызы — өзіңнің шешең Балсарыны қырық жетіні қырқа матап отаулап алып берді. Он алты жасында түсті Балсары. Жылы «доңыз» болатын. Ахметке жиырма бес жасында жөтел пайда болды да, екі жылдай сүле боп ауырып жүріп, жиырма жеті жасында «доңыз» жылы қайтты. Балсары Ахметтен үш-төрт құрсақ көтерді, бәрі де қыз болды. Олардың екеуі өліп, жалғыз Дәмеш дейтін ғана қыз қалды. Дәмештің шын аты — Дәмелі еді. «Тауық» жылы туған. Дәмелі қоятын себебі: Бабай баласыз болды да, Ахметтен ұл туса, асырап алмақ боп дәмеленіп жүрді.
— Ахмет өлгеннен кейін,— деді Жәкең, біраз тыныстап алғаннан кейін,— қазақтың ғұрпымен шешең Балсарыны Мұқанға қостық. Сен,— деді Жәкең маған қарап қойып,— нұсқаға қарасам: орта бойлы, жалпақтау дөңгелек кескінді, кішкене мұрынды, көзің де кішілеу, — шешеңе тартқанға ұқсайсың. Бірақ сенің түсін, қоңырлау екен, шешен, ақ сары кісі еді. Төрт-бес ұлдың артынан сүт кенже боп туған соң, атын Балсары қойған екен. Әкең — биік бойлы, балуан денелі, ашаң өңді, қара торы кісі болатын. Оның жобасы менің әкеме келетін сияқты еді...
— Сонымен,— деді Жәкең тағы да аз тыныстап,— Басарыны Мұқанға қостық. Мұқан жұмыстан басқада шаруасы жоқ, момын кісі болатын. Ержеткеннен кейін Бабайға ол кісі жалдатпай, ауыр шаруасын жалғыз өзі меңгеріп тұрды. «Бір биеден ала да, құла да туады» дегендей, оның інісі — Мұстафа тентек, сотқар, төбелескіш боп өсті. Оның жамағаты Сілеусін — Балсарының немере сіңлісі болатын. Қарқынбай дегеннің қызы да. Мұстафа Сілеусінді құда түсусіз, қалыңдықсыз алып қашты. Сөйтіп жүргенде, оның, басына да бір ауыр күн туып қалды.
— Не күн?..
— Ол «күннің» мәні былай еді, жиен. Дәмеш ержетті. Бір сыдырғы кескіні бар, бойшаң, сымбатты қыз боп есті. Осы арада Өтеміс, Құлтай деген екі ауыл бар. Өтеміске Ықылас дейтін дәулеттілеу адам болды, оның Сәду, Сауыт дейтін екі баласы болды, Ықылас Сәдуге Дәмешті атастырып құда түсті. Жақсы құда боп жүрдік, сұраған малдан қолымызды қаққан жоқ. Сондай тату-тәтті құда атанып жүргенде, Дәмешті қайын жұрты алып қашып кетеді. Тан,- тамаша қалдық. Кісі жіберіп білсек,— күйеуіміз Сәду басқа бір қызбен көңіл қосады да, соны алып кетеді. Сәдудің туыстары ұялудың орнына, «жалғыз үйлі Сыйбанға жесір жібермейміз» деп, Дәмешті де алып қашып, еріксіз Сәдудің ағасы Сауытқа қосады!.. Бұдан артық қорлық бола ма?!..
— Әрине,— дедім мен.
— Ықылас Зілғараның Аюына арқа сүйеді де, бізге теңдік бермеді. Мұстафа олай шауып, былай шауып сөзін ешкімге қоштата алмаған соң «бұл араны енді желкемнің шұқыры көрсін» деп Мұқанды алып еліне көшіп кетті. Бірақ отты Мұстафа кегін жіберген жоқ,— со жылы күз жасырынып кеп Өтеміс аулын өртеп бір кетті... келесі жылы, Дәмешті алып қашуда жігіттерді бастап апарған бір ұрыны өлтіріп кетті. Содан оралмаған Мұстафа өткен «Қоян» жылы ғана қатынасты, Мұқанды көшкеннен кейін керген жоқпын.
Мен Жабайға әкем Мұқанның шешем Балсарының олардан туған қыздардың және өзімнің басымнан өткен күндерді айтып бердім.
— Бәрі де түсінікті,— деді Жабай ауыр күрсініп,— бәрі де көзбен көрген істер. Қай жердегі кедейдің күні болса да сондай. Баяғыдан бері солай ол, қазір де солай...
Осы арада мен Жәкеңнен, бізді тасыған Есілдің жағасынан Жәкеңнің аулыңа әкеп салатын Андрейден, қызылдар туралы неге сұрағанын айтуды өтіндім.
— Онда мән бар,— деді Жәкең,— большевик дегенді, сен, әрине, білесің...
— Аздап хабарым бар...
— Сенен жасыратыны жоқ,— ол Андрей большевик. Өзі менімен кеп жыл тамыр болған орыстың баласы. Қазір ақтардан жасырынып жүр. Ақылды және білімді жігіт. Біздің үйге кеп қонып жүреді. Большевиктердің жайын содан есітем. Егер оның сөзі рас болса, совет өкіметі орнаса, жұмысшылар мен кедейлерге көп жақсылық болғалы тұр.
— Қашаң орнайды дейді Андрей ол өкіметті...
— Кешікпейді дейді... Өзін, не білесің одан, жиенжан?
Мен Жәкеңе естіген - білгенімді айтам.
— Төз орнаса жарар еді, — дейді Жәкең, күрсініп ап,— атам заманнан бері өрлеген азап тауынан халық сонда бір асып, жаны жадырайтын жайлы қонысқа жетер еді!..
БАЛТАБАЙ АУЫЛЫНДА
Мен «Балтабай» аталатын ауылдың балаларын оқытуға тұрдым, алты ай жазға алатын ақым бір сиырдың құны, оны бала санына бөліп күздігүні төлейді. Жұма сайын баласы оқитын үйлердің бірінен біріне көшіп тұрам, тамағым көшкен үйдің мойнында болады. Бұл ауылдың ең байы — Балғабайдың Ахметі деген кісіде айғыр - үйірге зорға жететін, үлкен-кішісі аралас он шақты жылқы, жиырма шақты қой, он шақты ғана сиыр бар екен. Өзгелері алды екі - үштен сиыры, бірер құлынды биесі ғана бар, көбінде бірлі-жарымды сиырдан басқа малы жоқ, шағын шаруалы ауыл екен. Ауылдың негізгі кәсібі — егін. Менің, туған елімде бірен-саран ғана адам, көршілес орыс поселкесіндегі тамыр крестьянға көлік майын беріп, бірлі - жарымды ғана егін септірсе, бұл ауылда бір десятина егін сеппейтін үй жоқ, алды — жеті-сегіз десятиналап себеді, сондықтан, ішерге ұны жоқ үй, бұл ауылда жоқ екен. Мен көктем көзінде мұғалім боп барсам, өткен жыл астық шығымды болғандықтан, бұл ауылдың ең кедейі Султан мен Әбудің үйінде де екі-үш қаптан астығы бар. Ахмет, Мәжен немесе Сердалы молда сияқты ауқатты шаруалары өзінен артылған астықтарын жақын жердегі поселке базарларына, күші келгендері Қызылжарға апарып сатып келеді. Айналадағы ауылдардың бәрі де егінші. Көп адамдар егінді орыс поселкелерінің крестьяндарымен бірлесіп салады. Мен мұғалім боп тұрған ауылдың да, оған көрші ауылдардың да бәрі егінші болғанмен, егін себетін жерді тауып алу көпшілікке, әсіресе, кедейлерге аса қиын мәселе екен. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының, айқын бір бейнесін көрсететін орын осы ара боп шықты. Бұл тұстағы тұрғын елдің шұрайлы жерінің барлығын патша үкіметі переселен участкесіне кесіп алған да, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап, іш«і Россиядан көптеген поселкелер көшірген. Ұлт пен ұлтты араздастырып ұстау саясатын қатты жүргізген патша үкіметі, бұл арадағы қазақ ауылдары мен орыс поселкелерін де бір-біріне жауластырып кепті. Бірақ, еңбекші көпшілікті ол саясаттың шеңберінен өмір шындығының өзі шығарып, қазақ аулындағы кедейлер мен орыс поселкелеріндегі кедейлердің күш.қосып, азын-аулақ егіндерін бірігіп салуды әдетке айналған... Бұл арада және бір ерекше көзге түсетін іс — Столыпин реформасының жүзеге асуы. Соның салдарынан шұрайлы жерлердің көпшілігі от - рубная системаға көшіп, сол араларға кулактар хутор салыпты, помещиктер заимка ұйымдастырыпты. Мысалы, мен орналасқан елдің маңында: Поляковтың, Смольныйдың, Бажановтық, Кондратьевтің заимкелері деген кең-кең участоктерде помещиктер мен кулактар жүздеген десятина егін салып, табындаған асыл тұқымды малдар өсіреді екен. Шын мағынасындағы помещиктер мен кулактарды мен сонда ғана көрдім. Жалғыз Бажановтың ғана заимкасына, кейін. Совет уақытында «Өрнек» атты сексен үйілі колхоз орналасты. Өзі Колчакпен бірге Қытай шегіне қашқан Бажановтың біраз асыл малы, үйлері мен қора-қопсылары, машина -саймандары, 1923 жылы, сол маңайда артель боп бірінші ұйымдасқан «Өрнекке» берілді. Темамызға оралайық: қазақ ауылдарындағы жерлердің егінді және шабындық шұрайлы тұстарының бәрі әр ауылдың байларының қарамағында екен. Мысалы, Есіл бойыңдағы шабындық мол шығатын өлкелерге Құлым хажы, Қожан хажы, Жүсіп балалары, Құсайын балалары, Зілғара, Шопан тұқымдары сияқты байлар мен аталықтардың, болмаса былайғы момын шаруаның қолы ілекпейді екен. Егіндік жерлер де сондай. Ауыл байлары кедейлерге өзінен артылған жерлерді сатады екен, егер олар сатып алмаса, егіндерін салдырмайды екен, кейбіреулері жерлерін орыс кулактарына жалға береді екен. Осы жөнде жыл сайынғы егін себу науқаны зор жанжалмен, кейде төбелеспен, тіпті кейбір жылдары кісі өлумен барып тынады екен. Мен барған жылы да осы жанжал қатты көтерілді. Кедей шаруалар «жерді бірдей бөліп аламыз» деп шуласқанмен, егістік жерлерге шұбырып барысқанмен, байлар маңайдағы поселкелерден Колчактың милиционерлерін алып кеп, олар жанжал шығарған кедейлерді қамшының астына алып, ауыл-ауылдарына қуып тықты. Ақыры, жерсіз кедейлер, жер «иелерінің,» сұрағанын беріп, азын-аулақ егіндерін шамалары жеткенше сепкен болды... Со кезде, менің құлағыма «Қыстаубайдың Жақыбы» деген бір адамның аты шалына қалды. Жұрттың айтуынша, ол жігіт өмір бойы орыс поселкесінің малын бағып келген Қыстаубай атты жатақтың баласы, жасы со кезде жиырма бестер шамасында. Әкесі момын болғанмен, өзі жалынды туған Жақып, жас күнінен бай балаларына кеудесін бастырмай өр боп еседі. 1916 жылы, патша өкіметі қазақтан майдан жұмысына жігіт алғанда тізімге Жақып та ілегеді. Көп жігітпен майданның Минск тұсына барып жұмысқа түскен ол, армия арасында революциялық идея таратып жүрген большевиктермен танысады да, патша өкіметі құлап, жігіттер тарағанда,- туған жеріне революциялық идеяның жаршысы боп қайтады. 1917 жылы Қызылжарда Совдеп құрылғанда Жақып мүше боп жазылып, ұйымның тапсыруымен осы елге қызметке келеді, сонда оның қолына ең алдымен алған жұмысы — жер мәселесі болады. Сол жылдың көктеміндегі егіс науқаныңда, жаздыгүні шөп шабарда, жер атаулының шұрайын байлардан кедейлерге тартып әпереді. Сол жұмысын келер — 1918 жылдың көктемінде де жүргізбек болғанда, контрреволюцияшыл чехословактардың перевороты боп, Совдеп құлайды да, адамдары тұтқынға алынады, Жақып қолға түспей қашып құтылады... Ауыл кедейлерінің сыбырлап қана оңаша айтуына қарағанда, Жақып қазір өзі сияқты адамдармен бас қосып, партизан боп жүрген сияқты, көпшілік «Жақыптың тобы пәлен жерде Колчактың сарайын өртепті, пәлен жерде поезын құлатыпты, пәлен жерде әскерлеріне шабуыл жасапты...» деген сияқты сөздерді айтады және Жақыпты үнемі жасанған жаудан да, жалақтаған қылыштан да тайынбайтын ержүрек қып сипаттайды. Бірақ, оның нақ қай жерде жүргенін ешкім дәлдеп атамайды... Балтабай аулы маған аса бір жайлы ауыл боп шықты. Баласын оқытқан қай үйге барсам да, жылы - жұмсағы менің аузымда. Бұрын балаларын қадім молдалары оқытып, басын қатырғандықтан, енді мен кеп жаңа әдіспен оқытып, балалары төз сауаттанып кеткендіктен, әрбір баланын, әке - шешелері мен туыстары мені өте қадірлейді, әрдайым жылы шыраймен қарсы алады... Бәрі де жылы ұшырайтын, бұл ауылдың адамдарынан, мен бірнеше адамды ерекше жақсы керіп кеткенім, соның біреуі, жоғарыда аталған — Балғабайдың Ахметі. Көк көзді, шабдар мұртты, ақсұр қушық бетті, түрін байырғы орыстан айырып ала алмайтын бұл жігіттің бойындағы бар қасиеті — атбегілік пен құсбегілік. Оның «Қара торғай» аталып кеткен жүйрігінің алдына түсетін жылқы құлақ естір жерде жоқ... Жаз айларында ол үнемі лашын салады екен. Денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ, қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір қайықтан ұп - ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылттау қияғының өткірлігі ұстарадай, мөлдіреген қарақаттан қап-қара кездері томпайып сыртына қарай тепкен, бетегесі жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, сарғылт саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұштары егелген біздей өткір, жазған қанатының топшысынан арғы жағы қарлығаштың қанатындай ойылыңқырап барып, үш жағы іп - істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша, қара сұрлау қанатынын, түсі қоңырлау таңбалармен сапырылысып, түсін кейде қара сұр, кейде қара қоңыр көрсетіп құлпыртып тұратын... бұл құстың көркемдігіне қанша қызықсаң да, дәл сол отырған түріне қарап оны «құс алады-ау» дегенге, әсіресе, «қаз бен дуадақ алады »дегенге сенгің келмейді.. Сол сөздердің растығына, Ахметтің қасына ерсең ғана сенесің... Ахмет лашынын салуға екі-ақ мезгілде шығады: бірі — таң ату мен күн көтерілудің арасы, бірі — күннің еңкеюі мең батуының арасы. Осы екі мезгілдің, біреуінде, оның қасына салт атпен еріп шыға қалсаң, бұл кездерде қандай құстардың, қайда жайылатынын жақсы білетін Ахмет, «қазір үйректер пәлен жерде... қаздар пәлен жерде... дуадақтар пәлен жерде...» деп болжалын айтады да, саған қызық көрсеткісі келген кескінімен, «кәне, қайсысына барамыз солардың» деп сұрайды, сенін, тілеген жеріңе қарай тартады... Үйрек алу лашынға сөз емес екен. Әдетте, үйректер шалшықты көлдер, томарларда көп болады. Шалғында тығылып отыра берсе, оларды, әрине, лашын түгел, шындықта жоқ, қиялда ғана бар «бидайық» та ала алмас еді. Алдыратын — ақылы жоқ үйректердің өздері. Әрбір құс салатын адамның қолында дабылы болады. Ол — шеңберлеп иген ағашқа сірестіре керген, кептірген тері. Оны қамшының сабымен қаққыласаң, күңгірлеген даусы маңайды шулатып жібереді. Қазақтың халық елеңінде, «құс салып айдын - көлді дабылдаттым» дейтін дабылы осы... Дабылды қақсаң, неге екенін кім білсін, шалшықта не томар арасында тығылып жүрген үйрек атаулының бәрінде де дегбір қалмай, үрейленген қалыпта ду көтеріле ұшады, со кезде Ахмет оң қолына қондырған жеңіл лашынның көзіндегі томағаны сыпырады да, астындағы жарау атты тебініңкірей шоқыта жөнеліп, бытырай ұшып бара жатқан үйректерге қарай лашынды сілтеп кеп жібереді... Қазақтың халықтық өлеңінде — «қыран құс қисық ұшып, түзу ілер» деген сөз бар. Осының өмір шындығынан алынғанын сен Ахметтің қолынан ұшқан лашынға қарағанда көресің. Алғаш лақтырылғанда сен лашынды құлап бара жатыр екен деп ойлайсың, өйткені, ол жоғары емес, төмен қарай құлдырайды.. Жерге жақындап барып бауырлай ұшқанда, ол аспанда аққан жұлдыздан кем зымырамайды... Және ол зымыраған қалпында қашқан үйректерді тура қумай, әлдеқайдағы қияға қарай қисая тартады... Со бетімен біраз қарқындап алғаннан кейін, ұшып бара жатқан үйректердің астына қалай жетіп қалғанына көзін, де ілеспейді... Лашынның бір ғажабы — ілуге ойлаған үйрегінің дәл астына жетпей аспанға көтерілмейді... Және ол, көтерілгенде қиялап барып емес атылған оқтай боп шашыла тік көтеріледі. Сонда, ұмтылған үйрегіне қалай барып айқасып қалғанын шамалап та үлгермейсің!.. Лашын әр түрлі болады екен: біреулері ілген үйрегін ала, жерге түседі екен де, енді бірі ілген үйрегінің не желкесін, не топшысын аспанда қиып жіберіп құлатып, өзі екінші, үшінші... тағы сондай үйректерге ұмтылып, бір жолдың өзіңде бірнеше үйректі түсіріп алады екен.. Мен қасына ерген жылы Ахметің лашыны осындай алғыр екен!.. Бұл — былтыр ғана баулып салған, бірақ түлекті құс.
— Құстың,— дейді Ахмет,— ең алғыр болатын көзі екі мен үш түлектің тұсында, оған дейін алаңғасарлау болады да, одан кейін қайраты қайтпағанмен, тақыстанып жалқауланады...
Қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен. Адамнан алысырақ жерде лашын бір қазды іліп түсіре қалса, бар қаз сол араға қона сап, лашынды қанаттарымен ұрып, не талдырып, не өлтіріп кетеді екен. Бірақ, тәжірибелі лашын алған қазының қанатынын, астына тығылып қалады екен де, қаздар оны сабаймын деп, қазды сабап өлтіреді екен... Ілуде біреуі ғана болмаса, лашынға алдырмайтын құс дуадақ боп шықты. Сонда ол, ұшқырлығымен қашып та құтылмайды, қаздардай төбелеспейді де, оның бар істейтін қайраты, лашын нақ үстіне келгенше отырады да, ілуге жақындай берген кезде басына саңғып жібереді және көбінесе лашынның көзіне саңғиды!.. Бұндай саңғуға ұшыраған лашын, енді қайтып дуадаққа жоламайды!.. Со жазда Ахмет салған лашынның неше түрлі тамаша қызықтарын кезден өткіздім... Құс салудың ен, қызықты айлары көктем емес, шілдеден былай. Осы кезде ғана құстар семіреді. Ахметтің, де ерекше аңшылайтыны осы көз. Бұл кезде оның жарғақ құлағы жастыққа тимей, ертелі - кешті уақытын құс қонатын өлкелерде өткізеді. Саятқа оның құмарлығы соңдай: қай кезде ұйықтап, қай кезде ас ішетінін білмейсің. Құс салатын мезгіл түгіл, күндіз, күн ысыған көздің өзінде де ол саятшылықтың әлде не ермегін тауып дамыл көрмейді. Кей күңдері ол далада қонып қалады. «Шаруаңа неге қарамайсың?» дегенге:
— Баяғыда, мен сияқты аңшы біреу далада аң аулап жүрсе,— дейді ол қуланып,-— үйдегі кәрі әкесі және бір кәрі атаны өледі. Сонда ақшы «атан өлсе сойылар, әкем өлсе қойылар, бұл сияқты қан сонар, маған қашан табылар» деп қайтпаған екен дейді. Сол айтқандай, басқара алмай жатқан не шаруа бар менде? Шағын шаруаны інім Алпыспай да игере алады,— дейді.
Балтабай аулында мұғалім боп қызмет атқарған жазда, менің аса бір қызғылықты өткен уақыттарым,— лашын салған Ахметтің қасына ерген кездерім еді!.. Мынадай бір саят күндері бүгінге дейін көз алдымда елестейді де тұрады: ішіне Балтабай аулын қоса, «Андағұл» атанатын рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын. «Алуа» атты шалқар кел бар, (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан суағар жырақалар кеп қосылады. Көктемде ғана су жатып, жаз құрғап қалатын бұл жырақалардың ен бойы әлдеқайда алысқа кетіп, қайдағы бір баттауық саздарға барып ұштасады. Ол ара, әрине, құстардың құмарлана оттайтын жұмсақ шөбінің мырығы... Ахмет лашынды осындай жерлерге апарып салады... Құстың отқа шығар мезгілі таңның сіберлеуінен басталады. Со кезде у-шу боп көлден көтерілген құстар отты жерге жапа-тармағай қонады да, әр тайпы құс өз күзетшісін қарауылға қойып оттауға кіріседі. Өзі құс болсын да, өзі қарауыл болсын!.. Кәне, көзін алдап көр оның!.. Әрине, алдай алмайсың... Ендеше, олардың оттап отырған жеріне, кездеріңе шалынбай жету керек. Білетіндердің айтуынша, аңның өзге сөзім мүшелерінен мұрнының сақтығы өткір, құстың құлағының сақтығы өткір, сондықтан жел жақтан келе жатқан жауды аң көзімен кермей-ақ құлағымен естімей-ақ, исін алыстан сезеді де, қорғану қамына кіріседі: құстың мұрны — ең топас сөзім мүшесі, сондықтан, көзі көрмейтін жағдайда оның жауын алыстан сездіретін мүшесі — құлақ. Осындай жайын жақсы білетін Ахмет, жайылымға шыққан құстардың көзі мен құлағын алдастыру жабдығын қарастырады. Не істейді ол? Құс салар күні ол таң қараңғысынан тұрады. Лашынын қолына алған ол, күн бұрын болжалға алған жеріне көбінесе жаяу тартады, ондағы ойы — атпен қоқиып құстардың көзіне түспеу. Олардың көзіне жаяу да түспеу керек. Ендеше не істеу керек?.. " Алуаның Балтабай ауылы отыратын батыс жақ ернеуі биік жар. Ахмет екеуміз сол жардың астына түсеміз де, етегін жағалап отырып, ойға алған жырақаға жетеміз. Құрғақ, терең жырақаны бойлап отырып, құс жайылымына жақындаған кезде, екеуміз ауыр киімді шешеміз, етікті тастап, балақты түрінеміз, сөйтіп, еппен ғана қимылдап, құстың жайылымына жетеміз... Бойымызды көрсетпей, еппен ғана басып барған бізді, құстардың қарауылы қанша сақ болғанмен аңғара алмайды... Ес білгелі құс салуды кәсіп еткен Ахмет, жайылымда шыққан құстың құмарта аттайтын көзіне дәл барады. Бұл таңның жаңа ғана бозамықтана бастаған көзі... Тегі, құс деген алаңғасар «халық» қой деймін, өйткені, сақтануда бар қаруы құлағы бола тұра, құлағына сендіріп қарауылды қоя тұра, сол қарауылына келер жаудың дыбысын тиыштықпен тыңдаудың орнына, құлаған өздері керең ғып, өздеpі азан-қазан, у-шу болады да жатады, сондықтан ба, немене, жасырынып барған саятшыны, көбінесе нақ қасына жеткенше сезбейді... Нақ қасына жақындап, Ахмет дабылын қағып кеп жібергенде, құстар у-шу көтеріле кеп ұшады, со кезде, Ахметтің қолынан лашын да ұшады... Неге екенін кім білсін, дабыл даусынан үрке көтерілген құстар, со қалпымен лағып кете бермей, кең, сазды айнала жүйткіп, қонып ұша береді... Лашын сондайда талайын іліп қалады... Өте бір әдемі көріністер де болушы еді: тан, сіберлеп келе жатқанда жер бауырлай құсқа ұмтылған лашынның денесі оның өзі емес, көлеңкесі ғана сияқтанады... Жердің бетін ала зымыраған көлеңке, жоғары көтерілген қаз не үйректердің астынан жарқ етіп жоғары шапшығанда, жерден жоғары атқан тас сияқтанып, домалана ұшады... Лашын жармаса кеткен құс, аспанда қанаты талып құлаған сияқтанып, далбаңдап төмен құдия жөнеледі... Со кезде, Ахметте де, менде де ес қалмай, екеуіміз екпемізді қолға ала ұшамыз... «Бүркітші» деген өлеңінде «бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп Абай айтқандай, со бір сәт менің өмірімнің де аса бір рақаты еді-ау!.. Балтабай аулында менің ерекше дос болған адамымның біреуі — Кенженің Мұхамметқалиы. Бұның бойындағы бар өнері — домбырашылығы. Бұрын ондай домбырашыны көрмегендіктен бе, әлде, оның шеберлігі расында солай ма, кейін де талай домбырашыларды көре жүре, егер Мұхамметқалиды есіме алсам, маған күні бүгінге дейін, саусақ біткен адамда ондай домбырашы жоқ сияқтанады да тұрады. Арқада тартылатын әндер мен күйлерді домбыраға ойнағанда, домбыраның пернелерін бойлай жорғалаған нәзік саусақтарының астынан, жабайы домбырашылардың бармағынан естілмейтін әлде не бір өте нәзік, ете тәтті дыбыстар шығады!.. Ол домбыраны, басқа бір домбырашылардай төпей, жылдамдата шерте, берекесін кетіре, ентіктіре, алқындыра тартпайды. Домбыраның шектерін оның үш қана саусағы қозғайды: бармағы, үсік қолы және шынашағы. Осы үш саусақпен екі шекті ерсілі-қарсылы іліп тартқанда, бұл саусақтардың қозғалыстары, перненің асты - үстерін араластыра басқан сол қолдың саусақтарымен бір ырғақта дәл қимылдайтынына қайран қаласың!.. Ол тартатын домбыра — Арқаның екі шекті, сегіз пернелісі. Оның мойны Батыс Қазақстанның домбырасындай сорайған ұзын емес, Арқаның өзге домбыраларындай қысқа, ұзын тұрқының шамасы бір-ақ кездей. Бірақ, бұл домбыраның алқымы Семейдің домбырасындай жалпақ емес, Көкшетау, Қызылжарда ғана кездесетін домбыралардай жіңішке, сондықтан, оны бойлаған саусақтар іркілмей, бөгелмей, тік, айқын жолмен шапқан аттай еркін отырады... Мұхамметқали екі ағайыңды жігіт. Өзінен үлкен ағасының аты — Жұныс. Жұныс со кезде шамасы қырық бестерге, Мұхамметқали отыз бестерге келген жігіт. Бұл елдің ғұрпында, ол кезде сақал, мұртты қыру жоқ. Кенженің екі баласы да, сақалдары сапсиған жасамыс жігіттер, сонда да әлі күнге шейін үйленбеген. Қайдан үйленеді,— бұл үйге бір бұзаулы сиыр, бір жылқыдан артық мал ешуақытта бітпеген, ал, үйлену үшін, әрқайсысына ең кемінде он шақты мал керек. Мұндай малды олар қайдан таппақ!.. Кенженің балалары да үнемі жалшылықта тұратын жігіттер екен, бірақ, қазақтың байына емес, орыстың байына жалданады және екеуі бір мезгілде емес, кезектесіп жалданып, біреуі үнемі үйінде болады... Тұрмыстары кедей болғанмен, бұл екі жігіттің өздеріне тәуелді қыстық шым үйі, жаздық кигіз үйі бар. Үйінде әйел болмағанмен, жазғы, қысқы тұрақтары үнемі жинақы, төсек-орындары, ыдыс-аяқтары таза. Астарын олардың үнемі өздері істеп ішеді, тек қана сиыр сауу мен кір жуу жұмысын көрші ағайыны Әбділман дейтін кісінің әйелі атқарады... Жүнісі болсын, Мұхамметқалиы болсын,— қайсысының болса да қайнатқан шайы да, пісірген наны мен сорпасы да үнемі таза және дәмді болады. Ескі ауылдың салтыңда мұндай кейбір үйдің адамдары ауылды қыдырып, асы бар үйге барғыш, телміргіш келеді ғой. Ондай мінез Кенженің екі баласында да жоқ. Аш отырсын, тоқ отырсын, егер, біреуі арнап дәмге шақырмаса олар ешкімнің үйіне қыдырып бармайды да, егер, бара қалған күңде асқа қарамай шығып кетеді... Мен бұл үйге Жұныс бар кезде емес, Мұхамметқали бар кезде ғана үйірмін, өйткені Жұныс деген жігіт кісімен аз кеңесетін, өзің бір нәрсені сұрамасаң айта қоймайтын, шешіліп сөйлемейтін, қалжыңдасуды білмейтін, қабағы үнемі түсіңкі жүретін, көңілсіз жігіт; ал Мұхамметқалидың мінезі ағасына қарама-қарсы, ол, — қалжыңсыз сөйлей алмайтын, ойнамай отыра алмайтын, жұғысып кетсе кеңесшіл, сырласа қойғыш, дос бола қалғыш, әңгімешіл, ертегішіл, үлкенмен де, кішімен де, әйелмен де, еркекпен де құрбы -құрдас, мейлінше ойнақы жігіт... Оның домбырашылығын жұрт аса бағалайды да және қадірлейді де. Сонысына қарай, бала болсын, үлкен болсын, әйел болсын, еркек болсын кім де кім «Ия, Мұқа» деп, немесе, «ия, Мұхамметқали» деп домбыра тартуын өтінсе, ол ешуақытта тартынбай ойнай жөнеледі. Бірақ, ол домбыра атаулының бәрін бірдей тарта бермейді, егер, жақын болса, өз домбырасын алдырып ойнайды да, алыс болса таңдамалы домбыраны алдырып қана ойнайды... Мені Мұхамметқалидың үйіне мінезі де, домбырасы да тартады. Әсіресе,— домбырасы! Музыканы жаным сүйетін мен, әрдайым Мұхамметқалидың өлшеусіз шебер ойнауын көргенде, сол дәрежеге жетуді арман етем... Әрине, Мұхамметқалиға барған сайын, домбыра ойнағанда қасында сағаттап отырған сайын, менің де өзімше шеберлігім арта түскен сияқты, бірақ, мен жақындаған сайын, Мұхамметқалидың ойнау шеберлігі биіктей түскен сияқтанады, өзімше көтерілдім дегенмен, оның шеберлігі аспанда, менің шеберлігін жерде жүрген сияқтанады... Мұхамметқалидың аса шебер ойнайтын күйлері мен әндерінің ерекше бір тәттіленіп кететін мезгілі түн уақыттарында. Бұл әрине, ауылдың жайлауға барып қойған көзіндегі түн. Он екі, он үш үйлі Балтабай аулының, Мұхамметқалидың кішкентай қоңыр үйі ық жағына қонады. Кейбір айсыз қараңғы түндерде, мал атаулының бәрі жусап, дыбысы семген кезде, үй атаулының бар адамдары ұйқыға кеткен кезде, үйген тезектей ғана боп алыста қарауытқан Мұхамметқалидың үйінен талмаусырап ақырын ғана шыққан тәтті күй, түрген құлаққа балдай боп құйыла қалады!.. Со кезде осы бір әлсіздеу нәзік күй, кең, аспанның астын түгел қамтып, жұлдызды аспан Мұхамметқалидың домбырасының шанағына айналып кеткен сияқтанады!.. Кең аспанның астына нәзік күй әрең ғана сыйып тұрғандай сөзім пайда болады... Сол шақта Мұхамметқалидың іші қараңғы кигіз үйіңе кіре қалсаң, домбырасының күйіне берілген ол, үйіне кісі кіргенін сезбей ме, әлде сезсе де күйін бөлгісі келмей ме,— «ө, кім -өй!» деп жауап қатпастан, домбыраның балбыраған даусын балдандыра, тәттілендіре түседі... Кірген адам да Мұхамметқалиды бөгегісі келмегендей, ол күйін ойнап болғанша жауап қатпайды, немесе, ұзақ ойналған тәтті күйлердің тербеуімен қалғып кетеді!.. Бұндай кештердің талайын мен өз басымнан да өткердім!.. Аса бір тәтті кештер еді олар!.. Балтабай аулында менің үшінші жақсы керіп кеткен адамым Өстемірдің Сыздығы. Жасы со кезде қырықтарды орталаған, сұйықтау ұзын сары мұртты, имектеу мұрынды, ақ бұжыр кескінді, екі көзінде де шешектің салдарынан түскен аздаған шелі бар бұ кісіге құрбы замандастары мен жеңгелерінің ойнап қойған аты — «Қырсық». Олай дейтіні — ойнақы мінезді Сыздық үнемі шалыс және теріс сөйлейді, күлдіргісіз, сықақсыз, қалжыңсыз, ілгішсіз сөзді айтпайды. Ол, әсіресе, біреудің, бойындағы мінін көргіш және сол мінді сықақ қылғыш, сондықтан, міні бар кісі одан қашып жүреді. Сыздық та кедейліктің салдарынан со күнге шейін үйленбеген жігіт. Оның өзіне тетелес інісі «қалтақ бас Ғабдош» аулындағы Бәтіш дейтін жесір әйелге үйленіп, қолына кірген. Сыздың үйіндегі одан басқа жандар: жасы алпыстарды орталаған шешесі, ол аса зор және жуан денелі, қарағым, шырағымшыл, жайдары мінезді ақ көңіл адам, одан басқа бұл үйде менен оқитын, жасы он бес, он алтыға келген Қази дейтін бала бар. Сыздық етікші жігіт және жұрттың көзінде бұл маңайдағы ен, шебер етікші сол, сондықтан, кім де кім жақсы етік тіккізгісі келсе, Сыздықты қалап шақырады... Етікшілігінің, қулықшылығының үстіңе Сыздық бір сыдырғы домбырашы және даусы шағындау болғанмен, тәп-тәуір әнші, Сондықтан, оның етік тіге барған жері үнемі ойын -сауық болады. Өсекші ауыздардың айтуынша, Сыздық қыз-келіншекке де аса жұлдызды адам. Талай байлардың үйлеріңе барып етік тіккенде, сол үйлерде оның басынан өткізген «драмаларын», ойыншы жігіттер неше түрлі қызғылықты анекдоттарға айналдырып әкеткен. Жас мөлшері менен екі есе артық болғанмен, көпшіліктің бәрімен құрдас Сыздықпен мен де құрдас болып, оған да аса жақын жүрдім, онымен де аса сырлас болдым. Сонда менің одан көбірек сұрастырған бір кеңесім — Қыстаубайдың Жақыбына байланысты сөздер, өйткені менің естуімше, Жақып Қызылжардан большевик боп келгенде, ел кедейлерінен жақын сырласынын, біреуі осы Сыздық болған.
— Жақыптың ең жақын жігітінің бірі болуым рас,— дейді Сыздық, менен ырын жасырмай,— біздің бұл арада жердің тарын екенін, тәуір жердің бәрі байлар мен аталықтардың қолында екенін көріп жүрсің ғой. Жердің тақсіретін тартып келген кедейлер, Жақып «жер иесі — кедейлер сендерсіңдер» деген соң-ақ, бүкіл кедей ұлардай шулап артына ертеңі рас, былтырғы жылы егіндік жердің де, шабындық жердің де бар тәуірін Жақыптың кедейлерге тартып әпергені рас. Сонда, оның артынан көптің бірі боп мен де ердім...
— Бірақ, не керек,— дейді Сыздық күрісініп,— Совдептің өмірі қысқа болды. Ол ұзақ жасағанда жер де, су да кедейлердікі болатын еді!..
— Неден күдер үздің, Сыздық аға,— деймін мен,— бұл арада Совдеп құлағанмен, Мәскеу, Петроград жағында құламаған көрінеді ғой, құлаудың орнына күшейіп бара жатқан сияқты көрінеді. Ертең мұнда да Совдеп орнамауын, қайдан білесің?!..
— Ылайымда солай болғай ақта,— дейді Сыздық.
Жақыпты ол «ерге біткен нұсқасы бар, бойы ұсынса қол жетпейтін биік, екі жаурынына екі кісі мінгендей, кескіні де адам қарап тұрарлықтай көркем, мінезі де түр - тұлғасына лайықты боп біткен, адам түгіл, әзірейіл кеп жаныңды алам деп тұрса да тайынбайтын көзсіз ер, барып тұрған кедейшіл, бай дегенге қаны «қас» деп өсіре, серпе мақтайды.
— Сонымен, со Жақыпқа ерген кедейлерді, әсіресе, сен сияқты басшыларын байлар артынан қужамады ма? — деген сұрауға:
— Неге қужамасын,— деп жауап береді Сыздық,— Есілдің ар жағындағы Аққозы, Жарқын аталатын елден Жақыпқа ерген төрт жігітті Алашорда мен Колчак аттырып тастатты. Тілеп дейтін ауылдан да екі жігіт атылды. Қараталдағы Досан қарияны білесін, ғой?
— Бекпеннің Досаны ма?
— Ия. Соның немере ағасы Шегір дегеннің жалғыз баласы да Жақыпқа еріп жер алам деп атылып қалды...
— Өзің қалай аман қалдың?
— Бұл елде Жақыпқа еріп, кедейлерге көтермеші болған жалғыз мен емеспін де. Өтеміс — Құлтай аталатын ауылдарда Батайдың Жоламаны, Дәулидің Сәрсенбайы, Бірімнің Қабиы, Құсайын хажының ұлы да Әуелбектің Мәлікаждары, өзіңнің жиенің Әшкәр, Қараталда Құсайынның талайы Жақыпқа жәрдемші боп, кедейлерді оның артына ергізуге көмектесті. Совдеп құлап, билікті ақтар қолыңа алғаннан кейін, бастығы Құлым хажы, Қожан хажы боп, оларды Жұсыптың Қозкесі, Құсайынның Оспаны, біздің Сақау Мәжен сияқты бишігештер қолдап, «Жақыпқа ергендердің барлығын аттырамыз да, жойдырамыз» деп қылықты қылып-ақ бақты. Со кезде кездеріне түсе қалсақ, бізді де аттырып тастайтын еді, қашып-пысып қана жан сақтадық. Артынан байлар бәсеңдеңкіреді. Тегі қызылдар тағы да кеп қап, кедейлер басымызға тағы да әңгір таяқ орнатар деп қорқады - ау деймін, әйтпесе, бізді аяр түрлері жоқ сияқты. Аямағаны емес пе — Досан қари өзінің жақыны Шегірдің баласын сақтап қалуға мүмкіншілігі бола тұра, «мен оған қызыл бол дегем жоқ, болған өзі, өлмесе жаны шықсын» деп қорғап алып қалмады.
Балтабай аулында менің жақын болған адамдарымның бірі,— Жұныстың Қамзасы. Ол татар медресесінен оқып, ортаға жақын білім алған жігіт, менің екі жас үлкен, шаруасы кедей, үйінде кәрі шешесі мен менімен жасты інісінен басқа адам жоқ. Бала көзінде ауылда оқыған Қамза, бертінде Троицкийге кетеді де, мұғалімдер даярлау мақсатымен татар тілінде ашылған «Уазифа» атты медресеге түсіп екі жылдай оқиды. Бізге белгілі Ізтөлин Баймағамбетпен, Балқашов Үмітпен ол бір класта болады, содан үйіне өткен қыстың аяқ көзінде келеді. Бұл ауылдағы «көзі ашық» деген екеуміз - ақ болғандықтан, Қамзамен мен сырлас, достас боп кеттім. Біздің сырласуымыз, Сыздықпен екі арамыздағыдай бозбалашылық кеңесі болмайды, көбінесе саяси тақырыптағы кеңес болады. Бір-бірімізге сеніскеннен кейін, оның маған айтуынша, Троицкий қаласынан Баймағамбет Ізтөлин большевиктерге тілектес боп қайтқан, бірақ коммунист партиясына мүше боп кірем деп жүріп, кенеттен болған бір уақиғаның салдарынан кіре алмай кеткен. Ізтөлиннің большевиктер ұйымына жақындасуының тарихы Қамзаның айтуынша былай екен: Троицкийдің ортасын жарып, Үй атты өзен ағады. Өзеннің бойы қалын, тоғай. Қаладан екі-үш шақырым жердегі тоғай ішінде Алтын төбе аталатын бір биік төбе бар, өзі өзеннің нақ жағасында. Саяхат жасаушылар жаз айларында осы «Алтын төбенің» маңайына көбірек жиналады: суға шомылады, құмға аунайды, тоғайдың көлеңкесіне саялайды... «Алтын төбеге» көпшілік ішінде «Уазифа» оқушылары да араласып барып жүреді.
— Бір күні, — дейді Қамза,-— Баймағамбет екеуміз «Алтын төбеге» бардық та, киімімізді үстіне шешіп, суға шомылдық. Есіл бойында ескендіктен мен малтымпазбын, Баймағамбет өзеннің тайыз шетіне ғана шалпылдатып, ортасына бара алмайды. Шомылып шыққаннан кейін біз «Алтын тебенін,» үстіне өрлей шыққан қалың қарағайдың саясында демалып жаттық. Ол арада Баймағамбет екеумізден басқа ешкім болған жоқ... Біз солай жатқанда, иығына сумкесін артқан, сақал-мұрты өскен, солдатша киімді орыс жігіті кеп өзен жағасына шешінді де, суға шомылды. Ол да жүзімпаз адам екен. Өзенді бойлай біраз жүзіп, сүңгігеннен кейін ол қырға шықты да, киініп, сумкесінен тамақ алып жей бастады... Тегі, біз оны көргенмен, ол бізді керген жоқ-ау дейміз. Жақын жерден біз айқын көріп жатырмыз,— сумкеден алған тамағы қатып қалған қара нан, солдат оны мықшия, жағының бар қаруын сала кеміргенмен, қатып қалған қара нан бола қояр түрі жоқ... Баймағамбет мұқтаж адамды аяғыш болатын. Оның сол мінезі ұстап кетіп, «әй, мынау тегі соғыстан қашқан солдат па, әлде үйіне демалысқа қайтып бара жатыр ма, қайсысы болса да, тегі, ашығып келе жатқан адам ғой, тамақ берсек қайтеді?» деді. Мен «қайтеміз соны?» деп ем, Баймағамбет «ашығып келе жатқан адамға қолымызда бола тура дәм бермеуіміз обал болар» деп, мені көндірді де, орамалға түйіп алып шыққан азын-аулақ тамақтарымызды алып, солдатқа қарай жөнелді, соңынан мен де ердім.
Ортадан аласалау бойлы, арық денелі, жүдеу кескінді, киім-кешегі әрі тозық, әрі кір, сарғыл сары сақалы мен мұрты қаулаған бұл солдат, біздің «здравствуйте» деп берген сәлемімізге жылы жүзбен жауап қайтарып қолдасты. Біз оның жол жайын сұрасақ, «майданда едім, демалыс алып, Көкшетау уезіндегі үйіме келем» деді. Фамилиясын сұрасақ «Антонов» дейді.
— Біздің онымен бұл жолғы кеңесіміз осылай сұйықтау ғана боп бітті. Одан айрылып, былай қарай шыға бергенде:
— Қашқын,— деді маған Баймағамбет,— анық қашқын. Түрі соған ұқсайды.
— Неден қашады ол?
— Кім білсін, бір есептен соғысқысы келмей қашып жүрген болуы мүмкін, енді бір есептен, ақтардан қашып жүрген қызылдың біреуі болуы мүмкін.
— Кім болса ол болсын біз енді оны біле алмайтын болдық.
— Егер қашқын болса,— дейді Баймағамбет,— ертең де осы арадан ұшырасады, нанбасаң келейікші.
— Бардыңдар ма? —деп сұраймын мен Қамзадан.
— Мен барған жоқпын,— дейді ол.
— Баймағамбет ше?
— Ол қызық жігіт қой, ойға алғанын орындамай қоймайтын. Менің ерінгенімді көрді де, өзім - ақ барып қайтайын деп кетіп қалды. Қайтып келгенде ол, «жолықтыра алмадым», бірақ, жобасын байқаймын,— жолыққанын менен жасыратын сияқты.
— Неге?
— Оны кейін айтайын. Байқаймын, Баймағамбеттің сөз жобасы өзгеріңкірейді, ол енді шет - жағалап қызылдар туралы жылы сөздер айта бастайды. Оның сөздері менің құлағыма жаттау естіледі, өйткені, біздің медресемізде оқытатын мұғалімдердің көпшілігі татардың милләтшілері яғни, қазақша айтқанда — ұлтшылдары. Олардың бәрі де Совет өкіметін жек көре сөйлейді, саяси сабақтарда бізді большевиктерге .қарсы үгіттейді...
— Сонымен,— дейді Қамза,-— Баймағамбет менің сырымды шыжымдай тартып жүрген кезде, Орал жақтан қызылдар жақындап қалды да, мектебіміз жабылып, шәкірттер тарады. Баймағамбет екеуміз елге қайттық.
— Неге?— деп сұрадым мен, — ол маңайға сендер мұғалім боларлық ауылдар жоқ па екен?
— Неге жоқ болсын, Троицкийдің маңайы айнала қонған қазақ ауылдары. Егер, мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, оған болмаған Баймағамбет. Неге өйткенін Петухово станциясынан айрыларда ғана айтты. «Қызылдар кешікпей келеді,— деді ол,— оларды туған жерде қарсы аламыз да, қызметке содан кейін біржола орналасамыз». Троицкийде большевиктердің жасырын ұйымы болғанын, «Алтын төбеде» кездескен солдаттың сол ойымда мүше екенін, сол солдат арқылы өзінің де ұйымға жанаса бастағанын, бірақ мүше боп үлгіре алмағанын Баймағамбет маған сол арада ғана естіртті. Солдаттың атын сұрап едім, «жуырда онымен жолығармыз, сонда білерсің» деп жан сақтатып айтпай кетті.
Қамзадан сұрастырып көрсем, жалпы білімі менен жоғары болғанмен, саяси көзқарасы терең сияқтанбайды. Большевиктерді ол да мақтайды, сондағы ең мықты дәлелі,— «пайғамбарымыз кедей мен байды бірдей көрген ғой, кедейге жаны көбірек ашыған ғой. Большевиктердің айтатыны да сол. Егер, большевик үкімет басына келе қалса, құранда не айтылса, соны бұлжытпай орындайды да қояды...» дейді. Қыстаубайдың Жақыбы туралы Қамзаның айтары: «.мен ол жігітті білем. Тақыр кедейдің, баласы екені.рас. Ер және өжет жігіт екендігінде де сөз жоқ. Бірақ, шала сауатты жігіт. Сондықтан, надан да болды ғой ол. Надандығы емес пе: Совдепте аз күн қызмет істегенде осы маңайдағы орыс, қазақтың байларын «сендер біздің қас дұшпанымызсыңдар» деп, қырып жібере жаздапты, кедей атаулыны соңына ертіп, байлардың жерін тартып әперіпті.
— Онысы ағаттық болған ба?—деп сұраймын мен.
— Әрине, ағаттық, — дейді Қамза.— Кедейлерді байлармен теңестіре жұмысын ептеп жүргізбей, өктеп жүргізуге бола ма? Өктеуіңе байлар көне ме? Олар да тірі жан емес пе? Қарсылық білдірмей ме?
— Жақыпты өзің көрдің бе? — деп сұраймын Қамзадан.
— Бір-ақ рет көрдім, содан кейін көрген жоқпын.
— Неге?
— Екеуміз келісе алмай айрылдық. Мен оған байларға тым қатаң келгенін айтып ем, ол: «сен - ақ жұмсақ бол!» деп менімен ренжісіп айрылдық...
ҚЫСТАУБАЙДЫҢ ЖАҚЫБЫ
Ауылдың қыз ұзату, келін түсіру, құда болу, бала сүндеттеу сияқты тойларының көпшілігі жайлау көзінде болатыны мәлім. Осындай тойлар Алуаны жағалай қонған ауылдарда да жаз бойына біріне-бірі ұласып жатты. Бұл елдің жігіттерінің, той күндеріндегі үлкен бір ермегі көкпар тарту. Той тарқай тартуға алған көкпарға аты бар жігіттің бәрі қатынасып, күні бойы шапқылайды да, түнге қарай басылады. Кейде көкпар ертеңіне, немесе екі-үш күнге созылады... Алуаны жайлаған елдің жігіттеріне еліктеп көкпаршы болғым келгенмен, ебім жетпейді, сондықтан, ойын-тойда менің араласатыным,— жігіттердің күресу мен үйде болатын сауықта елен, айту. Осынын, екеуінде де «кеуде жігіт» аталып жүрдім, әсіресе — соңғысында. Мұхамметқали сияқты бірен-саран өте - өткен домбырашылар, Сыздық сияқты бірен-саран шағың әншілер болмаса, бұл елде біздің Қабанбайдың Ғабдолы, Жұбандықтың Кәсені сияқты ірі әншілер жоқ, сондықтан ән де азғантай. Мен барған жылы бүкіл Алуаның басында «Әліпби» аталатын ән жаңа шығып, жұртқа таңсық екен. Композитор Александр Затаевичтің «Қазақ халқының мың әндері» аталатын кітабына менің аузымнан жазылып кірген бұл әннің сөздері:
Базардан алып келген шай тостаған,
Тар жерде қиын екен ән тастаған.
Анаңнан сені тапқан айналайын
Бәйгеден келген кердей ойқастаған.
Базардан алып келген жезді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған.
Бал шайнап, шекер жұтқан беу қарағым
Көзіңнен айналайын жаудыраған.
Базардан алып келген темір астау,
Сұрасаң біздің қалқа қиғаш қастау,
Алыстан ат терлетіп келгенімде
Әзілге жарамайды қалқам жастау,—
деген сияқты, ылғи «базардан алып келген» деген сөздермен басталады екен. Екпіндей айтылатын бұл әннің қайырмасы:
О-оу, әліп-би, Лепсің тый
Ләмәсіли ти-тір тө-ө-өу,
Түрлендіріп салдым күй.
деп аяқталады екен. Мешіті, молдасы, қариы, хажысы көп бұл елдің бозбаласының өлеңдерінде көбінесе:
Әуелі Хамит құдаға зікір сәнә,
Салауат Рәсуліне айтты және,
Бір Хамит қатеріме келе қалды,
Жағыма жәрдем бергей хақ тағала.
Тәухиттің көп айт деген кәлимасын,
Отына махаббаттың күйді басым.
Тәсбихбен зікір тәһлил көп айтсаңыз,
Болады хақ қасында сыйлы басың.
деген сияқты араб сөздері көп араласқан, діншілдік мазмұндағы сөздер кеп болады екен.
Тіршілік тақырыбына арналған өлеңдерінің өзіне де:
Айтайын қысқа сөздің мен толғауын,
Дұшпанның өсегіне жоқ тұрлауым,
Біз түгіл пайғамбарға өсек болған
Болады деп әр Мұсаға бір ферғауын.
Тұтқын боп ғазиз Жұсып қанша жатты,
Шығарып ағалары құл деп сатты.
Анден сұқ Злиханың жаласынан,
Зынданда ғазиз Жұсып жапа тартты.
Неғылды Бани Исра-иль даналары,
Өздері жақсы үлкен бабалары.
Ұрлықшы, өтірікші, өсекші деп,
Жұсыпты қандай қылды ағалары..
Злиха Жұсыппенен болған көп жар,
Жақсыны жаманменен айлама пар.
Тағдырға тәдбир болмас дегендейін,
«Ләу-лә-күн ләммә халақ» деп хадиста бар,— деп дін сөзін араластырмай қоймайды екен. Осындай әнге, өлеңге кедей ауылдарға менімен еріп барған тың әндер мен өлеңдердің бағасы әрине, жоғары болды. Мен «өлеңші мұғалім» атандым. Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды, немесе, алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан көлге қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасына бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа өзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлдеқайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеуі қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылысып кетіп, тымық түнде жұлдызды аспанға биіктей көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз, бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы бір сайлардан кісінеген жылқылардың, ән салған жылқышының дауыстары да кейде шаңқылдай, кейде баяулай естіліп жатады... О да маған таныс түндер!.. Көл ше?! Алуа ше?!.. Жастық жалынымның шын мағынасында лаулап жанғанын бірінші рет сол — Алуаның басында ғана білгендей болған маған, бір қабат шетің ала сақиналанып айнала өскен қамысы бар, күндіз болмаса, түнде ол шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін көлдің со бір кездегі ыстықтығы, егер есіме алсам, дәл күні бүгінге дейін сондай ыстық боп тұрады... Өйтпегенде ше?.. Көлдің теріскей жағасы мен күнгей жағасына ескен жібек шалғынның арасында нелер түнді өткізбедім мен... нелер тәтті қиялға батпадым!.. Неден мазасы кететінін кім білсін, қазы қаңқылдаудан, шағаласы шаңқылдаудан, үйрегі барылдаудан, аққуы сұңқылдаудан, әупілдегі әупілдеуден, жылқышысы ысқырудан және басқа құстары өз үндерімен дауыстаудан Алуаның үсті бір сембейді... Желді күндері беті толқындаған көл, түнде ерекше шулап кетеді, ал тымық күндерде жеңіл ғана қимылдаған судың лықып жағаға кегі, жылжып қана кейін қайтуы, құлағыңа ақырын ғана айтқан сыбырдай боп естіледі... Алуаның арғы жағы ше?!. Онда — күні бүгіне дейін жазылмаған және жазушысын тілеп тұрған үлкен бір драма жатыр. Екі ауыз сөзбен айтқанда, мазмұны мынау: Алуа деген сұлу қызға, Жарылқамыс дейтін жігіт ғашық болады да, елдің рушылдық тәртібі қатал кезде, әдет-салтын бұзып, алып қашады. Екі ғашық осы көлдің шығыс жақ жағасына өскен қалың мойылға жеткенде, арттарынан қуғыншылар да кеп үлгіреді... Жарылқамыс найзагер батыр жігіт екен дейді. Қуғыншылармен ол соғысады да, кепке топырақ шаша алмай өледі, оны көрген Алуа өзін - өзі өлтіреді... Ғашықтар сол араға көміледі, көл содан Алуа» аталып кетеді... Тас я кірпіш сияқты тұрғылықты материалдардан зират салуға бірен-саран ғана адам болмаса, көпшілігінің шамасы келмейтін ескі көшпелі ауылда «топырақ салу» деген болған ғой. Онысы,— көмген өліктің қабыры жар боп кетпеу үшін, өлгеніне жыл толумен байланысты, бүкіл ел боп үстіне топырақ үйеді екен, «оба» содан болады екен. Алуаның үстіне де елі осындай оба салған. Ол биік оба күні бүгінге дейін алыстан көрінеді. Обаның шұңқырайған ортасына бір бірімен айқаса жуан екі мойыл ескен. Жұрт ол екеуін мәңгілік ғашықтардың бейнесі деседі... ескі қабырлардан газ болып фосфорит шығатынын, оның түн мезгілдерінде жанған шамдай жарқырап тұратынын ғылымнан білеміз. Жабайы халықтың ұғымында, бұл — - иманды адамның үстіне жанған шырақ». Алуа обасының үстінде түн мезгілдерінде үнемі жұлындай шаншылған шырақ жанады да тұрады. Әрине, Алуа көлінің жағасында, жұпар иісті шалғынға бауырымды төсеп түн мезгілдерінде мен бекерге жатқан жоқпын. Мені жағаға өлі Алуаның «аруағы» емес, тірі «Алуаның» жалындай ыстық махаббаты шақырған еді... Ол «Алуа» әлі күнге дейін тірі, үйлі-баранды адамның бірі боп отыр деп есітемін. Сондықтан, сақал-шашы буырылданған жарының, үйленген ұлдарының, тұрмысқа шыққан қыздарының көңілдеріне жарықшақ түсірмеу үшін, көзінде де жұртқа жария боп үлгермеген бұл драманың бетін әлі де ашқым келмейді... Тек қана оқушыларыма айтарым,— ол адам, ол кезде он алты, он жетідегі үлбіреген жас қыз... Қызбен мен ең алғаш алтыбақанда таныстым. Таныстықтың алғашқы түндері алтыбақанға құрған жіпте қатар отырып, қосылып ән шырқаумен етті... Бара-бара, қауызынан жаңа ашылған бұл ғажап гүл, мені көбелектей қызықтырып өзіне тарта түсті... Оның отты қара көзінен жүрегіме түскен ұшқын есіме түскен кезде жиілете алған демнің лебімен қоздана, жалындай түсті... «Махаббат жалыны» дегеннің не екенін мен өмірде бірінші рет сонда ғана ұққан сияқтандым... Бірақ, гүлге қонған көбелек қандай үнсіз болса, мен де сондай үнсізбін, көбелектің тіліндей менің тілім де күрмеулі... Махаббаттық қанаттарымды қыз алдында көбелекше жеңіл ғана желпігенім болмаса, ішкі сырды сыртқа шығарарлық қуат жүректе де жоқ, тілде де жоқ!.. Бұл қуат маған тек қыздан оңашаланған уақытта ғана бітеді. Одан оңашалансам - ақ, басыма нелер әдемі сөздер оралып, кейде қара сөзге, кейде өлеңге оралып жатады... Қыз қазақша жақсы хат таниды... Оған арнаған хатымды өз қолымнан беруге батылым жетпейді, бірақ менің сенімді почтальоным бар, ол — Сыздықтың менен оқитын інісі Қази. Бала жүрсе жымын білдірмейтін ақылды, қу, епті. Екеуміз өлердей доспыз... Ғашық қызыма хатты мен осы баладан жібердім. Бірақ, көпке шейін жауап ала алғам жоқ. Қауызынан жаңа ашылып, сәбилік бесігінен ересектік Өмірге басын жаңа ғана көтерген күнәсіз жас қызға жауап бере қою оңай боп па екен.
— «Аңдыған жау алмай қоймайды» демей ме қазақ. «Таң атпайын десе де, күн қоймайды» демей ме?.. Ақыры, менің де таңым атты!.. Маған енді Алуаның басы бақыт бесігі сияқтанды... Сондай аспандаған көңілімнің қанаты бір кезде қырқылғандай болды. Неден күдіктенгенін кім білсін, туыстары бір кезде қызды үйінен де шығармайтын болды, алтыбақанға да жібермейтін болды. Еміс-еміс естуімше, қыздың ,бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім), қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін қолына түсіріп алады да, мінезі қатал қыздың ағасынын, қолына тигізеді...
Со күннен бастап, ауыл жата, қыз үйінің, есігі ішінен үнемі құлыптаулы болды, шынжыр тістелейтін қабаған иті түн баласына байлауынан босатылды... Сондай халде қыздың үйіне жақындап көр!.. Есігін ашып көр!.. Хал осылай ауыр болғанмен, жүректе лаулаған махаббат отының жалыны төсекке тыныш жатқызбай, далаға еріксіз шығарады... еріксіз Алуаның басына әкетеді, еріксіз қыздың аулын күзеттіреді... Көп күзеттер мағынасыз босқа өткенмен, аңдыған алмай қоймайды дегендей, кейбір түндері «от пен судан өтіп» дегендей, нелер қиындықтан өтіп көңілімді тындырып та қайтам... Сондай сарғая таң күзеткен түндердің біреуінде, бір сайда Қази екеуміз бұғып жатыр ек, және бір саймен еңбектеп келе жатқан адам көзімізге ұшырай кетті... Бұл әрине, шаруа бағудың, не жолаушылаудың мезгілі емес... Бұл, тек махаббат жорығының ғана көзі... Қази екеуміз бұғып, бақылап жатырмыз. Еңкеңдеген адам «Қаратал» аталатын ауылға қарай тартты. Ол ауылда неше үй бары, қай үйдің қай жерде отырғаны бізге бес саусағымыздай мәлім... Біз отырған жер ылдилау, танымайтын адам өрлеп баратқан бет өрлеу... Солтүстік жақта, әсіресе Ленинград маңында «Ақ түн» аталатын жаз айларында жарық түндер болатыны, ондай түндерде шамсыз кітап оқуға болатынын біз әдебиеттен, әсіресе, Пушкиннің «Евгений Онегинінен» жақсы білеміз... Менің туған өлкем Солтүстік Қазақстанда, оның ішінде Алуа көлінің маңында, дәл «ақ түндей» болмағанмен, соған ұқсастау «ақ таңдақ» аталатын бір ғажап сәуле барын бұл арада айтпай кетуге болмайды. Ол сәуле де, «ақ түн» сияқты июнь, июль айларында ғана кездеседі. Бұл айларда күн батқаннан кейін алтын, күміс араласқан ақ - қызғылт шапақ аспанның, теріскей жақ жиегін жағалай, жылжи береді де, алтын арай таңға ұштасады... Ақ шапақ мезгілінде сәулеленген жаққа көз тігіп жата қалсаң, күндіз ғана көрінетін алыстағылар бұлдырлап көзіңе шаншылып тұрады... Со бір ақтаңдақтың сұлуы - ай, шіркін!.. Ақтаңдақ жақ беттегі «Қаратал» аулына еңкеңдей аяңдаған адам, бізге таныс — Қозке дегеннің, үйіне барып кірді.
— Жақып, — деді Қази.
— Қай Жақып?
— Қыстаубайдың Жақыбы.
— Не дейді?! —деп қалдым мен.
Олай дейтінім: Қозкенің Зүбәйла атты қызына Жақыптың ғашық екенін, екеуінің көңіл қосқанын мен естігем. Қызды мен талай рет көрдім. Ол толықтау денелі, биіктеу бойлы, сопақтау толық бетті, қалын, қабақты, қара сұр кескінді, еркек пішіндес қыз. Оған құда түсіп, қалың мал беріп отырған Сақаудың Қазиы дейтін жігіт менің нағашым Жабайдан туған Мәржама деген кісінің баласы, ендеше, Қази мен екеуміз бөлеміз. Қази да, шешесі де меңі жақын тартып, туысқан көріп жүреді. Сондықтан, егер, туысқандық жолмен қарасам, бөлемнің қалыңдығын басқадан қызғануым керек қой?.. Қозкенің үйіне Жақыптың кіруін алғаш көзім шалғанда, со қызғаныш меңің көңілімде тұтанды да... Сөйте тұра, аздан кейін мен оны аяп та кеттім. Неге аяғанымды Қазидан жасырмай:
—Бұ жігітке не болған!—дедім мен, кейіп,— өзінің ақтардан қашып жүруі қалай, сөйте тұра бозбалашылық құрып, үйге кіруі қалай?!. Және дос емес, қас адамның үйі!.. Қапысын тауып ұстап берсе қайтеді?..
— Рас-ау,— деді Қази,— ақылды және сақ кісі дейтін еді, мұнысы несі екен?!.
— Қызық болсын,— дедім мен,— өзін қорқытайық мұның.
— Қалай?
— Қозкенің үйінен шыққансын осы тұстан өтеді ғой, сонда, жатайық та қуайық өзін.
Біз соны істемек боп ек. Жақып оған айылын да жиған жоқ. Ол біз жатқан жырақаның тұсынан өте бергенде:
— Кім, әй, бұл?— деген дыбыс бердім мен.
— Кім керек еді?— деді ол тоқтай ғап.
— Сен керек! — деп мен тұра ұмтылып ем:
— Кел, керек болсам! — деп ол маған қарсы жүрді.
— Біз!.. Біз!..— деп дауыс берді артымнан жүгірген Қази,— біз, Жақып!.. Мен Қази!.. Бұл — мұғалім.
— Дауыстама! — деп қалды, оған Жақып. Өзі селтиіп, жүгіре жақындаған бізге қарап тұр.
— Иә, жігітім, аман?—- деп, қасына жақындаған маған ол қолын ұсынды. Қол берген маған,— кім деп келесін, мені?— деді.
— Жақып деп.
— Мені қайдан білесің?
— Мең айттым,— деді Қази.
— Сен неге айғайладың?— деді Жақып оған.
— Мұғалімді атып тастайды екен дегем.
— Тапқан екенсің, бала, ақымақты,— деді Жақып күліп,— жоққа оқ шығаратын!.. Неге атам?..
— Ұстай ма деп қорқып...
— Кім, ол мені ұстайтын?.. К., керек оған!..
— Расында да...— деп бастап, мен әлгі бір сәтте тиышсызданғанымды айтып ем.
— Оныңа рахмет,— деді Жақып,— бұл көлдің басындағы байлардың мені ұстайтын қақпаны сынған, тұзағы үзілген!..
Кеңесе келе ол мені сыртымнан жақсы біліп шықты. Әкесі Қыстаубай, менің әкем Мұқанды біледі екен, екеуі жалшылықта жас шағында бірге де тұрған екен. Жақыптың айтуынша, Россияның Оралдан ар жағы жаудан тазаланып болған. Оралдың бер жағында ғана өкімін жүргізіп отырған Колчактың тағдыры қылға ғана салбырап тұр.
— Сен ойлама,— дейді Жақып маған,— партизан отряды осы маңайда ғана екен деп. Бүкіл Сібірдің барлық қалың ағашының іші қаптаған партизан. Ертең көрерсің, Қызыл Армия мынау Орал жақтан келіп, Колчак Омбыдан сырғыса, ар жағында бас сауғалар жер таба алмайды, партизандар оны бөлшектей ұрып құртады.
— Осыны халыққа түсіндіру керек! — дейді ол маған.
— Халықтың өзі де Колчактың саудасы бітіп келе жатқанын шамалайтын сияқты,-— деймін мен.
— Алашорданы білемісің?— дейді ол маған.
— Білем.
— Кім деп білесің?
— «Байлардың жоқшысы» деп, «Совет өкіметінің дұшпаны» деп, «Колчактың досы» деп.
— Оны білсең адам болады екенсің. Совет өкіметі біздің елде де сөзсіз орнайды. Сені мен біздің, біз сияқты еңбекшілердің күні сонда ғана туады. Байлар мен олардың асыранды иті алашордашыларға біз сонда көрсетеміз Совет өкіметінің кімнің өкіметі екенін.
— Ленинді білесің ғой?— деп сұрайды Жақып.
— Естуім бар.
— Кім деп естідің?
— Бүкіл еңбекшілердің қамқоры деп.
— Уай жігіт,— деп Жақып мені арқаға тағы қағып қояды.— Шын адам сол. Елді ұлтқа емес, тапқа бөледі. Барлық елдің еңбекшілерін жақсы көреді. Соның бәріне теңдік әпереді.
— Социализм болады дейді ғой сонан кейін, ол не?
— Мені курстан келді деп отырсын, ба, оның бәрін біле беретін,— дейді Жақып күліп.— Социализм еңбекшілерге болатын жақсылық дейді. Не жақсылық екенін оқып білмесек, қайдан білеміз. Оқимыз әлі,— дейді ол аз отырып,— тек, Совет өкіметі орнасын, одан арғы күн біздікі.
— Бұ жолға қалай түстің?— деген сұрауға:
— Бай мен кедей екі жақ боп күресіп жатқанда - дейді ол,.— таптық намыспен кірісе қалған іс қой. Әйтпесе, қай бір білім тасып жатыр дейсің. Қол қоюды зорға білем.
— Не себеп болды бұ жолға түсуіңе?— деген сұрауға:
— Білім де, жақсылық та орыста ғой,— дейді Жақып, — әділеттік те орыстан шығады. Мені осы жолға сілтеген орыс жолдастарым.
Партизан отрядының ісін сұрағанымда:
— Оны айтуға болмайды жолдас,— дейді Жақып,— оның атын «соғыстық сыр» дейді. Айтуға болмайды оны, егер керексінсең,— дейді ол күліп,— жүр де жазыл, ала кетейін!..
Қоштасарда оның қолымды қысып тұрып айтқаны:
— Совет өкіметі туралы, Қызыл Армия туралы өзің ғана біліп қойма, еңбекшіл көпшілік арасына тарат!..
БАҚЫТ САПАРЫНА
Жаңбырмен басталған күздің ауа райына еліктегендей, саясат ауасының да райы со мезгілде қатты тиышсыздыққа айналды. Колчак пен Алашорда газеттері «Қызылдар пәлен майданда, түген майданда қырылып жатыр, шегініп қашып жатыр... өлер көзі жақындады...» деп көптіргенімен, тыныстары күн сайын тарыла түсуін жағдайдың өзі-ақ дәлелдей бастады. Батыстағы майданға бұрын темір жолдын, бойымен ғана ағылатын Колчак әскерлері, енді темір жолдан алыс, далалық жерлермен де жөңкіліп кетіп жатыр, «Қызылдар Оңтүстік жақта Түркістанды басып, Жетісуға қарай орап етіп кетіпті... Батыс жақта, мына жағы Орынбордан өтіп, Торғай кеп қапты... Мына жағы Уфадан өтіп Челябіге таяныпты... Ана жағы Екатеринбургтан өтіп, Тюменьге беттеп бара жатыр...» деген хабарлар ел ішінде дүңкілдеп кетті. Бұл сөздің растығы, Колчактың тынысы күн сайын тарыла түсуінен - ақ байқалады: ілгерірек кезде елден жинайтын шығынын, «налог» деп қана аталатын. Колчак, енді көзіне түскен малды айдап әкетуге, көзіне түскен көлікті, арбаны жегіп әкетуге, бұлардың бәрін иелерінен сұрамауға айналды... Бұндай озбырлықты көрген жұрт, мал-мүлкін қайда тығуға білмей жанталасты... Малдар бұрынғыдай далаға жайылмай, үнемі ағаштың ішіне қамалады... Даланын, көз келген жерімен майданға қарай ағылған Колчак армиясының да бұзықтық қылығы бастан асып кетті. Олар кім көрінген адамды бейсәубет жүрсе - ақ атады, көлікті, арба - сайманды, ылаушыны еріксіз әкетеді... Көз келген үйлердің астарын сұраусыз тартып ішеді, киімдерін сұраусыз тартып киеді... Басқа мүліктерін де талайды, ақтармаған жүк, ақтармаған сандық қалмайды... Іске татыр дүние болса, қойындарына салады... Олар озбырлықты өлі бұйым түгіл, тірі адамға да қатты көрсетеді. Таланған мал - мүлкіне қарсылық білдірген адам болса, ең жеңілі — дүреге жығып кетеді... Әйелдерді зорлау Колчак әскерлерінің дағдылы ісіне айналғандықтан, олардың төбесі көрінген кезде, ауыл-ауылдың әйелдері бет-бетімен бытырай қашып, бойын жасыратын жер іздейді... Жасырына алмай қалса масқара болады, кейде мазақтауымен қоймай кескілеп өлтіріп кетеді. Осынша бүліншіліктің көзінде Колчак өкіметі «тәртіп» орнатпақ боп, әр ауылға өз адамынан «охрана» қояды. Олардың бәрі әр ауылдың не байының, не байшігешінің балалары. Атқаратын міндеттері: ағылып өтіп жатқан Колчак армиясының жолына қажетті ылауларды, кісілерді, азық-түліктерді даярлап қою, қызылдарға тілектес адамдар болса бақылап, Колчак өкіметіне хабарлау. Сентябрьдің бас көзінде майдан жайы тіпті ауырлап кетті. Енді, Колчак пен Алашорда газеттері «Большевиктерді қуып бара жатырмыз» деуді доғарып, майданның шегі Қостанайға, Қорғанға, Тюменьге мына жағы Атбасарға жақындап қалғанын жазатын болды. Мен тұрған ауылдың маңына - бұл кезде Колчак әскері қаптап кетті. Енді, олар осы тұстан окоптар қазып, телефон сымдарын тартып, зеңбіректерін орната бастады. Білемін дейтіндердің айтуынша, Колчак армиясы осы тұста қызылдарға қатты соққы бермекші. Бұл кезде тұрғын халық пен армия адамдары сапырылысып кеткендіктен, ауыл мен ауылдың арасындағы қатынастар үзілді, енді әркім өз басымен қайғы боп, өз жанын сақтауға тырысты... Ел басына түскен аса бір ауыр жағдайды бейнелеп айтқанда, қазақтар «бір тарының қауызына сыйды» дейтін еді, сондай бір «қауызға», со бір кезде мен мұғалім болған маңайдағы ауылдардың қалай сыйып тұрғанына, осы күні ойласам қайран қалам. Алуа көлі мен Балтабай қыстауының арасында, «Алтай» аталатын кішкентай ғана көлемді шоқ ағаш болушы еді. Оның ығында, бізге мәлім домбырашы Мұхаммедқали мен оның ағайыны Әбділман үйі ғана қыстайтын. Жайшылықта бауырына сол екі үй әрең сыйып отыратын «Алтайдың» ішіне, Колчактың қалын, әскері лықып келіп қалып, елді бүрістіре кеп жөнелгенде, Алуа сыртындағы ел түгел сыйып кетті. Мұндай халде бала оқыту қайда!.. Колчактың талан - таражы басталған соң-ақ, оқитын балалар тарады да, Балтабай аулында сорайып бос қалдым... Енді не істеу керек?.. Бүр күні Балтабай аулына менің туған жерімнен таныс екі адамым келе қалды, біреуі Қиналған, екіншісі Мырзахмет. Бұларды Колчактың ерсілі-қарсылы ағылған әскерлері аттарымен ылауға алып шығыпты да, аттары болдырып, жүріске жарамайтын болған соң, қолдарына пропуск беріліпті де қайтарып қоя беріпті... Қызметке аттары жарамағанмен, өздері жараған адамдарды Колчак жібермей әкетіп жатыр. Мына екеуін жіберуі—Мырзахмет сол аяғынан шойнаңдаған ақсақ, қиналған аяғынан қиқалаңдаған ақсақ. Екі ақсақты Колчак не керегіне жаратсын!.. Қиналған мен Мырзахмет келгенде, мен жұмыссыз іш пысумен қатар туған жерімді де сағынып жүр ем, сондықтан олардың бауырсынып «бізбен елге қайт» деген сөзіне еліге кеттім. Біреулердің «мынадай аласапыран кезде атылып қап, масқара боларсың, дүние бір жайлы болғанша шыдасайшы» дегенін тыңдамадым. Екі ақсақтың қарамағында үш көтерем ат келеді екен, солардың біреуіне мен ие боп, елге беттеп кете бардық... Болдырған арық атпен қанша жер жүре аласың,. Аттарды кейде мініп, кейде жетектеп отырып, күніне «қозы көш» аталатын мөлшерге жылжып кейде жете аламыз, жете алмаймыз. Сол жүріспен, біз ілгерілеген сайын, Колчак әскерінің қимылы қоюлана, қатары қалыңдай түседі... Міне, енді, майдан жақындап та қалған сияқты, өйткені әуелі алыстан талып қана күмбірлеп зорға естілетін зеңбірек даусы, күн сайын жақындаңқырай, қатайыңқырай күмпілдейді. Менің серігімнің жобалауынша, бұл гүрсіл әрі салғанда біздің ауылдың маңындағы Стап, Кпитаннан әрі емес, немесе — бері!.. Қалың әскердің ішінде көп жүріп еттері өлген бе, әлде соғыс дегеннің не екенін білмегендіктен қорықпай ма, немесе, қалталарындағы пропускаларына сене ме,— мені серіктерім қимылдағы қалың әскердің ішін жара тура тартқылары келеді, ал пропускасы жоқ мен мүмкіндігі болғанша ағаш араларымен, саяңдау жерлермен жүріп, Колчак әскерлерінің тексеруіне ілікпегім келеді... Қысыла-қымтырыла әрең жылжып келе жатқан біз, бір кезде Колчак армиясының ішінен аман өттік - ау!.. Олай дейтінім,— біз беттеп келе жатқан жақта, «Меңгесер» аталатын сордың маңында, маңдайларында қызыл жұлдыздары бар бір топ салт атты кездесе кетті.
— Апыр-ау,— дестік біз,— мынау қызылдар болмағай еді!.
Расында солай екен. Олар бізді тоқтатты да тексеруге кірісті. Қасымдағы екі жолаушыға ешбір күдік болған жоқ, өйткені олардың қайдан келе жатқандарын дәлелдейтін пропускалары бар. Ал, мен ше?! Менің документім де, өзім де күдікті көріндім. Документім—Омбыдағы курстан «оқушы» деп алған справка. Одан бері қайда болғаныма, не істегеніме ешбір кепілдеме жоқ, өзім болсам,— қалаша киінген, жас жігітпін және Колчак армиясының ішінен келе жатырмын... Осының бәрі қызылдарға күдік туғызды да, мені Меңгесер сорының батыс жағында жиырма шақырымдай жердегі қазақша Майбасар, орысша Рождественка аталатын поселоктегі штабқа жолдауға ұйғарып, қасыма мылтықты охрана қосты... Серіктерімнің мені қимайтынын, тексеруге түскеніме іштері ауырып, не боларыма қауіптенетіндерін кескіндерінен ұғып-ақ тұрмын, «сендерге рұқсат» дегенде, мені тастап кете барды...
— Ертеден түске дейін, Майбасардың ар жағындағы шыға беріс ағашта болармыз, босасаң соған жет! — деді олар маған.
Салт атты күзетші мені Майбасарға жаяу айдап әкелді. Жолшыбай ойым мың құбылып, жүз толқиды. Жолда соққан елдерден естуім,— мен сияқты жүрісі күдіктілердің көбін шпионға жорып әскерлер атып тастайды екен. Күдікті адам боп ұсталған минутта, «мені де атады екен» деген оймен, жаным тас төбеме шыққан еді. Ол арада атылмай, Майбасардағы штабқа жөнелтілгеннен кейін, «мән-жайымды айтсам ұғар» деп үміттендім. «Майбасар» деген «П» әрпі сияқты боп, қамыстылау көлді қоршай салынған ұзын көшелі поселке екен... Көшелердің бойлары толған қару-құралдар, ат-арбалар, ығы - жығы сапырылысқан кісілер... Әлдеқайда, әлдекімдер сырнайлатып, әндетіп, ысқырып сауық жасап жатқаны естіледі. Әрбір әскердің маңдайында қызыл жұлдыз. Кейбіреулерінің киіміне, жаға - жеңіндегі қызыл жұлдыздарына қарап «бұлары офицерлері болар!» деп жорамалдаймын... Поселкенің ортасындағы алаңда, өзге үйлерден жекеленіп, көп терезелі биік еңселі қарағай үй тұр, маңдайшасында желкемді күнге желбіреп, лаулаған жалындай жайқалған қызыл ту... Күзетшім мені соған қарай айдап келеді. Ішімнен,—«үй — мектеп болар, штаб осында болар» деп жоримын, не боларымды біле алмай толқып келе жатқан жүрегім қобалжи түседі... Штаб үйінін, бір бөлмесіне кіргізген менімен, жағасында екі қызыл кубигі бар, орта жасаған, кішірек талдырмаш денелі орыс ұзақ сөйлесті. Сұрауларының түріне қарағанда ол да мені алғаш ақтардың шпионы болар деп күдіктенген сияқты болғанмен, артынан сене бастаған қалпы байқалады. Сондықтан, мен де асықпай, саспай, білген тіліммен кім екенімді толығырақ айтып отырдым. Өз жайымды біраз сұрастырғаннан кейін, командир менен Колчак тылынан білетіндерімді, ол жақтағы елдердің хал-жайын ұзақ сұрады... Бір көзеңде командирге Қыстаубайдың Жақыбын атап қап, онымен қалай жолығысқанымды айтып ем:
— Кім?.. Кім дедің?..— деп құлақ түре қалды командир. Мен: «Жақып Қыстаубаев» деп сөзімді қайталап ем:
— Бізде аты, фамилиясы сондай жігіт бар,— деді командир.
— Оны көруге болар ма екен! — дедім мен қуанып кетіп.
— Әрине, болады... Шақыртайын...
Жақып ұзамай-ақ кеп қалды. Мен тани кеттім,— өзіміздің Жақып!.. Тек, киімі ғана басқа: үстінде белін қынай буынған сүр шинель, басында шошақ төбелі, маңдайына жұлдыз қадаған шлем!.. Мына түрінде ол бұрынғысынан да сұңғақтанып, сұлуланып кетіпті. Оның қазіргі түр-тұлғасына қарағанда, «шіркін, жігіт болса осындай болсын!» деп сүйсінерліктей!..
— О-оу, пұшық, сен қайдан жүрсің?—деп түрегеле берген мені Жақып құшақтай алды... Мен кеудеме сыймай кеткен қуанышты көтере алмай жылап жібердім...
— Сен таниды екенсің ғой, жолдас Қыстаубаев, бұл жігітті?—деді командир жымиып.
— Енді қалай, Владимир Иосифович, ол менің танысым да, туысым да...
— Ақтардың шпионы емес қой бұл?— деді командир жымия түсіп...
— О не дегеніңіз, жолдас Гозак... Қызыл Армияның бостандық беруге келе жатқан адамының бірі осы... Өзі ауылдық учитель...
— Солай ма?!—деді Гозак,— сенін, білгенің жақсы болды, әйтпегенде көп тексеретін ек мұны. Колчактың курсынан жылдың басында алған справкасынан басқа түк документі жоқ...
Тағы да аз қалжың сөздер айтқаннан кейін, Жақып Гозактан мені бүгінше қасында болуға сұрап алды, ертеңіне штабқа қайта әкеп маған еліме қайтатын пропуска алып беретін болды. Ол кеш қызыл әскерлердің ойын-сауығымен аса көңілді өтті. Сауықтан кейін пәтеріне әкеліп қондырған маған, көзіміз ұйқымен жұмылғанша, Жақып басынан өткізген уақиғаларын қысқаша айтып берді. Ол, әрине шығарма ғып жазбай, ер Жақыптың алдында, менің мойнымнан еш уақытта түспейтін борыш... Жақып ішінде болған партизан отряды, қызылдарға Қорған қаласында қосылып, Қызыл Армия қатарына кіріпті...
Қызылдардың кім екенін енді ғана біліп, Жақыпқа.
— Сендермен ере кетсем қайтеді?—деп ем:
— Піскен асқа ие болмас болар,-— деді ол күліп,— жекіп келе жатқан Қызыл Армияға сенің қазір қажетің аз. Және керек қылғанмен, сен мылтық ұстай білмейсің... Бұл қалжың сөзім,— деді ол, аздан кейін,— туған еліңе барып қайтсайшы. Бірақ, көп жатып алма. Қызылжарға кеп қызметке кіріс!
— Сен ше?
— Менің сапарым ұзақ... Россияның шығыс жақ шеті әлі алыс деседі. Соны жаудан тазартқанша, осы армияның қатарында болам...
Ертеңінде Жақып мені штабқа әкелді де, кешегі штаб начальнигі — Владимир Иосифович Гозактың қолынан «еліне қайтып бара жатқан мұғалім, бұған барлық совет және әскери ұйымдар көмек көрсетсін» деген пропуска жаздырып берді.
— Ал, қош болыңыз, жолдас Мұқанов,— деді Гозак маған, пропусканы бергеннен кейін қолымды алып, — азаттыққа алған путевкаңыздың бастамасы осы пропуска болуына сенем. Бақытты сапар болсын!..
— Рахмет сізге, жолдас Гозак! — дедім мен.
Расында осы пропуска менің бақыт сапарына аттануымның басы болды. Сол сәттен бастап, мен азап тауынан астым да, бақыт тауына өрледім...
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
«АЛҒАШҚЫ АДЫМДАР»
БАЙЛАУДАҒЫ БАҚЫТ
Владимир Иосифович Гозактың қолы қойылған пропусканы қалтама салып тысқа шықтым. Жақып менімен ере шықты.
— Кәне, достым,— деді ол қолын ұсынып,— енді қоштасамыз да.
— Жақсы, қош бол! — дедім мен де қолымды ұсынып.
— Айтпақшы,— деді ол менің қолымды қыса беріп,— сен сонда еліңе жаяу кетесің бе?
— Бұл араға дейін алып келген серіктерім, мені жолда тосып отыруға тиісті.
— Егер тоспаса не істейсің?
— Онда жаяу тарта берем де. Кеше біреулерден сұрастырып ем, мен баратын ауыл бұл арадан елу-алпыс шақырымдық қана жерде көрінеді. Оған жаяу - ақ жетем, күн жылы, жер құрғақ.
Жақып көркем кескінін жымита маған аз қарап тұрды да:
— Жоқ, оның реті болмайды, жолдас. Мен сені серіктерің тосам деген жерге дейін шығарып салайын. Олар тосса тосты, тоспаса солай қарай кетіп бара жатқан біреуге мінгізіп жібереремін.
Жақып мені пәтер үйіне алып келді де, өзі бір атқа мініп, мені бір атқа мінгізіп, екеуміз жөн тарттық, бетіміз қаланын, батыс жағы, ол бетте, шамасы төрт-бес шақырым жерде сиректеу өскен орман көрінеді. Егер күтсе, менің серіктерім сонда болуға тиісті. Екеуміз кеңесіп отырып, бет алған орманға келсек, оның ішкі алаңында серіктерімнің тұсаулы аттары көрінді, өздері жоқ!.. Олар тығылып қалған екен. Жақып пен мен қосарлана шақырғанда әрең шықты. Қиналған оң жақ аяғынан, Мырзахмет сол жақ аяғынан шойнаңдай ақсап келе жатқанда:
— Мыналарың өтірік ақсап келе ме, шын ақсап келе ме?— деді Жақып күліп.
— Кісі өтірік ақсай ма екен?
— Қорыққанда не істемейді дейсің адам. Қорыққан кейбір адамның өп-өтірік сақау, саңырау немесе жынды бола қалғанын талай көрдік...
— Бұлар шын ақсақ,— дедім мен,— және екеуі немере туыстар...
— Құдайдың қосуы - ай, екеуін парлап!—- деді Жақып күліп,— және жанасатын аяқтарынан ақсатуын қарашы!..
— Ия, неге тығылдыңдар?—деді Жақып олар жақындағанда, атынан түсіп.
Аттан мен де түстім. Мені керіп еркінсінгендей:
— Заман тығылмасына ерік беріп тұр ма?— деді Мырзаахмет,— ұшынып тұрған уақыт емес пе, қылдан тайсаң асып тастайтын?..
— Әй, сен екеуіңді ешкім ата қоймас,— деді Жақып күліп.
— Атпа-а-ғ-ғ-ғ-аныңды білмеймін,— деді тұтыға сөйлейтін Қиналған,—б-б-бізден жа-жа-жамандарды да а-а- атып ке-ке-кеткендерін кө-кө-көзімізбен көрдік...
— Ақтар ма, қызылдар ма?— деп сұрады Жақып, жымиып.
«Қызылдар» деп айтып қалама дегендей, Мырзахмет Қиналғанға жалма-жан көзін қысты. Оны көріп қалған Жақып:
— Сен қосарланба,— деді Мырзахметке,— кім десе де өз аузынан айтсын.
— Қы-қы-қызылдарды кө-кө-көріп тұрғаным, бү-бү- бүгін ғой,— деді Қиналған тұтығуын үдете түсіп,— бі-бі- біздің бі-бір ай бо-бойына кө-кө-керіп келе жатқанымыз а-а-ақтар. Со-со-со-лар бі-біздей жандарды да та-тала- йын а-а-атып тастады...
Жақып Қиналғанның сөзіне қарқылдап күліп алды да:
— Қылығы жат адамдарды біз де атамыз,— деді менің серіктеріме байсалды дауыспен — түрлеріңнен байқап тұрмын, ондай адам емессіңдер, сендер. Жобаларын, — екеуің де қара қасқа кедейсіңдер. Солай ма?
— Әкем Қиял қазір жетпісте,— деді Қиналған,— ол да есін білгеннен бері байларда жылқышы боп кеп, аттан қартайғанда түсті. Мен де ес білгелі жылқының соңындамын...
— Байдың жылқысы ғой, сенің баққаның да?— деді Жақып күліп.
— Әрине!— деді Мырзахмет.— Өзіме бағатын жылқы қайдан біте қойды дейсің менің? Әкемнің де, менің де өмір бойы баққанымыз Әлти байдың жылқысы.
— Рас,— дедім мен.
— Ал, мен,— деді Қиналған тұтығуын азайта сөйлеп,— өмір бойы кісі есігінде жалшылықта тұрдым. Ағам Саркеш те жалшылықта. Әкем Досымбек те өмір бойы жалшы болды...
— Рас,— дедім мен.
— Қызылдың сендер сияқты жалшылардың қамын ойлап жүргенін білесіңдер ме?—деді Жақып.
— Естиміз,— деді Қиналған мен Мырзахмет қосарланып.
—Байлардың және ақтардың қызылды жамандағанын да естідіңдер ғой?..
— Оны естіген жоқпыз,— деді екеуі жалтақтап.
— Жо - оқ, естідіңдер,— деді Жақып күліп, менен қорқып айтпай тұрсыңдар. Қорықпай-ақ қойыңдар. Байлар мен ақтар, қызылды жамандаған сөзді елдің құлағына құйып баққан. «Қызылдар жүрген жерін қырады, жояды деп зәресін кетіріп қойған. Сондықтан, жолшыбайғы ел, бізге, то-есть қызылдарға әуелі үрейлене қарайды да, көрісіп танысқаннан кейін, шүйіркелесіп кетеді..
— Біздің де сөйткіміз кеп тұр,— деді шапшаңдау Мырзахмет, — түсі игіден түңілме» деген екен аталарымыз. Түсін, жылы жігіт екенсің. І\ызылдар туралы естіген жақсы сөзімізде де кеп, жаман сөзіміз де кеп. Соның қайсысы, дұрысын түсіндіріп кетші өзің!
— Қызылдардың бай атаулыға қарсы екені рас,— деді Жақып.— Орыстың байы, қазақтың байы, ноғайдың байы демей, барлық байды да ол жек көреді.
— Сонда, не істейді байға?—деді Қиналған.
— Мал-мүлкін түгел тартып алады да, біразын қазынаға, біразын кедейлерге бөліп береді...
— Шіркін-ай, Әлтиді сөйтсе! — деді Мырзахмет.— Нелер кедейдің ақысы кеткен еді мойнында. Оны әперер күн туса, кедейлер оның үстіне құмырысқадай үймелер еді.
— Солай болады! —деді Жақып,— ол үшін біздің, қызылдарға кедейлер — өздерің жәрдем берулерін, керек. Біздің өкіметті Совет өкіметі дейді. Ол сендер сияқты шын мағынасындағы еңбекшілердің өкіметі. Қызыл Армия жеңген жердің бәрінде совет өкіметі орнайды. Ол өкімет байларды жою, кедейлерді ауқаттандыру ісін қолға алады. Бұл жұмыста өкіметтің жәрдемшісі кедейлер өздерін, боласыңдар. Ертең елдеріңе барғанда, осы жұмысқа араласуларың керек.
— Бізге билік тисе, байлардың желкесіне мінетін шығармыз,— деді Мырзахмет.
— Сөйту керек,— деді Жақып.— Жақынын, болсын, жатын, болсын, бай атаулыны аямау керек. Ал, кедейлер — өздерің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, ұйымшыл болуларын, керек...
Қиналған бірдеме дегелі келе жатыр еді.
— Сен тоқтай тұр, — деп Жақып он.ы тоқтатып қойды да,— кедей мен байдың арасын ашу, байды жою, кедейді көтеру жұмысы ұзақ сөз, оны қазір кеңесіп тауыса алмаймыз. Совет өкіметі ауылда құрыла салысымен, бұл іске арнаулы өкілдер шығып түсіндіреді. Сонда естисіңдер бәрін. Оның бәрін түсіндіруге менің білімім де жетпейді, уақытым да жоқ...
Қоштасуға ыңғайланған Жақыпты мен серіктерімнен оңашалаңқырадым да:
— Жолда қызыңа түсемісің?— дедім қалжыңды кескінмен.
— Қайдағы қыз?
— Нешеу еді, сүйген қызың?
— Ә-ә..— деді Жақып, менің сұрауымды енді ғана түсініп.— Анау қызды айтады екенсің ғой, сен... Зүбәйланы?..
— Иә, Қозкенің қызын!..
— Сенін, бөлеңе атастырған екен ғой оны, қызғанбаймысың?
— Сүйген жүрекке зорлық жоғына түсінем мен...
— Қалай, ұнай ма саған ол қыз?
— Мінезі де, қылығы да ұнайды, сымбаты да жақсы. Тек, өңі қоңырлау демесең...
— Сөз еместі айттың ғой,— деді Жақып кейіп, —өңіне ас құйып іше ме адам оның? Кісілігі келіссе жетпей ме?
— Әрине! Ал, кісілігі қалай өзінің?
— Жақсы адам! — деді Жақып демін соза алып.— Оның әкесі — Қозеке, дәулеті шағындау болғанмен, Андағұл руындағы беделді бидің бірі емес пе? Інісі — Әбіл,— патша заманында да, Колчак заманында да кеп жыл үздіксіз ауылнай болып келді. Сондай адамнан туған қыз, егер ақылсыз болса, мен сияқты жалшыны менсінбес еді. Кісілігімді бағалап менсінгені, кісілігі емес пе оның?
— Әрине... Сен ол қызбен ерте танысып па ең.
— Бес-алты жыл бұрын, балалау шағында.
— Қалай?
— Менің әкем Қосағаш дейтін поселкеде кеп жыл мал бақты. Бізге жалғыз сиырдан басқа мал біткен жоқ. Сол сиырдың жалғыз бұзауын Әбіл ауылнай, жыл сайын раматқа деп алады да кетеді. Әкем де, ағам Бейсембай да қарсыласпайды, екеуі де момын адам. Бір жыл күздігүні Әбіл біздің жалғыз бұзауды тағы да алам деп келгенде, мен бермеймін деп жанжал шығардым...
— Сен нешеде ең, онда?
— Он жетіде едім. Әбіл тартып алмақ болғанда, мен онымен төбелестім де, қуып жібердім. Артынан ол жігіт жинап әкеп, мені байлап әкетті де, ертеңіне Явленодағы приставка апарып бермек боп, Қозкенің босырақ тұрған киіз үйіне түнде аяқ-қолымды байлап тастады. Үйдегілер ұйықтады. Не істеуге білмей, ызаланып біраз жаттым да, қалғып кеттім... Бір кезде әлдекімнің қолы тигендей болғанға ояна келсем, бір адам байлаулы аяқ-қолымды шешіп жатыр. «Кімсің?» деп сыбырласам, «үндеме!» дейді ол да құлағыма сыбырлап.
— Кім екен?—дедім мен асығып.
— Соны айтқалы келе жатырмын ғой,— деді Жақып,— аяқ-қолымды шешіп болғаннан кейін, әлгі адам мені қолымнан жетектеп, еппен басып есікке қарай жүрді. Жіңішке бір нәзік қол!.. Ол есікті де еппен ашып, тысқа менімен бірге шықты, шамасы он үш, он төрттегі қыз!.. «Ал, аға, жолың болсын!» деді қыз. Мен оны құшақтап тұрып, денесін бауырыма қыса сүйдім...
— Осы қыз ба, сол?
— Әрине.
— Қымбат қызың екен ғой,— дедім мен.
— Рас, қымбатым! — деді Жақып.— Совет өкіметі құрылмаса, ол қызға қосылу, менің жете алмаған ен, зор арманым боп қала берер еді. Енді мен, ол арманыма, әрине жетем!
— Сонда, осы бетіңде үйленесің бе?
— Өй ақымақ,— деді Жақып күліп,— армия қатарында жүрген және соғыста жүрген жауынгер үйлене ме екен? Жауды жеңіп қайтқаннан кейін де уақыт жетпей ме?
— Қозке саған бере ме, сонда, қызын?
— Бермегеніне қараймын ба? Совет өкіметі әйелдің до басына бостандық береді. Мен сол заңға сүйенем!..
— Біз де солай үйленеміз де енді? —деймін мен қуланып.
— Рас,— дейді Жақып,-— жалғыз мені мен сен ғана емес, енді Совет өкіметінің қол астында қай қыз бен қай жігіт болса да сүйгеніне қосылады!.. Әсіресе, қыздар!.. Ол сорлылардың бақыты байлаулы еді ғой, атам-заманнан бері... Енді шешіледі!.. Бұл жөнде де сен ел ішінде үгітші бола жүр...
— Әрине, сөйтем...
Тағы бірдемелерді сұрағалы келе жатыр ем:
— Өй, сенімен кеңесіп тұрам ба мен, осылай?— деді Жақып,— кешігіп қалдым. Қайтайын. Тіршілік болса, тағы да кеңесерміз бұл жайда. Анау серіктеріңе амандасайын да, аттанайын.
— Оқасы жоқ.
Жақып менің серіктеріме келді де, олармен қол алысып қоштасқаннан кейін:
— Ал, сонымен, қош боласын, да енді,— деді маған қол алысып,— аулыңа барып амандығын білгеннен кейін, жатып алушы болма. Қызылжарға төз қайт та, Совет өкіметінің ісіне аралас. Мен де көп кешікпей қайтармын. Мына қашқан түрлеріне қарағанда, ақтар енді қаншаға шыдар дейсің. Қайтып келген соң қызметті бірлесіп істейміз.
— Әрине! — дедім мен, Жақыпты қимаған көзбен жаутаңдап.
Ол екеуміз құшақтаса сүйісіп қоштастық. Жақып содан кейін атына мінді де жөнеле берді. Оның атын түстеуді ұмытып барады екем. Атқа көзім кеше кешке, Жақып мені пәтеріне алып барғанда түскен. Денесі әрі сұлу, әрі биік, әрі жарау бұл аттың түсі: құлағынан бастап шашасына шейін денесін түгел жапқан теңгелей дөңгелек қарашұбар, талай шұбар жылқыларды кере жүре, мұнша сұлу жаралған шұбарды көрмеген мен:
— Апыр-ау, Жақып - ау, мынаны қолдан бояттың ба, болмаса, жаралуы осылай ма?!.— деп сұрағанымда:
— Өй, ақылы жоқ,— деген Жақып күліп,— қолдан кісі осылай бояй ала ма екен және бояса, ол бояу шайылмай тұра ма екен!.. Нанбасаң қолыңмен жүндерін ашып көрші өзің, түбіне шейін ағы ақша, қарасы қараша көрінбесе, маған «тіфу бетіңе» де.
— Бұл атты қайдан тауып алып жүрсің, Жақып - ау?! — деген сұрауыма.
— «Болғансын өзім батыр кімді аяйын, өлтіріп Төлегенді тартып алдым» деп Бекежан айтқандай, Қорған түбіндегі соғыста қаша жөнелген ақтар армиясының бір генералын қуып жетіп, қылышпен шауып түсіргенде, астында осы шұбар бар екен. Атты командирім маған сыйлады,— деп жауап берді Жақып.
Мына, Қиналғандар тығылған ағашқа қарай беттеп келе жатып, Жақыпқа «кәне, атыңның шабысын көрсек қайтеді?» дегенімде, «көрсек көрейік» деп ол шаба жөнелген. Менің астымдағы жарау жирен ат та бір кермеге ешбір жылқыдан кем сияқты емес те, сондықтан, қосарлана мен де шапқаныммен, Жақыптың шұбары ілезде қарасын көрсетпей кеткен... Аз ғана шауып мені тосып алған Жақыпқа, «апыр-ау, мынадай шабысты жылқыны мінген генералды қандай жылқымен қуып жеттің?!» деп сұрағанымда, «жеткізетін жылқы емес бұл,— деген Жақып,— мен де жете алмайтын ем, егер генералдың сорына қарай, алдынан сазды жырақа кездеспесе... Қан түртті ме, неме¬не, ат қарғып-ақ, өтіп кететін жырақада сорлы генерал іркіліп қап, мен сонда ғана қуып жеттім!..» Бізбен қоштасқаннан кейін, Жақып шұбарын тебініп қап шаба жөнелді. Тұяқтары тиген жердің топырағын аспанға жентектей лақтырған ат, лезде көзімізден ғайып болды...
— Орыс - қазақтың байларының талай қаз мойындарын кездестіріп ем, — деді Мырзахмет, Жақып бізден қарасын үзгеннен кейін,— нақ мұндай сұлу, мұндай ұшқыр жылқыны көрген емен!..
— Жі-жі-жігітің а-а-айтсайшы!..— деді Қиналған. Ші- ші-шіркін, на-нар жігіт екен-ау!.. А-а-ат со-соның ма-ма- маңдайына қарай кездесіп тұр, ғой.
— Менің қызылдан бірінші беттесіп сөйлескенім осы жігіт,— деді Мырзахмет,— егер, қызыл деген осы болса, мынауың жатып жастық, иіліп төсек боп тұрған сыпайы
біреу ғой!..
Беттеген ауылымызға біз жолшыбай төрт-бес қонып әрең жеттік. Бұл кезде жел теріскей бетке шығып, күзгі күннің райы суыта бастаған... Ағаштардың сарғайған жапырақтары түсіп, бұтақтары арсалануға айналған. Сондай салқында жұқалау киіммен тоңазыңқырап келе жатқан біз, жолшыбайғы ауылдарға жиі-жиі тоқтаймыз. Сонда әр ауылда да еститін кеңесіміз қызылдар мен ақтар туралы; қай ауылға барсаң да ақтардың талап кеткенін .айтып зар қағады. Ал, қызылдар туралы айтары,— Мырзахметтің сөзі. Мен оларды білгенімше үгіттеген болам... Жолда маған апам Зәренің үйі кездесті. Ол өткен жазда қайтыс болып, жездем жаңадан үйленген екен. Қабағы суық ол үйге тоқырамай, бір ғана қонып, екінші апам Ұлтуғанға барсам, оның күйеуі өліп жесір қапты. Шаруасы әлсіз, бас көтеріп, кесіп істер адамы жоқ бұл үйдің күн көрісі ете нашар екен. Бар малы екі сиыр, бір ат. Оларды расходқа ұстаса, алдағы жылдарда не күн көреді!.. Астық жоқ, сатып алуға астық табылмайды, егер аздап табыла қалса, бағасы аса қымбат... Үй ішімен ошақ басы кеңесіп біз мынадай ақылға келдік: екі сиырдың біреуін соямыз да, етін орыс поселкелерінің біреуіне апарып сатып, астық аламыз. Ол таусылғанға дейін, мен осы үйдің атымен Есіл бойындағы туыстарыма барам да астық алып келем. Сол сапарымда мен аз күнге Қызылжарға да соғып, болашақта атқаратын өкіметтік қызметтің жайын біліп қайтам. Екі сиырдың семіздеуін сойып, көршілес поселка Макарьевкеге апарып сатқанда, он пұт бидай болды. Ол әрине, қыс ортасына дейін бұл үйдің талғажау қылуына жетеді. Сойған сиырдың бас сирағы ішек - қарны сияқты ол-пұлы сорпа-суан бола тұрады... Апам үйінін, ішермендік азығын бірыңғайластырғаннан кейін, Қызылжарға жүрер алдында, менің туған ауылым — Жаманшұбарға барып, көптен көрмеген туысқандардың амандығын білуге көңілім кетті. Жаманшұбарға барып кеп, Қызылжарға содан кейін жүруге ат шыдамайды, сондықтан, бұл үйден біржола аттану қажет. Мен Жаманшұбарға жеткенше күн райы суытып, жапалақтап қар жауа бастады. Жаманшұбар маңында орман жоғы, оның «орманы»— түрегелген адамның бойынан аспайтын шіліктер екені бізге мәлім. Мен барған кезде Жаманшұбардың үш ауылы: Жансүгір, Жарылғаз, Болат— қыстауды айнала біткен әр шіліктің ішіне ықтай қонған екен. Мен, әрине, өзімнің туған ауылым «Жарылғасқа», оның ішінде әкемнің інісі Мұстафаның үйіне келіп түстім. Шаруасы бұл кезде де шағын болғанмен, жыртық құрым кигіз үйі бұрынғысынан өзгермегенмен, үлкен екі баласы Қамза мен Ғаббас ержетіп мал түлігі болғандықтан, азық жағынан бұл үй тоқ екен. Мұстафаның ескі сырқаты (сүйек туберкулезімен ауыратыны бізге мәлім) қазір меңдеп, біржола төсек тартып жатып апты. Көптен көрмей сағынғандығы ма, әлде, оқу оқып адам боп келді деп елегендігі ме, мені өз ауылымдағы туысқандарым да, көрші ауылдағы жам - ағайындарым да қолдан келген сыйларын жасап, құрметпен қарсы алды. Бұл ауылдардың да қазіргі басты кеңесі қызылдар жайы екен. Өзгелерден жүріс-тұрысы да молырақ, естуі де көбірек Нұртазаның ұғымында, қызылдар, әрине, «құбыжық», Бұл жөнде мұғалім баласы Молдағазы мен екеуінің пікірі екі басқа екен: газет, журнал оқыған, жалпы саясаттан хабары бар және ой-санаға бейімділігі бар Молдағазының айтуынша, қызылдар халық қамқоры. Әкесінің пікіріне сырттан қарсы боп жүретін Молдағазы, бетпе-бет ештеңе дей алмайды екен. Ал күніге қонаққа барғандықтан және Нұртазаның мінезін білетіндіктен, «тулап қайда барар дейсің» деп ойладым да, мен де онымен бетпе-бет таласқа түскен жоқпын, қызылдар туралы көрген - білгенімді былайғы момын шаруаға ғана айттым. Нұртазаға сол сыпайы қалпыммен аттанып кетер ме едім, қайтер едім, егер М... аталатын бір қыз жөнінде ерегісе қалмасам. М... менің бала күннен бергі досым. Оқушыларға белгілі — Хабибулла Ғазизуллин дейтін молдадан сабақты біpгe оқыдық. Оның әке-шешесінің алғашқы балалары еле беріп, бұл қыз өлім сарқытындай болған соң және «арты құтты» болып, іле ұл туған соң әке-шешесі еркелетіп өсірген. Әкесі Қорған қаласына барып, ірі купецтердің біреуінде қызметін атқарып жүретін адам, сондықтан ол М... ді қалаша сәнді киіндіреді. Мысалы, біздің елу үйлі Жаманшұбарда резеңке кебіс киген, фабрикада тігілген қисық табан әмірқан етік киген, үстіне жолақ барқыттан бешпент киген бірінші қыз осы М... Молдадан оқитын ұл, қызы аралас отыз-қырық баланың ең зирегі осы М... болатын. Молданың бір айтқан сабағын ол екі айтқызған емес. Оқуға шабан балалардың көпшілігі М... нан үйренумен молданың дүресінен құтылатын... Хабибулла Ғазизуллинның молдалығы нашар бола тура; «Қираәтқа», яғни әнге шебер екенін біз білеміз. Араб не фарсы тілінде өлеңмен жазылған кітаптардың сөздеріне түсінбей оқитын молда, оларды әндетіп айтқанда тыңдаушыны қайран қалдырады. Кейін білсем, Хабибулла «Мұхаммедияны» татар халқының тамаша әнінің бірі — Тәфтилаумен айтады екен. Молда шәкірттерінің де әндетіп оқуын жақсы көреді. Өлең кітапты, әсіресе «Мұхаммедияны» әндетіп оқитын. балалар көп, солардың ішінен М... ерекше орын алады. Оның күмістей сыңғырлаған әдемі даусы тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, елітіп жібереді. Молданың әндетіп оқитын бір кітабы Мұхаммет пайғамбардың тарихын баяндайтын — «Мұхаммедия». Арабша, парсыша, түрікше сөздерді араластырып өлеңмен жазылған бұл кітапты түсініп оқымағанмен, елеңдетіп оқуға келгенде молда тыңдаушысын ұйытып әкетеді. «Мұхаммедияны» әндетіп оқуда М... молдасынан әлдеқайда асып түседі. Әнге әуесім бар мен де М... ға қосылам... Екеуміз «Мұхаммедияны» көбінесе бірігіп айтамыз... Сондықтан ба, әлде әке-шешесінің маған мейірімділігінен бе, сабақтан бос уақыттарда М... үйіне мен көбірек барам... Әкесі мен шешесі екеуміздің қосылып айтқан әнімізді қызық көріп тыңдайды... Балалық шақта соншалық дос болған М... нан мен он бір, он екі жасымда айрылып, күн керіс жағдайымен қаңғырып кеттім де 1916 жылы ғана көрдім. Бұл кезде М... оқудан шыққан екен. Қазір ол сұңғақтау талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы, дөңгелектеу жүзді, жіңішкелеу қыр мұрынды, ұзындау қайқы қара кірпікті, екі жарып өрген бұрымы мықынына түскен, кептің көзін тартатын сұлу қыз болып қалыпты, әкесі әзірге оны ешкімге атастырмапты. Оқушыларға мәлім Жұныс Баймұхамметов, бұл кезде біздің ауылда мұғалім екен. Жасы 22—23 те, сымбатты денелі, сұлу кескінді Жұныс М... ға ғашық екен. Менімен танысқаннан кейін және менің М.., мен дос екендігімді білгеннен кейін, Жұныс маған сырын түгел ақтарды да, жолдаған өлеңдеріне М... ның жауап қайтармайтындығын айтты. Ол жолдаған өлеңнің біреуі былайша жазылған екен:
Хұрмәтлу хат аязамын сізге арнап,
Хәйләсі бұл дүнияның неше тармақ.
Жазды деп бу өлеңді ғайып етпе,
Атрафын бұл сөзімнің білсең аңлап,
Асылдан пайда болған асыл затым,
Ежелден жұрттан артық сенін, даңқың.
Құрбыңыз көңілінен берді хабар,
Жұныс дүр, мұны жазған менің атым.
Шырағым, бетің айдай, шашың сүмбіл,
Жәнеде екі бетің ал - қызыл гүл.
Жігіттің сізді құшқан арманы жоқ,
Сайраған бақ ішінде сен бір бұлбұл
Хұрмәтлу хат язамын асыл затқа,
Бұл хабар шашылмасын бутән жаққа.
Айдында қалықтаған біз бір сұңқар,
Сіз аққу, жамалыңды салдым хатқа.
Өлеңді тағы бірнеше қайталап оқығаннан кейін, Жұнысқа мен ұнатпайтындығымды, өлеңде қыздың жанын қозғарлық жалын жоқтығын айттым.
— Енді не істеу керек? — деген оның сұрауына, менің берген жауабым:
— Дағдылы шілдехана мен алтыбақанда айтылатын «Қалқам шырақ» қыздың жүрегін әрине қозғай алмайды. Оған өз көңіліне қонатын сөз табуыңыз керек...
— Жақсы,— деді Жұныс,— ойланайын тағы да. Тек, сенен өтініш М... екеуміздің арамызға дәнекер бол!..
— Бір ғана шартпен,— дедім мен.— Ойыңда құр ғана бозбалалық болса, оған мен кіріспеймін. Егер, мақсатын, түпкілікті үйлену болса, онда кірісем.
Олай дейтінім, — «жат жұрттыққа жаралған» қыздың үйінде отырмайтынын, көп қыздың, бақытсыздығына қарай теңі кездеспейтінін білем. Жұныс М... ның теңі. Ендеше, оның бұған қосылуына неге тілектес болмайын!.. Бір күні Жұныс мені «Дос» келінің жағасына оңашалап алып кетті де, «барлық ой-санамды жұмсап, жазған өлеңім мынау еді, осыны оқып көрейік» деп қалтасына бүктеп салған қағазды суырып, оқи бастады. Өлең былай жазылған екен:
Ғизатлу, бек зияда уа хұрмәтлу,
Мәгәрки көрсем сізді көңілім шатлу.
Уә ләкин көре алмасам феризатты
Хасірет дерті бізде боп тұр қатлу..
Уаллаһи бұл сөзімнің жалғаны жоқ,
Дертім қатты, жазылар дәрмені жоқ.
Мақсұтқа ерішпесем тағдир ісі,
Көңілдің көріп жүрсе арманы жоқ!
Хәдистә сұлу қызды сүю сауап,
Қағбам деп еткім келеді сізді тауаф
Сіз шам-шырақ, мен міскін фәруана боп,
Асығып үшбу хатқа күтем жауап.
Сөздерінің жартысы түсініксіз болғанмен, бұл өлең хат маған ұнады. Сондықтан мен, оңаша мезгілін тауып, М... ға хатты апарып бердім. Не екенін айтпай берген қағазды қолына алып оқи бастаған М.., қып-қызыл боп кетті де, бұ немене еді?!» деп қағазды тастай берді... Жерден алған қағазды қайта ұсынғанда:
— Мұның қалай?!—деді ол өкпелі кескінмен,— мен сені туған бауырымдай көретін едім ғой!..
Менің одан кейінгі сөзімнің біреуін де тыңдамай, М... ешбір жауап бермейді, ұзын кірпігін төмен түсіріп жіберіп, демі қара көзін өлусірете төмен қарайды да, былай да шырайлы бетінде қаны жалындай ойнап қызара түседі... Ал Жұныс ше?.. Ол,— «не жауап айтады?..» деп қыр соңымнан қалмайды. Қызды көндіре алмауыма көзім жеткеннен кейін, маған ермек керек болды да, қыз болып Жұнысқа өз тарапымнан былайша екі ауыз өлең жазып жібердім:
Молдеке сіз жолдаған алдым хатты
Хат екен, сөзі майда, тілі тәтті.
Уәләкин, хақ рәсулім айтқан жоқ па,
Хадистә харам зат деп махаббатты.
Сіз жұрттың бетін түзер Құбладайсыз,
Хадисті неге ендеше бұрмалайсыз?
Қәғбаны қызға теңеп қияметте
Шәрманда гүнәһкәр боп тұрмағайсыз!|
Жұныс «расын, ба, әй, Сәбит?.. Қалжыңың, не ойынын, емес пе?.. Жылдан аса уақыт, өлеңмен жауап қайтару түгіл, дұрыстап бір ауыз сөзбен жауап қатпаған қыз, былайша қалай батыл бола қалды?! Ойының болса айт!.. Мені бекерге арандатпа!» — деді. Мен шынымды айтпадым. Ақыры, маған иланған Жұныс, М...ға былайша деп өлеңмен екінші хат жазды да, маған оқыды:
М..жан, біздің қолға тиді қағаз,
Жазғанын Фәһәмләдім сіздей шәһбаз.
Таңқиттап жазсаңыз да, хат келгенде
«Өңім бе, түсім бе» деп тұрдым біраз.
Дариға, түсім болмай, болғай өңім!
У болмас еді сонда алған дедім.
Махаббат жоқ деуші жан, кім болса да,
Еш уақыт досым емес, жауым менің.
Баласы Қасым патша Сейпілмәлік
Фәһәмлә бұл сөзімді жадыңа алып.
Қаншама су жүзінде михнат шекті,
Бадиғұл — Жамал үшін сафарланып.
Ғарапта Ғабдүлуәли жиһан келді,
«Мәжнүн — Ләйлі» деген ат байланып.
Орнаған махаббатсыз көңілге тат
Махаббат һәр уақытта жанға қуат.
һәміре ғашық үшін қандай болды,
Түсіне көрінумен бір фәризат.
Барады жазған сайын бойым ысып,
Егер де сүйіспесе екі ғашық.
Махаббат тәңірі алдында гүнаһ болса,
«Құранға» неге кірді «сурә —Юсуф!»
Ендеше мен де неғып аялдайын,
Екпіндей шаппай қалай аяңдайын.
Уаллаһи иланыңыз, болдым ғашық
Мен сізге Қозы - Көрпеш — Баяндайын.
Сізсіз ғұмыр — тамырсыз ебелектей,
Сізді ғана күн кешем төңіректей,
Сөзімді ілтифатқа алмасаңыз,
Күйемін отыңызға көбелектей.
М...ға мен бұл өлең хатты да апарып бердім. Ол үнсіз жауап қатқанмен, жобасына қарауымша, ар жағы жек те көрініп тұрмаған сияқты... Әлі қауызынан ашылып болмаған ұятының гүлі «пәлен» дей қоюға шыдамайтын сияқты... Бірақ, бұл сөздерді аяқтауға 1916 жылдың дүрбелең кесірлік жасады да, басын қорғаған Жұныс, оқуды сылтау ғып кете барды. Одан кейін Жұныс пен мен 1917 жылдың қысында кездестім. Оның айтуынша, қыз бен ол менен кейін жолығып сөйлескен, бірақ бұл кезде қыздың басы байланып, әкесі оны әлдекімге атастырып қойған. Артынан сұрастырсам, М...ға құда түскен жер маған таныс боп шықты. Күйеуді де мен білем: зор денелі, жалпақ, қара бұжыр бетті, жасы отыздардан асқан, сақал - мұртын қырып жүретін, момын мінезді жігіт. Ол, әрине, М...ның теңі емес... 1918 жылдың күзінде, Омбыға оқуға жөнелердің алдында Жаманшұбарға соғып, М...ға сөйлессем, күйеуінің кескінін көрмегенмен, көрген жұрттың айтуына қарап, аса наразы екен. Бірақ, наразы болғанда амал қанша!.. Қазақтың қай қызы күйеуге өзі сүйіп барып жатыр!.. Бұ да соның бірі!.. Сондықтан, бұл жөнінде сөйлессем, мөлдіреген ж а сын көзіне іркіп aп, оның айтары: «Тағдырдың жазғаны осы да!.. Оған амал нешік!..» Мұңдасқан екеуміз Жұнысты еске алдық. Ол өткен көктемде туберкулез ауруынан өлген екен...
— Мен оны ұнатқан да едім,— дейді ой-санасы бұл кезде ержетіп, болашағын болжайтын халге келген М...— алғаш іркілген мені, артынан тартындырған сырқаттығы і ана еді. Онымен бірге өлсем, арманым да болмас еді. Міне, енді өмір бойы арманмен, жылаумен өтетін болдым!..
М...ның бұл қайғысына ортақтасып жазған мына бір өлеңім, бозбала арасына тарап кетті:
Болғанмен ұл да адам, қыз да адам,
Қай қазақ деп санайды қызды балам.
Ұл туса ат ұстар деп, қыз — «қырық жеті»
Әкесі қуанды деп «мал алам».
Біреу кеп құда түсіп бесігінде
Жеткізбей бойын еркін өсіруге. —
«Қырық үйден қызға тыю» деп шешесі
Жат үйдің аттатпайды есігін де.
Он үште десіп қызды «отауға не»
Ұзатса, сиыр менен. сауып бие.
Күндіз, түн отпен кіріп, күлмен шығып,
Кетпейді қол мен беттен қара күйе.
Көңілден қайғы бұлтын айықтырмай,
Жасырып жұрттан бетін айыптыдай,
Егер де қылдан тайса қайын енесі
Сабайды басқа, көзге байып қылмай.
Санамен сарғаяды ауыр ойдан,
Сыбаға тию түгіл ойын, тойдан,
Қол сұқпай өз үйінің ыдысына,
Жалайды аяқ-табақ сарқыт қойған.
Үстіне таза кисе — «сәндендің» деп,
Дем алса «бой күйез боп пәлдендің» деп,
Жасынан «салды балақ, салақ қатын»,
Атанып күнелтеді «әлдекім» боп.
Бір сәрі сояда күйеу болса теңі,
Не кәрі, не өмірдің ол бір кемі.
Бой шықса, мойынына масыл дағы,
Сорының болғаны да табан елі.
Мінезі күйеуінің болса шадыр,
Күні-түні тепкілесе бермей дамыл.
Өмірден ол сияқты сорлы әйелге,
Өзі тар, өзі суық артық қабыр.
Сорлыға төз келмесе бір күн ажал,
Қорлықпен өмір сүріп қайтса ажар,
Атанып кәрілікте «мыстан кемпір»,
Жұрт одан жеркенеді көріп тажал.
Тұрады өмір деуге мұның несі,
Көрерің қай ауылға барсаң осы.
Осылай күн кешеді сорлы қыздың
Дәл жүзден санап тұрсаң тоқсан бесі.
Ендеше сұлумын деп мақтанба, қыз!
Сыланып тоты құстай бапталма, қыз!
Жүрегің кімді сүйсе соныменен
Ойнап-күл, сырды түгел ақтар да, қыз!
Секілді пішкен алма ажарлы, қыз!
Басыңа келген жастық, базарды, қыз!
Армансыз серуенді де, қайғыменен
Күтіп ал, одан әрі ажалды қыз!
Жастықта жанар гүлдей бола бер, қыз!
Жемісін жас өмірдің ора бер, қыз!
Қыз шақта қызғалдақтай қызықтырып,
Жазы өтсе, өмірінің сола бер, қыз!
Омбыға оқуға аттанғаннан кейін, мен туған ауылымнан хат алып көрген жоқпын да, сондықтан, М...ның да не халде екенін білмейтінмін. Енді, 1919 жылдың күзінде Жаманшұбарға келіп білсем, Молдағазымен арасында роман басталған екен, уәделері,— күзге қарай ұрланып Қызылжар кетпек екен, бірақ ол ойларына жете алмапты. Баласының бұл қылығы құлағына шалынған Нұртаза, онымен араздасып, «бұныңнан тиыл, әйтпесе енді қайтып қарада бойыңды көрсетпе» деген кесімді сөзін айтыпты, әкесін тыңдамауға Молдағазының батылы жетпепті. Сонымен, «жабулы қазан жабуымен» тұнып тұр екен, қыз да, жігіт те уайымда. Молдағазының батыл іске бара алмауына бір себеп,— денсаулығының әлсіздігі екен. Жөтелу және жүдеу түріне қарағанда ол меңдеп алған екпе туберкулезі...
Жасыған Молдағазыны, мен қайрап өткірледім.
— Патшаның немесе Колчактың уақыты болса бір сәрі,— дедім мен,— енді Совет өкіметі келіп, әйелге шын мағынасындағы бостандық берілгелі жатқанда, өзің мұғалім бола тұра, сүйген қызыңды біреуге беріп жіберу, не деген масқара!..
— Не істейміз сонда? — деді Молдағазы,— ауылда әлі Совет ұйымдары құрылған жоқ. Ауылнай мен болыс —
Колчак тұсында сайланған байлар.
Олар біздің сөзімізді емес, әкемнің сөзін сөйлейді...
— Қасымыздағы Анновкада Ревком құрылды деп естідім,— дедім мен...
— Мен де естідім...
— Ендеше, әкеңе күш келмей жатса, сол Ревкомға барамыз да жәрдем сұраймыз.
Молдағазы екеуміз осыған келістік те, Қызылжарға жүруге даярлана бастадық, ойымыз — М...ды ала кету... Кепті көрген Нұртаза, бізден қуырақ боп шықты. Біздің ау - жайымызды байқаған ол, қыздың әкесіне сөйлеседі де, әуелі:
— Егер қызыңа ие бола алмай, менің балам алып кетті бар ғой, дау-шарын өзің көтересің, мен саған болыспаймын. Құдаң дүмді жер. Ол іргеңді түріп қойып шауып алады,— деп қорқытады.
Қыздың, зәресі кеткен момын әкесі:
— Не істе дейсің, сонда? — десе:
— Күйеуіңе хабар айт, жігіт жинап келсін де, жесірін алып кетсін,— дейді.
— Сонда сен балаңа не бола аламысың? — десе:
— Сен қызыңа не болсаң, мен балама не болам,— дейді Нұртаза,— қызды сен тырп еткізбесең, ұлымды мен тырп еткізбеймін. Ал, екеуі бірігіп алса, оған Сәбит қосылса, күш бермей кетуі мүмкін. Бұлардың жұбын қоспай, әрқайсысын жекелеп соғайық...
Осыған олар келіседі де, күйеуге астыртын түрде шапқын жібереді. Сол хабармен, біз ертең жүреміз деп жатқанда, пар-пар ат жеккен, кейі салт мінген күйеу мен қосшылары сау ете түсті... Тыныс тарылып қалды. Анновкадағы Ревкомға баруға ешкімнің ат беретін түрі жоқ, Нұртазадан қорқады. Түнде жасырынып кетуге, қызды күйеу төз әкеткелі жатыр.
Не істеу керек? «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, басқа амал табылмаған соң, мен Нұртазаның өзіне жалынуға ойладым. Сөзімді «Кішкене ағалап» майда бастап келе жатыр ем, төркініне төз түсіне қалған ол, «тоқтат!..» деп ақырып қалды да:
— Нені айтып келесің, өзің, басымды қатырып?..— деді тікіленіп,— сен кісі боп атқа қонғанда, мен үшін қонайын деп пе ең?.. Жесір дауы дегенді оңай көріп отырмысың, өзің?.. Құда да рулы ел. Ертең жесірінен айырылып, барымтаға аттанатын болса, салмақ маған түседі, менің жылқымды алады. Айдаладағы біреу үшін барымтаға ұшырайтын мені не құдай алыпты?.. Басымды қатырма!.. Естіртпе сөзіңді!..
Жөн сөзге көнбейтінін көрген соң, мен қорқытам ба деген оймен:
— Кішкене аға, бұрынғы заман болса бір сәрі. Қазір Совет өкіметі орнап жатыр. Оның қолға жедел алатын мәселесінің біреуі әйел теңдігі. Осы қылықтарыңыз Совет өкіметінің құлағына шалынса абыройсыз қаласыз. Өкімет бұл қызға теңдік әпермей қоймайды, — деп ем, Нұртаза жұмсарудың орнына қатайып кетті.
— Ой - мәй, ал, қырғыза ғой мені, барып!..»—деп әуелі даусын кекете шығарып, жымиып өтірік күліп алды да, онсыз да қатты даусын көтере сөйлеп, үдеп кетті.— Қашан мені қызылдарға апарып қамап тастағанша, осы отырған жеріңде көзіңді желкеңнен шығарайын ба, бәлем?.. Тапырайған кішкене мұрныңды жапырып жоқ қып жіберейін бе?.. Жоғал көзімнен, жаның барда!..
Нұртаза мені ұрмақ боп ұмтылғанда арамызға арашашы боп әлдекімдер түсе кетті.
— Шырағым, енді кет, бұл арадан! — деді арашашының біреуі. Жетпіске келген көксау ағаңды сен түзетейін деп пе ең? Бір бет алған жағынан қыңырайып қайтпайтынын білмейтін бе ең?
Ыза мен кек іште дауылдай борағанмен, қазір қолдан келер қайрат жоқ. Ғасырлар бойы ауылды тұншықтыра басқан зорлық-зомбылық, өлмеуге жанталасқан жыртқыш аңдай, Молдағазы екеумізді қапсыра, қатты тістеді. Бұның соңғы тістеу екенін Молдағазы да, мен де жақсы түсінем, бірақ бұл соңғы жара болғанмен, ауыр жара. Молдағазының жандай ғашығы, менің жандай досым, жыртқыш аңдардың талап жеуіне түскелі тұр, оны қазір құтқарар амал жоқ. Біздің ауыр қайғымызды еліктегендей, кешеден бері аспанға түсін суыта жиналған қара сүр іс,алың бұлт, мезгіл түске тармаса, дауылдатқан екпінмен көшті де, қары мен жаңбыры аралас нөсерді төге жөнелді... Нұртаза дегеніне жетті. Ашуымен атына мықтап мінген ол, нөсерлі дауылдай бұрқанып «кәне, қарсы тұрып көріңдер, менің ісіме, әуселелеріңді көріп алайын!» деді де, төпеп тұрған қарлы жаңбырдың ішінде қызды со күні жөнелттіріп жіберді. Амалы құрыған Молдағазы екеуміз, еріксіз қызды күйеу қосшылар шырылдатып арбаларына зорлап мінгізіп жатқанда, көп адамның қолымызды ұстаған қоршаудан көзіміз жаутаңдап қарадық та тұрдық.
— Бұл қылығыңыздың сазайын тартасыз, кішкене аға,— дедім мен Нұртазаға, М...ды зорлап әкетушілер алыстап бара жатқанда,— баяғыдан бері қыздың бақытын байлауда ұстағаныңызбен, енді ұстай алмайсыз!..
— Оны көзінде көрермін! — деп Нұртаза жүріп кетті...
Соңғы рет байлауда кеткен бақытсыз М...ға, сол күні Молдағазының атынан шығарылған өлең мынау еді.
Жарқыраған аспанды
Қоршады қара - сұр бұлт,
Баяндап сұмдық дастанды
Қасқырдай желі тұр ұлып.
Күнде батты сол кезде,
Сәуле емес, шашып қан.
Көріне кірді ілезде
Өлімге қандай асыққан.
Зілдей ауыр салмақпен,
Аспанды алды түн қоршап.
Ұйықтамақ еді алып дем,
Қалжыраған жер шаршап.
Шүмектен құйған судай боп,
Төгіп кетті нөсер де,
Ашыды ми удай боп
Кездесіп сондай кеселге
Бұл не деген ауыр түн,
Тұншықтырар, апыр-ай!
Ойнайды бейне болып жын,
Сұрқияның батылы - ай...
Молдағазы екеуміз, М...ды бұл бұғаудан азат етуді алдымызға серт қып қойдық. Бірақ, ол сертімізге жете алған жоқпыз. Біз Қызылжарға бара үкімет орнына берген арыз, ревком кешігіп құрылған ауылда тексерілгенше, санадан сарғайған М... кешікпей қара жердің, мейрімсіз құшағынан мәңгілік жай тауыпты.
БӨЛТІРІКТЕР
Ауыр қайғыға кездескен Молдағазының денсаулығы мүлдем төмендеп кетті. Мұндай халде оның жолға шығуына, өзгелер түгіл, ерте кетуді тілеген мен де ақыл берген жоқпын. Бірақ, бостандыққа талпынған оның көңілі, арманды сөздерін Совет өкіметінің құлағына жеткізгенше тынар емес, сондықтан оны тастап аттанар - аттанбасымды білмей сандалған маған:
— Аз күн шыда,— дейді Молдағазы,— мүмкін тәуірленермін. Егер, сорыма қарай сырқатым меңдеп кетсе, он¬да, амал жоқ,— жүре берермін,. Бұл сырқаттан аз ғана ілігіп, шанаға мініп жүруге жарадым бар ғой,— бұл ауылда бір күн де тоқтамаймын...
Молдағазының тәуірленуін тосып жүрген осындай күндердің біреуінде, «Тышқанбайдың Ахметітің үйіне, Мақыштың Есмағамбеті келіпті» деген сөз естіле қалды.
— Қайдан келеді екен?
— Қызылжардан.
— Не жұмыспен?
— Советтің ауылнайлары мен болыстарын сайлайды дейді...
— Мынау бір жақсылық хабар ғой! — деп қуана елеңдей қалды Нұртаза.
— О неге жақсылық? — деп сұраушыларға:
— Бұл, қызылдар, байларды жек көреді дейтін еді ғой,— деп жауап берді Нұртаза,— Есмағамбет бұл маңайдағы ең ірі байдың бірі—Мақыштық баласы емес пе? Оны қызылдардың қызметке алуы және анау-мынау емес, өзінін, ауылнайлары мен болыстарын сайлау сияқты ірі қызметке алуы, байларға бұл — қызылдың да теріс қарамауы ғой... Ол бізге жақсылық емей немене?
— Кім білсін,— деп күдіктенді біреулер,— Есмағамбет байлығының үстіне өнерпаз және орысша оқыған дейтін еді, қызылдарға сол өнерімен жағып жүрмесе...
Бұл хабарға мен де құлағымды түріп, әңгіменің анығын Есмағамбеттің өзіне барып білгім келді. Ахмет шаруасы шағындау, бірақ үй ішін, киім-кешегін таза ұстайтын, ретті жерінде қонағасыға береген, біздің ауылдың пысықша, сөзуар, сортта көбірек жүретін жігітінің бірі болатын. Әйелі Ақық та сымбатты, керікті, таза, қырымпоз адамның бірі. Ата жағынан Ахмет біздің Сыйбанға кірме, түбі — Қыпшақ ішінде — Күрлеуіт, оның ішінде —Шырдай десетін. Естуімше, Есмағамбет те Күрлеуіт руынан, Ахметтің үйіне ол бауыр көріп түсігі жүреді екен. Есмағамбет туралы естігенім: әкесі Мақыш жасында кедейлеу боп, бертінде байыған да, мал жағынан да, ақша жағынан да бір болыс Күрлеуіттің алдына шыққан. Оның үш әйелінен тоғыз ұл туып, бәрі де ержеткен, солардың бірі — Есмағамбет. Жасында орысша оқыған Есмағамбет мейлінше өткір және пысық боп еседі. Сол кезде жиырма беске жетпеген ол, үш әйел алады. Колчак тұсында ол Алашорданың ауылдағы беделді адамының бірі боп, ауылдағы ауылдық және болыстық сайлауларын өткізеді. Туған елінің маңына қызылдар жақындаған кезде, ол саяси қылмысының ізін жасыру амалын қарастырады. Ондай амалды табады. Қызылдар аулына жақындаған кезде алдынан шығады да, Есіл өзеніне қарай ойыса қашып бара жатқан ақ армияның бір бөлімшесі барын хабарлап, соны ұстап беруге әзірлігін білдіреді. Қызылдар Есмағамбетті жол сілтеуге алады да, қашып бара жатқан ақтарды Есілге қамап быт-шытын шығарады. Қызыл Армияның бұл бөлімшесіндегі командир, Есмағамбеттің ауылына көршілес — Анновка селосынан шыққан Дмитрий Ковалев деген кісі екен. Есмағамбеттің ісіне ол риза болады да, жол көрсетуге Қызылжаға Дейін алып кетеді. Қызылжардан әрі айрыларда, қолына «жақсы қызмет атқарды» деген справка береді. Осы справканы пайдаланған Есмағамбет, Қызылжардың ояздық Ревкомына барады да, инструкторлық қызметіне кіріп, ауылдық және болыстық Ревкомдерді сайлаушы боп елге шығады. Оның инструктор болуында да бірталай мән барына кейін ораламыз... Мен Есмағамбетті іздеп Ахметтің үйіне барған кезде жапалақтап қар жауған боранды күн кешкіріп, дала бұлыңғырлана бастаған. Ахмет үйінің алдындағы қоқтадан жасаған кеңірек шарбаққа кірсем, тымақты біреу жалпақ ағаш күрекпен қар күреп жүр, оның қасында қалаша жақсы киінген, басында қара сексеннен папахасы бар, оның маңдайына қиғаштай, айқара, жалпақтығы үш елідей қызыл шүберек байлаған біреу тұр. Жақындап келсем, тымақты — Ахмет, қасындағы қалаша киінген көркем кескінді, сақал-мұрты жоқ жас жігітті ішімнен Есмағамбетке жорыдым. Оларға қазақшалап сәлем бердім.
— О, Сәбит, аманбысың?—деді Ахмет маған қолын беріп.
— Есмағамбет Мақышов деген мырза осы,— деді ол маған, қасындағы жігітті нұсқап.
— «Мырза» дейтін заман өткен,— деді Есмағамбет, сыпсыңдай шапшаң сөйлеп,— ол байлар үстем боп тұрған көздің сөзі. Бұл заманның сөзі —«жолдас».
— Манағы маған айтқан «Сәбит Мұқанов» деген жігіт осы ма? — деді ол Ахметке.
— Осы бала,— деді Ахмет.
— Қайдағы бала?—деді Есмағамбет, маған жымия қарап,— қолақпандай жігіт емес пе?
— Иә, саумысың, жолдас Мұқанов?—деп ол менің қолымды алды.
— Ал, енді, үйге кіріп сөйлесейік,— деді Ахмет, күрегін үйген қардың үстіне шаншып, шай да даяр болған болар...
Шай үстінде кеңесіп көрсем, Есмағамбет жолшыбайғы елдердің бәрінде Ревкомдарды ұйымдастырып та үлгерген екен, сонда, тағайындағандары кім десем: Андағұл болысының Ревком председателі — Нұғман Қабылов, Ырсай болысынын, председателі — Сүлеймен Сұрағанов, Еменалы болысынын, председателі — Шаймолда Қаракетов, Смайыл болысынын, председателі—Бек Жүкенов, Преснов болсының председателі — Сейтақ, Көкенов, Таузар болысының председателі — Бірімжан Сәпин!.. Бұлардың мен біразын көргем, кермегендерін естігем,— бәрі де атақты байлардың балалары және ата-бабаларынан бері болыс боп келе жатқандар... Сондықтан, олардың Совет Ревкомына да председатель болуына, мен іштей қарсы болам да Есмағамбетке әзірше сыр білдірмей, күдікті ойымды анықтай түсуге бірнеше сұраулар берем:
— Тағы да неше болыстың Ревком председателін тағайындайсыз? —деймін мен.
— Мен Петропавлдың ояздық Ревкомынан шығып отырмын ғой, — дейді Есмағамбет, — бұл оязға қарайтын, алдымда тағы да төрт болыс бар: Қанжығалы, Қаратал, Пресногорьков, Анастасьев.
— Онда кімдерді тағайындайсыз?
Менің бұл сұрауыма сақсына қалған кескінмен:
— Халық кімді ұнатса, соны тағайындаймын да,— дейді Есмағамбет.
— Сонда,—деймін мен, аздап кекетіңкіреген дауыспен,— сайлап үлгерген Ревком председательдерін халық ұнатты ма?
Есмағамбет үлкендеу өткір қара көзін маған күлімсірете бір қарап қояды да:
— Сен, жігіт, мені тексеруден саумысың? — дейді қалжыңдаған боп.
— Анығын білгім келгені де...
— «Ревком» деген сөзді түсінемісің өзің?— дейді Есмағамбет, кескініндегі күлкіні жинаңқырап.
— «Революциялық Комитет» деген сөз ғой деймін...
— Рас. Оның мәніне түсінемісің?
— Революциялық істерді жүргізетін комитет болар деп ойлаймын.
— Революцияның өзі не?
— Патшаны, соны жақтайтындарды және байларды құлатып, кедейлер мен жүмысшыларға бостандық берудің жолы ғой деймін...
Қонағын сыйлай ма, әлде оны, тілін қайыруға болмайтын бедел көре ме, Ахмет манадан менің Есмағамбетке сұраулар бергенімді ұнатпай отырған кескін көрсеткен, сол ойын ол енді ғана білдіріп:
— Сәбит, сөз емес сөздің керегі не?— Дейді кейіген дауыспен,— одан да жай ойнап-күліп отырмаймысың домбыра тартып, өлең айтып? Таста, ол сөзді! Нәзірдің домбырасын алдырайын, мына Есмағамбет мырзаға біраз елең айтып қызмет қыл!..
— Бұл жігіт өлеңші ме?— дейді Есмағамбет.
— Ағып тұр,— дейді Ахмет,— бір түгіл екі түнге бой бермейді өлеңі. Қиссаларыңды жатқа айтқанда, түп жоқ! Ақық,— дейді Ахмет әйеліне,— әкелші, Нәзірдің домбырасын.
Есмағамбетпен кеңесе береміз. Шайын жинап домбыраға кеткен Ақыққа еріп, қолына домбырасын ұстап Нәзір келеді. Тегі, ол Есмағамбетпен менен бұрын көрісіп сәлемдескен болу керек, оған ештеңе деместен, маған домбыраны ұсынады да:
— Дауысыңды сағынып қалдық, «Қамбар батыр» ма, «Алпамыс» па, біреуін біраз ағыт! — дейді.
Домбыраны қолға алғанмен, тартпай, тек қолыма ғана ұстаймын да.
— Сонымен, қалай болады бұл?— деймін Есмағамбетке,— Совет өкіметі байларға өш өкімет болуға тиісті, ал, сіз, оның ревком председателіне елдің ылғи шонжар байларының баласын тағайындайсыз? Дұрыс бола ма, осы?
Бұл сұрауға, Есмағамбеттің орнына Ахмет сасқалақтап:
— Қап, мына Сәбитті - ай! — дейді, ыза болған кескінмен, жан-жағына жалтақтай қарап,— неменеге керек,— дедім ғой, мен саған, осы сөзің?»
— Бұл бір қызық сөз екен,— дейді Нәзір, көңіл аудара қап,— біз де тыңдайық!..
— Бұл сөзді доғар, Сәбит! — дейді Ахмет, ауыл салтындағы ағаның ініге өктем сөйлейтіндігін қолданып,— қонаққа дамыл бер. Отырсаң, ойын-сауықпен ғана отыр, әйтпесе, жөніңді тап!
— Жоқ, өйдемеңіз, Ақа,— дейді Есмағамбет,— дұрыс сұрау, бұл жігіттікі. Совет өкіметінің байларды жек көретіні рас. Бірақ,— дейді ол, бетін маған бұрып,— революция бітті ғой енді, шырағым: февраль революциясы боп патшаны тақтан құлатты да бітті. Одан кейін өкімет басына байлардан Керенский мен Колчак келіп еді, Совет өкіметі Октябрь революциясын жасап, оларды да құлатты. Қазір Россияның бар жерінде Совет өкіметі орнады. Сонымен, Октябрь революциясы да бітті...
— Сонда, ендігі байларға қысым болмай ма?
— Е, бәсе! — дейді Нәзір менің сұрауыма сүйсінгендей.
— Болады, — дейді Есмағамбет,— бірақ революция бар да, қысым бар. Революция — байлардың мал-мүлкін бақыртып отырып тартып ап, өзін атып тастау деген сөз...
— Астапыралда,— дейді Ахмет жағасын ұстап...
— Ал, қысым,— дейді Есмағамбет,— байлардың мал - мүлкін еппен, ақырындап, ұзақ уақытқа созып алу... Түсінікті ме?
— Бірақ, оларды, яғни, байларды, үкіметтің, басына қою емес қой бұл?—деймін мен...
— Тіфу, мына Сәбитті - ай! — деп, ыза кернеген Ахмет жерге түкіріп жібереді.
— Өй, көсе ит - ау,— дейді Нәзір Ахметке, құрдас боп қатты ойнайтын дағдысымен,— сенін, қимаң неге қышыды байларға?.. Бес-алты жылқы біткенге ме?.. Сен қай бір жетістікке жетіп ең патша мен байдың заманында?.. Әкең Тышқанбай Есенейге өмір бойы атқосшы болып па?..
— Қойшы, Нәзір! — дейді Ахмет, өктемдеу сөйлейтін Нәзірге қатты жауап айтуға бата алмағанда,— қояйық, Сәбит бұл кеңесті! — дейді Ахмет маған қарап,— ал, желдірт, домбыраны біраз!.. Қосыла кет, сонан кейін!..
Одан арғы сөзге барғысы келмегендей, Есмағамбет те:
— Кейін тағы да сөйлесерміз, онда өлеңіңді айт! — дейді маған.
— Айтайын,— деймін мен, бірақ, кейінірек. Совет өкіметінің ауылға шыққан өкілінен бірінші көріп отырғаным сізсіз, сондықтан ойға келген сұрауды шешіп алғым келгеніне сөкпеңіз. Сонда, қалай болғаны бұл? Совет өкіметінің қолдайтынын кедейлер, ал, Ревкомына сайланатындар — байлар?..
— Рас-ау! — дейді Нәзір,— осыны мана менің де сұрағым кеп, сыйлы қонақ болған соң мазаламайын деп ем, реті кеп қалған соң сұрайыншы, қызылдың да болысы боп елді жеген обырлар сайлануы қалай?!..
— Қайда барсаңыз да алдыңыздан шығатын сұрау бұл! — деймін мен, Есмағамбетке.
Не істерге білмеген Ахмет «қап!» деп санын соғады.
— Білем, алдымнан шығатынын,— дейді Есмағамбет,— бірақ, не істеу керек, білгенмен қазір? Кедейден Ревком сайлайтын уақыт әлі жеткен жоқ.
— Неге?
— Сана-сезімі оянған жоқ әлі.
— Сіз де жоқты айтады екенсіз, мырза,— дейді Нәзір кейіп,— егер мінгізсеңіз, қай кедей аттан құлап қалады деп отырсыз? Осы, мынау, алдыңызда отырған Сәбит деген баланы мінгізіп көрші атқа тақымы қалай жабысар екен, қалай шапқылар екен!..
— Негізгі мақсат осы, — дейді Есмағамбет,— бірақ оған әлі көп даярлық керек. Ауылда кедейдің, өз белсенділерін жасап алғанша, бұрын ел басқарып үйренген байлар үкімет басында отыра тұрса да ештеңе етпейді. Қайда барады олар, ештеңе еткенде? Негізгі қазық берік, — ол — Совет өкіметі. Байлардың басы сол қазыққа байланды. Өкімет оларды керегінше пайдаланады да, керек емесінде, қисайта салады...
— Ол дұрыс қой,— деймін мен Есмағамбетке,— бірақ, баяғыда бір ақын айтты деп есітіп ем:
— «Кей жігітті пысық деп болыс қойсан,, қашан түсіп болғанша жеп бітеді»,— депті деп. Сол айтқандай, осы тағайындаған байларыңыз «қашан түсіп болғанша жеп бітпесе?»
— Дәл қышыған жеріме тидің! — дейді Нәзір маған, күле сөйлеп.
Қонағын тағы да мазалай ма деп қорыққандай, Ахмет маған тік кеп:
— Өлең айтпасаң жөніңді тап,— дейді салқын қабақпен.
— Жақсы! — деп мен домбыраны іргеге сүйеймін де, орнымнан көтеріле берем.
— Отыр, жолдас Мұқанов! — дейді Есмағамбет жылы ұшыраған боп.
— «Кет» дегенде ит те кетеді» демей ме,— деймін мен қалжыңды кескінмен...
— Жоқты айтып!..— дейді, сөзге араласпай, ас-суын қамдап, ауыз бөлмеге кіріп-шығып жүрген Ақық, күйеуіне адырая,— немене, асыңды қызғанып отырмысың, қайнымды қуып?.. Отыра бер, шырағым,— дейді Ақық, маған күлімсірей қарап, тағы бірнеше кісі келсе де жетеді ас!..
— Рахмет, жеңгей,— деймін мен, енді отырудың сәні жоқ деп ойлап,— қалаға жүргелі жатырмын ғой мен, жұмыстарым бар еді.
— Бөгеме! — дейді Ахмет менен құтылғысы кеп.— Нәзір, сен отыр!
— Мен неге отырам?— дейді тік мінез Нәзір,— ас ішем деп пе? Өзің - ақ іш, қызғанған асыңды!.. Ал, кеттік, Сәбит! —деп ол да көтеріле береді.
— Ертең тағы да жолығайық,— дейді Есмағамбет, маған,— кеңесетін кеп сөздер бар.
— Оны көрерміз,— деп Есмағамбетке бас изеймін де шығып кетем. Маған ере Нәзір де шығады.
— Басын естімей қалдым ғой сөздеріңнің,— дейді Нәзір маған, үйден шыға, — не десіп отыр еңдер, өздерің?
Мен оған Есмағамбетпен арамызда болған кеңесті айтып берем.
— Қатырған екенсің! — дейді Нәзір риза боп,— маңдайға емес, көзге соққасын, бәлемді!.. Атқан оғың өзіне тиген. Бұл да кедейді қан жылатқан байдың баласы. Қара, иттің баласының, тонын теріс айналдырып киіп қызыл бола қалуын!.. Барып тұрған ақтың өзі!.. Қызылжарға барсаң, айта бар осыны!..
— Әрине, айтам.
— Ал, өзі бар ғой,—- дейді Нәзір, сөздерін шегелей айтып,— қорыққан адамның бейнесін көрсетіп отыр. Бұрынғы заманы болды ғой, жаңағы жерде ол сенің аузыңды қан жалатып, тұмсыққа қойып жібереді. Енді момақансып, алдыңда байпаңдауын байқаймысың?
— Байқаймын,— дедім мен,— сол ненің, күші деп ойлайсың?
— Қызылдың! — деді Нәзір,—бұл қу жігіт. Байдың дәурені өткенін түсініп, енді айламен күн көрмек. Қызылдар ол еркіңе қойса игі еді!..
— Менімше де солай,— дедім мен.
— Осыны айтасың ғой, Қызылжардағы қызылдың әкімдеріне?— деді Нәзір.
— Әрине,— дедім мен.
— Сыпырт,— деді Нәзір, нық дауыспен,— қасқырдың бөлтірігінің жамылған тонын!
Ертеңіне Қызылжардан Молдағазының атына мынандай хат та келіп қалды:
«Ауыл мұғалімі жолдас Молдағазы Нұртазинға!
Петропавл оязында, патша үкіметінің қанішер генералының бірі — адмирал Колчак басқарған ақтар өкіметі құлады, еңбекші халықтың қамын ойлайтын Совет өкіметі құрылды. Біздің өкімет мұғалімдерді халықтың досы санайды. Халқымыздың шаруашылығын және мәдениетін жоғары сатыға көтеріп, еңбекші бұқараны қанаушы таптың құлдығынан құтқару ісінде мұғалімдердің Совет өкіметіне жәрдемі көп. Бұл жәрдемге тарту мақсатымен, біз ояздағы ауылдық мұғалімдердің маслихатын шақыруға ұйғардық. Мәслихат 1919 жылдың 16 декабрінде болмақ. Соған сіздің де қатынасуыңызды өтінеміз.
Петропавлдың ояздық ревкомының председательдік міндетін
атқарушы Гозак В. И».
Гозактың аты маған жылы ұшырай кетті. Молдағазыға мен оның қолы қойылған пропусканы көрсеттім.
— Өте жақсы,— деді Молдағазы,— жүреміз енді.
— Сен сырқатсың ғой.
— Қарамаймын оған. Ауылда ауыр ойдың тұманына тұншығып жатып жазылам ба мен, одан да бостандық туы тігілген Қызылжарға жетейін. Көңілім де көтерілер онда, дәрігерлерге де көрініп емделермін де. Тәнім сауықса оны көрермін, әйтпесе, ең болмағанда, жаным сауығып, дүниемен армансыз қоштасармын.
Қар бұл кезде қалыңдап қалған. Естуімше, ауыл арасында жүргінші әзірге аздықтан, соны қардан жол әлі түскен жоқ. Ондай жағдайда, екі жүз елу шақырымдай Қызылжарға мен мініп келген жалғыз атпен жету қиын. Осы жайды Нұртазаға айтуға батпай, шет жағалап оның үлкен баласы Мырзағазыға айтып ем:
— Қайдам,— деді ол,— билік менде емес, шалда ғой. Молдағазы мен екеуіңе ренжіп жүр ғой, сондықтан атты беру-бермеуіне көзім жетпейді, дегенмен айтып көрейін.
Мырзағазы көңілсіз хабар айтты.
— Қисайған жағынан түзелмейтін қыңыр кісі емес пе?— деді ол кейіп.— Өз дегені болмаса көнбейтін адам емес пе? Ат беру түгіл Молдағазының өзін де жіберетін емес. «Егер тілімді алмай кетем десе, теріс батамнан басқа түк те бермеймін» дейді, саған «үйіме бүлік сала бермей, баратын жағына төз кетсін» дейді...
— Бұл жайды мен Молдағазыға айтып ем:
— Қарғаса қарғай берсін,— деді ол,— атын бермесе бер. месін, сенің атыңмен амалдап жетерміз, ертең аттанайық.
Әкесінің қарғап-сілегеніне қарамай, ертеңіне Молдағазы менің шанама мініп, Қызылжарға жүріп кетті. Жүзден аса жылқысы бола тұра, алыс сапарға шыққан сырқат баласына көлік бермей, Нұртаза қасарған қалпымен қалып қойды. Молдағазы мен Нұртазаның бұлайша қасарулары, маған ескілік пен жаңалықтың келісімге келмейтін қасаруы сияқтанды. Оппа қары тапталмаған, бірен-саран ғана шананың ізі түскен қысқы ауыр жолмен жортып кетуге болмай, жалғыз атты біз, таяқ тастам жердегі ауылдан ауылға қона, түстене, ақырындап жылжыдық та отырдық. Осы бетімізде біз, оқушыларға жоғарғы бір тарауларда аты мәлім Абылай хажының үйіне кеп қондық. Оның қыстауы сиректеу зәулім қара ағаштың ығында екен. Өзге байлардай ол жалшы - жаугерлерімен сапырылысып аралас отырмай, мал қораларының маңына бөлек қыстатады екен. Үлкен екі ағаш үйлі, кең шарбақты Абылайдың өз мекенінің маңында мінер аттарынан басқа мал тұрмайды екен. Абылайдың Мұхамметжан дейтін інісі бар екен. Жасы со кезде елулерді орталаған, биік бойлы, жуан денелі, селдір сақал-мұртты, етжеңді жалпақ бетті Мұхамметжан, үнемі үй шаруасында отырған адам болғанмен, Абылай алдыратын татар және түрік тіліндегі кітаптардың, журналдардың, газеттердің, бәрін оқып отырады екен. Сондықтан, білетіндері кеп және кеңесшіл... Бірақ кейде көбірек сөйлеп, аяғын мылжыңдыққа айналдырып жібереді екен... Ол былғарыдан тіккен үлкен кисетке толтыра салған махорканы алдына қояды да, ширата шылымды үздіксіз бұрап, махорканың түтінін үздіксіз сораптап бұрқыратады да отырады. Шылымның түтінін аузынан шайнай шығарып отырып, кеңестен аузын жазбайды... Ара-тұра Молдағазы мен менің білім мөлшерімді байқап алған ол, «мен Ибнә-Fабриді де, Ибнә-Тәймияні де, Мұхаммедғабедүһуді де оқыдым» деп әлдеқайдағы мұсылман ғалымдарын атап, алысқа созып кетеді... Абылай інісіндей емес, жинақ. Ол ел-жұрттың «амандығы» сияқты жалпылама сөздерден басқа, саяси мәселеге соқпайды. Біреулер біздің көзімізше қызылдар жайын сұраса:
— Қайдан білейін мен,— деп жауап береді Абылай.— Істес болмаған кісінің кім екенін қайдан білесің. Қазақта «құлақ естіген өтірік, көз көрген рас» деген мақал бар. Сырттан біреуді біреу не демейді. Ел басқаратын үкімет түгіл, жабайы адам,— бізді де біреулер «жақсы», біреулер «жаман» демей м.е? Со сияқты, әр өкіметті де жамандайтындар мен жақсылайтындар табыла береді. Совет өкіметін жақсылайтындар мен жамандайтындар да аз емес. Өзіміз бұл өкіметтің не өкімет екенін әлі көрген жоқпыз. Беталысын, ісін керейік, не десе содан кейін айтармыз.
Бұл жөнінде ол інісі Мұхамметжанды да сөйлеткісі келмейді, бірақ мылжың Мұхамметжан ағасының басқа бөлмеге, не тысқа шығып кеткен уақытын аңдып отырып, қызылдар туралы ойын айтып, жамандап қалады.
— Сәбит, сен не білдің?— деді Молдағазы маған Абылай үйінен аттанып шыға бере.
— Нені сұрайсың?
— Абылай саяси мәселеден түк те айтпай, момақансыды да отырды ғой. Сен сендің бе, сонысына?
— Е, сенбегенде ше?
— Сенің көзіңше қызылдар жөнінде ештеңе демеген Абылай, бүгін таңертең мені оңаша шығарып ап, бірталай сөз айтты.
— Не сөз?
— Ол, саған сенбейтін сияқты.
— Неге?
— «Кең құрысса қалпына барады» дейді. Естіген - білгенін Совет өкіметіне айтып қояды дейді.
— А, саған ше?
— Мені, тегі байлау адамның баласы деп, табы бірге деп сенеді ғой деймін...
— Не дейді, сонда?
— Совет өкіметін жамандайды.
— Соған қарсы бол дей ме?
— «Болмау керек» дейді, «бұның қызметіне араласып, ішкі сырын білу керек» дейді...
— Онымен не бітеді дейді?
— «Совет өкіметін қазір ешкім де құлата алмайды» дейді, «бұл ұзақ күрестің жұмысы» дейді.
— Түбінде құлайды дей ме, сонда?
— Ондай үміті болмаса айтпайды да ғой. Бірақ, сол үміттің тетігі неде екенін болжай алмайды. Бұл жөнде маған біраз тапсырмалар берді.
— Қандай?
— Қызылжарда өзі сенетін біраз адамдар советтің қызметіне кіре бастаған көрінеді.
«Солармен сөйлесе кел, не істе дейтін ақылдарын ала кел» деп тапсырды.
— Сен орындайсың ба, ол тапсырмаларын!
— Түкірдім, тапсырмаларына! — деді Молдағазы кейіп,— жүрсемші, мен, Қызылжар мен ауылдың арасына контрреволюционерлердің сөздерін тасып!..
— Сонда да, сүйенгені кімдер екенін білу теріс болмас еді оның.
— Оны бара көрерміз,— деді Молдағазы.
Қызылжарға Молдағазы аса жүдеп жетті. Ауылдағы оның жетелі жолшыбай үдеп алды. Күндіз де жөтелден дамыл көрмейтін ол, түнде булығып, кейбір кезде дем ала алмастықтай халге жетті. Ондай сағаттарда «өліп кете ме» деген қауіп туды маған. Ақыры, Қызылжарға түнделетіп кеп қонған күннің ертеңіне, оны мен ояздық оқу бөлімі арқылы қалалық больницаға орналастырдым. Оқу бөлімінін, бастығыңды мен алғаш көргенде - ақ тани кеттім. Аласалау, талдырмаш бойлы, он, жақ иығын көтеріңкірей, сол жақ иығын түсіріңкірей жүретін, жалпақтау, бүйрек бетті, тілі кекеш бұл жігіт өткен қыс Омбыда бізге есептен сабақ берген, өзі Омбыдағы учительдік семинарияның соңғы курсінде оқитын... Омбыдағы алашордашылардың жиналыстарында тұтыға сөйлеп, болшевиктерді жамандағанын талай естігем... Сондай адам, айналасы бірер ай өтпей, советтік оқу орнының бастығы боп қалайша сайлана қалған?!. Жұмысыма байланысты ояздық мекемелерді аралап көрсем, әлгі оқу белімнің бастығы сияқты алашордашыл кейбір адам оларда да отыр. Неге бұлай болу себебін маған Баймағамбет Зтулин түсіндірді. Қызылжарда жолыққан оған, мен елде Есмағамбет Мақышовты, мұнда тағы да бірнеше алашордашылдарды көргенімді айтып ем, күлімсірей сөйлейтін ол, «қайтер дейсің» деген сияқты қалжыңмен, мені біраз ыза ғып отырды да:
— Сен, Ғалауеттен Мәмековті білесің ғой? —деп сұрады түсін байсалдандырып.
— Білем. Өгіз саудасын жасайтын еді ғой ол. Қызылдар жақындап қалған кезде, жүзге жақын сауда өгізін айдап, ақтармен шығысқа қарай кетті дейтін еді ғой.
— Қазір қайда екенін білемісің оның?
— тоқ...
— Қызылжарда! Өзіңнің туысын, Айтжанның үйінде жатыр!
— Қайдан келген ол?
— Ақтарға ерген ол, шығысқа қарай қаша берген. Шығыс жақта «Шыңғыстау» деген жер бар ғой.— ақын Абайдың туған жері? Ғалауеттен сол тұсқа жеткенде қызылдар алдын орап кетеді де, ілгері жүрсе қолға түсіп қалу қаупі туады. Оның руы Уақ қой. Шыңғыстау бойында бірнеше болыс Уақ бар екен дейді. «Қарға тамырлы қазақ» дегендей, сол Уақтың ішінен Ғалауеттенге құдандалар, жекжаттар табылады. Ғалауеттен егіздерін ақтарға сатады да, бір сандық ақшамен Шыңғыстаудағы жақындарының біреуіне тығылып қалып қояды. Қасында өзіңе мәлім қу Досмағамбет пен өз ағайыны — Шүйішпайдың Ибаты бар.
— Апыр-ай, ә! — дедім мен таңданған дауыспен.— Бірақ сонда, ақтардың ақшасын неғылады ол? Өзі қашып баратқан өкіметтің ақшасы бұған мүлік боп әжетіне жарай ма?
— Онысында мән бар көрінеді,— деді Баймағамбет.— ақтардан ол Колчактың да, Керенскийдің де ақшасын емес, Николайдың ақшасын алыпты.
— Оны қайтеді?
— Николай түскенмен, патшашылдық қайтадан орнайды деп сенеді де, әйтпесе неге алады дейсің.
— Онысы, жай сандалғандық қой, әйтпесе, алдақашан тұқымы құрыған патшашылдық енді қайтып орнай ма?
— Әрине,— деді Баймағамбет,— менің айтайын дегенім ол емес, басқа: Ғалауеттен со бетімен елге қайтып келе жатып, жолда Қарқаралыға соғады. Қарқаралының алашордашыл жастары оның кім екенін білгеннен кейін, қызық хабар айтады. Олардың айтуынша алашорда партиясының көсемі Әлихан Бөкейханов Қызылжардан қашып келе жатқан бетінде Қарқаралыға тоқтайды да, бір шеті Баян мен Кереку, мына шеті — Семей мен Аягөз, ана шеті — Ақмола мен Көкшетау,— осы араның алашордашыл оқығандарын жинап мәслихат жасайды. Маслихатқа жоғарғы Орал, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Атбасар жақтан қашып келе жатқан алашорда адамдары да қатынасады. Маслихатта Бөкейханов бір ғана мәселені айтады. «Ақтардың осы қашқаны қашқан,— дейді ол,—осы жеңілгені жеңілген. Қызылдардың осы жеңгені жеңген. Енді Россияның өз ішінде Совет өкіметін құлата алатын күш жоқ. Бір үміт,— сырттан келетін интервенцияда. Бірақ, ол да екіталай үміт, өйткені, Совет өкіметі жұмысшы, кедейге сүйенеді, жұмысшы мен кедей мемлекеттің көпшілігі, көпшілік қуаттаған өкіметті сырттан кеп құлату да оңай емес. Совет өкіметін құлату жолында жалғыз ғана қолайлы әдіс,— осы өкіметтің өз жұмысына араласып, өз қызметін атқарысу...» «Кім де кім Совет өкіметін құлатқысы келсе,— депті Бөкейханов,— коммунист партиясына мүше боп кіру керек, жұмысына белсене араласу керек, бірақ жұмысты қисық істеу арқылы ел ішінде совет өкіметінің беделін түсіру керек, сөйтіп оны іштен шіріту керек. Бұл менің ғана пікірім емес, советтік құрылысқа қарсы орыс интеллигенциясының да пікірі. Олар өздерін «семеновеховцы» деп атайды, идеологтері профессор Устрялов. Устряловшылдар іске кірісті. Біздің де іске кірісуміз керек. Кім де кім алашорданы жақсы көрсе, «коммунист» болуға тырысу керек, алашорда партиясының ұйымдастырушысы боп көзге түскен біз сияқтыларды коммунист партиясы маңайына жолатпайды. Жолауға мүмкіншілігі барлар,— көзге түспеген жастар. Ендеше, алашорданы жоқтайтын жастардың бәрі коммунист партиясына төз кірулері керек...»
— Міне,— деді Баймағамбет, түйсінген түспен,'— Қарқаралыда Баймағамбет жасаған маслихаттың мән-жайы осы.
— Маслихатқа қатынасатындар не депті?—деп сұрадым мен.
— Не деуші еді,— деді Баймағамбет,— Бөкейхановтың бөлтіріктері емес пе олар? Кәрі қасқырдың айтқан сөзін қабылдайды да, тапсырмасын орындауға жер-жеріне тарайды.
— Осы мәселені Совет өкіметінің басқарушы адамдары біле ме? — деп сұрадым мен Баймағамбеттен.
— Біледі, — деді ол,— мысалы елде және мұнда естіген, білген әңгімелердің барлығын мен ояздық партия комитетінің секретары Соколовпен, ояздық Ревкомның председателі Гозакқа айттым.
— Не деді олар?
— Біз білгенді олар да біледі екен. Олардың айтатыны: «қазір оларға жаппай шабуыл жасаудың қажеті жоқ» дейді, бақылап отырамыз да, адал қызмет атқарғанын сақтаймыз, арамын көзінде жоямыз» дейді...
— Оған дейін бөлен, алып кетпей ме?
— Қайда барады, бөлен, алғанда? Мәселе,— өкіметте. Өкімет біздікі. Бізге жат адамды бақылап отыруға, түзелетінін тәртіпке шақырып, түзелмейтінін жоюға біздің өкіметтің мүмкіншілігі толық жетеді...
— Сонда да, бұл қасқырлардан қорқам!—деймін мен.
— Қазір олар қасқыр емес,—дейді Баймағамбет, сөзінің аяғын тағы да қалжыңға айналдырып,— тек, қасқырдың бөлтірігі ғана. Әкесі мен шешесі жойылған бөлтіріктер қаруын қанша қиратар дейсің...
«АЛШАҢ БАС, ЖОЛДАСТАР, АЯҚТЫ»
Мұғалімдердің, маслихатында баяндамашы,— Укомның секретары Соколов екен. Маслихат ашылардан екі-үш күн бұрын ол аса бір тығыз жұмыспен Омбыға шақырылады да, қашан қайтары мәлімсіздеу болғандықтан, оның орнына баяндаманы Гозак жасамақ болады. Баймағамбет Гозакпен өте әкей-үкей екен. Мен Қызылжарға келгенге дейін ол Гозактың кеңсесіне де, пәтеріне де барып, сөйлесіп жүріпті. Менің Гозакты көргім, сөйлескім келді. Бірақ, бұл кезде ол баяндамаға отырып қалғандықтан, сәтін тауып жолыққан Баймағамбетке, «маслихат күндер!, немесе, содан кейін» депті. Төз жолығуға реті келе қоймаған Гозакты Баймағамбет маған сырттай ауызша таныстырады.
— Ол,— дейді Баймағамбет,— 1894 жылы Украинадаңы ЛУЦК қаласында, темір жол жұмысшысының семьясында туады. Тұрмысының нашарлығынан ол теміржолшылардың техникалық бастауыш мектебін ғана бітіріп, бірнеше жыл телеграф қызметкері боп істейді. 1914 жылы басталатын соғыста ол армияға алынады да, сол қызметінде большевиктермен байланысып, партия қатарына кіреді, содан кейін солдаттар арасында революциялық үгіт таратады. Соғыс біте, ол туған жеріне қайтады да, жергілікті Совдепті ұйымдастыруға араласады. Со кезде революцияға қарсы петлюровшілдер оны абақтыға жабады. Абақтыдан қашып шыққан Гозак Ровно қаласына барып, азамат соғысына қатынасады, Совет өкіметін құрысады. Одан кейін партия оны Деникиннің ақ армиясымен күрес ісін ұйымдастыруға жұмсайды. Сол қызметте жүріп сүзекпен ауырады да, Москва больницасына кеп түседі. Одан жазылғаннан кейін, Колчактың тылында революциялық жұмыс істеуге жіберіледі...
— Мен онымен осы істе жүрген шағында таныстым,— дейді Баймағамбет.
— Қалайша?
Баймағамбет бұл әңгімені айта бастаса, өткен жазда, Балтабай аулында жолыққан Қамза Жұнысовтың кеңесі боп шығады. Троицкий қаласынын, қасында, Үй өзенінің жағасында, Алтын төбенің етегінде Қамза мен Баймағамбет суға түсіп жүрген кезде көретін «Антонов» осы Гозак екен. Қамза айтқандай, Баймағамбет оған әлденеше рет жолығып, қалада жасырын қызмет атқаратын большевиктермен байланыстырып тұрыпты.
— Бірақ,— дейді Баймағамбет,— бұл байланыс ұзаққа созылған жоқ. Әлдене бір предатель қаладағы большевиктердің сырын Колчак өкіметіне жеткізіп тұрып, олар қапыда ұсталды.
— Сен де ұсталдың ба? — деймін мен үрейленіп.
— Жоқ,— дейді Баймағамбет күліп.
— Қалай?
— Мен жалғыз ғана большевикпен байланысты болдым, одан басқаларын мен білген жоқпын, басқалары мені білген жоқ. Мен Гозакпен сол большевикті ғана байланыстырдым...
— Ол большевик ұсталды ма?
— Иә! — дейді Баймағамбет күрсініп ап,— татар жігіті еді. «Уазифада» бізбен бірге оқыған еді. Сол қаладағы жұмысшының баласы болатын. Мектепті бітіретін еді. Кейін естуімше, өзге большевиктермен бірге, Колчак оны да атып тастаған.
— Сен жайында ештеңе демеген - ау, тегі, саған Колчактың тимегені? — деймін мен.
— Өзім де солай ойлаймын. Әйтпесе, мені де ұстап алар еді ғой.
— Әрине...
— Ал, Гозакты ше?
— Бір жаққа кеткенін немесе ұсталғанын білмей қалдық,— Гозак сол кезде жоғалды. Содан кейін хабар-ошар болмаған одан, биыл октябрь айынын, аяқ көзінде хат алдым. Ол хат мынау, деп Баймағамбет ішкі қалтасынан конвертімен алып берген, уқаланыңқыраған хатты оқып көрсем, сөздері төмендегідей екен:
«Құрметті Ізтөлин жолдас. Бұл хатты саған жазып отырған, өзіңнің Троицкий тоғайында кездесіп жүрген танысың — Антонов. Шын аты-жөнімді енді хабарлайын, мен— Владимир Иосифович Гозакпын. Одан арғысын хаттан көр!.. Сенін, қайда екеніңді әлдеқалай біреуден естідім. Өткен жазда сен мені жоғалттың. Мүмкін, Колчактың қолына түсіп, атылып та қалды деп ойлауың. Ұсталған да, атылған да жоқпын мен. Колчак Троицкийдің большевиктерін тұтқынға ала бастаған кезде, біз—бірнеше большевик жасырынғамыз. Сол кезде, қазақтан шыққан қызыл партизандардың көсемі және командирі Аманкелді Имановты, Торғай қаласында алашордашылар қапысын тауып тұтқынға алыпты деп естідік. Біз — большевиктер Имановты жаудың қолынан құтқарудың шарасын қарастырдық. Сол кезде, Троицкий мен Торғайдың аралығындағы крестьян селоларынан Таран дейтін қызыл партизан шығып, кедей және батрак крестьяндардан қызыл отряд құрғанын естігеміз. Аманкелдіні жау қолынан бір құтқарса сол құтқарады деген үмітпен арнаулы кісі жібердік. Таран біздің, хатымызды алады да, қалың отрядпен Торғайға аттанады. Аманкелдіні және жергілікті советтің бар адамын абақтыға жауып, үкіметті қолына алған алашорда, Таранның келе жатқанын естиді де сасады. Оны да алдап ұстаудың шарасын қарастырады. Бұл жұмысқа алашорда Аманкелдінің «орынбасарын» жұмсамақ болады. Ол — Аманкелдіні алашордаға ұстап берген сол шпион екен. Таран оны біледі екен, өйткені, ол бұрын Аманкелдіден Таранға бірер рет хат апарып беріп, Тараннан Аманкелдіге хат әкеліп, араларын жалғастырып жүрген екен. «Таран сенсе осыған ғана сенеді» деп жориды алашордашылар. Сонымен, орынбасар Торғайға жақындаған Таранның алдынан шығады да, «сіздің келе жатқаныңызды естіп, батыр қарсы алуға жіберді, кішкене қалада орын аз болғандықтан, бүгінше бастықтары ғана келсін де, отряды жақын жердегі ауылға қона тұрсын деді» дейді. Бұл сөзге сенген Таран, отрядын жақын ауылдарда қалдырады да, кейбір басты командирлері мен өзі Торғайға келеді. Алашордашылдар оларды ұстап алады да, сол түні Аманкелдіні де, жолдастарымен Таранды да атады!.. Сондай, қапыда жасалған бір трагедия болды, Ізтөлин жолдас!.. Егер Таран алданбаса, алашорда адамдары сол түні Аманкелдіні де өлтірмейді екен, өздері де қашады екен... Сөйтіп, орыстың және қазақтың арасынан шыққан екі қызыл батыр, қапыда қаза тапты!.. Сол хабарды естігеннен кейін, мен Орал тауының қалың ішіне кірген Қызыл Армия жаңда еттім де, комиссарлық қызметке орналастым. Колчактың тылынан мен жинап апарған материалдардың біздің армияның операциялық ісіне көп жәрдемі болды. Петропавлға біздің бөлім октябрьдің он үші күні келіп кірді. Командование мені мұндағы ояздық Ревкомның қызметіне қалдырды. Ревком іске кірісе бастады. Жұмыс, әрине, көп. Сол жұмысты атқарысатын ұлттық кадр жоқ. Қызметке тартқан кейбір қазақ интеллигенциясының, тексере келгенде түбі шикі боп шығып жатыр. Олардың кейбіреулері табы жат — байдың балалары, кейбіреулері — алашордашылдар. Сондай жағдайларын біле тұра, біз оларды сақтап отырмыз. Мүмкін кейбірі іс үстінде түзеліп кетер, түзелмегендерінен біріндей құтылармыз. Казіргі мәселе бұнда емес, қазақ еңбекшілерінің ішінен шыққан, социализм құру ісіне белсене қатынасатын адамдар тауып, соларды тәрбиелеу, өсіру. Осы істе, сенен жәрдем күтеміз. Қалаға төз келуің, керек.
Жолдастық сәлеммен — Гозак».
— Түсінікті ме?— дейді Баймағамбет маған, мен Гозактың хатын оқып боп қайтарып бергенде.
—« Түсінікті,— деймін мен.
— Орыс тілін шағындау білесің дегенім ғой,— дейді Баймағамбет жымиып.
— Бұл хатты түсіну үшін, тілді көп білудің қажеті жоқ сияқты,— деймін мен, мимен ғана емес, жүрекпен де ұғатын хат қой бұл.
Баймағамбет екеуміз, аз уақыт Аманкелді жайын әңгімелесіп кетеміз. «Қазақтан сондай батыр шығыпты дейді... өзі барып тұрған кедейшіл дейді... бай атаулыға қаны қас дейді... жүрегі тастан қайтпайтын берік дейді... өзіне оқ өтпейді дейді, қылыш кеспейді дейді.... отқа салса күймейді, суға салса батпайды дейді... жаудың мың қолына жалғыз шабады дейді, кірген қолын шапқан шөптей отап шығады дейді...» деген сияқты сөздер ел ішіне 1916 жылдың көтерілісі көзінде тарап кеткен. Енді Баймағамбеттен естісем, Аманкелді Иманов, кедейден шыққан ер жүрек жігіт екен, өзі мұсылманша және орысша хат біледі екен. Аманкелді жасынан байларға қарсы боп өседі. Өшіккен байлар оны ұстатпақ та, айдатпақ та болады. Патша өкіметі оны кеп жылдар бойына қудалайды, бірақ көшпелі ауылдар оны жасырып, үкіметтің құрығын мойынына іліктірмейді. 1916 жылы қазақ еңбекшілері екі жақты қанауға қарсы көтеріліс жасағанда, бұрынғы Торғай облысында көтерілушілерге Аманкелді бастық болады. Патша өкіметі көтерілісшілерді жоюға жазалау отрядын шығарады. Күреске белін буған күресшілер отрядқа беріспей, кеп айлар бойына соғысады. Осы қанды арпалыста, Аманкелді аса ақылды және талантты әскер бастығы боп саналады... Кешікпей оның батыр аты бүкіл қазақ даласына жайылып, барлық облыстан да көтеріліс жасаушылар бұның отрядына көп қосыла бастайды. Сол жылдың күзіне қарай, оның отрядындағы құрал көтерушілердің саны әлденеше мың болады. Аманкелді басқарған қозғалыс, ұлт азаттығының қозғалысына айналады. Осы бетінде Аманкелді большевиктермен байланысып, әуелі жергілікті жерде февраль революциясын аяқтауда, одан кейін Октябрь революциясын жасауда ерлік еңбектер атқарады. 1917 жылы қазақ даласында, советтік қызыл туды бірінші рет Аманкелді көтеріп, Торғай қаласында Ревком құрады, өзі Ревкомның соғыс комиссары болады. Орал тауының шығыс жағы түгелімен революцияға қарсы — ақ гвардияның қолына көшкен 1918—1919 жылдарда, Аманкелді құрған Совдеп туын құлатпайды, жауға беріспейді... Бостандық туын берік ұстаған Аманкелдіні күшпен құлата алмасына көзі жеткен революцияға қарсы алашорда, оның отрядына шпиондар жібереді де, солардың жәрдемімен, 1919 жылдың май айында, Аманкелді қапыда алашорданың қолына түседі. Бұл хабар маңайдағы большевиктердің құлағына шалынып, оларды құтқару жабдығына кіріскенде жоғарыда Гозактың Баймағамбетке жазған хатында айтылғандай қайғылы уақиға болады...
Мен бұл жайда өкінішті сөздер айтсам:
— Бұлай болмауы керек еді,— дейді Баймағамбет,— ал, болған соң өкінгеннен түсер пайда жоқ. Тірі жүрген біздің міндетіміз: біріншіден,— сондай ерлердің жаудан қанын қайтару болса, екіншіден,— олар арман өткен істі жүзеге асыру...
— Сол істі жүзеге асырушы кім?— деп Баймағамбет маған сұрау береді де, жауабын іле өзі айтып,— мына —- сен, мына — мен сияқты халық арасынан шыққан адамдар!.. Әсіресе,— сен!.. Совет өкіметін, еңбекшілерді құлдықтан құтқару десек, сол еңбекшінің бірі — сенсің!.. Ендеше, советтік іске, ен, алдымен, сенін, белсене араласуын, керек.
— Ол үшін не істеу керек?
— Коммунист партиясына мүше боп кіру керек...
— Қазіргі шала сауатыммен бе?
— Сенің қашан білімді боп шығуыңа заман қарап тұра ма? Қызу күрес, қызу істің заманы. «Көш жүре түзеледі» дегендей, білімді күреспен іс үстінде аласың.
— Сенін, өзін, коммунистпісің,— деп сұраймын Баймағамбеттен.
— Емеспін,— дейді ол жымиып, тек, «тілектес» қанамын.
— О не деген сөз.
— Орысша «сочувствующий» деген сөз, яғни большевиктер партиясына тілектестік. Тілектестіктің сыны алты ай екен. Сол уақытқа дейін өзіңнің коммунист бола алатындығыңды ісіңмен көрсетсең, партияның, кандидаты болады екенсің, тағы алты айдан кейін мүшелікке өтеді екенсің.
— Ойбо-о-ой,— деймін мен дауысымды созып.— Сыннан ұзақ уақыт өткізеді екен ғой!..
— Енді қалай?— деді Баймағамбет,— партияға мүше болу деген, еңбекші халыққа шын мағынасында саяси жетекші болу деген сөз. Ондай міндетті көтеріп алып жүру оңай болып па?.. Ен, қиын міндет ол!..
Бұл міндетке байланысты, әдебиет мәселесін де кеңесіп аламыз. Бұл кеңес Баймағамбеттің менен:
— Сен, осы елең шығаратын ен, ғой, баяғы менен айрылғаннан бері қандай өлеңдер шығардың? — деп сұрауынан басталады.
Мен оған өлең жазған тетрадьтарымды көрсетем. Ол өлең атаулының бәрін сабырмен, салмақпен оқып шығады да:
— Мұның бәрі өткен заманның зары ғана екен, мына — Совет заманы туралы жазған ештеңең бар ма?— деп сұрайды.
— Әлі түсініп те жеткен жоқпын, несі туралы жазам оның?— деймін мен.
— Түсінбейтін ештеңе жоқ. Ғасырлар бойы күштілерден зорлық-зомбылық көріп келген халық бүгін бостандық алып, бақытты сапарына беттесе, солардың бірі,— өзің болсаң, өлең жазуға осыдан артық тақырыптың керегі не?
Баймағамбеттің сөзі көкейіме қона кеткен мен, «өзі осы тақырыпта жазып жүрген болар» деген оймен, «егер жазса, жобасын көріп үлгі алайын» деген оймен:
— Өзің не жаздың бұл тақырыпта?—деймін.
— Мен де көп жаза алған жоқпын,— дейді ол.
— Сонда да?..
— Мына біреулерді оқып көр!—деп, ол да маған қалық тетрадын ұсынады.
Революция тақырыбына ол бірталай өлең жазып тастаған екен. Солардың ішінен маған, төмендегі елеңі ерекше ұнайды:
Үш жылдай Россия жұмыскері,
Жау жүрек адал ниет қайраткері,
Астында қызыл тудың ұрандасып
Белсеніп түсті баймен күрескелі.
Күресіп бұл күнге шейін қажымастан,
Өткізіп қиыншылық күнді бастан.
Зорлықшыл қан сорғыштың көзін жойып,
Шын әділ социализм жолын ашқан.
Еркінше әр халыққа теңдік берді,
Заводты, фабрика, мүлкін, жерді.
Сансыз жыл еңбектеніп шаруа істеген —
Жалшы мен ие қылды жұмыскерді.
Сен де алдың бостандықты қазақ халқы,
Бауырлық, туысқанды, теңдік жалпы.
Баласы адамзаттың бірдей болып,
Қайтпастай өшірілді қорлық салты.
Зорлығы еске алсаң толып жатыр,
Ойнақтап үстімізді қылған тақыр.
Қан сорғыш қара жүрек залымдардың
Өмірінше қарашығы батты ақыр.
Қазағым, құлағын, сал, әбден ұғын!
Талай ер теңдік үшін болды шығын,
Талайға теңдік берген қызыл әскер
Батырды залымдардың қарашығын...
Ұнаған бұл өлеңді мен дауыстап қайта оқимын. Оған аздап масаттанғандай:
— Қалай екен?-—дейді Баймағамбет жымиып.
— Жақсы екен!
— Қайдағы жақсы?'— дейді Баймағамбет,— көркемдігі жетпей жатыр ғой мұның?
— Бұдан артық не көркемдік керек?— деймін мен,— әрі түсінікті, әрі дұрыс!..
— Онымен ғана көркем болмайды,— дейді Баймағамбет,— жақын арада Москвадан осында үгіт бригадасы келіп кетті. Арнаулы вагондері бар. Ішінде артистер, жазушылар, әншілер, күлдіргілер... деген сияқты, неше түрлі өнер иелері бар... Бәрі де орыс... Мен солармен таныстым да, орыс ақындарының бірнеше өлеңін оқыдым. Әне, өлең деп соларды айт!.. Мазмұны да жақсы, түрі де көркем!.. Біздікі олай емес, мазмұны жақсы болғанмен көркі жетпейді...
— Неліктен олай?
— Біздің біліміміз жетпейді. Орыс ақындары — мәдениетті. Көркем өнер зор мәдениеттен шығады...
— Бізде жетпейтін нәрсе көп,— дейді Баймағамбет,— мысалы,— революциялық әнмен айтатын өлеңдер. Бізде ен, алдымен революцияға арналған ән жоқ. Ондай әнді туғызатын өлең жоқ...
— Орыста ше?
— Онда толып жатыр...
— Аздаған әншілігі бар Баймағамбет, маған орыстың сол кездегі кейбір революциялық әндері мен өлеңдерін айтып береді. «Интернационалды» да мен бірінші рет Баймағамбеттің аузынан естимін.
Ол айтқан елен, мен әндердің ішінен маған «Смело, то-варищи, в ногу» ерекше ұнайды. Баймағамбетке мен оны қайталап айтқызам да, сөзін төз қағып ала алмай, әніне ғана қосылып, бірер қайталағаннан кейін үйреніп алам.
— Құлаққа өте қонымды ән екен,— деймін мен,— ауыл арасында айтып жүруге. Әттен, осынын, сөзі қазақша болар ма еді?..
— Мен соны аударып көріп ем,— дейді Баймағамбет,— сен тыңдашы, қалай естілер екен...
— Кәне, айтшы!..
— Жобасы ғана келмесе, дәл шығып жатқан жоқ...
— Сонда да?..
Баймағамбет аудармасын әнге қосып, ыңырсиды:
«Алшаң бас жолдастар аяқты,
Шынықтыр күресте жаныңды.
Асынып қару-жарақты
Жояйық жыртқыш залымды...»
Ол аудармасын аяғына дейін әндете айтып шығады.
— Орысшасымен салыстыруға күшім келмейді,— деймін мен,— ал, қазақша маған өте түсінікті. Мынау өлеңді мен түгіл, сауатсыз қазақ та төз ұғып алады...
— Онда жарар еді...
Мұғалімдердің маслихаты кешікпей басталды. Негізгі баяндаманы Гозак жасап, оны ояздық партия комитетінің қасындағы «мұсылман секциясы» аталатын бөлімнің меңгерушісі Шахизаман Зәбиров татаршалап шықты. Ол татардың «мешер» (мичәр) аталатын тұқымынан екен, мешерлер «к,» мен «ғ» әріптерінің орнына «к» мен «г» ні қолданып, «Қасым» деген сөзді — «Қасым», «қағаз» деген сөзді —«қағаз», «қазақ» деген сөзді —«казак», «ғалым» деген сөзді — «ғалым» дейді екен; «с» орнына олар үнемі «ц» ны қолданып, «үш» деген сөзді — «үш», «күш» деген сөзді — «күң», «үшінші» деген сөзді — «үцынцы» дейді екен. Шахизаманның өз басында екі өзгешелік бар, бірі — сөйлегенде, күліп тұрған адам сияқты, екі ұртын кейін жиырып, үстіңгі ұзын, сирек тістерін ақситып тұрады, екіншісі — сөзінің мәтелі,—«иптәшләр, шушы күндә, шу- шы сағаттан ғибрат, мин сізләргә әйтіп, әйтиім». Осы мәтелін ол әлсін-әлсін қайталап, тыңдаған адамды әрі күлдіреді, әрі жалықтырады. Орыстың тілін де, мешердің тілін де шалағай білетін маған Гозак пен Зәбировтың баяндамалары түсініксіздеу болар еді, егер мен, ол баяндаманы күн бұрын оқып, толық түсініп алмасам. Маслихат ашылардан бірер күн бұрын Баймағамбет менің пәтеріме келді де, «Гозактың баяндамасы мынау» деп, қолыма машинкаға басылған бірнеше тарақ қағаз ұстатты. Ол кезде жақсы қағаз да, жақсы машинка мен машинистка да болмаған ғой деймін,—«ұйпаланған әлде не сары қағазға басылған сөздердің әріптері қиқы-шойқы, жоғарылы төменділі, уақтылы - ірілі, іркіс-тіркіс боп тұр. Бұлай басылған қағазды, орысша шала сауатты мен түгіл, тәп-тәуір сауатты Баймағамбет те әрең оқиды екен. Оның айтуынша, әріптердің шалағайлығымен қатар, кеп жерінде, грамматикалық жағынан да қате басылған. Баяндаманы Баймағамбет екеуміз қосылып оқыдық және бірнеше рет оқыдық. Ен, соңында Баймағамбет маған, баяндамада не жазылғанын түсінікті қазақ тілінде тағы да айтып берді. Баяндамада Совет өкіметінің мәдениет мәселесінде, оның ішінде оқу мәселесінде қолданатын саясаты біраз айтылғанмен, негізгі мәселесі — коммуннистік партияның жалпы ұлт саясатын, оның ішінде оқу мәселесіндегі саясатын сипаттауға құрылған екен. Баяндамаға қарағанда, революциядан бұрын ұлттық мектебі бар орыс, татар сияқты елдерде советтік мектепті құру, қазақ, қырғыз сияқты, революциядан бұрын ұлттық мектебі жоқ елдерде құрудан әлдеқайда жеңіл. «Мысалға орыс мектебін алсақ,— депті баяндамада — жеткілікті болмағанмен, әзірге пайдалануға жарай тұратын үйлері бар, іріктеп ап уақытша пайдалануға жарай туратын оқу кітаптары, оқу құралдары бар, бастауыш, орта, жоғарғы мектептерге пайдалануға жарайтын мұғалімдері бар... Ал, қазақта, бұның көпшілігі жоқ: мектепке арналған үй, ілуде бір жерде ғана болмаса, ауылдың басым көпшілігінде жоқ. Бірен-саран мектеп үйі бар жердің өзінде де, ол мектептің маңында аз ғана үйі ауыл ғана бар, өзге ауылдар бес үйлеп, он үйлеп, арасы жиырма, отыз шақырымнан, немесе одан да алшақ жерлерде бытырап отыр... Ол бытыранды ауылдардан, балалар қыс ішінде мектепке қалай барады? Пәтер жоқ, интернат жоқ... Қазақ тілінде оқу кітабы да жоқ. Бастауыш мектепке арнап, соңғы бірер жылда «Алашорда» басып шығарған азын-аулақ кітаптың әрі саны аз, әрі идеялық мазмұны түгелімен теріс бағытта. Қазақ мектептеріне баруға мүмкіншілігі бар мұғалімдердің көпшілігі бұрын орыс және татар мектебінде оқыған қазақтар, олар, әрине, ұлт тілін жақсы біледі. Жергілікті болмағанмен, олардың саны бірталай. Бірақ, оқуды биыл бастап кету үшін, оларға ауылдан мектепке лайық үй тауып беру керек қой, мектепке қажетті оқу кітаптарын беру керек қой. Ауылдардың басым көпшілігінде ондай жағдай жоқ. Осындай жағдайдың салдарынан, орыс, украин, татар, грузин сияқты бұрын мектебі бар елдердің бәрінде де, Совет өкіметі орнай сала, мектептер қызметіне кірісіп кетті. Ал, Қазақстанның барлық жерінде, 1919 жылдың күзіне қарай Совет өкіметі түгел орнағанмен, бірен-саран ауылда ғана болмаса, ұлттық мектеп әлі ашылған жоқ... Ендеше, қазақ ауылдарында ұлттық мектепті ашу үшін, биыл даярлық жұмысын жүргізу керек: осы маслихатқа қатынасқан қазақ мұғалімдері ел - елге тарап, халықты алдағы жазда мектеп үйін салу жұмысына үгіттеп даярлау керек. Өкіметтен алдағы көктемнен бастап, ояз -оязда мұғалімдер даярлайтын қысқа уақытты курстер ашуды, қазақ мектептеріне арнап оқу кітаптары мен оқу құралдарын шығаруды өтіну керек...» Баяндамада мектептерге, әсіресе, қазақ мекептеріне арнаулы бұдан басқа да көп мәселелер айтылған... Баймағамбетпен бірге отырып, осылайша, бақайшағына дейін шаққан баяндаманы Гозактың және Зәбировтың аузынан айтылғанда, түсіну маған аса қиын болған жоқ. Көп мәселенің беті жарыс сөздерде ашылды. Ауыл - селодағы оқудың тәжірибесі, қиыншылығы және міндеттері туралы ақыл-ой салатын көп мәселелер айтылды. Советтік мектептерді, әсіресе ауылдық мектептерді ашып, өркендету туралы, маслихат кең, көлемді қаулы алды. Маслихатты бастан-аяқ табан аудармай тыңдағанда, менің басыма келген ой,— көп және жақсы жұмыстар істелгелі тұр екен, бірақ, оның көбі, әсіресе ауылда, өте зор қиыншылықпен іске асқалы тұр екен. Маслихат көзінде орыс және қазақ тілінде, саяси темаға бірнеше лекциялар оқылды. Ол лекциялардан, коммунист партиясының, Совет өкіметінің шаруашылық мәселесінде, саясат мәселесінде, мәдениет мәселесінде, жуық арада қолданатын шаралар айқын көрінді. Маслихат «Интрнационалды» айтумен жабылды. Бұл әннің қазақша тексті ол кезде жоқ. Орысша тексті ғана бар әнді Баймағамбет екеуміз оңашада әлденеше рет қайталап, жаттап алғамыз, сондықтан жұмысын театр үйінің кең, залында, лық толған адаммен аяқтаған маслихаттың залды солқылдата айтқан зор, күші хорына мен де қосылып, «Интернационалдың» әнін де, орысша сөзін де бар даусыммен бөгетсіз айтып тұрдым!.. Бізге «Интернационалды» Қызылжарда тағы бір рет айтуға тура келді. Маслихат жабылған күннің ертеңіне, қағазды, орысша шала сауатты мен түгіл, тәп-тәуір сауатты Баймағамбет те әрең оқиды екен. Оның айтуынша, әріптердің шалағайлығымен қатар, кеп жерінде, грамматикалық жағынан да қате басылған. Баяндаманы Баймағамбет екеуміз қосылып оқыдық және бірнеше рет оқыдық. Ен, соңында Баймағамбет маған, баяндамада не жазылғанын түсінікті қазақ тілінде тағы да айтып берді. Баяндамада Совет өкіметінің мәдениет мәселесінде, оның ішінде оқу мәселесінде қолданатын саясаты біраз айтылғанмен, негізгі мәселесі — коммунистік партияның жалпы ұлт саясатын, оның ішінде оқу мәселесіндегі саясатын сипаттауға құрылған екен. Баяндамаға қарағанда, революциядан бұрын ұлттық мектебі бар орыс, татар сияқты елдерде советтік мектепті құру, қазақ, қырғыз сияқты, революциядан бұрын ұлттық мектебі жоқ елдерде құрудан әлдеқайда жеңіл. «Мысалға орыс мектебін алсақ,— депті баяндамада,— жеткілікті болмағанмен, әзірге пайдалануға жарай тұратын үйлері бар, іріктеп ап уақытша пайдалануға жарай туратын оқу кітаптары, оқу құралдары бар, бастауыш, орта, жоғарғы мектептерге пайдалануға жарайтын мұғалімдері бар... Ал, қазақта, бұның көпшілігі жоқ: мектепке арналған үй, ілуде бір жерде ғана болмаса, ауылдың басым көпшілігінде жоқ. Бірен-саран мектеп үйі бар жердің өзінде де, ол мектептің маңында аз ғана үйі ауыл ғана бар, өзге ауылдар бес үйлеп, он үйлеп, арасы жиырма, отыз шақырымнан, немесе одан да алшақ, жерлерде бытырап отыр... Ол бытыраңқы ауылдардан, балалар қыс ішінде мектепке қалай барады? Пәтер жоқ, интернат жоқ... Қазақ тілінде оқу кітабы да жоқ. Бастауыш мектепке арнап, соңғы бірер жылда «Алашорда» басып шығарған азын-аулақ кітаптың әрі саны аз, әрі идеялық мазмұны түгелімен теріс бағытта. Қазақ мектептеріне баруға мүмкіншілігі бар мұғалімдердің көпшілігі бұрын орыс және татар мектебінде оқыған қазақтар, олар, әрине, ұлт тілін жақсы біледі. Жергілікті болмағанмен, олардың саны бірталай. Бірақ, оқуды биыл бастап кету үшін, оларға ауылдан мектепке лайық үй тауып беру керек қой, мектепке қажетті оқу кітаптарын беру керек қой. Ауылдардың басым көпшілігінде ондай жағдай жоқ. Осындай жағдайдың салдарынан, орыс, украин, татар, грузин сияқты бұрын мектебі бар елдердің бәрінде де, Совет өкіметі орнай сала, мектептер қызметіне кірісіп кетті. Ал, Қазақстанның барлық жерінде, 1919 жылдың күзіне қарай Совет өкіметі түгел орнағанмен, бірен-саран ауылда ғана болмаса, ұлттық мектеп әлі ашылған жоқ... Ендеше, қазақ ауылдарында ұлттық мектепті ашу үшін, биыл даярлық жұмысын жүргізу керек: осы маслихатқа қатынасқан қазақ мұғалімдері ел - елге тарап, халықты алдағы жазда мектеп үйін салу жұмысына үгіттеп даярлау керек. Өкіметтен алдағы көктемнен бастап, ояз -оязда мұғалімдер даярлайтын қысқа уақытты курстер ашуды, қазақ мектептеріне арнап оқу кітаптары мен оқу құралдарын шығаруды өтіну керек...» Баяндамада мектептерге, әсіресе, қазақ мекептеріне арнаулы бұдан басқа да көп мәселелер айтылған... Баймағамбетпен бірге отырып, осылайша, бақайшағына дейін шаққан баяндаманы Гозактың және Зәбировтың азынан айтылғанда, түсіну маған аса қиын болған жоқ. Көп мәселенің, беті жарыс сөздерде ашылды. Ауыл - селодағы оқудың тәжірибесі, қиыншылығы және міндеттері туралы ақыл-ой салатын көп мәселелер айтылды. Советтік мектептерді, әсіресе ауылдық мектептерді ашып, өркендету туралы, маслихат кең, көлемді қаулы алды. Маслихатты бастан-аяқ табан аудармай тыңдағанда, менің басыма келген ой,— көп және жақсы жұмыстар істелгелі тұр екен, бірақ, оның көбі, әсіресе ауылда, өте зор қиыншылықпен іске асқалы тұр екен. Маслихат кезінде орыс және қазақ тілінде, саяси темаға бірнеше лекциялар оқылды. Ол лекциялардан, коммунист партиясының, Совет өкіметінің шаруашылық мәселесінде, саясат мәселесінде, мәдениет мәселесінде, жуық арада қолданатын шаралар айқын көрінді. Маслихат «Интрнационалды» айтумен жабылды. Бұл әннің қазақша тексті ол кезде жоқ. Орысша тексті ғана бар әнді Баймағамбет екеуміз оңашада әлденеше рет қайталап, жаттап алғамыз, сондықтан жұмысын театр үйінін, кең, залында, лық толған адаммен аяқтаған маслихаттық залды солқылдата айтқан зор, күші хорына мен де қосылып, «Интернационалдың» әнін де, орысша сөзін де бар даусыммен бөгетсіз айтып тұрдым!.. Бізге «Интернационалды» Қызылжарда тағы бір рет айтуға тура келді. Маслихат жабылған күннің ертеңіне, орыс театр үйінде, қалалық артистердің және өнерпаздардың үйірмелерінің күшімен концерт берілетін болды. Ән-күйге әуестігім бар маған, мұндай концертті көру үлкен қуаныш. Бірақ, мен ол күні, одан өлшеусіз зор бір қуанышқа ие болдым. Владимир Иосифович Гозакқа мен маслихаттан бір күн бұрын барып жолыққан едім. Қасымда Баймағамбет бар. Мені тани кеткен ол, құшағын жая қарсы алып, саяси және мәдениет мәселелері жайында ұзақ уақыт сөйлесіп отырды да, менің биографиямды толық есітіп алғаннан кейін, «партия қатарына неге өтпейсің?» деген сұрау қойды. Мен оған, коммунист атын алып жүруге даярлығым жоқтығын айта бастап ем:
— Қате ұсыныс оның,— деді Гозак.— Партияға мүше болу үшін профессорлық қажет емес, адал жүрек, шын ниет, белсенді іс қажет, өзге олқылық іс үстінде толығады...
Бұл тақырыпта түсінігін ұзағырақ баяндаған Гозак, сөзіне арқау ретінде, Лениннің Сухановке қайтарған жауабын айтты.
— Әрине,— деп бітірді Гозак сөзінің аяғын,— партияға адам біреудің үгіттеуімен емес, өзінің сенімімен ғана кіруі керек. Коммунист аты бар адамның міндеті,— еңбекші көпшілікке коммунист партиясының саясатын түсіндіру, ал, коммунист болу-болмау ықтияры әркімнің өзінде.
— Жақсы. Ойланайын,— дедім мен.
Гозактан шыға ойланып көрсем, аз жасымда кешкең өмір жолым, мені коммунистік партияның мәңгілік мызғымас, жеңімпаз туының саясына әкеп тұр екен...
Баймағамбетке мен осы ойымды айтып ем:
— Міне, жігіт! — деп қуанып кетті.
Маған ендігі керегі — рекомендаторлар.
— Оған қиналма! — деді Баймағамбет,— бір рекомандацияны Гозак жолдастың өзінен аламыз, біреуін тағы табамыз.
Сол күні Гозакқа барып шешімді сөзімді айтып ем, ол қуанышпен қарсы алды да, бір рекомендацияны өзі беретін болды. Мен оған екінші рекомендаторды қайдан табарымды айтып ем.
— Ол мына кісі болады! — деді Гозак қасында отырған, сөмпектеу ұзын денелі, имек зор мұрынды, төменгі ерні салпылау, қоңырлау көзді, сақал-мұртын қырған, сұрғылттау сары кескінді, шашын кейін қайырған, газет-журналдарды қарап, Гозак пен менің кеңесіме қатынаспай отырған мосқалдау жігітті күлімсіреген кескінмен нұсқап.
Жігіт көзін газеттен алып маған қарағанда:
— «Танысыңыздар,— деді Гозак екеумізге,— Сәбит Мұқанов, Шахизаман Зәбиров.
Зәбиров екеуміз қолдасқаннан кейін, Гозак оған менің жайымды қысқаша баяндады да, екінші боп рекомендация беруін өтінді.
— Жақсы,— деп Зәбиров сөзін к,ысқа қайырды да, Гозакпен қатар, өз қолынан рекомендация жазды. Мен анкета толтырдым, арыз жаздым. Қабылдау мәселесі, ояздық партия комитетінің президиумында қаралатын болды.
Президиумда менің мәселем, мұғалімдердің маслихаты біткен күннің ертеңінде күндіз қаралды. Кім екенімді Гозак түсіндіргеннен кейін, маған жөнді сұраулар болған жоқ. Болған аз ғана сұрауларға, орыс тілін шалағай білетін мен, терлеп-тепшіп әрең жауап беріп ем, сол мәжіліске қатынасқан, өзім білетін алашордашылдың түсін бояп «коммунист» бола қалған біреуі, «бұл білімімен қалай коммунист бола алады» деген күдік айтты. Оның күдігін. Гозак пен Зәбиров қатты қайырып тастады. Ол кездегі тәртіп солай ма, әлде, менің ертең ауылға қайтуым еске алынды ма, ол арасы маған танық, менің қайран қалғаным: президиум мүшелері менің партия қатарына тілектес боп өтуіме түгелімен қол көтергеннен кейін, қызыл қатырма қағаздан тысты билет сол арада толтырылды да, фотокарточкем жапсырылып, мөр басылып, қол қойылды.
Билетті маған Укомның секретары Соколов жолдас қолынан беріп:
— Құттықтаймын, жолдас Мұқанов,— деді қолымды қысып,— бұл билетті таза сақтауыңа сенемін.
— Сендірем!—дедім, сезімім толқыған мен, дірілдеген дауыспен. Одан артық сөз айтуға халім болған жоқ.
Қолыма берілген билеттің сыртына қарасам,— «Р. К. П. (б)» деген жазу ғана бар екен. Оның «Россиялық Коммунист (большевик) партиясы» деген сөз екенін білем және оның еңбекші халықты, бақыт жазы — коммунизмге бастап апаратын партия екенін түсінем. Сол бастаушылардың қатарына қосылуым маған зор қуаныш болуымен қатар, ішкі қалтама салған билет, маған өзімнің жүрегім сияқтанып кетті. «Сені жүрегімдей сақтармын!» деп іштей ант еттім мен. Сол сөзімнің толқынымен пәтеріме қайтқан мен, жұртқа менің шығармалар жинағымнан белгілі «Бостандық» деген өлеңімді жаздым. Оның да қуанышы қойныма сыймай, жүгіре басып Баймағамбеттің пәтеріне барсам, мені ол күтіп отыр екен. Менің партия қатарына етуіме ол шектен шыға қуанды, өлеңіме де риза болды...
— Осыны, кешкі концертте оқисың,— деді ол.
— Сен ше?
— Мен де советтік тақырыпқа арналған өлеңдерімді оқимын.
Концерт салтанатты жағдайда, музыкамен ашылды. Бірінші бөлімінде, орыс және татар тілінде революцияға, совет өкіметіне арналған өлеңдер оқылды. Кейбірін авторлары оқыды, кейбірін — артистер... Қазақ тілінде, жалғыз Баймағамбет қана өз өлеңдерін оқыды... «Сен де оқисың» деген сөз құлағыма тигелі, алып ұшқан жүрегім кеудеме сыймай қойған. Сахна сыртында кезегімді күтіп тұрғанда, безгек болған адамдай, мен қалшылдап ұшып кете жаздағам... Сондай халімді күлкі қылудан ба, әлде, жақсы оқыдым ба, мен бар қуатымды бойыма зорлықпен әрең жинап, дірілдеңкіреген бар даусыммен өлеңді оқып шыққанда, залда лық тола отырған қалың жұртың шапалақ даусы ду ете түсті. Сахнадан шығып кеткен маған, концертті басқарушы, «тағы да шық» деп өтінді. Мен оған көнбеген соң, итермелеп шығармақ болды. Бірақ, мен шықпадым, өйткені шығарлық халім да жоқ еді, неге екенін білмеймін, жылап тұр ем!.. Концерттің музыкалық бөлімін залға барып тыңдадым. Басқарушы орыс жігіті ойнақы, күлдіргі біреу екен. Сахнаға шығушыларды өте көңілді басқарған ол, концерт жабылар алдында:
— Жолдастар!—деді зрительге,— бүгінгі жобалғы концертімізді екі әнмен аяқтаймыз: бірі — «Интернационал», концерт сонымен бітеді: одан кейін «Смело, товарищи, в ногу» бастаймыз да, театрдан кешеге соны айтып шығамыз, көшелерді бойлай, сол әнді айтып тараймыз. Мақұл ма?
— Мақұл! —«деп ду етті зал.
«Интернационал» кешегіден де күшті орындалды... Одан кейін «Смело, товарищиды» бастап, әскерше сапқа түзелген түрде театрдан шықтық... Бұл — түн ортасы ауып, қала жатқан, шамдары сөнген көз, сондықтан, төңірек жым-жырт. Айдың бұл жарық көзі, бірақ, со күні аспанды қоршаған бұлттан себелеп қар жауып тұрғандықтан, даланың түсі — көмескі бозамық... Театрдан «Смело, товарищи...» қосыла шыққан халық, сол әнмен тымық қаланы күңіренте, көше - көшені бойлап, топ-тобымен кетіп бара жатыр... Баймағамбет екеуміз бір топта кетіп барамыз... Әнге біз де қосыламыз, бірақ Баймағамбет орыс сөзімен, ал мен,— оның аудармасымен: «Алшан, бас, жолдастар, аяқты!..».
АПАТТЫҢ САЛДАРЫ
Біз елге қайтатын болдық. Жуықта ғана партияға өткен он шақты тілектестер — біздерге Ояздық Пария Комитеті мен Ояздық Ревкомның жүктеген міндеттері,— солардың атынан белгілі бір болыстарға шығып, үгітші болу және со кезде басталғалы жатқан продразверсткаға жәрдемдесу. Менің сыбағама Қызылжар мен Қостанай оязының шекарасындағы Қараоба, Қаратал және Пресногорьков аталатын қазақ болыстары тиді. Олардың Қызылжардан алыстығы,— шамасы екі жүз елу, үш жүз шақырымдай, сонша алыс жерге қыс ішінде атпен бару керек. Баймағамбет те, басқа инструкторлар да өздері баратын болыстарға, Ояздық Ревкомнан алған «открытый лист» пен ылаулатып кететін болды,— мен өзім мініп келген атпен кететін болдым, қасымда — Молдағазы. Врачтардың айтуынша, Молдағазының сырқаты меңдеп алған, ол ен, әрі кетсе көктемге жетеді, әйтпесе одан бері өлуге тиісті. Елден ертіп әкеткен Молдағазыны өлім халінде больницаға жалғыз тастап кетуге обалсындым, халін түсінген оның да аулына қайтқысы келді. Қызылжарда бір жұмаға жақын тұрып күтім көрген ат тынығып қалған екен. Қызылжардан таң біліне шыққан Молдағазы екеуміз жетпіс-сексен шақырым ?кердегі менің туыстарыма со күні кешке барып қондық. Сол маңдағы туысқандарымның бәрі жиылып маған жиырма - жиырма бес пұттай бидай берді, соны шанаға тиедік те, әрі қарай жүріп кеттік... Мұнша жүк бір атқа ауыр, бірақ жүкті де, Молдағазыны да тастап кетуге болмайды. Қалың қарлы жолда, ауыр жүкпен жылжып қана жүріп отырып, Молдағазының ұзатқан апасы — Рабиғаға, жұмадан артық уақытта әрең жеттік. Ұзын жолдын, көп жерінде мен атты жетектеп жаяу жүрдім. Молдағазыда шанадан қозғалар хал жоқ. Қонған, түстенген немесе ат шалдырған жерлерде мен оны шанадан көтеріп түсірем, көтеріп мінгізем. Молдағазының бағына, Рабиғаның үйінде оның туыстары кеп жатыр екен. Сол арадан екеуміз айрыламыз: мен астық апара жатқан апамның аулына кетем ол туыстарымен ауылына қайтады. Жасымыздан бірге өсіп, біте қайнаған, сырлас - мұңдас болған, мына ұзақ сапарға бірге барып қайтқан Молдағазымен айрылу, маған да оған да жеңіл болған жоқ. Әсіресе оған!.. Бұл сапардан ол аса қайғылы қайтты. Өйтпегенде ше?.. Аңсап барған бостандығының жемісін жеуге сырқаты мүмкіндік бермей, деніміз сау — біз бақытты өткізген күндерде, ол төсек тартып больницада жатты... Мен Молдағазыға күн сайын барып, естіген - білгенімді түгел айтып жүрдім. Оған Молдағазы қуанды да, қайғырды да. Қуанышы — жақсылық хабарлар естіді, қайғысы — сол жақсылықтарға ол араласа алмайды... Осы қайғының үстіне, енді өлім қайғысы қосылды. Ақылды, зирек, ғылымнан хабары бар Молдағазы, врачтар сыр жасырғанмен, жазылмауға бет алғанын, Қызылжардан емделіп жазыла алмай ауылға қайту, көрге қайту екенін жақсы түсінеді, сондықтан, жолшыбай, дем алған оңаша бір уақыттарда ол өлім зарын және жете алмай кетіп бара жатқан армандарын айтып жылап алады. Ол зарға менің сай сүйегім сырқырап, кеудемді жара күрсінем, кейде жылаймын да. Рабиғаның үйінен айрыларда да, ол маған осы зарын айтып біраз жылап алды. Содан кейін:
— Саған соңғы өтінішімді айтам,— деді ол.
— Қандай?
— «Мені ауылға апарып сал» дер едім, жетім жесір ашығып отырған апаңның үйіне астық апарасың. Және ат пен шана да солардікі, сондықтан, онда бармай болмайды. Ал, мен, өзімнің ұзақ жасамауымды көріп келем. Менің де өзімше жазып жүретін өлеңдерім және күнделігім болушы еді, жинаған біраз кітаптарым да бар еді, солардың бәрін саған тапсырайын деп ем. Егер мүмкіндігін, болса, апаңа ат-шанасын, астығын тапсырғаннан кейін, ауылға кел де, менің аманаттарымды алып, менімен ақтық рет бақұлдасып кет!..
— Жарайды,— дедім мен, аз ойланып.
Шанаға толтыра тиеген астықты алып барғанда, ашытуға жақындап қалған апам үйінің өлгені тіріліп, өшкені жанғандай қуанды. Тек қана апам оңаша шығарып: «Қызылжарға бардын, ба?» деп сұрайды да, «бардым» десем, «Қызылдарға жазылған жоқсын, ба?» дейді, «жазылдым» десем, «көтек - ай, не дейді, қарағым - ау, ойынын, ба, шынын, ба?» деп күдіктенеді. Мен «рас жазылдым» деп иландырсам, апам, «құдай-ау, обалыңа біз қалдық қой!.. Бізге астық іздемесең ғой, Қызылжарға бармайсың, бармасаң ғой, қызылға жазылмайсың, енді не дейін құдай-ау» деп жылайды. Мен апама қызылдар туралы байлар мен ақтар таратқан өсектің мән-жайын айтсам, апам ұғынғандай болады да, «жазылып қойсан, амал нешік, бірақ баданадай баттиып көзге түсе бермей, әзірге тиыш жүре тұр, заманның не боп кетерін кім біледі, осы бетімен түзеле берсе көрінерсің, әйтпесе, бүркенген қалпыңмен қала берерсің» дейді. Апамды әрең дегенде көндіріп, ол ауылдан ылаумен аттандым. Уәде бойынша жолшыбай Жаманшұбарға соқсам, Молдағазы әл үстінде екен. Екі-үш күннен кейін ол жас өмірмен біржола қоштасты!.. Бұған қосымша, мен тағы бір зор қайғыға кездестім. Орысша «холера»-, қазақша «тырысқақ» атанған аурудан ауыл адамдары өліп жатыр. Дәулет, Тоғанас деген үйлердің бар жаны қырылып, есіктері ашусыз қапты... Дәрігер ауыл түгіл, маңайдағы селоларда да жоқ... Ең жақын больница Пресногорьков пен Макарьевкада, олар Жаманшұбардан жүзден аса километр, сондықтан, қыс ішінде оларға жету оңай емес. Дегенмен, бұл уақиғаны телеграсры бар қаладан өкіметке хабарлауға жиналып жатыр ем, жақсы көретін немере ағам Қамза Мұстафин «тырысқақпен» ауыра қалды. Қызу аурудың салдары ма, әлде, жан ашуы ма, со күннің кешіне ол есеңгіреп, сандырақтай бастады. Телеграф үш - төрт күндік жерде. Оған барып қайтқанша, Қамзаның өліп кетуі мүмкін!.. Бұл халді көріп, не істеуге білмей мен де састым, Қамзаның ауру әкесі мен кәрі шешесі де, тетелес інісі — Ғаббас та састы. Әке-шешесінің сасуы, бір жағынан, іштен шыққан баласына жандары ашудан болса, екінші жағынан, осы Қамза осы үйді асырап отырған адам. Жасы сол жылы жиырма беске шыққан, дені сау, балуан денелі боп өскен ол, соңғы бес-алты жылда «басын тауға да, тасқа да соғып» дегендей, ойға - қырға шапқылап, табысқор жігіт боп кеткен. Сонда оның баратын қаласы — Жаманшұбардан екі жүз километрдей жердегі Қорған, істейтін кәсібі,— элеваторға астық тиеген қаптарды көтеру. Кәсіптес боп бірге барған жігіттердің айтуынша, Қамза ерегіскен уақыттарда әрқайсысы алты пұттан, үш қапты, жетпіс бес баспалдақты басқышқа еркін көтеріп шығара берген, екі қапты көтеру оның дағдысына айналған. Сол үшін ол ауыл арасында да көрсетіп, атақты балуанның бірі бола бастаған. Оның үстіне ақылды, әдепті, ұжымшыл жігіт боп ескен. Ар жағында шаруашылық күйі аса жүдеу боп келген Мұстафаның үйі, Қамза жалға жүруге жарағаннан кейін түзеле бастайды: тамақ тоғаяды, киімдері бүтінделеді, тозығы жеткен үйдің іші-сырты жаңарады, малдарының басы құралады... Осындай асырап отырған адамның басына елім қаупі төнсе, ауыздарын балапандай ашып, оған қарап отырған бейшаралар қалай саспас! Мұстафа үйінін, сасуы шектен шықты. Есінен тана ауырып, денесі от боп жанған Қамзаның балуан денесі тар жер үйдің ішінде дөңбекшігенде, оған ие бола алмаған әке -шешесі мен екі інісі — Ғаббас пен Шәкең, кішкене қарындасы Мәржам, қорқыныштан жынданып кетуге жақындады. Бұл үйдегі есі дұрысырақ адам менмін, мен де бұл халді қайғыра отыра, ауру адамға және оның үй ішіне жәрдемдесу үшін, өзімді өзім берік ұстаймын. Қуаты бар шақта жанталасып арпалысқан Қамза, сырқат жеңіп болған кезде, солғын тартып, жұлқынған денесі баяулай бастады... Оның аты — өлімге бой сұлу екені көрініп тұр...
Не істеу керек? ..
Мұстафаның діншіл адам екенін біз білеміз. Ол құдай, пайғамбар түгіл, дұғалықтардың өзіне де сенеді. Ол кезде «Есмағзам» атты, дұғалықтар жиналған кітапша бар. Сырқат Мұстафа оны ылғи жастығының астына қойып, жәрдем тілеп жүреді. «Есмағзамның» кіріспе сөзінде «осыны қырық мәртаба оқыған кісі, ен, ауыр сырқаттан да төз жазылады» деп көрсететін дұғалық бар. Қамзаның өлімге беттегенін көрген Мұстафа жылап жіберіп:
— «Есмағзамды» әкел, «Есмағзамды!»—деді, мұсылманша сауатты баласы Ғаббасқа.
Ол дұғалықты Ғаббас, бұрын да сан рет алып жүрген болу керек, әкесінің жастығының астынан суырып алды.
— Пәлендей дұғаны оқы! — деп бұйырды Мұстафа.
Көзінен жасы сорғалаған Ғаббас дұғалықты жалма-жан оқи бастады... Қамза солғындап барады...
— Тағы оқы!?—деді Мұстафа өкіре жылап Ғаббасқа,— тағы!..
Дұғалық бірер қайталанғанда, Қамза жан кешті...
Сонда, есінен адасты ма, әлде, түк жәрдемі тимеген дұғалықтан біржола күдер үзді ме, Мұстафа Ғаббастың қолынан «Есмағзамды» жұлып алды да, турап-турап, оты жанып тұрған пештің ішіне лақтырып жіберді, өзі өкіре жылап, сол араға шөкесінен түсіп жата қалды!.. Үй іші азан - қазан жылау... Ертеңіне Қамзаны көмісушілердің ішінде мен де болдым. Біз оны бетімізге мұз боп қатқан көз жасымен жөнелттік... Сондықтан ба, әлде, мен де «тырысқақ» жұқтырдым ба, келер күннің кешіне мұрттай ұшып құладым... Ауруымның түрі дәл Қамзанікі... Мен де жалындай жанып, жаныммен арпалысқан түні, жиналған адамның ішінде, Түркенің Қантайы деген адам отыр еді. Ол «бейшара-ай, біреудің жетім баласы еді, жылап-сықтап жүріп жігіт боп жетіп еді, бір шаңырақтан қалған жалғыз ұрпақ еді, мұның халі да былай болды-ау!» деп аяушылық сөздер айтып отырды да:
— Мен бір ем естіп ем, соны осы балаға қолданып көрсек қайтеді? —деді.
— О, не ем екен? — десті әркімдер.
— Бұл ауру,— деді Қантай,— біздің араға жоғарғы жақтағы Қанжығалы-Күрлеуіттен келді ғой. Оларға бұл дертті қызылдан қашқан ақтар тастап кетіпті ғой. Ақтарда «кәнсер деген болады екен, онысы қаңылтыр қалбырдық ішіне салған балық екен. Өзі сонау Америка деген елден келген кәнсер дейді. Америка ма, әлде ақтардық өздері ме, кәнсері құрғырының осы аурудың тұқымын қосып берсе керек, соны кім жесе, тырысқақ ауру боп өле беріпті. Осы аурудан жоғарғы елдер қырылып жатқанда, бақсы ма, дәрігер ме біреу кеп, «ыстық қарамай ішкен ем» депті. Соны ішкен кісілер өлмей қапты. Осы балаға осы емді қолданып көрсек қайтеді?..
Біреулер «қой, қарамай ненің емі болсын» деп сенбеп еді, енді біреулер,— «ажалы жетсе бәрібір өлер, әйтпесе, тәуекел деп көру керек» деп, әр түрлі сөз айта бастады. Жаным қысылып жатқан мен, басымды төсектен жалма-жан көтеріп алдым да,— «ішем қарамайды!» дедім.
— Өз ықласы шапса беру керек! — десті бірнеше адам.
Мұстафаның үйінде тарантасын майлайтын қарамай құюлы кішкене ағаш шелек болатын. Ол босағада тұратын. Үйде отырғандардың біреуі шелекті алып келді, енді біреуі маздап жанған пештің қасында тұрған қаңылтыр бақырашты тосып, «кәне, құй, мынаған!» деді. Бақырашқа құйған қарамай ысыған кезде:
— Қаңылтырдан аузы күйер, мына аяққа құй! — деп біреу кетіктеу ағаш аяқты тоса берді. Аяққа шүпілдеген ыстық қарамайды алдыма әкеп тосқанда, мен көзімді жұмып жібердім де, сіміріп жұта салдым!..
Қарамай себеп болды ма, әлде ауруды мықты денсаулығымның өзі жеңді ме, мен аз күнде айыға бастадым... Бірер жұманың көзінде таяққа сүйеніп тысқа шығып келуге жарадым... Бірақ, мезгіл әлі ызғарлы қыс, соған қарамай сүлдерімді сүйреткен әлсіз қалпыммен, жаным ашитын бір адамның жаназасына барам деп, өкпемді суыққа қабындырып аппын... Ал, тағы да ауыр!.. Ал, тағы да жат!.. Бұл жолы ауыр жөтел кеп жабысты... Оның арты қан қақыруға соқты... Ақыры, төсектен басымды кісі сүйемей тұра алмайтын халге жеттім, етім таусылып, терімнің ішінде салдыраған сүйек қалды... Сондай күндердің біреуінде, Нұртазаның баласы Мырзағазы келіп, маған жаны ашыған сөздерін айтып отырды да:
— Біздің тұқымда осы екеумізден басқа жігіт қалмай баратқанын байқаймысың, Сәбит? — деді.
— Байқағанда не істейін,— дедім мен.— Есептеп жүрген біреуден жақын арада естуімше, тырысқақ салдарынан, Жаманшұбардан жүзден аса адам өліпті, солардың қырық екісі — өндір жігіттер, ішінде Қабамбайдың Ғабдолы, Тоғанастың Нәзірі, біздің Қамза сияқты, бір - біреуі рулы елге тұлға болатын сабаздар да бар!..
— Маған бір ой кеп отыр,— деді Мырзағазы, күрсініп ап.
— Қандай?
— Жамбура — Самайда Мәніштің Құсайыны деген аса бір тамыршы адам бар. Қарт кісі. Былай емшілік құрмайды, біреу іздеп барып ем сұраса, білгенін ғана айтады. Сенің сырқатың сияқты — жөтелді со кісі жұлып алады деседі. Соған апарсам қайтеді?
— Осы қыс ішінде ме?
— Жазға қарауға уақыт боп тұр ма?
— Жақсы, Мырзағазы,— дедім мен, аз ойланып,— апарсаң апар. Әйтеуір өлетін болсам, үйде өлдім не, түзде елдім не.
Ертеңіне Мырзағазы өзінің семізден жараған құла - торы атына әкесінің жөкемен қаптаған көк ала сырлы кашева шанасын жегіп, шананың ішіне кигіз, оның ішіне жабағы бөстек салып Мұстафаның үйіне жетіп келді. Жұрт мені киіндіріп, үйден көтеріп алып шықты да, шана ішіндегі бөстек пен кигізге орады, Мырзағазы екеуміз жүріп кеттік... Мәніштің Құсайыны Жаманшұбардан елу-алпыс шақырымдық жерде екенін білем. Аттың бабына қараса, қысты күні ара қонып бару керек. Бірақ, Мырзағазы ол бапқа қарамады. Біздің бағымызға қарай күн де со кезде жалған, болды, жол да даңғыл. Семізден жараған ат Мырзағазы екеумізді ұшыра жортып отырып Құсайынның үйіне со күні кешке алып барды. Ол бізді сөзсіз қабылдады... Құсайын деген кісіні естуім болмаса керген жоқ едім..: Үйге кәрәсін шамы жағылғаннан кейін көз салсам, Құсекең, қою, ұзын ақ сақалы бетінің мұрны, көзі, маңдайы сияқты жерінен басқасын тұтас жапқан, қабағына желкілдей біткен қалың, ұзын қастарының өзі анау-мынау кісінің сақалындай бар, еңкиген зор денелі, басы қазандай, мұрны таудың бүркітіндей қоңқиып орала біткен, кішірек көзі үн,- гірде жатқан, түр-тұлғасы да, кескін -кейпі де аса ұсқынды адам екен!... Біз жайланғаннан кейін, шал төсекте жатқан маған келді де, жуандығы жас баланын, білегіндей, сырты түкті сау - сақтарымен шілбиген білегімді ұстап, тамырымды басты... Екі қолымның және екі шөкімнің тамырын үнсіз кескінмен кезек-кезек ұстап біраз отырғаннан кейін, сол баяғы орнына барып отырды да, Мырзағазының:
— Баба, қалай екен?—деген сұрауына:
— Ештеңе етпес, — деп қысқа жауап қайырды. Одан кейін Мырзағазы сыпайылық қып жауап қатқан жоқ...
Жол соқты боп шаршағандықтан ба, әлде, шалдың «ештеңе етпес» деген сөзі көңіліме медеу болды ма,— мен ол күні аса тиыш ұйықтап шықтым. Ертеңіне тұрып шай ішіп, жиналғаннан кейін:
— Нұртазаның баласы құлақ сал,— деді Құсайын Мырзағазыға,— мен бақсылық құрып қағу - соғу жасаған кісі емеспін. Менікі тек, кешегі өзімнен бұрын еткен Аю дейтін атамыздың қара тәжрибесінен үйреніп қалған жұғын. Ол бабамыз шөптің тамырымен емдейтін еді. Оны біз «тамыр дәрі» дейміз ғой.
— Қалай емдесеңіз де тек шипасы болсын!—деді Мырзағазы.
— Әмин! — деп Құсайын күңк ете түсті де, төсегінің бас жағынан сірі - талысты суырып aп, таспамен бүрген аузын шешіп, ішінен әлде не шөптердің жуандылы, жіңішкелі тамырларын алып шықты. Содан кейін, кәдімгі дәрігерлер аптекада даярлайтын дәрілердей әр түрлі тамырды әр қағазға порошокше турамшалап бөлшектеп салды да, сондай бөлшектің жеті түйінін бүктеп Мырзағазыға берді.
— Сенің үйің — деді ол,— дәулетті ғой. Әкең, соғымды жақсы соятын, биыл да солай шығарсыңдар?
— Е, құдайға шүкір,— деді Мырзағазы.— Соғым бар.
— Ендеше, әке-шешеңе сәлем айт, осы тамыр дәрілерді қазанға құйған суға салсын ішіне семіз жылқының қартасын салсын, сөйтіп, су суалғанша қайнатсын. Сонда дәрінін, бар қасиеті қартаға сіңеді де, жас қартаның сары майы сүр қарта сияқтанып көгеріп кетеді. Содан бұ балаға әуелі тырнақтың басындай ғана беріп, одан асықтай ғана беріп, содан кейін күн сайын аздап өсіре беру керек те, артынан балалық көңілі шапқанша жегізу керек. Шипасы түссе, бұл сырқаттың беті осыдан қайтар. Содан көктемге ілігіп, ар жағында тосапқа аузы тисе, еншалла айығар... Тосап дегенді білесін, бе, сен?—деді шал Мырзағазыға.
— Білем, Құсеке,— деді Мырзағасы,—« ол майдың қымызы ғой. Қымызды жан торсыққа құямыз да, ішіне жылқының ұлпа қазысын салып, түнде күзетке кеткен жылқышының қанжығасына байлап жібереміз. Түні бойы шайқалған қымызға қазының майы сіңіп қоймалжың боп кетеді. Осы болар тосап дегеніңіз?
— Білдің бала,—деді Құсайын.— Ал, енді осы екеуінен басқа менің айтар емім жоқ.
Мырзағазы «орамал» деп ақша ұсынып еді.
— Жоқ, шырағым,—деді Құсайын алмай.—Мен ондайды кәсіп қылған адам емеспін. Шапанын өзіңе, атын әкеңе сыйладым. Жетім бала деп отырсың, тек қолым шипа болса, менің сенен де, бұл баладан да мінген ат, киген шапаным со болсын!
«Не деген жақсы кісі еді бұл қарт!..» деп ойладым мен.
Қарттың айтқан емі маған қона кетті. Тамыр дәріге қайнатқан қартаны жеген сайын жазыла түстім, жазылған сайын қартаға құмарта түстім... Бірақ, Құсекеңнің айтуынша дәріге қайнатқан қартаны аз-ақ күн жеу керек те, ар жағында дәрісіз қартаның өзін жеп, қымыз шыққанша жылқының не қойдың майын сапырған ыстық сүт ішу керек... Біздің ауылдар қорадан көшіп, жасыл шалғыны жайнаған қырға киіз үй тіккенде, мен салт атқа мінуге жарадым... Жүз шақты жылқысы бар Нұртазаның, үйінде ол кезде қырық-елу бие құлындайды. Солардың он бес - жиырмасын Нұртаза сауынға байлайды. Биелердің көпшілігі жүген-құрық тимеген, мініс көрмеген жылқылар, сондықтан, біразы құлындарды байларда ойқастай қашып, желі маңайына жолағысы келмейді. Жыл сайын солай болғандықтан, Нұртазаның үйі желіден қашқан биелерді қорғалап әкелуге жүйрік байталдармен, жүйрік аттармен, жүйрік айғырларды күн бұрын жаратады, ыңғайлы жігіттер қашаған биелерді құрықтап отырып желі басына қорғалатып тығады... Биыл бие байларда менің сауығуым сонша, жүйрік байталдың біреуіне мініп қашаған қуыстым!.. Бие байланып аз күн тосап ішкеннен кейін мен тіпті құлан таза боп жазылып кеттім, жөтелім біржола басылды...
Енді не істеу керек?
Ояздық басқарушы мекемелерден кең мандат алып, атқаруға шыққан қызметтерімді, ауылыма әлдеқалай келген апаттың салдарынан орындай алған жоқпын. Енді соны орындауым керек. Бірақ, ол үшін Қызылжарға барып қайтуым керек, өйткені, естуімше, Советтік құрылыстың тіршілігінде толып жатқан жаңалықтар болған, соларды біліп алмасам, қызметті қалай атқарам? Бұл кезде тату боп жүрген Нұртазаға осы айымды айтып ем, ол өз ұсынысын жасады:
— Шырағым,— деді ол, — құданың бұйрығымен, біздің Молдағазы қайтыс болды. Артында көп құран, кітаптары қалды, соларға бұл үйде ие жоқ. Егер, риза болсаң, сені ие
қылайын деп ем. Бұған көнсең, тағы да айтқалы отырған бір сөзім бар.
— Айтыңыз! — дедім мен.
— Айтсам, мына көршілес отырған Асуат - Алдайдағы Ақатай хазіреттің Әлғалінің бойжеткен қызы бар, со баланы Молдағазыға атастырғалы жүр едім, оның жайы былай боп кетті. Хазіреттік де, менің де бір-бірімізден айрылғымыз келмейді. Егер, ризалассаң со баланы атастырып, қасыма бір отауым ғып қондырайын деп ем.
Жалтарыс сөзге салған мен, шешен және ақылды Нұртазаның мені құтқармайтынын білем. Сондықтан, мен турасын айттым:
— Кішкене аға, мен әлі бүтін кісі емеспін, жарты кісімін. Бойым бүтін болғанмен, ойым жарты, білімім жарты. Ендеше, әуелі бүтін адам боп алып, үйлену жайын содан кейін силауым керек. Оқуға жағдай туып тұр. Сіз ренжімесеңіз, мен толық білімді адам боп келмей, үйлене алмаймын.
Нұртаза бұл жолы маған бұрынғыдай ақыра сөйлемей, жәй ғана бетіме сүзіле қарап отырды да:
— Әй, бала, бала!.. Өз пайдаңды білмеген саған не дейін,— деп, тұрып жүре берді.
БЕСІНШІ ТАРАУ
«БЕТПЕ-БЕТ»
ҚЫЗДАР ҚАШАН ОҚИДЫ
«Оқуға барам» деген сөзді, мен Нұртазаға әлдеқалай айта салған жоқпын. Жаманшұбарда, оқушыларға осы шығарманың бірінші кітабынан аты мәлім Шәйін ағай Тілегенов тұрады. Ол, 1919 жылдың күзінен бастап Омбыда «Кедей сөзі» деген атпен шыға бастаған қазақ газетін алдырады. Нұртазамен келісе алмаған күндердің алдында, Шәйін ағайдың үйіне келетін осы газеттен мен «июнь айынан бас¬тап, Қызылжарда қазақ мұғалімдерін даярлайтын екі айлық курс ашылады, оған бастауыштан жоғары білімі бар адамдар алынады, жатақ үй және стипендия мемлекеттен беріледі» деген хабар оқығам. Осы курсқа Шәйін ағай екеуміз бармақ болғамыз. Бұл арада Шәйін ағай туралы аз сөз: балалық шағымда ажырасқан оны, 1920 жылға дейін көрген жоқпын да. Оған дейін естуімше, Шәйін ағай ел-елді аралап іс тігіп, Жаманшұбарға анда-санда бір соғады, үй іші Жаманшұбарда тұрады... Шәйін ағай .соңғы сапарынан, 1920 жылдың басында оралған екен. Мен көрмеген он шақты жылдың ішінде ол кескін, кейіп жағынан біраз өзгеріпті бұрын шоқша қара сақалы, қою қара мұрты болушы еді, қазір сақалын қырып, мұртын ғана қалдырған, бұрынғы көмірдей қара мұртқа біріндеп ақ қылшықтар араласа бастаған: бұрын толықша ақшыл беті қызара бөртіп, ерекше нұрланып тұрушы еді, сонысына қарап, қалжыңдайтын «құрбылары «атын, да әйелге ұқсас — Шәйін, өзін, де шәйін кескінді әйел сияқтысың» дейтін еді, енді қызғылт беті қуқылданып, етектеген жібектей жылтырайтын деп, тегіс ажары әжімденіп қапты; бұрын толықшалау болатын еді, қазір сидиған арық.
— Не болды, саған, аз жылда мұншама өзгеріп? —дегендерге.
— Өлмей тірі жеткенге қуансаңдаршы,— дейді Шәйін ағай.
— Е, өлетін не болды? — дегендерге:
— Оны сендер сұрамаңдар, мен айтпаймын,— дейді.
Көпшілікке айтпаған сырын, Шәйін ағай оңашада маған айтады: баяғы бала жігіт көзінде, Бағлан мен Троицкийдегі большевиктердің жасырын ұйымымен байланысы боп, елге таратуға олардың кейбір прокламацияларын алып шығады екен. Бұл қылығын полиция көзбен керіп, қолмен ұстамағанмен, сырттан естиді екен де, жауапқа шақыру сияқты істермен мазалайды екен. Ақыры дүние жүзілік бірінші соғыстың алдында полиция оны шақырып aп, Жаманшұбарда тұрмауға, күдікті қалаларға жоламауға қолынан расписка алады. Оның бір орында тұрмай, он шақты жыл ел кезуі осыдан екен..
— Жұрттан несін жасырасыз мұның?—деген сұрауға:
— Ұялам,— деп жауап береді Шәйін ағай.
— Неден?
— Большевиктік идеяны жаңа тани бастаған кезде, патша өкіметінің қуғынына түстім. Содан, не большевик бола алмай, не оның пайдасына елеулі қызмет атқара алмай, он бес шақты жылым әуре-сарсаңмен босқа өтті. Пайдасыз өткен жылдардың жұртқа несін айтып мақтанам?
— Енді не істейсіз?
— Не істеуші ем? Мұғалім боламын да! Ес білгелі зор арманым — сауатсыз еліме оқу тарату еді. Ондай күн енді туды. Жасым қырықтан асқанмен, әлі біраз жыл бала оқытуға жететін күш-қуатым бар, қалған өмірді соған сарп етем.
Газеттен Қызылжарда мұғалімдер курсы ашылатын хабарды оқығанда, Шәйін ағай қуанып кетті де:
— Сен енді бұған барасың ғой? —деді маған.
— Әрине,— дедім мен.— Сіз ше?
— Мен де!..
Жасы қырықтан асқан Шәйін ағайдың оқуға баруын, ескілік мойнына әлі мықты мініп отырған ауыл ерсі көргенмен, ол өз шешіміне берік бекінді де, менімен бірге Қызылжарға аттанып кетті, көлігіміз — ылау. Жолдағы Батпақ келде отыратын Жаман - тымақ аулынан бізге Тәтке Омаров ерді. Жасында жетім қап, ағайындарының қолында өскен ол, аулындағы ірі молда — Кәрібай хажының медресесінде дін сабағын коп жыл оқиды да, араб тілінің сарф, нахуынан әрі кетіп, мантық пен ғақаидқа, одан фиқһиға барады. Арабтың және фарсының тілін ол өте жақсы біледі. Сондай «ғалым» бола тұра:
— Босқа өткен өмірім! — деп өкінеді ол.
— Неге?
— Ақыретке болмаса, тіршілікке түк пайдасы жоқ оқу.
— Сен дін кітаптарымен қатар, арабтан Әбу Ғала-әлмағарриды да, Имро Әлқайсты да, фарсыдан Әбілқасым Фердауси мен Шайх Сағдиды да оқыған боларсың? — деп сұрайды Шәйін Тәткеден.
— Әрине, оқыдым.
— Тамаша әдебиет емес пе, олар?
— Рас, көркем.
— Кәне, оқып көрші! — деп Шейін Тәткеге араб және фарсы тілінде жазылған өлеңдерді оқытады. Мен ол тілдерге түсінбеймін, тек, Тәтке ықластана оқыған өлеңдердің күйлі үндеріне, екпінді ырғағына, жатық үйлесіне қызығам.
— Міне, қайда, тамаша өлеңдер! — деп тан, қалады түсінген Шәйін.
— Жақсысы жақсы,— дейді Тәтке,— бірақ, бұлардың бәрі атам-заманда болған алыстағы өмірдің бейнелері. Мен соның бәрін жинағанда, жалғыз Пушкинге айырбастамас едім.
— Сен орысша да оқып па едің? — деп сұрайды Шәйін Тәткеден.
— Өз бетіммен...
Тегі, Тәтке өте зирек адам болу керек, өз бетімен оқыған ол орыстың тілін де тәп-тәуір біледі, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың көп өлеңдерін жатқа айтып кетеді.
— Міне, қайда, жақсы өлең! — дейді ол.
Шәйін орыс тіліне шалағайлау екен. Тәтке оқыған орыс өлеңдеріне ол еркін түсіне алмайды. Орыстың және араб пен фарсының тілін білмегенге мен, әрине, іштей қорланам, бірақ сырттай сыр бермей, серіктерімнің алдында мақтанғым кеп, өз елеңдерімді оқимын. Өйтетінім: Шәйін де, Тәтке де ептеп өлең жазады, олардың өлеңдерінен менің, өлеңім өзіме артық сияқтанады... Жолшыбайғы Өтей - Дәуіш аулынан естісек, Баймағамбет Ізтөлин, одан әрі он бес шақырым жердегі аулында жатыр екен. Курсқа ол да барады екен, ендеше біздің оған соға кетуіміз керек.
Өтей - Дәуіштен бізге ерген Жұманның Іскейі:
— Ал, енді біз Баймағамбеттің үйіне барамыз ғой,— дейді жолшыбай әңгімелескенде,— сонда сендер оның тамаша сұлу қарындасын көресіңдер, аты Айтжан. Ал, енді бар ғой, бұл маңайда одан сұлу қыз жоқ. Өзі талшыбықтай бұралған жасөспірім. Орташа талдырмаш бойлы, бұрымы санына түскен қолаң шашты. Әдемі қыр мұрынды, мөлдір қара көзді...
Іскей осы арада Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең, маңдайлы» деген өлеңін оқып:
— Дәл осы сипаттың бәрі осы қыздың бойында! — дейді.
Қызыға тыңдаған біз:
— Кімге атастырған оны? —деп сұраймыз.
— Қапсытта Байжан деген кісінің баласына атастырған екен, ол былтыр өліп, басы қазір бос отыр.
— Онда, мына Сәбитке алып беру керек! — дейді Шәйін қалжыңды кескінмен.
— Қалыңды қайдан табады бұл? — дейді Тәтке.
— Әйелдің басына бостандық беретін советтік заман туып жатқан жоқ па? Қыз енді қалың малға сатылады деймісің? — дейді Іскей.
— Солайы солай ғой,— дейді Шәйін.— Совет өкіметі қалыңмалды жоюға заң да шығарар ғой, бірақ, онымен, қалың мал біразға дейін жоғалмайды ғой деймін.
— Неге? — дейді Тәтке.
— Ғасырлар бойы қазақ елінің сүйегіне сіңген әдет қой ол, аз жылда сылып тастау оңай емес оны. Ол әдет сылыну үшін, ең алдымен, қыздардың өзін оқытып, дүниеге көзін ашу керек. Өз құқығын қыздың өзі ұғынғанша, оны жаппай азат ету қиын жұмыс.
Көңілге қонымды бұл сөзге біз таласпаймыз.
Іскей Айтжанды одан әрі мақтай жөнеледі.
— Мейлінше ақылды және ашық, ақ жарқын мінезді қыз,— дейді ол, — ауыл қызындай өзін қымсынып ұстамайды, үйіне барған адаммен сөйлесіп, күліп-ойнап отырады.
— Әке-шешесі бетке қақпай ма? — деймін мен.
— Жоқ,— дейді Іскей,— қағуың " сол,— құрбыларымен қалжыңдасып отырғанын жақсы көреді. Шешесі — Кесте азырақ тартпақтайын десе, әкесі — Қанапия «ойнасын, күлсін, осы он, жақта ойнап күлмегенде қашан ойнап күледі?» деп әйеліне ұрсады.
— Баймағамбеттің әсері болар,— деймін мен,— қала, далаға көп жүрген, оқыған, заманның алдыңғы қатардағы пікірін қолдайтын ол, әкесіне қызды қалай ұстауды айтқан болар.
— Өз ықласы шаппаса, біреудің айтқанын тыңдай ма адам? —дейді Іскей,— талай оқыған азаматтың апа-қарындасын әкесі қыспақта ұстап, малға сатып жүрген жоқ па? Мысалы,— мына Тәткенің ағайыны — Есілбай хажы. Оның баласы — Ғалауеттенен орысша көп оқыған адам бұл маңайда жоқ. Соның жалғыз қарындасын, көзін бақырайтып қойып, әкесі әнеукүні ғана бай Көшкенің баласына малға сатты...
— Рас,— дейді Тәтке.
— Ал, енді Айтжан бар ғой,— дейді Іскей, оны тағы да мақтай жөнеліп,— ашық мінездігінің үстіне, ағып тұрған әнші. Даусы күмістей сыңғырлайды. Өзі, қазақша әнді де, татарша әнді де бірдей айтады...
— Татаршаны ағасынан үйренген болар?
— Әрине...
— Домбыраға да керемет!.. Бармағынан бал тамады!..
— Мақтауын жеткіздің! — дейді Тәтке,— өзі сауатты қыз ба?
— Ауылдық мектепте оқыған. Хатты жақсы таниды. Зерек қыз. Мысалы бүкіл Абайды басынан аяғына дейін жатқа біледі, оның өлеңдерін әнімен айтады...
— Бұл бір, оқиын деп тұрған қыз ғой,— деймін мен,— мүмкін, Баймағамбет оны өзімен бірге Қызылжарға ала кетер?
— Әкетер! — дейді Шәйін кекетінді дауыспен,— әкесі жіберер оны!..
— Неге жібермейді?
— Барған соң көрерсің,!..
«Шәліңке» аталатын Баймағамбеттің аулына біз күн түс ауа жеттік. Бұрын бұл ауылға келіп жүретін Іскей:
— Қанапияның үйі анау,— деді, қоңырлау ауылдың төріне тігілген бозамық үйді нұсқап,— анау төрт-бес құлын байланған желі, сол — Қанапиянікі.
Баймағамбет, бізді, тегі алыстан көрген болу керек, тарантас жеккен атымыз жақындай бергенде, үйінен жүгіре шықты да, құшақтаса сүйісіп қарсы алды. Оның бастауымен үйіне кірсек, төрде зор денелі, сирек сақал-мұртты, ақ бұжыр кісі отыр екен. «Қанапия осы болар» деген оймен, серіктеріме қосыла мен де сәлем беріп қолдастым. Оң жақ босағаға жиналған ағаш төсектің алдында, үстінде жаға - жеңі кестелі қос етек ақ көйлегі, оның сыртында қызыл бүліш жеңсіз камзолы, басында үкілі тақиясы бар сұлу қыз кесте тігіп отыр екен. Айтжан, әрине, осы! Оған таяу отырған мосқалдау көркем әйел, шешесі — Кесте болу керек. Біз үйге кіре бергенде, Айтжан мөлдір қара көзін сүзілдіре қарап қойды да, кестесімен шұғылдана берді... . Ол кездегі ауылдың ғұрпында, әйелмен қолдасып амандасу жоқ. Сол ғұрыпты бұза алмаған біз, Қанапияға қолдасқаннан кейін төрге отыра беріп ек:
— Ағаларыңмен неге амандаспайсың, Айтжан? — деді Қанапия.
— «Амандық ағадан» емес пе, әке, — деді Айтжан,— ол кісілер маған амандассын!..
— Дұрыс сөз! —деді Шәйін,— бірақ отырып қалдық, қайта тұрып қолдасу ерсі. Денің сау ма, шырағым?..
Бұл үйде байлық да белгі жиһаздар болғанмен,. үй іші сыпайы, сәнді жиналған екен. Ол бізге Айтжанның қол өнері сияқтанды... Кешті біз зор мәжіліспен өткіздік. Қонақ асыға сұрасқан бұл үйдің асын ішкенге дейін, үй ішінде сауық басталды. Оны Қанапияның өзі бастап жіберді. Ен, алдымен қымыз ішіп сусындап алғаннан кейін:
— Біздің Айтжанның әнші, домбырашы екенін бұл қонақтар, әрине, естіді,— деді Қанапия.
— Естідік,— деді Шәйін, — соны естуге құмармыз енді.
— Ал, қарағым,— деді Қанапия Айтжанға, — домбыраңды ал да, мына ағаларыңа аздап қызмет қыл!..
— Лебізді әуелі ағалардың өздерінен естиік,— деді Айтжан.
— Ол да дұрыс,— деді Шәйін.-— Баймағамбет, онда домбыраны, мына Сәбитке бер!..
Домбыра берілгенмен, әдейі, Айтжанның қосылуын тілеген мақсатпен, Абайдың «Айттым сәлем Қаламқасының» бір ауызын домбыраға қосып айттым да:
— Ал, енді, осыған бәріміз де қосылайық,— дедім Баймағамбетке.
— Хұп! — деді ол.
— Айтжан да!..
«Қалай қарайсың?» дегендей, Баймағамбет Айтжанға қараған еді:
— Қосылам! — деді ол.
— Балалар, бір-біріне жақын отырыңдар, онда! — деді Қанапия.
— Онда, Айтжанға жақындаңдар, балалар! — деді Шәйін бізге.
Іскей, Баймағамбет үшеуміз түрегеп Айтжанның қасына барып отырдық.
— Сен неге бармайсың? —деді Шәйін Тәткеге.
— Мен әнге шорқақпын,— деді ол.
— Әттең жас емеспін,— деді Шәйің кеудесін кере дем алып,— әйтпесе, Айтжан сияқты қарындастың әніне, шорқақ болсам да қосылар ем...
«Айттым сәлемді» мен тағы да бастап ем, Іскей, Баймағамбет, Айтжан үшеуі қостай кетті... Менің құлағым өзгелердің үнінде емес, Айтжанның үнінде... Жарықшақсыз оның сыңғырлаған таза даусы, не деген әдемі еді!.. Сол қосылғаннан қосылып, біз Абайдан да, халық әндерінен де бірталайын айтып тастадық. Әр кездегі әдеті болу керек, ауыл адамдары бұл әнге тегіс жиналып, тек, біз асқа отырарда ғана тарады. Астан кейін Баймағамбет «Алтыбақан» ұйымдастырды. Оған, сол арадағы «Қырғызбай» көлін жағалай отырған ауылдардың қыз-бозбалаларын шақырды. Ауылдан алысырақ тігілген алтыбақанның төңірегіне, айлы, тымық түнде жиналған қалың қыз-бозбала, қысқа түнді әнмен өткізді. Осы ұзаққа созылған кеп әннің өзегі де, ажары да Айтжан. Қай ән болса да, алдымен сол бастап, өзгеміз соған қосыламыз. Не деген қарлықпайтын дауыс, не деген тәтті үн!.. Мен бұрын татар әндерін естігенім болмаса, өзім айтқан кісі емес ем. Мана Айтжанға қосылып отырып, мен татардың «Ғалия Бануы» мен, «Тәфтиләуін» үйреніп, қосылатын боп алғам. Ал, м.ен былтыр Омбыда жүргенде үйренген «Қарғаш» және «Ғайни» деген әндерді бұл ауыл білмейді екен, ол әндерді Айтжан менен үйренген. Сондықтан, ауылдың алтыбақанға жиналған қыз бен жігіттері өздері білетін әндерге қосылады да, Айтжанмен мен ғана білетін әндерде аңырып қап, қосылған бізді тыңдайды. Айтжанмен мен, бұл әндерді алтыбақанның арқанына қатар мініп отырып айтамыз, қарсымызда тағы бір қыз бен жігіт. Арқанды жерде тұрған жігіттер қатты шайқап аспандатып жібереді, сонда, әнге қосылған Айтжан екеуміз, ән - мәнімізбен, жиі жұлдыздарды жарқырай тұнған, толған айы жүзген биік аспанға ұшып бара жатқан сияқтанамыз!.. Сол бір рақат сағат - ай!.. Алтыбақаннан біз таң сіберлей қайттық. Мені Айтжанмен оңашалағысы келгендей, Шәйін ағай Баймағамбетке «оңаша сөзім бар еді» деді де, бір бүйірге қарай алып кетті. Іскей мен Тәтке де Шәйіннің, ойын ұққандай, бізден оңашалана қалды. Ауылға қарай оңаша, қатар аяңдап келе жатқан Айтжанға айтар сөзім ішіме сыймай келеді, бірақ ол сөздер көмейімде әлденеге буылып, бері қарай аса алмайды. Мен іште сапырылған сөздерге булыға, тұншыға түсем... Сонымды сезгендей, халімді жеңілдеткісі келгендей:
— Сәбит! —дейді Айтжан.
— Әу,— деймін мен дірілдеген дауыспен...
— «Айттым сәлем Қаламқасты» ақырын ыңырсысақ қайтеді...
— Болсын...
Екеуміз баяу ғана үнмен қосыламыз. Ән мен сөз, менің Айтжанға деген ойымды түгел айтып береді. Маған енді, Айтжанның ойын айтқызу керек. Оған да сылтауды Абайдың елеңінен тауып:
— Сіз Абай аударған «Татьянаның хатын» білесіз ғой? — деймін мен.
— Білем,— дейді Айтжан.
— Әнін ше?
— Оны да білем.
— Ендеше,— соған қосылайық.
— Қосылсақ қосылайық...
Екеуміз оған да қосыла жөнелеміз. Бұл хат, әлдекімге өзінін, жазған хаты сияқтанып, Татьянаның зары өзінін, зары сияқтанып, Айтжан мұңайыңқыраған дауыспен, әнді кеудесін кең, керген тыныспен айтады... Осыдан сөз туғызғым кеп, мен:
— Неге көңілсіз айтасыз, бұл әнді? — деймін мен...
— Қыз атаулыға ортақ мұң болғансын да,— дейді Айтжан жеңіл күрсініп.
— Сонда, сіздің Онегиніңіз кім екенін білуге болар ма екен?
— Жоқ болса қайдан табам? — дейді Айтжан күліп.
— Онда, табуға жәрдемдесейік...
— Рахмет,— дейді Айтжан,— көп болып қарайтын жоқ емес қой ол, әркімнің өз жүрегімен ғана табатын жоғы ғой...
Біз сол кезде үйге де келіп қалдық. Менің серіктерім де келді. Тан, бозарып қалды... Үйдің іші де жап-жарық екен. Төсек бізге төрдің алдына салыныпты.
— Қалай, жақсы өтті ме кештерің? — деді оянған Қанапия.
— Өте жақсы.
— Онда, дамылдаңдар. Бие бауына дейін ұйықтаңдар!..
Айтжан түсірулі шәйі шымылдықтың ішіне кірді. Оның бір әдеті — ауыл қызындай, қадаған күміс, шашына таққан шолып, құлаққа таққан сырға, білекке киген білезік... дегендей, үсті - басында сылдырмақ жоқ екен, сондықтан, шымылдыққа кірген соң-ақ, оның шешінген сыбдырынан басқа дыбыс естілген жоқ. Төсегіме киімшең қисайған менің есіме нақ сол арада, халықтың аузында айтылып жүретін:
Сары белден сарғайып таң атады,—
Ах - хау,
Бидай енді құбаша түн қатады,—
Сәулем - ай,
Ұзақ түнге бозбала қалай шыдар —
Ах-хау,
Сары майдай толықсып қыз жатады,—
Сәулем - ай,
Екі ғана жирен - ай,
Өңшең манат, кигені - ай,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені - ай! —
дейтін әні мен өлеңі түседі, мен төсегімде аунақши түсем...
Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін. Біреу түрткенге оянсам,— Кесте екен. Менен өзге жұрт тұрып, киініп далаға шығып кетіпті. Айтжан түрулі шымылдықтың ішінде ұзын қолаң шашын тарап тұр.
— Тұр, шырағым! — деді Кесте маған,— күн түске тармасып қалды. Жүретін уақыттарың да жақындады дейді Баймағамбет.
— Ұйқыңыз қанбай-ақ жүр екен, — деді басымды төсектен көтерген маған Айтжан қалжыңдап,— неменеге мас болдыңыз, осынша өле ұйықтап?
— Өзге біреу болмаса, сіз сұрайтын сөз емес қой ол!.. Түсінікті ғой сізге, неменеге мас болғаным!..
Одан әрі әзілдесуге, үйге Қанапия кіріп келді. Мен тысқа шығып кеттім. Баймағамбет бізге осы ауылдан берілетін ылауды даярлату қамында жүр екен, кескіні солғын. Өзге серіктерім, ауылдан алысырақ жерде серуендеп жүр.
— Неге көңілсізсің? — деген сұрауға.
— Әкеммен ренжісіп қалдым,— деп жауап берді Баймағамбет.
— Неге?
— Айтжан туралы.
— Не жайында?
— Айтжанның қалпын байқадың ғой өзің. Еркін өскен және оқыса жақсы адам боп кеткелі тұрған кісі ғой. Осы жайды әкеме айтып, Қызылжарға оқуға ала кетейін десем, зыр қағып маңайына жолатпайды.
— Неге?
— «Өзге қыз оқып, осы ғана қалып пa? деп, «елден бөтен біз ғана оқытамыз ба?» деп, «жасы жеткен қызды, қаптаған еркектің ішіне жалғыз қалай апарасың» деп...
— Мен айтып көрсем қайтеді?
— Айтам десең айт, бірақ, көндіре алмайсың...
Қанапияға бұл сөзді мен өзім айтқан жоқпын, тыңдаулы, жасамыс кісі деп Шәйін ағайға айтқыздым. Шай үстіндегі Шәйіннің сөзін Қанапия сабырмен түгел тыңдап алды да:
— Қызды да оқыту керек екенін білемін, Шәйін,— деді,— бірақ, жалғыз мен оқытқанмен не болады, бүкіл ел боп оқытпаған соң? Ауыл түгіл қалаңда да қазақтан оқыған қыз бар ма? Жоқ қой ол?
— Рас. Бірақ, біреу бастау керек қой, осы игілікті істі? Мен - ақ бастар ем, қызым жас. Бұл балан, оқыса дыңдай кісі боп кеткелі тұр,— деді Шәйін, шай құйып, мұңайыңқыраған кескінмен отырған Айтжанды иегімен нұсқап,— өзі қандай жақсы бала және киіктің асығындай!.. Осындай балаларды, мынадай жағдай туып тұрған кезде оқытпай, қазан-ошақты ұстатқанда не түседі?..
Көзіне жасы іркіліп қалған Айтжан теріс қарап түрегелді де, тысқа шығып кетті.
— Көрдің бе, Қанеке, балаңның көңілі бұзылғанын? — деді Шәйін,— оқуға ықласы барлығы ғой сол. Обалына қалма, жібер!..
— Менің екі сөйлемейтінімді білесін, ғой, Шәйін сен,— деді Қанапия,— сөздің қысқасы, жұрттан ала-бөтен, қызымды мен оқуға жібере алмаймын...
Шайдан кейін біз аттанып кеттік. Айтжан бізге көрінбей қалды.
— Ол отауға барып жылап жатыр,— деді, аттанарда әкесінің інісі — Жәкенің үйіне кіріп шыққан Баймағамбет,— сол жылаумен өтеді ол.
— Неге? — деді Тәтке,— теңіне қосылса неге жыласын?
— Бәрі бір,— деді Баймағамбет,— ерте шыққан соң, салды-балақ ауыл әйелінің біреуі болады да қояды...
— Мүмкін оқыған біреуге берерсіздер,— деді Шәйін.
— Қайдам, реті қалай келетінін!—деді Баймағамбет күрсініп.
— Өзін, оқыған, өзін, коммунист — сенің қарындасын, оқи алмағанда, өзге қазақтың қыздары қашан оқиды? — дедім мен.
— Мәселе осында,— деді Шәйін,— бұл да көп күресті керек қылатын, көп күндердің ісі.
БҰЛ СОВЕТТІК КУРС
Біз Қызылжарға келсек, курсқа қатынасатын адамдар жиналып жатыр екен. Оған, сол кезде «Ақмола» аталатын губернияның төрт оязы: Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Атбасардан үш жүзден астам курсант жиналыпты. Олардың бірталайымен мен өткен қыста болған маслихатта танысқам: ту - ту Қызылжар мен Қостанай оязының арасындағы Қараоба болысынан, өзіммен 1918 жылы Омбыда бірге оқыған татар Неғметолла Нұрғалиев те келді... Обаған бойындағы «Қаршығалы Сыйбаны» аталатын елден, кейінгі кезде прокурорлық қызметін атқарып кеткен, ол кезде ауыл мұғалімі Қожахмет Бейсембин де келді... Аққу сақ болысынан Уақ руынан Зейнолла Шүйішпаев та келді... Нұралы руынан, жасы қазір жетпістерден асып, пенсияда отырған қарт, мұғалім Баймұрат Жақыпов та келді... Қантай руынан, қазір «Баян» колхозындағы он жылдық мектептің мұғалімі боп қызмет атқаратын, кеп жылдық мұғалімдік еңбегі үшін Ленин орденін алған Хакім Иманов та келді... біздің «Ойдағы Сибаннан» маған бірінші рет қазақша сауат танытқан, қазір «Жаңа жол» аталатын он жылдық мектептің мұғалімі, кеп жылдық атқарған мұғалімдік еңбегі үшін Ленин орденін алған Хамит Махмудов те келді.... Кебеше руынан, кейін Ұлы Отан соғысынын, Ері атанған Баян Рамазанов та келді... Шағалақ руынан, қазіргі Алматының жоғарғы мектептерінде философия ғылымынан советтік мектепте отыз бір жыл қызмет атқарып, өткен 1950 жылы қайтыс болған Ғали Мусин да келді... Андағұлдан өзімізге мәлім Қамза Жұнысов та келді... Мұғалімдердің көпшілігімен сонда таныстық. Біздің курс «Дом Романовых» аталатын үйде ашылатын болды. Оның қасында бұрынғы реальное училищенің үйінде орыс мұғалімдеріне арналған курс ашылды. Ол да екі айлық, оның оқушыларының тең - жарасы әйел, ал, біздің курста бір де әйел жоқ!.. Екі курстың бір айырмашылығы осы болса, екінші айырмашылығы,—орысша курске сабақ беретін адамдар көп, қазақша курсқа қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдер жөнді жоқ. Соның салдарынан болу керек, біздің курсқа педагогика мен қазақ тілі сабағын өзімізге мәлім байшыл - ұлтшыл ақын Мағжан Жұмабаев беретін болды... Қызылжарға жақын жердегі аулында советтік органдардан жасырынып жүрген оны, ояздық мекемелерге орналасқан алашордашыл достары шақыртып апты. Бізге сабақ беретін мұғалімдердің ішінде тағы сондай бірнеше байшыл - ұлтшылдар бар...
— Бұ қалай? — дестік, біраз жігіт өзара күңкілдесіп,— алашордашыл ұлтшылдардан, әсіресе, Мағжан сияқты, күні кеше Совет өкіметіне қарсы өлеңдер жазып, Колчак өкіметі мен алашорданы мақтап жүрген адамнан қалай оқимыз?!..
Ақылдаса кеп, бұл сұраудың жауабын Гозак пен Соколовтан алмақ болдық та, пікірлес бірнеше жігіттің атынан, Баймағамбет, Қамза, мен — үшеуміз Укомға бардық. Ол екеуі бірігіп отырып біздің сөзімізді түгел тыңдап шықты да, жауапты Соколов берді.
— Басқаша мүмкіндік болмай отыр,— деді ол,— жоғарғы білімі бар, совет тілегіндегі қазақ азаматын табу, әзірге оңай боп жатқан жоқ. Курстың көпшілік сабағы қазақ тілінде жүруге тиісті, сондықтан ол сабақтарға қазақ тілін білетін ғана мұғалімдер керек. Осы жағдайды ескере келіп, сіздер атаған адамдарды пайдалануға тура кеп отыр. Кейбіреулер бұрын ұлтшыл болғанмен, қазір коммунист екенін білесіздер. Өтірік коммунист па, шын коммунист па, оны алдағы күннің сыны көрсетуге тиісті. Әзірге біздің оларға сенбеуге хақымыз жоқ. Алдын ала біз Жұмабаевтың кім екендігі туралы да тиісті ұйымдардан біраз мәліметтер алдық. Рас, ол бізге қолайлы кісі емес, бірақ бұл оязда қазақ тілінен мұғалімдерге сабақ 'беруге жарайтын бұндай жоғарғы білімі бар кісі жоқ екен. Осы жағдайды еске алдық та, өзімен алдын ала сөйлесіп қабылдадық. Өзгелерімен де солай сөйлестік. Егер, сіздер оған риза болмаса қыздар, орнына ұсынатын адамды атаңыздар.
Біз ешкімді атай алмадық.
— Ендеше, — деді жолдас Соколов,— Жұмабаевты да, басқаларын да пайдалану керек. Өздеріңіз, әсіресе коммунистер оны бақылап, Советке қарсы пікіріне жол бермеулеріңіз керек. Ұлтшылдыққа ұйымдасып қарсы тұру үшін және бұл жөнде мұғалімдердің арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін, курстың қасында партия ячейкасын құру қажет.
Ячейканың секретарьлығына тағайындалатын адамның партияға мүше болу қажет екендігін мен сонда ғана естідім. Баймағамбеттің айтуынша ондай мүше курсанттардың арасында жоқ екен. Бары: тілектестерден он шақты адам, кандидаттан екеу, оның біреуі Баймағамбет. Осы жағдайды естігеннен кейін, Соколов Баймағамбетке партияға мүшелікке өтуді, содан кейін ячейкаға секретарь болуды ұсынды.
— О, қалай жолдас Соколов?—деді Баймағамбет,— устав бойынша тілектестік сыннан алты ай өту керек те, одан кейін алты ай ,кандидаттық сыннан өтіп, мүшелікке содан кейін алыну керек. Мен тілектестік мерзімнің өзін де толық өтемей, төрт жарым айда кандидаттыққа ауыстым. Оған ай жарымдай ғана уақыт болды, ендеше мүшелікке қалай өтем?
— Тілектестік те, кандидаттық та партиясын, сынынан ету үшін, яғни осы адамның коммунистік бола алатындығына партияның көзі жету үшін қажет,.— деді Соколов,— сізді тілектестік сыннан алты айды толтырмай еткізген себебіміз, коммунистігіңізге көзіміз жеткендіктен жолдас Ізтөлин. Қазіргі жағдай сіздің кандидаттық стажды толық өтеуіңізді көтермейін деп отыр. Біздің мақсат — курске жиналған мұғалімдердің ішінен еңбекші көпшіліктің арасынан шыққандарын және Советтік құрылысқа шын тілектестерін партия қатарына тарту. Осы жұмысты ұйымдастыруға қазақ коммунистерінен қолайлы кісі Укомның қарамағында жоғын өзіңіз керіп отырсыз. Егер, сіздің кандидаттық стажыңыздың толуын күтсек, мұғалімдер оған дейін тарап кетеді. Мүмкіндігі болғанша бізге олардың біразын ауылдарына коммунист қып қайтару қажет. Ауылдарда партия ячейкаларын құруға, бізге жәрдемшілер солар болады. Сондықтан, сіздің мүшелікке ету шартыңыз толмағанмен, бұл мәселені Ояздық партия комитетінің президиумы мәжілісінде арнаулы мәселе ғып қараймыз да, сізді мүшелікке еткіземіз.
Баймағамбеттің қуланар алдында көзі күлімдей қалатын. Сондай кескінге түсе қалған ол, Соколов пен Гозакқа кезек - кезек аз қарап отырды да:
— Онда менің бір ұсынысым бар,— деді.
— Айтыңыз,.— деді Гозак пен Соколов қосынан.
— Тілектестік немесе кандидаттық стажы толмаған адамды мүшелікке еткізу мүмкін болса, менің айтайын дегенім мынау еді: қазақта «жалғыз қаздың үні шықпайды», деген мақал бар. Партияға бір мен ғана мүше боп өткенмен, ячейканың ісі өркендемейді. Ячейканың секретары мен болайын, басқа болсын, кім де болса оған жәрдемшілер, яғни бірнеше партия мүшелері керек...
— Сонда сіздің ұсынысыңыз? — деді Соколов, Баймағамбеттің сөзін бөліп.
— Менің ұсынысым,— деді Баймағамбет,— менімен қатар отырған мына Қамза Жұнысов пен Сәбит Мұқанов жолдастарды да тілектестіктен, кандидаттық стажсыз - ақ, партияға мүшелікке өтсе екен!
Соколов пен Гозак бір-біріне қарасып, аз үнсіз отырғаннан кейін:
— Жақсы, жолдас Ізтөлин,— деді Соколов,— бұл мәселені президиум мүшелерімен ақылдасып көрейік, бізбен ертең хабарласарсыз.
Баймағамбет Қамза мен маған ертеңіне қуаныш хабар айтты.
— Тілектерің болды! — деді ол,— мүшелікке ететін болдыңдар. Қазір Укомға барамыз, анкета толтырамыз. Рекомендацияларды Укомның өз қызметкерлерінен алатын болдық. Мәселеміз Укомның ертеңгі президиумында қаралады.
Президиум мәжілісінен мен қуанып та, қорланып та шықтым. Қуанышым — кандидаттық стажсыз, тілектестіктен тура партияға мүшелікке өттім!... Қорлануым — президиум мәжілісіне Баймағамбет пен Қамза сұрауларға да орысша іркілмей жауап берді, сұраулардан кейін, партияға неге мүше болатындықтарын орыс тілінде түсіндіріп айтып берді... Мен оның біреуін де істей алған жоқпын. Ол кезде мен, орысша айтылған сөздердің жалпы бағытын аңғарғаныммен, егжей-тегжейін білмеймін, өз пікірімді орыс тілінде қисындырып айтып бере алмаймын. Сондықтан, президиум мәжілісінде маған қойылған сұраулардың көпшілігіне түсіне отыра, мен солардың біреуіне де қанағаттанарлық жауап бере алмадым, кейбір жауабымда айтар сөздерімді біле тұра сасқалақтап айта алмадым, соның салдарынан, өзге жұрт құп - құрғақ отырғанда, мен моншадағы кісідей ағыл - тегіл терлеп, еріп кеттім. Менің осы жағдайымды көргендіктен ғой деймін Қамза мен Баймағамбет сөйлеген қорытынды сөздерді, Соколов маған айтқызған жоқ. Омбыда оқыған қыста, әлдекімнің тетрадынан мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерімен танысқан едім. Оның бір өлеңі:
Уаллаһи ант етемін алла атымен,
Орыс тілін үйренем һәм хатымен,—
деген сөзбен басталатын еді. Жатқа білетін бұл өлеңнің жаңағы екі жолының мағынасына мен Укомнан шыққаннан кейін ғана түсіндім. «Алла атымен» ант етпегенмен, Укомнан былай шыға:
— Бәке! — дедім мен Баймағамбетке,— баяғыдан бері оқыдым деп жүргенімнің бәрі бос сөз екен. Не оқу ол, өз пікіріңді дұрыстап айта алмаған?!..
— Е, сен қазақ тілінде қандай пікірін, болса да айта аласың ғой, оның несіне өкінесің? — деді Баймағамбет.
— Ана бір жылғы хатыңда өзің айтқан едің ғой, Бәке, «дүние ғылымының бар тетігі орыс мәдениетінде» деп: «Біздің ен, үлкен мектебіміз — орыс мәдениеті» деген жоқ па ең, сол хатыңда? Сол зор мектептің мына Қамза екеуін, ішінде екендіктеріңді, менің сыртында екендігімді әлгі президиум мәжілісінде ғана айқын ұқтым. Көрерсің, Бәке, менің, бұдан былайғы шұқшиятыным орыс тілі мен орыс оқуы болады...
— Өте жақсы,— деді Баймағамбет,— ол сенін, ғана емес. менің де, мына Қамзаның да, біз сияқты бар адамның, да тілегі. Біз сенін, көзіңде ғана білімді көрініп тұрмыз, әйтпесе, «орыс мәдениеті» аталатын үлкен дарияның Қамза екеуміз де шеткі шалшығында ғана жүрміз. Сен сияқты, біздің де оған тереңдегіміз келеді. Солай ма, Қамза?
— Әрине солай,— деді Қамза.
Ертеңіне осы пікірімді Гозакқа да айтып ем:
— Өте жақсы ой, ете жақсы мақсат,— деді ол,— бұл мақсатқа жетуіңе мен сенемін, оған жағдай толық, ол жағдай — советтік құрылыс, большевиктер партиясының басшылығы. Бірақ «оқу» аталатын кең дарияны адам бір күнде немесе аз уақытта кеше алмайды. Ол дарияны кешу үшін көп күндер керек, көп сарылып оқу керек. Мына өзің түскелі отырған мұғалімдер курсы, сол алдағы ұзақ оқудың басы ғана. Әуелі осы курсты ет. Содан кейін ауылда бірер жыл мұғалім боп қызмет атқар, ауылдағы партия, совет және шаруашылық орындарының ісі күшеюге жәрдемдес. Содан кейін орта мектепке барарсың, одан әрі жоғарғы мектепке кетерсің...
— Ұзақ уақыт қой ол? — дедім мен.— Одан да осы бастан оқуға жіберсеңдер қайтеді?
— Әрине, жіберуге болады — деді Владимир Иосифович,— бірақ, менің саған айтар достық ақылым: әзірге мына курсты бітір де, бірер жыл қызмет істе. Сабақ деген мектепте ғана емес, өмірде да бар. Ен, үлкен сабақ — өмір сабағы. Әсіресе, қазіргі уақыттағы өмір сабағы. Ойлашы өзің: қазақ ауылдарында Совет өкіметі жаңа ғана құрылып жатыр, партия ұйымдары ауылдарда жоқ. Қазақ еңбекшілері Совет өкіметі дегеннің, коммунист партиясы дегеннің не екенін әлі жақсы білмейді. Олардың осы мәселеде көзін ашып, өз өкіметін, өз партиясын таныту мәселесі қандай тамаша!.. Сен ауылға мұғалім боп қана бармай, жаңағы айтылған мәселелерде партияның үгітшісі, насихатшысы боп барасың. Бұл аса ардақты іс. Осы іске бірер жыл араласып, өмір мектебінен де сабақ ап, одан арғы оқуың сіңімді болады. Менімше, осы дұрыс.
— Мақұл,— дедім мен.
Курстың сабағы басталды. Қазақ тілінде оқылатын сабақтардың маған оншалық қиындығы бола қойған жоқ, өйткені, мұнда ететін: есеп, геометрия, география, жаратылыс сияқты сабақтардың бәрі де мен Омбыда өткен сабақтардың мөлшерінде ғана. Маған ерекше көрінген екі-ақ сабақ болды. Біреуі — «саяси сабақ», екіншісі — «қазақ тілі». Орысша «Полит грамота», қазақша «Саяси сабақ» аталатын предметті Шахизаман Зәбиров оқытады, өзі курстағы партия ячейканың мүшесі. Оның биографиясымен таныссам, Саратов маңындағы жұмыскер семьясында туады, бала күнінде слесарьлық жұмысын атқарады, он сегіз жасында солдатқа алынады да, бірінші империалистік соғысқа қатынасады, майданда революциялық жұмысқа тартылады, 1917 жылдан қызыл гвардеецтер қатарына кіріп, Қызылжарға тұрақтағанға дейін азамат соғысында болады. 1918 жылдан партия мүшесі. (1919 жылдың күзінен бастап Қазақстанда әр түрлі советтік және партиялық жауапты қызметтерде жүрген жолдас Зәбиров, 1935 жылы өкпе туберкулезінен қайтыс болды). Зәбировтің мешер екені және қалай сөйлейтіні бізге мәлім, сондықтан, саяси сабақты бар ықласымен - ақ оқитын Зәбировтің сөзін түсіну маған да, мен сияқтыларға да оңай болған жоқ. Дегенмен, ара-тұра бір сөзін ұқсақ та, мен өзім тап тартысының біраз теориялық егжей-тегжейін, бірінші рет содан естідім. Сондықтан, мен оны өле-өлгенше жақсы көріп, дос боп кеттім. «Қазақ тілі» аталатын сабақ екі жүйеге бөлінді: біреуі грамматикасы мен синтаксисі, екіншісі — «Әдебиет таныту». Бұл екі сабақты да оқытатын — Мағжан Жұмабаев. Жұмабаевтың сабағын тыңдаушылар екіге жарылды: бір жүйесі — қарсы, бұлар —көпшілік, енді бір жүйесі — жақтайды, бұлар — азшылық. Екі жүйелі курсанттардың арасында кешікпей таластар басталды. Талас көбінесе жатақ үйде болады. Күндіз оқумен шұғылданған курсанттар, кешкі астан кейін клубқа арналған кең, бөлмеге жиналады да, Жұмабаевтың сабағы туралы ғана емес, өзі туралы да пікір алысады. Көпшіліктің айтуынша, ол революцияға қарсылық құралын тастамаған, шамасы келсе, ұлтшыл -байшылдық ойын іске асырғысы келетін адам. Азшылық бұған қарсы болғанмен, көпшіліктің дәлелі басым бола береді. Біраз күннен кейін курсанттардың арасынан әдебиет және музыка үйірмелерін құрушылар да шыға бастады. Менің ол үйірмелерге қатынасуға сабақтан қолым тиген жоқ. Сонда, көбінесе айналдыратыным —саяси сабақ. Бұл темада қазақ тілінде жазылған кітап ол кезде жоқ. Оқитындарым орыс тіліндегі кітаптар. Оларды оқығанмен, шала түсінем, қайталап оқимын және бір емес, әлденеше рет... Курстың қасында құрылған партия ячейкасының бір мәжілісінде клубта өтіп жататын сауық кештерінің жайы сөз болды. Бұл жөнде мәлімдеме берушінің айтуына қарағанда, курсанттардың ішіндегі ұлтшылдар сауық кештерін өз мақсаттарына пайдаланып, Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев сияқты революцияға қарсы байшыл - ұлтшылдардың өлеңдерін декламация ғып та оқиды, әндетіп те айтады. Тексере келгенде бұл сөздер рас боп шықты. Бұндай сауық кешін жасаушылар, әрбір кештің программасын Жұмабаевпен ақылдасып құрады екен, Жұмабаевтың өзі де сауық кештерінде Советке қарсы өлеңдерін оқиды екен. Сондай кештердің біреуіне ячейканың тапсыруымен курстағы коммунист атаулының бәрі де қатынасты. Бұл кезде олардың саны жиырмадан астам боп қалған. Сауық кеші концерт сияқты боп өтті. Оған келгендердің көбі қаладағы татар және қазақ байларының салтанатты киінген қыз-келіншектері мен жігіттері... Араларында бірен-сарандап қара сақал, бурыл сақалдар да жүр... «Дом Романовыхтың» екі-үш жүз кісілік орны бар залына адам сыймай кетті. Ұлтшылдық кертартпалық мазмұндағы дағдылы біраз декламациялар мен әндер айтылғаннан кейін, Жұмабаев өзінің жаңада ғана бітірген «ертегі» атты поэмасын оқыды. Поэманың мазмұны: қазір халық жауы мен оның баласы Сыздықты дәріптеуге арналыпты. Осы кештің ертеңіне, курстың қасындағы партия ячейкасы Жұмабаевты бұдан әрі оқытушылық қызметте қалдыруға мүмкін еместігін дәлелдеп қаулы алды да, бұл қаулыға Ояздық Партия Комитеті ризашылығын білдіргеннен кейін, Жұмабаев оқытушылықтан босанды... Курстың қасында қабырға газеті шығатын. Оның редакциялық коллегиясында мен де мүше болатынмын. Укомның жоғарыда аталған қаулысынан кейін шыққан номерінде, менің «Түсімде» дейтін фельетоным басылды. Одан жыл жарым кейін— 1922 жылы 22 февраль күні «Еңбекші қазақ» газетінің он бірінші санында басылған бұл фельетонный, мазмұны Жұмабаевтың байшылдық сырын символикалық түрде әшкерелеуге арналды. Бұл менің баспасөзде жарияланған бірінші еңбегім еді. Енді өзімді өзім шамаласам, байқаймын,— саяси сауатым әлі де шала болғанмен, бетім түзелген сияқты, тура курс алған сияқтымын, бұл — большевиктер партиясының курсы, советтік курс!..
ӘБІЛХАЙЫР ДОСОВ
Бір күні оқитын үйдің кең, есігінің босағасына «Бәрін, де митингіге барыңдар!» деген үлкен жарнама ілініп қапты. Митинг мектебіміздің қасындағы алаңда өтті. Алаң орталығына тақтайдан биік мінбер жасалған екен. Соны айнала тұра қалған қалын, жұрттың көзінше, өзіміз танитын уез басқарушыларының ішінде, мінберге: балуан, зор денелі, негрге жақын қара енді, кескіні ұсқынды, әскерше тас-түйін болып киінген қазақ жігіті көтерілді.
— Бұл кім? — деп күбірлескен жұртқа:
— Әбілхайыр Досов! —деп жауап берді, білетін біреу.
— Ә, осы екен ғой, ол! —десті әркімдер.
Олай дейтіні: «Колчак өкіметі қуылғаннан кейін, Омбыда құрылған Сібірлік ревкомда, Орталық Россиялық Партия Комитетінің сібірлік бюросында жауапты қызмет атқаратын Әбілхайыр Досов дейтін қазақ бар, революцияға қарсыларға, қанаушы таптың адамдарына мейрімсіз, мейлінше қаһар адам» деген сөз тарап кеткен. Митинг ашылғаннан кейін бірінші болып Әбілхайыр Досов сөйледі. Оның даусы денесінің зорлығына сәйкес емес, орташа, қоңырлау, өткір екен. Сөз — пандық Польшаның жас Совет өкіметіне шабуыл жасауы туралы, оған тойтара соққы беру туралы болды. Қызу сөздердің артынан, майданға тіленушілердің театр үйіне бүгін және ертең келіп жазылуы айтылды. Осы жайда, белгілі жазушы Әбдірахман Айсарин екеуіміз ақылдастық та, ертеңіне ер төмен театр үйіне бардық. Регистрацияға кіріп жатқан адамдардың саны бірталай екен. Стол қасында тізім жасап отырғандардың ішінде Әбілхайыр да отыр. Кезек күтсек көп тұрып қалатын болғансың пысық мінезді Әбдірахман, сығылысқан жұртты кимеленкіреп барып:
— Бізді де жазыңыз! — деді Әбілхайырға.
— «Бізің» кім? —деді Әбілхайыр.
— Анау жігіт екеуміз! — деп Әбдірахман иегімен мені нұсқады.
Маған қараған Әбілхайыр басқа сөз айтпай, көп адамның шуынан оңашаланғысы келгендей, бізге «бері жүрін,- дер!» — дегенді ымдап, кең залдың түкпіріне алып кетті де, әуелі кім екенімізді сұрап ап:
— Сендер майданға бармайсыңдар! — деді, кесіп айтқан сөзбен.
— Неге? — дедік Әбдірахман екеуміз қосарлана.
— Бұндағы майданға да кісі керек.
Одан әрі сөйлесуге, басқа біреулер кимелеп кеткен соң:
— Кешке пәтеріме келіңдер, сонда сөйлесейік,— деп Әбілхайыр бізге адрес берді де, басқа істерімен айналысып кетті.
Берген адреспен кешке мен ғана бардым. Мінезі тіктеу Әбдірахман, күндіз көбірек сөйлеспеуге өкпелеген қалпын көрсетіп бармай қалды. Сол кезде қалалық милиция начальнигі болып, Зікірия Мухеев деген адам қызмет атқаратын. Қызылжар уезінде туған, ержете Омбы пристанында жүкші болған, 1917 жылдан бастап совдеп ісіне араласқан, Колчак директориясы кезінде абақтыға алынып, 1919 жылдың басындағы Омбы жұмысшыларының, көтерілісінде қашып шыққан, зор денелі көзі алақандай, бұл ақ бұжыр, кескінді жігіт те байларға, оларды қолдаушыларға мейлінше қатал да. Әбілхайыр Досов соның, пәтеріне түскен екен. Мен ол күнгі кешті сол пәтерде өткіздім. Мені жақсы білетін Зікірия, не қылған адам екенімді баяндап бергеннен кейін, Әбілхайыр менімен ашық сөйлесіп, туысқан адамдардай бауырына тартты. Әңгіме үстінде байқасам, Әбілхайыр Зікірия сияқты жуан жұдырықтың адамы емес, сана-сезімнің адамы. Мектептік оқуы шағындығын кейін білген ол, маған Зікірия үйінде бірінші жолыққанда, аса зор білімді марксист сияқтанып көрінді. Революцияның, советтік құрылыстың не екендігі туралы, мен одан бұрын басқа адамнан естімеген бірталай жаңалықтар білдім. Ол маған неліктен майданға барма деуінің де мәнін түсіндірді.
— Қазір,— деді ол,— Совет өкіметіне адал көңілмен іс атқаратын, оқыған қазақ қызметкері өте аз.
Бұл жайды кептеген дәлелмен кең түрде баяндаған ол, менің өлең жаза бастауыма да ерекше көңіл бөліп, өзінің де ептеп өлең шығаратынын айта кеп, қазақ ақындарынан кімнен үлгі алуда, алдыма Сәкен Сейфуллинді тартты. Сол арада мен Әбілхайырдың өз өмірбаянымен де қысқаша танысып қалдым. Бұрынғы Көкшетау уезінің «Қотыр - көз» болысында, жарлы семьяда 1899 жылы туған ол, жеті-сегіз жасынан, бай «ағайындары» Сатыбай мен Дәуітке жалданып, қозылары мен қойларын бағады. Он екі жасында әкесі Ысқақ оны қоныстас Қотыркөл станицасының бай қазақ-орыстары; Комарный, Мельников, Хомуло дегендерге кезек-кезек жалдайды. Осы жалшылқтың үстінде, Әбілхайырға болашақ бақытының жұлдызы көрінгендей болып, бай Хомулоның Николай есімді учитель баласы, жалшы қара баланы жақсы көреді де, қолы тиген шақта орысша сабақ үйретеді. Қарындашпен сурет салуға баулиды. Ересек және зерек бала, жұмыс арасында оқып жүріп, екі жылда орыстың бастауыш төрт класының білімін алады. 1914 жылы Николай Хомуло Әбілхайырды, сол маңайдағы ең үлкен станица — Шортанға (Щучье) апарады да, «Ортадан жоғары» аталатын орыс школының бесінші класына орналастырады. Келер жылы қызметі Омбыға ауысқан Хомуло Әбілхайырды бірге алып кетіп, «Қалалық» аталатын школдың алтыншы класына түсіреді. Осы жылдан, он алты жастағы Әбілхайырдың революцияға араласуы басталады.
— Ең алдымен,— дейді Әбілхайыр.— Омбы семинариясын 1910 жылы бітірген Николай Хомулоның өзі жасырын қызметте жүрген большевик екен.
Бірақ, Хомуло Әбілхайырды Омбыда революциялық іске баулып үлгірмей патша үкіметінің абақтысына түсіп қалады. Омбы семинариясын бітіргелі жүрген Сәкенмен Әбілхайыр осы кезде танысады.
— Ол кезде,— дейді Әбілхайыр,— Омбыда оқитын қазақ жастарының «Бірлік» атты ұйымы бар екен, басқарушысы Сәкен екен. Ұйым «Бірлік» есімді қолжазба журнал шығарады екен; мен осы журналды суретпен әдемілеу ісіне, қолдан көбейтісу ісіне араластым да, Сәкен арқылы біртіндей, Омбыда жасырын қызмет атқаратын большевиктермен танысып, революциялық үгіт-насихат істерімен шұғылдандым.
Осындай азын-аулақ даярлығы бар Әбілхайыр, февраль революциясы күндерінде Омбыдағы губерниялық совдепті ұйымдастыруға белсене араласады да, совдеп оны Көкшетауға уездік совдепте қызмет атқаруға жұмсайды. Ондағы совдепті басқарып отырған белгілі революционер — Сабыр Шәриповке жәрдемдескен Әбілхайыр, Көкшетау байларының тілінде «Қаһарлы қара бала» атанады. Совдеп құлаған шақта, Әбілхайыр Сібірдегі белгілі партизан Полиенконың қосынына кіріп, Колчактың титығына жетіп, ақыры оны құртып тынады. Сібірде советтік ревком құрылғанда, Әбілхайыр әуелі Көкшетауда қызмет атқарып, кешікпей Омбыдағы сібірлік ревкомға шақырылады. Онда партиялық, советтік істерге араласумен қатар, «Кедей сөзі» аталатын газетте редактор болады, мақалалар, өлеңдер жазады... Әбілхайырмен жақсы танысып алғаннан кейін, мен онымен өмір бойы дос болып кеттім. 1937 жылғы жеке адамды дәріптеу қаталдығының құрбаны болған қадірлі лениншіл Досовтың 1920 жылы қызылдарға жолыққаннан кейінгі қызметтерін де аздап шолған жөн. Ең алдымен оның бейнесін— 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Біздің ұлан» деген атпен жарияланған қысқаша өлеңінде Сәкен Сейфуллин толық және әдемі берген. Өлеңде жалшы баланың, оның жалшы әке-шешесінің қанаушы таптан көрген қорлығы сипаттала кеп, екінші жартысында былай делінеді:
«Ол ержетті, күндер өтті,
Бостандық та келіп жетті,
Қызыл күн!
Жарлы табы еркін алып,
Жер күңірентіп ұран салып,
Шықты үн.
Қара бала құстай түлеп,
Жеткеннен соң мұндай тілек,
Шаттанды.
Дәл өзіндей «қаралар» мен,
Жалшы «жұрын» балалармен
Аттанды.
Қатар түзеп, оғын сайлап,
Наган, бомба белге байлап,
Асынды.
Ол оқ атты жалпы байға,
Ол оқ атты бай «құдайға»
Тасынды.
Ол күресті сұм ұлтшылмен,
Ол күресті отаршылмен
Тіресті.
Ылғи сұмға қарсы тұрған
Батты оларға бетке ұрған.
Ызғары.
Күндіз-түні тынбай істе
Қара опайке бешпент үсте
Былғары.
Сөз сөйлейді Сырдай тасып,
Төсін керіп, алшаң басып,
«Құдайша!»
Солай өсіп біздің батыр,
Аттап басып келе жатыр,
Солайша!...
Міне, осындай біздің ұлан!
Мейлі аяқтан шақсын жылан,
Сұм жылан.
Алшан, басып ол «құдайша»
Бармақ алға осылайша
Ер Ұлан!»
Меніңше, бұл өлеңде Әбілхайырдың большевиктік портрет! әдемі көрінген.
Әбілхайыр атқарған қызметтер жайын анкеталық түрде айтқанда, 1917 - 18 жылдарын Көкшетаудың уездік, Ақмоланың губерниялық совдептерін ұйымдастырушылардың қызметін белсене атқарушылардың біреуі; Колчак үкіметі көзінде қызыл партизан; 1919—20 жылдары, алғаш революцияға қарсылармен күресетін Төтенше Комиссияның, Көкшетаудағы бюросында председатель, одан кейін, Бүкіл Россиялық Орталық Партия Комитетінін, сібірлік бюросында мұсылмандар секциясының меңгерушісі; 1920—22 жылдары Орынборда құрылған Қазақ автономиялы республикасында Орталық Атқару Комитетінің жауапты секретары және Қазақстан соғыс комиссариатында соғыс советінің мүшесі; 1922—25 жылдар Семей губерниялық Атқару комитетінің председателі; 1926 жылы Түркістан ревкомының председателі 1926—27 жылдар қазақ республикасының Москвадағы өкілі; 1927—30 жылдары Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі және жауапты секретарының бірі; 1930—33 жылдары Бүкілодақтық Коммунист партиясының Орталық Комитетінде жауапты ұйымдастырушы; 1933—34 жылдары Семей облыстық партия комитетінін, екінші секретары; 1934—35 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші секретары; 1935—37 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің, бірінші секретары; 1920—37 жылдары Қазақстан Атқару комитетінін, үздіксіз мүшесі (депутаты), Қазақстан Орталық партия комитетінің мүшесі; бірнеше сайлауда Бүкілодақтық Атқару комитетінін, мүшесі (депутаты). Бұл анкеталық мәліметтерден көретініміз: Социалистік Ұлы Октябрь революциясына алғашқы күндерінде-ақ үн қосқан Әбілхайыр Досов, өмірі таусылғанша, социалистік құрылыстың алдыңғы қатарында жүріп, үнемі басқарушылық қызмет атқарды. Осы қызметтерінде, оның коммуниста партия жолынан ауа жайылған күні болған емес. Соның бір куәсі. Әбілхайырдың, менде сақталған бір хаты. Бұл хатты мен Әбілхайырдан 1928 жылы, Ленинград университетінде оқып жүрген шағымда алдым. Әбілхайырдың ой-санасы қандайлығын көрсететін, орысша жазылған бұл хатты қазақша дәлме-дәл өзім аударып, түгел жариялауды мақұл көрдім. «Саған хат жазуға әлдеқашан жиналғаныммен, сәті ешбір түспей-ақ қойды. Бұным — ерінгендігімнен немесе төре болып кеткендігімнен емес, кейде уақыт болмай қалады, ал, кейде, хат жазуға отырсам, әлдекімдер келеді де бөліп жібереді. Москвада қазір «қазақ» дегендерден қорған соқсаң да, «құдайға шүкір» жетерлік; қазақ еместер де жеткілікті. Кім екені есімде жоқ, үлкен жазушылардың біреуі «таныстың, көп болуы бақытсыздық» депті. Расында да солай. Іспен шұғылданып жатқан шағыңда келеді де бөгет жасайды. Мән-жай осылай. «Ал, өзін, қалай тұрып жатырсың, Сәбит! Оқуың қалай! Шынында да сен жақсы істедің: жұмыс үстінде біраз тіршілік тәжірибесіне молықтың да, енді соны, біліммен бекітуге кірістің. Бұның қызғана қарайтын іс. Хасенмен де (Нұрмұхамметов С. М.) кей кезде кеңесіп қоям. Ол қазір ілгері оқу - оқымаудың ойында жүр. (Хасен ол жылы Москвадағы Тимирязев Академиясының агрономиялық факультетін бітіріп, енді аспирантурасына түсу ниетінде жүрген. С. М.) Ол әкімшілік жұмыстарына араласса, қағаз басты боп кетем бе деп қорқады. Мен оған оқи түсуді айтып жүрмін. Басы бар болғыр ол, Шорманның (Ыбраев Тимирязевті бітірген агроном, 1927 жылы өлді. С. М.) айтуынша, бойы екі-ақ қарыс әйел алған, сонысы П. қаласына (Петропавл С. М.) қарай тартатын көрінеді. «Мен өзім де қазір алдыма оқу мәселесін қойып жүрмін. Біздің біліммен қызмет атқару қиын екенін білесің. Маған да қазір оқудың керектігі ауа мен судай. Біз тек тәжірибемен ғана қызмет атқарып келеміз, ал өмір өзгеріп, шиеленісіп, қиындап барады. Біздің құрылыс, бойымыздағы біліммен әлдеқайдағы артықты тілейді, Қазір бәрін де өзің біліп, өзің кең, зерттей алуын, керек. Тек қана тәжірибе аз. Міне, туысым, сенін, әлсіздігің осы арада. Сондықтан да, соңғы екі жылда мен шын ынтамен оқып, өз бетіммен білімімді толықтыру үстіндемін. Байқап қарасам, бұл да бос жұмыс емес екен. Еп, басты мәселе: нені және кімді оқу көрінеді. Жазушы да көп, оқитын адамдар да «құдайға шүкір» көп, барлығын оқып тауыса алмайсың. Қазіргі келген ойым: бері салғанда үш-төрт жыл оқу (мектепте С. М.) керек. Бұл жөнде ойым үлкен - ақ, сәті қалай түсерін білмеймін. Қазір анықтау үстіндемін. Жақын арада есіктерді (басқарушы орындардың С. М.) қағып, тағдырымды шешіп алуға тырысам. (Жоғарғы партия школына түспек болып еді, қызметтен босана алмады. С. М.) «Өзім туралы саған бір айтарым осылар. Ешкіммен хат жазыспауыма міне екі жылдан асып барады. Сен білесін,, Сәбит біз жікшілдік күрестің сорақы дәуірін басымыздан өткеріп келеміз. Жұрт (жікшілдер С. М.) барып тұрған ұятсыздық түрде, қара басынын, қамын көпшілік ісіне бөгет қып келеді. Бұл ботқаның да барып тұрған жаманы. Осы жайда сырласқанымыз есіңде ме? Содан кейін бәрінен де (жікшілдерден С. М.) қол үзіп, аш отырсам да тыныш отырайын деген ойға бекіндім. Қазақшылықтың бұл кір-қоңы, сайып келгенде, жүректі айнытатын халге жеткізді. «Өткен күз Москваға бүкіл қазақтың өсекшісі Байділдин (Әбдірахман С. М.) келді де, менімен зорлағандай әңгімелесіп кетті. Мен оған кер - жерлер жайында ол-пұл айттым. Ол құйыршық .барып тұрған ұятсыздықпен, ластықпен, мен айтқан сөздерді бұрмалап барған (Қызылордаға С. М.) Соның есегі мен оттауының арқасында, кей жолдастар менен «солай дегенің рас па?» деп сұрайды. Бұл өтіріктен менің зәрем ұшты. Соңғы кезде өсекпен ғана шұғылданатын саяси сайқалдар көріне бастағанын байқайсың ба, Сәбит? Шайтаныма керек пе, олар? Қызылордадан наркомдар, наркомсымақтар келіп, кетіп жатады. Мен олардан бойымды аулақ салуға, сөйлеспеуге бекіндім. Егер сөйлесе бастаса, «есегін, де, өзің де әрі кет!» дейтін болдым. Менің 'Қазіргі тіршілігім осындай. «Қызылорданың газеттерін оқып тұрам. Адалын айтқанда, өте қанағаттанып оқимын. Олардан алған әсерім: Исаев (Ораз, сол кездегі Халық Комиссарлар Советінің председателі С. М.) және оны қолдаушылар жікшілдіктен біржола безген. Маған, әсіресе, Құрамысовтың (Ізмұқан, сол кезде Қазақстан кәсіпшілер одағының председателі С. М.) сөзі ұнады. «Тәңірім, бере гөр!» деп тіледім. Бұрын мен оларды Меңдешев жігімен байланыстырып, сенбей жүруші едім, онымның үстірт екенін енді білдім. Міне, бар айтарым осылар. Сен бұл хаттың баруына қайран қаларсың, үндемей қалған адамның бірден ұзын жолдама жіберуі қалай дерсің. Екі жылдан артық ешкімге хат жазбауымды, сенің өкпелеп жүруіңді еске алып, осылай көсілуді мақұл көрдім.
Хош аман бол!
Әбілхайыр Досов.
11 апрель, 1928 жыл».
«Ескеру: ұмытып барады екем. Мақтанатын нәрсем бар,— бір жарым мың кітаптық жақсы кітапхана жасап алдым, барлық білімнен де бағалы кітаптар жинадым. Хасен (Нұрмұхамметов) маған, құдай оңдап, бір жаққа кеше қалғайсың да, сонда мен, бұл кітаптарыңды Сухарев мұнарасындағы, не Смоленкодағы ескі кітаптар дүкенінен сатып алар едім дейді; мен оған «қошқардан... дәме еткен қасқырдай аштан өліп жүрме» деп күлем...
Ә. Д.
Меніңше, бұл хаттан да жақсы адамның, жаны коммунист адамның айқын бейнесі көрініп тұр. Әбілхайыр Досовтың өмірі өте үлгілі, тамаша өмір.
«ЕСІЛ ТАСЫП БАРАДЫ»
Есіл тасып барады жардан асып
Қар жауады жаңбырмен араласып...
Мұғалімдер курсын мен аяқтай алмадым. Шамасы — бір айдай оқығаннан кейін, курстағы бірнеше қазақ коммунистерін Гозак шақырып алды да, олардың шаруашылық майдандағы қызметке алынуға ұйғарылғанын айтты. Шақырылған адамдар екі жүйелі қызметке бөлінбек екен: бір жүйесі, продразверсткаға енді бір жүйесі — ауылдарда тұтынушылар кооперациясын ұйымдастыруға. Бірақ, Гозактың айтуынша, қызмет жүйелері осылай бөлінгенмен, продразверстканың инспекторлары кооперация жұмысына, кооперация инструкторлары продразверстка жұмысына жәрдемдесе жүреді. Бұларға қосымша және екі міндет жүктеледі: бірі — ауылдарда құрылған болыстық және ауылдық ревкомдардың істерімен толық танысып, Қызылжарға қайтып келгенде баяндама жазып беру; екіншісі —- мүмкіндігі бар ауылдарда партия ячейкаларын ұйымдастыру... Шақырылушылардан әркімдер өзінше дәлелін айтып, мұғалімдік қызметке қалғысы келетіндіктерін білдіріп еді, Гозактың дәлелі олардың бәрін басып кетті...
— Оқу жұмысын өркендету, әсіресе ұлттық мектебі жоқ қазақ ауылдарында өркендету аса қажет жұмыс екенін партия да, үкімет те жақсы біледі,— деді ол,— сондықтан да, қиыншылыққа қарамай, мұғалімдер курсын шақырдық. Бірақ, Совет өкіметінің алдына қазір одан да зор мәселе туып отыр, ол астық мәселесі. Азық-түліксіз заводтар мен фабрикалар да қызмет атқара алмайды. Армияны да қамтамасыз ете алмаймыз, ондай жағдайда Совет өкіметі де жасап тұра алмайды. Сондай қажетті азық-түлік мәселесі қазір аса қиын жағдайда. Оған себеп — азық-түлік кулактар мен орташалардың қолында. Олар, әсіресе, кулактар, Совет өкіметін жақсы кермейді, қолындағы астығын бергісі келмейді, астықтан тарықса, Совет өкіметі бері салғанда әлсірейді, әрі салғанда құлайды деп ойлайды, сондықтан да олар биылғы жылдың көктемінде егінді бұрынғы жылдардан әлдеқайда аз екті...
Одан кейін Гозак продразверстка жинау жұмысы Упродкомдар қарамағында екенін, жергілікті жерлерде Райпродкомдар барын, олардың қарамағында Продотрядтар қызмет істейтінін, отрядтардың азық-түлікті қалай жинайтындығын, қарсылық көрсеткен жерде нендей шаралар қолдануға қажеттігін толық түсіндіріп өтті. Гозактың кооперация туралы айтқан сөзінің қорытындысы: ауыл және деревня кедейлері күн көріс жағынан кулактар мен орташалардың тәуелінде отыр. Өз егісімен күн көре -алмайтын олар, астықты кулактардан қымбат бағамен алады. Кеп жылдарға созылған империалистік және азаматтық соғыстардың салдарынан, крестьяндарға, әсіресе кедей крестьяндарға қажетті өндіріс товарлары жеткіліксіз шығарылды. Аз ғана шығарылатын товар спекулянттардың қолында, олар әлденеше бағасына өсіріп сатады. Осы бастан қам жемесе, бұндай алыпсатарлық алда да біраз жылға созылуы мүмкін. Кедей крестьяндарды .кулактар мен спекулянттардың бұл талауынан арашалаудың, құтқарудың бір жолы,— оларды тұтынушылар кооперациясына тарту, сөйтіп, мүмкіндік қадары, қажетті заттарын кооперация дүкендері арқылы жеткізіп беру... Ақыры Гозактың сөзі мақұлданды да, әрқайсымыз тиісті документтерімізді алып, қызметімізді атқаруға елге шықтық. Мен үш документ алдым: бірі — «партия ячейкаларын ұйымдастыруға» деген мазмұнда Укомнан, екіншісі — «ауылдарда тұтынушылар кооперациясын ашу» деген мазмұнда Употребсоюздан, үшіншісі — Упродкомнан. Соңғы документ ең «салмақтысы», өйткені, отыз жеті пунктымен жазылған бұл документпен маған берілген праволардың ішінде, «егер қажет бола қалған күнде атып тастауға» деген «право» да бар... Осы үш документті қалтама салдым да, июль айының бас көзінде обывательдық подводпен жүріп кеттім, қызмет атқаратын болыстарым: Қызылжар оязының Қостанай жақ шетіндегі: Смайыл, Преснов, Таузар, Нәстәсіп , Ақ - қусақ, Қаратал Қараоба. Жазы самалды салқындау келетін Қызылжар оязының бұл аса бір рахат шағы. Маған Бешкуль, Каменка, Данежін, Кегерін арқылы жүру керек те, жолда Андағұлдағы туыстарыма соғып, амандығын біліп, одан әрі қызметке кету керек...
Мен Қызылжардан Кегерінге (алпыс шақырым) дейін Есілді жағалап жүрдім.
Есіл!..
Шілденің шамырқанған саршатамыз көзінде Есіл өлкесі адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым, Есілдің алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Төгілген сағымның толқыны тулап, шиыршықталып аспанға шапшиды. Шапшыған толқынды сағым сай-салаларды өрлеп, қанатын кең жазады. Сол кезде сағымға көзің түссе, Есілдің көктемдегі асау тасқыны қайтадан көтеріліп, теңіздей топаны кең өлкесін бөлеуге бет алған екен деп ойлайсың. Сағым солай көтеріліп толқыған кезде, мұнартып алыстап көгілдірлене көрінген Есілдің тоғайы, сағым бетіне сеңдей қалқып шыға келеді. Қалқыған тоғай шайы шымылдықтай желпінеді. Желпінген тоғайдың түсі көз тоқтатпай, біресе көк, біресе жасыл, біресе ақ сықылданып бояуы қас пен қабақтың арасында әлденеше құлпырып түрленеді. Сағымның суына шомылып денесіне шан, жолатпай түрленген сайын, тоғай жарқырай түседі. Көктемде кең жайылған тасқыннан еркін сусындаған Есіл өлкесінің жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны аттың омырауына тіреп бауырынан келеді. Бойжеткен шалғын сұлудай сыланады, сылана жайқалған шалғынның бетінде шешек атқан гүлдер тотының қанатындай толықсып құбылады. Қанша қадала қарағанмен құбылған бояуды көзің түстей алмайды. Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдерінде жортуылын жиілететін жел, піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай, жұлқылап - желпіп мазаламайды. Бірақ, шалғын онымен тыныш тұрмайды. Үстінен толқыған сағымның болар-болмас салмағын ауырлағандай, не оның толқуын еліктегендей, шалғын да желсіз тымық түнде өзінен-өзі теңселіп шайқалады. Шайқалған шалғынның бетіндегі гүл бағы да тербеліп, көзіңе күн шашырап шығып келе жатқан мезгілдегі кел бетінің күн сәулесі шалған әлсіз толқынын елестетеді. Шайқалған шалғын басын иіп, белін бүкірейте теңселгенде, жығылған жамбасынан тұрмас деп ойласаң, камшат құндызының қылшығы тәрізденіп, сынып барып, қайтадан тіріліп, жазылып жүре береді. Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл жібегін жастанып та, жамылып та жаныңды жайландыра жатқың келеді. Жайқалған жасыл шалғынды жапырып жүре беруге аяғандай, не жаныңды жайландырғың келгендей, бір тұста сен жасыл жібекке бөлене сұлай кетесің. Сенің денеңді жасыл шалғынның толқыны толқып кеп, екі жағың,- нан жаба бүркейді. Сен бір — мөп-мөлдір жасыл суға сүңгігендей әсер аласың!.. ...Бір кезде, жасыл толқынға сүңгіп құмарын, қанып, енді тыныстайын дегендей, қимылсыз жата қойсаң, шалғынның түбінде ақ меруерттей жалтылдаған, көлемі бөдененің жұмыртқасындай бір домалақ заттарды көресің. Бұл не? Жұмыртқа дейін десең, тым жиі,— шалғынның түбіне сыңысып сыймайды!..
Бұл не?! Бұл ма?—Жидек!..
Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның жібек құндағына бөленіп өскен Есіл өлкесіндегі жидектің түсі піспеген тәрізді аппақ көрінеді. Егер, соның біреуін сабағынан үзіп алып мұрныңа тақасаң, жаныңа жайлы бір тамаша иісті сезесің. Иісіне құмарта тұра, пісуіне күдіктеніп, аузыңа салудан бұрын бармақтарыңмен демеңкіреп көрсең, балбыраған жұмсақ жидек балдай ери бастайды... «Ә, піскен екен!» деген оймен аузыңа салып, таңдайына баса сорсаң, тәттілігі тіліңді үйіре жөнеледі!.. Шіркін, содан да тәтті жеміс бола ма екен!.. Есіл шалғынның арасына өсетін жеміс жидек қана емес. Онда үркер жұлдызындай шоқталып, қызыл жақұттай жарқыраған бүлдірген де еседі... Уыз қымыз татыған ол жемісті бүрінен ағытып алып, алақаныңды толтыра асап жіберсең, қандай шөлің болса да қана қояды. Жеміс адамға жеңсік. Оған өзін, тойсаң да, көзін, тоймайды. Сен оның бірінен соң біріне құмартасың. Бүлдіргені мен жидегіне жеңсік құмарыңды қандырған сен, шалғынның мөп-мөлдір жасыл толқынынан тұрып сілкінесің де, мұнартып тұрған тоғайға тартасың. Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып турады. Дәудей деңкиген кәрі үйеңкісі, күміс қабықты қайыңы, қалайы қабықты терегі, мыс қабықты мойылы, теңселген талы ши борбай шілігі, шымшымпаз шеңгелі, кірпі түкті тікені мен доланасы, торы тобылғысы аралас өскен тоғай теп-тегіс жасыл желек киіп, жапырақтары желбіреп, өзінен - өзі сыңғырлап күй тартқандай боп тұрады. Шиенін, шөптен аз ғана биік бұтақтарына көзіңді салсаң, үстіне қып-қызыл шұға жапқан сықылданады. Мойылға қарасаң ботаның көзіндей мөлдіреп бұтақтың басына сыймай сыңысып тұрған қарақат.
Шіркін, қарақат, тәтті де, сұлу да жеміс - ау!..
Жібек шалғынды, жыныс тоғайды табиғаттың бұл байлығына көзін, тойған кезде оның иесін іздейсің. Ол, әрине, Есіл! Сен Есілді іздейсің де, көпке шейін ұшырата алмайсың. Бұл кезде Есіл сабасына сарқылып, ағар арнасымен моп - момақан боп жылжиды да жатады. Сол түріне қарағанда, егер тасыған кездерін көрмесең, оның сонша кең өлкені сусындатқан, денесіне әл, бетіне нәр берген өзен екеніне сенбейсің... Есіл ағысының жасырын күшін сен суына сүңгігенде ғана көресің. Момын боп, тұнып тұрған сияқтанатын оның суы, тізеңнен аспай-ақ, сені қабықтай қалқытып ала жөнеледі. Сен малтымпаз болмасақ суға кеттім деп үрейленесің. Бірақ, «жанды» аталатын Есілдің суында, тек аяғын, мен қолыңды қимылдата білсең болғаны. Көтеріп ала жөнеледі!.. Тәттілігі қандай, сол судың!.. Салқындығы қандай!.. Мөлдірлігі қандай!.. «Шалғының бал болғанда, суын, сыра!» — деп сондықтан мақтайды да оны!.. Есіл өлкесінің сондай көркемдігі көзіңді қызықтырса, сонша хош иісі мұрныңды қытықтаса, құлағыңды қытықтайтын тамаша хорын қайтерсің!.. Ол хорға сұңқылдап аққу, қаңқылдап қаз, шаңқылдап шағала, безектеп қызғыш, барылдап үйрек, сайрап бұлбұл, шықылықтап сауысқан, қарқылдап қарға, шырылдап шегіртке дегендей,.. жан -жануардың бәрі қосылады... «Бұл ән - күйге мен қалай қосылмаймын!» дегендей, сезімі өлік біреу болмаса, мына хорды естіген адам қалай желікпес... қалай ән шырқамас!.. Осы хорға менің де қосылғым кеп, көңілім желіккенмен, бір тарантасқа мініп қасымда келе жатқан Қазының Мырзатайынан «қымсынам. Бес болыс Керей - Уақтың ен, ірі әншісі танылған ол «ісінің жасы со кезде елу-алпыс шамасында. Орталау толық денелі, қаба қара сақалды, жуан мойынды ол, жасы жер - ортасынан ауғанмен, баладай жеңіл мінезді, кім көрінгенмен құрдас бола кететін ойыншы, қулықшы адам. Оған өмір бойы бар біткен байлық,— жарықшақсыз дауыс біткен өңеші ғана, әйтпесе, шаруа жағынан, «жалғыз атты жалаңқайыңның» өзі. Сонда да ол елет әдемі қоңыр әнімен ойнақы мінезімен өте сүйкімді боп күн кешкен кісі. Маған ол осы тарауда баяндап отырған сапарымда, Кегерін қаласында бірінші рет кездесті. Оған дейін естігінім көп еді де, кергенім жоқ еді. Ол менімен Мүсінге дейін ғана серік болмақ та, одан әрі, мен көпірден етіп оңға кетпекпін, ол Есілдің со жақ бетімен тура еліне тартпақ. Мырзатайдың, біраз әнін мен Кегерінде қонақ болған үйде естігем. Одан аттана байқасам, естігендерім «жүзден бірі» ғана екен, әнге ол кісіде «түп жақ» екен, соларын ол сені өтіндіріп қана айтпайды, «бала мына бір әнге қалай қарайсың?» деп тың бір әнді айта жөнеледі... Одан кейін,— тағы тын, ән... одан кейін тағы бірі!.. Сөйтіп әнге ән жалғаса береді де, алыстан ағып кеп, алысқа ағып кетіп жатқан Есілдің суындай таусылмайды, ұшы-қиырын көрсетпейді!.. «Оның дауысы, тегі, лирикалық тенор - ay» деп жобалаймын: Майда - қоңыр оның әні биіктетіп көтеруге де, бұралтып ырғақтауға да, құбылтып нақыштауға да еркін жетеді. Әндеріне ат қойып, айдар таға айтқанда, «мынау пәлен әншінің пәлен әні» деп, мен бұрын естімеген әлдекімдерді атап кетеді. Біресе ол:
Сұрасаң менің атым Құлтума - ды,
Алтайдан Құлтумадай ұл тумады! —
деп бастап, Атбасардың күнгей жағындағы «Өр Алтайға» кетіп қалады. Енді бір әнінде:
Атандым Ғазиз ақын бала жастан,
Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан,—
деп, Ақмола барады. Енді бір әнінде:
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досым аз, дұшпаным көп қылған өсек.— деп, Қарқаралыға барады. Бір әнінде одан ойысып, Баян тауын төңіректеген Жаяу Мұсамен жолдас боп кетеді. Одан ойысып:
Ертістің арғы жағы Арғанаты,
Домбыра бозбаланың қолғанаты.
деп, Кереку (Павлодар) маңайындағы Естайға барады, содан Омбының, Қызылжардың әншілерін түгендеп, Қостанайдағы Басығараның Қанапиясына жетіп бір тыныстайды. Сонда, шамалап байқасаң. Мырзатайды өз ауылына отырғызғанда, әр тармақпен келетін әндердің радиусы — айнала бес-алты жүз шақырым!..
— Ал, Мырзеке,— деймін мен, оның әндерін тыңдап отырып,— мынау Есіл өлкесі ғажап жер екен ғой, осыған арналған ән бар ма, тегі?
— Е бар! — дейді ол іркілмей,— «Есіл тасып барады» деген әнді естігенің бар ма?
— Жоқ.
— Ойбой, мына жерде жүр екенсің ғой, оны естімей,— дейді Мырзатай күліп,— ол өте жақсы ән.
— Айтықызшы, онда.
— Әуелі, әннің шыққан тарихын айтайын, содан кейін, әнді, жарай ма?
— Жарайды,— деймін мен. Олай дейтінім, бұл әннің ғана емес, Мырзатай коп әндердің шыққан тарихын біледі және сол «тарихтары» тыңдаушыға әннен кем қызық болмайды, өйткені, көп әннің тарихы — кейде драма, кей¬де комедия, кейде трагедия боп жататын пьесалардың сюжеті.
Мырзатайдың айтуынша, «Есіл тасып барады» әнінің тарихы былай: елге ең алғаш штат шыққанда (1868 жылдың қазақ елін билеу заңы), Керей атаулы елге Байтуменов Бекберді деген болыс болады. Ол Қызылжардың малын бағатын жатақтың баласы екен. Жаңа заңды іске асырғалы шыққан бала — Шодыр деген ояз, Бекберді қасына тілмаш қып алады. Заң бойынша, орыс тілін білетін кісі ғана болыс болуға тиісті. Ондай адам қазақ ауылдарынан табылмайды да, жұрттың «қалауымен», орысшаға жетік Бекберді болыс сайлайды. Оның ар жағы белгілі: ақылды Бекберді аз уақытта елді де иіріп жусатады, байып та алады, әлденеше әйел де алады... Оның бір әйелінен Ұлпа дейтін қыз туып, аса көрікті боп еседі. Осы қызға Шүректің Мұратбегі дейтін жігіт ғашық болады. Бірақ, ол, жігітшілігі тәуір болғанмен, кедей жігіт. Бекберді оны кедейсініп менсінбейді, басқа жердегі бір байдың баласына бермек болады... көктемде ұзатпақ болады. Сүйіскен екі жастың ендігі амалы — түн жамылып қашу. Екеуі осыған уәделеседі. Олардың ауылдары Есілдің екі бетінде екен. Уәделі түнде Мұратбек Есілден өтіп барса, құлақтанып тұрған Бекбердінің жігіттері тұра қуады, аты жүйрік Мұратбек жеткізбей кетеді... Сол түні қарлы жаңбыр жауған екен. Ұлпа уәделі жерге келсе, аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ!.. Кешігіңкіреп келген Ұлпа, Мұратбек өкпелеп кеткен екен деп ойлайды. Со кезде Есіл тасып кетеді, ендеше, егер Мұратбек өкпелеп аулына кетсе, тасыған Есіл сабасына түскенше орала алмайды, ол ұзақ уақыт, оған дейін қыз ұзатылып кетеді... Басына сондай қайғы түскен қыз «Есіл тасып барады» әнін және Мұратбекке арнаған өлеңін шығарады.
— Кәне, соны айтыңыз! —деймін мен Қазының Мырзатайына.
— Айтайын,— дейді ол,— әні де, өлеңі де дәл, өйткені ұзатылып кеткен со қыздың келіншек күйінде өзінен үйренген ем.
— Айтыңыз!..
Ән «шу» дегеннен шырқап биік басталады да, аяғы қоңырлайды. Өлеңдері:
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауады жаңбырмен араласып,
Шам сендіріп барайын деген басым,
Ұйықтап өліп қалыппын қара басып.
Ауылыңның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де, біздің батыр,
Шошып тұрып орнымнан іздеп келсем,
Әсем басқан сал - қыңыр ізі жатыр.
Топырақтан жаралған қайран дене,
Жаны бірге, тән басқа болды неге?
Қатты өкпелеп шынымен кетті ме деп,
Бір тимеді кірпігім, кірпігіме.
Өзін атың Мұратбек екен Шүрек,
Сені қос деп құдайдан қылдым тілек,
Осылайша екеуміз болғаннан соң,
Бір жаралса қайтеді қолқа - жүрек!..
— Қалай, бала, ұнай ма? —дейді Мырзатай.
— Ұнайды. Әсіресе, өлеңі.
— Әні ше?
— Әні де жақсы. Бірақ, өлеңі тіпті жақсы екен.
— Несімен жақсы?
— Үш жақтан: бірінші — қазақ әндерінің көбінің сөзінде өрбіген белгілі бір уақиға болмайды, мына әннің сөзінде сондай өрбіген уақиға бар.
— Ол рас. Екінші?
— Біздің әндердің сөзі:
Базардан алып келген көзді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған,
Бал шайнап, шекер жұтқан бөз қарағым,
Көзіңнен айналайын жаудыраған.
деген сияқты, әр пікірден құралған қойыртпақ болады, мына әннің сөздері бір пікірді айтуға арналған жинақ, ықшам екен.
— О да дұрысқа келеді,— дейді Мырзатай аз ойланып,— үшінші?
— Біздің ғашықтық туралы өлеңдеріміздің көбін жігіт қызға шығарады да, қыздың жігітке шығарған өлеңі өте сирек кездеседі ғой, мынау ән мен өлең сондай сиректің бірі екен.
— Рас екен-ау! — дейді Мырзатай тағы да аз ойланып,— себебі не екен осының?
— Халқымыздың тұрмысына байланысты ғой деймін. Мен орыс арасында кеп тұрған жігітпін. Орыс қыздарының жігітке шығарған ән мен өлеңдері толып жатыр, ал, қазақта ондай ән мен өлеңдер жоқтың қасы...
— Неліктен?
— Біздің қоғамдық тұрмысымыздың артта қалғандығынан, қалың малға сатылатын әйелдеріміздің өз пікірін айтуға правосы жоқтықтан...
— Жобаға келеді,— дейді Мырзатай ойланып ап,— мынау Совет қазақ әйелдерін еркекпен теңестірді десіп жүр ғой, рас па сол?
— Рас.
— Ендеше,—дейді Мырзатай қуанып,— қазақ қыздарының сүйгеніне арнап ән мен өлең шығаруы көбейеді екен ғой?
— Әрине, сөйтеді.
— Есілдей тасиды екен ғой, олар?
— Әрине, тасиды.
— Со дұрыс! — дейді Мырзатай салмақты кескінмен,— әйелге жас күннен жаным ашып өскен кісімін, маған осынысы керек!..
— Ендеше, тағы да басыңызшы, «Есіл тасып барадыға».
— Басайын,— деп Мырзатай көтеріңкі еңсемен шырқай жөнеледі: «Есіл тасып барады жардан асып...»
ЖЕР КЕДЕЙДІКІ
Есілдің көркем өлкесін жағалап келе жатқандағы бір кедергі,— ылау алудың қиындығы болды. Мен жүріп келе жатқан жағада аралас - қоралас отырған қазақ ауылдары менен орыс поселкелерінің қайсысына келсең де әуелі біраз кейітіп алмай сұраған ылауыңды бере қоймайды. Ылау алу әсіресе қазақ ауылдарында қиын. Ауыл екі жүйеге бөліне кетеді: біреулер — ауқаттылары, біреулері — атсыздары. Байлары не байсымақтары ойлап шығарған «тәртіп» бойынша, ылауды түндік басы кезектесіп тарту керек. Оған кедейлерінің «малдың, басына қарай тартамыз. Бір жылқысы бар бір кезек, бес жылқысы бар — бес, он жылқысы бар — он, жиырма жылқысы бар — жиырма... дегендей мал басына қарай кезектесу керек... Көп ауылдарда бұл жанжалдардың ұшы-қиырына шыға алмайсың. ЬІқтиярына салсаң, жүре алмайсың. Алғаш, осындай егестің салдарынан таңертең келген ауылдан кешке шейін, не ертеңге шейін аттана алмай жүрдік. Аз үйлі ғана боп отыратын ауылдардың кебінде, сенің документіңе қарап тиісті шара қолданатын Ревком орындары жоқ. Сондықтан, ылау ала алмауға көзің жеткен кейбір ауылдардан зорлықпен әкетуге тура кеп отырды... Орыс поселкелерінде ылау мәселесі біраз тәртіптелген. Оған себеп — әр поселкеде не селолық, не болыстық Ревком бар. Олар қағазыңа қарайды да, қасыңа подрядчиктің біреуін қосып, кезегі келген үйге жібереді. Бірақ ылау таба қою онда да оңайға түсе қоймайды, өйткені, мезгіл — жеке шаруалы крестьяндардың, қауырт жұмыстағы көзі, сондықтан бос көлік жоқ және көбі далада, жұмыс басында. ЬІлау кезегі келмеген крестьян қолында аты тұрса да бермейді. Жүрістің жайы осылай болғандықтан, Қызылжардан таңертең шығып кешке жететін сексен шақырым жердегі Мүсінге (Явленкоға) арада бес-алты қонып әрең жеттік. Қаланың шеткерірек бір көшесінде Мырзатай менен айрылып, таныс үйіне түсіп қалды. Ол үйдің иесі, Мырзатайды үйіне жеткізіп салмақ болды. Мен әрі қарай,— Ревком үйіне кеттім. Ревкомның және басқа мекемелердің үйлерін алыстан болжай бастадым, өйткені, әрқайсысының маңдайшасында желге желбіреген ілулі қызыл тулар тұр. Ревкомның өзі дәл қай үйде екенін білетін ылаушым тура тартып келе жатыр еді, алдымыздан тарантасқа жегілген атты жетектеп, шапқан төрт-бес салт атты қазақ ұшыраса кетті, жүрістері тым асығыс... Көшеде сапырылысқан жастар оларды да бөгегісі келгенмен, шапқыншылар қағып кететінін көрген соң сырылып жол берді. Шапқыншылар біздің қасымыздан өте бергенде, біреулерін тани кеттім,— Қаратал аулындағы Жұсыптың Әбілі мен Әбдікейі, Қожан хажының Абдірахманы, Құлым хажының Садриы, Сақыпкерейдін, Биқасы... Олардың кейі салт, кейі тарантаста. Олар шапқан қалпымен бір үйдің алдына тақтай қалды, ылаушыдан сұрасам милиция штабы екен. Мына ыңғайсыз жүрістің жайын білуге мен де солай қарай бұрылдым. Мен жеткенше аттылар түсіп те үлгерді, арбада Әбдікей ғана қалды, ол әлдекімді құшақтап отыр, анау сырқат кісідей ыңырсиды, аттардың ақ көбігі шығып, бүйірлерін соғады, терлеп-тепшіген кісілердің де кескіндері күп-күрең, әрі терден жолақтанған шаң, түстері әлем тапырақ...
— Апыр-ай, не болды сіздерге? — дедім мен таялып кеп, сәлемдеспестен.
— Ойпыр-ай, шырағым - ай, Сәбитпісің? — деді Әбіл ентіккен дауыспен, кейіген кескінмен.
— Ия, не болды?
— Болғаны да, бәрі де құрысын! Кісі өлімі болғалы тұр.
— Қайда?!
— Сөзді қой, Әбіл! — деді арбада отырған Әбдікей,— кейін сөйлесерсің, кісіміз өліп кетер!.. Төз жеткізейік үйге...
— Ия, сөйтейік! — десті өзгелері.
— Толығын кейін естірсің,— деді Әбіл маған,— біздің Сыздық соққыға жығылды... Шала жансар... Әбдікейдің қолында отырған сол...
— Кімнен?!
Әбдікей тағы да «Әбіл, қоя тұр, бөгде сөзді!» деп келе жатқанда:
— Жә, тұра тұршы, ділмарсымай,— деп жекіп тастады Әбіл. Сәбитті танымай тұрмысың өзің?.. Біздің ауылдағы Жабай мен Оразымбеттің жиені емес пе?.. Өзіміздің қолда өскен бала емес пе бұл?.. Ақ ісімізге қарай көз келтіріп тұрған шығар құдай... қайта жұмысымызға жәрдемдесіп жіберер...
— Айтыңызшы не болғанын? — дедім мен.
— Айтсам,— деді ол,— ұзын сөздің қысқасы,— әлгі өзің білетін Қыстаубайдың Жақыбы деген, қызыл әскерге біз үшін - ақ жазылған екен...
— О қайда еді?..
— Солдаттан жуырда келген. Келе сап «жер байдікі емес, кедейдікі» деп... бес қарасы бар кісіні «байсын,» деп... бізді де со байлардың қатарына қосып... шөп бөліске барған жерімізде, кім көрінгенге қамшы жұмсап... қолы қарулы кеме, әркімді соққыға жығып... соның ішінде біздің Сыздықты да өлердей ғып сабағаны!.. Кәне, ашыңдаршы басын!..— деді ол серіктеріне Әбдікей алдына құшақтаған адамның басын ашып қалғанда зәрем ұшып кетті... Былай да кескінсіздеу, екі көзінің де еттері айнала үнемі ісіп, қызарып сыртына теуіп жүретін, шоқшалау қара сақалы, сұйықтау мұрты бар Сыздықтың тақыр басынан тарамдана аққан қаны бет-аузын, мойындарын түгел жауып, кескін - кейпі әлем -тапырық боп кеткен... Шала-жансар кісідей, ол демін созғылай әрең алып, зорға деп қимылдайды, екі көзі жұмылып кеткен...
— Міне көрдің ғой, шырағым Сәбит! — деді Әбіл маған,— мұның жайы осы... Өлім алдындағы жайы бар...
— Әбіл ағай - ау,— деймін мен, Сыздықты аяп кетіп,— мұны әуелі дәрігерге апару керек қой...
— Оны білмей тұрған жоқпын,— деді Әбіл,— әуелі милицияға көрсетіп ап, больницаға содан кейін апарғым келді...
— Ойбай-ау, дұрыс емес қой ол... Мына күйінде жаман айтпай жақсы жоқ, өліп кетуі мүмкін ғой, әуелі жан тәтті емес пе? Милицияға апару ешқайда қашпас. Бұрыңыз атыңызды, анау тұрған больницаға апарайық...
Бұл кезде, бізді бірталай мылтықты адам қоршап қапты, кебі — милиционерлер.
— Не болды? — десті олар.
Әбіл де, басқалары да орыс тілін нашар біледі екен. Олардың бұрмалап келтіре алмаған сөздерін, тілім жеткенше мен түсіндірген болдым.
— Ия, неғыламыз, Әбіл ағай? Дәрігерге апарамыз ба, милиция штабына апарамыз ба? — дедім мен.
— Әуелі милицияға көрсетейік те,— деді Әбіл,— дәрігерге содан кейін көрсетерміз.
— Ықтиярларыңыз,— дедім мен.
Әлсіреген түрдегі Сыздықты серіктері тарантастан көтеріп түсірді де, төрт адам қолдарын жалғастырып жіберіп көтере жөнелді.
— Шырағым Сәбит,— деді Әбіл. Штаб үйіне жүріп келе жатып қатарласа берген маған,— жақынның жақындығы осындайда білінеді. Қалын, бірге жиенімсің, үнемі саған ісіміз түсе бермес, бізді бір рет қолтықтап сүйеп жібер, тірі жанбыз ғой, ақыңды жемеспіз.
Мен үндеген жоқпын. Несіне үндеймін: төбелестің ішінде болмағанмен, қандай жағдайда шыққанын естідім. Бұл аранын, қазағында жер мәселесі қиын екенін, тәуір жерлердің бәрі байлар мен атқамінерлердің қолында екенін, кедейлерде жер жоқтығын, мүмкіндік туса жерді олардың байлар мен атқамінерлерден тартып алуға даяр тұрғандығын жақсы білем. Енді Совет өкіметі орнағаннан кейін, жер «крестьяндардікі» деген декрет шыққаннан кейін Жақып сияқты үкімет адамының біреуі, ауыл кедейлеріне «жер сенікі» десе, кедейлер өз меншігіне тиген жерді алмай отыра алар ма?.. Жанжалдың ішінде болмағанмен, жобасынан байқап тұрмын: Жақып бастаған кедейлер, бұрын жерге ие боп келген байлар мен атқамінерлердің пайдаларын бөліп алуға аттанған... бұрын мұндай кемшілікке түспеген байлар мен атқамінерлер көнгісі келмей, жанжал шығарған... Сондықтан кедейлер қол күшін жұмсаған.. мыналар — кедейлерден зорлық көріп келгендер...
— Милиция начальнигіне таныс па едіңіз? — деп сұрадым мен Әбілден, штаб үйіне кіре бере.
— Таныспын,— деді ол.
— Фамилиясы кім?
— Семенякин
Семенякиннің кабинеті екі бөлмелі екен: ауыз бөлмеде бірнеше милиционерлер тұр, есіктің қасындағы столдың маңыңда жәрдемші қыз отыр. Әбіл мен Әбдікейді қыз тани кетті. Әбіл қызға білген тілімен інісінің жараланғанын, Семенякинге көрсетуге әкелгенін түсіндіріп еді, қыз рұқсат сұрамақ боп арғы бөлмеге кірді де, төз қайта шығып «кірсін деп айтады» деді.
— Бәрімізге ме? — деді Әбіл.
— Жоқ, өзіңізге ғана,— деп жауап берді қыз.
-—• Жүр шырағым, бірге кірейік,— деді, Әбіл маған.
Әбіл екеуміз кең бөлмеге кіре бергенде, кескін - кейпі көңілді ерекше бөлгендей бір адам, терде тұрған столдың ар жағынан одырая қарады да, Әбілдің сәлемін алмастан, дікіленген дауыспен маған:
— Сен қайда барасың? — деді.
— Сізге келем,— дедім мен.
— Выходи! — деді ол маған ақырып.
Оның сөзін мен тыңдамай, столына жақындай беріп ем:
— Саңыраумысың, неменесің? — деді жекіп,—шық деп тұрмын ғой саған...
— Шықпаймын,— дедім мен,— ен, алдымен сәлемдесейік, здравствуйте!
— Сен кімсің? — деді ол сәлемімді алмастан.
Одан арғы күш менде емес, документте екенін түсіндім де, қалтамдағы кең, праволы мандатты суырып, ұсына бердім. Ол қабағын қалын, түйген қалпымен документті шұқшия оқуға кірісті... Кескіні аса көңіл бөлерлік, дейтінім: ен, алдымен оның бет бітімі бір-ақ уыс, кіп-кішкентай, баланын, беті сияқты. Өңі қап-қара. Кішкене бетінің үстін мол қамти, түбі батыңқы, тұмсығы көтеріңкі келген зор мұрын тұр. Сығырайғандау келген кішкене қара кездері іннің түбінен қараған жыландай боп, тереңдеу түкпірден жылтырайды. Қалың қабағындағы қою қасынын, бірі шаншыла шықшытына қарай, бірі тоңқая төмен қарай бітіп, қайшылана ырық - жырық боп тұр. Шаш пен қабақтың арасындағы маңдайының кеңдігі екі-ақ елідей. Сонша төмен біткен шашының дударлана қалың боп есуінен бе, әлде басы жоғары қарай сопақ па, иек пен маңдайының арасынан, шаштың жиегінен жоғарғы жағы екі есе ұзын сияқты. Қалқая біткен үлкен құлағы кішкене жағына жараспай, балаға үлкен кісінің тымағын кигізген сияқтанып тұр. Документті ұзағырақ оқып шыққан Семенякин, қатаң қалпынан жұмсарудың орнына:
— Не керек саған? — деді, ызғарлана түсіп.
— Түк те керек жоқ,— дедім мен,-— Мына бір кісілердің уақиғасына кездесіп, сізге соны түсіндірейін деп ем!
— Да, да, да,— деп Әбіл мақұлдай кетті де, болған халді Семенякинге баяндауды етінді. Семенякнннің рұқсатына қарамастан, мен білген тіліммен ойдағы сөзімді қысқаша айтып шықтым, бірақ Әбілдің ойынан шықпадым, уақиғаны жанжал шыққан жерге барып, көпшіліктен сұрап анықтауын өтіндім.
— Шырағым - ай, саған не боп кеткен! — деді Әбіл, онымды ұнатпай,— бел көріп кіріп ем ғой! Бұл не қылғаның?!..
— Енді не деу керек, ақсақал,— дедім мен,— екі жақтың да сөзін тыңдап алмай, кімнің дұрыс екенін қайдан білеміз.
Маған одан әрі өтініш айтуды қажетсіз көргендей, Әбіл Семепякинге әуелі өзінін, ауылдық Ревкомға бастық болған документтерін көрсетті де, содан кейін шала-шарпы білетін орыс тілімен ойын ұғындырмақ болды: Тілі келмеген жерде ол, болған уақиғаны қолдарының, бет-аузының, денелерінің қимылдарымен ұғындыруға тырысты. Жақыптың сабағанын көрсетпек болу керек,— Әбіл бір ретте «он крепке мұқлаш дабайт» деп өз басын өзі жұдырығымен бір-екі рет қойып қалды... Тағы бір ретте «оң толда - қолда» деп, ар жағында айтатын орысша сөзін таба алмай, өзінін, салалы саусақтарымен өз кеңірдегін қысып қылғындырды, онысы,— «Жақып біреуді алқымынан қысты» деген сөзді ұғындырғысы келгені болу керек. Кімнің кеңірдегінен қысқандығын білдірмек боп, «Жақып так шепка держал мой брал Козке...» деді ол, кеңірдегінен қолын босатқаннан кейін. Әбілдің шалағай орысшасын Семенякин ызғармен тын,- дап тұрып, Әбіл «іпсе аята ізделает он Жақып, он Қыстаубайүп» деп бітіргенде:
— Стерва! — деп қойды Семенякин, сөзін тістене шығарып, басындағы қалың шашын ойнақшытып жіберіп,— Антихрист —деді Семенякин тістене түсіп,—сволочь! Мерзавец!.. Его надо расстрелять!
— Әуелі тексеріп алу керек емес пе! — дедім мен.
— Сенің жұмысың қанша? Кооперация әшу мен разверстка жинауды ғана біл! Қылмысты істерде жұмысын, болмасын! —деді ол.
— Қалай! — дедім мен де ашулана қап.— Сіздің өкіметке бағынғыңыз келмей ме?
— Бағынам, бірақ саған емес!
— Документіме де бағынбайсың ба?
Олай дейтінім, документтерімнің бір пунктінде «қажет жағдайда жергілікті милиция және тергеу орындарының да істерін тексеруге» деген право бар. Документтің сол арасын алдына тосқанымда, Семенякин шаншыла, бір қарап жіберді де:
— Кооперация мен разверсткаға байланысты істерде ғана! — деді.
— Қай жағдайда болса да тексеруге хақым бар,— дедім мен,— егер, танығың келмесе, почтаға барам да Ояздық милицияның начальнигі Антоненконы прямой проводқа шақырам.
Мен «прямой проводты» айт.қаннан кейін, Семенякин бәсеңсіп қалды, Әбіл менің қызметімді енді ғана үлкенге санағандай:
— Шырағым - ай қайтесің долдандырып, өзіңіз бірдеме қып сөйлесейік мұнымен. Сен енді жайыңа - ақ жүре бер! — деді.
— Жоқ, Әбеке, олай болмайды,— дедім мен,— бұл заңның кісісі болса, мен де заңның кісісімін және менің бара жатқан бетім сіздің ауыл, сондықтан бәрібір жүріс болатын болған соң, бұл істің басы-қасында менің болуым керек, әйтпесе, мен өкіметтен сөгіс алам.
— Апыр-ай, қиын болды ғой бұл! Оң, деген ісіміз теріске басқаны ма!—деп Әбіл қынжылды да,— шырағым, өзін, білесің енді, бізде не күш бар дейсің! — деді.
Мен Семенякиннен жаралы кісіні көруді өтіндім. Мана аяғын баса алмаған Сыздық, кабинетке қолтықтаумен кірді де, Семенякнннің сұрауларына білген тілімен жауап айтпақ болып еді, еш нәрсе түсіндіре алмады. Оның сөзін мен аудардым. Сұрау жауаптарды бір милиция протокол ғып жазып отырды. Сыздық айтқан сөздердің ешқайсысын мен бұрмалаған жоқпын. Артынан байқасам, басын бірер жерден қамшы тіліп кеткенмен, Сыздық талықсыр халге жеткен жоқ екен, жауап беріп болғаннан кейін, ол больницаға барып жарасына дәрі жақтырып байлатты да, жанжал орнына аттанған бізбен бірге кетті. Әбіл мені Сыздық пен Әбдікейдің арбасына отырғызды да, өзі пар ат жеккен Семенякиннің, қасына мінді. Былай шыға, Әбдікей маған сырын айта бастады.
— Өзін, білесің ғой, шырағым, — деді ол,— мен шаруа баққан момын адаммын ғой. Билік, ерлікте жұмысым боп көрген де емес және ол менің қолымнан келмейді де. Бірақ онша саңлаусыз да емеспін. Дүние жайын ептеп шамалаймын. «Әр ханның заманында бір сұрқылтай» депті. Әр заманның өз биі, өз батыры бар. Бұ заманның, батыры Қыстаубайдың Жақыбы, неге десең заман кедейдікі, өкімет кедейдікі. Жақып көп кедейдің бірі емес, олардың арасындағы көзі ашығы. Ол мына өкіметке көп қызмет атқарып, жауын жеңісіп келді, сондықтан өкімет те оны сыйлап, ат-тұрманымен, сабына жазу жазған мылтық, қылышпен қайтарып отыр.
Әбдікей бұл арада оның атын, қылыш, мылтығын тілі жеткенше сыйпаттап етті, соған қарағанда, Жақып былтырғы мен .көретін шұбар атты мініп қайтқан... Менің ыңғайыма көше ме, әлде шыны сол ма,— Совет өкіметі орнағанша, байлардың кедейлерге істеген екім, зорлығын айта кеп:
— Енді көзі ашыла бастаған кедей,— деді Әбдікей,— Жақыпқа ермей, Қожан хажы мен Қозкеге ере ме? Ағама осыны айтсам, ойысып бір келеді де, қайтадан шалқайып кетеді. Тегі Қожан хажы мен Құлым хажыға ереді ғой деймін. Олар, әрине, бұл өкіметке дос бола алмайды. Бай кісі қайдан дос болады? Қозкеде ондай байлық жоқ. Тыныш отырса, ол да осы өкіметтің кісісі боп кетер еді, олай отырмайды. Не ойлайтынын білмеймін бейшараның!..
— Төбелес қайда болды? — деп сұраймын мен.
— «Түлкі шықпас» жерді білетін бе едің? — дейді Әбдікей.
— Білем. Тамаша жер ол.
— Со жер біздің әкеміздің сыбағасына тиген екен, күні кешеге шейін пайдаланып келдік. Әнеугүні, жұрт пішенге шығардың алдында, бүкіл Алуа басында отырған ауылдардың жиналысы болды. Жинап жүрген Жақып. Біздің Әбіл: «Ревком менмін, мен болыстың рұқсатынсыз жиналыс аштырмаймын» деп еді, Жақып бастаған кедейлер, оның ұлықсатын қараған жоқ. Жиналыста Сыздық екеуміз де болдық. Жақып кедейлерге: «жерді баяғыдан бері бай пайдаланып келсе, енді сен пайдалан»— деп. Советтің жер жөніндегі заңын айтып берді. Сонан, сөздің қысқасы, кедейлер «шабындық жердің тәуірін біз аламыз, байларды бозға айдаймыз» деп қаулы алды. Риза болмағандар болысқа кісі шаптырды.
— Болыс кім еді?
— Қабылдың Нұғманы да.
— Колчак тұсында да болыс еді ғой ол?
— Одан бұрын да болыс болған. Советте Ревкомға соны сайлапты ғой...
— Апырай, ә!..
— Сонымен,— деді Әбдікей,— болыс та кеп қалды. Ол жерлілер мен жерсіздерді келістірмек болып еді, Жақып жағы: «жер біздікі, байлар бізден артылған жерді ғана шабады, артылмаса шаппайды» деп көнбеді. Нұғман күш айтайын деп еді, кедейлер: «сен өзің де байсың, сенің сөзің бізге заң емес» деп шулап кетті. Сонымен, болыс Жақыпты заңға бағынбайды деп акты жасады да қайтып кетті. Қасына кісі қостық. Олар Қызылжарға бармақ. Не бітіретінін кім білсін.
— Кім қосылды, қасына?
— Досан, қариды білесін, ғой?
— Білем.
— Орыс тіліне жүйрік қой ол. Ботығайдың Жанаты мен гол екеуі қосылды. Ол да қара қазақтан заңға жетік кісі ғой.
— Қанша болды кеткендеріне?
— Жұмадан асып барады, әлі хабар жоқ.
— Төбелес қалай болды?
— Асығыс емес пе? Біздің Қозке Қызылжардан келушілерді күтпей, «Түлкі шықпасқа» барып шөп шаба беріңдер деп Сыздықты, мені, Әбілдің жалдаған жігітін жіберуі бар емес пе. Соны Жақып естиді де, қасына он шақты кісі ертіп, шөп шауып жатқан бізге келеді. Сонан, қысқасы, сөзге келістік те, Сыздық әлдеқалай желіге қап, Жақыпқа тіл тигізді. Ол мұны сойды да салды...
Сыздық «мен емес,өзі әуел бастаған» деп келе жатыр еді, «тоқтай тұрсайшы, сен» деп Әбдікей оны бөгеді де:
— Мұның, арты не болар екен, жиен?— деді маған.
— Не болушы еді,— дедім мен,— кедейлер алам деген жерін алады да қояды. Сыздықтың жеген таяғы бойына құт.
— Сабауға заң жоқ дейді ғой.
— Жағдайына қарайды да ол. Реті келгенде, сабамақ түгіл атып та тастайды...
Бұл сөз сонымен доғарылып, аз уақыт тым-тырыс отырғаннан кейін:
— Әбдеке,— дедім мен, — «ұлы сөзде ұяттық жоқ» деп - ті ғой. Бір сөз сұрасам ұят болмас па екен?
— Айт, шырағым,— деді ол,— «ауызға келген түкірік, қайта жұтса мәкүрік» деген.
— Қозке ағайдың Зүбәйлә деген қызы бар ма әлі?
— Бар.
— Ұзатқан жоқ па?
— Жоқ.
— «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дегенді айтып келе жатқан себебім,— со қарындасыңыздың Жақыппен көңілдес екенін білесіздер ме, сіздер?
— Апыр-ай, қарағым - ай,— деді ақ көңіл Әбдікей,— мені буынсыз жерден қыстадың - ау! Сұраған соң, амал жоқ айтайын, қатын - қалаштың арасында сондай өсек бары рас.
— Жақып жай ғана көңілдес пе екен, алғысы келе ме екен?
— Оншасын білмедім, шырағым. Тегі осы жұмысты Қозкеде сезеді ғой деймін, бұрын қалын, малын кемеліне келтіріп алам деп жүретін еді, Сақау балаларына «жесірлеріңді жайлаудан қайта алыңдар!» десе керек, оны неге сұрап отырсың? Бөлеңе жанын, ашып па, болмаса, басқа есеппен бе?..
— Қандай есеп болады?
— Қайдам. Жақып пен сені дос десіп жүр ғой жұрт. Бөлеңді досыңа айырбастап кетпесең?..
— Ол ықтияр менде емес, қызда ғой, Әбдеке. Совет өкіметі әйел бостандығын қатты қорғайды. Кімді таңдаймын десе де ерік қызда.
— Солайы солай ғой, бірақ әке-шешесін де тыңдайтын шығар қыз...
— Мүмкін...
—Бірақ со Жақыбың жай жігітшілік қана құрып жүр ғой деймін,— деді Әбдікей,— егер қызды алатын кеңілі болса, Сыздықты бұлай сабамас еді ғой...
Одан әрі кеңесуге — Алуа келінін, сыртындағы Қозке аулына келіп қалдық. Қозкенің үйінде: Қожан хажы, Құлым хажы, Қылышбайдың Мәжені, Құсайынның Оспаны, Қозкенің өзі, Сахыпкерей, тағы соларды қолдайтын атқамінерлер отыр, араларында өзіме таныс Досан қари. Ауылда бұлардан басқа ат жалын тартып мінерлік еркек жоқ, бәрі шабындық жерді бөлуге кетіпті. Мына отырған байлар мен атқамінерлердің қабақтары салбыраңқы, түстері суық. Олардың ен, байы да, белсендісі де Хожан хажы. Ол Андағұл руы түгіл, Торағұл аталатын бір болыс елдің ең беделді адамдарының қатарына қосылады. Бұрын бір болысты иіріп жусатса, енді кедейлерден қорғалап, бүгін шөп бөлісіне бара алмай отыр. Совет өкіметінің ауылдағы бет алысына осының өзі айқын айғақ сияқты. Құлым хажы аласа бойлы, ұзынша арық бетті, сақал орнына біткен он шақты - ақ ұзын қылы бар, «р» әрпін «и» ғып, «с» әрпін «ш» ғып, «з» әрпін «ж» ғып сөйлейтін, даусы тұтықпалы, жоққа ашуланып, «апы кіріп, күпі шығатын» күйгелек адам. Жасы со кезде жетпістерде. Ол да бай және беделді болған адам. Қазір шөп басына ол да бара алмапты. Толықшалау орта бойлы, кішірек дөңгелектеу сақалды, томпақ бетті Құсайынның Оспаны шідер үзген тентек, бейпіл ауыз, боқтампаз, ашуланшақ ұрт мінезді кісі. Бұрын жұдырық сала сөйлейтін ол да бүгін шөп бөлісіне бара алмапты... Өзгелері де солай сүмірейіп отыр...
Ал Досан қари ше?
Оның әкесі Бекпен қадімше бірталай оқып, елде белгілі молданың біреуі болған. Бөкпеннің әкесі Бейсенбек, Шопан байдың отын жағып, қазанын қайнататын, өмірін жалшылықта еткізген кісі екен, сондықтан, сықақ қылған жұрт оны «сары су ішкен Бейсенбек» дейді екен. Бейсенбектен туған Бекпенмен інісі Қалиға өздерін ғана асырарлық шағын шаруа біткен. Өмір бойы молдалық құрған Бекпен, екінші баласы Досанды Қызылжардағы Мұхамметжан қаридың медресесіне сабаққа береді. Досан әуелі қадімше оқып, құран жаттап «қари» атағын алады да, артынан жәдитше және орысша оқып, өз аулында мұғалімдік құрады. Жалпы алғанда ол орта білімді кісі, араб, фарсы және орыс тілін жақсы біледі. Мұғалім бола тұра, ол өлген адамдарға құран хатым етіп, молдалық құрады. Менімен ол өткен жаз Балтабай аулында мұғалім болған күнімнен таныс. Өзін білімді адамның бірі санайтын Досан, білімі, не дәрежесі төмендеу дейтіндерден кеудесін көтеріңкі ұстайтын тәкаббарлау, білімі не дәрежесі жоғарылау дейтін адамдардан ығысатын қорқақтау. Менен білімі жоғары болғанмен, Қызылжардан қандай мандатпен шыққанымды естіп, «дәрежемді» өзінен артық көрді ме, немене, бұрын қалжыңдай сөйлейтін маған бұл жолы жалпаңдай кетіп, «ә, Сәбит те келген екен ғой!» деп шүйіркелесе кетті. Әбіл одан Қызылжар жайын сұрайын деп еді, менен қымсынғандай:
— Ия, аман екен; сырқаттау боп курсқа кешігіп бардым ғой мен, ұяла - ұяла барып ем, денсаулығымды көрді де оқу жайымды сұрастырғаннан кейін «мұғалімдікке жарайсың, аулыңа барып тынық» деп қайтарып жіберді,— деді. Оның менен жалтақтаған халін түсіне қалғандай, Әділ де кеңесті созған жоқ.
Мына отырған байлар мен атқамінерлердің жер бөлуге кеткен кедейлерге неге ермей қалуын, Досан Семенякинге майдалап түсіндіргісі келген қалпын көрсетті.
— Сіз не істейсіз?— деп сұрадым мен Семенякиннен.
— Маған Қыстаубаевты керу керек,— деді ол.
— Бөліс басына барасыз ба?
— Әрине, барам.
Онда, сіздер әзірлене беріңіздер, менің көрші ауылда қарт жездем бар еді, соған амандасып келейін.
— Пожалуйста.
Жездем Көпжасар мен апам Зейнепке амандасып төз оралсам, бөліс басына баратын салт аттар даяр екен, Семенякин де салт баратын бопты. Біз есіл өлкесіне бес-ақ кісі аттандық: Әбіл, Досан, Семенякин милиционер, мен. Алғаш Әділ, Досан, Семенякин — үшеуі бір топ боп, милиционер екеумізден оғаштана жүрді. Жастау және жуастау милиционердің фамилиясы Филиппов екен.
— Жолдас Семенякиннің осында неге келгенін мен түсінбедім,— деді ол маған,— Қыстаубаевты милиционер жіберіп қана шақыртып алу керек еді, немесе, шақыртпай-ақ қою керек еді. Мен де, ол да әлгі отырған байларды жақсы білеміз. Кедейді талаушылар олар. Жақыпты да біз білеміз. Ол қызыл партизан. Оған көп шөп керегі жоқ. Байларды ұрса, кедейлер үшін ұрады. Ұра берсін. Сволочь буржуйға со керек. Ұрмай көне ме олар... Эх, жолдас Мұқанов, бур - жуйлар күшті әлі, олар әлі тиісті таяғын жеген жоқ!.. Әсіресе, ауыл байлары мен кулактары!.. Ұру керек оларды!..
— Байлар мен Семенякин не сөйлесті?— деп сұрадым мен.
— Оңаша сөйлесті,— деді Филиппов,— маған естірткен жоқ. Ох, этот Семенякин, он тоже не то делает!..
Біраздан кейін Досан серіктерінен іркіліп, мені тосып алды да:
— Көптің көзінше айтқам да жоқ, өзіңе оңаша ғана айтайын,— деп, Жақып жайын сөйлеп кетті.
— Партизанын, елді қырып барады, Сәбем,— деді ол,— «е» десең «ме» деп бет бақтырмайды. Сонда өзі біліп тұрса екен-ау... түк те білмейді. Шала сауатты адам нені біліп жарытушы еді! Өзгені қоя тұрғанда, Маркс пен Энгельс сөздерінің исі мұрнына бармайды. Со қалпымен ағып тұрған кеудемсоқ. Көрерсің, ол мына начальник милицияңа пысқырып қарамайды, жазаласа қол жұмсап жіберуден де қашпайды. Екеуін, табын, бір адамсыңдар, сенін, сөзіңді тыңдайды ол. Сен оған айт: «көптен көп емессің» де. «Кеп қорқытады, терең батырады» деген де. «Ел-жұртсыз ешкім де кісі бола алмайды, Совет өкіметі де елмен есептеседі, секін, ғана тіліңді ап, елді қырмайды» де, «елмен түсініс, бірлесіп қызмет істе» де.
— «Ел дегенде сіз кімді айтасыз?— дедім мен, ауылда қалып қойған үркердей байлар мен атқамінерлерді айтасыз ба? Болмаса, Жақыпқа еріп жер алуға кеткен көпшілікті айтасыз ба?
— Екеуі де керек жұрт қой.
— Жақыпты сіз қараңғы деп келе жатырсыз. Сізше солай да шығар. Ал, сіз оқыған адамсыз, зақ - зәкүнді білесіз, Совет өкіметінің кімнің өкіметі екінін түсінесіз. Жердің кедей крестьяндардікі екені де сізге мәлім. Сөйте тұра, анау Қожан хажы, Құлым хажы сияқты әрі совет өкіметіне қарсы, әрі елді талаған зорлықшыл, әрі заң - зәкүнді білмейтін надан адамдардың сойылын неге соғасыз?
— Сойылын соғып неғыппын мен?
— Сіз жуырда қай жаққа барып келдіңіз?— деп сұрадым мен.
— Қайда барыппын?
— Ботығайдың Жанаты екеуіңіз?
— Ә-ә,— деді Досан ыңғайсызданған кескінмен,— Қызылжарға барғанымды айтады екенсің ғой. Биыл көктемге қарай ескі безгегім қайталап, мұғалімдер курсына бара алмай қалдым да, соны УОНО - ға мәлімдегелі барып едім.
— Расыңыз ғой, осы?
— Әрине, расым.
— Әй, Досан,— дедім мен кейіген үнмен.— Сізді мен бұлай көрмейтін едім...
— Е, мен неғылдым?
— Сіз жалған сөз айтып келесіз. Қызылжарға сіз мұғалімдік жұмысыңыз үшін барған жоқсыз, манағы Қожан хажы, Құлым хажы сияқты байлардың сойылын соғып, жерге ие болғысы келген көпшілік кедейлерге қарсы боп бардыңыз.
— Оны саған кім айтты?
— Естідім. Байлардың сойылын сонша соғатын сізге не болды? «Молда мен бай тілектес» дейтін еді, әлде соныңызға бағасыз ба?
— Иә, молда ма екем мен?! — деді Досан шошып кетіп, — мен де советтік мұғалімнің бірі емес пе екем?..
— Совет мұғалімі болуыңызға мен тілектеспін, бірақ мына - күйіңізбен, бола алмайсыз ба деп қауіптенем...
Тайғақ мінезді Досан, менің, бұлай тігін келуімнен қипалақтаңқырап қалды да:
— Ол рас қой, Сәбем, бірақ, бір күннің ішінде социализм орната аламыз ба? Көп жылдардың ісі емес пе ол? Жер крестьяндардікі екені рас. Біздің арада кедейде жер азырақ екені де рас. Бірақ, бұл маңайда, сенің еліңдегі Әлтидей, Көшкедей, немесе Нұрғожадай мыңдап мал айдаған кісі бар ма? Біздің араның ең байы Қожан хажының жылқысы елуге әрең жетеді. Бай ма сол? Менімше, Жақыптың бай деп жүргендері, Совет өкіметі безінбейтін орта дәулетті крестьяндар. Оларда жердің кедейлерден көрі артығырақ екені рас. Кедейлерді олармен, теңестіру керек. Мен осыны айтсам, Жақып «жоқ, болмайды ол, Құлым, Қожан, Оспан, Мәжін сияқты кісілерге жер бермейміз» дейді. Тіпті солардың қатарына, айналасы он шақты - ақ қарасы бар Қозкеңі де қосқысы келеді. «Мұның ұят қой» десем, «ендеше, сен де байшылсың» деп маған едіреңдейді. Мен түгіл, болыстық Ревкомның председателіне де көнбей, ұят жасады...
— Кім ол «болыс» дегенің? Қабылдың Нұғманы ма?» Жеті атасынан байлық пен болыстық үзілмеген адамның бірі емес пе ол? Сондай адамның қалайша Ревком бола кетуіне мен қайранмын!..
— Оны сайлаған мен емес,— деді Досан,— Советтің инструкторлері.
— Әй, советтік инструктор болса игі еді ол!..
— Қалтасында мандаты бар. Өз көзіммен көрдім.
— Сенем. Бірақ, есіңізде болсын, қой терісін жамылып жүрген қасқыр да аз емес қазір. Кешегі алашордашылдардың біразы бүгін «коммунист» бола қапты. Солар со қалпымен кете барады деп ойлайсыз ба?
— Қайдам?—деді Досан,— менің қарамағымдағы іс емес ол.
— «Тазармас асылы харам жуғанменен» депті,— дедім мен,—«арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» депті. Совет өкіметінде адамдар қанша ұзаққа барар дейсіз...
Досан екеуміздің одан арғы сөзіміз қысқарған сияқты болған соң, мен атымды тебініңкіредім де, шоқытқан жүріспен алдымызда алыстаңқырап кеткен Семенякинге тарттым. Ауылдан аттанғанда кескінінің үрген қуықтай боп тырсылдай қалуына қарап, мен оның қатты ашумен шыққанын сезгенмін. Жақыптың мінезі маған мәлім. Кімде кім оған даусын көтере сөйлесе, ерегісіп кетеді. Егер, мына Семенякин де оған қатты сөз айтса, арты насырға шауып кетуі мүмкін. Соны ойладым да, Семенякинмен алдын кеңесіп, мәселені ашусыз шешуін өтінгім келді. Мінезі сексеуілдей сіресіп иілмейтін бірдеме ме, әлде, Әбіл жолшыбай қайрап тастады ма, мен шоқытыңқырап кеп сөз бастап ем, ол сөйлескісі келмеген қалпын көрсетіп, мұрнынан әлденені мысқылдап әндетіп кетті. Мен де одан кейін жабыса қойған жоқпын, шамасы байқаймын,— тым аса қатты сияқты. Беттеген жақтан жер жобасын шамалап келем: өткен 1919 жылдың көктемінде, нағашым қарт Жабайға кеп амандасқаным осы тұс. Жарқабақтың дәл ернеуіне жетпей, ар жағындағы қайқаң жазықты кісі көре алмайтыны мәлім. Міне, біз жарқабаққа да жеттік. Дәл Жабай қарт отырған жерден кеп шықтық. Сол үйеңке әлі сол қалпында екен, бірақ, ажары одан әлдеқайда көрікті: бұрын қар кетер кезде көргенде шоқтала біткен бұтақтары сыйдиып жапырақсыз тұрса, енді, бұтақ атаулының басында құстың тіліне ұқсап ұзыншалау жіңішке жапырақтар шығып, ағашты аса көркемдендіріп жіберіпті. Бізге көркемдігін көрсете түскісі келгендей, жаздың ақырын ескен қоңыр самалымен, үйеңке ырғала, теңселе түсті!.. Жардың ар жағындағы қайқаң жазықты мен сусыз көзінде көрген жоқ ем. Енді қарасам, кең жазықтың әр жерінде жонданып төбелер тұр, олардың жотасына тал, мойыл, долана сияқты ағаштар өсіпті. Кең жазықтың өн бойына тескіндіксіз шыққан шалғынның қалыңдығы да, биіктігі де шығымды жылдың егіні сияқты. Самал желге толқыған шалғынның қимылына қарасаң, басын, айналарлықтай. Жел жайқаған жасыл шалғын мен оларға аралас шыққан гүлдердің хош иісі кең, даланы жұпар құйғандай әдемі иіске бөлеп тұр. Әртінірек жерде, ұшы-қиырсыз созыла біткен тоғай көрінеді, ол әрине, Есілдің су ағар арнасын бойлай ескен орман... Кең қайқаңның алысында да, жақынын да қаптай шұбырған қалың адам. Мөлшеріне қарағанда, олар Алуа басындағы ауылдың адамдарынан әлдеқайда көп сияқты...
— Апыр-ау, не деген көп адам мыналар?—дедім мен Әбілге.
— Бүгін орыстар да шөп бөлуге шыққан ғой,— деді Әбіл, сонау алыста көрінген бір топ, Ақжардың (Петровка) орыстары болар. Анау,— деді Әбіл, қолын күнгей - батысқа қарай сілтеп,— Пласкеудің орыстары ғой деймін. Мынау, бертінде жүргендер,— деді Әбіл шоқша сақалды, жалпақ иегімен нұсқап,— біздің Алуа басынын, адамдары болар.
Үш топқа жүйеленген жер бөлушілер біріне-бірі тізелесе, бір ізбен ғана жүреді, араларынан шашу шықпайды, бытырап жайылмайды, кейбір тұстарда ғана ошарылып тоқтап, әлдекімдер бірен-сарандай бөлінеді.Бұдан бұрында Есіл бойындағы шабындық жердің бөлінуін көрген маған, бұл жүрістер түсінікті: өсіп тұрған шабындықты жапырмау үшін, олар бір ғана жолмен, немесе сүрлеумен жүреді де, әр тұста тоқтасып, әрбір жеке шаруаның сыбағасына тиген пайды көрсетіп береді, ондай жерлерге не шыбықтар шаншылады, не шөптер үйіледі... Біз жарқабақтан түсіп, бергі топқа қарай беттей бергенде, Семенякин түсін бұрынғыдан жаман суытыққырап алды да, қасындағы Филипповқа:
— Винтовкаңды қолыңа ал! — деді.
— Не үшін?— деді Филиппов,— иығына асқан винтовкасына қол тигізбестен.
— Мен саған бұйырамын?—деді Семенякин тесірейе қарап.
Филиппов таңданған кескінмен иығындағы винтовкасын қолына алғанда.
— Ат! — деді Семенякин.
— Қайда?
— Ауаға...
— Неге?
— Бұйырамын. Ат!..
— Неге?—дедім мен де.
Семенякин маған жауап берместен, Филипповқа бұйрығын зілдендіре қайталап айтты. Момын пішінді Филиппов «бұйрықтың» мәнісіне түсіне алмағандай, иықтарын көтерді де, винтовкасын ..аспанға қаратып, бірнеше рет атты. Біз беттеп келе жатқан көпшілік, бұл дыбысқа елен, ете қойған жоқ, істеп жүрген әрекеттерін доғарған жоқ. Топты бастаушы Жақып екенін тани кеттім. Алыстан әуелі оның өзін емес, атын таныдым. Бесенеден белгілі шұбар ат!.. Біз ол топқа жақындай бергенде, Семенякин түсін тағы да әлем-тапырақ қып бұзып алды да:
— Тағы да! — деді Филипповқа. Винтовкасын иығына асып алған Филиппов, естімеген адамдай жауап бере қоймап еді:
— Сволочь, не айттым мен саған! — деді Семенякин долданған дауыспен Филипповқа.— Тағы да ат дедім ғой мен саған!
Филиппов жерге тұқыра қараған басын көтермеді, жауап та бермеді, асынған мылтығына қолын да апармады.
— Бұ немене, жолдас Семенякин,— дедім мен.— Неғылған ату бұл? Кімді қорқыту?
Семенякин маған жауап берместен, Филипповтың қасына таяна берді де, «на, тебе, сволочь!» деп қамшысымен тартып - тартып қалды. Содан кейін өз иығына асынған карабинін суырып ап, аспанға қарай атып-атып жіберді. Сонда ғана мылтық даусына елеңдегендей, алдымызда шұбатыла шұбырған көпшілік, одырая қарасып тоқтай қалысты. Бұның не екенін білгісі келгендей, Жақып пен тағы бір салт бізге қарай тұра шапты. Жақыптың шұбары жүйріктік қалпына бағып, соңын ала шапқан салттыдан, бізге әлдеқайда бұрын жетті.
— Здраю-желаю! — деді ол кілт тоқтай қап, көңілді кескінмен.
Оның былай да көрікті кескіні мына ыстық күннен күреңденіп тіпті ажарланып кетіпті. Соңғы көрісуімізге жылға жетпейтін уақыт өткенмен, оның бұрынғы қырбық мұрты қалыңдап, бет сүйегі жуандаңқыраған сияқты, кездері де өткірлене түскен тәрізді, денесі де сомдана түскен сияқты. Үстінде қызыл әскердің гимнастеркесі мен шалбары, басында маңдайында қызыл жұлдыз қадаған, жазғы шлем. Арқасында асынған карабин, сол жағында солбыраған қынапты қылыш. Оң жақ бүйірінде, кабурдағы наган. Қос ноқталап, емілдіріктеп, құйысқандап, кавалерияның былғары ерімен ерттеген шұбардың бауыры тыртық, тоқ жарау, еті семіз... Жақып әуелі маған көңіл бөліп:
— Өй, сен қайдан жүрсің?— деді ат үстінен қол ұсынып.
— Бізбен байқап сөйлесіңіз, Жақа,— дедім мен қол беpіп, күле сөйлеп,— біз қазір үлкен кісіміз.
— Ия, сонда кімсің сен?
— Мен қазір бірнеше болыстың үстінен қарайтын инструктормын.
— О-о-о-о, какая шишка! —деп Жақып қарулы алақанымен менің жұқалау алақанымды толғаңқырай қысып қойды да,— сенімен тағы сөйлесерміз, мына кісілердің жайын біліп алайық,— деді.
Әбіл мен Досанның түріне қарасам, ит көрген мысықтай бүрісіп, жүндері лезде жығыла қапты. Семенякиннің, түсі әлі де ызғарлы.
— Жол болсын,— деді Жақып оған.
— Мен сізге келдім,— деді Семенякин.
— Келсеңіз, хош келдіңіз,— деді Жақып жымия түсіп.
— Біз сізді Явленкоға әкетеміз.
— Не жұмысқа?
— Оны сонда айтамыз.
— Мұнда айтуға болмай ма?
— Сізден қалжақтамауыңызды өтінем. Мен қызмет атқару үстіндегі кісімін. Менің аудандық милицияның начальнигі екендігім сізге мәлім.
— Ия, білем оны,— деді Жақып күлкілі түсін жинаңқырап.— Бірақ, айтатыныңызды осы арада айтыңыз, Язленкоға мен бармаймын.
— Неге?—деді Семенякин түйіліңкіреп.
— Уақытым жоқ.
— Егер, мен қыстасам ше?
— Мен көнбесем ше?
Осы кезде Жақыптың артын ала шапқан адам да кеп қалды. Ол формасын алған әскердің жазғы киіміндегі, сақал-мұртын қырған, орта жастағы орыс екен. Семенякинге ол:
— Здравствуйте, Харитон Никодимович,:— деп амандаса тоқтады да,— неге ашулы тұрсыз?— деген сұрау берді.
— Аудандық милицияның начальнигін әрбір өлексенің тыңдамау заңы қашаннан шыққан, Иван Константинович?— деді Семенякин.
— Не болды?— деді Иван Константинович.
— Мынау азамат,— деді Семенякин, Жақыпқа қолын безеп,— бұзықтық қылмыс жасап, бір кісіні өлердей сабаған. Қазір ол адам Явленконың больницасында. Мүмкін, өлген де болар...
— Қате айтасыз,— дедім мен, Семенякиннің сөзін бөліп,—- ұрылған адам Жұсыптың Сыздығы деген емес пе? Ол бізбен Явленкодан аулына қайтып келген жоқ па?..
— Сіз қыстырылмаңыз,—«деп Семенякин маған одырая қарап қойды да,— сіз,— деді Жақыпқа,— советтік заңға бағынуға тиістісіз. Мен сізді алып кетуге тиістімін.
— Басқа айтарыңыз бар ма?— деді Жақып түсін суытып.
— Осы да жетеді.
— Ендеше, қош! — деп Жақып атын тебініп өз тобына қарай жөнеле берді. Кескіні ашудан желді күнгі көлдің беліндей толқи қалған Семенякин, мана иығына асқан винтовкасына қолын әлденеше апарып, әлденеше қайтып алды...
— Сіз бекерге ашуланасыз,—деді Андрей Константинович оған,— әуелі, істің байыбына барып алу керек.
— Кім мен кімнің не туралы төбелесуінде менің жұмысым жоқ. Мен біреуді біреудің сабауын тыюға тиістімін. Бұл жөнінде сабаушы Қыстаубаев, сабалған Жұсыпов. Ондай бейбастаққа жол беруге болмайды. Сіз айтыңыз оған, Андрей Константинович, заңға бағыну керек. Егер, бағынбаса жаман болады.
— Не істейсіз сонда?
— Мен оны қазір осы арада атып тастаймын.
— Ата алмайсыз.
— Неге?
— Сіз жалғызсыз. Ол көп. Сонау қалын, топтың бәрі де оның жағында.
— Өзіңіз?
— Мен де оны жақтаймын.
— Онда, сіз де заңға қарсысыз ғой?
— Мен емес, сіз қарсысыз. Сіз Советтік жер крестьяндікі деген декретіне қарсы боп тұрсыз.
— Қалай?
— Жақып кедейлерге басшы боп, Совет өкіметінің жер туралы декретін іске асырып жүр. Сіз оны бөгеймін дейсіз!
— Киргизға не қылған жер?— деді Семенякин ызалана күліп,— жер туралы декрет орыс крестьяндарына ғана арналған.
— Қате айтасыз. Октябрь революциясы, интернационалдық мәні бар революция. Совет өкіметі интернационалдық негізде құрылған өкімет, сондықтан оның заң - законы да, Россиядағы халықтардың бәріне ортақ.
— Сіз мені заңға үйретпеңіз! — деді Семенякин,— маған қылмысты адамды ұстауға көмек беріңіз!.
— Мен сізге орыстың түсінікті тілімен айттым ғой, ол өтінішіңді орындай алмаймын деп...
Өзінің дәрменсіздігіне көзі жеткендей, Семенякин дүрдиіп тұрған қалпынан бәсеңдеді де:
— Эх, Андрей Константинович! — деді басын бұлғақтатып,— егер сіз болыспасаңыз, мен ол ордаға көрсетер ем бағынбауды!..
— Жұмысыңыз осы ғана болса, қош!—деп Андрей Константинович жөнеле берді.
— Жақсы,— деді Семенякин тағы ызаланып, кімнің, кімге бағынарын көрерміз. Филиппов, қайттық кейін!..
Олар жөнеле берді. Әбіл мен Досан қалып қойды. Енді не істеуге білмей сасқандығы, кескіндерінен көрініп тұр. Тегі ойлап тұр ғой деймін, «Семенякиннен түк шықпады, Жақып енді сілемізді қатырады» деп. Ойым дәл келе кетті. Мен оларға:
— Осыларыңыз қате болды. Бұның аты,— Совет өкіметінің жер туралы декретіне қарсы болу,— деп ем:
— Рас, шатақ болды! — деді Әбіл, түсі бұзылып, — Қозке осыны істеп жүрген. Айттым: «Оу, осы кедей дегенге соқтықпайықшы!.. Өкімет онікі, ол шыдатпайды!» деп. Болмады бейшара қасарып. Қара, сен де «қой» дей қоймадың! —деді ол Досанға кейіп қарап.
— Есің дұрыс па?— деді Досан Әбілге, мені бассалғаның не қылғаның? Мен бе, сендерді төбелестірген?
— Туралап айдамағанмен, астыртын жымысқылап желіктіретінің бар.
— Ә, қой әрі, аузыңның қанын жақпай! — деп Досан жөнеле берді.
— Осы қолтығымызға су бүріккен,— деді Әбіл,— Айтқанының бәрін айтсам тіл тартпай кетер еді. Бірақ, не қылайын.
— Ия, не дейді? — деп мен қужалайын деп ем:
— Оны қайтесің, шырағым,— деді Әбіл. Қатеден тұтатып алдық. Мынау өртті енді сен сөндір, шырағым!
— Не өрт? — дедім мен түсіне тұрып.
— Турасын айтқанда Жақып бізге енді күн көрсетпейді.
— Өзіңіз ғой, оған соқтығып жүрген,— дедім мен,— қорықсаңыз соқтықпаңыз!..
— Енді де?— деді Әбіл,— енді қара да маңына жоламаспын оның!..
— Бәсе, сөйтіңіз!..
— Сонда ол тимес пе екен?—деді Әбіл мұңайып.
— Әрине, тимейді,— деп мен жұбатқан болдым. Ішімнен ойлап тұрмын, «бай-кулактар, сендерді бұлай мүләйімсітіп қойған пролетариаттың диктатурасы - ау!.. Ол сені тап ретінде жоймай тына ма?» деп.
Жақыпқа айтпақ боп, енді «тигізбейтін» боп Әбілді жұбаттым да, шауып Жақыптың тобына жөнелдім. Жолда манағы Андрей Константинови қуып жеттім. Ол мана маған таныс адам сияқтанған, бірақ, қайда көргенімді ойлап таба алмағам. Енді сұрасам, өткен 1919 жылдық көктемінде, Жабай қарт пен мені арбасына мінгізіп ауылға апаратын Андрей осы екен, фамилиясы Жарков. Жақыппен ол екеуі бір партизан отрядында болыпты, Қызыл Армияға бірге қосылыпты, Қиыр Шығысқа дейін бірге барып, Отанды ол жақтағы интервенттерден тазаласып қайтыпты. Қазір Пласкеудегі селолық ревкомның председателі:
— Ақымақ,— деді ол Семенякин туралы айтқанда күліп,— Колчактың, Американын,, Японның оғы өтпеген Жақыпты, енді ол атпақ!.. Ха-ха-ха...
Жақып туралы жоғары пікірде екен. Оның сипаттауынша, Жақып: барып тұрған тапшыл, революционер, большевик, қажымас қайратты, мұқалмас жігерлі, кристалдай таза адам. Тек қана кемшілігі — оқуы жоқ және партизандық шап бермелігі бар.
— Екеуінен де құтылады ол,— дейді жолдас Жарков:— Оқығысы кеп жүр өзінің. Оқыса, қазақтан шыққан дыңдай большевик, бұл. Бұны қадірлеу керек.
Біз кеңесіп отырып, Жақыптың тобына барсақ, жұрт төңірегін қоршап тұр екен. Олар бізді шуласа амандасып қарсы алды. Көбін тани кеттім, Құлым хажының аулынан «қара қасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Балғабайдың су мұрын Нұртазасымен, Жыланкөз Ыбырайдың Ахметі жүр; Балтабай аулынан — «қара қасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Өстемірдің Қалтақбас Ғабдеші, Саржан қатынның Ұзын Әшкері, Тапалтақ Әбілман, Кенженің Мұхамметқалиы мен Жұнысы, Омардың таз Сұлтақайы жүр: Крестадан — өмір бойы Сақтағанның сауыншысы болған Қойшығалидің Арықбаласы, Төлебейдің Айранкөз Уәлиі, Жабайдың Төлебайы жүр: Кожан хажының аулынан — Батайдың Аманжолы, Жаңабайдың жыпылдақ Әшеті жүр . Қарталдан — Көшекбайдың Шұбар Өтегені, Құсайынның бұжыр Ережебі, суылдақ — Құдиярдың балалары және ұзын мұрын Құрманның інісі Мәжен жүр; Аю аулынан — өмір бойы Зілғара тұқымының жылқысын бағып «Жалаңтөс» аталған Байжанның Ыбырайы, Жантінің отшы Бектемірі мен Жантемірі жүр; Құсайын аулынан — Әуелбектің Әбілмәжіні, Мәлкаждары, менің жиенім Әшкәр, Мұқының Шәрібі, өмір бойы жұлық жалаған етікші, таспа тартқылаған өрімші Жұмабай жүр... Киімдері жыртық, астарына мінген аттары, өгіздері, сиырлары арық, — бұлардың бәрінің де кескіндері жадыраңқы. Тегі олар мана бірнеше рет мылтық атылғандықтан, милицияның келгенін және неге келгенін естігендіктен үрпиісіп қалса керек, біз жете бергенде, амандықпен араластыра «бұ қалай?!.. Кедей теңелді, кер кедейдікі дегені қайда?.. Жеті атамыздан бері жер иіскеп көрмеген мұрнымыз енді ғана иіскеп, енді ғана жер шұрайына ортақ болдық десек, бізді қорқытып милиция әкелгендері неғылғандары?!» — деп шуласа қалысты.
— Осының бәрі дұрыс,— дедім мен.— Жер сендердікі, оны енді ешбір күш тартып ала алмайды. Ал, милицияның келуі түсінбеушіліктен шыққан...
Шабындық бөлігі кешке қарай аяқталды. Ата-бабаларынан бері қарай Есілдің шұрайлы шалғынына қолы жетпей кеп, биыл — Совет өкіметі орнаған жылы ғана ойдағы үлесін алған кедейлер мәз-мейрам болысты.
— Е, бәсе!—десті олар,— жаңа ғана теңдік алдық қой, байлардан. Жер кедейдікі екеніне көзіміз енді жетті ғой!..
Алуа басындағы кездестірген уақиғаның бір ұшқыны алдымнан шықты. Қызмет атқаратын жағыма беттеп келе жатсам, қазақша «Қоскөл», орысша Семипольна аталатын поселкенің көшесінде әлдекім шауып келеді. Поселкенің орталау көзіндегі Ревкомға мен жетіп тоқтадым, шапқыншы да кеп жетті. Бет сүйегі шығыңқылау келген, сақалы көселеу ақ бұжыр кісі:
— Қарағым - ай, қазақпысың?— деді маған, атынан қарғып түсе қалып.
— Ия, қазақпын.
— Қазақ болсаң, қарағым - ай, қара қазақпысың, өкіметтің кісісімісің?
— Өкіметтің кісісімін.
— Ендеше, қарағым - ай, сүйемелдеп жібер, мен сияқты нашар кісіні!..
— Ия, не болды сізге?
— Мына жақта,— деді ол қолын батыс жаққа қарай сілтеп, бес-алты шақырым жерде Майлы - Мұсайт атанатын елміз. Руымыз Көшебе. Сонда Абылай деген кісі бар...
— Білем...
— Абылай біздің немере туысымыз еді, бірақ біз кедей, ол бай. Со кісі күллі Керей -Уаққа ықпалын жүргізуді азсынғандай, қоңсысы боп отырған аз ғана үй бізді... ата -бабамыздан бері қарай отырған қыстауымыздан көш деп... туған жерімізден неге көшеміз десек, ендеше, еріксіз көшірем деп... содан оның тілін алмайтын кісі бар ма, мына шеті Қаратоқа деген елден, мына шеті Жарылған деген елден қалың қол жинап... бізді зорлықпен көшіргелі жатыр!.. «Ай» дер әже, «қой» дер қожа жоқ. Ағайындарымыздың кейбірінің жаны ашыған болады, қолынан ештеңе келмейді. Содан, сасқан соң, орыс әділ еді ғой деп... арашалар деп, осы Қоскөлге шауып кеп тұрмын...
— Түсінікті, ағай,— дедім мен.— Бұл жұмысты мен - ақ бітіріп берейін.
— Құлдығын, кетейін, қарағым, онда! Ал, қалай бітіресің?
— Қазір мен поселкеден ылау алайын, сіз арбама мініңіз де, менімен қайтыңыз.
— Ойбай, қарағым, Абылай деген азу тісі балғадай кісі. Өзің жас бала екенсің, сенің сөзіңді тыңдай ма ол?
— Тыңдатам.
— Қайдам, шырағым!—деп қазақ аз күдіктеніп тұрды да,— шырағым,— деді маған, айнала сөйлейтін мылжың біреу екен деп сөкпе! Жаным қысылған соқ кеп отырмын. Сөзіңе сенейін. Бірақ «бала соққан көздіктің басы жарық боп жүрмесін. Мен саған еріп барып, Абылай сөзіңді тыңдамаса, маған обал болар.
— Мен бармағанда не істемексіз?— дедім мен.
— Амал қанша онда, аттың жеткен жеріне шейін шабам да. Кпитанда милиция бар дейді, соған барармын. Одан әрі жете алмасам, Қызылжарға барармын... Тіпті жаяуласам да барам Қызылжарға. Өтірік айтпаса, білетіндер Қызылжарды кедейдің өкіметі деп жүр ғой...
— Ол рас.
— Рас болса, содан барып теңдік сұраймын да.
— Сол өкіметтің, өкілімін ғой мен, атыңызды босқа қинамаңыз, менімен қайтыңыз.
— Болсын, шырағым,— деді қазақ.
Оның аты өлердей арық екен, ылаудың жетегіне байлағанда аяң-жортаққа әрең ілесті.
— Ия, атыңыз кім?—деп сұрадым мен қазақтан.
— Ықыш, шырағым. Әкемнің аты Көпшік, Абылаймен үш-ақ атаға келетін немеремін ғой. Бірақ, жақын туысымыз бола тұра, Алдаберген балалары бай болды да, біз — Атығай балалары кедей боп, біріміз жылқышысы, біріміз қойшысы, біреуіміз сауыншысы сияқты Абылай үйінің жалшысы болдық. «Ақы-пұл» дегенді біз алып көрген кісі емеспіз. Былтыр қызылдар өкіметі кеп, кедейдің ақысын байға жегізбейді деген соң, біздің ауылдың Әбілқас, Махмет деген жастары елеңдеп, Абылайдан ақы сұрай бастап еді, ақы берудің орнына, «ендеше, кет маңайымнан! қарада бойларыңды көрсетпе!» деп көшірмек болды. «Туған жерден неге көшеміз» деп ек, зорлық жасады. Көрерсің шырағым, ендігі біздің ауыл алдымыздан көш үстінде жолығады.
— Қайда барады сонда?
— Қайдам қайда баратынын? Абылай айтыпты-мыс дейді, «беталды құла дүзге қаңғыртам» деп. «Құла дүзі» қайда екенін құдай білмесе, кім білсін...
Ықаштың айтқаны расқа келді, еріксіз көшірілген ауыл бізге қарсы жолықты: барлығы бес-алты үй екен, адамдарының өздері де, киім-кешектері де, көлік-саймандары да өте жүдеу... Оларды айдап келе жатқан жиырма шақты салттының ішінде, сол елдегі маған таныс атқамінерлер: Жұсыптың Мұқышы, Сәмтіктің Мұқаны, Азнаштың Бердені бар екен. Оларға менің айтқан сөзім қысқа болды:
— Бұ кісілер мекеніне қайтады, қарсылық сөз болуға тиіс емес, оның арты жаманға соғады. Абылайды мен өзім көндірем.
— Шырағым,— деді жорға тілді Берден,— бұл жұмысқа жетекші кісі Абылай екенін естіген көрінесің. Керей - Уақтың аруағы сияқты кісі болған соң сөзінен шыға алмадық. Сенің сөзіңді де тыңдайық, бірақ, бұларды сен қайтарып апарма. Әуелі, Абылайды көндір де содан кейін қайтар.
— Былшылды қою керек,— дедім мен қатты кейіп,— не оттап тұрсың өзің сақалды басыңмен. Абылай бай болса, мына тұрған бес - алтауын, соның құйыршығысың.— Кәне,— дедім мен еріксіз көшіріліп келе жатқандарға қарап,— бұрыңдар, көліктеріңді кейін қарай! Қарсы болған Абылайды кәріп алайын.
Олар көліктерін бұра бастады.
— Кәне, қайсысың атыңды бересің? — дедім мен салт аттыларға,— Абылайға тезірек жетейін.
— Менікін ал,— деп Алпысбайдың Әбені деген кісі атынан түсе берді. Жараулау жирен қасқа атқа. ырғып мініп, мен кете бардым.
Абылай аулы қыстауына жақын жердегі жайлауда екен. Күтпеген жерде кеп қалған менімен амандасқаннан кейін, Абылайды оңаша алып шықтым да:
— Хажы,— дедім оған,— мен сізге қысқа және тұжырымды бір сөз айтайын деп келдім. 1919 жылдың көктемінің аласапыраны көзінде сізге жолығып, маған көрсеткен жақсылығыңыз есімде. Соның қарызын өтейін деп келдім.
— Соншама, немене еді салмақтандырып тұрғаның?
— Сіз Совет өкіметінің кімнің өкіметі екенін білесіз. Мен сол өкіметтің өкілімін. Сіз бір зор қылмыс істепсіз, ол үшін сізді абақтыға жаптыру керек еді, оны істегім келмей тұр.
— Немене істеппін мен?!
— «Жер кедейдікі» деген Совет өкіметінің декретін білесіз ғой?
— Білем. Онымен не айтпақсың?
— Айтайын дегенім,— әрі туысың, әрі қоңсың, әрі жалшыларың,— анау Атығай балаларын ата мекенінен зорлықпен көшіріпсіз...
— Ия, көшірдім. Бірақ неге екенін білдің бе?
— Неге екенінің маған керегі жоқ. Ата-бабасынан қоныстап келген мекенінен көшіруге хақыңыз жоқ...
— Егер, ұрлап шыдатпаса ше?..
— Оны тексеретін өкімет бар.
— Соны сенен сұрадым ба?—деп келе жатқан Абылайға.
— Хажеке,— дедім мен,— өлеріңізді білмейтін қараңғы кісі емессіз. Мына қылығыңызбен басыңызды жойғалы тұрсыз. Қайтыңыз райдан. Анау зорлықпен көшірілген кедей қоңсыларыңызды мекеніне қайта қондырыңыз!..
Қабағы салбырап кеткен Абылай, жерге сүзіле қарап аз тұрды да:
— Қайдан кеп қалдың, сен?— деді басын көтеріп,— Совет өкіметіне шағым айтып, бізді қырғызғанша, мен оларды «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаның» жұтына ұшыраған адамдардай қаңғыртып, аштан өлтіретін едім. Әлі де кіріспесең қайтеді осыған!..
— Жоқ, кірісем, Хажеке, өйткені, мен өкіметтің өкілімін!
Ол тағы да аз түнеріп тұрды да, «бір жөні болар, үйге кір» деді маған.
— Жоқ, хажеке, кірмеймін. Әуелі кедейлердің көліктерін мекендеріне ағыттырып ап, сіздің үйдің асын содан кейін ішем.
— Қап, тар жерден қыстың - ау! — деді Абылай, манағы ширақ даусын солғындатып,— амал жоқ, айтқаның, болсын!
«Совет өкіметінің күші - ай! — деп сүйсіндім мен ішімнен,— мына Абылай сияқты жыртқыштарды кедейлердің аяғына жығып беріп тұрған!.. Жаса, советтік күш!..»
АЗАТ ӘЙЕЛ
Мен түнделетіп жүріп келем, бетім — Дос көлін жайлап отырған ауылым. Қасымдағы қартаң ылаушы ұйқыда. Үстінде талқан толған қорабы бар тарантасқа жеккеніміз жалғыз ат, бірақ, әрі қарулы, әрі жүрісті. Төңірек елсіз, ормансыз, көлсіз,— өзіме мәлім жазық дала. Айсыз қараңғы түн. Күн батар алдында батыс жақ көк жиектен торланып іңірде бізге қарай сіркірей жауған қоңырша бұлт, қазір ыдырап, аспанның әр жерінде бөлшектене көшіп жүргенін, қараңғы аспанда жымыңдаған сансыз жұлдыздардың көркем кездері біресе бүркеліп, біресе ашылуы куәландырады... Біздің аранын, мазасыз бір дүниясы — сармасалар екені мәлім. Құрғақшылық күндері олар түнде де, күндіз де үстіне миллион жабылып, мойны - басыңды тұмшалап алмасаң маза бермейді. Бүгінгі түн олай емес. Құрғақта таңға жақын ғана түсетін шық, өткен кеш жаңбыр сіркіреп жерді дымқостандырып кеткендіктен, іңір болмай түскен де, бусанған буалдырымен, жердің бетін телегей теңіздің селі жапқандай аппақ қып жіберген, сондықтан, қанаты малшынған сары масалардың ұшуға дәрмені жетпей, қалын, шөптің арасына жатып қалған. Біздің жер бетімен жүріп келе жатқанымыз — мінген тарантасымыздың, жолдын, кедір-бұдырына тоңқылдап, секеңдеуінен ғана сезіледі, әйтпесе, төңірегіне қарасаң, жер бетін қалын, жапқан шықтан, кең, теңіздің ортасында кемемен жүзіп келе жатқандай әсер аласың... Мың түсті ұсақ гүлдер араласа өскен біздің аранын, қалың бетегелі жайқалған шалғынды өлкесіне, мұндай дымқос түндері аса бір ләззәтті иіс көтеріліп, мұрныңды қытықтаудан қол жазбайды. Жұпар иісті өлкенің желпігені сияқтанып, салқындау бір әдемі самал көтеріледі де, сенін, бетіңді мақтадай жұмсақ алақанымен сыйпайды. Мазасыз масасы болмаса, сондай бір түндерде жол жүрудің рахаты - ай шіркін!.. Ондайда, менің қасымдағы қарт сияқты біреу болмаса, жас адамға ұйқы келе ме?.. Түс ортасы алдақашан ауғанмен, өткен түні де кеш жатып ерте тұрғанмен, маған кепке дейін ұйқы келер түрі жоқ. Төңірегімнен көзіме еш нәрсе көрінбегенмен, ортасында өскен бұл даланын, айналасынан, кемінде жүз шақырымдық жердің барлық бейнесін көз алдыма келтіріп отырмын. Солардың бәрі, қазіргі сәтте көзіме көрінбегенмен, көңіліме қандай ыстық!.. Әуелі пысылдап қана қалғыған шалым, біраздан кейін менің иығыма басын сүйегі қатты қорылдауға кірісті. «Ақсақал, тым қатты ұйықтадыңыз ғой» деп ара-тұра оятсам, шал бірде есті кісінің, бірде есеңгіреген кісінің үнімен жауап қайырған болады да, іле - ақ ұйқыға қайта кетеді... Соның әсері тигендей, кейде мен де маужырай бастасам, алдымнан әлдене малдардың, әлдене адамдардың немесе, әлдене құстардың үндері естілгендей боп серги қалам...Маған сол дыбыстардың бәрі Достың маңынан шыққан сияқтанады... «Әлде, «өліп қалдық па?» деп елегізсем де, құлағымды төңірекке тігем... мені сезімім алдаған боп шығады: әлдеқайда, дала түнде ғана ысқырып дыбыс беретін «жылқышы» аталатын құстан басқа тірі мақұлықтың дыбысы естілмейді... Дыбыссыз далада аяқ басқан аттың, дүбірі, паровоздың дүңкілі сияқты естіледі, өткен жауыннан топырағы шиыршықталған жолмен секеңдей жүрген тарантастың салдыры, даланы мыңдаған арбалы керуен келе жатқандай жаңғырықтырады... Дегенмен, «ұйқы жау». Ұзақ уақыт сергіп-ақ отырып, қалғып кетіппін. Мені кісінеген жылқының даусы оятып жіберді. Атшым да оянып кетті. Екеуміз де қорабтан басымызды көтере түрегелсек, кісінеп келе жатқан біздің, атымыз... Әлі де түн қараңғы... Көзді уқалаңқырап жіберіп қарасақ жайылған қалын, жылқының ішіне қарай келе жатырмыз, олар бізге одырая қарасып, үркіңкіреп барып топтанысады да, «неткен бейсәубет жүргіншілер?» дегендей өзара шұрқырасып кісінеді. Тарантастың доңғалақтарының қиралаңдай жүруіне қарағанда, жолдан соныға шығып кеткен сияқтымыз... Жылқы жүрсе, бұл маңайда әрине ауылдар бар, бірақ, қайда олар?.. Қай ауылда?.. Сұрап алуға, жылқы арасында адам көрінбейді, дыбыс шығарсақ жауап қатпайды... Үйірсіреп кісінеген атымызды тоқтатып, төңірекке көзімізді де, құлағымызды да тігіп аз уақыт тұрып ек, әлдеқайдағы қыраттың ар жағынан бұлдыраған бір кіші - көлемді жарық көріне кетті. Бұны «шығып келе жатқан ай» дейін десек, ала шабыр бұлттың арасынан өзге жұлдыздардан оғаштана көрініп тұрған «Темірқазықпен» мөлшерлегенде, айға келмейді, себебі жарық теріскей жақтан көрінеді, ол беттен ай тумайды... «Өрт» дейін десек, көлемі кішкене... Кигіз үйдің шаңырағынан көрінген оттың жарығы болар ма әлде?.. Соңғы жоба дұрысқа келді. Әне, со жақта үрген иттердің даусы естілді, ендеше, ол арада ауыл бар, қай ауыл болса да соған баруымыз керек. Атымыздың басын жарық көрінген жаққа бұрып келе жатыр ек, алдымыздан со жаққа қарай қиғаштанған жол да кездесті. Аздан кейін қаңқылдаған қаздардың даусы естілді... Міне, төбемізді баса қараңдап, зуылдаған үйректер де өтіп жатыр... Ендеше, алдымызда көл бар!.. Дос болмағай да!.. Әне, көлдің жарқыраған жалтыры да көріне бастады. Оның төңірегінде ауылдар да қараңдады... Біздің ауыл болмағай да!.. Әне, шуласып жүрген балалардың да даусы естілді... біздің ауылдың балалары болмағай да!.. Сонша қуанышты үміттен жүрек те, өкпе де алқынып кеудеге сыймай барады!..
— Атыңызды айдаңызшы, ағатай!..
Біз ауылға жақындағанда, алдымыздан бір топ бала шуласа жүгіріп қарсы алды... Біреулері, арбамызға асылып жатыр... Олар мені де, мен оларды да тани кеттім — біздің ауылдың балалары!.. Біреу мойныма асылып құшақтай алды, ол немере інім — Шәкең екен!.. Мен оның бадырайған үлкен көзінің үстінен, қоңқиған мұрнынан сүйіп бауырыма қыса құшақтап жатырмын!..
— Ия, үй аман ба?— деймін мен Шәкеңге, құшағыма оны қаттырақ қысып.
— Аман.
— Ауыл аман ба?
— Аман...
— Анау шаңырағында от жарқыраған кімнің үйі?
— Бекеннің.
— Кәдімгі Сары Бекеннің бе?
— Ия.
— Е, онда не боп жатыр?!.
Олай дейтінім, мұндай мезгілсіз шақта, үйінде не шілдехана, не той, немесе, жаназа бар біреу болмаса, от болмауға тиісті, сондықтан Шәкеңге:
— Онда не боп жатыр?—деген сұрауды қайта беріп ем:
— Дау боп жатыр,— дейді ол.
— Не дау?
— Қызы қашып кетті.
— Қай қызы?
— Мағпи.
— Қашан? Кіммен?
— Әнеугүні. Кіммен екенін білмеймін.
— Дауласушылар кімдер?
— Уақтар.
— Қайдағы?
— Мына Батпақкөлдегі Жаман тымақ...
Есіме сонда ғана түсті: Батпақ көлге бертінде ғана қоныстаған, арғы руы Уақ, бергі руы Жаман тымақ аталатын отыз шақты үйде Кеңбай дейтін кедейлеу бір адам, Бекеннің әлгі Мағпи деген қызын ұлына атастырды деп естігем. Со қыз біреумен қашып кеткен болу керек те, дау со жөнде көтерілу керек. Мен Мұстафа үйінің қасына кеп түсіп, ылаушымды қайтардым да, ұйқыдағы үй ішін оятпайын деп:
— Ғаббасты шақырып шық!—дедім Шәкеңге. Ондағы мақсатым, Бекен үйінде болып жатқан даудың мәнісін естияр Ғаббастан сұрап алу.
Тарантас кеп тоқтағанын үй іші естіген екен де, «кім екен?» деген оймен үнсіз жатыр екен. Үйге Шәкең кіріп менің келгенімді хабарлаған соң, ауру Мұстафа да, әйелі — Сілеусін де, Ғаббас та, ересек боп қалған Маржам да көйлекшең қалыптарымен тысқа жүгіре шықты. Сағынып қалған қайғылы туыстар менімен жылап керісті.
— Ие, үйге неге кірмей тұрсың?! — деді мауқын басқан Мұстафа.
— Бекен үйіне барайын деп ем.
— Неге?
— Дау боп жатыр дейді ғой...
— Ия,— деді Мұстафа күрсініп, ал,— қыз баланы бұрынғылар «ата-анаға жау» дейтін еді, соның кері келіп жатыр.
— Неғыпты жау боп?
— Бұдан артық не қылсын: қалын, берген жеріне бармай, көңілі сүйген біреумен қашып кетіпті...
— Бұның несі жаулық?
— Жаулық емей немене, шырағым? Бекенді өзін, білесің: балалары болса жас, өзі өрттен күйіп қалған кемтар,— жұмысқа жарамайды, жүзге жақындап отырған шешесі бар, дәулет жоқ, бар малы — жалғыз арық мәстек пен бір бұзаулы сиыр, сонша қыруар жанды, Бекеннің жасап қалған жалғыз қатыны асырап отыр. Сондай, өлмешінің күнін зорға көріп отырған бейшара үйді, қашқан қызы әлекке салды да кетті...
— Не әлекке?
— Әлек емей немене: о заман да, бұ заман, жесір дауы деген оңай болушы ма еді? Құда жағы мықты болса, жесірін кетірген жақты, іргесін түріп шауып алмайтын ба еді? Уақ та сөйтейін деп жатыр деп естідім. Даушылардан үйіле - төгіле қырық-елу кісі кепті деп естідім. Біздің ауылдың атқамінерлері, бастығы өзіңнің ағаң — Нұртаза боп, сорлы Бекенді қорғаудың орнына, жауларының жағына шығып, сорын біржола қайнатқалы жатыр дейді.
— Не істемек дейді, сонда?
— Бекен Кеңбаймен ерте құда болған ғой. Нашар адам емес пе, күнін зорға көріп отырған? Жыл сайын аздап ала берген де, бірнеше жыл ойына алғаны көбейіп кетіп, қазір оның бәрін төлесе, шашы да шақ келер емес дейді...
— Қанша мал екен, сонда?
— Уағы, ірісі бар, жиырмадан астам білем. Ал, Бекенде бар мал — бір ат, бұзауымен бір сиыр. Бірер қой, ешкісі бар екен, даушыларға сойып берген көрінеді.
— Сонда, «барлық малын теле дейді» дей ме?
—Әрине, солай деп қинайды ғой.
— Ол малды Бекен қайдан табады, қинағанмен?
— Барынша Бекеннің малын алатын көрінеді де, жетпегенін, анау, Құсайын, Қожахмет, Шәйін сияқты ағайындарына төлететін көрінеді.
— Олар төлей ме, біреу үшін?
— Төлемеуіне қарай ма? Зорлықпен алмай ма?
— Жоқ, ол болмайтын шығар,— дедім мен.
— Болмағанда не істейсің! — деді Мұстафа.
— Советтің заңы ондай зорлыққа ұлықсат етпейді.
— Сол заң келгенше діңкесін қатырады ғой, Бекеңнің!..
— Келіп тұрса қайтесіз? —дедім мен күліп.
— Қайда?!—деді Мұстафа түсінбегендей таңданып.
— Мына, мен ше?..
— Сен?!— деді Мұстафа таңданған дауыспен,— сен Уақ пен Сыйбанның атқамінерлеріне қарсы тұра аламысың?!.
— Әрине!
— Күшің келе ме, сонда?
— Әрине, келеді.
— Қалай?
— Маңайдағы орыс қалаларында советтің милиционерлері бар, соларды алып келсем, атқамінерлеріңіздің екі аяғын бір етікке тығады...
Мұстафа түсінгендей аз кідіріп қалды да:
— Апырай, кіріспесең қайтеді осыған?—деді үрейленген дауыспен.
— Неге?
— Жуан сыңыр мұндарлар емес пе, не заманнан пәле бағып, тақыс боп қалған? Сен әлі жассың, елдің қулық сұмдығынан тәжірибең жоқ, со кәпірлермен ұстасам деп мерт боларсың!..
— Олардан мерт болар заман өткен,— дедім мен,— бұл қылықтарын өкімет естісе, кездері абақтыда жылтырайды. Әуелі өздеріне осыны айтып көрем. Көнсе көнді, көнбесе заңға айтам...
— Қайдам, қарағым! — деді Мұстафа толқып,— қылықтарына қарағанда, не істесең де рауа. Бірақ, ойлан, байқа. Айлакер қу иттер мерт қып кетіп жүрмесін!..
Ғаббас екеуміз қазір кетейік деп ек, Мұстафа рұқсат етпеді.
— Бүгін кетіп жатқан жоқ олар,— деді ол,— естуімше, ертең де кетпейді.
— Неге?
— Мұндай дау-шарда атқамінерлердің құдайы береді: дауды сылтау ғып, олар қона -түстене жатып, айыпты жақтың діңкесін қонағасымен құрытып кетеді. Бекен отырған Болат аулына даушылар келгелі төрт-бес күн болды, содан бері оннан аса тоқты жепті деп есітем. Әлі де тоқтысын шығындандыратын бес-алты үйлері бар көрінеді. Соны тауыспай, өлсе кетсін бе, құзғындар!..
— Сен онда бүгін бармай-ақ қой,— деді Мұстафа, аз кідіріп,— барғаныңмен, түн ортасы әлдеқашан ауып кетті, олар кешкі астарын әлдеқашан ішті. Сол асын сіңіруге кеңесіп отырған болар, кешікпей жатады олар. Бүгін үйге кіріп ұйықта таңертеңгі асыңды ішіп бар.
— Дұрыс,— дедім мен.
Үйге кіріп, төсек сап жатқанмен, өзгелері ұйықтағанмен, қатар жатқан Мұстафа екеуміз ұйықтаған жоқпыз. Ол маған Қамза өлгеннен кейінгі бір қайғысын айтып кетті: Қамзаға ол Жайылған руындағы Мәтіш дегеннің қызын айттырған, қыз ер жетіп осы жазда ұзатып әкелгелі жүрген. Қыздың және Мұстафаның бақытсыздығына қарай, Қамза өткен қыс өлген соң, Мұстафаның қызды Ғаббасқа қосқысы келеді, қыз оны жассынып тигісі келмейді. Бұның арты дауға айналып, Мұстафаның жоқшысы есебінде Нұртаза көтеріледі де, Жайылғанынан барымта алдырып, Мәтіштің тізесін еріксіз бүктіреді. Жайылғанның атқа -мінерлерін параға сатып алу арқылы, Нұртаза дауда дегенін істетіп, алған қалың малына қоса, Мәтіштен көп айып алады.
— Бұның аты жауыңды жеңу ғой? —десем:
— Менің жеңуім емес, Нұртазаның жеңуі,— дейді Мұстафа.
— Неге?
— Даудың жеңісі менікі болды да, пайдасы атқамінерлердікі болды.
— Неге?
— Мәтіштен ірісі - ұсағы аралас жиырма бір бас мал әкелінген еді, содан маған бір-ақ бұзаулы сиыр тиіп, өзгесін атқамінерлер «сауға» деп үлесіп алды. Көрерсің: Уақ жағы мен Бекен мен оның туыстарынан көп мал алды бар ғой, мен сияқты, сорлы Кеңбайға да мал тимей атқамінерлер бөліп алады...
Таң ата қалғыған мен, күн төбеден ауа, дау боп жатқан ауылға барсам, даушылар Шәйіннің бозғылдау кең, кигіз үйіне лық тола түстеніп отыр екен. Сойылған семіз тоқтының еті, есік алдындағы жер ошақта асылып жатыр. Осы хабарды естіп асыққан ба, немесе, басқа себептер болған ба, Шәйін ағай да Қызылжардан кеп қапты. Оның да, Зылиқа жеңгейдің де қабақтары салбыранды. Үйге сәлем бере кіріп, босаға жаққа отыра кеттім де, сөздеріне құлақ түрдім. Дау біткендей, әлдене қызық әңгімені «біреу бастап, біреу қостап» дегендей бәрі де қарқ - қарқ күлкіде... Аздан кейін Шәйін ағай маған ым қақты да, екеуміз далаға шықтық. Мұстафаның айтқаны рас екен. Ақсақал сотының үкімі: Кеңбайдан алынған бір сиырдың соңына ұлылы-кішілі он бес мал ертіп беру, оған қосымша Бекеннің қора-қопсысын сатып ақшасын беру.
— Осыған не шара істеуді білмей, сандалып отырған жайым бар шырағым,— деп бітірді Шәйін сөзін.
— Неге сандаламыз?— дедім мен.— қарсы тұрамыз!..
— Қарсы тұрғанда не істейміз?
— Айтамыз, мұндай қиянатқа қазір жол жоғын.
Үйге кіріп, ақсақалдарға заңсыз іс туралы айта бастап ем, олардың кескіндері - сұрлана қалысты. Мен сөзімді бітірген кезде, кескіні ашудан бозарып, денесі дірілдеп кеткен Нұртаза, тұқырған басын көтеріп ап, маған одырая қарады да:
— Дұрыс үкім екен мұнікі. Байбарақтың бұл бір баласы, мен бір баласымын. Сөзін жықпайын. Ағайын, дау бітті деп сана енді!.. Қазір аттанарда, анау менің ауылымның сыртындағы желімді қиып, екі айғыр - үйір сауын биемді айдап кетіңдер! —деді.
— Бұның өзі қайдан шыққан неме? —деді Уақ руынан Қыдырма деген бишіген Нұртазаға, қолымен мені нұсқап, маған қатулана қарап.
— Нұртазаның бір Мұқан деген немере ағайыны өліп, соның жетім баласы қалды дегенді естіген жоқ па ен,? Осы сол!..— деді «қазықбас Смайыл» дейтін кісі Қыдырмаға,— «өз асыраған текешігім, өзімнің басыма секірді» деген екен біреу. Сол айтқандай, жетім қалған күнінде тәрбиелеп өсірген Нұртазаға істеген жақсылығы мынау болса, оның атасына лағынет. Нұртаза, сен кейіме, біздікі біткен дау. Біз кәзір аттанамыз да, Тілеген тұқымының малын айдаймыз. Қарсы келген Мұқанның баласын керіп алайық.
— Сөз осы!—деді Қыдырма жүгініп ап,— әй, Шәйін,— деді ол, ақыра сөйлеп,— сен ғой осы өнерді үйретіп отырған бұ балаға? Қызылжардан үйреніп келген өнерің ғой ол? Салмақтасайын деген екенсің, ал, салмақтастым мен!.. Бәлем, көріп алайын сенін, әуселеңді!.. Әкелдір, анау асыңды тезірек!.. Ішеміз де, аттанамыз. Егер өзіңе жан керек болса, мына ақсақалдардың бәтуә қылған малдарын жинап әкеп байлатып қой, әйтпесе, қашан Қызылжардан төре шығарып, мені шауып алғанша, мен қамшының ұшымен шірітем!..
Одан әрі қайымдасудың реті жоғын көрдім де, мен шығып кеттім. Шәйін тұнжырап отырып қалды. Мен тура өз ауылыма тарттық, ондағы ойым — Мұстафаның үйіндегі кішірек чемоданымда қалған наганды алу да, қайтып кеп қайрат көрсету. Ауыл адамының мылтықтан өле қорқатынын білем. Өйтпей, Анновкада тұрады дейтін милицияға барып қайтам десем, мен оралғанша, даушылар Бексы ауылын шауып әкетеді, одан кейін оларды ұстау қиын... Жаяу жүріспен ауылға беттеп келе жатқанымда, Құмдыкөл жақтан шаңдатқан атты көрінді, беті біздің ауыл. Пар атты мені ауылға дейін қуып жетті. Өте бергенде қарасам, тарантаста қарулы екі милиционер отыр, алдында ылаушы. Мұндай қуанбаспын!..
— Тоқтаңыздар! — деп айғай салдым мен.
Олар кілт тоқтай қалды. Жүгіріп келсем, екі милиционердің бірі қазақ, бірі орыс. Екеуі де жиырма бестер шамасындағы жас жігіттер. Екеуінің басында да қызыл әскердің жұлдызды жазғы шлемі. Аз сөзбен ғана өзімді таныстырып, одан кейін ауылда боп жапқан уақиғаны айтып ем:
— Өте жақсы,— деді орыс милиционері,— іздегеніміз осындай еді, біз оларға «ақсақал сотын» жасаудың не екенін көрсетеміз.
— Әрине, көрсетеміз,— деді қазақ жігіті де күліп.
Олар мені тарантасына мінгізіп ап, дау боп жатқан ауылға бұрыла тартты...
— Не істейміз?—деді орыс милиционері, маған қарап, — Бәрін арест жасап, Дмитриевкадағы милиция штабына жөнелтеміз бе, болмаса, қолдарынан «дау бітті» деген расписка алып, ауыл-ауылдарына қуамыз ба?
— Штабқа жөнелту керек! — деді қазақ милиционері. Ғасырлар бойына осындай қиянат жасап үйренген олар, таяқ жемей жуасымайды.
Мен ойланып қалдым да, «бара көрейік» деген жауап бердім.
Мылтықты екі адам менімен Шәйінің үйіне саудырап кіріп барғанда, қорыққан атқамінерлердің кездері шарасынан шығып кете жаздады.
— Кәне, түрегеліңдер, тегіс! — деді қазақ милиционері, қолына ұстаған винтовкасын ұсына беріп, түстері қуқылдана қалған атқамінерлер теп-тегіс өре түрегелісті.
Кипе, еріңдер, менің артымнан! — деді милиционер.
Мылтығын көлденең ұстай тысқа шыға берген оның соңынан атқамінерлер де шұбыра шықты. Біреуінде де үн жоқ. Тек, Нұртаза ғана менің қасымнан өте беріп, «қылдың да, тындың» деп сыздана қарады. Милиционерлер оларды Бекеннің жыртық үйіне апарып қамады. Мана бір кіргенімде түгелімен жылап отырған бұл үйдегі бейшара адамдардың кескіндері қазір жадыраңқы екен. Не уақиға болғанын білген олар, атқамінерлерді милиционерлер қоршай алып кіргенде, «бәлем, жеңілдіңдер ме!» дегендей күлімсірей қарасты. Атқамінерлерге милиционерлер үкімін төз естіртті. «Бас бұзарлық жолмен, Совет өкіметінің заңына қайшы кеп, нашар адамға қиянат істегендеріңіз үшін, сіздер жауапқа тартыласыздар. Жауап Дмитриевка милиция штабында алынады», деді олар. Қамалғандардың ішіндегі ең қорқағы томпақ көзді кішкене Уәтәй екен. Жаңағы сөзді естігенде, оның былай да шодырайған екі көзі, оқ тиген қоянның көзіндей сыртына айналып кетіп:
- Қарағым - ай, Сәбит - ай, жанымызды алып қала гөр енді! — деп жылап қоя берді. Өзгелерінің де, Нұртазаның да өңдері біржола сынды.
— Ал, біз ылау даярлатамыз! — деп милиционерлер і ысқа шықты. Мен де шықтым.
Менің ойым — бұдан былай ақсақал сотына тиым болу үшін, атқамінерлердің милиция штабына барып қайтуы қажет. Милиционерлерге мен осы ойымды айтпақ ем, сол сәтте, гол араға Нұртазаның Мырзағазысы келе қап:
— Бері кеп кетші! — деді маған, көптен оңашалана кіріп...
— Ал, бұл адамдарға не істемек боп жатырсыңдар? — деді ол оңашаланған соң.
— Не істесе де заң істейді. Милиционерлер оларды штабқа жөнелтеді.
— Өзіңнің көксау ағаңды да ғой?
— Әрине. Жіберсе, бәрін бірге жібереді де...
— Сен өйтпе, Сәбит! — деді Мырзағазы,— жақсылыққа жақсылық қайтар!..
— Қандай?
Өткен қыс қой, сен ауырып өлуге айналдық? Сонда жеркенбей, туыс керіп, осы құшағыма баладай көтеріп, емші Құсайынға апардым ба?
— Апардың.
— Алладан ба, одан ба — шипасы боп жазылдың ба?
— Жазылдым.
— Молдағазыны сен жақсы көретін ен, ғой?
— Рас.
— Оны мен маған өкпең бар ма?
— Жоқ.
— Дәл осы сағатқа дейін менің саған өкпем жоқ. Ал, енді, мені өкпелемесін десең, туыс көрсең, адам көрсең, көксау кәрі адамды милицияға айдатпа. Жазығы бары рас. Осындай бірдемеге ұшырарын білгендей, «Мекалай заманы емес, совет заманы, араласпа, бұл дауға!» деп ем, бұрыннан атқамінерлікке үйреніп қалған бейшара, сөзімді тыңдамады. Соған қарағанда, жазаға іліксе де оқасы жоқ. Бірақ, көксау, кәрі кісіні қайтесің айдатып? Әрі, биыл баласы өліп қайғылы. Және бүліне жаздағанмен әзірге бүлінген де ештеңе жоқ. Қорқып та қалды өздері. Бұлардың бірінші жеген таяғы бұл. Енді қайтып, бұлар бұндай дауға өлсе жуымайды. «Даудан бас тарттық» деген қолдарынан қолхат алдыр да, босаттырып жібер...
— Береді ғой, ондай қолхатты?
— Ойбай-ау, не деп отырсың?!. Өмір бойы мұндай дауға араласпауға десең де берер...
Шәйінға және милиционерлерге ақылдасып ем:
— Қалдырсақ қалдырайық, бірақ қолдарынан дауға жоламаймыз деген подписка алайық, — деді олар.
Біз үйге кірдік.
— Сіздердің қылықтарыңызға қарағанда,— деді қазақ милиционері,— ең ауыр жаза лайық. Бұл жұмыстарыңыз үшін ең кемінде екі-үш жыл абақтыға отырасыздар. Біз соны істейік деп ек, мына Тілегенов, Мұқанов жолдастар өтініш қып сұрап алды. Бұл жолы ғана емес, бұдан былай да ақсақал сотына араласпаймыз деп, қолдарыңыздан подписка берсеңіздер босатамыз, әйтпесе, штабқа жөнелтеміз.
Атқамінерлер қойдай маңырап, қозыдай шулап подписка беруді мақұлдай кетті де, қазақ милиционері, қазақ тілінде араб әрпімен жазған подпискаға бәрі жапырлай қол қойысты, хат білмейтіндері бармақтарын басты. Судан шыққан суырдай боп атқамінерлер жан-жаққа сүмірейе тарай бергенде, іргелес қонған Жаманшұбардың үш ауылының момын шаруалары, Бекен үйінің, маңына жинала бастады. Болған уақиғаны естіген олар:
— Е, бәсе, осылай болса керек еді ғой, бұл!.. Совет өкіметі — кедейдің өкіметі деген сөз осы екен ғой!.. Бұл өкімет былтыр күз орнағанмен, баяғы атқамінер залымдар тізгінделмей, озбырлығын жүргізіп кеп еді, бәлемдер, мұрындары қанай соққы жеді... Жүндері жаман жығылды өздерінің. Әрдайым осылай болса, ете тамаша болды бұл!..
Со күні кешке аттанып кеттім, бетім — Баймағамбет Ізтөлиннің үйі, ойым — оның әкесі Қанапиямен кеңесу, қарындасы — Айтжанды көру, әндерін есту... Ол үй мені бұрынғы жылы қабағымен қарсы алды. Түнді біз бұрынғыдай сауықпен өткіздік. Біз тағы да түнді ен,- сере жатып, қалын, ұйқыға кеттік... Бір кезде салдыр-гүлдір бір дыбысқа ояна келсем, әлдекім орысшылап:
— Мұқанов здесь? — деді. Даусы қатаң және ызғарлы сияқты.
— Здесь,— дедім мен төсектен басымды көтеріп.
— Вставай!.. Одевайся!..
Есімді жисам, кигіз үйдің ашық есігінен, көтерілген күннің сәулесі түсіп тұр. Орысшылаған адамға көз тіксем,— сыртында әскерлік ұзын қара шинель, сол жақ жеңінің үстінде жасыл шұғадан ойған ай мен жұлдыз, иығында кавказдық жасыл жалбағай, басында маңдайында жасыл жұлдызы бар қара шлем, аяғында шпорлы етік. Оны Қанапия да, мен де тани кеттік. Кейін жат адам боп кеткен о кісінің псевдонимы «Шұға» болатын. Ол менімен, бұдан бірер ай бұрын ғана Қызылжардан айрылысқан: мен курсқа оқуға түскенде, ол әлдене қызметпен Орынборға кеткен. Екеуміз бір-бірімізді көптен білетін адамбыз да. Баймағамбет те солай болатын. Және оның үйімен, жақын жүретін.
— Е, Шұға аманбысың? — деді Қанапия оған. Шұға жауап қайырмады.— Е, саған не болды орысшылап?! — деді Қанапия, ұнатпаған дауыспен.
— Сен тұтқынсың! — деді Шұға маған жекіген дауыспен.
— Өй, Шұға - ау, есің дұрыс па өзіңнің? Бұның не өзі?!—дедім мен оның манадан бергі сөздерін қалжыңға жорып.
— Молчать!—деді ол дікеңдеп. Мен сені тұтқынға аламын.
— Не үшін? — дедім мен, енді ғана оның сөзін рас көре бастап.
— Оны тиісті жеріне апарған соң сөйлесем.
— Расын, ба, осы сөзің?
— Мен ойнап тұрған жоқпын.
— Сен былшылды қой! Не оттап тұрсың өзін,? Есің дұрыс па, әлде жынданып тұрмысың? Неғыл деп тұтқындайсың м!ені? Сенің тұтқындағаныңа көнем бе мен?
— Қалай көнбейсің? Мен Киркрайдың особый уполномоченныйымын .
— Мейлің, кім болсаң, о бол, онда менің жұмысым жоқ. Мен де қашып жүрген кісі емеспін, өкіметтің қызметкерімін.
— Бірақ, мендей қызметкер емессің.
— Әркім өз орнында үлкен. Қылмысым болса айт та, әйтпесе, шатаспа. Сенде мылтық болса, менде де бар.
— Шырағым-ау, осы істеп тұрғанын, не? — деді Қанапия да Шұғаға кейіп,— жат біреуің емес, мұқатып алам дейтін. Бірге өсіп, біте қайнаған құрбысыңдар, бұ немене өзі істеп тұрғаның?!.
— Осындай да ойын бола ма екен? — деді шымылдықтан киініп шыға келген Айтжан Шұғаға.
— Ойыным емес, шыным,— деді Шұға.
— Е, сонда неғыпты бұл?
— Бекеннен пара алыпты.
Мен сақылдап кеп күлдім.
— Неге күлесің? — деді Шұға түйіліп.
— Не қылжақ қып тұрсың да, не жындысың, екеуінің бірі. Мынауың есі дұрыс сөз емес.
— Ендігі сөздің төркіні белгілі болды,— деді Қанапия.— Рас айтып тұрсаң, мынауың ұят болды. Шұға шырағым.
— Үстінен арыз бар.
— Е, арыз болса, әуелі тексеріп алмаймысың?
— Өзім де соны істегелі тұрмын.
— Осы екеуің далаға шығып келіңдерші,— деді Қанапия,— мұнда зілденетін түк те жоқ. Біріңе біріңнің бағынғыларың келмей отыр ғой біздің көзімізше, оңаша шықсаңдар түсінісесіңдер.
— О да болсын,— деді Шұға.
Екеуміз далаға шыққасын, мен «мұның, не?» деп келе жатыр ем:
— Оны қой! — деді ұшқалақ мінезді Шұға.— Үстіңнен арыз түскені рас, менің тексеруге хақым бары да рас... Бірақ, әлгім,— дұшпан көзі қалжыңым ғана. Соны түсініп көне қойған болған, да ештеңең кетпейтін еді. Өкпелеп қала жаздадым ғой өзіңе.
— Міне қызық! — дедім,— тұтқындаудың да ойыны бола ма екен?!.
— Мен осы елдің судьялығына сайландым. Документім қалтамда.
— Жақсы болған,— дедім мен,— бірақ мынадай судья бола ма? Әсіресе, Совет заманында?..
— Ол туралы айтыспайық. Қыздың тиген жігіті зорлап алып қашыпты деседі, соны әдейі барып білеміз бе?
— Білейік,— дедім мен.
Екеуміз ат жектік те жүріп кеттік. Біз қызды әкеткен жігіттің аулына барғанда күн көтеріліп, ауыл адамдарының алды тұра бастаған көз еді. «Үйі сонау» деген қоңырша үйге барсақ, жандары әлі ұйқыда екен, түндігі жабулы.
— Әуелі мен кіріп оятып шығайын,— дедім мен Шұғаға.— Бұл үйдің адамдары маған таныс болушы еді.
— Жоқ, бірге кіреміз.
— О да болсын, бірақ сенен өтініш, мінезін, әрі жылдам, әрі тығыз адамсың, асығыс қимыл жасап ұят болып жүрмесін.
Шұға үйге менен бұрын кіріп еді, мылтық даусы шаңқ ете қалды. Шошына қалған мен де асығып үйге кірсем, үстінде жалғыз көйлегі бар Мағпи, қолына наган ұстаған Шұғаны, жалақтатқан пышақпен есікке қарай қуып келеді екен. Шұға «шегін, атам!» дейді, Мағпи «сен атқанша, мен жарам» дейді. «Атам» деушіден, «жарам» деушінің қимылы да, сөзі де батылырақ. Шұғаны сол жасқана шегінген қалпымен, Мағпи менің артыма әкеп тықты.
— Сен иттің баласын,— деді Мағпи Шұғаға, мен ұстай алған пышақты қолын дірілдете безеп тұрып,— мені зорлап әкеткің келеді ғой? Мекалай заманы емес, Совет заманында көнем бе оныңа! Кәне, ер болсаң жақындап көрші!..
Совет өкіметінің әйелге, әсіресе, ғасырлар бойына қалың малға сатылған қазақ әйелдеріне берген бас бостандығын түсінген әйелдің даусы еркін және қатты шықты.
«Міне, азат әйел!» деп сүйсіндім мен ішімнен.
ТАП КҮРЕСІ ЕНДІ ҒАЫА БАСТАЛАДЫ
Бұл сапарға алған командировкада үш айдай боп, уақыты өтіп бара жатқандықтан Қызылжарға қайтып келем. Өзіме өзім «осы мерзімде не бітірдім?» деп сұрау беріп көрсем,— бір есептен, бітіргенім айтуға тұрмастық аз сияқты, енді бір есептен, ұлан-байтақ көп сияқты. Аз дейтінім: менің атқаруға міндетті негізгі қызметім,— ауыл арасында тұтынушылар кооперациясын ашу еді ғой. Ондай «кооперациялар» ашылуы көп жерде - ақ ашылды, бірақ, қандай «кооперация» ол? Кооперацияның ашылуында еш жерге, ешкім де қарсы болмайды, оның ашылуын ауызша жұрттың бәрі де мақұлдайды, оған қажетті басқарманы да төз сайлап береді және сендіріп айтуларынша, басқармаға елді жемейтін адал кісілерін ұсынады. Мұның бәрі дұрыс. Бірақ осы сайланған басқарма қызметке кірісу үшін, қолында мүшелік жарнадан жиналған қаражат болу керек қой. Ондай қаражат, сайлауына мен қатынасқан басқармалардың біреуінде де жоқ. «Мүшелікке мені де жаз» деушілер көп болғанмен, «кәне, жарналық ақшаңды бер» дегенде, қалтасына қол салатын адам бірен-саран ғана табылады, көпшілігі «кейін, уақыт келгенде берерміз» деп жүріп кетеді.
Не уақыт ол?
Ең алдымен, Николайдың, Керенскийдің, Колчактың ақшалары қазір қалған. Совет ақшасы, бірен-саран адамда ғана болмаса, көпшіліктің қолына әлі тиген жоқ, сондықтан, жарнаны ақшадай төлегісі келген адам да несін береді?.. Екінші — белгісіз әлдекімдер, ел арасына «бұл Совет іргесін қалағанмен, ұзақ тұра алмайды, кешікпей құлайды» деген сөз таратып үлгерген, сол өсектің салдарынан, сатура қажетті мал-мүлкін біраз адамдар іркеді екен. Үшінші — уақытша өкіметтің және Колчактың тұсында, ел атынан кооперация ашқан боп қаражат жинап ап, жеп кеткен Бәкен мен Боржабайлар әр елде де болған екен. Сондықтан, «аузы күйген үріп ішеді» дегендей, сенің үгіт сөзіңді тыңдай отыра, «кооперация мүлкін көзіміз көріп, қолымыз ұстағанша сене алмаймыз» деген сөзді әркімдер ашық айтады. Ал, шын кооперация ашылып, шынымен бұйымдар келетін болса, көпшілік оны құшақ жая қарсы алғалы отыр, өйткені, бірінші империалистік соғыстың өрті тұтанудан басталған бұйымның тарыншылығы қазір шектен шығып, бұрын қоры мол кейбір үйлер ғана болмаса, былайғы көпшіліктің үсті-басы да, төсек - орны да, ыдыс-аяғы да шектен шыға тозып болған. Киім-кешегі, төсек орны далба-дұлба кейбір үйлерге кіріп те болмайды. Кооперация ашылып, бұйымдар келгенмен де, қазіргі халінде, көп адамның сол бұйымдарды сатып аларлық халі жоқ: соғыстардың әлегінен, кедей шаруалар шығынға қатты батып, қолдағысынан айрылған, кәсіп пен түсім болмаған, сондықтан, кедей -батрактардың біразы, егер өкімет тарапынан жәрдем ұйымдастырылмаса, мына қалпында ашығуға жақын отыр... Осындай жағдайлардың салдарынан, көп жерде кооперацияның аты ғана ашылды да, затында, мүшелікке жазылғандардың ұзақ тізімді қағазынан басқа ештеңе болған жоқ. Бұл жөнде менің халыққа да, өкіметке де келтіретін бар пайдам — еңбекші халықтың шаруашылық және материалдық күйін өкімет пен партияның құлағына көрген түрінде жеткізу. Өкімет пен партия бұған көңіл бөліп шара қолданады деп, халық та, мен де зор үміттемін. Саяси сана жағын алғанда, еңбекші көпшілік, Совет өкіметі — өз өкіметі екенін аңдайды, бірақ, осы өкімет, олардың ауыр халін төз арада қандай шар.алармен жеңілдететінін білмейді. Саяси сауатым аз мен де, олардың бұл жайда і^ойған сұрауларына көбіне жауап бере алмаймын. Кейбір мәселелерге жауап бере алам. Мысалы, Совет өкіметі орнағаннан кейін ауылда тағайындалған болыстық және ауылдық Ревкомдар. Олардың ілуде біреуі болмаса, басым көпшілігі байлардан, атқамінерлерден тағайындалған.
— Бұ қалай?—деп сұрау береді кедейлер, олар жайында, барлық жерде Совет өкіметі, кедейдің өкіметі деседі, ендеше, байлар неге тағайындалады, жергілікті өкіметтің бастығына?!.
Мен оларға бұл істің арам қолдар арқылы істелгенін, бірақ ол, ұзаққа бармайтынын білімім жеткен мөлшерде баяндаймын. Ол сөзіме біреулер құлақ қояды да, енді біреулер:
— Ойбой, ұзаққа созылатын іс қой мынау!.. Бұл орынға отырмағай еді олар, отырып алған соң, қуып шығу да оңай бола бермейді...— деп уайым соғады...
Еңбекші халықтың хал-жайларын көре жүре, мұң-мұқтаждары неде екенін жаза жүре, мен өмірімде бірінші рет, ауыл байларының кім екенін, олардың советтік дәуірде не деп айла қолдануға кіріскенін кең, түрде ұғып келем. Бұл жөнде, құрметті оқушылар, сіздерді біраз факталық материалдармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бекен қызының дауын бітіргеннен кейін, мен Жаманшұбардан Қанжығалы болысына қарай беттеймін. Ылаушы мені батыс жақ беттегі Анновка қаласына алып барады. Онда мен, Омбыдағы курста бірге оқыған серігім — Дәрменалинді кездестірем. Курстағы кезінде ол бір жақ жамбасынан ақсай басатын еді, кейін сол сырқаты — сүйек туберкулез! болып шығыпты да, емделер жер табылмай, аяғын балдаққа асып қапты. Оның Советтік істерге араласа алмай жүрген себебі содан екен. Анновкаға ол фельдшерге көрінгелі келген екен. Ой-пікір жағынан ол түгелімен советтік адам боп шықты. Енді ғана анық байқадым,—саясатқа ол менен әлдеқайда артық хабардар екен, оған сауаты да жетеді: революциядан бұрын орысша «двухклассное училище» аталатын алты жылдық мектепті бітіріп, селолық школаға учитель боп шыққан. Қазір ол советтік бірталай газеттерді алып оқиды екен. Омбыда ол да большевиктермен байланысыпты.
— Оны маған неге білдірмедің?—«десем:
— Жасырын жұмысты білдіруге бола ма екен?— деп күледі ол.
Сырқатының меңдеу салдарынан, советтік қызметке кіре алмағанын ол зор арман ғып айтады. Заман жайын, ауылдағы кедейлер мен байлардың жайын сөйлескенде де, ол екеуміздің түтініміз тұтаса ұшады. Ауыл байларына, әсіресе, олардың Совет өкіметі орнағалы қолдана бастаған айла-әдісіне ол да қатты қарсы екен.
— Мысалы,— дейді ол,— біздің Қанжығалы болысының Ревкомы — Мақыштың Сүлеймені болды. Мұның аты, қойды қасқырға бақтыру.
Дәрмен маған Мақыштың және оның балаларының кім болғанын баяндап кетеді. Оның айтуынша, Мақыштың әкесі — Төлеке кедей болған, ауыр дәулет Мақыштың өзіне біткен оның үш қатыннан тоғыз ұлы бар, солардың бірі — бізге мәлім Есмағамбет. Мақыш революция алдында өлген, оның орнын, тоғыздың бірі — Сүлеймен басқан.
— Есмағамбет ше? — деймін мен,— ол оқыған да, пысық та жігіт қой.
— Рас,— дейді Дәрмен,— бірақ, оның ойы ауыл арасынан жоғарырақ, Алашорда өкіметі жасап тұрса, ол тым биікке көтерілетін еді, бақытсыздығына қарай ол тілегі болмады. Енді тонын айналдырып киіп, совет қызметіне орналасып еді, онысы әзірге байсалды болмады.
— Неге?
— Қызылжардан ол ауылдағы ревкомдарды тағайындауға шыққан екен, сол қызметін аяқтаған кезде, ояздық Ревкомнан «қызметіңізден босандыңыз» деген қатынас қағаз келеді. Өзі «бұл істі қозғап, сырымды ашушы бар» деп жориды...
Бұл хабарға мен іштей күліп қоям да, Дәрменге сыр бермеймін. Күлетінім: Есмағамбеттің, кім екендігі туралы, қызметке оның қатардан алынуы туралы Баймағамбет екеуміз, Қызылжардың ояздық Ревкомы мен ояздық партия комитетіне ұзақ докладной жазып бергеміз, артынан кеңескенде, Ревком бізге, Есмағамбетті инструкторлықтан босатқандығын айтқан. Бұл сырымды ішіме сақтай отыра:
— Есмағамбет енді, бармай ма, Қызылжарға? Неге босанғанын білмей ме? Қайта тұруды сұранбай ма? — деймін.
— Сұранбайды,— дейді Дәрмен.
— Неге?
— Қорқады. «Сауға сұрап дауға қалармын» деп ойлайды. Бойын көрсеткісі келмейді.
— Сонда сырғып жүре ме, осылай?
— Ол жуырда Қостанай кетіпті деп естідім.
— Неге?
— Қостанай Ақмола облысына емес, Торғай облысына қарайды ғой. Оның ендігі ойы, асса,— бүкіл Қанжығалы болысын, қаласа — өз ауылы — Күрлеуітті Ақмола облысынан шығарып, Торғайға қосу.
— Табатыны не сонда?
— Сырын білмейтін болысқа ауысқысы келеді. Сөйтіп, «балта көтерілгенше, дөңбек жол табады» дегендей, уақытша болса да тыныш жан сақтағысы келеді...
Анновкадан әрі мен Мақыш аулына соқтым. Бұның да аулы Әлтидің аулы сияқты ылғи ағаш үйлерден, ағаш сарайлардан құралған, орыстың бай хуторына ұқсайды екен. Мен ол ауылда, Мақыштың тоғыз ұлының бірі — Шәбденмен таныстым. Ұзын бойлы, көркем кескінді бұл жас жігіт революциядан бұрын гимназияда оқып жеті класын бітірген екен де, революция болған соң үйінде «шаруа» боп отырып қалған екен. Мен барған кезде ол жұмыс киімінде, жалшыларымен бірге шөп үю жұмысында екен. Ылаумен мені аулынан алып шыққан ол, жолшы бойғы кеңесте маған өзін еңбекші таптан шыққан адам көрсеткісі кеп, атасы — Төлекенің кедейлігін, әкесі — Мақыштың байлықты кеп еңбек және бейнетпен тапқанын ұғындырғысы келеді. Енді бір сәтте ол:
— Бай дегенмен, бәрі бір емес қой оның мейрімсіз тас бай бар да, жоқ-жітікке қарасқыш бай бар. Өзі де жоқшылық көруден ғой деймін, біздің әкеміз өмір бойы кедейге қарасып өтті. Одан ат мінбеген, ас ішпеген кісі жоқ,— деп әкесін мақтай жөнеледі. Бұл жөнде екеуміз айтысамыз да, келісімге келе алмаймыз...
Мені біледі дей ме, әлде менен сыр тартқысы келе ме, Есмағамбетті ол жамандайды.
— Жасынан қағына туды ол,— дейді Шәбден,— он үш жасында, мінуге бермедің деп, ол әкесінің бәйгеден келіп жүрген атын пышақпен жарып өлтірді. Сол қағынғаннан әлі қағынып келеді. Міне, мен жиырма беске жеткенше әлі үйленген жоқпын, ал, ол отызға жетпей үш қатын алды және әлдене байлардың қалың төлеген жесірлерін алып қашып, әкесін көп шығынға, дауға ұрындырды. Ол шығаннан шыққан мінезді адам. Дағдылы адамның қалыбына сыймайды ол, ылғи әдеттен тысқары бірдемелерді істеп жүреді. Тірі болсаң көрерсің де, естірсің де — талай шатаққа ұшырайды ол.
— Ал, өзін, не істемексің бұдан былай?— деймін.
— Менің момын жігіт екенімді аңғарған боларсың,— дейді Шәбден. Онысы рас та.—
Халыққа пайдалы бір оқуды бітірем де, қызметке кірем. (Шәбден ол уәдесін орындап, отызыншы жылдардың басынан, алыстағы аудандардың бірінде агроном боп жүр деп есітем)... Шәбденнен айрылған жол, мені бірнеше күннен кейін, Қаратал аталатын болыстың Ревком председателі Білал Наурызовтың үйіне апарды. Обаған өзенінің бойында отыратын ол да атақты бай баласы екен. Жасы сол кезде жиырма бестерден аз-ақ асқан бұл жігіт, бұғақты және қарынды — семіз екен. Әкесі өлген, бір әкеден жалғыз туған, әйелі де сол кезде өлген — бойдақ жігіт. Шешесі —белгілі Шоқан Уәлихановтың тоқал шешесінен туған қарындасы боп шықты. Жеті атасынан шұбар төс, шынжыр балақ боп келген Білал, Шәбдендей «атам кедей еді» деуге ұялып, менің симпатиямды өзіне аудару үшін, өзінше «жұқалау - ақ» деген жағымнан келмек болады.
— Сен — Сыйбан, мен — Матақаймын,— дейді ол, айласын алысырақтан құрмақ боп,— екеуінің атасы— Танаш би. Одан арғы жағымыз — Керей. Білесің бе, мұны?
— Ептеп хабарым бар.
— Сыйбан — сен, бір кезде бұл маңайдағы Керейге аға болдың ғой. Кеше Есеней, менің нағашым —Шыңғысты бұл арадан қуып, аға - сұлтандығын тартып алғанда, бүкіл Керейді билеп тұрды ғой.
— Солай деседі.
— Сонда оның он, тізесін басқан би,— менің атам — Сырым екенін естіген шығарсың?
— Оны білмедім,— деймін мен.
— Білмесең солай болған. Атаң Есеней, менің атам — Сырымсыз аяғын жат елге қия баспайды екен, қайда барса да оны қасынан тастамайды екен.
— Оның несін айтып отырсың, маған? — деймін мен.
— Айтып отырғаным: Есенейден ұл болмапты ғой. Жалғыз қызы ғана бопты ғой. Есеней өлгеннен кейін, сол қызды Торсан алмақ болғанда, «Керейдің шаңырағын Уаққа бермеймін» деп намысқа бірінші шапқан кісі — менің әкем Наурыз екен!..
— Сен, оның бәрін қой!—деймін оған.— Өзің Советтің Ревкомына сайланған екенсің, сол жайда не қызмет атқарып жатқаныңды айт.
— Оны хатшыдан сұра! — дейді Білал.
Хатшысы,-— кейін көп жыл прокуратурада қызмет атқарған, ол кезде екі класты училищені бітірген, орысша сауатты — Махмуд Таукин. Қылжақбастау ол, Білалдың көзінше менің сұрауларымды қалжыңға айналдырады да, оңашада:
— Өзіңде ми бар ма, жоқ па, осындай уызы арылмаған байдың баласынан советтік қызметтің жайын сұрап? Мықты болсаң мұны төз түсірт те, орнына кедейдің қамын ойлайтын біреуді сайлаттыр,— дейді.
—« Материалы болмаса, мен «түсір» дегенмен түсіре ме орнынан?— десем:
— Бұны түсіруге жарайтын материалды қолыңа мен - ақ жасап берейін,— дейді Махмуд.
Қараталдан мен Пресногорьков болысына келем. Оның Ревком председателі Есекей Мантиев дейтін бай. Жуан денелі, қара бұжыр кескінді, дүрдиген қалың ерінді, сирек, қысқа сақалды бұл кісі маған өзін «қаналушы бай» ғып таныстыруға тырысады.
— Біздің бұл Преснегорьков облысында, Уақтың Бар - жақсы, Шәйгөз, Қурай, Қытай дейтін төрт руы бар,— дейді ол,— соның бәрін бір кезде Ермен тұқымы иіріп жусатты, одан кейін Тілеміс тұқымы иіріп жусатты. Олар билеп тұрған кезде, ел мал малдана алмады, жан жандана алмады, қатын-қызға ие бола алмадық. Енді, міне, Совет заманы туғанда олардың үні өшіп, момын байсың деп мені сайлап кетті. Қызметті шамадан келгенше атқарып жатырмыз.
«Сондағысы не қызмет?» деп байқасам, ел қыдырып ет жеу. Дау-шарды бітіретіндер — бұрынғы билер мен атқа - мінерлер... Бір мәселеде Есекейдің мойнына мен аттай мініп алдым: кейін көп жыл советтік қызметте болған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, сол елдің жігіті Қази Есеналин кеңілі сүйген бір қызды алып, Есекей басқаратын Ревкомға келсе, «Бұл ұятты кісінің жесірі, өзіне қайтарып бер!» деп ЗАГС - ке тіркемейді. Қыз да, жігіт те орысша оқыған көзі ашық адамдар. Олар заң айтса, «заңыңмен мені қырып ал» деп, теріс қарап жауап бермейді. Бұл іске мен араласып, сөзіме Есекейді көндіре алмаған соң, оның үстінен ояздық Ревкомға хат жаздым. Осы хатты естігеннен кейін, оқымаған надан адамның көзі шарасынан шығып, мен сыйлайтын әлдекімдер арқылы, хатты әрең сұрап алды да, Қали мен Шайзаға ерік қағаз берді. Бұл хабарды естіген еріксіз қыздар жан-жақтан қаптап кетті. Оларға ерік бермейін десе менен қорқады, берейін десе — қалыңмал төлеген адамдардан қорқады. Сондай халге келген ол, аз күн жатып ілгері аттағанда, «кетті ме, кәпір!» деп артымнан топырақ шашыпты... Анастасьев болысында Ревком председателі Қази Байғожин екен. Ол, осы елдің бізге, белгілі феодалы — Нұрғожаның немере інісі. Атақты Шағырай тақпақ:
«Сенің әкең Құрымбай
Құрымбайдан туыпсың
Тоғыз ұл бірдей дырымдай,—
деп сипаттайтын Құрымбай балалары шетінен мыңғырған бай болғандықтан, тоғыз ауылға бөлінеді. Болыстық пен билік бұлардан еш уақытта үзілмеген. Қазір олар көз бояу үшін, жас және аздап оқыған жігіт—Қазиды Ревкомға председатель сайлатқан. «Қу Қази аталған бұл жігіт менің ішіме,— бауырыма кіріп, өз адамымыз боп көрінуге тырысады да, жақсы көрінгісі кеп, аулында жатқан судья — Ахмет Жанталинды жамандайды.
— Осыны судья ғып жіберіп жүрген кім? — дейді ол маған,— оқығаны намаз, ішкені арақ, жасағаны сауда... Ешбір істі қарамайды, қылмысты немесе ақылды істің бәрін ақсақал сотына беріп қояды, өзі байларда кезекпен қонақтап жүреді.
Жанталинның советтік судья боп келуіне мен де қайран қалам, өйткені, байлығын, басқа жат қылығын былай қойғанда, ол алашорданың мүшесі және беделді ақсақалының бірі!.. Анастасьевтен мен Пресновка келем. Ондағы Ревком председателі — бізге белгілі миллионер Әлтидің баласы — Сейтақ Көкенов. Ол енді маған бұрынғыша сықақтап қарамай, «туысым» боп құшақ жаяды. Сонда айтары:
— Екеуміз жақын туыс екеміз ғой. Жаңа білдім ғой соны!..
— Қалай туыспыз?
— Ауылыңда Есенғали деген немере ағаң бар ма?
— Бар.
— Оның әкесі Шоқаман, оның әкесі Жарылғас па?
— Солай дейді.
— Ендеше, менің әкем — Әлтидің шешесі, сол Жарылғастың туған қызы.
— Оны баяғыдан бері неге айтпағансыздар?
— Өзім де бертінде білдім деп отырмын ғой.
— Есенғали кедей ғой. Бай боп оған неге қараспағансыңдар?
Сейтақ бұл сұрауға күмілжіп қалады да:
— Оны ынжық туған өзінен көр, ол сұрап кеп, біз бермеген жоқпыз, — дейді...
Одан әрі жақынсырауына мен жолатпаймын...
Таузар болысының Ревком председателі де, баяғы атақты бай — Бірімжан Құсайынов екен. Менімен кеңескенде ол, бұрын намыс көретін бір уақиғаны, енді дәреже көріп сөйлейді.
— Құсайынның әкесі Сәпі екенін білесін, ғой?—деп сұрайды ол менен.
— Естідім.
— Оның жалшылықта жүріп, төбелесте өлгенін естідің бе?
— Бұны айтқанда бұрын ашуланып қалатындарың қайда ?
— Ә, ол, байлардың үстем заманы ғой,— дейді Бірімжан ақ көңіл жігітімсіп,— ол кезде, өзі кедей адам, атам бай болған деп мақтанушы еді ғой, енді бүгін, байдың өзі атам кедей демей ме?
— Мақсаты не сонда?
— «Заманына қарай амалы» демей ме? Әр заманның өз амалы бар емес пе? Бірақ, менің айтып отырғаным «амал» емес. Атам Сәпінің жалшылықта жүріп, жалшылықта өлгені рас.
— Оған мен сенем,— деймін мен,— бірақ, әкесі жалшы болғанмен, балалары бай болған жоқ па? Сәпіден туған: Құсайын, Мұсайын, Рамазан, Исаның, әрқайсысына мыңдаған мал бітіп, ондаған жалшы ұстап отырған жоқ па?
Бұл айқын фактіге Бірімжан таласа алмайды...
Смайыл болысының Ревком председателі Жүкенов Беке екен. Жеті атасынан бері ірі бай және атақты феодал болған оның жалшылыққа жанасар ешбір дәлелі жоқ. Сонда да ол советке жұғысуға сылтау тапқысы кеп:
— Қара бидің тұқымы екеніміз рас,— дейді маған,— өз атамыз Тоқайдың заманында бүкіл Смайылды билеп тұрғаны рас. Бірақ менің әкем — Жүкең, әкесінен он үш жасында жетім қалды да, мал — басында билік болмай, ағайынның тепкісінде өсті.
— Жанық шықсын! — деймін мен, қалжыңдайтын құрбы Бекеге.— Әкең, — Жүкең жетім қап қорлық көрсе, он сегіз жасында неге Смайыл болысының биі сайланды?
— Жұрт қалаған соң қайтсін,— дейді Беке.
— Кім ол,—«жұрт?» Кедейлер ме? Байлар емес пе еді, ол уақытта болысты да, биді де сайлайтын.
— Солайы солай ғой,— дейді Беке күмілжіп,— бірақ, осы елден сұра, менің әкем тентекке болысты ма екен! Кісі ақысын жеді ме екен? Қара қылды қақ жарған әділ болды демес пе екен олар?
— Сұраймыз, әрине! — деймін мен.
Еменалы болысының Ревком председателі Шаймолда Қаракөтов деген байдың баласы екен. Оның әкесі — Бейсембі, ағасы — Нұрғиса бұл елде әлденеше жыл болыс болған. Шаймолданың өзін болыстыққа Есмағамбет Мақышов сайлап кеткен. Ол да маған арғы түбін кедейден шыққан адам ғып көрсетпек болады да:
— Менің әкеме бір ақынның не өлең шығарғанын білемісің?— деп сұрайды менен.
Бұрын естіген өлеңім болғанмен, өз аузынан естігім кеп, білмеген болам да:
— Қандай өлең? — деймін мен.
— Байлар заманында айтуға намыстанушы ек, енді, кедейдің заманы туғанда айтпауға болмайды,— дейді Шаймолда күліп.
— Ал, естиік.
— Қай ақын екені есімде жоқ, баяғыда, менің әкем — Бейсембі болыс боп, аузынан жалын атып тұрған кезде, бір ақын хан - базардың ішінде жолығып, мақтап өлең айтады да, ақша сұрайды. Әкем саран, кісі екен. Ақынды ол ұнатпайды да, «былшылдап мазамды алмай әрі кет!» дейді. Сонда, қорланған ақын:
Бай болған заманында Ақмырза,
Орман, Бекшебай өз туысынан болған қорған.
Жаңбыршының баласы Жаназар би,
Құтқарған сансыз ерді қазған ордан,
«Жік шықты жер астынан» десең дағы
Қаракөт сенің әкең, қай күнде оңған.
— Неге олай деген? — деймін мен.
— Қаракөт кедей кісі екен. Орыс көпесінің малын бағып өскен. Менің әкем сол кепеске піркәшік боп жүріп байыған.
— Еменалы болысының ең зор байы болған ғой, сонымен?
— Дәулетті болғаны рас,— дейді Шаймолда күмілжіп.
— Көп заман болыс та болған ғой.
— Үнемі емес. Кейде сайланып, кейде сайланбай жүрген. Оған әлгі ақынның:
Сайлау сайын соңыңнан жан ермейтін Сен дағы бір ит едің бырқылдаған,— деген өлеңі куә!.. Жолда Ырсай болысына соқсам, оның Ревком председателі Сүлейменов Сұраған деген бай екен. Дүниеден хабары бар бұл адам, өзін патша өкіметіне қарсы адам көрсеткісі кеп, революциядан бұрын бес жыл, алыс Сібірдегі Колымаға жер ауып барғанын, онда көрген ауыр азаптарын баяндайды, сол сапарында орыс революционерлерімен таныс болғанын айтады. Білетін адамдардан оңашада сұрасам, Сұраған айдалар алдында да болыс боп жүріп, ұрыларды жасырғандығы үшін, олармен олжалас болғандығы үшін сотталады. Қызылжарға таялған Андағұл болысынын, Ревком председателі Нұғман Қабылов екен. Ол да ірі бай. Менің ата - тегімді қайдан біліп алғанын кім білсін, сәлемдесе салысымен:
— Сені келеді деп естіп, күтіп отыр ем, — дейді ол.
— Неге?
— Сөйлесе келе айтам өзіңе,— маған жақын туыс боп шығасың.
Жайлана келе сұрасам:
— Өз әкең, Мұқам, оның әкесі — Шүкей, оның әкесі — Бектемір ғой,— дейді Нұғман,— ал, Бектемір әкесі кім екенін білемісің?
— Байбарақ.
— Менің әкем, Қабылдың шешесі! — Аққыз, сол атаң, Байбарақтың қызы...
Тегі ол сөз рас та болу керек, Нұғман орнықты дәлелдер айтады. Ол өзін прогресшіл, көзі ашық бай ғып суреттеп, советтік құрылысты маған мақтайды. Менің совет қызметіне кіргенімді мақұлдаған ол.
— Қызметте болайын, болмайын, қаны бірге туысымсың, бір үйіңдей көріп, келіп кетіп жүр, — дейді...
Сонымен, ең соңғы болыстық Ревком председателі — Нұғман Қабыловтың үйінен, пар атпен тура Қызылжар тартам. Үш айлық командировканың ішінде, мен қазақтық он болысын аралап шықтым. Соларда биыл ғана ұйымдасқан советтік ревкомдардық басында, жоғарыда айтқандай, ылғи байлар председатель болып отыр және қатардағы байлар емес, ең ірі байлар. Олар екі жүйелі екен: Бір жүйесі аталықты байлар, енді бір жүйесі,— не әкесі, не өзі жалшылықта жүріп бертінде байығандар. Соңғы жүйелі байлар, бастапқы жүйесінен әлдеқайда байырақ, оларда, әсіресе ақша кеп... Және бір көңіл аударатын жағы: патша заманында болыс, көбінесе, сақалы сапсиған мосқал және әдетте, оқымаған надан адамнан сайланатын сияқты еді; қазіргі Ревком председательдерінің ішінде Сұраған мең Нұғманнан басқалары жиырма бес отыздың арасындағы жастар және қазақша, орысша сауатты адамдар... Менің байқауымша, бұл адамдар саясаттан да хабардар сияқты. Совет өкіметінің байларға қолданатын саясатын түсінетін сияқты, сөйте тұра,Совет өкіметінің қызметіне неге құмартады олар? Бұл сұраудың жауабын мен Владимир Иосифович Гозактан таптым. Қызылжарға барып қонған күннің ертеңінде мен Ояздық Ревкомға бардым да, үш айдың ішінде ауыл арасында көрген - білгенімді, тілім жеткенше айтып бердім. Сабырмен ұзақ және түгел тыңдаған Гозак, шалағай орысшаммен түсіндіруіме қанағаттанбаған болу керек, мені әбден тыңдап алғаннан кейін:
— Осы айтқандарыңның бәрін, өзін, жақсы білетін қазақ тілінде толық қып жазып берсең қайтеді?— деді.
— Оны қайтесіз?—деп ем:
— Орысша жақсы білетін біреуге аудартам да, машинкаға бастырып, Укомның прөзидиум мүшелеріне оқуға берем,— деді.
Қазақ тілінде ол кезде машинка жоқ. Мен елде көрген - білгенімді араб әрпімен қырық-елу бетке жаздым да, Гозакқа апарып бердім.
— Орысшаға аударылған соң хабарлаймын,— деді Гозак ,— өзін, оқып шығасың, ішінде қате кетіп жүрмесін.
— Бірақ, мен, орыс сөзінің бәріне түсінсем!..
— Сенімді тағы бір қазақтарға оқытып алам...
Менің баяндамам орысша аударылып болғанда, командировкадан Баймағамбет те келіп қалды. Ол аралаған елдің де саяси және шаруашылық халі мен аралаған елдікіндей болып шықты... Менің баяндамамның қазақшасын да, орысшасын да Баймағамбет екеуміз бірге оқып шықтық.
— Дәлме-дәл аударылған,— деді орысшаны жақсы білетін Баймағамбет,— ешбір қатесі жоқ.
— Менің жазарым да осы,— деді ол.— Ауылдың кісінің аты басқа болмаса, фактылары бір.
Бұл жайда Гозакпен Баймағамбет екеуміз бірге барып кеңестік.
— Өте бай материал,— деді баяндаманы күн бұрын оқып шыққан Гозак,— Ауылдың қазіргі хал-жайын ұғу үшін партияға да, өкіметке де аса қажетті материал...
Байлар жайын кеңескенде:
— Осылай болуы табиғи іс,— деді Гозак,— күрессіз ешбір тірі мақлұқ жанын бермейді. Байлар да шамасы жеткенше күресіп бағады. Және олар үмітсіздікпен емес, зор үмітпен күреседі. Олар бізді құлатуға, өз өкіметтерін орнатуға тырысады... Бірақ, ол тілегіне байлар жете алмайды, өйткені, біз—большевиктер еңбекші көпшілікке сүйенеміз, байлар азшылық...
— Ол рас қой,—і деді Баймағамбет,— бірақ ауылдық жерде еңбекші көпшіліктің сана - сезімі әлі оянған жоқ, оларды ояту үшін, көп істер керек сияқты...
— Әрине,— деді Гозак.— Көп күресті тілейді бұл іс. Октябрь революциясы, қазақ байларына тиген жоқ. Олар әлі қаз қалпында отыр. Оларды біз енді ғана қолға аламыз. Бірақ, біз оларды бір күннің ішінде жоймаймыз. Бұл бір күннің ісі емес, көп күннің, көп жылдың ісі. Бұл іске қазақ еңбекшілерінің жәрдемі керек, солардың сана-сезімін ашып, таптық күреске түсіру керек, қазақ байларын солардың күшімен жою керек...
Бұл мәселеде біз — коммунистер, еңбекші халыққа жетекші болуымыз керек. Рас па осы? — деп сұрады Гозак бізден.
— Рас!—дедік біз.
— Ия,— деді Гозак, демін соза алып,— ауылда шын мағынасындағы тап күресі енді ғана басталады...
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
КҮРЕС КҮНДЕРІНДЕ
КАЛИНИННІҢ КЕЛУІ
Көшеде күбір көбейе бастады:
— Не естідің сен?
— Немене естуші едім!
— Жаңалығын, жоқ па дегенім ғой.
— Не жаңалық?
—Қалаға келген - кеткен бөгде ешкім жоқ па екен?
Жауап беруші «ә-ә-ә...» деп әлде не жаққа хабар барын естіген қалпын көрсетеді де:
— Тегі, өзіңнің бір жаңалық естіген түрін, бар сияқты ғой, айтсайшы оны, оспақтатпай!—дейді.
— Не естіді деп ең?
— Жұмбақтауды қояйық, — дейді анау, енді турасынан кеп.— Қалада бір зор жаңалық боп жатыр дейді ғой?
— Қандай?
— Бүкіл Россияның Старостасы келіпті деп жүр ғой, осы қалаға?
— Кім ол?
— Михаил Иванович Калинин!
— Қойшы - ау?!. «Староста» деп тұрғанын, не оны?
— Орыс сөзі емес пе ол? Ел басқарушыны «Староста» демей ме орыс халқы? Бүкіл Россия үкіметінің бастығы емес пе, Калинин жолдас?.. Еңбекші көпшіліктің ең сүйікті адамының бірі емес не, ол кісі?.. Сүйікті бастығына, халықтың қойған аты емес пе, «Староста» деп?..
— Түсінікті. Рас па екен келуі?
— Рас деседі. Өз вагонымен келіп, темір жолдың бір тұйығында тұр дейді. Бүгін ғана кепті.
— Не жұмысқа келді екен?
— Оншасын білмедім. Бүкіл Совет өкіметінің бастығы, әрине, ұсақ мәселемен келмейді, Неде болса, бір зор мәселемен келді ғой бұл.
— Мүмкін, Жол соқты тоқтаған шығар?
— Жоқ. Білетін кісіден естідім. Әдейі арнап біздің Ақмола облысына келіпті. Петропавлда бірнеше күн болады дейді.
Михаил Ивановичтің келу сыры кешікпей ашылды. Ертең кешке театр үйінде Қалалық Партия жиналысы шақырылатыны мәлім болды. Не мәселе қаралатыны ешкімге арналып айтылмағанмен, жиналыс Михаил Иванович Калининнің, келуіне байланысты екенін жорамалдамаған коммунист жоқ. Тек, олардың тап басып жауап бере алмайтын сұрауы,— «жиналысқа Калинин жолдастың өзі қатынаса ма екен? Болмаса, оның не себепті келуін қаланын, басшылары ғана айта ма екен?» Жұрт, әрине, Михаил Ивановичтің өзі келгенін аса тілейді, соның бірі менмін... Тілемегенде ше?!. «Совет өкіметі, — еңбекші бұқараның өкіметі» деген ұғым, со көпшіліктің бойына сіңіп болған. Бақытты болашағы осы өкіметке байланысты еңбекші көпшілік, осы бақытты өмірді жасауға кіріскен өкіметтің Старостасын көруге неге құмартпасын!.. Көруге құмартқан жұрт, Калинин жолдастың өмірбаянын бір-бірінен күн бұрын сұрасып, білісіп алды.
— Неше жаста екен өзі?
— 1875 жылы туған. Ендеше биыл қырық бесте.
— Крестьян ба екен, жұмысшы ма екен?
— Тверь губерниясындағы кедей крестьянның семьясында туады. 1893 жылы, 18 жасында жұмыс іздеп Петербургқа келеді, де, «Старый арсенал» заводына үйренуші боп қызметке кіреді. Онда екі жыл ауыр еңбек атқарғаннан кейін, Путилов заводының жұмысына ауысады. Сонда жүріп, «жұмысшы табына бостандық әперу үшін күрес одағына» тартылып, революциялық істерге араласады. Сөйтіп жүргенде патшашыл полицияның көреген көзіне шалынады да, Петербургтан қуылады. Бірақ ол, революциялық істерге қызу араласуынан танбай, Петербургтан Ревельге, одан Тифлиске ауысқанмен, большевиктер ұйымдарымен тығыз байланысты болады. Сөйтіп жүріп ол әлденеше рет тұтқынға алынады, әлденеше рет жер аударылады. 1906 жылы Стокгольмде ашылған большевиктер съезіне өкіл боп барады. 1917 жылы болатын февраль революциясынан кейін ол Петроградқа қайтады да, Ленин — Сталин партиясына, Социалистік Ұлы Октябрь революциясын ұйымдастыруда көп жәрдем береді. 1919 жылы Бүкіл Россиялық Орталық Атқару Комитетінің председателі Яков Михайлович Свердлов жолдас өлгеннен кейін, сол жылғы апрель айынын, үшінен бастап, со қызметіне сайланады... Бұл қызметінің үстіне ол Россиялық Коммунист (большевиктер) Партиясының Р. К. П. (б) Орталық Комитетінің және саясаттық бюросының мүшесі...
Бір қызық мәлімет: Мұқатай Жәнібеков (1871—1931) деген кісі болды, жұрт оны «Угар» десетін. Оның кім екендігі туралы, ұмытпасам, 1925 жылы (немесе, 1926 жылы) «Еңбекші қазақ» газетінде, «Біздің Угар» деген атпен менің жазған кең көлемді очеркім бар. Бұл арада қайталап қысқаша айтқанда, оның туған жері Қарқаралы оязы. Кедей семьясында туған ол жас күнінде жұмыс іздеп кетеді де, атақты Лена алтын кеңіне барып, шахтаға түседі.. Ауыр азаптық жұмыстағы шахтерлар 1912 жылы көтеріліс жасағанда, Угар бастаушылардың қалың ортасында болады. Патша өкіметі көтерілісті қан-жоса ғып басып, атылғандардан қалғандарын өмірлік каторгіге бұйырғанда, Угар осы тізімнің ішінде жүреді. Содан кейін шахтада үнемі қамаумен жұмыс атқарған ол, әлдеқалай ебін тауып қашады да, Екатеринбургу (қазіргі Свердловск) барады. Сол арада ол қолға түсіп абақтыға жабылғанда, (дәл қай жылы екенін ұмыттым), Михаил Иванович Калинин жолдас, сол абақтыда қамауда екен. Угар екеуі сонда танысады. 1920 жылы Петропавлдық ояздық милиция начальнигі боп қызмет атқаратын Угар осы таныстықты сөз қылғанда, біреулер нанып, біреулер нанбайтын еді, нанбайтындар дерек сұрайтын еді. Калинин жолдас Петропавлға тоқтаған хабары естілген соң, «таныс кім бар екен?» деген сұрау туғанда, әркімдер Угарды ,аузына алды.
— Ендеше,— десті әркімдер,— көрерсіздер, Калинин жолдасты қалаға әкелгенде, қарсы алушылардың ішінде Угар да болады.
— «Боладың» не?—десті кейбіреулер,— егер ондай жақындығы болса, қазір Калининнің вагонында отырмағанын қайдан білесін,?
Бұл сөздердің бәріне менің құлағым елеңдей қалды, өйткені,— Угармен танысып үлгергем, оның үйіне барып жүретінмін. Ендігі ойым, егер Угардың Калинин жолдасқа жолыға алатыны рас болса, соны сатылап барып Бүкіл Россиялық Старостаны көріп қалу.
Угар маған турасын айтты.
— Калинин жолдасты күзету міндеті милицияда емес,ЧЕКА да,— деді ол,— сондықтан, билеп еш нәрсе айта алмаймын. Политбюроның начальнигіне сөйлесіп көрейін, не деген жауабын түскі ас көзінде айтайын, со кезде осында келе ғой.
Мерзімді кезде келдім. Угардың айтуынша, қазір Батыс Сібірдің барлық бастықтары Петропавлда. Оларды Калинин шақырып алған. Дәлдеп айтпағанмен, Угардың жорамалдауынша, Петропавлда болатын жиналыстың мәні аса зор болу керек, тегі Калинин астық мәселесімен келу керек. Мен өз тілегімді кездетіп ем:
— Сөйлестім,— деді Угар,— бірақ, тиянақты жауап ала алмадым. Бір ғана үміт бар: ертең Калинин жолдас театрдағы партия жиналысына келгенде, күзетке коммунистер қойылатын көрінеді. Тізімі бүгін кешке Укомда жасалады. Онда сені жақсы білетін кісі бар ма еді?
— Соколов жолдастың өзі жақсы біледі.
— Тем лучше, — деді Угар.— Өзін, сөйлесесің бе, мен сөйлесейін бе?
— Сіз сөйлесіңіз!.. Маған ыңғайсыздау болар.
Ертеңіне таңертең ертемен келіп ем, Угар қуаныш хабар айтты:
— Тілегің орындалды,—деді ол,— бүгін түнде Калинин жолдастың вагонын күзететін комунистердің тізіміне кірдің. Укомға бар қазір, вагон күзетіне қай кезде баратыныңды сонда айтады.
— Жай ғана күзет болмай ма? — дедім мен.
— Саған қандай күзет керек еді?
— Көре алам ба, дегенім ғой.
— Неге көрмейсің? — деді Угар.— Михаил Иванович вагоннан шықпайды деп ойлайсың ба? Вагоны алыстағы бір тұйықта тұр. Қасында екпе тал бар. Бос уақытында ол сонда серуендейді. Өзі өте кішіпейіл адам. Көрерсің,, көзіне түссең - ақ шүйіркелесіп сөйлесе кетеді.
Укомға барсам, мені түнгі кезектің тізіміне жазып қойған екен. Күзетте ауысқандарға арналған грузовик бар екен. Соған мініп, он кісі ымырт жабыла күзет орнына жүріп кеттік. Қызылжар вокзалынан батысқа қарай тартатын темір жол, төрт-бес шақырымдай жердегі биік жарды жағалап отырады, со жолдын, теріскей жағында, қыс қар тоқтату үшін еккен қалын, тал бар. Темір жолдын, бір тұйығы осы талдың ішіндегі кең алапқа кіріп тоқтайды. Михаил Ивановичтің вагоны сол тұйықта екен. Алапты айнала, бағандардың басында әлектр жанып тұр. Күзеттің штабы, алаптың шетіне салынған кішірек ағаш үйде екен. Командир бізді қабылдады да, бұрынғы күзетті қайтарды... Күзетке кезектесіп екі адамнан тұрады екен. Алғашқы екеудің, біреуіне мен тұрдым. Қолымда винтовка. Тәртіп жайын білем. Біріне бірі тіркелген күрең, түсті үш вагонның екі жақ қабырғасына серігіммен екеуміз, винтовканы көлденең алып, ерсілі-қарсылы жүреміз. Қараңғы түн. Төңіректе жанған электр жарығынан түн пердесі қарауыта түседі. Мезгіл — октябрьдің аяғы, күн райы суытқан. Сібірлік өлкелерде көктем алдында және күздігүні есіп кететін «қара дауыл» аталатын желдің басталған шағы. Оның екпіні бүгін де қатаңдау... Біраздан бері қара доңғалақтанып қата бастаған жердің бетіне, мана, күндіз себелеп қар жауып өткен. Аспанды қоршаған бұлттың, түріне қарағанда, кешке қалыңырақ жауар деп жобалағанбыз. Сол жоба дәл келіп, біз күзетке тұра, қар қайтадан жапалақтай жауып, боранға айнала бастады... Бірақ, біз тоңа қояр емеспіз, киім онша жылы болмағанмен бойға .бүгін ерекше бір қызу да пайда болған сияқты: терезесінен жарығы жылтыраған тым-тырыс вагонның ішінде Калинин жолдас отыр... Оны көруге құмарта түсем, құмартқан сайын қызына түсем... Бір кезде ортадағы вагоннан үш адам шыға келді. Жүрегім әлденеге лобли қалды... винтовканы жамбасыма баса сіресіп тұра қалдым. Серігім көзіме түссе, ол да солай... штаб үйіне көзім түссе, онда отырғандар да есік алдында қаз-қатар тұра қалыпты. Вагоннан жерге түскен адамдардың үстінде қысқы киім, бастарында құлақшын. Олар тура маған қарай жүрді, шеткі екеуін танымадым, ал ортадағы — Михаил Иванович Калинин... Дәл өзі... дәл портреті... Маған олар бас изеп амандасты да, ілгері кетті. Ар жақтан машина гудогі естілді, фардың жарығы көрінді... Үшеудің, біреуі қоштасты да машинаға қарай кетті екеуі бері оралды, оның бірі — Калинин... сөздеріне құлақ түріп тұрмын,— ауа райы туралы...
Олар жақындағанда, мен басымды кекжитіп, сіресе түстім. Маған таяна беріп:
— Сәлем, жас жігіт! — деді Михаил Иванович.
Сасқаным ба, әлде тәртіп сақтағаным ба, мен қимылсыз қалпымды өзгерткен жоқпын.
— Тоңған жоқсыз ба? — деді Михаил Иванович.
— Жоқ, жолдас Калинин! — дедім мен, честь беріп. Дауысымнан қалтырағандық белгі байқалды.
— Көптен тұрсыз ба?
— Жаңада ғана.
— Қазақсыз ба?
— Қазақпын.
— Фамилияңыз кім?
— Мен аты-жөнімді айттым. Күзетте тұрған кісімен одан көп ыңғайсызданғандай, «өте жақсы» деді де, Михаил Иванович жөнеле беріп:
— Бізге шай ішуге кіріңіз! —деді.
Мен өзіме - өзім олар алыстаңқыраған кезде ғана келе бастадым. Калинин жолдастың кескін - кейпін, дене тұлғасын айқын көрдім,— орта денелі, кең, жаурынды, еңкіштеу жүріп, аяқтарын жылдамырақ басатын кісі екен; кескіні портретіне ұқсайды, бірақ жансыз портретте, тірі кескіндегі жанды жылылық дәл келе қоймаған, оған дауысындағы жұмсақтық пен сыпайылықты қосқанда, искусстводан өмірдің әлдеқайда бай екендігі көзге баттиып көрінеді... Қандай жұмсақ, кішіпейіл адам!.. Мен сол оймен қарап тұрғанда, Михаил Иванович пен серігі вагонға кірді. Сол кезде командирім жүгіріп кеп, «Ия, не болды? Не деді?» деп сұрауды жаудыра бастады. Мен оған жауап беріп үлгірмей Калининнің қасындағы адам қайта шықты, мені шайға шақырды.
— Рахмет! — дедім мен.— Бара алмаспын.
— Сізді Михаил Иванович келсін деп өтінді.
— Барыңыз! — деді командирім.
Командирдің бұйрығымен мылтықты екінші күзетшіге бердім де, өзім Калининнің серігіне еріп вагонға жөнелдім. Жолшыбай сұрасам, сақал-мұртын қырған бұл сақа жігіт Михаил Ивановичтің жәрдемшісі екен. Бұған дейін менің көргенім, дағдылы пассажирлік вагондар ғана болатын. «Жұмсақ» аталатын вагоннің барын естігем, бірақ көрген жоқпын да. «Международный» немесе «Салонвагон» аталатындардың барын білмейтінмін де. Кейін сұрасам, Калинин «Салонвагонмен» келген екен. Ондай, вагон барын кермек түгіл естімеген адам, есігінен кіре әрине, қайран қалар еді, мен де сөйттім: жәрдемшіге еріп вагон ішіне кірсем, еденіне кілем төсеген коридор!.. Терезелеріне көгілдір барқыттан перде құрылған!.. Оң жақта перде құрылған терезелер, сол жақта перде құрылған есіктер!.. Вагон іші былғары сияқты күрең түсті нәрсемен қапталған!.. Есіктердің тұтқалары жарқыраған жез!..
— Мұнда жүріңіз,— деп жәрдемші бастаған бір бөлмеге кірсек, онда да төселген кілем... Оның да қабырғасы күрең түсті былғарымен қапталған... Босағада былғары жұмсақ диван... Ортаға стол, онда жайылған сәнді ыдыстар... Жұмсақ орындықтар... Әр бұрышта кең ағаш ыдысқа есірген гүл мен үй ішінде өсетін ағаштар... Бір қабырғада зор айна... Төргі қабырғаның жоғарғы жағында Лениннің портреті... Диван үстінде балалайка және көп тілді (бір қатарлы) сырнай, бұрыштағы бір кішкене столдың үстінде шахмат қобдиы және бірнеше кітап!..
— Отырыңыз! — деді жәрдемші.
Мен отыра қоймадым. Таңдана қараған көзім төңіректе, ойым Калининде, «ол қайда!» деп ойлап тұрмын... Бір кезде пижама киген Калинин кіріп келді. Ол маған тағы да қолдасып амандасты да:
— Неге шешінбей тұрсыз? —деді...
— Шешіндіріңіз,— деді ол жәрдемшісіне,— кешкі асты кешіктірмей әкелдіріңіз!
Мен коридорға шешініп қайтып келсем, Михаил Иванович диван үстінде балалайканың шектерін қозғап ермек қып отыр екен.
— Отырыңыз! — деді қасынан орын нұсқап.
Өзімді шамаласам, манағыдай емес, бойым үйреніп қапты. Қарсы отырған маған:
— Орыс арасында тұрғаныңыз бар ма, жас жігіт? — деді ол.
— Бар,— деп, мен оған орыс поселкелерінің бала шақта бақташысы болғанымды айттым.
— Ананы қара! — деді Михаил Иванович, онда сіз деревняның әдет-ғұрпын да біледі екенсіз ғой?
— Аздап...
— Мәселен?..
Мен білгенімді айта бастадым... Содан менің биографиямның беті ашылды. Сұрау, жауап арқылы, менің кім болғанымды, кім екенімді білгеннен кейін және бұл маңайдағы ауыл - қалалардың хал-жайын біраз сұрағаннан кейін:
— Мүмкін, енді көңілділеу кеңеске көшерміз?—деді Михаил Иванович.
Олай деуіне, менің саяси, шаруашылық мәдениет мәселелерінде кездесіп жүрген халдерді қоюлата айтуым болды ғой деймін. Ол сөздерді мен, «мені, шайға шақырғанда, жергілікті хал-жайды сұрауды ойлаған болар» деген оймен әдейі айттым. Бұл халдерге менсіз де оның көзі жеткен болу керек, өйткені, уезд бастықтарымен сөйлесуден басқа ол кеше қаланы, бүгін жақын жердегі ауыл - селоларды аралап келді деп естігем. Қалада да, ауыл -деревняларда да хал — ауыр; өткен екі соғыстың және көп жерде құрғақшылық болудың салдарынан, аранын ашқан аштық пен жалаңаштықтың лебі сезіліп тұр... Соның бәрі туралы мен айтқан сөздерді, қабағын шытына тыңдаған Михаил Иванович, ауыр сөзімді жеңілдеткісі келді ғой деп жорамалдадым:
— Орыс музыкасы сізге ұнай ма? —деп сұрады менен. Оған себеп менің диван үстіндегі музыка аспаптарына қарай беруім болды ғой деймін.
Мен орыс музыкасын сүйетіндігімді, әсіресе, сырнайды сүйетіндігімді айттым.
— Өзіңіз ойнай білесіз бе? — деді ол.
— Ептеп, сырнайға... Бірақ нашар ойнаймын...
Михаил Иванович менен сырнай ойнауды өтінді. Мен сырнайдың оң жақ пернелерін ғана баса білем және екі қатардың емес, бір-ақ қатардың, ғана. Сол жақ пернелерін басуды білмеймін. Екі жақ пернесін қатар басайын десем, білгенімнен де жаңылып қалам. Бір жақ перненің өзін де мен сыпылдатып жылдам ойнап кете алмаймын. Ақырын ойнағанда, бұл жақ пернеден мен қазақ әндерін түгел келтірем, ал орыстың ән-күйлерінен бар білетінім: «Саратовские частушки», «Златые горы», «Камаринская». Бұларды мен шебер ойнамай, тек жобасын ғана келтірем, өлең текстерін де шалағай білгенмен, әнін дәл айтам. Менің орысша сырнай тартып өлең айтқаным Михаил Ивановичқа қызық керінді. Кей жерінде күле отыра ол құмарлана тыңдады. Қазақ әндерін оның бірінші естуі екен. Айта қалғандай шебер болмағанмен, даусым да оншалық жақсы болмаған кең, қазақ өлеңдерін мен, әрине, бірсыдырғы тәп-тәуір орындаймын. Калинин жолдасқа мен, бірнеше ән айтып беріп ем, көпшілігін құмарта тыңдап, жақсы баға берді. Бұл бөлмеге жиналған оның серіктері де сөзін қолдап отырды.
— Искусствоға жақын жігіт екенсіз,— деді әндерді тыңдап алғаннан кейін,— сіздің артист боларлық түріңіз бар екен.
— Мен жазушы болудың соңында жүрген кісімін,— деп, мен бұл талапқа қашан кіріп, не істегенімді, не істеп жүргенімді айтып бердім.
Бұл сөзге Михаил Иванович елеңдей қалды да, менің білім жайымды сұрап кетті:
— Оқу керек, — дейді Михаил Иванович, оқуымның аздығын білгеннен кейін,— міндетті түрде оқу керек.
Ол маған не Совпартшколаға, не рабфакқа баруды ұсынды:
— Егер, деді ол,— қажет деп тапсаңыз, қалаған мектебіңізге қазір-ақ орналастыруға болады.
— Оны Укоммен ақылдасайын,— дедім мен.
— Партиямен ақылдасу жақсы сипат,— деді Михаил Иванович.— ертең Соколов жолдасқа мен де айтармын. Биыл кешіктіңіз. Алдағы оқу жылына даярлану керек.
— Мақұл,— дедім мен.
Әуелі ужин, оның артынан шай келді. Ac үстінде Михаил Иванович қазақтың әдет-ғұрыптарын сұрады, кейбір ертегілерін айтқызды. Орыс тілін менің шала сөйлеуім, оның қызыға тыңдауына бөгет болған жоқ. Шайдан кейін мен қызметіме баруға рұқсат алдым. Вагоннан мен кеудеме сыймастық қуанышпен шықтым. Өйтпегенде ше!.. Совет өкіметінің ен, биік мекемесі — Бүкіл россиялық Атқару Комитетінін, бастығымен сөйлесу, аз олжа ма?.. Әсіресе, мен сияқты. төмендегі қатардың қызметкеріне?.. Мендей адамға соншалық көңіл бөліп, соншалық жылы шырай көрсету, тек советтік құрылыстың ғана көзінде болатынына, іс жүзінде көзім айқын жетті. Мен жүрген маңайға Совет өкіметімен бірге келген «жолдас» деген жылы сөздің мәні қаншалық зор екендігін айқын көрдім... Ия, қызметі соншалық жоғары бола тұра, сөзінде, қылығында, мінезінде Михаил Иванович шын жолдас екен. Тек, жолдастыққа тән жұмсақтық пен жылылық барлық бейнесінен көрініп тұр. Өкіметтің сондай жоғарғы бастығымен жолығып, оның шын жолдастығын көзбен көрген мен, не деген бақыттымын!.. Шіркін, енді Ленинге жолығып осылай сөйлессе!.. Будкадағы жолдастарым мені қоршап қарсы алып, не кеңес болғанын естігеннен кейін, қолымды алып құттықтады...
— Не деген кішіпейіл адам! — деп таң қалысты олар...
— Оған таңданатын ештеңе жоқ,— деді командир,— өкімет еңбекші халықтікі. Өзі де еңбекші халықтан шыққан адам. Оның осындай адам болуы заңды.
— Ол өз алдына тұр ғой,— деді біреу,— мына сияқты,— деді мені көрсетіп,— кішкене кісіге көңіл бөліп сөйлесуі ғажап қой!
— Рас,— деді командир,— бірақ өзгемізді шақырмай, мұны иеге шақырды? Соны білемісің?
— Қайдан білем, менімен ақылдасқан жоқ.
— Білмесең мен айтайын: бұның қазақ екенін көрді де, қазақ жайларын сұрағысы келді...
— Ол жайды сұраса, басқарушы оқыған қазақтар да бар емес пе, осында? Солардан неге сұрамайды?
— Әдейі, осындай төмендегі адамнан сұрайды, бұндай адамдарды халыққа жақын деп біледі, халықтың жайын осындайлар кеп көреді деп ойлайды.
— Рас,— десті басқалары.
Ертеңіне болатын партия жиналысы кешкі сағат жетіде басталды... Ертеңіне іңірде, театрда болатын партия жиналысына баруға шықсам, көшелер мен алаптарға адам сыймайды. Қайдан естігенін кім білсін,— әр адамның аузындағы сөз:—«Калинин келіпті!.. Бүгін кешке театр үйінде жиналыс өткізеді дейді...» Алаптар мен көшелерде иін тірескен адамдардың арасынан салт атты әскерлер Калинин жолдас мінген автомобильге жолды әрең ашты. Сығылысқан қалын, жұрттың арасынан жүріп келе жатқан машина қай тұста екендігі, шапалақтаған қолдар мен Старостаға сәлемдескен дауыстардан ғана байқалды... Мен тыста Михаил Ивановичты көре алған жоқпын, сондықтан, төз үйге кіріп керуге асықтым. Онда да «ине тастаса жерге түспейтін» тығызшылық екен. Қоңырау қағылып, жиналған жұрт залға кіріп жатыр, біреулер алыстан, біреулер жақыннан көргенін айтып, біреулер көрмегенін айтып, жиналғандар азан-қазан... Бірінші қоңыраудан кейін залға сығылыса кірген адамдардың арасына қыстырыла, алдыңғы қатардан мен де орын алдым. Міне, енді үшінші қоңырау соғылды... Аз уақытта у-шу да басылды... Төңірек жым бола қалды. Сол кезде сахнаның шымылдығы ашылып кетті... У-ду шапалақ соғылып, залды жаңғырықтырып жіберді... Кеше көзім қаныққан құрметті Калинин жолдасты тани кеттім!.. Сөз оған бірінші боп берілді. Одан кейін де талай сөйлегенін көргенде байқағаным,— ол үнемі трибунаға жымиған кескінмен, жеңіл қимылмен аяқтарын жылдамдата басып шығады да, трибуна қасына келгенде, айтар сөзін ұмытып қалған кісі сияқтанып, сол жақ қолының саусақтарымен желке шашын қобыратып аз тұрады... Кейін қайырғанмен, көтеріле беріп маңдайдан төбеге қарай тура айрылған шашын ол ұзын ғып қояды. Сол шаш самайына қарай сусып түсе берсе, ол қолын желкесінен алады да, маңдай шашын төбесіне қарай бір сыпырып тастайды... ұмытқан сөздері сонда ғана есіне түскендей, ол тағы бір жымиып, жұмсақ дауыспен сөзін қулана бастай жөнеледі... Әдетте ол «мен сөзге шешен емеспін» деп бастайды. Онысы сыпайылығы екенін төз аңғара қоясың. Егер шешендікті сөзді сапылдай айтып, пулеметтен атқан оқтай бұрқыратуды айтсақ, Михаил Ивановичтың, ол тұрғыдан қарағанда шешен емесі рас. Бірақ, сапылдауда емес қой шешендік, сөздің салмағында, мағынасының тереңдігінде ғой. Калининнің осындай сөздің иесі екенін оны тірідей де тыңдаған, жазғанын оқыған кісіде білмейтін кім бар? Әрине,— жоқ!.. Сонда, ол, мемлекеттік, немесе, философиялық нендей салмақты сөздерді, қалжың сияқты байырғы сөздермен еңбекші көпшіліктің ұғымына терең сіңетін түрде айтып береді. Петропавл театрында да ол осы стилін бұзбастан, әуелі көпшілікті күлдіре Совет өкіметінің орнауымен құттықтап алды да:
— Бұл жолы мен сіздерге Москва мен Петроград халқының сәлемін ғана әкелдім,— деді,— олардың сәлемінен соң айтқаны,—«Ақмола облысы бір қыста бізді азық-түліктен тарықтырмасын, ол қарызды біз де бірдеме ғып өтеуге тырысамыз...»
Қалжыңын араластыра, жұртты күлдіре айтқан бұдан кейінгі сөзінен тыңдаушылардың аңғарғаны: Өкімет шынында да Москва мен Ленинград халқын биыл азықтандыруды Ақмола облысына жүктейді екен... Бүкіл россиялық Старостаның күлдіргі сөздеріне өзу тарта, кейде сақылдай күле отыра, бұл жиналысқа қатынасқан әрбір коммунист, мәселенің аса салмақты екенін ұғынып отыр... Өйтпегенде ше!.. Тұтас алғанда, со кезде алты миллион халқы бар деп есептелетін ол екі қаланы жыл бойына азықтан қамтамасыз ету, халқы жарты миллионға жетпейтін бір облысқа оңай боп па!.. Қиын болғанда амал нешік!.. Кеше ғана аяқталған азамат соғысынын, және соңғы бірер жылдың құрғақшылығының салдарынан азықтан тарығып отырған екі астананы со күйінде қалдыруға бола ма?.. Ол екі қала ғана ма, азықтан тапшылық керіп отырған?.. Ішкі Россияның бәрінде солай емес пе?.. Соның бәрін алдағы жылдың, егісі орылғанша, аранын ашқан аштық - ажалдан сақтап қалу қажет қой?.. Желпініс сөзге шыққандардың бәрі осы бағытта сөйледі. Сонымен қатар, олардың ерекше астын сыза айтқан сөзі: «Петроград — Россияның пролетариаттық революциясының ошағы. Москва — Советтік Россияның астанасы. Сондай екі үлкен астананы азықтандыру, биыл негізінде Ақмола облысына жүктелсе, бұл аса құрметті міндет, ендеше, оны орындау керек. Істі ұйымдастыра білсе, орындауға мүмкіншілік толық...» Ұзаққа созылған жиналыс, Ақмола облысынан үш миллион пұт астықты, 43 мың бас малды үш айдын, ішінде Москва мен Ленинградқа жеткізуге қаулы алды. Бұл қызметті атқаруға коммунист атаулы жұмсалмақ болды. Жиналыс таңға жақын тарады. Совет өкіметінің ен, жоғары өкілі боп келген Михаил Иванович Калинин жолдастың сөзі әр коммунистін, құлағында кетті. Олар осы сөзді бұлжытпай орындауға бекінді және көп күрес, аса қиындықпен орындалды да, ол туралы сөз — алдағы тарауларда...
ҚАУІПТІ ХАБАР
Продразверстка жұмысы қанша қиыншылықпен жүрсе де, 1921 жылдың январь айынын, басында Пресногорьковкадағы Райпродком орындады да, телеграмма арқылы, Россияның Социалистік Федеративтік Советтік Республикасының халық комиссарлар Советінің председателі Владимир Ильич (Ульянов) Ленинге рапорт берілді. Рапортқа қол қоюшы бес кісінің бірі болу бақыты — менің де маңдайыма жазылды!.. Большевиктер партиясы мен Советтік мемлекеттің ұйымдастырушысы — Владимир Ильич Лениннің атын менің бірінші рет ел аузындағы ертегілерден естуім, одан кейін Жұмабай Нұркин мен Қыстаубаевтан, одан кейін Владимир Иосифович Гозак пен Шахизаман Зәбировтен, Әбілхайыр Досовтан естуім, алғаш естіген күннен бастап көруге құмартуым, осы шығармалық өткен тарауларынан мәлім. Рапортқа қол қойғаннан кейін маған Ленинмен дидарласқандай, ауызба ауыз сөйлескендей мақтанышты сөзім пайда болды, өйткені, рапортқа мен әлдеқалай қол қойған жоқпын, продразверстка жұмысына біраз еңбек сіңіріп барып қол қойдым. Мен Қызылжардан Пресновкаға барған кезде, продразверстканың халі аса қиын екен, азық-түліктің барлық түрі де планды мөлшерден әлдеқайда кем орындалыпты. Сол күні Райпродкомның комиссары Дерявинді Ленин прямой проводқа шақырыпты. Дерявиннің, Ленинмен сөйлесуі түн ортасы ауа біткенмен, іле жиналыс шақырылды да, оған коммунистермен қатар, Совет өкіметіне тілектестігі мәлім интеллигенция, комсомолдар және жеті жылдық мектептің жоғары кластарындағы ересек оқушылар қатынасты — барлығы жүз елудей кісі. Дерявиннің баяндауынша, Ақмола облысының Калининге уәде еткен үш миллион пұт астығының 25 процентін осы Райпродком беруге тиісті екен. Ленин Дерявинмен осы туралы сөйлесіпті де, орындалуға мүмкіншілік барын білгеннен кейін, уақыт көрсетуін талап етіпті, Дерявин январьдің онына бітіруге уәде беріпті. Жергілікті партия және совет ұйымдарына бұл мәселеде жәрдем беруге, Омбыдағы коммунист жұмысшылардан жүз кісілік отряд жіберілетін болыпты. Баяндаманың басын осыған құрған Дерявин, екінші жартысын аудандағы азық-түлік жинаудың хал-жайына арнады. Бұл бөлімде ол қай болыстан, қай түрлі азық-түліктер қаншалық түскенін, әлі де қаншалық жиналуға қажет екенін айтты. Оның айтуынша, азық-түлік қазақ ауылдарынан гөрі, орыс селоларында, әсіресе казачий станицаларда ауырырақ жиналады. Селоның және станицаның кулактары, далада соғусыз тұрған астықтарын, кедей крестьяндарды ұйымдастырып ап, азық - түлік отрядтарының өздері қолына соғып алмаса, өз еркімен астық соғып бермейді, ертерек соғып алған астығын, сол кедейлердің жәрдемімен тінтіп таппаса, тығып қойған жерінен таптырмайды. Кедей крестьяндарда артық астық жоқ. Ол кезде егін сеппейтін қазақ ауылдарынан астық орнына алынатын еттің, тері-терсек, жүн-жұрқаның селомен салыстырғанда тезірек жиналатын себебін де Дерявин айтып берді. Оның тексеруінше, бұл салмақты көтеріп отырған кедейлер. Байлардан тағайындалған ауылдық және болыстық Ревком председательдері, олардың қасында тағайындалған болыстық, Соғыс комиссариаты (бұл қызметке де кілең байлардың оқыған балалары кіріп кеткен) разверсткаға кедейдің, жалғыз сиырын сыпырып ап, одан кейінгі салмақты момын орташаларға жүктеп, көз алдауға аздап қана болмаса, байлардан жаритын ештеңе алмайды екен. Бұған дейін азық-түлік отрядында қызмет атқарған адамдар, қай селода, қай станицада, қай ауылда кімдер қанша астық, қанша мал жасырып жүргенін мөлшерлеп айтып берді. Түнгі сағат үшке дейін созылған жиналыста, ешкімнің де аузынан Дерявиннің Ленинге берген уәдесін «орындай алмаймыз» деген сөз шыққан жоқ. Жиналыстық келген қорытындысы: станицалардағы, селолардағы, ауылдардағы барлық коммунистердің, комсомолдардың және партиясыз советтік активтің күшін жұмсап, уәделі күнге азық -түліктің де, мемлекетке берілген басқа шикі заттардың да планын бітіру. Осы жұмысты орындау үшін әлденеше продотрядтар құрылды да, әрқайсысы қызмет атқаратын жеріне тарады. Бірер қазақ болысына баратын отрядтың бастығы боп мен де кеттім. Тағы бір отрядтардың ішінде, Пресногорьков жеті жылдық мектебінің соңғы класында оқып жүрген қазақ жастарынан Хажығали Қосаев Ғабит Мүсірепов және Қази Есеналин кетті. Олардың үшеуі де орыс тіліне менен өлшеусіз жүйрік. Ол кезде селоларда болмаса, ауылдарда партия ячейкалары еш жерде құрылмаған екен. Партияға кірген адамдар да анда-санда ғана кездеседі, олардың да көпшілігі — орыс поселкелеріне байланысты жатақтардың балалары. Ауылда коммунист саны аз болғанмен, Совет өкіметінің кімнің өкіметі екенін түсіне бастаған кедейлер көп екен, сондықтан, продразверстканы жаңа қарқынмен жинаудан бұрын, ауыл-ауылдан қоғамдық іске ынталы кедейлерді тауып, солардан жәрдемшілер комитетін құруға тура келді. Бұл істің нәтижесі де жаман болған жоқ: қай байдың, қай жерден несі жасырулы екенін, Жәрдемшілер Комитетінің мүшелері кейде жасырып, кейде ашық түрде хабарлап отырды, табысуға жәрдемдесті. Селодағы кулактардың разверсткаға бергісі келмеген бидайын жасырудағы бір әдісі — кедей крестьяндарға самогон қайнатуға беру болса, қазақ байларының малдарын тығудағы бір әдісі — кедейлерге «аттың майын, сауынның сүмесін» беру екен. Билік өз қолдарында тұрғанда көрші отырған кедейлер аштан өліп бара жатса, аузына су тамызбайтын сараң байлардың талайы, енді мырза бола қап, қолдағы артық сауындары мең бойдақ малдарының көпшілігін көршілес ауылдардағы кедейлерге «майын мін, сүтін іш» деп таратып беріпті. Мысалға, Смайыл болысындағы, «Алдай» аталатын рудағы Тырнауықтың Рамазаны деген кісіні алайық. Со кезде бес жүздей жылқысы, мыңға жақын қойы, елу-алпыс түйесі, жүзден астам сиыры бар бұл бай, ел ішінде сараңдықпен, настықпен атағы шыққан адам. Сонша малы бола тура, үйіне қорқатын біреуі бармаса дұрыстап қонағасы берген кісі емес. Көп адамды ол үйіне түсірмейді де, егер түсіре қалса, айран-шалап сияқты көр-жер тамақпен жөнелтеді, ол өзгелер түгіл өзіне де сараң кісі: соншалық малы бола тұра, жазы-қысы шайды құрт - ірімшікпен ішіп, нанды аса қадірлейтін қонақтарына ғана береді; мал басы сонша көп бола тура, жылына азғантай ғана соғым сойып, етті күнде емес, анда-санда, және табақтап емес, турамшылап қана жейді; оның өзі де, үй іші де жарып киім киген емес, жолаушылап шыққанда ғана болмаса, көйлек-дамбалды өз үйінде қой мен ешкінің илеген терісінен киеді; бой жеткен қыздары мен әйелдеріне де қой мен түйенің жүнінен қолдан тоқыған шекпенді кидіріп, арзан мата болмаса базардан киімдік кездеме алмайды; өзге жұрттың қыздары киетін жібек пен барқытты оның қыздары үстіне де ілген емес; үйіне барған қонақтарға төселетін, не жамылатын көрпе - жастықтары өте аз, қонақтардың көпшілігі жалақ кигіздің үстіне ұйықтайды; сонша сараңдықтың үстіне, оның үй іші шектен шыққан салақ, еш нәрсені талғамайтын біреу болмаса, немесе аш жүрген біреу келмесе, ол үйдің аяқ-табағына құйылған асты ішу қиын, өйткені «ырысым кетеді» деп ыдыстарын жуғызбайды да, іші-сырты баттасқан кір боп тұрады; «көп піссе құты қашады» деп ол қымызды ашытқан ыдыстарын жөнді пістірмейді де, пісілмеген қымыз, біріншіден — удай ашшы боп ішкізбейді, екіншіден — ішінде өңезі қалқып, аузыңа алсаң құсқың келеді; сондықтан да, Тырнауықтың Рамазанының үйіне өзінің ілік-шатысы, жекжаты сияқты біреулер болмаса, былайғы жұрт жөнді бармайды. Міне, осы Рамазан да продразверстка көзінде «мырза» бола қап, көршілес ауылдың кедейлеріне кеп малын үлестіріп беріпті!.. Байлардың разверсткадан мал жасыруының бұл ұсақ түрі болса, сол сапарда біз ірірек түрінде де кездестік. Қазіргі Преснов, Октябрь, Урицк, Ұзынкөл, Пресногорьков аудандарының аралығында, бұрын әлденеше болыс елге жайлау болған, қазір совхоздар мекендейтін кең дала жатады. Жалпы радиусының шамасы жүз шақырымдай. Ормансыз бұл кең, даланың әр жерінде Жалтыр және қопалы көлдер кездеседі. Олардың ішінде: «Үлкен шошқалы», Кіші шошқалы», «Алыпқаш» сияқты кең қопаларды жағалай шапса, мыңдаған маялар үйіледі, Үлкен шошқалының бойына революциядан он шақты жыл бұрын әскерге ат дайындайтын жылқы заводы орнап, жүздеген арғымақтарды өсірді... Жәрдемшілер Комитетінің кейбір мүшелері бізге қазақтың бірнеше байлары продразверсткадан жасырған малын Шошқалы бойына айдатып, сол араға қоралар салдырып, шөп шаптырып қыстатқалы жатқанын хабарлады. Астыртын тексерсек, хабар рас екен. Бірақ, ол малдардың үстінен қапыда түсу керек, әйтпесе, байлар жан-жаққа айдап әкетеді. Біз соны істедік те, төрт-бес жүздей ірі қараны қазынаға түсірдік... Артынан естісек, мал иелері қапыда ұрылмағанда, қарулы қарсылық жасамақ екен. Бұл қарсылығын олар кейінірек жасады, оған алда ораламыз... Хажығали Қосаевтың айтуынша, осы сияқты бір қулық, орыс арасында да табылады. Біздің елдің жерінде «Оба» дегендер көп болады. Археологтардың айтуынша, обалардың бір жүйесі жаугершілік заманда қарауыл қарау үшін жасалған биіктер, енді бір жүйесі жаугершілікте өлген адамдардың тобы көмілген молалар. Пресногорьков станицаның күнгей жағында жиырма бес шақырымдай жерде «Сары оба» аталатын зор оба тұрады. Жәрдемшілер Комитетіне мүше адамдардың хабарлауынша, осы обадағы қасқырлар мен түлкілердің айнала қазған апандарында, маңайдағы станциялар мен поселкелердегі кулактар астықтарын тығады. Хажығали ішінде жүрген отряд бұл астықтарды да алып қазынаға береді. Жасырылған азық-түліктерінің, табылуы осындай қиындыққа түссе, жасырылмаған азық-түліктерді алу одан да қиын болды. Бай-кулактар қолдан бермеген астықты, не малды тартып алуға тура келгенде, жанжалдар да, төбелестер де аз кездескен жоқ. Бай-кулактар кей жерде төбелеске біртіндеп емес, топтасып та шығысты, кей жерде олар дендеп кетіп, отряд адамдары таяқ жеп те қалды, бірер жерлерде отряд адамдарының, ячейка мүшелерінің, немесе, Жәрдемшілер Комитетінін, мүшелерін бай-кулактардың өлтіріп тастауы да кездесті. Жағдай сонша қиын болғанмен, уәделі күнде аудандағы продразверстка түгел орындалды да, Ленин атына жоғарыда аталған рапорт жазылды. Продразверстка жұмысы, әрине, онымен тоқтаған жоқ. Продотрядтар қызметін қызу жүргізіп жатты. Бірақ, мен Райпродкомның 1920 жылдың планы қалай орындалуы туралы Уком мен Упродкомға жазған баяндамасын алып Қызылжарға жүріп кеттім. Жолда мен баяғыда өзім балаларын оқытқан Балықбай аулына соқсам, Нұртазаның Мырзағазысы, қайыны — Тайжанның үйіне келіп жатыр екен. Ол күні мәжілістесіп бірге қонған Мырзағазы, ертеңіне ыңғайсыздау бір сөздің исін қоңырсытты.
— Туған аулыңа барып, аунап-қунап кетпейсің бе? — деді ол маған, менің Қызылжарға тура кетіп бара жатқанымды естігеннен кейін.
— Жоқ, соға алмаспын,— дедім мен,— жұмысым асығыс, төз арада Қызылжарға жету керек.
— «Кісінің жұмысы өлмей бітпейді» дейтін үлкендер,— деді Мырзағазы,— асығыс болсаң да соға кет ауылға, дәм татып кет!..
— Рахмет. Оны жұмыс жағдайы көтермейді.
— Өткен күз біздің шалмен ренжісіп кетіп ең, әлде көңіліңде сол тат боп жүр ме?
— Жоқ, ағай, оның несі тат болсын, кәрі кісінің сөзін әлі күнге дейін кек көріп жүр дейсің бе мені?
— Жек көрмесең жарадың, оның жігітшілік. «Енесі тепкен құлынның еті ауырмас» депті. «Жақсы» де, «жаман» де, «бай» де, кім десең де, бәрібір сен одан қол үзіп кете алмайсың, «неге?» десең, ол сенін, өз туысың, өз қанын,. Кәрі кісі бірде жетіп айтады: бірде жетпей айтады. Ағаңа өкпелісін, бе деп қайпақтаңқырап отыр ем, енді етегіңнен жармассам да жібермеймін, ауылға алып қайтам. Кашева шанаға семіз айғыр жегіп келдім... ерте шықсақ кеш болмай барып қаламыз. Біраз күн қонақтайсың, ар жағында рұқсат.
Ол «әкетем» деп, мен «бармаймын» деп екеуміз біраз қайымдасқаннан кейін:
— Шырағым, Сәбит,— деді Мырзағазы,— сен менің екі туып бір қалғанымсың. Бір шаңырақтан қалған жалғызсың. Әрі бала күнімізден біте қайнап, бірге өстік. Бертін ержетіп, мына өкіметтің тұсында ат жалын тартып мінгеннен кейін, сен менің әкемнің бетіне екі рет қарсы шықтың. Кейінгі жолы туысқан адамдар істемейтін сұмдықты көрсетіп, бірер сағатқа болса да милицияға қаматып та қойдың. Сонда мен сендердің жұмыстарыңа араластым ба? «Оу, жақсы-жаман болсын менің әкем еді ғой, оны сыйламасаң мені сыйласаң нетті?» деп, әкемді қаматқаныңды кек сақтадым ба?
— Жоқ, сақтаған жоқсың.
— Сонда, туған әкеге менің жаным ашымайды деп білесің бе? Әрине, ашиды. Әкесін жек көрген кім бар? Расымды айтайын, сенің сондағы қылықтарыңды әкемнен кем ауырлаған жоқпын. Сөйте тұра, сенің, бетіңнен неге алмадым мен?
— Қайдам,— дедім мен маған сұраулы кескінмен қараған Мырзағазыға.
— Алмаған себебім,— деді сөзуар Мырзағазы, — әр сөзін шегелей, нықтай айтып,— «ілгері басқан жасты, кейін кеткен кәрі тоқтатады» депті. О кісі кәрі, сен жассың. Сондықтан, онікі дұрыс та болса қисық, ал сенікі — қисық болса да дұрыс, өйткені, жастығыңның үстіне, заман сенікі боп тұр ғой. Байдың дәурені жүріп тұрған кезде, «аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін» деген мақалды айтса, енді мына заманда осы мақалды кедейге қолдануға керек. Рас па осы?
— Рас.
— Сонымен,— деді Мырзағазы,— мен сенін, есіп келе жатқан бағыңа көлденен, тұрайын демеймін, бағың өсе берсін, сонымен қатар, мен сенің ең алдымен тіршілігіңе тілектес кісімін.
— Рахмет.
— Қайталап айтам,— деді Мырзағазы,—- сен менімен бірге ауылға қайт.
— Е, неге? — дедім мен, оның осынша жабысқан мәніне түсінбей.
— Туысқандық ақық, айтпайтын сөзімді айтқызайын деп тұр...— деді Мырзағазы, құбылыңқыраған кескінмен...
— Не сөз ол?
—« Заман болса ауырлады ғой, шырағым, мынау қызылдың өкіметі орыс - қазақтың байларына тырнағын қатты батырып жіберді ғой. Осыған олар шыдап отыра береді деп ойлайсың ба?
— Шыдамағанда не істейді? Мырзағазы кідіріп аз тұрды да:
— Мен ештеңесін біліп отырған жоқпын. Бірақ, жалпы қалпына қарағанда, осы бай кулак дегендердің шыдайтын да түрі жоқ сияқты. Жаман айтпай жақсы жоқ, ертең бүліншілік туа қалса, қосақ арасында боп кетіп жүрме!..
— Бай кулактың қарсылығы дегеннің не екенін көрдік, Мырзағазы ағай,— дедім мен, оның сөзіне мән бермей,— ондай қарсылықпен қайда ұзап бара алады олар?
— Егер, үлкендеу жанжал шықса ше?
— Қандай жанжал?
— Шырағым - ай,— деді Мырзағазы кейіп,—- енді не дейін саған!.. Барымды айтып болдым. Туысқандық қарызымды өтегендігім бұл. Түбінде, әлдеқалай жаманат туып кетсе, маған обалыңды артпа!
-— Әрине,— дедім мен.
Сол күні Мырзағазымен қоштастым да, Қызылжарға беттеп жүріп кеттім. Былай шыға ойлансам, Мырзағазы сөздерінің астарында ауыр зіл бар сияқты. «Әлде бай-кулактар көтеріліс жасауға жинала ма екен?.. Мырзағазы соны сөзді ме екен?..» деген қауіп кіреді менің ойыма. Жолшыбайғы жүріс, бұл ойды қалыңдата түсті. Өткен жазда ғана «қойын сойып, қолын қусырып» дегендей «құрметпен» қарсы алатын байлардың көпшілігі енді теріс қарап амандаспайды, біреулері тығылып қап көрінбейді, енді біреулері келе жатқаныңды естісе қашып кетеді. Реті кеп қона қалсаң, елеулі тамақ бермейді. Ал, орыс селолары мен станицаларында, тамақ тауып ішу — қиямет. Кедейде өзінен артылар тамақ жоқ, көбі аш отыр, ал, байлар өліп бара жатырмын десең су татырар емес. «Тамақ сат» десең, «бар тамақты өзін, жинап алған жоқпысың, аштан өлгелі отырмыз, бізге өзің бер!» деп кекетеді. Олар үсіп өлгелі тұрсаң үйлеріне де қондырмайды... Ең қиын мәселе — ылау. Ауылдарда да, селоларда да нарядщик аталатын, өкімет қызметінде жүрген адамдарға ылау даярлауға тағайындалған адамдар бар, тәртіп бойынша, олар күн сайын байдан байша, кедейден кедейше ат байлатып, шана -сайманымен даярлап тұру керек. Бірақ, іс жүзінде, не селода, не ауылда, байлаулы тұрған ат та, даяр шана - сайман да болмайды. Бары,— нарядщиктің қолындағы, кезекпен ылау тартатындардың тізімі. Ен, алдымен нарядщиктің өзін табу қиын. Ол, әдетте үйінде болмай, әлдене жұмыстарға кеткен адам боп шығады да, іздегенде әрең табылады, кейде, табылмай ерте келген ауыл, селода амалсыз қонып қаласың. Әдетте, ауылдағы нарядщиктің көпшілігі байлардың құйыршықтары болады. Нарядщиктер ылаудың кезегін де дұрыс жасай бермейді.— Тәртіпте — бай — байша, кедей — кедейше көлік санына қарай тартуға тиісті болғанмен, байдың да тартатыны бір ылау, кедейдің де тартатыны бір ылау.
Қазақ байының айтары:
— «Жылқымыз даладағы тебінде, қолға жалғыз-ақ ат ұстап қалдық. Бір атқа бір-ақ кезек. (Әдетте, ол аттың өзін де ылау мінетін кісі келсе тығып тастайды).
Орыс байының айтары:
— Көлігіміздің бәрін Продотрядтар егін соғу, егін тасу жұмысына алды, ылау керек болса, солардан барып ал. (Олар да қолда бар көлігін жасырып ұстайды).
Кедейлердің айтары:
Жалғыз көлігіміз бар, өзі арық. Оны кезегі келгенде береміз. Ал, біздің кезек, түтін есебімен емес, ат есебімен келуге керек: он аты бар,— он рет, бір аты бар, — бір рет. Басқаша тәртіпке біз көне алмаймыз. Бұл ауылда, не селода, кімде қанша көлік барын кім көрінген алақаныңа қондырып береді. Берілген ылау, әдетте арық болады. Мезгіл — қыс. Қар қалың. Ауыл, селолардың арасында жүргінші аздықтан, жол нашар, көп жерде жоқ. Сондықтан, мінген көлігіңнің аты ылау болмаса, сен түгіл, жегілген шананы да зорға сүйреп, көбінесе ылаушы екеуін, оппа қарға малтығып жаяу жүресің. Қиналған жүрістен бұрқыраған буың аспанға көтеріледі. Жұрттың айтуынша, сол жылғы қыс өте суық. Бірақ, жастық па, әлде дағдылану ма — аяғымда жіліншігімді шұлғауымен ораған солдаттық бәтеңке, бұтымда солдаттың тар мата шалбары, үстімде етегі жырық шолақ ақ тон, басымда сукнодан тігілген төбесі шошақ шлем болғанмен, уақыттың көбін далада оздырып, далада қонғанмен, осы жұқа киім,мен тоңып көрген емен. Қайта, ол, жүріске ықшам, оңтайлы... Бірақ, мен ғана емеспін, мұндай жеңіл киіммен жүрген. Продотряд адамдарының көпшілігі осындай киімде. Мысалы,— Мұхамметжан Айтпенов. Омбыда, интеллигенттік семьяда, орыс гимназиясында оқып өскен, арық ұзын бойлы, қоңыр кескінді бұл жас жігітті мен Орымбай, Майкөт аталатын екі ауылдың арасында, жол үстінде жолықтырдым. Оны Мешітпайдың Балапаны дейтін бай адам ылаулап алып келе жатыр екен. Қарсы алдымыздан ұшырасқан олардың аты екпіндей желіп келе жатты, біздің атыңыз, — ілбіп әрең келеді. Бізге жақындай, танауынан буы бұрқыраған семіз атпен олар жолдан бұрылып өте шыққанда:
— Сәбит! — деп дауыстап қалды Мұхамметжан.
— Мұхамметжан! — деп қалдым мен.
Жолдан оппа қарға бұрылған шана аударылып кетті ме, әлде, әдейі құлады ма — жантая берген шанадан Мұхамметжан аунап түсті де, тоқтай қалған маған қарай жүгірді, үстінде жұқа шинель басында шлем, аяғында пима... Екеуміз құшақтаса кеттік... Мұхамметжанды мен 19-жылдын, күзінде Омбыда көргем. Оның әкесі — Мұқан Айтпенов, саяси қылмыспен Колчактың абақтысына жабылып жүретін. Кейін естуімше, Мұқан большевиктерге тілектес қана болмаса, дәл революциялық істерге араласпаған. Мұхамметжан ол кезде жас. Совет өкіметі Омбыда 1919 жылдың ноябрь айында орнайды. Сол жылы он сегізге толған Мұхамметжан комсомол қатарына кіреді де, комсомол ұйымы оны продразверстка жұмысына, Пресновкадағы продотрядқа жібереді. Осы қызметінде жүрген онымен, қыс басында жолығысып қалғам, екеуміз дос боп үлгергеміз. Құшақтасып амандасуымыз сондықтан. Ол менімен дірілдеген денемен құшақтасты. «Мұнысы несі?!» деп ойласам, қалшылдап тоңып тұр екен. Тоңбағанда қайтсін: күн үскірік суық, киімдері жұқа, әрі шүберек, өзі мұндай жайды көрмей, жылы жағдайда өскен адам... Ал, қасындағы биік, жуан денелі Балапанның аяғында қазандық қызыл шұбар пима, сыртында үлкен қасқыр тұлып, басында сары барқытпен тыстаған түлкі тымақ!..
Мұхамметжанға:
— Мынауың не мұншама суықта, осынша жұқа киініп?! — десем:
— Басқа киімім болмаса не істейін — дейді ол. Өзі жағынан түгі шығып, тісі тісіне тимей дірілдеп ұшып барады...
Бұрын танитын Балапанға мен қатты сөздер айттым:
— Не деген, төрт аяқты ит едің сен? — дедім қасыма кеп амандасқан оған,— өзің осынша жылы киінгенде, мына жігітке үйіңнен, тым болмаса жылылау ескі күпі берсең нетті?..
— Салсынып сұрамаған өзі,-— деп Балапан қалжыңдайын деп келе жатыр еді.
— Оттама, сен! — дедім мен оған тікіленіп,— шеш үстіңдегі қасқыр тұлыпты...
Сөзімді әлі де шын көрмегендей, ол шешіне қоймап еді, мен он, мықынымда байлаулы жүрген наганды кабурынан суырып ап, тура кеудесіне ұсынып:
— Шешесің бе, жоқ па? — дедім ақырып. Қорқып кеткен Балапан:
— Шешейін, шешейін,...— деп тонын сыпыра берді.
— Қайтесің, соны!—деп Мұхамметжан ұялған болып еді:
— Мұндай ар-ұяты жоқ хайуандарға осылай күш жұмсамасаң тыңдамайды, — дедім мен.— Шешсін тұлыбын. Үстіне киіп ал.
Шешілген тұлыпты Мұхамметжан киіп алды. Балапан онсыз да үсінер емес екен: ішінде камзолша түлкі ішік, белін қызыл жібек белбеумен орай - орай тас қып буып апты... Балапанға мен жай өшігіп тұрған жоқпын. Естуімше, 19 жылдың күзінде, ақтар мен қызылдар осы арада сапырылыса соғысып жатқан кезде, ақтардың қамауында қалған қызылдың екі адамы аулына келсе, Балапан пана болудың орнына, екеуін де өз қолымен өлтірген. Мен оған сол қылмысын айтып ем, танған, қорыққан болды, бірақ түсі тым ызбарлы. Егер қолынан келсе, Мұхамметжан екеумізді осы арада қылжита салғандай түрі бар... (Бұл мақсатына ол иттің, баласы жетіп, одан бірер ай кейін болған кулак пен байлардың көтерілісінде, сол маңайда әлі қызметте жүрген Мұхамметжан Айтпеновті тірідей ат құйрығына сүйретіп өлтірушілердің, бірі болғай). Балапанның қасқыр тұлыбын кигеннен кейін, Мұхамметжан лезде жылынып, ажарланып жүре берді.
— Сен, атыңа бара тұр,— деді ол Балапанға.
Балапан атына жөнеле бергенде:
— Сенің де атшың бара тұрсын,— деді ол маған.
Екі атшы кетіп оңаша қалғанда:
— Пресногорьковтың, разверсткасы орындалғанын газеттен оқыдым,— деді ол,— ал, біздің Пресновта хал нашар, әлі планның, жартысын да орындаған жоқпыз.
— Неге?
— Партия және комсомол ұйымдары әлсіздеу...
Бұл сөзіне толып жатқан фактыларды айтты.
— Ал, казачествоның кулактары мен қазақтың байлары,— деді ол,— бұл арада өте жаман пиғылда. Олар прод отрядтың адамдарын әр жерде өлтіріп те жатыр...
— Өзімізді де анау Мешітбаев сияқты бір бай, бір жерде қапымызды тауып шоқшита ма деп қорқамыз,— деп Мұхамметжан қалжыңдаған болды, бірақ зорлықпен бетін күлдіргенмен, көз жанарында зор қауіптің, дауылы бұрқырап тұр...
Мұндай қауіпті мен жолшыбай талай жерден естідім. Сондағы ойым: «ондай күн тумағай да!.. Ал, туа қалған күнде, Айтпенев Мұхамметжан сияқты мемлекеттік қауырт істерді орындап жүргендердің халі нешік болмақ!..» Жолшыбай тағы бір аса ренішті хабар естідім. Жол түсіп Пласкеуге соқсам, Андрей Жароков үйінде екен. Ол Явленкодағы Райпродкомның комиссарының орынбасары боп, осы маңайдағы селоларда продразверстка жұмысын басқарады екен. Амандықтан кейін мен одан Жақып Қыстаубаевты сұрасам:
— Жақында Петропавлдан милиция кеп ұстап әкетіпті,— дейді.
— Не қылмыспен?!
— Байлардың жаласымен деседі...
— Қандай жала?
— «Кісі сабады, әйелді зорлады, нәрсемізді тартып алды...» деген сияқты арызды Петропавлдағы заң, орындарына байлар Қыстаубаевтың үстінен жаудырса керек, өкімет оны сол арыздар бойынша ұстаса керек.
— Ойбай-ау, ұстардан бұрын тексеріп алмай ма екен, әуелі?
— Мен де солай ойлаймын,— деді Жарков,— тексермей, томаға тұйық ұстап әкеткеніңе қайран қалам!
— Өзіңіз қалай деп ойлайсыз?—дедім мен, — Жақыптың атаған қылмыстарды жасағаны рас па, өтірік пе?
— Өтірік! — деді Жарков.— Жақыпты мен жақсы білем. Ол кристалдай таза коммунист.
— Осыны өкімет орнына неге айтпайсыз енді?
— Қол тимей жатыр соған. Продразверстка жұмысынан сіңбіруге уақыт жоқ. Жуырда бір жұмыспен Петропавлға бармақпын, сонда тиісті орындармен сөйлеспекпін.
— Ал, енді бұл,— дедім мен.— Совет өкіметінің ісі емес, өкіметтің ісіне алдау жолмен кірген алашордашылдардың ісі. Мен оларды Қызылжарға бара әшкерелеймін.
— Істеу керек, соны! — деді Жарков,— партияның адал ұлын, байлардың жаласынан арашалау керек.
Мен әрі қарай жүріп кеттім. Жолда маған Баймағамбет Ізтөлин кездесті. Ол Есіл бойындағы бірнеше болысты аралап келе жатыр екен. Одан да мен ауыл, село арасындағы тап тартысының, әсіресе продразверстка маңындағы тартыстың нелер шиеленіскен түрлерін естідім. Жолшыбайғы ауыл, селодан ылау алудың қиыншылығын бірдей көре отырып, біз іңірде, Қызылжардың батыс жағында, он бес шақырым жерде тұратын Арханскийге келдік. Одан да ылауды қиындықпен алып, түн ортасы ауа аттандық... Боран түтеп тұр, әрі үскірік аяз... Бізді қартаңдау орыс шалы алып шықты. Аты мықты сияқты, бірақ айдаусыз жүрмейтін шабан. Аттанғаннан кейін:
— Кімсіңдер? —деп сұрағанда:
— Мұғалімбіз,— дегеміз шалға.
Шал сақтана сұрау беру арқылы, біздің Советке көзқарасымызды білуге тырысқан қалпын көрсеткен. Шалды да сынағысы келгендей, Ізтөлин Советке қарсы сөздерді айтып, шалды біраз емексітіп алған. Тегі, ол, ақ көңілдеу шал болу керек сондықтан, Баймағамбеттің қасақана айтқан сөздеріне сеніп қап, өз сырын да көйіте бастады. Ол Советке барып тұрған қарсы шал екен. Сол сырын біраз ақтарған ол:
— Советті біз бұлай жібермейміз,— деп қалды, бір мезетте,— оны ауыздықтаймыз!
— Қалай сонда?
— Осының бәрін істейтін коммунистер, сондықтан, ең алдымен, коммунистердің көзін жою керек!
— Рас айтасыз,— деді Баймағамбет,— міндетті түрде сөйту керек. Бірақ осыны қалай істейміз...
— Өлтіру керек... и все!...
— Қалай өлтіреміз, сонда?
Сұраудан күдік алып қалды ма әлде қалай өлтіру өзіне де мәлім емес пе,— шал жауап бермей тұтығып қалды... Одан әрі әурелегенмен, шалдан ештеңе шыққан жоқ. Біздің қақмақылдап берген сұрауыңызға шал расында күдіктенді ғой деймін.
— Жетеді, мылжыңдауымыз! — деді де, одан кейін тұмсығын тонының биік жағасына тығып үндемей қойды.
— Байқаймысың, Баймағамбет!—дедім мен, шалдың үні өшкеннен кейін, —коммунистерге таянып келе жатқан бір зор қауіп бар-ау, тегі?
— Маған да солай! — деді Баймағамбет...
Одан әрі боран да, ой да қалыңдай түсті.
КОММУНАРЛАР
Баймағамбет екеуміз, Жақаттың Сәдуінің үйіне түстік. Бұл үйге өткен жаздағы курста оқыған кезде үйір болғамыз. Арықтау денелі, ұзындау бойлы, басусыз қалыңдау қара мұртты, жасы со кезде елулерді орталаған Сәдудің де , оның әйелі Ғарифаның да жайдары, кішіпейіл мінездері бізге ұнаған. Өзіндік кішіректеу келген екі бөлмелі ағаш үйі бар, мал атаулыда, жеңіл жүкті тасып кәсіп істейтін арбалы жалғыз аты бар бұл үйдің тамағы тоқ, көйлегі көк болатын. Бала атаулыда, жасы со кезде он бір, он екідегі бір көзі соқыр жалғыз ұлы бар. Кеңесшіл Сәду Баймағамбет пен менен барып қайтқан жағымыздың хал-жайын сұрастырып, қанып алды да:
— Заманның өзі қиындады ғой, шырақтарым, жуырда мына Токушин жаққа, былайғы Ешім жаққа барып қайтқан адамдардан естуімше, әр жерде жанжал шығып, тынышсыздық боп жатыр дейді. Мұның арты неге соғарын бір тәңірінің өзі білмесе, кім білсін.
Бұл сөз Баймағамбет екеумізді бұрынғыдан да елеңдете түседі. Ертеңіне мен Упродкомға барсам, жауапкер қызметкерлерінің біреуі де жоқ, «қайда?» деп сұрасам, «білмейміз» деп жауап береді қатардағы қызметкерлері!.. Ревкомға барсам, Гозак та, басқа жауапты қызметкерлері де жоқ, «қайда?» деп сұрасам, «штабқа кетті» дейді, «неге кетті?» десем, «білмеймін» деп жауап береді!..
Укомға барсам, онда да осындай хал!..
«Е, не болған бұларға?!»..
Бұл сұраудың көңілді қобалжыта түсетін қысқаша жауабын, маған Укомның шаруашылық бөлімінің бастығы Эдуард Лещинский дейтін қартаңдау жебірей жолдас айтты. Мені танитын ол, қайдан келген жайымды қысқаша біліп алды да, «р» әрпін «ғ» ғып сөйлейтін тілімен:
— Ыңғайсыз бірдеме бар сияқты,— деді кейіген кескінмен.
— Қандай?
— Бай-кулактар, оларға қосылып патшашыл элементтер дүрлігіп жүр-ау деймін, тегі!..
— Не ғып?!.
— Жанжал шығарып...
— Қойыңыз?!.
— Рас көрінеді! — деді Лещинский күрсініп.
— Қайда?..
— Оншасын білмедім... Хал аса ереуілді түрде сияқты... Бандитизм басын көтеріпті. Белең алдырмай оны басу керек. Сол жайында сөз боп жатыр ғой деймін...
— Қайда?
— Штабта.
— Ол қайда?
— Думская көшесі, жиырмасыншы үйде болу керек.
«Думская — 20» маған белгілі үйлердің біреуі боп шықты. Қаланың батыс жағындағы көшелерінің біреуіне салынған бұл үйге кездескен сайын мен қызыға қарап өтетінмін. Биіктігі екі қабат, кең терезелері доғаланып иіле салынған, сырты сарымен боялған, қарама-қарсы бұрышында мешіті мен медресесі бар, бір жақ бұрышында кең дүкені бар, орамының айналасы темір торлы шарбақпен қоршалған, үйдің де мешіт-медресенің де, басқа - қопсылардың да төбелері қаңылтырмен жабылып, жасыл бояумен сырланған, орамын айнала, қорасының ішін толтыра қолдан тіккен ағаштар ескен бұл үйің архитектурасының сұлулығы, Қызылжардың басқа үйлерінің біреуінде жоқ.
— Кімнің үйі бұл? — Деген сұрауға:
— Хамит хажы Янгуразовтың үйі,— деп жауап беретін, тұрғын адамдар.
— Ол кім болған?
— Осы Қызылжардың атақты байларының біреуі болған...
Сол үйде штаб бар дегенге таялып келсем, алды бықыған көп адам екен, ішінде менің жолдастарымнан Баймағамбет Ізтөлин, Оспантай Қашағанов, Мұхамметжан Бейсенов, Жанұзақ Жәнібеков, Ояздық, оқу бөлімінің инструкторы Қожахмет Бейсенбин шешесі татар, әкесі қазақ, Ревкомның инструкторы,— Хасен Маназаров жүр, бір жерде ұзын бойлы Зәбировтің де басы көрінеді, және тағы бірнеше таныс адамдар бар. Баймағамбет пен Қожахмет менің алдымда маған келген екен, сондықтан:
— Бұ не?! —деген менің, сұрауыма:
— Өзіміз де білмейміз, — десті олар,—бар білетініміз,— коммунистер осы үйге кеп регистрацияға кіріп жатыр.
Регистрация қораның ішіндегі екі бөлмелі флигельде екен, оған кіріп-шыққан адамдар иін тіреседі. Біз де сығылыса кезекке тұрып, регистрация столының шетіне, бірер сағатта әрең жеттік. Регистрацияны жүргізіп жатқан әскери киімдегі екі жігіттің сұраулары қысқа: «Фамилияңыз? Өз атыңыз? Әкеңіздің аты? Туған жылыңыз? Партияда мүшесіз бе, кандидатсыз ба? Мүшелік билетіңіздің я кандидаттық, не тілектестік карточкаңыздың номері? Қай жерде, қай ұйымда, қашан берілген? Патша өкіметінің армиясында қызмет еттіңіз бе? Егер қызмет етсеңіз қатардағы боп па, офицер боп па? Ақтар армиясына қызмет атқардыңыз ба? Қызыл партизан дар отрядында болдыңыз ба? Қызыл Армия да қызмет еттіңіз бе? Егер етсеңіз, — атағыңыз? Қазір қай мекемеде, кім боп қызмет атқарасыз? Қазіргі адресіңіз?» Осы сұрауларды ол ауызша береді де, тұрқы ұзын сары қағазға сызылған графалардың бойын өз қолынан толтырады. Регистрацияға алып болғаннан кейін:
— Сіз боссыз,— дейді ол.
— Не туралы, бұл регистрация?—деген сұрауға:
— Онда жұмысыңыз болмасын,— деп қысқа жауап қайтарады да, сіз сұрауыңызды қайталасаңыз,— қызмет атқаруыма бөгет болмаңыз! — деп жекіп тастайды.
Баймағамбет екеуміз штабтан пәтерімізге қайттық. Жолшыбайғы кеңесіміз — бүгінгі хал. Менің Лещинскийден естіген сөздерім Баймағамбетке жаңалық болды. «Ендеше, әлгі регистрация орнына неге хабарламадың ол халді?» деп таңданды ол. Оның сөзін мен де қостадым. Әзірге жарияланбағанмен, жан-жақта бандылар барын қала халқының пыш – пышынан -ақ естиміз, бірақ, олардың айтуынша, бандылар әлі өзара ұласпай, әр жерде аз адаммен топталып, қашып жүр, көз келген жерлерде Совет қызметкерлерін өлтіріп жүр... Жалпы хал солай болғанмен, қалада да, мекемелерде де тыныштық. Ертең не боларын білмегенмен, әрбір мекеменің қызметкерлері мерзімді уақытта орындарынан қозғалмайды, бірақ бәрі де сөзге аса сараң өзін, сұраған бірдемеге қысқа ғана жауабын береді де, артық сөз айтпайды. Ояздық мекемелердің біз білетін бастықтарынан бірнеше адам бұл күндері қалада жоқ. «Қайда?» деп сұрасаң, сыр айтқысы келмегені «білмей.мін» дейді де, сенетін біреулері, «Омбыға кетті» дейді... Маған не Гозак, не Соколовтың қалада болмауы аса өкініш. Егер олар болса, мен Жақып Қыстаубаевтың жұмысын сөйлесер едім де, мүмкін болса шығартып алар ем. Олар қалада болмағандықтан, мен заң мекемелеріне барам. Ояздық қала — Петропавлда ол кезде заңның үш мекемесі бар: Убюст — Уездное бюро юстиции — Ояздық заң істерінің бюросы, Совнарсуд — Советтік халық соты, Ревтрибунал — революциялық трибунал. Мен мұның үшеуіне де бардым. Убюст,— «біз заңды зерттеуші не іске асырушы мекеме емеспіз, тек, бақылаушы ғана мекемеміз»,— деп жауап береді, Совнарсуд — «біз тек зерттеліп біткен істі ғана қараймыз»,— дейді, Ревтрибунал,— «біз соғыстық немесе революцияға қарсылық істерді ғана қараймыз»,— дейді. Бұл үш жақтан істің ұшығын таба алмай, істің өзі қайда жатқанын іздесем, Уголовная розыскада жатқан боп шығады. Жақыпты ұстап әкелген баяғы Семенякин екен. Ояздық розыскада жолыққан ол менімен боқтасып сөйлесіп:
— Қалай екен?! — дейді мені табалап,— кім күшті екен? Қыстаубаев па? Мен бе? Мен оны абақтыға қамап қойдым, одан Қыстаубаев енді тірі шықпайды.
Семенякинмен дауласудан шығар нәтиже жоғын көрген мен, розыска начальнигіне сөйлессем, ол да:
— Немене, сен, қылмыстыны жақтап? Жоғал, көзіме көрінбей!.. Әйтпесе, өзіңді де қамап қоям,— деп едіреңдейді... (Аз күннен кейін білдім, — Семенякин сияқты, ол да бандылар жағына шығып кетіпті).
Абақтыға барып, Жақыптың өзіне жолығайын десем, қаладағы жағдайдың салдарынан, абақтыдағы адамдармен қатынасуға қатты тиым салыныпты... Сол сандалумен екі-үш күн өтті. Қаланың халі ауырлай түсті. Үшінші күні, қалалық гарнизонның штаб начальнигінен «бүгіннен бастап қалада соғыс халі, кешкі сағат 9 дан кейін пропуокасыз кісіге жүруге болмайды, жүрген кісі тұтқынға алынады» деген бұйрық жарияланып, көше - көшені бойлай діңгектерге, үйлердің заборларына жапсырылды... Сол күні Сәду мен Ғарифа Баймағамбет екеумізді ортаға алады да, қосарлана сөйлеп ақыл айтады.
— Хал-жайдың неменеге айналып баратқаны мәлім болды, шырақтарым,— дейді олар,—«есің барда етегіңді жап» депті. Достық көңілден айтамыз, тұтанғалы тұрған өрттен бас сауға қылуларын жөн болар.
— Сонда қайда барамыз? — дейді, мінезінде қулану салты бар Баймағамбет, қуланғанын сездірмей, шынын айтып отырғандай кескінмен.— Біздің ел бұл арадан алыс, танымайтын ел бізге баспана бола ма?
— Ол рас қой, — дейді Сәду Баймағамбеттің сөзін шын көргендей, тек, жасырынуға ризашылық беріңдерші, ел - жұртпыз ғой, жан сақтаудың амалын ойлап көрейік.
— Жаныңыз ашып айтқан сөзге көп рахмет, Сәду ағай,— деді Баймағамбет, енді расына көшіп,— бірақ, жасырынуға болмайды ғой, ағай. Туған ауылымыз осы маңда таялып тұрса да, қашып барып тығылуымыз ұят қой...
— Неге?! — дейді Сәду.
— «Адамгершілік» деген бір зор сөз бар ғой, ағай. «Ар», «намыс» деген екі үлкен сөз тағы бар ғой, бойыңда осы үш сөздің басы қосылса, оларды басқа қалай тебе аласың? Біз коммунист партиясына мүше боп жазылдық. Ешкімнің зорлауымен емес, өзіміздің, ықтиярымызбен. Ендеше, осы партияның ыстығына да, суығына да ортақ болуға тиісті емеспіз бе? Олай болмай, Абай айтқандай, «күн ашықта мойында, күн жауғанда қойында» болсақ, бізде адамгершілік, ар, ұят деген бола ма? Әрине, болмайды. Ендеше, сіздің қамқорлық жасап айтқан сөзіңізге кеп рахмет,— дейді Баймағамбет.
Бауырмал мінезді Тарифа жеңгей қамқор сөзін қайталағысы келгенмен, ойлы Сәду, «ім-м-м» деп мұрнынан ықылдаңқырап отырады да:
— Сөз қысқарып қалды ғой, Ғарифа, «өнбейтін дауды, өспейтін ұл қуады» деп, несіне қайталайсың. Айтпасақ кінә бізден. Айттық — көнбеді. Ендігі тілек—бұл балалардың әрдайым аман болуында да!
Ол күні біз ұзағырақ отырып, түн ортасын еңсеріп барып жаттық. Сәду ағайдың аздап ішетіні болатын. Баймағамбет пен мен де «ол судың» дәмін татып көрген кісілерміз, сондықтан, жатар алдында Сәду әйеліне «әлгі біреуді әкелші, жұтып жатсақ, жақсы үйықтармыз» деп жарты бөтелкелік «ақ жорғаны» алдырған да, бір-бір жүз граммнан қағып жатқамыз. Соның әсері ме, әлде, кешірек жатқандықтан ба, аса қатты ұйықтап қаппыз. Бізді терезе қаққан әлдекімнің дүбірі оятты. Үйдегі бар жан шошынғандай басымызды көтере түрегелсек, терезе қақпалары жабылған, үйдің іші қара көлеңке екен.
— Бұ неғылған мезгілсіз қағыс?— деп Сәду түрегелді де,— кім бар онда?—деп, терезеге барып дыбыс берді.
— Ізтөлин Мұқанов осында ма?— деген сөз естілді ар жақтан.
— Осында! — деп дыбыс берді.
— Штабқа шақырады,— деп жауап берді сырттағы адам.
— Қазір барамыз,— деді Баймағамбет.
Сырттағы адамның салт келгендігі, шаба жөнелген аттың тұяғы мен сықырлаған қардың дыбысынан байқалды.
— Ал, балалар,— деді Сәду мен Ғарифа, біз киініп болғаннан кейін қосарлана сөйлеп, кездеріне жас ап, дірілдеген дауыспен.— Амандықпен көрісейік, басқа не айтайық!..
Тысқа шықсақ, таң жаңа бозарып келеді екен. Ауа райына қарағанда бүгін ашық болатын түр бар. Думская — 20-ға келсек, үйдің алды мен қораның ішіне топталған адамдардың саны регистрация күнінен әлдеқайда көп. Бәрі де ықшам киініп, белдерін буынған, қабақтары қатыңқы, түстері суық... Біз қораға кіре, «тыңдаңыздар!» деген зор дауыс саңқ ете қалды. Сапырылысқан көпшілік тына қалған кезде, бір биікке Соколов көтеріле берді. Ол қазір бұрынғы азаматтық киімдерінің бәрін тастап, қызыл командирдің киімдерін киіп апты, сондықтан ба, әлде, бүгінгі зор оқиғаның салдарынан ба,— оның кескіні бұрынғысынан әлдеқайда сұстанып кетіпті.
— Жолдастар! — деді ол, биікке көтерілгеннен кейін жан-жағына қарап ап,— патшашылардың, ақ гвардеецтердің үгітіне еріп, кулак пен байлар Совет өкіметіне қарсы көтеріліске шықты. Көп жерде олардың үгітіне кедей крестьяндар да алданды. Қазір олар аса қауіпті қалың күш боп алды. Бандылар жергілікті коммунистер мен активтерді қапыда басып өлтіріп жатыр. Телеграф хабарына қарағанда, бандылар көтерілісі Петропавл оязын түгелімен, Ешім оязының бергі бетін, Қорған оязының күнгей жағын, Қостанай оязының шығыс жағын, Көкшетаудың теріскей жағын, Омбы оязының батыс жағын қамтыған көрінеді. Ақ гвардеецтердің және революцияға қарсы тағы басқа элементтердің бұл көтерілісті ұзақ уақыт ұйымдастырғандығы мәлім боп отыр. Мақсаты — ақтар өкіметін құрмақ. Таратқан листовкаларында, олар «Россияның өзге жерінде Совет өкіметі құлап боп, жалғыз осы тұста ғана қалды» депті. Ол, әрине жалған сөз, жұртты соңына ерту мақсатымен айтылған сөз. Расында, бандитизм осы маңайда ғана шықты. Бірнеше жерде коммунистер мен бұрынғы фронтовиктер кедейлерді ұйымдастырып, партизан отрядтарын құрып үлгіріпті. Олардың бандылармен күресіп жатқан хабарын алдық. Бірақ, қауіп аз емес. Большевикше ашығын айтқанда, біз — Петропавл коммунарлары бандылардың қоршауында қалып отырмыз. Қаланы құрсаулаған бандылар, айнала шабуыл жасап бері жылжып келеді... Егер, ішкі мүмкіндігімізді ұйымдастыра білмесек, қашан Шығыс пен Батыстан Қызыл Армия бөлімдері кеп бандылар қамауынан бізді құтқарып алғанша, өте қиындыққа ұшырайтын түріміз бар, сондықтан, тығыз шаралар қолдануымыз керек...»
Соколов одан әрі, бандылармен күреске шығатын отрядтардың қалай құрылу жағдайын айтты. Қалалық гарнизонның қарамағында екі полк әскер болады екен, олардың бір жүйесі қалаға шабуыл жасап келе жатқан батыс жақтағы бандылардың алдынан кеткен бір жүйесі Омбы жақтан шабуыл жасап келе жатқан бандылардың алдынан кеткен... Өзге жақтан шабуыл жасаған бандыларға төтеп беретін ЧОН отряды ғана. Соколовтың айтуынша қалада үш жүз елуден астам коммунист бар көрінеді, солардан үш отряд құрылуға тиісіп, бас командирі — өзі. Үш отрядтың бірі құрылып үлгірген де, оны Гозак басқарып өткен түні бандыларға тойтарыс беру үшін Ешім жаққа жүріп кеткен. Қалған адамдар екіге жүйеленетін болды: бір жүйесі бұрын әскерлік қызметін атқарғандар енді біреуі — атқармағандар. Соколовтың мәліметі бойынша соңғы жүйелі адамдардың саны да жүзге тарта бар. Олар осы сағаттан бастап әскерлік дайындыққа кірісуге тиісті. Қай отрядтың майданға қашан жіберілу ықтияры штабта... Хал-жай айқындалғаннан кейін ЧОН адамдарына түгендеу бола бастады. Кеше регистрация жұмысын басқарған ұзынша ақ сұр жігіт, биік орынға шықты да, қолына ұстаған тізіммен кімнің бар, кімнің жоғын тексеруге кірісті: «Томбовцев бар ма?» деп айғайлады ол. «Бар» деген дауыс естілді топтан. «Расторгуев?», «бар». «Бурадин?», «бар». «Страднина?», «бар». «Гафтель?», «бар». «Винокуров?», «бар». «Гуськова?», «бар». «Соколова?.. Маназаров?.. Қашағанов?.. Бейсенов?.. Трай?.. Контарович?.. Ізтөлин?.. Дубинина?.. Кияшько?.. Матросов?.. Бейсенбин?.. Паули?.. Яйлов?.. Базарбаев?.. Коновалова?.. Аппель?.. Данилов?.. Алданазаров?.. Павлов?.. Муратов?.. Расулова?.. Шишкин?.. Дорский?.. Апсалямов?.. Бляхман?.. Азвалинская?.. Кинцбурнер?.. Анна Гофман?.. Павлов?.. Гричешко?.. Лотайко?.. Лещинский?.. Ромащук?.. Куппершмидт?.. Матрос?.. Дуров?.. Филькеңберг?.. Роза?.. Хмель?.. Безухов?.. Ситников?.. Яронин?.. Веренько?.. Безимянный?.. Фонвизин?.. Стенькова?.. Еронин?.. Мисшта?.. Прохоров?...» Тізім ұзақ жарияланды. Әркім өз атын естігенде «бар, бар, бар...» деп дауыс беріп тұрды, тізімде аталғаннан жоқ адам естілмеді. Тізім тексеріліп болғаннан кейін, топталған адам роталарға, взводтарға, отделениелерге беліне бастады. Біздің отделениенің командирі талай майданды басынан өткерген татар Нұролла Янбаризов, взводтың командирі Хасен Маназаров, ротаның командирі Шахизаман Зәбиров. Біздің ротаның тең жараға жақыны татар, қазақ, башқұрт және тағы бірнеше ұлттардан құралды. Бөліну жұмысы біткеннен кейін бәрімізге де тізіммен қару берілді. Қатардағы жауынгердің алатын қаруы бір ғана винтовка. Менің де үлесім сол. Баймағамбетке «Смит - Вильсон» пистолеті тиді, Маназаровқа наган, Зәбировқа маузер берілді... ЧОН отрядының адамдарында киім ала-құла — кім үйінен не киіп келсе, со қалпында сапқа тұрады. Мысалы, Қожахмет Бейсенбиннің үстінде кең, қолтық, ұзын жең, салпы етек қазақша тіккен түйе жүн күпі, басында жекей тымақ; менің аяғымда баяғы солдат ботинкесі, шалбарым мен тоным да сол, тек, басыма ұзын құлақ қоян малақай тауып кидім; Баймағамбеттің аяғында саптамалы қазақы етік, басында құлақшын, үстінде әкесінен сұрап алған қазақылау сары тон; заводтан, типографиядан, фабрикадан, темір жолдан тағы сол сияқты орындардан келген адамдардың әрқайсысының үстінде өз кәсібіне лайықты көнетоз киімдер... әйелдердің көпшілігінде шолақ тон мен пимадан басқа жылы киім жоқ, біреулерінің басында құлақшын, біреулерінің басында шәлі... Кейбіреулерінің аяғында солдаттық етік... Біз әскерлік әзірлікке кірістік. Біздің, бөлімнің адамдарынан үйренуге ең олағы екі кісіміз: бірі — мен, бірі — жасы со кезде елулерге келген Жылқыайдар Базарбаев. Ол былғары заводының жұмыскері. Жалғыз баласы Хафизді 1918 жылы ақтар комсомол болдың деп азаппен өлтірген. Жылқайдардың өзі 1917 жылдан партия мүшесі, мінезі — өте момын, жас күнінен орыс жұмысшыларының арасында қызмет атқарғанымен, орыс тілін өте шалағай сөйлейді. Бұдан бұрын ол әскерлік ойынды ешуақытта өтіп көрген жоқ екен. Мен де сондаймын. Екеуміз «на право» мен «на лево» дегеннің өзін көпке шейін аңғара алмай, оқиға көтер деген мылтықты солға көтеріп, сол аяқтың орнына оң аяқты басып, қасымыздағы жолдастарды жүрістерінен шатастыра бердік... Біздің бұл қимылымызға Баймағамбет әуелі күле қарап жүрді де, артынан ұрсуға айналды; ал, жайшылықта ойыншыл Хасен Маназаров, взводтың командирі болғаннан кейін темірдей қақиып, мүлт өткен жеріңді көрсе ақыра сөйлейтін болды. Сондай қатаңдықтың салмағы батқандықтан ғой деймін, бір күні демалыс уақытында Жылқыайдар ағай, қоршаған жұртты шектерін қатыра күлдірді.
— «Нош не спаю, день не хохахаю» деді ол кейін тұрып, әлдекімге. Онысы қазақша «күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеймін» деген сөзі. Орысшылап айтқан болғаны екен. Түзу аудара алса «ночью не сплю, днем не хо хочу» дер еді ғой.
Тілінін, келгені сол болған соң қайтсін!.. Оның «хохохаюына» күлмеуге де болмайды: әрі күлерлік сөз, әрі, күн тәулігі 24 сағаттың ең кеміне жиырмасын маршировать етумен өткізетін, ұйқы, күлкіден шынында қалған, әрі бандының қаланы алып қою қаупі күн санап қысып баратқан коммунарларға бір рет күлудің өзі қандай қымбат!.. Адам не нәрсеге үйренбейді!.. Жылқайдар ағай екеуміз де күн санап әскерлік ойынға жаттыға бастадық. Енді, біз де аяқ ала білеміз, біз де винтовканы тәртібімен түсіріп көтере білеміз!.. Біздің тамақтанатын және аз уақытқа болса да демалатын орнымыз,— миновой двордың күнгей жағындағы ағаш ішіне салынған госпиталь үйлерінде де. Таң қараңғысынан орнымыздан көтерілеміз де, бір кесек нан мен ыстық суды ішіп ойынға шығамыз. Содан түс ауғанша жүрісте боламыз да, мекенімізге кеп түстік ас ішеміз, онымыз,— капустаның сорпасы мен суға пісірген картошке ғана... Содан кейін тағы да жүріске шығып, кейде қас қарая, кейде түн ортасын аудара қайтамыз да, кешкі асты ішуге көбінесе шама келмей, жатар орнымызға мұрыннан шаншыла құлаймыз. «Қара тас ұйқың келсе болар төсек» дегендей, сабан тыққан матрац кейінде бар, кейінде жоқ темір кроватьтарға қисая кетсек, мамыққа жатқандай қатып ұйықтаймыз... Кейбір түндері тревога боп жүреді. Алғашқы тревогаға қорқа қалатын біз, бой үйреніп алғаннан кейін, немқұрайды қарап, қараңғы коридордың ішінде қоңырау қаққан күзетші «тревога, тревога» деп бақырып жүрсе, ести жата мыңқ етпей ұйықтай береміз. Онымызды көрген командир, «егер жау шын кеп қалса қайтесіңдер» деп, бізді сыбап кеп ұрсады. Оған да етіміз үйреніп алады... Аса шаршаған бір күндерде, тревогаға оянғаннан, жаудың кеп өлтіргенін артық көретін шақтарымыз да болады... Ұйқы қысқан бір кездерде, командирлеріміз бізбен саяси сабақ еткіземіз деп те әуре болады... Ондай сабақтың көбін біз қалғумен тыңдаймыз... Міне, сондай ауыр күндердің біреуінде бізге тревога болды. Мезгіл қараңғы түн еді. Бұны да дағдылы тревогалардың біреуі болар деп жорыған біз, мыңқ етпей жатайық деп ек, әр бөлмеге арнаулы кісі кіріп, еріксіз тұрғызды. Шала ояу қалыптағы бізді командирлеріміз клубқа арналған бөлмеге алып кірді. Қиыншылықтың салдарынан қалада уақытша сөнген электр жарығы, біздің казармамызда да болмайтын, түнгі жиналыстарды кәрәсін шамның жарығымен ғана өткізетінбіз. Клубта бүгін де сол жарығы аса күңгірт шамдар жанған екен. Жұрт ұзын тақтайдан жасалған скамейкаларға орналасқаннан кейігі, жалғыз Зәбиров қана көтерілді де, сүлдері құрыған адамдай сенделіп аз тұрып:
— Жолдастар! — деді аса ауыр үнмен.
Ар жағындағы сөздерін айтуға, Зәбировтің жасқа қақалғандығы үнінен естіліп тұр. Со қалпында ол сенделіп аз тұрды да, шинелінің қалтасындағы орамалын суырып, аз уақыт өксіп алды.
— Не болған? — деген сөз күңіреніп кетті клубтың өн бойына.
Зәбиров аздан кейін көзін орамалымен қаттырақ бір уқалап алды да, ауыр және бөлшектей сөйлеп естірткелі тұрған хабарын айтты. Оның хабарлауынша, кеше Ешім жақта бандылар Гозакты барлық отрядымен қамап алған да, көп атыстан кейін, оғы таусылған олардың тірілерін сыммен байластырып, үстіне кәрәсін құйып өртеп жіберген!.. Бұдан ауыр хабар бола ма!.. Ауырлағанда амал нешік!.. Бұл хабар, әрбір коммунардың құлағына ыстық қорғасындай құйыла, жанын сондай азаптай тұра, әрқайсысына бір ойды өз ішінде қайталата берді, ол — социалистік құрылысты орнату күресінің жолында ауыр қазаға ұшыраған жолдастарының қанын жаулардан қайтару. Бұл сөзді қайғылы коммунарлар трибунадан да айтты, — өзара да айтты, жеке де айтты... Қызметке шығуға мезгіл әлі ерте екен, сондықтан ұйқысы ашылған көпшілік клубтың әр жеріне топталып, өзара кеңеске кірісті. Сондағы айтарлары — революциялық қызметте көрген қиыншылықтарды, оларды жеңуге қолданған қайрат-жігері, айла-амалы... Бұлардың бәрі де тыңдауға қызық, бәрінде де нелер ғажап ерлік істерінің, уақиғасы жатады. Кейбіреулердің әңгімесі шындықтан гөрі ертегіге ұқсайды. Мысалы, украина ұлтынан шыққан Федот Лотайконың басынан кешкең бір ауыртпалық. Жасы отыз беске келген, биік, алып денелі ол өмірінде үйленбепті. Себебін сұрасаң: «он сегіз жасымда орыс - япон соғысына алындым, со қалыппен солдат болып жүріп, енді босанам дегенде, орыс - герман соғысы басталды, оны аяқтамай азамат соғысына араласып кеттім, қай жерде жүріп үйленем?» деп жауап береді. Партияға ол 1915 жылдан бері мүше екен. Бір қызығы — зор үш соғысты басынан аяғына дейін қолынан түгел өткерген ол, мобилизацияға солдат боп іліккен қалпынан әлі өзгерген жоқ, оның 1921 жылғы аты да «қатардағы қызылармеец»: Демобилизацияға шығам десе, оның жасы келіп-ақ тұр, өзінің айтуынша, қызмет атқаратын бөлімінің командирі өткен жылы сондай ұсыныс жасаған екен, ол қабылдамапты.
— Қайтем босанып?—дейді қулықшыл ол күле сөйлеп,—- капиталистер жер жүзінде құрымай демобилизацияға шықпаймын.
— Сен өлгенше олар құрып болмаса қайтесің? — десе:
— Онда күзетте тұрып қартаям да өлем,— дейді.
Ол өткен 1920 жылдың күзінде Қиыр Шығыстаи Петропавлдың госпиталіне жаралы күйінде емделуге жіберіледі екен. Оның ерекше қызық әңгімесі соңғы жаралануына байланысты екен.
— Япон интервенттерімен бір соғыста,— деп бастайды ол әңгімесін,— оқ тиді де құладым... төз арада талып кетіппін... Бір уақытта есімді жисам, қап-қараңғы жерде жатырмын, көзге түртсе көрінер емес... Жан-жағымды сыйпаладым да шошып кеттім,— қатарлай салған қалың өліктің арасында жатырмын!.. Үстіңгі жағымды сыйпаласам,— қаз-қатар салған бөрене!.. Енді ғана білдім, — мен өлген екем де, өзге өліктермен бірге мені көмген екен!..
— Ия, сонан соң қайттің? — дейді бірнеше кісі.
— Қайтем?.. Өліп көрмегенмен, өліктерді көруім бір бұл ғана емес. Бастан өткізген үш соғыста, талай рет өліктермен бірге түнегем...
— Оны қоя тұр,— дейді тыңдаушылар асығып,— мына соңғы уақиғаңды айт!
— Айтсам, аз ойланып жаттым. Төбеге қатарлай жапқан бөренелерді сипаласам, қолдың саласындай ғып жиі салыпты... бәрі де жуан бөренелер... оларды көтеруге, не арасынан жік ашуға мүмкін емес.
— Міне, қиыншылық! — деп қояды тыңдаушылар,— ия, сонан соң?..
— Байқаймын, өліктер қатар жатқан жер мен төбеге жапқан бөренелердің арасында, адам бауырлап жылжырлық қуыс бар. Енді үміті тұтана бастады. Ойладым: «осы қуыспен жылжып, жатқан көріміздің балшық қабырғасына жетейін» деп.
— Ия!..
— Жылжи бастадым... Қуыс аяқ-қолды қимылдатуға мүмкіндік беретін сияқты... Өліктердің иістенбеген түріне қарағанда, жуырда ғана көмілген сияқтымыз, бірақ... өліктердің суықтығы мұздай... әрі қимылдап кетсең былқ ете түседі... қанша тас жандымын дегенмен, жүрегім өрекпіп аузыма тығылады... өкпем алқынып, демімді зорға алам...
— Өйтпегенде ше?!
— Сонан қанша сырғығанымды білмеймін, жан - дәрмен дегенде,— көрдің балшық қабырғасына кеп тірелдім - ау!..
— Бәрекелде!..— деді бірнеше кісі қуана қап,— ия... содан кейін?..
— Қуануға әлі ерте,— дейді Федот, жымиып қойып.— Менде жер қазатын қару жоғын білесіңдер ме, сендер?
— Айтпақшы, сонысы бар екен ғой! Сұрамаппыз ғой, оны!.. Ештеңең жоқ па еді ондай?..
— Қару керегі өз есіме де көрдің қабырғасына жеткен соң ғана түсті. Белбеуімнен қынды пышағым қалмайтын еді, сыйпаласам, қын түгіл белбеуім де Жоқ!..
— Қап!..
— Аяғымда етігім де жоқ... Соған қарағанда, көмген жолдастар (әрине, өз кісілеріміз көмген ғой, япондар бізді онша қадірлеп көме ме, шұқырға үйіп тастап, топырақпен бастыра салмай ма?..)
— Әрине...
— Сонымен, көмген жолдастар бір сыдырғы киіммен ғана жатқызып, етік, белбеу сияқты өлікке қажетсіз киімдерді шешіп алған ғой деймін...
— Ия, сонымен не істедің?..
— Ойланып аз жаттым... «Қолыммен қазуға болар ма екен» деп, тырнағы өскен саусақтарымды салып көрсем, Сібірдің сағызданған күзгі дымқос, әрі тобарсыңқыраған балшығына батар емес...
— Міне, қиындық?!.
— Маңайдағы өліктерді сыйпалап қарасам, бәрі де мен сияқты қарусыз көрінеді... Не істеу керек?..
— Апырай десейші!..
— Ойыма бір ақыл келді...
— Ия?..
— «Ең шетке салған бөрененің бір басын төмен түсіруге тырысайын» деп ойладым, «мүмкін, сол тұстан қазып шыға алармын» деп дәмелендім... Сол оймен балшықты тырналай бастадым...
— Тырнағын, өтті ме?..
— Өткен - өтпегеніне қарағам жоқ... «Әйтеуір өлдім ғой» дедім де, тырнақтарымның ауырғанына қарамай тырналай бердім... Сонымен, қысқасы, өлдім-талдым дегенде шеткі бөрененің басын жерге түсірдім - ау!..
— Бәрекелде!.. — деп ду ете түсті бірнеше адам.
— Сендерге қуаныш болғанмен, маған қуаныш болған жоқ,— деді Лотайко, — ауыр бөрененің басы өліктердің үстіне түсті!.. Одан арғы үйілген балшықты қазайын десем, көбесінен сөгілген тырнақтарым зыр-зыр етеді...
— Сонан соң қайттің?!.
— Көрмеген сендерге өтірік, маған шын, балшықты аяқтарымның, тырнағымен, түйген жұдырығымның қырымен қазып көрдім...
— Міне қандай азап?!—десті біреулер тітіркеніп,— ар жағын айтпай-ақ, қой!..
—« Ия, солай! — десті көпшілік,— Тек шыққаныңды ғана айт!..
— Өзім де білмеймін қалай шыққанымды,— деді Лотайко, со қиыншылық басына қазір түсіп тұрғандай, қабағын қатты шытып ап,— сөздің қысқасы, қуыс тауып шықтым – ау!
— Бәрекелде! — деп шу ете қалысты тыңдаушылар.— Ия, сонан?..
— Жұлдызды ашық түн екен!.. Әрі салқын!.. Айнала қалық орман... Көсілген кең, қабыр тарындау бір алапта тұр... Кең, дүниенің ауасы кеудеме жан құйып жіберген сияқтанды!.. Бойым сергіп кетті! «Қай жер бұл? Кім бар мұнда?.. Қайда бару керек?..» деген сұрау туды... «Жарам қайда?» деп сипаласам, сол жақ қабырғам қол тигізбейді... әрі күлтілдеген ісік сияқты. Оған қарауға уақыт бар ма? Жан-жағыма қарап, жұлдыздардан батысты мөлшерлеп, «не де болса тәуекел!» деп жүріп кеттім... Қалын, орманның ішімен келе жатырмын... Маңайға құлақ түрем,— анда-санда аш тоқылдақтардың ағашты тоқылдатқан дыбысы мен бұтақтан - бұтаққа қарғыған тиіннің сыбдыры болмаса, басқа дыбыс білінбейді... Кейбір жердегі төмпелер, немесе ағаштың түбірлері аю сияқты елестеп, бойымды түршіктіре қалады...
— Оның бәрін не қыласың. Кімге жолықтың саны айт!..
— Сонымен, шым-шытырық орманның ішіндегі мәңгіден бері жиналмаған қоқырына сүріне-қабына, әрі шаршай жанталасып келе жатсам жылқы кісінеді!.. Елең ете қалдым... Жалғызсыраған жылқының даусы... «Неткен жылқы екен бұл?!» Қайыра кісінеген жылқының жобасымен, жан-жағыма сақтана қарап жылжып ем, бір алап көрінді... Шетіне тақала қарасам, ағытқан ходок арбаға байлаулы ат тұр... Ар жағында от жылтырайды, қасында екі адам қараңдайды... Кім бұлар?.. Не істеу керек?..
— Ия!..
— Жетіп баруға қорқып, сол арада отырдым, ойым — кім екенін дыбысынан байқау... Бірақ, қасақана істегендей, олар үн шығармайды... Қорқыныш па, суық па,— отырған сайын дірілдеп таңып барам... Mінe, қалтырап, тісім - тісіме тимеуге айналды...
— Қиын екен!..
— Сонымен, өлдім-талдым дегенде, құлағыма японканың даусы шалына кетті... 1904 жылдан бергі таныс дауыс... Елеңдей қалдым... Әрбір қимылына көз тігем, жобасы тыныққалы жүр... Бақыладым да отырдым... Әне от та сөнді... Әне олар тынышталды да...
— Түлкінің жүрісіндей қимылмен таянып келсем, японкаларымның қорылдап ұйықтаған дыбысы шығады... Батылданыңқырап жақындасам, екі кісі... Екеуі де солдат... Атты ұрлап әкетейін десем, аяғында кісен.. Не істеу керек?..
— Өлтіру керек!—деді біреу,— жауды аяймын деп өзің өлемісің?..
— Мен де соны ойладым. Бірақ, қалай өлтіру керек? Винтовкалары басында жастаулы...
— Ходоктың кіндік темірімен!..
— Өзім де соны ойладым. Кіндік темірді суырып алсам, жуандығы білектей, ұзындығы жарты құлаш...
— Персейші, тез!..
— Ондайда асығуға болмайды... Олар екеу, мен жалғыз, оятып алсам қиын.
— О жері де бар!..
— Ұратын жерлерін дәлдеп алдым да, біреуін құлақ шекеден періп кеп жібердім!.. Аунап түсуге шамасы келді...
— Бәрекелді!.. Екіншісін?..
— Ұрып үлгірмей, ол басын көтеріп алды.
— Қап?!.
— Қалай үлгіре алмадың?
— Айтуға ұмытқан екем, сол қолымда дәрмен жоқ, қару ғып жүргенім оң қолым ғана...
— Ия, сонан?!.
— Шошып оянған жапон мылтығына жармаса бергенде, қақ төбеден пердім кеп!..
— Әп - бәрекелді!..
— Шыр-көбелек айналып ұшып түсті... Тағы пердім. бастан! Ендігі тулаған денесіне тиген жоқпын... Аздан кейін ол да тынышталды... Кісеннің кілті соның қалтасында екен, аттың аяғын ағыттым да, ырғып міне жөнелдім... Ендігісін айтпасам да болады...
— Тек жау қоршауынан шыққаныңды ғана!..
— Қайтып жауға кездескен жоқпын. Бетімді батысқа түзей ағаш арасын кезіп жүріп, екі күнде өз кісілерімізге қосылдым... Содан госпитальға... содан осы Петропавл госпиталіне...
— Ғажап әңгіме екен!—деседі әркімдер.— Жазылдың ба өзің?
— Оң жақ қабырғамның астыңғы үшеуі жоқ... Сүбемнің жарасы бітті, тек, жарасын тіккен жіптері ғана алынып болған жоқ...
— Ендеше неге шықтың?
— Шықпаған еркіңе бандылар қойып отырма?—дейді ол.— Кроватьта жатып өлгеннен, айқаста өлейін...
— Басқа жаққа жіберді ме сендерді?
— Үлгермеді. Енді, «қоршауда қалдық» деген соң, госпитальға жатқым келмеді.
— Неге? Егер, қаланы ала қалса, жаралыларға тимеуі мүмкін ғой?
— Өзі банды болсын да, коммунистерге тимесін! —дейді жолдас Лотайко кекетінді күлкімен. Петлюршілдердің коммунистерге не істегенін мен білем, бұл бандылар соның бір бұтағы.
— Ия, — дейді біреу күрсініп,— ғажап мәселе бұл! Бандылардың ұраны —«Коммунистсіз Совет жасасын» көрінеді. Неге олай дейді екен?!
— Соны да білмеймісің?— дейді қасындағы кейіп,— коммунистердің басқаруынсыз социализм құрылмайтынын бандылар білмейді деймісің? Әрине, біледі. Коммунистсіз «Совет» байлардың парламентіне айналады. Бандылар оны да жақсы біледі. Олардың «Коммунистсіз Советке» ұмтылуы да содан.
— Рас,— дейді біреу,— коммунистсіз социализм жоқ. Ендеше, «коммунист» деген сөз, не деген ардақты саз!..
Олардың коммунист атын ешкім құлата алмайтын биікте ұстауы да сондықтан ғой!..
— Рас!— деседі басқалары...
Со мезгілде таңның бозарып келе жатқаны да терезеден байқала қалды. Бізге жиналуға команда болды...
АРПАЛЫС
ЧОН - ның қаладағы екі рота әскері со күннің кешіне қарай екі жөнге аттанды: бір рота — Гозак отряды апатқа ұшыраған Ешім жағына қарай, екінші рота Арханский арқылы батысқа қарай. Қаладан кештетіп шыққан бізді, командиріміз әлі мұзы қатып жатқан Есіл өзенінің үстінен тура өткізіп, арғы тоғайға апарғаннан кейін, әрбір взводтың командирі өз жауынгерлеріне халдің қандайлығын баяндап берді.
— Біз беттеп келе жатқан жақта бандылар Надежкадан бері қарай шыққан болу керек,— деді Хасен Маназаров бізге. Мүмкін Кондратьевка станциясына жақындап та қалған шығар. Егер, Кондратьевкаға олар бізден бұрын жетсе, темір жолды қияды да, батыс жақтан келетін поездарды өткізбейді. Онда қиын болады. Штабтың айтуынша, Челяба жақтан біздің регулярлық армияның бөлімі келе жатқан көрінеді. Темір жол кесілсе, бөлім аз уақытқа болса да бөгеледі, онда Петропавлды бандылар . бүгін-ертең алып қоюы мүмкін. Ендеше, біздің негізгі міндет — бандыларға темір жолды қидырмау.
Қызылжардан жиырма шақырымдай жердегі Кондратьеваға біз Есіл тоғайынын, арқасындағы қары қалың соны жерді кесіп отырып, түн ортасы ауған шақта жеттік. Станция әзірге біздің қолда екен, бірақ барлаушылардың айтуынша, бандылар Кондратьевтің ар жағындағы қалың ағашқа жақындап қалған... Станциядағы үйлерге тарап, аз уақыт көздің шырымын алуға ЧОН адамдарына рұқсат берілді де, салт адам тағы да барлауға барып қайтпақ болды: командир — Старлыков, қасында комсомол Романчук және мен. Оқушыларға менің ұйқышылдау адам екенім өткен бір тараудан белгілі. Сол ұйқым продразверсткаға аттанғалы сергіген еді, енді, көтеріліс басталғалы біржола қашты. Енді мен шөп басы қимылдаған сыбдырдан оянып кетем, аз уақыт қалғысам ұйқым қанып қалады!.. Бүгін де солаймын. Кондратьевкаға жақындаған шақта мойныма аттай мініп, көзімді түйілдіре бастаған ұйқы, Хасен Маназаров «сен разведкаға барып қайтасың» дегенде серпіліп жүре берді. Командирдің бұйрығы екі болмауын алдақашан ұққам, сондықтан, маған ұйқы қайдан жуысын!.. «Барлау» дегеннің не екенін бұрын білмегенмен, көтеріліс басталғалы түсініп болғам. Барлауға барған жолдастарымның айтуынша, бұл сапарға аттанған адымының алдында аранын ашқан ажал тұрады. Егер, өзіңді аса сақ ұстап, сергек жүрмесең ойда жоқта өліп кетесің... «Өлу» деген оңай сөз бе екен?.. Аранын ашқан ажалға кімнің жем болғысы келеді дейсің!.. Командиріміз Старлыков дедім ғой, аты Семен. Қара бұйра шашты, қою қара қасты, кішірек қара көзді, қоңыр кескінді, тұмсығы көтеріңкі зор мұрынды, кең, иықты, бүкіштеу биік денелі бұ жолдаспен мен ЧОН отряды құрылған күні танысқам. Өткен империалистік және азаматтық соғыстарда Старлыков үнемі барлау жұмысында ғана болған. Осы қызметінде кездестірген талай қызықтарын, ойыншыл ол біздің шегімізді қатыра күлдіріп талай айтқан. Бізге әрине тәуір аттар берілді: Старлыковтың астында арғымақтау қарагер ат, менің астымда, тегі қарабайыр болғанмен; мүсіні сұлу, жүрісі пысық жирен қасқа ат, Романчуктың астында, денесі жуандау, жүрісі доғалдау, бірақ білекті көк жал ат. Старлыков атқа тақымы үйреніп қалған қу екен, арғымағын ұршықтай ойнатады. Романчук бұрын салт мініп көрмеген жігіт болса керек, аты қаттырақ желсе, ер үстінде қолбаңдап, жас баладай жан-жағына толқып кетіп отырады. Мен, әрине, атқа жүре алам.
— Ал, қалай туыстар,— деді Старлыков, біз қараңғы түнді жамылып, қалың ағашқа жақындай берген кезде,— егер, ағаш іші қаптаған банды болса қайтеміз?
Романчук пен екеуміз «ну, и что же?..» деп қосарлана жауап бергенмен, Романчуктың сезімі қандай халде екенін білмеймін, менің жүрегім қобалжи қалады. Соны түсінгендей Старлыков қалжыңды үнін кенет байсалдандырды да:
— Енді, сақ болу керек,— деді бізге.—«Банды» деген зұлым жау. Жау атаулының бәрі де қапыңды тапқысы келеді, ал, «банды» дегендер тым қапелімшіл болады. Жол ағашқа кіре үш тармаққа бөлінуге тиісті. Мен орта жолмен кетем. Романчук, сен оңға бұрылатын жолмен тартасың, Мұқанов — сен солға тартасың. Бандылардың алды жеткен жерге дейін барып қайтамыз...
— Ағаштың ар жағында алыс болса да ма?— деп сұрайды Романчук.
— Әрине! — деді Старлыков нық дауыспен.— Мәлімет бойынша ағаштан аса алыс болмауға тиісті. Бандылардың үстінен шығып қалатын болсаңдар, өлмей қолға түспейсіңдер. Не аттарын, өліп, не өздерің жараланып қолға түсе қалсаңдар, өлімге шыдайсыңдар, біздің жақтан ешбір мәлімет бермейсіңдер. Қалай қинап сұраса да «білмейміннен» басқа тіл қатпайсыңдар. Ұғымды ма?
— Ұғымды,— дестік Романчук екеуміз.
—« Онда, бақытты сапарға! — деп Старлыков атын тебіне, үш жолдын, ортасындағысымен жөнеле берді. Романчук екеуміз де ыдырай жөнімізге тарттық.
Қалың ағаштың арасымен жалтара, орала созылған жолмен жортып келем. Мезгіл қараңғы түн, бірақ, түнге үйренген көзге жолдың, қарауытқан сүрлеуі айқын көрінеді. Айналам аппақ қалың қар. Ағаштардың бұтағына оралған қырау да бүгін қалыңдай түскен сияқты, сондықтан, мен жүріп келе жатқан дүниенің ішінде, менен басқа қара ноқат жоқ тәрізді. Сөйтіп келе жатып Старлыковтың сақтандырған сөзін есіме түсірем. Жолға кейде таялып, кейде алыстаңқырап отыратын қалын, орманның әр ағашының түбінен аңдып отырған бандыны күтем... Далаңқы жерде өскен шырпылар мен қурайлардың қырау жамылған әрбір денесі, маған мені тосып отырған бір-бір жау сияқтанады... Сонша қорқыныштың салдарынан, тіршілікке тырысатын менің, жүрегім, жылдамдата соғып, бар қанымды басыма шапшытады да, қауіптен басқа ойды жуытпайды... Адам не қиындыққа үйренбейді!.. Алғашқы кезде денем сонша түршіккенмен, бойымды біртіндеп жинағаннан кейін, енді «банды» дегенді көруге асыққан сияқтандым... Оны көрдім де, бірақ, төз емес, таң сібірлеп келе жатқан уақытта... Сол кезде, ішін жол кесіп өтетін сирек ағаштан шыға берсем, ар жағында шоқытқан жүріспен он шақты салт келеді екен, кілт тоқтай қалдым да көз тіктім. Бірнешеуі атқа жайдақ мінген, киімдері олпы-солпы оларды көргенде, «жаудың барлаушысы» деген ой келе қалды маған... Не істеу керек?.. Қашуға ма?.. Болмаса, кідіріп, кімдер екенін анықтап білуге ме?.. Ілезде арғы бір дөңнің үстіне қаптаған қалың адам көтеріле берді. Шаналылары, салттары, жаяулары араласқан бұл қалың топтың енінін, жалпақтығы төрт-бес шақырымдай жерді қамтиды. Және жолсыз сонымен өріп келеді... Бұлар, әрине, бандылар!.. Одан әрі күтуге дәтім шыдамады да, атымды кілт кейін бұрып, келген ізіммен шоқыта жөнелдім, со кезде артымнан атылған мылтықтардың да даусы естілді, жалт қарасам, әлгі салттылар қуып келеді. Мен жүрісі әлі тың атымды тебініп жіберіп, бар шабысыммен айдап жөнелдім... Атым жүйрік екен, қуған жауларға шалдырмастан, қалың ағаштың Кондратьевка жағындағы жазығына шыға келдім. Со бір тұста қиғаштай шауып маған қарай келе жатқан біреуді «бұл да бандылардың барлаушысы болар ма?» деп жорып, сескене қалып ем, аздан кейін тани кеттім, өзіміздің Старлыков!.. Ол да құйындата шауып келеді. Қуғыншыларымның алыста қалғанын көрдім де, атымның басын тежеңкіреп, командирімді тосып алдым.
— Көрдің бе?— деді ол маған жанаса беріп.
— Көрдім.
— Мен де көрдім.
— Романчук ше?
— Оны білмеймін.
Біздің шабысымыз бәсеңдеңкіреді ме, немесе,—ағаш арасынан қуғыншылар көріне бастады.
— Бас қамшыны! — деді Старлыков маған.
Екеуміз жарыса тарттық. Түр жағынан қарағанда бойы қораштау көрінгенмен, менің атым Старлыковтың атынан әлдеқайда шабысты екен. Лезде мен одан ұзаңқырап сала бердім. Со кезде артыма қарасам, бізді қуып жетуден күдер үзді ме, немесе, Кондратьевка маңында қалың тосқауыл барын сөзді ме, — ағаштан шыға бере бандының қуғыншылары тоқтады да, кейін қайтып кетті. Оқ шалар жердей алыстап кеткендіктен, тосып алған Старлыков екеуміз, атымызды тежеп желе - жортақ жүріске түсірдік.
— Бандылардың жобасын көрдің ғой?— деді Старлыков.
— Көрдім.
— Әлденеше мың бар-ау деймін?
— Болар.
— Бізде ғой, жүз шақты ғана кісі бар?
— Солай ғой! — дедім мен мұңайыққыраған дауыспен.
— Қалай, төтеп бере аламыз ба?—деді Старлыков әлденеге жымиып.
— Қайдам?— дедім мен күрсініп.
Соғыста жеңу мәселесін адамның саны шешпейді, құрал шешеді,— деді Старлыков көңілді даусын өзгертпей,— бар жердегі бандылардың құралдары біркелкі: оларда мылтық, әсіресе, пулемет пен винтовка ете аз, қаруының көбі қолдан соққан найзалар, немесе, айыр, шалғы сияқтылар... Біз оларды жақсылап тұрып тойтарамыз!.. Бандылардың Кондратьевкаға шабуылы күн түстен ауып бара жатқан кезде басталды. Біздің адамдар темір жолдың өн бойына қаз-қатар пулеметтерін құрып тастады. Бұйрық бойынша, бандылар оқ жетер жерге келгенге шейін мылтық атылмауға тиісті... Көпшіліктің арасында, винтовканың тұмсығын темір жолдың рельсіне сүйей мен де етпетімнен жатырмын... Ағаштан шыққан қалың банды қарақұрттай қаптап бері қарай келе жатыр. Тегі, олар да оқ жетер жерге кеп атыспақ қой деймін. Сондықтан да болу керек, қатарларын жазбай қалың топпен ақырын жылжып келеді... «Жаумен соғысу дегенді мен бірінші рет бастан кешіргелі жатырмын. «Соғысудың» аты — өлтіру. Бұған дейін мен ешбір адамды өлтіріп керген жоқпын. Енді қаптап келе жатқан жауды біз атқылаймыз. Сонша қалың жауға атылған оқ тимеуге мүмкін емес. Ендеше, менің, де оғым тиеді оларға. Мен де өлтірем оларды. Бірақ, мен оғымның, бұл арадан қайсысына тиіп жатқанын кермеймін. Соғыс солай боп қана етсе жақсы, егер олай етпей, қолма-қол соғысатын күн туып қалса ше?.. Осы сұраулардың шырмауында шатасып жатқан уақытымда, «Пли!» деген команда боп қалды. Жан - жағымдағы адамдардың мылтықтары сатыр-күтір атыла бастады... Пулеметтердің те таңдайлары тақылдап, «тат – тат - татқа» баса жөнелді... Менің де қолым қимылға кірісті. Бірақ, ол сөзімнің ғана қимылы еді, санамда еш нәрсе жоқ... Старлыковтың сөзі рас екен. Бандылар қаншa қабындап келгенмен, қаптата жаудырған оққа төтеп бере алмай, дауыл жыққан қоғажадай жапырылып, бірталайы құлаған жерлерінде қалып қойды, көпшілігі қайрыла қашып, ағашқа тығылды. Менің есім сонда ғана кіріп, қасыма келе қалған Баймағамбетке:
— Бандылар қашты ғой, оларды неге қумаймыз біз?— десем:
— Қуатын күш қайда оны?— дейді Баймағамбет. Қуу үшін қалың, ол керек. Біздің бар санымыз жүздей ғана. Қууды қойып, темір жолға ие боп тұрсақ та жетер.
Кондратьевка станциясын біз үш күн қорғадық. Қайталап шабуыл жасағанмен, жау оны ала алмады. Төртінші күні замена келді де, біздің рота қалаға қайтты. Бізден шығын болған адамның саны он бес — жиырма шақты ғана... Қалаға келе біздің рота ішкі тәртіпті сақтауға жұмсалды. Рота үшке бөлінді: бір жүйелі адамдар көшелердің күзетінде болады, екінші жүйе – қала маңайының темір жолын күзетті, үшінші жүйелі адамдар — қаладағы күдікті жерлерді тексереді. Мен соңғы жүйелі адамдардың қатарына қосылдым. Жаңа командирім Пуговкиннің айтуынша, революцияға қарсы элементтер көтеріліс тұтанған күні-ақ, қаланы қолына алудың әрекетіне кіріскен екен, бірақ, сигнал көзінде берілгендіктен, біздің күштер оларды ұя - ұясында басып қалған. Қолға түспегендері ЧОН - ның, немесе Қызыл Армияның адамдарын аңдып, реті келген жерде өлтіретін болған. Мен қосылған жаңа взводтың міндеті — бандиттердің қаладағы ұсақ ұяларын жою. Араласа келе, бұның да қиын іс екендігі байқалды. Бейғамдық жасаған біздің кейбір жолдастарды, бандиттер өлтіріп тастады, сезілген бандитті еппен аулау керек болды... Мен осы қызметте жүріп жаттым. Жалпы хал-жай ауырлай түсті. Соңғы алынған мәліметтерге қарағанда, Қызылжар арқылы жүретін темір жол батыс жағында Мамлютка мен Кондратьевка арасынан, шығыс жағында Москаленко мен Есілкөл арасынан бандылардың қолында қалған. Күшіне сенбеген бандылар темір жолдың бұл тұстарын әлденеше жерден кесіп, топырақтарын қазып бұзған... Қалаға жан-жақтан келетін телеграфтық және телефондық сымдар түгелімен үзілген, бағаналары құлатылған. Ресми айтылмағанмен, анық мәліметтерге қарағанда бандылардың қоршауы Қызылжарға тым жақындап қалған. Біреулердің айтуынша, бұл қалаға жан-жақтан шабуыл жасап келе жатқан бандылардың саны отыз, қырық мыңдай... Және біреулердің айтуынша, қалалық гарнизонда сатқындық болған, оның штаб начальнигі мен бас қолбасшысы қару, құралдардың көбін бандылардың қолына қалдырған және қаланы қорғауды ойдағыдай ұйымдастырмаған, сондықтан, қазір ең сенімді күш ЧОН отряды ғана боп қалған... Халдың соншалық қиындаған күндерінің біреуінде, менің взвод командирім екі адаммен мені, түн ішінде Қызылжардың «Ой қала» аталатын жағына, әлденендей үйге тінту жасауға жіберді. Оның айтуынша, сол үйде тығылған бандиттер тобы бар, оларды ұстап әкелуіміз керек. Біз аттанған шақта басталған боран, тінтетін үйге жеткенше түтеп кетті. Жел аса қатты. Күн аса суық. Ленин көшесін бойлап Дөң қаладан Ой қалаға түсе берген шақта ар жағымыздан азан-қазан шу естіле бастады.
— Бұл не?!.— дептік біз тұра қап.—Әлде, қалаға бандиттер кірді ме екен?!.
«Әй» демге жеткен жоқ, шу қалыңдай түсті және бір жақтан емес, әр жақтан...
— Ох, чорт побери! ,— деді менің қасымдағы Бариков Василий,— бандылар қалаға кірген екен!..
— Рас, солар,— деді Гречишко Федор.— Енді не істеу керек?
— Кейін қайту керек,— деді Бариков.
— Әрине,— дедім мен де.
Үшеуміз жалт беріп кейін шапқанда, Дөң қалаға көтерілстің биіктің сол жақ беттегі жырасынан қатыр – күтір мылтық атылып қоя берді... Не істеу керек?.. Кейін қашуға болмайды... Ой қала жақтық барлық көшесіне бандылар қаптап кеткендігі, шулаған дауыстарынан айқын көрініп тұр...
— Алға!— деген даусы шықты Гречишковтың Бариков екеуміз кідіре бергенде.
Атты борбайға қоя жөнелдік. Бұрқыраған қалың бораннан аңғармай қалдым... Гречишко ма, немесе Бариков пе, біреуінің аты омақата құлады... Оған кідірер уақыт қайда!.. Жырақтан бізге қарай жауған оқ үдеп барады!.. Аздан кейін атыс екі жақтан да шықты.. «Жау қамап алған екен» деп ойладым мен. Cay жолдасым менен озып кетті, оның Бариков немесе Гречишко екенін түтеген бораннан мен айыра алмадым. Сүрінді ме, әлде оқ тиді ме, бір кезде менің де атым ұшып түсті. Қабат құлаған мен, жан -дәрменде төз түрегеп, атты тастай ілгері жүгірдім... Артыма қарасам, әлдекімдер жүгіріп келеді. Оларды жау екен деп ойладым да, со бір тұста кездесе қалған биік жардың астына қарай домалай құладым, артымдағылар жар басында қала берді... Жардың, астымен қашып бара жатқанда, оң жақ аяғым әлденеге дуылдап, пимамның іші жып-жылы боп кетті. «О, несі?» дегендей қонышынан қолымды тығып байқасам, жып-жылы бірдеме білінеді... «Бұл не?!.. Әлде, оқ тиген бе, аяғыма?..»
Оған қарауға уақыт жоқ... Не істеу керек?.. Қайда бару керек?.. Есіме, оқушыларға мәлім Жәмпейістің, үйі түсті. Ентіге жүгіріп әрең жеттім де, Жәмпейіс үйінің есігін қақтым. Мен кім екенімді сыбырлап есік сыртынан айтсам, естімей ме немене,— ешкім аша қоймады. Аздан кейін, жұқа тақтайдан жасалған есіктен ести қойдым: Жәмпейіс пен оның әйелі Жаңыл мені үйге кіргізу, кіргізбеу туралы күбірлесіп ақылдасады. Ақыры, Жәмпейіс есігін ашты да, үйіне кіре берген маған:
— Шырағым - ай, қиын болды ғой бұл. Өзім де бандылардан қорқып отырған кісінің біреуімін, сені қайттім?— деді.
Жәмпейістің қорқатын жөні де бар: бұрын ұрылармен көп араласқан, ол Совет өкіметі келгеннен кейін, Қызылжардағы Ояздық Уголовная Розыскаға қызметке кіріп, қалқаладағы ұрылардың талайын ұстап берген. Олар Жәмпейіске кіжініп жүретін Ендеше, қорықпағанда қайтсін!..
Мен аз уақыт үнсіз тұрғаннан кейін:
— Келмегей еді,— деді Жаңыл,— келіп қалған соң кет деуіміз ұят болар. Теремнің үйіне апар, сонда жасырына тұрсын, ол үйге батып ешкім кіре де алмайды, тие де алмайды...
— «Сасқан үйрек артымен жүзеді» деп, менің есіме де келмепті - ау, ол,— деді Жәмпейіс,— жақсы ойлап таптың, қатын! Ия, сөйтейік, шырағым,— деді ол маған, қарап,— жүре ғой, ертіп алып барайын!..
Жәмпейіс есікке беттегенде, мен орнымнан қозғалмай тұрып қалдым. Несіне қозғалам: Жаңылдың «Терем» деп тұрғаны,— Жәмпейістің інісі Уәли. Ол байласа бау кесетін ұры, кісіні қойдай бауыздауға шімірікпейтін қаныпезер. Со қылығынан тиям деп әуре боп, қолынан келмейтініне көзі жеткен соң, Жәмпейіс одан бөлінген. Талай рет абақтыға түскен оны, жуырда босанып шықты деп естігем. Жайшылықта да бандит оның, мына қалың бандыға қосылған соң, «құдайы» бермей ме? Талан-тараждың қалың ортасында жүрмей ме, ол?.. Бандылардың бүгінгі күні кімдерді талап, кімдерді өлтіретіні маған айтпаса да белгілі емес пе?.. Ендеше, ол талан-таражды мен қалай естимін, қалай көрем?!.. Менің орнымнан қозғалмау себебім осы еді. Сонымды сезгендей, Жәмпейіс, «кәне, жүрмейміз бе, енді?» деген сөзді босаң айтты.
— Жо-о-оқ, мен онда бармаймын,— дедім мен.
— Неге бармайсың?— деді Жаңыл тікіленіп.
— Мен сізге келдім Жәмпейіс ағай,— дедім мен,— пана болады деп келдім. Болмаймын десеңіз кетем.
— Қайда барасың?— деді Жәмпейіс әйелі мен менің арамда толқып.
— Кетем де, бетім ауған жаққа!..
— Қайда барасың сонда? Ой да, қыр да өрген банды!..
— Азар болса ұстар... Өлтірер... Онымен дүние құрып кетпес...
— Мынаның қисығын қара өзінің!.. Пайдасын айтқан сөзге қыңырайып болмауын қара!..— деп Жаңыл шаптығып келе жатыр еді, бұрынша, сәкінің үстінде ескілеу бір көрпені жамылып, бүлкілдеп жатқан біреу, көрпесін серпіп жіберіп түрегелді, Жәмпейістің кіші інісі — он екі, он үш жастағы Мақыжан...
— Болсын, осында! —деді ол, өзінің балалық жіңішке даусын қатты шығарып.
Оған мен жалт қараған шақта, неге екенін білмеймін, жүрегім төмен тартып, басым айналған сияқты боп кетті... тегі, мен, теңселіп құлауға айналдым ғой деймін,— ей, не болды саған?!» деп Жәмпейіс ұстай алды да, сәкіге отырғызды...
— Бозарып кетті өзі, су әкел! — деген даусын естідім оның.
Олар бетіме су бүркіп, есім жинала бастағанда:
— Қолы қан ғой, өзінің! — деген даусы естілді Мақыжанның.
— Рас, қан ғой — деді Жәмпейіс те қолымды ұстап көріп.— Өзің жараланғансың ба?— деді ол маған.
Оң аяғым сонда ғана есіме түсті.
— Пимамды тартыңдаршы! — дедім мен оң аяғымды қолыммен нұсқап.
Мақыжан пимамды тартқанда, қорыстан әлденені суырғандай, аяғым қорқылдай қалды... Пиманы Мақыжан шірене тартып суырып алғанда, ішінен сәкіге қан құйылып кетті.
— Көтек - ай, бұ несі еді?! —деп, Жаңыл үрейлі кескінмен шегініп кетті...
Одан кейін не болғанын мен білмеймін... Оянсам,— күндіз. Жәмпейіс үйінің бұрышында жатырмын. Қасымда Жәмпейістің үш-төрт жасар жалғыз қызы Гүлзейнеп қуыршақ ойнап отыр... Үйде басқа жан жоқ... Аяғым сыздап әкетіп барады, қарасам әлденемен сирағымды орап байлап тастапты... Аңқам кеуіп сусап қаппын...
— Су! —дедім мен Гүлзейнепке.
Бұл үйге келіп жүретін мені танығандай, сәби үлкен әдемі қара көзін күлімсірете қарады да, байсалды кісідей:
— Апа нет дома,— деді.
— Дай воды! Я хочу пить,— дедім мен.
Ақылды бала орнынан тұрды да, босаға жақтағы сандықшаның үстінде төңкерулі тұрған шәшкенің біреуін алып, самауырдан су ағызып әкеп берді. Мен жұта салдым.
— Еще! — дедім шәшкені қайта ұсынып. Бала қайта әкеп берді. Тағы жұта салдым.
Со кезде үйге Мақыжан кірді. Оның айтуынша қала қырғын боп жатыр, коммунистер мен советтік қызметкерлердің қолға түскенін бандылар өлтіруде... Кей коммунистердің тірідей мойнына тұзақ салып, атпен сүйретіп, көше - көшеде шауып жүр... Темір діңгекке сыммен байлап, тірідей өртеген біреуді де көріпті... Бірнеше коммунисті бандылар астық сарайына апарып, тірідей ішін жарып бидай тыққан... біреулерді тірідей аралап өлтірген... Кеп коммунистің үй - ішін, бала-шағаларын қырып тастаған!.. Пысық, қала жайын жақсы білетін, орыс тіліне жетік Мақыжан осының бәрін саралатып айтып отыр... Қорқыныштан ба, әлде, ұшынды ма,— жараның сыздауы үдей түсті... Бірақ, сарнауға болмайды, жер тар!.. Тек, мықшия ышқынып, тістене дем алам... Жарамның жайын да содан естідім. Оң балтырымның сыртынан тиген оқ, ішкі жағын жалбыратып жыртып шығыпты... Атым тегі сол оқтан құлаған болу керек. Жәмпейіс врач шақыруға қорқыпты да, жарамды күйдірген құрым кигізбен орап байлапты. Жәмпейіс кіріп келді. Оның кескіні өрт сөндіргендей әлемтапырық. «Не хал боп жатыр, Жәмпейіс ағай?» десем, мені қорқар дей ме немене, «онша ештеңе жоқ» деп сыр ашпайды. Мен Мақыжаннан естігенімді сұрасам, оның айтып қойғанын ұнатпауын қабағынан аңғартқан Жәмпейіс, «қайдан білдің сен оны?», «Не бар балаға сөзге үйір боп?» деп Мақыжанға жекиді. Өзге хабарға сараң Жәмпейістің үрейлене айтқаны біреу-ақ:
— Үй басы тінту басталды... Іздейтіндері — коммунистер... Біздің кірпіш сарайға да келмесе жарар еді!..
Бұл сөзді ол өз өкініші сияқты ғана ғып айтқанмен, бар салмағы маған түседі... Жан тәтті, тінтіп тауып ала ма деп қорқам!.. Сондай қорқыныш Жәмпейісте де барын, ол тез білдірді. Аз отырғаннан кейін ол :
— Мақыжан,— деді інісіне, жеңгең Сақтаған үйінде отыр. Гүлжан екеуің сонда барыңдар.
Мақыжанның барғысы келмеп еді, Жәмпейіс зорлап жіберді және «ешқайда шықпа, сонда отыр» деп тапсырды. Олар кеткен соң:
— Ал, шырағым Сәбит,— деді Жәмпейіс,— мен де кетейін. Есіктің сыртына құлып сап кетейін.
— Неге?
— Банды - манды келсе, үйінде адам жоқ екен деп кетіп қалсын...
Өзге үйді тінтіп кеп есігі құлыптаулы үйге кездессе, оны ашып көрмей кетіп қалатын, банды ақымақ па?.. Оның сонша ақымақ емесін, Жәмпейіс білмей отырған жоқ, біле тұра, егер банды кеп тінтіп, мені тауып алса, ішінде болудан қашып отыр. Сонда, байғұс-ау, өзі үйінде болсын-болмасын, егер үйіне тыққан коммунисті тауып алса, банды мүсіркей мен оны?.. Бұны білмейтін Жәмпейіс те ақымақ емес, сондықтан, оның іштей сасуы, менің сасуымнан артық сияқтанады... Өйтпегенде ше?.. Егер, үйінен тығылған коммунист табылса, мейірімсіз банды, оны үй ішімен қырып тастауы мүмкін ғой... Жәмпейістің сондай халін көре - тұра, бір үйлі нанды ажалдың аузына итергенше, бәйгеге тіккен басты тәуекелге тапсырып кетіп-ақ қалар ем, оған аяқтың жайы мынау, қозғайын десем зыр ете қалады, сирағым түгіл сол жақ санымды дуылдатып әкетіп барады... Сондықтан:
— Барыңыз, ағай!— дедім Жәмпейіске, көзіме іріккен жасқа булығып,— есікті сыртынан жап, жаппа еркіңіз!..
Көзін орамалымен сүрткен Жәмпейіс үн-түнсіз тұрды да шығып кетті... Бұл үйге сыю маған енді қиын болды... Сыздаған жара бір жақтан қысса, ой екінші жақтан қысады... Бандылардың коммунистерді қалай азаптауы туралы Мақыжанның айтқандары есіме түссе, хайуандық азаптар көз алдыма елестеп, қорқыныштан жүрегім тас-талқан боп жарылып кете жаздайды... Кейде есіме: Ізтөлин, Лотайко, Маназаров, Старлыков, Базарбаев, Романчук, Зәбиров тағы басқа таныс жолдастарым түседі... Олар қайда екен?.. Өлі ме, тірі ме?!.. «Адам ит жанды» деген сөз, қиындыққа өлшеусіз төзімділігінен айтылған ғой деймін. Жан - тән соншалық сыздаған со күні, кешке қалай жеткеніме өзім де қайранмын. Іңірде Жәмпейіс мені әлдекімнің арбасына мінгізді де, «Крайная 50» аталатын үйге алып барды... Ол Қызылжардың шетіндегі адам көрмес үйдің бірі екен, иесі — Әбіл дейтін жесір әйел, қолында момындау жұмысшы қайын інісі бар, үйі кішірек екі бөлме.
— Осында боласың,— Жәмпейіс,— жылы оранып подвалда жатасың, одан басқа жасырар жер жоқ.
Ризаласпағанда амал нешік!.. Көк - жер қойылған мұздай суық подвалға Жәмпейіс мені бірге көтеріп түсірісті де, қой терісінен жасалған үлкен бір тұлыпқа орап жатқызып:
— Ал, сау бол, мен келе алмаспын, Мақыжан келіп тұрар,— деп кетіп қалды...
Жата-жастана таныссам, Әбілді мал қырманының жұмысшысы алған екен, жастарында жиырмаға жақын алшақтық болса керек. Ол күйеуі бірер жыл бұрын өліпті, бала қалмапты, ендігі қолғабысы — момын қайын інісі, үйін асырап отырған сол..- Әбілдің мінезі атына ұқсас. Жуан дауысты ол ерекше кесек, кейде боқтай сөйлейді... Сонысына бағып, кейде мен уайым айтайын десем, немесе сыздаған жарадан сарнайын десем, ол кейде «қатынбысың шыдамай!» деп ұрсады да, оған тоқтамасам еркекшілеп боқтайды... Со мінезіне қарамай, ол мейірімді, аяғына пимасын, үстіне қамзолша ішігін киіп, басына түбіт шалысын жамылып, әлсін-әлсін подвалға түсіп халімді сұрайды, ас-су береді, естіген - білгенін айтады; табиғаттық қажеттеріме жәрдемдеседі... Жақсы кісі еді ол!.. Әбіл үйіне барғанның ертеңіне, оң жақ саным тіпті күп боп ісіп кетті... Ісік сүбеге қарай шапшыды... Температура күн санап жоғарылай түсті... Әдетте «40» та адам өледі дейді, менің температурам бір күні «41» ге барды. Әбіл апай да, мен де оған сенбей, қайта салып көріп ек,— рас!.. Қанша қатаң мінезді дегенмен, менің температурам «41» болғанда ол да састы...
— Апыр-ау, әлгі Мақыжан да келмеді - ау! — дей берді ол. Тегі, мені өліп кетер деп қорықты - ау деймін...
Мақыжан келді және жақсы хабар әкелді.
— Қорған жақтан да, Омбы жақтан да қалың, әскер кеп, бандыларды қыспаққа алып жатыр,— деді ол,— қазір бандылар Дөңқаладан Ой қалаға түскен дейді, алды әрі қарай қашып жатыр дейді.
Келер күні Мақыжан, «қала бандыдан тазарды, мекемелердің бәрінің маңдайшасына да қызыл ту ілінді» деп келді... Сол күні кешке Жәмпейістің өзі арбалы ат жегіп әкеп, мені жаралы коммуналардың госпиталына апарып орналастырды...
AЗАЛЫ КҮНДЕРДЕ
Госпитальға түскен күндерден бастап жарамның сыздауы жеңілдене түсті, температурам төмендей түсті. Бір жұмадан кейін мен балдаққа сүйеніп түрегелуге жарадым. Одан төрт-бес күн кейін жылжып жүруге жарадым. Жалпы халдің қандай түрде жүріп жатқанын, біз жергілікті газеттердің хабарларынан және госпитальға келіп-кетіп жатқан адамдардың сөздерінен білдік. Бұл хабарларға қарағанда, Қызылжар маңынан сырылған бандылардың, ендігі топтала бет алған жағы Көкшетау көрінеді. Оларды Қызыл Армия бөлімдері жан-жақтан қыспаққа алып, бөлшектеп жойып бара жатқан көрінеді. Тағы бір хабарларға қарағанда, бандылардың арғы бетінен (Атбасар, Ақмола жақтан) Қызыл Армия бөлімдері қарсы шыққандықтан Көкшетауға беттеген бандылар Шығысқа қарай бұрыла тартып, ендігі бетін Ереймен тауы жағына қойған көрінеді. Жалпы мәліметке қарағанда Қызылжарға жан-жағынан шабуыл жасап, ішіне кірген бандылардың саны қырық мыңдай екен, қазір олар бөлшектене таусылып, Сухотинодан (Қызылжардан 90 километр) әрі шыққанда жиырма мыңдар шамасында ғана қалды деседі. Жорамалшыл адалдардың шамалауынша, ілгері жылжыған бандылар Ерейменнен әрі аспауға тиісті. Бұл хабарларға біз қуанамыз. Өйткені, ақ гвардеецтердің тіліне еріп, көтеріліс жасаған байлар мен кулактардың, оларға алданған крестьяндардың жанжалы төз бітіп, Советтік құрылыс өзінің өркендеу жолына түсуге тиісті ғой... Газеттер мен госпитальға қатынасқан адамдар, бізге қуаныш хабарларымен қатар қайғылы хабарлар да әкеледі. Со кезде Қызылжарда шығатын «Мир труда» газетінің күн сайынғы сандарында, көтеріліс шыққан жерлерде коммунистер мен советтік активтерді бандылардың қандай азаптармен өлтіруі туралы хабарлар жарияланып тұрады. Кейде азаппен өлген коммуналардың тізімдері беріледі. Солардың ішінде, өзімізбен сан рет кездескен немесе жақын болған адамдар да ұшырайды. Бұлардың бәрі, әрине, жанды ауыртады, кейде көзіңе жас алдырады... Сондай қайғылы хабарлардың ішінде маған аса ауыр естілген қазаның біреуі, бізге мәлім Жақып Қыстаубаев пен оның үй ішіндегі жандарының аса аянышты өлімге ұшырауы туралы болды. Жәмпейіс үйіне тығылып жатқан кезде, Қызылжарды қолына алған бандылардың түрмедегілерді босатып жібергенін естіген едім. Сонда маған «Жақып не халде екен?» деген ой келген еді. Сол ой госпитальға түскен күндерімде де басымнан шықпаған. Оның не халге ұшырағанын мен госпитальда Вера Сакиялова дейтін әйелден естідім. Бұл әйел Қызылжардан алпыс шақырым жердегі Становая станицасында қызмет атқаратын партиясыз учительница екен, ері Ревкомның мүшесі және коммунист. Көтеріліс шыққан кезде Становаяның коммунистері мен Совет қызметкерлері ұйымдасып бандыларға қарсы тұрады. Партиясыз адам болғанмен Сакиялова да сол отрядқа қосылады.
— Біз,— деп бастайды Сакиялова әңгімесін,— алғаш жиырма шақты адамнан ғана отряд құрдық. Бандылар кеп, біз азбыз. Беттесіп соғысуға күшіміз келмейді. Сондықтан, бізге орман арасына паналауға тура келді. Со күннен бастап, біздің қатарымыз көбейе берді, олар әрине жан-жақтағы ауылдар мен поселкелерден келген коммунистер мен советтік активтер. Бір жұма уақыттың ішінде біздің санымыз жүзден асты да, содан кейін біз әлденеше отрядқа бөлініп бандылармен ашық күреске кірістік...
— Сондай арпалыс күндерінде,— дейді Сакиялова,— бір қазақ жігіті өлшеусіз ерлік істермен ерекше көзге түсті. Қандай қиын тапсырмалармен аттанса да оның орындамай келген күндері жоқ. Өзі де айта қалғандай сымбатты, кескінді жігіт еді...
— Аты мен фамилиясы кім?— деп сұрайды тыңдаушылар...
— Жақып Қыстаубаев!..
Бұл сөздерге мен әрине елең ете қалдым. Сонымды аңғарған жолдастарым «оны қайдан білесің?» деп сұрағанда, мен білгендерімді айтып бердім.
— Түрмеден ол қалай босанған екен?— деп сұрадық біз Вера Сакияловадан.
— Ол жайын Жақып бізге айтты,— деді Сакиялова.— Бірақ, қысқа айтты. Оның айтуынша түрмеде ол жарты айға жақын жатады. «Бір күні,— дейді Жақып, — түрменің ішінде: Совет өкіметі жақын арада құлайды, ақтар өкіметі қайтадан орнайды» деген хабар тарай қалды. Қасымдағы адамдар әр түрлі сотқарлық істермен қамалған қылмыстылар еді. Олар «Совет өкіметі құласа тамаша болды!» деп қуанады. Мен үндемеймін... Аз күннен кейін түрме бастықтары бізді аса қатаң ұстап, қажетті уақыттарда ғана болмаса, камераларымыздан шығармауға айналды... Кімнен естіліп, қалай таралатынын кім білсін, менің қасымдағылар «қаланы ақтар бүгін-ертең алады» деп қуанысады... Олар бұл арманына төз жетті: февральдің 23 күні түнде қалада шу көтерілді. Ол кезде мен ояу жатыр едім. «Ақтар келді, ақтар!» деп қуанып өре түрегелісті қасымдағылар... Бір пәленің болғанын мен сездім... Егер, қаланы ақтар ала қойса, не істейтін іш - пікірім ішімде... Бір уақытта қалың шу түрмені орап алды... Аздан кейін ол шу түрме қорғанының ішіне кірді... Енді аздан кейін коридорға кірді... Қатарланған камералардың темір есіктері сатыр-күтір ашылғаны естіліп жатты. Біздің де камерамыз ашылды... Ол арада біреу мен біреу жауаптасып жатуға уақыт жоқ.. Сыртқа шуласып жүгіре шыққан ығы-жығы адаммен мен де жүгіріп шықтым...»
— «Содан кейін не істедің?» деп сұрадық біз Жақыптан,— дейді Сакиялова,— Жақыптың оған да жауабы қысқа болды. «Не істеуші ем,— деді ол,— мен әрине, бандыға еріп банды бола алмаймын. Өтірік жаламен мені абақтыға қаматқан алашордашыларға өкпелеп Совет өкіметін сата алмаймын. Сол қорытындыға мен абақтыда отырғанда да келгенмін. Тыныштық уақыт болса ақтығым анықталуына көзім жеткен. Ал, көтеріліс шығып кеткеннен кейін, егер, абақтыдан аман босана алсам, мен әрине, өзімнің коммунистік, партизандық міндеттерімді атқаруға белімді буғам.
Сондықтан, абақтыдан шыға мен өз жөнімді таптым да, сіздерге кеп қосылдым...»
— «Ия, содан кейін не болды?— деп сұраймыз біз. Сакиялова әйелдік қалпына бағып, Жақыптың одан арғы халін айтудың орнына, қалтасынан орамалын суырады да өксіп -өксіп жылап алады. Қасындағы жолдастардың жұбату сөздерінен кейін Сакиялова:
— Мен жазушы адам емеспін,— дейді, көзін сүртіп, күрсініп ап, — егер, жазушы болсам, оның ерлік істерін ұзақ романға айналдырар ем. Дегенмен, тіршілік болса ол туралы және бізбен бірге болған коммунарлардың ерлік істері туралы көрген білгенімді мен жазам да. Әзірге оның қандай жағдайда өлгені туралы ғана қысқаша айтайын...
— Өлді ме ол?—деп шу ете қалады тыңдаушылар. Бұл хабарға ерекше мен елеңдеймін... Менің жүрегім сыздай қалады...
— Ия, қалай болды?— деп сұрайды бірнеше адамдар.
— Былай болды,— дейді Сакиялова, ауыр күрсініп aп.— Біздің отряд үнемі шабуылда жүрді. Төңіректегі жалпы халдің не боп жатуынан хабарымыз болмаған мен, айнала қоршаған бандыларға біз тұс-тұстан үнемі шабуыл жасадық та отырдық. Сөйтіп жүріп, отрядымыздың саны бес жүзге жетті. Бізде енді, саны аз болғанмен, пулеметті ішіне қоса бірталай құралдар да жиналып қалды... Сондай арпалыста жүргенде, біз «бандылардың Совет өкіметін құлатқаны өтірік екенін, бандитизм осы маңайға ғана шыққан екен, оларды жан-жақтан келген Қызыл Армиялар бөлімшелері құртып жатыр екен» деген хабар алдық. Кешікпей құлағымызға алыстан атылған зеңбіректердің де даусы шалынды. Ол, әрине, Қызыл Армия бөлімдерінің құралы... Осындай жағдайды көргеннен кейін біздің отрядтың командованиясы, бетті Қызылжар жаққа бұрып, Қызыл Армия бөлімдеріне қосылуды міндет қып қойды. Осы беталысымызда біз Надежна станицасына шабуыл жасадық та, екі қанаттан қоршай кеп алдық. Бандылар бұл арада бізге аса қатты қарсылық корсетті. Көп жолдастарымыз қазаға ұшырады.
— Станицаны алғаннан кейін,— деп жалғастырды Сакиялова әңгімесін,— байқасақ, ішінде топталып біраз банды қалыпты. Аса қатты қарсылық көрсеткен олар әр көшеден, әр бұрыштан аңдыса атысып отырып, амалы құрығанша атысты да, шіркеуге кеп тығылды. Осы шіркеудің төбесінде құрылған пулемет бары, біз станцияны алуға жақындағанда байқалған. Біздің адамдар ашық алаңда тұрған шіркеуге шабуыл жасаймыз деп ұмтылғанда, пулемет сөйлей жөнеліп, бірталай адамдарымыз шығын боп қалды. Байқаймыз — бандылардың бізді шіркеуге жолататын түрі жоқ. Сонда аранын ашқан ажалға қорықпай барған адамның бірі Жақып Қыстаубаев...
Оған арғы жағын айтуға жасқа булыққан Сакиялова жолдастың әлі келмей, орамалымен бетін басып біраз өксіп алды да:
— Қысқасы,— дейді ықылық атқан дауыспен,— пулеметтің үнін өшірген Жақып екен... Сол арада бір бандит оны да револьвермен атып жығыпты... Шіркеу төбесінен біз оның өлігін ғана алдық..
Жақыптың өз халі сондай болса, үй-ішінің не халге ұшырағанын, оның жақын досының бірі Өстемірдің Сыздығы баяндайды.
— Сол күндердің біреуінде,— дейді менің госпиталыма келген Сыздық, бандылар басып алған көздің ауыр халін айта кеп,— түн жамылып Қыстаубайдың үйіне бардым да, бандылардың ол үйге де қастық жасайтын ниеттері барын айттым. Оны өзің білесін, ғой,— кісінің ала жібін аттамаған, өмірін жалшылықпен өткізген, еңбекші момын адам еді ғой. Өзі кәрі кісі. Жақыптан басқа балалары да өзі сияқты. Сондай қалпына бағып, Қыстаубай менің сөзіме елеңдей қоймады. «Менде жұмыстары қанша?»дейді ол, «өшіккен Жақыптарын ұстатып тынды, қалғанымыздан қиянат көрген ешкім жоқ. Үйде отырған момын адамның бәрін қыра берсе, тірі кісі қала ма?..» «Бір жан, екі жан болсақ тығылып та байқар ек, осынша кеп жанмен қайда тығыламыз?» Мен оған «әйелдер мен кішкене балаларға тимес, естияр еркектерін, тығылыңдар» десем, ол «бізді аямаса, бала - шағаны аяй ма олар? Бала-шағаны өлтіртіп, өзіміз аман қалғанда не болады? Одан да бір тәуекелге сыйынып, келетін ажал болса үйде күтіп аламыз» деп көнбейді.
— Сонымен, қысқасын айтқанда, халдері не болды олардың?— деймін мен асығып.
— Не болушы еді! — дейді Сыздық күрсініп aп, — бір күні бандылар Қыстаубайды іздеп келеді. Ол кезде Қыстаубай мен Бейсембай далада үйілген сабаннан азғана малына шанамен азық әкелуге кеткен екен. Үйдегі жандардың бәрін шанаға салып алған бандылар. Қыстаубай мен Бейсембайды да қуып барып ұстайды...
— Ия, не істейді, сонымен?! — деймін мен, асығып.
— Не істеуші еді,— дейді Сыздық, қабағын қалыңырақ шытып ап.— Есілдің мұзы қатып жатқан көз... Бандылар Қыстаубайды бар семьясымен Есіл бойына алып барады да, бәрінің де мойындарына темір байлап тірідей Есілдің ойығына батырмақ болады. Қыстаубайдың да, басқа жандарының да зарланып жылаған даусына бандылар құлақ аспайды... Ақыры Қыстаубай «өлтірсеңдер естиярларымызды өлтіріңдер, жас балалардың жазығы не?.. Оларды қалдырыңдар!..» деп жалбарынса, сол арада бандылардың ішінде тұрған Құлым хажы мен Қожан хажы «артында тұқым қалдырып, ертең түбімізге жетсін дейсің бе?.. Біз сені тұқымыңмен құртамыз!..» деп рахымшылық етпейді...
— Сонымен?!..
— Сонымен, не болушы еді, бандылар барлығын ойыққа батырады да жібереді!..
— Бесіктегі баланы да ма?..
— Қозкеде ұл бала жоқ еді ғой,— дейді Сыздық, жаңағы бесіктегі бала ұл бала екен. Туғанына со кезде үш-төрт - ақ ай болған екен... Қыстаубай үйінің өңге жандарын бандылар суға батырып жатқанда, Қозке жас баланы қолына алып, «осыны өлтірмесек қайтеді, обал ғой» депті. Сонда, әзіңе мәлім, шолжың тілді Құлым хажы «шен не қыяйын деп ең оны?.. Бая қиып ашылып аяйын деп пе ең» депті. Қозке асыраса несі бар? Бұ бала нені біледі? Кім асыраса соның баласы боп кете барады» десе, Құлым хажы «сүйтейін, бай, бұндай ішке неге киіштің?.. Шен қойныңа жыян шаям дегенмен, мен шая алмаймын, әкей бей!..» деп баланың Қозкенің қолынан тартып алыпты да «бай шен де тұқымдайыңның шоңынан!» деп мұздың ойығына жөргекке оралған қалпымен батырып жіберіпті...
— Міне, оқушы жолдастар, ешбір өтірігі, қосары жоқ, шындықта дәл болған Қыстаубай үйінің хал-жайы осындай!.. Taп дұшпандарының осындай сұмдықты істеуге де жүректері тітіренбейді!.. Шын мағынасындағы фашистік қылық деп осындайды айтады...
Бұл хабарды ауырлап жүрген күндерімде мен екінші бір қайғылы хабарды естідім. Оны маған өзімнің, қанды көйлек жолдасымның бірі Гриша Веренько айтты. Қай селодан екендігі есімде жоқ, маңайдағы селолардың біреуінен көтерілістің алғашқы күндері қашып келген Гриша, со кезде он жеті, он сегіз жастағы комсомол. Өзі керемет балалайкеші және сырнайшы, оның үстіне қулықшы. Қандай ауыр жағдайларда Гриша сені, не бір күлмеуге болмайтын қулық айтып, немесе әлденені музыка құралына айналдырып жіберіп, көңілді ашпай қоймайды. Кондратьевка жорығынан қайтқаннан кейін Гриша мен Баймағамбет менен бөлінді. Одан кейін Гришаға госпитальда ғана жолықтым. Госпитальға ол менен төрт-бес күн соң кеп түсті, жарасы,— сол жақ қолының, тоқпақ жілігін мылтықтың оғы үзіп кеткен. Ол екеуміз столовойда кездесіп қалдық. Алғаш көргенде ол, дағдылы ойыншыл қалпымен:
— Сен әлі «могиловская губернияға» бармай мұнда жүр ме ең?—деп қалжыңдай келді де, аз уақыт солай сөйлесіп тұрып, мен Баймағамбет жайын сұрағанда, қабағы қатуланып түйіле қалды.
— Ия, не болды?—дедім мен, әлде не бір жаманат хабарды айтарын абайлап.
— Тірі адамдардың қатарында жолдас Ізтөлин жоқ! — деді де, ол көзіне жас іркілген қалпымен теріс айналып кетті.
— Не деп тұрсың?! Қайда?.. Қашан?..— деген менің сұрауларымның біреуіне де ол ұзақ уақыт жауап бермей, қабағын қарс жапқан қалпымен әрірек жерде ерсілі - қарсылы жүріп алды.
Біраздан кейін ғана болған уақиғаны айтуға Гришаның халі келді. Психологиялық және драмалық жақтарынық бәрін қоя тұрғанда, Гришаның айтуынша, уақиға төмендегідей болған: бандылар қаланы алған күні Ізтөлин ішінде болған взвод түрмені күзетеді. Аз уақыттан кейін күзетшілер мен штабтың арасындағы байланыс үзіледі. Түрменің телефоны қызмет істемей қояды. Барлаушы жіберіп байқаса, көшелердің халі қиынға айналған. Бірнеше барлаушы қайтып оралмайды. Кейбіреулерін әлдекімдер атқылап түрме қорығына қуып тығады. Соған қарағанда, қалаға бандылар кіргені әзірге сезілмегенмен, қала ішіндегі бандиттердің қимылға кіріскені байқалады... Не істеу керек?.. Бір жағына қарай бұзып-жарып шығуға күштері азғантай... және штабтан бұйрықсыз күзетті тастап кетуге болмайды... Сондай халде отырғанда, қалада шу көтеріледі... Бандиттердің қалаға кіргенін күзетшілер аңғарады... Енді олар ақылдасады да, түрмені тастап бандылардың қоршауынан шығу амалын істемек болады... Өткен күні, егер қаланы бандылар ала қалса, ЧОН-ның адамдары Омбыға қарай беттеп шығуға қажеттігі туралы штабта сөз болғаны күзетшілерге мәлім. Олар осы мақсатпен түрмеден шығуға беттегенде бандиттер қоршап алады. Сол арада екі жақтың қарама-қарсы атысы басталып кетеді...
— Біз ұзақ уақыт атыстық, — дейді Гриша Веренько,— біраз адамымыз оққа ұшты. Біз де оларды өлтірген жоқпыз өйткені, олардың қолында айыр мен тырнауыш, бізде винтовка!..
— Бір кезде,— дейді Гриша, — командиріміз Хасен Маназаров оққа ұшып құлады. «Команданы мен алам!» деді Ізтөлин... Біз бандылармен түрме қорғанының бір бұрышындағы мұнараға кіріп атыстық... Со кезде қорғанның іш. жағынан да, сыртынан да қалың банды бізді қыспаққа алып кетті. Олар өлгеніне қармай, мұнараның жан-жағынан қара құрттай өрмелеп, шыға бастады... мұнараның ішіне кіре бастады... Сол кезде, Ізтөлиннің «Жасасын революция!» деген саңқ еткен даусымен қабат, наганный, да шаңқ еткен даусы қатар шықты... Өзін-өзі атқанын біле қойдым... Әлдекім менің алдыма құлап түсті... «Ізтөлин болар» деген сөзіммен оны құшақтай алдым... «Баймағамбет!» дедім мен... «Гриша, хош!» деді ол... Одан әрі жауаптасуға уақыт жоқ... Көрдей қараңғы мұнараның, ішіне лық толған бандылар «ұстаңдар!» деп арадай шулайды... Кімді кім ұстап жатқанын жан білер емес... Осындай берекесіз ың - жыңның ішінен мен қашып құтылдым,— дейді Гриша.
— Эх, Ізтөлин!.. Жақсы адам еді ол! — деп Веренько ауыр күрсініп қояды...
Мен одан да ауыр күрсінем!.. Өйтпегенде ше!.. Өзімнің идеялық есу жолымда зор міндетті адамның біреуі, көп қалтқысыз көңілмен жолдас болған қымбатты досым, қанды көйлек жолдасым, партияның адал мүшесі, құрметті Баймағамбет Ізтөлиннен айрылу оңай боп па!.. Жалғыз ол ма, менің айырылған жолдастарым?.. чон отряды құрылғанда, барлық саны жеті жүзден астам коммунистерден, бандылар көтерілісі біткенде екі жүзден аз-ақ астам коммунист қалды!.. Ауыл - селоларда өлген коммунистер қанша!.. Мен олардың да талайын білем... Қызылжарда құрбан болған коммунарларды жерлейтін шақта госпитальдан мен де жазылып шықтым. Әр жерлерде өлген коммунарларды жинасу жұмысына мен де араластым. Жиналатын орын,— Қызылжардың өрт командасы тұратын ұзынша, кең, кірпіш сарай. Әрбір табылған өлікті сарайға алып келу, ең кемінде бір жылдық өміріңді жойғандай болады, өйткені, бір өліктің, де адам бейнесі сақталмаған: бандылар олардың кейін күйдірген, кейбіреулерін бөлшектеп шапқылаған, біреулерін аралаған, бәріне жуық,— бет-аузын танымасын дегендей,— бас сүйектерін қиратып, сындырып тастаған!.. Советтік Россияда барлық тіректерінен айрылған қанаушы таптың қалдықтары — бандиттердің хайуандық қимылдарының түрі осындай еді!.. Әліктерді жинаса жүре Оспайбай екеуміз Баймағамбетті де іздедік. Оны таптық та... Сонда, оны кескінінен таныған жоқпыз, тек қана, үстінде қалған жалғыз киімі,— ақ -шұбар ситсадан қазақша тіккен, өзімізге таныс дамбалы мен оң жақ санында тізесінен жоғары біткен үлкен қара меңінен таныдық. Бұл екі белгі, тайға. таңба басқандай, күдіксіз айқын белгілер... Сонымен, Баймағамбеттің де өлгені күмәнсіз анықталды. Бұл, әрине, халық үшін әсіресе, мен үшін, аса ауыр өлім!.. Бірер күннен кейін, бұл елімнің былай да ащы күйігі, жанымды одан да ауыр жаралай түсті. Баймағамбеттің табылған денесін, өлген өзге коммунарлардың арасына апарып, табытқа орналастырған мен, олар көмілгенше, Баймағамбет өлең жазып жүретін қалың кінешкені тауып алмақ болдым. Ойым — жергілікті орыс және қазақ газеттеріне оның революциялық тақырыпта жазған өлеңдерін жариялау. «Кінешке» дегенім, қалыңдығы екі елідей, ұзындығы екі қарыстай, көлденеңі бір сүйемдей, қағаздары сапалы және қалың, әрбір қағазының оң жақ беті ақ, сол жақ беті жазулы дәптер. Бұл, патша өкіметінің көзінде, түндік 'басынан жиналатын раматшығынды төлеушілерге ауылдық старшын беретін квитанцияның түбірі( корешок). Баймағамбетке бұны, патша көзінде бірнеше жыл старшын болған әкесі Қанапия берген. Менде де сондай бір кінешке бары, оқушыларға өткен тараулардан мәлім. Баймағамбет те, мен де елеңдерімізді сол кінешкелерге жазамыз. Екеуміздің кінешкеміздің форматы да, түсі де, түптелуі де бірдей. Тек қана, айырмасы — Баймағамбет кінешкесіндегі қағаздардың сол жақ бетіндегі бланкелер түгел толтырылып, квитанцияларға кімнен қай кезде қанша рамат, шығын алынғаны жазылған; ал, менің кінешкемдегі бланкелер толтырылмаған таза.
— Саған толтырылмаған кінешке түскен екен,— дейтін маған Баймағамбет,— сондықтан, ол күнәсыз кінешке. Ал, менің кінешкемнің іші бықып тұрған күнә.
— Неге?
— Бұл өзі ең алдымен, 1915 жылы төленген раматшығынның кінешкесі. Ол, халыққа ауыртпалықты үдете жүктеген жыл,— империалистік соғыстың аса ауыр жылы. Сол жылы біздің Аққусақ болысында, үшінші номерлі ауылнайға старшын болған әкемнің кімнен не шығын алғаны осы кінешкеде айқын көрініп тұр...
— Міне, қарашы өзін,! — деп Баймағамбет шығын төленген квитанцияларды маған ақтарып көрсетеді де, шығынның әділетсіз жиналғанын оның ауыртпалығын кедейлер көтергенін, байлардың көбі шығын төлемегенін конкретті цифрлармен дәлелдеп береді.
— Бұл кінешке,— дейді ол, түгел ақтарып болғаннан кейін,— жай ғана кінешке емес, барып тұрған тарих. Менің өлеңдеріме де бұл кінешке көп азық береді. Заман тынышталып, жайымызға келгеннен кейін, бұл кінешкенің материалдарынан мен әлі көп нәрсе жазам. Мұнда талай трагедиялық та, комедиялық та, драмалық та тақырыптар бар...
Көтеріліс шыққаннан кейін, осы кінешкені Баймағамбет, менің көзімше, сенімді дейтін бір таныс үйіне апарып тыққан. Мен де кінешкемді өзім сенетін бір үйге жасырғам. Баймағамбеттің өлігін тапқаннан кейін, мен оның кінешкесін іздеп барсам, тыққан үйі отқа жағып жіберіпті.
— Неге жақтыңдар?— десем:
— Бандылар үйді-үйге тінту жасады, солар тауып ап жазаға тартады екен деп қорықтық,— дейді.
Амал нешік!.. Бұл уақиға маған Баймағамбеттің өлімінен кем батқан жоқ. Өйтпегенде ше? Бүкіл қазақ совет әдебиетінде, Октябрь революциясы туралы, советтік құрылыс туралы Сәкен Сейфуллинге ілесе өлең жазған адам Баймағамбет екені, жоғарырақ мысалға келтірген оның өлеңінен көрініп тұр. Одан кейін де ол революциялық, советтік темаға талай өлеңдер жазған, орыстың революциялық поэзиясынан талай өлеңдерді аударған. Сол көздің өзінде ол сауатты, мәдениетті ақын болатын. Оның саяси жағынан да, көркемдік жағынан да жақсы жазылған өлеңдерін оқығанда, мен өз өлеңдерімнің біразынан қорланатынмын. Маған Баймағамбет революциялық және советтік темада, қазақ әдебиетінің бастаушысы, іргесін қалап, қабырғасын өсірушісі көрінетін...
Сондай өлеңдердің бәрі отқа күйсе, жан оған ашымағанда қайда ашиды... Сонымен, Баймағамбетпен бірге ақын да өлді!.. Ол жазған көп өлеңнің, кейін азғантай сімілтірі ғана табылды. Жиналған еліктер ерт сарайына сыймады. Сондықтан, оларды жерлеуге тағайындалған комиссия, әр коммунарды жеке табытқа салды да, табыттарды текшелеп бірінің үстіне бірін үйді... Биіктігі сарайдың төбесіне таянған бұл текшелер, өліктер жиналып болған кезде кең залға әрең сыйды... Өліктерді жерлеу күні қалада болған қайғылы халді адам сипаттап та болмас еді, және ол ауыр сипаттың бұл арада оқушыларға керегі де жоқ... Қаланы басына көтерген қалың у-шу жылаудың ішінде әркім өз туыстарын, достарын, таныстарын көтеріп алып шығу қамында болды.. Мен Ізтөлиннің табытын көтерісіп шықтым!.. Қызылжардың орта тұсындағы кең алапқа, қазылған туысқандық кей қабырға, коммунарлардың табыттары текшелене қатар қойылды да, сүйген жерлерінің топырағымен беттері біртегіс жабылды. Басқа сөзге аузы келмеген жақындарының тек қана айтқаны «Қ-о-о-ош!!.»
Мен де жасқа булыққан үнмен осы сөзді қайталай бердім!..
Содан бері, Қызылжарға қай мезгілде барсам да, осы құрметті туысқандық қабырды айналып өтпейтін күнім болмайды... және, неге екенін білмеймін, әрбір айналған сайын сондағы сөзімді қайталап, «қош!..» деймін мен... Ия, қош қадірлі жолдастар!.. Сендердің арман еткен істерің, өздерің сүйген коммунистік партияның басшылығымен, күн сайын кеңи, жоғарылай, жарқырап жайнай іске асуда!..
Топырақтарың торқа болулы, қадірлі коммунарлар!..
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
«ІС ҮСТІНДЕ»
АБДОЛЛА АСЫЛБЕКОВ
Азалы күндердің артынан Ояздық Партия Комитеті мені шақырып алды да, Көкшетау қаласына жүретіндігімді хабарлады, атқаратын қызметім — Омбыдан Қызылжарға келіп, одан Көкшетауға баратын революциялық трибуналдың күзет командасында болу. Трибунал алғашқы мәжілістерін қызылжарлық театрдың залында еткізді. Мәжілісті тыңдаушылар қаптап кетіп, залға сыймайтын болған соң, орындар санына лайықтап пропускалар үлестірілді. Мен, әрине, бұл тізімнің ішінде болдым. Зал лық толып, шақырылғандар орныққаннан кейін соттың келуі жарияланды да, сахнаға бірнеше адам шықты, солардың ішінде киімдерімен көзге ерекше түскен біреу болды. Оның аяғында бұғы терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен, қонышы қара санынан келетін байпақ тәрізді жуан етік, үстінде сол сияқты қорбиған шолақ тон, басында да сол сияқты, төбесінде шошайған екі мүйізі бардай құлақтары салпиған бөрік... Бұндай киімді адамды менен басқа да көрмеген адамдар залда көп болу керек, әр жерден «анау кім?!» деген сыбырлар естіліп қалды. «Якут», «бурят», «экимос» десті біреулер.
— Кім де болса, Қиыр шығыстан келген адам.
— Абдолла Асылбеков деген осы болар,— деп қалды біреу.
Ашылған мәжілісті ол күні Полюдов басқарды. Қаралатын мәселе біреу-ақ: қолға түскен бандалардың, әсіресе бастаушылардың қылықтары. Соттың сұрауларынан, куәлардың бекітулерінен ұғылатын нәрсе, анау тор көзге қамалған «банда» аталатын адамдардың істері аңның, я құстың жыртқыштарынан әлдеқайда асып кеткен, олар естіген құлақ түршігетін хайуандық жасаған. Залда отырғанға ерік берсе, бандаларды табан аузында түтіп, жоқ қып жіберетін. Өйтуге мүмкіндік жоғын көрген залдағылар, ызаланған уақыттарында «аң!.. жыртқыш!.. хайуан!.. лағнет!..» деген сияқты сөгістерін айтып шу ете қалады... Соттың қоңырауы ол үндерді әрең басады. Мен, ішімнен, тап жауы дегендер осылар екен ғой!» деймін де, оларға ең қатаң жаза берілуін тілеймін. Екінші күннің мәжілісін бұғы киімді ашты. Ол «Абдолла Асылбеков» болып шықты... Трибунал мәжілісі әділ: «банда» дегендердің істерінің анығына жетіп, біреулерді қатал жаза — елімге бұйырды да, біреулерін абақтыға кесті (ол кезде абақтыда бес жылдан артық отыру жоқ екен) ал, дақпыртқа ерген біреулері жазадан босады. Трибуналдың Қызылжардағы мәжілісі жұмаға жақын өтті де, содан кейін Көкше жаққа қашқан бандалардың ізін қуа жүреді деген қауесет естілді. Ол расқа шығып, бір «үні мені уездік партия комитеті шақырды да «трибуналды Көкшетауға дейін күзетіп баратын салтты отрядқа қосыласың, Полюдов Омбыға осы арадан оралады, Трибунал председателі Асылбеков болады» деді. Отрядта екі қазақ бар болдық: бірі — Омбыдан Асылбековке еріп келген жас коммунист—Шәріп Есенов, бірі — мен. Шәріп қулықты, қалжыңшыл, пысық жігіт екен. Ол менімен бір керіскеннен дос болып алды да, Көкшетауға аттанар алдында Асылбековтың пәтеріне ертіп апарып таныстырды. Қызылжардың байлары мен саудагерлері «қатал» деп «қаһар» деп үріккенмен, «өзім» деген кісіге Абдолла қатал адам болмаушы еді. Ол мені бірден жақыны керіп бауырына тартты да, содан бастап, 1937 жылдың жазында ажырасқанға дейін, ең жақын, ең сенімді досымның бірі болды. Біздің Қызылжар мен Көкшетау арасындағы жолымыз жердің саздығынан, аттардың әлсіздігінен жарты айға жақын уақытқа созылды. Осы қиын және ұзын жолдың үстінде біздің отряд Трибунал көшінен озып та, кейін қалып, маңын шолып жүреді дегенмен, оған ұшырасатын сағаттарымыз да аз болмайды. Жолшыбай ұсталған бандалардың қылмысты істерін трибунал табан аузында тексеріп, үкімін шығарып отырды. Сол кезде «ату» деген сөздің орнына «Могилев губерниясына жөнелту» деген сөздерді қолдану бар. Істері қаралған талайлар жеке де, жұпталып та, топталып та сол губернияға жөнелтіліп жатады. Кейбір қауіпсіз күндер мен түндер де аз болмайды. Сондай уақытта, тоқтаған ж;ерде әңгімелеріміз бен ойын-күлкілеріміз де аз болмайды. Абдолла мейлінше кеңесшіл адам. Оның басының аздап қалтағы бар. Оң қолының үлкен бармағының үстіне тағы бір бармақ өсіп, жұрт оны «алты бармақ» деп атаған. Өзі ауыз жаппайтын шылымшы және барып тұрған шайшыл. Қолы бос көзінде жолдың қалайы шәйнегін оттан түсірмейді де, мол ғып алған «мыңдық» маркелі тақта шайды сүтсіз қою құйғызып, «сахарин» аталатын тәттіні қосып, сораптаудан, «япондардан олжаға түсті» деген сигарет шылымды ағаш мүштіке қыстырып сорудан дамыл таппайды. Өзі тершең адам, шайға рахаттанған кезде жалпақ бұжыр бетінен тер сорғалап, әңгімеге кіріседі. Мен Абдоллаға әлденеден жаға қалдым. Ол маған жолда әлдекімнен қалап алған домбыраны тарттырды, үнемі қиссаларды, жырларды айттырады. Оларға жаны құмар. Өзінің айтар әңгімелері көп, әсіресе, партизандар тұрмысынан. Кейбіреулері кейінірек оқыған Всеволод Ивановтың немесе Александр Фадеевтің осы тақырыпқа жазған әңгімелері сияқты өте қызық. Мысалы, Абдолла араласқан партизан қосыны Владивосток маңында жүргенде, қолдарына қасында атқосшысы бар Японияның Микаво есімді полковнигі ілігеді. Бұларды отряд атады да, документтерін, киімдерін барлау ісіне пайдаланады. Владивосток ол кезде япон басқыншыларының қолында екен. Солардың хал-жайын барлап қайтуға, атылған полковниктің киімдерін кигізіп, фотосын өзгерткен документтерін қалтасына салып, қасына япон тіліне жетік партизан якутты қосып, отряд Абдолланы жұмсайды. Ебін тауып қалаға кірген бұлар қаланың қай жерінде япондардың несі барын түгел барлап, партизандардың бұл қаланы шабуылмен алуына себепкер болады. Бұл ұзақ хикая боларлық қызық материал. Абдолланың басқа да қызық кеңестері толып жатады. Оның жазушылық қабілеті де бар адам еді, оған, 1917 жылы жазылып, 1922 жылы кітапша болып жарық көрген, Октябрь революциясының Ақмола қаласында қалай жасалғанын баяндайтын «Біздің де күніміз туды» дейтін жап - жақсы хикаясы куә. Ол партизандық күндерінен де көлемді шығарма жазу ниетінде еді, толып жатқан себептердің салдарынан үлгере алмады. Жарты айдай жолдас болған күндерде, мен Абдолла Асылбековтен өлшеусіз көп өнеге алдым, әсіресе, адал коммунист болу жайында. Сонда оның айтары:
— Қандай саяси жолды ұстау. әрбір саналы адамның еркі. Бірақ қайсысын ұстаса да соған адал болу керек, ең қажеті, екі жүзді болмау керек.
Қайда жүріп үлгергенін кім білсін, Абдолла Лениннің еңбектерін көп оқыған кісі еді. Ол әрбір пікірін Ленин сөздерімен бекітуді жақсы көретін.
— Коммунист болсаң, осы айқын жолға шаң жолатпа, оны таза ұста! — дейтін ол.
Өзі өл - өлгенше осы жолдан тайған да жоқ, кірлеткен де жоқ. Сондықтан мен Абдолла Асылбековты өл - өлгенше өзімнің комунист ұстазымның біріне санаймын. Біз асықпай жүріп отырдық, оған себеп — барар жеріміз екі жүз елу шақырымдай, жолшыбай көліктерімізді алмастырмай, осы аттармен ғана барамыз. Ендеше, оларды қыспаққа алмау керек. Әрі қардың жұмсаруы, одан кейін еруі күн санап үдей түсті. Аттардың бабына қарап, түсте және кешке ұзағырақ тоқыраумен біз ілгері жөнеп отырдық. Трибуналдың алдын шолатын салт атты — жиырма бес шақты адам, мен солардың ішіндемін, өзгелері трибунал мүшелері мініп келе жатқан экипаждар бізден үнемі бес-он шақырым кейін жүрін, алдағы жайды шолғыншымен біліп отырады. Бірнеше күнге дейін біз жүрген бетте қауіп кездескен жоқ. Жолшыбайғы елдің бәрі тынышталған. Қай ауыл мен қай селоға барсаң да бандиттердің айуандық қылықтарын айтып зарлап қоя береді. Көпшілігі оларға қарғыс айтады. Осылай тып-тыныш жатқан бетімізде, бізге бір жаман сыбыс естіле қалды. Жолда жолыққан әлдекімнің айтуынша, алдымызда жақын жерде ұшырасатын Царицыно дейтін селода бандиттер тобы бар, саны бірталай кісі, олар өзінше штаб құрып, жан-жақтан кісі жинап жатыр және қолға түскен коммунистер мен советтік активтерді өлтіріп жатыр. Барлаушы жіберіп білдіргенде, бұл хабар рас болды. Женя Данилов мұндайда батыл кісі екен. Бұл хабарды ол трибунал маңайындағы адамдарға естіртпей, бандиттерді өзі барып жоюға белін буды. Сол мақсатпен түнде кеп қалаға шабуыл жасағанда, қопаңдап отырған бандиттер әрі қарай үркіп шыға келісті. Оларды біздің аз ғана салттылар әрімен қарай асырып тастап қайтты. Қалада хабарлаушы айтқандай қауіп жоқ екен. «Бандиттер» дегенінің айналасы жиырма шақты - ақ кісі екен. Со қалпына қарамай чэлар, бір үйге штаб құрыпты да, маңдайшасына ескі шүберектен жасыл жалау байлап қойыпты. (Күн бұрын ескертуге ұмытып кетіппіз, бандиттер өздеріне «жасыл» деген ат қойып, қолдарына жасыл ту ұстайтын). Тұрғын адамдардың айтуынша саны аз бандиттер жұртқа өздерін көп қып көрсетпек боп, «біз тек штабтың ғана адамдарымыз. Қалың қолымыз жан-жақтан келе жатыр. Өкіметті біз қолға қайтадан алдық. Совет өкіметін тағы да жеңдік» деген хабар таратқан. Онымен ғана қоймай жан-жақтағы жақын поселоктерге кісілерін жіберіп, «қайтадан көтеріліңдер, қолдарыңа түскен коммунистерді штабқа алып келіңдер» деп бұйрық беріпті. Данилов Царицыноға тоқтады да, кейінгі келе жатқан кісілерімізге хал-жайымызды баяндауға хабаршы жіберді.
— Қызық уақиға болуы мүмкін,— деді ол хабаршы кеткеннен кейін,— әлгі қашқан бандиттердің тіліне сенген біреулер, мұнда қолына түскен коммунисті алып келуі мүмкін.
Даниловтың болжалы дұрысқа шықты. Таң сібірлеп атып келе жатқан кезде, жан-жаққа жіберген барлаушылардың біреуін, «салт мінген мылтықты үш адам, жаяу төрт кісіні айдап әкеле жатыр» деп хабарлады:
— Болды қызық,— деді Данилов, қуанып санын шапалақтап. Көрерсіңдер, ол салт аттылар бандиттер, айдап әкеле жатқаны коммунистер.
Біреулер «олай болмас» деп күдік айтып еді, Данилов оз сөзін қуаттады да:
— Бұдан бір қызық комедия жасайық,— деді күліп.
— Қалай? — деді біреулер.
— Былай: олар бұнда бандылар штабы бар деп келеді. Бірнешеуіміз крестьянша киініп, осы үйден оларды тосып алуымыз керек. Ар жағын өзіміз біле жатамыз.
Даниловтың ол жорамалы да дұрысқа шықты. Қауіпті ешкім көріне қоймаған соң, қаннен-қаперсіз бандиттер айдаған адамдарымен көшені бойлай жүріп отырып, ту тігілген үйдің алдына кеп тоқтады. Крестьянша киінген Данилов және тағы бірнешеуіміз оларды «құрметпен» қарсы алдық. Салт мінген үш бандиттың біреуінің үстінде тозығы жеткен офицерлік шинель, оның иығына погон тағып алыпты. Папахасының маңдайына қиғаштай жасыл шүберек байлап апты. Қолында кабурына саптай ұсынған маузер, өзі қапсағай жауырынды, имектеу ұзын денелі, мұрны қоңқиған, сыртына тепкен үлкен көк көзді, қалыңдау ұзын сары мұртты, жүдеу пішінді бір адам. Қасындағы екеуі — сақал мұрттары өскен қарапайым біреулер. Біздің «құрметімізді» шын көрген офицер, тосып тұрған бізге анадайдан мақтанған дауыспен айқайлай келді.
— Коммунистермен біз есептесіп жеткен жоқпыз әлі,— дей келді ол. Төртеуін әкелдік, тағы да табамыз...
Бейғам ба, болмаса ақымақ па, мастық па, немене екенін кім білсін, офицердің де, оның екі серігінің де қылықтары түкке тұрмайды. Әйтпесе, мынадай қаупі зор қысаңқы кезде, тым аңқалаңдамай, байыбына барып алып іс қылмай ма? Оны істеген жоқ олар. Аңқалаңдап келген қалыптарымен, айдап келген коммунистерін бізге тапсырды да, сол аңқалаңдаған қалыптарымен штабтың үйіне кірді. Ішінде даяр тұрған адамдар әрине, оларды бассалып ұстады да, қаруларын тартып алып, қолдарын байлап тастады... Олар шынында мас екен, және, анау-мынау емес, мейлінше мас екен. Сондықтан де біздің адамдардың мына қылықтарына мән бермей, әлденені айтып қалжыңдасып, әлде не боқтауларды айтып сөгіп жатыр. Мастықтан мұнартқан милары, бізді қызылдың адамы дегенге әлі де сенбей отыр. Данилов зор денелі, байсалды мінезді адам болатын. Офицер оттай бастаған кезде, ол комедиялық қылықтарының бәрін сырғытып тастады да, «міне саған қызылдар емес!» деп офицерді жуан жұдырығымен жақтан салып кеп жіберді. Сонда ғана ананың есі кіргендей боп:
— Ой, что ты, батюшка мой?—деп жасқанып, басын қорғай берді.
— Енді кіммін мен? Ақпын ба? Қызылмын ба? — деп Данилов сыртқы крестьянның бүрмелі тонын сыпырып тастады. Оның қызыл командирге тәуелді ішкі киімін көргенде, офицердің де, оның серіктерінің де кездері шарасынан шығып кетті.
— Мен қызылмын, қызылдың командирімін!.. Ал, сен ақтардан қалған аш күшік, алданып қолға түсіп отырсың. Мен саған қазір бар шыныңды айтқызам,— деді.
Оларға шынын айтқызардан бұрын, Данилов айдалын келген коммунистерді шақыртып алды. Не уақиға болғанын білгенде, қуанғаннан оларда ес-түс қалған жоқ. Манағы жұдырық батып қалған ба немене, офицер Данилов берген сұраулардың бәріне де дәлме-дәл жауабын қысқаша айтты да отырды. Оның фамилиясы Кирчик екен. Ұлты белорус. Помещиктің семьясында туыпты. Бірінші империалистік соғыстың алдында прапорщиктердің курсын бітіріпті. Соғыс күндерінде кіші офицерден лейтенантқа шейін көтерілген ол, революция күндері генерал Корнилов армиясында болып, Петроградқа шабуыл жасапты. «Тағдырдың айдауымен» Колчак армиясына қызметке кірген ол, Колчак әскері Петропавлдан шегінген кезде жасырынып қалып қойыпты. Жергілікті кулактардың біреуінің офицер баласы мұнымен көп жылдан дос екен. Соның запискесін алып келгеннен кейін, әкесі мұны қолына ұстайды да, басқа бір фамилиямен жүре береді. Сөйтіп жүріп ол бандылар көтерілісін ұйымдастыруға қатынасады, көтеріліс күндері өзі офицер боп қызмет істейді... Бандылар бұл арадан қашқанда, ол тағы да жасырынып қалып қояды...
— Иттің ғана баласы - ау, дейді оған Данилов, сөзінің осы тұсында,— бұндай адам болған соң сол бандылармен неге қашып кетпедің?
— Біз әлі болашақтан үміт үзген жоқпыз,— дейді ол.
— Ә-ә, с-с-солай ма!—деп Данилов түйіліп бір қарады да, тағы да қойып жіберуге ыңғайланып, көтеріле, ұмтылыңқырай беріп, қайта шегініп отырады. Бұл кезде оның бар ашуы тісіне жиналып, қатты тістенген оның жағының еттері түйін - түйін боп кетеді...
Данилов офицермен көп мылжыңдасқан жоқ. Қажетті сөздерін қысқа-қысқа сұрап алғаннан кейін бандиттерді қамауға бұйрық берді. Оларды Данилов ұзақ қаматқан да жоқ. Олар үйден шыға салысымен, «сөз қысқа» деді Данилов, қылжақтасып жүреміз бе солармен, қазір шығару керек те, аттырып тастау керек. Біреулер:
— Трибуналды тоспаймыз ба?— деп еді:
— Бұған не трибунал керек?— деді Данилов жекіп, тексеретін түгі де жоқ. Мәселе ашық. Қазір шығарамыз да атамыз.
Командирдің бұйрығына қарсы келуге болмайды. Ол енді қалай атудың тәртібін айтты.
— Қасындағы екеуін мына тұтқын боп келген коммунистер атады,— деді ол.— Ал, анау офицердің өзін мына Мұқанов атады.
— Басқа біреуге бұйырсаңыз қайтеді,— дедім мен.
— Неге? —деді Данилов.
— Дәл мұндай бетпе-бет кісі атып көрген жоқ ем...
— Жағыңды бұзып жіберейін бе, өзіңнің! Не оттап тұрсың, кісі атуға жүрмей, қонақта жүрмісің?!—деп Данилов мені біраз ұрсып алды да:— сөз болуға мүмкін емес! — деді бұйрығын шегелей айтып,— атасын, және өзге мылтықпен емес, өзінің маузерімен атасың.
Мен енді тіл қайыра алмай қалдым.
— Әкел маузерін,— деді Данилов.
Қолына әкеп ұстатса, темірі көкпеңбек жаңа маузер екен. Ішін ашып көрсе, бір обойма толы оқ. «Маузер» атты мылтықты мен бұдан бұрын ұстап та көргем. Оның автомат мылтық екенін білем,— бір атқаннан кейін тілін жібермей тартып тұрсаң, кезекпен барлық оғын бірінің артынан бірін шығарады. Маузердің салынатын кабуры ағаштан жасалады. Кабурдың тұмсығында маузердің өзін жалғастыра қоятын тетігі бар. Солай жалғастырса, кабур құндағы болады да шығады. Бұл түрінде ол кіші гірім винтовка сияқтанып кетеді.
— Бұның не мылтық екенін білесің бе?—деді Данилов.
— Білем,— деп мен білген тіліммен маузер жайын айтып шықтым.
— Молодец,— деді Данилов.— Бірақ, сен маузердің бір ғана оғын шығарасың, өзгесі кейін де керек болады. Егер бір ғана оғын шығарын, Кирчикты сонымен жықсаң, бұл маузерді мен саған сыйға берем. Оны істей алмасаң маузерден айрыласың.
— Жақсы,-— дедім мен.
Бірақ, дәл Данилов айтқанды түгел орындай алған жоқпын. Расында, менің бірінші рет бетпе-бет кісі атуым осы ғана еді. Сондықтан ғой деймін,— Даниловтың тұспалды бұйрығы болған кезде, Кирчикке ұсынған маузерді мен бір емес, екі рет атып жіберіппін... Кирчик алғашқы атқанда да, омақата құлаған еді, екінші рет неге атқанымды өзім де білмеймін... Бірақ, оны ойлауға ол жерде уақыт бар ма!.. Қатемді кейін ғана аңғарып, командирімнен кешірім сұрайын деп ем:
— Сен енді маузерден айрылам деп тұрсын, ғой,— деді ол күліп,— қалай, беруге ме, саған, бермеуге ме?
— Оны өзіңіз біліңіз.
— Екінші жолы да осылай орындайсың ба, бұйрықты?
— Жоқ,— дедім мен.— Мен сізге «бетпе бет кісі атуым бірінші рет» дедім ғой.
— Екінші ретте ше?
— Онда, бұйрық бұлжымай орындалады да.
— Мұндай шартпен маузерді беруге болады,— деп Данилов қолымдағы маузерді алып: айнала біраз қарап отырды.
— Жақсы маузер — деп қойды ол, біраздан кейін.
— Бізде әлі тап жауы көп,— деді ол маған тура қарап ап,— олар біткенше бұл маузер бізге керек болады. Егер, дұрыс сақтап, дұрыс ата алам десең мен саған берем.
— Жақсы, жолдас Данилов, тырысайын,— дедім мен.
— Тырыспа, орында! — деді ол.
— Орындаймын!
— Ендеше, мә! — деп маузерді ол сол қолыма ұстатты да, оң қолымды ұстап қысып тұрып,— тап күресіне керек құралды мықты ұстауыңа сенем,— деді.
Маузерге тағы бір қарасам, сабының қабырғасында «210759» цифр тұр екен. Осы номерлі маузер менде күні бүгінге дейін құрметпен таза сақтаулы.
БОЛЫСТЫҚ РЕВКОМДА
Көкшетау қаласында біз қар аласапыран боп ери бастаған кезде жеттік. Омбы мен Қызылжарға көзім үйренген мен, Көкшетау қаласын менсінген жоқпын. Оның атағына көлемі де, көшелері де, үйлері де үйлеспейді екен. «Көкшетау» деген атағын естігенде, ең алдымен, мен қаланың қасында алыстан көгеріп көрінетін тауы болар деп жорамалдайтынмын. Бұған дейін менің керген тауымның биігі «Сырымбет». Көкшетау қаласының сыртын ала біткен таусымақты «Бұқпа» дейді екен, Сырымбетпен салыстырғанда, ол Бұқпа тау ем.ес, »;ай ғана бір адыр сияқты. Анда - санда сидия өскен сирек қарағайы болмаса, үстінде тауларға тәуелді жыныс орман жоқ. Қаланың қасында көз толатын табиғат,— шалқар көл ғана. О шеті мен бұ шетіне көз әрең жететін, қамыссыз жалтыр бұл көлдей көлді, мен бұған дейін көрген емен. Кең,- кең көшелері тік тартылған қаланың ұзын тұрқы ол кезде екі шақырымдай, көлденеңі бір шақырымдай. Екі этажды үйлер қаланың анда-санда бір жерінде ғана ұшырасады, олар өзге жатаған кішкене үйлердің арасында, жайылған жылқы арасындағы бірен-саран оттаған түйедей сораяды. Электростанция жоқ. Қаладан оғашырақ салынған кішкентай екі завод бар, бірі — былғары илейді, бірі пима басады. Қаланың, орта тұсында кішкене көлемді бақша бар, неге екенін кім білсін, ағаштары тырбиып аласа еседі. Бұдан басқа «байлық»,— ағаштан қиған кішірек бір шіркеу мен бір мешіт. О жылғы Көкшетаудың бар көрінгісі осы. Бір ғасырдың, бойына әуелі округтік, одан кейін ояздық әкімшілік орны боп келген қаланың бұл көрінісіне көңіл қандай тояды?.. Трибуналдың Көкшетаудағы қызметі ұзаққа созылмады, өйткені ол атқаратын қызметтің көпшілігін, жергілікті советтік заң мекемелердің өздері-ақ орындап қойған екен... Партия комитетінің мұсылмандар секциясы аталатын бөлімін, жасы мен шамалас, Хамза Жүсіпбеков басқарады екен. Біз барған кезде секретары әлдеқайда жолаушылап, комитетті Хамза басқарады екен. Ол Абдолла Асылбековтың жерлесі және шәкірті болып шықты. Әуелі Ақмола қаласының төңірегіндегі қазақ аулында Сәкен Сейфуллиннен орысша хат таныған ол, одан кейін Ақмоланың «екі класты» аталатын алты жылдық школасын бітірген, орысша өте сауатты екен, қазақша да жақсы біледі. Жастығына қарамай, ол байсалды саяси қызметкер екен. Сол жылы үйленген. Қайын атасы Ахметжан Бекмұхамбетов татар зиялыларынан, пікіршілдерінен саналатын ауқатты кісі екен. Мейманханасы жоқ қалада, біз Хамзаның пәтеріне орналастық. Үйіндегі және кеңседегі сөздеріне қарағанда Хамза бар мәселеде сауатты, пікірлі коммунист сияқты, сондықтан да ол 1937 жылы халық жауы аталғанша республикадағы партиялық қызметтердің жоғарғы жақтарында жүрді. Журналистік таланты да бар ол әдебиеттік мәселелерге араласып, отызыншы жылдардың басында Қазақстан жазушылар ұйымын басқарды. Уездік ревкомның орынбасары Хамидолла Серғазин деген жігіт екен. Ол да сауатты, парасатты, іскер адам. Жасы мен құралыпты. Хамза мен Хамидолланы көргеннен кейін, мен өзімнің шала сауаттылығыма қорланып, Абдолланың «оқу керек» деген сөзіне ойымды бекіте түстім. Көкшетаудағы азын-аулақ қазақ қызметкерлерінен жасы менен егде болғанмен, білімі қатарлас адам. Ояздық политбюрода Сейфолла Қасқарбаев деген жолдас қызмет атқарады екен. 1924 жылы туберкулез сырқатынан қайтыс болған бұл жолдаспен таныссам, арғы тегі жетісулық, Дулат руынан, оның ішіндегі Қасқарау бөлімінен шыққан. Фамилиясын ол ру аты «Қасқараудан» алып, «Қасқарбаев» боп кеткен. Со кезде жасы отыз бестер шамасындағы ол, революция алдында он шақты жыл Семейдің, Керекудің, Омбының пристаньдарында жұмысшы боп қызмет атқарыпты. Сөйтіп жүріп, 1916 жылдардан бастап революциялық жұмыстарға араласыпты. Көкшетау қаласына ол Омбыдағы сібірлік Ревкомның жұмсауымен, өткен 1920 жылдың күзінде келген екен. Қыс бойы ол да продразверстка жұмысында жүріп, политбюро қызметіне бандиттер көтерілісі шыққаннан кейін ғана ауысыпты. Ортадан жоғары денелі, ақ сарғылт өңді, еріндері қалың жәйін ауызды, тыпырықтау жалпақ мұрынды, айрандау қаршыға көзді, қара сары мұртты бұл жолдастың бір қызығы,— орысша «глагол», қазақша «етістік» аталатын сөздердің бәрінін, орнына жалғыз ғана «нетіп» деген сөзді қолданады. Және бір қызығы, сөз арасында әлсін-әлсін: «сонан соң, содан кейін, сол себептен, сөйтіп тұрғанда, әлгідей кетіпті» қайталай береді. Бандылар Көкшетауға жақындап қалғанмен, дәл қаланың өзіне кіре алмай алыстан тайқып кетіпті. Сейфолланың айтуынша, бандитизм бұл ояздың теріскей жағындағы болыстарының бәрін қамтыған және орыстың кулактарымен қатар, қазақтың көп байлары банды болған, әсіресе: Айыртау, Көкшетау, Қотыркөл аталатын болыстарда... Бұл болыстарда бандитизм жұмысын көбінесе кейбір алашордашыл қазақ интеллигенттері басқарған. Бандылар көтерілісі басталғанда Сейфолла Айыртау жақта жүр екен. Жаманат хабарды естігеннен кейін, ол Көкшетауға «еледі де, тиісті орындарға мәлімдейді. Кешікпей қалаға қауып төніп қалады. Осы уақиғаны Сейфолла өз тілімен былайша баяндап кетеді: «Сонан соң, содан кейін, сол себептен, сөйтіп тұрғанда, әлгіндей нетіп, Омбыда Ревком жұмысында нетіп ем, бір күні Ревком маған сен Көкшетауға кетесің деді. Ревком кет деген соң, кетпеуге амал қанша, Көкшетауға кеттім. Мұнда кетсем, разверстканың жұмысы мүлдем кетілмепті. Крестьяндар астықты да кетпейді екен, етті де кетпейді екен, тері-терсекті де кетпейді екен. Сонымен, содан соң, содан кейін, сол себептен, байлар мен кулактар әлгіндей өйткенде, қалада қалай кетсең?.. Ревкомның мені де кеткісі келді, кетілмеймін деуге ұят... содан соң, содан кейін, сол себепті, әлгіндей нетіп, мен Айыртауға кеттім...» Міне, осы «нетіп» пен оған «сонан соң сонан кейін, сол себептен, сөйтіп тұрғанда, әлгіндейді...» қосып, Сефең Көкшетауға келгеннен бастап, менімен көріскенге шейін басынан өткерген бар уақиғасын айтып береді.... Разверстка жұмысында да, бандымен күрескенде де, оның басынан нелер ауырлықтар өткен, талай жерде өліп те қала жаздаған.. Сефеңнің «нетіп» пен «сонан соң, сонан кейіндері...» осының бәрін тыңдаушының құлағына жеңілдетіп, қайғыру не аяу орнына еріксіз көңілденесің, көбіне күлкің кеп, сыйлайтын Сефеңнен ұялғаннан өзіңді өзің әрең тоқтатасың!.. Қызық еді-ау, Сефеңнің «нетіптері» мен, «сонан соңдарын...» тыңдау!.. Үш жылдан кейін (1923 жылы), Орынбор Рабфагінде оқып жүріп, жазғы каникулға Көкшетауға бара қалсам, Сефең жәбірленіп жүр екен: оның 15 — 16 жастағы көркемше қызы, Мүкәтайды, әке-шешесінің ризалығын алмастан Қоянбаев Садық деген жігіт алып қашыпты. Қызды әкетер алдында Қоянбаев Сефеңді әйелі Бәдіғұлмен, Ғалиасқар молда Айтхожиннің үйіне қонаққа шақыртады. Қайтып келсе қызы жоқ!.. Қоянбаевтан күдікті Сефең іздеп жүріп тауып алады... Осы уақиғаны Сефеңнің дәл өзіндей ғып айтса, жазуға болмас еді... Тыңдаушының күлкіден шегі қатар еді. Трибунал қызметін бітіріп кейін оралғанда, Қызылжарда құрылған Ақмола облысының губерниялық Ревкомының бұйрығы бойынша мен Көкшетауда қалып қойдым. Ояздық Ревком мені «Көкшетау» аталатын қазақ болысының Ревком председательдігіне тағайындады. Мен әрі жастығымды (со жылы 21 жасқа шығуым оқушылардың есінде болуға тиісті), әрі тәжірибесіздігімді айтып ризаласпаған едім, Ревкомның приказы еріксіз көндірді. Сефеңнің және басқа білетін адамдардың айтуынша бұл болыстың шеті Көкшетау қаласынын, шығыс жағында жиырма шақырым жерден басталады да, ар жақ шеті жүз шақырымға кетеді. Көтеріліске дейін бұл болыстық Ревком председателі Нұржан Неғметжанов дейтін бай екен, ол бандыларға қосылады да, көтеріліс басылған кезде, біздің отрядтың қолына түсіп, атылып қалады. Оның әкесі Неғметжан мен немере ағасы Мұқылай да бандылар жұмысына араласып, көтеріліс басылғаннан кейін, тау мен орманға сіңіп қашып жүр. Бұл болыста сол сияқты бірнеше бандылар тобы бар, біреуін басқаратын Баскөздің Сағиті дейтін жігіт... Көкшетаумен іргелес Қотыркөл болысында Жұманның Иеламбегі, Дәуіттің Балташы, Тілеулі балалары дейтін адамдар басқаратын бандылар тобы бар, олар да тау мен орман арасында... Соншалық қатерлі жерге Ревкомның председателі бон бару оңай боп па!.. Бірақ, қиын болғанда амал нешік. Ревком айтты, партия айтты, бару керек. Мен баратын болыстың жұмысын тәртіпке қою жөнінде жәрдем көрсету үшін, ояздық Ревком қасыма Әбутәлігі Масғұтов деген инструкторын қосты. Тыртиған ұзын арық денелі, сопақ бетті, имиген ұзын мұрынды Масғұтов, орысшаға менен әлдеқайда сауатты, бірақ жобасына қарағанда, аяғының астынан үркетін қорқақ. Одан басқа серігім Наурызбаев Әміржан. Бұл жігітпен мен қызық жағдайда кездестім: трибунал қарамағындағы біздің отряд Көкшетауға беттеп келе жатып, жолда «Азат» (Алексеевка) аталатын поселокке жақындағанда, осы Әміржанды біздің разведканың бір адамы бандылардың тыңшысына жорып, ұстап әкелді. Жай-күйін сұрасақ, Азаттағы орыс кулактарында жалшылықта жүретін жігіт екен. Жас шамасы 22—23 те. Грамматикасын бұрмалағанмен орысша сөйлеуге жүйрік. Отряд осы жайларын естіп сенді де босатты. Ойнарқы мінезді ол, менімен төз шүйіркелесе кетіп, Көкшетауда табыспақ болды. Ол уәдесіне жетті де, Көкшетау болысына жүрер алдында менімен кеп табысты. Енді байқасам ойнарқы, қалжыңшыл мінезінің үстіне, ол осы маңайдағы елді жақсы біледі. Қай жерде қандай байлар болғаны туралы, олардың әлсіздерге қандай зорлық - зомбылық істеуі туралы, қай байдың бандылар көтерілісіне қалай қатынасып, нендей қылмас істеуі туралы маған ол толып жатқан мәліметтер берді. Ол өзі, мен Ревкомына председатель боп баратын Көкшетау болысынын, жігіті екен, сондықтан, бұл болыстың ұңғыл-шұңғылын тіпті жақсы біледі екен. Оның үстіне өзі тәп-тәуір домбыра да тартады, қазақша, татарша және орысша өлең де айтады. Даусы пәлендей болмағанмен, ол айтатын өлеңдердің қызығы денесінің қимылында. Қай тілде өлең айтса да, ол тышқанға ұмтылар алдындағы мысықтай жаурынын ырғай бүлкілдетіп алады да, иегін ырғай, аузын қайшыландырып, көзін сүзілдіре, басын шайқап, денесін де, бет - пернесін де құбылтып жібереді. Татардың әнін ол біледі де, тілін білмейді. Сондықтан, мысалы, татардың:
Сикіріп түстім бақчаларға
Құйным тулды жиләккә,—
деген сөздерінен:
—Секіріп түстім бақшаға мен,
Қойным толды жидекке,— деп қазақшылап жібереді. Орыс сөздерінің, де көп әрпін ол қазақ тілінін, заңына бағындырып, өзі кеп айтатын:
Эх, зачем эта ночь
Так была хороша.
Не болела бы грудь,
Не страдала б душа,—
деген өлеңді:
Ах, зашем аята нош,
Так была короша.
Не болела бы грудь,
Не ыстрадала бы душа,—
деген түрде айтады.
Мұндай, мен баратын болыстың жерін, суын, елін білетін жігіт, маған әрине, қажет. Оған мен, бірге жүруді айтып ем, «жарайды» деп көне кетті. Қар еріп боп, жер дегди бастаған күндердің біреуінде, Әбутәліп, Әміржан үшеуіміз пар ат жектірдік те, Көкшетау болысына жүріп бердік.
— Жолда ала кететін бір кісі бар,— деді маған Әміржан, былай шыға.— Оны жұрт «Шолақ Шәймерден» дейді. Олай дейтіні, оң жақ қолының бармағы жоқ. Фамилиясы Райымбеков. Жасы елулер шамасында. Өзі қазір қазақша «Сөзді», орысша «Трофимовка» аталатын поселокте тұрады. Марфа дейтін орыс әйелі бар, одан туған Хасен, Сәрсенбай дейтін екі ұлы, Сара дейтін қызы бар. Шәймерден бала жігіт көзінде Ир-кут жаққа кетіп, шахтыда көп жыл жұмысшы болыпты. Елге оралғанына он шақты жыл. Байларға қаны қас. Орыс тілін жақсы біледі. Өзім деген кісіге қон, етін кесіп беретін, мейлінше адал адам. Кезекпен оқтан тайсалмайтын өткір. Осы адамды ерте кету керек. Оның көп пайдасы тиеді...
Шәймерденді біз үйінен таптық, крестьянның кішкене ғана избушкасы екен, қора -қопсысы жоқ, оған қамайтын малдары да жоқ, ең аяғы тауығы да жоқ. Өзі жуан сүйекті, орта денелі, сүйегі шығыңқы қара, бұжыр бетті, қалын, қара мұртты, қырма сақалды, түсі суық кісі екен. Әйелі Марфа тапалдақтау, семіз денелі, ақ сары адам. Балаларының бәрі Шәймерденге тартыпты. Мінезі солай ма, әлде Әміржанның бұрын кіріп таныстырып шығуынан ба, Шолақ Шәймерден бізді көңілді кескінмен қарсы алды. Мән-жайды біраз сөйлесіп ұғысқаннан кейін, Шәймерденді ертіп, біз ілгері тарттық. Неғметжанның аулы, созыла біткен қалың жалағаштың ығында екен, соған кіре бергенде, менің есіме Әлти байдың аулы түсті: сол ауылдағыдай мұнда да қаз-қатар салынған ағаш үйлер мен ұзын-ұзын сарайлар, кең - кең, қоралар... Бәрінің де төбесі қаңылтырмен жабылып, сырланған. Жалғыз ғана айырмасы,— бұл ауылдың орталық көзінде, екі мұнаралы биік мешіт тұр... Қашан, қалай хабарланып қалғанын кім білсін,— бізді қара мұрт әдемі жігіт жылы шыраймен қарсы алды, сұрастырсақ, Неғметжанның баласы Ғалымжан екен.
— Ревком кеңсесі осы ауылда ма? — деп сұрадық біз одан.
— Осында. Біздің үйде.
— Қызметкері бар ма?
— Хатшысы бар.
— Орыс па? Қазақ па?
— Орыс. Шал адам.
— Аты, фамилиясы кім?
— Федор Лысов. Қазақтар «Шодыр» дейді.
«Кеңсе осы» деп Ғалымжан бізді, Неғметжанның үлкен қарағай үйінің бір бөлмесіне алып кірді. Бөлменің бұрышында, сәкіге жайған көрпенің үстінде, тұмсығын жастыққа көме, денесі дәкідей бүктетіліп, кішкене арық денелі, ақ сақалды біреу ұйықтап жатыр. Төрде тақтайдан жасай салған тұрпайы кішкене стол, қасында соған ұқсас табуретка, бір бұрышта мыжырайған қазақы ескі шкаф... Басқа ештеңе жоқ...
— Осы ма кеңсе? — дедік біз.
— Осы,— деді Ғалымжан ыңғайсызданған пішінмен.
— Шодыры қайда мұның?
— Мынау жатқан...
— Қаусаған шал ғой, мынау бір?..
— Сексеннен асқан кісі...
— Неге оянбай жатыр, өзі осынша дабырға?!..
— Құлағының мүкісі бар, жөнді естімейді.
— Қашанғы хатшы бұл?
— Кептен дәмдес кісі еді, — деді Ғалымжан күмілжіп.
— Несін күмілжисің? — деді Әміржан,— «әуелі атам Баймағамбетке, одан, оның үлкен баласы Тәшенге, одан, әкем Неғметжанға, одан, ағам Нұржанға хатшы болды» деуге аузың бармай тұр ма? Өтірік пе, осы?
— Рас.
— Осы үйге он бес жасында кеп хатшы бопты дейді ғой, рас па?—деді Шәймерден.
— Солай деседі үлкендер.
— Биыл нешеде?
— Сексен төрттемін деп отыр еді әнеугүні.
— Көрдің бе, Сәбит,— деді Шәймерден,— алпыс тоғыз жыл болған!.. Елді қасқырдай талағанның бірі осы. Бекмағамбет тұқымының ырысы бұл. Ымы-жымы бір бәрінің. Айрылмай жүруі де сондықтан. Енді, міне, апан түбінен шығуға әлі келмей қартайып жатқан түрі мынау.
— Олай деме, Шәке,— деді Әміржан,— амалсыздан жатыр бұлайша бұғып. Ерік беріп көрші, мұқылданған азуымен әлі де қалай тістелер екен.
— Оят! — дедім мен Ғалымжанға.
Ғалымжан оны әрең оятып, біздің кім екенімізді қазақ жанын ала келген әзірейіл сияқты жаман көзбен қарады да, сұрауымызға жауап бере бастады:
— Кеңсе осында ғой?
— Осында.
— Істері қайда оның?
— He іс?
— Мекеме болған соң істері болмай ма? Кірген-шыққан қағаздары?
— А-а-а, ондай кіріс, шығыс журналдары бар.
— Әкеліңіз!
Шалдың ескі шкафтан әкеп берген «кіріс» пен «шығыс» журналы дегендері,— тілдей ғана тетрадьтар, оларға кіpген, шыққан қағаздардың саны бармақпен ғана санарлық.
— Тіркелген істерді әкеліңіз!
— Жоқ, олар.
— Сапырылысып жүріп жатқан әскерлер алып кетіпті.
— Ақ па, қызыл ма?
— Өзім де білмеймін...
— Мөр мен штамп қайда?
— Советтікі әлі берілген жоқ.
— Қағазға не басып жүрсіңдер?
— Ескіні...
— Николайдікін бе?
— Бары сол.
— Әкеліңіз, мұнда!..
Шал әкеп көрсетсе, әріптері тозып болған, тек резеңкесі ғана қалған мөр мен штамп...
— Жарықтықтардың, тозғаны - ай?!—деді Әміржан мырс етіп.
— Сімілтірі қалған, қайта! — деді Әбутәліп,— Николай марқұмның қираған ордасының жұртында қалған өлекселер ғой бұлар. Бәрін жаңарту керек.
Ревком жұмысын біз жаңадан бастадық: председателі менмін, хатшысы Әбутәліп, Әміржан мен Шәймерден поштабай. Кезекте тұрған міндетіміз екеу: бірі қаладан әкелген үндеу қағазды ел арасында тарату, бірі жергілікті Ревкомдарды тәртіпке салу. Сібірлік Ревкомның және облыстық партия комитетінін, атынан жазылып, орысша, қазақша текст! типографияда басылып шыққан бұл Үндеуде, ақтар мен алашордашылдардың азғыруына еріп, көтеріліске қатынасқан адамдарға құралдарын тастау туралы, мекеніне қайту туралы айтылған. Егер оны істесе ешбір жаза қолданылмайды, істемесе мал-мүлкі қазынаға алынады, өздеріне қатаң жаза беріледі.. Болыстың хал-жайын байқап көрсек, көтерілістің қызу ортасында болыпты, басқарушы,— «Ревкомның» атылған председателі — Неғметжавов Нұржанның өзі. Оған бірнеше ауылдық «ревком председательдері де» еріпті. Нұржан Қызыл Армия бөлімімен соғыста онда ұшыпты. Бұл болыстағы сегіз ауылдық «ревком председательдерінен» бесеуі Нұржанның жолын құшқан, қалған үшеуінің екеуі бандыға қатынасқан кінәсімен қашып жүр. Қызметінде отырған жалғыз «ауылдық ревком»— Телемісов Сыздық . Советке адал қызмет атқарған ол, көтеріліс күндері бандылардан тығылып қапты. Сызаң мен біз аз күнде сеніскен дос боп алдық. Ауыл арасының саяси және шаруашылық халінен ол бізге көп мәлімет берді. Орта дәулетті семьяда туып-өскен ол, ана шеті — Омбы, мына шеті — Қызылжар, бір шеті — Ақмола, осы араларды көп кезіп, көпті көрген, коп адаммен жолыққан, ұққаны көп, көрген білгенін әдемілеп айтып беретін кеңесшіл адам екен. Оның үстіне — қаршығашы. Біз Неғметжан аулына тоқыраған күннен бастап, қызметтен тысқары уақытта ол бізді салт атпен ертіп шығып, қаршығасына үйрек, қоян алдыру сияқты қызықтарға батырып жүрді. Оның Жақан деген баласы барын мен сол кезде білдім. Сызаң менің жасымды сұрайды да:
— Оның да жылы сиыр,— сенімен жасты екен,— дейді.
Менің өлең жазатынымды білгеннен кейін:
— Менің Жақыжаным да өлең жазады,— дейді.
Сызаңның айтуынша, 1920 жылдың басынан, Жақан Қотыркөл болысындағы Әлжан деген байдың аулында мұғалім екен. Көтеріліс алдында да солай екен. Қазір баласының қайда және не халде екенін ол білмейді.
— Әлжан да, оның баласы Исламбек те атақты бандылар ғой,— деймін мен Сызаңа,— екеуі де әлі күнге дейін қолға түспей, Бурабай тауының ішінде қашып жүр дейді ғой. Өзге Совет адамдарын өлтіргенде, Жақайды да өлтіріп тастамады ма екен олар?
— Қайдам,— дейді Сызаң, күрсініп,— өлтіріп тастады ма? Әлде еріксіз алып кетіп жібермей жүр ме,-—оншасын алла білмесе, мен қайдан білейін!..
Мүмкін, бандылардан тығылып қалған болар?
— Мүмкін. Бірақ, тығылса, ендігі келсе керек еді, әзірге хабар-ошар жоқ. Жап-жақын жерден неге хабарласпай жүргенін кім білсін!..
Көтеріліс басылғаннан кейін, бандыға қатынасқан байлар тауға, орманға тығылып, әлі де құралын тастамай, кездескен совет адамдарына қастық жасайды екен, сондықтан, Ояздық Ревкоммен байланысып, біз әуелі соларды ыдыратпақ, үйлеріне қайтармақ болдық, сондағы құралымыз,— жоғарыда айтылған Үндеу. Үндеу де тарап жатты. Аздаған бандылар жергілікті Ревкомдарға кеп, құралдарын тастап көрініп жатты. Бірақ, біразы әлі қашуда. Мен тұрған ауылдан Неғметжан мен Мұқылай да, көрші ауылдан Сегізкөздің Сағиты да жүр. Оларды еркімен келтіру үшін, реквизиция жасаймыз деп, мал-мүлкін есепке ала бастау керек. Біз ең алдымен, Неғметжан мен Мұқылайдың малдарын есепке алдық. Өзге м.алдарын былай қойғанда, ол екеуінде со жылы үш мыңдай жылқы бар екен. Бас жылқышысы Қуаттың Жұмабайы деген кісі. Оның өзі түгіл әкесі Қуат та өмір бойы осы үйде жылқышы бопты. Екі байдың жылқысын біз есепке алғанда, Жұмабайдың өз басында жетпіс - сексендей жылқы бар екен, бірақ, ол өмір бойы өз жылқысының біреуіне аяқ артпайды екен, не сауып ішіп, не сойып жеп қызығын көрмейді екен, тек есіре береді екен!.. Қарттардың айтуынша, осылай өсірумен, Қуат жылқысының санын жүзге апарған кезде жұтқа ұшырап, жүген ұстап қалған Жұмабайдың мына сексен жылқысы содан кейін бір тайдан өскен... Көкшетау болысында жылқылы бай көп екен. Онда, мысалы: Қарамырзаның Шекімі деген байда мың жарым жылқы, Есдәулет дейтін байдың екі баласы Жұсып пен Ерденде екі мың жылқы, Хасен хажының бір өзінде үш мың жылқы, Бәйтіктің екі баласында екі жарым мың жылқы... Қысқасы, тоғыз жүздей ғана үйі бар болыстың ішінде жылқысы жүзден асатын байлардың, бәрін қосқанда, бұл болыстағы байларда жиырма мыңға тарта жылқы бар екен... Малдары қазынаға кетер деп қорықты ма, әлде, күштері біткендігіне кездері жетті ме,— айдан артық уақыт өткенде, бұл болыстан банды боп жүргендерден Неғметжан, Мұқылай, Сағит үшеуінен басқалары түгел үйлеріне қайтты... Аталған үш адамның көріне қоюға беті де жоқ екен. Көтеріліс, күндерінде, бұл ауылда бандылардың штабы тұрады да, Неғметжан мүшесі болған бандылар «соты», қолға түскен жиырма бір коммунисті (орысы, қазағы, татары аралас) өлім жазасына бұйырады. Осы ауылдың қотанында қазына қаздырған шыңырау құдық болады екен, білетіндердін, айтуынша, тереңдігі отыз көз, суының тереңдігі жиырма көз. Осы құдықта жиырмасыншы жылдық жазында бір атан өгіз түсіп кетеді де, оның өлімтігін ауыл адамдары ала алмай, өлімтік сасып кеткен соң суын ешкім ішпейтін болады. Өлім жазасына бұйырылған коммунистердің бандиттер аяқ-қолдарын байлайды да, мойындарына тас байлап, тірідей осы құдыққа тастайды. Сол «үкімді» орындаудың ішінде Мұқылай мен Сағит болады. Бандылар жеңіліп қашарда, құдықтағы өліктерді шығарып жасыру, оларға ауыр азап болады, бірақ, шығармауға шарасы жоқ, қызылдар тауып алады деп қорқады... Бұл уақиғаны бізге баяндаушылар, шығарылған өліктердің қайда тығылғанын біле алмады...
Осындай қылмысы бар бандылар болыстық Ревкомға келіп қалай көрінсін!..
Ревкомның жұмысы біріндеп жөнге қойыла бастады.
Ояздық Ревкоммен келісіп, Ревком председателінің орынбасарлығына Асан Болатов дейтін орта жастағы, кедейден шыққан актив тағайындалды. Земотдел бастығына Балтаның Мұқаны дейтін орта шаруалы адамды алдық. Оқу бөлімінің бастығы — жиырмасыншы — отызыншы жылдары кейбір шығармаларымен оқушыларға аты мәлім болған Елжас Бекенов. Бұл бөлімдер өздеріне тиісті қызметтерін атқаруға кірісті. Ендігі міндет — ауылдық ревкомдарды дұрыстау. Олардың халі қандай екені жоғарыда айтылды. Біз болыстық көлемде батрактар курсын ашып, ауылдық және болыстық мекемелерге қызметкерлер даярлауды ұйғардық. Бұл, әрине, игілікті іс. Егер жағдай көтерсе, бұндай курстың ашылуына ешкім қарсы болмауға тиісті. Бірақ, бұл сияқты маңызды мәселені, алдын ала ояздық мекемелермен келісіп алуымыз керек қой. Жастық па, тәжірибесіздік пе,— оны істеместен, болыстық Ревкомның қаулысымен курсты аштық, мезгілі — ай жарым, континентіміз жиырма бес адам. Бұл курсқа байдың не өзі, құйыршығы кіріп кетпеу үшін, күн бұрын байқау жүргізіп, батрактардан жастауын, пысықтауын, аз да болса сауаттысын таңдап алдық. Программаны да өзіміз жасаған болдық. Шала сауатты адамдар, қай бір оңған программа жасай алды дейсіз... сауатсыздықты ғана жоюға арналған бірдеме де!.. Бұның бәрі, орысша айтқанда — полубеда. Зор «пәлесі» артында жатыр: бізде курсты қамтамасыз ететін ешбір қаражат жоқ. Не істеу керек?.. Тағы да болыстық Ревкомның қаулысымен, жылқысы бес жүзден асатын байдың тізімін жасадық та, әрқайсысы 25 курсантқа бір жұмалық азық (қымыз, ет, нан) әкеп тұруға міндеттедік. Олар кідіріссіз әкеп тұрды!.. Қазіргі күннің көзімен қарағанда, бұлай істеу, бас кететін - ақ заңсыздық!.. Революцияның алғашқы жылдарында біз соған да бардық!.. Ояздық Ревком онымызды артынан білді, бірақ, «болып қалған іс екен» деді де ұрыспады!.. Курстың сабағы да, Ревкомның қызметі де шама - шарқынша жүріп жатты. Ревкомда көбірек қаралатын мәселе үшеу: бірі — жалшылардың байлардан еңбек ақы даулауы және олар бір жылдың емес, әлденеше жылдың ақысын даулауы және тұқым қуалаған батрақтардың өз ақысын ғана емес, ата - бабаларының ақысын даулауы. Жалшылардың бұл тілегін байларға біз бұлжытпай орындатамыз, еркімен бермесе, зорлықпен әпереміз. Екінші мәселе—теңдік сұраушы әйелдердің арыздары. Бұл мәселені - біз несиеге қаратпай, қолма-қол шешеміз, арыз түскен күннің ертеңінде, белсенділердің біреуін қарумен аттандырамыз да, теңдік сұраған әйелді кеңсеге алдырып, егер сөзін бекітсе, табан аузында босатамыз да, сұраған мал - мүлкін алып береміз. Бұдан таптық мәселе де келіп шығады: теңдік сұрайтын әйелдердің бір жүйесі - тоқалдар. Олар, әрине, қартаң байлар екінші, үшінші әйелдікке сатып алған кедейдің қыздары... Әдетте, ондай жас тоқалдардың көңілдес жігіттері болады, олар, көбінесе, сол байдың батрағы болады. Бұндай жағдайда біз баса қимылдаймыз да, екі жасты табан аузында қосып, табан аузында байдан мал-мүлік әпереміз... Үшінші - жер мәселесі. Мал отына бұл болыста жер кең. Ол жөнде арыз түспейді. Егін кәсібі бұл болыстың дағдысына кірмеген. Мысалы, со жылы бүкіл болыста бір десятина егін себілген жоқ, сондықтан, ол жөнде де арыз түспейді. Арыздың көбі шабындық жер туралы. Болыстағы шабындық жердің көпшілігі — қау. Оны машина ғана шаба алады. Қол шалғы қауға дәрменсіз. Кедейлерде машина жоқ, сондықтан олар, шалғы түсетін жоңышқалы, өлеңті жерді сұрап арыз береді, ондай жерлер,— байларда. Бұл мәселеде біз байларды тырп еткізбейміз. Маңызы зор, көлемі үлкен болғанмен, продналогке айналған продразверстканың жиналуы төз. Өткен көтерілістен кейін, жүрегі қатты шайлыққан байлар, заңды мөлшерде төлейтін салығына мойын толғамай апар .деген жеріңе тиісті санды малын айдап апарады. Шамамыз келгенше өкіметтік қызметті атқара отыра, біз сауық-сайранымызды да ұмытпаймыз. Сайран дегенде менің көбірек ермек ететінім Бөрішінің Ахметі деген шал. Бұл аса құсбегі кісі. Ақ буырыл сақалды, кішірек, арық денелі, былшықтаныңқырап жүретін қызыл көзді, жасы жетпістерді алқымдап қалған бұл шалдың жүріс-тұрысымен қимылы әлі жас жігіттей. Салт атқа ол жастан кем ырғы - майды, мінген атынын, үстінде ұршықтай үйіріледі. Жұрттың айтуынша оның баптаған құсы аң алмай, құс ілмей қойған емес. Расында да ол шал солай екен. Со жылы оның қолында тұрған қара тарлан қаршыға, ұмтылған құсын босатпайды. Қызметтен бос уақытының көбін мен осы шалдың қасында өткізем... Менің маңыма үйірілген бірнеше әнші - домбырашылар бар. Солардың ішінде ерекше орын алатыны, бір көзі соқыр Ғаббас дейтін жас жігіт. Өзінін, айтуынша, ол ес білгеннен бергі өмірін жалшылықта өткізген. Мен оны Қантай аталатын орыс поселкесінде жалшылықта жүрген жерінен алып келгем. Ғаббастың бар айыбы,— домбыра білмейді, ал әншілігіне және даусының биіктігіне келгенде, одан зор әншіні о кезде көрмегендіктен бе, әлде, расы солай ма — күні бүгінге дейін ол маған, менің әр уақытта кездестіретін ірі әншілермнің бәрінен де жоғары сияқтанады да тұрады. Ол Біржанның және Балуан Шолақтың әндерін көп айтады, солардың ішінде ең сүйсініп айтатыны — Балуан Шолақтың «Ғалиясы». Нұрымның Беркімбайы дейтін, со кезде отыздың толық ортасына кірген бір әнші бар. Даусы шағындау ол, әннің ырғағын келтіруге шебер. Ол да халық әндерін көп біледі. Өзі ағып тұрған домбырашы. Аз сөз, Шолақ Шәймерденнің, ән айтуы туралы. Онда берекелі дауыс та жоқ, берекелі ырғақ та жоқ. Сөйте тұра барқыраңқыраған тұрпайы даусымен, ол өлең айтқыш - ақ және екпіндей айтады. Қазақ өлеңдерінен оның бар білетіні — Біржан мен Сараның айтысы. Бұл ұзақ айтысты өлеңдете жөнелгенде, табаннан тік қояды ол. Орысшадан оның үнемі құмарта айтатын әні «Ухарь купец». Оның сөзін орыс поэты Никитин жазған. Ауызша сөйлеуге жүйрік Шәймерден бұл әннің сөздерін мейлінше бұзып орындайды. Шолақ Шәймерден татарша ән айтуға да құмар, әсіресе частушкаға... «Бала Мишкин» әнімен ол айтатын частушканың әнінен сөзі қызық. Шәкеңнің өз аузынан жазып алған ол өлең былай:
Большой селен иді Тоқмақ,
Гильді оптарой купец
Омскийге киләмін дип
Болдым первый и подлец
Арғы яқтан бірәу килә,
Едвали и пешком.
Сіздің қолда бар душенка,
Полтора аршын с вершком.
Аяғыңа уәй кигәнің,
Шигреновой батинка.
Сізінің қолда бар душенка
Очень просто картинка.
Осы аталған өлеңшілер бар, курсқа келген батрактардың ішінде өлең айтып, домбыра тартатындары бар - біз кешке Неғметжанның, зор қарағай үйінін, кең, бөлмесіне жиналамыз да әндетіп, өлеңдетіп сауық құрамыз, оған ауыл адамдары да қатынасады.
КӨКШЕНІҢ БИІГІНДЕ
Көкшетау болысынын, байлары, менің оларға қаталдығыма қарап, атымды «қара бөрік» қойды, олай дейтіні — бұл елге мен алғаш қара сеңсеңнен жасалған папаха киіп келгем. «Қара бөрік айтты» десе, байлар Ревком тарапынан барған бұйрықты қалт еткізбей орындайды, орындамаса күш жұмсаймыз, өз күшіміз келмесе, мына жағы Бурабайда, мына жағы Сәбдіде, мына жағы Қырау - қамыста тұратын, бандымен күресуші отрядтарға айтсақ, құралды адамдар жібереді. Бір күні бізге әлдекімнен арыз түсті. Оның айтуынша, Молдажанның Омары дейтін әрі беделді, әрі малды біреудің аулынан, көңілі сүйген келіншекті алып қашпақ боп барады да қолға түседі. Омар оның жоны сыртын бірдей ғып сабайды да келіншекті тартып алып қалады. Молдажанның Омарын Ревкомға шақыртып бір кісі жібереміз - Жоқ, екі кісі жібереміз — жоқ... Не болды оларға?!. Астыртын тағы бір кісі жіберіп білдірсек, Омар біздің адамдардың қару-құралдарын алдастырып тартып алыпты да, өздерін сабап - сабап, Бурабайдағы Қызыл Армия отрядына алып кетіпті. «Не үшін?» десек, Омар оларға «мылтық атты, кісімізді сабады, қорқытып ас ішті...» деген сияқты атты, жапқан түрі бар. Бұл жұмыстың анығына жету үшін, қасыма Fаббас әнші мен Әбутәліпті ерттім де, пар атпен жүріп кеттім. Бетіміз Бурабай тауы. Кейде «Көкшетау», кейде «Бурабай» аталатын тау, Неғметжан аулынан бұп - бұлдыр көкпеңбек боп көрініп тұрады. Жалғыз ол ғана емес, бүкіл тау атаулының төбесі алыстан көгілдір көрінетін әдеті ғой, бірақ, Бурабайдың көгілдірлігі өзге таулардан әлдеқайда кекшіл сияқты, бұл алыстан,— Жерден аспанға өсіп шыққан көгілдір гәуһар тасқа ұқсайды. Төңірегіне оралған ертегісі көп және алыстан көзіңді қызықтырып тұратын тауды керуге, мен әлденеше рет құмартқанмен, жұмыс жағдайы мүмкіншілік бермеген. Міне енді сол тауға келе жатырмын. Ғаббастың репертуарында «Қара - ай көз» деген ән бар. Шырқай биік басталып, ортасы баяулау келіп, аяғы тағы да биіктей көтерілетін бұл әннің қайырмасы:
Көкшетаудың биігі - ай,
Бауырында ойнар киігі - ай,
Ғашық болған қара - ай көз
Басылар ма екен күйігі - ай,
Әй - уай, қара – ай көз
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уәй қалқа, сен үшін,
Қайғы жейін! — деп бітеді. Со Көкшетау әне тұр!.. Біз жақындаған сайын ол биіктей түседі, көгілдір бейнесі мөлдірлене түседі!.. Біз оған жетуге асығамыз...
— Асыққанмен бүгін жете алмаймыз,— дейді Әбутәліп,— көрініп тұрғанмен, бұл арадан елу-алпыс шақырым жер ол. Жетеміз десек түнделетіп барамыз. Оның қызығы жоқ. Одан да жақындап барып қонайық та, тауға ертең таңертең кірейік, тамашаларын сонда түгел көреміз.
— Мақұл. Қайда қонамыз сонда?
— Таудың дәл бергі етегінде Ләтай деген ауқатты үй бар. Өзі де, баласы Қазығожада қонақ - жай, кеңесшіл адамдар, сонда қонайық.
Әбутәліптің жымысқы қулығы болатын. Со қалпына барып, ұртын шұқырайта жымиып алады да, «Ләтайдың бір қызы бар» деп бастап, оны елердей мақтайды.
— Көрерсің,— деді ол қызды көтермелей кеп,— сұлулығының үстіне, қыз өзін аса еркін ұстайды. Әкесі де, үлкен ағасы Қазығожа да жігітшілік құрып, сері боп өскен адамдар. Сондықтан ғой деймін, қыздың бетін қақпайды. Үй-іші ойыншы, сауықшы. Қыз да сондай. Өзі ағып тұрған әзілқой. Керерсің, біз үйіне барып түскен соң қыз бізді «ал, құрбылар, өлең айтыңдар, домбыра тартыңдар!» деп әурелейді.
— Оған біз әзірміз ғой,— деймін мен елеңдеп.
— Әрине,— дейді Ғаббас.
Алпыстар шамасындағы Ләтай, оның отызды алқымдаған баласы Қазығожа, расында «сіз - бізі» көп жайдары адамдар екен. Олар бізді құрметпен қарсы алды. Қыздың сұлулығы да, мінезінің ашықтығы да рас екен. Ол әзілдесе жанасып алды да, бізге де өлең айттырды, өзі де домбыра тартып, өлең айтты. Ол әнші де, домбырашы да екен! Жасы он жетіде. Өзін әлі ешкімге атастырмапты.. Сол күні мәжілістің қызған көзінде, орталау жуан денелі, көркем кең, бетті, көселеу иекті мұрнының астынан қасқая біткен сирек буырыл мұртты бір адам пайда болды. Аты-жөнін сұрап ек, Қазығожа «біздің бір нағашымыз еді, Омекең деген кісі» деді де, ар жағын тәптіштемеді. «Омекең» деген кісі бармақ біткен адамның домбырашысы боп шықты. Бұдан бұрын Мұхамметқали және со сияқты нелер жақсы домбырашыларды көре - жүре, домбыраның шектерін бұлай қозғап, пернелерін бұлай басқан бармақтарды мен кездестірген емеспін. Бұның басуында домбыраның даусы, менің құлағым бұрын естімеген әлдене бір нәзік дыбыстарды аңыратып кетеді... Бұған дейін мен білетін домбыраның бұрауы екеу-ақ болатын: бірі әнге, бірі күйге бұрау. Талай домбырашыларды көре - жүре, сол екеуінен басқа бұрауды кездестірген емен. Ал, Омардың қолында, домбыра шектерінің кейде асты, кейде үсті қатты бұралып, кейде екі шек тең, дыбыспен бұралып, кейде мен естімеген, бір бұрастардың түрі көрініп... жалғыз бұраудың өзі ғана әлде неше құбылады!.. Әр бұрастың, әрине, өзіне тәуелді тартысы бар. Омекең сияқты кәнігіленген саусақтар болмаса, тосаң саусақтар ол тартыстарға иліге алар емес!.. Мен Омекеңе де, домбыраға да қайран қалдым. Омекеңе қайран қалуым — бұған дейін домбыраға мұндай тартқыш адамды кермеуім болса, домбыраға қайран қалуым - егер, тартуын білсе, оның да шегі сегіз пернесінен нелер ғажап дыбыстар шығарады екен!.. Домбыраның да, Омекеңнің де осындай биік енері туралы мәжілісте болған адамдар кеп қошемет сөздер айтты. Мен де оларды қуаттадым. Қазығожа қаршығашы жігіт екен. Оның отауында баптаулы сұлу қаршыға тұғырда отырғанын іңірде көріп шыққам.
— Аманшылық болса,— деген Қазығожа, — ертең таң біліне .құсқа шығып келерміз. Қаршығаның қанаты сау болса, күн көтерілгенше біраз қызық көріп үлгерерсің.
Ол күнгі кешті біз домбыраның және мәжілістің қызығымен өткіздік те, көздің шырымын алмастан, таң біліне Қазығожа, Әміржан үшеуіміз қаршығаны алып салт атпен құсқа шықтық. Қаршыға алғыр екен. Бабында жүрген ол, сілтеген құсты бұра бастырмай іледі де түседі. Күн шыққанша ол бес, алты үйрек алды. Қаршыға үйрекке ұмтылған кезде, былай да дегбірсіз Әміржан есінен айрыла желігіп жүрді де, біраздан кейін Қазығожадан:
— Енді, маған бер! — деп өтінді.
— Айрылсам, бір құсына тұрармын, дүниедегі құс атаулы жалғыз осы емес, тағы бір құс табылар,— деп Әміржан жабысып алды.
— Беруін берейін,— деді Қазығожа,—бірақ, қатты лақтырам деп жер сүздіріп алма. Еппен ақырын сілте және құс алған жеріне жедел шауып барма, шошытып аларсың, баяулап барып түс. Және құстан тұяғын жазғанда, қолыңды бүргізіп алма!..
Әміржан жай ғана желөкпе емес екен. Ол да құс салудан ептеп хабардар екен. Соны байқаған Қазығожа маған:
— Мына бір сазды, бұл жігіттің өзі айналып келсе қайтеді? Екеуміз осы тұста аттардың сарығын бастырып, аяңдай тұрсақ, қайтеді? — деді.
— Болсын,— дедім мен.
Әміржан бізден бөлініп, өз қызығымен кеткенде, мінезі де, сөзі де сыпайы Қазығожа, әдемі қоңыр көзін маған күлімсірете бір төңкеріп қарап алды да:
— Шырағым, аталарымыз айтқан екен, «түсі игіден түңілме» деп. Түсің игі інім екенсің, жағынғаным емес, аз уақыт мәжілістес болғанда өзіңді жақсы көріп қалдым,— деді.
— «Сыпайы сырын жасырмайды» дегендей, — деді Қазығожа тағы біраз кеңескеннен кейін,— мен саған,— інішегім, бір сырымды айтқалы келе жатырмын. Айтатын да сыр емес, тек, жігітшілігіңе сеніп айтам. Сырымның аяғы үлкен бір өтінішке соғады, сонымды орындар деп айтам.
Қазығожаның шешен, шебер тілмен, әдемі үнмен ұзақ уақыт бипаздап айтқан кеңесінін, мазмұны мынау боп шықты: түнде мені домбыра тартуымен таң қалдыратын Омекең — мен іздеп келе жатқан Молдажанның Омары боп шықты. Ол осы үйдің қимас ілігі екен. Біз жіберген адамдармен ол жанжалдасып қалады да, екі жағы да күш жұмсауға келгенде, «ауыл итінін, құйрығы ұзын» боп, біздің адамдарды байлап алады. Іс осылайша бүлінгеннен кейін, Омарды жұрт «бұл бір пәле болды. Мұны білсе, қаһарлы қара бөрік жанында қалдырмайды!» деп қорқытады. «Не істеу керек?» дегенде, ақылшы біреу, кінәны мойнына аударатын акт жазайық та, өздерін Бурабайдағы қызыл әскер отрядына апарып берейік дейді. Отряд начальнигі Донской Омардың үйіне кеп түсіп жүретін кісі екен, сондықтан, Омар оны дос көреді де айтқанымды істейді деп сенеді. Донской Омардың ойынан шықпайды. Орыс тіліне шебер Шолақ Шәймерден, болған халді алақанына қондырғаннан кейін, Донской Омардың өзін шақырып әкелуге және мені де шақырып әкелуге кісі жібереді. Бұл хабар құлағына тигеннен кейін, Омар жатады да сасады. Со кезде «сымсыз ділгірам» оның құлағына «Қара бөрік Бурабайдағы отрядқа аттаныпты» деген хабар әкеледі. Істің беті ыңғайсызға айналғанын аңғарған Омар, мені жолда Ләтай аулына түседі деп жорамалдайды да, Қазығожа арқылы менімен татуласпақ боп тосады... Сыпайы сөзді Қазығожа, ұзақ кеңесіп «пышағыңды шыныңмен бер, шыныңмен берсең қыныңмен бер» деген екен, шырағым. Сол айтқандай сенен бүгер сөзім жоқ, шынымды түгел ақтарам, ар жағын өзін, біле берерсің деп бастап, жоғарыда болған уақиғаны жасырмастан түгел айтып берді де:
— Ендігі сөзім мынау, інішегім, - деді маған, салмақты - кескінмен бір қарап ап. Дәулетті, беделді адам болғанмен, баласы жоқ бейшара еді. Өр кеуде қазақы кісі, баяғы бетімен, ұрынбайтын іске ұрынып, тіріде масқара боп отыр. Егер, сенің бетін, қисайса, бұ бейшараның соры қайнайды. Жасы жетпіске тақалған кәр;і кісімен бой теңестіріп қайтесің, шырағым, «білмегенді білмесең, білгенің қайсы» деген екен аталарымыз. Бір білместік қылды бұл шал. Ел бұзылып, Ертіс жарылған ештеңе жоқ. Бірер жігітің аздап таяқ жеген екен, оның айыбына ат шапанын, даяр. Атын аруаққа, шапанын маған кешерсің. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, осы шалға кешірім өтінем... — деді.
Қылығына қарағанда, кешірер жөнім жоқ. Менің бетам қисайса, шалдың оңбайтыны да рас, өйткені. Бурабайдағы отрядтың начальнигі Донскоймен, әлі жүздесіп көріспесем де, арамызда жиі қағаз қатынасы жүргендіктен жақсы таныспын. Сырт естуім,— мейлінше әділ, адал адам дейді. Совет өкіметіне қарсылық қылған кісіге мейірім істемейді дейді... Омар туралы толғанып келгенде маған оның өзі емес, он саусағы аянышты болды. Өзін жазалай салсақ, немесе со көздің жағдайымен «могиловская губернияға» жібере салсақ, одан ешкімге келіп жатқан зиян жоқ. Ондай арам дене қайда шірімей жатыр. Маған, тек аянышты — саусақтары ғана. Бұндай саусақтарды мен ауыл арасында көрген емен, елде жоқ саусақты жоққа шығын қыла қоюға көңіл қимайды... Ойым осыған тоқтағаннан кейін:
— Болсын, Қазығожа ағай, шалдар айтушы еді, «қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деп. Мына шалын, сол. Қылығына қарағанда бұған не қылса да рауа. Мен оған мейірімді өзі үшін емес, саусақтары үшін көрсетем... — дедім.
Бұл хабарды естіген Омардың қуанышы шектен шықты. Расы ма, әлде, жағынуы ма:
— Қарағым - ай, «Қара бөрік, қара бөрік»дегенде, сыртыңнан қара албастыдай көруші ем, бандиттердің айтағына ерген екем ғой! —деп жылап жіберді.
Со күні кешке Ләтай үйіне әлдеқалай келе қалған Донскоймен таныстық. Ол самайына ақ кіріп қалған орта жасты адам екен. Өткен империалистік соғысты да, азамат соғысын да басынан кешіріпті. Тілге жұмсақ болғанмен, таптық, мемлекеттік іске ол аса қатал екен. Омарға ол тісін қайрап отыр екен, мен ұзақ кеңесіп, кешірімге әрең көндірдім. Бурабай тауын аралау туралы ойыма Донской қосыла қойған жоқ. Оның айтуынша, бұл маңайдың бандылары қазір түгелге жақын біткен, тек қана қазақтан Балташ Дәуітов деген мен қазақ-орыстан Алексей Кожедуб деген бандылар тауда тығылып қашып жүр. Ол екеуінің қасында бірен-сарандап қана болмаса, топталған кісілер жоқ. Оларың қай жерде қандай коммунистерді қапыда өлтіріп кеткенін айта кеп:
— Жаз мезгілі,— деді Донской,— айнала тау, таудың өн бойы қалын, ағаш, сондықтан қыс түсіп жолдары тарылғанша ұстатпайды. Сізге тауды көру, аралау, әрине, қызық. Оның өн бойында тамаша жерлер көп. Бірақ, бандылар қаупі бар кезде аралауды мен мақұл кермеймін.
— Бұл өзі өлең жазатын ақын жігіт көрінеді,— деді әдебиеттен хабары бар Қазығожа,— Бурабайдың өн бойы толған ақынның азығы. Менімше, аралауы қажет.
Ойы, тілі жеткенше, Бурабайды Қазығожа да мақтай жөнелді. Бұл тау туралы менің бұрын естіген сөздерімді Қазығожа байыта түсті, мен оны көруге құмарта түстім.
— Банды деген қанша адам дейсің, — деді Қазығожа,— бүкіл Бурабайдың өн бойына жайылып кететін? Оған да күн көріс керек емес пе? Елге жақын жерде жасырынып жүріп тамақ асырамай ма ол? Біздің аралайтынымыз Көкше мен Оқжетпес маңы болады, ол арада бандыға пайдалы ештеңе жоқ.
— Онда өзің бастап алып жүресің!—дедім мен Қазығожаға.
— Болсын!—деді ол.
— Егер пәле-жалаға ұрындырсаң, басыңмен жауап бересің,— деді Донской Қазығожаға.
— Бейілмін,— деді Қазығожа.
— Онда өзіңіз біліңіз,— деді Андрей Гаврилович маған,— егер баруға бел байласаңыз, қасыңызға қарулы жауынгерлер қосып беруге болады.
Ертеңіне салт атпен Ләтай аулынан жеті кісі аттандық: екі жауынгер Қазығожа, Әміржан әдейілеп алдырған әнші Ғаббас және мен. Қазығожаның айтуынша, таудың көруге қажетті өлкелерін түгел шолып шығуға ең кеміне бір жұма уақыт керек. Бізде ондай уақыт жоқ. Дегенмен, Бурабайдың бұл бетіндегі қажетті орындарын түгел аралап шықпақ болдық. Бізді Қазығожа бастап жүрді. Таудың етегінен қиялай өрлеген жол, біз біраз биіктеп алған кезде, сол қолымызда жарқыраған ұшы-қиырсыз кең көлдің жағасына апарды. Қазығожадан:
— Бұ қай кел? — деп сұрасам:
— Кіші - шабақ,— деп жауап береді ол.— Бурабайдың батысы мен теріскейін түгел орап кеткен екі шабақ бар, бірін «Кіші», бірін «Үлкен» деп атаймыз. Кішісі осы. «Үлкен» мен «Кішінің» арасындағы үзікте біздің ауыл отырады. Үлкен шабақтың біздің ауылдан көрініп тұратынын шамалаған шығарсың.
— Шамаладым. Ол маған ұшы-қиырсыз теңіз сияқтанып еді, мынау Кіші дегеніңіздің өзінің о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді ғой! Сонда мұның, Үлкеннің кеңдігі қандай?
— Землемердің айтуынша, Кіші шабақтың ұзын тұрқы он шақырым, ені - бес-алты шақырым көрінеді. Үлкен - шабақтың ұзын тұрқы он бес шақырым, көлденеңі — он шақырым деседі.
— Тереңдігі қанша екен?
— Үлкенінен Кішісі терең деседі. Кіші - шабақтың ең терең тұсы, осы тауға астасатын жағасы болу керек. О күнде өлшеген бір землемер, тауға тақалған тұсын жиырма бес метр деген еді...
Ауа райы со күні желкемдеу еді. Сондықтан ба, немесе, үлкен көлдің толқыны да үлкен бола ма,— бұ көлдің ар жағынан бері қарай биіктей жарысып келген толқындары, көкпеңбек мұздай тастан текшеленген жар қабаққа кеп соққанда, көпіршіген толқынның басы жоғары қарай шапшып барып, қайқайған қалпымен қайрылып кейін түседі. Бірін-бірі қуып кеп, жар қабақты кезекпен сүзгілеген толқын атаулының бәрі де осылай шапшығанда, биіктігі елу-алпыс метрдей жар қабақтың тасынан асып кетер деген .ойға келесің. Бірақ, толқындар қаншама екпіндей, долдана кеп сүзгілегенмен, биік жарқабақ бетке сабап кейін лақтырып тастай береді... Жар қабақты жағалаған сайын біз де биіктей түсеміз, қабақтың өзі де биіктей түседі, таудың асқары аспанға қарай тұрқын созып шырқай түседі, жолын, ені тарыла түседі және жол дегеніміз көкпеңбек тас. Тас жолдан атын, тайып жығылып, жар қабақтан көлге ұшып түсер деп те қауіптенесің. Жолдын, кейбір тұсының тіктігі сондай, астыңдағы кәнігі ат еңбектеген сияқтанып, анда-санда екі тізесін бүгіп жіберіп тыныстайды да, тағы да танауын делдите дем алып, ілгері тырмысады... Қалың қарағайдың арасынан қасқалана тартылған жолдың өн бойына көз тіккенде, ар жағындағы сайдан ұшы-қиырсыз тағы бір көл көріне кетті.
— Бұл қай көл? —дедім мен Қазығожаға.
— Бурабай дейтін көл осы. Бұл көл Бурабай тауының қоршауында тұр. Айнала біткен таудың жотасы кигіз үйдің дөңгеленте жайған керегесі сияқты.
— Бұл да үлкен көл ме?
— Әрине, үлкен. Бірақ, бұл Шабақ көлдеріндей ұзын тұрқы созыла біткен көл емес, сақинадай дөңгелене біткен көл. Білетін адамдардың айтуынша, бұның да бір жағасынан екінші жағасы он километрдей.
— Тереңдігі?
Землемер мұның да тереңдігін он бес, жиырма метр бар деседі. Шабақ көлдері құрғақшылық жылдары қыр жақ шетінен біраз тартылынқырайды, ал, бұ келдің көлемі кемігенін, немесе суынын, төмен түскенін көрген кісі жоқ. Қайдан түссін, тауға жауған қар атаулының суы осыған құлайды, жан-жағынан жүздеген бұлақ құяды, арнасынан шығар жері жоқ!.. Қалың қарағайдың арасымен жүріп отырып, біз көлге қарай ылдилай берген кезде, он, қолымыздан аспанға шаншыла шыққан тас діңгек ұшырай кетті. Діңгек аса биік. Діңгектің етек жағын өрлей қарағай шыққан да, біраз жерінен әрі қарай текшеленген тастар жалаңаштанып кеткен. Со жалаңаш тастардың жоғарғы жақтағы кейбір жіктеріне адақтап жалғыз-жарым қарағай шыққан. Соншалық жалаңаш тастың арасына олардың қалай өрбіп, қандай дән алып тұрғанына адамның миы жетер емес.
— Оқжетпес аталатын діңгек тас осы, деді Қазығожа, менің ол шың тасқа алаңдап қарай бергенімді көріп,— Неге «Оқжетпес» аталған тарихын естіп пе ең?
— Естігем. Талай батыр садақ тартып төбесіне жеткізе алмапты ғой. Сондықтан «Оқ жетпес» қойыпты ғой...
— Ұзақ ертегісі бар ғой оның... Естіп пе ен, оны?
— Айтыңыз.
— Жайланып отырғанда айтармын, — деді Қазығожа,— әуелі айна көзбен шолып алайық...
— О да болсын...
— Осынын, биіктігі қанша деп ойлайсың?—дейді Қазығожа, аздан кейін.
— Қайдам.
— Сона бір басында желбірегенге көзін, жете ме? — дейді ол.
— Жетеді. Жалау ма өзі?
— Бертінде ғана сол биікке бір орыстың қызы өрмелеп шығып, басына жалау қадап кеткен. Оған он шақты жыл болды.
— Қалай шықты екен?!
Соған өзіміз де қайран қаламыз, деді Қазығожа,— жабайы адам жетер жеріне шейін мен де бардым. Ол желке жағы. Одан әрі текшеленген тастар аспанға шаншыла өрледі, биіктігі жүз метрдей.
— Ғажап екен!..
— Бурабайдың ғажабы бір бұл ғана емес, онда әлі та¬лай ғажаптар барын кересін, —деді Қазығожа.
Оқжетпесті айналып біраз көргеннен кейін. Қазығожа бізді көлдің со жақ жиегін ала, судың ішіне біткен тасқа алып келді. Тастың жалпы жобасы, теңізде жүзіп бара жатқан кеме сияқты. Бұның аты «Жұмбақ тас»,— деді Қазығожа,— оның да ертегісін кейін айтам.
Көлдің со бір тұстағы жиегін жағалап аз жүргеннен кейін:
— Шырағым,— деді Қазығожа, — бүгін күн ашық екен, мұндай күн сирек кездеседі бұл арада. Бұлт оралып қалса, таудың ең биік жотасы—Көкшенің басына шығу қиын
болады. Оған шықса, Бурабайдың бар бейнесі, көз жетер төңірек те алақаныңдай көрінеді, шықсақ қайтеді, қазір?
— Мақұл,—- дедім мен.
Оқжетпестің, ар жағын айналып, Көкшенің биігіне қиялай өрледік. Алдымызда Қазығожа. Таусыз тегіс жерде туып - өскен менің басым, мана Шабақ көлінің жарын жағалағанда да айнала жаздап әрең шыдаған еді. Мынау ер одан әлдеқайда тік, әлдеқайда биік. Қазығожа бізді биікке тік бастап кетпей, қиялай ерлеп отырғанмен, аттың жалын құшар бір тұстарда, денеге, әлдекім бізді аспанға арқанмен тартып жатқандай эсер пайда болады... Ондай тұста жүрегім аузыма тығылған мен, көзімді тарс жұмып ала қоям... Тауда өскен қасымдағылар мендей емес, батыл... Қиғаштай, бұрала, орағыта жүріп отырып, түске тармаса өрлеген Көкшенің биігіне, біз күн төбеден ауа «рең жеттік. «Көкше» аталатын бұл жота, «Бурабай» аталатын ағайындас таулардың ішіндегі ен, биік өркеші екен. Соған шыға аттан түсіп, аз уақыт адымдағаннан кейін, төңірекке көз салсам, айналаның бәрі алақынында тұр. Мана, етегінен қарағанда, ен, биік шоқы сияқтанған Оқжетпес, енді аяқ астында!.. Манағы телегей теңіз көлдердің бәрі енді тегенеге құйған судай ғана жалтырайды... Ондай көлдер төңіректе толып жатыр!..
— Неше кел бар өзі? —дедім Қазығожаға.
— «Көкшетау» атына қосылатын тауларда, қарттар сексен кел бар деседі.
— Ол қай таулар?
— Қарашы, төңірегіңе! —деп қияға қараған қырандай, Қазығожа айналаға көз тастайды...
Біз де қараймыз...
Төңіректе толқыған мөлдір сағым, көз жанарын жыраққа қадаған сайын қалыңдап, айнала шетсіз-шексіз ұша« теңіз сияқтанады... Сол теңіздің әр жерінде жүзіп келе жатқан кемедей қараңдап бірдемелер көрінді.
— Олар не? — деп сұрасам:
— Таулар,— дейді Қазығожа. — Әрқайсысының жеке аты болғанмен, бәрі «Көкшетау» атына қосылады. Осы арадан ең жақыны сонау «Зеренді» дейді Қазығожа сағымда қалқыған бір тауды нұсқап,— қанша шақырым деп ойлайсың соны бұл арадан?
— Қайдам! — деймін мен иығымды көтеріп.
— Тоқсан! — дейді Қазығожа ұртын толтыра сөйлеп. Ал, соноу біреуді ше? — дейді, алыстан қос өркешті түйе сияқтанып көрінген бір тауды...
— Айыртау ғой ол,— дейді Әбутәліп,— осы арадан ол жүз қырық шақырым...
— Соноу бір көрінген ноқат — Сандық тау,— дейді Әбутәліп, маған қолын батысқа сілтеп,— ол бұл жерден жүз елуден артық!..
— Көп тау көрінеді екен-ау, бұл арадан!—деп, мен аузымды ашып, көзімді жұмам...
— Соның бәрін көрсеткен бұл Көкше биік екен-ау! — дейді Ғаббас.
— Биіктігі өзін, айтатын әннен де көрінбей ме,—дейді Қазығожа.— Кәне, басшы, сол — «Көкшетаудың биігі - айға!»
— Ия, бас! — деймін мен,— етегінде шырқайтын әніңді төбесінде бір шырқап көрші, Көкшенің!..
Ғаббас қамшылы оң қолының, алақанымен аузын желпіп, «Қаракөз» әніне шырқай жөнеледі... Оның, аспанға ерлей тартқан биік әніне біз төбесінде тұрған Көкшенің ғана емес, «Көкшетау» атына қосылатын, алыс-жақындағы барлық таулар жаңғырығып кеткен сияқтанады... Айнала жаңғырыққан таулардың дыбысы құлақты шыңылдатып жібереді...
Не деген биж ән еді? Не деген биік тау еді!..
«Көкшетаудың биігі - ай!..»
ҚАТЕРЛІ ТҮНДЕ
Күрес адамды неше түрлі тәсілге үйретпейді дейсіз!.. Ревкомда қызмет істегелі, өзімізді қауіптен қамтамасыз ету үшін, біз де шама - шарқымызша тәсіл қолданғанбыз, соның біреуі - қашып жүрген бандиттердің қай кезде, қай тұстарда жүргенін шамалап отыру, нелер ойлап, нендей сөздер айтатындарын біліп отыру. Бұл жөнде қызмет істейтін біздің адамдарымыздың ішінен ерекше ептілік көрсеткен адамның жұрт бертінде қойған аты «Бүкір». Шын аты Шабал, фамилиясы Сәрсенбаев. Б:-рақ, «Сәрсенбаев» десе, немесе атын айтса жұрттың көпшілігі білмейді де, «Бүкір» десе бәрі біле кетеді. «Бүкір» дегенде, ол құныс емес, денесі тіп-тік жігіт. Тек, жаурынының үсті ғана аздап күдістеу және басын салбыратып бүкшиіңкіреп жүреді. «Бүкір» деп сондықтан қойған ғой деймін. Сол атқа дағдыланып кеткен ол намыстанудың орнына күле қарайды. Кішкене бойлы ол, жаяу жүрсе ұршықтай үйірілген епті, ал, атқа мінсе со кіп-кішкене қалпымен, оны үлкен жігіттер аударып ала алмайды, өзі соқтауылдай жігіттерді аударып әкетеді. Көкбар тартқанда да оның тақымы тас сияқты. Дене ептілігінің үстіне, ол аса ойнақы жігіт. Жолыққан адамның мінезінде кездесетін оғаштықты ұстап ап, сықақ қып жүреді. Үлкенмен де, кішімен де құрдас оның сықағын ауырлаудың, орнына жұрт қызық көріп, көбіне әдейі түрткілеп істетеді. Жасы со кезде жиырма төрт, жиырма бестерге келгенмен, ол әлі өзіндік үй-күй де, шаруа да жоқ, салт басы, сабау қамшысы ғана бар жігіт. Кәсібі, ел аралап, ойын-той сияқты сауықтарға қатынасу, солардың күлдіргісі болу. Өзіне тәуелді шаруасы болмағанмен, қайдан табатының кім білсін, киімді ол ауыл салтымен бір сыдырғы жақсы киеді, тәуір ат мінеді. Оның бізге әкелетін хабарлары да көп. Неғметжан аулына бара - сала, Бүкір маған үйіріле кетті. Мен оған алғашқы кезде сынай қарап, бойымды тежей ұстап жүрдім. Жүре келе байқасам, таптық сезімі бар, адал жігіт сияқты. Сол ойымды бекітуге, оны қиын істерге жұмсап көрсем, ебін тауып орындап қайтады. Мен оны қашып жүрген бандиттер арасына жіберіп көрдім. Артына бақылау қойғанда, тапсырманы орындауына көзім жетіп отырды. Біраздан кейін ол екеуміз дос боп алдық. Содан кейін қайда жіберсем де сеніп жұмсаймын. Бурабай сапарынан оралғаннан кейін, Әбутәліпті қызмет жөнімен Көкшетауға жіберуге тура келді. Асан мен Мұқанды әлдене шаруалармен елге шығардым. Елжас рұқсат сұрап бірер күнге аулына кетті. Шәймерден мен Әміржан да ел арасының қызметінде жүр. Кеңсе маңында Бүкір екеуміз ғана қалдық. Бірақ біз қорықпаймыз, қауіптер туа қалған күнде, оқып жатқан курсанттарға сенеміз. Сондай жайбарақат жүрген күндердің біреуінде, Бүкір жаман сөздің шетін шығарды.
— Сенің бүгін бұл ауылдан кетуін, керек,— деді ол, мені оңаша алып шығып.
— Неге? — дедім мен, қуланып тұр ма деп ойлап.
— Қалжыңы екен деп ойлап қалма,— деді ол,— рас ай¬там және жаным ашып айтам, бүгін мұнда қонсаң, сені өлтіреді.
— Кім?—дедім мен оның сөзіне енді илана бастап.
— Бандиттер бүгін түнде сені қапыда басып өлтірмек бопты.
— Неге?
— Неғметжан мен Мұқылай үйінен салыққа деп кеше егізі, ту сиыры аралас қырық қара айдаттың ғой. Шымбайларына сол батып кетсе керек.
Енді ғана сене бастап:
— Ия, қайда өлтірмек бопты? — дедім әлі де қуланған боп.
— Дина, Ірәш дейтін бойжеткен екі қызы бар Кәрібайды білесін, ғой?—деді Бүкір байсалды кескінін өзгертпей.
— Білем...
— Ірәшіне қыңыратқып жүрсің ғой, сен?
— О-о, ш-шай-тан, соны қалжың қылғын, кеп түр екен ғой?
— Қалжыңым емес, расым. Сені бүгін сол үйге қонаққа шақыртпақ та, сонда жайратпақ.
— Мен осында өлтіреді екен десем, — дедім әл.і де қалжың ба деп ойлап,— басқа жерде екен ғой. Олар менің шақырған жерге бара «.оятынымды қайдан біледі?
— Екі жағын да ойлапты олар: біреулері Кәрібайдың үйінде тоспақ, енді біреулері — осы ауылдың маңында торымақ...
— Кімдер сонда?
— Неғметжан мен Мұқылайдың біреуі Кәрібай маңында болады дейді, Бескөздің Сағиті мен енді біреуі осы маңайды ториды дейді...
Бүкір сөзіне мені иландырды. Одан басқа ақылдасар кісім жоқ. Курсанттарға бұл сырды сездіруге Бүкір ақыл бермеді.
— Жасаған жау, қарумен тап берсе, курсанттар жалаңаш қолмен сені қорғап қала алмайды. Олардың ішінде бандиттерге тілектесі жоғын қайдан білесің? Одан да, дабыра қылмай, бас қорғау қамына білдірмей кірісу керек.
Енді шын мән беріп:
— Анық қой өзі? — деп Бүкірді шегелемек болып ем:
— Анық — деді Бүкір.— Осы істің жуан ортасында жүрген біреуден естідім. Ол менің, көлгірсіген сөзіме сеніп қалды. Мен оған «бірге өлтірісем» деп уәде бердім.
— Ал, сендім онда. Өтірік дүрліктірсең, ұятын сен көтересің.
— Болсын. Өтірік болса, қаматып қоюыңа да, аттырып тастауыңа да бейілмін.
Екеуміз төмендегідей ақылға келдік: Кәрібайдың үйінен шақырушы келсе, «барамыз» деп уәде береміз де түн жамыла аттанып, былай шыға Көкшетау қаласына тартып кетеміз. Шақыру келмесе де, со күні түнде басқа бірдемені сылтау ғып аттанамыз да, әуелі қиғаш кетіп, бетімізді Көкшетауға солай шыға түзейміз. Бандиттер аттанбай тұрып басып қалмаса, аттанғаннан кейін қолдарына түспеуге сенеміз, өйткені, менің астымда,— бұл маңайдағы елге соңғы бес-алты жылда бәйге бермей, «ерен - жүйрік» атанған Неғметжанның ақбақай күреңі бар. Осы ауылға келгелі, ол атты мен үнемі кісендеп ұстап, сұлымен жемдеп, жараулау ғып мініп жүргем. Бүкірдің астына мінетіні,— Аққоян аталатын бедеу көк бие. Ұзаққа қаншалық шабатынын кім білсін, «шу» деп жөнелгенде, ол да құстан басқаға шалдырмайтын ұшқыр жылқы... Осы екі аттан қапыда айрылып қалмайық деген ниетпен, күндіз астық сарайына кіргіздік те, қақпағын замоктап қойдық... Енді, бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек. Ол үшін — ең сенімді бірер адамдарымызды елеусіз, бытыратып, әркімдерден сыр тарттырып көрсек, ешкім ешнәрсе білмейтін сияқты. Курсанттарымыз да сондай. Ауылдан күдіктенуге мүмкіншілігі бар екі-ақ жағдайдың исі шықты, біреу — ертерек кезде осы ауылда молда болған, кейін мұғалім болған, бандылар жұмысына араласып, біз келген кезде қашып жүрген Қожахметтің Нұрышы дейтін кісі, осы ауылға өткен түні қонып кетіпті... Екіншісі — Неғметжанның тоқал шешесінен туған інісі, ешуақытта үйінен шықпайтын, момын мінезді адам көрінетін, құлағы саңырау сияқты боп жүретін Мұхаммедияр, бүгін әлдеқайда аттанып кетіпті. Осы екі күдіктен басқа дүние, тып-тыныш, қаз - қалпында сияқты... Түс ауа, Кәрібай аулының шақырушысы келіп қалды, келуші — оның туған інісі Әбділман. Шоқша сақалды, күрең өңді, қызғылт көзді, жасы со кезде қырықты алқымдап қалған бұл жігіт пен оның жылмаңдаған әйелі Ұрқиямен, мен Ірәш жөнінде танысқам. Бір сыдырғы кескіні де, сымбаты да бар, ақ жарқын ашық мінезді, еркелеу қылықты бұл қызға менің қыңыржақтайтыным рас та. Сонымен сезе қалған Әбділман мен Ұрқия жеңгетай боларлық қалыптарын көрсетіп, ол ауылға соққан сайын мені емексітетін. Бұл жолы да Әбділман сөзін емексітуден бастап:
— «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дегендей,— деді маған, амандық - саулық сұрасқаннан кейін,—сенің, Ірәшта көңілін, барын осы елдің бәрі біледі. Тіпті, біреулер сырттан жорып, екеуіңді осы елден бірге аттанады деп те жүр. Енді жасырынар рет қалған жоқ. Қонаққа шақыра келдік өзіңді. Соны жамылтқылап, қарындасыммен қауыштырып жібермекпін. Қатын көндіріп қойыпты. Сенен артық жігітті қайдан табамыз. Бүгіннен бастап қыз сенікі. Қашан әкетем десең де даяр...
Іш пікірді ішке сақтай отыра, «түнделетіп барам» деп Әбділманға уәде бердім. Ол аттанып кетті. Бүкір айтқан бір жорамал дәл келді.
— Енді кідірудің реті жоқ сияқты,— деді Бүкір, ымырт жабыла тағы ақылдасқанда,— саған ғана емес, маған да күдіктеніп қалған сияқты осы ауыл. Күдіктерінің басы, біздің екі атты сарайға кілттеуімізден шыққан тәрізді. Оны әрқайсысының ішкірнелеп сыр тартқысы келуінен байқадым. Со сөздің сарынын Неғметжанның бәйбішесі Шәриядан да, Мұқылайдың шешесі Қатшадан да естідім. Осы ауылға мана, өзіне белгілі Азнабай дейтін саңырау шал келген екен, со да бір ретте «бұл аттарды сарайға неге қамап жүрсін,- дер?» деп сұрап қалды.
Бүкір екеуміз іңірде сарайдағы аттарды шығарып, суарып алдық та, баппен ерттеп, «Кәрібай аулына барамыз» деп аттанып кеттік. Менің иығымда винтовка, он, жақ бүйірімде қабурдағы наган. .Бүкірде қамшыдан басқа қару жоқ... Ауылды айнала өскен қалын, ағаштың ішімен Кәрібай аулына қарай тартатын жолға түстік те, былай шыға бетімізді Көкшетауға қойдық. Бүкір аса жолшыл жігіт болатын, қандай тас қараңғы түндерде де, жолсызбен қалаған жеріне апаратын. Егер, қасымда ол болмаса, көзге түртсе көрмейтін мынадай қараңғы түнде, мен әрине, жол таба алмас ем. Кеңеспен жортақтап келе жатып, Бүкір ара-тұра «анау тұсқа кеп қалған екеміз, мынау тұсқа кеп қалған екеміз» деп әрбір қараңдаған ағаштың, әрбір жарқыраған судың жобасынан қай тұста келе жатқанымызды айтып отырады. Бір кезде:
— Апыр-ау, Сәбит - ау, жортақтап отырып, кеп жер кеп қаппыз ғой,— деді Бүкір.
— Оны қайдан білдің?— дедім мен.
— Алдымызда жалданып көрінген ағаш, Асан аулының қыстауы...
— Бәсе, айтам ғой,— деді Бүкір жақындап келгенде,— со қыстау. Аулы Бурабай жақ беттегі бұлаққа қонды деген. Қоралар есіз болу керек. Қыстаудың желкесіндегі жал -ағаштың жол жүретін сайында жаз ортасы ауғанша қардың суы жатады, өзі терең болады. Үзеңгімізді қайырып өтуге тура келеді...
Расында су терең екен. Үзеңгіні қайырғанмен, аттың қапталдығына жетіп, бүккен тізеге тиіп қалды. Сулы ағаштан шықсақ, ар жағы жалаңаш дала... Аз жүргеннен кейін:
— Сәбит, сен ештеңе көріп келесін, бе?— деді Бүкір.
— Жоқ...
— Аттар құлағын неге елеңдетеді?!..
— Қайдам,—- дедім мен, жүрегім қобалжи қап.— Сонда бір қарайғандар, менімше, осы аранын, әр жерінде кездесе беретін тастар ғой деймін.
— Мүмкін, бірақ жылқы жануар құлағын жай тікпейтін сияқты еді!..
— Не де болса тәуекел, пысығырақ жүрейік.
Атымызды тебініңкіреп, жортып келе жатсақ, жолдын, үстінде бір жылқы тұр!.. Жақындап келсек, құйрық-жалын күзеген, ерттеулі бие!.. Одан да жақындай берсек, — бір адам дәреттен тұрған сияқтанып, түзеліп жатыр!.. Сол сәтте қауіп естен шығып, қасына таяна тоқтай қап ек, адам атына міне берді. Жобасына қарасақ — басында тымағы, үстінде күпісі бар, аяғында жуан етігі бар, бет-аузын сақал жапқан жабайы қазақтың біреуі сияқты.
— Ия, кім боласың?— дедім мен, оның қарсы алдынан кеп.
— Жылқы қарап жүрген кісімін,— деді ол маған қарсы жақындай түсіп.
— Қай ауылдың адамысың?— дей бергенімде, сақалды адам мені ат үстінен шап беріп ұстай алды...
— Ойбай, мынау Мұхаммедияр! — деді Бүкір де тебініп кеп...
Құшақтаған адам, салған жерден менің иығымдағы винтовкама жармасты... Қолы мұндай қарулы болар ма,— егер, жанталасып тартыспасам, атымның үстінен мылтық -сылтығыммен суырып алып кететін. Мен аттың жалын құшып, жанталасып тырмысқан кезде, Бүкір жанаса кеп, сақалдыны қамшымен бастан тартып - тартып жіберді де:
— Ойбай, Сәбит, ат наганыңмен!.. Мұхаммедияр!— деді.
Қайдан ата аласың, аттың жалынан қолыңды босатсаң - ақ аударып алып кететін. Сол тіресте тұрғанда, винтовканың қайысы үзіліп кетіп, мылтық Мұхаммедиярдың қолына кете барды, мен атымды тебініп жіберіп, қаша жөнелдім. Со кезде артымнан винтовка сатыр-күтір атылып қалды... Мен аттың жалын құшып бұғып қалдым... Жүйрік ат бар шабысымен сілтеп барады... Енді былай қарасам, жанамалай шауып Бүкір келеді екен... Бетіміз — беталды құла - дүз... Қалай қарай шауып бара жатқанымызды Бүкір болмаса, мен шамалай алмаймын... Жері тастақты бұл аранын, әрбір тасы, маған енді не қамалап қуып келе жатқан, не алдымнан тосып тұрған адамдар сияқтанады... Аз жер шапқаннан кейін, алдымыздан бір топ салт атты адам дүрсе қоя берді!.. Сатыр-күтір мылтықтар атылды... Біз бұрыла қаштық...
— Құдай ұрған екен,— деді Бүкір қатарласа беріп,— жолдан тосқан екен бізді. Менің байталым атыңа ере алмас, сен енді тәуекел деп тарт, атың жеткізе қоймас!..
—- Сен қолда қаласың ғой!
— Оған уайымдама, сені ұстай алмаса, мені өлтіре алмайды бұлар. Ұстаса - ақ екеумізді де өлтіреді... Тарт, тәуекел деп! Бетін, Бурабай тауы ғой деймін.
— Ал, ендеше!..— деп мен атымды айдай жөнелдім...
Жүйрік жылқыдан садаға кетсең болмай ма!.. Аз шапқанға тақымын жазып алды ма, немене, тебіне жөнелгенде атым құс боп ұшып кеткен екен деп ем!.. Оның екпінінен, жаңа ғана тып - тымық боп тұрған алдымнан дауыл соғып кетті!.. Тақымымды қаттырақ қысып, тізгінді нығырақ ұстамасам, аттың екпініне шыдамай, үстінен ұшып кететіндей әсер пайда болды!.. Жануардың со шабыспен шалдырмайтынын ұққандай, қуғыншыларым сатыр-күтір мылтық атады... Желдің зуылы ма, оқтың, зуылы ма, құлағымды жанай әлдене ысқырып өтіп жатады... Мен аттың жалын құшып қалам... Бір кезде үлкендігі қазақ арбаның доңғалағындай боп, көкжиектен қып-қызыл түспен ай да көтеріле бастады... Бойым бұ кезде жиналып қалса керек, арт жағыма көз салсам, қуғыншылардың қалың, тобы алыста қалған сияқты, тек ағараңдаған атты біреу, түнге үйренген көз жетердей жерде көрінеді... Ойыма келе қалды. Мұқылайдың жүйрік көк айғыры бар, жаратып мініп жүр, деп естігем. «Сол болар ма?» деп жорыдым ішімнен... Ай көкжиектен көтерілген сайын бозара түсіп, арқан бойы көтерілгенде ағарып апты. Оның бозамық сәулесі түннің түнегін жеңіп, айналадағы дүниені шамалауға келді. Со кезде көрдім, алдымда бірдеме жарқырайды, «шамасы көл - ау!..» Со кезде менің қуғыншыларым дала жақ қабырғамды ала, көлденеңдеп тартты. «О несі!»—деп ойладым мен,— әлде, мені көлге қамамақ па?» Сол қауіппен бойымды жинағырақ ұстадым да, атымды тыныстатайын деген оймен, тізгінін тежеңкіреп, қалтамдағы орамалыммен екі көзін сүрттім. Қуғыншыларыма қарап қоям, олар әлі де жамбастай, қиялап тартып барады... Осылай шауып келе жатқанда, алдымнан ұшы-қиырына көз жетпейтін кең және терең жыраққа кездесе кетті. Мұндай жырақалар, әдетте, сортаң келдің маңында кездеседі. Оның, ұшы алыстан жіңішкере басталып, сай-саланы иректеле қуып кеңіп отырады да, сорға құяр сағасында далиып кетеді, оның үстіне, құстан басқа мақлұқ жүре алмайтын, миы шыққан қорыс болады... Менің алдымнан кездескен жырақа да осындай екен... Мен кеп киліккен тұсынан, жүректі ат екпіндей шауып келсе қарғып өтуге болатын. Жоғарғы жіңішкелеу жағынан етуге, қуғыншылар со беттен қусырып келеді. Сор жақ бетке бұрылсаң қайтып шыға алмастай қамауда қалатынсың. Қуғыншылардың неге қиялай шауып келе - жатқанына енді ғана түсіндім. Жер тығыл -таян, боп қалды. Төз қимылдамасаң аз уақытта қоршауда қаласын,. Атыңды осы тұстан қарғытпасаң, басқа бұрыла қашып құтылар жер жоқ. Не істеу керек? Әрине, атты қарғыту керек. Шауып келе жатқанда болмаса, тұрған жылқы қарғып ететін жырақа түгіл, аттап өтетін жырақаға да аяғын баспайды. Ендеше, шегініп барып шауып келу керек те, атты қарғыту керек. Бірақ, жылқы атаулы жырақадан қарғи бермейді, жүрексіз жылқы қарғудың орнына кілт тұра қап, не өзі омақаса құлайды, ие үстінен сен ұшып кетесің... Менің астымдағы ат сондай жылқылардың қай түрі екенін кім біліпті!.. Менің дағдарғанымды сезгендей, қуғыншылар бері қарай ойысты. «Әйтеуір елім,— деген ой келді маған,— жай өлгеннен де тәуекел деп қарғытайын!..» Соған бекіндім де, жалт бере кейін бұрылып шамасы екі жүз метрдей жерден атты борбайға қоя, жырақаға қарай тарттым... Жырақаға таяна берген кезде, жан қысылған белгімді көрсетіп, жандай серік боп келе жатқан атымның сауырына қамшыны көміңкіреп жібердім... Атым да, не өлу, не тірілудің жері таялғанын сезгендей, зымырап келген қалпымен жырақадан атып кеп кетті. Аттың үстінен ұшып кете жаздадым, аттың дік ете түскен екпінімен астыңғы ернімді қыршып алдым... Біріне-бірі сақ ете түскен тістерім қирап қала жаздады... Оған қарауға уақыт бар ма, әрі қарай тарта жөнелдім... Енді далақтауда мән жоғын түсінгендей, қуғыншыларым жырақаның ар жағында ошарылып қала берді...
БЕТСІЗДЕР
Таң біліне алдымнан таныс ауыл кездесті. Осы ауылдың бандыдан қашып жүрген он шақты жігіті бұдан бір айдай бұрын біздің қызылдар отрядының қолына түсіп қап, күдікті оларды атуға ұйғарғанда, мен көз келіп, анығына жеткеннен кейін, босаттырып жіберген едім. Со жігіттер мені қошеметпен қарсы алды да:
— Енді не істейсің? Бурабайға барып отряд алып шығасын, ба? Болмаса, Көкшетау барасың ба?—- деп сұрады.
Мен ойланып қалдым. Отряд алып шығудың арты қанды бірдемеге ұшырауы мүмкін. Одан да, Көкшетау қаласына барып, не істеуді ақылдасу керек. Жігіттерге осы ойымды айтып ем:
— Жақсы,— десті олар,— ас ішкеннен кейін, пар атпен алып жүреміз де, бүгін Көкшетауға жеткіземіз.
Семізден жараған жүрдек екі ат, елу шақырымдай Көкшетау қаласына үш-төрт сағаттай уақытта түсірді. Тоқтайтын үйіміз, әрине, ояздық Ревком. Ревкомның председателі Орынборда шақырылған Қазақстандық Бірінші Партия конференциясына кетіп, уақытша председатель боп, бір шала қазақ қалыпты. Кейін халық жауы боп кеткен бұл адамды, мен бұрын да бірер рет көргенмін, сопая біткен бетіне жарыса өскен ұзын мұрнының сорасы арылмай жүретіндіктен, қалжың қылатын жұрт оны «су мұрын Сүкең» десетін. Су мұрын Сүкең мені өте салқын түспен қарсы алды. Амандықтан кейін, мен оған мән-жайымды айта бастап ем:
— Қазір уақытым жоқ,— деді ол,— кейінірек келерсің.
— Сүке - ау, кейін айтатын кеңес емес, тығыз кеңес. Мен ерекше бір халмен келіп отырмын,— деп ем:
— Уақытым жоқ дедім ғой, мен саған,— жоқ деген соң, жоқ! — деп ол маған мысықтай шегір көзін түйілте қарады.
— Жоғыңыз қалай? Мен өлім аузынан кеп отырмын...
— Вам говорят же! — деп су мұрын Сүкең, айқайлап түрегеп кетті,— бұ не бассыздық, сөз тыңдамайтын?..
— Ақырмаңыз,— дедім мен,— мен сіздің пәтеріңізге барып тұрған жоқпын, ояздық Ревкомға кеп тұрмын және көшеден келген кісі емеспін, болыстық Ревкомның председателімін. Өлтіруге қуған бандиттердің оғынын, астынан қашып кеп тұрған бетім. Сіз мені тыңдауға тиістісіз!..
— Сенін, анархист екеніңді білем,— деді су мұрын Сүкең, ашудан терісіне сыймай, кабинетте ерсілі-қарсылы жүріп кетіп.— Сені ату керек.
— Не үшін?
— Творишь безобразия...— деді ол айғайлап кетіп.
— Қандай?
— Қандай екенін мен саған көрсетермін,— деп су мұрын Сүкең, мені қойып жібергісі келген кісідей едірейіп қасыма келді.
— Қандай безобразия?—дедім мен, со кезде ашуым басымды дуылдата қап, егер, ол жұдырық жұмсаса, есесін қайтаруға әзірленіп.
Мені ұрып қалуға ыңғайсызданды ма, немесе, түсімнен қаймықты ма, ашудан бет-аузы жыбырлап кеткен су мұрын Сүкең, шегір көзін тағы да бір едірейте қарап қойып, тістенген қалпымен кейін бұрылып кетті. Мен сол орында тұрмын. Аздан кейін су мұрын Сүкең, столының үстінде тұрған графинадан стаканға толтыра су құйып, шөліркеп келген адамдай, құныға қатты жұтты да, қалтасынан алған орамалымен, аузын және кездерін қатты уқалай сүртіп, үйді басына көшіре, орамалына қатты бір сіңбірді.
— Ертең кел, бүгін сөйлесе алмаймын,— деді ол содан кейін.
Одан әрі тілдесудің қажеттігі жоғын көрдім де, кабинетінен шығып кеттім. Менің енді барар кісім Сефең ғана. Ояздық политбюрода қызмет атқаратын о кісінің телефоны маған мәлім. Ревкомның жалпы бөліміндегі телефонмен звонить етсем, Сефең қызметінде отыр екен. Менің дауысымды тани кеткен ол:
— Ой, Сәбит, қарағым, сен, нетілуден саумысың?— дейді, қобалжыған дауыспен.
— Сефе,— дедім мен, даусым қалтырап,— көрген қорлығымды итке берсін, барып айтпасам, телефонмен жеткізе алмаймын...
Жүгіріп политбюроның алдына барсам, жүгіре басып Сефең келе жатыр, қасында Бүкір!.. Сефең аңқылдаған қалпымен мені құшақтай алды да:
— Алда, қарағым - ай, әйтеуір аман-есен кеткен екенсің, мен сені бандиттер біржола нетіп тастаған екен деп қорқып ем,— деп, бауырына қатты қысты. Сефең құшағын жазғаннан кейін Бүкірге қарасам, ол жылаған сияқтанып көзін кірлеу орамалымен сүртіп тұр екен.
— Ия, Бүке, сен қалай келдің? — дедім мен.
— Сенен айрылған соң,— деді ол,— мен де бетіммен қаштым. Мені де екеу - үшеуі қуып еді, ұшқыр бием шалдырмай кетті. Сенің атыңның да бандыларға жеткізбейтініне сендім. Құтылған соң Көкшетау келер дедім де, мен де осылай қарай тарттым...
— Ендігі сөзді біздің үйде кетейік,— деді Сефең.
— Болсын.
Жолшыбай кеңесінен Сефеңнің жуырда үйленгені мәлім болды. Ол өз жаргонымен, әйелінің кім екенін де айтып берді: Көкшетауда бұрын Балдыхан атты өзбек тұрады екен. Оның Тәшкеңде, Самарқанда, Марғұланда... деген сияқты Өзбекстанның әрбір шаһарларында жұрты және сауда дүкені бар екен, әр жұрттарында бір әйелі болады екен. Бертінде Балдыхан саудамен осы жаққа кеп жүріп, Көкшетауға екі қабат үлкен қарағай үй салдырады да, Сейфолла үйленіп отырған Бәдіғұл атты әйелді қыздай айттырып алады. Бәдіғұл Балдыханнан отыз жастай кіші болады. Революцияның алдында Балдыхан өледі, Бәдіғұлдың қолында одан он үш — он төрттегі Мүкәтай атты қыз қалады... Революция жылдары Балдыханның дүкені де, қос қабат үйі де экспроприацияға жатады. Кішкене қызы мен Бәдіғұл басқа бір үйге шығады... Сефең оған осы үйде үйленеді... Жасы со кездерде отыздарға жақындаған, бойшаңдау, сымбатты, бір сыдырғылау бидай өңді — Бәдіғұл жеңгей ақ жарқын, ойнақы мінезді әйел екен. Ол бізді аса көңілді кескінмен қарсы алды. Өзбек кескінділеу Мүкәтай, бойы аласалау, тығыршықтай семізше қыз бала екен. Жобасы еркелеу сияқты... Ыстық жақтың қанынан пайда болған қызды, ертерек балиғы болады деген қауесет бар, сондықтан ба, немене,— қыз белгісі жаңа ғана байқала бастаған ол, еркелік жүгірістің арасында, жас жігітке ептеп көзін де тоқтататын сияқты... Сефеңнің пәтері кішірек екі бөлмеден құралған, қасындағы қаңқайған зор қарағай үйдің, флигелі екен, соған кіріп, шай - пұй ішіп жайланғаннан кейін, мен өз мәселемді сөз ғып ем, «нетіптерін» шығарып тастағанда:
— Асықпа,— деді Сефең,—Орынборға конференцияға кеткендер оралады. Оған дейін су мұрын Сүкең, саған ырық бермейді. Бастықтар келген соң бұл мәселе тексеріледі де, қылмыстылар тиісті жазасын тартады.
— Мен білсем,— деді Бүкір,— сол бандиттер су мұрын Сүкеңнің көмекейін толтырып, өзіне қаратып алған. Сөз ыңғайы соған келеді.
— Рас, соған ұқсайды,— дедім мен де.
— Мен білсем,— деді Бүкір,— со бандиттерің, осы қалада жасырынып жатыр, оған дәлелім,— мен барып жолыққанда Сүкең бандиттер мен біздің арамызда болған уақиғаны біліп отырды. Бандиттер хабарламаса, қайдан біледі ол?
— Бақылату керек екен,— деді Сефең.
— Бір-ақ жерден бақылаймыз,— деді Бүкір.— Неғметжан мен Мұқылайдың мұнда түсетін пәтері — сары сақал Көшімбай дегеннің үйі. Соны тору керек.
— Ендеше сен торы оны,— деді Сефең.— Бандиттер келсе қаматып тастаймыз.
— Ымырт жабыла ториын.
Кешкі астан кейін Бүкір Көшімбайдың, үйін торуға кеткенде, Сефең екеуміз төргі бөлмеге төсек салдырдық та жаттық. Ұйықтағанға дейін біздің бір жүйелі кеңесіміз су мұрын Сүкең, туралы болды. Ол туралы пікірін айта кеп:
— Идейный коммунист болуы мүмкін емес,— дейді Сефең, — ол қазақ байларының қолында бірнеше жыл писарь боп қызмет атқарған кісі. Әрбір писарь патша өкіметінің охранкасында қызмет атқарған ғой. Әлі анығына жетпегенмен, мұның да сондай адам екенінде сенім берік.
Ұзақ кеңеске кірген Сефең екеуміз қалғыңқырауға айналған кезде қақпа қағыла қалды.
— Бүкір болар,— дедім мен.
Расында Бүкір екен.
— Айтқаным келді,— деді ол.:— Көшімбайдың үйі қаланың тау жақ шетінде болатын. Жасырынып барып абайласам, үйі толған қонақ, қорасы толған ат!.. «Кімдер бар екен?» деп терезесінен сығаласам, шошып кеттім!..
— Неге?!
— Кеше түнде бізді жолдан тосатын Мұхаммедияр сол үйде отыр!.. Бет-аузы көк ала қойдай жара!.. Басын да таңып алыпты...
— Оған не болған?!.
— Қайдам!.. Менімше, сол Мұхаммедиярды бандылар сілейтіп сабап әкелді ғой деймін...
— Неге?!
— Бізге пәле жабу үшін!..
— Не деп.
— Бізді ұрды деп.
— Қой, оны істемес!..
— «Жаманның айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді» депті, көрерсің, осы айтқаным келеді де қояды!..
— Ия, тағы кім бар екен?..
— Неғметжан!..
— Кәдімгі, бандит Неғметжан ба?!.
— Дәл өзі. Оны азсынсаң, Мұқылай да отыр!.. Оны азсынсаң, Бескөздің Сағиты да отыр...
— Банды атаулы сонда жиналыпты десейші...
— Оны азсынсаң, су мұрын Сүкең, де сонда отыр!..
Бүкірдің мына сөздерін естігенде Сефең шошып кетті де:
— «Апыр-ай, иттің ғана баллары - ай, қарай гөр, қасқырдай ұлып табысқандарын!..— деп аз уақыт теңселе ыңылдай отырды. Содан кейін,— ал, Сәбит, киін! — деді ол маған. Мен де киінейін!
— Қайда барамыз?
— Политбюроға.
— Түн ортасы ауған кезде ме?
— Киін төз!
Политбюроға келген бізді начальниктің орынбасары Федотов тыңдап алды да:
— Сонымен, ұсынысың не?— деді Сефеңе.
— Ұсынысым,— бандиттерді қазір арестовать ету керек!..
— Ол қалай болар екен,— деді Федотов, аз ойланып.— Өзі кеп көрінген бандиттерге өкімет жариялаған амнистия бар ғой.
— Қайда кеп көрінді олар?— деді Сефең.
— Егер, араларында Ревкомның уақытша председателі отырса, Ревкомға кеп еркімен көрінген болады да.
— Ничего подобного,— деді Сефең, ашулы үнмен.— Ревкомға олар тіркелген жоқ. Тіпті, тіркелсе де, мұндай бандиттерді тұтқындадыңдар деп ешкім бізді жауапқа тартпайды. Тартса жауапкершілігін мен - ақ алайын.
Бандыларды тұтқынға алуға жіберілген қарулы бес кісінің ішінде мен де болдым. Бастаушымыз — Матросов дейтін мосқал чекист. Көшімбайдың үйіне барсақ, су мұрын Сүкең кетіп, жайланған өзгелері алдарына жуан тегене қымызды қойып, төрдегілері жастықтарға шынтақтай жатысып, қымызды анда-санда сораптай тартып қойып, көңілді бір қызу кеңесте отыр екен. Мылтық ұсынған бес адам кіріп барғанда, олардың кездері шарасынан шығып кетті...
— Қолдарыңды көтеріңдер! —деп ақырып қалды Матросов, өзінін, арыстандай күрілдеген жуан даусымен. Зәресі ұшқан үйдегілер, қолдарын ербейте қойысты.
— Бекмағамбетов Неғметжан кім? — деді Матросов.
— Мен,— деді қара сақал жуан адам.
— Мұқылай Тәшенов кім?—деді Матросов.
— Мен,— деді бұғағы салбыраған қыли кездеу, сирек мұртты, семізше ақ сары жігіт.
— Бескөз Сағит?—деді Матросов.
— Мен,— деді қалын, қара мұртты, шоқша қара сақалды, үлкен көзді, сұлу адам.
— Мұхаммедияров Бекмағамбет?— деді Матросов.
— Ол,— анау отырған! — дедім мен, қамшы осқан бет - аузы білеуленіп тілініп кеткен Мұхаммедиярды көрсетіп.— Ит - ау, шын бетсіз болмасаң, өзіңді-өзің осынша сабататын не әкеңнің құны бар еді?
Қанша бетсіз болғанмен, былай да қара кескіні одан жаман өртеніп, Мұхаммедияр төмен қарады.
— Сенікі не?—дедім Неғметжанға,— мені аямасаң да, анау өз туысың Мұхаммедиярды аясаң неттің? Бет-аузын осынша көкала қойдай ғып әкелгенде, маған пәле салу үшін істедің ғой, «осындай ғып сабаған мынау!» дегің кеп?
Кәні Мұхаммедияр, жалғыз жанын, бар, айтшы осы арада, мен сені сабадым ба?
Мұхаммедияр жұмған аузын ашпады. Өзгелері де үндемеді.
— Несіне сөзіңді шығын қыласын, оларға?— деді Сефең, — патша өкіметінің заманында, біреуге пәле салғысы келсе, өз кісілерін өздері өлтіре салатын сұмырайлар емес пе еді, бұл байлар?.. Осындай пәле салам деп, біздің елдің бір байы, тоқалынан туған кішкентай баласын, қайнап тұрған құрттың ішіне тастап жіберген...
— Сондай жауыздықтың бірін, осы отырған қара сақалыңның өзі істеген,— деді Бүкір Неғметжанды саусағымен нұсқап,— кәне, өтірік деші, Неғметжан,— бір сайлауда, өзіңе қарсы Бәйтік балаларына пәле салам деп, қойшыңның кәрі шешесін ұрып өлтірген жоқ па ен,? Содан кейін Бурабайдан прыстоп әкеп, «Бәйтік балалары ауылымды шапқанда өлтіріп кетті» деп акт жасатып, құн даулап алған жоқ па ен,? Кәне, өтірік деші!..
Неғметжан жауап бермей, тұнжырап төмен қарай берді.
— Әй, бетсіздер, бетсіздер! — дедім мен.— Өздеріңді - өздерің осынша сабағанда, егер қолдарыңнан келсе, өзге дүниені өртеп жіберер едіңдер - ау! Не деген бетсіздер едіңдер!
— Әрине, бетсіздер! — деді Сефең — егер, беттері болса, бұлар бандит болар ма еді!..
ТҮПКІ ТАМЫРЛАР
— Қалай, бала, ризасың ба, енді?— деді Сефең маған, үйге қайтып келе жатып.
— Әрине, ризамын.
— Ендеше, бүгін тынышталып бір ұйықта!..
Сефең екеуіміз ұйқымызды қандырып оянсақ, күн түске тармасып қапты. Жастық шіркін қойсайшы! Кешегі түнді кірпік жұмбай өткізген мен, әрі сілем қатып шаршағанмен ұйқы қанып тыныққаннан кейін, денем жараған аттай жинақталып сергіп қапты...
— Сарайға барсақ қайтеді?—деді Сефең — онда салқынырақ болар, үй ысып кеткен екен.
— Оқасы жоқ.
Қасымызда ұйықтаған Бүкірді оятпастан, екеуміз сарайға шықтық та, салқынға отырып, кеңеске кірістік. Бұл арада Сефеңді тағы да өз тілімен сөйлетіп көрейік.
— Ия, бала, қалай, сонан соң, сол себептен, сөйткен уақытында, әлгіндей кеттің, бе бүгін?
— Ия, Сефе, өте жақсы ұйықтадым! — дедім мен, Сефеңнің бұл «нетіпі» менің ұйқымның қануына арнаулы екен деп ойлап.
— Түсіңе ештеңе кеткен жоқ па?—деді ол күлімсіреп қойып.
— Немене «нетуші» еді?— дедім мен де жымиып қойып,— бандылар қамауда, көңіл жақсы, ұйқы қанған, осыдан артық рақат бола ма?
Сефең ойнақы кескінін бұл арада салмақтандыра қойды. Енді оны «нетіпсіз» сөйлетейік.
— Бұл бандылар қамауда болғанмен,— деді Сефең, — өзге бандылар қамауда емес қой!..
— Ол «бандыларыңыз» кім?
— Бүкіл буржуазия атаулының бәрі банды. Қолынан келмейді, егер, қолынан келсе, олар Совет өкіметін түтігі жіберер еді.
— Әрине.
— Буржуазияның біздің елде қалған сімілтірлері басын көтеріп байқап еді, одан ештеңе шығара алмады. Сен осым'ен күрес бітті деп ойлайсың ба?
— Бітпегенде не істейді?
— Ойбо-о-ой, шырағым - ай, әлі тәжірибең азғантай баласың ғой. «Күрес» деген, шырағым, қолма-қол төбелес қана емес, идеология майданының күресі, физикалық күрестен кем емес.
Сефеңнің айтуынша, күні кеше ғана Совет өкіметіне қарсы боп жүрген алашордашыл адамдардың бірсыпырасы, қазір советтік және партиялық қызметтерге орналасып алған.
— Мысалы, сен Мағжан Жұмабаев деген ақынды білесің ғой?—деп сұрайды Сефең менен.
— Білем.
— Ол ғой, аузынан қаны аққан контрреволюционер?
— Ия! — деп, мен оған өткен жаз мұғалімдер мен Мағжанның арасында болған жанжалды баяндап бердім.
— Со Мағжан қазір қайда деп ойлайсың?— деп сұрайды Сефең.
— Қайда?
— Совет өкіметі орнағаннан кейін, Омбыда қазақ тілінде «Кедей сөзі» атты газет шыққанын білесін, ғой?
— Білем.
— Емельян Ярославский деген жолдасты білемісің?
— Білмеймін.
— Көп нәрсені білмейсің сен. Саған оқу керек,— деп қойды да, Сефең сөзін әрі қарай жалғастырып әкетті.— Ярославский Большевиктер партиясының алғашқы мүшелерінің бірі, — деді ол,— 1898 жылдан бері революциялық істердің қалын, ішінде келе жатқан адам, «Социал-демократ» дегенді білесің бе?
— Терең білмегенмен, нұсқасын жобалаймын.
— Социал-демократияның 1903 жылдан бастап «большевик», «меньшевик» боп бөлінгенін білесін, бе?
— Хабарым бар.
— Ярославский кәрі большевик. Ол Лениннің ең сенімді шәкіртінің бірі.
— Жақсы кісі екен ғой,— дедім мен, Сефеңнің жолдас Ярославскийді бұл араға неге тығындап отырғанын білгім кеп,— ия, о кісі не істепті?
— Ісі кеп о кісінің,— деді Сефең.— Менің айтқалы отырғаным, 1920 жылдың басында Ярославский жолдас, ЦК - ның Сібірлік бюросына қызметке келді де, идеология жағын басқарды, әсіресе — баспасөз жағын. Жоғарыда атаған «Кедей сөзі» газетін ұйымдастырушы со кісі... Со газеттің Қызылжарға көшкенін естідің бе?
— Жоқ.
— Естімесең, Ақмола мен Семей болыстары биылғы көктемнен бастап Кир. Крайға бағынғаннан кейін. «Кедей сөзі» Қызылжарға кешіп, аты «Бостандық туы» болды... Жақын арада со газеттің бетінде Мағжанның «Ертек» атты ұзақ өлеңі басылды, мазмұны ағып тұрған контрреволюция!
— Онда не айтады екен?
— Кенесары мен оның баласы Сыздықты мақтайды және оларды «орысқа қарсы еді» деп мақтайды, және онымен ғана қоймай, бүгінгі қазақтарды сол Кенесары мен Сыздықтың жолын қуып, Россияға қарсы көтеріліс жасауға шақырады. Оның аты,— қазақ халқын Совет өкіметіне қарсы үндеу деген сөз...
— Апырай-ә, рас айтасыз ба?..— дейім мен, мына сөзге нанғым келмей, қалайша ашықтан ашық Советке қарсы бола алады?!» деген оймен.
— Әй, сен жүгіріп үйге барып келе қойшы,— деді Сефең жаңа ғана біздің қасымызға кеп, кеңеске құлақ түріп отырған Бүкірге.— Төрде тігілген газеттер ілулі тұр, қазақша газет, «Бостандық туы». Әкеле қойшы, соны!
— Апыр-ай, Сефе, менің де кеңес тыңдағым кеп отыр,— деді Бүкір.
— Сен келгенше кеңесімді доғара тұрайын, жүгіріп барып келе ғой!
— Сен оны айтасың — деді Сефең,— Алашорда партиясының үш көсемі бар еді ғой: Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов. Осы үшеуі де Совет өкіметіне сөзбен ғана қарсы боп қоймай, «Алаш» атты армия құрып, құралды күреске шыққан еді ғой, сөйтіп, қан майданда жеңіліп қашқан еді ғой. Бөкейханов пен Дулатовтың қайда екенін білмеймін, Байтұрсыновты білем.
— Ия, ол қайда?
— Ол қазір, біздің «Кир. Край» аталған республикамызда Оқу Комиссариатының комиссары боп отыр!..
— Қойыңызшы?!
— Қалай екенін кім білсін, біздің Большевиктер партиясына мүше боп алған дейді өзін!
— Сұмдық қой мынау!..
— Әрине, сұмдық!.. Кешегі алашординец... бүгін большевик!»
— Қалай болғаны сонда?!.
— Менімше, ол біздің партияны алдап кірген, немесе, партияға одан бұрын тонын айналдырып кірген біреулердің көмегімен өткен...
— Со күйінде қала бере ме ол? —дедім мен Сефеңнің сөзін бөліп.
— Менімше,— қалмайды. «Қасқырды қанша асырасаң да орманға қашады» деген орыста мақал бар. Алашордашыл адам, әсіресе оның Байтұрсынов сияқты идеологтері ешуақытта коммунист бола алмайды. Ол төз арада әшкереленіп, біздің партиядан қуылуға тиісті...
— Онда жақсы болар еді...
— Болады солай!..
— Байтұрсынов белгілі «бекбике» ғой,— деді Сефең — «Мен мұнда!» деп айғайлап тұрған адам ол. Оның қуылуы оңай. Қиыны артында...
-ЧО не?
— Байтұрсыновтардың жұмсауымен біздің партияға кіретін алашордашыл жастарда аз болмайды. Олардың көбі кедейшіл болғансып, солақайлана келеді... әне, олармен күресу, қиын... Және ұзаққа созылатын күрес ол!..
— Апырай, ә!.
Сол кезде газетті құшақтап Бүкір де кеп қалды. Газеттің Сефең көрсеткен нөмерінің ішкі бетін қарасам, Мағжанның поэмасы екі беттің астыңғы жағын белуарынан жоғары қамтыған екен, сыдыртып оқып шықсам, Сефеңнің сөзі түп-түгел рас. Поэмада совет өкіметіне қарсылықтың сасық иісі жаныңды түрішктіргендей аңқып тұр.
— Сефе - ау, сұмдық қой, мынау, — дедім мен, поэманы оқып болғаннан кейін.
— Рас,—- деді Бүкір,—басын балтамен шауып өлтіретін ит қой мынау!
— Уау, сендер бүгін ас ішпейтін бе едіңдер? — деген әйел даусына жалт қарасақ, сарайдың есігінен күлімсірей қарап тұрған Бәдіғұл жеңгей екен.
Асты тәтті даярлайтын Бәдіғұл жеңгей, ет пен ақ ірімшікті араластырып, жеуге өте сүйкімді түшпәра даярлап қойған екен. Жеңгеймен әзілдесе отырып, түшпәраға тойып, шайға қанғаннан кейін:
Біздің кеңсеге барайық, — деді Сефең.
— Барайық,— дедім мен.
— Мен ше? — деді Бүкір.
— Сен, аттарыңды қырға шығарып оттатып кел...
— Бүгін оттатармын, ертең оттатармын.... бүрсігүні. . одан әрі қайтем?
— Аулыңа қайтасың да, — деді Сефең.
— Алда сақтасын, — деді Бүкір.— Бандиттердің өздері қамалғанмен, тұқымдары, тілектестері бар емес пе, ауылда?.. Олар мені тірі қояды деп отырсың ба, Сефе...
— Бұл ойланатын мәселе екен,— дедім мен.
— Жақсы, ойланармыз,— деді Сефең, — әуелі атыңды оттатып келсейші, жігітім. Бір сені тірі сақтаудың амалын табармыз.
— Ал, інішегім,— деді Сефең, мекемесіне қарай аян,- дап келе жатқанда,— сонымен, қызмет атқарған болысыңа қайтасың ба?
— Оны ояздық Ревком шешеді де.
— Бар десе барасың ба?
— Өзіме салса, бармас ем.
— Неге?
— Бүкір айтқандай, мына қамалған бандиттердің тілектестері маған қастық қылмай қояды дейсің бе?
— Со да сөз бе екен,— деді Сефең күліп,—«ұрыдан, қорыққан мал жимайды, шегірткеден қорыққан егін екпейді» депті. Бандыдан қорқып қызмет істемейміз бе?..
— Істейміз,— дедім мен тосылып қап.
— То-то и дело!— деп Сефең жымиып алды да,— мен де сол болысқа қайтып бармау жағына шығар ем,— деді, — жассын, әлі, тәжірибең жоқ, білімін, аз. Саған ең қызығы оқу ғой. Міне, біз, сендей жас шағымызда оқи алмай, бармағымызды енді тістеп, жүрміз. Қазір біз сияқты орта жасты кісіні оқуға жібере де алмай және өзіміз де оқу қиыншылықпен қонатын сары - кідір боп қалдық. Сенін, нағыз оқу қонатын шағың. Қазір өн,гені қойып оқуға кетуің керек. Маркстің, Энгельстің, Асниннің кітаптарын оқып алмай, жақсы коммунист болу қиын...
— Өзімнің де ойым сол еді, — дедім мен.
— Ол дұрыс,— деді Сефең — бірақ, сен менің мына бір тілімді алшы!
— Айтыңыз.
— Оқу күздігүні ашылады ғой, оған дейін сен біздің политбюрода қызмет атқар. Бұл өте қызық қызмет. Әсіресе, қазір... Қазір бандиттердің істері тексеріліп жатыр, содан нелер қызық мәселелерді кездестіресің және көп сабақ аласың. Алдағы өмірін, мен қызметіңе ол сабақтың пайдасы тиеді...
Сефең мені осы ұсынысқа көндірді... Оған ояздық Ревком да қарсы болған жоқ. Мен мініп келген жүйрік күрең мен Бүкір мініп келген көк байтал милицияның қарамағына берілді... Төз арада, ауылдарда Ревком орнына исполкомдар сайланып, Бүкір басқа бір болысқа ауылдық советтің председателі боп кетті... Мен политбюрода қызметімді атқарып жаттым... Сефең айтқандай — қызмет аса қызық... Бандиттердің өздерімен де, істерімен де танысқан күндері, олардың кім екендіктерінен, не істегендіктерінен және не істеуге ойлайтындықтарынан ұшан-теңіз сабақ алдым... Политбюро мені ара-тұра командировкаға да шығарып, кейбір бандиттердің қылмысты істерін жасалған жерінде анықтап қайтуға жұмсап жүрді. Бір командировкада мен Рахымжан мен Нұрыштың, өліміне байланысты істерді тексеріп қайттым. Бұл - екі жігіті бізге белгілі Шоқан Уәлихановтың тұқымдары: Уәлидің бір баласы Шыңғыстан Жақып, одан Нұрыш, енші бір баласынан Махмет, одан Рақымжан. Сырт естуімізше, бұл екі жігіт коммунист болған да, бандылар көтерілісі көзінде өлтірілген. Олардың мекені — бізге белгілі Сырымбет тауында екен. Көтеріліс алдында Нұрыш болыстық Ревкомның председателі боп, Рахымжан ауылдық Ревкомның председателі боп қызмет атқарады екен. Хан тұқымы болғанмен, бұлардың шаруасы шағын, өздері совет тілегіндегі жігіттер болады. Серт үстінде біз, оларды өлтіруге қатынасқан бандиттердің кейбіреулерін тауып алып Көкшетауға жібердік, енді біреулері ұстатпай қашып жүрді, біреулерінің қайда екені белгісіз... Оқушыларға қызғылықты болуға тиісті бір мәлімет мынау: Абылай ханды біз білеміз. Оның үлкен шаңырағы Уәлиде, оның үлкен шаңырағы Шыңғыста, оның үлкен шаңырағы Қоқышта болады екен. Менің Қоқышты алғаш көруім 1913 жылы екені оқушылардың есінде. Енді, 1921 жылы көрсем, бұрынғы қара сақалды Қоқыш ақ бурылданып қалыпты. Оның шаруасы баяғыдай әлі де кедей екен. Со қалпында ол, баяғы көретін көп жиһазды бытыратпай, «хан ордасын» салтанатты күйінде ұстайды екен. Бандылар сол «орданы» талапты. Қоқыштың айтуынша, олар «ордадан» мүлікті әлденеше бричкамен әкеткен, содан біздің тапқанымыз — бір жібек кілемнің, пұшпағы мен, Уәлиге бірінші Александр патшаның сыйға жіберген, іші сусар, тысы жасыл шұға, өңірлерін алтын зермен кестелеген, жаға - жеңін құндыздаған тон. Кілемнің пұшпағы қызық: Қоқыштың айтуынша, жібі де, түгі де шын жібектен жасалған бұл кілемді, Абылай ханға Бұхардың Әмірі сыйға жіберген екен. Ұзындығы отыз көз, көлденеңі жиырма көз бұл кілем, Уәли салдырған мешіттің кең залына төсеуге мол жетеді екен. Бүктелген күйінде оны төрт жігіт көтереді екен. Кілем мешітке ораза мен құрбан айтында ғана төселіп, өзге уақытта жыюлы тұрады екен. Мына табылған пұшпақтың ұзындығы үш кездей, көлденеңі екі кездей, ендеше, кілемнің Қоқыш айтқаны мөлшерлі екені рас... Бірақ, менің, жаным күні бүгінге дейін кілемге емес, басқа бір қымбат мүлікке ашиды: бандылар талаған мүліктің ішінде, Қоқыштың туған ағасы Мақының альбомы да кетеді. Мақының енеден тіл-құлақсыз мылқау боп туғанын біз білеміз. 1855 жылы апрель айында Шыңғыс Петербургта, бірінші Николайдың азасына барады. (Со жолы ол бала Мақыны Петербургдағы мылқаулар школына орналастырады,) кейін Мақы Көркемөнер Академиясын бітіреді. Білетіндер оны аса суретші еді дейді. Ол сөздің растығына, біз 1921 жылы бір бандының үйінен тауып алған, жоғарыда аталған альбом куә еді. Альбомда қаланың, ауылдың және табиғаттың нелер әдемі бейнелері болатын. Табылған альбомды Қоқыш жігі - жаппар боп, жалынып сұрап алды. Бертінде сұрастырсам, Қоқыш 1924 жылы өледі, одан кейін альбомның қайда кеткенін ақылсыз балалары білмейді... Қазақтан шыққан бірінші суретшінің бұл еңбегі аса қымбат еді, бейғамдықтан жоғалып кете барды... Өте өкініш!.. Рақымжан мен Нұрыштың жұмысын тексеріп жүрген кезде, бізге шапқын келді де, көршілес «Жаман жалғыз тау» аталатын өлкеде, тауда жасырынып жүрген бандиттер ауылдық Ревкомның председателін өлтіріп кеткен хабарын айтты. Барып тексерсек, ауылдық Ревкомның өлтірілген председателі совет өкіметі құрылғаннан кейін ғана қызметке орналасқан батрак жігіт екен. Қызмет бабында жүрген оны бандиттер ағаш арасында ұстап ап, аяқ-қолын байлап, асып кетеді... Өлік сасып жатқан көзінде табылады... Біз бұл өлімнің, себебін тексеруге кірістік. Ол ап-айқын екен: бандылар көтерілісінің көзінде, олармен күресуге өлген жігіт көп қайрат көрсетіпті. Сондай адамды, қашып жүрген бандиттер аясын ба!.. Сыртқы себебі осы сияқтанып, протоколы да солай жазылып жатқанда, өлген жігіттің әйелі көңіл бөлетін бір сөздің шетін шығара қалды. Жауап алып отырғанда:
— Не қағаз екенін қайдан білейін,— деді келіншек жылап отырып, — оның басына бір тарақ қағаз жатты.
— Неғылған қағаз?
— Орысша, қазақша оқып мұғалім боп жүрген біздің бір ағайын бар да, со жігіт бандитке қатынасқан. Күйеуімнің басына сол ағайыны жетті...
— Қалай?!
— Со жігіт күйеуіме «осыны жан адамға көрсетпей сақта» деп, көтерілістен бұрын бір бума кітап пен қағаз береді. Күйеуім қазақша хат білетін еді, үйге әкелген қағаздарды ол ақтарып отырып, «бәрі де өкіметке қарсы қағаздар екен» деп күлді... Мұғалім қағаздарын қайта сұрап алғанда, бір қағазы жоқ боп шықты. Ол «бердім» дейді, күйеуім «көрген жоқпын» дейді. Сосын екеуі қатты-қатты сөздерге келді де, анау күйеуіме, «сен қағазды жойсаң мен сені жоярмын» деп кіжініп кетті... Ақыры дегеніне жетті... көзін жойды!..
Әйелдің одан әрі сөйлеуге шамасы келмейді. Булыққан жастан тынысы тарылып кеткен ол, өкіре жылап, қисайып жата кетті... Б.ір жағынан әйелді уата отыра, біз со қағазды іздеуге ұйғардық. Ол үшін осы үйдің ішіне қағаз тығуға мүмкіндігі бар қуыстың бәрін ақтару керек. Өксігін басындыраған әйелден қағазды қайда тығуға мүмкіндігі барын сұрап ек, ол біраз ойланып отырды да:
— Мына бір жерде болмаса,— деп орнынан түрегеліп, кішіректеу келген сандықтың аузын ашты. Оның ішінен әлденелерді суырып алып жатқан әйелдің қолына, газетке оралған бірдеме ілігіп шықты...
— Осы бір қағаздың ішінде болмаса, басқа жерде жоқ,— деді әйел, газетке оралған қағаздарды біздің алдымызға тастай беріп.
Ақтарып көрсек, әр түсті, әр мөлшерлі қағаздардың беттеріне, ескілікті, жаңалықты өлеңдер жазылыпты. Көпшілігі әнмен айтылатын халық елеңдері. Соларға қарағанда бұл жігіттің елен, мен әнге әуестігі байқалды. Сұрастырсақ, расында да солай екен... Сол үйде сыңғырлаған қарағай домбыра тұр. Ауыл адамдарының айтуынша, өлген жігіт домбыраны бір сыдырғы тәуір шертеді екен, қосылып ән де айтады екен. Ақтарған қағаздардың ішінен, араб әрпімен жазылған бір қағазды көргенде, көзімді жылан шағып алғандай, мен шошып кеттім.
— Табылды! — деп айқайлап жібердім мен.
— Не табылды? — деп шу ете қалды үйдегілер.
— Жоғалған қағаз табылды! Өлген жігіттің түбіне жеткен қағаз!..
— Не дейсің?! Неғылған қағаз екен ол?!.
Қағаздың мән-жайын оларға айтудан бұрын, іштей тағы бір оқып ем, өз көзіме өзім сенбеймін!..
«Неге?!» деп сұрайсыздар ғой, ардақты оқушылар.
Қағазға қол қоюшы Смағұл Садуақасовтың, со кезде Кир. Крайда облыстық комсомолдар комитетінін, секретары екенін баспасөз бетінен көргем. Оны мен, 1918 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсына барғаннан бері білем. Ол бізге жаратылыстан сабақ берген. Өзі Политехнический институтта оқып жүретін. Арық, ұзын бойлылау, жалпақ беттілеу, май мұрындылау, жалпақ ақ бұжыр кескінді бұл жігіт, ол уақытта «толстовецпін» деп жүретін, алашорда жастарының белсенділерінің біреуі болатын. Сондай адамның бірер жылдан кейін облыстық комсомолдар комитетіне хатшы болды деген хабарын естігенде, мен «мұнысы қалай?!» деп таңданғам да қойғам... Міне, енді, алдымнан оның хаты кеп шықты. Хатты ол, кейін халық жауы боп кеткен бір интеллигентке Москвадан кісі арқылы жіберіпті... Хаттың мазмұны түгелімен Совет өкіметіне қарсы. Осындай сөздермен пікірін ұзақ жазған ол, хаттың аяғында, «Совет өкіметінің өмірі қазір қылға ғана ілігіп тұр... Антантаның шабуылы күшейетін... Қиыр шығыс та қарап жатпас... Орта Азия жақта басмашылар көтерілісі белең алып барады... Басмашыларды қазір өзіңе белгілі түріктің пашасы Ануар басқарып жүр... Ішкі хал де ауырлады... Көп жерде қазір аштық... продразверстканың қысаңқы жүріп жатқаны мынау... Бұған «сенін,» Сібірің де шыдай берер ме екен?.. Онда да жуық арада бір зор уақиға болып қалмас па екен?.. Болуға тиісті!.. Сонда сенін, де және де бізге тілектес азаматтардың да қарап қалмаулары қажет... Әйтпесе, біз жаңадан құрылуға тиісті өкіметтен сыбағалы орын ала алмаймыз» — депті... Хаттық сөзі осындай!.. Жақында ғана күшпен басқан бандылар көтерілісінің неден туғаны, оған қазақ байлары мен алашордашыл оқығандардың неге қатынасқаны, маған енді ғана айқындала кетті!..
— Міне, қайда шошқалар! — деп жіберіппін мен,— міне, қайда, бандылар көтерілісінің түпкі тамырлары!!
Оқушылардың есіне сала кетейік: Каз. Крайкомның 1926 жылы Қызылорда қаласында шақырылған ІІІ - пленумда, Смағұл Садуақасовпен, оған ергендердің байшыл -ұлтшылдық сырлары әшкереленгенде, 1921 жылы мен тауып алған осы хаттың мазмұны жарияланды... Ол стенограммада сақтаулы...
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ЛЕНИН ЖОЛЫ
ӘДЕБИЕТКЕ ПАРТИЗАНДЫҚ ЖҮРМЕЙД!
Көкшетаудың политбюросында қызмет атқарып жатқан күндердің біреуінде, мен Қызылжардағы Ақмола Губкомының, атына оқуға сұранған арыз жолдадым. Кешікпей Көкшетаудан Қызылжарға шақырылдым. Губком мені Қызылжарда осы күзден бастап ашылған Совпартшколада оқуға ұйғарған екен. Бұрын Қызылжардың, атақты капиталисі Қуанышевтарға жататын. Совет уақытында горкомхоздың қарамағына алынған ақ тас үйде Совпарттың оқуы жүре бастады. Курсанттың саны екі жүздей. Дені орыстар мен қазақтар. Өзге ұлттардан да бірен-сарандап бар. Бәрі де коммунистер мен комсомолдар және партиялық советтік тәжірибе ісінен келгендер. Совпартшкола «жоғарғы» және «төменгі» аталып екі класқа бөлінеді, жоғарғыда — жақсы сауаттылар, төменгі де — шағын сауаттылар. Мен — төменгідемін. Оқу төменгі кластарға түгелімен орыс тілінде жүреді. Оны алып бару маған екі жақтан қиынға соғады: бірінші — орыс тіліне мен шалағаймын, грамматикасын, синтаксисін білмеймін, сөзінің көбіне түсінбеймін; екінші—ол кезде саяси сабаққа арналған оқу кітабы жоқ, оны мұғалім ауызша айтады да, даярлап келген конспектісін көшіріп алуға береді, оған да сауат керек. Саяси сабақты ,екі класта да Ковалевский дейтін партияда жоқ жолдас оқытады. Мен оның лекцияларынынан да конспектілерінен де жақсылап пайдалана алмаймын. Мен сияқты орыс тіліне шалағай адамдар бірталай болғандықтан, сабақ басталғаннан аз күн кейін төменгі класс саяси сабақтан екіге бөлініп, менің бөліміме, бізге белгілі Шахизаман Зәбиров татар тілінде оқыта бастады. Оның сабағын, татарша жақсы білмейтін кісіге ұғу мейлінше қиын, ал, біздің бөлімнің көпшілігі татар тілін жақсы білмейтіндер. Өзінін, (мичар) лексиконында біраз уақыт сабақ берген Зәбиров, бізге сөзін еркін түсіндіре алмауына көзі жетті де, Губкомға арыз беріп босанып шықты. Біз тағы да Ковалевскийден оқи бастадық. Маған орыс тілінде оқылатын өзге сабақ қиын емес, саяси сабақ қана қиын. Өзге сабақтың қиын болмайтыны,— тілі ауыр болғанмен, бұрын қазақ тілінде еткен сабақтар, сондықтан, сөздерін еркін түсіне алмағанмен, не айтатыны белгілі тұрады. Саяси сабақ олай емес, 20 жылдың жазында, қысқа уақытты курста аздап өткен саяси сабағымыз, Совпартшколаға жарамай қалды. Бұнда курстан әлдеқайда кең және терең өтеді. Ол тереңге менің құлашым жетпейді.
Сабақтың ауырлығы сондай болса, материалдық хал одан да ауыр болды. Материалдық халдің ауырлығы, Отанымыздың басынан кешкең со жылғы жалпы ашаршылық халге байланысты. Газеттің хабарларынша, Россияның кеп жерінде со жылы астық шықпай қап, халық ашаршылыққа ұшырап жатыр. Оларға жәрдем беру мақсатымен Бүкіл Россия да «Помгол» аталатын комитеттер құрылған. Мәліметтерге қарағанда Ақмола губерниясының астыңғы өзіне жететін. Оның халін ашаршылыққа ұшыраған өлкелерден кешіп келу қиындататын түрі бар, сондықтан, астық саудасына өкімет қатты тиым сап, ауыл - селодағы астық запасы» есепке алуда, қалаларда карточка системасын жүргізуде. Жалпы халге байланысты, Совпартшколаның да тамақ жағы аса тапшы болды. Ет дегенді анда-санда сорпаның бетінде ғана көреміз, ол да әрі кіп-кішкене, әрі арық, әрі өкпе-бауыр сияқты бірдеме... Сорпа дегеніміз сасық капуста мен карточканың сылдыр суы. Бірінші «блюдамыз» осы болса, «екіншіге» жейтініміз — суға қайнатқан бидайдың ботқасы және таза бидай емес, ішіне сұлы, қарамық сияқты басқа дәндер араласып кеткен шала-шарпы бидай. Бұларға қосымша берілетін қара нан, сықсаң суы ағатын шикі, сол нанның өзі школаға айында, аптасында бір-ақ беріліп қояды да, складта сақталады. Со жылғы суық қыста, складқа сақталған шикі нандар мұзданып қатып қалады. Жылы жерге әкелсең, жалын шалған сыртқы қабыршағы ғана жіпсиді де, іші кек - айызданады да тұрады. Осындай нанның курсанттарға үлестірілуі қызық: әркімнің де нанның шикі ішін емес, піскен сыртқы қабыршағын жегісі келеді. Жұрттың бәріне ол жетпейді. Таңдап беруге тағы болмайды. Нан әділ бөліну үшін бір топ жігітке тиген бөлкені кесер алдында, бір жігітті крауатқа етбетінен жатқызамыз да, басын одеялмен тұмшалап бүркейміз, содан кейін бөлінген нанның бір кесегін көтеріп, «мынау кімге?» дейміз. Басы бүркеулі жатқан жігіт «пәленге» деп біреуді атайды, аталған жігіт нанның шикі жағы келсе де, піскен жағы келсе де риза болады... Таңертең де, кешке де ішетін «шайымыз» қазанға қайнатқан сылдыр су. Нанымыз — әлгі. Одан да сөткесіне төрт-ақ жүз грамм беріледі... Бар тамағымыз осы... Адам не қиындыққа төзбейді!.. Біз де аталған ас-суға төз төзіп кеттік. Қазақта «қайғысызға қара су да ас» деген сөз бар. Сол рас қой деймін. Ішетін астары соншалық тапшы, соншалық сапасыз болғанмен, оны уайымдаған ешбір курсант көрмейсің, ойыны -ойын, күлкісі - күлкі, қағанағы - қарқ, сағанағы - сарқ!.. Олар оқумен ғана отырмайды. Школаға керекті отынды сақтаушы да, пешке әкеп жағушы да өздері... Со қыста күн сайын соққан бораннан толып қалатын кең қораның биік күртіктерін күреп, сыртқа тасып төгушілер де өздері... Оған қоса жұма сайын ұйымдастырылатын сенбіліктен де бір курсант қалмайды. Сенбілік Лениннің «Великий почин» атты еңбегі жарияланғаннан кейін шыққаны, еңбекші көпшіліктің, әсіресе, коммунистер мен комсомолдардың түгел қатынасатыны жұртқа мәлім. Әдетте, жұма күні кеңселердің маңдайшасына, көшелердің бойына қағаздарға және қызыл шүберектерге «бәрің де сенбілікке барыңдар» деген ірі жазулы ұрандар ілінеді. Сол күні қызмет тарар алдында, кеңселерде, көшенің алаңдарында митингтер өткізіледі, айтылатын сөз — сенбіліктің маңыз - мақсаты, оны орындауға көпшіліктің жұмылуы. Үгіттің күштілігі ме, әлде, өздері ынталана ма,— сенбінің тақы ата, сенбілікке мыңдаған кісі шығады. Олардың ішінде, бастығы Губкомның бірінші секретары, Губиспокомның председателі боп, бүкіл мекемедегі қызметкер атаулының бәрі да жүреді. Сенбілікке шықпауға, сырқаттықтан басқа ешбір дәлел болуға тиісті емес, ал егер, әлдекім сырқаттан басқа сылтаумен үйінде қалып қойса, оның мәселесі, коммунист болса ячейкаларда, партиясыз болса—профкомда қаралып, жаза қолданылады: сөгіс, қатаң сөгіс беріледі, қабырға газеттеріне, немесе баспа газеттеріне жарияланады, қызметтен шығарылады... Жұмыс қаланың ішінде де, сыртында да көп. Іштегі жұмыс: өткен империалистік және азаматтық соғыстардың салдарынан, көшелерде, орамдарда, қоралардың іші де тәртіпсіздікке айналып болған. Ол кезде Қызылжарда тас төселген жалғыз-ақ,— Ленин кешесі. Оның да тротуары көп жерінде тақтайдан жасалған екен. Өзге көшелердің бәрінде де бұрын, тек, тақтай тротуарлар болған. Соғыс және революция жылдары бұл тротуарлардың көбі шіріген, одан қалғанын тұрғын жұрт отқа жағып тек қазықтары ғана қалған. Забор атаулының да көбі жағылған. Қоралардың ішіндегі қоқсық белең алып иісіне адам шыдамайтын және аяқ басып жүре алмайтын халге жеткен. Көшелерде жасалған суағар арықтардың көбі бітеліп қалғандықтан, соңғы жылдарда бетімен аққан қардың және жаңбырдың сулары, біраз көшелерді көлік те, адам да жүре алмайтын жырақаға айналдырып жіберген. Канализация бұл қалада, ол кезде жоқ. Қорадағы дәретхана атаулының бәрі бүлінген, ыластанған. Өткен бес-алты жылғы бүліншіліктің салдарынан, қалалық су - тартқыштың да (водокач) қалаға тарайтын біраз тармақтары бұзылып, судан тарыққан орамдар, қора ішінен құдық қазып алған, олардың да көбінің ыластығы шектен шыққан.
Сенбіліктің бір міндеті — қала ішіндегі осы тәртіпсіздікті жөнге келтіру. Қала сыртындағы жұмыс та орасан көп. Ең алдымен, қаланын, қораларынан шығарылатын қоқтықтар, көліктің аздығынан не жоқтығынан, алаңдарға және шеткі көшелердің жанына төгіліп, әрі ыластанып, әрі бұрқырап көбейіп кеткен. Заводтар мен фабрикалардың маңайында ондай қоқтықтар тау-тау... Ерекше қоқырап кеткен бір орын — темір жол бойы. Онда үйілген қоқсықтардың, көлдердің, сынған мүліктердің салдарынан, темір жолдын, көп тармақтары поезд жүруден қалған. Темір жол жұмысшылары ол кезде жетпейді. Қызылжарға поезбен келген отындарды, бұйымдарды, азықтарды түсіру, немесе, басқа жаққа жөнелетін бұйымдар мен азықтарды вагондерге тиеу міндеті де, көбінесе, сенбіліктің мойнында. Қаланың мекемелері де, жеке үйлері де, завод, фабрикалары да ол жылы жүз процентке жақын, ағаш отынмен жағылады. Қызылжар маңында ағаш кеп, Соларды кесу. көліктерге не вагондарға арту, түсіру жұмысын да көбінесе сенбілік атқарады... Қала ішіндегі немесе жақын жердегі жұмысқа жұрт жаяу барады, алысқа поездсыз не көліксіз бара алмайды. Көлік дегенде, ол жылы Қызылжарда, «автомобиль» атаулыдан ырым да жоқ. Бар көлік - ат. Қаладағы жеке адамдарда және мекемелерде сол жылы бес-алты мыңдай ат бар. Гуж трудповинность туралы мемлекет шығарған бұйрық бойынша, ол аттардың бәрі тағайындалған участоктерге жұма күні кешке байланып даяр тұруға тиісті, әйтпесе, иелері жазаға тартылады. Содан қорқып, иелері аттарын мезгілінде әкеледі, бірақ ол көліктердің кебінде, «ат» деген атақ қана бар да, күй жоқ, түгелге жақын тыртиған арық, біразы көтерем. Ондай көліктердің шанасына мінгеннен жаяу жүрген жақсы. Расында да, солай. Гужтранспорттан алған аттардың көбі, тиісті жеріне өз денесін сүйреп бос барады да, біразы жолда қалып қояды. Олардан өлетіндер де аз болмайды. Сенбілікке баратындарға қазынадан ешбір тамақ берілмейді, олар азды - көпті тамағын ала барады. Бір қызығы — «менікі кеп, сенікі аз» демей, «менікі асыл, сенікі жасық» демей, бір жұмысқа барған топ адам, әдетте барын ортаға салып, бөліп жейді... Біз — Совпартшколаның курсанттары әуелі бір айдай қаланын, ішкі жұмысында, одан кейін үнемі сыртқы жұмысында болдық. Сонда керетініміз: көлік те, киім де, тамақ та жетпейтін қыстың қыспағында, сенбілікке шыққан мыңдаған адам, таң атқаннан күн батқанға дейін орасан кеп жұмыс атқарды. Ленин жазған «Ұлы бастаманың» қуатын сонда көресің. Күн ұзын жұмыста болып шаршаған адамдар, әсіресе, біздің курсанттар, кешке мекенінен қайтқанда, жабырқаудың орнына, «Алшан, бас, жолдастар, аяқты» немесе «Варшавянка» сияқты революциялық елеңдерді әндете жөнеледі. Дене қимылымен атқаратын жұмыстың маған түк ауырлығы жоқ. Бұл жұмыста мен, бұрын қолына күрек, балта алып көрмегендердің әлденешеуінің қызметін атқарып кетем. Мысалы, біздің Совпартта физика ғылымынан сабақ беретін Флейшман дейтін жебірей жолдас бар. Сөзге ол ағып тұрады. Сабақты да жақсы және біліп оқытады. Ал, жұмысқа келгенде, шапқан балтасы өтпейді, тартқан арасы жүрмейді, салған күрегі батпайды, сомадай боп бір пұт жүк көтере алмайды. Сенбіліктің тәртібі — қызмет жайында кім болсаң да мейлің, ал, сенбілікке шыққан соң, маңдайың, терлеп, өндіре жұмыс қыл! Пысықтық қып, тілмен ғана басқарғысы келгендерді, жұмыс істеушілер арадай талайды, сондықтан, әркім хал - қадарынша жұмыста көрінуге жанталасады. Жұрттан қорқып тырбанғанмен, қара жұмыс істеп көрмеген Флейшман сияқты адамдар, әдетте, жұмысқа күшті адамдармен серіктесуге, солардың жәрдемімен көптің көзіне жаман көрінбеуге тырысады. Сонда, Флейшманның жағалайтыны — менмін. Ол маған:
— Міне, шын еңбекші қайда? Коммунизм осылардың күшімен жасалады! —деп көпшік қоя сөйлейді де:
— Сен маған жұмыста жәрдемдес, жолдас Мұқанов, мен саған сабақта жәрдемдесем,— деп қызықтырады.
Мен оған қызыққандықтан емес, аяғандықтан жәрдемдесем, онымен әрдайым одақтасам да, жұмыстық ауыр жағын өзім көтерем. Оның маған пайдасы сабақтан емес, тамақтан тиеді. Жұмысқа ол үйінен көп және дәмді тамақ алып шығады да, менімен үлесіп жейді. Ақсаусақ кейбіреулер жұмысқа тез-ақ көндігіп, үйреніп кетеді, ал, Флейшман жолдас көндікпей-ақ қояды, аз уақытқа құрал ұстап жұмыс істесе, алақандары қолдырайды да қалады, сөйте тұра, ешуақытта сенбіліктен қалмайды... Флейшманның қара жұмысқа дағдылана алмауы сияқты, орыс тіліндегі сабақтарға мен де дағдылана алмай қойдым, сондықтан, өз тобымның соңғы қатарында жүрдім. Бұл маған, әрине, үлкен ұят. Осы жайымды Губкомның секретарына барып айтуға тура келді. Ол сөзімді тыңдап алғаннан кейін, маған ойда жоқ бір ұсыныс жасады.
— Осы қалада қазақ - татар клубы барын білесің ғой? — деді ол.
— Білем.
— Клубтың қасында мұсылман ұлттардан коммунист кадрларын ұйымдастыратын партия ячейкасын ашу қажет боп тұр.
— Қайдағы мұсылмандар? — дедім мен түсінбей.
Секретарь жымиыңқырап алды да, маған түсіндіре бастады:
— «Мұсылман» деген сөзден қорықпа,— деді ол,— біздің партия әрине, ешкімді мұсылмандыққа немесе хрестияндыққа, немесе басқа бір дінге тартпайды. Біз, әрине, дінді танымаймыз, сөйте тұра, клубта «мұсылман ячейкасын» ашудан мақсатымыз: қалада қазақ, татар, башқұрт, сияқты ұлттардан әр жерде біреңдеген коммунистердің басын бір жерге құрастыру. Ондай ячейка, әсіресе, орыс тілін білмейтін коммунистерге керек. Тіл негізі бірге ұлттардың коммунистерін бір ячейкаға жинасақ, техникалық сауатсыздығын да, саяси сауатсыздығын да жою жеңіл болады. Түсінікті ме?
— Түсінікті.
— Олай болса, осы ячейканың секретарьлығына сені тағайындасақ деймін. Бір жағынан Губкомда инструктор боп есептелесің де, еңбек ақыны және азық - түлікті осыдан алып тұрасың, екіншіден ячейка жұмысын басқарасың.
— Оқуды қайтем? — деген сұрауға:
— Қызметіңді атқара отыра, бір сабақтан ғана учитель жалдап даярлан, ол — өзіңе қиындық келтіріп жүрген орыс тілі, - деп жауап берді ол.
Секретарьдың ұсынысына ризаласуға тура келді. Сол арада ол маған ячейканың бюросына мүше болуға қажетті адамдарды атады.
— Забировты білесің ғой?— деді ол.
— Губчекадағы Шахизаман Забировты айтасыз ба?
— Ия.
— Білем оны.
— Бюроның бір мүшесі болуына қарсы емессің ғой?
— Ол дұрыс.
— Алданазаров Адамқұлды білесің бе?
— Білем.
— Оның бюро мүшесі болуына қалай қарайсың?
Мен іркіліп қалдым. Оған себеп төмендегі еді: Адамқұлды мен, бірінші рет 1919 жылдың күзінде көруім оқушыларға өткен тараулардан мәлім. Ол кезде еркін таныса алмаған Адамқұлдың хал-жайын артынан білсем, қысқаша өмірбаяны төмендегідей екен: 1882 жылы, Семей облысы, Қарқаралы оязы, Нұра болысында туады. Балалық шағында кедейлікпен елінен қаңғырып шыққан ол, 1900 жылы Қызылжарға келеді де, Мұстаев Нұркей дейтін шала қазақ байына атшы боп қызметке орналасады. Одан кейін Мұхаммедин Шәкір дейтін байдың тас үйінің пештеріне от жағатын кочегар боп кіреді... 1916 жылдың дүрбелеңінде, майдан жұмысына алынуға іліккен Адамқұл, Зак дейтін врачтың жәрдемімен Қызылжарға жылқы заводы бар Владимир Григорьевич Вефер дейтін байға атшы боп жалданады. Революциядан кейін завод Совет өкіметінің қарамағына көшкенде, Адамқұл старший конюх боп қалады. Сонда жүріп, 1920 жылдың басында партияға кіреді. Бандылар көтерілісін басуға ол осы заводтан кеп қатынасады. Көтеріліс басылғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайтқан Адамқұлды, өткен жаз Қалалық Партия комитеті, Қалалық Советтің председательдігіне ұсынады. Бұл қызметке ол ұзақ тұра алмайды, өйткені, — Қалалық Советтің қызметкерлері председательдің қолы қойылатын қағаздарды әкелсе, Адамқұл:
— Я бумажной волокиты не признаю,— деп қол қоймайды.
Осы хабар Қалалық Партия комитетіне жетіп, арнаулы комиссия тексерсе, Адекең «волокитаны» ұнатпағандықтан емес, сауатсыздықтан қол қоймайды екен!.. Ондай адам Қалалық Советті, әрине басқара алмайды. Осы себеппен ол босайды да, бұрынғы қызметіне қайтады. Адамқұл дегеніміз осы. Мен онымен Көкшетаудан келгелі ерекше дос боп, үйімен араласып жүрем. Қырықтан асқанша үйленбеген ол, со жылы, бұрын есігінде жалшы болған Дәулетгелдеев дейтін байдың, Сара атты жас қызына үйленген екен. Жас аралары алшақ болғанмен, ол екеуі тату-тәтті семья боп тұрады екен. Адамқұлдың таза коммунист екенінде менің ешбір шегім жоқ. Жаңадан құрылатын ячейканың бюросына оның мүше болуы туралы менің ойланып қалуым — сауатсыздығы еді. Со жайды айтып ем, горкомның секретары жымиып алды да:
— Есіңде болсын,— деді маған, түсін салмақтандырып,— бізде сауатсыз коммунист жалғыз Алданазаров Адамқұл емес, олардың сауатсыздығын жою біздің кезекті міндетіміз. Ал, ячейка бюросына мүше болуға, жолдас Алданазаровтың тазалығы жетеді.
— Болсын,— дедім мен.
Бюроның үшінші мүшелігіне секретарь пимокат заводында жұмысшы боп қызмет істейтін башқұрт Закирзянов Батталды ұсынды.
— Өзіңіз мақұлдасаңыз ол да болсын,— дедім мен.— Бірақ мен ол кісіні білмеймін.
— Үлгілі жұмысшының бірі және сауатты жұмысшы,— деді секретарь ол туралы,— өзі актив, оның кеп пайдасы тиеді.
— Болсын.
— Енді бір кандидатура,— губерниялық милицияның начальнигі Мұқтай Жәнібеков.
— Білем,— дедім мен, оған екі қолымды бірдей көтерем.
— Бесінші мүше,— өзің.
«Мұсылман» ячейкасының қызметі, секретарьға сөйлескеннің ертеңінен басталды. Қызылжарда Сақау Баймағамбет дейтін бай болған, оның екі қабат зор қарағай үйін Қалалық Совет қазынаға алған екен де, «Кир. Тат. клуб» аталған үй соның кең, залында жасалған екен. Біздің ячейка клуб қасындағы бір бөлмеге ұйымдасты. Марксистік көзбен қарағанда, аты дұрыс қойылмаған, бірақ, со көздің жағдайы солай атауды тілеген «Мұсылман» ячейкасының төңірегіне, «мұсылман» ұлттардан шыққан коммунистер жинала бастады. Көпшілігі өндірістің жұмысшылары. Интеллигенция да біраз бар. Ячейка хал - қадарынша коммунистердің арасында саяси жұмыстарды жүргізіп жатты. Клубта бірнеше мәдени-ағарту үйірмелері бар. Мысалы: музыкалық, драмалық, хор үйірмесі тағы басқалар. Олар ара-тұра клубтың залында сауық кештерін өткізеді, халық көп жиналады... Бір қызығы — спектакль қойғышпыз. Сонда, «пьесаны қайдан аласыңдар?» десеңіздерші!.. Революциядан бұрын қазақта театр болмағаны, сондықтан қазақ әдебиетінде драматургия жанры да болмағаны мәлім. Алашордашыл кейбір жазушылар 1917—19 жылдары бірен-сарандаған пьеса жазған, олардың бәрі совет тілегіне жат, сондықтан біреулер «Кир. Тат. клубта» ол пьесаларды қоям десе, ячейка рұқсат етпейді. Совет тілегінде жазылған пьеса о жылы жоқ. Ендеше, спектакльге нені пайдалану керек? Біздің клуб маңында пьеса «жазғыш» адамымыз бар. Әйел дауысты ол адам үш-төрт актілі,. әлденеше картиналы «пьесаны», айналасы бір жұманың ішінде даярлап береді, «артистеріміз» ол «пьесаны» бір жұмадай даярланады да қояды. Алғашқы күні халық залға лық тола жиналды да, арзан жазылған «пьесадан», арзан жазылған «спектакльден» көңілі суып, келесі қойылған жолдары келмей қояды... Біз «драматургтарымызға» тағы да «пьеса» жазуға заказ береміз... Әлі есімде: со қыста, со «драматург» отызға жақын «пьеса» жазып, бәрі де қойылды... бірақ, бір-екі «спетакльден» аспай сахнадан біржола шығып қалды... Сауық кештерінің бір түрі әдебиет кеші. Сондай кештердің біреуінде, бізге белгілі алашордашыл ақын Мағжан Жұмабаев өзінің пан - азиятшылдық бағытта жазылған «Пайғамбар» атты өлеңін, пан - түрікшілік бағытта жазылған «Бауырыма» атты елеңін, ұлтшылдық мағынада жазылған «Сары дала» атты елеңін оқыпты. Жиналып тыңдағандардың көбі,— Нэпмандар. Осы, мәселе, ячейканың бюросында сөз болды. Пікір алысқанда, біреулер «Жұмабаевқа елең оқытпау оңай, сонда, севеттік темада жазылған елеңдерден әдебиет кешін ұйымдастыруға бола ма?» деген сұрау қойып еді, мен бюро мүшелеріне советтік бағытта жаза бастаған бірнеше жастардың барын айттым.
— Онда, былай болсын,— деді Угар,— жақын арада Жұмабаевтар тағы да әдебиет кешін жасағалы жүр деп естідім. Со кештің алдында, совет тілегінде жазып жүрген жастардың басын құрастыру керек те, өлеңді соларға оқыту керек.
Оқитын адамдар табылатынына бюро мүшелерінің көзі жеткеннен кейін, «Жұмабаев оқимын десе қайтесіңдер?» деген сұрау қойды біреулер.
— Ол оқымайды,— деді Угар.
— Қалай? Сөз бостандығы бар емес пе?— деген біреуге, Угар:
— Онда сен керден суырып әкеп, Николай мен Колчакты да сөйлет! —деп кейіп тастады Угар. Анау:
— Өлгенді айтпа сен, тіріні айт! —деп еді:
— Колчак пен Николайдың сөзін айтатындар жоқ деп отырмысың?— деді Угар,— іздеп көрші. қаншасы табылар екен!.. Сөз беріп көрші. қалай зарлай жөнелер екен!.. Табылмайды деп қайғырма, достым... Жүздеп емес, мыңдап табылады... Нэпмандар бітпей бітпейді олар. Сөзіне ерік беруге болмайды олардың. Ерік берсең басыңды айналдырып жібереді. Советтік дәуірдегі сөз бостандығы олар үшін емес, еңбекші көпшілік үшін...
— Сонымен Мағжанға өлеңдерін оқытпау керек ие?
— Әрине.
— Әдебиет кешіне де келіме деу керек пе?
— Келсін, бірақ, өлеңін оқымасын.
— Егер, оқимын десе?..
— Сенің мені сөзбен шырмалдырғың келеді-ау тегі? — деді Угар,— оны қоя тұр сен. Кешке мейлі кім келсе де еркі, ал, бұл кеште, совет тілегіндегі өлеңдер ғана оқылады. Осы кештің билігін маған беріңдерші, мен «арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін» жайда өткізейін.
Угардың аса қатал мінезіне қарап, біреулер «ұят боп жүре көрмесін» деген қауіп айтып еді, көпшілік Угар жасаған ұсынысқа қарсы болған жоқ... Алдағы әдебиет кешінде «шығыстық кеш» бөлімі болатынын естіген көпшілік, әсіресе нэпмандар клубқа сыймай кетті. Міне, звонок та болды... Билеті бар жұрт залға кіре бастады... Орын атаулы толық... Орынсыз тік тұрған адамдар да бірталай... Сыртта билетсіз тұрғандардың біразы кимелеп кірмек боп, ішкі күршегін салып қойған есікті тарсылдата ұрып, айғайласып жатыр... Оған құлақ асар кісі жоқ... Угармен уәде бойынша, өлеңін Оқитын жастар сахнаның сыртында жүр, Мағжан солардың арасында. Әлдене қауіпті сезгендей, оның сұлулау кескіні әлем-тапырақ... Со кезде сыртқы есіктің ашылғаны естіле қалды... Мен коридорға шықтым, бірнеше қарулы милиционер келе жатыр, алдарында Угар!.. Қаһарына мініп алғандай оның кескініне адам қарап боларлық емес!
— Занять все двери! - деп команда берді ол милиционерлеріне. Милиционерлер залға кіретін үш-төрт есіктің алдына көлденең тұра қалысты.
— За мной! — деді маған, өзі сахнаға қарай жөнеле берген Угар. Оған ере мен сахнаға кірдім. Угардың қаһарланып келгенін көріп, бүгінгі бір актылы пьесада ойнайтын «артист» атаулы үрпиісіп, топтала қалысты. Мағжанның да томпақтау үлкен қоқыр көзі шарасынан шығып барады... Сахнаның шымылдығының жабығын көрген Угар:
— Кәне, аштыр, шымылдықты!—деді сауық кешінің администраторына. Үлкен көзді, жіңішке ұзын бойлы администратор жаһанда жоқ қорқақ па, әлде Угардан ғана солай қорқа ма, қалтыраған денемен шымылдықтың бауын тартты, шымылдық ашылып кетті. Сахнаға Угар көтеріле берді...
— Ал, революцияға қарсы ақын, бері шық! — деді ол, сахна сыртында тұрған Мағжанға. Мағжан Угардан қаймықты да, сахнаға үн-түнсіз көтерілді.
— Ал, сен де көтеріл, бедняцкий поэт,— деді Угар мaғaн. Мен де көтерілдім... Шамы сөндірілген залда лық толған жұрт, қобалжиын деп еді:
— Молчать! — деп ақырып қалды Угар.— Бәріңді де көріп тұрмын. Қай нэпман тәртіпсіздік жасаса, мен онымен ертең сөйлесем...
Зал тыныш бола қалды...
— Ты, алашординский последыш, перестань морочить голову советских людей со своими бредово-контрреволюционными стихотворениями!.. Неужели ты не понимаешь, что твоя песня спета?..
Ұсқынды қара - сұр кескінімен сүзіле қараған Угарга Мағжан төмен қарап, жауап қатпады.
— Ал, бедняцкий поэт, оқы өлеңіңді! —- деді маған Угар,— сен, контрреволюционный поэт,— деді - ол Мағжанға қаһарлана түсіп,— тыңда, мынаның өлеңін!..
Мен ыңғайсызданған дауыспен «Кедей баласы» дейтін өлеңімді оқуға кірістім... Менен кейін, тағы бір жастар революцияға, советтік құрылысқа арнаған елеңдерін оқыды. Жиналыстан біз жеңіспен қайттық деп тарадық. Ертеңіне мені Губкомның секретары шақырды. Не жұмыс екенін білмей барған менен, ол кешегі өткен әдебиет кешінің жайын түгел сұрап алды да, партизандық қылығымыз үшін, жатты да ұрысты. Біздің бұл бассыздық ісімізді Губкомның бюросында қараймыз деп біраз қысып алды да, артынан жадырап, ақылды сөздерге келді. Шын мағынасындағы көркем әдебиеттің қандай жолдармен өркендейтіндігін ұзақ және көп дәлелдермен сипаттай кеп:
— Міне,— деді ол,— көркем әдебиет осылай жасалады. Оған партизандық жүрмейді.
Мен секретарьға бұл сөздердің бәрі көңілге қонатынын, бірақ, қазақ әдебиетінде, мұндай совет әдебиетін жасайтын кісі әзірге жоғын айттым.
— Жоқ болса жасаймыз,— деді секретарь.— Ол үшін мына сен сияқты советтік талапкер жастардың оқуы керек.
Мен Совпартшколадан шығып кеткен өкінішімді айттым.
— Оның оқасы жоқ,— деді секретарь,— оқуыңа әлі уақыт бар.
— Қашан?
— Оны ақылдасамыз.
Секретарьмен қоштасып шыққанда, оның «әдебиетке партизандық жүрмейді» деген сөзі менің құлағымда қалды...
АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫ
1922 жылдың февралында Орынбор қаласында қазақстандық ІІ партия конференциясы шақырылды. Оның алдында Қызылжарда болып өткен губерниялық ІІ партия конференциясында Семейден келе жатып Смағұл Садуақасов қатынасты. Білетін адамдардың айтуынша, бұл жігіт өткен күз Орынбордан Семейге Кир, ЦИК тан өкіл боп барады да, губерниялық ревкомның ұлтшыл председателімен ауыз біріктіріп, Қазақстанға қарайтын жерде барлық мекемелердің бастығы қазақ болуы керек деген талап қояды. Жергілікті партия комитеті «Олай істеу халықтар достығына қайшы келетін саяси қате» деп көнбеген соң, Садуақасов, бұл пікірін облыстық атқару комитеті арқылы өткізбек болады, ол да көнбеген соң «исполкомды тартып, Семей Ревком құру керек» деп Орынбордағы Обком мен Кир. ЦИК ке телеграмма береді. Садуақасовтың бұл қылығын обком мен Кир. ЦИК саяси қате деп тауып, оның өкілдігін телеграммамен қайтып алады да, өзін Орынборға тығыз түрде шақыртады. Садуақасов ол телеграммаға бағынбай, жолда Омбыға соғып біраз күн тоқтайды, одан Қызылжарға келеді... Қызылжар ,да Садуақасовты жақсы .қабақпен қарсы алған жоқ. Бұған да оның өзі кінәлы. Губерниялық конференцияға қатынасуға мандат алған ол, баяндама бойынша «ұлт мәселесі» деген тақырыпта сөз сөйлеп, «Қазақстан қазақтар үшін ғана, мұндағы мекемелердің бастықтары түгелімен қазақ қана болу керек, Қазақстанға келген орыс поселоктері кейін көшіріліп, жерлері қазақтарға қайтарылу керек...» деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Конференцияға - қатынасушылардан оның бірен-саран әріптестері ғана болмаса көпшілік бұл пікірге қарсы боп, Садуақасовтың мандатын қайтарып алды да, конференциядан қуды. Конференцияда оған ерекше қарсы болған және ол туралы қазақтан көбірек сөйлеген адамның біреуі Угар. Садуақасовтың бағыты байшыл ұлтшылдық екенін дәлелдей кеп, оның қорытындысында айтқаны:
— Бұл - бетін бояған Бөкейханов. Екеуінің тарауы басқа болғанмен, түйісуі бір. Оның үстіне, бұл Бөкейхановтың жалғыз қызы Лизаға осы жолы Семейде үйленіп қайтты. Бөкейхановтың қайда екені де бізге мәлім. Совет өкіметіне құралды қарсылық жасаған ол, Колчакпен, бас - қолбасшысы барон Унгернмен, атаман Анненковпен қолдас болды да, Қызыл Армия ақтарды жеңгеннен кейін, тығылып қалды. Қайда тығылды сонда? Өзінің туған өлкесі — Тоқырауын өзенінің маңына. Оған ең жақын қала - Аягөз екі жүз елу шақырым. Көшпелі ол араға Совет өкіметінің тәртібі әлі орнап болған жоқ. Бірақ, біз Бөкейхановты да табамыз. Оған дейін, мына Садуақасов сияқты құйыршықтарын аяусыз қырқуымыз керек.
«Шақырусыз келген адам, аяқсыз жерге отырды» дегендей, шақырусыз келген Садуақасов абыройдан айрылып, басын алып қашты да, конференция бітпей аттанып кетті. Конференция ұлтшылдықпен де, отаршылдықпен де қатты күресу туралы, со жылдың басында болып өткен партияның X съезінің шешімдері негізінде қаулы алды. Орынборда ашылатын қазақстандық ІІ партия конференциясына біз февраль айынын, басында аттандық. Ақмола губерниясынан баратын делегаттың бар саны 24, он бесі қазақ. Өткен соғыстардың және ашаршылықтың салдарынан ол жылы поездбен жүрудің жағдайы аса ауыр, сондықтан, делегат атаулының бәріне «теплушка» аталатын қызыл вагон беріледі де, есігінің аузына жоғары көтерілетін үзеңгі ілініп, ішіне шеген пеш орнатылады. Орынборға біз төз жете алған жоқпыз. Қалай жетесің, — вагонымыз кейде кісі мінетін, кейде жүк таситын составтарға тіркеледі де, олар станция басы сағаттап қана емес, кейде суткелеп тұрып алады. Сондай жүріспен, үш күнде жететін Кинельге біздің теплушка жеті күнде әрең барды... Кинель жан-жаққа тарайтын темір жолдардың торабына салынған, жайылымы көп, үйлері кішкентай станция екен. Мұнда көзге баттия көрінген бір жағдай — аштық. Біздің Қызылжарда және мен білетін Ақмола облысының төрт оязында астық аса тапшы болғанмен, ашаршылық жоқ та. Ал, Кинельде аштықтан ісіп жүрген немесе өліп жатқан адамдар жиі кездеседі. Соның салдарынан қалтаға түсушілер де, тонаушылар да, өлтіріп кетушілер де аз кездеспейді екен. Сондықтан біз вагонымызды күзетпен сақ ұстадық, вагоннан шашау шығып қыдырмадық. Кинельден Орынборға беттеп жүріп кету де оңай бола қойған жоқ. Самардан Кинель арқылы Орынборға қарай талай составтар өтіп жатады, бірақ, біздің вагонды ешқайсысы қабылдамайды. Станция начальнигінің айтуынша, бұл вагонды тіркету үшін темір жол қатынасы комиссариатының ерекше ұлықсаты керек. Комиссариатқа біздің басшыларымыз телеграмма да соғады, жүріс жұмысын басқаратын начальнигіне прямой проводқа да шақырады, бірақ, ешбір нәтиже шықпайды... Енді біз аз кешіксек, конференцияның ашылуынан қалып қоямыз. Осы қиыншылықтан бізді Угардың «өлермендігі» шығарды. Самардан Орынборға қарай беттеп бара жатқан пассажирлік состав Кинельге кеп тоқтады. Составта жиырмаға тарта вагон бар. Оларға тағы бір вагон тіркеуге мүмкіндігі жоғын айтып, поездық начальнигі жүріп кетуге айналды. Вокзалдың дежурныйы, машинистке жезл тапсыруға кетті.
— Ал, мен кеттім! — деді Угар, со кезде теплушкадан қарғып түсе қап.
— Қайда?
— Машинистке!
— Одан не аласың?
— Біздің вагонды тіркемей, паровозды жүргізбеймін...
«Қой» дегенге қарамай, бораны бұрқырап тұрған үскірік аязда, Угар жүгіре басып кете барды. Артынан біздің үш-төрт кісі жүгірді, ішінде .мен де бармын... Машинист дежурныйдан жезлды еңкейіп ала бергенде, Угар «здравствуй, мой друг» деп машинистің арқасына қарғып мініп алды да:
- Жолдама құралы.
— Сен, достым, осы станцияда біздің вагон тұрғанын білдің бе?— деді.
— Неғылған вагон?—деді машинист.
— Ақмола губерниясынан Орынбордағы партия конференциясына бара жатқан делегаттардың теплушкасы.
— Еш нәрсе де білмеймін,— деді машинист, маған неғыл дейсіз оны?
— Сен, осы составыңа тірке, сол вагонды!..
— Поездың начальнигімен неге сөйлеспедіңіз? Менің іcім емес ол, түсіңіз! — деп машинист паровгазды қозғауға гудок берді.
— Ендеше, біздің, вагонды тіркемей жүре алмайсың,— деді Угар.
— Қалжыңды қойыңыз! —деді машинист, ашуланған кескінмен,— түсіңіз!
— Теплушканы тіркемей түспеймін...
— Мұныңыз заңға қарсы...
— Вагонды тіркемеу де қарсы...
Ашуланып кеткен машинист итерме қылайын деп еді, Угар «осторожно, друг» деп ақырып қалды да, жұлқыламақ болған машинистің тұмсығына шинелінің он, жақ қалтасынан суырып алған наганды тоса қойды. Машинистін, зәр'есі ұшып, кейін шегіне берді... Сонымен, сөздің қысқасы, біраз жанжалдан кейін біздің теплушка составқа тіркелді де, поезд жүріп кетті... Орынборда біз «Бірінші Советтер үйі» аталатын гостиницаға орналастық. Со күні обкомға барып, мандатымызды тіркеттік те, екі-үш жігіт қала қыдырып кеттік. Қаланын, орталық көшелерінің үйлері маған Қызылжар түгіл Омбыдан да әлдеқайда сәнді сияқты. Мұндағы биік, сәнді үйлердің көбі ол қалаларда жоқ. Орынборда шіркеу мен мешіт көп екен. Білетін біреулердін, айтуынша, он алты шіркеу, жеті мешіт бар, солардың ішінде мен бұған дейін кермеген" зор собор тұр. «Борисоглебский Кадетский корпус» аталатын зор үй, Омбыдағы кадетский корпустың үйінен әлдеқайда көлемді де, биік те. Азамат соғысы бұл үйдің бетіне айғыз таңбасын сап, терезелерінің бәрі қирапты, кейбір қабырғалары опырылыпты, сондықтан, қазір пайдаға аспай, айнала тақтаймен қоршалып қойылған екен. Көзге ерекше түсетін үйдің біреуі «Караван - сарай». Екі - үш кварталды тұтас алатын бұл сарайдың айналасы кірпіш қорғанмен биік қоршалып, төрт бұрышына қақпаларының үстіне, бастарына ай орнатылған мұнаралар жасалыпты. Сарайдың ішінде мешіт, медресе және сауда дүкендері бар. Білетін адамдардың айтуынша, патша өкіметі бұл сарайдың ең алғаш көршілес шығыс елдерім.ен сауда-саттық жүргізу үшін салынған екен... Ең биік үйдің біреуі, «Орынбор - Ташкент темір жолының басқармасы». Бұл басқарманың тұрқы биік болғанмен, көлемі Омбыдағы темір жол басқармасынан әлдеқайда кішкене... Олардан басқа да сәнді үйлер толып жатыр... Қаланың күнгей жақ жиегін ала, Орал өзені ағады екен. Жұрттық ерте кезде «Жайық» деп атайтын өзені осы екен. Өзеннің бойы қалың тоғай. Өзенге тақала салынған бір кездегі қорғанның қабырғалары қазір құлап, сорайған бір-екі мұнарасы ғана қалыпты. Білетін адамдардың айтуынша, қазақша «Орынбор» орысша «Оренбург» дейтін қаланың аты немістің «өрен» (шеткі), «бург» (қала) деген екі сөзінен құралады екен. Орынборды бұлай атауы, бір кезде Россияның шығыс жақтағы ен, шеткі қаласы болғандықтан дейді... Қызылжар мен Омбыдан бұл қаланың бір ерекшелігі — көшелерінің кебіне тас төселген... Конференция ашылардан бұрын, мен қаланын, ой-қырларын түгел аралап шықтым. Бұған дейін көрген қалаларым сияқты, мұның да орта көшелері ғана тәртіпті және со көшелерде ғана жақсы үйлер бар, шеттегі үйлердің көпшілігі Қызылжар мен Омбының шеттегі үйлеріндей нашар, көшелері былық... Аранын ашқан аштық бұл қаланын, да көшелеріне кіргені, кейбір жерлерде кездесетін ісінген немесе өлген адамдардан байқалады. Бірақ мұнда төтенше шара қолданып, ашыққандарға тығыз жәрдем береді екен. Бірақ, белең алып кеткен аштыққа, кейде жәрдемнің де күші келмей қалады екен. Естуімізше, ашаршылық Торғай, Ақтөбе жақтарында қатты белең алған. Аштарға жәрдем беруге Бүкіл Россиялық және республикалық төтенше комиссиялар құрылып, олар қызметіне тығыз кірісіп жатыр екен. Мен бірнеше оқу үйлерінде де болдым. Мұнда: Кино (қазақ педагогикалық институты), Тино (Татар педагогикалық институты), Пино (Педагогикалық институт) аталатын, мұғалімдер даярлайтын үш институт бар екен. Институттардағы оқу әр ұлттың өз тілінде... Рабфак аталатын орта дәрежелі мектеп бар екен, оның сабақтары орысша. Оқуға ниетім бар маған, институттардан рабфак көбірек ұнайды, мүмкіндігі болса, менің соған түскім келеді... Конференция февральдың 19 мен 27 сінің арасында болды. Қойылған негізгі баяндамалар үшеу: жер жүзілік хал, аштықпен күресудің шаралары, ұлт мәселесі. Алғашқы екі мәселе ың-жыңсыз өтті де, тиісті қаулылар алынды. Көп айтыс туғызып, ұзаққа созылған мәселе — үшінші. Бұл мәселе жөнінде ұлтшылдықтың туын көтерген адам Смағұл Садуақасов. Делегаттардың тең жарасына жақыны қазақтар еді және олардың бірсыпырасы: Риддер, Екібастұз, Қарағанды, Спасовка, Қарсақпай, Доссор, Елек - орқаш тұзы сияқты өндіріс орындарынан келген жұмысшылар. Ұлтшылдарға қарсы болғандардың көпшілігі осылар. Конференцияда мен де сөйледім. Шама - шарқымша, мен ұлттар достығын, әсіресе орыс пен қазақтың достығын айттым. Бірнеше күнге созылған бұл мәселе, ұлтшылдардың пайдасына шешілген жоқ. Делегаттардың көпшілігі ұлтшылдыққа да, отаршылдыққа да соққы беріп, партияның X съезінің бұл мәселе жөніндегі қаулысына сәйкес қаулы алды... Ұлтшылдардың бірталайы республиканың басқару жұмысынан қуылды... Алашордашылдарға бұған дейін де соққы беріле бастаған екен. Мысалы, 1920 жылдық жазында болып өткен республикалық бірінші партия конференциясында, тонын айналдырған алашордашылдар әшкереленіп, коммунист партиясының қатарынан шығарылған, жауапты қызметтерден алынған, солардың бірі — Оқу Комиссары боп қызмет істеген Ахмет Байтұрсынов. Бұл, әрине, ұлтшылдарға қатты соққы, бірақ, бұнымен күрес бітіп болмағаны байқалады. Лидерлері аласталғанмен, алашордашыл жастардан губерниялық және республикалық қызметте жауапты орын алып отырғандары әлі де кеп, солардың біразын өзім де білем. Қазақ елі ол кезде екі республикаға бөлінеді: тең жарасы «Киргизская АССР» аталатын республика да, оның орталығы Орынбор; қалған тең жарасы (бұрынғы Жетісу мен Сырдария облыстары), Түркістан аталатын республикада, оның орталығы — Ташкент. Естуімізше, Түркістанда да ұлтшылдардың «рысқұловшылдар», «қожановшылдар» аталатын екі тобы бар, алашордашылдар соларға паналайды. Сенетін коммунист жолдастардың айтуынша, бұл ұлтшылдардан тазалану күресі, әлі де біразға созылады. Олардың маған беретін ақылы — ұлтшылдықпен күресу үшін де, социалистік құрылыстың қызметкері болу үшін де, ең алдымен марксистік білім алу, ол үшін оқуға, әсіресе орысша жүретін оқуға түсу. Соған келіскеннен кейін, Орынбордан қайтар алдында, мен обкомның үгіт-насихат бөлімінін, меңгерушісімен сөйлесіп, алдағы күзге қарай Орынбор Рабфагына келетін болдым.
— Бірақ,— деді меңгеруші, менің оқу мөлшерімді сұрап алғаннан кейін,— Рабфакқа түсу үшін саған біраз даярлық керек сияқты, әсіресе, орыс тілінен... Осыдан қайта сен, жеке учитель жалдасаң да, бірер ай даярлан!
— Жарайды,— деп уәде бердім мен.
Бірақ мен, уәдемді орындай алмадым. Біз Қызылжарға қайта, егіс науқаны басталып кетті. Зор мәселенің біреуі — тұқым даярлау. Мәліметтерге қарағанда, губернияның өз ішіндегі мүмкіншілігі өзіне қанағат болатын, бірақ, бар тұқым губернияның алыстағы селоларында жатыр. Оларды көлік күшімен ғана жеткізу керек. Өткен қыстың қатаңдығынан, көлік атаулының көпшілігі жүкке жарамайды... Екінші мәселе — жеке шаруалы кедейлердің күштерін біріктіріп, егіс тұсында мойынқос жасату. Бұл да үгіт-насихатпен ұйымдастыруды тілейді. Үшінші мәселе — кедейлердің көпшілігінде егіске қажетті құрал-сайман жоқ, оларды потребсоюз арқылы мүмкіндігі барынша жеткізу керек. Қазынадан берілетін машиналарды сатып аларлық кедейлерде қаражат жоқ. Ол үшін қарыз серіктігінің жұмысын күшейтіп, кредиттер аштыру керек, ссудалар бергізу керек... Төртінші мәселе — көлігі, сайманы бар орташа крестьяндардың бар мүмкіншілігін пайдаға асыру керек. Ол да үгіт - насихатты көп тілейді. Бесінші мәселе - көпшілігі бұрын егін кәсібімен айналыспаған ауылдың кедейлері мен орташаларын егінге шығару оңай емес. Тұқым да, көлік-сайман да оларға орыс крестьяндарынан көбірек берілетін, бірақ, сол берілген жәрдемді ретін тауып пайдалану керек қой, ондай тәжірибе ауылдық көпшілігінде жоқ. Ең қиын мәселе — көлігі, сайманы кеп кулактар мен байлардың да мүмкіншілігін толық пайдаға асыру керек.
Қолға қысыңқырай ұстамаса, НЭП ке сүйенген олардың ырық берер түрі жоқ. Губкомның бюросы осы мәселелердің бәрін талқылады да, мүмкіндігі бар шараларды іске асыру жұмысына, қаладағы активтің көпшілігін жергілікті орындарға жұмсады, сол топтың ішінде мен де кеттім... Осы сапарда суға кетіп қала жаздағам бір жағдайым болды. Есілдің Явленка тұсынан өтпек боп келсем, көктемде тасқын бұзған көпір, әлі түзелген жоқ екен, паромный, арқаны үзіліп жүрмей тұр, оның жүруін күтсем кешігіп қалатынмын. Жұмыс аса тығыз. Сондықтан, жағада тұрған ескілеу бір қайықты жалдап кете бардым... Біз өзенге өрлей бере, қаңсыған қайықтың жігінен жылжыған су, ішіне құйыла бастады. Ескекшіл шал оны елең қылмай:
— Сен, бала, бақырашпен суды төгіп отыр,— деп ақыл үйретті маған.
Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті. Кең, жайылған Есілдің орта тұсына жеткенде, қайыққа кірген су белуарынан асты. Шалдың «ештеңе етпейді, төз шығамыз» деген сөзі маған енді жұбаныш бола алмады...
— Баттық! —- дедім шалға.
— Ештеңе етпейді,— деп, шал өз әніне басты.
Біраздан қайық толуға айналды!.. Көзім шарасынан шыға бастады... Со кезде көлденеңдеп бір қайық келе халды. Шал да сасқан екен:
— Жылдам!.. Біз батуға айналдық! — деп айқай салды, ол анау қайыққа...
Көлденеңдеген қайық тақалғанша, біздің қайық бата жөнелді... Жұқа шалбармен, жеңіл көйлекпен отырған шал, суға құлаш ұрды... Әне, ол жағаға қарай зымырап жүзіп барады... Мен қалып қойдым!.. Қайық та батып барады, онымен бірге мен де батып барам!.. Бірақ, менде шалдың бойындағыдай өнер жоқ, суға жүзе білмеймін!..
Жақындап келген қайықта үш жас жігіт отыр екен. Оларға мен бар даусыммен:
— Спасите!—деп айғай салдым да, өзім суға батып жүре бердім... Тұншыға бастадым!..
Лезде арқамнан әлдене кеп тұтты да, судың бетіне көтеріп шығарды. Демім бітуге аз-ақ қалған екен... Жұтқан су ішке симастықтай болған ғой деймін,— коп уақыт лақылдатып құстым... Әрең легенде есімді жинап жан-жағыма қарасам, манаты көлденеңдеген қайықтың үстінде отырмын, қасымда орыстың үш жігіті отыр!.. Сұрастырсам, олар жексенбі күні өзенде серуендеуге шыққан, осы қаланың комсомолдары екен. Менің мән-жайымды сұрағаннан кейін:
— Жоқ жерде жоғалып кете жаздадың ғой,— десті маған,— жүзе білмейтін адам, жаман қайықпен суға шыға ма екен!..
Енді есіме түсті,— қайықпен бірге чемоданым батып кетіпті. Маған оның ішіндегі киім-кешектерім емес, соңғы бес - алты жылдың ішінде өлеңдерімді жазып жүретін тетрадь!.. Қазір жүзден тоқсан бесі есімнен шыққан ол өлеңдердің арзан - қымбатын бағалау маған қиын. Жалпы көлемі екі мың жолдай болатын ол өлеңдердің бәрі де күнделік өмірдің шындығынан туған еді, сондықтан, егер сақтала қалған күнде, жазылған көзінің біраз шындығын елестетер ме еді, қайтер еді!.. Өкініші соншалық болған бұл сапардың қуанышы да аз болған жоқ. Июньнің орта көзіне қарай, мен Қызылжарға өзім барған елдің егіс планын артығымен орындап қайттым. Соныма губкомның бюросында мақтанайын десем:
— Сіздің мақтануыңызға қарсылығымыз жоқ,— деп қалжыңдады обкомның секретары,— бірақ, сіздің ғана жетістік емес ол. Біздің губернияда егіс планын орындамаған болыс жоқ. Губерния бойынша 125 процент орындадық. Жауын әзірге жақсы. Осы қалпымен барса, егінге биыл шаш - етектен боламыз. Біздің ғана губернияда емес, советтік Россияның бар жерінде де егін жақсы шығу үміті бар. Онда біздің отан, азамат соғысынан кейінгі ен, зор жауымыз аштықты да жеңеді.
Бюродан бірер ай кейін, жергілікті советтердің сайлауы өткізілетін болды. Губерниялық атқару комитеті маған, Петропавл оязының бірнеше болысында өтетін сайлау жұмысын басқарып келуді ұсынды, мен, әрине, көне кеттім. Маған Уисполкомнан бір инструктор еретін болды. Үш болыста сайлау өткіземіз. Сайлау жұмысына шыққаннан кейін, - жолшыбойғы елдің тұрмысына асықпай - үсікпей, сабырмен егжей-тегжейін сығалай байқасам, көктемдегіден әлдеқайда өзгеріп қапты. Егін өте жақсы. Шөп мол. Мал күйлі. Ел тоғайған. Елдегі Совет жұмысы да тәртіптеле бастапты. Өткен жылғы сайлауда біраз атқару комитетінін, басқару қызметінен байлар босатылып, орнына коммунистерден, немесе, Оқыған азаматтардан халыққа беделді предссдательдер қойылған екен, олар шын мағынасындағы советтік тәртіпті іске асыруға кіріскен. Ерекше көзді тартатын бір іс — «Қызыл отау» аталатын үйдің төңірегінде. Ондай үй ояздан жіберіледі. Қызыл отауда судья да, зерттеуші де, дәрігер де және саяси үгітшілер де бар. Олардың әрқайсысы ауыл арасында өзіне тәуелді істерді тындыра жүреді... Қызыл отау әр айда ірге аударып қызметін тың жерлерге көшіреді... Бұл аса бір игілікті іс екен... Ауыл ішіндегі бұрынғы әкімдерде белгілі кеңсе болмай, көпшілігі «істерін» қоржындарына артып жүруші еді, қазір кеңселер белгілі жерге орныққан. Бірнеше жерде болыстық кеңселерге арналып, ағаш үйлер салына бастаған, олардың төңірегіне шаруалардың үйлері оралып, көшпелі ауылдардың алды қоныстануға айналған. Әрбір болыстық исполкомның қасында «Батрачком» аталатын бөлімдер құрылған екен. Ерекше көзге түсетін бір іс солардікі. Бұл белім құрылғалы бай атаулының жалшылары шарт жасап қана жалданады екен, ол шарттардың мүлтіксіз орындалуын Батрачкомдар бақылап отырады, Байларда бұрын ақысы кеткен жалшыларды да осы Батрочком есептестіріп, тиісті ақысын төлеттіреді екен. Бұл шаралар, әрине, ауылдағы кедей, батрақтардың сана-сезімін оятуға көп жәрдем береді екен. Менің, әуелі «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» деген атпен, кейін «Батрақ» деген атпен жарияланған поэмам осы батрачкомдардын, істерімен Танысып, олардың өмірге ие болу нәтижесінде туған еді... Сол жылдың басынан кей болыста болыстық партия комитеті және комсомолдар комитеті құрылыпты, біраз ауылдарда партияның, комсомолдардың яченкалары ашылыпты. Олар еңбекші көпшілік арасында саяси тәрбие жұмысын жүргізе бастапты. Кей батрақтардан кей жерде коммуна да құрыла бастапты. Мысалы Қызылжар оязының Қызыл әскер болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Приишим ауданы), «Өрнек» атты коммуна құрылыпты. (Кейін ол «Өрнек» колхозы болды), Коммунаға жиналғандардың жүзден тоқсан бесі қазақтар, өзгелері орыстар мен татарлар. Қазақтар — «Қырық ру»,— әр болыстан, әр ояздан жиналыпты. Бәрі кедей, батрақтар. Оларға Бажанов дейтін помещиктің кең участогі және өзі Колчакқа еріп қашқанда қалып қойған малдары, үйлері, соқа-саймандары беріліпті. Үлгілі коммуна жасау мақсатымен, губернялық басқарушы орындар, жауапкер қызметкерлерден бастықтар жіберіпті... Көктемде ғана жалаңаш-жалпы келген кедей - батрақтар биыл адам қатарына қосылып, «тамақ тоқ, көйлек кек» деген халге келіпті. Бұрын Бажановтың заимкасында тұратын аз ғана үйлер мен сарайлардың төңірегіне қала өсіп, көше - көше боп үйлер тарапты... Мемлекет қаражатына мектеп, больница үйлері салына бастапты... Сол өркендеудің үстіне биыл егіні де, шабындық, шөбі де мол шығып, «Өрнек» коммунасының адамдары аса көңілді екен, шаруашылық жағынан да, мәдениет жағынан да «Өрнек» төңіректегі ауылдарға үлгі бола бастаған екен. Ел жағдайымен осылайша асықпай таныса отырып, мен өзімнің сайлау еткізетін өлкеме жеттім. Байқаймын, ояздық және губерниялық орталықтан алыс жерде, байлар әлі табанды жатыр. Мысалы Смайыл болысында, өткен жылғы исполком сайлауында, бізге белгілі Жүкеңнің Бекісі тағы да председатель боп қалып қойыпты. Жолда бізге соның үйіне қонуға тура келді. Бәрі ақ үйлі бай ауылдың, оның үйі төрінде отырады. Жуандығына құшақ жетпейтін әкесі Жүкең әлі тірі екен. Жасы алпысты алқымдаған ақ буырыл сақалды оның, жиырмадан жаңа ғана асқан сымбатты сұлу тоқалы бар. Жүкең де, Беке де бізді ақжарқын жүзбен қарсы алды. Кең, ақ үйдің ішіне кірсек, жасаудан тұнып тұр: үйдің ішкі баулары түгелімен сәнді тоқылған кілем, кілемнен жасалған басқұрдың жалпақтығы жарты метр, кереге арасын қосатын таңғыштар да кілемше тоқылған, шаңырақтан салбыраған желбау мен тағы да әлдене бір салпыншақты баулардың бәрі сондай... Үйдің төріне текшеленіп, сырты оюлы кигізбен қапталған сандықтар жиналған, астында — бетін оюлаған сүйекпен жапқан жүк - аяқ, үстінде — қатарлана жиналған кілемдер, сәнді көрпе-жастықтар... оң жақта, масахананың ішінде, сәнді жиналып варшавалық кровать тұр, оның бас жағында қайқиған тармақты күміс адалбақан, оған асыл киімдер ілінген... босағадан төрге дейін төселген кілем, төрінде төселген шыт көрпелер... Кейбір байлардың ыдыс-аяғы, қазан-ошағы үйінде болатын еді, бұл үйде олар жоқ, тегі, ас үйі оңаша болу керек... мұнда бар ыдыс — піспегінің басы күміспен әшекейленген, теңкиген қара саба мен оның қасында дастарқанмен жауып қойған тегене және аяқтар... Бойы үйреніп алғаннан кейін, «өзін, бір иман жүзді жақсы бала екенсің» деп Жүкең астыма көпшік қойып, мені мақтап алды да, енді өзін кембағалдар қатарында көрсетуге тырысты.
— Осы өкімет жетім-жесірді жақтайды деседі,—: деп бір қойды ол,— маған сонысы керек. Әкем Тоқайдан жеті жасымда жетім қалдым. Біздің елде «Алдайдың алпыс биі» аталған ылғи білектілер боп, маған не көрсетпек еді олар...
Жүкеңнің бұл мүләйімсуі мен түгіл өзінін, баласы Бекеге де ерсі көрініп, ол теріс қарап күліп жіберді. Жүкең оған алая бір қарап қойды да, сөзін жалғастырып әкетті.
— Жұрттың аталық деп сыйлағаны болмаса, біздің үйге ауыр дәулет бітіп керген жоқ. Жылқымыз бес жүзден асқанын көрген емен. Доңыз жұтында сабамыз керегеге ілініп қала жаздап, қазіргі азын-аулақ мал, содан кейін ғана үйірілді...
— Қазіргі жылқыңыз қанша?—дейді қасындағы интруктор.
— Бір-екі-ақ айғырдың үйірі,— дейді Жүкең дәлін айтқысы келмей.
— Сонда да...
— Елу - алпыстың маңында ғана. Анау Сәпі, мынау Әлтидің ширегіне келе ме ол...
Оның маймаңдатып айтқан сөзінің бар түйіні — Бекені орнында қалдыруға соғады. «Айта бер — деймін мен ішімнен,— босқа шығын боп жатқан сөзін,». Өзіне сыпайылық қып:
— Қазіргі ,ерік халықта ғой,— дейміз біз,— халық сайласа қарсылығымыз жоқ.
Жүкең одан әрі тағы бірдемелерді айтайын десе, заман жайынан аздап болса да хабары бар Беке:
— Қойсайшы, әке, қонақты мазаламай, көңілге қарар деймісің, заңына қарар,— деп әкесінің сөздерін ұнатпаған болады. Бірақ, өзі біздің аузымызды алуға екінші тәсіл қолданып:
— Сәбит,— дейді менімен оңашаланып,— біздің « Керей атаңнан» бұл өкіметтің тәуірлеу қызметіне ілігіп жүрген сен ғанасың. Қанымыз бір ғой, оған қуанамыз. Дәрежеңнің есуіне тілектеспіз. Сайлаушы боп шыға қалған екенсің, ол да қуаныш. «Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы» депті. Сені әлі жұрттың бәрі біле бермейді,— қызметке жаңа орналастың ғой. Танымайтын жұрттың алдында көркейіп жүр: пәуескеге жақсы пар ат жегіп берейін, сайлау біткенше мен, одан әрі Қызылжар мініп кетем десең де еркін.
Бекенің мұнысы — көрінеу көзге пара ұсыну екені айқын, соны біле тұра, мен икемделе қоймаймын,— «елде ат бар емес пе, қайтесің, аттарыңды қинап»— деп былқылға салам. Со былқылмен ертеңіне аттанып кеттім. Бекенің ере шыққысы кеп еді, өзімше қулық жасаған боп:
— Күн бұрын сайлаушымен ауыз жаласып алды деп жұрт есек қылар, ермегенін, жөн болар,— деп қалдырып кеттім. Менің былқылымнан ол балды да болмай, балсыз да болмай, «әрі - сәріде» қалып қойды.
Преснов болысында исполком председателі әлі де Әлти баласы Сейтақ екен. Үйі жолымда, оның да әу - жайын байқай кеткім келеді. Әлти төрт-ақ үй тігеді екен: өзінікі, Садуақастікі, Сейтақтікі және қонаққа арналған үй. Соңғы үй бос тұрғанмен, жолда салт жолыққан Сейтақ мені өз үйіне түсірді. Сусындап аз жайланғаннан кейін, ол да, кейіннен келген атасы Садуақас та «Қазекемнің» жатаған қулығына сап:
— Ал, Сәбит,— деді маған, — қажыға сәлем беріп шығатын боларсың.
— Оқасы болмас,— дедім мен, кезекті жеріне жеткенше, олармен дипломатиялық қарым-қатынасымды үзбейін деп.
Әлти маған өзін туыс көрсетуге тырысты. Амандық - саулықтан кейін ол да Бекенің сөзін айтып:
— «Керейден де бір ұл туып, мына өкіметтің басы-қасында жүр» дегенге қуанып та қоям, балам! — деп бір қойды ол. Одан кейін сөз аралата беріп:
— Біраздан кейін, жалпы «аты Керейім» емес, қаны бірге жақынымсың,— деп тағы бір қойды.
— Әдетте,— деді Әлти,— Керей ішінде, бізді «Көшебе» деп, сені «Сыйбан» деп, «Көшебе - Сыйбан» бірге туған көріп, екеуін қоса атайды ғой. Мен саған одан да жақынмын.
Ол өзінін, біздің тұқымға жиен екендігін айтты.
— Естіп ем,— дедім мен.
— Естисің, әрине,— деді Әлти,— айтыпты ғой, бұрынғылар,— «есік алды төбе болса, ерттеп қойған атпен бірдей, ауылыңда көне болса, жазып қойған хатпен бірдей» деп. Нұртаза бар ғой ауылыңда, ол көксаудың білмейтіні бар ма. Сол айтқан ғой, тегі, мені сіздің тұқымға жиен деп? Солай ма?
— Солай.
— Не дейді Нұртаза? Мені әкесінен бері бай дей ме? Өзі байыды дей ме?
— Қайсысы болса да байығансыз ғой,— дедім мен қуланған боп.
— Жоқ, онда мән бар, балам,— деді Әлти,— жоқшылықтың табы өтпеген кісі, жоқтың қадырын білмейді. Мен де өзің сияқты әкеден жетім қап, өз еңбегіммен ғана байыған кісімін, сондықтан да кедейге жаным ашып тұрады...
«Атаңның басы! — деп күліп отырмын мен ішімнен,— менің бала көзімде, әкесінде елу көпене шебім кетіп еді, деп, жетім менің жалғыз торпағымды алғаның есіңнен шыққан екен, со ма, кедейді аяғаның?!..» Мені сөзіне ұйыту мақсатымен, Әлти ерекше мән берген дауыспен, өзінше «үлкендеу» бір сөздің пернесін басып қойды.
— Әкеден жастай қалғанмен, дәулет болмағанмен, жақтай талпынып аздаған қара-құра жинадым, — деді ол,— сонан, құданың беруі шығар, асылығы болмасын, атам Керейдің ат байлар үйі болдым. Со кезде, Мынау Торсан деген Есенейдің жалғыз қызымен көңіл қосып, ен дәулетіне ие бон алды да, біздің Керейді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, ит - сілікпеге салды... Әсіресе, сенін, Сыйбаныңды!.. Сонда, әрі Керейдің аруағы үшін, әрі жиендік хақым үшін, бері салса Сыйбанға, әрі салса Керейге араша түсіп, Торсанды аяғына жығып берген мен едім.
— Ол Нұртаза мен біздің заман еді,— деді Әлти күрсініп ап,— біз ол кезде тату-тәтті едік, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарушы ек. Ендігі заман, анау отырған менің екі балам мен мынау отырған сенікі шырағым. Сендерге береке, бірлік берсін дегеннен басқа не айтайын, өзгесін балалармен кеңесе берерсің!
— Сөз жетті,— деді Сәдуақас, әкесінің шешен сөзіне разы болмағандай,-— өз туысымыз. Басқа не дейміз, бұл Сәбитке. Сайлау өткенше осында болар да, Қызылжарға өзіміз апарып салармыз.
Мен Әлти ғана емес, Сәдуақасқа да іштей қайран ғап отырмын. Он сегізінші жылдың қасына ол сауда жұмысымен Омбыға барған. Бұл менің қаражаттан аса жүдеп жүрген көзімде. Сәдуақастан қаражат алмақ боп, пәтеріне іздеп барғам. Мән-жайымды айтқаннан кейін, ол сөз қатпастан қабағын түйіп отырып алған. Жауап күтіп қалжыраған мен, «ал, Сәке, не айтасыз?» дегенде, ол үнсіз қалпын өзгертпей, қалтасынан томпиған былғары күмәжнігін суырған да, ішінен жұқалау бір қағазды суырып, піркәшігі Самыратқа «әпер, анаған!» деп, мені иегімен нұсқаған. Қолыма ұстатқан қағазды жазып көрсем, почтаның маркесі сияқты жасалған, Колчактың он тиындық маркесінен құралған тұтас ақша — барлығы бір сом. Одан басқа берері жоғына көзім жеткен соң:
— Ал, Сәке, беретініңіз осы болса, сізге рахмет. Жүрек жалғауға келмейтін мына маркелеріңіз өзіңізге қалсын, мен - ақ аштан өлейін,— деп алдына тастай бергем.
— Я не обязан,— деген ол теріс қарап. Мен шығып кеткем.
Оған төрт-ақ жыл өтті. Менің сол атым, сол фамилиям, сол кескінім, өзгерісім — киімдерім мен Совет өкіметінің арқасында тең праволы кісі болуым. Сол уақиғаны еске алам да, ішімнен, «апыр-ау, осы Сәдуақас мені танымай отыр ма, таныса, неғып ұялмай, неғып қымсынбай отыр!» деп ойлаймын. Ол қымсынады екен және анау-мынау емес, қатты қымсынады екен. Сонысын сайлау күні көрсетті. Со күннің алдында, күндізгі қызметті бітіріп, Шөгелдің Төрежаны деген кісінің үйіне қонып жатыр ек, біреу аяғымнан тартып оятады.
— Бұл кім? — дедім қараңғыда басымды көтеріп.
— Мен,— ағаң Рамазан.
— Ыбырайдың ба?
— Дәл өзі.
Жөнін сұрасам, Нұртаза екеуі келіпті, Нұртаза мені шақырыпты.
— Қайда ол кісі?—деймін мен.
— Далада, көл жағасында. Жүр, төз, тосып отыр.
— Не жұмыспен?
— Оны өзі айтар. Мен шақырушы ғанамын.
Киініп шықтым. Рамазан бастап келеді. Жөнін айтпайды. Қырық - елу шақырымдағы Жаманшұбардан түнделетіп келулеріне қайран қалам. Көл басында бірталай адам бар екен, орталарында Нұртаза, қасында Сәдуақас, қоршай отырғандардың да кебін танимын,— байлар, атқамінерлер!.. Сәлемдескеннен кейін, шешен Нұртаза туысқандығын, кәрілігін алдына сала, түнделетіп келген жол жайын кең, орамды сөзбен айтты да, аяғын Сейтақтың болыстыққа қалуына әкеп соқты. Мен, «дұрыс қой ол, бірақ, кімді сайлау еркі сізде де емес, менде де емес, халықта ғой» деп жалтаққа салайын деп ем, жүйрік Нұртаза төңірегімді орап бұлтартпады. Енді шынымды айтуға тура келді.
— Ренжисіз, Кішкене аға,— дедім мен Нұртазаға,— бірақ мен сіздің бұл өтінішіңізді орындай алмаймын. Совет заңы бұрмалауды көтермейді. Ол заңда байды өкімет басына отырғызуға жол жоқ.
Нұртаза бұл жолы бұрынғыдай ақыраңдамай, жалбарынған дауыспен, көндірмек болып еді, мен заңды көлденең тартуымнан танбадым. Сонда, Сәдуақас:
— Шырағым - ай, Көшебе - Сыйбанның аурағын шақырып, бізге қабағын, келіспеген соң, ағаң Нұртазаны алдырып ек, бұ не қылғанын,?— деп өкпе айтқан болды. Маған оны сөзден жығу реті кеп қалды.
— Сіз Көшебе - Сыйбанның аруағын сыйлайсыз ба? — дедім мен оған.
— Неге сыйламаймын?—деді ол,— әрине сыйлаймын.
— Жоқ, сыйламайсыз?
— Неге?
— Мен он сегізінші жылдың қысында «аруақ шақырып» жәрдем сұрауға барғанымды, оның бір сом бергенін айтып ем, өтірік дей алмады, иелер арсыз болса да ұялғандай жерді шұқып:
— Бір қате болған! — деді күрсініп.
— Көрдіңіздер ме?—дедім мен төңіректеп отырғандарға,— кім айыпты екен?
— Айыпты бұл екен! — деп ду ете қалысты отырғандар.
—Төлетем, айыбын,— деді Нұртаза,— тек, менің өтінішімді ғана орында!
— Айыптың керегі жоқ маған,— дедім мен,— менікі тек байлардың, оның ішінде мына Сәдуақастың дүниеқоңыздығын көрсету еді. Қайталап айтам, кімді өкімет басына қою еркі халықта.
Соны айтып, тұрып кеттім де, Нұртазаның шақырғанына қайырылған жоқпын. Ертеңіне сайлау басталды. Ол көздің сайлауы ашық дауыспен. Сайланатын адамдарын халықтың өзі атайды да, қол көтереді, кеп дауыс алған сайланады. Бұл дауыс беруге Әлтидің өзі де, балалары да қатынасқан жоқ. Ол көздің және бір тәртібінде, сайлауға правосы жоқтардың тізімі көпшіліктің алдында жасалып бекіледі. Тізімге кіргендер, сайлау өткенше қамала турады. Сондай тізімді жасамақ боп, сайлауға жиналған қалын, жұрттың еркіне беріп ек, «Әлти!» деп ду ете түсті олар. «Сәдуақас!.. Сейтақ!..» деп айғайлады олар!.. Осы үшеуінен басталған «қара тізім» кеңіп барып тоқтады, оған елу-алпыс бай ілікті... Менен күдер үзген Нұртаза түнде тайып отырыпты...
«Қара тізімге» іліккендердің бұл арада бары қамалды...
Даусы еркін еңбекші көпшілік, өзінің қалаған адамдарын атай бастады... Олар сайланды да... Біз Қызылжар келе, губкомның бюросында бүкіл губерния бойынша өткен сайлаудың қорытындысы талқыланды. Баяндамаларға қарағанда, биыл бірінші рет ауылдың және болыстық исполкомдар байлардан түгел тазаланып, бар жерде еңбекші көпшілік қалаған адамдар сайланыпты. Сөйтіп, ауыл байлары қазақ тарихында бірінші рет әкімшіліктен қол үзіп, оларға бірінші рет қатты соққы берілді.
СӘКЕҢНІҢ СҮЙЕУІ
Бюродан кейін, мен губкомның секретарымен Орынбордың Рабфагына оқуға кетуім туралы сөйлестім. Ол менің сөзімді ықыласпен тыңдап алды да:
— Дұрыс шешім жасағансың, — деді маған,— Іс тәжірибесіне біраз араласып, тап тартысының, қазанына біраз қайнадың. Жалпы білімің, оның ішінде саяси білімің аз екені рас. Әдебиет шығармасынын, істеріне де араласып жүрсің. Көңіліңе алма, ол жағынан тіпті шала сауаттысың. Енді оқығаның жөн оқуды рабфакпен ғана аяқтап қоймай әрі қарай барғаның жөн.
Секретарьмен келісімнен кейін, кезектегі бюрода менің мәселем қаралды да, рабфакқа жіберілуім туралы бюро қаулы алды. Мен Орынборға келсем, оның ең үлкен көшесі — Советскаяда тұратын рабфак үйінің алды, оқуға түсу мақсатымен келген жастардан ың-жың екен. Өткен қыс барып шыққанда, рабфакта қазақтар азғантай еді, танитын біреуден сұрағанымда, мыңға жақын студенттің он шақты - ақ проценті қазақ деген еді. енді көрсем, биыл оқуға түсуге келген жастардың тең жартысы қазақ. Рабфактың деканы — Шейнессон дейтін жебірей екен. Оның приемына кіруге үш-төрт күн уақыт өтті, өйткені, жан көп, кезекке жазылып күту керек. Кіріп - шыққандардың айтуынша, Шейнессонның қазіргі міндеті — оқуға түсем деп келгендердің документтерін тіркеуге және экзаменге түсуіне рұқсат беру, экзамен ұстағам кезде жатақхана және тегін тамақ беру. Енді біреулердін, айтуынша, Шейнессон кейбір адамның арызына қолды үн-түнсіз қоя салады да, енді біреулермен кеңесіп, көңілі толмаған біреулерді тіркелуге жібермей қояды.
— Мәселен, кімдерді?—десең:
— Әрине, оқуы аздарды да! — деп жауап береді кеңескен адам.
— Сонда, қай оқу? Орысша тіл білуіне қарай ма? Жалпы біліміне қарай ма?
— Екеуіне де қарайды...
Бұл сұрау, жауаптардан менің жүрегім дүрсілдей түседі, сонда қорыққаным өзге емес, орыс тілінің экзамені. Қабылдаған Шейнессонға мен документерімді ұсындым, онда: қолдан жазған арызым (олай жазу — міндетті түрде), губкомның қаулысынан көшірме және губком берген өндірістік мінездеме бар. Арызды мен орысша жақсы білетін біреуге жаздырып, соған өз қолыммен сығалай отырып көшіргем, подчеркім біркелкі тәуір болатын, сондықтан ол ешбір күдік туғызбауы тиісті еді. Шейнессон оны сыдырта бір оқып шықты да, кескініме қарап ап, сонда күдіктің жазуы тұрғандай:
— Өзің жаздың ба мұны?—деп сұрады.
«Өзім» деуге ар шыдамайды, «біреуге жаздырып едім» деудің артында көп шатақ болуы мүмкін. Соны ойлаған менің жүрегім тулай қап, толқыған дауыспен «өзім!» деп ем, жан -толқынымды сезіп ұялтпайын дегендей, Шейнессон жымиды да қойды. Ол губкомның қысқаша жазылған қаулысына көзін жүгіртіп өтті де, машинкамен үш қағазға басылған мінездемені сабырмен түгел оқып шығып:
— Бұл жақсы!—деді. Оған ішім жылып кетті.
— Қайда оқуын, және қай мөлшерде оқуың туралы справка қайда?—деді Шейнессон.
— Ол жоқ,— дедім мен.
— Неге?
Мен қайда оқуым туралы қысқаша айтып шықтым.
— Рабфакқа түсу үшін, бұл оқу тым аз,— деді Шейнессон. Бұған түсу үшін, ең кемінде, алты кластық білім керек. Сенде ондай оқу жоқ. Және сөзіңнен көрініп тұр,— орыс тілін тым шалағай білесің.
Мен айыбын мойнына алған қылмыстыдай үндемедім. Шейнессон, маған сүзіле қарап аз отырды да:
— Арыңа қарап шыныңды айтшы,— деді «р» әрпін «ғ» ғып сөйлейтін тілімен — экзамен ұстай аласың ба?
— Тырысам!
— Мәселен,— орыс тілінен?
— Оған да тырысам! — дедім мен, толқыған сезімімді күшпен әрең бөгеп.
— Бұл,— негізгі мәселе,— деді Шейнессон, — оқудың бәрі орыс тілінде жүреді. Орыс тілін шалағай білсең оқуды алып бару қиын болады. Осы жағын ойлан.
— Мүмкін,— деді ол аз кідіріп, маған тағы да сүзіле қарап ап,— тағы бір қыс шыда, орыс тілінен біраз даярланарсың да, рабфакқа келер жылы түсерсің?
— Мені биылғы Жылдың экзаменіне жіберуіңізді өтінем!..
— Ха-ра-шо-о! — деді де, Шейнессон арызға бұрыштама салып, документтерімді тіркетуге жіберді. Ол арада жатақханаға қатынас қағаз алдым.
Жатақхана, қаланын, шығыс жақ шетінде, бұрын спархиальное училище аталатын діндік школаның жатақханасы болған үлкен қызыл кірпіш үйде екен. Бұрынғы оқушылардың бәрі жазғы демалыстан әлі оралмапты. Қазіргі тұратындар, кілең биыл ғана оқуға келгендер. Танысып көрсек, орыстардан да, қазақтардан да мен сияқты оқуы аздар да, бізден оқуы әлдеқайда зорлар да бар. Мысалы, кейін агроном боп шыққан Қадыр Досжанов Торғайдағы гимназияны аяқтауға жақындаған біліммен келіпті, менімен елдес Саруар Ташанов екі класты (алты жылдық) училищені, қостанайлық Хакім Иманбаева Троицкийдегі Реальное училищені аяқтап келіпті. Ондайлар қазақтардан да, орыстардан да толып жатыр. Енді біреулер татарша ортаға жақын білім aп келген, мәселен: Үміт Балқашов, Базит Баширов, Таласпай Нұрпейісов, татардан Мұхаммедзянова, Камалетдинов, Яманкулов... Мен қатарлы, бастауыш мектептің көлемінде ғана білімі барлар да бірталай. Мысалы, Анатолий Шашков. Орысша екі-ақ класты білімі бар бұл сақа жігіт, азамат соғысына қатысып, Буденныйдың атты әскерінде болғанда ерлік істері үшін әскерлік «Қызыл ту» орденін алған. Естуімізше, рабфакқа биыл түсушілердің ішінде де, бұрынғы оқушыларының ішінде де бұдан басқа орденді кісі жоқ. Бір бөлмеде жатқан оның оқу мөлшеріне қарасам, өзі орыс бола тұра, орыс грамматикасын шалағай білетін менен де жаман жазады. Грамматика түгіл, орфографияның өзін де ол дұрыс жазбайды, мысалы, орыстың «передать» деген сөзін «пиридят» қып жібереді. «Ц» мен «щ» әрпі ол үшін жоқ. Өзінің көп қолданатын сөзі «конце концов»-ты ол «контсе констов» қып, сүйіп ішетін сорпасы «борщ» пен «щиді», «борышши», «шши» қып, үнемі бұзып жазады. Жалғыз тілге ғана емес, өзге сабаққа да ол шорқақ екен. Соғыста сілтегенін жібермейтін шапқыш, кездегенін жібермейтін мерген атанған ол, жүздің бер жағындағы есептің өзін де қиналып әрең шығарады. Оған әсіресе көнбейтін есеп көбейту. Мысалы, «бес жерде бес — жиырма бес» деген сияқты көбейтуді ол өлсе де жаттай алмайды.
— Осы біліміңмен рабфакқа қалай түсесің?— деген кісіге, жұмысшы семьядан шыққан ол:
— Жұмысшылардың факультеті емес пе, бұл! — деп жауап береді,— мені алмағанда кімді алады?
— Егер экзамен ұстай алмасақ ше?
— Бәрібір алады.
— Алмаса ше?
— Еріксіз алдырады.
— Кім?
— Семен Михайлович.
— Буденный?
— Ия,— дейді Шашков тәкаббарсыған дауыспен.— менің жан аяспас досым ол. Хат жазып тұрады маған. Егер оған хат жазсам, рабфак түгіл Орынборыңды төңкеріп түсіреді!..
Жұмысшыны, кедей мен батрақты алады дегенге, станоктан, шахтадан, соқадан шығып, тук даярлықсыз келген сауатсыздар да бар. Солардың бірі — біз білетін Өміржан Наурызбаев. Өзге сауат түгіл, ол әліппедегі әріптердің не қазақшасын, не орысшасын түгел білмейді, білген әріптерінің өзін қиқы-шойқы ғып, танымастай түрде жазады... Даярлығы молдар экзаменді елен, қылмай, уақыттарын киноға, театрға, бақшаға, Орал өзеніне, оның тоғайына барумен, қала қыдырумен өткізеді. Даярлығы аздар тамақ пен ұйқыдан басқа уақытта қағаз бен кітапқа үңілуде болады, солардың бірі — менмін. Даярлығы жоқтар тәуекелге сенумен бос жүреді. Қадимше көп оқыған, жадитше аз оқыған, орысшаға шорқақ адамның біреуі Баязит Баширов. Кейін медицина институтын бітіріп, аса шебер хирург атанған. Ұлы Отан соғысында қазаға ұшыраған бұл жолдас, рабфакқа түсер алдында өлердей діншіл. Елден біз Орынборға онымен бірге аттанғамыз. Сонда ол, поезд үстінде, күнделік бес уақыт намаздың біреуін де қаза қылмай оқып келген. Біздің мінгеніміз жалпылық вагон да. Және, пассажирдың көпшілігі оқуға келе жатқан жастар. Олар Баязитті мазақтап, намазына бөгет жасай берген соң, ол жоғарғы полкаға шығып кетті де, сондағы багаждардың арасында жасырынып оқитын болды. Көріп қалған біреулер оны саждаға жығылып жатқан жерінен жұлып алса, ол полкасына шығып қайта оқиды. Рабфакта да Баширов сол әдетін тастаған жоқ. Жатақханада жастар мазақтай берген соң, ол намазын атқораның ішіне барып оқып жүрді. Соншалық діншіл адам Рабфакта бір жыл оқып, медицина техникумына көшті де, оны бітіргенде, барып тұрған атеист болып шықты.
Әрқайсымыз хал - қадарымызша даярланып жүргенде экзамен де болып қалды. Есептен мен еңбегіммен еттім. Ол экзамен төрт амалдың көлемінде алынады екен. Экзамен алатын Казицин аса қатаң деп есіткем. Сол кезде жасы отызды орталаған, сақал-мұртын қырынатын, бүкіштеу жүретін, көзіне көлемі үлкен, шынысы қалын, пенсне киетін бұл адам, алдына барған менің сәлемімді де алмастан, әлде не қиын задачаны диктовать ете жөнелді. Ол ерні сүйреңдеп жылдам сөйлейді екен. Естуімше, бір айтқан задачасын ол қайталамайды, ұғып үлгіре алмасаң, шешіп бере алмасақ «жаманды» қояды да шығарып жібереді. Ол маған үш задача берді. Үшеуін де мен тақтаға ілгішсіз шығарып бердім. Орысшаға шалағайлығымды білді ме,— ауызша түсіндіруді тілеген жоқ. Неге екенін білмедім, мен есептін, бәрін шығарып болғанда, ол ешбір себепсіз, ұртын жиыра күліп жіберді, де, кенет түсін суыта қойып, экзамен қағазына «уд» деп жазды да қол қойды. Артынан білсем, себепсіз күліп, себепсіз тиыла қалу — оның дағдысы екен. Саяси сабақтан Кострицкий дейтін қартаң, партияда жоқ адам алады екен. Естуімше, оның сұраулары тап тартысының төңірегінде болады. Мен өзімді ол жағынан саңлаусызбын деп ойлаймын. Мәселен: ескі Римдағы патриций мен плебейлердің арасындағы тартысты, Англияда болған шартистік қозғалысты, Париж коммунасын, 1905, 1917 жылдардағы революцияны сұраса, мен болған жылдары, күндерімен және негізгі мақсаттарымен шамалы түрде айтып бере алам. Бұрын да білетін бұл сабақтарды, экзаменге даярланған күндері мен әлденеше рет қайталап, пысықтап алдым. Соныма қарай, Кострицкий менің ойымнан шықпай алдына барған маған бір де сұрау берген жоқ. Сәлемдесіп отырғаннан кейін:
— Сізге губкомның жазған мінездемесін оқыдым,— деді ол.— Тап тартысын өзіңіз қолдан өткізгенсіз. Енді соның теориясын білу керек. Мен сіздің экзамендік қағазыңызға сұраусыз - ақ қол қоям.
Мен,— «сұрасаңыз да білем» деп мақтанайын деп ем.
— Әлі мақтануға ерте,— деді Кострицкий,— оқып, марксист болып ап мақтану керек. Сен одан әлі түк те білмейсің.
Орыс тілінен экзамен алған Безин дейтін қарт кісі, маған Чеховтың «Каштанка» атты әңгімесін оқытып, содан не түсінгенімді сұрады. Сөздерін түгел ұқпағанмен, жалпы жобасын түсіндім. Сөйте тұра, орысшылап айтуға тілім жетпей, «как сказалды?» қайта-қайта айттырып, Безинді әуреге салдым.
— Орыс тілін нашар біледі екенсің,— деді Безин біраз әңгімелескеннен кейін, мұндағы сабақтардың бәрі орыс тілінде жүреді, оны игеру саған қиын болады...
Безиннің ойы қабылдамауға кеткенін байқағаннан кейін, мен шала-шарпы тіліммен осы оқуға келудегі мақсатым не екенін білдірдім. Бір дәлелім — жазушы болуға ынтамның барлығы, бірақ, білімімнің жетпейтіндігі еді. Соңғы сөздерге Безин үйіріле қалды.
— Баспасөзде жарияланған ештеңең бар ма? — деп сұрады ол.
Мен оған, осы жылдың көктемінде, «Еңбекші қазақ» газетінде, «Түсімде» атты фельетоным басылғанын айттым.
— Өлеңің? —деп сұрады ол.
— Өлеңдерім қолжазба күйінде ғана, — дедім мен.
— Маған солардың бірнешеуін сөзбе-сөз болса да аударып кел! — деді ол.
Менің өтінішімді рабфактың төртінші семестрінде оқып жүрген қазақ жігіті орындады да, білген тіліммен үш өлеңімді аударып берді: «Көңілім», «Жалшының зары», «Бостандық» Безинге бұл өлеңдер ұнады да, экзамендік қағазыма ол да қол қойды. Бұл экзамендер Шейнессонды қанағаттандырмады. Менің оны көндіруге тырысуым босқа әурелену болды. Оның тұжырымды сөзі: «Бұл қалпыңызда сізді қабылдауға болмайды». Бұл сөзді естігенге дейін мен «жәрдемдеседі - ау» деп үміттенетін адамдардың ешқайсысына жолыққан жоқ едім. Енді амал жоқ жолығуға тура келді. Бірінші сөйлескен адамым Абдолла Асылбеков. Ол ойындағысын тура айтатын адам еді. Менің шағым сөзімді тыңдап алғаннан кейін:
— Өкінішті болған екен,— деді ол,— бірақ, бұл жайда обком тарапынан саған тиер жәрдем жоқ. Советтік және оқу орындарының ішкі жұмысына обком араласпайды.
— Сонда, мен қайтем? —деген сұрауға аз уақыт ойланып қалғандай болған Аболланың қайтарған жауабы:
— Советтік орындардың жәрдем беруі мүмкін.
— Сонда?
— Мысалы Сәкенге жолығып көр.
Қазақ республикасының сол жылдық күзінде өткен ІІІ съезінде Сәкен Сейфуллиннің Халық комиссарлары Советінің председателі болып сайланғанын мен Орынборға барған кезде естігем. Көруге көптен құмартып жүргем бұл адамға, оқуға түскеннен кейін жолғаспақ болып жүрген жоқпын ба, енді амалсыз баруға тура келді. Оқуға түсе алмай қайту, маған өлгенмен бірдей. Сәкеннің өзіне жолықпағанмен, тұрған үйін сыртынан көргем:сыртын тақтаймен әшекейлеп көк бояумен бояған, төңірегі орамның бір бұрышын түгел алайын тақтай шарбақпен кең қоршалған, қақпасы және терезе қақпалары оюланып, әр түрлі сырмен сәнделген үлкен ағаш үй. Қақпасының маңдайына жазылған адресі — Деевская, 5. Осы үйге түс ауа келіп, есігін қағуға ыңғайсызданған түрмен, көшеде ерсілі-қарсылы жүрген шағымда, көлденең көшенің біреуінен солқылдақ фаэтонға дара жегілген ақбоз арғымақ қылаң ете қалды да, бері қарай бұрылды. Аттың жүрісі екпінді. Оның божысын сірестіре тартқан біреу фаэтонның алдында отыр, ішінде жалғыз-ақ адам, мен көшеде жай жүрген адам сияқтанып сылбыр аяңмен алыстан көз тіктім. Екпіндеген арғымақ қақпа алдына таянғанда, сидам биік, бауыры тартыңқы, қысқалау келте құйрықты, сұйықтау жалды ақбоз құлақтарын қайшыландыра, танауларын делдите, тыныс тартып тұра қалды. Фаэтон ішінде отырған адам жерге түсті «Әуелі көріп алайын» деген оймен түскен адамға жақындаңқырадым. Оның «ортадан жоғарылау» деп шамалаған бойы тіп-тік екен. Басы көтеріңкі. Кеудесі шалқақ. Кескін көзіме алғаш шалынғаны, аса қою қияғы ұзын қара - сұр мұрт. Кескініне бедірейіп қарауға ұялдым да, жанапайлап ілгері өтіп кеттім. Ол мені елемегендей, қараған жоқ. Кескін - кейпінен есімде қалғаны — көзді, мұрынды, сұрғылттау өңді, сұлу кісі сияқты. Ол кезде сәнденіп киіну салты жоқ. Ал мына кісінің үстінде әдемі тігілген драп пальто, сол драптан жиегін бұрыштандыра тіккен кепка... Сәкен осы болмағай да... Мен жанап өткен қалыппен алдағы бұрышқа жетіп, кейін оралсам, сұлу адам үйдің сыртқы есігінен кіріп барады екен. Божақ манағы орнынан фаэтон ішіне отырып, өлең деген атын шерте аяңдатып, бері қарап бұрылып келеді екен. Жақындағанда көз тоқтатып қарасам, шағындау ашаң денелі, сарғылт өңді, жасамыстау біреу. Орыс, я татар екенін айыра алмасым да, жақындап келгенде мұсылманша сәлем бердім.
— Уағалайкүм - ассалам! — деді ол, татар акцентімен, атынын, басын тартып.
— Жаңағы кісі кім? — деп сұрадым мен.
— Қайдағы «жаңағы?»
— Анау үйге кірген.
— Шуни білмисіз ма ни?
— Жоқ.
— Өй, ақымақ! Сакин Сейфуллин иш!..
— Ә-ә.. өзіңіз?
— Кучер. Ниғматулла Бикмаев.
Ол атының божысын қақты да, жүріп кетті. Түскі тамақтың көзі болғандықтан Сәкеннің үйіне ас үстінде баруға ыңғайсыздандым да, мен де жөніме кеттім. Кешке Абдоллаға жолығып, Сәкеннің мінезі жайлы сұрадым.
— Бір көрмеге,— деді Абдолла,— ол мейлінше такаббар кісі сияқты. Ұнатпайтын адамына солай екені де рас.
Ал, ұнататын адамына, одан кішіпейіл кісі жоқ. Ертең ер - төмен кеңсесіне барып жолық. Ол кездегі КирЦИК пен Совнарком бір үйге мекендейтін, жыл басында партиялық екінші конференцияға келгенде көргем. Білемін дейтін адамдардың айтуынша, бұл үй революциядан бұрынғы жылдарда Орынбор генерал губернаторының кеңсесі болған. Үй қаланын, күнгей жақ шетінде, Жайық өзеніне жақын жерде. Одан әрі бір кезде, төңірегін кірпіш ауламен биік, кең, етіп қоршаған қамал болған. Кейінгі жылдарда ол бұзылып, бірер биік істік төбе мұнаралары қалған. Аумағы мол, үш этажды үйдің архитектурасы өте көркем. Жайыққа қарайтын салтанатты «парадный» есігі әр түсті бұжырмақ шынылармен әшекейленген. Конференция тұсында мен бұл үйдің ішіне кіріп те шыққам. КирЦИК-тің председателі мен секретарьларының, Совнаркомның председателі мен орынбасарларының кабинеттері жоғарғы этажда, бөлімдердің бастықтары орта этажда, техникалық қызметкерлер төменгі этажда екен. Екі председательдің де терезелері Жайыққа қарайды, екі кабинет ортасында үлкен бөлме: оның да КирЦИК председатлінің кабинеті, солында — Совнаркомның. Олардың жеке жәрдемшілері орталық бөлмелерде отырады. Ол көздің әдетінде үкімет үйіне немесе үкімет бастығына пропускамен кіру салты жоқ, «паспорт» аталатын документ ол кезде жоқ. Партиялық, комсомолдық, кәсіподақтық билетің болса да кіре бересің. Мен де сөйтіп КирЦИК- тің председателі Сейітқали Меңдешевтің кабинетіне, есігінің алдында отырған жәрдемшіге тіл қатпастан кіріп кеткем. Ашаң орта бойлы, қоңыр өңді, бұжыр кескінді үлкендеу томпақ көзді, бет сүйегі батыңқылау келген Сейтеқан, мені отырған орнынан түрегеп қарсы алып қолдасқан. Конференцияда мен, бұл жолғасудан бұрын сөйлегем, Сейтеқаң мені сонда абайлап қалған екен. Ол менімен фамилиямды атап амандасқан да, қарсыма - қарсы отырып, өз жайымды, елдің жайын егжей-тегжейіне дейін сұраған. Біраз уақыт осылай әңгімелескеннен кейін, мен ол кісінің кішіпейілділігіне, елге қамқорлығына қатты риза болып шыққам. Күз осы Орынборға оқуға келетін ойымды айтқанда, «кел, орналастырамыз» деген Сейтеқаң, сол жолы Совнарком председателі — Мұрзағалиев Капидың кабинетіне кірмек болғанымда, жәрдемші алдымды орап, «әуелі сұрап шығайын» деген де, кабинетке кіріп шыққаннан кейін, «қолы тимейді» деген, кимелеуімнен еш нәрсе шықпаған. Енді, Орынборға күз келіп, оқуға түсе алмау хаупіне киліккеннен кейін, Сейтеқаңа жолықсам да болатын еді, ол кісі әлдеқайда жолаушылап кеткен екен, Сәкенге жолықпақ болу себебім сондықтан. Оның кабинетіне кіруіме бөгет болған жоқ. Жәрдемшінің рұхсатымен (кім екені есімде жоқ) еменнен әшекейленіп жасалған биік, ауыр есікті ашып кіріп барсам, кең,, салтанатты бөлменің ортасына қойылған дөңгелек столдың төңірегінде Сәкеннен басқа үш-төрт кісі отыр. Олар әлдене қызық нәрсені айтып отырған болу керек, бәрінің де кескінінде күлкі. Есіктен кіре сәлем беріп, нілген маған, бәрі бірдей жалт қарады. Олар европаша киінген. Сәкеңнен басқаларының үстінде френч аталатын жағасы жабық қамзол, «галифе» аталатын бұлтық сан шалбар, аяқтарында етік (ол кездегі жауапты қызметкерлерде солай киіну модасы болған). Сәкенде ғана ашық жағалы костюм, галстук байлаған жылтыр ақ жағалы көйлек, (ол кезде олай киіну кеңсе қызметкерлерінің жүзден тоқсан тоғызында жоқ әдет). Жақын жерден айқын керсем: кейін қайырған шашы толқынды қара - бұйра екен, шекесі толық, маңдайы кең,, кеше мөлшерден артық қоңқақ сияқтанған мұрны бүгін қырланған, мөлшерлі, эдемі қалыпта, кешегі қалың, ұзын мұрты, бүгін қоюлана, ұзара түскен сияқты. Жалпы бейнесі, еркек жынысының ен, сұлуы...
— Ие бала? —деді Сәкен, үлкен қара көзін маған қысыңқырай қарап. Жуан дауысты адам екен.
— Сізде жұмысым бар еді,— дедім мен, қалтыраңқыраған дауыспен.
— Берірек келіп айт! — деді Сәкен.
Тым таянбай жақындап, мән-жайымды жылдамдата айтуға кірісіп ем:
— Тоқта! — деп кідіртті де,— қазір асығыс жұмысым бар еді, — сен кешке пәтеріме кел,— деді.
Пәтерінің қайда екенін айтқан жоқ, мен сұраған жоқпын. «Түскі асын ішті - ау» деген кезде барсам, есігі жабық екен. Қоңырауын қағып ем, әлдекім ашты да жөн сұрады. Жайымды айтқан мені, ол адам күңгірттеу коридор арқылы, кең, бөлмеге алып кірсе, стол төңірегінде жеңіл жұпыны киімді Сәкен отыр, қолында қазақы домбыра, қасында Абдолла Асылбеков, тағы біреулер. Тегі, менің өлең жазатынымды Абдолла айтқан ғой деймін (бұл бөлмедегілерден ондай өнерге әуестігімді одан басқа білетін адам жоқ сияқты), сәлем беріп қолдасқаннан кейін.
Сәкен маған:
— Өлең жазамысың, сен?—деді.
— Ептеп,— дедім мен, қымсынған бейнеде.
— Жазғандары бірталай. Маған ұнайды. Бірақ, мен сыншы да, ақын да кісі емеспін, сен сынап бер,— деді Абдолла Сәкенге.
— Қайда ол өлеңдерін,? — деді Сәкен.
— Біразы қалтамда.
-— Кәне, отыр да ақы! — деді Сәкен, маған орын нұсқап .
Стол маңындағы мосқалдау біреу, Сәкенге:
— Қысып кеттің ғой баланы, табан ауызында «оқы» деп? — деген еді.
— Оқысын,— деді Сәкен,— аяқ алысын көрейік. Өзгсін содан кейін кеңесе жатармыз.
Мен «Көңіліме» аталатын 1917 жылы жазылған алғашқы өлеңімді оқып ем.
— Тағы!—деді Сәкен.
— «Бостандық» деген 1919 жылдың күзінде жазылған өлеңді оқып ем.
— Тағы! — деді Сәкен ,— бірнешеуін оқып шық.
Мен он шақты елен, оқып бердім.
— Бүгінге осы да жетеді,— деді Сәкен.— Ертең ертемен кеңседегі кабинетіме кел!
Біреулер, «өлеңдері қалай екен?»—деп еді:
— Бұл арада керегі қанша оның?— деді Сәкен.— Өлеңге бір кісінің бағасы жетпейді. Оған көптің бағасы керек.
— Көпшілік бағалау үшін жарыққа шығуы керек қой, өлеңнің яғни газет, журналда басылуы керек қой,— деді біреу.
— Басылса несі бар?— деді Сәкен,— басылады.
— Ішін, білсін, бала,— деді біреу, маған көзін қысып қойып, — «өлеңдерін, басылады» дей бер енді. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы да осы Сәкен.
Ішім жылып кетті. Бұған дейін, өткен көктемде, «Еңбекші қазақ» бетінде «Түсімде» деген атпен жазылған әңгімем ғана жарияланған. Пікірін айтпағанмен Сәкеннің тыңдау түріне қарағанда, оқып берген өлеңдерім ұнаған сияқты. Ендеше, Сәкен менің білім алуға ғана емес, шығармаларымның баспасөз бетін көруіне де жол ашатын сияқты... Ертеңіне Сәкеннің Совнаркомдағы кабинетіне барсам, есігінің алдында, рабфак меңгерушісі Шейнессон отыр екен. «Мен жайында шақырған болар» деп, оған да ішім жылып кетті. Кабинеттен шыққан жәрдемші:
— Кіріңіздер!—деді Шейнессон екеумізге.
Кірсек, Сәкен екі қолын айқастырып, әлдене ойға кеткендей, кездерін бөлменің потологіне тіге, сылбыр адыммен жүр екен. Теріс жақ қабырғаға беттеген ол бізді көрмегендей, я елемегендей, не тоқтамады, не қарамады. Қабырғаға тақала бұрылды да, тура бізге қарай жүріп, Шейнессонға амандық саулықсыз қадала қарап:
— Мына жігітті танимысың?— деді.
— Ие, білем,— деді Шейнессон, Сәкенге бір, маған бір қарап.
— Кім бұл?
— Рабфакқа оқуға түсем деп келген жігіт. Фамилиясын ұмыттым.
— Алдыңдар ма?
— Рабфакқа жарамайды.
— Неге?
— Орыс тілін білмейді.
— Сен білесін, бе орыс тілін?
— Білемін деп ойлаймын,— деді Шейнессон, сұрауға түсінбеген бейнемен.
— Қайда оқыдың сен, орыс тілін?
— Ол ұзақ әңгіме, Сәкен Сейфуллаевич...
— Ендеше мен саған әңгіменің қысқасын айтайын, аты Сәбит бұл жігіттің, фамилиясы Мұқанов. Сен он жеті жасында гимназия бітірсең, бұл он жеті жасында қазақтың әліп-биін таныған, естисің бе?
— Естіп тұрмын.
Совет өкіметі құрылмаса оны да танымайтын жігіт. Батрақ. Ұғамысың?
— Ұғам.
— Азамат соғысының солдаты. Коммунист. Ақын. Еңбекші тап ақыны, түсінікті ме?
— Түсінікті.
— Ендеше, мұны оқытпағанда кімді оқытамыз?
Шейнессон үндемей қалды.
— Сөзді «,ой,— деді Сәкен бұйырған дауыспен. Оқуға қабылда. Осы оқу жылының аяғына дейін, орыс тіліндегі оқуды жүргізіп кетуіне мен - ақ кепіл болайын.
— Сол кепілдігіңізді ақтауға уәде берем,— дедім мен.
— Түсінікті ғой?—деді Сәкен шегелеп.
— Түсінікті.
— Орындайсың ғой.
— Өкімет бастығы айтқан сөзді орындамауға күш қайда?—деді Шейнессон томсарып.
— Мәселе күште емес, адамгершілікте, қазақтан да совет өкіметіне пайдалы адамдар даярлауда. Әсіресе. әдебиетшіні, қазақта ондай әдебиетшілер әзірге жоқтың қасы. Ұғындыңыз ғой, жолдас Шейнессон? — деді Сәкен, қатаң дауысты енді ғана жұмсартып, суық түсін енді ғана жылытып.
— Ұғындым.
Шейнессон мені рабфак кеңсесіне ертіп әкелді де, оқуға тіленуіме байланысты ісімді таптырып ап, «сен енді студенте» — деді маған.
ОҚУДА
Оқудың алғашқы бірер айында - ақ мен рабфак студенттерімен түгел танысып болдым. Оған бір себеп оқуға түскен айдын, басында рабфактың партиялық ячейкасының сайлауы болып, менің ячейка бюросына мүше болуым еді. Ячейканың секретарь! болып, қазіргі қарт коммунист — Мюташ Дәулетқалиев сайланды. Рабфакта ол жылы жарты мыңға жақын студент оқиды екен, солардың отыз проценттейі — қазақ. Жалпы студенттердің төрттен бірін дейі әйел, солардың ішінде қазақ қызы үшеу - ақ. Студент атаулының тоқсан проценті коммунистер. Олардың көбі азамат соғысына қатысқандар, Қазақстанда совет, партия, шаруа, мәдениет істерін ұйымдастыруға араласқандар. Бұл жағынан қарағанда, рабфак ячейкасы, Орынбор қаласындағы ячейкалардың сан жағынан да, сапа жағынан да ен, күштісінін, бірі. Рабфакта тәртіп қатты. Партиялық, азаматтық, оқулық істерден шашау шығуға жол берілмейді. Отанға тап тартысы қызу жүріп жатқан шақ болғандықтан, бұл іске бөгет жасайтын қылықтарға жол берілмейді, студенттер арасына қанаушы тап балалары кіріп кетпеуге сығалай қарайды. Бұл істердің бәрінде, партиялық ячейка басшылық етеді. Рабфак дирекциясы онымен есептеседі. Таптық мәселені осылайша қатал жүргізумен қатар, ячейка адамгершілік міндетін де ұмытпайды. Оған бір мысал: «бір күндері ячейкаға — рабфакта биыл Сұлтан Қыдыров дейтін жігіт оқуға түсті. Ол Қостанай уезіндегі атақты бай және болыстық правитель — Сайым Қыдыровтың баласы. Сайым көп жыл правитель болған және өте қиянатшыл болған адам. Патша өкіметіне ен, жағымды болған правитель болғандықтан Орынбордың, генерал-губернаторы — Эверсман Сайымды 1913 жылы, Романовтардың таққа отыруына 300 жыл толу тойына, Торғай облысындағы қазақтар атынан өкіл ғып жіберген. Сол кезде, «Айқап» журналыңда хан киіміндегі портреті басылған. Тойдан қайта Сайым жауыздығын тіпті күшейтіп, халықты қатты қанауын қанағат етпей, .көңілі түскен адамына, елден қалаған әйелін тартып әперетін болған... Осы қиянат күшейіп болған шақта, 1916 жылдың оқиғасы бұрқ ете қап, көтерілгенде Сайымды өлтіріп, мал-мүлкін талап алған. Эверсман бұған қаһарланып, елге әскер шығарып, көтерілісшілерді қан жоса ғып қырған да, көп адамды тұт.қынға алып, соғыс трибуналы төрт адамды атуға, елу адамды каторгіге айдауға үкім еткен, атылу жазасы орындалып, өзгелері айдалғалы жатқанда, февраль революциясы болып, босанған... міне, сол Сайымның баласы рабфактың оқуына алынып отыр»— деген бірнеше адам қол қойған арыз түсті. Ячейка тексергенде, арыздағы сөздер рас болды. Бірақ, Сұлтан Қыдыров оқудан шығарылған жоқ. Әкесі өлтіріліп, мал-мүліктері таланған кезде, бұны әлдекім Троицкий қаласындағы интернатқа орналастырып, рабфакқа содан келген екен. Жасы он сегізде, ячейка арызды тексере келе: «әкесінің қылығына баласы айыпты емес, интернатта тәрбиеленген жас, сондықтан, рабфактан шығарылмасын» деген қаулы алды. Бұл оқиға, менің кейін жазған романым «Ботакөзге» негізгі тақырып болды. Қоғамдық істерге қызу араласу, оқуға қатты даярлану, өлеңдер жазумен шұғылдануға мұрша берген жоқ. Жоғарыда айтқандай, тұрмыс ауыр: тамақ жасық және аз, киім - жұқа, қыс суық, жатақхана да, оқу корпусы да салқын, төсеніш — темір кровать үстіндегі жұқа матрац пен тұрпайы қара сукноның қиығынан жасалған одеал... Мұндай жағдайда күн көру қиынға соқты. Студенттердің біразына туыстарынан көмек келіп жатады. Менде ондайлар жоқ. Жәрдем сұрауыма болатын жалғыз адам Абдолла Асылбеков. Одан сұрай алмаймын, себебі өткен күз, ауылда жалшылықта жүрген он бес жасар немере інім Шәкең Мұстафинді оқуға түсіру ниетімен Орынборға алып келгем, де, оқу табылғанмен өкімет қаржысына алынбай, қаладағы үлгілі тәрбие мектебінен, Абдолланың үйінде тұрып оқып жатқан оның үстіне жәрдем сұрау ұят. Сондай қысаңқы тұрған күндердің біреуінде амалсыз Сәкенге барып, жәрдем сұрауға тура келді. Бұған дейін ол кісімен талай жолғасқан, талай шығармаларын оқығам, өз Жазғандарымды да көрсеткем, ол кісі менің әдебиеттік ұстазым болуға айналған. Бірақ намысыма тырысып, қаражат жағынан сөз қозғамайтынмын. Енді амал жоқ қозғағаннан кейін, Сәкеннің, берген ақылы,— өлеңдеріңнің тәуір дегенін «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналына беріп тұр, басылуына көмектесейін. Солардан алған гонорармен күн көре тұрарсың. Содан кейін баспасөз бетінде өлеңдерім жариялануға айналды. «Гонорар» деген сөзді естуім де, тиісті ақшасын алуым да сол кезден басталды. Тұрмысым аз да болса түзелуге айналды, оқуыма бұрынғыдан да шұқшия түстім. Рабфакқа шалағай білімділерден мен ғана өтіп қойған жоқпын. Менен білімі төмен Анатолий Шашков та, сауатсыз Әміржан Наурызбаев та, солар сияқты тағы біраз адамдар да өтті. Білімі рабфакқа алыну түгіл асып жататын біраз адамдар өткен жоқ. Себебі белгілі: бұл жұмысшылар факультеті, ендеше оған, ен, алдымен жұмысшылар, қызыл гвардия мен қызыл армияда болғандар, батрактар, кедейлер, советтік, партиялық, құрылыстарға қатынасқандар алынады, өзгелерге содан кейінгі сыбаға тиеді. Соңғы сыбағаға, біздің елден келген бай адамның баласы — Таласпай Нұрпейісов те ілікті. Жасы сол кезде жиырма бестерде, ешбір саяси партияларда болмаған, мұсылманша азғантай ғана оқуы бар, кейін жақсы математик боп шыққан бұл адамның рабфакқа түсер алдындағы бір қызығы, орыстың жеке сөздерін орасан кеп біледі де, не жазуда, не ауызша сол сөздерден дұрыс сөйлем құрай алмайды...
Кешікпей сабақ та басталды. Учительдермен біз жақын таныса бастадық. Біздің рабфактың оқу үйі, бұрын ер балалардың гимназиясы болған екен. Оның учительдері түгелге жақын осы рабфакқа ауысқан екен. Көпшілігі қарт адам және партияда жоқтар. Оқуға олар мейлінше қатаң болды. Мысалы, химия сабағын беретін, бурыл сақалды Лашкаревтің сабағына, ол класқа кіргеннен кейін бас сұғуға мүмкін емес. Оның қаталдығы мұнымен ғана бітпейді. Сабақтан бір күні бір минут кешігіп келсең, сені коридорда қатырып отырғызып қоюдың үстіне, ол ен, кемінде бір жұма жүзін жылытпай, сілеңді ызбарланумен қатырады. Сол кешігуің қайталанса, саған ол жауығып ап, соңыннан қалмай, үнемі жерлейді де жүреді, оның арты: өз сабағында экзаменнен құлату. Осы мінезін білгендіктен, Лашкаревтің алдында, қандай тентек деген жігіт жым болып, құрдай жорғалайды. Сақалын шоқшалау ғып қоятын оның түсі ІІ Николайға ұқсайтындықтан біз оны оңашада «Лашкарев патша» деп атаймыз. Физик — Васильев пен тарихшы Григорьев те сондай, Васильевтің Лашкаревтен айырмасы — студенттерді тақтаға шақырғыш - ақ. Сөзінің әдеті — «а, ну - ка!». Тақтаға шыққан студенттің сілесін ол «а, ну-ка» вы үсті-үстіне төпелей айтумен қатырады. Сабаққа салақ қараған адамға ол да өшігіп алады. Жылдам сөйлеуіне қарап біз оны «тоқылдақ» дейміз. Григорьев те қатаң. Одан алатын тынысымыз,— ұштары қайрылып аузына кірген қалың қара буырыл мұртты, айрандау ақ көзді, дыбдырлап сөйлейтін ол, стол қасындағы орындыққа отырған соң-ақ, тарс жұмып алған көзін анда-санда бір-ақ ашып, лекциясын төпей береді. Көзін жұмып алуына қарап біз оны «кәрі мысық» дейміз. Казициннің сөйлегенде ерні шошаңдап кетуіне, ойда жоқта бақ етіп күле қалуына қарап, біз оны «тұқыл теке» дейміз. Ол да сабаққа аса қатаң және формулаларды дәл түсіруді жақсы көреді. Босаңдау учитель — Купцов дейтін биолог. Тимирязев Академиясын жақында ғана бітіріп келген, ұзыншалау арық денелі, жирен кескінді, шабдар түкті, ұзын мұрынды, тістері әрі сирек, әрі сойдақ, шашын «кірпі» ғып қоятын ол, жіңішке дауыспен ыңырси сөйлейді. Оның атын біз «Бота» қойып алдық. Учительдердің ішінде ең босаңы — тіл және әдебиеттен сабақ беретін Карл Карлович Безин. Арғы тегі неміс болғанмен, Россияда туған, орыс школаларында оқып жоғарғы білім алған ол, өзін әдебиеттегі марксист көреді. Бірақ, бір қызығы — грамматика, синтаксис сияқты сабақтарды танымайды, олардың орнына, көркем әдебиеттің шығармаларын не өзі оқып, не студентке оқытып, соған талқылау жасайды.
— Бұл қай әдіс?— деп сұрағанда: —
— Дальтон-план!..— деп жауап береді Безин.
Ол «планның» буржуазиялық әдіс екендігін, кейін, 1932 жылы Одақтық Орталық Партия Комитетінің қаулысы шыққаннан кейін ғана түсіндік. Әдетте, Безин өзін оқығыш адаммын деп санайды да, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың өлеңдерін, поэмаларын жатқа айтады. Біздің заманның ақын-жазушыларынан ол Блоктың «Он екісін», Маяковскийдің өлеңдерін, Горькийдің және Неверовтың әңгімелерін оқуды жақсы көреді. Оқыған шығармалар туралы студенттердің пікір айтқанын, кейде айтысқанын ұнатады. Ұнатқан шығармаларын ол сан рет қайталап оқиды. Сондай шығармаларының бірі — қазіргі орыс ақыны Кирилловтың «Карл Маркс» атты елеңі. Бұл өлеңді Безин бар ықласымен және қайталап оқуды жақсы көргендіктен және мінезінің жұмсақтығынан біз оның атын «пайғамбар» қойып алдық. «Пайғамбардың» маған тигізген пайдасы — орыс әдебиетін ұғуда және нені бұрын оқуда басшылық көрсетті, залалысының грамматика мен синтаксисты бағаламау салдарынан, орыс тілін жақсы білуге аса қажетті бұл сабақтарды жақсы меңгере алмадым. Соның тақсіретін күні бүгінге дейін тартып келем... Орыс тілі шалағай жүргенмен, ол қыста мен, өзге еш нәрсеге көңіл бөлмей алаңсыз және жақсы оқыдым. Күн көріс жағынан, рабфак студенттері де бай тұрған жоқ. Қызылжардағы Совпартшколаның халіндей болмағанмен, бұның да беретін сорпасы өкпе-бауыр ғана араласқан капуста, ботқасының, ең тәуірі гречиха. Нанды бір сыдырғы тойып жейміз. Одан басқа берілетін тамақ жоқ. Орынбор күнінің суықтығы Қызылжардан кем болмайды екен. Мұнда да айлап, апталап үскірік суық, қызыл - шұнақ аяз болады. Жатақхана ол жылы қыс бойы жағылған жоқ. Тұрпайы темір кроватьтың үстіне, ішіне сабан толтырған матрац, қоғажайдың ұлпасын толтырған жастық салынады, үстімізге қара сукнодан одеяло жамыламыз. Рабфак берген қара сукно шинельден басқа жылы киім жоқ... Біз сондай тамақпен ашықпаймыз да, сондай үйде тон,- баймыз да. Жағылмаған үйдің су келетін трубалары кейде қатып қалады. Ондай күндері, біз беті - қолды қора ішіндегі қармен жуамыз. Суыққа шыдамдылық жағынан қайран қалдырарлық адам, бізбен кластас боп оқып жүрген Волков. Жасы біз шамалас, толық денелі бұл жирен сары жігіт, тан, ата жалғыз трусиімен далаға жүгіріп шығып кетеді де, жап-жалаңаш қалпымен қар үстінде аунап, денелерін қармен ысқылап, кең қораның, ішінде жалаңаяқ, жалаңаш біраз уақыт гимнастика жасап қайтады. Бұл әдетін Волков, қырық-елу градустық үскірік аязды күндерде де тастамайды. Сонда, бусанған денесіне қырау тұрып, қып-қызыл боп кетеді... Денешынықтыру жаттығуында алдына жан салмайтын Волков сабаққа, әсіресе, орыс тіліне біздің кластың ең нашары. Мысалы, орыс тілінін, заңында «пальто» деген сөздің аяғына ешбір жалғау қосылмай сол күйінде айтылады. Волков сол ережені ұқпай-ақ қойып, учитель қашан сұраса да: пальто, пальта, пальту... деп жалғастыра жөнеледі. Орыс тілінде: әйелдік, еркектік және әрелдік деп үш жынысқа («род») бөліну бар ғой. Мысалы, «а» мен «я» ға бітетін сөздердің бәрі әйелдік жыныс, «о» мен «е» ге бітетін сөздер әрелдік жыныс... дауыссыз дыбыстар мен «и», «у» ға бітетін сөздер еркектік жыныс... Жалпы заң солай бола тура, орыстың «я» ға бітетін время, племя, стремя, вымя... сияқты он сөзі әрелдік жынысқа жатады. Бұл ереже де Волковтың басына кірмей-ақ қояды. Өзі орыс бола тұра, орыстың ауызша айтатын түрін ұмытып кетіп, мысалы «время» деген сөзді, әйелдік жыныстың заңымен: время, времи, време... деп жалғастырып әкетеді... Грамматиканың заңдарын ұғуға сонша шорқақ Волков, өзге сабаққа да жарқырай қоймайды... Сабаққа шорқақ Волков, рабфактағы дене мәдениетінің үйірмесін басқарады. Боранды күні, жатақхананың қырау тұрған суық залында, ашық, жылы күні кең, қораның ішінде физкультура ойындары болып жатады, оларға қатынасуға, менің сабақтан қолым тимейді. Ол кезде биге қатты тиым салынады. Коммунистерден не комсомолдардан кімде-кім биге қатынасса, ен, жеңілі — сөгіс беріледі, әйтпесе, ұйымнан шығарады, партияда жоқтарға оқудан шығаруға дейін шара қолданады. Галстукке де көзқарас сондай. Би мен галстук, ол көздің ұғымында — буржуазиялық салттың сарқыншағы. Тиым сонша қатты болғанмен, жастар билейтін немесе биге үйренетін орындар тауып жүреді. Сондай орындарға біздің рабфактан көбірек барушының біреуі Әміржан Наурызбаев. Рабфакқа сауатсыз күйде түскен ол, даярлық бөлімнің біріншісінде оқиды, бірақ, сабаққа көңіл қоюдың орнына, сыртын сылап, шамасы келгенше әдемі киінуге, киімдерін щёткалап, етігін жылтырата майлап жүруге әуес. Бүкіл рабфак студенттерінің ішінде, білек сағат сонда ғана бар және үлкендігі күректей сағат. Рабфактың қатарындағы үйде қазақ педагогика институты бар. Онда, белгілі ақын Иса Байзақов оқиды. Исада да Әміржандікіндей бір үлкен сағат бар. Екеуі де сағаттарын жұртқа көрсетуге құмар. Бірақ, оған сылтау керек. Сол сылтауды олар сабақ арасында шыққан демалыста табады да, біріне-бірі:
— Әй, сағатың қанша болды?—дейді.
— Өзіңдікі қанша?-—дейді анау.
— Мә, қанша екенін өзің көр!—деп, қарсыма - қарсы келген екеуі, сағат салған білектерін жанастыра жеңдерін түреді де, бірінің сағатына бірі қарайды.
Жасырын ұйымдасқан бидің ішінде Әміржан да жүреді. Айға берілетін жиырма екі сомдық стипендияның бес сомын ол би үйретушіге төлеп, кебіне тоқ - жарау жүреді. Биді үйретуші Нұрғазы Нұрсейітов дейтін жігіт. Жиырмасыншы жылдардың аяқ көзінде өкпе туберкулезінен қайтыс болған бұл жігіт, революциядан бұрын Омбының учительдік семинариясын бітірген. Кішірек арық денелі оның кескін - кейпі де, бұйра шашы да жебірейлерге ұқсайды, сондықтан оны қалжың қылған жұрт, Кирштейн деп атайды, онысы — «қазақтың жебірейі» дегені. Кирштейн ұршықтай үйірілген биші. Ол Европаның — классикалық билерінің бәріне де шебер. Білетіндердің айтуынша бүкіл Орынборда, мазурканы одан жақсы билейтін жан жоқ.
Менің биге де оқудан қолым босамайды.
Күні-түні оқитын мен, бір ғана нәрсеге амалсыз көңіл бөлем. Кейін «қазақ халқының мың әні» деген бір қалың том, одан соң «қазақтың бес жүз әндері мен күйлері» деген екінші қалын, том шығарған, жинаған талай ән-күйлері жарияланып үлгермеген, қазақ музыкасын жинауда, жариялауда ең зор еңбек сіңірген марқұм Александр Затаевич, сол жылы біздің рабфакқа да кеп келетін еді, ішіне қырау қатқан суық бөлмелерде, студенттердің қатқыл темір кроватінде отырып, білетін ән-күйлерін жазып алатын еді, «уақытым жоқ» деген еркіңе ол қарамай, атқарған қызметінің мән-жайын айтып, еріксіз көндіретін еді.
— Ән-күй жағынан, қазақ ең дарынды халықтың бірі,— дейтін еді ол, білетін әндерін жаздыруға ерінгендерді үгіттегенде, ғасырлар бойы жүздеп емес, мыңдап шығарған оның тамаша ән-күйлері, ең қымбат ұлттық қазынасының бірі. Оларды жазып алып, болашақ ұрпаққа жеткізбеу зор қылмыс. Мұндай мәдени мәні зор іске жәрдемдесуге ерінбеу керек.
Құрметті қарт, мені де шұқшиған сабағымнан еріксіз бөліп, хал - қадарымша айтқан халық әндерін жазып алды. Сонымен, ол қысты мен оқуға шұғылданумен ғана өткізіп, екі семестрдің де зачетын «жақсыға» тапсырдым.
ОҚУҒА!
Қысқы оқудан мен аса жүдеп шықтым. Қыстайғы және көктемнен бергі жазған хаттарында, елдегі туыстарым биыл шаруа күйлерінің жақсылығын хабарлап, жазғы демалысқа, туған ауылға келуді өтінген. Оқудан босана мен Қызылжарға бардым да, ылаулатып еліме қайттым. Өткен жылдың егіні жақсы болғандықтан, Қызылжарда, жолшыбайғы ауыл, селоларда мейлінше күйлі, көңілді екен. Көңілді елді аралай отырып, мен бетімді қазақша «Жекекөл», орысша «Благовещенка» аталатын селоға туралап келем, ондағы ойым — Ғабит Мүсіреповке соғу. Бұл арада, ол екеуміздің таныстығымыз туралы аз сөз: екеуміздің руымыз Сыйбан. Ол «Ойғы Сыйбанға», мен «Қырғы Сыйбанға» жатам. Ауылдарымыздың арасы отыз - қырық шақырымдай. Үлкендердің айтуынша, Ғабиттің бесінші атасы — Жолғұтты — түрікпен екен. Жас жігіт көзінде ол әлдене себеппен біздің Сыйбанға келеді де, Беспай атты кісіге бала болады. Жолғұттыдан Еламан, одан Мүсіреп, одан Кәжімбай, одан Махмет, одан Ғабит. Мүсіреп көзінде «ел ағасы» болған беделді кісі екен. Одан Кәжімбай, Ботпай туады. Ботпай нағыз орта дәулетті болған адам. Мен соның үйінде әке-шешем жалшылықта жүргенде туғаным, осы шығарманың бірінші кітабынан мәлім. Кәжімбай Ботпайдан жас шағында енші алады да, кедей шаруалы адам болады. Одан Махмет, Мақан, Ақан, Самырт дейтін ұлдар туады. Олардың Махметтен басқасы, советтік дәуірге дейін жалшылықта жүрді. Махмет пысықтау боп өскен. Атқамінер Ботпай оны қасына ертіп жүрген. Сондықтан да Махмет, әйелі — Динаны, біздің елден екі жүз шақырым жерде, Обаған өзенінің бойында тұратын Арғын руынан алған. Динадан: Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Әшім — бес ұл туды. Менің әкемде қыз көп боп, ұл болмаған ғой. Көп қыздың артынан мен туғаннан кейін, ескі ауылдың әдеті» мен, «Мүсіреп — өскен тұқым, баламызға Махметтің бір баласынын, атын қояйық» деп ырым ғып, менің атымды «Сәбит» қояды. Пысықшылығы болмаса, Махмет те кедей шаруалы болған адам. Шаруасы сондай бола тұра, ол балаларын жалшылыққа бермей, оқытуға тырысады. Оның үлкен баласы Хамит (1896-жылы туған) әуелі молдадан, содан кейін Уфадағы «Медресе Ғалияны» бітірген Камал Жайсақовтан жадитше оқиды. Әлі күнге дейін жасап келе жатқан қарт Жайсақовтың айтуынша, Хамит одан оқыған шәкірттердің ең зерегі екен. Жайсақовтан оқыған Хамит, 1917 жылдан бастап, өз елінде мұғалім болды. 1918 жылы, мен ен, алғаш хатты сол кісіден таныдым. Ол күні бүгінге дейін мұғалім. 1951 жылы, көп жыл мұғалім болған еңбегі үшін, өкімет оны Ленин орденімен наградтады. Сәбит шаруа баққан ғана адам болды да, кейін колхозда мүше боп жүріп, Ұлы Отан соғысынын, алдында қайтыс болды. Ғабиттің алғашқы қойылған аты— Ғабдұлғабид. Ол арабша «құлдардың құлы» деген сөз деседі. Кейін, ел, әке - шешесінің қысқартып айтуымен «Ғабит» атап кеткен. Документтерінде Ғабит — «1902 жылы туған» боп жүреді. Қазір сексеннен асып отырған шешесі — Динаның айтуынша, мен Сиыр жылынын, көктемінде туғамын да, Ғабит күзінде туған, ол — 1901 жыл. Ғабит кедей семьяда жоқшылықта есті. Бала шағында әкесі оны көршілес орыс поселкелерінің малын бағуға да жалдады. Ғабиттің нағашысы, қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданында Әсерғали Оңғарбаев деген кісі болады. О л ауылда, революциядан бұрын двухклассное училище аталатын школа ашылып, белгілі ақын — Бекет Өтетілеуов сабақ береді. Ғабит сол школаға 1916 жылы барып түседі де бір жыл оқиды. Ересек және зерек бала - жігіт бір қыста орысша жап-жақсы біліп алады. Келер жылы Ғабит өз елінің маңындағы Пресногорьков станциясының «Бастауыштан жоғары» (высшеначальная) аталатын школына түседі. Бала күнінен білгенмен, Ғабитті менің көз тоқтатын тануым— 1918 жылдың көктемінде. Сол кезде, оның ағасы Хамиттен оқып жүрген менен, Ғабиттің орыс тілінен экзамен алуы, одан кейін, мен жұртқа күлкі болатын «дөстебірен» формасын жазып беретіндігі, оқушыларға бұл шығарманың бірінші кітабынан мәлім. 18 жылдың жазында ол, біздің елдің ауылнайы — Мәшік Аманкелдинге хатшы болды. Сол кезде оған жұрт «жобасын айтсаң болды,— орысшаны судай ағызып кетеді, жазғанда қолы қолына жұқпайды» деп тан, қалысып жүрді. Расында да, біздің екі жүз үйлі Сыйбанда орысшаны ондай білетін кісі болған жоқ. Мен де ол кезде Ғабитті орыс тілін білуде ен, зор бедел керуші ем, әсіресе әдемі подчеркіне қызығушы ем 1920 жылдың қысында елге барсам, Ғабит Пресногорьковта оқуда екен. Ол жолы көрісе алған жоқпын. Келер жылдың басында Пресногорьковқа барсам, ол жеті жылдық школаның бесінші класында оқиды екен. Бұл кезде ол орыс тілін өте жақсы біледі. Сол қыста Ғабиттің продразверстка жұмысына қатынасқандығы жоғарыда айтылды. 21 жылдың февралінде тұтанған кулактар мен байлардың көтерілісінде, Ғабит сол маңайда Дмитрий Ковалевтің басқаруымен ұйымдасқан коммунистер отрядына қосылады да, бандылар жойылғанға дейін жүреді. Одан кейін Таузар болысынын, военкомы боп тағайындалады. Осы қызметте жүргенде ол, Сәпі дейтін байдың Қаншайым атты жас келініне үйленеді... 1922 жылдың жазында, қазақ болыстарына арналып, губернияның бірнеше жерінде аудандық милиция штабы құрылатын болды, олардың барлық қызметкері қазақтан ғана қойылатын болды. Сондай штабтың біреуі, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, қазақша «Жекекел», орысша «Благовещенка» аталатын селода құрылады екен. Мен ол кезде губкомда инструктормын. Аудандық милиция штабтарының начальнигі мен орынбасары ғана губернияда бекіледі екен де, өзге милиционерлерді, начальник пен орынбасар жер-жерде өздері тауып бекітеді екен. Осы мәселені алдын ала қарайтын комиссияда мен де болдым, председателіміз — кейін халық жауы боп кеткен, ол кезде губерниялық милицияның начальнигі болған қазақ. Ол ұсынған тізімде, Жекекөл штабының начальнигіне, бізге мәлім бай - Абылай Рамазановтың баласы Султан белгіленбек екен. Сұлтанды мен білем. Революциядан бұрын орысша реальное училищені бітірген ол, революциядан кейін үйінде қызметсіз отырып қалған. Сөзінде ол Совет өкіметін танитын, ниеті түзу адам. Өзі орысшаға жүйрік. Менің күдігім Сұлтанда емес, әкесінде. Ол Совет өкіметіне сөзде қарсылығының үстіне, 1921 жылғы бандылар көтерілісінде, соларға жақтас болып, бір отрядын басқарған кісі. Сондай адамның баласы, қалайша советтік милиция штабының начальнигі бола алады. Және өзі, партияда жоқ. Осыны айтып, менің қарсы болғаныма комиссия председателе көнбей, «бұдан лайықты кісі жоқ» деп қасарып отырып алды, комиссия мүшелерінің көпшілігі оны қуаттады. Оның ұсынысы өтуіне көзім жеткен мен, өзімше қулық жасамақ болдым, оным — орынбасарды өзім білетін сенімді біреуден қою. Сол арада есіме Ғабит түсіп, ұсыныс жасап ем, ол да қабылданды. 23 жылдың жазында, Орынбор рабфагынан Қызылжарға келсем, Жекекөл штабы туралы «қазақшылығы кеп, елден қойды көп жейді, кейбіреуі пара алады» деген сияқты есектер тарап жүр екен. Бұл штабты таратып, Пресновкадағы аудандық штабқа қосу мәселесі де бар екен. Осы жайларды менің Ғабитке айта кеткім, егер көнсе, Орынбор рабфагына ала кеткім келді. Штабпен кеп таныссам, «қазақшылығы» шынында да мол екен. Бірақ, бағынған ел, Ғабиттің өз басында арамдық бар деп айтпайды, тек, оның қаталдығын ғана сөз қылады.
Ғабитке мен оқу жайын айтып ем:
— Бұл қызмет мені қанағаттандырмайды,— деді ол, өзімнің де кеткім келеді. Оқуға да көңілім шабады. Бірақ, бұл мәселені мен әкемсіз шеше алмаймын. Сен әуелі сонымен жолық та, ризашылығын ал.
Біз соған келістік. Мен туған ауылыма барып біраз тыныққанша, Ғабит қызметінен босанып аулына бармақ болды. Оның аулында әкесімен екеуміз бірге сөйлеспек болдық. Туған ауылыма келсем, жылдағы әдетімен Дос көлінің жағасын жайлап отыр екен. Күн көрістері шынында жақсыланған екен. Жата-жастана таныссам, жайлау жақ шетке қоныстанған бұл ауылда мектеп әлі ашылмай, күші бар бірен-саран ғана балалар көршілес ауылдардың мектептеріне барып оқиды екен, күші жоқ балалар сауатсыз қалып барады екен. Сондай балалардың біразын менің Орынборға ала кеткім келді. Дәндібала дейтін әрі жесір, әрі кедей, әрі бала-шағасы көп әйел болатын. Қазымбет дейтін ересек үлкен баласын оқуға жіберу туралы сонымен сөйлесіп ем, «барсын !» деп көне кетті. Ахмет дейтін кедей адам сол кезде өліп, балалары жетім қалған екен. Соның Үмітбай дейтін ересек баласы, Нұртазаның үйінде жалшылықта жүр екен. Оның шешесі Бәтима да «барсын, қарағым» деп кене кетіп еді, «жалшымды жібермеймін!» деп Нұртаза байбалам салды. Бірақ, мен оған қарамай, Қазымбетпен Үмітбайды да ала кететін болдым. Оларға, Құрманғожа атты дөңгелек дәулетті адамның жасы соларға тең Ғабдолла дейтін баласы еретін болды. Оқушыларға белгілі Шәйін ағай ауылда екен. Оның ержетіп келе жатқан Зайра атты қызы бар. Оқуға зирек қыз. Шәйін ағай маған оны да ертіп жіберетін болды. Ол кезде өлген ағам Мұстафаның кіші баласы Шәкең жалшылықта жүр екен, оны мен, әрине сөзсіз әкетем. Маған еретін төрт-бес бала, өзге балалардың да кездерін қызықтырды. Оларға салса, тобымен аттанатын. Бірақ, көбін туысқандары жібермейді. Оларды мен «биыл мыналар барып орналассын, ендігі жылы сендерді апарам» деп жұбатам. Ауылдан аттанар күні қызық көрініс болды. Оқуға баруы шешілген Қазымбет, Үмітбай, Ғабдолла мен жатқан Мұстафаның үйіне келді. Оларға ере көп бала келді. Бәрінің де кездері толған жас. Себебі белгілі: көбін туыстары жібермейді, біразын мен әкете алмаймын.
— Осы биыл, осы ауылда мектеп ашылады,— деп жұбатам мен оларды. Әуелі содан оқыңдар. Содан кейін әкетем, Қызылжар мен Орынборға!..
Балалардың көз жасы онымен тиылмайды...
Ал, оқуға баруы шешілген Зайра қайда?
Манарақ келіп кеткен Зылиқа жеңгей,—«Зайражанды даярлап жатырмыз» деп кеткен. Енді келіп:
— Масқара болдық, қайным! — дейді жылап.
— Неге?
— Етікші - атаң,— дейді Зылиқа жасқа булығып,— әлгінде келді де, «ұл емес ол, оқуға баратын. Қыз. Бармайды ол!» деді. Ағаң өз сөзін айтып еді, етікші - атаң «кәне, мықты болсаң, тартып ала қой менен!» деді де, Зайраны үйіне алып кетті. Артынан барайық десек, есігін ішінен бекітіп алған. Ал, енді өзің жүріп көндірмесең, бізден хал кетті...
«Етікші - атаң» деп отырғаны, жасы сол кезде алпыстардан асқан Сұрағанның Құсайыны деген кісі. Етік тігуге ол бұл маңайдағы елдің ен, шебері. Шәйінға ол немере аға. Мінезі шәлкес ол адам, өз дегенінен басқаға көнген емес. Маған да ол, әрине, көнбейді. Сонысын біле тұра Зылиқа мен Шәйіннің көңілі үшін барып ем, қаба буырыл сақалды, қабағы түксиген, жуан дауысты Құсайын, тігіп отырған етігінен көзін де алмай, маған қысқа жауап қайырды.
— Бағын, өсіп келе жатқан баласың, шырағым,— деді ол,— бетімнен алды деме. Бұл қыз Шәйіндікі емес, менікі. Мен мұны жібермеймін. Қайталап айтпа, сөзіңді, қайталасаң көңілің қалады!..
Ағаш төсектің басында шөке түсіп отырған Зайраны Құсайын менен бұрын қорқытып қойған болу керек,— көзінде мөлтілдеген жасын төгеді де, үндемейді... Құсайынды көндіре алмай біз шығып кеткенде, үйден құлағымызға Зайраның сыңсып жылаған аянышты даусы шалынды... Жоғарыда аталған төрт баланы ертіп, мен ауылдан аттандым. Аттана алмаған балалар шулап жылап қалысты. Бізден қалғысы келмей жылап жүгірген кей баланы әлдекімдер ұстап ап жібермеді... Оларға мектеп керек. Сондай мектеп, сол жылдың күзінде біздің ауылда да ашылды... Достан біз Ғабиттің аулына тарттық. Оның ауылы (және Ойдағы Сыйбанның өзге ауылдары) «Құдайқұл, Қарағайлы» аталатын көлдердің жағасында отыр екен. Бұрын қоңыр үйлі, кедей шаруалы боп отыратын Махмет, бір баласы мұғалімдіктен, бір баласы советтік қызметтен табыс кіргізген соң, соңғы екі-үш жылда ауқаттанып, орта шаруалы үй бопты, үйінін, қасына, іші жасаулы ақ отау тігіпті. Ескі ауылдың қазағы үшін бұлай тұру зор салтанат, сондықтан Ғабиттің оқуға баруы туралы сөз болғанда, Хамит қолдағанмен, Махмет ыршып түсті.
— Бармайды! — деген қысқа жауап айтты ол.
Хамит екеуміз оны көндірмек болып ек, баласына ол,— оттамай отыр! — деп ақырып тастады да, маған:
— Өзің оқып жетіле берсейші, менің балама қамқор боп қайтесің,— деді.
Ғабит әкесінің сөзінен шыға алған жоқ.
Оқуға Ғабит баратын болса, бұл арадағы ауылдардан да он шақты ересек бала мен екі-үш жігіт ермек еді. Ғабитті әкесі жібермеген соң, оларды да әкелері жібермеді. Ғабитқа мен өкпеледім де, өз ауылымнан еріп келген балалармен, ертеңіне жүріп кеттім. Жолда мен Тоқпамбет аулына қондым. Ол ауылда, осы шығарманың біріншісінде аталатын, өмір бойы Құтырлаған (Екатериновка) станицасында жалшылықта болған Оразалы Мыңжасаровтың жалғыз және ақсақ баласы Әбілхайыр әке-шешесінен жетім қап, қайыр сұрап жүр екен. Оқуға оны да ала кететін болдық.
Тоқпамбетте қонып ертеңінде жүргелі жатқанымызда, бізді қуып Хамит келді.
— Ғабитті әкесі жіберетін болды,— деп келді ол,— жібермеуіне болмады, Ғабит оқуға жібермесең басқа жаққа кетем деп жатып алды, содан кейін амалсыз ризаласты.
Хамит бізді «бірге аттаныңдар» деп кейін алып қайтты. Оның әкесі көнген соң, өзге әкелер де көніп қалған екен. Бізбен бірге, жасы біз шамалас, кедей шаруада туып-өскен, Қызыл Армия қатарында болып келген Әбдіқожа Байсақалов жүретін болды. Он үш, он төрт жастағы балалардан еретін болғандары: Ғабиттің інісі Баязит, Садық Тайжанов, Жүкең Телебаев. Көршілес «Төре - төлеңгіт» аталатын ауылдан Мұса Оспанов деген бала. Лопушка аталатын казачая станицада өмір бойы жатақ боп мал баққан Байжанның жігіт баласы Ташкент кеп қосылды. Бұлардан басқа, жолдағы Андағұл болысынан ала кететін екі жетім бала бар: біреуі үй-күйі жоқ, менің жиенім — Омар Көпжасаровтың аулында қойшы боп жүрген Жұсыпбек Сатанов, екіншісі — әке-шешесі өліп, кедей ағасынын, қолында жүрген Әбдіреш Әбәуов. Біз қызық жағдайда аттандық. Түн бойы сауық құрған біздің ойымыз, таңғы салқынмен жүріп кету еді. Со кезде, «Ал, жүреміз» деп қозғалып ек, оқуға баратындардың шешелері, апа-қарындастары, кейбірінің әйелдері... дегендей, бірінен соң бірі құшақтай көрісіп, ауыл маңы азан-қазан боп кетті. Со көрісудің аяғы күннің көтерілуіне созылды... Ұмытып барады екем, жуырда еліне Әміржан кеп қалған. Даңқой мінезді ол, әлдекімнен грамофон сұрап алып, жолшыбай ойнатып келеді екен. Оқуға баратындармен көрісіп жылағандарды ол да тоқтатпақ боп, әрқайсысына білген сөзін айтып еді, жылаудың қызығына түскендер құлаққа аспады. Соған ызаланған ол бричканың үстіне грамофонды құрып алды да, сайратып қоя берді. Жұрттың көңілі грамофонға аударыла бергенде:
— Ал, мініңдер, арбаларыңа!.. Тарттық! — деген даусы шықты Әміржанның.
Оқуға баратындар арбаларға жапыр-жұпыр міне бастады.
— Тарттық, оқуға ! — деп, Әміржан грамофон қондырған арбаның аттарын айдай жөнелді...
Өзге арбалар да қозғалды... Қалын, көпшілік жігін ашып жол берді.
— Оқуға! — деп айғай салды, жел мінезді Әміржан, жөнеп бара жатып.
Балалар ма, басқалар ма: «Оқуға!» деген дауыстар, кең даланың таңертеңгі тымық ауасын күңірентіп жіберді. Оқуға ынтасы бар балаларды, Қызылжарға дейін біз жинастыра жүрдік. Қызылжардан Орынборға поезбен аттанғанда, олардың саны отызға жетті, көпшілігі кедей -батрактардан қалған жетімдер. Жол қаражатын өкімет берді. Ойыншы Әміржан, «Оқуғаны!» мәтел ғып па, Қызылжарға дейін айтып барған еді. Со дағдысымен ол, поезға мініп Қызылжардан жөнеле бергенде де, бар даусымен:
— Оқуға!..— деп айғай салды.
— Оқуға!..— дестік өзгеміз де.
ҚАРА ТАҚТАҒА ЖАЗЫЛҒАНДАР
Біз жүріп келеміз. Өткен жылмен салыстырғанда, темір жолдын, жұмысы бұл кезде бірталай тәртіпке түсіп қалған. Қазір былтырғы жылдағыдай станцияларда ошарылып, көп уақыт тұрып қалатын составтар жоқ, келген составтар расписаниемен, іркілмей тоқтаусыз өтіп жатады. Дегенмен пассажирлер үшін жүру оңай да емес. Мінген поезден ешқайда түспей айдай берсең құба-құп, егер, бір жерге пересадка жасасаң - ақ, станция іші лық толып отырады да, билетіңді компассировать ету ауыр бейнетке түседі. Қызылжар мен Орынбордың арасында ол кезде екі пересадка болады: бірі Челябада, бірі Кинельде. Біз де ертіп бара жатқан балалармен осы пересадкеге іліктік... Аз ғана кісі болса бір сәрі, дыңдай отыз шақты кісіге орын жете ме? Челябада билетті компассировать еттіре алмай ұрланып мініп ек, Златоус тұсында тексеріс болып, бізді түсіріп кетті. Онда бес-алты күн әуреленіп Кинельге жеттік... Онда төрт-бес күн ошарылып жатып, ақыры теплушкалардан құрылған составқа іліктік.... Сонша азаптың ішінде жүрген кісінің ұйқысы қана ма. Қалжырап жүрген адам, Кинельден Орынборға беттей қалың ұйқыға кірістім. Біреудің «өй келдік, тұр!» дегеніне оянып кетсем, Ғабит екен, терезеден қарасам, Орынбор вокзалының алдында тұрмыз. Киінейін десем, койкама төселген матрацтың аяқ жақ астына салып қойған шалбарым мен етігім жоқ. Серіктерім ойнап тыққан болар десем, олай болмай шықты... Енді ғана білдім, киімдерім ұрланған!.. Запас киім деген ол кезде менде болмайтын. Серіктерімде де запас жоқ екен. Тек, Ғабиттен ғана ескілеу галифе табылып еді, ол маған сыймады... Кинельден шығарда біз Орынбордағы менің жолдастарыма телеграмма берген ек, олар бізді вокзалда күтіп түр екен. Егер, олар еркек болса бір сәрі ғой, арасында рабфактың кластас қыздары да бар. Етіксіз, ,шалбарсыз оларға қалай көрінесің!.. Ұялғанмен амал жоқ. Ойнап-күліп бірге жүретін құрбылардың азан-қазан күлкісіне бөленіп, ыстық күнде сыртыма пальто кидім де, қалаға жалаңаяқ тарттым... Бізбен барған балалар қаладағы әрбір оқу орындарына жайғасты: біреулері—киноға, біреулері — Совпартқа, балалардың біразы — ересектер школасына, кейбірі үлгілі тәжірибе мектебіне. Бұл келген топтан рабфакқа Ғабит ақ түсті, орысша жақсы бітірген ол, рабфактың ІІ курсына алынды. Оқу мезгілімен басталды. Биылғы жылдың тәртібі өткен жылдан әлдеқайда түзеліп қалған. Биыл рабфактың оқу үйіне де, жатақ үйіне де қысқа жететін отын үйілген, үйлердің іші - сыртына ремонттар жүрген. Тамақ жағы да дұрысталып, үш мезгіл тойдыратын дәмді ас беретін болған. Ғабит екеумізге кешікпей одан да тәуір жағдай жасалды: со жылдың октябрь айында Қазақстандық ІІІ Советтер съезі өтті де, мен Каз. ЦИК - тің мүшелігіне сайландым. Мүшелерге ол кезде червонецпен айына жетпіс бес сом ақ орысқа бағынса елдігінен айрылады деген ой емес те. Өзі Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы болды... Кенесары өзін жер тәңірісіндей көрсетіп, қазақ елін аузына қаратып тұрмақ болды. Сондықтан ол, қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ, өз бақытын ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады... Өтірік айтса жаны шықсын, қазақтың қарт адамдары «Кене пәлен жерде пәлен тұқыммен өштесіп, буаз қатынның ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті» деп отырады. Соған қарағанда, Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап еді, момын еді деп мақтаған кісінің адасқандығы... Қырғызбен соғысқан мәнісі қалай? Ақырында Кенесары орыстың қолынан емес, қырғыздың қолынан өліп отыр. Не керек, Кенесарыны мақтағаньмыздың ішінде қырғыз отырмады, егер отырса, бетімізге түкіріп пәле қылар еді». Кенесары туралы қырқыншы жылдардың басына дейін осы пікірде келген менің, 1943 жылы басылған «XVІІІ — XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінен очерктер» деген кітабымда, оны халықтық адам деп қателесуім, жұрт алдында мойныма алған айып. Байтұрсыновтың да халқымызға жау екені тарихи фактылармен дәлелденген іс. Соларға қоса, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты халықтық адамдары да, сөз ғып отырған мақаламда жамандау себебім неде? Ол, менімше, со кездегі менің марксизмге піспегендігімнен ғой деймін. Менің ол кездегі ұғымымда хан мен байдан шыққандардың бәрі еңбекші көпшіліктің дұшпаны. Шоқан хан тұқымы, Ыбырай мен Абай — аталықты байдың тұқымы. Ол кезде саяси сауатым аз мен, соған қарағанмын да, бұл үшеуін де халыққа жат адам деп түсінгенмін, мақала да солай жазылған. Оның қате екені, жиырманшы жылдардың екінші жартысынан бастап, сан рет баспасөз бетінде мойынға алынды... Қате сөздерін мойындаумен қатар, «қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер» деген мақала, Кенесары мен Байтұрсынов сияқты халық жауларын мақтаған ұлтшылдарды әшкерелей кеп, былайша аяқталады: «қысқасын айтқанда, ақ жаға мырзалар Ахметті Ақаң демей, құдай деп шоқынып отырса да еркі. Бірақ, қазақтың еңбекшілері оның ұранына қосылмайды, дүние жүзінің кедейлерінің бірлік ұранына қосылады... Сондықтан, шешендер тілмарсып Ахметті еңбекшілерге майлап өткізем деуді қоюы жөн. Еңбекші қазақтың арасынан оған орын жоқ. Ахмет байдың Ақаңы, күле кіріп, күңірене шығып жүрген арамзалардың, болмаса ақ - жағалардың әкесі, еңбекшілердің Ақаңы да емес, әкесі де емес, досы да емес. Еңбекші қазақтың әкесі — өздерінің қолын теңдікке жеткізген — Октябрь революциясын басқарушы — Ленин... Ендеше, шешендерге айтатыным,— қисынсыз сөйлеп, еңбекшілердің қара тақтайына жазылып қалып жүрмеңдер!..» Өмір шындығына сүйенген жорамал ақталды. Байтұрсыновтың да, оны мақтаушылардың да аттары мәңгілік боп қара тақтаға жазылды...
Бұл мақаланың артынан тағы бір «жанжалға» араласуға тура келді. Қазақ әдебиетінде байшыл - ұлтшылдық бағыт 1905 жылдың бер жағында басталды десек, алғашқы он жылда бұл бағытты жетектеуші адамдар Байтұрсынов пен Дулатов болды. Әдебиет майданына олардан жеті-сегіз жыл кейінірек көрінген Мағжан Жұмабаев, революция жылдарында өзінің ұстаздарын басып озып, революцияға қарсы алашордашыл әдебиеттің туын қолына алды. Жұмабаевтың Омбыда, Қызылжарда Совет өкіметіне қарсы жазған өлеңдерінің бірталайы өткен тараулардан бізге таныс. Қызылжарда соққы көре бастаған Мағжан, 1922 жылдың күзінде Тәшкенге кетті. Со кезде бұ қалаға, Мағжаннан басқа да ойда-қырда қашып жүрген алашордашылдар жиналды. Қазақ тілінде «Ақ жол» деген атпен шығатын газет, «Шолпан», «Сона» деген атпен шығатын журналдар, алашордашылдардың ықпалында болды. «Ақ жолдың» бетінде Жұмабаевтың және басқа алашордашыл жазушылардың Совет өкіметіне ашық қарсы шыққан өлеңдері, әңгімелері, фельетондары, мақалалары басылып тұрды. Орынборда Байтұрсыновтың юбилейі құлап жатқанда, Тәшкендегі алашордашылар оны көтеріп, жоғарыда аталған журналдар мен газеттің беттерінде мақалалар жариялап, портретін басты. Мұның бәрін біз салқын қанмен оқып отыра алмадық. Бізге халық алдында Мағжанның және өзге алашордашылдардың халыққа жау екендігін әшкерелеуге тура келді. Осы мақсатпен біз 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдебиеттік сот жасадық. Білетін адамдардан сұрасақ, бұндай соттың әдеттегі соттан еш айырмасы болмайды екен. Бұнда да судья және заседательдер белгіленеді екен, айыптаушы мен қорғаушы тағайындалады екен, куәлар шақырылады екен. Осы тәртіппен өткізбек болған сотта, айыптаушылық міндеті маған жүктелді, қорғаушылық міндетін рабфактың Жәкең Сәрсембин дейтін оқушысы қалап алды, Қазір әлдеқайда, төменгі қызметтердің біреуінде жүрген бұл адам, ол кезде барып тұрған ұлтшыл болатын... Судья мен заседательдер әрине, бізге сенімді оқушылар. Куәлікке қалаған кісі шыға беруге тиісті... Соттың мәжілісі Свердлов клубының залында басталды. Кең; залға бұл жолы да адам сыймай, көп кісі сыртта қалып қойды. Сот құрылар алдында, алған мәліметімізге қарасақ, кәрілі-жасты алашордашылдар бұл сотты не құлатпақ, не өздерінін, пайдасына жаратпақ. Олардың бұл ниеттері іске аспады. Заң бойынша, сөз айыптаушыға беріледі екен. Менің екі сағатқа созылған айыптау — баяндамамнан кейін, залда отырған көпшілік қорғауы — Жәкең Сәрсембинді айғайлап сөйлетпей қойды... Жұмабаевтың, Совет өкіметіне қарсылығы, халық дұшпаны екендігін дәлелдеп сөйлеуші куәлар, жақтаушы куәларды басып кетті. «Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады» дегендей, «жалғыз қаздың үні шықпайды» дегендей, Жұмабаевты жақтаушы азшылықтың әлсіз үндерін көпшіліктің қалын, қуатты үні жоқ қып жіберді...
Сот үш тармақты қаулы алды: 1. Жұмабаев қазақ халқының, онымен қатар, қазақ халқына қамқор боп отырған Совет өкіметінің қас жауы деп танылсын. 2. Оның барлық шығармалары оқылудан алыну, өкіметтен сұралсын. 3. Бұдан былай советтік баспасөздің бетінен Жұмабаевтың, шығармаларына орын берілмесін. Сот қоғамдық түрде құрылғанмен, халық тілегінен туған оның үкімі со күннен бастап түгелімен іске асты. Аз уақытта Мағжан және оның әріптестері халық жауы боп әшкереленді. Баспасөзден Мағжанға да, оның серіктеріне де орын берілмеді.
Олардың аты да мәңгілік қара тақтаға жазылды.
БІЗ ДЕ АНТ ЕТЕМІЗ
1923—24 жылдардың оқу қысында ұлтшылдармен жұлқыса түсем деп, мен сабақ жағымды біраз босаңқыpaп алдым. 1924 жылдың күзінде өткен қазақ республикасының ІV съезі мені КирЦИК-қа мүше ғып сайлады. Өйту менің оқуыма аса жақсы жағдай жасады. Біріншіден. рабфактың өткен қыста жағылмайтын жатақханасында жаурай беретін болған соң Сәкен пәтерінің түкпіріндегі қараңғылау бір бөлмесіне Ғабит екеуіміз шығып алғамыз. Ол үйде Сәкеннің бізбен бірге оқитын інісі — Мәжит тұрады (қазір де тірі). «Байдың асын байғұс қызғанады» дегендей, ол отынды қызғанып, біздің бөлмені үнемі суық ұстады. Жарықты қызғанып электр шамын мезгілсіз жаққызбайды, «үйді түтіндетпеңдер» деп шылым тарттырмайды; кейде кеш келсек, «мезгілсіз уақытта мазаламаңдар» деп есікті де ашпайды; біз бұларды Сәкенге шағуға ұяламыз. Сондай қысымда жүрген, КирЦИК-ке мүше болған маған «Совет үйі» атала¬тын мейманханадан ақысыз, сәулетті, салтанатты бөлме тиіп, Ғабит екеуіміз көшіп алдық. Ол кезде мүшелік ақыға 75 сом беріледі. Бұл советтік ақшаның алтынға бағаланып қымбаттап алған көзі, мысалы: жүн матадан тігілген ен, жақсы костюм, 15—20 сом, хром етік 10—12 сом, базардың қойы 3—5 сом, тағы тағылар. Менің бір айда алған ақшама менің інім Шәкең, Ғабит, оның, інісі — Баязит төртеуіміз костюм, шинель сатып aп, жұттай киінгеніміз бар. Көшпелі ауылдың мақтанышты бір ісі қой сою. Ғабит екеуіміз де сөйтіп, жұмасына бір қой соямыз, етті сақтар жеріміз болмай, көбін шірітіп итке, не қоқыстық шұңқырға тастаймыз. Қойдан жеріген кезде, сол мейманханада тұратын қарт учитель, революционер Әбіш Тойбазаровтың үйіне масыл болдық. Оның әйелі — Ұлтуған өте жақсы мінезді, асқа мейлінше қылап адам еді. Бізді ол өте жақсы күтті. Ғабит марқұм әйелі — сол кезде қазақ педагогика институтында оқитын Хұсни Мұстафа қызы Ягуфароваға Ұлтуған арқылы танысты. Тойбазаров сол қыста өлді (менде суреті бар). Ұлтуғанның қайда кеткенінен хабарсызбын. Сабақтар жақсы оқылып жатты. Мен бір сабаққа ерек¬ше көңіл бөлдім, оның аты «Саяси сауат». Бұл сабаққа байланысты кітаптарды қарастыра жүре, менің ерекше көңіл бөлетіндерім — Лениннің қаламынан туған еңбектер. Ол еңбектерден қазақ тіліне аударылғандары, ол кезде жоқ, сондықтан, бірыңғай орыс тілінде оқуға тура келеді. Әлі де орыс тіліне жетіліп болмаған мен, грамматикалық және синтаксистік жағынан жазғанда я сөйлегенде қателер жібергенмен, орыс тілінде жазылған әдебиеттің мазмұныңа еркін түсінем, аса бір қиын ғылыми немесе саяси формулалар болмаса, өзге жағын түсінуге басқадан жәрдем сұрамаймын. Лениннің негізгі еңбектері ол кезде «Шығармалар жинағы» деген атпен томдап та, және әрбір еңбектері қалыңды жұқалы кітаптар боп жеке де басылып жатады, оқуға кітап жетеді, тек, тілін тауып оқи біл!.. Саяси сауатым әлі еркін ашылып болмаған, теориялық мәселелерге азуланып болмаған менің тісім, Лениннің біраз шығармаларына батыңқырамай, жалпы сарынын түсінгенмен, егжей-тегжейіне бара алмаймын, популярлық шығармаларды еркін меңгерем... Біздің замандағы тап тартысына бірден бір құрал Лениннің ғылымы екенін білем... Большевиктер партиясы аталатын ұйымды тарихта бірінші құрушы Ленин екенін, партияның да, оның көсемі Лениннің де күрес жолында басынан қандай қиыншылықтар кешіріп, ол қиыншылықтарды қалай жеңгенін, партияның, оның көсемі Лениннің Октябрь революциясын қалай ұйымдастырып, қалай жүзеге асырғанын, Совет өкіметі қалай құрылғанын, қандай қиыншылықтарды өткеріп келе жатқанын... осылардың бәрін енді жақсы түсінем... Сондықтан да, мен Ленинді шексіз сүйем, ендеше, оның еңбектерін оқуға құмартпағанда кімнің еңбектерін оқуға құмартамын!.. Лениннің еңбектерін мен ғана емес, рабфактың барлық студенттері де құмарта оқиды. Олар ғана емес, «Ленин сөзі» дегенде еңбекші атаулы құлақтарын түре қояды. Мысалға қазақ ауылдарын алайық. Тарихи жағдайлардың салдарынан, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің сана-сезімі советтік дәуірде ғана оянғаны мәлім. Лениннің атын оған дейін ауыл еңбекшілерінің азшылығы ғана естісе және реальдық адам бейнесінде емес, ертегілік бейнеде естісе, енді, Совет өкіметі Қазақстанда орнаған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, қазақ еңбекшілерінің қайсысынан сұрасаң да, «біздің қамқоршымыз Ленин» дей кетеді... Және олар бұл есімді аса зор махаббатпен мақтаныш қыла айтады... Ленин басқарған партияның, Ленин басқарған өкіметтің еңбекші көпшілікті, оның ішінде қазақ еңбекшілерін бақытқа жеткізуіне сенеді, сондықтан, тарихи жағдайдың салдарынан туған күнделік өмірдегі кейбір қиыншылықтарға қынжылмай, болашағына зор қуанышпен қарайды... Сондықтан да олар өздерінін, бақыттарына, Лениннің дені сау болуын, ұзақ жасауын шын жүректен тілейді, мен де тілеймін!.. Сондай тілектегі көңілге 1924 жылдың басынан қорқыныш түсе бастады... Өйтпегенде ше!.. Орталық газеттердің бетінен Лениннің сырқаттығы мәлім болды да, беталысы туралы күн сайын бюллетеньдер жарияланып тұрды. Бұған дейін ресми түрде жарияланбағанмен, Лениннің сырқаттығы көпшілікке мәлім боп қалған. Мен рабфакқа оқуға түскен жылдың қысында «Лениннің оң жақ қолы мен аяғы әлсіздене бастапты» деген қауесет шыққан. Оған біз нанбағанбыз да, өйткені, сол — 1922 жылдың ноябрь айында газеттер бетінде, Лениннің Москвалық Советтің пленумында айтқан сөзі жарияланған. «Денесіне жарымжандық кірсе, пленумға қалай қатынасады?» дескен, Ленинді сырқат деген сөзге сенбеген және сенгісі де келмеген жұрт. Осы қауесет 1923 жылдың көктемінде тағы көтеріліп, «Ленин он, жақ аяғы мен қолынан айрылыпты, тілі сөйлеуге келмей қапты» деген хабар тарап кетті. Ленинді сүйетін жүректер енді шынымен қобалжи бастады... Қауесеттің шындығы сол жылдың апрелінде анықталды. Осы айда партияның XІІ съезі болып етті. Бұған дейінгі съездерде Орталық Комитеттің есепті баяндамасын Ленин жасап жүрсе, XІІ съезде Сталин жасады. Ресми түрде жарияланбағанмен, соңғы съезге Лениннің сырқаттық салдарынан қатынаса алмауы анықталды. Сталиннің XІ съезде Орталық Партия Комитетіне Бас секретарь боп тағайындалуын баспасөзден көрген көпшілік, «Лениннің ен, сенімді адамы осы екен. Орталық Комитетті басқартуы содан екен» десті. XІІ съезде Орталық Комитеттің есепті баяндамасын Лениннің орнына Сталин жасағаннан кейін, көпшіліктің бұл ұғымы бұрынғыдан да нығая түсті... Солай ойлай тұра, Лениннің сырқатына көңілі қобалжыған көпшілік, 1924 жылдың басынан газеттер бетінде ресми түрде жарияланған бюллетеньдерге өлшеусіз зор тынышсыздықпен тесіле қарап, зор қауіппен, бұның арты неге соғарын күтті... Рабфак студенттерінің де, олардың ішінде менің де көңіліме осы қобалжу, осы тынышсыздық пайда болды. Ол кезде біздің Отанда радиофикация мәселесі әлсіз. Республикалық басқарушы мекемелердің кейбіреулерінде ғана болмаса, көп мекемелерде радиоустановка жоқ. Радио рабфактың оқу үйі мен жатақханасында да жоқ, сондықтан, күнделік жаңалық хабарларды біз Орынборда орыс тілінде «Советская степь» деген атпен, қазақ тілінде «Еңбекші қазақ» деген атпен шығатын газеттерден ғана керіп отырамыз. Лениннің сырқаты жайындағы бюллетень бұл газеттердің күн сайынғы сандарында басылады. Бюллетеньнің түріне қарағанда сырқат жайы ыңғайсыздау сияқты, сондықтан, «не боп кетер екен» деген ой жүректі шымшып түседі... Рабфакта бізбен кластас Шорман Ыбыраев дейтін жігіт оқиды. Шыққан жері Атбасарлық. Бала шағында ол да мен сияқты жетім қалып, таршылықпен күн кешкең. Оқуға ересек уақытында түскенмен, орыс тіліне жетік, бірақ, қоғамдық жұмыстарға аз араласатын, көбіне оқыған сабағын құнттайтын кісі еді. Мен онымен доспын. Сондықтан, 1924 жылдың басында Ғабит менен бөлініп жатақханаға көшкенде, Шорманды мен номеріме кіргізіп алдым. Мінезі жайдары жұмсақ бола тұра, оның бір әдеті — үлкен қызметтегі адамдардың кейбіреуімен байланысып, солардың үйіне барып жүреді, сондықтан өкіметтік, партиялық саясаттардың жаңалықтарын бізден бұрын естіп, бұрын біліп келеді. Кейде ол, өзімен таныс үлкен қызметкерлердің үйіне қонып та қайтады... Бір күні сабақтан кейін қыдырып кеткен Шорман кешке номерге қайтпады. Оны мен таныс адамдарының үйінде қонып қалған болар деп жорыдым, сондықтан, сабақтарымның кешкі пысықтауын бітіргеннен кейін, ұйқыға кірістім. Ауыр сабақтан біз аса қалжырап ұйықтаймыз... Бүгін де солай ұйықтап қалған екем, әлдекімнің есікті қатты ұрғанына оянып кеттім. Есеңгіреген қалпыммен кроватьтан домалай түсе қап, жүгіріп барып есік ашсам, ар жағында түсі қашып, екі көзі қызарып кеткен Шорман тұр!.. «Бұ несі?!» дегендей, таңдана қарай қап ем, ол қалтыраған қимылмен номерге сенделіп әрең кірді де, бетін алақандарымен басып, солқылдай жылаған дауыспен босағадағы креслоға құлай кетті!..
— Өй, Шорман, саған не болды?! —дедім мен қасына кеп. Онда үн жоқ, өксіп жылай берді!..
Біраз уақыттан кейін Шорманның аузынан «Ленин... өліпті!..» деген сөз жасқа булығып әрең шықты.
— Қойшы!—дедім мен жүрегім тас төбеме шығып, нанғым келмей.— Кімнен естідің?..
— Обкомның бір жауапты қызметкерінен... Түнде шифрмен телеграмма кепті! — деді жасқа қақалған Шорман, сөздерін бөлшектеп әрең айтып. Менің де көзімнен жас ыршып кетті... мен де солқылдап жылаған қалыппен кроватыма қисая кеттім...
Жан құбылысының өзге көріністері сияқты, әрине, жылауда да шек бар. Алғаш, көз жасына қосылып ағып кеткендей, баста дуылдаған миға түк ақыл оралған жоқ еді, аздан кейін оған да жан біткен сияқтанып, өзіне-өзі келе бастады... Енді, Шорман екеуміз үн қоса өкініп, бір-бірімізге жұбату сөздер айта бастадық...
«Біздің халіміз мынадай, жұрттың халі қандай екен?..»
Соны білу үшін және қайғылы халдің анығына жету үшін, біз көшеге шықтық. Уақыт әлі ерте. Сабақ басталуға әлі бірер сағат бар. Күн үскірік аяз. Тіршілік жабдығымен көшеде ерсілі-қарсылы қыбырлаған жандардың кескіндерінде, Отанның басына туған бүгінгі зор қайғының ізі әлі жоқ сияқты, соған қарағанда олар Лениннің өлімін естімеген тәрізді... «Жаманат жатпайды» дейді қазақ. Сол рас қой деймін, Шорман екеуміз рабфактың жатақханасына барсақ, студенттердің де кескіндері әлемтапырық. Көбінің көзі қызарып ісіп кеткен!.. Өкіметтің ресми хабары әлі жарияланбағанмен, кімнен естігендерін кім білсін, жолыға кеткен студенттер бір-бірінен:
— Естідің бе? — деп сұрайды ақырын ғана.
— Нені?
— Ленин өліпті деген сөз рас па екен?
— Бәсе, рас па екен? — дейді анау да бұрын естігендігін білдіріп.
Қайғылы хабардың растығы, түс көзінде шыққан газет ой, азалы сөздерінен мәлім болды. Газеттің бірінші бетінде, қара жақтаумен төңіректеліп Лениннің портреті басылған, оның қасына өкіметтің, хабарлауы, оның қасына Орталық Партия Комитетінің, Атқару Комитетінің аза тұту хабарлары жарияланған!.. Кешікпей халықтық жалпы аза басталды. Енді, көшелерге шықсаң да, үйлерге барсаң да, бәрінің аузында жалын атқан бір ғана сөз, ол — «ақылдана, Ленин - ай!..» Алғашқы бірер күні, ауыр күрсінумен ғана өткен көпшіліктің аузына, енді «Лениннің орнын кім басады?» деген сұрау туа бастады. «Ленин» атты поэмасында Маяковский айтқандай, бұл сұрауға әркімнің де берер жауабы біреу - ақ, ол — «Большевиктер партиясы!..» «Партияны кім басқарады?» деген сұрауға әзірге ешкім жауап бере алмайды... Ленин январьдің 27 күні жерленді. Оған соңғы құрметін көрсеткісі келген көпшілік, таң сәріден азалы демонстрацияға шықты. «Тіфу» десек түкірік жерге түспейтін түндегі үскірік аяз, күндіз ызғарын үдете түсті. Лениннің өліміне адам түгіл күннің де жүрегі ауырған сияқтанып, бүгін құлақтана, қызыл күреңдене шықты... Сырттан аяз, іштен жалын шарпыған көпшіліктің де кескіндері күн көзіндей күп-күрең... Бірақ, үскіріктен қаймығып, ешкімнің де баспана іздер түрі жоқ, еңбектеген жас пен еңкейген шал-кемпірдің арасындағы қимылдауға жарайтын көпшілік көшеде... Тан, ата басталған азалы демонстрация, түс ауа Орынбордың орталығындағы кең алапқа кеп құйылды. Сол тұсқа үйме-жүйме жиналған жанның қалыңдығы ұшан-теңіз сияқты, бірақ бұл теңіз дәл со бір сәтте, қимылдағы теңізге емес, тынған теңізге ұқсады. Алапқа ошарылған қалың жиынның ішіндегі жан адамда қимыл да жоқ, үн де жоқ... Ленин күндізгі сағат үште жерленді. Жерлеу процессиясы Орынбордағы алапқа радио арқылы айтылды ма, жоқ па — ол арасы менің есімде жоқ және айтылғанмен тоңазудан ба, әлде ауыр қайғыдан өкпе қабынғаннан ба, оны тыңдарлық күшім де жоқ. Жұқа киім, жүректің сыздауынан ба — дыбыс атаулыға менің құлағым дәл сол сәтте керең... Тек қана есімде қалғаны,— дәл сағат үште атылған көп зеңбіректің жер тітіреткен даусынан құлағымның емес, денемнің тітірей қалуы... Со кезде жан - жағымдағы жұрттың кескініне қарасам, әрқайсысының көзінен сорғалаған жастың әрбір тамшысы бір-бір қорғасын оқ сияқтанып, бетіне де, омырауына да түйін - түйін боп қата бастапты... Менің, есім бұл күйзелуден, Ленинді жерлегеннен екі-үш күннен кейін ғана жиналды, онда да номерімде емес, қалалық больница палатасының ішінде. Менің температурам бұл кезде 39 бен 40 тың арасында жүгіріп жүр екен. Бүкіл денем от болып жанып барады. Врачтың айтуынша — «өкпенің қабынуы», өзімше — ауыр қайғының күйігі!.. Адамға әр жағдайда қуануға тура келеді. Тұлабойым жалындап, қабынған өкпем кеудеме сыймай, булықтырған жөтелден тұншығуға айналған күндерімнің біреуінде, күтуші сестра палатама кірді де:
— Сіздің көңіліңізді сұрауға жолдастарыңыз кеп тұр, рұқсат па? — деді.
- Рұқсат! — дедім мен.
Үстеріне ақ халат жамылып кірген үш адамның біреуі — Үміт Балқашев, біреуі — Вера Солдатова, біреуі — Шорман Ыбыраев екен. Кеше — азалы күндерде әлемтапырық олардың кескін-кейіптері, енді жинақыланып қалған сияқты.
Денсаулық күйімді аз уақыт сұрастырып отырғаннан кейін:
— Өй, сенікі не бұл, ауырмайтын шақта ауырып? — деді Үміт.
— Не «шақ», айтып тұрғанын,? — дедім мен, оның көңілді кескінін ұнатпай.
— Лениндік призыв болып жатыр! — деді ол, көңілділігіне ыңғайсызданғандай.—Аниннің қазаға ұшырағанымен байланысты Орталық Партия Комитеті жұмысшы табына үндеу жазып, Ленин жасаған Большевиктер Партиясының маңына топтала түсуге, Ленин туын жоғары көтере түсуге, яғни партияға кіруге призыв жасап жатыр.
— Солай ма?
— Бүгінгі газеттерде, деді Үміт, қалтасынан бүктелген екі-үш газетті суырып алып,— Сталин жолдастың Ленинге берген анты жарияланды. Өзің оқисың ба, мен оқып берейін бе?..
— Оқуға шамам жоқ, өзін, оқы!..
— Вера оқысын! — деді Шорман.
— Оқиын,— деді Вера.— Бірақ, оқыр алдында ескертіп қояйын, бұл жолдас Сталиннің январь айының 26 күні, Советтердің Бүкілодақтық ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Бәрін оқып шығуға шыдамассың, тәуірірек болғасын түгел оқырсың, мен әзірге Сталин жолдастың Ленинге берген анттарын ғана оқиын.
— Мақұл! — дедім мен.
Сталиннің аузынан сөйленіп, Вера газеттен оқыған алты анттың әрқайсысының артынан «біз де ант етеміз» деген сөзді қайталай бердік... Олай демегенде ше!.. Еңбекші адам баласынын, бақытқа жетуіне Ленин жолынан басқа жол жоғын біз жақсы білеміз. Ендеше, сол еңбекші көпшіліктің ішінен шыққан біздің де жүрер жолымыз — Ленин жолы.
Екінші кітаптың соңы
1949-1955 жылдар.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру