TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 60 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 60 том

«Бабалар сөзі» сериясының 57-томына «Барақ батыр» жырының екі нұсқасы, «Көкжарлы Барақ батыр», «Базар батыр», «Бердіқожа батыр», «Жантай батыр», «Сырым батыр» жырының екі нұсқасы енді.

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.

Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

УДК 398

ББК 82.3 (5 Қаз)

Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,

Егеубаев А., Күзембаева С.A., Қирабаев С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:

С.Қосан (жауапты редактор), С.Қасқабасов,
С.Майлыбай, Қ.Алпысбаева
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
филология ғылымдарының кандидаттары:

С.Қосан, С.Сәкенов
Жауапты шығарушы:
Т.Әкімова

Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2010. Т. 60: Тарихи жырлар.—448 бет. ІSBN 9965-35-857-5 «Бабалар сөзі» сериясының 57-томына «Барақ батыр» жырының екі нұсқасы, «Көкжарлы Барақ батыр», «Базар батыр», «Бердіқожа батыр», «Жантай батыр», «Сырым батыр» жырының екі нұсқасы енді.

УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)

ІSBN 9965-35-857-5  (т. 60)
© Әдебиет және өнер институты, 2010

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09

Б 12

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған елу тоғыз томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,

бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы,
тарихи жырлардың жеті томы, батырлар жырының жиырма
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,

баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы
қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қым­
бат қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары дең­гей­де
безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуа­

нышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем
үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 60-том тарихи жыр­
ларға арналды.

Бұл томға ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қақтығыстары
кезінде ерен ерлігімен көзге түскен және кейбіреулері Ре­
сей басқыншыларына қарсы бітіспес майданға бел буған қа­
зақтың маңдайалды батырлары жайындағы тарихи жырлар

енгізілді. Олар: «Барақ батыр», «Бердіқожа батыр», «Ба­
зар батыр», «Жантай батыр», «Сырым батыр», «Ер Әжібай»
жырлары. Аталған тарихи жырлар күні бүгінге дейін жария­
ланбай келді. Қазақ елінің тәуелсіздікке қол созған, бұғауда

бұлқынған, азаттықты армандап, ер намысын қайраған биік
азаматтық сезім мен ерлікті ту еткен осы бір халықтық туын­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

дылар «Бабалар сөзі» сериясы көлемінде тұңғыш рет толық­тай
жарыққа шықпақ. Іздестіру жұмыстары барысында «Барақ
батыр» жырының төрт нұсқасы, «Сырым батырдың» үш
нұсқасы табылып, олардың барлығы қазіргі әріпке көшірілді,

вариант-версиялары салыстырылып, мәтіндік сараптаулар
жүргізілді. Соның нәтижесінде «Сырым батыр» жырының
екі нұсқасы іріктеліп, баспаға әзірленді. Ал «Барақ батыр»
жырының алғашқы екі нұсқасы табын Барақ батыр туралы

ел аңыздарына құрылса, үшіншісі найман Көкжарлы көкжал
Барақ батыр жайындағы тарихи сюжеттерге арналғаны
толықтай дәлелденді. Бұлардың үшеуі де мәтіндік сараптау­
лардан соң осы томға ұсынылып отыр.

Томға енген тарихи жыр мәтіндерінде сол дәуірдегі саяси-
қоғамдық сана мен тілдік ерекшеліктерді айқын аңғаруға бо­
лады. Мәселен, дәстүрлі эпикалық баяндаулармен қатар жа­
ңа әлеуметтік өзгерістер, тарихи және шынайы деректердің

көбірек кездесуі, орыс, жоңғар тіліндегі кейбір лексемалар­
дың ұшырауы осыған дәлел. Демек, ұлтымыздың асыл мұра­
лары халқымызбен қайта қауышып жатса, мұратымыздың
орындалғаны.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен­
ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер,
мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-
су атауларына сипаттамалар, жырларды жинаушылар мен

жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша
мазмұндама қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың
қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайын­
далды.
Томның көлемі—28 б.т.

Қолыма қалам алайын,
Ақ қағаздың бетіне
Қарадан сия жағайын.
Жазайын деп ойлансам,

Сөзге толық сарайым.
Бір нұсқа артта қалуға
Келтірген шығар орайын.
Ер Барақты жыр етіп

Жазуға тұрмын мұғайым.
Қатесі болса сөзімнің,
Кешірерсіз, ағайын.
Құлақ салсаң, жігіттер,

Ер Барақтың сөзінен
Азырақ қозғап қарайын.
Бұрынғы өткен заманда
Айтқан сөз босқа кетеді

Сөз білмейтін наданға.
Қалмақ пен қазақ сөздері
Айтылып жүр жыр болып
Осы күнгі адамға.

Мекені еді қалмақтың
Арқаның алты саласы,
Жалпы жатқан даласы.
Мекенінен қозғаған

Біздің қазақ баласы.
Жалған десең сөзімді,
Шежіреден қарашы.
Барақ батыр

(Ерғожа Құлпыбаев нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Асу, асқар белі бар,
Себер деген жері бар.
Қара қалмақ дейтұғын
Есепсіз қалың елі бар.

Сол қалмақтың елінде
Алакөбек ері бар,
Қатты Сыбан дейтұғын
Халық сұраған ханы бар.

Ала алмай жүрген қазақта
Қалмақтың кеткен кегі бар.
Бір күндері болғанда
Қатты Сыбан желігіп,

Халқына жарды салады,
Жұртын жинап алады.
«Аттануға қазаққа
Бар ма екен, деп талабы»,

Қол жиылып қалмақтан
Алты мыңдай болады.
Алакөбек бас болып,
Мұсылманменен қас болып,

Қазақтың елін шабуға
Аттанып қалмақ барады.
Аттанды қалмақ белменен,
Қазақты шаппақ ойменен.

Қалмақ жүріп келеді,
Босқандағы өзінің
Салып кеткен жолменен.
Жылмиып жатқан қу дала,

Адам жүрмес жерменен,
Төтелеп асып келеді
Асу да асқар белменен.
Күн-түн қатып жол жүріп,

Ай жарымдай күн жүріп,
Жеріне қазақ келеді,
Ел қарасын көреді.
Қосынын төгіп көп қалмақ

барақ  БАТЫР
Ат жеңілтіп мінеді.
«Бүгін жатып дем алып,
Тиелік ертең»,—деп еді.

Сол күндері қазағым
Бейқұт жатқан ел еді.
Үстіне келген қалмақтан
Хабар таппай тұр еді.

Орта жүздің ішінде
Түгел батыр бар еді,
Әруағы зор еді.
Ақылы артық данышпан

Патшаларменен тең еді.
Үш жүздің қазақ баласын
Ақылыменен жайғарып,
Басқарып тұрған сол еді.

Айтқанына Түгелдің
Қазақтың халқы көнеді.
Ақылмен ойлап алды-артын,
Халқының қамын жеп еді.

Қалмақ елінен шыққан соң бір жарым ай жол жүріп,
қазақтың жеріне кіреді. Елдің қарасын көріп, бір өзеннің
бойы­на қосынды төгіп: «Бүгін жатып дем алып, ертең қазақты
талқандап шауып алайық»,—деп жатып қалды. Бұл күндері

қазақтың елдері дұшпаннан қауіпсіз отырған ел еді, ел
сүйгендей қазақтың арасында атақты батыры жоқ, бұрынғы
Бөкенбай, Есет, Жәнібек деген аруақты ерлерінің өлген кезі
екен. Солардың заманын көріп қалған Түгел деген бір ақылды,

данышпан қарт адам бар екен. Сол кездерде үш жүздің қазақ ба­
ласын тегіс басқарып тұрған осы Түгел қарт екен. Елдің шетіне
ауыр қолдың түнегенінен хабарсыз Түгел қарт ордасында жа­
тып қалды.

«Таң атқан соң, қазақтың еліне тиерміз»,—деген түні Түгел
қарт жатып, ұйқысында қорқынышты түс көреді. Көрген түсінен
қорқып оянып, түн ішінде үш жүздің қазақ баласын, ат шапты­
рып, ордаға жинап алды. Басшы адамдарын ордаға алып, Түгел

қарттың мезгілсіз халық жинағаны туралы сөйлеген сөзі:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түгел қарт сонда сөйледі:

—Келдің бе, жұрт, жиналып,

«Не айтар» деп ойланып,
«Шақырды, деп, не үшін?»
Жүрмеңіз, жұртым, қиналып.
Мен бір түнде түс көрдім,

Түсімде мүшкіл іс көрдім.
Елдің аулақ шетінен,
Күннің шығар бетінен
Бір айдаһар келіп жүр,

Мұны көзім көріп жүр.
Иреңдеген көп жылан
Шағайын деп өріп жүр.
Айдаһардың үстіне

Аспаннан келіп ақ бұлт,
Түсейін деп төніп жүр.
Түсім шайтан болмаса,
Ата жауым бұрыннан

Елімді қалмақ торып жүр.
Айдаһардың үстіне,
Төніп жүрген ақ бұлт—
Ерлерімнің әруағы,

Елімді жаудан қорып жүр.
Көрген түсім аян-ды,
Түсімнен шошып ояндым.
Болмас едім жалғаншы,

Еліме берсең хабарды.
Бір Аллаға сиынып,
Қазағым салсын ұранды.
Аттанып келсе жау қалмақ,

Халқыма берер зиянды.
Жау қалмаққа жорыдым
Айдаһар менен жыланды.
Айдаһар болып көрінген—

Алакөбек қалмағың.
Төніп жүрген ақ бұлт—
Ақтан келген әруағым.
Алдынан қарсы аттансақ,

барақ  БАТЫР
Кәпір жауға ат қойсақ,
Оң болар еткен талабым.
Бұл түсімді «жалған» деп,

Қапыл болма, қазағым.
Обалына қаларсың
Жылаған қатын-баланың.
Алакөбек аттанса,

Ауыр қолмен қаптаса,
Алмай кетпес алмағын,
Салмай кетпес салмағын.
Қырып кетер елімді,

Өлтіріп кетер ерімді.
Өртеп кетер көлімді,
Хабарсыз жатқан қазаққа
Көрсетіп кетер көрімді.

Аттанар күнің бүгін-ді,
Бүгіннен қалса, қиын-ды.
Түсім шайтан болмаса,
Жеріме дұшпан құйылды.

Осылай деп Түгел қарт
Көрген түсін жорыды.
Осы түннің ішінде үш жүздің қазақ баласын жинап алып,
Түгел қарттың аттанысқа шыққан жері.

Жиналып келген көп қазақ
Түгелге құлақ салады,
Айтқанына нанады.
Үш жүздің қазақ баласын

Ат шаптырып жинады.
Елдегі қару жинатып,
Жау құралын сайлады.
Үш жүздің қазақ баласын

Жау алдына айдады.
Бұл жігіттің ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ?!
Аты шыққан ерлер көп—

Есет пенен Бөкенбай,
Арғыннан шыққан Жәнібек,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тілегін берген бір Құдай.
Заманында ер болып,
Қалмақты қырған бірталай.
Олардың өлген шағы екен,

Абылай сұлтан хан екен.
Үш батырдан басқасы
Сол сапарда бар екен.
Сол уақытта Түгел қарт

Сексенге шыққан шал екен.
Қарт та болса, сайланып,
Беліне қару байланып,
Түгел батыр келеді,

Аз ғана халқын айналып.
Түгел бастап келеді
Жасыл ала туменен,
Алтын жыға тонменен,

Жинап алған қазақтан
Мың жарымдай қолменен.
Сиынып Аққа келеді,
Рауан жолға кенелді.

«Барлап жүр!»—деп алдына
Қарауылшы жіберді.
Жер қайысқан қалмақты
Қарауылшы көреді.

«Қалмақ жауың келді»,—деп,
Түгелге хабар береді.
Көп деген соң қалмақты,
Елге қайғы енеді.

«Бір тәуекел, Алла!»—деп,
Түгел батыр жөнелді.
Жаудан қорқып қайтпаған,
Атының басын тартпаған

Әруақты ер еді,
Кереметті пір еді.
Сол уақыттар болғанда,

барақ  БАТЫР
Шұбалған шаңды көреді.
Шаң астына қараса,
Алты мыңдай қол шықты,

Алты жерден көтерген
Желбіреген ту шықты.
Қанаты бар қара атпен,
Үсті толған болатпен,

Көк бүркіттей шаңқылдап,
Дулығасы жарқылдап,
Алакөбек ер шықты.
Көрінді жаудың қарасы,

Енді болды тамаша-ай!
Қарсыласып екі жау,
Жақындап қалды арасы-ай.
Екі жақтан екі қол

Тұра қалды сап түзеп,
Бір-біріне оқ кезеп.
Алакөбек шығып тұр:
«Бір қазақ кел,—деп,—жекпе-жек».

Қанын құйып қалтаға,
Басын ұрып балтаға,
Өзі батыр болғансын,
Өлемін деп қорқа ма.

Алакөбек шығып тұр:
«Біреуің кел,—деп,—ортаға».
Айтулы ердің бірі еді,
Қолында оғы кезеулі.

«Батырына қазақтың
Жекпе-жек шықсам!»—деп еді.
Ат ойнатып, ақырып,
Маңдайын аттың тіреді.

Ақырып қалмақ тұрады,
Адырнасын құрады.
Жыға деген бір батыр
Қалмаққа қарсы шығады.

Барған жерден Жығаны
Қалмақ атып жығады.
Жыға батыр өлген соң,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазақтың белі сынады.
Бөкенбай, Есет, Жәнібек—
Соларды жоқтап жылады.
Астында қара ат ойнайды,

Ішіп, қанға тоймайды.
«Батырың болса, шығың!»—деп,
Қазақты сөгіп қорлайды.
Алакөбек қалмаққа

Шығатын батыр болмайды.
Енді батыр шықпады,
Шыққанды қалмақ мықтады.
«Батырың болса, келің!»—деп,

Қазақты сөгіп боқтады.
Қалмақтың айтқан бұл сөзі
Сүйектен өтіп кетеді,
Ту ұстап тұрған Түгелдің

Құлағына жетеді.
Сексенге келген Түгел қарт
Бұған не амал етеді.
Енді Түгел шықпаса,

Қазақтың ары кетеді.
Кеткенменен тұрмайды,
Қазақты шауып, ұнтайды.
Сонда Түгел толғайды,

Жасыл туын бұлғайды,
Жасы ағып көзінен,
Қысылып қалмақ сөзінен,
Жыламасқа болмайды:

—Қайран, қазақ елім-ай!

Сынды жаудан белім-ай!
Белім сынбай, не қылсын,
Қырылды жаудан елім-ай!
Есет пенен Бөкенбай,

Арғыннан шыққан Жәнібек,
Тілегін берген бір Құдай.
Заманыңда ер болып,
Қалмақты қырдың бірталай.

Қартайып тұрған шағымда

барақ  БАТЫР
Қысылды жаудан інің-ай!
Осы бүгін жар болып,
Бір көрінсе көзіме-ай,

Тарқар еді ішімнен
Менің қайғы-шерім-ай!
Қайтып келсейші баяғы
Өткен жастық күнім-ай!

Қайтып келсе сол күнім,
Осы күнде өзім-ай,
Жіберер едім қалмақты
Жеті тамұқ түбіне-ай.

Өткен күнім келмейді
Қазасыз пенде өлмейді.
Қартайып тұрған шағымда,
Қайтып тұрған бағымда,

Алакөбек кез болып:
«Жекпе-жекке кел,—дейді.
Енді бұған не шара?»
Осылай деп бейшара,

Жылап, толғап, еңірейді.
Жылап тұрған өз көзі,
Түгелдің айтқан бұл сөзі
Жиналып тұрған қазақтың

Құлағына кірмейді.
Және Түгел толғайды:

—Бір жаратқан Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Жәрдем берсең, Құдай-ай,
Пендеге бар ма уайым!?
Қартайсам да, халық үшін

Енді өзім шығайын.
Шығатұғын батыр жоқ,
Тумаса, қайдан табайын!
Қазам жетсе қалмақтан,

Өлсем, өліп қалайын.
Ақ шейітке қосылып,
Ұжмақтан орын алайын.
Егер қазам жетпесе,

2-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұл қалмақты қағайын.
Қайтер екен әлі де,
Сабыр етіп тұрайын.
Кешегі көрген түсімді

Осы бүгін сынайын.
Айдаһардың үстіне
Төніп тұрған ақ бұлт,
Сол бұлттан бар үміт.

Қалмақтың тобын бұзғандай
Шықпас па екен бір жігіт?
Сол уақтары болғанда,
Екі көзден жас ағып,

Түгел қарт толғап тұрғанда,
Қабағын тастай түйінген,
Көк бүркіттей иілген,
Қас-қабағы бүрілген

Қалың қолды қақ жарып
Шыға шапты бір шырақ.
Жауға шапқан баланың
Он сегізде жасы бар,

Қиылған қалам қасы бар.
Жас та болса, баланың
Балаған мыңға басы бар.
Астында ақ боз аты бар,

Мойнында тұмар хаты бар.
Ескендірдей баланың
Басына біткен шахы бар.
Бір Аллаға сиынып,

Қалмаққа шапты қар құдар.
Баланы көріп қалмағың,
Атының басын бұрады.
Атайын деп баланы,

Қалмақ оғын құрады.
Атпай тұрып, баланың
Аты-жөнін сұрайды.
Сонда қалмақ толғады:

—Сен не қылған баласың,

Оттай қаулап жанасың?!

барақ  БАТЫР
Жас жаныңды аямай,
Маған неге шабасың?!
Атайын деп мен тұрмын,

Атсам, өліп қаласың.
Ажалың айдап бара ма,
Қайда шауып барасың?
Қай батырдың сойысың,

Қай қазақтың ұлысың?
Жылдам білдір жөніңді,
Қай қазақтан боласың?
Сонда бала сөйледі:

—Мен қазақтан шыққан баламын,

Қаулап оттай жанамын.
Байқап қара, қалмағым,
Жас та болсам, аламын.
Сендей кәпір қалмақты

Отқа өртеп жағамын.
Абырой берсе Құдайым,
Ит қалмақ, сенің басыңды
Қанжығама таңамын.

Менің жөнім осылай,
Сені алмаққа барамын.
Сонда қалмақ сөйледі:

—А, жас бала, жас бала!

Бола берме мас, бала!
Қолым тимей жағаңа,
Атыңнан жылдам түс, бала!
Қолым тисе жағаңа,

Боларсың көпке масқара.
Тарта сөйле тіліңді,
Міндет қылма дініңді!
Қай қазақтың ұлысың,

Қай батырдың сойысың?
Жылдам білдір жөніңді.
Сонда бала сөйлейді:

—Мен айтайын жөнімді,

Алаулаған қалмағым.
Тыңдап қара сөзімді,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір Құданың құлымын.
Мұхаммедтің үмбеті,
Шын мұсылман—өзіммін.
Анамның аты—Қарқара,

Сатыбалды ұлымын.
Нағашым—Серке батырдың,
Сүйекті Серке сойымын.
Кіші жүздің ішінде

Руым менің—табын-ды,
Аллаға сырым мәлім-ді.
Жіберуге келемін
Жеті тамұқ түбіне

Бір шыбындай жаныңды.
Қолыңнан келсе, аяма
Өзіңдегі барыңды!
Алакөбек қалмақтың үшінші сөйлеуі

Сонда қалмақ сөйледі:

—Арқаның алты саласы,

Жалпақ жатқан даласы,
Мекені еді қалмақтың
Жайлаған ата-бабасы.
Байтақ жатқан халқымды

Мекенінен қозғаған—
Сіздің қазақ баласы.
Сол себепті қазақтан
Алуға тұрмын кегімді,

Қыруға тұрмын еліңді.
Өлтірдім талай, жас бала,
Ортаға шыққан еріңді.
Әуелгі кезек менікі,

Кезегімді бер енді.
Қалаған жерден атамын,
Батыр болсаң, тұр енді!
Кезектесіп атысқан

Ерлерден қалған жол еді.

барақ  БАТЫР
Барақтың үшінші жауабы:
Сонда бала сөйлейді:

—Алакөбек батырсың,

Дін дұшпаны—кәпірсің.
Қазақтың қатын-баласын
Қыруға келе жатырсың.
Құдай білер мұныңды,

Ала бер, қалмақ, жолыңды.
Қалаған жерден ата бер
Кезеулі тұрған оғыңды.
Қазам жетсе, өлермін,

Бейнетім болса, көрермін.
Егер қазам жетпесе,
Мен де саған төнермін.
Осылай деп ер Барақ,

Қарсы қарап тұрады,
Алладан жәрдем сұрады.
Кәпірдің атқан оғына
Бір тәуекел қылады.

Сол уақтары жау қалмақ
Тұттай көзі жанады,
Күшін жинап алады.
Қорамсаққа қол салып,

Көп оғына жол салып,
Толықсып тұрған баланы
Толғап тартып салады.
Бала киген сауыт жоқ,

Не қылып аман қалады!
Ажалсыз жанға өлім жоқ,
Кәпірдің оғын қағады.
Оғы жөніне кетеді,

Алакөбек қалмақты
Ер Барақ енді не етеді,
Балаға кезек жетеді.
Астындағы боз атпен

Алдынан шауып өтеді.
Сауыттың ашық жеріне

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көзі түсіп кетеді.
Айналып батыр бұрылды,
Сауыттың ашық жеріне
Найзаны бала бұйырды.

Қабаттап киген ақ сауыт
Найза тиіп, жиырылды.
Қазақ байғұс Аллалап,
Бір Құдайға сиынды.

Түсіре алмай қалмақты,
Бала көрді қиынды.
Әрлі-берлі ырғайды,
Аттан қалмақ аумайды.

«Кезегім менің бітті»,—деп,
Қалмақ қарап тұрмайды.
Бұ да салды найзаны,
Алдырмасқа бұл кәпір

Істеп жатыр айланы.
Екі батыр алысты,
Бермеймін деп намысты.
Бірін-бірі ала алмай,

Алатын амал таба алмай,
Бірталай жерге барысты.
Малды салды қонысқа,
Бөтен амал таба алмай,

Алакөбек қалмағың
Балта салды ұрысқа-ай.
Ұрған балта өтпеді,
Шапқан қылыш кеспеді.

Алакөбек батырдың
Бұл жұмысы бітпеді.
Қанша ұрысып жүрсе де,
Нағашысы Серкеден

Қалап алған ақ алмас
Батыр туған Барақтың,
Сірә, есіне түспеді.
Мінді батыр күшіне,

Тұрсын қарап несіне!
Қылышты көзі көрген соң,

барақ  БАТЫР
Беліндегі ақ алмас
Сонда түсті есіне.
Кәміл пірге сиынып,

Суырды белден алмасын.
Қиялай тартып қылышпен
Екі бөлді кеудесін,
Тастады кесіп кәллесін.

Қалмақ аттан құлады,
Ұзынынан сұлады.
Шын алтыннан соқтырған
Дулығасы бар екен,

Еңкейіп аттан алады.
Қанаты бар қара атты
Қосарлап батыр шабады.
«Батырың болса, келің!»—деп,

Қалмаққа қарсы тұрады.
Алакөбекті өлтіріп,
Басына бақыт қонады.
Алакөбек өлген соң,

Ерлікті көзі көрген соң,
Жекпе-жекке шыға алмай,
Қалмақ қаптай шабады.
Жабыла қалмақ шапқанда,

Қазақ қалай тұрады!
Араласып екі жау,
Жалпы соғыс болады.
Лалаулаған қалмаққа

Барақ қырғын салады.
Өліп жатқан қалмақтың
Қаны судай ағады.
Қалмақ қашып қазақтан,

Сай-салаға бұғады.
Ерлікті Барақ асырды,
Қалмақты қырып қашырды.
Бір Құдайым жар болып,

Алакөбек басылды.
Қартайса да Түгел қарт,
Бұ да қырып келеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айтпай не қып кетейін
Сол секілді асылды!
Олжа көрсе, басатын,
Жауды көрсе, қашатын,

«Ер» деп не қып айтамыз
Мойынға түскен масылды?!
Барады қашып қалмақтар,
Келеді қуып қазақтар.

Қашқан жауға қатын—ер,
Бәрі де батыр болып кетті
Алакөбек қалмаққа
Шыға алмай тұрған шырақтар.

Қалмақ қашты саладан,
Он сегіз жасар баладан.
Қашқанын біліп қалмақтың,
Қуды қазақ даладан.

Бір уақыттар болғанда,
Ер Барақтың қасына
Жетіп келді бір адам,
Ақ шалмасы басында,

Иман жүзді нұрлы адам.
«Қолыңдағы найзаңды,
Балам, бер»,—деп сұраған.
Әруағын байқаса,

Қардай жауып, бораған.
Бұл адамды көрмейді
Шауып жүрген аламан.
Қолындағы найзасын

Батыр Барақ береді,
Пірі екенін біледі.
«Қалмай, балам, ізімнен,
Адаспай ергін»,—деп еді.

Әлгі алған найзамен
Қалмақты қырып келеді.
Қайратына қызығып,
Ізінен бала ереді.

Асқар төбе бел еді,
Кейде шауып жөнелді.

барақ  БАТЫР
Ақ сәлделі адамның
Әруағы өрледі.
Қарсы келген қалмақтың

Жарылып өлді жүрегі.
Ізінен жетсе, қалмақты
Көк сүңгіменен түйреді.
Қалмақты қырып болған соң,

Әлгі алған найзасын
Қайтып келіп береді.
«Бәрекелді, балам!—деп,
Мен—Әзірет бабаң»,—деп,

Ғайып болып жөнелді.
Әзіреті Қызыр бабаның
Шылауында жүргенін,
Қалмақты қырып бергенін—

Мұны ешкім білмеді.
«Алты мыңдай қалмақты
Барақ қырды»,—деп еді.
Құдай артық жаратқан

Оқ өтпейді Барақтан.
Жібермеді бір адам
Алты мыңдай қалмақтан.
Қалмақты қырып болған соң,

Қас қарайып, күн батқан,
Бір мезгілде таң атқан.
Таң атқансын, Түгел қарт
Жар салып, халықты жинатқан.

Жинады батыр олжаны,
Сапарын Құдай оңдады.
Көп жиылған қазаққа
Сонда Түгел толғады.

Бұл жерде келген алты мың қалмақты өлтіргенін өлтіріп,
өлтірмегенін тірідей ұстап, алты мың әскердің ат-тонын
олжалап, ертеңгі сәске кезінде бір төбенің басына Түгел қарт
халқын жинап: «Кешегі күнгі Алакөбек қалмаққа жекпе-жек

шығып өлтірген бала қайда? Соны менің алдыма алып кел»,—
деп Түгел қарттың толғағаны:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Атқа міндік алмалап,

Қалмаққа шаптық Аллалап.
Бір Құдайым жар болып,
Қалмақты жеңдік олжалап.
Көп жиналған Алашым,

Бұл сөзіме сал құлақ.
Алакөбек батырға,
Бүкіл қазақ, бәрің де
Шыға алмадың қорғалап.

Кәрілік, саған сене алмай,
Бұл қорлыққа көне алмай,
Сол уақыттар жыладым,
Көзімнен жасым сорғалап.

Сол уақыттар болғанда,
Жыға батыр оққа ұшып,
Қалмақ сөгіп тұрғанда,
Қалың топты қақ жарып,

Шыға шапты бір шырақ.
Әруағын байқадым
Сол уақытта мен сынап.
Зікір айтып пірлері,

Ортаға алды қоршалап.
«Заманында ер болып
Екі Барақ келер»,—деп,
Аян берді әруақ.

«Әуелгі Барақ» дегенім—
Қоныстың ұлы Құлбарақ.
Заманында ер болып
Өтіп еді сол Барақ.

«Екінші Барақ» дегенім—
Сатыбалды ұлы—бұл Барақ,
Асынғаны—жау-жарақ,
Алакөбек кәпірге

Ұмтылып еді Аллалап,
Алакөбек кәпірді
Өлтіріп еді паршалап.
Кешегі бала сол шығар,

Осы көпте бар шығар.
Сол баланы алып кел,

барақ  БАТЫР
Қандай екен, көрейін.
Егер Барақ сол болса,
Жасыл туды ұстатып,

Ақ батамды берейін,—
деп Түгел қарт толғап тұрғанда, қазақтың басты адамдары:
«Кешегі Алакөбек батырға жекпе-жек шығып, өлтірген бала
қайда?»—деп жар салады. Баланы тауып, Түгел қарттың ал­

дына алып келген жері:
Қазақ кеңес құрады,
Алладан жәрдем сұрады.
Көп жиылған қазаққа

Түгел қарт толғап тұрады.
Түгелдің айтқан бұл сөзі
Көпке мақұл ұнады.
«Алакөбек қалмақты

Өлтірген бала қайда?»—деп,
Кіші жүзден сұрады.
Сол уақытта Кіші жүз
Барақтап ұран салады.

Барақтың ұран болуы
Сол заманнан қалады.
Кіші жүздің ішінен
Баланы іздеп табады.

Түгел қарттың алдына
Бала жетіп барады.
Сәлем беріп, иіліп,
Қолын барып алады.

Көрді Барақ батырды,
Алдына Түгел шақырды:

—Өлтірген бала сенбісің

Алакөбек кәпірді?
Көрейін деп көп қазақ
Баланың үстін жапырды.
Сол уақытта Түгел қарт:

«Кейін тұр!»—деп ақырды.
Сонда Түгел сөйледі:

—Айналайын, балам-ай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алла болсын панаң-ай!
Рақмет болсын, шырағым,
Сені туған анаңа-ай!
Балам, білдір затыңды,

Балдай сөзің татымды.
Ата-анаң, нағашың,
Білдірші маған баршасын,
Кім дейді қойған атыңды?

Қайырлы қылсын Құдайым
Басыңа біткен шахыңды!
Сонда бала сөйледі:

—Кереметті бабайым,

Жар болсын бізге Құдайым!
Қартайсаң да, бабам-ай,
Ақылға толық сарайың.
Сізді жауға шығарып,

Мен қалайша тұрайын!
Мен айтайын жөнімді,
Тыңдап қара сөзімді.
Сатыбалды баласы—

Барақ дейді өзімді.
Кіші жүздің ішінде
Табын дейді затымды.
Анамның аты—Қарқара,

Жібермен жауға ақымды.
Жеті атадан дұғалы
Нағашым—Серке батыр-ды.
Құдайым жәрдем болған соң,

Өлтірдім қалмақ кәпірді.
Алайын деп батаңды,
Көрейін деп атамды,
Алып келдім жетелеп

Түсірген жаудан атымды.
Сонда Түгел сөйледі,
Бір Аллаға Түгелдің
Тілегі қабыл ер еді.

Алдындағы Бараққа

барақ  БАТЫР
Қол жайып бата береді:

—Айналайын, Барағым,

Ойнасын жауда жарағың!
Кәпір жауға барғанда,
Көтерілсін талабың!
Жүрген жолың ашылсын,

Атысқан жауың басылсын!
Атың шығып жаһанға,
Торпағың көпке шашылсын!
Жеті атаңа барғанша,

Сары алтындай азбайтын
Айнымайтұғын асылсың.
Ерегіскен дұшпаның
Аяғыңа бас ұрсын!

Дәреже қонсын басыңа,
Өмір берсін жасыңа!
Кәпір жауға барғанда,
Ақсары бас қу болып,

Әруақ қонсын қасыңа!
Осылай деп Түгел қарт,
Қол жайып берді батасын.
Жасыл туды ұстатып,

Түзеді пірдің сапасын.
Қанаты бар қара атты
Түгел қартқа мінгізіп,
Сыйлады батыр атасын.

Олжаға батып көп қазақ,
Үлесіп олжа алады.
Әр адамның басына
Бірнеше аттан қорада.

Кірелеп нарға артылды
Қырылған жаудың жарағы.
Дұшпанын жеңіп, тыншайып,
Еліне қазақ тарады.

Енді қалмақты жеңіп, ат-тонын олжалап, қазақтар әр­
қайсысы өз еліне амандасып айрылысты. Келген алты мың
әскерден еліне біреуін қайырмай, барлығын өлтіргенін өлтіріп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

өлтірмегенін тірідей тұтқынға алды. Қазақтың еліне алты мың
әскер аттандырған қалмақтың халқы не болғанынан хабарсыз
қалды. Барақ батыр қазаққа жар салды: «Қалмақтың еліне
аттаналық! Біз өзіміз барып, қаласын бұзып, халқын талқандап,

шауып алмасақ, қалмақ бізге тыным бермес. Алты мың
әскердің әлек болып, Алакөбектің өлгенін өзіміз естірмесек,
болмайды»,—деп.
Барақтың осы бұйрығы бойынша байтақ қазақтың елінен

қырық жігіт даярланыпты. Досы би дейтін ақылды данышпан
би бар екен, сол Досы биді басшы қылып, қырық жігітпен Барақ
келген алты мың әскердің сүрлеу ізіменен қалмақтың елін іздеп
кетті. Қызылдың қия шөліне шыққан соң, жосылған ізден ада­

сып, қу мекен шөлге шығып кетіп, жолды таба алмай, аттары
шөлдеп, қырық жігіт: «Кейін елге қайтайық» деп уағда етеді.
Ер Барақ қырық жігітінің торыққанын біліп, Аллаға
мінәжат етіп, көк найзаға сүйеніп тұрып толғаған жері:

—Байладым қару беліме,

Олжа салып еліме.
Және аттанып, қалмақтың
Келемін түсіп ізіне.
Жосылған ізден адасып,

Шығып кеттім шөліне.
Жанның басқан бір ізі
Көрінбейді көзіме.
Мінәжат етіп сиындым,

Бір Жаратқан, өзіңе.
Жаратып бізді шығардың
Бұл дүниенің жүзіне.
Қырық жігітке бас болып,

Ерлігіме мас болып,
Шығып ем елге көріне.
Тілекті берсең, Құдайым,
Қандырғыл рақым көліне.

Су таба алмай, шөлдедім,
Жан таба алмай, меңдедім.
Тілегімді берместей,
Сүймейтін пендең мен бе едім?

Ылдиы жоқ, өрі жоқ,

барақ  БАТЫР
Құдығы жоқ, суы жоқ,
Бұйра құмды қу дала
Су бітетін жері жоқ.

Маңдай түзеп жүретін
Жанның басқан ізі жоқ.
Шығып кеттім адасып
Қу мекиен далаға-ай,

Енді қайтса бола ма-ай?!
«Жаяу айдап аттарды
Барақ қайтып келді» деп,
Қалдырма бізді табаға-ай

От басында отырған
Елдегі қатын-балаға-ай!
Мінәжат етіп сиындым
Бір Жаратқан, панаңа-ай!

Тілекті берсең, Құдайым,
Аспаннан жаңбыр жаудырып,
Бүгін суға қандырып,
Жеткізсейші қолымды

Қалмақ салған қалаға-ай!
Сол уақыттар болғанда,
Көк найзаға сүйеніп,
Батыр толғап тұрғанда

Сапарын Құдай оңдады.
Бір сағаттай болмады,
Қазандай қара бір бұлт
Жауайын деп торлады.

Су таба алмай тентіреп,
Найзасымен жер тіреп,
Бір Аллаға сиынып,
Тұр еді батыр су тілеп.

Қазандай қара бір бұлт
Жауайын деп күркіреп,
Бұлт ойнап келеді,
Келе құя береді.

Су сарқырап ағады,
Тарыққанда осындай
Тілегі қабыл ер еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шөлдеп тұрған батырлар
Аттан түсе қалады,
Аты менен өздері
Суға мықтап қанады.

Бір күн жатып, демалып,
Ат оттатып алады.
Суға қанып алған соң,
Тілегі қабыл болған соң,

Жолды іздеп табады.
Жолға түсіп батырлар,
Қуанысып шабады,
Қалмақтың елін табуға,

Қаласын бұзып шабуға,
Күн-түн қатты, жол жүріп,
Іздеп кетіп барады.
Батырлар жолға түсіп, бірнеше күн жол жүріп, қалмақтың

бір бөлек қаласының үстінен шықты. Қырық жігіт қалаға
көріне шабуға жүрексініп тұрғанда, ер Барақтың қаланы
көріп, қайраттанып, қырық жігітін қайрап, ағасы Досы биден
ақыл сұрап толғаған жері:

Суға қанып алған соң,
Тілегі қабыл болған соң,
Көңілден қайғы кетеді.
Қалмаққа талап етеді,

Күн-түн қатып жол жүріп,
Не жерлерден өтеді.
Алакөбек жеріне,
Қалмақтың қалың еліне

Бір күндері жетеді.
Қалмақтың көрді қаласын,
Енді табар айласын.
Қаланы көріп алған соң,

Қолына алды найзасын.
Басшы қылған алдында
Досы би деген ағасын:
«Шабайық,—деп,—қалаға»,

Қайрады батыр жолдасын.

барақ  БАТЫР
Енді іркіліп тұра алмады
Қаланы көріп алған соң,
Жолдасына ер Барақ

Біразырақ толғасын.
Сонда Барақ сөйледі:

—Әй, қырық жігіт, жолдасым!

Ақылдасым, мұңдасым!
Сендерді жауға бермеспін,
Кесілмесе бір басым.
Қырық жігіттің ішінде,

Дос би, басшы ағасың.
Тар жерде ақыл табатын
Сен ақылға данасың.
Бүгін көрсет, Досеке-ау,

Көп ақылдың пайдасын!
Биікке шығып, қалмақтың
Көріп тұрмыз қаласын.
Қаласын бұзып, құлатып,

Көл құсындай шулатып,
Шығалық айдап қалмақтың
Қатыны менен баласын.
Іздеген жауым табылды-ай,

Құдай ашқай бағымды-ай!
Шаппаймысың, жігіттер,
Жаулап келген жауыңды-ай,
Аулап келген ауыңды-ай?

Қырық жолдасым, шабыңдар,
Қайтарма жаудан тауымды-ай!
Өзім бастап шабамын,
Ердің ісі—тәуекел,

Керек пе елге уайым!
Қаласын бұзып қалмақтың,
Бір талқандап шығайын.
Бізге жәрдем бере көр,

Жаратқан ие, Құдайым!
Бүгін шауаш етелік!
Өлсек, өліп қалармыз,
Өлмесек, бұзып алармыз.

Тұлымдысын тұл етіп,
3-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аруларын күң етіп,
Ат көтіне салармыз.
Қырғын салып қалмаққа,
От жіберіп шарбаққа,

Қанын төгіп кәпірдің,
Жіберелік тозаққа.
Келіп тұрып, бос қайтсақ,
Болмай ма намыс Бараққа,

Болармыз мазақ қазаққа.
Ғазатқа шыққан ерлерді
Жеткізген Тәңірім мұратқа.
Кел, жігіттер, шабыңдар!

Хабар тапса бұл қалмақ,
Өтіп кетер ар жаққа,
Хабар салар жан-жаққа.
Сібірден ары өткен соң,

Қиын болар алмаққа.
Барақ батыр қырық жігітіне бұлайынша кеңес айтты.
Барақ батырдың кеңесін тыңдап тұрып, сонда Досы бидің
айтқан ақылы:

Досы би сонда сөйледі:

—Айналайын Барағым,

Ойнасын жауда жарағың.
«Жасы үлкен аға» деп,
Ағаңнан ақыл сұрадың.
Ақылыма түсінсең,

Сабырлыққа шыдаңыз.
«Сабырдың түбі—сары алтын»,
Естіген жоқ па құлағың?
Сабырлықпен іс қылсаң,

Асыл болар мұратың.
Қалмаққа келдік аттанып,
Айтамын ақыл, сақтанып.
Айласыз батыр тез өлер,

Ерлігіне мақтанып.
Жау қарасын көрген соң,
Шабуға тұрмыз оқталып.

барақ  БАТЫР
Алакөбек қалмаққа
Тұрғаның жоқ тоқталып.
Екі бөлдің кеудесін,

Шамырқанып, шаттанып.
Мұны көріп, қуанды
Қазақ байғұс мақтанып.
Байлап қару беліңе,

Олжа салып еліңе,
Және аттанып қалмақтың
Келіп тұрмыз жеріне.
Айналдырған қырық жігіт

Ер болсақ та көріне,
Байтақ жатқан қалмақтың
Тие алмаймыз еліне.
Мен бір ақыл айтайын,

Көрінсе мақұл көбіңе.
Бұл сөзімді, Барағым,
Арнап айттым өзіңе.
Айдынды туған Барағым,

Құлағыңды сал сөзіме.
Қырық жігіттің ішінде,
Қалмақтың тілін білетін
Ысылған жігіт бар болса,

Жансыз қылып қалмақтың
Жіберелік еліне.
Батырлық деген он түрлі,
Ақиқат батыр бір түрлі

Алатын жауды найзамен.
Тоғыз түрлі батырлық
Болады батыр айламен.
Ақиқат батыр сен едің,

Тар жерде ақыл табатын
Ағаң—Дос би мен едім.
«Әзір шаппай тұралық
Лалаулаған қалмақты,

Алармыз оңай» деп едім.
Әзір шаппай тұралық,
Барағым, етпе балалық.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жансыз болып қалмаққа
Біреуіміз баралық.
Өзі болып қалмақтың
Барып, жарды салалық.

«Алакөбек ел шауып,
Аман-сау қайтып келед»,—деп,
Сүйіншіні сұралық.
Біреудің кеткен баласы,

Аттанып кеткен қалмақтың
Атасы менен анасы
Алдыңнан шығар шұбалып.
Қыз-келіншек, әйелі

Қалмай шығар қуанып.
Қаладан аулақ шыққан соң,
Лалаулаған қалмақты
Айламен сөйтіп алайық.

Айласыз батыр тез өлер,
Айламен нашар теңелер.
Айламенен іс қылсаң,
Сапарың сенің оңалар.

Досы би бұлай дегенсін,
Қасындағы қырық жігіт
Бір жерге қойды кеңесін.
Досының сөзін байқады,

Атының басын тартады.
Тайша деген бір жігіт
Сонда көпке айтады,
Тайша сонда сөйледі:

—Ақылын айтты Досекең,

Ақиқат ақыл осы екен.
Хабар таппай тұрғанда,
Қаланың аузы бос екен.
Айтқанын мұның істелік,

Бұл ақылды кісі екен.
Мен барайын қалмаққа,
Құмар болып мен тұрмын
Жансыз болып бармаққа.

Қалаға жалғыз кірейін

барақ  БАТЫР
Сиынып ата-әруаққа.
Жеті жасар күнімде
Қалмаққа түскен мен едім,

Тоғыз жылдай қалмақтың
Түйесін бағып жүр едім.
Он алты жасқа келгенде,
Елге қашып келгенмін.

Сол себепті қалмақтың
Сөйлеп тілін білемін.
Жіберсең, барып келейін,
Хабарын анық берейін,

Қазам жетсе, өлейін.
Егер қазам жетпесе,
Қаласынан қалмақты
Бір шығарып берейін.

Тайша батыр қалмақша киініп, қабағын тастай түйініп,
бір Аллаға сиынып, қалмақтың қаласына жалғыз кірді. Көп
жиылып тұрған қалмақтардың ортасына барып, Тайшаның
толғап тұрған жері:

Тайша деген ер еді.
Ерлігінің белгісі—
Аузы қанды бөрі еді,
Қаласына қалмақтың

Тайша жалғыз кіреді.
Барған күні Тайшаның
Қалмақтың мейрам күні еді.
Көп жиналған қалмаққа

Тайша тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Аттанып кеткен қазаққа

Алакөбек ер еді,
Аламаны көп еді.
Қазақты шауып, олжалап,
Аман-сау қайтып келеді.

Қазына-жасау жайнатып,
Аяқты малды тулатып,
Жесір айдап, шулатып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жүргізе алмай келеді.
Кештен қалмай, қалаға
Осы бүгін кіреді.
Қасындағы жолдасы

Еріп жүрген мен еді.
«Елімді, барып, қуант»,—деп,
Мені жұмсап жіберді.
Алдынан шықсаң қуанып,

«Батыр, сауға!»—дегенге
Қалағанын береді.
Мұны естіп қалмақтар,
Қаладан шыға береді.

Тапқаны көлік мінеді,
Таппағаны жаяулап,
Жаяу жүгіре береді.
Тайша жарды салады,

Ақылсыз қалмақ нанады.
Қыз-келіншек, әйелі
Қалмай шауып барады.
Қаладан аулақ шыққан соң,

Аңдып тұрған батырлар
Қаршығадай шабады,
Еркегін қоймай қырады.
Қыз-келіншек, әйелін

Қамап ұстап алады.
Қайта кіріп қалаға,
Қазыналы жасауын
Кірелеп нарға артады.

Алды толған мал алып,
Шулатып жесір, жан алып,
Жолы болып Барақтың,
Аман-сау елге қайтады.

Барақ батыр қалмақтың бір бөлек елін шауып алып, еліне
қайтады. «Қаланы қазақ шауып алды»,—деп, қалмақтың
ханы Қатты Сыбанға хабар береді. Қатты Сыбан хан
«Халқымды қазақ келіп зәбірлейді» деп ойлап жүрген жоқ еді.

«Алты мың әскерменен Алакөбек батырымды қазаққа ат­

барақ  БАТЫР
тандырдым. Қазақты шауып, олжа алып келеді»,—деп жүр
еді. «Елді қазақ шапты» дегенді естіп, халқынан үш жүз ба­
тыр ертіп, Көксуын деген тұлпар атын мініп, елін шапқан

қазақтың артынан қуған жері:
Қатты Сыбан ер еді,
Ерлігінің белгісі—
Аузы қанды бөрі еді.

«Хан болып өзім тұрғанда,
Қаласына қалмақтың
Дұшпан келмес»,—дер еді.
«Алакөбек батырым

Қазақты шауып, олжалап
Келеді»,—деп жүр еді.
Үш жүз қалмақ ертіп,
Елін шапқан қазақты

Баса қуып жөнелді.
Астындағы Көксуын
Маядай мойнын созады,
Шапқан сайын қызады.

Үш жүз атты қалмақтан
Көксуын басып озады.
Басын тартса, тұрмады,
Артына мойнын бұрмады.

Сүйегі қызып кеткен соң,
Дегенді тұлпар қылмады.
Көксуын тұлпар есірді,
Төрт аяғын көсілді.

«Айырып алып қалам,—деп,
Шулаған жетім-жесірді.
Келе берің артымнан,
«Жалғызбын» деп тартынбан.

Мың кісіге бір өзім,
Сұраман көмек халқымнан.
Көксуын тұлпар шапқан соң,
Жер танабы тартылған.

Айырып алып қалайын,
Көп ұзатпай жақыннан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кегімді алып қалайын
Елімді шапқан батырдан».
Астындағы Көксуын
Оқ жыландай атылған.

Астына мінген көк атқа
Сыбан хан қамшы басады.
Шаңы шығып аспанға,
Күдерден күдер асады.

Шаң-тозаңын суырып,
Жер танабын қуырып,
Қанатты құстай ұшады.
Сол уақыттар Көксуын

Арандай аузын ашады,
Аяғын топтап басады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.

Шапқан сайын оянып,
Қара терге батады.
Елін шапқан қазаққа
Жететін қалмақ ұсады.

Қалмақтың елін шауып, жесір алып, мал айдап бара
жат­қан қазақтың батырларына Қатты Сыбан хан шаңы
аспанға шығып қуып жететін болды. Қуғыншыны көріп,
қырық жігіттің көңліне қорқыныш, алағада кірді. Қасындағы

қырық жолдасының қуғыншыдан қауіпті қорқынышын біліп,
Ер Барақтың Досы биден ақыл сұрап, қырық жігітін қайрап,
толғап тұрған жері:
Сонда Барақ сөйледі:

—Әй, қырық жігіт, қырық жігіт!

Қуғыншы келді, тұр, жігіт!
Жауды көрсе, шабатын
Бәріміз де ер жігіт.
Қалмақ қуған ұсайды,

Енді ұрыстың қамын ет!
Бізге жәрдем бере гөр,
Бір жасаған Құдірет.

барақ  БАТЫР
Көрген жауың осы ма?!
«Жау келді» деп шошыма,
Аптықпа көңлім, сабыр ет!

Арт жағыма қарасам,
Будақтаған шаң шықты.
Шаң астына қарасам,
Бізді қуған жау шықты.

Алдымызда көгеріп
Аққан өзен су шықты.
Досеке, басшы ағасың,
Тар жерде ақыл табатын,

Сен ақылға данасың.
Бүгін көрсет, Досеке-ау,
Көп ақылдың пайдасын.
Көріп тұрмыз алыстан

Қуғыншының қарасын.
Ер жігіт қайтып бере ме
Қолындағы олжасын?!
Ұйқы көрмей, түн қатқан

«Қара қалмақ» дейтұғын
Қатты Сыбан болмасын.
Бір жолықпай қалар ма,
Артымыздан қуғанмен!

Қасымдағы қырық жігіт,
Қатты Сыбан қалмаққа
Қайсысың тұрып қаласың?
Арыстандай білекті,

Жолбарыстай жүректі
Қатты Сыбан қалмаққа
Батыр жігіт керек-ті.
Абыройлы боларсыз,

Тәңірім берсе тілекті.
Осы сапар, Досеке-ау,
Сендерге бердім кезекті.
Барақ сынды ініңе

Бермейсіңдер ме көмекті?!
Досы би сонда сөйледі:

—Батыр туған Барағым,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ойнасын жауда жарағың.
«Жасы үлкен аға» деп,
Ағаңнан ақыл сұрадың.
Тар жерде ақыл табатын

Ағаң—Досы би мен едім.
Жау жағымда тұратын
Әруақты інім сен едің.
Тар жерде ақыл таппасам,

Қол қайратқа кем едім.
Қасымда жүрсең, Барағым,
«Дұшпанға бермес» деп едім.
Қара тастан жаралған

Айнымаған жүрегің,
Беріп тұрсың кезегің.
Жау көрінбей тұрғанда,
Бір кісіменен бір едің.

Жау қарасын көрген соң,
Мың кісіменен теңелдің.
Қара тастан жаралған
Айнымаған жүрегің.

Қырық жігіттің кезегін
Берсең де, бұлар ала алмас,
Қарсы тұрып қала алмас.
Буынғаның беліңе—

Балдағы алтын ақ алмас.
Сен тұрғанда, бұлардың
Біреуі ұстап, шаба алмас.
Жасыңнан Барақ атанып,

Шамшырақтай тұтанып,
Аттанып едің қалмаққа,
Түгел қарттан бата алып.
Артымыздан қуғыншы

Жау келеді тақалып.
Қатты Сыбан қалмаққа
Өзіңіз тұрып қалмасаң,
Біз қалармыз шаталып.

Малды айдап қуалық,
Ағып жатқан Есілдің

барақ  БАТЫР
Өткелін тауып алалық.
Өткелін тауып алмасақ,
Бұрын өтіп қалмасақ,

Алдымыздан су шығып,
Артымыздан жау қуып,
Біз қалармыз қамалып.
Кетпесін жауға арымыз,

Алла болғай жарымыз.
Судың бергі жағында
Қалмасын олжа малымыз.
Тілімді алсаң, Барағым,

Қатты Сыбан қалмаққа
Өзіңіз тұрып қалыңыз.
Сонда Барақ сөйледі:

—Он сегіз мың ғаламға

Пана болғай, Құдайым!
Өзіңнен жәрдем сұрайын,
Жәрдем берсең, Құдай-ай,
Пендеге бар ма уайым?

Олай десең, Досеке-ау,
Өзім-ақ тұрып қалайын.
Бұл секілді қалмақтың
Көрермін әлі талайын,

Иен аулақта ұрысып,
Бір құмардан шығайын.
Қырық жігітім, барыңыз,
Алла болғай жарыңыз.

Судың бергі жағында
Қалмасын олжа малыңыз.
Барақ інің сау тұрса,
Дұшпанға кетпес арыңыз.

Досеке, жолға бастаңыз,
«Жау келді» деп саспаңыз.
Мынау Барақ ініңді
Жау бетіне тастаңыз.

Қазам жетсе, өлермін,
Ақтың жөнін көрермін.
Егер қазам жетпесе,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Келе жатқан қалмақты
Бір тоқтатып берермін.
Абырой берсе Құдайым,
Қанын жерге төгермін.

Ағып жатқан Есілге,
Аман болсам, Досеке-ау,
Артыңнан қуып жетермін.
Осылай деп ер Барақ,

Қарсы тұрып қалады,
Алладан жәрдем сұрады.
Келе жатқан қалмаққа
Бір тәуекел қылады.

Шаң-тозаңын суырып,
Жер танабын қуырып,
Бала қарсы тұрады,
Бір Аллаға сиынып.

Үш жүз атты көп қалмақ
Келе жатыр құйылып,
Кезеулі оғы қолында,
Аламаны соңында,

Келе жатқан қалмақтың
Тұр еді бала жолында.
Тұр еді жалғыз оңаша,
Енді болды тамаша.

Келе жатқан қалмақтың
Кескініне қараса,
Басы қара қазандай,
Кірпіктері сабаудай,

Екі көзі қалмақтың
Жанып тұрған панардай.
Аузын байқап қараса,
Қазып қойған ұрадай.

Аузынан шыққан түтіні
Бұрқырайды тұмандай.
Келе жатқан қарқыны
Арқадан соққан борандай.

Айбатына қараса,
Күркірейді қабандай.

барақ  БАТЫР
Әр саусақтың жуаны
Жаңа туған баладай.
Тұрпатына қараса,

Балшықтан үйген моладай.
Түгі шығып сыртына,
Ысқырады жыландай.
Екі аяғы салақтап,

Екі көзі алақтап,
Сыбан қалмақ таянды-ай.
Сыбан жетіп келеді,
Жалғыз тұрған баланы

Сыбан қалмақ көреді.
Баланы көріп жау қалмақ,
Сонда тұрып сөйледі:

—Мен бір жүрген лашын,

Жазып келдім құлашым.
Лашынның алдында
Қарға тұрар бола ма?!
Не қылып тұрған баласың,

Өлмей тұрып, жөніңді айт?!
Елімді шауып, бүлдіріп,
Қайда қашып барасың?
Сонда бала сөйледі:

—Келдің бе, қу қалмағым,

Сенде көп-дүр алмағым.
Кәпір болдың, сен қалмақ,
Дегенін қылмай Алланың.
Аллаға қарсы болған соң,

Сол себеп сені жауладым.
Жаулығым әлі біткен жоқ,
Жағаңнан қолым кеткен жоқ.
Батыр болсаң, алып қал,

Көзіңнің қырын салып қал,
Есілден малың өткен жоқ.
Сонда қалмақ сөйледі:

—Қазақ деген ел едің,

Ежелден жауым сен едің.
«Қазақ шапты» деген соң,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Баса қуып келемін.
Алакөбек батырдың
Ағасы Сыбан мен едім.
Алты мыңдай қолменен

Аттандырдым қазаққа
Алакөбек ерімді.
Ол да барып, бір жерден
Шапқан шығар еліңді.

Жылдам қайыр малымды,
Қазына-мүлік барымды.
Өлмей тұрып, тастап кет
Қатын-бала, жанымды.

Қайырмасаң, төгермін
Бір қасықтай қаныңды.
Менің атым—Сыбан ер,
Қашаннан халыққа мәлім-ді.

Өзің қандай, мен қандай,
Білемісің әліңді?!
Сонда бала сөйлейді:

—Бір Аллаға жылармын,

Пірден медет сұрармын.
Сыбан болсаң, бола бер,
Мен де саған құмармын.
Көп сөйлеме, қалмағым,

Басыңды жерге тығармын.
Абырой берсе Құдайым,
Ит қалмақ, сенің басыңды
Қанжығама тағармын.

Батыр болсаң, алып қал,
Көзіңнің қырын салып қал.
Алакөбек ініңді
Жекпе-жек шығып өлтірдім.

Еліңді шауып бүлдірген,
Найзаға жүрек ілдірген,
Тұқымыңды тұл қылып,
Аруыңды күң қылып,

Ат артына мінгізген

барақ  БАТЫР
Барақ атты баламын.
Өзіңменен жекпе-жек
Бір айқасып қаламын.

Атым—Барақ, танып қал!
Сен—бір жүрген қабансың!
Қарсы келдім, шалып қал.
Егер шалып қалмасаң,

Аларсың орын тамұқтан!
Осылай деп ер Барақ
Қалмаққа өзін танытқан.
«Алакөбек ініңді

Мен өлтірдім»,—деген соң,
Берейін хабар қалмақтан.
Қаһарланып, қарланып,
Қар жаудырды қабақтан.

Талап етті жау қалмақ—
Алакөбек батырдың
Алуға қанын Барақтан.
Қорамсаққа қол салып,

Қардай оғын боратқан.
«Түсірем,—деп,—Барақты»,
Бір атқанда, мың атқан.
Қанша Сыбан атса да,

Оқ өтпейді Барақтан.
Кереметті ер еді,
Құдай артық жаратқан.
Қабыл болған секілді

Түгелдің берген батасы.
Қабыл болған батаның,
Бар ма мұның қатасы.
Болып еді Түгел қарт

Қияметті атасы.
Оқты қағып тигізбей,
Қасында жүр баланың
Алла ұрандай қожасы.

Қабыл еді баланың
Жас күнде қылған тобасы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Балтаменен салысты,
Қылышпенен шабысты,
Күшіменен қарудың
Бәрі қирап қалысты.

Тастай беріп қаруды,
Жағаға қолды салысты.
Қатты Сыбан ақырып,
Қайыра берді жапырып:

«Бермейін,—деп,—намысты».
Қатты Сыбан ер еді,
Өзі мықты, зор еді.
Жағадан ұстап баланы,

Көк бүркіттей бүреді.
Пірлер жәрдем болған соң,
Түсіре алмай келеді.
Батыр туған ер Барақ,

Екі қолы босанып,
Беліндегі алмасын
Суыра алмай жүреді.
Ғайып Ерен пірлері

Келіп жәрдем береді.
Сол уақыттар болғанда,
Барақ мінген бурыл ат
Тізесін жерге бүгеді.

Сыбан мінген Көксуын
Қарқынмен жүріп кетеді.
Аты жүріп кеткен соң,
Қолын жазып жіберді.

Айрылып қалды Барақтан,
Қолы кетті жарақтан.
Қайта айналып келгенше,
Беліндегі алмасты

Суырды бала қынаптан.
Бір айқасып қалғанда,
Шапты батыр сағақтан.
Қан сорғалап тамақтан,

Қылыш өтіп кетіпті
Үстіне киген сауыттан.

барақ  БАТЫР
Шамырқанып ұрғанда,
Жан қалмайды болаттан.
Таудай болған қалмақты

Ер Барақ аттан құлатқан.
Қалмақ аттан құлады,
Ұзынынан сұлады.
Балықтай шоршып, қалмақтың

Жаны шықпай тұрады.
Сол уақытта ер Барақ,
Жәрдем болды әруақ,
Аттан түсе қалады.

Басын кесіп қалмақтың,
Ұртын тесіп танадай,
Шылбырменен ноқталап,
Қанжығаға таңады.

Бурыл аттың бір жағын
Бір басының салмағы
Қисайтып кетіп барады.
Қатты Сыбанды өлтіріп,

Басына бақыт қонады.
Көксуынды жетелеп
Қосарына алады.
«Батырың болса, келің!»—деп,

Қалмаққа қарсы тұрады.
Сыбан батыр өлген соң,
Ерлікті көзі көрген соң,
Кеудесін бағып Сыбанның,

Иіріліп қалмақ тұрады.
Батыр туған ер Барақ
Сыбанды жеңіп, олжалап,
Көп қалмаққа қарамай,

Ағып жатқан Есілге
Қос тұлпарды салады.
Сөгерліктен келмеді,
Салып өте шығады.

Қырық жігітке ер Барақ
Аман-сау келіп қосылды.
4-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақылы толық Досыны,
«Маңдай түзеп, Досеке-ау,
Көшір,—деп айтты,—қосыңды».
Досы би елге жөнелді,

Рауан жолға кенелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Еліне аман келеді.
Атасы Түгел батырға

Көксуын атты береді.
Және батыр бата алып,
Қош айтысып жөнелді.
Бір өзіне батырдың

Он екі жесір тиеді.
«Батыр—сауға» дегенге
Үлестіріп береді.
Атқан мылтық тимеген,

Шапқан қылыш өтпеген
Кереметті ер еді.
Ақ некесі болмаса,
Кісінің жарын сүймеді.

Өзінің малы болмаса,
Кісінің ақын жемеді.
Қара жерді ер Барақ
Дәретсіз басып жүрмеді.

Сол себептен Бараққа
Кәпірдің оғы тимеді.
Тисе де, оғы өтпеген,
Қасынан пірлер кетпеген.

Егескен жауы болмаса,
Мұсылман қанын төкпеген.
Заманында ер болды
Үстінен дұшпан өтпеген.

Елдің болды қорғаны,
Елін жаудан қорғады.
Бөтен міллет аттанып,
Бұған көзін салмады.

Заманында ер болып,
Жайылды жұртқа аңызы.

барақ  БАТЫР
Ауазынақтың тұсында,
Қызылбастың патшасы—
Нәдірше келіп әскермен,

Хиуаның шәрін қамады.
Қырдағы жатқан Бараққа
Келді мұның хабары,
«Келсін,—деген,—аттанып»,

Ауазынақтың қағазы.
Досы биді бас қылып,
Аттанып Барақ барады.
Нәдіршені қашырып,

Аламанын қырады.
Құлақ салсаң, халайық,
Нәдіршенің шолақ топ
Сол заманда қалады.

Дұшпанын жеңіп берген соң,
Хиуаның ханы сыйлады.
Досы биді би қойып,
Барақ жарлық алады:

«Үргеніштің байлары,
Бағып ақша, жайлары,
Ала шапан, ақ мата,
Қырға шыққан жайдары.

«Бес мата мен бір шапан
Бересің,—деген,—Бараққа,»
Хиуа ханның пәрмені.
Хан жарлығы болған соң,

Бермеске бар ма амалы!
Мұнша артық жаратқан
Бір Аллаға Барақтың
Бар ма екен арманы!

Атасындай ер болып,
Арыстандай шер болып
Барақтан Асау туғаны.
Он екі жаста аттанып,

Беліне қару буғаны.
Осы жерден басталар
Барақ пен Асау болғаны.
«Асау, Барақ» атанып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алты алаштан озғаны.
Ақсақ қара майырды
Көп солдаттың ішінен
Асаудың ұстап алғаны,

Сібірге кеткен жерінен
Айшуақ ханды алдырып,
Басына бақыт қонғаны.
Құлақ салсаң, жігіттер,

Сол жерден бастап қозғалы.
Енді Барақ батырдың қиссасының екінші бөлімінің мәнісі
мен мағынасын кейін де оқып, тексеріп көріп, түсінерсіздер.
Ол заманда сұраған

Әбілқайыр хан еді,
Қара қазақ халқына
Ағармай атқан таң еді.
Атасы өлсе, баласы

Мұрасын ұстар заң еді.
Теңдіктің тапқан қапысын
Нашардың күні зар еді.
Әбілқайыр ханның

Бес баласы бар еді.
Айшуақ пенен Нұралы,
Еділ, Есім, Ералы,
Әбілқайыр өлгенсін,

Хан болып халыққа тарады.
«Хан болам»,—деп Ералы,
Бесқалаға барады.
Байұлына хан болды

Отыз ұлды Нұралы,
Қаратай менен хан Бөкей
Нұралы ханды аулады.
Әлім менен Жетіру

Айшуақ ханды қалады.
Жетіруға хан болып,
Алтын тағын құрады.
Айшуақ ханның дәуірі

Нұралы ханнан озады.

барақ  БАТЫР
Күншілдік деген қиын ғой,
Жақындықты бұзады.
«Кіші жүздің еліне

Өзім сұлтан болам»,—деп,
Айшуақ хан да қуанды.
Ол заманда сұраған
Паулы патша дер еді.

Күннен күнге көбейіп
Келе жатқан кезі еді.
Орынборды сұраған
Ақсақ майыр төре еді.

Дәрежесі зор еді,
Патшадан соңғы сол еді.
Ақсақ қара майырға
Нұралы хан келеді.

Айшуақ ханның үстінен
Шағым арыз береді.
Арызының ішінде
Жазған сөзі бұл еді:

«Айшуақтың бұл күнде
Қазақ деген елі бар
Елек, Қобда жері бар,
Барақ деген ері бар,

Жайықтан өтіп, орыстан
Жезие алар көңілі бар».
Осылай деп майырға
Нұралы сөзін бастады,

Жақындықты тастады.
Нұралы ханның бұл сөзін
Ақсақ майыр қоштады.
Айшуақ ханды шақыртып,

Орынборда ұстады.
Айшуақ ханым ұсталып,
Көңлінен кетті хоштығы.
Айшуақ ханым бар еді

Барақпенен достығы.
Оқыған жастан өнері—
Қаламға жазғыш шебері,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сәлем жазып Айшуақ,
Інісі Әділ төрені
Самдағы Барақ батырға
Күн-түн қатып жіберді.

Құстай ұшқан күреңді
Қайырып баптап мінеді.
Самдағы Барақ батырға
Қамшы басып жөнелді.

Құстай ұшқан күреңмен
Күн жарымда келеді.
Айшуақ ханның сәлемін
Батырға келіп береді.

Айшуақ ханның сәлемін,
Пешеттеп берген қағазын
Ашып оқып көреді.
Сәлемінің ішінде

Жазған сөзі бұл еді:
«Қолыма алдым хат-қалам,
Алладан басқа жоқ панам.
Айдынды туған Бараққа

Дұғай-дұғай көп сәлем!
Бұл сәлемнің соңынан
Біздің халді сұрасаң,
Бұрылуға жоқ шамам.

Ақ сүйекті хан едім,
Дұшпанға түсіп, қор болдым.
Қай қазақтан кем едім,
Қылыш ұрған кәпірге

Әруақты ер едім.
Арқама таңып қазақты,
Дұшпанға табан тіредім.
Қазақ үшін ұсталып,

Айдалып Сібір жөнелдім.
Бар қуушы інім—Әділді
Сізге арнап жібердім.
Елімде біреу жоқтаса,

Шағымменен шақыртып,
Ақсақ майыр ұстады.
Нұралы сөзін қостады

барақ  БАТЫР
Ақсақ майыр дейтұғын—
Патшадан соңғы бастығы.
Шағымменен ұстатқан

Нұралы ханның қастығы,
Отыз ұлдың мастығы.
Нұралы берді шағымды,
Ұшырды бастан бағымды.

Суық теңіз өткеріп,
Ел-халқымнан айырды.
Болғаным бекер, Барағым,
Мені жоқтап аттанып,

Ақсақ қара майырға
Көрсетпесең зайырды.
Келер едім Сібірден,
Мендей қылып ұстасаң

Ақсақ қара майырды.
Дұғай-дұғай көп сәлем
Айдынды туған Бараққа,
Үш ананың баласы—

Дін мұсылман қазаққа!
Қазағымның ерлері
Қалмай шықсын ғазатқа,
Ғазатқа шыққан ерлерді

Жеткізген Құдай мұратқа».
«Ұстадым»,—деп білдірді
Патша менен санатқа.
«Аттанып Барақ келер, деп,

Қаланы бұзып кірер», деп,
Мұнанайды толтырды
Атты казак солдатқа.
Мені Барақ жоқтасын,

«Достым» десе жатпасын.
Көк арбаға таңылып,
Мен Сібірге жөнелдім,
Тұтқынның киіп ноқтасын.

Қазағыма көп сәлем!
Аты болса, баптасын,
Қаруларын таптасын,
Ақ сүңгісін саптасын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазағымның ерлері
Көңліне қайрат сақтасын.
Ат шаптырып халыққа,
Орынборға аттансын.

Ер Бараққа көп сәлем!
Сәлемімді сыйласын,
Мұның түбін ойласын.
«Құдай!» дескен дос болса,

Ердің қолы бос болса,
Мен үшін жанын қинасын.
Аз етпесін, көп келсін,
Бір ерлікке сенбесін.

Қатуланып, қарланып,
Аз кісімен келмесін.
Жасыл туды байласын,
Жау жарағын сайласын.

Үш жүздің қазақ баласын,
Ат шаптырып, жинасын.
Бір жағында Адай бар,
Адай түгіл талай бар.

Он екі ата Байұлы,
Дін қарындас ноғай бар.
Алты аталы Әлім бар,
Жеті аталы Жетіру,

Алты Алашқа көп сәлем!
Менің мұндай әлім бар.
Ер Барақтан қалмасын,
Жалтылдатып найзасын,

Жай бұлтындай жайнасын.
Қазағымның ерлері
Ішіп, қанға тоймасын.
Сөйтіп көрсін Барағым,

Ақсақ майыр қаласын.
Майырды тірі ұстасаң,
Құртасың сонда шарасын.
Тез келтіріп Сібірден

Сонда мені аласың.
Қолыңа майыр түспесе,
Бір көре алмай қаласың

барақ  БАТЫР
Айшуақ ханның қарасын.
Әрқашан да бұл сөзім
Жадыңда болсын, Барағым,

Білдірдім істің шамасын».
Хан сәлемі келгенсін,
Ашып оқып көргенсін,
Шамырқанды, шаттанды,

Әр тарапқа хат салды.
Шөміштінің ерлерін
Жинап алып, аттанды.
Қаражонда Маман бар,

Маман бұзған қамал бар.
Ақыл тауып беретін
Досы бидей дана бар.
Аты жоққа ат берген,

Құдай артық бақ берген
Алдасүгір мырза бар,
Қатарлап тіккен орда бар.
Асан қожа пірі бар,

Батыр Барақ ері бар.
Сол заманда қазақтың
Қай халықтан кемі бар!
Алдасайдың баласы—

Бармақ батыр тағы бар.
Жалпақ тілді Құламан—
Батыр жігіт таламан,
Жау қарасын көргенде,

Бір басын мыңға балаған.
Ішінен Барақ шыққан соң,
Құдай ісін қалаған.
Жалтылдатып жарағын,

Алдына салып Барағын,
Аттанып шықты аламан.
Атқа мінді азаннан,
Батыр шықты Сазаннан,

Көней менен Тауасар
Туғаннан туға таласар.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Желбіреген жасыл ту
Ер Бараққа жарасар.
Аттан жері Сам екен,
Қару-жарақ сай екен.

Қалмай батыр аттанды,
Тартқаны садақ-жай екен.
Асау батыр сол күнде
Он екі жасар бала екен.

Иман ислам үйреніп,
Молдаға оқып жүр екен,
Қасым қожа пірі екен.
«Қалма, балам, аттан!»—деп,

Асамен түртіп оятып,
Бермеді маза қожекең.
Қойшының мініп көк атын,
Беліне байлап болатын,

Қол соңынан жөнелді.
Ізінен Асау келгенсін,
Көлденең Жемнен өткенсін,
Жан-жақтағы қазаққа:

«Аттан!»—деп хабар бергенсін,
Жоғарылы-төменнен,
«Үш ананың баласы—
Мен қазақпын» дегеннен,

Аттанды батыр қазақтан,
Тілеу менен Қабақтан.
Алты Әлімнің баласы:
«Қалмайын,—деп,—Барақтан»,

Бақтыбайлап ат қойып,
Қосылды келіп ұзақтан.
Мұнан бөтен тағы да
Аттанды батыр Адайдан,

Жәрдем тілеп Құдайдан.
Адайлардың батыры
Ер Бараққа қосылған.
Байұлыда батыр көп

Жауменен ұрысып, ысылған.

барақ  БАТЫР
Он екі ата Байұлы,
Аузын бірлеп мұсылман,
Тап-табымен аттанып,

Өзінің жүрген жерінен.
Байұлыға бас болып,
Әруаққа мас болып,
Атақозы менен

Сырым би келіп қосылған.
Жағалбайлы, Тілеулі
Батырлары елеулі,
Бес қаруы белінде,

Қолында дайыр білеулі,
Керейіт пенен Кердері,
Тама, Табын, Рамадан—
Жетірудың елдері.

Осы емес пе ерлердің
Көрінетұғын жерлері?!
Бөкенбай ұлы Тіленші
Нарға артып қосыңды,

Тастама жауға досыңды.
Жетіруға бас болып,
Алтын ерге қас болып,
Тіленші келіп қосылды.

Аттанбай батыр қалмаған,
Тілек тілеп Алладан.
Тамам батыр бас қосып,
Жөнеліп кетті құбыладан.

Жөнелді батыр Електен,
Аузы кетпей тілектен.
Атақозы, Сырым би
Електен бәрі бір өткен.

Електен арман өткен соң,
Байұлының ерлері
Әскерін бөлек жөнелткен.
Күйік деген қаланы

Шабамыз деген ниетпен.
Он екі ата Байұлы
Етек-жеңі жаюлы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Байұлының ерлері
Орта жолға барғанда
Аламанын айырды.
Батыр Барақ жөнелді:

«Ұстайын,—деп,—майырды».
Аузы түкті кәпірге
Көрсетуге зайырды.
Сырым батыр жөнелді

Күйік қала баруға,
Байұлы болып бөлініп,
Бөлек олжа алуға,
Намыс етіп Бараққа

Нөкер болып еруге.
Поселке қылып Бараққа,
Жөнелді Күйік қалаға.
Күйік қала жете алмай,

Сол күні қонды араға.
Араға сол күн қонады,
Басқа болды талабы.
Атақозы батырдың

Көзі ұйқыға барады.
Түсінде көрді Барақты,
Қасында көрді батырдың
Ақ сәлделі қожаны.

Жауайын деп ақ бұлт
Төбесінде батырдың
Торлап кетіп барады.
Құс қырғыны—бидайық

Ер Барақтың үстінде
Ойнап кетіп барады.
Жез бұйдалы нар тайлақ
Ер Барақтың алдында

Боздап кетіп барады.
Ақ сәлделі пірлері
Ер Барақтың қасында
Қолдап кетіп барады.

Осы түсті көреді,
Атақозы оянып,

барақ  БАТЫР
Сырымның келіп қасына
Атақозы сөйледі:

—Көлденең жатқан су Жайық,

Су жүзінде қу қайық.
Батыр Сырым, жолдасым,
Көп жиылған халайық,
Мен бір түнде түс көрдім,

Көрген түсім ғажайып.
Ер Барақтың үстінде
Бір ақ бұлт барады.
Жауайын деп тұр жайып,

Қанат қағып барады.
Ер Барақтың үстінде
Құс қырғыны—бидайық.
Жез бұйдалы нар тайлақ

Ер Барақтың алдында
Боздап кетіп барады,
Жез мұрындық сарғайып.
Ақ шалмалы пірлері

О да кетіп барады
Дұға беріп, қол жая.
Жорысын деп түсімді,
Сізге келдім оянып.

Сырым би түсін жорыды:

—Жақсы ниет ойға алып,

Жорыдым, батыр, түсіңді,
Алла оңғарғай ісіңді!
Он екі ата Байұлы,
Біріктірдің күшіңді.

Аттанды Барақ ар үшін,
Біз аттандық мал үшін,
Бұл ниетпенен жүргенде,
Бізге қалай дарысын.

Бұл ниетті тасталық,
Ақ жолына басталық.
Әруақ аунап кетіпті,
Біз Барақтан қашпалық.

Хас масқара болармыз,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Абыройдан бос қалып.
Барақпен бірге болайық,
Төбесінде Барақтың
Қанат қағып ойнаса

Құс қырғыны—бидайық,
Бидайықтай қуырып,
Ақ алмасын суырып,
Барақ тиер майырға.

Ұстап алып Майырды,
Айналар ісі қайырға.
Жауайын деп ақ бұлт
Төбесінде торласа,

Ол—әруақтың иесі.
Боздап жүрген нар тайлақ—
Пірлердің мінген түйесі.
Жезден болса бұйдасы,

Мойнындағы кресі.
Арағын ішкен ақыртып,
Нар тайлақтай бақыртып,
Ұстап алар майырды,

Заманасын қапылтып.
Алдырып берер Сібірден,
Айшуақ ханды шақыртып.
Ақ сәлделі пірлері

Алдында жүрсе, қол жайып,
Ердің жолын ашқаны.
Біз Барақтан қашпалық,
Түсіңді жорып қарадым.

Барақта емес, бізде айып,
Қосылайық Бараққа,
Мініңдер атқа, халайық.
Атақозының көрген түсін Сырым би жорып: «Біз әруаққа

кінәлі болған екенбіз»,—деп, пікірін өзгертіп, қайтадан атта­
нып, Барақтың тобына келіп қосылды. Атақозы мен Сырым
би әскерін бөліп, бөлек жөнелген кезде Барақ батыр еш нәрсе
айтқан жоқ, қайтып қосылғанда да еш нәрсе айтпады. Батыр­

лар аузын бірлеп, Орынбордың қаласына жетеді. Ақсақ майыр:
«Айшуақ ханды айдап жібергені туралы қазақтың ерлері ат­

барақ  БАТЫР
танып келер»,—деп әскер жиып, сақшы қойып отырады екен.
Қазақтың әскерінің аттанып келгенін барлаушыдан естіп,
патшалық туын көтеріп, әскерменен қазақтың ерлерінің алды­

нан шықты.
Ақсақ майырдың әскер жиып, құралданып алдынан қарсы
шыққанын көріп, қазақтың ерлері кеңес құра бастады.
«Бұрынғы қазақтың әруақты ерлерінен қалған кереметті

туды Барақ ұстап келеді. Басшылық абырой Барақта тұр.
Туды ұстайтын жол Барақтікі емес еді»,—деп, әр рудың ерлері
туға таласқан нышанын білдіріп тұрды. Ерлердің көңіліне
алалық кіргенін біліп, батыр Барақтың ту ұстайтын орынды

қазақтың ерлерінің алдына салып сөйлеген сөзі:
Аттанды батыр саладан,
Аузы кетпей тобадан.
Аттанып Барақ келгенсін,

Отряд шықты қаладан.
Қаласына кіргізбей,
Ұрысайын деп даладан.
Ақсақ майыр Романов

Солдатын айдап шығарған,
Көп солдаттың ішінде
Ақсақ майыр тұрады,
Ортасында ту алып.

«Ұстаймыз,—деп,—майырды»,
Батырлар тұр қуанып.
Батырлардың алдына
Барақ келді ту алып.

Батыр шыққан Алаштан,
Ер қайратын сынасқан.
Желбіреген жасыл ту
Ер Бараққа жарасқан.

Жау қарасын көргенсін,
Аттанып келген батырлар
Ұстауға туға таласқан.
Таласып тұрған ерлерге

Барақ келіп жол ашқан.
Сонда Барақ сөйледі:

—Он сегіз мың ғаламның

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір Құдайым панасы.
Алла пана болғасын,
Пенденің болмас жарасы.
Келіп тұрған жеріміз—

Текенің мықты қаласы.
Ұрысайын деп тұрған жер—
Қаланың сыртқы даласы.
Бірлесіңіз, халқым-ай,

Болмасын ауыз аласы.
Жау қарасын көргенсін,
Тудың болды таласы.
Таласып тұрсың ұстауға

Үш ананың баласы.
Үш ананың ішінде
Әлім еді ағасы.
Әлім аға болғансың,

Жол сенікі, ұстаңыз,
Ұстап жауға бастаңыз,
Ұстамасаң туыңды,
Ала алмасаң жолыңды,

«Ағамын» деген сөзіңді
Мұнан былай тастаңыз.
Әлімнен қалсаң, Байұлы,
Байұлының ұстайды

Ішіндегі шайыры.
Ту ұстайтын батырдың
Енді келді қайымы.
Байұлының бастығы—

Атақозы, Сырым би,
Орта жолға келгенде,
Аламанын айырды.
Атақозы түс көріп,

Әжептәуір іс көріп,
Әскерін тағы қайырды.
Байұлының бастығы—
Атақозы, Сырым би,

Жасырдың бізден сырыңды,
Жөн деймісің мұныңды.

барақ  БАТЫР
Жасырсаң да сырыңды,
Беріп тұрмын жолыңды.
Бастап айтып келемін

Ту ұстайтын орынды.
Жолдасым, бірің ту ұстап,
Босатып жібер қолымды.
Ұстамасаң туыңды,

Ала алмасаң жолыңды,
«Батырым» деп мақтама
Жылқы ұрлаған ұрыңды.
Жақсының сөзі баянды,

Батырлар туға таянды.
Сырым би бөлек кеткенде,
Ер Барақтың пірлері
Берген екен аянды.

Ер Барақтың сөзінен
Атақозы, Сырым би
Төмен қарап ұялды.
Байұлының соңынан

Енді келді Жетіру,
Жауды көрсе, құтыру.

—Батыр шыққан ішінен

Тама, Табын—екі ру.
Бөкенбай, Есет, Жәнібек!
Осы бүгін жар болып,
Кереметті бір көрсет.

Есеттің ұлы Құрымшы,
Жасанған жауға ұрыншы,
Атаның туын өңгеріп,
Халықты аузыңа меңгеріп,

Бүгін жауға көрінші!
Ұстамасаң туыңды,
Азып туған атадан
Сен бір жүрген көрімші.

Ту ұстайтын бір орын—
Бөкенбай ұлы Тіленші,
Көк темірге бөленші.
Атаның туын көтеріп,

5-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бүгін жауға жөнелші!
Қайтпасын жаудан тауың-ай,
Шаппаймысың жауыңа-ай!
Айтып тұрмын бұл сөзді

Бірің емес, бәріңе-ай.
Беріп тұрмын жолыңды,
Бастап айтып келемін
Ту ұстайтын орынды.

Жолдасым, бірің ту ұстап,
Босатып жібер қолымды.
Екі қолым бос болса,
Ашар едім жолымды.

Ұстар едім өлтірмей,
Ақсақ майыр көрімді.
Ұстағанша майырды
Таба алмаспын тынымды.

Майырды тірі ұстасам,
Алар едім арымды.
Келтірер едім Сібірден
Айшуақтай ханымды.

Сол уақыттары болғанда,
Батыр толғап тұрғанда,
Әлім болып кеңесті.
Кеңескенде, не десті?

Мөңке бидің баласы
Ішінен шыққан данасы
Сонда көпке сөйледі:

—Мен шешейін бұл істі.

Біздің тілді алсаңыз,
Бітірейін жұмысты.
Құдай артық жаратқан,
Бақты өзіне қаратқан

Кереметтей ер еді,
Озып туған қазақтан.
Біздің тілді алсаңыз,
Қозғамаң туды Барақтан.

Жұрттың бәрі Мөңке емес,
Мөңкеден шыққан бұл кеңес.
Жасы үлкенге тартатын

барақ  БАТЫР
Қойдың басы бұл емес.
Жолдасы шапан киетін
Ұзатқан қыздың тойы емес.

Тілімді алсаң, таласпа,
Бұл—ағалықтың жері емес.
Кім көрінген ұстайтын
Бұл келемежді ту емес.

Оқ қағарың болмаса,
Ұстағанмен, ер емес.
Тілімді алсаң, таласпа,
Таласқаның жөн емес.

Көз жасына қазақтың
Шыққан батыр бұл еді,
Қасиеттен кем емес.
Әй, Шектінің баласы,

Қыруға келген қазақты
Қалмақтың қалың шерігін
Қырған батыр емес пе?
Алмаңыз туды қолынан,

Қалдырмаңыз жолынан.
Бараққа туды ұстатып,
Қалмаңыз, жұртым, соңынан.
Әруаққа қарсы болмасақ,

Айналар ісің оңына.
Мөңке бидің баласы,
Ішінен шыққан данасы,
Танытып тудың иесін,

Шектіге айтып кеңесін.
Тыңдады халық ақылын,
Жинайды елдің батырын.
Ақылменен білдірді

Болашақ істің ақырын.
Батырлар құлақ салады,
Айтқанына нанады.
Тудың иесін біледі:

«Жауыңа, батыр, баста»,—деп,
Бараққа туды береді.
Мұнан шығып ер Барақ,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Байұлыға келеді.
Байұлының бастығы,
Үш ананың ішінде
Байұлы кеңес құрады,

Ту ұстамақ мұрады.
Ер Барақтың жасыл ту
Ортасында тұрады.
Байұлының бастығы—

Атақозы, Сырым би.
Сырым би сонда сөйледі:

—Байұлының баласы-ай,

Қойылсын тудың таласы-ай.
Бұл жерде туға талассақ,
Ауыздың болар аласы-ай.
Аузымыз ала болғансын,

Алдырмас майыр қаласын.
Үш ананың ішінде
Әлім еді ағасы-ай.
Бараққа берді жолдасын

Алты Әлімнің баласы-ай.
Бараққа біз де берелік,
Тудың иесін білейік.
Бараққа туды ұстатып,

Соңынан қалмай ерейік.
Әлімменен таптанып,
Олардан кейін қалмайық.
Ақсақ қара майырға

Талап етіп қаралық.
Майырды тірі ұстасақ,
Сонда алармыз ағалық.
Берелік туды Бараққа,

Басшы болсын қазаққа.
Ғазатқа шыққан ерлерді
Жеткізгей, Тәңірім, мұратқа!
Әруаққа қарсы болмасақ,

Жетерміз сонда мұратқа.
Тамам батыр жиылды,
Бір Құдайға сыйынды.
Ту кеңесін біткеріп,

барақ  БАТЫР
Көрсетті Сырым орынды.
Атақозы батырдың
Сырымға көңлі бөлінді.

Сырым би нағыз ер еді,
Ту кеңесін біткеріп,
Бараққа жетіп келеді.
«Туыңды, батыр, ұста,—деп,—

Жауыңа өзің баста»,—деп,
Бараққа рұқсат береді.
Мұнан шығып ер Барақ,
Жетіруға келеді.

Жиылды енді Жетіру,
Ту кеңесін бітіру.
Батыр шыққан ішінен
Тама, Табын—екі ру.

Тұлпар мініп, ту алған,
Алмасын қанға суарған,
Жауды көрсе, қуанған
Жетірудың бастығы—

Тіленші батыр толғаған:

—Екіталай жер еді,

Тілегіміз бір еді.
Ерлігі асқан Ер Барақ
Қолды бастап келеді.
Әлім менен Байұлы

Ту кеңесін біткеріп,
Бараққа жолды береді.
Әруақты ер қол бастау
Бұрыннан қалған жол еді.

Берелік туды Бараққа,
Басшы болсын қазаққа.
Кереметті туды ұстап,
Салмайық басты азапқа.

Әруаққа қарсы болмасақ,
Жетерміз біз де мұратқа.
Тіленші батыр ер еді,
Айтулы ердің бірі еді.

«Туыңды өзің ұста,—деп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жауыңа, батыр, баста»,—деп,
Бараққа рұқсат береді.
Туды беріп Бараққа,
Басшы болып қазаққа,

Ат қойған жері сол еді.
Аттанды қазақ саладан,
Аузы кетпей тобадан.
Жабыла қазақ шапқанда,

Қатар тұрып солдаттар,
Оқпенен атып сыбаған.
Ер деп соны айтамыз,
Атқан оққа шыдаған.

Оқ жаңбырдай жауады,
Тас бұршақтай сабалап.
Атқан оқты қақ жарып,
Алдыменен шапты ер Барақ.

Қазағымның ерлері
Желекті найза қолға алып,
Әскерге тиді Аллалап.
Жауға шапқан батырдың

Аллалаған ұраны,
Жігіттің сайыпқыраны.
Ақсақ майыр Романов
Атайын деп Барақты,

Жез айыл мылтық құрады.
Дүрбіменен сығалап
Қарсы алдынан қарады.
Ер Барақтың пірлері

Қаратаудай көрініп,
Ақсақ майыр үстіне
Құлайын деп тұр еді.
Арт жағына қараса,

Жалғыз қылдай көрініп.
Қарауылға ілінбей,
Есебін тауып ата алмай,
Айласы құрып тұр еді.

Сол уақытта ер Барақ,
Он екі жасар Асауын

барақ  БАТЫР
Жау шетінде көреді.
«Жас бала»,—деп ертпей,
Тастап кеткен ұлы еді,

Он екі жасар күні еді.
Ол баланың талабы
Ақсақ майыр төре еді.
Тамам батыр ат қойып,

Талап етіп жүреді.
Асау кірді бір жерден,
Көк найзасын ыңғайлап,
Шаншайын деп жағдайлап.

Жақындап келіп бір солдат,
Асауды атып жіберді.
Оқ дарымай етіне,
Түтінменен аралас

Дәрісі тиді бетіне.
Атып тұрған солдатты
Найзамен Асау түйреді.
Көктей өтіп найзасы,

Солдатты аттан сүйреді.
Суырғанда найзамен
Ере шықты дұшпанның
Өкпе-бауыр, жүрегі.

Баласының қайратын
Тамаша етіп көреді.
Сол уақыттары баланың
Күйеменен аралас

Маңдайдан аққан тері еді.
Екі көзін ашытып,
Ашып-жұмып жүр еді.
Он екі жасар Асауға

Сонда Барақ сөйледі:

—Айналайын балам-ай!

Алла болсын панаң-ай.
Аттандырып соңымнан
Жіберді қалай анаң-ай?!
«Бала» деп сені ертпей,

Тастап едім ауылға.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Енді, балам, шаба гөр,
«Алла» деп, жауға тайынбай.
Шамаң келсе жете гөр,
Соған талап ете гөр,

Ақсақ қара майырға-ай.
Алып шықсаң бақыртып,
Шашынан ұстап, айрылмай.
Менен туған ұл болып,

Сапарың, балам, оң болып,
Ілінерсің ауызға-ай.
Тапсырайын бір сөзді,
Алып жүрсең жаңылмай.

Жасаған Алла жар болса,
Қолдайтын пірің бар болса,
Оқ дарымас етіңе.
Күйеменен аралас

Дәрісі тиер бетіңе.
Сол уақыттары бетіңді
Сыпырғаның жарамас.
Ақ әруақ шамданып,

Кәпірдің оғын қаға алмас.
Батамды бердім, балам-ай,
Тартынбай жауға шаба гөр,
Ақсақ қара майырды

Ұстап, балам, ала гөр.
Барақтың Асау ұлы еді,
Он екі жасар күні еді.
«Әкем көрсе, ұрысар»,—деп,

Жасырынып жүр еді.
Әкесі көріп қалғансын,
Алдына жетіп келеді.
Қол қусырып иіліп,

Келіп сәлем береді.
Батасын беріп атасы,
Жауап беріп жіберді.
Әруағы тасып баланың,

Көсіліп шауып жөнелді.
Түтеген мылтық ішіне

барақ  БАТЫР
Бала шауып кіреді.
Тіленші батыр бір жерден
Қанға бояп найзасын,

Өкшесін жауға тіреді.
Шауып жүрген Асауды
Тіленші батыр көреді.

—Мынау бала кім?—деді,

Тусаң, ту, бала, сен!—деді.

—Ер Барақтың баласы—

Асау батыр бұл,—деді.
Соғысты Асау қыздырды,
Жаудың түбін бұздырды.
Он екі жасар ер Асау,

Ерлікті Асау оздырды.
Туды Барақ ұстады,
Соғысты Асау бастады.
Қарсы тұрған Барақтан

Кәпірдің оғы аспады.
Жабысқан оқты үстінен
Төгіп жерге тастады.
Үш ананың ерлері:

«Оқ тиер»,—деп қашпады.
Сондағы жұрттың талабы—
Ақсақ майыр қастары.
Алтын бедел үстінде

Жарқырайды тастары.
Көп солдаттың ішінде,
Тұр еді майыр көрініп.
«Ұстаймыз,—деп,—майырды»,

Батырлар шапты тебініп.
Үш ананың батыры
Нар түйедей желігіп.
Шапқан сайын көп солдат

Барады кейін шегініп.
Біреу қалып барады,
Балта тиіп жығылып.
Біреу қалып барады,

Қылыш тиіп, бөлініп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Домаланып бастары,
Қаны жерге төгіліп.
Бір уақыттары болғанда,
Отряд қашты жеңіліп.

Ұстатпады майырды,
Қаласына тығылып.
Қуды қазақ даладан,
Бір Аллаға сыйынып.

Дарбазаның аузына
Батырлар келді жиылып.
Балта ұрды есікке
Үш ананың ерлері,

Қарқыныменен килігіп,
Барақ салды Алашты,
Ерлер жазды құлашты.
Түгел қарттың жасыл ту

Ер Бараққа жарасты.
Екі жақтан екі жау
Дарбазаға таласты.
Айтайын Барақ батырды,

Алаштап ұран шақырды,
Әруағы батырдың
Тасыған судай сапырды.
Қолына қара балта алып,

Дарбазаны жапырды.
Сол уақыттары болғанда,
Жарқылдаған жарақтан,
Көргенде, көзің қамасты.

Алты Әлімнің батыры
Бұзайын деп қапыны,
Түйіп тастап аттарын,
Бәрі қалмай жүгірді.

Қазағымның ерлері
Бәйгі атындай бөлінді.
Байұлыға бас болып,
Әруаққа мас болып,

Қапталында Барақтың
Сырым би батыр көрінді.

барақ  БАТЫР
Айтайын Барақ батырды,
Алаштап ұран шақырды.
Дарбазаның аузында

Арыстандай ақырды.
Әруағы батырдың
Тасыған судай сапырды.
Қолына қара балта алып,

Дарбазаны жапырды.
Сол уақыттары болғанда,
Тарсылдап мылтық атылды,
Атылған сайын өшікті.

Бір уақыттары болғанда,
Қазақ бұзды есікті.
Есігін бұзды балталап,
Дарбазасын жаңқалап.

Қазақ кірді қалаға,
Аш бөрідей анталап.
Солдат қашты қазақтан
Жаралысын арқалап.

Алдыменен қашты ұстатпай,
Ақсақ майыр зәнтәлақ.
«Майырды тірі ұста!»—деп,
Айқай салды ер Барақ.

Есік ойран, дал болды,
Ала тұман шаң болды.
Тұрған жері майырдың
Баруға қиын тар болды.

Әкесінің дауысын
Асау батыр есітті.
Бітіруге жұмысты,
Қиялай сермеп қылышты,

Көп солдаттың ішіне
Оқ жыландай жылысты.
Жалғыз өзі Асаудың
Қиындық көріп келеді.

Ұстайын деп ұмтылды
Ақсақ майыр төрені.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кәпір сонда қамалап,
Көбейді солдат жаңалап,
Алып қалды көп қазақ,
Дарбазаны тағы алып.

Жетіп барды ер Асау,
Солдаттың ішін қақ жарып.
Дабылпазды дабысты,
«Бермейін,—деп,—намысты»,

Ақсақ қара майырға
Барып Асау жабысты.
Қойға тиген бөрідей
Сүйреді Асау терідей.

Қасына келген солдатты
Соғып кетеді перідей.
Жалғыз көріп баланы,
Айырып алмақ талабы.

Көп жерге дейін көп солдат
Ізінен қалмай қамады.
Тіленші батыр ер еді,
Көп солдаттың ішінде

Асауды жалғыз көреді.
Қанға бояп найзасын,
Өкшесін жауға тіреді.
Он екі жасар Асауға

Сыртынан көмек береді.
Тіленші батыр келгенсін,
Ерлікті көзі көргенсін,
Қамаған әскер көп солдат

Бәрі де кейін қалады.
Сүйретіп Асау келеді
Ақсақ майыр төрені.
Солдаттар атқан мылтықтың,

Оқ дарымай етіне,
Дәрісі бетке тиеді.
Дәріменен аралас
Маңдайдан аққан тер еді.

Екі көзін ашытып,
Жүрер жолын көрмеді.
Қолындағы олжасын

барақ  БАТЫР
Қамаған жауға бермеді.
Майырды басып тақымға,
Қиялай қылыш сермеді.

Әкесінің айтқанын
Асау батыр ұмытты.
Маңдайдан аққан терлерін
Бір сыпырып жіберді.

Ақ әруақ шамданып,
Арт жағынан бір мылтық
Сап етіп келіп тиеді,
Оқ тигенді біледі.

Оқ тисе де, жібермей,
Ақсақ қара майырды
Сүйретіп Асау келеді.
Мұны көріп қазақтар,

Айқайын салып шабады.
Бәйгі атындай көтеріп,
Алып кетіп барады.
Жарадан аққан қызыл қан

Ағып кетіп барады.
Оқ тисе де, жібермей,
Ақсақ қара майырды
Ер Асау алып шығады.

Тірідей ұстап майырды,
Батырдың көңлі тынады.
Қаланы бұзып, қан төкпей,
Соғысты енді қояды.

Ортаға алып майырды,
Айшуақ ханды сұрады.
Көкше көзі ойнақшып,
Тіл қатпай майыр тұрады.

Көрейін деп көп қазақ
Алды мен артын орады.
Біріне бірі жол бермей,
Қамшыласып та алады.

Сол уақытта ер Барақ:
«Кейін тұр!»—деп ақырып,
Халқына айқай салады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Батырдың даусын есітіп,
Шегініп халық тарады.
Кеңінен салып алқаны,
Халықтың бәрі қарады.

Асылы орыс төре екен,
Туысы артық ер екен,
Көңліне жұрттың жарады.
Алдырып тілмаш қазақтан,

Сұрақтар қардай борады.
Жауап беріп, құтылмай,
Тізесін бүгіп отырмай,
Жан-жаққа мойнын бұрады.

Бермеді жауап сұраққа,
Ойнатып көзін жан-жаққа.
Ер Барақтың қасына
Мөңке бидің баласы

Жетіп келді сол уақта.
Сонда келіп сөйледі:

—Бұл тұрғанда біздерге

Бермейді жауап бұл,—деді.
Әділетті ер жігіт,
Орыстан болған төрені.
Орыс пен қазақ жау болып,

Ел бүлінген жоқ еді.
Болып тұрған бұл ұрыс—
Нұралы ханның себебі.
Шағым, арыз бергенде:

«Жайықтан өтіп, орыстан
Жезие алар»,—дегені.
Жауықтырған екі елді
Хан баласы, қасқырдың

Бұрыннан жолы сол еді.
«Әділетті төрелік,
Ақылдың көзі ашылып,
Орыстан шығар»,—деп еді.

Тілімді алсаң, Барағым,
Сыйлайық мына төрені.
Сыйластықпенен жеңбесек,

барақ  БАТЫР
Жүрегі болаттан шығар,
Осылай тұрып өледі.
Астына төсек салайық,

Достасып қолын алайық.
Қаланың ішін босатсын
Аттанған біздің халайық.
Көңлінің кірін кетіріп,

Айшуақ ханды сұрайық.
Патшалы халықпен өшігіп,
Орынсыз тентек болмайық.
Айшуақты алдырып,

Осымен бітім болайық.
Ақылмен ойлап қарасам,
Сол болар бізге лайық.
Көрдің бидің ақылын,

Аңыз қылып жүріп айтады
Ақылды жанның нақылын.
Ақылмен айтқан бұл кеңес
Көңліне қонып батырдың,

Ер Барақ сонда сөйледі:

—Осы екен біздің жөніміз,

Қаладан шықсын қолымыз.
Жазықсыз елді бүлдірген
Ұят болар мұнымыз.
Қаладан шығып көбіңіз,

Бір төбенің басына
Орнатып шатыр құрыңыз.
Ат оттатып, дем алып,
Халайық, сыртта болыңыз.

Тіленші, Сырым—жолдасым,
Әскерді сыртқа бөліңіз.
Көбіңіз шығып қаладан,
Қалайық шағын тобымыз.

Төремен бітім жасасақ,
Табылар біздің жоғымыз.
Осыны айтып ер Барақ,
Қаладан қолды шығарды.

Тоқтатып ұрыс тәртібін,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жинады қару-құралды.
Сыртқа шықты аламан,
Алмады олжа қаладан.
Шатырын құрып көп қазақ,

Бір жерге барып орналды.
Қазақтың көріп қайтқанын,
Майырдың жүзі нұрланды.
Ишарат қылды Бараққа,

«Достастым,—деп,—қазаққа».
Қалтасынан шығарып,
Аударды жазған жорналды.
Қағазын оқып отырып,

Манифес жолын ойланды.
Ойланды төре ойға алып:
«Тимегенге тиетін
Тентек емес бұл халық.

Өзіне тиген жау болса,
Қалмайды одан қорғанып.
Қазақтан шығады әр уақта
Батырлық пен мырзалық.

Жау болды неге бізбенен,
Өзінен-өзі тұлданып?
Орыста қандай кегі бар?
Жайықтан өтіп қол салып,

Айшуақты хан қойып,
Жезие жинау, ақша алып.
Айшуақ хан ойлады,
Хандықты қойып патшалық.

Үстінен түскен арызбен,
Айшуақ кетті айдалып.
Соқтыққан барып адам жоқ,
Өзінен-өзі шырмалып.

Арызын жазып Нұралы,
Ордама келді жиналып.
Әбілқайыр тұқымы,
Қашаннан жүріп меңгеріп,

Қазақтың халқын құлданып,
Әбілхайыр тұсында,
Зәбірледі қазақты,

барақ  БАТЫР
Арғымақ ат пен малды алып.
Қазақ үшін мен тұрмын
Қара қылды қақ жарып.

Қалайша маған жау болды,
Хандардың кегін арланып.
Қалаға кіріп ер Барақ,
Ұстады мені қолға алып.

Өзіме дұшпан дер едім,
Тұрғаным жоқ қорланып.
Халқыма дұшпан дер едім,
Кеткен жоқ елден олжа алып.

Ұрысар тағы дер едім,
Бір сыпыра ерлері,
Қаладан шықты қолды алып».
Осыны ойлап болды да,

Сөйледі Майыр торланып.
6-206*

Халық аузынан әңгіме. Қариялардан естіген әңгіме. Қазақ
арасында қазақты билеген хан тұқымы, ақсүйек сұлтан шон­
жарларының басы бірікпеген. Алауыздығынан қазақ халқы
Жоңғар қалмағынан адам айтқысыз зілді соққы көріп, неше

мыңдаған адам қырылып, тұтқынға алынып, «Ақтабан шұ­
бы­рындыға» ұшырапты. Бұдан кейін ақсүйек сұлтан шон­
жарлардың аузы бірікпеді.
«Ақтабан шұбырындыдан» қанша жыл кейін екенін біл­

медім, қазақтың батыр, билерінің бірін-бірі ауызбірлікке
шақырған, «Қалмаққа жорық қылайық» деген кеңесі болып­
ты. Кеңес қылатындар—арғын Жәнібек батыр, тамада Есет
батыр, табында Бөкенбай батыр шығып, қалмаққа шабуыл

жасаған уақыты болыпты.
Бұл батырлар өлгеннен кейін «қалмақтың Алакөбек батыры
бастаған қалмақтың қазаққа аттанған үлкен жорығы» деп ел
аузында айтылады.

Қазаққа жау келетін хабары Абылай хан арқылы тара­
тылыпты. Қалмақтың «Қазаққа аттанамын» деген хабары,
ат жолы жіңішке, Абылай ханның құлағына ілініп, қазақты
хабарлай, үш жүздің қазағына хат жазып хабарлапты. Жаз­

ған хатында: «Қалмақ «қазаққа аттанамын» деп әскер жинап
жатыр. Ертелі-кеш елге жау келеді. Күтініп тұрып, аңсыз
қалмайық, қамсыз болып»,—деп, Абылай ханнан хат арқылы
хабарланыпты.

Қазақтың батыр, билері хабарланып, қамданып, көрсетілген
жерге жиналды. Жиналған адам ішінде қолға басшы болатын
хан тұқымы болмады. Қазаққа хабарлап, майданға шақырған
Абылай хан көрінбеді. Жиналған қазақтар кеңесіп, Орта жүз­

ден келген 70-75 жастар шамасындағы Түгелді қолбасшы етіп
Барақ батыр
(Ережеп Білеуов нұсқасы)

барақ  БАТЫР
сайлады. Түгел жасында ер болып, ел бағып, жауға ту көтеріп,
батыр болған адам екен. Қазақтар Түгелді басшы қылып, жау
келетін жаққа қарауылын шығарып, үш жүздің адамы үш қос

болып, үш жерден ұран отын жағып жата берді.
Жау жақындады. Алты жерден көтерген ту көрінді. Бір ту
мың адамның белгісі еді. Қалмақ алты мың шамасында бол­
ды. Қалмақтың қолбасшысы—Алакөбек батыр ат ойнатып

майданға шығып, ортада тұрып, жекпе-жекке шақырды.
Алакөбек батырдың майданға шақырған жері ұлы жүздің тұсы
еді. Ұлы жүзден Жыға батыр шықты. Ендігі сөзді қалмақтың
Алакөбек батырынан есітіңіз:

«Қазақты шауып келем, деп,
Қазақтан кегімді алам, деп,
Алмасам кегім, өлем»,—деп,
Алакөбек желікті.

Желіккен батыр желігіп,
Тыныштықтан жерініп,
Жау сағынып ерігіп,
Қатты Сыбан ханынан

Әскер сұрап келіпті.
Қатты Сыбан хан еді,
Қаһары қатты жан еді.
«Қазақты шабамын» дегенді

Ханы да бөтен көрмепті.
«Алакөбек ер деймін,
Бұныңды бөтен демеймін.
Әскер жинап беремін,

Керегіңді ал»,—депті.
Тыныш жатқан жерінде
Жар шақыртып еліне,
Күш қылып ханы көріне,

Есебін елдің алыпты.
Әскерін алды сұраған,
Еріксіз әскер құралған,
Болмады ырза ел бұған.

Еріксіз әскер салыпты,
Есебін елдің алыпты.
Халыққа әскер салыпты,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Майдан көріп ысылған
Алты мың адам тауыпты.
Қазаққа қылып талапты,
Кигені мауыт—жанат-ты,

Хан алдынан өткізіп,
Алты мың әскер санатты,
Құдайым кімді қалапты,
Қалаған киер манатты.

Ханның алып бұйрығын,
Әскербасы болыпты.
Қолына алып бұйрығын,
Ханның алып сыйлығын,

Әскердің алып билігін,
Қаладан айдап шығыпты.
Айдап шықты қаладан,
Алты мыңға алты адам

Басшы қылып алыпты.
Алты мыңға бас болып,
Қайратына мас болып,
Қазақпенен қас болып,

Қан ішуге жерік-ті.
Жар шақыртып қалаға,
Ат шаптырып далаға,
Аттанғанын қазаққа

Абылай сұлтан біліпті.
Қалам алып қолына,
Қағаз жолдап еліне,
Үш ананың ұлына

Абылай хабар беріпті.
Ханнан қағаз алыпты,
Хабарға ел қаныпты.
Үш мың адам үш жүзден

Қан майданға барыпты.
Жаудың алдын торыпты,
Қарауылын қойыпты.
Үш мың адам үш қос боп,

Ұран отын жағыпты.
Қарауыл қарап жан-жақты,

барақ  БАТЫР
Қарайды бәрі жау жақты.
Қолға басшы болатын
Хан тұқымы болмапты.

Қазақта әскер басшы жоқ,
Басшысыз бірлік, күш те жоқ.
Бұрынғы жүрген соқпақты
Хан тұқымын таппапты.

Майданға елді шақырған
Абылай ханды жоқтапты.
Үш мың қазақ жиналды,
Таба алмай басшы қиналды.

Жетпіс бестегі Түгелді
Басшы етіп сайлапты.
Түгел қарт бұйрық етіпті.
Қарауыл шетке кетіпті,

Жаудың алдын күтіпті,
«Жау келе жатыр екен» деп
Түгелге хабар жетіпті.
Қазақтар тұр майданда,

Ту тігілді майданға.
«Тәуекел, ерлер, ойланба»,—
Деп Түгел қарт тұрыпты.
Қарауыл жауды көріпті,

Ат құйрығын өріпті,
Шамасын жаудың біліпті.
Жау қарасы көп екен,
Түгелге хабар беріпті.

Аспан мен жердің арасын
Шулаған дауыс алыпты.
Таңмен бірге аттанып,
Көптігіне мақтанып,

Қалмақтар әнге салыпты.
Қарауылдың құлағын
Шулаған дауыс жарыпты.
«Жаудың түрі мынадай,

Сақтасын елді бір Құдай.
Дүбірі мен шуылы
Таңдандырып бір талай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тұрғанымда таңданып,
Қарасам, таң атыпты,
Таң артынан күн шықты.
Күн астынан, қарасам,

Жарланған белес тау шықты.
Белес те емес, тау да емес,
Белес пен таудың орны емес,
Жер еді кеше теп-тегіс,

Жарланған биік шаң шықты.
Шаң астына қарасам,
Қаптаған қалың қол шықты.
Қолды байқап қарасам,

Алты жерден көтерген
Шағылысқан күнменен
Сары ала алтын ту шықты.
Ту астына қарасам,

Алакөбек бастаған
Алты мың әскер қол шықты.
Жиылған қазақ мөлшерлі,
Көз таразы өлшеулі,

Осылай көздің өлшеуі,
Көрініп тұр жау мықты.
Екі жақта екі қол
Тұра қалды сап түзеп,

Бір-біріне оқ кезеп.
Бұрынғы ердің жолы екен
Майданға шығу жекпе-жек.
Сәске уақыт болғанда,

Күн сәскеге толғанда,
Ат ойнатып, майданға
Алакөбек ер шықты.
Қара қасқа ат астында,

Қазақты қырмақ қастықта,
Дулыға, сауыт үстінде,
Ұлы жердің тұсында
Алакөбек тұрыпты:

«Майданға шық!—деп ақырып,
Жекпе-жекке шақырып.—
Жекпе-жекке шықпасаң,

барақ  БАТЫР
Еліңді шабамын жапырып»,—
Деп тұрғанда қазаққа,
Шыға алмай тұрды қазақ та.

Қазақты қалмақ шабуын
Әуелде тағдыр жазыпты.
Жыға шықты майданға:

—Көнбеймін,—деп,—мазаққа.

Мазағыңа көнбен, деп,
Жетпесе қазам, өлмен, деп,
Бүгін демім таусылса,
Үйде жатсам да, өлем, деп,

Халық үшін өлсем, арман жоқ.
Шабылған елді көрмен, деп,
Қалмаққа жеке шықпасам,
Ішімде кетер арман,—деп,

Майданға өзім шығамын.
Сөзіңе қалай шыдайын?
Өліп кетсем қалмақтан,
Разы болың, ағайын,—

Деді Жыға халыққа,
Разы болды халық та.
Ат ойнатып, майданға
Жыға шықты қалмаққа.

Келе жатқан шауып Жығаны
Көріп тұрды қалмақ та.
Алакөбек майданда,
Жыға да шықты майданға.

Майданда ажал күтіп тұр,
Біреуінің басына
Ажалдың оғы ойнауға.
Екі жақта екі қол

Көтеріп тұр жалауын.
Алакөбек батырға
Ұрыстың берді қалауын.
Екі батыр егесті,

Ат құлағын теңесті.
Егесті қойып екеуі,
Кезегіне келісті.

—Жыға батыр, ер, деді,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тұрғаның майдан жер, деді.
Әуелі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Кезегімді бер,—деді.

Қалмақ алды қалауды,
Көтерді қалмақ танауды.
Кезегін беріп Жыға тұр,
Өлшеулі өмір санаулы.

Өлшеулі өмір бітер ме,
Жығаға кезек жетер ме,
Кезегіне жете алмай,
Ішінде арман кетер ме!

Алдағы істі кім біледі,
Білетін бір Құдірет.
Құдірет хабар бергенде,
Майданға Жыға келер ме еді!

Адамда бар ма құдірет,
Құдіретті кім біледі?!
Құдіретін білгенде,
Үйінде адам өлер еді.

Бір тәуекел қылады,
Құдайдан өмір сұрады.
Кезегін беріп қалмаққа,
Жыға батыр тұрады.

Жыға батыр ер еді,
Қалмаққа кезек береді.
Мақсат алыс, өмір шақ,
Күткен ажал күледі,

Гүл жайнаған өмірі
Жанады да, сөнеді.
Адамның өзі білмейді,
Бұны тек тағдыр біледі.

Алакөбек батырың
Қорамсаққа қол салды,
Көп оғына жол салды,
Көп оғының ішінен

Сұр жебе деген оқ алды.

барақ  БАТЫР
Сұр жебе оқты алғасын,
Алакөбек қуанды.

—Қолыма түсті сұр жебе,

Сұр жебе оқты алғасын,
Жолым болмай, немене!
Жыға батыр, атайын,
Қасқайып қарап тұр, қане!

Жыға тұрды қасқайып,
Алакөбек оғынан
Сескенбейді жасқанып.

—Кезегіңді ала бер.

Ажалым жетсе, өлермін,
Бейнетім болса, шегермін.
Не де болса, тәуекел,
Маңдайымнан көрермін.

Ер туады елі үшін,
Ел үшін жаным берермін.
Ел үшін ер боп туғанмын,
Беліме қылыш буғанмын.

Талай жерде майданда
Қылышым қанға жуғанмын.
Кезегін беріп талайдың,
Ердің жолын қуғанмын.

Кезегіңді беремін,
Кезегім келсе, көремін.
Өлмей қалсам оғыңнан,
Мен де саған төнемін,

Разымын мен, көнемін.
Алакөбек, ата бер,
Үстіме келген қонағым,
Кезегіңді беремін,—

Деп тұрғанда Жығаны
Алакөбек атады,
Кірістен оғы жетеді.
Таңдап алған сұр жебе

Жығадан да өтеді.
Жыға батыр оққа ұшып,
Кезегіне жетпеді.
Ат ойнап шықты далаға,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жыға жатыр далада.
Майданда Жыға жатқаны
Қазаққа оңай бола ма!
Алакөбек мақтанды:

«Батырың болса, шық!»—деді,
Жығадан кейін майданға
Ұлы жүзден шықпады.
Ат ойнатып майданда,

Басты шаншып найзаға:

—Алакөбек батырмын,

Меніменен ойнама.
Алакөбек—мен, деді,
Батырың болса, кел!—деді.
Жығаның басы мінекей,

Қаныңды алып қал,—деді.
Ұлы жүзден шықпады,
Жығаны шыққан мықтады.
Алакөбек шауып кеп,

Орта жүзге тоқтады.
Орта жүздің тұсында:

—Орта жүзің осы ма?

Жекпе-жекке шақырам,
Батырың келсін қасыма.
Батырың болса, шық, деді,
Шықпасаң, туың жық, деді.

Бөкенбай, Есет, Жәнібектен
Қалған менде кек,—деді.
Ол күнде мен баламын,
Ойласам, күйіп-жанамын.

Ата жауым қазақтан
Кегімді бүгін аламын.
Аламын бүгін кегімді,
Ұлы жүзің жеңілді.

Батырың шықсын майданға,
Шықпасаң, туың жығылды.
Туыңды жық, ойлан да,
Жығылады туың, ойланба.

Туыңды, қазақ, жықпасаң,

барақ  БАТЫР
Еліңді саламын ойранға.
Алакөбек батырмын,
Меніменен ойнама.

Ойнаймын деген менімен
Батырың шықсын майданға.
Қызығымды көре қал,
Меніменен ойна да,—

Деді қалмақ Түгелге,
Есітті сөзін Түгел де.
Майданға шығар адам жоқ,
Түгел батыр түңілді.

Мына сөз батты Түгелге,
«Жығылды туың» дегенде,
Ашуланды арланды,
«Туыңды жығам» дегенге.

Түгел батыр жылады,
Көзінің жасын бұлады,
Майданға шығар адам жоқ,
Бұған не амал қылады.

Түгел туын бұлғады,
Туын бұлғап, толғады:

—Бөкенбай, Есет, Жәнібек

Осы бүгін болмады.
Алты мың әскер қол келді,
Аз емес қалмақ, мол келді.
Алакөбек батырдың

Бір өзі бізге зор келді.
Қорқып едім түсімнен,
Түсімде көрген ісімнен.
Жақсылыққа жорыдым

Түсімді көрген ішімнен.
Бір айдаһар келіп жүр,
Келіп елді торып жүр.
Айдаһардың келгенін

Ұйқыда түсім көріп жүр.
Айдаһардың ізінен
Сансыз қалмақ еріп жүр.
Жердің беті көрінбейді,

Есепсіз жылан өріп жүр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жердің үстін жылан алды,
Жылансыз жер қалмады.
Ысқырып еді айдаһар,
Тас домалап, тау қозғалды.

Бұл не деген аламат,
Айдаһар қандай айуанат?!
«Осындай зор айуанды,—
Деп еді,—бүркіт бір жұтад».

Көріп тұрдым бүркітті,
Айдаһарды бір жұтты.
Айдаһарды бір жұтып,
Көп жыланды үркітті.

Айдаһарды бүркіт жұтады,
Бұл не деген хикмат!
Хикматы Алланың:
Жыланды бүркіт жалмады.

Өріп жүрген көп жылан
Жер үстінде қалмады.
Үмітім бар еді бүркіттен,
Айдаһарды бір жұтып,

Көп жыланды үркіткен.
Майданға шығар адам жоқ,
Болмады бір жан тырп еткен.
Тарылды менің тынысым,

Қалай болды бұл түсім.
Айдаһар деген осы екен,
Қорқайын деді сұм ішім.
Көрген түсім шайтан ба,

Көрмесем түсті, айтам ба.
«Жігіттіктің соңы» деп,
Шығайын өзім майданға.
Туымды қалай жығайын,

Сөзіне қалай шыдайын!
Туымды ұста біреуің,
Қалмаққа өзім шығайын.
Жаратқан бізді Құдайым

Еліме салды уайым.
Туымды қалай жығайын,
Жаратқанға жылайын.

барақ  БАТЫР
Кешегі көрген түсімді
Осы бүгін сынайын.
Кіші жүздің ішінен

Шықпас па екен бір бала,
Тумаған ба екен бір ана?!
Азырақ сабыр қылайын,
Кешегі көрген түсімде,

Түсімде көрген ісімде
Шаңқылдады көк бүркіт
Ақ бұлттың ішінде.
Аспанды бұлт торлады,

Күннің көзін ұрлады.
Сырғып келіп аспаннан,
Қонуға жерге ойланды.
Келіп қонды тұғырға,

Тұғыр менің қолымда.
Үмітім бар бүркіттен,
Түсім шайтан болмаса
Қазағымның сорына.

Түгел толғап тұрғанда,
Ұсынып туды бұрғанда,
Кіші жүзден майданға
Шыға шапты бір бала.

Жауға шапқан баланың
Он сегізде жасы бар,
Қиылған қара қасы бар.
Жас та болса, баланың

Балаған мыңға басы бар.
Астында ақ боз аты бар,
Қорықпайтын жаудан дәті бар.
Тәуекел—ердің қайрағы,

Әр жұмыстың сәті бар.
Алакөбек майданда,
Келді бала майданға.
Ажал айдап келіпсің,

Тоқта, бала, ойнама!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бала тұрды, жүрмеді,
Баланы көзге ілмеді.

—Жасың кіші баласың

Кезегімді бер,—деді.
Әуелі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Кезегіңе тұр,—деді.

Мен бір келген бала ғой,
Баланы көрдің сен оңай.
Сақалыңды сыйлайын,
Кезегіңді ала ғой,—

Деді бала қалмаққа,
Кезеп тұр оғын қалмақ та.
Қара бүркіттей шаңқылдап,
Дулығасы жарқылдап,

Оңай көріп баланы,
Күлді қалмақ қарқылдап.
Алды қалмақ кезегін,
Атты оғын кезеген.

Атқан оғы өтпеді
Көкірек қысқан көбеден.
Қазақтар тұр қауіппен,
Өтті бала қауіптен.

Атқан оғы өтпеді
Серке берген сауыттан.
Сауыттан оғы өтпеді,
Тілегіне жетпеді.

Алакөбек батырдың
Бұл жұмысы бітпеді.
Бітпеді ердің жұмысы,
Қуырылды тынысы.

«Бір оғымнан қалмаушы еді,
Қалай болды бұнысы?»—
Деп қалмақ ойланды,
Ойда барын толғанды.

«Атайын,—деп,—баланы»,
Және бір оғын қолға алды.

барақ  БАТЫР
Бала жетті кезекке,
Алды бала кезекті.
«Сауыттың ашық жері» деп

Шұрқылтайын көзепті.
Алды бала найзасын,
«Найза—өзімнің жолдасым.
Осы бүгін болмаса,

Көремін қашан пайдасын?!»
Найзасын алды жарақтан,
Қар жаудырды қабақтан.
Алакөбек батырға

Салды найза сағақтан.
Ақ білегін түрінді,
Ақ найзаны үйірді.
Сауыттан өтпей ақ найза,

Қармақ болып иілді.
Қабағы тастай түйілді,
Лашын құстай шүйілді.
Түсіре алмай қалмақты,

Көрді бала қиындық.
Ақ найзаны ырғады,
Ырғағанмен, бармады.
«Кезегім менің бітті»,—деп,

Алакөбек қарап тұрмады.
Ат үстінен алысты,
Жағаға қол салысты.
Түсіре алмай бір-бірін,

Тақымдары қарысты.
Ат үстінен тартысты,
Бәрінен де ар күшті.
Екеуінің күшінен

Ат жүрелеп жатысты.
Басын салып балтаға,
Қанын құйып қалтаға,
Екі батыр айқасты

Кең майданда ортада.
Майданда батыр айқасты,
Күштерін сынап байқасты.
Кім өледі, кім қалады

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осы бүгін шайқаста?
Алысқан жері шаң болды,
Көрген адам таң болды.
Өкпе-жүрек қысылып,

Қақырғаны қан болды.
Тебінген жері тереңдеп,
Қазылып қалды ор болып.
Тең таба алмай жүр еді,

Қазақ бала зор болды.
Құтыла алмай баладан,
Алысып жүр манадан
Маңдайына сор болды.

Кірді жерге тізеден,
Мойны жуан күзеден.
Топырақ пен шаң жұтып,
Булығып жүр ызадан.

Таласқан жерде озатын,
Қан төгіп, қамал бұзатын
Екеуі де ер еді,
Тепсе, темір үзетін.

Темір үзген тепкіні,
Дауылдан күшті екпіні.
Су сепкендей басылып,
Ісік алып өкпені.

Көріп тұрмыз қалмақты-ай,
Көрінеді қалмақ салмақты-ай.
Таудай дәудің қасында
Көрінеді бала бармақтай.

Қойды қалмақ кезегін,
Атпады оғын кезеген.
Көз астынан қарайды
Секілді бұқа сүзеген.

Сүзеген бұқа сұстанды,
Жұп жағадан ұстанды.
Көтеріп алам дегенде,
Атынан бала түспеді.

Атынан бала түспеді,
«Түсірем» деп, күштеді.

барақ  БАТЫР
Күшін жиып бойына,
Бар айласын істеді.
Айласы іске аспады,

Төгілді ісіп-тасқаны.
Қанша қайрат қылса да,
Қалмақтан бала саспады.
Аттан жерге қонады,

Жерді қолай көреді.
«Жұдырықтай баланы
Көтеріп алам» деп еді.
Атынан жерге қонғансын,

Өзі күшті болғасын,
Көтеріп көрді шамасын.
Жермен бірге біткендей
Қозғалмайды, қорғасын.

Қозғай алмай баланы,
Ісінің білді оңбасын.
Іздеп келіп қазаққа,
Саудаға салды сау басын.

Сәтсіз күні шығып сапарға,
Жолының білді болмасын.
Көрмегені көп еді,
«Өзіме тең бар» демеді.

«Жұдырықтай баланы
Көтеріп аламын» дегенде,
Жағасына қол жетті,
Ұстауға қолы мол жетті.

Төмен қарап тартқанда,
Батырдың белін құржитты.
Алакөбек батырдан
Баланың бойы аласа,

Енді болды тамаша.
Екі жақта екі қол
Қызығына қараса,
Мықтымсынған қалмақтың

Белгілі болды шамасы.
Жыртылғасын, жіберді
Сауытының жағасын.
7-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабыл екен жасынан
Баланың еткен тобасы.
Алакөбек батырдың
Жан базары құрылды.

Топырақ пен шаң жұтып,
Өкпеге кірді сырылы.
Жанды сақтап қалуға
Жанталасып ұрынды.

Кездескен қазақ баланың
Күші басым көрінді.
«Қамал бұзып қан төккен
Қайратым қайда бұрынғы?!

Жұдырықтай баламен
Алысып жүрмін манадан.
Ұстаған жері темірдей,
Жібермейді жағадан».

Жағадан қолын жіберді,
Жаннан үзді күдерді.

—Қайратым қайда бұрынғы,

Шіренсем, үзген шідерді?
Басайын деп өкпесін,
Біраз ғана кідірді.

—Жұмыр біткен білегім,

Жаралған тастан жүрегім.
Кез болды бүгін бір бала,
Жаудан еді тілегім.
Мен елімде ер едім,

Ерге шерік шері едім.
Мынау келген балаға
Жығаның жолын беретін
Алакөбек мен едім.

Алакөбек, не дейсің?
Өлгеніңді білмейсің.
«Демін алсын» деп едім,
«Дем алайық» демейсің.

Берейін саған демалыс,
Болмасын енді сөз жарыс.

барақ  БАТЫР
Үніңді оттай өшіріп,
Қылайын, батыр, тым-тырыс.
Тыныш жат, Алакөбегім,

Алты мың әскер—көмегің.
Осы емес пе еді Құдайдан,
Алакөбек, тілегің
Еліңнен іздеп келгенің?

Осы еді, батыр, керегің,
Керегіңді берейін,
Сені осал демейін.
Дем алғаның күтпейін,

Уақытты бос өткізбейін,—деп,
Қайта кірді ұрысқа,
Ұрыста қарап тұрыспа.
Ұмытып бала жүр екен,

Көзі түсті қылышқа.
«Ұрысқа майдан қолай болды,
Сыйынғаным Құдай болды.
Нағашы атам—Серкені

Ұмытқаным қалай болды?!»
Ұмытқан екен ер Барақ
Атасы берген алмасын.
Суырып алып қынаптан,

Қылышты көзі шалғасын,
Енді Барақ ойланды,
Қолына қылыш алғасын.
«Сауыттың төмен жағы» деп,

Шабайын деп жамбасын,
Тауға салса, тас кескен,
Кеудеге салса, бас кескен,
Балдағы алтын құрыш болат

Серкеменен бірге өскен.
Серке батыр беріп еді,
Есіне түсті наркескен.
Наркескен түсті есіне,

Енді тұрсын несіне!
Алакөбек батырды
Түсірді бала бесінде.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Есіне түсті баланың
Серкенің берген қылышы.
Қолына қылыш алғасын,
Аңғарылды жұмысы.

Жан қала ма алмастан,
Ақ алмастан қалмас жан.
Алакөбек батырды
Шапты бала жамбастан.

Жамбастан шауып түсірді,
Батырдың үнін өшірді.
Дулыға, сауыт шешіп ап,
Батырдың басын кесіп ап,

Шаң астынан шыға келді,
Қара қасқа атты жетекке ап.
Тілла құйысқан төңкеріп,
Кіреуке сауыт бөктеріп,

Шауып шықты майданға:
«Батырың болса келсін»,—деп,
Майданда жүріп, ат ойнатып,
Қанжығаға бас байлап,

Жақындап барды қалмаққа.
«Жекпе-жек!»,—деп айқайлап,
«Жекпе-жек!»,—деп, қалмақтың
Жақындап барды қолына,

Ысырылды көп қалмақ
Өзінің келген жолына.
Суға айдаған қойдай қып,
Азырақ түсті соңына.

Ізіне ере бермеді,
Ат шауып жауға кірмеді.
Жолығып кет, қайтсаңыз,
Біреуің маған кел,—деді.

Қайтып келді біреуі,
Ендігі қалған тіреуі.
Жекпе-жекке шықпаймын,
Ұрыстың жоқ керегі.

Ұрыспаймын сенімен,
Ақылдастым еліммен.

барақ  БАТЫР
Сабымды бұзып, ту жығып,
Бара жатырмын жөніммен.
Алакөбек өлгесін,

Билігін әскер бергесін,
Ұрысты мен тоқтаттым,
Өзіме тізгін тигесін.
Тізгін тиді өзіме,

Нансаң менің сөзіме,
Ұрыспайық қан төгіп,
Ақылдастым өзіңе.
Айтшы, батыр, ақылың,

Істейік істің мақұлын.
Не болып шығады, білмеймін
Ұрыстың соңғы ақырын.
Ұрыссақ, қан төгіледі,

Соңында бір жақ жеңіледі.
Алакөбек әскерді
Еріксіз айдап келіп еді.
Алты мың әскер аламан

Еріксіз шықты қаладан.
Алакөбек өлгесін,
Қайтуға болдық таламан.
Қайтуға болдық таламан,

Алакөбек—садағам.
«Қайтыңыз елге» дегесін,
Қуанды әскер аламан.
Алакөбек бас болды,

Қайратына мас болды,
Ханымыздың күшімен
Айдап шықты әскерді.
Хан жиып берді әскерді,

Алакөбек басқарды.
«Бармаймын» деген адамды
«Апарамын»,—деп, қасарды.
Қасарған жерден қан алды,

Алты мың әскер саналды,
Мың адамға бір бастық,
Хан бұйрығы орындалды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Орындап ханның бұйрығын,
Ханның алып сыйлығын,
Алакөбек аттанды,
Әскердің алып билігін.

Әскер шықты қаладан,
Атына мініп жараған,
Алакөбек бастығы
Алты мың әскер аламан.

Әскер шықты сайланып,
Бес қаруын байланып.
Ұрыс болса майданда,
Тұрмайды ерлер ойланып.

Ойланып тұрған ер емес,
Ұрыссақ, ұрыспасақ та,
Келісімге келеміз.
Келісім бер, кеңесің,

Ұрыспаймын—менің кеңесім.
Төгілген қанды мойныңа ал,
Ұрыссаң, қан төгесің.
Қатты Сыбан хан еді,

Қаһары қатты жан еді,
Ханның қорқып қаһарынан,
Ешкім «Бармаймын» демеді.
Қатты Сыбан—ханымыз,

Алдына бардық бәріміз.
Қаһары қатты патшаға
Айта алмадық зарымыз.
Қалмақ, қазақ арасы

Ежелгі дұшпан ел еді.
Бірінен-бірі қан төгіп,
Заманнан бері келеді.
Қан төккен қайсар батырды

«Қасқыр жүрек» деп еді.
Осы жүрген адамның
Бәрінде қатын-бала бар,
Кемпір-шалы және бар.

Кемпір-шал, жетім баланы,
Қожасы өлсе, кім бағар?

барақ  БАТЫР
Лақ маңырап, су ішер,
Улап-шулап күн кешер.
Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.
Ұрыссаң, дабыл ұрамыз,
Қайтадан сапқа тұрамыз.
Кім өледі, кім қалады,

Жан базарын құрамыз.
Құрамыз жанның базарын,
Қайнатып жанның қазанын,
Көк бұйра қылыш күтіп тұр

Өлетін жанның ажалын.
Ендігісін өзің біл,
Айтып болдым, қазағым.
Мен де өзіңдей баламын,

Өзіңе ақыл саламын.
Әскерімді елге қайтарып,
Бас сауғалап барамын.
«Батырдан сауға»,—деген бар,

Сауға бер, батыр, аламын.
Әскерім қайтты асығыс,
Ұзақ болсын жасыңыз!
Өмірлі жан өлмесін!

Сауғаға бер басымыз.
Сонда Барақ сөйледі,
Ашуды ақыл биледі.
Екеуі бітім сөйлесіп,

Біріне-бірі тимеді.
Жау болып келдің, қалмағым,
Жаудың жолы—салғаның.
Соқпағыңнан адасып,

Бітім менен тыныштық
Сауғаға сұрап тұрғаның.
Берейін, батыр, сауғаңды.
Екі жақ та сауға алды.

Алакөбек болғанда,
Құрбан қылады көп жанды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түсіндім, батыр, сөзіңе,
Рақмет айтам өзіңе!
«Ұрысты тоқтатайық»,—деп,
Айтайын деп едім өзім де.

Менен бұрын сен айттың,
Әскеріңді алып, тез қайттың.
Алакөбекті өлтіріп,
Әскеріңді мұңайттым.

Жүрегіңде мейірім бар,
Айтқан сөзің—шырын-бал.
Қалмақта да бар екен
Адал жүрек адамдар.

Әскеріңді билесең,
Біздің елге тимесең,
Еліңе қайтсаң, қайта бер,
Қан төгуді сүймесең.

Ұрысты мен де сүймеймін,
Сен тимесең, тимеймін.
Желігіп тұрған қазақты
Ұрыстырмаймын, билеймін.

Ер Тайға, маған кеңессең,
Менің берген кеңесім:
Мейірімді бол еліңе,
Қасқыр жүрек емессің.

Соғыспады екі қол,
Еліңе қайтсаң, анау жол.
Әскеріңді алып, қайта бер,
Еліңе керек сендей ұл.

Көріскенше, көргенше,
Енді айналып келгенше,
Ер Тайға досым, аман бол!
Тайға қайтты қоштасып,

Барақпенен достасып,
«Қол—Құдайдың мөрі»,—деп,
Достықпен қол ұстасып.
Қалмақ қашты саладан,

Он сегіз жасар баладан.
Еліне қайтты ізімен

барақ  БАТЫР
Алты мың әскер аламан.
Ер Тайғадан бұйрық алып,
Көп әскерді жолға салып,

Батырлары кейін қалып,
Кете берді қуанып.
Күннің көзін тозаң алды,
Батырлары кейін қалды.

«Қазақ қуып келе ме» деп,
Әскердің артын қорғады.
Қалмақты қазақ қумады,
Бір орыннан қозғалмады.

Майданда жалғыз қалып еді,
Тайғадан хабар болмады.
Барақ пен Тайға сөйлесті,
Әрқайсысы елін билесті.

Біріне-бірі тимеске
Уәде қылып қолдасты.
Қол ұстасып қоштасты,
Достықпенен қол ұстасты.

Қалмақ, қазақ арасын
Тыныштыққа достасты.
Ер Тайға қайтты, қоштасып,
Барақпенен достасып,

Қолдың кетті артынан,
Тыныштық белгі ұстасып.

—Тыныштық болды жауымыз,

«Аламын» деп келген ауымыз.
Алакөбекті өлтіріп,
Құлады асқар тауымыз.
Тау бұзылып, болды талқан.

Тауымды бұзып, жол салған—
Қазақтың Барақ батыры
Тыныштықты қолдаған.
Алты мың әскер жолдасым,

Тыныштыққа қолдасым,
Алакөбек өлгесін,
Білдіңіз жолың болмасын.
Билік жоқ жаудың көбінде,

Кешу болды жардың түбінде.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бітім қылып жауыммен,
Билеп келдім көбіңді.
Тоқтап қалды жаудың көбі,
Кешу болды жардың түбі.

Тоқтатып келдім ұрысты,
Көресің қалай бұл істі?
Салыстырып ақылға,
Көпшілігің мақұлда.

Тоқтатып келдім ұрысты,
Ұрысқаның мақұл ма?
Ақылдасып қараңыз,
Көбіңе ақыл саламыз.

Кеңесті құл азбайды,
Ақылын көптің аламыз.
«Ұрысамын» десең, көбің біл,
Ұрыссаң, дабыл қағамыз.

Әскерді сапқа тұрғызып,
Майданға қайтып барамыз.
Сабын бұзбай қазақ тұр,
Алыс емес арамыз.

Көрініп тұр қан майдан,
Үзілген жоқ қарамыз.
Ақылдасып бәріңіз,
Жасы кіші, кәріңіз.

Мал іздеп келіп, қазақтан
Төгілмесін қанымыз.
Жаудан алып қашатын
Жоқ қой біздің малымыз.

Жауың осы іздеген,
Іздеген жауың кез келген.
Мықты ма жауың, осал ма,
Жауыңды көрдің көзбенен.

Қашқанымыз мәлім боп,
Қорғағаным жаным боп,
Жекпе-жекке шығып майданға
Ұрысатын әлім жоқ.

Майданда тұрды шаңғытып,
Қызыл жоса қан күтіп.
«Өмірлі жан өлмесін!»—деп,

барақ  БАТЫР
Ұрысты келдім тоқтатып.
Ұрыссақ, қан төгіледі,
Өмірге өлім себіледі.

Өмірге өлім себілсе,
Өлмейтін жанды кім біледі.
Алты мың әскер келіп ек,
Келгенше келдік желігіп.

Желіккен жер де басылды,
Алакөбек өліп еді.
Алты мың әскер аламан,
Ұрысты кім қалаған.

Ханымыздың күшімен
Еріксіз шықтық қаладан.
Жау сағынып келіп едік,
Шығынымыз—бір адам.

Бір адам шығын болмайды,
Болады мұрын қанаған.
Алты мың әскер басынан
Алакөбек—садағам.

Ұлықсат елге қайтуға,
Қуанбайтын қай тума?!
Келе жатырмын асығып
Сүйінші хабар айтуға.

Ізіңнен енді жау қумас,
Тарасын бойға ішкен ас.
Қайта бер елге, қайта бер,
Жай жүріп, жатып жалаңаш,

Туып өскен қалаға,
Шықпаған көбі далада.
Күні-түн келеді,
«Жетсек,—деп,—қатын-балаға».

Қалмақтар кетіп барады,
Қазақтар тұрып қалады.
Ендігі сөзді қазақтан
Есітсеңіз болады.

Алакөбек өледі,
Өлгенін халық көреді.
Алакөбекті өлтірген

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Белгісіз бір бала еді.
Өлтірген бала ер еді,
Жау сағынып жүр еді.
Алакөбек өлгенсін,

Үш ананың баласы
Қуанышқа бөленді.
Қалмақ қашты бас сауғалап,
Қазақтар тұр жау қаштылап.

Үш ананың баласы
Қосылып кетті жамырап.
Жамырасып араласты,
Ұрысатын жау қашты.

Сүйінші сұрап бір-бірінен,
Ту түбінде табысты.
Жиылып тудың түбінде,
Араласып бір-біріне,

«Қашқан жауды қуамыз»,—деп,
Қазақтар келді Түгелге.

—Қол бастаған қартымыз,

Қартына келді халқыңыз.
Халықтың айтқан сөзіне
Құлағыңды салыңыз.
Анау қашып баратқан

Манағы мықты жауымыз.
Жауымызды қуамыз,
Қылышты қанмен жуамыз.
«Өзі келген текені

Көзге ат» деген мақал бар,
Жібермей бірін, қырамыз.
Аты-тонын қалмақтың
Олжа қылып қаламыз,

Ұлықсат бер, бабамыз.
Араласып ұрысып,
Бір құмардан шығамыз.
Мынау жатқан даланы,

Созылып жатқан саланы
«Қалмақ келіп қырылған»
Деген атақ қыламыз,—

барақ  БАТЫР
Деп аламан тұрады.
«Не айтар екен қартым?»—деп,
Қолбасшыға қарады.

Сонда Түгел не деді,
Сабырлы қарттың бірі еді.
Желігіп тұрған қазаққа:
«Қуа бер жауды»,—демеді.

Қалмақ қашты ізімен
Желіккен қазақ тоқтады
Түгелдің айтқан сөзімен.
Түгел айтты:—Тоқта!—деді,

Ұшырайсың оққа,—деді.
Желіккен батыр, қайда едіңіз
Жыға өлген уақытта?!—деді.
Жыға өлді майданда,

«Кім шығады,—дедім,—майданға?»
Бірде-бірің шықпадың,
Шақырып қалмақ тұрғанда.
Қалмақ тұрды ақырып,

Жекпе-жекке шақырып.
Бірде-бірің шықпадың,
Жыладым сонда аһ ұрып.
«Майданға шық, батыр,—деп,

Шықпасаң, болдың қатын,—деп,
Қазақтан кегін алатын
Алакөбек—атым»,—деп,
Алакөбек ақырып,

Жекпе-жекке шақырып:
«Жекпе-жекке шықпасаң,
Бәрің кел, қазақ, жапырып!
Қазаққа болам бір өзім,

Санаспаймын жаумен мінезім.
Жапыра шығып майданға,
Көресіңді көресің.
Майданға шығар еріңді,

Шыққанға берем өлімді.
Туыңды жығып, қазағым,
Шабатын күнім еліңді»,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Деп тұрғанда қалмағың,
Аламын деп тұрды алмағын,
Салып тұрды елге салмағын.
Сол уақытта қайда едің,

Желігіп тұрған қазағым?!
Батырларым, желікпе,
Желігіп қалмақ келіпті.
Желіккен жауды көрдіңіз,

Алакөбек өліпті.
Қашқан жауды көріпсің.
«Қуамын,—деп,—жауды» келіпсің.
Алакөбек өлгесін,

Бәрің де батыр болыпсың,
Тілегіңді берейін.
«Жауды қума» демейін,
Жау бара жатыр жөнімен,

Қашқан жөнін білейін.
Алакөбекті өлтірген,
Елімізді күлдірген,
Жауға күшін білдірген

Баланы да көрейін.
Баламенен танысып,
Аман-түгел алысып,
Баламен ақыл салысып,

Содан соң жауап берейін,—
Деп Түгел қарт тұрды да,
Әскерге мойын бұрды да:

—Алакөбек батырды

Өлтірді бала ортада.
Өлтірген бала қайда екен?
Шақырып әкел біреуің.
Қандай екен көрейін,

Кімнің баласы екен, білейін.
Басшы қылып жорыққа,
Ізіне өзім ерейін.
Шақырып әкел ортаға,

Бала тұрсын ортада.
Алакөбекті өлтіріп,
Қайтарған жауды жұртына.

барақ  БАТЫР
Майданнан жауды қашырған,
Жерімнен жауды ысырған,
Алакөбекті өлтіріп,

Қара қасқа атты түсірген,
Ердің жолын қуатын,
Беліне алмас буатын,
Осындай қан майданда

Қылышын қанға жуатын.
Қалмақ өтпей тұсымнан,
Сондағы күнім қысылған,
Көк бүркітім осы екен

Аждаһаны ұшырған.
Шақырып әкел біреуің,
Қазағым, сенің тіреуің.
Жылап едім Құдайға,

Қабыл болды тілегім.
Шақырып әкел, көрейін,
Көзім көріп, сенейін.
Қолына ту ұстатып,

Батамды да берейін.
Батамды беріп балама,
Тапсырайын Аллаға.
Енді өлсем, арман жоқ,

Баладан жаным садаға.
Ішіме арман кетер еді,
Қалмақтан өлсем далада.
Ту ұстатып қолына,

Түсіріп ердің жолына,
Иесіне елді тапсырып,
Жатайын енді жөніме,
Елдің иесі табылды,

Тілегіміз қабыл-ды.
«Көреміз,—деп,—баланы»,
Көргенше, халық сағынды.
Қолына балам ту алсын,

Алған туы құтты болсын!
Ел қорғаған ерін көріп,
Қалың қазақ қуансын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Естіп қарттың кеңесін,
«Шақырып әкел»,—дегесін,
Танитұғын бір жігіт
Атына мініп алады,

«Шақырамын,—деп,—баланы»,
Үш мың қолды аралап,
«Барақ!»—деп айғай салады.
«Барақ!» деген дауысты

Құлағы елдің шалады.
Тау да айқай салады,
Тас та айқай салады.
Жаңғырыққан бір дауыс

Құлағын елдің жарады.
Танымайтын адамдар:
«Барағың кім?»—деп сұрады.

—Барағымды сұрасаң,

Сөзіме құлақ саласың.
Жөнін айтып Барақтың,
Танымайтын танымасаң,
Танымасаң, танытайын,

Барақтың жайын айтайын.
Ел қорғаған еріңді
Сұрасаң, айтпай қайтейін!
Танытайын Барақты,

Жауда ойнаған жарақты,
Алакөбек өлтіріп,
Майданда жүрген шырақты.
Алты мың қолды қашырған,

Жерімнен жауды ысырған,
Қайғының қара бұлтын
Ел басынан көшірген,
Жылағанды жұбатқан,

Құдайым артық жаратқан,
Алты мың қолды қашырып,
Қалмақтың алты туын құлатқан.
«Барақ» деген дауысты,

Естіген адам дабысты,
Алакөбекті өлтіріп,
Алып берген намысты,

барақ  БАТЫР
«Барақ екен аты»,—деп,
Атына халық танысты.
Танысты халық атына,

«Барақ» деген затына.
«Шақырып жатыр» дегесін,
Келді бала қартына.

—Шақырдың, ата, келіп ем,

Келейін деп жүріп ем.
Ер Тайғамен сөйлесіп,
Кешігіңкіреп қалып ем.
Алдыңа келіп, атамыз,

Беріп тұрсың батаңыз.
Биліксіз сізден бітістім,
Кешіре көр қатамыз.
Кешіре көр, атам-ай,

Болған болса қатам-ай.
Қалмақ сауға сұрады,
Сауғаға бердім бітім-ай.
Қалмақ қайтты еліне,

Қазақ қалды жерінде.
Еліне жауды қайтардым,
Жауыммен қылып бітімді.
Бітім болды жау түбі,

Кешу болды жар түбі.
Тоқтатып келдім ұрысты,
Көресің қалай бұл істі?
Бітім бердім, сауға алды,

Екі жақ та сауға алды.
Таразыға тартыңыз:
Бұл істен кім алданды?—
Деді бала қартына,

Қартына да халқына.
Асығып Түгел сөйледі,
Түсініп сөздің парқына:
Алданбапсың, балам, деді,

Мен ырзамын саған, деді.
Қан төгуді сүймесең,
Адал жүрек адам, деді,
8-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қасқыр жүрек надан,—деді.
Ата-анаң, нағашың кім?
Таныстыр, балам, маған,—деді.
Атаға бала танысты,

Баланы ата танытты.
«Кім баласы екен?» деп,
Құлағын халық салыпты.

—Құлағың сал, атам, деді,

Танытайын саған, деді.
Кіші жүздің ішінде
Жетірудан боламын,—деді,
Жетірудың біреуі,

Жетірудың жау еді тілегі.
Жетірудың ішінде
Есітесің Табынды,
Құдайым ашсын бағымды.

Бір бөлімі Табынның
Шөмішті деген ауыл-ды.
Осы ауылдың ішінде
Сатыбалды баласы

«Барақ» дейді атымды.
Шешемнің аты—Қарқара,
Нағашым—Серке батыр-ды.
Серке батыр—нағашым

Жаулап өткен кәпірді.
Шығысым, ата, осы еді,
Таныттым арғы затымды.
Майданға шығып, өлтірдім

Алакөбек батырды.
Беріп тұрмын әкеліп
Түсірген жаудан атымды.
Алла тізгін оңғарса,

Жібермеймін жауға ақымды.
Өзім өлмей, майданға
Шығарамын неге қартымды!
Қартым, неден қысылдың,

Қысылғанды түсіндім?!
Қасыңда бір адамға

барақ  БАТЫР
«Ұста»,—деп туды ұсындың.
Ұсындың туды: «Ұста»,—деп,
Шығуға тұрдың құштар боп.

Шыға шаптым, асығып,
«Атамнан бұрын шықсам» деп.
Бұрын шықтым атамнан,
Атамнан жоқ ем бата алған.

«Бата алмай шығып атамнан,
Асыққаным не болған,
Ұлықсат алмай атамнан?»
Ойладым, ата, осыны-ай.

Жан базары кімге оңай?
Шауып шықтым майданға,
Қауіп-қатер ойламай.
Сонда Түгел толғады,

Бұлардан толғау сөз қалды.
Бір қайғыны ойласа,
Мың қайғыны қозғады.
Алакөбек майданда

Шықпады адам майданға.
Майданға адам шыға алмай,
Тұрғанда халқым қайғыда,
Қайғы басты қара тұман,

Жаудың түрі тым жаман.
Сап-сабымен тұрып алды
Алты мың әскер аламан.
Алакөбек батырдан

Құтылмас жанды қашырған.
Екі көзі қанға толып,
Мейманасы тасыған.
«Кім шығады,—дедім,—бұған?»

Демеді ешкім: «Мен шығам».
Айдаһардай ысқырып тұр,
Жанды сақтау болды күмән.
Қанқор екен қанға жерік,

Өмірлі жанға өлім беріп,
Қазақтан қан төгуге
Келген екен желігіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Желігіп келді қалмағың,
Салды елге салмағын,
Қазаққа үлкен қайғы болды
Жаудан аман қалмағың.

Елді сақтау болды күмән,
Күн тұтылып болды тұман.
Ел басына қайғы туды
Қара бұлт қаптаған.

Бұны көріп бабаң-ай,
Тұр едім жылап, балам-ай:
«Бір баланы шығар»,—деп,
Жаратқаннан сұрап-ай,

«Ұйқыда көрген түсімді
Көрейін,—деп,—сынап-ай».
«Бір бала шықпас па екен?»—деп,
Майданға тұрдым шыға алмай.

Шыға алмай, жылап тұрғанда-ай,
Ұсынып туды бұрғанда-ай,
Қан төгілген майданға
Шауып шықтың, шыдамай,

Жылап тұрған атаңнан
Ұлықсат бата сұрамай.
Алдыма келіп, ботам-ай,
Алып кетсең батам-ай,

Алакөбек батырды
Түсірер едің қысылмай.
Батамды алмай кеткеннен
Найзаның қармақ болғаны-ай.

Біразырақ қысылдың
Найзаңды ырғап тұрғанда-ай.
Қармақ болған ақ найза
Ырғағанмен, бармады-ай.

«Кезегім менің бітті»,—деп,
Қалмақ та қарап тұрмады-ай.
Тұрғанмен қалмағың,
Бұрынғы күші болмады-ай.

Көзімнің сүрттім жасын-ай,
Қарадым, балам, басыңа-ай.
Басыңа қонған бақытың

барақ  БАТЫР
Көрінді маған осындай.
Көтерілген шаң-тозаң
Аспанды тегіс торлапты.

Қазандай болған ақ бұлт
Күннің көзін ұрлапты.
Ақ бұлт деген ақ әруақ
Басыңа, балам, орнапты.

Берейін, балам, батамды,
Әруағың оттай тұтанды.
Өзім жатып, балама
Тапсырайын Отанды.

Елдің иесі боласың,
Қол жайып, ал батамды.
Қазағына үш жүздің
Барақ батыр атанды.

«Жаудан бүгін қалдық аман,
Туды берем, балам, саған.
Тудың иесі сен боларсың
Елді жаудан қорғаған.

Туымды ал қолыңменен,
Бұрынғы ердің жолыменен.
Әруақ қонсын басыңа
Жеті атаңнан үзілмеген!

Көтер, балам, білекті,
Құдайым берсін тілекті!
Мұсылман үшін туыпсың,
Мұсылманға керекті.

Керектісің мұсылманға,
Жаратылдың кәпір жауға.
Қартайып келген уағымда
Туыпсың елдің бағына.

Кәпірдің оғы өтпесін!
Мұсылман оғы жетпесін!
Өзің тисең мұсылманға,
Жетсе, қате кетпесін!

Мұсылманға аттанбасын,
Мұсылманмен жау болмасын!
Өзі тисе мұсылман,
Ол мұсылман оңбасын!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бата берген қартыңмын,
Қариялардың артымын.
Ертерек туып сендерден,
Пайғамбарға жақынмын.

Пайғамбар қолға алған ту—
Пайғамбардан қалған ту.
Ту көтерсе пайғамбар,
Дұшпаны болған ызың-шу.

Пайғамбар туы—алғаның,
Жорыққа басшы болғаның.
Көріп тұр қалың қазағың
Басыңа бақыт қонғанын.

Бақытың өрге өрлесін,
Үстіңе дұшпан келмесін!
Ертек болып кейінге,
Мәңгілік атың сөнбесін!

Қолыңа, балам, ту алдың,
Ту алғанда, қуандым.
Алакөбекті өлтіріп,
Қылышың қанға суардың.

Ұрысқа шықса пайғамбар,
Пайғамбар ісін байқаңдар.
Дүние үшін қан төкпес
Дін үшін жанын қиғандар.

Қорғайтын, қазақ, дінің жоқ,
Оқып алған білім жоқ.
Жерің мен сақта малыңды,
Малсыз, жерсіз күнің жоқ.

Ел үшін бер жаныңды,
Ел үшін төк қаныңды.
Ел үшін ер боп туғансың,
Аяма жаудан жаныңды.

Аяма жаудан жаныңды,
Жіберме жауға арыңды.
Жіберіп жауға арыңды,
Алып қалма жаныңды.

«Арымнан жаным садақа»
Деген мақал бұрынғы.

барақ  БАТЫР
Арыңнан бұрын жан бітсін,
Арың мен жаның бір кетсін.
Абырой-арың кеткенсін,

Арсыз жанды кім күтсін!
Абырой жоқ, ары жоқ,
Адамшылық тағы жоқ,
Өзі үшін оттап, су ішкен

Айуаннан айырмасы жоқ.
Ондай адам адам ба?!
Адамға оны санама.
Дұшпаныңа бірігіп,

Қолы тиеді жағаңа.
Аймағың кетпес қасыңнан,
Әділдігіңді аяма.
Әділдігіңді аясаң,

Аймағың кетпей тұра ма.
Жолдасың қалмас қасыңнан,
Олжаңды да аяма.
Олжа малы—қар суы,

Қар ерімей тұра ма.
Тыңдағанға насихат,
Аз сөзден көп мағына
Сөздің артын созбайын,

Осы да жетер балама!
Осыны айтып Түгел қарт,
Бараққа туын беріпті.
Туы менен Түгелдің

Батасын Барақ алыпты.
Үш ананың баласы—
Үш мыңға басшы болыпты,
Үш мың қолды аралап,

«Барақ!»—деп айғай салғаны
Ұран болып қалыпты.
Осы ұрыстан бері қарай
«Шөмішті» деген Табынның

Ұраны «Барақ» болыпты.
Ұран болып халыққа
Мәңгілік аты қалыпты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халық аузында ұран боп,
Ғасырдан-ғасыр келіпті.
Осы істің болғаны
Өтірік емес, анық-ты.

Айта алмаймын өз басым
«Өтірікші» деп халықты.
Барақты еске түсіріп,
Жазуға көңілім желікті.

Ел аузынан алынбай
Әлі де көбі қалыпты.
Базар етіп барымды,
Жібердім жазып Барақты.

Адресін Барақтың
Батыры болған қазақтың,
Адресін көрсетіп,
Түсіндіріп жазбақпын.

Қазақстан жерінде,
Байғаниннің елінде,
Шаруалар қыстап отырған
Белгілі қоныс сенімді—

Ұлы Самның құмында,
Көрсетейін мұны да.
Атасының қонысы,
Мекені екен бұрында.

Барақтың Асау баласы,
Көзінің ағы-қарасы
Асау менен Барақтың
Жиырма жас арасы.

«Асаудың Барақ ұлы,—деп—
Аты шыққан бұрын»,—деп,
Түсінбеген халықтың
Осы жерде бар таласы.

Әңгіменің сарасы,
Сөздің осы расы.
Ұлы Самның құмында
Асау мен Барақ моласы.

Аталы-бала—екеуі
Ұлы Самның құмында.
Құрбан қылып, қой сойып,

барақ  БАТЫР
Адам түнейді жұмада.
Бейсенбі күні бесінде,
Жұманың келер кешінде

Рухани адамдар
Тілек тілеп жатады
Тілеухана ішінде,
Өз елінде, өз жерінде,

Көрсеттім адресін де.

Салтанатты Алтайдың
Қарағайы, шыршасы,
Қайың, терек, мойылдың
Жапырағы сыбдырлап,

Балапандап басына,
Ұзақ қарға шуылдап.
Бөденесі бытпылдап,
Бозторғайы шырылдап,

Гүлді өсімдік түрленіп,
Күн шалып басын, жымыңдап,
Қаз-үйрегі қаңқылдап,
Көлі жатыр жалтырап.

Тауға біткен ағаштар
Қатты желге қалтырап.
Көлден аққан балығы
Бүктеліп, шоршып, шарқ ұрад.

Байғыз, көкек шақырып,
Қырылдап қарға қақырып,
Жолбарысы ырылдап,
Арыстаны ақырып,

Түлкілері бұлаңдап,
Қырдан асып қылаңдап,
Ақиығы Алтайдың
Қанатын тарап сылаңдап,

Төртбақ аю қараңдап,
Қалың жыныс ішінде
Қараңғыда қорбаңдап.
Үкілері әупілдеп,

Жапалағы жалбаңдап,
Көкжарлы Барақ батыр

көкжарлы  барақ  батыр
Елең қағып елік жүр,
Бөкендері бортылдап,
Тау сағалап желіп жүр.

Тау ешкілер шағылда
Жазық жерден жеріп жүр.
Сумаң қағып қасқыр да
Ұрлығына сеніп жүр.

Тау марал бұғысы
Адамзаттың еркіне
Асырауға көніп жүр.
Арқан тартып, тізіліп,

Қаз-тырнасы қаңқылдап,
Сырнай тартып аққулар,
Шағылып күнге жарқылдап,
Далалы жерде дуадақ

Қойдан қоңыр жайылып,
Құсбегілер сыбанып,
Қаршығасын қайырып,
Бүкірейіп мергендер,

Аң мен құсты атып жүр,
Жамбасымен жантаңдап,
Екпеттей басып жатып жүр.
Кәсібін о да айырып,

Аң терісін сатып жүр.
Сарғыш тышқан ойнап жүр,
Қара бауыр ін қазып,
Жер астына бойлап жүр.

Ағайынды жер мен су,
Ағашты дала қалың ну.
Шөп пен ағаш бас жарып,
Қызылды-жасыл тігіп тұр.

Қарағай, қайың, терегі—
Жапырақ, гүлден желегі,
Жаратылыс байлығы,
Адамзаттың керегі.

Қорада қойлар қоздаған,
Биелері құлындап,
Сиырлары бұзаулап,
Түйелері боздаған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жылдан жылға жаңғырып,
Алтайдан жұрт озбаған.
Адам үшін байлыққа
Алтайдан жер озбаған,

Сары алтыны сарқылмай,
Сағасынан қайнаған.
Байлығымен осындай
Әсем Алтай жайнаған.

Мәуелі ағаш ішінде
Бұлбұлдары сайраған.
Сынаптай суы мөлтілдеп,
Айнадай болып жарқылдап,

Көлдері жатыр көлкілдеп.
Сұлу қыздар сыланып,
Шоқты гүлдей желкілдеп,
Қызылды-жасыл желегі

Жел соққандай лепілдеп.
Кешке жақын жотаға
Таяғын алып кемпір-шал,
Мал қайырып селкілдеп.

Қарақат көз, жібек шаш,
Ал қызыл бет, қиғаш қас,
Құйып қойған күмістей
Денесінде міні жоқ.

Ауызға біткен гауһар тас
Жарқырайды, кірі жоқ.
Сыры терең, сымбатты,
Аузынан шыққан лебізі

Бағасы артық қымбатты.
Қойлары майдан жүре алмас,
Құйрығынан жарылып.
Сиырлары былқылдап,

Жылқылары ыңқылдап,
Көрген жоқ майдан арылып,
Шалғынды кешіп, жапырып.
Сары қымызды тегештен

Құлаштап құйып, сапырып,
Қошеметпен ауыл-үй

көкжарлы  барақ  батыр
Бірін-бірі шақырып.
Ойын-сауық, мәз-мәйрам,
Ақындарын сайратып,

Кілем, сырмақ жайнатып,
Домбыра, қобыз, сыбызғы,
Сауықшылар ойнатып.
Ел қорғаған батырлар

Қарсы шапқан жауларға,
Найзасын тығып бойлатып.
Қамыс құлақ, қаз мойын,
Бастырмай қамшы, салды ойын.

Шағылдан шауып, өрлетіп,
Ақ көбік шашып терлетіп.
Жылдан жылға кеңейіп,
Асыл Алтай ер жетіп,

Қызықтырды байлығы,
Талайдың қолын серметіп.
Жетпегенді еңіретіп,
Ыза кернеп жүрегін,

Бойын ашу тербетіп.
Өзендері сарқырап,
Құландары арқырап,
Қойнынан жатыр төгіліп

Алтын-күміс жарқырап.
Етектен көшіп, Алтайға
Қазақ барып қоныпты,
Мекен қылған Алтайда,

Өріске малы толыпты.
Шайлығып майдан жүре алмай,
Талай көлік зорықты.
Алтайға қалмақ қызығып,

Шерік тартып, қазақпен
Соғыспақшы болыпты.
Уайымсыз, қайғысыз
Қазақ жатты жайлауда.

Көгалды жасыл көк шүйгін,
Кілем жайып жайнатып,
Ел іргесін түреді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бейғам жатқан қазақты
Кез келген жерде найзамен
Қалмақ сонда іреді.
Доланқара, Арқауыл,

Қарасеңгір, Бөгенбай—
Ағайынды төрт қалмақ,
Төртеуі батыр өрт қалмақ.
Алтайды күшпен алмаққа,

Қазақтың байтақ жеріне
Ойран-ұрыс салмаққа
Жасасқан қатты серт қалмақ.
Осы кезде жолаушы

Қабанбай, Барақ кетіпті.
Ертістен ары бел асып,
Қызылсу, Шардан жол асып,
Барақ батыр, Қабанбай

Қырғыз асып кетіпті.
«Батырлар жоқ» деген соң,
Қазақты қалмақ басынып,
Алтайға қарай өтіпті.

Төскейге елді жайлатып,
Алалы бие байлатып.
Асыл Алтай сәніменен
Тастан суын қайнатып.

Тыныш жатқан халыққа
Шаппақшы болып қалмақтар,
Қылыштарын қайратып.
Алтайда бейғам ел жатыр,

Балығы шоршып көл жатыр,
Жер қайысқан шерікпен
Келе жатыр он батыр.
Батыры қалмақ сайланып,

Қалқан ұстап бетіне,
Шаппақ болып қазаққа,
Келді елдің шетіне.
Алтайды қалмақ қарапты,

Жетпек болды сертіне.
Жайға жатқан қалың ел
Ұшырауға жақын тұр

көкжарлы  барақ  батыр
Қалмақтың салған өртіне.
Сайланып келген көп қалмақ
Ел шетіне кіреді.

«Қазақ жаяу қалсын,—деп,
Қалың өртке жансын»,—деп,
Жылқыны қуып алады.
Ағашты шатқал, орманға

Қалмақтар өртті салады.
Жасанып келген қалмақтан
Қазақтар да қашыпты.
Талайы қырғын табады,

Қалың қолды қалмақтар
Алтайға әкеп жабады.
«Қырғызға бірге барам»,-деп,
Сұрағанда рұқсат,

Барақ батыр бермеген:

—Жасың биыл он бесте.

Дұрыс болмас, қарағым ,
Жастау қылыш сермеген.
Ағаның айтқан сөзіне
Жарамас-ты көнбеген.

Жоқ жоғалып, Барлыбай
Алтайды жөндеп қарайды.
Астындағы көк бесті
Бауырынан жарайды.

Сәнмен басып аяғын,
Таңғы Шолпан секілді
Екі көзі жайнап тұр.
Астындағы көк бесті

Қайшылап құлақ ойнап тұр.
Көк торғын киіп үстіне,
Күлдәрі белбеу белінде,
Батыр туған Барлыбай

Өзінің туған елінде,
Салқын қанды салмақты
Сол күндердің өзінде.
Жауға аттанбақ ойында,

Қайратын жауға арнапты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Атты-жаяу тартыстан
Барлыбайды ешкім алмапты.
Алатын қыран қабақты,
Өлшеусіз батыр талапты.

Асыл көзі болаттай,
Астындағы көк бесті
Ұшатын сұңқар санаттай.
Ала қашып, құтырып,

Алды-артына қаратпай.
Алалы жылқы айдаған,
Кілем, кежім жайнаған
Қалың көшке кез болды.

Көшке көзін салады,
Алдына таман қарады.
Қыз-келіншек бір бөлек
Топтанып кетіп барады.

Алтынды-күміс сәнменен,
Сылдыраған әнменен
Көз жанарын алады.
Алтын оқа, інжу тас,

Оқалы кәмшат жарқылдап,
Көк сауыры құйма алтын,
Тебінгісі сартылдап,
Қынама иық, қима бел,

Асыл камзол үстінде
Ақ алтыннан тігілген,
Асыл шапан сары алтын
Қайыра жаға бүргізген,

Құйма ер тоқым сары ала
Құйылып кетіп барады.
Сипатынан сұлудың
Көрген адам талады.

Екі бұрым салбырап
Гауһармен өрген тізбектеп.
Алмадай беті албырап,
Бетінен қаны тамады.

Сондай жорға салтанат,
Көштен бөлек, көгалмен

көкжарлы  барақ  батыр
Жарқылдатып даланы.
Түлкі көрген қырандай
Барлыбай жас қарады.

Қыздың сәнді сымбатын
Көріп, жүрек талады.
Айнала сағым жарқылдап,
Көшті түгел шалады.

Жанартаудай жалтылдап,
Көк бесті аты арындап,
Шыға келді кезеңге,
Еңкейді көш өзенге.

Сонда келіп Барлыбай
Қыздарға қарай қырқалап,
Бой көрсете береді.
Танадай көзі жарқылдап,

Барлыбай жас беренді
Айсұлу сонда көреді.
Сонда қыздың денесі
Бір суып, бір күйеді.

Қарамай көшке түйелі,
«Шөлдедім»,—дейді Айсұлу,
Жағасынан өзеннің
Қошеметпен түседі.

Сынаптай мөлдір бұлақтан
Қандыра шөлін ішеді.
Жамал атты жеңгесін
Сыр қағып сонда шақырды,

Кісі еді о да ақылды.

—Әй, жеңеше, жеңеше-ау!

Көк бестілі жігітке
Көлденең жүріп барыңыз.
Артық туған нәсілі
Қандай ханның баласы?

Қандай байдың мырзасы?
Сұрастырып біліңіз.
Түбінде жазым біреуге,
Дайын тұрады сол жігіт,

Хабарлас болып жүріңіз.
9-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айсұлудың жеңгесі
Жақындап келіп, жігітті
Өз қасына шақырды.
Жеңгесі де таниды

Барлыбай сынды батырды.

—Сізді бикеш білуге

Маған бұйрық қосып еді.
Өзіңізді ұқсатты,
Жақсыны көптен тосып ед.
Қандай ханның баласы?

Қандай байдың мырзасы?
Жөніңізді айтып кетіңіз.
Үмітіңіз болса бикештен,
Көш артынан жетіңіз.

Қарсы келіп айтқанға
Маған ғафу етіңіз.
Барлыбай айтқан: «Хан емес.
Ханға көңілім бермеймін.

Байға жорық батылмын,
Қайыра құлаш сермеймін.
Сіздің бикеш көңілін
Малдыдан маған бермесін.

Іздегені мал болса,
Малдыға қолын сермесін.
«Хан екен» деп қызығып,
Келмесін менің тағыма.

Өзі білсін, тоқтаса
Болашақтағы бағыма.
Осы бастан ойлансын.
Бір күндерде «кедей» деп,

Шіркеу қылса арыма».
Барлыбайдың хабарын
Жеңгесі айтып келеді.
Айсұлу қыз ежелден

Жеңгесіне сенеді.

—Әй, жеңеше, жеңеше!

Малды қойшы. Қайтейін?
Жабысқан қолдың кірі ғой.

көкжарлы  барақ  батыр
Хан болмаса, қайтейін?
Хан халықтың құлы ғой.
Мен байқасам, сол жігіт

Хас батырдың өзі ғой.
«Өлді» деуге келмейтін
Батыр ердің жыры ғой.
Ешкімге айтпа, жеңеше,

Бұл жүректің сыры ғой.
Ерінбесең, жеңеше,
Қайта айналып барып кел.
Тіліңді алса, шақырып,

Осында ертіп алып кел.
Жеңгесі Жамал барғансын,
«Жүр» деп қолқа салғансын,
Барлыбай батыр келеді.

Айсұлу әмір еткен соң,
Көш ұзап алыс кеткен соң,
Басқа қыз жүре береді.
Барлыбай мен Айсұлу

Бірін-бірі көреді.
Көш жүрген жаққа бағыттап
Барлыбай бірге жүреді.
«Көштен ұзап қалам, деп,

Атадан сөгіс алам», деп,
Кейін шауып желеді.
Бірін-бірі сүйісіп,
Шын ниетімен түйісіп,

Біріне-бірі сенеді.

—Қонатұғын қонысың,

Мал жүретін өрісің
Анықтап айта көр,—деді.
Айсұлудың жеңгесі:

—Анау бір жатқан көл,—деді.

Екі күн мөлшер өткенде,
Келіп қалсаң, жөн,—деді.
Бірін-бірі қия алмай,
Әзер ғана «Қош» деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айтқан күннен кешігіп,
Келсең, жолың бос,—деді.
Серт байласып, қош айтып, жігіт кетті,
Жақындап серт байласқан күн де жетті.

Асығып бірін-бірі көріскенше,
Үш күні үш жылдай боп әзер өтті .
Он бес жаста Барлыбай.
Қалыңдық ойнап жүреді.

Өмірді танып сүйген
Сол қызықты күтеді.
Қоңырлап соққан салқын жел
Екеуін желпіп сүйеді.

Бірін-бірі құшақтап,
Шын елжіреп күйеді.
Ала болса аспанда,
Ойнақтап келіп жүреді,

Кіріп-шығып бұлтқа ай,
Толықсып нұрға қарайды.
Сүйіп тұрған жастарды
Сәулесімен орайды.

Бірін-бірі құшақтап,
Ішке жалын от түсіп,
Шын жүрекпен сүйіскен,
Терең сырды түйіскен

Екі жасты қарайды.
Бетін тосып бетіне,
Денесі балқып тұрғанда,
Деген хабар тарайды:

«Жау келді елдің шетіне».
Барлыбай жас өкінді:

—Әлдеқандай күн болар,

Жете алмай кетсем сертіме.
Жас басымнан кез болдым
Ғашықтықтың дертіне.
Айсұлу, енді аман бол,

Жүрек те кетті қабынып.

көкжарлы  барақ  батыр
Бір сен үшін құса боп,
Қайғыға тұрмын малынып.
Ел шетіне жау келді,

Заман кетті тарылып.
Кім өліп, кім қалады.
Ішім күйіп-жанады,
Жау кеткенше арылып.

Ажалсыз жан шықпайды,
Іздеп таптым мен сені,
Бірнеше жыл сағынып.
Барлыбай берен мен едім,

Айсұлу, маған тең едің.
Қайғы басып тұрғанда,
Жүрегіме ем едің.
Бәрінен маған сол қиын—

Артымда қалып арманда,
Сенің қайғы жегенің.
Өлмей пенде қалмайды,
Өлімге қайғы жемеймін.

Қосылайық тірлікпен,
«Өлім тіле» демеймін.
Сенің қайғың батып тұр,
Айсұлу, саған не дейін!—

Деп, атына мінеді.
Қоштасқан қол жазылмай,
Жүрер жолды бөгеді.
Мөлтілдетіп моншақтай

Көзінің жасын төгеді.
Қайраттанып Барлыбай,
«Тәуекел» деп жөнеді.
Қаракөкпенен заулады,

Қисайып қана аумады.
Суырып қылыш бұлғады,
Садақ тартып толғады.
Түлеп ұшқан жас берен

Ел мен жерді қорғады.
Қалың қалмақ қаптады,
Алтайдың жонын таптады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазақты бала құрады,
«Көкжал Барақ»—ұраны.
Бес мың шерік қазақтан
Қалмаққа қарсы тұрады.

Еселеп қалмақ келеді,
Ұрыс сала береді.
Қан майданның үстінде
Талай адам өледі.

Қалмақ қырғын табады,
Екпінінен баланың
Қалмақ естен танады.
Шолпандай көзі жарқылдап,

Тебінгісі сартылдап,
Жаңа шыққан жас берен
Қылыш шапты қаршылдап.
Екінді намаз кезінде

Қалмақтан шыққан Қаңқыл
Барлыбайға тап болды.
«Кешіктірмей кезек бер!
Қалмақтан енді тарт қолды!»

Барлыбай кезек береді.
Қаңқыл батыр оңтайлап
Найзасын алып келеді.
Қаңқыл найза сұғады,

Найза сұққан қалмақты
Барлыбай сонда ұғады,
Найзасын сұғып батырды.
Найза тиген жерінен

Қызыл қан шапшып атылды.
Барлыбай қылыш алады,
Сіресіп тұрған найзаны
Қылышпенен шабады.

Найза сынып кетеді,
Жаралы болды Барлыбай,
Әлсіреп біраз қалады.
Жалғыздық түсті басына,

Келмеді ешкім қасына.
Барлыбай берен сол кезде
Дәл он алты жасында.

көкжарлы  барақ  батыр
Балаға кезек тиеді,
Іші оттай күйеді.
Садақтың бауын ширатып,

Иығына сүйеді.
Садағын кезеп тартады,
Қайраты бала артады
Қаңқылды оқ түйреді,

Аяғы қалды ілініп,
Тепкілеп тұлпар сүйреді.
Етін борша қылады,
Сүйектері күйреді.

Алмақ болып босатып,
Барлық қалмақ жабылды.
Қалмақ мінген боз тұлпар
Тоқтамай шауып ағылды,

Кеудесі тасқа қағылды,
Мыжылып басы, жарылды.
Бұлар бүйтіп жүргенде,
Батыр туған Барлыбай

Жігіттің басын өзі алды,
Қозы жауырын оқ алды.
Қалмақты тұр асырмай,
Қайраты тасып, басылмай.

Атқан оғы зырласа,
Атып бала шырқаса,
Қалмаққа барып жетеді.
Қабатталып, қапсырып,

Қалмақтың қалың шерігін
Жүздеп түйреп кетеді.
Қалмақтар да жақындап,
Келе жатыр анталап.

Кейбірі жыра, бұтаны,
Қия жерді қалқалап.
Сонда да жас Барлыбай
Қаймығып одан саспады,

«Жалғызбын» деп қашпады,
Қалмақтар сұмдық бастады.
Айналасын қоршап ап,
Барлыбай сынды батырды

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ортаға жалғыз тастады.
Оғы бітіп садақтан,
Барлыбай мерген налыды.
Тура келген ажалдың

Құтқармасын таныды.
Қабанбай мен Барақты
Сонда есіне алады:
«Жалындаған жас едім,

Қабекем, Барақ жоғында
Жас та болсам, бас едім.
Бір күнде мен жау тілеп,
Қайратыма мас едім.

Қысылғанда қолдай көр,
Қабанбай, Барақ батырым,
Көрдім-ау дүние қапылын!
Қысылшаң күнде болмады

Көмек берер жақыным.
Қауып басқа түсіп тұр,
Жақындап ажал келіп тұр.
Мына тұрған қалың жау

Көптігіне сеніп тұр.
Қызығымды көре алмай,
Жазасын жаудың бере алмай,
Жастай өттім дүниеден,

Қызық дәурен сүре алмай.
Жастай қылыш сермедім,
Денемде қуат барында
Жауға намыс бермедім.

Жан шығар мезгіл жеткенде,
Айсұлу, іздеп келмедің.
Жаным барда денемде
Ақ жүзіңді көрмедім.

Маңдайыңнан бір иіскеп,
Шөлім қанып өлмедім.
Қуат кетті денеден,
Құзғын, қарға жем қылды-ау,

Өз қолыңмен көмбедің.
Өлер болсам, тезірек,
Тұрмайын, енді өлейін.

көкжарлы  барақ  батыр
Ақырғы сапар өмірден
Жағаласып көрейін».
Жан ұшырып Барлыбай

Қолына қылыш алады.
Кез келгенін қалмақтың
Оңды-солды шабады.
Қалмақтар да найзаны

Жан-жағынан салады.
Қарасеңгір, Бөгенбай,
Доланқара, Арқауыл,
Мыңдаған қалмақ жабылды,

Жүрегі бала қабынды.
Көк бесті атқа оқ тиіп,
Бауырынан қан сиіп,
Жаяулап бала жүреді,

Ұрыс сала береді.
Шығындатты көп жауды
Қазақтың жас берені.
Ортаға алып баланы,

Найзамен қалмақ іреді.
Талықсып бала қалғанда,
Екі көзден жас кетіп,
Жалғыздыққа арманда,

Бірнеше жерден найзаны
Қатар келіп салғанда,
Қара көзі мөлдіреп,
Аппақ еті үлбіреп,

Денесі өсіп, қатпаған,
Аз келгендей қалмақтар
Үсті-үстіне қаптаған.
Халі бітіп, жас бала,

Екпеттей барып құлады,
Қалмақтар байқап тұрады.
Қимылсыз дене қалғансын,
Қалмақтар тастап кетеді.

Қазақты қуып, ықтатып,
Биіктен асып өтеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үйде жатқан Айсұлу
Түсінен шошып оянды.
Аттай тулап жүрегі
Айсұлу сонда зарлайды,

Көзінен жас парлайды.
Жеңгесіне жалынды:

—Барлыбайды іздеп барайын,

Ат алдырып беріңіз,
Айналайын, жеңеше-ау!
Көз жасымды көріңіз,
Ешкімге айта көрмеңіз.

Мені біреу сұраса,
Сылтауын тауып, жөндеңіз.
Қадірлесі—жеңгесі
Ат алдырып береді.

Атқа мініп Айсұлу,
Тұлпардың басын тежеді.
Қамшы басты тұлпарға,
Құлашын тұлпар сермеді.

Зар еңіреп жылаумен
Екі көзі көрмеді.

—Кешікпей мен де өлейін,

Рас болса, Құдай-ау,
Барлыбайдың өлгені!
Шолпанымды өлтірген
Қалмақтың қандай мергені?!

Тірі күнде көре алмай,
Іште кетті-ау арманым.
Қайғыңды тартып, Барлыбай,
Артыңда сенің қалғаным!

Зарлауменен шабады,
Жүйткіді тау-тас, даланы.
Біраз мезгіл өткенде,
Күн түс ауып кеткенде,

Қалықтап, шулап, таласқан
Көрді құзғын қарғаны.
Барлыбай болып арманы,

көкжарлы  барақ  батыр
Айқасып жатқан қалмақтың
Өліктерін көреді.
Бір жерде жатыр көк бесті,

Босап кетті жүйесі.
Билей алмай денені
Қаннан шапан жамылып,
Тіршілікке зарығып,

Сөйлеуге тілде дәрмен жоқ,
Кірпігі әзер қимылдап,
Көзіне жасы іркіліп,
Ақырын ғана ағады.

Барлыбайды көре сап,
Айсұлу аттан ұшады,
Қан жамылған денесін
Екпеттей барып құшады.

Ішіне жалын түседі,
Қайғының дертін ішеді.
Жалғыз өзі зарлады,
Тарқамай кетті арманы.

Жас басынан сұлуды
Қайғыға жаудың салғаны.
Көзін ашып Барлыбай,
Айсұлуға қарады.

Жан беруге айналып,
Халі бітіп барады.
Ерні әзер жыбырлап,
Даусы шықпай, сыбырлап,

Нашарлады, хал бітті.
Кірпігі зорға қимылдап,
Денесінде сау жер жоқ
Қылыш, найза тимеген.

Ел мен жердің қамы үшін
Қандай ерлер күймеген.
Қойғызды қолдан Айсұлу,
Дәл биіктің үстіне

Қабірін қазып, үйгізген.
Барлыбайдың артынан
Ауру болды Айсұлу,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақша жүзі сарғайып,
Басқа адамды сүймеген.
Айсұлу зарлап кетеді
Көп кешікпей дүниеден.

Ажал жетті, өмірден
Айсұлу жас қайтады.
«Қасына қой,—деп,—Барлыбай,»
Өсиет қылып айтады.

Барлыбайдың үстінде
Екі жастың моласы.
Мекен болды халыққа
Барлыбайтау саласы.

Барлыбайдың биігін
Көрген сайын еске алар
Көкжарлының баласы.
Түн қатып, қалмақ түндетіп,

Жер мен көкті күңірентіп,
Қатын-қалаш, баланы
Қоралы қойдай шулатып,
Зорлыққа қазақ көне алмай,

Жұмсады күш—қайратты.
Есепсіз келген көп қалмақ
Бет алған жақтан таймапты.
Қолға түскен жылқыны

Қайыра қалмақ айдапты.
Жал-жая, сары қазыны
Шерігіне шайнатты.
Қазақ, қалмақ Алтайда

Жеке ұрыс салыпты.
Талай жерін Алтайдың
Қаратып қалмақ алыпты.
Тиянақтап тұра алмай,

Сүйікті жері Алтайдан
Сонда қазақ ауыпты.
Қара түн түсті басына,
Алтайдың бойы сел болды-ау

Көзден аққан жасына.

көкжарлы  барақ  батыр
Қуды қалмақ қазақты,
Қазақ төтеп бере алмай,
Қалмақтан тартып азапты.

Қырғын тауып қазақтар,
Алтайдан сырғып етекке,
Ертістен де өтеді.
Алдыңғы қазақ сол кезде

Қызылсу, Шарға жетеді.
Тоғытылып Ертіске
Бірнеше адам кетеді.
Дәурен сүріп Алтайда,

Басып алған қалмақтар
Арманына жетеді.
Бұл жақта бүйтіп жатқанда,
Алтайдан кеткен батырлар

Қырғызды барып шабады.
Қазақтан кеткен батырлар
Қырғыздан олжа табады.
Хабар болмай неше жыл,

«Айрылдық,—деп,—Алтайдан»,
Жолаушы кеткен ерлерге
Елі хабар жазады.
Шығын болды көп адам

Мезгілі жеткен, қазалы.
Соныменен арада
Бірнеше жыл өтеді,
Батырлар да жетеді.

Елге келіп тынықты,
Қалмақ қылған қылықты.
Аяусыз елді қырыпты,
Құрыта жаздап ұрықты.

Барақ батыр сол кезде
Абылайға шаптырып,
Ақыл қып, кісі салады.
Бірнеше айдың ішінде

Абылайдан хабар алады.
«Асықпа, батыр, барамыз,
Қайтсең де, шыда, мені тос,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кешікпей мен де барамын.
Жаз шығып, ат күйленсін,
Құрт-құмырсқа үйленсін.
Тоқтылардың құйрығы

Қатайып, толып, біленсін.»
Шыдамай Барақ жүреді,
Қатты ойлап, шаршап жүреді.
Керауыз аттың сол кезде

Қабырға, жоны түледі.
Құйрығы тоқты қатайып,
Реңіне кіреді.
Қараған, бұта бүрлейді.

Шөп-шалғындай гүлдейді.
«Қашан келед Абылай?»—деп,
Сонда Барақ шөлдейді.
Шақырып алды қасына

Қабанбай менен Танашты,
Іске татыр адамды.
Жинап алып қарашасын,
Абылайды қайтеді,

Енді он бес күн тоспақшы.
Абылай онда келмесе,
Келіп, көмек бермесе,
Бастаған Барақ батырлар

Қалмаққа қарай аспақшы.
Абылайды тосқанға
Он бес күн мөлшер толады.
Барақ батыр қалмаққа

Аттанбақшы болады.
Ыза кернеп жүрегін,
Уайым менен қайғыны
Тәуекелге тіретіп.

Керауыз ат тұр тықыршып
Тұлпар мүсін, суретті.
Барақ батыр ашуы
Кеудесіне сыймайды.

Қалмақтан кек алуға
Батырларды жинайды.

көкжарлы  барақ  батыр
Барақ тұрып ал сонда
Деді: «Абылай келмеді.
Арыстаным Абылай ,

Екі айтуға жөн бе еді?!
Енді сізді тосуға
Ыза шіркін көнбеді.
Тұқымдай жерге тығылып

Қысылып болды ел, деді.
Абылайды көп тостық,
Тоқтамай енді, жігіттер,
Жауға аттанған жөн,—деді.

Барақ батыр мен болсам,
Қабанбай батыр сен,—деді.
Әруақты Дәулетбай,
Ақылды туған Қазыбек,

Артық туған Жәнібек,
Алатын қыран секілді
Танаш батыр кел,—деді.
Толғауы тоқсан Толыбай

Арттан ерген халыққа,
Жас та болса, бел,—деді.
Әй, Абылай, Абылай!
Әруағың себеп боп,

Жолды қылшы, бір Құдай!
Қоныс алып берейін
Тірлігімде жұртыма-ай!
Қалмақты қуып, Алтайдың

Шығарайын сыртына-ай!
Қабанбай мен Дәулетбай,
Сол қанатын Ертістің
Қуалай соғыс ашарсың.

Жан аямай қимылдап,
Тарбағатай тауларын
Қайтадан алып, басарсың.
Толғауы тоқсан Толыбай,

Осыдан тура кетерсің,
Сол кеткеннен қырқалап,
Ертістен ары өтерсің.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мінер жаққа бұрылып,
Алтайға таман жүйткісең,
Ата қоныс жеріңе
Сонда барып жетерсің».

Қабанбайдың астында
Қубас ат тұр ойнақтап
Танаш мінген Байшұбар.
Батырлар тартты шерікті,

Бастаған Барақ батырлар
Ертіске жақын келіпті.
Қазақтың қалың шерігін
Қалмақтар да көріпті.

Екі жақтың шерігі
Садақ тартып зырқыратып,
Атқан оқты шырқатып,
Екі жақтан екі ел

Ертістен кесіп өте алмай,
Қамаласып тұрысты.
Бірін-бірі атысып,
Алыстан тұрып ұрысты.

Барақ айтты, ал сонда:

—Алыс жерден ұрысып,

Күн өткізіп тұрысып,
Бітірмеспіз жұмысты.
Бұл жерде көп тұрғанмен,
Жау алады тынысты.

Найзаны қолға алыңдар,
Тәуекелге бел байлап,
Ертіске атты салыңдар.
Ажал келсе, өлерміз.

Абырой берсе, бұл жауды
Талқан қылып жеңерміз.
Ата қоныс—Алтайды
Зорлық қып басып алғанға

Қалмаққа қайтіп берерміз.
Жерсіз қалсақ, бәрібір
Тірі күнде азапты
Жоқшылықтан көрерміз.

көкжарлы  барақ  батыр
Алдында айқай салып Барақ кетті.
«Бұдан біздің қайсымыз аяулы!»—деп,
Ертіске қалың қазақ түсіп кетті.

Қалмақтар өткізбеуге садақ тартты,
Садақтың оғы қарша борап жатты.
Ажалды суға кетті, оққа ұшты,
Үшеуінің екісі судан өтті.

Судан өтіп, қалмақпен араласты,
Танаш батыр атына қамшы басты.
Ер Танаш, ер Жәнібек, батыр Барақ
Ақырып арыстандай жауға айқасты.

Ерлердің қылышынан қан тамшылап,
Қылыштап жаудың қанын суша шашты.
Барақ айтты: «Жігіттер, аяма жан,
Кек орнатты жүрекке төгілген қан.

Жау жеңілмей, қазаққа тыныштық болмас,
Шығынсыз жеңіс болмас, бұл сөзге нан.
Ер Барақ солай сөз айтты,
Өте асығыс, тез айтты.

Майдан, ұрыс ашады,
Қайраттары тасады.
Батырларға төзе алмай,
Қалмақтар сонда қашады.

Барақ айтты ал сонда:

—Бас қосатын бәріміз

Қара Ертістің мойыны,
Бөгенбай, Сауыр арасы—
Екі таудың қойыны.
Жондап Барақ кетеді,

Бірнеше белден өтеді.
Жүрген жерде қалмақты
Түйреп қырғын етеді,
Қойдай қырғын етеді.

Қазақтан да көп адам
Қаза тауып кетеді.
Көзін салып Барақ ер,
Алыстан қарап төнеді,

Барлыбай тауын көреді.
10-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Барлыбай түсіп есіне,
Көзіне жас алады.
Өртеді бауыр өзегін,
От боп, күйіп-жанады.

Бауырына қайғырып,
Барақ естен танады.

—Қарағым менің—Барлыбай,

Қаза таптың қалмақтан.
Өзім жоқта елімді
Дінсіз қалмақ зарлатқан.
Барлыбай—менің Шолпаным,

Арманына жете алмай,
Жас кетті ғой сұлтаным.
Еңіреп, боздап ер Барақ,
Қабырғасы қайысты,

Қара шашақ найзасы
Салмағына майысты.
Найзасын жерге тіреді,
Өзіне өзі серт берді:

«Бір Барлыбай басы үшін,
Арманда кеткен жас үшін
Өлтірейін, өлейін.
Барлыбай-жас бауырым,

Тірісінде көзімнің
Кегіңді алып көрейін.»
Өрлеп келіп Алтайға,
Іздеп тапты ер Барақ

Барлыбайдың биігін.
Жан-жағына көз салып,
Көрді құлан-киігін.
Айлана қарап, көреді

Қорғынды мен Жайдақтай
Шүйгін жердің сауырын.
Қарасын байқап көреді
Қалмақтай көп жауының.

Бөгелтіп қойды, қаңтарып,
Кертөбел аттың бауырын.

көкжарлы  барақ  батыр
Артында қалған асқардың
Талайын Барақ асып ед.
Қарсыласқан қалмақтың

Көңілін судай басып ед.
Шаршағанда, дем берген,
Ауырғанда, ем берген
Алтайдың жері асыл ед.

Тасы—алтын, суы—күмістей,
Көкорай шалғын пүліштей.
Түрлі жеміс түрленіп,
Ағаштары гүлденіп

Тұрғанын Барақ көргенде,
Ыстық тартып денесін,
Басын шайқап ойлайды:
«Туған жерді қалмаққа

Қайтіп қиып бересің?!
Басқа түссе, бейнетті
Қайтсең дағы, көресің.
Ажал жетсе бір күні,

Өзіңнен өзің өлесің.
Іздесем, қайдан табармын
Алтайдай жердің төресін.
Анау жатқан Ертіс пен

Тарбағатай, Маңырақ,
Алтай, Сауыр арасы
Айқасып жатыр аңырап.
Шулап жатқан көп байлық

Мен мұндалап, маңырап.
Сұлушоқы, Қусүті,
Құзғынды, Жайдақ, Бұланды,
Алдымда тұрсың көрініп.

Шымыркесік, Балтабай,
Қасқаби, Балақаз,
Ойтерек пен Мешінді
Шөбі шүйгін, малға жай

Жау қолында жүргенде.
Жер кеткен соң, ел кетер,
Кейінгі балам ер жетер,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Оны да жау еңіретер.
Ажал келсе, дүние өтер,
Өлмесем, тірі, нем кетер?»
Деді дағы ер Барақ,

Мініп алды атына.
Қайрат берді, айқайлап,
Барлық қазақ халқына.
Жерін көріп, тыңайып,

Түсті қайтып салтына.
Сауыт-сайман жарқылдап,
Тебінгісі сартылдап,
Көлденеңдеп жөнелді

Жауға қарай шарқ ұра.
Танашқа ерген бір шерік
Алтайды жондап кетеді.
Бараққа ерген бір шерік

«Белбасар» деп Алтайдың
Ортасынан өтеді.
Ер Жәнібек, Қабанбай
Екі жағын Ертістің

Жағалай шауып кетеді.
Бәрінен де бұлардың
Барақтың жолы төте еді.
Күрсін батыр күркіреп,

Шерік тартып дүркіреп,
Жауатын күндей сіркіреп.
Қайғы басып қабағын,
Қырғызып талай адамын,

Қырсықтан Барағың
Баса алмай келед қадамын.
Барақ тағы ойлайды:
«Жауға алдырмас қамалын

Алтайдың көп кезеңі,
Ортасында өзені.
Қалмақтың көрсін батыры
Сол өзеннен өткенді».

Атақты Көкжал Барақ та
Жетіп қалды қабаққа.

көкжарлы  барақ  батыр
Ер жүректі батырлар
«Жау қолында өлем», деп,
Қысылып, сасып, қарап па!

Күрсін батыр ақырады,
Жоқты сөйлеп, шатылады:

—Көкжал Барақ сен болсаң,

Жеке кел!—деп шақырады.
Керауыз атты керілтіп
Оқтай Барақ атылады,
Қайраты тығып батырады.

Күрсін батыр дау қылып,
Бараққа қарай ақырады.
Батыр қалмақ ашынып,
Найза тиген жерінен

Қанды көбік шашылып,
Жақындап келіп Бараққа,
Қылыш сілтеп, шабады.
Ат үстінен алысып,

Келтірмей тұр шаманы.
Тыңдамай қалмақ барады
Денедегі жараны.
Барақ батыр сол кезде

Атынан түсе қалады.
Атта тұрған қалмақтың
Жағасынан алады.
Аттан жерге түсісіп,

Жаяу ұрыс салады.
Екі батыр тұрған жер
Тізеден келген қан болды.
Қалың шерік анталап,

Өзеннің іші шаң болды.
Батыр қалмақты ала алмай,
Аялдап біраз қалған
Бараққа үлкен ар болды.

Жағаласып белдескен,
«Өлісуге кел» дескен,
Қанды өзеннің үстінде
Біріне-бірі дендескен.

Бір мезгілде Барақтың

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тікірейді түктері.
Екі жақтың шерігі
Қаратып тұр халықты.
Екеуінің біреуі

Өлетіні анық-ты.
Бір мезгілде ер Барақ
Көзі оттай жаныпты,
Қынаптан қылыш суырып,

Күрсін батыр қалмаққа
Шекеден дәлдеп салыпты.
Қатты тиген қылыштан
Күрсін батыр талыпты,

Басын кесіп алыпты.
Өзенде қалып өлігі,
Ат қойылып өзенге
Күрсін болып қалыпты.

Өзгеріліп, өңейген,
Арнасы өсіп кеңейген
Қазіргі Күршім сол өзен,
Таусылмас суы мол өзен.

Сол өзеннің ішінде
Қалың ұрыс басталды.
Талай бастар кесіліп,
Ағынды суға тасталды.

Аямай қырып, шауып жүр
Кәрілерді жастары.
Қазақтың қалың шерігін
Барақ өзі басқарды.

Күршімнен ары өткенде,
Доланқара, Арқауыл
Қырқасына жеткенде
Барақтың қалың шерігі

Осы таудан түсілді.
Соғысқан жерден қызыл қан
Судай болып жосылды.
Артынан келіп қалмаққа

Бірнеше шерік қосылды.
Доланқара, Арқауыл—
Екі батыр бас болып,

көкжарлы  барақ  батыр
Екі шерік келеді.
Шерігімен Барақтың
Ұрыс сала береді.

Талай қырғын көреді,
Талай адам өледі.
Екі таудың арасы,
Доланқара саласы

Қысылшаң, қиын жер еді.
Мінгені Барақ кер еді,
Шығар жері өр еді.
Сол биікке шыға алмай,

Терең сырды ұға алмай,
Көп қиындық көреді.
Бірнеше күн түнеді,
Шерік тартқан көп қалмақ

Жан-жағынан бүреді.
Азайды халі Барақтың,
Бәрі қалмақ алаптың.
Мың сан қолдан айрылып,

Үстінде тұр кер аттың.
Қазақтан көмек келмеді,
Қалмақ есе бермеді.
Барақ сынды батырға

Есе алмай, өлу жөн бе еді!
Алды-артынан қараса,
Он бес мыңдай адамнан
Елу адам қалыпты.

Көпшілігі бұлардың:
«Шамасызбыз»,—деп налыпты.
Қалың шерік қалмақтан
Айнала қоршап, қысады.

Атылған садақ оғынан
Бірнешеуі ұшады.
Қан жосып, қайғы ішеді,
Басқа қайғы түседі.

Барақ сонда қысылып
Жан-жағына қарады.
Еселеп қалмақ шерігі
Қара құртқа ұқсайды,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көрсетпей тау, тас, даланы.
Сонда Барақ қайғырып,
Абылайды еске алды:
«Арыстаным—Абылай,

Қиынға шауып өрледің.
Қысылған кезде қасыма
Халім сұрап келмедің.
Егескен жерде қылышты

Жауға қарсы сермедің.
Батыр тудың жасыңнан,
Жауға кекті бермедің.
Жаудан кекті ала алмай,

Басына қайғы сала алмай,
Ажалдан бұрын өлгенім.
Абылай, сенің барыңда
Жеңіліп жаудан көрмедім.

Ішімде кетті арманым,
Жау қолында қамауда
Осы ма енді қалғаным?!
Осылай болса тағдырда,

Не болса да, көрермін
Басқа Құдай салғанын».
Қайғырып Барақ тұрады,
Алладан дәрмен сұрады.

Жан шығуға айналды,
Бермей тұр жау аялды.
Азғантай қазақ шерігі
Тағы да қайта тұрады:

«Қайраттарың бар ма?»—деп,
Халдерін Барақ сұрады.
Қозғала алмай жарадан,
Кейбірі тұр талығып,

Кейбірі әзер шыдады.
Сырлыбай сонда зарлайды:

—Әруағы қазақтың

Қайтіп қана сынады?!
Тыңшы құлақ Сырлыбай
Аттан түсе қалады,
Құлағын жерге салады.

көкжарлы  барақ  батыр
Алыстан дүбір шығады,
Құлағы соны шалады.
Түрегеліп Сырлыбай,

Бараққа баян етеді:

—Сабыр берсе ажалға,

Біраз шыда, батырым.
Кешікпейді, жетеді,
Батыр туған Абылай
Іздеп мұнда келмесін,

Бізге көмек бермесін,—
Дегенде, Барақ қуанды,
Айқайлап қолға ту алды.
Қарауылда Қалдыбай

Арыстандай ақырған
Алыстан шыққан дауысты,
Күндей болып күркіреп,
Абылайлап ат қойған

Қалың қолды көреді,
Бараққа хабар береді.
Барақ көріп шерікті,
Сергіп сала береді.

Шолпандай көзі жайнайды,
Тау суындай қайнайды.
Талықсып тұрған ер Барақ
Бұлбұлдай болып сайрайды:

—Атағы зор Абылай,

Соны әкелді бір Құдай!
Тұмарға тұмар табайын,
Тау суындай ағайын.
Ерегіскен жаулардың

Көрдім ғой мен де талайын.
Көкжал Барақ сөйтті де,
Көзін салып қарады.
Қамап тұрған қалмақты

Бұзып-жарып шабады.
Қылыш пенен найзаны
Кезек-кезек салады.
Келе жатқан Абылайдың

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақ жолын ашады,
Алды-алдына қашады.
Абылайды көргенде
Қалмақтар қатты сасады.

Ақ туын алып Абылай,
Айқай салып келеді.
Қысылып тұрған Барақты
Алыстан болжап көреді.

Шығар жері Абылайдың
Қиын шағыл өр еді,
Шағылдан шауып келеді.
Абылайды құрметтеп,

Барақ сәлем береді.
Қуанышпен қарсы алды
Абылай батыр төрені.
Бұрын туған Барақтан

Қазақтың ұлы берені
Іздеп келіп алыстан,
Барақ ерді жебеді:

—Әлі таудан асырмай,

Не қылып тұрсың, Барағым?!
Біраз қажып қалдың ба,
Серік жоқ боп, қарағым?
Ал, атқа мін,—деді де,

Батып барады күн,—деді.
Батырайық қарасын.
Жауға қарай жүр,—деді.
Қалмаққа келіп тиеді,

Қалмақ құрттай көп еді.
Өліктерін қалмақтың
Мола қылып үйеді.
Доланқара тауынан

Асырып айдап келеді,
Сазайын қалмақ береді.
Тау басына шыққанда,
Талайын жерге тыққанда,

Он мыңдай ерткен шерігін
Үйген төбе секілді.
Астындағы керігі

көкжарлы  барақ  батыр
Таңнан келіп тиісетін
Басылмаған желігі.
Бір үлкен отау секілді

Басында қалған бөрісі.
Түңліктей құлағы
Елестер көзіңе.
Желге қарсы желкілдеген

Сулы жердің құрағын,
Танауынан аққан су
Таулы жердің бұлағын.
Қазған құдық секілді

Екі қазақ тесіктің
Аузын ашып, ақырса,
Қас қаққанның есігін,
Білекке біткен бұлшық ет

Жас баланың бесігін.
Табытын қағып Бараққа:
«Кел!»—деп, айқай салады.
Сол бір кезде Абылай

Бараққа жақын келеді:

—Ажал келсе, пендесі

Мезгілсіз жан береді.
Дүние бақи, тірлік жоқ,
Өлмей пенде қалмайды.
Осы жүрген адамның

Қара жер бәрін жалмайды.
Доланқара батырдың
Басын кесіп алмасаң,
Істің сәті болмайды.

Қайратыңа мін, Барақ,
Мен де тілеп тұрайын,
Құдайдан дәрмен сұрайын.
Тірі күнде қорлыққа

Қайтіп қана шыдайын?!
Доланқара батырдың
Басын кесіп алмасаң,
Алшысынан салмасаң,

Қалмақ бізге алдырмас,
Осы таудан ары қарай

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аяқты аттап салдырмас.
Көкжал Барақ орнынан
Жылдам ұшып тұрады.
«Тәуекел» деп ерлікпен,

Құдайдан дәрмен сұрады.
Абылайдың ақылы
Жүрегіне ұнады.
Абылай батыр айтқансын,

Өлімге батыр шыдады.
Мұнан бұрын Абылай
Батырларын қазақтың
Талай рет сынады.

Қылышын Барақ асынды,
Абылай қатты ақырды:

—Батырларын қазақтың

Қалмақ неге басынды?!
Сонда тұрып ер Барақ
Садағын алып толғанып,
Сауыт киіп қорғанып.

Абылайды көрген соң,
Абылай бата берген соң,
Доланқара қалмақтың
Түрін байқап көрген соң,

Доланқара қалмақтың
Түрін байқап, білген соң,
Арыстандай ақырды,
Бар қайратын шақырды.

Өзі туып, көрген жоқ
Абылайдан жақынды.
Найзасын қолға алады,
Ызасына қалмақтың

От боп күйіп—жанады.
Арыстандай ақырған,
Жекпе-жекке шақырған
Доланқара алыппен

Ұрысуға барады.
Абылайдан бата алып,
Әдеппен Барақ иілді,
Бір Құдайға сыйынды.

көкжарлы  барақ  батыр
«Ел мен жерім, сен үшін,
Соғыста өлген ер үшін
Боламын,—деді,—құрбан».

Болуға батыр қиылды,
Барақ батыр денесі
Әр жерінен жаралы.
Басқан жерден таймаған

Батыр ердің табаны.
Көкжал Барақ көпірді,
Жауланып жүрек, лепірді.
Керауыз ат керіліп,

Атқан оқтай секірді.
Доланқара күркіреп,
Келе жатқан секілді.
Жүрегі Барақ қабынды,

Жау қауіпті, ағынды.
Қаңтардағы бурадай
Біріне-бірі шабады.
Қалмақ кезек сұрады,

Шыдап Барақ тұрады.
Келістіріп кеудеден
Найзасын қалмақ сұғады,
Найзаны қалмақ бұрады.

Қарауына қалмақтың
Барақ батыр шыдады.
Тоғыз қабат сауыттың
Сегізінен өтеді.

Қаһарлы қалмақ найзасы,
Аса түсіп айласы,
Бәрінен де өтіп кетеді.
Етінен өтіп Барақтың

Сүйегіне жетеді.
Асыл найза шақырлап
Сүйекке барып шақ етті,
Сүйектен от жарқ етті.

Қанша қалмақ сірессе,
Сүйегінен ары бармады.
Найзасын алып, қырлана,
Барақ-тағы қарманды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонда Барақ ақырды,
Әруаққа сыйынып,
Пірлерін шақырды.
Найзасын жауға кезеді,

Қайратын жиып безеді.
Ашуланып, долданып,
Барақтың ұрар кезегі.
Жауға намыс бермеген,

«Жау» десе, қарсы өрлеген,
Толып тұрған кезі еді.
Найзаны жауға салады,
Найза кіріп барады.

Еттен өтіп, сүйекті
Шақырлатып жарады,
Қалмақ естен танады.
Арнадай қаны ағылып,

Қызыл ала кілемдей
Бояды сел қылып даланы.
Бата тиген найзадан
Доланқара қалмақтың

Шығуға жаны айналып,
Алайып көзі барады.
Сара тіліп сауытын,
Етінен өтіп, сүйегін

Шақырлатып жарады,
Қалмақ естен танады.
Жанын алып барады,
Көзін мұнар шалады.

Арыстан айбат Ер Барақ
Қынаптан қылыш алады,
Найзасы сынып қалады.
Ат үстінен алысты,

Бірін-бірі сайысты.
«Бермейміз,—деп,—намысты»,
Қарысып қатты тіресті,
Ат үстінде сіресті.

Аттан түсіп алысты,
Бірін-бірі шалысты.
Жағаласып белдесті,

көкжарлы  барақ  батыр
«Өлісетін жер»,—десті.
Екеуі де ойлайды
Тірі қалып, өлместі.

Жан таласқан жағалас,
Аққан қанға қарамас.
Жан алып, жан беруден
Басқаны ойлап, санамас.

Қаннан шапан киіпті,
Сыбағасын алып жүр
Батыр қалмақ тиісті.
Қол басшысы—қол батыр,

Қайраттары мол батыр.
Жүрген жерде батырлар
Қазандай ұйып қан жатыр.
Қаруды тастап, алысты,

Қанды шеңгел салысты.
Кеңірдектен қол тиіп,
Доланқара батырдың
Кеңірдегі қабысты.

Тынысы сонда тарылды,
Дауысынан шыңғырған
Жеті қат көк жарылды.
Бұрқыратты ауыздан

Қанды көбік, жалынды.
Кеңірдек кетті жұлынып,
Батыр қалмақ құлады,
Таудай болып тұрады.

Дәл сол кезде Ер Барақ
Алладан дәрмен сұрады.
Алып ұрып, үстінде
Шүкір қып Хаққа тұрады.

Жау шерігі төгілді,
Қабырғасы сөгілді.
Доланқара батырдың
Барақ батыр үстінде

Тау басында отырған
Қаршығадай көрінді.
Бараққа қарап төнеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Абылайдың шерігі
Абылайлап келеді.
Екі жақтан екі қол
Құйылысып келісіп,

Ұрыс сала береді,
Талай қанды төгеді.
Алдымен келіп Абылай,
Қалмақтың қалың қолдарын

Жалғыз өзі бөгеді.
Абылайлап шапқанда,
Күңіренді, солқылдап
Жер мен көктің арасы.

Қайраттанып кетісті
Абылайдың дауысын
Естіген қазақ баласы.
Абылай қылыш ұрып жүр,

Найзалары қалмақтың
Қылыш тисе, сынып жүр.
Қарсы келген қалмақты
Қан сасытып қырып жүр.

Өліктерін қалмақтың
Төбе-төбе қылып жүр.
Абылайдың шерігі,
Барақ атты серігі,

Абылайдың ағыны,
Алтайдан соққан дабылы,
Ақырғанда дауысы,
Су шайқалып, тас ұшты,

Ат басып, таудан бас ұшты.
Көрген адам таңырқап,
Қаһарманнан бұл күшті.
Топырақ пен тозаңнан

Күннің көзі тұтылды.
Бұл соғыста қалмақтар
Қаза тауып, ұтылды.
Абылай мінген ақ боз ат,

Айқайласа Абылай,
Ала қашып, құтырды.

көкжарлы  барақ  батыр
Абылайдың шерігі
Ілгері басып, ұмтылды.
Бет келгенде, қалмақтың

Қайсысы мұнан құтылды.
Абылай жақтан көп қалмақ
Қашып кетіп барады.
Талайын аттан түсірді,

Талайын ұрып ұшырды.
Өліктерін ақ боз ат
Басып кетіп барады.
Қарсыласып келе алмай,

Қазаққа шыдап төзе алмай,
Қалмақтың қалың шерігі
Жасып кетіп барады,
Доланқара тауынан

Асып кетіп барады.
Өлімнен қорыққан қалмақтар
Сасып кетіп барады.
Абылайдың жүрегі

Тасып кетіп барады.
Дәл сол кезде Абылай
Көрді дағы Барақты,
Өз қасына шақырды.

Жақын көріп жүрегі
Барақ сынды батырды.

—Бақытың өссін, Барағым.

Үлкен іске жарадың!
Қойып едім тегінде
«Көкжал Барақ» атыңды.
Болмайды енді арманым,

Көзі тоймас пенденің.
Абырой болды қазаққа
Доланқара батырдың
Басын кесіп алғаның.

Дұрыс болды қалмақты
Қайғыға үлкен салғаның.
Шалғыншымен шалдырсаң,
Мына жақта Жәнібек,

Мына жақта Қабанбай,
11-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мына жақта Танаштың
Хабарын тез алдырсаң.
Барақ батыр ал сонда
Қарады мезгіл тарлығын

Абылайдай басшының
Екі қылмай жарлығын,
Аттандырды Ер Барақ
Шалғыншыны таратып.

Қарауылды мықты қылып,
Биіктен қойды қаратып.
Арғымақ атты қасына
Бауырынан жаратып.

Шапқыншылар шабысты,
Қамшы басып тұлпарға,
Жақын етті алысты.
Қалың соғыс ішінен

Іздеп жүріп неше күн,
Батырларды табысты.
Бұлар да жаумен алысып,
Ар-ұятқа қарысып,

Жауға қылыш шабысып.
Ер Жәнібек сыбанып,
Қырандай түлеп, сыланып,
Арқауылмен алысып,

Асыл қылыш шабысып,
Дұшпан жауын өлтіріп,
Істі орнына келтіріп,
Тасып тұрған кезі еді.

Аптыққан жаудың екпінін
Басып тұрған кезі еді.
Көп қалмақпен майданды
Ашып тұрған кезі еді.

Жау шабуылы тоқталып,
Қашып тұрған кезі еді.
Батыр туған Жәнібек,
«Абылай келді» деген соң,

Арқаланып жөнелді.
Алар жауға келгенде,

көкжарлы  барақ  батыр
Батырлар қашан бөгелді.
Енді ұранды жаңартып,
Абылайлап шабады.

Толықсып тау күңіреніп,
Абылайлап шапқан ел
Шайқалтты тау-тас, даланы.
Жапырылып қалмақтар

Шабылған шөптей қалады.
Әруағынан шошынып,
Дұшмандар естен танады.
Ер Танашты іздеген

Абылай, Барақ елшісі
Неше күндей таба алмай,
Танаштан хабар ала алмай,
Кеткен жағын Танаштың

Сұрап, біліп, қана алмай,
Дерегін білмей Танаштың,
Бараққа қайтып бара алмай,
Салмақты туған Сандыбай

Алтайды жондап жөнеді.
Астындағы сұр бедеу
Азу тісін қайырып,
Ауыздыққа егеді.

Жалама құз шатқалдар
Жүрер жолды бөгеді.
Арыстан, аю, жолбарыс
Жүрген жерде көп еді.

Бірнеше күн жүреді,
Иен тауға төнеді.
Күршімнен қиып өткенде,
Қырылған адам өлігін

Бірнеше жерден көреді.
Біреудің басы кесілген,
Кейбіреудің іштері
Найзаменен есілген.

Шала жансар ыңырсып,
Қасына келген адамды
Адастырар есінен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Іздеуменен болдырды
Сандыбайдың керігі.
Жүрген сайын көбейді
Қырылған адам өлігі.

Жондап келіп Алтайды,
Үстіне Жүдеу шығады.
Сабаз туған Сандыбай
Танаштың қайда жүргенін

Сонда барып ұғады.
Танаш батыр мінгені—
Бөкен санды Байшұбар.
Байшұбардың қасында

Басқа жылқы тай шығар.
Еліктей ыршып құздардан,
Жүрген сайын құлағын
Әсем етіп қайшылар.

Жылытаудың сыртын жүлгелеп,
Жүдеу батыр шерігі
Күршімге таман жондайды.
Биікке бұрын шықпаққа

Танаш та қанат қомдайды.
Майдан жердің шамасын
Алыстан Танаш болжайды.
Қалмақтың Жүдеу батыры,

Қалдан Шерден қасында,
Ашу кернеп жүрегін,
Ұмтылып келеді асыға.
Танаш та барып жетеді

Жүдеу шыққан биіктің
Биігірек басына.
Жүдеу атын ойнатты,
Жекпе-жекке шақырып,

«Тезірек кел!»—деп ақырып.
Батырларын қазақтың
Сонда біраз ойлантты.
Ер Танаштың қасында

Едіге батыр, Шоң батыр,
Айдынды жауға келгенде
Ақыл-айла мол батыр.

көкжарлы  барақ  батыр
Танаштың тартқан шерігі
Таусылып қалған кезі еді,
Қалмақта қалың қол жатыр.

Танашқа келіп Едіге,
Тізгінін тартып тұрады.
Жүдеу қалмақ батырға
Жекпе-жекке баруға

Танаштан рұқсат сұрады.

—Едіге сынды батырым,

Барам десең, бар,—деді,
Жаудан кекті ал,—деді.
Түрі жаман қалмақтың,
Қара шашақ найзасын

Қылышпен қағып сындырып,
Ақ сүңгілі найзаңды
Өзінен бұрын сал,—деді.
Едіге батыр сол жерде

Танаштан бата алады.
Жүдеу батыр қалмақпен
Қарысуға барады.
Жүдеу кезек сұрады,

Кезек беріп Едіге,
Сабыр қылып тұрады.
Қара шашақ найзасын,
Асырмақ болып айласын,

Қара шашақ найзаны
Едігеге төндірді.
Қалмақтан бұрын көрген жоқ
Едіге мұндай өндірді.

Екі көзін қараса,
Он бестегі айдың шарасы.
Екі қарыс көрінед
Қас пен көздің арасы.

Тебінгідей маңдайы,
Бұған өлшеу болмайды
Бұл жүрген адам қандайы.
Екі иықтың арасы,

Жайса, құлаш жетпейді.
Үстіндегі сауыты

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Атса, садақ өтпейді.
Жүдеу батыр найзасы
Нұсқаса, құр кетпейді.
Қалмақтың ұрар кезегі,

Бір бәленің боларын
Сонда Едіге сезеді.
Қылыш алып, оңтайлап,
Едіге бойын тежеді.

Қалмақтың Жүдеу батыры
Найзасын дәлдеп кезеді.
Сілтегенде найзасын
Қылышпенен шауып қалады.

Сілтеген қылыш дәл тиіп,
Найза сынып қалған соң,
Ат үстінен қылышпен
Бірін-бірі шабады.

Түбінде өлмей қала ма
Мезгілі жеткен қазалы.
Қылыштасып жатысты,
Қызыл қанға батысты.

Екі жақтың шерігі
Садақ тартып атысты.
Бір мезгілде Едіге
Жүдеуге қылыш ұрады.

Кезек беріп ұруға,
Жүдеу шыдап тұрады.
Едігеден ер қалмақ
Қайта кезек сұрады.

Жүдеу қылыш ұрғанда,
Қайта айналып тұрғанда,
Ауытқып кетті Едіге
Аттың басын бұрғанда.

Жүдеу қалмақ қылышы
Қате тиіп кетпей ме.
Қаруы асып қалмақтың,
Бата тиіп кетпей ме,

Шекеден қан шашылды!
Қылыш тиген жарасы
Бір қарыс болып ашылды.

көкжарлы  барақ  батыр
Едіге мінген боз тұлпар
Шерігіне қазақтың
Бұрылып ала жөнелді.

Танаш айтты: «Бұл қалмақ
Талайдың қанын төгер-ді».
Ұрықсат сұрап Шоң батыр,
Танаш біраз бөгелді.

Едіге ерге сүйеніп,
Ат үстінде өбектеп
Әзер жүріп келеді.
Халі азайған батырды

Қазақ түгел көреді.
Ұрықсат алып Танаштан,
Шоң батыр сонда аттанды,
Жаудан кекті алмаққа

Қаруын алып, саптанды.
Едіге қалды тілсіз боп,
Батыр қалмақ шаттанды.
Есебін тауып Шоң батыр

Тәуір көрді қалмақты
Садақпен дәлдеп атқанды.
«Мықты жоқ,—деп,—өзімнен»,
Жүдеу қалмақ мақтанды.

Алдырмасқа қалмаққа
Шоң батыр да сақтанды.
Жүдеу мен Шоң шайқасып,
Жата беріс байқасып,

Ат тұяғын қан бояп,
Талай адам майданда
Өліп жатыр айқасып.
Едігеден хал кетті,

Тамшылап жылы қан кетті.
Жүрегі әзер лүпілдеп,
Бөкседен төмен жан кетті.
Тілі кетті күрмеліп,

Екі көзі жасаурап,
Батырдан тұрпат-сән кетті.
Қырық бес толған жасы еді,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір ру елдің басы еді.
Өтіп кеткен тіршілік
Жарты күндей болмады,
Көрінбеді көзіне

Көзін ашып-жұмғандай.
Өмір болып өзіне,
Кеудеге жан сыймады.
Дүниенің жарығын

Көз жұмғанша қимады.
Түсі суық ажалдың
Барғысы, сірә, келмейді.
Бір күн аял етуге

Өмір шіркін көнбейді.
Үйдегі қатын-бала
Алыстағы Алтай далада,
Айтуға сәлем тіл де жоқ

Үлкен-кіші, ағаға.
Алуға ажал ойланып,
Әл кетіп, тіл байланды.
Ауызға келіп лықылдап,

Жан шығуға айналды.
Көзін ашып алды да,
Шығысқа таман қарады.
Шолып өтті көзімен

Тұнжыраған даланы.
«Маңырақ, Сауыр, Сайқан»,—деп,
Он саусағын санады.
Шығысқа қарап, ым қағып,

Ақ сүңгіні қолға алып,
«Шүйгін» деді даланы.
Қалған өмір қарысып,
Жан алқымға алысып,

Келтірмеді шаманы.
Сол мезгілде талықты,
Тіршілікке зарықты.
Отты жалын аузынан

Бір-ақ шықты бұрқ етіп,
Ақырғы демін алыпты.

көкжарлы  барақ  батыр
Ер Едіге өлген соң,
Жанға қатер төнген соң,
Атына мініп Ер Танаш

Абылайлап жөнелді.
Барақтан хабар келген соң,
Абылайлап ұран шақырды.
«Тез бітір,—деп,—жұмысты»,

Шоңға келіп ақырды.
Шоң садағын алады,
Ызаға күйіп-жанады.
Ашу кернеп денесін,

Ыза әкетіп барады.
Садағын тежеп, бұрады,
Құдайдан дәрмен сұрады,
Шекеден дәлдеп атады.

Шекеден оқ тигенде,
Тызылдап қан сигенде,
Қалмақтың Жүдеу батыры
Ауытқып аттан кетеді.

Шекеден тиген болат оқ
Желкеден түйреп өтеді.
Бірнеше қалмақ шерігін,
Танқұн атты серігін

Бірге түйреп кетеді,
Қырғын соғыс болады.
Жотаның басын айқасып,
Жүрген жерлер шайқасып,

Өлген жанға толады.
Қалмақтың қалың шерігі
Таудан төмен домалап,
Етекке қарай құлады.

«Едіге батыр өтті,—деп,
Мың қойға тиген қасқырдай
Танаш батыр, Шоң батыр
Қалмақты қуып кетті»,—деп,

Қалмақ батыр елшісі
Бараққа хабар қылады.
Ел үшін жанды қиысты,
Жан аямай ұрысты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақтың қалың шерігін
Алтайдан бері асырмай,
Төбесінен түсіріп
Қанды шоқпар, жасылды,

Арыны қалмақ басылды.
Алтайдан бері асырып,
Бөгенбайды бөктерлеп,
Даласында Маңырақ

Батырлар келіп қосылды,
Талай шерік тосылды.
Жүрген жерден батырлар
Қызыл қан судай жосылды.

Ер Жәнібек Танаш пен
Абылайды көрген соң,
Аттарынан түсісіп,
Құрмет етіп тұрады.

Иіліп сәлем береді,
Әдеппенен қарсы алып
Абылай сынды төрені.
Қазақтан шыққан қырандар

Алды-арттарын жинап ап,
Жан-жағына қарайды,
Шерік қолды санайды.
Едіге ерді жоқтасып,

Бәрі түгел налысты.
Едіге үшін қайғырып,
Көзіне жасын алысты.
Хабар алды тағы да:

«Қабанбай мен Дәулетбай
Алып жүр,—деп,—намысты».
Қалбадан кеткен Қабанбай
Көгедей төре тұрған жер—

Көкпектіден асып еді,
Тарбағатай жазығын
Айқара бір басып еді.
Абылай тұрып сол жерде:

—Осы арада шеріктер

Тынықсын біраз, дем алып,
Тамағын кернеп сөйлейді,

көкжарлы  барақ  батыр
Қырандай қанат таранып.
Ақ боз ат тұр тықыршып,
Бүйіріне қаранып.

—Мынау Сауыр, Маңырақ,

Тарбағатай бөктері.
Қабанбай оған жетпеді.
Бес-ақ мың адам еді ғой
Көмекке оған кеткені.

Қабанбай не қып жүр екен?
Бір хабаршы жіберіп,
Хабарын біліп алайық.
Қанша адам қалды екен,

Шерікті жинап қарайық.
Қабанбай көмек сұрар ма,
Көмек керек болар ма,
Кісімізді санайық.

Қабанбайды біліңдер,
Атшы беріп қасына,
Батыр Шоңды жіберіп.
Қабанбай көмек сұраса,

Шоң хабарын берер-ді.
Қалған істің жағдайын
Шоң батыр өзі білер-ді.
Шоң батыр кетті аттанып,

Жауды қуып Алтайдан,
Абылай тұр шаттанып.
Ат үстінен Абылай
Ақшолақты шақырды.

—Жігіт ең епті, өнерлі,

Екі кісі ал қасыңа.
Шерікті түгел санап шық,
Жараларын санап шық.
Ауруын емдерсің,

Сынғанын салып, жөндерсің.
Бір жерге жиып кемдерін:
«Жарамапты, кем» дерсің.

—Құп болад,—деп Ақшолақ,

Аралады шерікті,
Аралап бәрін көріпті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақшолаққа шеріктің
Барлығы түгел сеніпті.
Абылай сонда шақырды
Барақ сынды серікті.

—Көкжал Барақ, сөз тыңда,

Ойнап келген жоқ едік
Еріккеннен біз мұнда.
Мынау—Сайқан, Сауыр мен
Тарбағатай, Маңырақ,

«Жер сауыры» деуші еді.
Бұрын болған осында
Ел сауыры деуші еді.
Қалмақ басып қалыпты,

Бұл жерді де тегінде
Қазақтан тартып алыпты.
Тынығып шерік дем алсын,
Бір жетінің ішінде,

Сәрсенбінің кешінде,
Мөлшері кіші бесінде
Аттанамыз қалмаққа,
Жер босатып алмаққа,

Осы болсын есіңде.

—Құп болад,—деді Ер Барақ,

Жан-жағына бір қарап.
Шеріктің қанша қалғанын
Ақшолақ батыр жүр санап.
Ертеңгі үлкен бесінде

Есебін алып болады.
Тығын салып Ақшолақ,
Жараларын орады.
Есебін алып Ақшолақ,

Абылайға барады.

—Отырған жерің, батыр-ау,

Көлеңкелі тал,—деді.
Жарлығың екі болған жоқ.
Маған құлақ сал,—деді.
Жер қайысқан шеріктен

Үш есенің біреуі
Шығын болып кетіпті.

көкжарлы  барақ  батыр
Жараланған, мертіккен
Барлығын түгел қосқанда,
Шеріктің барлық шығыны

Тең жараға жетіпті.
Жаралының біразы
Жеті күнде жазылар.
Жеті күннен қалғаны

Жетпіс күнге созылар.
Жаралының жартысын,
Бес кісінің алтысын
Жеті күнде жазуға

Бес ту бие сойып бересің.
Қазысынан орайын,
Етін сорпа қылайын.
Сонда Абылай айтады:

—Бесті қойып, онды ал,

Жазар болсаң жарасын.
Ем болса, малды аяма,
Өлтірме қазақ баласын.
Кем болса да, жаза бер,

Адамсыз мал не керек?!
Өзі аз ғана қазақтың
Азайтып ұрқын аласың.
Барды дағы Ақшолақ,

Он ту бие сойдырды.
Жараланған шерікті
Ет, сорпаға тойдырды.
Сынық, мертік, ісікке

Сары қазыны орады.
«Ұлықпан хакім пайғамбар,
Жәрдем бер»,—деп сұрады.
Мертіккендер орнынан

Төрт-бес күнде тұрады.
Ақшолақтың бұл ісі
Абылайға ұнады...
Сәрсенбі күні болғанда,

Жеті күн мөлшер толғанда,
Тартты Абылай шерікті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жинап алды қасына
Батырларды серікті.
Ер Жәнібек, Бараққа
Майқапшағай, Сауыр мен

Сайқан тауын көрсетті.

—Осы бетпен қырқалап

Ұлытаудан асарсың.
Қарсы келген жаулардың
Аптығын сөйтіп басарсың.
Қалмақтарды қуалап,

Біріне бірін қосарсың.
Қызылшілік даласын,
Маңырақтың саласын
Тазалап түгел шыққан соң,

Жауды жерге тыққан соң,
Бас қосатын жеріміз-
Тарбағатай, Маңырақ—
Екеуінің арасы.

Тынығып атқа міністі
Батырлар алған тынысты.
Сәрсенбінің кешінде
Қалмаққа қарай бет алып,

Шерік тартты жүрісті.
Даласында Маңырақ
Шерігі қалмақ кез болып,
Кескілесіп ұрысты.

Неше күн майдан ашылды,
Қызыл қан судай шашылды.
Қырылған адам айқасып
Жердің бетін жасырды.

Қарсыласты қажымай,
Өштесіп қалмақ, ашынды.
Садақ тартып атысты,
Қалмақтан келіп сол кезде

Бірнеше батыр қатысты.
Айқайлап қатты ақырды,
Шырқалып садақ атылды.
Батырларын қазақтың

Жекпе-жекке шақырды.

көкжарлы  барақ  батыр
Қалмақтан шыққан Сон батыр,
Жаңа келген тың батыр:

—Мен—Арқауыл інісі,

Жан қияр серік, тынысы.
Ағамның қанын аламын,
Жүрегім жаудан қайтпаған
Талапты туған баламын.

Арқауылдан айрылып,
Қайтіп тірі қаламын!
Батыр туған тегі бар,
Қазақтан алар кегі бар,

Оттай бала жанып тұр.
Ұрыс-майдан жерінде
«Кел!» деп айқай салып тұр.
Ағасы үшін қайғырып,

Көзінен жасы тамып тұр.
Мойын ұсынып өлімге,
Қайғыға басын салып тұр.
Абылай сонда қарады,

Ақырғанда, дауысы
Жеті қат көкті жарады.

—Ойламаңдар: «Бала» деп,

Оңай келер шама деп.
Ызалы, улы тісі бар,
Он кісілік күші бар.
Өзіне-өзі сенбесе,

Мұның қандай ісі бар!
Талаптанды Сырлыбай
Балаға қарсы баруға,
Баламен ұрыс салуға,

Сауытты киіп, сайланып,
Жанына қылыш байланып,
«Аламын,—деді,—қайтсем де,»
Қорыққан жоқ, қауіп ойланып.

Абылай айтты: «Барма,—деп,
Әуреге басың салма,—деп.
Екпінді кәпір көрінеді,
Қапылысқа қалма»,—деп.

Атының басын бұрады,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Барайын,—деп,—осыған»,
Сырлыбай тағы сұрады.
Абылай айтты ал сонда:

—Сырлыбай-ау, Сырлыбай!

Ашулы жас арыстан
Талай жаумен алысқан.
Оның өзі бала емес,
Байқап тұрмын алыстан.

«Барамын» десең, бар,—деді,
Кезекті бұрын ал,—деді.
Келістіріп найзаңды
Өлер жерден сал,—деді.

Найзаны қойып, болмаса,
Садақпен атып қал,—деді.
Рұқсат алып Абылайдан,
Сырлыбай шапты үйіріліп.

Ашулы қалмақ ақырды,
Айыл тартып тайсалмай,
Бала қалмақ тұрады.
Садақты қойып Сырлыбай,

Найзаменен ұрады.
Найзасына Сырлыбай
Сіресіп Сон шыдады.
Сырлыбай кезек алған соң,

Найзасын сұғып болған соң,
Кезек алып Сон бала,
Сырлыбайды кеудеден
Найзаменен ұрады,

Баланың көзі тұнады.
Баланың ұрған найзасы
Сырлыбай сынды батырдың
Желкесінен шығады.

Шыдай алмай тебінге,
Сырлыбай аттан құлады.

—Ағамды қалмақ алды,—деп,

Сырлыбайдың інісі—
Салмақты туған Сандыбай
Абылайға жылады.

—Ағаңның кегін ал,—деді,

көкжарлы  барақ  батыр
Сен дағы жас баласың,
Азапқа басың саласың.
Саған да болмас Сон қалмақ,

Байқап тұрмын шамасын.
Сон қалмақ мінген боз тұлпар
Тықыршып тұр ойнақтап.
Өзіне салса, Сон бала

Қазаққа қайғы ойлатпақ.
Сандыбай келе ұмтылды,
Кезектесіп тұрмады,
Екеуі де ашумен

Кезекке тағат қылмады.
Сонда тұрып Сон қалмақ
Сандыбайды үйірді.
«Танытам,—деді,—мен саған

Жер мен көкті, қиырды.
Бір қазақты өлтіріп,
Құнын алып ағамның,
Көзімнің жасы тыйылды.

Сен де өлесің кешікпей».
Қайраты Сонның қиын-ды,
Сандыбай сонда ақырды,
Бар қайратын шақырды.

Қазақ түгел аяп тұр
Сандыбай жас батырды.
Он сегізде жасы бар,
Ажалға кім асығар!

Жанға қысым келгенде,
Қайратын кім жасырар?!
Қарсыласып шайқасса,
Қаруласып байқасса,

Әлсізді күшті басысар.
Біраздан соң Сон қалмақ
Сандыбайды меңдетті.
Қайратын Сонның сезген соң,

Сандыбайдан өң кетті.
Ашуланып Абылай,
Терісіне сыймай тұр.
Сандыбай жас батырды

12-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өлімге де қимай тұр.
Сандыбай, Сон—екеуі
Қылышты қолға алады.
Сон қалмақ бұрын шапқанда,

Қапысын бұрын тапқанда,
Сандыбай жас талауы.
Ұрыс майдан жерінде
Қанжамдасып қалады.

«Ағамды менің өлтірген,
Басыма қайғы келтірген
Ер Жәнібек келсін»,—деп,
Сон қалмақ айқай салады.

Абылай тұрып ақырды,
Шақырып барлық батырды.

—Намысыма тигізіп,

Басындырып қойдыңдар
Бір жас бөрі кәпірді.
Ер Жәнібек, қайдасың?
Айтпап па едім бағана.

«Бала» демей, батырлар,
Деп едім ғой ойлансын.
Көп тұрма енді, Жәнібек.
Денеңдегі қайраттың

Көремін қашан пайдасын?!
Жәнібек мінген көк бесті ат
Әсемденіп жөнелді.
Қарсы келген жаулардан

Жәнібек қашан бөгелді?!
Көк бесті атын ойнатты,
Арыстандай айбатты.
Қарсыласып Сон қалмақ,

Жас та болса, таймапты.
Жақындап келіп Жәнібек,
Бір қолымен қалмақтың
Жағасынан алады.

Тоқтыдай қылып өңгеріп,
Қасына ердің салады.
Ашуланып, қылышпен
Сонның басын шабады.

көкжарлы  барақ  батыр
Мұны көріп қалмақтар
Сай-саладан ағады.
Қарсыласып айқасты,

Мың қойға тиген қасқырдай
Ер Жәнібек шайқасты.
Жәнібек қылыш сермеді,
Көк бесті атпен ойқастап,

Қалмаққа намыс бермеді.
Бұрылып артқа көз салды,
Деп ойлады: «Батырлар
Көмекке неге келмеді?»

Ер Жәнібек қараса,
Бәрі қалмақ алаптың
Қара құрттай қаптаған.
Әр батырға мың қалмақ,

Жүрер жолды байлаған.
Көрінбеді қалмақтан
Маңырақтың даласы.
Көптігінен қалмақтың

Қазақтың келмей шамасы,
Қалмаққа толды лықылдап
Маңырақ, Сауыр саласы.
Бет-бетімен батырлар,

Бір-біреуі қазақтың,
Мыңмен соғыс ашып жүр.
Абылай, Барақ, Танаштың
Жүрген жақта қалмақтар

Үріккен қойдай қашып жүр.
Маңырақтың жазығы
Күн көрінбес шаң болды.
Біреуді біреу біле алмай,

Хабарсыз болды, таң болды.
Қалмақтар созып соғысты,
Ұзақ жерге тартады.
Қырылса да, тыңдамай,

Күннен күнге артады.
Тарбағатай тауына
Қалмақ бетті бұрады.
Қарсыласып қажымай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екі-үш айдай шыдады.
Қазақтың батыр шерігі
Талайын қалмақ қырады.
Маңырақтан асқанда,

Тарбағатай тауына
Жақындап қадам басқанда,
Ер Жәнібек алдынан
Толағай батыр кез болып,

Кезек сұрап тұрады.

—Ер Жәнібек сен бе едің?

Көптен сені іздедім.
Дергейіме келмедің,
Арқауылды өлтірдің.
Інісіне Арқауыл

Мезгілсіз ажал келтірдің.
Арқауыл-менің досым-ай!
Өлтірген батыр осы ма-ай!
Қасыма жақын келерсің,

Қайратымды көрерсің.
Жасыңнан бері, Жәнібек,
Талай ерді өлтірдің,
Қолымнан менің өлерсің.

Досымның қаны мойныңда,
Сол үшін кезек бересің.

—Кезегіңді аларсың,

Досың үшін жанарсың,
Шын ажалым болмаса,
Абырой беріп, оңдаса,
Өлексе болып қаларсың.

Батыр туған Толағай,
Денесіне қарасаң,
Бір үйген төбе моладай.
Саусағы бар сырықтай,

Бөренедей білегі.
Жауын жеңіп жасынан,
Қайтпаған болат жүрегі.
Тіккен үйдей кеудесі,

Осындай болып жаралмас
Бұл жүрген адам пендесі.

көкжарлы  барақ  батыр
Шара аяқтай көзі бар,
Кесек-кесек сөзі бар.
Теректей тісі ақсиып,

Көтерді басын қақшиып.

—Ал, Жәнібек, кел,—деді,

Келіп, кезек бер,—деді.
Жан керек болса өзіңе,
Қарсыласпай менімен,
Айтқаныма көн,—деді.

Жәнібек сонда ақырды:

—Не сөйлейсің, шашылып?

Кезек бердім, мінеки,
Найзаны тық батырып!
Ашулы қалмақ айқайлап,
Найзасын келіп тығады.

Жәнібек кезек сұрады,
Қалай қарап тұрады!
Толағайдың найзасын
Сол қолымен бұрады.

Қаруына шыдамай,
Ортасынан сынады.
Өз найзасын ала сап,
Толағайға сұғады.

Жүректен сұққан найзаның
Арқадан ұшы шығады.
Ат үстінде тұра алмай,
Толықсып аттан құлады.

Басын кесіп алады,
Кеудесі бөлек қалады.
Басы қалды батырдың
Толағай таудың басында.

Бірнеше қалмақ қырылды
Сол батырдың қасында.
Батырлары қазақтың
Ұмтылды жауға асыға.

Хабарын естіп соғыстың,
Қарт Бөгенбай келеді
Аты арықтап Бөгенбай,
Болмай келед дегені.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бөгенбай қауіп ойлайды:
«Сансыз өскен көп қалмақ,
Қазақ қалай жеңеді?!
Жатпайын, тез барайын,

Айқасып жаумен қарайын.
Алла жолды оңғарса,
Жауға ойран салайын.
Жаудың күшін сынайын,

Қасыма жолдас алайын».
Батырдың қарты—Бөгенбай
Тарбағатай тауына
Аты арықтап, тон тозып,

Батырдан қайрат кетеді.
Жетінші айға жеткенде,
Алты ай өтіп кеткенде,
Жау жеріне өтеді.

Шапқыншыны жіберіп,
Қалмақтан хабар алғызды.
Қоңырбелдің үстінде
Арық атты қалдырды.

Жетіаралда қалмақтың
Бекінісін табады.
Сәтті кешті бетке алып,
Бөгенбай соған шабады.

Ала алмай қорғанды
Бөгенбайдың шерігі,
Далада қалды арықтап
Сыралғы мінген керігі.

Бөгенбайдың шерігі
Неше күндей шайқасты.
Батырымен қалмақтың
Қарт Бөгенбай байқасты.

Күші артылып қалмақтың,
Найзадан да таймапты.
Қырғын болды көп адам,
Өліктері айқасты.

Қарт Бөгенбай қайғырды,
Көп адамнан айрылды.
Кезеңнен шауып керілді,

көкжарлы  барақ  батыр
Қалмақтар сонда елірді.
Сайланып тұрған қалмақтар
Жеңілместей көрінді.

«Бұзба, Құдай, өңімді.
Жіберіп жауға кегімді»
Қайғырып қарт Бөгенбай,
Кері қайта шегінді.

Батыр қатты қайғырды,
Көп адамнан айрылды.
Қартайса да Бөгенбай,
Бірі еді ердің айбынды.

Құса боп аттан құлады,
Астындағы керігі
Қаңтарулы тұрады.
Әруаққа сыйынып,

Құдайдан дәрмен сұрады.
Ұйықтай қатқан қабағы,
Мызғып батыр кетеді.
Ақ сақалды бір адам

Түсінде аян етеді:
«Әруақты Қабанбай,
Жәнібек, Танаш, Дәулетбай
Кешікпейді, жетеді,

Барақ батыр, Абылай.
Қайғырма, шыда, қарт батыр,
Қалмақтан кегің бітеді.
Ашулы батыр, алқынып,

Асықпасаң не етеді!»
Бөгенбай қарт сол жерде
Батырларды күтеді.
Қазақтан шыққан Қабанбай

Сол бір өткен заманда-ай,
Жаудан тізгін тартпаған,
Өлімнен қорқып қайтпаған,
Қарсы шапқан қамалға-ай.

Маңырақ пен Шорғадан
Қалмақ қашып келеді,
Басына пана таба алмай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақ қатты соғысты,
Қызыл қанға тоғысты.
Қарсыласты аянбай,
«Бермейміз,-деп,-қонысты».

Қалмақтар да нықтанып,
Қазаққа Құдай болысты.
Қазақ, қалмақ сыймады
Жетіаралдың бойына,

Маңырақ, Шорға толысты
Қыры менен ойына.
Неше ай ойнап-күлмеді,
Тозаң менен топырақтан

Біреуді біреу білмеді.
Қазақтың қалың шерігін
Қабанбай батыр биледі.
Тарбағатай тауынан

Аққан өзен қақ жарып,
Сол өзен елді бөгеді,
Шерігін қалмақ төгеді.
Жағасында сол өзен

Талай шерік қосылды.
Шабуылдап, шаңдатып,
Өрді, қырды жосылды.
Қалың шерік басқарып

Қабанбай батыр тұрады.
Қарсыласқан қалмаққа
Шерігі қазақ шыдады.
Жеке ұрысқа шақырып

Қалың қалмақ ішінен
Қоңтажы қалмақ шығады.

—Меніменен ұрысуға

Келсін,—дейді,—Қабанбай.
Жаннан қорықса қазақтар,
Қайтсын,—дейді,—қамалмай.
Шарадай көзі жарқырап,

Ашуланып арқырап
Ақырған қалмақ даусынан
Тау, тас, ағаш қалтырап.
Қоңтажы батыр найзасын

көкжарлы  барақ  батыр
Бөренеге саптаған.
Арғымақ ат астында
Шекер, сүт беріп баптаған.

Жеке келгенді шыдатпай,
Желкеден басып, таптаған.
Талай соғыс-майданда
Бұған ешкім батпаған.

Ат үстінен іліп ап,
Қазандай тасты қаңбақтай
Келе жатыр лақтырып,
Шырқаған тасы түскенде,

Талайға ажал таптырып.
Астындағы тұлпарды
Өрді, қырды шаптырып.
Қарсы шықты Шоң батыр,

Найзамен қалмақ шайқады.
Дәулетбай шықты ұрысуға,
Ол дағы қажып, тайқады.
Әрқайсысы бір келіп,

Қоңтажы күшін байқады.
Барақ-тағы қырындап,
Қоңнан тайқып, өрледі.

—Қабанбай, өзің кел, деді,

Қазаққа сенсің бел, деді,
Тұқымыңды құрытамын,
Ашулансам мен,—деді.
Қабанбай қарсы келеді,

Жынды болған бурадай
Батырын қалмақ көреді.
Қабанбайға кезекті
Қоң батыр сонда береді.

Қабекең Қоңға жұмсады
Қара шашақ найзасын,
«Қайраттың қашан көрем,—деп,
Тірлігімде пайдасын?!

Қазақты қалмақ меңдетер,
Таппасам Қоңның айласын».
Келістіріп кеудеден

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабекең найза ұрады.
Найза кіріп, кірш етті,
Ышқынып қалмақ тұрады.
Қабекеңнің қайраты

Қазаққа түгел ұнады.
Найзадан ұстап, тіресіп,
Қоң қалмақ та шыдады.
Найза кірген жерінен

Көпіршіп қан шығады.
Қалмақтан шыққан Қоң батыр
Қабекеңнің қайратын
Сонда барып ұғады.

Қара шашақ қыр найза
Жүрегін Қоңның тіледі.
Сәті түсіп, сол найза
Алты қарыс кіреді.

Сонда дағы қалмақтың
Арқасына жетпеген,
Сырқырап қан ақса да,
Қалмақтың есі кетпеген.

Батырында қалмақтың
Қоңнан мықты өтпеген.
Жерге кірді тізеден
Қабекеңнің керігі.

Қаптап кетті жан-жақтан
Қалмақтың сансыз шерігі.
Жаман батты қалмаққа
Қоңтажының өлігі.

Қолымен барып Қоңтажы
Сүзе жерді тіреді.
Шамасы кетіп барады,
Қаралы болған жүрегі.

Масаттанып Қабекең,
Жымиып сонда күледі.
Көзін жұмды Қоңтажы:
«Маңырақ пен Шорға, деп,

Айрылдым сенен зорға»,—деп.
Көлденеңдеп құлады,
Өкіріп, өксіп тұрады,

көкжарлы  барақ  батыр
Қол-аяғын сермеді,
Аузынан жалын шығады.
Тасып жатқан өзенге

Қалмақтарды қамады.
Қырылған қалмақ өлігі
Ағынды суға ағады.
Тасып жатқан өзенді

Қанды көбік жабады.
Қашпақ болып қалмақтар,
Өзенге ат салады.
Құмырсқадай шұбырған

Қалмақтар қырғын табады.
Қалмақты қазақ жеңген жер,
Жазасын жаудың берген жер,
Қан төгіліп, сол өзен

Қанды су болып қалады.

І бөлім
Бұрынғы өткен заманда,
Қарсы шапқан қамалға
Базар атты батыр ед,

Жол көрсеткен наданға,
Бұрылмаған арамға.
Жұрт аузында қалсын деп,
Жақсылық жағын оқумен

Халқым үлгі алсын деп,
Жабыстым мен де қаламға.
Ер егессе, ел бермес,
Шабысатын табанда.

Арыстандай алысып,
Өміріменен жарысып,
Намысына қарысып,
Егессе, ел бермеген

Менменсіген адамға.
«Момынның жейін малын, деп,
Сорсам жұрттың қанын», деп,
Бұрмаған мойнын арамға,

Зорлық көрсе, болысқан
Шабан менен шалаңға.
Алтайдың жонын жайлаған,
Алыстан болжап ойлаған.

Талай бай мен манапты
Дүниеге көзі тоймаған,
Ашуы түссе Базар ер,
Алдына салып айдаған.

Базар батыр

базар  батыр
Мінезі жарқын Ақеділ,
Тәкаппарлық болмаған.
Біреу келсе мұң шағып,

Алыстан болжап толғаған.
Батыр көрдім осындай,
Дұспанға елін бермеске
Балапандай қорғаған.

Еріксе, ойын-сауық қып,
Алтайдың ойы-қырында
Арыстанмен ойнаған.
Алтайдың жоны—Ақшоқы,

Сұлушоқы, Қушоқы,
Мөлдіреп аққан сулары
Түбі толған асыл тас,
Биік төбе кең жазық,

Балауса шөбі—малға азық
Алтайды байлар жайлаған,
Төсіне бие байлаған.
Алтын, күміс сулары

Тастан атып қайнаған.
Сол суды ішкен Базар ер
Шолпандай көзі жайнаған.
Балагер аттың табаны,

Қия жерден таймаған,
Ел шаба келген жауларды
Жер шегінен айдаған.
Найза, қылыш, мылтығын

Көк темірге оранып,
Беліне мықтап байлаған.
Данияр атты хан болды
Дәулетке көңлі тоймаған.

Қызмет етті сол ханға,
Аса алмады айладан.
«Ел үшін қызмет етем», деп,
Тілімен елді алдаған.

Батырдың күшін байқаған,
Талай жауға айдаған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көп олжаны алса да,
Данияр тойып болмаған.
Түрін көріп Даниярдың,
Базар тілек тілейді

«Медет бер» деп Алладан.
Серуендеп Базар жүреді,
Ел шетіне жау келсе,
Қыран құстай түйіліп.

Бәрін Базар көреді,
«Ел бермен жауға» дер еді,
Жауға шауып қадалса,
Қайырсыз аш бөрі еді.

«Қарағай найза сынбаса,
Құдайым жазым қылмаса,
Ер басына күн туса,
Болжаусыздан жау тұрса,

Жеңіле қойман» дер еді.
Сол кезде қалмақ жау еді,
Бітпеген көп дау еді.
Қалмақтың ханы ойланды,

Бармаққа жауға сайланды.
Базардың барып еліне,
Салмақ болды ойранды.
Арғымақ ат астында,

Құс қанатын жайғандай
Басқан жерден ми шығып,
От орнындай ойған-ды.
«Жалғыз ағам Барынның

Басын Базар жойған-ды.
Базар батыр бар болса,
Дүниеде жанын қойман-ды.
Қырқай шауып қайтармын

Саржомарт, Керей, Найманды.
Тұлымдысын тұл етсем,
Айдарлысын құл етсем,
Жеңіп алып қазақты,

Салармын сүйтіп ойранды.
Сабасын сарқып төгермін,

базар  батыр
Сазайын сүйтіп берермін,
Базардай мың болса да,
Басын кесіп келермін.

Тасып жатқан өзенді
Кесілген баспен бөгермін.
Қарсы келген қазақтың
Қанын судай төгермін».

Ол да күшті ер еді,
Қайтпайтын кезеп дер еді,
Жынды болған бурадай
Көбік шашып келеді.

Талай адам кез келіп,
«Қайысқан мұндай қалың көп,
Кім жеңер мұны», деп еді.
Қасында мың қолы бар,

Базар сынды батырдай
Әскерінде қалмақтың,
Кем қойғанда, оны бар.
Әрқайсысының мойнында

Мың кісінің қаны бар.
Даярлаған артында
Бірнеше қолы тағы бар.
Талайдан тісін қайраған

Қазақта сондай кегі бар.
Жол тартып қалмақ келеді,
Көздегені қалмақтың
Базардай сабаз ер еді.

Әйелі Базар—Құлқайша
Сонда бір түс көреді.
Түсінде келіп бір адам,
Қолындағы шырағын

Сөндірмек болып төнеді.
Үрлегенге сөнбесе,
Саулатып су себеді.
Сонда да сөнбей шырағы,

Қайта-қайта кебеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Біраздан соң шырақтың
Білмеді қайда кеткенін.
Сепкен сайын шыжылдап,
Қалайша судың кепкенін.

Қараңғы үйде жалғыз қап,
Біраз мезгіл өткенін.
Үрейі ұшып, қалтырап,
Ұйқыда селк-селк еткенін—

Зарлап жатып, оянды,
«Сондай болам» деп пе еді!
Ояна келсе, түсі екен,
Таң сарғайып қалыпты,

Ұйқысы әбден қаныпты.
Көрген түсін ұйқыдан
Салмақтап ойға салыпты.
Ойлай-ойлай торықты,

Әуре-сарсаң болыпты.
Шыдай алмай жүрегі,
Енесіне жорытты.
Қайшаның түсін енесі

Жақсылыққа жорыпты.
Құлқайша бұған сенбейді,
Қайғыға іші толыпты.
Ойына салып толғайды,

Бұйрығы болса Құдайдың,
Айтқаныменен болмайды.
Жан жолдасы Базарды
Жамандыққа жоруға

Көңлі тағы бармайды.
Базар жүрмек сол күні,
Сарыжайлаудың төріне.
Белес-белес құздардың

Адам баспас өріне.
Алтайдың асқар белесі,
Құзтаудың биік шегіне.
Аюдан басқа алмайтын

базар  батыр
Қыран еді Базар да
Тоят үшін жеміне.
Құлқайша түсті айта алмай,

Барма деуге бата алмай,
Көзінің жасы домалап,
Парлап түсті қатарлай.
Құлқайшаның бұл ісі

Көргендерге таң болды,
Базарға үлкен шам болды.
Іштегі мұңды айта алмай,
Көкірегі қан болды.

Батырға «қош!» деп айтуға
Кемсеңдеді иегі,
Балқып кетті сүйегі.
Бір тізерлеп отырған

Тізесіне батырдың
Маңдайын келіп сүйеді.
Жылап тұрып Құлқайша,
Базардың қарап бетіне:

«Жау келді ме, білмеймін,
Бұл қазақтың шетіне.
Жарағыңды сайлап ал,
Қаратпа жанды бетіңе.

Сақтанып жүр әрқашан,
Іс өткен соң өкінбе.
Сақтанып ұйықтап, сергек жүр,
Елсіз жердің шетінде».

Құшақтап сүйді аузынан,
Бетін төсеп бетіне.
«Сау бол»,—деді батырға,
Жүретін жолын тартпады.

Көңілін қиып Базардың,
Көрген түсін айтпады.
«Жүрем» деген жолынан
Базар да тоқтап қайтпады.

Базар кетіп, ел қалып,
13-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болмағай қалмақ айтқаны.
Базар жоқта жау келсе,
Елді аяусыз шапқаны,
Балагер атқа ер салып,

Омырау айыл тартқаны.
Жер шегін шолып қайтпаққа,
Сейіл қылып Базардың
Кетіп бара жатқаны.

Он жігіт ерді қасына.
Дәл сол кезде Базар да
Отыз алты жасында
Балагер ат астында,

Сейіл құрып жатпақшы,
Алтайдың шығып басына.
Жолбарыс, аю атуға
Мылтық-қылыш асына.

Өзі кетті, ел қалды,
Міне, әңгіме осында.
Артында жалғыз баланы
Бетінен сүйіп тапсырды

Құлқайша атты досына.
Сейілге батыр кетеді.
Бірнеше күн өтеді.
Сарыадырды қырқалап,

Биік құзбен төтелеп,
Бурылшынның төсіне
Үш күнде барып жетеді.
Орнығып барып жатады,

Қызыққа әбден батады.
Күндіз ұйықтап, дем алып,
Күн еңкейе, салқында
Қырқадан аю атады.

Тағы кетті аралап,
Елсіз тауды жағалап,
Еркін жүріп, жай күнде
Жер ыңғайын қарамақ.

Алтайдың мөлдір бұлағы,

базар  батыр
Күрделі жеміс, құрағы.
Ойдан кетті, шаршау жоқ,
Жердің алыс, жырағы.

Құрақ атқан жерінен,
Балық атқан көлінен,
Неше күн жүріп хабарсыз,
Алыстады елінен.

Таудан бұлақ күрілдеп,
Жел соқса құздар зуылдап,
Салқын самал, көк майса,
Аспанда жұлдыз күлімдеп.

Базар ердің найзасы
Шаншып қойса, тынық күн
Қозғалады дірілдеп.
Базар сонда жориды:

«Алыс емес, жақыннан
Жау хабары білінбек.
Жай жатқан елге жау шапса,
Ел іргесі бүлінбек.

Жақындап қалған көрінді
Қайтатұғын күнім» ,—деп.
Базар атты батырдың
Құрман атты жолдасы,

Қасындасы мұңдасы,
Тоқтаулы сөзін толғады
Замандасы сырласы:

—Батыр туған Базарым,

Бұрылды саған назарым.
Қайда жүрсе өлмей ме,
Бұйрығы біткен қазаның.
Төңкерсе, неміз кетіпті,

Даниярдың қазанын?!
Ел-жұртты сақтап біз жоқта,
Көрсін ол да азабын,
Бір-екі күнге сабыр ет.

Іздеп келіп, батыр-ау,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қайтіп тастап кетеміз
Дүниенің қызық-базарын?!

—Құрман, сенің бұл сөзің мақұл екен,

Кейбір айтқан әңгімең ақыл екен.
Даниярға жаным ашып тұрғаным жоқ,
Адамның туған елі жақын екен...
Адамның туған елі—алтын бесік,

Елсіз жерді мен қайтіп мекен етем?!
Болса, болсын айтқаның, досым Құрман,
Сен үшін жалғыз түнге аял етем,—
Деді де бірер күнге аял етті,

Арада бір азғантай мезгіл өтті.
Аң атып, балық аулап, асыр салып,
Базар да айтқан сөзін ұмытып кетті.
Бұлар мұнда әзірше жата тұрсын,

Сөйлейін арт жағында болған кепті:
Жата берсін батырлар,
Алтайдың тауын қарасаң,
Теріскей беті—ақша қар,

Ақ қарға тозаң шашқандай.
Қаны қарайып хан тақсыр,
Қара албасты басқандай.
Қарсы келсе, дұспанға

Хан қара қанын шашқандай.
Қабағы ханның түнерді
Қара топырақ қатқандай.
Базар кетіп, ел қалған,

Үйрек ұшып, қаз қонған
Шалқыған айдын көл қалған.
Ашып айтпай батырға,
Құлқайшада көп арман.

Өңкей батыр найза алған,
Талайды шауып, пайда алған,
Артында бір мың әскері
Базарды іздеп салды ойран.

базар  батыр
Данияр естен танады,
Қалмақ елді қамады.
Сейілге кеткен Базарды

Кім іздеп тез табады?!
Базарға хабар бермекке,
Базарды ертіп келмекке
Бір бедеуге мініп ап,

Күнтуар батыр шабады.
Қалмақтың ханы Қарын-ды,
«Шақыр,—деді,—ханыңды».
Айқай салып ақырып,

Ханға қарап тебініп:

—Алармын,—деді,—жаныңды,

Шабамын,—деді,—малыңды.
Қатын қылып алармын
Қызың мен сүйген жарыңды.
Қорлықты сүйтіп қылармын,

Артыңа байлап қолыңды.
Бекітіп қойдым барлығын,
Баратұғын жолыңды.
Қамап алдым, бекітіп

Оңың менен солыңды.
Мекен қылдым өзіме
Жайлайтұғын жолыңды.
Өліп кетсең, Данияр,

Сұрайтын кім бар құныңды?!
Тұқымыңды құртып,
Сеніменен сүйтіп қылайын
Біржолата тынымды.

Тұрмастай қылып сындырам
Қылышпенен қырыңды.
Тағынан түсіп Данияр,
Қарынға қатты жалынды:

—Басымды сау қой, Қарын-ау,

Алдыңнан ешкім шықпасын,
Өзің біліп ала бер
Малың менен жаныңды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хандық пен елден безіндім,
Қи бір қасық қанымды.
Қарын сонда толғайды:

—Малға бітім болмайды,

Базарды ұстап әкеп бер,
Онсыз сөзің қонбайды.
Тірі болса, өзін бер,
Өліп қалса, басын бер!

Бітімнің жөнін ер Қарын
Сонан соң барып толғайды:

—Жалғыз ағам Дарынды

Өлтірген еді сол Базар.
Бар қазақты қырсам да,
Ағамның қаны толмайды.
«Құн екен» деп, мал алып,

Оған көңілім толмайды.
Данияр қатты сасады,
Сасқанының белгісі—
Шабақтай аузын ашады.

«Айрылдым» деп Базардан,
Аузын қатты басады.
«Базарды ұстап бермесем,
Мінезі жаман бұл қалмақ

Қанымды судай шашады».
Бермекке ұстап Базарды
Қалмақпен уәде жасады.

—Қарын сынды хан, деді,

Маған керек жан, деді.
Мұнда жоқ, Базар—далада,
Аулай кеткен аң, деді.
Жатқан жерін көрсетсін,

Өзің ұстап ал, деді.
Ұстап алсаң егер де,
Кетпестей қылып кісендеп,
Зынданға мықтап сал, деді.

Болысуға Базарға
Бармасын бір жан, деді.

базар  батыр
Хабарсыз жатқан жерінде
Мойнына құрық сал,—деді.
Басшы беріп Данияр,

Қалмақты жолға салады,
Қалмақтың ханы Даниярдан
Болыспасқа Базарға
Қатты сенім алады.

Бұл жасалған уәде
Қайғыға енді салады.
Қалмақты кеткен көреді,
Жиналған қалың ел еді.

«Базарсыз жаудың қолында
Күніміз»,—халық ішінен
Өкінгендер көп еді.
«Базарды жауға берген соң,

Тірідей көрге көмген соң,
Не боламыз!»—деп еді.
Базарға дұшпан—Данияр,
Тыңдап тұрған ер Қиял,

Хабарын тез беруге
Қиял батыр жөнелді.
Біреу барып, Базарға
Хабар беріп қоймасқа

Аңдушы қойған жолына—
Мұныңды Қиял біледі.
Жолсыз жермен жүрмекке,
Не салғанын көрмек боп,

Бір бедеуге мінеді.
Кешегі күні Данияр
Базарға кімді теңеді?!
Базар кетсе дүниеден,

Ел жарығы сөнеді.
Батыр туған есіл ер
Жау қолында өлмесе,
Қорлыққа қайтіп көнеді!

Базарды ұстап әкетсе,
Қалған елдің мал-жаны
Қалмаққа даяр жем еді.
Білмей қалса Базар ер,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хан жіберген басшыға
Періштедей сенеді.
Хабарсыз жатқан Базарды
Жіберген ханның басшысы

Алдап ұстап береді.
Хабар алса дұшпаннан,
Өлетін жерін біледі.
Шабытқа келсе Базар ер,

Лашындай іледі.
Шамасы келсе, жауыңды
Аяусыз қатты жеңеді.
Осы сөздің барлығын

Ел болып мақұл көреді,
Бірін-бірі демеді.
Бұлар үшін Базар да
Талай қайғы жеп еді.

Базардан бұрын қапыда
Өткен ерлер көп еді.
Жаудың күшін салмақтап,
Ақылды туған Базарға

Анық хабар бермекке,
Елдің ойы сол еді.
Сүйікті батыр Базарға
Ел болып жасын төгеді.

«Бәрімізден Базарға
Жүректен сәлем бер»,—деді.
Арыздасып елменен,
Қиял шапты төтелеп.

«Дұшпаннан бұрын жетер, деп,
Қапыда батыр кетер» деп,
Қара көзден жас кетіп,
Қара тұман жамылып,

Қару-жарақ тағынып,
«Жолықтырма жауға, деп,
Жалғыз басым сауға, деп.
Алтайдың жолсыз жерімен

Бұрын жетсе жау мұнан,
Базар түсер ауға, деп,

базар  батыр
Көп алдында қара бет,
Қалады басым дауға»,—деп,
Атына қамшы басады,

Астындағы бедеуі
Жаңбырдай терін шашады.
Елсіз-күнсіз жерменен,
Жазықты қырқа, өрменен

Бірнеше белден асады.
«Жау жетіп қалар бұрын» деп,
Жаман қатты сасады.
Астындағы бедеуі

Ауыздықты басады.
Екінші тәулік өткенде,
Үшінші тәулік жеткенде,
Қарасын көріп Базардың,

Көңілі судай тасады.
Келе жатқан Базардың
Алдынан шығып тұрады.
«Тірі көрдім арман жоқ»,—

Деді де, өксіп жылады.
Хан мен жаудың қастығын
Түгел баян қылады:

—Жұртың болып жиналып,

Асыл туған батырым,
Тілегіңді сұрады.
Халықтың айтқан сәлемі
Базарға қатты ұнады.

Қиял айтты: «Тұрмалық,
Басқаға мойын бұрмалық.
Қалмақтың жауы жақында,
Мың қолменен келеді.

Шамасы келсе, Данияр
Тірідей жерге көмеді,
Осы сөзді айтуға
Жіберген мені ел»,—деді.

Он екі кісі бас қосып,
Бір Құдайға сенеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осылардың ішінде
Ақыл-айла, қайратқа
Базар бір жатқан кен еді.
Базар айтты: «Жігіттер,

Бос тұруға бола ма?!
Тәуекелге бет түзе,
Алладан медет сұра да!».
Осыны айтып, Базар да

Атына бекем мінеді.
Келе жатқан қалмақтың
Есебін Қиял біледі.
Жау есебін жаңылмай,

Көптігін айта береді.
Базар сонда сөйлейді:

—Жан жолдасым Қиялым,

Болаттан сенің тұяғың.
Өліп кетсем кәпірден,
Ұжмақ болар тұрағым.
«Қаймықты» деген ат жаман,

Ажал жетсе, өлермін.
Ажалсыз болсам, қалармын,
Несін уайым қыламын.
«Кетеміз» десең, сендерге

Рұқсат қылдым, барыңдар.
Ажал жетіп, мен өлсем,
Артымда жалғыз ер жетсе,
Қалмақтан кекті сол алар.

Ер жеткенше, жалғызға
Көз қырларың салыңдар.
Сүйген жарым—Құлқайша
Қолдарыңа алыңдар.

Күндер өтіп, күн туса,
Даниярдай зұлымның
Басына қайғы салыңдар,—
Дегенде, Қиял айтады:

—Ай, жігіттер, жігіттер,

базар  батыр
Базар кетсе арадан,
Ауылда айтар не қалды?!
Ажалдан адам құтылмас,

Ат басын тартсам не қалды?!
Базардан қалсам, Данияр
Қайғы салып бізге де,
Қуартпай ма заманды!

Ауылдың жаны—қалың ну,
Гүлдендірген Базар ед
Көкорай шалғын көгалды.
Алып қалып Базардан,

Қайтеміз бұл қу жанды?!
Ажалдан жан қала ма,
Мезгіл жетсе болжамды,—
Деген сөзге жігіттер

Түгел сөзді қояды,
Құшақтасып қоштасып,
Бір-біріне қол алды.
Жүрекке ерлік үймелеп,

Қайғыны түгел жояды.
Тәуекелге бел байлап,
Қиынды жерден қиялап,
Жаудың жолын алмаққа,

Жауға ойран салмаққа,
Аузы түкті кәпірге
Қарсы шауып бармаққа
Түгел атты қояды.

Тебінгіні, терлікті,
Жасады бұлар бірлікті.
Алла жолды оңғарса,
Іздеп келген қалмаққа

Көрсетпек болып ерлікті.
Асыға келіп батырлар,
Ел шетіне жетуге
Ентелей шауып келеді.

Балагер аттың желісі
Үздік шыға береді.
Жау дүбірін білгендей
Қайшылатып құлағын

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Пысқырып тіге береді.
Базар айтты: «Жау жақын.
Алыстан шыққан дүрсілі
Құлағыма келеді».

Біраз уақыт өткенде,
Болжалды жерге жеткенде,
Жау қарасын көреді.
Базар айтты: «Жігіттер,

Сиыныңдар Құдайға.
Қорқып қашу ұнай ма!
Ер туған жігіт болмаса,
Жау бетіне шыдай ма!

Жауға серік болмалық,
Іркіліп артта қалмалық.
Қылыш сілтер жер болса,
Шабар жерді таңдалық.

Қапысын тауып ата алсақ,
Садақ тартып, толғалық».
Осыны айтып, Базар да
Сауыттарын түйінді,

Жаратқан Хаққа сиынды.
Алла жәрдем бермесе,
Жаудың ісі қиын-ды.
Көре салып Базарды,

Жауатын күндей күркіреп,
Үріккен қойдай дүркіреп,
Қалмақтың көп әскері,
Беттеп түсіп келеді.

Алдында Қарын өзі—бас,
Базарменен жаны қас,
Жеті құлаш жиреннің
Ортасында обадай

Найзасын нұсқап төнеді.
Балагер аттың бауыры,
Шапқан сайын терледі.
Қанатын қомдап қырандай,

Лашын құстай түйілді.

базар  батыр
Қиялау жерден қарғытып,
Өрлеу жерден орғытып,
Кес-кестеп келіп, қалмақтан

Арадағы биіктің
Бұрын шықты басына.
Ақ туды алып қолына,
Қарап оң мен солына,

Жолдастарын шақырды:
«Тезірек жүр,—деп,—қасыма».
Қалмақ келіп жеткенше,
Бір кезеңнен өткенше,

Келіп жетті жігіттер
Базардың белгі тасына.

—Біреуді біреу, жігіттер,

Тоспайтұғын күн болды.
Оңды-солды қылышты
Нұсқайтұғын күн болды.
Шамасы келсе, жаныңды,

Жан жолдасты нанымды,
Жанын алып, үйірге
Қоспайтұғын күн болды.
Алла берсін жәрдемді

Әркімнің өз басына.
Адам келмес күн туды,
Өліп жатсаң, қасыңа.
Айланбай, жауға шаба бер!

Үкімін жолдас көргенге,
Қорқып бұғып қалмаңдар
Басыңа қылыш төнгенде!
Қолға түссең, есепте

Өзіңді өзің өлгенге!
Шама келген жерінде,
Тірі түспей қолына,
Асық жанды бергенге,—

Деді де, қолға найза алды,
Ұрандап салып айғайды:
«Серпілтіп жауды кетсем,—деп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алла берсе ыңғайды.
Күш жетіп, жеңбей жауыңды,
Басқа айла болмайды».
Жеті құлаш жиренмен,

Қарын тартты Базарға.
«Жекпе-жекке кел»,—деп ақырып,
Қарамай шапшып ажарға.

—Қазақтан шыққан батыр ер

Осы Базар бола ма?!
Басын кесіп байлансам,
Ағамның құны тола ма?!
Тірідей кесіп өлтірсем,

Құмарым сонда қана ма?!
Осыны айтып айғайлап,
Батыр туған Базардың
Жетіп келді қасына.

«Саламын қайғы басына,
Дарын сынды ағамды
Өлтірген қазақ осы ма?!
Атыңның басын бұр, деді,

Әуелгі кезек менікі,
Кезек беріп тұр,—деді.
Өлтірдің бұрын ағамды,
Құныкерім сен болсаң,

Кезек бермеу жөн бе еді!
Ажалын қазақ келтіріп,
Басын кесіп өлтіріп,
Кезек алар күн бе еді!

Өлген Дарын інісі
Батыр Қарын—мен, деді.
Келерімді білмедің,
Көзіңе мені ілмедің.

Басыңды кесіп аламын,
Нықтап мұны біл, деді.
Өлтіргенде Дарынды,
Батыр туған Қарынды

Ойламадың сен»,—деді.

базар  батыр
Батыр туған Базар да:

—Кезегіңді ал, деді,

Тапсырарсың жан, деді.
Сенің басың кесілер,
Бұл сөзіме нан, деді.
Басыңды кесіп, байлатам,

Бір Құдай маған жар,—деді.
Қарын кезек алады,
Садаққа оқты салады.
Кіжініп оғын кезеді,

Қатты тартып созады.
Қабағы кетті салбырап,
Екі беті албырап,
Түгі кетті түксиіп,

Тартқан аттан бүксиіп,
Еңкейіп, шіреп, мықсиып,
Тартудай-ақ тартады,
Қайраты тасып артады.

«Бұғананың басы,—деп,
Өлер жері осы»,—деп,
Сірестіріп садағын,
Толықсытып тартады.

Тартқан ерін қалмақтың
Базар да сонда байқады.
Көзді ашып-жұмғанша,
Садағы қалмақ сарт етті,

Көз ілеспей, жарқ етті.
Сол иықтың басынан
Оғы келіп сап етті.
Тоғыз қабат сауыттан

Қалмақтың оғы өтеді.
Еттен өтіп, сүйекке
Болат оқ барып жетеді.
Балагер аттан Базар да

Ауытқып барып қалады.
Садаққа оғын салады,
Өлмей Базар қалған соң,
Қалмақ естен танады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кезек беріп тұрады,
Атының басын бұрады.
«Ауыз омыртқаның асты, деп.
Қақ жүректің басы, деп.

Өлер жерің—осы» деп,
Ерге сүйеп сол қолды,
Қалмақтан кекті алмаққа
Базар да қайрат қылады.

Садақтың бауын бұрады,
Құдайдан дәрмен сұрады,
Түгі шығып сыртына,
Екі көзі от боп барады.

Бойға біткен қайраты
От боп лаулап жанады.
Қайратын бойға жиып ап,
Толғап тартып қалады.

Шатырлатып сауытын,
Қарыннан оғы өтеді.
Топтанып тұрған қалмаққа
Ағып өтіп жетеді,

Жүз елудей қалмақты,
Түйреп өтіп кетеді.
Ағынымен ағындап,
Тасқа барып шақ етті,

Қақ жарылып тас кетті.
Батыр туған Базардың
Бұл қайратын көрген соң,
Қалмақтың қалың қолының

Үрейі ұшып көзінен,
Екі көзден жас кетті.
Тасқа оқ барып тигенде,
Қарын батыр қалмақтың

Басы жерге тарс етті.
Басына қылыш сарт етті,
Басы ұшып ол кетті.
Тәмам қалмақ от қойды,

Бастамақ болып бір кепті.
Келе қылыш шабысты,
Базарға келіп жабысты.

базар  батыр
Балагер аттың үстінде
Батыр туған Базар да
Ауыздықпен алысты.

Топтанған қалың көп қалмақ:
«Бермейміз,—деп,—намысты»,
Соғысудай соғысты,
Қызыл қанға тоғысты.

Қойға тиген қасқырдай
Базар қылыш шауып жүр.
Шапқан сайын қалмақтан
Қылыштап кегін алып жүр,

Қылышын қанға малып жүр.
Іздеп келген көп қалмақ
Әкесін әбден танып жүр.
Базардың он жолдасы

Қылыштап, садақ тартып жүр.
Кездесіп қалған қалмақтан
Қайраттары артып жүр.
Қызыл қанды олар да

Аралап кешіп жортып жүр.
Кейбір қалмақ кез болса,
Жалтара шауып қорқып жүр.
Үш күндей сол бетімен болды ұрыс,

Алмады Базар батыр ешбір тыныс.
Оққа ұшты жеті адамы Базар жақтан,
Базарға қатты батты мынау жұмыс.
Оққа ұшқанның ішінде батыр Қиял,

Жігіт емес ажалға тіпті қияр.
Кәпір қалмақ өліспей, қайтпас, сірә,
Не қырып, не қырылып барып, тынар.
Мынау іс Базар ерге қатты батты,

Қайғысы ер Қиялдың тиді қатты.
Он жолдастың жетеуі қаза тауып,
Қалғаны да сау емес, жаралапты.
Қалмақтан өлген адам есебі жоқ,

14-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мұны ешкім көңіл бөліп санамапты.
Базар дағы зорға жүр қылыш шауып,
Денесі сегіз жерден жарақатты.
Сыйынды сонда Базар бір Құдайға,

Қайратқа мінді қайта, тұрмай жайға.
Қайғырып жолдасына тұрғанменен,
Шама жоқ, бос қайғыдан қандай пайда!
Шаң шықты көк жүзіне мұнарланып,

Базар жүр жау жеңуге құмарланып.
Ақ көбік омырауы, тебінгілік,
Екі көз қанға толған талауранып.
Үстінде Балагердің Базар отыр,

Лапылдап екі көзі оттай жанып.
Ақырып, айғайласып, қылыш шапса,
Қалады талай қалмақ естен танып.
Намаздышам болғанша ұрыс салды,

Жауға шыдау көрсетіп, қайраттанып.
Намаздышам болғанда,
Жауға қылыш ұрылды.
Жаудың беті бұрылды,

Үріккен қойдай түрілді.
Сасқалақтап қаша алмай,
Тоқтатып жүрек тоса алмай,
Атқа жөндеп шаба алмай,

Қашатын жол таба алмай,
Сасқалақтап қатынасып,
Талай қалмақ сүрінді.
Қиын жерден қия алмай,

Ажалға барып ұрынды.
Қуып жеткен жерінде
Талайдың басы жұлынды.
Көк сауырдай көгалдан,

Іздеп келген қалмақтың
Қалың қолы қуылды.
Батыр туған Базар ер
Батырсынған қалмақтың

базар  батыр
Апшысын қатты қуырды.
Үш күн ұрыс болғанда,
Көп қалмақтың мойынын

Шілше бұрап алыпты.
Мың сан қолдан ойсырап,
Үркердей болып үрпиіп,
Біраз қалмақ қалыпты.

Қайратты туған Базар ер
Көзі оттай жаныпты,
Заманақыр салыпты.
Көрінгенін құтқармай,

Найза түйреп желкеден,
Жаудан кегін алыпты.
Он екіден үшеуі
Жаралы болып қалыпты.

Үйде жатқан Құлқайша
Жаудан хабар алады.
Күйіп-пісіп жанады,
Есінен қатты танады.

«Көп қалмақпен соғысып,
Көпке топырақ шаша ма.
Қайтейін, менің заманым
Әлдеқандай болады!»

Білмек болып Құлқайша
Базардың өлі-тірісін,
Ақылдасар адам жоқ,
«Жақыным» деп бұл ісін.

Бір күні Базар түсінде:
«Құлқайша, сені сағындым,
Тезірек іздеп кел, деді.
Келіп, менің халімді

Өз көзіңмен көр, деді.
Нашарға халім айналды.
Көп кешіксең, Құлқайша,
Өлгенмен басым тең, деді.

Далада қалып, мен сорлы
Болмайын құсқа жем»,—деді.
Ояна кетсе, түсі екен.
Ардагерді алдырды,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үстіне ер салдырды.
Түсінде айтқан Базардың
Бір ауыз сөзі Қайшаның
Күйдіріп ішін, жандырды.

Ат ерттеуге тағат жоқ,
Ес-ақылдан тандырды,
Дүниені естен қалдырды,
Жүректі қатты талдырды.

Ардагерге «Алла!» деп,
Қамшы басты санына,
«Қайғырдың неге мұнша?» деп,
Келмеді ешкім жанына.

«Кім мені жолдан тоқтатар,
Ортақ болсын қаныма!—
Деп, жөнелді Құлқайша,—
Атқан таңмен атайын,

Батқан күнмен батайын.
Құдай қосқан қосағым,
Сен үшін мен—құрбаның.
Жолыңда өлсем, арман жоқ,

Қайтіп шыдап жатайын!»
Зарлап шауып келеді,
Алтайдың қарап басына.
Зарлай-зарлай, Қайшаның

Қойны толды сорғалап
Көзінен аққан жасына.
Балшықтай болып иленді,
Ардагердің тұяғы

Тисе таудың тасына.
Базарды іздеп Құлқайша,
Ардагерді секіртті
Бірнеше тауды асыра.

Құзғын қарға үймелеп,
Бір жерлерге келгенде,
Бірі ұшып, бірі қонады.
«Әлде мал ма, адам ба,

Зарлап жылап қалып еді
Сорлы болған анаң да.

базар  батыр
Сор маңдайға кез болып,
Зарлап өтер заман ба!»—
Деп, еңіреп келеді.

Өліп жатқан қалмақтың
Талайларын көреді.
Зәресі ұшып Құлқайша,
Көп өлікті көрген соң,

Қайғырып жылай береді,
Басына қайғы төнеді.
«Алды-артынан Базардың
Аңдыған жау көп еді»,—

Деп, аралай береді.
Батыр Қиял сүйегін
Бір жерден келіп таныды,
Жүрегі тулап налыды.

«Базар қандай болды!»—деп,
Аз есінен жаңылды.
«Енді қалай жүрем»,—деп,
Біраз ғана аңырды.

Көңіліне алды Құлқайша
Бір жаратқан Тәңірді.
Ажал келсе пендеге,
Кім тоқтатар Құдайдың

Өзінен болған әмірді.
Тағы ілгері жүреді,
Бір салаға кіреді.
Бір топ аттың ішінен

Балагер атты көреді.
Кісінеді Ардагер,
Балагерді көргенде.
Балагер тұр, Базар жоқ,

Айтуға аузы бармайды,
Базарды қиып өлгенге.
Деді Қайша зар жылап:
«Мен сорлының шырағы

Шыныменен сөнген бе!
Жыламай қайтып тұрайын,
Қайғы басқа түскенде.
Ай, Балагер, не ғып ем?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жас күніңде жем бердім,
Ауырғанда, ем бердім.
Жас күніңнен, Балагер,
Қабаққа қашан қағып ем!

Базар сынды батырым,
Асып туған ақылың,
Басыңа қайғы түскенде,
Қасыңда жоқ жақының.

Қолында қайрат тұрғанда,
Жаугершілік болғанда,
Жалғыз өзің, батыр-ай,
Жүз мың қолға татыдың.

Балагерден айрылып,
Найзаның ұшын тайдырып,
Қарсы келген жауыңның
Таппадың ба қапылын!»

Балагер басын жерден жұлып алды,
Кісінеп, оқыранып, айғай салды.
Аяңдап, алға түсіп жүре берді,
Ақылға Құдай бастап хайуанды.

Қырқалап қия беттен суға түсті,
Асықпай, аяңменен жайға түсті,
Артынан Құлқайша да ере берді.
Бір сайдың алып шықты тұйығына,

Құданың кім таң қалмас бұйрығына!
Үш батыр халі біткен, көмегі жоқ,
Басқаның Құлқайшаға керегі жоқ.
Үшеуінің біреуі—батыр Базар,

Қу шыбыны кеудеде жатыр Базар.
Көре салып, Құлқайша аттан түсті,
«Не болды, сүйгенім?»—деп жылады зар.
Ақырын Базар сонда көзін ашты,

Жүрекке Құлқайшаның қолын басты.
Іші елжіреп, денесі балқып кетіп,
Моншақтап көзден парлап төкті жасты.

базар  батыр
Ақылды туған Құлқайша
Базардың шешіп киімін,
Көрді жаралы иығын.

Кім алып қалар ажалдан,
Болса Алла бұйрығы!
Шешіндірді сауытты,
Түймесін сауыт ағытты.

Суға жуып жарасын,
Торғынменен таңыпты.
Аздап тамақ ішкізді,
Өлместей қорек алыпты.

Екі жолдас жанында,
Нашарлап бұлар қалыпты.
Бұл үшеуін Құлқайша
Бірнеше күн бағыпты.

Жарасынан жазылып,
Үш арыстан бас қосып,
Даниярға шауыпты.
Тірісін Базар есітіп,

Данияр болды қауіпті.
Сонда да айла тауыпты,
Үйінде қалған Базардың
Шешесіне барыпты.

Хан сөзінен өте алмай,
Базар ердің шешесі
Жолын тоса Базардың
Алдынан шыға барыпты.

Балаға шеше батыл-ды,
Тоқтатты, ұрысып батырды.
Дұшпандық қылған өзіне
Ханды сұрап алыпты...

ІІ бөлім
Бір жылы ай тұтылды,
Табақтай боп қызарып.
Қысқа емес, ол тұтылу

Көпке кетті ұзарып.
Тілеу қылып, шуласып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мал айтып сойып, дуласып,
Су жағалай жер ошақ
Қатарлатып қазылды,
Дұғалықтар жазылды.

Осы берген тасаттық
Бір күнде бітіп қойған жоқ,
Бірнеше күнге созылды.
Шамасы келген ат шалды,

Ең аяғы—кедейі
Шалды ешкі, лақ, қозыны.
Бұл заман—бір қу заман,
Шашқаны жұртқа у заман.

Баста, малда билік жоқ,
Патшаның көшіп қолына
Кетейін деп тұр заман.
Еліңді түгел санайды,

Патшаға ел қарайды.
Солдат келіп ауылыңа,
Көнбесеңдер сөзіне,
Қанжарменен сабайды.

Оған көніп жүрмесең,
Бірнеше жылға қамайды.
Патша елді билесе,
Жетім менен жесірден

Шырқыратып талайды.
Елді мықтап хаттайды,
Көнбегенді даттайды:
«Бұрынғы бейғам жүргенің

Заң-законге жатпайды».
Сол үшін ай тұтылды,
Патша алды құтыңды.
Сабасынан сарқады

Ағып тұрған сүтіңді.
Қиып салық салмақшы,
Қағып жүріп алмақшы
«Бай-кедей» демей түтінді.

Келсе, кәпір: «Бер!»—дейді,
Алғаннан басқа білмейді,

базар  батыр
Берекелі бітімді.
Айдың осы—қайғысы,
Мұсылманның тілегі.

Қараңғылық—сол үшін
Қайғырған елдің жүрегі.
Қараңғылық басыңа
Жақындап тұр қасыңа.

Қарамайтын күн туды
Жақының мен досыңа.
Тұтылған ай—құдірет,
Дәл осыны біледі.

Біреу айтады: «Халайық,
Заманақыр болмақшы,
Дүниеге жауыз толмақшы.
Намыссыз, дінсіз кәпір кеп,

Ауыл, үй, тасқа қонбақшы.
Келе жатыр қан төгіп,
Талай жерден көп орыс
Қазақты қуып, алмақшы—

Өзіне орын, мол қоныс.
Сол үшін ай тұтылды,
Осы—бір үлкен қорқыныш.
Біреу айтады: «Қазақтың

Күнәсі тасып кетіпті.
Ұрлық, өтірік, ел бұзу
Дәл шегіне жетіпті.
Сол үшін Құдай ашулы,

Әйтпесе, айға не етіпті».
Қалың елдің басына
Сүйтіп қайғы төнгенде,
Лаулап тұрған шырағы

Ұқсайды бейне сөнгенде.
Сөйтіп бір тұрған кездерде,
Күннің көзін шаң басты,
Даланың түрін қан басты.

Ел билеген адамды
Жұртшылық болып қарғасты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бодан болып орысқа,
Қожа қылып қонысқа,
Ізнәк салған мойнына
Қызықты би мен болысқа.

«Қолыңа шойын мөр берем,
Бөліп-бөліп ел берем.
Ұлық қойып қазақтан,
Бас-аяғың теңгерем.

Момынның малын аударып,
Зұлымдарға жем берем»
Деген сөзге елігіп,
Ел адамы, қулары,

Елді сорған сұмдары:
«Бодандық» деп, булықты.
Айғай салып желігіп:
«Егессе, ел шабам» деп,

Қан төгетін ерігіп.
Хан, семіріп асқанда,
Дәулеті толқып, тасқанда,
Қан төгуге құмартып,

Азуын қарш-қарш басқанда,
Сабасы ханның толғанда,
Толықсып толқып болғанда,
Қан ішіп, жүрек жанғанда,

Қараға жара салғанда,
Дарадан өліп, қан сасып,
Талай адам арманда.
Өлердей болып шаруа

Естерінен танғанда,
Қабірден шыққан адамдай
Ессіз болып, талғанда,
Сол уақытта жаз өтті,

Жаз өткен соң күз жетті.
Ел аралап төрелер,
Қасына алып, күзетті.
Көнгенін тілмен көндіріп,

Көнбегенін қазақтың
Қамшыменен түзетті.
Ауылға келсе шегір көз,

базар  батыр
Қойға шапқан қасқырдай,
Ызғары қатты жалыннан,
Маңдайынан сыз өтті.

«Бодан болдық» деді де,
Хан-төрелер жар салды.
Бодандықтың белгісін
Бірте-бірте қолға алды.

Ел ішінен көп адам
Бодандыққа қарсы боп,
Бағынбасқа қозғалды.
«Бодан болып біз,—деді,

Бағынбаймыз орысқа.
Қарғылы тазы баққандай
Құл болып қайтіп жүреміз
Жез таққан би-болысқа?!

Өз бетімен қазаққа
Иелік жоқ болған соң
Қонатұғын қонысқа.
Алдауменен алмақ еліңді,

Еңбек еткен жеріңді.
Қылт еткенді қисайтып,
Қазып қойды, қазағым,
Түсетұғын торыңды.

Әйелінен айырып,
Әкетер бір күн еріңді.
Қамап қойды, қазағым,
Баратұғын жеріңді,—

Деп қазақтан талай ер,
Қан төкпей, патшаға
Бағынбаймыз» дейтұғын
Әркімдерден қорынды.

«Күштессе, күшке келіссін,
Атысып, кезек беріссін.
Соғысып, әскер жинасып,
Күштесіп барып, жеңіссін»,—

Деп кіжінеген адамның
Бірі Базар болып еді,
Талай жауды көріп еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бодандыққа Базардың
Келмеді, сірә, көнгісі.
Лаулап тұрған жалын шоқ
Мезгілсіз келмейді сөнгісі.

Талай жаудан айырған,
Жаудан малын қайырған,
Еңбекпен баққан өз елін
Патшаға, сірә, қолынан,

Келмейді Базар бергісі.
Жау қолынан өлмесе,
Бодан болып патшаға,
Түрме көріп, таяқ жеп,

Базардың жоқ өлгісі.
Арғымаққа мінеді,
Беліне қылыш іледі.
Не салғанын Құдайдың

Базар енді көреді.
Бағынбаудың белгісі—
Бойды қайрат кереді,
Шашақты найза жебеді.

Базардың оң мен солынан
Талай халық келеді.
Базардың сөзін мақұлдап,
Мың сан қазақ ереді.

Үйде отырған кемпір-шал:
«Медет бер,—Базарға»,
Құдайдан тілек тіледі.
Базар оқшау шығып жүр,

Жорыққа адам бұғып жүр.
Би-болыс, орыс талайын
Кіргізбей қазақ шегіне,
Қалаға айдап тығып жүр.

Деңгейіне кез келсе,
Ауылға келген төрені
Шашақты қара найзамен,
Қос өкпеден сұғып жүр.

Елін қорғап Базар ер,
Ұлықтарға салып жүр

базар  батыр
Осылайша бүлікті.
Қаладан шықпай көп ұлық,
Базар ерден үрікті,

Істер амал құрыпты.
Ерленіп келген бірнешеу
Өлуменен тыныпты.
«Қазаққа тәртіп салам, деп,

Қаратып елді алам»,—деп,
Алтай, Ертіс бойында
Талай құрық құрыпты.
Ақ патшаға хабарды

Ұлықтар бір күн береді.
Бірнеше солдат шығарып,
Базарды ұстау жөн еді.
Бұл хабарға ақ патша

«Мақұл» деп, сөзге көнеді.
Қаладағы ұлық та
Солдаттарын жинап ап,
Шодыр деген мырзаны

Бастық қылып сайлады.
«Орыстың қуы—бұл Шодыр,
Қазақша тілге сұм Шодыр.
Қарсы келген қазақты,

Бірін қоймай, қыр, Шодыр.
Өзі батыр шен алған,
Бес жүз солдат артықша,
Жалғыз барса, әкеледі,

Базарды ұстап бер, Шодыр!».
Талай жауды қиратқан,
Ат ойынын ойнатқан
Орыстан шыққан батыр еді

Қайраты көп сол Шодыр.
Қаладан сырнай тартылып,
Жарақтарын артынып,
Ертіс өрлеп келеді.

Бұдан бұрын Шодыр да
Талай жауды бөгеді.
Келе жатқан бетінде,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бес жүз солдат қасында,
Кер арғымақ астында,
Сонда бір өзін
Мың сан қолға теңеді.

Ұлықтардың бұйрығы:
«Базарды тірі әкел» деп.
Уәде берді Шодыр да,
Қорлықпен ұстап әкелмек.

«Мен барған соң көремін,
Жазасын Базар беремін.
Қылышпенен қақ жарып,
Асаусыған қазақтың

Қорасына кіремін.
Қырықпа сақал мен Шодыр
Қалай ұстап алудың
Әдісін тағы білемін.

Жауға қарап бет алсам,
Дергейсізден ілемін.
Өзім тірі күнімде
Қара табан қазақтан

Кекті алып келемін».
Осы сөзін орындау—
Шодырдың зор намысы.
Сол еді Шодыр зорланып,

Солдаттардың алдында
Арғымақпен шабысы,
Өрлеп келіп Ертісті,
Алтайға тартты жағалап,

Кең саланы сағалап.
Дәл сол кезде жайлаудан
Ел етекке көшкен еді.
Шодыр мырза бұйырды:

«Көшке ти,—деп,—аралап».
Командир бұйрық қылған соң,
Солдаттар нені аямақ?!
Жол үстінде тонады,

Талай көшті қамап ап.
Қол қышуы қанып жүр,
Кез келгенді сабалап.

базар  батыр
Өлтіргенін өлтірді,
Кейбіреуін сұлатты,
Тұрмастай қылып жаралап.

Қыз-келіншек, әйелді
Солдаттар жүр жағалап,
Жақсысын таңдап бағалап.
Дүние қалды шашылып,

Сандықтың аузы ашылып,
Ақша, жиһаз кез болса,
Мәз болысты, талап ап.
Бес жүз солдат байыды,

Қазақтан олжа санап ап.
Екі езуі құлақта,
Мәз болып шайқап Шодыр жүр.
Қақтыққан солдат қаптаған

Қарусыз, мешеу қазақты
Дал-дал қылып жазалап.
Үдере көшкен көп қазақ,
Қарулары жоқ қазақ,

Жай жатып, жайлау жайлаған,
Жаз көктеуін көктеген,
Күз күзеуін күзеген,
Шай ішіп, ет жеген,

Кедейі аш, байы жоқ қазақ.
«Тұр» десе, жерден тұрады,
Қол көтеріп, «Тақсыр» деп,
«Қыл» дегенін қылады,

Солдаттарға боп мазақ.
Еріккен көп солдатқа
Бұл қылықтар ұнады.
Қыз-келіншек, жас әйел

Амалсыздан солдатқа
Не қылса да, шыдады.
Далада мал сойдырып,
Шай, самауыр қойдырып,

Жерден ошақ ойдырып,
Ет-қымызбен сыйланды,
Қарындарын тойдырып.
Бір тоғайдың ішінде,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір алаптың тұсында,
Еш нәрсе жоқ ішінде,
Тамашалап жатады,
Еріксе, сырнай тартады.

Жолға күзет қойып жүр,
Көшкен елді өткізбей.
Бәрінде қылыш, мылтық бар,
Тоғайдың ішін аралап,

Әуестік үшін сығалап,
Тоғайдан аң атады.
Көшкен ел болды ермегі,
«Базарбайды тауып әкел» деп,

Қазақтарды жинап ап,
Әр нәрсені шатады.
Жиған дүние, мал да жоқ,
Есептелген жан да жоқ,

Солдаттардың ызғары
Халыққа қатты батады.
Бас-аяғын жинап жүр,
Бірнеше солдат күзетіп.

Бас асауды баспалап,
Қылышпенен түзетіп.
Соныменен бұл жерде
Бірнеше күн өтеді.

Талай ұлы қазақтың
Қылыштан жан тапсырып,
Нақақтан өліп кетеді.
Жазықсыз қан төгілді,

Іргелі елдің іргесі
Ыдырап қашып, сөгілді.
Осы бір хабар бір күні
Базар ерге жетеді.

Естіген ел қашып жүр,
Жол таба алмай, сасып жүр,
«Қоршаулы темір, көп солдат
Күннің көзін алды»—деп,

Ел өсекті шашып жүр.
Шекпен киіп шен алған,
Елді сатып мұра алған,

базар  батыр
Үрейленген халыққа
Әулие болып, ақ сөйлеп,
Адырайып тасып жүр.

Бұл елге «Шоқ-шоқ!» деп,
Би болып азу басып жүр.
«Ат патша солдат жіберді,
Қазақты елге теңгерді.

Қарсы болған халыққа
Көрсетеді кесірді»,—
Деп би-болыс, алшақтап,
Көрмей, пісіп, асып жүр.

Мұндай дабыл болған соң,
Базарды ыза кернеді.
Осынша жасқа келгенше,
Беті қайтпай, Базар ер

Жауға қылыш сермеді.
Ел болып шулап айтып еді,
Оған Базар көнбеді.
«Бағынды болып өлгенше,

Түрмеде қорлық көргенше,
Жау қолынан өлемін.
Сәтін салса бір Құдай,
Кек алып жаудан беремін»,—

Деп, атына мінеді,
Қыран құстай түледі.
Жайнап тұрған жалын шоқ—
Жауменен қылыш салыспай,

Майданда тұрып шабыспай,
Болаттан берік денесі
Майысып қайтіп көнеді!
Қырық жігіт алды қасына,

Қару-жарақ асына.
«Өлерімнің шағында
Заманақыр туғызсам,
Іздеп келген кәпірдің

Солдатының басына».
Жауға аттанып келеді,
Жаудың жатқан жерінің
15-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қарасын сырттан көреді.
Жау мөлшерін көрген соң,
Ақылына келген соң,
Жауды алудың амалын

Баяндап сөйлей береді:
«Күн еңкейіп барады
Батуына таянып.
Қалмалық жаудан аянып,

Сонау бір жатқан жылқыны
Көз байлана бергенде
Жақындатып қоялық.
Көп жылқыны алдыма

Барабан қиқу салып бер.
Ат құйрығын шорт кесіп,
Кекілін өріп, жарып бер.
Шабатын жердің мөлшерін

Ерте бастан танып бер.
Онан кейін оның да
Тоқтамастан, елге қайт.
«Мен» деген халыққа

Дұғай да дұғай сәлем айт».
Осыны айтып Базар ер,
Қолды бірақ сермеді,
Басқа сөзге көнбеді.

Көз байланбай, жан-жақтан
Жылқы жинап келеді.
Маңайдағы жылқыны
Жігіттер түгел жинады.

Жалғыз тастап кетуге
Базарды тегіс қимады.
Жауға бірге кіруге
Базар ұлықсат қылмады.

Қайта-қайта айтса да,
Бір сөзінен сынбады.
Қош-қоштасып он жігіт,
Кетуге бетті бұрады.

Бір жаратқан Құдайдан
Осы батыр Базардың
Амандығын сұрады.

базар  батыр
Құшақтасып, көрісті,
Көз жастарын төгісті.
«Қазақ бодан болған соң,

Тарылтты біздің өрісті».
Көз жастарын сүртіп,
Аттарына мінеді.
Жүріп барып, Базарға

Қайта-қайта келеді.
Сонда Базар ақырды,
Ашуын қатты шақырды.
«Бара жатқан бетіңнен

Қайта қайтып келетін,
Ер болсаң да, сендерден
Санап тұрмын артыққа
Үйде жатқан қатынды»

Деген сөзге, амал жоқ,
Жүректері қайтады.
Қайрат үшін Базар да
Оларды сынап айтады.

Көп жылқының ішінде
Базар батыр бір өзі
Ел жатқанша жатады.
Ағарып сәуле батады,

Біраз тұрса бұл жерде,
Ай туып, таң атады.
Арғымақ атқа мінеді,
Найзасын оңдап жебеді,

Садақтың оғын кезеді,
Сауытты киіп үстіне,
Қылыштың жүзін безеді.
Айдап шықты жылқыны

Биік таудың басына.
Көп солдаттың үстіне
Ысқырып қиқу салады.
Ылдидан төмен жылқылар

Төрт аяқтап барады.
Көзді ашып-жұмғанша,
Көп солдаттың үстіне
Жылқы жетіп барады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кәперсіз жатқан солдаттар
Дүркіреп келген жылқыны
Жау келдіге санады.
Бәрінде бар біратар,

Бір-бір атып қалады.
Тұтқында жатқан көп қазақ
Айғайлап ұран салады.
Мылтықты жасап алғанша,

Екінші оқты салғанша,
Батыр туған ер Базар
Алды қылыш қолына,
Солдаттарды жайпады.

Оңы менен солына,
Жауға қылыш сермеді,
Өрді-қырды дабырлап,
Үріккен жылқы кісі боп,

Солдатқа сырды бермеді.
Айғай-шу, дүбір сай-сала,
Балдыр-шүлдір айнала:
«Киргизы идут» деген сөз

Әр жерлерден болды кез.
Атсыз, жаяу солдатты
Армансыз батыр қырады.
Қашқаны қашып құтылып,

Кейбіреуі құздардан
Шошынып барып құлады.
Тұтқындағы қазақтар
Қанжар, найза, мылтыққа

Ие болып қалады.
Көп кешікпей, аздан соң
Ай жарығы туады.
Мұқатып жауды Базар ер,

Хаққа шүкір қылады.
Қорлық көрген көп қазақ:
«Қуат бер,—деп,—Базарға»,
Бір Алладан сұрады.

Олай-бұлай іздеді,
Көрмеді Базар Шодырды,
Ел шулатқан содырды.

базар  батыр
Таң атқанша Базар ер
Сай-сала іздеп, адырды,
Бір жерлерге келгенде,

Үш жаяуды көреді,
Көре сала, төнеді.
Қасына жақын барғанша,
Басына қылыш салғанша,

Алдындағы біреуі
Базарды атып қалады.
Қара сан мен қалың ет
Болып қалды жаралы.

Жетіп барып қасына,
Жедел қылыш сілтеді
Екеуінің басына.
Бастары кетті домалап,

Сайтанға жанын тапсыра.
Үшіншісі Базарға
Көтеріп қолын тұрды да,
Қазақшалап сөйледі,

Базарға өңін бермеді.
Батыр да өңін бермеді,
Батырдан қорыққан пішінмен
Салқын күнде терледі.

—Базар батыр—сен, деді,

Ақ патша сені білмеді.
Ақ патша білсе, сіздерге
Беретін еді шен, деді.
Көруге сізді келіп ем

Шодырменен мен,—деді.
Бұл сөзге Базар тұрмады,
Сөзіне наным қылмады.

—Сөзіңді тоқтат, сен кәпір,—

Деді де, қолын байлады,
Алдына салып айдады.
Оңды-солды қазақша
Майдалап Шодыр сайрады.

Сонда Базар тыңдайды,
Қорқыныш жаудан қылмайды.
«Ел ішінде бір орыс

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жүргенменен, қазаққа
Ешбір зиян қылмайды.
Зиян қылса, бір күні
Басын кесіп алам»,—

Деп ішінен ойлайды.
Шодыр келіп ауылға,
Араласып жүреді.
Қазақшалап қазақпен

Қалжыңдасып келеді.
«Қонақ» деп сыйлап қазақтар,
Бар мәддісін береді.
Шодыр бір күн ойланып,

Ақсақалды жинатып,
Бір молданы алдырып,
Мұсылман дінге енеді.
Сол кездегі қазақтың

Сауап үшін бір байы
Шодырға енші береді.
Қазақтан әйел алады,
Алдына мал салады.

Мұсылман болып осы елде
Бір жыл қыстай болады.
Базардың барып үйіне
Талай рет қонады.

Шақырса Шодыр үйіне,
Базар да қонақ болады.
Шодыр сонда Базарға:
«Сізді көрдім хош, деді,

Болалық біз де, батыр-ау,
Айрылмайтын дос»,—деді.
Құран ұстап, дос болды,
Шодырдың көңлі хош болды.

Бір-біріне сенімді,
Келіп-кету бос болды.
Бәри атты сол елде
Бір саудагер болыпты.

Ел аралап жүргенде
Шодырға келіп жолықты.
Бірнеше рет саудагер

базар  батыр
Шодырменен танысып,
Үйіне келіп қоныпты.
Саудагердің қалаға

Баратұғын мезгілді
Күні жақын қалыпты.
Бір тапсырма беруге
Шодыр әбден зарықты.

Саудагерге айтады:
«Кетеріңде қалаға
Біздің үйге келерсің.
Аманат берсем, жоғалтпай,

Иесіне берерсің».
Мақұл көрді саудагер
Іздеп барып беруге.
Қалада Шодыр танысын

Өз көзімен көруге.
Қалаға жүрді саудагер,
Бірнеше қонып араға,
Аманатын Шодырдың

Дәл қолына тапсырды,
Көрді төре тақсырды.
Дереу жазып бір қағаз,
Сыртына пешат жапсырды.

Шақырып алып біреуді,
Мінгізіп атқа шаптырды.
Сол арада болған жоқ,
Көп ұлықты жинады.

Ойда-қырда көшеге
Әскер деген сыймады.
Жиналып алып ұлықтар,
Бірінен соң бірі оқып,

Хатты әбден байқады,
Бастарын келіп шайқады.
Тірі екенін Шодырдың,
Қуанысып ұлықтар,

Біріне бірі айтады.
Қайтадан жауап жазады,
Көрмеді һәм мазаны.
Мұсылман болған Базардың

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шодыр сынды достысы
Көрді мықтап қазады.
Саудагер қайтып келеді,
Алдыңғы жазған хатының

Бұлжытпастан жауабын
Шодырға әкеп береді.
ІІІ бөлім

Қамаған жау қырылды,
Жамандық беті бұрылды.
Базар да қауіп қылады:
«Алма,—деп,—Құдай, қырымды».

«Ханның сыры қандай?»—деп,
Жігіттерден сұрайды
Астыртындап жырынды.

—Хан жақсылық қылмайды,

Халыққа мойнын бұрмайды.
Басына шен-бақ іздеп,
Астына мінер тақ іздеп,
Сатпақшы барлық халықты.

Беріп отыр патшаға
«Бағынам» деп антты.
Ұлыққа қағаз салыпты,
Ұлықтан хабар алыпты.

«Ұстап берем Базарды,
Әскерменен келсін» деп,
Айтқаны ханның анық-ты.
Бой таса қылмай болмайды,

Көпке топырақ шашпайсың,
Жабылса солдат, қоймайды.
Ұлыққа кеткен назары,
Ханға сенген оңбайды.

Ханның кегі тозбайды,
Есіне түссе, өткенді
Әлі күнге қозғайды.
Хан орнынан төре боп,

Қаладан келсе көп солдат,

базар  батыр
Төре соны қолдайды.
Келген төре айтыпты:

—Хан емессің, төресің,

Патшаға салық бересің.
Қолыңа шен мен мөр алып,
Қызықты сүйтіп көресің.
Өзіңе қарсы келгенді,

Азғырған сөзге ергенді
Бізге айтып бересің.
Ханның сонда айтқаны:

—Базардың көзі жоғалса,

Көндірем барлық халықты.
Ел азғырып Базар ер:
«Көрсетем,—деп,—жарлықты»
Деген сөзге халықтар

Тістерін қатты қайраған.
Дикі өскен ол надан—
Қайраты күшті мол надан.
Жабу керек ұстап ап,

Басқа сөз оған қонбаған,—
Десіп, дүкен құрыпты.
Әттең, Базар! «Шорту»,—деп,
Үмешегі құрыпты.

«Солдатты біздің қырды» деп,
Басын шайқап тұрыпты.
«Тілімізді алсаң, Базар ер,
Ел ішінде болмасаң,

Үйіңе жатып қонбасаң,
Қыла тұрсаң бой таса,
Бейғамдық бекер қылмасаң».
Базардың жақын достары

Ақылдасып жиылды,
Базар үшін қиылды:

—Ел сақтаған ер, деді,

Сөзге көңіл бер,—деді.
Біраз барып жүре тұр
Мынау жатқан Керейге.
Өліп кетсең қапыста,

Ердің ісі қиын-ды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ел үшін туған ер едің,
Керегің болса, ала бер,
Аямалық бұйымды.
Үлкен-кіші келіп тұр,

Тілек қылып саған төніп тұр.
Жалғыз жүре алмасаң,
Қасыңа таңдап, жігіт ал.
Тілімізді алсаң, Базаржан,

Тағы ал бізден сыйыңды.
«Көндім» десең, кешікпей,
Тараталық жиынды.
Базар айтты: «Достарым,

Қылдыңдар маған зар, деді,
Қашу маған ар, деді.
Сұрайтұғын сендерден
Бір тілегім бар, деді.

Өзіммен бірге жүретін
Екі жігіт бер,—деді.
Сарыжомарт болып сол жерде:
Батырым, ерім, жүрегім,

Шын көңілмен сүйемін.
Тілегің болса, ала бер,
Ел сөзіне иемін,
Екі батыр жолдасың,

Әулиелер қолдасын.
Жиған менен Қожаны
Серік қылып қасыңа ал,
Жолдарыңды оңдасын!

Сонда Базар жымиып,
Орнынан ұшып тұрады.

—Жиған, Қожа бар ма?—деп,

Қатты айғайлап сұрады.

—Бармыз,—деп, келді қасына.

Атқа мініп үшеуі,
Тізгін тартып тұрады.
Артына қарап бұрылып,
Халқына мойын бұрады.

—Халқым саған айтайын,

базар  батыр
Бой таса қылып, Алтайдан
Қашатын ер мен емес.
«Қашты» деген жүрекпен

Сенетін елім сен емес.
Екі батыр қасымда
Екі мың қолдан кем емес.
Қастарыңа жау келсе,

Өзіме келіп хабар бер,
Қашатын батыр біз емес.
Қытайда қазақ Керейін,
Байы менен кедейін—

Қандай күйде халқы бар,
Сайрандап барып көрейін.
«Келімсек, қашқын» десе олар,
Жазасын мықтап берейін.

Өздеріңді сағынсам,
Тау домалап, тас жауса,
Су шайқалып, жер ауса,
Қанатын сұңқар мұз басса,

Алар жемнен адасса,
Алыстағы жау келіп,
Алтайға қарай жол асса,
Сонда да қайтып келейін,

Тасыған қанын төгейін.
Сендер үшін айқасып,
Жау қолында өлейін,
Қабырғасын сөгейін,—

Деген кезде Құлқайша,
Қасына келіп батырдың,
Атының жалын құшақтап,
Көзінің жасын төгеді.

Баласы мен әйелін
Кезек-кезек құшақтап,
Жүрер жолды бөгеді.
Құлқайша тұрып жылайды:

—Базар сынды батырым,

Жұрттан асқан ақылың.
Өзіңнен қалған бір тұяқ,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Басқа жоқ менің жақыным.
Барарыңа жол болсын,
Сапарың сенің оң болсын.
«Бір Құдай, бір сен» деуші едім,

Қысылған жерде періште
Көмек беріп, қол берсін.
Көптің тілін ала гөр,
Бар деген жерге бар гөр.

Барған жерде сүйменді,
Бақытты болып жана көр,—
Деді де Қайша қоштасып,
Құшақтасып сүйісті,

Іштен жанып-күйісті.
Амалсыздың күнінен
Айрылып қиысты.
Тоқталмастан Базар ер,

Қамшы басты атына,
Қарамады артына.
Айқайлады бір рет
«Қош бол!» деп қалған халқына.

Жүріп кетті Базар ер,
Қойдай шулап ел қалды,
Үйір болған жер қалды.
Ел сөзіне иланып,

Тағы бір жаумен шайқаспай,
Жүрегінде шер қалды.
Ұзақ жерге жол жүрді,
Екі сөтке шөл жүрді.

Екі батыр қасында,
Қимай ішіп барады
Таудан аққан мөлдірді.
Тау сағасын салалап,

Өзен суды жағалап,
Батыр өтті Керейге,
Елін көріп аралап.
Қадір тұтып, қонақ қып,

Базар сынды батырды
Керей жүрді жағалап.

базар  батыр
Сонымен екі ай өтті,
Жазғы жылы жай өтті.
Күз қоңыры—аңызақ,

Кәрі-қартаң сойып жеп,
Қыстағына бай кетті.
Үш батыр бірге жүреді,
Тамаша қызық көреді,

«Осылар не қып жүр?» деген
Елге сыбыс енеді.
Қатын-қалаш, баладан
Сыбырлаған суық сөз

Құлағына келеді.
Базар бір күн отырып:
«Ай, жігіттер, жігіттер!
Заманның қара қапылын.

Сендерден басқа менде жоқ,
Жанашыр туған жақыным.
Жау ішінде қалып тұр
Алты жасар балам мен

Сүйіп алған қатыным.
Көптің тілін біз алдық,
Көп үшін елден қозғалдық.
Ел ішінде жүргенде,

Кімнен олжа қызғандық?
Көптің тілін алмасақ,
«Бар» деген жерге бармасақ,
Тәкаппарлық қылғандық.

Елде жүріп, өлімге
Арманымыз бола ма,
Көп үшін болса құрбандық.
Сарыжомарт, Өтей ел едік,

Батыр Базар мен едім.
Өтті туған ішінде
Жиған, Қожа сен едің.
Өз елімде жүргенде,

Халқым мені көргенде,
Ақ патшамен тең едім.
Естідім Керей өсегін:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Тигізеді,—деген,—кеселін».
Елімізге баралық,
Тұлпарға тұмар тағалық.
Жағаласқан жау келсе,

Домалап қарсы тау келсе,
Тайсалмастан қамалға
Қасқая қайрат салалық.
«Есің барда елің тап»

Деген мақал бар еді,
Кешікпей, елді табалық.
Базардың айтқан әмірін
Қайыруға болмайды.

Алдағы іске өкініп,
Қайғыруға болмайды.
Денені ыза тербетіп,
Жүректі ашу қозғайды.

Жаудан, батыр, кек алдық,
Ердің кегі озбайды,
Екі-үш ай кетті арада,
Ол үшін мезгіл тозбайды.

Ел үшін туған ерлері
Өз туған халқын қорғайды.
Үш батыр елге қайтуға
Мақұлдасып қойысты.

Көңілдегі қайғыны
Батырлықпен жойысты.
«Батырлар қайтады» деген соң,
Қытайда қазақ Керей де

Қонағасы сойысты.
Бұл еттен Базар татпады,
Жылы жауап қатпады.
Түрін көріп батырдың,

Керейдің кексе билері
Сөз сұрауға батпады.
Көңілін аулап батырдың,
Не қылса да жақпады,

Ат-шапанды тарту қып,

базар  батыр
Төсесе де көрпе мақталы.
Арыстан айбат сыртында,
Ашу басқан қабағы,

Түгі шығып сыртына,
Болаттай көзі жанады.
«Ашуменен ел шабады, деп,
Қайтсе, бүлік салады» деп,

Керейдің биі Кенжебек
Қатты сасып қалады.
Батырдың ойын сезген соң,
Өсек айтқан адамға

Сұрау іздеп салады.
Кенже, Балаби Базардан
Көп өтініп сұрайды,
Куә қылып Құдайды:

—Іздеп келіп, батырым,

Қайта көрме ренжіп.
Жеті ру Керей қолқаңа
Қайтсе-дағы, шыдайды.
Ат жалын тартып мінгелі,

Осынша жасқа келгелі,
Ел сөзін маған бергелі,
Көргенім жоқ мұндайды.
Кенжебек бидің Базар ер

Разы болды сөзіне,
«Бір іске жарар жігіт,—деп,
Ер басына күн туып,
Келе ме,—деп,—кейін кезіме».

Шүкір қылып Құдайға,
Балап қойды өзіне.
Кенжебек би тұрды да:

—Сізді мұнда, батырым,

Айдап келген Құдайым.
Ренжіп кетсең, батыр-ау,
Бізге түсер уайым.
Үйден тағам татыңыз,

Разылығын сұраймын,—
Деген сөзге Базар ер

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ат мойынын бұрады,
Хаққа шүкір қылады.
Кенжебек бидің Базарға
Бар қылығы ұнады.

Екі күн жатып үйінде,
Қабағы келіп күйіне,
Қайтуға рұқсат сұрады.
Алдырып атын мінеді,

Ойға бір іс кіреді,
«Оңғар,—деп,—Алла бетімді»,
Бет алып елге жүреді.
Екі күн жолда түнеді,

Үшінші күн болғанда,
Кеткеніне елінен
Бір айдай мөлшер толғанда,
Ел шетіне келеді.

Кірген жерден батырға
Халқы шулап көрісті:
«Алды,—деп,—жау өрісті.
Ел ішіне салады,

Нашальник төре болам, деп,
Қит етсе, «Елің бодан» деп,
Қарамайды адам деп.
«Басыңа қылыш салам, деп,

Малыңды шауып алам, деп.
Қарсылық қылсаң төреге,
Абақтыға салам»,—деп.
Зіркілдейді би-болыс:

«Дикі өскен надан»,—деп.
Баяғы Базар барындай
Күнің жоқ сенің, қазағым.
Салып ұлық азабын,

Ақырады қорқытып:
«Қаларсың,—деп,—таяқ жеп».
Ел адамын айдады,
Артына қолын байлады.

Әлсіретіп азаптап,
Асырды дұшпан айланы.
«Тауып бер,—деп,—Базарды»,

базар  батыр
Талайдың қанын шашыпты.
«Көрінсе көзге Базар»,—деп,
Аузын қарш-қарш басыпты.

Сай-саланы салалап,
Өзен суды жағалап,
Елсіз-күнсіз далаға
Талай қазақ қашыпты.

Қолға түскен қазаққа
Салды талай азапты.
Етін кесіп, жегізіп,
Дарға көбін асыпты.

Сол қорлыққа шыдамай,
Көзінен қанды жас ағып,
Бір көруге өзіңді,
Елі-жұртың асықты.

«Елден шығып, Керейге,—
Деген атақ жайылды,—
Базар батыр қашыпты».
«Келіп қалар Базар»,—деп,

Қарулы келген көп солдат
Кеткенше елден асықты.
Туған ағаң Назарды
Айдады бірге қалаға.

Күзетші қойды жүз солдат—
Артында қалған жанашыр
Қатын менен балаға.
Ұстағанда Назарды

Үш күн, үш түн ұрыпты,
Табанын тасқа тілдіріп,
Құлағынан жұлыпты.
Қозғала алмай зар жылап,

Денесі толды жараға.
«Базарды тап!—деп,—бұл елден»,
Данияр хан ішінде,
Елу адам айдады.

Қарумен келген көп солдат
Көк темірді құрсанып,
Қарақұртша қайнады.
«Базарды ұстап берем»,—деп

16-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Уәде берген Данияр,
Таппады о да пайданы.
«Егер Базар ұсталса,
Барлығын түгел босатам»,—

Осы болды ұлықтың
Елге жарлық жайғаны.
«Ұстаңдар,—деп,—Базарды,
Орыс, қазақ, қалғанға,

Дуанның шенін алғанға
Үйездік шен беремін,
«Ұсталды»,—деп Базарды
Хабар айта барғанға.

Кімде-кімге шен керек,
Қалмасын,—деді,—арманда».
Мұны естіп Базар ер,
Ертіп алды қасына

Өзіне серік болғанды.
Шерік тартып, қайтсе де,
Жауды жеңіп, талқандап,
Тарқатпақ болды арманды.

Қиратпақ болды шетінен,
Елге бүлік салғанды.
Алмақ болды босатып,
Жау қолында қалғанды.

«Бүйтіп шыдап қорлыққа,
Қайтемін осы жалғанды?!»
Қаһарлы батыр Базар ер
Қамал бұзып ерлікпен,

Талай жауды алған-ды.
Не де болса көрмекші
Басына Құдай салғанды.
Найзасын алып, толғанды,

Сауытын киіп, қорғанды
Алатын қыран секілді
Ұшуға қанат қомданды.
«Ар көремін, ел үшін

Айдынды жауды мұқатпай,

базар  батыр
Бой тасалап қалғанды»,—
Деп, атына мінген-ді.
Көрді халқы батырды,

Жиған менен Қожаны
Өз қасына шақырды.
«Мен тұрмын жауға шабам деп,
Жау шабысын табам, деп,

Қылмаңдар, сірә, қапылды.
Ердің ісі батыл-ды,
Ер табады ақылды.
Қорғамай қайтіп тұрамыз

Туысқан ел, жақынды?!»
Бұл сөзді екі ер қостады,
Базар сынды батырдың
Астындағы Балагер

Ауыздықты басады.
Ақырып ауыз ашқанда,
Айбатынан Базардың
Көрген адам сасады.

Нажағайдай жарқылдап,
Ауыздан от шашады.
Ел билеген ұлықтың
Бірнешеуін ұстап ап,

Өз құлағын өзіне
Қыздырып таңба басады.
Алтайдың жолын төтелеп
Бірнеше қырдан асады.

Қырда жатқан ұлықтар
«Базар келді» дегенге
Естіген жерден қашады.
Бір мезгілдер болғанда,

Қамап жатқан ауылды
Солдатын жаудың көреді.
Жауған оқты тыңдамай,
Қарсы шауып кіреді.

Бір күн, бір түн соғысып,
Жауды ықтатып тұрады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көрінгенін әр жерге
Түлкі ұстаған қырандай
Найзамен бұрады.
Жиған, Қожа қасында,

Шыбындай көп солдатты
Бірнеше қырдан асырып,
Ауылға қайтып келеді.
Құшақтап сүйіп көрісті

Әйелі менен баласын.
Шүберекпен таңдырды
Денедегі жарасын.
От қызуы басылып,

Байқады батыр шамасын.
Қарастырып Шодыр жүр
Батырды ұстау шарасын.
Елшілік қылып қоспаққа

Орыс, қазақ арасын.
«Бір кісі үшін ұрысып,
Күнәлі болып патшаға,
Көтересің жаласын.

Ұстап берсең Базарды,
Түрмеге кеткен кісіңді
Қайтарып тегіс аласың»
Деген сөзге олардың,

Жақындары көнеді.
Базарға көмек бермеуге,
Өлсе де жақын келмеуге
Елді іріктеп бөледі.

Азғырынды сөзіне
Көпшілік қазақ көнеді.
Базарды ұстап беруге,
Дуан барып келуге

Әрқайсысы көнеді.
Балагер ат белдеуде,
Ай қараңғы түн еді.
Ауылдың сыртын қамалап,

Базардың үйін шамалап,
Дұшпандар жақын келеді.

базар  батыр
Белдеуде тұрған Балагер
Тарпып ірге тебеді.
Құлқайша сонда оянып:

—Тұршы,—деді,—батырым,

Көрдің бе өмір қапылын?
Жау болды ғой бұл күнде,
Алыс тұр ғой жақының.
Ауылдың иті үреді,

Белдеуде тұрған Балагер
Осқырып, ірге түреді.
Қос аяқтап жер тарпып,
Құлақ түре береді.

«Қамданбасаң, батырым,
Сені аңдыған дұшпандар
Енді үйіңе кіреді».
Батыр айтты: «Құлқайша,

Сүйіп алған жарымсың,
Ажалдан адам қашпайды,
Батыр қорқып саспайды.
Бір Құдайдың еркі бар,

Әлденеге бастайды,—
Деді дағы батыр ер,
Ұйқыға қайта кірісті.
Шен алмақ болып қазақтар,

Ұстауға батпай, қорқысып,
Ауыл торып жүрісті.
Қайтсе-дағы, дұшпан-жау
Бастамақшы бір істі.

Шенге олар таласып,
Жақ-жақ болып ұрысты.
Бірігіп бас қоса алмай,
Бір таң босқа жүрісті.

Жайланып ұйықтап үйінде
Батыр алды тынысты.
Сол кезде Шодыр Базарды,
Базардың елге келгенін,

Ауылда қалған аз күшті
Қиратып Базар жеңгенін,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұстасуға Базарды
Қазақтардың көнгенін,
Шенге құмар бір қазақ
Хатты апарып береді.

Ішіндегі жазғанын
Ұлықтар оқып көреді.
Барабанын қағады,
Қаланы жиып алады.

Екі қонып араға,
Екі мыңдай солдатпен
Дуанбасы барады.
Білдірмей тұрып Базарға,

Шодырға кісі салады.
Қаруланған көп солдат
Бейғам жатқан батырдың
Айналасын қамады.

Бір мезгілде Құлқайша
Түсінен шошып оянды.
Құшақтап жылап, батырға:

—Басыңды көтер, сабазым,

Алатын жау таянды.
Пайғамбар ма, Құдай ма,
Түсіме берді аянды:
«Құдай қосқан қосағың

Өз көзінен қорқып тұр,
Сізге хабар беріп тұр
Шағатұғын шаянды».
Балагер жауды көріп тұр,

Қайратына сеніп тұр.
Сақтанбасаң, батырым,
Басыңа қатер төніп тұр.
Жолыңда құрбан болуға,

Денем балқып, еріп тұр.
Тұла бойым қалтырап,
Әл-қуатым кетіп тұр.
Қолымдағы шырағым

Су құйғандай сөніп тұр.
Саған хабар беруге,

базар  батыр
Көмектесіп, еруге,
Жау бағына қызығып,
Халқың сенен безіп тұр.

Сонда батыр оянып,
Салмақпен басын көтерді.
Қауіп қылып, сенбестен,
Салмақпенен жөтелді.

—Үрейленіп жай босқа,

Айтасың,—деп,—бекерді.
Сыртқа шығып Базар ер,
Келді атының қасына.
Ат құлағын тігіп тұр,

Жан-жаққа қарап осқыра.
Сонда ойлады Базар ер
Төңіректеп маңайда
Келген жауды қас қыла.

Атқа ер-тоқым салады,
Қару-жарақ асынып,
Сауытын киіп алады.
Қоштасып, жылап батырға

Сүйген жары—Құлқайша
Сонда есінен танады.

—Көмексіз жаумен соғыспа.

«Қаш»,—деп қолқа салады.

—Келіп тұрған ажалдан

Қашатын батыр мен емес.
«Қашқын» деген сұм атақ
Ер адамға жөн емес.
Жиған менен Қожаға

Оятып, хабар бере ғой—
Мың сан қол бізге тең емес.
Ажал жетпей, дұшпанның
Атқан оғы ем емес.

Әйеліне қоштасып,
Атына батыр мінеді.
Әмірін күтіп батырдың,
Жиған менен Қожа да

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Асығып жетіп келеді.
Батырлардың бұл ісін
Ақырындап баспалап,
Шодыр аңдып көреді.

Мылтық атып, дұшпанға
Шодыр хабар береді.
Сонда жаулар төнеді,
Көрген жауды батырлар

Кесе шауып келеді.
Іркілместен үш батыр
Жауға келіп енеді,
Қылыш сілтей береді.

Бір сілтеген қылыштан
Бірнеше солдат өледі.
Бұршақтай болып оқ жауды,
Жаңбырдай сел боп қан жауды.

Үш батыр жүр ортада
Айнала жаумен қоршаулы.
Құмырсқадай көп солдат
Үш батырды қамады.

Көптігіне қарамай,
Батырлар ойран салады.
Балагер атпен Базар ер
Өрді-қырды шауып жүр.

Кез келгенін құтқармай,
Жауға айла тауып жүр.
Жабылған жауды қылышпен
Қапысын тауып қағып жүр.

«Сәті қалай түседі» деп,
Шодыр да сырттан бағып жүр.
Кез келгенге найзаны
Бойлатып соғып салып жүр.

Батырлықпен Базар ер
Жаудан кекті алып жүр.
Қалың жау қарап тұрсын ба!
Есіл ердің етіне

Атылған оқ дарып жүр.
Таң атар шағы жеткенде
Тізе қосып үш батыр,

базар  батыр
Қойша қырып жауларын,
[Кәпірдің тобын жарып жүр].
Батырдың ісі қабыл-ды,

Іздеп келген елінен
Таппады батыр жақынды.
«Көмегім жоқ» деп, қайғырып,
Тауыспады ақылды.

Жалғыздықты сезген жоқ,
Тәуекел қылды Тәңірге,
Қайраты тасып, артылды.
Тозаң болды топырдан

Алтайдың жазық өзені.
Көмек бере келмеді
Батырдың туған өз елі.
Ағарып таң атқанда,

Таң жұлдызы батқанда,
Жау қолына түсіпті
Жиған менен Қожадай
Батырдың жақын серігі.

Екі саннан оқ тиіп,
Жаралы болды батырдың
Астындағы керігі.
Біраз шыдап ұрысқанда,

Басылуға жақын еді
Аптыққан жаудың желігі.
Бір төбеге қараса,
Құлқайша отыр басында.

Көзінің жасын төгеді,
Жалғыз ұлы қасында.
Бір ой түсті батырға,
Арыздасып, қоштасып,

Амандаспақ досына.
Аттың басын бұрып ап,
Қамшы басты санына.
Жамбастай басып аяғын,

Бір қабақты қиялап,
Қанды тер болып Балагер,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құлқайшадай досының,
Жетіп келді жанына.
Құлқайша мен батыр ер
Қош айтысып, сүйісті.

Күдер үзіп жанынан,
Өлімге басты иісті.
Баласын батыр қия алмай,
Баурына алып қысады.

«Құлыным, менің, жалғызым,
Сүйген жарым Құлқайша,
Теңемеуші ем хан қызын.
Басыма қайғы түсіп тұр,

Денем күйіп-пісіп тұр.
«Мезгілсіз жанды алам» деп,
Айнала жау қысып тұр.
Енді кетсем, оралман,

Сүйіп алған, Құлқайша,
Ақ жүзіңді көре алман,
Енді қызық сүре алман,
Кімнен қалмас бұл жалған?!

Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алып тұр,
Енді мойын бұра алман!»,—
Деп, атына мінеді.

Жар ішімен жағалап,
Бір тасты ұстап бетіне,
Шодыр да жақын келеді.
Тақыр қолтық астынан,

Дәл жүректің басынан
Дәлдеп атын атқанда-ай
Ыршып барып жығылды
Батырдың аты астынан.

Оралып жау шабады,
Атсыз батыр қалады.
Жаяулап жүріп есіл ер
Біраз ұрыс салады.

Он сегіз жерден жаралы,
Әлі құрып денеден,
Қолға түсіп қалады.

базар  батыр
Құлыпты шынжыр арқанмен
Батырды байлап алады.
Жиған, Қожа—үшеуін

Қол-аяғын кісендеп,
Бір арбаға салады.
Арбаға мықтап таңады,
Ниеті жаман дұшпан-жау

Қуанысып қалады.
Алып жүрді батырды,
Сол тобымен дуанға.
Батыр айтады: «Ай, дұшпан!

Ыржыңдап саған бас иіп,
Сендерге мойын бұрам ба?
Түссе, ел түсер боданға,
«Бағын» деген сөзіңе

Тіріде мен болам ба?!
Тіріде саған бағынсам,
Батыр атым құрысын,
Бұл дүниеде оңам ба?!

Базар деген атым бар,
Жайылған жұртқа датым бар.
Туып-өскен жасымнан
Қазақ деген халқым бар.

Арғы атамнан бері қарай
Тіріде жауға бағынбас,
Үйреншікті салтым бар.
Болымсыз іске қайғырып,

Өзгермейтін қалпым бар.
Ұстаған беттен қайтпасқа,
Өтірік сөз айтпасқа,
Өлімнен бас тартпасқа

Жасымда берген антым бар.
Осы ісімді ақтаймын,
Нәсілімді сатпаймын.
Темір үйге салсаң да,

Тірі күнде жатпаймын».
Тістеніп батыр келеді,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұсталғанын батырдың
Барлық халық көреді.
Алдынан шығып біреуі:
«Қош-аман бол!»—демеді.

Осы болды батырдың,
Көңілі қайтіп елінен,
Уайым-қайғы жегені.
Сонда жырлап батырдың,

Артындағы еліне
«Қош-аман бол!» дегені:
«Аман бол, ел-жұртым, қатын-балам,
Бұл істі басқа салды Хақ тағалам.

Қыстау мен жайлауыңды орыс алып,
Мұнартып бұзылып тұр біздің заман.
Босанса қол-аяғым бұл шынжырдан,
Әлі де дұшпан жауға ойран салам.

Тауың мен мөлдір суың, қайран Алтай,
Бетеге, күрекшелі қалды-ау далаң!
Асыл ең арам тұяқ аттамайтын,
Балауса қарағайлы сай мен салаң.

«Елім» деп келіп едім Сарыжомартқа,
Көмексіз жау қолында кетіп барам.
Надансың көз ашпаған, қайран елім,
Сендерді арбап отыр өңкей арам.

Өлімім, шыбын жаным—сендер үшін,
Оянса, бір жоқтарсың, сезім-санаң.
Арбада қол-аяғым байлаулымын,
Дәрменсіз, халім нашар. Не амал табам?!

Дертім зор, іште қайғы-арманым көп,
Сондықтан жүрек күйін әнге салам.
Әзірше қош-аман бол, туған жерім,
Күн туса, қайта айналып, тағы табам.

Арман жоқ, өлсем, сірә, сендер үшін,
Өлмесе, қайда кетті ата-бабам?!
Сауғалап бастарыңды, қайран жұртым,
Жүрерде дей алмайды-ау: «Есен-аман».

Өлмесек, екінші жол көрісерміз,
Басқа түскен пәлеге бар ма шарам?!»

базар  батыр
Сол бетімен дуанға
Алып барды батырды.
Түрмеге байлап салуға,

Жау қаһарлы қатылды.
«Көрерміз» деп мың сан қол,
Неше күндей жиналып,
Өскеменнің түрмесі

Қызыл кірпіш шатырлы—
Әкеп салды сол үйге,
Қол-аяғын кісендеп,
Кереге көз темірге.

«Осы үй мекен болады, деп,
Шыға алмастай өмірге»,
Астына ілік қадады,
Үшкірейткен тістері

Айнала қоршап салады.
Отыра алмай, жата алмай,
Батыр естен танады,
Денесі тегіс жаралы.

Гүбірнатор, патшаға:
«Ұсталды,—деп,—Базар ер»,
Дуанбасы жазады.
Тамақ беріп өлместей,

Өлтірмей тірі бағады.
Гүбірнатор: «Көремін.
Базарды тірі ұстасын»,—
Деген хабар салады.

Киімін алып батырдың,
Шекпен әкеп кигізді.
Көрінгені бір сабап,
Қамшыға етін тигізді.

Базар сынды батырдың
Азапты сүйтіп тартқаны.
Ел сағынып, түрмеде
Артта қалған халқына

Батырдың сәлем айтқаны:
«Мен қарап терезеден телміремін,
Түскенде елім еске егілемін.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ас ішпей кірлі аяқтан жүрген басым
Қазынаның қара нанын кеміремін.
Күршімнің суындай боп тасқындаған
Саспайтын жаудан қорқып көңіл едің.

Әкеліп абақтыға кіргізген соң,
Шошыдым әр нәрсесін білгізген соң.
Жанымнан бір шыбындай үмітім жоқ,
Шелекке түрегеліп сигізген соң.

Үстімде киімімді тонап алып,
Әкеліп жыртық шекпен кигізген соң.
Айналам қозғалтпайтын істік темір,
Қадатып етіме әкеп кіргізген соң.

Ұрып жүр көрген адам қылышпенен,
Денемді қылышқа әкеп тигізген соң.
Байлаулы қол-аяғым, шынжырлаулы,
Жалаңаш тамашаға жүргізген соң.

Жауыңның баласын да, шағасын да:
«Сволыш неткен қырғыз!»—дегізген соң.
Ашуланса кәпір айтар: «Пашол, кет!»—деп,
Кәпірдің не қыламыз сөзін кектеп!

Барар жер, басыр тауың болмаған соң,
Қақпадан шыға алмадық бүгежектеп.
Босамай қол-аяғым темір тордан,
Әзірше амалсыздан жүрміз ептеп.

Арманым дүниеде болар емес,
Босанып жау қолынан шығып кетсек.
Артымда көмегім жоқ ақыл табар,
Кесуге бұл бұғауды қайла етсек.

Босанып қол-аяғым бір қимылдап,
Арман жоқ сонан кейін өліп кетсек.
Арқаулы, Дуланқара, Түгіскенім,
Семіртіп тай, жабағы, тел өскенім.

Теңелген жарлы байға қайран Күршім,
Кең байтақ шөбі шүйгін Ақтүбегім.
Сағынып ел мен жұртты жүргенімде,
Болмады-ау, ағайындар, ешбір себің.

базар  батыр
Сұр шекпен киіп алдым жалшыға ұқсап,
Жатпайды қап түбінде болат пышақ.
Сонда да айғай салып айттым өлең,

Атындай қазынаның қойды-ау тұсап».
Соныменен зар етіп,
Кең дүниені тар етіп,
Батыр жатты түрмеде,

Көздің жасын пар етіп.
Елге жазған өлеңі
Жұрт қолына тарады.
Оқығанда өлеңін,

Қабырғасы қайысып,
Әркім тыңдап қарады.
Бірнеше адам қамығып,
Жаны ашып, күйіп-жанады.

Іші-бауыры елжіреп,
Ауылдағы кемпір-шал,
Аға-іні бауырмал
Солқылдап тұрып жылады.

Зар еңіреп Құлқайша
Есінен қатты танады.
Бірнеше күндер болғанда,
Ай мөлшері толғанда,

Айдалып кеткен қазақтың
Атқамінер билері—
Бұрынғы қалып күйлері
Қайтып елге барады.

Базарға серік болғанды,
Амандаса барғанды,
Үйде жоқ болып сол
Арманда болып қалады.

Кез келген жерде дүрелеп,
Қан жосылтып сабады.
Стражник, өреднік
Старшын, болыс, онбасы

Базарға жақын болғанды
Иіскелеп жүріп табады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шабарман жүр арсылдап,
Қабаған иттей қабады
Сорлы кедей момынды,
«Қағазға қой,—деп,—қолыңды,

Оң қылам,—деп,—жолыңды.»
Ұрлықшы иттей сумаңдап,
Қаншық иттей жылмаңдап,
Қойға кірген қасқырдай

Қан сасытып, қырмандап,
Бір күні келді шабарман:
«Болысқа керек сойыс,—деп.
Білесің бе? Бодансың!

Кімдікі, білсең, қоныс?!—деп.
Қарашығын, теңелік,
Жеміскей мен Ташынай
Төлегенің дұрыс,—деп.

Көнбесең, айтам төреге,
Мұныңды мақұл көре ме,
Болады сонда ұрыс!—деп.
Онан да қазір малың сой,

Өзің де бірге етке той.
Жамандасам, оңбайсың,
Меніменен шығыс,—деп.
Күзгі күзем алғанда,

Текемет пен байпақ қой.
Таныстырам төреге,
Аласың жақсы өнеге.
Даярлап бір мал қоярсың,

Оның өзі үлкен той.
Оған да сыйлық қыларсың,
Енесін сүйтіп ұрарсың.
Кез келгенде бір күні

Бір жақсылық сұрарсың.
Таныс болсаң төреге,
Қалған қазақ баласын
Жасқап жүріп қырарсың.

Болыс қояр өзіңді
Адырайтсаң көзіңді,
Не сұрасаң, береді,

базар  батыр
Кім тастайды сөзіңді.
Әзірше малды аяма,
Табарсың оттар кезіңді!».

Мұныңды сүйтіп алдады,
Алданбаған қалмады.
Кейбіреулер көнбесе,
Қамшы ойнатып басына,

Күшке салып зорлады.
Солдат келсе ауылға,
Үй жығылып дауылда,
Қыз-қатынды қорлады.

Арыз қылып ер барса,
Би-болыс пен төрелер:
«Ойнап жүрген шорттар,—деп,
Мәз-мәйрам болып қалғаны.

Үйренбеген қазақтар,
Жаман ба, қыз-келіншек
Ұлық пенен таныс болғаны!»
Солдат келсе ауылға,

Даярлатып қояды
Жүйрік пенен жорғаны.
Осындай халді көргенде,
Ел арманы ер болды.

«Батыр Базар» дегенде,
Көкірек қайғы-шер болды.
Алабы Алтай тұмандап,
Бір қараңғы көр болды.

Ұлыққа қазақ жем болды,
Басқалардан кем болды.
Ауылдағы шаруа
Байлаулы қоймен тең болды.

Бүйтіп қорлық көргенше,
Қорлықпенен жүріп өлгенше,
Соғысқанда болмадың
Ердің өзі қасында,

Мұндай істің басында.
Талай қайрат қылып ед,
17-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жаудың бетін бұрып ед.
Арыстандай айбатты,
Болат қажыр-қайратты
Баға бар ма асылға?!

Естіген соң Базардың
Елге арнаған өлеңін,
«Қайтем,—деп,—дүние керегін.
Тірі болса, Базарды

Көзімменен көремін.
Өлі болса, артынан
Кешікпей мен де өлемін»,—
Деді дағы, Құлқайша

Етек-жеңін түйінді.
«Жүрер жолды оңда»,—деп,
Бір Құдайға сыйынды.
Ішкі сыры ішінде,

Қайтсе де бір іс ойланды,
Кеспекші болып қиынды.
Бір саудагер сол кезде
Келген екен қаладан.

Іздегені су жорға,
Ауылдан сұрап қалаған.
Сөйлесті соған Құлқайша:
«Жеткіз мені қалаға.

Керегіңді ал,—деп,—қалаған».
Сұрағанын саудагер
Өзі біліп алады,
Бір тегін мал табады.

Пар ат жегіп туғанға,
Қалбадан тура асырып,
Батыр жатқан қалаға
Құлқайшаны алып барады.

Сол күні сонда болады,
Тынығып жатып қонады.
Саудагерден сұрайды:

—Тамақ беріп, сөйлессем,

Кімнен жәрдем болады?

базар  батыр
Саудагер айтады: «Пұл болса,
Батырға тамақ берерсің.
Орыс біліп өзіңді,

Ажалсыздан өлесің.
Мен біреуге сөйлессем,
Соған сыйлық берерсің.
Әкелген затың бар болса,

Мен сөйлескен солдатқа
Ертең кешке бересің.
Терезеден сығалап,
Алыста тұрып аңғарып,

Алғанын сүйтіп білесің.
Батыр сені байқаса,
Сонда жүзін көресің.
Мұнан басқа қайла жоқ,

Өзің де жақсы білесің»,—
Деген сөзге қуанып,
Сұрағанын тоқтатпай,
«Ал» деген жерден ұшырды.

Өлеңде айтқан сәлемін
Қазыға орап пісірді.
Саудагерге разы:
«Жігіт-ақ,—деп,—өтімді».

«Амалдың сыры ашылмай,
Тисе екен,—деп, қолына»,
Құлқайша қатты қысылды.
Таң атқанша ұйықтамай,

Құдайдан тілек тілейді:
«Оңғар,—деп,—Алла ісімді».
Ертеңіне кешінде,
Екінді намаз болғанда,

Мезгілді уақыт толғанда,
Пар ат жеккен саудагер
Қасында бар Құлқайша,
Қарсы алдына қақпаның,

Жетіп барды қорғанға.
Келді дағы бір солдат,
Іліп алды тамақты:
«Арырақ бар»,—дегені ғой,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қағып қойды қабақты,
Барып тұрды арырақ.
Көзі түсті Қайшаның
Терезенің төріне,

Үш қабат үйдің өріне.
Кеш қараңғы болса да,
Жылы ұшырап батыр тұр
Құлқайшаның көзіне.

Бәрін де Қайша байқап тұр,
Жеткендей болды сол солдат
Өзінің айтқан сөзіне.
Құлқайша тұрып қуанды:

«Саудагерді Құдайым
Келтірді,—деп,—кезіме».
Батыр тұрып ым қақты:
«Алдым,—деді,—асыңды»,

«Изедім мен де басымды».
Мақұл көрді Құлқайша,
Шыға қалса, батырды
Қалада сол күні тосуды.

Зар жылады саудагер:
«Тоса көрме мұнда, деп.
Ешбір аял қылма, деп.
Лажын тапса, бір шығар,

Батырға тұсау қылма»,—деп.
Сонда дағы Құлқайша
Тағы барды таңертең
Көрген әйнек тұсына,

Солдаттан қорқып қысыла.
Оң қолын батыр көтерді—
«Оңға бақты» дегені.
Төрт саусағын көтерді—

«Төрт күнде шығам» дегені.
Қолын сілтеп нұсқады—
«Қайта бер елге» дегені.
Сұқ қолын нұсқап көрсетті—

Мен үшін қайғы жегені.
Осыменен Құлқайша

базар  батыр
Қайтып кетті еліне.
Алып келген саудагер,
Пұл алмақ болып кеміне,

Алып қайтты Қайшаны
Өзі алып шыққан жеріне.
Күзеттегі сол солдат,
Қайласы оның мол солдат,

Қазы менен тамақты
Өз қолына батырдың
Тура апарып береді.
Қала менен даладан

Күнде келіп ұлықтар,
Темірлі торда қоршаулы
Базарды келіп көреді.
Әрқайсысы төнеді,

Жауап сұрай береді.
Осы торға түскелі,
Ішқұса болып Базардың,
Күн сайын таяқ жегені.

«Қол-аяғым босанып,
Келгендердің бірімен
Бір айқассам» деп еді.
Әкеп берген дорбаның

Аузындағы жіптерін
Тісіменен тістеп сөгеді.
Ішіндегі екі қазыны
Жұлқылап тартып жеп еді—

Бір мезгілде тісіне
Бір темір кеп сақ етті,
Көзінің оты жарқ етті,
Жарылып жүрек ол кетті.

Деп ойлады: «Құдай-ай,
Бір арманға қол жетті».
Асылды алып тісімен,
Қолындағы кісенді

Аузыменен егеді.
Кесіп түсті минутта,
Қол босанып алған соң,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бытырлатып сол жерде
Темір торды сөгеді.
Жиған менен Қожаның
Қамаулы жатқан бөлмесі

Жұлып алды құлыбын.
Енді білді батырлар
Түн ішінде еш адам
Бұл бөлмеге келмесін.

Қол-аяғы босанды,
Ендігі істі Құдайым
Өзі біліп жөндесін.
Біріне-бірі қол беріп,

Уәдеге келісті,
Қатты сенім берісті.
«Тәуекел!» деп, ат тисе,
Қашпақ болды алысқа.

Қытайдың елі Керейге—
Баяғы көрген танысқа.
«Ат тимесе егер де,
Шапсақ,—деді,—қаланы».

Базар тұрып айтады:
«Көпке топырақ шашпаймыз,
Қаладан қару аспаймыз.
Ар жағына өтелік,

Қалбаға таман қырқалап,
Көрінуге кетелік.
Арттан шапқан солдатты
Сол жерде құрбан етелік.

Қаланың іші қандаса,
Бір жыраға жығылып,
Қолға түсіп қалармыз,
Осыған уәде етелік.

Ертістен әрі өткенше,
Биікке таман жеткенше,
Оқ шығарып ұрыс қып,
Ел сезетін жұмыс қып,

Кез келген жаудың жұмысын,
Шығартпастан дыбысын,
Өлтіріп тастап кетелік,

базар  батыр
Қарсыласып, бет келсе»,—
Деп, ақылды байлады.
Қайратты бойға жинап ап,

Денені тежеп сайлады.
Жауға қарсы шабуға,
Қайласын ойлап табуға
Қайратқа жігер қайрады.

Бұрында болып көрген жоқ
Батырлардың өзара
Уәдеден тайғаны.
Ертеңіне кешінде,

Мөлшері кіші бесінде,
Кілтші солдат қасында,
Гүбірнатор-жандарал
Кіріп жетіп келеді.

Ойларында қауіп жоқ,
Келе торға төнеді.
Аузын жиып алғанша,
Наганды қолға алғанша,

Үшеуіне үш батыр
Қолма-қол келіп шап етті.
Алқымға қолды салады,
Естерінен танады.

Дегенінше, суырып
Кеңірдегін алады.
Шешіндіріп киімін,
Үстеріне киеді.

Қару да қолға тимеді,
Қылышты белге түйреді.
Шықпақ болып үш батыр,
Есікке таман жүреді.

Ішкі есіктен біреудің
Кеңірдегін кептіріп,
Суырып тастай береді.
Жан-жағына қараса,

Төрт арғымақ қақпада,
Төбесінен қарайды.
«Біздікі» деп, төртеуін
Өздеріне санайды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алай-бұлай дегенше,
Ерттеп атқа мінгенше,
Тасыр-тұсыр көшеде
Барабан қатты соғады.

Ердің аты табылды,
Көк темірлі көп солдат
Өрді-қырды сабылды.
Шапқылап қатты қашпады,

«Ұстайды» деп саспады.
Қайықшыға келді де:
«Қайықты тез даярла!
Ойыңда бар ма түрмеден

Бір топ адам қашқаны?
Соны қуып барамыз,
Ар жаққа өтіп тосқалы».
Бұл сөзге сеніп қайықшы,

Ені жалпақ Ертістен
Өткізіп алып келеді.
Онша-мұнша дегенше,
Көп солдаты ұлықтың

Жағаға келіп төнеді,
Қайықтағы адамды
Байқап болжап көреді.
Біреуі айтады: «Аталық.

Түрмеден қашқан болмасын».
Біреуі айтады: «Атпалық.
Кеше келген қалаға,
Гүбірнатор-жандарал

Сейіл қылып аралға,
Құс атуға барады».
Жағаға бұлар жеткенше,
Атқа мініп кеткенше,

«Гүбірнатор-жандарал
Екеуі де өліпті»,—
Деген хабар тарады.
Қапылыста қалады,

Бер жақта тұрып атқылап,
Оқ астына алады.
Жанталасып олар да,

базар  батыр
Түске қарай шабады.
Оң қолынан оқ тиіп,
Жиған батыр сол жерде

Жаралы болып қалады.
Солдаттар да жан-дәрмен
Суға атты салады.
Бер жақпенен біразы

Су жағалап шабады.
Өткізіп салған қайықшы
Тартып жатыр жазаны.
Тұс-тұсынан аңыздап

Батырлар шыққан кезеңге,
Солдаттар да барады.
Бір батыр болған жаралы,
Жарасын мықтап таңады.

Көтеріп атқа салғанда-ай,
Нашарлап батыр қалады.
Солдаттармен аянбай
Екі батыр сол жерде

Түнімен ұрыс салады.
Тізелескен ұрыста
Екі батыр солдаттың
Талайын қырып салады.

Базарды ұстап шен алған
Жүз солдат бар қасында,
Шодыр да қуып келеді,
Ұрыс сала береді.

Осы келген солдаттың
Талайлары өледі,
Шодырды танып батыр да
Бірнеше рет төнеді.

Көз алдынан таса боп,
Шодыр да тая береді.
Бір кездерде батырдың
Қасындағы серігі

Қожаға ауыр оқ тиді.
Талма жүрегі басынан
Жылы қан ағып тамшылап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қара тартып Қожаға,
Ұзап шығып батыр да
Кете алмай қасынан.
Қожа батыр сол кезде

Сөйлеуге тілде дәрмен жоқ,
«Соғыс» деп, қолын сермеді.
Екі батыр албырап,
Көзі кетті мөлдіреп.

Қатты батты батырға
Жиған менен Қожаның
Мезгілсіз жан бергені.
Ашу кернеп, батырдың

Тікірейді түктері.
«Жан берер жерім осы» деп,
Болмасын жаудың кеткені.
Мың қойға тиген қасқырдай

Батырдан дұшпан үріккені.
Тізелесіп алысты,
Алыстан найза салысты.
«Өлген жерім осы» деп,

Қылышпенен шабысты.
Алмақ болып батырды,
Талайы келіп жабысты.
Бермеді батыр намысты,

Бұл соғыста дұшпандар
Тапқан жоқ, сірә, табысты.
Қара арғымақ астында,
Сеңсең бөрік басында,

Алдынан тура қарасаң,
Жауатын бұлт секілді,
Мылтық, найза асына.
Кәрі де емес, жас та емес,

Дәл Базардың жасында,
Елу солдат қасында,
Соғысып жүрген Базарға
Күн шыға келіп тап болды

Қалбаның бөктер тасында.

—Базар батыр сен болсаң,

Якуп батыр мен,—деді.

базар  батыр
Жекпе-жек кел өзіме,
Көрінер жаның көзіңе.
Ажал келді басыңа.

Жолдасыңнан айрылып,
Жалғыз өзің қалыпсың,
Солдатқа ойран салыпсың.
Көптен бері жауыңнан

Талай кекті алыпсың.
Өлер болсаң, жеке кел,
«Өлмеймін»,—десең, көне бер
Менің айтқан сөзіме.

Нешелер сені іздеп ем,
Келдің бе енді кезіме?

—Қарғылы иттей ырылдап,

«Батырмын» деп дарылдап,
Қызғанбалық намысқа.
Жандаралдың құны үшін
Құлшынасың сен босқа.

Елім үшін өлемін,
Бойымдағы жанымды
Жерім үшін беремін.
Тіріде ант ішкенмін

Жібермеске қонысқа.
Көктен түсіп келсең де,
Өнеріңді көрейін,
Сазайыңды берейін,

Қабырғаңды серейтіп,
Саралап тұрып тілейін»,—
Деп, ұмтылды батырға.
Бір кісінің басы үшін

Солдаттың бәрі қапылда.
Екі батыр ұмтылып,
Әуелі найза салады.
Найза сынып ол қалды,

Жақындасып, қылышпен
Бірін-бірі шабады.
Қылыш тиіп шекеден,
Орыстың Якуп батыры

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонда есінен танады,
Аттан ауып барады.
Ондайсыған батырдың
Басын кесіп алады.

Базар батыр сол жерде:
«Шүкір,—деп,—Хаққа», тұрады.
Жабылып келіп көп солдат,
Тағы ұрыс салады,

Қамауда батыр қалады.
Бір жотаны жағалап,
«Дәл жүректің басы, деп,
Өлер жерің—осы», деп,

Шодыр келіп, ормадан
Сығалап атып қалады.
Екі құлақ шың етті.
Қақ жүректің басынан,

Ауыз омыртқа астынан,
Мөлдіреп жылжып қан кетті,
Батырдан бақыт, сән кетті.
Келмеді ешкім қасына,

Жалғыздық түсті басына.
Біраз тұрды ауытқып,
Сүйеніп ердің қасына.
Сол кездері Базар ер

Отыз сегіз жасында,
Не болғанын білмеді.
Дүние кетті мөлдіреп,
Екі көзі көрмеді.

«Қош-аман бол, ел мен жұрт»...
Қолды бір-ақ сермеді.
Қалған өмір батырдың
Айтқанына көнбеді.

Базар сынды ер жүрек
Жастай кету жөн бе еді!
Атынан барып құлады,
Қамап жүрген көп солдат:

«Қинаумен жан берсін, деп.
Азап шегіп өлсін» деп,

базар  батыр
Найзаменен сұғады.
Басын кесіп алуға,
Дуанға алып баруға

Шодырға бұйрық қылады.
Өлгелі жатқан батырдың
Қасына Шодыр барады,
Шырамытып Шодырды,

Жұмған көзін ашып ап,
Ажырайып қарады.
Шодыр естен танады,
Қатты сасып қалады,

Сасқанының белгісі—
Шошып айқай салады,
Дайын тұрған көп солдат
Ентелеп барып төнеді.

Тірілмесін білген соң,
Басын кесіп алады.
Дуанбасы басты алып,
Шодырға сыйлық қылады.

Батыр туған Базардың
Тірлігінің ақыры
Осылайша тынады.

Бұрынғы өткен заманда қазақ, қалмақ жау болып, жер та­
ласы болып, соғыс үлкен болған заманда, жаушылық қатты
болғанда, Түркістаннан бір бала қаша шығып, Керейге келіп,
сіңіп, Шанышқылы деген елге келіп, сіңген екен. «Атым—

Арық мерген» деп, бір байға бала болып, малын бағып жүріпті.
Бір өзенге бұғы, марал көп келеді екен. Бір маралды атып тас­
тап, қайтып келе жатқанда бір иен жерде, бір өзенде бір топ
жігіт өңшең әдемі киім, әдемі ат мінген, жарысып келіп:

«Күйеу келді, күйеу келді! Күйеу келді! Жүр! Жүр! Күйеу, аман
жүрсің бе?»—деп, араға алып: «Жүр! Жүр!»—деп ала жөнелді.
Есім шығып кетті. Айдап бір жотаны асып, о дағы өзен екен.
Жамырасып ауыл қонып жатыр екен. «Мына күйеу келді!

Тезірек үй тігіп жіберіңдер»,—деп, әлгі алып келген жастар
айғай салып еді. Өңшең сұлу қыз-қатындар жиылып келіп,
бір үй тігіп жіберіп: «Жүр! Жүр!»—деп, қамалап, әлгі отауға
кіргізіп, қыз қойып күте бастады. Күн батты. Неше түрлі

тамақ пісіріп, қыз-қатын, бозбалалар ән салып, өлең айтып,
екі-екіден айтысады. Ойын тарқап, түн ортасы болған уақытта
«Мынау сенің қалыңдығың»,—деп, бір қызды қасыма беріп:
«Екеуің ойнап-күліп жатыңдар»,—деп қолыма берді. Сонан

мен қызға: «Сен менің қайдағы қалыңдығымсың? Қай елсің?
Қай менің қалыңдығымсың? Жөніңді айтшы?»—дедім. Қыз
айтады: «Сен бүгін өзің ұйықтамай, сақ отыр. Содан кейін менің
жөнімді сұра, айтайын. Егер де көнбесең соған қосыламын»

десең, рұқсат, өзің біл»,—дейді. «Тәуекел, не болса да, мен
сұлумен қосылайын» деген ойыма бітіп, қызбенен қосылып,
құшақтасып жаттым.
Бір уақытта ұйықтап қалған екем. Оянып, бас көтерсем,

көзімді ашсам, әлгі ауыл да жоқ, қойнымдағы қыз да жоқ. Ба­
Бердіқожа батыр

бердіқожа  батыр сымда үй де жоқ. Көшіп кетіпті. Ер-тоқымымды басыма жас­ тап, мылтығымды сүйеп қойыпты. Атымды арқандап қойып, бәрі кетіп қалыпты. Не қыларымды біле алмай, атымды ертеп мініп, жүріп кеттім. Елге келіп айтпадым. «Бұл не нәрсе болды? Жын ба, сай­ тан ба? Айтсам, ел мазақ қылады ғой»,—деп, әлгі аңға кісі жібертіп, арттырып алғыздым. Содан аңға бармай, қорқып жүріп, күзге жақын: «Тағы да барайын деп»,—деп, сол өзенге келдім. Тағы да аң қалың екен. Бір бұғы атып тастап, қайтып келе жатсам, тағы да бұрынғыдай бозбалалар шауып келе жа­ тыр. «Күйеу келеді!»—деп.—Күйеу, аман жүрсің бе?—деп, «Жүр! Жүр!»—деп, тағы да айдап келіп еді, бұрынғыдай аппақ үйлер, саулап, сауық қып жүрген қыз-бозбалалар: «Күйеу, келдіңіз бе?»,—деп, үй тігіп, қонақ қылып, тағы қызды әкеліп: «Екеуің ойнап-күліп жатыңдар»,—деп, бұрынғыдай тамақ беріп, қосып қойды. Қалыңдығыма: «Сен жөніңді айт.Қалай­ша айтпайсың? Өзің адамбысың, сайтанбысың? Жөніңді айт»,— деп сұрап едім: «Мен—қалыңдығың, рас. Бірақ, мен әзір айтсам, өлемін. Сен адам баласысың ғой. Бір түнге шыдап, ұйықтамай, таң атырғанға шыдасаң, мені алып қаласың. Содан кейін мен жөнімді айтайын. Егер ұйықтасаң, тағы да айырыласың»,— деді. Содан соң мен: «Шыдаймын»,—деп, ұйықтамай отырдым. Таңға таяп қалғанда қалғып кетіп, қара басып ұйықтап кеткен екенмін. Күн шығып қапты. Тағы да баяғыдай атымды арқандап, ер-тоқымымды жастап, кетіп қалыпты. «Енді қайтем? Мынау мені масқара қылды ғой. Енді адамға айтпайын»,—деп ойлап, жасырып қойдым. Аңды арттырып алып, қыстай шықпай, жаз шығып, жер көгеріп, мал семірген заманда: «Тағы да барайын»,—деп, тәуекел қып жүрдім. Бұрынғы иен өзенге келіп, бір құланды атып тастап келе жатсам, бір жотадан бір топ жігіттер шауып келе жатыр. Бір желмая түйеге мінгізіп алған әйел адам бар. Бір жігіт бесікті алдына өңгеріп алыпты. Қарасам, өзімнің әйелім сықылды. «Күйеу, шүйінші! Шүйінші! Міне, әйелің аман босанды! Міне, балаң! Еркек бала! Жүр! Жүр ауылға! Шүйінші!»—деп, тағы да айдап ала жөнелді. Ауылға алып келді. Жаңа қонып жатыр екен. «Мына күйеуге үй тігіп жібер»,—деп, қайта алып келді. Бір кішірек үйді тігіп, мені түсіріп, кіргізіп, әлгі бесікті қасымызға әкеп қойып: «Міне, балаң, міне, қалыңдығың»,—деп, тағы да

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

күтті. Сонда қыз жылады: «Апырым-ау ұйқыдан кісі өле ме?!
Бір түнге неге шыдамайсың? Обалыма қалдың ғой!—деп,—
Бүгін өлсең де, шыда»,—деп.—Бүгін ұйықтамай шыдасаң,
мені алып қаласың. Содан кейін мен жөнімді айтайын»,—деп.

Сол күні ұйықтамай отырдым. Қыз-бозбалалар ән салып,
өлең айтып, тағы да отырып, таң таяу болғанда тарқап кетті.
«Енді шыда, ұйықтама»,—деп, әлгі қалыңдығым жылап отыр­
ды. Бір уақытта қалғып кеткен екем. Сыбыр-жыбыр басылып

қалған сықылды. Шыдай алмай, қалғып кетіп отыр екем. Үйді
жығып, екі түйе қомдап, жүгін артқалы, қызға: «Киін»,—деп,
ұрсып, үйдің ішін буып-түйіп, тағы да кеткелі жатыр екен. Оя­
нып кетіп: «Ой, бұларың не?»—деп, сөйлеп қалып едім: «Ой, ой,

байқұс! Күйеу ояу екен ғой!»—деп, тұра-тұра жөнелді. Күлісіп,
сау етіп кетіп қалды.Сонда қомдаған екі түйе қалды. Үйдің ішін
буып-түйіп қойған екен. Бәрі қала берді. «Ал, «енді, айтам» деп
едің ғой. Қане, сен сөйлеші»,—деп қалыңдығымнан сұрадым.

«Мен енді айтайын. Біз Иран ғайып деген ел боламыз. Біздің
ішімізде бал ашып, кітаппен сөйлейтін молдаларымыз болады.
Солар айтқан: «Сен қазақ баласына берілесің»,—деп.
Біздің молда-қожаларымыз сөйлеп, соған амалсыз өзінің

жолымен шариғат жолын қылған соң, амалсыз көніп, сондағы
бұйырған адамы сен болып, мені қимай, әке-шешем, бауыр-
туғандарымыз сені ұйықтатып тастап, ұрлап алып жүргені сол
еді. Мен сенен буаз болып, міне, бір жыл өтті. Мына бала—сенің

балаң. Ол бала, енді қорықпа, Құдай бұйрығымен сенің балаң,
мен сенің әйелің болдым»,—деп жылап, соны айтты. Сонан соң
қуанып, екі түйеге үйді артып алып, баланы, әйелді алып, елге
келдім. Бағанағы құланның биесін содан кейін арттырып алып,

той қылып, «Қожаң берсе, қойныңа сал» деген мақал бойын­
ша баланың атын Бердіқожа қойып, осылай үйлендім»,—деп
Арық мерген айтқан екен.
Сол бала ер жетіп, он-он беске келген соң, батыр болып, неше

түрлі өнер бітіпті. Бір күні түсінде ұйықтап жатып, шошып оя­
ныпты. Түсінде басына бір нәрсе келіп, ызылдап, шошытып, ма­
засын алып, қорқытыпты. Шошып оянса, түсі екен. «Бұл—не
нәрсе?»—деп қорқып, түн болса, ұйқы жоқ. Ұйықтаса, бір нәрсе

ызылдап, шошытып, ұйқы көрмепті. Содан соң бақсыларға бал
аштырып, ойнатып баққызыпты.

бердіқожа  батыр
Біреу «анау» деп, біреу «мынау» деп, ешкім таба алмай
жүргенде, ел ақтаған, аққу терісін киген бір дуана келіп, ат
үстінен айғай салып келіп, былай депті: «Бердіқожа, сен бұл

ызыңдаған нәрседен қорықпа. Саған дарығалы жүрген бұл
сыбызғы екен. Сен өзеннен қара қурай әкел. Соны сыбызғы
қып тартқызайын. Сен, сол сыбызғы дарыған соң, бәрінің тілін
білесің»,—деген екен. Бердіқожа барып, бес-алты қара қурай

қиып әкеп, дуанаға берген. Дуана үйіне түсіп, қурайды жонып,
сыбызғы қылып, тарттырған екен. Хайуандардың тілін біліп,
сыбызғышы болып кетіпті. Сол Бердіқожа батыр болып, Арық
мерген баласы атанып жүріпті. Қалмақ, қазақ жаушылық за­

манда жалғыз кетіп, жылқы алып, асқан жайшы болып, елге
олжа салып, батыр атақ алған екен.
Анық аты—Бердіқожа, ел қойған аты—«Бала батыр» деп
қойса керек. «Нағашысы—Иран ғайып. Әкесі Түркістаннан

ел шапқанда қашып келген, Шанышқылы керейге сіңген»,—
деп айтады. Естуіміз: Арық мерген-ді, яғни басқаша да аты
бар шығар. Біздің естуіміз осылай,—деп айтады бұрынғы ұлы
кәрілер.

Бердіқожа батырдың жөні осымен аяқталды. Ендігі әңгі­
ме—Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі.
Қабанбай батыр Байжігіт баласы Мәмбеттен шығады. Қазақ,
қалмақ жау болып, Еміл деген жерде (Тарбағатай, Шаған де­

ген екі таудың арасын Еміл деп айтады екен. Осы күнде Қытай
жері, Шәуешек округы деп айтады.) Бұрынғы уақыттан қазақ,
қалмақ қатты соғыс қылып, көп қан төгісті жерлер екен. Керей,
Найман ауып келген заманда Керей Алтай, Сауырға шығып

барған заманда Қабанбайдың әкесі Мәмбеттен Жанасыл, Ер­
асыл, Бекасыл деген үшеу болыпты. Сонда Қабанбайдың әкесі
Мәмбетті қалмақ өлтіріпті. Қазақ, қалмақ боп: «Енді осындай
соғысты қойып, бітім алып, бітім берелік»,—деп, екі жағы

тоқтасып, қазақ бұрын қалмаққа бітім беретін болып, Еміл де­
ген өзенге үй тігеді.
Сонда Қабанбай жас күні, кедей баласы екен. Қалмаққа
тамақ қып, үй күзетіп тұратұғын. «Бір үйге ие болып, күтуге

бар»,—депті. Тігілген үйлерге қалмақ келіп, түсіп, бітім алатын
болып, сонда бір үйге қазақты көп өлтірген батыр түсіпті. Сол
батыр—атақты батыр, бағанағы Қабанбайдың әкесін өлтірген
сол болса керек. Оны Қабанбай біліп, «Осыдан әкемнің қанын

18-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

қайтіп алсам екен?»—деп, өзі күтуші, тамақ асып, қой сойып,
тамақ беретін болса керек. Ол өз үйінің тамағын ерте пісіріп,
қалмақтарға барып: «Батырдың үйінен ет асаймыз»,—деп,
өңшең тоғышарлар басып келіп отырса керек. бір заманда ба­

тыр тамағын жеп, жатуға айналыпты. Түндігін жаппай қояды
екен және ошақты оттан алмайды екен. Тамақ ішіп болған
соң, Қабанбай: «Әкемнің қанын алсам»,—деп, ақырын ба­
сып келіп, батыр ұйықтап жатқанда, үйге келіп кірсе, құрулы

тұрған ошақтың екі бұтын қолына алып, бір бұтымен ұйықтап
жатқан батырды дәл жүректен салып қалыпты. Ошақтың бұты
жүректен ұрған жерге жетіпті. Қабанбай Болду деген батырдың
атын мініп алып, қашып шығып, түнде Аспантауға шығып

кетіп, құтылып, Керейде бірге туған апекесі бар екен, соған
қашып барыпты.
Сонымен Қабанбайды ешкім таба алмай, Мәмбет, Тоғас,
Жұмық болып, Байжігіт баласы көп құнға, көп малға ұшырап,

бітім беріпті. Қалмақ бітіп, қазақ қалмақтан бітім алып,
тыныштық болғанда: «Қабанбай жездесінде» деген сөз естіпті.
Қабанбайдың сондағы аты Аманжол екен.
Бала күнінде Аманжол атымен жездесіне барып, маңғұл,

ұраңқай, керей жау екен. Керейлерге қосылып, Аманжол
ұраңқайға барыпты. Сонда жауды қырып, көп мал, көп олжа
салыпты. Сонда Керейдің қойған аты «Қабан батыр» дейді екен,
«Кірген жерін Қабанша талқан қылып алып шығады және

үйіп шығады»,—деп. Жездесінде екі жыл жүріп, апа-жездесі
үйлендірген екен.Сонымен бірқатар заман өтіп, Қабан батыр
атанып, Керейде жүргенде, Мәмбеттен шақыра ағайындар
барған екен.

Сол Қабанбай тұсында қырғызбен жау болып, қуғын-
сүргін көп боп, бірнеше жыл өткен екен. Содан соң Қабанбай
батыр атанып, Қаракерей Қабанбай атақ алып, батыр бо­
лып, бірнеше жылдан кейін қырғыздан атақты Әтеке батыр

шығып, Қабанбай тұсында бірнеше рет қазақтан мал алып­
ты. Қабанбай батыр қырғызды шауып, оның артынан қырғыз
келіп, Қабанбайдың өз жақыны Мәмбеттің Алпыс деген елін
шауып кетіпті. Соған Қабанбай ыза болып, қырғызды шабам

деп, найманнан батыр жиып, хабар сап, үлкен жиылысын
қылыпты. Сонда Қанжығалы Бөгенбай батыр, Боранбай ба­
тыр, Көкжарлы Барақ батыр, Төртуыл Баймұрат батыр, Керей

бердіқожа  батыр
Жәнібек батыр, өзінің жақыны Сәти баласы Жұмық Дәулетбай
батыр, Тоғас Қасай, жан жолдасы Шағалақ батыр бар, бір-бір
қоспенен жүріп, екі жүздей адам болып: «Қырғызды келістіріп

шабам»,—деп жұлқынады. Жанында ту ұстайтын Шағалақ ба­
тыр бар, қарауылшы, көзі өткір Ақшабдар батыры бар, сенімді
тұлпары Қубас мінген, осылайша Алатаудағы қырғызға атта­
ныпты.

Ақшабдар ерте тұрып, қарауылға шыққан екен. «Далада
бір жалғыз атты адам көрінеді. Жалғыз өзі көп ұзап жүрмейді.
Мал айдаған кісідей жай жылжып келе жатыр. Басқа адам
жоқ көрінеді»,—дейді. Барақ айтады: «Біреуің барып, тонап

әкеліңдер. Атын сойып, қанжыға қандалық. Ырым болсын»,—
деп, екі мықты жігіт шығады. Сонда бір жігіт ере жөнеледі,
«Пышақ, шақпақ алсам да, олжа ғой»,—деп. Сонда үшеу болып,
жалғыз адамға қарай шауып кетеді. Барақ батыр айтады: «Біз

сендерге қарамай, көше берелік. Артымыздан келіңдер»,—деп,
көшіп кетеді.
Үшеуі шауып келсе, бір жалғыз адам, астында мінген қара
ат, аузында тартқан сыбызғысы бар. Басына темір қалпақ,

қалқан, үстіне темір сауыт киген бір жас жігіт сыбызғы тартып,
тізгінін ерінің қасына іліп қойып, екі көзін жұмып, алақтап,
сыбызғы тартып, жай жылжып келе жатыр екен. Бұған үшеу
шауып келіп: «Тез аттан түс»,—деп ақыра бастайды.

Үндемей сыбызғыны тартып жүре береді. Бұл үшеуі
сыбызғысын қимай, қызығып, еріп жүреді. Неше түрлі күй тар­
тып, маңдайынан тері шығып, көзін ашып-жұмып жүре берді.
Үшеуінің бірі айтады: «Бұған еріп күйге қызығып жүреміз

бе? Атын алайық тонап,—деп,—Аттан түс!—деп ақырады.—
Өлесің»,—деп. Онда да тыңдамай жүре береді. Бұлар ашула­
нып, шоқпардың астына алады. «Өлесің»,—деп, бұлар төпелеп
ұрса да, елемей, сыбызғысын тартып жүре береді. Шоқпарлары

сынып, қолдары ауырады. «Енді өлімге қиялық»,—деп,
қанжардың астына алады. Онда да тыңдамады. Бұл ұрғанға
болмады. «Аударып алалық»,—деп, етегіне жармасып, жабыла
тартады. Түспеді.

Бір уақытта атының басын тартып, тізгінін жинап алып,
аузындағы сыбызғысын қолына алып, екі бүктеп қонышына
тығып алып: «Сендер маған кезек беріңдер. Бағанадан құмар­
ларың тарқаған шығар»,—деп, беліндегі қамшысын қолына

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

алып, үшеуін қамшымен үш салып қалып еді, үшеуі домалап
жерге түседі. Ат үстінде тұрып ақырды: «Шапшаң атқа мін,
өлесіңдер»,—деп. Атына мінгізіп алып, шұбатып алдына са­
лып айдап кетеді. Бұлар «Сөйлейік» дегендей қылған екен:

«Сөйлеме, жүре бер. Өлесің,—деп.—Алдыңдағы сайды құлдай
бер»,—деп, айдап алып кетеді. Үшеуі қамшы батқан соң, алдына
түсіп, жүре береді. Сол сайды құлдап келе жатса, сайдың ішінде
сыймай жатқан малға кез болып, таң қалады. Түйе, жылқы,

сиыр және тау ішінде жатқан қалың қойларды көреді. Сайды
құлдатып айдап келе жатқанда, бір тұмсықтан шыға келіп еді.
Жылқы, қалың биеге кез болады. байлап қойған. Одан кейін
жер дала болып, сайдан шыққанда, бір ақ үй, бір қара үй—екі

үйге айдап келеді.
Есік алдына келгенде, айғай салып еді, өңшең жас жігіттер
шыға келді. «Мына қонақтардың атын ұстап байлаңдар»,—
деп батыр айтады. Өз атынан үйден бір жас келіншек шығып,

шылбырын ұстап, қолтықтап түсіріпті. Анау үшеуін әлгі жас
жігіттер атын байлап, есік ашып, үйге кіргізді. Келсе, үй іші
айналасымен қалы кілем, кереге басы көрінбейді. Сонда ба­
тыр келіп, төсегінің алдына отырады. Белін шешіп, демін

алып: «Мына күнәһарларға қымыз құй»,—деп айтады. Әлгі
жас келіншек бұл батырдың әйелі екен. Сабаны пісіп, жігітті
шақырып алып, қонаққа тегенмен қымыз құяды. Онан кейін
әйеліне қарап: «Маған сусын бер»,—дейді. Әйелі тұрып, басқа

бір сабаны пісіп, бір жігітке ымдап еді, бір жігіт барып үлкен
саптыаяқты қолына алады. Тағы бір жігіт келіп үшеуі тосып
ұстап тұрады. Саптыаяқтың екі жағында ұстайтын құлағы бар
екен. Әйелі құйған соң, екі жігіт батырға алып келеді. Батыр

бір қолымен алып, тізесіне сүйеп, қымызға ауыз салады. «Сусы­
ным қанбай қалды, тағы бірді бер»,—деп сұрайды. Әйелі және
бірді құйып берді. Тағы да ішіп алып: «Сусыным жаңа қанды
ғой»,—деп айтады. Әлгі үшеуі өздері жөнді қымыз ішпей,

батырға қарап, жұтынуына таңғалып, қымызды жөнді іше ал­
май, шошып отырыпты. Күн кешкіріпті. Сонда батыр өздерінің
жігіттеріне мынадай дейді: «Мына бір үш қонақ келді. Мұның
жөнін сұрамаңдар, кімсіңдер деп. Атын жөндеп бағыңдар.

Қатын сен семіз мал сойып, қонаққа асып бер. Мен бүгін баратын
жұмысым бар. Соған барамын. Сендер бұйырған қоналқаңды
жеп жай жатыңдар,—деп.—Егер де түнде қашамын деп, қолға

бердіқожа  батыр
түссеңдер қаныңды артпа, обалың өзіңе. Жай кісідей, ескі құда
тамыр сықылды жайланғайсың. Осы сөзді ойланайық. Мен,
түнде бір жұмысым бар, таңертең келемін. Қатын, сен жақсы

күт. Өзіңнің тұңғыш құдаң сықылды қып күт,—деді.—Ал,
қатын, менің жау киімімді әпер»,—дейді. Қатыны түрегеліп,
төсектің артынан ақ семсер қылышты суырып береді және түйе
жүн шекпенін алып берді. Шекпенді киіп, қанжарды асынып

алып жүріп кетеді. Үшеуі соныменен қала береді.
Жұтып алып саптыаяқты өңі кірді,
Жалт қарап, қатынына әмір берді:

—Сусыным шала-шарпы қанбай отыр,

Құйғызып саптыаяққа бірді берші.
Қатыны түрегеліп тағы барды,
Сабаны пісіп-пісіп қолына алды.
Тағы да екі жігіт тосып тұрып,

Құйғызып екі жақтап алып барды.
Тағы да қолына алып қағып салды-ай,
Үшеуі мұнысына қайран қалды.
Ұстаған саптыаяқты мөлшер қылса,

Орташа кедей үйдің қазанындай.

—Жатыңдар, тынығыңдар өз үйіңше,

Баратын жұмысым бар осы түнде.
«Қашам» деп қолға түссең, бас кесіледі.
Түбінде қаныңды артып өкпелеме.
Орнынан батыр сонда түрегелді

Әйелі шекпенді ұстап киіндірді,
Артынан тұскиіздің суырып ап,
Алтынды ақ семсерін әкеп берді.
Мініп ап тұлпарымен кетіп қапты,

Үшеуі қымыз ішіп тойып апты.
«Қандай жанға кез келдік, не болдық?»,—деп,
Дәретке мына үшеу сыртқа шықты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір жігіт үшеуіне жетіп кепті:

—Тапсырып батыр бізге «күт» деп кетті.

«Жөн айтпа, жөн сұрама, сөйлеспе» деп,
Жөн айтсақ, кімде-кімің өлдің депті.
Әй, қонақ, жөніңді айтпа, жөн сұрама,
«Ат-тоным не болды» деп және ойлама.

Бұйырған қоналқаң жеп тыныш жатыңдар,
Батырдың өзі келіп сұрар мұнда.

Бір қойды үшеуіне алып кепті,
«Қонақтар, бата қыл»,—деп біреу кепті.
Үшеуінің біреуі бетін сипап,
Қазақтың келе жатқан ғұрпын етті.

Бұл қойдың салып етін түгел асты,
Жарты етін үшеуіне жасап сапты.
Жарты етін батырға арнап құйрығымен,
Бөлек жасап, ертеңге алып қапты.

Алдына үшеуінің әкеп қойды,
Жемейтұғын бағланды бейшаралар
Қолға түсіп, қайғымен бұзған ойды.
Төсекті үшеуіне салып берді,

Қымыз ішіп және де біраз тұрды.
Тысқа шығып дем алып, қайтып келіп,
Шешініп, мына үшеуі ұйқыға енді.
Біреуі айтты: «Тұрыңдар, қашалық»,—деп,

Біреуі айтты: «Тырп етпей жаталық», деп.
Біреуі айтты: «Егер де қолға түссек,
Бас кесіп, қанымызды шашады»,—деп.
Үшеуі соныменен таң атырды,

Дем алып, бетті жуып біраз тұрды.
«Қандай заман болады» деп қорқып,
Қайтадан үйге кіріп шайға отырды.

бердіқожа  батыр
Шай ішіп отырғанда біреу келді,
«Батыр келіп қалды» деп хабар берді.
Келіншек сасқалақтап атып шығып,

Бұрынғы әдетінше атын ұстап, түсіріп ап,
Қатыны ере келіп, есік ашты,
Үшеуі түрегеліп сәлемдесті.
Байқаса, кісі түсі жаман екен,

Белуардан төмен жер қан боп кепті.
Қатыны белін шешіп, жеңін тартты,
Қанды киім бәрін де жиып алды.
Суын құйып, жуғызып беті-қолын

«Киіңіз» деп таза киім алып кепті.
Отырды төсегінің енді алдына,
Қатыны шайды құйды өз жанында.
Бір жігіт сәлем беріп кіріп келіп еді,

Оған әмір сөйледі сөз бұлайша:
Жігітке айтты: «Шығара барып кел, деп,
Ат айылын босатып, жайғап кел», деп.
Жанымда бір кісінің басы бар еді,

Шешіп әкеп керегеге былай іл,—деп.
Әлгі жігіт жүгіріп қайта барды,
Қанды бас қанжығадан шешіп алды.
Көтеріп үйге әкеліп әмірімен,

Апарып керегеге іліп қойды.

Шайын жинап қатыны түрегелді,
Екі көзі басты көріп, сонда болды.
Жүкке келіп, сандықтан ақ бұлға орап,
Жүгінің бұрышына әкеп тығып қойды.

Батыр айтты қатынына: «Қымыз бер»,—деп,
Шақырды жігіттерді: «Тағы кел»,—деп.
Бұрынғы әдетінше екі жігіт
Батырға әкеп берді көтеріп кеп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көтеріп бір қолымен алдына алды.
Бір демалып, жалғыз-ақ, қағып салды.
«Сусыным қанбады» деп, тағы берді.
Оны енді құйғызып ап, ішіп алды.

Батыр айтты қатынына: «Тамақ бар ма?
Алып кел, қонағасыңнан сарқыт қалса».
Қатын барып, ас үйдегі бір астау ет
Көтертіп алып келді өз алдына.

Қолын жуып, пышағын қолына алды,
Білемдеп жуан-жуан турап алды.
Бір құйрық түгелімен оны да асқан,
Қоса турап, шеңгелді енді салды.

—Қонақтарым, келіңдер, қолың жуып,

Бірге же, қорықпаңдар, көңілің суып.
Жөн сұрассақ, шығармыз қарын бөле,
Өлімге қиыспаймыз, болып жуық.
Төртеуіміз бір қосты алалық та,

Сарықұлын, Көкқайнарға баралық та.
Қапыда арманың кеткен шығар,
Бір жанжал сол арада салалық та.
Бар болса мықты күшің, алысалық,

Болмаса, шоқпар алып, соғысалық.
Үшеуің жаяу түсіп мені байла,
Өлімге сол арада қиысалық.
Үшеуін табағына қосып алды,

Қол сұғып тамағынан біраз алды.
Бір астау ет, аппақ май жарты ет еді,
Шеңгелдеп асады да, қағып салды.
Артынан және дағы қымыз ішті,

Тағы да екі саптыаяқ—мөлшерлісі.
Шақыртып екі жігіт алдына алып:
«Қосымды дайын қыл»,—деп әмір етті.

бердіқожа  батыр

—Қонақтың атын ерттеп, дайындап кел,

Қозы сойып, қымыз құйып торсықпен бер.
Бәрін де дайын қылып, қосымды артып,
Бәрі де дайын болғанда, хабарын бер.
Қымыз құй қонақтарға дедім тағы,

Қымызды көп ішудің жоқ қой шамы.
Кешегі қызыққаның—ат пен тоным,
Алыңдар армансыз ғып, міні, тағы.
Бір жігіт: «Даяр болды»,—деп хабар берді,

«Ал, жігіттер, киін»,—деп әмір берілді.
Қатыны тұра салып, киімін ұстап,
Киіндіріп, қанжарын беліне ілді.
Төртеуі шыға келді умақ-шумақ,

Аттарын бір-бір жігіт тұрған ұстап.
Қаз мойын қара тұлпар қатыны ұстап,
Батырды аттандырды қолтықтан ап.
Атына үшеуі өстіп мініп алды,

Бір жетек азық артқан қолына алды.
Кешегі келген өрді жүріп,
Сарықұлын, Көкқайнарға солай барды.

—Мен барып жер шалайын, таза ма екен?

Сонау тау бастау еді жауға мекен.
Артымнан сендер дағы сол жерге кел,
Сіздерді сол арада күтем,—деген.
Қақ етке қара тұлпарды қағып қалды,

Ойнақтап екі көзі отша жанды.
Жорғасы ұшқан құспен таласады,
Тұяқтан тас басқанда от жандырды.
Батыр кетті, бірі айтты: «Қашалық»,—деп,

Бірі айтады: «Тәуекел, қашпалық»,—деп.
Бірі айтады: «Қашқанмен құтқара ма?
Ұстаса, қанымызды шашады»,—деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Артынан мына үшеуі барады жетіп,
Үшеуі «Өлеміз» деп, есі кетіп.
Атының ерін алып, жалаңаштап,
Мойнақта демін алып, отыр түсіп.

—Жігіттер, аттарыңды байла жайғап,

Жетектен азық түсір бір ыңғайлап.
Жау тонап кеткен осы жерге,
Бір оймен ғой қалмақтар шыққан бет ап.
Қалмақтар Құзғындының аяғында,

Қырғыз дағы келген жоқ Алатауға.
Қалмақтың жері берік, алғызбайды,
Жимайды жаудан қорқып саяғын да.
Ал, жігіттер, от жағып, қатылды ас,

Қозының етін бұзып, қатылге сал.
Қазан қайнап, ет пісіп, дайын тұрсын,
Жеңгеніміз кетерміз ішіп-жеп ап.
Қымыз әкел, сусындап алалық та,

Армансыз енді соғыс салалық та.
Жеңгеніміз өлтіріп, қаза беріп,
Қарық боп, қарық олжаға қалалық та.
Біреу айтты: «Біз сізбен алыспаймыз,

Жау болып, армансыз салыспаймыз.
Кеше біз аямадық, ала алмадық,
Біз бүгін арман сұрап жарыспаймыз.
Өзіңіз біл, «өлімге қиям» десеңіз,

Өлтіріп, «өлім жаза берем» десеңіз.
Айтпасақ та, жөнімізді біліп тұрсыз,
Өлтірмей, жөнді сұрап, қоямысыз.
Арман жоқ, не етсең де, енді бізде,

Дәм тартып, қонақ болдық үйіңізде.
Айтпасақ та, өзіңіз біліп тұрсыз,
Жіберіп, қосам десең көбімізге».

бердіқожа  батыр

—Бар екен, ей, жігітім, ақыл-қайлаң,

Қайла қылсаң, басыңа тиер пайдаң.
Ендеше жөнді сұрап, танысалық,
Жігіттер, жөніңді айтшы, келдің қайдан?

—Айтайық, енді сізге жөнімізді,

«Найман» деп, өзің білдің елімізді.
Батырдың Қабанбайдай елін шауып,
Түсірді қалмақ шауып белімізді.
Қанжығалы Бөгенбай, ер Боранбай,

Баймұрат, батыр Барақ, Тоғас Қасай,
Керейден Жәнібек батыр сол келіп еді,
Інісі Қабанбайдың—ер Дәулетбай.
Сол батырлар осы жерге келіп қонған,

Ақшабдар қарауылға шығып тұрған.
«Бір жалғыз Сарықолдан келе жатыр»,
Деп келіп батырларға хабар салған.
Барақ айтты: «Біреуің барып кел, деп,

Жалғыздың атын тартып алып кел»,—деп.
«Олжа аламыз,—деп, бұл жігіт бірге шапты,
Пышақ, шақпақ алсам да, қалам ба?»—деп.
Біз бардық аламыз деп сізді,

Қол кетті: «Тосамыз,—деп,—Арқарлыда».
Біз барып, сыбызғыға тұмау болдық,
Ес кетіп тыңдай-тыңдай сыбызғыға.
Сонымен үйіңізге айдап бардың,

Қой сойып, құрмет қып, қонақ қылып.
Мінекей, Көкқайнарға қайта әкеліп,
Бет алыс, жөніміздің бәрін білдің.

—Рас-ақ, болар болса, шығып үнім,

Жігіттер, мен де айтайын ата жөнін.
Баласы Арық мерген Бердіқожа,
Жапанда жалғыз жатам менің өзім.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құмар едім көруге Қабанбайды,
Бет алып шыққан екен қалмақ жауға.
Бірің барып, батырды шақырып кел,
Қонақ қып, танысайын осы жолдан.

Батырлар басшы келсін, қолы жатып,
Қонақ қып танысайын дәмін татсын.
«Алатын Қабанбайды жау болмайды» деп,
Дабырын иен тауда естіп жатыр ем.

Жігіттер, қатылды әкел, түсір етті,
Етті жеп, қымызды ішіп, бөл ниетті.
Мен дағы әңгімемді енді айтайын,
Ертеңгі алып келген қанды басты.

Білдіңдер ме, қатын көріп қамыққанын,
Көзінің жасын іркіп, танып басты.
Көз жұмып, жантайып мен жатқанда,
Ақ бұлмен орап-шымқап тығып сапты.

Мен кеткен соң, ол басты қайтып алар,
Қасындағы ауылдарға хабар салар.
Ол басты жуып-шайып, жаназа оқып,
Қабірлеп біз барғанша қойып қояр.

Әй, жігіттер, Құдайсыз іс—бәрі жалған,
Артық сөз, өзі білер, бәрі де арман.
«Құдай біледі» деген жоқ батыр Барақ,
«Бар да, тонап әкел,—деп,—артымыздан».

Кәнеки, шауып-тонап алғандығың,
Батырлардың, міне, байқа аңғалдығын.
Алмақ түгіл, үшеуің алдырдың да,
Қонақ боп үйімізге барғандығың.

Мен жөнімді айтайын, сендер тыңда,
Құдайсыз қылған істің бәрі арманда.
Бір қызбен егесем деп, мен де барып,
Бір нақақ мен де ұрындым қанды басқа.

бердіқожа  батыр
Бар еді елімізде бір шешен қыз,
Құрбыларға алдырмаған қалжыңға сөз.
Жеңіліп бәрі түгел сөйтсек,

Сайқы қып жібере ме сіз бенен біз.
Қалмаққа жаушылыққа арнаушы едім,
Қазақтың жалғыз тайын алмаушы едім.
Жайлатып, сыбызғымен күн жаудырып,

Қан төкпей, қамал бұзбай, айдаушы едім.
Жауға барып, бір жүздей жылқы айдадық,
Жалғыз айдап ел шетіне алып келдім.
Ел көшіп жасыл жайлау қонған екен,

Аулына шешен қыздың тура кепті.
Мен жолда ұрынғам жоқ ешбір жауға,
Қымызға шөлдеп келдім, амал бар ма.
Жылқыны тастай беріп, жетіп келдім,

Шешен қызға кез болдым бие бауда.

—Келдің бе, Қожа батыр, есен-аман?

Көп болды, сіз кеткелі талай заман.
Белгілі мұра жолмен сауға алалық,
Ауылға кеп қалған соң, айтып арман.

—Сауғаңды ал, аулыңа жүр, шөлдеп келдім,

Мал тұрғай тілегеннің бәрін бердім.
Аш кісі ұрысқақ болар, жарықтығым,
Қымыз ішіп болған соң, ойнап-күлгін.

—Қожа батыр жақынға көз сала ма?

Қаздан тоят, аққуды атып алса.
Жалғыз күнде жан адамға көз салмаушы ең,
Қос атты болған күнде еске алма!

—Шырағым, сөзің қандай, аңғарайын,

Шаршап келдім, ауылға тез барайын.
Қос атты деп айтқаның ойландырған,
Кезім келсе, есіме бір алайын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Қожа батыр атанған кемеңгер ер,

Батыр айтса, сертінен бұзылмас дер.
«Кезім келсе есіме, есіме алам» дейсің,
Уағда болсын, батыр, қолыңды бер.
Сөйлесіп келе жатып, көңіл бөлдім,

«Батыр аңғал» деген сөзді енді білдім.
Айтқанымнан мен қайтып көргенім жоқ,
Еңкейіп ат үстінен қолым бердім.

—Батырға қалжыңымнан танысайын,

Кез болып, ошаған боп жабысайын.
Батырдың сөзі екі бола қалмас,
Ауыл бір, топ шеңгелден табысайын.
Сонымен ауылына, міне, келдім,

Бар еді ағалары, бәрі келді.
Қымызды тегенемен құйып жатыр,
Шыны орнына шарамен бере берді.
Әкеліп бір семізді және сойды,

Бір саба қымыз әкеп бір-ақ қойды.
Бір қозының етін түгел асып әкеп,
Бір-ақ сары астаумен алға қойды.
Түп-түгел барлық етті турап алдым,

Қасыма бір адамды қосып берді.
Әрбір шеңгелмен асағанда,
Түк қоймай түгелімен қағып салдым.
Ілесіп екі ағасы малға келді,

Малды жиып, айдасып алға салды.
Олжа аяп ағайыннан көргенім жоқ,
Тиісті өз олжасын алып қалды.
Мал айдап аман-есен үйге келдім,

«Сауға» деп ағайындар бәрі келді.
Өзім аз тиесілі мал алдым да,
Түп-түгел ағайынға бөліп бердім.

бердіқожа  батыр
Айтайын үшеуіңе бастың жайын,
Сол қызға бармақ күнім кеше ыңғайым.
Айтқан жерге келмеді, көп отырдым,

Залым қыз алдайды деп не қылайын!
Ыза болдым: «Қызды іздеп барайын, деп
Үйінен қызды қарап табайын, деп,
Бір тамыры жібермей қалған болса,

Залымның басын кесіп алайын»,—деп.
Қаңтарып тұлпарымды қойдым байлап,
Қолға алдым қанжарымды мен ыңғайлап.
Өзінің төсегінен таба алмадым,

Ағаларын үйінен келдім қарап.
Екі ағасын үйінен таба алмадым,
Кенже ағасы үйіне соған бардым.
Оң жақта бір жігітпен құшақтасып,

Екеуі ұйықтап жатыр, тауып алдым.
Жасынан ойнап жүрген тамыр болса,
Далада тостыратын мені босқа.
Өз жөніме аттанып кетпес пе едім,

«Бара алмадым» деп маған хабар қылса.
Ыза болдым: «Басын кесіп алайын, деп,
Екеуінің қанын шашып қарайын, деп.
Басын кесіп, денесін сүйреп барып,

Жоқ қылып, суға апарып салайын»,—деп.
Жігітті кеңірдектен ала түстім,
Қыз шошып, мені біліп, қашып шықты.
Жігітті буындырып, сүйретіп кеп,

Денесін суға тастап, басын кестім.
Басын кесіп, қанжығама байлап алдым,
Атыма мініп алып, шүуге салдым.
«Кім екен, кескен басты қарайын» деп,

Таң атып, күн шыққанда, көзім салдым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қарасам, залым қыздың күйеуі екен,
Өмірлік Алла қосқан күйеуі екен.
Қатеден қайран жастың басын кестім,
Ойлап ем: «Тамыр біреуі екен».

«Батыр аңғал» деген сөз қанға құмар,
Жазықсыз жасты өлтірдім, не амал бар!
Қатын танып, күйеудің басын тықты,
Нақақтың қаны мені қашан соғар?!

Мен өзім жастық жолға жүргенім жоқ,
Жастардың соңына еріп көргенім жоқ.
«Ер қайраты бекерге кетер» деген,
Соны естіп көңілімді бұрғаным жоқ.

Адамды сайтан залым азғырмай ма,
Осалдар оған ерген бұзылмай ма?!
Кісі өлтіріп, кісіден не өзі өліп,
Бармақ шайнап, сандарын бір ұрмай ма?!

Мінеки, мен дағы аздым залым қызға,
Кез болып, шаршап келіп, бие бауда.
Егесіп күйеуінің басын кестім,
Боялдым аңғалдықтан қызыл қанға.

Және әңгімемді айтайын сыбызғыдан,
Сыбызғы жас күнімнен дарығаннан.
Жасымда шырт ұйқыда жатқанымда,
Басыма бір нәрсе кеп ызылдаған.

Шошып кетіп, оянып түрегелдім,
Қызынып, әлсіретіп, өліп-талдым.
Айқаймен әке-шешем бәрі тұрып,
Шуласып «Не болды» деп, маған келді.

Білмеймін ес-түсімді айғай салам,
Ішім толып, жүрегім, көңілім алаң.
Айрылып ақыл-естен қалсам керек,
Ойнамалы бір бақсысын ап келді маған.

бердіқожа  батыр
Бақсы ойнап өз жындарына шақырыпты,
«Тез тап!»—деп жындарына ақырыпты.
«Ызылдаған даритын сыбызғы»,—деп,

Қара қурай сыбызғы тарттырыпты.
Жазылып кепкен ішім содан кейін,
Түзеліп сыбызғыға болдым бейім.
Ысқыртып сыбызғыны қолға алғанда,

Елтісем, соған ауып, түк білмеймін.
Сары ағаш сабы қайың, қызыл талдан,
Қидырдым он екі ағаш бұтағынан.
Сары жезбен сылдырмақты сыртын қаптап,

Күй тартам алпыс екі алуан-алуан.
Тартқым кеп, сыбызғыға көңіл бөлдім,
Ысқырсам, еш нәрсені білмей кетем.
Дарыған сыбызғының күшіменен

Сөйлесіп, төрт түлік мал тілін білдім.
Үшеуің кез келдіңіз кеше маған,
Көңілім күйге ауып кеткен заман.
Үстімде сауытым бар жеті қабат,

Мені жау алмайды, баста қалқан.
Біткенде күй аяғы, есім жидым,
Ұрып жүрген үшеуіңді сонда білдім.
Қонышыма сыбызғымды тығып алып,

Азырақ қамшыменен ұрыс салдым.
Үшеуің үйге барып, болдың қонақ,
Мінеки, жақын болдық, жөнді сұрап.
Көкқайнар өзің қонған алып келдім,

Соғыса берейін деп, арман сұрап.
Әйелімнің айтайын тағы жайын:
Келді айтуыма сөз ыңғайым.
«Үйленсем, әйел алсам» деп, ойладым,

Қыз іздеп көп қаңғырдым, не қылайын.
19-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Ақылы сай, мінезі сай, сұлуды алсам,
Армансыз өтер едім бұл жалғаннан.
Өңі сұлу, ақыл жоқ, шадыр мінез,
Басымды қор қылар» деп, ол бір арман.

Сонымен, қыз жақпай, жүрдім бойдақ,
Әке-шешем боп жүрді түрік қабақ.
Қыз жақпай өстіп жүрген мезгілімде
Үйіме екі-үш кісі келді қонақ.

Ат сұлу, киім жақсы, өңшең шешен,

—Сізбісіз Қожа батыр даңқың кеткен?

Кіші жүз алшын, жаппас ел боламыз,
Жылқы алдырып, даңқыңа іздеп келген.
Алдырдық жүз жылқыны өңшең саңлақ,
Жау еді біздерменен қара қалмақ.

«Батыр бар жалғыз жатқан Бердіқожа»,
Деген соң, іздеп келдік ақыл сұрап.

—Мен өзім жаушылық қып жау алмаймын,

Бітіріп шықсам, мал алмай, бос қайтпаймын.
Мұсылман қазақ ұлты—туысымнан,
Мал алып, жалғыз тайын тірілтпеймін.
Үш жігіт сөзге көсем, өңшең шешен,

Малына сеніп маған іздеп келген.

—Атағың зор болғанмен өзің жас екенсің,

Үйлене алмай жүруіңе себеп не?—деп.

—Еруге жүргенім жоқ мен мал таппай,

Қыз іздеп көп сандалдым әр алашқа-ай.
Ақылы сай, мінезі сай, жан қиярлық,
Басыма лайық жүрмін бала таппай.

—Іздеген балаңды айтсақ, барар ма едің?

Жолаушы біздің сөзге нанар ма едің?
Ақылы сай, мінезі сай сұлуды айтсақ,
Қол жетіп, Қожа батыр, алар ма едің?

бердіқожа  батыр

—Дәл болса айтқан сөзің, барар едім,

Мінезін өзім сынап, қанар едім.
Бәле жауып, баласын бермей қойса,
Қопарып елдің шетін шабар едім.

—Ендеше алшын, жаппас біздің елде,

Бір бай бар дәулеті асқан барша елден.
Баласы Қоңыраттай болыс еді,
Баласы бір ұл, бір қыз артық еді.
Нұрила атты бірге туған қарындасы

Басы бос, әлі күнге жоқ құдасы.
«Өзімнің теңім тауып, кетем» деп,
Жанға құда болмайды ата-анасы.
Жолы бар тоғыз күндік іздеп барсаң,

Тура жол бес күншілік, тура салсаң.
Шөлі бар үш күншілік, ат шыдаса,
Бес-ақ күнде барасың, жолын тапсаң.
Ойладым «Алшын,жаппас барайын деп,

Мақтаған Нұриланы көрейін деп.
Бұлардың айтқан сөзі дәл боп шықса,
Бұйырса Нұриланы табайын» деп.
Үшеуіне үш жорға атты бердім,

Дос болып, қол алысып қоя бердім,
«Кешікпей жүрейін» деп, көңіл бөлдім.
Жылқыны сыбызғы алып араладым,
Тұлпарды шөлге шыдар таба алмадым.

Таба алмай, көңілім қайтып келе жатып,
Бір шалға жол үстінде ұшырадым.
Сол шалға сәлем беріп тұра қалғам,
Шал тоқтап, амандасып, тайын бұрған.

Мінгені—еті арық қара дөнен,
Екі көзі от сықылды жанып тұрған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Сенбісің бала батыр Бердіқожа?

Ақсақал да жөнін айтты сол арада.

—Шығып едім сыбызғымен ел аралап.

Ақсақал, күй тартайын біраз ғана.
Сөйлесіп дөненнен тіл алайын,
Нағыз-ақ тұлпар болса, аңғарайын.
Жолыма үш күншілік шыдар болса,

Бұл шалды разы қып, мұны алайын.
Ысқырдым сыбызғыны дөненді ойлап,
Шал ойлап тұр: «Тартты,—деп,—мені сыйлап».
Есінеп дөнен сөйлеп қоя берді:

«Алсаң мен шыдар ем,—деп, жас домалап.
Шешем тұлпар бие екен жаудан қалған,
Сол биені осы шал тауып алған.
Сонан туған мен тұлпар құлын екем,

Қысы-жаз жібермейді тақымынан.
Егер де шалдан алсаң, ұнар едім,
«Батыр жауға мінсе» деп құмар едім.
Шалдан шығып, қолыңа түсер болсам,

Шөліңе бес күншілік шыдар едім».
Сөйлесіп сыбызғымен тілін білдім,

—Дөненің арық екен мініп жүрген.

Жауға мінер ат екен, күтім болса,
Сатыңыз, толық баға берем,—дедім.

—Енесі—жаудан қалған арық бие,

Арықтап кең шөлде жүрген кезде.
Кез болып, үш күн қуып ұстап алып,
Құлындатты, байлап жібермедім.
Дөненім—заты тұлпар, содан туған,

Енесі өліп қалды аурудан.
«Семірсе, дөнен қашып кете ме!» деп,
Шідерден босатпаймын, түрі жаман.

бердіқожа  батыр
Сатайын, бала батыр, мінем десең,
Қызығып, затын танып, көңіл бөлсең.
Батырдан ат аяйтын жөн бола ма,

Май қабысқан жарамды үш ат берсең!

—Ақсақал, тұлпарыңды ап, алдамаймын,

Сөйлестім сыбызғымен білдім жайын,
Үш құр ат, бір қысыр ат мен берейін,—
Деп едім, шалым сонда күлімдеді,
Қуанып, еріп жүріп, үйге келді,

Айтқанымнан қайтқам жоқ, қонақ қылып,
Үш құр ат, бір қысыр ат бердім-дағы.
Сол дөнен—осы тұлпар астымдағы,
Жорғасы ұшқан құспен таласады.

«Ер серігі—ат» деген, ей, жігіттер,
Іздеуге дайындалдым Нұриланы.
Дөненге екі арық дөнен қостым,
Үшеуін жайлау тауға айдап салдым.

«Бір айдан соң мініске жарай ма» деп,
Қосқан екі дөненнің бірін сойдым.
Сеніп едім, жілігі ағармапты,
Тұлпар жетіп, ақсүйек бола алмапты.

Жігіттерге ұстатып: «Жарат»,—дедім,
Екеуін де ұстап ап: «Арық»,—депті.
Шыдамай жеті күнде тоқым салдым,
Жаратып жануарды, мініп алдым.

Тер шықса, алып қашып жоғалады,
Алысып ауыздықпен қол талдырдым.
Іздеуге Нұриланы дайындалдым,
Жаратып әлгі дөнен қосарға алдым.

«Шөлге шықсам, су құйып алайын» деп,
Жылқының терісінен месті алдым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Азық ап, бес күншілік жолға шықтым,
Жолды сұрап үш жігіттен, жөнін ұқтым.
Екі меске су құйып, толтырып ап,
Шөлге кеп үшінші күн тақым қыстым.

Тұлпарым аласатты ауыздан алып,
Жетегім әрең келді, судан ішіп.
Бір-ақ күнде үш күндік шөлден өтіп,
Өкірген бір өзенге келіп жеттім.

Өзенге түсе қалдым сол арадан,
Үлкен су, екі жағы орман-тоғай.
Тұлпардың ерін алып қоя бердім,
Тынығып, оттасын деп біраз ғана.

Су ішіп, жата қалдым, ұйқы қысып,
Суырып қанжарымды қасыма алып.
Жастанып ер-тоқымды, басымда ер,
Тарпып тұр, тұлпарым кеп, шартылдатып.

Ұйқыда бір айдаһар келген екен,
Тұлпарым, кеп жұтқанда, көрген екен.
Жанға кеп, аяғымнан ұрды жұтып,
Езуі шатылды тіреп тұрған екен.

Аузынан бір аяғым шығып қалып,
Қорқырап, белуардан жатыр басып.
Суырып дайын қойған қанжарымды,
Аузына айдаһардың мен де салып.

Айдаһар мұны біліп жақындайды,
Басыма қаптайын деп, лақылдайды.
Мен дағы қанжарымды ырғап едім,
Айдаһар қабырғасы шытырлайды.

Айдаһар да сұм еді,
Бір қолым, бір аяғым ішінде еді.
Айдаһар құйрығымен жерді ұрғанда,
Жанымда жақын терек дүрілдейді.

бердіқожа  батыр
Қанжардан айдаһар да қалды өліп,
Тұруға дәрменім жоқ бас көтеріп.
«Ұста,—деп,—құйрығымнан», тұлпар келіп,

Суырды аузынан, құйрық беріп.
Жан дәрмен түрегелдім, а, құдайлап.
Тұлпар айтты: «Шапшаң мін, беліңді байлап,
Жетегіңді бір шабар жатыр жайғап».

Ерін ерттеп, тұлпарға мініп алдым,
«Қайда?»—деп, жетегіне жетіп бардым.
Жолбарыс соққан екен маған өшті,
Қанжармен бір-ақ салып, өшімді алдым.

Тұлпар айтты: «Әй, батыр, кетелік, деп,
Бұл өзен тұйық екен, өтелік, деп.
Хайуанның неше түрлі бәрі осында,
Тез кетіп, беті ашыққа жетелік»,—деп.

Қиыннан құтылып ап, кезеңді астым,
Атым да тынығыпты, аласатты.
Тызылдап ұшқан құстай келе жатыр,
Тағы бір үлкен өзенге араластым.

«Су аяғы—далаға барасың, деп,
Биік шың тау таусылып қаларсың, деп.
Осы судан айрылмай жүре берсең,
Су барып, қалың елді табарсың»,—деп.

Өзенмен мен жөнелдім, суды құлдап,
Жер қауып тұлпар келеді ұшқан құстай.
Тау қалып, су аяғы—дала болды,
Қалың мал сол өзенде жатыр сыймай.

Қуандым елді көріп, «иә, құдайлап»,
Мал түскен кезең жолға шықтым ойлап.
Кезеңге шыға келсем, ар жағында
Ауылдар аппақ боп үйлер жатыр жайлап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тұлпардан әлгі жерге түсе қалдым,
Шешініп, жау киімді тығып алдым.
«Жай жүрген жолаушы боп барайын» деп,
Құр жүннен таза киім киіп алдым.

Алдымда бір ақ үйге тура келдім,
Түсе қап, тұлпарымды белдеуге ілдім.
«Сұраумен елдің жөнін білейін» деп,
Есіктен сәлем беріп кіріп келдім.

Отырдым төрге шықпай, тізе бүгіп,
Бір семіз бәйбіше отыр жастық қойып.
Қадалып бәйбішеге амандастым,
Бәйбіше амандасты бас көтеріп:

—Әй, бала, түсің суық, жыландайсың,

Қобалжып, ойың бөтен, тұра алмайсың.
Бұл елдің адамынан түрің бөлек,
Шырағым, жөніңді айтшы, қай баласың?

—Бәйбіше, оның рас. Мен—жолаушы,

Шанышқылы—шыққан жерім, көкбояушы.
Үйірін қысырақтың жауға алдырып,
Мал іздеп келіп жүрген мен жолаушы.

—Осы ел Алшын деген ел болады,

Екі ара сіздің елмен шөл болады.
Шөлден өтіп, мал алып келмек тұрғай,
Басына барған адам зар болады.
Осы елдің үлкен байы—Манан бай-ды,

Өзінде бес мың жылқы, құлын-тайлы.
Баласы Қоңыраттай билеуші—сол,
Билеп тұр, ұлық болып елге ыңғайлы.
Ауылы Манан байдың жақын жерде,

Топ болып, бір болыс ел бәрі кепті.
Әй, балам, сонда барып, көпке тапсыр,
Менің де балаларым соған кетті.

бердіқожа  батыр

—Жолаушы мүсәпірді көзіңе ілдің,

«Баламдай бала ғой» деп, көңіл бөлдің.
Топ тарқамай, тез барып, тапсырайын,
Келемін қатты шөлдеп, сусын берсең.
Бәйбіше сонда орнынан түрегелді,

Сабаға иіндеген қолы тиді.
Піспегін қағып-қағып пісті дағы,
Құюға бір шараны қолына алды.
Жүгіріп жетіп бардым, шыдай алмай:

—Мен қолқанат болайын, ә, апатай.

Шарасын қолындағы қолыма алдым,
Сабаға тосып тұрдым сол арада-ай.
Шараны мөлдіретіп құйып берді:

—Былай тұр, абжор,—деп әмір қылды.

—Осы жерде-ақ ішейін, апатай,—деп,

Шарасын бір-ақ қақтым, көзі көрді.

—Мал үшін тентіреген мен—жолаушы,

Жан болмас осы күнде бізден сорлы.
Сусыным қанбай қалды, әй, апатай,
Толтырып шараңызбен тағы берші.
Піспекке бәйбішенің қолы тиді,

Тосып тұрмын, толтырып құйып берді.
Дем алмай, бір-ақ қағып салып ем,

—Ішуің жарайды екен, балам,—деді.

Сусыным шала қанды қымызыңа,
Мас бола тойып, ойлама бұзылуға.
Жалындым: «Тағы дағы бірді берші,
Мен құсап о да жүрер балаңыз да».

Бетіме ажырайып бір қарады,
Шараны ұстап тұрмай, құйып берді.
Тағы да бір-ақ қағып салып едім,

—Жұтысың жарайды екен, балам,—деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бәйбіше айтты: «Батырлық—жүрістігің.
Ішуің жарайды екен, туыстық емес.
Ішуіңе қарасам, қу іс емес,
Шырағым, елге келген жұғыспысың».

—Үйірі қысырақтың—жиырма бес,

Қайран мал, ойлап кетсем, естен кетпес.
Қара көк, өзі жорға айғырым-ай!
Айдасам, сойыл алып, су төгілмес.
Малымның келіп едім ізін қуып,

Қалып тұр бұл малымнан көңілім суып.
Мананға баратұғын жолы қайсы?
Тарқамай, тапсырайын, топқа барып.

—Есік алды мына бір кезеңді ассаң,

Ар жағы және де өзен құлдап бассаң.
Өзенде аппақ ауыл көрінеді,
Табасың Манан ауылын, соған барсаң.
Атып шығып, атыма мініп алып,

Бір кезеңді асып, өзенді құлдап салдым.
Айтқандай, сай аузына шыға келсем,
Аппақ ауыл, сол жерге жетіп бардым.
Байлаған ауызында қалың бие,

Ауыл жырағырақ көрінеді.
Ауылдан бір топ жігіт шыға шауып,
Биеге келе жатыр әлгі жерде.
Алдынан мен де жүрдім тура қарап,

Астына мінгендері өңшең құр ат.
Қолында торсық пенен көнегі бар,
«Аулымыз топ боп жатыр»,—деді біреу.
Ойладым: «Малды қырып, болды тойын,

Малай—мынау, мырзалары бұдан қап.
Барғанмен, теңгере ме, түрі қиын,
Бір жерге тауға барып бекінейін.

бердіқожа  батыр
Таң ата ел шабайын, соғыс қып,
Содан кейін таныр мені, ойына алып.
Бишіге өкпелеп, ұрыс салмай,

Көрейін Нұриланы үйге барып.»
Ойланып, бой тоқтатып, жетіп келдім,
Топ-топ ат, қалың кісі, келіп көрдім.
Тұлпарымды бір терекке байлай салып,

Есіктен, сәлем беріп, кіріп келдім.
Сәлем беріп кіріп кеп ем, қарамады,
Қымыз ішіп дулаған сабаздары.
Алдында төсегінің бір бәйбіше,

Бір маңғаз жастық қойып отыр әлгі.
Отырдым босағада, қарамады,
Көзге іліп ешбірі адам санамады.
Үш жерден қымыз құйып ішіп жатыр,

Бір шыны қымыз бермей алалады.
Ыза болдым: «Қанжарымды алайын деп,
Бір қарғып ортасына барайын деп.
Апыр-топыр қанжарлап, соғыс салып,

Үй-ішін қан жоса қып салайын деп.
Атып шығып, тұлпарға мініп алып,
Беті ашыққа шығайын айқай салып.
Шұбатып әрбір жерден қырып тастап,

Сонан кейін сөлесейін, елші салып».
Ыза боп кеткем екем, өңім қашып,
Ішімде қанжарыма қолым салып.

—Анау бір босағада бала отыр ғой,

Өңшең ит, ескермепсің ойыңа алып.
Мына менің қымызымды алып берші,
Алдына тегенменен қымыз құйып.
Өзім жөнін сұрармын, танысармын,

Ашудан болушы еді ақыл жақсы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шынысын сыйлап берген ішіп алдым,
«Апырмай, бұл қалай?»—деп ойға қалдым.
Қымыздың құйып берген шарасымен,
Шарасын ұстай алып қағып салдым.

Бәйбіше, көзін тігіп, көңіл бөлді,
Ақырып малайлары, ашу қылды.

—Жүрген ғой арып-шаршап, жолаушы ғой,

Шарамен толтырып ап тағы берші.
Шарасын, ішіп алдым, ұстай алып,
Бәйбіше танығандай сабыр сақтап.
Отырдым «Іс аяғын күтейін» деп,

Бәйбіше жан тартқандай, ойым бөліп.
Отырдым соныменен сабыр қылып,
Бір жігіт сонда есіктен келді кіріп.

—Ноғай байбатша келіп тұр еді,

Рұқсат болса, түсем деп амандасты.
Қарсы алып байбатшаны, қабыл алды,
Есік ашты, бір ноғай кіріп келді
Үсті-басы әдемі, сап-сары ала,

Арадан қақ жарылып, орын берді.
Байбатшаға бәрі де амандасып,
Қазіретке қол бергендей жабырласты.
Мен барғанда, бір адам кез болмап ед,

Ноғайға шоқынғандай шуылдасты.
Байбатша айтты: «Жүз түйемен келдім, деді,
Түсіріп жүкті жанға үйдім, деді.
Жүгіңнің бәрінің төк деген соң,

Қос тіккіз бой бір қарап жүрдім,—деді.
Қарсы алып, қымыз құйды байбатшаға,
Шешініп, қымыз ішті сол арада.
Төсегінің үстінде Нұрила отыр,

Шешесі төсегінің дәл алдында.

бердіқожа  батыр
Мұсылманның ғұрпы еді сәлем берген,
Аманнан соң жөн сұрап: «Кімсіз?»—деген.
Ноғай кеп еді, қарсы алып, қымыз құйып,

Мен келгенде еш адам көзге ілмеген.
Ноғайдың он саусағы алтын балдақ,
Байлаған бұлын айтып, мақтанып-ақ.
Байбатшаның екі көзі Нұрилада,

Қарайды төсек жаққа жалтақ-жалтақ.
Құман ап, су құюшы үйге келді,
Су құйып, дастарханды жайып берді.
Табақ ап сап-сары ала өңшең қазы,

Әкеліп үштен-төрттен табақ қойды.
Қолын жуып байбатша да төрде отырды,
Отырмын босағада үнсіз тіпті.
Ноғайдың он саусағы—алтын балдақ.

Суырып, дастарханға үйіп қойды.
Көзге ілмеді, «бір жанжал салайын деп,
Суырып қанжарымды алайын деп.
Шоқынған байбатшасын басын қағып,

Тарту қып, табағына салайын» деп,

Бір қолым қанжарымды ұстап алды,
Бір қолым бір қолыма басу салды.
Маған қарап байбатша көзін салып:
«Анау бір босағада бала қалды».

Бір шараны бәйбіше енді алдырған,
Алдында табаққа етті бөліп салған.

—Өңшең мас елірмелі, байқамайсың,

Ана отырған балаға апар соған.
Ашу қылса, адамда ой қала ма?
Шыдамды, сабырлы ерлер бос қала ма?
Ер затын танымайтын надан халық

Сөйлесіп, танысам деп ой сала ма?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сөз естіп бәйбішеден сабыр қылдым,
Шарада қазы-қарта қолыма алдым.
Шеңгелдеп екі-ақ асап босаттым да,
Ыдысын малайларға бере салдым.

Бәйбіше бір жігітке жарлық салды:
«Табақты, үйден шығармай, жиып алшы.
Астауға бәрін жиып толтыр дағы,
Ана отырған балаға алып баршы».

Табақтан қайтқан етті жиып алды,
Толтырып бір астауға үйіп салды.
Бәйбіше көріп отыр «Толтыр» деген,
Ол жігіт алдыма әкеп қоя салды.

Астауын алдыма енді тартып алдым.
«Сыйынан маған берді» деп, ойыма алдым.
Шеңгел-шеңгел әрбірін асадым да,
Астауын сол жігітке ысыра салдым.

Ноғай да, бәрі тамақ ішіп болды,
Алтын балдақ дастарханда жатыр еді.
«Базарлық» деп ауылдың бозбаласы
Қолдарына бір-бірден салып алды.

«Алыңдар»,—деп, байбатша мәз боп қалды,
Түрегеліп жан қалтаға қолын салды.
Он балдақ жан қалтадан және де алып,
Санап алып, қолына киіп алды.

Ноғайдың сылдыраған сол бір сөзі.
Нұрила төсегінің үстінде еді,
Құбылып, қоразданып, түсін бұзып,
Нұрилада бәйбішенің екі көзі.

Ойладым: «Нұрила екен ноғай дерті,
Қыз ұзатып, қыз бермек—қазақ ғұрпы.
«Ерегіскен екі ердің бірі өледі» деп,
Күзермін идіргенмен, мұртымды».

бердіқожа  батыр
Үйдегі қалың кісі бәрі шықты,
Жалғыз-ақ мен қалыппын, мен—бір мықты.

—Әй, балам, қылғандай боп отырдың,

Жөн сұрап, жөн білейін, төрге шықшы.
Отырдым содан кейін төрге шығып,
Бәйбіше жөн сұрады сөзбен қуып:

—Бұл елдің баласына ұқсамайсың,

Шырағым, қайдан келдің, қайда жортып?

—Бәйбіше, жоқ жоғалтқан мен—жолаушы,

Шыққан жерім сұрасаң—көкбояушы.
Қырық қысырақты алдырып,
Келіп ем, келген мен сұраушы.

—Әй, шырағым, біздің ел сіздің елге бара алмайды,

Ұл туып, онан жылқы ала алмайды.
Шөлі бар өте алмайтын жеті күндік,
Бұл елге келсе, малың жоғалмайды.
Мал іздеп кепсің, балам, ұзақ жерден,

Қалайша өтіп келдің қиын шөлден.
Бұйырған қоналқаң жеп, тынық, балам.
Келген болса, тапқызып алып берем.
Шақырды бір жігітті: «Үйге кірші.

Толтырып тегенемен қымыз құйшы.
Мынау бір қонақ бала жолаушы екен,
Шыны орнына шарамен құйып берші».
Бір жігіт тегенемен қымыз құйды,

Көтеріп төр алдына алып келді.
Тегенемен шараға қымыз құйды,
«Іш, қонақ»—деп, қолыма әкеп берді.
Шарамен үшті іштім құйып берген,

Нұрила төсек төсеп келген.
Бәйбіше айтты: «Жайласып отыр, балам.
Арып-шаршап келіпсің алыс жерден.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Билеуші осы елді менің балам,
Мал үшін көңіліңді қылма алаң.
Бұйырған қоналқаңды же, қонақ шырақ,
Кісі қосып берейін ертең саған.

Ауылы ол баламның түстік жерде,
Жатасың еру болып өз үйіңде.
Келген болса, өзі іздеп тапқызады,
Жоқ болса, сендіреді өзіңізді».

Тысқа шығып, атымды жайғап келдім,
Керегеге қоржынымды әкеп ілді.
«Жақын болса, байбатша келер бүгін,
Мен соны аңдиын» деп көңіл бөлдім.

Бай келді, мал жиысып, сонда үйіне,
Сәлем бердім, сәлем ап, шықты төрге.
Малдан басқа ешкіммен жұмысы жоқ,

—Екі бөліп түйені жайдым,—деді.

Бәйбіше айтты: «Қораға қой келді ме?»

—Екі қора ауылға келді,—деді.

Бір жігітті жұмсады сол бәйбіше:
«Бір семіз қозы таңдап әкел»,—деді.
Бай қымызды ішіп боп, малға кетті,
Әлгі жігіт бір семіз қозы әкелді.

—Менен үлкен емес қой қонақ бала,

Өзім бата қылайын бұған,—деді.
Бәйбіше қолын жайды, мен де жайдым,
«Айтқан мәнім бола ма?» деп ыңғайлаймын.
Күбірлеп көп отырып, бетін сипады,

«Көрген түсім келді ме» деп ойлаймын.
Бай келді, ет те пісті, қазан түсті,
Қозы етіне қазы сап, астырыпты.
Бәйбіше үш табаққа жасатты да:

—Бір табақты қонаққа апар,—деді.

бердіқожа  батыр
Бай айтты: «Әй, бәйбіше, сен қалайсың?
Үш табақты толтырып ет жасайсың.
Бірі қонақ, біреуі өзімізге,

Иесі жоқ бір табақты не қыласың?»
Бәйбіше айтты: «Табақта жұмысың не?
Назарың шығып, көзің көрсе,
Қонақтың қос табағын апарып қой,

Әй, жігіт, бірге отыр, өзің де же».
Сынамаққа бергенін енді білдім,
Екі табақты алдыма тартып алдым.
Кесек-кесек турадым екі үйінді,

Жан-жағыма қарамай, шеңгел салдым.
Байекең маған қарап екі көзі,
Сөйлесіп білген де жоқ біздің жөнді.
Түк қоймай екі табақты түгел жедім,

«Бәйбішенің дәл болсын,—деп,—айтқан сөзі».
Артынан қымыз берді бір тегене,
Оны да ішіп алдым әлгі жерде.
Бәрі де тілден қалды, қауіптеніп,

Боп отыр шошынғандай ішіп-жеуге.
Бәйбіше айтты: «Қарағым, Нұрилажан,
Мына бір бала кепті алыс жолдан.
Нұрила, төсек сап бер, ұйықтап алсын,

Арып-шаршап жүрмей ме, мал жоғалтқан?
Әй, балам, алаң болма атыңыздан,
Қай уақта қой десең, айтшы мұнан».

—Таң атқанда сыпырып салсын,

Атым ұзап кетпейді қораңыздан.
Төсекке төр алдында соған келдім,
Шешінбей, киімшең жата кеттім.
Жақын болса, байбатша келер бүгін,

Арман жоқ, ұстап алып, басын кессем.
20-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үй-іші ұйықтағанда, түрегелдім,
Жүгінен екі сандық бұзып алдым.
Нұриланың төсегінің алдына әкеп,
Білдірмей қызбен қатар төсек салдым.

Суырып қанжарымды сүйеп қойдым,
«Байбатша келерсің» деп көңіл бөлдім.
Сыбырлап, сонда еңкейіп біреу кіріп,
Шымылдыққа кірді де, қолын берді.

«Нұрила» деп, маған кеп қолын салды,
Қыз болып мен жатырмын, танымады.

—Нұрила, жаның құрбы, жасың кіші,

Шындықпен жауабыңды айт маған енді.
Мінеки, төрт жыл болды сөйлескелі,
Ел-жұрттың бәрі ұнатқан, жаным, бізді.
Жігітіңе базарлықты тапсырыпсың,

Түгелдеп алып келдім бәрін, міне.
Екі сырғаң, шырағым, үш жүз ділда,
Білезіктің екеуі—бір мың ділда.
Әрең таптым тауардан неше шәрден

Мінеки, екі мың сом алтын алқа.
Тапсырған базарлығыңды ал қолыңа,
Шырағым, шыныңды айт, жынды қылма.
Үш жылда үш миллион ақша шаштым,

Бір-ақ айт, жақтырмасаң, осы жолда.

—Рас-ақ, бір мен үшін шаштың малды,

Жігітімнен тапсырғаным рас еді.
Тапсырған базарлықты қолыма алсам,
Сонан кейін сөйлесермін басқа жөнді.
Ноғайым сонда сөзге нанып кетті,

Түрегеліп жан қалтаға қолын сұқты.

—Тапсырған аманатың бәрі осы,—деп,

Қолыма екі уыстан салып берді.

бердіқожа  батыр
Алдым да, жан қалтама тығып алдым:

—Байбатша, еркексің. Бүгін нандым.

Бар дағы төр алдына, шешініп кел,
Төсекте сөйлесейік басқаларын.
Қуанып ноғай сонда нанып кетті,
Барды да төр алдына киімін шешті.

Танымай мені «қыз» деп аңғал ноғай,
Төсекте жатамын деп жетіп келді.
Білгізбей ноғайды ұстап алайын деп,
Сүйретіп үй сыртына барайын деп.

Табынған байбатшасын басын кесіп,
Денесін суға ағызып салайын деп.
Қыз қандай? Мен қандай? Дене қандай?
Әліпті сезген жоқ сорлы ноғай.

Көйлекшең, ыштаны мен киім тастап,
Мойныма, көрпені ашып, қолын салды.
Ұстасам өндіршектен қос бармақтап,
Өлтірсем басын кесіп байбатшаның.

Шешініп, киімін тастап, жетіп келді,
Еңкейіп ала бердім мен қанжарды.
Қанжардан ноғай сорлы ұстай алды,
Қыз емес екенімді біліп қалды.

Қанжар да қолын кесіп кетсе керек,
Шошынып, тыр жалаңаш шыға қашты.
Шықтым да шымылдықтан, түрегелдім,
Ноғайдың бар киімін жиып алдым.

Орнына екі сандық қайта жиып,
Төсекті төр алдына қайта салдым.
Ноғай боп, базарлықты ап қызға бардым,
Оятып, Нұриланы жауап салдым.

—Жігітіңнен базарлықты тапсырыпсың,

Мінеки, алыңыз,—деп алып бардым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Байбатша, қалай келген жөніңіз?

Тілдескен бұрын бар ма сөзіміз?
Мені сырттан білетін жігітім болса,
Апарып өз қолына бер оныңыз,—деп.

—Рас-ақ тілдескен жоқ бұрын саған,

Ел-жұртың: «Берем,»—деген бәрі маған.
Сен үшін үш миллион ақша шаштым,
Сені алмай кете алмаймын бұл арадан.

—Апырмай, сөзің қалай бөтен заттай,

Малға мені сатпақшы бәрі сырттан.
Ноғай емес, бөтенсің, шыныңды айт,
Ноғайға мұндай мақтан түсіп қап па?!

—Мен—ноғай сені айттырып алам деген,

Ел-жұртың, әке-шешең: «Берем» деген.
Босқа малды бергем жоқ бір сен үшін,
«Бермесе, мен де еліңді көрем» дегем.

—Ойласам, сен қонақсың, затың басқа,

Шырағым, жөніңді айт, атың сатпа.
Апамның көрген түсі келді ме екен?
Ноғайға мұндай мақтан түсіп қап па?

—Ендеше, мен—қонақпын, шыным, дедім,

Сен едің—менің дағы жөнім, дедім.
Нұрила, өзің біліп, сұраған соң,
Мен дағы шынымды айтып едім,—дедім.

—Шынымды мен де айтайын, сенесіз бе?

Аралап жүріпсіз талай жерді.
Алты арыс төңірекке жүрген болсаң,
Батырды Бердіқожа білесіз бе?

—Аралап алты арысқа жүріп едім,

Батырды Бердіқожа көріп те едім.
Бар еді ол қожада не жұмысың?
Қасына жолдас болып еріп едім.

бердіқожа  батыр
Нұрила бір күрсініп, көңілденді:

—Атамның айдап келген көк перісі.

Батырды Бердіқожа көрген болсаң,
Бар екен ол батырдың не белгісі?

—Қожаның қатты өнері сиқыр еді,

Тартқанда сыбызғыны қызушы еді.
Шын тартып кеткенде ащы күйді,
Төрт түлік мал шуылдап өруші еді.

—Қонағым, сол қожаны табар ма едің?

Тауып, ертіп осы жерге келер ме едің?
Батырды Бердіқожа тауып келсең,
Қалыңсыз мені саған берер еді.

—Нұрила, қиын екен сөз ұғысың,

Затыңыз танығандай ер туысын.
Батырға Бердіқожа сонша зар боп,
Бар еді онда қандай көп жұмысың?

—Айтайын, ол қожада жұмысымды,

Қуанып, «көрдім» деген жүрісіңді.
Мәнінен ұлдан біреу, қыздан біреу,
Айтайын екеу-ақпыз туысымды.
Осы елдің болысы сол билеп тұрған,

Жанға батса, қайыр жоқ жиған малдан.
Ағамыз үш жыл болды науқас болып,
Түн болса, ұйықтамайды сол сырқаттан.
Түн болса, іш кебеді, іші толып,

Емдеді талай бақсы, талай келіп.
«Бердіқожа батырдың сыбызғысы
Сонан,—деген бақсы ойнап жүріп.
Батырды Бердіқожа тауып алсаң,

Тарттырып сыбызғыға құлақ салсаң,
Құп үзіліп, ада болып, жазыласың,
Обалы менен болсын, содан қалсаң?»

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қожада осы еді жұмысымыз,
Іздедік екі жылдай жүрісіміз.
Қожа батыр табылып, дерт жазылса,
Ағам үшін жан құрбан, туысымыз.

—Ендеше, мен боламын, Бердіқожа,

Менің жұмысым сен едің келген мұнда.
Еш рудан қыз жақпай сені естіп,
Көрейін деп келіп ем осы жаққа.

—Қожеке-ай, олай болса, берді Құдай,

Нанайын көрсетші әкеп сыбызғыңды-ай.
Жазылса ағам дерті сыбызғыдан,
Ат құйрығын ұстармын сізден қалмай.
Сол жерде қоржыныма енді бардым,

Қоржыннан сыбызғыны әкеп бердім.
Көрді де қараңғыда қолмен ұстап:
«Қожа батыр, жолың болар, әбден нандым».
Қайта кеп орныма жаттым сонда,

Қатты ұйықтап жатқан екем төр алдында.
Жатыр ем көзімді ашып ұйқылы-ояу,
Шешесі жауап салды Нұрилаға:

—Қарағым, мынау келген қонақ бала

Жүрген ғой арып-ашып айдалада.
Бар да, бетін көрпемен жауып қойшы,
Тынығып, ұйықтап алсын біраз ғана.
Нұрила шешесінің тілін алды,

Ағасы үшін қимақшы шыбын жанды.
Жамылған көрпемді ұстап басқа тартып,
Басымды көрпеменен жаба салды.
«Апырм-ау, бәйбішенің сөзі қалай?

Есіркеп дәл өзінің баласындай.
Тағы да сөз шықсын»,—деп көзімді аштым,
Аунақшып, жатқандай боп ұйықтай алмай.

бердіқожа  батыр

—Қарағым, айналайын, Нұрилажан.

Бұл қонақ келген екен ұзақ жолдан.
Жатыр ғой ұйқысырап, ұйықтай алмай.
Тағы да бетін жауып қой,—деді,—балам.

—Қонақтың жолдасы емен қасына ерген.

«Жап» дейсің қалай бетін, қандай жөнмен?
«Ұйықтасын» деп аяйсың, бетін жаптырасың,
Өзіңнің жалғызыңдай еркелеткен.

—Қарағым, балалықпен барламапсың,

Жан-жаққа көзің салып қарамапсың.
Жарқылдап босағада бір сағым тұр,
Бетін жап, қайда кетер, болжағайсың.
Бұл бала бекер емес, нәсілі бар,

Кеудеде сөнбейтұғын асылы бар.
Бетін жап, ана сағым қайда кетер?
Қарсы болсақ қайрат қып соғыс салар.
Баласы соны естіп тұрып келді,

Анасының айтқанын ұғып келді.
Көрпемен бетім жауып, қолым шымшып,
Сездіріп, «енді ашпа» деп, жүріп кетті.
Аз жатып, түрегелдім содан кейін,

Анасының сөзі де болды бейім.
Түрегеліп, киініп ап, тысқа бардым:
«Атымды көрейін қандай күйде».
Атымды жіберіпті ерін алып,

Көңіліме қарапты түйіп алып.
Сипасам, жоны оттай дуылдап тұр,
Шаршағанды білмейді, ойына алып.
Қайта кеп, шайын іштім төрге шығып,

Нұрила әбден қанған жөнімді ұғып.

—Болыс балаң аулына мен барайын,

Бастап барар беріңіз кісі қосып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Еру бол, тынық, балам, бүгін жатып,

Бұйырған қоналқаңды же, дәміңді татып.
Кісі қосып балаңа тапсырайын,
Жоғыңның іздеп келген жөнін айтып.
Сол күні еру болдым, демімді алып,

Қыз-қатын сонда келді дуылдасып.

—Барамыз байбатшаға біздегі ап,

Бәйбіше, жорғаңды ертте, енді алдырып.
Бәйбіше айтты: «Барыңыздар сендер, деді.
Баратын дайындық жоқ бүгін»,—деді.

—Бас болып сіз бармасаң, бара алмаймыз

Үйіткен қой, артқан саба бер,—деді.
Қамалап еді, бәйбіше бармақ болды,
Жорға ерттетіп мінді де, жүріп кетті.
Дуылдап жанның бәрі сонда кетіп,

Нұриладан басқа жан жоқ, жалғыз қалды.

—Біз көрдік сыбызғыны түнде, қожа,

Нанайын күндіз көріп тағы және.
Жазылса сыбызғыдан ағам дерті,
Мен сендік, ат құйрығын ұстасам да.
Қоржыннан суырып ап, алып келдім,

Нұрила көріп айтты: «Енді нандым».
Қуанғандай көңілі түрегеліп,
Толтырып тегенменен қымыз құйды.
Кеткендер ерулік ап, қайтып келді,

Дуылдап қыз-бозбала үйге кірді.
Балдыз болып тиіспекші, мені біліп,
Апама енді тұрып, шай бермеді.
Нұрила сайқы қылып айтты сонда:

—Бұрын бәрің мақтаушы ең, оның қайда?

Қазан бөлүш тұрғаннан біз тоюшы ек,
Ол жомарттық бір күнде құрып қап па?

бердіқожа  батыр
Өкпелеп ноғайына бәрі келді,
Алмапты алып барған ерулікті.
Нұрила Қожа менен біліп отыр,

Ажалдан аман қалған өзі кекті.
Сонымен қонақ болдым сол күн кешке,
Бұйырған қоналқа жеп, жаттым текке.

—Кісі қосып берейін деп едіңіз,—

Мен айттым: «жүрейін»,—деп бәйбішеге.

—Жарайды, кісі қосып берем, балам,

Көңіліңді малың үшін қылма алаң.
Қоржының мұнда қалып, қайтарда ал,
Жолыңды қабыл қылсын Хақ тағалам.
Қасыма бір кісіні қосып берді,

«Қонақты қарсы алсын» деп әмір етті.
Ауылы баласының кешегі топ
Үстіне мені бастап алып келді.
Ойладым: «Аттан түсіп бармайын, деп,

Тәуекел, жолымды айтып, көрейін», деп,
Дуылдап тағы үй тола жатыр екен,

—Сөйлес,—деп, айқай салдым—біреу кел,—деп.

Біреу келді: «Сен кімсің білмейтұғын?
Ауылды, елді көзге ілмейтұғын.
Алыстың адамындай қоқиланып,
Ат үстінен айқай сап «кел» дейтұғын».

—Ұзақтан жолаушымын келген мен де,

Ауыл жөнін сұрағанның міні бар ма?
Жоқ жоғалтып іздеген, жалғыз жүрген,
Өз атымды айтайын—Бердіқожа.
Үй-іші сөзімді естіп, тына қалды,

Дуылдап бәрі тысқа шыға қалды.
«Сен болсаң Бердіқожа, жібер бастап,
Келдің бе?»—деп көрісіп, қолымды алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол жерде тегенемен қымыз құйды,
Толтырып сары аяқпен әкеп берді.
Қолға алып, бір-ақ ұрттап салып едім,
Бәрі де: «Бұл қалай?»—деп көзін жіберді.

—Мен жөнімді айтайын, мен—жолаушы.

Шанышқылы—шыққан жерім, көкбояушы.
Үйірін қысырақтың жауға алдырып,
Келіп ем еліңізге мен сұраушы.
Үйірі қысырақтың жиырма бес,

Қайран мал ойлап кетсем, естен кетпес.
Қара көк, өзі жорға айғырымның,
Айдасам сойыл салып, су төгілмес.
Шығып ем сол малымның ізін қуып,

Ер келді сіздің елге, шөлден шығып.
Жолаушы жалғыз жүр деп көзге ілмеді,
Қалып тұр бұл жалғаннан көңілім суып.

—Білмеген қайдан білсін ердің жөнін,

Қоңыңыз, кешірім қып артық-кемін.
Малыңыз келмесе де, бір төлермін,
Естиік ендігі сөз сыбызғы үнінен.
Ойладым: «Сыбызғымды алайын, деп,

Ысқырып ащы күйге салайын, деп.
Кешегі менсінбеген би-болысты
Малменен соғыстырып қарайын»,—деп.
Мен тарттым қатты естіртіп малдың күйін,

Білгенге малдың күйі аса қиын.
Шуылдап қорада қой, үйді басты,
Қозы маңырап, қой шулап, болды жиын.
Қатын-қалаш, бала-шаға қойды қуды,

Тыңдаушы сыбызғыны үйге толды.
Тер басып Қоңыраттай қасымда отыр,
Шайқақтап сыбызғыға оқуды салды.

бердіқожа  батыр
Екінші және тарттым сиыр күйін,
Өнердің көрсетуге әрбір түрін.
Өкіріп сиыр, бұқа үйді басты,

Соғысып малмен жастар болды бейім.
Және тартып, шақырдым түйелерді,
Есіктен боздап ботаға оңды-солды.
Қуғанына қарамай қара буралар,

Сақылдап көбік шашып үйге келді.
Тартып ем жылқы күйін шуылдады,
Бейне қасқыр қуғандай шұрқырады.
Төрт түлікпен соғысып, қайтара алмай,

Алысып азаматтар дуылдады.
Қоңырат болыс айтты: «Батыр қожа,
Зарыққан ауру болдым, толды жылға.
Күндіз аман, түн болса, ішім күйіп,

Отырмын кірпік қақпай сары таңға.
Сонымен бақсы алдырдым, бал аштырып,
Оқыттым молдаларға дем салдыртып.
Келді де аққу киген бір дуана:

Шық,—деді,—болыс қайда?—айқай салды.
Батыр бар сыбызғышы Бердіқожа,
Іздеп тап жаның үшін, не қылсаң да.
Тарттырсаң сыбызғысын бір күн тыңдап,

Обалың менде болсын сонан қалсаң.
Сол үшін іздеп едік, Қожа, сені,
Таба алмай алты алаштан бәрі келді.
«Қай жақтан, қай рудан табамыз?» деп,

Жиылып топ болып ед неше күнде.
Білмеппіз, батыр, кепсіз кеше мұнда,
Келіпсіз Құдай айдап біздің жаққа.
Жазылып, сауыққандай болып тұрмын,

Сарқып кеп қадалып тұр кіндік жаққа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тартыңыз сыбызғыны тағы, батыр,
Басыма түссін енді заман ақыр.
Жазылсам, мал-жанымның бәрін берем,
Жүрсем де таяқ ұстап, болып пақыр».

Ойладым: «Адам күйін тартайын, деп.
Ысқыртып ащы күйге басайын, деп.
Жастан ұят, әйелден әдеп кетсін,
Біріне-бірін жастың қосайын»,—деп.

Жастар дуылдап, бір-бірін құшақтады,
Шал-кемпір о да қызып дуылдады.
Қасымдағы отырған болыс мырза
Көзінен жас домалап бұршақтады.

—Қожеке, енді тоқтат сыбызғыны,

Жастардан әдеп кетіп қызынғаны.
Адамға адам күйі қиын екен,
Ұялмай шал-кемпірдің бұзылғаны.
Мен тоқтаттым сыбызғыны осы жерде,

Қалың мал мақтапты ескі жолмен.
Он бес ат, он бес түйе байлаулы тұр,
«Марқалар марқалық бір ем» деген.
Тоқтаттым сыбызғыны осы жерде,

Жазылды бұ сырқаттан іші кепкен.
Той қылды ел шақырып жазылғанға,
«Бердіқожа келді,—деп,—құдіретпен».
Сұрады неше түрлі сөздің жайын:

—Жоғы болса, толтырармын ол ыңғайын.

Келсе де, келмесе де, мал табылар,
Онан басқа бар ма еді бұйымтайың?

—Ой, болыс, жасың құрбы замандассың,

Сұрадың өзің ашып сөздің басын.
Жүр едім үйлене алмай, бала жақпай,
Жұмысым іздеп келген—қарындасың.

бердіқожа  батыр

—Қожеке, олай болса келген ойың,

Келіпсіз Қызыр бастап, болар жолың.
Әке менен шешемізге ақыл салсаң,
Шешеміз өзі бастап қылар тойын.
Сонымен шешесіне кісі сапты,

Өзінің жазылғанын хабарлапты.
«Олай болса, бәрі де мұнда келсін,
Толық жұма той қылам өзім»,—депті.
Біз бардық ауылына баласымен,

Ноғайдың «алам» деген жаласымен.
Той қылды толық жұма ат шаптырып,
Қоңыраттай ақылдасып анасымен.

—Бұл елдің неше түрлі жүйрігі бар,

Солардың мақтанышын басасың ба?
Қосайын тұлпарымды, барып келсін,
Баланы қой, азамат жігіт мінсін.
Көмбеде сыбызғымен тосып тұрам,

Бұрылмай дәл өзіме тура келсін.
Ат кетті әлгі жерде жүзден аса,
Боп жатыр балуан сайыс, көп тамаша.
Ат шабар төбеге тосып алып,

Отырды сыбызғыны ұстап Бердіқожа.
Қалың шаң келе жатыр қаптай жосып,
Ысқырды сыбызғыға әнін қосып.
Бұлдырап жалғыз қара келе жатыр,

Бурадай омырауға көбік шашып.
Шаң болмаса ат қарасы көрінбейді,
Отырған сыбызғымен Қожаға кеп.
Тұлпары өзі келіп...

Барғанда тұлпар бірге барды созып,
Қайтарда бірге қайттық бетті бұрып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұлдырап біраздан соң көрініпті,
Көрінбей кетті бізден қараны үзіп.
Сонымен той да бітті, халық тарқап,
Жазылды Қоңыраттай дерттен аулақ.

Аппақ қып екі үй тігіп, енші беріп,
Көшірді ел-жұртымен, шығарып сап.
Міне, осы—Нұриланы алған жолым,
Иенде жалғыз ауыл жүрген жолым.

Қазақтың жалғыз тайын терлетпеймін,
Қытай мен қара қалмақ—менің жауым.
Жігіттер, қонақ болдың дәмін татып,
Ал, енді сөйлесейік жақын тартып.

Қайдан келдің, қай елсің, жөніңді айт,
Мен жөнімді отырдым бәрін айтып.

Ертеде Тұраналы ұғлы Бапан дейтін жас би қанжығалы
Үмбетей жырауға кеп сәлем беріпті дейді. Тілеу ұғлы Үмбетейдің
шау тартқан кезі болса керек. Қаршадайынан жайсаң өскен Ба­
пан қария жыраудың көңіл-күйін бірден таниды:

—Уа, ата, ұзақ жасап, көпті көрдіңіз. Менің ұлы атам қарт

Бөгембай батырдың серігі, Абылай ханның жырауы болған
екенсіз. Сарыарқаны жат жұрттан қашан тазартып, Ерейменге
елді қалай қондырғандарыңыздан қозғаңызшы,—депті.
Сонда Үмбетей жырау домбырасын құлақ күйіне келтіре

тебіреніп, ғажайып бір хикаяны—жаугершілік жырын былай
шерткен екен:
Менің атым Үмбетей,
Танығанға кім демей,

Жүрек соғып тұрғанда,
Жыр нөсерін құйғанда
Отырам неге үндемей.
Жорық жолы кеудемде,

Жатыр сайрап көмбедей.
Елдікті бастан өткердім,
Жүрген емен сөйлемей.
Бөгембай дүние салғалы

Қарлықты, рас, бұл көмей.
Даусым шықпай қалғаны,
Қадір тұтқан хан—төре
Құндамады күндемей.

Қия бір тартып жырласам,
Тыңдамады тілдемей!..
Жантай батыр

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұған қайтып шыдайды
Абыз туған Үмбетей.
Құрытқанша мысымды,
Тазартайын ішімді,

Шындықты енді бүркемей...
Әлқисса, Бапан биге Үмбетей жырау енді бағанағы сұрауына
жауап ретінде Жантай батырдың ерліктерін баяндайды:
Басталды бір жанжалдың басы былай,

Басқарып орта жүзде хан Абылай.
«Ақтабан—шұбырындының» кегі алынып,
Жоңғарды жеңген едік қағындырмай.
Арғынның Сыр бойынан қаптап көші,

Жетсе әрең талай жылда Арқаға осы.
Асқар тау, шалқар көлде жат жұрт отыр,
Болсын ол орта жүздің қайдан досы?!
Қалмақтың байлығы ірі бір бөлегі—

Қас маңғаз ойрат екен, елемеді.
Арнасын Ертіс-Есіл еркін еміп,
Кетірді келеңсіздер берекені.
Ауған сол Жоңғар таудан ойрат елі,

Қазақтың үш жүзіндей төрт тайпа еді.
Торғауыт, Дүрбіт, Хошот, Шорош бізге
Қапелім дегдарсынып бой бермеді.
О күнде күш жағынан ел қаралас,

Жүрсе де мал мен басы күнде аралас.
Ежелгі жау еміреніп біріккен бе,
Ұзамай мәлден өтіп шықты талас.
Намысқа кір тигенде ел күйінеді,

Құрсанып мұздай темір түйінеді.
Өлімнен қорқып елін қорғамаса,
Қайратсыз жігітке кім сүйінеді!

жантай  батыр
Қазақта Қаз дауысты Қазыбекті,
Қабанбай, Бөгембай мен Жәнібекті—
Халықтың қаһарманы, қамқоры деп,

Дос түгіл, дұшпаны да аңыз етті.
Ер туса, болсын сондай ерліктері,
Шорлатқан саф алтынмен белдіктері,
Көк сүңгі, қайқы болат, садақ еді

Жауына көрсететін елдіктері.
Бадан көз, тоғыз тор сауыт киіп,
Соғысса қара бұлттай қабақ түйіп,
Ұрандап асаудайын ақыратын,

Көрген жоқ өз тұсында жаны күйіп.
Арқаны тазартуға жаттан талай,
Белгілеп үш ту басы хан Абылай.
Қабанбай, Бөгембай мен Жәнібекті

Үш жаққа аттандырды жазға қарай.
Бет түзеп соның бірі Ерейменге,
Күркіреп ұшан күшпен жөнелгенде,
Көрінді тұқырынған қылаң-баран

Тұлпарлы батырлардың бітімі өзге.
Қарасұр, жуан тұмсық еңгезердей,
Нарқызыл астындағы тұрған тілдей.
Өңгерген алты құлаш улы найза,

Ажары құлақтанған қысқы күндей.
Қолында алмас жүзді тұр наркескен,
Қынабын жасатқан-ды саф күмістен,
Шойыннан, сүйкеп кетсе, от шығарар,

Көлденең көктасты да кесіп түскен.
Бұл адам—іс қылатын болжап, байқап,
Ырысын бұза алмайтын ешкім шайқап,
Атақты қанжығалы қарт Бөгембай—

Жауыңды жеке өзі келер жайпап.
21-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екінші, ат көкше қызыл құдия біткен,
Тар мықын, бөктершекті, тұяқ кетпен.
Ұзын бас, қысқа мойын сүйріктей боп,
Көз жайнап, ауызынан көбік төккен.

Апайтөс, алшаңдаған, тегі—дүлдүл,
Қиядан естіледі шыққан дүбір,
Жорықта жарты ай жортып, алты ай шапса,
Болдырмас тұяқтының жүйрігі бұл.

Жар қабақ, кең жауырын, түлкі құрсақ,
Көзі отты, кеудесі өр, бойы сұңғақ,
Білектей дойырын бір тастамайды,
Дұшпанның мысын басар осымен-ақ.

Қасқырдың қызыл жанды арланындай—
Бұл кісі Ниязұғлы батыр Жантай.
Жалғыз-ақ Бөгембайдан бата алу шарт,
Қайтпайды жауға тисе тақырламай.

Үшінші, қаруы бар шымқай болат,
Кескіні жас барыстай қимылы жат,
Жантайға немере іні бұл Үйсімбай,
Мінгені желден жүйрік сарбауыр ат.

Төртінші, қаракер ат белі қайқаң,
Сырт қысқа, бауры жазық, бұты талтаң.
Ақсары дөңгелек бет, зор денелі,
Бұл адам—Мәмбетұлы батыр Атан.

Бесінші, мінген аты қара қасқа,
Даңқы асты тұсындағы дос пен қасқа.
Атанның ағасы бұл батыр Досай,
Шамасы, ол күндері елу жаста.

Алды—жар, түсі суық, арты—жартас,
Ұрыста бұған таяу адам бармас.
Ұрттайды төккен қанын шімірікпей,
Бетіне тура қарап жан тұра алмас.

жантай  батыр
Бәрінде асфаһан бар зер қынапты,
Көк сүңгі көмекейлі, ырғай сапты.
Алмас үш бәрі тілге у жалатқан,

Садаққа сай ғып ілген қорамсақты!..
Әлқисса, қарт Бөгембай батыр жаңағы сарбазынан жарғыш
топ құрып, атамекендерді аралайды.
Арқаға нелер сұлу жер жетпеген,

Қызығын кімдер көріп, кім кетпеген?!
Сұлуы сұлудың да бар емес пе,
Бұ жақта Ерейменнен жер өтпеген.
Ереймен—тау біткеннің көрнектісі,

Жел тұрса ашылады жеті есігі.
Орманға бөленбеген өңірі жоқ,
Орнаған құт-береке, ел бесігі.
Жайлаған арқар, бұғы жасыл сайды,

Құлындай құлан, бұлан шұнаңдайды.
Осылар осқырғанда тау жаңғырып,
Түлкілер иттей шулап бұлаңдайды.
Арудай аққұбаша қайың киіп,

Ереймен тұр төбесі көкке тиіп.
Сылдырап күміс бұлақ, тарғыл тоғай,
Төскейде қарсы алады басын иіп.
Ойпаңда тұз айдыны жалтыраған,

Қойнауда арналы өзен сарқыраған.
Жарқырап көлдерде су, құс қиқулап,
Қоғалы май құрақтар қалтыраған.
Кеткісі келер кімнің мұндай жерден,

Мал өсіп, өніп жатса ыңғай төлден.
Көп ойрат Сарыарқадан көшкен кезде,
Торғауыт жасырынып қалған екен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қаңтардың аязындай лебі суық—
Қалың қол тау шетіне келсе жуық,
Биіктен қылаң етіп бір-екі атты,
Жарғыш топ көз айырмай кетті қуып.

Баспалап шоқпар шоқы Найзатастан
Шолысақ, қылаң етіп әлгі қашқан—
Он мың үй торғауыттың жансызы екен
Қазақты келтірмеуге қам ғып жатқан.

Хұнтайша Уса-Серең шерік бастап,
Қарын дәу айбар шеге тұр ойқастап.
«Біз бұрын қонған елміз Ерейменге,
Баспаңдар,—дейді,—бірің жерді ыластап!»

Жау шықса жар астынан өкіреңдеп,
Кім төзер, қуып шықпай дереу тергеп.
Аң басы суық болсын дей беріңіз,
Кеудені кетті ашу өрттей кернеп.

Бөгембай тұтқиылдан ұран салып,
Ірбедал батырларды өткір жанып,
«Көрсет таз теперішін» дегенінде
Ер Жантай жау тобына тиді барып.

Жарқылдап найза, қылыш сумаң қақты,
Көктұйғын киіп жарып, жұлдызша ақты.
Жабылған торғауытты жалтара ұрып,
Жантекең ерегісе сермеп бақты.

Досай жүр кейбіреуді қоңнан түйреп,
Кейбірін көкбөрідей жұлқып, сүйреп.
Дұшпанның жүз елуін түсірді аттан,
Қалмады қарсы жақ да оңай күйреп.

Қорын дәу қолы қанды кәпір еді,
Досайды көкке атқалы жатыр еді,
Атан кеп ту сыртынан қанжар ұрып,
Ақберен жау жүрегін жарып берді.

жантай  батыр
Сауыттың қоспасына тура дарып,
Сүңгіген сом болатты суырып алып.
Байқасаң, майысып, не ауытқымай,

Жебеге тіреліпті тік қадалып.
Ер Жантай дәуді тірі ырғап-ырғап,
Жерге ұрды салмағымен көтеріп ап.
Күрең ат кетті ытқып шырқ айнала,

Жау қаны ақты балғын шөпті былғап.
Хұнтайша тау ішінде қапы қалмай,
Қаншама ұрысса да жүзі жанбай,
Амалсыз, Қандыөзекте тайып берді,

Жантайдың тізесіне шыдай алмай.
Бөтен ел құныққанмен Ерейменге,
Біреуге бұйырғанды біреу жей ме?
Әр камалға бір зауал болуы анық,

Жеті ру сонан бері Ерейменде.
Шыққан соң кеме киіп, қайық судан,
Көрдік біз обаларды «Қалмақ қырған».
Төскейде топтанған көп сонау сымтас—

Екі елдің ерлері еді болған құрбан...
Әлқисса, басқыншы торғауыттар көздерінен көк мұнар тау
бір-бір ұшып, он мың үйі көтеріле көшкенімен, ұзап кетпей­
ді. Ерейменнің оң қанатындағы Аюлы-Ниязға иірілген. Ол

Күрлеуіт қыпшақ жері еді. Бөгембай қолы Ерейменге олжалы
қайтты.
Жарғыш топ жаудан түскен үш жүз атты,
Сайында Күншалғанның қамалапты.

Осқырып ер-тұрманды Арқар күрең,
Тік қарғып еш батырға қарамапты.
Қашқан сол құйрық тігіп дәу күреңді,
Бөгембай Нарқызылмен қайрып келді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Атпаса, ұстатар ма, қоршаған соң,
Жануар тұрды лажсыз тарпып жерді.
Шығыста көтеріліп нұрлы ақтаңдақ,
Батыста түн пердесі түрілген шақ,

Сынады Бөкең, Атан, Жантай, Досай,
Күреңді желдірткенде мініп жайдақ.
Бөкеңнің әкесі—Ақша мұндай атты,
«Талтүсте туған тұлпар» деп атапты.

Жануардың міні жоқ-ау тұлғасында,
Талғамас таршылықта күй мен бапты.
Күдірден күдір асса үдейтұғын,
Жылқы екен босаңсуды білмейтұғын.

Мынау өр, мынау ылди демес шапса,
Шаңына кім көмілмес түзде мұның!
Атан айтты: көзі оттай жанады екен,
Қорын дәу қалай күтіп, бағады екен.

Арабтың дүлдүліндей ұшқалы тұр,
Қайда оттап, қанша жусап, шабады екен?
Кермеде жұмыртқадай көрініп тек,
Қояндай ұзарады қызса үдеп.

Бауыры бүктетіліп жазылады,
Тұрасың қарғығанда елік пе деп.
Жұдырықтай түйілген бұлшық еті,
Жүгірсе, ширатылып сілкінеді.

Бәйгеге ұлы дүбір қоса қалсақ,
Жануар басып озып келер тегі...
Жантай айтты: «Шоқтығы өр сияқты,
Кетпейтін ер мойнына тиянақты,

Салпы ерін, көнек танау, ұзын тісті,
Ойламас шөлде шапса сусамақты.

жантай  батыр
Сүрінбес, қия бетте не жығылмас,
Қабырға қарын жақты қымтапты рас.
Кең сауыр, күлте құйрық, ерен жүйрік,

Тар жерде топырақты қылатын ас.
Сүбесі қос қапталмен құшақтасқан,
Тартыста қажымайтын белі қақпан.
Дыбысты түстік жерден сезетұғын,

Түлкідей тік құлағы тым жарасқан».
Досай айтты: «Көтендігі ала майлы,
Күй таңдап қоң етіне қарамайды.
Құндыздай құлпыратын түгі асыл,

Жорықта терін үгіп тарамайды.
Қыл түбі құйрығының тым қомақты,
Білмейді сары аяздан бұл тоңбақты.
Қысқа жон, ұзын бауыр, нағыз пырақ,

Мынаны мінген батыр болар бақты».
Ерттетіп Бөкең Арқар күрең атты,
Әдейі тау төсіне тұра шапты.
Шыққанда жотаның сол төбесіне,

Көзіне бір ақ алмас түсе қапты.
Айбалта—ырғай сапта, болат қияқ,
Жебесі жарты қарыс, жүзі өткір-ақ.
Қарт Бөкең қынабынан суырғанда,

Жарқ етті шағылғандай құрыш тұяқ.
Нарқызыл, Жамбыкердей қос тұлпардан
Күреңді қадір тұтып, мініп алған—
Қаһарман қолбасымыз Бөкең сонда

Тауды әлгі «Балтақара» деп атаған.
Қызғанып аңдар, құстар тауды биік,
Орғып жүр ерсіл-қарсыл арқар, киік.
Лақтырған тастай зулап түйіледі,

Аңдыған жер тағысын көкте ақиық.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қуанған ие болып Ерейменге
Біздің ел таласты да шүйгін белге,
Алмақ боп аты озғаны таңдағанын,
Ажыдан жарысты ерлер ертеңінде.

О күнде іс болмады не ғаламат,
Жүлде алып жас Маймасар, дәу Күрең ат.
Қарт Бөкең Қоржынкөлге өз қолымен
Тіктірді ақ ордасын тоғыз қанат.

Бөкең—Есен Жантайдың тегі—Бозым,
Халыққа пана еткен олар өзін.
Бөгембай Қаратаудан әрі қарай
Қоныс қып берді еліне жердің көбін.

Жантайдың кәрі ағасы—батыр Мұжы,
Жарысты екінші боп со бір күні,
Басына белгі тастап бірер таудың,
Шыңына Жуантөбе шықты өзі.

Найзасын шанышты да Айғыржалға,
Бүркітін қондырды әкеп батыс тауға.
Кісесін Керегетас буыныпты,
Берер ме бұ қонысты ол сірә жауға!..

Әлқисса, Бөгембай батырлар Ерейменнен қуып жіберген он
мың үйлі торғауыт бұл кезде «ежелгі жау ел болмайтынның»
кебіне басып, қайта бас көтереді.
Хұнтайша Уса-Серең жорта бүгін

Ханына бағынбақ боп Орта жүздің,
Аттанды Аюлыдан—Көкшетауға,
Кім білсін не боларын арты мұның?!
Кекті жау босқанымен іші күйіп,

Кете ме кек жоқтамай—іші күйік.
Құзғындай қанға жерік, аяр, шіркін,
Сұмдықты шықты ма әлде ішке түйіп.

жантай  батыр
Көкшеден ығай-сығай сардар ертіп,
Ел қамын, ерлік жайын күле шертіп,
Абылай Ерейменге келе жатқан

Кездесті ханға Уса білмегенсіп.
Құрметтеп Уса-Серең Абылайды,
Төс қағып көрісуге құшақ жайды.
Бодан боп ат үстінен еңкейгенмен,

Хұнтайша ұлықтығын тастамайды.
Абылай құшағына қарсы барды,
Пиғылын бодансыған танып қалды.
Усаны қалмақы ерден жұлып алып,

Қанжарға қынаптағы қолын салды.
Ашуы борандатып түтей қалған—
Қаһарлы теріс азу Абылай хан
Басшысын осы арада бірақ орып,

Кетірмек торғауытты Сарыарқадан.
Абылай Усаны тез қойша өңгеріп,
Күреге таянғанда қанжар төніп,
Тарақты Жәпек батыр оң бүйірден

Жармасты хан қолына ерсі көріп:
«Алдияр! Тыңдатсын да датын айтып,
Жүрмеңіз әділеттік жолдан тайқып.
Алдыңа келген жанның басын кессең,

Мұң шағар,—деді,—сізге адам қайтып».
Абылай селебесін күрт жалтартып,
Усаны бауыздамай қия тартып:
«Бағынса, жаяу келу керек еді»—

Деді де қоя берді біраз қарпып.
Сөнгенін хан бойында тұтанған шоқ,
Сардардың біреуі де ұнатқан жоқ.
Абылай ел аңысын аңдаған соң

Жәпекке атты кейіп тілінен оқ:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Қалмақтың сырты адал, іші арам,
Ханы өлсе, кетпей ме елі бұл арадан.
«Жауды аяған жаралы» қалатұғын,
Киліктің көлденеңге неге маған?

Сен қашан Байқозыдай батыр едің,
Мен сенің мінезіңе тәнті мә едім?
Кесірің тисе ертең таудағы елге,
Кесілер ең әуелі басың сенің!..»

Үйіне аман келіп Уса-Серең,
Ойларға қилы-қилы батты терең.
Бас қосып бектерімен күңкілдесті:
«Хан сиқы мынау болса, кімге сенем?

Ойы жоқ Абылайдың құрмет қылмақ,
Аңғартты дұшпандығын бір көргенде-ақ.
Не сұмдық ат үстінен жұлып алған,
Егессе батыр Жантай, тағы қырмақ!»

Он мың үй торғауыттың қорғаушысы,
Болжампаз Қоске-лама—зымиян кісі.
«Абылайдың Қасымы ергіш дейтін,
Алдырып соны оңаша айналдыршы.

Тойында «сабан сарай» кішірейіп,
Аруды күнде бау ғып үшірейік.
Қашанда «Даудың артын қыз бітейтін»,
Тұзаққа осылай бір түсірейік».

Мақұлдап бекзадалар құпия кепті,
Хұнтайша: тапқан ақыл бұ да депті.
Салтымен еру елдің хан баласын
Қонаққа шақыруға елші кетті.

Әлқисса, Абылай ордасы торғауыт елшілерін жылы шырай­
мен қабылдайды. Бірақ ханзаданы қыздың шақыруы тегін емес
екенін де сезініпті.

жантай  батыр
Ордада ең жеңілтек мақтан сүйгіш,
Жас Қасым екені рас жанып күйгіш.
Қазаққа өш Қалдан ханның жиені бұл,

Әумесер, көрсеқызар, құр қара күш.
Қанқұмар, қызыққа әуес, ойын-тойшыл,
Бола ма ондай адам терең ойшыл.
Қасым тек көбелектей ұшпақ болды,

Жұпарын аңқытқанға әдемі гүл.
Арбасқан ата жауға кім нанады?
Абылай шақыруды құптамады.
Бұл іске Топыш ханым наразы боп,

Ой тастап, Абылайға мұң шағады:
«Ей, сұлтан, абыройың жұрттан асқан,
Бағың мен тағыңа елде жоқ таласқан.
Құмартып шақыртқанға жібермесең,

Демей ме біреу сені асып тасқан.
Жарың боп [қосағың] ем қолқа салған,
Бір сапар жолдас ақым беліме алған.
Жіберші естияр көп нөгер қосып,

Тәуекел, көрсін қызды Қасым задаң!»
Абылай ханым сөзін ауыр көрді,
Қимады жолдастығын, ылажсыз көнді.
Әйтсе де өзі іштей пұшайман боп,

Арғыннан қырық кісі таңдап бөлді.
Қонаққа: қарауылдан шешен Қанай,
Сүйіндіктен баспа қу би Төлебай,
Уақтан батыр Сары бірге аттанып,

Жыраудан Үмбетейді қосты болмай.
Басталып «сабан сарай» тойы ертерек,
Көгалға он ақ боз үй тіккен ерек.
Қасымға арнап бір үй жасаулапты,

Жайнатқан сансыз сая тым өзгерек.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қырық қыз даяғатшы қойған оған,
Күмбірлеп керней, сырнай күй шалқытқан.
Енгізді ханзаданы осында әкеп,
Нөгерден Үмбетей-ақ онда болған.

Бір сауық он мың үйге қанша қымбат,
Байлықты асырмақшы бұл зиярат.
Дәулетті той сәулеті паш етіп тұр,
Бұлаңдап керме толы сәйгүлік ат.

Ең ару қырық қызда—хан қызы да,
Әйел кіндік дегеннен жалғызы да.
Ағасы Құбылай, Құтан көкжал бөрі,
Айнышты ол батырлыққа баулыды да.

Ақ маңдай, құралай қыз, қиылған қас,
Ажары жарқылдаған бір гауһар тас.
Ерке Айныш қылыштағыш һәм найзагер,
Ешқайсысы садақшының бұдан аспас.

Қарына іліп кейде берік қалқан,
Сауытты, дулығаны киіп алған.
Қарғытып қарақасқа тұлпарын тез—
Ойнайды үйдей тас пен биік жардан.

Сәукеле алтын тағып, күміс жапқан,
Етігі шымқай қызыл сақтияннан.
Пістедей қырлы мұрын, жұқа ерін,
Көйлегі зер тоқытып, оюлатқан.

Мәрмәрдай отыз тісін жұлдыз дерсің,
Қолаң шаш кереқұлаш құндыз дерсің.
Қастары қарлығаштың қанатындай,
Жұп-жұмыр аққу мойын көрсең көркін.

Бұралған тал шыбықтай құмырсқа бел,
Мықыны шығыңқылау орнатқан дер.
Торғындай үлбіреген жаны-тәні,
Бітпеген мүшесінде бір оғаш жер.

жантай  батыр
Жазғы кеш, жерді басқан түн түнегі,
Құбыла төңкеріліп мөлдір көзі.
Көлгір қыз ұрт Қасымды өзі оятып,

Аузынан мүләйімсіп шықты сөзі:
«О, күнім—ханзадамыз, басың көтер,
Ұйқыны күйттейтұғын уақыт жетер.
Оң жақта қасіретті мен бір ғарып,

Мүсіркеп көңіл бөлсең, қайғым кетер.
Түсімде аян болған Қасым атың,
Жаралған екен нұрдан арғы затың.
Сағымға садақ ілген абзал тұқым,

Дүниеде бір сіз ғана махаббатым.
Дүркіреп құба қалмақ көшкенде тек,
Бөгеп ем бір сіз үшін елді тежеп.
Ғашықтық оты лаулап жүрегімде,

Халқымның сорлауына болдым себеп.
Қоныстан Ереймендей зеңгір таулы,
Айрылып көз жасымыз қан боп жауды.
Қасқырдай талатқан соң қарт Бөгембай,

Сасқан жұрт пана таппай осында ауды.
Ей, төре, қорлық па бұл біз ұмытар,
Әперсең қоныс, өріс елім тұрар.
Шын сүйсең «жарым сен» деп әкел қолың,

Емеспін енді соқпа дертке шыдар.
Жүрегің соқса анық мені ұнатып,
Елімді уата гөр тез жұбатып.
Сүймесең, өртендірмей жас жанымды,

Өлтірші осы түнде өзің атып!»
Білгенде Қасым қыздың жан күйігін,
Ант етті орындауға шыққан мұңын.
«Перизат, ғашық едім сізге мен де!»—

Деп қызды бауырына тартты бұрын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жетіп кеп даяшы қыз екі жасты,
Сүңгітіп бір төсекке, көрпе жапты.
Мәлім ғой айтпасақ та ендігі іс,
Сұм сұлу жел желіктің жемін тапты.

... Тойлы ауыл семіз етті үйіп жатыр,
Сары қымыз, қара арзаны құйып жатыр.
Құданың дастарханы кең жайылып,
Қонақтар кекірік атып, күйіп жатыр.

Даурығып дөңге шықты, жұрт екі жар,
Жігіттер дуылдасып, тартты көкпар.
Мергендер жамбы атысып, аттар шауып,
Жұлқысып күресуде палуандар.

Будданың майдеріндей Уса-Серең,
Абылайға төрт тоғанақ тарту бөлген.
Билерге үш құл, он бес жорға сыйлап,
Батырға бір күң, екі нар әкелген.

Басқаға кілем жапқан түйе ұстатып,
Олжаға қырық арғын қалды батып.
Қызара бөртіп құда-күйеу болмыс,
Қайтты елге Аюлыдан думандатып!..

Әлқисса, хан ордасында елегізіп отырған сардарлар Қанай-
Төлебай бастаған қонақтардың сын сапардан аман қайтып
оралғанына қатты қуанады.
Жадырап жаз күніндей хан мен ханым,

Разы боп тартуына хұнтайшаның.
Билерді жіберді әдей Ерейменге,
«Бөкеңе мәлімде» деп істің мәнін.
Ханзада Қасым өңкей сыбайласты,

Желпінтіп «түрт шайтанға» қайта басты.
Түстеніп Бөгембайдың ауылына,
Қоржынкөл жағасында жиын ашты.

жантай  батыр
Қоржынкөл—көлдердің ең таңдамасы,
Кең қорық, қалың тоғай айналасы.
Түбінде гранит бар, жағасы құм,

Ұмытар елдің оны қай баласы.
Көлдің сол күмбірлеген басы қандай,
Ойы жоқ сұмдықты бір жасырғандай.
Айдыны тұнған тарих, толған аңыз,

Айтады тыңдағанға ашылғандай.
Торғауыт арбағанмен қызын тосып,
Абылай жібергенмен биін қосып.
Қасымнан имене ме жер иесі,

Қоныстан кім айрылар енді босып.
Халыққа қиянат-ау осы кеңес,
Дұшпанға жер әпермек етіп егес.
Жер жауы, жесір дауы деген іске,

О кезде басқы дауың теңеуде емес.
Бөгембай қолбасы ғой, көпке ортақ,
Болуға ханға қарсы өте шорқақ.
Кім білсін не дейтінін Жантай батыр,

Кеңесіп бітсе жақсы келмей томпақ.
Ханзада сөзді бірден бастап қырын:
«Ереймен сенікі емес,—деді,—бұрын.
Қоңсы елге қоныс, өріс беру керек,

Не бетпен қаңғыртасың он мың үйін?
Жауықпай пана етіп о да сізді,
Уақытша пайдаланбақ жеріңізді.
Тіреспе қанжығалы сыйың дайын,

Жөн болар құптағаның тегі бізді».

—Ей,—деді Жантай батыр тіке қарап,

Жағынып мен ешкімнен алман сауап.
Тауымнан ұлтарақтай жер бермеймін,
Қалмаққа төрелер-ақ қылсын тауап!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дүрдиіп Қасым төре ашуланды,
Дес бермей аузына оғаш сөздер алды:

—Дегенге «батыр-батыр» баспа алшаң,

Әперем, сен бересің!—деп-ақ салды.
Жантай айтты: «Шырағым, сен дүрдиме,
Дүрдиіп сала алмайсың, басқа күйге.
Кеше елім қан төгісіп қонған жердің,

Пұшпағын бастырмаймын ешкіміңе.
Торғауыт тыныштықты бұза алмайды,
Жеті ру жерін беріп қыз алмайды.
Телімге түсіп еді шешең Топыш,

Сен қайдан тауып тұрсың мынандайды?!.»
Жантайға Қасым азу басыңқырап,
Басқаға бас көтертпей басынып ап,
Қорбаңдап жұртқа «үйіңе тара!» деді,

Жантай да онысына қалды шыдап.
Дуылдап сөнген шала пықсығандай,
Дағдарды ел біреуін де ықтыра алмай.
Кешқұрым Қанай сонда батырға кеп,

Жорғақтап сөз бастады бұқтырғандай:
«Уа, Бөке, жұрт біздерді көріп пана,
Арқада қосып еді басын жаңа.
Түсінбей емеурінге ерсі сөйлеп,

Кеп қалды шәлкем-шалыс екі бала.
Бұл күнде туу қиын бала дана,
Олардың ойы шикі, ісі шала.
Қалмай ма жаманаты екеумізге,

Қозғалса мұны дұшпан біле сала.
Төңірек торып тұрған жау емес пе,
Тау түгіл Сарыарқа да дау емес пе?
Іркіттей іштен борсып сасысақ біз,

Сыртқы жау тап беруден сау емес те.

жантай  батыр
Патшасын алдағалы Сәмеке хан,
Орыс та қырғиқабақ, етпек бодан,
Қытайдың «көктәңірісі» аңдып тұрып,

Қазақты қосып алмақ шекарадан.
Жөн айтып тоқтатыңыз еріңізді,
Інің ғой бұзбас Жантай лебіңізді.
Өңірін бірер таудың берсең бөліп,

Құндамақ Абылай хан еліңізді».
Қанай би орай-борай қырына алып,
Қу тілмен тұңғиыққа қармақ салып,
Шортандай бас батырды бұрды өзіне,

Шоршытпай бейуақытта оңдап шалып.
Қарт Бөкең келіскен соң батыр Жантай
Кеңесте көнді амалсыз қоқиланбай.
Жетіру торғауытпен шартқа отырып,

Кең байтақ үш өңірді берді шалғай.
Басына Есіл—Нұра тұспа тұстау,
Бар еді нар өркешті құмандай тау.
Жан-жағы терең шатқал, шымдақ, сортаң

Жұрт оны десетұғын «теріс қыстау».
Аюлы, Терісқыстау, Балтақара
Қоңсыға берілді де, осы арада:
Жантайдың ер інісі Арқандарды

Қойды хан елшілікке, шекараға.
Арқандар үш аймақты қарап тұрды,
Бар-жоқты іштен, сырттан санап тұрды.
Алынған басқа жақтан асыл заттар

Қолынан Арқандардың тарап тұрды.
Бағынып Орта жүзге қоңсы халық,
Хұнтайша қасам* ішіп ант берді анық.
* Қасам—қалмақша ант суы

22-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Елші онда бес жыл тұрмақ тағдыр шешіп,
Шарттасқан елдің бұған бәрі қанық.

Әлқисса, Уса-Серең басқарған он мың үйлі торғауыт уа­
қытша қоныстанған үш аймақта шаруашылығын дамытып
өркендетеді. Қазақпен тату-тәтті. Арада қауесет жоқ.
Екі ханның байланыс-қатынасы сырттан қарағанда мығым

сияқты. Міне, бір жарым жыл ойын-сауықпен өтті. Қасым төре
осы күзде үйленбек. Енді соны көрейік.
Әр елдің, әр заманның салты бөлек,
Асыра мақтап, даттап неге керек?

Әр күнді өз көзімен көргеніңде,
Көңілің тояттанар тым өзгерек.
Ежелден ер қанаты—сәйгүлік ат,
Қалмақта түліктердің тегі де жат.

Торғауыт ыңғай тұлпар, аруана ұстап,
Өсірген желмаяны небір қымбат.
Ақтұмсық аруана бар аяғы ұзын,
Бойының биіктігі қол ұсыным.

Бұйра бас, бөкен қабақ, бөрі құрсақ,
Тығыз жүн—хауіп емес оған қысың.
Атқиды саусаң, шұбат ақбұлақтай,
Қарғиды тас, жырадан жас ылақтай.

Жар салсаң, желмен ойнап, суда жүзіп,
Жүгірер апта бойы от-су таппай.
Қоңсыға Терісқыстау пайда болып,
Зергері жер астында қару соғып,

Селебе, бұйда пышақ, қанжар, қылыш,
Таратқан үй басына қаурыт бөліп.
Үш қарыс найзасының үшкір басы,
Жалтылдап жығасы мен дулығасы.

Сайкез оқ, сауытбұзар, қозы жаурын,
Гүрзі сілтеп, селебе суырады.

жантай  батыр
Құрытып қысқа аяқты қара малын,
Төлдетпей ұзын аяқ жануарын.
Тұлпарын тусыратып, бедеу баптап,

Торғауыт жасай берген кету қамын.
Достасқан қасам ішіп қоңсы елі,
Жүктерін тең-тең буып дүрлігеді.
Хұнтайша күнде бау деп сендірсе де,

Айныпты ханзададан қыз жүрегі.
Сүйгенсіп Айныш енді Арқандарды,
Қасына жиі ертіп, баурап алды.
Сайқал қыз ар-ұяттан жұрдай қазір,

Сейілге шығып талай сайға барды.
Жантайдың өр інісі ер Үйсімбай,
Бір күні желмаямен серуендеп жай.
Тау-таудан арқар атып, қасқыр соғып,

Олжалы қайтады үйге кешке қарай.
Қызығып Арқандар сол жүрдек нарға,
«Маған бер мұны,—депті,—қансонарда».
Үйсімбай намысына тиіп оның,

«Ер болсаң қалмақты шап,—дейді,—барда».
Сезгенде мекер Айныш мына кепті,
Қоздырып қасақана соқпа дертті.
Қоскенің құрған қанды қақпанына

Елшіні итермелеп, былай депті:
«Әкетпек Қасым төре мені елден,
Шығады шатақ енді екеуіңнен.
Қор болмай кетейік тез, желмая тап,

Бүлінер екі жақта бірің өлсең».
Тамыздың самал ескен айлы түні,
Жата ма желіккен жан ондай күні.
Мейізгек термешелі інгендей қыз,

Әзәзіл мәймөңкелеп айтты мұны.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқандар аңғарған ба қыз қылығын,
Отарға аңқып барып білмей түгін,
Таңдаулы тоғыз маяны айдап кетті,
Сол болды түпке жеткен құба жұлын!

Усаның бар еді онда мың түйесі,
Таң ата масқараны білді иесі.
Арқандар тосқауылдап барады артта,
Ақылын нәпсі билеп, шығыпты есі.

Адамды сасық қамал оңдыра ма,
Даңғыра қағылғанда, Қоске лама,
Құбылай, Құтан, Айныш, бүкіл ноян
Өкшелей қуып берді көре сала.

Арқандар садағын тез тартты шіреп,
Қайрылмай алдыңғылар кетіпті үдеп.
Құрытпай қамаған көп қоя ма енді,
Торғауыт төне қалды найза тіреп.

Қақты тек айбалтамен Құтан бірде,
Арқандар есеңгіреді ат үстінде.
Қарабет азғын ару қанжар сұғып,
Қиылды ер қыршынынан жапан түзде!

Әлқисса, жаманат сөз желмен ұшпай жата ма? Бодан елдің
арамдығын, елшінің өлімін білгенде жетірудың еңкейген
кәрісіне дейін буырқанып атқа мінді.
Атанған жас жолбарыс батыр Жантай,

Төсектен атып тұрып әбжыландай.
Тор көзді, тоқсан зерлі, оқ өтпейтін—
Кіреуке киді әуелі қапы қалмай.
Ішінен кіреукенің далба киді,

Сары жібек судыраған жылы тиді.
Сыртынан он екі күміс түймесі бар,
Ақ болат сауыт киіп, берік түйді.

жантай  батыр
Садақпен қорамсақты, асфаһанды—
Асынып алмас ұшты найзаны алды.
Қарына қалқан іліп, дойыр ұстап,

Басына дулығасын кие аттанды.
Таудағы жетірудан «Толыбайлап»,
Жөнелді бес жүз жігіт «Қойшаңбайлап».
Абылай қонақ еді Қоржынкөлде,

Ер Жантай сырттан үйге кірді айғайлап.
«Хан ием құдаларың қашып кетті,
Інімнің қанын судай шашып кетті.
Жауды аяп, жаралаттың ақырында,

Бөкеңді сенің мысың басып кетті.
Шыдаймыз бұған қайтып шамырқанбай,
Бауырдан бес жүз жігіт шықтық маңдай.
Беретін қандай күшің—көмегің бар?

Босатпан қашқындардан кегімді алмай!»
Бөкең айтты: «Қуғанмен әлің келмес,
Сабыр ет, күш топтайық оған теңдес.
Жасанған жауды қуып көзсіз ердей,

Аз қолмен айқасуың дұрыс емес.
Ерлік пе өртке қарсы жалғыз шабу,
Уды ішіп көре-біле қаза табу?!
Сенімен тар кезеңде бірге болмай,

Бізге де ылайық па үйде қалу?!
Қашқынды осал деме, о да алып,
Сорласаң, өкінерсің торда қалып,
«Асығу—шайтан ісі» деген қайда,

Ақылмен кек алайық, байқап барып».
Хан айтты: «Түсінсеңші бұл қылыққа,
Елшінің ел тонауы дұрыстық па?
Усаның тоғыз нарын неге әкелді,

Ініңді итерген кім бұзықтыққа?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қуғанда жау қолынан болмай жазым,
Ханының жұлсаң жақсы бастан тәжін.
Тапқанмен жауға төтеп бере алмасаң,
Батырым, түсірерсің бетіңе әжім.

Қапыда түсіргендей елімді отқа,
Бүлдірді Уса-Серең ойда жоқта.
Қашқындар қайда барса, құтылмайды,
Жаным сен жеке шаппа, бүгін тоқта!»

Абылай жасақтауға жарлық қылды,
Бөгембай сарбаздардың санын білді,
Тоқтай ма лапылдаған Жантай оған,
Желаяқ тұлпарына қарғып мінді:

«Хан, сенің тегін емес бопсалауың,
Құдаңның көздеп тұрсың тек ұзауын.
Бөгеме жүрегімді сыздатып құр,
Ұшайын ағытыңдар балақ бауым.

Ақиық мұзбалақпын тілеп ұшсам,
Қос топшым қияды оны өкпе тұстан.
Құйрығым бар емес пе, қанат талса,
Несіне тайынамын бұл ұрыстан?!

Туғалы көріп па едім жаудан қорқып,
Ерлік пе құр кіжіну сыртта сомсып?!
Не қырылып, не қырып келемін»,—деп
Ер Жантай еміренбей кетті жортып.

«Мынауың жазым болып қалмаса игі,
Күйініп неге мұнша жанын қиды?
Аузынан шықты бұрын «қырылам» деу!»—
Деп Бөкең бәйбішесі қабақ түйді.

Әлқисса, орта жүздің ханы мен қолбасылары жорыққа
қауырт қамданып, жер қайысқан көп қолмен аттанғанша бір
аптадай уақыт өтіп кеткен.

жантай  батыр
Кеудесін кернеген сыз—намыс тағы,
Бас қосқан Орта жүздің батырлары.
Ақ туын Абылайдың желпілдетіп,

Жантайға қосылуға асығады.
Баурында Ерейменнің ұлан-асыр,
Қалың қол тәтті ұйқыға батқанда бір,
Таң атпай дүр сілкіне, дүрліктіре,

Айғайлап түрегелді Досай батыр:
«Япырым-ау, аттарыңды баптадыңдар,
Қаруды өткір қайрап, саптадыңдар.
Ер тумай, ез туып па ек, бұ не ұйқы?

Жау қайда, Жантай қайда, аттаныңдар!»
Досекең—егде кісі, тентек, өжет,
Бұл оның састыруы тұңғыш рет.
Беймезгіл қатты шошып оянған ол,

Түсінде көріпті аян бір керемет:
«Түн ауа ұйықтап кеттім, тірі өліп,
Теңізге түсті Жантай суға төніп.
Толқыннан төңкеріле жаздап қайық,

Боп кетті судың беті қызыл көбік.
Қайығы батар-батпас суға еніп,
Жүзбейді, қанша ессе, бір жөнделіп.
Қағып жүр көк толқынды қанатымен,

Аспаннан ақтұйғын құс өктем келіп.
Ақтұйғын бергенменен толқынға ерік,
Ешкім жоқ онан өзге дес берерлік.
Білмеймін ақырының не боларын,

Атаным жорышы, сен, бұ не желік?!»
Досайға Атан сонда былай деді:
«Шошыдың сезіп, аға, бұдан нені?
Жориын, жаман айтсам жабырқама,

Мен білсем, қатер екен мұның тегі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жантайың теңіз кешсе, істің ағы:
Сабазым барған екен сынбай сағы.
Қолына ескек ұстап, қайық мінсе,
Қаһарман достары ғой қасындағы.

Малтығып қайық суға жүзе алмаса,
Кәдік-ау, жаудың мұны басынбағы.
Соғысып жатқан болар осы кезде,
Жолдастың барады екен тайып бағы.

Кездескен су үстінде қалың толқын,
Батырды қамалаған жау ғой тағы.
Қаптаған теңіз бетін қанды көбік,—
Қазақтың көбі ұрыста қырылғаны.

Толқынды қағып тек ақтұйғын құс,
Жебепті қаһарлы ердің әруағы.
Япырмай, хауіпті екен осы майдан,
Жантайдың жетпесе игі сөнер шағы!»

Қарт Бөкең естігенде мына кепті:
«Шошыма, түс—түлкінің боғы» депті.
Құрсанып мұздай темір дайын тұрған
Қалың жасақ Балқашқа жүріп кетті.

Әлқисса, ер Жантай бастаған бес жүз қуғыншы сарбаздар
бұған дейін оқ жетпес жерге қылыш сілтегендей қиян-кескі
күндерді бастан кешіреді.
Талай құм, талай тастақ жерді басып,

Тар кезең, қия беткей өрден асып,
Кідірмей ирек жолға, иірім суға,
Жортуға бес жүз сарбаз сеңдей тасып.
Тұлпарлар қазып жерді төрт тұяғы,

Қояндай құба жонда зымырады.
Қара жер қыртысынан сөгілгендей,
Тас борап, тозаң артта бұрқырады.
Шұншиып әр төбеде көкектері,

Қылтиып көрінгенде көкпек шөбі,

жантай  батыр
Балқаштың батыс қуаң өңірінен
Көз шалды жау шоғырын ту шеттегі.
Адамы он мың үйдің аз болмаса,

Қуғыншы бес жүздей-ақ төбел ғана.
Жыпырлап орданы орай күркелері,
Қомданып тұр нояндар кең далаға.
Қазақтар Ерейменнен бұтаны көп

Әкеткен қанжығаға бірден теңеп,
Лап қойды қылқұйрыққа байлап соны,
Қаңсыған шағыр түсте әрі екпіндеп.
Құйындай ұйтқып тозаң шаңытқаны,

Жау жаққа ештемені танытпады.
Жантайлар қанатын кең жайған кезде
Беттемей торғауыттың қашты бәрі.
Жер-көкті қара қошқыл тұман басты,

Жау түгіл көрінбейді аяқ асты.
Шабуыл тұтқиылдан басталғанда,
Аңдыған жансыздардың өзі алғасты.
Жантайлар жау шоғырын бытыратпай,

Боратты қияқты оғын қырдан қаптай.
Дөп тиген бес жүз жебе жайратып тез,
Қуғыншы қарсы жақты тұр шыдатпай.
Қазақтар аздығын еш білгізбеді,

Араға дұшпанды бір кіргізбеді.
Қапелім жау шоғыры үрейленіп,
Жанталас—қорғанып құр кірбіңдеді.
Хұнтайша Уса-Серең, Қоске лама,

Құбылай, Құтан қарсы ұмтылса да,
Жарқылдап долы қолда қайқы қылыш,
Ер Жантай тартты тура ақ ордаға.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ару қыз осы кезде жан ұшырып,
Жүр еді әр күркеге жасырынып.
Қас батыр танып тұрыс-жүрісінен,
Ұстады ақиықтай батыл бүріп.

Жантекең түлкі Айнышты өңгеріп ап,
Қанжармен жан жеріне бір беріп қап,
Өкпенің талма тұсы—емшек астын
Найзамен атты аспанға түйреп бір-ақ.

Майданға қайта кірсе батыр Жантай,
Шуласып бүркіт көрген шағаладай,
Он мың жан бес жүз ерге жабылыпты,
Жау бекер соғыса ма шамаламай.

Екі жақ шайқасқанда әрі-бері,
Қашқынға болды мәлім шаңның кері.
Қазақтың сан сарбазы қанға бөгіп,
Желкеден төнді жаудың ақ семсері.

Қашқынмен арбасып тек арыстандай,
Қаншама қағысса да мейірі қанбай,
Оң жақта Үйсімбай мен Найманбай жүр,
Бастапқы қимылынан әзір танбай.

Жантайдың үлкен ұлы Мырзакелді
Бір топты беттетпей тұр қырдан бергі.
Ортаншы Тоқашы да қарулы екен,
Қылыштап өшіккенін турай берді.

Жантайды дегендейсің тау қыраны,
Қыранның қанатын не талдырады.
Сынғанда бір аяғы сау аяққа
Айылмен таңып қойып жау қырады.

Шабысса, асфаһанды қатты ұрады,
Шанысса, түйреп көкке лақтырады.
Атысса, тиеді оғы бір мүлт кетпей,
Алысса, алыпты да састырады.

жантай  батыр
Жантекең түгендесе сәл дамылдап,
Бес жүзден қалған кісі жиырма бір-ақ.
Үш күнде төрт жүз сексен ер өлгенін,

Сан соғып осы арада білді бір-ақ!
Туыстан тегеурінді жас Үйсімбай
Жарасын шандып берік, ауырсынбай.
Үш дәумен ерсіл-қарсыл арпалысып,

Екеудің басын бірде қақты былай.
Жантайға Қоңыр ноян найза басты,
Үйсімбай сілтеді оған ақ алмасты.
Гүрзіден жау найзасы шарт сынғанда,

Қарусыз қалып ноян тұра қашты.
Ер жігіт, қырсық шалса, не көрмейді,
Кесірге басқа түскен кім көнбейді?
Қалмақтар қоршағанда қуғыншыны

Жас Тоқаш жаяу қалып күйбеңдейді.
Суымай жүгірген ат қанша бапты,
Ат түгіл, батырларды шаңырқапты.
Босаңсып Үйсімбайдың Сарбауыры,

Жануар болдыруға жақындапты.
Шыққалы Ерейменнен дәл жеті күн,
Тер буып бұйралаған бүкіл түгін.
Сүрініп алды-артынан бел солқылдап,

Шабыс түгіл желістен қалды бүгін.
Дауыстап сонда Жантай бір ұлына:
«Қаш»,—деді,—кие жарып көпті мына.
Өзім-ақ жан шыққанша соғысамын,

Сен өлсең, кек алады кім кеп мұнда?!»
Құптамай әке әмірін Мырзакелді:
«Мен өлсем, Жанболатым бар үйдегі.
Бойдақ ғой, жұрағатсыз кетіп жүрер,

Көк атпен Тоқашың-ақ қайтсын»,—деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ер Жантай өкінеді, қамығады,
Тар жерде қамыққанмен не қылады?
Досты дос кебежекте танығандай,
Досайдың түсіне енген осы шағы.

Жантекең жаны қимай туған елді,
Мінгізіп Көктұйғынға Тоқаш ерді:
«Сәлем де Қанжығалы баласына,
Ұмытпас!»—деп қоршауда қала берді.

Тоқаш ер арыздасып жалын ата,
Қылышын жай отындай жарқылдата,
Жан-жағын жайпай өтіп, тайып берді,
Кетті ұшып Ерейменге күн-түн қата!

... Күн бата Уса-Серең бас батырды
Жоймақ боп «қару таста» деп ақырды.
Жантай тұр маңайына жан жуытпай,
Берілмей шайқасумен таңды атырды.

Сәскеде өшіккен жау қайта анталап,
Хұнтайша дәулеріне тіке қарап:
«Шешіндір!»—дегенінде, жендеттері
Сауытты сыпырды әрең айбалталап.

Қан саулап аяқ-қолдың жарасынан,
Бағынбай тәлтіректеп аласұрған.
Қайран ер—қайсар жанды дарға асып,
Кетті жау Балқаштың қу даласынан.

Аттанған ардан туып, арман қуып,
Кеудесін тасқа соғып, дауылға ұрып,
Жантайдай ұл туар ма бізден енді,
Тұратын жауыққанды бағындырып!

Әлқисса, бұл кезде ер Жантайға қосылуға асыққан Орта жүз
батырлары Ерейменнің оңтүстігіне суыт жүріспен шығып, жер
ортаға кеп қалған еді.

жантай  батыр
Ақ туы көк аспанда желкілдеген,
Қалың қол қаптағанда көз көрімнен,
Тап болды егейтөске мінген біреу,

Байқаса, бұл көк атты Тоқаш екен.
Шаң басып, өңі қашып, күйген жаны,
Тоқашқа төнді елжіреп ердің бәрі.
Қиналды таңдай қағып естігенде,

Жантайды жаманатқа қимағаны.
Құдай-ау, бұл не сұмдық, бұл не масқара,
Қашқан жау жазылмастай салды жара.
Елім деп еңірейтін ер Жантайдай,

Кім бұзар жаудың шебін жеке—дара.
Қайғырып ат үстінде хан Абылай,
«Майыспас менің қара болатым-ай,
Қапыда кетті-ау, шіркін, ер Жантайым,

Кегіңді қайтарармын,—деді,—талай».
Қайысып қабырғасы күрт тұнжырап,
Түнерген қарт Бөгембай бұйрық тыңдап.
Найзаға сүйеп басын аз тұрды да,

Ерлерді бастап алға кетті ұзап.
Шегінбей шекараға ұшқан самғай,
Кеңесіп хан, қолбасы қапы қалмай
Қашқынды алдан тосып қыру үшін,

Қылтаға Шудан арғы тартқан шалғай.
Торғауыт қозыкөш жер кейін қалып,
Сасқанда бар айыбын мойнына алып,
Мұңайды Абылайға ақтарыла,

Араға Қоскедей қу елші салып.
Бөсіп тұр аяр Қоске: «Алдияр хан!
Бізді енді қыра көрме ағызып қан.
«Таңертең тізе бүгем, ақ ордамды

Апарып»,—деп жіберді Уса саған».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қорқақтар арықты да жар деседі,
Кертартпа кең дүниені тар деседі.
Көңілдің құтысына құйған ақыл
Азбаса, адам отқа жанбас еді.

Абылай асқақтамай азу басып,
Құпия көп сардармен ақылдасып:
«Әкелсін ақ ордасын. Хұнтайшаны
Жоярмыз—деді сосын, дарға асып!»

Хан сөзін уақ Баян ұнатпады,
Қасарып Сары оны қуаттады,
«Нанбаңыз, шын бағынса, ант бұза ма,—
Десті жұрт,—о сұмырай зытат тағы».

«Хан ием, аңқау деме Усаны сен,
Пиғылын о залымның таныдым мен.
Осылай күліп жүріп тұзақ құрып,
Еліңе ажал уын бүркеді ертең.

Бұл Уса шетелдерді сан алдаған,
Бодансып Қытайды да екі арбаған.
Елшісін құрту керек!» деп қанжарын
Қынаптан суырып алды Сары—Баян.

Абылай ара түсіп қабақ түйді,
Қабылдап сансыз сая әлгі сыйды.
Көкшеге жаннаттай ғып тігіп қоймақ
Ақ күмбез он бес қанат алтын үйді.

Жеті елші хұнтайшаға қайта кетті,
Орданы мұнда ертең әкелмек-ті.
Жыландай сумаңдаған көлгір жауыз,
Көрді ме дейсіздер ғой қайтып бетті.

Абылай ақылынан қатты адасты,
Батырды бөгеп кеше қара басты.
Екі күн күткенінде ешкім келмей,
Айрылып қашқыннан ел тағы састы.

жантай  батыр
Хан күткен екі күнде көп торғауыт,
Қозыкөш жерден түнде үдере ауып.
Бейуақта көкке ұшқандай ғайып болған,

Оны кім ұстар енді қайдан тауып?!
Бұлаңдап барады көш құба жонда,
Өлгенін шірігенше көмбей жорта,
Құдыққа, өзендерге тастайды әдей,

Бір ұрттам таза су жоқ жүрер жолда.
Әлқисса, қаражүрек, тасбауыр, айлакер торғауыттардың
мына қылығына қатты ашынған Орта жүздің бір мың сарбазы
қашқындарды өкшелей қуады. Көш көз жаздырып кеткенімен,

жапан түзде ізі сайрап жатыр.
Қарт Бөгембай мен Баян батыр бастаған бұл самсаған сары
қолда кімдер жоқ дейсіз:
Керейдің Еменалы ер Жабайы,

Барыстай бәсентиін Олжабайы,
Балталы, бағаналы, сіргеліден—
Елшібек, Оразымбет, Жаулыбайы...
Атығай—қарауылдар атойлап бір,

Тарақты, қыпшақтан да талай батыр
Қалың шілге шүйілген қаршығадай
Ұрандап, арғындармен келе жатыр.
Қылаңдап шөміш кеппес жаздың таңы,

Оянбай сахараның құс пен аңы,
Өрлігі ерлігіне от тұтатқан,
Шабуыл кетті кернеп ен даланы.
Басқарған шабуылды Сары—Баян,

Айбыны—алапаты әлемге аян.
Қос аю шауып, шаншып ақырғанда,
Құлжаға тоқтады көп кетпей аман.
Жүкті нар аспай өрден тоқтатылды,

Тоналды тоғанақтар небір құнды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жан шошып, қан дірдектеп бәрімізден,
Кешірді бастан о да егер күнді.
Әккі қу, суырдай сақ Уса-Серең,
Таң ата шекарадан өткен екен.

Ордасы толған алтын, жамбы еді,
Әкетті алпыс мая парлап жеккен.
Апат ғой жаугершілік о күндегі,
Өшіккен өктем қамап иіреді.

Атысса, «қалақайлап» оқ боратып,
Белдессе, «қалдамандап» үйіреді.
Қалмақта ноян аз ба аты шулы,
Шабынып қия бетті найзасы улы.

Сары атты, сопақ бетті, иір тұмсық
Қанқұмар Қабан дәуі тағы ұмтылды.
Жұтынған жолбарыстай Баян батыр,
Сүңгісін сілтегенде Қабан кәпір—

Дарытпай қылышымен қағып қалды,
Көк болат қияғынан сынды ақыр.
Қабан дәу суырып қорамсақтан,
Садағын шірегенде, бөксе жақтан—

Бөгембай күрең атпен соғып өтіп,
Шоңқиды сары арғымақ толарсақтан.
Жалмажан Қабан қару сермеп қатты,
Шоршытты сауырынан күрең атты.

Қарт Бөкең қаруын тез жұлып алып,
Ат түгіл, дәудің өзін қан қақсатты.
Айыл мен өмілдірік қоса үзіліп,
Қалмақы ер құйрығына жеткен сырғып,—

Сары тұлпар шоңқиғаннан тұрып әзер,
Аяғын баспай түзу қалды сылтып.

жантай  батыр
Жұлқысқан жағаласып жыртқыш аңдай,
Тоқтай ма күші асқаны басын алмай.
Жармасып Сары—Баянға жеті ноян,

Желікті қашқын тағы басынғандай.
Долы күш ер Олжабай қандай мықты,
Бас дәуді айласы асып, қағып жықты.
Осы бір жанталаста жүр ашынып,—

Баянға жұтқыншақтан найза сұқты.
Соғыста қозыжаурын,—сауытбұзар,
Сұр жебе құтқара ма—уыты бар.
Киімінің ақауын бір көріп қалып,

Сарыны жау мергені атыпты дәл.
Атойлап айлап, жылдап жауды сүзген,
Батырлар қажи ма бір ат үстінен.
Ер Жабай Дүрді тура бастан шауып,

Мергеннің өшірді үнін аңдып жүрген.
Қалмақтың шықты енді Құтан ері,
Бұл кәпір көпті қырған бір нән еді.
«Қашқыным, қанды басың бері тарт»,—деп,

Төбеде хан, қолбасы тұрған еді.
Қаруын көкке білеп, кекке қайрап,
Байқазы тап берді оған көзі жайнап.
Наркескен қарақұстан оқыс тиіп,

Дәу Құтан «Лайлұқ» деді тілін шайнап.
Қапелім Құтан аттан ауып қапты,
Байекең көкжелкеден шауып қапты,
Әкесі Уса, Қоске, Құбылайлар

Құптанда басын әрең тауып апты.
Жүр еді қанға тоймай хұнтайшы әлі,
Құтаннан айрылғанда жалт берді әрі.
Көз жұмып Сары—Баян со бір түнде,

Қазақтың осы арадан қайтты бәрі.
2-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әлқисса, сәтсіздікке ұшыратқан «Шаңды жорықтың» сал­
қыны іспеттес бұл жорықта да қазақтар жеңіске жете алмаған.
Олжадан шығын көп.
Балқаштың қанды өңіріне қайта барып,

Жантайды дар түбінен тауып алып.
Шаһид ғой үйде туып, түзде өлген—
Батырға тағзым еттік қайран қалып.
Қазаны аза тұттық түз жапанда,

Қайғы-дерт батқанымен шыбын жанға.
Кебенек тиген емес, кебін киген—
Келе ме қайтып енді біздің маңға!
Арғындар Жантай, Баян, Сарыларды—

Арулап кең лахаты көрге салды.
Қасында қару, сауыт, дулығасы—
Боялып жау қанына бірге қалды.
Дүниеге келіп-кетпес не асыл зат,

Қалады жақсыдан—ат, жаманнан дат.
«Батырдың басы—жолда» деген осы,
Рухына дұға оқыңыз, бар азамат!
Ақыл—дос, ашу—дұшпан, арқа қозып,

Қабынған оңалмайды ешбір озып.
Жантаймен кеткен сонау бес жүз ерден
Келді аман он-ақ адам арып-тозып.
Кигені байғұстардың тері тұлып,

Тастаған босағаға бүріп тігіп.
Хұнтайша ас тосыпты қорлап күнде,
Тұлыптан шыққан басқа құр қылтиып.
Көшкенде нар өркешке тиеп, теңеп,

Сүйреткен жерге түссе мінеп, шенеп.
Ажалсыз кеудеден жан шықпайды екен,
Үйірін көрді әйтеуір бізбенен кеп.

жантай  батыр
Шілденің ми қайнатқан ыстық күні,
Шаңырқап шыдамайсың күндіз-түні.
Сарқылып керсендегі салқын қымыз,

Барады қуаң тартып көптің жүзі.
Жорықта жиырма күн күйдіріп шоқ,
Таусылып ала шыққан азық пен оқ,
Ат пен ер апта бойы су татпаған,

Шыр жұқпай ыңырсиды жаралы көп.
Жолшыбай шаршаған соң қатты шөлдеп,
Жұтқанда сасық суды күй төмендеп.
Көлбайдай талай кісі опат болды,

Қайтарда қара тышқақ ауру меңдеп.
Кім көмер көп өлікті, кім бата оқып,
Төскейде дос-дұшпанның қаны жосып.
Жазда сол жабылмаған барша тәнді

Қуанып қарға-құзғын жатты шоқып!
Қашқындар қан төккенге масаттанып,
Арзасын жұтты күнде мейірі қанып.
Есімнен со бір қырғын кетпейді әлі,

Күлді қас, күңіренді дос күйіп жанып...

Екі ғасыр бұрынғы
Сонау атам заманда,
Екі басты аждаһа
Аранын ашып адамға,

Айбат шегіп ысқырып,
Зәрін шашқан заманда
Қоңырауы шіркеудің
Араласып азанға,—

Кіші жүздің адамы
Азан-қазан заманда
Тарихтың жаңа жалауы
Желбіреді далаңда.

Хан мен қара айқасып,
Белдесетін алаңда.
Кіші жүздің ханы Нұралы
Болып туған мұрады,

Көңілін судай тастырып,
Орынбордың аузында
Отыз отау тіктіріп,
Салтанатын арттырып,

Он екі қанат орданың
Ортасында тақ құрып,
Төбеліндей төренің
Төрелерді жақ қылып.

Қан балталы нөкерге
Төңіректі бақтырып,
Қошемет күйін ойнатып,
Сырнай-керней тарттырып,

Сырым батыр
(Т. Ауатанұлы нұсқасы)

сырым  батыр
Отырды алтын тағында.
Саяның салқын самалын
Сары қымыздай сіміріп,

Жасыл орман бағында.
Әмір етіп отырад
Елек, Қобда, Жем, Сағыз,
Ойыл, Қиыл, Жайыққа.

Уәзірлері тәжім қып,
Тәңіріндей табына.
Ералы, Есім, Айшуақ
Сұлтандары жанында.

Қазақтың қызы демесең,
Хан қасында—туған ай
Ақлима ханым да.
Ордасының төрінде—

Орынбордың ұлығы,
Құрметті қонақ барында,
Дамылдап бір күн дау—жанжал,
Дархан қызған шағында

Шауып келіп, шабарман
Қодар айтты ханына:
Шабарман Қодардың айтқаны:

—Алдияр тақсыр ханымыз!

Алдыңызда малымыз,
Қолыңызда жанымыз,
Жалған болса сөзіміз,
Төгілсін қасық қанымыз.

Көлденең жатқан Електен
Көктей өте жортқан
Бір батырға жолықтым.
Түр-түсінен түңілдім,

Жолыққан жерде торықтым.
Ордаңызға жеткенше,
Жетіп, тағзым еткенше,
Шабуыл салдым, зорықтым.

Тұлғасына қарасам,
Адамға біткен бір алып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жерге біткен асқардай.
Оны тапқан анасы
Тоғыз күн ұдайы толғатып,
Оныншы күні тапқандай.

Ажарына қарасам,
Ашулы көкжал арыстандай.
Айдалада айдаһар
Айбаттанып жатқандай,

Қара бұлт жапқан аспандай.
Жас шамасын қарасам,
Сәукеле қара шашында
Азын-шоғын ақ бардай.

Қимылына қарасам,
Найзағайын аспанның
Қағып ап, қайта атқандай.
Қамалдардың қақпасын

Қақыратып ашқандай.
Қараңғы айсыз түндерде
Қалың қолды басқарды-ай.
Қаруына қарасам,

Ашулы ұста долданып,
Суарып кекке соққандай.
Астындағы Азбанкер
Мыңнан оза шапқандай.

Құйындайын құйғытып,
Жұлдыздайын аққандай.
Ізінен келіп сынасам,
Жемнен келе жатқандай.

Суыт жүріп келеді
Кеудесінде кек бардай,
Жүрегінде дақ бардай.
Қамсыз болып қалмаңыз,

Хас батырдан сақтанбай!
Нұралы сынды ханыңыз—
Қабағы—жар, алды—мұз.
Тағасыз тұлпар төзер ме,

Құлап түспей, тайғанап.
Хан ордасы қаһарлы,

сырым  батыр
Қаймықпай кірер қай қазақ?!
Орданы қамап нөкер тұр
Айбалтасын қайрап ап.

Қарсылық қылған пендеге
Көрсетпей ма қайғы, азап?!
Кісендеп, көктеп, көгендеп,
Соркешуге айдамақ.

Жағымсыз айтқан хабарға
Хан ашусыз қалар ма?!
Хабар берген адамға
Жарлық етті табанда

Жазалап дүре соғарға,
Қол-аяғын байлап ап.
Кіріп келді бір маңғаз,
Сөз аяғы бітпей-ақ.

Көк сауытты, семсерлі,
Қынапты қара сапылы.
Арыстандай айбаттың
Ағын да судай қарқыны.

Жолбарысы жүректің,
Теңіздей терең ақылы.
Тілдің жүйрік дүлдүлі,
Көлдің қиғыр лашыны.

Он екі ата Байұлы,
Байбақтының нәсілі,
Ақ Жайықтың көкжалы,
Кіші жүздің батыры—

Хабаршыға кездескен
Осы еді Сырым Датұлы.
«Жайсыз хабар айттың»,-деп,
Жарлық еткен Нұралы

Қатулы түсті бұзбастан,
Батырдан жөн сұрады.

—Қарадан туған хан болмас,

Айырдан туған нар болмас.
Төреден тумай паң болмас,
Құлазыған қу дала
Үйрек ұшып, қаз қонбас.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қырдың қырғыз—қарасы,
Көргенсіздің баласы,
Тақта отырған ханыңды,
Төрде отырған төрені,

Ұлт бағынған ұлықты,
Нөкерді көзге ілмедің.
Баса-көктеп еніпсің,
Бір жортуыл шегіпсің,

Шеру тартып жүр ме едің?!
Көкке тойған көбеңдей
Құтырып, тасып жүр ме едің?!
Төгілер түсің түнеріп,

Қуғын көрген бөрідей
Жанталасып жүр ме едің?!
Көргенсіздік емес пе
Сұраусыз үйге кіргенің?!

—Халқы болмай, хан болмас,

Ақылсыз ханда ар болмас.
Керуен бастап бармаққа,
Қатепсіз қара нар болмас.
Халыққа қамқор хан болса,

Көңлі шалқар көл болсын.
Шалқыған шалқар болмаса,
Үйрек ұшып, қаз қонбас.
Қаз қонбас тақыр татырдан

Игілік күтіп ел қонбас.
Елі болмас ер болмас,
Үйірде болмас ат болмас,
Ұяда болмай, құс болмас.

Хандығыңнан не пайда,
Халқыңның күні қараңғы!
Тақта отырдың тақымдап,
Тарлықтың мынау заманы.

Тар заманда тарығып,
Таба алмай келдім амалды.
Елімді қамап сұм патша,
Салып жатыр қамалды.

Балығы тайдай тулаған,

сырым  батыр
Бақасы қойдай шулаған,
Жайыққа кісен салынды.
Орақ тиіп көрмеген

Көкорай шалғын шабылды.
Құлпырған құба талының
Тамыры, түбі қазылды.
Түрме тасы қаланды,

Атаман шауып, шаңдатып,
Ауыл күнде таланды.
Қит еткен пенде—қылмысты,
Тас қамалға қамалды.

«Бағындық,-деп,-патшаға»,
Бастағы еркін тағы алды.
Ақсақалдан әл кетті,
Бәлеге бәле жамалды.

Өзіңнен шыққан уәзірлер
Сүліктей елге қадалды.
Салықтың саны көбейіп,
Қоралап айдап мал алды.

Мал бере алмас жарлыдан
Әзірейілдей жан алды.
Хандық құрған шағыңда
Халық малға саналды.

Айтып берші, алдияр,
Аяушы бар ма адамды?
Жаудай шаптың елімді,
Алмақ па едің кегіңді—

Қазаланған қазақтан
Бұрынғы ата-бабаңды?!

—Арғы тегім хан Шыңғыс

Асылы нұрдан жаралған.
Одан бергі хандардың
Ұрпағы содан таралған.
Кешегі асыл Қайыр хан—

Аты шулы дана адам.
Ақ патшадан жүлде алған,
Аузына халық қараған.
О да шаһит болғанда,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тағы иесіз қалғанда
Хан көтеріп қазағың,
Ханнан туған дарамын.
Әбілқайыр хан салған

Сара жолдан тай алман.
Ақ патшаға бас имей,
Пананы қайдан табамын?!
Жағасына Жайықтың

Қаласа тасын қаланың,
Салса берік қамалын,
Жаңара берер заманым.
Тағылар талап ала алмас,

Тайғақ болмас табаным.
Пәленің бәрін қаптатып,
Салықтың бәрін санадың.
Байбақтыны басқарған

Сөзі ме айтар дананың?!
Салмақ па екен салық та?
Хан несібі—халықта,
Бай несібі—жарлыда,

Би несібі—даулыда.
Бассыздық болса еліңде,
Жау несібі—жеріңде.
Халық иесі ханыңда

Қырық анадай ақыл бар.
Ашулы келер батырлар,
Ұғымпаз келер асылдар.
Айтқанымды мақұл ал,

Ханыңды патша ардақтап,
Арнап жазған хаты бар,
Дегдар асыл заты бар.
Ханға қарсы болғандар

Дарға тартып асылар.
Жарлық етсе патша ағзам,
Асаудың сұлқы басылар.

—Елдің бассыз болмағы—

Басқара білмес ханынан.
Дау-жанжалдың болмағы

сырым  батыр
Жүгініске келгенде,
Төрелей білмес қазыдан.
Байтақ жатқан халықтың

Ханға несіп болмағы—
Зиянды хан заңынан.
Малсыз жарлы-жақыбай
Байға несіп болмағы—

Замананың тарынан.
Ел қамын жеген еріңмін
Ежелден Қыдыр дарыған,
Түлеп ұшқан қыранмын.

Тұғырға қона алмай,
Түлкідей құйрық сілкінем деп,
Талайлар тайған тағынан.
Атаң—Әбілқайыр хан

Екі жүзді зайыр хан.
Хандық құрған шағында
Қазымен ауыз жаласқан.
Жоңғар—қалмақ ханына

Қызын беріп, жарасқан.
«Үш арыстың баласын
Бағындырып алам, деп,
Шеңгелімді салам»,—деп,

Мансап үшін таласқан.
Ойған-жойған арасын,
Жаулаймын деп қаласын,
[Сыбағасын ажалдың]

Татқан батыр Барақтан.
Сені де қалап, ардақтап,
Хан көтерген қазақ жоқ.
Жарлығымен патшаның

Хан тағына бас салдың,
Халқыңа қазір бағаң жоқ.
Қайырың жоқ халыққа,
Қадірсіз ханнан жаман жоқ.

Атаңа тартқан нарқоспақ,
Аруана болар шамаң жоқ.
Шеп салған жерін бұздырған,
Ұрысты қатты қыздырған,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалдан ханды қашырған,
Абылай сынды асылдан
Садаға кеткір, ант ұрған,
Жұртыңа тиер панаң жоқ.

Талайларды табалап,
Тәніңе салған жараң көп.
«Қатерің жоқ»,—демеймін,
Қатерін тіккен адам көп.

Ашуланып Нұралы:

—Тарт,—деді,—ащы тіліңді,

Әмір етті нөкерге:

—Байла,—деп,—батыр Сырымды!

Тұс-тұсынан нөкерлер
Арқан ала жүгірді.
Ажалды қарға секілді,
Ақиыққа ұрынды.

Бата алмай батыр түрінен
Нөкер біткен түңілді.
Батыр сонда долданып,
Қара бұлттай түнерді,

Қабағы тастай түйілді.
Қабарып қара бурадай
Бұрқырап, түсі бұзылды.
Хан тағына ұмтылды,

Қынаптан қылыш суырды.
Нұралы ханның ханымы—
Қарындасы батырдың
Айдай сұлу Ақлима

Аяғына жығылды.
Алмаққа тосып денесін:
«Сабыр—сабыр, көкешім,
Ашуды ақыл жеңетін.

Қайратты ашу билесе,
Батыр мыңды жеңетін.
Қатерін тіккен қалың жау:
«Ақылсыз екен»,—демесін.

«Қамал бұзар қас батыр
Қапысын тапты» демесін.

сырым  батыр
«Қарусыз ханды қапыда
Ордада шапты» демесін.
Ханның басын баурыңа

Сауғаға беріп, сау аттан.
Көре алмаған көп дұшпан:
«Кек алмай кетті» демесін.
Айтқанымды сезерсің,

Тілегімді берерсің.
Қатерін сезген ханыңыз
Ақылыңа келмесе,
Айтқаныңа көнбесе,

Сонда жорық шегерсің.
Жанарыстың баласы,
Айбарың күшті ер едің,
Қоңыраулы найза қолға алып,

Қол алдында желерсің.
«Мен де Даттан жасық боп
Туғам жоқ» десем не дерсің?
Жапанда

Нұралыдай ханыңыз
Сауғаға беріп бауырға,
Бірге туған қарындас—
Ақлима сынды аруға,

Азбанкерді тебініп,
Батыр қайтты ауылға.
Келелі кеңес қылмаққа
Ауылдағы қауымға.

Келе жатса жапанда,
Қараобаның баурында,
Қараитті тауында
Бұрқыраған шаң көрді.

Шаң астында бір топ жан,
Жөңкіле қуған мал көрді.
«Ауылды шапқан жау ма?»-
Деді де, сипай сыпыртып

Келсе, өзінің малы екен.
Жау қолында құлындай

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шыңғырған жас бала екен.
Жалғыз ұлы Сырымның—
Алты жасар Қазы екен.
Қолына кісен салынған

Қосылған жұпты жары екен.
Текеден шыққан шақа топ
Ел жүрегін жаралап,
Ер Сырымның ауылын

Шауып қайтқан шағы екен.
Жүгімен жұтқан түйені,
Түгімен жұтқан жылқыны
Ел талағыш тазы екен.

Бұлтты күндей күркіреп,
Шапты Сырым желіге.
Құрылған тұрғы тұстағы
Толқыды қатты желіне.

Қалтырады Қараоба:
«Не керемет?!»—деді де.
Дүрліге жосып ал, қашты,
Дүбірінен безіне.

Сермеді батыр алмасты
Текенің тентек еріне.
Қарсыласқан жасағы
Хас батырдан жеңіле,

Текеден шыққан атаман
Жылқыны тастай шегіне.
Қамшы басты Ер Сырым
Астында—Азбанкеріне.

Баурынан тамшы тер ағып,
Додасына бір керіле.
Жеткізбеді дұшпанды
Бас сауғалар жеріне.

Ұябасар бүркіттің
Түлкі түсті жеміне.
Атаман атын аттатпай,
Артынан жетті азбаны—

Жылқыда жүйрік дүлдүлі,
Жүзден асқан саңлағы.
Қашқанменен шақа топ,

сырым  батыр
Көрім жерге бармады.
Мойнына шылбыр салғанда,
Алқымынан алғанда,

Батырдың батты зардабы.

—Жанымды қой, деп жалынып,

Күнәмді кеш,—деп зарлады.
Құтқарсаң, құлдық ұрам,—деп,
Әб жыландай арбады.

—Арбама,—деді Ер Сырым.

Жау тілін ұқпас тұмсамын.
Мен—оқтаулы ақберен,
Серіппелі тиіп, от алдым.
От алған мылтық оңдырмас,

Оттан өткір болғасын.
Қай батырдан осалмын,
Текенің тентек-тебізін,
Тобыңды бұзар топанмын.

Топандата тастармын,
Басқаңды көкке атармын.
Әзіреттен ант іштім,
Анадан ақ бата алдым.

Қасарысқан дұшпанға
Қайырымсыз қаталмын.
Қол-аяғың байлармын,
Тәніңе таңба басармын.

Құлағың кесіп, құлдыққа
Хиуаға сатармын,—
Деді де, батыр секіртіп
Шақа топты байлады.

Алдына салып жүгіртіп,
Жылқымен бірге айдады.
Алты жаста тартысты
Алғаш көрген жас Қазы,

Осының болды айғағы,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жайықта
Ақ Жайыққа жетуге,
Жайықтан өктеп өтуге,
Стаханов салған қамалға

Қанды қырғын етуге,
Сарша тамыз түнінде,
Түнек басқан тұманда
Ат арытып, жаратқан,

Найзаға үкі қадаған,
Бір-бірін мыңға балаған,
Үдере жортқан аламан—
Қырдың қырық жігіті

Ат қоймаққа азанда,
Жортармандар жорығы
Батыр Сырым басқарған
Атқа қонған ақшамда.

Күңгірттеніп көкжиек,
Даланы ымырт жапқанда,
Жамандатқыр қырық тұлпар
Жер табанын қуырып,

Топырақты суырып,
Тозаңын көкке шашқан-ды.
Жарқыратты жай оғын,
Тұяғы жерді басқанда.

Адыра қалғыр Ақ Жайық,
Түніменен дөңбекшіп,
Күрсіне түсіп, толғанып,
Толқыны тоқсан қозғалып,

Ұйықтай алмай жатқанда.
Күншығыстан бозарып
Құланиек атқанда,
Қоя берді шырылдап

Таң торғайы аспанда.
Түсі қашып, қырық жігіт
Түн ұйқысын бөлгенде,
Жау жарағы жарқылдап,

Жайыққа жетіп келгенде,
Жануарды жүздіре,

сырым  батыр
Ауыздығын сүздіре,
Айдынына енгенде,
Енетінін ерлердің

Дұшпан бұрын сезген бе,
Әлде біреу астыртын
Жауға хабар берген бе,
Арғы беттен күркіреп

Көк зеңбірек атылды.
Көктен нөсер төгіліп,
Жаудырды кеп жасылды.
Зеңбіректен жауған оқ

Жайықтың суын сапырды.
Тұңғиықтың түбіне
Жігіттің көбін батырды.
Қанды көбік бұрқырап,

Қара суды жасырды.
Хас батырың қашан да
Сұрапылдан сасқан ба?!
Сырым батыр долданып,

Әруағын шақырды.
Жайықтың жарын жаңғырта
Айбат шегіп ақырды.
Аранын ашқан ажалға

Ашулы батыр қарсы ұрды.
Жар басына төніп кеп,
Жағадан атқан жаудан да
Мергендігін асырды.

Керіле жүріп Керазбан
Қанды қара толқынды
Кеудесімен жапырды.
Аман-есен ар жаққа

Алып өтті батырды.
Сырым батыр жағада
Жан-жағына қарады,
Жігіттерін санады,

Қырықтан тоғыз қалыпты.
Қамал бұрын қамданып,
Ханнан хабар алыпты.
24-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Аламан атқа қонбақ»,—деп,
Жайықтың суын бағыпты.
Қорғанды қоршап жасауыл,
Өлім орын қазыпты.

Қақпасының аузына
Қос құлыпты салыпты.
Қанды болат қылышты
Қара тасқа жаныпты.

Қамалдан жау қарсы атып,
Оқ жауынын дамытты.
Дамыған оққа қарамай
Дауылдата барысты.

Аңдыған жаумен шендесіп,
Араласып қалысты.
Халқынан туған он алып
Қадалған жерден қан алып,

Қамалған жерден қарысты.
Күн екінді болғанда,
Тоғыз жігіт оққа ұшып,
Батырды ыза-кек қысып,

Бадана көзді сауыттың
Алқым бауын ағытты.
Долданып, көзі қанталап,
Халықтың арын арқалап,

Жаумен жалғыз алысты.
Күн жиекке барғанда,
Қызыл іңір болғанда,
Зеңбіректен оқ тиіп,

Жараланды, тарықты.
Төмендеді қарт бүркіт,
Қанаты оның талыпты.
Қамаған жаудың ішінде

Ат үстінен ауытқып,
Қансырады, қамықты.
Қамыққанын сездірмей,
Назаланып, толғады,

Толғамасқа болмады.
Алпыс екі тамырын
Арман улап, күйдіріп,

сырым  батыр
Іштегі дертін қозғады.
Немере менен шөбере—
Жұрағатқа жыр болған

Сырымның жыры сондағы:
«О, сұрқия сұм тағдыр!
Сұстанып тұрсың алмаққа,
Аяққа кісен салмаққа.

Әбжыландай арбайсың,
Айдаһардай ысқырып,
Ысқырған демің үскірік,
Араныңды ашып, жалмайсың.

О, дариға, тәтті өмір!
Тарыққан күні балдайсың.
Көркің күмбез күндей боп,
Жарқырап атар таңдайсың.

Аймалап сүйген аруым
Артымда қалған жардайсың.
Жалғыз ұлым Қазыжан,
Үкімен өрім талдайсың.

Етегіме жармасып,
Еркелеп, еріп, қалмайсың.
О, сұм жалған дүние!
Жалпақ жатқан майдансың.

Майданға майдан ұласып,
Ұлы ұрысқа айналсын.
Айналайын Ақ Жайық,
Жарқыраған айнамсың.

Азамат ерге сәлем айт,
Майданға түсіп, бәйге алсын.
Жүрегіне жырымды
Жалау қылып байласын.

Жау-жарақсыз болмасын,
Тағасыз мұзға таймасын.
«Тап-таяз» деп кемесіз
Кешпесін наһыл дариясын.

Сауытын берік соқтырып,
Саптасын болат найзасын.
Қылышын кекке суарып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Балтасын өткір қайрасын.
Ау, ақ бесті ат! Ақ бесті ат!
Ақ бөкендей желесің.
Өрге салсам, өңмендеп,

Қос тізгінді кересің.
Көз алдыма көлбеңдеп,
Неге елестей бересің?
Өлімді көз көріп тұр,

Өмір қайдан келесің?»—
Деді де, батыр, есі ауып,
Азбанкерден жығылды.
Шуылдасып қалың жау

Тұс-тұсынан жүгірді.
Қансырап жатқан жаралы
Жолбарысқа жұмылды.
Қараңғы үйге шынжырлап

Байлады батыр Сырымды.
Меңіреу түн мелшиіп
Түнере түскен, түндігін
Дүниеге жапқандай.

Аждаһа сұсты қара бұлт,
Аспанды басқан түн бүгін
Әлемді тегіс опқандай.
Бұлт бүркеніп түрме тұр,

Адамға құрған қақпандай.
Қақпа алдында қарауыл—
Қотанды төбет баққандай.
Сол түрменің төрінде

Демінен жалын жалқындай.
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыты қанға малғандай,
Қапыда тайып жығылған

Қабырғалы палуандай,
Бір тамшы суға зар болып,
Маңайына жан бармай,
Торыққан шақта Ер Сырым

Сарт етті, есік ашылды.

сырым  батыр
Түршіктіріп түрмені,
Түнде кімдер басынды?!
Тұтқынның түрін түрменің

Түнегі бүркеп жасырды.
Алыс кетіп, ату ма?
Іле дарға асу ма?
Немесе дүре соғу ма—

Датұлын атап шақырды.
Елжіретіп жүректі,
Шымырлатып денені,
Таныс дауыс ежелгі

Тасытты Сырым батырды.
Келіп тұрған жас палуан
Жасынан жасақ басқарған,
Жасқанып беті аумаған,

Батырың өзі баулыған—
Есболат дейтін ер екен.
Бұ да алғыр тастүлек,
Адамын алған демесең,

Желпи туған желпініп
Жиырма жастың желі екен.
Жүйріктен басқа мінбеген,
Семсерден басқа ілмеген,

Сұлудан басқа сүймеген,
Салқам өскен сері екен.
Сипатын көрген сыншылар:
«Сырым сынды» дер екен.

Елу жігіт қол құрап,
Аттандырған ел екен.
Сайғақты найза өңгеріп,
Меңіреу түнді меңгеріп,

Қамаудың шамын сөндіріп,
Қарауылын өлтіріп,
Түрмеге түскен кезі екен.
Еліне тартты Ер Сырым,

Ер жалғыздық көрер ме,
Қатар тұрса ел есен!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сұлтандар:
Қарық болып олжаға,
Хан алдына ордаға
Екі сұлтан еніп тұр.

Бірі—ханның інісі,
Бірі—туған баласы,
Жорық шегіп келіп тұр.
Ералы, Есім сұлтандар

Еліре сөйлеп, бұрқандар,—
Көкірегінде желік тұр.
Ералы:

—Алдияр, тақсыр ханымыз!

Тартуды қабыл алыңыз.
Өзіңізден жарлық ап,
Сұлтаның атқа қонғаны.
Атаманмен одақ боп,

Нөкер ертіп, желгені.—
Емес пе жолы болғаны.
Жер-жиһанда теңі жоқ
Атамыз—хан Шыңғыстың

Әруағы қолдады.
Сырым ердің қол асты—
Екі мың үй шабылды.
Шабындыдан олжаны

Саралап санап берейін:
Толтырайын орданы.
Жетектеп келдім сан саңлақ
Жүйрік пенен жорғаны.

Мың алалы жылқының
Алпыс айғыр үйірін,
Тоғыз жүздей түйесін,
Сегіз жүздей сиырын.

Бағалы кілем, бау-басқұр,
Оюлы өре киізін,
Қама бөрік, қамқа тон,
Түлкі ішік, түрлі киім

сырым  батыр
Алпыс нарға арттырып,
Алып келдім алдыңа
Алуан асыл бұйымын.

Үзігін тіліп үйінің,
Ажыраттым жиынын.
Бұзықтар тобы түзелді,
Жүз адамы қырылды.

Жараланды жарты жүз,
Тұтқындалды тоқсаны,
Көбіне дүре соғылды,
Соққыға көбі жығылды.

Есім:

—Алдияр, тақсыр ханымыз!

Алтыннан асыл тағыңыз.
Қырық күн соққан қырық ұста
Қан жұқпапты қара алмас,
Тартуды қабыл алыңыз.

Өзіңізден жаралған
Ұлыңның атқа қонғаны,
Қан майданға енгені—
Ойдағысы болғаны.

Шапқан жері Сырымның—
Шақа топтың қорғаны,
Қорғанға да болмады.
Сырым ерен ер екен,

Жеті күн соқпай, басылмас
Қарқыны қатты жел екен.
Қамаудан әскер оқ атты,
Оғын қардай боратты.

Бораған оққа қарамай,
Қамалға шапты он атты.
Тоғызы оның оққа ұшып,
Ыза қайнап, кек қысып,

Сермеді Сырым болатты.
Елестетті қимылы
Азауды шапқан Орақты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қамалдың берік қақпасы
Балтасынан бұзылды.
Қазаланып мың кісі
Қылышынан қырылды.

Жараланып жарты мың,
Найзасынан жығылды.
Зеңбіректен оқ тиіп,
Құлатпаса Сырымды,

Көрер ме, сірә, көрмес пе ең,
Есім сұлтан ұлыңды,—
Дегенде, ханым—Ақлима
Қара алмасқа қарады.

Қардай беті қанталап,
Бұзылып кетті жанары.
Туған елі тоналды,
Жүрекке салды жараны.

Қан жұқпайтын қара алмас
Жараға кекті жамады.
Кек кеудесін кернеді,
Денесін улап барады.

Ақылдың кені болса да,
Дәруді қайдан табады?!
Дәруін оның табады.
Емдерге жоқ қой амалы.

Масаттанды Нұралы,
Іздегені табылып.
Орындалды арманы
Бұлдырты бойы шабылып.

Қауіпті жауы Ер Сырым
Қараңғы үйге жабылып.
Сырымды туған ел барын,
Сырымға серік ер барын

Елемеді, еліріп,
Есебінен жаңылып.
Масайрады, Сырымның
Қара алмасын тағынып.

Алтын оқа, қамқа тон,
Жанат ішік жамылып.

сырым  батыр
Губернатор ұлыққа
Сыйлық тартты, жағынып.
Мастық басты орданы,

Тасқындатты тағылық.
Тасқындай тұрсын толғандар,
Олжасына кенеліп,
Қырғын ауылға келелік.

Бұлдыраған Бұлдырты
Сылдыраған сырлы өзен
Төсіне құлаш керелік.
Еліне жетсе Ер Сырым,

Еңкейіп сәлем берерлік.
Бұлдыртыда
Атырау, Жемді, Сағызды,
Ойыл менен Қиылды,

Мұғалжар, Жайық арасын
Жайлаған қазақ баласы
Бұлдыртыға жиылды,
Ақсақалдар белсеніп,

Әулиеге сиынды.
Алдияр, Малай, Бұландар,
Ақтаға, Алғыр, Қазандар
Қиядан қарап қиынды

Деді: «Орданы шабалық,
Халықты қолға алалық».
Өршеленіп өзгесі,
Соқты сөзден құйынды,

Құйындата үйірді.
Көбек айтты: «Шабалық,
Патшаға хат жазалық».
Көсеу айтты: «Көшелік,

Көшіп, Сырдан өтелік».
Ауыздағы алалық,
Шеше алмады түйінді.
Төзер ме енді, тоқталып,

Саңдақ, шіркін, самғады-ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Асқардан аққан арнадай
Сырымнан сөз құйылды:

—Уа, қаумалаған халайық!

Жеңілмейтін жау бар ма,
Шешілмейтін дау бар ма,
Жеткізбейтін жол бар ма,
Асу бермес тау бар ма?!

Асусыз асқар болса да,
Аспай өткен ер бар ма?!
Батырлардың тұлпары
Баспай кеткен жер бар ма?!

Халқына жау хандармен
Алыспай кеткен ер бар ма?!
Күнде бір сауыт жыртылып,
Күнде бір қылыш сындырып,

Күнде бір сүңгі суырып,
Шабыспай өткен ер бар ма?!
Көз жұмбай, дария кешпек жоқ,
Ер жеңілмей, ер бар ма?!

Ер төсектен безбей ме,
Өзі туған елінің
Жүрегінде шер барда.
Қараңғыда жол тартқан,

Қапы жерде сөз тапқан,
Қара жерді қалтыратқан,
Халқына жау хандарды
Қысқа күнде қырық шапқан,

Тайбурылдай тұлпарды
Талай таудан аттатқан,
Талай тақты таптатқан.
Қарақыпшақ қалың ел

Қараспанға қондырған,
Қобыланды туған біздің ел!
Бұлттай қайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысқан,

«Қаһар төксе, қатер»,—деп,
Қас дұшпаны торыққан.
Азды көпке теңгеріп,
Нашарларға болысқан.

сырым  батыр
Қоңыраулы найза өңгеріп,
Қараман ханмен соғысқан.
Соғысқан жауын мерт қылған

Қара қасқа атты Қамбар ер,
Қамбарды туған біздің ел.
Тауға салса, тас кескен,
Кеудеге салса, бас кескен

Семсерін күнде сермеген.
Ел шетіне жау келсе,
Кеудесін кегі кернеген.
Қаптаған қалың әскерді

Бір кісідей көрмеген.
Қамалын жау бұзбаған,
Дұшпаны жоқ жеңбеген
Естерек ұлы Ер Тарғын

Ер емес пе еді еңіреген?!
Өгізтауды өкіртіп,
Он екі ханды өлтірген.
Құланды қақтан қайырған,

Хандарды тақтан айырған.
Аждаһаның тынысын,
Қолын салып, барлаған,
Туғаннан таққа таласқан,

Дулығалы басты көп кескен,
Аты шулы Орақтан
Жеңілмеген жау бар ма,
О да туған қазақтан!

Анасы жерік болғанда,
Аюдың етін жегізіп,
Жолбарыс сүтін ішкізіп,
Екпінінің қаттысы

Белден қарға аунатып,
Батыр туған Қарасай—
О да Орақтың баласы-ай!
Атам—қазақ осал ма,

Тарихыңа қарашы-ай!
Қайраты мұхит халықтың
Туғызған талай батыры.
Атқа қонар күн туды,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақтайтын батыр атыңды.
Атаңа нәлет Нұралы
Ел жауына сатылды.
Хан мен патша қосылып,

Қорлықтарын асырды.
Сұлтандар мен атаман
Аулыңды басынды.
Құл қылмақшы ұлыңды,

Күң қылмақшы қызыңды.
Шоқындырмақ халқыңды,
Жоймақшы қазақ атыңды.
Отызда оқ атпаған,

Қырықта қылыш шаппаған
Жаман жігіт өз басын
Қоярға жер таба алмас.
Хас батырдың белгісі—

Қарындастың қамы үшін
Жаудан жанын аямас,
Жамандарға жалынбас,
Сүйегі тұтам қалғанша,

Дұшпанына бағынбас.
Ырыстың алды—ынтымақ,
Бастан бақыт арылмас.
Бөліністен бөрі асар,

Атқан оғың дарымас.
Сөз анасы—құлақтан,
Су анасы—бұлақтан,
Жол анасы—тұяқтан,

Мен бастайын, сен аттан,
Қаумалаған қарындас!
Сырымның сөзі—сырлы сөз,
Қыздырды қызу ерлерді.

Жүрегінде желі бар
Аламанға жел берді.
Атам қазақ халқының
Әруағы тербеді,

Бұрқырап тасты Бұлдырты.

сырым  батыр
Құр-құрлап ұстап жылқыдан,
Жұлқынған тұлпар ерленді.
Ер екен, шіркін, Сырым жолбарыстай,

Аллалап барлық жаумен ол атысты-ай!
«Жалғызға көптің әлі келеді»—деп,
Оқ тиіп, аттан құлап ол қалыпты-ай.
Есболат елу қолмен іздеп барып,

Түрме бұзып, Сырымды ала қашты-ай.
Дәл бар ма, сені енді не қыл дейін,
Көз тұман, көкірегі оның масты-ай.
Салыпты жалғыз Сырым үлкен майдан,

Баулыпты Есболатты ол бір таптан.
Жалғасы бар деп айтад бұл Сырымның
Табамыз оны, Тәке, енді қайдан?

Кіші жүз байұлының байбақтысы Сырым батыр Нұралы
ханды шапқаннан кейін патша өкіметінің қарсылығы білініп,
Орынбор губернаторының қудалауына шыдай алмай Бұқарға
бармақшы болып, Кердері Намаз биге ақылдасып, бата алмақ

болып барыпты:
Сырым батыр аттанды,
Бір күні «Бұқар барам» деп.
Намаз биді іздеді,

Көпті көрген адам деп.
Сапармен баяндап,
Кеңесіне салам деп.
Мақұлдаса мұнымен,

Жолыма бата алам деп.
Кердеріні аралап,
Намаз биді тапты кеп.
Сәлем беріп көрісті,

Жөн сұрасып білісті.
Баяндады Намазға
Сырым батыр жүрісті.
Саспайтын Намаз би екен,

Келбеті келген келісті.
Сырымға деді: «Шырағым,
Көрдің талай желісті.
Бұқарға барып не етпексің,

Не мақсатқа жетпексің?
Қуғыншы бар ма артыңда,
Елден неге кетпексің?
Сырым батыр

(С. Бекболатов нұсқасы)

сырым  батыр
Ту көтеріп, қол болып,
Соңыңнан ерген елің жоқ.
Арып-ашар күн туса,

Сүйенетін белің жоқ.
Қасыңда жолдас өзіңдей,
Жаныңа серік ерің жоқ.
Елде жүрсең болмай ма,

Екеу болса бірі боп.
Ол да біраз ұлтанды ел,
Берер деп тізгін сенім жоқ.
Тілімді алсаң, қой, батыр,

Бұдан басқа дерім жоқ».
Сонда Сырым сөйледі:

—Биеке деп ем, барамын,

Елін билеп Бұқардың
Демеймін билік аламын.
Орынборды шабам деп,
Ерлікте қорып қарадым.

Бір шапқанда үш шауып,
Нұралы ханды таладым.
Патша ханға қас болып,
Нар бурадай жарадым.

Мінем атқа қамы деп
Қатын менен баланың.
Кісіден қорлық көрген жоқ,
Кісіге жолдық берген жоқ,

Бұ шамаға келгенше,
Қасыма ерген адамым.
Қолымды арға сермедім,
Тоқтысын жауға бермедім.

Байбақты менен тананың
Көңілін таптым күнімде
Іні менен ағаның.
Айнала айта келгенде,

Патшашыл әскер көп болып,
Тайғанады табаным.
Патшаменен астарлас

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Губернатор Шошала
Асырды ғой амалын.
Сонамнайда тұрғанда
Оны дағы қамадым.

Бұл күнде, міне, белгісіз,
Болары қайда тұрағым.
Бұқардың Өзбек ханында
Алатын бар ед таласым.

Тәуекелім қайырма,
Осы сізден сұрағым.
Қазақ ауып барғанда,
Алып қалған малы бар.

Қоныс бермей қуалап
Елімнің кеткен ары бар—
Соны алу мұратым.
Жолдасты сынап өзіме,

Елден таңдап табамын.
Өзі палуан жігіт бар
Арыстаны тананың.
Деді сонда Намаз би:

—Құтты болсын қадамың!

Бата берді қол жайып,—
Болсын,—деп,—жолың, шырағым!
Аңғырттық етпе асығып,
Құлағыңа саламын.

Бименен шықты қоштасып,
Батасын алып ер Сырым
Көруге жолдың жырағын.
Жігітті тапты баяғы,

Жолына серік болғандай.
Өзі балуан, ат жүйрік,
Аттанды бұ да толғанбай.
Сапар етіп Бұқарға,

Тәуекелді қолға алды.
Маңдайы аумай бағыттан,
Сапарлары оңдалды.

сырым  батыр
Өтті талай елдерден,
Асулы асқар белдерден,
Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес мол жүріп,
Бұқарға жетті шөлдеген.
Көшесіне кірген соң,
Кідірді тоқтап көлденең.

Хабар етті біреуден
Жолығам деп ханменен.
Ұлықсат етті кірсін деп,
Шет екен деп көрмеген.

Отырған соң сұрады:

—Келесіз,—деп—қай жерден?

Батыр жауап қайырды:

—Келемін,—деп,—алыстан,

Қарағайлы қамыстан.
Келмеуіме болмады,
Бұқар деген дабыстан.
Атағыңды есітіп,

Жүрегімді ала ұшқан.
Өз ағам едің, өзбек,
Емес едің дұшпан.
Мен қазақтың ерімін,

Күштімен талай алысқан.
Жолдасым мынау, бұ да ер,
Біреуден деген қалыспан.
Елім көшті, білемісің,

Сырдың бойын жағалап.
Тоқтамақ болды жеріңе,
Кемей күнге паналап,
Жанасып жақын келіп ет,

Іш көріп сені ағалап.
Жығылғанға жұдырық,
Қайырдың тауын табалап.
Қондырмақ түгіл кідіртпей,

Жеріңнен қудың сабалап.
Қуып жүріп мал алдың,
Көшкен елді аралап.
25-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сондағы қалған малымды
Сенде кеткен арымды
Болып келдім мен алмақ.
Орынды ма бұл сөзім,

Орынсыз десең жауап тап?!
Қайырды жауап хан сонда:

—Сабыр ет, батыр,—деп,—тыңда!

Екеумізде жоқ мезгіл
Ол уақиға шынында.
Сұрастырып көрейін,
Рас-шынын терейін.

Келісім кеңес болмап ед,
Бізден өткен бұрында.
Жақсы келдің, батырым,
Саспасын бұған ақылың.

Ертеңнен қалмай ел келед,
Жиналсын деп шақырдым.
Шақыруым мәнісі—
Той етер деп, батырым.

Той артынан сөйлесіп,
Етерміз бітім ақырын.
Оған дейін жата бер,
Жайланып әбден, қонағым,

Тігулі арнап шатырым.
Дегенге батыр көнеді,
Сөзге шешен ер еді.
Бір-бірінен сыр тартып,

Жай сөйлесе береді.
Сөйлесе тұрып екеуі
Бақас сөзге келеді.
......—деді Бұқар хан,

Сөзімен қайыр сұраған.
Келбетің келген адамсың,
Сөз бұлағы бораған.
Сөзіме жауап бермесең,

сырым  батыр
Деді,—құрмет қыламан.
Тауып кетсең сөзімді,
Жүйрік дермін жолды алған.

Мына сөзге еліріп,
Әруақтанып желігіп,
Деді Сырым сорақан.
Хан айтты сонда: «Данасың,

Бұлақтай болып ағасың.
Байқасын деп отырмын
Билігіңнің шамасын.
Атап берші баяндап,

Жол мен су да және сөз
Үшеуінің анасы.
Ханға айтты ер Сырым:

—Мен емес пе қонағың.

Жол анасы тұяқ ед,
Су анасы бұлағың.
Сөзге баға беремісің,
Естімесе құлағың.

Іркілме, ханым, айта бер,
Тағы да болса сұрағың.
Осылайша сөзбенен,
Созылып кеңге мәжіліс,

Құрметтей берді қонағын.
Сұрау берді тағы да,
Деп: «Көңіліме ұнадың.
Үш сөз бар деп қазақта,

Беремісің жауап, шырағым».
Бір нәрсені меңзесе,
Бұл бәленнің түсі дейт.
Шешіп берші осыны,

Біздің ел бұған түсінбейт.
Бұл не сөзі қазақтың
Кісі менен місі дейт.
Ескінің сөзін қария

Жазып қойған хат дейді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түсінбейміз бұған да,
Бұл неліктен қазағың
Атпенен жалғап мат дейді.
Асқар таудың қолтығын,

Қайнап жатқан тас дейді.
Наурыз туса қазағың
Құтты болсын жас дейді.
Бұл не болад шешіп бер,

Өзі ішіп отырып,
Ас дейді де, мас дейді.
Деді Сырым: «Сұрай бер,
Сұрауыңды терейін.

Болатын ертең тойыңды
Мен де байқап көрейін.
Бұл сөзіңді ұмытпа,
Жауабын ертең берейін.

Теріп жазса не кетпейт
Дәптерлеген қағазға.
Хан жолықты сөз тапқыш,
Шежіреші сабазға.

Бесін мезгіл болғанда
Хан менен Сырым қосылып,
Мешітке барды намазға.
Мешіт баққан сақшы адам

Бұларға есік ашыпты.
Етікпен келген мешітке
Сырым лас басыпты.
Бұл ласты хан көріп,

Ашумен түсі қашыпты.

—Ласпен неге кірдің?—деп,

Лепіріп судай тасыпты.
Сонда Сырым не деді:

—Деймісің мені біледі.

Дін ашылған жер десем,
Не еткені лас ергені.
Ласы көп жер екен
Әуре қылған пендені.

сырым  батыр
Хан жығылып бұл жерге,
Қайталап сөзге келмеді.
Сырым қоймай мұнымен

Айнала қарап мешітте,
Намазға көңіл бөлмеді.
Отырғанын осылай
Оқушыға қосылмай

Бөтендер көрмей хан көрді.

—Қонағым, Сырым, сен,—деді,

Разы емен мен!—деді.
Намазды дұрыс оқымай
Айнала қарап нең?—деді.
Сонда Сырым дегені:

—Қарамасаң айнала,

Көруің мені жөн бе еді.
Екі рет болды осымен
Ханды сөзден жеңгені.
Ертеңгі ханның тойына

Жиналып тойға ел келді.
Келіп жатыр талайлар
Су арғымақ мінгені.
Атпен жігіт сыналар,

Орынды, міне, жер келді.
Мәлімдеуге халыққа
Той қызығын болатын,
Той басқарған адамға

Ханнан бұйрық сөз келді.
Шыдаса, қызық көрет, деп,
Айтып жатыр реттеп.
Ат шабады әуелі,

Жүйріктер озып келет, деп.
Бұдан соң балуан күресет,
Жыққаны бәйге алад, деп.
Уақ түйелі тағы бар,

Қызыққа халық қанат, деп.
Той басқарған басшы адам
Осылай хабар береді.
Аз болсын ба хан тойы,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жиылған халық көп еді.
Даярлаған жаратып
Жетпіс жүйрік келеді.
Шамасынан үш көштің

Бәйгіге атты жіберді.
Ер Сырымның жолдасы
Бұ да атын ерледі.
Шабатын топқа қосылып,

Бәйгілі жерге жөнеді.
Желсіз тымық, күн ыстық
Шаппай-ақ аттар терледі.
Бәйгілі жерге барған соң,

Қатар аттар тұрған соң,
Қатарланып болған соң,
Айдаушы жалау сермеді.
Жүйріктер шауып дуылдап,

Алға қарай өрледі.
Дуылдап шапқан жүйріктің
Сүйегі қызып кернеді.
Көз көрсетпей құм боран,

Бірін-бірі көрмеді.
Келе жатыр осылай,
Өңшең жүйрік жарасып.
Үстіне мінген адамдар

Ауыздықпен алысып.
Тана жігіт келеді
Жер мәнісін біле алмай,
Алмаған бұрын танысып.

Әлдеп шауып кеткенде,
Алдынан кеткен он бес ат
Бірден екі келеді
Танабайдан қалысып.

Жарты жолдан асқанда,
Асып аяқ басқанда,
Жүйріктердің тозаңы
Бұрқырап шықты аспанға.

Жұлдыздай ақты тор төбел
Жетемін деп тосқанға.

сырым  батыр
Озатын болса күлімдеп,
Қайшылап құлақ кететін
Бәйгіге бұрын қосқанда.

Жаңабай келет торымен
Таба алмай таныс қостарға.
Көрінгенде қарақшы
Топ жиналған қалыңның,

Тор төбел іздеп келеді,
Алдын алып бәрінің.
Озып келіп айналды
Қарақшыны үш рет,

Мақсатына шапқандай
Батырлардың арының.
Жолдасы мен Сырымға
Енді күрес тап келді.

Бұ да белгі емес пе—
Бәйгіден озып ат келді.
Балуан шықсын деген сөз
Құлақтарға сап берді.

Шығарып жатыр әр жерден
Ортаға білек сыбантып,
Мынау балуан дегенді.
Хан шығарды бір балуан

Қолтыққа қысып кететін
Бесті асау дөненді.
Денесін айтсаң түйедей,
Бөтен жоқ ханның сенгені.

Алмас еді қолына
Бұл болмаса өңгені.
Жаңабайдай еркеге
Не боларын кім білсін,

Осындай дәу кез келді.
Сырым сынды батырға,
«Қазағым жолын алсын» деп,
Ханнан тағы сөз келді.

Жүрексініп Жаңабай,
Бұзылып түсі өзгерді.
Сөйтсе де шықты майданға,
Айғайды естіп төзбеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сенді ме екен жығам деп,
Жығылар деп сезбеді.
Белін буды бекем боп,
Жаңабай шықты сыбанып.

Майдандағы өзбекке
Тұр ма екен о да құмартып.
Қабағын түйіп түнеріп,
Қарады ашу шығарып.

Жаңабаймен күресті,
Қарсы келіп қол алып.
Ұстаса кетті екеуі,
Ұзақ тұрмай толғанып.

Талқан болып алысты,
Қара тері ағылып.
Бірін-бірі бағысып,
Кетпейін деп жаңылып.

Айнала қарап халық тұр,
Не болар деп сағынып.
Дүрсілдеді көп жүрек,
Кетеді деп нағылып.

Бір мезгілде Жаңабай
Төске салып көтеріп,
Хан балуанын алды ұрып.
Непес ірі болса да,

Қалды осылай жығылып.
Хан балуаны жығылды
Бір қазақтың ұлынан.
Тартынбады хан дағы

Бәйгі деген жолынан.
Ас таратты халыққа,
Біткен соң қызық соңынан.
Той басқарған адамдар

Ту көтеріп жалаумен.
Жалпақ-жалпақ наны бар,
Етті сыйлық палаумен.
Хан отырды тағы да

Сырым сынды батырды

сырым  батыр
Түрлі сөзбен жанаумен.
Той құрметі біткен соң,
Мейман үйге апарды

Сырымды хан қалаумен.
Отырып хан сөйлейді:

—Уа, батыр Сырым, ойла,—деп,

Келеді-ау жақсы тойға,—деп.
Тойым бітті сөз жетті,
Жауабын бер іркілмей
Кешегі сұрау қайда?—деп.

Тоқталмады, сөйледі,
Еркін Сырым жауапқа:

—Сөзіңе жауап берейін,

Тыңда, ханым, сен тоқта.
Кеше бәйгі болғанда
Жетпіс бір адам мінді атқа.
Озғандардың көңлі шат,

Қалғандар қалды-ау ұятқа.
Міне, осыдан айтамын,
Талайлар кетті шат болып.
Көп қызықты біз көрдік,

Тойыңызға тап болып.
Біздің жүйрік бәйгі алды,
Озып келіп ат болып.
Қалған жоқ па сіздің ат,

Көп ішінде мат болып.
Ойыма ерік бермейді,
Айтар сөздің тосы көп.
Екі балуан күресті,

Көрікті тойдың ісі деп.
Жығып кеткен балуанды
Өзің дағы мақтадың:
«Бәрекелді, кісі!» деп.

Жығылған сенің балуаның
Адырайып келгенмен
Қалған жоқ па місі боп.
Мен айтамын дұрысын,

Ашуланып қас демей.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Біздің халық не десін,
Жал-жаяны ас демей.
Айта алмассың өзің де,
Шөп-шөбере сорпаңды

Әуре еткен мас демей.
Екі аяқты, бір басты
Жықпаған болар сізді де.
Не деуін хан білмеді,

Сонда Сырым қайырды:

—Күнде мені жығат деп,

Сөзіме қалған түсінбей.
Тағы бар ма сұрауың?
Жұмбақ етіп мағынаң,
Ежелден сөзге кідірмей

Судай болып ағылам.
Айтқанымен ұқпайтын
Сөз жобасын көп надан.
Осылардың бәрінен

Сөйлеген сайын жығылам.
Дем алдық, біраз жайландық,
Енді еліме жүрем, хан,
Әзірленіп болдың ба?

Келісемін не дедім,
Сөзім қайда сұраған.
Хан отырды ойланып,
Сөйлемей біраз байланып:

—Қалыпты,—деді,—бір сөзім,

Күлімсіреп жайланып.—
Батыр Сырым, данасың,
Оттай лаулап жанасың.
Қандай болад айтып бер,

Өтірік-шынның арасын.
Төрт елі деді кідірмей,
Көрсетіп Сырым шамасын.
Келеңе батыр қайтарсың,

Өзіңнің мекен жеріңе.
Жер мәнісін байқарсың,
Шығып алып беліңе.

сырым  батыр
Түсінбей қалдым бұл жерде,
Шама деп айтқан еліне.
Ежелден жүйрік ер Сырым

Сөйлесе, судай тасады.
Бәйгіге шапқан тарландай,
Екіленіп асады.
Түсінбесең мынау деп,

Оң қолымен оң жағын
Алақанмен басады.

—Көрдің бе,—деді,—міне, хан,

Дегенге нанба, көрсең нан!
Құлақпенен естіген,
Көрмесең, болад ол жалған.
Айтып едім биледің

Көрсетпей-ақ шамасын.
Көрсеттім ғой көзіңе
Құлақ пен көздің арасын.
Жауабың дұрыс бердім бе,

Енді жоқ па таласың.
Хан: «Жоқ,—деді,—таласым,
Айырып бердің сарасын.
Сенің де көзің көрген жоқ,

Атамның шалы қалды деп,
Өзбек тартып алды деп
Естіп неге нанасың?
Мен жүгіндім өзіңе,

Сөзіңнен қалай танасың».
Сөзінен Сырым қашпады,
Қайталап ауыз ашпады.
Өз сөзіне тоқталып,

Сұрауды зайыр тастады.
Сұрай-сұрай Бұқар хан
Аяғына шыққаны.
Сырым екеу, Бұқар көп,

Көп те болса саспады.
Мал зайырым дегенді
Бөгеліп сөзден тастады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хан не десін Сырымға
Талай сөзін айырды.
Сырымды сөз тапқыш деп,
Еліне даңқы жайылды.

Келіп жүр деп айналып,
Боларсың деп жайланып.
Сыйлық берді азды-көп,
Хан Сырымды қайырды.

Батырлар елге аттанды,
Бекем тартып айылды.
Ханменен қоштасып,
Хан да қалды достасып.

Батырлар шығып кетеді
Аттандырған қонағын,
Байқаңыз, хан не етеді...
Үзеңгіге у жағып

Жасырын сұмдық етеді.
Қайтып келе жатқанда
Удың зәрі табаннан
Бар денеге өтеді.

Сыр-Қуаңның бойында,
Шағылды құм ойында
Ерлердің демі бітеді.
Удан болып себебі,

Ажалы сонда жетеді.
Айнала кезген ер Сырым,
Айналып қайта келе алмай,
Ажалға тапқан төтені.

Сағынғали—теруші
Осыменен қысқартқан
Табылғанша бөтені.

Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Табын Барақ батыр туралы жырлар
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы тарихында елеулі із
қалдырған Барақ атты қаһармандар көп болған. Солардың бірі—

Орта жүздің сұлтаны, екіншісі—Орта жүз, найман, Көкжарлы
көкжал Барақ, үшіншісі—Кіші жүздің табын руынан шыққан
Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840).
Ел арасындағы аңыз әңгімелерде бұдан да басқа Барақ

батырлардың елі үшін еткен ерліктері баяндалады. Осылардың
ішінде қазақ тарихи жырларына өзек болған кейіпкер—соңғы
екеуі.
Қазақстан Республикасы қолжазба қорларында сақ­таулы

«Барақ батыр» атты жыр нұсқалары Табын Барақ Саты­
балдыұлы, ал «Барақ батыр, Абылай» жыры Көкжарлы көкжал
Барақ батыр қатысқан тарихи оқиғаларды бейнелеу мақсаты­
мен шығарылған.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Қолжазба орталығында алдыңғы аталған «Барақ батыр»
жырының бірнеше нұсқасы сақтаулы. Бұл нұсқалардың
бар­лығын да Қазақ КСР Ұлттық Ғылым академиясының

Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық республикасына әр
жылдары барған экспедиция мүшелері жинап келген.

1.  480-бумада сақтаулы 2740 жолдан тұратын жырдың

қолжазбасын 1961-1962 жылғы экспедиция мүшелері Балташ
Ысқақов пен Талиға Бекқожина 1908 жылы Қарақалпақ АКСР,
Мойнақ ауданы, «Үшсай» ауылдық кеңесінің тұрғыны Ерғожа
Құлпыбаев деген жыраудан алған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ерғожа жырау қолжазбасының алғы сөзінде Барақ ба­
тыр әңгімесін ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында өлең өрнегіне
түсірген Қумолда деген ақын екенін, бірақ ол жырды уақытында
жазып алмай, кейін елдің көмегімен қалпына келтіруге тыры­

сып, Ұлы Отан соғысының (1941-1945) алдында құрастырған
жыры соғыс кезінде өз балаларының әркімдерге таратып
беруіне байланысты жоғалып кеткендігін, ғалымдарға табыс
еткен қолжазба өзінің екінші талпынысының нәтижесі екенін,

өз ойынша өзі қалпына келтірген нұсқа Қумолда ақынның
нұсқасымен сәйкес келетінін білдіреді.

2.  483-бумада сақтаулы 1300 жолдан тұратын нұсқаны Ере­

жеп Тілеумағамбетұлының айтуынан Қабыл Мақсетов жа­зып
алып, 1960 жылы Балташ Ысқақовқа табыс етіп, бұл қол­жаз­ба
1963 жылы қорға қабылданған.
Ережеп жырау әкесінің репертуарындағы жырлардың

жазбаларын жаттап, 22 жасынан бастап жыршылықпен
шұғылданған.
Осы бумада Тілеумағамбет Аманжолұлының тағы бір ұлы—
Мүстежеп Ахметовтің тапсырған нұсқасы бар.

3.  342-бумада 1932 жылы бұрынғы Қарақалпақ АКСР,

Мойнақ ауданы, Микоян атындағы колхоз орналасқан жерде
дүниеге келген, атақты Оразбай жыраудың жиені—Наурызбек
Раманқұлов жырлаған нұсқа-жырдың 160 жолдан тұратын
үзіндісі сақтаулы.

4.  Осы қорға филология ғылымдарының докторы, про­

фессор—Қыдырәлі Саттаров тапсырған қолжазбалардың 12-
жинағында жырдың белгілі жырау—Қайролла Иманғалиев­
тен жазылып алынған нұсқасы бар. Бұл нұсқаны қағазға
түсіру­ші Қ.Саттаровтың шәкірті—сол кездегі 4-курс студенті

Айт­жанова Моншақ. 5.  Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітап­ха­

на­сындағы 365-буманың 1-дәптерінде жырдың 1012 жолдан
тұратын, 1947 жылы Қарақалпақ экспедициясының мүшесі
Аралбаев Жұбаныш әкелген нұсқасы сақтаулы. Осы буманың
2-дәптеріндегі нұсқаны жазып алып, 1940 жылы Қазақстан

зерттеу қоғамына тапсырған—Ғ.Сарыбаев. Қолжазбада оның
1938 жылы қағазға түсірілгені туралы мәлімет берілген.

ғылыми  қосымшалар
Бұл жыр «Асау-Барақ» деген атаумен күйтабаққа да
жазылған. Эпосты орындаушы — Алдаберген Тасқынбаев
1927  жылы Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында дүниеге

келген. Ол атақты жыршы Жалғасбай Аралбаевтың шәкірті.
Бұл жырдың нұсқалары екі рет кітап бетінде жарияланды.
Оның біріншісі—1993 жылы жарық көрген «Асау—Барақ»
атты кітапша. 2004 жылы Алматыдағы «Аманат» атты баспа­

да жарық көрген «Асау—Барақ» немесе табындар тарихына
кіріспе» атты кітапқа жырдың төрт нұсқасы, атап айтқанда,
жоғарыда аталған 1993 жылғы жинаққа енген «Асау—Барақ»
атты мәтін және жырдың «Барақ батыр» деп аталатын жырдың

Мүстежеп Ахметов, Ерғожа Құлпыбаев және Ережеп Білеуов
нұсқалары кірді.
Жырдың тарихқа қатысы да ерекше назар аударуды талап
етеді. Жырдың барлық нұсқаларында суреттелетін Алакөбек

батыр және Қатты Сыбан хан басқарған қалмақтардың қазақ
даласына шабуылы Жоңғар қалмақтары мемлекеті (1635-

1758) құлауының, оның үстіне өз билеушілері—Аюке ханның

өлуіне байланысты өз арасында алауыздық туып, билікке тала­
су ұлғайып, әлсіреген Еділ қалмақтарын Ресей патшалығының
қазақтарға қарсы соғысқа итермелеуді көздеп, оларды сол­
түстік, батыс және шығыстан тықсыруының салдары болатын.

Бұл жөнінде «Қазақ КСР тарихында»: «1759-1760 жылында
ғана Жайықтың сыртына өткен қазақтардың қырық мыңға
тарта жылқысын тартып алған»1,—деп жазылған.
Осындай шабуылдары сәтсіздікке ұшыраған Еділ қалмақ­

тары Қытайға қоныс аударып, жолда қазақ қолымен қақты­
ғысудың салдарынан орасан зор шығынға ұшырағаны, діттеген
жеріне аман-сау жеткендері Қытай империясы тарапынан
да қырғын тапқаны, Еділ қалмақтарының бұлайша толық

талқандалған уақыты 1771 жыл екені белгілі.
Еділ бойына орналасқаннан бері қарайғы уақыт ішінде орыс
патшалығының шекарасын қорғау, оның қарсыластарын жа­
залау қызметін атқарып келген торғауыттар жоғарыда көрсе­

тіл­ген себептерге байланысты 1770 жылы Жоңғариядағы
атаме­ке­ні­не қоныс аударуды ұйғарып, өздерінің билеушілері—
Уба­ши­дың басқаруымен жолға шығады.
1 Қазақ ССР тарихы. 3-том. —Алматы, 1982. — 15-бет.

26-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Белгілі тарихшы А.И.Левшин өз еңбегінде қашқындық пиғылы өзгелерге тек жолға шыққаннан кейін ғана мәлім болған торғауыттарды тоқтатып, кері қайтару үшін патша әкімшілігі екі түрлі шара қолданғанын білдіреді. Біріншіден, торғауыттардың жолы өтетін жерлерді мекендеген қазақ елінің Нұралы, Абылай хандарына және өзге де сұлтандарына хабар жіберіліп, жоғары биліктің атынан оларға торғауыттармен шайқасу, барлық мүмкін болған олжаларды алу құқығы бе­ ріледі, бірақ торғауыттардың Ресей жеріндегі бұрынғы қо­ ныс­тарына қайтарылуы тиіс екені ескертіледі. Екіншіден, торғауыттарды қуалай орыс әскерлері жіберіледі2. Осы еңбекте қазақ хандары мен сұлтандарының бұл ха­ барды зор дайындықпен қарсы алғаны, торғауыттардың бір бөлігін Айшуақ сұлтанның Сағыз өзені бойында талқандағаны, Нұралы ханның Мұғалжар тауы мен Жем өзенінде жеңіске жет­ кені, Абылай мен Әбілпейіздің бірнеше рет табысты шайқастар жүргізгені, Ұлы жүздің сұлтаны—Ералы өзінің одақтастары­ мен бірге қашқындарды елеулі шығынға ұшыратқаны туралы жазылған3. «Қазақстан тарихында» торғауыттардың ең алғаш рет Жем өзенінің жағасында аялдағаны, олардың Ырғыз өзенінен өтіп, Сарыарқаны көктей өтіп, Жетісу арқылы Жоңғарияның шекарасына жетуді көздегені белгілі болғаны, Кіші жүздің ханы Нұралы ханның әскер жинап келіп, Ембі өзенінің жағалауында ұрыс жүргізіп, жеңіске жеткені, қашқындардан бітімге келуді, қазақтың жерінен кетуді, кері қайтуды талап еткені, қалмақтарға кері қайту қиын болғандықтан, Убашидың Нұралының талабын жауапсыз қалдырғаны, маусым айын­ да олардың Алакөлді қиып өтіп, Балқашқа жақындап келіп, жағалауға аялдағаны, осы кезде Абылай хан бастаған қазақ әскерінің қоршауында қалғаны, қазақ қолының құрамындағы әскердің саны он бес мыңға жеткені, оның жеке жасақтарын Нұралы ханның, Әділ және Орыс сұлтандардың басқарғандығы туралы мағлұмат берілген4. 2 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и сте­ пей. —Алматы: «Санат», 1996. — С. 249. 3 Сонда. —249-250 бб. 4 История Казахстана с древнейших времен до наших дней в пяти томах. Т.ІІІ. —Алматы: Атамұра, 2000. —С. 264.

ғылыми  қосымшалар
Жыр нұсқаларының бірқатарында бас қаһарманның қал­
мақтармен болған соғыстан кейін Иран шахы—Нәдірдің Орта
Азияға жасаған шапқыншылығына қарсы күреске қатысқаны

суреттеледі. Дегенмен зерттеушілер Барақ Сатыбалдыұлы­ның
1743 жылы дүниеге келгенін, ал Нәдір шахтың 1747 жылы
қайтыс болғанын анықтап отыр. Демек, жырда Хиуа хандығын
жаудан азат етуші ретінде көрінетін қайраткер өзге адам бо­

лып табылады. Бұл жаңсақтықтың түп төркіні Барақ сұлтан
мен Барақ батырды бір-бірімен шатастыруда жатса керек. Олай
дейтініміз—Әбілқайыр хан мен Барақ сұлтанның бітіспес күресі
ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарында Хиуа хандығының төңірегінде

өрбіген сияқты.
А.И.Левшин 1741 жылы Әбілқайырдың Хиуа хандығын
қолына алғаны, кейін Нәдір шахтан қаймығып, Хиуадан кет­
кені, Хиуа тағының 1745-1756 жылдардағы иегері—Қайып хан

мен Әбілқайырдың арасындағы жаулық олардың ұрпақтары­на
да мұра болып қалғаны, Қайып хан мен Барақ сұлтан­ның ара­
сында сыйластық орын алғандығы туралы жазған.
Ал жырда суреттелетін Барақ, Сырым, Тіленшілердің

орыс әскеріне қарсы жүргізген ұрыс қимылдары Айшуақ
сұлтан тұтқындалғаннан екі жыл бұрын басталған. Кіші
жүз қазақтарының бұл көтерілісі туралы белгілі тарихшы
М.Вяткин: «Қазақтардың біз жоғарыда айтқан 1783 жылғы

жаппай көтерілісі 1784 жылға дейін созылып келеді. Қозғалыс
бұрынғысынша Нижнеурал линиясында және Орск бекінісінің
ауданында дами береді. Табын және шекті руларындағы Барақ,
Тіленші, Оразбай және Айшуақ ұлы Жантөре сұлтан билеген

жерлердегі қазақтар Верхнеурал бекінісі мен Елек бекінісі
арасындағы линияға шабуыл жасамақшы болып әзір­ленеді»5,—
деп жазған.
Осы еңбекте Айшуақтың 1785 жылғы көтеріліс оқиғала­ры­на

байланысты тұтқындалғаны Донсковтың князь Г.А.Потемкин­ге
жазған хатын келтіру арқылы ашып көрсетіледі. Онда: «Айшуақ
сұлтанның балалары басқа қазақтарға қосылып алып, осының
алдында Каленовский форпостына шабуыл жасаған»,—деп ра­

порт береді. Сонымен, «Балалары осындай іске қатысқан соң
ханның өзі де осы ұрылармен сыбайлас» деген оймен, Донсков
5 Вяткин М.П. Срым батыр. —Алматы, 1951. —203-б.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Ішкі істер экспедициясынан хабар алғанша Айшуақты Орал қаласында ұстап тұрмақшы болады. Сөйтіп, 1787 жылға дейін Айшуақ тұтқында жүреді»,—деп жазылған6. Айшуақтың кейіннен босатылуына көтерілісшілердің та­ лаптары ықпал еткені де—шындық. Жыр нұсқаларында Ақсақ майырға қарсы соғысқан он екі жасар Асаудың қатысқаны суреттелетініне келсек, Барақ батырдың баласының алғашқы ерлік көрсеткен жасын жыр­ шы эпикалық дәстүрдің әсерімен тым кішірейтіп жіберген. Шындығында, Асаудың жырда баяндалған оқиға тұсында ере­ сек азамат екенін Сырымның 1791 жылғы әрекеттеріне қол­ дау көрсеткендер туралы мағлұматтардың арасында: «Табын руының Елекбай, Бармақ, Досы, Барақ және Асау деген стар­ шиналары да 500 қазақ алып, атқа мінеді»,—деген деректің келтірілуі аңғартады7. Е.Білеуов нұсқасындағы Барақ пен ер Тайғаның арасында­ ғы бітімгершілік диалог өзге нұсқалардың ешқайсысында кездеспейтін, жырға Кеңестер Одағы мен социалистік жүйе елдерінде үстемдік құрған коммунистік идеология ұста­ным­ дарының ықпалымен енгізілген жасанды сарын болып табы­ лады. Жырда бейнеленетін Ақсақ майырдың кім екендігі жөнінде «Асау-Барақ» және табындар тарихына кіріспе» атты кітапта: «Ақсақ майыр—М.П.Вяткиннің еңбектеріндегі кейбір де­ ректерге қарағанда, жырда Романов деп көрсетілген бұл кейіпкердің түп бейнесі Сырым, Барақ көтерілісіне қарсы әскери күш қолданған отаршыл жүйе жендеттері—премьермайор Назаров немесе атаман Шаганов болуы мүмкін. Соңғы­ сын «1783 жылы тамыз айында көтерілісшілер тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жіберген» деген болжам бар. Бірақ бұл нақты бір адам емес, қазақ даласын қанға бояп, қырып-жойған қатыгез орыс офицерінің халық жадындағы жиынтық бейнесі болуы да ғажап емес»,—деген ғылыми түсінік берілген8. Біз де осы пікірді қолдаймыз. Қолжазба қорларындағы жыр нұсқаларының көпшілігі Кіші жүз көтерілісшілерінің Ақсақ майырға қарсы соғысын су­ 6 Сонда. 207-208 бб. 7 Сонда. 305-б. 8 «Асау Барақ» және табындар тарихына кіріспе. — Алматы,2004. —305-б.

ғылыми  қосымшалар
реттеумен тамамдалады. Бір өкініштісі—ол қолжазбалардың
барлығы бірдей аяқталмай қалған.
Ерғожа жырау өз қолжазбасының соңында жырдың

орыс әскеріне қарсы соғыс баяндалатын екінші тарауын
асығыстықпен толық жазып үлгермегенін, егер қажет болса,
жазып, артынан жіберетінін жазады. Дегенмен, Ғылым ака­
демиясы қызметкерінің жыр жалғасын жіберу қажеттігін

ескерткеніне қарамастан, аяғы институттың қолжазба қорына
түспеген.
Бұл томға Барақ батыр Сатыбалды ұлы туралы екі жыр
нұсқасы енді. Оның біріншісі—ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы

480-буманың 1-дәптерінде сақталып келе жатқан Ерғожа
Құлпыбаев нұсқасы. Ал екінші мәтіннің соңында «Ережеп
Білеуов» деген жазу бар. Ол кісінің бұл жырға қандай қатысы
бар екендігі қолжазбада көрсетілмеген. Сондықтан бұл қолжаз­

баны «Ережеп Білеуов нұсқасы» деп атағанды жөн көрдік.
«Барақ батыр» жырының осы томға енгізілген екі нұсқасы
да ӘӨИ қорында сақталған қолжазба түпнұсқасынан (Ш.480)
ешқандай өзгертусіз әзірленді.

С. Сәкенов
«Көкжарлы Барақ батыр» жыры
«Көкжарлы Барақ батыр» жырының мәтіні Орталық ғы­
лы­ми кітапхананың Қолжазба қорында 744-бумада сақталған

«Барақ батыр, Абылай» деп аталатын бір ғана қолжазба түрінде
жеткен.
Біздің пайымдауымызша, бұл жырға ХVІІІ ғасырдың жет­
пісінші жылдарының басында орын алған тарихи оқиғалар

негіз болған. Бұндай қорытынды жасауға жыр оқиғаларының
басталуына түрткі болған жағдайдың:

Барақ батыр, Қабанбай

Қырғыз асып кетіпті.

«Батырлар жоқ» деген соң,

Қазақты қалмақ басынып,

Алтайға қарай өтіпті,—деп баяндалуы негіз береді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Тарихи деректер ХVІІ ғасырдың жетпісінші жылдары­ ның бас кезінде қазақ халқы шынында да қазақтар әуелі қырғыздармен, одан кейін қалмақтармен әскери қақтығысты басынан кешіргенін айғақтайды. Бұл туралы қырғыз ғалымдарының Қырғызстан тарихы туралы еңбегінде: «Жоңғар хандығы құлағаннан бастап және Қырғызстан Ресейдің құрамына енгенге дейін қырғыздар­ дың саяси тарихына қазақтармен үнемі қақтығыстар, оларға шапқыншылықтар мен шабуылдар тән»,—деп жазғаны белгілі9. Бұл алаауыздықтың қашан басталғанын белгілі тарихшы М.Вяткин: «Абылай үшін оңтүстіктегі саяси жағдайлар тиімсіз қалыптаса бастады. Қырғыздар 1764 жылы Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар руларын шапқыншылыққа ұшыратты»,—деп мағлұм еткен10. Бұл соғыстың қазақтардың жеңісімен аяқталғанын Шоқан Уәлихановтың: «Абылайдың тау қырғыздарының тағдыры шешілген 1770 жылғы жорығының даңқы зор. Бұл шайқаста оң мен сол қырғыздардың бәрі болды, Бұл ұрыс «Жайыл қырғыны» деп аталады... Ол жерде тау қырғыздарының батыры—Әтеке жырық және басқа қырғыздар болды. Абылай Барақтың жеңілісі үшін арғындар, наймандар мен үйсіндердің күшті әскері мен солты мен саяқтың басты ауылда­ рын шапты. Солтының рубасы—Жайыл екі ұлымен бірге ұрыс даласында қаза тапты. Тау қырғыздары орасан зор шығынға ұшырады»,­—деп жазуынан да аңғарылады11. «Көкжарлы Барақ батыр» жырында да бас кейіпкер ретінде дәріптелетін Барақ батыр бата алмай, тайқыған қалмақ батыры—Қоңтажы Қоңды Қабанбайдың өлтіргені бейнеленеді. Қазақ-жоңғар соғысының ең соңғы шайқастарының, осы жырда баяндалғандай, Алтай тауларының бойында өткені де— тарихи шындық. Сол шайқастарда Қабанбай мен Бараққа серік болғаны суреттелетін батырлардың бірқатарының есімдерін бізге мәлім етуші бірден-бір тарихи айғақ осы туынды болып табылады. 9 История Киргизии. Т.1. — Фрунзе,1963. —С. 276. 10 Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. —Алматы—Москва, 1941. —С. 178. 11 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. —Алматы, 1961. —С. 374-375.

ғылыми  қосымшалар
Осы тұста тарихи жырлардың деректемелік құндығын аса
жоғары бағалаған М.Әуезовтің тарихи жырлардың батырлар
жырларынан негізгі айырмашылығы ретінде қаһармандық

эпостағы объективизмнің орнын тарихи жырларда оқиғаларды
тікелей қабылдаған жыршының субъективизмі басатындығына
арнайы тоқталғандығы еске түседі. Өйткені жырдағы Бөгенбай
образына осындай жеке көзқарастың салқыны тигенін ескерт­

пей кетуге болмайды.
Жырда соғыстың хабарын естіген қарт Бөгенбайдың жауға
аттанып шыққанымен, аты арықтап, майдан даласына алты
ай қалжырап жеткені суреттелуі, соғыста көп адамынан ай­

рылып, торығуға салынып тұрғанда, оны қиын жағдайдан дер
кезінде келіп жеткен Қабанбай, Жәнібек, Танаш, Дәулетбай,
Барақ батырлар мен Абылай бастаған қолдың құтқаруы та­
рихи шындықтан алшақ жатыр. Өйткені қазақ халқының

тәуелсіздігін қорғау ісінде қазақтың айтулы батырлары—
Бөгенбай мен Қабанбайдың тізе қоса қайрат еткені, Бөгенбай­
дың қалмақтардан Алтайдың тауларын тазартуға да зор үлес
қосқаны—айдай ақиқат.

Бұл шындықты әйгілі Үмбетай жырау өзінің Бөгенбайды
жоқтауындағы:

Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ,

Арасы—толған көп қалмақ

Алтай таудан асырдың,

Одан да арман қашырдың...

Арқа менен Алтайды,

Қабанбай мен Бөгенбай,

Арғын менен Найманға

Қоныс қылып қалдырдың,—деген өлең тармақтары
арқылы әлденеше ұрпақтың санасына өшпестей қылып жазып
кеткені де баршаға аян.
Тарихи эпос үлгілерін оқу барысында халықтық жыр

нұсқаларының осы секілді ерекшеліктерін естен шығармаған
лазым.
Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні түпнұсқадан (ОҒК:
Ш.744) еш өзгертусіз дайындалды.

С. Сәкенов

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР «Бердіқожа батыр» жыры «Бердіқожа батыр» туралы жырдың қазақ арасына келгені­ не бірқатар уақыт болған секілді. Өйткені мұндай жырдың бар екендігі туралы мәлімет Г.Н.Потаниннің Томскідегі мұражайында сақтаулы материалдардың арасынан да табыла­ ды. Өкінішке орай, Г.Н.Потаниннің ол жырды жазып алған, алмағаны белгісіз. Әйтеуір бізге жетпеген. Қазіргі М.О.Әуезов атындагы Әдебиет жөне өнер иститутынын қолжазба қорында сақтаулы Ержан Ахметов жырлаған «Бердіқожа батыр» жыры—бұл туындының қазіргі күнге дейін сақталып жеткен жалғыз ғана нұсқасы. Бұл жырдың Г.Н.Потанинге белгілі болған жырдан елеулі айырмашылығы бар деп ойлаймыз. Олай дейтініміз— революцияға шейінгі жазбаларда, Кеңес үкіметі кезіндегі жи­ наушылар еңбектері арқылы бізге жеткен тарихи жырларда ертегілік сюжеттер мүлдем кездеспейді деуге болады. Деген­мен XІX ғасырдың орта шенінен бастап, қазақ арасында діни қиссадастандарды жырлайтын, хикаяларды, ертегілерді жырға ай­ налдыратын ақындар көбейе бастады. В.В.Радлов «Бозжігіт» жырын айтушылардың бірі туралы: «Ол көп өлеңдерін халық жырларының негізінде құрған, шағын әңгімелер негізі хикая­ лардан алынған»12—деп жазады. Одан ары қарай: «Алтынбас» және «Күмісаяқ» сияқты өлеңдер халық ертегілеріне өте ұқсас»,—деген байқауын білдіреді. Аталған Қолжазба орталығында XX ғасырда өмір сүрген халық ақындарының ертегілерді өлеңге айналдыруы­ нан пайда болған жырлар көптеп сақталуда. Осы үрдіс біз көңіл бөліп отырған «Бердіқожа батыр» жырынан да аңғарылады. «Бердіқожа батыр» жырының бас кейіпкері барша қазаққа танымал тарихи тұлға, кіріспесінде ел тарихында анық болған оқиға баяндалады. Дегенмен тарихи жырдан гөрі, ертегі жанры поэтикалық тәсілдерінің үлес салмағы басым. Өзі айтып отырған жырда қиял қоспасының молдығын жыршының өзі де мойындайтындығын туындының басын­ да кейіпкердің ғайыптан пайда болу оқиғасы баяндаған соң: Бердіқожаның әкесі туралы: «Естуіміз—Арық мерген-ді, яғни 12 В.В.Радлов. Ел қазынасы—ескі сөз. —Алматы, 1994. —11-б.

ғылыми  қосымшалар басқаша да аты бар шығар. Біздің естуіміз осылай» деп, айтады бұрынғы кәрілер»,—деген анықтама берілуінен де аңғарамыз. «Арық мерген» атты ертегі, жыр, хикаяттар қазақ халқы мекеңдеген жерлердің әр жақ түкпірінен табылуына қара­ ғанда, бұл жырдың бас қаһарманының аты ойдан шығарыл­ ған, дәлірек айтқанда, халық әдебиеті үлгілерінен алынған болуы ғажап емес. Осы екі шығарманы оқи отырып: «Дәл жырдағыға ұқсас оқиға баяндалатын «Арын мерген» атты ертегі де ел арасында айтылған-ау»,—деп, шамалауға болады: «Мамай батырдың ар­ маны» атты ертегі-хикаяттың мазмұны осындай ойға мұрын­ дық болады. Осы шығарманың мазмұны мен баяндау тәсілі және «Бердіқожа батыр» жырындағы Арық мерген оқиғасы­ ның мазмұны мен баяндау тәсілі ұқсас. Тура Арық мергеннің басындағыдай жағдайға Мамай батыр Құбажон деген жердегі өзінің Шыңырау атты құдығының басында тап болады. Жыр­ дан айырмашылық—Мамайды өңшең қыздар қарсы алады. Олар құдықтың басына тігілген ақ шаңқан үйлерге батырды ертіп келгенде де, ол жерде қыздардан басқа жан баласы бол­ майды. «Бердіқожа батыр» жырында Арық мергенге көздеген мақсатына жетудің мүмкіндігі үш рет беріледі. Қызды алып қалу-қалмау мәселелесі Арық мергеннің тәртібіне байланысты болады. Литва халықтары ертегілеріне сүйене отырып, ерте­гі­ лер­дің құрылымы мен семантикасының тарихи дамуын зерт­ теген Б.Кербелите аса мәнді оқиғалардың үш рет қайталануы— қиял-ғажайып ертегілердің негізгі ерекшелігі екенін: «Біз ертегілерде сүйіп қолданылатын тәсіл—эпизодтардың үш рет қайталануы шығарманың ғибраттылығын арттыру үшін тартылған қарапайым құрылымдар арқылы дамығанын байқадық»,13—деп атап өтеді. «Бердіқожа батыр» сюжеттеріндегі ерекшеліктер жөне Арық мергеннің сипаты Е.М.Мелетинскийдің: «Рулық құры­ лыс­тың ыдырау кезінде... қиял-ғажайып ертек бөлініп шығады, бұндай ертегіде керемет күштер елеулі белсенділік танытады, ал қаһарман салыстырмалы түрде әрекетсіз... Қиял-ғажайып ертегілерде кереметтің эстетикасы пайда болады. Кереметті 13 Б. Кербелите. Историческое развитие и структура семантики сказов. —Вильнюс, 1991. — С. 234.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР күштер қаһарманды бақытсыздықтан құтқару үшін нақты өмірге енеді... Қиял-ғажайып ертектің типтік қаһарманы— әлеуметтік тұрғыдан жапа шеккен, отбасында қанауға ұшыраған адам»,14—деген анықтамасына сәйкес келеді. Қиял-ғажайып ертектің ерекшеліктері Бердіқожа батыр­ дың есейе келе жасаған ерліктерін баяндау барысында да бай­ қа­ла­ды. Мысалы, жыршы Бердіқожа батыр жасаған ерліктер­ дің барлығын оның сиқырлы сыбызғысының тылсым күшімен байланыстырады. Бердіқожаның сыбызғысы ертегілерде кездесетін сиқырлы тас, ұшқыш кілем, ұр тоқпақ, піс қазан, кездік т.с.с. керемет қасиеті бар заттың қызметін атқаруға кіріседі. Аттың иесімен сөйлесуі Қобыланды батыр жырында да кездесетіні белгілі. Ал тарихи жырлардың ішінде Қабанбай Қубас атқа, Саржан Шасқасқа атқа адамның сөзін олар түсінетіндей тіл қатқанымен, олардың сәйгүліктері иесіне жауап қатпайды. Ал Бердіқожаның қара аты «Ер Төстік» ертегісіндегі Шалқұйрыққа ұқсаңқырайды. Г.Н.Потанин батырдың табиғатының өзі кейде бақсыға ұқсайтынына назар аударған, яғни ол—сиқыршы. «Батыр­ дың әлдебіреумен қақтығысы,—деп көрсетеді ол,—көбіне көп жауынгерлік күрес емес, кереметтер көрсете білудің жарысы»15. Жырдың тарихилық сипаты да айрықша назар аударуға тұрарлық. Біз жоғарыда Табын Барақ, Көкжарлы Барақ ба­ тырлар туралы жырларға ғылыми түсінік беру барысында ХVІІІ ғасырдың 64-70-жылдары арасында қырғыздар мен қазақтар арасында қақтығыстар орын алғанына, сол соғыстың барысында Абылайдың қолбасшы міндетін Қабанбай, Барақ, Бердіқожа батырларға жүктегеніне тоқталдық. Тарихи дерек­ тер қырғыздардың Бердіқожа батырды кескілеп өлтіргенін айғақтайды. Біздің ойымызша, осы түсінікте қарастырылып отырған жырдың әуелі Бердіқожаның дүниеге келу тарихын, балалық шағын баяндаудан басталуы, одан кейін Қабанбайдың басынан 14 Мелетинский Е.М. О генезисе и путях дифференциации эпических жанров. // Русский фольклор. Материалы и исследования. Т. 5. —С.89. 15 Собрание сказок алтайцев с примеч. Г.Н.Потанина / Записки ВСОРГО, Омск, 1915. XXXІІ. — С.257.

ғылыми  қосымшалар
өткен оқиғалардың баяндалуы, соңынан қайтадан Бердіқожа
туралы суреттеулерге ұласуы тегін емес. Байқауымызша, жыр
бізге толық күйінде жетпеген, яғни қолымыздағы мәтін бұл

жырдың аяқталмай қалған үзіндісі ғана. Фольклорлық дәстүр
бойынша, қаһармандық эпос пен тарихи жырлар үлгілерінің
бас кейіпкерлері елдің азаттығы жолындағы күреске араласпай
қалуы мүмкін емес. Соған орай, керемет қасиеті бар Бердіқожа

батырдың Қабанбай мен Барақ батырдың жұмсаған жігіт­те­рі­
мен кездесіп, сөйлескеннен кейін олардың басшыларына сә­
лем жолдап, қонаққа шақыруымен жырдың тамамдалуы­ның
қи­сын­сыз екенін шамалауға болады. Өкінішке орай, жыр­дың

бұдан кейінгі бөліктерінің тағдыры бізге беймәлім.
Ел арасындағы ыждаһатты кісілердің қолында жырдың
өзге де нұсқалары немесе осы жырдың қолжазба қорына
түспеген бөліктері сақталып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан

осы мәтіннің жарыққа шығуы алдағы уақыттағы табысты
ізденістерге түрткі болатынынан үміттенеміз.
«Бердіқожа батыр» жырының қолжазбасы ӘӨИ қорында
(324-бума) сақтаулы. Бұл нұсқа жыршы Ержан Ахметовтен

1958 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Шілікті» совхо­
зында жазылып алынған. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні
түпнұсқадан өзгертусіз дайындалды.
С. Сәкенов

Базар батыр
Жыршысы—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы­
ның тумасы, халық арасынан шыққан талантты ақын-жазушы,
фольклор жинаушысы Бәдел Тұрсынбаев (1905-1967). Ақын

жыр оқиғасын елдегі көнекөз қариялардың аузынан жа­
зып алып, оны көркем өлең тілімен кестелеген. Шығарма үш
бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Алтай қазақтарының
қалмақ басқыншыларына қарсы жанқиярлық күресі бейнелен­

се, екінші бөлімде ел билеген озбыр хан Даниярға қарсы жоры­
ғы, ал үшінші бөлімде Базар батырдың орыс басқыншыла­рына
қарсы кескілескен шайқастары баяндалған. Шығармада тари­
хи жанр табиғатына сай бірқатар белгілер көрініс тапқан. Ең

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

бастысы жыр оқиғалары қызықты, нанымды әрі шынайы сю­
жеттерге құрылған.
«Базар батыр» жырында қаһармандық эпостағыдай ға­
жайыптық мотивтер, әсірелеу құралдары пайдаланылмаған.

Есесіне, батырға тән тұлпар ат, сұлу, ақылды әйел, адал достық,
опасыздық, түс көру секілді дәстүрлі эпикалық сарындар
оңтайлы орын тапқан. Базар батырдың жары Күлғайша бейнесі
жырда айрықша сомдалған. Ол да Бекет батырдың әйелі сияқ­

ты түрмеде жатқан Базардың соңынан барып, айламен сүйік­ті­
сі­нің абақтыдан қашып шығуына жәрдемдеседі.
Шығарманың тарихилығын танытатын тағы бір белгісі—
жыр мәтінінде стражник, урядник, губернатор, жандарал, кир­

гиз, сволыш, пашол, солдат т.б. сол заманда қолданысқа енген
орыс сөздерінің жиі ұшырасуы.
«Базар батыр» жырының қолжазба нұсқалары М.О.Әуезов
атындағы ӘӨИ (129-бума, 2-дәп.) және ОҒК сирек қорларында

(Ш.358, 1-дәп.) сақталған. Ғылыми кітапханада сақталған жыр
мәтіні оқушы дәптеріне жасыл сиямен, араб әрпінде жазыл­
ған. Қолжазба 1942 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданын­
да қағазға түсірілген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан ор­

наластырылып, дәптердің сырты қатты қағазбен тысталған.
Көлемі—65 бет.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті томына ұсынылып
отырған «Базар батыр» тарихи жырының мәтіні БҒМ ОҒК

сирек қорында сақтаулы түпнұсқасы бойынша еш өзгеріссіз
әзірленді.
С. Қосан
Жантай батыр

Тарихи жырдың қолжазбасын институтқа 1969 жылы
ақмолалық журналист, фольклор жинаушысы Ғалымжан
Мұқатов өткізген. Шығарманың туу тарихы әріден бастала­
ды. Жинаушының ел арасындағы көнекөз қарттардан жазып

алған әңгімесіне қарағанда, жырдың әу бастағы шығарушысы
атақты Үмбетей жырау болған. Үмбетейдің қартайған шағында
одан туысы—Бапан би Тұраналыұғлы естіп, жаттап, елге та­

ғылыми  қосымшалар
ратады. Жырау жас шәкіртіне Сарыарқаның сырлы тарихы­
нан шежіре шерте келіп, қазақ-жоңғар соғысында ерекше
ерлік көрсетіп ел қорғаған ер жүрек халық батыры—Жантай

Ниязұғлының «Шаңды жорық» кезіндегі қаһармандық істерін
баяндап береді. Жырдың сюжеті қалмақ хонтайшысы Уса-
Серең мен қазақ ханы Абылайдың әскері арасындағы жойқын
оқиғалардың сұлбасына құрылған. Қанжығалы Бөгембай,

қаракерей Қабанбай, шақшақ Жәнібектер басқарған азаттық
қозғалысына Байқозы, Олжабай, Сары, Баян, Жабай, Елшібек,
Оразымбет, Жаулыбай, Атан, Үйсімбай, Арқандар және Жан­
тай батыр белсене қатысады.

Қалмақ Қоңтайшысы Арқаның сұлу жері—Ереймен тау­
ын қалайда өздері иемденуге бар күші мен амал-айласын
жұмсайды. Бетпе-бет соғыста жеңілген Уса-Серең Абылай
ханға көп сый-сыяпат беріп, оның үстіне ұрдажық жас ханзада

Қасым сұлтанды қарындасы Айныш сұлу арқылы алдаусыра­
тып, ақыры қазақтарды қапыда қалдырады. Бір түнде көтеріле
көшкен қалмақтар Жантай батырдың інісі—Арқандарды
өлтіріп кетеді. Абылайдың аңғалдығына күйінген, бауырдың

қайғысына шыдамаған Жантай батыр бес жүз сарбазымен
қаптаған қалың қалмақтың жолын кеседі. Күші басым жаумен
соғыста ерен ерлік көрсетіп, жүздеген жауын жер құштырған
батыр осы жорықта қаза табады. Жырдың мазмұнына қара­

ғанда бұл оқиға Шу өзенінің Балқашқа құяр сағасында өтсе
керек. Қалмақтар өліктерін тастай қашса да, бұл соғыста
қазақтардың өзі де көп шығынға ұшырап, Жантай, Сары, Баян
сынды ардагер батырларынан айрылады. Мұның бәрі тарих­

та болған, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде
өткен қанды қырғын—«Шаңды жорықтың» аңызға айналған,
жыраулар қобыз сарынымен халық арасына таратқан көркем
шежіресі, жырмен жазылған жылнамасы деуге болады.

Жырдың тілі мен стилінде Үмбетей жырау өмір сүрген
уақыттан көп кейінгі заманның табы сезіліп тұр. Әлбетте,
шығарма жанрлық түрі жағынан ХХ ғасыр басындағы тарихи
поэмаларға етене жақын. Оның үстіне «Жантай батыр» жыры та­

лай ұрпақтың аузында айтылып, көптеген ақын жыршылардың
жаңғыртып, өңдеуінен өткені еш күмәнсіз. Жинаушының жа­
зуынша, Үмбетейден—Бапан би, одан—Байсерке абыз, одан—
Атқыбай, Төлеш ақындар бірден-бірге үйреніп айтып келген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осы жырды 1953 жылы журналист Ғ.Мұқатовқа айтып берген
ауыл жыршысы—Жұмағұл Жылыбаевтың оған:

Бір жылы Төлешпенен Омбы бардым,

Қиссаны естігенде қайран қалдым.

Сол жылы жаттап келіп айтқанымда,

Көзіне жас ірікті қажы марқұм.

«Төлеш-ау, үйрендің сен мұны қайдан?»—

Дегенде ол: «Ұқтым,—деді,—Атқыбайдан».

Атқыбай—Үмбетейдің шөбересі,

Қиссаны ауызымен жұртқа жайған,—
деуі де көп жайды аңғартса керек.
«Жантай батыр» жырының түпнұсқасы М.О.Әуезов атын­
да­ғы ӘӨИ Қолжазба қорында (ҚҚ:Ш.717, 10-дәп.) сақтал­ған.

Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған қолжазба бойын­
ша еш өзгеріссіз дайындалды.
С. Қосан
Сырым батыр

Қолжазба қорында Сырым туралы аңыз-әңгімелер, эпостық
шығармалар көп сақталған. Бұл материалдар БҒМ ОҒК:
457, 528, 1188, 1388, 1754, 553, 153д-бумаларында және
ӘӨИ: 137, 139, 201, 241, 325, 479,766-бумаларда тіркелген.

Әдетте, олардың атау­лары «Сырым туралы әңгімелер», «Сы­
рым туралы аңыздар», «Нұралы ханның Сырымға айтқаны»,
«Датұлы Сырым», «Сырым батыр мен Саржала», «Сырым
Датұлы Есім ханды өлтірген соң» т.с.с. болып келеді. Батыр

жайындағы ел аңыздары мен тарихи жырларды А.Шамшатова,
Т.Байшеркешов,
А.Бержанов,
Ә.Таутекенов,

Ф.Ғатауов,
І.Битілеуов, Т.Күнтуғанов т.б. ел азаматтары мен фольклоршы­
лар жинағаны байқалады.
Осылардың арасында томға еніп отырған «Сырым батыр»

жырын 1955 жылы батысқазақстандық ауыз әдебиетін жинау­
шы азамат Тайыр Ауатанұлы жазып алып, институтқа өткізген.
Тарихи шығармада Сырым батырдың Кіші жүз билеушісі
Нұралы ханмен келісе алмай, хан ордасын қамайды. Сырымның

ғылыми  қосымшалар
қарындасы—Ақлима ханым Сырымды сабырға шақырып,
ханды құтқарып қалады. Нұралы Теке (Орал) қаласындағы
орыс әкімшілігінің генерал-губернаторынан көмек сұрайды.

Қарулы, дайындығы мол орыс әскері Нұралы хан қолымен
бірлесе қимылдап, Сырым батырдың жолын кеседі. Батырдың
өзі, әйелі және алты жасар ұлы Қазы жау қолына түседі.
Түрмеде жатқан Сырымды ел арасынан жиналған шағын

қарулы топ құтқарады. Осы жорықта Есболат батыр ерекше
көзге түсіп, Сырымның алғыс-батасын алады. Бір өкініштісі,
жыр аяқталмаған. Бұл жайтты жинаушының өзі де аңғартып:
Салыпты жалғыз Сырым үлкен майдан,

Баулыпты Есболатты ол бір тайдан.
Жалғасы бар деп айтад бұл Сырымның,
Табамыз оны, Тәке, енді қайдан?—
деп жазған. Осыған қарағанда, «Сырым батыр» жыры әлі де

толық жинақталмай, ел аузында бытырап, жеке үзінді күйінде
айтылып келген секілді.
Мұны осы томға еніп отырған «Сырым батыр» жырының
тағы бір нұсқасын оқығанда айқын аңғарамыз. 1949 жылы Ба­

тыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданының тұрғыны Сағынғали
Бекболатов Тіл-әдебиет институтының қорына өткізген, қазір
БҒМ ОҒК сирек қорында (Ш.553) сақтаулы бұл шығарманың
сюжеті Сырымның Нұралы ордасын шауып, Есім хан­

ды өлтіргеннен кейін Орынбордан шыққан орыс әскерінің
қысымымен Бұқара хандығына жасаған сапары мен батырдың
қайғылы өліміне қатысты оқиғаларға құрылған. Яғни Есім
ханның басы кесілген тарихи маңызы үлкен эпостың бөлінбес

бір тарауы екі нұсқадан да түсіп қалған. Тіпті стилі мен тілдік
айшықтауларына қарағанда, ұсынылып отырған екі нұсқа о
баста тұтас бір эпостың құрамында болып, кейін ұмытылып,
әркімнің есінде үзінді түрінде сақталып қалуы да мүмкін. Ол

жағын әлі де зерттей түсу қажет.
Соңғы нұсқа бойынша, Сырым батыр Бұқар ханының орда­
сында қонақта болып, ханның сынынан сүрінбей өтеді. Аяр хан
Сырымды қадірлеп, сый-сыяпатпен қайтарып, бірақ жаулығына

басып, батырдың үзеңгісіне у жағып жібереді. Жинаушының
сөзімен айтқанда:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айнала кезген ер Сырым,
Айналып қайта келе алмай,
Ел қарасын көре алмай,
Ажалға тапқан төтені.

Сағынғали—теруші
Осыменен қысқартқан
Табылғанша бөтені...
Бұл сөздер де «Сырым батыр» жырының түгел жиналмай, ел

арасында шашырап жүргендігінен хабар берсе керек.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті 60-томына ұсынылып
отырған «Сырым батыр» жырының мәтіндері ӘӨИ (Ш.332) жә­
не ОҒК (Ш.553) қорындағы түпнұсқалары бойынша әзірленді.

С. Қосан

Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781)—ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі—Жошы хан,
бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек,

одан соң Еңсегей бойлы Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Жәңгір
ханнан—Уәлибақы, одан—Қанішер Абылай, оның ұлы Көркем
Уәлиден Әбілмансұр туған. Абылай 1730-33 жж. аралығында
болған бір ұрыста қалмақтың бас батырын жекпе-жекте шан­

шып өлтіреді. Үлкен атасының әруағын шақырып, жауға
«Абылайлап» ат қойған жас жігіт жеңісті соғыстардан кейін
Абылай аталып, қазақ даласындағы беделді билеушілердің
біріне айналады. Мұнан кейінгі саналы өмірін қазақ халқының

тәуелсіздігін сақтап қалуға арнап, ат үстінен түспеген. Сүйегі
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің
ішіндегі Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерлен­
ген.

Айдабол би Сүйіндікұлы—би, шешен. Ташкен қаласы
маңында туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел аузында
нақыл болып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда «Төрелігім
дұрыс болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып

өлтіремін» деп ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын
тайпасының ішіндегі сүйіндік руының бір атасы Айдабол бидің
есімімен аталады. Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол
кенті т.б. атаулар би есімімен байланысты туған.

Айшуақ (1720-1810)—Кіші жүз ханы (1797-1805), Әбілқайыр
ханның үшінші ұлы. Нұралы ханның тұсында негізінен
Жетіруды биледі. 1748-49 жылы төрт қазақ шонжарының бала­
ларымен бірге (інісі Қожахметті алмастырып) Орскіде аманатта

болды. Апақ және Жантөре деген балаларының Сырым батыр
27-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

қозғалысына қатысуына байланысты атаман Донсков Айшуақ­
ты тұтқынға алып, екі жылдай қамауда ұстады. Ағасы Нұралы­
ны қапастан босатуға әрекет еткені үшін Жайық бекінісіне тағы
да камалды. Айдаудағы Нұралыны Уфадан еліне қайтару үшін

ІІ Екатеринаға бірнеше хат ұйымдастырды. Айшуақ белгілі
қолбасшы да еді. 1771 жылы көктемде Сағыз өзені бойындағы
Еділ қалмақтарымен қырғын шайқаста жеңіске жетіп, үлкен
кұрметке бөленді. Есім хан өлгеннен кейін, 1797 жылы 8 та­

мызда Кіші жүздегі құрылтайға басшылық жасады. Айшуақ
қартайғанына карамастан, патша үкіметінен Жайық бой­
ын отар­лауды шектеуді, өзінің ел басқарудағы құқыларын
кеңейтуді сан рет талап етті. Хандық биліктің билеу және

басқарудың дәстүрлі жүйесін сақтап қалуда бірқатар шара­
ларды іске асырды. Айшуақ ханның билеп тұрған кезінде,
1801  жылы Кіші жүзден Бөкей сұлтанның бастауымен Бөкей
ордасы бөлініп шықты.

Ақсақ
майор—М.П.Вяткиннің
еңбектеріндегі
кейбір

де­рек­терге қарағанда, жырда Романов деп көрсетілген, бұл
кейіп­кердің түп бейнесі Сырым, Барақ көтерілісіне қарсы
әс­кери күш қолданған отаршыл жүйе жендеттері премьер-
майор

Назаров
немесе
атаман
Чаганов

болуы
мүмкін.
Соңғысын 1783 жылы тамыз айында көтерілісшілер тұт­
қындап, Хиуаға құлдыкқа сатып жіберген деген болжам

бар. Бірақ бұл нақты бір адам емес, казақ даласын қанға
бояп,
қырып-жойған
қатыгез

орыс
офицерінің
халық
жадындағы жиынтық бейнесі болуы да ғажап емес.

Ақша Сартұлы (1707-1729/30)—батыр. Әкесі Сарт Шақан­
ұлы Ташкен маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының
іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы
Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күзеуі еткен. Атақты бай

болған. Алғаш 1723 жылы жоңғар қалмақтарымен болған
соғыста көзге түсіп, батыр атанған. Ол жекпе-жекте қалмақ
батыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай
даласына жерленген. Ақша батырдың балалары—Өтеболат пен

Қырғызбай 1756-1758 жж. қазақ жерін жоңғарлардан азат ету
соғысына қатысқан.
Алдияр Елекеұлы (шамамен 1641-1712)—қазақ-қалмақ
соғысына қатысқан батыр. Есімі садыр руының ұранына

ғылыми  қосымшалар
айналған. Алдияр туралы жазба деректер Қазақстан мен Қыр­
ғызстанда сақталған.
Асан

қожа—XVІІІ
ғасыр
шенінде
Батыс

Қазақстан
өңірінде өмір сүрген діни қайраткер. Арнаулы әдебиетте
оның өмірбаяны туралы деректер ұшыраспады. Әйтсе де
казіргі Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт

аулынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта
(Жем өзенінің алабында) орналасқан көне зираттар орны
«Асан қожа қорымы» деп аталады.
Атақозы—Атақозы

Айтқұлұлы
1704-1794
жылдар
аралығында өмір сүрген батыр әрі би. Руы—Адай. Еділ, Жем

бойын, Үстірт өңірін қалмақ шапқыншылығынан қорғау
шайқастарында даңқы шыққан.
Әбілқайыр—Әбілқайыр Мұхамбет Ғази баһадур хан (1693-
12.8.1748)—қазақ ханы, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші

буыны—Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда
батырлығымен, шебер қолбасшылығымен аты шығып, мұра­
герлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710-
12.8.1748). Әбілқайыр 1726 жылы Ордабасыдағы халық жи­

налысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды.
Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729-30)
жоңғарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабі­леті
ерекше көрінді. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлта­ндары­

ның алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей
империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағұлов
(Қойдағұлов) Сейітқұл мен Көштаев (Қоштаев) Құтлымбет
бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), патшаға ханның

барлық қазақ жүздерін империя қамқорлығына алу туралы
өтінішін жеткізді. Орта жүздің сұлтаны Барақ бастаған топ
Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кең да­
лада кездесіп, оны өлтірді. Бұл—бүкіл қазақ даласын дүр

сілкіндірген саяси оқиғалардың бірі еді. Ханның серіктері де
сол жерде каза тапқан. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің
Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым
жерде деген болжам бар. Бұл ара Хан моласы аталады.

Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Оның бауырынан өрбіген
3 ұлы, 9 немересі, 5 шөбересі хандық дәрежеге жетіп, Кіші
жүз бен Хиуа елін билеген. Бопай ханымнан 5 ұлы—Нұралы,
Ералы, Қожахмет, Айшуақ және Әділ туған. Ең кенже ұлы

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шыңғыс—қалмақ әйелінен. Бірнеше қызы болған. Солардың
бірі—Қарашашты Абылай ханға қосқан.
Әділ (т.ж.б.—1756 ж.ш.)—сұлтан; Әбілқайыр ханның Бо­
пайдан туған кенже ұлы. Тарихи құжаттарда оның есімі алғаш

рет хан балаларын аманатқа беру мәселесіне байланысты ата­
лады.
Әзірет Ғали (Әли Әбу Талип, т.ж.б.-21.01.661)—«әділ
халифтердің» төртіншісі және соңғысы. Шын аты-жөні Әбул-

Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың немере інісі және
күйеу баласы (қызы Фатиманың күйеуі). Осман өлгеннен соң
656 жылы халиф болып жарияланды. Оны Египет, Ирак, Мек­
ке және Медине қолдады. Бірақ Сирия билеушісі Муавия мен

Пайғамбардың жесірі Айша қарсы болды. Бұл мұсылмандар­
дың Әли жақтастары (шииттер) және оның қарсыластары (су­
ниттер) болып екі бөлінуінің басы еді. Екі жақтың арасындағы
қайшылықтардың салдарынан өзі де қайтыс болады. Әли су­

ниттер үшін қарапайым пенде, адалдықтың, батырлықтың,
қайырымдылықтың үлгісі ретінде қалса, шииттер үшін ол
Мұхаммедтің тікелей мирасқоры, оның Алламен байланысын
жалғастырушы. Кей шииттік секталарда дүниеде теңдесі жоқ

жан ретінде бағаланады. Қазақтар арасында Әли есімі «Әзірет
Әлі», «Әзіреті Әлі» тұлғасында аталып, оған үлкен құрмет
білдіріледі.
Байғозы Наймантайұлы—(1705-1803) Қарағанды облы­

сы, Шет ауданы, Көктің көлі ауылында туылған. Батыр. Руы—
тарақты. Әкесі Наймантай Тәуке ханның бас батырларының
бірі болған. Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шап­қын­
шылы­ғына қарсы азаттық күресте қатар шыққан. Байғозы

жоңғармен арада болған Қарасиыр, Аңырақай, Хан тауы,
Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы
төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозының
қызы Қойсанадан—Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы

Шәкіден—әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған.
Барақ (Көкжал) батыр Шүрекеұлы (шамамен ХVІІ ғ.
соңы-ХVІІІ ғ. Ортасы)—батыр. Найман тайпасының ергенекті-
көкжарлы руынан. «Көкжал Барақ» деген атпен бүкіл қазаққа

белгілі болған тарихи тұлға. Көкжал атануына орай жорамал­
дар көп. Алайда бұл атау қайсарлығы, ерлігі үшін берілгені
анық. Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін

ғылыми  қосымшалар
кең алқапты қалмақтардан тазартуға қатысқан. Алакөл жаға­
лауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы
ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Барақ Жайыл қырғынында

69 жасында опат болған.
Барақ Сатыбалдыұлы—1743 жылы қазіргі Батыс Қазақ­
стан облысы Шыңғырлау ауданы аумағында дүниеге келіп,
1840 жылы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу аумағында

қайтыс болған. Тегі Шөмішті Табын руының Қарақойлы
тармағынан шыққан. XVІІІ ғасырдың ІІ жартысында Кіші
жүз елін шарпыған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
Барақтың баласы—Асау да, немересі Дәуіт те басқыншы жау­

лардан қазақ елі мен жерін қорғап, қол бастаған батырлар.
Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770)—жоңғарларға
қарсы шайқастарда қол бастаған бас батырлардың бірі. Ауыз
әдебиеті үлгілеріне қарағанда, қазақ қолбасылары Берді­

қожасыз хан кеңесін де өткізбеген, жорыққа да шықпаған.
Оны Ұлы жүзде Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы
қолбасшы мәртебесінде құрметтеген. Аягөз, Бұланты-Білеуті,
Іле, Ебі, Ембі, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Қандысу, Айдын­

су, Шар, Жорға соғыстарында Қозымаңырақ, Қоймаңырақ,
Итішпес, Ақшәулі маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда
Ұлы жүз жасақтарына басшылық жасаған.
Бөгенбай батыр (қанжығалы Бөгенбай, 1680-775)—қазақ

халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. Бөгенбай
әз-Тәуке тұсында казак-орыстармен өткен ұрыстарда, кейін
жоңғар шапқыншылығы тұсында жүзден астам соғыстарда

ерлігімен танылып, ерекше құрметке бөленген. Ол қазақ
халқының Абылай хан бастаған ұзақ жылдардағы ұлт бірлігі
үшін күресінің ұйытқысы болған. Жасы ұлғайған шағында өз
ажалынан қайтыс болып, сүйегі Қожа Ахмет Йасауи кешеніне

жерленген.
Бөкей сұлтан (т.ж.б.—21.5.1815)—Әбілқайыр ханның
немересі, Нұралы ханның баласы, Бөкей хандығының негізін
салушы. 1801 жылға дейін Кіші жүздегі Хан кеңесінің төрағасы

болды. Астрахан әскери губернаторының атына өтініш жазып,
өз қоластындағы қазақтарды Еділ мен Жайық арасындағы жер­
лерге қоныстандыруға рұқсат сұрады. 1801 жылғы наурызда
І  Павел патша Бөкейге қалаған жерлеріне көшіп-қонуға ресми

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

жарлықпен рұқсат берді. Дүние салмас бұрын өз орнына мұрагер
етіп жас баласы Жәңгірге өсиет қалдырды. Бейіті—Ресейдің
Астрахан өңіріндегі (Краснояр ауданы) Кіші аралда, Сейіт баба
зиратында. Балалары Жәңгір, Әділгерей, Мендікерей, Тәуке—

Бөкей хан іргесін қалаған орданы басқаруға тікелей үлес қосты.
Ұлтымыздың саяси, мәдени өмірінде елеулі із қалдырған
Бөкеевтер, Бөкейхановтар шоғыры да—Бөкей баурынан тараған
әулет. Хандар ауысып, билік түрі өзгеріп, патшалық, кеңестік

заманды бастан кешсе де, Бөкей ордасының тарихи атауы екі
ғасырдан бері сақталып келеді. Батыс Қазақстан облысының
бұрынғы Орда ауданы 2000 жылы Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен «Бөкей ордасы ауданы» деп қайта

аталды.
Бөкенбай батыр Қарабатырұлы—1681 жыл шамасын­
да қазіргі Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге
келіп, 1742 жыл Ойыл өзенінің бойында қаза тапқан. Тегі

Табын руының ішіндегі Жылқышы (шын аты—Асандәулет)
аталығынан шыққан. Яғни халықтық шежіреде оның арғы тегі
былайша таратылады: Асандәулет (Жылқышы)—Құлатай—
Байғазы—Кедейқұл—Қарабатыр (Қарос)—Бөкен­бай. Бөкен­

байдың үрім бұтағы: бел баласы Тіленші де, немересі Жола­
ман да қазақ халқының азаттық жолындағы сан ғасырлық
айқасында аты шыққан батырлар болған. Ал Бөкенбайдың
өзі қазақ тарихында жаудан қайтпаған батыр әрі дарынды

қолбасшы, шебер мәмілегер, тіпті хан баласына жөн сілтеп,
жоба белгілеген қайраткер ретінде белгілі. Ол жөнінде нақты
да тарихи деректер мен ресми құжаттамалар мол. ХVІІІ-ХХ
ғасырлардағы қазақ жері мен елін зерттеген П.И.Рычков,

А.И.Левшин, Л.Мейер, И.И.Крафт, А.И.Добросмыслов т.б.
орыстың зерттеуші-ғалымдары мен мамандары аса құнды
мағлұматтар қалдырған.
Бұлан—Хазар қағанатының қағаны. Бұлан Кавказ жеріне

ішкерілей енген араб әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бірақ
оның бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. 727 ж. араб қолбасшысы
Хабиб ибн Маслам Бұланға ойсырата соққы бергеннен кейін
Хазар қағанатының астанасы—Беленджер қаласын жаулап

алады. Сөйтіп, 731 жылы Бұлан қағанның өзі және оның қол
астындағы солдаттар Дағыстанды қоныстанған хазарлардың
бір тобы иудей дінін қабылдады.

ғылыми  қосымшалар Досы би—Шөмішті Табынның биі. Оның өмірі мен қай­ раткерлік қызметі жөнінде нақты деректер жоқ. Ауыз әдебиеті нұсқаларында оның аты бірнеше нұсқада (Досы, Досыбай, Дүсүп) кездеседі. Патшалық Ресей әкімшілігіне жолдаған рес­ ми құжаттарда Табын руында Барақпен тұстас Досы би деген өмір сүргенін дәлелдейтін деректер бар. Ералы, Ермұхамедәли баһадүр хан (т.ж.б.—1749)— сұлтан, Кіші жүз ханы (1791-94), Әбілқайыр ханның екінші ұлы, А.Тевкелев елшілігіне аманатқа берілген. Әкесінің тірі кезінде Орта жүз керейлерінің және Кіші жүз шөмекейлері мен төртқарасының сұлтаны болды. Кіші жүзде әкесі Әбілқайыр ханның саясатын белсенді түрде жүзеге асырды. Әкесінің Орта Азия хандықтарына, Ресейге қатысты көптеген маңызды тапсырмаларын орындаған. 1733 жылы Ресей елшісі Тевке­ левке қосылып, Кіші жүздің елшілігін бастап, Петербургке барған. 1733 жылы 10 ақпанда Ералы орыс патшайымы Анна Иоановнаның қабылдауында болды. Есім хан (1558—1645)—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының астанасы Түркістанда тұрып билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қосқан. 1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отырады. 1599  жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде бол­ ды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, заң-ережелерін шығара бастады. Бұрыннан келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы» атты ережелерді басшылыққа ала отырып, заңды одан әрі толықтыра түсті. Күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мәселелерді шешуде азаматтық, қылмыстық істерді қарауда, әскери-отбасылық қарым-қатынастарда «ата-баба жолы» басшылыққа алынды. Есім ханның бұл ережелері халық көкейінен орын тепкендіктен, «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті. Жабай Қарабиұлы (шамамен 1697, Солтүстік Қазақстан облысы—18-ғасырдың 70-жылдары, сонда)—батыр. Орта жүз құрамындағы керей тайпасының ашамайлы руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарға қатысып, ерлі­ гімен көзге түскен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жәнібек—казақ тарихында Шақшақ Жәнібек, Жәнібек
тархан деген атпен даңқы қалған батыр. 1693 жылы қазіргі
Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосынқұм деген
жерінде дүниеге келген. Тегі Орта жүз құрамындағы Арғын

руының Момын аталығынан шыққан. 1710 жылғы жоңғар
қалмақтарымен
соғыста
жаудың

нойонын
жекпе-жекте
өлтіріп, батырлығымен көзге түскен. Арнаулы әдебиеттер
мен ресми құжат деректеріне қарағанда, ол Кіші жүз ханы

Әбілқайырмен дос-жар қарым-қатынас жасап, оның Ресей
қоластына кіру саясатына тікелей қолдау көрсеткен. Хан
тағына отырған Абылайға бата берген. Оның ел ішіндегі
беделін, қайраткерлік қабілетін жоғары бағалап, Ресей пат­

шайымы Елизавета Петровна 1743  жылы 11 шілдеде «тархан»
атағын берген. 1752  жылы қайтыс болған Жәнібек тарханның
денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне
жерленген.

Қабанбай батыр (ХVІІ ғ. соңы-ХVІІІ ғ. орта шені)—қазақ
батыры, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы
күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық
арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атап кеткен. Қабанбай

батырдың көптеген ерліктері Абылай ханның жоңғарларға
қарсы жорықтарында жасалған. Бізге дейін жеткен оның
жауынгерлік және батырлық оқиғалары халық арасында көп
тараған аңыз-әңгімелер мен «Қабанбай батыр» жырының

нұсқаларында суреттелген.
Қазыбек Келдібекұлы (шамамен 1667-1764 ж.)—қазақ
халқының XVІІ-XVІІІ ғасырларда жасаған үш ұлы биінің
бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты

Қазыбек Келдібекұлы туралы ел аузындағы әңгіме, аңыздар
мен биден қалған шешендік сөздер оның өз заманында білімді
де жетелі, ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын
мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да

батыр адам болғандығын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы
үшін Тәуке хан Қазыбек биді орта жүздің бас биі етіп сайлаған.
Қайырхан, Ғайыр хан Иналшық—ХІІІ ғасыр басында өмір
сүрген Отырар қаласының билеушісі. Хорезмшаһтарға қызмет

еткен қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс хан Отырарға
шабуыл жасағанда Қайырхан сенімді әскерлерімен берік
қамалға бекініп, бірнеше ай соғысты. Қамалды қорғаушылар

ғылыми  қосымшалар
түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 жылы ақпанда
қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде
өлтіріледі.

Қанай Құттымбетұлы, Қарауыл Қанай (шамамен 1695-
1698, қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданында—1780,
Ташкент)—би, қоғам қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының
қарауыл руынан шыққан. Атығай қарауылдың бас биі болған.

Абылай хан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен көп жыл Орта
жүзде төбе би болған. Бізге жеткен ел аузындағы әңгімелер
мен тарихи шығармалардың деректеріне қарағанда, Қанай би
Абылайдың ең жақын кеңесшілерінің бірі болған.

Қарқара—Барақ батырдың анасы, Сәрке батырдың қызы.
Ауыз әдебиеті нұсқаларында батыр Барақтың жасыл түсті
жорық туы осы Қарқараның тәркімен алып келіп, табыстаған
еді дейді. Ал осы кітапқа енгізілген жырлардың нұсқаларында

жасыл туды батырға Тама руының биі әрі батыры Түгел қарт
тарту еткенін баяндайды.
Қасым қожа, сопы Әзиз—діни қайраткерлер. Олардың
ғұмырнамасы мен іс-қызметіне қатысты деректерді арнаулы

әдебиеттен ұштастыра алмадық. Дегенмен бұл әулеттің Қазақ
хандығы тұсындағы рухани еңбектері ел аузында аңызға
айналғаны мәлім.
Қатты Сыбан—бұл жерде «қатты» сөзі қатыгез, мейірім­

сіз, жауыз деген мағынада қолданылып, Еділ-Жайық бойы
қазақтарын қырғынға ұшыратқан Сыбан тайшының қасиет-
болмысын айқындап тұр.
Қоныстың ұлы—Құлбарақ—XVІІІ ғасыр шенінде түркі­

мендерге Хиуа басқыншыларына қарсы соғысқан көзсіз батыр.
Руы—Адай. Басқа өмірбаяндық деректері белгісіз.
Мәмбет—Қабанбайдың әкесі Қожақұл, оның әкесі Мәмбет,
оның әкесі байжігіт. Шежірелердің таратуы бойынша (ескер­

те кетелік, Қабанбай ата-бабасын тарататын шежірелерде
алақұлалық кездеспейді), Сәйбек ханның тұқымы Тоқтарқожа,
Толымқожа деген ағайынды екі жігіт Қаракерей Байыс байға
келіп сіңеді, жылқысын бағады. Тоқтарқожа ұнап, Байыс

оны бала қылады, қызы Мақтаны қосады. Бұлардан Байжігіт,
Жанжігіт атты екі ұл туады. Кейінірек Тоқтарқожа Жанжігітті
алып, еліне қайтып кетеді. Шежірешілердің Жанжігіт ұрпа­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

ғынан хабары жоқ. Ал Байжігіттен Жұмық, Тоғас, Мәмбет туа­
ды (үш Байжігіт аталуы содан).
Надырша—Иран билеушісі. Дұрыс аты—Надир шаһ. Ол
1740 жылы Хиуа хандығын жаулап алды. 1747 жылы қайтыс

болған. Бұл кезде, яғни ол Хиуа жерін жаулап алған кезде
Барақ батыр Сатыбалдыұлы 3 жаста болған. Сондықтан «жыр­
шы не тарихи тұлғаны, не уақиғаны шатастырып алған» деп
ойлаймыз.

Найманбайұлы Әжібай (1699—1778)—ХVІІІ ғасырдағы
жоңғар шапқыншылығы кезінде Жетісуды жау тырнағынан
босатқан, есімі өз руының ұранына айналған ірі батырлардың
бірі. Руы—Албан тайпасының Қызылбөрік руынан тарайды. Ол

қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Түрген елді
мекенінің маңында туып, Жоңғар Алатауының етегіндегі Қорам
деген жерде дүние салған. Аңыз, әңгімелерге қарағанда, жасы
Өтеген батырмен шамалас болғандықтан, екеуі талай қанды

соғыстарда иық тіресіп қатар шайқасып, бейбіт кезеңдерде де
достықтары үзілмеген. Достықтың аяғы құдалыққа жалғасып,
Әжібай Өтегеннің бір қызын келін етіп түсірген. Қазақ-
жоңғар соғысынан кейін Түрген, Қаракемер сияқты жерлерді

иемденіп, руластарын астық, бау-бақша егуге жұмылдырған.
Сөйтіп, Таутүргеннен Қаракемер, Сатай деген жерлерге дейін
тоған қаздырған. «Әжібай тоғаны» аталған сол тоған әлі де
бар. Әжібайдың жеті ұлынан тараған ұрпақтары Райымбек,

Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында қоныстанған.
Ниязұғлы батыр Жантай (т.ж.б. Солтүстік Қазақстан
облысы, Айыртау ауданы—1771 ж. Жетісу өңірі, Іле бойы)—
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық

күресіне белсенді қатысқан батыр. Орта жүз құрамындағы
арғын тайпасының қанжығалы руынан шыққан. Абылай хан
1771 жылы Ресейден Қытайға қарай ығысқан қалмақ әскерін
барлауға бес жүз әскер беріп, Бөгенбай батыр мен Жантай батыр­

ды жіберген. Жантай батыр қолға түсіп қалған інісі Арқандар
батырды құтқармақ болып, он мың адамдық жау шебіне басып
кіріп, осы соғыста қаза тапқан. Батыр сүйегі қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Жантай ауылының жанында

жерленген.
Нұралы, Нұрмұхамедәли баһадүр (1704-1790)—Кіші жүз
ханы (1748-86), Әбілқайыр ханның баласы. Оны хан сайлау

ғылыми  қосымшалар
рәсіміне тек Кіші жүз қазақтары емес, Ұлы және Орта жүз
өкілдері де катысты. ІІ Екатерина 1786 жылы 6 маусымда
Нұралыны арнайы жарлығымен тақтан түсірді. Алғашында

Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер ау­
дарылды. 1790 жылы көктемде ол осы қалада дүниеден озды.
1792 жылы хан тағына Нұралының інісі Ералы отырды.
Павел І—Ресей императоры (1796-1801), ІІІ Петр мен

ІІ  Екатеринаның баласы. Ол өлерінен екі-үш күн бұрын, яғни
1801 жылғы 7-наурызда Еділ мен Жайық ортасын өз қарауындағы
елімен қоныстану жөнінде сұраған Бөкей сұлтанның өтінішін
қанағаттандырып, ресми жарлық шығарған еді.

Сатыбалды—Барақ батырдың әкесі. Халықтық шежіре
бойынша Шөмішті Табынның Тоқсиық тармағынан тарайтын
Сыр бойындағы батырлар әулетінің басы Сәрке Өмірқұлының
қызы—Қарқара қызға үйленген. Сатыбалдыдан—Жаманқара,

Жаманбай, Барақ; Барақтан—Ескене, Қитар, Жақсыбек, Шым­
бай, Тастемір, Асау; Асаудан—Жанбура, Бурабай, Қаражан,
Дәуіт, Адайбек, Жандос, Нысанбай; Дәуіттен—Бегімбет, Ха­
меш, Ербөлек, Алдамжар, Бекназар, Дәрібай тарайды.

Сәрке—Шөмішті Табын (Бозым) ішіндегі Тоқсиық ата­лы­
ғынан тарайтын батырлар әулетінің басы, Барақ батырдың
нағашысы. Есімі ел ұранына айналған Сәрке батыр XVІІІ ға­
сыр шенінде қазақ даласын жоңғар, қоқан басқыншылары­нан

азат етуге белсене қатысып, Сыр бойы табындарының сар­дары
ретінде танылған.
Сырым
би—Сырым

Датұлы,
азан
шақырып
қойған

аты—Шынтемір екен. 1723 жылы қазіргі Батыс Қазақстан
облысының Сырым ауданындағы Сарыой аулында дүниеге
келіп, 1802 жылы Хиуа хандығы жерінде қаскөйлердің қолынан
қаза тапқан. Тегі—Он екі ата Байұлына жататын Байбақты

руының Шолан (Әйтімбет) атасынан. Халықтық шежіре бой­
ынша, Шоланнан—Дат, Есенбай, Байторы; Даттан—Адамбай,
Шынтемір (кейін оны еркелетіп «Сырым» атандырған), Атым­
тай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай,

Қорлыбай, Қалдыбай және жастай өлген Шыбынтай деген он
бір ұл туады. Патшалық Ресейдің далалық өлкеде әкімшілік-
саяси реформа жүргізіп, хандық билікке дәстүрлі шектен асы­
ра артықшылық беруі арқылы қалың бұқараның табиғи-өзіндік

құқылары шектеуі (атақоныстан ажыратып, бағзылы иеліктегі

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

өзен, көл жағалауларын, өріс, жайылымдарын пайдалануға
тыйым салуы т.б.), алым-салым көбейтуі Сырымды және оның
тұстастарын (алабөтен) ашындырады. Олар қолдарына қару
алып, қалыптасқан саяси жүйеге—отарлаушы орыс үкіметінің

жергілікті
әкімшіліктеріне,
«орыс
тағайындаған»

хан,
сұлтандарға қарсы көтеріледі.
Өсер мен Шүйде—Жетіру тайпалық бірлестігі құрамында­
ғы Кердері руының батырлары.

Тама Есет—бұл қазақ тарихында «Тархан» атағын ие­
ленген батырлардың бірі, Жетірудың биі Есет Көкіұлы (1667-
1757). ХVІІ-ХVШ ғасырлар шенінде қазіргі Батыс Қазақстан
өңірінде өмір сүріп, ел тағдырына сын болған аумалы-төкпелі

уақиғаларға, әлеуметтік-саяси істерге белсене араласқан. Жаз­
баша деректер мен халықтық шежіре нұсқаларында Тама руы­
нан шыққан Есет батырдың тегін былайша таратады: әулет
ұранына айналған айбарлы батыр Қарабурадан—Нәрік, одан—

Шора (ол туралы қазақ, татар халықтарында батырлық дастан
бар), Шорадан—Есенгелді, одан—Атамшыл, Атамшылдан—
Торым, одан—Базарқұл, Базарқұлдан—Көкі, ал одан Есет ба­
тыр туған. 1703-04 жылдары тама Есет басқарған 2000 сарбаз

Жем, Ойыл өңірін ойрандаған түрікпендерге және 1706 жылы
шабуылдаған Еділ қалмақтарына қарсы соғысып, қаһарман­дық
көрсеткені белгілі. 1710 жылы Қарақұмда өткен Бүкіл қазақ­
тық құрылтайдан бастап Кіші жүз билеушісі Әбілқайыр баһа­

дүр ханның ішкі және сыртқы саясатына қолдау көрсеткен.
Тіленші—қол бастаған батыр, Табын руының старшы­
ны, Әбілқайыр ханның бас батыры—табын Бөкенбай Қара­
батырұлының баласы. XVІІІ ғасырдың ІІ жартысында қазіргі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Қаратал
мекенінде (Алмаз) өмір сүрген. Сырым Датұлы бастаған
көтеріліске руласы Барақ Сатыбалдыұлымен бірге қатысып,
2 мың сарбазды басқарған; 1785 жылы билер кеңесінде

Жетірудың старшыны, 1786 жылғы қыркүйекте өткен билер
съезінде Орынбор шекаралық сотының далалық бөлімшесі—
расправаның мүшесі болып сайланған. Баласы Жоламан да
әскери жасақ құрып, орыс отаршылдарына қарсы күрескен.

Үмбетей Тілеуұлы (1697, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облы­
сы, Қаратау өңірі—1786, қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау
ауданы)—жыраулық поэзияның көрнекті өкілі. Үмбетай қазақ

ғылыми  қосымшалар
халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің
ортасында болып, тарихи оқиғаларды жырлаған. Үмбетай
шығармаларының тарихи және әдеби көркемдік дәрежесі оның

қанжығалы Бөгенбай батырды жоқтауы мен батырдың дүние­
ден өткенін Абылайға естірту жырларынан айқын көрінеді.
Шыңғыстың ұлы—хан Барақ—қазақ тарихында Барақ
атты бірнеше тұлға болғаны белгілі. Соның ішінде Шыңғысхан

әулетіне, төре тұқымына жататын төрт Барақты білеміз.
Біріншісі—XVІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген, Шыңғыс
хан әулетінің Жәдік тармағынан тарайтын Тұрсын ханның ба­
ласы. Екіншісі—XVІІІ ғасырдың 70-80-інші жылдары Шығыс

Қазақстан аймағына билік жүргізіп, «хан» атанған Әбілпейіздің
немересі—Барақ сұлтан Солтабайұлы (туған жылы белгісіз;
1865 жылы өлген). Үшіншісі—1422-26 жылдары Алтын Орда­
ны билеген, 1428 жылға дейін Ақ Ордаға хан болған, әйгілі Орыс

(Өріс) ханның немересі, Құйыршықтың баласы—Барақ хан.
Ал төртіншісі—1550-56 жылдары Ташкент аймағын билеуші,
Әбілхайыр ханның екінші ұлы, ел ішінде «Наурыз Ахмед»
атанған Барақ хан.

Сөздік
Абжор /о/—қомағай, мешкей
Айыр—қос өркешті түйе
Алмалату /ж.с./—кезектестіру, алмастыру

Арзу /п/—тілек, мақсат, арман
Ахирет /а/—ақырет, ақырзаман, дүниенің соңы
Әгар /т/—егер
Әнжі /ж.с./—аяр

Баж—салық
Бейқұт /п/—хабарсыз,
Ғапыл, қапыл /а/—надан, қараңғы
Дәркер /п/—керек, қажет, іске жарайтын

Діллә /п/—алтын, күміс ақша
Жалаңқия /п/—сұрқия, сұм
Жанарал /о/—генерал
Жезие—орыстың «жезль» деген лауазымды білдіретін ме­

талдан жасалған бұйым атауының өзгерген түрі
Зайыр /а/—анық, айқын, ашық
Зарып /п/—қайғы, дерт
Зәңгі—қара. Көбінесе эфиопиялықтарды (негрлерді) осы­

лай атаған. Кейбір мәтіндерде дінсіз құл деген мағынада
қолданылады.
Зият /п/—артық, жақсы
Кеп /п/—сөз, әңгіме

Кінәз /о/—князь
Қарар /а/—шешім, сабыр, тағат
Қардар /а/—бір нәрсені кепілдік беріп сатып алушы
Қары—қолдың иық пен білек аралығы. Ұзындық өлшемі

бірлігі ретінде де қолданылады.

ғылыми  қосымшалар
Қасам /а/—ант
Қау—қалың, ұйысқан, тығыз, көп
Қиямет /а/—ауыр азап, бейнет, қиыншылық

Лама—Будда дінінің сопысы, дінбасы
Ләшкер /т/—әскер, қол
Майдер—Будда Құдайының аты
Майыр /о/—майор

Миясар /а/—лайықты, көңіліне жақын
Мүнет /а/—күш-жігер
Нарқоспақ /қ/—нар мен қос өркешті түйенің екі арасынан
шыққан будан

Панар /о/—шам
Пәрмен /п/—бұйрық, әмір
Салдат /о/—жауынгер
Санат—сенат

Состаб /о/—құрам
Термешелі /ж.с./—қайымайтын, мүйізгегі бар інген
Хауаз /ж.с./—машық, әдет
Шар—дау, жанжал

Шауаш ету /о/—орыстың «шабашить», яғни біту, аяқтау
деген етістігінің мағынасына сәйкес келеді. Жырда «қырғын
салайық» деген ұғымды білдіреді.
Шәр /п/—қала

Шер—жолбарыс

Жер-су атаулары
Алатау—бас жағы Хан тәңірі тауынан басталып, аяқ
жағы Шымкентке дейін созылып жатқан асқар биік, заңғар
тау. Түркілердің ежелгі заманнан-ақ биік шыңды, мәңгілік

мұздар мен аппақ қар жататын тауларды Алатау деп атағанын
Қозыбасы Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы деген атау­
лардан анық аңғаруға болады.
Алтай—терістік жағы Ресей, шығысы Қытай, оңтүстік-

шығысы Қазақстандағы биік таулы аймақ. Ресейдің Ал­
тай өлкесі Таулы Алтай автономиялық облысын қамтиды.
Алтайдың терістігінде, Таулы Алтайда Катун, Чуй, Бум өзен­
дері Обь өзеніне құйса, Бұқтырма өзені Шығыс Қазақстанға

қарай ағады.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақстанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік

Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ.
Балқаш—Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы
тұйық

көл. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшін­ші
орында тұрады.
Бұлдырты—Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан
облысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік-

батысқа қарай бір шақырым жерде. Былқылдаған және Жо­
салы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады,
оңтүстігінде Жалтыркөл көліне құяды.
Еділ (Волга, ежелгі атауы Ра, ортағасырларда Итил)—

Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзінің бастауын Валдай қыратынан
алып, Каспий теңізіне құяды. Еділге екі жүзге жуық ірілі-
ұсақты өзендер қосылады.

ғылыми  қосымшалар
Еміл (Емел)—өзен аты. Ол Тарбағатай тауынан басталып,
Алакөлге құяды.
Ереймен—Сарыарқаның

солтүстігіндегі
таулы
алқап.
Ақмола және Қарағанды облыстары аумағында орналасқан.

Ертіс—өзен. Монғол Алтайының Хора-Улус-Нор көлінен
бастау алып, Қобдан өзеніне құяды да, Қара Ертіс аталып, За­
йсан көліне кеп құяды. Одан шығып, Өскемен, Семей, Павло­
дар облыстары мен Омбы қаласын жанай өтіп, Тобыл өзеніне

қосылады. Тобылдан әрмен Ханты-Мансийск жағынан өтетін
үлкен өзен Обьқа қосылады.
Есіл—Ақмола, Қарағанды облыстарының жерін басып
өтетін үлкен өзен. Қостанай облысындағы 1963 жылы салын­ған

аудандық дәрежелі Есіл қаласы атауы да осы өзенмен байла­
нысты.
Жайық—Оралдың оңтүстігін, яғни Батыс Қазақстан облы­
сын басып өтіп, Атыраудан асып барып Каспий теңізіне құятын

арналы өзен. Башқұрт Республикасы, Ресейдің Челябин, Орын­
бор облыстарын да қамтиды. Бастауын Орал тауынан алады.
Жем (Ембі)—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Аты­
рау облыстарымен ағып өтеді.

Күйік—қазіргі Орынбор облысының Соль-Илецк қала­
сындағы бекіністің орнын ертеде жергілікті қазақтар «Күйік­
қала» деп атаған.
Қалмаққырған—Қазақстанның әр жерлерінде кездесетін

жер атаулары. Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтардың ойрат
әскерлеріне қарсы тойтарыс беріп, жау қаша жеңілген жер­лер
солай аталған.
Қараоба—ежелгі қорым. Батыс Қазақстан облысы, Жаңа­

қала ауданы, Жаңақала ауылынан 6 шақырым солтүстік-
шығыстағы Жасауыл деген жерде орналасқан.
Қарой—казіргі Атырау облысы Индер ауданындағы жер
атауы, тарихи мекен.

Қиыл—Ойыл алабындағы өзен. Ойыл, Қобда ауданда­
ры жерімен ағады. «Қиыл» атауы өзеннің Ойылға қиылып,
көлденеңінен құятын сипатын көрсетеді.
Қобда—Ақтөбе облысындағы аудан орталығы. Елек ала­

бындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудан жерле­
рімен ағады.
27-206*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мұнанай—көне түркі тілінде қалаға кіретін қақпа үстіндегі
карауыл тұрған биік қалқаны осылай атаған. Кейін келе бұл
атаудың «Мұнара» деген нұсқасы қалыптасып, әдеби-тілдік
нормаға енген. XVІІІ ғасырдың соңында Орынбор қаласына

күншығыс
беттен
енетін
қақпа

күзеті
тұрған
махалла
«Мұнанай» аталған. Сондай-ақ қазіргі Орал қаласына оңтүстік-

шығысқа қарай 8 км жерде, Теректі ауданының аумағында
орналаскан Подстепное селосының табанында елді мекенді
Барақ-Асау заманда қазақтар «Мұнанай» (Мінәмай) деп атаған.
Патша шенеуніктерінің ресми жазбаларында Сырым, Барақ,

Тіленші бастаған көтерілісшілер 1783 жылғы тамыз айында
қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратып жүрген Чаганов отря­
дын осы Мұнанай мекенінде түгелдей тұтқындап, атаманның
өзін Хиуаға құлдыққа сатып жібергені айтылады.

Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен аға­
тын өзен. Нұра қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі
бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Ойыл—Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау, Батыс

Қазақстан облыстары жерімен ағады. Өзен бойына Миялы,
Ойыл т.б. елді мекендер орналасқан.
Орынбор—Қазақстанның
батыс,

солтүстік-батыс
және
оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы
құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы орталығы

Орынбор қаласы болған Торғай облысы құрылды.
Сам—қазіргі Маңғыстау облысындағы Үстірт жонының
солтүстік-шығыс жағын алып жатқан құм алабы.
Сарыарқа—бұл Орталық Қазақстандағы Торғай ойпа­ты­­

нан шығысқа қарай Тарбағатай тауына дейін созылып жат­­
қан ұсақ шоқылы кәдуілгі Сарыарқа аймағы емес, қазір­гі
Атырау облысының аумағындағы Сағыз және Жем өзен­дері­
нің терістігіндегі Қызылқоға, Индер ауданы аума­ғын түгел

камти оты­рып, Орал қаласының оңтүстігіне тіре­летін жазық
дала. 1879-80 жылы «Ұлы қоян» атал­ған жұтқа душар болып,
Тайсойған­нан Маңғыстау тү­бе­гін­дегі туыстарына маңдай
тірей барған Мұ­рат Мөңке­ұлы:

Біз көштік Сарыарқадан бермен асып,

Көлденең Сағыз бенен Жемді басып..,—
дейді де, одан әрін

ғылыми  қосымшалар

Әжібай Сарыарқаны қыстап қалып,

Бұл жерді Есболай бай белгілеген—
деп өлеңдетеді. Жайық бойындағы осы далаға арнап шығарған.
Себер—Сібір.
Суық теңіз—Солтүстік мұзды мұхит.

Теке—Сарықопа алабындағы өзен. Қостанай облысы, Нау­
рызым және Амангелді аудандары жерімен ағады.
Түркістан (Иасы)—Оңтүстік Қазақстан облысындағы
қазіргі Түркістан қаласының шығыс жақ шетінде жатқан

ортағасырлық кент орны. Алғаш рет ХVІ ғасырдың екінші
жартысындағы тарихи дерек көздерде, яғни Қазақ хандығы­
ның астанасы болған сәттен бастап аталады.
Хиуа—Орта Азиядағы хандықтың атауы. Оның орталығы—

Хиуа қаласы қазіргі Өзбекстан Республикасының террито­
риясында орналасқан.
Шаған—Батыс Қазақстан облысының Зеленский ауда­
нын­дағы өзен, ауыл атауы. Үлкен Шаған аталады. Семейдің

төменгі жағындағы Ертіске құятын өзен, Мұғалжар тауының
оңтүстігіндегі өзен аты, Сары Шаған—Іле өзенінің оң жақ
құйылысындағы
өзен,

Шағаноба—Шығыс
Қазақстандағы
өзен.
Іле—өзен. Алматы облысының Райымбек ауданынан бас­

тау алып, Қытай жері арқылы елімізге оралып, Балқаш көліне
құяды. Шекарадан бері аталған облыстық Ұйғыр, Іле, Балқаш
аудандарының жерлерін басып өтеді.

Арғын—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қонысы— Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежел­ ден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Әлім, Алты ата Әлімұлы—Әлімнің алты тармағының болғанына орай ел ішінде Алты әлім деп те атайды. Әлімге жаманақ (шекті), карамашақ (төртқара), айнық (қарасақал), ұланақ (қаракесек), тегінболат (карасақал), тойқожаны (ақ кете) жатқызады. Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ атала­ рына бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Шолан, Сырым т.б. билер мен батырлар шыққан. Байұлы, Он екі ата Байұлы—қазақ халқының құрамындағы тайпа бірлестігі. Байұлы құрамына шеркеш, ысық, есентемір, байбақты, берші, адай, алтын-жаппас, тана, алаша, масқар, таз, қызылқұрт рулары енеді. Найман—Ш.Құдайбердіұлы мен М.Тынышбайұлының шежірелеріне қарағанда, Орта жүздегі аса ірі тайпалардың бірі. Найманнан Терістамғалы, Сарыжомарт, Төлегетай, Сүгірші сияқты үлкен рулар тарайды. Табын—Жетіру тайпалық бірлестігінің құрамындағы үлкен ру. М.Тынышбаев зерттеуінде Табын Жаманкерей, Бозым, ру атаулары

ғылыми  қосымшалар Бегім, Кайырқожа деген төрт атаға бөлінеді. Енді бір шежіреде Табыннан Шөмішті, Тарақты, Көсеулі тарайды. Торғауыт—бұрын ойраттар құрамында болған этностық топ. Тәуекел хан кезінде қазақ хандығына бағынышты болған. 1627 жылы батыс Ебіл бойына қоныс аударған. Монғол Халық Республикасы (Қобда аймағы), Қытай Халық Республикасы (Шыңжаң өлкесінде Ішкі Монғолияда) аймақтарында тұрады. Алтай тіл тобындағы монғол тіл құрамына жататын ойрат тілінде сөйлейді. Тілеу, Қабақ—Алты ата Әлім тайпалық бірлестігіне кіретін Шекті (Жаманақ) руынан тарайтын аталық тармақтар. Шөмен—халықтың шежіре деректерінде Әлімнің еншілес інісі ретінде таратылады. Яғни Қаракесектен Байсары (бірінші әйелінен) және Әлім мен Шөмен (екінші әйелінен) туады. Шөмішті—Табын руының бір тармағы—Бозым аталығының таңбасы «шөміш» кейпінде болғандықтан кейде осылай атала­ ды.

Томға енген жырларды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Ауатанұлы Тайыр—халық ақыны, жинаушы, шежіреші.

1893 жылы қазіргі Атырау облысының, Теңіз ауданында дүниеге
келген. Тайыр ауыз әдебиеті үлгілерін жинауды отызыншы
жылдардан қолға алып, көп уақытын ел аралаумен өткізеді.
Соның нәтижесінде қордаланған мол мұраны 1960 жылы Қазақ

КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхананың
қорларына тапсырған. Солардың қомақтыларының бірі—
«Қарға мен Күлсін» жыры.

Ахметов Ержан (1879-1967) Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданынан. 1920 жылдан 1956 жылға дейін Шың­
жаң өлкесіне қарасты Тарбағатай өңірінде болып, 1956 жылы
өзі­нің туған еліне қайта оралған. Ақынның репертуарында

«Арқа­лық батыр», «Мырзаш батыр», «Бақтияр», «Қойеке
Көмеш батыр», «Бозжігіт», «Қабанбай батыр» сияқты дастан-
жырлар бар. Ержанның Көтбай, Әсет, Әріпжан сияқты
ұстаздары болған.

Бәдел Тұрсынбаев (1905-1967) Шығыс Қазақстан, Күршім
ауданынан. Жазушы, ауыз әдебиетін жинаушы.
Құлпыбаев Ерғожа—Жырау 1908 жылы Қарақалпақ АССР,
Мойнақ ауданы, «Үшсай» ауылдық кеңесінде дүниеге келген.

ӘӨИ-дің қолжазбалар қорындағы 480-бумада сақтаулы 2740
жолдан тұратын «Барақ батыр» атты жырдың қолжазбасын
1961-1962 жылғы экспедиция мүшелері—Балташ Ысқақов пен
Талиға Бекқожина аталған жыраудың өз қолынан алған.

Ерғожа жырау өз қолжазбасының алғысөзінде Барақ ба­
тыр әңгімесін ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында өлең өрнегіне
түсірген Қумолда деген ақын екенін, бірақ ол жырды уақытын­

ғылыми  қосымшалар
да жазып алмай, кейін елдің көмегімен қалпына келтіруге ты­
рысып, Ұлы Отан соғысының (1941-1945) алдында құрастырған
жыры соғыс кезінде өз балаларының әркімдерге таратып

беруіне байланысты жоғалып кеткендігін, ғалымдарға табыс
еткен қолжазба өзінің екінші талпынысының нәтижесі екенін,
өз ойынша, өзі қалпына келтірген нұсқа Қумолда ақынның
нұсқасымен сәйкес келетінін білдіреді.

Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс

/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі
/ж.с./—жергілікті сөз

/қ/—қазақ
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін шыққан
кітаптар

1.  Барақ батыр. ӘӨИ, Ш.480. 2.  Көкжарлы Барақ батыр. ОҒК, Ш.744. 3.  Базар батыр. ОҒК, Ш.358, 1-дәптер. 4.  Жантай батыр. ӘӨИ, Ш.717,10-дәптер. 5.  Сырым батыр. ӘӨИ, Ш.332. 6.  Сырым батыр. ОҒК, Ш.553. 7.  Бердіқожа батыр. ӘӨИ, Ш.324.

Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1.  Б. Абылқасымов. Қабанбай батыр.—Алматы, 2005. 2.  «Асау Барақ» және табындар тарихына кіріспе. — Ал­

маты, 2004. 3.  Қазақ тарихи жырларының мәселелері.—Алматы, 1979. 4.  Қазақ ССР тарихы. 3-том.—Алматы, 1982. 5.  Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1.—Алматы, 1961. 6.  История Киргизии. Т. 1. —Фрунзе, 1963. 7.  История казахской литературы. Т. 1.—Алма-Ата, 1968. 8.  История Казахстана с древнейших времен до наших дней.

В пяти томах. Т.ІІІ. —Алматы, 2000. 9.  С. Қасқабасов. Қазақтың халық прозасы. — Алматы,

1984. 10.  Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-

кайсацких орд и степей.—Алматы, 1996.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

11.  Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР.

—Алматы—Москва, 1941.

12.  Вяткин М.П. Срым батыр.—Алматы, 1951. 13.   Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.

—М., 1968.

14.  Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 15.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

16.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 17.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев. —Алматы, 1977. 18.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. —М., 1970. 19.  Татарско-русский словарь. —М., Советская энциклопе­

дия, 1966. 20.  Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про­
должает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на­

следие»).
В настоящее время подготовлены и изданы 59 томов, посвя­
щенных самой замечательной и объемной отрасли националь­
ного фольклора—эпосам. Точнее говоря, до сегодняшнего дня

подготовлены и изданы тринадцать томов новеллистических
дастанов, семь томов дастанов религиозно-нравственного содер­
жания, одиннадцать томов дастанов романического (любовного)
содержания, семь томов исторических эпосов, двадцать томов

героических эпосов, а также один том генеалогических даста­
нов. Десять томов посвящены казахскому фольклору в Китае.
Данное издание, оформленное на высоком уровне, посвящен­
ное сокровенному богатству казахского народа—фольклорным

сборникам, читатели приняли с большой радостью. В дальней­
шем публикация лучших образцов казахского эпоса будет про­
должаться.
Очередной 60-й том серии посвящается историческим эпо­

сам.
В этот том включены исторические эпосы об известных ба­
тырах, которые в ХVІІІ веке во время казахско-джунгарского
конф­ликта проявили свою исключительную храбрость, а не­

которые из них отважно сражались против российского коло­
ниализма. Это такие эпосы, как «Барақ батыр», «Бердіқожа
батыр», «Базар батыр», «Жантай батыр», «Сырым батыр», «Ер
Әжібай». Данные исторические эпосы до сегодняшнего дня ни­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

где не были опубликованы. Эти народные произведения, содер­
жащие в себе стремление к независимости казахского народа,
желание выр­ваться из цепи колониализма, мечту о свободе, о
героизме и о высоком гражданском чувстве, издаются впервые в

полном объе­ме в серии «Бабалар сөзі». В результате поисковых
работ были найдены четыре варианта эпоса «Барақ батыр»,
три варианта эпоса «Сырым батыр», все они переписаны на
кириллицу. При отборе материала осуществлялись сравнения

вариантов и версий, проводились текстовые анализы. В
результате были выбраны и подготовлены к печати два варианта
эпоса «Сырым батыр». Доказано, что первые два варианта
эпоса «Барақ батыр» содержат в себе народные легенды о Барак

батыре из племени табын, а третий эпос состоит из исторических
сюжетов про доблестного Барак батыра из племени найман. По
всем трем эпосам проведены текстовые анализы, после чего они
были внесены в очередной том.

По содержанию исторических эпосов, вошедших в том,
можно определить общественно-политическое мировоззрение
и языковые особенности данной эпохи. В эпосах вместе с
традиционными повествованиями замечаются новые социо­

логические изменения, больше использовано исто­рических и
реальных источников, встречаются некоторые лексемы рус­с­
кого и джунгарского языка. Драгоценное наследие казахского
народа вновь возвращается к своим читателям, и это показывает

то, что наша главная цель достигнута.
Очередной шестидесятый том серии «Бабалар сөзі» в соот­
ветствии с основными принципами этого многотомника снаб­
жен научными приложениями. Научные приложения вклю­

чают в себя сведения о текстах исторических эпосов, сведения
об исторических личностях, словарь географических названий,
сведения о сказителях и собирателях; список использованной
литературы; резюме на русском и английском языках.

Вошедшие в том тексты были подготовлены на основе
оригиналов, сохранившихся в рукописных фондах Института
литературы и искусства имени М.О.Ауэзова и Центральной
научной библиотеки.

Объем тома—28 п.л.

Summary The staff of the M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art contіnues work on preparatіon and publіshіng of the next volumes of the Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» carrіed out іn the frame of the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). At present 59 volumes have been prepared and publіshed whіch are devoted to the most remarkable and extensіve branch of natіonal folklore—eposes. Sayіng precіsely, thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral dastans, eleven volumes of romantіc (love) dastans, seven volumes of hіstorіcal eposes, twenty volumes of heroіc epos and one volume of genealogіcal dastans have been prepared and publіshed. Ten volumes are devoted to Kazakh folklore іn Chіna. Thіs edіtіon whіch іs arranged іn a hіgh level, devoted to the rіchness of Kazakh people—folklore collectіons, was accepted by the readers wіth great pleasure. Further publіcatіon of the best patterns of Kazakh epos wіll contіnue. Volume 60 of a serіes іs devoted to hіstorіcal eposes. Hіstorіcal eposes іncluded іnto thіs volume are about well known batyrs who іn XVІІІ century durіng Kazakh-Zhungar conflіct have shown the exclusіve bravery and some of them bravely fought agaіnst Russіan colonіalіsm. These are such eposes as:«Barak batyr», «Berdіkozha batyr», «Bazaar batyr», «Zhantaі batyr», «Syrym батыр», «Er Azhіbaі». These hіstorіcal eposes have not been publіshed anywhere. These natіonal works tellіng about aspіratіon of Kazakh people to іndependence, desіre to escape from colonіalіsm chaіn, dream about freedom, heroіsm and hіgh cіvіl feelіng are publіshed іn full volume for the fіrst tіme іn serіes «Babalar sozі». As a result of search work, four versіons of the epos «Barak batyr»,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР three versіons of the epos «Syrym batyr» have been found and all of them have been rewrіtten іn Cyrіllіc. Durіng selectіon of the materіal the comparіsons of varіants and versіons were done, text analyses have been undertaken. As a result two varіants of the epos «Syrym batyr» have been chosen and prepared for publіshіng. Іt іs proved that fіrst two varіants of the epos «Barak batyr» contaіn natіonal legends about Barak batyr from Tabyn trіbe and the thіrd epos consіsts of hіstorіcal plots about a brave Barak batyr from Naіman trіbe. Text analyses of all three eposes have been done and after that they were іncluded іnto volume. Accordіng to the content of hіstorіcal eposes іncluded іnto the volume, we can іdentіfy socіal-polіtіcal іdea and language features of thіs epoch. Іn the eposes the new socіologіcal changes are observed along wіth tradіtіonal narratіons, hіstorіcal and real sources are used more, some lexemes of Russіan and Zhungar language. The valuable herіtage of the Kazakh people іs returnіng back to the readers and іt shows that our maіn aіm іs achіeved. Accordіng to the maіn prіncіples of thіs multі volume col­ lectіon volume sіxty of the serіes «Babalar sozі» іs supplіed by scіentіfіc supplements. Scіentіfіc supplements іnclude data on texts of hіstorіcal eposes, data on hіstorіcal persons, dіctіonary of geographіc names, data on storytellers and collectors; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh languages. The texts іncluded іnto the volume have been prepared on the basіs of orіgіnals whіch were kept іn manuscrіpt foundatіons of M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art and Central Scіentіfіc Lіbrary. Volume sіze —28 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Барақ батыр (Ерғожа Құлпыбаев нұсқасы) ........................... 9 Барақ батыр (Ережеп Білеуов нұсқасы) .............................. 82 Көкжарлы Барақ батыр ....................................................122 Базар батыр .....................................................................188 Бердіқожа батыр ..............................................................270 Жантай батыр ..................................................................319 Сырым батыр (Т. Ауатанұлы нұсқасы) .............................356 Сырым батыр (С. Бекболатов нұсқасы) .............................382 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................399 Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер ..................................417 Сөздік ..............................................................................430 Жер-су атаулары ...............................................................432 Ру атаулары .....................................................................436 Томға енген жырларды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................438 Шартты қысқартулар ........................................................440 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................441 Резюме ............................................................................443 Summary ..........................................................................445

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 60 том ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Г. Бектібаева Компьютерге терген: Т.Т. Әкімова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2468 Теруге 23.02.10 жіберілді. Басуға 12.04.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 28,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №206*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙