Шуақ
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жұмекен Нәжімеденов
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ
ШУАҚ
ЖАЗУШЫ
ТАҒЫ ДА ЖАПЫРАҚ Тағдыр солай, тереземнен төнбе көп, Мұң салады бір қауым: Шық көзімен дөңгелеп Маған қарап жыламсырап тұрғаның. Жырларымды мезгіл желі ұшырып, Көрге тығар ажал түбі пендені – Соның бәрін түсініп, аяп тұрған сықылдысың сен мені. Шабыт шайқап құбылғанда даусым мың, қарауытып тыңдайды орман, тау сұмдық; еркесі едің сен бір ғана маусымның, ал, мен бірақ ақын емен маусымдық: Мені аяма! Түбінде бір алса өлім, том-том жыр боп айтылар да «иманым», Фамилияға айналармын. Ал, сені күздің желі қайда қуар – беймәлім...
Таң салқындап, бұлт төмендеп, Жел де енді Дауыл болып соға алатын секілді. Әр бұтаның сарғайғанын көргенде бір тал шашым ағаратын секілді. Сақтан, достым! Мені – аяма, майлы ішім, дауыл ұрсын – қозғалмайды мүлде іргем. Сені бірақ, байғұсым, Қандай табан таптайтынын кім білген...
КІМ КІНӘЛІ?
Көгіс-сұрқай аяқтары тырбиып Өліп жатты тротуарда балапан: атқан секілді еді жаңа ғана таң, Әлдекімге өлетін де уақыт болып қалған ба? – Жаным жидіп қарадым мен әлгіге. Күн жиектен арқан бойы тұр биік, Күнде де емес әңгіме; Көлеңкеге, кері басқан шегініс, Жердегі жай, күйбің-күйкі болмыс бұл: балапанның емес пе еді тегі құс, Өлімтігі жерде жатыр сол құстың – аспан қайда, жер қайда, Көңіл шіркін иланбаса қиын, ә:
Мынау ажал симады алғаш миыма, Қимағандық шығар, бәлкім, өлімге, балапан да – құс емес пе тегінде, Қанаттының қасіреті – шын батты... Ту сыртымнан біреу баяу тіл қатты: – Жас көңілдің үміті мен дәмесі зор келеді, сол қаза осы, дәл осы, Құс болған соң қанатына еркелеп, Ұясынан ұшамын деп ертерек Мерт болған да, не шара, Уа, не шара, тым ертерек талпынған ғой, бейшара! – деді әлгі адам қайғылы үнмен өте бір, (сонысымен бар парызын өтеді). Титтей сұр құс – мамығын жел қозғасын, балапанын жарық дүние соңғы рет Әлдилесін! Жасыл бұта, көз жасыңды мөлдірет! Сен де, достым, балапаныңды есіңе ал, Мұндай жайды ойламаппын өз басым, тоқтай тұршы, ойланайық: осыған: Кім кінәлі? Ана-құс па асыға Қатер кешіп қорек-тамақ тасыған, ажал барын ескертпеген жасынан? Ұясы ма тым биікке салынған? Әлде оянып өмір атты дабылдан Қанаты ма мезгіл жетпей қағылған? – айту қиын. Ойланған жөн мұны әлі, Кінә болса – бәрі, бәлкім, кінәлі?
...Көшедегі жай халық Өтіп жатыр балапаннан айналып – ауру жұғар сықылды ма? Ойланып Қарамаса – қайталайды қайғы анық. Көрмеген боп өтті көбі – таза ары! – Осынау бір қазаны Сықылды олар баяғыдан күтулі – Өздерінде балапан жоқ сықылды... Ерубаев Саттар жиырма үш жасында балапан ед расында, Төлеужан мен Құдаштың да басында үрпек мамық болатын Ұқсамайтын Абай, Ілияс, Қасымға, балапандар еді осылар расында. Балапанның бәрі бірдей емес пе: Қарғаның да балапаны – балапан, Қыранның да балапаны – балапан,
балапанды «сорттамадың» деп бірден, Қызыл сөзбен байбаламға кептірген Әлдекіммен адрессіз егеске Түсетұғын секілдіміз біз кейде: «балапанды – күзде санау» жоқ есте, бәлкім, әлі жоғалтармыз талайды? Жоғалта да, білмейміз біз, санай да, білмейміз біз іздей де! Өз жарасын өзі жалар қыңсылап ит сияқты – ортақ мінез бұл, сірә, Қаза өткен соң – әйел ғана сыңсыған! Сөзін ұқтым кеше мен бір баланың: «Мені жылдам таныңдар, әйтпесе – өліп қаламын!» Өлме, қалқам, бол аман, бірақ Абай, Махамбет топырағына бұлданбаған моламен! Аспан жақын секілді еді ол кезде: балапандар балапанмен тең өсті; Іліге алмай өткендердің оң көзге бәрі бірдей қырандар да емес-ті, бұның бәрі – айқын жай, Сөз секілді ойда піскен, айтылмай. Ұшқыр лайнер – даусы кейін естілді, Сондықтан да жұрттың бәрі кеш білді, Мен – сенемін ағайынға, жолдасқа; Сондықтан да кінәсі жоқ ешкімнің тірі жүрген-нен басқа. Қай балапан қарға болар – кім білген, Қай балапан қыран болар – кім білген, ең қиыны: өлгені үшін әтешті Шатастыру тірі қалған бұлбұлмен! Биіктігі ұяның оятқанда бала-құстың қиялын тиямын деп кім бере алар кепілдік, қыран болсын, торғай болсын ол мейлі, талпынғанның бәрі бірдей өлмейді, бәрі тірі қалмайтыны секілді. Отан-ұя балапанға толы әлі, болмағандар күні ертең-ақ болады, Балапан-құс құлап өлсе ұядан Қанатына – обалы, дер едік те, біз де өтер ек айналып, бірақ, бірақ ұмытуға болмайды: алда тағы болатынын ондай күн, ұялардың, халықтардың бағына балапандар талпынарын тағы да тағы өкініш болмас үшін, тімтініп
«Кім кінәлі» демес үшін бір күні – ата-топырақ, алғы қауым зиялы, табиғаттан алам десең сый әлі, Халқым менің, тұмар байлап киелі Күзеткендей тұлпар туар биені, Қыран күтсең – күзет барлық ұяны, таңдаймын деп тасырланба, Қатайма, өлтіріп ап таңдағаннан не пайда?!
КЕТІК КІРПІШ
...Жапырақ тұр көз жасын жанарына іркіп ап, Жас шырмауық фонтан боп атылады бұрқырап. Мәрмәр үйлер – бір ғажап, балкондары – ертегі, Жасыл бағы ымыртта ертегілер шертеді. Қала бірақ күтімсіз, тым қоқырсып кетулі салақ әйел ұстаған байдың үйі секілді.
Дәл осындай қалада баяғыда бір әкім ақылымен әлемге әйгілі боп тұратын. Қаланың да дана әкім таратыпты атын кең, Өз қаласын сүйіпті ол, Сүйген бірақ ақылмен. Уақ-түйекті тізбелеу – ұсақтық қой десек те Ұялмай-ақ сол әкім Жазып-сызып алатын Көктейтұғын әр шыбықты есептеп. Атақ, даңқы асса да – адам болып қалыпты, тасытпаған ешқашан махаббаты халықтың. Қызмет етті әкімге ел: ақылдылар табынып, жарамсақтар қошамет айтып жүрді жабылып. Бұйрығының өзін ел бой-тұмар ғып тағынып, жазасының өзін жұрт күтеді екен сағынып. Мұрттай ұшып сол әкім ауырыпты бір күні: Қайғы-жасқа шыланды шыршаның да кірпігі, Қасіреттен тас балқып, Жапырақтар сарғайды, Қалың қара халықтың шашы ағарып бір күні; бір-бірінен құпия тасаланып бір күні Құйылыпты тұс-тұстан тәуіптердің түр-түрі. Халық тілеп құрбанға қой шалыпты тарығып, Шөп терісіп даладан – қайнатыпты дәрі ғып – Ем іздепті Ел-Ана күні-түні толғатып... Көтеріп ап жастықтан ауыр басын сонда әкім
былай депті жұртына: – Мың болыңдар, достарым, Құшақтар ем бәріңді – көтертпейді қос қарым. Дәрің бірақ дарымас, Құрбандығың – құр шығын, белім меңдеп барады, алдырмайды ұршығым. Сырқатымның дауасын өзім айтар халім бар: Қазір іздеп қаладан кетік кірпіш табыңдар – Соны бассам қыздырып жазыламын, – деді әкім. – баяғыдан дертімнің дауасы осы болатын. Қуанысып қалың ел жиналыстай тарады, «кірпіш деген немене!» «Табамыз!» деп барады. Осы қала түгелдей қаланған деп кірпіштен – бірі кезіп көшені, бірі ауласын қарады. Үш күн, үш түн тентіреп іздесе де көп адам, Көпір асты, Көл маңы... сонша ұлы қаладан табылмады бірде-бір сынық кірпіш, Масқара, Жарты кірпіш бермеді сол қайырсыз астана. Қайғы басып жұрт жүзін, Жанарлары жасқана Хабарлады әкімге ел: «Жомарт қала басқаға – тасқа сараң боп шықты; ұяттымыз – таппадық! шегіртке боп шырылдап, Құмырсқа боп қаптадық! Қаламыздың мақтаны: ақ мәрмәрдан өрілген кең сарайлар қақпалы, Сол қақпалар маңында көлденең тас жатпады, Үш күн, үш түн кезгенде дауаң үшін, уа, тақсыр Халқың сенің сен үшін кетік кірпіш таппады – Кінәліміз алдыңда! Қайғы шегіп халық тұр, тұңғыш мәрте бұйрығың орындалмай қалып тұр! Лебіз ет тек: табанда бұзамыз да бір үйді Әкелеміз арқалап!» Әкім сонда жымиды, Серпіп сонсоң көрпесін, ауыр басын шекелі биік салған жастықтан жеп-жеңіл-ақ көтеріп: – Жұртым, саған мың алғыс, мен жазылдым, – деді әкім, – Ғұмыр бойғы арманым осыны есту болатын, Кетік кірпіш таппасаң – жақсы ұстапсың қалаңды, Жойылыпты салақтық – қуат қосты маған бұл! Кешір, қауым, үш тәулік ауру тістей қақсатып
бос қинасам – осыны білу еді мақсатым... – Еліне сай есі бар, даңқына өзі тұратын Жұртты осылай сынаған баяғыда бір әкім. Бұ да – ескі жай. Бізде енді жаңалықтың түрі көп: емханалар – керемет, аптекалар – құдірет, ауырмайды ер, сондықтан, мән бермейді тасқа аса, Халқын әкім сынайды – сынайды тек басқаша...
ЖЫР - ТОҒЫЗ
«Келеміз Грецияның ертектер өскен қойнында». Ә. Тәжібаев, «Аралдар». Греция... Аңыз деген немене ол? Шындық шығар дің-түбі – Уақыт – тұлпар тұяғының Өшпей қалған дүңкілі, Күңіреніп тұр бүгінде де тау іші – Неткен күшті Гомер ақын дауысы! Ырысы жоқ топыраққа у өседі деседі, тарысын – құс, тағдырын жел үлеседі деседі, Мезгіл жетпей солар жапырақ Құртымен бір өседі; Жапырақ емес сенде өскендер – тарихтардың парағы, дүниеге сарғыш қанат – тарих болып тарадың, Греция! Далаларды, білемін мен, даңқын дауыл шығарған, Дауылдармен шыққан даңқ,– көктемеген, қуарған. Сенің даңқың мәңгі жасыл ертегі, жыр суарған.
Аңыз болып көктедің сен! Әр бұтағың – бір арман, бетегең де биік сенің шынардан, терең сенің шалшығың да теңізден: баяғыдан тыңдап келем үніңді – шыға алмаймын құмардан. Греция! Ертегінің иен өлкесі қашаннан!
Бұлақ – таудан басталады, ал сенің Өзенің де – аңыздардан бас алған, тасыңның да – тамыры бар мың түрлі, Құдайың да – аңыздардан жасалған, Греция...
- Ш е б е р х а н а д а
Әу басында Құдайдың да күллі ісі бұйрық екен, Міне соның үлгісі: бір кісінің пұлы, деді, бір жүрек, бір жүректің құлы, деді, бір кісі.
Жасау керек сол жүректі мықты ғып Тәңір ісі екендігін ұқтырып. Жүрек – патша, күтсін, деді, жүректі алпыс екі қан-тамыры тік тұрып. Сарапталсын қанның ең бір қызылы, тарап қалсын тамырдың да ұзыны. «Құрылысқа» керек заттың барлығы Алла алдында тұрды бір сәт тізіліп. Жаратушы тағы бір сөз қыстырды: Әр жүректе сапа болсын үш түрлі – бірі – сабыр, бірі – қайрат, қанағат деді-дағы жүріп кетті, іс тынды. Сылт жүгіріс кабинетте, көкте әлгі, Жүрек жасау. Өңге тірлік тоқталды. Періштелер жұмылған-ды бұл іске, Шақырусыз шайтандар да кеп қалды.
Жүрек жасау. Ал, қарбалас басталды, періште әкеп құйды күрең жас қанды. Адалдық деп тамшы қосты тарыдай, Шайтан әкеп, мықтылық деп, тас салды.
Түсінікті. Жүре ме енді тасқа сын?! Бүлдірді өстіп тамырды да, басқасын. ...Құдайды да Құдай атып қалмай ма, шаруасына шайтан араласқасын?!
- Б ұ л т
Бұлт байғұсты күлкі ғып, Зевс Құдай-тағала Найзағаймен бір тіліп қуып салды далаға.
Соқты дауыл. Бұ қалай, Қайрауы ма жігерді? – Дегенімше шыдамай бұлт еңіреп жіберді.
Мен де кейде жылаймын, Кешіре алмай жатамын: пәнде түгіл, Құдайдың басынғаны – батады.
- №1 Қ ұ д а й
Дастархан бай-ды былай да, Қонақтар еркін жеп-ішті. Қызып ап сонда Құдайлар Мақтады-ай келіп Зевсті: – Үлгілердің үлгісі, Жүзділердің жүздісі. Құдайлардың құдайы, Уа, ұлылардың ұлысы! Қайсарлық, қыңыр, ұлы үміт Қосылып Құдай боп қатты...– деп еді шешен күбініп, Зевс былай тоқтатты: – Өзім де білем, кемді күн бақытым шығар; бүгін құр сөзіңді шашпа, сен мұны Прометейге ұғындыр.
- Н а р ц и с с
Сүю – ең бір асыл сезім – дау бар ма,– Сүйгендерге батпайды екен жаулар да… Құлаққа ерсі, Көзге де ұрды ерсілік, баяғыда Нарцисс деген ер шығып; Сұлу жігіт болған екен тегінде,
Сонау ескі Құдайлардың елінде, Қойған екен бір көруге асық қып Құдайлардың өзін өртеп ғашықтық, Ғашық бопты жалғыз соған бәр-бәрі: Күннің қызы, Құдыреттің ардағы Көз алмапты Ай да ғашық болып қап, Жел де демін ала алмапты солықтап, ғашықтықтан жылағанда қара бұлт аққан жастан дала жатты нәр алып тау күңіреніп, теңіз біткен тамсанып, ғашықтықтан кетті дүние ән салып. Сөй-сөйте... Көңірсіпті күйіп ел – бүлік шығып Құдайлардың үйінен, Мөлдір сезім айналыпты ылайға, ақырында, Құдай сенбей Құдайға – ешбір Құдай әйеліне сенбеді, ал, қыздарын жатып келіп тергеді;
Құдай еді әйелі де Құдайдың, Қыздары да Құдай еді Құдайдың: Солар да енді қайғы тартты жай елдей, әйел деген, Құдай болсын, әйел ғой? Нарцисс бірақ елең етпей ешбірін, Мұңаяды екен жалғыз кешқұрым. Күрсінгені сонда әлемге естілді, Өйткені, ол сүйе алмады ешкімді...
Әйел Құдай үнсіз ғана мұңайды, (Қыз Құдайлар – аңқаулау ғой – жылайды). Өзі әйел, өзі ызалы ал, соған Құдіретін қосып көрші Құдайдың! Құдайлардың құдіретімен қолда бар Жас жігітті жазаламақ болды олар. Қандай жаза кесу керек бірақ та? Жерге көмсе – топыраққа мұң болар, Желге шашса – бір ы мыртта дауыл болып жынданар, Оқпен атсаң – естіледі құлаққа, Отқа жақсаң – ұшқын ұшар жыраққа,– Осылайша, кеңесіпті бір апта. Нарцисс сын-ды тозған рух, денеге Не бұйырсын – қалған жұртқа өнеге! Пенделерге қаза үлесу – немене, Құдайларға – жаза кесу немене: түйілді де бір түсінік боп бәрі Ұлы Зевс алдына кеп тоқтады. ...Сөйтіп, бәрі баталасты,
беттесті: «бұ да өле ғашық болсын!»– деп кесті.
Тау шегініп көз ұшына кетті алыс, алыс жаққа бұлт жасады аттаныс. Жасыл орман – жайқалмады о да енді – бұта қурап сидаң қаға жөнелді, Жел де еркелеп еспей қалды, тып-тымық, тозаң ұйып, кетті гүлді бұқтырып; Жартас-шыңға әрі сұсты, тұл әрі әлсіз толқын басын ұрып құлады. Тау қыраны тауықпен бір қонақтап – тақпақ айтты ел тоқылдақты мадақтап; тұлпар ақсап, бұлбұл мылқау күйге енді, аққу құсқа қарға зорлап үйленді. Табиғатта ажар азып, әр тайып, бояу біткен кетті кенет қартайып. Отырсың-ау оқсаттым деп марқайып, Уа, құдырет, енді өзің де тарт айып! Ал, Нарцисс ше? Бәрібір ол ешкімді Сүйе алмады – күрсінгені естілді; Серіктері – шөл мен аштық – күні өтті, Танымасын тағдыр тасқа түнетті; Қаңғыбастың үмітімен, баяғы азабын ап ажалына таяды, Сай-жыраның кеуіп қалған тандыры – Меңіреу дала. Қу дүние қалғыды...
Кенет, алда тұнба жатты... енді-енді Өлімші жан аузын сала берген-ді, Қалт тоқтады...– әсерлемей жазайьқ – Судан ол бір бейне көрді ғажайып, Жігіт аң-таң: неткен әсем түр еді!– Тұңғыш мәрте шымыр етті жүрегі. Бұ не, тапқан соры ма іздеп, бағы ма,– Қарады ол тағы, тағы, тағы да: Не тұлғадан, мін таппайсың, не беттен – Сүймек болып ұмтылды есер, Кенеттен, бір дір етіп ғайып болды бейне әлгі, Орынында майда толқын айналды. Сүгіретке ғашық болып судағы, Қаны кепкен жүрек босқа тулады, Жүзі солып, ерні кеткен тілініп, Жігіт, солай тұрды суға үңіліп. Ғажап мүсін! Жоғалады ол да, әне,
тұнба жүзі жыбыр етсе болғаны, Сондықтан ол тыныш қойды су бетін – Көру үшін судағы өз суретін, Содан өзге түк көрмеді көзі де, Түскен пәнде Құдайлардың тезіне – жаны жидіп, ет-бауыры езіле, ғашық болды. Бірақ кімге? Өзіне!
Бұдан ауыр жаза жоқ-ты, тегінде, Сонау алыс Құдайлардың елінде. Сұлуды да сүйе алмаған пақырың Суда тұрып шөлден өлді ақыры. Суда тұрып шөлден, солай, өлгенде, Қайғылы бір гүл өсіпті сол көлде – Суға түсті мұңды, сарғыш сүлдесі, Нарцисс атап кетті халық гүлді осы. (Шіркін, шіркін, екеуімізге, досым-ай, Қыз-келіншек ғашық болса осылай, біз де сүйе салар ек қой, бұ да анық: Кім жапсырар махаббатты күнә ғып, Моламызға шөп өссе де жарар ед, ал, егер де түк өспесе – құба-құп) Уа, махаббат! Пірім сенсің сүйенер! Тек өзіңді өзің сүймес үшін де Өзгені көр өңіңде де, түсіңде – Саған айтам, аталы дос, киелі ер, Уа, сүйе гөр, өзгелерді сүйе гөр!
- С ы н
Күрсінуі Құдайдың – ауыр тірлік: бұлт күркіреп, су тулап, дауыл тұрды. Қорқақтау бір Құдайға кәрі Зевс өп-өтірік асасын ала ұмтылды. Жоқ, ұрмайды ешкімді, ештеңені, Көп көзінше әншейін сес береді. Алдау керек еді деп өкінді қарт – Құдайға да кейде ақыл кеш келеді. Өкінетін түгі жоқ; Күштен гөрі батқан оған әлсіздің тістенгені. Күрсінді қарт: Құдайлар ұшып кетті Қиқым-қоқым секілді үстелдегі. Зевске де қорқақтар ұнамады, айтқан емес ол жайлы бірақ әлі. Кенет Құдай ақталды: «күрсіндім,– деп,– Құдайлардың салмағын сынағалы» Сол дәстүрден қалса егер бір-бір сынық: Қорқақтар көп жағынар білгірсініп,
Сынау үшін салмағын сондайлардың Көрсең еді сен де, аға, бір күрсініп.
- А п о л л о н
Аполлон да шынында жігіт бопты бір қызық, Құдай бопты Олимпке ол да әмірін жүргізіп, Әу басында байсалды адам екен бұл өзі, Құдай болып алған соң өзгеріпті мінезі. Сұлу екен өзі асқан, Мерген екен масқара, Оғын, әттең, атпаған сұлу қыздан басқаға: бір сұлудың – әзілі, бір сұлудың сырты ұнап, алтын жебе күн-түні ұшады екен зырқырап, Серілікпен қыз аулап аспан жақты көп кезді бақытты ғой серісі әлименті жоқ кездің, Құдай болу, сонда да, жаман жұмыс осы деп, достарына кешқұрым шағады екен есінеп.
Қыз аулаудың соңында сол Аполлон бір күні оқиғаға кез бопты қайғылы, әрі күлкілі: бір сұлуды көре сап шірей тартты садақты, шірей тартқан жебесі тимей кетті, тағы атты; тимей кетті тағы да... тағы да бір жебе алды, Күн астында ол оқ та бір жылт етіп жоғалды. Тимегенде бірінші оқ Аполлон тек таң қалған, екінші оғым тиер деп үміт етіп алданған; тимегенде екінші оқ – мерген қатты шошынды, ал, үшінші оқ осыған күйік болып қосылды... Ал, сұлу қыз жаңағы Кекесінмен қарады, Оқ тимеген сайын ол сұлуланып барады: Шыбық-белі майысып әндетіп ед ыңырсып – түсіп кетті аузынан әппақ-әппақ гүл ыршып. ...Тимегенде төртінші оқ – қайғы басты Құдайды, Мөлдір аспан көрінді қақ суы боп ылайлы. Сәби жапырақ егіліп жылап тұрған құсады; Құлақтан ап әлдекім бұрап тұрған құсады, Тұңғыш мәрте Құдайды ыстық сезім шарпыды, түсінді ол аяуды өзін аяу арқылы, бақытына еркелеп өскен бұла жас еді, сәтсіздіктің, сезді ол, жиіркенішті әсерін – мансабынан Құдайлық жиіркеніп ол сонда қорамсаққа тағы да, тағы да бір қол салды:
бітіп қапты жебесі қорамсақта, анық бұл – тырна-сирақ сидиып жалғыз жебе қалыпты. Сол жебесін суырды ол – соңғы үмітін немесе, Сол-ақ екен, Құдайдың құмары артты он есе Әлгі қызға; Жебені жіберерде тағы да тағы да бір көз салды Олимп тауы жағына,– тұңғыш мәрте саусағы қалтыраған құсады, білек күшін әлдекім тартып алған құсады, өнерінің өзі оны сатып кеткен құсады, (О, албырт жас! Мұндайдан сені Құдай сақтасын, дүние түгел сатса да, өз өнерің сатпасын) Кенет... Құрып дәрмені қара терге түсті ерің, өз білегін ызадан қырш еткізіп тістеді – Күш қалған тек тісінде; Уа шүкірлік, шүкірлік: (Құдайды да құл еткен сәтсіздікпен бұ тірлік) Жылады ол Зевске, отыра ғап тізерлеп: «Құдай едім, құл емен ететұғын Сіз ермек, Қырсықтырып мұншама қорлағанша пақырды Өртеп өлтір отыңмен! Не, тілегім ақырғы: Осы оғымды дәл тигіз, Жапа шектім соншама, Мына қызды алайын – жынның өзі болса да, Түсіп қалдым жамбасқа абайсызда мен қасқа ант етейін бұдан соң қолға садақ алмасқа». Зевс Құдай естіді. Жігіт оғын көздеді, Құдай тартса жебеге зырқырау да сөз бе еді: Қақ жүректен қадалды әлгі қызға оқ барып. Көкке қарап Аполлон көзін қысты мақтанып.
Кенет, сұмдық! Қыз қайда? Мазақтай ма бұл Құдай: аю тұрды сілкініп қыз орнында, сұмдық-ай, шошынғанда Аполлон жан дауысы шығады – тұра келіп қашады, аю тұра қуады. Қашты Аполлон зырқырап. Садақ қалды сасқанда, Құдай болған жақсы ғой, әсіресе, қашқанда – жеткізбеді, Құтылып кетті Аполлон, «Аюдың» Содан дейді жұлдыз боп қап қойғаны аспанда...
Біздің заман тыныш қой, елеңдеме дүбірге, атып ұстар әйелдер жабайы емес бүгінде; Қолға үйренді аю да – Зоопаркте бәр-бәрі, атып ұстар аң мен құс орманда да қалмады. Аполлон жоқ. Бір досым бойдақ болып жүр әлі, Әйел деген бір сөзден зәресі ұшып тұрады. Біле алмай жүр: жебесін кімге атарын бұ-дағы, бір сілкініп қай қыздың аю болып шығарын. О, сүйкімді сұлулар! Мен – Аполлон емеспін, аю болып әзірге қорқытқан жоқ мені ешкім. Бірақ достар әзіл ғып айтатыны осы нақ: «бәріміз де жүрміз ғой бір-бір аю асырап».
- Қайырым немесе батырдың оралуы
Әңгіме
Трояны талқан еткен көп батырдың батыры Қаңғып! Қырып! Көп олжасын тығып тастап, ақыры Жетті еліне; Кеткеніне Ұшты-күйлі жиырма жыл дегенде. Бірақ оны танимын деп ол елден Жан шықпады; Шалшықтағы бақа құсап ауыздарын ашқан ел ісі жоқ-ты көл-батпағы – шаруасынан басқамен. Құдайлардың құдіреті байырғы Түрден ерді айырды: Қайыршыны кім танысын! Тіршілікте далбаса «Әй, бейшара-ай» дегендері болмаса. Күні бойы көше кезіп,
ымыртта Сасқан батыр сусын іздеп бір ұрттам – Соңғы жылдар даңқы шығып батырдың, Соған бола көңілдері суысқан бар еді бір туысқан, Қақпасына келіп соның атын атап шақырды. Күңі шығып күңк етті: – Әкім кісі бұл текті,– Қайыршылар кіретұғын үй емес, аулағырақ жүргенің жөн деп қойды,– Алып шыққан нанын өзі жеп қойды. Аполлонның өзі сын-ды әдемі бұ қалада жалғыз досы бар еді, Оны да іздеп тауып со бір ымыртта Су сұрады бір ұрттам.
Қайыршыда дос бола ма? Танымады ол-дағы,– (Сақал-шашқа қонып қапты кәрі қыс) Кімге керек қайыршының қалай ыза болғаны! Көкірегі аңсады бір жарылыс. Үй иесі су ұсынып, ақыл айтты мұңданып: – Жүгенсіздеу болушы еді құлдарым, Сабап тастар, аулағырақ барып іш! Байлықтан бұл есі ауысқан қала еді, сол байлықтың әлегі: жұрт көңілін тарылтты да, ақыры танымады ел батырын, Сыйламады қайыршысын, жақынын, Итін қосып қуалады әлдекім, Әлдебіреу ерк е ұлына тептірді. Ал, біреулер қақпалардан сығалап: «Қайыршы әлі құрымапты-ау» деп тұрды... Жетті өзінің үйіне әрең ертесіне сәскеде. О, Құдайлар қорлағаның аз ба әлі! Өз әйелі: – Аулақ,– деді, – мас неме! Өз баласы ұрып тастай жаздады.
Осылайша сынап алып бәр-бәрін батыр үнсіз зарлады: «Мені шын-ақ танымаса енді ешкім бұл елге енді жолшы боп та келмеспін! Мені ұмытпай неғылады, ептеген Қайырымның өзін ұмыт еткен ел?!
Ертең бәрін бас алаңға шығарып Қырайын да қына ғып, Жөнелейін топырағымды арзан қанмен суарып. Бұл елде енді үміт етер жоқ ешкім, Өзге түгіл, бұ халді Өзіме де кешіре алар емеспін: Намысы деп осы елдің талай отқа іздеп жүріп көселдім, Келдім екен мұндай елдің несіне?!» – деп тұрды да ер, иті түсіп есіне үйшігіне іздеп келді баяғы, арқасында – дорба, қолда – таяғы. Кәріліктен жүрелепті ит байғұс. Тұмсығына қонып алып құйттай құс секеңдейді – басына ма, қайтеді? Ал, ит байғұс тірілігін жасыра ма, қайтеді – пақыр болып жатыр көніп. – Аргус – деді батыр келіп. О, ғаламат, ғаламат: Құйрығын сәл қозғады иті көзден жасы домалап, Қыңсылаған сықылды бір үн шықты, Сол үнге өзі тұншықты; бір дір етіп кетті үзіліп – болды өлік… Талай жылдар азап тартып, жол көріп Жеткен жігіт, кенет, көзге берді ерік – Солқылдады ол иттің басын өңгеріп! Ер толғанды жаны жібіп кенеттен: «бұ халыққа өкпе артамын не деп мен? Жиырма жылдан кейін келіп танымадың деп мені Туған жердің жұрты жайлы жаңсақ ойға кеткенім Өзімнің де ұмытқаным шығар сауап, обалды?! Патша құсап аттанып ем, қайыршы боп оралдым – танымаса – танымауы жөн шығар? Көрінбеді бірақ менен басқа ешкім,– Қайда басқа қайыршылар, жолшылар?! Қайыршысы, Кемтары жоқ түспейді екен Ел еске,– Мұның бәрі осы елде Қайырымның құруынан емес пе?!» Ойлап-ойлап Ел пиғылын не түрлі Кешіруге бекінді: достарының сараңдығын кешірді, Құлдарының арамдығын кешірді, ағыл-тегіл сөзбен көңліне ұнаған
бәрін өзі аршып алды кінәдан, бірақ мұнша көп адамның ішінде жолаушыға жөн айтпағаны үшін де Жоқ ұялған бір адам!
Халық мәз боп оралды деп батыр ұл: Көк аспаннан тігіп тойдың шатырын, Көк даланы дастарқан ғып жаяды... Сонда бір қарт сілтеп тастап таяғын: – Сақтан, жұртым,– деді кенет саңқылдап,– Сен де сақтан, салулы жай, салқын бақ! Жақсылыққа апармайды бұ қылық – Қайыршының да аяғына жығылып, Күтпеген ел пақырын ел болмайды ақыры! Өз ұлыңды танымасаң майға бөгіп жатып-ақ, Сен де ұзамай күл боларсың, топырақ! Өз әкеңді танымасаң сен бүгін, Жетімдігің жақын екен енді, ұлым. Өз еріңді күтпесең сен алыс жолдан оралар Жесірлігің жақын екен, аналар! Итке құйып бітсең егер ұйтқыңды ел боларсың ырысың жоқ ит құрлы, Халқым, саған ырысты ит те жоқ енді! – деп қария өз жөніне жөнелді. Бұл сөздерге ойланбады ешкім де, «Жат сөз айтты жақсылықтың үстінде» деп шуласып түре келген ел дүрлігіп. – Іздемеңдер, Зевс!— деді үрейленген бір жігіт.
Ертеңіне апат алды қаланы – Өрт пен дауыл құтырып кеп қалады. Қайырымы жоқ — Жоқ қаланы қамалы Жапыра кеп жарақты жау шабады. Күйіп кетті орманды алқап, түкті бел, бір-ақ толқып құмға сіңіп бітті көл; он екіден жасы асқандар түп-түгел қырғын тапты. Ал, батыр ше? Бұйырды оған тез өлім: қайыршы боп алдағаны үшін де өз топырағын, өз елін, Қылышымен талай елді өшіргені үшін де, Қайырымсызды кешіргені үшін де Кетті алғашқы өлгендердің ішінде: Өрт пен оқтар оны да тез жалмаған. Он екіге жастары әлі толмағаы Сәбилер мен Аргустың тек өлімтігі қалды аман.
Ескі әңгіме. Есте жүрген сөз еді, Соның бүгін келді білем кезегі. Есік қақса – ескілік деп қарайтын Қарау байды – қалпағынан сеземін. ...Ағайындар, бұзылмасын бір кешің, Рас, рас, бұзық қонақ кірмесін. Бірақ есікке алаңдай жат, Қағылса – Кеш оралған өз ұлың боп жүрмесін?!
ЖЕР СЕГІЗ
«Келеміз Грецияның ертектер өскен қойнында». Ә. Тәжібаев, «Аралдар».
Греция... Аңыз деген немене ол? Шындық шығар дің-түбі – Уақыт – тұлпар тұяғының Өшпей қалған дүңкілі, Күңіреніп тұр бүгінде де тау іші – Неткен күшті Гомер ақын дауысы! Ырысы жоқ топыраққа у өседі деседі, тарысын – құс, тағдырын жел үлеседі деседі, Мезгіл жетпей солар жапырақ Құртымен бір өседі; Жапырақ емес сенде өскендер – тарихтардың парағы, дүниеге сарғыш қанат – тарих болып тарадың, Греция! Далаларды, білемін мен, даңқын дауыл шығарған, Дауылдармен шыққан даңқ,– көктемеген, қуарған. Сенің даңқың мәңгі жасыл ертегі, жыр суарған. Аңыз болып көктедің сен! Әр бұтағың – бір арман, бетегең де биік сенің шынардан,
терең сенің шалшығың да теңізден: баяғыдан тыңдап келем үніңді – шыға алмаймын құмардан. Греция! Ертегінің иен өлкесі қашаннан!
Бұлақ – таудан басталады, ал сенің Өзенің де – аңыздардан бас алған, тасыңның да – тамыры бар мың түрлі, Құдайың да – аңыздардан жасалған, Греция...
- Ш е б е р х а н а д а
Әу басында Құдайдың да күллі ісі бұйрық екен, Міне соның үлгісі: бір кісінің пұлы, деді, бір жүрек, бір жүректің құлы, деді, бір кісі.
Жасау керек сол жүректі мықты ғып Тәңір ісі екендігін ұқтырып. Жүрек – патша, күтсін, деді, жүректі алпыс екі қан-тамыры тік тұрып.
Сарапталсын қанның ең бір қызылы, тарап қалсын тамырдың да ұзыны. «Құрылысқа» керек заттың барлығы Алла алдында тұрды бір сәт тізіліп. Жаратушы тағы бір сөз қыстырды: Әр жүректе сапа болсын үш түрлі – бірі – сабыр, бірі – қайрат, қанағат деді-дағы жүріп кетті, іс тынды. Сылт жүгіріс кабинетте, көкте әлгі, Жүрек жасау. Өңге тірлік тоқталды. Періштелер жұмылған-ды бұл іске, Шақырусыз шайтандар да кеп қалды. Жүрек жасау. Ал, қарбалас басталды, періште әкеп құйды күрең жас қанды. Адалдық деп тамшы қосты тарыдай, Шайтан әкеп, мықтылық деп, тас салды.
Түсінікті. Жүре ме енді тасқа сын?! Бүлдірді өстіп тамырды да, басқасын. ...Құдайды да Құдай атып қалмай ма, шаруасына шайтан араласқасын?!
- Б ұ л т
Бұлт байғұсты күлкі ғып, Зевс Құдай-тағала Найзағаймен бір тіліп қуып салды далаға.
Соқты дауыл. Бұ қалай, Қайрауы ма жігерді? – Дегенімше шыдамай бұлт еңіреп жіберді.
Мен де кейде жылаймын, Кешіре алмай жатамын: пәнде түгіл, Құдайдың басынғаны – батады.
- №1 Қ ұ д а й
Дастархан бай-ды былай да, Қонақтар еркін жеп-ішті. Қызып ап сонда Құдайлар Мақтады-ай келіп Зевсті: – Үлгілердің үлгісі, Жүзділердің жүздісі. Құдайлардың құдайы, Уа, ұлылардың ұлысы! Қайсарлық, қыңыр, ұлы үміт Қосылып Құдай боп қатты...– деп еді шешен күбініп, Зевс былай тоқтатты: – Өзім де білем, кемді күн бақытым шығар; бүгін құр сөзіңді шашпа, сен мұны Прометейге ұғындыр.
- Н а р ц и с с
Сүю – ең бір асыл сезім – дау бар ма,– Сүйгендерге батпайды екен жаулар да… Құлаққа ерсі, Көзге де ұрды ерсілік, баяғыда Нарцисс деген ер шығып; Сұлу жігіт болған екен тегінде, Сонау ескі Құдайлардың елінде, Қойған екен бір көруге асық қып Құдайлардың өзін өртеп ғашықтық, Ғашық бопты жалғыз соған бәр-бәрі:
Күннің қызы, Құдыреттің ардағы Көз алмапты Ай да ғашық болып қап, Жел де демін ала алмапты солықтап, ғашықтықтан жылағанда қара бұлт аққан жастан дала жатты нәр алып тау күңіреніп, теңіз біткен тамсанып, ғашықтықтан кетті дүние ән салып. Сөй-сөйте... Көңірсіпті күйіп ел – бүлік шығып Құдайлардың үйінен, Мөлдір сезім айналыпты ылайға, ақырында, Құдай сенбей Құдайға – ешбір Құдай әйеліне сенбеді, ал, қыздарын жатып келіп тергеді; Құдай еді әйелі де Құдайдың, Қыздары да Құдай еді Құдайдың: Солар да енді қайғы тартты жай елдей, әйел деген, Құдай болсын, әйел ғой?
Нарцисс бірақ елең етпей ешбірін, Мұңаяды екен жалғыз кешқұрым. Күрсінгені сонда әлемге естілді, Өйткені, ол сүйе алмады ешкімді...
Әйел Құдай үнсіз ғана мұңайды, (Қыз Құдайлар – аңқаулау ғой – жылайды). Өзі әйел, өзі ызалы ал, соған Құдіретін қосып көрші Құдайдың! Құдайлардың құдіретімен қолда бар Жас жігітті жазаламақ болды олар. Қандай жаза кесу керек бірақ та? Жерге көмсе – топыраққа мұң болар, Желге шашса – бір ы мыртта дауыл болып жынданар, Оқпен атсаң – естіледі құлаққа, Отқа жақсаң – ұшқын ұшар жыраққа,– Осылайша, кеңесіпті бір апта. Нарцисс сын-ды тозған рух, денеге Не бұйырсын – қалған жұртқа өнеге! Пенделерге қаза үлесу – немене, Құдайларға – жаза кесу немене: түйілді де бір түсінік боп бәрі Ұлы Зевс алдына кеп тоқтады. ...Сөйтіп, бәрі баталасты, беттесті: «бұ да өле ғашық болсын!»– деп кесті.
Тау шегініп көз ұшына кетті алыс, алыс жаққа бұлт жасады аттаныс. Жасыл орман – жайқалмады о да енді – бұта қурап сидаң қаға жөнелді, Жел де еркелеп еспей қалды, тып-тымық, тозаң ұйып, кетті гүлді бұқтырып; Жартас-шыңға әрі сұсты, тұл әрі әлсіз толқын басын ұрып құлады. Тау қыраны тауықпен бір қонақтап – тақпақ айтты ел тоқылдақты мадақтап; тұлпар ақсап, бұлбұл мылқау күйге енді, аққу құсқа қарға зорлап үйленді. Табиғатта ажар азып, әр тайып, бояу біткен кетті кенет қартайып. Отырсың-ау оқсаттым деп марқайып, Уа, құдырет, енді өзің де тарт айып! Ал, Нарцисс ше? Бәрібір ол ешкімді Сүйе алмады – күрсінгені естілді; Серіктері – шөл мен аштық – күні өтті, Танымасын тағдыр тасқа түнетті; Қаңғыбастың үмітімен, баяғы азабын ап ажалына таяды, Сай-жыраның кеуіп қалған тандыры – Меңіреу дала. Қу дүние қалғыды...
Кенет, алда тұнба жатты... енді-енді Өлімші жан аузын сала берген-ді, Қалт тоқтады...– әсерлемей жазайьқ – Судан ол бір бейне көрді ғажайып, Жігіт аң-таң: неткен әсем түр еді!– Тұңғыш мәрте шымыр етті жүрегі. Бұ не, тапқан соры ма іздеп, бағы ма,– Қарады ол тағы, тағы, тағы да: Не тұлғадан, мін таппайсың, не беттен – Сүймек болып ұмтылды есер, Кенеттен, бір дір етіп ғайып болды бейне әлгі, Орынында майда толқын айналды. Сүгіретке ғашық болып судағы, Қаны кепкен жүрек босқа тулады, Жүзі солып, ерні кеткен тілініп, Жігіт, солай тұрды суға үңіліп. Ғажап мүсін! Жоғалады ол да, әне, тұнба жүзі жыбыр етсе болғаны, Сондықтан ол тыныш қойды су бетін – Көру үшін судағы өз суретін,
Содан өзге түк көрмеді көзі де, Түскен пәнде Құдайлардың тезіне – жаны жидіп, ет-бауыры езіле, ғашық болды. Бірақ кімге? Өзіне!
Бұдан ауыр жаза жоқ-ты, тегінде, Сонау алыс Құдайлардың елінде. Сұлуды да сүйе алмаған пақырың Суда тұрып шөлден өлді ақыры. Суда тұрып шөлден, солай, өлгенде, Қайғылы бір гүл өсіпті сол көлде – Суға түсті мұңды, сарғыш сүлдесі, Нарцисс атап кетті халық гүлді осы. (Шіркін, шіркін, екеуімізге, досым-ай, Қыз-келіншек ғашық болса осылай, біз де сүйе салар ек қой, бұ да анық: Кім жапсырар махаббатты күнә ғып, Моламызға шөп өссе де жарар ед, ал, егер де түк өспесе – құба-құп) Уа, махаббат! Пірім сенсің сүйенер! Тек өзіңді өзің сүймес үшін де Өзгені көр өңіңде де, түсіңде – Саған айтам, аталы дос, киелі ер, Уа, сүйе гөр, өзгелерді сүйе гөр!
- С ы н
Күрсінуі Құдайдың – ауыр тірлік: бұлт күркіреп, су тулап, дауыл тұрды. Қорқақтау бір Құдайға кәрі Зевс өп-өтірік асасын ала ұмтылды. Жоқ, ұрмайды ешкімді, ештеңені, Көп көзінше әншейін сес береді. Алдау керек еді деп өкінді қарт – Құдайға да кейде ақыл кеш келеді. Өкінетін түгі жоқ; Күштен гөрі батқан оған әлсіздің тістенгені. Күрсінді қарт: Құдайлар ұшып кетті Қиқым-қоқым секілді үстелдегі. Зевске де қорқақтар ұнамады, айтқан емес ол жайлы бірақ әлі. Кенет Құдай ақталды: «күрсіндім,– деп,– Құдайлардың салмағын сынағалы» Сол дәстүрден қалса егер бір-бір сынық: Қорқақтар көп жағынар білгірсініп,
Сынау үшін салмағын сондайлардың Көрсең еді сен де, аға, бір күрсініп.
- А п о л л о н
Аполлон да шынында жігіт бопты бір қызық, Құдай бопты Олимпке ол да әмірін жүргізіп, Әу басында байсалды адам екен бұл өзі, Құдай болып алған соң өзгеріпті мінезі. Сұлу екен өзі асқан, Мерген екен масқара, Оғын, әттең, атпаған сұлу қыздан басқаға: бір сұлудың – әзілі, бір сұлудың сырты ұнап, алтын жебе күн-түні ұшады екен зырқырап, Серілікпен қыз аулап аспан жақты көп кезді бақытты ғой серісі әлименті жоқ кездің, Құдай болу, сонда да, жаман жұмыс осы деп, достарына кешқұрым шағады екен есінеп.
Қыз аулаудың соңында сол Аполлон бір күні оқиғаға кез бопты қайғылы, әрі күлкілі: бір сұлуды көре сап шірей тартты садақты, шірей тартқан жебесі тимей кетті, тағы атты; тимей кетті тағы да... тағы да бір жебе алды, күн астында ол оқ та бір жылт етіп жоғалды. Тимегенде бірінші оқ Аполлон тек таң қалған, екінші оғым тиер деп үміт етіп алданған; тимегенде екінші оқ – мерген қатты шошынды, ал, үшінші оқ осыған күйік болып қосылды... Ал, сұлу қыз жаңағы Кекесінмен қарады, Оқ тимеген сайын ол сұлуланып барады: Шыбық-белі майысып әндетіп ед ыңырсып – түсіп кетті аузынан әппақ-әппақ гүл ыршып. ...Тимегенде төртінші оқ – қайғы басты Құдайды, Мөлдір аспан көрінді қақ суы боп ылайлы. Сәби жапырақ егіліп жылап тұрған құсады; Құлақтан ап әлдекім бұрап тұрған құсады, Тұңғыш мәрте Құдайды ыстық сезім шарпыды, түсінді ол аяуды өзін аяу арқылы, бақытына еркелеп өскен бұла жас еді, сәтсіздіктің, сезді ол, жиіркенішті әсерін – мансабынан Құдайлық жиіркеніп ол сонда қорамсаққа тағы да, тағы да бір қол салды:
бітіп қапты жебесі қорамсақта, анық бұл – тырна-сирақ сидиып жалғыз жебе қалыпты. Сол жебесін суырды ол – соңғы үмітін немесе, Сол-ақ екен, Құдайдың құмары артты он есе Әлгі қызға; Жебені жіберерде тағы да тағы да бір көз салды Олимп тауы жағына,– тұңғыш мәрте саусағы қалтыраған құсады, білек күшін әлдекім тартып алған құсады, өнерінің өзі оны сатып кеткен құсады, (О, албырт жас! Мұндайдан сені Құдай сақтасын, дүние түгел сатса да, өз өнерің сатпасын) Кенет... Құрып дәрмені қара терге түсті ерің, өз білегін ызадан қырш еткізіп тістеді – Күш қалған тек тісінде; Уа шүкірлік, шүкірлік: (Құдайды да құл еткен сәтсіздікпен бұ тірлік) Жылады ол Зевске, отыра ғап тізерлеп: «Құдай едім, құл емен ететұғын Сіз ермек, Қырсықтырып мұншама қорлағанша пақырды Өртеп өлтір отыңмен! Не, тілегім ақырғы: Осы оғымды дәл тигіз, Жапа шектім соншама, Мына қызды алайын – жынның өзі болса да, Түсіп қалдым жамбасқа абайсызда мен қасқа ант етейін бұдан соң қолға садақ алмасқа». Зевс Құдай естіді. Жігіт оғын көздеді, Құдай тартса жебеге зырқырау да сөз бе еді: Қақ жүректен қадалды әлгі қызға оқ барып. Көкке қарап Аполлон көзін қысты мақтанып.
Кенет, сұмдық! Қыз қайда? Мазақтай ма бұл Құдай: аю тұрды сілкініп қыз орнында, сұмдық-ай, шошынғанда Аполлон жан дауысы шығады – тұра келіп қашады, аю тұра қуады. Қашты Аполлон зырқырап. Садақ қалды сасқанда, Құдай болған жақсы ғой, әсіресе, қашқанда – жеткізбеді, Құтылып кетті Аполлон, «Аюдың» Содан дейді жұлдыз боп қап қойғаны аспанда...
Біздің заман тыныш қой, елеңдеме дүбірге, атып ұстар әйелдер жабайы емес бүгінде; Қолға үйренді аю да – Зоопаркте бәр-бәрі, атып ұстар аң мен құс орманда да қалмады. Аполлон жоқ. Бір досым бойдақ болып жүр әлі, Әйел деген бір сөзден зәресі ұшып тұрады. Біле алмай жүр: жебесін кімге атарын бұ-дағы, бір сілкініп қай қыздың аю болып шығарын. О, сүйкімді сұлулар! Мен – Аполлон емеспін, аю болып әзірге қорқытқан жоқ мені ешкім. Бірақ достар әзіл ғып айтатыны осы нақ: «бәріміз де жүрміз ғой бір-бір аю асырап».
- Қайырым немесе батырдың оралуы
Әңгіме
Трояны талқан еткен көп батырдың батыры Қаңғып! Қырып! Көп олжасын тығып тастап, ақыры Жетті еліне; Кеткеніне Ұшты-күйлі жиырма жыл дегенде. Бірақ оны танимын деп ол елден Жан шықпады; Шалшықтағы бақа құсап ауыздарын ашқан ел ісі жоқ-ты көл-батпағы – шаруасынан басқамен. Құдайлардың құдіреті байырғы Түрден ерді айырды: Қайыршыны кім танысын! Тіршілікте далбаса «Әй, бейшара-ай» дегендері болмаса. Күні бойы көше кезіп, ымыртта
Сасқан батыр сусын іздеп бір ұрттам – Соңғы жылдар даңқы шығып батырдың, Соған бола көңілдері суысқан бар еді бір туысқан, Қақпасына келіп соның атын атап шақырды. Күңі шығып күңк етті: – Әкім кісі бұл текті,– Қайыршылар кіретұғын үй емес, аулағырақ жүргенің жөн деп қойды,– Алып шыққан нанын өзі жеп қойды. Аполлонның өзі сын-ды әдемі бұ қалада жалғыз досы бар еді, Оны да іздеп тауып со бір ымыртта Су сұрады бір ұрттам. Қайыршыда дос бола ма?
Танымады ол-дағы,– (Сақал-шашқа қонып қапты кәрі қыс) Кімге керек қайыршының қалай ыза болғаны! Көкірегі аңсады бір жарылыс. Үй иесі су ұсынып, ақыл айтты мұңданып: – Жүгенсіздеу болушы еді құлдарым, Сабап тастар, аулағырақ барып іш! Байлықтан бұл есі ауысқан қала еді, сол байлықтың әлегі: жұрт көңілін тарылтты да, ақыры танымады ел батырын, Сыйламады қайыршысын, жақынын, Итін қосып қуалады әлдекім, Әлдебіреу ерк е ұлына тептірді. Ал, біреулер қақпалардан сығалап: «Қайыршы әлі құрымапты-ау» деп тұрды... Жетті өзінің үйіне әрең ертесіне сәскеде. О, Құдайлар қорлағаның аз ба әлі! Өз әйелі: – Аулақ,– деді, – мас неме! Өз баласы ұрып тастай жаздады.
Осылайша сынап алып бәр-бәрін батыр үнсіз зарлады: «Мені шын-ақ танымаса енді ешкім бұл елге енді жолшы боп та келмеспін! Мені ұмытпай неғылады, ептеген Қайырымның өзін ұмыт еткен ел?!
Ертең бәрін бас алаңға шығарып Қырайын да қына ғып, Жөнелейін топырағымды арзан қанмен суарып. Бұл елде енді үміт етер жоқ ешкім, Өзге түгіл, бұ халді Өзіме де кешіре алар емеспін: Намысы деп осы елдің талай отқа іздеп жүріп көселдім, Келдім екен мұндай елдің несіне?!» – деп тұрды да ер, иті түсіп есіне үйшігіне іздеп келді баяғы, арқасында – дорба, қолда – таяғы. Кәріліктен жүрелепті ит байғұс. Тұмсығына қонып алып құйттай құс секеңдейді – басына ма, қайтеді? Ал, ит байғұс тірілігін жасыра ма, қайтеді – пақыр болып жатыр көніп. – Аргус – деді батыр келіп. О, ғаламат, ғаламат: Құйрығын сәл қозғады иті көзден жасы домалап, Қыңсылаған сықылды бір үн шықты, Сол үнге өзі тұншықты; бір дір етіп кетті үзіліп – болды өлік… Талай жылдар азап тартып, жол көріп Жеткен жігіт, кенет, көзге берді ерік – Солқылдады ол иттің басын өңгеріп! Ер толғанды жаны жібіп кенеттен: «бұ халыққа өкпе артамын не деп мен? Жиырма жылдан кейін келіп танымадың деп мені Туған жердің жұрты жайлы жаңсақ ойға кеткенім Өзімнің де ұмытқаным шығар сауап, обалды?! Патша құсап аттанып ем, қайыршы боп оралдым – танымаса – танымауы жөн шығар? Көрінбеді бірақ менен басқа ешкім,– Қайда басқа қайыршылар, жолшылар?! Қайыршысы, Кемтары жоқ түспейді екен Ел еске,– Мұның бәрі осы елде Қайырымның құруынан емес пе?!» Ойлап-ойлап Ел пиғылын не түрлі Кешіруге бекінді: достарының сараңдығын кешірді, Құлдарының арамдығын кешірді, ағыл-тегіл сөзбен көңліне ұнаған
бәрін өзі аршып алды кінәдан, бірақ мұнша көп адамның ішінде жолаушыға жөн айтпағаны үшін де Жоқ ұялған бір адам!
Халық мәз боп оралды деп батыр ұл: Көк аспаннан тігіп тойдың шатырын, Көк даланы дастарқан ғып жаяды... Сонда бір қарт сілтеп тастап таяғын: – Сақтан, жұртым,– деді кенет саңқылдап,– Сен де сақтан, салулы жай, салқын бақ! Жақсылыққа апармайды бұ қылық – Қайыршының да аяғына жығылып, Күтпеген ел пақырын ел болмайды ақыры! Өз ұлыңды танымасаң майға бөгіп жатып-ақ, Сен де ұзамай күл боларсың, топырақ! Өз әкеңді танымасаң сен бүгін, Жетімдігің жақын екен енді, ұлым. Өз еріңді күтпесең сен алыс жолдан оралар Жесірлігің жақын екен, аналар! Итке құйып бітсең егер ұйтқыңды ел боларсың ырысың жоқ ит құрлы, Халқым, саған ырысты ит те жоқ енді! – деп қария өз жөніне жөнелді. Бұл сөздерге ойланбады ешкім де, «Жат сөз айтты жақсылықтың үстінде» деп шуласып түре келген ел дүрлігіп. – Іздемеңдер, Зевс!— деді үрейленген бір жігіт.
Ертеңіне апат алды қаланы – Өрт пен дауыл құтырып кеп қалады. Қайырымы жоқ — Жоқ қаланы қамалы Жапыра кеп жарақты жау шабады. Күйіп кетті орманды алқап, түкті бел, бір-ақ толқып құмға сіңіп бітті көл; он екіден жасы асқандар түп-түгел қырғын тапты. Ал, батыр ше? Бұйырды оған тез өлім: қайыршы боп алдағаны үшін де өз топырағын, өз елін, Қылышымен талай елді өшіргені үшін де, Қайырымсызды кешіргені үшін де Кетті алғашқы өлгендердің ішінде: Өрт пен оқтар оны да тез жалмаған. Он екіге жастары әлі толмағаы Сәбилер мен Аргустың тек өлімтігі қалды аман.
Ескі әңгіме. Есте жүрген сөз еді, Соның бүгін келді білем кезегі. Есік қақса – ескілік деп қарайтын Қарау байды – қалпағынан сеземін. ...Ағайындар, бұзылмасын бір кешің, Рас, рас, бұзық қонақ кірмесін. Бірақ есікке алаңдай жат, Қағылса – Кеш оралған өз ұлың боп жүрмесін?!
АҚ ШӘЛІ
Ақ шәлілі қалалық ана еді, бір күні салып келді жаға ғып бурыл-шулан түлкіні. Әйел еді көрікті – бұ да үйлесті: бір күні киіп келді бөрік қып Қылаң-қызыл түлкіні. Біздің елдей бай елде, Кім не кисе – ерікті. Азамат қой әйел де Кисін, дедік, бөрікті. Сол-ақ екен, мың, түрлі Мінез тапты, сөз берді. Мың құбылды, құлпырды, Құлпырды да өзгерді. Ақ шәлі – ақ қанаты, Ұзамай-ақ қырқылды... Жоғалды да Ана аты Түлкі атанды бір күні. Айлар өтті әндетіп, Күндер өтті күлкілі. Тазы болып әлдекім Қуып берді Түлкіні... Жылайды енді ышқына, бітіп айла-амалы. Көзден бұлбұл ұшты ма ақ шәлінің заманы?!
Моданың бар түр-түрі, айла-амал далбаса... Жазығы жоқ түлкінің, түлкіліктер болмаса...
АШЫҚ ХАТ
Жазушылар атақ-даңқын қызықтаған шақтары Сөз етеді жұрттан алған хаттарын. Досым менің (айтуынша өзінің) Жүз хат алған бір кітабы туралы. Ал өз басым, қанша ойласам қиналып, Ондай хатты алған емен туғалы, Әдебиет жайлауына қонғалы, Он бес кітап жазғаным – бар болғаны. Оқушыдан алған хатым сондағы Жетпейді екен онға да!
Авторларға бар секілді қыжылы бір хат алдым алпыс бірінші жылы. Келесі жыл бір хат келді тағы да: тимепті онда Қасымның да шамына – кей жырыма сенбейтінін жазыпты, кей жолымның шындығына табына. Сөйтіп, кенет, белгісіз бір күйге ендім, Кездесердей баяғыда сүйген бір Сұлуыма, бірақ қолым жетпеген, өн бойымда толқу туды ептеген, бірте-бірте оған да мен үйрендім. Кеңейді жер, биіктеді аспаным, даусыз кірдім жоспарына баспаның, Жинағымның тиражы да көбейді, бірақ хаттың саны бірден аспады. Көкірекке сенім болып кірді ырғап жинақ сайын келетұғын бір-бір хат. Кімдер екен иелері хаттардың?– Қанша ойладым, шешілмеді, бұл жұмбақ. Кейі – қатал, Қайсыбірі мылжыңдап Миды ашытты; бірақ бәрі сауатты –
Мен де оқсатып қайтарар ем жауапты: Әттең, кімге? Қайда жазам? Жанымды құр жеді оймен келген хаттар Гурьев, Шымкент, Семейден, Қызылорда, Өскеменнен, Оралдан... тамырлар боп тарап жүрді маған қан, Кешірімсіз мейірімнен жаралған, Жігер берді, ең бастысы, есімде Қол қойғандар «оқушың» деп, «досың» деп. Қара сөз де жасап келем, ал өлең Шығып жатты өздігінен, және мен үнсіз жаздым, үнсіз жаздым, үнсізбін – өзімді-өзім уағыздаған жан емен! Тек жаңағы хаттар ғана үміт боп дарыды ойға; Жазғанымды жіліктеп, берді айырып бар мінімді, Қысқасы: Мені маған түсіндірді үгіттеп!
Күні кеше бір хат алдым, мәніне түсінбедім мына сөздің: «батылырақ, батылырақ әлі де!» Ақын біткен атақ-даңқын қызықтаған шақтары Әдеті екен сөз ететін жұрттан алған хаттарын. Алты жүз хат... деген кезде бір сабаз – Азайтшы!– деп айқайлауға шақ қалдым. Кілтін жұлқып аштым-дағы тартпамның Келді кенет менің де бір мақтанғым – аз конвертті әдейілеп қобырата шығардым, не айтқанын, қара дедім, бұлардың! Аққу құстың қанатындай көлбеп бір
Сарғыш беттер, сөйтіп, қолдан қолға өтті; біреу ұзақ басын шайқап тамсана: Жазған, деді, бейшаралар жан сала, талғам жатыр, деді бірі, қаншама! Мақтады әркім, менің көңлім үшін бе – ақылсыз сөз жоқ екен деп ішінде. Мен масайрап отыр едім, бір жігіт оқыс қатты дауыстады, дүрлігіп Шықты сөзі: – Қара,– деді ол,– мынаған: мына хаттың бәрін жазған бір адам! Бәсе,– деді екі ұшты ғып,– сезуші ек Хаттың сырын ақындарға ұнаған. Шындық! Жалпақ дүниені шарласам – Сені, сені іздеуші едім әрқашан, Осы жолы, о асылым аңсаған, Қас жауымдай қарадым-ау мен саған!.. Қорланғанда қос самайдан тер кетті, Мақтанам деп өзімді өстіп сорлы еттім, Әр жылда бір сирек келген хаттардың Қолтаңбасын салыстырып көрмеппін.
Сол сәт достан сезіктендім (азапты-ақ): Күлгендей боп көрінді ол да мазақтап; Әлдеқалай іс еткендей ұятты Қуыстандым: хаттың бәрін өзіме Өзім жазған сияқты! Талай сөздер тіл ұшында іркілді – ыңғайсыздық сезіндім мен, бір түрлі аяғандай көрінді жұрт; батқаны: бірі кенет әңгімемді мақтады, бірі нашар балладамды мақтады – Соның бәрі қорлаған боп етті әсер, Секемшілдік! О, Құдайдың атқаны!
Жастау біреу жүрексіне тіл қатты: – Мұнша жаңа жазған жанға бұл хатты аз дер ем мен!– деді жігіт; Өлеңшіл көптің көңілі ақындарға деген шын Хатпен өлшенетін сын-ды кәдімгі. Енді бірі ақын еді жалынды: – Жай қызықтау емес қой бұл өтпелі, Сондықтан да бір ақынға көп!– деді. Пікір тастап бір-бірінің ығына, Отырды олар бірін-бірі ұғына; Күмән айтқан өнерімнің өзіне кей жігіттер, қашан да табынатын менің адалдығыма: – Бір ме, он ба бәрібір ғой,– деді бірі жұбатып,– Көп тұғырға қонбайтын құс бұ бақыт, Оқушым аз деп шағынып жүдемей, досың үшін жырла,– деді ол,– бірегей!
Көп толғандым сол бір кештен кейін мен түсінейін деген ниет-пейілмен Қанша ойласам ұға алмадым мұны аса: жазғандарым әлдекімге ұнаса, кейде мықтап мақтаса сол, Немесе іреп-мінеп қара жерге теңесе – онда не тұр?– дер едім мен, бірақ дәл «дос» детен сөз кетпей қойды құлақтан, Өшпей қойды көкірегімнен; О да айқын: Осы бір сөз ұйықтатпаса талай түн, достықты аз сезуден бе? кейде осы көп жігітті ұйықтатпайды деседі қастарының бейнесі;
ал, мені ше? Жеді алыстан-тасадан дос қылығы қамқоршылық жасаған, қамқорлық та болмас бәлкім? Біле алман, Шыға алмадым үміт, сенім, күмәннан. Тек аталған кештен бері бір түрлі белгісіз күш сүйреп мені сиқырлы Одақ жаққа жиі-жиі оралдым, Жиі-жиі хат сұрайтын боп алдым. Пісуі өткен қарақаттай үзіле қарай жүріп бейтаныстар жүзіне, үйрендім мен әлемді дос санауға, бар адамға жылы ұшырап қарауға,– Сен шығарсың, бәлкім, соның біреуі? Сен де, өйткені, бейтаныссың! Сен кімсің? Кім де болсаң қасиетіңді Ел білсін, ажарыңды – жар білсін, базарыңды – бар білсін! Жаныңа сай жігер берсін ұлы арман, мимен толқып, жүрегімен тұнар жан, Сен – жалғызсың, көпсің шулап қол соғар Ол мың өлең-құмардан! Мен – сен үшін тары санасам – жалықпан! Мендегі бар, жараса – ал, алып қал, белгісіз дос! Берік боп қал Анттан Баяғыдан елеп келгенің үшін, аруағым боп жебеп келгенің үшін есең қайтар Уақыт пен Халықтан!
АНТ
Көрші үйде сол бала болды, Қасқа бір: Білмеуші еді төбелестен басқаны. Төбелесіп таныстық біз. Алғашқы Жұдырықтар жолдастыққа жалғасты.. Сөзге мүлде икемі жоқ бала еді, Сөйлейтін тек қой көздері әдемі. Жалт еткенде – нұрдан әнтек төгілген Түсінетін едім мен: қалжың, әзіл сөздерімнің көп менің Қайсысының батыңқырап кеткенін, Қандай жайдың қалай әсер еткенін
бір қарап-ақ сезінетін едім мен; Көздің нұры шығады ғой көңілден, Мен сол көздің пәктігінен талай мәрте жеңілгем, оны да ептеп түсінетін едім мен – сәл ересек болдым білем шамасы. Балалықтың қызығына қарашы: Әлі есімде, екіндінің шағында шығып алып құлан-құба шағылға Құбылаға бетімізді түзей кеп (қарттар өстіп тұратұғын намазға), Майда құмға отырдық біз тізерлеп. Кәрілерде келеді ғой тіл майда, Сөздері оңай иілетін ыңғайға, Қалай сөйлер еді солар мұндайда? Не айту керек? Ойламаппыз – мен де, ол да, Сөз деген көп емес пе еді жалғанда – Неткен минут әрі ауыр, әрі ұзын, Ұққандықтан сол минуттың маңызын, тебіреністің молдығынан іштегі Соның бірі ауызыма түспеді. Досым маған жаутаңдады, мен оған дәмеленіп қайта-қайта қарағам: кірпіктерін қайта-қайта қағады, Ол қарады, мен де оған қарадым. Күн де, әне, дөңгеленіп жанары Көкжиекке – қауысуға барады. Күнге бұрдым бет-жүзімді кенеттен. Қайраттана... тамағымды кенеп мен Сұлу сөзді төкпек едім шелекпен, таң қалдырып төбелескіш сол ерді Сөйлемек ем ақылды әрі жігерлі – Су толтырып қойған сын-ды бөшкеге Кеудем мылқау. Айта алмадым ештеңе. Сонда досым... еңіреп кеп жіберді! «Сөз» болды сол, ең әсерлі, ең ыстық – ол да сенді, мен де сендім – сеністік! үн қатпады тілсіз меңіреу құм да түк, Тек жалындап бара жатты күн батып. Құшақтасып тұрдық, біз де үнсізбіз, ант етістік сөздің көмегінсіз біз! Бір ірілік сезіндік біз ғаламат алыс түскен көлеңкемізге қарап. Көкжиекке сүйеп қойып қызыл Күнді жандырып, Қызыл жерді алдымызға алдырып, ант етістік дос болуға мәңгілік (балалық-ай; ғұмыр өзі... сәттік қана жаңғырық, достық қайдан болушы еді мәңгілік?!)
ант етістік бұрылмасқа басқаға, ойнамасқа басқалармен! Масқара! Талап екен, енді ойласам, бір кештік, Қайран ғана балалық пен білместік! ...Үйге қайттық – екеуміз де үнсізбіз, бәрін айттық сөздің көмегінсіз біз. Содан кейін екі-ақ жұма бірге өстік, өсті бірге ант, уәде, білместік. Содан кейін... тағдыр сәтін келтірді: досымды асау айғыр тапап өлтірді. Жылқыға үйір болушы еді сорлы әлгі. Сезім буып жылай да алмай мен тұрдым. Қайғырдым ба? Одан гөрі қорландым: Өлерде де ол тіл қатпады, не білді: Күлімсіреп, қолын созып керілді. Сол сәт оның мені тастап өлгені барып тұрған сатқындық боп көрінді.
Жылдар өтті. Мені айыпқа бұйырма: тірі жүрмін әлі осынау қиырда. Көңіл шіркін ала болса қиын ба – талай жігіт сатты мені тиынға. Өтсе айналып тұлпарлардың атағы, Кейбір есек бастан аттап жатады; Көп кемшілік сездім. Соны сезу де Кемшілік қой? Көп қиналдым өзім де. Болды менің (неменесін жасырам): Көк тиынға татымаған кезім де. Шыққан терді талай соққы-тепкіден Өлеңімнің ыстығына кептірем. Оқушым бар саусағындай бір қолдың, Солар мені сата қоймас деп білем... Кім біледі? Шығар ма еді бір мықты ұл – досым менің тірі болса. Шындық бұл: Көп жылпостың болар ма еді бірі ол да талқысына түскен шақта тірліктің? Кім біледі? Көңіл жүдеп, қалған шақта жан жетім Мені желеп-жебеп жүрді әлдекім, ең шешуші – ең бір қауіп сәттерде: Тұңғыш жолды жазар шақта дәптерге, Тұңғыш озып даусыз бәйге аларда, астанадан пәтер таңдап қаларда –
Құлағыма жақын келді үні оның; Әлде менің аңсарым мен тілегім: Мөлдіреген қой көздердің жанары, Әлдеқайдан бір жалт етіп қалады, Кейде әлдекім солқылдатар шекені Шым-шытырық ойлар тастап кетеді; Көлеңке боп орағытып алыстан, Кейде әке боп қайырымды данышпан, Әннен – биік, Әкімдіктен әлділеу, Әйтеуір сол... қалмай жүрген бар біреу – Сынап келген періштелік салтымен, балалық шақ, сен шығарсың, бәлкім ол? Жебеп жүрген рухы боп досымның, әлде сен бе, алтын топырақ, алтын Ел?! Сондай шақта елестейді ақ шағыл (ішіне алып айтайыншы жақшаның) Қашан көрсең көкжиекте жатар кіл Қауыса алмай күйіп-жанған батар күн, Қос көлеңке батар күнмен зорайған елестеп жүр, елестеп жүр талайдан...
АЛТЫНШЫ КҮН
Алтыншы күн отырмын мына столдың басында, бір маңызды іс тындыру керек маған, расында, адам жасап балшықтан, балшық та емес, күл-құмнан маңызды ісін Алла да алтыншы күн тындырған. Библия Құдайы – табысына мас адам, Жексембіні жетінші – демалыс күн жасаған. Шаршап кетіп жұмыстан – Сауап, Хадис, обалдан Құраныңның Құдайы – жұма күні дем алған. Жоқ, бөлмеймін Құдайды Құдайлардың ішінде, дем алудың керегін түсінгені үшін де. Екеуі де түсінген бір тыныстың керегін – Жетінші күн дегенде – шаршап қоя беремін. Ай, Күн – жарық, Көк – түнек, Су – сұйық та, тас – қатты, алты-ақ күнде Құдірет бәрін жасап тастапты. Жасағанын мықтының алты-ақ күнде бастапқы алты миллиард жыл ойлап түсіне алмай бас қатты, Бас қатырып кетті хақ, Сый ғып маған Күн, Түнді, өзің іздеп тап депті қасіретіңді, күлкіңді –
тұғыр торы секілді салып келем бүлкілді; әлденеге ой алаң, көңлім күпті бір түрлі еңбегіме – тапқаным татымайтын сықылды. Жақсылық пен жамандық – жаратқан Хақ аралас, Мықты екенсің, ажырат, адас, Адам, ал адас! Мен де адастым талай жыл – Күнәкарлық емес ол, барлық күнәң – мықтыға еліктедің демесең. Талай асылды аштым мен мына қолмен қаралтым: Жылтырлығы болмаса – емес екен бәрі алтын. Күлкім өшіп ертеңгі, Қоюланды кешкі мұң – өтіп кеткен тәрізді менің-дағы бес күнім. Осы бес күн секілді картадағы бес құрлық, ей, бес құрлық! Бес құрлық, сен де, мен де – ескірдік. Алтыншы күн отырмын осы столдың басында, бір маңызды іс тындыру керек шығар расында: алақанмен көсіп ап әппақ нұрды Күн, Айдан себейінші жырымның жолдарына мұңайған. Күнге қарап өссін сөз күнбағысша күләйлан, мұхиттардың толқынын тулатайын тақымға ап, Тәңірім басын изесін: «мақұл», «мақұл», «мақұлдап». Керегі жоқ той ұлы Сала аламын былай да ән, Кішіпейіл кісімін – дәме етпеймін ұлы ойдан. Жо-жоқ, Құдай емеспін, сақта, Құдай, Құдайдан! Артық қызу қаным тек – жел, жел, мені аймала, Мен, мен Құдай емеспін, Пайғамбармын жай ғана! Жібек-саусақ аңсадым – жел, жел тағы аймала, ақ тер болдым алты күн барды шашып айнала. Жаңа ештеңе таппадым. Ертең жетінші күнім – ернімдегі ескі сөз – ермек еттім жұғынын: түскен түк жоқ ауызға. Белгісіз бір теңізге, аралға, не құрлыққа,– кен қазып па, бәрібір, күй шертіп пе, жыр ғып па – шығармын-ау түбі мен, өзге түгіл Хауа ана Жұта алмаған ауаға – көрпе иықтан сырғып қап дем алармын түбі бір, Ұйықтармын-ау бір мықтап!
ҚҰЛАН КҮЙІ
Хан баласы азаптайтын жұртын кіл тақтылардың ойыны да біртүрлі: Ойнайтұғын әлдекімге қанжар ұрып – қанатып, Ол болмаса – бота бауыздап, аң атып. Қаңқұйлы да болса, әрине, хан ұлы, Хан ұлын ел қасиет қып таныды! Жүйрік мінді ол – ер үстінде толқыды... Бір күні аңға кетіп еді, Ол күні Оралмады; Ордада таң атпады, Үшінші күн батты – бала жоқ тағы Төртінші күн – көкжиектен аттады, бесінші күн – халық болып жоқтады, алтыншы күн – әскер де іздеп таппады. Сонда әке-хан «алдиярлап» сызып жүрген көлеңкедей көмескі уәзірлердің ой-пиғылы деп ескі – Жалғыз ғана жендетімен кеңесті (Ханның бәрі – қатал, бірақ бәрі ақымақ емес-ті). Сонсоң халқын жинады да ол кенет, Жанарында сұйық жалын дөңгелеп: – Жарлық екі болмасын,– Кім естіртсе жаманатты, дәл соның Көмейіне құям, деді, қорғасын! Бұдан қорқып жаманатты кімде-кім айтпай қойса – менің ұлы міндетім: Жалғызыма іздеттіріп аңды алыс, Сарай салтын аттағаның үшін де, таппағаның үшін қызық, алданыш, Мынау аппақ ордалардың ішінде, Жұртым, өзің ардақтаған есімдерін ауызға ап, Жүз ұлың мен жүз қызыңды өлтіремін бауыздап – Осы менің ойыма алған жұмысым, үш күн мәулет берем, деді, бұл үшін.
*** Көңілі – көркем, беті отты ел еді бұл етекті – арасында қалды сол ел екі оттың: былай барса – қорғасынның азабы, былай барса – екі жүз жас қыршын жанның ажалы, Қай пейлінен тапты бұл ел жазаны? Ақылдылар осыны ойлап азады, аузына ие болды ақымақ, ғажабы: жай күндері жүретұғын соқтығып балгерлер мен тәуіптердің жоқ бірі. Жел де тынды Тына қалды шөп-тағы; бұлақ-тағы бір бүлк етіп тоқтады.
*** Хабар күтті ел. Ең алдымен Хан күтті, Жендетіне жұрттың аузын аңдытты. Жендет – нағыз жендет еді, алайда дүйім жұрттың аузын бағу оңай ма – тың тыңдады ол желіп жүріп тепеңдеп, Әлдебіреу сыбыр етер ме екен деп. Бәрі тыныш. Естілмейді түк дыбыс; екінші күні өтті осымен тып-тыныш, үшінші күн деген күні, бір кісі Келетінін айтты ханға кіргісі; «Неге?» деген сұрақ толы көзге көп Қарады да оқшауырақ, өзгерек, Көпшілікке қарады да аларып: «айтам,– деді ол, хан – ұлының хабарын» Сол-ақ екен иықтардан бір сұмдық Жүк түскендей, ел жеңілдей күрсінді, Қайғылы еді – өзгерді ел, Нұр көрінді ырза болған көздерден, Үміт құсап әлдебіреу жалғаған Ханға кіріп кетті батыл әлгі адам, алып өтті ажалға асық өр басын, көмейіне құйдырғалы қорғасын. Көпшілік бір тыныс алды, не керек, ешкім бірақ аяған жоқ оны елеп, Ойлаған да жан болмады, аяғы: Шаруа жайын соғып кетті баяғы.
*** – Бол, айт!– деді оқыс бұрып хан бетін, – Бол, айт!– деді жаңғырығып әлдекім, Дайын екен бітіруге бұл істі – Жендет дереу қорғасынды балқытуға кірісті. Келген адам тіл қатпады біріне, тек еденге отыра ғап жүгіне, терең етіп бір күрсінді болдыра; Сонсоң сайрап жүре берді қолындағы домбыра: Жар құлап бір терең суды толқындырған тәрізді, арғымақты құмға салып алқындырған тәрізді, бір сұрапыл басталды да кетті енді Сеңі жүрген ұлы өзендей көктемгі – Дыбыс па, әлде, көрініс пе? Кім білген,
тек әлдекім әлденені бүлдірген, белгісіз бір аласапыран кезікті, Әрбір шектің «ың» еткені сезікті, Әр перненің үстіндегі үн күдікті, Әр дыбысқа мың бір «бәле» ілікті... Хан сұрланып сес қылды, Ханға қарап қаны қашқан кескін кіл – Күй тыңдайтын көңілі жоқ ешкімнің Бірақ, кенет, жел жүгірді мысық құсап май-табан, бұлақ толқып жүре берді қайтадан, шөп қалтырап түрегелді қайтадан – Соққан сын-ды жүрегі елдің қайтадан! Хан қарайып орынынан тұрды атып, Қанды көзін қасіреттің дауылымен құрғатып, айқай салар секілді еді... бірақ та еміс қана естілер ғып құлаққа: – Құлан тапап өлтірді ме?– деп сұрады ақырын,– бастап еді жаман ырым, жат ырым, Мен тарттым-ау бар күйікті оның астам бейлі үшін, ымыртта ма? «Құлан қағы» деймісің? тым соқтықпа болып еді, тым ұшпа, Кім біледі, хақтың ісі дұрыс та – деп күбірлей түсті-дағы ол, кенет, қанды көзі шықты қайта дөңгелеп, бір қарап ед домбыраға тесіле, өзінің кім екендігі түсті кенет есіне – айқай салды: – Жарлық екі болмасын, қайда әлгі балқып тұрған қорғасын? Деуші едім мен (дұрыс шықты болжауым): «Өлімімді кім естіртсе – сол жауым», Жауым, міне, анықталды, ол мына бейтаныстың қолындағы домбыра – Әмір етем: жендеттерім, жиыл бар, Қорғасынды домбыраның көмейіне құйыңдар! (біліп айтса есті қарттар кешегі: домбыраның төсіндегі ойық содан деседі) – Халқым,– деді қасіретті хан сонда,– Мен де ұлың ем, бүгін ханың болсам да, Хан қаһарлы – қайғы билеп жеңсе мұң, жетіскеннен емес мына теңселу, Ниет еткенде ұл-қызыңды қыруға Өнеріңді ескермеппін мен сенің! Даналық па, әлде арамдық айла-амал Қос ішекпен семсерлерді байлаған? Түк ұқпаппын ақ ордада отырып Қорқақтар мен жағымпаздар жайлаған. Соттасаң да тыңдап алшы, тоқташы, Орда десем – екен ғой бұл от басы! Маңайыма топтап жиып алыппын
Халық емес, азған тобын халықтың. Нақ солардың қылығына қарап мен, әлі туған жоқ-ау деп ем талапты ер – Жаңылыппын. Сезгем ұлым өлгенін, Қаһарлансам – сол болатын көнгенім, Әрі, біреу шығар бәлкім, соны елім туды ма екен – сынайыншы деп едім, Түстім, міне, сынға өзім. Хан тағына мұрагер бар демесем ұмытыппын тұрғаныңды сен есен. Құйсам – құйдым қу ағашқа қорғасын, Өнеріңнің көмекейі емес ол. Мына жігіт жеңді мені! Қатты аяп Қорғады елін бір ауыз сөз қатпай-ақ. Мұндай күйші тудыруға жеткенде ел көңіліңнен – мұң, Шаншу кетер өкпеңнен. Алғыс саған, қасиетті азамат, Хан да күйге түсінеді деп келген! – Қаһарлы хан болат құсап бір сынды, Кәрі адаммын, ғұмырым бар кемді-күн, тері көрік секілденіп күрсінді: – Тілегім бар!– деді сонсоң,– мен бүгін болсын бұл да өзімсіну – базына, Меп үшін тым болса да үлкен қазына, Мына ордада ойнап жатқан аңдыспақ Күйшіні мен тұра алмаспын мәңгі ұстап, кешірімсіз қарау үшін өзіңе, Жүру үшін ерлер барын сезіне – Күйшіңді бер бір-ақ айға жылына, басқа кезде берем, халқым, өзіңе.
*** Расында күй ме Ханды жібіткен, Әлде күйді мойындатқан жігіт пе? Астамшылық мінезімен қанқұйлы мойындамай қойғанда ше хан күйді? Ал, егер де түсінбесе қайтер ең? Қабыр – қара, топырақ – мылқау, сай – терең, Күйшіні аяп көметіндер табылар. Халыққа не? Шаруасы бар, бағы бар, ауызы бар: «мен емес» деп арылар. Әдетімен қашанғы Өлтіріп ап сағынар. Өнерпаздар, қанша тула, алабұрт –
Қызғаныш деп аталады, Көкейлерге түсетұғын ала құрт: Хан – қызғанды түсінгені сондықтан, Сүйеді ғой қызғанғанын ғана жұрт; Сондықтан да күйші жеңді. Хан анық Қуат сезді және бір жатып қалған қамалып. Сол қуаттан қорықты ол, Қорқу да билігі бар адам үшін Даналық! Даналықпен қызғанса ғой өнерді... Өнер – Өнер дегенмен тап осылай қорықса ғой өнерден! Бар тұрғанда өнер, билік, обал, ар «Қорқақтың» да ісі – дастан бола алар. Әсіресе бір қорқуы естінің, біле-білсең, мың ерлікке бара-бар!..
ТОЙБАСТАР
Ұйқыда еді дүние, енді, міне: қонақ тұра жармасты белдігіне. Қосшы бала жүгірді қамшыны алып. Құламай тұр, Құдай-ау, тамшы нағып? Шу, қарбалас боп кетті бар маңайым, Жиналайын, мен де енді қарманайын. Тікірейіп шырша тұр үркіп тегі, Жасыл сырға малып ап кірпіктерін. Бей-жай еді дүние, Не боп кетті: Жүргіншіні жол сүйреп дедектетті. Қара суға қаз кетті түсіп, есіп, Тарбақалар табысты кісінесіп. Тікеннің де жылтылдап инелері, Жел алдында жібек боп именеді. Инелік те билейді белін бұрап. (Кетті маған қызығы оның да ұнап). Гүл еріні түріліп кімді өбеді, Кімді өбеді – ешкім де үндемеді... Уа, сүйінші табиғат! Күрең мініп,
Көктөбені айналып Күн келеді! КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН Ұнап қалдың, қалқам, дедім бір қызға соны айтқанда жүрегім сәл ығысты. Қыз ақырын қарады да жұлдызға – ертең,– деді,– болады екен күн ыссы. Дедім тағы: сөзім менің мәңгілік, Өз ыстығым өз ернімді кептірді... Қыздың көзі аспан жақта қаңғырып, – биылғы ыстық, оңай емес,– деп күлді. Куә мынау қараңғы түн, бай қала,– Ұқсаңшы деп айқайладым ышқынып. – Мейлі ғой,– деп жымиды қыз жай ғана, Қолтығыма үш саусағын қыстырып... Бүгінгі жас жүрексіз бе, бетсіз бе – деп күрсіндім; – тағдырға, аға, көніңіз, ішкен біреу тиісе ме деп сізге Серік болдым, кешіріңіз!– деді қыз.
АҢШЫ
Таңсәрі еді. Садақ иіп жас талдан аңға шықтым: бурыл түлкі қашты алдан, Түске таман құла болып түлкі әлгі қылаң ұрып құмға қарай бұлтарды. Көңіл – құла, түлкі – құла, Құм – құла: бас айналды – бұлдыра, көз, бұлдыра! Үзеңгіні тебе тіреп, тым қатты тартқан жебем бір бұрқ етіп құм қапты. Кешке таман құмдай құла түлкі әлгі қылаң ұрып Күн астына бұлтарды. Бірте-бірте ол күрең қызыл боп алды, Күрең қызыл Күнмен бірге жоғалды. Ант еткенмін бұл күні енді қайтып қумаспын деп түлкіні. Ертесіне түлкі болып тағы үміт Қашты алдымнан – тағы қудым қағынып...
САЙ
Көк тұманың көмекейі бүлкілдеп Тұншығып бір күліп жатқан сықылды, Бір сүйініш жүрегімді түртіп жеп, бір өкініш шымылдатқан сықылды. Ауық-ауық бір әлжуаз үн шығып, жоғалады ауық-ауық тұншығып. Жапырақтың құлақтарын қалқитып, Әлдебіреу қойған сын-ды тыңшы ғып. Қатып қапты екі қой-тас мінгесіп, жібек қайың таранады судырап. Шалғын кезіп, шалдуарлау күн кешіп, Жасыл шашын тарқатады су жылап. Сай оянды. Ақырын, Жел, жап-жасыл тал, теректің түймелерін үзесің... Жібек қайың қағып тұрды жамбасын, Қайсар емен – тізесін.
КҮН ДАҒЫ ТУРАЛЫ
Біле алмадым: Сұрақ пен күдіктерім бара жатыр жанымды тіліп менің. Қадірлемей жұрт жылу, арайды да Күн көңілі бір уақыт қарайды ма? Құпияның құдірет – Күн, сендегі Миллионнан біреуін білсем дедім. Дақ бар дейді, Күнде де мін көп дейді; Жарықты да жайлаған «індет» дейді. Дақ жоқ болар күнде (Әне, кірді іреңі...) Орнын таппай айтқан сөз бүлдіреді, Меңі бар қыз – сүйкімді келеді ғой, Күннің де меңі шығар? Кім біледі.
АКСИОМА
– Ақихаттың өзі кейде қиялдай, есек – есек, тұлпар – тұлпар деп еді. Бірақ қалай көк есегің ұялмай тұлпарлармен тайталасып келеді?! – Ақихат па? Ақихатты жөн десек, екіге екі қосқаныңмен болды есеп. Есегіңде түк кінә жоқ, тұлпарың Көк есекпен тайталасса – ол да есек!
КІТАП ДҮКЕНІНДЕ
Ұлы қала болып кетті бұл қала: бір кезіккен адамыңды көшеде Қайтып көру қиындады – десе де ей, адамдар, көптігіңді бұлдама, аз екем деп етпе көпке қызғаныш, намысыңды – білместігің қозғасын. Кімге қалай – айта алмаймын, Өз басым Санап жүрем адамдарды жүз-таныс; Жүз-таныссыз елеңдейді құлағым, бір есті сөз іздеймін – бар мұрадым. Әлдекімді жақын тартып бір адым, бір әсерді бөліскім кеп тұрады. ...Тағы көрдім: Мына екеуі кешегі Келіншектер! Көп томдарға паңдана қарайды кеп: Кеше де өстіп екеуі мазмұнды емес, мұқабаны таңдаған.
– Қарындастар, сәлемат па?– дедім мен,– Жасамайық халқымызға жат ырым, Сәлемдесу – сауап,– дедім,– көңілмен, Жүз көрісіп жүргеннен соң ақыры. Осыны айтып әлгі екеуге бұрылдым: бірі – күлді, екіншісі ызбармен: – ағай,– деді,– тәсіл ғой бұл жырынды қазір бұлай таныспайды қыздармен.– Крем-майы самай жақта шаңытып, Жанарында өрт қаулады, жел тұрды: «Қырықтағы қырқылжыңдар» хақында Судай жаңа бірер мысал келтірді. Қысылайын дедім мен де, Күйінді ол: Шал құтырған заман деп бір тастады – байым бар деп осының да үйінде
Жүр-ау күтіп мен секілді қасқа бір. Қатты састым мына сөзден бет тілген, Тікендер де әдейі арнап кептірген бұлай соймас; Жаным жидіп, бар болса Әлгі әйелдің ерін аяп кеттім мен. Күлген болдым: Жарылса ғой жер текке – Кірер едім. Күйіп кеткен секілденді жан-денем. Ал, әйелдер сатушы жас еркекке Мені нұсқап айтып жатты әлдене. Өкіндім мен, Күлдім кейін тұншыға, Түсінбесті көргем талай, түсінгем. Өлеңімді бұрмалаған сыншыға Тұңғыш рет түсіндім мен ішімнен. Бір айдан соң сол дүкенде тағы да Кездестік біз, біреуінің іреңі Көгіс тартты, Менің ұлы бағыма: – Жақсымысыз, аға?– деді біреуі. – Дұрыс, қалқам, әдемісің,– дедім мен, Көкірегім кеңіп қалды бір түрлі, Қастарымның арасынан жеңілген бір ақылды дос табылған сықылды. – Солай, достар! Түсініссек – жарады: Сізде – көктем, Келді маған алтын күз – Уақыт – жылдам, Қала үлкейіп барады, енді қайтып көріспеспіз, бәлкім, біз?!– дедім күліп... Ұшқан құстай бұтадан Кетті әйелдер. Бірі бұлғап орамалын иілді; екіншісі ерінін сәл шүйірді – Қайтсем де оған ұнамады «мұқабам».
КӨҢІЛІ – КӨРКЕМ, БЕТІ ОТТЫ…
Көңілі – көркем, беті отты ел еді бұл етекті – арасында қалды сол ел екі оттың: былай барса – қорғасынның азабы, былай барса – екі жүз жас қыршын жанның ажалы, Қай пейлінен тапты бұл ел жазаны? Ақылдылар осыны ойлап азады, аузына ие болды ақымақ, ғажабы: жай күндері жүретұғын соқтығып балгерлер мен тәуіптердің жоқ бірі. Жел де тынды Тына қалды шөп-тағы; бұлақ-тағы бір бүлк етіп тоқтады.
ҒҰМЫР ЕРТЕГІСІ
Ан-тало-ги-ялар ғана басатын бір әдемі жыр оқыды жас ақын. Меніңше, автор қасіретті жүрегінде кілкіген Шатастырып алыпты, әттең, күлкімен, Өйткені, жұрт сықақ екен деп сәтті Әлгі өлеңге мәз боп күліп оқсатты: «Ойын арзан, күлкі қымбат» емес пе?! Ол өлеңнің сөз, ұйқасы жоқ есте, ал, мазмұны мынадай: Зоология мұғаліміне бір шәкірті ұнамай, берді соған сұрақтың ең қыңырын, – Айтшы,– депті тышқандардың ғұмырын, тышқан осы қанша жасап өледі?– Оқушының тілі сөзге еп еді, Орнынан сәл көтеріле түсіп паң: – Мұны сұрау керек,– депті – мысықтан!
Сол жыр менің салқын қанымды ысытты, Сол жыр әлі жүрегімді қысып тұр. Сол жырдан соң жауыздық боп көрінді, бүкіл болмыс-тіршілігі мысықтың. Қалай? Неге?– Аш күшік боп бұл сұрақ ірге жақты тырнап жатыр қыңсылап... Неге?– дедім, тым мазасыз бұл «неге» – Тышқандардың қанша өмір сүрерін, расында мысық қана біле ме? Неткен ауыр тағдыр еді! Марқайып, жыр жазғанша, ақын сен де тарт айып. Ғұмыр ма екен тышқандардың ғұмыры Тым құрыса, өле алмаса қартайып! Неткен сұмдық! Жәндіктер де тірі жан, тірі жанды тірілерше ұғынам: Жүрек байғұс тулап ұрып, ұшып тұр тышқан құсап алдындағы мысықтың. Тұла бойың шымырлайды! Қағып тастап кекілді,
Мына өмірде бақыт тауып не түрлі, Сенің бүйтіп жүргенің де жігітім, Әлдекімнің тоқтығынан секілді... Адамдардың орта жасын есептеп Жазылған том жүк болардай есекке. Бір елде – елу, Бір елде – алпыс, бір елде Қатысты екен еңбек, тұрмыс, жігерге. Керегі не бал ашып: ақ сақалы Кавказ – шыңмен жарасып Отыр қария жүз алпыстан әрі асып, Жүз отызға биыл шыққан баласын «Жастығы үшін» кешіріп; Жеті әйелді қазанының иесі ғып, Жетеуін де қартайтыпты; Соңғы тойда сыр беріпті бірақ бұл: Түсіргенде жүз қырқыншы келінін Коньяк ішіп, қартайдым деп жылапты. Ғұмыр деген осы емес пе, досым, ал екі жүз аз қарағанда осыған, Адам ата тоғыз жүз жыл жасаған, адам – адам, Қай кезде де осы адам! Ал, біреудің орта жасы? Расы, Тәбетіне байланысты мысықтың! Адам – адам, жәндік – жәндік, пысықтың ойлап тапқан заңы да емес сірә, сұм Тағдыр шығар?! Тағдыр, мені тосып ал, тынысымды сана бастап осыдан – Қанша мәрте соғар екен жүрегім?! Бірақ, бірақ... мысықтардан шошынам! Жиырма бесте менің әкем түсіпті тырнағына соғыс деген мысықтың. Орта жасы жиырма бес қой сонда оның?! Жиырма миллион қыршын ғұмыр сөнгелі Отыз бес жыл! – Орта жасын солардың есептеген кім бар – қайғым болар бұл: қанша миллион жесір ана жалғыздықпен егесті, Қанша миллион бала әкесіз боп өсті – Жазып көрсөм нольдің өзін жеткізе алар емеспін... ...Жүрек байғұс тулап ұрып, ұшып тұр тышқан құсап алдындағы мысықтың. Кім біледі, болар бәлкім сезім құр? Тағдырына тышқан қалай төзіп жүр? Бір жәй менің бауырымды езіп жүр: Жауыздық пен арамзалық бүгінде
әр есіктің түбінде, аузын аңдып әр іннің, әр елдің бір сылдыратып бұтасын, аш мысық боп дүниені кезіп жүр – Сақтан, Адам! Жәндіктердің қазасын да қайғы ғып Жас төгетін жаның сенің мәлім-ді, тек қартайып өлетұғын кәдімгі «Орта жастан» өзің қалма айрылып! Біреулер жүр серттен сырғып тая сап, Сенбейді олар – біз жәндікті аясақ; Мысық-тәбет! Мысық-тілек! Мысық-көз! Мысық-тірлік, мысық-табан саясат! ...Тоқсан жаста әжем өлді, бар ізгі тілегі оның қыршын кеткен тәрізді. Тілек, үміт қартайғанда ғана ажал жарасады. Әрине, ақыл ажалды ойлап арымас. Жетпіс те – жас емес адам жарымас, Мотор-өмір өрге тартып тұрғанда барьерден, барьерден әрі бас! Тоқсан, жетпіс, сексен, жүз де – кәрі, рас, бірақ, бірақ... өлу үшін – бәрі жас! Өлімге кім мойынсұнар?! Көңілдің сәл толқуы бар демесең Өлімді ойлау – торығудан деме есер, ажалға адам қарсы шапса, он есе тіршілікті сүймегеннен емес ол! Өмір атты мынау ұлы базарда Лұқпанша мың жасасаң – аз ол да. Ажал-дағы ұсақтайды азарда: Инфаркт пен аппендицит – қазам ба? Мен – өлімге қарсы адаммын тегінде, Әсіресе, жастай келгсн өлімге – ажалдардан бұрын келген ажалға!
ҰРШЫҚ ЖЫРЫ
Сыртта – күзгі жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық. Алма-кезек лақтырып, Қолға кезек алады. Иірілді ақ түбіт, Иірілді жабағы. Түбіт ұшты – тұр, ұста! Ұршық қатты құлады: ене, келін ұрысса, Ұршық лақтырылады. «Қалада ұршық бола ма, – деме, – қазақшылық бұл. Қаладағы бала да Киеді екен шұлықты. Бұлт ұшты жер бауырлап, Желдің қатты қарқыны... Ешкі, түйе – ауылда, біздің үйде бар түгі. Ана жерде – домалақ, Мына жерде – домалақ. Келінге де обал-ақ, енеге де обал-ақ. Жо-жоқ, тату екеуі: бір ене мен бір келін дүкен кезіп кетеді Мен ақша алған күндері.
Таңсәріде шай ішіп, бір-бір сөмкі алады. Бірі еркелеп майысып, бірі жымың қағады. Апыл-ғұпыл киініп, алса бір-бір сөмкіні. Сен үшін ең қиыны: аш қаласың ол күні. Балаң да аш па? ол мейлі Жылай берсін, жігітім, бере берсең өлмейді қатқан нанды жібітіп. Базаршыға кешіккен жарасады деп еді: Қас қарая есіктен бір қап «Уhі» енеді. Қисайысқан тақалар, сөмкілер тоқ керемет. Кесе, шыны, мата бар – тамақ іздеп не керек! Екеуі де болдырған: (шәйді өзің қой жылдам) бірі – өкшесін алдырған, бірі – белден шойырылған. Шаршау емес, Құлақ сап Қарашы – дерт бұл да ерек. Бірі – бүкір, бірі – ақсақ, бірін-бірі жүр демеп.
Оңдалайды екеуі... ертесіне тағы да сөмкі арқалап кетеді дәл кешегі жағына. ...Бір күні ақша бітеді, бітті шығып бір шығын. Бірі – түбіт түтеді, бірі – іздейді ұршығын. Сыртта – қысқы жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық. Иіреді ұршықты алма-кезек екеуі. Ұршық кейде қырсыққа айналып-ақ кетеді. Тұтанады қайта дау – түбіт қолғап... жүн шұлық... Баяғы сол қайталау, баяғы ұршық-тіршілік.
ШӨЛ
Құла-сары төбе-үстірт, Құла-дала, кеңістік. Пеш күрсінген сияқты бетке ұрады жел-ыстық. Жолға айдаған қай қырсық? Бір уыс жел құйын болып құтырды. Қосаяқ та айғырсып Кісінейтін сықылды. Бір жаңалық айтпақ едім хабар ғып – Уа, құм, оян, сорлы, оян! Орғып, орғып, тағы орғып Тайып берді ор қоян. Құм, құм, жақсы бір хабар: Жаңбырлы бұлт келеді, деп едім мен, май кептеген ұлтабар – борсық безіп жөнелді. Дедім тағы: хабарым бар, хабарым, бұлт келеді қабарып. Сұйық шөпті салдыратып, тоңқаңдап Кірпі қашып барады. Керек дедім бір сулық пен бір етік, Су алар ін-қуысты: пыр-пыр етіп, пыр етіп шегіртке ұшты, шіл ұшты,
Бозторғайдың жоқ өңі, даусы қалған қарлығып. Жаңбырлы бұлт деп едім – безіп кетті барлығы. Кім біліпті хабар ма бұл жұғымсыз, жапалаққа тағып жатты қарға айып. Қайғырды тек құм үнсіз Қияғымен сарғайып. Кепкен сын-ды ерін емес, жүрек нақ, Сағым ба анау, ауыл ма? Бүлдіргіні білекке ап, Сипай-сипай қамшыладым сауырға. Үрпекте, иек-артпада Сүйрік тартқан, Шідерлі торы ат маған жалт қарап Кісінеп кеп жіберді.
ШАҢЫРАҚ
«Шын жыласа адамдар Соқыр көзден жас шығады» деген бар. Ал, өз басым жылағанын әйнектің Көрдім – соны өлең еттім, қайғы еттім. Жылағанын соқыр көзден гөрі оның Әлі күнге әсерлірек көремін: Жар орнында – мамық жастық секілді, бала орнында – бауырластық секілді, Үйі орнында – күрке қалған секілді,
шамы орнында – білте қалған секілді, Кеме орнында – жаңқа қалған секілді, Кеуде орнында – қаңқа қалған секілді, Ер орнында – кеудіреген шал қалды... Жарық бітіп, жылу ғана қалған-ды; аяғы жоқ – ағаш еді аяғы, бәрін бір-ақ айырбастап жіберген Соғыс! Соғыс баяғы. Өзге түгіл екі көздің орнында Әйнек еді сол даңқты сорлыңда екі шыны түйме сын-ды ед бұ-дағы. Бір күні сол екі түйме жылады. Мүгедектік – соғыс салған күйді әйгі Талай шерттім, жаздым талай үй жайлы. Мені бүгін басқа бір жай қинайды.
Шалдың бір күн әскердегі келді ұлы, Мерзімінен бұрын келсе – кемдігі: Төрт башайын шауып апты, ақпанда Казармада отын жарып жатқанда. Көршілердің сөздерінен көмескі, еңк-еңк етіп жылады қарт соны естіп. Шошындым мен әйнек-көзден, расында, Әйнек-көздің жас төккені қасында, табыттағы өлік төксе көз жасын, шімірікпес едім мұнша өз басым. Әйнек көзден жас шығады дегенге Сенбес едім, сенбес едім мен емге, Сенбес едім, өз көзіммен көрмесем – Қоспас едім өзім оқыр өлеңге! Тұңғыш мәрте тағдырына шағына Сонда қария былай деді тағы да: «Менің әкем армандауға мықты еді, – шаңырағына бір сау еркек бітпеді». Жетпей алғаш бұл сөздегі мағына, Көп ауызға қарадым мен аңыра. (Қартқа деген шын ниетін білдіріп, Мырс-мырс етіп сырт айналып күлді жұрт) Сөйтсем, шалдың әкесі де жат қолдан, О дүниеге мүгедек боп аттанған (Жо-жоқ, ол да тірі қалған жарадан, одан соң да көп ерлікке жараған, Қатерлерден аман өтіп не мықты «ТОЗ» жылдары жастығынан өліпті): Көріп Қызыл Ту көтеріп жүргенін ақ бандылар шауып кеткен бір қолын; Сонда да оның мылтық ұстап жүргенін Сезіп қалып, тағы шапқан бір қолын,
«Кезек енді басыңдікі» деп күліп, Қылыш қанын күнге тосып кептіріп Тұрған шақта сол жеңіске солықтап – Құтқарыпты біздің әскер келіп қап... Ал, өзі ше? Соғыс жылы аты әйгі Жігіт; енді ел мүгедек деп атайды. Жау жеңілді – ұғым келді жаңа бір: Мүгедектер! Жеңген ерлер, осы атпен пенсия алар тізімдерде ғана жүр. Көктеменің мұзы сын-ды бұ да ерек, Өз-өзінен шөге бермек, жүдемек: Мүгедектің әкесі де – мүгедек, Мүгедектің баласы да – мүгедек, Осы ма еді жеңісінен күткені? «Шаңырағына бір сау еркек бітпеді». Неге ғана ойлады ол бұл ойды? Неге, неге әйнек көздер жылайды? Ұлы аман ғой, төрт бәшайдың жоқтығы Қайғы ма екен, әлде, қарын тоқтығы? – Осыны ойлап тұр ем көңлім дүрлігіп, «дармоед» деп күңкілдеді бір жігіт. Таң қалдырып бұл сөздегі мағына айналама қарадым мен аңыра, Түсінуші ем, кешіруші ем мен бәрін – Осы жолы адам, Адам болмадың! – Көргенсіздік! Мына ел неткен оңбаған: бір ауылға сиған мұнша мол надан – бәрі-бәрі күле қарап әлгіге қоштап тұрды; Міне, саған әңгіме! Баяғыда жаттығып ем бірер күн: Тұмсық тұсы осы-ау дедім бұл «ердің», – Тұңғыш мәрте қарамадым шамама, Әлгі ауызға салып келіп жібердім. Бір келіншек ұстай алды жеңімнен: – Селодағы бір шайкінің көсемі... – Бүйтіп оқығаным құрсын! – дедім мен, ерлігімнің жеткен жері осы еді. Амал қанша, тұғырында даңқтың жұдырығын жұмсағандар қалып тұр! «Дармоед» деу қас батырдың өзін де денсаулығы шығар, бәлкім, халықтың?! Жо-жоқ, дедім, саулық емес дәл осы, Керісінше, аурулықтың бәлесі. ...Біреу айтты «Таяқ жеген әлгі адам түсіп еді жеке меншік «Волгадан». «Волгасы» бар дүкеншінің ұлы екен! Жырым, сені енді қайда түнетем?! О, ұғымдар, түсініктер, көп күлген,
Құтылмадым, қайда барсам, тепкіңнен! Шыдамадым! Шыдамадым! Шыдамай дәптеріме жолдар жаздым мынадай: Бақыт құсын асырадық кептер ғып, бұл – тағдырдың бізге берген сыйы нақ. Майдандардың мүгедегін көп көрдік, бейбіт күннің мүгедегі қиын-ақ: бұлтсыз күні жасын ойнап күркүрлі, жаңбыр жауған секілді бұл бір түрлі. Төрт бәшай ма? Расында, емес түк, Мүгедектің басқа түрі көп өсті: бір түрі оның – жарамсақтар күлкілі, Күншілдер мен өсекшілер – бір түрі, бықсық тірлік? Сен білесің бұл істі, Судай жылап жылға қуған жымысқы! Пайда келтірудің жолын таппай дәл, ағаштан – без, бұтақ іздеп тақтайдан Сабылған жан – мүгедексің, Өйткені ақылыңды арамдығың жеп қойған! Сен – ең басты мүгедексің, расында, Қол-аяғы балғадай бұл ғасырда Әлгі шалдың сөз бе мүгедектігі, ар мен ақыл кемтарлығы қасында! Өлі орнында – от жанады алаулап, Тірі ескерткіш – санаулы ғой, санаулы-ақ. Отыр қария Көкірегі қаңырап та ерлік күйін таратады жан-жаққа. Бұл шалға емес, мен мүсіркей қараймын, есті адамы жоқ қайсыбір шаңыраққа!
ХАБАР КҮТТІ ЕЛ…
Хабар күтті ел. Ең алдымен Хан күтті, Жендетіне жұрттың аузын аңдытты. Жендет – нағыз жендет еді, алайда дүйім жұрттың аузын бағу оңай ма – тың тыңдады ол желіп жүріп тепеңдеп, Әлдебіреу сыбыр етер ме екен деп. Бәрі тыныш. Естілмейді түк дыбыс; екінші күні өтті осымен тып-тыныш, үшінші күн деген күні, бір кісі Келетінін айтты ханға кіргісі;
«Неге?» деген сұрақ толы көзге көп Қарады да оқшауырақ, өзгерек, Көпшілікке қарады да аларып: «айтам,– деді ол, хан – ұлының хабарын» Сол-ақ екен иықтардан бір сұмдық Жүк түскендей, ел жеңілдей күрсінді, Қайғылы еді – өзгерді ел, Нұр көрінді ырза болған көздерден, Үміт құсап әлдебіреу жалғаған Ханға кіріп кетті батыл әлгі адам, алып өтті ажалға асық өр басын, көмейіне құйдырғалы қорғасын. Көпшілік бір тыныс алды, не керек, ешкім бірақ аяған жоқ оны елеп, Ойлаған да жан болмады, аяғы: Шаруа жайын соғып кетті баяғы.
ТҰЗДЫ ЖЫР
Мейірім іздеген секілді әлдекімнен бір ұрттам, Қос сәбиін ертіп кірді бір келіншек ымыртта. – Ажырасам!– деді жылап. – Кімнен?– дедім таң қалып, – Қырсығымнан!– деді ол сонда,– ұғыныса алмадық. Қос сәбиді нұсқадым мен, – Сөйле!– дедім,– қысылма, Қайтып, қалай ұғыстыңдар мыналардың тұсында? Бірер мәрте көріп едім келіншектің осы өңін, ал, ерімен мен біраздан командалас дос едім. – Не кінәсі болды?– дедім,– неден болды жазалы? – Ішеді,– деп төмен салды сұлу әйел назарын. Сонда шешем сандығынан шүберек ап, бір түрлі Жалтырауық бір нәрсені түйді соған, іркілді сәл ойланып: – Мынау дәрі, түрлі шөптен істедім, Осыны ептеп жалап жүрсе қояр,– деді,– ішкенін.
Тағы бір шарт: Қосағыңды сыйла, шырақ, күт мықтап, «Қызметімнен түстім» десе – «Құтылдың» де құттықтап. Көңіліне тиме ешқашан,– деді, шешем тағы да: Көп ұзамай бар қырсығың айналады бағыңа... Жас келіншек ұйып қалды. Әлгі сөзді малданып, Шын жұбанып шықты есіктен, Мен қарадым таңданып. Таң қалдым мен, қызық көрдім бір түрлі, Тамағыма таяп қойып күлкімді:
– Дұғалық па? ішірткі ме? Құдай жаққа бір адым баспаушы едің, әлгі дәрің не дәрі деп сұрадым. Кәрияның жүзіндөгі өшті әжімнің іздері Жадырады шешем кенет: – Менің дәрім – тұз!– деді. – Тұздай ащы тұрмыс кеш деп бергенің бе, бұ қалай, Үлкен кісі, тәуіптігің ұят!– дедім шыдамай, – Ей, шырағым,– деді кәрия,– тұздан да ащы бұл өмір, тұздан аузы күйсе кімнің – өмірді сол біледі. Тұз бергенім жас адамға – аналық шын көмегім, Тілден ащы емес қой тұз – соны білсін деп едім. Тұздай сөзін құйса келін сенің осал жеріңе арақ шыңдап әкетеді, түсін, балам, сені де, Ақылы ғой қарт кісінің келмейтұғын өлгісі, Тұз бердім мен, Тұз дегенің – тазалықтың белгісі. Балға үйір ғой шыбын-шіркей, Тұздан қашар масқара,– Мен келінге тұз бол дедім қосағыңнан басқаға; Жігітке де осыны айттым. Тұздың дәмін сыйласа Жөндер, дедім, оттың басын, бұзбас, дедім, күйді аса.– Осыны айтып кәрия ана бір күрсініп тоқталды, Мен де өзімше әлденені түсінгендей боп қалдым. Тұзды қадірлеуім бұрын далбаса еді, далбаса, арақ, жуа, қара бұрыш болмаса. Содан бері Дәмге сенер боп алдым. Тұзды сыйлап, қасиет тұту арқылы Құнын білдім қиянат пен обалдың... Айтпақшы, әлгі жас келіншек қарт анамнан «дәрі» алған Жақсылықты көре-көре адамнан Жаман пиғылды ұмытқан-ды, сөз қозғалса арақ жайлы баяғы гастрит пен тұзды мақтап қояды. Кеше анамды есіне алды ол көзден жасы бұршақтап, Шифонерден көрсетті алып – тұз түйген сол шүберекті әлі күнге жүр сақтап. Уа, қара тұз! Қиял кезіп ізденіп, Кей күндері төккен терім тұз болып, Қинап өтті сағаттарым, Қызыл сөздің өзі де Тұзға айналып, тер боп құйды көзіме. Жылдар емес қартайтатын жыршыны,– Жанбай қалған еңбектердің қырсығы! Таңдайларға татығанда тұз-тірлік бейнетімен жүз түрлі,
рахатымен мың есе Маңдайлардан аққан тер балға айналар біресе, Тұзға айналар біресе. Тағдыр мені ақын етіп жүз үнді Құйған шақта: Құдайдан ап қызылды, Абайдан ап (тамшы жырды) үзінді, Көп салыпты татысын деп тұзымды...
ТУҒАН ЖЕР
– Туған жерің қай жер, – деді, – жаңа ақын? – Ол жерде де аспан мен күн болатын. – Туған жерің қай жер? – деді бір келіншек күлегеш, – Қара жер! – деп жауап бердім, – су емес. – Он жылдықты қайда оқыдың? – деді ер бір, – Мектепте! – деп толқыдым мен, – оқытқан-ды өз ісіне ұсталар... – Ауа райы қандай еді ол жердің? – Жауатұғын жазда – жаңбыр, қыста – қар, бұлттар маңып жататұғын биікте, бар еді онда бұралқы ит те, киік те. Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе... – Барлық жер де дәл осындай емес пе?! – Міне, – дедім, енді дұрыс ұқтыңыз, Қайда да бар ойлы жігіт, мықты қыз. Отанның кай жеріне де күн мен ауа тарайды, Қай төбенің аспаны да арайлы, Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды.
ТОҒАЙ ЕРТЕГІСІ
– Жемсау бар ма бұлбұлда? – Сонау-сонау өтіп кеткен жылдарда бір қарғадан сұрап жатты бір қарға: Қара қарға сұрады ала қарғадан, ала қарға сұрады ұзақ қарғадан. Бар есуас қанат қақты қарға боп, Қарға болып қарқылдады бар надан: – Жемсау бар ма бұлбұлда? – Сауалға осы жауап іздеп бәр-бәрі, тоғай кезді, көң-қоқырды шарлады – таппады ақыр, қарға шоқып қарғаны, бірін-бірі қарғасың деп қорлады. Бірін-бірі қарғасың деп қорлаған, бірін-бірі жорғасың деп арбаған,
қарға ақылды бола ала ма қарғадан, қарға қайдан озушы еді қарғадан! – Жемсау бар ма бұлбұлда? – Бар! – деп қалды әлдекімнің дауысы, – Бар! Бар! – десті жаңғырығып тау іші. Шулап кетті орман, дала: «бар», да «бар», Бар! Бар! десіп қарқылдасты қарғалар. Қуаныштан бүйір бүлкіп, ет қызды: Қара қарға – ұзақтарға жеткізді, Ұзақ қарға қуантты ала қарғаны, «бар! «бар!» десіп шуылдасты бәр-бәрі.
Бұлбұлдардың тегі – өнер ғой, ал, осы қайдан шықты жемсау деген «бәлесі?» «бар!» «бар!» десіп «бар» да «бар» – Неге мұнша қуанады қарғалар? Бұл сұраққа жауап беру жеп-жеңіл, Осал жері бұлбұлдар мен пенденің: Жемсау! (Қарын!) Егер бұлбұл бітеу болса, бір үміт Үзілер ме еді, қарғалар Қарқылдауды қояр ма еді түңіліп?! Ал, жемсау бар. Онда не тұр? Қатқан іш Жібімейді – тағдырлар тым жатты алыс. Бірақ, бірақ, титтей болсын, бұлбұлдың Қарғаларға ұқсағаны – мақтаныш! «Бар», «Барр!» дейді қарға біткен тоғайдағы, түздегі, «Қар», «Қарр!» болып естіледі бізге бұл. Кещелер ғой түсінбейтін ым-дымға Қарға жұрты түсті сөйтіп дырдуға. Әттең бірақ... Қарғалардың білмегені-ақ жақсы еді Жемсау барын бұлбұлда.
ТЕҢІЗДЕР МЕН ШАЛШЫҚТАР
Екі жастың сынамақ боп ақылын бірде былай сауал қойдым ақырын: – Аспан қандай болса сондай түсі бар, Жел тымықта күрсінгенінің өзі Зәреңді алып, иманыңды ұшырар – теңіз жатыр деп есепте алдыңда, суын бірақ, іше алмайсың; ал, мұнда: Шалшық жатыр ауыз-сайдың ұртын ап, атылатын толқыны жоқ бұрқырап, галстукті бастыратын кәдімгі түйреуіштің тасы құсап, жылтырақ Саяздығын кешіре алсаң сен оның, суы ғажап тұщы болып келеді. Бір жаманы, су болған соң атағы, Ит те, құс та аузын малып жатады – екеуінің қалайсыңдар қайсысын?– деп ем; бірі сәл именіп жөткірді, екіншісі: Жұмбақтамай сөйлесейші?– деп күлді.
Сонсоң үнсіз ойланды да екеуі Біреуі айтты: «Маған шалшық жетеді, Шөл тигенде шалшық түгіл тамшы зар, Саяздықтан емес ит, құс жаласа Суының сол тұщылығынан шығар?! Суда жүріп шөлден өлсең, ол да аса Қызық болмас; Теңізде не қасиет Терең деген қорқынышты аты ғана болмаса».
«Шіркін, теңіз!– деп күрсінді соңда екінші жігітім,– Не тұр екен ішкен суда бір жұтым?! Ақымақтың әдеті ғой өлшейтұғын қарынмен, Қарынымен түсінеді дарынды ол, тек атағы су еді ғой демесең теңіз суы – қарын үшін емес ол, көру үшін; симай даңқ, атағы Мәңгі-бақи көл-көсір боп жатады. Теңіздің тек келбетіне көңілмен қарап тұрып шөлден өлер едім мен – елестетіп жүз мыңдаған жетімді, армандар мен қиялдарды ас қып паң, тау-тау астық күзетінде аштықтан өлген сол бір азаматтар секілді... Ал, шалшық не? Соны ұялмай мақтаған Шын есерді көруім бұл; Жат маған: Шалшықтардың табиғаты масқара, Масқаралар толып жатыр өмірде Саяздықтан басқа да?!.. Өлең сөзге әжептәуір шебер ек, Шеберлерге бәрін тізіп не керек – Әрең бастым екі інімді; ең ерек Өршеленген жігіт мақтап Теңізді шалшық құсап тез-ақ тынды; ол енді Бейсеуовтың концертіне жөнелді. Екіншісі сәл қызарып құлағы
Толстойдың романын сұрады. Таң қалдым мен. Жанып ойлап жан салып түсінбедім: сөз бен істің аралығы қаншалық?! Бір керемет ниет жайлап мені ізгі, екі жасты безіндіріп шалшықтан, атақ-даңқын асырмақ ем теңіздің, Мақсат екен сөйтсем, сірә, әнтек бұл, Мақсат та емес, майдан екен – қан төктім. Мен жеңілдім: екеуі де сендірді, екеуі де ойлайды екен мен ғұрлы. Теңіздің де болады екен өз теңі, Шалшықтың да болады екен өз теңі; тек мен ғана тұзды тақыр болып құр керегім жоқ кезде бекер келіппін...
ТЕҢЕУ
Аңдап сөйле, ағайын! Сөз дегенің әйел сын-ды көк айыл: бір күш алса, менмендігі оянып – бет қаратпай қояды. Маржан дейді Абайдың әр сөз-үнін, жылтыраққа әуес білем жандар тар. Маржан – тас қой, мұны айтқан жан өзінің сөзге деген суықтығын аңғартар. «Маржан»– сөздер тамағынан өтпесе – Жырды біреу теңіз деді кеп-кеше... О, білімпаз, ойға үйір, Сөз көсеме, от көсе! Мынау теңеу құлағымнан өтпейді: Жердің шарын доп дейді – Жердің шарын доп десе... доп дей ме егер теппесе?!
ТЕНТЕК
Ал, сансыра, сары бұта, Сары желмен сал ырғаң! Көңілім, саған «сап!» деп ем – садаға кет сабырдан. Арық, Кәрі Пегасың әлі аңсайды бәйгені – бәйге аңсайсың сен әлі ырсаң қағып қабырғаң.
Сенде де сол ниет бар, – Күрек-тісің қайда әлгі? Қызыл иекпен қырқысып кімге ашпақсың майданды?! Бір тісіңді жойған-ды бәсекенің тепкісі, ал, бір тісің күштінің бір сөзімен кетті ұшып. Бір тісіңді бердің сен арзан-ыржаң күлкі үшін, бір тісіңді бердің сен түйсігі бар жұрт үшін. Үркіп шығып аузыңнан бетке атылды бір тісің, ерке әйелдің ернінде кетті ақырғы бір тісің, Қисаймаған қазығың жоқ – көшкен елдің жұртысың. Жайлы жансың сен енді! О, жарады, жарады: ебі келсе – емінер ерін мен тіл бар әлі – жыртып емес, жамап күн көрер әлі жайың бар, қырқып емес, жалап күн көрер әлі жайың бар. Бастық деген «айың» бар – бала деген «уайым» бар, қызыл-иек жыр жаз да қыр басына дайындал. Шоқ-шоқ дейсің, сенің де жаның күйген шақтарда. «Сап-сап» дейсің көңілге... санасызда «сап!» бар ма!
ТАУЛАР МЕН ТӨБЕЛЕР
Таулар тұр асқақ, Осынау дала, мына алап Тұрғанда аман талай тауларды туар-ақ. О, титтей менің төбешіктерім, не керек, асқарлар бізді менсінбейді деп кінәлап?! Шыңдар тұр асқақ. Логика, бүтін ес үшін: аспанда тұрып асқақтамаса несі шың! Ақ бұлттан әрі асырып тұрып еңсені, ойлашы, не үшін менсіну керек ол сені?! Асқақта, шыңдар, алыстан да аттап ас әрі, тастың да қалам өскенін көрсем жасарып. Асқақтап мен де мақтанам кейде жатып кеп, ақ шыңдар, саған сиынудың өзін бақыт деп. СЫНШЫ (Монолог) Поэзия – не тронутая красавица Блок. Елең қақты айнала, бұғып бұта, шөп қашты. Бұлақ қалды аймалап, Жағадағы көк тасты.
Аймалайды жел еппен, «Кет әрі» емес тас-тағы... Ал, мен болсам, кенеттен, Шабуылды бастадым. Сенің жүзің жанды оғаш, Гүл ерінің үлбіреп. Жалынышпен аралас, Жанарыңда тұрды үрей. Іштей ұят сезіндім – бар ғой бірақ борышым. Сүймейсің сен – өзің біл, Кінәлісің сол үшін. Қалжың айтам, түсінсең, Шыншылдық та бар мұнда. Сұлулығың үшін сен Кінәлі едің алдымда. Қой, таласпа, жақ ашпа – Сөзден асқан бүлік жоқ. Байқап тұмай о баста, Нең бар еді сұлу боп?! Көрініп тұр бәрібір Кінәң сенің, тұтылдың: Суын ішкен бөрінің Қозы байғұс сықылды. Сұлулығың, біл, сорың, Кейін – бақыт болады. Сұлу еткен, Жыр, сені ақынға бар обалың.
Жыр сыбырлап жылады, бұлақ салды бұлтаққа. Көлеңке боп құлады, төбедегі бұлт аппақ. Содан кейін не болды? Онда аз ісім, Жақтырмаған жанарлардан үрікпедім. Тұңғыш мәрте қоян алған тазысы, Жас аңшы деп құттықтады жұрт мені…
САҢЫРАУ МЕН СОҚЫР
Қошалақта, Сол баяғы біздің ата-мекенде бір соқыр мен бір саңырау сапар шыққан екен де. Соқыр айтты саңырауға: – Жол қысқартып жолдасқа Көзің сау ғой – көргеніңді айта жүрсең болмас па. Көңілімізді сөзбен жалғап, Күліп-ойнап жүрмесек Ұзақ жолда кешкен тірлік-тозағыңмен бірге есеп. – Саңырау, әттең, саңырау ғой, Құлағы жоқ болғасын Көкірегі күдікшілдеу – түсінбеді жолдасын. Жүзі дауыл алдындағы аспанға ұсап құбылды, Құбылды да серігінің жүзіне құр үңілді. Қимылдаған ерініне қырсыға бір қарады, бұл қараста – астам пиғыл, қорлану да бар әрі: Соқыр-дағы жолдасының әлем-тапырақ түс-өңін Көре алған жоқ, Жайбарақат сөзін жалғай түседі: – Қара жолда қайрат берер оқиғасы өжет, шын, Өтірік те болса, шіркін, әңгімеге не жетсін! – деп күрсінді соқыр байғұс, Саңырауға – жетпеді, Көкірегіне әлдене ой өшпенділік құйды ұлы, Өйткені оның адам жайлы нашар еді пиғылы. – Сөйлегенің – қорлағаның естімейді деп мені, Көлгірлік қой жатқан күліп анау жылтыр беттегі, – естімеймін ерегесіп! Құны болса сөзіңнің айдалаға айтасың ба? Көрмеген соң көзің дым, Жарты әлемге жауығасың – сезіндім. Ақымақтың ақыл-есі ауызында деп күлген
дүрмегіне ілесемін көптің мен! Саңырауға күлу сенің неңді алған Саңылау таппай жүріп жалпақ жалғаннан?!
Соқыр біраз көрді ақталып, Одан сайын қызды анау, Қызу сөзді есер айтса – мүмкін бе екен мұздамау, Соқыр әлгі сөздің бәрін түгел естіп болғасын, Сипап жүріп жағасынан ұстап алды жолдасын. Содан кейін не болады? Кикілжіңнің аяғы: аталардан қалған мұра – төбелес қой баяғы. Қай кезде де кем-тарлыққа күлетін жұрт көп емес, Күлкі қайдан болушы еді жүрген жерде төбелес?! – Көрем сені! – деді соқыр, – Естіп тұрмын! – деді анау. Түк жазығы жоқ жаға мен жең байғұсқа обал-ау!.. Бірін-бірі сақалдан ап санасуы мықты еді, бірақ одан анаған – көз, бұған құлақ бітпеді. Ұғыспаған екі адамның қасіреті мәңгілік – Құм-далаға сіңіп жатты жаңғырып...
Ескі жайға сүйеп айтқан бұл жаңаша кеңес қой, Мәселе тек көз, құлақта емес қой: Бетховеннің кереңдігі, Соқырлығы Гомердің... Кешір, кешір, кешір мені ұлы рухы өнердің! Тек кей жанар жарқырайды түк көрмей. Кейбір құлақ өсек үшін біткендей. Көз де тілегенім жоқ, Тілемедім құлақ та – Көңіліммен күзгі аспандай мұңайған, Жаны зерек, көкейі сау бірақ та Жалғыз серік сұрап едім «құдайдан», Қол – жағадан, ауыз кеппей «тобадан», бір сапарға мен де шыққам жаңадан: ерінімнің қимылына қарайды жұрт, қарайды, Қарайды да өшігеді көп адам – Әлде өмірде, Әлде осынау өнерде Қарау пиғыл ойладым ба мен емге? Әлде мен де сөзін айтып соқырдың Саңырауларды босқа қинап келем бе?!
РАСЫНДА КҮЙ МЕ ХАНДЫ ЖІБІТКЕН…
Расында күй ме Ханды жібіткен, Әлде күйді мойындатқан жігіт пе? Астамшылық мінезімен қанқұйлы мойындамай қойғанда ше хан күйді? Ал, егер де түсінбесе қайтер ең? Қабыр – қара, топырақ – мылқау, сай – терең, Күйшіні аяп көметіндер табылар. Халыққа не? Шаруасы бар, бағы бар, ауызы бар: «мен емес» деп арылар. Әдетімен қашанғы Өлтіріп ап сағынар. Өнерпаздар, қанша тула, алабұрт – Қызғаныш деп аталады, Көкейлерге түсетұғын ала құрт: Хан – қызғанды түсінгені сондықтан, Сүйеді ғой қызғанғанын ғана жұрт; Сондықтан да күйші жеңді. Хан анық Қуат сезді және бір жатып қалған қамалып. Сол қуаттан қорықты ол, Қорқу да билігі бар адам үшін Даналық! Даналықпен қызғанса ғой өнерді... Өнер – Өнер дегенмен тап осылай қорықса ғой өнерден! Бар тұрғанда өнер, билік, обал, ар «Қорқақтың» да ісі – дастан бола алар. Әсіресе бір қорқуы естінің, біле-білсең, мың ерлікке бара-бар!..
- Шілде
Ақ қағазға жосылып түспей жатыр жол деген, жол түспей тұр жырыма, тумас білем енді өлең Күнде жүрген жолыма тас түсіпті көлденең, Сары қалам сұлапты ақ қағазға көлденең. Тайраң қағып көктемнің тамшысындай сөз қасқа Сыңғыраса жамырап,– Жарыспас па, озбас па! Ақ қағазға, сөз түгіл, осынша ыстық тер төлеп, Әкеле алмай отырмын қаламды да желкелеп. Жапырақ – шаң Ой – шабан, бөлме тыншу – күн ыстық,
тындырғаным шамалы кеңседе де жұмыс қып. Шаш қисайтар жел үшін, бір леп үшін тыныстық желдеткішпен екеуіміз жекпе-жекке тұрыстық. Омырауды желписің, Жеңді иыққа сыпырып... тоңазытқыш... оның да айраны ашып, сүті іріп. Аспан өңіп кетіпті күн көзінен ағарып, кеуіп қапты арықтар қайнап-қайнап құтырып Асфальт жатыр кезеріп, Жиектегі көк тас та тамсанатын секілді тілін жалап оқтаста. Шекесінен қарайды торы төбел-тау қашықта – Қайта жаба қоясың терезеңді ашып қап... Бұл да махаббат шығар? Көкте тұрып киелі Күйіп-жанып Күн, бәлкім, Жерді осылай сүйеді?! ...Ыстығымен Шілденің сүйгендіктен мен оны – Ол да жүдеп-сарғайып, қурап-солып келеді.
- Сынақ
«Ақөзектің» ар жағына күн батты, Күн батқан соң кел деп еді қымбаттым. «Бармай-ақ қой» деп ақырын тіл қатты – ауру анам айтқанын бір тыңдатты.
«Ақөзектің» ар жағына Ай батты – Келемін деп бекер уәде байлаппын: бара алмадым – қайтыс болды сорлы анам, Кетті дерттен жылдар бойы қорлаған...
Үш күннен соң қыздан тілдей хат алдым,– Жұмбақ, қатал мағынасына маталдым: «Шын сүйгенге сылтау емес өлім де, Қош! Сол күні әкем өлген менің де».
- Түс
«Таңда депті, екі асыл бар, жас жігіт! ыстығына темір балқыр, тас жібіп – Махаббат деп атапты оны қас қылып, Әлемдегі жамандық пен жақсылық. Ал, біреуі байлық – атақ – кісілік, Сүюді ол жын-шайтанның ісі ғып, Қатаң тәртіп қазанына пісіріп Өзін-өзі түйіп ұстар түсінік. Сен ұқпайтын бір құдірет бар мұнда: Құдіреттілер елпең қағар алдында?!– Қызыр ата таң алдында кез бопты, «Қане, жігіт, қалауыңды ал, тез!– депті,–
Махаббат па? Байлық, бақыт жоқ онда, Жел секілді аунарсың тек көгалға. Жалғыз досың... безер сенен о-дағы, түбі ажалың – әйелдерден болады, түсіндің бе?»– дей бергенде, жас жігіт: – Атажан-ай, менде де жоқ басқа үміт, Махаббат бер, ашылсын кілт, есіктер – Не берсең де махаббатқа қосып бер. Байлық, ерлік бітті бедел түсіріп, соның бәрі бақыт емес, түсінік – Қайырымды қарт қоржынына қол салды, Уысына қалша ілінсе – сонша алды. Махаббатты – қазынаны бұ сын-ды Жас жігітке жомарттықпен ұсынды, Сөйтті де шал судай еріп жоғалды; Жігіт аң-таң, не берді екен деп әлгі алақанын ашып көрді: О, сұмдық! Шошып кетті (біз де бірге шошындық) – тиындарға сатылатын кәдімгі... Мұндай мүсін өңінде де мәлім-ді: Кетті оянып: Жыпылықтап жанары «Түсім ғой?!» деп жұбанып, сәл іркілді; Сонда өз жары ұйықтап жатқан Жаңағы Қуыршаққа ұсап кетті бір түрлі...
- Дабыл
Місе тұтпай гүлдің исін және олар: Көбелектер, адамдар мен аралар талап жатыр – қарақшыға бара-бар.
Құрсын бүйтіп сұлулықты сүйгені: Райхан гүлді тамағынан кептіріп, Роза гүлді сабағынан кептіріп, бір сұлуға қыр көрсете жөткіріп, бір сұлуға жағынғалы кеп тұрып, пәлсафа айтып жантаяды жігіттер: «гүл өсірдік жұлу үшін» деп күліп..
Ал, қыздар ше? Алған сайын гүлді олар әп-әсем боп күлгені үшін бұлданар, Жанарлары бұлдырап, Шаттықтарын жасырып; Мастана ма, қуана ма гүл бірақ
Әлдекімнің кеудесіне бас ұрып, Әлдекімге көз-қуаныш болғанға?– Мұны ешкім де ойламайды жалғанда. Сұлулықты сүйеміз біз: тілесек гүлді жұлып сата аламыз біресе, таптап, аунап жата аламыз біресе – табиғатқа беруші еді кім есеп?! Жат түсінік: гүл мен шөпке не түрлі шабуыл да, шашпалық та бар мұнда – Қылмыс үшін жауап берген секілді жауаптымыз келер күннің алдында. Ал, табиғат қайрат жұмсап біз үшін Әр бұтасын мүйіз етіп сүзісіп газ бен удан тұр қорғап – жазу керек соған барлық жырды арнап.
- Әурешілік
Тас – бұлақтың ақ жолына жатып ап қарайды құр суық, көзбен бақылап. Ал, бұлақ ше? Жағынумен, жалаумен тасты жібітемін дейді, ақымақ!
ПӘЛСАПА ТАСЫ
Жапырағыңды бер деп едім қайыңға, Қайың айтты: топырағыңды дайында! Іс болды ешкім қолдамаған – Күрек салдым, жер қатты екен, өтпеді, Жер сөйледі сонда маған: Сұрап алған сұлулыққа топырағым жоқ,– деді. Қызыл гүлге жұпарыңды бер деп ем, тербел, деді ол, мен секілді желменен. Ойлама ақыл, ашу, амал түк қайғы, ал, әйтпесе қағаз сорған сұрқыңа Исім түгіл, бояуым да жұқпайды. Пәлсапаңды бер деп едім көк тасқа, Қанағатты да ойла, деді ол, оқтаста: дүниедегі жақсылықтың бәр-бәрін Мен ғана иемденсем деген арманың іске аспайды, болам дедің – болмадың, Өйткені сен табиғатты қорладың!
Барлық байлық, бар қасиет, бар асыл табиғатта ғана тапқан жарасым; табиғатқа ғана бәрі жарасар, кім едің сен табиғаттан әрі асар! Осыны айтып жатып қалды тас үнсіз, Құрысын, дедім, армансыз күн – асылсыз. Тас, содан соң, тасқа айналды мәңгі өлі. Маған тастың пәлсапасынан гөрі, Жапырақ, гүлдің сыбдыр-үні ұнады. Жоқ-жоқ, ойдың аяғы емес бұл әлі: ғашық болған сұлуларым толы арба, Күйіп-жанып сүймеп едім мен кімді – тас секілді басты көбі көңілімді, Сүю – қорлау боп көрінді оларға.
- Этюд
– Неткен ауыз әлгі ауыз? – Ауыз емес, жалмауыз! Ерін екеу, тісі отыз – аз байлық па бір бетке. Қорқу – жатса құрметке, Уа, дірдекте, дірдекте! Ауыз емес, қазан бұл, тісі – кемер, тіл – қалақ. Қуырады бидай ғылып жаныңды тіл-қалағы былғалап. Аз болар деп ол әлі, Үйтілсін деп бас мына, отын өртеп салады әр сөзінің астына. Қорықпаңдар мылтықтан, сескенбеңдер жауыздан! Қанжар шықты ауыздан – ал, бауыздал, бауыздал!
- Этюд
Сурет емес бұл тегі, басқа мағына бар мұнда: Қызыл бұзау үркеді арқандалған шалғынға. Қара еменнің басында аспан қалғыды, Жапырақтар жалбақтауын қоймайды, бірі – мимен, ал бірі Құлағымен ойлайды. Ал, сөз бүгін – ересек, дәл береді ұғымды: менсінбей тұр кәрі есек желідегі құлынды. Затын – есек демесек есекте де көп есеп: «Тұлпардікі келешек!» деп ақырды көк есек. Құдіретің кім, құсың кім – жүргізді есек есепті... сен де бәрін түсіндің құлағымен есектің.
МАХАББАТ ПЕН ҚАРА ТАС
Махаббат деп бастасаң – елең қағып құлағы Жұрттың бәрі қыз жайлы жыр екен деп ұғады. Бояу да көп бұл сөзде, Мағына бар әр басқа Кемпір қосақ секілді сан құбылған, арбасқан. Махаббаты Цезарьдің – биігі екен даңқтың; Құлагерді Ақанның махаббаты деп ұқтым.
Сенбеуші едім кәдімгі ағашқа – сол еменге Ғұмыр бойы Толстой ғашық бопты дегенге. Екі зәулім емен тұр. Екі еменге сол ұлы, Ұлы қария күн сайын жүреді екен жолығып; Солқылдатып жүрегін қайғы емгенде бір арда, ақыл-ойдың не бір тың шыңдарына шығарда, Келген екен сол жерге сақалынан жас парлап Анна жайлы ғажайып романын бастарда; Тұрмыс тартып етектен, Қиял шырқап аспанға, – ақыл-ой мен ақшаның басын зорлап қосқанда; Келеді екен сол жерге; Мейірім тілеп тастан да, Үй-ішінің бітпейтін дау-шарынан қашқанда. Кей ағамыз жеңгейге өкпе артқанда балаша «Жас иісі» секілді қауышатын оңаша, Сол бір екі еменмен сыбдырға бай, сырға нық Толстой да, деседі, жолығыпты ұрланып. Мәңгі тозбас сезімге – тозбайтұғын зат шыдар – Ең тұрақты махаббат, бәлкім, табиғат шығар?! Қос кәрі емен тұр әлі. Сол қос емен түбінде Төңкерілген астаудай қабыр жатыр бүгінде. Емендер тұр асқақтап! Мылқау топырақ-қабыры, Табиғаттың өзіндей әрі қатал, әрі ұлы – ескерткіш жоқ, Қорған жоқ, Үйілген тек топырақ,
Құстар сайрап алыста, судырар тек жапырақ... Сенбеуші едім кәдімгі ағашқа – сол еменге Ғұмыр бойы Толстой ғашық бопты дегенге: Қос еменнің ұлы жан атын жайып әлемге Ғашықтығын, кетіпті ол, қабірімен дәлелдеп. Сүю үшін еменді – туу керек емен боп, емендерге мен бір сәт қарап тұрдым елеңдеп: Қос қара емен құпия жыр айтатын сықылды, Сәл тыңдасаң жаныңды мұңайтатын сықылды, Орыс төрі – осы жер! Қалғандардың барлығы босағада сықылды, №2-ші күзет осы арада сықылды... Уа, ұлы жар – табиғат! Ұлы анам да сен едің, бояуын бер шыршаңның – Сәл сарғайып келемін; рухын бер бұл жердің, Жұпарын бер гүлдердің – бір шырқайын Тау әнін! Саусағымен ауаның Қара бұлтты ақ шыңға байлап қойып сауамын! Сонда бурыл тасқынды ақтарармын мен-дағы, Талқан болар бөгетің – қолдан қойған қорғаның; Табиғаттың өзіндей, дәл өзіндей болғалы пісіп жатыр әзірге ой мен шабыт толғағы. Ал, бүгінше талаппен «мен де болам» дегенде Тәуәп етем басқалар егіп кеткен еменге. Өз еменім – болады! Қазіргі әнім – қиын ән, Өзгелерге жете алмай өз көңілімде ұйыған. Безген шақта һаярдың есебі бар сиынан, Дала, саған сиынам! Жерігенде жолдастан – көңілдердің қағынан, Әділдіктің тағынан, бұлбұлдардың бағынан; бір қаталдық көргенде, адам, сенен тағы да емен түгіл, мұң айтып қара тасқа шағынам...
ӨЛІАРА
Жыртық-жыртық жапырақты бүркеніп бұта біткен дірдек қағып тұр тоңып. Дірілдейтін секілді ме қайыңның да тізесі,– Қорқақтау жұрт емеспіз бе біз осы? Қарт Алатау қауырт түсіп басына іс Көшіп кеткен сықылды да асығыс – Жел ұйтқиды бір бейпіл, Ұйтқыған бұлт не жауарын білмей тұр. Ылайланып жылайды ағып сайда су... айналайын алтын Күн-ау, қайдасың?!
ҚАРИЯ
Бұлтқа кірді байқатпай Ай жылыстап. Қарт сөйледі тағы бір қайғыны ұстап: тірлік етіп қалт-құлт боп жүрсің, міне,– деді қария терең бір күрсінді де, бұл қалада құрдасым көп-ті менің, әлі де олар аз емес деп білемін, Құрбы адам көп қалада маған әлі, бірақ одан досым көп моладағы; Кәрі достар-берік қой, бірақ, бірақ берігірек өлі дос, тұрақтырақ. Мола жұрты көп бүгін кешегіден, Өсті, әрине, ол қаланың есебінен: ақ мәрмәр тас, ай-құлпы араласып, арғы қоңыр қабақтан барады асып. Жастар аман, болсын тек, жастар аман Көлденеңнен, қазадан, масқарадан (Қарияның аузынан жұлып алып дұрыс тілек деп кесті мұны халық) – Тірлік етіп кемді-күн жүрсің, міне,– деді қария, тағы бір күрсінді де. Тіршіліктің жарығы дір-дір етіп қарттың шашын сыйпайды үлбіретіп, Үзілуге шақ тұрған өмірі оның Қайғыртатын секілді төңірегін. Жүрек-тәңір, жеңіп жүр, жүйке-Құдай, Өтесің-ау, деп қойды, ит-өмір-ай! Жапырақсыз бұтадай қаусап кәрі дір-дір қағып, шал отыр, саусақтары: Қорқа ма екен өлімнен? Жо-жоқ, тіпті, Қимайды тек күресті, өжеттікті! Ұзақ ғұмыр болсыншы алдаған-ақ, алдаған-ақ, ұқтым мен, шалға қарап, тәтті екенін күйіну, жұлқысудың, Тіршіліктің не екенін шын түсіндім. Қаңғыр-күңгір жұрт сөзі, маңайдағы үн естілгенін жаңаша абайладым. Құр қалқиған құлақ, сен не білесің?– Әр-берден соң естуге де ерінесің... Келіп жатсақ тоқсанға – ойланармыз, Ал, әзірше ішейік – деді досым.
АҚ ШӘЛІ
Ақ шәлілі қалалық ана еді, бір күні салып келді жаға ғып бурыл-шулан түлкіні. Әйел еді көрікті – бұ да үйлесті: бір күні киіп келді бөрік қып Қылаң-қызыл түлкіні. Біздің елдей бай елде, Кім не кисе – ерікті. Азамат қой әйел де Кисін, дедік, бөрікті.
Сол-ақ екен, мың, түрлі Мінез тапты, сөз берді. Мың құбылды, құлпырды, Құлпырды да өзгерді. Ақ шәлі – ақ қанаты, Ұзамай-ақ қырқылды... Жоғалды да Ана аты Түлкі атанды бір күні. Айлар өтті әндетіп, Күндер өтті күлкілі. Тазы болып әлдекім Қуып берді Түлкіні... Жылайды енді ышқына, бітіп айла-амалы. Көзден бұлбұл ұшты ма ақ шәлінің заманы?! Моданың бар түр-түрі, айла-амал далбаса... Жазығы жоқ түлкінің, түлкіліктер болмаса...
СЫНАҚ
«Ақөзектің» ар жағына күн батты, Күн батқан соң кел деп еді қымбаттым. «Бармай-ақ қой» деп ақырын тіл қатты – ауру анам айтқанын бір тыңдатты. «Ақөзектің» ар жағына Ай батты – Келемін деп бекер уәде байлаппын: бара алмадым – қайтыс болды сорлы анам, Кетті дерттен жылдар бойы қорлаған... Үш күннен соң қыздан тілдей хат алдым,– Жұмбақ, қатал мағынасына маталдым: «Шын сүйгенге сылтау емес өлім де, Қош! Сол күні әкем өлген менің де».
СЫНШЫ
(Монолог) Поэзия – не тронутая красавица Блок. Елең қақты айнала, бұғып бұта, шөп қашты. Бұлақ қалды аймалап, Жағадағы көк тасты. Аймалайды жел еппен, «Кет әрі» емес тас-тағы... Ал, мен болсам, кенеттен, Шабуылды бастадым. Сенің жүзің жанды оғаш, Гүл ерінің үлбіреп. Жалынышпен аралас, Жанарыңда тұрды үрей. Іштей ұят сезіндім – бар ғой бірақ борышым. Сүймейсің сен – өзің біл, Кінәлісің сол үшін. Қалжың айтам, түсінсең, Шыншылдық та бар мұнда. Сұлулығың үшін сен Кінәлі едің алдымда. Қой, таласпа, жақ ашпа – Сөзден асқан бүлік жоқ. Байқап тұмай о баста, Нең бар еді сұлу боп?! Көрініп тұр бәрібір Кінәң сенің, тұтылдың: Суын ішкен бөрінің
Қозы байғұс сықылды. Сұлулығың, біл, сорың, Кейін – бақыт болады. Сұлу еткен, Жыр, сені ақынға бар обалың. Жыр сыбырлап жылады, бұлақ салды бұлтаққа. Көлеңке боп құлады, төбедегі бұлт аппақ. Содан кейін не болды? Онда аз ісім, Жақтырмаған жанарлардан үрікпедім. Тұңғыш мәрте қоян алған тазысы, Жас аңшы деп құттықтады жұрт мені…
ШАЙ
Жұрт айтады, масқара Шайқор бопты ұлы атам. Содан ба, әлде, басқа ма, Шайды мен де ұнатам... Тұйық қыздың сіңлісі – Қулық екен күллі ісі: «аға,– деді майысып,– шыға қойшы шай ішіп». «Рақымет, шыбыным, тағы бірде»,– дегем-ді, Мен жазған бір өлеңді оқып ала жөнелді. Көніп қалдым, Іркіліп, үйге кірсем ақ ойлап: бір қыз отыр; кірпігін мақтап қойдым абайлап. Шай іштім де, қыдиып, Кісі құсап киіндім, Кіші қызға жымиып, Үлкен қызға иілдім. Кіші қыз кеп ағалап тағы бір күн тұр мені: «Жұмыс – Хаққа аманат, Шай ішуге жүр»,– деді. «Рақымет, қырғиым, Шай іштім ғой»,– дегем-ді, Мен шертетін бір күйді Мақтап ала жөнелді.
Тағы көндім. Іркіліп, Әдеп сақтап жатпадым, екі қыздың кірпігін алма-кезек мақтадым. Өзімсініп мен де енді Шай іштім де ас үйден, Кіші қызға қол бердім, Үлкен қызға бас изеп. Тағы келді бір күні, Күн еді-ау ол көктемгі, «тәтем,– деді,– кірпігін Сылағалы көп болды». Еркеледі кіші қыз, ал, үлкені – майысты: «ішіңіз,– деп,– ішіңіз»... Мен шай іштім, шай іштім. Қалды, сөйтіп, күллі ісім, белгісіз бір күйге ендім... Сүйгендіктен сіңлісін, апасына үйлендім. Күмәнім жоқ, күмәнім: (Қыздар кімді аяған) Тілім шығар кінәлі, Кінәлірек шай одан. Айтып салдым барымды, ерсі болса қайтейін. Бір тәуірі жарымның, Үндемейді әйтеуір.
Қабағы жоқ тас түйген, Жұлқымайды жеңімнен. Қорқады тек басқа үйден, Менің шай ішкенімнен.
ТАҢ ҚАРАҢҒЫСЫ
Мен онымен көріскем Ұмытқанда сақтықты; Ұйықтағанда періштем, Жастық етіп ақ бұлтты. Мен онымен танысқам бір мақталып ішкенде; басы айналып табыстан, Тәңірім құлап түскенде. Бұта жүзген қылтылдап, Қараңғы еді таң алды. Сорлы құсым бір тулап Мықты торға қамалды. Өзім де бір мұндармын, енді иесін сөз етем. Рас, ол кез жындардың, Көшетұғын кезі екен.
ЖАПЫРАҚ
Шашты ағартып, жапырақты сарғайтып, Жылдар өтіп бара жатыр жылыстап. Мысық табан – мезгіл, рас, жымысқы-ақ: аңғармайсың келгенін, не кеткенін. Бірақ мезгіл өтпейді екен теп-тегін: әр дем үшін, алу үшін тағы дем төлейді екем самайымның ағымен, бет әжімі, маңдай бағы, қырсығы, білек күші, шеке-тамыр дүрсілі – төленеді екен соған бәр-бәрі; ал, қалғаны? Бар ма, сірә, қалғаны?! Бұтада тұр сары жапырақ ілініп, Жүрегіме ілініп тұр бір үміт. Болғанымен уақыт – ортақ, тіл – бірдей шашым түсті ағарып та үлгірмей – үнімді жұрт тыңдады, рас, ал мәнін Ұқпады ешкім, не ұқтыра алмадым: Қараны – ақ, ақты – қара деп кестім, Қырық ермен қыңырлық боп беттестім, Себебі, олар сыртын көрді бар істің, Мен тек қана ішкі күшпен алыстым: Көзім менің маңдайда емес, расында көзім менің – жүрегімнің басында.
«Самай ағы» араласса сөзге егер, самайыңа қарайтұғын өзгелер. «Сары жапырақ» араласса сөзге егер, күздің бұлтын іздейтін де – өзгелер. Мен – мәңгілік жапырақпын жап-жасыл, Елім – шырша, тамырында жалғасым... Жапырақты «сары» деген жұрт – ақымақ, жапырақ – көк, сондықтан да ол – жапырақ!
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
Жалғыз едім бөлмеде Жалғыз едім; әйдемде Сөлкебайдай дөңгелеп Тереземе Ай келді. Сасқаным ба, білмедім: Шын көңілден айтамын, есік анау, кір дедім,– басын әрең шайқады. Мынау бөлмем, үстелім, Іздеп келсең бұл үйді терезеден түс, дедім,– басын шайқап жымиды. Еліктегіш мінезім, Сүйіп қалсам – күнәм ба, Шығам, дедім, онда өзім – Келіспеді ол бұған да. Сәл именіп, іркілді, Жайлы, жұмсақ төгіп нұр. Жүзі сарғыш бір түрлі, тек күлкісі көгілдір. Жалқы біткен жарығым, бағым ба екен бұл менің, Сорым ба әлде – бәрібір – тағы да бір күл дедім. Күңгірт тартты көз алдым – Халім құрсын-ай, тегі: Күлмеді Ай, бозарды... Менсінбей ме, қайтеді?!
Сөз өтпесе ғашыққа Намыстанбай бола ма: терезені ашып қап қарғып түстім далаға. Тағдыр маған бақ беріп, бітті бойға күш-жалын тұнып кетіп: шап беріп білегінен ұстадым. Сөйтсем: дала қараңғы, ұйып жатыр түнек түн. Өн бойыма таралды, Қорқынышы жүректің. Соны ойласам дір етем, Көңіл байғұс өрепкі: Қысып ұстап тұр екем, Қу бұтағын теректің. Жалған елес жайында, Көп оқыдым, шамасы... Тым құрыса, қайыңға, Қол жетпеуін қарашы?!
ДУАДАҚ
– Әй, Дуадақ, Дуадақ, аңшы біткен аулап, атып, қуалап Мәз болсын деп Құдай кескен үкімін – айтшы, қалай құрымай жүр тұқымың? Етің семіз, Өзің аңқау; толы айша Мамыр жылжып – күн көресің қалайша?! Қарт Дуадақ: – белгілі жай,– деп күлді, Сол күлкімен қауырсынын кептірді,– ғұмыр бірдей жүйрікке де, шабанға, амалдаймын қос қанатым аманда. Жақсы аңшының өзі мені атпайды. Мен өзім де аттырмаймын жаманға.
ДӘСТҮР
Жырым менің! Қасқа шыңды жарып ақ, ашыққа шық, ал, аңырат, аңырат! Көбік-жалды айналайын арғымақ, Қарауытқан жартастардан қарғып ақ! Ескі ұғымнан әркім мүлгіп құптарлық, Эпостардың тасасынан шық қарғып, Уйтменнің балға-төсін көпір ғып, ескі дәстүр арнасынан өт ырғып, Ұйқастардың құрсауын сөк бұлқынып, буындардың белін сындыр ұмтылып!– Деп ем... Жырым – жықпыл кезді түртініп; екпінімен бұза алмады ырғақты, Дәстүр атты дәу алдында дір қақты. Арғымағым шаппаған соң дүбірлеп, Жайылып жүр қойшы мінер тұғыр боп; Құла жалды тай-толқынның тобы әлгі Құтыра алмай құмға сіңіп жоғалды. Құлын-ойым қыпың қағып кірпігі, Мақал-биені еміп тұрды бір күні. Тумаған соң арна болып қасқайып Қаттысың деп тақтым шың мен тасқа айып. Мынау сыбдыр, жырым, сенің үнің бе?– Жасыл майса, тым құрса, сен дірілде. Бұтаны да жыға алмаған жырларым, Жылтырайды жыра-сайдың түбінде.
БҮГІН
Өлең жоқта – әсер етер жұмбақ та, Жұлдыздар да жанады ғой күн жоқта. Аспанда Ай жоқ – жұлдыздар жүр тырмысып, арыстан жоқ, орынында жүр мысық. Ұшқындар көп, Жалғыз жанар жоқ та алау, Сансыз жұлдыз жыпырлап тұр көкте анау: бұ да аспанға жарасатын сияқты; Күн орнына, былай қойып ұятты, Олар-дағы таласатын сияқты. Бізде де осы... аяқ-жолды анықтар Сіріңкенің жарығындай жарық бар. Сондықтан ел көтереді қос қолдап, ал, біреуді жұлдыз дейді сасқанда. Жылт еткеннің – бәрі жұлдыз, амал не, Абайы жоқ аспанда.
КІМСІҢ?
Табиғатқа – шеберлікке дау бар ма: Сұстылық тек жарасады тауларға. Тәкаппарлық таудан шықса бастапқы – Жаса, жаса тәкаппарлық, асқақтық! Мұз бен қардай ызғар төкті шаш мына айналаға, ақ аспанның астына. Жерді ұмытты, ісі – хаққа ауды шын... Жарқыным-ау, осы сен де таумысың?!
КЕШЕ МЕН БҮГІН
Тұрмыс – өзге, талғам бірге өзгерді, Өзгерді енді ұғымдар да, сөздер де: «Құдай» деген сөзді сызып, Орнына «тағдыр», «табиғатты» жаздық. Көр, міне: Кеңсем – өзге, Пәтерді де тез берді. Күні кеше ұйқасатын сөздердің Күзгі аспандай бұзылғанын көз көрді, Күні кеше стақанға дірілдеп Қорқа-қорқа құйылатын арақты еркелетіп «ақаң» дедік бүгінде. Әйел десе – ақ балтырлар елестеп тамсанатын емес пе ек? Ал, бүгін ше? О, жаратқан, қарап қал: Неше түрлі мықындар бар, балақ бар. Лирикам да бүгін, міне, есалаң; Маған әлі таңданатын жан бар. Юбка еді кеше әйел, ал, бүгін – шалбар. Жоқ, өкінбен! Бірақ соған жақынмын, Кеше менде мұның бірі жоқ еді. Бұ да, бәлкім, қазақылау ақынның аз да болса қартаяйын дегені; анау да – өзге,
Мынау да – жат, Ол да – сын, өзгерістің көкесі осы болмасын?! Қызуым мол деп егделер тасса аса Қартайды деп біл,– Кеше мен бүгінді салыстыра бастаса. ҰРШЫҚ ЖЫРЫ Сыртта – күзгі жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық. Алма-кезек лақтырып, Қолға кезек алады. Иірілді ақ түбіт, Иірілді жабағы. Түбіт ұшты – тұр, ұста! Ұршық қатты құлады: ене, келін ұрысса, Ұршық лақтырылады. «Қалада ұршық бола ма, – деме, – қазақшылық бұл. Қаладағы бала да Киеді екен шұлықты. Бұлт ұшты жер бауырлап, Желдің қатты қарқыны... Ешкі, түйе – ауылда, біздің үйде бар түгі.
Ана жерде – домалақ, Мына жерде – домалақ. Келінге де обал-ақ, енеге де обал-ақ. Жо-жоқ, тату екеуі: бір ене мен бір келін дүкен кезіп кетеді Мен ақша алған күндері. Таңсәріде шай ішіп, бір-бір сөмкі алады. Бірі еркелеп майысып, бірі жымың қағады. Апыл-ғұпыл киініп, алса бір-бір сөмкіні. Сен үшін ең қиыны: аш қаласың ол күні. Балаң да аш па? ол мейлі Жылай берсін, жігітім, бере берсең өлмейді қатқан нанды жібітіп. Базаршыға кешіккен жарасады деп еді: Қас қарая есіктен бір қап «Уhі» енеді. Қисайысқан тақалар, сөмкілер тоқ керемет. Кесе, шыны, мата бар – тамақ іздеп не керек!
Екеуі де болдырған: (шәйді өзің қой жылдам) бірі – өкшесін алдырған, бірі – белден шойырылған. Шаршау емес, Құлақ сап Қарашы – дерт бұл да ерек. Бірі – бүкір, бірі – ақсақ, бірін-бірі жүр демеп. Оңдалайды екеуі... ертесіне тағы да сөмкі арқалап кетеді дәл кешегі жағына. ...Бір күні ақша бітеді, бітті шығып бір шығын. Бірі – түбіт түтеді, бірі – іздейді ұршығын. Сыртта – қысқы жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық. Иіреді ұршықты алма-кезек екеуі. Ұршық кейде қырсыққа айналып-ақ кетеді. Тұтанады қайта дау – түбіт қолғап... жүн шұлық... Баяғы сол қайталау, баяғы ұршық-тіршілік.
УА, КҮН КЕЛЕДІ!
Бір жақсы жыр оқышы жатқа, бұлақ, Сарышымшық, сен де шырқа ақпа-құлақ, Тоқылдақ, таңдайыңды қақпа бірақ. Оятшы шыңдарды анау, бала бүркіт, Бір тоқты қозы тапсын қара кірпік – толғатып жусан тушы, дала, бір түп. Көп еді-ау ішіңде де ала-құлаң, Сауысқан, салар ма едің жаңа бір ән? Кенеп ал тамағыңды сен де, қарға, Тоты құс, кербез едің – таранып ал. Күн көзі жалт етіп бір қарағанда-ақ жанып кетті гүл болып қара қаңбақ. Шаңқ етті бала бүркіт, Сонда Алатау Желіп кетті өркеші ағараңдап. Күлдірді ақ бұлақты қытықтап нұр, Тастың-дағы сабыры бітіп қап тұр... Үндемейін, деп ем мен, үндемейін – бүлкілдеп бара жатыр тіл-көмейім: судың жырын жырлайын күмбір етіп, гүлдің жырын жырлайын үлбіретіп, Жалғыз сәтке тым құрса, уа, табиғат, Қондыр мені бұтаңа бұлбұл етіп!
СҰЛУЛЫҚ
Мезгіл жақсы: көрші тыныш, біз аман, Жаман жырды өңдей де алам, сыза алам. Гүл суарған қызды сұлу деседі, Сұлуырақ нан көтерген қыз одан. ...Сол бір кездің тілкем-тілкем табаны менің мәңгі көз алдымда қалады. Жақсы ғой қыз бал татырған тілінен, Су берген қыз қайырымдырақ болады. «Ақ шағылды» бір түптеуге жараған, «Ұсақ жандар», сенен, сенен нәр алам. Биші қыздар қылықты ғой, расы, Қылықтырақ ұсынған қыз қара нан. Ой шашылды, ұйқастарым, шық құрап, Шойын нүкте, сөз аяғын күт бірақ. Мықты, мықты ел қорғаған кешегі ер, бүгінгінің ерлері одан мықтырақ.
Күншілдердің көңілін бір басарға, Уа, Алатау, мұз-кеудеңді тос алға! Ғаламат қой Аманкелді қылышы, Жақаевтың кетпені одан осал ма?! Ақындардың әр сөзінен от шығып, Жасыл отпен жанып жатыр көк шыбық. Мәрмәр тасқа гүл өскені – әдемі, бәрінен де әдемірек Тоқшылық!
КҮН БОЛМАСА
– Жалын атып Күн тұрмаса төбеңде, болмас еді махаббат та, өлең де. – Әрине ғой,– деп жымиып күлді қыз,– тап осыны қайдан ғана білдіңіз? – Қаталсың деп сынамас ек тасты аса, тас та, бәлкім, болар еді басқаша. – Әрине, ғой,– деп жымиып күлді қыз,– бұл жолы да дұрыс айта білдіңіз. – Ауа, мен су... тұрмас еді гүл де өсіп, гүл хақында жүрмес те едік тілдесіп. – Әрине ғой,– деп жымиып күлді қыз,– қай кітаптан қашан оқып білдіңіз?! – Күн болмаса... айтпағанда өңгені, Көрмес едім мен сені, ал, сен мені. – Әрине,– деп сұлу басын сәл иді,– соқырлар да сүйгендерін таниды. – Тумас еді сұлу қыз да, мықты ұл да – екеуіміз де болмас едік, ұқтың ба? – Жоқ!– деді қыз,– алған дұрыс басты ашып: Мен болмасам табылар ед басқасы!
СӨЗ ҚУУ
– Жұмыс бітті! Біте қойсын, ол жайлы байқап-байқап сөйлемесе болмайды: ағаш бітті, егілді, әне бір шыбық, кітап бітті,– басталды бір тіршілік. Тау құлаттың – орынында тас қалды, Үй сап біттік – бірі жаңа басталды. Талай жұмыс бітірдік біз, уәйім ғып, жаңа істерге жасау үшін дайындық. Дайындықтар жүріп жатыр. Бәр-бәрі Қайрат-күшті дайындыққа арнады: бүкіл тірлік – тек дайындық деп өстім, бірақ бәрін бітірем деп егестім. Жақсы бір іс бітірдің деп мені ешкім, Мақтағанын бір естіген емеспін... Аспандағы бір жұлдызды қақшып ап, Ұлы мақсат, маңдайыма жақ шырақ! Бүгінгі үміт кешегіден тәттірек, «бүгін»– жақсы, бірақ «ертең»– жақсырақ. «Бітті» дейсің – бөлу қалған сықылды. бәрі бітіп – өлу қалған сықылды. Жоқ, біткен жоқ! Ештеңе де біткен жоқ: тау өзені ағып әлі біткен жоқ, Әлсіздердің бағынары біткен жоқ, күштілердің табынары біткен жоқ, сөз қуаты – мағына әлі біткен жоқ. Күл болудың Отырары біткен жоқ, Гүлденудің топырағы біткен жоқ; Мавзолейге бұдан алпыс жыл бұрын Тұрған кезек өтіп әлі біткен жоқ! Жұмыс бітті. Рас шығар біткені, Қағаз-ісін жинады жұрт, бүктеді. Алты соқты (үйге барып қонып қайту керек қой), Уақыт-дос, кеңсе алдынан күт мені! Минуттарды қанат жасап, қарқын ғып, Ұшады адам – көп қанаты бар тірлік. Біту ме осы? Сезіп жүрмін анық мен: Жылу бітпей тұрған шақта Жарықпен «біту» деген «жалғасуға» балама – Жалғасқанды бітті деуге бола ма? Жоқ! Біткен жоқ, ештеңе де жоқ біткен, Наным бар деп ойнамайық тоқтықпен. Аздығынан шығар аштық жоғалса,
Үміт, мақсат таусылмаса – көптіктен...
ҚАЛА
Аспан – көздей шел басқан, Ұлпа қар қылаулайды, Сөйлейді жұрт қыс жайлы, тұмау жайлы. «Қан сонар» бар, Түлкілер – жаға болған, Жаға менен бөрікті кім аулайды? Табиғатқа тағылған кінәдай бұл: «Оһоу» десең тасқа ұрып құламайды үн – Жаңғырық та жоқ сын-ды, жел өтінде ескерткіші тоңып тұр ұлы Абайдың. Жаңарсын бар ой-әлем, кескін мейлі, Тау мен дала бәрібір ескірмейді. Алыс тоғай, бұлбұлдың әні түгіл, Кейде өз даусың өзіңе естілмейді. Ұлы Қала! Сөздеріңнің жұмсартып мағынасын, Моторға да май беріп жағынасың... Жиырмасыншы ғасыр ғой; Кейде бірақ Табиғаттың өз даусын сағынасың.
ҮЗІНДІ
Он екі түп жетім ағаш – бұл ағаш, Сенен бірақ жылап көмек сұрамас. Бұтағын тек алса біреу сындырып, ауырсынар үнсіз ғана шыңғырып. Бірақ ешкім жоқ елеңдер оны естіп – үнсіздердің шыңғырғаны емес түк. Қайрымдылар, қам ойлама, қайғы алма, Жел мен дауыл, сен де аянба, сайранда. Алма піскен шақта ғана әлдекім, Әлдекімдер алма терер әндетіп. Сонсоң тағы болады ұмыт бақ әлгі, Ұмытар жұрт қайырым мен обалды... Жарты әлемнен жасырасың бетіңді Көрген шақта сол он екі «жетімді», Жапырағы – календарь боп таусылған Жыл байғұстың он екі айы секілді.
Р. S
Жиналып ап жеміс-жидек түр-түрі айқай салып шыға келсе бір күні: Жеміс толып, жел үзгенін міндет қып, Жеміс, жеміс дегізгенін міндет қып; Жүзім жылап мөлтеңдесе ызадан, Қауын, қарбыз қарс айрылса ызадан, алмұрт тұрса күс бетіне ұн жаққан, Қызараңдап алма шықса бір жақтан, Жылғадағы жылап аққан су-дағы адамға еткен қайырымын қуғалы шықса атылып... (буырқанса көк теңіз, жапырақтың шулағанын сөкпеңіз). Жарық, жылу ту көтерсе қауым боп, Қоңыр самал шу көтерсе дауыл боп, бидай шықса ауыр басын шұлғытып... бәрі-бәрі сайрап берсе тіл бітіп,– Мінезіңмен табиғатта болмаған Кімді, не деп кінәлар ең сонда, Адам?! Табиғат қой – төзеді ол, күбінген ақымақ-жел қойныңды ашар – түңілме. Сен де, алма-бақ, күтімсізсің бүгінде, Шыда, шыда! Көзге түспе, білінбе, бір сайрарсың – Тәңірінің тілінде, Сенің-дағы тілің шығар түбінде.
ЕҢ ҰЗАҚ КҮН
...Телефонның шырылынан сол күні Жүрек қысты, қаным қатты толқыды. Ащы тиіп торғайдың да дауысы, Жаңғырыққан секілденді тау іші. Нақ сол күні... Тағдыр басқа бермесін – Өз үйіне түнемепті бір досым. Сөйтіп беттен бедел ұшып кетті ескі – Жарым маған: «бәрің солсың» деп кесті. Содан кейін құймақ күйіп, сүт іріп, Тұрды ас үйде бу мен түтін құтырып. Шанышқы мен қасық жиі айқасып... баж-баж етіп төгілді отқа шай тасып. Нақ сол күні мені сынап бір сыншы Жазудай-ақ жазған екен (құрсыншы!) Сол күні ерек ақылдымсып, алғырсып,
бөлім бастық ауық-ауық алды ұрсып. Ауық-ауық жиналыс боп сол күні шекем қысты – қаным жиі толқыды. Бір-бірін жұрт кекеп-шалып сөз етті. Дүкендерге симай шұбап кезек тұр: Кіржің-кейіс, Қажаған жұрт бір-бірін, бірін-бірі түртіп жейді түрлі ұғым... Уа, тұтап қал, Мысқыл сөздер, тұтап қал – Қате кетті мен қол қойған кітаптан! Бір азамат қызметтен – міндеттен босап шықты... Ұзақ еді күн неткен! Нақ осы күн хабар... Қара қанатты Қарғып ұшты: бір қарақшы бала атты. Көкірегім қаңырап кетті бір түрлі, тек әлдебір қан тамыры бұлқынды,– Жүрегім де әлгі байғұс досымдай өз кеудеме түнемеген сықылды...
КӨКТЕМ
Көп сұлудан ажар өтті, әр тайды, Жаман жырдан бұрын көбі қартайды; Сұлулықтың тұрлауы жоқ дегенді Түсінгендей болып қалдым мен енді. Осы бір жай толғандырды көп мені: Уәде қайдан болушы еді тұрақты Сұлулықтың өзі болса өтпелі? Талай жаздым теңеуімді тепкі ғып тұрлаусыздық – сатқындық қой деп біліп... Қоңыр кеште мұңды жаным сыздаған «Гүлің болам» деп еді бір ізгі адам. Ортасында өскендік пе көп қарттың Софылау ем – әлгі адамға айныдың деп өкпе арттым: «Гүлің болам», деп еді ғой ол баста? Сөздің мәнін түсінбеппін мен қасқа – тұрлаусыз боп көрінетін жолдасқа гүл ғұмыры – қысқалығы болмас па, ескертіпті ол қысқалығын көктемнің; ал мен болсам ештеңені мезгілінде түсінбей-ақ өткенмін. Сөйтсем, ғұмыр – әсер бопты мен үшін, өлеңдерім, міне, соның жемісі.
Тұрлаусыз деп бір сұлуға кінә арттым,
сөйтіп тағы біреуіне құмарттым; Оны тағы айыптадым – бала екем: солмайтын гүл – ертегіде ғана екен. Сұлулыққа айнисың деу, бір түрлі, Соласың деп гүлді айыптау сықылды – Мұның бәрін ұғындым мен кейіннен, енді өткенге алғыс айтам пейілмен: алқызыл гүл, көп тікенек ішінде бір сәт көзді арбағаның үшін де, таптырмайтын тек сүюден өзге емі, бір жалт өткен сұлулардың көздері, бір сәт маған жылы ұшырап қараған, алғыс саған, бар табиғат, бар адам! Аунап өткен ақша бұлттай төбеден Уақыт өзі ұмыт еткен көп өлең, Шыт қанатты көбелектөр шөптегі, Жүгірткенің үшін сонда көп мені; «Паһ!» дегізіп қарғып ұшқан қыран құс, Саған, саған, саған, саған мың алғыс! Әрбір алған әсерімді санаса бақытты жан екенмін-ау мен аса; бақытым сол: кешіре алам анаша, гүлше ұялып, алдана алам балаша...
ЖҰМЫСТАН КЕЙІН
Соңғы жазған әңгімемнен іздеп ем: Жетістік жоқ, Қате таптым жүздеген. Қарғасын да қастерлеген жыршы ғып, Не боп кетті мына жомарт тіршілік?! Мәрмәр тасқа мәңгіліктен үміт қып Әжеме арнап ойдырып ем құлыпты – алтын сандар жаңсақ түсіп, қария тумай жатып өлген болып шығыпты. Көңілімнен дыбыс шықты бір бөтен, Көкейімнен қуыс шықты бір бөтен, Мына бұлттар Алатаудың басына бүгін тағы түнейін деп тұр ма екен?! Трамвайда тиісті бір оңбаған: «Жүйкең жұқа екен» деді ол маған, Қалың болса қайтпек екен ол есер, Ұлтан жасап алмақ па екен? немесе, байпақ тігіп кимек пе екен жыртып ап?! Дүкен кездім – таптырмады бір тұмақ... азу тісім бара жатыр сырқырап.
БІР ТҮЙІР ДӘН
Бір түйір дән сыңғырап жерге түсті – Тау, Дөң, Дала жабылып тербетісті. Жеңіл әйел секілді ала етекті, Ұйтқығанда сол дәнді жел әкепті. «Қайдан?» «Қашан?» «Қалай?» деп Желден ешкім Сұраған жоқ (сұрайтын мен де емеспін). Дән өсті тек, Тоғайды ел, Молайды астық – Қоныстастық, нан үшін, қолайластық.
Күн шуағы дәм берді, өмір келді – бұлт жылады, Жапырақ көңілденді. Алыс тартып тек қыңыр мақсат тұрды... Санын сабан ақ бұлақ сақ-сақ күлді. «Қайдан?» «Қашан?» «Қалай?» деп одан-дағы ешкім сұрап бос әлек бола алмады... Әр жанардан «дос», «жау» деп сыр ұғыстық, өмір үшін достастық, қырылыстық. Желдің демін мен де іштім – тыншымадым, Татып келем нанды да, күн шуағын,– Қызу дарып бойына – шым-шым ағын шуаққа аунап күшік-тірлік қыңсылады...
ӘЙЕЛДЕР
Арулар деп бастасаң-ақ бір ойды Ой соңын жұрт төсекке әкеп тірейді: елестейді етектер мен балтырлар, елестейді жасты көздер үрейлі. Білек, мойын, мықын жайлы мың бұрап, не бір қиын ұйқастарды құрдық-ақ. Пиғыл арзан болған сайын сөз де ерсі, ерсі ұғымдар, енді сен де өзгерші! Келіншек-жар, сен қымбатсың, қарт ана; Қыз-қарындас, жар таба біл, жар таба; ұғым жаңсақ болып кетті сен жайлы содан мықтап сақтанбасаң болмайды; газон сын-ды ақыл-шашы қып-қысқа, Қыз келінді, қақпа-есіктер, мықты ұста! Мен-ақ қырқам қаңқу сөздің қанатын, Қорға, әйел! Әйел атын, ана атын!
Сірне болар сұлулықтың тозғаны, тоздырма ойды, тақырыпты созба әрі, елестесін қыз-келіншек десек тек әркімнің өз қарындасы, өз жары.
ҒАШЫҚ
Тоқтат, самал, жымысқы жүрісіңді, Сен де жапырақ, шығарма дыбысыңды; Майысты бір кәрі емен: сексендегі, Шал иілді, жас қызға гүл ұсынды. Жас қыз таң боп, көңіліне күдік кірді, Қартты «С ума сошелға» іліктірді. Құрбылары мазақтап, әлгі қызға, «Сенің теңің осы» деп күліп тұрды. Ұқпады қыз күліп те, күрсініп те: «Не нахал боп тұр» деді, «қырсығып не». – Қызым, саған емес гүл,– деді қария,– ғашықтығым өмірге, тіршілікке!
ТҮСІНІКСІЗ СӨЗ
– Интрига түртті мені, деп, түрлі түскен әкім мұңын шаға кеп тұрды. – Ол немене?– деп сұрады бір ақын, Анау айтты: – Мықтыларға құратын тор мен тұзақ, бола алады қақпан да – сол құртты ғой бізді Құдай атқанда. «Қаламгерден» қағып алған болатын: – Сөздіктерден іздеп көрем!– деді ақын,– Интрига?.. Одан да әкел, құй, таста, Көнбейтұғын сөз не керек ұйқасқа! Бір жылдан соң қызмет ап әлгі адам, Сәл ыңырсып сөзін былай жалғаған: «Бір ақынның сәлемі ұнап, түсі ұнап дәмдес боп ем – мазамды алды ішіп ап». Ал, ақын ше? Жолығып ем жақында «досым» деді ол дәмдес әкім хақында. – Есіңде ме былтырғы сөз,– дедім мен,– Іздемей-ақ қой сөздіктен, мақұл ма?!
ӘУРЕШІЛІК
Тас – бұлақтың ақ жолына жатып ап қарайды құр суық, көзбен бақылап. Ал, бұлақ ше? Жағынумен, жалаумен тасты жібітемін дейді, ақымақ!
КӨЛЕҢКЕ
Бықсып жатқан бір шаланы жандырдым, бір көңілге үміт үрлеп – жан ғылдым, Өсиетін орындадым Абайдың, Риза еттім аруағын Жамбылдың. Келді осылай ұлы өнерге бір адам, аман адам қиянаттан, күнәдан. Шықты бүгін: Намаздыгер шақтағы Көлеңке боп бір мықтыдан құлаған. Тағдырының өзін менен қолқалай, Қолтығыма қонып жүрді ол талай. Енді бүгін... ербеңдеп сол қағынды Жабамын деп менің шуақ жағымды. Тіршілік-ай! Тіршілік қой – тіршілік, Күрсінгеннен көгере ме жыр шығып?! Ал, мен оны танымаймын қырсығып. Шын көлеңке керек болса басыма – Топырағыма шанышар ем ғой бір шыбық!
ЖОЛ ҮСТІНДЕ
Қарт тікенек жолдағы – ақымақ па, етегімнен тоқтатты іліп мені: – Бұта да көкке қарап көсіледі, Сен нағып өсе алмайсың осы?– деді. – Бұта да емен, емеспін жапырақ та, Күн сүймесе – қайтейін, Көнем, мейлі; Мен – тамырмын, тараймын топыраққа, Тамыр өссе – тек қана тереңдейді.
ДАҚ
Абайда да нашар өлең көп деді,– бұл сөз бірақ құлағымнан өтпеді: арам ісік секілденіп күлдіреп, Көкірегімде түйіншек боп жүрді көп. Кесір ойлап, кекесінді күліп мен, айналаға қарар болдым күдікпен.
Кемітер сөз ойлағалы өзгені, жүрек байғұс бұрынғыдай сезбеді. Бәр-бәрінде күмән барын, сыр барын ұққан сайын жаман шықты жырларым. Сол-ақ еді таңданып бір тұрғаным: «Күн көзінде дақ бар» деді бір ғалым. Сонда қалай? Сонда қалай?– деп күлдім, жоқ, күлгем жоқ – көздің жасын кептірдім. Содан бері өсіп кетті ой-әлім, ерегіссем – еркіңді алып қоямын. Көп күдікті ұшырғанмен күл ғып мен Күресуге күш таппадым шындықпен. Содан бері... Өкпелетіп алдық-ау, деп талайды Ойлағанда тер қысады самайды; Қасиетті қарт, сен қалайсың дегендей жүзіне құр жалтақтаймын Абайдың, ашулантып алмадық па деп Күнді аспанға да жалтақ-жалтақ қараймын.
ДАБЫЛ
Місе тұтпай гүлдің исін және олар: Көбелектер, адамдар мен аралар талап жатыр – қарақшыға бара-бар. Құрсын бүйтіп сұлулықты сүйгені: Райхан гүлді тамағынан кептіріп, Роза гүлді сабағынан кептіріп, бір сұлуға қыр көрсете жөткіріп, бір сұлуға жағынғалы кеп тұрып, пәлсафа айтып жантаяды жігіттер: «гүл өсірдік жұлу үшін» деп күліп..
Ал, қыздар ше? Алған сайын гүлді олар әп-әсем боп күлгені үшін бұлданар, Жанарлары бұлдырап, Шаттықтарын жасырып; Мастана ма, қуана ма гүл бірақ Әлдекімнің кеудесіне бас ұрып, Әлдекімге көз-қуаныш болғанға?– Мұны ешкім де ойламайды жалғанда. Сұлулықты сүйеміз біз: тілесек гүлді жұлып сата аламыз біресе, таптап, аунап жата аламыз біресе – табиғатқа беруші еді кім есеп?! Жат түсінік: гүл мен шөпке не түрлі шабуыл да, шашпалық та бар мұнда – Қылмыс үшін жауап берген секілді жауаптымыз келер күннің алдында. Ал, табиғат қайрат жұмсап біз үшін Әр бұтасын мүйіз етіп сүзісіп газ бен удан тұр қорғап – жазу керек соған барлық жырды арнап.
ДАБЫЛ
Місе тұтпай гүлдің исін және олар: Көбелектер, адамдар мен аралар талап жатыр – қарақшыға бара-бар. Құрсын бүйтіп сұлулықты сүйгені: Райхан гүлді тамағынан кептіріп, Роза гүлді сабағынан кептіріп, бір сұлуға қыр көрсете жөткіріп, бір сұлуға жағынғалы кеп тұрып, пәлсафа айтып жантаяды жігіттер: «гүл өсірдік жұлу үшін» деп күліп..
Ал, қыздар ше? Алған сайын гүлді олар әп-әсем боп күлгені үшін бұлданар, Жанарлары бұлдырап, Шаттықтарын жасырып; Мастана ма, қуана ма гүл бірақ Әлдекімнің кеудесіне бас ұрып, Әлдекімге көз-қуаныш болғанға?– Мұны ешкім де ойламайды жалғанда. Сұлулықты сүйеміз біз: тілесек гүлді жұлып сата аламыз біресе, таптап, аунап жата аламыз біресе – табиғатқа беруші еді кім есеп?! Жат түсінік: гүл мен шөпке не түрлі шабуыл да, шашпалық та бар мұнда – Қылмыс үшін жауап берген секілді жауаптымыз келер күннің алдында. Ал, табиғат қайрат жұмсап біз үшін Әр бұтасын мүйіз етіп сүзісіп газ бен удан тұр қорғап – жазу керек соған барлық жырды арнап.
САП, САП
Дән еккенін мақтан етіп жүр біреу, алты әлемді аттап өтіп жүр біреу. Уа, құрбылар, Шын бейнетқор шешелер, Сөзім сендер туралы емес – кеше гөр. Нағыз ерлер атқарса еңбек-борышын, пысық, жалқау мақтанады сол үшін, Соның көбі атаққа бар, атқа бар, түк бермей-ақ алғанымен мақтанар. Шүкір! Қазір жомарт біздің ел мен жер – ал, алып қал, алу үшін келгендер! Кімді мұқат ерік өзіңде, кімді алда – Өтінем тек: ештеңеңмен бұлданба. Алған түгіл, ойлап көрші, ер көңіл жомарт жандар елей ме екен бергенін?! Біз бәріміз – алушылар жерде бұл, Жарылқаушы – табиғат боп тұр әлі: Қайтер едің аспан сатса ауасын, Күн бұлдаса қайтер едің шуағын?!
КҮН – АНА
Ей, Күн – ана, аспа бесік – Жерді осы ақырындап, ақырындап тербеші: ғашықтардың бұзылмасын бір кеші, сәбилерді оятып ап жүрмеші. Тастар шошып, Оянбасын жел үркіп, Мұхиттарды ала көрме еліртіп. Көк бүртіктер бұта бойлап өрлесін, шық көздері ағып түсе көрмесін... Бесіктегі сәби сын-ды бұ тірлік, Келеді өсіп, уа, шүкірлік, шүкірлік! Төгілгенде бейбіт Күннің шуағы бейбіт жерден жөргек исі шығады. Алтын сәуле – миллиардтаған алтын жіп, сол жіптерден ұстап алға талпындық: өмір жібі үзілмейді мәңгілік! Жарқ еткенде көңіл шіркін – ән салам, саламын мен бір сіріңкем жанса да ән. Жарығыңды жатып ішіп тамсанам, Иә, Күн-ана! Ақ сүтіңді емген ұлың сықылды Қарыздармын мен саған. Бұлбұл түгіл, ей, Күн-ана, тіршілік, сайраттың-ау шегірткеңді жыршы ғып...
ТҮС
«Таңда депті, екі асыл бар, жас жігіт! ыстығына темір балқыр, тас жібіп – Махаббат деп атапты оны қас қылып, Әлемдегі жамандық пен жақсылық. Ал, біреуі байлық – атақ – кісілік, Сүюді ол жын-шайтанның ісі ғып, Қатаң тәртіп қазанына пісіріп Өзін-өзі түйіп ұстар түсінік. Сен ұқпайтын бір құдірет бар мұнда: Құдіреттілер елпең қағар алдында?!– Қызыр ата таң алдында кез бопты, «Қане, жігіт, қалауыңды ал, тез!– депті,– Махаббат па?
Байлық, бақыт жоқ онда, Жел секілді аунарсың тек көгалға. Жалғыз досың... безер сенен о-дағы, түбі ажалың – әйелдерден болады, түсіндің бе?»– дей бергенде, жас жігіт: – Атажан-ай, менде де жоқ басқа үміт, Махаббат бер, ашылсын кілт, есіктер – Не берсең де махаббатқа қосып бер. Байлық, ерлік бітті бедел түсіріп, соның бәрі бақыт емес, түсінік – Қайырымды қарт қоржынына қол салды, Уысына қалша ілінсе – сонша алды. Махаббатты – қазынаны бұ сын-ды Жас жігітке жомарттықпен ұсынды, Сөйтті де шал судай еріп жоғалды; Жігіт аң-таң, не берді екен деп әлгі алақанын ашып көрді: О, сұмдық! Шошып кетті (біз де бірге шошындық) – тиындарға сатылатын кәдімгі... Мұндай мүсін өңінде де мәлім-ді: Кетті оянып: Жыпылықтап жанары «Түсім ғой?!» деп жұбанып, сәл іркілді; Сонда өз жары ұйықтап жатқан Жаңағы Қуыршаққа ұсап кетті бір түрлі...
ШІЛДЕ
Ақ қағазға жосылып түспей жатыр жол деген, жол түспей тұр жырыма, тумас білем енді өлең Күнде жүрген жолыма тас түсіпті көлденең, Сары қалам сұлапты ақ қағазға көлденең. Тайраң қағып көктемнің тамшысындай сөз қасқа Сыңғыраса жамырап,– Жарыспас па, озбас па! Ақ қағазға, сөз түгіл, осынша ыстық тер төлеп, Әкеле алмай отырмын қаламды да желкелеп. Жапырақ – шаң Ой – шабан, бөлме тыншу – күн ыстық, тындырғаным шамалы кеңседе де жұмыс қып. Шаш қисайтар жел үшін, бір леп үшін тыныстық желдеткішпен екеуіміз жекпе-жекке тұрыстық. Омырауды желписің,
Жеңді иыққа сыпырып... тоңазытқыш... оның да айраны ашып, сүті іріп. Аспан өңіп кетіпті күн көзінен ағарып, кеуіп қапты арықтар қайнап-қайнап құтырып Асфальт жатыр кезеріп, Жиектегі көк тас та тамсанатын секілді тілін жалап оқтаста. Шекесінен қарайды торы төбел-тау қашықта – Қайта жаба қоясың терезеңді ашып қап... Бұл да махаббат шығар? Көкте тұрып киелі Күйіп-жанып Күн, бәлкім, Жерді осылай сүйеді?! ...Ыстығымен Шілденің сүйгендіктен мен оны – Ол да жүдеп-сарғайып, қурап-солып келеді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру