2.Сорпа және көкөніс, жарма қайнатпалары негізінде әзірленген көженің технологиясы 1.Тұздықты көжелер Жалпы сипаттама. Бұл көжелерге шала қуырылған ұн немесе тамыр сабақтармен әрі пиязбен шала қуырылған льезон қосылады.Жіктелімі. Тұздықты көжелер гарнирдің түріне қарай үш топқа бөлінеді:көкөністі гарнирлі көжелер — ең көп түрлі топ. Оған щи, борщь, қышқылтым көже, картоп, көкөніс қосылған көжелер жатады;аралас гарнирлі көжелер — гарнирдің құрамына көкөністерден басқа жармалар, бұршақ, макарон және ұн өнімдері кіреді;ащы көже — көжелердің ерекше тобы: осы гарнирлердегі басты рөл ет, балық өнімдеріне немесе саңырауқұлақтарға беріледі. Әзірлеудің жалпы үлгісі. Тұздықты көжелерді әзірлеу үлгісі мына сатылардан құралады:сорпа пісіру;гарнир әзірлеу;шала қуыруды әзірлеу;сорпаға азық-түлік салу;көжені пісіру;көжеге тұздық қосу;көжені беру.Дегенмен тұздықты көжелер вегетариандық болуы мүмкін. Олар сорпаның негізінде жасалмай, саңырауқұлақ, көкөніс, жарма, бұршақ, макарон өнімдерінің қайнатпаларынан әзірленеді.Сорпа пісіру. Сорпа — айтарлықтай дәрежеде көженің дәмін анықтайтын негіз. Тұздықты көжелерді әзірлеу үшін сүйек, тауық, балық, саңырауқұлақ сорпаларын қолданады.Сүйек сорпасының технологиясы. Сүйек сорпасын әзірлеу үшін ет сүйектері (омыртқадан басқа), ауылшаруашылық құстарының тағам қалдықтары қолданылады. Оларды шаяды, ұзындығы 5 ... 6 см бөліктерге бөледі. Жас малдың және шошқа малының сүйектері қуыру шкафында аздап қуырылады.Дайын болған сүйектерге суық су құйылады (1 кг сүйекке алынатын судың көлемі Технологиялық нормативтер жиынтығындағы рецептура бағанына байланысты және 3 – 5 л аралығында болады). Қазан (кәстрөл) қақпақпен жабылады, максималды қыздырылған қалпында қайнағанға дейін жеткізіледі, қақпағын ашып, сорпаның бетіндегі көбік пен май алынып тасталады, қызуын азайтып, қатты қайнауын болдырмай және арасында бетінен көбігі мен майын алып отырып, 3,5 ... 4 сағат (сиыр малының сүйегінен) немесе 2 ... 3 сағат (шошқа, қой малдарының сүйегінен) пісіріледі. Қатты қайнау көбік көпіршіктерінің ыдырауын және майдың майғындауына әкеп соғады. Бұл сорпаның түрін, дәмін және иісін нашарлатады. Піскенге дейін 30 ... 40 минут бұрын сорпаға ақжелкеннің тамыры, құрғақ табада ашық қоңыр түске дейін қуырылған сәбіз бен пияз салынады. Сондай-ақ ақжелкеннің, балдыркөктің, аскөктің сабақтарын, сәбіздің, пияздың кесінділерін, ақ тамыр сабақтарын қосуға болады. Дайын болған сорпа сүзіледі.Сүйек сорпасы мөлдір немесе сәл тұнбалы болуы мүмкін. Сорпа беті жылтырақ болуы тиіс. Сорпаның хош иісі пісірілген кезде қосылған көкөністердің иісіне сай болуы керек.Егер көжемен бірге ет берілетін болса, онда ол осы сорпада пісіріледі, қазанға сорпа дайын болғанға дейін 2 ... 3 сағат бұрын (егер сиыр еті болса) салмағы 1,5 ... 2 кг ірі кесектермен салынады. Осы жағдайда ет-сүйекті сорпа алынады.Ауылшаруашылық құсынан әзірленген сорпаның технологиясы. Бұл сорпаның түрі құстың сүйегінен, субөнімдерінен (жүрек, қарын, мойын, бас, аяқтары, қанаттары, терісі), сондай-ақ тұтас құстан әзірленеді. Орталықтандырылған өндіріс сорпасына арналған жиынтығын да қолданады. Сүйектер ұсақ бөліктерге бөлінеді, тұтас құс тұздалады және оған суық су құйылады (1 кг–ға 4,8...7,26 л), тез қайнатылып, кейін 1...2 сағат ақырын қайнатылады, бетіндегі көбігі мен майын арасында алып отырады. Піскенге дейін 30 ... 40 минут бұрын сорпаға ақжелкеннің тамыры, қуырылған сәбіз бен пияз салынады. Дайын болған сорпа сүзіледі.Балық сорпасының технологиясы. Балық сорпасы балық тағам қалдықтарынан пісіріледі. Оған басы, сүйектері, терісі, жүзбеқанаттары жатады. Бастарынан желбезектері алынып тасталады, ал ірі бастардан көздері де алынады. Ірі бастар мен омыртқа сүйектері бөліктерге бөлінеді. Дайындалған қалдықтар үстіне салқын су құйылады (1 кг-ға 2,6 ... 4,15 л), қайнатылады, көбігі алынып, ақжелкеннің тамыры мен түйінді пияз қосылады және ақырын қайнатылып, 40 ... 50 минут ішінде пісіріледі. Дайын болған сорпа сүзіледі.Бекіре балықтарының бастарынан сорпа әзірлеген кезде пісіру басталғаннан кейін бір сағаттан соң бастары шығарылады, жұмсақ еті алынады (балықтың басы), ал шеміршектер 1 ... 1,5 сағат ішінде жұмсарғанға дейін пісіруді жалғастырады. Дайын болған сорпа сүзіледі. Балықтың басы мен шеміршектер туралып, сорпаның азғантай мөлшері құйылады, қайнатылады және тағамды ұсынғанда қолданылады.Көжені ұсынуға алдын ала көзделген балықты пісірген кезде алынған сорпа да қолданылады.Саңырауқұлақ сорпасының технологиясы. Кептірілген ақ саңырауқұлақтар үстіне салқын су құйылады, оның ішінде 10 ... 15 минутқа қалдырады, су ауыстырылып отырып, бірнеше мәрте жуылады. Жақсылап жуылған саңырауқұлақтар үстіне салқын су құйылады (1 кг-ға 7 л) және бөртуі үшін 3 ... 4 сағатқа қалдырылады. Бөрткен саңырауқұлақтар осы суда дайын болғанға дейін пісіріледі. Сорпа сүзіледі, саңырауқұлақтар жуылады, ұзынша туралады және ұсынылатын кезде көжеге қосылады.Сұйық негіздің басқа да түрлері. Тұздықты көже пісіру үшін сорпадан басқа көкөністердің, бұршақтардың, макарон өнімдерінің қайнатпалары қолданылады. Тек түрлі түсті үрме бұршақтың қайнатпалары ғана қолданылмайды, өйткені олардың түсі ұсқынсыз болып көрінеді және адамның ағзасы үшін уытты заттардан құралған.Сорпа аминқышқылының қосындылары немесе оның сөлі болып табылатын ақуызды гидролизат ерітінділерімен алмастырылуы мүмкін. Физиологиялық әрекеті бойынша олар сорпаға ұқсас.Сорпа текшелері, сығындылары және пасталары түрінде мал және өсімдік тектес гидролизаттар танымал. Ақуыз өсімдік шикізатынан алынған гидролизаттар өзінің тұтынушылық сапасына қарай еттен алынған гидролизаттардан айырмашылығы жоқ. Өсімдік гидролизаттарын алуға арналған шикізат май өндірісінің жоғары ақуызды қалдықтары — соя жомы, күнбағысты күншара мен жомы, мақта күншарасы, сондай-ақ мал азықтық ашытқы болып табылады.Гидролизаттардан және етті-саңырауқұлақты дәмі бар ұнтақ түріндегі иіссіздендірілген, майсыздандырылған соялы ұннан тұратын ақуызды байытқыш та қолданылады.Гарнирге азық-түліктерді әзірлеу. Сорпадан басқа көже гарнирінің кейбір компоненттері де алдын ала әзірленеді.Көкөністерді шала қуыру. Шала қуыру дегеніміз тайпақ кең ыдыста сәбіз бен түйінді пияз маймен бірге қысқа мерзімде қыздырылады. Бұл көкөністер хош иісті заттардан құралған және көжеге қосылуы тиіс, бірақ олар суда ерімейді, егер пиязбен сәбіз шикі күйінде салынса, онда бұл заттар өз қасиеттерінен айырылады. Дегенмен, шала қуыру кезінде олар майға өтіп, сақталады. Сонымен қатар, майда сәбіздің бояғыш заты — каротин да ериді, ол майды қызғылт сары әсем түске бояйды, және де көженің сыртқы түрін жақсартады. Табаға май қыздырылады, бірінші кезекте пияз салынады, араластыра отырып, 5 минутқа жақын шала қуырылады, кейін сәбіз қосылады және тағыда 5 ... 7 минут шала қуырылады. Көже үшін шала қуырылған пияз жартылай фабрикаттың 26 % массасын жоғалтады. Шала қуыру кезінде томат езбесі де салынады. Ол бөлек өңделеді немесе табаға пиязбен және сәбізбен бірге қосылып, шала қуырылады. Шала қуыру нәтижесінде томаттағы сыздың иісі жоғалып кетеді, сондай-ақ май бұдан әрі боялады. Ақ тамырсабақтар — ақжелкен, ботташық, балдыркөк — суда еритін хош иісті заттардан құралған, сондықтан олар көжелерге шикідей салынады.Ұнды шала қуыру. Ұн ақуыздарының денатурациясы болуы үшін маймен бірге (маймен шала қуыру немесе майсыз шала қуыру) ұн қысқа мерзімді жылытуға, нәтижесінде олар бөрту және желімтік жасау қабілетінен айырылады. Әйтпесе көжеде қамырдың түйірлері пайда болып, оның сапасы нашарлар еді. Құрғақ немесе май ерітілген табаға 5 см қалыңдықта ұн себіледі және ашық қоңыр түске дейін тұрақты араластыра отырып, 120 °С температурасында қыздырылады. Қызылшаны бұқтыру. Қызылша борщтың ерекше құрамдас бөлігі болып табылады. Қызылша қосатын борщтың негізгі қасиетінің бірі – оның қызыл түсі. Қызылшаны дайын болғанға дейін жеткізу үшін ұзақ жылумен өңдеу қажет, яғни қызылшаны борщқа ең бірінші болып салу қажет, бірақ ұзақ пісірілген қызылша түссізденуі мүмкін. қызылшаның қызыл түсі сақталып қалуы үшін, оны қышқыл ортада өңдеу қажет. Дегенмен, сорпаға қышқыл қосылса, онда картоп, қырыққабат және өзге де өсімдік азық-түліктері нашар жұмсаратын болады. Сондықтан қызылшаны көже піскенше бөлек әзірлейді. Тазартылған қызылша ұзынша немесе тілімдеп туралады, қалың түбі бар ыдысқа салынады, томат сүзбесі, сірке суы, май және сорпаның немесе судың азғантай мөлшері (қызылша массасының 15 ... 20 %) қосылады және 1 сағатқа жақын бұқтырылады. Бұқтырудың соңында қызылшаға шала қуырылған көкөністер қосылады және 10 ... 15 минут аралығында бұқтыруды жалғастырады.Қызылша әзірлеудің басқа да түрлері қолданылады.Қызылшаны бүтін тамыр жемісі ретінде пісіру. Қызылшаның бүтін тазартылмаған тамыр жемісін пісіру кезінде оның қызыл күрең пигменті туралған күйінде пісірілгенге қарағанда жақсырақ, өйткені сыртындағы қабығы пигменттің пісіру суына өтуге жол бермейді, оның тамыр жемісіндегі концентрациясы жоғары болып қала береді және ол азырақ бүлінеді. Жуылған қызылшаның үстіне салқын су құйылады, сірке суы қосылып, қайнатылады және дайын болғанға дейін ақырын қайнатып пісіріледі. Ең төмен түсін жоғалту кезі қызылшаны пісіргенде, өйткені қоршаған ортаға пигмент диффузиясы толығымен жоқ. Ашытқан қырыққабатты бұқтыру. Ашытқан қырыққабатты жұмсарту үшін шамамен 2 сағат керек, сондықтан оны қызылшадай алдын ала бұқтырады. Дайын болған қырыққабат шеті биік табаға немесе тайпақ табаға салынады, сорпа (қырыққабат салмағынан 20 ... 30 %), май, томат езбесі қосылады және арасында араластыра отырып, бұқтырылады. Бұқтыру аяқталғанға дейін 0 ... 15 минут қалғанда қырыққабатқа шала қуырылған пияз бен тамыр сабақтары қосылады.Тұздалған қиярларды бөктіру. Қиярлар жуан қабығынан тазартылады, ірі тұқымдары алынып тасталады, ұзынша немесе ромб тәріздес туралады және сорпаның немесе судың азғантай мөлшерінде 15 минут бойы бөктіріледі. Арпа жармасын пісіру. Жарма тазартылады, алдымен жылы сумен, кейін ыстық сумен жуылады, жарманың үстіне ыстық су құйылады (судың бір бөлігі жуылғаннан кейін ыдыста қалатынын ескергенде 1 кг құрғақ жармаға 2 л), қайнатылады, 7 ... 8 минут пісіріледі, қайнатпа төгіледі, жарма ыстық сумен шайылады. Бұл амал өте қажет, өйткені арпа жармасының қоңыр түсі және шырышты қабығы бар және ол көженің сыртқы түрін нашарлатады.Бұршақ тұқымдастарды суға малу. Бұршақтар тазартылады, шайылады, үстінен суық су құйылады (1 кг-ға 2 ... 3 л) және бөрткенге дейін қалдырады — үрме бұршақ және жасымық 5 ... 8 сағатқа, аршылған бұршақ — 3 ... 4 сағатқа, кейін осы суда тұссыз қақпағы жабылған ыдыста жұмсарғанға дейін пісіріледі.Сорпаға компоненттерді салу. Азық-түліктерді сорпаға салу барлығы бір уақытта дайын болғандай кезекте салу қажет. Бұл үшін түрлі азық-түліктердің пісіру мерзімін білген жөн. Ақбас қырыққабат ...20 ... 30Саумалдық ... 8 ... 10Түрлі түсті қырыққабат ...30 ... 50Қымыздық ... 5 . 7Туралған картоп ......12 . 15Вермишель ... 12 . 15Тұздалған қияр ...15 . 20Кеспе ... 20 . 25Көкөністер пассерованные.......10 . 15Күріш ... 30Бұқтырылған қызылша ...5Арпа жармасы ...... 40 . 50 Осылайша, мысалы, жаңадан піскен көкөністерден көже пісірген кезде алдымен қайнаған сорпаға жаңадан піскен қырыққабат 12 ... 15 минуттан кейін — шала қуырылған көкөністер мен картоп, пісіру аяқталғанға дейін 10 минут қалғанда — жаңадан піскен көк бұршақ, дайын болғанға дейін 5 минут бұрын — қымыздық, саумалдық, қызанақ салынады. Әрбір азық-түлік қосылғаннан кейін сорпа қайта қайнауы тиіс.Құрамына қышқыл азық-түліктер жататын көжені пісірген кезде ең бірінші кезекте картоп және бірер минуттан кейін қышқылы бар азық-түліктер салынады, әйтпесе картоп қатты болып қалады. Дегенмен есте сақтайтыны әрбір азық-түліктің пісірудің келтірілген уқыты оның сұрыпына және өзге де факторларға байланысты.Көже тұздығы. Көже піскенге 7 ... 10 минут қалғанда тұз қосылады, 5 минут бұрын — дәмдеуіштер қосылады (лавр жапырағы және бұршақты бұрыш).Көженің дәмі мен хош иісін жақсарту үшін оған аскөктің, ақжелкеннің, балдыркөктің сабақтарын қосып пісіру ұсынылады. Олар жіппен бір байламға байланады, байламның ортасына дәмдеуіш салып қоюға болады. Аспаздың бұндай байламын «жиынтық» деп атайды. Осы «жиынтық» көженің пісуіне 20..30 минут қалғанда қосылады, ұсынудан бұрын ол көжеден алынып тасталады. Ашытқан қырыққабаттан әзірленген борщта, щиде, қышқылтым көже сияқты көжелерде «жиынтықтың» әсері ерекше байқалады.Картоптан, ұн өнімдерінен, жармалардан әзірленген көжелерді санамағанда кейбір көжелерге, олардың қоюлығын арттыру үшін шала қуырылған ұн қосылады. Салқындатылған ұн төрт есе мөлшеріндегі салқын сумен немесе сорпамен араластырылады, Қоспа сүзіледі және көженің пісуіне 3...5 минут қалғанда араластырылып қосылады. Осындай көженің дәмдік заттарының тілдің рецепторына әсері күшейтіледі.Кейбір көжелер (қышқылтым көже, қымыздықтан жасалған щи) шала қуырылған ұнның орнына кілегей немесе льезон қосады. Бұндай қоспалар ең үздік дәмдік әсер береді.Көжені ұсыну. Ұсыну кезінде рецептураға сәйкес тәрелкеге еттің, құс етінің, балықтың тілімдері, ұсақтап туралған саңырауқұлақтар салынады, көженің бір бөлігі құйылады және бетіне ұсақтап туралған шөп (аскөк, ақжелкен, көк пияз) себіледі. Қаймақ (қажет болған жағдайда) арнайы тұздық сауытқа немесе көжемен бірге тәрелкеге салынып ұсынылады.Жоғарыда аталған азық-түліктердің ұсыну нормасы көже рецептурасында көрсетілмеген, өйткені көжелер оларсыз да ұсыныла береді (шөптен басқа). Олар Рецептура жиынтығындағы «Көжелер» тарауында орналасқан жеке кестелерде көрсетілген. Шөптің, тұздың және дәмдеуіштердің нормалары осы тараудың кіріспе мақаласында көрсетілген. Осы мақаланың тақырыбында көжені әзірлеу рецептурасы мен технологиясы бойынша өзге де түсініктері берілген.Мейрамханаларда көжелер тапсырыс бойынша көбінесе көже табақтарында әзірленеді және оның ішінде даяшыға беріледі. Ол өзінің қосымша үстелінде көжені тәрелкеге құяды және оның безендендірілуін аяқтайды — қаймақ салады, бетіне көк шөп себеді және т.б. Осы азық-түліктердің қоры даяшының тоңазытқышында сақталады.Көжеге қосымша бәліш тәрелкесінде самса, бәліш, тоқаш, ірімшік жұмыртқа қосылған қарақұмық ботқасы, өзге де өнімдер ұсынылады.Мейрамханаларда топпен қызмет көрсету кезінде және өндірістік кәсіпорындардағы асханалардың үстелдерін алдын ала жасау кезінде көже 4...6 адамға көже ыдысында ұсынылады. 2.Түрлі тұздықты көжелер технологиясы Щи. Бұл орыс асханасының дәстүрлі тағамы. Щи жаңадан піскен немесе ашытқан ақбасты, савой қырыққабатынан, қымыздықтан, шпинаттан жасалады. Оны сүйек, етті-сүйектен, тауық сорпасынан пісіреді, түрлі ет тағамдарымен бірге ұсынылады. Ашытқан қырыққабаттан жасалған щиді сондай-ақ балық сорпасымен жасауға болады және ақшабақтармен, хамсамен, тұздалған тюлькамен ұсынылады.Жаңадан піскен қырыққабаттан әзірленген щи. Қырыққабат 2 — 3 см өлшемде шашка түрінде немесе майдалап туралады. Ерте піскен қырыққабат көсеу сабағымен бірге бөліктерге туралады. Тамырсабақтар мен пияз, сондай-ақ картоп бөліктерінің пішіндері, егер рецептураға жатса, онда олар қырыққабаттың фомасына сәйкес болуы керек: тамырсабақтар — бөліктеп, ұзынша немесе кесектеп, пияз — бөліктеп немесе ұзынша, картоп — бөліктеп немесе текше түрінде туралады. Рецептура жинағының 1- бағаны бойынша щи жаңадан піскен қызанақтардан және порей пиязымен әзірленеді, 2 және 3-томат езбесімен; 1 және 3- бағандар бойынша щиге шала қуырылған ұн қосылады (картоп қосылған щиге шала қуырылған ұн қосылмайды). Дәмі шыққаннан кейін щиге тұзбен араластырылған сарымсақ қосуға болады.Ашытқан қырыққабаттан әзірленген щи. Оларды да картоппен де, картопсыз да, сәйкесінше ұнмен немесе ұнсыз әзірлейді, тұзбен ұнтақталған сарымсақ та қосылады. Қажет болған жағдайда щиге дәміне қарай қант қосылады. Щи ұсынылғанда бетіне көк шөп себіледі және қаймақ салынады. Балық сорпасынан әзірленген щиге қаймақ қосылмайды.«Щи по-уральски». Бұндай щиге арпа, күріш, бидай, сұлы немесе «Геркулес» сұлы үлпілдектері қосылады.Тәуліктік щи. Бұл ертеден келе жатқан орыс тағамы. Оның технологиясы тұрмыста және трактирлерде орыс пеші болғанда және щиді сол пештің үстінде тәулік бойы бұқтырғанда пайда болды. Нәтижесінде тағамның ерекше дәмі қалыптасатын. Бұдан басқа, тәулік бойы ашытқан қырыққабаттың сүт қышқылының әсерінен сүйектердің фосфорлы қышқылды кальцийі ерігіш қалыпқа айналып, щи сіңіргіш кальцийдің қайнар көзіне айналатын.Қазіргі уақытта тамақтану кәсіпорындарының ыстық цехтарындағы негізгі жылыту аппараты плита болып табылады, онда бұл технологияны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан, тәуліктік щи мынадай түрде әзірлену тиіс: ашытқан қырыққабат ұсақ туралады және томат езіндісі мен шошқаның ысталған еті қосылып 3 ... 4 сағат бұқтырылады; қайнаған сорпаға немесе суға бұқтырылған қырыққабат, ұсақ текшелерге туралған шала қуырылған пияз бен тамырсабақтары қосылады және дайын болғанша пісіреді, соңында шала қуырылған ұн, дәмдеуіштер, тұзбен араластырылған сарымсақ қосылады.Көк щи. Қымыздық өз сөлінде, шпинат – азғантай су қосылып, кейін барлығы ұсақталып ұсынылады. Қайнаған сорпаға немесе суға картоп салынып, пісіріледі, кейін шала қуырылған пияз, қымыздықпен шпинаттан әзірленген езбе салынады және 15 минут бойы пісіріледі. Щи пісіріліп болғанға дейін 5 ... 10 минут бұрын сорпамен немесе сумен, тұзбен, дәмдеуіштермен араластырылған шала қуырылған ұн қосылады. Ұсынардан бұрын щи құйылған тәрелкеге қатты піскен жұмыртқа мен қаймақ салынады.Қымыздық пен шпинаттың жартысын ұсақтамай, щиге турап салуға да болады. Сондай-ақ көк щиді консервіленген көк көкөністерден әзірлеуге болады. Тіпті, щиді тек қымыздықтан ғана да әзірлеуге болады.Борщ. Борщтың ассортименті өте сан алуан. Оның ерекше құрамдасы қызылша болып табылады. Бұдан басқа, борщтың рецептурасында шала қуырылған көкөністер бар. Түрлі борщтарға қырыққабат, картоп, қара өрік, және саңырауқұлақтар, үрме бұршақ, басқа да азық-түліктер кіреді.Борщтың әзірленуі. Қайнаған сорпаға немесе суға ұсақтап туралған қырыққабат салынады және 10 ... 15 минут пісіріледі. Кейін бұқтырылған қызылша, шала қуырылған көкөніс қосады және дайын болғанға дейін пісіреді. Борщтың піскеніне 5 ... 10 минут қалғанда тұз, қант, дәмдеуіштер қосылады. Ашытқан қырыққабатты пайдаланған кезде оны бұқтырылған күйі қызылшамен бірге борщқа қосып жібереді. Борщқа сондай-ақ шала қуырылған ұн қосуға болады. Егер борщтың түсі онша ашық болмаса, онда оған қызылша тұнбасы қосылады. Оны әзірлеу үшін қызылшаны ұзынша турап немесе үккіштен өткізіп, екі есе мөлшерде сорпа немесе су құйылады, сірке суы қосылады, қайнатылады, 20 ... 30 минутқа тұндырып қойып, сүзіп алады. Тұнбаны қызылшадан да әзірлеуге болады.Борщ қаймақпен, үстіне себілген көкпен ұсынылады.«Московский» борщы. Ет-сүйекті сорпада 40 ... 50 минут бойы шошқаның ысталған етінің сүйектері пісіріледі, сорпа сүзіліп, сонда алдындағыдай борщ әзірленеді. Піскен сиыр еті, сан еті, сосиска бір үлеске бір тілім туралады, үстіне сорпа құйылып, қайнатылады, 3...5 минут қайнатып алған соң ұсынатын кезде борщқа салынады, қаймақ қосылады, үстіне көк себіледі және бәліш тәрелкесіне тоқаш салынып ұсынылады.«Флотский» борщы. Сорпа шошқаның ысталған еті (бекон немесе төс еті, немесе төстігі) қосылып, пісіріледі. Қырыққабат кесектеп, картоп — текше пішінді, қалған көкөністер — тілімдеп туралады және борщ жоғарыда көрсетілген технология бойынша пісіріледі. Пісірілген шошқаның ысталған еті 1 үлеске 1-2 кесектеп туралады және ұсынар алдында борщқа салынады. «Украинский» борщы. Бұл түрі қырыққабат және картоп қосылған борщ сияқты әзірленеді, бірақ дәмдеуіштермен бірге оған ұзынша туралып ұсақталған болгар бұрышы және сарымсақпен ұнтақталған шпик қосылады. Борщқа қосып тоқаштар — ашытқан қамырдан жасалған кішкентай тоқаштар ұсынылады. Тоқаштар ұсынылған кезде үстіне сарымсақты соус құйылады, ол тұзбен ұнтақталған сарымсақтан, сұйық майдан және қайнатылған суық судан жасалады.Борщ украин ұлттық тағамы болып табылады. Украин тамағындағы олардың ассортименті ерекше мол: барлық облыста дерлік өздерінің борщы бар — киевтік, черниговтік, полтавтік және т.б.Қышқылтым көже. Қышқылтым көженің көкөністі гарнирлі көжелерден ерекшеленетін міндетті құрамдасы тұздалған қияр болып табылады. Бұдан басқа көптеген қышқылтым көжелерден өзгешелігі оған ақ тамыр сабақтары мен пияздың көп мөлшері қосылады. Егер олар көп қосылса, гарнирдің құрамына қиярдан басқа картоп, порей пиязы және көк көкөністер – қымыздық пен шпинат қосылады. «Үйдегідей» қышқылтым көжесінің құрамында көк көкөністер болмайды, бірақ қырыққабат пен сәбіз қосылады.Қышқылтым көже вегетариандық, сүйекті, ет-сүйекті, құс етінің, балықтың, саңырауқұлақ қайнатпасының сорпаларынан әзірленеді. Егер қышқылтым көже дәмінің ащылығы жеткіліксіз болса, онда піскенге дейін 5 ... 10 минут бұрын қайнатылған және сүзілген қияр тұздығын қосуға болады. Қышқылтым көженің әзірленуі. Қайнап тұрған сорпаға немесе суға картоп салынады, қайнатып, шала қуырылған пияз бен ақ тамыр сабақтары, 5 ... 7 минуттан кейін — бөктірілген қияр қосылады, пісудің соңында — бөліктерге бөлінген қымыздықтың жапырақтары мен шпинат, порей пиязы, тұз, дәмдеуіштер салынады. Қышқылтым көжені көк көкөністер мен порейді қоспай-ақ, қияр мен басқа да көкөністерді арттырып әзірлеуге болады.Ұсынарда қышқылтым көженің бетіне көк себіледі және қаймақ салынады (балықтан басқа). Етті сорпадан әзірленген қышқылтым көжемен бірге ірімшік қосылған тоқаштар, ал балық сорпасына — расстегайлар ұсынылады.«Ленинградский» қышқылтым көжесі. Осы қышқылтым көженің ерекшеленетін жері гарнирдің құрамында не көк көкөністер жоқ, не қырыққабат жоқ, бірақ арпа немесе бидай, немесе күріш, немесе сұлы жармалары мен сәбіз қосылады. Бұдан басқа оны томат езбесімен әзірлеуге болады.«Московский» қышқылтым көжесі. Бұл көженің түрі тауық етінен немесе кұс етінің субөнімінен, немесе сиырдың бүйректерінен әзірлеп, ұсынылады. Гарнирдің көкөніс бөлігі алғашқы қышқылтым көженікімен бірдей. Қышқылтым көжеге жұмыртқа-сүт қоспасы қосылады. Бәлішхана тәрелкесінде ватрушкалар ұсынылады.Картоп және көкөніс көжелері. Бұл тұздықты көжелердің өте алуан түрлі тобы. Олар вегетариандық болады және сорпада әзірленеді, еттің, құс етінің әртүрлі түрлерімен, бұршақ етпен, тұшпарамен, балықпен және теңіз өнімдерімен, саңырауқұлақтармен ұсынылады.Картоп пен көкөністер түрлі көкөністердің кесілген пішіндерімен өзара үйлескендей тілімдерге, кесектерге, текшелерге, ұзынша болып туралады. Осы көжелерге томат езбелерінің орнына жаңа піскен қызанақтарды қолданған жөн. Ұсынғанда көже бетіне көк себіледі, бөлек бәліш, самса беріледі.Картоп көжесі. Қайнап тұрған сорпаға немесе суға картоп, шалқан қосылады, қайнатып, шала қуырылған пияз бен сәбіз, ақ тамыр сабақтары қосылады және дайын болғанға дейін пісіреді. Піскеннен 5 ... 7 минут бұрын тұз, дәмдеуіштер қосылады. Көжені томат езбесінен де әзірлеуге болады.Картоп көжесінің түрлері қымыздық, саңырауқұлақтар, жармалар (арпа, сұлы, бидай немесе күріш, тары, «Геркулес» сұлы үлпегі), бұршақ немесе макарон өнімдері, ет немесе балық бұршақ еттері қосылған картоп көжелері болып табылады.Көкөніс көжесі. Ұсақтап туралған ақ саңырауқұлақ сабақтары, сәбіз, пияз шала қуырылады. Қайнап тұрған сорпаға немесе суға ұзынша туралған саңырауқұлақтың басы салынады және 30 ... 35 минут бойы пісіріледі, кейін ұсақтап туралған ақ бас қырыққабат, туралған үрме бұршақтың қабығы, картоптың бөліктері салынады. Піскеннен 10 ... 15 минут бұрын шала қуырылған көкөністер, жаңа піскен қызанақтардың тілімдері, көк бұршақ, тұз және дәмдеуіштер қосылады. Ұсынарда үстінде көк себіледі, қаймақ қосуға да болады.Жарма қосылған «Крестьянский» көжесі. Арпа, сұлы, немесе бидай жармасы алдымен жылы, кейін ыстық суда жуылады, қайнап тұрған суға салынады (1 кг-ға 3 л) және жартылай дайын болғанға дейін пісіреді, суды төгіп тастайды. Қайнаған сорпаға немесе суға дайын болған жарманы, ұсақтап туралған жаңа піскен ақ бас қырыққабатты, текшелеп туралған картопты, шалқанды, ақ тамыр сабақтарын қосады және дайын болғанға дейін пісіреді. Дайын болғаннан 10 ... 15 минут бұрын шала қуырылған көкөністер мен томат езбесі немесе қызанақтар салынады.Көжені күріштен немесе тарыдан, оны көкөністермен бірге бір уақытта салады немесе «Геркулес» сұлы үлпегінен әзірлеуге болады, ол көже дайын болғанға дейін 15 ... 20 минут бұрын салынады.Көже қаймақпен және көкпен ұсынылады.Жарма, бұршақ, макарон немесе ұн өнімдері қосылған көже. Жарма қосылған көже. Көжені пісіру үшін күріш, тары, арпа, ұнтақ, сұлы немесе бидай жармасын қолданылады. Пісіруге дайындау сатысында жарманы қоспаларынан тазалау қажет. Ол үшін оны іріктеп алып, елейді және жуады.Қайнаған сорпаға немесе суға дайын болған жарманы салады, ал піскеннен 10 ... 15 минут бұрын шала қуырылған көкөністер, ақ тамыр сабақтары, тұз, 5 минут бұрын – дәмдеуіштер қосылады.Күріш, арпа, тары, сұлы және бидай көжелерін томатпен әзірлеуге және ет, бұршақ етпен ұсынуға болады.«Полевой» көжесі. Тарыны бірнеше рет жылы сумен шаяды (40 ... 50 °С), кейін ыстық суда жібітеді. Шпик текшелеп туралады, қуырылады, бөлінген майға ұсақ текшелерге туралған түйінді пиязды шала қуырады.Қайнаған сорпаға немесе суға дайын болған тарыны салады, ал 5 ... 10 минуттан кейін картоп, шала қуырылған пияз бен шпикті қосады және дайын болғанға дейін пісіреді. Пісіру аяқталғанға 5 ... 10 минут қалғанда көже тұздалады, дәмдеуіштер қосылады.Ет қосылған тары көжесі (кулеш). Сиыр еті ірі кесек қалпында пісіріледі, сорпадан алынып, 1 үлеске 1 – 2 кесек етіп туралады. Шошқаның шикі майы текшелеп туралады, ұсақталған пиязбен сары түске дейін қуырады. Қайнаған сорпаға дайын болған тары қосылып, дайын болғанға дейін пісіріледі. Піскеннен 5 ... 10 минут бұрын май мен пияз, тұз, дәмдеуіштер қосылады. Ұсынғанда көжеге ет салынады.Харчо көжесі (грузин ұлттық тағамы). Грузин тамағында осы көжені әзірлеудің бірнеше әдісі бар — сиыр етінен, қой етінен, тауық етінен, күркетауық етінен, қаздың етінен. Ет өнімінен басқа гарнир құрамына ұнтақталған грек жаңғағы, жүгері ұны, тары немесе вермишель қосылады; көжеге бұрыш, сарымсақ, хмели-сунели тұздығы, кориандр (күнзе) тұқымдары, ткемали соусы немесе шарап сірке суы салынады. Кейбір рецептурада түйінді пияз салынады.Бізде харчо көжесі мына технология бойынша әзірленеді: сиыр етінің төсін салмағы 25 ... 30 г етіп турайды және пісіреді. Түйінді пияз ұсақтап туралады және томат езбесімен шала қуырылады.Қайнаған сорпаға алдын ала суланған күріш, шала қуырылған пияз бен томат езбесі салынады және дайын болғанша пісіріледі. Піскенге 5 минут қалғанда көжеге ткемали соусы, ұнтақталған сарымсақ, хмели-сунели тұздығы, бұрыш, тұз, күнзе, ақжелкен қосылады.Макарон өнімдері қосылған көже. Бұл көженің түрі макарон, вермишель, кеспе, пішінді өнімдерінен пісіріледі.Қайнаған сорпаға немесе суға макарондар салынады, 10 ... 15 минут қайнатылып, шала қуырылған көкөністер мен томат езбесі қосылады және дайын болғанға дейін пісіріледі. Кеспе, шала қуыру бір уақытта салынады, ал вермишель мен пішінді өнімдер — 5 минуттан кейін салынады.Көжені макарон өнімдері мен картоптан да пісіруге болады.«Үйдегідей» кеспе-көжесі. Қайнаған сорпаға немесе суға шала қуырылған көкөністер, ақ тамыр сабақтары салынады, қайнағаннан кейін 5 ... 8 минут бойы пісіреді, кейін әзірленген үй кеспесі салынып, дайын болғанға дейін пісіріледі.К е с п е н і әзірлеу үшін: суық суға шикі жұмыртқа, тұз салынады, араластырып, ұн қосады (1-сұрыптан төмен емес), қатты қамыр илейді және балауыздың бөртуі үшін 20 ... 30 минутқа қойып қояды. Дайын болған қамырдың тілімдерін ұн себілген үстелдің үстінде қалыңдығы 1 ... 1,5 мм жайма жаяды. Жайманың бетіне ұн себіліп отырады, бірінің үстіне бірін қойып, ені 35 ... 45 мм ұзынша жолақтарға турайды, кейін көлденеңінен ені 3 ... 4 мм жолақтарға немесе ұзынша етіп турайды.Кеспе ұн себілген үстелдің үстіне 10 мм артық емес қалыңдықта жайылады және 40 ... 50 °С температурасында 2 . 3 сағат бойы кептіреді.Жоғары дәмдік қасиетімен саңырауқұлақты кеспе-көжесі ерекшеленеді. Үзбе қамырдан әзірленген көже. Қайнаған сорпаға ақжелкен (тамыры), шала қуырылған сәбіз бен пияз қосылады және дайын болғанға дейін пісіреді, кейін піскенге 5 ... 10 минут қалғанда көжеге тұз, дәмдеуіштер қосылады. Үзбе қамыр сорпаның азғантай мөлшерінде пісіріледі және көжені ұсынарда көжеге салады.Ү з б е қ а м ы р д ы әзірлеу үшін: суға немесе сорпаға май, тұз салынады және қайнатады. Қайнаған сұйықтыққа, араластырып отырып ұн сеуіп отырады және араластыруды тоқтатпай 5 ... 7 минут бойы қыздырып, қамыр қайнатады. Алынған массаны 60 ... 70 °С дейін салқындатады, 3 — 4 шикі жұмыртқа қосып, әбден араластырады.Дайын болған қамырды бұрап илейді және салмағы 10 ... 15 г етіп турайды. Үзбе қамырды сұйықтығын артықтау етіп (1 кг үзбе қамырға 5 л), 5 . 7 минут бойы ақырын қайнатып пісіреді.Тұшпара қосылған көже осыған ұқсас етіп пісіріледі.Бұршақ тұқымдастары қосылған көже. Бұндай көже үрме бұршақпен немесе аршылған бұршақпен немесе жасымықпен әзірленеді. Қайнаған сорпаға немесе суға бұршақтар салынады және пісіріледі. Піскеннен 15..20 минут бұрын ақжелкен мен шала қуырылған көкөністер қосылады. Үрме бұршақтан жасалған көжені томат езбесімен әзірлеуге және оған тұзбен ұнтақталған сарымсақ қосуға болады.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру