Мазмұнға өту
Home

Жасыл қанат нұрлы сөз

ISBN: 978-601-7023-22-5 Беттер саны: 104 Жанр: Айтыс Жыр

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жасыл қанат нұрлы сөз

Авторы: ISBN: 978-601-7023-22-5 Беттер саны: 104 Жанр: Айтыс Жыр

ЖАСЫЛ ҚАНАТ НҰРЛЫ СӨЗ (Қалдарбек Найманбаевтың 70 жылдығына арналған «Отаным – жаным, ана тілім - арым» атты халықаралық ақындар мүшəйрасына қатысушылардың жыр жинағы)

УДК 821.512.122. ББК 84 Қаз 7-5 Ж 33 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əлеуметтік маңызы бар əдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы Жасыл қанат нұрлы сөз. Жыр жинағы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2009 жыл. 104 бет. ISBN 978-601-7023-22-5 Қазақтың қайталанбас жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құрушылардың бірі Қалдарбек Найманбаевтың 70 жылдығы мен мемлекеттік тілді насихаттауға байланысты жарық көріп отырған бұл жинақта «Отаным-жаным, ана тілім-арым» атты халықаралық мүшəйрасына қатысқан 30 аса ақынның өлеңдері іріктеліп отыр. Бұл Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жылда өткізетін дəстүрлі халықаралық жыр мүшəйрасы Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жинаққа мүшəйрада жүлделі орындар алған жас қаламгерлермен қатар аталмыш байқауға шығармаларын жіберген алыс-жақын шетелдерде тұратын қазақ ақындарының туындылары топтастырылды. Бұл жинақтан қазіргі жас ақындардың қарымы мен шығармашылық қуатын байқауға болады. 4702250202 УДК 821.512.122 00(05)-09 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-7023-22-5

© Ұжымдық жинақ, 2009 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы “Атажұрт баспа орталығы, 2009

Ж 33 А Ерлан Нұрдықанұлы Қытай Халық Республикасы САН ҒАСЫРЛЫҚ САҒЫНЫШ Ақ қағазға төгіп өтсе бұлт – қайғым, Мен ойлаймын сонау бекзат жұрт жайлы... Таң сəріде бір бұлаққа еңкейіп, Түннің иісі сіңген судан ұрттаймын. Түннің иісі сіңген судың бояуы... О, Тəңірім! Ол – мезгілдің қаяуы. Сан ғасырды сағынамын, қалайда – Қаламаймын мен ешкімнің аяуын. Ұлы тарих! Ертегіге енерде – Кетті айналып көзге симас көлемге. Тағы да сол тасқа айналған тағылым... Тас бетінде тамыр жайған өлеңдер... Күннің алтын омырауынан нұр жұтқан, Сол сахара... Сол тəкаппар тірлік – таң! Көшпенділер көк пен жерге сыр айтып, Сырдың суын сыбызғыдан сырғытқан. Зарығыңның дəруі сол, іш інім! Мөлдіретіп құйып берем құс үнін... Көкжал тарих көз жасымен орнатқан, Көзімдегі көкбөрінің мүсінін. Сол мүсіннің жанарына жазарым – Бабалардың махаббаты... Мазары...

Ұлы дала – ұлт рухының бесігі, Маған қымбат сені сүю азабы. Жанарына мың сағыныш жасырған, Менің рухым – тамыр тартқан тасыңда... Алтын іздер жетелейді, Адаспан! Туылсам да тым қараңғы ғасырда. ТАҢ БӨБЕГІ (Бұл өлең ертеңгі тіл тағдырына деген ұлы сезімнің ұшқыны) Жылай-жылай көкжиектің көзі ісіп, Қамығады өз көз жасын өзі ішіп. Қанатынан нұр тамшылап, Сол жақтан – Келеді бір жасыл қанат сөз ұшып. Ол – Аңсаудан жаратылған ай құсы, Қанатында қараңғылық қайғысы. Жер бетіне жеткен екен ақыры, Менің Мəжнүн жүрегімнің Лəйлісі. Шексіздіктің аспан текті сөзінен, Көбелектің сұлу мұңын сезінем. Талықсыған таңдайыма тамызды-ау, Жаппар Ием, Көкжиектің көзінен... Ей, ұлы сөз! Сенің жасыл реңің, Сезіндірер аспанилық нұр елін. Мен не дейін, Көлеңкенің қойнында – Көп ұйықтаса шайырға тəн жүрегім?! Таң бөбегін орап ыстық ақ қарға, Көктем болып кеттім міне ақпанда... Қандай бақыт сенің ұшып жеткенің, Мен өлеңге қабір қазып жатқанда. ЕЛЕС Немесе дала рухына тагзым! Қаламымның ұшынан – ақ қағазға түн тамып... Ең бір ыстық елестер жан дүниемді жылтады. Ер-тұрманы күмістен, кісінейді əнеки – Құс жолынан су ішкен айқасқалы тұлпарым. Ол – сахара рухы. Жер танабын қуырған – Пырағым-ай, перінің ойнағында туылған. Ұлы дала елесін қанатыңа мінгізіп, Қайдан ұшып келдің сен?.. Ей, тəкаппар сұлу мəн! Жүрегімді əлдилеп көзіңдегі иірім, Тамшылайды тарихым сауырыңнан құйылып. Тағыда сол жас қайғы – Тасқа айналған тарих... Мен сағына бастаймын, Саған үнсіз сиынып! Кісінеген даусың жан дүниемді жылтады, Алақанымда ай жатыр көлеңкеңді қымтанып. Бірте-бірте өзім де айналамын елеске, Қаламымның ұшынан – Ақ қағазға түн тамып...

ҚАБІР ҚАЗЫП ҚАЛДЫРДЫҢ БА ҚАҒАЗҒА (Бұл өлең – Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының бұрынғы төрағасы, тарыдай шашылған қандастарды қазақ топырағына, бір тудың астына жинау жолында еселі еңбектер еткен; сол ұлы мақсатын, ұлт мұратын орындап үлгірмей Алла алдына арман арқалап қайтқан Алаштың ардақты ұлы, қайраткер, марқұм – Қалдарбек Найманбаевтың рухына бағышталады). Ақыретіңе айналғанда ақ өлең, Зиратыңды қайдан көрдім, Аға, мен?! Қабір қазып қалдырдың ба қағазға, Бас иер деп барша қазақ, бар əлем. Ақыретіңе айналғанда ақ өлең, Қабіріңді қайдан көрдім, Аға, мен?! Гүлге жерлеп кеттің бе əлде рухыңды, Ақым қазып ақ қанатты арамен. Бəлкім, сені жалғастырып даламен, Жапырағына жасырды ма нар емен... Қолым жетсе аспандағы айды да, Қайран аға! Қабіріңе қадар ем. Ағаш болса жапырағына жасырған, Жапырақтар шөлін бассын жасымнан. Жанарымнан түсті үзіліп мінеки – Жаралы жыр – жалғыз тамшы жасыл қан. Жаралы жыр – жалғыз тамшы жасыл қан, Сəлем саған тым қатыгез ғасырдан. Қабіріңе жиналар ма бір күндер, Қайран қазақ тарыдайын шашылған. Ақыретіңе айналғанда ақ өлең, Қабіріңді қайдан көрдім?.. Аға, мен – Теңіз болсаң, ақбұлаққа айналып Саған қарай тым асығыс ағар ем. Бауыржан Қарағызұлы Астана қаласы АҚЫН РУХЫМЕН СЕРТТЕСУ (Қазақ жастарының атынан) ...Қажу барма тұлпарға, Талу барма сұңқарға, Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін! Мағжан БЕКЕНҰЛЫ Кере қарыс маңдайынан ғарышқа жол салып, Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған! Сұңғыла сертінде бодандық булығып, Дұғалы сөзінде Азаттық аңқыған! Арыстан жүректі, абадан мінезді асылым! Ажалды жылатып, айбынды от жырың, Жалғанды жұбатты періште пəктігің. Жан мұңын сөйлетіп, Ар құнын құлпыртып, Алаштың демінен Жұмақтың суретін билетіп, Кешегі керауыз сатқынды састырып, Бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып, Көңілдің көгінде қырандай сусылдап, Жүректің қобызын күңірентіп, Қош келдің біздерге Ақ Сəуле – Ақтық Үн! Тəңірі тірілтіп, Тəңірі қолдаған, Бес күндік өмірдің өзегін жалғаған, Ер Баба тілінен өр, дана Рухың нəр алып, Сегіз қыр Сөзіңнен сегіз нұр таралып, Күн шығыс көзінен күрең нұр қара өлең лаулатып, Күнбатыс көгіне Күн болып жаралып, Алашқа Алланың Самалын естіріп, Қош келдің бұл жерге қаһарман хас Ақын! Қош келдің Жанарым!

Туған жер топырағын толғатып, жібектей желімен сырласып, шөбімен, аңымен, құсымен мұңдасып, Түбі бір Түркі үшін, Алтайдай құлазып, Арқадай аңырап, Тұранның төсіне жұлдызды ойлары жамырап... Қаламның ұшынан Əлемнің сезімін түрленткен Ұлы Ақын! Қош келдің Тəуелсіз Түркіге! Қош келдің Тəуелсіз Қазаққа! Даланың көшпелі Обалын ойлаған – Сананың мəңгілік Шырағы. Ойының киелі тұмары, Рухы сусаса сусындар қасиет бұлағы – Сендегі Аңсардың зарымен, Үміттің қанымен көктеген жазбалар, Қазақтың Есінде Дес болып жайқалып, Жусандай бұрқырап тұр əлі! Сен сендің Жастарға, Сен сенген мына Мен – Сөзіммен шайтанды шошыттым! Өзіммен кəпірді жасыттым! Желтоқсан желінде Қайрат боп қаһарым жұлқынып, Ажалға жүгірдім кегіммен ұмытылып! Содан соң… Кірпікте марқасқа қуаныш мөлдіреп, Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп, Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып, Алаштың мерейін тасыттым! Сен сенген мына – Мен, Е-е-хе-һе-ей!!! Қарашы, Адамның аспантек баласы! Иманым жүзімнен жыр болып шашырап, Күн болып шаттанып шалқақтап күлемін! Білемін, Көмейден күй сынды сұңқылдап тілегім, Ел үшін жұлыным жұлынса өкінбен! Хас Ақын, Мен саған Ант етем! Алланың жұпарлы Атымен Ант етем! ƏЛЕМГЕ СҮЙГІЗЕМ ҚАЗАҚТЫҢ ХҰСНИ ЖҮРЕГІН! СҰЛТАНƏЛІ БАЛҒАБАЕВТЫҢ МОНОЛОГЫ Қалдарбек Найманбаевтың рухына арналады Жанардан жұлдыз ағып, түн түнеріп, Отырмын бүгін тағы күлкім өліп. Жүрекке жұбаныштың гүлі болып, Келеді бəлкім, сабыр, мүмкін, ерік... Жабығып, обал сүйіп жоғалар күн, Талантты тірісінде бағалар кім?! Қалеке сағынады інілерің, Өкініш өртеп жанын ағалардың. Қалеке, айбарлы ағам, асыл досым, Мəңгілік ойымдасың, қасымдасың. Сағыныш – қос дүниенің махаббаты, Сағыныш хақиқатты жасырмасын. Осылай сағыныштың тіліменен, Жыр-пырақ кісінеді түніменен. Рухың мендік мұңды түсінеді, Себебі, өкініштің үніменен, Көкейде кешегімнің мұңы калып. Кешегім қос қөзімнен тұнып ағып. Сөзімде күңіренді ұлы дала, Біздерді түсінгендей Ұлы Халық. Ұстанып ата салтын, дала заңын, Шақырып бар қазақтың даналарын. Өр Алтай қарт Алатау арасынан, Есіркеп ескі жолды жаңаладың.

Қазаққа қажет еді амандығың, Тең еді періштеге адамдығың. Ауырмай ақшамен де, атақпен де, Айналды Ақ Дұғаға Адалдығың. Ардағым есіміңде нұр күледі, Арманың – бар қазақтың бірлігі еді. Тілегің – сол қазақтың пəк мұраты, Жүрегің – Иман сертін білдіреді. Көңілің – көктемгі бір самал еді, Өмірің – өнегелі əн əдемі. Көктеді ойларыңда мəңгілік сөз, Гүлдеді қаламыңда Жан əлемі. Мөлдіреп маңдайында тұма жырдың, Сен жатқан құбыласында құба қырдың. Көзімен көкіректің сауап тілеп, Мен саған болмысыммен дұға қылдым... Ей, дүние-ай!!! СҮЙСІНУ Теңдессіз Тəңіріні ұмытып, Аяулы Адамын алдаған. Заманның қап-қара күсінде Бұйығып жүрегі, Құбылып түр-өңі, Күңіреніп.., Арманы айналып аранға, Санасы сорлаған өсекшіл ерін мен төсекшіл нəпсіден, Жасанды айқай мен күлкілі «зар-мұңнан» Қып-қызыл марапат мүңкіген дəптерден, Жиіркеніп, Тап-таза кəусарға зарыққан маңдаймен, Уақыттың өтінде қалтырап жүргенде... Мен Сіздің аппақ жүрегіңізді көрдім де, Көзіне мөп-мөлдір шық тұнған, Сөзімнің самалы қызғалдақ өсіріп, Өзімді өзіме ұқтырған. ... Мендегі бозбала көзқарас өзгерді. Өзгермес дүние таяғын таянған қария секілді, ойының үстінде қалғыған. (Е, мейлі, қалғысын, оятып алғанша ең ұлы Соңғы Күн). Өзгердім, өзгердім қуанып, жанардан жұлдыз –– мұң сорғалап, буырыл адырдан мың қоян тапқандай, қалқайып, сəбидей шалқайып шалықтап, Мəз болып, отырдым қиялдың ішінде. Міне, енді, Жанымды ауыртқан сап-сары сөздердің сұлбасын миымнан өшірдім. Мен Сіздің аппақ жүрегіңізді көрдім де, Еліктеп (өзімше) Аңқаудың еңбегі жұтылған өңеш һəм тың тыңдап күбірлі іңірден үңілген зиянды құлақтың кесірін; содан соң... Көңілімнің көгіне қара бұлт үйірген күлімсі пиғылдың иісін сіңірген өтірік күлкінің кешірмес кінəсін кешірдім. О, Сіздің аппақ жүрегіңіз, тағдырдың тəп-тəтті сəттерін өрнектеп, Аңқылдап сөйлеген сəттері кетпейді есімнен. Себебі, Аспанда балқыған ақ Айдай нұрланып, Көңілімнің төрінде көсілген.

*** Мейірім күзеткен жүрекпен Қайырым іздеген ізеттен – Мен де бір адасқақ Жан едім ағайын, Жоғалған Ой едім, ағайын... Ой, Алла-ай, неліктен ызғарлы сөздерің?! Жылылық сезбедім... Сұлулық көрмедім... О-о-оо, бүгін бір көрсе, көрмесін көздерім! Түү! Неге көмескі шығады үндерің... ...Білмедім... Далада күңіреніп аруақтар арманы... Қалаға қып-қызыл құмарлық орнады... Ағайын, ал, енді той жаса! Ол да бір мақтаныш. Мақтаныш – егестің сұңқылы ойдағы... Ал, сөйле... Езуден ессіз сөз сорғалап, Есіңде есінеп қайдағы... Күндер-ай, күндер-ай... дерексіз – өтірік мақтаулар керексіз. Сіз неге үндемей қалдыңыз... ...Ағасы?! Демек сіз... Шамасы... ))) Жə, болды кешірім беріңіз, Ешкімге айтпаймын сеніңіз. ЖАР Жүрегіңде сезім бүршік жарғанда... Арманыңнан аппақ-аппақ ой ұшып, танымайтын,білмейтін, Мені күттің жолдардан... Сен - Үміт едің ерінінде шөл өлген, Мен - Назар едім сұлулықты аңсаған, жо-жоқ, Аңсар едім құшағында Ай күлген. Міне, осылай екі бөлек əлемде сағынышымызды жүдеттік. ...Уыз тамған омырауында уақыттың, Мені Саған таңдау еркім жетелеп, Сені Маған таңдау еркің ерітіп, Тағдырымыз гүлдеді. Гүл-гүл тағдыр, Көркем сөздер... Менің күллі ғұмырым, Əлдиіңнің əуеніне айналды. Əлдиіңнің əуені - арманымның патшасы! Тфə, тфə, тілім таста майырылсын! Жарығым... Менің мұхит мұңымнан көңілімнің көз моншағын ауладың. Ашуымды ақылыңа құштырдың... Мен... Сосын тағы... Көздерінен мың өтірік бықсытып, Сөздерімен сүйіскендер жылатқанда жанымды тек Сен ғана сабырыңмен аялап, тек Сен ғана жүрегіңмен жұбаттың. ...Білесің бе?! Сенің қанағатты қабағыңда, Менің жұлдызды тəубелерім бар, Ниетіңде ырыс-құтым бар баталы. О-о-о, ендеше, осы Өлеңді қаперіңе арнадым... Ал, тыңдашы... шаңыраққа қарашы... Біздің ғұмыр - Періштенің күбірі...

ҚУАНЫШ Дəлей Қытай Халық Республикасы СЕЗІНУ Түс. Дала қараңғы, Жанар буалдыр, Күңгірт... Сарыала сағымның биіне қанған!! Құм... Сексеуіл... Тораңғы... Айқай – өтеді құлақты үңгіп: «Жалған – дүние!... Дүние – Жалған!!!». РОМАНТИКА Шарап ішіп шаттанатын мен емес, Шалқып сөйлеп мақтанатын мен емес. Қиялымда: Хордың қызы күн сынды, Не бір ұлы соғыстар мен төбелес!... Қанжарларын айға білеп атылған, Арыстан бас жауынгерлер – Батырлар! Сағыныштан жаны уланған арулар, Қанға басын тығып өлген ақындар... Құба түзде қайраңдаған кемелер – Көп төбелер... Құлазыған төбелер... Күңгірт бояу – Кешкі сағым... Мұңлы аймақ, Қу сүйекте көктеп тұрған жебелер!!! Жүрегімді қарып өткен түнгі ызғар, Əрі жақын əрі шалғай жұлдыздар. Бұрымынан жалбыз иісі бұрқырап, Ермен дəмі ернінде бар гүл-қыздар... Төсін керген түнім барда паңдана, Қолым созып қайтем жарық таңға ана! Қиялымда: Айбынды һəм такаппар Жəне мұңлы сол дала. Мұңлы дала, Жоқ рухы – Жоқ ермен... Батыр да жоқ, Ақын да жоқ... Мен – өлгем!!! Құлағы жоқ адамдардан безініп, Өз мүрдеме өлең оқып берем мен... Өмір қашан тазарған-ды кір-қоңнан, Бабам айтқан: Əй, қу жалған, Бұл жалған!! Аққу құсқа кетті айналып рухым, Мүрдемді іздеп қапылыста ұрланған... Күресінге көмген гүлдер – Таза арлар, Тұманды ойлар... Мұңлы, сырлы ғазалдар. Тағылымдар – Тас мүсіндер балбалдар... Мағынасыз қақтығыстар, Мазарлар... Жеті ұжымақ – Жеткізетін жол қалмай, Жеті тозақ – Бізге пана болғандай!! Екі дүние ортасында сенделген, Сен де, Мен де, Бəріміз де сормаңдай!...

Ақ ордалар албастыға мекен боп, Билейді олар жүрегіңді мекендеп. Ойламайсың... Ойлатпайды жəне олар, Бұл сахара өзімдікі екен деп!! Қарақшылар – Қаны сұйық көзелдер, Торуылдап жатыр алда кезеңдер... Сары құмның баса алмайды сарығын, Тамырымда тулап аққан өзендер! Жеті ұжымақ – Жеткізетін жол қалмай, Жеті тозақ – Бізге пана болғандай!! Екі дүние ортасында сенделген, Сен де, Мен де, Бəріміз де сормаңдай!... ЖОЛДАР ЖолдарТозаңдар, Белгісіз бірдеңе... Көзге ұрар уайым толқыны шаңытып. ЖолдарАспанға атылған сұр жебе, Қарулы қолдар адырнаны ағытып. Аспанға төсеймін бетімді, Көз жасым топыраққа тамып. ЖолдарСелебе секілді, Кетеді жүрегімді жарып!!... ТҮН Қанжарың осқанда О, ызғар, Бетімнен сау тамтық қалмаған... Түсіме енеді Оғыздар Тарих тасқыны жалмаған. Қылаулап ұшады аспанның, Мамығын жел жұлып... Құтырық! Өмірім - Уақыт – қақпанның Кетеді ерніне жұтылып. Кім мені мəпелеп аялар, Құшағың сұп – суық, Кеңістік! Ақиқат есінеп оянар, Молаға толғанда жер үсті... САҚТАР Сақтар! Сендерді сүйемін, Табаным астында жатса да Топыраққа айналған сүйегің! Сақтар! Даланың ғажайып ұлдары, Тарих бетінің жоғалмас парағы. Қара өлеңімнің қасиетті ырғағы, Ана тілімнің құламас жалауы... Тұлпарлар табаны Ұшырған шаң – тозаң қолқаны қабады. Сары дөң үстіртін жүр əлі мекендеп, Сондағы рухым – Қолында садағы. Сақтар! Жорыққа шығар ем мен сен боп,

Өрлігің жебесе қамшы боп. Дегенмен өлі арыстанның мəнісі жоқ... Мен дағы болғанмын қансырап, Аспанға қараймын кемсеңдеп, Алайда, Көзімде тамшы жоқ!... Өзіңнен жалғасқан бүгінге, Тек, күшім қалғандай тілімде. Үмітім жаралы – Оны да ұмытып барады, Кеткен бір ұрпағың Жүрегі іріңдеп... Жылдарға жасырған айбынын, Уақыт тонаған байлығын, Мекенімнің мезгілсіз құрбаны Сақтар!! Құйрық – жалы күзеліп тұлданған айғырым! Сақтар! Сендерді сүйемін, Табаным астында жатса да Топыраққа айналған сүйегің ...?! ДАЛА Дала! Терлеген тебінгім жоғалып, Ақ найзам майырыла сынған жер. Иенге тігілген ақ ордам тоналып, Көкірегім шарасыз тынған жер... Дала! Ордасы қайғының, Жер бауырлай ұшатын түтіні. Көкбөрі Жəнібек айбынын, Ұрлатқан мезгілге Тұқымы... Дала! Сен менің бүгінгі, Тəркі еткен опасыз жалғанды; Тісім қыршып түсірген тілімді, Дəуірге сіңдіріп ділімді, Дауылдар ап қашқан үнімді, Сосын – Өзіне тіреп отырған қанжарды... Сен құрисың – Тұқымың тудырған жанжалдан, Мен құримын – Өз қолым сілтеген қанжардан!! ... ... Дала... Дала... Айхай – и – и, дала!!!... ЕРМЕН ИІСІ Қасиет пен қасірет қалай-қалай тоғысқан, Ермен иісі мұрныма келеді еміс алыстан... Қыстаулық пен қаланың ортасында бір мұң бар, Мен, Сен – Жəне сексеуіл, Ермен иісі... Жыңғылдар!!... Мынау байтақ өлкені басып өткен бір дауыл, Жоқ енді ермен иісі... Үнсіз мола... Мұңлы ауыл!!... ЖАПЫРАҒЫ СУДЫР ҚАҚҚАН... Сырғанайды көк аспанда уақыт, Батырады күннің өзін жылатып! Алдап – сулап адам біткен жүр оны, Тастан қатты жүрегі Уақыттың ажал еді бір аты...

Жақсылыққа бастап мені бір ізгі – Шулы боран арасынан жол тауып Боздайды – ай кеп сыбызғы... Жасыл тоғай, Жасыл шөптер... Бəрінің Дəмін басып түседі енді қымыздық! Жапырағы судыр қаққан қара тал, Сылдыраған əн – бұлаққа жарасар! Ақ көбелек қонып өтті гүлге ана, Бақабақтың сарғыш күлтелерінде Шырын сорып тұрды ара – Тіршілік деп несібеге таласар Олардың да махаббаты орасан!! ... ... ... Жортып – жортып өтеді анда Тышқандар, Олар да ма, Əй, оларда жоқ отан... Бар табиғат өлмейтіндей мəңгілік Қалпында сол əрі бейқам... Əңгүдік – Тіршіліктің бүлкілдейді тамыры Лапыл қағып қан жүріп... Шегірткелер шыр – шыр етіп қоймайды, Осы сəтті тұратындай мəңгілік – Əн қылып!... Сырғанайды көк аспанда уақыт, Батырады күннің өзін жылатып! Алдап – сулап адам біткен жүр оны, Тастан қатты жүрегі Уақыттың ажал еді бір аты... Руслан Нұрбай Қарағанды қаласы ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВҚА Жанымыздың садақ – асы малда екен, Арымыздың садақ – асы жан бекем! Қалған қазақ қабірлермен қарайып, Сіздер қаққан қазықта жүр Қалдекем! Құйын-заман қиын зарға сүйретті Алтай, Гоби, Такламакан, Тибетті Ана жылы Анадолы дегендер Баба жолы осылай деп үйретті. Артта қалып жершілдік пен ауылдық. Рулық пен жүздің басып дауын нық . Қаратауға мұңын шаққан қайран ел Бала сау деп құрған едік қауымдық. Жетпіс жылдай ойран салып отарлық. Құтымызды құдықтарға қотардық. Құтыру мен құлдырауға шақ қалып Жетпістен соң сіздер жаққан от алдық. Жерің бар да, елің бар да, мал бар деп. Көш түзелді, өш күзелді... Заңғар көк! Құдіретке бəйіт айтып қал-қан деп Жетпісте де жеке шапты Қалдарбек. Отаршыға отырғанда ой қонбай. Алашымның арысы едің аймаңдай. Тəубə, Тəңір, қазақ қазір қадірлі, Қауым аман, Керей-кең де, Найман-бай.

ҒАСЫРДЫҢ ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ Сендерге жыр, бабама құрмет білем, Қазақ десе Сақ, Оғыз, Ғұн деп білем. Көк Түріктің ұрпағы Күлтегінмен, Біліктідей тарадың шын тектіден. «Елім-айдан» егіліп мұң төгілген, Аман қалдық қырық қырғын, мың тепкіден, О, достарым сендерге жыр-шеріммен Жан-жүрегім ашылып, сыр шертті кең. Шырылдаған үн бітіп шымшық тілге, Туысты іздеп тұрмадың тыңшып мүлде. Дешті Қыпшақ сендерді зорға күткен, Қанатына хат байлап бүркіттің де. Сол ғасырлар қайтейін сорға біткен, Жақыныңнан жат кеттің үркіп түнде, Өзің жеңген кешегі торғауытпен. Қолтығына тығылдың шүршіттің де. Дей алман бəрін айтып болды өлеңім Алтай-анау, асудан жол көремін, Орхон-анау, қолдасын Білге қаған. Қара тасты тозбайтын тон дер едім, Мекенің моңғол жерін тілге салам. Бұлғын, Сеңгіл, арналы Қобда өзенін, Тектілер-ау мұңымды кімге шағам, Оралып шаттыққа бір толды өзегім. Қыраным жұр қалықтап ұшып көкте, Қара нар қара жерді құшып шөккен. Құдірет көңіл бөлсін қазаққа да, Басынан кетпей қойды-ау ұшық көптен. Талайы қысық көз деп мазақтаған, Жылай-жылай қабағым ісіп кеткен. Мен бүгін көк бөріге наз ақтарам, Біз неге дос боламыз мысық-текпен. Қайтеміз қарт-тарихты текке күндеп, Өршімесін қайтадан өткен індет. Ғасырдың өтті күзі, сұм қыстары, Оралдың мекеніңе көктемің кеп, Сендерсің заманың жыл құстары, Атажұрт аңсап қонған көк белім деп. Ашылды ақ-сарының қылмыстары, Айыпқа жаптым жырдың шекпенін кеп. Күннен жылу тосқан ел, айдан мерей, Мұнда қазақ жүр «қымыз, айран» демей. Балдырғанды бесікке бұрыс бөліп, Балмұздаққа жүгірді майдан жемей. Батыстың бұзық əнін дұрыс демек, Өкпе өшті, тіл талды, ойран көмей. Қазаққа рухани ырыс керек, Жəрдемге келдің жақсы найман-керей. Тілің бөлек, сыр бөлек, жұмыс бөлек, Біріңе-бірің енді «ойлан!» демей. Елің-азат, тілің-бай, аузыңда ерік, Енді ашамыз бірліктің қауызын керіп, Моңғол, Қытай, Иран деп аулақ қалма, Бəріңді де ағайын бауырым дедік. Шауып сауын айтар ем сан жақтарға, Тұрғаны ғой əттең-ай таудың бөліп. Аңсап жете алмаған аруақтарға Алақан жай, Алашым! «Аумин» делік. ЫСТЫБҰЛАҚ – ЫРЫСЫМ Ырысым да, шығысым – Ыстыбұлақ. Сені жырлау мен үшін күшті мұрат. Еңбек деген жер едің ел боп келген Еңбектеген өзіңде ерке бала. Тербеп келген бесігін құшты жылап. Шаңырақтау, Өгізтау, Қойтастарың Бала кезден бойыма ой тастадың. Бауырбұлақ, Шүмектен шырын жұтсам,

Ауыр бірақ шабытпен шайқасқаным. Қауым жырақ өзіңнен ойқастады. Əрбір жерде əл іздеп бала қалды. Шөберелер шарлап жүр қалаларды. Ұғар ұлдан не пайда ұрпақ үшін... Дұға қылған далаңда мола қалды. Күбірледім ішімнен, күмбірледім. Кімге керек ойынмен, күлдіргенім. Тау құмдағы тақпақтар əлі есімде Аузымдағы тəтті сөз көпке жетсе, Бауырыңдағы сол балдай бүлдіргенің. Естелікпен, елеспен, жаным – сағым... Жарылқай ма?! Жырымен жалын – шағым... Уайым кешкен сені аңсап ұлдарың бар. Ойымды өпкен өлеңім ащы болса Сайыңда өскен ол дағы сарымсағың. Қалды ма екен қырыңда ізім бүгін. Сұлулыққа тартатын қызыл гүлің. Ұшқындауы ол сенен жан жырымның Қышқылдауы болса егер қалжыңымның Күштің бəрі ол сенің қымыздығың. Сендей жерді іздедім, табылмады, Байқайсызба, бал күнді сағынғаным. Төзе білмей толқысам жайлап қана, Кезегімде сырымды айта алмасам, Өзеніңдей «Сырым» боп ағылғаным. Кеттім бе екен жел сөздің жетегіне... Кем кетігін көрсетші Көке міне?! Қан қалғалы бойымда, ойымда сен! Барғандары болса егер дұға қылсын, Малдандағы Нұрбайдың мекеніне. Ыстыбұлақ! Ырысым – Ыстыбұлақ. Жоғалғаның қинайды ішті бұрап.. Алмас ТЕМІРБАЙ, Көкшетау қаласы. ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ ЭЛЕГИЯ Кіргенде керемет үйлерге еңселі, Кезгенде бастықтар бас бұққан кеңсені. Көңілім маңырап ашқарақ қозыдай, Сағынам мен Сені, іздеймін мен Сені... Күңгірлеп қу басым бөшкедей қаңсыған, Күн сайын мен солай... күйінем, таусылам. Ойларым ойран боп, мен Сені аңсаймын, Ойыншық сүйреткен сəбидің даусынан... Сыңсыған сырымды сездірмей өзгеге, Мəн беріп əр түрлі үнге де, сөзге де. Мен Сені тосамын, балалар у-шу боп, Мектепте қоңырау соғылған кезде де... Сан рет сағынып, жабығып, қамығып, Жүректі жұлқылап əр лүпіл – əр үміт. Əкімдер сөйлесе, əкемді көргендей, Мен Сені күтемін, күтемін зарығып... Қазақтың қыздары орысша қуанып, Жанымның жапырағы барады қуарып! Қара көз арудың оймақтай аузынан, Мен Сені күтемін аузымның суы ағып... Аузымның суы ағып... аңсаймын, сүйемін, Сүйемін, шашылып қалғанша сүйегім. О, менің атамның күшіндей – қуаттым, О, менің анамның сүтіндей – киелім! Қазақы көзімді сықситып түнімен, Қырық екі əріптің алдына жүгінем... Қазбалап əр сөзді, қазына ақтарып, «Түсіндірме сөздікке» жүрекпен үңілем... Дерт болдың Сен маған сезіммен жабысқан, Серт болдың сезімнен өлеңге ауысқан.

Сен үшін ұлы Ахмет көз жасын тия алмай, Сен үшін ұлы Абай көз майын тауысқан... Оралса деймін-ау, дəуренің кешегі, Екі есе қайтарар едік-ау есені. Табанда тапталған бір теңге секілді, Заманның өкшесі төбемді теседі... Білмеймін, бұ қазақ сенеді несіне? Біздерді жас ұрпақ алмайды-ау кешіре! Кешегі билердің ақылы, о, неге, Бүгінгі биліктің кірмейді-ай есіне?! Мен Сенің мұңыңды, зарыңды түсінем, Үміттің үлкенін күтесің кішіден. Президент қазақша сөйлеп тұр... тағы да Парламент орысша ойлап тұр ішінен... Қырсық бір мінезім қысады денені, Кеудемде киелі кегім бар, себебі. Өшіңді алғандай, қазақша сөйлетіп, Орыстың қызына үйленгім келеді... Осындай ой арбап, шошытар, о, мені, Арман ғой, əншейін, арманым көп еді... Бір шала қазақ тұр көшеде шүлдірлеп, Жылағым келеді, күлгім де келеді... Көшеде жүре алмай, күйініп күнде мен, Үйіме асығам, шыққандай түрмеден. Көпіріп сөйлейді үйдегі көк жəшік, Ресейге еліктеп ресми тілменен... Мақтаныш сезіммен керіліп кең кеудем, Маңдайым жарқырап, тілдесіп өзге елмен! ...Мен сені армансыз тыңдайтын күн бар ма, Қазақтың иісі шығатын жерлерден?!. ...Шіркін-ай... ҚАЙТҚАН ҚҰСПЕН СЫРЛАСУ немесе Қалдарбек Найманбаевтың арман-мұңы (Алатау. Қазан. 1991 жыл.) Қазан Айы туғанда қалам неге қиналып?! Шалажансар жапырақ... кетейін бе үйге алып?! Шерімді ескі қозғайды, бота-көңлім боздайды, Кетіп жатыр шетелге құстың бəрі жиналып... Құстың бəрі жиналып кетеді ұшып шетелге, Жазығы жоқ құстар-ау, жазғырмайын бекерге. Қазақстанды қия алмай, кең дүнияға сия алмай, Қинала ма мен құсап... шекарадан өтерде?! Құстар, құстар, құстар-ау, қоштаспаймын сендермен, Келерсіңдер көктемде... қарсы алармын мен де елмен. Бауырларым бар еді... ала келші хабарын, Мен бармаған елдерден, мен көрмеген жерлерден... Бір бауырым – Қытайда, бір бауырым – Моңғолда, Апа-жездем – Алтайда, қарындасым – Жоңғарда. Адасқанға жол сілтеп жіберіңдер, құстар-ау, «Құс жолына» ұқсайтын Қазақстанға жол бар ма?! Қоңыр үні – киелі, қобыз-көмей қаздарым, Хормен айтар қосылып, қайда сенің жазғы əнің?! Шетелдегі бауырлар шерін қалсын тарқатып, Қосып айтшы даусыңа «Отырардың саздарын»... Тырналар-ау, тырналар, тырау-тырау, тыраулар, Тылсым нəзік үніңде – өткенді аңсау, жылау бар... Үш ғасырда жоғалған ұрпақтары табылса, Аруақты даламның топырағы бір аунар... Аққу кетті – Иранға, тырна кетті – Мысырға, Қимай-қимай қоштасып құсың екеш, құсың да. Қайтқан құстың қайғылы əні қалды – жүректе, Нүкте, нүкте, нүктелер... қалды – көздің ұшында... Құстар кетіп, мен қалып... Алатаудың баурында, Сағыныштан сарғайдым... аурумын ба, саумын ба?!

Туған жерге жете алмай, өскен жерден кете алмай, Қандасым жүр қиналып Қытайдың бір аулында... Құйрық-жалы күзелген күрең мініп Күз келді, Қалар ма екен, Қалдарбек, артыңда бір із-белгі?! Құрылтайы құстардың өтеді екен жыл сайын, Құрылтайын қазақтың өткізейік біз де, енді... Алты Алаштың таңы атар... туар, туар ғажап күн, Ұмытылар кешегі көрген қорлық, азап, мұң. Ұлытаудың баурында ұлан-асыр той болар, Келген құспен ілесіп, көші келсе қазақтың... Азаттықтың таңы атып, көкжиектен күліп күн, Жүрегімді жамадым жібін жалғап үміттің, ...Құстар кетті шетелге... жақсылыққа ырымдап, «Қараторғай» əнімен көңілімді жібіттім... ...Келеді қараторғай... ТƏУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ МАС АҚЫННЫҢ МОНОЛОГЫ ...Тфу-тфу! Тəуелсіздікке түкірдім, Түкірікті түгел шашып бітірдім! Менен бұрын айтқан екен бір ақын: «Имансызға керегі не пітірдің?!». «Тəуелсіздік» деген өзі немене? Бізге оны біреу əкеп бере ме?! Мен білмедім Тəуелсіздік не екенін, Білер, бəлкім, бізден туған немере... Келді бізге Егемендік, Еркіндік, Дүр сілкініп, дүниені жел қылдық. Қанаты жоқ күрке тауық секілді, Көкке ұшам деп, қопаң-қопаң желпіндік... Он бес жылда халқым қалай өзгерген?! Озып шықты Мырқымбайлар өзге елден. Əкімдердің амандығын тілеймін, «Қазақ тілін үйренем» деп сөз берген. Еге – менмін, еркін күліп, жылаймын, Бұ дағы бір бақыты ма Құдайдың?! Астындамын – ауыр ой мен уайымның, Үстіндемін – алтын менен мұнайдың... Сол қалпында... біздің елдің шалдары, Сол қалпында шоқпыт-шоқпыт шалбары. Адам болса, болды, əйтеуір, баласы, Аман болса, болды, əйтеуір, малдары... Мен өмірді сүргім келген басқаша... Қорқам, бірақ, біреу атып тастаса. Жемқор мырза жерін сатып бітірді, Таңғалмаймын, елін сата бастаса... Зейнеткерлер заманды айтса, зар қағып, Жезөкшелер күлер жұртқа, паңданып! Баян Сұлу базарда жүр жан бағып, Қозы Көрпеш вокзалда жүр жалданып... Ауыл, ауыл... Айдалаға тасталған, Жетім ұлдай əкесінен жас қалған. Жарты əлемнің жинап алған жарығын, Астанамыз көрініп тұр аспаннан... Өткен күнін ойлай қалса... жұрт тынар, Мөлт-мөлт етіп мола үстіне шық тұнар. Еске түссе, қорлық көрген ұлдары, Жер-Ананың төбе шашы тік тұрар! Тəуелсіздік тұрмаса егер тілімде, Жүректегі жеңілдемес жүгім де! Тілім менің тентіресе жұрт кезіп, Тəуелсіздік, керегі жоқ түгің де!

Айта берсем, мен байғұста арман көп, Арманыма алданамын, нанған боп. Қазақстан тəуелсіздік алғанмен, Қазақ тілі тəуелсіздік алған жоқ! Айналайын, халқым, мені жек көрме, Өкпе-назым көп қой, сірə, өткенге! Ақындардың патшасы еді бір көкем, Патшалардың ақыны боп кеткен бе?! Тəуелсіздік, көп қой саған борышым, Шамам жетсе, берем енді қол ұшын! Мен – сондаймын, мақтай алмай, қиналам, Кең пейіл жұрт, кешір мені, сол үшін... Байтақ елді басқа ұлдарың мақтасын, Даттаса егер, мені ғана даттасын. ... Тəуелсіздікке түкірдім, Тіл мен көзден Құдай өзі сақтасын!!! Тфə, тфə, тфə... Рысбек Дəбей Алматы қаласы АЛАШ Е, Алаш!! Рухымның самғаған биігі, Сайын даламның оққа ұшқан киігі. Күннің қып-қызыл алауы шарпыған құмдардың Аузыма құйылды Құп-құрғақ түйірі. Үнсізбін, Көсіліп сөйлеуге хал нашар. Еһ, бұл шақ Қашанға жалғасар. Күңіренген қобыз бен домбыра дауысын, Есірген есер топ дарға асар. Ақшағи сəулеге оранып... Түсімде Сөйлейді тарихым қазақы пішінде. Тақ үшін таласқан тобырдың толқыны Ұлтымның обалын Ойыншық қып бітірген. Сендерді бергенде далама пана ғып, Жоқтамас едім ғой көзімнен қан ағып. Алаштың ақ маңдай, арыстан ұлдары, Осылай біздегі жаңалық. Қып-қызыл үкімет, сақалы ағарып, Əлі отыр сазарып...

ҚЫРАННЫҢ ДАУЫСЫ (Қалдарбек Найманбаевқа) Елеусіз сезбейтін басқа жан, Сіздегі сыршылдық тым нəзік.. Мен-дағы сырымды ақтарам, Оңаша жыр жазып. Жырыммен бақытты болам да, Түсемін тұңғиық түрмеге. Түсіндім, топалаң заманда, Ғайып боп кеттіңіз сіз неге? Жер үсті арылмай жанжалдан, Пенделік, Пенделік, Пенделік? Үніңіз естіліп заңғардан, Қалмайды менде ерік. Қыранның дауысы ол талмайтын, Жартаста жаңғырған. Түйірде тозаңы қалмайтын, Пенделер əлі жүр қаңғырған. Жан аға, жалғанға кім ие? Тартады барлығы салқынға. Сен барда оңбаған дүние, Əлі сол қалпында. Сырыңмен мүлгітіп кетерсіз, Беймаза ұрпақтың шуылын. Қайта сіз бақытты екенсіз, Басталды басқаша ғұмырың. ЖАЛҒЫЗДЫҚ Көшелер кірлеген, Шаршаған көшелер... Маңдайдың сорындай ауыр Бұтақ та бүрлеген, қиялшаң үміттей Саусағын созады сəуір. Сен мені қай жаққа апара жатырсың, Жұтылған соқпақ? Күңгірт түн ішінен бөрі боп ұлиды... Жоғалған ауыл. Түнімен түс көрем, түйсігім байланған... Құм басқан даланың есірік желі... Біреуге жолықтым, Дүдəмал тілімде күмілжіп сұрадым сені. Ұмыт боп барамыз... Айтпайды олар да тебіреніп Екеуміз жайлы, Адасқан ақылдың біз емес соңы. Жаныммен жүдедім, мəңгілік махаббатымды Санамнан қуып, Соңымнан ергені сормаңдай күдік. Есен бол енді! Ертеңгі аманатыңды кеудеме сақтап, Жалғызға айналған жақындарымның Соңынан барамын қуып.

Серік Боқан Алматы қаласы РУХПЕН ТІЛДЕСІУ (Қалдарбек Найманбаевтың рухына) Алматыда кешқұрым өмір елес... Құшағына қиялдың көмілер ес. Қобыз-көңіл жүректі дір еткізіп, Құндақтауы жанымды тегін емес... Бір шырағы пəнидің сөніп тынған, Жанарыма жарық етіп қонып тұрған. Өтіп кеткен жылдардың ағынымен, Көз жеткісіз шыңдардан жолықтырам. Тəтті сөзді ерітіп тіл ұшына, Жалғыз тұрмын өмірдің уысында... Уақыттың жоғалтып құпиясын... Айналдыңыз сіз де аға ұлы шыңға. Бізді емес, жылаттың қоңыр күзді, Ерте есейітті Қала аға өмір бізді, Рухты сөйлетіп көз ұшымда, Көкжиекке қиялмен көңіл жүзді. Өксігінен жылдардың аңызынан, Жанарыммен естимін тамызып əн, Көбейюде пенделер мендігімен... Азаюда адамдар аздығынан... Аспани ілімге өрлеген, Жапырақ тілінде сөйлеген... Өлмеуді сендерден үйренсем, Өлуді өзім-ақ үйренем... БОСТАНДЫҚ ЖƏНЕ КӨКТЕМ Нілі бар таңдайда кеппеген, Сəулелер көгінде дəн болып көктеген. Көктемнің келуі бір үлкен оқиға, Құстардың қайтуы Арман ғой жетпеген. Ізгілік өзекті жалғаған, Жазу боп аспанға самғаған. Құланиектен бостандық əкелген, Құлап барады күн шары... Таңқалам! Тұтқындар барлығын уақыт, Адамзат сəби ғой жыласа уатып. Көктесе бір тал дəн, құлайды бір емен, Уақыт барады бұлттарын шұбатып. Ақиқат байланған сенімге, Бір сəуле келмейді екі рет сөнуге. Өмірдің ақыры тас түнек... Жарықты қуалап қараңғы желуде. Бір музыкант тұтқында, Жүрегі дір етер жылт еткен ұшқынға. Бір жұлдыз ақса егер қапасты қақ тіліп, Бір сəуле оянар көзімнің ұшында. Адамзат ержетті кешегі, Оларды өсірген құдайдың төсегі. Жер деген алып бір клетка қозғалып, Көк теңіз толқыған ғарышты кешеді. Адам сезіміндегі белгісіз заңды ұққан, Ақиқаттағы парасат майданын жаңғыртқан. Бостандық ядросы ақын қиялымен жырланып, Адам жүрегіндегі зарды ұқққан. Қанатын жайған, Ақ үрпек еркіндіктерім қайран.

Асқазанның шыңырауынан ұшып өледі, Топшысы жартасқа соғылып қан-қан. Өктемдік қалай орнаса, Солай күйрейді мезгілмен қолдаса. Кеуделер түрмеге, жүректер зынданға айналар, Бостандық сəулесі маңдайға қонбаса. Көктемге кеткендей тіл шығып, Жыр болып көктейді тіршілік. Қайран адам-ай, сенде жоқ бостандық, Саған ғибрат – бүрлеген бір шыбық... ОТАНДЫ АҢСАУ (Америка лагерінің біріндегі қазақ ақынның соңғы жыры) Америка құрлығы отан емес ол үшін, Білгенімен қаншама өрі менен еңісін, Талай жылдар өмірден уаз кешіп жерісін, О, туған жер қиырдан жүрегінің емісің! Мұңға толы осы бір қыркүйектің құшағы, Тырналар мен кептерлер күн шығысқа ұшады. Еркіндіктің шындығы көкжиекке сіңуде... Көзін сүртер мұңлы ақын бостандығы тұсаулы. Тұтқын үшін не жазды күтетұғын мырзалық, Көтеретін сорлыны төбесіне бір халық. Еркіндікке бұлқыныс, соңғы ғана сағаттар, Соңғы күшін жиюда, қалдыруға жыр жазып. Сөз айтуға бір ауыз, икемі жоқ еріннің, Күбірлейді ішінен мұңын айтып елінің. Өлеңінің соңына қойғанан соң бір нүкте, Өмір бойы сенетін жойды жалғыз сенімін. Ол сезінді бостандық əуендерден орын ап, Тек түсінде көріпті сүйгенінің қолын ап, Із соқтырған соңгы үміт – отан деген ақиқат, Шындық жалғыз ол үшін қиялынан орын ап. Тербетуде ақынды құшағында ұлы түн, Əлсіреген жанымен сөндіруде үмітін. Парасаттың тым биік тапқырланған сорына, Рухты қамаған абақтылар құрысын! Өмір сүрді минуттың жанарында қас-қағым, Кешіп жүрді Алтайдың белуардан ақ қарын. Өлім күйі тербеді үміттерін жер қылып, Көкжиектен бір сəуле көрді соңғы аққанын... «Романтика бір шумақ» бара жатты сызылып... Өлең болып оқылар еркін құстар тізіліп. Миығында мысқылдың іреңі бар тым ащщы... Аянышты ғазалдан өмір тұрды сырылып. Жазды соңғы өлеңін жүректің соңғы қанымен, Үзілуге шақ қалған тəннің соңғы жанымен. Кісен қиған аяғы жете алмады еліне, Жазды соңғы өлеңін шынжырлардың сазымен..

ТІЛ ТУРАЛЫ ЖЫР Ойлары өлең боп сөгілген, Əр сөздің салмағы сезімге көмілген... Халықтың ғасырлық мұң-зары, Ақынның жанымен төгілген. Анамның тілінің қатпары тағылым, Бұлбұлға сайратқан мейірім мен Тəңірім, Əн болып самғаған байырғы тіліммен, Алаштың рухын таныдым. Аузынан сұңқылдап жыр ұшқан, Ақынның рухы аспанмен туысқан. Абайдың жырымен сыр болып оянған, Тұлпардың дүбірі, алаштың жұлдызы Шығыстан. Ай маңдай ұлдары алаш деп туылған, Ұлт десе тік тұрып жүрегін суырған. Күн күйіп аспанда, шайқалып қара жер, Зұлымның қолымен келмеске қуылған. Тұнжырап ішінде жататын мың тұнық, Күрмелген тілімнен жүрекке мұң тұнып. Үйірден адасқан халықтың бір əні, Ауаны түртініп, кеңістікке ұмтылып... Шыға алмай əуені, қожырап ырғағы... Ойлардың салмағын ырғады. Найзағай тілінен жарық етіп оянып, Өшкіндеп баратты суреттей судағы... Шаршаған сол əуен дəрменсіз ұшуға... Алады мың түрлі рухты қысымға. ... Тек қана бұл емес біздегі өкініш... Соңғы сөз жоғалды тілімнің ұшында... Бақытгүл Бабаш Атырау қаласы КАСПИЙ – КИЕ Маң даланың маңдайға біткен бағы ма ең, Ағын қылған алты құрлық арасын. Толқыныңа күміс шолпы тағып ем, Толқып ағып барасың. Тереңдігің – тектіліктің бастауы, Құзар шыңға Хазар атың танылар. Үш жүз алпыс ендігіңде, о, Тəңір, Үш жүз алпыс əулиенің табы бар, Каспий, киелісің сен! Сəні менен салтанаты жарасқан, Алтын Күнге аймаланар айдының. Ырза болып заңғар көктен Хақ саған, Жуытпаған секілді ме қайғы-мұң? Берекені бəрі өзіңе қиған ба, Жағаңа кеп бес текті ұлт қос тікті. Қазақ, Орыс, Түркімен мен Иранға, Əзірбайжан қолын созды достықтың. Каспий, дəнекері сен! Бейбіт өмір. Бейдауа күн. Бақыт па? Бəлкім сенің биіктігің бағалы. Қойны толы жұлдыз бенен жақұтқа, Нұрлы жолмен қазақ кетіп барады. Шарықтаған аққу құстың көрші əнін, Қайғың менен қасіретің тоналды. Бауырыңнан өрген өзен күрсініп, Жайық енді жыламайтын боп алды. Каспий, сүйіншіңді бер! Қыран текті қарға тамыр алашқа, Азат күннің ашылғанда парағы, Күллі əлем сырыңды ұғып ғаламат, Шаңыраққа қонды баба пырағы. Бірлік болмай, тірлік тұл боп қалған ба,

Төртеу-түгел. Төбедегі, кел, мейлі... Сарысың ба, ақ па, əлде қара ма, Күн сүйген ұл жатырқауды білмейді, Каспий, сендей. Ақ қалада аппақ арман, сыр басым, Сағым дала. Сағыныш бел. Сайын ба? Толқыныңа келіп еді жыр жазғым, Досым жайлы. Ұлы достық жайында. Маң даланың маңдайдағы бағы ма ең, Ағын қылған алты құрлық арасын. Ақ жалыңа айдан алқа тағып ем, Аласұрып барасың. Каспий, киелісің сен! Ел ұраннан шаршады. Мен де ұраннан шаршадым. Тұрандоттай тектілікті аңсадым. Бабамыздың қаны сіңген бұл дала - Қазақтікі! Əлдеқандай ауса күн, Аттың жалын тарпып мінер ерім бар, Жерім үшін төгілетін терім бар, Мен несіне сабырымды тауысамын? Ақ арманым бар еді, Асу бермес нар едім, Аспан астын кезіп кеткен кезімде, Атакүлден безіп кеткен кезімде, Ақсарыбас шалып Алла атына, Жыр бағынан тапқанымда жан емін, Жалғыз тілеу тіледім: Бəйтеректей биікті бағындырған елімнің, Келтіре көр деп реңін! Қатпар-қатпар тарихын, Тасқа жазып қынамен, Менің ана тілімде аңыз айтар мына əлем. Келешектің көгінде алтын зерлі үмітім, Күлтегіндей күлкімді ұмытқанмын күні-түн; Азаттықтың арайы атқанында жарқырап, Қазақтығым əйгі боп, алыстаған ақырап; Ақ бесікте əлди жыр арнатқызған ұлымды, Бостан елдің болашақ ұланы деп ұғындым. Ана үшін мұнан зор бақыт бар ма еңселі, Туған жерім, қардай ақ тілеуіңмін мен сенің! Туған жерім, мен сенің тілеуіңмін қардай ақ, Түн ұйқымды төрт бөлдім сен өркендер таңды ойлап. Елді ұранмен шаршатқан күндер қалып алыста, Көңілімнің көк бұлты күркірейді ғарышта. Мендегі бар ниеттің өзіңсің ең асылы, Өкінішке əкелмей өркениет ғасыры: Қазақ деген ұлы елдің биік болып шоқтығы, Желбіресін көгімде еркіндіктің көк туы!!! ТАРЛАНКӨК (Қалдарбек Найманбаевқа) Өткелінен үміттің өкінішсіз өттің бе, Көктеміңе айналар күткеніңде сəтті алдан. Өзің жайлы іздесем, сағым ойнап көк белде, Сыр айтады мұрағат қаттап қойған хаттардан. Алты алаштың бағына асып туған пырағым, Жетісудан көштің бе, жетіқат боп тұрағың. Наурызды елге оралтып, Нəурізек құс келгенде, Жабырқаған қазақтың жаңғыртқансың жыр-əнін. Жалғанына жалғанның қалай, қайтіп сенбегем, Жанбағыстың қамымен жұмақ таппай сенделем. Сол баяғы ырғақпен сырғуда өмір күндері, «Қоштасқыңыз келмеген». «Жұлдыз», «Жалын», Алматы – басқан ізің қалған жер, Алқаракөк бетінен жауын жыр боп тамған жер. Құрылтайы құт болып, нұрлы көшке ұласып, Күллі қазақ жұртына бақ бітірген тарлангер.

Жарым түнде жыр жазып жабыққаным – өзге өлең. Ай қарайды əйнектен – кісі өлтірер көзбенен. Аға да көп бүгінде жақсылығын бұлдаған, Аласармас асқақтық көрге кетіп сізбенен... О заманда тарыдай шашыраған қазақтың, Басын қосу арман боп, Жербетілік қайғыға жасытпадың жаныңды, «Көктөбені» кітап қып, Көкке сіңген Тарланкөк!!! МОНОЛОГ Құзғын – қайғы керіп қара қанатын, Таусылуға айналғанда тағатым, Сабыр деген сары алтыным сыр беріп, Жанарыма қамалғандай қара түн. Жаным жарқын жақсылықты аңсап бір, Жанарымнан үзіледі моншақ құр. Жалғанымның бетпердесін ашып ем: Жан-жағымды аш бөрілер қоршап тұр. Біле алмадым: өңім бе бұл, түсім бе, Қарманамын қалың тұман ішінде. Жалғыз жылап, үнсіз келе жатамын, Сорбұлақтың суатынан ішуге. Жүзім – көктем, жүрегімде күз менің, Көктемімнен күдерімді үзбедім. Тірілерден бір таяныш таба алмай, Өлең – оймен өлілерді іздедім. Өмір жолы боран болып ызғарлы, Жүректерін жіберді ме мұз қарып. Тірілер жүр өлілердің мəңгілік, Көріндегі тыныштығын қызғанып. Солай... Ерғали БАҚАШ Алматы қаласы МҰҢ (Қалдарбек Найманбавтың рухына) Жүректі басып көп қайғы, Көңілім тағат таппайды. Жұбатбақ болған достардың, Сөзіне зауқым соқпайды. Құсадан іштей бұлқынып, Жүремін күнде жұлқынып. Торықтым мынау өмірден, Өтермін бір күн сілкініп. Арманым асқақ болғанмен, Көңілім өсіп толғанмен. Жүремін мұңлы жанарым, Алысып мынау жалғанмен. Сезімін сыйлап бала қыз, Кұшағын ашты, қараңыз. Оранып мұңға жатқандай, Шегі жок байтак даламыз. Үйреніп қулық, сұмдықты, Айтыңдар кімнен кім мықты? Былықты мынау ортамыз, Көтеріп тастап түңлікті. Таңырқай қарап ойланам, Еріксіз сосын жайланам. Ұйқыға бармай түнімен, Ойларға жіпсіз байланам. Азабын артып жүректің, Өзімді-өзім жүдеттім. Бұралаң жалған дүние-ай, Пендеңді неге құл еттің?

ТҮН МЕНІ САҒЫНАДЫ Түн мені сағынады таң атқанда, Өлеңі жетсін дей ме Жаратқанга? Өзімді-өзім аяп отырамын, Достарым мен жайлы өсек боратқанда. Күніне сан қайталап кəлиманы, Ақынның оянды іште ар-иманы. Өзіңді-өзің танып өлең жазсаң, Білесің дүние деген дариғаны. Əлқисса, еншіме өлең калағаным, Байлыкка, бірақ, қырын қарамадым. Мақтанып кетті деме мені бауыр, Түсімде жұмақты ылғи араладым. Тəңірге мінəжат қып табынғанда, Қол создым бұлдыраған сағымдарга. Ұшып-ақ кететіндей күйге енемін, Елесін ару өлең сағынғанда. Азат күн тыныш түнге ұласқанда, Сұлулар мен жайында сұрасқанда. Құшақтап топырағымды ұйықтап жатам, Ауылдың іргесі анау қыр асқанда. ҚАРА ӨЛЕҢ Қара қазан тұтқышымен көрікті, Қара кемпір түсінде оны көріпті. Қара бала карта ойнауға кеткенде. Қарабура суға батып өліпті. Қарабура Алатауға жақын-ды, Қолы барып кім қазады ақымды. Қаралы елдің қайғысына ортақпын, Кеудесінен итерсең де ақынды. Жанарына жасын ойнап ғаламның, Жүрегіне жара шықты даламның. Қарабура шаңдататын соқпақты, Қуатымен жырлап өтем қаламның. Толқын тірлік токтатқанша кемесін, Елестетем қарабура елесін. Қарлыққанша айқай салғым келеді, Дауысымды естіп бəлкім шыға келесің. Неге мені түсінбейді мына аспан, Бұлттар анау көкжиектен ары асқан. Қара кемпір көзінде жас қисайды, Қара бала кешіккесін қыр асқан.

Балтабек Нұрғалиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті ҚАУЫМДАСТЫҚ... (Қалдарбек Найманбаевқа) Аға! Мендің жүрек – ең ұлы қауымдастық! Келгендерге ағымнан жарыламын. Бұл далаға бұрыннан бауыр бастық, Тыңдадым сағым əнін. Аға! Қаламыммен сөйлеттім Жүрек тілін, Өлең жазу – Арымның бұйырғаны. Өз қолымен бағыма гүл екті мұң, Тағдырдын түйір дəні. Аға! Сезімдерді шақырдым жырақтағы, Оралуда... əне, олар оралуда. Лүпілімді сыйладым жылап тағы, Қарагөз сол аруға. Аға! Сағынды Жер, сағындым, сағынды Аспан, Жаутаңдаймын… көзімде ғасыр тұнып. Құшак жайды Сезімдер қауымдасқан, Кірпікте жас іркіліп. Аға! Жырақ қалған бұл елдің бесіктері, Қалай ғана жат қолға тербеттірем, Жетім үнін... О неге есітпеді? Жылдарым – жендет кілең. Аға! Қоштасқымыз келмейді сізбен мүлде, Сонау мекен бəрібір жолықтырар. Бұлжымас заң бақилық... күз келгенде – Жапырақ солып тынар. Аға! Аппақ жырым – кіршіксіз Ар сауабы, Ақтығыма жеткенше тарылмас түк. Мендік Жүрек Қазақты қарсы алады – Ең ұлы Кауымдастық!!! ДАЛА ƏНІ (Патриоттық сыр) ...Меңдетсе де мұң-қайғым, Тылсым үнін тындаймын, алжыды деп күлме сен Сескенбей-ақ сыр бөлісем ұрланбай. Мен бетпе-бет табиғатпен тілдесем, Күллі дала бейне əн сап тұрғандай! Жанарыма жасты аламын, Көктің бағып қас-қабағын Аландаумен күн кешем, Бұлдыр-бұлдыр көшкен бұлтқа бұлданбай. Ұмытқанмын...кетті талай кімде есем, Бас айналар тірлік еді бұл қалай! Сан мың тағдыр сыйып кетер, Жыр жұлдызын биіктетер – Мендік жұмбақ бір маңдай... Мендік жалғыз бір мандай! ...Бір ғажапқа куə болдым жаңа мен, Куə болып мəңгілікке қалар ем. Тылсым сезім тебірентіп жанымды. Тіл табыстым даламен.... Сырын ашты бар Əлем! Қуанышты өзімен бір келді ала, Көңіл шіркін тамсанды, Рас айтамын құйқылжытып Кең Дала... Маған арнап əн салды.

Сырын шертті далам рас! Жұмбағына жетелейтін жан əнін... Ешкім бұлай ешқашанда сала алмас. Əн салғанын əсерлі етіп даланың, Естуім де, көруім де тап алғаш! – «Денің сау ма, не деп тұрсың, əу, бала? Өзге түгіл өзіңді бос алдама. Қияли боп кеткенбісің жə, доғар, Кім ойлапты əн салар деп кең дала?! Айтасың-ау, көріпті естіп кім үнін?» Осылайша ой бөгеп Қиялыма қарсы шықты күдігім. – Жо-жоқ бұған болмасын түк шүбəңіз, Ей, пенделер, аңғармаймыз, сірə, біз? Сенбесеніз сөзіме бұл....əн салған Сол даланың өзінен-ақ сұраңыз! – дедім сонда... батып мұңға белшеден, Сені қайдам, дала əніне мен сенем. Дала маған дархан шабыт дарытып, Идеялым кен берер маған, берсе дем! Үмітсізге ұлы дала үндемес, Дала үнімен даналарга кірген ес. Дер кезінде даусын оның қал тындап, Қолда барда бағасыз ғой алтын бақ. Бұл, əйтеуір, боп жүрмегей мүлде кеш! Қанат беріп мəрт үні, Қиялымнын ұшырды тез қарқыны. Біз даланың əнін...тілін...ұғамыз Тек шынайы ғашық болу арқылы Біле-білсең Даланың да бар тілі. Ойлап тауып айтқаным жоқ мұны мен, Шын сүйіңдер! Достар, жансын сырларың, Сонда барып ұғасыздар шынымен Далаға тəн тіл барын! – Денің сау ма, не деп тұрсың, əу, бала! Өзге түгіл өзінді бос алдама! Қияли боп кеткенбісің, жə, доғар, Əн салар-деп, кім ойлапты – паң дала! Сенбейді ешкім, сенбейді ешкім бұныңа Сандырақта... мейілің, сен сандала! «Дала əн салды! Əй, қайдағы....жалған бəрі, Деді күдік: «Бұның, бала, қой бекер!» Қарсы үн қаттым: Адамзаттың, армандары Мылқауды да сөйлетер! Қайталаймын... қайталаймын мен неше, Дала тілін масқара ғой танымау Əнін оның естімейтін, ендеше, Қөңіл керең... сендік сезім саңырау! Əлемдегі аса ірі кемістік – Сезінуге жарымау! Р.S. Дала не деп əн салды екен, ...Жаным-ау?! Көз берші... Көрмеймін... Көзімді жоғалттым күмəнсіз, Отымды өшірген күйкі жас. Талғамның талабы тым əлсіз, Ұлы ойлар қалғыған ұйқыбас. Көрмейсің Көз – ашық, көңілің – ұйқыда, Жүректің жанары жұмулы. Ішеді бір ақын бейкүнə, Бəріміз білетін бір уды. Көрмейді... Шындықтың көздерін жел басқан, Сұм жалған жабуда жаласын. Елжіреп қарамас енді аспан, Күн көзін кайдан сен табасың?

Көрсокыр... Жылауық жалғанның жүзінде, Күлуге көздерім көнбейді. Кіжін сен, мейілің, кіжінбе, Көрмеймін... Көрмейсің... Көрмейді... Қайғыр. Қыс, шараң жоқ. Күй. Көктем, Жыла, Жаз, мейілің, Өкір. Күз, Сұм Үрей таяғын сүйреткен, О, неткен бəріміз соқырмыз?! Жалғаннан жалығып, Шындық үн шыңғырса, Қорықпай кұптайтын кез келші. О, Құдай, өзіңнің тым құрса, Күшіңді көретін көз берші! Шұғайып Ақынұлы Алматы облысы ДАЛАНЫҢ ДАҢҚТЫ ҰЛЫСЫҢ (Қалдарбек Найманбаевтың рухына) Осынау даланың ұлдары, Ерліктен мерейі өсетін. Жаңғырып даңқты жылдары, Ғасырлар легімен көшетін. Рухы қарғалдақ секілді, Қаңтарда қар асты көктейтін. Өлімнен зор санап ұятты, Намысын саудалап кетпейтін. Ту етіп көтеріп бірлікті, Жанын сап елдікті қорғаған. Тек қана сөйлейтін шындықты, Сатқындық атымен болмаған. Басынан тайғанда бақ құсы, Қобыздың мұң шағып зарына. Көңілін билесе нəпсісі, Кір жұқпауды ойлайтын арына. Алладан тілейтін ақ өлім, Өмірден емес еш түңілген. Жазылмас заңы бұл даланың, Ананың сүтімен сіңірген. АҢСАУ Тағы да осы уақ, Беймезгіл шақ мынау кешқұрым. Отырмын өткенді есіме ап, Ботадай боздайды ескі мұң.

Көруге зарықтым, Қасымда жоқ ешкім сырласар. Жалғаннан онсызда жалықтым, Жағдайым тым нашар. Тағдырым таразы тасындай, Үрейге матайды түнгі ызғар. Жанардың ақмоншақ жасындай, Ағады жұлдыздар. ҚҰСТАР Қайтып барад мезгілдің құсы керуен, Жұбанышым өзің ең жасып қалсам. Сүйіктім-ау сен мені түсінер ме ең, Бір адамға шынайы ғашық болсаң. Мұң шаға алмай шерменде тылсым кеуде, Бəрі алдамшы қайтейін сезім десең. Ұйқыңнан да айырылып, күлкіңнен де, Білер едің оны ойлап көз ілмесең. Сыршыл жаның, арманың ізгі еді ғой, Түн баласы қинайсың түсіме еніп. Қайтқан қаздың ақырғы тізбегіндей, Кете бардың өзгенің құсы болып. Өткен күннің азабы маған қалды, Өкініштен өзегім өртенеді. Құстардан тек қауырсын қалам қалды, Гүл көктемнің кетті ұшып еркелері. Айна көлдің бойынан сəні кетті, Күзгі соққан ызғарлы желге еріп. Өмірімнің мен үшін мəні кетті, Сағым дүние барады дөңгеленіп. Аршын Нұрбақытұлы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 3 курс студенті КӨКТЕМ Кеще күндер кейітті, жылатты мың, Бірақ саған ғашықпын шуақты күн. Сен болып елестеді көктем маған, Арқасында сыңғырлап бұлақ бұрын. Сол бір күзді айтпаймын көктемде мен, Сол бір қызды айтпаймын кеткен менен. Сезімімнің сертіне баян болмай, “Қош бол!”- дегем, олар да “қош бол!”- деген. Айқайлайтын жерлерде үндемедім, Жылайтұғын шақтарда күлген едім. Аққайыңдар саусағын жайды көкке, Біле тұра сап-сары күз келерін. Табиғаттың шығар ол бəлкім заңы, Аққайыңдар сол үшін сал сырғаны. Ұнайды көктем сайын көк жиекте, Жанды елітер жасынның жарқылдары. Көктем, сенің тағыңа таласар кім, Менде өзіңмен еріксіз санасармын. Жап-жасыл жайнап тұрған Алматыға, Басынан ызғар соғар Алатаудың. Ханшадай, гүл көктем өтті паңдана, Ағыл-тегіл сел ақсын ескі арнадан. Шырқауында ақшаңқан қар жатады, Сонысымен ұнайды көктем маған!

«ҚАЗАҒЫМ» ДЕП (Қалдарбек Найманбаевтыц рухына) Мəңгі өлмесін асқақ айтар əн мүлдем, Қазағым деп шырын жинау əр гүлден. Қазақ үнін аспандатып шырқату, Қыран ғана қанат қағар зəулімнен, Сенің, менің, бар қазақтың борышы. Бабамыздар от демімен аймалап, Қаныменен шөліркетпей суарып, Ендігəрі екі өспейтін қайталап, Бір қызыл гүл тіктеп берді «жылауық», Оны мəңгі қуратпау, өркендетіп өсіру. Сенің, менің, бар қазақтың борышы. Құз тастарды жарып өтіп тереңге, Тамыр тартқан құрыш жігер, екпіндім. Ғұмыр бойы арқау болған өлеңге, Қайсар шынар қазақ рухы деп білдім. Сол шынарда бүкіл қазақ тірлігі, Себебі біз өніп шыққан бүршігі. Мейлі-мейлі қаралы гүл қағарсың, Ұлтың үшін жаның күйіп қажалсын. Сонда ғана шалқып айтар таза əнсің, Қазақ болып жүре алмасаң саған сын. Қазақ жолын қуа алмасам маған сын. АЙҚАСҚА Саумал жел тарап күлте жалынды, Басушы ең абат алшаңдай. Таң құлаушы еді қырқадан нұрлы, Күндерім қайда дəл сондай. Бабамның бағзы асылы қалған, Сенде өткен еді бар қызық. Жалыңнан күміс шашылып арман, Шашаңды жуған таңғы шық. Жұлдыздай ағып сайын даладан, Таулардан анау жиі өткен. Бəсірем едің тайыңда маған, Жарықтық əкем сый еткен. Қошаушы едік таулардан гүлді, Жолдарды алыс қашатын. Маңдайыңдағы айқасқаң нұрлы, Түндерге сəуле шашатын. Табиғат онда күліп тұратын, Тарпаңым қайда кешегі. Жасын атқанда құрыш тұяғың, Аспанның жауған нөсері. Мимырт тірліктің түнегін бұзып, Айналып кеттің сағымға Ұры алып кетті шідеріңді үзіп, Бестіге толар шағыңда. Айқасқа шабыс мың жылды оятқан, Айқасқа күндер енді аңыз. Аспаннан анау жұлдыздай аққан, Айқасқам қайран жел қобыз!.

Құрманбек Əскерман Қытай Халық Республикасы КҮРЕҢ КҮЗ (Қ.Найманбаев рухына) Ей, күрең күз, күрең күз мұңың кімге тыңдалар, Қаңсып қалған қағыр дала, жылғалар, Көп сыры бар көп нүктедей тізіліп, Көкжиекке сіңіп барад тырналар. Не демекші тырналардың тізбегі, Ойсырадым олар нені іздеді. Құлап жатқан жапырақта не сыр бар, Күңіреніп күреңіткен күздегі? Қайда кетіп барады олар сызылып, Бір-бірінен қалар емес үзіліп. Өмір – пайыз кетіп бара жатқан секілді, Вагондарын тізіліп. Уақыттың күн тізбесін парақтап, Өмір – ине, үлгірмейсің сабақтап. Менін де алтын уақытым тырнаның, Қанатында бара жатыр салақтап. БӨРІНІҢ ҮНІ Қара түннен көрінбей жылғалар, Қара тау түксиіп мұңданар, Аспаннан жылтырап мың жанар, Өлі түн оянып ұйқыдан, Бөрінің ащщы үні тыңдалар, Бөрілі тарихым мұндалар. Бір сырын айтады Тарихым көнерген, Бөлтірік екенмін бөрі емген. Көкжал боп көсегем көгерген. Қашанда қанды ауыз қақпаннан, Өлігін көрсетпес өлермен, Бөлтірік екенмін бөрі емген. Қаны бар сондықтан бойымда, Заңдылық келмейді жоюға. Көкбөрі күнімді көксеймін, Бөрі анам ойымда. Тарих көмсе де таспенен, Рухым өлмейді, мойында! Бөрі анам шықпайды ойымнан. Білемін тауларда тұрағым, Сүйемін бұлағын, құрағын. Бөрінің ащщы үні ұраным. Қапаста тұрсам да тау жаққа, Қарап-ап ұлып мен тұрамын. Бөрінің ащщы үні ұраным.

АМАНАТ Жорықтардан кешегі аттандаған, Не сырды аңғарасың аққан қаннан? Соның бəрі елдігін қорғап қалып, Тілін сақтап қалу ғой Сақтан қалған. Сақтан қалған аманат тілім менің, Тілім менің тірегім, пірім менің. Тілім үшін оқпенен отқа оранып, Тілім үшін мың өліп тірілгенмін. Түн ұйықтамай күзетіп, бір елі үшін, Қызыл қаны тулаған, жүрегі шын. Күлтегін аманат қып ана тілін, Тасқа қашап кеткенін білемісің. Көрсет қане, толысып толғаныңды, Ана тілің қорғашы қолдағыңды. Ал басқалар ұйықтатып рухыңды, Тілейді сенің мəңгүрт болғаныңды. Соны ойлап, көзіме жас аламын, Тірі жүріп ойлаған бас аманын. Ана тілін білмесең жер бетінде, Құрысын қазақ болып жасағаның. Сүйеніш Мешітбайұлы Моңғол Халық Республикасы АТАЖҰРТЫМ Түркістан да ежелден Алтай да бір, Бабам бейіті сенбесең əр сайда тұр. Төрт емшекті Алтайдан ауызданған, Қаракөздер қалайша шалғайда жүр. Қанша жыл қайран ел мұңлық өскен, Соншама құр кімдерге құлдық еткем. Шыңғыс жұрты кеш мені – алтын əулет, Атажұртым шақырды «Нұрлы көшпен». Тарлан тарих куəсі арда далам Ата мекен адасып қалған анам. Иттен қорқып иенде жүрген ұлды Баян-Өлкем бауырына салған анам. Тұлпар мінез тегіме ұқсап өтем Хан болсам да бөгде бір ұлтқа бөтен. Бейбарыстай бабама арман болған Тəуба, тəуба туған ел-жұрт бар екен. Айналайын бауырмал өрелі елім, Жеріне кел еншіңді ал не керегін. Туғаным деп ағынан жарылғанда Сол Отанға сонда мен не беремін. Үйірімді танымай үмбетімді Кешір Алла көп үздім міндетімді. Жаназамды жасырып жылап тұрып Сүрең жылдар жасадым сүндетімді. Не десең де баяғы Күлтегінмін Үмітімді үй, көңілімді күрке қылдым. Тағдырымның тас-талқан толқынында Желқайықпен жағаға мың соғылдым.

Ауыздықтан босамай тілім мүлде Табылған бір тайыңмын сүйінші де. Жоғалған соң жолыққан үйіріне Құлын дауыс кісінеген үнім міне. Нұр Астанам көк байрақ таққан далам, Боз боран бұлт айықты батпандаған. Ақ əжемдей Атажұрт сəл аялда, Жаяу емес желқанат атпен барам! Ағайын бар атымнан түсіретін Бауырым бар бəйек боп жүгіретін Əлімсақтан туысын түсінетін Мен Қазақтың пір тұтам құдіретін. АНА ТІЛІМ Мен қазақпын жері бар, дара тұғыр, Арым, жаным жүйелі Ана тілім. Менің тілім саналы салауатты Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Тапқырлықты тəнтті еткен табиғаттан Пəктілікті шарт еткен шариғаттан. Құндылығы Анамның ақ сүтіндей Ана тілім жаралған ар ұяттан. Батырларды тербеткен бесігінде Ақындарды сөйлеткен ес елінде. Жетім жесір жер дауы ер құнында Кесірлерді келтірген кешірімге. Мұқағали ақынның егізі боп, Өлең болған қағазда маңызы көп. Қарап тұрып айтатын қара өлеңді, Поэзия қазақта қарызың жоқ. Мұңсыз қарным тойса да ертеңім де, Ана тілім өзіңсіз өркенім не? Билік бермей əлі жүр бөгде біреу, Өзің қожа болсаңшы өз төріңде. Ана тілім ұмытшы баяғыңды Көп күтіп ең жаныңа сая күнді. Өзің ғана көсілер кең орында Отырған кім жүгінтіп аяғыңды. Жансыз жарты денеңе қан тарасын Сонда хандық сарайда əн саласың. Жазылатын жараңды жаза алмаса Алты алашым азабын арқаласын. Ана тілім ақ арым, иман сырым, Жамылмадың шопанды нұрдан бүгін. Сиқыр ала тоныңды сен де тастап, Өз жұртыңның жібегін жылдам киін. Шет тілімен шен жинап абыройдан, Өз тілімнің өгейсіп нəрі бойдан. Шұбар тілмен шолжаңдап ақыл айтсам, Келер ұрпақ кешеді мені қайдан? Ана тілім ақ батам “Аумин”- деген Ана тілмен ақ мамам əлдилеген Ана тілсіз төзбеймін сал күйге мен Асқар таңым ата бер əн-күйменен!

ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВТІҢ 70 жылдығына арнау Мың тоғыз жүз, Тоқсан екінші жыл еді, Қазақстаным, Қайта көктеп түледі, Дүниежүзі, Қазақтарын шақырып Ақсарбас айтып, Алматы тілеу тіледі. Қандастарына, Түркістан қазан асыпты. Киелі жерге Қонақтар тегіс асықты. Қалекең жолдап, Қырық елге сауын сəлемін. Нұрекең қолдап, Қазақтың нұрын тасытты. Алатау, Арқа, Қарт Алтай, қолын алысты Аға мен бауыр Еңіреп келіп табысты. Ұрпаққа сыйлап, Ұлан байтақ мекенді, Қайран бабалар, Бермепті-ау бекер намысты. Тарихын ойлап, Толқыдым ата жұртымның Тұмарға салдым Топырағынан бір шымшым. Сол жылы маған Батасын берген Қалекең, Мен сонан болар, Жыр жазуға ын құлшындым. Ақындық арың Астасып жатқан даламен. Тау, тұлға дарын Қайдасың қайран Қалекең. Төледен тура Қазыбектен қалған қағида, Əйтеке биден Əділет сенде бар екен. Мəуелі мəңгі Шыңдарға біткен шынарсың, Өзіңсіз аға Жайымды менің сұрар кім? Тəуелсіз елдің Осы таңдағы табысын Бар қазақ ортақ Ойласын деген шығарсың. Тату тірлігім, Ағайын, туыс, бауырлас Алтын бірлігім, Қалекең құрған қауымдас Қауымдастығым, Берекеміздің бекеті Қауымшыл ұлтқа Қамал болмайды алынбас! Дарқан Даламда Асқары зəулім заңғар көп Сол биіктерге жеткізер, Даңғыл жолдар тек. Таңбамды түзеп, Ту тіктің туған тұғырға. Ұмытпас халқың Аяулы аға Қалдарбек!

Қуат Асылбек Қытай Халық Республикасы ҚАРА ШОҚЫ (мекенге сағыныш) Етегіңде дала жатыр, Ал сенің маңдайыңда бұлт ойнаған. Енді сен деп жырымды шырқайды Өзен бойлап ержеткен ағаларым, ат мініп арғы бетке жылқы айдаған. Амал не? Олар мені шақырған жоқ, Қоямын тулап барып басылған боп. Мен жүрдім, жиырма бірде өлең жазып. Сен тұрдың сонау сырлы ғасырдан кеп. Алты жаста ауылға кеш кіргені, Сен жақтан жасын дауыс естілгені. Селт еттім, Ұзақ қарап, Үнсіз тұрдым. Сол менің тұңғыш рет ес білгенім. Суреттеп жеткізе алмас мекенімде, Ержеттім төменгі өзен етегінде. Сені көріп ертістен балықшылар, Қара шоқы дейтұғын кетерінде. Ақиқаттай айтылған аңыздағы, Алда талай өмірдің бар ызғары. Саған қарап орайтын темекісін, Шалғы ұстаған жігіттер тамыздағы. Етегіңде дала жатыр. Ал сенің маңдайыңда бұлт ойнаған, Енді сен деп жырымды шырқайды адам. Өзен бойлап ержеткен ағаларым, Ат мініп арғы бетке жылқы айдаған. ҚАЗАҚ СИМФОНИЯСЫ Домбыраның дауысы-ай домбыраның, Көкірегімнен жөңкіліп сол бір ағын.. Күмбірлеп кетті менің жан дүнием. Күмбірлетіп аспанның арғы жағын . Түйелі көш, Тұлпары ғаламат-ты. Көз жасымды кірпіктен домалатты. Күмбірлеткен сол көшті... сол дауыспен, Ғасырды ертіп ғасырға бара жатты. Осы көрініс тербеткен тартылыстан, Отыр күйші пернені толқып ұстап. Көз алдымда айдын көл періштесі. Көз алдымда аққулар қалқып ұшқан. Қайран жүрек, Қасиет неге осындай. Аспан бұлтты, қабағы тұр ашллмай. Күйші күйді шертеді тауға қарап, Дүниенің таба алмас дұғасындай. Симфония! Сауғасы жырым оның, Кеше туып қосылған құлын едім. Келешектің бəйгесі шақырғандай, Көш соңынан кісінеп жүгіремін. Домбыра, Күй, Күллі əлем тыңдап барып, Мұхиттарға теңіздер сырды ақтарып. Телегейге ғашық ем.. .бала жастан, Осы көшпен кетейін бірге аттанып.

ҚАЙЫҚШЫНЫҢ МОНОЛОГЫ Ерлігі бірден белгілі, Кеудемде жатыр кең өлкем. Тағдырым үшін ендігі, Теңізге кетем мен ертең. Теңізге кетем...кетемін, Жебейді мені сол үндер. Сол жерде жанып өшемін, Сол жерде күтер өлім де. Қиялға батам кеште мың, Құштарлығымды кең жайып. Қолымда тозбас ескегім, Астымда көне сол қайық. Айналам үнсіз жоқ айбын, Кірпіктерімнен үркіп нұр. Ай батып жатқан көк айдын, Көк айдын шымшым кілкіп тұр. Тұман шөккен таң сəрі, Шұғыласынан түн қашқан. Теңіздер менің аусарым. Жағалауларын мұң басқан. Дауылда, түнгі боранда, Жүрегім бірге ұран сап. Жататын едім мен онда, Теңізге құяр көл аңсап. Жат достар мені жəй ұқты, Жүрегім менің бөлтірік. Көмеді ертең қайықты, Теңіздің тентек толқыны. *** Қалада күн қызыл, Қанаттары талатын, Ал біз жақта күн шығыс, Тау артында болатын. Қалада ай мешітте, Иманыңа куəгер. Ал, біз жақта толған ай, Сapы қамырдан туады ол. Қара шоқы етегі, Сонау Алтай көлемі, Оқып тұрған сияқты пайғамбардың өлеңін. Ағам бір жыл кіріпті, Ашылғанда бір қақпа. Əкем айтқан əңгіме, Оралмайды ол біз жаққа, Жеңгем содан қайтқан-ды Шақырдыда Ертіс, Жол тартты. Шешем айтқан əңгіме, Енді жеңгең жар тапты. Қабағымды көтермей Перзенті барыстың, Қала саған келдім де, қызыл күнмен таныстым. Бөктерменен қоштастым, Құлағы сəл қалқайған. Бақшаларды жыр еттім, Ағаштары арсиған. Енді шығыс қай маңда, енді батыс қай маңда, Менің тұтас айналам айналғандай ойранға. Енді түстік қай манда, Тырна қайтқан əн айтып, Үйден алыс кетем деп қасіретімді молайтып. Күн қып-кызыл таң атты, Күн қып-қызыл сөнді алау. Топырағы жырымның туған жерде қалған-ау.

Құлғалиева Əсел Маңғыстау облысы ТІЛ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС Көңілімді күпті ойлар қамады, Мен бір жанмын түгесілген амалы. Бар ұққаным, түсінгенім бұл заман – Пысықтар мен пасықтардың заманы. Сеніміме селкеу түсіп барады, Неге біздер сілкінтпейміз сананы. Қазақпыз деп, азатпыз деп жүргенмен, Тілің кетсе түрің ғана қалады. Байқайсың ба, менің үнім азалы, Кеш болса да түсінсеңші қазағым. Тілдей асыл затты арзанға бағалап, Күлге көмдің бақытыңның базарын. Тар түсінік, тар кеуделер көбейді, Ұлықтаймыз өз тіліне өгейді. Қазақшасын айта алмаған қақалып, Неге таспен бітемейміз көмейді. Бабалардың аманаттап сақтағаны, Қазақ тілсіз қазақ қалай бақ табады? Туған тілдің тұнығы лайланғанда, Өзегім өртенуге шақ қалады. Жүрегім де шұрқ тесік, қырық тесік, Соның отыз тоғызы тілден болған. Шындығымды шығармай құлыпты есік, Табарымды білмеймін кімнен қорған. Тіл деген ұйытқысы ұлттығымның, Ал ұлттықты ұмытсақ ұтыламыз. Айнала түнек қара бұлтты күні, Жаһандану жемсауына жұтыламыз. Тіл тигізгім келмейді-ау, əттең... əттең... Не боларын ойлаймын ертеңінің. «Оян қазақ» деген бабам, оян қазақ! Ішінде жүрген жоқсың ертегінің. Ағылшын мен орыс тілін мақтағандар, Қазақ тілі бай екенін ұғынсын. Жол бермеймін, тілімді таптамаңдар, Менің тілім – ұлылырдың ұлысы ! ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВҚА АРНАУ Сезінемін биіктігін бағаңның. Ұлы болдың атаң емес, адамның, Жарқ етіп жарық туған жұлдыздайын, Жақсылықтың жаршысы боп жаралдың. Жақсының жақсылығын жазу үшін, Жүйткуі де жөн емес пе қаламның. Үнсіз қалу мен үшін жараспайды, Елеулі еңбегіңді жай ұқпадым. Өрлігіңе ешкім де таласпайды, Сондықтан өзіңе өлең лайықтадым. Бүгінде өрлеп келед салған арнаң, Қауымдастық қанатын жаюда кең. Аласұрып артыңда қалғандарға, Өзіңдей өр боп өту арман екен. Есіне алып, бар қазақ толғануда, Қашан да жайсаңдарды ұмытпап ек. Бүгінде көзің тірі болғаныңда, Жетпісіңді ел болып ұлықтар ек. Барлығы да рухыңа бас иеді. Атажұртты аңсаған ағайынның, Жанашырлық танытып жан ұшыра, Сауабына қалып ең талайының, Қаламгерлік қасиетің ол бір төбе, Талай еңбек туылды қаламыңнан. Қазағың айрылғанын түсінеді, Баға жетпес асыл текті адамынан.

Нар тұлғаны дүние-ай жалған ба ең, Сыйғызбай алып кеттің маңдайға кең. Аттандырып өзіңдей ұлды амал жоқ, Қимастықпен қап қойды шалғайда ел. Қадірлісің қарапайым қалпыңменен, Не көрсең де бір көрдің халқыңменен. Өзіңдей ұлы болған ұлт бақытты, Сақталмақ жұрт жадында жарқын бейнең. ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚ ДЕМЕЙ КӨР Төсінде тұлпар ойнатқан, Қуана қалса тойлатқан. Ертеңін бүгін ойлатқан, Қазақты қазақ демей көр! Желіге бие байлатқан, Қыз-жігітін ойнатқан. Сезімге сергек бойлатқан. Қазақты қазақ демей көр! Ерте тұрып, жай жатқан, Өткен тар жол, тайғақтан. Намысы қанын қайнатқан Қазақты қазақ демей көр! Даласын дархан жайнатқан, Қаруын əркез сайлатқан. Түйілсе, жауын жайратқан, Қазақты қазақ демей көр! Бұзылмаған қаймақтай, Көпе-көрінеу жай жатпай. Тыншымас əнін сайратпай. Қазақты қазақ демей көр. Тербететін тереңде ой, Естілер бізді елей көр Қазақты қазақ демей көр! Қазақты, Тəңір, жебей көр! Сəтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ Семей қаласы ЕЛГЕ САҒЫНЫШ Ел деп соғар жүрегімнің тамыры, Алыс кетсем білінетін қадірі. Маған қымбат туған ауыл түтіні, Болашаққа жол сілтеген адыры. Көзімді ілсем түсіме енген сан талай, Туған жердің топырағы тартады-ай. Құрдастармен қауқылдасып жүргенде, Атқанын да білмеуші едік таң қалай. Ойнататын көкжиегі ақ сағым, Балалығым қалған ауыл шап-шағын. Барып саған доп қуалап төсіңде, Асыр салып жүрген күнді аңсадым. Шын қуанып əр адамын көргенде, Күлім қағып, құшағына көмгенде, Дала исі мұрын жарып шығады, Қарт аналар мейіріммен өпкенде. Бүгін тағы ойға оралды, ауылым, Барам десең жүрші бірге, бауырым, Содан болар бірте-бірте бүлкілдеп, Жүрегімнің ой шабады тамырын. Барам десең жүрші ауылға, бауырым. ЖАНДАУЫС Жайсам болды бүкіл əлем картасын, Мен сендерге алаңдаймын қандасым. Атамекен арман болып тұрғанда, Тілді сақтау, ұлтты сақтау арға сын. Шынжаң жақтан шырылдайды талай үн, Тұла бойым шымырлайды, ағайын! Аспанасты жұтып жатыр жұртымды, Қалай ғана мен де бейқам қалайын?

Анау жақта құрыды-ау деп бір қазақ, Жүрегімді кеміреді күнде азап. Туған жерде мен жетісем несіне, Жүрмегесін қандасыммен бірге азат! «Болса-дағы жүз қулығың, мың айлаң, Сен алысқа бара алмайсың түбі ойлан!» Билеп алып илеуіне көндірген, Алып елдің бір-ақ сөзі: «қытайлан!» Одан кейін... Айтпай-ақ қой аржағын, Шошынамын, Қарауытты жан-жағым! Қысықкөзден мысық тілеу сығалап, Қойынына жасырады ол қанжарын!.. Əлденеден қысылғандай бүйірім, Өз елінен күтіп жүрген мейірім. Қандасыма жіберсем-ау тым құрыа, Мынау туған топырақтың түйірін!.. БАРЛЫҒЫН ТАРТҚАН БАУЫРҒА (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын ұзақ жыл басқарған көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, марқұм Қалдарбек Найманбаевтың 70 жылдығына) Туған елі мақтанышпен айта алар, Болмысынан мықтылығы байқалар. Бар қазақты тарта білген бауырға, Қалдарбектей қайраткерің қайда бар?! Нықтасам деп тəуелсіздік тірегін, Жайсаңға тəн жайып салған жүрегін. Атажұрттың айқара ашып қақпасын, Келем деген қазақ көрсе күтетін. Тіл табысып қазақ жүрген бар елмен, Түбі бірді түгендеген əлемнен. Жаралғандай көрінеді ол маған, Дүниені шарлау үшін əуелден! Қайырбек КЕМЕҢГЕР Ресей Федерациясы АТАМЕКЕНГЕ Арманым асқақ – Астанам қайда? Жататын жеке баспанам қайда? Ғылыми жұмыс бастаған қайда? Білмеймін, бəрін тастағам жайға. Арманның отын өшіргенім бе? Ауылын алшақ көшіргенім бе? Үміттің гүлін өсіргенімде, Тағдырым, мені кешірмедің бе? Ұқпай-ақ қойдың жайын баланың, Қайғыдан қажып, уайымдағанын, Түсінбей талай мойындамадың Менде де талант бойымда барын. Мен үшін ақ таң атар екен бе? Көкшені көп жыл шаһар етем бе? Керексіз болып жатар екем бе, Оралған кезде Атамекенге? Жұртымнан жырақ жатпайын деп ем, Салтымды таза сақтайын деп ем, Үмітін елдің ақтайын деп ем, Жүрісті мына мақтайын немен? Мерейім өсіп мерейіңменен, Атажұрт, саған келейін деп ем, Барымды саған берейін деп ем, Бəрін де сосын көрейін деп ем. Қазақстанда тумасам-дағы, Қазақстанда өлейін деп ем. *** Қатал тағдыр Қошке атамды сынады, Үзілердей болды асыл жыр-əні.

Қаламына тыныштықты беретін Қала Ташкент болды ендігі тұрағы. Бір бас емес, қамын ойлап бар елдің, Қандай сыбаға білмей тартар келер күн, «Ақ жол», «Сана», «Талап» жаққа талпынды, Тілектесі болып Жақыл, Халелдің, Күрт өзгерді аласапыран заманы, Алты жыл тек жазды қайран каламы. Алты жылда алты кітап қалдырып, Алты алашқа ардақты аты тарады. Нəубет келді. Қалам, қағаз жай қалды. Арман өшті, ғазиз жүрек кайғы алды, Бастан кешіп абақтының қорлығын, Украина аймағына айдалды. Бес жыл өтеһ түрме, қуғын-сүргінді, Тыныш күнін ол аңсады бір күнгі. Елге оралып аман-есен айдаудан, Ағайынмен бір жылады, бір күлді, Шыдай алмай азабына қайғының Қарт анасы қайтқан екен ай бұрын. Тым болмаса топырақ та сала алмай, Жалғандағы жоғалтты бар байлығын. 1937, тамыз күн. Бақылауда болған кезі əр іздің. Абзал əке, аяулы жар, қаламгер Мəңгілікке кете барды, қарыз кім?! Қиса-дағы шыбын жанын қорғасын, Имей өтті дұшпанына ол басын. «Аруағың, баба, бізді қолдасын!»,- Деп жырлайды бүгін сенің жалғасың. БАБАМ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА Тарих – теңіз, тағдыр – толқын болғанда, Жеткен емес адам арал-арманга, Кемеңгердей кемемізді көп соқты Асау толқын аласапыран жалғанда. Туып-ескен алтын бесік ұяны, Тастап қай жан ескі жұртын қияды? Толқын қуған кеме кетті шалғайға, Кетті бірге текті жұрттың тұяғы. Барды бабам не себепті Шұбарға? Бұл сұраққа берер жауап бір Алла. Адам білсе, өлер жерін біледі, Білмес адам қай жер болар туарда. Жатсынбады Омбы бізді көп бөтен. Салт сақтаған ата-бабам мықты екен. Баянаул Атамекен қалғанда, Омбы болды Қошке атама құт мекен. Қоныс кылған кəрі Ертістің жағасын Омбы оқытты талай қазақ баласын. Магжан, Сəкен, Қошке менен Смағұлдар Армандады көркейтсем дел Алашын. Армандады сақтаймыз деп елдігін, Салт-санасын, жердің дарқан кеңдігін, «Бірлік» атты ұйым құрып, бірлесіп Қазағының армандады теңдігін. Ұлттың қамын ерте ойлатты ол Омбы, Жазды Мағжан: «Алашым»,– деп өлеңді. Жазды Қошке «Алтын сақинасы» мен «Қазақ тарихынан» зерттеу көлемді. Оқығанға үмітпенен қарады ел, Жазды Смағұл «Жастарына жаңа жол», Жас талпынды барлығы да сезгендей Ерте қоныс болатынын қара жер.

Көгедай ШАМЕРХАН Қытай Халық Республикасы АҚСҰҢҚАР АГА (Қ. Найманбаев рухына) Бір аңсауды дəлелдеуге құлшынып, Шынар болып жетілген ед бір шыбық. Ақ сағымға айналғанда қас-қағым, Карағайдай халқы қалды күрсініп. Тулап аққан тамырында өзендер, Буырқанып жататуғын сезем мен. Сізді еске алу таусылмайтын сағыныш, Сізсіз қалған кезең де. Абылайдан қалған соңғы арман - дүр, Алатаудан сіз арқылы жалғанды. Дүбірімен ұйқыдағыны оятқан, Құлагердей ардағым. Рабат дала дидарына өң беріп, Нұр тарайды оранып бір сəулеге. Қала бейнесіне ұқсатам, Жатқан Айды аспан дейтін сəжде де. Пəниден сыр жазылған ед талай том, Бақидан да тапқан шығар жалғасын. Оқылады өлім болып бұлт өлең, Беу, ардақтым күпірлікке жазбасын? АТАЖҰРТ Көк аспанда қыран құсы самғаған, Маң даласын егей ері шарлаған. Сенен ғана теңдік алған жан бабам, О, Атажұрт, мен киеңе таң қалам! Орда болдық, Отан бүгін көктеді, Төккен тер мен бодау тегін кетпеді. Табиғатыңнан айналайын кең өлкем, Сан асылдың ең алғашқы мектебі. Жұлдыздар да тамсанады асығып, Көкжиек тұр құсжолына асылып. Жиылып кеп жиын-тойын жасауда, Кеткен кеше тарыдайын шашылып. Тілім аман болсыл əуел, дінім де, Оңайлықпен жеткеміз жоқ бүгінге. Берекенің бұзылмаса қаймағы, Таң қалдырар басқаларды түбінде. Болашаққа ие жастар тұлымды, Атажұрттың ошағында жылынды. Сəбиінде қандай бақыт бар деші, Бейіш елдің бесігіне туылды. «Көк туымыз асқақ болсын аспанда», Деп тілейді жазиралы жалпақ жұрт. Төртеу түгел болса өзге жоқ алаң, Дастарқаннан ортаймасын дарқан құт!

Дина Төлетханқызы Моңғол Халық Республикасы АЯУЛЫ АНА ТІЛІМ Ана тілім, аяулы сөзі жаһұт, Меңдетті ме мейрімсіз мезі уақыт? Қазақ болып өмірге келгеннен соң, Өз тіліңде сөйлеудің өзі бақыт. Ана тілім самалым маңдайды өпкен, Ана сөзі мəңгілік қалмайды естен. Ана тілім анамның ақ сүтіндей Сусындаған сəтімде таңдай кепкен. Ана тілім, қайратым, қайнары нəр, Орақ тілді, от ауыз ойлары бар. Тілі шешен, сөзі алтын дана халық Салтым, тілім, байлығым, қаймағы бал. Ана тілім асылым ар ұжданым Аялауға қашанда қарыздармын Мен білемін ең алғаш ана тілмен Ана сүтін ауызыма тамызғанмын. Мен қазақтың қызымын мақтан етем, Сарқылмастай салтымды сақтап өтем. Бұл əлемде ең қымбат ана болса, Ана тілім арайлы ақ таң екен. Ана тілім күн болып күлімдейсің Қазақ тегі сүйесе сүрінбейсің Тəңіріме өзіңдей табынамын Ана тілім аяулым пірім дейсің. АТА МЕКЕНГЕ СЫР Атажұртқа табынам тірегенде Шырқап салғым келеді бір өлеңге. Сол шырқағым келетін шерім шығар Ақ табанда адасып жүдегенде. Қайран менің қайратты бабаларым Тұлпар мініп жетелеп қара нарын Азияның даласын шарласа да Қалдырмаған киелі шаңырағын. Мекенінен адасып сан қыр асқан Бабалардың ер жүрек даңқы дастан Жерін қорғап қатігез қарақшыға Қайың шоқпар үйіріп қарсы шапқан. Ана тілім – тасыған жыр аңғарым Домбырасыз білем бе мұраң барын Бабалар ғой баяғы бағындырған Мұз жотаның мұзбалақ қырандарын. Күңгей күзеп, жон қыстап шет жайлаған Жер суларың жоқ шығар ат қоймаған Арасанға, əулие бұлақтарға, Əр тасына аялап ақ байлаған. Жер емшегін иітіп азық еккен Тағдырына тауларды қазық еткен Келер ұрпақ атасын танысын деп Тарихын да тастарға жазып кеткен Алты қырдың астында əні қалған Ата-бабам ойы асыл сөзі маржан Ата-жұртым сағынып ата салтын Бір қызыңмын қиырда көзі талған.

Ата мекен қымбатсың бар асылдан Қыз болсамда жат жұртқа жаратылған Атажұртқа елеңдеп тымшымайды Арманымның тұлпары таң асырған. Жұдырықтай жүрегі түсінген сыр, Аққу көлін аңсаған құсым деп біл. Өз анасын аңсаған ботақандай, Ата-мекен шықпайсың түсімнен бір. ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВ АҒАНЫҢ РУХЫНА АРНАУ Қалекең қайта тумас тұлғасың ба? Мың кісілік ақыл бар бір басыңда Көтердің Қауымдастың шаңырағын Тарихың жетер аға мың ғасырға. Осылай орда болды қауымдастық, Қимастық ақ көңілмен бауыр бастың. Үш ғасыр үркердей боп жүріппіз-ау, Бүгінгі берекеміз табылмас құт. Ұмытпас келер ұрпақ көп ісіңді, Өнерімен гүлдендірген өрісіңді. Ұрпағың мəңгі өмірде азық етер, Жетпіс жас жотасынан жемісіңді. Əлемге тең саламын деп терезені, Тағылым еттің талай өнегені. Дананы Қалекеңдей қадыр тұтсақ, Біздің ел мол ырысқа кенеледі. Жұлдыздай мəңгі көктеп жарқырады, Бір Алла иман берсін бар дұғаңа. Пəниде парасатты ізің өшпес, Бақида бақыл болғай Алтын аға. Нұрғиса Төремуратов Өзбекстан Республикасы МАҢДАЙЫНДА ТƏҢІРІ Болмысым – бекзат, білемін, Айтамын бүкпей жатқа нық. Күнге қарап күлемін, Қазақтығыма мақтанып. Өткен тарих бір елес, Талай, отта жаныппыз. Сойқандарға сыр бермес, Сырттан текті халықпыз. Өскен елміз салып əн, Дархан дала иесі. Қанымызға дарыған Көк бөрінің киесі. Үмітті алға жалғадық, Тек тағдырға жүк артып. Қыран сынды самғадық, Құзар шыңға құмартып. Серігі оның ізгі арман, Жақсылыққа жаны ұлы. Таңдайында сөз-маржан, Маңдайында Тəңірі. Тасқа салам жыр мүсін, Ұлтын сүю-ерге сын. Баянын тапсын тұрмысың, Бармақтай бақ бергесін. О, Қазағым, жұлдызың Күн сөнгенше сөнбесін!

ШАБЫТ (Қазақтың Қалдарбегіне) Нəр алып сағыныштан, Қайнардан қанып ұшқан. О, Шабыт! Сезімі аспан. Жыр қылып епті далаң, Бір үнің жетті маған, Ақ өлең-мұң құрасқан. Алланың жазғанынан, Жылдардың саздарынан, Күй таптың қазыналы. Болса да талай азап, Лəззат ол, қандай ғажап, Шабыттың ағылғаны! Жанжұлдыз самсағанда, Ізгілік аңсағандар, Ғарыштың түндеріндей. Таусылмай айтар əні, Таланттар жайқалады, Иранбақ гүлдеріндей. Қоғамның əйдік үні, Доданың сəйгүлігі, О, Шабыт! Сезімі аспан! Бөлекше! Неткен адам?! Өнегең жеткен маған, Ақ өлең-мұң құрасқан. КҮРСІНІСПЕН ӨТУДЕ.. (Махамбетше) Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Жалындыдан айрылып, Жігерсізбен болдым дос. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Лашыннан əлсіз жаралдың. Ал маған сүтпен дарыған, Ана тілімсіз қараң күн. Ауыр соққандай бүгінгі Жаһанданудың құрығы. Ақсатып қойған тілімді, Намыссыздардың қылығы. (Ойлылар бізде аз-ақ тым), Өтуде күндер таласа. Құндылығы қазақтың, «Ресми тілден» аласа. Аспанда ұшқан, қызғыш құс, Берекеңді қашырды-ау, Лашын құстың текпіні. Ал біздерде басымдау, Орысшаның екпіні. Айтып-айтпай немене, Күрсініспен өтуде, Зиялының көп күні...

Тұрсынбек Кешубайұлы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті АЛАТАУДАН АЛАРЫМ БАР Алатау менің сенен аларым бар, Тамырым тауға тарткан сабағым бар. Басбармактай бақытым болмаса да, Тауға еліккен таудайын талабым бар. Көк тіреген арманшыл асқақтығы, Рух бер жасытпайтын жасқап түні. Қорқамын жүрегімнің жасылдығын, Құртама деп тағдырдың тастақтығы. Қорған бер қойныңдағы ормандайын, Халқым сүйер, мен неге толғанбайын. Сəулесінен сауғама көбірек бер, Күн күліп, аспанында толғанда айың. Бер маған қарт шоқыңның даналығын, Қош десін албырттығым, балалығым. Бер маған жартасыңның жаңғырығын, Үзіліп, өлеусіреп барады үнім. Арманы мен талпынған талабы мың, Тұлпар болып жетілсін қара құлын... ҚАЛЕКЕҢЕ Қазақ десе кең жайған ақ қанатын, Сара жол ізгілікке ап баратын. Шетел асқан қандасың арқаланып, Қалеке, атыңды атап мақтанатын. Намысын қиыр жайлап жатқан елдің, Келмейтін ед ешқашан жатқа бергің. Шет жұрттағы ағайын азды ма деп, Сол үрейді санаңа жаттап едің. Арыңызға көп артыпсыз сан арман, Оған куə жібек шашың ағарған. Қауымдастық қазығы да ең алғаш, Сіздің батыл қолыңызбен қадалған. Мейір есіп қазақтың даласында, Бір сенім жетелейтін дара шыңға. Қандасым деп тартушы ең бауырыңа, Қазақтың құласын да, аласында. Қазақ түгіл, танымал жатқа да атың, Бірлік семсер сізбенен сапталатын. “Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді”, Мəңгі жасар ұрпақпен хаттағы атың. Еңбегіңнің теңеу жоқ бағасына, Қамқор болған қазақтың баласына. Мейіріңді аңсайды қандас бауыр, Бұлт мініп кеп, жаңбыр боп тамасың ба? Тұлпар ең, шешпес ерін, тағасын да, Жыр арнадым “Əумин!” деп ақ асыңда. Бір мейірге қандастар тамсанады, Тəуекел, дəрия болып ағасың ба? Жатқан жерің қашанда жаннат болсын, Алтын тұлға қазақтың санасында...

Бекен Қалымбекұлы Алматы облысы

ҚАРА ТӨБЕТТІҢ МОНОЛОГІ

Қатпар-қатпар таулардың, Адыр-адыр даланың, Қожасы едім кезінде. Асқақтатып ар əнін, Ұшқын ойнап сезімге, Қалықтаған қыран да, дала жортқан құлан да, Айдай айқын жүретін, бəрі менің көзімде... Бөрі едім кеше мен, кең даланың патшасы, Сыр шертетін ғасырдан, аскар таудың ақ басы. Құс ұшырмай басымнан, Опасызды тарк етіп, Ақ берендей «жарқ» етіп, Мұз жүрекке шаншыдым, қанжар жасап жасыннан. Еркін жатқан даладан, самал жел де безіпті, Менің текті болмысым бір сұмдықты сезіпті. Тарамдалған жолмысың, Алға тартқан тартуды, Сынға салган əркімді, «Ар» мен «алтын» салынған кос сыбаға кезікті. Қара төбет болыппын, таңдап соның бір жағын, Итаяққа құйылған шайындыға ырзамын. Бай қолына бағынам.... Əр кез болам кырағы, Үріп дауыс шығарып, Бұлаң қағып құйрығым, байекеңе жағынам. Мойынымда карғы бау, босағада жатырмын, Басқа шығып ойнайды, Құлқын тірлік, пақыр мұң еш нəрсеге тоймайды. Ием көріп жайымды, Құйып қояр шайынды. Самсып сөре тұрсада, артык жеуге болмайды. Сан мың елес санамда, сан сұрақтар жүр мейлің, Тамақ берсе болғаны, ешкімгеде үрмеймін, Үруге де болмайды... Бөріліктен алыстап, «Ар» табағын табыстап, Қалай келдім бұл жерге, мен өзім де білмеймін. Бəз баяғы қалпынша байтақ дала керілер, Теңшеп жүрер барлығын, келмей кетті Перілер. Сол даланың еркесі, тектілік бар бойында, Қайран шіркін кең дала, қайда кетті «Бөрілер?». МЕН ЕРЖЕТТІМ Тепсе темір үзетін, жігіт болып ержеттік, Талайлардың жүрегін əнімізбен тербеттік, Қайырымы жок жандарға қыстай қатал суытып, Ал мейірімді жандарға сезім сырын селдеттік. Мен не үшін тарылам байтақ жатқан далам бар, Жау алар деп əр күні жайым да жок алаңдар. Жоқ, жетпедім əлі мен жететұғын жеріме, Талай-талай алдымда алынбаған камал бар. Көкірегімде бір сезім түп-тұнық боп тұнғанда, Бергің келсе ей өмір, береріңді бұлданба. От боп жанып каулаған, дүрілдеткім келеді, Кеудемдегі жалыным сөніп кетпей тұрғанда. Əлегіне жегіліп жанымдағы уайымның, Тозып кеткім келмейді қабығындай қайыңның. Туған елім бəйгеңе енді апарып сал мені, Жүлделі боп келуге міне мен де дайынмын. Жібер мені бəйгеңе қайратымның молында, Күтіп тұр ма талай сын алда басар жолымда? Шайқасқым-ақ келеді, айламдағы жетерлік, Əй қайтейін жақсырак каруым жоқ колымда.

Хас тұлпарды əкеліп босағама байлап бер, Бес қаруды сай қылып канжығама байлап бер. Туған елім, сонан сөң ауыр талап жүктеде, Талай-талай сындарға мейіліңше адап көр. Көкірегімді ып-ыстық мейріміңмен тазала, Үйде отырып батамды тіле менің əз ана. Үмітіңді сол кезде ақтамасам туған ел, Дар ағаштың алдында білгеніңше жазала. Алынбаған қамалды сен қолдасаң аламын, Тұлпарың боп тұяқты бəйгеңе де шабамын. Сен жүктеген міндетті айнымастан аткарып, Жүрегіңнен өшпейтін өз ұлың боп қаламын. АЛТАЙ КЫСЫНА САҒЫНЫШ Күш бітсе де диюдей боп бойға мың, Əзіл, ыржақ, қалжыңыңды койғамын. Жүректегі сағынышқа мас болып, Туған жерім мен өзіңді ойладым. Айтшы біреу! Ауылдағы мəн жайді, Жоқ шығар-ау, сəтсіздік те, қам-қайғы. Қарашада тұрған шығар қасат қар, Басып қалсаң озандатып айғайды. Арайланып атар еді сұр таңың... Үмітіңді ақтап тұр ма ұрпағың? Бəйгелерге дайын тұрған шығар-ау, Ат ағашта осқырынган тұлпарың. Алтайымның қысы қандай қатты еді. Жүрегіме қаттысымен тəтті еді. Аппақ болған қасат қары тізеден, Періштенің алғыс жазар дəптері. Басқа жердей Алтайымның жазы бар, Жаз күнінде айтылатын назы бар. Қыс болмайтын Африканың елдері, Алтайымның сол қысына зарығар. Алтайымдай қолдап тұрар Пір қайда, Жүрек жырын аппақ қардай жырлай ма. Қысты аңсаған Арап елі жасапты, Қыруар қаржы төгіп жүріп Дубайға. Жүрегімнің сағынышын кім ұғар? Өр Алтайдың бұлағындай тұнық ар. Дубайдағы сол жасанды кысыңның, Алтайымда біреуі емес мыңы бар. Арайланып алтын таңы атар тек, Алтай жайлы сырға толы макам көп. Өрлігіңді сезем десең бойдағы, Ей жігітім! Өр Алтайға сапар шек.

Бақытжан Қыдырəліұлы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенті ЖЫР АЗАБЫ Мен мынау тамұқтан, шаршаған шабыттан, жарқ етсем деп едім. Бірақта адастым сеннен мен өлеңім. Мен енді жырымның қайғысын арқалап, Жұмбақ бір далаға өзімді көмемін. Құлату үшін қатыгез қара қас жауын, Ақ тамақ найзаға ұстаған қыршын жас жанын. Ерлігін бабамның жырлашы жүрегім. Мен əйтеу түсімде қан жұтқан тарих астарын, Қолымда домбырам шерлі бір күй тартып, Кеземде жүремін. Білмеймін əйтеуір əжемнің зары ма, Бір тыным бермейді шаршаған жаныма. Арулар жан үзіп жатады, қорғап бір намысын, Боялып қанына. Қасыретке айналған ананың бесік жырлырын, Күрсінген қарттардың үнінде тыңдадым. Құлазып отырам бір мола басында, Қобызға қосып-ап солардың мұдарын. Шағылған шаңырақ қан жұтқан жебенің, Қайғысын мұң-зарын жырласам деп едім. Бірақта адастың сен қалай өлеңім. Жырым мен солардың қайғысын жұтамда, Соңғы рет жырлап-ап, бұлбұлдай бұтаңда, Ешкімде табалмас мəңгілік дерегін, Жұмбақ бір далаға өзімді көмемін, Сұрама себебін. Сұрама себебін, Онсызда жырымның қайғысын шегемін. Мен мынау өмірге бəрінен айығып, Тап-таза сəби боп қайтадан келемін. АҢСАУ (Бейбарс сұлтанға) Құлақтан кетпей көк бөрілердің үндері, Көп болды бір түс мазалап жиі жүр мені. Əлде бір аңсау кірпікті мүлдем ілдірмей, Күйзелтті тағы мысырдың мылқау түндері. Түсінде дəйім көретін көкжал бабасын, Кім білер дейсің жүректің мынау жарасын. Көк бөрі көңіл көгіне қарап ұлып бір, Аңсау мен түрам қыпшақтың дарқан даласын. Тұратын тартып далаға дарқан көңілім, Аңсайтын дəйім түн қатып жартқан өмірін. Естиме үнін көкемдер қалған сол аймақ, Далада қалған баяғы жетім бөрінің. Көз жасын көңіл көркіреп күн дей төгеді, Қалған ем жетім жетіммін тағы себебі. Білмеймін əйтеу жусаныма əлде өлеңі. Даланың иісі мұрныма келе береді. Не керек бүгін туымды биік көтердім, Жанымда бірақ жалғыздық тартқан жетер мұң. Мысырдың мынау тəрк етіп алтын тағында, Құшағында ұйқтап жатар мем шіркін көкемнің. О! Қыпшақ елім арманым менің ақ далам, Жете алмай саған жат елде жетім қап барам. Көкемді шапқан жендеттің сол бір қылышы, Неліктен тəңір мені де бірге шаппаған.

Туғанмен сенде сен үшін терін төкпеген, Кешегөр дала тілдесіп жатқан көк пенен. Сұлтаны болып жүргенше елдің текке мен, Ұлтаның болып өмірден неге кетпегем. Басалмай жанды мейіріңе сенің шөлдеген, Жатармын өксіп өкініш кешіп көрде мен. Перзенті бола ең үлкен қайғы екен-ау, Отаның үшін от кешіп жүріп өлмеген. Жеткенде ажал Алладан əмір беріліп, Жат жерде қалар жаралы тəнім көміліп. Пəниде емес бахида сені табармын, Сағыныштардан кемсеңдеп жасым төгіліп. МҰҚАҒАЛИДЫҢ СОҢҒЫ СƏТІН ЕСКЕ АЛУ Қатал тағдыр жасап соңғы шешімін, Тербеп жатқан сəби жырдың бесігін. Қап-қара түн қара күпі жамылып, Ажал келіп қақты ақынның есігін. Жыр мен ашып сұм ажалға қан майдан, Сан сыраған санасында самғайды əн. Қара түнде қара күпі көлбеңдеп, Суық бейне шақырады шалғайдан. Қара түнді жамылып-ап мақпалдай, Ақын жатыр ала сұрып ақ маңдай. Елестейді бірде Моццарт бейнесі, «Жан азаның» күйін тартып жатқандай. Қошбол өмір есіңе алып жүр мені, Келеді ажал соңғы демді үзгелі. Жетім көлге қош айтысқан мəңгілік, Шақырып түр аққулардың тізбегі. Басқаныңмен көтеріңкі еңсені, Кел-кел ажал жатырқаман мен сені. Жер астында жырмен тербеп жатармын, Мені туған қасиетті өлкені. Маңдайымнан сыйпап өткен Нұраға, Ертең мені жерлегенде жылама. Тірлігіме шуақ құйған жан анам, Өтінемін қасыреттен құлама. Ағажан деп сыйлап өткен тау ұлын, Қошбол енді менің Тұмаш бауырым. Кетеді ағаң ертең мəңгі келмеске, Бұрқыратқан өлең – жырдың дауылын. Жетпей кеткен жалғандыққа дəрмені, Үзілгенде ақынның бар демі. Тірлігімде тірек болған Шəміл-ау, Қайсар тұрып аттандырып сал мені. Қамықпап ем қасыретке қаптаған, Сол рухымды бахиғада ап барам. Жыламаңдар Шəміл, Т***лқаш, Жүмекен, Менде өмірден күліп тұрып аттанам. Лашын жарым тағдырыма налыма, Осы болар жазылғаны бағыма. Кетті ақының сəбидей пəк қалпымен, Маһаңдармен Абайлардың жанына. Ажал сені жатырқаман келіңдер, Жасымайды оған мендік сенімдер. Жырлап келген жыршыл мынау жүректі, Жаспен емес жырға бөлеп көміңдер.

Мұхамедқазы Мəлікұлы ҚАУЫМДАСТЫҚ – БАУЫРЛАСТЫҚ Қауымдастық Алланың мейірімімен, Дархан қазақтың пейілімен Құрылған күлліқазақ бақытына, Теңеймін алтын тəждің көзіне, жақұтына. Бауырластық – Тəттісі ұранымның. Арқауы жыр əнімнің Қазақтың мейірі мен батырлығы Көк тудағы қос қанаты қыранымның. Қауымдастық Қол жетпес арман едің, Ең қиын талғам едің. Бұл бақыт бұйырмай-ақ маңдайыма Қан қатып жүр талайдың таңдайына. Бауырластық Бұзылмас антымдай Бет бұрмас бағытымдай Қайнары берекенің бұзылмаған, Жүрекке шек шекара сызылмаған. Қауымдастық Нарларым жүк көтерген Рухымды тік көтерген Сақтардың жебесіндей айға жеткен, Жұлдыздай алтын тамшы жайнап өткен. Бауырластық Жүректі тат баспаған, Алатау ақ бас далам, Жиылып барша қазақ бауырына Шомылар сағыныштың жауырына. Қауымдастық Кең жайған керегесін. Сен ұлы берекесің. Қол созып күллі қазақ баласына, Айнала бер мақтанышы, панасына. Бауырластық Арасы суымасын, Араздық жуыммасын. Көк аспан тұра берсін күліп күнің, Əйгілеп болашақтың тұнықтығын. (Əйгілеп аспанымның тұнықтығын, Тұра бер көк туым да күліп бүгін). ЕЛІМ МЕНІҢ Елім менің елдігіңнен айналдым, Елім барда жоғалады бар қайғым. Көгерсем мен елім бар деп көгеріп, Сарғайсам да елім үшін сарғайдым. Жерім менің кеңдігің-ай, кеңдігің, Өзгелермен иығымыз тең бүгін. Көз суарып ұлан-ғайыр өлкеңе, Сені жырлау мақтан етер ерлігім. Халқым менің, дарқандығың, өрлігің Оятқанда ездердің де ерлігін. Махамбетше түн қатайын өзің деп, Майда ертіп тұлпарымның терлігін. О, отаным, əлемге ашқан қақпасын, Тыныштыққа туралаған ат басын. Мақтанамын атыңменен иншалла, Тəңір өзі отансыздан сақтасын.

ЕККЕНІҢДІ ОРАСЫҢ Сəбилерді қарама сен бала деп, Өздігінен орнамайды сана кеп. Ана тілін сыйламайды, анасын Өз тілінде айтпағандар ана деп. Жүрегіңнен жүрегіңе əкеп от, Ұрпағыңды өсірсең де мəпелеп. Ата салтын сақтамайды əкесін, Ана тілде айтпағандар əке деп. Бала жайлы болғанымен талғамы, Дəрменіне сəйкесе ме арманы. Талай ұрпақ шайтандардың шерігі, Дұрыс тани білмеген соң алланы. Ұрпағым деп өртен мейлі, күй мейлі, Санаңды əркез болмыс ғана билейді. Ассалауды айта білмес жеткіншек Отанын да ойламайды, сүймейді. Қызырғазы Тоқтар Қытай Халық Республикасы ОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАН Еркіндік алған тəңірден адам сертпенен, Алпауыттар бізді маңдайдан қағып тектеген. Бостандық үшін жандарын қиған боздақтар, Бүгінгі мынау баяшат күнге жетпеген. Қайғысын жұтып, тəуелсіз отан жоқтығын, Жалтақтап əттең өзгегеқанша өтті күн. Жүргенде солай еңсеңді жерден көтерген. Таласып көкпен желбіреп менің көк туым. Отаның болу, жырлауың оны салтанат, Таңырқап бізге қарайды бізге шартарап. Отанда жүрген бір күнге сірə жетер ме, Отансыз өмір сүрсең де мəңгі шалқалап. Отаным менің тəңірден тілеп, сыйға алған, Батырлық бар ма отан деп жанды қиғаннан. Сатқындық өтпес отанға селқос қараудан, Пайғамбар айтқан «отанды сүю – иманнан». АНА ТІЛ Күллі адамзат тіл арқылы танысқан, Татуласқан, тіл арқылы қағысқан. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сондықтан, Шешім айтқан бізің қазақ данышппан. Кететұғын тілдеріме балқып тау, Жүректегін тілмен бабам сарқытты-ау. «бас кессе де тіл кесуге тиым» деп, Бастарынан тілі көрген артықтау. Тілін қазақ түгемейтін кен еткен, Əрбір нақыл туындайды себеппен.

«Қызық тілде сүйек жоқ» деп қазағым, Ана тілін шеберліктің шегі еткен. Құрсауларын талқан қылған жендеттің, Ана тілім бізді кімнен кемді еттің. Ғарышта да қалықтаған қазақшам, Ұласып тұр арасында жер-көктің. Қанға дəтін тілмен айтқан қараша, Ажалға да болған ғой тіл араша. Ұлттығымды айғақтайтын тілімнің, Мəртебесі бүгін неге аласа. Қазақ болмас қазақша сөз жаттап құр, Қазақ болсаң тілдің нарқын нақтап біл. Затым адам, тегім түрік дегенмен, Ұлтыңды тек тілің ғанасақтап тұр. ҚАУЫМДАСТЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА НАРЫ Шашылған жер бетіне тарыдайын, Қазағым күллі əлемді қоныс қылған. Қауымдастық жасап беріп жағдайын, Барша қазақ жүрегін тоғыстырған. Қамын ойлап қазақтың шетелдегі, Жаны жайсаң елімнің ағалары. Халық жүгін қайыспай көтереді, Қауымдастық – қазақтың қара нары. Болған соң қауымдасу ұранымыз, Қалайша тəлей жанып, құт қонбайды. Қырағы болғаннан соң қыранымыз, Иншалла, нар жолында жүкқалмайды. Қауымдастық берекенің ұйытқысы, Бірлігі бұзылмасын қазекемнің. Халқының біртуары сүйіктісі – Жаннатта жаны болсын Қалекемнің! А.Жандос Моңғол Халық Республикасы САҒЫНЫШ Ақ қар жапқан Алатауым, айдыным Жүректерде əн боп қалған Алматым Өзің менің шетсіз-шексіз байлығым Жерұйығым, алтын елім, жаннатым. Əсем қалам, Астанадай ел ордам Қазағымның маңдайдағы бағындай Осы өлкеде өмір сүру бір арман Жастық отын алаулатып жалындай. Арқау болған Құрманғазы күйіне Сарыарқадай шексіз жатқан кең далам Көрсе жанар, көз тоймайтын сүйіне Алтын далам, шəрбатыңды бер маған. Желтоқсанда еңіреген жастарым Бүгінгі күн азат елдің құрбаны Ұрпағына тарих боп танылған Мəңгі асқақ Оқжетпестің шыңдары. Даласында ғарышпенен тілдескен Байқоңырдың аты əлемге əйгілі Өлкесінде сеңгір-сеңгір сең көшкен Мəңгі ырыс Көкшетаудың байлығы. Əз бабамның қаны тамған топырақ Қалмас бір сəт мəңгі-мəңгі жырланбай Қойнауында байлығы мол атырап Қазағыма бақыт сыйлап тұрғандай. Кербез дала, керім дала, кең дала Жүректерден əн сағыныш төлдеткен Бар қуаныш, бар байлығым сен ғана Саған деген сағыныштар меңдеткен.

Байтақ елді жүрміз солай армандай Ел қайдасың, жүрміз неге шетте біз Шашыраған қазақ неткен сормаңдай Кімге айтылар біздің мынау өкпеміз. Қазағым-ау басыңдағы бар мұңың Басқа түскен ұлы өмірдің тартысы Жас жүректі жарып шыққан бұл жырым Елге деген сағыныштың тамшысы. АСЫЛ АҒА, ҚАЛДАРБЕК НАЙМАНБАЕВҚА Ей, аға етжүрегі елім дейтін Өзіңді ойлап бұл күнде ойға баттым. Жаудыраған жанарға көрінбейсің Қамын əркез ойлаушең əр қазақтың. Саған біткен ұлтшылдық, асыл жүрек Тəнті етіп шақырар бойға дарын Рухани аштықты ойлағанда Жабырқаулы батамыз ойға қалың. Қамшының сабындай-ақ ғұмырыңда Нəн үлгісін көрсеттің саналы ердің Қазағыңның батқанда күні мұңға Мəңгілік боп сен неге қала бердің. Жүрген болсаң таусылмай жазымышың Қазақ үшін таң болып атармедің Асыл жанды ардақты қазақ үшін Сүріндірер сұм тағдыр қатмедің. Ұлтын сүйген жүрегі əр азамат Қазақ үшін кайғырып қамығуда Тарыдай боп шашылған қайран қазақ Əлі күнге өзіңді сағынуда. Қазағымның мəртебесі тым биік Кез болсада қандай шаттық, қандай мұң. Асыл аға аруағыңа бас иіп Рухыңа дұға жырды арнаймын.

МАЗМҰНЫ Ерлан Нұрдықанұлы .........................................................................3 Бауыржан Қарағызұлы.....................................................................7 Қуаныш Дəлей ..................................................................................14 Руслан Нұрбай ..................................................................................21 Алмас Темірбай ................................................................................25 Рысбек Дəбей ....................................................................................31 Серік Боқан .......................................................................................34 Бақытгүл Бабаш .............................................................................49 Ерғали Бақаш ..................................................................................43 Балтабек Нұрғалиев ......................................................................76 Шұғайып Ақынұлы .........................................................................51 Аршын Нұрбақытұлы ...................................................................53 Құрманбек Əскерман .......................................................................56 Сүйеніш Мешітбайұлы .................................................................59 Қуат Асылбек ...................................................................................64 Құлғалиева Əсел ..............................................................................68 Сəтжан Қасымжанұлы..................................................................71 Қайырбек Кемеңгер ..........................................................................73 Көгедай Шамерхан .........................................................................76 Дина Төлетханқызы .......................................................................78 Нұрғиса Төремуратов .....................................................................81 Тұрсынбек Кешубайұлы .................................................................84 Бекен Қалымбекұлы ........................................................................86 Бақытжан Қыдырəліұлы ...............................................................90 Мұхамедқазы Мəлікұлы ..................................................................94 Қызырғазы Тоқтар............................................................................97 А.Жандос ...........................................................................................99 ЖАСЫЛ ҚАНАТ НҰРЛЫ СӨЗ Редактор: Ақберен Елгезек Көркемдеуші редактор: Бейсен Серікбай Корректорлары: Жанар Муқашева Баян Хасанова Беттеген: Айнагүл Ауанова

Теруге 10.11.2009 жіберілді. Басуға 08.12.2009 қол қойылды. Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі “Тип-таймс”. Баспа табағы 6,5+0,5. Таралымы 2000 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙