Курляндияда
Бауыржан Момышұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...
(Офицердің архив жазбаларынан үзінділер) Курляндия — елдің аты емес, жердің аты. Ол — Балтық теңізінің шығыс іргесі. Балтықтық елдердің атақоныс Отаны. Балтық теңізі — күллі Европаға ортақ теңіз, қарым-қатынас жүзбелі арнасы. Ол беталысқа қалың орыс қанат жая алмастан отыра алмаған. Балтиканың жағасына шығармау үшін атам заманнан бері Финляндия, Эстония, Латвия, Литва, Пруссия секілді батыс европа елдері мемлекеттері табан тіресе арпалысуда болған. Қысқасы, Курляндия екі жаққа да стратегиялық маңызы зор өлке болған... Шведтердің ұлы королі Карл мен орыстың патшасы Бірінші Петрдің көп күш салған кескілескен қырғын шайқастары да сол Курляндия өлкесі үшін болғандығы да тарихта тұжырымды, баршаға белгілі... Петр Карлды жеңген, бірақ та одан өзі де бірнеше рет жеңілген... Бір шайқаста Петрдің өзінің үстіндегі кебенегі де Карлдың оқтарынан шұрық тесік болған. Бір жеңілісінде шегініп бара жатқандарды көріп тұрған Петр жауының ерлігін бағалап:
— Карл! Карл! Ты славен! — дегені аңызға айналып кетіп, біздің құлағымызға дейін жетті. Демек, Петр Балтық жағасына көп жылғы күрес, белуардан қан кешу арқасында жетіп, Петроград қаласын фин жайылмасының тапа тұмсығына орнатып, теңіз жағасындағы өлкелерді өзіне бағындырды.
— Ұлы мәртебелі алдыяр тақсыр! Сіз Европаға қарайтын терезе аштыңыз! — депті сонда Француз елшісі. Оның айтқан сөзі де аңызға айналып, біздің құлағымызға жетті.
Елші бүкіл әлемнің ойын білдірген тұжырымды сөз айтқан. Ал, ашылған терезеден жел соғады, ол қапырықты жояды. Үйдің іші салқындайды. Ол — Европаның басқыншыларына ұнамайды. Олар Россия үшін Европаның дарбазасын жапқысы келеді. Ұлы Октябрь революциясы басталғанда, бұрыннан қауіптенгендер Антанта күштерін төгіп жіберіп, Курляндияның буржуазия өлке ретінде сақталуына көмектеседі. Ұлы Отан соғысының алдында Курляндия өлкесіндегі республикалар — Эстония, Латвия, Литва халықтарының қалаулары бойынша Совет Одағының құрамына қосылған еді. Отан соғысының алғашқы күнінен бастап Гитлер өз күштерінің сол қанатын Курляндия арқылы Ленинградқа төкті. Ленинградқа аяусыз блокада құрды.
— Егер де Курляндия біздің уысымызда мықты тұратын болса — ол Россия үшін Европаға жол жабық деген мәселе... Курляндия — Россияның Балтық теңізінің жағасындағы форфосты саналатын Ленинград алып, содан соң оңды - солға қанат жайып, біздің күштерге Россияның европалық бөлімдерінің солтүстік өлкелерімен орталықтарын жаулап алуға мүмкіндік туғызатын плаңдарым деп есептеу керек... — деп Гитлер өзінің стратегиялық жоспарын айқындады ...
Кейіннен Совет қарулы күштері өзінің ұлы қарсы шабуылдарын бастап, неміс армиясын барлық фронттарда батысқа қарай тықсыра бастады.
— Қайткенде де Курляндияны қолдан шығармау керек. Орыстар балтық жағалауына шықса — сол іргеміз қирағанмен тең... Онда Финляндия, Швеция, Норвегия, Польша,
Дания, т.б. біздің құрамнан шығады да, Шығыс Пруссияға негізгі ауыртпалық түспек... Одан кейін зор қатерлі қауіп бүкіл империяға төне бастайды, — депті Гитлер ойбайлап тұрып. Ол рас. Гитлердің сол бұйрығы бойынша Курляндияда алғашқы кезде бір миллион әскер тұрақталып, соғыс аяқтар кезде онда жарты миллиондай әскер болды. Курляндияның беткейлері аз, өзендері, шалшықтары көп, ормандары қалың... Онда аяқты шідерлеген аттай кібіртіктеп қана басасың. Жүгіре алмайсың, тартпа шалшық аяқ басқан сайын сүріндіреді... Біз тарапынан Курляндияда үш майдан болды: Ленинград майданы, бірінші және екінші Балтық жағалауы майдандары. Үшеуі де үстін-үстін шабуыл жасаумен болды. Бірақ та құлаштарын алысқа сілтеп, қадамдарын ұзарта алмады... Тек табаны тірескен жау шебін кеміріп мүжумен болды. Кейбір ілгері басылған екпіндер тойтарысқа ұшырап, әйтпесе, жеткен жерінде доғарылып, көпке дейін дағдара тоқтаумен болды. Нарком бір приказында: «...Курляндская группировка немцев нашими войсками доколачивается...» деп жазды. «Кто, кого доколачивает?» деген сұрақ солдаттар арасында күлкіге айналып кетті. Әсіресе, қиын жағдайлар кейінгі жылдары болды. Біздің Белорустық, Украиндық майдандардағы қарулы күштер өз бағыттарында, өз тараптарында батысқа қарай жауды күйрете тықсырып барады. Соларды кідірту үшін неміс командованиясы қаупі аздау тараптардан оперативтік, стратегиялық маневрлер ретінде мол қарулы күштерді ауыстырып, біздің майдандардың алдына қарсы орналастыра бастады. Курляндияда күштер ауыстырып отырды. «Алдыңдағы жауды неге басқа тарапқа жіберуге мүмкіндік бердің?» деген сөгістерді біздің Курляндиядағы майдандар жиі алумен болды. Жауды жағасынан ұстап жібермеу шаралары ретінде әр тарап дұшпан шебіне шабуылдар көбейте бастады. Дайындыққа уақыт тар, күштер аз болғандықтан, аса ілгері баса алмаса да, жаудың мол күштерін Курляндиядан басқа тарапқа босатпауға олар көп себеп болды.
Жалпы жағдай осылай еді.
Енді төменде бірнеше эпизодтарға тоқталайық.
ІІ
Дұшпан күштерін басқа майданға ауыстыртпау операциясына мен басқарған дивизия да қатысты. Бұл жолы дивизия қарамағына қосымша күш ретінде артиллерия, минометтер, танктер бригадалары берілді...
Мен бақылау пунктінің блиндажында, қолымдағы сағатыма қарап отырмын.
— Бес минуттен кейін басталсын! — деген командашының қарлыққан даусы телефонная естілді. Далаға шықсам, таң бозарып келеді екен. Таңғы сарынның тұншыға, булыға гүрсілдеген үні дүбірлей дабыл қағып күркіреді. Найзағай атқандай алда жарқ-жұрқ, тарс-тұрс етіп жарылған снарядтар мен миналар жерді қопара көтеріп, будақтата қою қара түтін шудаларын құйындата аспанға көтерді. Үдеу үстіне үдеу, атыстардан аспан күңіреніп, жер солқылдап тұрғандай ...
— Тағы да отыз минут осылай ұсталсын, — деп бұйырдым да, блиндажға ендім. Сағатыма қарап: — Бес минуттен кейін танктер тұрған орындарынан қозғала бастасын, — дедім.
Танктер гусеницалармен кесек атқылап, жер бетіне жыланбауыр іздерін тастап барады... Жарақтарын серт ұстап танктер соңынан жаяулар ере бастағанда, артиллерия құлашын алысқа сілтеп, атқылауын бастады. Атака басталды. У-шу, ың-жың. Дұшпанның алдыңғы шептегілері есін жинап алғанша мұрша келтірмей, басып өтіп кетіп бара жатқанын көріп, политотделдың бастығы Коньковский:
— Славьте, значить атака не захлебнулась, — деді.
Біздің дивизия екінші эшелонда бір жарым ай болды.
Қор жинап жаттық. Мені армия штабына шақырды. Командашының түрі солғындау, бір жақтан шаршап келіп отырғандығы ап-анық.
— Дивизияңыз қалай тынықты?
— Жақсы демалды.
— Соғыс кезінде кез келген дивизия бір жарым ай демала бермейді, — деп командашы езуін жиды. — Демалыста жүріп соғысты аяқтау да әр дивизияның маңдайына жазыла бермеген.
— Біз қор жинап, тынығып ұрысқа қайтадан кіру үшін демалдық қой, командашы жолдас, — дедім мен.
— Өзіңіз білетіндей, кеше, 2 май күні жау ордасы — Берлин құлады. Ал Курляндиядағы немістер әлі қол көтерген жоқ. Маршал Говоров ультиматум тапсырды. Қол көтерген жауға жансауға: бүтін киім, тоқ тамақ, баспаналар қамтамасыз етіледі... Әдепті қарым-қатынас... Бейбітшілік шартынан соң еліне қайтуға рұқсат беріледі т.б. шарттар қойылып, уәделер беріліп жатыр... Егер де ультиматумды қабылдамаса, онда күш жұмсап, тізе бүктіруге мәжбүр болмақпыз. Біз шабуыл жасаймыз, олар қарсыласады. Ойран қанды ұрыс басталады. Қарсыласқан жауды жояр болар. Бұл — соғыстың қатал заңы... Соғыстың аяқталғаны шешілген мәселе болса да, кейбір жерде фашистер құрамалары қарсыласуда деген хабарлар да бар. Егер де бұлар сөйтетін болса, күш жұмсауға тура келеді... Сіздің дивизия тыныққан, толыққан дивизия. Қысқасы, сізге бұйрық мынандай: (мен орнымнан тұрдым).
— Дивизия мына НТП ауданына шоғырлансын. Алғашқы сигнал бойынша жау қамалын ХЦЩ бағынына қарай бұзуға дайын болсын. Қосымша күштер сіздің қарамағыңызға бару үшін орындарынан қозғалды...
— Түсінікті, командашы жолдас.
Командашы менімен бірге далаға шықты. Біздің самолеттер тырнадай тізбектеле сап құрып батысқа ұшып барады. Оларға қарап тұрып:
— Кешелі бермен теңізде кемелердің жүрістері көбейіпті. Болжауымызша, бағалы нәрселермен жоғары дәрежелі офицерлерді арман қарата тасып жүрулері керек.
Мына самолеттер теңіз жүзіндегілерін бомбылап сөндіруге ұшып барады, — деді командашы.
— Демек, төрі үркіп көше бастапты ғой.
— Ия, солай. Бұл жағадағы порттар — өте маңызды ірі порттар. Онда көп бағалы мүліктер бар. Соларды біздің қолға түспесін деп істеп жатқан әрекеттері болуы керек.
Мен дивизияға келіп, бұйрық бердім. Тарап - тарапқа жетекші ретінде тағайындалғандар тарап кетті.
— Күшіңіз мол екен. Сапарыңыз сәтті болсын. Ақылыңызды күшке билетпеңіз, комдив жолдас, — деді ақсақал Коньков.
— Қол көтерсе, жауға серт, қол көтермесе, маған серт.
— Оныңыз дұрыс қой. Бірақ та соңғы күні, соңғы сағатта өлім, шығын аз болғаны абзал, комдив.
Жадыраған көктем күні. Құлпырған гүлдер. Мен машинамен алдыңғы шепке келе жатырмын. Көктем, гүл, соғыс... Төрт жыл бойы көрген өлім аз ба?
Көктем күні жарқырайды,
Сәулесімен жарқыратып дүниені.
Барлық жәндік ұйқысынан оянып,
Тіріледі, аяқ-қолын созады,
Қанатымен желді қағып ұшады.
Былтыр қалған ұрықтар,
Нәр алады, көгереді,
Жапырақтанып құлпырады,
Гүлін жерге шашады.
Ал, мейірімсіз адам бірін-бірі өлтіреді, көкті де, шөпті де, гүлді де аяғына таптайды деген ойлар үстінде мен машинамен алдыңғы шепке келе жатырмын. Алдыңғы шеп. Екі жақ бірін-бірі арбап аңдуда, бірін-бірі нысанаға алуда... Бұрынғы соғыс жылдары бұндай қылықтар кәдімгі әдетке айналған заңды қылық еді, ал бүгін болса, барлықтары күндізгі сағат үшті күтіп жатыр. Сағат үште атыс екі жақтан да тоқталады екен деген хабар оларға мәлім. Келісім бойынша үшке дейін атысу заңды, үштен кейін заңсыз деп табылады. «Соған жетсем» деген арман әркімнің ойында. Бірақ та... Комдив приказал! — деген сөзбен оқтар атылады, зеңбіректер снаряд құсады, танктер соңына жыланбауыр ізін тастай, жолындағының барлығын жаншып алға жөнеледі; самолеттер түнере шоңқыйып төбеден ажал құмалақтайды, жер қанға боялады, аяқ асты өлім болады... Мен комдивпін, қарсыласқан жауым да комдив. Екеуіміз ғана неге жекпе-жекке шықпаймыз? Ол біздің заманда заңға жатпайды. Екеуіміздің қарамағымызда он мыңдаған жауынгер бар. «Жеңгеннің желкесінен алмайын — келіселік!» деп ұсыныс беріп отырмыз біз. «Қабылдасаң, қалқан болуға жараймын, қабылдамасаң, талқандаймын!» — деп отыр біздің қолбасшымыз. «Бұйрықты кім берсе, жауапты да сол береді. Мен кішкене командирмін». «Бұйрық бұзған қаспен тең». Мен екі бұйрықтың біреуін орындауым керек...
— Гвардия полковнигі жолдас, дивизия бұйрығыңыз бойынша орналасты. Жауға қару сілтеуге әзір, — деп орынбасарым алдымнан шықты.
— Менің орным қайда?
— Сіздің орныңызды жөнді дайындай алмадық. Алғы шептен өте жақын жерде, көп болса жүз елу метрден аспас, жер жағдайына қарай қолдан келгені сол болды...
Бір төмпештің үстіне қазылған үш-төрт адамдық орды көріп:
— Геннадий Фадеевич, есіңіз дұрыс па? Комдив әскердегі үлкен тұлға емес пе? Мұныңыз не? — деп комиссар қатты ренжіс білдірді.
— Оқасы жоқ, Иван Михайлович! Мен қоян-қолтық айқастың командирімін. Басқа жерге көшіп-қонуға уақыт жоқ.
— Әйтсе де шектен аспау керек қой. Әркімнің өз орны, өзінің алғы шебі бар емес пе? — деп комиссар тағы да шамданды. — Комдив, қолбасшы. Оның орны кемпірдің шорбайындай кең алақан қусырма екен! — деп Коньков құсасын жеңе алмай бұрылып кетіп қалды.
— Сіз де барыңыз, — дедім мен көзін жыпылықтатып сасқалақтап тұрған Шляпинге.
— Мен қасыңызда болсам деп едім.
— Гв. Полковник! Батыр! Сіз менің әлі бұйрықтарымның көбін орындаған жоқсыз! Бар дегенде барыңыз!
— Құп! Комдив жолдас, — деп Шляпин бұрылып жорта жөнелді. Шляпиннің шалағойлығына ақсақал комиссардың ызаланғаны орынды. Біреуі — батыр, біреуі — карт большевик. Мен олардың бастық командирімін.
Мен жатқан алдыңғы шепте басқа дивизияның бір батальоны сирек тосқауыл ретінде жатыр. Дұшпан қол көтермесе, біздің дивизия соның үстінен аттап өтіп шабуыл жасамақ. Демек, дивизия артта топтанып ыршуға дайындалып тұр. Екінші қабатта дивизия, бірінші қабаттағылардың қатарында комдив терең қазылмаған окопта отыр. Коньковтың құсалануы өте жөн. Шляпин болса, ұяла жорта жөнелді. «Әскер адамы өз есептерін ең қауіпті жағдайға құруға үйренген ғой», — деп еді командашы. Жау қол көтерместен сенуге болмайды. Барлығымыз өз орындарымыздамыз. Қауіптеніп, тұншығып, күтіп отырмыз. Таудан табанына қарасаң — жап-жақын, басына қарасаң — өте алыс дегендейін жеңіс жап - жақында, сезесің, күткенде бір сезесің. Қашу мен күту адамды бірдей шаршатады. Сағатқа қарай беруден тозатын болса, сол күні сағат бір мен үштің арасында менің сағатымнан еш нәрсе қалмаған болар еді... Екі жауынгермен жамбас тіресіп бір шұңқырда жатқаныма ішімнен біресе күлемін, біресе қапаланамын. Біз жатқан төмпештің бауырына қарай бір ротадай жауынгерлер бұға жүгіріп, құлай еңбектей келеді.
— Ложкин! —дедім адьютантыма.—Мыналар кім болды екен? Біліңіз. Басқаларды тоқтатып, командирін бұнда ертіп келіңіз, — деп жұмсадым.
Капитан келіп, қатар жатып:
— Мне приказано вести разведку с боем, — деді.
— Что, вам не терпится умереть?
— Мне приказано.
— Кто вам приказал?
— Наш командир полка.
— Я командир девятой гвардейской дивизии. Наступление на участке вашего полка поручено мне. Я здесь хозяин...
— Мне приказано достать языка во чтобы то ни стало — деп жыламсырап капитан сөзімді бөлді.
— На какой черт вашему командиру полка нужен язык?
— Ол кісінің өзінен сұраңыз. Мүмкін, ол кісіге де жоғарыдан бұйырған болар. Мені кідіртпеңіз, полковник жолдас.
— Ложкин, сбегайте командиру полка и передайте ему, что я роту здесь задержал. Если он будет брыкаться как этот капитан, то скажите ему, что по приказанию командующего он находиться в моем оперативном подчинении. В данных разведки с боем я не нуждаюсь.
— Стороны договорились в три часа прекратить огонь, а вы лезете! Нечего разведовать и терять людей, — деп зекірдім капитанға Ложкин кеткен соң.
— Так-то конечно так, но раз приказано — дело наше солдатское... Но самовольничать над чужими...
— Капитан! Потрудитесь молчать! За свои распоряжения я отвечаю! — деп айқайладым.
— Есть! Құп! Үн қатпадым, полковник жолдас.
Біздің жақтан дүркін-дүркін атыс басталды. Көктен самолеттер өтіп барады. «Бұнысы несі екен? Әлде жау ультиматумды қабылдамады ма екен?... Олай болса, белгіленген сигналдар қайда? Олар неге берілмейді?...» деп таңданып:
— Радио сол керекті толқында ма? — деп сұрадым.
— Сол толқында, полковник жолдас, — деп жауап беріп, байланысшы құлағын жапсыра тыңдады. — «Сигнал уақтылы барлық арнамен бірден беріледі» деп орталық станция қайталап тұр, полковник жолдас, - деп таңдана қарады.
— Біздің ротаның қимылын қамтамасыз еткелі істелген әрекет болар, — деді капитан.
— Әлде, Ложкин полк командиріне жетпеді ме екен?
— Қайдам... Мына опай - топайды пайдаланып, алға ырши ұмтылуға рұқсат етіңіз, полковник жолдас.
— Капитан жолдас! Сіздің өз жеке басыңызға ұмтылмаған түгіл ұшсаңыз да рұқсат! Рота орнынан қозғалмайды. Не забывайте: вы находитесь на поле боя при мне. Я обличен правами высшего командира. Я обязан пресекать всякое ослушание младших.
— Ұқтым, полковник жолдас.
— Пошлите бегом одного из ваших командиров взводов к командиру полка. Пусть он скажет: комдив приказал немедленно прекратить огонь.
Капитан шегіне жүгіре жөнелді.
Біздің жақтан атыс саябырси бастағанда, жау жағынан дүркіндете атқылау басталды. Жауабы қарқынды. Артиллерия дабылы сарынды. Байланысшы маған алакөзімен бір қарады.
— Немістерге атуыңды тоқтат деп бұйыра алмаймын, бауырым. Жаңағыдан кейін олар қалай қарап жатсын?
— Шляпинді шақырғын.
— «Сұңқар!», «Сұңқар!» «Мен — Арыстан!», «Мен — арыстан!» жиырма тоғызды отызыншы тез шақырды... деп радист айқайлап болды - дағы, маған трубканы ұсынды.
— Мен тыңдап тұрмын, — деген Шляпиннің даусы естілді.
— Тырна мойындар қалай?
— Орындарында, дайын.
— Он бес минут. Дүркін атыс. Алдағылардың үндерін өшірсін. Ешкім бұйрықсыз орнынан қозғалушы болмасын. Менің сағатым 14.30.
— Түсінікті.
— Ал, енді орталықтың толқынына көшкін, — деп трубканы радистқа бердім.
Дабылға дабыл, сарынға сарын косылды. Айнала күңіреніп, жер сілкініп барады. Радист маған тағы да состыя, таңдана қарады.
— Атпа дегенім де рас, ат дегенім де рас. Екеуі де дұрыс.
Радист маған тағы да қарады. Орысша айтқанда на этот раз его глаза были совсем незащищенные как у наивного юноши, не умеющий скрывать свои смущения или презрение, в глазах которого можно было все читать: он как солдат был смущен, как человек презирал меня.
— Ничего, братец! Я тоже недоумеваю как ты... Одним словом, после разберемся, — дедім мен оған.
«Өзіңнің денің cay ма?» дегендей ол маған тағы да қарады.
— Плотнее прижми наушники! — деп мен оған ақырдым. Солдат төмен қарап, жүрелей теріс қарап отырып, екі құлағын да қомағайлана тыңдап жүгініп отыр.
— Вот так сидеть и слушать! — мені тыңдамай отырған радистке тағы айқайлап, ішімдегі басымды айналдырып бара жатқан зәрімді сыртыма шығардым... Тұншығып - булыққанда бір тыныс алу қандай нәр болса, зәрім тарқағаны тынысымды ашып, кеудеме самал ендірді.
Смерть — это врожденное право каждого. Біреудің ажалы оқтан, біреудің ажалы оттан дейді қазақ. Біз одан неге қорқамыз? Бізден жақсылар да, бізден ержүректер де өлген жоқ па бұл соғыста? Желание жить, бороться за жизнь до последнего вздоха тоже врожденное право каждого живого! Это весьма сложный процесс прежде всего приметов природного инстинктов: самосохронение, потребление, отправление, разумножение... А честь долг были бы пустозвонством без этих первородных двигателей... Да, и нам нечужды все присущие человеку — и недостатки, и достоинства. Ничто нам не чуждо... Все чуят скорого конца войны. Осталось несколько минут! Каждый под благовидным предлогом хотять в безопасности пережить эти несколько минуты. Никогда на войне человек не боролся за время как за три, два, один час, за сорок, тридцать, двадцать, пятьнадцать, десять, пять минуты до прекращения огня. А время так шло медленно, червяком ползло проклятое! Тиканье секундных стрелок так цинично стучали медленным молоточком по вискам каждого чего не мог придумать рекордсмен самых утонченных пыток... То, что из-за безответственности, недисциплинированности одного самодура — старшего офицера командира полка, завязалась настоящая артиллерийская дуэль и я комдив беспомощный остановить их, вынужден был «подливать масло в огонь» приказав всей силой своей артиллерии обручиться и подавить ответный огонь противника... Все это грохочать принеся жертвы сторонам, которых возможно было бы избежать при взаимной выдержке. «Комдивы сторон приказали — расстреливать все боеприпасы на огневых позициях до обусловленного времени». Все это тяжело созновать, ибо последний час войны — это не первый час войны... Опай - топай атыстан бас көтере алмай жатқанымызда, күтпеген жерден біреу радист екеуіміз жатқан шұңқырға дүрс ете құлады. Демін зордан алып, ентігіп жатқанға қарасам, ақсақал Коньков екен. Оған тіл қатқанша ұмарлай - жұмарлай үшеуіміздің үстімізге зілдей дене опыра - жанши құлады. Менің оң иығымды салмағымен ұршық ұясынан шығарып жібере жаздады. Қолым қатты ауырып, шымырлап ұйып барады. Оны бір – екі - үш рет сілтеп, құлағанға қарасам, өзімнің адьютантым капитан Лошкин екен.
— Әй, сен қайда жоғалып кеттің? — деппін ғой тағы да талып қалған қолымды сермей беріп.
— Сіздің тапсырмаңыз бойынша...
— О, құрып кет, құрып кеткір! Сені өлімге ғана жұмсау керек екен!..
— Оныңыз рас, полковник жолдас. Мен содан кайттым, — деді ол ентіге сөйлеп.
— Бұрын екеу едік, енді төртеу болдық, бауырым, — дедім мен радистке. — Енді көңілділеу болар.
— Фу! Жарко! Жарище! — деп ақсакал Коньков белдігін шешіп, түймелерін ағыта бастады.
— Шляпинді көрдіңіз бе, Иван Михайлович?
— Көрдім. Екеуіміз тағы да кежілдесіп қалдық.
— Неге?
— Дивизия орнында, ал комдив болса жоқ. Лежит на переднем крае без особой надобности и отсюда варит какую-то кашу... — деп кекете сөйлеп, ақсақалдың өті сыртына шығып көгеріп кетті.
— Абайлап сөйлеңіз, Иван Михайлович!
—Да, простите комдив. Через 15-20 минут потушиться огни... Победителей не судят! -— деп ол тағы да мені кекете сөйледі.
— Кейіннен ұялып жүрмеңіз, Иван Михайлович. Отты тұтатқан мен емеспін. Большой пожар гаситься взрывной волной... Радист! Передайте немедленно прекратить огонь артиллерии!.. Стрелкам тоже молчат!
Атыс дабылдары саябырсып, талықсып барып тоқтады. Немістерде де үн жоқ. Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш.
— Ваше, как видите, ваше взяло вверх, Иван Михайлович. Вы теперь довольны? — деп мен де ол кісіге кекете сұрақ қойдым.
— Я доволен, комдив. Спасибо вам, комдив, — деп қарт большевик күрсінді.
— Иван Михайлович! Сіз бұнда неге келдіңіз?
— Жан-жақтан опай-топай басталды. Әлгі Шляпин байғұстың шәт - шәлекейі шығып жүр. «Комдив осылай деген деп әркіммен арпалысуда... Әлгі артиллерия мен танктар бригадасымен жағаласуда ... Дәтім шыдай алмастан осында келе жатсам, жолда капитан Ложкин жолықты. «Комдивтің тілін алмай отыр мыналар» деді. Мен барсам, бір жас полковник маған ақырып: «Ваш комдив сорвал пашу боевую разведку!» дейді. Қасында сүмірейіп бір капитан тұр. Қысқасы, бұйрықты кім берсе, сол жауап береді. Комдив принял на себя свою ответственность! Я как его заместитель по политической части тоже принимаю на себя всю ответственность на данном участке. У нас семь полков, а вы восьмой полк. Потрудитесь подчиняться нашему комдиву! Не вам, а ему поручено судьба данного участка... — деп зекірдім полк командиріне.
— Дұрыс істепсіз, Иван Михайлович. Рақмет сізге. Не комдив, а вы будете ему докладывать о ваших делах... Немедленно свяжитесь с нашим штабом и действуйте по нашему указанию. Вы находитесь в нашем оперативном подчинении!.. А вы, капитан, следуйте за мной — я иду к комдиву...
— Ал, капитан қайда?
— Капитан елу қадам жетпестен қаза тапты. Ана жерде жатыр. — ол көрсетті. Бүге жығылған күйінше томпайып жатқан денеге көзім түсті...
«Он так рвался в бой. Его настигла шальная пуля. И когда?..» деп ойладым.
— Капитан Ложкин! Принимайте командование этой ротой. Командирсіз рота құрсаусыз шелек, жесір қатын, жетім баламен тең... Капитанды құрметтеп жерлеңіздер... Кейіннен маған баяндарсыз. Барыңыз капитан.
— Құп! Жолдас полковник.
«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дейді қазақ. Пәлен участокта опай-топай ұрыс болып жатыр. Екі жақтан да атыс ұлғаю үстінде. Дұшпан көнер...
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру