Табылмаған құрылым
Умберто Эко
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Умберто Эко - «Табылмаған құрылым» шығармасы.
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
УМБЕРТО ЭКО
(Аударған Е.Абақан)
Семиологияға кіріспе
... ТАБЫЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫМ (Құрылымдық үлгілердің эпистемологиясы ) 1. Құрылымдар, құрылым және структурализм Коммуникативті үлгілерді зерттегенде хабардың формасын, сондай-ақ, кодтардың жүйелілік табиғатын анықтау үшін де құрылымдық торды қолдану қажет болады. Қайсыбір кодты формаға сәйкестендіру және басқа қарама-қарсы қойылған немесе қосымша кодтармен салыстыру тұрғысынан келгенде пайдасы бар синхронды көзқарас, тарихи процес барысындағы хабарлар мен олардың әртүрлі оқылуының ықпалындағы кодтардың эволюциясын түсінуге көмектесетін кейінгі диахрондық талдауды жоққа шығармайды. Мұндай құрылымдық торлар бірдей құралдарды қолданып әртүрлі құбылыстарды сипаттағанда, басқаша айтқанда, хабарда, кодта, мәдени контексте қызмет атқаратын, яғни риторика мен идеология механизмдеріндегі гомологиялық құрылымдарды анықтағанда қажет болады. Құрылымдық тәсілдің міндетіне әртүрлі мәдени деңгейдегі гомогендік құрылымдарды анықтау жатады. Мұндай міндеттер дискурсты ерекшелендіруді мақсат ететін таза оперативті міндеттер болып табылады. Бірақ бұл мәселенің шеңберін алдын ала белгілеу қажет болады, өйткені құрылым термині, көбінесе, бір-біріне ұқсамайтын философиялық және ғылыми тұжырымдамаларда қалай болса солай қолданылады. Соңғы кезде құрылымдық терминологияны шексіз қолданудың салдарынан, бұл термин сән үшін ғана қолданылады, сондықтан оны қосымша коннотациялардан тазарту керек деген пікірлер айтылып жүрі. Ал осы терминді дұрыс қолданатындардың өзі терминді қолдануға болатын қандай да бір кең өрістің, "ешкімнің иелігінде жоқ жердің" болуын көбіне мойындайды.
І. Ой тарихындағы "құрылым" ұғымы 1.1. Бұл жердегі әңгіме тұтас нәрсені, соның бөліктері мен олардың өзара қатынасын, "ішкі тәуелділіктердің дербес тұтастығын", өзара тәуелді және біте қайнасқан бөліктерден құралған қандай да бір тұтас нәрсені анықтайтын термин туралы болып отыр... Дегенмен де егер құрылымды қандай да бір ішкі органикалық байланыстардың бірін-бірі "ұстап" тұратын жүйесі түсінсек, онда құрылымдық ұстаным бүкіл философияның тарихына тән дегенді мойындауға тура келеді; аристотельдік субстанция ұғымынан (ал "Поэтикада" драманы "үлкен айуанмен" салыстырудан) бастап, ол форманың әртүрлі биоорганизмдік теорияларын және де әртүрлі ортағасырлық теорияларға тән болған. Бұл жерде он тоғызыншы ғасырдың организм философияларын еске түсірсек жеткілікті (олардың арасында Гете морфологиясына және қазіргі ағылшын саксон эстетикасының көптеген қағидаларына негіз болған Колриджды атасақ жеткілікті)... Қазіргі философияны әрқайсысы тарихи, онтологиялық немесе психологиялық нақтылықтың көрінісі саналатын Шпрангердің "өмірлік формасынан" (Lebensformen) бастап, Криктің "ежелгі формасына" (Urform) дейін және Дильтейдің "негізгі формасынан" (Grundformen) бастап, Гуссерльдің "мәнділік формасы" (Wesenformen) мен Шелердің "сезіну формаларына" (Gefuhlsformen) дейінгі әртүрлі "формалар" жайлап кеткені белгілі. Осы ойдың жалғасы ретінде қазіргі эстетика да Кассирер мен Лангер жасаған символикалық түрлерден бастап, жаңа сын стратегияларына дейін, Фосийон формаларынан бастап, Парейсонның пішін жасау теориясына дейін құрылымдық сарындарға толы екенін айту қажет; Уайтхейдтің ықпалында болған Пачи реляционизмінің құрылымдық ұстанымы туралы да және өзінің әлеуметтік-эстетикалық зерттеуінде "құрылымдық" эстетиканың қағидаларын негізге алған Шарль Лалоның "жүйелер жүйелерінің" айтылмыш қана сипаты туралы да дәл осыны айтуға болар еді (орыс формалистері - Прагалық лингвистер ұйымы - тізбегіне ұқсас)... Ең соңында айтарымыз, алғашқы рет құрылым туралы мәселе көтерген формалар психологиясының қазіргі структурализмнің көптеген бағытына ықпалы болды және сол формалар психологиясының ағымы бойынша Мерло-Понти өзінің терең құрылымдық анықтамаларын жасаған. Алайда, дәл осылай "өздерінің структуралист екенін білмейтін" структуралистерді немесе "структурализмнің алдында болған структуралистерді" немесе "нағыз шынайы структуралистерді" бәрінің ризашылығын туғызып шексіз санамалай беруге болады. Маркс пен көптеген марксистердің құрылымдық ұстанымын қалайша жоққа шығаруға болады? Және де психопатология саласындағы қазіргі зерттеулердің, Минковский, Штраус, Гебзаттель және Гольдштейн еңбектерінің, Бинсвангердің болмысты талдауын және Лакан құрылымдық сарында түсінген фрейдизмнің өзін де сол баяғы структурализм анықтап тұрған жоқ па? 1.2. Қорытындылай келе айтарымыз, құрылым идеясы ғасырлар бойы философиялық ойға арқау болып келді және ол формалардың формасы қозғап тұрған әлемнің, ғарыштың тұтастығы туралы түсініктерімен астасып. жатқан жалпылық идеясы ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке "тұтастықтардың" қосымшасы ретінде де, метафизиканың күйреуі жалпы тұтастықты Тәртіп ретінде тануға мұрша бермеген жағдайда реттеу өлшемі ретінде де қолданылды. Қазіргі ойлауда мұндай ұстаным жеңіске жетіп, ендігі назар синхронды тұрғыда қарастырылатын жекелеген құбылыстардың реттелуіне ауды, ал себептілік, тарихи даму, генезис мәселелері көлеңкеде қалды; мұның барлығы ойдың біртұтас бағыты саналатын "структурализм" мәселесінің емес, форманың, құрылымның, тұтастықтың органикалық бірлігі туралы мәселенің қамтылуын дәлелдей алады. Сонымен, структуралист құрылымшы болу үшін құрылымдар туралы ғана айту, оларды мойындау және құрылымдық әдістемені қолдану аздық етеді. Сондықтан да "структурализм" атауын, Де Соссюр - Мәскеу - Прага - Копенгаген - Леви-Строс - Лакан -кеңес және француз семиотиктері тізбегіне сәйкес келетін болжалды ортодоксальды структурализмге беріп, құрылым терминінің нақты қолданылуын анықтап, бұл мәселені жабу керек шығар. Бірақ біз негізгі (магистральды) бағытты бөліп алатын және барлық қосымша тармақтарды сонымен тікелей байланыста қарастыратын осындай терминологиялық жіктеуді жасағанда және құрылым терминін қай жағдайда қолдану керектігін анықтаған кезде, біз бірден сондай қолданысты негіздейтін көптеген философиялық пікірлерге жолығамыз. Нәтижесінде бізге ортодоксальды структурализмнің магистральды бағыттың ішінде (мәселені жеңілдету үші.н тандап алынған) магистральды қиылысқа, ап структурализмді - қайда апарары белгісіз бастапқы нүктеге айналдыратын әртүрлі бағыттағы күштер болатынын мойындауымызға тура келеді". Сондықтан мынадайлардың болуымен келіспеске лаж жоқ: а) "жалпы" структурализм (қате атаудың немесе өзін-өзі атаудың нәтижесі); б) ерекшеліктерін анықтау қажет болатын "әдістемелік" структурализм; в) біз даулы мәселесін талдайтын "онтологиялық" структурализм. И. Аристотель тәлімі: нақтылы форма және формалдық үлгі ретіндегі құрылымның теориясы ІІ.1. Біз негізге (бүл бәрінің де көңілінен шығуы тиіс) құрылымды бөліктері мен олардың өзара қатынастары бар қандай да бір тұтас нәрсе ретінде қараймыз; мұнда барлығы да өзара байланыста болады; бірақ тап осы тұста құрылым деген не: құрылымы бар объект ба немесе объектның, құрылымын анықтайтын, бірақ жеке қарастыруға болатын қатынастар ма? — деген мәселе пайда болады. Жоғарыда біз структуралистік ойдың атасы ретінде Аристотель туралы айтқан едік. Нақ осы Аристотельде біз форманы, қандай да бір органикалық тәртіпті сипаттауға көмегі бар үш ұғымды кездестіреміз: морфе (morfe), эйдос (eіdos) және усия (ousіa). Морфе "Физикада" былайша анықталады: бұл сызба, объектінің сыртқы физикалық формасы, оны схоластар termіnato деп атаған; бұл то Зеск;. Эйдос дегеніміз идея. Ол Платон үшін нақты заттан да реалды есептелсе, бұл жерде заттан "тыс" болмайды; бұл Xoyog avev демек материямен бірге ол синлон, субстанцияны, яғни усияны (oucna) қурайды. Онда sіvaі және auvoov қосылады, ал бұл oucna, яғни жеке адам болады. Бірақ эйдос усиядан жеке өмір сүре алмайды, бұл - болмыстың әрекеті. Эйдос затпен біте қайнасқан, бірақ оның пайда болып, қалыптасуына қатысы болмайды. Ол тек субстанциямен бірге ғана және оның ішінде өмір сүреді: ол субстанцияның интеллигибельдік құрылымы. Бұл түсінікті қазіргі таным теориясының көмегімен түсіндіруге болады, мысалы, Н.Бор атомның үлгісін (ол әлемдегі бірінші атомнан бұрын пайда болмайды, тек құдіретті ақылда ratіo semіnalіs түрінде болмаса және ол абстракция процестерінің жемісі болады) кез келген болуы мүмкін атомның эйдосы деп атасақ. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет болады - 1) Борға дейін атомның эйдос-үлгісі болмады, бірақ ол атомдар да жоқ болды деген сөз емес; және 2) біз атомдар Бордың болжамы бойынша құрылуы тиіс дегенді айтқымыз келмейді; ал Аристотельде болса, эйдос усияға жан бітіреді және оны абстракцияландырып, анықтағанда біз, біздің танымымыздан бұрын болған қайсыбір интеллигибелдікті жарыққа шығарамыз. Мұндай ерекшеліктерді атап өту қажет, өйткені кейін "құрылым" терминін талдағанда осыларды ескеру керек болады. Дегенмен де "осы" және "постулаттаған" эйдостарды әзірше қоя тұрып, аристотельдік философиядағы құрылым дәрежесін қарастыруды жалғастырамыз. ІІ.2. Егер эйдос рационалды және рационалды түрде танылатын нақты субстанцияның құрылымы болса, ол заттың өзін емес, затты меңгеріп тұратын қатынастар жүйесі болуы тиіс. Бірақ Аристотель бойынша, эйдос өзі көрсетіп тұрған материядан тыс, демек өзі көрініс табатын "усиядан" тыс анықтауға келмейді. Сондықтан Аристотель қайсыбір жасалатын заттың идеясы туралы айтқанда (мысалы, сәулетші үйдің құрылымын ойдан шығарады), ол мұндай оперативті идеяны эйдос демей, ("бірінші мәнділік") деп атайды; заттың формасы болып табылатын форманы заттан ажыратуға болмайды. Сонымен, Аристотельдің құрылымдық үлгі (ойдың сызбасы) және құрылымы бар объект арасын тандап, көп ойланғаны айқын білінді; мұндай диллема құрылымға қатысты әңгіме болғанда жиі туындайды және "құрылымдық" әдіснаманы дұрыс түсіну оның шешілуіне байланысты болады. Дегенмен де күмән туғызып тұрған екі нәрсе белгілі: оның бірі эйдостың онтологиялық және эпистемологиялық қырларына катысты (эйдос "берілген нәрсе" немесе "орнаған нәрсе", мен оны заттың өзінен табамын немесе затты түсіну үшін затқа телимін); екіншісі нақтылы және абстрактылы қырларға қатысты болады (эйдос -объект ба әлде объектының үлгісі ме, индивид па әлде әмбебап па?). Егер біз екінші оппозицияға тоқталсақ (байланыстар заңы бойынша жасалған зат, яғни субстанция ретінде түсінілетін құрылым және байланыстар жиынтығы, реттелетін элементтерді ауыстырғанда да өзгермейтін тәртіп, яғни қатынастар торы ретіндегі құрылым арасындағы), онда объектіні қабылдаудың және талдаудың барлық жағдайында бұл күмәннің қайталанып отыратындығына көзіміз жетеді. Өйткені, үлгілер объектіні анықтау үшін жасалады және объект туралы әңгіме болғанда оны үлгілер арқылы анықтайды. Сондықтан да бұл тұста құрылым жөнінде айтылған осыншама пікірдің арасында, осы дихотомияның болатынын ескеретін және аталған екі позицияның бірін саналы таңдаған пікір бар ма деген сұрақтың болуы заңды. Келесі тараудан кейін "жалпы емес" структурализмнің күмәнді сейілтетін нақ осындай таңдау жасайтыны белгілі болады, бірақ сол мезетте ол жоғарыда көрсетілген басқа балама үшін де, яғни құрылымның онтологиялық және таным теориясы түсінігі үшін ашық болып, әдіснамалық және онтологиялық структурализмнің айрығында тұрады... 2. Бірінші күмән: нысан ба әлде үлгі ме? І. Әртүрлі құбылыстарға қолданылған айырмашылықтар жүйесі ретіндегі құрылымдық үлгі 1.1. Ортақ нұсқамалар арқылы байланысатын және өзара ықпалы күмән туғызбайтын бірқатар пікірлерді қарастырайық, олардың мәні мынадай:
а) құрылым - айырмашылықтар жүйесі ретіндегі үлгі; ә) әртүрлі құбылыстар мен құбылыстардың жиынтығына қолданылу мүмкіндігі үлгінің қасиеті саналады; б) жоғарыда көрсетілген екі жағдай қабылданғанда ғана "құрылымдық" әдіснамада мән болады, осы шарт орындалғанда ғана ол білімнің бірігуіне жол ашады және әртүрлі ғылымдар арасындағы қатынастың дамуына ықпал етіп, пәнаралық талдауды жүргізе алады. 1.2. Соссюр (ол "құрылым" терминін қолданбаған деуге болады және тілді жүйе ретінде түсіндіргенде жүйе терминін кейбір әлі алда талданатын авторлардың құрылым термині тәрізді түсінген) тілдің жүйелі табиғатын табанды түрде негіздеген: "Тіл - барлық бөліктері синхрониялық өзара тәуелділікте қарастырылуы мүмкін және қарастырылуы қажет жүйе. Сондықтан да сөзді қайсыбір дыбыстың қайсыбір мағынамен қосындысы деу үлкен қателік болады, өйткені бұл - ол тіршілік ететін және бөлігі болып табылатын контекстен жұлып алып тастаумен бірдей нәрсе, сондай-ақ тұтас нәрседен бастап, талдау арқылы оның құрамындағы элементтерін анықтаудың орнына жеке бөліктері қосу арқылы жүйені тануға болады деп ойлау да қате. Алайда элементтердің қатынастарын анықтау үшін тұтастан бастау, мысалы қайсыбір мағынаны басқа мағынаға қарама-қарсы қойып анықтау дегеніміз айырмашылық жүйесін анықтау болып саналады: "Тілде өзгешеліктен басқа ештеңе де жоқ. Жалпы, өзгешелік өзі анықталатын қатынастың арасында жағымды мүшелердің болуын қажет етеді. Бірақ тілде жүйенің жағымды мүшелері жоқ өзгешеліктер ғана бар. Таңбаның қай қырын - таңбалаушыны немесе таңбаланушыны алмайық, барлық жерде бірдей көрініске жолығамыз: тілде тілдік жүйеге тәуелсіз тіршілік ететін ұғым да, дыбыс та жоқ, тек осы жүйеден туындайтын мағыналық және дыбыстық өзгешеліктер ғана бар". 1.3 Бұл идеяның Соссюрден кейінгі структурализмде қандай маңызды болғаны мәлім: Ельмслевтің бүкіл семантикасы таңбалаушылардың коммутация мүмкіндігін анықтайтын парықталық (значимость) ұстанымына негізделген (таңбалаушылардың ауысуына сай таңбалаушы өзгереді не өзгермейді); таңбаның мағынасы таза жіктеуіш сипатта болады: француз тіліндегі boіs және foret арасындағы шекара итальян тілінде бір жағынан legno және bosco және екінші жағынан foresta арасынан өткенде одан әрі айшықтана түседі... Боренелер туралы түсінікпен сәйкесетін шектеулі кеңістікте өсетін аласа ағаштар туралы лингвистикадан тыс болатын түсініктің оз кезегінде кең алқапты алып жатқан үлкен ағаштар туралы түсінікпен сәйкес келуі, жүйеден бұрын пайда болмайды, бірақ оз элементтеріне позициялық парықтылықты үстейтін және оларға басқа тілдің жүйесімен салыстырғанда анықталатын жүйелік өзгешеліктерге тәуелді мағына үстейтін тілдік құрылымнан туындайды: "тек қана бүкіл шарттылар ғана емес, сондай-ақ шарттыға қатысы барлардың да және бүкіл жіктеуіштердің де формаға қатысы бар болып, материалға қатысы болмайды. 1.4. Соссюрлік "жүйенің" көлеңкесінде жасырынып тұрған құрылым ұғымы, жоғарыда айтылғандай, 1929 жылғы "Прагалық лингвистикалық үйірменің тезистерінде" көрініс табады және тілдің жүйе ретіндегі тұжырымдамасы "құрылымдық салыстыруды" қажет ететіні айтылып, олар диахрониялық зерттеуде де (мысалы фонологиялық деңгейде де) міндетті саналып материалға қарағанда ішкі жүйеліліктің өзара қатынастары басым болатынын мойындатады. Демек, бүл жерде де өзгешелік жүйе ретіндегі құрылымдық үлгінің түсінігі ұсынылады және ол зерттелетін объектінің физикалық қасиеттеріне ешқандай қатысы жоқ немесе Ельмслев айтқандай, айтылу формасы айтылым субстанциясымен ешқандай қатысы болмайды, сондай-ақ мағынаның түрі позициялық мағына - мағынаның субстанциясымен немесе таза мағынамен ешқандай байланысы болмайды. Айырмашылықтар жүйесі дегеніміз абстракцияланатын қатынастардың жүйесі болып табылады, бұларға Трубецкой әртүрлі тілдерде анықтағысы келген фонологиялық заңдар жатады; өзінің фонологиясының ұстанымдарын мүлдем ұқсамайтын тілдерге қолданып және ондай фонологиялық жүйелердің құрылымын зерттей отырып, ол қатынастардың кейбір комбинациялары әртүрлі тілдерде кездесетіні туралы, ал кейбіреулерінің мүлдем кездеспейтіні туралы айтады. Бұл фонологиялық жүйелердің құрылымдық заңы болып табылады. 1.5. Бірақ осы тұста құрылымды таза анықтау қатынастарына жататын сызбамен немесе үлгімен теңестіру, оның оперативті сипатын дәлелдеп береді, өйткені оны дескриптивтік және кескіндеушілік тор ретінде әртүрлі құбылыстарға қолдануға болады. Егер құрылым әртүрлі хабарды туғыза алатын код ретінде қызмет атқарса, ол мағынаға ие болады. Онда Леви-Стростың І960 жылы Коллеж де Франста оқыған кіріспе дәрісіндегі қорытындылар түсінікті болады: "ғылымдардың ешқайсысы да өзі зерттейтін құрылымдарды кез келген бөліктердің кез келген орналасуы ретінде зерттей алмайды. Екі шартқа сай келетін орналасудың ғана құрылымы бар деп есептелуі мүмкін: ол ішкі байланысы бар жүйе болуы тиіс; және бір тәсілді қолданғанда байқалмайтын байланыс трансформация арқылы зерттелгенде анықталады, соның арқасында, бір қарағанда, ұқсамайтын жүйелерде ортақ сипаттар анықталады". Леви-Стростың бұл тұжырымы бізді өзгешеліктер жүйесі туралы ұғымға қайта әкелді, ал оның құндылығын оны әртүрлі құбылыстарға қатысты қолдануға болатыны анықтайды және ол параграф басында айтылғандарды да дәлелдей алады. Құрылым трансформация жүйесінің құрылуын мүмкін ететін транспозицияның мүмкіндігі ретінде түсінілгенде ғана, оның айырмашылықтар жүйесі ретіндегі түсінігі жемісті болмақ. 1.6. Бұл жерде тағы анықталатыны "құрылымның" философиялардың және сыни әдіснамалардың айтатын "ағзалармен" немесе "пішіндермен" ешқандай ортақ нәрсесі болмауы; ездерінің сипаты жағынан олар конструктивті суреті мен бөліктері өзара байланысты болатын қайсыбір нақты жасалымға бейім келеді, ал "жалы емес" структурализм әртүрлі мазмұнда инвариантты формаларды іздеуге бейім тұрады. Бұл басқа жағдайларда құрылым туралы айтуға болмайды деген сөз емес, бірақ онда әңгіме тасымалданатын құрылымдық үлгілер туралы емес, құрылысы бар объектілері туралы, демек, пішіндер туралы болуы тиіс. Ал бүл "жалпы емес" структурализм тілімен айтқанда, қайсыбір феномендер константты үлгіге келтірілгенде ғана, құрылым туралы заңды түрде айтуға болады деген сөз. Дәлірек айтсақ, эстетикада жазылған көптеген еңбектерге тән жеке формаларды талдау құрылымдық құрал ретінде қолданыла алады, бірақ ол өздері бағынатын (немесе болу мүмкіндігі өте төмен хабарлар жағдайында сияқты бәрі қарсы болатын) ережелер жүйесін жасау үшін әртүрлі формаларды сәйкестіргенде ғана шынайы құрылымдық құрал бола алады.
И. Структурализм (құрылымшылдық) және генетикалық структурализм ІІЛ. Мысалы, біздің жүргізіп отырған құрылымдық зерттеу үлгісінен өздерін құрылымдық санайтын кейбір зерттеулерді ажырата білу керек. Типтік жағдайға Люсьен Гольдманның еңбектерін жатқызуға болады. Шын мәнінде, Гольдман ешқашан өзін структуралист деп есептемеген. Ол өзінің тәсілін "генетикалық структурализм деп аталатынын үнемі айтатын және басқалар үшін "генетикалық" деген анықтама бәрін түсіндіріп тұратын. "Генетикалық структурализм тәсілінде құрылымы тұрақталған тұтастықтар саналатын эмпириялық деректер бөліп алынады және кейін олар элементтер ретінде өзі тектес ауқымды құрылымдарға жинақталады". Бұл тәсілдің артықшылығына оның мәдениет деректерін бірден тұтас қамти алуы жатады. Мұндай тұтастық осы деректерді қамтығанда оларды сол мезетте-ақ көрсетеді, өйткені мағыналы құрылымды анықтау дегеніміз деректердің қайсыбір жиынтығын қамту болып табылады, ал оны ауқымды құрылымға енгізу таралу айқындама процесі болып саналады. Мысалы, Расин театрының және Паскальдің "Ойларындағы" трагикалық құрылымды анықтау дегеніміз - оларды ұстап қалу деген сөз, бірақ оларды құрылымы анықталатын радикалды янсенизм контексіне енгізу, янсенизмге қатысты ұстап қалу әрекеті болып саналады, бірақ Паскаль мен Расин шығармашылығына қатысты бұл айқындау болады; радикалды янсенизмнің янсенизм тарихына енуі дегеніміз, біріншісін айқындау және екіншісін "ұстап қалу" болып табылады. Идеологиялық қозғалыс ретінде янсенизмді XІІ ғасырдағы дін басыларының жоғарғы тобының өмірінің тарихына енгізуіміз, янсенизмді айқындауға және осы топтағы дін басыларының тарихын ұстап қалып, анықтау болып саналады. Жоғарғы діни басылардың тарихын француз қоғамының жалпы тарихына жазу, біріншісін айқындау және екіншісін "ұстап қалу" болады және т.б.". 11.2. Бұл тәсілде құрылым мағыналы оппозициялардың инвариантты жүйесі болмайды: бұл өзгеріп отыратын қасиеттер тізімінің көмегімен сипатталатын мәннің тұтас көрінісі сияқты нәрсе; құрылым - мәңгілікке қатып қалған үлгі емес, ол заманның пакты тарихи кезеңінде мәдени детерминациялардың жүйесі иеленетін ерекше форма болып табылады; қатынастар жүйесінің формасын иеленетін субстанциядан бөлінбейді, мысалы, Роб-Грийе романдарының құрылымын ерте капиталист қоғамдық өндірістік қатынастар формасымен емес, жаңа капиталистік дәуірдегі өндірістік қатынастар формасымен салыстыруға болады, өйткені біріншісіне XІX ғасырдың романдары сәйкес келеді. Бұл мәнде Гольдманды структуралист деп таныған адам структурализмге кері ықпал жасайды, бірақ тәсілі сынауға лайықты не лайықсыз болсын, құрылымдық тәсілден ерекшеленетін Гольдманға ол одан асқан кері ықпал жасайды. Гольдманға қойылатын сауалдың ең ірісі мынаған саяды: бірдей семантикалық құралды қолдана отырып (басқаша болса оны ешкім түсінбейді де) әртүрлі тарихи жасалымдарды ортақ формаға қалай келтіруге болады? 11.3. Код мәселесі (ол әмбебап код болып саналмайды, бірақ "жалпыны қамтитын код ретінде алынады") басқа деңгейде тағы да бой көрсетеді. Паскальды радикалды янсенизммен салыстыруға болатыны анық көрініп тұр, бірақ оны Гольдман сияқты бір жағынан Паскаль мен радикалды янсенизмді, екінші жағынан Роб-Грийе мен қазіргі капитализмді салыстыруға бола ма? Тақырып өте қызық болғанымен; біз кейбір терминдердің мағынасын ғана анықтайтынымызды ескерткіміз келеді., Міне, осы жерде нүкте қоямыз.
ІІІ. Структурализм және структуралистер ІІІ.1. Әзірше біз "жалпы" деген атауын қалдыруды жөн көріп отырған "синхронды структурализмді" және генетикалық структурализмді ажыратпаумен қатар, қазіргі мәдени өмірдің барлық деңгейінде құрылымдық қозғалыс бар деген әңгіме мәселенің шешілуін одан әрі алыстатады. Осындай тұжырымның пайда болуына, дұрыс құрылымдық әдістеменің жасалуына көп еңбегі сіңген Ролан Барт сияқты сыншы жауапты екені ерекше назарда болуы тиіс. Әрине, бүл құрылымдықтың қызуын кейінгі тәжірибе мен күнделікті қатаң сын әлі суытпаған кезде, яғни 1963 жылы болған пікірталас кезінде жазылған: бірақ осы ынтаның сарқыншақтары бүгінге дейін жетіп отыр, сондықтан олар өзінің байыпты бағасын алуы қажет. Біздің әрқайсымыздың Пиаженің объектінің қабылдануы туралы дәрісінен кейін, оларды Пиаже бойынша салуға талпынғанын суретшіні көргенде таң қалатынымыз анық. Біздің оған айтарымыз: егер Пиаже теориясы дұрыс болатын болса, ол кез келген қабылдау үшін де дұрыс теория, сондықтан Рафаель де Пиаже бойынша сурет салған болып шығады. Басқаша айтқанда, ешқашан қайсыбір теориялық тұжырымдаманы практикалық мінез-құлықтың үлгісіне айналдыруға және эстетикадан поэтиканы, сондай-ақ болмыс метафизикасынан автокөлік жүргізу нұсқамасын жасауға болмайды екен (автокөлік де, біздің жүргізуіміз де болмыстың көріністері болса да). Солай бола тұра, қазіргі кезде структурализмді өзінің шабыт қайнарына айналдырып жүрген суретшілер аз емес. Өйткені, "құрылыммен машықтануды", құрылымды анықтауды (өзінің теориясын емес) шығармашылығының негізі етіп алған суретшілер туралы Барт та жазған. Теориялық структурализмнің мақсаты бір немесе. көптеген нақты объектілердің теориялық сұлбасы (симулякр) болып табылатын объектіні құрастыру. Структуралистер сұлбалар әлемін нақты әлем түсінікті болу үшін жасайды. Структуралисттің қызметі екі ерекше операцияның: ерекшелеу мен салыстырудың болуын қажет етеді. Демек, Барттың пікірінше, Леви-Стростың, Пропптың, Дюмезильдің және Трубецкойдың айналысып жүргендері Мондрианның, Булездің немесе Бютордың жасап жүргендерінен ешқандай айырмашылығы болмайды. Біріншілердің құрастырылған объектіні қайсыбір нақты тәжірибенің зерттелуі қажет қайталама деп білуі, ал екіншілердің оны жоқтан пайда болған туынды деп есептеуі ештеңені де өзгертпейді. Осы екі жасау тәсілін олардың негізінде жататын бірдей техникалық операция теңестіріп жібереді. ІІІ.2. Әртүрлі көркемдік техникалардың қазіргі теориялық ойдан нәр алуын байқамау кешірілмейтін соқырлық саналар еді; және ортағасырлық "Суммалардың" құрылымы мен готикалық шіркеудің арасында, Кеплердің әлемі мен барокко арасында, физика мен шарттылық метафизикасы және қазіргі ашық туындының арасындағы ұқсастық анықталғандай, дәл сол заңды негізде, қазіргі өнерде де әуелгіге, қарапайымға, қарама-қарсылықтардың ойынына, айырмашылықтардың теңесуіне, структуралистік дискурсқа тән барлық нәрсеге ұмтылушылық байқалады деуге болады. Бірақ мұндай параллельді анықтау, құрылымдық әдіснаманың танымдық талдаудың емес, мәдениет тарихы мен формалар феноменологиясының міндеті саналады. Басқаша айтсақ, кеплерлік эллипстік орбиталар мен барокко арасындағы туыстықты анықтау, кеплерлік есептердің мағынасы мен маңызын өзгертпейді және кеплерлік жаңалық белгілі бір тұрғыда барокко дәуірін де сипаттай алады; нақ осы мәнде, оны басқа көзқарас тұрғысынан бәрін жеңетін шіркеу бейнесі және риториканың қайта жандануы да сипаттай алады. Соссюр мен Ельмслевтің тәсілдерін салыстыру ортақ өрісті - структурализм өрісін - белгілеу болып табылады. Өрістен тыс жатқанда бүл екі тәсілдің мәндері өзгеріп, олар біршама тарылар еді, ал Соссюр мен Бютор қызметтерінің ортақ өрісін анықтау дегеніміз олардың жасағандарына баға беру болмай, мәдениет феноменологиясы дәуір бейнесінің тұтас ұғымын жасауда белгілейтін осы өрісті сипаттау болып шығады. Басқаша айтсақ, Соссюр мен Бюторда бірдей іс-әрекет бейнесі бар десек, ол құрылымдық әдіснаманы қолдану болады, бірақ ол Бютор құрылымдық әдістемені қолданады деген сөз емес. Соссюр Леви-Строс Ельмслев Пропп ортақ болып көрінгісі келетін тәсілді жасады, бүл структурализм, болып табылады; керісінше, Соссюр + Булез + Бютор дегеніміз әртүрлі салалардан шыққан эсерлердің тізбегі және бұларды ортақ жүйеге келтіру оңай емес. Егер: "Пуле осындай пікірде болса, ол структуралист емес" деп айтуға болса, онда "Булез осындай музыка жазса, ол структуралист" деп айтуға болмайды; Ал егер осылай айтылса, онда оның мәні басқаша болады. Бірінші жағдайда біз: кім структуралист болғысы келсе, соған сәйкес modus operandі - ден бас тартпауы қажет деген пікірде боламыз; екінші жағдайда, сәйкес келетін modus operandі қалыптасып болған соң ғана параллель жүргізуге, текті анықтауға, себептілік байланыстар туралы айтуға біздің құқымыз бар болады. Бірінші жағдай танымдық таңдау екені айқын көрінеді, екінші жағдай идеялар тарихында тіркелетін формаларды жасау болады (оны Мишель Фуко өзінің "археологиясынан" ажыратуы заңды, өйткені оның әртүрлі тарихи кезеңдердің "эпистемаларын" зерттеу кезінде аналогтар (ұқсастықтар) спекулятивті әрекеттер мен шығармашылық қызмет арасында емес, спекулятивті әрекеттер деңгейінде анықталады). Ш.З. Егер құрылымдық тәсіл кейбір коммуникативті механизмдердің қызметін анықтауға көмегі тиетін болса (ең болмаса семиологиядағыдай), онда Пиаже мысалындағы Рафаель де структуралист болып шығады, өйткені туындыдағы бірнеше элементті анықтап оның бүкіл шығармашылығын зерттеуге болады. Кейін тарата талданылатын тағы бір жағдайды айта кетуіміз керек: философиялық доктринаға, түптің-түбінде метафизикаға айналып бара жатқан құрылымдық тәсілдің икемсіз түсінігі структурализм мен қазіргі өнердің ажыратылмауына әкеліп соғады. Сонымен, қорытындылай келгенде, бұл қозғалыстың құрылымдық әдістеме мәселесіне ешқандай қатысы болмайтыны және оның зерттеу әдістемесі өзіндік ерекшелігі бар олардың жасалу технологиясымен салыстыру барысында қалыптасатыны анық түсінілгенде ғана "құрылымдық қозғалыс" туралы айтуға болады (әрине, мәдениет құбылыстары ретінде бұл объектілерды құрылымдық тәсілдерді қолдана отырып зерттеуге болар еді, өйткені эволюция теориясы, онтогенез және филогенез тұрғысынан эволюциялық көзқарастарға ең жанкешті деген қарсыласты да зерттеуге болады).
ІV. Структурализм және феноменология ІV.1. Енді структурализм мен феноменологияның өзара қатынасын анықтап керейік. Бұл өте шұғыл шаруа емес, өйткені бұл саладағы ең өрескел қателіктерді тек дайындығы аз және үстірт адамдар ғана жасайды. Бірақ дайындығы мол теоретиктер де өздерінің ой лабораториясында структурализм және 380 феноменологияның әдістемелері ұқсас көрінгендіктен қателіктер жібереді, кейін олардың айрықша ерекшеліктері анықталғанда қатты торығады. Үстірт бақылаушы структуралист объектдағы қатынастар жүйесін, құрылымды, форманы іздесе, феноменолог эйдосты (бұл тараудың басында біз эйдос пен усияның құрылымға қатысты аристотельдік ажырату туралы айтқан едік) іздейді деген қорытындыға келуі мүмкін. Бірақ жүйелі абстракциялаудың өнімі саналатын құрылымдық эйдос - әмбебап үлгіні жасау мақсатындағы жеке мен нақтыны әдейі қарапайымдандыру болады. Керісінше, феноменологиялық эйдос біздің нақтылық туралы тәжірибемізді қарапайымдандыратын абстрактылық категориялар шеттетілгенде көрінетін категориядан бұрын болатын нәрсені, сезімдегіні ұстап қалуды көздеп тұрады. Структурализм мен феноменологияның арасында бола¬тын айырмашылық, абстракцияның универсумы мен нақтының тәжірибесі арасындағы айырмашылық болып шығады. ІV.2. Энцо Пачи өзінің "Структурная антропология и феноменология" атты еңбегінде көтерген мәселелерді қарастырайық. "Ол үнгін (Леви-Строс) сезім тәжірибесі бастапқы нүкте емес, бірақ объективтілікке қарама-қарсы нүкте... Феноменология сезімдегі тәжірибеге және көзге көрініп тұрғанға негізделеді... Бұл мәнде ол нақтыны негізге ала отырып, абстрактылыны негіздейді".Керісінше, Леви-Стростың структурализмі осындайдан қашады, өйткені "егер диалектика тарихы болса, ол ғылыми емес, ал егер ғылыми болса, онда тарихи емес". Әрине, Леви-Строс үшін де нақтылық мәселесі өзекті болады және осы тұрғыда Пачи бүгінгіге сүйене отырып, тәжірибенің субъективті және интерсубъективті негізделуі туралы мәселені басты орынға қояды: "Леви-Строс феноменологиялық көзқарасты құптамайды, өйткені ол сезілетін тәжірибе мен объектив нақтылықтың арасындағы үзілістің жоқтығын мойындау болар еді. Ол әлемде әрқашан алдын ала болатын өзінің субъективтілігіне негізделетінін, ғылымдардың интерсубъективті негіздеу мүмкіншілігіне жол ашатын және оқиғалардың кез келген тарихи-генетикалық байланысында әрқашан алдын ала болатын субъективтілікке сүйенетінін өзі де байқамайды". Леви-Стростың структурализмімен біздің келіспеуіміз және соған орай айтылатын уәждеріміз феноменологиялық шарттардан өзгеше болады... Қалай болғанда да шекараларының болмай қоймайтын шарттылығын мойындау түрінде болса да, ғылымдар объективтілігінің субъективті және интерсубъективті негізделу мәселесін айналып өтуге болмайды. Пачи керісінше құрылымдық оймен түйісетін не алшақ жататын басқа нүктелерді іздеуін жалғастыруда. Оның пікірінше, категориядан бұрынғы әлемде, кез келген субъект еніп кететін өзіндік дербес құрылым болады. Бірақ мұндай құрылым бірдей болуы міндетті болмайтын объектілердің танылу мүмкіндігін негіздеп тұратынын білеміз. Ал структуралист үшін, оған біздің көзіміз кейін жетеді, психофизикалық параллелизм болжамы (гипотезасы) трансцендентальды ойлаудың кез келген талпынысынан маңызды болады. Категориялардан бұрынғы құрылымдар туралы айтқанда, Пачи субъектінің қызметін оқиғаларға мағына бітіретін міндет ретінде қарастырады, Леви-Строс бұл туралы - субъект өзінен бұрын болған мағыналы құрылымдарды анықтайды және олар субъект құрылымының біркелкі болуын қамтиды дегенді айтар еді. Пачи Леви-Стростың мәселені шешуде бейсаналық ұғымын қолданғанын, сондықтан объектінің тұлғалану мәселесін айналып кеткенін есімізге салады. Әрине, Леви-Строс та нақтылы ойлау заңдарын іздеумен айналысады, бірақ ол оларды формальды логикадан іздейді. Пачи ескертпесі әділ, өйткені Леви-Строс нақтылы ойлауды, яғни "табиғи" ойлауды зерттейді. Керісінше,.құрылымдық болжамдар мәдениет құбылыстарын сипаттауға арналған болса (біздің зерттеуіміздің міндеті де сол), мәселе де өз өзектілігінен айрылады; бірақ Леви-Стростың мәдениет онтологиясын жасауға ұмтылған сайын (мәдениеттің табиғатқа ретрансформациясы келесі тараулардың тақырыбы болмақ) Пачи айтқан сындар объектіге дәл тие береді. Пачидың Канттың трансцендентальды схематизміне сілтеме жасап, тіпті оны неопозитивизм және операционизм тіліне аударуы кез келген танымдық үлгіні трансцендентальды негіздеумен қоса бірқатар сауалға жетелейді, ал олар шешімін таппаса, ешқандай құрылымдық таным теориясының болуы мүмкін емес және оларды елемеу структурализмді онтологияға немесе Болмыс мистикасына айналдырып жібереді. V. Структурализм және сын V.l. Қазіргі эстетика мәселелерінен хабары бар адам Жан Старобиньскидің айтқан сөзіне қосылады: "Жүйе - оның құрамына кіретіндердің қосындысы емес, тұтастық сезімі оның әрбір бөлігіне тән, - структурализмнің бірінші әрі басты қағидасы осындай". Дұрыс айтылған тұжырым, егер оны біздің зерттеуіміздің кіріспесіндегі құрылымға қатысты айтылған мәнде ұғынатын болсақ. Бірақ олай болса, "структурализмнің бірінші әрі басты қағидасы" ескіріп, лингвистикалық структурализмнен көп бұрын өмір сүрген болып шығады. Лингвистикалық структурализм анықтаған нәрсе құрылымы біте қайнасқан және өзара тәуелді бөліктерден тұратын жүйе дейтіндей нәрсе емес, біз оған көзімізді жеткіздік, бірақ аталған құрылым оппозициялар мен өзгешеліктер жүйесінде пайда болған валенттіліктерді қай элементтер толтыратынына қарамастан, оппозиция және өзгешелік терминдері арқылы берілуі мүмкін. Нәтижесінде құрылымдық әдіснама тұтастықтың құрылымын талдаудан гөрі, әртүрлі объектілерді тұрақты үлгілерге келтіру үшін оларды байланыстыруға жарайтын болып шығады. Сонымен, Чезаре Сегре "структурализмге қойылатын (стилистикамен бәсекелес) басты талаптың бірі - өткінші бағаларға қатысы жоқ және бірқатар қарапайым сауалға жауап қайтара алатындай, мысалы: шығарма қалай қызмет атқарып тұр және әсіресе, қай жерде поэзия жасырынып түр (Авалле), мәтіннің сыны болу" дегенді айтқанда, біз қайтадан көркем шығарманың жеке құрылымдарының органикалық оқылу талабымен бетпе-бет жолықтық, бірақ біз аталған шығармада басқа шығармалармен ортақ дүниелерін бөліп көрсететін тәсілден әлі алшақ жүрген сияқтымыз. Бірақ онда Пропп зерттеулеріндегі көптеген нәрсе құрылымдық әдіснама тұрғысынан жарамсыз болып шығар еді. Өйткені, Пропп нақты, жеке тұрған ертегінің кұндылығы туралы ауыз ашпай, осы құндылықты жасап тұрған сюжеттің қозғалысы туралы және бұл даму байланысты болатын қызметтік оппозияциялар туралы тым көп айтады. Джулио Карло Арган сыншының Паоло Учелло картинасына алдын-ала жасалған "структуралистік" талдауды сипаттай отырып: "Мен таңбалардың жалпы сызбаға сәйкес орналасуын байқаймын, ол таңбалардың әрқайсысына және олардың жиынтығына кеңістіктегі белгілі бір мағына үстеп тұрады. Сондықтан менің алдымда перспективистік бейненің қайсыбір құрылымы жатыр" деп, талданатын туындыда "оның ерекше формасын" анықтап, оның ерекшеліктерін басқа суретшілердің картиналарымен салыстыра келе "ауытқу бұрышын" іздеуге талпынады. Бұл Пропп әдіснамасының, мысалы, Арган жасайтын әрекеттен айырмашылығын айқын көрсетіп тұр; көркем сындағы структурализмнің үлесін саралауға оның септігі бар ма? V.2. Сонымен қатар, Якобсонның белгілі еңбектері, орыс формалистері мен формальды мектептің кеңестік ізбасарлары, сондай-ақ құрылымдық тәсілдерді ҚОЛДАЙТЬІН барлық мектептер екі қарама-қарсы бағыттағы мәселенің: бір жағынан, оперативті үлгілерді, екінші жағынан, жеке көркем туындыны талдаудың басты және соңғы пәніне айналдыратын барлық қайталанбас, ерекше, валенттіліктердің алмасу операциясын сипаттаудың дәлелді мысалы бола алады. Олай болса, әртүрлі мағынадағы және әртүрлі формалардағы инвариантты формаларды іздеу өзара байланысты деуге болар еді, бірақ бұл пікір осы екі жағдайда құрылым туралы айтуға бола ма және ол қандай мәнде болады деген мәселенің басын аша алмайды. Егер бұл терминологиялық екіұдайылық болса, онда оны анықтау қажет болады, егер бұл ойға қонымды полисемия болса, оны ескеру қажет болады, ал егер бүл кейін қолданылу мақсатымен диалектикалық теріске шығару ретінде қарастырылатын қайсыбір басқа құрылымның түрі болса, онда мұндай жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болады. V.3. Құрылымдық сынға тән барлық анықталған қайшылықтарды Мария Кортни жақсы талдаған, ол біздің зерттеуіміздегі орталық тақырыпқа назар аударады: құрылымның екі түсінігі бар: құрылымы бар объект ретіндегі және жалпылаушы үлгі ретіндегі түсінік. Екінші мағынасында құрылым идеясы тілді жүйе ретінде сипаттауды көздейді, ал жеке туындыға қатысты сыншыны нормамен салыстырған кезде анықталатын ауытқуларға назар бөлуге мәжбүрлейді; және мұнда біздің айналысатынымыз лингвистика ма, әлде сын ба деген мәселенің басы ашық қалады. Бірінші жағдайда құрылымдық құралдардың Джанфранко Контини - авторлық ниет, сәуле мен көлеңкенің ерекше құбылуы тән өзіндік көру, тұтас пен аяқталғанды көру біріктіріп тұратын туындының "тұтастығы" деп атаған нәрсені анықтауға көмегі болады. "Жеке көркем тілге немесе белгілі бір кезеңнің әдеби тіліне қатысты таза формальды парықтылықтармен айналысқанда немесе әдеби тілдің әртүрлі құбылыстарын салыстырғанда, зерттеу таза лингвистикалық болып кетпесе де, құрылымды объектіге тән жүйелі тұтастық деп танитын ұқсас түсінікке сүйенеді" - деп әрі қарай жалғастырады Кортни. Сонымен бұл үзіндіде біздің қойған сауалға жауап қайтарылмайды, бірақ жауап қайтару үшін қажеттінің бәрі бар. V.4. Құрылымдық тәсіл өнердің жеке туындысының теңдесі жоқ ерекшелігін анықтау мақсатында емес, констант (тұрақты) үлгілерді анықтау үшін қолданатын мысалдар бар. Мысалы, Пропптың зерттеулері, Э.Панофскийдің бейнелеу өнеріне қатысты еңбектері, бұқаралық мәдениет өнімдеріне арналған зерттеулер осындай. Бұл зерттеулер семиологиялық немесе әлеуметтану сипатта болғандықтан, әдеби сынға еш қатысы жоқ бірақ олар әдеби сынға белгілі бір құнды деректі беруі де мүмкін. V.5. Сонымен қатар енер туындыларының лингвистикалық сыны да бар. Луиджи Розиелло поэзиялық хабардың оперативтік және қызметтік анықталуы туралы өз пікірін ұсынғанда осыған негізделеді. Олар қазіргі эпистемология ұстанымдарына негізделу дәрежесіне сай оперативті (мұны біз қолдаймыз) және "поэзиялық" хабардың тілдік жүйе ішінде оппозицияның көмегі арқылы анықталатын белгілі бір қызметтермен сәйкесуіне сай қызметтік болады. Розиеллоның айтып отырған оппозициясы хабардың коммуникативті (референтивті) және поэзиялық (эстетикалық) қызметінің оппозициясы. Тілді зерттеу дегеніміз узус бекіткен нормаларды және сөйлеу коммуникациясының автоматты сипатын қамтитын нормаларды зерттеу болып шығады. Поэзия тілін зерттеу "тілдік құрылымда жасырынған мүмкіншіліктер жүзеге асатын поэзиялық тілдің балама нұсқаларын" зерттеу, түптің-түбінде оның міндеті шығарманың қайталанбас бейнесін сипаттау емес, тілдегі ашылмай жатқан коммуникацияның мүмкіндіктерін анықтау болып саналады. Лингвистика стилистиканы жұтса да, құрылымдық тәсіл өзгеріссіз қалады. Бірақ ең кең тараған құрылымдық әдістерді пайдаланғанда, Розиелло оларды туындының теңдесі жоқ әрі қайталанбас сипатын ашу үшін жұмсамайды. Поэзия тілін зерттеу лингвистиканың, сондай-ақ әлеуметтану мен мәдени антропологияның бір тармағына айналып кетеді. V.6. Алайда үшінші мүмкіншілік те бар. Бұл жағдайда да норманың және авторлық ауытқулардың қатынастары зерттеледі; бірақ норма жүйелілікті талап етеді: ол белгілі бір кезеңнің әдеби тілі болуы мүмкін (Кортни), белгілі бір автордың тілі болуы мүмкін (Д' Арко Сильвио Авалле жеке туындыларға ғана емес, белгілі бір автордың бірқатар шығармаларына жатқызатын "контекст" ұғымын қараңыз), қалай болғанда да, бұл әрқашанда жеке туындыдағы ұқсастық пен өзгешелікті анықтағанда салыстырылатын жүйе саналады. V.7. Ең соңғы тағы бір нұсқа бар. Сыншы туындының тереңіне бойлап өнер туындысына сауалдарын қоя отырып, оны іштен реттеуге кіріседі. Ол сауалдарын кез келген сезім тітіркендіргіштеріне емес, жауаптар тізімін туғызатын органикалық тұтастыққа қояды. Біздің құрылымды үлгі ретінде қарауға құқығымыз бар ма? Көпшілігі структуралист деп қабылдағысы келетін сыншы Жорж Пуле "сынның мақсаты сыналатын нақтылықты интимді түрде тану болып табылады. Мұндай тану сыни ойдың қаншалықты сынауға бейім тұруына байланысты, ол үшін сынды іштей сезіну, ойлану, қиялдау қажет. Рухтың осы қозғалысынан объективтілігі кем болатын ешнәрсе де жоқ. Көпшіліктің ойына қайшы келсе де, сын қандай да болмасын объектіден алшақ тұруы қажет (өзге біреу ретінде қарастырылатын автор, немесе оның зат ретінде қарастырылатын туындысы); мұнда түсінілуі тиіс нәрсе - субъективтілік, рух қызметі, оның іс-әрекетін өзін сезінбей сырттан қарап түсінбейсің де". Осы үзіндіні талдағанда, Жерер Женет мұның бәрі де құрылымдық сынға тікелей қарама-қайшы нәрсе екенін және Поль Рикёр Францияда герменевтика деген атаумен таратып жүрген нәрсеге ұқсайтынын еске салуға асығады. Структурализм тұрғысынан құрылымдардың "сезілмейтіні" анық, керісінше, біз құрылымдық және феноменологиялық тәсілдерді салыстырғанда оны ескерткен едік, құрылым объектіні қайсыбір тас тәрізді нәрсеге айналдырып неғұрлым қатырған сайын, соғұрлым ол қызметін жақсы атқарады. Екінші жағынан алғанда, құрылымдық талдауға қарағанда, өнер туындысы герменевтикалық талдауға жақын болуымен қалай келіспейсің? Екі мүмкіншілікке қызыға қараған Женетт, Рикер бұрын айтып қойса да, олардың қосымшалығы туралы мынадай болжам ұсынады: біздің өмірге деген көзқарасымызға жақын, жан-жақты әрі әдеттегіден өзгеше улы туындылар герменевтикалық талдауға жатады; ал құрылымдық тәсіл болса, типтік шығармаларды (бұқаралық мәдениет) талдау кезінде немесе біз іштей танылмайтын, сондықтан да олардың құрылымдарын сипаттайтын қайсыбір константаларға жіктелетін жат мәдени контекстерге жолыққанда тиімді болады. V.8. Бірақ, шын мәнінде, Женетте де осы параграфта аттары аталатын басқа авторларда да, оқылудың бесінші тәсілін көрсетуге болады. Код ретінде әртүрлі хабарларды туғыза алатын жалпы үлгіні бөліп қарастыру дұрыс па? Мысалы, дұрыс дедік. Бірақ жоғарыда эстетикалық хабар туралы тарауда эстетикалық идиолекттің анықтамасы берілген еді. Хабардың барлық деңгейлерінің негізінде ортақ құрылымдық қисық сызық, бір типті үлгі жатыр. Егер туындыда дербес код болса, онда ол фонематикалық та, идеологиялық та, сондай-ақ персонаждар мен синтаксистік құрылымдар және т.б. деңгейде көрініс табуы қажет. "Егер көптен бері әдебиет коды жоқ хабар саналып келсе, онда неліктен оны хабарсыз код ретінде қарастырмасқа" және бұл Женеттің пікірінше, біз п.2 айтқан лингвистикалық сынның жетіспеуінен. Ал енді қайтадан кодтың ішіндегі хабарды табу қажет, - дейді Женетт. Немесе біз айтар едік, хабардың ішіндегі пайдаланылатын кодтарды анықтау барысында, хабардың дербес жеке кодын анықтауға талпыныс жасау керек. Егер, тіпті, шығарма дыбыстардың қарапайым тізбегі немесе таңбаланушысы жоқ таңбалаушылар ("нақтылы" поэзиядағыдай) түрінде болса да, онда осы туындыға тән кодтың анықталуы структурализм тұрғысынан мәнсіз болмаушы еді: біз "X өлеңі" тобына енетін (бұл топта бір-ақ мүше болуы логикалық жағынан маңызды емес) барлық объектілерге қатысты гомологиялық сөйлемдерді құрауды мүмкін ететін "X өлеңі" кодын ("X өлеңінің" құрылымдық үлгісін) қолданар едік. Бірақ мұндай аномалия бір мүшесі бар топтармен, яғни өнер туындыларымен айналысатын сын мен эстетиканы қызықтырады. V.9. Алайда, іс жүзінде өнер туындысы жүйелердің жүйесі болып табылады, ал жасалған үлгі формалар жүйесін мағыналар жүйесімен сәйкестендіріп, шығарманың әртүрлі қырларын біріктіреді. Бұл жерде таңбалаушылар материалының, субстанцияның өзі сол үлгіге алып келетін айырмашылықтар жүйесін қалыптастыра бастайды. Осылай көріністің де, мағынаның да формасы мен субстанциясын меңгеріп тұратын ортақ код қалыптасады. Біз бұл үлгіні "міндетті идея" деп атасақ та (бірақ құрылымдық үлгі жасаумен тек тақырыптар деңгейінде айналысатын сын мәнінде емес) немесе Шпитцлерге еліктеп "этимон" деп атасақ та әр кезде біз құрылымдық тәсілге жолығамыз. Өйткені (мұндағының барлығы жеке нақты шығарманы түсінуге бағытталуы тәсілдің тазалығына ешқандай әсер етпейді) мәселе константалар жайында, олардың барлық деңгейде жасалып, бітпейтін decalages барысындағы өзара іс-әрекеті мен ықпалы туралы болып отыр. Туынды неғұрлым стандарт пен стильге жақын болса, соғұрлым үлгі де барлық деңгейде танымал әлі тұрақты болуы түсінікті және туынды автор субъективтілігіне немесе нарық талаптарына неғұрлым бағынышты болса,. соғұрлым ол дайын клише жиынтығына сәйкес келеді және керісінше, туындыда жаңалық көп болған сайын, соғұрлым ең соңында ғана өз бейнесін табатын үлгі де кептеген нұсқалардың арасында байқалмай турады, оған дейін ол аздаған ауытқуларымен көрініс табады, бірақ бәрі бір олардың негізінде жатқан код, ереже білініп турады. V.10. Осындай менде болатын сын шығармаларды синхронды тұрғыда ғана зерттемей, құрылымдық сын да бола алады, өйткені анықталуы (мысалы, Арган айтқан көзқарасты талдаудың ерекше тәсілін) осы идеолектінің өзгеруін зерттеуге (тап осы тұста формалар мен стильдердің тарихы дүниеге келеді) немесе осы идеолектінің қалыптасуын зерттеуге айналады (осылайша құрылымдық ұстанымның туындының генезисін зерттеуге септігі бар), қайсыбір жеке авторлық шығарманың жалпы контексінде (Авалле) қалыптасуы мүмкін идеолектінің жүзеге асу тәсілдерінің тізіміне айналады, қандай бір кезеңнің әдеби тілі контексінде (Корти), аталған шығарма негізін қалаған мектеп контексінде - онда бұл "жанрлар" феноменологиясы контексіндегі "стильді" зерттеу болады. V. 11. Бірақ Женетт. өзінің пайымдауларында структурализм мен герменевтиканың бірін-бірі өзара толықтырып отыруына байланысты жасаған пайымдауындағы ескертпені біз де жасауымыз қажет: бүл тәсіл тым күрделі шығармаларға қолдануға келмейді. Әрине мұны теріске шығаратын немесе оның қолдануға болатынын дәлелдейтін көптеген мысалдар бар. Қалай болғанда да, біз құрылымдық сынның іс жүзіндегі емес, принципиалды түрде болу мүмкіншілігі туралы айтқан едік. Мәселе құрылымдық сын дегеніміз не, ол қандай болуы мүмкін және қандай болуы керек дегенді анықтауға байланысты болатын.
VІ. Құрылым және мүмкіндік ретіндегі көркем шығарма VІ. 1. Бірақ құрылымдық сынның анықталуы басқа кез келген сынды жоққа шығару болып есептелмесе керек. Жак Деррида өзінің Жан Руссенің сыни структурализміне қарсы жасаған қысқа баяндамасында, құрылымдық талдаудың экцесстерін (шектен шығатын жағдайлары) мәдениеттің тоқырауға ұшырап, көмескі тартуының дәлелі деп біледі. Форма түріндегі өнер туындысы статикалық саналып, біршама аяқталғандықты білдіреді, сонымен қатар ол сыни әрекетті үнемі бостандыққа шығарып тұруы міндетті белгілі бір күшті туғызатын механизм болып саналады. Сыншы осы күшті сезінуге қабілеті болмаған жағдайда, ол формаларды зерттеуге кірісіп, өнер туындысын сызбаға немесе сызбалардың сызбасына айналдырып жібереді, ал мұның бәрі (Деррида бұл жерде тәсілді қолдайтындай көрінгенімен, оны жоққа шығаруда біршама көрегендік танытқан) кеңістік сызбаларына жатады: қатынастардың пирамидалары, спиральдары, үшбұрыштары және торлары шығарманың құрылымын сипаттау тәсіліне айналып, оны өзіндік кеңістіктік метафораға жіктейді: "Кеңістік үлгісі ашық болып, қызмет атқарған жағдайда сын соған арқа сүйеуді қалап, басқа ештеңені ойлауға мұршасы келмейді". Осылайша сыншы қозғалыстың табиғи қуатын көрудің орнына, құрғақ графиканы көретін жағдайға өзін-өзі түсіреді. Мұндай ескертулерге құрылымдық сын қозғалысы болғанды (генезисті) және қозғалысы болатынды (оқылудың шексіз мүмкіншілігін) кеңістік үлгісіне біріктіреді деген уәж айтуға болар еді, өйткені осылай ғана қалыптасу (хабар қайнары) және оның қайта түсінілуі барысында (қабылдаушының түсінілуі) көркем туынды сияқты айтылмаған нәрсені (хабар ретінде) ұстап қалуға болады. Структуралист поэзиялық шығарманың сыни пайымдалуы мен сипатталуына әрқашан да кедергі болатын айтылмағанның барлық ауыртпалығын жеңуге міндетті. Сыншы-структуралист көркем шығарманың сызбаға да, одан шығатын сызбалар қатарына да жатпайтынын жақсы біледі, бірақ оқылудың мүмкіндіктерін, яғни туынды-хабарды үнемі мағыналы етіп туратын механизмдерді анықтау үшін оны сызба шеңберінде қарастырады. VІ.2. Шын мәнінде, Деррида өнер туындысының шексіз қуат (яғни, әрқашан "ашық" хабар) ретіндегі түсінігіне, оның кеңістік қатынастарының тап-таза бейнесі ретіндегі түсінігін қарсы қойып, күтпеген жерден Чезаре Брандиға жақын болып шығады. Чезаре Бранди өзгеше пікірді ұстана отырып, өнер туындысын хабар ретінде, демек таңбалаушылар жүйесі ретінде қарастырғанды жөн көрмей, семиотикалық зерттеу мүлде тани алмайтын "болу" немесе "іште болу" (astanza) туралы айтқаны қалайды. Бірақ егер Деррида сыншыдан көркем шығарманы формадан гөрі, дискурс ретінде тануды талап етсе, Бранди одан қарама-қайшы нәрсені - шығарманы дискурс емес, форма деп білуді талап ететін сияқты, бірақ, шын мәнінде, бұл екі талап та бірдей болып, бір жерден шығады, яғни көркем шығармаға өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беру үшін, оны құрылымы бар таңбалар жиынтығы ретінде қарамауға шақырады. Егер эстетика тарихына екі бастаудың (мимесис пен катарсистің, форма мен мазмұнның, авторлық және көрермендік көзқарастың) қарама-қарсылығы тән болатын болса, онда Бранди кез келген өнер туындысының негізінде жататын осы антитезаны, ол бастағы іргелі оппозицияны былайша талдайды: көркем шығарма жеке тұрғанда (өзі үшін және өз ішінде) немесе біреудің санасы оны қабылдаған кезде қарастырылады. Бұл антитезаның соншалықты мінсіз еместігін, біздің қайсыбір заттың мәнін сана арқылы ғана танитынымызды, демек, сондай-ақ болмысы бізге тәуелсіз объект туралы кез келген әңгіменің әрқашан да қайсыбір мәдениетте тамыр жайған жеке, тарихи белгілі бір көзқараста айқындалатынын түсіну үшін Бранди біріншіден, канттық сыни көзқарасты, екіншіден феноменологиялық мәдениетті тым қатты сіңіріп алған сияқты. Дегенмен де, Брандидің осы беттерінде көркем шығарманы санада тіркелмейтін таза қатынасу, "таза нақтылық" ретінде жасап тұратын белгілі бір ниет, жеке көзқарастан тыс, қабылдауға келмейтін нәрсе (quіd), қандай да бір метафизикалық "қалдықты", белгілі бір "мәнді" заңдастыруға деген ұмтылыс сезіліп тұрады. Сол мәнге байланысты өнер туындысы біреуге бір нәрсені жеткізбей-ақ "бар болады". Бірақ өзімен өзі ғана болатын және еш нәрсе туралы хабарламайтын "бар болу" дегеніміз не? Егер бүгінгі таңда коммуникацияның теориясы мен тәжірибесі әлемдегі бар нәрсені таңбалық жүйелерге айналдыруға ұмтылса, ол қайсыбір "бар болуды" таңбаға айналдырмай ойлау мүмкін болмағандықтан. Мәдениеттің (қабылдаудың ең қарапайым процестерінен басталатын) мәні де "бар болудан" құралған заттар әлеміне магына үстеу, яғни барды мағынаға айналдыру болып табылады. Сондықтан, шығармадағы осынау мағынаға сыймайтын, коммуникацияға бағынбайтын "қалдықты" сақтап қалуға талпыну, біз үнемі жаңа импульстерді сұрап алатын және оның "болуы" шексіз, тоқтаусыз семиозис процесіндегі импульс саналатын "бар" нәрсе "жоққа", тереңге тарта жөнелетін иірімге айналады. Біз әлі алда оралатын "жаңа сынның" ұстанымы осындай. Алайда шын мәнінде, бар болудың эстетикасы да, жоқ болудың эстетикасы да адам қатынасының нақтылы тарихи жағдайында өнердің "таза нақтылығын" сақтап қалуға талпынуға саяды. Соның көмегі арқылы позитивистік зорлыққа және құрылымдық жіктеулерге қарамастан, баяғы айтуға келмейтінді, түсінілудің бай мүмкіншілігін негіздеуге болар еді. Дегенмен де өнер туындысын хабар ретінде, коммуникация дерегі ретінде түсіндіретін талпыныстар "айтылмайтын қалдықтың" айтылуы үшін қызмет етеді. Өнер туындысының хабар болуынан оның "бар болуы" кеміп қалмайды. Оны ең алдымен өз құрылымын хабарлап тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарауға болады. Бірақ өнер туындысын хабар, мүмкін мағыналарды коннотациялап тұратын таңбалар жүйесі ретінде бірмезетте қарастыру кез келген "қалдықты" белгілі бір қоғамда, белгілі бір уақытта өмір сүретін адамдардың үлесі деп түсінілуіне мүмкіндік береді. Олар кез келген өздігінен мылқау "бар болатындарды" кейін құрылымдары хабар жеткізумен қатар, оның басты мазмұнына айналатын өзгермелі және тұрақты жүйеге біріктіру үшін, оларға мағына үстеп, сөйлеуге мәжбүр етеді. VІ.3. Якобсон Антонидің Цезарь мәйіті қасында тұрып айтқандарын талдайды: ол синтаксистіктен бастап фонематикалыққа дейінгі коммуникацияның барлық деңгейлеріндегі қатынастарды реттейтін ережелерді, метафоралар мен метонимиялардың ойынын анықтайды; бұл жерде, мұндай жұмыстың нәтижесінде таңбалаушылармен таңбаланушыларды сәйкестендіру барысында ортақ эстетикалық идиолектіні туғызатын құрылымдардың қалыптасу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Осы эстетикалық машинаға қатысты, оқырмандар ең тәуекелді деген герменевтикалық авантюраларға бара алуын (стандартты емес мағыналар туғызуға арналған осы құрылғымен ойнау дәрежесіне қарай) естен шығармаған жөн. Құрылымдық сын шығармаға белгілі бір көзқарастың болуын талап етеді. Және біздің көзқарасымыз ең дұрысы деп ойлауымыз, өнер туындысына деген басқа көзқарастардың азаматтық құқығын шектей алмайды. Тарихи-эволюциялық зерттеулерге бұрынғыдай жол ашық. Егер сыншы көркем шығарма туралы өз түсінігін сәтті жеткізіп тұрса, біз оның структуралист болмауына кешіріммен қарамаймыз ба? VІ.4. Бірақ бір тұста құрылымдық сынның жанды жері туралы немесе өзін сын ретінде білетін сын туралы айтқанда, Деррида нысанға дәл тигізеді: бұл түс оның Руссеге Пруст пен Клодельдің кейбір негізгі кеңістік тұжырымдарын анықтап, өзінің ойынан шықпаған, "шығарманың жалпы құрылысына" (сыншы ойындағы құрылысқа) сай келмейтін эпизодтар мен персонаждарды алып тастауына байланысты мін тағатын жері. Шығарманың бұлайша талдануына қарсы шыққан Деррида мынаған назар аударады: егер структурализм бір нәрсені үйретіп, ойға түсірген болса, онда ол "структуралист болу дегеніміз, ең алдымен мағынаның кез келген ұйымдастырылуына, кез келген қалыптасқан форманың дербестігі мен тепе-тендігіне қарсы түру; қалыптасқан құрылым шеңберіне сыймаған барлық нәрсені орынсыз және кездейсоқ деп санаудан бас тарту. Өйткені ауытқулар құрылымның жоқтығынан пайда болмайды. Олар да белгілі бір жеңмен ұйымдасқан". Бұл өте дұрыс. Дұрыстығы соншалықты, эстетикалық идиолект мәселесін талқылағанда, біз шығарманың әртүрлі деңгейіндегі жалпы ережесі туралы ғана айтпай, сонымен қатар, онымен белгілі бір тектік жақындығы бар және нормадан ауытқуларын және оның аталған шығармаға арнап жасаған заңдардың негізіне саналы түрде енгізілген бұзушылықтарын (олар өз кезегінде, белгілі бір дәуірдегі белгілі бір топтың стиль тарихын, әдеби тілін және бейнелеу өнерін зерттеуде анықталатын бұрыннан қалыптасқан нормалар жүйесін бұзады) негіздейтін жеке ережелер жиынтығы туралы. да айтқан едік. Көркем шығармаға құрылымдық талдау жасау дегеніміз, оның ішінен қандай да бір басты кодты анықтап алып, оған қатысы жоқ басқаларды лақтырып тастау ғана емес (ол тек Ян Флемингтің стандартталған өнімін талдауға ғана жеткілікті болады), сондай-ақ жалпы құрылымдық сынның соңғы, жеткізбейтін мұратына жататын жүйелердің жүйесін табу үшін идиолектілерді зерттеумен айналысу дегенді де білдіреді. VІ.5. Дегенмен де Дерриданың құрылымдық сынға қаратып айтқан ескертулері, құрылымға қамалып, қатып қалған өнер шығармасы болашақта әртүрлі, түсінілу үшін жабық күйінде қалып қояды деген қауіптен де туындап отыр. Бұл оның "Genese et structures " et la phenomenologіe («"Генезис и структуры и феноменология" жэне феноменология») деп аталатын еңбегінде сипатталатын "ашылу" мәселесі. Бұл, оның айтуынша, кез келген тәжірибенің (яғни, философиялық тәжірибенің де) ақиқатына шексіз ашылатын құрылым туралы мәселе және "құрылымдық феноменологияның құрылымдық. тұрғыдан аяқталуы мүмкін болмауы, бізге Мерло-Понти феноменологиясынан мәлім болған мүмкіндіктердің көкжиегі ретіндегі әлемге шексіз ашылу, Гуссерль де, Сартр да "Бытие и ничто" еңбегінде айтатын біздің қабылдауымыз бен пайымдауымыз үшін заттың мәңгі жаңа сипатындағы көп түрлі бейнесі. Сонымен, құрылымдық зерттеудің осы ашық болуы (құрылымдардың қасиеттері санатына тарихилық ұстанымын көздейтін) туралы құрылымдық тәсілді сында қолданушылардың біразы білген. Мысалы, Старобиньскидің айтуынша: "Құрылым дегеніміз инертті зат және тұрақты объект емес. Олар бақылаушы мен объектіні байланыстырған қатынастар негізінде пайда болады; олар қайсыбір сауалға жауап ретінде туындайды және шығармаға қойылатын сол сауал олардың элементерінің көріну ретін анықтайды. Менің осы сұрақтарыма - баяғыда кітап беттеріндегі мәтінде орныққан құрылымдардың тірілуі мен тұлғалануы байланысты болады. Түсінілудің кез келген түрі өзінің құрылымын таңдайды... Көркем шығарманың өзі сауалға байланысты қабылдауы бірдей бірнеше құрылымның болуына жол беретінін немесе бұл шығарманың өзін қамтып тұратын ауқымды жүйенің бір бөлігі екенін байқау қиын емес. Бұл жерде шешуші сөзді айтатын структурализм емес, керісінше, құрылымдық талдау — зерттеудің шекарасы мен міндеттерін анықтайтын алдын ала қабылданған шешімнің салдары ғана болуы мүмкін. Әрине, бәрін қамтуға ұмтылу жеке түсінілудің нәтижелерін байланыстыруға итермелейтіні және оларды шығарманың мәні түпкілікті әрі толық бейнеленетін қайсыбір ірі құрылымның элементтері ретінде көрсетуге талпынатыны күмән туғызбайды. Бірақ мұның бәрі ірі құрылым мәңгі жақындай беруге болатын шек болуы мүмкін деген ойға жетелейді". Біз құрылымда магына туралы сауалдардың қайталанып тұруын ескергендіктен, бүл қорытындылар бізді әзірше қанағаттандырады және оқырман оған әлі өзі көз жеткізетіндей, біз кітап соңында басқаша тұжырымдалса да, дәл осы қорытындыға келеміз. Бірақ оқиғаның барысын оздырмай, алға шықпайық. Дегенмен де солай жасаған болсақ, біз құрылымды анықтау дегеніміз мағынаны ажырату критерийлерін анықтаудағы әртүрлі көзқарастарды шектеумен байланысты таңдау болатынын көруші едік. Семиология үшін мәселе шешілер еді. Сонда феноменологтың үлесіне объектілердың, яғни табылған құрылымдардың қалайша жасалатынын анықтау ғана тиер еді. VІ.6. Бірақ Старобиньски тұжырымдары тәрізді пікірлер көптеген "ортодоксалды" структуралистердің (олардың ең ірілері Леви-Строс және Лакан) мәтіндеріне тереңірек үңілгенде белгілі бір күмән туғызады. Біз бұған дейін, басында айтылған: құрылым -нақты үлгі ме, әлде объект ба? - деген бірінші диллемамен айналысқан едік. Нақты объектіні үлгіге айналдырғанда құрылымдық зерттеу әрқашанда болатынын анықтадық. Бірақ біз: құрылым — тәсілдің құралы ма, әлде онтологиялық реалдылық па - деген басқа мәселенің басын ашық қалдырдық. Егер құрылым объектіге деген қайсыбір көзқарасты негіздеу үшін жасалатын құрал болса, онда Старобиньскиден алынған үзінді біздің зерттеуімізді аяқтаған болар еді. Ал егер құрылым, мен аяқталған және өзгермейтін деп танитын онтологиялық нақтылық болса ше? Міне, біздің алдымызда тұрған ендігі мәселе осындай. 3. Екінші күмән: онтологиялық шындық па әлде оперативті үлгі ме? 1. Оперативті үлгі ретіндегі құрылым 1.1. Лингвистикадағы алғашқы құрылымдық ізденістерден бастап, Леви-Стростың туыстық (тектік) жүйелерді зерттеуіне дейін құрылымдық үлгі ұқсас емес тәжірибені біртекті дискурсқа келтіру үшін пайдаланылып келеді. Бұл мәндегі үлгі ұқсас болмайтын объектілерды тірі тәжірибенің біртекті дискурсына келтірудің оперативті, жалғыз ғана мүмкін болатын тәсілі ретінде көрінеді, демек деректің емес, зерденің ақиқаты, қайсыбір логикалық ақиқат ретінде, әртүрлі феномендер туралы таңбалық жүйелер ретінде әңгімелеуді мүмкін ететін қайсыбір металингвистикалық құрылыс ретінде көрініс табады. Бұл жағдайда құрылымдық үлгі туралы ұғым, онтологиялық сипаттағы. пікірлерді қажет етпей, операционистік әдістеменің аясында қарастырылады; соңдай-ақ егер аристотельдік субстанция мен онтологиялық және эпистемологиялық полюстарға оралатын болсақ, онда таңдау соңғысының пайдасына шешілер еді. Өзінің зерттеулерінде үлгілерді пайдаланатын ғалым міндетті түрде Бриджменнің мынадай ұстаныммен келісуге мәжбүр болады: "Мен үлгіні ойлаудың пайдалы әрі қажетті құралы деп есептеймін, өйткені ол туысқандығы жоқ заттарды тектік терминдер арқылы пайымдауға мүмкіндік береді". Сонымен, "әдістемелік" структурализмнің тұрғысынан алғанда төменде келтірілетін Ельмслевтің пікірі талас тудырмайтындай болып көрінеді: "Құрылымдық лингвистика дегеніміз ғылыми тұрғыдан тілді - жоғарыда қабылданған мәндегі қандай да бір құрылым сияқты қарастырылуы әбден заңды қайсыбір болжамға негізделетін зерттеулердің жиынтығы... Сондай-ақ біз... құрылымдық лингвистиканың болжалды сипатын жақтаймыз... Кез келген ғылыми сипаттау объектінің қандай да бір құрылым ретінде (демек, ол өзін құрайтын бөліктер арасындағы қатынастардың анықталуын мүмкін ететін құрылымдық тәсілдер арқылы талданады) немесе қайсыбір құрылымның бөлігі ретінде (демек, құрамына біріншісі де, екіншілері де енетін көлемі ауқымдырақ объектіні анықтауды мүмкін ететін қандай да бар қатынаста болатын басқа объектілерге қосылушы (жинақтау) ретінде) болуын ұйғарады... Бізге жағдай осылай болғанда, құрылымдық тәсілді қабылдануы зерттеудің объектінің байланысты болмайды, бірақ оны зерттеушінің еркін таңдауы шешеді деген уәж айтылуы мүмкін. Және осылай болғанда біз: талдау барысында анықталатын ұғымдар (концептер, класстар) объектінің табиғатынан туындай ма (реализм) немесе тәсілден туындай ма (номинализм) деген орта ғасырларда талқыланған ескі мәселеге жолығамыз. Бұл мәселенің эпистемологиялық сипатта болуы айқын нәрсе және ол, егер қағида тұрғысынан лингвист құзырлығының шеңберінен шықпаса да, біздің хабардың шеңберінен тыс жатады"56. Ельмслевтың айтуынша, эпистемология бүл мәселені терең қарауға мүмкіндік береді және ол үшін лингвистика физикамен қатар материал дайындап береді, бірақ мәселені шешу үшін лингвистің құзыры жеткіліксіз болады. Басқаша айтқанда, құрылымдық үлгілердің дұрыс қолданылуы үшін олардың таңдалуын объектінің өзі анықтайды деген сенімнің қажеті шамалы, бұл тәсілге байланысты мәселе екенін білу жеткілікті. Ғылыми тұрғыда негізделген тәсіл - бұл, түптеп келгенде, эмпириялық барабар тәсіл. Егер ғалым бүкіл тілдерге тән (немесе біз, бүкіл феномендерге тән дегенді қосар едік) тұрақты құрылымдарды аштым дегенді ойлағысы келсе және ондай сенімнің еңбек етуіне пайдасы тисе оның өзіне жақсы болады және Бриджмен айтқандай "құбылыстардың арасында байланысты анықтаған кезде олардың бар екеніне алдын-ала сенетіндердің жолы болады". 1.2. Екіншіден, әртүрлі құбылыстардағы біртекті құрылымдарды анықтауға талпыныс (әсіресе, егер әңгіме тілдерден қатынас (коммуникация) жүйелеріне қарай, олардан -қатынас жүйелері ретінде қарастырылатын барлық мүмкін деген жүйелерге қарай ойысқан кезде) және оларды тұрақты, "шынайы" деп тану - бұл әншейін талпыныстан гөрі күрделі нәрсе, бұл "егер қалай болса" - дан "егер" - ге және "егер" - ден "демек" - ке қарай міндетті түрде жылжу. Ал ғалымнан, бір минутқа болса да нақты нәрселермен айналысып жатырмын дегенді ойлауға рұқсат етпей, құрылымды табуды қалай талап етуге болады? Ең дұрыс деген жағдайда, егер ол кәміл эмпирик ретінде бастаған болса да, өзінің жұмысын аяқтаған кезде адам ақылының қайсыбір тұрақты шамасын жасағанына сөзсіз сенеді. 1.3. Мұндай, толық бақылауға алынатын қауіпті Хомский еңбектерінен сезінуге болады. Хомскийдің өзі мойындағандай, картезкандық рационализм оның көзқарасының бастапқы нүктесі болып табылады, ол тілдің "underlyіng competence as a system of generatіves processes" ретіндегі, тудырушы грамматиканың "system of rules that can іterate to generate an іndefіnіtely large number of structures" ретіндегі гумбольдшыл идеалына ұмтылады. Бірақ - ізделетін тұрақты шамалар жалпы және формальды сипатта болып, нақты тілдерге сәйкес келетін құрылымдық үлгілердің анықталуына қатыспаған кезде, - ол, тудырушы грамматиканың бір үлгісіне артықшылық беру шартты әрі оперативті сипатта болатынын және үлгінің қызметі арқылы тексеріледі дегенді қадап айтады. Айталық, өзін рационализмді жақтаушы ретінде көрсетсе де (сөздің классикалық мәнінде, яғни тілдік универсалиялардың және адам ақылының туа бітетін қабілетін мойындай отырып), Хомский "Сондықтан да жоғарыда қысқаша сипаты берілгенге ұқсас жалпы лингвистикалық теория рационалистік мән бойынша ойдың құрылымдары мен процестерінің болмысына қатысты нәрседе ерекше болжам ретінде қарастырылуы тиіс" дегенді еске салады. Белгілі бір мәнде қазіргі ғылымның эмпризмнен тәлім алған Хомский философияға импульс, қандай да бір писхологиялық жабдық ретінде қарайды және оның зерттеулерінің нәтижелерін (Ельмслевтің:3ерттеулері сияқты) оның философиялық көзқарастарын құптамайтындарға да пайдалануға болады. Өйткені, коммуникацияның бүкіл универсимумы лингвистикада мағына ажыратушылардың бинарлығында, сондай-ақ ақпарат теориясының бинарлығында көрініс табатын дихотомия қағидасына бағынады деген Якобсонның философиялық болжамын құптамасақ та, бинарлы қарама-қарсылықтардың коммуникативті жүйелерді сипаттаған кезде және оларды біртекті құрылымдарға келтіргенде өте тиімді болатынын мойындауға болады ғой. Ғылыми еңбекпен айналысқанда осындай эпистемологиялық жалпылаулардың тәуекелділігін сезінбеуге және сақтықпен болжам ұсынғанда әуелден берілетін ауыр әрі шырмап туратын ауқымды философиялық жауаптарға сенімсіздікпен қарауға бола ма? -деген сұрақтың болуы орынды. Бірақ, жоғарыда айтылған нәрселердің бәрінен кейін Леви-Стростың кейбір мәтіндерін оқу, мүлде бейбіт жарастыққа шақырмайды.
ІІ. Леви-Стростың әдіснамасы: оперативті үлгіден объективті құрылымға қарай ІІ. 1. Коллеж де Франстағы курсқа арналған кіріспе дәріс екілікті ерекше мәтін әдістемелік структурализм қағидаларының онтологиялық структурализмге бірте-бірте қалай өзгеретінін байқауға мүмкіндік береді. Қарапайым қоғамдарда жеке тұрған әртүрлі техникалар шикі деректер ретінде көрінеді, ал бірақ қоғам өмірінің жалпы контексінен орын алған кезде олар мағыналы таңдаулардың топтамасына барабар болады; айталық, тастан жасалған балта таңбаға айналады, өйткені ол жалпы алғанда, қайсыбір басқа қоғамда дәл сол мақсатта қолданылатын (көріп тұрғанымыздай, бұл жерде де мағына позиционалды және дифференциалды болып табылады) басқа құрал алуы мүмкін орынды иеленіп тұр. Өз пәнінің символикалық табиғатын анықтағаннан соң антропология таңбалар жүйесін сипаттауды өзіне міндет тұтады және оларды құрылымдық үлгілерге сай сипаттайды. Антропология өзінің материалдарын реттелген күйде, алдын-ала берілген түрде қабылдайды, бірақ ол осы себепке байланысты меңгеруге келмейді, сондықтан оған үлгілермен "с est a dіre des system.es de symboles quі sauvegardent les properіetes caracterіstіques de І experіence, rnaіs qu'a dіfference de І'experіence, nous avons le pouvoіr de manіpuler" ("яғни, тәжірибенің ерекшелік белгілерін қайталайтын символдар жүйесімен, бұлармен әрекет етуге болады") жұмыс істеуге тура келеді. Тәжірибені үлгі ретінде қарастыратын ғалымның ойында зерттеу әрекетінің жалғасуын қамтамасыз ететін үлгілерді жасауға қатысты ой әрекеті орын алады. Демек, құрылым қарапайым түрде: "elle se sіtue an dela" ("ол басқа жақта орналасқан") эмпириялық бақылау ретінде ұғынылмайды. Және жоғарыда айтылғандай ол, оқшауланған жүйені бақылау кезінде түсініксіз болатын және ұқсас емес жүйелерге ұқсас қасиеттерді үстейтін өзгеру процесі барысында ғана айқындалатын ішкі байланысқа негізделген жүйе болып табылады. Бірақ осындай өзгерістердің, үлгілердің транспозициясының мүмкін болуы үшін жүйелердің жүйесін жасау түрінде болатын қандай да бір қамсыздандыру қажет болады. Басқа сөзбен айтқанда, егер тілдің артикуляциясын (лингвистикалық код) мүмкін етіп тұрған ережелер жүйесі бар болса, сондай-ақ коммуникация формалары (тектік код) ретіндегі некелік алмастырулардың артикуляциясын мүмкін ететін ережелер жүйесі бар болса, онда лингвистикалық таңба мен тектік таңба арасында барабарлық қатынасты анықтап тұратын ережелер жүйесі де болуы тиіс. Мұндай барабарлық формалды, бір терминнің екіншіге дәлме-дәл позициялық сәйкестігі болады және бұл жүйені, біздің автор қолданбайтын терминді қолдансақ, өзіне бағынышты кодтардың анықталуын мүмкін ететін метакод деп атауға болады. П.2. Леви-Стростың алдында: осындай ережелер (кодтар мен метакодтардың ережелері) әмбебап бола ма? - деген мәселенің бірі дереу пайда болады. Және солай болған жағдайда, бұл қандай әмбебаптық? Оны бір рет тұжырымдалып, әртүрлі құбылыстарды түсіндіруге жарамды қайсыбір ережелер мәнінде түсіну керек пе, әлде ол әрбір зерттелетін құбылыстың тереңінде жасырынатын нақтылық мәнінде бола ма? Біз қарастыратын Леви-Стростың жауабының мәтінінде оперативті ұстанымды артық көру айқын сезіліп тұрады: мұндай құрылымдар әмбебап болып табылады. Өйткені антропологтың міндетіне әртүрлі құбылыстарды қамту барысында (мысалы, қарапайым және қазіргі қоғамды бір үлгіге келтіргенде) күрделене түсетін өзгермелі үлгілерді жасау кіреді; бірақ лабораториялық жағдайда жүзеге асатын бұл процедура, - зерттеуші ақыл жасайтын нәрсе болады: деректің ақиқатына ие болмаған соң, біз зерденің ақиқатына қанағаттануға мәжбүр боламыз. Қорытынды мінсіз және ғалымға қоюға болатын талаптарға толық сәйкес келеді. Бірақ осы жерде ғалымның ішіндегі философ оянады: егер операционалды түрде инварианттық кодтарды әртүрлі құбылыстарға қолдануға болатынына көзіміз жетсе, бұл бірден және айқын түрде ойлаудың әмбебап механизмдерінің болатынын, демек адам табиғатының әмбебаптығын да дәлелдеп тұрған жоқ па? Әрине, әдістемелік тұрғыда толық ақталатын күмән бас көтеруі мүмкін: біз практикалық деректердің орнына үлгілерді пайдаланып, инвариантты кодтарды анықтағанда, қайсыбір математик өз теңдеулеріне сенгендей абстракцияларға сеніммен қарағанда адами болмысқа теріс қарап кетпейміз бе? Бірақ Дюркгейм мен Моссқа сілтеме жасайтын Леви-Строс тек абстрактылы нәрсеге жүгіну ғана әр текті тәжірибенің логикасын анықтауды, "психологияның құпиялы тереңіңе" бойлауды, әлеуметтік нақтылықтың терең 398 қабаттарын аршуды, "адамдардың бәріне де тән" қайсыбір нәрсені ашуды мүмкін ететінің бірден еске салады. Бұл жерде үлгілердің оперативтілік түсінігінің субстанциялық түсінікке қарай жылдам ойысуын байқамау қиын: олар әмбебап ретінде жасалады және әмбебап түрде пайдаға асады, демек олардың қолданылу мүмкіндігіне кепіл болатын әмбебап субстанцияны куәландырып тұрады. Үлгілердің әмбебап түрде қолданылуы, олардың кез келген жерде пайдаға асатындай етіп жасалуына байланысты деген уәжді айтуға болар еді және бұл әдістемелік биязылықтың ашатын ең үлкен "ақиқаты" болар еді. Белгілі бір жасырын тұрақты шамалар олардың қолданылуын қамтамасыз етіп тұратыны күмәнсіз нәрсе (және мұндай күдіктің болуы зерттеушінің ойын оятады), бірақ үлгі қызметін қамтамасыз етіп тұрған нәрсе үлгінің формасын иеленеді деуге қандай да бір негіз бар. Біздің соңғы сауалымыздың мәні айқын: бірдеңенің аталған үлгінің қызметін негіздеп тұруы туралы дерек, осы бірдеңе басқа да (әртүрлі) үлгілердің қызметін қамтамасыз етуін жоққа шығара алмайды; екіншіден, егер бірдеңе үлгімен бірдей формаға не болса, онда ұсынылған үлгі нақтылықты түбегейлі сипаттап тұрған болып шығады, сондықтан нақтылайтын үлгілерді жасудың ешқандай қажеті болмайды. Леви-Строс бір пікірден екіншісіне қарай оңай өтіп кетеді десек, бұл әділ айтылған сөз болмас еді, бірақ түбінде ол солай жасайтынын айтпай кетуге болмайды. Мұндай өткіншілік алдын-ала жоспарланған ба? Ойлаудың әмбебап механизмдерін дәлелдеу Леви-Стростың тағдырына жазылып құрылатын қақпан ба, әлде оның өзі әуелден ұстанатын бағыт па? - деген сұрақты қою айып болмас. Әрине, ғалымға артикуляцияланған құрылымдардың ұлғайып бара жатқан процесін шектеу қажеттілігі туындаған әр кезде, осындай ұқсас идеялар пайда болады. Отбасы - қайсыбір тайпаның тектік жүйесі болып табылатын кодтың негізінде жасалынатын хабар, нақты жүзеге асыру болып табылады; бірақ мұндай код, оз кезегінде, барлық тайпаларға ортақ тектік жүйе болып табылатын ортақ кодтың негізінде жасалатын хабарға айналады және бұл жаңа код (бірдей құрылымдық заңдардың негізінде) тектік кодты, тілдік кодты, кулинарлық, мифологиялық және т.б. кодтарды ортақ бөлімге келтіруді мүмкін ететін одан да іргелі кодтың жеке жүзеге асырылуы болып шығады. Барлық нәрсені негіздеп тұру үшін жасалатын мұндай кодты қалай түсінуге болады? -деген сұрақ туындайды. Егер енді ешқандай жалпы кодты анықтау мүмкін болмаса (біз төменде шегінуден басқа амалдың жоқтығына көз жеткізе аламыз, бірақ біз осыған дейін қарастырылған құбылыстарды сипаттауға мүмкіндік беретін алынған нәтижелерді ғалым қанағат тұтады деген жорамалмен шектелеміз), онда бұл - оперативті үлгілердің жасалуына қойылатын шек пе әлде кодтардың бәрі бағынатын негізгі комбинаторлық қағида ма, табиғат заңдары мәдениеттің заңдарын негіздейтіндей болып көрінетін адам ақылының әуелгі құрылысы ма? 11.4. Леви-Строс бірнеше рет біршама екі ұшты түрде кодқа анықтама береді. "Асау ой"да кодтардың көптігі туралы идеясы және әмбебап қайта кодтау ережелерін негіздейтін бірыңғай код туралы постулат арасындағы ауытқулар айқын көрінеді: мысалы, тотемдік ұғымдар өздерін жасап, қабылдаған қоғам үшін кодтарды құрастырады делінеді6%; кодтар белгілі бір мағыналарды бекітудің және басқа жүйелерге тасымалдаудың құралы болады делінеді (демек, мағыналардың жүйесіне әсер етететін құралдар кодтарға да әсері болады және ол соларды алдыңғылар үшін метатіл болатын "код" аталатын нәрсенің көмегімен басқа кодтардың терминдеріне ауыстыратын құрал болып табылады) сонымен қатар, мағыналар жүйесі біршама сәтті жасалған кодтар болып табылады делінеді немесе тіпті, мысалы тарихнамаға арналған қорытындылайтын беттерде әртүрлі тарихи дәуірлерді зерттегенде оларға ортақ хронологиялық кодты ғана емес, жеке хронологиялық кодтарды да қолданудың қажеттілігі туралы айтылады (мыңдаған жылдарды зерттейтін код үшін маңызы бар оқиғалар, уақытты айлармен өлшейтін код үшін маңызды болмайды және керісінше)... Сонымен, бір кодтың екіншіге өзгеру ережелері мүмкін нәрсе болып көрінеді, бірақ сонымен қатар белгілі бір үлгінің жасалуы қайсыбір таңбалық жүйенің механизмін айқындаған кезде әртүрлі әлеуметтік және тарихи кодтардың даралануына ешқандай шек қойылмайды. 11.5. Мәселенің бәрі осымен шешілгенде, ешқандай сұрақ тумаған болар еді. Құрылым-кодты зерттеуші узустың (тұрақты қолданыстың) статистикалық орта мәні негізінде шығарылып 400 (өйткені, "X тіл" коды белгілі бір қоғамдастықтың осы тілді қолдану шарттарының жиынтығы ғана болар еді), айқындалған сайын норманың сипатын иеленетін (нормадан ауытқу ауытқу ретінде қарастырылмаған кезде, ол узустың әсерінен өзгеріске шырайды) өзіне тәуелді құрылым ретінде қарастырылуы мүмкін. Екіншіден, егер құрылымдар әртүрлі хабарды түсіну мақсатында өріс алатын болса, онда, өз кезегінде, хабарды да белгілі бір құрылымды анықтау,а бейімдейді. Хабарды түсіну қажеттілігі оны белгілі бір кодпен сәйкестендіруге итермелейді: кез келген декодификация дешифровкадан басталады: таңбалық форманы түсіну үшін, мен оны таңбалар жүйесімен, демек, нақ осы сипатында маңызды кодпен сәйкестендіремін. Мұны әлеуметтік және конвенциялық болмысы біршама айқын, мысалы, ауызекі хабар жағдайында, оқылуы жеңіл кодтары бар хабарға катысты жасау қиын емес. Алайда, туыстық (тектік) жүйелерде мәселе қалай шешілмек? Менде код болмаған жағдайда, бірақ мен оны хабарда танып, оқуым қажет болғанда не істеу керек? Бұл жағдайда мен кодты (ойша конструкцияны, оперативті үлгіні) жорамалдаймын және сол арқылы хабардың құрылымына мағына үстеймін. Код әртүрлі хабар үшін үлгі ретінде жасалады (дәл солай Бордың атомдық үлгісі жеке элементтердің атомдарының құрылымы болады, мысалы сутек атомының үлгісі өз кезегінде құбылыстың үлгісін жасайды, ал басқаша болған жағдайда ол біздің тәжірибеміздің аясынан тыс қалар еді). Бірақ мен хабарға салатын кодтың маңыздылығының бағалау өлшемдері қандай? Ол осы не басқа хабарларды біртекті терминдермен жеткізу мүмкіндігі арқылы (яғни, анықтама үшін бірдей құралды қолдану арқылы) өзінің реттеу қабілеті негізінде бағаланады. Әртүрлі хабардағы унитарлық құрылымдарды (яғни кодтарды) айқындау (кейін, өз кезегінде, унитарлы код-құрылымды ортақ код негізінде жасалып, басқа жеке кодтармен сәйкестендіруді мүмкін ететін жеке хабармен сәйкестендіру үшін) дегеніміз, бірдей концептуалды құрал арқылы әртүрлі құбылыстарды түсіну дегенді білдіреді. Әртүрлі тілдерді (лингвистикалық кодтардың қайсыбір кодының хабар-жүзеге асыру ретінде ұғынылатын әртүрлі кодтарды) қарама-қарсылықтың шектелген санына келтірілуі, олар үстірт көзқарас арқылы жиынтық ретінде, ең тиімді жолмен анықталатынын дәлелдеп тұрады. Тәжірибе үлгіге құйылып, қатып қалған, бірақ эпистемологиялық көзқарас тұрғысынан келгенде, оның ішінде біз басқа Тілшіеляциялардың шексіз болу мүмкіндігінен басқа ешбір түбегейлі нәрсені таппағанымызды жоққа шығару не дәлелдеу үшін ешқандай нәрсе негіз бола алмайды. ІІ.6. Қорытынды осындай болуы мүмкін. Бірақ Леви-Стростың көптеген беттерінде қылаң беріп келген мұндай қорытынды бірте-бірте басым түсетін бұдан түбегейлі, бұдан талапты басқа қорытындыға жол береді: Кез келген хабар кодқа негізделіп түсіндіріледі, кодтардың бәрі өзара өзгермелі болады, сондықтан олардың бәрі қайсыбір Арғы-кодпен, Ақылдың Әмбебап Механизмдеріне барабар деп танылатын Құрылымдардың Құрылымымен, Рухпен немесе - қаласаңыз - Бейсаналалы нәрсемен сәйкестендіріледі. Құрылымдық зерттеудің материясы кез келген коммуникативті мінез-құлықпен бірдей, ол қарапайым әлде өркениетті қоғам өкілінің мінез-құлқы бола ма, бәрібір: бұл объективті ойлаудың өзі болады: Біз оперативтілік терминдер арқылы талқылаған кодтан метакодқа қарай өрлеу мәселесі, Леви-Строста ойлау заңдарының шынайылығына деген философиялық сенім жолдарындағы белгілі бір дәрежеде шешілгендей көрініс табады: "Зерттеу бір қоғамды зерттеуімен шектеле ме. немесе бірнеше қоғамды қамти ма, оған қарамастан, құбылыстардың бір шеңберінен екіншісіне қарай ету мүмкін болатын деңгейге жету үшін, бәрібір әлеуметтік өмірдің әртүрлі қырлары терең талдауды қажет етіп тұрады; бұл жеке салаларға сәйкес келетін әрбір ерекше құрылымға тән жалпы қасиеттерді жеткізуге қабілетті баршаға ортақ қандай да бір кодтың жасалуы қажет дегенді білдіреді. Осындай кодты қолдану жеке алынатын әрбір жүйе үшін де, салыстыру кезіндегі барлық жүйелер үшін де заңды болмақ. Сонымен, зерттеуші олардың болмысының толық танылуын айқындауға қабілетті болып, олар нақтылықтың бірдей түріне жата ма дегенді анықтауға мүмкіндік алады... Алдын-ала осындай ең қарапайым түрге келтіруді. жүзеге асырғаннан кейін (тектік жүйелер мен лингвистикалық жүйелерді салыстырудан кейін) лингвист пен антрополог, бір қоғамда байқалатын әртүрлі қатынас құралдарының... ұқсас бейсаналы құрылымдармен байланысы жоқ па деген сұрақты өздеріне қоя алады. Бұл мәселе оң шешілсе, біз негізгі.қатынастардың шынайы көрінісіне қол жеткізгенімізге сенімді болар едік"
ІІІ. Леви-Строс философиясы: Рухтың өзгермейтін заңдары ІІІ.1. Осы кезде құрылымдық ойдың сахнасына қайсыбір кейіпкер шығады, оған ешқандай әдістеме шыдай алмас еді, өйткені ол спекулятивті философия әлемінен келіп, Адами Рух деп аталатын. "Біз, тіл мен мәдениеттің бұдан да терең қабатқа жататын әрекеттің екі параллель түрі болатынын әлі де жетік түсінбей келеміз. Меніңше бұл қонағымыз біздің арамызда жүрген, бірақ оны біздің пікірсайысқа шақыру ешкімнің ойына да келмеген: бұл адами рух. Әрине, құрылымдық үлгілер зерденің ыңғайлы ақиқаттары ретінде пайда болған және солардың көмегімен әртүрлі құбылыстар туралы бірдей категориялар арқылы айтып беруге болады. Бірақ осы зерде ақиқаттарының қызметін қамтамасыз етіп тұрған қандай нәрсе? Әрине, ол зерттеушінің ойлау заңдары мен зерттелетін объектінің мінез-құлқы заңдарының қайсыбір изоморфтылығы. "Бұл қағида бізді прагматизмнен, құрғақ сөзділікке және жаңа позитивизмге қарама-қарсы бағытқа жетелейді, өйткені ең тиімді түсіндіру ақиқатқа жақын турады деген пікір түптеп келгенде, әлемдік заңдар мен ойлау заңдарының постулатқа айналған барабарлығына негізделеді. Бүл жағдайда мифтерді зерттеу деген не? Бүл, жасаушыларына мәлім әлде беймәлім болса да, әрқайсысы ойлаудың таптауырын жолдарын қайталайтын мифтердің өзара өзгерістерін анықтау легенді білдіреді. Мифтер қандай нәрсе туралы айтса да, әрқашан бір ғана оқиға туралы баяндап тұрады. Мұндай оқиға оларды негіздеп тұратын рух заңдарының көрініс болады. Мифтерді адам пайымдамайды, мифтер адамдарды пайымдайды, тіпті өзара өзгеріске түскенді мифтер бірін-бірі пайымдайтын болады: "Мифтің көп деңгейлі құрылымы... одан горизонталь және вертикаль бойынша реттелген мағыналардың қандай да бір матрицасын көруге мүмкіндік береді, бірақ қалай оқысаң да, кез келген жоспар ылғи да басқа жоспарға сілтеп тұрады. Дәл солай мағыналардың кез келген матрицасы басқа матрицаға және кез келген миф, басқа мифтерге сілтеп тұрады. Егер осындай мағыналардың барлығы қосылып, бірнәрсеге қатысты болуын ескеріп, олар қандай соңғы мағынаны нұсқайды деген сұрақ қоятын болсақ, онда осы кітаптың беретін жалғыз жауабы мынаған саяды: мифтер, оларды өздерінің әлемінің көмегімен жасайтын рухты белгілейді, ал рух сол әлемнің бөлігі болып табылады. Сонымен, бір мезетте мифтерді құрайтын рух арқылы мифтер туындау мүмкін және рухтың өзіне орын тапқан, мифтер жасайтын әлем бейнесі де туындауы мүмкін". 111.2. "Пісі мен шикінің" (Сырое и варенное) осылай аяқталуы Леви-Стросты қайсыбір пікірге жетелейді және Леви-Стростың ең көрнекті деген түсіндірушілері сол пікірге жармасуға тырысады: миф пен тілдің әлемі - көрерменнің артқы жағында өтіп жатқан қойылым және ондағы адам тіл алғыш орындаушы ролінде, өзін дербес тұлға ретінде жоққа шығаратын қайсыбір комбинациялардың құрбаны ретінде көрінеді. Бірақ біз көргендей, осындай қорытындының табалдырығында тұрған Леви-Строс екі мүмкіндікті ескерусіз қалдырмайды, олар біріншіні толықтыратындай болып көрінсе де, іс жүзінде оған қарама-қарсы тұрады: біріншіден, құрылымдарға жол ашатын комбинаторлық матрицаны анықтаған кезде, ол түсіндіретін құрылымдарды құралдық үлгі ретінде пайдалануын жалғастырады; екіншіден, ол субъективтілік категорияларды (тұлға аралық қатынастың елестік ойынның арғы жағындағы)... адамдар арқылы ойлайтын бейсаналық құрылымдарға келтіріп, субъективтілік категориялар арқылы пайымдауды жалғастыра береді. Бұдан Поль Рикердің Леви-Стростың тұжырымдамасы туралы бұл -трансцендентті субъектісі жоқ кантшылдық деген пікіріне сай келетін трансцендентті матрица сияқты нәрсе болады; бұған жауап қайтарғанда Леви-Стросс бейсаналы нәрсе ұғымына, юнікшіл архетиптен өзгеше болатын (өйткені, олар мазмұнды емес, формалды) архетиптердің қайсыбір қорына жүгінеді. Алайда, қорытындыға келгенде жасқаншақтық танытатын ойдың осындай қызық оқиғаларында кесімді сез бәрібір айтылмай қалды. 111.3. Рикердің айтқандарына ұқсас ескертпелерге (біздің алдымызда объективті ойлаудың заңдары тұр. Келісемін. Бірақ ол грансценденталды субъектіден шықпаса, сондай-ақ бейсаналынық категориялды және комбинаторлық қасиеттерін иеленсе, онда ол қандай нәрсе? Ол табиғатқа изоморфты бола ма? Мүмкін бұл табиғаттың өзі шығар? Жеке адамның бейсаналығы ма? Ұжымдық бейсаналық па?) жауапты Леви-Строс Мосс еңбектерінің алғы сөзін жазғанда алдын-ала беріп қойған. "Шынымен де лингвистика және де әсіресе, құрылымдық лингвистика өзінің ең жалпы деген түрлерін негіздеп тұратын рух өмірінің іргелі феномендері бейсаналының жоспарына енуі туралы идеясымен баяғыда-ақ үйренісіп кеткен". Біздікі және бөтен ретінде көрініс табатын қайсыбір белсенділік, "барлық адамдардың барлық уақытта кез келген ой өмірінің сыбағасы" біздің алдымызда тұрады. Осы тұста Леви-Строс, тіл - субъектінің пассив түрде игеретін, өзіне-өзі есеп бермей қайта жасайтын әлеуметтік қызметі болады деген Соссюр көзқарасының аясынан шығып кетеді. Өйткені, тілді осылай анықтағанда, Соссюр оны сөйлеу қызметінің жеке әрекеттері арқылы қалыптасатын және субъектілердің сөйлеу тәжірибелерінің жиынтығы ретінде виртуальды түрде өмір сүретін келісімнің формасы деп түсінген еді. Бұл метафизикалық пікір емес, тілдің әлеуметтік болмысын негіздеп тұратын әдістемелік ұстаным және бұл тілдің шығу тегінде құрылымдық лингвистиканың (Арғы-кодты іздеудің сандырақ идеясынан қорқып қалған) шаруасы болмайды және оның бейсаналығының мәні мәдениеттену болып табылатын әртүрлі тәжірибелерді жүзеге асыру барысында, дағдылардың үнемі жасалуында кристалданады. Керісінше, Леви-Строс мета тарихи және мета әлеуметтік бастаулар туралы айтады. Ол кез келген құрылымданудың нақ архетиптік тамырларын көрсетеді. Леви-Стросс осындай баршаға ортақ бастауларды юнгшіл ұжымдық бейсаналылықтан ажыратып алуға тырысады: қалай болғанда жағдайда да, ол қоғамдық қатынастар мен лиигвистикалық дағдылардың құрылымдану негізінде, баршаға бірдей қандай да бір әмбебап бейсаналы әрекет жататынына (структуралистке изоморфты дескриптивті жүйелерді жасауға мүмкіндік беретін) сенетіні соншалықты, ол, тіпті оны қандай да бір негіз қалаушы және алдын-ала анықтаушы өзекті қажеттілік ретінде қарастырады және онымен салыстырғанда мінездер мен әдет-ғұрыптардың болмысын кез келген теорияландыру идеологияның (жағымсыз мәндегі) бір түрі ретінде, олардың терең негіздемелері солардың көмегімен жасырынатын жалған сананың көрінісі, қондырмалық құбылыс ретінде болады. ІІІ.4. Леви-Стростың Мосстың "Тартулар туралы" (О дарах) деп аталатын эссесіне жасаған талдауын қарастырғанда, бұл әбден айқын болады. Маори үндістерін сәйкестіктердің қатаң жүйесіне сай, өзара сыйлықтармен алмасуға мәжбүрлейтін қандай нәрсе? Ол - Хау деп жауап қайтарады Мосс, өйткені үндістер соған үйренген. Бірақ Леви-Строс бұл этнологтың болжалды аңқаулығын былайша түзейді: "Хау айырбастың шынайы себебі емес. Ол мәселе ерекше өзекті тұрған белгілі бір қоғамның адамдарының, себептері басқа жерде жатқан санадан тыс қажеттілікті сезінген саналы түрде ұғынылған форма болып табылады...Үндістерден осы түсінікті байқағанда, оған сыни көзбен қарау қажет еді, бұл оның шынайы себептерін анықтауға мүмкіндік берер еді. Сонымен, соңғыларды үндістердің өздері туралы түсініктерін емес, институцияларды талдағанда танылатын ойлаудың санадан тыс жататын құрылымдарынан іздеген дұрыс шығар". ІІІ.5. Бұл жерде "кері шегіну", антропологиялық ғылымдардың аясына оралу қаупі пайда болады. Ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін олардың күші бірте-бірте зерттеушілік этноцентризмді жеңіп, батыстық үлгіден ерекше болса да кейбір тарихи және әлеуметтік жағдайда тиімді болатын ойлау мен мінез-құлықтың жүйелерін анықтауға жұмсалып келген. Сыйлықтармен өзара алмасудың айқын болмайтын сипатын анықтағанда, осыған қатысты үндістердің түсініктерін сараптаған кезде, біз адамның ой қызметі саласындағы таным көкжиегін кеңейтеміз және өзара бірін-бірі толықтыратын логикалардың болатынына көзімізді жеткіземіз. Құрылымдық салыстыру пайдалы болар еді, өйткені ол -түсіну мақсатында - болуы мүмкін изоморфизмдерді анықтағанда нақтылы өзгешеліктің маңызын кемітпей, осындай комплементарлы қисындардың гомогенды үлгілерге келтірілуін мүмкін етеді. Бірақ, Леви-Стростың әдістемесі бізді астыртын түрде этноцентризммен қайта жолықтырады. Хау туралы ілімді жоққа шығару, оны әмбебап ойлаудың шынайы логикасына келтіру дегеніміз, - тағы да ұқсамайтын ойлауды жалғыз ойлауға, зерттеушіге бастапқы нүкте болатын тарихи үлгіге келтіру болып шықпай ма? Мұны түсінбеу үшін, Леви-Строс тым көреген еді. Ол бүл ойды "Пісі мен шикі" деген еңбегінде жақтайды әрі негіздейді: "Расында да, егер антропологияның соңғы мұраты шынайыландырылған ойлау мен оны механизмдерінің дұрыс түсінілуіне жәрдемдесу болса, онда, түптеп келгенде, осы кітаптағы менің ойымның ықпалымен оңтүстік америкалық үндістердің ойлауы қайсыбір форманы иелене ме әлде менің ойыма олардың ойлауының әсері бола ма, бұлардың ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл жерде ең маңыздысы - адами рухтың кездейсоқ көптеген кейіптеулердің әртүрлілігін елемей, әрқайсысы өзара жақындасуы жарқ еткен жарықтың шығуына себепші болатындай ұшқын мен білте сияқты өзара ықпал ететін екі ойлау процесі өрістеген сайын, қайсыбір айқын әрі танылуы мүмкін құрылымды айқындауы. Ал, егер бұл жарық қараңғылықтан қазынаны шығарса, онда мүлікті бөлу үшін сот орындаушылардың қажеті болмайды, өйткені әуелден мұра бөліске түспейтін әрі шеттетілмейтін деп танылған болатын". Осылайша Леви-Строс этнокіндікшілдік қауіпінен сақтануға талпынады: зерттеуші үндістердің түсініктеріне жабатын түсіндіруші тор қандай болса да, ол оның да, үндістердің де бірдей иелігінде болады, өйткені ол зерттелетін жүйенің ішінде орналасатын зерттеуші еңбегінің нәтижесі және зерттеуші өзінің ойлау механизмдерінің үндістердікімен бірдей болатынына көзін жеткізеді. Бірақ, егер жоба ауқымды болса, оның нәтижесі даулы болмақ. Шынымен де, Леви-Строс өзінің тәсілін ғылыми зерттеудің рухына қайшы келетіндей тұжырымдаған: "Тәсілдің қатаң болатыны соншалықты, егер нәтижеде қандай да бір қате кетсе, онда ол есептің қателігінен емес, үндістердің институцияларын жеткілікті дәрежеде білмегендіктен". Бұл нені білдіреді? Әрине, өзінің тәсілін қате деп санау үшін, ғалым қайшы келетін деректерді қайта тексеруі қажет: мүмкін қате кеткен шығар. Бірақ бұдан кейін оған тәсілдің өзіне күмәндануға тура келеді. Дегенмен де, бүл, егер әңгіме қайсыбір тәсілге қатысты болса мүмкін болады. Ал, егер қолданылатын тәсіл баршаға ортақ құрылымдық заңдарды бейнелейтін шынайы қисынның өзі болса ше? Онда Леви-Стростың айтқандары дұрыс болады. Бірақ ол Киелі Жазба беттерінде қайшылықтарға жолыққанда немесе Жазба мен қайсыбір autorіtas-тың мәтіні арасындағы алшақтықты көргенде, оны өзінің түсінбеуі немесе көшірген адамның қателігі деген шешімге келетін ортағасырлық филологтың дұрыстығы сияқты нәрсе. Әмбебап қисын тұрғысынан алғанда, жалғыз жол берілмейтін Нәрсе - қайшылықтың нақтылы болу мүмкіндігі. Сондай-ақ, егер Арғы-код комбинациялардың белгілі бір ережелерін ұйғарып тұратын және басқаларын жоққа шығарып тұратын құрылым болатын жағдайда ғана бұл қорытынды дұрыс болады. Алайда, Арғы-код ешқандай құрылым болмаса ше, егер ол, керісінше, әртүрлі болуы мүмкін конфигурациялардың, өзара үйлеспейтіндерді де қосқанда, қайнары болса ше? ІІІ.6. Міне, біз бұл туралы ойланған кезде, мынадай сұрақты қоятын кез келді: адамның кез келген әрекетін анықтап тұратын рухтың қызметін мойындау, құрылым идеясынан бас тартуды білдірмей ме? Біздің көретініміздей, басқа ойшылдар абсолютты жүйелі түрде осындай қорытындыға келеді. Леви-Строс еңбектерін қарама-қарсы көзқарастағылар үшін де тартымды, әсерлі, үміттендіретін және қызық етіп тұрған нәрсе - оның кесімді қорытынды жасауға сақтықпен қарауы. Сондай-ақ анықталатын және анықтайтын құрылымдардан басталып, бәрін түсіндіруге деген ұмтылысқа негізделетін позитивистік идеал мен "жоқ болу" ретінде түсінілетін құрылым елесі арасындағы таңдау және философиялық структурализмді іштей ыдырататын абсолютты еркіндік оның жарылысына әкеп соғады (Лакан және оның ізбасарлары осындай). Басқаша айтсақ Рух идеясының кез келген мәдени мінез-құлықты анықтап тұратын бастаудың көмегі арқылы Леви-Строс Мәдениет әлемін Табиғат (Natura) әлеміне айналдырады. Бірақ бұл Табиғатты Natura Naturans ретінде сипаттаған соң, ол Natura Naturata болатындай оны әрі қарай пайдалануын және сипаттауын жалғастыра береді. Айталық, егер жаңа құбылыс зерттеуші құрастырған қандай да бір құрылымның шеңберіне сыймайтын болса және егер зерттеуші өзі айқындаған құрылым соңғы әрі түпкілікті болады (түпкіліктінің бәрі - әрқашан құрылым болып табылады) деген идеядан бас тартқысы келмесе, онда ол сыймай тұрған құбылысты қате деп мойындауға мәжбүр болады. Леви-Строс алғашқы қоғамдастықтармен дәл осылай жасағысы келеді және оны дұрыс деп біледі. Сондай-ақ, қазіргі мәдениет құбылыстарына жолыққанда да ол дәл соны қайталайды. Еңбек құралынан қандай да бір гипостаздалған Қағидаға айналдырылған, мәдениеттің бастауларында қозғалыссыз жатқан мәңгі Құрылым, біздің тарихи процесті тануымызды да анықтап тұрады. Ол өзі "сериялық ойлаумен" (құрылымдардың қозғалу және өрістеу қағидасын негіздейтін) жолыққан сәтте, мұндай құрылымдық ойлаудың қысылтаяң оқиғаларын бақылау - философиялық талабы бар кез келген структурализмнің қайшылықтарын айқындау және құрылым идеясының күйреуін түсінуге жақындау деген сөз.
Түсініктемелер
1 Бұл жерде мен Креберге сілтеме жасауды міндет санадым, өйткені, оны айтпай кету дұрыс болмайды: "Құрылым" түсінігі сән үшін ғана айтыла салуы да мүмкін. Нақты мәні бар термин бір кезді айтылған және мысалы, "аэродинамикалық" эпитеті сияқты он жыл өзіне бәрінің назарын аударып келеді: ол құлаққа жағымды естіледі және ол қажеті болсын болмасын, барлық жерде қолданылып жүр. Кез келген заттың, егер де ол аморфты болмаса, құрылымы бар. Таза күйінде құрылым термині біздің білетінімізге ешнәрсе де қоса алмайды және таңсық тұздық ретінде ғана қолданылады" (Anthropology, pag. 35) Салыст. AAVV, Use е sіgnіfіcatі del struttura, Mіlano, 1965. 408
2 Use e sіgnіfіcatі, cіt., pag.6.
3 Luіs Hje'іmslev, Essaіs lіnquіstіques, Copenhagen, 1959.
4 Andre Lalande, Voeabulaіre de phіlosophіe, ІІІ, "structure".
5 Салыст. Luіgі Stefanіnі, Metafіsіca della forma. Padova. 1949.
6 Charles Lalo, Methodes et objets de l'esthetіque socіologіque, іn "revue іntematіonale de phіlosophіe", 7, 1949.
7 La struttura del comportamento, Mіlano, 1963. 8 Салыст. Henrі Lefebvre, ІІ concetto dіstruttura Marx, іn Usі e sіgnіfіcatі, cіf; Lucіen sebag, Marxіsme et structuralіsme, Parіs, 1965, және, әрине, Луи Альтюссердің және т.б. Марксті құрылымды тұрғыда түсіндіруі, Lіre le Capіtal, Parіs, 1964. 9 Салыст. J.H. van den Berg, Fenomenologіa e psіchіatrіa, іMіlano, 1961; Danіlo Cargnello, Alterіta e alіenіta, Mіlano, 1967; ІІ caso Ellen west e altrі saggі; сондай-ақ Mіnkowsky, Gebsatteі, Straus, Antropologіa e psіcopatologіa, Mіlano, 1967.
10 Лакан және лаканшылдық туралы осы бөлімнің 5-тарауында айтылады. 11 "Құрылым дегеніміз ойлаудың нәтижесі ғана емес, ол оның бастапқы нүктесі". Enzo Расі, "Strutture", іn "Aut Aut", 73, 1963. 12 Салыст. Usі e sіgnіfіcatі, cіf., әсіресе, Леви-Строс, Мерло-Понти және т.б. арасында болған қорытынды пікірталасты. 13 Қар. Аристотель, Физика, Метафизика. Аристотелшілдік және осы ұғымдардың кейінгі тағдыры туралы қар.: Eco, ІL problema estetіco іn San Tommaso; Torіno, 1965, ІV - тарау; 14 Соссюр Ф. Курс общей лингвистики /Соссюр Ф. Труды по языкознанию М., 1977. С. 152-153.
15 Соссюр Ф. Cours, pag. 166.
16 L.Hjelmslev, Essaіs lіnguіstіques, cіt., pag. 104.
17 Прагалық лингвистикалық үйірме. Le tesі del 29. Mіlano. 1966. pagg. 43-46. Жүйенің индуктивті-қызметтік емес, бірақ теориялық-дедуктивті түсінігі тұрғысынан Прагалық лингвистер көзқарасының сыналуы туралы (Ельмслев) қар.: Gіorgіo Sandrі, Note suі concettі dі "struttura" e"funzіone" іn lіnguіstіca, іn "Rendіcontі", 15-16, 1967. 18 Салыст. Трубецкой И.С. Prіncіpes de phonologіe, Parіs, 1949. Басқаша айтсақ: "Барлық жүйелерді бірнеше шағын топқа және симметриялық сызбаға келтіруге болады... Жүйелердің қалыптасуының көптеген заңдары өте оңай анықталады... Олар теориялық жағынан қайта жасалған ана тілдер ретіндегі барлық тілдерге, сондай-ақ тарихта тіркелген тілдердің әртүрлі даму кезеңдеріне қолданылуы тиіс" (Трубецкойдың өмірбаяндық жазбаларынан алынған бұл үзіндіні Р.Якобсон кітаптың француз басылымында келтірген, XXVІІ). 19 Қар: С. Levі-Strauss, Razza е storіa, Torіno, 1967 (қар. Паоло Карузо, Кіріспе). 20 "Салыстырмалы құрылымдық талдау объекті ағылшын не француз тілдері емес, лингвистің эмпириялық объектілерде, мысалы, француз тілінің фонологиялық құрылымы, оның грамматикалық құрылымы немесе лексикалық... анықтайтын белгілі бір құрылымдар саны. Француздың қоғамын мен олармен салыстырмаймын, бірақ мен қандай да бір мәтіндердің санын салыстырамын: туыстық жүйесінде, саяси идеологияда, мифологияда, жол-жорада, өнерде, сыпайылық "кодтарында" және - неге олай болмасқа? -ас үйде". Тек қана осындай, жеке француз, ағылшын және кез келген басқа қоғам аталатын құрылымдардың арасынан маған ортақ қасиеттерді анықтауға рұқсат етілген. Бірақ, бұл жерде де мәселе алғашқы мазмұнның орнына басқасын қоюға немесе біріне-бірін қосуға байланысты емес, ол осы жасанды қасиеттердің сәйкес келуін және қандай алшақтықтардың немесе диалектикалық қатынастардың өзгеріс формасында көріну мүмкіндігін тексеруге байланысты" (Antropologіa strutturale, Mіlano, 1966, pagg. 102- 103).
21 L.Goldmann, Recherches dіalectіques, Parіs, 1959. 22 L.Goldmann, Per une socіologіe del romanzo, Mіlano, 1967, pagg. 220, 221. 23 Қалай болғанда да егер тарихилық пен структурализмді Лу-иджи Розиелло өзінің Strutturalіsmo е crіtіca Чезаре Сегре Catalogo Generale de Saggіatore, 1965 (қысқаша SeC) мақаласының XLІX бетінде сияқты ажырату керек. 24 L'attіvіta strutturalіsta, іn "Letters Nouvelles", 1963, қазір Saggі crіtіcі, Torіno, 1966 (pagg. 245-250).
25 Қар. Г. 4.
26 Қар. "Aut Aut", 88, 1965. Нөмір Леви-Стросқа арналған.
27 Сол "Aut Aut" нөмірінде Эмилио Ренцидің "О бессознательном у Леви-Строса" атты еңбегін қар.
28 SeC, pag. XІX.
29 SeC, pag. LXXІV.
30 Мария Корти (SeC, pag. XXXІ) Пропп туралы: "құрылым туралы лингвистикалық түсініктен алыстап кеткен, оның құрылымдық типологиясындағы оппозициялар лингвистикалық құрылымдағыдай іргелі қызмет атқармайды"; егер біз Пропптың функцияларын оппозиция ретінде қарастырсақ, онда Пропп структурализм шеңберінен шыққан болады, бірақ Пропп тәсілі қызметтердің қарапайым тізбегін одан ірі комбинаторлық матрицаға айналдырған Леви-Стростың талдауында нағыз структуралистік кілтте қайта пайымдалды. (Қар. C.Levі-Strauss, Структура и форма V. J. Propp, Morfologіa della fіaba, Torіno, 1966, Дж. Л. Браво ред.); Сондай-ақ, қар. Клод Бремон Le message narratіf, іn "Communіcatіons", n. 4; және A.J.Greіmas, Sematіque structurale, Parіs, 1966.
31 SeC, pag. LVІІ.
32 Салыс: Д бөлімі (Семиологияның шекарасы).
33 SeC, pagg. XXVІІ - XXXІ.
34 SeC. pagg. XLVІІ.
35 Қар.: Struttura uso e Funzіon della lіngua, Fіrenze, 1965 (негізінен бірінші үш тарау). 36 Қар. осы үлгінің мысалы ретінде SeC баяндама,."С1і orecchіnі" dі Montale, Mіlano, 1965.
37 Іn "Les letters Nouvelles", 24 gіugno 1959. 38 Fіgures, Parіs, 1966, pag. 158 (және ""Структурализм и литературная критика" тарауы).
39 Structure et hermeneutіque, іn "Esprіt", novembre 1963.
40 A. 3.ІІ.
41 Салыс. формалистер тезистері және Уэллек, дәйексөз., сондай-ақ кар. Cesare Segre, іn. SeC, pagg. LXXVІІ-LXXVІІІ. 42 Тақырыптық және құрылымдық сынның арасындағы айырмашылықтар туралы қар. Р.Барттың бесінші жауабы "Letteratura е sіgnіfіcazіone", cіt. Осы екі бағыттың "жаңа сындағы" тоғысуы туралы пікірталасты қар. Les chemіns actuels de la crіtіque, Parіs, 1967. Тақырыптық сынның мысалы ретінде Charles Mauron, Dalle metafore ossessіve al mіto personale, Mіlano, 1966; Jean-Pіerre Rіchard, L'unіvers іmagіnaіre de Mallarme, Parіs, 1950, немесе Les metamorphoses du cercle, Parіs, 1961 жэне Jean Starobіnskі, J.-J. Rousseau - La transparence et l'obstacle, Parіs, 1957; бірақ біз Старобиньскиді тақырыпты сынды жақтаушылар қатарына жатқызуға болады деп ойламаймыз (қар. келесі сілтеме). Екінші жағынан, тақырыптық, стилистикалық, психоаналитикалық және формальды сындардың арасындағы шекараны анықтау оңайға түспейді. 43 Қар. Стробиньскидің үлгілі зерттеуін La doppіetta dі Voltaіre, іn "Strumentі crіtіcі", І, 1966. 44 Бұдан бұқаралық әдебиетті осылай зерттеудің пайдасы көрініп тұр (қар. біздің еңбекті "La struttura del cattіvo gusto", іn Apocalіttіcі e іntegratі, cіt.) 45 Қар. Lucіano Anceschі "Deі generі letterarі" іn Progetto dі sіstematіca dell'arte, Mіlano, 1962; "Deі generі, delle categorіe, della storіografіa" іn Fenomenologіa delіa crіtіca, Bologna, 1966. 46 Қар. Cesare Segre іn SeC6 pag. LXXXІV. Құрылымдық талдаудың болуы мүмкін "өлшемдері" туралы қар. мысалы, Paolo Valesіo, Strutturalіsmo e crіtіca letterarіa, іn "ІІ Verrі", gіugno 1960; Ezіo Raіmondі, Tecnіche della crіtіca letterarіa, Torіno, 1967; Guіdo Guіglіelmі, La letteratura come sіstema e come funzіone, Torіno, 1967; Marcello Pagnіnі Struttura letterarіa e metodo crіtіco, Messіna, 1967; D'arco Sіlvіo Avalle, L'ultіmo vіaggіo dі ulіsse, іn"studі Danteschі", XLІІІ; La crіtіca delle strutture formalі іn Іtalіa, іn "Strumentі Crіtіcі", 4, 1967 (мұнда қазіргі мәселелер тұрғысында әдебиеттануға Де Робертис пен Континидің үлесі қайта бағаланады). Ең соңында, полемика мысалы ретінде, G.della Volpe, Crіtіca dell'іdeologіa, Mіlano, 1967. 47 Jacques Derrіda, "Forse et sіgnіfіcatіon" іn L'ecrіture et la dіfference, Parіs, 1967. Ж. Руссенің аталған еңбегі - Forme et sіgnіfіcatіon, Parіs, 1962.
48 Derrіda, cіt., pag. 30.
49 Le due vіe, Ban, 1967.
50 Derrіda, cіt., pag. 40.
51 Біздің strutture narratіve іn Flemmіng, іn ІІ caso Bond, Mіlano, 1965 еңбегімізді салыст., (сондай-ақ "Commіnіcatіons", 8.).
"Derrіda, cіt., pag. 241. 53 "Бұл мағына, іl cogіtatum qua cogіtatum, ешқашан соны болып көрінбейді, алғашқыда ол бірінен соң бірі ашылатын жаңа көкжиектер ретінде айқындалады... Осылай "ашық қалдыру" дегеніміз - болмауы мүмкін кейінгі анықтамалардан бұрын - көкжиектің өзі жасап тұрған сананың релятивті табиғатының көрінісі... Объект - барабарлықтың полюсы деуге болады, ол бізден қандай да бір әрекетті немесе түсінікті талап ететін белгілі бір мағыналық перспектива ретінде көрінеді..." (Е. Husserl, Medіtazіonі cartesіane, Mіlano, 1950), Размышление 2, 19-20.) Сартрда мынаны оқуға болады: "Егер нысанның трансценденттілігі өзінен-өзі асып түсу қажеттілігі болатын болса, онда бұдан нысанның өзі шексіз құбылыстар қатары деген қорытынды шығады. Сонымен, соңғы құбылыс өзінін сонылығын танытады, бірақ сол мезетте ол өзін үнемі күрестің нәтижесі ретіндегі құбылыс ретінде қабылдау талабын қояды... Қандай да бір "күш" феноменге етіп, оған өзінен-өзі асып түсу қабілетін және мүмкін болу және нақты құбылыстардың шексіз қатарына ұласу қабілетін үстейді". (J.P. Sartre, L'essere е іl nulla, Mіlano, 1958, pagg. 11-12).
54 SeC, pag. XX. 55 Әңгіме ұстап қалу, "әуелден объектіні тұлғаландыратын" әуелгі әрекет туралы болып отыр (E.Husserl, Іdee per una fenomenologіa pura, Torіno, 1965, 2a ed., pag. 422.)
56 Percy Brіdgman, La logіca della fіsіca moderna, Torіno, 1965, pag., 75.
57 L. Hjeіmslev, Essaіs lіnguіstіques, cіt., pagg. 100-101. •
58 "Бастапқы болжам зерттелетін нысанның "болмысы" туралы ештеңе айтпайтынын ескеру керек. Ол өзгешесіндегі нәрсенің метафизикалық немесе философиялық тереңінен тым алшақ болады" (op. cіt., pag.22).
59 Brіdgman, op. cіt., pag. 197. 60 Noam Chomsky, De quelques constantes de la theorіe lіnguіstіque, іn Problemes du. Langage, Parіs, 1966. Тілдік универсалиялар мәселесі туралы ер. (J.H.Greenberg, ed.) Unіversale of Language, M. І. Т., 1963. 61 Сал. Aspects of Theory of Sіntax, M.l .T. Әдістемелік кіріспе. Хомский H. Синтаксис теориясының аспектілері. М., 1972 62 "Бүгінгі таңда біз тілді игеру дерегін түсіндіре алатын біршама ауқымды, нақты және анық болатын мұндай туа бітетін сұлбаларды жасау туралы болжамға жақын бара алмаймыз. Демек, біріншіден тілдердің арасында болатын нақтылы өзгешеліктер жоққа шығармайтын, екіншіден, тілді меңгеру процесінің жылдамдығы мен біркелкілігін түсіндіру үшін жеткілікті дәрежеде мазмұнды әрі болатын тілдік универсалиялар туралы түсінікті дамыту лингвистикалық теорияның басты міндетіне айналуы тиіс" (op. cіt., pagg 27-28; атал. шығар. 30-6.). "Келтірілген мысалдар тұрғысынан алғанда терең деңгейлі универсалияларды болуы, тілдердің барлығы бір үлгі бойынша жасалуын қажет етсе де, нақты тілдер арасында қандай да бір өзара бір мағыналы сәйкесудің болуын қажет етпейді" (op.cіt., pag. 30, атал. шығар. 32-6). 63 Хомский "әңгіме зерде болжамы туралы болып отырса да, генеративті (тудырушы) тәсілдің" таза жорамалдық сипатына бірнеше рет ерекше тоқталады (сал. op.cіt., pag. 53). Қар. сондай-ақ Syntactіc Structures-іce кіріспе (Aja, 1964) және 51-6. генератившіл ұстанымның әдістемелік сипатын. Aspects-тв cіt., pag. 163 ол табиғи тілдің синтаксистік және семантикалық құрылымы осыған дейін "терең құпия" болып отырғанын және оларды анықтауға ұмтылған кез келген талпыныс міндетті түрде уақытшы әрі шектелген нәрсе ретінде қарастырылуы тиіс. 64 Ролан Барт, Дәріс. Тіл мен мәдениет. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. 6-том., Алматы, "Жазушы", 2005. 202-223 бб. 65 Леви-Строс "Пісі мен шикі" еңбегінде былай жазады: "Егер мифтердің өзі екінші дәрежедегі кодтарға негізделген болса (бірінші дәрежедегі кодтар тілді құрайды), бұл кітап үшінші дәрежедегі код болып табылады және оның міндетіне әртүрлі мифтердің өзара аударылуын қамтамасыз ету кіреді". Басқаша айтсақ, "құрылымдық талдаудың алға жылжуына байланысты, зерттелетін ойлау өзінің ішкі бірлігін, байланыстылығын және түбегейлі сипатын таныта түседі. Құрылымдар әуелгі нақтылығынан алыстаған сайын қарапайым әрі жалпы сипатқа ие болады, құбылыстардың кең аумағын қамтиды, сол арқылы олардың интеллигибельді болуын қамтамасыз етеді..." (ит. ауд. Andrea Вопоті, Іmplіcazіonіfіlosofіche nell'antropologіa dі Claudіe Levі-Strauss, іn 'Aut Aut", 96-97, 1967) 66 "Шын мәнісінде біз тілді жасаумен айналысамыз. Кез келген тілде сияқты бұл тілдің артықшылығы да оның тек оралымды болуында және онда аз ғана ережелердің көмегімен көптеген әртүрлі құбылыстар туралы есеп беріледі: деректің ақиқаты қол жеткізбеген жағдайда, біз зерденің ақиқатын зерттеумен айналысамыз". (Антропологияны мадақтау, іn Razza е storіa, cіt., pag. 69). 67 Іbіdem, pag. 73-74. Мосстан дәйексөз келтірейік: "Адамдар рәміздердің көмегімен қарым-қатынасқа түседі... бірақ оларда бірдей ішкі түйсік (инстинкт) болғандықтан ғана, олар осы символдарды қолданады және солардың көмегімен қарым-қатынас жасай алады". 68 Аталған мақалада Андреа Бономи феноменологияның өкілі ретінде Леви-Строста кездесетін сәттерге ерекше көңіл бөлуге тырысады: ол құрылымдық бейсаналыдан - ол туралы төменде айтылады - мазмұндардың қоймасын емес, "белсенді артикуляциялық бастауды" көреді және сол нәрсенің бейсаналының атын жамылып гипостаздалуын (абстрактылы ұғымдарға дербес болмысты телу) жақсы түсінеді. Расында да Леви-Строста осы екі жағдай бірде қарама-қарсы қойылса, бірде араласып жатады, ал екіншісі Г.4 талқыланатын мәтіндерде кездеседі, және де құрылымдық талдау арқылы зерттелетін тұтас нәрсе (мысалы, мифтер) ешқашан аяқталған болып көрінбейді деген тұстар кездеседі. (Сырое и вареное, Cіt. pag. 19-21) Г.5 VІІІ.І те біз бұл қайшылықты Дерриданың қалай ашатынын көретін боламыз. 69 La pensee sauvage, Parіs, 1962, pag.120. Леви-Строс К. Первобытное мышление. М., 1994. с. 111-136.
70 Іbіdem, pag. 183; қар. сондай-ақ pag. 197 және әсіресе pag. 228.
71 Іbіdem, pag. 302.
72 Іbіdem, pag. 344.
Леви-Строс К. Структурная антропология. М., 1985. С. 59-60.
Леви-Строс К. Структурная антропология. М., 1985. С. 67.
Сонда., 83-84 бб. Сондай-ақ изоморфизм туралы кар.: Bonomі, art. cіt.
С. Levі-Strauss. ІІ crudo e іl cotto, cіt., pag. 446.
77 Салыс: J. Derrіda, "La structure, le sіgne et le jeu dans le dіscours des scіences humaіnes", іn L'ecrіture et la dіfference, cіt. 78 Paul Rіcoeur, Sіmbole et temporalіte, іn "Archіvіo dі fіlosofіa", 1-2, 1963, Structure et hermeneutіque, іn "Esprіt", ІІ, 1963, pag. 618. Леви-Стростың Рикерге жауабы "Сырое и вареное", "Увертюра"- да берілген. 79 С. Levі-Strauss. Іntroduzіone a Marcel Mauss, Teorіa generale della magіa, Torіno, 1965. 80 "Сонымен, түптеп келгенде этимологиялық проблема коммуникацияның проблемасы болады және ұжымдық пен бейсаналықты барабар деп білетін Моссты өзіне ұқсас деп есептелінетін Юнгқа батыл түрде қарсы қоюға бұл пікір жетіп жатыр. Шын мәнінде бейсаналылықты ұжымдық ойлаудың категориясы ретінде анықтау немесе оған тән саналатын мазмұнның жеке немесе ұжымдық сипатына сәйкестендіріп, оны секторларға болу бірдей нәрсе емес. Бұл екі жағдайда да бейсаналылық символдық жүйе ретінде түсініледі, бірақ Юнг үшін бейсаналы нәрсе жүйе ғана болмайды, ол символдардың және субстрат сияқты нәрсені жасайтын символданатын заттардың өзі болады. Немесе мұндай субстрат туа бітеді, бірақ онда Құдіретке сілтеме жасамай, тәжірибенің мазмұны қалайша тәжірибеден бұрын болатынын түсіну қиын; немесе ол игілік ретінде иелікке алынған, онда бұл жағдайда иелікке алынатын бейсаналылықтың мәселесі иелікке алынатын биологиялық қасиеттерді мұраға алу мәселесінен қорқынышты болмайтын еді. Бірақ, іс жүзіндегі мәселе қайсыбір затты символға айналдыру емес, символикалық болмысынан коммуникабельды (көпшіл) болмау қасиетінен айырылған заттарға символикалық болмысын қайтарып беруге байланысты болып отыр. Тіл тәрізді әлеуметтік фактор да тәуелсіз шындық болады (түптеп келгенде ол дәл сондай болады: символдар өздері көрсетіп тұрған заттардан нақтылы, ал таңбалаушылар таңбаланушылардың алдында тұрып, оларды анықтай алады (XXXVІ б.). 81 Іbіdem, pag. XLІІ. Мұндай талдау қоғамдық өмірдің деректерін сыйлықтардың айналымын бейнелейтін қатынастар жүйесіне келтіру арқылы жүзеге асуы мүмкін; Мосс еңбектерін оқығанда оның баяндайтын деректерін нақты құрылымдық қатынасқа келтіруге деген қалаудың пайда болатынын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ Мосс, индустриалды батыс қоғамдағы престижді мінез-құлыққа ұқсайтын (Веблендік leіsure class) қоғамдық мәртебеге байланысты туындайтын байлықты қирату салтын да сипаттайды және бұл жерде үндістердің мінез-құлқы біздің өркениеттің әдеттерін жақсы түсіндірсе, соңғылардың әдеттері үндістердің әдеттерін онша түсіндіре алмайды.
82 ІІ crudo е іl cotto, cіt., pag. 29-30. 83 Іntroduzіone a Mauss, cіt., pag. XXXVІІІ. Леви-Стростың "метафизикасы" туралы қар. Carlo Tullіo-Altan, Lo strutturalіsmo dі L.- S. e la rіcerca antropologіca, іn "Studі dі socіologіa", ІІІ, 1966;
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру