TELEGEI

Home

Қызылжарым

М.З. Оспанова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қызылжарым

Қызылжарым. М.З. Оспанова

Елім менің

Қазақ елі – туған елім – сен анам,
Сені жырлап, толғанады бір балаң,
Қайда жүрсем жүрегімнің төрінде,
Көлбеп жатқан көгілдір тау, кең далам.

Шалқар көлім, орман, тоғай, өзендер,
Бүлдіргенді жасыл жайлау, белеңдер,
Төрт түлігі төскейінде жайылып,
Қозы-лағы көрік берген көгенге.

Жазғытұрғы қара мақпал түні де,
Шілдедегі аптап ыстық күні де,
Жүрегіме жақын, маған саңқылдап,
Көлде жүзген аққу-қаздың үні де.

Жырақ жүрсем асығамын жетуге,
Ән мен күйін, әсем жырын естуге,
Қазағымның қасиетін дәріптеп,
Серт еткенмін өмір бойы өтуге.

Құдірет күш момын етіп жаратқан.
Дүниеге жақсы көзбен қаратқан,
Қайырымды, мейрімді қазағым,
Жауға ғана берен мылтық дөп атқан.

Кең даламдай шексіз халық көңілі,
Өзгелерге үлгі болған өмірі.
Қамқор болып жетім-жесір, босқынға
Бар халыққа мекен болған өңірі.

Қазақ елі - өскен жерім - сен анам,
Бір өзіңе арнап талай жыр жазам.
Бейбіт өмір, еселі еңбек тілеймін.
Тарылмасын гүлжазира кең далам!

Тәуелсіздікке арналған салтанатқа

Армысыздар, замандастар, қандастар,
Бармысыздар, азаматтар, ел бастар!
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Алып келдік Қызылжардан тойбастар.

Ауданымыз Қызылжардай өңірде,
Таққандаймыз қызыл гүлді өңірге.
Бүгінгі күн бақыт құсы сайрайды,
Орнағандай көктем келіп көңілге.

Тәуелсіздік – қандай биік, тәтті ұғым.
Тәуелсіздік – қуанышым, шаттығым.
Еркіндігім, ана тілім – аяулым,
Аңсауменен жеткен қолы халқымның.

Намыс, жігер, сана-сезім оянды.
Өсіп көңіл кеуде керіп дем алды.
Жүректерді кернеп шексіз қуаныш,
Тілейді жұрт Тәуелсіздік баянды.

Кең даламда еркіндіктің таңы атты.
Түледі ел қыран құстай қанатты.
Өтті талай қиын-қыстау белестен,
Көркейді жер, көбейттік біз санатты.

Қайраттанып қараймыз біз ертеңге,
Түсері хақ қиындықпен әр теңге.
Еңбектеніп, жұдырықтай жұмылсақ,
Несібесіз қалмас бізде еш пенде.

Тәуелсіздік аса қымбат, әрине,
Көк байрақты тіктік елдің төріне.
Ие болдық шын мәнінде біз міне,
Асқар таулар, аққу жүзген көліме.

Алдымызда көп қой әлі өткелдер,
Жақсылықтар басымыздан өткерер.
Сенімім мол, қонған бағын қазақтың,
Барша халық ұшырмауға тер төгер.

Қазақстан – алтын ұя, туған ел,
Қадіріңді Отан сүйген ер білер.
Тәуелсіздік туын жықпай ешқашан,
Тыныш өмір, бейбітшілік ел тілер.

Болсын елдің етек-жеңі жиюлы,
Өзгермесін шекарасы қиюлы.
Көз алартқан Егеменді еліме
Көршілердің жөнін білсек тиюды.

Құтты болсын, Тәуелсіздік мейрамы!
Орындалсын арман, мақсат ойдағы.
Намыс туы желбіресін көгілдір,

Жайнай берсін, жасыл жайлау аймағы.

Марал Зейнел-Ғабиқызы 10.12.2001 ж.

Қазақстан – алтын ұям

Қазақстан -
Алтын ұям тұрағым.
Ел таңбасы -
Қалықтаған қыраным.

Кең пейілді қазақ атты халқы бар,
Азат елім,
Теңдесі жоқ Тұраным.

Қазақ тілі -
Бастау алған бұлағым.
Елеңдейді ән мен күйге құлағым.
Елдігіңе сан ғасырлық қуанам.

Сақтап қалған
Салт-санасын, жыр-әнін.

Несібесін бір бөліскен өзгемен.
Жамандыққа еш уақытта төзбеген.
Ақша қардай, ақ ниетті қалпында,
Бейбіт өмір, ізгілікті көздеген.

Бөтенді де
Бөлесіндей санаған.
Жатсынбаған.
Жақынына балаған.

Дастарханға толтырған бар мәзірін,
Дархандықты үйренген кең даладан.

Далама

Жайсаң дала, жасыл орман жайқалған,
Көркіңді мен таңдай қақпай айта алман.
Айдын көлім балқұрағы майысқан.
Ерке қайық ақ толқынмен шайқалған.

Жампоз дала, жасыл желек жамылған,
Жан рахаты бір өзіңнен табылған.
Төскейіңде төрт түлік мал тойынып,
Құнары мол жайлауыңда жайылған.

Кәусар ауа, жарқыраған күн қандай!
Күндей күлген керім, кербез қыз қандай!
Бұлшық еті бұлтылдаған, бүлкілдеп,
Қандай көркем қыр жігіті кең маңдай!

Дархандықтың белгісіндей далама
Сүйсінбеуге таңданбауға бола ма?
Кіндік қаным тамған жерге ынтығып,
Сағынамын, сарғаямын, қалада.

Жұлдыздар

Ауыл түні ғажап қандай тамаша!
Тұрар аспан дәл төбеңде аласа.
Алтыбақан ай астында тербелер,
Жастар ойнар ақсүйекке таласа.

Айналаны қараңғылық басқанда,
Сансыз жұлдыз жымыңдайды аспанда.
Анда-санда сырнайлатар көлбақа,
Жұрт тыныстап, тойынған мал жатқанда.

Таң атқанша айлы түнде ойнаймыз,
Жастық жарқын, ойынға біз тоймаймыз,
Ертегі айтып, ән саламыз әуенді,
Мақпал түнге қызығуды қоймаймыз.

Таласамыз ең әдемі жұлдызға,
Мың құбылар ғарыштағы құндыздар.
Жамандыққа жорушы еді үлкендер,
Ағып түскен арман ба, әлде жұлдыз ба?!

Қара мақпал түні қандай Елімнің!
Құнарлы, бай жері қандай елімнің!
Ұқсамайтын еш уақытта ешкімге,
Дана, дархан халқы қандай елімнің!

Жұлдызың, Елім, биік тұрсын ұдайы,
Бағыңды бастан ұшырмасын құдайым.
Еркіндікке қолы жеткен халқымның,
Мәртебесі биік болсын, ылайым!

Жолдар, жолдар …

Қараймын да тарам–тарам жолдарға
Батамын мен терең теңіз ойларға.
Бұл жолдармен ақын Абай өтіпті,
Бала Шоқан ғылым іздеп кетіпті…

Сапар шеккен хан Абылай қаншама,
Батырлары, билері де ханша да.
Қанша халық Меккеге де аттанған,
Ұзақ сапар тым қатерлі болса да.

Жолдар, жолдар, сендерге егер тіл бітсе,
Айтар еді кімдер өтті, кім кетті?
Қанша ғалым, саяхатшы, саяткер,
Арманына кім жетпеді, кім жетті?

Көшіп-қонып осынау кең далада
Ата-бабам бағзы сол бір заманда.
Кең пейілді, парасатты қалпымен,
Намыс туын құлатпаған қалай да.

Бұл жолдарды ата-бабам күзеткен,
Сан ғасырлар көш-керуен көп өткен.
Тізбектеліп өтіп жатқан заман-ай,
Көзден таса, кетпеген тек жүректен.

Жауға шапқан Балта Керей Тұрсынбай,
Аруақты Ағынтай мен Қарасай.
Бұл жолдарға қаны тамған азаткер
Бабалардың Кенесары, Наурызбай.

Жолдар, жолдар, асықтырып арманға
Жетелейді асқар биік тауларға.
Көк шалғында жұпар жұтып, дем алып,
Жетейінші қарағайлы орманға.

Жолдар, жолдар қалсын сенде іздерім,
Беймәлім тек өтпесінші күндерім.
Тіршілікте еңбек етсем Еліме,
Тілер едім ұрпақтардың білгенін.

Қимасым

Жолдарыма қыр гүлінен қызыл кілем жапқандай,
Арайланып қызарып күн бақыт тілеп батқандай.
Оралғанда боламын мен қимасымды тапқандай.
Ұзап шықсам жүрекке мұң бейне мұз боп қатқандай.

Ерке бұлақ күміс кәусәр сылдырап жәй аққандай.
Шық түскенде жапырақтар мөлдір моншақ таққандай.
Туған жердің таңы маған әр кез күліп атқандай.
Сиқыр сағым толқынданып, қолын бұлғап жатқандай.

Қазағым

Қазағым әнші, күйші, дүлдүл болған,
Көңілі бейне бақша бұлбұл қонған.
Қаймықпаған билері хан алдында
Қасқайған батырлары берік қорған.

Түркі тек күн еркесі, еркін болған.
Төсінде туған жердің көшіп-қонған.
Той жасаған, ас берген, көкпар тартқан,
Төзімді, айласы мол оңнан-солдан.

Қазағым жау алдында тайсалмаған.
Қыздары да қаһарман қайсарланған.
Қан төгіп, жанын қиып жорықтарда,
Кең даламды біз үшін сақтап қалған.

Арнау

Қожаберген жырау
Толыбайұлына арналып оқылды

Сырттай нәзік болғанмен,
Қажымас менде қайрат бар.
Атама тртқан батырмын.
Қорқытар жауды айбат бар.

Күн түссе елдің басына
Намысын қорғар қызымын,
Елім деп өткен еңіреп,
Бабалардың ізімін.

Толғанып, толқып мен бүгін
Шабытымды шақырдым.
Қожаберген батырдың
Аруағына бас ұрдым.

Еске алар болса ел-жұрты
Татитын оған ұлы бар.
Мәңгілік өлмес жырында
Халқымның қайғы-мұңы бар

Шыр етіп, жылап туғаннан
«Елім-ай» әнін естідім.
Құдіретті сол әнмен
Тербелді менің бесігім.

«Елім-ай» әні жыраудың
Ұрпаққа қалған ұран боп.
Қазағымның көгінде
Шарықтап ұшқан қыран боп.

Қожаберген бабамдай
Ержүрек ұлдар көп болсын!
Қызыр қонсын жеріме,
Еліміз әр кез тоқ болсын!

Егеменді Елімнің –
Желбірей берсін байрағы.
Асып, тасып мол байлық,
Көркейе түссін аймағы.

Жыраудан қалған салауат
Байтақ жер бізге аманат.
Айналдым туған халқымнан!
Естілмесін жаманат!

23 сәуір 2001 жыл

Тілегім

Қазағым деп мен айтпасам, кім айтар?
Болмақ емес сылбыр, селқос, жайбасар.
өркендесе елім менің екпіндеп,
Қуат алам қуаныштан мың жасар.

Кейбіреудей жайбарақат болмасам,
Ел мүддесін, ел бақытын ойласам,
Қалам тербеп толғанатын қызымын,
Адаспаспын жақсылықты қолдасам.

Тынысың кең, қуатың мол білемін.
Қолдаймын мен ата-баба тілегін.
Тәй-тәй басқан қадамына елімнің
Тәубе деймін, лүпілдейді жүрегім.

Сағынамын

Сағынамын кішкентай ауылымды,
Көрмеген көптен бері бауырымды.
Сағынамын қос көлді аққу жүзген,
Құрбы-дос, үлкен-кіші тәуірімді..

Алыстан қол бұлғайды сағым-теңіз,
Таңданбауға болмайды ешбір негіз.
Тұнық сулы қос көлге қос жанардай,
Тең келмейді, наныңыз, Қара теңіз.

Ортақкөл мен Жалтырша айдын шалқар,
Сағынышым бір көрсем сонда тарқар.
Ауылым қос айдынның ортасында,
Күнде той, күнде қызық ақар-шақар.

Әкемнің қатарлары сиреп қалды,
Қайғыдан көңілімде түйнек қалды.
Көз көрген Қабылқайыр, Қоспан аға
Тізіліп қаздай жүрген ақсақалдан.

Нағашым Қайырбек пен Оразай бар,
Өтті ғой Көшер, Мұқыш, Оразбайлар.
Ізін басқан ағалар мүлде азайды,
Алланың салғаны деп қойсам болар.

Күлзира кіндік шешем кірім жуған,
Көтеріп қолына алып кіндік буған.
Жетеді қайсарлығым бір басыма,
Шешеге кіндік кескен тартып туғам.

Болмайтын ауылымда ұры-қары,
Тұратын қатты сыйлап бірін-бірі.
Берекенің ұйтқысы шешелерім,
Алтын жұлдыз кеудеге таққан бәрі.

Ауылым

Туған жерім, өскен елім, кең далам,
Ыстық маған орман, тоғай, сай-салаң,
Жас отауда туып еді шырылдап,
Елу бірдің шілдесінде бір балаң.

Жерұйықтай көрінетін ауылым,
Еркелеткен бала кезден қауымым,
Балапандай жылы ұяңнан ұшырып,
Арманыма қанат берген ауылым.

Оң мен солы – Ортақкөл мен Жалтырша
Жарқырайды баяғы сол қалпынша.
Қаз қаңқылдап, сұңқылдаса аққулар,
Үйректері үн қосады артынша.

Ауыл кеші – тіршіліктің тынысы,
Адамдардың тоғысатын мың ісі,
Жан-жануар шуылдасып табысып,
Толастамас көпке дейін дыбысы.

Туған жерім – жер жаннаты мен үшін
Қызыр қонып, араласын ел ішін.
Ардақтаймын әр отаудың иесін,
Сағынамын жерошақтың иісін.

Нұр – ағама

Армысың, айналайын, асыл ағам!
Тұлпарым мұқалмасын алтын тағаң.
Қиналмай арқалағын елдің жүгін,
Мәртебең үстем болсын, өссін бағың.

Жұлдызым, жарқыраған маңдайдағы,
Жырларым жазылмаған таңдайдағы.
Халқыма егемендік алып берген,
Өзіңсің зиялының балқаймағы.

Қазақтың теңдесі жоқ асыл ұлы,
Жанары найзағайдай жасын ұлы.
Тіл мен дінін қайтарып иесіне,
Ғарышқа жетелеген ғасыр ұлы.

Қалай ғана мен бүгін шаттанбаймын,
Қуанып, кеуде керіп мақтанбаймын.
Қарсы алып Президентін қазағымның,
Қуаныштан жарылып жатқандаймын.

Нұр-аға, құтты болсын, қадамыңыз,
Табыстармен көркейсін талабыңыз.
Денсаулық, бақыт тілеп шын жүректен
Қолдайды қалың Елім, қазағыңыз!

Ыстықкөл

Мөлдір көлім, айдын көлім, шоң көлім.
Мен Қазақпын, Қырғыз туыс өз елім.
Тамашалап таңғажайып көрінісін,
Әсемдікке тебіренді жан сезімім.

Әдемі ғой асқақ, әсем Ала-Тоо,
Айылы да ұқсап-ақ тұр ауылға.
Үлбіреген қарапайым қыздары
Өнегелі, көрік берген қауымға.

Айдын көлде балалар да жүзеді.
Шаттанады, қуанады, күледі.
Келешегі жарқын болып ылайым,
Елдің болсын Азаматы тірегі.

Мен Қазақпын, Қырғыз менің өз елім!
Гүлдей берсін жаннаттайын бар жерің,
Асқар тауың, асау өзен, шатқалдар.
Аман болсын қызғалдақты белдерің.

Мектебім

Балалық шақ естен кетпес бал дәурен,
Құлағымда сырлы қоңырау сазды әуен.
Ұлағатты ұстаздарым бармысың,
Куәлары жастығымның гүлдәурен?

Баға жетпес ұстаздарым білікті.
Көргемін жоқ өздеріңдей биікті.
Қара ормандай пана болған біздерге,
Әке болған, шеше болған сүйікті.

Жақсылықтан жанымызға гүл еккен,
Өмір сырын, өмір жырын үйреткен.
Алыстағы армандарға қол бұлғап,
Өрге сүйреп, жат мінезден жиренткен.

Көз алдымда ұстаздардың тізбегі.
Салып кеткен сайрап жатыр іздері.
Кейбіреуі озған болса өмірден,
Мәңгі қалды шапағаты біздегі.

Құтты болсын, мерей тойың, түлектер!
Орындалсын барша мақсат, тілектер.
Ұстаз аты, ұстаз даңқы өрлесін.
Лүпілдесін, бірге соққан жүректер.

Ұстаздарыма

Мектебім менің, аяулы алтын бесігім.
Қуанып әр кез, тебіреніп ашам есігін.
Өзімді бала сезініп кетем ойнақтап,
Өз үйімде еркелесем, несі мін.

Кетпейді естен балалық базар күндерім.
Толқыған естіп, балауса сезім күйлерін.
Аққудай аппақ көңілім де жас, асыққан,
Терсем деп, шіркін, бағыңда бақыт гүлдерін!

Қол создым алыс арманға сермеп құлашты,
Ұстаздар үлкен өмірге даңғыл жол ашты.
Келемін міне жылдарды тастап артқа мен,
Тағдырдың дәмі болса да кейде тым ащы.

Ұстаздың әр кез айтқанын бағып бой жеттім,
Демеймін әлі шыңына ғылым мен жеттім.
Саулығын сақтап, қорғасам ауру-індеттен,
Халқыма берер, жемісі де сол, еңбектің.

Наурыз жырлары

Келді міне, кең далама Наурыз,
Болсын биік шығар біздің тауымыз.
Мәртебесі аса берсін елімнің,
Шаттанбасын еш уақытта жауымыз.

Наурызда көңіл кірін жуайық,
Бетімізді имандылыққа бұрайық.
Ақ ниетпен аттап келер күндерге,
Мың жыл ел санатын құрайық.

Ақ мол болып, қара қазан қайнасын,
Көгендерге қозы–лағың байласын.
Күй күмбірлеп жайлауында қазақтың,
Кеудесінде бұлбұл құсы сайрасын.

Сай-саламда бітік өссін егін –жай,
Әр отауда туа берсін Егінбай.
Жерұйықтай жайлы болсын жеріміз,
Асанқайғы арман еткен мекен-жай.

Молшылық пен бірлік келсін еліме,
Толастамас тірлік келсін жеріме.
Жаңартушы, жаратушы құдырет
Қуат берсін адамзаттың бәріне!

Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Жаңа күн - фарсыша біліңіз.
Көктемнің көрікті мейрамын
Қарсы алып балаша күліңіз!

Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Жарқылдап баршаңыз жүріңіз.
Жаңарсын бусанып жер енді.
Гүлдерді қырлардан теріңіз.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Он екі ай сағындық сені біз.
Халқымның өткенін ұмытпай,
Рәсіммен тойлайық бәріміз.

Жаңарсын қазақтың даласы,
Құт толы сайы мен саласы.
Күн түні өндіріс тоқтамай,
Көбейсін, көгерсін қаласы.

Жұртымнан көп шықсын данасы,
Данасы, елінің панасы.
Терезем өзгемен тең түсіп,
Халқымның оянсын санасы.

Туған елім, бүгін, сірә,
Қалармын ба, шаттанбай.
Сағынышым, Наурызым ,
Келіп қалдың ақ таңдай.

Сәлем, Наурыз, төр алдынан
Орын алғын жасқанбай.
Сен біз үшін жылдар бойы
Оқылмаған дастандай.

Ұлы мейрам Наурызды
Қарсы алайық жатсынбай.
Оң жағыңнан Күн күлімдеп,
Сол жағыңнан тусын Ай.

Ырыс келсін елімізге,
Желкілдесін егінжай.
Аспан ашық, жүзің жарқын,
Болсын әр кез көңіл жәй.

Қуаныш пен шаттық бүгін
Кемерінен асқандай.
Туған елім ән мен күйден
Шашу шашып жатқандай.

Ата–бабам әдет–ғұрпы
Жасай берсін, жаңарсын.
Қазағымның даласына
Береке мен бақ қонғай!

Бас иемін

Аққу сынды, қасиетті жан әкем,
Адалдыққа баулап мені үйреткен.
Қайратты, қасиетті, қажырлы еді,
Тасты жарып шыққан гүлдей таңертең.

Алыс кетсем сағынар ма мені кім?
Армандарға қанат жалғар енді кім?
Туа біткен талантыңа бас иіп.
Іздеріңнен ізгі өнеге іздеймін.

Ошақтың отын өшірмей…

Қара шаңырақ,
Ол - әкемнің қасиетті тұрағы.
Түкпірінде жүрегімнің тұр әне.
Еңселі үй жасыл шырша сәнімен

Ел назарын тек өзіне бұрады.
Қайран шешем, қоңыр күзде,
Көшіп қонды қалаға.
Тағдыр солай, қарап қалды

Келін менен балаға.
Әке аруағын риза етпей,
Босағасын күзетпей,
Сезінді анам, еш қажетсіз

Қалғандай бір далада…
Оңашада анам талай
Көлдей етті көз жасын.
Бұрды ақыры… елге қарай

Көңілін де, көш басын.
Ошағының отын жағып,
Жаңа түскен келіндей.
Қайраттанып жүреді ол,

Қартайғанын сезінбей.
Суымашы, алтын ұям,
Ақ босағам аяулы.
Мен өзіңді қалай қиям,

Жан-жүрегім қаяулы.
Түсіме енді әкем менің,
Өңі жарқын, алаулы…
Күдіктенем, қанша қалды

Ана өмірі санаулы…

Анама
Анам Кәмеш Байқасқызына

Ұйықтамайсың, мен сырыңды білемін.
Қашан тудым, қалай өстім, түледім?
Ұзақ түнде, онымызды он ойлап,
Езіледі, елжірейді жүрегің.

Күзетесің, телефонды күн ұзақ.
Сыр тартасың, шашасың сен құмалақ.
Әлде қайсы келе ме деп далаға,
Шығасың сен неше қабат қарайлап.

Сен талмайсың қара жолға қарауға,
Жаратқаннан жақсылықты қалауға.
Балалардан жақсы хабар жетсін деп,
Қайран шешем, күтесің сен қалай да.

Анам менің, жан анашым, сен асыл,
Қолың созып шақырғандай боласың.
Махабаттың құдіреті осы екен,
Самғап келіп, көкірегіме қонасың.

Ана тілегі

Түтіні түзу ұшсын деп,
Қонағы дәмді ішсін деп,
Сиыры сүтті болсын деп,
Құт-береке қонсын деп,

Ертелі кеш бір тынбай,
Қайраттанып, қажымай,
Қиындыққа жасымай,
Мақтанып асып, тасымай,

Анам Кәмеш жүретін.

Он баланы жылатпай,
Күйдіріп және құлатпай,
Жақсылыққа жақын ғып,
Жамандықты дарытпай,

Жыртық көйлек кигізбей,
Ізгілікпен егіздей,
Жаны дәрия теңіздей,
Ақ көңілді ақ жарқын,

Анам Кәмеш жүретін.
Немере өсіп келеді,
Жиендер де жүреді,
Жиеншарын сүйеді,

Шаттанып анам күледі.
Ұлдары да ұлықты,
Қыздары да қылықты,
Келіндері келбетті,

Күйеулері сымбатты…
Тілемейді өзге қымбатты.

Қайран ағаларым

Жойылсын соғыс!
Атылмасын оқ ешқашан!
Түршігер жаным, күрсінем егер, еске алсам.
Кетті ғой құрып қаншама біздің қандастар,

Туған жерінің топыраған қайта баспастан…
Нағашым Қамза болар ма еді жақсы ақын
Байланып оққа өлмесе егер жас қыршын.
Жеті жыл жүріп, оралды Жағыпар нағашым,

Ұрпақсыз өтті жарақат алған, кім білсін?!
Құдайберген, Қалинұр, Назар - боздақтар
Сендерсің әр кез еске алып, ұрпақ ардақтар.
Төрт ағайын біреуінен тек қана,

Үш бұрышты қара қағаз - айғақ бар.
Хабарсыз кеткен, моласыз қалған ағалар!
Қан жұтып қалды артыңда қанша аналар.
Мөлдіреп жап-жас, қарайсыңдар суреттен,

Жар құшып, бала сүйе алмай кеткен, паналар!
Жойылсын соғыс!
Бермесін басқа ешқашан!
Түсімнен шошып, оянам егер еске алсам.

Ағаларын аттандырған майданға
Күтіп жүр анам, ұмытар емес ешқашан.

Әжем Бәди Ақшалқызына

Әлі есімде аңсаушы еді Ақ әжем,
Туған жерін, Жаңарқамды көрсем деп.
Аштық жылы айырылған ұлының
Маңдайынан иіскеп шіркін өлсем деп.

Оңжақтағы сол көркем қыз келбетті,
Келін болды, нәрестесін тербетті.
Бақытты еді жұрдай болды бәрінен,
Ойламады көремін деп нәубетті.

Біреу өлсе басқа түсер қасірет.
Өлшеуі жоқ болды емес пе тақсірет.
Дала, қала толып кеткен мүрдеге
Бұйырмады миллионға ақырет.

Ондай сұмдық енді қайтып болмасын!
Бәйшешектер өспей жатып солмасын.
Ақ жаулықты аналары қазақтың
Көкірегің қасіретке толмасын!

Жаса мәңгі, көркейе бер, сен, қазақ!
Басқаларға болма ешқашан, сен, мазақ.
Ұлтшыл емен құдай өзі сақтасын,
Ұлтжандымын жасырмаймын мен бірақ.

Қаншама рет қырса-дағы қазақты,
Төндіртсе де неше түрлі азапты,
Халқым менің қайта өрледі, түледі.
Көктемдегі қызғалдақтар сияқты.

Африкада мың жылдық бар – баобаб.
Сені отырмын сол ағашқа мен балап.
Терең жайған тамырларың құрғамай,
Мәуелей бер, мәңгі жаса, сен, қазақ!

Әкем түсіп есіме…

Көргенде ауыл қарттарын,
Қараймын ұзақ тесіліп.
Жан әкем түсіп есіме,
Жүрегім тұрар езіліп.

Балалық шақтың базарын,
Ортаңда, қарттар, өткіздім,
Еске алып бүгін сіздерді
Сағынып сәлем жеткіздім.

Ауылым менің ерекше
Бай еді балғын бөбекке.
Шақырушы еді сан отау
Жыл ара қалжа жемекке.

Он шақты бала бір үйде
Тебісіп өскен құлындай.
Бытырап бүгін жан-жаққа
Кетті ғой артқа бұрылмай…

Барғанда елге сағынып,
Қарттардың халін сұраймын.
Шетінеп кетсе біреуі,
Күйзеліп қатты жылаймын.

Әкеме

Мен, Марал, Зейнел-Ғаби әкем аты.
Керей Балта Бексейіт арғы заты.
Ата-бабам мекені Ортақкөлден,
Өркендеп өсіп, өнді көп жекжаты.

Тізетін әкем менің сөз маржанын.
Түсінетін тереңнен сезім сазын.
Жыр етіп жақсылықты өмір бойы,
Қарсы алған зор үмітпен әрбір таңын.

Қадірлі, қарапайым, сүйкімді еді,
Жақсы көріп әрқашан сүйсінді елі.
Суық ажал кетті алып арамыздан,
Көп болды қапаланып, күйінгелі.

Арыма

Құбылам менің, шұғылам сенсің өзімнің.
Жырым да сенсің, нұры да сенсің көзімнің.
Жаза бассам өзіңе ғана жүгінем,
Жаным да таза, бұлақтай мөлдір көңілім.

Іздейтінім - ізгілік

Теңіздей толқып кеткенде,
Толғанып өлең жазамын.
Көңіліме демеу, сүйеніш
Өлеңнен әр кез табамын.

Жамандық көрсем егіліп,
Күйзеліп жылап қаламын.
Жақсыға жаным еліктеп,
Қуанып маздап жанамын.

Өзімнің тура жолымды
Адасып кейде табамын.
Шытырман өмір соқпағын
Түсінбей кейде қаламын.

Осынау қысқа өмірде
Ренжіспей неге жүрмеске?
Біріңді-бірің шын сүйіп,
Шаттанып неге күлмеске?

Сыйласып жүрсек баршамыз
Береке, бірлік болады.
Татулық қонса үйіңе,
Қуаныш бақыт сол әні.

Бар адамның жүзінен
Бақыт нұрын іздеймін.
Тұнығынан көзінің
Ізгілікті іздеймін.

Кейбіреудің көзінен
Көлгір күлкі көремін.
Кейбіреудің сөзінен
Жалғандықты сеземін.

Түлкі бұлаң заманда
Қалай өмір сүремін?
Шын жыламай, шын күлмей,
Қалай ғана жүремін?

Үміт бар алда бар арман
Талпына берші таңдарға
Болымсыз нұрға ағарған
Алданба, жүрек, алданба.

Мұқағали

Сезім

Сезімсіз өткен түндерім мені қинайды.
Ықылассыз күндерім мені қинайды.
Арнамаған асыл сөзді жарыма,
Салқын қанды сәттерім мені қинайды.

Сарғайып, аңсап сағынғанға не жетсін!
Қуанысып қауышқанға не жетсін.
Адам болып туғаннан соң анадан,
Шын ниетпен, жылағанға не жетсін!

Қызығамын бірге жылап, күлгенге.
Бірін-бірі шын өбектеп жүргенге.
Қайғы мұңды тең бөлісіп көтеріп,
Жәй-күйіңді сұрамай-ақ білгенге.

Бедірейген бетсіздерден қорқамын.
Қасиетсіз тексіздерден қорқамын.
Жүрегі мұз, жаны жүдеу, тас бауыр.
Рухы төмен адамдардан қорқамын.

Шалқиды сезім телегей-теңіз дәрия.
Көңілім көркем шынайы жібек дүрия.
Жарқылдап жәйдай өмірден өтсем арман жоқ,
Із тастап артқа, болардай елге жәрия.

Тілегім

Ойы тұнық, жаны таза, көзі ашық,
Азаматқа болам әр кез мен ғашық.
Парасатты, сымбаты сай келісті,
Адамдармен жүздесуге мен асық.

Жүрсем бүгін сау-сәлемат жер басып,
Кемерімнен кетпек емен мен тасып.
Жақсылықтың жолында мен шаршаман,
Жамандықты көрсем қалам мен жасып.

Жақсылыққа жаным құмар әрқашан.
Дарқандықты күтемін мен баршадан.
Топас, мекер, менмендікке шырмалып,
Арыла алмай жүрген жоқ па қанша адам?

Шын жүректен мен тілеймін бәріңе,
Сәулесі мол нұрлы әсем шақтарды.
Бұл өмірдің жоқ емес қой қалтарыс,
Көлеңкелі тым көмескі жақтары.

Ой-өрісі биік тұрса әркімнің,
Ертеңіме қиналмас ем бәлкім мен?
Өзін ғана ойлағандар болмаса,
Кем қалмаспыз еш уақытта ешкімнен.

Адам болып келгеннен соң өмірге,
Адам болып өлу бізге парыз ғой.
Азаматы болағаннан соң елімнің,
Халқым үшін еңбек ету қарыз ғой.

Сыр

Жылағанды жырларыммен жұбатсам,
Еңсе түсіп езілгенді қуантсам,
Жан жүрегін мазасыздың тербетсем,
Жазылмайтын жараларын емдесем.

Ақ қанатты армандарын жалғасам,
Уақыт жүгін арқалаудан талмасам.
Досым үшін алаулап бір жанбасам,
Несі жақсы жүректерде қалмасам?!

Құрбыларға

Өмір өтіп барады қайтқан қаздай,
Терістікте болатын қысқа жаздай.
Кеше ғана қыз едім желкілдеген,
Жаулық киер күн жақын ақша қардай.

Мәз боламыз бәріміз мың жасардай,
Кеше өткен соқпақты тың басардай.
Жол қысқарып, аларға ажал келсе,
Мұрша бермес пендеге тіл қатардай…

Әр сәтін нұрлы өмірдің бағалайық,
Мәңгілік жоқ. Өткенді саралайық.
Ғұмырдың мағынасы адалдықта,
Біз қонақ бұл жалғанға, шамалайық.

Әсемдікті қимаймын

Мен сүйемін қырдың әсем гүлдерін.
Жарқыраған айдын шалқар көлкерім.
Толықсыған айды көрсем қуанам,
Ұнатамын күркіреген күндерін.

Табынамын, табиғатқа тасып тым.
Көгендегі қозы-лаққа ғашықпын.
Жас баланың иісіне ғашықпын.
Жақсылармен жүздесуге асықпын.

Өтеді өмір, дәм өлшеулі, өтемін.
Мен де алланың сызығына жетемін.
Жарасымды махаббаттың жемісі -
Әсемдікті қалай қиып кетемін?

Арман

Арман, арман, қызыққа адам тойған ба?
Шаршап, сірә, армандамай қойған ба?
Таңданасың жүзге келіп өлгендер,
«Арман-ай» деп соңғы демін алғанда.

Ес білген соң армандаймыз өсуді,
Сүйген жармен басымызды қосуды.
Үй болуды армандаймыз іргелі,
Немере мен шөберені сүюді.

Арман деген –адамның ғажап ойлары,
Арман деген – қасиет, қадір бойдағы.
Өмірге құштар ықыласы, ынтасы,
Жігерін қайрар таптырмайтын қайрағы.

Асығамын

Асығамын күн сайын келер таңға
Асығамын қыс түссе, келер жазға
Асығамын айтуға бар сырымды
Мені танып, сезінер білер жанға.

Қарсы аламын қуанып, қайтқан қазды.
Тебіренем естісем, күйді сазды.
Елеңдеймін еліктей еркелеймін,
Асығамын көруге сүйген жарды.

Тілек

Қанша қалды аңсатқан,
Ақ таңдарым.
Жетелейтін арманға
Бақ таңдарым.

Үлгерермін жетуге бір белеске,
Қонса менің басыма
Бақ пен дарын.

Алла, маған бере гөр
Ақ жолыңды
Көтергізіп білекті,
Жәй қолымды

Алдым тұман, артым жар болмасыншы,
Сәуле түсір басыма, бер жолымды.

Мен аттайын алдағы жылдарыма.
Ғұмыр берсін,
Жаратқан, жырларыма
Мен кетсем де, жыл сайын көктемеде

Сән берейін гүл болып,
Қырларыма.

Өмір заңы

Қартайып, бойдан қуат әл кеткенде,
Кескін- кейіп, сымбаттан сән кеткенде,
Қасиет пен кәдірден алыстарсың,
Ұшқыр ой мен сөзіңнен мән кеткенде.

Көзбен шолып қарарсың айналаңа,
Келді дерсің басыма қайдан нала?
Еске түссе жігерлі жастық шағың,
Сезінерсің қалғандай айдалада.

Қартайғанда жұбыңнан айырмасын.
Жаны ашып алдыңа ол қояр асын.
Үйің толған ұл мен қыз болса –дағы
Құдай қосқан қосақтай қайдан болсын?!

Жарың сені мәпелеп еркелетер.
Жаман қылық көрсетпес өкпелетер.
Жалғыздық аллаға тән. Ер мен әйел
Болса, шіркін, өмірден бірге өтер!

Өмір қатал, өмірдің өз заңы бар.
Өлшеулі әрбір күнің, атар таңдар.
Аз ба, көп пе, жүргейсің шын сыйласып,
Адалдық, пәк сезімнен аттамаңдар!

Көктем

Көгілдір көктем, көгілдір көктем
Күн нұрын төкті көгілжім көктен.
Жауқазын гүлдер, жұпарын шашты.
Қуанды халық өзіңді күткен.

Қозы, лақ шықты, беттеді қырға,
Бөленді жер-көк әдемі жырға.
Қыс бойы үйде ауырып жатқан,
Қарттар да шықты ілігіп сыртқа.

Кеудені керіп таза ауа жұтты.
Көктемнен үлкен жақсылық күтті.
Бусанып жатыр Жер-ана міне,
Баршаның болсын, Көктемі құтты!

Күз

Далам менің қызыл күрең,
Сарғылт-қошқыл түске еніп,
Кигізгендей ала шапан
Өзбек ағам күз келіп.

Балаусасы балқұрағы
Қоңыр тартып, қуарып,
Айдын көлім мұңаяды,
Жетімсіреп құс кетіп.

Қара суық жел еседі
Өңменіңнен өтердей,
Кеудеңдегі жылуыңды
Суырып бір кетердей,

Сұр аспанда бұлт көшеді,
Түйіледі түнеріп.
Жаңбыр жауып,
Сабалайды терезеңді тесердей.

Сонда да бар қоңыр күздің
Қайталанбас шақтары,
Естен кетпес маужыраған
Сары алтындай бақтары.

Сары күзде ғашық жандар
Жас шаңырақ көтеріп,
Арайланып алғаш рет
Атқан бақыт таңдары.

Алқаптарда егін басып,
Комбайндар жосылған.
Еңбек үні қамбаларда
Ән мен жырға қосылған.

Берекелі бейбіт өмір
Нәсіп болып халқыма,
Ел басына келмесін тек
Жамандықтар тосыннан.

Әлі талай
Даламызға қоңыр сары күз келер
Бұл өмірде таусылмасын
Игі ырыс біз көрер.

Күз суығы көп бөгелмес,
Өтер, кетер тоңдырып,
Суымасын жан жылуы
Адамдарға біз берер.

Қыс таяу

Қорғасын сұрғылт бұлттар қаптады да,
Жөңкіді будақ-будақ аспанымда.
Сілбіреп тоқтамайды, сұрғылт жауын,
Ерте күзден хабаршы жетті мұнда.

Көкжиек көрінбейді мұнартады.
Балалар да ойнауға құмартады.
Қабағы табиғаттың бір ашылмай,
Көңілсіз әр күн сайын таң атады.

Күз келді, қыс та таяу, алыс емес.
Жаз деген біз байғұсқа болды елес
Піспей тұрған егінді көрген сайын,
Әр түрлі кейіс ойлар маза бермес…

Бакуге барғанда

Кім ойлаған бұл Бакуге келем деп,
Ескі қорған, музейлерін көрем деп,
Сырлы сазды шығыс әнін елеңдеп,
Тыңдаймын да тәнті болып қалам деп,

Қарай бергің, қарай бергің келеді.

«Қыз мұнара», «Ширваншахтың сарайы»,
Ескерткіші он екінші ғасырдың
Құпия бір қасиетпен қарайды.
Дуа жасап тастағандай жасырын.

Талмай көзің, қарай бергің келеді.

Есте қалар жарқыраған күндері,
Қызыл, жасыл, әсем нәзік гүлдері.
Асып-тасып қарт Каспийдің кемері,
Кейде баяу, кейде қатты «норд» желі.

Келе бергім, көре бергім келеді.

Шіркін-ай!

Жақсы жанды көбіне көзге ілмейміз,
Мазалап, тірісінде көп күндейміз.
Көзден таса болғанда көңіл айтып,
Көлгірсіп, көзді сулап, сөз сөйлейміз.

Жаманды көріп әсте қорланамыз,
Жақсыны «жақсы» деуге арланамыз.
Қызғанып атақ, даңқты текті жаннан,
Айрылып қалғанда тек ойланамыз.

Жақсыны танытуды көздемейміз,
Тәйірі ондай адам аз ба, – дейміз.
Қазақтың қанға біткен іштарлығы
Тұсау болып аяғын күрмелейміз.

Көңілімнің көктемі

Кім сүймейді көк желекті табиғаттың көктемін.
Әкелетін өзіменен тіршіліктің от демін.
Гүлжазира маужыраған осынау бір нұр дала,
Еліктіріп іздетеді көңіл көгін, өткенін.

Күтем оны жасыл қырды қызғалдақтар жапқанда,
Күтем оны алма ағаштар аппақ гүлін ашқанда.
Ойнағанда көк жиекте толқынданып ақ сағым,
Арманымның ақ құсындай аққу көлге қайтқанда.

Кей уақытта елегізіп, отыра алмай үйде мен,
Дала кезіп, гүлдер теріп, сағым қуған күйдемін.
Кең даланы құшағыма қиналмай-ақ сыйғызып,
Құлазыған көңілімді толтырып бір келемін…

Жастық шақ

Өзгеше ғой жастық шақта өміріңнің әр күні,
Өзгеше ғой дірілдеген жас арудың кірпігі.
Жарқылдаған жалын жанар жарқ етіп бір қараса,
Жаңылысар жігіттердің жүрегінің зар күйі.

Өзгеше ғой барша жастың мөлдіреген көздері.
Өзгеше ғой арман, мақсат, сырға толы сөздері.
Жеткізе алмай құрбысына нәзік, сәби сезімін,
Өзгеше ғой жас жігіттің қиналған бір кездері.

Кеудесінде әрбір жастың буырқанған теңізі.
Жүрегінде, жігерінде бар сарқылмас сезімі.
Ондайларға бұлтты күні, тұнжыраған аспаннан
Күн күлімдеп, сәуле шашып, арайласа несі мін?

Ару қыз

Ақ төсекте аппақ ару іңкәр жүрек егілді.
Қара шашы сусып төске төгілді.
Дірілдейді демалысы, алқынады жиілеп,
Кеудесіне сыйғыза алмай сезімді.

Жас жүрегі махаббатты алыстағы аңсайды,
Ару қызға таң да атып, жұлдыздар да батпайды.
Көз алдына сұлу жігіт елестейді еркелеп,
Ұмсынады, буыны бос, бірақ оны таппайды.

Асықпашы, аққу сынды арман қуған, ару қыз!
Сыңарыңды бұл өмірден, көп ұзамай табарсың.
Домбыраның қос шегіндей жарасып,
Қосағыңмен қосылып ән саларсың…

Түс

Түсімде ғана жымиып күліп,
Сен мені неге қинайсың?
Немесе кейде аймалап сүйіп,
Қуаныш маған сыйлайсың.

Әрине сонда ұмытып кетем,
Мен үшін мәңгі жоғыңды.
Гүл болып жайнап, күн болып жетем,
Толтырып нұрға жанымды.

Түс, неге сонша қатыгез едің?
Алдайсың мені аяусыз.
Түсіріп еске күндерді қызық,
Шоқ болып қалған алаусыз.

Сүюден адам егер жаратылса,
Сүюімен әр пенде дара тұрса,
Сағыныштан әлемнің жан біткені
Сүйікті мен сүйгендерден жаратылса...

Жүрекке мұң, көзге жас толмас еді.
Жер бетінде жамандық қалмас еді.
Жаныңды жаралайтын жарым ниет,
Жайдақ мінез адамдар болмас еді…

Алдамшы сезім

Жасырайын мен несін…
Жалт етіп жылы қарайтын.
Жанымның нәзік пернесін,
Тербетіп нұры тарайтын.

Кездесіп қалсам бейуақыт,
Жүрегім қатты тулайтын.
Сезуші ем сонда мол шаттық,
Кеудемді кернеп симайтын.

Білмеппін сол бір күндердің,
Сағымдай бұлдыр екенін.
Уақытша ғана дем беріп,
Тоңдырып мені кетерін…

Сенсің жаным,
Көкөрім талы көктемнің.
Қызғалдағы
Көкорай шалғын бөктердің.

Кетпейді естен
Көзіңді тігіп көзіме,
Құшақтап белден,
Абайлап беттен өпкенің.

Сенсің жаным,
Алыстап кеткен арманым.
Ап-ашық күні
Адасып қалған, іңкәрім.

Қиялай ұшып,
Құзар шыңға шыға алмай,
Қанаты талған
Құрыш қанат сұңқарым.

Алып ұшқан
Өтті талай түндерім.
Сағыныштан
Аңсауменен жүдедім.

Көре алмаймын,
Баса алмаймын кеудеме,
Оралмайды
Қуанышты күндерім.

Білмеппін

Білмеппін, жылжып өткен көңіл жазын,
Білмеппін, тыңдамаппын жүрек назын.
Кетіпті қайрылмасқа саумал шағым,
Іздеймін тоқтаусыз сол сезім сазын.

Аласұрып, іздеймін, шарқ ұрамын,
Адалдық, махаббаттың бақ тұрағын.
Қайдасың, оттан ыстық ынтызарым,
Мәпелер бейне менің бал-құрағым?

Жас жаным бақыт аңсап асығады,
Жүрегім жиі шаншып басылады.
Кей кезде кете жаздап қош айтысып,
Қаламын жердің бетін басып әлі…

Сені іздедім

Екеуміз өткен жерлерді көрсем қиналам,
Түсімде кейде кездесіп, шексіз қуанам.
Көргім келсе бірге жүрген бақ ішін,
Сен тосқандай асыға мен жиналам.

Кинозалға кірген, кейбір кезімде
Орындығың көрінер ыстық көзіме.
Қатарласа отырса біреу өзіме,
Ұрланып қана қараймын оның жүзіне.

Бейтаныс адам бұрылса маған сол сәтте,
Назарымды тайдырып мен де мезетте,
Ойлаймын сені, ой түбіне жете алмай,
Жалғызсырап, қиналамын әлбетте.

Думаны мол студенттік кештерде,
Концерт, кино, бақ ішін бір кезгенде.
Әлде қалай тілдессем бір жігітпен,
Сенің бейнең биік тұрар әр кезде.

Кешірімді кеш сұрадың сен неге?
Кешер қуат таба алмадым мен неге?
Бірін-бірі құлай сүйген қос жүрек,
Қиналады екен, қиналмақшы мәңгіге.

Өз Абайыма

Қасында науқас өткіздік жылдар жартысын,
Күн сайын көрдік өлім мен өмір тартысын.
Жаратқан құдай жар болып бізге бір өзі,
Абыройменен өткердік өмір талқысын.

Науқаспен бірге ауырып, қатты қысылып,
Олармен бірге қуарып, күйіп, ысынып.
Ұйқысыз түндер жарысып бірге жүгірдік,
Келгенде кезек, көмекті бірге ұсынып.

Жатса да адам дәрменсіз мүлде, тым нашар,
Үмітін үзбей дәрігер емін шын жасар.
От болып жанған өміріне науқастың,
Қарлығаштай қанатымен су шашар.

Тәуірлеу болса, күлімдей қарар көздері.
Жылытар жанды алғысқа толы сөздері.
Қоштасар сәттер саушылықпен үйіне,
Дәрігерінің де ең бақытты кездері.

Екеулеп, Абай, елу жыл еңбек етіппіз,
Белорта жасқа екпіндеп лезде жетіппіз.
Зейнетін көріп, өткізген бастан бейнеттің
Жүрсек-ау, шіркін, ақсақал жасқа жетіп біз!?

Қуанар адам көгеріп өскен бұтаққа,
Толтырса егер алқызыл гүлді құшаққа…
Үйленіп ұлдар немере сүйсек – арман жоқ,
Береке берсін, жаратқан құдай ошаққа.

Аймала мені

Аймала мені, аймала жаным ынтығып.
Қаның бір қызып, жүрегің қысып бұлқынып.
Бір тұтамдай қалды ма менің ғұмырым,
Аймала мені, аймала жаным, құлшынып.

Махаббат сезім сыймайды ешбір өлшемге.
Тек қана ғұмыр құдайдың берген өлшенген.
Телегей-теңіз сезімге кетсем тұншығып,
Айтпас ем менің арманым бар деп ертең мен.

Наз

Жауап неге жазбадың хаттарыма,
Тұнық ойдың түбіне батпадың ба?
Сағынған шалғайдағы жан жарыңа
Жылы сөз жүрегіңнен таппадың ба?

Күтемін мен өзіңнен жылылықты,
Мәрт мінез, асыл сезім, ұлылықты.
Күтемін адами көп қасиеттер,
Сегіз қырлы бір ғана сырлылықты.

Өмірде алдау, арбау болмаса екен,
Жүрегім қаталдыққа тоңбаса екен,
Шапағаттың аямай төгіп нұрын,
Жасаған жақсылыққа оңдаса екен.

Жақсыны әр уақытта ұлықтадым,
Жамандықты діліме дарытпадым.
Сүйемін нәзік сезім, сұлулықты,
Сүйкімді адамның бір қылықтарын.

Бақыт деген…

Бақыт деген -
Татулықта бірлікте,
Алға ұмтылған талпыныс пен тірлікте.
Бақыт деген -

Адастырмас өрлікте,
Есте қалар елден асқан ерлікте.

Бақыт деген -
Ғашықтардың көзінде,
Аялаған жан анаңның сөзінде.
Бақыт деген -

Туған жердің төсінде,
Сақталатын әрбір жанның есінде.

Бақыт деген -
Ақ некелі төсекте,
Адал болу, ермей ешбір өсекке.
Бақыт деген -

Қасиетті бесікте,
Келін болып алғаш түскен есікте.

Бақыт деген -
Жылуы мол жүректе,
Қару асып ел қорғаған білекте.
Бақыт деген -

Аппақ таза ниетте,
Арайлы күн көгілдір көкжиекте.
Қос қанатым

Оң қанатым – тұңғыш ұлым Айбарым,
Аңқылдаған, ақ көңілді, жайдарлым.
Сол қанатым – қоңыр қозым Айдыным,
Келсе кезек ел қорғайтын айбыным.

Екеуі де сегіз қырлы, бір сырлы…
Ән салады, күй тартады мың түрлі.
Айбар шықса, сахнаға айдай боп,
Айдын өзі үйреніп жүр үш тілді.

Айбарға

Айбарым менің,
Алтын айдар бөбегім.
Құндақтап күймен,
Әнменен сені бөледім.

Балдан тәтті қылығыңмен біздерді
Қуанышқа,
Қызыққа ғана бөлегін.

Ақ қанатты
Көгершінім бөбегім,
Анаңды аңсап
Алаңдайсың жүдедің,

Аз ғана күн
Көрмеп едім өзіңді,
Сыздап тұр-ау
Сағыныштан жүрегім.

Көздеріңді
Сағындырдың бөбегім
Құлағымда
Былдырлаған өлеңің

Күлкің күміс,
Көңілің еш қаяусыз,
Тоқтық болсын,
Талмасын тек өзегің.

Айбарым менің,
Асылым менің, жүрегім.
Күн сайын өсіп,
Құлпыра бер, түлегін.

Ата-анаңның
Аманында ер жетіп,
Ақылды бол,
Азамат бол, түлегім!

Балапаным

Балапаным, бауыр етім, балбөбек,
Өмірімнің мағынасы сенде тек.
Азаматы, болып елдің ертеңі,
Қиналғанға, қажығанға бер көмек.

Сен туғанда бір жыладық, бір күлдік,
Айтты бізге ғұмыры оның бір күндік.
Жасағанға жалбарынып күн-түні,
Жан жалындап, құса болып біз жүрдік.

Анаңның сен тас емшегін жібіттің,
Әз әкеңнің жан-жүрегін жылыттың.
Адал туыс, ауыл-аймақ қуанды.
Абысынды қалжа жеуге жүгірттің.

Артта қалды ұйықтамаған түндерім
Күйінген де, сүйінген де күндерім.
Әсемдікке ғашық болып өс, балам!
Қандай ғажап тартқан сенің күйлерің!

Қуантасың

Қуантасың қылығыңмен анаңды,
Айыра біл жақсы менен жаманды.
Әр уақытта жақсыларға жақын жүр,
Уламасын жаман әдет санаңды.

Көз жанарым, қарашығым, жұлыным,
Мөлдір маржан, судай таза тұнығым.
Азаматсың, жігіт болдың сен енді,
Бақытты бол, ұзақ жаса, құлыным.

Оқып, танып үйренуден жалықпа,
Қыран құстай еркін ұшып қалықта,
Қанат серме алыстарға, асқарға,
Қиындыққа қайыспа да қамықпа.

Келініме

Келін боп түстің әпкемнің міне қолына,
Арманым едің гүл бітсін сенің жолыңа.
Құтты болсын аттаған алтын босағаң,
Ақ тілекпен келіп тұрмыз тойыңа.

Келін болу үлкен сын ғой, әрине,
Ізет етіп тұру қажет бәріне.
Кішіпейілдік –кісіліктің белгісі,
Сүйкімді бол үлкен-кіші, кәріге,

Иіліп нәзік сәлемдескін көргенде.
Қабақ шытпай шәй бергейсің келгенде.
Мақтанайық өзіңді айтып баршаға,
Келініміз - көркем, деп және көргенді.

Шынаржаным, айналайын, шырайлым,
Берсін сенің тілегіңді тек құдайым.
Кетті ғой атаң қызығыңды көре алмай,
Енеңді енді сыйлағайсың ұдайы.

Айданаға

Қарайсың сен таңдана,
Жаңа туған, Айдана.
Бұлтиясың таңдана,
Айдай әсем Ай-бала.

Ата-анаңды сыйлап өс!
Желкілдеген гүлдей өс!
Талпына бер, күн сайын
Ақылыңа ақыл қос.

Оқу оқып, білім ал.
Көкірегіңе түйіп ал.
Ізетті бол, ибалы,
Жақсылықты жиып ал.

Аллам саған бақ берсін,
Таудай талап, тақ берсін.
Сана, сезім, сергектік,
Ұзақ ғұмыр, жас берсін! Әмин!

Айсара

Кіп –кішкентай Айсара,
Қозы-лақтан ықпайтын.
Жақсы көріп, айналып,
Маңайынан шықпайтын.

Бір күні ол көршінің
Қорасына кіріпті.
Ұнап кетіп торайы
Тұмсығынан сүйіпті.

Үйге келіп мақтанып
Айтқан екен баптанып,
Әжесі оны шыбықпен
«Харамсың» деп қуыпты.

Аппақ дөңнен шанамен,
Құлдилайды құлыным,
Екі беті алмадай
Қызарған тәмпіш мұрыны.

Шымыр болып өсесің,
Шыныға бер күн ұзақ.
Ертең де бар есесі,
Кетіп қалма тым ұзап.

Алыс кетсең алаңдап,
Қайда менің балам, деп.
Анаң сені іздейді.
Тоңды-ау қозым, панам, деп.

Болатбектің қазасына

Қайран Бөкем, замандасым, құрдасым,
Қымбат еді баршамызға бір басың.
Азаматы едің, абзалы едің еліңнің,
Қалап жүрген інжу-маржан әр тасын.

Ел үшін сен еңбек еттің ерінбей.
Қиындыққа еш уақытта берілмей.
Жақсылыққа жақын едің, жақсы едің,
Жарқылдап сен жүруші едің кейімей.

Гүлзадаң мен Тахминаңды сүюші ең,
Суығына тоңып, ыстығына күюші ең,
Жиырма бес жыл отассаң да, жарыңмен,
Күні кеше қосылғандай жүруші ең.

Қатерлі ісік батса дағы жаныңа,
Үмітпен сен қарадың әр таңыңа.
Қайраттанып қарсы тұрып дертіңе,
Сеніп жүрдің жақсылықтың барына.

Тағдыр жүгі қаншама зор болса да,
Қара түнек қақпанында қалсаң да,
Соңғы демің таусылғанша күрестің,
Сығырайған шырағдандай жансаң да.

Жанып кеттің көз алдымда, жан досым.
Иманды бол, қабіріңе нұр толсын!
Тірі болсаң талай қызық көрер ме ең,
Төрт мүшелді бірге тойлап жүрер ме ең?

Жасағанның ісіне бұл не шара!
Жылай берме, берік бол сен, Гүлзада!
Аман болып отау тіксін жалғызың,
Емдейді уақыт, жазылар әлі жан жара.

Болатбектің жылына

Бекзат Бөкем, тірі болсаң не етер ең?
Көрмеген бір қуанышқа жетер ең.
Тахминаңның кішкентайын көтеріп,
Мойныңа асып, көше аралап кетер ме ең?

Абзал Бөкем, тірі болсаң не етер ең?
Қызметіңде табыстарға жетер ең.
Гүлзадаңмен қол ұстасып, сырласып,
Қосағыңмен қоса ағарып өтер ме ең?

Алла сені қалап алды, қайтейік!
Сен жетпеген жақсылыққа жетейік.
Сенің жарқын азаматтық бейнеңді
Ұмытпай біз еске сақтап өтейік.

Оңала алмай жан жарың жүр қайғыдан,
Арттағы ізің, жалғыз қызың Тахминаң.
Заринаңды жаңа туған кішкентай,
Желеп-жебеп жүргейсің сен бақидан.

Көңіл тоқындары

Мен сені ұмытпаймын, ұмытпаймын.
Жақсы жанды үнемі ұлықтаймын.
Теңіздей сезім, сана толқыса да,
Жан қызуым – жанартау. Суытпаймын.

Еске салдың қызғалдақты қырларды
Кестелі өрнек, әдемі бір жырларды
Тербеттің-ау жүрегімді. Түкпірде
Саған айтар саумал сезім сыр бар-ды…

Сен менің жастығымсың алаулаған,
Өмірдің байғазысы, қалау маған.
Мың мәрте айта берем алғысымды
Тағдырға кездестірген сені маған.

Керегі жоқ алтын, күміс бергеннің.
Қызғанышпен өсек жиып тергеннің.
Тіршілікте шын сыйласып жүре алмай,
Өлгеннен соң жылап-сықтап көмгеннің.

Алғашқы сезім

Қас қағым
Қайта оралмас іңкәр шағым,
Жастығым
Жұпар жұтқан жасыл бағым.

Жүректе
Сансыз перне діріл қағып,
Жырақтан
Іздейтін де сыңар сазын…

Өзіңмен
Алғашқы рет кездескенде,
Сезді жаным жылылық
Жүздескенде.

Балқыдым,
Қорғасындай өз-өзімнен
Толқыдым,
Тебірендім тілдескенде.

Қиналдым
Жан-дүнием өзгергендей
Симадым
Балалыққа бойжеткендей

Келер күнге
Еліктей елеңдедім,
Алаңсыз көңіліме
Мұң біткендей.

Көрсем сені
Қысылам, ұяламын
Естісем дауысыңды
Нұрланамын.

Жүрегім
Тынши алмай лүпіл қағып,
Күлемін
Шексіз, шетсіз қуанамын.

Тыңдашы
Бір сәт тынып, айналайын.
Өзіңе арнап,
Құбылта ән салайын.

Мен тентек
Тау суындай буырқанған
Бол сен тек
Тосқауылым аймалайын.

Жаным менің, мені неге ұмыттың?
Неге үздің дәнекерін үміттің?
Махаббатты аямадың, таптадың,
Ісі ме еді сендей дегдар жігіттің?

Айтшы маған, менен жақсы таптың ба?
Жас жарыңнан рахат, ләззәт таттың ба?
Әлде алданып жалған сезім, нәпсіге
Өкініштен қайғы-мұңға баттың ба?

О, дариға, соның бәрін білемін.
Өмір бойы саған бақыт тіледім.
Тікенектей, әттең, сол бір өкпемді
Жүрегімнен суыра алмай келемін.

Қазақ сөзін қиыннан қиыстырсам,
Әр шумаққа асыл ой сиып тұрса.
Ұйқастарым жарасып, толқып қана,
Қайнатқан балшырындай ұйып тұрса…

Өлең жазсам …

Өлең жазсам,
Жан-дүнием жамандықтан арылар.
Терең қазсам,
Жүрегімнен сан құпия табылар.

Өткен ғұмыр,
Балғын кезім, жастық шағым оралар
Жып-жылы бір
Тәтті сезім өнбойыма таралар.

Бар халдегі
Ой-санамды басқа әлемге жетелер,
Армандағы
Ханзаданы көз алдыма әкелер.

Қай-қайдағы
Құпия күш шың басына көтерер.
Аспандағы
Ай-жұлдызды қиналмай-ақ әперер.

Сол бір шақта
Бір серпіліп көтеріліп қалармын.
Күн шуақты
Шамшырақтай лаулап, маздап жанармын.

Өлеңнен мен
Сырласымды, қимасымды табармын.
Тереңдерді,
Қиын-қыстау, қызық жолды қалармын.

Жырларым

Жырларым менің – жүрегім менің.
Сүйенішім тірегім менің,
Тұнып тұрған тілегім менің,
Түлеп ұшқан түлегім менің.

Қайғысы барды қуантсаң етті,
Ұмыттырып жұбатсаң етті.
Мұзы болса жанына батқан,
Ерітіп мүлде уатсаң етті.

Жырларым менің жазыла берсе,
Жандардың бәрі жадырап күлсе.
Бірінің бірі қадірін біліп,
Көруге әсте сағынып жүрсе.

Ақынға

Кейбіреуге көрінер-ау - өлең жазу ойыншық.
Жүрегіңе серік болсын - имандылық тек шындық.
Өлең жазу - ерекше бір табиғаттың сыйлығы.
Ақын жаны мөлдір таза - гүл үстінде таңғы шық.

Өлең жазып ой мен сана – аспандасын, өрлесін.
Тұжырымды тың ойлармен жан – дүниең өзгерсін.
Еркелетіп туған елің даналыққа теңгерсін.
Көркем сөзден қайталанбас жыр өрнегін көрген соң.

Өлеңдерің өмірге іңкәр жүректерге жол тапсын.
Ақындарға ақиқат пен өмір – дастан болмақ сын.
Әлде қалай ой тасқыны таба алмаса арнасын,
Ақын жолы қияметтің қыл көпірі болмақ шын.

Ой ұшқыны жанбай жатып, қапылыста сөнбесін!
Қара бұлты жамандықтың төбесіне төнбесін!
Шабыт келіп маза бермей ағыл-тегіл селдесін.
Жүрекжарды жыр өрімдей жатсын тауып үндесін.

Замандасқа

Жақсы өлең жан азығы таптырмайтын
Қайғының қара есігін аштырмайтын
Көркем сөз, өлең мен жыр, ой маржаны
Әркімге оңайлықпен алдырмайтын.

Ақынды үлкен кіші деп бөлеміз,
Бірін–кәрі, біреуін жас көреміз.
Ақындық сатып алар пұл емес қой,
Ақын болшы, егер де жетсе өреңіз!

Ақындықтың өлшейтін мөлшері жоқ,
Мөлшері жоқ, әрине, өлшемі көп.
Кеш алып өз бағасын бұл өмірден
Ақындардың жыламай өткені жоқ.

Өкінбеймін танымал болмадым деп,
Өзгелердей сыбаға алмадым деп.
Қалтарысты, бұралаң, қиын-қыстау
Тар жолын ақындықтың таңдадым тек.

Қазақтың қарапайым қызымын мен,
Ақынның тастап кеткен ізімін мен.
Ешқашан қиындыққа мойымаған,
Қайыспас қарағайдың тінімін мен.

Замандас, дат, айтамын құлағың сал:
Ғұмырым өтіп жатыр уақытым тар.
Жанашырым табылса жырларыма
Бағасын берер деген үмітім бар.

Оқырманмен сырласу

Орақ тілді, от жүректі, ақын болу оңай ма?
Түпсіз терең ой түбіне бату деген оңай ма?

Ақ қағазға ой төгемін, замандасым, сырласым.
Кеудемдегі сандуғашым өзіңе арнап жырласын.

Көңіліңе көлеңке, түн, орнамасын, құрдасым.
Жас –жүректе сан қызыл гүл махаббатсыз солмасын.

Ер-азамат өркендесе елдің жүгін көтерер.
Аналардың алдындағы қарыздары өтелер.

Асқар, асқақ ар-намысты аласартпай жүрейік
Келе жатқан мың жылдықтан тек жақсылық тілейік.

Қазақ тілі

Қорқамын мен намысы жоқ жастардан
Қолдың кірі – байлығына мастанған.
Ел тағдырын бәске қойып, ойламай
Аруағын ата-баба тапталған.

Табады әр кез жүйелі сөз жүйесін,
Жүйесіз сөз ақылы жоқ иесін.
Тіл мен дінге тиемін деп қозғама
Қасиетті Жер-ананың киесін.

Алаңдатып отыр мені інілер.
Елдің мұңын құлағына кім ілер?
Тәрк еткенше болашағын халқымның
Азаматы болсаңдаршы ел білер.

Қазағымның сақтаңдаршы елдігін.
Батырлардың шешпеңдерші белдігін.
Елін сүйген, тілін сүйген Қазақтың
Көрсетпеңдер көз жасы мен кемдігін!

Ана тілі

Ана тілім – ұлтымның жаны, жүрегі,
Шаңырағын құлатпайтын тірегі.
Ана тілім ғасырларға жалғасса,
Орындалар бабалардың тілегі.

Сөз қадірі

Жалпақтағым, жалтақтағым келмейді.
Жағымпаздық қолымнан еш келмейді.
Турашыл жан туысына жақпаған,
Жалған сөйлеп көлгірсігім келмейді.

Сөз қадірін кей адамдар білмейді.
Ойымды әсте іркіп қалғым келмейді.
Қазағымның сөзден өлсе атасы,
Құдіретті Сөз ешқашен өлмейді

Намысы жоқ адамдардан түршігем.
Қуыс кеуде жанды көрсем күрсінем.
Жанталасып ұпай жиған жылмыңдап,
Шошимын мен мансапқордың түрінен.

Кіп-кішкентай пайдам болса еліме,
Еңбекпенен тамса терім жеріме,
Қазақ Елі өсе берсе көркейіп,
Шаттанамын, мақтанамын әрине.

Өлең жазу ермек емес, білемін.
Мың ойланып, жүз толғанып жүремін.
Ақын аға, дәптерімді оқысаң,
Әрбір жолы - соғып тұрған жүрегім.

Ақын аға, беріңіз батаңызды,
«Ел көгерер батамен» деген атамыз да.
Талпынып анда-санда жазғанымды,
Бастыра алмай қиырда жатамыз ба?

Тұсау кесер, ағажан, мен берейін.
Өзіңе арнап Арқадан гүл терейін.
Құлыншақтай құлдырап желдей есіп,
Қанатында шабыттың бір желейін.

Сусындаған бұлағым

Қазақ тілі сусындаған бұлағым,
Әр сөзіңе елеңдейді құлағым.
Көрік берген көңіліме сен менің,
Тербеп кетсе жүрегімді бір ағын.

Қазақ тілі – анам менің үйреткен,
Әкем жазып, жақсылықты жыр еткен.
Атам менің әсем сазды ән салып,
Әжем мені әлдилеген тербеткен.

Қазақ тілі дәриядай аумақты
Сом алтындай, сырбаз сұлу салмақты.
Бір сөзінен талай мағна табылар
Толғандырар, ойландырар әруақта.

Өлеңдерім – жүрегімнің лүпілі.
Мың құбылған тамырымның бүлкілі.
Өлеңдерім - өр мінезді өзімдей,
Жаратпайды жеңіл мінез, күлкіні.

Өлең жазам, ет жүрегім елжіреп,
Шындық туы жыр жолында желбіреп,
Шабыттансам, шаршамасам, тынбасам,
Тоқтағанша, үзілгенше соңғы леп.

Ән

Ән аспанда қыран құстай қалықтап,
Бірде шырқап, қия шыңға шарықтап,
Түйіледі қыран құстай сорғалап,
Бебеулейді, баяулайды алыстап.

Бірде өзіңді самал желдей желпиді,
Қайғы-мұңсыз жан-жүрегің елтиді.
Бірде егіліп, тебіреніп, тербеліп,
Сезінесің мың құбылған бір күйді.

Жүрек қылын шертер болса әсем жыр,
Толқып кетер, санаңдағы сағым сыр.
Жастық шағың еске түсіп, оралмас,
Сағындырар саумал шақты тағы бір.

Әсерлі әнге төбе құйқаң шымырлар,
Қағып жүрек, тоқсан тоғыз тамырлар.
Көңіл босап, жүйкелерің жұмсарып,
Қорғасындай балқып денең жалындар.

Әдемі әнде тарқамаған құмар бар,
Әлде кімге тағылмаған тұмар бар,
Махаббат-шер, үзілмеген үміт бар
Мөлдір сезім, сарқылмайтын тұма бар.

Шабыт

Шабыт деген қыз мінезді
Тез өкпелеп қалады.
Сырбаз ғана, тереземді
Түнде менің қағады…

Шапшаң тұрып сол өлеңді
Түсірмесем қағазға,
Көпке дейін өкпелейді
Келмей маған қалады.

Маужырап бір жатқанымда,
Енді ғана тыныстап.
Алтын айдың батқанындай,
Өте берер жылыстап…

Осылайша ертелі-кеш,
Сөз маржанын теремін.
Қуат берсе құдірет күш,
Гаухар тауып келемін.

Қуанамын келсе шабыт,
Аралаймын Сөз елін.
Олжалымын, қазына тауып,
Ой әлемін кеземін.

Кейбір жан

Қуыс кеуде, қауашақ,
Жүрегі жоқ, жаны жоқ.
Назары жоқ, назы жоқ.
Еш нәрсеге базы жоқ.

Суық қабақ, құнсыз сөз,
Еш жылусыз, нұрсыз көз.
Пендеге жоқ пайдасы
Көлеңкедей құр сүлдер.

Жоқ мақсаты, мүддесі,
Қалған бейне мүрдесі,

Тірі өлік болмысы
Сүйретілген сүлбесі.

Азамат деп…

Туған елін анасындай шын ниетпен сүймесе

Азамат деп санамаймын мен оны.

Ана тілін – қазақ тілін бір адамдай білмесе
Азамат деп санамаймын мен оны.

Жетім, жесір назаланып жылағанын көрмесе
Азамат деп санамаймын мен оны.

Рәсуа болып ел байлығы, шашылғанын сезбесе
Азамат деп санамаймын мен оны.

Өз ұлтына ашымаса жан-жүрегі өзгеше
Азамат деп санамаймын мен оны.

Зачем тревожно сердце бьется,
Когда проходиш мимо ты.
И почему душе поется
Откуда ритмы красоты?

Молодость души

Марал Зейнел-Габикызы Оспанова родилась и выросла в не большом отдаленном ауле Ортакколь Сергеевского (ныне Шалакын) района, а юность ее прошли на центральной усадьбе совхоза «Приишимский». Дочь известного прозаика Зейнел-Габи Иманбаева, она с самых ранних лет, наряду с красотой окружающей природы, впитала в себя и мелодичность, напевность казахского народного песенного творчества, неизъяснимую прелесть стихов и раздольных напевов, что нередко слышала из уст приезжавших к отцу акынов. И сама рано начала играть на домбре, а затем изливать в стихах свои юношеские мысли., чувства, мечты и стремления. И это увлечение не покидает ее около 30 лет. Когда же настала пора выбора жизненного пути, Марал избрала для себя одну из гуманнейших профессий на Земле - специальность врача-терапевта. Более двух десятилетий проработали она и ее муж, замечательный хирург Абай Бейсембайулы Оспанов, в Соколовской районной больнице. Здесь выросли и возмужали их сыновья, старший Айбар, который избрал своей жизненной стезей мир искусства и еще школьником вместе с матерью радовал соколовчан виртуозной игрой на домбре, исполнением лирических песен, а сейчас работает главным дирижером оркестра казахского музыкально-драматического театра им. С.Муканова. А второй сын Айдын заканчивает музыкально-педагогический факультет Северо-Казахстанского государственного университета. Есть старое мудрое и очень верное изречение: «Настоящая поэзия времени не подвластна». И оно очень подходит для определения творчества Марал Зейнел-Габикызы: в ее стихах, опубликованных на родном языке в газетах «Солтүстік Қазақстан», «Көкшетау», «Северный Казахстан», районной газете «Маяк» и других так явственно ощущается жар и смятение, нежность и сопричастность ко всему светлому молодой, даже юной души, восторг перед открытием окружающего мира любовь ко всему доброму и прекрасному. Именно это ощущал и я, когда переводил на русский язык подборку стихов этой обаятельной, не поддающейся возрасту женщины, пережившей нелегкие годы, заполненные борьбой с изнурительной болезнью, но сохранившей молодость и энергию своей души, все, нашедшее отражение в ее творчестве.

Альфред ПРЯНИКОВ, поэт, переводчик

В чем оно, счастье?

Счастье – в согласии, дружбе, любви,
В гордом стремлении: для ближних живи!
Счастье – в бурлящем кипенье в крови,
В жизни, что подвигам смело зови.

Счастье в сияющих милых глазах,
В ласковых материнских словах,
Счастье – живя в близких сердцу местах,
Им отдавать силу в крепких руках.

Счастье - с любимым по жизни идти,
В жизненном светлом и честном пути,
В детях, которым непросто расти,
В том, чтоб помочь им мужать и цвести.

Счастье - в едином биенье сердец,
В том, чтоб продолжить, что начал отец,
И в доброте, что всем мыслям венец,
В мирном сиянии дня, наконец!

Вдвоем

Любимому мужу и коллеге Абаю посвящаю

Полжизни отдали мы людям больным,
Своим землякам, побратимам своим.
Не спали ночами, Аллаха моля,
Чтоб как-то облегчил страдания им.

Их горе, недуги впитали в себя,
Свой труд, что был избран, ценя и любя,
Все знания вложили, чтоб людям помочь,
В висках седина у меня, у тебя.

Дела на поправку – улыбкой цветешь,
В душе благодарность их счастьем зовешь,
Когда же, здоровыми в путь собрались,
И сам ты домой, как на крылях, летишь.

С тобой мы Абай потрудились не зря,
Душой неустанно в больницах горя.
Уже пол века исполнилось нам,
И новых времен загорелась заря.

О чем же, мечтать работяге - врачу?
Я старость без ропота встретить хочу,
Женить сыновей и внучать обласкать,
Мечтою в грядущие дали лечу.

С тобой не расстанемся, милый, вовек,
Ложится пускай нам на волосы снег,
Но много ль мне надо? Цветы принесешь,
И счастлива я, мой родной человек!

Пришла весна

Шумит весна, цветет весна,
Земля проснулась ото сна,
Тепло живительных лучей
На благо дарит нам она.

Блеяние ягнят, козлят,
Цветов пьянящий аромат.
И аксакалы во дворы
Погреться выйти норовят.

От воздуха слегка пьяны,
Томящие забыли сны.
Красу открыла мать-земля…
Счастливой, люди, вам весны!

На родной земле

Ковром из цветов вы, дороги мои,
Покрыты, и солнце, меня напоив
Нектаром лучей, снова счастье мне шлет,
Смотрю на него я, любовь затаив.

Когда я к тебе возвращаюсь, родной,
Ты счастлив опять единеньем со мной,
А снова уеду –и сгустками льда
Тоска в моем сердце зимой и весной.

Вернусь, и замедлит свой солнышко бег,
Пребудут со мною отныне навек
В пути неизменные миражи:
Родная земля и родной человек.

Обида

Любимый, позабыл ты обо мне
И нить надежды оборвал к весне,
Мою любовь под ноги уронив,
Ты преданность не оценил вполне.

Скажи -нашел ли лучшую, чем я,
Довольна ли теперь душа твоя,
Или нежданно крепко загрустил
От горестей земного бытья?

О Боже, все предчувствую, поверь,
Но как тебе открою снова дверь?
Обида- как заноза в женском сердце,
И мне ее не вытянуть теперь!

Весна моей души

Ну, кто не любить раннюю весну,
Дыхание жизни мощную волну?
И степь моя, что зеленью покрыта,
Меня волнует, знаю, не одну,

Я жду ее- тюльпаны зацветут,
И яблони, как облака, плывут,
На горизонте млеют миражи,
И лебеди мечтаний снова тут.

А я опять покоя не найду,
В степи цветы срываю, как в бреду,
Просторы вешние мечтой обняв,
Грусть прогоню и снова в путь иду!

Из лирики последних лет

Да, стихи так не просто писать:
Как о чувствах своих рассказать?
Нужен, верно, божественный дар-
Вихри мыслей в словах увязать.

В них –биение сердца, пойми,
В строках –пульса толчки.
Так возьми
И поймешь: они схожи со мной,

Что так рада общению с людьми.

Я хочу ими людям служить,
Правдой в каждой строке дорожить.
Чтобы в мире оставить свой след,
А иначе зачем же и жить?

Спешу каждый день

Каждый день я куда- то спешу,
Вечереет – я в завтра гляжу.
А зимою – спешу в летний день,
Тайны сердца кому расскажу?

Сколько встретить придется мне зорь?
Что намечено сердцем -позволь.
О Аллах, тех достичь рубежей,
Сердце, с жаждой таланта не спорь!

Укажи мне, Аллах, верный путь,
Чтоб молитва встревожила грудь.
Чтоб туман мне глаза не застлал,
Освети же мне путь, не забудь!

Чтоб жила я в нетленных годах.
Чтоб стихи жили дольше в сердцах,

Ну, а если из жизни уйду-
Пусть в цветах возродится мой прах!

Я люблю

Я люблю полевые цветы,
Гладь озер наблюдать с высоты,
Рада яркой на небе Луне,
И в грозе – океан красоты!

Я в природу давно влюблена,
В жеребят и ягнят влюблена.
В лепетанье, улыбки детей
И в сердечных людей влюблена

Жизнь пройдет, я уйду в мир иной,
Но любовь не исчезнет со мной:
Сыновья будут так же любить
Мир природы цветущий земной!

Обними меня!

Обними меня, любимый,
Крепко, нежно обними,
Чтоб кровь кипела в жилах, Сердце верное пойми!
Видишь, молодость уходит

И любовь слабеет с ней,
Обними же меня крепче,
Как невесту, обними !
Не измерить наши чувства,

Им предела, знаю, нет,
Жизни сроки знает только
Тот, кто создал белый свет.
Если в море чувств утонем,

Я тихонько прошепчу,
Что мечты мои сбылися,
Грезы юношеских лет!

Смятение души

Откуда нежность, вдохновенье
И блик кристальной чистоты
И тот восторг прикосновенья,
Зачем, скажи, явился ты?

Ворвался ты в мой мир стремительно,
Стремглав, нежданно, удивительно.
Я беззащитна перед тобой,
Так не гляди же снисходительно!

Коль человек родится от любви,
Коль человек и создан для любви,
То сделай, жизнь, чтоб дети твои были
Все любящими и с огнем в крови!

И цвел бы мир без горя и без слез,
И счастье всем бы новый мир принес…
Но почему ж людей коварных столько
И души ранящих нам – вот вопрос!

Совесть моя

В моих молитвах к Богу ты слышна,
Ты как судья поступков мне нужна.
О совесть, я тобою дорожу,
Ты для меня – восхода сторона.

Тебя ценя, одну тебя любя,
Живу, страдаю, время торопя,
Слова, дела с одной тобой сверяя,
И жизнь мне бесполезна без тебя!

Строчки мои

Оперенные рифмами строчки не зря,
Что-то в вас – от воды,
Что-то в вас – от огня
Свет надежды и трепет судьбы беспокойной

Сокровенная тайна и радость моя.

Не плоды безрассудных, бесплодных затей-
Я пишу, чтобы радовать вами людей,
Чтоб развеять беду, лед в сердцах растопить,
Пробудить те стремленья, что прочих святей.

Было б легче писать, если знала бы я,
Что кого-то порадует строчка моя.
Так хочу, чтоб друг к другу тянулись сердца,
Люди чаще встречались, любви не тая!

Вдохновение

Как девушка, порой капризно ты,
Обидчиво, и путаешь мечты,
Когда стучишь в окно ты по ночам,
Являешься с незримой высоты.

И вскакиваю я, чтоб мысль поймать,
Слова, что расцветают, как цветы.

А не успею – мигом улетят,
И их уже не воротить назад,
Бывает, утомленная заснешь,
Проснешься – мысли роем налетят.

И сон пропал, забыла обо всем,
И птицы вдохновения парят.

И в вышине летаю с ними я,
Отринув мир земного бытия.
Я существую только в мире слов,
Которых – и раба я, и судья.

Средь них алмазы, жемчуг нахожу,
И сразу жизнь меняется моя.

На землю возвращаюсь я, и вновь
От вдохновения вскипает кровь,
Я на бумагу выплеснуть хочу
Всю к людям затаенную любовь.

Так будь же чаще гостем у меня,
Мне много встреч чудесных приготовь!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙