Дала дауылпазы-ақын Тайжан
Ө. Мұқанұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ө. Мұқанұлы - «Дала дауылпазы-ақын Тайжан» шығармасы.
Ел халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз болып айтылып жүретін, ұрпақтан ұрпаққа тарап, өмірге бейнебір үлгі-өнеге болатын абзал жандар болады. Оларды зор мақтаныш сезіммен айтып жүру, жас ұрпаққа үлгі етіп жеткізу - парыз. Өмірінде адал қызмет аткарған жандар ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында мәңгі сақталады. Осындай адамдардың бірі - Арқаның дауылпаз ақыны Тайжан Қалмағамбетұлы. Ол кісіні өз замандастары шолпандай жарқырап шығып, сөнбес нұр шашқан ел мақтанышы, ақыл- ойдың бұлағы, асқар таудың алыбы, аймақтың зор мақтанышы, ардақты абыройы. Оның өнердегі ақыл-ойы ұшан-теңіз, сан алуан жарысқан сәйгүлік. Бүгінде ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын дәріптеу, биік шоқтығын оқырманға жеткізу мақсатында, осы жаңа туындымызды ұсынып отырмыз. Оқырманға аз да болса пайдасы тисе біздің алға койған максатымыз арманына жетті демекпіз. Белгілі аудармашы К.Алтайский Тайжан өлеңдері, өнері халық игілігіне пайдаланылмай жүргеніне өз уакытында баспа бетінде зор өкініш білдірген болатын. С.Бүкіров облыс газетінде «Ескерусіз қалған ақын» деген мақаласында Тайжан еңбектерінің зерттеусіз қалып отырғанына өкініш білдіріп, қынжылып жазған болатын. Олардан да бүгінде нәтиже жоқтың қасы. Күміс көмей арқаның алып ақыны аталған өзінің аз өмірінде артынан асыл да, құнды дүние қалдырған ақын. Биыл Тайжекеңнің туғанына 135 жыл толып отыр. Бұрынғы жарық көрген басылымдарды толықтыру максатында осы туындыға қалам алып жазғалы отырмыз. Тек өткен ғасырдың соңында, ХХІ ғасырдың басында ақын аты жандана бастады. 2004 жылы Тайжан фонды құрылып, қаланың көрнекті, белгілі жеріне ескерткіш қойылып, кең көлемде айтыспен, ойын-тоймен, жиналыстармен жалғасып, ақынның атын тағы бір асқақтатып тастады. Халықтар достығы үйінің алдына қойылған еселі ескерткіш мыс шаһарында Сәкен Сейфуллиннен кейінгі қойылған өнер адамдарына екінші ескерткіш. Бұл ауыр да қиын жұмыстардың басында іскер немересі Жалел Шубайұлының есімін айта кеткен жөн. Ақын 58 жасында «Халық жауы» болып ұсталған болса, жиырма жылдан аса уақытта аты аталмай, көзге көрінбей, тіптен ұрпақтарының өзі қуғын-сүргінге ұшырады. НКВД қамауға алғанда көптеген қағаз бетіне түсірілген өлең жырлары тәркіленіп жойылып жіберілген. Бізге жетіп отырғаны уақытында газет-журнал бетінде жарияланған өлең-жырлары мен халықтың ауыздан ауызға жаттап алып сақтағандары ғана жетті. Мен соларды жинақтап 2004 жылы ақынның жергілікті баспадан 500 данамен «Жыр жинағын» шығарғам. Ол кейін өңделіп К.Салықұлының құрастыруымен «Сақ-сақ күлші сырнайым» деген атпен Астана баспасынан жарық көрді. Бұлар теңізге тамған тамшыдай Тайжан туындыларын аз да болса толықтыруда. Өмірбек Мұқановтың «Талайды таңдандырған Тайжан ақын» деген кітабынан соң оқырманға ұсынып отырған бұл туынды соның толықтырған жалғасы деп санауға болады. Осы аймақтан өнер саңылағы ретінде Мәскеуде, Кремльде, Мавзолейде болып, алғыс алып ел басшыларымен бірге қабылдауда болып, дәмдес болған да біздің Тайжекең еді. Тайжан бүгінде өз мәнінде оқырманға жетпеген ақын туындылары өзін паш етпекші. Біздің бұл еңбегімізде көптеген жаңа деректер мен мэнді, маңызды материалдар баяндалады. Ашаршылық жылдарында ақынды Сыр бойында болды десек, Сары Белгібаев ағамыздың айғақ дәлелдері бойынша 1932-1933 жылдары Қарсақбайды мекендегенін баяндайды. Бас сауғалап, бала-шағаларының амандығын тілеп, оңтүстікке екінші рет қоныс аударады. Әсіресе бүгінгі жас буын Тайжекеңнің атын білгенімен ол жөніндегі толық қанды деректерді біле қоймайды. Оның көзін көріп дидарласып, өлең-жырын тыңдағандар күн сайын азайып барады. Сондықтан ақын Тайжан жөнінде қанша жаңа деректер жарық көрсе көптік етпейді. Оның ақындығы терең мұхит қазба байлығындай қазына қаза берсең шыга береді. Оңтүстік аймақта Ақмешітте, Әулиеатада, Ташкентте жүрген жылдарда айтқандары бізге жетпеді. Кейбір деректерге көз жіберсек солардың мұрағатында, әсіресе айтылған көптеген айтыстары сақталса керек, ізденісті қажет етеді. Тайжан еңбектерін зерттеп жүрген ғалымдардың парызы деп санаймын. Асқақ әнші, дүлдүл ақын, дарынды сазгер Тайжан Қалмағамбетұлының биыл туғанына 135 жыл толып отыр. Бойында туа біткен талант иесі Тайжан аз өмірін өнерге бағыштап, еліне жарты ғасырдан сол асқан өмірін халқына қалтқысыз жұмыс істеуге жұмсады. Сегіз қырлы, бір сырлы Арқа ақыны жас шағынан шығыс, қазақ халық поэзиясына жан-тәнін салып, оларды жаттап, қиссаларға да көңіл бөледі. Өнер қуып бүкіл Қазақстанды,Орта Азия республикаларын аралайды.Тайжан талантты танымал бола бастауы бүкіл қазақстандық өнерсүйгіштер бірінші, екінші слеттерінен (1934, 1936) ксйін, 1936 жылы Мәскеуде өткен бірінші декадниктен соң қанат жайып дами түседі. Сыр бойындағы көптеген жас ақын, әншілерге өнеге көрсетіп ұстаздық еткен де осы ақын Тайжан еді. Арқа ақынына еліктеп Нартай сияқты болашақ Сыр сүлейі домбыраны сырнайға өмірлік айырбастап серік қылды. Тайжекең Октябрь революциясын зор қуанышпен қарсы алды, теңдік заманын үлкен шабытпен жырлайды. Қарсақбай ауданының атынан Тайжекең 1934 жылы Алматы қаласында өткен халық өнерпаздарының бірінші слетіне қатысуы оның болашағын, жоспарын, көңіл-күйін күрт өзгертті. Оның есімі осы слеттен соң кең байтақ республикаға танымал бола бастады. Тайжан творчествосына үлкен шабыт берген 1936 жылы Мәскеуде болып өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі еді. Бұл өнер байқауында Тайжекеңе сахна шымылдығын ашу құрметі тапсырылып, ол оны үлкен абыроймен орындап, зор тағылымды Мәскеу көрермендерінің ыстық ілтипатымен жылы лебізіне ие болды. Мәскеуде осылайша қанат байлап елге қайтқан ақын Тайжан халқына жан-жақты қызмет ете бастады. Ақынның орындаушылық және жыршылықпен бірге көптеп әндер де шығарды, бірақ әндері көп жағдайда айтқан жерінде қалып қойып жүрді. Біразы тыңдаушылардың жадында қалып, бүгінге жеткендерді де барлық. Ақынның ақындық, сазгерлік, әншілігімен қатар шешендік өнері де бар. Оның артынан қалған көптеген мақал-мәтелдер, асыл сөздер де аз емес, оған қоса суырып салма ақындығы да бар. Тайжанның айтыстары да озық үлгілі, өлең құрастыруы тек оның өзіне ғана тән. Үкімет Тайжан еңбектерін жоғары бағалап Республикаға, Одаққа сіңірген еңбегі үшін оған Қазақ ССР-ының, Одақтың Жоғарғы Кеңестерінің Мақтау грамоталарына ие болды. Жамбылмен бірге екі бірдей (республика, одақ) дербес зейнетақы тағайындалды. Өзінің аз өмірінде (58 жас) артынан қалдырған мұрасы да баршылық. Оған арнап басылған шағын көлемді үш кітап бар, осы туынды - төртіншісі. 2004 жылы ақынның 125 жылдығы қарсаңында «Жыр жинағы» жарық көрді. Ақын туралы әрбір басылған туындыларды оқырмандар зор қуанышпен қарсы алуда. Танымал жазушы Жайық Бектұровтың сөзімен айтсақ: «Тайжан өлең-жырлары оқырмандарға жете алмай жүрген қазына байлық». Асыл жырлары, әсем әуені бүгінде сүйікті ақынмен бірге. 1958 жылдан бері ақын тіріліп, әндері радиоқабылдағыштан беріліп, сахнадан орындалуда. Бұл салада жерлестеріміз Қайрат Байбосынов, Республикаға еңбегін сіңірген әртіс Ғалым Мұхамедин ақын өлеңдеріне ізденіс жүргізіп, оларды нотаға түсіріп домбырамен орындауда. Мен сол ақынның жанында біраз жол серік болып шырқаған әсем дауысына, өлеңдеріне өте қанықпын. Олардың орындауында ақын Тайжан бізге жиырма жылғы үзілістен кейін қайта оралғандай. Тайжекең қырғыз, өзбек, түркмен, қарақалпақ жерлерін айлап аралап, олардың сый-құрметіне де бөленіп жүріп, салт- дәстүрін зерттеп, танысып жырға қосты. Мәскеу онкүндігінен оралғаннан кейін Тайжан аттан түспей, белін шешпей, аспан айналып жерге түскен ыстықтарда ақын малшылар мен диқаншылар арасында, қаңыраған қара суықтарда еңбектегі елмен бірге болды. Олардың игі еңбектерін жырға қосты. Тайжанның орындау шеберлігі, әсерлі жақсы дауысы тыңдармандарының айызын қандыратын. Ән салу машығы - өте сирек кездесетін шынайы өнер, дауысы құлаққа жағымды естіледі. Жиналған көпшілік оның әндерін ерекше ықыласпен ұйып тыңдайтын. Тайжекеңнің ақындық, композиторлық, әншілік өнерінің шарықтауы Мәскеуде өткен Қазақстанның бірінші онкүндігінен басталады. Ол өмір бойы суырып салмалық, импровизаторлық дағдысынан танбаған. Бұл оқырманға ұсынылып отырған жаңа туынды, бірінші кітаптан көп өзгеше, толықтырылған, көптеген жаңа деректермен жөнделіп өңделген. Тайжанды тани білу үшін бұл басылымның орны өзгеше,ақынды оқырманға жақындата түсер деген ойдамыз.
АҚЫН ТАЙЖАН ЗИЯЛЫЛАР КӨЗІМЕН
Тайжан батасымен көркейген, оның батасын алған шәкірті Нартай БЕКЕЖАНОВ: - Тайжанға деген қызылордалықтар сүйіспеншілігі көл дария. Ел оның әніне, шебер сөздеріне, әсем дауысына табынады. Тайжан менің ұстазым, оны мен өмір бойы мақтан тұтам. Оның әндері кең құлашты, кербез, нәзік лирикалық, терең сырлы, шырайлы шығармалар. Дауысы құлаққа қонымды, әуені әсерлі де мөлдір, үні асқақ, тыңдаушыларың әрдайым сүйсіндіріп отырады, ол менің пірім, — деп жазды өз естеліктерінде. - КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ: Тайжан ақындар арасындағы тамаша талант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қобызы да қоса сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді. Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін. - Ахмет ЖҰБАНОВ: Тайжан Арқаның алып та ардагер ақыны. Ол көптеген ақындардың ұстазы, пірі. Сабит МҰҚАНОВ: Тайжан таусылмайтын ән қоймасы, сарқылмайтын тау бұлағы. Онымен танысу мен үшін бақыт. Арқаның әншілерінің әндерінің бәрін біледі, ерекше көп білетіні нағашысы Ыбырай Сандыбайұлының әндері. - Жайық БЕКТҰРОВ: Тайжан - Арқаның атақты ақыны, әйгілі әншісі, домбырашы, гармоншы, термеші. Тайжан асқан дарын, көзі көреген, жадында көп дүние тоқыған, зейіні алғыр. Тайжан өлеңдері өзінің асыл атауларымен бүгінгі қазақ сөздігінің, әдеби тілімізді толықтыратын қор. - Үкілі ЫБЫРАЙ: Менің жиенім көңіліме көл тұндырып, жанымды жайлауға қондырған алқымды жүйрік. Бағын ашылсын, - деп батасын берген. - Шахмат ҚҰСАЙНОВ (драматург): Тайжанның қыр мен сырға аты мәлім, өзгеше, әннің мәнері өзіне тән ақын, әнші оған қоса әзілқой, сықақшы отырған жерін күлкіге бөлейтін жан.
- Мұқанбетжан ҚАРАТАЕВ (академик, сыншы):
Тайжан жаңа заманға үн қосқан жыршы, орақ ауыз, от тілді ақын. Зор талантымен қазақ әдебиетінің шоқтығын биікке көтергендердің бірі болды. - Академик Қаныш СӘТБАЕВ: Тайжан қазақ әдебиеті мен мәдениетін жоғары көтеріп дамытуға үлес қосқан жан. Өркендеген өнердің шаңырағын көтеріскен дарын иесі. - Сейт КЕНЖАХМЕТОВ: Тайжан әрі ақын, әрі әнші, әрі композитор, жүрген жері той-думан, қазақ өнерініц шаңырағын көтеріскен үлкен дарын иесі. Тайжекең табигат берген сирек талант. Жоғарыда келтірілген замандастарының ақынга берген бағасы осы басылымды қолға алып отырған автордың жұмысын жеңілдетіп, ол кісілердің ой-пікірлері басылымға арқау боларлықтай. Мұндай талантқа қанша туынды жазса артық болмас. Тайжан тақырыбы қаламгерлерге таусылмайтын дүние. Жайық Бектұровтың сөзімен айтса: «Қазақ ақындарының арасында Тайжан тақырыбы әлі зерттеліп, оқырманға өз деңгейінде жете қоймаған асыл дүние». Жалпы замандастар бағасымен Тайжекең өз уақытының шолпан жұлдыз жарқырап шығып, ерте сөнген талант, дара тұлға. Ол Арқаның гүлі, асыл сөздің зергері, өнердің темір қазығы. Бұл жазылған зиялылар бағасының тек бір ғана бөлігі, олар сан алуан берілген баға.
АҚЫННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Айыртаудың баурайындағы «Қаратал» деген мекенде туып, балалық шағы осы өңірде өтті. Өзінің өнерімен талантымен дүйім елді аузына қаратқан еді. Ақындықты арман етіп, әншілікті қанат етіп, 14-15 жасында Ұлытауды қойғанда Көкшені де өзіне қаратып, Үкілі Ыбырай ауылын да өзімен таныта алды. Ақынның әкесі Қалмағамбет елге сыйлы, Ұлытау өңіріндегі есімі белгілі, беделді болып, діни оқуды елге таратып, молдалық құрған адам. Оның белінен туған бес ұлы бар: Құлжан, Тойжан, Тайжан, Шалабай, ІІІубай. Ортаншысы аз өмірін ақындыққа арнады, ақындық оған өте ерте бала кезінен келді. Замандастарының айтуынша Тайжан жасында өте ашық, сергек, сезімтал жан болыпты. Ол өз болашағын:
Сегізден бастап сенделдім,
Татарыма нәр таппай,
Сүйенетін ел таппай,
Бай құлдығында езілдім.
Қасым келте, қол қысқа,
Қажыған Тайжан нан таппай,
Он үш жасқа келген соң,
Ақ домбыра қолға алып,
Қос шекке үн қосып,
Жүректі шерлі мұң алып,
Ел жағалап күн көрдім-дейді.
Бұл оның бүкіл балдырған бала шағынан жоқшылықтың, қиыншылықтың, таршылық, аштықтың аз болмағанын біреуін баяндайды, ауыр өткен өмірін жырлайды. Былайша айтқанда өлеңмен өрген өмірбаяны сияқты. Сол жас кезінен-ақ көп алдында іркілмей, өз ойын көркем сөзбен, зор тапқырлықпен жыр өбегін ағызады. Әкесі Қалмағамбет молда құрып, ыс шалған қара шаңырақты жоқшылық пен кедейліктің зардабын шеккен жан. Өз сауатына сай бала оқытып, молдалық та жасаған.
Тайжанмен айтысында Болман ақын:
Атаңыз молда болып,
Біздің елде бала оқытып,
Жүрмеп пе еді - деген.
Ұлытау өңірінің ақыны Жоламан Тәттібаев - әрі әнші, домбырашы ел ішінде ашқан мектебінде 6-7 жыл оқып, болашақ ақын сауатын ашады. Ауыл мектебінде алған білімімен кітап әлеміне біржола беріліп, «Мың бір түн», «Керғұлы», «Манас», «Жүсіп-Злиха» шығармаларын бастан аяқ жатқа айтатын болған. Олардың жаттаған кейбір үзінділеріне ән де шығарып, домбыраға қосып айтатын болған. Осындай жан-жақты өнерімен ел көзіне көріне бастайды. Бала жасынан өзінің жағымды әсем дауысымен, орындау өнерімен өзіне тән домбыра тартысымен отырған жерінде суырып салма ерекше қасиетімен « Тайжан ақын» деген құрметті де қасиетті атаққа ие болады. 12 жасынан бастап Тайжан ақындық өнерді қуып, қыр мен сырға аты мәлім, белгілі жүйрік сырнайымен сырласқан дүлдүл бала жасынан аты әйгілі Арқаның танымалысына айналады. 1912 жылға дейін ақын өз өлеңдерін домбыраға қосып орындаса, жәрмеңкеде Сегіз серінің үшінші баласы Мұсаймен танысып, сырнай тартуды үйренеді. Ол екі сырнайының сыйға алып елге алып қайтады. Ғасырдан асса да сол сырнай бүгінде немерелерінің үйінде сақтаулы. Сол сырнай ақынның өмірлік серігі болды. Қара сырнайға қоса қобыз, сыбызғы, домбыраны кезек-кезек үн шығарып ойнап қоятын. Қызған уақытта қияқтай қара мұрты көкке қарап, қыранның қанатындай беттейтін. Сырнаймен бірге беті де ойнап, қара мұртымен әнге қосылатын. Шағын денесі билеп, шырқаған дауысы ескектеген желді елестетеді. Ән қызған кезде ақын денесі ірілеп тұратын, бүкіл тұлабойы әнге қосылғандай көрінетін.
АҚЫННЫҢ ОТБАСЫ
Ақын мен апай екеуі 30 жыл тату-тәтті өмір сүрді. Өзінің анасы сияқты Өлмесек апай бес бала дүниеге әкелді. Екеуінде де екі қыз, үш ұл. Бұл да болса араларындағы табиғи ұқсастық болатын. Отбасын құрған апай мен ақын ұрыс-керісті, қатты айтылған ауыр сөзді білмеді. Ыдыс-аяқтың қатты сылдыры үйде естілмеді. Екеуінің жүрген жерінде тек парасаттылық пен үлгі-өнегені байқауға болатын. Балалардың тәрбие күтімі ананың аялы алақанында болды да, ақын уақытын ел аралаған сауық-сайранға арнады. Балалар мен жарының қамын көп ойлаған жоқ. Ақын апайға зор үміт пен сенім жүктеді. Тайжекеңді сыйлағаны соншама өмір бойы жарының атын атамай «Ақын» деп атап кетті. Қалмағамбет ұрпақтарымен біздің үлкен атамыз Жабай қажы әулеті ертеден сыйлас, өмірде бірін-бірі құрметтеп кеткен. Ата-салты бойынша екеуі Өлмесек бесікте жатқанда айттырып, олар қол алысып уәдесін бекітеді. Бұл XІX- ғасырдың 80-жылдары болатын. Ел үлкендерінің уәделері заң, ал балалар бұл уәдені біле қоймайды, оларға тек өсе келе ғана сездіре бастайды. «Ауызбек елдерінің дуалы ауыз үлкендерінің, замандастарының, ағайын жұрттарының айтуынша Өлмесек апай өте ақылды, парасатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар жан»- еді деп бағалайды. Қандай қиындықпен қысым көрсе, оларға шыдай біліп, ұрпақтарын ұлағатты азамат етіп тәрбиелеген де сол біздің апай еді. Бірде Сыр бойында жүргенде бір ақын әйел Тайжанмен айтысып, Тайжекеңе мынадай сауал қояды:
- Тайжан, мен сенің әйеліңмен күрессем, егер жықсам сен оны тастайсың да маған үйленесің, - деп мәселені тігінен қояды. Серттеседі.
- Ақынды ұятқа қалдырмайын - деп апай қойылған сауалға келісіп, Аллаға, әруақтарға сыйынып келісімін береді. Апай ықшам денелі, нәзік, күш-қуаты онша көзге түсе қоятындай жан емес еді. Жанкүйерлер де баршылық. Күрес басталып та кетті. Белдесіп бірер айналымнан кейін ақын әйелді апай алып соғып, жауырынын жерге тигізіп, көпшілік ризалығына бөленеді. - Сөйтіп, мен ақыннан айырылып та қала жаздағам, — деп, апай осындай болған істің мән-жайын әңгімелеп еске алып отыратын. Ақынның алтын асықтай үш ұлы, үкідей екі қызы болды. Жасы жағынан: Жамалтай, Әшімхан, Кәмілтай, Қасымхан, Советхан. Әшімхан соғыс алдында міндетті әскерге шақырылып, соғыстың аяғында полковник шенімен елге оралады. Өмірінің соңғы жылдарында Рудный қаласында автобаздың директоры болып қызмет атқарды. Сол жерде дүниеден озып жерленген. Артынан Қыдырхан деген бір ұл қалды. «Қазақмыста» жұмыс істеп келді. Соңғы жылдары ауру-сырқаулау болып жүр. Шет елдерге де барып келді. АҚЫН Тайжанның Байқоңырдағы бір тұрғындарымен кездесуін баяндай келіп, Сары Белгібайұлы былай деп жазған екен: - Ақынның оң жағында өрімталдай бала. Жасы 12-13 шамасында. Бұл ақынның үлкен ұлы Әшімхан. Киген киімі қара шибарқыт костюм, ақ жейдесі өңді жүзіне өте жарасып- ақ тұр. Манадай кезек күтіп отырған үлкен адамдай, алдына көлбеп жатқан домбыраны бір түрлі таңдана алып, дыңылдатып бұрап, күйге келтіріп, әдемі саусақтарымен пернені сыдырта дәлма-дәл басып, екінші қолының саусақтары домбыраны құйқылжыта қағып-қағып жіберіп, естімеген бір аңызды тартып өтті де тамағын тағы бір кенеп - қойды. Содан кейін ән әуенін домбыраға салып сөйлете жөнелді. Бұл ақынның үлкен ұлы Әшімхан еді — деп жазады Сары ақсақал. Осылай әнші бала нәшіне келтіріп Қараторғай, Нурылтай, Сырымбет т.б. әндерді тыңдарман көңілінен шығарып орындап жатты. Көңілдерін көтеріп әнші балаға риза болып тарады. Осы бетімен ақынның Әшімханы белгілі өнер майталманы болар ма еді, бірақ барлық өмірін әскери адам болып, соғыс жылдарында Отанын қорғап, Отан үшін отқа түсті. Ақынның екінші ұлы Қасымхан. Кезінде Қалмағамбеттің Тойжанында бала болмағасын Қасымханды бауырына салған. Бірақ өсе келе шыққан жерін іздемей-ақ тапты. Анасын өмір бойы асырап баққан, алақанына салып аялаған да Қасымхан мен жары Күлжамила болатын. Бағып, күтіп ақын әулеті арулап соңғы сапарға шығарып салды. Апай өзі келіншек болып түскен жерінен мәңгілік орнын тапты. Бұл жерде Қалмағамбет ұрпақтары жер бесіктен орын тапты. Апайдың жанында Қасымханы мен Советханы да жерленген. Ортаншы ұлы Қасымхан отбасының ауыр жүгін көтеріп оның басына түскен қиындықтарды нар түйедей көтерді. 1941 жылы Қарсақбайдағы ашылған №22 ФЗО-га түсіп, байытушы мамандығын игерді. Екі жыл Красно-Уральск зауытында жұмыс істеді. Қарсақбайда байытушының көмекшісі, «Қызыл кенші» газетінде, облыстық радиода диктор, Қарсақбай, Жезқазған қалалық, облыстық баспаханаларында басшы болып, мыс шаһарында танымал жанның бірі болды. Жары Күлжамила нағыз енесінің топырағынан жаралған келін болатын. Күндіз-түні есігі ашық, дастарханы жиналмайтын, кісі десе, қонақ күткенде жайнап-жадырап жүріп, ауру- сырқауын да ұмытатын. Тайжан әулетінің басын қосқан ұйытқы бола алды. «Тайжан келіні» деген қасиетті атаққа ие болды. Қасымхан екеуіне ата-мекенінен топырақ бұйырды. Ең кенже ұлы Советхан екеуміз құрдас, жолдас, дос та болдық. Он жыл бойы Қарсақбай қазақ орта мектебінде бірге оқыдық. Алтын медальдың иегері болып, Мәскеудің Заң институтына түсіп тамамдады. Еңбек жолын Қостанайдан бастан, Жезқазғанда аяқтады. 1981 жылы дүниеден озды. Артынан бір ұл (Темірхан - дәрігер) бір қыз (Жамал - филолог) қалды. Аңқылдап тұрған асыл азамат еді, ауызға ашса бүкіл іш қуысы көрінетіндей. Сакеңнің басынан ауыр-ауыр жағдайлар өтті. Қай жерде жүрсе де «Халық жауының баласы» — деп саусағын шошайтьш көрсететін болды. Отырса опақ, тұрса сопақ етті. Бірақ ол оған да шыдап төзе алды. Екеуміздің арамызда құрдастың, нағашы-жиендік, достық қарым- қатынастарымыз басым болды. Өмір бойы сыйласып өттік. Адамгершілігіне сай Советханның мынадай жағдай еске түседі. Менің зайыбым Мәкен екеуміз Қарағандыдан Қарсақбайға бара жатқан бетіміз. Әйелімнің аяғы ауыр, босанудың алдындағы соңғы күндердің бірі. Қарсақбайға поезд ертең түсте жүрмекші. Бір жолдастар шақырып Советхан екеуміз сонда кеттік. Түн ортасы ауа үйге келсек, үйдің іші көл болып аққан қан. Апай бізді таба алмаған соң, жедел көмекті шақырып алып перзентханаға жіберіпті. Келсек Н.Досковская мен Л.Бродов деген танымал дәрігерлер. Кесер операциясына дайындалып жатыр екен. Амандық-саулықсыз олар бізге:
- Тез, қан, қан... деп, қан тапсыруға бұйырды.
Мәкен екеуміздің қан топтарымыз сәйкес еді мен соған сеніп алыс жолға шығуымызға да себеп болды. Тексере келгенде менің қаным белок құрамынан дұрыс келмеді. Енді кезек Советханға келді. Менің нағашым үшін қанша керек болса алыңдар! - деп операция столының үстіне жата кетті. Оның қаны топ, белок жағынан сәйкес бола қалды. Қуанышымызда шек жоқ. Операция кесер әдісімен алынып, менің тұңғышым Марат атты азаматым дүниеге келді. Бұл да болса Советханның ерлігі мен дархандығы. Еркелеп ойнағанда:
- Мәкеннің тұла бойындағы жарты қаны менікі, Марат біздің үйдің баласы, ол Тайжан ақын үйінде дүниеге келді, — дейтін.
Адамгершілігі мол, мерейлі, мейірімді жан еді. Жатқан жерің жанатта болсын жиенім, досым, құрдасым! Қыздары: Жамалтай, Камалтай соғыс жылдарында дүниеден озды, ұрпақтары барлық.
ТАЙЖАН ТАПҚЫР АҚЫН
Атбасар базарына Үкілі Ыбырайдан Ұлытауға қайтып бара жатып соғады да базаршыларды өлең-жырға қарық қылады. Онда Атбасар қаласының купеці Беловтың баласы Дмитрий.
— Тайжанка, кешеден бері сен мына туыстарыңа тер төгіп қызмет еттің. Бірақ олар сенің еңбеғіңді тиын-тебенмен ғана бағалады. Сен шын ақын болсаң, суырып салып мені не мақтан, не жамандап бір ауыз өлең айтшы. Бір өгіздің құнын алақаныңа саламын, - деп мырзалығын көрсетеді.
Сөзіне сене қоймай ақын гармонын құлаштай созып қалды да ат үстіндегі мырзаға қарап:
Баласы Белов байдың Метрейісің,
Жиіркенбей адалдың хақын жейсің.
О дүниеде тозақта орның дайын,
Құдайдан одан артық не тілейсің? - дейді.
- Жарайсың Тайжанка! Ақын екенсің. Міне ал, бір өгіздің құны 35 сом,—деп ақынға тамам жұрттың көзінше кесек ақша ұстатады. Осы жолы Қарауылдың өрен ақыны, кедей, жүдеу киінген Есенбай босағада тұрып қалып суырып салып:
Ай батқанда қараңғыда түн болады,
Таң атқан соң жарқырап күн болады. Сырнаймен қосылып сарнап тұрған,
Жігіттер, мына зар жақ кім болады?
Тайжан гармонын құлаштай созып:
Өлеңге Наурызбайдай найзагермін,
Руымды сұрасаң Найман елмін.
Шатақ іздеп ұрынғың келіп тұрса,
Сен шалды тоныңменен шайнап жермін - деп суырып салады.
Осы сәтте домбырасын жебей қаққан қарт ақын:
Дәмі кетпес аузыңнан жесең майдың,
Сендейлерден қайтады есем қай күн?
Тіліңді тарта сөйле сары бала,
Қарауылдың ақыны Есенбаймын — деп шырқай салыпты. «Қарауылмын» деген соң Тайжан гармонын тастай салады. Есенбайды нағашы деп құшақтап, Тайжан құрмет көрсетіпті. «Ой ағысы» кітапшасында Сүтемген Бүкіров те осындай бір жағдайды Атбасар базарынан келтіреді. Осы жерде Тайжан ат ойынын көрсетіп жатқан орыс циркіне тап болады. Ол атын музыкамен билетіп, халықты тамашалатып жатыр екен. Тайжекең аттың мүсінін, өнерін көріп, тіл ұққыш сынын байқап, оған қатты қьзығады. Бірақ иесі оны сатпайды, содан кейін ат иесін бәсекеге шақырады.
- Егер мына атыңды билете алсам, оны маған бересің бе?-дейді.
Тайжанға сенімсіздік білдіріп, күмәнданып тұрған ат иесі көне кетеді.
- «Егер атты билете алмасаң, осы аттың он бағасын сен бересің, билетсең атты аласың. — Кәне, көрсет ақшаңды дейді, Тайжанға. Екеуі келісе кетеді. Сонымен ат иесінің гармонын алып сырнайды ойнай бастайды. Сырнайға саусақтарын ақын үйретіп алып, атты ортаға шығарады. Бірталай орындалған әнге ат билей қоймайды, тіптен мізде қақпайды. Біраз уақыт өткен соң Тайжан нағашысының әруағына сиынып Ыбырайдың «Гәккуіне» басады. Әнді естісімсн ойқастап жүрген ат бір сілкініп, Тайжанның жанына жетіп келеді. Сырнайшы ән әуенін сызылтып жалғастыра түседі. Ақын да орнында отыра алмай теңселе отырып, міне осы бір сәтте ат та жайқалып билей жөнеледі. Жиналғандарда үн жоқ. Базар үстінде тек әсем саздың, бұлбұл үнінің сыңғыры мен «Гәкку» әнімен билеген тұлпардың тұяғы ғана естіліп тұрды. Халықтың қол шапалағына риза болған ақын сырнайын тоқтатады. Ат иесі жеңіледі, бірақ Тайжекең бұл атты ала алмайды. - Жалғыз күн көріп, нан тауып жүрген тұлпарым еді! - деп жылағандай болғасын Тайжекең оны ризашылығымен иесіне беріп кетеді
Бірде ақынның жол серігі: - Тайжеке, сіз аяңдай тұрыңыз, үйде бір қабаған ит бар еді. Менен басқа ешкімді тыңдай қоймаушы еді! -дейді. - Жоқ, бармай-ақ қой, бірер қабаған итке өзімнің де қабілетім жетеді - дейді жүре сөйлеп Тайжекең. Сол айтқаны мұң екен, абалап тарлан қасқырдай бір төбет айбарлана жүгіріп келіп ұмтыла түседі. Сол кезде Тайжан сырнайын ала салып өзіне тән әуенін ойнап жөнелгенде, алғашқыда үлкен ызғарлы айбармсн келген қабаған төбет билей жөнеледі. Бұл би біраз уақытқа созылса керек. ІШаршаған ит құлайды. Қонақтар келіп жайғасқаннан кейін біраз уақыттап соң ғана ауылға келеді. - Кейін ол ит ақынға үрмейтін болды дейді, күліп маған осы әңгімені жаймен айтқан жезқазғандық бір азамат. Қандай бір қиын-қыстау жағдай болмасын ақын оның шешімін тауып өлең-жырмен жауап беретін. Қиналмайтын, мұңаймайтын, өзіне сенімді болатын. Жоғарыда айтылғандай Көкше сапарына бара жатып, жас жігіт талай қиындықтарын жанындағы жол серігімен бірге бастан кешіреді. Қыс мезгілінде адасыңқырап жүріп, жолда бір қыстақ кездестіреді. Есігі жабық, ішінен бекітілген есікті ұрып иесін шақырады. Ол: - Біздің үйді қонақтар тыныстап жатыр, орын жоқ. Есік ашылмайды - деп үйге кіріп кетеді. Тайжан серігімен бірге ебін тауып үйге кіреді. Тағы да: - Кіруге болмайды, қонақтарымды көрдіңдер,-деп теріс қарайды. СондаТайжан: - Үйдегі қонағың құдай болса құлы болайын. Пайғамбар болса үмбеті болайын. Үйдегі қонағың қадірлі, сыйлы болса құрметпен оны сыйлайын. Қонағың жын-пері болса, қуып жіберіп орнына қонайын, — деген екен. Ақыры болашақ ақын сол үйге түнеп шығады. Үй иесі Қарауыл руынан екен, Тайжанның нағашысы болып шығады. Ертеңіне үй иесі: - Түндегіме айыптымын. Мұны «Үкілі» естімесін. Айыбыма ат-шапан, — дейді. Тайжан: Жоқ, алмаймын. Атың өледі, шапан тозады. Өлмейтін нәрсе сөз. Бұл жағдайды жүрген жерде айтып жүремін. Ат та, шапан да өзіңе, - деп жол жүріп кеткен екен... Мен көрген, мен білетін Тайжан тек ақын, әнші ғана емес, цирк артистерінің шеберлігіндей ептілік өнердің де иесі еді. Ол шауып келе жатқан ат үстінде тік тұрьш, теріс отырып, жерге секіріп түсіп, қайта мініп, неше түрлі қиын қимылдар көрсететін еді. Тайжан қолөнерге де шебер жан еді. Ол ағаштан да, темірден де ойға алған затын жасай алатын. Мен ол кісінің қолынан шыққан домбыраны, ер-тоқымды ағаштан жонғанын көрдім. Етік, мәсі, кебісті бүгінгідей әсем, адам қызығарлықтай тігіп шығаратын және оған ұзақ уақыттың қажеті де жоқ еді.
ТАЙЖАН ТАЛАНТЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Оның орындағандары халық әндері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Орынбай, Сегіз серінің әндерін асқақ дауысымен нәшіне келтіріп, үздік орындай білудің арқасында елдің елеулі, халқының қалаулы, сүйіп тыңдар дәрежесіне жетті. Қарсақбай металлургия өндірісінің дамуына ақындығымен үн қосқан да осы Тайжекең болатын. Бұл тақырыпты жырлауына Қаныш Сәтбаевтың әсері аз болған жоқ, екеуінің арасында достық қарым-қатынас та болды. Тайжан — Амангелді Имановтың ерлігін алғаш жырлаған ақын. Онымен талай рет кездесіп, ақыл-кеңес құрып, екеуінің арасында достық, жолдастық қарым-қатынастар жалғасып жатты. Тайжан батырдың мұң-мұқтажына халықты ұйымдастырып, көмектесіп тұрды. Ақын жырлары Амангелдінің ұлт-азаттық көтерілісіне зор әсерін тигізді. Осы сәттен бастап ол бай-болыстарға бетпе-бет келуіне, қарсыласуына мүмкіндік туғызды. Қазақ ақындарының ішінде ең бірінші болып Амангелді батырдың жырмен әдеби бейнесін жасады. Оған арнаған көптеген өлеңдер шығарды. Амангелді туының астына халықтың бірігуін шақырды, үгіттеді. Одан басқа Тайжан тақырыбы сан алуан. Байды мінеп, кедейлерді жақтады. Ақын әр кезеңдегі саяси өмірге үн қоса білді. Сатиралық мәндегі өлеңдері аз емес, сықақ өлеңдері де жетерлік. Олар ақын Сыр бойында жүргенде көп айтылды. өкініштісі олар біздің оқырмандарға жетпеді. Тау бүркітіндей қияға самғаған Тайжан ақын өзінің кұдіретті әнімен, асқақ әуенімен, жайдары мінезімен сол кездегі Үкілі
ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ – АҚЫН ТАЙЖАН
ХАЛЫҚТЫҢ күйкі де күйікті өмірін ашына жырлады, еліне деп сәулетті күнді аңсады. Әліби Жангелдинге, Сәкен Сейфуллинге, алғашқы стахановшылар қозғалысының майталмандарына шығарған өлеңдері аз емес. Байшыл, екіжүзді, парақор, сатылғыш дүмше қызметкерлерді аяусыз сынады. Олардың бет пердесін әшкерелеп ашты. Кеңес үкіметін жақтап, оның келгенін «Бақыт есігі ашылды» деп еліне жар салды. «Дем алдым сонда салқындай» деген жырлары жаңа заманға, жаңа өмірге арналған ақын туындысы. Оның ақындық, сазгерлік, әншілік өнерінің шарықтау биігі жаңа дәуірдің тұсына дәл келді. Революциядан кейін Тайжан елін аралап тынбай жырлады, жылағанды жұбатып, шаршағанға әнімен дем берді. Жағымсыз қылықтарды найзасымен түйреп отырды. Ақын туындылары халық жүрегіне шипа болды, жуан жұдырыққа тіл найзасын қоя білді. Туындыларына әлеуметтік өмір көріністері арқау болды. Елдегі жаңа дәстүр ақын туындыларына тұрақты тақырып әкелді. Ол ауылды советтендіруге, коллективтендіруге, байларды тәркілеуге, колхоз құрылысын нығайтуға бар ынта-жігерін салды. Жалынды жыры мен өткір өлеңімен еліне пәрменді үгітші бола алды. Тайжан ел байлығын, халықтар достығын жырлады. Ақын Сәтбаевқа, Имановқа, Пушкинге, Орджоникидзеге арнап өлең шығарды. Тайжан өлеңді шаршы топтың алдында мүдірмей, жаңылмай, қиыннан қисынын келтіріп шығарып еркін айтатын. Ал, өлеңдері көрнектілігі жағынан ақаусыз, ой өрісі кең,өлеңдерінің сөздік қоры молдығымен ұйқасымды. Мүмкін сондықтан да болар Нартай Бекежанов: «Әннің барлық кереметі Тайжанда екен»-деуі жай айтылмаған. Тайжан әнді Ыбырайша құрастырады, жыры аң тұйғындай. Әндері көңілге қонатындай өте жатық. Мысты аймаққа танымал қария бүгінде оңтүстік жақта Нартай әндері болып орындалып жүргендері менің бала кезімде естіген Тайжан әндері, — деп отырған жерінде айтып отыратын.
- Оларды өз құлағыммен тыңдап, есімде өмірлік сақтаған,
- деп қайталап отыратын Сары ақсақал. Ақын қажет деген жағдайда бетің, жүзің демей ойындағысын қалдырмай айтатын.
Жұртты күлдірем десе күлкіге бөлейтін, сынаймын десе- орақ тілін сұғып алатын. Мәскеуге барғанда «Мавзолейде» деген поэмасын, А.С.Пушкиннің 100 жылдығында ақынға деген өлеңін шығарды. Шоқан, Күрсен деген атқамінерлерді орнынан тұрмайтындай сынайды:
Ал, Шоқан, Күрсенменен дінің қатты,
Байларға жағынғанда тілің тәтті.
Кедейдің көкшолағын тартып алып,
Советке жат кедейді қайдан таптық? — деген екен.
Мысты өңірден алғаш дәрігер болған Жаңабай Ниязбековке, Жауғаш-Қарабалаға, Романовтар ұрпағының таққа отыруына 300 жыл толғанда тірі жолбарысты апарып сыйға тартқан, оларға да ақын өздерінің өлең жырларын арнайды. Ақынның «Серго» деген толғауы Орджоникидзеге Қ.Сәтбаевтың өтініші бойынша, оның Үлкен Жезқазғанның болашағына жасаған қамқорлығына, Жездариясы мекенінің дамуына арнаған. Көптеген өлеңдері уақыт талабына сай шығарылып келді. Ақын өз заманының зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың бәріне бірдей арнаулар шығарды. Жоғарыда айтылғандарға қоса И.Деев, Ә.Жангелдин, С.Шәріпов т.б. бар. Тайжан туындыларын екі кезеңге бөлуге болады: революцияға дейінгі, екіншісі - жаңа заман уақытында шығарылған ән жырлары. Әр заманды терең түсіне білді, әр уақыт өзінің туындыларын жарыққа шығарды. Көптеген туындылары Орынбай мен Кемпірбайға, Сүйсінбай мен Үкілі Ыбырайға, Біржан сал мен Ақан серіге, Жамбыл мен ІІІашубайларға еліктеп жазған туындылар.
Тайжан таланттарына
көз жіберсек
Тайжанның ақындық, композиторлық, әншілік өнері 1934 жылы Халық өнерпаздарының слетінде, 1936 жылы Мәскеудің онкүндігінен кейін бүкіл одаққа танымал бола бастады. Оның орындау шеберлігі мен әсерлі жақсы дауысы тыңдармандардың айызын қандыратын. Оның ән салу машығы өте еирек кездесетін шынайы өнер болатын. Оның дауысы тыңдар құлаққа жағымды. Жиналған көпшілік оның әндерін ерекше ықыласпен ұйып тыңдайтын еді. Әні әсерлі, дауысы тек өзіне ғана тән сүйкімді. Тайжан әндері шын мәнінде халық әндеріне бүгінде айналып отыр. Көптеген ізденістер арқасында Республикаға еңбегін сіңірген әртіс Ғалым Мұхамедин ұмытылған ақын әндеріне жан бітірді. Бүгінде үнемі сахнада шырқалып үзбей орындалып келеді. Тайжан тек қана ақын ғана емес, ақыл-парасаты мол,ел қамын, бірлігін, адамдардың татулығын ойлайтын, жастарға ерекше қамқор үлкен жүректі жан еді. Кімге де болса сөз жәрдемін, тіл көмегін көрсетуге дайын тұратын мейірбанды жан. Тайжекең ел жұртына ақ жарқын, кішіпейіл, үлкенге де кішіге де бірдей ізгілікпен қарайтын жан болатын. Жерлестері оның адамдық қасиетін, ақжарқын мінезін әркашан мақтан тұтып, бүгінде аңыз етіп айтып отырады. Тайжан сегіз қырлы, бір сырлы өз заманының образын жасауда өзгеше орын алды. Үлкен парасатты, асыл қасиетті адал жан. Тайжан өлеңдерінің әуепі, мақамы, әуездік ырғағы жағынан ерекшеліктері де аз емес. Өлеңдеріндегі сөз тыңдармандарына құдіреті күшті заманының дауылы болып естіледі. Қазақтың ақпа-төкпе ақтаңгер ақыны, үздік композиторы, асқақ әншісі, өлең-жыр, толғаулардың тамаша орындаушысы, ептілік өнерінің ғажап шебері Тайжан Қалмағамбетовты халық қадірлеп «Ақын Тайжан» - деп атаған. Ақын ойлы, сөздің арманы, тапқыр сөздің саңлағы, өнер сайыстардың жүлдегері болған Тайжан. Тайжан репертуары өте бай, оның арасында өзіне тән толғаулары да аз емес, қоғамдағы әрбір саяси уақиғаға ақын үн қоса алды. Үлкен жиын-тойларда, қатар-қатар тігіліп киіз үйлерде өлең-жыр айтқанда дауысы алты қырдың астынан естілетін. Үйге жұрт сыймай, кигіз үйдің сыртынан қоршап, бойшаңдары тіпті кейбіреулері аттың үстіне тұрып, жабықтан сығалайды. Тайжекең «Халық жауы» болып ұсталғанда ақынмен бірге оның өлеңдері де жойылды. Өзімен бірге НКВД 69-бет өлең жазылған қағаздарын да алып кетіп жойып жіберіпті. Тайжан суырып салма ақын, ал бұл қағаз бетіне жазылғандары ең бір құнды туындылары болатын. Қазақстанның Мемлекеттік ІІушкин атындағы кітапханасында сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында Тайжан туралы көп мағлұмат сақталған. Оның өлеңдері орыс, украин, беларус тілдеріне аударылған. Қазақ музыкасының белгілі зерттеушісі Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» деген еңбегіне Тайжанның үш әні кірген. Сол туындысында Затаевич Тайжанды Ыбырай Сандыбаевтың ізбасары деп, ал, оның әндерін «Гәккумен» пара-пар деп баға берген. Тайжан табиғат берген тамаша таланттың иесі. Қазақтың кең даласына тартып, дарынды жанға ие бола алды. Тайжанның өмір серігі болған 12 тілді қара сырнай. Бұл Тайжекеңнің көзін көрген досы болған сырнай бүгінде балаларының үйінде сақтаулы тұр. Ақынның көзіндей, оған бір ғасырдан артық уақыт болыпты. Бүгінге дейін қара сырнай өз үнімен ақынға қосылған дауысын сақтағандай. Сырнай бетінде 1912 жылы «Тройцк қаласында жөнделген» деген жазуы бар. Сырнай тілдерінде он саусағы жорғалаған, көмейінен сыр төккен Тайжекең еріксіз еске түсіп бауырыңды елжіретеді. Егер сырнайда тіл болса ақын туралы талай сырды жеткізер еді. Тайжекең туралы материалдарды жинақтай жүріп, оған қатысты ел аузындағы аңыз әңгімелердің аз емес екенін байқадық. Тайжекең айтқан екен деп сөз басталады, ол көпшіліктің ақынға деген құрметтеушілік сезімі, ақын жөніндегі ел аузындағы аңыз болып жүрген әңгімелер оның үлкен өнер мен ақыл иесі болғанын аңғартады деп ойлаймын. Соның бірі 1918 жылғы Ұлытау базарында болған жағдай. Базарға атақты арқа өңірінің байлары Мейрам мен Бірәлі де келеді. Келісімен базарға Тайжекең сырнайымен әнді шырқап қоя береді. Бүкіл халык сауданы тастап әншінің маңайына жиналып тарамай қояды. Жүрмей жатқан саудаға ыза болған Мейрам өзінің жігітін ақынға жібереді де: - Оу, Тайжан, мырзалар жіберді, базарымыз тоқтап сауда жүрмей қалды, әнді оңаша тігілген үйге келіп айтсын дегенге,
ақын: - Бар, сәлем айт, мырзаларыңа. Мен әнімді қазы-қарта, жал-жаямен тамақтанған, жібек шапан мен бешпенттер киген байларға емес, халыққа айтамын - деген екен Тайжан ақын. Тағы бір есімде қалғаны Тайжекең өлеңді қызына да, қызығып орындайтын еді. Ән бастаған кезде ақ ботаның көзіндей, қарақат мөлдір көздері ойнақтап шыға келетін еді. Қасы да әнге қосылғандай болып қарлығаштың қанатындай жайыла түсетін еді. Ашық маңдайы мен шырайлы бетінен тері де ән мен жырға қосылғандай моншақтап ағып отыратын. Өзіне ғана тән дауыс пен сырнай үні бүкіл әлемді өзіне шақырып тұратын сияқты еді. Тыңдаушылар неғұрлым көп болса Тайжекеңнің шабыты мен қарқыны да күшейе түсетін. Ән орындағанда тыңдаушыларына бір қарап қойып. Ақын бейнесі: бойы ортадан жоғары, кең иықты, жалпақ жауырынды, дөңгелек жүзді, өткір қоңыр көзді, қияқ мұртты болатын. Әні әсем, үні құлаққа жағымды, сырнайдың құлағын сермеп тарту тек Тайжанға тән. Тайжекеңде өзіне тән балгерлік, бақсылығы да бар, әртістік қабілеті де барлық. Топ ішінде отырып, көз алдында құлағы жоқ шұнақ болып шыға келеді. Мұрны жоқ пұшық, көзі жоқ соқыр да бола алады. Ат үстінде ойнағанда анау-мынау цирк әртістерінің қолынан келмейтін ойындарды көрсетеді. Өлеңді айтып қызған сайын дауысы ашыла түсетін, көзі ашылған тау бұлағындай сайрайтын. Ақын бір көрген адамды өзіне тартып алатын, өлеңмен үйіретін. Ұлытау далаларында келе жатып сыбызғыларды көре сала, бала сияқты аттан қарғып түсіп, ерінбей оны кесіп алып, дыбыс шығаратын тесіктерін ойып сыбызғыға жан бітіретін. Біз ауылдан екінші мекенге барғанда әні, жыры өзгеше, бір- біріне ұқсамайды. Бір ауылдағы концерті екінші ауылға дауысы жетіп жататын. Дауысын естіген тыңдарман ағылып, ақын отырған жерге келіп жататын. Ақын бәйге тұлпары сияқты кызған сайын күш-қуат алатын. Тайжекең музыка аспаптарының бәрінде бірдей ойнайтын, кара сырнайдың әрбір пернесіне жан бітіретін. Сырнаймен бірге бүкіл денесі жырға қосылатын, көзі ойнайтын, денесіндегі бұлшық еттерінің бәрі жырға қосылғандай билеп отыратын. Өлең, жыр айтқанда бір жерде отыра алмайтын, бүкіл денесі қимылдап билейтін еді. Тайжан туындылары қиыннан қисынын тауып жырлайды, жазғандары мен айтқандары жүрекке жайлы, көкірекке қонымды. Әсіресе өзі орындаған әндерін түрлендіріп, құлпырта түсетін. «Жыры ақ тұйғындай, әні Үкілінің Гәккуіндей» - деп Нартай бағасын берген. Өлең құрастыруда нағашысымен екеуінің арасында көптеген ұқсастық бар, - деп бағалайды замандастары. Тайжекең топпен кездескенде ешбір дайындықсыз шығады, халықты көзімен бір сүзіп өтіп тақырып тауып алатын еді. Жырды ағызып, суырып салып айтатын. Соған қарамай жырларының көркемдігі, заман талабына сай ұйқастығы өте құнды туындылар болатын. Оларды революцияға дейінгі, одан кейінгі деп екіге топтауға болады. Жаңа дәуірді ескі қоғаммен салыстырып жырлайды. Бір көрген жан оның жай адам емес екенін түріне қарап түсінетін, кездескен адамды үйіріп әкетеді. Ол ақ жарқын, кішіпейіл, үлкен мен кішіге де бірдей ізгілікпен қарайтын. Адамгершілігі мол, тілімен сіңімді, әнімен жағымды адам болған. Оның үстіне менің жездем жомарт, сақы, сал сері жігіт. Ақын сегіз қырлы, бір сырлы. Көптеген әртістік сипаттары да барлық. Осы күнге дейін көз алдымда сақталғаны, ол шауып бара жатқан аттың үстіне теріс отырып, жерге секіріп түсіп, қайтадан мініп, неше түрліні көрсететін. Ақын ағаштан түйін түйетін шебер болған. Қажет болғанда домбыраны да өзі жасап алатын, оны өзінше бір мерекеге айналдыратын. Ақынның концерттік сахнасы - Қарсақбай зауыты, Жезқазған кеншілері мен колхоздар даласы, тыңдаушылары - бүкіл мысты аймақтың халқы. Ол тек парасатты, ақкөңіл ақын ғана емес, ақылы мол, елдің қамы мен елдің бірлігін, татулығын ойлайтын. Өзінен кішіге қамқор, үлкен жүректі асыл жан екені уақыт өткен сайын айғақтанып келеді.
Ақынның ажалы
Ақын Тайжан Қалмағамбетов Қазақстан жұртшылығына кең танымал, ел-жұртына еркелеп өмір сүреді. ХАЛҚЫ ақкөңіл, адам баласына еш залалы жоқ, адал, дархан. Дарынды өнерпазды алақанына салып аялады. Тамаша суырып салма ақынның түбіне кезінде өзі мақтап, марапаттаған көкке көтерген кеңес заманы жетті. Жазықсыз жан жүрегі ел, жер деп соққан аяулы ақын жалған жаланың, сұрқия саясаттың құрбаны болды. Бұл жағдай көпшілікті қатты толғандырды. Алпысқа әлі келе қоймаған асыл жан не істеп қойды екен деп ойға шомыласың. Сөйтіп жүріп ақын Тайжанды айыптау қағазы да қолға түсіп, соның мазмұнымен көпшілік қауымды таныстыруды жөн көрдік.
Сол күндерді еске түсіріп көз алдымызға елестетсек, Тайжекең біздің ауылға бозжорғасын мініп келіп, үлкендерге сәлем беріп, дидарласып қайын-жұртына өлең жыр айтып, сән-салтанат құрып, ойын-сауық құрып, біраз ауыл тұрғындарының көңілін көтерді. Қоштасарда қимастық сезіммен үлкендердің әрбіреуінің қолын алып, әжемнің бетінен иіскеп, енді көрем бе, көрмеймін бе? — дегендей Қарсақбайға қарай шаба жортып жүріп кетті. Қол былғап, ойымызда ештеңе жоқ бір ауыл болып қала бердік. Бұл шамасы жаз айының 1937 жылдың аяқ кезіне жақын мезгіл болатын. Бұл қоштасуда ең соңғысы екенін кім сезді дейсің. Бірақ ақынның көңіл-күйінде, жүріс-тұрысында, сөздерінде үрейленгендей бір қимыл мен сезімнің барлығын біреулер аңғарса керек. Екі арада Қарабұлақ мекеніне келіп, балдызы Қабдрахим мен Жамалдың үйіне қонып кетуге дайындалады. Демалыс арасында біреулер ақынға: - Тайжеке, мына мал соятын бекетке барып, жағдайымен танысын қайтпайсыз ба? - деп қолқалайды. Ойында ештеңе жоқ Тайжан келісіп, ақылға, салт-дәстүрге сыймайтын жағдайды көреді: Біріншіден, шошқа мен ірі қара мал бірге сойылады екен. Екіншіден, мал бауыздалмай шекесінен үлкен балғамен ұрып өлтіреді, қан шығарып бауыздалмайды. Мұндай қолайсыз жағдайды көрген ақын, оларға өзінің ойындағы көзқарасын айтып, еттің харам болатынын жеткізеді. Тайжан ауызынан шыққан сөз Қарсақбайға ақыннан бұрын жетіп, тағылған көп айыптың бірі болып жабысады. Қарсақбайға шаршап келген акын апайға: - Мен моншаға барып жуынайын, сендер самаурынды қайнатып шәй қоя беріңдер. Мен көп айналмаспын деп жүріп кетеді. Ақын сол кеткеннен мол кетеді. Моншада тырдай жалаңаш адамды ұстап қамау тек НКВД-ның ғана қолынан келетін іс. Содан бастап ақынға қылмыстық іс қозғалып, өздерінің іс- шараларын жүргізе бастайды. Шәй қайнай-қайнай суы таусылуға айналады. Кеш те болады. Ұзын хабардан куә болған біреу: - Тайжанды НКВД түрмеге қамауға алып кетті, - деген суық хабар да жетеді. «Өте қауіпті халық жауы» болғаннан кейін ақынды тек жуынып жатқанда моншаның ішінен ұстауға ғана шамалары жетеді. Түрмеде отырып «Өтірік күйдім жалаға» деген өлеңі туындайды, оны қағазга жазуға болмайды. Камерада бірге отырған өзінің туысы Игібайдың Бәйелісі екен. Бірақ ол біраз күннен кейін түрмеден шығады. Өлеңді оған жаттатып, сол інісі Тайжанның соңғы өлеңін жанұясына сол қалпында жеткізеді. Бұл өлең ақынның жан айқайы еді, оны оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Қапасты көңіл қайғылы,
Көкірек толы санаға.
Дұшпанның сөзі сор болып,
Өтірік күйдім жалаға.
Жолыға алмай қор болдым,
Қатын менен балаға.
Үкіметтің жолына,
Деуші едім басым садақа.
Қандай иттің баласы,
Салды екен өсек араға.
Арызды тегіс айтуға,
Келмей де жатыр шама да.
Білдіремін бұл сөзді,
Кәрі менен жасына.
Абақтыға түскен соң,
Жан жуымас қасыңа.
ІІІыбын жанды сақтаймын,
Зар болдым ішер асыма.
Өтірік- өсек кім айтса,
Соның да берсін басына.
Тайжанның кылмыстық ісі №11193 деген НКВД-ның папкасы қолға тиіп, сонымен оқырманды таныстырмақпыз. Сыртында: СССР, НКВД. Управление по Казахской АССР. По обвинению Калмагамбетова Тайжана и др. В проведении контрреволюционной деятельности. Том №0883. Начато 31 марта 1937 года, окончено 11 октября 1938 года. Бұл қағаздан біздің ұққанымыз қылмыстық іс ұстап қамалудан бұрын 4 ай бұрын басталған көрінеді. Оны ұстауды, қамауды алдын-ала жоспарлаған. Постановление - на производство обыска и ареста, 1937 г. 22 июля п. Карсакпай. «Я уполномоченный Карсакпайского РОНКВД, сержант гос. Безопасности М. сею числа рассмотрев имеющиеся у меня материалы на гражданина Калмагамбетова Тайжана, нашел: Тайжан Калмагамбетов проживал в пос. Карсакпай систематически занимался проведением провокационных слухов о войне и поражении Советской власти, а также распеванием контрреволюционного содержания песен среди населения. На основании вышеизложенного.
Постановляю; Калмагамбетова Т. привлекаю к уголовной ответственности по ст. 58 УК РСФСР, меры пресечения и способ уклонения от следствия и суда избрать содержанием под стражей в камере предварительного заключения РОНКВД». Қаулының соңында екі тергеушінің қолы бар. Аудандық прокуратураның келісімі де келтірілген. Үйді тінту нәтижесі: төл құжат, мақтау қағаз. 18 анықтама мен куәлік, екі мандат, 69 бет өлең, екі Құран, бір мылтык. Жауабында: Тайжан 1878 жылы Қарсақбай ауданының 7 ауылында дүниеге келгендігі, поселкедегі 102 үйдің 4 пәтерінде тұратындығы. Кәсібі жоқ, әлеуметтік жағдайы - малшы, кедей. Әйелі 44 жаста, ұлдары: Әшімхан - 18, Қасымхан - 14, Советхан - 7, қызы 11 жаста екендігі көрсетілген. Ертеңіне ол «айыбын мойындады» — деп жазылған. Сыртынан тексерушілер жалған қол қоя салған.
Қойылған сұрақтар:
— Мал соятын жердегі жұмысшылармен орыс кескен етті жеуге бола ма? — дегенге ол.
- Болмайды, - деген. Оны тексеруші үкіметке қарсы пікір деп тапқан. - «Айыпты мойындады» — деп жазып, бір күннен соң мойындамағанын келтіреді. Ал куәгерлердің істе, қол менікі емес дегенде дәлелдемелері келтірілген.
НКВД-ның аудандық бастығы қол қойып шешім қабылдап
үш кінә тағады:
1) Тайжан революцияға қарсы топтың мүшесі; 2) Ол революцияға қарсы өлеңдер шығарған; 3) Революцияға қарсы үгіт жүргізген. Үштіктің аудандық шешімінің қаулысын Қарағанды облыстық басқармасы бастығының орынбасары мемлекеттік қауіпсіздіктің аға лейтенанты қол қойып бекітеді. 1 қазан 1937 жылы үштік Тайжан ісін қайтадан қарап, оған төртінші айып тағады, ол бойынша «орыстар мен қазақтар арасында алауыздық туғызды» — деп. Оған сәйкес үштіктің үкімі де шығады: - Атуға бұйыру, мүлкін тәркілеу - деп. Әрине үкім негізсіз, әділетсіз және қатал шала сауатты сержант зор талант иесінің тағдырын шешеді. Үкім қыркүйектің 22 жұлдызында орындалады, ал үштіктің үкімін облыстағылар Тайжан атылғаннан кейін 8 күннен соң бекітеді. Адам атылып кетті, ал облыстағылар аудан үштігінің шешімін бекітпесе ?! №11193 істе қаралушы прокуратураның өзі Тайжанның мойнына қойған кінәні мойындамағанын анықтайды. Куәлердің қолының жалған екенін де кейін дәлелдейді. Демек Тайжанның қай жерде атылып, қай жерде жерленгені осы күнге дейін белгісіз. Магаданда, Қарсақбайда деген болжамдар бар. Архивке сүйенсек 1938 жылы ақпан айында атылады. Бірақ қай жерде екені атылғанының осы күнге дейін белгісіз. Тек, КПСС-тың XX съезінен кейін көптеген ізденістер арқасында 1958 жылы Тайжан толық ақталады. Сонда ғана артында қалған ұрпақтарының көзі ашылып, жұрттың бетіне дұрыс ұялмай қарап алатын болды. Ұрпақтарының қуанышында шек жоқ. Ас берілді, құран бағышталды. 100, 110, 120, 125 жасқа толған торқалы тойларын бүкіл халық болып атап өтті. Ақын отбасы 1937 жыл мен 1958 жыл арасында өте ауыр жағдайда өмір сүргенін айта кеткен жөн. «Халық жауы» деген адам түршігерлік сөз отбасына қара таңба болып басылды. НКВД ол шаңырақты үнемі бакылауға алды. Кім кірді үйге, кім шықты, араларында қандай әңгімелер айтылды. Көрші- көлем араласудан, қарым-қатынастан қалды. Кешегі ағайын- туыстар теріс айналып кетті. Тіптен ол үйді бақылап қадағалауға қосымша адамдар да жолданды. Көшеде кетіп бара жатқанда саусағын шошайтып «мынау халық жауының балалары» - деп аластатып болды. Былайша айтқанда «отырса опақ, тұрса сопақ» деп, көзге шыққан сүйелдей оларды аластатты. Оқуға түсу мен жұмысқа тұру да халық жауы мүшелеріне қиындай түсті . Сөйтіп, түрмеге жазықсыз қамалғандарымен бірге оның отбасы 1958 жылға дейін қиындықтарды басынан кешті. Тайжан тұтқындалған күннің ертеңіне толтырылған протоколда ол өзінің айыбын мойындады — деп көрер көзге өтірік толтырып алып келеді. Тайжан: «Мал соятын жердегі жұмысшыларменен орыс кескен етті жеуге бола ма деп сұрады. Мен мұсылман қағидасы бойынша болмайды, - дедім. Екінші сауал: Кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық үгіт-насихат жұмысын жүргіздің бе?
Тайжан: Жоқ жүргізген жоқпын.
Үшінші сауал: Кеңес үкіметі уақытша үкімет. Германия, Жапопия соғыс ашқанда кеңес үкіметінің күлі көкке ұшады дегенің рас па, мойындайсың ба?
Тайжан: Бұл менің аузымнан шықпаған сөз. «Өте кұпия» деген қаулысы 1 қазан 1937 жылы Қарағанды облысы бойынша үштік №17 қаулы қабылдайды, онда Тайжанның атылғандығын баяндайды. Ал ату жазасының орындалуы 24 қыркүйек 1937 жылы Қарсақбай аудандық НКВД бастығы мен екі көмекшісінің қолы қойылған. Алдымен атып алып 7-8 күннен кейін қаулы қабылдайды. Оның өзінде кінәсін мойындамаса да куәлар атты деп ата салады?! Балаларының 1958 жылы Қарағанды облыстық сотының шешімімен ақиық ақын біржола ақталып шығады. Бірақ бұл шешім өте кеш қабылданды. Ақынның ел, халық алдында ары таза, елім деп еңіреп кеткен талант иесі екені бүгінде дәлелденді. Соның айқын себебі Тайжанға деген бүгінгі тағзым!
Тайжан өнерінің жағрапиясы
Тайжан ақын Сыр бойын көп жағалады. Түркістан, Арыс, Шымкент, Жетісуды аралады. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ жұртының арасында болып, олардың салт-дәстүрімен, әндерімен танысады. Қай жерде болсын Тайжанды ешкім жатсынбады. Ақын Арқа жерін, елдің оңтүстігін көп аралап, халқымен етене араласып, шындықты өзінің творчествосына арқау етті. Кемеліне келген талант аз жылдар ішінде Сыр мен Семейде, Еділ мен Жайыққа, Қарқаралы мен Қаратауға кеңінен таныла бастады. Тайжанның Ақмешіт сапары оның ең алғашқы ұзаққа созылған ақындық, салдық саяхаты болып саналады. Ақын Сыр бойын жағалап Түркістан, Арыс, ІІІымкент қалаларында болып, Жетісу жерін аралап, қай жерде. кай елде болмасын Тайжанды ешкім жатсынбайды. Сапарларында өзінің ақындык өнерін шыңдап бәйгеге салады. Тайжан Мәскеуде, Омбыда, Алматыда, Ташкентте, оңтүстік облыстардың бәрінде бірдей болып жыр шашуын шашты. Сол жерлерде жырлары дастан болып ел аузында қала берді. Творчествосының жемісті жылдары (1920-1930 ж.ж.) Сыр бойында өтіп, туындыларының көбі бізге жетпей сол жақта қалғаны өкінішті-ақ. Ақын қазақ даласын өте көп аралаған
адам.
Тайжан жаңа заманға үн қосып, шабыттанып жырын төгілте түседі. Елін аралап, үкімет үгітшісі болып халықтың жағдайына әнін арқау етеді. Ол бүкіл Сарыарқаны шарлап, оның ішінде Атбасарға, Көкшетауға, Омбыға, бүкіл Орта Азия қалаларын, Жетісу өлкесінде, Мәскеу, Алматы, Еділ-Жайық, Семей, Ақшатау мен Қаратауда да болды. Осы сапарлардың өмір жолы, творчествосы, еңбекші халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға арналды. Бар өмірін халқына адал қызмет етіп, халық адамы бола алды. Шалқар шабытымен ер аралап жүріп, көптеген өлеңдер, ән жырлар жазды. Тайжанның әрбір сапары бір-бір дастан, ол өзінің өмір жолын толықтыра түсті. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ел зарына үн қосты, творчествосын байыта түсті. Ақып қанатын кең жайып, өзін елге таныта бастағанда оған жасалған «Халық жауы» деген қолдан ұйымдастырылған жауыздық, ақын өмірін ерте қиды. Өкінішті-ақ.
МӘСКЕУДЕГІ ӨТКЕН АЛҒАШҚЫ ОНКҮНДІК
Бұл астанада 1936 жылы өткен казақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі еді. Бұл өнер байқауында Тайжан таланты жоғары бағаланып, талғампаз Мәскеу көрермендерінің ыстық ілтипаты мен жылы лебізіне ие болды. Үлкен театрда онкүндіктің шымылдығын ашу Тайжан ақын үлесіне тиді. Бұл да болса ақынға деген зор құрмет пен ардақ еді. Делегация құрамында еліміздің танымал тұлғалары: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, М.Әуезов, қарт ақындар: Қали, Кенен т.б. қатысады. Тайжан 350 саңлақ таланттарының бірі еді. Ол бұл онкүндікте қазақ өнер шеберлерінің алғашқы концертін бастап беру қуанышына ие болды. Жамбылмен тізерлесе отырып, өз өнерін Тайжекең көрермендер сынына ұсынды. Қазақстан делегациясы Мавзолейге барғанда «Мавзолейде» деген алғаш толғауын шығарып, ол орыс тіліне аударылып «Правда» газетінде жарияланды. Тайжанның Күләш Байсейітова, Жамбылмен түскен суреттері орталық кеңес басылымдарында басылып жатты. Онкүндіктен елге оралған соң, Тайжан Қарсақбай металлургтері мен Жезқазған кеншілерінің, колхоз еңбекшілерінің алдында жиі-жиі сахнаға шығып, концерттерін жалғастырып жатты. Көптеген жаңа туындылары бірінен соң бірі жарық көре бастады. Осы сапарын өлең жырға қосқан ақын:
Мен қайттым осы жылда Мәскеу барып, Жамбылға қонған екен өлең дарып.
Жібердім құйқылжытып мен «Гәккуді»,
Алдында халқымның домбыра алып.
Арқамнан Калинин қаққанында,
Езіліп қоя берді-ау денем балқып.
Солардың бел баласы секілденіп,
Шаттандым өз-өзімнен солай шалқып, - деп Мәскеудегі онкүндікте Жамбыл мен Тайжан жігін жазбады, екеуі күндіз-түні бірге болды. Олардың достықтары күн сайын арта түсті. Онкүндік қорытындысы бойынша Жамбыл орден алса, Тайжан М.И.Калининнің қолынан ССРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Мақтау грамотасын алып, олжалы болып қайтты. Жоғарыда айтылған Кремльде онкүндіктің бетін өлеңмен ашу да Тайжанға жүктеледі. Оның бұл міндетін де тамаша атқарғанын уақытында «Известия» газеті де өз бетінде жазған болатын. Тайжан Жамбыл арқылы көптеген өнер қайраткерлерімен жақын танысады. Олар: С.Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов т.б. еді.
Онкүндікті қорыта келе Тайжан:
Әнім бар «Сақ-сақ» деген баға жетпес,
Әйгілі «Гәкку» әнге болар теңдес.
Мәскеуде онкүндікте сахна ашып,
Құрдас көсем Сталинмен болдым дәмдес.
Мәскеудегі «Үлкен театрда» Кеңес үкіметінің сол кездегі көсемдерінің қатысуымен өткен ақындар мен әншілердің алғашқы концертін бастау Тайжанның үлесіне тиеді. Гармондатқан ақын ақиық қырандай шарықтап тұрған шағында әрі әнші, әрі сазгер, әрі суырып салма нағыз ақын екенін танытты. Ақын өлеңдері барлық орталық газеттерінде жарық көріп басылды. Осы Мәскеу сапарында қазақтың белгілі қайраткерлері: Сәкен, Жамбыл, Сәбең, Мұхтар, Ғабит, Күләшпен жақсы танысып араласты. Қонақ үйде Тайжекең Жамбылмен бірге орналасып, Мәскеумен жете танысты. Калининнен алғысқа қоса Мақтау грамотасын алды. Кремльде берілген қонағасыға қатысып,И.В.Сталинмен дәмдес те болды. Лениннің Мавзолейінде болып, көсемге деген үлкен поэмасын жазды.
17-27 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігі жөнінде Жүргенов:
- Қызыл астанамыз бізді аса үлкен қуанышпен қарсы алды. Мұны біздің коллективіміз Мәскеуге келіп түскен жерінде вокзал басында-ақ көрді. Мәскеудің театр, музыка, әдебиет әлемінің адамдарына біздің музыкамыз, әртістеріміздің ойыны, декарацияларымыз, киімдеріміз қатты ұнады. — деп жазған.
Мәскеуге Жамбыл мен Сәкен, Күләш пен Сара, Қалибек, Құрманбек, Қанабек, Елубай, Серке, Манарбек, Кенен мен Тайжан. Сазгерлерден Жұбанов пен Брусиловский. Ел басшыларынан Исаев пеп Жүргенов бастап барды. Жамбыл Еңбек Қызыл Ту орденін, жеті адам Құрмет белгісі орденіне ие болды. Олар: Сәкен, Күләш, Т.Жүргенов, Қ.Жандарбеков, Е.Елубайлар. Халық таланттарымен бірге Тайжан Мәскеудегі туындылары онкүндіктегі «Правда», «Известия», Литературная газеттерінде, Қазақстан газеттерінде басылып, олардың есімі бүкіл елге танымал бола бастады. Онкүндікте Тайжан өлеңдері Кузнецовтың аударуымен 10 тілге аударылған. Орталық, Республикалық басылымдарда онкүндікте түскен көптеген фотосуреттері бар. Соның бірі Қазан вокзалында гүл шоқтарына бөленген Күләш Байсейітова мен Тайжан суреттері бүкіл жер шарына тараған. Суретте екеуінің жүздері күлкі қуанышқа бөленген, жайдары жүздері ерекше айшықталған. Олардың шабытты шақтың шалқар қуаныштың мол мерейіне бөгіп тұрғандары бірден байқалады. Фотосуретті түсірген белгілі фототілші А.Узлян. Ол суретке «Мәскеудегі кездесу» деп ат қойған оқырмандарды ол екеуінің өнерімен кеңінен танытады. Екінші бір төрт адам бейнеленген Шара, Жамбыл, Күләш пен Тайжан түсірілген бәрі де қолдарын көтеріп, мәскеуліктермен дидарласып тұрған кезі екен. Бұл фотосуреттер қаланың тарихи өлкетану музейінде сақтаулы. Онкүндікте Тайжанның бірнеше ән өлеңі пластинкаға жазылып алынып халыққа тарады. Қазақтың 1000 әні атты еңбегінде А.В.Затаевич Тайжан туралы мәлімет беріп, біраз өлеңін осы жинаққа кіргізді. Онкүндік ақынды бүкіл елге кеңінен танытты, оның өнеріне жол ашты. Бірақ бұл мүмкіншілік ұзаққа бармады...
ТАЙЖАН – ХАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ
БІРІНШІ СЛЕТІНДЕ
Ақынды бүкіл елге танытқан 1934 жылы Алматы қаласында өткен Халық өнерпаздарының бірінші слеті болды. Бұл өнер жиынында республиканың түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық ақын, әнші-күйшілер, жыршы-жыраулар бас қосты. Бұған бауырлас көрші елдерден аттары әйгілі өнерпаздар да қатысты. Слет 1934 жылы 14 июньде музыкалық театр үйінде өтті. Осы жолы ақын жыр алыбы Жамбылмен дидарласып, сырласып, өздерінің өнерімен алмасты. Слет қорытындысы бойынша екі ақынға бірдей дербес зейнетақы белгіленді, оған қоса Жамбыл мен Тайжанды Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталады. Бұл жағдай ақынды одан әрі жігерлендіре түседі. Осыдан бастап ақынның көптеген жаңа туындылары жарық көріп, басылым беттерінде жарияланады. Негізгі тақырыптары алғашқы бесжылдық, тұңғыш металлургия алыбы, ауыл тұрмысы, арқа алыптары т.б. Тайжанның ерекше танымал болған кезі 1934 жылдан басталады. Сол жылы республикалық көркемөнерпаздар құрылтайында ең биік дәрежеге ақынды жеткізді. Қара сырнайына қияға қанат қақтырып, бейнесі жиын топта көз тартып, ұшқан құсты теңселткен ұшқыр дауысы ел жүрегіне жылдам қонды, ақынның шабыты асқақтай түсті. Алматы слетіне барғанда Тайжекең өзімен бірге баулып жүрген ұлы Әшімханды да алып жүрді, одан соң ел аралағында үлкен ұлын да қалдырмайтын. Үлкен ұлы домбыра, сырнай, мандолин тартып әнде салатын. Алматыда 1934 жылы өткен бірінші өнерсүйер қауымның бірінші слетіне арналған Қазақстан орталық атқару комитетінің президумі арнайы қаулы қабылдады. Мәңгілік слетті еске қалдыру мақсатында сол қаулыға сәйкес халық аспаптарының Құрманғазы атындағы алғашқы оркестрін ұйымдастыру қабылданды. А.В.Затаевичке, Ж.ІІІанинге ақшалай дербес сыйлықтар, К.Байсейітова, Қ.Жандарбековке, С.Қожамқұловқа т.б. республикаға еңбегін сіңірген әртіс атағы берілген болатын. Ал, Жамбыл мен Тайжанға ай сайын беріп тұратын зейнетақы тағайындалды. Олардың осы слетте ерекше көзге түскендіктерін дәлелденді. Халық өнерпаздарының бірінші слетіне арналған көптеген фотосуреттер жарық көрген, оның оншақтысының ішінде ақын Тайжан бейнеленген. Соның бірнешеуі «Қазақ әдебиеті» газетінің 1934жылғы 7 июльдегі 16 санында « Тайжан ақын» атты мақалада басылған. Авторы ІІІахмет Құсаинов. Өз мақаласында Шахаң Тайжанның ақындық қуатын қазақ поэзиясындағы оның ақындық орнын, өнердегі өмір жолын терең толғайды: -Терең елдің думанына көрік беріп келген кісінің бірі ақын Тайжан Қарсақбай маңындағы Бағаналы-Найман, танымал Үкілі Ыбырайдың жиені. Ол ақындық жолында он екі жасынан Қыр мен Сырға аты мәлім, белгілі жүйрік сырнаймен ән салып, жыр жырлайды. Домбыраны да толық игерген. Өзінің кішігірім мақаласында Тайжанның өперпаздық шеңберін оқырманға толық жеткізеді. Авторға Тайжанның ұнайтындығы, оның әзілқойлығы, сықақшылдығы көрермендерін риза қылып күлдіріп отыратындығы. Төрт ақын түскен суретте Жамбыл, Тайжан, Қали мен Кенен бейнеленген. Сурет «Социалистік Қазақстан» газетінің бірінші бетінде басылған. Бұл сурет сол кездегі халық ақындарының бетінде басылған. Бұл сурет сол кездегі халық ақындарының арасындағы беделін, олармен сыйлас-сырлас болғандығының куәсі терезесі тең екенін көрсетеді. 1936 жылдың көктемінде Алматыда халық өнерпаздарының екінші слеті болады. Бұл слеттің маңызы мамыр айында Мәскеуде өтетін бірінші онкүндікке (декадаға) кандидаттар таңдап, оларды бекіту, жалпы саны 360 адам, ақындары 10 адам. Осы жолғы Алматыға барған сапарында 16 жастағы үлкен ұлы Әшімханды да ала барады. Замандастары оған да өнердің қонғанын айтады. Оның әншілігі 1933 жылғы өткен Байқоңырдағы кездесуде байқалғанда көрермен тілге тиек етеді. Слеттерге қатысуы ақынның алғашқы үлкен сахнаға шығуы еді. Тайжекең ерекше көзге түсті. Өмірдегі өз орнымен бағасын алады. Аты халыққа кеңінен танымал бола бастады. Тайжекең бұл слеттерге Қарсақбай ауданының өкілі болып, делегат болып сайланған болатын.
ТАЙЖЕКЕҢ МЕНІҢ ӘКЕДЕЙ БОЛҒАН
ЖЕЗДЕМ БОЛАТЫН
Ақынның әнін тыңдап, өнерін тамашалап, соңына еріп, жол серік, атқосшы, көмекші болған, батасын алған, ақыл- кеңестерін алғандардың соңы мен болармын. Ол кезде мен 7-8-дегі оңы мен солын онша айыра қоймаған жас бала едім. Бүгінде Айт-Талқаншы елінің үлкені, мыс шаһарының ақсақалдарының бірі болдым. Кешегі Тайжекеңмен өткен 2-3 жыл бүгінгідей көз алдымда, дауысы мен үні әлде де құлағымда естіліп тұрғандай. Менің әкем Мұқан атақты Жабай қажының тұңғыш немересі, Өлмесек апайдың інісі. Он саусағынан өнер тамған, 37 мүшелі жасында дүниеден озды. Апай мен Тайжекең сол жылы бұл аймақта жоқ болатын. 1920 жылдан оңтүстік аймақты Сыр бойын мекендеп, тек 1939 жылы атамекеніне келді. Кейбір деректер де 1935 жыл деп келтіреді елге оралуын. Тайжекең Қарсақбайға көшіп келіп орналасты, артынша Айыртауға келіп әкейге көңіл айтып, жезденің маған әке қамқорлығын жасайтындығын бүкіл елге, қайын-жұртына хабардар етті. Осы күннен бастап маған үзбей қамқорлығын аямай қайда барса атының артына мінгізіп алып, ел-жұртты аралағанда мені жанынан тастамады. Негізгі баратын жеріміз сол кездегі Лениншіл, Үлкенбұлақ, Айыртау, Үлгілі, Аралтөбе колхоздарының аймағы. Күндіз ән-жыр тыңдаймын, түнде бір төсекте қойнына кіріп жылынып жата кетіп, күні бойы шаршаған ойын баласы тәтті ұйқыға кірем де кетем. Акынмен жүргенде тамағың тоқ, көйлегім көк, былайша айтқанда армансыз жанның біріне айналдым. Маған жүктелген жұмыс та онша ауыр емес. Ақынның көлігіне сырнай-домбырасына, киім-кешегіне, ер-тоқым, жүген тізгініне, қамшысына, насыбай шақшасына ие болу. Қол бала болып іздегенін тауып беру, көлігін айдап уақытылы жол жүруге дайындау. Ал, көлігін ерттеу, жолға қажет заттарды дайындауды жездем өз міндетіне алды. Міне 2-3 жыл екеуміз ынтымақпен, тату-тәтті өмір сүрдік. Мені еркелетіп «Қара бала» деп атап кетті. Арнайы маған деген баталары да бар, оны осы туындыда Әбдікәрім баласы келтірген. Ақын қыста көбіне Қарсақбайда, жазда жайлауда өзінің кіндік кескен туған жеріне бармай біздің үйдің жанына өзінің төрт қанат ақ отауын тігетін. Онда қоныстайтын Өлмесек апам мен кенже ұлы Советхан. Апайдың апасы, менің әжем Қалишаны ақын өте қатты сыйлайтын, айтқанын екі етпейтін, оның үстіне менің әкем, әжемнің үлкен ұлы, Өлмесек апамның өзіне тетелес інісі қайтыс болғаннан соң енесіне аяушылықпен қарайтын, айтқан сөзін екі етпейтін.
- Шеше не тапсырмаңыз бар, - деп жол жүріп бара жатып қайталап сұрап жататын.
Тайжекең біздің елге қайын-жұртына өте беделді, сыйлы болды. Тайжекеңмен басқа жезделеріндей қатты ойнамайтын, қалжыңдамайтын. Әкесіндей сыйлап құрметтейтін, алдынан кесіп өтпейтін. Алыс жолға шыққанда «Мынау сендерге» деп, ескерткіш сыйлық та әкеліп тұратын. Ал маған өз басыма көрсеткен құрметі, қамқорлығы зор, оларды өзінің бел баласы Советхан мен Қасымханға да көрсете қоймайтын. Ол уақытта елде радио, телефон деген жоқ, бірақ ақынның қай жерде жүргенін, қайда баратынын хабарламай-ақ біліп отыратын. Келген жеріне хабарламай-ақ тыңдаушылар жиналып отыратын. Тайжекеңнің тағы бір ерекше қасиеттері аймақтың ру-шежірелерін өте жақсы білетін, оларды ретімен талдап, таратып беріп отыратын. Кездесудегі жыр бұлағын осы қатысып отырған үлкендердің ата-тегін, бабаларын өлеңге, жырға қосатын. Мақтауды кім жек көрсін тыңдаушылар ақынға ақшалай, малдай сый-құрмет көрсетіп жататын. Оларды ақын жанындағы қосшысы болған менің алдыма әкеліп үйіп-төгіп тастайтын. Егер соларды жинағанда ақын байлардың аймақтағы біреуі болар еді. Тайжекең біреуден алса, екіншісіне таратып беріп жатады. Осы ерекшелігімен ақын «Жомарт Тайжан» атанған.
Өзі туралы:
Байлардан атан да алдым, шапан да алдым,
Ақшаны жүздеп алып қатарладым.
Табиғат сондай өнер берсе дағы,
Бай болып ел-жұртыма атанбадым.
Қат-қабат табысымды елге бөліп беріп,
Белгілі «Жомарт Тайжан» атанғаным - деп қорытындылайды.
Ақынды еркелетіп біздің ауылда әнұран сияқты күнде балалардың айтып жүретін өлеңдерінің қайырмасы әлі есімде, ол жыр ақын ауылға келгенде шырқалады.
Кәрі ағаш жас ағашқа сүйеу болған,
Тайжекең біздің елге күйеу болған - деген.
Ақынның да таңдауы тамаша болған. Ақынның көңілі кетіп, көзі түскен болашақ жары аймаққа аты әйгілі болған Жабай қажының бауырына салып, аялап өсіріп отырған лашын құсы біздің Өлмесек апай болатын. Менің әкемнің бірге туған апасы. Қалмағамбет құда Жабай қажының алдынан өтіп, ырым- жоралғысын жасап, жол салғаны өткен ғасырдың аяғы болатын. Екі құданың, екі болашақ жардың да тұрақты мекені Ұлытаудың інісіндей болған Айыртау болатын. Бірі таудың шығыс жағында, екіншісі батыс жағында мекендеген. Бірімен бірінің «ау» десе айқай дауыстары естіліп тұратын. Бұл құдалықтың алдында да төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан екеуі де Сарғалдақтың балалары болатын, екеуі де бір-біріне танымал. Біріншісі Оразай (Ауызбек), екіншісі Айт (Талқаншы). Олар бірінің сөзін екіншісі жерге тастай көрмеген. Сыйластығы сан алуан замандастар келісімін беріп, бірі батасын алып, болашаққа бел байлайды. Бұл уақытта болашақ күйеубала ақын Үкілі Ыбырай ауылында жол сапарда жүрген болатын. Қажы атамыз аймаққа өте танымал, Меккеге екі рет барып келген. Қазіргі айт руының құтты мекенді жайлаған Тайкеткенде жерленген. Басында қойылған белгі бар. Өлмесек апай қажының бағында қызғалдақтай гүлдеген алғашқы сүйікті немересі еді. Бұл атамекен Ұлытаудың ең бір шұрайлы жері еді. Алматыдан келген бір ғалымды осы жерге апарғанымда таң қалып:
- Мына жер Қазақстанның Швецариясы ғой, - деп таңданғаны бар. Атамыздың атына байланысты Жабай бұлағы, Жабай сайы, Жабай өткелі, Жабай тоғаны деген атаулар осы күнге дейін сақталып келеді. Елімізді отырықшылыққа егін егіп өзінің рулы еліне қамқорлық жасаған да біздің атамыз болатын. Айт елінің кейінде « Талқаншы» атануы да елдің кәсібіне байланысты екен. Ұлытау өңірінде тұңғыш егіншілікпен айналысқан біздің атамыздың атымен тығыз байланысты. Ел арасында «Жабай қажы айтқан екен» деген аңыздар, мақал-мәтел, нақыл сөздер барлық. Бұл жағдайларды талдап отырғаным Тайжекең де кімнен қыз таңдауы тегін емес, ақын болып қалыптасуына біздің апамыздың орны өзгеше. Ол кісі әрі жар, әрі серік, әрі ана, әрі ақылшы болған жан.
1937 жылы Тайжекең қамалып, хабар-ошарсыз кеткеннен соң, ақыннан қалған бес баланы оқытып, өсіріп, мамандык беріп армандарына жеткізген. Ұлдарын - ұяға, қыздарын – қияға ұшырып қондырған да біздің Өлмесек апай болатын. Сыр бойынан көшіп елге келгеннен соң ақын бізге қайын- жұртына көмектесіп, қолұшын бере бастады. Оған тағы бір себеп болғаны әкем Мұқанның дүниеден озғаны болды. Екі сөзінің бірі: «Шешей не дер екен, не айтар екен?» — деп, мәселенің шешуін менің әжеме әкеліп тірейтін. Ол кісінің айтқанын екі етпейтін, міндетті түрде орындайтын. Бала да болсам жолда кетіп бара жатып ат үстінде маған мазмұнды ақыл-кеңесін, әңгімесін айтатын. Оның кейбіреуін онша ұға қоймаймын, бірақ, ынта қойып тыңдаймын. Тайжекең балаларын өте жақсы көріп аймалап өтті. Өте балажан адам еді. Кездескен балаларды маңдайынан иіскеп сүймей, бауырына баспай өтпейтін. Бір ауылдан екінші ауылға сапарға шыққанда:
- Өмірбек шаршаған жоқсың ба? - деп сұрап та қоятын, өзінен гөрі жанындағы менің қамымды ойлап, қамқорлық жасайтын. Ақынның аялы алақаны, маған деген қамқорлығы, ел-жұртына деген сый-сияпаты осы күнге дейін есте, оны өмір бойы біз ұмытпақ емеспіз.
Ақынның біздің ауылға әрбір келуі үлкен мереке, жалғасып жатқан ойын-той, қызық думан еді. Олардың ұйытқысы менің жездем ақын Тайжан.
ТАЙЖАН ЖӘНЕ ЗИЯЛЫЛАР
Өзінің 58 жыл-ақ өмірінде көптеген Арқаның асылдарымен жақын қарым-қатынаста, достық та болып, көптеген мәселелерді сырласып шешті. Олар: Иван Деев, Әліби Жангелдин, Ә.ІІІәріпов, Амангелді Иманов тағы басқалар. Иван Васильевич Деев біздің жерге 1913 жылы патша үкіметінің революцияға қатысты жұмыстары үшін жер аударып, Байқоңыр кентіне жібереді. Бұл сапары И.Деев үшін өте қолайлы, әрі тиімді болады. Біріншіден, өз мамандығы бойынша дәрігерлік қызметін атқарып, 15 төсектік аурухананы басқарады. Екіншіден, өзінің жасырын революциялық жұмыстарын жалғастыруға толық мүмкіндік алады. Үшіншіден, Байқоңырда үйленіп, балалы-шағалы болады. Төртіншіден, Арқаның көптеген асыл да зиялы адамдарымен танысады. Бесіншіден, осы аймақта кеңес үкіметін құруға атсалысып ревкомның төрағасы болады. Салынып жатқан тұңғыш Қарсақбай мыс зауытына директор болып тағайындалып, Мәскеу арқылы ел басшыларының қабылдауында болып осы зауыттың ертеңгі тағдырын да шешкен осы кісі болатын. Осы Байқоңыр- Қарсақбай аймағында жүріп ақын Тайжанмен де танысады. Қаныш Сәтбаев Қарсақбайға тұңғыш жұмысқа келгенде оған ақынды таныстырған да осы Деев болатын. Олар бір-бірімен ағалы-інілі сыйлас адамдар болды. Бір-бірімен өнермен өлең саласында, араласып дастархан басында да кездесіп тұратын, соның бірен-саранына мен куә болдым. 1931 жылы Голощекин мен Сәбеңнің Қарсақбай сапарында оларды қарсы алған өлең жырмен шашу шашқан, Қанекеңнің өтінішімен Жосалы станциясына дейін шығарып салған. Оларды өлең-жырға бөлеген де осы Тайжан ақын болатын. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан қалашықпен оның зауытына Тайжекең сахнасыз театры болды. Халық көп жиналатын жерде сол ақын жүретін, оны алыстан дауысынан- ақ ажырата білуге болатын. 1958 жылдың қазан айының орта кезі. Телефонмен хабарлап зауыт директорының кабинетінде алғаш директор И.Деевпен кездесу болады деп бізді жинастырды. Бұл бас қосу зауытының іске қосылуының 30 жылдығына арналған болатын. Деев үлкен оратор екен, жиналыс үш сағаттан артық уақытқа созылды. Сұрақтарға жауап беруде. Ұзын бойлы, талдырмаш, егде тартқан адам. Кеудесінде таяуда ғана таққан Ленин ордені жалтырап көз тартады. Бұл жолы Қарсақбайға Қазақстан Компартиясының лекторы ретінде бізбен кездесуде. Зауыт құрылысындағы болған киындықтарды да талдап жатыр. Өзінің әріптесі бірге жұмыс істеген жора-жолдастарын да сұрастырып қояды. Соның бірі ақын Тайжаннан не хабар бар деп сұрастырады. Сол кездесудің алдында 20 жылдан кейін ол кісі ақталған болатын. Ол жақсы хабарды естігенде Деев балаша қуанды. Тайжекеңнің революция алдында кездестіргендерінің арасында Амангелді Иманов та бар болатын. Ол өзінің нөкерлерімен Байқоңыр-Қарсақбайға жиі-жиі келіп тұрды. Оған қажеті жауынгерлеріне қажет оқ-дәрі, қару-жарақ. Тайжекең Амангелдінің мұң-мұқтажын түсіне біле қолынан іс келетін жандарды ұйымдастырып, отрядын қаруландыруға тікелей кірісті. Бұхара халықтың арасында беделі күшті, айтқан сөзін екі етпейтін. Екі бірдей қалашықтың ұсталары қару-жарақ жасауға кірісіп-ақ кетті. Тайжан мен Амангелдінің арасы жәй бір таныстықтан достыққа айналды. Қазақ ақын-жазушыларының арасында Амангелді Имановтың бейне-образын өлең-жырмен тұңғыш қалыптастырған осы ақын Тайжан болатын. Қысылып ақыл- кеңес қажет болғанда ақынды іздетіп тауып алатын. Батырдың қазасына Тайжекең көп қайғырып жырға да қосты. Әліби мен жазушы Шәріповпен де жақсы қарым-қатынаста болды. Өзінің ақындық суырып салма өнерімен кімді де болса өзіне қаратып алатын. XІX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басы Тайжан үшін өте жайлы, шабытына жырына үн қосып, еліне-жұртына танымал бола бастады. Ел аралап жүріп те әйгілі, атақты адамдармен таныстығын жалғастыра түсті. Ұлытау аймағындағы ақындармен жиі-жиі айтысқа түсіп тұрды. Олардың көбінің ұстаздары болып қалыптасты. Олар Иманжан Жылқайдаров, Айтбай Досжанов, Нияз Ожанов, Ибрагим Баймолдин, Болман Қожабаев, Нұрғали Итембаев, Әжиакбар Балканов, Нүрасила Бәрменбаева т.б. Міне, осыншама ақындардың арасынан слетке, Мәскеудің онкүндігіне Тайжанның делегат болып баруы Ұлытау- Қарсақбай өңірінен кездейсоқ жағдай емес...
ТАЙЖАН МЕН ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ
Ақын жөнінде сөз қозғала калса, алдымен атақты Ыбырай Сандыбайұлының аты аталары сөзсіз. 8-9 жасында ән сала бастап, 18 жасында сал-серілік жолына түсіп, «Үкілі Ыбырай» атанған сазгер атақты «Гәкку» әнін жас кезінде дүниеге әкелген нағашысы. Міне, осы жасында Тайжан да ақындығын Арқаға таныта бастады. Екеуінің арасында туысқандық қарым- катынас та бар. Тайжанның анасы Мейіз Ыбырайдың туған апасы, яки туған жиені. Тайжанның ақындығына осы жағдайдың себебі де болған шығар. Тайжан бала кезінен ән- жырға әуестене бастайды. 9 жасында Тайжан бір күні түс көріп, ұйқысынан: «өлең, өлең алам» - деп шошып оянады. Түсінде аян берген біреу «көген аласың ба, өлең аласың ба?» - деген сауалына, «тек қана өлең» - деп жауап беріп ұйқысынан тұрған екен. Түсін әкесі Қалмағамбетке жорытады. Осыдан кейін-ақ Тайжан өлең жаттап, ән салып, тіпті жеңіл- желпі өлеңдерді өзі де құрастыра бастайды. Демек бара-бара ол елге сайқымазақ, жеңіл мінезді болып көрінеді. Кім көрінгенді өлеңмен қағытып мазалай бастайды. Туысқандары жағымсыз мінездері үшін оны байлап та тастайды. Баланың бойында өнерге таланты бар екенін сезген ауыл қариясы:
- Баланы ЬІбырайға жіберіп болашағы жөнінде бағыт- бағдарлама мен батасын алсын, - деп кеңес береді. Түйе керуенге ілесіп шаршап-шалдығып келген туған жиенін Ыбырай құшақ жая қарсы алады. Қазақ өнеріне Ақан мен Біржандай ұлы таланттар тудырған Көкшенің өңірі Тайжан ақын үшін ән мен жырдың жаңа бір әлемін ашқандай болады. Тайжанның Көкшетау сапарында жанында серік болсын деп қосқан Айнатасов Жанай деген бір пысық та өткір жігіт болады.
Үкілі Ыбырайдың қасында бірер жыл еріп, үлкен өнер мектебінен өткен бала Тайжан дала дүлдүліндей дараланып, ерекше көзге түсе бастайды. Өнердің мөлдір қойнауынан сусындаған балғын талант бойына сіңірген өнерін өзінің туған өлкесіне жеткізуге асығады. Сүйген қызын аңсаған «Сақ-сақ» деген өлеңін де осы кезде шығарған болатын. Әні де бар. Бұл өлең Тайжекеңнің сазгерлерінің басы болған, тұңғыш туындысы еді. Ұлытау өңіріне тез тарап, халықтың сүйікті өлеңіне айналды, бір ауылдан екінші ауылға тез тарап жатты. Алғашқы ақын болып қалыптасуы 15-16 жасынан Сандыбайдың Үкілі Ыбырайының ауылынан басталады. Нағашысына барып танысып, білісіп ақындыққа деген ақ жолға бата алуға барады. Жолы қиындау болғанымен сапары сәтті болып, ЬІбырайға өзінің өнерімен жан-жақты танымал болады. Талай туындыларын тамашалатып, айтыстарға түсіп шыңдалып, Үкілінің сынағынан өтеді, үлкен өнер мектебінен дәріс алады. Жиендікке берген мал-мүліктерден бас тартып батасын алып қайтады. Ақынның бұл сапары халық университетін бітіргенмен пара-пар болғандай. Тайжекең қанша Көкше жерінде болса да жүрген жері ойын-сауық, қызық жиындар, айтыстар мен той-домалаққа жолы болды. Осылардың ішінде Көкше арулары да аз емес еді. Ақынның көзі түспегенмен ақынға түскен көздер аз болған жоқ, бірақ оның біреуіне де ақын көңіл бөлмеді, көз салмады. Бірде ат үстінде жол жүріп келе жатып Үкілі ЬІбырай жиеніне не дер екен деп сөз тартады:
- Жиенжан еліңе қайтатын кезің де таяу, Ұлытауға екеу болып қайтатын бұл жерде саған тең ару жоқ па екен? - деп сауал қояды. Сонда осыған дейін сыр білдірмей келген Тайжан нағашысына сырын шертіп, барлық жағдайды түсіндіреді. Оны өлеңмен өрнектеп:
Ұғындым сөзіңізді нағашы аға,
Салмаймын сізді ешбір арашаға.
Сұлу бар біздің елде өркен деген,
Құдайым оны ғажап көркемдеген.
Таңсығым бал шырынын үзіп татпақ,
Аққуға балап үнді, лала гүлдей,
Өсірген ата анасы үздік баптап.
Қалқаның құлағынан кетпес үні,
Бұлбұлдың бұлағындай сыбыры бар.
Бұл өлең жолдарын естіген соң Ыбырай жиеніне батасын береді.
Осы кезде Тайжанға әкесінен хат келіп, онда ұлына ауылға «тез жет», - деп хабарлайды. Көкшемен қоштасып Үкілі ЬІбырайдан «Ақын Тайжан» деген қасиетті де киелі өмірлік серік болған ат алып еліне қайтады. Көкшеден оралғасын көп ұзамай Тайжекеңнің үйлену тойы да өтеді. Айыртаудың Қарағанды сай деген жерінде үлкен әжем Қалиша маған:
- Өлмесек тойы осылай өтіп, - еді деп аңыз етіп айтып отыратын.
Сәбит Мұқанов өзінің «Есею жылдарында» деген туындысында жазғандай Тайжанның түр тұлғасы да, бет- бейнесі де айнымаған Ыбырай. Тайжан қара сақал, қара мұртты, мінез-құлқы Ыбырайдан бала кезінде жеңілтек, ойнақы, қалжыңбас, сықаққой, күлегеш адам болғанын жазады. Көкше бағытында Тайжан сапарында алғашқы кездесуінде қоштасарда бата сұраған өлең жолдарын келтіре кетуді жөн көрдік. Танысу өлеңі:
Егіз туған анадан Арғын, Найман,
Халқым сүйіп атым қойған Тайжан.
Қарауылда бөтен еш жұмысым жоқ,
Бата алғалы келіп ем Ыбырайдан.
Қоштасарда:
Қалмағамбет баласы атым Тайжан,
Еркелетіп атымды халқым қойған.
Орта жүзде еркін өскен Арғын-Найман,
Бата алдым нағашым Үкілі Ыбырайдан.
Ал Үкілі Ыбырай болса «Менің жиенім көңіліме көл қондырып, жанымды жайлауға қондырған алқамды жүйрік екен» — деп ризашылығы мен батасын берді. Көңілін көтеріп, риза етіп жиенін алыс жолға шығарып салады.
ТАЙЖАН АЙТЫС АҚЫНЫ
Ақын жеңіліп, жауырыны жерге тимеген айтыс ақыны, әсіресе намысқа шабатын жыры суырып салма айтыс өнерін жарқырата көрсететін. Айтысқа арқасы қызып құлшына кірісетін еді. Тайжанның алғашқы айтысына Көкше жерінде Ыбырай қолқа салады, одан ол сүрінбей өтеді, онда нағашысы: Қандай жайсаң мен жорға жарысқа салсақ да бәйгеге жарап қалған екенсің, - дейді ризашылығын білдіріп, батасын да береді. Өз өмірінде Тайжан айтысқа көп түскен, көбіне сол айтысқан жерінде өлеңдері қалып отырған. Бүгінде Тайжан айтыстары жинақталмаған. Айтыстары, қайтарған жауаптары оның өте ірі ақын екенін көрсетеді. Жауаптары дәл атылған оқтай нысанаға тиіп жататын. Қолдағы бар айтыстарын талдап отырсақ, ақын бейнелеу тәсілдерін кең қолданады. Айтыс өлеңдерінде әсерлеу, салыстыру, теңеу құралдары кеңінен пайдаланады. Айтыста Тайжан ойлап сөйлеп, болжам айтып, ойындағы айтайын деп отырған пікірін қара сырнай тыңдарманға қоса жеткізеді. Айтыстағы Тайжанның әсерлі әуені, сүйкімді дауысы, қызғандағы екпіні айтыс әнінің бағасын көтеретін, бағытын танытатын. Әсіресе айтыс уақытында сермей тартқан сырнайы, саңқылдаған самал дауысы айтыстың сәнін келтіріп отыратынын талай көріп тыңдадым. Ал мөп-мөлдір көз қарашығы жас ботаның көзіндей, айтыс уақытында жан- жағына ойнақшып отыратын. Ұзақ айтыстардың өзінде Тайжан әлемді өзіне табындырып, шаршағанын білдірмейтін. Қайта айтқан сайын дауысы ашыла түсетін, сөз өнері құйындай төгілетін. Ал тыңдаушылар болса:
- О пәлі!
- Айта түс, Тайжеке!
- Мың жаса!
Көптің көтермесе ақынды шабыттандыра түсетін ақынның ән бұлағының көзі ашылатын. Кейін өсе келе Нартай, Қазанғап, Орынбай, Үмбетәлі, Керімбай сияқты ақиық ақындармен айтысып тізе бүктірген. Өзінің жерлестері, тетелес інілері Болман, Нұрғали, Иманжанмен талай кездесіп айтысады. Көптеген айтыстары бүгінге дейін ел аузында. Сыр бойындағы айтыстары жинақталмай жүр, мұрағаттары да бар деген деректер бар, әсіресе жеті ақынмен айтысы үлкен бір дастан. Түркістан, Шымкент, Қаратау, Арал мекендеріндегі айтыстар да сондай. Айтыстарының қайсыбірі болмасын, ақын айтқандары жүрекке жайлы, көкірекке қонымды. Әсіресе ақын өзі орындағанда өлеңдері түрленіп құлпыра түсетінін мен көрдім, тыңдадым. Бүгінде сол жағдайлар көз алдымда.
Ақын Тайжан атты лирикалық поэмасында К.Салықов:
Думан той жүрген жері сауық сайран,
Тайжекең алмас тұяқ, нағыз асыл.
Әрі әнші, әрі ақын, әрі өнерпаз — деп жырлауы Тайжанға берген шын бағасы болатын. Тайжанның жеті ақынмен айтысы деген ұзақ жыр, ол Сыр өңірінде аңыз болып, ел арасына тарады. Өкінішке қарай бұл айтыстардың көбі бүгінде қолда жоқ. Негізінен алғанда Тайжан таланты осы жеті айтыста жатса керек.
СӘБИТ МҰҚАНОВ ПЕН АҚЫН ТАЙЖАН
Сәбең 1931 жылы астанадағы «Қызыл профессура» оқу орнында оқып жүрген уақыты болатын. Жазғы каникулға шыққан беті. Алматыға келгенде Орталық Партия комитеті Сәбеңді іздеп таптырып, бірінші хатшымен бірге Қарсақбайға баратынын баяндап, ұсыныс жасайды. Оған Сәбең келісімін береді. Ұлытау, Қарсақбай аймағын бұрын-соңды көрмеген болатын. Әрине жол өте ауыр. Жосалы станциясына дейін поезбен жетіп, одан орі 450 шақырымды машинамен жүреді. Бұл сапар осыдан үш жыл бұрын өзінің қара мысын беріп, бүкіл одакқа танымал болған өндіріс орнының тыныс- тіршілігімен танысып білу еді. Халықтың қал-жағдайын көзбен көріп, қолдап келген көмекті көрсету болатын. Шаршап- шалдығып келген сыйлы қонақтарды зауыт басшылары мен өнер саңлақтары Иманжан мен ақын Тайжан қарсы алады. Бірге жүріп, бірге тұрып қонақтарға өлке тарихын таныстырып, олардың жол серігі болады. Голощекин бірер күн зауыт жұмысымен танысқаннан соң астанаға қайтады. Ал Сәбеңмен бірге Тайжан мен Иманжан қалады. Екеуінің өнерімен, ән-жырымен әндерімен Сәбит сусындайды. Жазушы көмір, кен шығаратын шахталардың жұмыстарымен, өндіріс майталмандарымен танысады. Есте қалған осы сапарын өзінің туындыларында толық жазады. Тіптен жер асты шахталарына да түседі. Сәбең Арқа ақындарына өз бағасын беріп, оларды да қанаттандырады. Жолдары өте ауыр болса да екеуі бірдей жазушыны Жосалы станциясына дейін шығарып салады. Жазушы мен арқа алыбының бұл сапары тарихи кездесуі болды деп айтуға болады. Бір айдан асқан уақыт ішінде Тайжекең бар өнерін, жиған-тергенін Сәбең алдына жайып салады. Осы уақыт ішінде біраз жаңа туындылары да пайда болады. Осы кездесуден соң Сәбеңмен Тайжан екі рет өнерсүйердің слетінде, бір рет Мәскеудегі онкүндікте ағалы- інілідей сыйласып, бір-біріне құрметтеп дүниеден өткен аяулы жандар болды. Дастархан басында жол жүріп бара жатқанда Тайжекең өлең-жырдың бұлағын ағызып отырды. Тайжекеңнің мұндай қасиетіне риза болып таң қалатын. Ақын жырлары өзінің әсерлі дауысымен Сәбеңнің айызын қандырып, әндерін ерекше ықыласпен ұйып тыңдады. Сәбең Тайжан өлеңдеріндегі сөз құдіреті күшті нағыз дала дауылпазы, ақпа-төкпе ақын екен — деп бағалайды. Отырған жерін күлкі қуанышқа бөлеп жүреді екен. Ол тек әнші, жыршы ғана емес, үлкен сахналы әртіс, көбіне цирк әртісіне көп ұқсайды екен, - деп есіне түсіреді Сәбең. Тайжанның өте жақсы білетіні Біржан, Ақан сері, Балуан ІІІолақ, Ғазиз, Құлтуманың әндері. Олардан басқа ЬІбырай Сандыбайұлының ән-жырлары. Онымен жүргенде байқағаным Тайжан таусылмайтын ән бұлағы, жыр қоймасы, - деп бағалаған Сәбен. С.Мұқанов: Тайжанмен Қарсақбайда танысуым маған зор қуаныш әкелді, - деп жазған өз естелігінде.
ТАЙЖАН МЕН ҚАНЫШ СӘТБАЕВ
Болашақ академик, инженер-геолог Қарсақбай жеріне 1926 жылы шаршап-шалдығып, болашақ бағын ашатын кен байлығын «Қалай дамытар екенмін?» деп армандап келгенде. Алдынан бұрын естіген бірақ көріп таныса қоймаған ақындар шығып, ауыр ойлар күдігін сейілткендей болды. Олардың геологпен кездесуін ұйымдастырьш қамқорлық жасап жүрген И.В.Деев болатын. Олар аттары Қарсақбайдан әрі әлі көп тарап шыға қоймаған Тайжан, Болман, Иманжан ақындар болатын. Тайжан ақынмен Қапекең өте жақын қарым-қатынаста болды. Жас айырмашылығы 20 жылдай болса да олар бір- бірімен ағалы-інідей түсіне алатын дос-жолдастай сыйласты. Инженер-геолог ретінде емес, өнерлі адам оның жанашыры деп есептеп, сол келген жылдан бастап Қарсақбайға ақынның өнерімен, өлеңдерімен танысты. Бір-бірімен араласып дастархан басында кездесіп, жанына ғалым Таисия Алексеевнаны ертіп алып, оларды ақын үйінде көріп дидарласқанды. Қанекең жастыққа сүйеніп шынтақтап жатып апайдың сүт құйған қою шәйін ішіп:
— Шіркін, жеңгейдің шәйінің несін айтасың, — деп таңданьш та қоятып. Уақытьш текке өткізбей дәм үстінде ақын сырнайымен әнін шырқап, жырын жырлап отыратын. Мұндай екі алып адамдардың кездесулері Қарсақбайда, Ұлытау. Жезқазган жерінде жалғасып жатты.
1934 жылы Қанекең Жезқазған проблемаларымен Орджоникидзенің қабылдауында болмақшы екен. Қанекең ақынға қолқа салып, Орджоникидзеге «Серго» деген атпен арнайы өлең шығартады. Оны Сәтбаевтың қолына береді. Өлең орыс тіліне де аударылады да Сергоның қолына тапсырылады. 1937 жылы ақынды НКВД репрессияға ұшырап жатқанда ғалым қатты қайғырады. Бірақ оған көмектесу мүмкін болмады, мұндай ауыр жағдай Қанекеңнің өз басында да болып, бұлт төнген еді. Тайжан Мәскеуге декадникке баратында оны шығарып салып, астанадан күтіп алған Қаныш аға болатын. Қаныш ақынға деген өз бағасын өмірлік етіп артынан қағаз бетінде қалдырып кетті. Қанекең: «Тайжекең қазақ мәдениетін жоғары дамытуға үлес қосқан аяулы жан. Өркендеген өнердің шаңырағын көтеріскен өнер иесі» - деген. Бұл сөздерді ақынның бағасы, еңбегі мен қадірлі қасиетін бағалайды.
ЖАМБЫЛ МЕН ТАЙЖАН
Ақын К.Салықов Тайжанға арналған лирикалық поэмасында:
Жел тұрса желікпелі жанған оттай,
Дүбірге қыза түсер саңлақ ақын.
Кезінде Жамбылменен де аты ұласқан,
Мәскеуге әсем әнмен шашу шашқан — деген.
Өмірінде Тайжан Жамбылмен талай кездесіп, дидарласып, достасып та кеткен. Жас шағында біраз айырмашылық болса да өнердегі таланттары бір-бірінен кем түспеген. Оны Жакең уақытында мойындаған болатын. Мәскеудегі 1936 жылғы онкүндікте сахнаның шымылдығын ашуды 360 декадаға қатысушылардан ақын Тайжанға тапсырылуы соның айғағы да болар. Қос жыр алыбы өнер өткелдеріне жұптарын жазбай өтіп жүрді. Ең алғаш кездесуі, дидарласуы, бірін-бірі өлеңмен, жырмен сынасып достасуы 1934 жылғы өнерпаздардың республикалық бірінші слетінде басталған. Ол Жакеңнің 90 жасқа келіп қалған болатын. Жамбыл слетке қатысқан ақындармен өлеңмен жеке-жеке сынап, Жамбыл оларға өз бағасын берген. Соның ішінде Қарсақбай ауданының өкілі, Арқаның алып акыны Тайжан ақын Жамбылға үлкен әсер етіп, ойлаған ойынан шығады. Оны ерекше бағалап сый- құрметке бөлейді. Слетте Тайжан Жамбыл жанынан орын алады. Слетке қатысқан Кенен, ІІІашубай, Нұрпейс, Доскей ақындардан Тайжан өнер сайысында үздік көрініп, сахнада ел көзіне түсіп жүлделі орынға ие болады. Сол жылғы 21 маусымында Үкімет қаулысымен халық таланттарының байқауының қорытындысы бойынша екі алып ақынға Республикалық мәнді дербес зейнетақы тағайындалады. Жамбыл бағасын алған, батасына бөленген Тайжан одан әрі жігерлене түседі. Жыр бұлағының көзін ашады, оның отты туындылары осы кезеңнен бастап кеңейе түседі. Бір өлеңінде:
Кімің бар меніменен шайқасатын, Күшім бар Жамбылмен де байқасатын, - деп, Жамбылдан кем түспейтінін аңғартады. Екінші рет өнерсүйер ақын, әншілердің Мәскеу сапарының, алдында өткен жиынға үлкен ұлы Әшімханды ала барып танымал өнер саңлақтарымен таныстырып, Әшекең Жамбылдың батасын алады. Мүмкін осы жыр алыбының батасының арқасы болар, соғыстың алғашқы күнінен соңына дейін, ақырғы сағатына дейін ажал аузынан аман қалады. Полковник шенімен елге оралады. Тайжекең слетке екі жылдан соң Алматыға келгенде делегат болып, Жакең мен Тайжан үлкен сағынышпен қауышады. Отбасының амандығы мен денсаулығын сұрасып, бірімен- бірі өмір бойы таныс жандардай құшақтасып, сүйісіп, өлең жырларымен көңіл-күйлерін білдіреді. Осы жолы шақырумен Жамбылдың үйінде қонақта болады. Екеуінің арасындағы ағалы-інілік қарым-қатынас нығая түседі. Мәскеу декадасының 356 делегатының ішінде Тайжан да бар. Мәскеу сапарында Тайжан мен Жамбыл бір купеде орналасып, Мәскеуге барғанша талай сыр сандығының ауызын ашады. Мәскеудің Қазан вокзалындағы фотосуреттер, әсіресе Жамбыл мен Тайжан, Күләш пен Тайжанның түскен суреттері барлығы бірдей орталық газеттерге басылды. Сахна шымылдығын Тайжанға аштыру Жамбылдың ұсынысы болатын. Бұл жауапты тапсырманы Тайжекең үлкен ынта-жігермен, зор жауапкершілікпен орындап, іске асырды. Барлық онкүндік күндерінде Тайжан мен Жамбыл жұбын жазбай күндіз-түні бірге болды. Мәскеудің барлық тарихи орындарын бірге аралап қызықтады. Мавзолейге барғанда Тайжанның алғашқы өлең жыры пайда болып, басылымдар бетінде жарық көрді. Екі алып бірге жүріп бүкіл елге жария етіп кездесулер өткізді. Жамбыл Кремльде ел басшыларының қолынан орден алса, Тайжан Калининнің қолынан Жоғарғы Кеңестің Мақтау грамотасына ие болады. 1938 жылы Алматыда ақындардың келесі кездесуі өтеді. Осы жолы Болман Қожабайұлы Жамбылмен кездесіп, оған Тайжанның қайғылы хабарын жеткізеді. 1937 жылы жазында репрессияға ұшырап «Халық жауы» деп ұсталғанын айтқанда тоқсаннан асқан Жакең уайым-қайғыға бөленіп, көзіне жас алады. Біраз уақыт үнсіз отырып қалады да біраздан кейін ойын жалғастырып:
- Сенің әкең Қожабайды таныстырған нәрлі өлеңдерін кұлағыма құйған да сол Тайжан еді. Көзін жасауратып күрсініп қояды кәрі тарлан.
Еліміздің өнер жұлдыздарымен Сәкенмен, Ілияспен, Сәбит, Мұхтармен өте жақын таныстырып, Тайжанның оларға бағасын жеткізген де осы Жамбыл болып еді. Қос алып бірін- бірі жоғары бағалап, қадірлеп өмірден өтті. 1965 жылы баспадан шыққан «Халық ақындары» деген туындысында Тайжан жөнінде Сәбең айта келе оны Жамбылмен теңдестіріп, өте жоғары бағалайды. Ол да ұлы жазушының ұлағатты бағасы еді екі алып ақынға берген.
ТАЙЖАН МЕН НАРТАЙ
Нартай Бекежанов Тайжекеңді өмір бойы аузынан тастамай пір тұтты. «Үлгі-өнеге алған ұстазым»-деп санады. Өз естелігінде ол:
- Он бес жастағы кезім болатын, - деп бастайды әңгімесін Нартай. Ақмешітке Тайжан келіпті, халықтың бәрі Тайжан маңында екен, - деген хабарды естіп мен де Шиеліден Ақмешітке келдім. Мен Тайжанға шаршы базардың ортасында кездестім. Құлашын сермей тартқан сырнайға шырқаған әнін қосып тұрған Тайжан ақын жиналғандарға ерекше әсер етті. Қолындағы қарасырнай, қобыз, сыбызғы, домбырасын кезек- кезек ән шығарып ойнап жатты. Қызған уақытта қияқтай қара мұрты, көкке өрлеген қыранның қанатындай қушық беті сырнаймен бірге ойнап отырғандай болды. Жазық денесі билеп, шырқаған дауысы ескектеген желді елестетеді. Ән қызған кезде ақын денесі, ірілеп тұрғандай болды. Мұндай ғажап әндерді тыңдағанда өзімді туған елдің әсем табиғатына шомылғандай сезіндім, — деп жазған Нартай Тайжанды алғашқы көргенде. Осы кездесуден бастап екеуінің арасы ағалы-інілі болып жақындай түседі.
Нартайдың есінде ақын Тайжанның орындаған өлеңдері Ыбырайдың «Сүйгенім», «Қарақат көз», «Гәкку», «Жиырма бес», «Желдірме». Біржанның «Жамбас сипары», Ақанның «Құлагері» еді.
Тайжан Нартайға «баста өлеңдеріңді» — дегенде кідірмей ол шырқай жөнелді.
Дәреже ақыл емес қой бәрі бірдей,
Кейбіреулер шауып жүр әлін білмей.
Шапағатың мол болсын, Тайжан аға-ау
Жайма шуақ көктемде жарық күндей!
Байқағанға кені ғой өлең жырдың,
Ән алып келген Арқадан ағамыз, - деп
Тайжан аға келіп тұрмыз алдыңа - дейді.
Нартайға риза болған Тайжанның жүзі жайнай түседі, оның әншілігімен қоса бойында әртіске тән өнердің бар екенін сол кездесуде байқайды да:
- Айт шырағым, құлағымның құрышын қандыр, дауысың бар екен, - дейді. Нартайдың асқақтаған дауысы да өте ұнайды. Өлеңдері қысқа, мәнерлі орындайды. Нартай өнерін сынатайын дегендей:
Шешен адам сүйенер тілмен жаққа,
Тайжан аға, келдіңіз біздің жаққа.
Риза болсын, тыңдаушым, қадірлі аға,
Қызыл тілім сөйлеп қалсын сағатта, — деп бір қояды.
Оған Тайжан:
Нартай көрсеткен өнерің шын жүректен, ІІІығып жүрекке жетті, алда алар.
Өнегең де үйренер өнерің де мол,
Саған арқаның асқақ әнін үйретем, -ден, Тайжан болашақ ойын да білдіреді. Бұдан артық Нартайға қуаныш пен бақыттың да керегі жоқ еді. Тайжан бірге жүрген күндерде Нартайға өзінің әндерін үйретеді, ақыл-кеңесін айтады. Өнер жолы оңай жол емес, тек ерінбей еңбектеніп, ізденсең, талаптансаң әркім мұратқа жетеді. Нартайға Арқа ақыны: «Сенің қолыңнан бәрі келеді, ақын да әнші, сазгер де боласың», - деп үлкен сенім білдіреді. Тайжанның Ақмешіт күндері Нартайға зор әсер қалдырады. Сапар тек Нартайға емес, Сыр бойындағы көптеген жас ақын- әншілерге үлгі-өнеге көрсетіп ұстаздық етеді. Тайжанға еліктеп Нартай енді дауысын 12 тілді сырнайға қосып шығаруды үйренеді.
Тайжан Нартай бірде: - Бата алу деген сөз, батасын беретін адамның бойындағы бар дарынын ұғып үйреніп, бойға сіңіру, асыл сөздерін көңілге тұтып бойға сіңіру Нартай шырағым, осыны зердеңе мықтап ұялат, -деп ақын кеңесін береді. Нартай: - Мақұл, аға бұл ақылыңызды есімде ұстармын деген Нартай Тайжанның осы сапарында Арал, Қазалы, Шалқар, Ырғыз жерлерін аралайды. Ақынның ән-күйін тыңдап, ақыл сөздерін естіп дарытады. Бір айдай уақыттан кейін Нартай ағасынан рұқсат сұрап елге қайтатынын ескертеді. Оған ақын: - ІІІырағым Нартай, бір айдай бірге жүріп, дәмдес болдық, өмір соқпағында талай кездесерміз. Мен сенің талантыңа дән риза болдым. Келешекте сенен үлкен өнер иесі шығады,—деп өзінің бағасын, ой-пікірін білдіріп, есіңде ұста Нартай: — Сенің бойыңда әншіліктен ақындық басым екен дейді. Батасында:
Елге жақсы атын шығып,
Өлмейтін өнегелі атың болсын !— деп Тайжекең батасын береді.
Тайжан Нартайға шөлдеп тұрған далаға жауған нөсер жаңбырдай болды. Сол жаңбырдан нәр алған Нартай дала гүліндей құлпыра түсті. Тайжан әндері оған зәм-зәм суындай қуат беріп, өнер өріне жетеледі. Ақын батасымен Нартай бойындағы өнер бұлағының арнасы ашылып, тасқын селге, суы айдын көлге айналды. Тайжан сияқты домбырасы мен сырнайы қоса ойнайтын Нартай келген жерін сән-салтанатқа, қызық думанға, ән-жырға айналдырады. Тайжан айтқандай ол біржола ақындық қабілетін шыңдай түседі. Ол тек әйгілі ақын ғана болып қоймай парасаты мол елім деп еңіреген, жастарға қамқор үлкен жүректі мейірімді заманының парасатты адамы болды. Осындай Нартай қасиеттерінде Тайжан үлесі де аз емес. Кейінде Нартай мен Тайжан бірнеше рет кездесіп тұрды. Өзара ақыл-кеңес алып, пікірлескен ақындар 1934-36 жылдардағы Алматыдағы Мәскеудегі өнер байқауында, декадада кездесіп жүрді. Екі алып ақында ортақ өнер, өнеге, әуен, қимылы, жүріс-тұрысы, 12 тілді сырнайына дейін ортақ. Бірі қырда, бірі сырда туса да екі дүлдүл ақын одан да жиірек кездесіп тұрды. Ағалы-інілі, ұстазбен шәкірт сияқты болып кеткен жандар. Дара туған дарындылар арасында көптеген жарастықтардың үлкен өнегелі мәні бар. Олар бірін-бірі іш тартып, бауыр басып, жан сырларын ашып тату-тәтті өмір өткізді. Атақты академик Мұханбетжан Қаратаев: «Нарекең дегенде біз дүр етіп сілкініп қаламыз. Себебі бәріміз сол кісінің үнімен, нақыл сөзімен, даңқымен тәрбиеленіп өскенбіз, содан әсер алғанбыз. Нартайды ұстаз деп үлгі тұтып, бауырымыз деп мақтан еттік. Қай елге бармасақ та Абайды, Жамбылды, Тайжанды, Нартайды айтып мақтан тұтамыз», — деп жазған. Белгілі ғалым Ахмет Жұбанов: «Нартайдың бүгінгі дәрежеге жетуі Арқаның ардагер ақыны Тайжанмен кездесуі себеп болды», - деп тұжырымдайды. Тайжан мен Нартайды бір-бірінен бөлмей, бөлектемей бағалау қажет деп ғалымдар ғана емес, көздері көргендер айтып отырады. Нартай Тайжанды ІІІиелі базарында да кездестіріп онда да, Тайжан талантына тәнті болған. Тайжанның ақындығы мен әншілігіне таң қалған Нартай: «Мынау бір көрмеген талант қой, осының бәрі қалай бір адамның бойына сия берген» - деген сөзді де Нартай айтқан болатын. Тайжекең тек Нартайға ғана ұстаздық етіп қоюмен шектелген жоқ. Сыр бойындағы саңлақ әнші ақындарына тәлімгер болып, жарық жұлдыздай жол сілтеді. Бұл жөнінде жазушы Айтбай Хангелдиннің «Қара торғай» повесіне жақсы, толық жазылған. Музыка саласын зерттеуші ғалымдар Кенен мен Шашубайда, Нұрғали мен Болманды да осы Тайжекеңнің шәкірттері деп бағалайды. Ұлытау өңірінен гөрі Тайжекеңнің Сыр бойында өткізген уақыты молырақ. Ол жерде ақындар мектебін ашып оларды ақындыққа баулып үйретеді, ұстаздық етеді. Ал Нартай болса ол Тайжанның ән орындау мәнерін ғана үйреніп қоймай, Тайжекеңнің жүріс-тұрысын, әртістік қасиеттерін, тіпті домбырасын 12 тілді сырнайға ауыстырады. Сонымен Нартай Тайжанға ұқсап өнерге бет бұрады. Бірге жүрген бірер айдың ішінде Тайжекең Нартайдың ынта қабілетін, өнер өрісін байқайды. Өзінің көптеген әндерін үйретеді, ақыл-кеңесін айтады. Оның бәрін Нартай ауызынан суы құрып тыңдайды, менде осындай болар ма екенмін деп армандайды. Осы кезеңнен бастап Нартай Тайжанды өзінің ұстазы ден санайды. Тайжан өнерін, ұшқыр ойын, қанатты қиялын Сыр бойына тастап кетеді. Нартай Тайжан әндерін өз репертуарына кіргізе бастайды. 30 жасқа келгенде Нартай Сыр сүлейі болып атанады. Сыр мен Қырдың ақындарының арасы жақындай түсіп, ағалы-інілі, ұстаз-шәкірт ретінде сыйласып өтті.
Арқа ақыны:
Аралап Сыр бойында серуен еттім,
Ән шырқап талай көш жөнелттім.
Арқадан Сыр еліне ескерткіш деп,
Әнімді мен Нартайға тастап кеттім — дейді.
Ұлы ғалым Ахмет Жұбанов сөзімен айтса: «Тайжан Нартайға үлкен дем берді. Нартайға Тайжан сөздері осы кездесуде қол жетпес шыңдай көрінді. Ақынның ақылды насихат сөздерін Нартай тұла бойына дарыта алды» - депті. Тайжанның өнерінен басқа оның адамгершілігі, қайырымдылығы, сыпайылығы Нартай жүрегінен терең орын алды. Ал жас ақынның ақкөңілділігін, ақжарқын пейілі, қоғамшылдығы кісіге деген шынайы ыждағаты Тайжанға да қатты ұнады. Бұл жағдай Арқа ақынының Ақмешіт сапарының бір ғана көрінісі еді. Ал замандастарының сөзімен айтса Нартай тек аккөңіл ақын ғана емес, ақыл парасаты мол, ел қамын ойлайтын. Бірліктің басы-қасында жүретін жастардың жанашыры үлкен жүректі жан. Кімге де болса сөз жәрдемін, тіл жәрдемін көрсетуге бейім тұрады. Қиындықтарға жасымаған, жақсылыққа тасымаған Нартай Тайжанның шәкірті болғанын мақтан тұтатын.
ТАЙЖАН МЕН АҚЫН НҰРҒАЛИ
Екеуі де Ұлытау, Қарсақбай өңірінде туып-өсіп, елімізге танымал болған. Елін, жерін жырлап, сол арқылы танымал болған ағалы-інілі қос ақын. Екеуінің де алатын орны ерекше, шыққан шыңдары биік. Бірін-бірі өте жақсы білетін. Бірі ұстаз, бірі шәкірт болып танылды. Екеуі айтыспен де танымал, ел арасына тараған бірнеше Тайжан мен Нұрғали айтыстары бар. Оларды мен «Жезқазған туы» деген облыстық газетке басқам. Нұрғалидың Сыр бойындағы Тұрмағанбет ақынмен айтыстарын тауып алып оқырмандарға ұсынғам. Екі ақынның атамекендері қатар жатқан Керегетас, Қарағанды сай деген мекендер, бір-бірінен онша алыс та емес. Нұрғали 1888 жылы дүниеге келген, әкесі Сүлеймен өлеңші, ауыз әдебиетіне жаны құмар, оған қоса термеші. Әкесінің осы өнердегі қасиеті Нұрғалиға да дариды. 12-13 жасында Тайжанға тартып ән өнерімен ел көзіне түсе бастап, сазгер атағына да ие болады. Айтыстарға түседі. Тайжан мен Нұрғали айтыстары 1923-1934 жылдары өтеді. Алматыда өткен өнер слетіне Нұрғали да бармақшы еді, денсаулығына байланысты бұл арманы орындалмайды. 1936 жылы өкпе ауруынан дүниеден озады. Өлеңдерінің көбі жаңа заманға арналған туындылар. Ақынның қолжазбалары Қазақстанның ғылым академиясының әдебиет институтына тапсырылған. Ғалым фольклоршы М.Байділдаев «Шығыс әдебиеті» деген кітабында Нұрғали, Тұрмағанбет, Тайжан ақындарды «Ленинді қоса жырласқан серіктер деген ой-пікірін жазыпты. Олар айтыстың жаңа түрін енгізген ақындар» - деген. Ақын замандастары: «Нұрғалиды Тайжанмен қатар қойып, екеуінің де сөзі асыл. Кіммен де болса айтыса алатын, әр тақырыпқа жыр жаза алатын танымал ақындар», - деп Болман
да бағасын берген.
Екі ақын ағалы-інілі, нағашы-жиенді болып келеді. Кездесіп қалғанда олар айтыспай тарқамайтын. Ал айтыстағы тақырыптары сан алуан. Олар бүгінде бізде сақтаулы. Ақын ұрпақтары осы мыс шаһарында тұрып жатыр. Өлең-жырлары олардың ұйымдастыруымен 2008 жылы «Назымды тыңда жамағат» деген атпен кітап болып басылды.
ТАЙЖАН МЕЙІРІМІНІҢ ШУАҒЫ
2 сәуір 1991 жылғы «Сарыарқа» газетінде басылған Сары Белгібаевтың осы тақырыптағы мақаласын бей-жай отырып оқи алмайсың. Тұла бойыңды тебірентіп. аяушылық сезімі туады. Ақынның үлкен мейірімді, жақсылыққа жаралған жан екеніне көзің жетеді. Екіншіден, ақын ашаршылық 1931 -1933 жылдары Қарсақбайда болғанын айқындайды. Осы мақаланы қаз-қалпында оқырманға жеткізуді жөн көрдім. Сары Белгібаев аймақтан шыққан алғаш заңгер, өмірінің соңғы жылдарында мыс комбинатында заңгер жұмысын атқарды. Сары сөздерінен: «Өз ауданымен жүріп жатқан елді-мекен Байқоңырға «Тайжан ақын келді» деген хабар ел арасына тез тарады. Ақынның атағы Арқада ғана емес, бүкіл Қазақстанға белгілі болған кезі. Жақсы біліп ақындарды көргендер оның ән-жырына жиналғандар оны ықылас қойып тыңдайды екен. Бүкіл Байқоңырлықтар ақын Тайжанды асыға күтуде... Жас ұлан кезім. Тайжан туралы, оның баласы туралы айтқан әңгімелерді құмарта тыңдаймын, тыңдағым келе береді. Әсіресе ақынның жанындағы баласына құмарттым, бір көруге асықтым. Шынын айтсам, мен де әнші болсам деген арманда болдым. Ақынның баласының сахнада орындаған әндеріне халық рахметін айтып, ризашылығын жаудырып жатты. Кейбіреулер, «Тайжанның мына баласы өзінен де асып түсетін түрі бар ғой» — деп Әшімханға бағасын беріп жатты.
Әр жерден:
- «Нағыз әнші ғой!»
- «Болайын деп тұрған бала ғой!» - деген бағалар жиналған топтың әр жерінен ағылып естіліп жатты... Бұл ақын Тайжанды оның баласы Әшімханды бірінші көргенім еді деп жазады», - Сакең, оның үстіне Әшімхан екеуі бір жылғы төл болып шығады. Бала Сарының басынан жалақтаған ашаршылық өтті. 1937 жылғы зобалаң, жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті айыра алмайтын күн туып, көңілге көлеңке түсті. Екеуі де Сары мен Әшімхан соғысты бастан-аяқ бастарынан өткізді. Осы кездесуден кейін екеуі бірін-бірі жолықтыра алмайды. Одан кейін Сары өзінің ойын жалғастырып: - 1933 жылдың қараша айы шахтада істеп жүрген әкем Сыздық, анам Әнтай дүниеден озады. Төрт бірдей бала жетім қалып, бәрінің ауыртпалығы ең үлкені 12-13 жастағы Сарының мойнына түседі. Пенсия жетім балаларға тағайындату үшін аудан орталығы Қарсақбайға жүріп кетеді. Көмір тиеген тартабанды теміржолмен тоңып-жаурап, шаршап-шалдығып, ашығып Қарсақбайға түн ортасы ауғанда жетеді. Сарыға түнгі Қарсақбай үлкен шанар сияқты болып көрінеді. Зауыттың түнгі көрінісі ертегідей тауды шақыр-шұқыр кеміріп жеп жатқан дәу сияқты. Қарашаның қара суығы ауа да жер де сұп-суық. Түн ауып, қараңғы көзге түртсе көргісіз. Осындай қараңғы түнде зауыттан шығарылып төгіп жатқан шлак ғажайып сәуле шашып тұр. Қарай берсең шлагтан шыққан әр түрлі сәулені кемпірқосаққа да ұқсатасың. Сакең тоңғасын от шашып жатқан шлакқа барып жылынбақшы да болады, — деп жазады мақаласында. - Шешем марқұм айтушы еді, - деп әңгімесін жалғастырады Сары Сыздықұлы: - «Далаға шығарда, жол жүрерде тамаққа тойып алсаң тоңбайсың» - деп. Оған ас қайда, бар тамағы бір тілім нан, оны Сары кеше жеп тауысқан. Түнде паналайтын таныс-туыстың да реті жоқ, бүгінде танып тұрса да танымаған болып үйіне кіргізбейді. Көшеде не көп босқындар, ашығып өліп жатқандар адамның зәре құтын қашырады. Вокзал деген аты болмаса, оның бар ғимараты бір бөлме, өзінің жұмыскерлерімен іші ығы-жығы. «Мынау бала тоңып-жаурап қалыпты ғой»-деп жаны ашитын адам көрінбейді. «Кет әрі» деп қуып шығады... Сонымен тоңып-жаурап көрер түнді көзімен атқарып таңға да жетті-ау. Елең-алаңда собестің мекемесін тауып алмақшы болып жүріп келеді. Металлургтер көшесінің қыр жағында иығына шапан жамылып, қолында құманы бар бір қарт Сарыға қарсы келе жатады. Сәлем бермекші, жөн сұрамақшы болып Сары жолын тосады.
- Ассалаумағалайкум! - деп сәлем береді.
— Әлейкумиссалам! — деп ұсынған қолын алып тұрып.
— Япырай балам қатты тоңып қалыпсың ғой, мезгілсіз ерте не шаруамен қайдан жүрген баласың? - деп жөн сұрайды.
Әке-шешесінің қайтыс болғанын, 4 бала жетім қалғанын, пенсия тағайындау мақсатында келгенін баяндайды. Қарт біраз ойланып: - Шырағым, пенсия тағайындайтын мекеме сәскеде жұмысын бастайды. Сен ешқайда барма, менімен бірге барып жылын, жуын, ал мен жаныңа адам қосып берем. Ол сенің шаруаңның орындауына көмектеседі, - деп Сарының жүрегі орнына түскендей ішінен қарттың сөзіне қатты қуанады. Қатты тоңғаны соншама, әлде де қалтырап дірілдеп, жағы- жағына тимейді. Енді өлген шығармын деп тұрғанда, Алла тағала мынадай мейірімді жанды кездестірді. Жылы сөз естігенде іште жатқан шер бұрқ етін көтеріліп келіп, көмейіне кептеліп қалғандай сезілді. Көзінен моншақтап көз жасы да ағылады. Сары өзін-өзі әрең ұстайды, оған қоса көшеде өліп жатқан адамдардың мәйіті зәресін ала түседі. Үйде қалған үш бауыры да осындай болар ма екен? - деп одан әрі зәресі ұшып, буындары да босап жүрісі қиындайды. Енді мынадай мейірімді жанға кездесіп «бұл кім өзі?» деген қиялмен қартпен бірге үйіне кіреді. Үйдің іші жып-жылы, төрде кең төсекте үш бала жатыр. Олар кіргенде балалар да ұйқысынан тұрады. Сарының көзі қабырғада ілулі тұрған үкілі домбыраға көзі түседі. Стол үсті толған кітап, жанында көне тартқан қара сырнай. Оларды бұрын көргенін Сары ойына түсіреді де:
- Бұл үй Тайжекеңдікі емес пе? - деп қарттан сұрайды. - Е, шырағым солай, Тайжан үйі деп жөнін айтады. Сол кезде Сарының ойына Байқоңырдағы өткен жылдағы кездесу толығынан есіне түседі. Сонда көрген сырнайы мен домбырасы болып шықты. Тайжекең Сарыны жалғастырып: - Бала, мына шешең қазір дүкенге барады. - Қос қолдап екі жұдырығын көрсетіп: - Мынадай қара нан әкеледі, соны бөліп жейміз, шәй ішеміз, ешқайда кетпе, әбден жылынып ал, - дейді. Сонан соң бәйбішесіне қарап: - Маған көршіні жіберші. Ол мына баламен собеске барып, шаруасын орындауға көмектессін, - дейді. Дастархан жайылып шай да келіп қалады. Дүкеннен әкелген жарты бөлке нанды екіге бөліп, біреуіп орамалға орап жанына қояды. Екінші жартысын қылдай бөліп дастархан басында отырғандарға бір-бір тілімнен үлестіреді. Алдарына қойдың құмалағындай бір-бір түйір қуырылған қант тастайды. Шай дегені күйдірілген құм қантпен боялған қайнаған ақ су екен. Сары шәй ішіп жылынады, бірақ менің ішіп-жегенім мынау балалар мен екі қарттың жанын сақтап отырған үлесі ғой, - деп әзер қиналып ішеді. Егер осы жағдай менің басыма түссе, Тайжекең істеген істі мен істей алар ма екенмін, әлде өзіме тиісті ас үлесімен бөлісер ме едім? - деген ой Сарыны дастархан үстінде бойын билейді. Шай ішіп бола бергенде Тайжекең:
- Балам, бұл жерде не танысың, не туысын жоқ екен, алдыңдағы нанды жеп, шайға қанып ал. Бір үзім түстік жерге жеткізеді — деген ақын сөзіне Сары өзін-өзі ұстай алмай жылап, көзінен ыстық жас саулайды.
Аштық нені тыңдайды. Ұят, аяттан бездіреді. Сол нанды ауызына салғанда аш Сарының ауызында ериді де кетеді. Сол нанның сол жолғы дәмі Сәкеңнің ауызынан өле-өлгенше кетпейді. Мақаласып аяқтай келе Сакең өз мақаласын: «Саңлақ ақынмен кездесуім оның ерекше ілтипаты, ықылас-ниеті мені өмір бойы жетелеп жүрді. Ақиық ақын тек өнермен ғана емес, өнегелі ісімен де танымал. Бүгінгі жас ұрпақ осы бір асыл қасиеттерін ардақтай біліп, бойымызға дарыта білсе ақынды шын бағалағаны болар еді» деп өзінің өзекті мақаласын аяқтайды. Ондай адамдар бұл дүниеде аздау ғой!
ТАЙЖАННАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР
1993 жылдың наурыз айы. Мыс шаһары мен аймақ жазушымыз Апбаз Қаражігітовтың 70 жасқа толған торқалы мерекесін тойлап жатқан кез. Сыйлы қонақ болып Алматыдан белгілі жазушы Оралхан Бөкейде келіп, өтіп жатқан той мен кештің сәнін келтірді. Оралханмен екі-үш күндей болып, дидарласып, әңгімелесіп танысып-білісіп те қалдық. Стол басында әңгіме арқауы ақын Тайжан туралы болды. Оралхан жұлып алғандай: - Тайжан тақырыбын «Қазақ әдебиетіне» басар едім, уақыт та жеткендей мақала жазатын қаламгер табыла ма‘? — деп жалғастырды. Әңгімені тыңдап отырған той иесі Апбаз жазушымыз: - Жаныңызда отырған Өмірбек қаламгеріміз тұрған жоқ па, одан артық кім жазушы еді. Ақынды көріп-біліп, соңында еріп атқосшы болған сол Тайжекеңнің жекжаты, балдызы да сол - Өмірбек емес пе!? Түйіндеп мақала жазу маған жүктелді. Той ҚЫЗЫІІ жүріп жатыр, одан қолым босап уақыт тауып айтқан мақаланы Оралханға әкеліп беріп қолына тигіздім. Бірнеше бет қолжазбаны көзімен жүгіртіп бір қарап шығып: - Суретімен ала кетейін, бұл мақала міндетті түрде «Қазақ әдебиеті» газетіне басылады, - деп жазбаны бүктеп қалтасына салды. Асыл да ардақты қаламгер сөзінде тұрды. Оның бәрін егжей- тегжей жазып отырғаным ақыннан қалған асыл сөздер осы мақалада басылған болатын. Ақынның өнердегі дарынынан басқа артынан асыл да ұлағатты көптеген сөздерді қалдырды. Отырған жерде өлең арасында ағылтып айтып отыратын, соның ішінен менің жадымда қалғандары бірен- саран.
ТАЙЖАН ТВОРЧЕСТВОСЫН
ЕЛГЕ ТАНЫСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Ақын туындыларын зерттеп, әндерін сахнада орындап жүрген әншілер мен қаламгерлер аз емес. Тайжан әндерін орындап жүрген Республикаға танымал, еңбегі сіңген әртістер Қайрат Байбосынов, Ғалым Мұхамедин, Серік Оспанов. Ән орындаудан басқа олар ізденіс жолында Тайжанның беймәлім өлеңдерін іздестіруде. Қалалық, облыстық, республикалық басылымдарда жүздеген Тайжан туралы мақалалар басылып акынды оқырмандарға таныстыруда. 1972 жылы жезқазғандық журналист Шамхан Рахметов Тайжан поэзиясы тақырыбында диплом жұмысын қорғады. Бұл еңбектің құндылығы-ол алғашқы қарлығаш іспеттес асыл азамат, асқан дарын туралы ғылыми еңбек. Тайжанның өмірі мен шығармашылығын жинақтап жезқазғандык өлкетанушы Сүтемген Бүкіров «Ой ағысы» деген кітапшасын басып шығарды. К.Салықовтың ақынның 125 жылдығына арналған «Ақын Тайжан» деген лирикалық поэмасы «Үш қиян» баспасынан шықты. Ол бұрын «Жұлдыз» журналында басылған болатын. К.Салықовтың құрастыруымен Тайжан өлеңдері сол баспадан «Сақ-сақ күлсін сырнайым» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Оның негізі Тайжанның «Жыр жинағы» деген ақын өлеңдерін жеке кітап етіп, 2004 жылы жергілікті баспадан шығарған болатынмын. Кәкімбек менің келісіміммен рұқсатымды алған. 2000 жылы менің алғашқы туындым «Талайды таңдан- дырған Тайжан ақын» деген кітап болып бес жүз данамен жарық көрді. Қанатты екі қалаға тез тарап кетті. Бар материалдарды пайдаланып, толықтырып оқырмандарға ақын туралы толық деректерді кітап етіп ұсынып отырмыз. Жайық Бектұров айтқандай: «Тайжан ең бір аз зерттеліп оқырмандарға толық жетпеген ақын». Олай болса, әрбір жаңа туынды Тайжекенді толықтыра түспек. Ақынды еске сақтау мақсатында аймақта көптеген іс-шаралар жүргізілуде. 1974 жылы жаңа ашылған Жезқазған облысы ұйымдасқанда, оның филармониясына Тайжан Қалмағамбетовтың Министрлер кеңесінің шешімімен аты берілді. Ақынның туғанына 125 жыл болғанда Жезқазғандағы Халықтар достығы үйінің алдынан көрнекті ескерткіш қойылды. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, Қарсақбай, Ұлытау қалашығында Тайжан Қалмағамбетов атындағы көшелер бар. Тайжан Қалмағамбетовтың 100,110, 120, 125 жылдығында қала тұрғындарының мерекесі ретінде аталып өтті. Биыл ақынның туғанына 135 жыл ол да атаусыз қалмас. Ақын өлеңдері аудандық «Қызыл кенші» газетінде, «Қарағанды пролетариаты», «Социалистік Казақстан», «Еңбекшіл қазақ», «Правда», «Известия», «Комсомольская правда» газеттерінде басылды. Ақын өмірі өте қысқа болды. Біртуар таланттың кемеліне келіп ақын өнері қияға самғаған кезде қапыда есіл өмірі үзілді. 1937 жылы репрессия құрбаны болды. Орыс тілінен басқа украин. беларус, татар тағы басқа көптеген ұлттар тіліне аударылған. Ақынның жүз он жылдығына байланысты «Аққуға үн қосқан ақын» деген өте көрнекті де көлемді плакат С.Бүкіровтың құрастыруымен Жезқазғанда жарық көрді. Онда Тайжанның өмірбаяны, отбасы, ақын замандастары мен әріптестері бейнеленген. Олар туралы деректер баяндалған. «Ақынның сөзі өлмейді, жақсының өзі өлмейді» дегендей ақын Тайжан бүгінде тірі, біздің арамызда жүргендей. Ақынды көріп оларға қоса ақын өлең-жырларын тыңдағанда. туындыларын оқығандаТайжекең біздің арамызда жүргендей. Осы жағдайда көп ізденіспен сахнаға тірі Тайжанды алып келген Республикаға еңбегін сіңірген әртіс, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Ғалым Мұхамединге неге рахмет айтпасқа.
ТАЙЖАН ӨМІРДЕРЕКТЕРІНЕ
ТҮЗЕТУЛЕР
Осыған дейінгі көптеген қаламгерлер басылымдарда Тайжекең Сыр бойында революцияның алдында екінші рет 1920 жылдан 1935 жылға дейін болып, елге тек 1934-35 жылдарда оралды деген. Осыған кейбір анықтама келтіруді жөн көрдім. 1931 жылы ақын Қарсақбайда қоныстанғанын Сәбит Мұқановтың «Есею жылдарында» деген туындысынан анықтауға болады. Ол деректер осы кітаптың Тайжан мен Сәбең деген тақырыпта келтірілген Тұңғыш Ұлытау өңірінде болған Қазақ АССР-ның Орталық комитетінің бірінші хатшысы Голощекинмен еріп Сәбит Мұқановта бар болатын. Алғаш келген күні Әбей Біләлов деген танымал жігіттің үйіне келіп, классик ақын-жазушыға сәлем беріп танысады. Бір ай бойы жұбын жазбай бірге болады. Олардың қатарына ақын Иманжан да қосылады. Бұл жерде ақын Тайжанның 1931 жылы Қарсақбай қалашығында болғаны баса айтқымыз келеді. 1932 жылы Тайжан осы өңірде болғанын Байқоңырда көмір шахталарымен кездесіп, үлкен өнер сайысын өткізгенін Сары Сыздықұлы Белгібаевтың «Мысты өңірде» жарияланған мақаласынан аңғардық. Бұл бас қосуда ақынның жанында үлкен ұлы Әшімхан да болып жиналғандарды өз өнерімен таңдандырады. 1933 жылы жоғарыда айтылған ағамыз ауыр да кездейсоқ жағдаймен Тайжан үйінде танысып білісіп, ақынның мейірім жан екеніне көз жеткізеді. Бағасын алып Сәкең ақынға риза болғанын айтады. Бұл да ақынның сол жылы осы аймақта болғанын дәлелдейді. 1934-36 жылдардағы өнерсүйер қауымның слетіне қатысуы Қарсақбай ауданының өкілі ретінде делегат болып қатысады. Тайжанның осы аймақта тұрып жатқанының дәлелі Қарсақбайдың тұрғыны бола отырып, 1936 жылғы онкүндікке делегат ретінде қатысуы. Осы жердің тұрғыны екенін растап жандандырады. Қарсақбай, Ұлытау, Жезқазған жерін жырлауы да Қыр бойының жанашыры, осы жердің кіндік қаны тамған тумасы екенінің дәлелі. Осы басылымдағы Тайжан мен Қаныш деген тақырыпта 1926 жылы геолог Қарсақбайға келгеннен бастап, репрессияға ұшырап, НКВД- ның қамауға алғанына екеуінің жұбын жазбай бірге болғандығын айқындайды. Олай болса осы 11 жыл бойы ақын Қарсақбай-Ұлытау жерінде болғандығын айғақтайды.
ҚОРЫТЫНДЫ РЕТІНДЕ
ОҚЫРМАН ПІКІРІ
«Дала дауылпазы - ақын Тайжан» деген қолжазбасын баспаға тапсырар алдында ыждағаттап оқып танысып, соған өзімнің оқырман ретінде ой-пікірімді білдіруді азаматтық борышым деп санадым. Бұл автордың екінші кітабы. Талайды таңдандырған «Тайжан ақын» деген туындысы баспадан 2000 жылы 500 данамен басылып, алғашқы күндердің өзінде тарап оқырманға жеткен болатын. Ол Тайжекеңе арналған көлемділеу кітап болатын. Ал мына қолжазбаның айырмашылығы баршылық. Өте көлемді көптеген жаңа-жаңа деректермен толыққан, оның бәрі көптеген ізденістің арқасы. Балалық шағынан бастап соңғы күндеріне дейін көрерменнің көзімен көрген уақиғалар баяндалады. Әсіресе көбірек толықтырылғаны ақынның Сыр бойына сапары. Слет пен декадникке қатысуы, ақын ажалы, Үкілі Ыбырайдан бата алуы сияқты бөлімдері толығырақ баяндалады. Отбасы, балалық шағы, творчествосына талдау жасалынады. Бұрын жазыла қоймаған қазақ зиялыларымен кездесу, танысу, достасу қарым-қатынастары баяндалады. Әсіресе Қанышпен, Нұрғалимен, Үкілі Ыбыраймен кездесулері сияқты жерлері дәлелді деректермен толыққан. Жайық Бектұровтың сөзімен айтса, Тайжекең туралы аз-маз болған басылымдар Тайжекеңнің өмір деректерін толықтыра түседі. Міне осындай құнды туындының қатарына Ө.Мұқанұлының осы басылымын жатқызуға болады. Жаңа кітапқа сәт сапар тілемекпін. Дала дауылпазы атанған Тайжан ақын туралы деректерді сөзсіз толықтыра түспек.
С.Қожамсейітов,
Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданының
Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер
Одағының мүшесі.
АҚЫН ТАЙЖАНҒА АРНАУЛАР
Ақырған арыстандай айтыстарда
Көкен Шакеев,
Халық ақыны.
Ұлытау бас иемін ұлысына,
Қазақтың дем беретін тынысына.
Есіне асыл жанды алып жатыр,
Ризамыз заманының мұнысына.
Саңлағы Сарыарқаның ақын Тайжан,
Бата алған он бесінде ЬІбырайдан.
Еншіге нағашыдан өлең алып,
Ұлытау, Көкшетауға атын жайған.
Ақырған арыстандай айтыстарда,
Кездескен ақындары ашса майдан.
Жиенді бүкіл Көкше еркелетіп,
Үлгі алған Ақан, Біржан, Есенбайдан.
Балаған аспандағы жұлдызына,
Балталы, Бағаналы, Қоңырат,
Найман. Өлмейтін өлең-өмір аңғарғанға,
Нұр түсер көкірегіңе таласпаймын.
Ру құрып, табаққа таласпаймьш,
Ұрпаққа тарих болар осындайдан.
Қарауыл, Шәкейлы, атым Көкен,
Демессіздер мені де «келді қайдан».
Тайжекең қазақ жерін аралаған,
Өзінің заманында саналы адам.
Ленинге сол кездерде жыр арнаған,
Байқасақ ен қазақтан шамалы адам.
Жыр арнап Қарағанды, Қарсақбайға,
Көл салсам жаңа құрылыс, әрбір жайға.
Сергоны Орджоникидзе құрметтеген,
Қазақта дәл осындай ақын қайда.
Арқада арқалы ақын Шеген, Болман,
Айтысқан намыстарын бермей қолдан.
Бас иген Тайжекеңнің дарынына,
Дегізбей «ага — бордан, іні — зордан».
Жүз он жас Тайжан ақын мерекесі,
Ақындар басын қосты ел еркесі.
Ескеріп елдің ұлын есіне алса,
Болмайды жақсылықтың ерте-кеші.
Бұл тойды ұрпақтары көзбен көрсе,
Ел болып асылдардың сөзін терсе.
Тарихта өмір-бақи қалар еді,
Бір жерге Тайжан ақын атын берсе.
Ақындардың атынан өтінерім,
Бұл сөзге ел басшысы көңіл бөлсе.
Сауыры Сарыарқаның Жезқазғаным,
Көңілден еш кетпессің өле-өлгенше.
1989 жыл.
Сырнайдың үні шарықтап
Әжиакпар Балқанов
Құрметпен атап ел бүгін,
Тойлайды ақын жүз жылын
Өнерлі жүйрік дүлдүлін,
Таңғалтып қазақ ой-қырын,
Тулатып сазын жан-күйдің,
Қасына ердің Жамбылдың,
Сырнаймен шырқап ән салып,
Еліңе ғажап сән құрдың.
Шаттыққа шалқар бөленіп ,
Отаным дедің, Отаным.
Елді аузына қаратып,
Ән-жырдың кенін қопардың
Партия деп ән салып,
Өлеңнің отын қозғадың.
Отан деп жазған жырларың,
Жүректе мәңгі маздады.
Гормоннан шыққан аңызға,
Бас иіп елім егілген.
Құлақтан үнің кетпейді,
Күміс жыр боп төгілген.
Құтты болсын ғасырлық,
Толған бүгін жүз жылың.
Омырауыңда орденің,
Жарқырайды нұр жүзің.
Жарастыққа осынау,
Ескермей қалай тұрамын?
Гармонның отын лаулатқан,
Жалындай берсін шырағың.
Іздеп келіп сан ақын,
Бас иіп саған берілген.
Бұлбұлы едің елімнің,
Көмейден жырың төгілген...
Өмірің сенің өлең-жыр.
Бізбен бірге нұр боп күл.
Сен өлсең де өлмейтін,
Елімде қалды терең жыр.
Ізіңді қуған ақынмын,
Өзіңе аға жақынмын.
Жырымды арнап өзіңе,
Толғанып міне отырмын.
Жерімде туған түлексің,
Еліңді әнге бөлепсің.
Тайжан ағаға
Ә. БАЛҚАНОВ.
Құзындай Ұлытаудың үнің асқақ,
Әнменен келуші едің жырды бастап.
Халыққа әнмен қуат беруші едің,
Беттетпей бай манапты сөзбен жасқап.
Жырладың Октябрьдың атқан таңын,
Сезініп бостандықтың терең мәнін.
Мың алғыс партияға жырмен айттың,
Бақыттың жер жүзіне сепкен дәнін.
Қазақтың кең даласын араладық,
Маржандай сөз ашып сараладың.
Кедейдің әнің менен мұңын жоқтап,
Байларға жағынуды қаламадық.
Артына сөз қалдырған арнап бізге,
Келіпсің ақын аға биыл жүзге.
Арада озің бүгін болмасаң да,
Ән-жырың ел аузында, бізбен бірге.
1979 жыл.
Тайжан ағаға
Нүрасила БӘРМЕНБАЕВА.
Арқадағы Тайжан аға ақынымыз,
Тамаша жерлесіміз жақынымыз.
Артында мәңгі аты қалу үшін
Жүз жылын атай өтіп жатырмыз біз.
Жарасам елдің осы ерен салшы,
Жақсыны жат санамас берен халқы.
Ортадан өлеңдерді өшірмеймін,
Казақтың кең тынысын көрем жалпы.
Ақынды ардақтаған кең даласы,
Болар ма ол Октябрьсіз ел данасы.
Жүз жылын жұрт жабылып жасап жатса,
Тебіренбей тек қала алмас бел баласы.
Партия үкіметпен бастап бүгін,
Мадақтап жатыр Тайжан асқақты үнін.
Елімнің ерен осы қасиетіне,
Куанып көзіме мен жаста ап тұрмын.
Жас бала жігіт кезде, тал мүсінді,
Көрді ол патшалықтан бар қысымды.
Өлсе де атын ақын жоқтап жатқан,
Айтамын үкіметке алғысымды.
Жыр дүлдүлі
Кәкімбек САЛЫҚОВ.
Ұлытау ақиығы ақын Тайжан,
Ақтаңгер алты алашқа атын жайған.
Сырнай мен домбырасын қару еткен,
Мәрт ақын жүрген жері нағыз майдан.
Қалың ел тыңдағанда күйін аңсап,
Дауысы заулайды екен шырқап асқақ.
Көңілі қаяу елді күлдіріп,
Сырнайы өзіменен күлсе сақ-сақ.
Қара мұрт қыран қанат желкілдеген,
Есіме түсіп кетсе еркін желем.
Жарысса домбырасы қобызыммен,
Тамсанып қандай сұлу серпілмеген.
Тайжеке жаным құштар ақынымсың,
ІІІыр еткен шындықты айтқан батыл үнсің.
Өнерін сал серілер жалғастырған,
Бүйрегім бұрып тұрар жақынымсың.
Шыдаман тік айтпауға барша анықты
Жас Күләш «Қыз Жібек»боп ән салыпты
Ыбырайды атып тастап «Қас жауы» деп
Гәккуге «Мұртты көсем» тамсаныпты
Ұқсады-ау дүние жалған кең тигенге,
Мәскеуде қарт Жамбылмен тең жүргенде.
Ұйқыдан Үкілі ЬІбырай аунап түсті-ау,
Күләшті екі беттен сен сүйгенде.
Тағдырын берді аздаған кемел дастан,
Жыр етіп өз бейнеңді келем жастан.
Сыйлаған Қаныш аға қайран дүлдүл,
Ақын жоқ Ұлытауда сенен асқан.
Теңіздей тебіренген терең еді
ГУЛДӘРІ ОСПАНҚЫЗЫ.
Ақындар ән шырқаса тоқта демен,
Атама болсын әрі жоқтау өлең.
Атамды көрмесем де, ал оны мен,
Түсімде тұлпар қосқан топта көрем.
Аташым өлең-жырдың тұлпары еді,
Салғанда «Сақ-сағына» сұңқар еді.
Еске алып, ұлан-асыр той жасауға,
Бұл күнге халқым менің іңкәр еді.
Мәскеуге декадаға атам барған,
Күләшпен елге әйгілі Сәкен барған.
Сарыарқа саңлағына риза болып
Атама қайта-қайта ән салдырған.
Осындай менің атам ерен еді,
Теңіздей тебіренген терең еді.
Егерде туған жерге керек болса,
Жүрегін жұлып алып берер еді.
Дауысы алты қырдан асып түскен,
Сөздері түйдек-түйдек тасып түскен.
Үкілі Ыбырайдан жиендікпен,
Алыпты әнін қалап басым күшпен.
Тәлімі Ыбырайдан бастан өткен,
От тілді, көмейінен жырын төккен.
Ақынның сөзі қалып кейінгіге,
Нартаймен әнін бізге тастап кеткен.
Бұл күнде өз-өзімнен ойға батам,
Берия жасады ғой заңы қатаң.
Батыраш мерт қылғандай Құлагерді,
Жазықсыз жазым болды-ау, қайран атам!
Аспандап найзағайдай жарқылдаған,
Тасқыны тау суындай арындаған.
Ұлытау тұлғасына көрік беріп,
Ән-жыры өзегінен сарқылмаған.
Жаямын қонағыма ақ дастархан,
Тойында атамыздың ән бастағам.
Тұлпардың жүрген жерде ізі қалып Қайнағам
ЦК-дан да ел басқарған.
Қыран төс, орақ тілді, тал мүсінді,
Көрді атам озбырлардан бар қысымды.
Өшкенім қайта жанып шабыттанып,
А йтамын мен еліме алғысымды.
Тайжан атама
ГҮЛДӘРІ ОСПАНКЫЗЫ.
Көкен ШАКЕЕВ.
Жыр бәйгеден келген еді пырағы,
Шалқар шабыт ән мен жыр бұлағы.
Інжу сөзі , өз дарыны ақынның,
Өлеңдері әділдіктің ұраны.
Шарапат үн, дауысы келіп құлаққа,
Жүргендеймін әз батасын сұрап та.
Киесі ме, байрақ ұстап түсімде,
Ие болдым тұлпар туган бір атқа.
Сарыарқаны аралаған «Сақ-сағы»,
Аламан той, жүйрік топыр жан-жағы.
Талай әнін ұмыттырса тар заман,
Қайта жайнап бір қуантты баршаны.
Қыран әнмен ыргагы бар бір түрлі,
«Әгугайдай» асқақ әні жетілді.
Ардақты атам сырнайыңның сазынан,
Ұлытауым ән сап тұрған секілді!
Өнері жүйрік дүлдүл,
Өр дауыс әнші бұлбұл.
Елді аузына қаратып,
Ән жырдың кенін қопарды.
Айтылып жүрген ақын әндері
Бүгінде сахнада Тайжанның шырқалып жүрген өлеңдері баршылық. Оларға мән беріп зерттеп ел аузынан жазып алып, әуенімен айтып жүрген Республикаға еңбегін сіңірген әртістер Қайрат Байбосынов пен Ғалым Мұхамедин. Әр өлеңнің кім ұсынғанын, жырланған жылдары келтірілген. Бұл салада Ғалымға көмектесіп, өлең жырларды жинастырған ақынның көзін көрген, жырлағанына куәгер болған жандар. Олар немересі Шубайұлы Әбдікәрім, қарындасы Құлжанқызы ІІІахыбал, Әлімбетұлы Әлен және осы туындының авторы. Бірнеше өлең А. Затаевичтың қазақтың «1000 өлеңі» деген жинағынан алынған. Бұл өлеңдер Тайжанның жыр жинағына (2004 ж.) кірмеген. Ақынның әрбір әнінің өзіне тән мәтіні бар, нотаға да түсірілген. Күнделікті сахнада, ойын-тойларда, той- думандарда орындалуда.
АВТОР.
ШАЛҚЫМА
Атандым бала жастан ақын Тайжан,
Құрбыммен өзім теңді еттім сайран.
Болыпты ақын, батыр елге қорған,
Менің де талайларға тиген пайдам.
Ал әгәгәгу әгәгәгу әгәгай әгәгай Әгәга-ей әгә-е-ой
Болғаны Тайжан ақын биыл емес,
Біздерге өлең айту қиын емес.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Дауысым отарбадан кейін емес.
Жігіттер
Келелі сөйлейін деп иегіміз,
Астында тіл, көмекей - тиегіміз.
Жігіттер, тіршілікте ойна да күл,
Шіриді қара жерде сүйегіміз.
Басында Қап тауыныц хан тұрады,
Таласып ажалменен жан тұрады.
Жігіттер, тіршілікте күл де ойна,
Басында қай моланың мал тұрады.
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған
Сарыарқа самалында саңқылдаған.
Бұл күнде мен жақсымын дегендердің,
Жақсылық бір басынан артылмаған.
Аққу, шағала,
Келші жағаға.
Сағыныш салыпсың,
Сәулем санаға.
Ертең кетем,
Ерте жетем.
Қуаныш бөлісіп,
Еркелетем.
Өзіңді аңсап,
Сырнайым, қақсап,
Күлемін сақ-сақ.
Аңсаған арманым,
Әуреге салғаның.
Басылар бір көріп,
От болып жанғаным.
Осының бәрі де,
Өркен сәулем,
Бір сенің әурең.
Амалын тапсақ,
Саябыр сап-сап,
Сырнайым сен де күл,
Өзіммен сақ-сақ.
Аңсаттың мені
Сусаттың мені.
Көрмесем бітер ғой,
Досыңның демі.
Кездессек аңсап,
Қуаныш самсап
Күлеріміз сақ-сақ
Сырнайым, сен де күл,
Өзіммен сақ-сақ,
Күлейік, сәулем,
Үшеулеп сақ-сақ.
Сақ-сақ
Қызыл алма
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізге қызығар ма?
Барында оралыңның ойна да күл,
Не керек көк пен жасыл, қызыл барға?!
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Қызығы бұл дәуреннің таусылар ма?!
Оралмас екі айналып шіркін жастық,
Түлкідей қылаң еткен аңшыларға.
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл Тайжан жаман қызға қызығар ма?!
Ажарың айдан сұлу, қарағым-ай,
Қазақтың сенен артық қызы бар ма?!
Ұлытау
Ауылым Ұлытаудың даласында,
С ай қайың, қызыл арша арасында.
Күй бар ма, өлең бар ма осы тауда,
Естілмей жүрген қазақ баласына.
Қолыма ұстағаным гармонь-сырнай,
Келемін құтты өлкені талмай жырлай.
Сағымдай жазғытұрғы жылт-жылт еткен,
Дүние өте шығар бір күн тұрмай.
Айыртау Ұлытаудың құрамасы,
Секілді қатар тіккен үй арасы.
Көлде құс, өрде киік, сайда тоты,
Өзіңсің туған жерім жыр анасы.
Қарсақбай
Қарсақбай, сені айтуға жалықпаймын,
Елге құт байлығыңды анықтаймын.
Еркесі өндірістің, ел перзенті,
Мыс қайнар кең құлашты анық жайдың.
Әгәгәгу, әгәгәй, әгәгәй, әгәгәй, әгәгәй-ей, әгәгәй
Ұмытпас еңбегіңді заман келді,
Құлшынттың қару жасап тамам елді.
Ақ патша, хан-төремен айқасқанда,
Күш алды сенен батыр Амангелді.
Төрінде Қазақстан алшақтайсың,
Еңбекпен намыс қозғап ар сақтайсың.
Болады саған риза ата-бабам,
Үш қырғын бастан кешкен Қарсақбайсың.
Көшінде көп зауыттың алшақтайсың
Бай, болыс, кешегіні аңсатпайсың.
Өлеңде, ән мен күйде мүсінделген,
Кинода жарқыраған Қарсақбайсың.
Тайжан әні
Атандым бала жастан Тайжан ақын,
Ән-жырмен алты алашқа жайған атын.
Төгілген сырнайымның сазды үніне,
Қалықтап аспанда аққу айналатын.
Ай гигигәк гигигәк гиги гигай
Гигагагагау гигигяк гигигяк гигигяк игигай
Мен емес жабы жортаң текірегің,
Жеті ордан қатар салса секіремін.
Қиялым өлең-жырдың топан суы,
Қайнары әсем әннің көкірегім.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру