Аллаға махаббат
Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапта ортағасырлық əйгілі мұсылман ғалымы, құқықтанушы Əбу Хамид Мұхаммед əл-Ғазалидің «Дін туралы білімдердің қайта жандануы» кітабының «Аллаға ғашықтық» тарауының аудармасы берілген. Автор тақуа пенде мен Тəңірдің арасында болуы тиіс «махаббат», «ынтызарлық», «достық» жəне «ризалық» ұғымдарын талдайды. Сопылыққа тəн Аллаға ғашықтық пен махаббаттың көпшілік біле бермейтін сырларын ашады жəн
ИМАМ ƏБУ ХАМИД ƏЛ-ҒАЗАЛИ
(«Дін туралы білімдердің қайта жандануы»
кітабынан)
Араб тілінен аударған жəне түсініктерін жазған
Жалғас Садуахасұлы
Алматы
“Баспалар үйі”, 2014
ІSBN 978-601-80386-6-2 ƏОЖ 297 КБЖ 86. 38 Имам Əбу Хамид əл-Ғазали. Аллаға махаббат/Араб тілінен ауд. жəне түсініктерін жазған Жалғас Садуахасұлы. – Алматы: Баспалар үйі. 2014. – 64 бет. ІSBN 978-601-80386-6-2 Бұл кітапта ортағасырлық əйгілі мұсылман ғалымы, құқықтанушы Əбу Хамид Мұхаммед əл-Ғазалидің «Дін туралы білімдердің қайта жандануы» кітабының «Аллаға ғашықтық» тарауының аудармасы берілген. Автор тақуа пенде мен Тəңірдің арасында болуы тиіс «махаббат», «ынтызарлық», «достық» жəне «ризалық» ұғымдарын талдайды. Сопылыққа тəн Аллаға ғашықтық пен махаббаттың көпшілік біле бермейтін сырларын ашады жəне дүниеқұмарлықты тəрік ету, ақыретті көп ойлау сияқты мəселелерді түсіндіреді. Кітап дінтанушы мамандарға, дін қызметкерлеріне, шығыстанушылар мен дінді зерттеуші ғалымдарға, рухани ізденістегі қалың оқырманға арналады. Ə16 © Имам Əбу Хамид əл-Ғазали, 2014 © Садуахасұлы Ж., аударма, 2014 © «Баспалар үйі» АҚ, 2014 ƏОЖ 297 КБЖ 86. 38 Ə 16 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді
АВТОР ТУРАЛЫ
Ортағасырлық əйгілі мұсылман ғалымы, факиһ (құқық-
танушы) жəне құдайшыл Əбу Хамид Мұхаммед əл-Ғазалидің
мұсылман этикасы мен мəдениетінің өркендеуіне өшпес із
қалдырды. Оның күні бүгінге дейін араб-мұсылман ғалым-
дарының арасындағы орны айрықша.
Ғазали фиқһ (мұсылмандық құқық) дəрістерін 1073 жылы
Тус қаласындағы Мұхаммед əр-Разқани есімді ғалымнан ала-
ды. Кейін Журжан қаласына келіп, дəрісті Исмайылдың қо-
лында жалғастырады. Мұнан соң Тус қаласына қайтады. Жас
ғалым жолда өзінің келешекте білгір тұлға ретінде қалыптасуы
үшін үлкен рөл атқарған оқиғаға тап болады. Олардың кер-
уеніне қарақшылар шабады, сөйтіп Ғазали қолындағы бар за-
тынан айырылып қалады. Олардың ішінде ғалымның жазба
дəптері бар еді. Ғазали бас қарақшыдан оны қайтарып беруін
сұрайды. Сонда қарақшы: «Сен үйренген біліміңді қалай іске
асырмақсың. Қолыңнан дəптерің түсіп қалса, білгеніңді ұмы-
тып қаласың?» – деп мысқылдап қайтарады. Ғазали бұл сөз-
дерді Алла əдейі айтқызып тұр деген оймен қабылдайды.
Сондықтан Тусқа келе салып қысқа уақыт ішінде үш жыл бойы
жазған ілімдерін жаттап алады.
Əбу Хамид əл-Ғазали Бағдад шаһарындағы əйгілі Низамия
медресесінің директоры қызметін атқарып, көптеген жылдар
бойы сот жүйесінде қази болған адам. Сонымен қатар, ол – ис-
лам хаққында көп тер төккен ірі теологтардың бірі. Ғалымның
жазған іргелі еңбектерінің тақырыбы мен мазмұнына қарап,
мынадай топтарға бөлуге болады:
А) Фиқһ (ислам құқығы): 1. Əл-Манһул фи əл-усул. 2. Əл-
Басит фи əл-фуруғ. 3. Əл-Уасит. 4. Əл-Уажиз. 5. Əл-Фатауа. 6.
Əл-Мусташфа фи əл-усул. 7. Хулəсату əл-мухтасар уа ниқуату əл-муғтасар. 8. Ғояту əл-ғаур фи дироуйяти. 9. Əл-Тағлиқа фи фуруғ əл-мазһаб. 10. Ма-аһиз əл-хилəф. 11. Таһзиб əл-усул. Ə) Мантиқ (логика): 1. Миғияру əл-илм. 2. Ма хаққу əнназар фи илм əл-мантиқ. 3. Шифа‘у əл-ғалил. 4. Əл-қистасу əл-мустақим. 5. Любаб əн-назар. 6. Тахсин əл-маахиз. 7. ƏлМаба‘ди əл-ғаят. Б) Кəлəм: 1. Фада‘их əл-батыния. 2. Əл-Иқтисад фи əлиғтиқад. 3. Əл-Мақсад əл-аснə. 4. Файсал əт-тафриқа. 5. ƏлҚанун əл-куллу фи əт-тағуйл. 6. Рисəлə илə Фатх Ахмад ибн Сəлəм. 6. Əд-Дуррату əл-Фахир. 7. Илжам əл-ауаум. 8. Қауа‘ид əл-ақа‘ид. 9. Худжатул əл-хаққ. 10. Муфашши əл-хилəф. 11. ƏдДурию əл-марқум би əл-жадауйл. 12. Əл-Мунтаһа фи илм əлжəдəл. В) Фəлсəфə (философия): 1. Мақасид əл-фəлəсифа. 2. Таһуфату əл-филəсифа. 3. Əл-Маднун биһ алə ғайри əһлиһ. 4. ƏлМаднун биһ алə əһлиһ. 5. Əр-Рисəлəту əд-диния. 6. Мишкату əл-əнуар. 7. Əл-Мунқиз мин əз-золəл. Г) Тасаууф, ахлақ: 1. Мизан əл-ағмəл. 2. Ихия‘у улум əд-дин (4 том). 3. Бидаияту əл-һидаия. 4. Қиммияту сағада. 5. Əйюһəл уалəд. 6. Насихат əл-мулук. 7. Сирру əл-алəмин. 8. Манһаж əлабидин. 9. Жауаһир əл-Қуран. 10. Əл-Арбағин фи усул əд-дин. 11. Мукашафату əл-қулуб1. Қолыңыздағы бұл кітап Əбу Хамид əл-Ғазалидің «Ихия’у ‘улум əд-Дин» (Дін туралы ілімдердің қайта жандануы) атты бес томдық шығармасының ішіндегі «Əл-Хубб» (Махаббат) деп аталатын шағын бөлімінің аудармасы. Біз бөлім атауын мағынасына сəйкес «Аллаға ғашықтық» деп аудардық. Бұл бөлімде автор пенде мен Алла тағаланың арасындағы «махаббат», «ынтызарлық», «достық» жəне «ризалық» ұғымдарын талдайды. Олардың өлшемдері мен ерекшеліктерін түсіндіреді. Адамның Алланы жақсы көруіне Құран аяттары мен хадистерден шарғи дəлелдер келтіреді. Келешекте ұлы мұсылман ғалымының «Дін туралы ілімдердің қайта жандануы» атты іргелі шығармасына қатысты аударма, түсіндірме жəне зерттеу жұмыстарын жалғастырып, кітап1 H. Bekіr Karlіga. “Gazzalі” Іslam Ansіklopedіsі. – Іstanbul: Mysylman cauharі, 1996. C XІІ. – 512 s.
тың басқа да бөлімдері қазақ тілінде сөйлеп, оқырманындармен
қауышады деген үміт ішіндеміз.
Бүгінде қоғамымызда ислами өрлеу мен діни құндылық-
тардың қайта жаңғыру үдерістері жүріп жатқан заманда Əбу
Хамид əл-Ғазали сияқты ғалымдардың рухани мұраларын
зерттеп, адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау
көпэтносты жəне көпконфессиялы мемлекетіміздегі өзара
түсінісу мен рухани келісімді нығайтуға ықпалын тигізері
сөзсіз.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
МАХАББАТ, ЫНТЫЗАРЛЫҚ ЖƏНЕ
ДОСТЫҚ ПЕН РИЗАЛЫҚ
Аллаға мақтаулар болғай! Ол – сондай Алла, Өзінің жақын
құлдарының жүрегін дүниенің зейнеті мен байлығына берілу-
ден пəк қылды. Олардың жан дүниесі тек Алламен машғұл
(əлек), ал көңілдері тек Алланың шексіз ұлықтығын зікір етеді.
Сол үшін Алла оларға көркем есім-сипаттарымен белгілі бол-
ды. Сөйтіп, олардың жүректерін білім нұрымен жарықтанды-
рып, Өзінің құдіретін көрсетіп, жүректерін махаббат отына
орады.
Аллаға мадақ! Ол əулие пенделерінен құдірет пердесімен
жасырынды. Олардың жүректері Алланың шексіз ұлықтығы
мен құдіретіне қарап, қайран қалады. Ал енді олар Алланың
ұлықтығын көруге назар салғанда, ақыл-естен айырылып құ-
лайды. Осылайша, Алланың ұлықтығын көруге үміттері үзі ліп,
қайтып кеткелі тұрғанда, ғайыптан:
«Ей, Аллаға білімсіз жəне аптығып жақындағысы келген,
бірақ үміті үзілген жан! Сабыр ет!», – деген көркем дауыс шы-
ғады. Сонда пенденің жүрегі Алланың білім теңізіне батып,
Оның махаббат отына жанған күйде қалады.
Нəбилікті кемеліне, пайғамбарлықты ақырына жеткізген ел-
шіміз Мұхаммедке, оның əулетіне, ақиқаттың көшбасшылары,
үмбетінің көсемдері мен имамдары сахабаларға сансыз сала уат
пен сəлем болғай!
Расында, пенде Алла болған махаббат мəртебесіне жеткен
соң оған ынтызарлық, достық, ризалық сияқты оның жемістері
көрінеді. Əрине, махаббаттан бұрын тəубе, сабырлық, тақуалық
іспетті т.б. бастапқы баспалдақтары да бар. Адамға мұндай
мақамдар келген жағдайда жүрек оларды растап отырады.
Ал енді Алла тағалаға деген махаббатқа келсек, бұл жағдай
өте сирек. Сондықтан кейбір ғалымдар: «Аллаға махаббат –
Алла тағалаға үнемі бойсұну. Оның басқа мағынасы жоқ. Ма-
хаб баттың ақиқаты, тек өзіне ұқсас жəне тектес нəрселердің
арасында ортаға шығады», – деген пікірді ұстанады. Олар Ал-
лаға деген махаббатты жоққа шығару арқылы ынтызарлық,
достық пен мінажат лəззаттары сияқты мақам мен жағдай-
ларды да терістейді.
Демек, бұл мəселедегі білімсіздіктің пердесін көтеру қажет.
Олай болса, біз кітапта төмендегі тақырыптарды баяндаймыз:
Махаббатқа қатысты шариғат дəлелдері.
Махаббаттың ақиқаты мен себептері.
Алла тағаладан басқа ешкім ақиқат махаббатына лайық
емес.
Лəззаттың ең жоғарысы, Алла тағаланың сұлулығын көру.
Ақыретте Алланы көру лəззатының арта түсуі, осы дүниеде
Алла тағаланың тану біліміне байланысты.
Алла тағалаға деген махаббатты күшейтетін себептер.
Махаббатта адамдардың əртүрлі болу себептері.
Ынтызарлық мағынасының баяны.
Алла тағаланың пендесіне деген махаббаты.
Пенденің Алла тағалаға деген махаббатының белгілері.
Алла тағаламен шынай достасудың баяны.
Ризалық жəне оның артықшылығы.
Мінəжат ету, күнəні жек көру жəне одан аулақ жүру.
Алла тағаланы сүйетін пенделердің даналық сөздері мен
əңгімелері.
ПЕНДЕНІҢ АЛЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУІНЕ
ШАРИҒИ ДƏЛЕЛДЕР
Біліп ал! Үмбет, халықтың бір ауыздан Алла тағаланы жəне
Оның елшісін (с.ғ.с.) сүюі парыз. Бізге Алла тағаланы жақсы
көру керектігін растайтын мына аяттар дəлел:
«Адамдар арасында əлде бір хикметтерді Алладан кем
көрмей, сиынатындар да табылады. Алланы сүйгендей,
олар ды да сүйеді. Ал мүминдер Алланы ғана сүйеді»
(Бақара: 165).
«Ей, иман келтіргендер! Егер сендерден кім діннен безсе,
олардың орнына Алла Өзін жақсы көретін, оларды Өзі де
жақсы көретін... басқа бір қауымды əкеледі» (Маида: 54).
Бұл аяттар махаббаттың жəне оның əртүрлі болатынын дə-
лелдейді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) өз хадистерінде Алланы сүю
иманның шарты екенін айтады.
Əбу Разин Тукай пайғамбардан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі!
(с.ғ.с.) иман дегеніміз не?», – деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.):
«Алланы жəне Оның елшісін басқа нəрселерден артығырақ
сүюің», – деп жауап береді (Ахмад).
Анас ибн Мəликтің келесі хадисінде: Алланың елшісі (с.ғ.с.):
«Мені отбасынан, малы мен адамдардан артығрақ жақсы
көр мейінше, пенденің иманы кемелденбейді», – деп айтқан.
Бас қа риуаятта: «Тіпті өзінен де артық жақсы көрмейінше», –
делінген (Бұхари, Мүслим). Расында Алла тағала бұл жайында:
«Сен айт: Егер əкелеріңді, балаларыңды, аға-бауыр ла-
рыңды, əйелдеріңді, жекжаттарыңды, жиған қазына ла-
рың ды, тоқырап қалуынан қорқатын саудаларыңды, жақ-
сы көретін үйлеріңді Алладан, Оның пайғамбарынан жəне
Құдай жолында күресуден де жақын деп білесіңдер, онда
Алладан бір пəрмен келгенше күте тұрыңдар», – деп хабар
берген (Тəубе 24).
Сол сияқты, Алланың елшісі де (с.ғ.с.) сүюге бұйырған:
«Сендерді шексіз нығметімен ризықтандырғаны үшін Ал-
ланы жəне Алланың маған болған махаббаты сияқты, мені
жақсы көріңдер» (Ибн Абастан Термези келтірген).
Келесі риуаятта бір адам: «Уа, Алланың елшісі! Мен сізді
жақсы көремін», – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бəлекеттерге
дайын бол», – деді», – деп келеді (Термези).
Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын): Алланың елшісі
(с.ғ.с.) Мусғаб ибн Умаирге жүзін бұрып қарады. Оның үстінде
қойдың терісінен жасалған киім бар еді (Бұл көрініс оның дү-
ние махаббатынан бас тартқанын көрсетеді). Сонда пайғамбар
(с.ғ.с.): «Алла тағала жүрегін нұрландырған мына пендеге
қараңдар! Мен əуелі де оның ата-анасының құзырында ең
тəтті тағам, ең шырын сусын ішіп-жеп отырғанын көрген
едім. Енді Алла жəне Оның елшісінің махаббаты, оны сіз
көріп тұрған жағдайға түсіріпті», – деп айтты», – деген.
Əзірейіл періште (өлім періштесі) Ибраһим пайғамбардың
рухын алғалы келеді. Ибраһим пайғамбар оған: «Сен шын дос-
тың өзінің шынайы жолдасын өлтіргенін көрдің бе?» – деп
сұрайды. Алла тағала Ибраһим пайғамбарға: Ғашық өз сүй-
генімен қосылғысы келмегенін көрдің бе? – деп уахи жібе-
реді. Сонда Ибраһим: «Ей, ажал періштесі! Енді жанымды ала
бер», – депті деген риуаят бар.
Мұндай ақиқатқа Алла тағаланы барлық жүрегімен сүй-
ген пенде ғана жетеді. Өлім сүйгенін қосатынын білген жү рек
қуаныш табады. Ондай жүрек өлімінен басқаны керек қыл-
майды жəне өзге нəрселерге көңілді бөлмейді.
Муғаз ибн Жəбəл: «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла!
Маған Өз махаббатыңды, Сені сүйген пенделерінің махабба-
тын, Сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы
көруімді нəсіп ет! Махаббатыңды маған салқын судан
да жақсы көрсет!», – деп дұға қылатын» – деген хабарды
жеткізген (Термези).
Анас ибн Мəлик: «Бір бəдауи пайғамбардың (с.ғ.с.) құзы ры-
на келіп: «Ей, Алланың елшісі! Қиямет қашан болады?» – деп
сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиямет күні үшін не əзірледің?»
– деді. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Бəдауи: «Мен ол күн
үшін көп намаз бен көп ораза əзірлей алмадым. Бірақ мен Алла
мен Оның елшісін жақсы көріп, дос көремін», – дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Адам өзінің сүйген (нəрсесімен) бірге
болады», – деді» деген хабарды келтіреді (Бұхари, Мүслим).
Хадисті риуаят қылған Анас (Алла оған разы болсын):
«Мұсылманды ислам нығметінен соң басқа нəрсенің осынша
қуандырғанын көрмедім», – деген.
Əбу Бəкір Сиддиқ (Алла оған разы болсын): «Кім Алла та-
ғаланың махаббатын татып көрсе, дүниемен ісі болмай қа лады
жəне адамдардан оқшауланады», – дейді.
Хасан Басри: «Кім Раббыны таныса, Оны сүйеді. Кім дүниені
таныса, одан жүзін бұрады. Мүмин өмірін ұйқыда өткізбейді,
бəлкім ақыретін ойлап, қайғыда болады», – деген.
Əбу Сүлеймен əд-Дарани: «Алла тағаланың пенделерінің
ішінде сондайлары бар, оларды жəннаттар мен ондағы нығ-
меттер Алланың махаббатынан тоса алмайды. Ал енді олар
үшін дүние зейнеті қалай бөгет болсын?!» – дейді.
Келесі риуаятта Иса пайғамбар үш топты кездестіргені
жайында баяндалады. Бірінші топтағы адамдардың реңі шар-
шаған, жүдеген еді. Иса пайғамбар олардан: «Мынадай хəл-
ге қалай тап болдыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Тазалық тан
қорқудың салдарынан», – дейді. Иса пайғамбар: «Қорық қан
адамға амандық сыйлау, Алланың ақысы», – дейді.
Кейін олардан өтіп, басқа үш топқа кезігеді. Олардың бей не-
сі əуелгі топтағылардан да жүдеу еді. Иса пайғамбар: «Не үшін
мынадай күйге түстіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Жəннатқа
деген ынтызарлығымыз», – дейді. Иса пайғамбар: «Сендер
үміт қылған нəрсені беру, Алланың ақысы», – дейді.
Мұнан соң келесі топқа жолығады. Бұлардың хəлі, əуелгі екі
топтағылардан да нашар еді. Бірақ жүздері нұрланған адамдар
болды.
Иса пайғамбар: «Мынадай күйге жеткізген не нəрсе?» – деп
сұрайды. Олар: «Біз ұлық жəне құдіретті Алланы сүйеміз», –
десті. Иса пайғамбар қуанған хəлде: «Сендер Аллаға жақын
пендесіңдер. Сендер Аллаға жақын пендесіңдер», – деп қай-
талайды.
Абдулуахид ибн Заид: «Мен қарда тұрған адамның қасынан
өтіп жатып: «Суық емес пе?» – деп сұрадым. Ол маған: «Кімді
Алланың махаббаты машғұл етсе, суықты сезбейді», – деді» –
деген əңгімені айтады.
Сирри əс-Сақати (Алла оны рақым етсін): Күллі үмбет қия-
мет күнінде өз пайғамбарының есімімен шақырылады, яғни:
«Ей, Мұсаның үмбеті, ей Исаның үмбеті, ей Мұхаммедтің үм-
беті!», – делінеді. Ал енді Алланы сүйген пенделер: «Ей, Ал-
ланың достары, Алла тағаланың құзырына қош кел дің дер!», –
деп шақырылады. Олардың жүректері қуаныштан жарылу ға
əзір тұрады», – дейді.
Һарам ибн Хаииан (Алла оны рақым етсін): «Мүмин
ұлық жəне құдіретті Раббысын таныса, əлбетте Оны сүйеді.
Егер оны сүйсе, оған толық бет бұрады. Егер Раббыға то лық
бағытталудн лəззат алса, дүниені сүймейді, ақыретке нем-
құрайды қарамайды. Бұл жағдай оның дүниедегі қайғысы
болса, ақыреттегі рақатына себеп болады», – деген хабарды
баян дайды.
Яхия ибн Муғаз (Алла оны рақым етсін): «Алланың кеші-
рімінің кеңдігі сонша, оған барлық күнəлар батып кетеді. Сонда
Оның разылығы қандай болмақ?! Алланың разылығының
кеңдігі сонша, барлығы батып кетеді. Олай болса, Оның ма-
хаббаты қандай болмақ?! Алланың махаббатынан ақыл-есі нен
адасады. Олай болса, Оның достығы қандай болмақ?! Оның
достығы Өзінен басқасының барлығын ұмыттырады. Олай
болса, оның мейірімділігі қандай болмақ?!» – деген.
Келесі риуаятында: « Уа, Алла Сенің қасыңда көрінбей ғұ-
мыр кешемін. Саған мадақ айтып құлшылық етемін. Мені бала
кезімнен жолыңа салдың, Өзіңді танытып суғардың. Өзің нің
ізгілігіңнен бердің. Түрлі оқиғаларды басыма бердің. Кем-
шіліктерді жасырдың, тəубе қылдырдың, оқшауландырдың,
ынтызарлыққа салдың, махаббатпен амал қылдырдың, сөйтіп
мені сынаққа салдың. Мені хауызыңа жібер, шөлімді басайын.
Саған құлшылық етіп шынығайын. Сенің əміріңе бойсұнайын,
Сөзіңді үнемі қалап тұрайын!
Балалық шағымнан Саған құлшылық етіп, əдет қылдым, енді
сақал-мұртыма оқ түскенде қайтып Сенен кетпекпін?! Мен бұл
дүниеде қанша уақыт қалса-дағы зікір айтамын, саған мінə-
жат қыламын. Себебі мен саған ғашықпын. Əрбір ғашық өз
махаббатын тілейді, одан басқа ешкімді көрмейді», – деп айтқан.
Осы сияқты, Алла тағалаға деген маған махаббат жайында
айтылған көптеген хабарлар бар. Олардың көптігі сонша, шегі
көрінбейді. Келесі кезекте махаббат мағынасын анықтау үшін
таным теңізіне бойлап, оны түсінуге тырысып көрейік.
МАХАББАТТЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ
ЖƏНЕ ПЕНДЕНІҢ АЛЛАҒА МАХАББАТЫ
Біліп ал! Бұл білімнің мақсаты – махаббаттың негізгі ма ғы-
насын, оның шарттары мен себептерін түсіндіру. Мұнан соң
ма хаббаттың мағынасын анықтау үшін Алла тағалаға назар
салу.
Əуелі махаббаттың не екенін білу жəне оны түсіну лазым.
Себебі адам өзінің білген нəрсесін ғана жақсы көреді. Сол үшін
жансыз нəрселерді махаббатпен сипаттау ақылға кірмейді.
Бəлкім махаббат, түйсігі бар жанның ерекшелігі.
Адамның бір нəрсеге деген (жақсы немесе жек көру) сезімін
төмендегі мысалмен келтіруге болады:
1) (Адамның ғашық болған нəрсесі) оның сезіміне жақын,
оны рақатқа бөлейді. 2) (Адамның ұнатпаған нəрсесі) оның сезіміне теріс, оған
ұнамайды. 3) (Адамның немқұрайды қараған нəрсесі) оны рақатқа бөле-
мейді немесе теріс əсер етпейді:
Лəззат пен рақатқа бөлеген күллі нəрсе адам үшін махаб-
батына айналады. Керісінше, адам нəпсісіне ауыр келген күллі
нəрсе оған ұнамайды, оны жек көреді. Ал енді рақаты немесе
жамандығы білінбеген нəрсе жақсы көрген немесе жек кө рген
деп аталмайды.
Демек, лəззатты нəрсе, рақат тапқан адам үшін махаббатына
айналады. Жақсы көрген нəрсенің мағынасы, адам баласының
оған жақын болуы. Жек көрген нəрсенің мағынасы, адамның
оны өз болмысынан жек көруі.
Жақсы көру деп – адамның болмысынан лəззат алатын, ра-
қат табатын күллі нəрсені айтады.
Жек көру деп – адамның болмысына ауыр жəне қиын соғатын
нəрселерді айтады. Бұл айтылғандар осы бөлімде махаббаттың
мағынасына қатысты білуіміз қажет болған білім.
Екінші мəселе, махаббат таным мен білімге тиесілі бол-
ғандықтан, танылатын нəрселер түйсік ағзаларының айырма-
шылығына байланысты əртүрлі келеді. Əрбір түйсіктің сезі-
летін нəрселерді ажыратуы, табиғи жағдай. Сол себепті сезім
мүшелері кейбір сезілетін нəрселерден лəззаттанады.
Адам жаратылысында осы лəззаттың болуы себепті сол нəр-
селерге бейімділік оянады. Сондықтан кейбір түйсік арқылы
танылатын нəрселер табиғат болмысы дұрыс адамдардың
назарында жақсы көрінеді. Мысалы, көздің лəззаты, көркем
зат тарға қараған кезде рақатқа бөлену, сұлу əшекейлі заттарға
қарауды ұнату. Құлақтың лəззаты өлшемді реттілікпен келе тін
тартымды дыбыс əуендерін жақсы көреді. Мұрын түйсігі нің
лəззаты хош иістерді жақсы көреді. Дəм түйсігінің лəзза ты
дəмді əрі тəтті тағамдарда, сипау түйсігінің лəззаты, жұм сақ
əрі нəзік нəрселерде.
Түйсік арқылы танылатын осы нəрселер лəззатты болса,
онда (адамның) жақсы көретін заттарына айналады. Басқаша
айт қанда, адамның дұрыс болмысы осы нəрселерге жақын əрі
икем ді тұрмақ. Əнас ибн Мəлик пайғамбардың (с.ғ.с.):
«Маған дүниенің үш нəрсесі жақсы көрсетілді: Жұпар
иіс, əйелдер жəне көзімнің (жүрегімнің) қуанышы – намаз»,
– деп айтты» деген хадисін келтіреді (Нисай риуаяты).
Алланың елшісі хадисте жұпар иіс жақсы көрсетілген деді.
Жұпар иісте көз бен құлақ түйсіктерінің үлесі жоқ екені бел-
гілі, бəлкім ол мұрын түйсігі арқылы ғана сезіледі. Кейін
жақ сы көрген, екінші нəрсе, əйелдер. Мұнда иіс пен дəм сезу
жəне есту түйсіктерінің үлестері жоқ, бəлкім көз бен қол яғни
сипау түйсіктерінің ақысы болмақ. Үшіншісі көздің қуаны-
шы – намаз деп мұны жақсы көрген нəрселердің жоғарғы сы на
шығарды. Алайда намаз арқылы, біздегі бес түйсіктің еш бірі
лəззаттанбайтыны белгілі.
Демек, намаздың рақатын сезу үшін алтыншы, жасырын
түй сік керек. Ол – жүрек. Намаздың лəззатын жүрегі ояу адам
ғана сезеді. Сезімнің бес түйсігімен рақаттану қасиеті парасат-
сыз жануарларда да бар.
Егер махаббат тек бес сезім мүшелерімен ғана шектелер
болса, Алла тағала бес сезім мүшелерімен танылмайтын зат-
тарды (көзге) көрінетін етіп жасауы қажетті болар еді. Бұл
кезде адамның негізгі болмысы мен оған тəн ақыл, нұр, жүрек
рух сияқты қасиеттермен берілетін алтыншы сезім мүшесі жоқ
саналар-ды.
Жүрек көзі, сыртқы көзден артық. Сол сияқты ақыл ар қы-
лы танылған көркем мағыналар көзбен көретін сыртқы бей-
нелердің сұлулығынан жоғары. Таныммен келген жүректегі
лəззат көзбен көріп, туған лəззаттан толық əрі кемел екеніне
күмəн жоқ, адамдарға дұрыс ақыл мен болмыста бұған деген
тартылыс басым келеді.
Жақсы көрудің мағынасы – таным арқылы лəззат алатын
нəрсеге құмартып тұру. Демек, Алла тағаланың махабба тын
тек жануардың дəрежесіне түскен жəне сыртқы бес түйсік
мүшелерен тысқары аса алмаған адамдар ғана терістеуі мүм-
кін.
Үшінші негізгі мəселе. Расында, адам өзін жақсы көреді
жəне өзгені де өзі үшін жақсы көретіні жасырын емес. Алайда
адам басқа адамды өз пайдасы үшін емес, бəлкім оны шынайы
болмысы үшін жақсы көруі мүмкін бе? Бұл жағдай (ақылы)
əлсіз жандарға қиын келеді. Олар адам басқа адамды шынайы
болмысы үшін жақсы көруін (көз алдарына) елестете алмай-
ды. Бұлай болуы мүмкін емес деп ойлайды. Оның шынайы
болмысынан бөлек бір пайда болса ғана басқаны жақсы көруі
мүмкін дейді. Шынында да бұл жағдай бар жəне жиі кездеседі.
Олай болса, махаббаттың себептері мен түрлерін баяндамақ-
пыз.
Кез келген тіршілік иесі əуелі өзін жəне өз болмысын сүйеді.
Адамның өзін жақсы көруінің себебі, оның болмысында жатыр.
Ол үздіксіз өмір сүруді жақсы көреді, ал өлім мен фəнилікті
жек көреді. Себебі адамның табиғатында сүйікті болған нəрсе
соған (мəңгі өмірге) бейім тұрады. Адамға өзі мен өмірінің
үздіксіз жалғасуынан артық бейім келетін не нəрсе бар?!
Сондықтан адам болмысындағы нəпсінің өлімінен асқан
жаман жəне жек көретін не нəрсе болуы мүмкін дейсің?!
Сол үшін адам өмірінің үздіксіз болуын жақсы көріп, өлімді
жек көреді. Өлімнен қорқу тек ажалдан немесе өлімнен кейін-
гі жағдайдан ғана емес, оның жаны ауырмаса, азап тартпаса,
өлімге разы болмайды жəне оны жек көреді. Өмірде өлім жəне
жоқ болудың қасіреті қатты болғандықтан, ол екеуін жек кө-
реді. Егер үстіне үздіксіз қайғы-қасірет жапса, онда оның
махабба ты сол қайғы-қасірет кетіретін (нəрсеге) ауысады. Ал
қайғы мен қасіреттен азат қылатын нəрсе – өлім.
Сонымен, өлім мен фəнилік (жоқ болу) жек көретін нəр-
селер. Себебі нұқсандық (кемшілік) кемелдікті жояды. Өмір
сүру кемелдігі жақсы көрілгені сияқты, кемелдік сипаттары-
ның да бар болуы жақсы көрінеді. Бұл Алла тағаланың заңына
сəйкес, адам табиғатындағы тұрақты құбылыс:
«Бұл – Алла тағаланың бұрыннан ұстап келген жолы.
Ол белгіленген жол ешқашан өзгермек емес» (Фатх: 23).
Демек, адам үшін ең əуелгі сүйікті нəрсе өзінің кейін ағза-
ларының саулығы, сосын мал-дүниесі мен перзенттері, бауыр-
лары мен достары. Ағзалар сүйікті, олардың саулығы болса
қажетті нəрсе. Себебі, өмір сүрудің кемелдігі мен жалғасын-
дығы соларға байланысты. Мал-дүниеде де сүйікті. Өйткені
ол да өмір сүрудің кемелділігі мен жалғасымдығына септі гін
тигізеді. Адам бұл нəрселерді шынайы болмыстары үшін емес,
бəлкім өз өмірінің жалғасы осылармен байланысты бол ғаны
үшін жақсы көреді.
Сол сияқты, адам өз перзентінен аса пайда көрмесе де, оны
жақсы көреді. Баласы үшін көптеген машақаттарға шыдай-
ды. Адам нəсілі мен тегінің жалғасы өзінен перзент қалуына
байланысты. Сондықтан өмірінің жалғасындығын шектен тыс
қалайтын адам өз орнына қалатын адамның да мəңгілігін жақ-
сы көреді.
Адам өзінің мəңгілігінен үміті үзілген кезде, оның ұлы өзінің
бір бөлігі сияқты. Алайда оған өзі мен баласының ортасына
өлім ықтияры қойылса, ол өз өмірінен перзентін жоғары қояды.
Себебі өзі мəңгілік жасай алмайтын болған соң өзінің жалғасы
ретінде баласының өмір сүруін қалайтын еді.
Адамның ағайын-туыстарына болған махаббаты да өз ке-
мелдігін жақсы көруіне байланысты. Ол өзін олармен бірге
күшті сезінеді, олардың толықтығымен бірге өзін кемел көреді.
Ағайын-туыс жəне мал-дүние мен сыртқы себептер адамға екі
қанат бітіреді.
Өмірдің кемелдігі мен жалғасымдығы адамзат табиғаты
үшін жақсы көрілген (сүйікті) нəрсе. Демек, əрбір жан иесі
əуелі өзін, кейін нəпсісінің кемелдігі мен мəңгілігін жақсы кө-
реді. Бұлардың қарама-қарсысы оның жек көретін нəрселері
болмақ. Баяндаған осы жағдайлар махаббатты туғызатын
бірінші себеп.
Екінші себеп – ихсан (жақсылық жасау).
Адам – ихсанның (жақсылықтың) құлы. Жүрек, жақсылық
қылған адамды жақсы көретіні, жамандық қылған адамды жек
көрері анық. Сол себепті Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла!
Арсыз (күнаһардың) қолын менің үстіме қойдырма (яғни ол
адам маған жасамасын) Сол үшін жүрегім оны жақсы көріп
қалмасын», – деп айтқан (Əбу Мансур əд-Дилəми «Муснад
əл-фирдаус» кітабында Муғаз ибн Жəбəлдан риуаят риуаят
қылған).
Пайғамбардың осы хадисі жүректің жақсылық жасаушы ны
жақсы көрмей тұра алмайтынын білдіреді. Бұл адам атауы-
ның табиғаты мен жаратылысы, мұны өзгертіп болмайды.
Осы себепті адам басқа ұлттың өкілі бола тұра, яғни ортада
ағайындық, не тілдік жақындық болмағанына қарамай, өзге
(ұлт өкілін) жақсы көреді.
Расында мухсин (жақсылық жасаушы) – мал беру, жəрдем
көрсету сияқты өмір сүрудің кемелдігі мен жалғасымдығы-
на жетелейтін т.б. себептер арқылы несібеге қол жеткізу
үшін демеп, септігін тигізеді. Мұның бірінші себептен айыр-
машылығы, бірінші адам ағзаларын жақсы көреді. Олардың
саулығы, оның өмір сүруінің кемелдігі. Бұл нақты талап қы-
лынған кемелдік. Ал (екінші себептегі) жақсылық жасаушы
адам нақты талап қылынған кемелдік емес, бірақ сол кемел-
дікке себеп. Бұл жағдай, ағзалардың үнемі саламатта болуы
үшін дəрігердің себепшілік қызметіне ұқсайды.
Сау-саламаттыққа себепші болғаны үшін жақсы көрінеді.
Осы сияқты білім һəм ұстаз да жақсы көрінген. Тағам мен
сусын өз болмыстарымен жақсы көрінген, ал ақша оларға
септік болғаны үшін жақсы көрінеді.
Осылайша арадағы, айырмашылық дəрежесі ортаға шы-
ғады. Негізінде бұлардың əрбірі адам өз нəпсісін жақсы көруі-
нің арқасында пайда болады. Жақсылық істеуші адамды жақ-
сылығы үшін жақсы көрген пенде, ақиқатында оның болмы сын
емес, бəлкім істеген жақсылығын жақсы көреді. Бұл жақсы-
лық оның амалдарынан бір амал ғана (яғни жақсылық істеген
адамның əрекеттерінің бір ісі ғана).
Жақсылық істеген адамның болмысы тұрақты əрі жалғасу-
шы болса, ол істеген жақсы амалы уақытша яғни жақсылық əре-
кет жоқ болса, махаббат та жойылады. Амал азайса, махаббат
та азаяды. Егер (жақсы амал) көбейсе, онда махаббатта һəм
артады немесе кемиді.
Махаббаттың (пайда болуының) үшінші себебі – кейбір
белгілі нəрселердің ешбір пайдасы болмағанымен, жақсы кө-
рінеді. Бұған олардың шынайы болмысы себеп. Ол үздіксіз
жалғаса берсе, мығым бола береді. Мысалы, сұлулық пен
əде мілікке деген махаббат. Сұлулық əрбір ақылы дұрыс пен-
денің қалауында жақсы көрінген зат. Бұл сұлулықтың шын
болмысына қатысты. Оны таныса адамға лəззат береді. Лəззат
дегеніміз – ешқандай тысқары себепсіз, сол заттың болмысы на
деген махаббат.
Сұлу бейнелерді жақсы көру тек қалауды қанағаттандыру
деп ойлама. Қалаудың құмарын басу, лəззаттың басқа түріне
жатады. Сұлулықты тану – лəззат.
Демек сұлулықтың шынайы болмысын жақсы көру таби-
ғи жағдай. Мұны теріске шығару мүмкін емес (көздің жауын
алатын) жап-жасыл шөптер, сарқырап аққан сулар қол да-
нылмаса немесе пайдаланылмаса да оларға адам сүйсіне
қарайды. Оларды жақсы көреді. Əбу Нуғаим деген хадисші
Абдуллаһ ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) риуаят
қылған хабарда Алланың елшісі жап-жасыл өсімдіктерді,
сар қырап ағып жатқан суды жақсы көрген. Алуан түрлі түс-
терге гүлдер мен əсем дауысты құстарға, үйлесімді нақыш
өрнектеріне қарап тамашалауға рұқсат. Тіпті бұл сұлулық тар-
ға қарап, пайда талап қылмағанымен, адам бойындағы уайым-
нан арылады, жақсы демалады.
Кез келген лəззатты нəрсе жақсы көрінеді. Қандай да бір сұ-
лулық пен əсемдікті тану құбылысы лəззат тудырады. Сөйтіп,
сұлулықты шынайы болмысы үшін көрінетінін ешбір пенде
терістей алмайды. Шынайы сұлулық расында тек Алланың
болмысында екені анық. Оның сұлулығы мен ұлықтығын
түсінген пенде үшін Алладан басқа сүйікті зат болмайтынына
күман жоқ. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Расында, Алла – сұлу,
барлық нəрседе сұлулықты жақсы көреді», – деген (Ибн
Масғудтан Мүслим риуаят қылған).
Төртінші негізгі мəселе. Сұлулық жəне əдеміліктің мағы-
налары.
Біліп ал! Қиял мен сезімдердің торына қамалған адам үшін
əсемдік пен сұлулықтың бір-бірінен айырмасы жоқ. Тек жа-
ратылыс, пішін жəне рең жағынан ұқсастық немесе бойдың
ұзынды ғы сияқты белгілер ғана болуы мүмкін деп түсінеді.
Адамдар көп жағдайда адамның бет əлпетіне қарайды да,
көрінбейтін, ойға келмейтін пішіні мен реңі жоқ нəрселерді
сұлу деп санамайды. Бұл – анық қате. Себебі сұлулық көзбен
танылатын нəрсе лерге, жаратылыстың пішініне, ақ-қызыл
реңдердің көшуіне байланысты емес.
Біз мына дауыс жағымды, мына жазу көркем, мына ат сұлу
немесе мына киім əдемі, мына ыдыс əдемі деп жие айтамыз.
Егер сұлулық тек бейнеде болса, онда дауыс, жазу жəне басқа
да нəрселердің сұлулығына қандай мағына керек? Көздің көр-
кем жазуға қарап рақат табатыны, құлақтың үйлесімді ды быс-
ты естіп, лəззат алатыны белгілі.
Танылатын нəрселердің əрбірі əдемі жəне көріксіз болып
бөлінеді. Ендеше, осы нəрселерге ортақ болған əдеміліктің
ма ғынасы не? Бұл мəселе зерттеуді қажет етеді. Ал зерттеу
дегеніміз ұзақ құбылыс. Адамгершілік ілімінде бұған кеңі нен
тоқ тауға мүмкіндік жоқ. Сол себепті қысқа əрі нұсқа түрде бы-
лай делік: Күллі нəрсенің сұлулығы мен əдемілігі өзіне лайық
жəне шамалас кемелдікте. Егер ол нəрседе өзі үшін мүмкін
кемелдік толық болса, онда ол нəрсе сұлулықтың жоғарғы
мəртебесі саналады. Ал енді кемелдіктің бір бөлігі ғана болса,
оның сұлулығы мен кемелдігі де сол шамада болмақ.
Демек, сұлу ат – өзіне лайық пішін, рең, жорға жүріс, шабыс
сияқты сипаттарды бойына жинаған нысан. Көркем жазу, жазу-
ға тəн əріптердің реттілігі, жүйенің дұрыстығы, əріптің орнала-
су тəртібінің əдемілігі сынды белгілердің бірігуі. Сонымен, əр-
бір нəрсенің сұлулығы, өзіне лайық түрдегі кемелдік. Мысалы,
адам тұлпарға сұлулық беретін сипаттар арқылы сұлу болмай-
ды немесе жазу дауысты əдемі ететін қасиеттермен көркем
болмайды. Сол сияқты құмыра (ыдыс) киімге тəн əдемілік тің
арқасында сұлу танылмайды. Басқа нəрселер де һəм осыған
ұқсайды.
Егер сен: «Осы нəрселердің барлығы көз (көру) түйсігімен
танылмаса да сезім түйсіктерінен ажыраған емес. Олар сезіле-
тін нəрселер. (Түйсік) арқылы сезілетін нəрселердің сұлулы-
ғы мен əдемілігі теріске шығарылмайды. Олардың əдемілі-
гін тану арқылы лəззаттың келері де анық. Алайда (сезім)
түйсіктерімен танылмайтын нəрселерде сұлулық бола ма?» –
деп сұрасаң.
Біліп қой, сұлулық пен əдемілік сезім түйсіктері арқылы
қабылданбайтын нəрселерде де бар. Мысалы, жақсы (көркем)
мінез, жақсы білім, жақсы (рақат) өмір т.б. Жақсы (көркем)
мінез дегеннен мақсат – білім, ақыл, ұстамдылық, ерлік, тақуа-
лық, жомарттық, мейірімділік сол сияқты т.б. көркем мінездер.
Осы жақсы (көркем) сипаттардың ешбірі сезім мүшелері
арқылы танылмайды. Бірақ жасырын, ішкі көздің нұрымен
білінеді.
Осы сипаттармен ерекшеленген адам бұларды (яғни си-
паттарды) танитын адам үшін сүйкімді, сұлу. Адам жара ты-
лысынан пайғамбарларды (Алланың оларға сəлемі болсын),
сахабаларды (Алла оларға разы болсын) көзімен көрмесе де,
оларға деген махаббатпен қарайтынын осының дəлелі ретінде
келтіруге болады.
Имам Əбу Ханифа, имам Мəлик жəне Шафиғи сияқты маз-
һаб жолын қалаушыларға деген махаббат та осының мысалы.
Тіпті кейбір адамдардың мазһаб қалаушыларынан болған ма-
хаббаты ғашықтық шегінен асып та кетеді. Бұл жағдай оның
өз мазһабын күшейтіп жəне сақтау үшін барлық малын сарп
қылуына əкеп соқтырады.
Мысалы, имам Шафиғты мүлдем көрмеген адам оны не үшін
жақсы көреді? Оған деген шексіз махаббатқа бөлеген нəрсе
сыртқы емес, ішкі дүниенің бейнесі. Себебі оның болмысы ның
сыртқы бейнесі топыраққа айналған. Сонымен, оған бол ған
махаббаттың себебі, ғалымның (имам Шафиғтың) діндар лы-
ғы, тақуалығы, терең білімдігі, шариғат ілімін жеткізе білгені
жəне еңбексүйгіштігі сияқты т.б. рухани сипаттар. Осы нəрсе-
лер көркем амалдарға айналып, олардың сұлулығы тек жүрек
нұрымен танылады. Ал түйсік сезімдері (ағзалары) бұлардың
(осы сипаттардың) алдында шарасыз.
Сол сияқты, Əбу Бəкір Сыддықты (Алла оған разы болсын)
жақсы көрген, оны басқалардан артық санаған немесе Əлиді
(Алла оған разы болсын) басқалардан ерекше санаған адам да
бұларды білімі, діндарлығы мен тақуалығы жəне батырлығы
іспеттес рухани сипаттары үшін жақсы көреді. Негізінде Əбу
Бəкір Сыддықтың сүйегі, еті мен ағзалары құбылып жоқ бо-
лып кеткені, оның да сыртқы пішіні үшін жақсы көрінбеге-
нін білдіреді. Оның жақсы көрінуіне себеп көркем сипатта ры
(мəңгі) қалды. Адамның сыртқы болмысы жойылғанымен, ру-
хани, ішкі қасиеттері қалады. Сондықтан ол адамға деген ма-
хаббат та қала бермек.
Бұл көркем сипаттардың барлығы білім мен құдірет си пат-
тарына оралады. Барлық амалдың ақиқаты – білім. Құмарды
жеңіп, өзін көркем сипатқа үндеу де күш арқылы іске асады.
Ізгілік атауының ерекшеліктері осы екі қасиетке негізделіп
тармақтанады. Бұл екі қасиетті (білім мен күш) түйсік мүше-
лерімен тану мүмкін емес жəне бөліктерге де бөлінбейді.
Бөлікке бөлінбейтін, көзге көрінбейтін сүйкімді екі қасиеттің
пішіні (бейнесі) мен реңі жоқ. Солай бола тұра, бұл екеуі дене
болмысының құрамынан саналады.
Сонымен сұлулық, көркем мінез жəне ізгілік сүйкімді
(сүйік ті) нəрселерге жатады. Бұлар толық білім мен құдірет
кемелдігінен бастау алады. Кемел білім мен құдірет сүйікті бола
тұра, түйсікке көрінбейді. Егер балаға ғайыптағы (көзіне кө рін-
бейтін) немесе қасындағы яки болмаса қайтыс болған адам ды
жақсы көрсеткіміз келсе, оны ерлік, жомарттық, білім жəне басқа
да сүйкімді сипаттарымен көптеп мақтауымыз қажет.
Егер балақай осы сипаттарға сенсе, онда сол адамды жақсы
көретін болады. Сахабаларды жақсы көру, Əбу Жəһилді жəне
Ібіліс (шайтан) малғұнды жек көру дегеніміз, сезім мүшелерімен
танылмайтын жақсы мен жаман мінездерге берілген терең
сипаттардың арасында емес пе? Сол үшін адамдар Хатим əт-
Тайды жомарттықпен, Халид ибн Уалидті ерлік сипатымен
суреттеуі себепті жүрек оларды сүйеді. Бұл махаббат оларға,
көзбен көрінетін суретке қарап немесе оларды жақсы көрген
адамдардың асқақ армандарына жетуі себепті келмегені анық.
Сондай-ақ бір өлкедегі патшаның тарихында оның əділ,
қайырымды, адамдарға мол жақсылық жасағандығы баяндалса,
жүректен оған деген махаббат орын алады. Бұл адам əлгі
патшаның жақсылығын көрмесе-дағы жағдай осылай болмақ.
Демек, адамның махаббаты өзіне жақсылық қылған адаммен
шектелмейді. Жақсылық жасаған адамның ізгілігі басқаларға
жетпесе де олар оны болмысы үшін жақсы көреді. Себебі күллі
сұлулық пен ізгілік жақсы көрінеді (сүйінеді). Сыртқы бейне-
лер сыртқы көзбен, рухани бейнелер рухани көзбен (жүрек көзі,
иман нұрымен) танылады. Кім ішкі (рухани) көзден мақұ рым
болса, рухани бейнелерді тани алмайды, оларды тамашалап
рақат таппайды, сүймейді жəне оларға ынтасы да болмайды.
Кімнің көру қабілеті сыртқы түйсік мүшелерінен басым
келсе, онда оның рухани мағыналарға махаббаты, сыртқы кө-
рініс мағыналарына деген махаббатынан артық келеді. Жалпы
айтқанда, дуалға салынған нақыштың көзге сұлу көрінгені
үшін жақсы көрген адам мен пайғамбарды рухани дүниесінің
сұлулығы үшін жақсы көрген адамның айырмашылығы жер
мен көктей.
Бесінші себеп – жақсы көрінген мен жақсы көрушінің ор-
тасындағы жасырын байланыс мəселесіне назар салсақ, онда
кейбір кезде екі адам арасындағы махаббаттың негізі сұлулық
емес екенідігін байқаймыз. Əбу Һурайрадан (Алла оған разы
болсын): «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «(Рух) бір-бірін таныса, дос
болады. Егер (ол екеуі) бірін-бірі жек көрсе, қарсыласады», –
деп айтты» деген риуаятты Мүслим келтіреді.
Мұны «Сұхбат əдебі» кітабының «Алла үшін жақсы көру»
бөлімінде айтқан едік. Себебі бұл жағдай (рухтардың өзара та-
нысып достасуы) махаббаттың ғажап себептеріне қатысты.
Демек, махаббаттың бөлімдері бес себепке бөлінеді:
1. Адамның (нəпсінің) кемелдік пен мəңгілікке деген махаб-
баты; 2. Өзіне жақсылық жасаған адамға деген махаббаты; 3. Жалпы жақсылық (ізгілік) жасайтын адамға деген махаб-
баты; 4. Адамның жалпы сұлулықты (сыртқы көріністе немесе
рухани дүниеге қатысты болса да) жақсы көруі; 5. Өзі мен басқа адамның арасындағы жасырын, яғни көзге
көрінбейтін байланысы бар кісіге деген махаббаты.
Егер осы себептер бір адамда жиналса, онда махаббаттың
арта түсетініне күмəн жоқ. Бір кісінің перзенті сұлу, мінезі
көркем, білімі жетілген, əрекеті саналы əрі əкесіне жақсылық
қылатын болса, ол – шексіз сүйкімді (жақсы көрілген) ұл. Осы
қасиеттер жиналған соң махаббаттың күші бұл сипаттардың
шегіне сəйкес күшті саналады. Егер осы қасиеттер кемелдіктің
ең жоғарғы дəрежесінде болса, онда махаббат та жоғарғы
мəртебеге көтеріледі.
Енді осы себептердің барлығы тек Алла тағаланың жанында
жиналып, кемеліне жете түсетіні туралы жəне Алладан басқа
ешкім шынайы махаббатқа лайық емес екені хаққында баян
қылмақпыз.
МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚ ЖАЛҒЫЗ АЛЛА
ЕКЕНІН БАЯНДАУ
Расында, Алланы жақсы танымаған адам өзінің білімсіздік
салдарынан Алладан басқаны жақсы көреді (яғни, Алланы қан-
шалықты танымаса, соншалықты басқаны жақсы көреді).
Алланың елшісін (с.ғ.с.) жақсы көру махаббаты – мақтаулы
іс. Себебі бұл Аллаға болған махаббатты білдіреді. Ғұлама-
лар мен тақуаларға қатысты болған махаббат та осы сияқты.
Сүйіктінің сүйген нəрсесі де сүйіктіге айналады. Алланы жақсы
көрсе, демек Оның елшісі де жақсы көрінеді. Мұның барлы ғы
махаббатқа оралады, содан бастау алады.
Рухани көздері ашық пенделер үшін Алладан асқан махаб-
бат жоқ. Махаббатқа Одан асқан лайық ешкім де болмақ емес.
Бұған қатысты түсініктемені жоғарыда айтқан махаббаттың
бес себебі қамтиды. Өйткені осы себептердің барлығы да Алла-
ның қасында жиналған. Төменде осы туралы баяндамақпыз.
Бұл себептер Алла тағалада ғана кемел болары ақиқат. Одан
басқада болуы – қиял əрі метафоралық сөз, ақиқат емес. Бұл
дəлелденген шындық.
Жүрегі ұйқылы, ақылы əлсіз адамдар Алла тағаланың ма-
хаббаты мүмкін емес деп ойлайды. Ал рухани көзі ашық адам-
дар үшін бұл анық жағдай. Сол сияқты, ізденіс арқылы Алла-
дан басқа ешкім шынайы махаббатқа лайық еместігі білінеді.
Бірінші себеп: Адамның өз нəпсісін, мəңгілігін, болмы-
сының жалғасымдылығын жақсы көруі жəне өмірін қысқар-
татын, кемелдігіне нұқсан келтіретін барлық нəрсені жек
көруі. Бұл жағдайды кез келген тіршілік иесінің табиғи жа-
ратылысы десе де болады. Аталмыш қасиеттен ешкім құтыла
алмайды. Бұл ақиқат, Алла тағалаға шексіз махаббатты оята-
ды. Себебі өз нəпсісін жəне Раббысын таныған адам, өмірдің
болмысы Алладан келетінін, өмірінің мəңгілігі мен кемелді-
гі Алла тағаладан берілетін нығмет екенін түсінеді. Олардың
Алланың жаратуы мен жəрдемі арқылы болғанын жəне Аллаға
оралатынын біледі.
Демек, адамды дүниеге алып келген, жоқтан бар еткен –
Алла. Кемелдік сипаттарды жəне кемелдікке жетелейтін се-
беп терді жарату арқылы адам болмысын толықтыратын (ке-
мел дететін) тағы – Алла. Сондықтан бұл себептердің өмірге
келуіне, орындалуына жол ашатын да Алла тағаланың Өзі.
Адам əуеліде жоқ еді. Алла тағала мейірімі арқылы оны
жаратпағанда, пенде мəңгілік жоқтықта қала беретін еді. Алла
əлем болмысын келтіргеннен кейін де пенденің өз бетінше
жасап кете алмасы анық. Егер Алла оны мейірімі арқылы мəң-
гі қалдырмаса, онда ол қайтадан жоқ болмақ. Пендені дүние-
ге келтірген Алла оның жаратылысын кемел қылмаса, ол əлсіз
қалмақ.
Қорытып айтқанда, ешбір пенде өз болмысында əл-хай (мəң-
гі тірі), əл-қойюм (үздіксіз күзетуші емес). Өз болмысынан
мəңгі тірі əрі үздіксіз күзетуші тек – Алла. Одан өзгенің əрбірі
Оның болмыс себебінен ғана нəр алуда.
Білгір адам өз болмысын жақсы көрсе, онда өзінің басқа
заттан шыққанын білген кезде, əлбетте, болмысының себеп-
шісін жəне мəңгілік өмір берушісін жақсы көреді. Ол Алла
тағаланы – Жаратушы, Болмысқа келтіруші, Жоқтан бар ету-
ші, Қалдырушы, Өз болмысында тұрақты бола тұра өзгені
тұрақ ты етуші деп біледі. Оны сүйеді.
Егер пенде Алланы сүймесе, онда өзін жəне Раббын та-
нымағандығы. Аллаға махаббат болмаса, махаббат танымының
жемісі де болмайды. Махаббат əлсіз болса, махаббаттың жемісі
де құнарсыз (əлсіз) болмақ. Махаббат күшті болса, оның жемісі
де күшті.
Хасан əл-Басри (Алла оны рақым қылсын): «Кім Тəңірді
таныса, Оны сүйеді. Кім дүниенің ақиқатын білсе, онда дү-
ниеден безеді», – деген. Адамның өз нəпсісін жақсы көріп,
нəпсіні жаратқан Тəңірді жақсы көрмеуін қалай түсіндіруге
болады?! Күннің ыстығынан қиналған адам көлеңкені жақсы
көргені сияқты, көлеңке түсіріп тұрған ағаштарды да жақсы
көреді ғой. Болмыстағы барлық нəрсенің Алланың құдіреті-
мен байланысын, көлеңкенің ағашқа, ал күн шуағының күннен
шығатын байланысына ұқсатуға болады.
Сондықтан кез келген нəрседе Алланың таңбасы (əсері)
бар. Барлық нəрсенің болмысы Оның болмысына байланысты.
Бұл мысал білімсіз адамдар үшін өте дұрыс. Себебі олар
жарық күннің əсері, одан тарап, сол арқылы пайда болады деп
сенеді. Алайда бұл қате пікір. Жүрек иелеріне Аланың ақи-
қаты ашылатыны сияқты, көзбен көрінетін нұр (жарық) Алла
тағаланың құдіретінен пайда болады. Күнді жəне басқа да
барлық денелерді жаратқан – Алла. Күннің нұры, оның пішіні
мен бейнесі де Алланың құдіретімен тəмамдалған.
Демек, адамның өз нəпсісін жақсы көруі зəру жағдай екен,
онда соны жаратқан жəне оған өмір берген Аллаға, Оның не-
гізіне, сипатына, жаратқан денелеріне деген махаббаттың
болуы да зəру. Кім осы ақиқиқатты түсінсе, онда нəтижесі
осылай болмақ. Ал енді кім бұл махаббаттан мақұрым болса,
нəпсі мен құмармен əуреге түсіп, Раббын ұмытады. Оны
шынайы біліммен танымайды, ол адамның көзі құмармен шек-
теліп, сыртқы бейнені ғана көретін түйсікпен отырып қалады.
Сөйтіп, ол тек көрініп тұрған дүниені ғана танитын бола ды.
Бірақ мұндай əлеммен шектелу, дүниеге əуес қойып, одан
пай да табу (парасатсыз) жануарлардың да қолынан келеді.
Ал ланың патшалық əлеміне тек періште сипатты адамдар
кіре алады. Оның сипаты періштеге қаншалық жақын болса,
патшалық əлем сырларын да соншалық көп көре алады. Па-
расатсыз жануар əлемінің шырмауына түсіп қалған пенде бұл
əлемге (Алланың патшалығына) кіре алмас.
Екінші себеп: адамның өзіне жақсылық қылған, мал-мүл-
кімен, басқа да мүмкіндіктерімен жəрдем көрсеткен, дұш пан ды
жеңген, оны бұзық адамдардың кесірінен сақтап қалған жəне
басқа да жақсылықтарға себепші болған адамды жақсы көруі.
Күмəнсіз, мұндай адамдарға махаббат ауады. Бұл жағдай да
жоғарыдағы сияқты, Аллаға деген махаббатқа жол бастайды.
Егер пенде ақиқатты түсінсе, оған жақсылық жасаушы тек
Алла екенін біледі. Алланың күллі пенделерге жасайтын жақ-
сылық түрін есептеп (көрсетуге) құдіретіміз жетпейді, себебі
бұл есеп-қисаптың шеңберіне симайды.
Алла тағала: «Егер Алланың нығметін санасаңдар, саны-
нана жете алмайсыңдар», – деген (Наһл: 18).
«Шүкір» кітабында бұған кейбір ишараттар келтірілген.
Мұнда адамдардың қылатын жақсылығы тек мəжези (мета-
форалық) екенін баяндаймыз.
Əрине шынайы жақсылық қылушы тек – Алла. Бұл ақиқат-
ты, саған қазынасындағы барлық байлығын арнап жəне одан
қалағаныңша жаратуың үшін мүмкіндік берген адам туралы ой-
лап көруіңе болады. Сен бұл жақсылықты сол адамнан деп бі-
лесің. Бұл жансақ пікір. Себебі ол адамның жақсылығы, оның
тірі болуы, мал-мүлікке құдіретінің жетуі, оның саған малды сарп
етуі осы себептер арқылы іске аспақ. Қош, енді оны жəне мал-
дүниесін жаратқан, күш-қуатын, қалауы мен жігерін, ізгілікке
үндеген себептерді жасаған кім? Оған сені жақсы көрсеткен,
оның жүзін саған бұрған, оның жүрегіне, дін мен дүниенің
түзелуі – ізгілік жасауда деген түсінікті салған кім? Осы нəрсе-
лер болмаса, малынан саған бір түйір дəнек те бермес еді.
Алла тағала оған ізгілікке үндейтін себептерді жіберді, оның
нəпсісінде дін мен дүниенің молаюы үшін малын беруге ше-
шім шығарды, ол (Алланың əміріне) басын иіп, малын табыс
етті, бұған қарсы шыға алмады.
Шынайы ізгілік жасаушы – Алла. Ол – ізгілік жасай тын
адамды саған жақсылық жасауға бойсұндырды, жақсылық
амал дарды орындауға үндейтін себептерді əмір етті.
Пенденің қолы бар болғаны себеп қана, Алланың жақсылы-
ғы сол арқылы орындалады. Ағын су өз арнасымен ағуға
мəж бүр болғаны сияқты, қолдың иесі де жақсылық жасауға
мəжбүр. Оны жақсылық жасаушы деп сенген болсаң немесе
себеп ші деп иланбай, шынайы жақсылық қылған деп оған
шүкір лік айтсаң, онда ақымақтық жасағаның. Шындығында
адамның жақсылығы тек нəпсі үшін болады. Білмей тұрып,
жақсы лық жасау өте қиын нəрсе. Себебі адам өз байлығын тек
белгілі мақсат үшін сарп етеді. Оған бұл ісі үшін келешекте
сауап (марапат) жазылатынын, ал қазіргі таңда абырой беріліп,
өзгенің жүрегін өзіне қарататынын, мақтау, жомарттықпен
танылатынын немесе адамдардың махаббатына бөленетінін
біледі.
Адам теңізге малын жайдан-жəй тастамайды. Сол сияқты
малын басқа адамның қолына мақсатсыз тапсырмайды. Осы
ойларды ескеретін болсақ, онда сен (яғни, саған жақсылық
жасаған кезде) ол адамның мұрат-мақсаты емессің бəлкім,
оның сауап табуына бір себепшісің. Демек ол, өзіне жақсылық
жасаушы. Ол адам бөліп берген малынан да жоғары нəрсеге
иелік қылмақ. Оның назарында (келешекте) алатын сауабы
мал-дүниеден де артық болмаса еді, саған малынан бөліп, мүл-
дем құрмет қылмас-ты. Сондықтан адам (өзіне жақсылық жа-
саған) кісіге махаббат қойып, шын тəнімен алғыс жаудыру ға
құқылы емес. Мұның екі себебі бар:
Бірінші себеп: қайырымдылық жасауды адамға Алла əмір
қылған. Оның бұған бойсұнуы мəжбүр, қарсы келуіне құді ре-
ті жетпейді. Бұл адам патшаның қазынашысы сияқты. Қазы-
на шы патшаның əмірімен бір кісіге мемлекет қазынасынан
ал тын бергенімен, қайырымдылық жасаушы саналмайды. Өйт-
кені қа зынашы патшаға бойсұнуға жəне оның əмірін орын дау-
ға міндетті. Егер патша əлгі қазынашыны өз ықтиярына қойса,
онда ол алтынды бермеген болар еді. Алайда Алла тағала
олардың қайырымды іс жасауларына үкім етіп, дүние мен
ақыреттің бақыты – малын сарп етуде екенін білдірді.
Екінші себеп: қайырымдылық қылушы жұмсаған малының
орнына одан да артық жəне жақсырақ нəрсеге ие болады. Са-
тушы адам қайырымдылық жасаушы саналмайды. Себебі ол
сатқан затының орнына одан да жақсы нəрсе алады.
Қайырымдылық жасап, орнына иеленетін нəрсенің мал-
мүлік болуы шарт емес, бірақ барлық жетістік белгілі құлшы-
ныстың нəтижесінде қол жеткен нəрсе. Жақсылық жасау –
жомарттықтың белгісі. Шынайы жомарттық дегеніміз жасаған
жақсылығы үшін бір нəрсе дəметпей жəне берген адамнан
есесіне ақы көздемей малды жұмсау. Мұндай жомарттық тек
Аллаға ғана тəн, Одан басқа жомарт жоқ.
Жаратушы Алла барлық əлемге пайда үшін жақсылықты
əмір қылған, яғни барлық нəрсе жасаған жақсылығы үшін пай-
да көреді. Алла бұдан Өзіне пайда немесе басқа да бір мүдде
көздемейді. Себебі Алла мұндай кемшіліктен пəк əрі жоғары.
Жомарттық пен қайырымдылық сөздерін Алладан басқа нəр-
сеге қолдану – өтірік немесе мажази (метафора) саналады.
Жомарттық, қайырымдылық құдірет иесі жəне шүкірлер айту-
ға лайық тек – Алла. Жақсылық жасаған адам бұл тіршілік те
(өмірде) жақсы көрінсе де, тақуадар кісі тек Алланы сүйе ді.
Себебі жақсылық Алладан басқа ешкімнен келмейді. Демек,
маһаббатымызға да лайық тек – Алла.
Үшінші себеп: жақсылық жасаған адамның ізгілігі саған
жетпесе де оны жақсы көруің. Адам өмрінде мұндай жағдай
кездесіп отырады. Егер саған бір мемлекеттің патшасы құ-
дайшыл, əділ, адамдарға мейірімді, əдепті т.б. жақсы екені
туралы мəлімет жетсе жəне басқа аймақтың патшасы залым,
тəкаппар, пасық, əдепсіз, жаман екені туралы хабар жетсе, онда
сенің жүрегіңде екеуіне де қатысты екі түрлі күй қалыптасады.
Бірінші патшаға жақындық туады. Бұл – махаббат. Екінші
патшаға жиеркеніштілік туады, бұл – жеккөрушілік. Əуел-
гі патшаның жақсылығы саған жетпейді, екінші патшаның
зарары да саған тимейді. Бірақ солай бола тұра, сенде осындай
сезімдер пайда болады. Бұл дегеніміз, ізгілік қылушы жақсы-
лық қылмаса да өз болмысынан жақсы көрінеді. Осы жағдай-
да тек Аллаға махаббат қоюды, Одан басқасын жақсы көр меу
керектігін көрсетеді. Басқаға қойылған махаббаттың өзі Ал лақ
қатысты себептің арқасында болады. Расында Алла барлығы-
на жақсылық қылушы, күллі мақұлыққа мейірімді. Бұл жақсы-
лық пен мейірімді былай көруге мүмкіндік бар:
Əуелі мақұлықты жаратып бар қылды. Кейін оларға ағза
беріп, кемеліне жеткізді, олардың өмір сүрулері үшін барлық
қажетті себептерді жасады. Мұнан соң зəру орындардағы се-
бептерді сыртқа шығару арқылы (түзге шығу) оларды нығ-
метке бөледі, тұрмыс шарттарын жеңілдетті. Олардың қажет
пен зəруден тыс артықша ерекшеліктермен көркемдеді. Мы-
салы, зəру ағзалар: бас, жүрек, өкпе, көз, қол, аяқ. Ал енді
екі қабақтың жоғарыда тұруы, еріннің қызыл болуы, көздің
түрлі түстерді ажырата білуі, сол сияқты т.б. ерекшеліктер
мүшелердің зейнетіне жатады.
Адам ағзаларынан тыс зəру нығметтердің қатарын: су жəне
азық түрлері жатады. Ал (организмге) қажетті нығметтерге
дəрі-дəрмектер, жеміс-жидектер мен көкөністер т.б. Қосымша
жəне арнайы нығметтердің қатарына ағаштардың жасыл
болуы, гүлдердің сұлулығы мен түстері, жемістердің дəмді
жəне лəззатты болуы жатады.
Осы үш түрлі нығмет барлық жануар, өсімдік тіпті (көктегі)
Аршының ұшы мен төселген жердің ортасындағы əрбір мақұ-
лықат түріне тəн. Демек, шынайы жақсылық жасаушы – Алла.
Барлық нəрсенің жақсылығы да Алла құдіретінің салдары.
Алла жақсылықты, ізгі адамды, игі істі, ізгі себеп-салдарды
жаратушы. Алладан басқа қандай жақсылық жасаушы бол-
мақ? Олай болса, ақиқатты түсінген адам (жоғарыда айтылған)
үшінші себепке байланысты, адамның басқа адамға махаббат
қоюы ашық білімсіздік – деп махаббатты тек Аллаға қояды.
Төртінші себеп: сұлулыққа жету мақсатында əрбір сұлу
нəрсенің артынан еріп емес, оны болмыс сұлулығы үшін жақ-
сы көру. Бұл нəрсенің адам жаратылысындағы тума ерекше-
лік екенін жəне сыртқы бейне сұлулығын көзбен көріп, ал ішкі
сұлулықты (ішкі) көз нұрымен көретінін жоғарыда баяндадық.
Сұлулықты танудың бірінші түрі (яғни бейне сұлулығын
көз арқылы көру ерекшелігі) жас балаларға жəне парасатсыз
жануарларға тəн.
Сұлулықты танудың екінші түрі (яғни, сұлулықты ішкі көз
нұры арқылы тану ерекшелігі) жүрек иелеріне ғана тəн құ-
былыс. Олардың артынан өмірде тек сыртқы көріністі ғана
көретін жəне бағалайтын адамдар ермейді.
Сұлулық – сұлуды сүйетін əрбір адам үшін өте қымбат.
Егер ол нəрсе жүрек арқылы жақсы көрінсе, онда ол жүректің
махаббатына айналады. Мұндайлардың қатарына көркем
мінез бен ерекше қасиеттерге ие пайғамбарлар мен ғұламалар-
дағы махабатты жатқызуға болады. Адамның жүзі немесе бас-
қа ағзалары сұлу көрінбесе де, мұндай махаббат бола береді.
Себебі бұл көз түйсігімен емес, ішкі жүрек түйсігімен сезі ле ді.
Егер жүрек қаласа, онда адам саған жақын тұрады жəне сен
оны қатты сүйетін боласың.
Алланың елшісін (с.ғ.с.) немесе Əбу Бəкір Сыддықты (Алла
оған разы болсын), имам Шафиғты (Алла оны рақым қылсын)
жақсы көрген адам, олардың бойынан өзі тапқан көркемдік
үшін жақсы көреді. Бұл махаббат олардың сыртқы бейнеле-
ріне байланысты емес, бəлкім олардың ізгі амалдарының
қай нар көзі болған ішкі (рухани) қасиеттерінің сұлулығына
байланысты.
Кім жазушының көркем шығармасын, шайырдың əдемі
өлеңін, ұстаның сұлу нақышын, құрлысшының салған зəулім
ғимаратын көрсе, оған осы туындылардың көркем сипаттары
ашылады. Бұлардың пайда болуы зерттелсе (сол адамдардың)
білімі мен құдірет сипатына саяды. Олар қаншалықты ұлық-
тық пен сұлулыққа толы болса, ондағы білім де соншалықты
ұлық жəне сұлу болмақ. Сол сияқты, құдірет Иесі қаншалық
ұлық əрі жоғары мəртебеде болса, оның құдіреті де соншалық
ұлық жəне жоғары дəрежеде тұрады.
Білімдердің ең ұлығы – Алла туралы білім. Білімнің ең
абзалы əрі шарапаттысы Алланы тану. Сонымен, жүрек сүйетін
шынайы пенделердің бойында сұлулықтың үш қасиеті бар:
біріншісі, Алла, Оның періштелері, кітаптары, пайғамбарла-
ры жəне пайғамбарлар шариғаты туралы білімнің болуы;
екіншісі, нəпсісін түзетуге жəне адамдарға дұрыс жол көр-
сету үшін күресуге, олармен қарым-қатынас жасауға қабілетті
болуы;
үшіншісі, бұзықтық пен жамандыққа үндейтін қалау мен құ-
марды тежеуге қабілетті болуы. Осы негізгі үш сипаттың арқа-
сында əділет пен кемелдікте иеленген пайғамбардар, ғұлама-
лар жəне патшлар халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді.
Енді осы аталмыш қасиеттерді Алла тағаланың сипатына
қатысты келтіріп көрейік:
Білім сипаты: Алғашқы жəне кейінгі барлық адам бала-
сының білімі Алланың біліміне жетпейді. Алланың білімі шек-
сіз, барлық білімді қамтиды. Көк пен жердегі зəредей нəрсе
Оның білімінен тыс қалмаған. Алла тағала:
«Олар сенен жан туралы сұрайды. «Жан дүниесін Тəңірім
ғана біледі» – де», – деп хабар берген (Исра: 85).
Егер жер мен аспанды (мекендеген) тіршілік иелері Алланың
құмырсқа немесе шыбынды жарату хикметі мен білімін білуге
ұмтылса да, оның сырының жүзінен бірін де біле алмайды:
«Бір Алладан басқа тəңір жоқ. Ол мəңгі тірі, бар нəрсені
басқарып тұр. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Оның
бас қаруына көктегі, жердегінің барлығы кіреді. Оның
құзы рында Өзінің рұқсатынсыз шапағат жасайтын кім
болмақ? Алла олардың алдындағысын (дүниедегіні) да,
кейінгісін (қияметте не боларын) де біледі. Ал олар Алланың
білдіргенінен басқа ештеңені де сезбейді. Оның ауқымына
аспан да, жер де сияды. Аспанды да, жерді де қорғау Аллаға
қиын емес. Оның мəртебесі жоғары, барлығынан биік»
(Бақара: 255).
Мейірімді Алла (тағылым етіп) барлық адамзатқа берілген
білім Оның үйретуімен іске асады:
«Құран үйретті, адамды жаратты, оған сөйлеу (қабілетін)
берді» (Рахман: 1-4).
Білім, сүйікті іс. Онымен сипатталған адам кемелдік пен
зейнетке бөленеді. Сондықтан ондай адам тек Алланы сүюі
қажет. Күллі ғалымдардың білімі, Оның білімінің қасында
түк емес. Заманының ең үлкен ғалымы мен ең білімсіз (на-
дан) адамын білген кісі, ғалымды ысырып, білімсіз адамды
таңдамайды. Тіпті əлгі білімсіз адам өзінің күн көрісі үшін
қа жетті білім иесі болса да, ол əлгі ғалымның қасында елеу-
сіз қалады. Сол сияқты, Алланың білімі мен адамзат білімі нің
айырмасын салыстырып қарасақ, онда бұл жағдай ең білім-
ді мен ең надан адамның білімі арасындағы айырмашылық-
тан да асып түспек. Себебі ғалым надан адамнан тек шектеулі
мөлшерде ғана жоғары, ол өзінің ыждиһатымен ғана көтерілген.
Тіпті, надан адам да ғалымның білген ілімін үйренуі əбден
мүмкін. Ал Алланың білімі күллі адамзат білімінен өлшемсіз
жоғары. Оның біліміне шек жоқ.
Құдірет сипаты: Құдірет – кемелдік. Ал əлсіздік дегені-
міз – кемшілік. Барлық кемелдік, сұлулық, ұлықтық жəне
жоғары лық – сүйкімді (жақсы көрінеді). Оны сезіну арқылы
адам лəззат табады. Тіпті Əли немесе Халид (Алла ол екеуіне
разы болсын) яки басқа бір күшті, батыр адамның ерлігі туралы
əңгіме естіген адамның бойында қуаныш, оларға қатысты
махаббат сезімдері оянады. Мұндай сезім əлгі құдіретпен
сипатталған адамға қатысты сүіспеншілікті оятады. Себебі
(құдірет) кемелдіктің бір түрі. Олай болса, күллі адамзаттың
құдіретін Алланың құдіретімен салыстырып көрші!
Адамдар арасындағы ең күшті, құдіретті, бойындағы құмар-
лығын тежей білетін, нəпсінің жамандығын қайтаратын,
өзіне жəне өзгеге ең жақсы қарым-қатынас қылатын адамның
қуаты шектеулі. Бұл адам өлім немесе өмір, қайта тірілту,
зияндық келтіру немесе пайда беру мəселелерінде зəредей
күшке ие емес. Ол көзін зағиптіктен, тілін сақау болудан,
құлағын саңыраулықтан, денесін дерттен сақтай алмайды.
Оның өзіне жəне өзгелерге қатысты əлсіз жақтарын санап
отырудың қажеті де жоқ. Енді оның шамасынан тыс аспанда ғы
періштелер мен жұлдыздар, таулар мен теңіздер, жел мен жер
қазбалары, өсімдіктер мен жануарлардың əлсіздігіне сөз жоқ.
Адам бұлардан құдіреті жағынан зəредей жоғары емес. Тіпті
өз бойындағы жəне өзгеге күштілік етіп тұрған күші де өзінікі
емес. Оның күш-құдіртетін де, оның себептерін де жаратқан
Алла тағала.
Егер Алла ең жоғарғы патшаға немесе жануарлардың ең
күш тісіне бір шыбынды үстем етіп қойса, əрине солай бола-
ды. Пенденің бойындағы құдірет тек Раббының (Алланың)
жаратуымен іске асады.
Алла тағала жер жүзіндегі ең құдіретті патша Зүлқар-
найын турасында: «Жер бетінде Біз оған зор күш-қуат беріп,
мақсатына жетудің қолайлы жағдайларын жасадық»
(Қаһф: 84).
Оның жер бетіндегі күллі мүлкі мен салтанаты Алланың
қалауымен болды. Əлем тіршілік иелері үшін бір қала сияқты,
адамдар билік қылған өлкелер (аймақтар) болса, осы шаһардың
қасында тозаң-шаң сияқты. Мінекей, осы шаң сияқты жердің
өзі адамға Алланың қалауымен берілген. Олай болса, қайсыбір
адамды дəулеті, билігі мен сұлтандығы жəне құдіреті үшін
жақсы көре отырып, соның барлығын берген Алланы естен
шығару мүмкін емес.
Алладан басқада күш-құдірет жоқ. Ол ең жоғарғы мəртебе
иесі. Ол, əл-Жаббар (күш исі), əл-Қаһир (барлық нəрсеге күші
жетуші), əл-Алим (барлық нəрсені білуші), əл-Қодир (күллі
нəрсеге құдіретті), жеті қат көк Алланың құдіретімен қапталған.
Жер жəне оның үстіндегі мақұлықат атауының тізгіні Соның
уысында. Егер оларды құртып жіберсе, Алланың мүлкі мен
дəулеті зəредей кемімейді. Егер соларға (мақұлықаттарға) ұқ-
сайтын нəрселерді мың мəрте жаратса да, бұл іс Оған титтей
машақат қылмайды. Оларды жарату кезінде Аллаға əлсіреу,
шаршап шалдығу болмайды. Өзгелердегі құдірет пен күш-қуат
Алланың құдірет əсерінен пайда болған. Сұлулық, ұлықтық,
əзиздік пен құдірет жəне биліктік, Соның қасиеті. Əдетте адам
күшті адамды күшінің шамасына қарап жақсы көреді, олай
болса күші мен құдіретінің кемелдігі үшін жақсы көрінуі тиіс
жалғыз нəрсе, ол – Алла.
Айып, жаман мінез жəне кемшіліктерден пəк болу махаб-
батты туғызатын себептердің бірі. Сондай-ақ кемшіліктен пəк
болу, адамның ішкі сұлулығы мен көркемдігін қалыптастыра-
ды. Пайғамбарлар мен шыншылдар айып-кемшіліктерден пəк
болғанымен, шынайы пəктік пен тазалық – ұлы жəне құрмет
иесі Аллаға ғана тəн. Жаратылған мақұлықат дегеніміз, кемел-
дікке жетпейді, бойында кемшілігі бар мақұлық. Олардың əл-
сіз, мақұлық (жаратылған), бойсұнушы жəне мұқтаж етіп жаса-
луының өзі олар үшін айып əрі кемшілік саналады.
Кемелдік тек Аллаға тəн. Алладан басқада болған кемелдік
Алланың оған берген несібесіне қарай пайда болады. Алланың
құдіретіне бойсынған адам, өзге нəрсеге толық кемелдікті бере
алмайды. Аллаға бойсұнбау дегеніміз өзгеге күш-қуат беретін
кемелдік дəрежелерінен саналады. Ал бұлай жасау пенденің
қолынан келмейді.
Алла кемелдікте жалғыз, Ол – кемшіліктерден пəк. Алланың
тазалығы мен ұлықтығын түсіндіру өте күрделі жəне ұзақ іс.
Бұл құпиясы ашылған ілімдердің қатарына жатады.
Алладан басқа заттың кемелдігі, пəктігі абсолютті болмай-
ды, бəлкім өзі сияқты басқа адамның шамасына ұқсас келеді.
(Мысалы) атты есекпен салыстырғанда ат анағұрлым кемел, ал
енді адамды атпен салыстырған уақытта адам одан анағұрлым
кемел. Басқаша айтқанда, кемшілік барлық мақұлықатқа тие-
сілі, кемшіліксіз мақұлықат жоқ. Олар бір-бірінен кемшілік ай-
ырмасымен ерекшеленеді. Демек, сұлу зат – сүйікті.
Абсолютті сүйікті, жалғыз, ешнəрсеге мұқтаж емес, ұқсасы
жəне қарама-қарсысы жоқ, қалаған нəрсесін орындаушы, үкі-
мін ешкім жоймаған, тағдырын шетке ысырып қоймаған, көк
пен жердегі зəредей нəрсе Оның білімінен тыс қалмаған, күллі
нəрсені білуші Алла тағала.
Ол қаһарлы, Оның құдіретінен залымдар қашып кете ал-
майды. Ол мəңгі, Оның болмысының бастауы жəне ақыры жоқ.
Уажиб əл-уджуб (Оның бар болуы зəру), Оның болмысына
жоқтық (ажал) жол таба алмайды. Əл-қайюм (мəңгі тұрушы), ол
өзінің құдіретімен мəңгі тұрушы, қалған мақұлықтың барлығы
Соның арқасында тұрады. Ол аспан мен жердің иесі. Өсімдік
пен жануар дүниелерін де жаратқан – Сол. Ол ұлықтық пен
құдіреттің жалғыз иесі. Ол көзге көрінетін жəне ғайып (көзге
көрінбейтін) дүниелердің жалғыз қожайыны, сұлулық пен əзиз-
дік, құдірет пен кемелдік иесі. Оның ұлықтығын түсінемін деп
ақыл естен айырылады, тіл сипаттау күшінен айырылады.
«Алланы білуге шарасызбын», – деп айту даналық кемел-
дігіне жатады. Оны сипаттауға əлсізбін деп мойындау – пай-
ғамбарлар ілімінің шегі. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Мен
Саған шынайы мақтау айта алмаймын. Сен Өзіңді мақ-
тағаныңдайсың», – деп айтқан (имам Мүслим).
Шыншылдар мырзасы (Алла оған разы болсын): «(Алланы)
тану əлсіз екенін түсінудің өзі – танымға жатады», – дейді. Өзін
тану үшін пенделерін əлсіз етіп жаратқан Зат – ақиқатында пəк.
Расында, Алланы жақсы көруді теріске шығарып, Оған ма-
жа зи (метафоралық) мағына бергендерді білсем екен! Бұл си-
паттардың сұлу жəне көркем, кемел жəне жақсы қа сиет тер
екенін, Алланың осы сипаттармен суреттелгенін теріс теу-
ші лерді, кемелдік пен сұлулықты, көркемдік пен ұлықтық ты
таныған адамның көкірегінде шүбəсіз махаббатқа ие болаты-
нын жоққа шығарушыларды білсем екен! Өз болмысының
ұлық екенін жүрегі көр адамдардың ақыл-түйсігінен жасыр ған
Зат – шексіз пəк.
Ал енді Алланың марапатына бөленгендер, Оның ұлықты-
ғы мен сұлулығынан хабардар болып, тосқауыл отынан алшақ
тұрмақ. Ол (Алла) бақытсыз адамдарды зұлмат қараңғылығын-
да адасқан жəне сезім құшағы мен жануарлық шауһаттың құ лы
болған хəлдерінде қалдырды. Олар дүние өмірін ғана ойлап,
ақырет өмірінен бейхабар. Барлық мақтау Аллаға лайық.
Көптеген адамдар осы айтылып отырған махаббаттың, жақ-
сылық жасаудың арқасында пайда болған махаббаттан күшті-
рек екенін білмейді. Себебі, ізгілік дегеніміз, көп немесе ар тық
мөлшерде бола береді. Алла тағала Дəуіт пайғамбарға: «Мен
үшін ең сүйкімді пенде, (құлшылығы үшін) ақы дəмелен бей
тек, рубубият ақысын өтеу үшін ғибадат қылған адам», – деп
уахи жіберген.
«Забур» кітабында: «Тек жəннатқа кіру үшін немесе жаһан-
намнан құтылу үшін құлшылық қылған пендеден залымырақ
кім бар?! Егер Мен жəннат пен жаһаннамды жаратпағанымда
ғибадатқа лайық болмас па едім?» – делінген.
Иса пайғамбар бір топ адамдардың қасынан өтеді. Олар құл-
шылықтың əсерінен азып-тозып кеткен екен. Сонда олар Иса
пайғамбарға: «Біз тозақ отынан қорқып, жəннатты үміт етіп
мына хəлге түстік», – депті.
Иса пайғамбар: «Мақұлықтан (жаратылған тозақтан) қор-
қып жəне содан үміт қылыпсындар», – дейді. Кейін тағы сон-
дай бір топ (құлшылық əсерінен азып-тозып кеткен) адам дар-
мен ұшырасады. Олар: «Біз Аллаға махаббат қойып əрі Оның
ұлықтығы үшін ғибадат қыламыз», – деп айтады. Иса пайғам-
бар: «Сендер Алланың шынайы досысындар. Мен сендермен
бірге болуға əмір қылындым», – деген.
Əбу Хазим (Алла оны рақым етсін): «Мен Аллаға сауап
немесе азап себептері үшін құлшылық қылуға ұяламын. Егер
солай жасасам, онда (қожайынынан) қорықпаса амал қылмай-
тын немесе сый-сияпат бермесе жұмыс істемейтін жаман
қызметші сияқты көрінемін».
Бесінші себеп: махаббаттың орнауы үшін қарсыдағы адам-
ның бойында өзіңе жақын сипаттың болуы жəне ұқсауы қажет.
Себебі бір нəрсенің екінші нəрсеге ұқсауы, соған көңіл оята-
ды жəне соған көптеп ұқсауға бейімділік туғызады. Сондықтан
баланың баламен, ересек адамның ересекпен дос болғанын
көресің. Құс та өзі сияқты құс түрімен жақын болып, басқа құс-
тан қашады. Ғалымның да басқа ғалыммен дос болуы, оның
бұзық адаммен дос болғанынан жие кездеседі. Ағаш ұстасы
да диқаншымен дос болғаннан гөрі, негізінде ағаш ұстасымен
дос болғанды қалайды.
Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл туралы: «Рухтар сансыз саптағы
əскер сияқты. Бір-бірін танып, құптағандары достық құ-
рады. Бірін-бірі қаламағандары, қарама-қарсылықта тұ-
рады», – деген (имам Мүслим риуаяты).
Хадистегі «бір-бірін тану» дегені құптауды, ал «бірін-бірі
қаламағандары» сөзі қарама-қарсылықты білдіреді. Алла та-
ғалаға деген махаббаттың пайда болуына да осы себептің ық-
палы бар. Махаббаттың бұл түсі сыртқы пішін мен бейнеге
қатысты емес, бəлкім ішкі мағыналардан бастау алатын, руха-
ни (бір-біріне) жақындық себептеріне байланысты. Бұлар дың
бір қатарын кітаптарда жазуға рұқсат болса, кейбірін жазу-
ға рұқсат жоқ. Бəлкім (Алланың ризалығы мен махаббатын-
дағы жолымен) жүрушілер, осы жолдың шарттарын орындау
барысында сүрініп-шалдығып, кемелдікке жетулері үшін пер-
денің арғы жағына жасырын қалдырылады.
Пенденің рубубия мінезімен көркемденуі арқылы Раббы сы-
на жақындауы – оның мойнындағы қажетті іс. Өйткені пен де
Алланың сипаттарымен мінезденуге əмір етілген. Бұл си пат-
тар – білім, ізгілік, жақсылық жасау, мейірімді болу, наси хат
айту, хақ жолына бастау, басқаларды бұзықтықтан қайта ру
сияқты т.б. игі амалдар. Осылардың барлығы пендені Алла-
ға жақындатады. (Əрине,) бұл мекен-жайдағы жақындықты
талап ету мағынасында емес, бəлкім көркем сипаттар арқылы
жақындау деген сөз. Ал енді адам тəніне қатысты, бірақ кі-
таптарда баяндалмайтын (рұқсат жоқ) рухани бірлікке келсек,
онда Алла тағала:
«Олар сенен жан туралы сұрайды. «Жан дүниесін Тəңірім
ғана біледі» – де», – деп ишарат қылған (Исра: 85).
Бұл аятта рух – Раббының ісі. Бұл адам ақылынан тысқары
екені баяндалады. Төмендегі аят бұған анық дəлел:
«Оны толық жасап, жан бітірген кезде сендер оған бас
иіңдер (сəжде қылыңдар)» (Хижр: 29). Алла тағала періш-
телерге Адамға сəжде қылуларына əмір етті.
«Ей, Дəуіт! Біз сені жер бетіндегі нағыз билеуші еттік,
адамдар арасында əділ билік жүргіз, нəпсіге ілеспе, ол сені
Тəңір жолынан тайдырады, ақ жолынан азғандар есеп бе-
ретін күнде, сөз жоқ, ауыр азапқа дұшар болады» (Сод: 26).
Осылайша, адам баласы Алла тағаланың жер жүзіндегі ха-
лифасы болуға рух ақиқатымен бірге иеленді. Пайғамбар дың
(с.ғ.с.): «Алла Адамды (ғ.с.) Өз бейнесіне (қарап) жарат-
ты», – деп айтқан сөздерінде жоғарыдағы оқиғаға қатысты
метафоралық ишарат бар.
Ақылы əлсіз адамдар, осы хадистің сыртқы мағынасынан
басқа мағына жоқ деп адамды Аллаға ұқсатады, Оған дене
мен бейне бере бастайды. Барлық əлемдердің қожайыны Алла
тағала надандардың бұл сөздерінен ұлық жəне пəк.
Алланың Мұса пайғамбарға айтқан сөздері де осыған ұқ-
сайды: «Мен науқас болдым, сен (менің хəлімді сұрап) кел-
медің». Мұса пайғамбар: «Ей, Раббым! Бұл қалай болуы мүм-
кін?!» – дейді. Алла тағала: «Түгенше (деген) пендем нау қас
болды, сен оны зиярат қылмадың. Егер оның хəлін сұрап
барғаныңда, Мені сол адамның құзырында табар едің», – дейді.
Мұндай жағдай парыз ғибадаттарды кемел тəмамдап, нəпіл
(қосымша) құлшылықтарды үздіксіз орындаудың арқасында
келеді. Құдси хадисте: «Пенде нəпіл құлшылықтармен Маған
жақындай түседі. Тіпті мен оны жақсы көремін. Егер Мен
пендемді жақсы көрсем, оның еститің құлағына, көретін
көзіне, сөйлейтін тіліне айналамын (яғни, оның күллі ағза-
ларын Өзім басқарамын). Нені сұраса беремін, пана тілесе,
панама аламын», – деп айтылған (Əбу Һурайрадан имам Бұ-
хари келтірген).
Расында, адамдардың бұған қатысты ақыл-түйсіктері əл-
сіз дік танытып, сыртқы (көзге көрінетін) теңеулермен шек-
телуге жақын тұрады. Сондықтан олар шектен шығып, қа жет ті
шеңберден асып түсіп, иттихадқа (Алламен адамды бір лес-
тіруге) бейім тұрады. Сол үшін Алла пендеге кіреді (орны-
ғады) деген пікірге тоқтайды. Христиандар да Иса пайғамбар
хақында адасып, оны құдай санады. Басқалары адамның
болмысы құдайдың табиғатымен қосылған дейді, яғни адам
құдаймен біріккен деп ойлайды. Ал шындап келгенде (бұл
мəселеде) теңеудің əлсіздігін, иттихадттың (Алламен адам-
ның бірлесуі) жəне хулулдің (құдайдың пендеге орнығуы)
шарасыз екенін түсінгендер, бұл сырлардың ақиқатын ұққан
адамдар – азшылық.
Əбу Хасан əн-Нури осы мақамға түскен шағында: «Сенің
махаббатыңда орын алғаным сондай, ол жерге түскен уақыт-
та ақыл (атауы) қайран қалады», – деп айтылған сөздерге зер
салса керек.
Бұл адам мұндай хəлге (Аллаға ғашықтық) түскен шақ та-
рында, тоғай-тасты жерлермен көп жүргені соншалық, кебі-
сінің асты түсіп, жалаң аяқ қалатын. Оның өкшерлері жары-
лып, аяқтары ісіп, соның салдарынан бақилық болды. Бұл
жағдай махаббат себептерінің ең жоғарғысы жəне күштісі. Бұл
өте сирек жəне аз кездесетін жағдай.
Махаббат себептеріне қатысты айтылған бұл оқиға Алла-
ның хаққында мажази (метафоралық) емес шын сөздер, төмен
дережеде емес, жоғары дəрежеде ашық көрінеді. Жүрегі ашық
адамдар үшін ақылға сиымды жəне қонымды махаббат тек –
Алланың махаббаты. Дəлі сол сияқты ақыл-түйсігі соқыр адам-
дар үшін Алладан басқаны жақсы көру – ақылға сиымды жəне
қонымды.
Сүйген адамның бойында бар сипаттардың басқа адамнан
да табылары хақ. Оның ұқсас серігі табылады. Ал Алла тағала
мұндай жағдайдан пəк. Расында, Ол кемелдік пен ұлықтық
шегіндегі сипаттарға ие. Оның бұл сипаттағы серігі жоқ жəне
болуы да мүмкін емес. Сол сияқты һəм махаббатта да Оның
серігі жоқ. Шынайы махаббатқа Оның өзі ғана лайық.
ЛƏЗЗАТТЫҢ ЕҢ ҰЛЫҒЫ АЛЛА ТАҒАЛАНЫ
ТАНУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТІ ЖҮЗІНЕ
ҚАРАУ ЕКЕНІ ТУРАЛЫ
Біліп ал! Лəззат – түйсік арықылы сезетін нəрселерге тəн.
Адамның бойында бірнеше күш пен табиғи ерекшеліктер (қа-
сиеттер) бас қосқан. Осы əрбір күш пен қасиеттің өз лəз заты бар.
Олардың лəззаты олардың өздері қалайтын жəне құ мартатын
нəрселерінің іске асырылуы. Бұл қасиеттер адам бойында
жайдан-жай орналаспаған. Əрбір күш пен қасиет адамның та-
биғаты орындайтын белгілі бір іс (мақсат) үшін жаратылған.
Ашудың сипаты оны төгу жəне кек қайтару үшін жаратылған.
Əрине, оның лəззаты – жеңіске жету жəне кек қайтару екеніне
күмəн жоқ. Бұл істер оның болмысына тəн. Тамақ жеу сипаты
адамның өмір суруіне себеп болатын азықты тауып жеуінде.
Олай болса, оның лəззаты – азық жеуде. Бұл іс оның болмысы-
на тəн. Сол сияқты, есту, көру жəне иіскеу қасиеттерінің лəзза-
ты да – есту, көру жəне иіскеу. Осы сипаттардың барлығы
өздері сезетін нəрселерден лəззат алуға немесе ауруды сезуге
құдіретті. Осыған ұқсас жүректе де қасиет бар, ол – илəһи нұр
(құдайдың нұры) деп аталады. Алла тағала:
«Алла көкірегін ислам үшін ашқан, Тəңірдің нұрына
бөленген адам (көңілі көр адаммен) бірдей ме», – деп хабар
береді (Зумар: 22).
Илəһи нұр – ақыл, ішкі көз, иман жəне яқин (жүрек көзі)
нұры деп те аталады. Бұл атаулармен машғұл болудың қажеті
жоқ. Себебі бұлар терминдік жағынан əртүрлі болғандық тан
ақылы əлсіз адам бұларды қарама-қарсы мағыналардан туған
деп ойлауы мүмкін. Сөйтіп, ол адам бұл сөздерден олар дың
(ішкі емес, сыртқы) мағыналарын талап қылып, тақырып тан
ауытқып кетуі ықтимал.
Жүрек, басқа түйсік сезімдері тани алмайтын, олардың сезе
алмайтын жəне көре алмайтын дүниелерін таниды. Жүректің
басқа түйсік мүшелерінен ерекшелігі де осында. Əлемді то-
лық етіп жаратқан Алла тағалаға қажеттілікті тану осы жүрек
көзі арқылы болмақ. Басқаша айтқанда, жүрек – Алла тағала-
ның құдіретін танитын ақыл. Бірақ мұны кəдімгі ақылмен
шатастыруға болмайды.
Негізінде адамды хайауннан ерекшелейтін, Алла тағаланың
бар екенін көрсететін қасиеттердің ең ұлығы – ақыл. Ақылдың
ерекшелігі сол, адам ақыл арқылы барлық нəрсенің ақиқатын
білуге ұмтылады. Ақыл адамға білім мен танымды үйрету
үшін жаратылған. Ақылдың рақат табатын нəрселері де осы
екеуі, яғни білім мен таным. Өйткені əрбір жаратылыс өзінің
болмысына сəйкес міндетін атқарған уақытта рақат табады.
Білім мен танымда рақаттың бар екені жасырын емес. Тіпті
зəредей көлемдегі білім мен таным адамға қуаныш береді. Ал
азғана білімсіздік адамда қорқыныш туғызады. Адам аз нəр се ні
білсе де, соған мақтанады. Бұл жағдай білім рақатының күш-
ті екенін жəне ол арқылы адам өз болмысындағы кемелдік ті
байқайтынын көрсетеді.
Білім – илəһи сипаттардың арасындағы ең ерекшесі жəне ке-
мелдіктің жоғарғы шегі. Сол себепті адам бойындағы алғыр-
лықпен жəне біліммен мақтанса, ол рақаттанады. Адам мақ-
тауды естіген уақытта болмысы мен білімінің кемелдігін
се зінеді, соның салдарынан өзі үшін тамсанады жəне рақат та-
бады. Диқаншылық пен тігіншілік білімінің рақаты, мемлекет
саясаты мен халық істерін басқару білімдерінің рақатына ұқ-
самайды. Өлең жəне грамматика білімдерінің рақаты – Алла
тағаланың сипаттары, Оның періштелері, жер мен көктегі нəр-
селерге қатысты білімінің рақатынан бөлек болмақ.
Білімнің рақаты білім шарапатының дəрежесіне байланыс ты.
Адамның ішкі сырларын білетін жəне ол туралы хабар бе ретін
адам өзінің осы ісінен рақат табатыны хақ. Егер біл месе, онда
оның болмыс табиғаты оны сол нəрселерді үйре нуге шақырады.
Сол сияқты, егер адам мемлекет басшысына тəн жағдай-
лардың ішкі сырын жəне биліктің ойлау құпияларын білер
болса, онда бұл білімнің рақаты, диқаншы немесе тігінші бі-
лімдерінің рақатынан əлде қайда тəтті əрі абзалырақ. Егер
адамға уəзірдің сырлары жəне іс-əрекеттері мен амал-мақсаты
жақсы мəлім болса, онда бұл білім ол үшін басшының білімі-
нен асқан рақатты болып көрінеді. Ал енді адам патшаның
немесе сұлтанның ішкі сырларынан білімдар болса, онда оған
бұл білім уəзірдің білімімен салыстырғанда əлде қайта рақат ты
жəне абзал.
Егер қандай да бір білімге жəне зерттеуге талпыныс күші
қаншалық күшті болса, оның сол нəрсеге деген махаббаты да
соншалық дəрежеде күшті саналады. Олай болса білімдердің
ең рақаты, шарапаттысы – қолдағы мағұлыматтың мазмұнына
байланысты. Мағлұматтар қаншалық ұлық, кемел жəне ша-
рапатты болса, оның деңгейіндегі білім де соншалық лəззатты,
шарапатты жəне абзал.
Дүниедегі барлық нəрсені жаратушы, оларды кемеліне жет-
кізуші, зейнеттеуші, жоқтан бар етуші, қайта жоқ қылушы,
рет теуші (Алладан) асқан кемелірек, шарапаттырақ жəне ұлы-
ғырақ өзге не нəрсе бар?! Еш нəрсе жоқ. Мүлік (иелік), ке-
мелдік, сұлулық пен ұлылықта Тəңірге тең келер басқа пат-
шаның болуы мүмкін бе? Əлбетте, жоқ!
Расында, Тəңірдің ұлықтық қасиеттерін жəне ғажайып жағ-
дайларын ешбір пенде толық сипаттап, суреттей алмайды.
Егер бұған күмəн келтірмейтін болсаң, онда Алланың рубу-
бия сипаттарын жəне барлық болмысты қамтыған илəһи (Құ-
дайдың) істері хаққындағы білімнен хабардар болу – таным
білімдерінің ең жоғарғы рақаты жəне абзалы екеніне шүбəсіз
иман келтіруің міндетті.
Сонымен, білім – лəззатты (рақат). Білімнің ең лəззаттісі –
Алла тағала, Оның сипаттары жəне амалдары, Аршының сонау
жоғарысынан бастап, төменіне дейін мүлікті қамтыған ама-
лына қатыстысты білім. Таным лəззаты, басқа барлық рақат-
тан – шауһат (құмарлық), ашу жəне адамның бес түйсігі арқы-
лы келетін лəззат күшті.
Рахат түріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл мə-
се леге қатысты мынаны айта аламыз:
Рахат ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы рақат,
бес түйсік арқылы сезілетін рақаттың түрі. Ішкі рақат деп –
басқару, жеңіске жету жəне білімге иелену сияқты т.б. рақат-
ты атауға болады. Себебі осы аталған рақаттың түрін көз,
мұрын, құлақ, сипау немесе дəм сезу түйсіктері арқылы білу
мүмкін емес. Кемелдікке жеткен адамдар ішкі рақатты сыртқы
рақаттан жоғары қояды. Мысалы, адамға семіз тауық еті, халуа
жəне билік (басшылық), жеңіске жету сияқты амалдардың бі-
рін таңдау ықтияры берілді делік. Егер ол адамның өзі төмен,
жүрегі көр, дүниеқор болса, онда семіз тауық пен халуаны
таңдары сөзсіз.
Ал егер керісінше, адам текті, парасатты болса, онда ол би-
лік пен жеңіске жету рақатын таңдайды. Жеңіске жету үшін
қарнын ойламайды. Бұл жағдай бізге билік пен жеңістің рақаты,
дəмді тағамдардан да (семіз тауық пен халуа) асып түсетіні не
дəлел болмақ. Ақылы əлі жетіле қоймған сəби немесе рухани
көзі ашылмаған жəне ақылы таяз адамдар үшін тағам лəззаты,
елді басқару лəззатынан артық. Бұл – табиғи құбылыс.
Алла тағаланы тану, Тəңірім деп білу, Оның сұлулығының
мəртебесін, илəһи істерінің сырларынан хабар алу сияқты құ-
былыстар – адамдар үшін билік етіп, рақат табу лəззатынан да
артық. Алла тағала Құрандай былай деп хабар береді:
«Жасаған жақсы істеріне орай сыйлық үшін Тəңір иелі-
гінде сақталған жəне оларды қуантатын зор игілік барын
ешкім білмейді» (Сəжде: 17).
Алла тағала олар үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, жан
адамның қиялына келмеген нығмет түрлерін əзірлеп қойған.
Мұны рақаттың дəмін алған адамдар ғана түсінеді. Ол үшін
пенде күмəнсіз құлшылыққа берілуді, оқшаулануды, (Алланы)
ойлау мен зікір етуді жоғары қойып, таным теңізіне бойлай-
ды. Адам билікті тəрік етеді, өйткені қолына берілген билік тің
уақытша екенін түсінеді. Биліктің күнə істермен аралас еке-
нін біледі. Жер жүзі қаншалықты байлық пен зейнетке бөлен-
се де, адамдар өздерін соншалық құдіреттіміз деп ойламасын,
бұлардың барлығы – пəни (жалған), өтпелі.
Мұндай адам Аллан тану, Оның сипаттары мен амалдарына
қатысты білімді барлық мəртебеден жоғары санайды. Егер
Алла танымын (мемлекет деп алар болсақ), онда бұл бұзықшы-
лық пен күнə істерден пəк мемлекет болмақ. Мұнда кедей-
лер үшін жер көп, оларға қысымшылық көрсетілмейді. Оның
кеңдігі аспан мен жердей десе болады.
Алланы таныған адам Хақ тағаланың сипаттарымен та-
нысуын, жер-көкпен теңескен жəннатта жалғастырады. Оның
бақшаларында жүреді, жемістерін үзіп, махаббат хауызынан су
ішеді. Жəннат нығметтері таусылады деп қам жемейді. Себе бі
жəннат – үздіксіз жалғысымды, мұнда өлім жоқ.
Тіпті, дүниедегі өлім – Алланың таным ошағы болған жан-
ды (рухты) шын өлтірмейді. Негізінде бұл жан көктен түскен
болмыс. Өлім бар болғаны жанның хəлін өзгертеді, түйсіктері
мен қызығушылығын кеседі жəне дене қапасынан азат қылады,
бірақ оны мүлдем жоқ етпейді. Бұған қатысты Алла тағала:
«Құдай жолында құрбан болғандарды өлдіге санамаңдар.
Керісінше, олар тірі. Құдай алдында жұмақ ризығынан дəм
татады. Өздері үшін Құдай жазған тағдырға олар дəн риза.
Артта қалған туыстарына – (қияметте) қорқыныш, (бұл
дүние үшін) өкініш жоқ екенін хабарлап, қуантқысы келіп
жатады», – деп хабар берген (Имран: 169-170).
Бұл жағдайды тек Алланың жолында бақилық болған ша-
һидтер үшін ғана деп ойлама. Негізінде, Аланы таныған, Оған
ғашық адамның мəртебесі ақыретте шаһидтің дəрежесінен
артық.
Алланы таныған адам мен Алланың жолында шейіт болған
адамның мəртебесі туралы мынадай риуаят бар: «Шаһидтер
ақыретте ғалым адамдардың мəртебесі өздерінен жоғары
екенін көріп, біз де ғалым болсақ еді деп армандайды».
Демек, жер мен аспан көлемі Алланы танушының ауласы
саналады. Мұндағы пенделердің əрбіріне жəннат беріледі.
Олар бірін-бірі қыспайды, тарлық көрмейді. Алайда оларға
берілген жəннат кеңдігінің көлемі, олардың Алланы тану бі-
ліміне сəйкес келеді.
Сонымен, билік рақаты жарамсыз қалып, Алланы тану лəз-
заты күшті екені айқындалады. Лəззаттың мұндай түрі, барлық
парасатсыз хайуандарды айтпағанда, сəби жəне ақылы төмен
адамдардың бойында танылмайды. Ал енді Алла тағаланың
танымы, оның сипаттары, хикметтері, аспан патшалығы мен
жер сырларын білу – билікпен келетін рақатттан жоғары еке-
нін тек Алланы таныған адамдар біледі.
Жүрегі қараңғы немесе жүрек түйсігі өліп қалған адамға
бұл жағдайды сипаттау мүмін емес. Себебі, Алланы тану күші-
нің мекені – жүрек. Адам тіршілігіне қажетті білімдер шын
мəнінде Құдайдың илəһи істерін білу үшін бағытталмаған.
Бірақ адамдар үйреніп жатқан білімінің күмəнді мəселелерін
шешуге мүмкіндік береді. Сөйтіп белгілі мəселелерде сенімдері
нығаяды. Бұл жағдай олардың білімге ынталарын артып, белгілі
мəселелерде сенімдері күшейеді.
Алла тағаланы тануға ден қойған пенде үшін Алланың ие-
лігіндегі құпиялардың аз ғана бөлігі белгілі болса, оның жү-
ре гіндегі махаббат пен лəззаттан төбесі көкке жетеді. Бұл жағ-
дай тек Алланы тану лəззатының дəмін татып, бастан кешіру
арқылы сезіледі.
Айтылған осы сөздер Алла тағаланы тану – ең лəззатты жəне
одан жоғары ешбір рақаттың жоқтығын растайды. Сол үшін
Əбу Сулеймен əд-Дарани: «Алланың сондай пенделері бар,
олар үшін тозақ қорқынышы мен жəннат үміті Аллаға жету
жолында тосқауыл болмайды. Олай болса, бұл дүние оларды
Алладан қалай алыстатпақ?!» – деп айтқан.
Мағруф Əл-Карһидан (Алла оған разы болсын) біреу:
– Əй, Əбу Мағфуз! Сізді халықтан оқшаулатып, құлшылыққа
берілуге үндеген не нəрсе? – деп сұрайды.
Əл-Карһи бұған жауап қатпады. Əлгі адам тағы:
– Сізді халықтан оқшауланып, құлшылыққа берілуге үнде-
ген не нəрсе, өлімді еске алу ма? – деп тағы сұрайды.
Əл-Карһи:
– Өлімде тұрған не бар екен? – дейді.
Кейін қасындағы достары:
– Қабір азабы мен барзақ əлемін (қиямет күніне дейін бола-
тын жағдайды) еске алу ма?» – деп сұрайды.
Əл-Карһи:
– Қабірде тұрған не бар екен? – дейді.
Жанындағы достары тағы:
– Олай болса, тозақ қорқынышы мен жəннат үміті ме? – деп
қайта сұрайды.
Сонда əл-Қарһи:
– Бұлар не өзі? Шынайы патша бар. Бұлардың барлығы Со-
ның қолында. Егер сен Оны сүйсең, саған бұл нəрселердің бар-
лығы ұмыт болады. Егер сен Алланы шынайы таныған болсаң,
бұл нəрселерге Оның жалғыз Өзі жеткілікті, – деп жауап қатады.
Иса пайғамбар: «Егер бір жігіт Раббысына махаббат қойса,
онда ол бұл нəрседен басқанын барлығына немқұрайды бол-
мақ», – деп айтқан екен.
Ғалымдардың бірі Бишр ибн əл-Уаррақты түсінде көріп:
«Əбу Наср Таммар мен Абдулуаһаб əл-Уаррақ не қылды?» –
деп сұрайды.
Бишр: «Оларды Раббыларының құзырында дəм татып жат-
қан халде қалдырдым», – дейді. Ғалым: «Сіз ше?» – деп сұ-
райды. Бишр: «Алла тағала жеп ішуге зауқымның жоқ екенін
біліп, маған Өз (нұрын тамашалау нығметін берді) деп», –
жауап береді.
Əли ибн Муафақ: «Түсімде жəнатқа кіргізілдім. Бір адам-
ның дастарқан басында отырғанын көрдім. Екі періште оның
оң жəне сол жағында тұрып, дəмді тағамдардан ұсынып жат-
ты. Жəннат қақпасының жанында бір адамды көрдім. Ол
адамдардың жүзіне мұқият қарап кейбірін кіргізіп, бас қа-
ларын қайтарып тұрды. Мен осылардан өтіп, хадиқа əл-му-
қаддас (қасиетті бақшаға) жеттім. Бір кісі Аршы шаты рының
ішінде кірпік қақпай, Алла тағалаға мұқият қарап тұрды.
Мен Ризуаннан (жəннат періштесі): «Бұл кім?» – деп сұ-
радым. Періште: «Мағруф əл-Карһи. Ол Аллаға тозақтан құ-
тылу немесе жəннатқа кіру үшін емес, бəлкім Аллаға де ген
махаббаты үшін құлшылық қылды. (Сол үшін) Алла оған
қиямет күніне шейін сұлулығына қарауға рұқсат берді», – деп
жауап береді.
Əбу Сүлеймен əд-Дарани (Алла оны рақым етсін): «Кім
бүгін (осы дүниеде) нəпсімен əлек болса, ертең де (ақыретте
де) сонымен əлек болады. Кім бүгін Тəңірімен машғұл (шұ-
ғылданса) болса, ертең де Тəңірімен машғұл болмақ», – деп
айтқан.
Раббының сұлулығы хаққында пайғамбар (с.ғ.с) Алланың:
«Мен салих құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ естімеген,
жан пенденің қиялына келмеген нығметтерді əзірледім», –
деген сөздерін риуаят қылады (Əбу Һурайрадан имам Бұхари
жеткізген).
Жүрек тазалығының жоғары мəртебесіне жеткен адамдар ға
осы лəззаттардың кейбірі бұл дүниеде бұйырады. Сол себеп-
ті Аллаға ғашықтардың бірі: «Мен: Иə, тəңірім! Иə, Алла! –
деймін. Бұл сөздердің жүрегімдегі салмағы таудан да ауыр.
Себебі шақыру (Иə, Тəңірім! Иə, Алла! қаратпа сөздері) пен-
денің жан дүниесінен шығады» – деген.
Алланы танушылардың мақсаты – Аллаға жету, дидарла-
су. Бұл жету көз немесе жүрек үшін аса қуанышты. Кез келген
адам жасырын қуанышты біле бермейді. Егер осы қуаныш қа
қол жетсе шауһат, уайым мен қайғы атауы жоғалады. Жүрек
осылай оңаша қалуға ынтызар болады.
Мұндай жағдайда жүрек өзінің отқа тасталғанын байқа май ды
жəне жəннат нығметтеріне назарын да салмайды. Түйсік лəз зат-
тарының дəмін татқан жəне солардан басқа лəззатты танымай-
тын адам, Алла тағаланың сұлулық лəззатын қайдан білсін!?
Алланы таныған пенделер үшін Алла тағаланың сұлулы-
ғын көру нығметінен асқан еш нəрсе жоқ. Сол себепті (Аллаға)
ғашық пенделердің бірі: «Алладан ажыраудың (азабы) тозақ
отынан ауыр, Оның құзырына жету жолымен жүру – жəннаттан
да лəззатты»,– деген.
Адамға тəн лəззаттың деңгейі төмен. Мысалы, нəресте үшін
ойын ойнау жəне сықылықтап күлу – ең жоғарғы лəззат. Тіпті,
керек болса, ол үшін бұл жағдай барлық нəрседен қымбат.
Кейін нəресте өскен соң алғашқы ойын лəззатының орнын
əдемі киім кию, жақсы көлікке міну рақаты басады. Бұлардың
қасында ойын ойнау рақаты төмендеп кетеді. Мұнан соң оның
ер мен əйелдің арасындағы қарым-қатынасына сүйіспеншілі-
гі артады. Сосын билік, мансап, байлық сияқты т.б. лəззаттар
пайда болады. Бұлар мəртебе жағынан дүние лəззаттарының
ең күштісі жəне ақырғысы саналады. Алла тағала Құранда
былай деген:
«Ақыретте (имансыздарға) азап, (жақсыларға) Алланың
кеңшілігі, разылығы бар» (Хадид: 20).
Адамда ішкі қалау күші туады, осы күштің арқасында
Алла тағаланың болмысы туралы білімге қол жетеді. Мұның
алдында болған барлық лəззаттар түкке тұрғысыз болып қала-
ды. Бұл – ақырғы баспалдақ. Себебі ойын-күлкі махаббаты
сəби кезде, əйел мен зейнет махаббаты балиғат жасында келеді.
Билік махаббаты жиырма жастан кейін пайда болып, білім мен
таным махаббаты қырық жасқа жақындағанда бас көтереді.
Сəби ойынды тастап, əйелмен жəне билікпен əлек болған
жастарға күледі екен. Сол сияқты басшылар да билікті тастап,
Алланы тану жолында шұғылданып жатқан адамдардың үсті-
нен күлулері əбден мүмкін. Білім иелері бұлай күлгендерге
Құрандағы мына аятты айтады:
«(Нұһ) кеме жасады. Қауымның басшылары олардың
қасынан өткен сайын келекелеп, мазақ етіп жүрді. (Нұх
оларға): «Егер сендер бізді мазақ етсеңдер, дəл осыларың
сияқты, біз де сендерді сөзсіз мазақ етеміз» (Һуд: 38-39).
АҚЫРЕТТЕ АЛЛАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫН КӨРУ
ЛƏЗЗАТЫНЫҢ АРТУЫ ОСЫ ДҮНИЕДЕГІ
ТАНЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Танылатын нəрселер үш топқа бөлінеді: біріншісі, ой арқы-
лы танылатын бейнелер; екіншісі, хайуан мен өсімдіктерге тəн
пішін (форма) мен түске ие денелер – бұлар қиял шеңберін де
қамтылады; үшіншісі, Алла тағаланың Заты, Оның білімі, құ-
діреті мен қалауы сияқты дене пішімі жоқ Алланың көптеген
есім-сипаттары. Бұл қасиеттер адам қиялының шеңберінен тыс.
Адам басқа бір адамды көріп, кейін көзін жұмар болса,
ол оны көз алдында тұрғандай етіп елестетеді. Бірақ көзін
ашып қараған уақытта қиялындағы бейне мен көз алдында-
ғы адам бейнелерінің арасында айырмашылықтың бар еке нін
түсінеді. Бұл айырмашылық екі бейненің арасындағы қара ма-
қарсылықтан емес, бəлкім анықтық пен тұнықтықтың ерек-
шелігінен туындап отыр. Себебі көзді ашқан кезде қиялдағы
бейненің анықтығы мен тұнықтығы арта түседі. Бұл жағдай-
ды бір адамды күн батар кездегі апақ-сапақ кезде көрген мен
күндіз көрген кездегі айырмашылыққа ұқсатуға болады. Анық,
ашық көру дегеніміз – көру қабілетінің жоғарғы шегі.
Бұл адамның ой мен қиялының шеңберіне сиятын нəрсе лер-
ге қатысты шындық. Ал енді пішіні жоқ мəліметтерді ойлау мен
тану мəселесіне келсек, мұның екі мəртебесі бар. Бұл екеуі бірін-
бірі толықтыра түседі. Екі мəртебенің арасындағы анықтық
пен ашықтықтың айырмасын көзбен көру жəне қиялмен елес-
тету айырмашылығымен салыстыруға болады. Бұлардың (көру
жəне қиял) деп аталуы дұрыс, себебі көру – анықтықтың жо-
ғарғы шегі болғандықтан, көру деп аталады. Кірпік қағылып,
көз жұмылған шақта көрініп тұрған нəрсе мен көздің ортасына
перде түседі. Бейнені анық көру үшін ортадағы пердені көте-
ру қажет. Арадағы перде көтерілмейінше, қиялдағы нəрсе бар
болғаны елес болып қала бермек. Бұл Алланың заңы. Дəл сол
сияқты, нəпсі дененің шауһат қалауларымен жəне құмарлық
пен əуестік сияқты бөгет перделерімен бүркеніп тұрған шағын-
да қиялдың сыртындағы мəліметтерді шынайы көре алмай ды.
Дегенмен, қас пен қабақ көздің пердесі болғаны сияқты, бұл
дүние де нəпсінің қажетті пердесі.
Алла тағала Мұса пайғамбарға:
«Олардың көңілдеріндегі кірбіңнің бəрін шығарамыз. Тө-
менде салқын бұлақтар ағып жатады. «Барлық мадақ – біз ді
тура жолға салған Аллаға жарасады. Егер бізді Ол же те-
лемегенде, дұрыс жол таба алмас едік. Тəңіріміздің ел шілері
бізге ақиқат алып келді», – дейді» (Ағраф: 43), жəне «Алла
көзге көрінбейді, бірақ ол көздерді (басқаларды) көріп тұ-
рады. Ол мейірімді жəне барлығын біледі», – деп хабар бер-
ген (Анғам: 103).
Алланың елшісі де (с.ғ.с.) миғраж кешінде Алланы кə-
дуіл гі көзбен көрмеген. Бұл дұрыс пікір. Егер өлімнің келуі-
мен нəпсідегі перде көтеріліп, күнəдан мүлдем тазаруды қа-
былдамай, дүниеде кірленген хəлінде қалар болса, онда ол сол
бейнесінде мəңгі қалып, Тəңірінің алдына барады. Мұндай
жағдайдан Алланың Өзі сақтасын.
Енді нəпсі бірқатар күнə жасап, бірақ күнəсі мүлдем қатайып
кетпей əлі де тазаруы ықтимал болса, онда ол отқа салы нып,
күнəларынан тазартылады. Ол күнəдан толық тазарғанша от-
тың құшағында болады. Барлық нəпсі бұл өмірден о дүниеге
сапар шеккен кезінде үстіне қонған шаң-тозаңды өзімен бірге
алып бармақ. Сондықтан Алла тағала Құранда:
«Ондайлардан (тозақ басына) бармай қалатын ешкім бол-
майды. Мұның өзі Тəңірдің өзгермес үкімі. Сонан соң, тақуа-
ларды (тозақтан) құтқарамыз да азғындарды жа һан нам жие-
гіне тізіп қоямыз», – деп хабар берген (Мариям: 71-72).
Кез келген нəпсі тозақ отына түсетініне иман келтіреді, бірақ
оттан қайтып шығу барлығына бірдей нəсіп болмас. Тіпті, Алла
тағала толық тазаруын нəсіп қылған жан, уəделенген есеп-
қисаптардың барлығынан аман-есен шықса да оның жəннатқа
қашан кіретіні бір Аллаға ғана мəлім. Бұл мезгіл туралы Алла
тағала ешбір пендесіне хабар бермеген. Демек, адам баласы
ақыретте үсті-басын шаң басып, жүзі қарайып тұрмасы үшін
жүрегін күнə істерден тазартып, жаман қылықтардан алшақ
жүруге осы дүниеде көп күш салуы қажет. Өйткені жүрек –
Алла тағаланың ұлықтығын ғанибеттейтін орын. Бұл ғанибет
көру деп аталады. Алайда мұндағы көру мекен мен тарап (жақ)
жəне қиялдағы елесті толтыратын мағынада емес. Себебі Алла
пұндай сипаттардан пəк, мұңсыз.
Сен Алланы бұл дүниеде бір елес пен қиялсыз жəне бейне
мен пішінсіз шынайы біліммен тани алғаның сияқты, Оны
ақыретте де солай көресің. Дүниеде қол жеткізілген таным
(білім) сол қалпында жетіліп, ашық пен анықтық кемелдігіне
кө терілу арқылы көру қасиетіне айналады. Ақыретте көріне тін
ақи қат пен бұл дүниедегі таным арасындағы айырмашы лық,
тек ашықтық пен анықтықтың артықшылығында.
Сонымен, Алла тағаланы тануда ешбір бейне мен тарап (жақ)
негізге алынбайды. Сол сияқты, ақыретте Алланы тану білімі-
нің ашықтығы мен анықтықтығы артықша қосылғанымен, бел-
гілі бейне мен тарап болмайды. Жоғарыда айтқанымыздай, көз
бен көрген сурет пен елестегі бейне бір-біріне ұқсайды, олар-
дың арасындағы айырмашылық тек ашықтық пен анықтық тың
артуында ғана. Алла тағаланың мына аяты осыған сілтейді:
«Пайғамбарын да, оған ілескен мүминдерін де Алла
(қия метте) қор қылмайды. Алдында, оң жақтарында нұр
толқындап тұрады. «Ей, Раббым! Біздің нұрымызды ке-
мел дендіре түс, кеңшілік жаса, Сенің құдіретін бəріне
ж ете ді», – дейді олар» (Таһрим: 8).
Нұрдың кемелдігі анықтықтың артуына ықпал етеді. Сон-
дықтан да көру мəртебесіне дүниеде таным қасиетіне ие пен-
делер ғана бөленеді. Тұқымның өсімдікке, көшеттің ағашқа
ай налғаны сияқты, ақыретте таным сипаты көру қасиетіне ауы-
сады. Жеріне көшет қадамаған адам құрманы қалай жина сын?
Тұқым салмаған адам егінді қайтып жинасын? Дəл сол сияқ-
ты, бұл дүниеде Алланы танымай өткен адам, Оны ақыретте
қайтып көрсін?
Алланы тану бірнеше мəртебеге бөлінгендіктен, ақыретте
Алла ны көрудің де дəрежелері түрлі болмақ. Себебі Алланы
танудың мөлшері көп жəне аз болуына байланысты олар бір-
бірінен көркем, күшті жəне əлсіз сипаттарымен ерекшеленеді.
Жəбир (Алла оған разы болсын) пайғамбардан (с.ғ.с.): «Алла
тағала барлық адамдарға жалпы, Əбу Бəкір үшін, арнайы
көрінеді» – деген хадисті риуаят қылады (Ибн Адий риуаяты).
Бұл риуаяттан адамның Алланың алдындағы мəртебесі Əбу
Бəкірден төмен болса да Алла тағаланы көріп, Əбу Бəкірдей
рақатқа бөленеді деп ойлау қате. Бəлкім адам, Əбу Бəкір дің
бөленген рақатының жүзден бір бөлігін табуы мүмкін. Онда
да егер ол адамның бұл дүниедегі Алланы тану білімі Əбу
Бəкірдің бойындағы білімнің жүзден бір бөлігіне тең келсе.
Бұл дүниеде басшы болу рақатын тамақ жеу, неке құру лəз-
затынан артық көретін адамдардың болғаны сияқты, білім
арқылы жер мен аспан құшағындағы құпияларды ашу амалын
(рақат өмірден) əйел мен тамақтан жоғары қоятын адамдар
да бар. Олар мұны басшылық, тамақ жеу, некелесу амал да-
рынан артық сүйеді. Сол сияқты, ақыретте де Алла тағала ның
сұлулығына бөлену лəззатын жəннаттағы барлық нығмет тер-
ден артық сүйетін топтар да бар. Бұл топтағы адамдар осы
дүниеде білім, Алланы тану, Оның сырларын ашу амалдарын
тамақ жеу, некелесу лəззаттарынан үстем қойған. Олай болса,
дүниеде Алла тағаланы танымаған адам ақыретте Оны көр-
мейді. Осы дүниеде Алланы тану лəззатын таппаған адам о
дүниеде (Алланы) көру рақатын таба алмас. Өйткені ақыретте
ешбір адамға дүниеде қасында болмаған нəрсесі берілмейді,
адам (ақыретте) тек еккен нəрсесінің жемісін жинайды.
Адам қандай жағдайда өлсе, сол қалпында тіріледі. Дүниеде
қалай өмір сүрсе, солай өледі. (Дүниеде сүйген) нəрсесі ол
үшін Алланы танудан маңыздырақ. Адам өлгеннен кейін
оның көзіндегі перде көтеріліп, Алланы көру көзі ашылады.
Сон дықтан мұндағы лəззаттың күші артады. Бұл сүйіктісінің
бейнесін елестетіп, кейін оның өзін жүзбе-жүз көрген ғашық
адамның жағдайымен тең. Себебі сүйген адамды көру – ға-
шықтық лəззатының жоғарғы мəртебесі.
Жəннатта əрбір адамның қалағаны əзірленген. Алла таға-
ланы көруден басқасын қаламаған адам, басқа нəседен лəззат
ала алмайды, керісінше ол бұл нəрседен азаптануы мүмкін.
Демек жəннат бақыты Алла тағалаға болған махаббаттың дə-
режесіне байланысты, ал Аллаға деген махаббат адамның та-
нымына байланысты. Шариғат бұл таным негізіне «иман» деп
ат қойған.
Егер сен: «(Алланы) көру лəззаты Оны тану лəззатына бай-
ланысты екен, онда таным лəззаты екі есе көп болса да аз
саналмақ. Себебі дүниедегі таным лаззаты əлсіз келеді. Сон-
дықтан ол қанша есе көп болғанымен, жəннаттағы нығметтер-
дің ең төменгі дəрежесіне жетпейді», – деп айтар болсаң, бі ліп
алғайсың, сенің бойыңда таным (қасиеті) жоқ болғандық тан,
осылай ойлап отырсың. Ал енді кім (Алланы) тану қасиеті-
нен мақұрым болса, ол адам лəззаттың дəмін қалай татпақ?
Егер оның бойындағы таным əлсіз, жүрегі дүние істерімен
толы болса, онда мұндай адамның (Алланы) танудағы лəззаты
қаншалықты болмақ?
Тақуалар мұндай адамдардың танымын, ой-толғамдарын,
олардың Алла тағалаға мінəжат қылып төккен жастары үшін
алған жəннат нығметтерін Алланы көру лəззатымен алмас-
тырмайды. Себебі лəззат қаншама кемел болғанымен, көзбен
көрген, (жүрекпен) сезінген лəззатқа жетпейді.
Мұны мына жағдайға ұқсатуға болады: ғашық адам өз сүй-
генін қанша армандағанымен, оны көзімен көрген лəззатқа
жет пейді. Сол сияқты, ауыздан су ағатын дəмді тағамды қанша
иіскегенімен, оны ауызға салып, дəмін алған лəззатқа жетпейді.
Осы екі жағдайдың арасындағы айырмашылықты түсіндіру
үшін мына мысалға назар саламыз: бұл дүниеде ғашықтың
жүзіне қарап, рақат табудың лəззаты бірнеше себептермен
ерекшеленеді.
Бірінші себеп – сүйікті адамның шексіз сұлулығы немесе бір
нүкісінің болуы. Сұлулық кемел болса, оған қарау лəззаты да
кемел болары сөзсіз.
Екінші себеп – махаббат пен ғашықтық сезімінің күштілігі.
Ғашықтық сезімі күшті адамның алатын лəззаты, махаббаты
əлсіз адамның алатын лəззатымен тең емес.
Үшінші себеп – танымның кемелдігі. Себебі қараңғылықта
немесе перденің артында тұрып яки болмаса ұзақтан қарап
лəззаттану пердесіз жəне жақын тұрып лəззаттануға ұқсамайды.
Төртінші себеп – жүректің адамды сарыуайымға салатын
түрлі тосқауылдардан таза болуы. Себебі ғашығына бір қа-
раумен лəззат алатын жүрегінде уайымы жоқ адамның рақаты
бойында уайымы мен үрейі толы, жан-жағына жалтақтаған
адамның рақаты сияқты болмас.
Өзің ойлап көр, сезімі əлсіз адам ғашығын перденің ар-
тында тұрып немесе қашықтан қарап тамашалайтын болса,
бұл лəззат толық болмайды. Бұған қоса, егер ғашық адамды
жылан-шаян шағып, жүрегін мазалай түссе, онда ол лəззаттан
тағы бір қадам алшақтай түседі. Бірақ ол осындай жағдайда
бола тұра, ғашығын көріп, белгілі дəрежеде рақат табады. Егер
өзіне азар беріп тұрған жылан-шаян жоқ болып, ауру азабы-
нан айығып, ғашығымен арадағы қараңғылық пердесі көтері-
ліп, бойын махаббат сезімі орап алса, онда оның бойында ғы
ғашығына деген лəззаты бірнеше есе көтерілері анық. Тіпті,
ол адам алғашқыдағы махаббат сезімін елемей де қалады.
Көру лəззатына қарағанда, таным лəззатының артықшылығын
осылай бағалауға болады.
Дүниеде нəпсі тақуа адамдар үшін зиянын тигізе алмайды,
тақуа адамдар жаман нəрсемен əуестенбейді. Бұл жас бала-
ның басшылық махаббатына қызықпайтыны сияқты. Балақай
басшы болғаннан гөрі құстармен ойнағанды артық көреді.
Дегенмен тақуа адамның Алланы тану білімі күшті болға-
нымен, оның жүрегі дүние тіршілігінен мүлдем үзілмейді.
Кей бір кезде мұндай дүние байланысы əлсіреп, Алланы тану
білімінің көтерілетіні сонша, лəззат күшейіп, адамның жүрегі
жарылып кете жаздайды. Алайда мұндай жағдай əдетте ұзаққа
созылмайды. Тіршілік уайымы, мұндағы шаруалар бұған бө-
гет жасайды. Бұлай болуы заңдылық та, өйткені бұл дүние нің
əлмисақтан жалғасып келе жатқан құбылысы. Адам өлген-
ше осылай күреспен өтеді. Таза өмір дегеніміз, өлімнен кейін
болады. Шынай өмір – ақыреттегі өмір:
«Бұл дүние тіршілігі – тек ойын-ермек, өткінші нəрсе.
Нағыз өмір – ақыретте. Шіркін, олар осыны білер ме еді»
(Ғанкабуд: 64).
Кім бұл дəрежеге жетсе, əрине Алла тағаланың сұлулы ғын
сүйеді, ажалдан қорықпайды. Бірақ Аллаға деген таным ның
артуын қалағандықтан, ажалдың асықпай келгенін қалайды.
(Ондай адам үшін) Алланы тану махаббаты жиегі жоқ мұхитқа
айналады. Алла тағаланың сипаттары, хикметі мен сырлары
туралы білім артқан сайын ақыреттегі нығметтердің саны да
молая түседі. Мысалы, өсімдіктің ұрығы қаншалықты көп
болса, соншалықты өсімдіктің де шығуына мүмкіндік бар.
Бірақ мұндағы дəнек жүрекке егіледі де, оның жемісі ақыретте
жиналады. Сол себепті Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Бақыттың
абзалы – Аллаға бойсұнып өткізілген ұзақ өмір», – деп айтқан
(Ибраһим əл-Һарбидің риуаяты).
Əбу Бəкірден келтірген имам Термезидің риуаятында: «Бір
кісі: Уа Алланың елшісі! Адамдардың ең абзалы кім? – деп
сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Өмірі ұзақ, амалы жақсы болған
адам», – деп жауап береді».
Себебі таным дегеніміз – ұзақ өмір, үздіксіз көру жəне дүние
əурешілігінен шектелумен кемелденеді, молаяды, байиды. Ол
үшін өмірдің ұзақ болуы тиіс.
Алланы тану мəртебесінің жоғарысына жеткен адам ажал-
дан қорықпайды. Ал ұзақ өмірдің арқасында Алланы көбі-
рек танығысы келген адам, керісінше өлімнің асықпай кел-
генін қалайды. Алайда, кейбір адамдардың көздері дүние
шауһат тарымен толып қетеді. Егер өмірі шаттық пен думан-
ға толы болса, өмірдің ұзақ болғанын қалап, ал жоқшылық
пен таршылықта өмір сүрсе, өлім тілейді. Бұлай ойлайтын
адамдардың барлығы бақытсыз. Себебі олар надан жəне бар-
лығына немқұрайды болғандықтан, осылай ойлайды.
Немқұрайдылық пен надандықтың жемісі – бақытсыздық.
Ал білім мен таным болса, бақытқа жету себептері болып та-
былады. Жоғарыда айтылған махаббат дегеніміз ғашықтық
мағынасындағы жоғарғы махаббат. Таным жəне көру деп біз
парасаттылық пен кемелдік дəрежесіндегі көруді айта мыз.
Басқаша айтқанда, енді сен Алла тағаланың сұлулығына бө-
ленудің үлкен нығмет жəне лəззат екенін білдің.
Мұнан соң сенде мынадай сұрақ туындауы мүмкін:
– Ақыретте Алланы көзбен көре ме əлде жүрекпен бе?
Адамдар бұған қатысты түрлі пікір айтқан. Бірақ көру қа-
білеті бар адамдар бұл мəселеге көңіл бөлмейді. Өйткені ға-
шығының сұлулығын көруге ынтызар адам қандай жағдайда
болса да оны көруді қалайды. Алланың құдіретінде шек жоқ.
Демек, ақыретте Алланы көзбен де, жүрекпен де көру мүмкін
болғаны. Бірақ ақыретте осы екі жағдайдың қайсысы бола ты ны
аят-хадистер мен дəлелдерге сəйкес түсіндіріледі. Аһли сунна
уəл-жамаға сенімі бойынша, ақыреттегі көру көзбен болады.
Шариғатта (араб тіліндегі) «көру» жəне «қарау» сөздерінің
сыртқы мағынасын түсіну мақұлданған. Ал сөздің сыртқы
мағынасын өзгерту тек зəру жағдайларда ғана мүмкін. Алла
білушірек.
АЛЛАҒА ДЕГЕН МАХАББАТТЫ
КҮШЕЙТУДІҢ СЕБЕПТЕРІ
ТУРАЛЫ
Біліп алғайсың! Ақыреттегі ең бақытты адам – Алла тағала-
ға махаббаты ең күшті адам. Ақыреттегі бақыттың мағына сы,
Алла тағаланың құзырында тұру жəне Оның сұлулық шара-
патына бөлену. Ұзақ уақыт бойы сүйгенін көре алмаған ғашық
үшін Оның құзырында тұру – арман жетпес бақыт. Сол сияқты,
таусылып қалады деп уйымдамай, сақшы немесе күзетсіз еркін
тұрып, кедергіден қорықпай мəңгі қарау да үлкен бақыт. Алай-
да бұл бақыт махаббат күшінің мөлшеріндей ғана. Сондықтан
(Аллаға) махаббаты артқан адамның ақыреттегі бақыты да
арта түседі. Пенденің Аллаға деген махабаты осы дүниедегі
өмірден бастау алады.
Аллаға деген махаббаттың негізінен ешбір адам мақұрым
емес. Бірақ Аллаға махаббатты қуаттандыру, оны ғашықтық
мəр тебесіне жеткізу амалы барлық адам үшін нəсіп болмайды.
Бұған жетудің екі жолы бар:
Бірінші жолы – дүние махаббатынан алшақтап, Алладан
өзге нəрселердің барлығын жүректен шығарып тастау. Себебі
жүрек дегеніміз бір ыдыс. Оны судан толық босатпайынша,
оған əсел құйып қою мүмкін емес. Сол үшін Алла тағала:
«Ешбір адамның кеудесіне Алла екі жүрек жаратқан
жоқ», – деп хабар берген (Ахзаб: 4).
Махаббаттың кемелдігі Алланы бүтін жүрекпен жақсы
көру. Адам басқа нəрсеге көңіл бөлген сəтте жүрек еріксіз сол
нəр семен машғұл (əуре) болатыны заңдылық. Сондықтан оның
Алла ға махаббаты кеми түседі. Ыдыстың ішінде су қанша лық
көп болса, əсел де соншалық аз болады. Сол сияқты жүрек
Алланы жалғыз деп таңдаса, Одан басқа нəрсенің барлығынан
алшақтайды:
«(Ей, Мұхаммед!) Сен айт: «Мұсаға келген кітапты,
адам дар үшін нұр жəне тағылым болған кітапты, сендер
бөлек-бөлек қағазға көшірген, (тіпті) бір бөлімін жасырып
тастаған кітапты кім түсірді? Өздерің де, ата-бабаларың
да білмеген нəрселерді сол кітап білдірмеп пе еді? Соны
түсірген – Алла», – де» (Анғам: 91).
«Тəңіріміз – Бір Алла дегендерге, сонан соң тура жолдан
таймағандарға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар да,
қам жемеңдер, сендерге уəде етілген жəннат бар, соған
қуаныңдар. Бұл дүниеде де, ақыретте де біз сендердің жа-
ғыңдамыз..», – дейді» (Фуссилəт: 30).
Алладан басқа құлшылыққа жəне махаббатқа лайық нəрсе
жоқ. Себебі əрбір жақсы көрінген нəрсе құлшылық жасауға
лайық деп есептеледі. Адам баласы құлшылықты тез үйреніп
жəне өзі сүйген нəрсесіне тез тəуелді болып қалады. Құранда
адамдардың дінті тəрік етіп, өздері сүйген басқа нəрселерге
қалай тəуелді болып қалғандары туралы былай делінген:
«Тəңірім! – деді пайғамбар. – Менің қауымым Құранды
тəрк етті ғой» (Фурқан: 43).
Осы мағынада Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Жер бетіндегі табы-
нушылыққа айналған құдайлардың ең жаманы – құмарға
берілген нəпсі (яғни құмардың жетегінде кеткен нəпсі)», – деп
айтқан.
Зайд ибн Арқамнан (Алла оған разы болсын) пайғамбардың
(с.ғ.с.): «Кім шын ықыласпен лə илəһə иллАлла деп айтса,
жəннатқа кіреді», – деген риуаят жеткен (имам Табарани).
Ықыластың мағынасы – жүректі тек Аллаға арнау, Оған
ешкімді серік қоспау, Оны жүректің махаббаты мен мағбуды
(құдайы) жəне мақсаты етіп тұрақтандыру. Кім осындай хəлде
болса, оған бұл дүние қараңғы қамауға айналады. Себебі оның
алдында дүниенің құндылығы жоғалады, өлім керісінше сол
қамаудан шығып, ғашығына қауыштыратын жалғыз жолға
айналады.
Ғашығына ынтызар адамның ұзақ уақыт отырған қамауы-
нан шығып, сүйіктісімен қауышып, мəңгілік саулыққа жеткен
адамның бақыты қандай десеңші!
Аллаға махаббаттың əлсіз болуының себептерінің бірі – дүние-
ні сүю. Адамның отбасын, малын, балалары мен бауыр ла-
рын, туыстары мен бау-бақшаларын сүюі – дүние махаб ба ты-
на жатады. Адам дүние махаббатына батқан сайын, Алладан
алшақтай береді. Дүние махаббаты артқан сайын, ақырет ту-
ралы пікір де кеми түседі. Жүректегі дүние махаббатын ке-
тірудің жолы – тақуалық, үнемі сабырлы болу, Алладан қорқу
жəне Одан үміт ету.
Жоғарыда айтылған тəубе, сабырлық, тақуалық, қорқу мен
үміт ету сияқты мəртебелер махаббаттың екінші рүкініне жа-
тады. Бұлар жүректі Алладан басқа нəрселерден тазартуға
септігін тигізетін құралдар. Бірінші рүкіні – Алла тағалаға,
ақырет күніне, жəннат пен жаһаннамға иман келтіру. Осы
иман ның арқасында адамның көкірегіне Алладан қорқу мен
үміт ету сезімдері ұялайды. Осы екеуінің салдарынан тəубе
мен сабырлық шығады. Бұл өз кезегінде тақуалыққа шақы-
рады.
Жүрек осы аталған мəртебелермен тазарып, кейін оған
Алла ны тану мен жақсы көру қасиеттері орнығады. Əбу Мəлик
Ашғаридің (Алла оған разы болсын) пайғамбардан (с.ғ.с.)
«Тазалық – иманның жарымы», – риуаят қылған хадисі осы-
ны көрсетіп тұрғандай (имам Мүслим).
Жүректегі махаббатты күшейтетін екінші жол – Алла та-
ға ланы танитын күш молайып, жүректі толықтай билеуі
қажет. Адам бұл мəртебеге жүрегін барлық дүние істерінен
тазартқан соң жетеді. Мұны жерге дəнек тастамай тұрып, ол
жерді арам шөптерден тазарту амалына ұқсатуға болады. Ай-
тылған бұл жағдай тазалықтың екінші жартысы болмақ. Кейін
еккен əлгі дəнектен Алланы тану жəне жақсы көру ағашы өніп
шығады. Осыған ұқсас жақсы сөз мысалын Алла тағала келтір-
ген:
«Алланың мынадай бір мысалын көрген боларсың?
Жақсы сөз (кəлиматун-тоиибатун) жақсы терек тəрізді, оның
тамыры тереңде болады да, бұтақтары аспан бойлап кете-
ді» (Ибраһим: 24).
Сондай-ақ, Алла тағала:
«Кімге даңқ қажет болса, даңқтың бəрі Құдіреттің қо-
лында. Жақсы лебіз, ізгі іс бірін-бірі көтеріп, Алланың
құ зырына жетеді. Ал қулық-сұмдыққа жақындар түбі
ауыр азапқа душар болады. Олардың айла-тəсілдері іске
аспайды», – деп хабар берген (Фатир, 10).
Жақсы сөз дегеннен мақсат – Алланы тану. Барлық жақсы
амалдар жүректі дүние қамынан тазалау үшін жұмыс жасай-
ды. Амалды дұрыс жасау үшін шариғат көрсеткен жолмен
іске асыру керек. Ол үшін барлығынан бұрын білім қажет. Бұл
білімнің басында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай
білу амалы тұрады. Себебі дұрыс қатынас жасай білген адам
амалды да дұрыс орындайды.
Адамдармен дұрыс қатынаста болу ілімі дегеніміз – Алланың
ұлықтығына жету үшін жүректі тазалау жəне таным білімі мен
зейнеттену. Бұл жасырын нəрсені əшкере ететін білім. Жүрек-
те Алланы тану білімі орныққан соң оның артынан махаббат
та пайда болады. Ақылды адам əдемі бейнені елестетіп, кейін
оны көзімен көрсе соған ынтызарлығы артқандай болады. Оны
жақсы көрген сайын, бойында соған деген лəззат та пайда
бола бастайды. Бұл лəззат жақсы көру қасиетінің салдарынан
туындады. Осы сияқты Алланы тану ілімі де – дүние істерінен
алшақтап, Алланың аспан мен жер жəне Оның барлық ма-
құлықаттарға қатысты құдіреті мен күші туралы оймен жеке
қалып, Оны үнемі зікір етіп, Оның сипаттарын ойлау арқылы
келеді.
Таным мəртебесіне жеткен адамдар екіге бөлінеді:
1. Күшті адамдар. Бұл топтағы адамдардың танымы əу-
елі Алла тағалаға бағышталып, кейін сол білімнің арқасында
басқаларын таниды. Бұған қатысты мынадай аяттар бар:
«Құранның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін
Біз оларға жеркөктегі, тіпті өз бастарындағы ғаламаттар-
ды (белгілерді) көрсете береміз» (Фуссилəт: 53).
«Бір Тəңірден басқа күшті де, ұлы ешбір құдірет жоқ
екеніне Алла да, періштелер де, ғұламалар да куəлік береді.
Алла – ұлы, Одан асқан данышпан жоқ» (Əли Имран: 18).
2. Əлсіз адамдар. Бұл топқа жататын адамдар əуелі жара-
тылысты, яғни жаратылған заттарды біледі, кейін сол арқылы
жаратушыны таниды.
«Көк пен жердің патшалығы туралы, құдай жаратқан-
ның барлығы жөнінде, өздеріне ажалдың тұтқиылдан кеп
қалатындығы жөнінде олар қалай ой толғамайды екен?
Осыдан кейін ондайлар қандай сөзге сене қоймақ?» (Ағраф:
185)
«Көктегі, жердегі нəрселерге қараңдар. Ал сенбейтіндер
үшін кереметтердің де, ескертушілердің де пайдасы жоқ»
(Жүніс: 101).
Жасалған амалдар арқылы Алланы тану көптеген адамдар
үшін қолайлы жол. Құранда жан-жаққа қарап ой жүгірту,
ақылға салу жəне түсіну арқылы Алланы тануға шақыратын
аяттар жетіп асады.
Мұнан кейін сен: «Жоғарыда айтылған екі жол да ауыр
екен. Алланы танитын жəне махаббатқа иеленетін жеңіл жол-
ды түсіндіріп берші», – деп айтуың мүмкін. Олай болса, біліп
ал: барлық мақұлық үшін Алла тағаланың бар екеніне дəлел
келтіру жолы жасырын. Бұл əңгіме мұнда айтылмайды, себе-
бі, адамдардың басым көпшілігінің ақылы бұған жетпейді.
Сондықтан оны кітаптарда айтып жатудың пайдасы жоқ.
Енді Алланы тану мен жақсы көрудің жеңіл жолы туралы
айтар болсақ, Алланы жеңіл жолмен тануға адамның ақылы
жетеді. Бірақ адам дүние қызығына батып, нəпсінің қалауымен
əлек болғандықтан, жан-жаққа қарап ой жүгіртуден алшақ тап,
Алланы тани алмай келеді. Əйтпесе, жоғарғы аспан қабаты нан
жеті қабат жер аралығында бар əрбір зəредей затта Алла ның
ғажап аяттары (белгілері) жетерлік. Олар Алланың құдіре-
ті мен даналығының кемелдігіне жəне Оның ғажаптығы пен
ұлығының шексіздігіне дəлел:
«Сен айт: «Тəңірдің сөзін жазу үшін теңіз түгел сияға
айналып кетсе де, Тəңір сөзінен бұрын, сол теңіз-сия тау-
сылып қалған болар еді, тіпті, тағы бір сондай теңіз-сия
болса да жетпес еді», – де» (Қаһф: 109).
Білімнің бұл түріне шынайы берілу Алланың құпия білім
теңізіне батып кету дегенді білдіреді. Бұған қоса бұл біліммен
біз жоғарыда айтқан қарым-қатынас біліміне кіре алмайсын.
Бірақ адам Алланың құдіретін тануы үшін бұл білімдегі қыс-
қа бір мысалға назар салуына болады, яғни Алланың құдірет
істеріне қарайды. Ол үшін адам өзінің ақыл деңгейіне ауыр
келмейтін кереметке қарауы тиіс.
Біздің жерді аспан мен періштелер əлемдерімен салысты-
рар болсақ Жер өте кішкентай. Жердегі жаратылыс болса,
кішінің кішісі. Мысалы, көзімізге шағын көрініп тұрған күн
жерден жүз алпыс мəрте үлкен. Көзімізге титтей көрінген күн
жерден осынша үлкен болса, онда күн орналасқан ғарыш күн-
нен қаншалықты үлкен?! Дəл сол сияқты жеті қабат аспан ды
Алланың Күрсиімен салыстырғанда ол да соншалық кіші. Ал
Күрсиді Алланың Аршысымен салыстырсақ, Күрси де одан
соншама кіші. Енді осының барлығынан соң жердің олардан
қаншалықты кіші екенін ойлап көр. Кейін топырақтан жасал-
ған адамға назар сал. Жауарлардың өзі жерден қанша есе кіші.
Олардың арасында біз білетін шыбын-шіркейлер мен т.б. сол
сияқты нəрселер қанша. Солай бола тұра шыбын-шіркейлер-
дің барлық мүшелері, тіпті қанаты жəне басқа жануарлар сияқ-
ты аяғы, қолы, көзі мен құлақтары бар. Сол сияқты азықтануы
үшін ішкі құрылыс мүшелері де бар.
Масаға ризығын табуына жол көрсетіп қойған Алланың
құ діретіне қара! Оған өзінің ішетін асы адамның қаны екенін
білдірген. Адамға жетуі үшін ұшатын қанаттар бітірген, ұзын
ине тəріздес тұмсық жаратқан. Инені адам терісіне кіргізу əді-
сін, қан соруды, оны қорытуды үйреткен. Оның түмсығы өте
жұқа болып көрінгенімен, ол түтік сияқты, одан сұйық қан
ағып, оның ішіне барады, ағзаларына тарап, оған азық болады.
Адам оны өлтіруді қалап, қолын көтерсе, маса оның дыбысын
естіп, қан соруын дереу тоқтатады да тез үшып кетеді. Себебі
оның өзіне тəн құлағы, жан-жағын көретін көздері де бар.
Қайсы бір титтей жаратылысқа назар салсаң, көздерін қо-
қымнан тазартып тұруы үшін екі қол жаратылған. Егер олар дың
қабақтары болса, онда оларға шаң-тозаң қонып, оны көтеріп
ашып-жабу жəне көтеріп жүру машақатты болар еді. Шы бын-
ға назар салсаң, аяқтарымен үздіксіз көздерін сүртіп тұрға нын
көресің. Ал енді адам жəне сол сияқты үлкен мақұлықаттар-
дың көзін тазартып, шаң-тозаңнан корғап тұратын кірпік пен
қабақ жаратылған. Кірпік көздің нұрын бағыттап жақсы көруі-
не жағдай жасайды. Шаң-тозаң көтерілсе, көз дереу кірпіктің
артына жасырынады, коқым түссе сыртқа шығарып тастай ды.
Көбелектің көру қабілеті нашар болғандықтан, өзін жарық-
қа соға береді. Кеш мезгілде жарықты іздеп, шыраққа ұшады.
Шар шамай, қайта-қайта жарыққа соғылады. Сен оны ақымақ
бол ғандықтан, осылай істейді деп ойлауың мүмкін. Олай емес.
Біліп ал, адамның надандығы бұдан да асып түседі. Адам-
ның дүниеқұмарлығы мен қалауына берілуі көбелектің лау-
лап жанған отқа келіп түсуіне ұқсайды. Себебі адам қалау-
құмардың жалт-жұлт еткен сыртқы нұрлы жарығын ғана көреді
де оның астында өмірге қауіпті удың бар екенінен бейхабар.
Сондықтан ол өзін-өзі құмар теңізіне лақтырады, оған қатты
беріліп, нəтижеде мəңгілік құрдымға кетеді. Осыдан кейін
адам мен көбелектің надандығын салыстырып көр. Көбелек
от тың жарығына алданып, сол мезетте отқа жанып кетеді.
Адам болса, тозақ отында (егер имансыз болса) мəңгі қалады,
(күнаһар мұсылман болса) ұзақ уақыт отта азап тартады.
Осыны білген ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Əлбетте,
мен сендердің белдіктеріңнен мықтап ұстап, тозақ отынан
сақтап қалушымын. Сендер болсаңдар, (шариғат жолымен
жүрмей) көбелек сияқты өздеріңді отқа тастайсыңдар», –
деген (имам Бұхари жəне Мүслимнің риуаяты бойынша Əбу
Һурайрадан жеткен).
Осы айтылған жағдай Алла тағаланың ең кіші мақұлықаты-
на жасаған илəһи муғжизаларының бір мысалы ғана. Ал енді
басқа жаратылыстардың арасында сондай ғажап мақұлықат тар
бар. Барлық адамзат бірігіп, оның ішкі мəнін танымақ былай
тұрсын, оның сыртқы болмысындағы ғажайып ақиқатын то лық
түсіне алмайды. Біз үшін олардағы беймəлім нəрселер Алла ға
ғана аян.
Кез келген жануар мен өсімдіктің бойында өзіне ғана тəн
муғжиза мен ғажайыптар бар. Мысалы, бал араларына назар
салып көр. Алланың берген уахиының арқасында олардың тау-
тастар мен ағаштарға салған үйлеріне, аузынан шығарған бал-
дың дəмі мен шипалығы туралы ой жүгірт. Мұнан соң олар-
дың пəк жəне нəзік гүлдерге қонып, лас жерлерден алшақ
жү ретінін назарыңа ал. Ұядан ұшып шыққан барлық аралар ды
бір тəртіпке бағындырып, басқарып тұрған ара бар. Ал енді ұя-
ның алдында тұрып, бойында нəжісі бар, яғни денесіне нəжіс
тигі зіп келген араны өлтіріп тұратын сақшы туралы не айта-
сың?! Алты бұрышты ұя салатын, бойы нəзік араға Алла қанша
нəрсені білдірген. Алланың болмысы мен мейірімі шексіз.
Жəндіктердің сонша кіші бола тұра, мұнша мəліметтерге ие
екенін көріп, ғибрат алғайсың.
Жер мен аспан əлемдері арасындағы ғажайыптар туралы
ойлап көр. Əлсіз ақылдың шамасы жеткен жеріне дейін қанша
ойланғаныңмен, оны түсінемін дегенше талай өмір тамам
болады. Біздің біліміміз қамтыған мəліметтер мен пайғамбар-
лар жəне ғалымдар білген білім тең емес. Сол сияқты, адамзат
атауының білген білімі Алланың жасырған білімімен теңе-
се алмайды. Тіпті адамдардың бойындағы білім жиынтығын
Алла ның қасында білім деп атауға да келмес. Осыған ұқсас
мəліметтерге назар салу арқылы адамның Алланы тану білімі
арта түседі. Таным молайған сайын махаббат та күшейеді.
Егер Алла тағаланың сұлулығын көруді қаласаң, онда дүниеге
көңіл бөлмей, ғұмырыңды үздіксіз Алланы зікір етуге жəне
жаратылыс туралы ой жүгіртуге сарп қыл. Сонда барып, Алла-
ны көру жолы жеңілдей түседі. Оны көру – ақыры жоқ, үлкен
жəне шексіз бақыт.
АДАМДАРДЫҢ МАХАББАТЫ ƏРТҮРЛІ
Негізінде барлық мұсылмандардың махаббаты ортақ бо-
латынын біліп жұргенің дұрыс. Бірақ олардың білім деңгей-
лері мен дүниені жасы көру махаббаты əртүрлі болғаны сияқ-
ты, махаббат дəрежелері де алуан түрлі болып келеді. Өйтке ні
адамның махаббатын тудыратын себептердің өзі бір-біріне
ұқсамайды.
Адамдардың басым бөлігі Алла тағаланың есім-сипаттарын
біліп, қабылдап жəне жаттап алған. Алайда Алла тағаланың
сипаты бұл есімдерге сай адам қиялында туылған сипаттар дан
əлде қайда жоғары болуы мүмкін. Олар мұны əдейі істемей-
ді, бəлкім олар Аллаға иман келтіріп, қолдарынан келген ше
амал қылып, «Алла қандай?» жəне «қалай?» деген мəселемен
бастарын қатырмайды. Адамдардың бұл тобы ақыретте азап-
тан аман, оң тарапта тұрғандар саналады. Ал енді Алла тағала-
ның есім сипаттары туралы бұзық ойлаған адамдар – адасушы-
лар. Алланы ақиқат арқылы танығандарды Аллаға жақын
пен делер деп атайды. «Уақиға» сүресінде адамдардың осы үш
тобы айтылады:
«Егер сол мəйіт, жақсылықтың бастаушысы болса, ол
рақатта, жақсы ризықта, игілігі мол жəннатта болады.
Егер ол бақыттылар қатарынан болатындай болса, (Ей,
Мұхаммед!) Олардан саған сəлем! Ал егер ол тірілуге
сенбейтін, алжасқан біреу болса, бұрқылдап қайнаған
сумен қарсы алынады. Жаһаннамда жағылады» (Уақиға:
88-94).
Айтылған ақиқатты жақсырақ түсіну үшін махаббаттың
əр түрлі болатынына мысалы келтірмекпіз: Имам Шафиғиді
барлық мұсылмандар, мазхаб ұстанушылар мен фиқһ ға лым-
дары, бұқара халық жақсы көреді. Себебі олар имам Ша фи-
ғидің ерекшелігін, діндарлығы мен көркем мінезі туралы
біледі. Алайда Шафиғиді жақсы білмейтін адамның оған деген
махаббаты жалпы (орташа) болады.
Ал енді дінді жетік білетін адам, имам Шафиғиді де жақсы
біледі, демек, ол адамның имам Шафиғиге деген махаббаты да
артық келеді. Өйткені оның Шафиғи туралы білімі көп. Сол
сияқты, қандай да бір кітапты, əңгімені оқыған адам, оның
авторын да жақсы біледі, оған деген махаббаты артық келеді.
Егер бұл жазушының кейін шыққан кітабы, алғашқы еңбегі-
нен де жақсы болып, бұл адам оны да оқып шықса, онда оның
бұл авторға деген махаббаты алғашқы кезінен де асып түседі.
Себебі ол адамның бұл автор туралы білімі алғашқыдан артты.
Сол сияқты, автор туралы білмейтін адам «пəленше жазу шы
екен, оның керемет шығармасы бар екен» деген сөздерді ести-
ді, бірақ өзі сол еңбекті оқымаған, тек басқалардан естігені бар.
Демек, бұл адамның авторға махаббаты аз, өйткені оның автор
туралы білімі шектеулі. Себебі кез келген шығарма жазушы-
ның ерекшеліктерін көрсетеді, ал өнер шебердің қандай адам
екенін білдіреді. Олай болса, əлемді толық шығарма жəне
өнермен салыстыруға болады. Бұл əлемнің авторы, шебер і
Алла. Білімсіз адамның өзі мұны біледі жəне осылай иман
келтіреді.
Білімді адам Алла тағаланың əлемдегі жаратылысын толық
таниды. Тіпті шыбын-шіркей – адамның ақылы қайран қала-
тын жаратылыс. Сондықтан Алла тағаланың құдіреті, ұлық-
тығы, Оның есім-сипаттарының кемелдігі адам жүрегінің
тө рінен орын алып, Аллаға махаббатты күшейтеді. Уақыт
өте, жаратылыстың сыры туралы жаңа білім ашылған сайын,
Алла ның құдірет кемелдігі көрініп, махаббат артады. Алла та-
ғаланың жаратылысына қарап, ғажайып теңізіне бойлап кете
бересің, оның жиегі жоқ. Сондықтан бойында білімі бар адам
махаббатының да жиегі жоқ десек қателеспейміз.
Махаббатың əртүрлі болуы жоғарыда айтқан бес себепке
байланысты. Осы бес себептің бір-бірінен артық болуы, ма-
хаббатың бес түрін туады. Кім Алла тағаланы адамдарға жақ-
сылық жасағаны үшін, Оның ризық бергені үшін ғана жақ сы
көріп, бірақ Оның болмысын жақсы көрмесе, онда мұндай
адамның махаббаты əлсіз. Себебі Алланың жасаған жақсылы-
ғы ауысқан сайын, əлгі адамның махаббаты да құбылып тұр-
мақ. Оның қиындық көргендегі махаббаты жеңілдік пен қуа-
ныш кезіндегі махаббаты сияқты болмайды.
Алла тағаланы болмысы үшін жақсы көрген адам, Оның
кемелдігі, сұлулығы мен ұлықтығы үшін махаббатқа лайық
екенін біледі. Мұндай адамның махаббаты жоғарыдағы адам-
ның махаббаты сияқты емес. Оның махаббаты өзгермейді.
Осыған ұқсайтын жағдайларға байланысты адамдардың ма-
хаб баты да əртүрлі. Аллаға арналған махаббаттың əртүрлі
болуы салдарынан ақырет бақытына бөленуде алуан түрлілік
байқалады. Бұған Құранда мынадай хабар бар:
«(Дүниеде) оларды бірінен-бірін артық еткенімізді көр-
діңдер ғой? Ал қиямет күнінде бірінен-бірінің айырмашы-
лығы тіпті көп болады» (Исра: 21).
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ТАНУ ҮШІН АДАМНЫҢ
АҚЫЛЫ ƏЛСІЗ
Біліп ал, негізінде Алла тағала ең анық жəне белгілі Зат. Алла
тағала танымы – ең алғашқы таным. Бұл таным адам зердесі
үшін ең жақын таным болғандықтан, ақыл бұған тез жəне жеңіл
келуі тиіс. Алайда біз мұның теріс жағын көреміз. Олай болса,
біздің бұл мəселеге біраз тоқтап өткеніміз жөн болар.
Сонымен, Алла тағала ең анық жəне белгілі Зат. Бұған мыса л
келтірейік: əдетте, біз бір адамның жазумен айналысып немесе
киім тігіп отырғанын көрсек, онда біз оның өмірі туралы ой
жүгірте міз. Оның тіршілігі, тігіншілік өнері, шамасы мен қа-
лауы біз дің көз алдымызға елестейді. Ол адамның бойында-
ғы көптеген жасырын жəне белгілі қасиеттері бізге шамамен
мəлім болады.
Негізінде, ол шебердің əуестігі, ашуы, мінез-құлқы мен сау-
лығы, білімі сияқты т.б. сипаттары белгісіз. Тіпті көзге көріне-
тін кейбір қасиеттерінің бірін білсек, бірін білмейміз. Алайда
солай бола тұра, біз бір көргенімізден оның өмірі, шама-шарқы
жəне жалпы тіршілігі туралы белгілі ой құраймыз. Біздегі бұл
білім адам бойындағы бес сезім түйсіктері арқылы келе қойған
жоқ. Керісінше, бұл адамның өмірі туралы мəліметті біз оның
киім тігісі мен қимылынан (қимыл-əрекетінен, шап шаңдығы
мен шеберлігінен) байқадық.
Олай болса, бұл дүниеде түйсік ағзалары арқылы көрінетін
жəне сезілетін ашық, жасырын барлық нəрсе – тас, топырақ,
өсімдік, ағаш, жануар, аспан, жер, жұлдыз, теңіз, от, ауа, ма-
терия, дене жəне ондағы қасиеттер түгелімен Алла тағаланың
болмысына, Оның құдіретіне, іліміне жəне т.б. сипаттарының
толықтай бар екеніне дəлел.
Алланың бар екеніне ең бірінші айғақ – өзіміз. Біздің тə-
німіз, сипатымыз, жағдайымыз бен жүректегі сезімдер мен
кө ңіліміздің тұрақсыздығы дəлел. Бізге мəлім нəрселердің
ең біріншісі əрі анығы – біздің нəпсіміз, кейін бес түйсік
арқылы білінетін нəрселер, мұнан соң ақыл мен зерде арқылы
танылатын нəрселер келеді. Танылатын нəрселер үшін бір
танитын, бір куə болатын жəне бір айғақ бар.
Дүниедегі барлық нəрселер өз Жаратушысының бар екені не,
Оның Əрекет еткізуші жəне Басқарушы, Қозғалтушы екеніне
дəлел. Олар Жаратушының іліміне, құдіретіне, мейірімі мен
даналығына айғақ.
МАЗМҰНЫ Алғы сөз ..............................................................................................................3 Махаббат, ынтызарлық жəне достық пен ризалық .........................................6 Пенденің Алланы жақсы көруіне шариғи дəлелдер .......................................7 Махаббатың мағынасы мен себептері жəне пенденің Аллаға
махаббаты ......................................................................................................11 Махаббатқа лайық жалғыз Алла екенін баяндау ............................................21 Лəззаттың ең ұлығы Алла тағаланы тану жəне оның қасиетті
жүзіне қарау екені туралы ...........................................................................37 Ақыретте Алланың сұлулығын көру лəззатының артуы осы дүниедегі танымға байланысты ...................................................................................45 Аллаға деген махаббатты күшейтудің себептері туралы ...............................52 Адамдардың махаббаты əртүрлі .......................................................................59 Алла тағаланы тану үшін адамның ақылы əлсіз ..........................................61
ИМАМ ƏБУ ХАМИД ƏЛ-ҒАЗАЛИ АЛЛАҒА МАХАББАТ («Дін туралы білімдердің қайта жандануы» кітабынан) (Қазақ тілінде) Араб тілінен аударған жəне түсініктерін жазған Жалғас Садуахасұлы Редакторы Құттыбек Байділдаұлы Дизайнері Нағым Нұрмұханбетов Техникалық редакторы Гүлмаржан Сəбитова Компьютерде беттеген Əйгерім Молдахметова Басуға 02.09.14 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылым. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 4,0. Есептік баспа табағы 2,96. Таралымы 2000 дана. «Баспалар үйі» АҚ. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру